Page 6

6

www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Алтын діѕгек

Жазиралы Жаркенттіѕ жайсаѕы Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Əсілі адам баласына абырой тура сөйлеп, адал еңбек етіп, тұрақтылықтан танбау секілді құндылықтарды сақтау арқылы келетіні ақиқат. Бұл қасиеттің қайнар көзі қазақы қарапайымдылықтан бастау алары хақ. Негізі əркім өзінің қолынан келетін шаруамен айналысса нəтиже беретінін ұмытпағаны, əрдайым есте сақтағаны лəзім. Жазиралы Жаркент жерінде ата кəсіп – мал өсіру арқылы мерейі өсіп, айрандай ұйып отырған əулеттердің бірі – Балабек қария Қалиевтер отбасын тілге тиек етіп, үлгі тұтуға болады. Бүгінде ауыл-аймақтың ырысын тасытып, береке бұлағын ағызып отырған қарияға ел разы. Қадірменді қариялар өнегелі отағасы, аяулы жар, ардақты ата ретінде танылып қана қоймай, салмақты сөзімен, ұтқыр ойымен, ең бастысы, қазақы қарапайымдылығымен үлгі болуда. Ол Панфилов ауданының Құрметті азаматы. Асыл тұқымды «Санта-Гертруда» ірі қара малын өңірде тез жерсіндіріп, өсіріп баққан малсақ жан ретінде де жақсы танымал. Ал жұбайы Сəруар апай – көп балалы ана. 1960-1962 жылдары І, ІІ дəрежелі «Ардақты ана» медальдарымен, 1965-1970 жылдары І, ІІ, ІІІ дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен, 1973 жылы «Батыр Ана» құрметті атағын алған, 1982 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 2004 жылдан «Алтын алқа» иегері. Ерлізайыпты жайсаң жандар Панфилов ауданында 1963 жылдан бастап Көктал жəне Айдарлы кеңшарларында мал баққан. Бүгінде жоғарыда айтқанымыздай асыл тұқымды «СантаГертруда» ірі қара малын өсіріп, шаруа қожалығына басшылық етіп, ұжымын кеңейтіп елімізге зор пайдасын тигізуде. Жергілікті халықты жұмыспен қамтуға үлкен үлесін қосып келеді. Балабек қария Қалиев өмірлік серігі екеуі он екі баласынан 31 немере, 42 шөбере сүйіп отыр. Бұл отбасы мүшелері өздеріне тəн кішіпейілділігімен, мəдениеттілігімен аудан жұртшылығының ризашылығына ие болған абзал жандар ретінде Алматы облыстық

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында жеңімпаз атанды. Қашанда қарапайымдылығынан танбайтын Балабек қарияның бір ұстанымы – адалдық. «Атадан жақсы ұл туса игі, ата жолын қуса игі», деген даналықты ұрпағының санасына сіңіру əдетіне айналған. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, бақытты өмір сүріп отырған ерлі-зайыптылар мал бағудың əдіс-тəсілдерін ұрпақтарына үйретуден ешқашан шаршаған емес. Қайта, мал өсіруге бейімделгендеріне зеңгі баба тұқымының ерекшеліктерін, жылдың қай мезгілінде

қалай жайып, қоңына қоң қосу барысын тəптіштеп отырғанын естігенде сүйсінбеске əбдіңіз қалмайды. Ал отанасы болса сүт тағамдарын қалай дайындағанда құнарлылығын ұзақ сақтап, жұғымды болатындығын қыз-келіндеріне үйретуден əсте танбайды. Мұндайда қария мен кейуананың қадіріне жетіп, əлпештеп отырған ұрпағына алғыстан басқа не айтарсыз. Алматы облысы, Панфилов ауданы.

