Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№168 (28646) 4 ҚЫРКҮЙЕК ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Жаѕа экономикалыќ шаралар – ўлттыќ мїддені ќорєау 4-бет Ўлт ўясы – Ўлытау 5-бет «Єасыр ќасіреті»: босќындар проблемасына кім кінəлі? 9-бет Халыќ ыќыласымен ќойылєан ескерткіш 12-бет

СЎРАПЫЛ СОЄЫС ЌАЙТАЛАНБАСЫН! Оєан жол бермеу – адамзаттыѕ тарихи міндеті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің жəне қытай халқының Жапониямен соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты шеруге қатысты.

Їдеден шыєу їшін їйлесімді жўмыс ќажет Парламент Сенаты кеше өзінің жылдың екінші бөлігіндегі алғашқы жалпы отырысын өткізді. Күн тəртібіне шығарылған мəселелерді қарамас бұрын Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның алдында тұрған міндеттердің маңызын аша отырып, сенаторлардан аса жоғары кəсіби біліктілікті, ыждағаттылық пен үлкен жауапкершілікті талап ететін жаңа парламенттік маусым басталғанына назар аудартты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес елдегі қоғамдық қатынастарды түбегейлі өзгертетін Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған заң жобалары бойынша тыңғылықты жұмыс істейтін кезеңге келіп жеттік. Қалыптасқан ахуал шеңберінде заңдарды жедел əрі жоғары сапада қабылдауды қамтамасыз ету үшін Мəжіліспен, Үкіметпен жəне заң жобаларын əзірлеген министрліктермен бірлесіп, үйлесімді жұмыс жасаудың мəні айрықша зор, – деді ҚасымЖомарт Кемелұлы. Төраға, сонымен қатар, дəстүр бойынша күзгі сессияда елдің басты қаржы құжаттарын зерделеп қабылдау қажеттігін, үш жылдық бюджет жобасымен жұмыс істеуде əлемдегі нарықтағы ахуалды ескере отырып, жаңа экономикалық саясатқа көшу мəселесін жанжақты пысықтау жайын да тілге тиек етті. Елбасы бюджет қаражатын үнемдеу жəне аса қатаң қаржылық тəртіп орнату қажеттігін атап көрсеткендігін алға тартқан палата басшысы бұл барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде Парламентке де тікелей қатысты екендігін ескертті. «Сессия барысында біз Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы

шеңберінде жаһандық нарықтық шарттарға сай болу үшін тиісті құқықтық базаны жүйелі түрде жаңартуымыз қажет. Интеграциялық үдерістерде ұлттық мүдделерімізді қамтамасыз ете отырып, терең экономикалық ынтымақтастықтың құқықтық тетіктерін кеңейту жұмыстары Парламенттің күн тəртібіндегі өзекті тақырыпқа айналатыны сөзсіз», деді Қ.Тоқаев. Төраға, сонымен бірге, Елбасы белгілеп берген стратегиялық міндеттерді қысқа мерзім ішінде, ал кейбір мəселелерді шұғыл түрде орындау қажет болатынына да назар аудартты. Қ.Тоқаев, сондай-ақ, Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында Елбасы Н.Ə.Назарбаев Парламен т тің кезекті сессиясының ашылуына орай жолдаған құттық тауында парламентшілер бес инс титуттық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге зор жауап кершілікпен қарап, елдегі маңызды жаңғырту ісіне белсенді қатысатынына сенім артқан дығын да қаперге салды. Осы ған орай Төраға депутаттық корпус Елбасының бастамаларын уақтылы жəне сапалы түрде жүзеге асыруға мол тəжірибесі мен терең білімін жұмсайтындығына кəміл сенімін де білдірді. (Соңы 2-бетте).

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан» – Бейжіңнен.

Əскери шеру Қытай астанасы – Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында өтті. Бұл – əлемдегі ең үлкен

алаңдардың бірі. Əскери шеруге Қытай тарапы ерекше дайындалыпты. Тіпті, бір айдан бері Бейжің көшелерінде айрықша тəртіп орнап, елдік шараға қытай халқы бір кісідей атсалысқан. Ал дəл кешегі күні Қытай астанасындағы

жағдай мүлде өзгеше болды. Ұйымдастырушылар діттеген мақсаттарына қол жеткізді. Бұл – Қытай Халық Республикасы тарихындағы ең ірі əскери шеру. Оған ҚХР басшылығының шақыртуы бойынша 23 елдің

Татулыќтыѕ алтын діѕгегі Еліміздегі ең іргелі ұйым, ұлт пен ұлыстың татулығын сақтауда орасан зор рөл атқарып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Қызылорда облысына арнайы сапармен келді. Оның Сыр топырағындағы жұмыс сапары Қорқытата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында облыстық Ассамблея хатшылығының ұйымдастыруымен өткен кездесуден басталды. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Кездесуді облыс əкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы жүргізіп отырды. Шараға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыс прокура турасы, қалалық мəслихат, этномəдени бірлестік

жетекшілері, облыстық Ассамблея жанындағы қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің мүшелері, ғалымдар, толеранттылық клуб жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Ералы Тоғжанов барша қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20

жылдығымен құттықтап, жыл басынан бері Ассамблея аясында республика көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық реформасының мазмұнын ашып, «Біртектілік пен бірлік» бағытына ерекше тоқталып өтті. (Соңы 2-бетте).

 Жағымды жаңалық

Алыстаєы ауданда їш орта білім ошаєы ашылды

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Жазушылық пен журналистиканың тізгінін тең ұстап өткен сөз зергері Əзілхан Нұр шайықовтың «Алыстағы ауданда» деп аталатын жолжазба очеркін ертеректе қызыға əрі тұшына оқып шыққанымыз

бар. Əз-ағаң материалының жүрекке жылы тиетін осы тақырыбын бұл жолы біз де аттай қалап алғанды жөн көрдік. Расында да қазіргідей күрделі кезеңде, дағдарыс толқындары бет қаратпастан ұра бастаған кезде алыстағы ауданда бірден үш орта мектеп ғимаратының салынып пайлануға берілуі атап

айтуға тұрарлықтай жаңалық болса керек. Оның біріншісі шалғайдағы Нарын құмының етегінде орналасқан Жаңақала ауданының орталығында ашылған мамандандырылған мектеп-гимназия. Бұл сəулетті ғимарат 600 оқушыға арналған. Оның жанында 100 орындық жатақхана қоса бой көтерген. Мұнда жобаға сəйкес ашық спорт алаңы мен жылыжай салынған. Мектеп-гимназияда 28 кабинет жасақталған. Сонымен бірге, жаңа білім ордасындағы спорт залы да сыңғырлап тұр. Биік те еңселі, ұзындығы ат шаптырым залда аудандық жəне облыстық деңгейдегі жарыстарды өткізуге толық мүмкіндік бар екені бірден байқалады. Ал 180 орындық мəжіліс залы мен 180 орындық асхананың ішкі интерьерінде де шығармашылық ұшқыр ойдың жемісі атойлап тұр. (Соңы 12-бетте).

мемлекет жəне үкімет басшылары қатысты. Олардың қатарында, Ресей, Моңғолия, Мысыр, Чехия, Оңтүстік Корея, Пəкістан жəне өзге де елдердің президенттері бар. Сондай-ақ, парадқа 11 халықаралық ұйымның өкілдері келіпті.

Əскери шеруде БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун де болды. Салтанатты шараға шақырылған қонақтарды ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин зайыбы Пэн Лиюаньмен бірге Тяньаньмэньнің бас мінберінің алдында қарсы алды. Тяньаньмэнь бойымен Қытай қарулы күштерінің 50-ге жуық эшелоны, яғни 12 мың əскериі, 40 түрлі 500 техникасы жүріп өтті, аспанға 20 түрлі 200 ұшақ көтерілді. Парадқа қатыстырылған техниканың 84 пайызы заманауи, соңғы үлгідегі қарулар екен. Олардың бəрі ел назарына алғаш рет шығарылды. Шараға қатысқан əскерлер қатарында Қазақстан жауынгерлері де болды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр əскерлерінің құрмет қарауылы ротасы шеруде жетінші болып сап түзеді. Олардың арасында ту ұстаушылар тобы жəне үш əскер түрі бар. Əскери шеруге қазақстандық əскерлерді құрмет қарауылы ротасының командирі, капитан Мақсат Байжігітов бастап шықты. Бұдан бұрын осы шараға əзірлік барысында журналистерге берген сұхбатында ол Қытайдағы парадта Қазақстан атынан шығу құрметін зор мақтаныш сезімімен атап өткен болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығы Қытайда ерекше аталып өтіп отырғандығы да бекерден емес. Өйткені, бұл соғыстың соңғы нүктесі Қытайда қойылған болатын. (Соңы 2-бетте).

Ќашыќтыќ тиімді ќатынастарєа кедергі емес

Сəрсенбі күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Тынық мұхиты аралдарын дамыту жөніндегі көшбасшылар форумының ІІІ саммитіне (PIDF) қатысу мақсатында Фиджи Республикасына сапармен келді. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ерлан Ыдырысов өз сөзінде атап өткендей, бірінші көзқарасқа таңқаларлықтай болғанымен, Қазақстан мен Тынық мұхи ты аралдары мемлекеттерін əлемдік даму орталықтарынан

алшақтық секілді ортақ сындар жақындатады. Қазақстан қаншалықты құрлықпен қоршалған болса, аралдық дамушы елдер соншалықты мұхитпен қоршалғандығы экономикалық дамудың қарқынын шектейді. (Соңы 2-бетте).

 Еркін елдің ертеңі

1022 мектеп интернетке ќосылды Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Нұрлы Бектұрсынов өңірдегі 1022 мектепке 100 пайыз телефон орнатылып, түгелдей интернет желісіне қосылғанын жеткізді. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Жалпы облыс бойынша тір келген желілер бойынша клиенттік база 245 мыңнан асқан. Кең жолақты қатынау қызметі бойынша 79 мың, соның ішінде iD Net қызметі бойынша 18 мың абонент бар. iD TV интерактивті сандық телеарна қызметін пайдаланушылар саны 12,5 мың абонентті құраса, тоғыз мыңға жуық оңтүстікқазақстандық iD Phone қызметін пайдалануда. Оңтүстік Қазақстанның телекоммуникация нарығына «Бағдарламалық жасақтаманы жалға алу», «Ата-аналық бақы лау», «Қо ғамдық орындардағы Wi-Fi қызметі» жəне iD TV Online сияқты заманауи сервистер мен қызметтерді ұсынып отырған телекоммуникациялар дирекциясы екінші жартыжылдықта жаңа қызметтер мен сервистерді енгізу, FTTH желілері мен облыстағы аудан

орталықтарында интерактивті теледидар нарығын дамыту бағытында жұмыс жасамақ. Міне, жаңа заманның жетістігі. Осыдан бес-алты жыл бұрын шалғайдағы ауылдар ғана емес, аудан орталықтарындағы мектептерде телефонның өзі қат еді. Интернет желісі арман болатын. Енді айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған, дүниежүзіндегі жаһандық өзгерістерді əп-сəтте жайып салатын игіліктерге ен түкпірде жатқан ауылдың баласы да ие. Жаңа заманның жастарына мол мүмкіндіктер ашылған. Əйтсе де, барлық елдің мектеп тері интернет желісіне түгел дей қо сылған дей алмайсың. Бұл жағынан көрші мемлекеттер де мақ тана алмайды. Сондықтан, бүгінгі игіліктерді Үкіметіміздің Елбасы сая сатын дұрыс жүзеге асырып жатқанының жемісі деп ұғуымыз керек. Оңтүстік Қазақстан облысы.


2

www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

СЎРАПЫЛ СОЄЫС ЌАЙТАЛАНБАСЫН! Оєан жол бермеу – адамзаттыѕ тарихи міндеті

(Соңы. Басы 1-бетте). Ал қытай хал қының жапон басқыншыларын жеңуінде қазақ стандықтардың да үлесі бар. Бүгінде Квантун армиясына қарсы соғысқан кеңестік əскерлердің құрамында қазақтардың да болғандығы анықталуда. ХХ ғасырдағы сұрапыл соғысқа Қазақстаннан аттанған жауынгерлердің жартысы оралмағандығы белгілі болса, Қытай жерінде қаза болғандар да бар екендігі айтылуда. Қазіргі күні ҚХР-дың бірқатар қаласын азат етуде опат болған сарбаздардың есімдері осы елдегі арнайы мемориалда жазылғанын да атап өтуге болады. Мəселен, Бейжіңнен 245 шақырым жердегі Чжанцзякоу уезінің Чжанбэй қаласында Екінші дүниежүзілік соғыста Қытай жерінде қаза болған кеңес əскерлері мен моңғол сарбаздары мемориалы маңында 21 адам жерленген. Олардың арасында Қазақстанның тумалары жəне еліміздің аумағынан соғысқа шақырылғандар бар. Ескерткіште 13 моңғол жəне 66 кеңес жауынгерінің аты қашалып жазылған. Олардың арасында А.Жапаров, Т.Өтебаев жəне Ə.Бербеков секілді аты-жөндер кездеседі. Əскери шеру, негізінен алғанда, Жеңіс құрбандарын еске алу, тағзым ету шарасы ғана емес, сонымен қатар, ол ортақ қатердің алдында əлем халықтары бірлігінің көрнекті мысалы бола алады. Бұл ойды парадтан бір күн бұрын Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің жанындағы Партия мектебінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Нұр сұлтан Назарбаев жеткізген болатын. «Қытай жерінде қаза болған қазақ сарбаздарын да мəңгі есте сақтағандарыңыз үшін барша отандастарымның атынан ҚХР үкіметіне алғысымды білдіремін», – деді Қазақстан Президенті. Осы орайда, Елбасы сұрапыл соғыста елдерді жаудан азат етуге үлес қосқан əрбір жауынгерді əрқашан құрметтеп, мадақтау қажет екенін, сондай-ақ, осындай қайғының қайталануына жол бермеу баршаның тарихи миссиясы екенін қадап айтты. Қазақстан Президентінің бұл пікірін кешегі əскери шеруде сөйлеген сөзінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин де құптады. Ол төрткүл дүние көз тіккен шерудің беташарында Қытай мемлекетінің бейбітсүйгіштігін ерекше атап өтті. Си Цзиньпин өз еліндегі əскерилер қатары жыл санап азайтылып келе жатқанын алға тартты. Мəселен, алдағы уақытта қытай əскерінің саны 300 мың адамға қысқартылмақ екен. Иə, біз де бұл əскери шеруден «заман тыныш болса екен», «соғыс болмаса екен» деген тілектермен оралдық...

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Їдеден шыєу їшін їйлесімді жўмыс ќажет

Ќашыќтыќ тиімді ќатынастарєа кедергі емес

Сондай-ақ, кешегі отырыста Қ.Тоқаев Президент Жарлығымен тағайындалған Рашид Түсіп бековті Сенат депутаты лауазымына кірісуімен құттық та ды. Отырыс барысында депутаттар Р.Түсіпбековті Қазақстан Рес публикасы Парламенті Сенатының Конс титуциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі етіп сайлады. Елбасы Жарлығымен бұған дейін сенаторлар сапында жүрген Ерлан Нығматулин мен Серік Нөгербековтің өкілеттіктері тоқтатылғандығын да айта кету керек. Бұдан кейін сенаторлар «Қа зақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қарады. Ол бойынша Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов баяндап берді. Қылмыстық қудалау саласында біз басқа елдермен үш түрлі шарт жасауға мүдделіміз, деген Ж.Асанов оларды санамалап шықты. Біріншісі – қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету. Екіншісі – Қазақстанда қылмыс жасап, шетелдерде жасырынып жүргендерді жауапқа тарту үшін елге қайтару. Үшіншісі – шетелде сотталып, түрмеде отырған өз азаматтарымызды жазасының қалған мерзімін өтеуге елімізге əкелу. Бас прокурордың орынбасары бұл орайда Елбасы Бас

Қазақстандық министр еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке кандидатурасын ұсына келіп: «Біз екі онжылдықтан сəл асатын тəуелсіздік жылдарымыз ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамыз. Бірақ, біз одан əрі дамуға, əлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікке одан да зор үлес қосуға ұмтылудамыз», – деп атап өтті. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы, сондай-ақ, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы мен ЭСКАТО бірлесе жасап шығарған жəне «РИО+20» тұрақты даму жөніндегі БҰҰ конференциясында қолдау тауып, «Жасыл көпір» əріптестік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан, біздің еліміздің табиғи ресурстарды тиімді пайдалануы мен «жасыл» экономикаға көшуіне назар аудартты. Бұдан кейін министр

(Соңы. Басы 1-бетте).

прокуратура алдына барынша көп елдермен, əсіресе, Еуропа елдерімен осындай шартқа отыру туралы міндеттер қойғандығымен де бөлісе кетті. Оның келтірген мəліметіне қарағанда, тек соңғы 4 жылдың ішінде Бас прокуратураның бастамасымен 19 шарт жасалса, бұл осыған дейінгі жиырма жылда жасалған шарттардың санымен тең екен. Ж.Асанов жақында Қытайда ұзақ мерзімге сотталған Қазақстанның бес азаматы: Емельянов, Тищенко, Батырбеков, Фазенгут жəне Қасенов елге қайтарылады деген ақпарат берілгендігін, бұл Қытай тарапымен жасалған шарттың арқасында мүмкін болғандығын да тілге тиек етті. Ал, мысалы, Италиямен арадағы шартқа қатысты сөзінде кейбір қылмыстық істер бойынша тергеу амалдарын жүргізу үшін сол елмен келісім қажет екенін айтты. Егер ондай келісім болмаса, Италия тарапы Қазақстан сұранымын қарамауға құқы бар көрінеді. Сондықтан да қазіргі кезде 21 елмен осындай шарттар жасалыпты. Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау комитетінің төрағасы Серік Ақылбайдың сұрағына орай жауабында Бас прокурордың орынбасары шартта көрсетілмеген тергеу амалдарын тараптар өз заңнамалары бойынша жүзеге асыра алатынын алға тартты. Заң жобасы қабылданды. Сонымен қатар, сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы адамдарды ұстап

беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын да қолдау керек деп шешті. Шартқа 2015 жылғы 22 қаңтарда Астана қаласында қол қойылған. Шарт қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға жəне қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстап беру мəселелері бойынша Қазақстан мен Италия құзырет ті органдарының арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодек сінің жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдық құжат тардың кері қайтарып алу мəсе лесі де оң шешілді. А т а л ғ ан з а ң ж о б а л а р ы н ы ң «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты мемлекеттің бес институттық реформасын іске асыру бойынша Ұлт жоспарын орындау мақсатында кодекс жобасына азаматтық істерді үш кезеңдік жүйе жағдайында қараудың процестік тəртібімен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігімен байланысты екендігін айта кеткен жөн. Отырыс барысында Қ.Тоқаев Елбасының Жарлығымен марапатталған Сенат депутаттарына «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 20 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.

(Соңы. Басы 1-бетте).

энергоресурстарды тұрақты жеткізіп отыру одан əрі маңызды бола түсетінін, осыған байланысты Қазақстан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырыл ған көрмесінің тақырыбы ретінде «Болашақ энергиясын» таңдағанын атап өтті. Сонымен қатар, ол Океания елдерін Астанада өтетін көрмені өткізуге жəне баламалы энергия көздерін дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды. Форум барысындағы пікірлер арал мемлекеттерінің Қазақстанның инновациялық технологияларды дамытудағы жəне осы саладағы тəжірибе алмасу, сондай-ақ, екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға қатысты бастамаларына да айтарлықтай қызығушылықтарын туғызатындығы байқалып тұрды. Форум шеңберінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Науру Президенті Барон Вакамен, Микронезия Вице-президенті Йо сиво Паликкун Джорджбен,

Вануату ауылшаруашылық, балық жəне орман шаруашылығы министрі Кристоф Эмелимен, сонымен қатар, PIDF Бас хатшысы Амена Яуволимен екіжақты кездесулер өткізді. Науру Президентімен өткен кездесуде саяси жəне сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жəне бірқатар өзекті халықаралық мəселелер бойынша халықаралық аренада өзара ықпалдасу жолдары талқыланды. Е.Ыдырысов Б.Вакаға Қазақстанның халықаралық бастамаларын таныстырып, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке кандидатурасын ұсынғанынан хабардар етіп, Қазақстанның кандидатурасы əділ жəне тең географиялық ротация мен Азия-Тынық мұхиты тобына мүше мемлекеттердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тиісті өкілетті болуы қағидаларына сəйкес ұсынылғанын атап өтті.

Татулыќтыѕ алтын діѕгегі (Соңы. Басы 1-бетте). Қатысушылар толеранттылық, үш тұғырлы тіл тұғырнамасын дамыту, бірлік, ынтымақтастық тақырыптарын аша отырып, Ассамблеяның рөлі мен маңыздылығы, тарихи қалыптасуы мен қоғамдағы орны жайында сөз қозғады. 95 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Б.Құлманов пен 85 жастағы 10 бала, 30 немере,

20 шөбере тəрбиелеп отырған Батыр ана Қ.Оспанова Елбасының бірлік пен келісім саясатына, оны жүргізіп отырған Ассамблеяға ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Кездесу соңында Е.Тоғжанов бірқатар азаматқа Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалін табыстады. Одан соң ол бастаған қонақтар Қорқытата

атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас ғимаратында болып, археология жəне этнография зерттеу орталығының жұмысымен танысты. Сыр бойында соңғы жылдары жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарының барысына жете мəн беріп, табылған жəдігерлерді көрді. Мұнан кейін Тұңғыш Президент күніне арналып ашылған «Елбасы жəне

Сондай-ақ, Науру басшылығы мен компаниялары Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырылды. «ЭКСПО-2017 «ноухау» ұсынылатын, баламалы жəне қайта жанданатын энергия саласында болашағы зор жобалар ұсынылатын алаңға айналатын болады», – деді министр. Ал Йосиво Паликкун Джорджбен өткен кездесуде тараптар Қазақстан мен Микронезия арасында сауда-экономикалық жəне саяси əріптестік жолдарын дамыту мəселелерін қарастырды. Тұрақты түрде консультациялар, түрлі құрылымдар аясында өзара ықпалдастықты үйлестіру арқылы ынтымақтастықты жетілдіруге қызығушылық танытты. Кристоф Эмелимен өткізілген келіссөздер барысында екіжақты тиімді қарым-қатынасты дамытудың болашағы жайлы пікір алмасылды. «Қазақстан мен Вануату арасында дипломатиялық қарымқатынастардың орнағанына көп уақыт өтпегенін ескере отырып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен халықаралық құрылымдар шеңберінде өзара ықпалдастықты нығайтудың оң трендін құруға ниеттіміз», – деп атап өтті Ерлан Ыдырысов. Тəуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залын аралады. Университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасында болып, ұжымымен кездесті. Кафедраның атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, пікір бөлісті. Алдағы уақыт та Президенттің этносаясатын халыққа кеңірек таратудың, жастарға насихаттаудың ғылыми-əдісте мелік орталығы осы жерде болуы керек деген ойын айтты. Кафедра жұмысына оң бағасын берді. ҚЫЗЫЛОРДА.


www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

БІЗ – ЌАЗАЌСТАНДЫЌТАРМЫЗ!

Достыќтыѕ тіні ажырамайды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты «Казхром» АҚ-тың бірегей кəсіпорны болып табылады. Зауыттың жетпіс жылдан астам тарихы бар. Мұнда көптеген ұлттардың өкілдері еңбек етіп, ел экономикасын дамытуға үлес қосып келеді. Бұл кəсіпорында жұмыс істейтін 3782 адамның 2656-сы қазақтар, сондай-ақ, 672 орыс, 256 украин жəне басқа оннан астам ұлттың өкілдері еңбек етеді. Кəсіпорын еңбек ұжымындағы ұлтаралық түсіністік пен достықтың, татулық пен бірліктің арқасында толымды табыстарға қол жеткізіп келеді. Зауыт өнімі еліміздің ғана емес, алыс-жақын шетелдердің нарығында сұранысқа ие болып отыр. Біз бір атаның балаларындай ынтымағы қалыптасқан «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ұйымшылдығымен өңірге ғана емес, егемен елімізге танылған кəсіпорын жұмысшыларымен тілдескенде тəуелсіз мем лекетіміздегі татулық пен тұрақ тылықтың мəнін терең түсінетіндіктеріне тəнті болдық. Ираида КОФЛЕР, шихта дайындау цехының кран машинисі: – Мен өзім осы өңірде туыпөстім, қазақ халқының мейір бандық, адамға деген қамқорлық қасиетін кішкентайымнан сезініп келемін десем артық айтқандық болмас. Біздің өңірімізде ұлтқа бөлудің ешқандай нышанын көрген емеспін. Қай жерде жүрсек те біз туыс қандығымыз бен досты ғымызды қадір тұтамыз. Өзім еңбек жолымды бұдан қырық жылдай бұрын бастаған ұжымымда қаншама ұлттың өкілі жұмыс істесе де, біз бір-бірімізді түсініп, ортақ ісімізде бірігіп еңбек еттік. Қазірде артымнан ерген əр ұлттың адамдарына табыс тетігі татулықта екенін айтып отырамын. Менің ІІІ дəрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен мара патталуымның өзі де осы бірлігіміздің арқасы деп айта аламын. Менің жолдасым неміс жігіті, бізді зауыттықтар еңбек

əулеті деп құрметтейді. Осының өзінен-ақ, достық сезімнің лебі ескендей əсерге бөлейді. Эдуард КЕППЕЛЬ, №2 балқыту цехының кран машинисі: – Менің зайыбым қазақ қызы. Біз бақытты отбасымыз. Зауытта жұмыс істейтін азаматтардың барлығы біздің осындай ұйымшылдығымыз бен бір лігімізді қадір тұтады. Біз егемен елде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың ешқандай кемсітушілік көрмей отырғанын аңғарып отырмыз. Өзіммен бірге істейтін жігіттер ұлты мен ұлысына қарамай араласып тұрады. Біздің бауыр малдығымызды ең басты қасиет деп ойлаймын. Елбасының өзі елдегі тұрақтылықтың аса маңыздылығын ұдайы еске салып, ұлттараралық жəне кон фес сияаралық келісім ұйытқысы болып жүргенін көзіміз көріп жүр. Бұған əрқайсымыз хал-қадерімізше атсалысуымыз керек деп ойлаймын. Александр ДЕЙВИС, № 1 балқыту цехының 7 разрядты балқытушысы: – Достық, бауырмалдық дегенді біздің елдің үлгісінде жəне өнегесінде көруге болады. Қазақ халқының кеңқолтық қонақжайлығының қаншама ұлттың бақытын нұрландыруға септігі тигенін айту лəзім. Мен Қазақстанда буынымды бекіттім. Өзім еңбек ететін Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жаңарып, жаңғырып келеді. Кəсіпорынның экономикалық дамуында көптеген ұлттардың үлесі басым. Мен қазақ достарым мен басқа ұлттардың ағайындарымен жұмыс істегеніме қуанамын. Біз еңбек ете де, көңілді демала да, саламатты өмір салтын ұстана да білеміз. Жыл сайын өтетін көркемөнерпаздар байқауларында осында жұмыс істейтін алуан ұлттың əндері шырқалып, билері биленеді. Осының өзінен-ақ татулықтың тамыры терең, тұғыры берік екенін анық аңғаруға болады. Мен өз зауытыма берешекпін, себебі осында достар таптым. Мені жұмысыма баулыған азаматтардың ақылкеңесін əлі де есімнен шығара

үдеп тұр. Келешегіне үміттен гөрі күдігі басым шет мемлекеттердегі адамдардың дəрменсіз күйін көргенде, Қазақстандағы татулық пен бірліктің буыны бекем екеніне мың мəрте шүкіршілік етеміз. Ынтымақ қана ырысқа бас тайтыны даусыз. Қазақстан хал қын Нұрсұлтан Назарбаев ұдайы ынтымақ пен бірлікке шақырып келеді. Қазақстанның келешегіне үлкен үмітпен қараған қазақстандықтар Нұрсұлтан Əбішұлының Қазақстанды қуатты елге айналдыру идеясына үнемі қолдау білдіруде ынты ма ғынан жаңылған емес. Елбасы қазақстандықтарға жолдаған биылғы сайлауалды Үндеуінде: «Біз 2011 жылғы сайлауалды науқаны барысында менің тарапымнан айтылған барлық мақсаттарға қол жеткіздік. Біз əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі ұзақ мерзімді «2050» Стратегиясын жүзеге асырудамыз. Бүгінде мен жаһандық экономикалық жəне геосаяси тəуекелдерді есепке ала отырып айқындап берген мемлекеттік бағдарламаларда дамудың барлық стратегиялық мəселелері белгіленген», деп нақтылап берді. Демек, этносаралық татулық тəуелсіз Қазақстанымызды дағдарыстың шырмауына іліктірмей, қуатты, бақуатты елге айналдыруда негізгі фактор болып табылады. Юрий КУСТАДИНЧЕВ, «Возрождение» болгар этномəдени бірлестігінің жетекшісі, облыстық мəслихаттың депутаты.

