Page 9

● Дүние жəне дағдарыс

«ЄАСЫР ЌАСІРЕТІ»: БОСЌЫНДАР ПРОБЛЕМАСЫНА КІМ КІНƏЛІ?

Еуропалыќ одаќ тыєырыќќа тірелді Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан кəрі құрлыққа толассыз ағылған босқындар тасқыны Еуропалық одақты титықтатып бітті. «Заңсыз мигранттар», «уақытша босқындар» деп қанша алдаусыратқанмен бұл проблема шын мəнінде «ғасыр қасіретіне» айналғалы отыр. Бүгінде бұл өңірлерден мыңдаған мигранттар емес, тұтас бір халықтар ауа көшіп, босқынға айналуда. Мүйізі қарағайдай еуропалық саясаткерлер осы мəселені терең зерттемей, Еуропаға толассыз ағылған босқындардың проблемасын Еуропалық одақ көлемінде ғана шешуге тырысып, «жауырды жаба тоқумен» шұғылдануда. «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?» демекші, халықтар қасіретіне айналған босқындар проблемасы қалай туды? Тұтас бір халықтардың туған жер, атамекенін тастап, шұбыра көшуінің себебі не? Кім кінəлі? Кейбір саясаткерлердің пікірінше, Еуропаға ағылған босқындар тасқыны еуропа лықтардың қалыпты тіршілігін түбірімен өзгеріске ұшыратуы

9

www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

мүмкін. Биылғы жылы кəрі құрлыққа қоныс аударған заңсыз мигранттар қатары бұрынсоңды болып көрмеген межеге жетті. 2015 жылдың өткен 7

айы ішінде ғана Еуропа шекарасын 340 мың заңсыз мигранттар бұзып кірген. Бұл өткен жылдың сəйкес мерзімімен салыстырғанда 3 есе көп. Заңсыз мигранттар

бұрын да болған. Бірақ мұндай көлемдегі халықтар босқыны Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ерекше алаңдатарлық межеге жетіп отыр. Жақында Еуропалық комиссия Францияға 5 миллион еуро қаржы бөлуге шешім қабылдады. Бұл қаржы француздың Кале қаласының маңындағы Ла-Манш тоннелінен шығатын жерде мигранттарға арналған шатырлы қалашықты абаттандыруға жұмсалмақ. Дəл осы кезеңде Кале қаласына келген Франция премьерминистрі Манюэль Вальс бүкіл Еуропаны босқындар мəселесін шешуде бірауыздылыққа келуге шақырды. Алайда, Еуроодақ елдерінің арасында бұл келелі мəселеде ортақ көзқарас жоқ. Тіпті, босқындар мəселесінің ушыққаны сондай, Еуропалық одақты ыдырату қаупін де туғызатын түрі бар. Оған Франция жəне Венгрия мемлекеттері арасында қалыптасқан дипломатиялық келіспеушілік куə. Еске сала кететін болсақ, 29 тамыз күні Францияның сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Венгрияның Сербия мемлекетімен арадағы шекараны тікенек сым қоршауы арқылы бөлу қадамына қарсы пікір айтты. Оған жауап ретінде Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто елдегі Франция елшісін шақырып, түсінік алған. Ла-Манш жағасындағы босқындардың заңсыз орнатқан шатыр қалашығы үлкен даудамайдың басы болды. Босқындар Ла-Манш тоннелі арқылы өтетін пойыздарды тоқтатып, екі ел арасындағы жол қатынасына үлкен кедергі келтіруде. Ла-Манш жағалауында орын алған осы бір үлкен проблеманы шешуге

Еурокомиссия барлық мүмкіндігін салып-бағуда. Босқындардың шатырлы қалашығын абаттандыру үшін жоғарыда айтылған 5 миллион еуродан басқа, бұдан бұрын еуропалық бюджеттен 7 миллион еуро сонымен бірге, Ұлыбритания тарапынан көмек ретінде 35 миллион еуро қаржы бөлінді. Сарапшылардың ескертуін ше, Кале қаласының маңындағы босқындардың шатырлы қалашығын қанша абаттандырғанмен де Таяу Шығыс жəне Африка елдерінен ағылған мигранттар тасқынын тоқтату мүмкін емес. Тек өткен шілде айында ғана Еуроодақ шекарасынан 100 мың заңсыз мигранттар өткен. Жағдай осылай болып отырғанда, Еуропа одағының бірқатар мемлекеттері миг рациялық жəне шекаралық бақылауды күшейтуді талап етуде. Бұл ретте, шұғыл шешім қа былдаған Венгрия Еуроодақ билігі тарапынан үлкен сынға ұшырауда. Будапешт ең бірінші Сербия мемлекетімен арадағы шекарасын жабатындығын мəлімдесе, кейіннен екі елдің шекарасына тікенек сымнан биіктігі бірнеше метр болатын қорған орнатты. Еуропалық одақты заңсыз мигранттар тасқыны тығырыққа тіреді. Осыған дейін бұл мəселеге байланысты ЕО билігі бірнеше рет бас қосқан болатын. Бірақ оны шешудің нақты кешенді жолын таба алар емес. 14 қыркүйекте Еуроодақ мемлекеттерінің көшбасшылары Брюссель қаласында өтетін тағы бір кезектен тыс сам митке жиналмақ. Бұл саммитте кəрі құрлық үшін үлкен қауіпке айналған халықтардың ұлы көші-қонының проблемасы талқыланбақ.

