Page 10

10

www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

22 мектеп есігін айќара ашты

 Өңір өмірі

Жаңа оқу жылында Оңтүстіктің қала, аудандарында 22 жаңа мектеп оқушыларды қабылдады. Атап айтқанда, Шымкент қаласында – 7, Сарыағаш ауданында – 6, Бəйдібек ауданында – 2, Ордабасы ауданында – 2, Созақ ауданында – 2, Түлкібас ауданында – 2, Кентау қаласында 1 мектеп пайдалануға берілді. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Кəсіпорындар бой тїзейді Индустрияландыру бағдарламасы аясында Түркістан мен Кентау қалаларында жаңа 15 нысан іске қосылады. Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Бейбіт Атамқұлов индустриялық аймақтарға жасаған сапары барысында айтты. Өңір басшысы Түркістан қаласындағы индустриялық аймаққа атбасын бұрып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұған дейін бірнеше рет сынға іліккен нысан жұмысын тексерген Бейбіт Бəкірұлы

оң баға берді. Жалпы аумағы 40 гектарды құрайтын аймақта барлығы 8 кəсіпорын бой көтереді. Жыл соңына дейін олардың екеуінің құрылысы аяқталса, тағы үшеуінің іргетасы қаланады. Зауыттардың

барлығы дерлік құрылыс материалдарын шығарумен айналысады. Бұл кəсіпорындар 335-ке жуық адамды жұмыспен қамтиды. Бұнан кейін Б.Атамқұлов Кентаудағы индустриялық аймаққа

барып, оның жұмысына назар аударды. 25 гектар аумақта 7 жоба жүзеге асырылмақ. Олардың үшеуі қаладағы трансформатор зауытына қажетті қосалқы бөлшектерді шығарумен айналысады. Жобаларды пайдалануға беру үшін барлығы 2 млрд. 127 млн. теңге инвестиция тартылады жəне 165 жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, индустриялық аймақ қажетті инфрақұрылыммен түгел қамтылады. «Егемен-ақпарат».

Ќўрылыс ќарќыны бəсеѕдемейді Əлем жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Мұның өзі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Дағдарысқа байланысты еліміздің экспорттық тауарларының құны түсіп кетті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің отырыстарында барлық нəрседе үнемдеу керектігін жиі айтып келеді. Осыған орай бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына қоса жаңа нысандар салуға шектеу қойылды. Қазір негізгі күш бұрын құрылысы жүріп жатқан нысандарды бітіруге жұмылдырылуда. Қиындықтарға қарамастан, тұрғын үй құрылысын тоқтатпауға ерекше көңіл бөлініп, бұл салаға түрлі көздерден қыруар қаражат қарастырылуда. Рахманқұл БАЙТЕЛИЕВ,

Жамбыл облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Үстіміздегі жылы облысымызда 106 нысанның құрылысына жəне жобалықсметалық құжат əзірлеуге республикалық жəне жергілікті бюджет есебінен 23,4 миллиард теңге қарастырылған болатын. Үстіміздегі жылдың алты айының қорытындысында жоспардағы 13,9 миллиард теңгенің 13,4 миллиард теңгесі игерілді. Белгіленген тапсырма 97,8 пайызға орындалды. Аймақта «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасының «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағыты бойынша 2020 жылға дейін барлық қаржыландыру көздерінен 2805,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген болатын. 2015 жылы 259,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланса, 6 айдың қорытындысында 118,5 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілді. Бұл – өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,3 пайызға артық. Кезекте тұрған азаматтарға жергілікті бюджет есебінен 264,8 миллион теңге қарастырылып, 17,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Жарты жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 8,8 мың шаршы метрді құрады. Жас отбасылар үшін жоспарланған 600 шаршы метр тұрғын үйге 201 миллион теңге бөлінген. Алты айдың қорытындысында оның 97,9 миллион теңгесі игерілді, бір 5 қабатты 75 пəтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін тапсырылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы жоспардағы 7,7 мың шаршы метрге 945,5 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде 600 миллион теңгесі «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен қаралды. Осы мерзімде бір 5 қабатты 65 пəтерлі тұрғын үй іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 2 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бір тұрғын үй 2016 жылы беріледі. Аймақта жеке тұрғын үй салушылар көбейіп келеді. Алты ай қорытындысында 107,6 мың шаршы метр жеке тұрғын үй іске қосылды. Басқа қаржыландыру көздерінен 4,5 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы «Бəйтерек» шағын ауданында 10,4 мың шаршы метрлік екі бес қабатты – 100, Маяковский көшесінде 2,4 мың шаршы метр 40 пəтерлі жəне 15,2 мың шаршы метр «Атшабар» тұрғын үй кешені салынуда. Жалпы, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы 28 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге Ұлттық қор есебінен 466 миллион теңге бөлініп, 3 жоба жүзеге асырылады. Оның екеуі жыл соңына дейін іске қосылса, біреуі 2016 жылға өтпелі. Мемлекетіміз «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға жыл сайын қыруар қаражат бөлуде. Соның нəтижесінде бүгінде облыстың 373 ауылдық елді мекенінің 224 немесе 60 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы ауыз сумен қамтамасыз етуге 8