Атырау облысы.

Кеше Астанада басталған Халықаралық əлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХЭҚҚ) конференциясы аясында Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мəслихатында халыққа қызмет көрсету саласын электронды жүйеге көшіру мəселесі мен азаматтардың құжаттарды алу ісін барынша жеңілдету шаралары туралы əңгіме болды. «Егемен Қазақстан».

Қазақстан халқы Ассамблеясының да Нұрсұлтан Əбішұлының бастамасымен өмірге келгенін айту жөн. Өзара ынтымаққа жетер бақыт бар ма? Біз осыны естен шығармауымыз керек. Өңір экономикасының дамуына серпін беріп отырған бұл кəсіпорындағы əлеуметтік жағдайға өзгелер қызыға қарайды. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өткен жылды нəтижелі қорытындылады. 2014 жылдың ең елеулі оқиғасы маусым айының аяғында облысымызға жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кəсіпорынның жаңадан салынған жоғары көміртекті феррохром шығаратын №4 жаңа цехтың іске қосу-реттеу жұмыстарын бастап беруі болып табылады. Арада екі ай өткенде осы №4 цехтың №1 пешінен алғашқы 20 тонна

ферроқорытпа алынғаны да күні кеше сияқты. Енді жаңа цехты бірте-бірте жобалық қуатына шығарудың қадамы жасалуда. Жоба құрылысының құны 843 млн. АҚШ долларын құрайды. Мұндағы төрт пеш жылына 440 мың тонна жоғары көміртекті феррохром өндіреді. Жоба толық қуатына шыққанда еліміздің жоғары көмірсутекті феррохромды экспорттау мүмкіндігін 16 пайызға арттырады, өнімнің өзіндік құнын кемітеді деп күтілуде. Кəсіпорын үстіміздегі жылды да табысты бастап отыр. Бұл кəсіпорынның өнімдері Жапонияға, Қытайға, Кореяға, Австралияға, Словенияға, Италияға, Украинаға, Ресейге шығарылады. Осының бəрі ұжымдағы ұйымшылдық пен береке-бірліктің арқасы. Ақтөбе облысы.

Ынтымаќ – ырысќа Кґршімен татудыѕ бастар жол кґшесі кеѕ Мен болгар ұлтының өкілі болсам да, қазақ жерінде өмірлік мақсаттарымды жүзеге асырып, өзім таңдаған мамандығымның иесі атандым. Қазір Атырау мұнай өңдеу зауытында əулетіміздің үшінші буыны ретінде еңбек етудемін. Бұрын мұнда атам мен əкемнің еңбек жолдары өрілген болса, енді соны сəтті жалғастырғаныма өзімді бақытты сезінемін. Сонымен бірге, болгарлардың ұлттық құндылықтарын сақтауға атсалысып қана қоймай, қазақтың «Ырыс алды – ынтымақ» дейтін даналығын ұдайын есімде сақтап жүремін. Дəл осы даналық, əсі ресе, көпэтносты Қазақстан жұртшылығы үшін басты қағидаға айналуы тиіс. Өйткені, біз, Қазақстан халқы қандай жетістікке де, биікке де тек елдің ынтымағы арқылы ғана жетеміз. Мұны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтып, ел жадына салып келеді. Этностар арасындағы ынтымақтың берік болуы тек менің ғана қалауым емес, барша қазақ стандықтардың да негізгі ұстанымы – ынтымақ пен бірлік. Өйт кені, «Біз – өресі биік, рухы берік, отаншыл елміз. Біз үшін туған елдің бір уыс топырағынан қасиетті жер жоқ, бір түп жусанынан жұпар иіс жоқ. Елдің бірлігін нығайтып, Отанымызды көркейтуге бағытталған кез келген ұсыныс мен үшін құнды», деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің астарында да елдің татулығы мен бірлігінің маңыздылығы байқалады. Өйткені, Елбасы да, Қазақстан халқы да ынтымақ пен бірліктің ең ізгі, ең қымбат құндылық екенін біледі. Мұның бірнеше себебіне тоқталуға болады. Біріншіден, əлемдегі қаржылық дағдарыс тым тереңдеп, көп теген елдерді əбден тығырыққа тіреді. Екіншіден, əлемдік мұнай бағасының төмендеуі де қаржы дағдарысынан есеңгіреген елдер дегі жұмыссыздар санын бірнеше еселеп көбейтті. Мұндай дағдарыстың алқымнан алған сəтте ынтымағы ыдырап, бірлігі быт-шыт болған елдерде ереуіл дер мен қақтығыстар

Əлеуметтіѕ əбігері азаятын болды Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

алмаймын. Олар менің тілімнің, ділімнің бөлектігіне қарамастан жанына жақын тартты. Залия ИСТОМИНА, дайын өнімдер цехының бақылаушысы: – Мен башқұрт қызымын. Осында еңбек еткеніме он үш жылдың жүзі болды. Бірге жұмыс істейтін əріптестерімнің көңілге кірбің түсіретіндей қылығын көрген емеспін. Қайта өзара көмек қолын созып, ортақ істің ілгерілеуі үшін жұмыла қимылдайтын талғаусыз татулық, ырысты-ынтымақ бар біздің арамызда. Сондықтан жұмыс өнімді, орта көңілді. Зауыт жұмысшыларының қамқорлығы мен қарапайымдылығы мені қашанда тəнті етеді. Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты еліміздегі береке-бірліктің тұғырын бекіте түсуде. Бұған биыл 20 жылдығын атап өтіп отырған

Кешегі аласапыран жылдары қазақ жерінен пана тапқан ұлыстардың бірі – месхед түріктері. Туған өлкесінен күштеп көшірілген халықтың біршамасы əуелі Қазақстанның Арал теңізі маңына, кейіннен, яғни, 1946 жылы арнайы рұхсат алған соң Жаңақорғанға келіп тұрақтады. Осындағы отыз шақты түрік отбасының үлкен ақсақалы Шамшуддин қариямен əңгімелесуші едік. Қария «Сталиндік зұлматтың талай қорлығын көрдік, адамға ең қажеттісі бір үзім нан да емес, бір ұрттам су да емес, тыныштық екен ғой. Қырық бірінші жылға қараған қара күзде Мəскеуден пəрмен келді де, бір сөткеде жылы ұямызды тастап шыға кел дік. Қолға ілінген аздаған киім-кешек пен құжаттарымызды ғана ала алдық», – дейтін еді жарықтық. Өзі сондай кішіпейіл, бауырмал, адал бейнеттің адамы болатын. Ұзақ жылдар бойы аудандық өнеркəсіп комбинатында еңбек етті. Өмірлік қосағы Гумиш (Күміс) апа да сол салада қызмет жасап, зейнеткерлікке шықты. Сондықтан да болар оларды бүкіл жаңақорғандықтар жақсы таниды. Көшеге шыға қалса, жапырлай келіп амандасып жататын. Кейінгі жастарды жасы сексеннен асқан қария қайдан тани қойсын, кейде қазақы қалыппен: «Шырағым, қай баласың?» – деп қояды Гумиш апа. Мұның бəрі ауылдық жердің өзіндік жарасымы, үйреніскен жағдай. Міне, ауданның орталық алаңының қапталындағы сол шаңыраққа беттедік. Ал дымыз дан қос қолын ұсынып, ақсақалдың кенже ұлы Илман шықты. Сонау сексенінші жылдары құлағы қалқиып, күрес кілемінің шетінде отырушы

еді, кейіннен өзі де нешеме рет жеңіс тұғырынан көріне білді. Спорт шеберлігіне кандидаттықты мұрты тебіндемей жатып-ақ орындап шыққаны есте. Сырғып өтіп жатқан өмір ғой, кешегі бала Илман бұл күндері үш ұл, бір қыздың əкесі. Қазақы дəстүрді мықтап ұстанатын ол Сыр бойының атағын шығарып жүрген апайтөс балуандардың бапкері ретінде елге сыйлы, танымал жігітке айналған. Илманның азаматтығын айта отырып, оның қазақ бал аларын баптаудағы жаттықтырушылық еңбегін аттап кетсек, өзімізге сын болатындай. Аудандық спорт мектебінде қызмет ететін оның үш шəкірті республиканың жастар арасындағы жеңімпаздары болса, бір шəкірті – Азамат Шағайұлы Азия біріншілігінің жүлдегері. Осы жолда талаптанып жүрген шəкірттерінің қарасы мол. «Алдағы мақсат – əлем чемпионын шығару, оған толық мүмкіншілігіміз бар, тек сəттілік серік болсын деңіз», – дейді жаттықтырушы Илман Шамшуддинұлы. Біз əңгіме етіп отырған

отбасы өз айналасына да сыйлы, барлығымен жарасымдылықта тату-тəтті өмір сүріп келеді. Өйткені, балаларына бағыт беріп отыратын Гумиш апа білгенін ұрпақтарына өнеге ретінде айтып, жол көрсетіп келеді. Жуырда көршілері Балжанның ұлының үйлену тойының бел ортасында Илмандар жүрді. Сондай-ақ, ауданға белгілі қайраткер апамыз Мажуда Бегалиева да бұл кісілермен құдайы көрші, ыдыс-аяқ араласып, сыр бөліскендеріне қаншама жыл. Құдайы көршісі Тұмарбайдың келіншегі Гүлзада да қоңсыға қайырлы адам, бір-біріне көршілік парызын орындасып тұра ды. Мұның бəрі, əрине, елдегі береке мен татулықтың арқасы. Иə, көршімен татудың көшесі кең, ісі берекелі болады. Бұл өз кезегінде елдегі жара сым дылықты білдіреді. Ұзағынан сүйін дірсін деген тілектің осы жерде де орнын тауып тұрғаны анық. Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.

3

Баспасөз мəслихатына Денсаулық сақтау жəне əлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова мен ХƏҚҚ президенті Эррол Франк Стуве қатысып, Қазақстан азаматтарын əлеуметтік қамсыздандыру саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді. «Елімізде тұңғыш рет Халықаралық əлеуметтік қам сыздандыру қауым дастығы мен бірге 14-ші Халық аралық ақпараттық-коммуни кациялық технологияларын əлеуметтік қамсыздандыру саласында қолдану жөніндегі конференция өткізіліп отыр. Бұл шараға елуден астам мемлекеттердің өкілдері келіп қатысуда. Мұнда ақпараттық технологияларды қолдануда қандай жаңалықтар бар жəне оны өз еліміз дің қызметіне қалай енгіземіз деген ой-пікірлер ортаға шығады. Сондай-ақ, еліміздегі электронды үкіметтің құрылу ісі де талқыға түсіп, оның жетістіктеріне баға беріліп жатыр», деп бастады сөзін министр. Шара барысында ведомство басшысы орталықтардан шалғай елді мекендердің тұрғындарына қатысты көп мəселенің түйіні шешіліп жатқанын айтты. «Дəл қазір халыққа тұрғылықты жерінде қамтитын 180-нен астам жылжымалы қызмет көрсету орталығы бар. Бұл жобаны жалпы халыққа қызмет көрсету орталықтары жəне Қазпоштамен бiрге жүзеге асырудамыз. Тараптар арасында жасалған меморандум шалғайда тұратын азаматтарға əлеуметтiк қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi ұсынуға негiзделген. Яғни, зейнетақы немесе мүгедектiгi жөнiнде жəрдемақы тағайындау, сондай-ақ, асырау шы сынан айырылған отбасыларға жəрдемақы беру сияқты қызмет тердi осы жылжымалы пункттер атқаратын болады», деді Т.Дүйсенова. Құжаттарды электронды жүйеге көшіру ісінде де ілгерілеу бар. «Биыл 12 қызмет электронды түрге ауыстырылды, 15 қызмет толық автоматтандырылды. Ендi азаматтар сол қызметтерге қол жеткiзу үшiн жергiлiктi жерлерде мəселенi шешудің жолын таптық. Себебi, азаматтардың аудан орталығына келiп, мысалы, зейнетақы бойынша құжаттар жинауына ұзақ уақыт кетедi. Тiптi, бiр жəрдемақыны тоқтату үшiн бiрнеше мемлекеттiк органға барады. Сондықтан, жылжымалы қызмет көрсету орталықтары шалғайдағы азаматтарға тұрғылықты жерiнде көмек көрсетудi көздейдi. Қазiргi таңда осындай қызметпен 5000-нан артық елдi мекен қамтылған. Содан бері 10 мыңға жуық ауыл азаматының құжаттары қабылданған. Мұнымен бірге, бүгінде денсаулық сақтау саласының мемлекеттiк электронды жүйесiн əзiрлеуге кiрiстiк. Бұған қоса, үш қызмет түрiн, яғни дəрiгер шақырту, дəрiгердiң қабылдауына жазылу мен амбулаториялық қызмет көрсететiн ұйымдарға еркiн тiркелу қызметтерiн интернет арқылы ұсынып жатырмыз. Жалпы, денсаулық сақтау саласының мемлекеттiк

электронды жүйесiне 2020 жылға қарай толық ауысып боламыз», деген ол, денсаулық сақтаудың электронды жүйесi аясында қазақстандықтар электронды денсаулық паспорттарына ие болатынын айтты. Сөйтіп, электронды денсаулық паспорты адамның денсаулығына қатысты ақпараттардың бəрін бiр базаға жинайтынын жеткiздi. Шарада сөз алған Эррол Франк Стуве осы бағыттағы Қазақстанның жетістіктері жөнінде əңгімеледі. «Негізі, ақпараттықкоммуникация технологиялары саясаткерлер тарапынан қолдау таппайды. Десем де, Қазақстанда Президенттен бастап, министрлер де осы саланың дамуына көңiл бөлдi жəне мол инвестиция салды. Сондықтан, бұл елде жаңа электронды жүйелердiң дамуы сəттi өтетiнi анық. Экономикадағы қиындықтарға қарамастан, Қазақ стан АКТ саласында бiраз жетiстiктерге қол жеткiздi. Оның себебi, Қазақстанның əлеуметтiк қамсыз дандыру саласындағы техноло гиялық жаңалықтары халықтың ыңғайына бейiмделген. Əйтсе де, мұнда электронды үкiметтi дамытып жатқанына қарамастан, адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ұсынатын қызметiне көп жүгiнедi екен. ХҚҚО ұсынатын қызметтiң кейбiрiн интернет арқылы алуға болса да, халық адами факторға, яғни ХҚҚО қызметкерiне барып, уақытын кетiредi. Алайда, ерте ме, кеш пе, қоғам түгелдей электронды қызмет түрiне көшедi. Қаласақ та, қаламасақ та, əлем электронды режімге өтеді. Одан Қазақстанның қалыс қалмасы анық. Оның бір дəлелі қазіргі күннің өзінде МАСО-ға 150 ел мүше болып үлгірген», деді қауымдастық президенті. Осы орында қауымдастықтың басты міндеттеріне де тоқталды. «Əлеуметтiк қамсыздандырумен қайтсек халықтың барлығын қамти аламыз деген мəселе – бiздiң жұмыстың басты мiндетi. Мейлi ол Қазақстан болсын, Ресей немесе Австра лия, Қытай, Канада болсын, олардың барлығы адамдардың əлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiмен қамтылғанын қалайды. Бұл – бірінші басым дық. Екінші басымдық бойынша уақтылы, тиiмдi жəне оңтайлы түрде қызмет көрсету деңгейiн барынша жақсартуды көздейміз. Қазiр қаржылық дағдарыс кезiнде азаматтарды əлеуметтiк қамсыздандырумен қалай қамтамасыз ете аламыз деген мəселе өзектi болып отыр», деп қорытты ол сөзін. Б а с па с ө з мə с л и х а т ын ың сұрақ-жауап бөлімінде жылжымалы қызмет көрсету орталығында салықтық төлемдерді өтеу мүмкіндіктері жөнінде сауал қойдық. «Бұл мəселе дұрыс көтеріліп отыр. Қазіргі таңда жылжымалы қызмет көрсету орталықтары қанатқақты жоба ретінде жүзеге асырылуда. Ал сіз қойған сұрақты біз алдағы күнде толық қарастыруды жоспарлап қойғанбыз. Жоба сəтті жүзеге асқан жағдайда, мемлекеттік органдардың бірқатар қызметкерлеріне жылжымалы қызмет көрсету орталығына қосылуды ұсынбақпыз», деп жауап берді министр.

Инвестициялыќ ынтымаќтастыќтыѕ келешегі талќыланды Қазақстан Республикасының Сингапурдағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Сингапурдың Үкіметтік инвестициялық корпорациясының президенті Лим Сионг Гуанмен (Lim Siong Guan) кездесті, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі. Елші сұхбаттасын елдің жаңа ақша-несие саясаты жағдайындағы əлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары басты қағидаларын түсіндірді. Лим Сионг Гуан «Нұрлы Жол» даму стратегиясының ерекшелігін атап өтіп, Қазақстанды мемлекеттік басқару жəне экономикалық реформалар салаларындағы

посткеңестік кеңістіктің алдыңғы қатарлы мемлекеті деп атады. Сонымен қатар, син га пурлық корпорациясының топ-менеджменті осы жылғы 18 қыркүйекте Сингапурда жоспарланған «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты роуд-шоуға қатысуға шақырды. Атап өтейік, Сингапурдың Үкіметтік инвестициялық корпорациясы əлемнің 40 елінде ауқымды активтерге инвестиция салатын əлемдегі ірі əл-ауқат қорларының бірі болып табылады.


4

www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

ЖАЅА ЭКОНОМИКАЛЫЌ ШАРАЛАР – ЎЛТТЫЌ МЇДДЕНІ ЌОРЄАУ Байбалам емес, байыпты ўстаным керек Теңгенің еркін бағамға жіберілген күні қара ұзатқан сайын қоғам да сабасына түсіп, өз-өзіне келе бастады. Ел ерге, ер жерге қараған сын сағатта сабырдан айырылмай, экономикалық жағдайға жан-жақты талдау жасап, болашаққа деген сенімін жоғалтпаған экономист-ғалымдар қатарының көбейіп келе жатқаны да дəтке қуат береді. Өйткені, қарапайым халық олардың сөзімен санасып, тыңдайды. Біздің тілшіміз осындай оқымыстының бірі – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті жанындағы Жаңа экономика жəне жүйелік сараптама ғылымизерттеу институтының директоры Қуандық АЙНАБЕКПЕН жүздесіп, белгілі ғалымның аталған мəселеге қатысты ой-пікірін білген еді. – Қуандық Салихұлы, теңгенің еркін бағамға жіберілуіне нендей факторлар əсер етті деп ойлайсыз жəне мұндай жағдайды алдын ала болжап білуге болмас па еді? – Тамыз айының 19-ы мен 20-сында еліміздің барлық валюта айырбастау пункттерінде АҚШ долларының құны 188,38 теңгеден 255,26 теңгеге дейін өсіп шыға келді. Сөйтіп, қазақстандық эконо мика қас пен көздің арасында теңгенің еркін бағамына көшті. Шын мəнісінде, бұл шынайы қажеттіліктен туған жағдай еді. Өйткені, сыртқы факторлар қазақстандық кəсіпорындардың, жалпы алғанда, экономикамыздың дамуына кері əсерін тигізіп келгені анық-тұғын. Қазіргі таңда жаһандық геосаяси бəсекелестік өзінің шарықтау шегіне жетті. Оның үстіне АҚШ жəне трансұлттық корпорация лардың пайдасына жұмыс істейтін қар жылық механизмдер виртуалды ақша жиыны мен

қолма-қол ақшаның тауар жəне қызмет көрсету құнынан бірнеше есе асып түсуін қамтамасыз ететін қаржы «көпіршігін» тудырумен үнемі айналысып келеді. Мұндай жағдайда əлеуметтік-экономикалық дағдарыстың əр кезеңде қайталанып отыруынан қашып құтылу тіпті де мүмкін емес. – Біздің жолындағының бəрін жайпап кетуге бар мұндай жойқын дағдарысқа деген дайындығымыз қандай дəрежеде болды? – Əлбетте, кінəнің бəрін сыртқы күштерге ғана артып қойған жарамас. Біздің экономикамыздың дамуына кері əсерін тигізіп жатқан ішкі факторлардың барын да есептен шығармағанымыз жөн. Əңгіме – соларды анықтап, мəселенің түйінін тарқатып, оны болашақтағы дамудың басты құралдарының біріне айналдыра білуде болып тұр. Жалпы, экономикамыздың шикізатқа тəуелді болуының ерте ме, кеш пе күрделі жағдайға ұрындыратыны анық. Мұнай бағасы

құлдырап, басқа да шикізат көздеріне деген сұраныс күрт төмендеп еді – біз ғана емес, осындай кепті көршілес Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы жəне де ТМД кеңістігіндегі басқа мемлекеттер де киді. – Сіздің ойыңызша, дағдарысты дендетпеу қандай бағыттарда жүргізілуі керек? – Ағымдағы жылдың 20 тамызында өткен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл басқосуында Мемлекет бас шысы Қазақстан экономикасының ғана емес, шағын жəне орта бизнестің, ұлттық корпорациялардың əрі қарай қандай бағытта, қалай дамуы керектігін көпшілікке түсінікті тілмен айтып берді. Елбасы мұндай қиын жағдай да қарапайым халықты, қатардағы еңбекшілерді барынша қолдау керектігіне баса көңіл бөлді. Сол жиында бизнес өкілдері Президент ұсынған инфляциялық таргеттеуге көшу жəне басқа да шараларды бірауыздан қолдады. Олар əлеу меттік мəселелердің

Экономикалық саясаттың одан арғы шаралары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен өткен

КЕҢЕС

ВАЛЮТАНЫҢ ШЕКТЕУЛІ БАҒАМЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН ТЕРІС ЗАРДАПТАР

Ресейге экспорттың құлдырауы

еңбекақыларды төлемеу

отандық өнімдерді жергілікті рыноктардан жəне көрші мемлекеттер рыноктарынан тықсырып шығару

халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуі

Отандық кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігінің құлдырауы жəне табыстарының төмендеуі

бюджеттің салықтарды кем алуы

шешім табатынына, еңбекақының өсетініне, жұмыс орындарының сақталып, кəсіпорындардың дамитынына уəде берді. Өз басым Қазақстанның аграрлық салаға бет бұратын кезі жетті деп есептеймін. Бізде бұған қажетті жағдайдың бəрі бар. Менің ше, дəл қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын дамыту дағдарыспен күрестегі тиімді шаралардың бірі болар еді. – Қалыптасқан жағдайдан бізді қандай жол алып шығады? – Тығырықтан шығудың төте жолы – экономика мен қоғам шұғыл түрде инновациялық даму жолына түсуі керек. Жаңа идеялар ойлап тауып, тиімділігі жоғары технологияларды құрып, мына қытайлар сияқты қолда бар жаңаларын көшіріп алуды үйрену сияқты амал-əрекетке бармасақ, бармақ тістеп қаларымыз анық. Ең алдымен, ғылым мен білімге баса мəн бергеніміз жөн. Дағдарысқа қарамастан, ғылыми зерттемелерден, инновациялық жобалардан, ғалымдарды əзірлеу ісінен қаржыны аямауымыз керек. – Мұндай жағдайда экономист ғалым ретінде қарапайым халыққа қандай ақыл-кеңес берер едіңіз? Жалпы, бұл дағдарыс қанша уақытқа дейін созылуы мүмкін? – Ең алдымен айғайға аттан қосып, дүрлігудің қажеті жоқ. Дəл қазіргі уақытта байбалам салғанның орнына жағдайға байыппен қарап, байсалды қадамдарға баруға тырысу керек. Егер де азаматтарымыздың қолында азынаулақ доллары болса, оның белгілі бір мөлшерін теңгеге айырбастап, тұрмыстық техника сатып алғандары жөн. Айырбастан кем дегенде 30 пайыз ұтады. Сонан соң, қолдағы ақшаны доллармен сақтағандары жөн деп ойлаймын. Өңірлердегі билік өзінің қызметін экономикалық дағдарыстан туындаған проблемаларды шешуге бағыттағаны жөн. Яғни, инновациялық дамудың жаңа деңгейіне өту кезеңін тездететін бизнес, ғылым жəне билік арасындағы байланысқа бастар соны соқпақты іздеу керек. Кез келген экономикалық дағдарыстан туындаған мəселелер шешімін табуды қажет етеді. Дəл қазіргі жағдайда біз күшімізді, мүмкіндігіміз бен ынтымағымызды біріктіріп, Қазақстанның отансүйгіш азаматы ретінде Ел Президентіне сенім білдіріп, оның саясатын қолдауымыз керек. Тағы да қайталап айтамын: бізге байбалам емес, байыпты ұстаным, байсалды қадамдар керек. Қолдағы барды ұқсатып, инновацияға жол бастайтын ғылым мен білімді, аграрлық секторды дамыта алғанда ғана дағдарыстың уытын дер кезінде қайтара аламыз. Əңгімелескен Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

Еліміз егемендік алғаннан нарықтық экономика жүйесі қалыптасып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқандығымыз еш күмəн келтірмесе керек. Дегенмен де нарықтық жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін, олардың түрлі дағдарыстар түрінде жиі белгі беріп отыратындығын да біліп, сезініп отырғандығымыз да рас.

