Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ґркенді ґндіріс ґрісі 3-бет Кез келген ќўбылысќа салыстырмалы тїрде ќараєан жґн 4-бет Отаршылдыќќа ќарсы шыќќан Оспан батыр 5-бет Майданнан жазылєан саєыныш хаттар 6-бет

№64 (28288) 3 СƏУІР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Уаќыт Їкіметке жаѕа талаптар ќояды

«2050» Стратегиясына ќол жеткізу тыѕ тəсілдерді ќажет етеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісінің фракциясы жетекшілерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Серік Ахметов басқаратын Үкіметтің отставкасы жəне жаңа ПремьерМинистрдің кандидатурасын ұсыну мəселелері қаралды. Мемлекет басшысы Үкіметтің қазіргі құрамы өзіне жүктелген міндетті орындағанын атап өтіп, атқарылған жұмыс үшін алғысын айтты. Дегенмен, күрделі халықара лық экономикалық ахуалды ескерсек, «Қазақстан-2050» Страте гия сының мақсаттарына қол жет кізу жаңа тəсілдерді қа жет етеді. – Əлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуға

байланысты алға қойылған міндеттер өз шешімін қажет етіп отыр. Жаһандық қаржы-экономикалық дағ дарыс жағдайында бізде де қиын шылықтар пайда болуы мүмкін. Қазір халықаралық қаржы институттарымен жұмыс жүргізіп, елге инвестиция тарта білу керек. Осы мəселелердің бəріне істі жетік білу арқылы басшылық жасау қажет болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Премьер-Министр лауазымына Кəрім Мəсімовтің кандидатурасын ұсына келіп, оның қажетті тəжірибе мен білімге ие екенін атап өтті.

«Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Н.Нығматулин Мемлекет басшысының шешіміне қолдау білдіре келіп, ұсынылып отырған кандидат Үкіметті мұның алдындағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде басқарғанын айтты. «Халықтық Коммунистер» фракциясының басшысы В.Косарев те Қазақстан Президентінің ұсынысын қолдап, бұл халықтың мүддесіне сай келетініне тоқталды. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы депутаттық фракциясының жетек шісі А.Перуашев Мемлекет басшысының шешімі, əсіресе, бизнес қоғамдастығы тарапынан оң қабылданатыны туралы пікірін білдірді.

Їкімет басшысыныѕ кандидатурасын маќўлдады

Мемлекет басшысы Парламент Мəжілісінің отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметов басқарған Үкіметтің отставкасы қа былданғаны туралы айтты. – Үкімет анау айтқандай қателікке жол берген жоқ. Ол ағымдағы міндеттерді атқара отырып, өз тəжірибесі мен мүмкіндіктеріне қарай жұмыс жүргізді. Бірақ əлемдік экономикалық дағдарыс жалғасып отырған жағдайда Үкімет «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға кірісті. Бұл нақты жəне жүйелі жұмысты

қажет етеді, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Серік Ахметовке жəне Үкімет мүшелеріне атқарылған жұмыс үшін алғысын айта келіп, қазіргі жағдайда еліміздің əлеуетін тиімді іске асыру үшін жаңа тəсілдер қажет болатынын атап өтті. – Біз бүгін азаматтық қызметшілердің еңбекақыларын көтердік, егер ел экономикасының қарқынды дамуы жалғасатын болса, біз азаматтарымыздың табысын

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н.Ахметовтің орнынан түсуі туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сəйкес қаулы етемін: 1. Берілген өтінішіне орай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Нығметұлы Ахметовтің орнынан түсуі қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіме тінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісі бюросының отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында Парламент Мəжілісі комитеттерінің төрағалары сөз сөйлеп, Кəрім Мəсімовтің мол тəжірибесі барын атап өтті жəне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі қызметіне оның кандидатурасын мақұлдады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 2 сəуір. №778

Біз – қазақстандықтармыз!