Ла-Манш кептелекке тап болды

1 қыркүйек күні Франция жəне Ұлыбритания мемлекеттері арасындағы теміржол қатынасы тағы да тоқтады. Ла-Манш тоннеліне Франция тарапынан кіретін Кале стансасының жанындағы теміржол торабының ұзына бойына адамдар отырып алып, пойыздардың жүрісін тоқтатқан.

Guardian басылымының хабарлауынша, Кале қаласы маңындағы теміржол торабы үстіне жүздеген мигранттар отырып алған. Соның салдарынан Франциядан шыққан 5 пойыз тоқтатылған. «Пойыздар тоннельге кіре алмайды. Себебі, Кале қаласы маңындағы теміржол үсті толған заңсыз мигранттар», деп хабарлайды Eurostar қызметкерлері. Заңсыз мигранттар бастарын бəйгеге тігіп, қайткен күнде де Ла-Манш тоннелін кесіп өтіп, Ұлыбританияға кіруге асығады. Ұлыбритания тарапынан босқындарды кіргізбеудің барлық айлашарғылары жасалуда. Қазір Кале қаласының маңында Ла-Маншты кесіп өтуге талпынған 1,5 мың мигрант шоғырланып қалған. Eurotunnel компаниясының деректері бойынша, жыл басынан бері Франциядан тоннель арқылы Англияға өтпек болған 37 мигрант ұсталыпты.

ДҮБІРГЕ

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Сирия сырттан кґмек кїтеді Мамадияр ЖАҚЫП, журналист.

Сириядағы шиеленісті ондағылардың өздері шеше алмайтыны айдан анық. Сондықтан да оған АҚШ пен Ресей сияқты елдердің араласқанын құп көресің. Олар да өз тараптарынан бастамашылық танытып, əрекет жасап жатқаны да құптарлық-ақ. Бірақ əзірге оның нəтижесі көрінбей отыр.

Осыдан бұрынырақ Ресей Сыртқы істер министрлігі Сирия оппозициясы өкілдерін Мəскеуге шақырып, келіссөздер жүргізгенін жазғанбыз. Оппозиция Башар Асадпен келісуден үзілді-кесілді бас тартты. Ал Мəскеу қалай да оны сақтап қалудың жолын іздейді. Келісімге қол жетпегенмен, бұл келіссөздің нəтижесі болды десек жөн – оппозицияның Башар Асадқа деген ымырасыз көзқарасы айқындалды. Алда бұл ескерілмесе, Сирия шиеленісі шешілмейді. Бұқаралық сипат алған оппозицияны жойып жібере алмайсың. Ал Асадты ауыстыруға мүмкіндік бар. Осындай жағдайда сырттың араласуы, ең алдымен АҚШ пен Ресейдің, БҰҰ-ның араласуы қажет-ақ. АҚШ-тың Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Майкл Ратнидің Мəскеуде, онан соң Сауд Арабиясы мен БҰҰ-да жалғасатын сапары да осы мақсатты көздегені анық еді. Осы жерде айта кететін бір жай: Ратнидің Мəскеудегі келіссөзін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Дохада жəне Куала-Лумпурдағы келіссөздерінің жалғасы дерлік. АҚШ-тың ресми өкілі Мəскеуде РФ Сыртқы істер минис трінің орынбасары Михаил Богдановпен келіссөз жүргізді. Күткендегідей Мəскеу Сирия президенті Башар Асадты қалай да билікте қалдыру ұстанымынан қайтпады. Олар «Ислам мемлекеті» делінетіннің радикалдарына қарсы күресте