Жўмыла кґтерген жїк жеѕіл Осыған орай таяуда Елбасымыздың қатысуымен еліміз экономикасына елеулі ықпалдары бар деген біршама кəсіпорындар басшыларымен өткен жиында егжейтегжейлі айтылды. Бұл жиында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаев бүгінде əлемде қалыптасқан дағдарыстың бұған дейінгілерден айтарлықтай ерекшеліктері бар екенін, демек, еліміздің бұл қиындықтардан шығу жол дарының да біршама өзгеше болатындығына тереңірек тоқталды. Атап айтқанда, Елбасы бұл əлемдік дағдарыстың экономика саласында біршама кемшіліктер мен мүмкіндіктердің бетін ашып, оларды тиісінше реттеуге мəжбүрлейтіндігін, «импорт алмасу» деп өнімдер мен қызметтерді негізсіз дəріптеудің нарықтық саясатқа сай келе бермейтіндігін, мемлекеттік қолдауларды табысты қызметтер атқаруға қауқарлы құрылымдарға жасау қажеттілігін де жиынға қатысушылардың назарына нақты дəлелдермен мейлінше қысқа да нұсқа түрінде жеткізді. Сондай-ақ, аса жауап кершілікпен қарау керек деп бөле айқан мəселесі халықтың əлеуметтік жағдайын төмендетпеу, əсіресе жұмыс орындары санының тұрақтылығы мен өсімін қамтамасыз ету болды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бұл дағдарысқа сай бүгінде жоспарланған, ауқымды қаржыны қажет ететін инновациялық, т.б. маңызды жобаларды игеруді де кейінге шегерудің қажеттілігін атап өтті. Демек, менің бұл жиындағы айтылған жағдайлардан түйгенім төмендегідей болды. Бүгінгі дағдарыстың басты қиындығы бюджет түсімінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты десек, мəселе əдеттегідей бюджет қаржысын тиімді пайдаланумен қатар, қолда бар бюджет қаржысы есебінен еліміздің экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуде болып отыр. Əрине, бюджет қаржысын тиімді пайдалану қай уақытта болмасын тұрақты күн тəртібінен түспейтін мəселе, бірақ гəп бұл іс-шараның қалай атқарылуында

Ґнімге сўраныс арта тїсті Жайық МАНАСБАЕВ,

«Дəурен-ай» шаруа қожалығының төрағасы.

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ

Алматы ашытқы зауыты

Алматы желдеткіш зауыты

Ресейге өнім жеткізу көлемінің

көлемнің

өндіріс көлемі

47% қысқаруы

50%-дан астамға төмендеуі

50%-ға төмендеді

50 қызметкер қысқартылды

шығындар

қызметкерлердің

Мемлекеттік бюджет салық түрінде

30теңгені миллион кем алды

28 миллион теңге

болса керек. «Битке өкпелеп тоныңды отқа салма» деген мақал бар. Өкінішке қарай, бюджеттік қаржыны тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралар көбінесе, елімізде «жұмыссыздық» күрделі мəселелердің біріне айналып тұрғанына қарамай, мемлекеттік құрылымдардағы жұмыс орындарын қысқартумен немесе оларды жиі таратумен шектелетіндігі жасырын емес. «Қалдықты қаржыландыру» дағдысынан арыла алмай жүргендігімізден болар, əлі де ғылыми, мəдени салалар тиісті даму жолына түсе алмай келе жатыр. Атап айтқанда, биылғы 2015 жылға ғылымды, оның ішінде ауыл шаруашылығы ғылымын қаржыландыру көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 50% азайтылған. Егер ауыл шаруашылығы өндірісі ерекшеліктеріне сай, ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаруға, жалақыдан тыс қомақты қаржы қажеттілігін ескерсек, жоғарыда аталған жағдай еліміздегі ауыл шаруашылығы ғылымы саласында еңбек ететін азаматтардың басым бөлігінің «жұмыссыздар» санатына қосылу қаупін бүгіннен қалыптастырып отырған сияқтымыз. Осыған орай, атап өтер лік жағдай, бүгінде ауыл шаруашылығы ғалымдарының басым бөлігінің, ащы да болса, жас ортасынан асқан, зейнеткерлік жасқа таянған азаматтар екенін ескерсек, оларды қайта басқа мамандықтарға дайындау немесе шағын жəне орта бизнеспен айналысу жолдарымен, табыс көздерімен (жұмыс орындарымен) қамтамасыз етем деу шындыққа үйлесе қоймайтын сияқты. Əрине, бүгінгі нарықтық экономика жүйесінде, техникалық прогресс дəуірінде жұмыс орындарының азаюы заңды құбылыс сияқты, бірақ та бұл қиындықтарды қоғамдық деңгейде бөлісе көтеретін жүйені қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Мəселе, бүгінгі əлемдік дағдарысқа байланысты елімізде бюджет қаржысының жетімділігін қамтамасыз етуде болғандықтан, бұл бағыттағы іс-шараларды атқарғанда мемлекеттік құрылымдардағы жұмыс орындарын

20%-ы қысқарды «Демократия институты» ҒЗА» ҚБ əзірлеген

Теңгенің еркін айналымға жіберілуі өз кезегінде отандық кəсіпкерлердің жұмысын жандандырады. Бұған дейін Ресейден немесе Қырғызстаннан əкелінген дайын азық-түлік өнімдерінің бағасы біздегіден арзан болғандықтан, тұтынушылар көп жағдайда соларды таңдайтын. Ал шындығында, өнімдердің нақты бағасында көп айырмашылық жоқ. Қайта біздің өнімдер сапасы жағынан сырттан əкелінетін тауарлардан асып түспесе, кем емес. Соған қарамастан, ауылдағы шаруалардың өніміне сұраныс өз дəрежесінде болмай келді. Мəселен, 2012 жылдан бері ірі

қара малын бордақылап, етке тапсырумен айналысып келе жатқан біздің шаруа қожалықтың сұраныстың төмендігінен біраз шығынға ұрынған кездері де бар. Экологиялық жағынан таза қоңды малдың майлы етін кейде өзіндік

құнын ақтамайтын арзан бағаға өткізген кездеріміз де болды. Мұндай баға алшақтығын туғызып отырған валюталардың айырбас бағамындағы сəйкессіздіктер болатын. Енді нарық бəрін өзі реттеп, импорттық өнімдердің бағалары біраз көтерілуі мүмкін. Ал отандық өнімдерге сұраныс енді арта түсуі тиіс. Негізі тұтынушыларға азықтүлік өнімдері қымбаттайды деп қорқудың реті жоқ. Күнделікті ішіп-жеп отырған өнімдеріміздің көпшілігі өзімізде шығарылады. Ұн, нан, ет, көкөніс – бəрі де жетерлік. Шетелдік өнімдер қымбат болып жатса, отандық өнімді алуға болады. Шүкір, қазір тоқсаныншы жылдардағыдай тапшылық жоқ. Құстың сүтінен басқаның бəрі базар сөресінде

қысқарту емес, олардағы еңбек ететін мамандардың нақты қызметтік міндеттерін нақтылай атқарылуына жауапкершілікті арттыру, талаптарды күшейту, яғни жалақы сомасын қызметтік лауазымына емес, атқарған қызметтері көлеміне сəйкестендіру керек. Менің ойымша, бүгінде жиі жүргізілетін «аттестаттау» ісшаралары да бұл мəселелерді назарға толық ала алмай отыр. Осы орайда Елбасымыздың: «Көбіне мемлекеттік мекеме, құрылымдарда негізгі жұмыстарды 2-3 адам атқарады, қалғандары соларға қарап отырады», деген сөзі есіме түсіп отыр. Елбасымыз да бірнеше мəрте атап өткеніндей, бұл жоғарыда аталған дағдарыс қиындықтарын еліміз болып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» дегендей бөлісе көтерсек, келешегіміз де жарқын бола береді деп ойлаймын. Демек, бүгінгі дағдарыста теңгеміз дербестігі мен ірі алпауыт кəсіпорындардағы жұмыс орындары тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уақытша ішкі нарықта қалыптасатын қиындықтарға қарамай, еліміздің ұлттық волютамызды еркін айналымға жіберу саясатын қолдай отырып, төмендегідей іс-шараларды атқару тиімді деп есептеймін. Бірінші, бюджет қаржысы шығынын азайту (үнемдеу) мақсатында еліміз бойынша бюджеттен қаржыландырылатын құрылымдардағы орташа жалақы көрсеткіші негізінде, ең жоғары жəне ең төменгі деңгейлердегі жалақы айырмашылықтарын дəйекті мөлшерге келтіру керек. Екіншіден, мемлекеттік мекемелер мен кəсіпорындардағы жалақыдан тыс шығындарды əрқайсысын қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, 50%-ға дейін қысқарту қажет. Сөз соңында айтарым, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қазақ атамыз айтқан сөзді де назарда ұстаған жөн. Кəкімжан САРХАНОВ, «Қазақ аграрлық өнеркəсіптік кешенінің экономикасы жəне ауылдық аймақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Астана филиалының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.

сіресіп тұр. Қайта осындайда өз кəсіпкерлеріміздің өнімдерін көптеп алып, олардың жұмысын одан əрі өрістетуге жол ашуымыз керек. Отандық тауар өндірушілерге осылай қолдау көрсетуге болады. Ал қазақстандық өнімдер өзімізде болсын, экспортта болсын неғұрлым молынан саудаланған сайын теңгенің бағамы да соғұрлым қайта көтеріле бастайды. Қазір біз бордақылау алаңдарында 450 бұқа байлап отырмыз. Шетінен сойып, Алматы базарлары мен дүкендеріне жөнелтудеміз. Егер өткен жарты-жылдықта еттің əр килограмын көтерме бағамен 900 теңгеден өткізіп келсек, қазір мың теңгеден асты. Əрі өнімге сұраныс арта түсті. Делдалдар өздері келіп əкетуде. Енді өнімді өткеру жағына бас ауыртпайтын болдық. Жамбыл облысы, Қордай ауданы.


4 қыркүйек 2015 жыл

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай аталып жатқан мемлекеттік шара – киелі шара. Бұл – қазақ ұлтының ұлттық санасын ұйытатын ұлы мүмкіндік. Əлімсақтан бергі мұқым көшпелілердің əлемі мен кеңістігін қамтитын ұлы көшпелілер өркениетінің

(түпнұсқаны əдейі аудармай беріп отырмыз), деген пікірін Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай өткен шаралардың мемлекеттік тұжырымына айналдырып, «Қазақ хандығы – Алтын Орданың заңды мұрагері» деген орыс ғалымдары ұсынып отырған қорытынды пікірді ұлттық ұран етіп, əр шара өтетін алаңның қақпасының маңдайшасына жазып қоюымыз керек. Сонда ғана мақсатқа жетеміз. Айбынымыз бен мысымыз да асқақтайды. Ешкім енді: «Қазақта мемлекет те, шекарада болған емес», деп басынбайды. Керісінше, дүние тарихшылары жоңғар мен моңғол ұлысынан мойнын Қазақ хандығының тарихына бұрып, олардың ғылыми ойы біздің тарихымызға қызмет ететін болады. Сонда, кімді – кім, қай ғасырда, қашанға дейін биледі, қайсы ұлттың шашыранды бектіктерінің басын қосып, мемлекет етті (өз

Мерейтойдыѕ ісшаралары белгілі болды

ұлт рухының мəңгілік асқақ кепілі болар еді. Ұлыс басы – Жошының мавзолейі тұрған алқапта ұлттық, мемлекеттік шаралар өтетін жəне саяхат алаңы болса, уа, шіркін, қазақ тарихы – көрнекі əрі тірі тарихқа айналары кəміл. Сонда Керей мен Жəнібекті, яғни, Қазақ хандығын көзге ілмейтіндер, Шыңғыс хан мен Жошы, Едіге мен Тоқтамыс қалдырған тарихи заттай айғақты жоққа шығара алмай, ішінен күйініп тынар еді-ау!.. Оған тарихи дəлел де, дерек те, заттай айғақ та жеткілікті. Сонау Көк түрік қағанатының бедері білінетін, кейінгі хандар байтақ еткен «Хан ордасы» қорғаны, мыс балқытқан Бас, Орта, Аяққамыр кешені мен Домбауыл дыңы, Жошы мен Алаша хан мавзолейі, Едіге шоқысы, Тоқтамыстың шор терегі, Темірланның тастағы жазуы, «Ақтабан шұбырынды» кезіндегі Бұлантыдағы көк жартасқа:

Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».

Ўлт ўясы – Ўлытау Киені ќастерлейтін ие бар екенін кґрсетіп келеміз

Тұрсын ЖҰРТБАЙ.

мысы мен бəсі екшелетін тұс. Əлем тарихы мен тарихи тұжырымдарда «соңғы көшпелілер империясы» деп танылған жоңғар хандығы мен «соңғы көшпелі ел» деп есептелген моңғолдардан басқа да «ұлы Жошы ұлысының» – «Алтын Орда» империясының заңды мұрагері – қазақ хандығы бар екендігін дүние тарихына мойындататын аса жауапты əрі ең мүдделі, ең шағымды кезең. Біздің мемлекеттігіміздің бары мен жоғына кесірлі кəдікпен қарайтын, тіпті нақтырақ айтсам, мемлекетіміз болды ма, жоқ па деген күдік тудырып, сан-саққа жүгіртіп табалайтын көршілеріміздің де рухын іштен тындырып, дəмесін мəңгі өшіріп тынатын, керісінше өзіміздің рухымызды асқатата көтеріп, солардың мысын иығынан басатын деңгейге көтерілетін шақ осы. Біз бүгін қазақ мемлекетінің айбыны мен тарихын қалай ұлықтай аламыз, халықаралық қауымдастыққа қандай тұжырым жасата аламыз, міне, ұлтымыздың бүгіні ғана емес, ертеңі де осыған тікелей байланысты. Бұл салтанат – Ұлы Тұранның, Көк түрік қағанатының, озан Оғыздың, кешегі Орталық Азиядағы Қаңлы мемлекеті мен Қараханилер əулетінің, Керулен бойындағы Керей хандығының, Селеңгідегі Жалайыр мемлекетінің, Құлынбердегі Қоңырат ұлысының, Қарақорым мен Тарбағатай арасындағы «ұлы Найман мемлекетінің» (тарихи атауы), Дештіқыпшақ қағанатының, қазір де тұқымдары жайлап отырған Бағылық тауындағы

«Алшын ұлысының», тым берісі, солардың барлығының басын қосқан – «Алтын Орданың» империялық өктем айбыны аспан астын жаңғыртып, Қалқа мен Куликово шайқасының жаңғырығын басып тастауы тиіс ұлы мүмкіндік. Бұл шараның тұсында кешегі ұлы даланы күңіреткен, Кир мен Дарийды, Ескендір Зұлқарнайды, ассириялық Ашшурбанипалды, римдік Юстинанды тітіркендірген, Еуропаға «Құдайдың қамшысын» сермеген – Ишбақайдың, Ширақтың, Тұмардың, Сыпатайдың, Мөденің, Еділдің, Төныкөктің, Күлтегіннің, Білге қағанның, Қадыр ханның, Таян ханның, Тұғырыл ханның, Жошының, Сүбедейдің, Мұқылайдың, Кетбұғаның, «Ел қамын жеген Едігенің» дауысы – жер ортасы Ұлытаудың биігінен жер-көкті жаңғыртып, атой салып тұруы қажет. Сонда ғана Қазақ мемелекеті, Қазақ хандығы – Ұлы Киев Русынан бөлінген – Ресей, Визаннан бөлінген – грек, рим империясы сияқты Шыңғыс хан империясының бүгінге жеткен бір ұлысы, «Жошы ұлысының заңды бір тұтқасы», «Алтын Орданның» мұрагері жəне сол территорияны сақтап қалған бүгінгі бірден-бір тəуелсіз мемлекет ретінде көрінеді жəне көрінуі тиіс! Солай болуы заңды да. Оған қазіргі кездегі Л.Н.Гумилевтен кейінгі көшпелі империялар тарихын адалдықпен зерттеп жүрген белгілі ерлі-зайыпты тарихшылар Р.Ю.Почекаев пен И.Н.Почекаеваның «С ликвидацией Касимовского ханства из всех джучидских государств, возникших после распада Золотой Орды, продолжало существовать лишь Казахское ханство»

5

www.egemen.kz

мүддесіне қарсы болса да), сол ұлы ұлыстың заңды мұрагері кім еді – деген сұрақтарға солардың өздері жауап беретін болады. Мұндай қорытындыға ең бірінші Ресей ғалымдарының келетініне сенімім кəміл. Өйткені, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай салтанатты шара өткізілетіні жарияланғаннан бері Ресей тарихшылары, соның ішінде саясаткерлер де екіұдай екі тұжырымды ашық талқылауға көшті. Біріншісі: «Алтын

Орданы астанасы Берке сарай Ресейдің жерінде. Демек, Алтын Орданың заңды мұрагері – Ресей», – деп, екінші топтағы ғалымдар: «Алтын Орданың заңды мұрагері жəне ең соңғы тəуелсіз мемлекет – Қазақ хандығы» деп тұжырым жасап, дербес зерттеулер жариялады. Демек, біз соңғы тұжырымды мемлекеттік Ұран деңгейіне жеткізіп, хандықтың салтанатын: «Біз – «Ел қамын жеген Едіге» ұрандап басын қосқан, Алтын Орданың жығылған туын қайта көтеріп, Көк Орданы – Қазақ ордасын құрған мемлекетпіз!» – деген рухта өмір сүруге тиіспіз. Жаратқан иеміздің, Көк Тəңіріміздің өзі жар болып, сəтін келтіріп, соған орай беріп отыр. Ендеше, мұндай қайырылып реті келмейтін мүмкіндікке мəтқапылық жараспайды. Мұның орнына: Қазақ хандығы ту көтерген жер Ұлытау ма, Ырғыз ба, Шу ма, немесе ана бұлақтың басы, мына бұлақтың аяғы деп тулақ тартқандай тартып, ру таратқандай таратып, ұсақтатып жіберсек, онда Қазақ мемлекеттігінің абыройын асырып емес, жасытып тынамыз. Кешегі шаһит кеткен ата-баба рухы да, ертеңгі үрім-бұтақ та мұндай мəтқапылықты кешпейді. Менің ойымша, түптің түбінде Ұлытаудағы Едіге шоқысының басына қазақтың арғы-бергі дəуіріндегі бірлік таңбасы салынған, аспанмен тілдескен асқақ Ұстын (Ескерткіш – тарихта болған айтулы оқиғалар мен өтіп кеткен тұлғаларға қойылатын белгі, ал Ұстын – стела кешегіні бүгінмен жалғастырып, ертеңге ұстаным болатын киелі нысан) орнатып, барлық ұлттық салтанатты рəсімдер тұсында тəжім ететін киелі орынға айналдырсақ,

«Өлсек – көметін көріміз бірге болсын, Тірі қалсақ – шығатын төбеміз бірге болсын!» деп қашап жазылған ант таңбасы, шаһиттер қорымының басындағы қос дың мен əр қорымның мəңгір тасындағы иман таңбалары соған толық кепілдік береді. Осындай айбыны асқақ кең кеңістікке құлаш ұрған мысы басым салтанатты атой ғана – көшпелілер мен қазақ мемлекеттігінің мысын киелендіреді. Ал, ұсақ-түйекпен, кəкір-шүкірмен, күңкіл-шүңкілмен өткізсек, қазақ рухын жат пиғылдың алдында тағы да бір тізелеткеніміз болып табылады. Өйтіп, тулақша тартқылап пұшпақтағанша, жаттың табасына қалып, ызамыз ішімізде қалған күйі – атамай өткеніміз жақсы. Менің ұстанымым – осы! Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай мемлекеттік шараның – Бұланты, Білеуті өзенінің бойындағы 1726 жылғы шайқастың алдындағы ұлт боп ұйысқан қазақ қауымының анттасуы мен шайқас майданында қаза тапқан шаһиттерге арнап ескерткіш орнату рəсімінен басталуы ұлттық сананың намысты ұюын, қазақтың тəуелсіз мемлекетінің рухани бірлігін танытқан нысаналы нышан деп есептеймін. Бұланты өзенінің бойындағы бұл ұстын – бас бостандығын аңсаған қазақтың намыс ұстыны. Жезқазған шаһарындағы – Абылайдың, Жездідегі – Кенесарының, Ұлытаудағы – Асан қайғының ескерткіштері, «Қазақ хандары» тұғыры мен «Хан ордасындағы» ескерткіш ұстындар – «Ұлытау – ұлт ұясы», «Мақсат – Мəңгілік Ел!» деген ұранда өткен халықтық салтанат шаралары мен ғылыми конференцияның рухани тұғыры. Лайым, исі қазақтың тілегі осылай бір мəйекке ұйый берсін деп тілек қосамын. Бұлантыдан басталып, Ұлытауда жалғасын тапқан шарада сөйлеген облыс əкімінен бастап ауыл əкіміне дейінгі, Əнес Сарай, Тоқтар Əубəкіров, Темірғали Көкетай, Қажығали Мұханбетқалиев, Төлеген Бүкіров, Мəди Артығалиев, Сағындық Жауынбаев, Жүрсін Ерман қостаған ғарышкер, жазушы, ғалымдардың тұжырымдары да соған сайды. Бір таңданарлығы жезқазғандық əкімдер – шетінен ақын, ал ақындары – əкім боп

келеді екен. Тарихты өлеңдете таратқанда сөз тізгінін ұстап жүрген үлкен-кішімізді тосылдыра берді. Бұл да сүйінерлік көрініс. Алқалы салтанат барысындағы алқақотан мəжілісте: «Қазақ мемлекеті – Алтын Орда ұлысының құрамындағы хандықтардың ішіндегі тəуелсіз мемлекет құрған бірден-бір ұлт. Сондықтан да, қазақ хандығы – Алтын Орданың заңды мұрагері» – деген ұстаным Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай өтетін мемлекттік салтанатта ресми тұжырым ретінде жарияланса. Ұлттық намысымыз бен мемлекеттігіміздің символы болып табылатын Едіге шоқысының басына тəуелсіздігіміз бен азаттығымыздың нысаналы белгісі, кешегі мен бүгінді келешекке жалғастыратын ортақ ұран болатын ұстын орнатса. Бұланты, Білеуті, Қалмаққырған, Өлкейек, Аңырақай, Сарыбел- Сарбөктер, Ақшəулі-Қоңыршəулі, т.б. сияқты айтулы шайқастар туралы, «Хан ордасы» қорғаны, Кенесарыны ақ киізге отырғызып хан көтерген «Хан төбесі», бар қазақ бірігіп жоңғарға қарсы соғысуға ант берген «Бұлантыдағы таңбалытас» туралы жекежеке дербес деректі фильм түсірсе – деген елдік ұсыныстар айтылды. Ескерілетін ел сөзі осы. Ұлы қазақ даласындағы Жайық, Сыр, Ертіс дариялары өз жерімізден бастау алмайды, ал ұзындығы үш жүз шақырымнан аспайтын, үзіліп-жалғанып, буылтықтанып ағатын жетпіс екі Торғай, алпыс төрт Кеңгір, Бұланты мен Білеуті, Сарысу өзендері, шеңбері мың шақырыммен өлшенетін Бетбақдаланы жəне ондағы қара халықты мал-жанымен қоса сусындатып отыр. Бар қуатын қазақ елінің шөлін басуға арнаған осындай шағын əрі пайдалы өзендер – шын мəніндегі ұлы өзен. Ұлт намысын қорғаған шаһит бабаларымыздың сусынын қандырған Бұланты мен Білеуті де сондай киелі суат. Киеңнен де, киеңді қастерлеген иеңнен де айналдық, ұлт ұясы – Ұлытау! 2027 жылы Бұланты шайқасына 300 жыл толады. Бұл да есте ұстарлық оқиға. –––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай өткізілетін ісшараларға жауапты адамдар қатысқан брифинг өтті. Елордада қыркүйектің 11-13 күндері өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойын мерекелеу аясындағы негізгі шараның бірі – «Барыс» мұз сарайында өтетін театрландырылған «Мəңгілік Ел» қойылымы болмақ. Негізі, Қазақ хандығының мерейтойы екі кезеңде, біріншісі – Астанада, ал екіншісі – Таразда өтеді. Қыркүйектің 11-күні Тəуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын болады. Ал түстен кейін Назарбаев Университетте «Мəңгілік Ел» тақырыбында халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция ұйымдастырылмақ. Оған мыңнан астам отандық жəне шетелдік ғалымдар, халықаралық сарапшылар, депутаттар мен ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде. Мұнымен қоса, кешқұрым «Барыс» мұз сарайында театрландырылған ауқымды мерекелік қойылым тарту етіледі. Қойылым Қазақ елінің үш мың жылдық тарихы мен қазіргі заманауи келбеті «Тарих толқынында», «Ұлы дала елі», «Қазақ хандығының құрылуы», «Дала ренессансы», «XX ғасыр», «Тəуелсіздік» жəне «Мəңгілік Ел» атты тараулар арқылы сахнадан көрініс таппақ. Əрбір тарауда еліміздің халық болып қалыптасқан, ұлт болып дамыған тарихи кезеңдері əн-күй, жыртерме, хореография секілді əртүрлі жанрлар арқылы қамтылмақ. Белгілі болғандай, 9 қазанда Тараз қаласында жалғасатын екінші кезең аясында – «Қазақ хандығына 550» монументін салтанатты түрде ашу, «Көне Тараз» мұражайын таныстыру, сондайақ, бірқатар мəдени шаралар қамтылады. Елордада өтетін бағдарламада сəнді қолданбалы өнер көрме-жəрмеңкесі,

халық шеберлерінің көрмесі, еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарының концерттері де қамтылады. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясындағы мəдени шаралардың негізгілерінің бірі – республика аймақтарының қатысуымен «Қазақ Елі» монументі маңындағы алаңда өтетін этноауыл мен бұқаралық серуен болып табылады. «Қазақ Елі» монументі алаңы үш күнге елорда тұрғындары мен қала қонақтары тамашалай алатын үлкен этноауылға айналады. Алаңға елу киіз үй тігіліп, екі үлкен сахна, алтыбақан, спорттық алаңдар, тайқазандар жəне басқа да нысандар орнатылады. Басқосу барысында мерейтойдың жауапты қызметкерлеріне біраз сұрақтар қойылды. Соның бірі Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсіріліп жатқан көр кем фильм туралы болды. Оған Мəдениет жəне спорт министрлігі Мəдениет жəне өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова: «Қазақ хандығы туралы фильмнің алғашқы сериялары желтоқсанға қарай шығады. Өздеріңіз білесіздер, кино өндірісі өте күрделі. Оның дайындық, түсіру мерзімдері бар. Жобаның қойылымы қиын жəне оны жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылады. Бұл тұрғыда декорациялық, павиль ондық, интерьерлік жəне экстерьерлік нысандарды жасау қарастырылған. Оның ішінде Сығанақ, Созақ қамалдарын, Алмалық қаласын, хандардың сарайлары мен өзге де түсірілім нысандарын, киімдерді тігу, қажетті бұйымдар мен ат əбзелдерін даярлау, қару-жарақ, компьютерлік графиканы əзірлеу жəне басқа да шараларды іске асыру жұмыстары бар. Біздің үлкен жобамыз, яғни Қазақ хандығы туралы сериал дайындық мерзімінен өтіп, бүгінде кино өндірісінде түсірілімдер басталып жатыр. Сондықтан қаражат шегінде жоспарланған шаралар бойынша жұмыстар жүруде. Желтоқсанға қарай бірінші серияларды көреміз деген үміттеміз», – деп жауап берді.