ОТАНДАС

Əулиеатада туып, əлемге танылєан Алексей Ни Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Құсбегі қолында ұшуға талпынып, қанатын қомдап отырған лашын құстай ықшам денелі осы бір бапкердің ақжарқын жүзі, ақкөңіл мінезі Лондон Олимпиадасы кезінде барша қазақстандықтар ғана емес, əлем жұртшылығының жадында ұзаққа жатталып қалды. Еден үстінде зіл қара тас болып жатқан салмақты аспандата көтеріп, «Олимпиада чемпионы» деген атаққа қол жеткізген шəкіртінің табысына қуанған оның... қасында тұрған əріптесінің

үстіне жас балаша қарғып мініп, ал келіп алақайлаған кездегі бейнесін, шынында, ешкім де ұмытпайтын, ешкім де ұмыта алмайтын шығар. Оның осы пейіліне берді ме, Лондон Олимпиадасында қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Мая Манеза жəне Зүлфия Чиншанлоға қарсылас шақ келмеді. Олар небір марқасқалардың белін бүктірген зілтемірді тізелері дірілдемей, білектері майыспай бағындырған сайын əріптестерін айнала жүгіріп, қолын шапалақтаған бас бапкердің «қылығы» əлем журналистерінің сүйікті тақырыбына да

айналған. Ал оның бұл «еркелігіне» отандастары – қазақстандықтардың Бейжің Олимпиадасы кезінде-ақ көзі үйренген. Өйткені, оның қуанғаны отандастарының қуанғаны, отандастарының қуанғаны оның отбасының қуанғаны болатын. «Ол» деп жұмбақтаған кейіпкеріміздің кім екенін өздеріңіз де біліп отырған шығарсыздар. Ол – кəдімгі Алексей Геннадьевич Ни. Иə, ауыр атлетика спортынан ұлттық команданың бас бапкері, жүзі жұқалтаң келген Алексейдің өзі. Айтайын дегеніміз, кіл алыптарды жаттықтыратын қағылез бапкердің жыр алыбы Жамбыл атаның атын алып отырған өңірде дүниеге келгенін ешкім біле бермейді екен. Таратып айтсақ, Алексей Геннадьевич Ни 1961 жылы 24 шілдеде қазіргі Тараз, бұрынғы Əулиеата, Мирзоян, одан кейін ақын Жамбыл атымен аталған қалада туып, осындағы №7 орта мектепте оқыды. (Соңы 4-бетте).

алдағы уақытта да арттыратын боламыз. Ел экономикасы өсімінің жоғары қарқынын, сондай-ақ қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету үшін Үкіметтен нақты əрі сауатты жұмыс талап етіледі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конс ти ту циясының 44-бабына сəй кес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің лауазымына К.Мəсімовтің кандидатурасын Парламент Мəжілісінің қарауына ұсынды. – Кəрім Мəсімов біз рецессияға жəне жұмыссыздықтың өсуіне

жол бермеген 2007–2009 жылдардағы дағдарыс кезеңінде жұмыс істеді. Экономиканы одан əрі дамыту үшін бізге елдің ішінде де, негізгі шетелдік серіктестерімізбен де тиімді жұмыс жүргізу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Парламент Мəжілісінің депутаттары елдің Премьер-Министрі лауазымына К.Мəсімовтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Өз сөзінде К.Мəсімов артылған сенім үшін ризашылығын білдіре келіп, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге бар күшжігерін жұмсайтынын айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы К.Қ.Мəсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Кəрім Қажымқанұлы Мəсімов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 2 сəуір. №779

Кəрім Қажымқанұлы МƏСІМОВ

1965 жылы туған. Пекин тілдер институтын, Ухань университетінің Заң институтын (ҚХР), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, АҚШ-тың Колумбия университетінде тағылымдамадан өткен. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген. Еңбек министрлігінің бас экономисі, бөлім бастығы, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Үрімші қаласындағы (ҚХР) өкілдігінің аға маманы, Қазақстанның Гонконгтағы сауда үйінің атқарушы директоры болып жұмыс істеді. Алматы саудақаржы банкінің басқарма төрағасы, Қазақстанның Халықтық жинақтаушы банкі басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. Көлік жəне коммуникация министрі, Президенттің көмекшісі, ПремьерМинистрдің орынбасары – Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі, республика Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметтеріне тағайындалды. 2012 жылғы қыркүйектен бері – Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы.