нысанның құрылысына республикалық жəне жергілікті бюджет есебінен 1,8 миллиард теңге бөлінді. Оның 7-еуі 2014 жылдан өтпелі. Биыл Жамбыл ауданының Айша бибі ауылы мен Байзақ ауданының Жетібай, Ынтымақ ауылдарында ауыз су нысандары ел игілігіне берілді. Төрт нысан жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысында бөлінген қаражат 90,4 пайызға игерілді.

Аймақта мемлекеттің қомақты қаражат бөлуі нəтижесінде көптеген уақыт талабына сай жарық та еңселі білім ордалары салынуда. Биыл облыста 30 білім беру нысанының құрылысына (оның ішінде «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 5 нысан) республикалық жəне жергілікті бюджеттен 8,5 миллиард теңге бөлініп, алты айдың қорытындысында 3,3 миллиард теңге игерілді. Белгіленген тапсырма 94,3 пайызға орындалды. Жаңа оқу жылында 1400 оқушыға арналған 4 мектеп тапсырылды. Жергілікті бюджет есебінен 8 мектеп, 1 балабақша жəне 1 жатақхана құрылысына жəне қосымша қаржыландыруға 2,8 миллиард теңге қарастырылып, 2014 жылдан өтпелі 120 оқушыға арналған Жамбыл ауданының Еңбек ауылындағы 1 мектеп, Тараз қаласындағы №13 теміржол лицейінің жатақханасы іске қосылды. Сондай-ақ, 700 оқушыға арналған 4 мектеп жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі. Талас ауданының Есейхан ауылындағы 150 оқушыға арналған 1 мектеп 2016 жылы беріледі.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 600 орындық екі мектептің жəне 840 орындық 3 балабақшаның құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 155 миллион теңге бөлінді. Бүгінде мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша барлық нысандарда жеңімпаздар анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылы денсаулық сақтау саласына облыста 6 нысанның құрылысына республика жəне жергілікті бюджеттен 7,2 миллиард теңге бөлінді. Осы мерзімде қарастырылған 4,8 миллиард теңгенің 4,7 миллиард теңгесі игерілді. Құрылысы өткен жылдан өтпелі Тараз қаласындағы 300 төсектік көпсалалы қалалық аурухана, облыс орталығындағы 200 төсектік облыстық перинаталдық орталық күзде ел игілігіне беріледі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қарастырылған 3,7 миллиард теңге толық игеріліп, аталған нысандарда құрылысмонтаж жұмыстары жалғастырылуда. Құрылысы 2014 жылдан өтпелі Жамбыл ауданындағы Жалпақтөбе ауылындағы 100 келушіге арналған алғашқы сани-