Достыќќа бастар игі шара Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

2-4 қыркүйек аралығында елордадағы «Тілеп-қобыз сарайы» концерт залында Кеңес Одағының Батыры, «Халық Қаһарманы», генерал Сағадат Нұрмағанбетов атындағы халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры алғаш рет Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Тарих жəне мəдениет» атты этностық мəдениетінің халықаралық фестивалін өткізді. Халықаралық шара Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен ұштасып жатыр. Оған алыс жəне жақын шетелдердің вокал, хореография, музыкалық аспап жанрында өнер көрсететін ұжымдары қатысуда. Фестивальға əлемнің 16 елінен қатысушылар мен қонақтар келгендігін айта кету керек. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген баспасөз мəслихатында белгілі меценат, Тілеп қайырымдылық қорының құрылтайшысы Сапар Ысқақов фестиваль мақсаты халық тар арасындағы достықты нығайту екендігін жеткізді. Ал «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ғазиз Телебаев Қазақстан халқы Ассамблеясының аталған шараны қолдауы тарих пен мəде ниеттің арасын байланыстырып отырған ұлт деген үлкен ұғыммен ұштасып жатқандығымен түсіндірді. Тарихты жасайтын жəне мəдениетті өркендететін халық болғандықтан, ұлтаралық келісімді ұстанып келе жатқан Ассамблея аталған жобаны қолдаған. Жалпы, бұл іс-шара көптеген

елдерден келген өнерпаздарды біріктіріп, олардың ұлттық мəдениеті мен тарихын насихаттау жолында өзіндік үлесін қосуы тиіс. Ұйымдастырушылар осылайша этностық музыканы үгіттеп, этностық топтардың үздік композиторлар шығармаларын дəріптеуін, көп мəдениетті қоғам құру арқылы оны дамытуды көздеп отыр. Аталған шараға бұрынғы Алтай тауы мен Дунай өзені арасын алып жатқан ДештіҚыпшақ даласының жері болған аумақтағы елдердің өнерпаздары шақырылыпты. Алайда, бұл шараға Молдованың өнерпаздары келе алмағаны белгілі болды. Бірақ, бұл жағдай шараның əсерлі өтуіне ешқандай əсер ете қоймады. Ғ.Телебаевтың пайымынша, əр шалғайдан келген өнерпаздар Қазақстан туралы жақсы пікірін өз елдеріне алып кетеді. Бұл Қазақстанды танытудың бірденбір тəсілі, дей келіп, директордың орынбасары бұл халықаралық шара арқылы қазақ мəдениеті насихатталатынына ерекше екпін берді. Былайша айтқанда, шетелдіктердің қазақ шығармаларын ойнаудағы өзіндік мəнері қазақ өнерін дамытуға үлес қосатын болады. Байқау екі кезеңнен тұрды. Оның бірінші кезеңінде қатысушылар қазақтың халық жəне Қазақстан композиторларының əндері мен шығармаларын орындады. Ал байқаудың екінші кезеңі өз елінің шығармаларын орындауға арналды. Қазылар алқасы құрамына елімізге белгілі өнер қайраткерлері, танымал орындаушылар, сазгерлер, ақындар жəне өзге де сала мамандары кірді. Олардың шешімдері бойынша фестиваль жеңімпаздары мен дипломанттары марапатталатын болады.


6

www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Алтын діѕгек

Жазиралы Жаркенттіѕ жайсаѕы Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Əсілі адам баласына абырой тура сөйлеп, адал еңбек етіп, тұрақтылықтан танбау секілді құндылықтарды сақтау арқылы келетіні ақиқат. Бұл қасиеттің қайнар көзі қазақы қарапайымдылықтан бастау алары хақ. Негізі əркім өзінің қолынан келетін шаруамен айналысса нəтиже беретінін ұмытпағаны, əрдайым есте сақтағаны лəзім. Жазиралы Жаркент жерінде ата кəсіп – мал өсіру арқылы мерейі өсіп, айрандай ұйып отырған əулеттердің бірі – Балабек қария Қалиевтер отбасын тілге тиек етіп, үлгі тұтуға болады. Бүгінде ауыл-аймақтың ырысын тасытып, береке бұлағын ағызып отырған қарияға ел разы. Қадірменді қариялар өнегелі отағасы, аяулы жар, ардақты ата ретінде танылып қана қоймай, салмақты сөзімен, ұтқыр ойымен, ең бастысы, қазақы қарапайымдылығымен үлгі болуда. Ол Панфилов ауданының Құрметті азаматы. Асыл тұқымды «Санта-Гертруда» ірі қара малын өңірде тез жерсіндіріп, өсіріп баққан малсақ жан ретінде де жақсы танымал. Ал жұбайы Сəруар апай – көп балалы ана. 1960-1962 жылдары І, ІІ дəрежелі «Ардақты ана» медальдарымен, 1965-1970 жылдары І, ІІ, ІІІ дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен, 1973 жылы «Батыр Ана» құрметті атағын алған, 1982 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 2004 жылдан «Алтын алқа» иегері. Ерлізайыпты жайсаң жандар Панфилов ауданында 1963 жылдан бастап Көктал жəне Айдарлы кеңшарларында мал баққан. Бүгінде жоғарыда айтқанымыздай асыл тұқымды «СантаГертруда» ірі қара малын өсіріп, шаруа қожалығына басшылық етіп, ұжымын кеңейтіп елімізге зор пайдасын тигізуде. Жергілікті халықты жұмыспен қамтуға үлкен үлесін қосып келеді. Балабек қария Қалиев өмірлік серігі екеуі он екі баласынан 31 немере, 42 шөбере сүйіп отыр. Бұл отбасы мүшелері өздеріне тəн кішіпейілділігімен, мəдениеттілігімен аудан жұртшылығының ризашылығына ие болған абзал жандар ретінде Алматы облыстық

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында жеңімпаз атанды. Қашанда қарапайымдылығынан танбайтын Балабек қарияның бір ұстанымы – адалдық. «Атадан жақсы ұл туса игі, ата жолын қуса игі», деген даналықты ұрпағының санасына сіңіру əдетіне айналған. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, бақытты өмір сүріп отырған ерлі-зайыптылар мал бағудың əдіс-тəсілдерін ұрпақтарына үйретуден ешқашан шаршаған емес. Қайта, мал өсіруге бейімделгендеріне зеңгі баба тұқымының ерекшеліктерін, жылдың қай мезгілінде

қалай жайып, қоңына қоң қосу барысын тəптіштеп отырғанын естігенде сүйсінбеске əбдіңіз қалмайды. Ал отанасы болса сүт тағамдарын қалай дайындағанда құнарлылығын ұзақ сақтап, жұғымды болатындығын қыз-келіндеріне үйретуден əсте танбайды. Мұндайда қария мен кейуананың қадіріне жетіп, əлпештеп отырған ұрпағына алғыстан басқа не айтарсыз. Алматы облысы, Панфилов ауданы.

Ґнерлі отбасылар тартуы

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мəдениет жəне демалыс саябағында еліміздің Конституциясының 20 жылдығына арналған «Өнерім – өрісім» отбасылық ансамбльдердің облыс тық фестивалі өтті. Өнер шарасын облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы үйі ұйымдастырды. Фестивальды өткізудің мақсаты – отбасы институтын нығайту жəне дамыту, отбасы құндылықтарын, тарихы мен мəдениетін құрметтеуге тəрбиелеу, сонымен қатар,

əуесқой ұжымдардың орындаушылық қабілеттеріне қолдау көрсету болып табылады. Фестивальдың ашылу салтанатында сөз алған облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұхан бір əулет, бір отбасы мүшелерінен құрылған отбасылық ансамбльдердің облыстық фестивалі екі жылда бір рет өткізіліп келе жатқанын, бұл жолғы өнер шарасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына əдемі тарту болғанын айта келіп, болашақта фестивальдың ауқымы əлде де кеңейе түсетінін жеткізді. Облыста қазірдің өзінде 48 отбасылық ансамбль

Їлгі болар кґктеректіктер Сары өзеннің жағасында орналасқан Көктерек ауылы өзінің тарихымен жұртты қызықтырғандай. Неге дейсіз? Оның себебі, күй атасы Құрманғазы осы жерді аз уақыт қоныс етсе, Төлеген Сейіткереев ағамыздың тарихтан сыр шертетін мұражайы да осында. Сонымен қатар, дала төсін мыңғырған малға толтырған еңбек адамдары да жетерлік. Көктеректіктер тағы бір тек ауыл үшін ғана емес, ел ішін қуанышқа толтыратын жаңалықтарымен жұрт жадында жүрері сөзсіз. Көктерек ауылдық округі əкімдігінде маман болып қызмет ететін Бақытжан Есенғалиевтің шаңырағы осыған дəлел бола алады. Бақытжан жұбайы Əсел екеуі Əли, Əлихан, Ибрагим, Хасан, Нұрəлі есімді асықтай 5 ұл тəрбиелеп өсіріп отыр. Отыздың ортасына да келмеген жас отбасы балаларының үлкені

7 жаста болса, енді отбасына тағы да бір бала қосылады деп күтілуде. Бес «атқа мінердің» анасы Əсел ағылшын тілі пəнінің мұғалімі. Біз Бақытжанмен хабарласқанда, ол: – Жұбайым екеуміздің жүрегіміз толқып жүр. Əсел дүниеге келер сəби үшін ауруханадан ем алып жатыр. Ал өзім қазір перзентханадан көктеректік достарым Жеңіс пен Толқынның 5-ші сəбиінің алып шығу қуанышына ортақтасуға келіп отырмын. Бұл отбасының 5 ұл-қызының екеуі егіз, – деді. Міне, көктеректік жас отбасылар еліміздің болашағын жасайтындарды тəрбиелеп жатқан өнегелі жастар деп білеміз. Гүлфия КӨШБАЕВА.

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы.

болса, соның тоғызының халықтық атағы бар. Оларда 300-ден астам адам өнер көрсетеді. Бұл жолғы фестивальға он бір отбасылық өнер ұжымы қатысты. Олардың арасында өнерімен өңірге танымал Алға ауданынан «Аллажар», Темір ауданынан «Гүлжазира», Ойыл ауданынан «Шапағат» халықтық отбасылық ансамбльдері жəне басқалары бар. Олардың құрамындағы бес-алты жасар бүлдіршіннен бастап егде жастағылар да өнерлерін ортаға салды. Мерекелік іс-шарада халық əндері мен билері, аспаптық музыка орындалды. Өнер көрсеткен барлық отбасылық ансамбльдер ұлттық мəдениетті сақтап, дамытуға үлес қосып, облыстық байқаулар мен фестивальдардың жəне басқа да мəдени жобаларға тұрақты қатысып жүрген шығармашылық ұжымдар. Отбасылық ансамбльдер қатары жыл сайын толығып тұрады. Бұл халықтың өнерге деген ықыласы артып келе жатқанының куəсі, əрине. – Біз Шалқар ауданы Қауылжыр селолық округінде тұрамыз. Мұндай ансамбль құруға бұрыннан талаптанып жүретінбіз. Оның сəті биыл түсіп, «Жадылда» отбасылық ансамблін құрдық. Сіңілім Əйгерім жоғары оқу орнын биыл бітірді, үлкен ұлым Тұрлан колледжде, қыздарым Алмагүл 9-сыныпта, Ақмейірім 6-сыныпта, Айару дайындық бөлімінде оқиды. Жастарды өнерге баулу əр отбасының мақсаты болуы тиіс деп ойлаймын. Өзім Шалқар музыка мектебінің ауылымыздағы филиалында домбырадан сабақ беремін. Бұл жолы бес жасар Айару «Чунга-Чанга» биін биледі, өзім əн шырқадым, ансамбль болса «Қосалқа» күйін орындады, – дейді ансамбль жетекшісі Айымгүл Сүйінова. Фестивальға қатысқан отбасылық ансамбльдер Алғыс хатпен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль соңы «Конституция құрдастары» акциясымен жалғасты. Акция барысында облыстық байқаулардың жас жеңімпаздары саябаққа жиналға қалалықтарға өз өнерлерін тарту етті. АҚТӨБЕ. ––––––––––––––

Суретте: «Жадылда» отбасылық ансамблінің мүшелері.

Сенаторларєа – ќўрметті атаќ «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Ақылбайға жəне Бектас Бекназаровқа «Қазақстанның құрметті заңгері» атағы берілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

 Басты байлық

Жїрегі ауырмаєанныѕ жїзі жарќын Шетелдік кардиохирургтердіѕ Ќазаќстаннан їйренері бар

Астанадағы «Ұлттық ғылыми-кардиология орталығында» жасанды жүрек орнату бойынша бірегей операция жасау əдісін енгізуге арналған шеберлік сыныбы өтіп, оған Германия, Италия, Швейцария, Голландия мен Хорватиядан 30 кардиохирургия маманы келді жəне біздің дəрігерлерден тəлім алды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Бұрындары қазақстандықтар жүрекке операция жасату үшін еуропалық білікті мамандарға жүгінетін болса, енді сол үрдіс қалыбынан жаңылыпты. Атақтары дардай шетелдік кардиорталықтардың дəрігерлері елімізге арнайы келді, астаналық мамандардан кеңес алды, үйренді, тəлім алды. Шетелдік əріптестер Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя басқаратын ұжымда жасанды жүрек – HeartMate III құрылғысын орнатудың тəсілдерін үйреніп, симуляциялық зертханада шошқа жүрегінің сол жақ қарыншасына құрылғыны имплантациялауға машықтанды. HeartMate III деп көрсе тілгендей, бұл жасанды жүректі имплантациялаудың бірінші кезеңі алғаш рет Америкада жүзеге асырылыпты да, екіншісін бірқатар Еуропа елдері атқарған екен. Ал жасанды жүректің үшінші буыны өмірге келіп, оны кім қолға алады деген сұрақ туғанда əлемдегі озық орталықтар бірқатар тесттерден, зертханалық зерттеулерден өтеді де солардың ішінен 5-ақ клиника таңдап алынған. Соның бірі – біздің «ҰҒКО» АҚ. «Ұрыста тұрыс бар ма» дегендей, барлығы бірдей жоба бойынша жасалуға тиіс операцияларды атқарып, клиникалық зерттеулерге нəтижелерін беріп, тоқтаған тұста, Ұлттық орталық жұмысты əрі қарай жалғастыра берген. Осылайша жасанды жүректі трансплатациялау əдісі 2014 жылдың маусым айында енгізіледі де, бір жыл ішінде қазақстандық мамандар 32 операция жасайды, оның ішінде 8-і зерттеу мақсатында жүргізіліп, барлығы да сəтті өткен операция нəтижесі шетелдіктердің назарын бірден өзіне аударған. Өйткені, біздің ел HeartMate III имплантациялауды əлемдегі ең бірінші қолға алып, оны табысты атқарған бірден-бір мемлекет болуда. Үшінші буынның бұрынғылардан үлкен артықшылығы бар екен, алдыңғылар жасанды жүрек тамыр соғуынсыз жұмыс істесе, соңғы буында жүрек соғып тұрады. «Техникалық тұрғыда қан айналымының тамыр соғуын ретке келтіру өте қиын. Бірақ, соңғы буында ғана бұл мүмкін болды, ал ағза үшін оның маңызы өте жоғары», – деген Юрий Пя əрі

қарайғы ойын былай жалғады: «Қиын экономикалық жағдайларға қарамастан, Қазақстандағы кардиохирургия саласы жақсы қарқынмен даму үстінде. Соның дəлелі ретінде бүгінде біз əріптестер келіп білім алатын, тəжірибе жинақтайтын орталыққа айналдық. Бүгін шеберлік сыныбының екінші күні өтуде. Қазақстандағы нормативтікқұқықтық база трансплантология саласында үлкен жетістіктерге жеткен елдердің нормативтікқұқықтық базасына сəйкес келеді. Соның арқасында біз заманауи жасанды жүректі орнатуды клиникалық тəжірибеге енгізу бойынша халықаралық жобаны жүзеге асыра алдық. Елімізде 2011 жылдан бастап жасанды жүрек ауыстыру бойынша 150 адамға операция жасалды. Шеберлік сабағында, өздеріңіз көріп отырғандай, əлемнің 30 жетекші кардиохирургия маманы қазақстандық дəрігерлерден тəжірибе жинайтын болады». Шығыс Қазақстан облысынан келген Евгений Шмаковта туабітті жүрек ақауы бар екен. Небəрі 16 жастағы бозбала: «Жасанды жүректің арқасында бұрынғыдай демігіп қалмаймын, шаршамаймын, өзімді сау адамдай сезінемін, орталықтың дəрігерлеріне алғысым шексіз», – дейді ағынан жарыла. Ал оңтүстікқазақстандық Гүлмира Смайыловаға жүрек донордан трансплантацияланған екен. «Тұңғышымды дүниеге əкелген соң жүрегім дертті болып, бірнеше жыл донор күтуге тура келді. Маусым айында дəрігерлердің айтуы бо йынша ақтөбелік жігіттің жүрегі салынды. Баласының жүрегін салуға рұқсат берген ата-ананың кім екенін білгім келеді, мен енді өзім үшін де, сол жігіт үшін де өмір сүруге тиіспін», – дейді толқи сөйлеген Гүлмира. 250-300 мың долларды құрайтын осынау операция еліміздің барлық науқастарына тегін жасалса, өзге мемлекеттен келген науқастарға ақылы негізде жасалады. «Біздің кардиохирургия ұжымы мұндай қиын операцияларды жасауға 100 пайыз дайын. Тек донордың жоқтығы ғана қолымызды байлап отыр. Кардиохирургия деңгейі артқан сайын шетелден келген науқастар саны да арту үстінде. Ал біз барлық науқастарға қолымыздан келгенше көмегімізді аямауға уəде береміз», – деген алтын қолды дəрігер.

 Бəрекелді!

Кіші Рой Джонс Ќазаќстанды əнге ќосты Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Көзі тірісінде аты аңызға айналған кəсіпқой боксшының бірі – кіші Рой Джонс уəдеге берік жігіт болып шықты. Былтыр Қарағандыға келіп, бокстан Ғалым Жарылғаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысқанында Арқа жұртының қонақжай пейіліне риза болып, «Бір əн жазамын!», – деп уəде беріп кеткен болатын. Сол кезде кіші Рой Джонстың Қарағанды рингіне көтеріліп, көрермендер алдында кішігірім концерт қойғаны да спортсүйер қауымның есінде болса керек.

Таяуда кіші Рой Джонстың өзі құрған Body Head Bangerz ұжымы кезекті альбомын жарыққа шығарды. Жинаққа енген алты тректің бесіншісі «Алға, Қазақстан!» деп аталады. Əннің мəтінін əйгілі боксшының өзі жазған жəне хип-хоп мəнерінде орындайтын да бір өзі. Жалпы, жартылай ауыр салмақтағы əлемнің абсолютті чемпионы кіші Рой Джонс – сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Ол – «Матрица: Перезагрузка», «Универсальный солдат-4» деп аталатын блокбастерлерге түскен актер, сондай-ақ, хип-хоп мəнерінде əн айтатын рэпер. ҚАРАҒАНДЫ.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТҮЗЕТУ!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті сауда-саттығының өткізілуі туралы ақпараттық хабарлама «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 7 тамыздағы №149 нөмірінде жəне «Казахстанская правда» газетінің 2015 жылғы 8 тамыздағы №150 нөмірінде жарияланған 2015 жылғы 8 қыркүйекке белгіленген «Жас өркен» ЖШС жəне «Қазақ газеттері» ЖШС мемлекеттік үлестерін сату бойынша сауда-саттықтың өткізілмейтіндігін хабарлайды.


4 қыркүйек 2015 жыл

ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Єажайыптарды ґзіміз жасаймыз

Ќатынас жайы жаќсарады Инвестициялар жəне даму министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков жетекшілік еткен республикалық ақпарат-насихат тобының мүшелері облыс жұртшылығымен кездесулерде басты назарды көлік, жол құрылысы салаларында қордаланған мəселелерге аударып, шешілу жолдарын ортаға салды.

Облыстағы Лебяжі ауданында тұратын Қайрат Шапуовты енді ресейліктер де жақсы білетін болды. Қазір жаз бойы өсірген қауын-қарбыз өнімдерін жинап, шекаралас көршілеріне апарып экспорттауға да кірісіп кетіпті. Жергілікті биолог ғалымдармен бірлесіп жұмыс жасайтын ол қарбыздарды химикаттарсыз өсіреді екен. Өнімнің құрамында бəріміз қорқа беретін улы нитраттар жоқ көрінеді. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өзінің атына сай «Қайрат» шаруа қожалығын құрды. Қожалық 16 жыл бойы қарбыз өсіреді. Тапсырыстарды, тіпті, алдын ала қабылдап алады. Қайрат өсірген ауыл қарбыздары Краснояр, Түмен, Иркутск, Новосібір, Омбыға барады. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, Лебяжінің Шалдай орманына қарасты қарағайлы алқаптарында қарбыз ерте кезден өсіріледі. Біраз уақыт ұмытылып бара жатқан бұл үрдісті Қайрат жалғастырып қолға

алыпты. Қарбыз өсіруге орманды алқап жерлері бекер таңдалмаса керек. Солтүстік өңірдегі «лебяжілік бренд» ретінде танылған өнім облыс тұрғындарын осылай таңғалдырды. Облыста жоғары сұранысқа ие. Нарықтан өз орнын алды. Онымен қоймай, Қайрат қарбыздың отыз түрлі сорттарын

өсіреді. Украинадан, Ресейден əкелінген түрлері бар. Олардың арасында көп жылғы тəжірибенің арқасында өзіміздің қожалықтың да жекеменшік сорттары бар, дейді бақшашы жігіт. Жаңа сұрыптарды өсіруге ғалымдармен бірлескен селекциялық зерттеулердің арқасында қол жеткізіпті. Содан ба, бақшашылар өсірген лебяжілік бір қарбыздың орташа салмағы 10 келіден асады. Тағы бір таңғалатыныңыз, сырты сап-сары, іші қызыл немесе сырты жасыл, іші сары қарбыздарды көресіз. Тіпті, «Фарао», «Великан», «Ред-кристалл» аталатын экзотикалық қарбыздар да бар. Тұтынушылар жақсы көріп таңдайтын қарбыздар қайсы? Дəмі тіл үйіретін «Оранж кинг» пе, қалай еді, дейміз қызыға. Əрине, ол жоғары сұранысқа ие сорттардың қатарындағы қара түсті «Қарапатшайым» қарбызы. Іші қып-қызыл, үгітіліп тұрған тəтті дəмі ауызға өзінен өзі кеп түсе қалғандай əсер аласыз. Бұдан қалса, «Каристан» жəне жаңа «Бомба» сорттары бар. Швейцариялық селекция əдістерімен шығарыл ған «Топ гон», өзіңіз айтқан «Оранж кинг» қарбызы да сүйіктімізге айналып үлгерді, деді қарбызшы Қайрат өзі өсірген өнімдерін еркелете атап шығып. Астанаға көрмеге алып барған қарбыздарыңыз бар еді ғой, деп сұрадық. «Черный принцті» айтасыз ба?» Біле білсеңіздер, қарбыздың бұл сортын ТМД-да біздер ғана өсіріп шығардық. Өте дəмді. Жергілікті жұрт «Қарапатшайым» мен «Черный принцті» іздейтін болғаны да сол, деп қарбызшы бір күліп қойды. Былтыр қарбыз фестиваліне

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

келгенде ауданның басқа да қарбыз өсірушілері аудан орталығына салмағы 15 келіге дейін жететін ала, қара, ақшыл жасыл, дөңгелек жəне сопақ, қызыл жəне жасыл ұлпалы шырынды жидектің ондаған түрін əкелгенін көргеніміз бар. Сонда бұл қарбыздардың ерекшелігін ғалым, бау-бақша дақылдарының селекционері Жарас Мамырбековтен сұраған едік. Бұл жер ерекше. Еліміздің басқа жерінде жоқ. Орынбордағы СольИлецк деген жердің ғана дəл осындай табиғаты бар. Өйткені, бұл Лебяжінің жерінде тұзды көлдер бар. Топырағы қара жəне жерасты сулары жақын орналасқан. Осы факторлар бір орыннан табылып отыр. Қарбызға көп күтімнің керегі жоқ. Арам шөптерден уақытында тазартып тұрса болғаны. Жауыншашынның көмегімен өсіп-өнетін қарбыздар таза экологиялық өнім саналады, деген болатын-ды. Ал қарбызшы Орынбай Кəрімовтің айтуынша, құмды жер суарылмайды, жаңбырмен өседі. Ауданда 9 шаруа қожалығы қарбыз өсірген. Мемлекет оларға егілген бақша дақылының əр гектарына 6 мың теңгеден субсидия бөлген. Аудан əкімінің орынбасары Бейімбет Байжанов мақсат шаруа қожалықтарына көмектесіп, келісімшарттарға қол жеткізуге жəрдемдесу дейді. Қарбыз өсіру мақсатында 1200

гектар жер берілген. Шаруа қожалығы 2012 жылы гектарынан 115 центнерден қарбыз жинаса, қазір бұл көрсеткішті 250-300 центнерге дейін жеткізіпті. Бақша өнімдері жан-жаққа жөнелтіледі. Жалпы, ауданда 10-нан астам шаруашылық қарбыз өсіреді. Бақша дақылдарына 1200 гектар алқап бөлінген. Бақшашылар гектарынан 300 центнерден астам өнім алмақ. Былтыр екі аптаның ішінде 400 мың тонна қауынқарбыз көрші елге жіберіліпті. Қазір асқабақ дəнін өңдеуге арналған украиндық құрал-жабдыққа тапсырыс беріп қойдық. Биылғы күзде мол өнім алып, асқабақ дəнін 20 келілік қапшықтарға салып сатпақпыз. Еуропаның нарығына шыққымыз келеді. Асқабақ тұқымдары шетелде косметикалық өнімдерді əзірлеуге қолданылады, дейді қарбызшы. Аудандағы Қайрат тұратын Шарбақты ауылы – өңіріміздегі үлгілі ауылдардың бірі. Біз қарбызшыға «Қарапатшайымдар», «Черный принцтеріңіз» мол табыс əкелсін деп қоштастық кетерде. Павлодар облысы, Лебяжі ауданы. ––––––––––––– Суреттерді түсірген Владимир БУГАЕВ.