Жалпы отырыста кґп ойлар айтылды Кеше Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тəртібі туралы келісімнің күшін жою туралы» заң жобасын мақұлдады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Қосымша баяндама жасаған Халық аралық істер, қор ғаныс жəне қауіпсіздік коми тетінің мүшесі Абай Тасбо латов, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы қозғалысы кезінде транс шекаралық бақылаудың болмауы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін екендігін атап өтті. Мұндай тауарлар оларды террорлық əрекетке пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан қауіпті болып табылады.

Сонымен қатар, келісімнің 19-бабына сəйкес, оның күші қару-жарақ пен əскери тех ни каға, сондай-ақ, əскери мақсаттағы өзге де өнімдерге қа тысты сырт қы экономикалық қызметке қолданылмайтынын атап өту қажет. Жалпы отырыста Мəжіліс, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық əріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Бұл шарт 2013 жылдың 14 маусымында Ташкентте жасалған. Оның талаптарына

сəйкес та рап тар өздерінің қарымқатынастарын теңдік, өзара сенім, стратегиялық əріптестік негі зінде қалыптастыратын болады. Бұл жайында жалпы отырыста Мəжілістің Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің мүшесі Оразкүл Асанғазы айтып берді. Тараптар екеуінің де қауіпсіздігі мүд де леріне немесе олардың бірінің қауіпсіздігі мүдделеріне теріс əсерін тигізуге ықпал ететін ахуал туындаған жағдайда, өзара ке лісім бойынша мұндай ахуалды реттеу жөніндегі ұстанымдарын келісу жəне практикалық шараларды үйлестіру үшін консультациялардың тиісті тетігін қолданады. (Соңы 2-бетте).


2

www.egemen.kz

Белсенді жўмыс жалєасуы тиіс

3 сəуір 2014 жыл

Дайындыќ мəселелері талќыланды

Ґркендеу ќадамдарыныѕ ґрісі кеѕейтіледі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қабылдау барысында министр елдегі криминалдық жағдайдың жай-күйі, қылмысқа қарсы күресті күшейту шаралары жəне қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету туралы баяндады. Мемлекет басшысы тіркелген аса ауыр қылмыстар саны – 17%-ға, тонау – 25%-ға, қарақшылық – 52%-ға, пəтер ұрлығы 3%-ға төмендегеніне байланысты оң үрдістерді атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев ұсақ құқық бұзушылықты ашу, жаза қолданылмай қалмау қағидатын сақтау бағытында белсенді жұмыс жүргізу қажеттігіне тағы да назар аударды. – Астана мен Алматыда ірі халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызы зор. Мұндай жұмысты еліміздің барлық қалалары мен аудандарында да жүргізу қажет, – деді Мемлекет басшысы. Қ.Қасымов жол қауіпсіздігіне бақылауды күшейту, атап айтқанда, Астана мен

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына дайындық мəселелері талқыланды. Е.Тоғжанов сессия жұмысына еліміздің барлық өңірінен 406 делегат, соның ішінде Ассамблея мүшелері, респуб ликалық жəне өңірлік этномəдени бірлестіктердің төрағалары қатысатынын баяндады. Сондай-ақ, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар басшылары, шет мемле кеттер дипломатиялық миссиялары, ғылыми жəне шығармашылық ин тел лигенция, бұқаралық ақпарат