тарлық-медициналық көмек нысаны пайдалануға берілді. Бұған қоса спорт, ауылшаруашылық, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша бірқатар нысандар іске қосылды. Шу өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 46 нысанның жобалық-сметалық құжатын əзірлеуге 175,2 миллион теңге бөлініп, осы мерзімде оның 116,7 миллион теңгесі игерілді. Мемлекеттен жыл сайын қыруар қаражат бөлінуіне байланысты аймақтағы автомобиль жолдарының дені қалпына келтірілді. Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекендер көшелерін жөндеу мен күтіп ұстауға 7,2 миллиард теңге қарастырылды. Оның ішінде, облыстық маңызы бар автожолдарға 2,6 миллиард, аудандық маңыздағысына 2,4 миллиард, ал Тараз қаласының көшелеріне 2 миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 5 шақырым автожолға күрделі жəне 316 шақырымға орташа жөндеу, сондай-ақ

1 құбыр мен екі шағын көпірге орташа жөндеу жүргізілетін болады. Құрылыстың экономиканың локомотиві екеніне қазақстандықтардың көзі айқын жетуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев нысандарды уақтылы əрі сапалы пайдалануға беру міндетін қойып отыр. Сондықтан да аймақта бұл салада кейінгі кезде ауыз толтырып айтарлықтай игілікті істер қолға алынып, жүзеге асырылуда. Ғимараттардың уақтылы басталып, сапалы жүргізілуі жобалық-сметалық құжаттың белгіленген мерзімде əзірленіп, сараптамадан өткізілуіне байланысты. Қазір бұл жұмыс жолға қойылды. Соның нəтижесінде мемлекеттік сатып алу конкурстары талапқа сай өткізілуде. Конкурсқа қатысушыларға қатал талап қойылуда. Енді мердігерлер бір чемоданмен келіп, келісімшартты ұтып алып, оны қосалқы мердігерлерге бере алмайды. Жұмыс тек қана материалдықтехникалық базасы қуатты, білікті мамандармен қамтамасыз етілген əлеуетті компанияларға беріледі. Біз биыл айыппұлы бар 4 мердігерді жосықсыз деп танып, жұмыстан шеттеттік. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында енді мемлекеттік сатып алу конкурстары үшін құжаттар электронды нұсқада қабылданады. Елбасы өзімізде өнім өндіруге, қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға ерекше көңіл бөліп келе жатқаны белгілі. Осыдан 10 жыл бұрын облысқа қажетті құрылыс материалдарының 50 пайызы сырттан тасымалданса, қазір оны жергілікті жерде өндіруші кəсіпкерлер көбейіп келеді. «БиномДетальСтрой» ЖШС мемлекеттік индустриялықинновациялық даму бағдарламасы бойынша ірі қабырғалық панельдер шығару жобасын жүзеге асырды. Оның артықшылығы көп. Мұндай материалмен құрылысты жыл-он екі ай жүргізуге болады. Осындай əдіспен бір көпқабатты үйді екі-үш айда салып бітіреді. Құм, тас, цемент, гипс, ағаш жəне темірбетон бұйымдары, жылу батареялары өзімізде өндіріледі. Қазір ғимараттың қабырғасын көтеру үшін алуан түрлі құрылыс материалдары шығарылуда. Соның нəтижесінде оған деген қажеттіліктің 80 пайызы облыста өтелуде. Нысандарды құрылыс нормалары мен ережелеріне сəйкес жүргізуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұрын жұмыс сапасын қадағалау үшін 3-4 нысанға бір техникалық қадағалаушы тағайындалса, қазір əрқайсысына осындай бір маман бекітілген. Ірі нысандарда 2-3 техникалық қадағалаушы жұмыс істейді. Мұның өзі еңбек өнімділігін арттыру, ақауға жол бермеуге игі ықпалын тигізуде. Бүгінде облыста осы салада 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Барлық мердігер компаниялар білікті мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлген. Біраз мамандар жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарында кəсіпорындар есебінен оқытылып жатыр. Салаға жаңа технологиялар кеңінен енгізілуде. Мұның өзі қол күшін азайтумен қатар, жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізуге септігін тигізгені анық. Ескі техника жаңасымен ауыстырылуда. Мердігерлер бұл мақсатқа жыл сайын қыруар қаражат жұмсауда. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» демекші, мердігерлер арасында нысандарды уақтылы пайдалануға беру мен, жаңа жұмыс орындарын ашумен ерекше көзге түсіп жүрген кəсіп орындар да аз емес. Солардың қатарында Тимур Манашев жетекшілік ететін «Тараз құрылыс дизайн» ЖШС, Серік Олжабеков басқаратын «Бином» ЖШС, Марат Рахымбердиев пен Төлеген Қарақойшинның иелігіндегі «Агроспецстрой» жəне «Темирстройсервис» серіктестерінің үлгілі ісін ерекше атап өткен жөн. Жамбыл облысы.