Аймаќтаєы инвестициялар хабына айналу баєытында Индустрияландыру бағдарламасының арқасында Қазақстан аймақтағы инвестициялар хабына айналып келеді. Бағдарламаның бірінші бесжылдығында негізінен заңдық базаларды жетілдіріп, жасау мен инфрақұрылымдарды озық тұрғыда жасақтауға басымдық берілді десек те, салаға құйылған қаржы ағындарының көлеміне қарап, алғашқы айтқанымызды тұжырымдауға негіз бар. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы елдің толығымен инновациялық ұстаныммен дамып, индустриялық мемлекетке айналуы үшін бірінші кезекте инфрақұрылымдарды қажетті барлық талаптарға сай жетілдіру керектігін бағ дарламаның басталар қарсаңында шегелеп айтқан болатын. Нəтижесінде, өз елімізде ғана емес, көрші елдердің де көлік жолдары мен логистикалық қызметтерін дамыту істеріне қозғау салынды. Екі жақтағы екі алып державамен тең дəрежеде келісімге келе отырып, өзге де қоңсы отырған елдерді қатыстырып, ежелгі өркениеттің дамытушы драйвері болған Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту істері қолға алынды. Таяу уақытта жүзеге асырылып болатын халықаралық жоба өзге елдердің дамуына жол ашумен қатар, Қазақстанның да үлкен секіріс жасап, серпінді дамуына мүмкіндік тудырады. Ел ішіндегі бірқатар

7

www.egemen.kz

инфрақұрылымдық мəселелер де тиімді шешімін тауып, бизнестің кең қанат жаюына жол ашылды. Заңдық базалар кеңейтіліп, бизнес пен кəсіпорындардың жаңғыруына мемлекеттік көмек көрсетудің құралы жасалды. Сөйтіп, саяси жəне бизнес элитаға ел экономикасын қайта өңдеу саласы бойынша əртараптандыру үшін арнайы тапсырма жүктелді. Саланың еркін тыныс алып, серпінді дамуы үшін қолайлы бизнес ахуал жасалды. Атап айтқанда, Қазақстанға инвестиция тар ту мақсатымен Салық кодексіне тиімді өзгерістер енгізілді. Ол бойынша, қандай да бір инвестициялық жоба жүзеге асырылатын мерзімде, келісімшартқа қол қойылған күннен бастап кейінгі 10 жылда инвестициялық жобаны жүзеге асыратын инвестор жер, мүлік жəне корпоративтік табыс салығынан босатылатын болды. Осының арқасында, еліміздің өнімді қайта өңдеу секторына инвестиция ағыла бастады. Ұлттық экономика министрлігіндегі

нақты мəліметтерге жүгінсек, соңғы жылдары Қазақстанға құйылып жатқан инвестиция легі артуда. Елімізге келіп жатқан тікелей инвестициялар көлемі тұрақты даму деңгейін сақтап отыр. Тəуелсіздік алған жылдар ішінде елімізге тартылған бүкіл инвестицияның 60 пайыздан астамы соңғы бес жыл ішінде келген инвестицияның үлесінде екен. Сарапшылардың келтіріп жүрген деректеріне зер салсақ, елімізді индустрияландыру бағдарламасы іске асырыла бастаған кезден бері шетелдік инвестициялар көлемі күткендегіден əлдеқайда ұлғайған. Нақты мысал келтірер болсақ, соңғы бес жылда құйылған шетелдік инвестиция көлемі бұған дейінгі 20 жылға жуық уақыттан бері тартылған инвестициядан асып жығылыпты. Үкіметтің кейбір деректерін сөйлетер болсақ, өткен жылдың алғашқы жартысына дейін елімізге Швейцариядан 9,8 млрд. доллар, АҚШ-тан 9,7 млрд. доллар, Қытайдан 8,9 млрд. доллар, Франциядан 5,6 млрд. доллар, Ресейден 5 млрд. доллар, Ұлыбританиядан 4,9 млрд. доллар инвестиция тартылған. Көрсетілген уақыт аралығында Ақмола облысында – 63, Солтүстік Қазақстанда – 40, Алматы облысында – 39, Қостанай өңірінде – 37, Оңтүстік Қазақстанда 30 жоба іске

қосылып, ел игілігіне жаратыла бастаған. Мемлекет басшысы елде ауыл шаруашылығын дамыту мəселелеріне де ден қойып, саланы дамытудың алғышарттары жөнінде Үкіметке тапсырма бергені мəлім. Осының арқасында елді индустрияландыру бағдарламасына бұл сала да енді. Одан шыққан нəтиже де жақсы деуге ауыз барады. Мəселен, Ақмола облысындағы 2000 бас ірі қара малға арналған 2 репродуктор-шаруашылық, Қостанай облысындағы 3000 бас ірі қара малға арналған репродуктор-шаруашылық табысты жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында тəулігіне 80 тонна құрамажем өндіретін жəне 150 тонна күріш салысын өңдейтін күріш ақтау зауыты іске қосылды. Мұндай жағымды ақпараттарды еліміздің əр аймағынан жүздеп келтіре аламыз. Осынау игі істің бəрі еліміздің инвестициялық тартымдылығы мен халқымыздың қабілет-қарымының озық тұрғанының арқасында жемісін беріп жатыр десек болады. Міне, айтылып өткен толағай табыстарға қарап өзіміз де, сондай-ақ, халықаралық сала сарапшылары да Қазақстанды аймақтағы инвестициялар хабына айналып келе жатыр дейді.

Облыс орталығында өткен жүз десуде топ жетекшісі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп бергенін, ұсынған бағдарламалар еліміздің барлық саласын қамтитынын, Ұлт жоспары дағдарысты еңсеру, халықтың əл-ауқатын, өмір сапасын жақсарту, ең дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсаттарын көздейтінін жеткізе келіп, мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып қала беретініне мысалдар келтірді. 11 жоба аясында 7 мың шақырымға жуық жол жөнделеді. Бұл мақсат үшін 2,4 триллион теңге қаражат қарастырылған. Елбасының елімізді халықаралық көліккоммуникациялық үдеріс тер

жүктелетінін еске салды. Өйткені, Астана – Петропавл бағытындағы күре жолдың 325 шақырымы облыс аумағын басып өтеді. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы жайында «Қазав тожол» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Алмаз Ыдырысов, жолаушылар көлігі жəне автомобильдер жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исманов жиналғандарға баяндап берді. Олардың айтула рынша, республикалық жəне облыстық қазынадан жергілікті жолдарды жөндеуге биыл 5,2 миллиард теңге игеріледі. Мұның өзі 250 шақырым жолды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Келлеровкадан Петро павлға дейінгі жолдарды қалпына келтіруге 300-ге жуық техника, 1 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Облыс орталығында 10 көшенің жолдары күрделі жөндеуден өткізіліп, жиектастар ауыстырылды. Басқосуда Петропавл халықаралық əуежайын жаңғыртуға 6,5 миллиард теңге бөлінгені айтылды. Ақпарат-насихат тобы мүшелерінің Қызылжар, Тайынша аудан дарындағы кездесулері де əсерлі болды.

бойынша интеграциялау тапсырмасына орай кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Көлік дəлізін құру екі бағытта атқарылады. Оның біріншісі Ресей мен Еуропаға, екіншісі Қап тауы етегінде орналасқан елдермен тығыз байланыс орнатуды көздейді. «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде республикалық, облыстық тасжолдарды күрделі жөндеуден өткізу жайы жан-жақты қарасты рылған. Мəселен, АстанаПетропавл бағытындағы асфальт жол Ресейдің Қорған қаласына дейін ұзартылып, қалпына келтіріледі. Қазір 106 шақырым жол үстінде қызу еңбек қарқын алған. Жыл аяғына дейін оның 55 шақырымы пайдалануға беріледі. Келесі жылы бұл бағыттағы жол құрылысын толығымен аяқтау көзделген. Ал қаржыландыру 11 миллиард теңгені құрайды. Амангелді Əуезханұлы өңірлерге де ерекше жауапкершілік

Солтүстік Қазақстан облысы.

Балыќ тїбі – байлыќ Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Облыстың балық шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілмек. Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс бассейні еліміздегі балық шаруашылығы бойынша үшінші орынды алады. Жақында өткен жиында облыс басшысы Д. Ахметов балық шаруашылы ғын дамыту үшін кешенді жоба қарастыруды ұсынды. Облыстағы аталмыш шаруашылықтың жай-күйін қадағалап, зерделеген арнайы жұмыс тобы өкілдері де біршама маңызды мəселелерді ортаға сал ды. Балық шаруашылығын дамыту үшін ең маңызды аудандар Күршім, Көкпекті, Тарбағатай өңірлері болып табылады екен. Семей қаласы мен облысқа қарасты 6 ауданда балық шаруашылығының үлесі молаю үшін

осы салаға тиісті мамандарды дайындауды да жолға қою қажеттігі туралы айтылды жиында. Айта кету керек, балық шаруашылығы ма ман ды ғын игеру қиын да қызық. Себебі, қазіргі таңда табиғи су қоймаларымыздағы аса құнды балық түрлері жəне оларды жасанды көбейту жолдарымен санын арттыру жұмыстары атқарылуда. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Жарма, Зырян, Көкпекті, Күршім, Риддер, Тарбағатай, Ұлан, Ұржар, Шемонаиха аудандары мен Семей, Өскемен қалаларында 100-ге тарта жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандары мен көлдері орналасқан. – Өсіп келе жатқан жас пер зент сияқты балық шаруашылығының да болашағы зор, осы

саланы меңгерген кадрлар даярлау арқылы біз мемлекетіміздің көр кеюіне де, болашақ жастар қоғамы ның жұмыспен қамтылуына да үлес қоспақпыз, – дейді Семей қаласындағы Қазтұтынуодағы агробизнес жəне экономика колледжінің директоры Тұрсын Жандыбаев. Оның айтуынша, халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау жəне өсірумен өңдеу мен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы адамның денсаулығына, тұрмыстіршілігіне аса қажетті əрі пайдалы сала. «Балық түбі – байлық» демекші, байлығымызды сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, дұрыс пайдаланып, өсімін молайту осы сала мамандарына жүктеледі. СЕМЕЙ.

Белсенділік артып келеді Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Ақмола облысында мүлікті жария ету бойынша Целиноград ауданы көш бастап келеді. Одан кейінгі сатыдағы Көкшетау қаласы да белсенділікті арттыра түсуде. Жалпы, тамыз айының алғашқы онкүндігіндегі дерек бойынша, жергілікті

атқарушы органдарда құрылған арнайы ко миссияларға 1784 нысанды жария ету жөнінде 965 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды облыстық мемлекеттік кірістер департаменті. Мұның ішінде тұрғын үйлерге қатысты – 645, жылжымайтын мүлікті заңдастыруға 1139 өтініш тіркелген. Əсіресе, Көкшетау қаласында жеке тұлғалардың тұрғын үй қорын жария етуге ден қоюы артқан.

Барлық нысандардың құны 7,7 миллиард теңгеге бағаланса, коммерциялық активтер мұның үштен бірін құрап отыр. Бүгінгі күнге азаматтар мен заң ды тұлғалардың 1115 нысанды құрай тын 523 өтініші заңды түрде қанағаттандырылды. Оның құны 4 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Ақмола облысы.

Айналма жол айнадай жарќырайды Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінде жұрт «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дəлізінің ғасыр құрылысы екеніне көз жеткізіп, сол алып құрылыстың біздің елімізде жүріп жатқаны, біздің елдің жүрексінбей, осындай алып жобаны қолға алғанын мақтанышпен айтып жүретін жағдайға жетті. Əрине, жаңа жол салынып жатқандықтан көлікпен əрі-бері қатынаушылар үшін біраз қиындықтар болғаны рас. Бірақ, мұның бəрі уақытша қиындық еді. Кешегі аптада «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізінің тағы бір бөлігі пайдалануға берілді. 65 шақырымды құрайтын бұл тас жол облыс орталығы Тараз қаласын айналып өтіп, Байзақ жəне Жамбыл аудандары арқылы өтеді. Жолдың 8 шақырымға жуығына бетон, ал қалған 57 шақырымына асфальт жамылғысы төселді. Қазір арнайы белгілер мен жылдамдық көрсеткіштері орнатылып, құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Халықаралық магистральдың осы бір бөлігін салу үшін 18 миллиардқа жуық теңге жұмсалды.

– Жасыратыны жоқ, бұған дейін Тараз қаласын айналып өтетін жолдың жағдайы, сапасы өте нашар еді. Содан болар, кейбір ауыр жүк көліктері қаланы қақ жарып өтіп, бұл өз кезегінде көлік кептелісін тудыратын. Жəне жол қауіпсіздігіне де қатер төндіретін. Міне, енді жаңа жолдың пайдалануға берілуі осы мəселелердің бəрін шешіп отыр. Тағы бір айтары, жаңа жол сол маңдағы ауылдардың тіршілігіне серпін береді

деп ойлаймын, – дейді Жамбыл облысы əкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков. Айта кету керек, бұл халықаралық жолдың 495 шақырымы Жамбыл облысының аумағын басып өтеді. Жамбыл облысы. ––––––––––––

Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

1


8

www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

Ел экономикасының одан əрі дамуына теріс əсерін тигізіп отырған бірқатар сыртқы факторлардың арғы астарын алыстағы ауыл тұрғындары аңғара алды ма? Əлбетте бұл сауалға ең керемет, ғажайып деген бүгінгі байланыс құралдары мен ақпараттық технологиялар арқылы толыққанды жауап беремін деудің өзі құр, бос əурешілік болар еді. Оның үстіне естігеннің жалғаны болар, көргеніңді айт делінетін халықтық тəмсіл де бар емес пе?!

ҮКІМЕТ

Ґѕір тіршілігі тас-тїйін Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Сондықтан да біз көкейге келген осы мəселеге көз жеткізу үш ін Нарын құмының етегінде орналасқан шалғайдағы Жаңақала ауданына, тағы бір баламалы тіркеспен айтқанда тарихы терең, қойнауы құт Қамыс-Самыр еліне шұғыл іссапарға аттанған едік. Мұнда ең алдымен байқалғаны аудан жұртшылығының бүгінгі дағ дарысты жағдайға байыппен сарабдалдықпен, парасаттылықпен жəне терең түсіністікпен қарай білгендері дей аламыз. Əрине, барлық жердегідей Қамыс-Самар елінде де бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі штаб құрылған. Оған Жаңақала ауданының əкімі Лавр Хайретдинов басшылық жасайды екен. Сөз жоқ, қазіргі жағдайда мұндай штабтар қажет те шығар. Əйт се де ел-жұртқа деген шынайы жанашырлық сезімі жетіспеген жағдайда, кейбір пайдакүнемдердің арға емес, жеке бас пайдаға артықшылық берер əрекеті үстем түскен кезде бұл штабтар дың құны көк тиын болып қалмасына кім кепіл? Штабтар – уақытша құрылым. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұлар өзінің ықпал ету тетіктерін тоқтататыны да талассыз. Содан кейін қайткенде де көз алдау көріністері орын алуы əбден мүмкін ғой. Алайда Қамыс-Самар еліндегі кəсіп жəне сауда орындары иелері тара пынан екі-үш күн жүргенде мұндай арсыз, лас іс-əрекеттерді байқай алмағанымызға ең алдымен өзіміз қуанғанымызды қайтерсіз. Ар-ождан тазалығы мен өз ауылдастарына деген құрметтің бір көрінісі деп осыны айтыңыз. Жаңақала жерінде тұрғындарға өте қажетті, олар ең бірінші қолданысқа тұтынатын 33 азық-түлік тауарлары түрлерінің бағаларын өсірмеу жөнінде жоғарыда айтылған штаб мүшелерінің шешімі алыныпты. Бұл тəртіп те желдің өті мен жердің шетіндегі ауданда бұлжымай орындалып келе жатқанына көз жеткізіп оралдық.

Жаңақала – малды өңір. Сондықтан да мұнда мал өнімдерін өндіру мен өңдеудің мол мүмкіндіктері бар екенін де айқын аңғардық. Осы орайда тағы бір айтайын дегеніміз, Қамыс-Самар еліндегі асыл тұқымды еділбай қойын өсіретін «Бірлік» асыл тұқымды мал зауыты» ЖШСнің жетекшілері тиімді де пайдалы қадам жасапты. Олар көршілес Ақжайық ауданында салынған марқа қозының етін өңдеу жөніндегі кешенге 110 бас еділбай қойының қозысын тапсырыпты. Рас, аталған кешен өзінің толық қуатында қызмет жасап үлгермей жатқандықтан, кейбір кедергілер де кездесіпті. Əйтсе де көш жүре түзеледі дегендей, мұның өзі уақыт өте келе қалпына келетін, өз арнасына түсетін іс деп білеміз деді, бұл жөнінде газет тілшісіне Жаңақала аудандық əкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Семенов. Жоғарыда айтылғандай, ауданның негізгі экономикасы мал өсіруге бағытталғандықтан ҚамысСамар елінде ет жəне ет өнімдерін тұрғындарға тиімді бағамен сатудың оңтайлы жолдары белгіленгені де құптарлық қадам деуге болады. Аудан орталығындағы арнаулы павильондар мен ет дүкендерінде сиыр еті – 800, қой еті – 700 жəне жылқы еті 850 теңгеден сатылуда. Сонымен бірге, қымыз жəне құрт, қаймақ, ірімшік, айран секілді жергілікті сүт өнімдерінің бағасы да өзге өңірлермен, соның ішінде, облыс орталығымен салыстырғанда əжептəуір төмен. Ең бастысы, бұл өнімдердің табиғилығы, қан дай да бір болмасын қосымша дəмдеуіштер мен химиялық қоспалар қосылмағаны өнімдер құндылығын көтере түседі. Ауданның Пятимар, Жаңақазан, Бірлік жəне Мəстексай ауылдық округтерінде бірқатар жергілікті тұрғындар мен кəсіп иелері жəне шаруа қожалықтары бау-бақша өнімдерін өсіріп, жергілікті халыққа ыңғайлы бағамен ұсынып отырғаны да атап айтуға тұрарлықтай. Аудан орталығында мал жəне бау-бақша

өнімдерінің, өзге де кең көлемдегі азық-түлік түрлерінің жəрмеңкесін өткізу дəстүрге енгізіліпті. Мұнда аталған өнімдер қолжетімді бағамен тұрғындарға сатылып жатқанына куə болдық. Тағы бір атап өтерлік мəселе, аудандағы 9 ауылдық округтің жетеуіне құбырлар арқылы техникалық су жеткізілген. Бұл осы ауылда тұратын отбасылардың жеке бау-бақша шаруашылықтарын дамытуға қолайлы жағдайлар қалыптастырған. Əйтсе де іссапар барысында аудан жұртшылығын толғандырып отырған жайттар да бар екенін айқын аңғардық. Соның ең бастысы биыл Қамыс-Самар елі аумағындағы өзен-көлдердің тартылып кеткені, оның үстіне облыстағы Дөңгелек жəне Сарышығанақ су құбырларынан, Айдархан магистральды каналынан келетін су мөлшері де мүлдем тыйылып тоқталуға таяу тұр екен. Мұндай көрініс тек Жаңақала ауданында ғана емес, тұтастай Орал өңіріне де тəн десек қателік болмас деген ойдамыз. Бұл күрделі ахуал «ҚазСуШар» РМК секілді су шаруашылығымен айналысатын республикадағы ведмостволық кəсіпорындар мен құрылымдар жетекшілерінен тиянақты тактика мен сындарлы стратегия белгілеуді əрі кəсіби тұрғыдан шеберлік танытуды талап етеді. Бүгінде судың да сұрауы бар дегендей, көршілес ел Ресейден, Еділ өзенінің жоғарғы сағасынан ауыл шаруашылығы саласына қажетті суды екі жаққа да тиімді бағамен сатып алу қажеттілігі де айқын сезілуде. Оңтайлы тактиканың керек тұсы да осында болса керек. Су – ырыс көзі. Осындай күрделі мəселенің түйіні біртіндеп шешілсе, ел экономикасында қалыптасып отырған күрделі ахуалға тас-түйін əзір шалғайдағы Жаңақала жұртының ырысы одан əрі молайып, еңсесі одан əрі көтеріле түсетініне сенім мол. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы.

Ќымбатшылыќтыѕ ќабаєын жəрмеѕке жазады Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанайда биылғы күздің алғашқы жəрмеңкесі өтті. Тең ге бағамы еркін айналымға жіберілгелі қымбатшылықтың қабағы қос танайлықтарды ойландырып тастағандай еді. Жаппай тұтынатын тауарлар түрлерінің, киім-кешектің қымбаттайтынына жұрт көндіккен, түсінген көңілмен қарайтын секілді. Ал күнделікті дастарқаннан түспейтін азық-түліктің қымбаттайтыны кімнің де болса шымбайына бататын түрі бар. «Жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді» дейтін ет емес пе? Етсіз қалай отырасың? Ал базар нарқы да теңгенің еркін айналымымен бірге көтеріле берсе, зейнетақы қайсысына жетеді? Жəрмеңке жақсы болды, жаңа сойған малдың етінің бағасы базарға қарағанда, арзан екен, көтергенімше алдым, дейді Қостанай қаласының тұрғыны Жамал Медебаева қария. Базарда сиыр етінің бағасы 10001200 теңгеден төмен емес. Ал жəрмеңкеде семіз сиырдың еті 800-900, қой еті – 950-1000, шошқа еті 750 теңгеден сатылды. Жылқы етінің килограмы да 1000-1100 теңгеден асқан жоқ. Қостанайда азық-түлік жəрмеңкесінің өткені бір бұл емес, жыл сайын дəстүрге айналған. Бірақ биылғы жиын-терім басталғалы бірінші рет өткен «Алтын күз2015» жəрмеңкесінің ерекшелігі бар. Теңгенің еркін айналымға шы ғып, қымбатшылықтың салқыны соққанда тұрғындар осы жəрмеңкенің өтуін күткені рас. Картоптың бір килосының бағасы базарда 55-60 теңгеден кем емес, одан да қымбат. Ал жəр меңкеде биылғы жылдың

2

картобын 45 теңгеден алдық. Өсімдік майының бір литрін 240 теңгеден алдық. Ондай баға қазір дүкенде де, базарда да жоқ, дейді алған азық-түлігін машинасына теңдеп салып жатқан қала тұрғыны Жуаспаев. Көкөністен қырыққабаттың бағасы – 50, сəбіз – 70, пияз 60 теңге болып белгіленді. Басқасын айтпағанда, сəбіздің килосы базарда 100-150 теңге екенін айтсақ та жеткілікті. Алтын күздің алғашқы жəрмеңкесі Қостанай қаласының екі тұрғын ауданында жəне орталығында ұйымдастырылды. Оған облыс өңіріндегі 16 аудан мен қаладан шаруашылықтар, кəсіпорындар өздері өндірген өнімдерін əкелді. – Жəрмеңкеге 25 тонна ет, 45 тонна картоп пен көкөніс, 4 тон на өсімдік майы, 110 мың дана жұмыртқа, ұн жеткізілді. Оның сыртында қаладағы жəне аудандардағы ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу кəсіпорындары ет, сүт өнімдерін шығарды, омартамен

айналысатын шаруашылықтар, жеке кəсіпкерлер балын, балықшылар балығын сөреге қойды. Азық-түліктің бағасы базардағыдан 20-30 пайызға арзан сатылды, – дейді Қостанай қалалық əкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғизат Қаленов. Жəрмеңке сөресіне өндірген өнімін шығарамын дегендерге ешқандай шектеу болған жоқ. Бұл бір жағынан, қала тұрғындарына арзан азық-түлік ұсыну болса, екіншіден, жомарт күздің берген несібесін жинап жатқан ауылдағы шаруалар мен диқандарға да тиімді. Жəрмеңке енді алдағы уақытта үзбей өтіп тұратын болады. ҚОСТАНАЙ.

ҮКІМЕТ 400 жўмыс орны ўсынылды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Облыс орталығында жыл басынан бері сегізінші рет бос жұмыс орындары жəрмеңкесі өткізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерекесіне орайластырылып өткізілген жəрмеңкеге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жеке бизнес ашу жəне кеңейту мақсатында мемлекеттен шағын несие алған кəсіпкерлер де қатысты. Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нəйлə Бөртебаеваның айтуынша, елімізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатқан 2011 жылдан бері бағдарламаға қатысқан 6922 адамға əлеуметтік қолдау көрсетілген. Ол жəрмеңкені өткізудегі мақсат елімізде

əрбір азаматтың бейбіт өмір сүруі, еңбек ету бостандығы, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдау құқықтарын сақтай отырып, Елбасының – «100 нақты қадамының» 84-і қадамын жүзеге асыру, яғни əлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейту, жұмыссыз, өзін-өзі қамтитын аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту болып табылатынын жеткізді. Жəрмеңкеге қаланың 50 кəсіпорны қатысып, 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың қатарында «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты», «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» акционерлік қоғамдары мен «Кірпіш зауыты», «Ремпассажирвагон-2», «Ақтөбеэлектросетьстрой», «Энер го система», «Оксибилд» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жəне басқа кəсіпорындар бар. Яғни, таңдау бар, талапты жасқа жұмыс та табылады. Тек ынта болсын де.

Қазақстан Республикасы ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық саябақта өткен жəрмеңкеде мүмкіндігі шектеулі жандардың қөлөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды. Жəрмеңкеде аталған бөлімнің заңгер жəне жауапты мамандары шілде

айынан бастап жүзеге асырылып жатқан «Өрлеу» жобасымен таныстырды. Жəрмеңке аясында арнаулы орта оқу орындарының өкілдері қала тұрғындары арасында ақ параттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақтөбе облысы.