Алматыда көшеге бейнебақылау, заманауи «ақылды» бағдаршамдар жүйесін орнатуға арналған қалалық бағдарламалардың, сондай-ақ, қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеу» қағидатын қалыптастыру ісі бойынша полиция жұмысын жандандыру жөніндегі тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Бұған қоса, министр қылмыстар туралы барлық дабылдардың қатаң есебі мен тіркелуін қамтамасыз ету жəне соған орай жедел əрекет ету жөніндегі шаралар туралы айтты. Биыл ішкі істер органдарына қылмыстар туралы 313 мыңнан астам шағым түскен, оның 95%-ы 3 күн мерзім ішінде қаралған. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы құқық тəртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тəртіп пен заңдылықты сақтау мəселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жалпы отырыста кґп ойлар айтылды (Соңы. Басы 1-бетте). Тараптар өзара тиімді сауда-эконо микалық жəне мұнай-газ ынтымақтастығын кеңейту əрі тереңдету жөнінде қажетті шараларды қабылдайды, сенімді жəне қауіпсіз көлік дəліздерін жасауды қолдайды, трансшекаралық өзендердегі жаңа гидротехникалық құрылыстар салуды қоса алғанда, су-энергетика саласындағы барлық мəселелерді шешуді көздейтін Орталық Азиядағы су пай да ла ну дың əділ жүйесін дамытуға қатысты бірыңғай келісілген ұстанымға қол жеткізеді. Шартқа сəйкес тараптар əскери жəне əскери-техникалық салаларда, азаматтық қорғаныс саласында ынтымақтасады, сондай-ақ, ғылым мен техника, денсаулық сақтау, білім беру жəне мəдениет, туризм мен спорт салаларындағы ынты мақтастықты көтермелейді. Депутаттар жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының əуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды. Келісім жоғарыда аталған жүйені, ТМД-ға мүше-мемлекеттердің əуе шабуылына қарсы қорғанысының Бірыңғай өңірлік жүйесін құрудың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жөнінде жалпы отырыста Мəжілістің Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мəулен Əшімбаев түсініктеме жасады. Отырыста палата «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметі туралы» заңның жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларға

келісім берді. Сонымен бірге, оның ілеспе түзетулеріне де келісті. Жалпы отырыста, қалыптасқан дəстүр бойынша, бірқатар депутаттық сауалдар жолданды. Олардың біразы балалар туралы ұлттық банк құру мəселесі мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайы, Паралимпиялық жəне Сурдалимпиялық жеңімпаздарды марапаттауды Олимпия ойындарының жеңімпаздарымен теңестіру, т.б. мəселелерді қозғады. Коммуналдық қызметті төлеуге арналған тұрғын үй жəрдемақысына қатысты да мəселелер көтерілді. Дəл осы міндетті бірнеше мемлекеттік орган қатар атқарып отырғандықтан, күрделі жағдай қалыптасқан. Тұрғын үй жəрдемақысын берудің тиісті қағидаттарын Өңірлік даму министрлігі дайындайды, ал жəрдемақыны тағайындаумен жəне төлеумен жергілікті атқарушы органдар айналысады. Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Осының барлығы түйткілді проблемалардың қордалануына алып келіп отыр. Мəжілісмендердің пікірінше, Үкімет аз қамтылған тұрғындарды тұрғын үй жəрдемақысымен кеңінен қамтамасыз етудің барлық шараларын қолға алуы керек. Аталған мəселенің маңыздылығына тоқталған Нұрлан Нығматулин: «Ең бастысы, тұрғын үй жəрдемақысы қолжетімді болуы керек, ал оның орындалуы жағдайы төмен тұрғындарды кеңі нен қамтуы қажет. Ал əлеуметтік көмектің осы түрін алу ға құқылы азамат тиісті органдар жұмысының жүйесіздігіне тəуелді болмай, мүмкіндікті толықтай пайдалануға тиіс», – деп атап өтті.

«Əкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу жəне «Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың жəне аудандардың рейтингтері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №500 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы Қаулы етемін: 1. «Əкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №44, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Барлық деңгейдегі əкімдер жыл сайын, бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізіп, олардың барысында елде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы əлеуметтік-экономикалық дамуы, оны одан əрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар етсін.»; 2-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдардың статистикалық деректер негізінде, Астана жəне Алматы қалаларының, облыстардың əлеуметтік-экономикалық жəне индустриялық-инновациялық даму деңгейі мен серпініне талдау жүргізуін қамтамасыз етсін.». 2. «Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың жəне аудандардың рейтингтері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №500 Жарлығының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 2 сəуір. №776

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2014 жылғы 31 наурыз

№288

Астана, Үкімет Үйі

Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы «Газ жəне газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2014 жылғы 30 маусым кезеңіне арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмай, тоннасына 33 653,63 теңге (отыз үш мың алты жүз елу үш теңге алпыс үш тиын) мөлшерінде бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Атақты ғалым, саясат жəне қоғам қайраткері, М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий 75 жасқа толды.

«Егемен-ақпарат».

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Елбасыныѕ ќўттыќтау хаты тапсырылды Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оған жеке құттықтау хатын жолдаған болатын. Хатта В.Садовничийдің басқаруымен «ММУ инновациялар мен ізгі бастамалардың бұлағына айналып, əлемнің ең үздік университеттерінің қатарына кірді», деп атап көрсетілген. Мерекелеу қарсаңында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Марат Тəжин мерейтой иесімен кездесіп, Мемлекет басшысының атынан аталған құттықтау хатты тапсырды. Елші мəдени-гумани тарлық салалардағы Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынастарына В.Садовничийдің ерекше үлес қосқанын атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр мен табыс тіледі. Сонымен бірге, жүздесу барысында мəдени-гуманитарлық, оның ішінде ең бастысы, білім беру саласындағы мəселелер талқыланып, екіжақты ынтымақтастықтың күн тəртібіндегі мəселелері бойынша пікір алмасу өтті.

құралдары өкілдері қатысады. Бұған қоса, Төрағаның орынбасары өңірлік Достық үйлерін дамытудың тұжырымдамасын əзірлеу жəне Ассамблеяның құрылуының 20 жылдық мерейтойына дайындық барысы туралы хабарлады. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият жəне келісім мəдениеті» тақырыбымен 2014 жылғы 18 сəуір күні Астана қаласында өтеді.

С.АХМЕТОВ.

Кґктемгі əскерге шаќыру науќаны басталды

Қазақстан Республикасында көктемгі мерзімді əскери қызметке шақыру науқаны басталды.

«Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Заңға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген əскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерді запасқа шығару жəне Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сəуір-маусымында жəне қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді əскери қызметке əскерге шақыру туралы» 2014 жылғы 14 наурыздағы №768 Жарлығына сəйкес республиканың барлық қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде əскерге шақыру комиссияларының жұмысы басталды. Биыл əскери бөлімдерді жасақтау тек аумақтан тыс қағидат бойынша жүзеге асырылатын болады. Іріктеу жəне əскери бөлімдерге бөлу кезінде əскерге шақырылушылардың əскерге шақыруға дейін алынған қолда бар мамандығы ескеріледі. Көктемгі мерзімді əскери қызметке шақыру науқаны 27 маусымда аяқталады. «Егемен-ақпарат».