Қазір айтса өткен ғасырдың ертегісіндей көретін шығар. Оңтүстікте төрт ауысымды мектептер болған. Солтүстік жақтарда үлкен мектептерге оқушы толтыра алмай, ауылдағы мектептер бала саны жетпегендіктен, жабылып жатқанда алтын құрсақ Оңтүстікте мектеп салу ісі күн тəртібінен еш түскен емес. Елбасы қазақ өссін, өркендесін дейді. Оңтүстіктің басшылары былтырғы пайдалануға берген мектептер бір жыртығымызды жамады деп көңілі өсіп, сəл тыныс алғанда жаңа оқу жылы жетіп, бір емес, екі емес əлденеше еселенген бірінші сыныптарға жай тауып бере алмай қайраттанып қайта кірісетін. Мемлекет басшысының Үкіметке нақтыланған «100 мектеп – 100 аурухана» бағдарламасында басымдық алған да Оңтүстік болатын себебі осы. Былтырғы оқу жылы Оңтүс тікке өз жақсылығымен келді. ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 78,8 болып, «Алтын белгіге» 608 түлек қол жеткізді. Бұл республика бойынша «Алтын белгі» алған оқушылардың 30 пайы зын құрайтынын ескерсек, жақсы табыс. Оңтүстікте білім сапасына үлкен мəн берілгенінің, ұстаз дардың жаңашылдықпен, шығармашылықпен жұмыс жасап жат қандығының жемісі. Биыл өңірдегі 1022 мектепте 600 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 70448 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Атқарылатын жұмыстар көп. Біз осы жайында ОҚО білім, жастар саясаты жəне тілдерді дамыту басқармасының басшысы Альбина Елшиеваны сөзге тартқан едік. Альбина Балғабайқызы биылғы жылы 104 білім ошағының құрылысы қолға алынғанын айтқан. Оңтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы 104 білім нысанының құрылысы қолға алынып, жыл ағымында 49 мектепті іске қосу жоспарланған. Атқарылған жұмыстардың нəтижесінде 3 – үш ауысымды, 27 – апатты мектептердің, 13 мектептің ыңғайластырылған ғимараттарының жəне 2 мектебі жоқ елді мекендердің мəселелері шешілмек. Жаңа мектептердің есебінен 24 үш ауысымды мектептің 21і, 46 апатты мектептің 17-сі қалмақ. Бұл мектептердің мəселесі 2016-2017 жылдары түпкілікті шешіледі. Сонымен қатар, саман кірпіштен салынған 35 мектептің орнына жаңа мектептер салынып, олардың саны 153тен 118-ге дейін төмендеді. Сондай-ақ, биыл 100 білім нысаны