Ізденген жетер мўратќа Нұрбол жіптей жалғасып жатқан байланыс саласын меңгеруді бала кезден армандаған. Шанақ бекетінде қой бағып, қозы қарап жүргенде-ақ, теміржол бойында кабель қазып, бағдаршам жөндеген байланысшылар жұмысын қызықтаудан жалықпайды екен. Оған қоса əкесі де, атасы да теміржолшы. Өскенде теміржолшы боламын деген арманынан айнымады. Мамандық алған соң төрт жылдың ішінде монтер, механик сатысынан өткен Нұрбол Түймебеков бүгінде Сарыағаш пен Дарбаза бекеттерінің СОБ, яғни орталықтандырылған автобұғаттау бекеті бойынша аға электрмеханигі. Ендігі басты мақсаты – кəсібиліктің шыңына шығу. «Ізденген жете мұратқа» деген осы болар. Атасы Таласбек Қостүйін бекетінде жолшы болған екен. 1969 жылы Шанақ бекетіне көшіп келген соң осы жұмысын жалғастырыпты. Əкесі Тəуекел де Арыс белгі беру жəне байланыс дистанциясының Сарыағаш желілік аппарат залында механик болып еңбек етеді. «Мектеп бітірген соң ҰБТ-дан 106 балл жинадым. Ұстаздарымның бірі химияға, бірі математикаға тартты. Ешқайсысына көңілім толмады. Алматыдағы М.Тынышбаев атындағы Көлік жəне коммуникация академиясына тартым да кеттім. СОБ – түсіне білген адамға өте қызық мамандық. Орын алған ақауларды іздеп отырып тапсаң бойыңды қуаныш кернейді. Себебі,

əрбір ақаудың артында апатты жағдай тұратыны санамызға сіңіп қалған. Біздегі ең көп ақаудың бірі – қысы-жазы бағдаршамдардың бір сəтте қызыл түске жалған жануы. Қыста байланыс шкафтарының артындағы кішкентай сымдары аязда тартылып немесе ажырап кететіндіктен, байланыс үзіліп, тоқ өтпей, жалған жанады. Ал жазда бұл жағдай көбіне жолшылардың жұмысынан туындайды. Мəселен, түйіспелі жерлерге дөңгелектерден түскен ұсақ қиқым жиналып қалуы мүмкін. Соның əсерінен белгі беру нүктесі аяқ астынан қызыл түске жанып, қысқа мерзімге тұйықталып қалады. Былай көзге көрінбеген соң, оның қай жерінен қате кеткенін іздеп отырып табуың керек. Тапқан соң оны дəлелдеп, суретке түсіріп көрсетеміз. Біз ақауды іздеп жатқанда пойыз тоқтайды. Мен мұндай ақаулардың бірқатарын тауып, жөндегенмін», – дейді Н.Түймебеков. Алғаш аға механик болғанда əріптес ағалары əр сұрақтың шетін бір шалдырып, біраз сынаған көрінеді. Сондайда нұсқаулықтардан бөлек оқуда жүріп жинаған кітаптары бар, СОБ жайлы журналдарды жиі

оқып, ағалардың «емтиханынан» өтіпті. Қанша білем дегенмен, арагідік оқулықтарды бір сүзіп, білім жетілдіріп, соңғы жаңалықтармен танысып отыру аудай қажет дейді жас жігіт. Жақында Ақтөбеге барып 20 күндей біліктілікті жетілдіру курсын оқып келсе, өткен жылы Астанада еңбек қорғау мен қозғалыс қауіпсіздігі бойынша білімін толықтырған. Астанадағы Көліктегі технологиялар орталығында байланыс белгілерін микропроцессорлық жаңа жүйе арқылы оқытқанын, орталықтан көп нəрсе үйренгенін, теміржол саласында осындай заманауи білім беру орталықтарының қанат жайып жатқанына қуанатынын да жасырмады. Нұрболдың пайымдауынша, білгісі келген маманға нұсқаулықтың өзі де көп нəрсе

үйретеді. Тек ерінбеу керек дейді. Жас келсе іске деген, бес жыл бұрын 22 жасында еңбекке араласқан маман аз уақытта төселіп, 2011 жылы 28 жылдан бері ауыстырылмай тұрған 7 релелік шкафтарды түбегейлі жаңартуға үлес қосады. 2013 жылы СОБ құрылғыларының ең «жанды жері» атанған кабельдік жүйелер 1986 жылдан бері бірінші рет тұтас жаңасымен ауыстырылғанда да барлық жұмыстың басықасында жүрген. Əр сəрсенбіде Сарыағаш пен Дарбазадағы СОБ мамандарымен қатар, екі стансаның кезекшілеріне техникалық дəріс оқиды. Динара МЕЙІРМАН. Оңтүстік Қазақстан облысы. ––––––––––––––– Суретті түсірген автор.

Транзиттік контейнерлік пойыз тасымалы артуда Биылғы жылдың жеті айында Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік контейнерлік пойыздар саны үш есеге жақын артты. 2014 жылы Қазақстан аумағы арқылы өткен контейнерлік транзиттік пойыздар саны 80ғана болса, биылғы жылғы жеті айда 234 пойыз жасақталып, үш есеге артқандығы байқалды. Жыл қорытындысы бойынша, 40 мың контейнерден тұратын 510 контейнерлік пойыз жасақтау жоспарланып отыр. Көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда, 40 есеге жоғары. Қазіргі таңда əлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты дəстүрлі бағдардағы жүк

тасымалының төмендегендігі жасырын емес. Соған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы жаңа транзиттік үш бағдарға басымдық беріп отыр. Оның ішінде Шығыс – Батыс (Қытай – Еуропа – Қытай), ТРАСЕКА (Қытай – Түркия – Кавказ елдері),Солтүстік – Оңтүстік (Қытай – Ресей – Үндістан, Парсы шығанағы елдері) бағдары таңдалды. Ұлттық компания жүрдек контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру арқылы сыртқы нарыққа өз қызметін ұсына бастады. Контейнерлік та сымалдың артуы теңіз тасымалына қарағанда, соңғы

жылдарғы құрлық арқылы жүк тасымалдауға көңіл аударылғандығы себеп болып отыр. Оның ішінде ең үлкен сұранысқа ие болып, табысты жүргізіліп жатқаны Қытай-ЕуропаҚытай бағдары. 2011 жылдан бері Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға тұрақты контейнерлік пойыз жүре бастады. Содан бері тасымалдау көлемі 17 есеге артты. Оны өткізу белгіленген кестеге сай, тауарларды қысқа мерзімде «есіктен-есікке дейін» тəртібімен 14-15 тəулікте жеткізеді. Биылғы шілде айында Шихэцзы (Қытай) – Достық

– Ақтау порты (Қазақстан) – Кишлы (Əзербайжан) аумағы арқылы тұңғыш контейнерлік пойыз ұйымдастырылды. Бұл арқылы Қытайдан шыққан жүктерді Кавказ елдері, Еуропаға, Түркияға жеткізуге болатындығы дəйектелді. Оның сыртында Солтүстік – Оңтүстік көлік дəлізін барынша тиімді пайдалану мəселесі қарастырылуда. Түрікменстан, Иранның қатысуымен бəсекелестікке сай, қосымша жүк ағындарын тарта отырып, оларға жеңілдіктер қарастыру мəселесі алдыңғы қатарда тұр. «Егемен-ақпарат».

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары: Қазақстан Республикасының Үкіметі

www.government.kz

Денсаулық және әлеуметтік

Ауыл шаруашылығы министрлігі

minagri.gov.kz

Ішкі істер министрлігі

mvd.gov.kz

даму министрлігі

www.mzsr.gov.kz

Энергетика министрлігі

www.energo.gov.kz

Қорғаныс министрлігі

www.mod.gov.kz

Қаржы министрлігі

www.minfin.kz

Ұлттық экономика министрлігі

www.minplan.gov.kz

Білім және ғылым министрлігі

www.edu.gov.kz

Әділет министрлігі

www.adilet.gov.kz

Инвестициялар және

Сыртқы істер министрлігі

www.mfa.gov.kz

Мәдениет және спорт министрлігі

www.mki.gov.kz

даму министрлігі

www.mid.gov.kz


● Дүние жəне дағдарыс

«ЄАСЫР ЌАСІРЕТІ»: БОСЌЫНДАР ПРОБЛЕМАСЫНА КІМ КІНƏЛІ?

Еуропалыќ одаќ тыєырыќќа тірелді Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан кəрі құрлыққа толассыз ағылған босқындар тасқыны Еуропалық одақты титықтатып бітті. «Заңсыз мигранттар», «уақытша босқындар» деп қанша алдаусыратқанмен бұл проблема шын мəнінде «ғасыр қасіретіне» айналғалы отыр. Бүгінде бұл өңірлерден мыңдаған мигранттар емес, тұтас бір халықтар ауа көшіп, босқынға айналуда. Мүйізі қарағайдай еуропалық саясаткерлер осы мəселені терең зерттемей, Еуропаға толассыз ағылған босқындардың проблемасын Еуропалық одақ көлемінде ғана шешуге тырысып, «жауырды жаба тоқумен» шұғылдануда. «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?» демекші, халықтар қасіретіне айналған босқындар проблемасы қалай туды? Тұтас бір халықтардың туған жер, атамекенін тастап, шұбыра көшуінің себебі не? Кім кінəлі? Кейбір саясаткерлердің пікірінше, Еуропаға ағылған босқындар тасқыны еуропа лықтардың қалыпты тіршілігін түбірімен өзгеріске ұшыратуы

9

www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

мүмкін. Биылғы жылы кəрі құрлыққа қоныс аударған заңсыз мигранттар қатары бұрынсоңды болып көрмеген межеге жетті. 2015 жылдың өткен 7

айы ішінде ғана Еуропа шекарасын 340 мың заңсыз мигранттар бұзып кірген. Бұл өткен жылдың сəйкес мерзімімен салыстырғанда 3 есе көп. Заңсыз мигранттар

бұрын да болған. Бірақ мұндай көлемдегі халықтар босқыны Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ерекше алаңдатарлық межеге жетіп отыр. Жақында Еуропалық комиссия Францияға 5 миллион еуро қаржы бөлуге шешім қабылдады. Бұл қаржы француздың Кале қаласының маңындағы Ла-Манш тоннелінен шығатын жерде мигранттарға арналған шатырлы қалашықты абаттандыруға жұмсалмақ. Дəл осы кезеңде Кале қаласына келген Франция премьерминистрі Манюэль Вальс бүкіл Еуропаны босқындар мəселесін шешуде бірауыздылыққа келуге шақырды. Алайда, Еуроодақ елдерінің арасында бұл келелі мəселеде ортақ көзқарас жоқ. Тіпті, босқындар мəселесінің ушыққаны сондай, Еуропалық одақты ыдырату қаупін де туғызатын түрі бар. Оған Франция жəне Венгрия мемлекеттері арасында қалыптасқан дипломатиялық келіспеушілік куə. Еске сала кететін болсақ, 29 тамыз күні Францияның сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Венгрияның Сербия мемлекетімен арадағы шекараны тікенек сым қоршауы арқылы бөлу қадамына қарсы пікір айтты. Оған жауап ретінде Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто елдегі Франция елшісін шақырып, түсінік алған. Ла-Манш жағасындағы босқындардың заңсыз орнатқан шатыр қалашығы үлкен даудамайдың басы болды. Босқындар Ла-Манш тоннелі арқылы өтетін пойыздарды тоқтатып, екі ел арасындағы жол қатынасына үлкен кедергі келтіруде. Ла-Манш жағалауында орын алған осы бір үлкен проблеманы шешуге

Еурокомиссия барлық мүмкіндігін салып-бағуда. Босқындардың шатырлы қалашығын абаттандыру үшін жоғарыда айтылған 5 миллион еуродан басқа, бұдан бұрын еуропалық бюджеттен 7 миллион еуро сонымен бірге, Ұлыбритания тарапынан көмек ретінде 35 миллион еуро қаржы бөлінді. Сарапшылардың ескертуін ше, Кале қаласының маңындағы босқындардың шатырлы қалашығын қанша абаттандырғанмен де Таяу Шығыс жəне Африка елдерінен ағылған мигранттар тасқынын тоқтату мүмкін емес. Тек өткен шілде айында ғана Еуроодақ шекарасынан 100 мың заңсыз мигранттар өткен. Жағдай осылай болып отырғанда, Еуропа одағының бірқатар мемлекеттері миг рациялық жəне шекаралық бақылауды күшейтуді талап етуде. Бұл ретте, шұғыл шешім қа былдаған Венгрия Еуроодақ билігі тарапынан үлкен сынға ұшырауда. Будапешт ең бірінші Сербия мемлекетімен арадағы шекарасын жабатындығын мəлімдесе, кейіннен екі елдің шекарасына тікенек сымнан биіктігі бірнеше метр болатын қорған орнатты. Еуропалық одақты заңсыз мигранттар тасқыны тығырыққа тіреді. Осыған дейін бұл мəселеге байланысты ЕО билігі бірнеше рет бас қосқан болатын. Бірақ оны шешудің нақты кешенді жолын таба алар емес. 14 қыркүйекте Еуроодақ мемлекеттерінің көшбасшылары Брюссель қаласында өтетін тағы бір кезектен тыс сам митке жиналмақ. Бұл саммитте кəрі құрлық үшін үлкен қауіпке айналған халықтардың ұлы көші-қонының проблемасы талқыланбақ.

Ла-Манш кептелекке тап болды

1 қыркүйек күні Франция жəне Ұлыбритания мемлекеттері арасындағы теміржол қатынасы тағы да тоқтады. Ла-Манш тоннеліне Франция тарапынан кіретін Кале стансасының жанындағы теміржол торабының ұзына бойына адамдар отырып алып, пойыздардың жүрісін тоқтатқан.

Guardian басылымының хабарлауынша, Кале қаласы маңындағы теміржол торабы үстіне жүздеген мигранттар отырып алған. Соның салдарынан Франциядан шыққан 5 пойыз тоқтатылған. «Пойыздар тоннельге кіре алмайды. Себебі, Кале қаласы маңындағы теміржол үсті толған заңсыз мигранттар», деп хабарлайды Eurostar қызметкерлері. Заңсыз мигранттар бастарын бəйгеге тігіп, қайткен күнде де Ла-Манш тоннелін кесіп өтіп, Ұлыбританияға кіруге асығады. Ұлыбритания тарапынан босқындарды кіргізбеудің барлық айлашарғылары жасалуда. Қазір Кале қаласының маңында Ла-Маншты кесіп өтуге талпынған 1,5 мың мигрант шоғырланып қалған. Eurotunnel компаниясының деректері бойынша, жыл басынан бері Франциядан тоннель арқылы Англияға өтпек болған 37 мигрант ұсталыпты.

ДҮБІРГЕ

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Сирия сырттан кґмек кїтеді Мамадияр ЖАҚЫП, журналист.

Сириядағы шиеленісті ондағылардың өздері шеше алмайтыны айдан анық. Сондықтан да оған АҚШ пен Ресей сияқты елдердің араласқанын құп көресің. Олар да өз тараптарынан бастамашылық танытып, əрекет жасап жатқаны да құптарлық-ақ. Бірақ əзірге оның нəтижесі көрінбей отыр.

Осыдан бұрынырақ Ресей Сыртқы істер министрлігі Сирия оппозициясы өкілдерін Мəскеуге шақырып, келіссөздер жүргізгенін жазғанбыз. Оппозиция Башар Асадпен келісуден үзілді-кесілді бас тартты. Ал Мəскеу қалай да оны сақтап қалудың жолын іздейді. Келісімге қол жетпегенмен, бұл келіссөздің нəтижесі болды десек жөн – оппозицияның Башар Асадқа деген ымырасыз көзқарасы айқындалды. Алда бұл ескерілмесе, Сирия шиеленісі шешілмейді. Бұқаралық сипат алған оппозицияны жойып жібере алмайсың. Ал Асадты ауыстыруға мүмкіндік бар. Осындай жағдайда сырттың араласуы, ең алдымен АҚШ пен Ресейдің, БҰҰ-ның араласуы қажет-ақ. АҚШ-тың Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Майкл Ратнидің Мəскеуде, онан соң Сауд Арабиясы мен БҰҰ-да жалғасатын сапары да осы мақсатты көздегені анық еді. Осы жерде айта кететін бір жай: Ратнидің Мəскеудегі келіссөзін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Дохада жəне Куала-Лумпурдағы келіссөздерінің жалғасы дерлік. АҚШ-тың ресми өкілі Мəскеуде РФ Сыртқы істер минис трінің орынбасары Михаил Богдановпен келіссөз жүргізді. Күткендегідей Мəскеу Сирия президенті Башар Асадты қалай да билікте қалдыру ұстанымынан қайтпады. Олар «Ислам мемлекеті» делінетіннің радикалдарына қарсы күресте

Асадтың əскери күшін пайдаланған жөн дейді. Бұл келіссөздің нəтижесі деп Ресейдің өз райынан қайтпайтындығына көз жеткізу десе де болар. Ал АҚШ Башар Асадты жалпы демократияға кедергі жасайтын, аймақта жағдайды шиеленістіретін тұлға санайды. Ратнидың Мəскеуден кейінгі тоқтайтын жері – Эр-Рияд. Сауд Ара биясының бұл мəселедегі көзқарасы айқын. Оны ел сыртқы істер министрі Əдел əл-Жубейр Мəскеуде барынша ашып айтты: «Асадтың мəселесі шешілген, – деді ол. – 300 мың қырылған халықтың, 12 миллион елден безген адамның күнəсін де, қасіретін де арқалаған адамның билікте қала алмайтыны анық». Вашингтон мен Мəскеу тіл табыса алмай отырғанда, жұрттың үміті БҰҰ-да болатыны заңды. АҚШ өкілі Майкл Ратнидың БҰҰ-ның Сирия жөніндегі өкілі Стеффан де Мистурамен келіссөзінің мазмұны бізге белгісіз. Сөйтсе де БҰҰ АҚШ пен РФ екеуінің де көңілінен шығатындай шешім қабылдай алмайтыны жəне анық. Сонда 2003 жылғы Ирактағы жағдай Сирияда қайталанбас па екен деген үрей көңілге оралады. Сонда шектен шыққан Саддам Хусейнді тəубесіне келтіру үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі оны еркімен кетпесе, күшпен кетіру жөнінде шешім шығарғанда, Ресей өзінің вето құқын пайдаланып, сол шешімді қабылдатпай тастаған. Сонда АҚШ Иракқа басып кіріп, елдің жаңа үкіметі Хусейнді дарға асқаны бар. Егер БҰҰ шешімі қабылданып, ол жүзеге асқанда, яғни Хусейн биліктен еркімен кеткенде, ол аман қалар еді, елде қантөгіс те болмас еді. Сол Ирактағы жағдай бүгін Сирияда қайталанбаса екен дейсің ғой. Еркімен кетсе, Асадтың басы аман қалуы мүмкін.

Хиллари Клинтонды аяќтан шалатындар кґп

АҚШ-тың президенті кім болады деген сұрақ жұрттың көпшілігін елеңдетеді. Осыдан шамалы бұрын демократтардың өкілі, елдің бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонға сайлаушылардың ықыласы ауатындай көрінсе, енді оған күмəн келтіретіндер қатары көбейді.

Ќарапайым тўрєындар ќайырымдылыєы Исландияның 10 мың тұрғыны өз үйлеріне Сириядағы соғыстан қашқан босқындарды қабылдайтындығын хабарлады.

Бұдан бұрын Исландия үкіметі бар болғаны 330 мың тұрғыны бар ел 1 жылда 50 босқыннан артық қабылдай алмайтындығын мəлімдеген болатын. Жақында Исландияның Facebook желісін пайдаланатын 10 мыңнан астам тұрғыны əлеуметтік желі арқылы қайырымдылық акциясын

өткізіп, əрқайсысы өз отбасыларында Сириядан қашқан босқындарды қабылдай алатындықтарын мəлімдеді. «Мен жалғызбасты анамын. Алты жасар ұлым бар. Алайда, мен Сириядағы қырғын соғыстан қашқан халықтың тағдырына бейжай қарай алмаймын. Сондықтан өз қамқорлығыма сириялық

бір жетім баланы қабылдауға шешім қабылдадым. Өзім мұғалім болып еңбек етемін. Сондықтан, ол баланы исланд тіліне үйретуге, білім беруге мүмкіндігім бар. Біздің үйде ол балаға қажетті киім-кешек жəне басқа да қажетті тұрмыстық бұйымдар жеткілікті. Сонымен бірге, мен ол баланың ұшақпен мұнда келетін жолақысын да төлей аламын», деп жазады Facebook желісі арқылы Исландияның бір қарапайым тұрғыны.

«Ќўрєаќ ќасыќ ауыз жыртады» АҚШ-та лотерея жеңімпаздарына ұтыстың орнына «үйіп-төгіп уəде» беру тəсілі белең алды.

Иллинойс штатының тұрғындары Дэнни Частин жəне оның қалыңдығы Сьюзан Рик өткен шілде айында Cool Cash лотереясынан 250 мың доллар ұтысқа ие болған. Алайда, əлі күнге дейін олар заңды ұтысын ала алмай отыр. Chicago Tribune басылымының хабарлауы бойынша, Иллинойс штатында 25 мың доллардан асқан лотерея ұтыстарына мораторий жарияланған. Штат билігі бұл келеңсіздікті əлі күнге дейін штат бюджетінің бекітілмегенімен түсіндіргісі келеді. Аталмыш басылымға берген сұхбатында Дэнни

Частин «Егер билікке қарапайым адам қарыз болса, олар оның баспанасын тартып алса да, қарыздарын қайтарар еді. Билік үшін қарыз адамда ақша бар ма, жоқ па бəрібір. Ал адамдардың қарызын қайтаруға келгенде билік неше түрлі сылтау айтады», деп түңіле жауап берді. Джордж Мейсон университеті жанындағы Mercatus Center зерттеу ұйы мының мəлімдеуінше, Иллинойс штаты «фискальдық мəселе» бойынша америкалық штаттардың арасында 50-ші орынды алады. Бұл АҚШ-тағы өтемақы,

зейнетақы жəне əлеуметтік көмек қаржыларын төлеуде

өте артта қалған өңір болып саналады.

Бетті дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Басқа жердегідей, бұл елде де президенттіктен үміткерлер өздерінің елді қалай басқаратынын айтумен қатар, қарсыласын мұқатуға, олардың кемшілігін айтып, жұртты оған дауыс бермеуге шақыруға үлкен мəн береді. Хиллари Клинтон да сондай шабуылға ұшырады. Оған қарсыластар өзінің Демократиялық партиясында да, оппонент партия – республикашыларда да жетіп артылады. Клинтонға тағылған айып – ол Барак Обаманың президенттігінің алғашқы мерзімінде мемлекеттік хатшы болған кезінде қызметтік құпиялықты сақтайтын поштасы болғанына қарамай, жұмыстық байланыста өзінің жеке поштасын пайдаланған көрінеді. Содан кейбір мемлекеттік құпияларға хакерлік шабуыл жасауға мүмкіндік туған. Бұған дейін сол мүмкіндікті біреулер пайдаланып, құпиялардың ашылғаны жөнінде сөз де болған емес. Оның есесіне президенттіктен негізгі үміткердің аяғынан шалуға айтарлықтай мүмкіндік туды – өзінің қызметіне, елдің мүддесіне жауапсыз қараған дейді. Бұл жөнінде алғашқы сөз шыққанында-ақ Хиллари Клинтон оған жауап беріп, өз поштасында ешқандай құпия хабар-ошардың болмағанын айтқан. Сондай-ақ, кейінірек, өзіме қолайлылығын ойлап едім, біреу емес, екі телефон алып жүруім керек екен, деп өткенге өкініш те білдірген. Осының өзімен-ақ мəселеге нүкте қоюға болғандай еді, бірақ қарсыластар оған көнбей, үміткердің жеке поштасын тексеруді

талап етті. Клинтон оған да барды, өткен жылдың аяғында өзінің жұмыс бабындағы 55 мың хатын мемлекеттік департаментке тапсырды. Одан, ФББ тексергенде, құпиялыққа жататын 150дей факті тауыпты. Бірақ олар Клинтон пайдаланған кезде құпия болмаған екен. Құпиялық кейін енгізілген. Бұл үшін үміткерге қатаң айып тағудың да жөні жоқ. Қалай дегенде де, бұл даңғаза, айқай-шу Хиллари Клинтонға ай тарлықтай кері əсер ететіні анық. Бұл өзі ең алдымен жүйкеге тиетін нəрсе. Үміткердің рейтингі төмендеп кеткені айтылып жатыр. Бірақ осы бір келеңсіз шудың кезінде Клинтонның өзін еңсесін түсірмей, лайықты деңгейде ұстай білгенін де атап өткен жөн шығар. Қаймықпастан өзінің электронды поштасын ашып беру де оның тазалығын аңғартады. Мұны да сайлаушылар кейін лайықты бағалар дейсің. Ал үміткерлердің рейтингіне келсек, онда да Клинтон əлі де бəрінен жоғары тұр. Айова штатындағы сауалдама кезінде оны демократтардың 37 пайызы жақтаса, екінші орындағы тəуелсіз сенатор Берни Сандерсті 30 пайызы қолдапты. Бұл – бір штаттағы жағдай. Ал жалпы демократтар арасындағы сауалдамада Клинтонның рейтингі 45 пайыз болса, Сандерстікі – 22 пайыз ғана. Республикашылардың үздігі Дональд Трамп өз партиясында 28 пайыз ғана дауыс алып отыр. Осыларға қарап-ақ Хиллари Клинтонды есептен шығару ерте екенін аңғарасың. Жалпы, билік басына əйел азаматтың келуі көңілге жылылық ұялатады. Олар қаты гездеу шешімге бара қоймас деп ойлайсың. Қарсыласқа қаталдықты, басқаларға өктемдік жасауды алға тосатын Трамп сияқтылардан гөрі америкалықтар Хиллира Клинтон сияқты əйел қайраткерді қалайтын шығар дейсің.