Ґнерлі отбасылар тартуы

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мəдениет жəне демалыс саябағында еліміздің Конституциясының 20 жылдығына арналған «Өнерім – өрісім» отбасылық ансамбльдердің облыс тық фестивалі өтті. Өнер шарасын облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы үйі ұйымдастырды. Фестивальды өткізудің мақсаты – отбасы институтын нығайту жəне дамыту, отбасы құндылықтарын, тарихы мен мəдениетін құрметтеуге тəрбиелеу, сонымен қатар,

əуесқой ұжымдардың орындаушылық қабілеттеріне қолдау көрсету болып табылады. Фестивальдың ашылу салтанатында сөз алған облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұхан бір əулет, бір отбасы мүшелерінен құрылған отбасылық ансамбльдердің облыстық фестивалі екі жылда бір рет өткізіліп келе жатқанын, бұл жолғы өнер шарасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына əдемі тарту болғанын айта келіп, болашақта фестивальдың ауқымы əлде де кеңейе түсетінін жеткізді. Облыста қазірдің өзінде 48 отбасылық ансамбль

Їлгі болар кґктеректіктер Сары өзеннің жағасында орналасқан Көктерек ауылы өзінің тарихымен жұртты қызықтырғандай. Неге дейсіз? Оның себебі, күй атасы Құрманғазы осы жерді аз уақыт қоныс етсе, Төлеген Сейіткереев ағамыздың тарихтан сыр шертетін мұражайы да осында. Сонымен қатар, дала төсін мыңғырған малға толтырған еңбек адамдары да жетерлік. Көктеректіктер тағы бір тек ауыл үшін ғана емес, ел ішін қуанышқа толтыратын жаңалықтарымен жұрт жадында жүрері сөзсіз. Көктерек ауылдық округі əкімдігінде маман болып қызмет ететін Бақытжан Есенғалиевтің шаңырағы осыған дəлел бола алады. Бақытжан жұбайы Əсел екеуі Əли, Əлихан, Ибрагим, Хасан, Нұрəлі есімді асықтай 5 ұл тəрбиелеп өсіріп отыр. Отыздың ортасына да келмеген жас отбасы балаларының үлкені

7 жаста болса, енді отбасына тағы да бір бала қосылады деп күтілуде. Бес «атқа мінердің» анасы Əсел ағылшын тілі пəнінің мұғалімі. Біз Бақытжанмен хабарласқанда, ол: – Жұбайым екеуміздің жүрегіміз толқып жүр. Əсел дүниеге келер сəби үшін ауруханадан ем алып жатыр. Ал өзім қазір перзентханадан көктеректік достарым Жеңіс пен Толқынның 5-ші сəбиінің алып шығу қуанышына ортақтасуға келіп отырмын. Бұл отбасының 5 ұл-қызының екеуі егіз, – деді. Міне, көктеректік жас отбасылар еліміздің болашағын жасайтындарды тəрбиелеп жатқан өнегелі жастар деп білеміз. Гүлфия КӨШБАЕВА.

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы.

болса, соның тоғызының халықтық атағы бар. Оларда 300-ден астам адам өнер көрсетеді. Бұл жолғы фестивальға он бір отбасылық өнер ұжымы қатысты. Олардың арасында өнерімен өңірге танымал Алға ауданынан «Аллажар», Темір ауданынан «Гүлжазира», Ойыл ауданынан «Шапағат» халықтық отбасылық ансамбльдері жəне басқалары бар. Олардың құрамындағы бес-алты жасар бүлдіршіннен бастап егде жастағылар да өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шарада халық əндері мен билері, аспаптық музыка орындалды. Өнер көрсеткен барлық отбасылық ансамбльдер ұлттық мəдениетті сақтап, дамытуға үлес қосып, облыстық байқаулар мен фестивальдардың жəне басқа да мəдени жобаларға тұрақты қатысып жүрген шығармашылық ұжымдар. Отбасылық ансамбльдер қатары жыл сайын толығып тұрады. Бұл халықтың өнерге деген ықыласы артып келе жатқанының куəсі, əрине. – Біз Шалқар ауданы Қауылжыр селолық округінде тұрамыз. Мұндай ансамбль құруға бұрыннан талаптанып жүретінбіз. Оның сəті биыл түсіп, «Жадылда» отбасылық ансамблін құрдық. Сіңілім Əйгерім жоғары оқу орнын биыл бітірді, үлкен ұлым Тұрлан колледжде, қыздарым Алмагүл 9-сыныпта, Ақмейірім 6-сыныпта, Айару дайындық бөлімінде оқиды. Жастарды өнерге баулу əр отбасының мақсаты болуы тиіс деп ойлаймын. Өзім Шалқар музыка мектебінің ауылымыздағы филиалында домбырадан сабақ беремін. Бұл жолы бес жасар Айару «Чунга-Чанга» биін биледі, өзім əн шырқадым, ансамбль болса «Қосалқа» күйін орындады, – дейді ансамбль жетекшісі Айымгүл Сүйінова. Фестивальға қатысқан отбасылық ансамбльдер Алғыс хатпен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль соңы «Конституция құрдастары» акциясымен жалғасты. Акция барысында облыстық байқаулардың жас жеңімпаздары саябаққа жиналға қалалықтарға өз өнерлерін тарту етті. АҚТӨБЕ. ––––––––––––––