күрделі жөндеуден, 697 мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді. Облыс оқушылары жалпы білім беретін пəндер бойынша республикалық олимпиадада екі бағыт бойынша ІІІ орындарды, «Үздік олимпиадалық мектеп-2015», «Үздік олимпиадалық команда-2015», «Ең үздік олимпиадалық команда-2015» атақтарын иеленді. Мемлекеттік бағдарламаға сəй кес биыл ғы жылы 4,5,6,11-сынып тарға арнал ған оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендері жəне 3-сыныптың ағылшын тілі мен 7-сыныптың информатика пəні оқулықтары толығымен алынды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бірінші сынып оқушыларына Елбасы атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы табысталды. Техникалық жəне кəсіптік білім беру саласында облыстағы 92 колледжде 97 мамандық бойынша былтырғы оқу жылында 75600 оқушы білім алды. Соңғы үш жылда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сəйкес қажетті мамандарды даярлау мақсатында өңір колледждерінде 20 жаңа мамандық ашылды. Кəсіпорындармен өзара байланысты нығайтып, дуальды оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында 24 колледжде 36 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесі ендірілді. Туризм жəне қызмет көрсету, тігін, тоқыма жəне тамақ өндірісі, көлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, техника жəне энергетика салалары бойынша 6 базалық колледж қалыптасты. Биылғы оқу жылында облыс колледждеріне 7726 орынға мемлекеттік тапсырыстар берілді. Облыстың бас мұғалімі осылай дейді. Оңтүстікте білім саласында əлі де алынбаған асулар бар. Өңір басшысын жасөспірімдердің арасында қылмыс түрлерінің өршіп бара жатқаны алаңдатады. – Білім беру қызметкерлерінің алдында үлкен міндет тұр, – деді мұғалімдердің тамыз конференциясында облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов. – Біз үш тілді білім беру жүйесіне көшуіміз қажет. Бұл үшін жас, білікті мамандарға сұраныс артады. Қазір педагогтар оқу жылына дайындық үстінде. Олар сабақ жүргізіп қана қоймай, кəмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың алдын алу үшін ауқымды тəрбие жұмыстарын жүргізуге атсалысады. Жаңа оқу жылы осындай қарбаластармен басталды. Міндет айқын, жүйелі жоспар бар. Бар мақсат – білімді, саналы, отаншыл жас ұрпаққа жол ашу, олардың қажетін қанағаттандыру, жағдай жасау. ШЫМКЕНТ. ––––––––––––

Суретте: Альбина ЕЛШИЕВА.

«Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

070700, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі, 54-үй, «Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, анықтама телефоны: 8 (72340) 27 113, электронды пошта: sayasatzsnrambler.ru Зайсан ауданы əкімдігінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (G-4 санаты), лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 68860 теңгеден 81902 теңгеге дейін, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: Жастар орталығы директоры аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысына тікелей бағынышты. Мекеменiң директоры мекеме жұмысын ұйымдастырады жəне басшылық етедi, уəкілетті органға тiкелей бағынады Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда жəне мекемеге жүктелген мiндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады. Мекеме директоры дара басшылық қағидаты бойынша əрекет етедi жəне мемлекеттiк мекеме қызметiнiң барлық мəселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне мекеме жарғысында айқындалатын құзыретiне сəйкес дербес шешедi. Мекеме қызметкерлерінiң бiлiктiлiгiн жоғарылатудың басқа да түрлерiне қатысты тəртiбi мен жоспарларын бекiтедi; - банк шоттарын ашады; - мекеме қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады жəне нұсқаулар бередi. Мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; бұқаралық ақпарат құралдары мəселелері бойынша өзара іс-қимылды жəне ынтымақтастықты жүзеге асырады; мемлекеттік жастар саясаты мəселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді үйлестіреді; жастарға патриоттық тəрбие беру мақсатындағы мəдени, спорттық, бұқаралық іс-шараларды, жастар арасында дөңгелек үстел, конференция, форум, кездесулер, пікірсайыс, КТК ойындарын ұйымдастырады. Жастардың арасында ақпараттық-əдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдауды, жастар арасындағы ахуалдың мониторингін жəне оны талдауды жүзеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім.

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА! 2015 жылдың 2 қыркүйегіндегі өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру қорытындыларын хабарлаймыз. Қоғамның дауыс беруші акцияларының саны 1 942 380 жай акцияны құрайды. Жиналысқа дауыс беруші акциялардың жалпы санының 99,18 % құрайтын 8 акционер жəне олардың өкілдері – 1 926 445 жай акцияларды иеленушілер қатысты. Жиналыстағы дауыс беру қорытындылары: 1. Күн тəртібінің сұрағы бойынша «Қоғам жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды бекіту». «қостады» – 1 926 445; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалды» – жоқ. «ӨТМК» АҚ-тың Есеп комиссиясы.

Profile for Egemen

04092015  

0409201504092015

04092015  

0409201504092015

Profile for daulet
Advertisement