10

www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

22 мектеп есігін айќара ашты

 Өңір өмірі

Жаңа оқу жылында Оңтүстіктің қала, аудандарында 22 жаңа мектеп оқушыларды қабылдады. Атап айтқанда, Шымкент қаласында – 7, Сарыағаш ауданында – 6, Бəйдібек ауданында – 2, Ордабасы ауданында – 2, Созақ ауданында – 2, Түлкібас ауданында – 2, Кентау қаласында 1 мектеп пайдалануға берілді. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Кəсіпорындар бой тїзейді Индустрияландыру бағдарламасы аясында Түркістан мен Кентау қалаларында жаңа 15 нысан іске қосылады. Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Бейбіт Атамқұлов индустриялық аймақтарға жасаған сапары барысында айтты. Өңір басшысы Түркістан қаласындағы индустриялық аймаққа атбасын бұрып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұған дейін бірнеше рет сынға іліккен нысан жұмысын тексерген Бейбіт Бəкірұлы

оң баға берді. Жалпы аумағы 40 гектарды құрайтын аймақта барлығы 8 кəсіпорын бой көтереді. Жыл соңына дейін олардың екеуінің құрылысы аяқталса, тағы үшеуінің іргетасы қаланады. Зауыттардың

барлығы дерлік құрылыс материалдарын шығарумен айналысады. Бұл кəсіпорындар 335-ке жуық адамды жұмыспен қамтиды. Бұнан кейін Б.Атамқұлов Кентаудағы индустриялық аймаққа

барып, оның жұмысына назар аударды. 25 гектар аумақта 7 жоба жүзеге асырылмақ. Олардың үшеуі қаладағы трансформатор зауытына қажетті қосалқы бөлшектерді шығарумен айналысады. Жобаларды пайдалануға беру үшін барлығы 2 млрд. 127 млн. теңге инвестиция тартылады жəне 165 жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, индустриялық аймақ қажетті инфрақұрылыммен түгел қамтылады. «Егемен-ақпарат».

Ќўрылыс ќарќыны бəсеѕдемейді Əлем жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Мұның өзі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Дағдарысқа байланысты еліміздің экспорттық тауарларының құны түсіп кетті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің отырыстарында барлық нəрседе үнемдеу керектігін жиі айтып келеді. Осыған орай бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына қоса жаңа нысандар салуға шектеу қойылды. Қазір негізгі күш бұрын құрылысы жүріп жатқан нысандарды бітіруге жұмылдырылуда. Қиындықтарға қарамастан, тұрғын үй құрылысын тоқтатпауға ерекше көңіл бөлініп, бұл салаға түрлі көздерден қыруар қаражат қарастырылуда. Рахманқұл БАЙТЕЛИЕВ,

Жамбыл облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Үстіміздегі жылы облысымызда 106 нысанның құрылысына жəне жобалықсметалық құжат əзірлеуге республикалық жəне жергілікті бюджет есебінен 23,4 миллиард теңге қарастырылған болатын. Үстіміздегі жылдың алты айының қорытындысында жоспардағы 13,9 миллиард теңгенің 13,4 миллиард теңгесі игерілді. Белгіленген тапсырма 97,8 пайызға орындалды. Аймақта «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасының «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағыты бойынша 2020 жылға дейін барлық қаржыландыру көздерінен 2805,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген болатын. 2015 жылы 259,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланса, 6 айдың қорытындысында 118,5 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілді. Бұл – өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,3 пайызға артық. Кезекте тұрған азаматтарға жергілікті бюджет есебінен 264,8 миллион теңге қарастырылып, 17,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Жарты жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 8,8 мың шаршы метрді құрады. Жас отбасылар үшін жоспарланған 600 шаршы метр тұрғын үйге 201 миллион теңге бөлінген. Алты айдың қорытындысында оның 97,9 миллион теңгесі игерілді, бір 5 қабатты 75 пəтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін тапсырылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы жоспардағы 7,7 мың шаршы метрге 945,5 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде 600 миллион теңгесі «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен қаралды. Осы мерзімде бір 5 қабатты 65 пəтерлі тұрғын үй іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 2 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бір тұрғын үй 2016 жылы беріледі. Аймақта жеке тұрғын үй салушылар көбейіп келеді. Алты ай қорытындысында 107,6 мың шаршы метр жеке тұрғын үй іске қосылды. Басқа қаржыландыру көздерінен 4,5 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы «Бəйтерек» шағын ауданында 10,4 мың шаршы метрлік екі бес қабатты – 100, Маяковский көшесінде 2,4 мың шаршы метр 40 пəтерлі жəне 15,2 мың шаршы метр «Атшабар» тұрғын үй кешені салынуда. Жалпы, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы 28 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге Ұлттық қор есебінен 466 миллион теңге бөлініп, 3 жоба жүзеге асырылады. Оның екеуі жыл соңына дейін іске қосылса, біреуі 2016 жылға өтпелі. Мемлекетіміз «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға жыл сайын қыруар қаражат бөлуде. Соның нəтижесінде бүгінде облыстың 373 ауылдық елді мекенінің 224 немесе 60 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы ауыз сумен қамтамасыз етуге 8

нысанның құрылысына республикалық жəне жергілікті бюджет есебінен 1,8 миллиард теңге бөлінді. Оның 7-еуі 2014 жылдан өтпелі. Биыл Жамбыл ауданының Айша бибі ауылы мен Байзақ ауданының Жетібай, Ынтымақ ауылдарында ауыз су нысандары ел игілігіне берілді. Төрт нысан жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысында бөлінген қаражат 90,4 пайызға игерілді.

Аймақта мемлекеттің қомақты қаражат бөлуі нəтижесінде көптеген уақыт талабына сай жарық та еңселі білім ордалары салынуда. Биыл облыста 30 білім беру нысанының құрылысына (оның ішінде «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 5 нысан) республикалық жəне жергілікті бюджеттен 8,5 миллиард теңге бөлініп, алты айдың қорытындысында 3,3 миллиард теңге игерілді. Белгіленген тапсырма 94,3 пайызға орындалды. Жаңа оқу жылында 1400 оқушыға арналған 4 мектеп тапсырылды. Жергілікті бюджет есебінен 8 мектеп, 1 балабақша жəне 1 жатақхана құрылысына жəне қосымша қаржыландыруға 2,8 миллиард теңге қарастырылып, 2014 жылдан өтпелі 120 оқушыға арналған Жамбыл ауданының Еңбек ауылындағы 1 мектеп, Тараз қаласындағы №13 теміржол лицейінің жатақханасы іске қосылды. Сондай-ақ, 700 оқушыға арналған 4 мектеп жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі. Талас ауданының Есейхан ауылындағы 150 оқушыға арналған 1 мектеп 2016 жылы беріледі.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 600 орындық екі мектептің жəне 840 орындық 3 балабақшаның құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 155 миллион теңге бөлінді. Бүгінде мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша барлық нысандарда жеңімпаздар анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылы денсаулық сақтау саласына облыста 6 нысанның құрылысына республика жəне жергілікті бюджеттен 7,2 миллиард теңге бөлінді. Осы мерзімде қарастырылған 4,8 миллиард теңгенің 4,7 миллиард теңгесі игерілді. Құрылысы өткен жылдан өтпелі Тараз қаласындағы 300 төсектік көпсалалы қалалық аурухана, облыс орталығындағы 200 төсектік облыстық перинаталдық орталық күзде ел игілігіне беріледі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қарастырылған 3,7 миллиард теңге толық игеріліп, аталған нысандарда құрылысмонтаж жұмыстары жалғастырылуда. Құрылысы 2014 жылдан өтпелі Жамбыл ауданындағы Жалпақтөбе ауылындағы 100 келушіге арналған алғашқы сани-

тарлық-медициналық көмек нысаны пайдалануға берілді. Бұған қоса спорт, ауылшаруашылық, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша бірқатар нысандар іске қосылды. Шу өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 46 нысанның жобалық-сметалық құжатын əзірлеуге 175,2 миллион теңге бөлініп, осы мерзімде оның 116,7 миллион теңгесі игерілді. Мемлекеттен жыл сайын қыруар қаражат бөлінуіне байланысты аймақтағы автомобиль жолдарының дені қалпына келтірілді. Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекендер көшелерін жөндеу мен күтіп ұстауға 7,2 миллиард теңге қарастырылды. Оның ішінде, облыстық маңызы бар автожолдарға 2,6 миллиард, аудандық маңыздағысына 2,4 миллиард, ал Тараз қаласының көшелеріне 2 миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 5 шақырым автожолға күрделі жəне 316 шақырымға орташа жөндеу, сондай-ақ

1 құбыр мен екі шағын көпірге орташа жөндеу жүргізілетін болады. Құрылыстың экономиканың локомотиві екеніне қазақстандықтардың көзі айқын жетуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев нысандарды уақтылы əрі сапалы пайдалануға беру міндетін қойып отыр. Сондықтан да аймақта бұл салада кейінгі кезде ауыз толтырып айтарлықтай игілікті істер қолға алынып, жүзеге асырылуда. Ғимараттардың уақтылы басталып, сапалы жүргізілуі жобалық-сметалық құжаттың белгіленген мерзімде əзірленіп, сараптамадан өткізілуіне байланысты. Қазір бұл жұмыс жолға қойылды. Соның нəтижесінде мемлекеттік сатып алу конкурстары талапқа сай өткізілуде. Конкурсқа қатысушыларға қатал талап қойылуда. Енді мердігерлер бір чемоданмен келіп, келісімшартты ұтып алып, оны қосалқы мердігерлерге бере алмайды. Жұмыс тек қана материалдықтехникалық базасы қуатты, білікті мамандармен қамтамасыз етілген əлеуетті компанияларға беріледі. Біз биыл айыппұлы бар 4 мердігерді жосықсыз деп танып, жұмыстан шеттеттік. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында енді мемлекеттік сатып алу конкурстары үшін құжаттар электронды нұсқада қабылданады. Елбасы өзімізде өнім өндіруге, қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға ерекше көңіл бөліп келе жатқаны белгілі. Осыдан 10 жыл бұрын облысқа қажетті құрылыс материалдарының 50 пайызы сырттан тасымалданса, қазір оны жергілікті жерде өндіруші кəсіпкерлер көбейіп келеді. «БиномДетальСтрой» ЖШС мемлекеттік индустриялықинновациялық даму бағдарламасы бойынша ірі қабырғалық панельдер шығару жобасын жүзеге асырды. Оның артықшылығы көп. Мұндай материалмен құрылысты жыл-он екі ай жүргізуге болады. Осындай əдіспен бір көпқабатты үйді екі-үш айда салып бітіреді. Құм, тас, цемент, гипс, ағаш жəне темірбетон бұйымдары, жылу батареялары өзімізде өндіріледі. Қазір ғимараттың қабырғасын көтеру үшін алуан түрлі құрылыс материалдары шығарылуда. Соның нəтижесінде оған деген қажеттіліктің 80 пайызы облыста өтелуде. Нысандарды құрылыс нормалары мен ережелеріне сəйкес жүргізуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұрын жұмыс сапасын қадағалау үшін 3-4 нысанға бір техникалық қадағалаушы тағайындалса, қазір əрқайсысына осындай бір маман бекітілген. Ірі нысандарда 2-3 техникалық қадағалаушы жұмыс істейді. Мұның өзі еңбек өнімділігін арттыру, ақауға жол бермеуге игі ықпалын тигізуде. Бүгінде облыста осы салада 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Барлық мердігер компаниялар білікті мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлген. Біраз мамандар жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарында кəсіпорындар есебінен оқытылып жатыр. Салаға жаңа технологиялар кеңінен енгізілуде. Мұның өзі қол күшін азайтумен қатар, жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізуге септігін тигізгені анық. Ескі техника жаңасымен ауыстырылуда. Мердігерлер бұл мақсатқа жыл сайын қыруар қаражат жұмсауда. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» демекші, мердігерлер арасында нысандарды уақтылы пайдалануға беру мен, жаңа жұмыс орындарын ашумен ерекше көзге түсіп жүрген кəсіп орындар да аз емес. Солардың қатарында Тимур Манашев жетекшілік ететін «Тараз құрылыс дизайн» ЖШС, Серік Олжабеков басқаратын «Бином» ЖШС, Марат Рахымбердиев пен Төлеген Қарақойшинның иелігіндегі «Агроспецстрой» жəне «Темирстройсервис» серіктестерінің үлгілі ісін ерекше атап өткен жөн. Жамбыл облысы.

Қазір айтса өткен ғасырдың ертегісіндей көретін шығар. Оңтүстікте төрт ауысымды мектептер болған. Солтүстік жақтарда үлкен мектептерге оқушы толтыра алмай, ауылдағы мектептер бала саны жетпегендіктен, жабылып жатқанда алтын құрсақ Оңтүстікте мектеп салу ісі күн тəртібінен еш түскен емес. Елбасы қазақ өссін, өркендесін дейді. Оңтүстіктің басшылары былтырғы пайдалануға берген мектептер бір жыртығымызды жамады деп көңілі өсіп, сəл тыныс алғанда жаңа оқу жылы жетіп, бір емес, екі емес əлденеше еселенген бірінші сыныптарға жай тауып бере алмай қайраттанып қайта кірісетін. Мемлекет басшысының Үкіметке нақтыланған «100 мектеп – 100 аурухана» бағдарламасында басымдық алған да Оңтүстік болатын себебі осы. Былтырғы оқу жылы Оңтүс тікке өз жақсылығымен келді. ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 78,8 болып, «Алтын белгіге» 608 түлек қол жеткізді. Бұл республика бойынша «Алтын белгі» алған оқушылардың 30 пайы зын құрайтынын ескерсек, жақсы табыс. Оңтүстікте білім сапасына үлкен мəн берілгенінің, ұстаз дардың жаңашылдықпен, шығармашылықпен жұмыс жасап жат қандығының жемісі. Биыл өңірдегі 1022 мектепте 600 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 70448 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Атқарылатын жұмыстар көп. Біз осы жайында ОҚО білім, жастар саясаты жəне тілдерді дамыту басқармасының басшысы Альбина Елшиеваны сөзге тартқан едік. Альбина Балғабайқызы биылғы жылы 104 білім ошағының құрылысы қолға алынғанын айтқан. Оңтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы 104 білім нысанының құрылысы қолға алынып, жыл ағымында 49 мектепті іске қосу жоспарланған. Атқарылған жұмыстардың нəтижесінде 3 – үш ауысымды, 27 – апатты мектептердің, 13 мектептің ыңғайластырылған ғимараттарының жəне 2 мектебі жоқ елді мекендердің мəселелері шешілмек. Жаңа мектептердің есебінен 24 үш ауысымды мектептің 21і, 46 апатты мектептің 17-сі қалмақ. Бұл мектептердің мəселесі 2016-2017 жылдары түпкілікті шешіледі. Сонымен қатар, саман кірпіштен салынған 35 мектептің орнына жаңа мектептер салынып, олардың саны 153тен 118-ге дейін төмендеді. Сондай-ақ, биыл 100 білім нысаны

күрделі жөндеуден, 697 мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді. Облыс оқушылары жалпы білім беретін пəндер бойынша республикалық олимпиадада екі бағыт бойынша ІІІ орындарды, «Үздік олимпиадалық мектеп-2015», «Үздік олимпиадалық команда-2015», «Ең үздік олимпиадалық команда-2015» атақтарын иеленді. Мемлекеттік бағдарламаға сəй кес биыл ғы жылы 4,5,6,11-сынып тарға арнал ған оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендері жəне 3-сыныптың ағылшын тілі мен 7-сыныптың информатика пəні оқулықтары толығымен алынды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бірінші сынып оқушыларына Елбасы атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы табысталды. Техникалық жəне кəсіптік білім беру саласында облыстағы 92 колледжде 97 мамандық бойынша былтырғы оқу жылында 75600 оқушы білім алды. Соңғы үш жылда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сəйкес қажетті мамандарды даярлау мақсатында өңір колледждерінде 20 жаңа мамандық ашылды. Кəсіпорындармен өзара байланысты нығайтып, дуальды оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында 24 колледжде 36 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесі ендірілді. Туризм жəне қызмет көрсету, тігін, тоқыма жəне тамақ өндірісі, көлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, техника жəне энергетика салалары бойынша 6 базалық колледж қалыптасты. Биылғы оқу жылында облыс колледждеріне 7726 орынға мемлекеттік тапсырыстар берілді. Облыстың бас мұғалімі осылай дейді. Оңтүстікте білім саласында əлі де алынбаған асулар бар. Өңір басшысын жасөспірімдердің арасында қылмыс түрлерінің өршіп бара жатқаны алаңдатады. – Білім беру қызметкерлерінің алдында үлкен міндет тұр, – деді мұғалімдердің тамыз конференциясында облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов. – Біз үш тілді білім беру жүйесіне көшуіміз қажет. Бұл үшін жас, білікті мамандарға сұраныс артады. Қазір педагогтар оқу жылына дайындық үстінде. Олар сабақ жүргізіп қана қоймай, кəмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың алдын алу үшін ауқымды тəрбие жұмыстарын жүргізуге атсалысады. Жаңа оқу жылы осындай қарбаластармен басталды. Міндет айқын, жүйелі жоспар бар. Бар мақсат – білімді, саналы, отаншыл жас ұрпаққа жол ашу, олардың қажетін қанағаттандыру, жағдай жасау. ШЫМКЕНТ. ––––––––––––

Суретте: Альбина ЕЛШИЕВА.

«Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

070700, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі, 54-үй, «Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, анықтама телефоны: 8 (72340) 27 113, электронды пошта: sayasatzsnrambler.ru Зайсан ауданы əкімдігінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (G-4 санаты), лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 68860 теңгеден 81902 теңгеге дейін, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: Жастар орталығы директоры аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысына тікелей бағынышты. Мекеменiң директоры мекеме жұмысын ұйымдастырады жəне басшылық етедi, уəкілетті органға тiкелей бағынады Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда жəне мекемеге жүктелген мiндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады. Мекеме директоры дара басшылық қағидаты бойынша əрекет етедi жəне мемлекеттiк мекеме қызметiнiң барлық мəселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне мекеме жарғысында айқындалатын құзыретiне сəйкес дербес шешедi. Мекеме қызметкерлерінiң бiлiктiлiгiн жоғарылатудың басқа да түрлерiне қатысты тəртiбi мен жоспарларын бекiтедi; - банк шоттарын ашады; - мекеме қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады жəне нұсқаулар бередi. Мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; бұқаралық ақпарат құралдары мəселелері бойынша өзара іс-қимылды жəне ынтымақтастықты жүзеге асырады; мемлекеттік жастар саясаты мəселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді үйлестіреді; жастарға патриоттық тəрбие беру мақсатындағы мəдени, спорттық, бұқаралық іс-шараларды, жастар арасында дөңгелек үстел, конференция, форум, кездесулер, пікірсайыс, КТК ойындарын ұйымдастырады. Жастардың арасында ақпараттық-əдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдауды, жастар арасындағы ахуалдың мониторингін жəне оны талдауды жүзеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім.

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА! 2015 жылдың 2 қыркүйегіндегі өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру қорытындыларын хабарлаймыз. Қоғамның дауыс беруші акцияларының саны 1 942 380 жай акцияны құрайды. Жиналысқа дауыс беруші акциялардың жалпы санының 99,18 % құрайтын 8 акционер жəне олардың өкілдері – 1 926 445 жай акцияларды иеленушілер қатысты. Жиналыстағы дауыс беру қорытындылары: 1. Күн тəртібінің сұрағы бойынша «Қоғам жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды бекіту». «қостады» – 1 926 445; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалды» – жоқ. «ӨТМК» АҚ-тың Есеп комиссиясы.


www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

Самєатќан сан ќыранды алтын ўя

Талай-талай қиын да күрделі замандарда уақыт сынынан сүрінбей өткен Сəуле мектебінің жарты ғасырлық тарихы келешек ұрпаққа өнеге болатындай жəне жастарды отаншылдыққа, елжандылыққа тəрбиелейтіндей құндылықтарға ие. Мектеп тарихы ауыл тарихымен тығыз байланысты. Бұл мектептің түп тамыры, сонау 1934 жылы осы мекенге сегіз ауыл қоныстанып, ел болғаннан кейін, халықты сауаттандыру үшін Əлғожа Қарпықпаев, Ихсан Сүлейменов сынды ұсталар білім ордасын салған болатын. Сол кезден бастап бастауыш мектеп жұмыс істей бастады. Яғни, 2014 жылы Сəуле бастауыш мектебіне 80 жыл толды. Ал, 1965 жылы мектеп сегізжылдыққа ауыстырылды. Оған да жарты ғасыр толып отыр. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан»,

Нұрсұлтан ҒАБДУЛЛИН, мұғалім.

«Шəкірт – мектебімен, мектеп – шəкіртімен мақтанады», дегендей, қазіргі таңда өз қызметтерін абыроймен атқарып жүрген білікті басшылар, қолына қалам алған қаламгерлер, халық қамын ойлаған ел ағалары, туған жерден түлеп ұшқан түлектер

мектебімен бүгінгі күні қайта қауышты. Қызықты бағдарламалар да кеңінен қамтылған екен. Мұнда түлектердің білім ошағын аяқтаған кездегі суреттері мен жеткен жетістіктері жайлы ақпараттар қойылып, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің ерлік жорықтарын баяндайтын көрменің ұйымдастырылуы əсерлі болды. Сондай-ақ, оқушылар жасаған қолөнер бұйымдары көздің жауын алады.

Мерейлі той мемлекеттік Əнұран мен бастау алып, шашумен жалғасын тапты. Аудандық мəдениет үйінің «Көкек» ансамблі жəне мектеп өнерпаздары өнер көрсетті. Білім ұясындағы «Болашақ» шағын орталығының бүлдір шіндері «Қуыршақ» биі мен көрермендерді тəнті етсе, Балғабек Смағұлов күй төгілдіріп, жиналғандардың қошеметіне бөленді. Осы жиын бір-бірін көрмегендеріне бірнеше жыл өткен түлектер үшін үлкен қуаныш. Өйткені, сонау мектеп қабыр ғасында жүрген уақыттағы қызықты сəттерін еске алып, партада бірге отырған сыныптастарымен қауышуларын көрудің

өзі ғанибет еді. Өздерінің сынып жетекшілеріне, ұстаздарына арнап сый-сияпаттар да табыс етілді. Балғабек Арыстанбекұлы қазақтың жеті қара домбырасы, Айтмурзиндер отбасы көркемдеп жасаған мемлекеттік рəміздер топтамасы, Ғапбасовтар отбасы тарту еткен қазақ күресі балуанының киімі мұражайдан орын алды.

Мұнымен сыйлықтар легі шектелген жоқ. «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға», – деп, Абай атамыз айтқандай, мектеп тарихында əр жылдарда 75 ұстаз білім берді. Олардың қатарында Қабиден Байтасұлы, Қайынжамал Хамитқызы, Дəметкен Қазиқызы, Зəуре Қарапақызы, Төлеген Нығ метқызы, Зəуре Қайырқызы, Қайынжамал Ибрайқызы, Лəззат Қазбекқызы сияқты майталмандар бар. Қазіргі таңда мектеп басшысы Сəрсенбек Сүлейменов бастаған 25 мұғалім шəкірттерге білім нəрін сусындатуда. Бағдарлама барысында бұл фəниде арамыз-

да жоқ ұстаздарды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым етілуінің тағылымы зор дер едік. Көпшіліктің алдында осы білім ошағында отыз жыл мектеп директоры болған, Еңбекшілдер ауданының құрметті азаматы Қабиден Омаров мектеп тарихынан сыр шертті. Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін

атқарушы Ақкенже Ақшалова, аудандық мəслихаттың депутаты Қайролла Хамзин, аудандық газеттің бас редакторы Василий Устьянцев құрметті қонақтар құттықтау сөздерін жеткізді. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап құран бағышталып, ас берілді. Мəдени, спорт шаралары дүркіреп өткізіліп жатты. Мəселен, делебе қоздырар қазақ күресіне жақын маңдағы ауылдардан, аудандардан жəне Астана қаласынан 42 балуан қатысты. Тартысты бəсекеде Ж.Ыбыраев пен Р.Баяндинов «Түйе балуан» атанды. Даланың сəні – ат жарыс демекші, ел іргесінде Əбілғазы Əлжановтың атсалысуымен ұзындығы 1400 шақырымды құрайтын атшабар жасалынып, ауыл жастарының бастамасымен алтыбақан тұрғызылды. Аламан бəйгеде атбасарлық А.Жақашев «Ерке торы» тұлпарымен бірінші орынды қанжығалады. Одан əрі жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастыратын көкпар ұлттық ойыны ұйымдастырылды. Жиналған халықтың алдында 5 команда шеберлік танытты. Сəуледегі мереке той төрінде ой тұрғанын көрсетті. Бұл – ауыл тұғырының биіктігінің, парасаттылық пен бекзаттықтың көрінісі. Əрбір оқушының жүрегінде мектепке деген ыстық ықылас, дария пейіл, көңілінде марқайған мақтаныш, сəулелі сүйініш маздап тұрғандай еді. Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы.