Суретте: «Жадылда» отбасылық ансамблінің мүшелері.

Сенаторларєа – ќўрметті атаќ «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Ақылбайға жəне Бектас Бекназаровқа «Қазақстанның құрметті заңгері» атағы берілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

 Басты байлық

Жїрегі ауырмаєанныѕ жїзі жарќын Шетелдік кардиохирургтердіѕ Ќазаќстаннан їйренері бар

Астанадағы «Ұлттық ғылыми-кардиология орталығында» жасанды жүрек орнату бойынша бірегей операция жасау əдісін енгізуге арналған шеберлік сыныбы өтіп, оған Германия, Италия, Швейцария, Голландия мен Хорватиядан 30 кардиохирургия маманы келді жəне біздің дəрігерлерден тəлім алды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Бұрындары қазақстандықтар жүрекке операция жасату үшін еуропалық білікті мамандарға жүгінетін болса, енді сол үрдіс қалыбынан жаңылыпты. Атақтары дардай шетелдік кардиорталықтардың дəрігерлері елімізге арнайы келді, астаналық мамандардан кеңес алды, үйренді, тəлім алды. Шетелдік əріптестер Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя басқаратын ұжымда жасанды жүрек – HeartMate III құрылғысын орнатудың тəсілдерін үйреніп, симуляциялық зертханада шошқа жүрегінің сол жақ қарыншасына құрылғыны имплантациялауға машықтанды. HeartMate III деп көрсе тілгендей, бұл жасанды жүректі имплантациялаудың бірінші кезеңі алғаш рет Америкада жүзеге асырылыпты да, екіншісін бірқатар Еуропа елдері атқарған екен. Ал жасанды жүректің үшінші буыны өмірге келіп, оны кім қолға алады деген сұрақ туғанда əлемдегі озық орталықтар бірқатар тесттерден, зертханалық зерттеулерден өтеді де солардың ішінен 5-ақ клиника таңдап алынған. Соның бірі – біздің «ҰҒКО» АҚ. «Ұрыста тұрыс бар ма» дегендей, барлығы бірдей жоба бойынша жасалуға тиіс операцияларды атқарып, клиникалық зерттеулерге нəтижелерін беріп, тоқтаған тұста, Ұлттық орталық жұмысты əрі қарай жалғастыра берген. Осылайша жасанды жүректі трансплатациялау əдісі 2014 жылдың маусым айында енгізіледі де, бір жыл ішінде қазақстандық мамандар 32 операция жасайды, оның ішінде 8-і зерттеу мақсатында жүргізіліп, барлығы да сəтті өткен операция нəтижесі шетелдіктердің назарын бірден өзіне аударған. Өйткені, біздің ел HeartMate III имплантациялауды əлемдегі ең бірінші қолға алып, оны табысты атқарған бірден-бір мемлекет болуда. Үшінші буынның бұрынғылардан үлкен артықшылығы бар екен, алдыңғылар жасанды жүрек тамыр соғуынсыз жұмыс істесе, соңғы буында жүрек соғып тұрады. «Техникалық тұрғыда қан айналымының тамыр соғуын ретке келтіру өте қиын. Бірақ, соңғы буында ғана бұл мүмкін болды, ал ағза үшін оның маңызы өте жоғары», – деген Юрий Пя əрі