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік делегация мүшелері кеше жұмыс бабындағы сапармен Ақмола облысында болды. Оларды облыс əкімі Қосман Айтмұхамбетов алдымен Бурабай ауданына бастап барды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Аудан əкімі Нұрлан Нұркенов бірінші вице-премьерді ауданның əлеуметтік-экономикалық жағдайымен қысқаша таныс тырып өтті. Өңірде жылдың алғашқы екі айында 1,5 миллиард теңгенің өнеркəсіп, 831,5 миллион теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өндірілген. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 361,4 миллион теңгені құрап, өткен жылғыдан 38,3 пайыздық өсім қамтамасыз етілді. Курортты аймақта тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. Мұнда 2344 шаршы метр жайлы пəтер пайдалануға беріліпті. Өсім 24,5 пайызға тең. Бақытжан Əбдірұлы əлеуметтік саладағы игі істерді атап көрсете келіп, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың қалыпты жұмысына назар аударды. Щучье қаласының базарын аралаған ол азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын атап көрсетті. Б урабай кентіндег і кан али зациялық тазарту қондырғыларының құрылысы жоспарға сай жүргізілуде. Жалпы құны 2,6 миллиард теңгеден асатын нысанның былтырғы жылғы құрылыс ауқымы 100 пайызға орындалғаны баяндалды. Биылғы желтоқсан айында екінші, қорытынды кезегі іске қосылатын жүйенің өндірістік қуаты тəулігіне 10 мың текше метрді құрайды. Курортты кенттің тұрғындары жаңа қазандық құрылысына айрықша маңыз артып отыр. Жобалық қуаты сағатына 20 Гал-дық нысан Бурабайдағы тұрғын үйлер мен əкімшілік ғимараттарын жылумен қамтамасыз етеді. Өңірде танымал «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС мердігерлік міндеттерін жауапкершілікпен атқара білуде. Келесі жылдың қазан айын да пайдалануға беріледі деп жоспарланған қазандық құрылысының құны 2390,1 миллион теңгені құрайды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары бастаған топ Көкшетау қаласының іргесіндегі Садовый ауылында «Milk ProJect» ЖШС сүт өңдеу кешенінде болды. Кəсіпорын 2010 жылы 1721,4 мың литр сүт өңдесе, 2013 жылғы көр сет кіш 5 миллион 680 мың литрге жет кен. Мұнда Ресейдің «Молмаш», Израильдің «Tessa»,

Швецияның «Ecoline» фирмаларының заманауи технологиялық жабдықтары пайдаланылады. Тұтынушылар сапа көрсеткішінің жоғарылығын осы қадамдармен байланыстырады. Өңірлік индустрияландыру картасына енгі зілген сүт зауытында, 2012 жы лы қуаттандыру жұмыстары жүргізілуі нəтижесінде жылына 15,6 миллион литр сүт өңдеуге мүмкіндік туған. Зауытта 77 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Көкшетаудағы «AgrimerAstuk» серіктестігі астық жəне майлы дақылдарды қабылдау жəне оны өңдеумен айналысатын ірі кəсіпорын саналады. Оның жалпы аумағы 22 гектарды алып жатыр. Бұл кешен кластерлік жүйемен жұмыс істейді. Мұнда тəулігіне 300 тонна ұн тартылады. Яғни жылына 2820,2 миллион теңгенің 68 мың тонна ұн өнімі тұтынушыларға жөнелтіледі. Бұған қосымша құрама жем зауыты, мұнай базасы, наубайхана, бірнеше фирмалық дүкендер халық игілігіне жұмыс істеуде. Үкімет басшысының бірінші орынбасары майлы дақылдар өңдеу зауытының жұмысына ризалығын білдірді. Сондай-ақ, ол «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кəсіп ор нын дағы жұмыс барысына назар аударды. 1998 жылы құрылған қазандық кешені бірнеше рет ұйымдық өзгерістерге ұшырап, оның мүліктік əлеуеті əртүрлі кəсіпорындардың қарауында болған. Қазіргі күні бұл нысан қала əкімінің қаулысымен дербес ұжым ретінде жұмыс істеуде. Б.Сағынтаев «ENKI» керамикалық кірпіш зауытының өндірістік алаңдарын аралап, кəсіпорынның жаңашыл қадамдарымен танысты. Үдемелі индустриялықинновациялық бағдарлама шеңберінде қатарға қосылған заманауи кəсіпорын былтырғы жылы 2 миллиард 124 теңгенің 52 миллион дана кірпішін шығарды. Кəсіпорындағы 250 жұмысшының орташа айлық жалақысы 93804 теңгеден айналуда. Премьер-Министрдің бі рінші орынбасары зауыт мəжілісханасында сапар барысын қорытындылады. Ол облыс əкімі Қосман Айтмұхамбетов алға тартқан өзекті мəселелер бойынша тиісті шешім қабылданатынын мəлімдеді. Ақмола облысы.