Тегін білген елін сїйеді Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Біздің дəуірімізге дейінгі V-III ғасырлардағы сақтар, ғұндар, Қаңлы, Үйсін мемлекеттері, Түрік, Батыс түрік қағанаттары, Оғыз, Қараханид, Дешті Қыпшақ, Хорезмшах мемлекеттеріне барып тірелетін түп-тұқиянымызды айтпағанда, басынан түрлі ғаламат, кесапат замандар өткен халқымыз осыдан 550 жыл бұрын шамасында хандығын құрды. Бүгінгі əлем таныған тəуелсіз Қазақстан Республикасының түп негізі осында жатса керек. Мемлекеттің сыртында елдік, ұлттық ұғым бар. Елдігіміздің тарихы өз руының, жеті атасының шежіресін білуден басталады. «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер» деген мəтелдер елдіктің туын жоғары ұстау үшін айтылған болар. Өзінің тегін білмесе, тектілік қайдан болсын? Өз атасының, руының шежіресін білудің генеологиялық сипатымызды, ұрпақ тазалығын, тегімізді сақтауда да маңызы зор. Қазақтың бай салтдəстүрінің де, ұлтжандылықтың, отаншылдықтың рухани бұлағы да осы тегін білуде жатыр. – Рудан тұратын халқымызда туыстық сезім күшті дамыған. Қазақтың жігіті өз руының қызын қарындас деп біледі, оның қамын сырттан ойлап жүреді. Қазақтың қызы өз руының жігітін аға деп сыйлайды, арқа сүйейді. Ал екі рудың қызы мен жігіті бас қосып, ша ңырақ көтерсе, екі рудың

кісілері төс қағыстырып, құда болады, «құдасын құдайындай сыйлайды». Ұрпақ барда – құда-жегжат бар. Құдалар барда қазақтың руға бөлінуі халқымыздың бірлігіне жік салатындай қауіп емес. Қыз беріп, қыз алысқан рулар айналып келіп, қайта туыс болады. Міне, бұл осы далада тарихын тасқа жазып кеткен аталарымыздың ұрпағы жалғап келген даналық десек болмай ма? – дейді арғын руының Тобыл-Торғай өңірін жайлаған Тағышы тайпасының шежіресін жазып шыққан байырғы ұстаз, ардагер Сұңқар Оспанұлы. Жақында Науырзым ауданының Мереке ауылында Шежіренің тұ сау кесері болып, онда жалпы Қостанай-Торғай даласының та ри хы айтылды. Осы өңірді Бегіс, Шөміш, Тышқан батырлар тұлпарларының тұяғы дүбірлетті,

Мұртаза хазірет елді имандылыққа үйірді. Қиын уақыттарда елін серкедей бастаған қайраткерлер мен білімді ғалымдардың да ізі қалды. Елдің есінде келе жатқан ақын мен əнші, күйші де жетерлік. Жиында өркениеттің жаһандық құбылыстары ұлттық құндылықтардың, ұлттық бояудың əлсіреуіне ықпал етіп отырғанда, ұрпақ тəрбиесінің қазығын мықтау керектігі айтылды. Онда аға буын өкілдері өз ата тегін білу жас ұрпақтың тəрбиесін босаңсытпайтын тетіктің бірі екенін де ескертті. Тəрбиелік, тағылымдық жиыннан кейін ас беріліп, соңы ақындар айтысы мен бəйгеге, балуандар күресіне ұласты. – Тарихымызда ат бəйгесінсіз, балуандар күресінсіз қазақтың асы өтпеген. Ақындар да осындай

CH. Бастапқы бағасы: 322 560 теңге. Кепілді жарна: 16 128 теңге. 6-лот. Daewoo-Nexia автокөлігі, шығарылған жылы: 2006 ж., қозғалтқыш көлемі 1,6., мемлекеттік нөмірі 470 AH 01. Бастапқы бағасы: 394 240 теңге. Кепілді жарна: 19 712 теңге. 7-лот. Daewoo-Nexia автокөлігі, шығарылған жылы: 2005 ж., қозғалтқыш көлемі 1,5., мемлекеттік нөмірі 499RA 01. Бастапқы бағасы: 365 120 теңге. Кепілді жарна: 18 256 теңге. 8-лот. Daewoo-Damas автокөлігі, шығарылған жылы: 2007 ж., қозғалтқыш көлемі 0,8., мемлекеттік нөмірі 519AH 01. Бастапқы бағасы: 554 400 теңге. Кепілді жарна: 27 720 теңге. 9-лот. Нива 21213 автокөлігі, шығарылған жылы: 2005 ж., қозғалтқыш көлемі 1,7., мемлекеттік нөмірі 849 AH 01 Бастапқы бағасы: 425 600 теңге. Кепілді жарна: 21 280 теңге. Аукцион өткізу тəртібі жəне саудасаттықты анықтау шарты Ағылшын тəсілі бойынша. Аукцион

жүргізушісі объектінің бастапқы бағасын жəне хабарланған қадамнан бастап, бағасын көтерумен оның жаңа бағасын жариялайды. Аукцион жүргізуші жарияланған баға кезінде аукциондық нөмірді бірінші болып көтерген қатысушының нөмірін атап, балға ұрумен осы актив бойынша оны жеңімпаз деп жарялайды. Объекті бойынша сауда-саттыққа қаты сушылар екі қадамға бағаны өсірумен объектінің бастапқы бағасын төмендеткен жағдайда, объекті бойынша сауда-саттық өтті деп саналады. Сауда-саттыққа бекітілген тəртіпте тіркеуден өткен жеке тұлғалар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар жəне шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Бір кепілді жарнасы бір лотты сатып алу құқығын береді. Сауда-саттық қатысушы ретінде тіркелу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: 1. Ережеге сəйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінім.

«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ-тың құрметті акционерлері! «Трест Средазэнергомонтаж» акционерлік қоғамы (бұдан əрі – қоғам), атқарушы органның орналасқан жері: 050004, Алматы қ., Абылай хан д-лы, 56, сіздерге Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 07.10.2015 жылғы сағат 12.00-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Алматы қ., Абылай хан д-лы, 56, «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ-тың конференц-залы. Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тəртібі: 1. «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы. 2. «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы. 3. «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. 4. «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімін анықтау туралы. 5. «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшерін жəне шартын анықтау туралы. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқылы қоғам акционерлерінің тізімін 10.09.2015 жылғы жағдай бойынша қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізіліміндегі мəліметтер жүйесінің негізінде қоғам тіркеушісі жасауға тапсырылсын. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеуді 07.10.2015 жылғы сағат 10.00-ден бастап, сағат 11.45-те акционерлердің жалпы жиналысын өткізу орны бойынша аяқтау. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тəртібіндегі мəселелерге қатысты ақпараттарды жəне материалдарды акционерлерге беру 25.09.2015 жылғы сағат 10.00ден 17.00-ге дейін, демалыс жəне мерекелік күндерден басқа күндері акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу орнында күн сайын жүргізіледі. Егер де акционерлердің жалпы жиналысы жиналым болмауы жағдайында өткізілмесе, акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 08.10.2015 жылғы сағат 12.00-де сол күн тəртібімен жоғарыда көрсетілген мекенжайда болады, қатысушыларды тіркеу сағат 10.00-де.

Уважаемые акционеры АО «Трест Средазэнергомонтаж»! Акционерное общество «Трест Средазэнергомонтаж» (далее –общество), место нахождение исполнительного органа: 050004, г. Алматы, пр. Абылай хана, 56 информирует вас о проведение 07.10.2015 года в 12.00 часов внеочередного общего собрания акционеров общества по инициативе Совета директоров по адресу: г. Алматы, пр. Абылай хана, 56, конференц-зал АО «Трест Средазэнергомонтаж». Повестка дня внеочередного общего собрания акционеров общества: 1. О досрочном прекращении полномочий членов Совета директоров АО «Трест Средазэнергомонтаж». 2. Об определении количественного состава Совета директоров АО «Трест Средазэнергомонтаж». 3. Об избрании членов Совета директоров АО «Трест Средазэнергомонтаж». 4. Об определении срока полномочий членов Совета директоров АО «Трест Средазэнергомонтаж». 5. Об определении размера и условий оплаты вознаграждения членам Совета директоров АО «Трест Средазэнергомонтаж». Поручить регистратору общества составить на основании данных системы реестров держателей акций общества, список акционеров общества, имеющих право принимать участие на общем собрании акционеров общества, по состоянию на 10.09.2015 года. Регистрацию участников общего собрания акционеров общества начать 07.10.2015 г. в 10.00 часов и завершить в 11.45 часов по месту проведения общего собрания акционеров. Предоставление акционерам информации и материалов, касающихся вопросов повестки дня общего собрания акционеров, производить ежедневно, начиная с 25.09.2015 года с 10.00 часов до 17.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, по месту проведения общего собрания акционеров. В случае если собрание не состоится в назначенное время по каким-либо причинам, повторное общее собрание акционеров общества с той же повесткой дня провести по вышеуказанному адресу 08.10.2015 года в 12.00 часов, с регистрацией участников в 10.00 часов.

«Асылхан-Агро» ЖШС (бұдан əрі – серіктестік) 21.09.2015 жылғы сағат 10.00де серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., Степная к-сі, 9-үй. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1. «Асылхан-Агро» ЖШС-ның жаңа редакциядағы жарғысын бекіту. 2. «Асылхан-Агро» ЖШС-ның жаңа редакциядағы жарғысына қол қоюға «АсылханАгро» ЖШС атқарушы органының басшысына өкілеттікті беру.

АО «АИФН «RETAM», юридический адрес: г. Алматы, ул. Сатпаева, д. 90/28, р/с KZ28826A1KZTD0005638 в АФ АО «АТФбанк», с 3 сентября 2015 года будет производить дополнительную выплату дивидендов по итогам 2 квартала 2015 года по простым акциям денежными средствами в безналичной форме. Размер дивиденда на 1 акцию 34 500 тенге, с 11 сентября 2015 года будет производить дополнительную выплату дивидендов за 2 квартал 2015 года по привилегированным акциям денежными средствами в безналичной форме. Размер дополнительной выплаты дивиденда на 1 акцию за 2 квартал 20 500 тенге.

Құдайберген Дүйсенұлы КӨПЖАСАРОВ жиындарда сөзбен шарпысқан, – дейді Сұңқар Оспанұлы. Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырып өткізілген бұл аста да жиылғандар алдымен балуан күресін тамашалады. Ерлан Омаров түйе балуан атанды. Арқалық қаласынан келген Азамат Ерəділов бірінші, Əулиекөл ауданынан келген Тоқтар Жиентаев екінші, арқалықтық Асылбек Əбдіров үшінші орын алды. Орта салмақта Берік Мұхамедияровтың жауырыны жерге тимеді. Одан кейінгі екінші, үшінші орындар Амангелді ауданының балуандары Бекболат Мұқанов пен Қорғанбек Молдашевқа бұйырды. Ат бəйгесіне сəйгүліктерді атбегілер Қостанаймен қатар Қызылорда, Петропавл, Көкшетаудан əкеп қосты. 12 шақырымдық бəйгеге 16 ат шапты. Мəреге

қостанайлық Қазбек Төлебаевтың Малайсары деген сəйгүлігі бірінші болып жетіп, бəйгеге тіккен мотоциклді алды. Ал 25 шақырымдық аламан бəйгеге 17 тұлпар қосылды. Онда Солтүстік Қазақстан облысынан келген Біржан Шəймерденовтің Қарасай атты тұлпары алдына қара салмай бірінші жетті. Бəйгеге тігілген Lada Granta жеңіл автокөлігін қанжығаға байлады. Астың қызығы ақындар айтысынсыз болмаған. Көпшілікке белгілі айтыскер Салтанат Өтелбаева мен жас ақын Тоба Өтепбаев айтысып, жыр аңсаған қауымның көңілінен шықты. Шалғайдағы ауылдағы тағылымды жиын осылай өтті. Қостанай облысы, Науырзым ауданы.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы жылжымалы мүлікті сату бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды Сауда-саттық 2015 жылғы 18 қыркүйекте сағат 16.00-де Астана қ., Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа орталығы» ғимараты, 17-қабат мекенжайында өткізіледі. Аукцион өткізу нысаны жəне тəсілі: ағылшын тəсілі 1-лот. Nissan-Maksima автокөлігі, шығарылған жылы: 2003 ж., қозғалтқыш көлемі 3,0., мемлекеттік нөмірі 784 RA 01. Бастапқы бағасы: 632 800 теңге. Кепілді жарна: 31 640 теңге. 2-лот. Toyota-Corolla автокөлігі, шығарылған жылы: 2003 ж., қозғалтқыш көлемі 1,4., мемлекеттік нөмірі 048 RA 01. Бастапқы бағасы: 724 640 теңге. Кепілді жарна: 36 232 теңге. 3-лот. Daewoo-Nexia автокөлігі, шығарылған жылы: 2005 ж., қозғалтқыш көлемі 1,5., мемлекеттік нөмірі Z 988 CA . Бастапқы бағасы: 193 760 теңге. Кепілді жарна: 9 688 теңге. 4-лот. Daewoo-Nexia автокөлігі, шығарылған жылы: 2005 ж., қозғалтқыш көлемі 1,5., мемлекеттік нөмірі 804 RA 01. Бастапқы бағасы: 411 040 теңге. Кепілді жарна: 20 552 теңге. 5-лот. Daewoo-Nexia автокөлігі, шығарылған жылы: 2005 ж., қозғалтқыш көлемі 1,5., мемлекеттік нөмірі Z525

11

2. Жеке тұлғалар үшін: жеке куəлігін растайтын төлқұжат немесе жеке басының куəлігінің көшірмелерін, сондай-ақ ағымдағы шотын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасы. 3. Кепілді жарнасын енгізгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы. Заңды тұлғалар үшін: жарғы көшірмесін, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куəлік, тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куəландырылған көшірмелерін талап етумен, сондайақ ағымдағы шотын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын. Кепілді жарнаның енгізілуін растайтын төлем құжатының түпнұсқасын жəне көшірмесін. Төлем құжатының түпнұсқасы сауда-саттық өткізілгеннен кейін қатысушының сұратуы бойынша қайтарылады. Заңды тұлғаның уəкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасы, сондайақ тексеруден кейін қайтарылатын құжаттардың түпнұсқасымен заңды

тұлға өкілінің төлқұжатының немесе жеке басының куəлігінің көшірмелерін немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын растайтын нотариалды куəландырылған төлқұжат немесе жеке куəлігінің көшірмесін. Аукционға қатысу үшін өтінімдер ақпараттық хабарлама жарияланғаннан күннен бастап, Астана қ., Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа орталығы» ғимараты, 18-қабат, №А18001 мекенжайында қабылданады жəне аукцион басталмастан бір сағат бұрын өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Кепілді жарна келесі шотқа енгізіледі: KZ408560000000425782, КБЕ 17, СТН 031400129602, БСК KCJBKZKX, БСН 941240000311 (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметтерінің төлемі кірмейді). Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 8 (7172) 55-37-77, 8(7172) 39-35-08.

2015 жылғы 3 қыркүйекте Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері, Қазақстанның құрметті темір жолшысы Құдайберген Дүйсенұлы Көпжасаров өмірден озды. Құдайберген Көпжасаров 1928 жылы Семей облысындағы Жарма ауданының 23ші ауылында Түрксіб теміржолшысының отбасында дүниеге келді. Ол теміржол саласына 45 жыл өмірін арнады. Еңбек жолын 1945 жылы Алматы-2 теміржолында бастап, Алматы жəне Батыс Қазақстан теміржолдарының бастығы қызметіне дейін көтерілді. Құдайберген Дүйсенұлының басшылығымен саладағы өндіріске енгізілген ғылыми ерекше жаңалықтар теміржолдың сапалық деңгейінің көтеріліп, халық шаруашылығы жүктерін тасымалдау қарқынының артуына ықпал етті. Ерекше еңбекқорлығы мен ұйымдастырушылық

қабілетінің арқасында Қазақстанның теміржолшылары арасында үлкен беделге ие болып, абыройға бөленді. Қ.Көпжасаров жиырма жыл бойы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрт мəрте депутаты болып сайланды. Он жылдан астам уақыт Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. 1980-1982 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Құдайберген Дүйсенұлы Көпжасаров КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты, КСРО құрметті көлік құрылысшысы атанды. Ардақты азамат Құдайберген Дүйсенұлының жарқын бейнесі біздің жадымызда əрдайым сақталады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұжымы мен Қазақстан теміржолшы ардагерлерінің кеңесі.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.


12

www.egemen.kz www.egemen.kz

4 қыркүйек 2015 жыл

Їлкен ел – їлкен отбасы

 Тағзым

Халыќ ыќыласымен ќойылєан ескерткіш

Кеше Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында аты аңызға айналған балуан, қазақтың даңқты ұлы Қажымұқан Мұңайтпасұлының ескерткіші салтанатты жағдайда ашылды. үлгі-өнеге етіп көрсетуде көптеген игі жұмыстар үзіксіз атқарылуда. Ел-жұртымыз да осынау ізгі ниеттен туындаған ілкімді істерді қолдап-қуаттап келеді. Соның нəтижесінде бірқатар ауылдарға, көптеген көшелерге, мектептер мен спорттық мекемелерге айтулы тұлғаның есімі берілгені белгілі. Бұған қоса, оның құрметіне қойылған ескерткіштер саны да уақыт өткен сайын арта түсуде. Мұның бір дəлелі ретінде күні кеше Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан ауылында даңқты балуанға арналған ескерткіштің ашылғанын айтуға болады. Тұғырынан есептегенде жалпы биіктігі 4 метрді құрайтын, қоладан құйылған, бірнеше мүсіншінің қатысуымен сомдалған еңселі ескерткіштің ашылу рəсіміне халық қалаулылары, зиялы қауым өкілдері, өзге облыстардан арнайы келген қонақтар, балуанның туыстары, аудан басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Күй шертіліп, жыр төгілген жиында елімізге белгілі азаматтар Қажымұқан Мұңайтпасұлы жөнінде кеңінен əңгімелеп, əсерлі сөздерімен көпшілікті ұйыта білді. Салтанатты басқосуда белгілі болғандай, аталған мүсін былтыр, яғни, 2014 жылдың желтоқсан айында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қордың төрағасы, белгілі кəсіпкер Махмұт Нəлібаевтың ұйымдастыруымен Шымкент қаласынан əкелініп, тұғырға қойылыпты. Алайда, оны ресми түрде ашу мəселесі белгілі себептерге байланысты кейінге шегерілген екен. Осы аралықта ескерткіштің айналасы қоршалып, абаттандырылыпты. Жиын барысында сөз алғандар жүрекке жылылық ұялатар ізгі іске мұрындық болған кəсіпкер Махмұт Нəлібаевқа, ескерткіштің тұғырға қойылғанға дейінгі қыруар жұмыстардың басы-қасында болған Балтабай Нəженұлы сынды азаматтарға, бастамашы топты қолдап, тиісті көмектерін берген Целиноград ауданының басшыларына алғыстарын білдірді. Иə, халқымыз өзінің айбынды, лайықты ұлдарын осылайша көкке көтере білген. Бұл да елдігіміздің бір белгісі. –––––––––––––––––––

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Ұлтымыздың мақтанышы, бүкіл саналы ғұмырын күрес өнеріне арнап, зор жетістіктерге жеткен, əлем алдында еліміздің абыройын асырып, талайды мойындатқан Қажымұқан Мұңайтпасұлына деген құрмет ортаймақ емес. Сондықтан да, халық жүрегінен өшпестей орын алған тау тұлғалы балуанның есімін жаңғыртып, ерлігін ұрпаққа

• Туыстық татулығы

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Мерей

 Спорт

Ат спортынан Азия чемпионаты ґтті

Єарышкер оќыєан мектеп Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Талдықорғанда Айдын Айымбетов оқыған №14 орта мектепгимназиясында 1 қыркүйек күні «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбы аясында ашық сабақ өтті. – Жаңа оқу жылын барша мектеп ұжымы мен мектеп оқушылары ерекше қуанышпен бастағалы отырмыз, – деді бізбен болған əңгімеде орта мектеп-гимназияның директоры Гүлжанар Еспанова. – Ғарыш көгіне біздің мектебіміздің түлегі Айдын Айымбетов аттанып барады. Қыран жерлесіміздің Отан алдындағы міндетін абыроймен орындап, жерге аман-есен оралуына тілектеспіз! Білім күніне арналған салтанатты жиынның əр сөзінде талдықорғандық ғарышкердің есімі аталды. Игі шара барысында ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып бүлдіршіндеріне ақ тілектер, ниеттер айтылды. Сол сол-ақ екен шəкірттер аспанға шар ұшырды. Мектеп ауласы салтанатты көңіл-күйге толып, əуелеген ақ, көк, қызыл, сары шарлар кешегі мектеп түлегі ғарышкер Айдын Айымбетовке: «Ақ жол!» деп тілегендей əсер қалдырды. 1989 жылы осы мектепті «Алтын белгімен» бітірген Айдын Айымбетовке арналған «Менің

Отаным – Қазақстан» атты тəрбие сағатында Отан мақтанышы, ғарышкер-түлектің білім ордасында жүргендегі өнегелі өмір жолы туралы бір үзік сырды ұстазы, 1987-2009 жылдары мектеп директоры болған Ғалима Əбішева былай ағытты. – Айдын Айымбетов 1989 жылы 10 «б» сыныбын үздік бітірді. Ондағы 36 оқушының ортасында үлгілі, зерделі бала болды. Физика, математика, химия пəндерінен ерекшеленетін. Əдебиет пəнін де жақсы оқыды. Кейде өлең де жазатын. Əлі есімде, 5-кабинетте, 2-қатар, 2-партада отырды. Дəлізде сабырлылығынан таймай, жайымен күлімдеп жүретін. Ағылшын тілі жəне математика пəндерінен қосымша консультация алатыны тағы бар еді, – деді ол. Айдын Айымбетов білім нəрімен сусындаған Талдықорғандағы № 14 орта мектеп-гим назиясының ұстаздар ұжымы мүмкіндікті ұтымды пайдалана отырып, ұйымдастырған ашық сабақ оқушыларды рухтандырып, көңілдерін шаттандырып, мерейлерін тасытты. Əсіресе, сексенінші жылдары Айдын Айымбетов отырған партада бүгін отырған ер баланың айдарынан жел есіп күлімдеген сəті ғажап болды. ТАЛДЫҚОРҒАН.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

«Егемен Ќазаќстан» газеті Ќазаќстан халќы Ассамблеясы жобасы аясындаєы республикалыќ фотоконкурсты жалєастырады

Елордадағы «Қазанат» ипподромында Ата Заң мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұлттық спорт түрі – теңге ілуден І ашық Азия чемпионаты мен асау үйретуден республикалық турнир өтті. Бұған Қазақстанның Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мұрындық болды. Тұңғыш рет өткізілген дүбірлі додаға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тəжікстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Венгрия, Əзербайжан секілді елдердің спортшылары қатысты. Ұйымдастырылған жарыста 16 жастағы оңтүстікқазақстандық Ғалымжан Ізжанов Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Екінші орын қазақстандық Əлихан Башембаевқа бұйырса, үшінші тұғырға Моңғолиядан келген Хуатхан Авдал көтерілді. Сондай-ақ, асау үйретуден республикалық турнирде І орынды Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Жəнібек Манахайұлы жеңіп алса, ІІ орынға моңғолиялық Жеңісбек Серікұлы лайық деп танылды. Ал ІІІ орынды Өскемен өңірінің спортшысы Айбек Кеңшілік иеленді. Айта кетейік, сайысқа «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры демеушілік көрсетті. Талғат РАЙЫМБЕК.

АСТАНА.

 Жағымды жаңалық

Алыстаєы ауданда їш орта білім ошаєы ашылды (Соңы. Басы 1-бетте). Алыстағы ауданда мектеп-гимназиямен бір күнде Жуалыой жəне Сарыкөл елді мекендерінде ашылған əрқайсысы 108 орындық ор та мектеп ғимараты жөніндегі əңгіме тіптен айрық ша деу ге болады. Бұл қос мектеп ғимараты Жаңа қала ауданының ең шалғай нүктелерінде бой көтерді. Оның біреуі бұрынғы Жаңақала, екіншісі Айдархан кеңшарларының бөлімшелерінде орналасқан. Аталған шалғай ауылдарда осы кезге дейін негізгі мектеп болған екен. Енді оның екеуі де жалпы білім беретін орта мектеп мəртебесін иеленіп қайта құрылған. Мұның өзі мұндағы тұрғындар санының тұрақ тылығынан, өзге жаққа ауа көшпеуінен, мектеп жасындағы жеткіншектердің жеткілікті екенінен хабар бере алады. Ендеше, шалғай елді мекендерде негізгі жəне орта білім

беретін мектеп ғимараттары қаңырап бос қалып жатыр деген əңгімелер негізсіз екеніне көзіміз жете түседі. Керісінше Сарыкөл, Жуалыой секілді шалғай елді мекендерде жаңа орта мектеп ғимараттарының ашылуы мұндағы ауыл тұрғындары санының өсіп келе жатқа нынан жəне олардың мəдени тұрмыстық деңгейлері арта түсуінен хабар беріп тұрғандай. Жаңақаланың киелі топырағында күй атасы Құрманғазы дүниеге келген. Оның күйшілік құдіретін алғаш рет Еуропа əлеміне танытқан жазушы-этнограф, музыкатанушы Никита Савичев екенін де оқыр мандар назарына сала кеткеннің артықшылығы жоқ. Тарихи деректер осы өңірді мекендеген хутор иесі Иоф Фокеевич Бородиннің үйінде 1868 жылы Савичевтің Сағырбаевпен танысқанын айғақтайды. Сол кезде ол күйшімен асықпай əңгімелесіп, оның таң ғажайып күйіне тəнті болып, бейнесін қағазға

бергенін де айта кеткеннің артықшылығы жоқ. Міне, осылайша алыстағы ауданда бір күнде үш орта мектеп ғимараты пайдалануға беріліп, аталған жаңа білім отауларында алғашқы қоңырау соғылды. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы. ––––––––––––

Суретте: жаңа мектеп алдындағы Н.Савичев пен Құрман ғазыға қойылған кеу демүсіндер.

 Қаз-қалпында

Жол бойындаєы жґнсіздіктер Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Алаңғасар адамдардың салдыр-са лақ тығында шек жоқ. Бағусыз жүрген малдарының темір жолға шығып кетіп пойыз қозғалысына зор қауіп төндіретіні өз алдына, өздері де бастарын бəйгеге тігіп, рельс

үстімен жүргендерін азайтпай отыр. Қарағанды көлік прокурорының орынбасары Ерсін Тəлкенованың айтуынша, жыл басынан бері «Қарағанды-Сұрыптау» стансасы бойынша тежегішті төтенше жағдайда іске қосудың 140 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 71 оқиға мəлік келгір сиырлардың

қатысуымен болған. Ал 62 оқиға теміржол үстінде жайбарақат жүретін адамдарға тиесілі екен. «Павлодар – Алматы» бағытында зымырап бара жатқан жолаушылар пойызы аяқ астынан тоқтауға мəжбүр болған. Себеп – жол үстінде қаннен-қаперсіз жайылып жүрген сиырлар. Əбүйір болғанда, пойыз да аман, сиыр

да тірі қалды. Бірақ кес тедегі уақытынан кешігіп қалған отарба кəсіпорынға əжептəуір шығын əкелген. Бүгінгі күнде бағусыз жүрген мал иесі табылып, оған бес айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның мойнына пойыздың кестеден тыс тоқтағанынан келген шығын да ілінеді. Малдан адамдар да қалысып жатқан жоқ. Бұқар жырау ауданының 43 жас тағы тұрғыны жолды қысқартам деп, теміржолды

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

түсірген. Тарихи тұлғалардың сирек ұшырасатын осындай бай ланыс тары Сарыкөлдегі жаңа орта мектептің алдында Құрманғазы мен Никитаның кеуде мүсіндері қатар қойылуына əсері тигеніне де куə болдық. Осы орайда, Савичевтің «Көргендерім мен естігендерім» деген есте лігінде: «Сағырбаев өте сирек кездесетін сазгер. Егер ол еуропалық білім алғанда музыка əлемінің жарық жұлдызы болатын еді», деп биік баға

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

кесіп өтпек болған. Тура тұмсығының астынан жүгіріп өтіп бара жатқан адамды байқап қалған жүк пойызының ма шинисі амалдың жоқты ғы нан төтенше тежегішті іске қосыпты. Шығын шаш-етектен. Бірақ оны төлейтін адам белгілі: ол – бұқаржыраулық тəртіп бұзушы азамат. Малдың аты – мал. Шөбі бар жерді қориды. Ал саналы деген адамдарға не жорық десеңізші?! ҚАРАҒАНДЫ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Сұңғат ƏЛІПБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №641 ek

Profile for Egemen

04092015  

0409201504092015

04092015  

0409201504092015

Profile for daulet
Advertisement