қарайғы ойын былай жалғады: «Қиын экономикалық жағдайларға қарамастан, Қазақстандағы кардиохирургия саласы жақсы қарқынмен даму үстінде. Соның дəлелі ретінде бүгінде біз əріптестер келіп білім алатын, тəжірибе жинақтайтын орталыққа айналдық. Бүгін шеберлік сыныбының екінші күні өтуде. Қазақстандағы нормативтікқұқықтық база трансплантология саласында үлкен жетістіктерге жеткен елдердің нормативтікқұқықтық базасына сəйкес келеді. Соның арқасында біз заманауи жасанды жүректі орнатуды клиникалық тəжірибеге енгізу бойынша халықаралық жобаны жүзеге асыра алдық. Елімізде 2011 жылдан бастап жасанды жүрек ауыстыру бойынша 150 адамға операция жасалды. Шеберлік сабағында, өздеріңіз көріп отырғандай, əлемнің 30 жетекші кардиохирургия маманы қазақстандық дəрігерлерден тəжірибе жинайтын болады». Шығыс Қазақстан облысынан келген Евгений Шмаковта туабітті жүрек ақауы бар екен. Небəрі 16 жастағы бозбала: «Жасанды жүректің арқасында бұрынғыдай демігіп қалмаймын, шаршамаймын, өзімді сау адамдай сезінемін, орталықтың дəрігерлеріне алғысым шексіз», – дейді ағынан жарыла. Ал оңтүстікқазақстандық Гүлмира Смайыловаға жүрек донордан трансплантацияланған екен. «Тұңғышымды дүниеге əкелген соң жүрегім дертті болып, бірнеше жыл донор күтуге тура келді. Маусым айында дəрігерлердің айтуы бо йынша ақтөбелік жігіттің жүрегі салынды. Баласының жүрегін салуға рұқсат берген ата-ананың кім екенін білгім келеді, мен енді өзім үшін де, сол жігіт үшін де өмір сүруге тиіспін», – дейді толқи сөйлеген Гүлмира. 250-300 мың долларды құрайтын осынау операция еліміздің барлық науқастарына тегін жасалса, өзге мемлекеттен келген науқастарға ақылы негізде жасалады. «Біздің кардиохирургия ұжымы мұндай қиын операцияларды жасауға 100 пайыз дайын. Тек донордың жоқтығы ғана қолымызды байлап отыр. Кардиохирургия деңгейі артқан сайын шетелден келген науқастар саны да арту үстінде. Ал біз барлық науқастарға қолымыздан келгенше көмегімізді аямауға уəде береміз», – деген алтын қолды дəрігер.

 Бəрекелді!

Кіші Рой Джонс Ќазаќстанды əнге ќосты Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Көзі тірісінде аты аңызға айналған кəсіпқой боксшының бірі – кіші Рой Джонс уəдеге берік жігіт болып шықты. Былтыр Қарағандыға келіп, бокстан Ғалым Жарылғаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысқанында Арқа жұртының қонақжай пейіліне риза болып, «Бір əн жазамын!», – деп уəде беріп кеткен болатын. Сол кезде кіші Рой Джонстың Қарағанды рингіне көтеріліп, көрермендер алдында кішігірім концерт қойғаны да спортсүйер қауымның есінде болса керек.

Таяуда кіші Рой Джонстың өзі құрған Body Head Bangerz ұжымы кезекті альбомын жарыққа шығарды. Жинаққа енген алты тректің бесіншісі «Алға, Қазақстан!» деп аталады. Əннің мəтінін əйгілі боксшының өзі жазған жəне хип-хоп мəнерінде орындайтын да бір өзі. Жалпы, жартылай ауыр салмақтағы əлемнің абсолютті чемпионы кіші Рой Джонс – сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Ол – «Матрица: Перезагрузка», «Универсальный солдат-4» деп аталатын блокбастерлерге түскен актер, сондай-ақ, хип-хоп мəнерінде əн айтатын рэпер. ҚАРАҒАНДЫ.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТҮЗЕТУ!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті сауда-саттығының өткізілуі туралы ақпараттық хабарлама «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 7 тамыздағы №149 нөмірінде жəне «Казахстанская правда» газетінің 2015 жылғы 8 тамыздағы №150 нөмірінде жарияланған 2015 жылғы 8 қыркүйекке белгіленген «Жас өркен» ЖШС жəне «Қазақ газеттері» ЖШС мемлекеттік үлестерін сату бойынша сауда-саттықтың өткізілмейтіндігін хабарлайды.

Profile for Egemen

04092015  

0409201504092015

04092015  

0409201504092015

Profile for daulet
Advertisement