Асадтың əскери күшін пайдаланған жөн дейді. Бұл келіссөздің нəтижесі деп Ресейдің өз райынан қайтпайтындығына көз жеткізу десе де болар. Ал АҚШ Башар Асадты жалпы демократияға кедергі жасайтын, аймақта жағдайды шиеленістіретін тұлға санайды. Ратнидың Мəскеуден кейінгі тоқтайтын жері – Эр-Рияд. Сауд Ара биясының бұл мəселедегі көзқарасы айқын. Оны ел сыртқы істер министрі Əдел əл-Жубейр Мəскеуде барынша ашып айтты: «Асадтың мəселесі шешілген, – деді ол. – 300 мың қырылған халықтың, 12 миллион елден безген адамның күнəсін де, қасіретін де арқалаған адамның билікте қала алмайтыны анық». Вашингтон мен Мəскеу тіл табыса алмай отырғанда, жұрттың үміті БҰҰ-да болатыны заңды. АҚШ өкілі Майкл Ратнидың БҰҰ-ның Сирия жөніндегі өкілі Стеффан де Мистурамен келіссөзінің мазмұны бізге белгісіз. Сөйтсе де БҰҰ АҚШ пен РФ екеуінің де көңілінен шығатындай шешім қабылдай алмайтыны жəне анық. Сонда 2003 жылғы Ирактағы жағдай Сирияда қайталанбас па екен деген үрей көңілге оралады. Сонда шектен шыққан Саддам Хусейнді тəубесіне келтіру үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі оны еркімен кетпесе, күшпен кетіру жөнінде шешім шығарғанда, Ресей өзінің вето құқын пайдаланып, сол шешімді қабылдатпай тастаған. Сонда АҚШ Иракқа басып кіріп, елдің жаңа үкіметі Хусейнді дарға асқаны бар. Егер БҰҰ шешімі қабылданып, ол жүзеге асқанда, яғни Хусейн биліктен еркімен кеткенде, ол аман қалар еді, елде қантөгіс те болмас еді. Сол Ирактағы жағдай бүгін Сирияда қайталанбаса екен дейсің ғой. Еркімен кетсе, Асадтың басы аман қалуы мүмкін.

Хиллари Клинтонды аяќтан шалатындар кґп

АҚШ-тың президенті кім болады деген сұрақ жұрттың көпшілігін елеңдетеді. Осыдан шамалы бұрын демократтардың өкілі, елдің бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонға сайлаушылардың ықыласы ауатындай көрінсе, енді оған күмəн келтіретіндер қатары көбейді.

Ќарапайым тўрєындар ќайырымдылыєы Исландияның 10 мың тұрғыны өз үйлеріне Сириядағы соғыстан қашқан босқындарды қабылдайтындығын хабарлады.

Бұдан бұрын Исландия үкіметі бар болғаны 330 мың тұрғыны бар ел 1 жылда 50 босқыннан артық қабылдай алмайтындығын мəлімдеген болатын. Жақында Исландияның Facebook желісін пайдаланатын 10 мыңнан астам тұрғыны əлеуметтік желі арқылы қайырымдылық акциясын

өткізіп, əрқайсысы өз отбасыларында Сириядан қашқан босқындарды қабылдай алатындықтарын мəлімдеді. «Мен жалғызбасты анамын. Алты жасар ұлым бар. Алайда, мен Сириядағы қырғын соғыстан қашқан халықтың тағдырына бейжай қарай алмаймын. Сондықтан өз қамқорлығыма сириялық

бір жетім баланы қабылдауға шешім қабылдадым. Өзім мұғалім болып еңбек етемін. Сондықтан, ол баланы исланд тіліне үйретуге, білім беруге мүмкіндігім бар. Біздің үйде ол балаға қажетті киім-кешек жəне басқа да қажетті тұрмыстық бұйымдар жеткілікті. Сонымен бірге, мен ол баланың ұшақпен мұнда келетін жолақысын да төлей аламын», деп жазады Facebook желісі арқылы Исландияның бір қарапайым тұрғыны.

«Ќўрєаќ ќасыќ ауыз жыртады» АҚШ-та лотерея жеңімпаздарына ұтыстың орнына «үйіп-төгіп уəде» беру тəсілі белең алды.

Иллинойс штатының тұрғындары Дэнни Частин жəне оның қалыңдығы Сьюзан Рик өткен шілде айында Cool Cash лотереясынан 250 мың доллар ұтысқа ие болған. Алайда, əлі күнге дейін олар заңды ұтысын ала алмай отыр. Chicago Tribune басылымының хабарлауы бойынша, Иллинойс штатында 25 мың доллардан асқан лотерея ұтыстарына мораторий жарияланған. Штат билігі бұл келеңсіздікті əлі күнге дейін штат бюджетінің бекітілмегенімен түсіндіргісі келеді. Аталмыш басылымға берген сұхбатында Дэнни

Частин «Егер билікке қарапайым адам қарыз болса, олар оның баспанасын тартып алса да, қарыздарын қайтарар еді. Билік үшін қарыз адамда ақша бар ма, жоқ па бəрібір. Ал адамдардың қарызын қайтаруға келгенде билік неше түрлі сылтау айтады», деп түңіле жауап берді. Джордж Мейсон университеті жанындағы Mercatus Center зерттеу ұйы мының мəлімдеуінше, Иллинойс штаты «фискальдық мəселе» бойынша америкалық штаттардың арасында 50-ші орынды алады. Бұл АҚШ-тағы өтемақы,

зейнетақы жəне əлеуметтік көмек қаржыларын төлеуде

өте артта қалған өңір болып саналады.

Бетті дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Басқа жердегідей, бұл елде де президенттіктен үміткерлер өздерінің елді қалай басқаратынын айтумен қатар, қарсыласын мұқатуға, олардың кемшілігін айтып, жұртты оған дауыс бермеуге шақыруға үлкен мəн береді. Хиллари Клинтон да сондай шабуылға ұшырады. Оған қарсыластар өзінің Демократиялық партиясында да, оппонент партия – республикашыларда да жетіп артылады. Клинтонға тағылған айып – ол Барак Обаманың президенттігінің алғашқы мерзімінде мемлекеттік хатшы болған кезінде қызметтік құпиялықты сақтайтын поштасы болғанына қарамай, жұмыстық байланыста өзінің жеке поштасын пайдаланған көрінеді. Содан кейбір мемлекеттік құпияларға хакерлік шабуыл жасауға мүмкіндік туған. Бұған дейін сол мүмкіндікті біреулер пайдаланып, құпиялардың ашылғаны жөнінде сөз де болған емес. Оның есесіне президенттіктен негізгі үміткердің аяғынан шалуға айтарлықтай мүмкіндік туды – өзінің қызметіне, елдің мүддесіне жауапсыз қараған дейді. Бұл жөнінде алғашқы сөз шыққанында-ақ Хиллари Клинтон оған жауап беріп, өз поштасында ешқандай құпия хабар-ошардың болмағанын айтқан. Сондай-ақ, кейінірек, өзіме қолайлылығын ойлап едім, біреу емес, екі телефон алып жүруім керек екен, деп өткенге өкініш те білдірген. Осының өзімен-ақ мəселеге нүкте қоюға болғандай еді, бірақ қарсыластар оған көнбей, үміткердің жеке поштасын тексеруді

талап етті. Клинтон оған да барды, өткен жылдың аяғында өзінің жұмыс бабындағы 55 мың хатын мемлекеттік департаментке тапсырды. Одан, ФББ тексергенде, құпиялыққа жататын 150дей факті тауыпты. Бірақ олар Клинтон пайдаланған кезде құпия болмаған екен. Құпиялық кейін енгізілген. Бұл үшін үміткерге қатаң айып тағудың да жөні жоқ. Қалай дегенде де, бұл даңғаза, айқай-шу Хиллари Клинтонға ай тарлықтай кері əсер ететіні анық. Бұл өзі ең алдымен жүйкеге тиетін нəрсе. Үміткердің рейтингі төмендеп кеткені айтылып жатыр. Бірақ осы бір келеңсіз шудың кезінде Клинтонның өзін еңсесін түсірмей, лайықты деңгейде ұстай білгенін де атап өткен жөн шығар. Қаймықпастан өзінің электронды поштасын ашып беру де оның тазалығын аңғартады. Мұны да сайлаушылар кейін лайықты бағалар дейсің. Ал үміткерлердің рейтингіне келсек, онда да Клинтон əлі де бəрінен жоғары тұр. Айова штатындағы сауалдама кезінде оны демократтардың 37 пайызы жақтаса, екінші орындағы тəуелсіз сенатор Берни Сандерсті 30 пайызы қолдапты. Бұл – бір штаттағы жағдай. Ал жалпы демократтар арасындағы сауалдамада Клинтонның рейтингі 45 пайыз болса, Сандерстікі – 22 пайыз ғана. Республикашылардың үздігі Дональд Трамп өз партиясында 28 пайыз ғана дауыс алып отыр. Осыларға қарап-ақ Хиллари Клинтонды есептен шығару ерте екенін аңғарасың. Жалпы, билік басына əйел азаматтың келуі көңілге жылылық ұялатады. Олар қаты гездеу шешімге бара қоймас деп ойлайсың. Қарсыласқа қаталдықты, басқаларға өктемдік жасауды алға тосатын Трамп сияқтылардан гөрі америкалықтар Хиллира Клинтон сияқты əйел қайраткерді қалайтын шығар дейсің.

Profile for Egemen

04092015  

0409201504092015

04092015  

0409201504092015

Profile for daulet
Advertisement