Жазєы демалысќа дайындыќ Республикалық қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығы жуырда Ақмола облысының Щучье қаласындағы «Балдəурен» республикалық санаторийінде педагогикалық жасақтар мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастырушылардың республикалық слетін өткізді. Ондағы мақсат, колледждер мен жоғары оқу орындарының үздік педагогикалық жасақтарын жəне балалардың жазғы демалысын ұйымдастырушыларды оқыту жəне олардың ортасында тəжірибе алмасу алаңдарын құру болатын. Салтанат САЛБЕНБЕКОВА,

Республикалық қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығының бөлім əдіскері.

Слетке педагогикалық олим пиаданың бірінші айналымының жеңімпаздары мен колледждердің, ЖОО-ның үздік педагогикалық жасақтары, жалпы орта жəне қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Шараның бағдарламасы слеттің салтанатты ашылуын, педагогикалық жасақтардың тұсаукесерлерін, шығармашылық шеберханаларды, шеберлік сыныптарын, байқаулар мен дөңгелек үстелдерді, тəжірибелік сабақтарды қамтыды. Слеттің аясында білім беру ұйымдарының қызметтерін кеңінен ашып көрсететін, оған қоса жазғы кезеңде балаларды сауықтыру жөніндегі қызықты тəжірибе, əдістемелік нұсқаулар, фотосурет материалдарынан құралған «Тəлімгерлік жаз» атты рес публикалық көрме ұйымдастырылды. Республикалық слетке қатысушылар «Біз топ

да рын дыларымыз», «Лагерьдің өмірінен бір күн», «Педагогикалық жағдайларды шешу», «Залмен ойын ойнау», «Тəлімгерлік жаз» ат ты түрлі байқаулар аясында бақ сынасты. Нəтижесінде Бас жүлдемен М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің «Жігер» педагогикалық жасағы (жетекшісі Дамира Қадырбекова), І дəрежелі дипломмен Көкше таудағы Ж.Мусин атындағы пед а гогикалық колледжінің «Шуақ» педагогикалық жасағы (жетекшісі Анаргүл Айтен), ІІ дəрежелі дипломмен Алматы облысының «Жүрек жылуы» педагогикалық жасағы (жетекшісі Айгүл Қуанышбаева), «Есік гуманитарлық-эко но микалық колледжі» марапатталса, ІІІ дəрежелі дипломға Ж.Дос мұ хамедов атындағы педа гогикалық кол леджінің «Жа йық жастары» педагогикалық жасағы (жетекшісі Гүлнар Нұрашева) лайық деп табылды. Жеңімпаз жасақтарға бағалы сыйлықтар үлестірілді.

АСТАНА.


3

www.egemen.kz

3 сəуір 2014 жыл

ҐРКЕНДІ ҐНДІРІС ҐРІСІ Кеше Елбасыныѕ кəсіпкерлікті тексеруге жариялаєан мораторийі ґз кїшіне енді

Кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі Елбасының арнаулы Жарлығы Жетісу жерінде қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы «Санжар» көп салалы фирмасының директоры, кəсіпкер Жанатбек САРҒАЛДАҚОВПЕН əңгіме.

Жўмысќа жаќсы жол ашылды

– Жанатбек Сəдуақасұлы, əуелгі əңгімені өңірдегі тəжірибелі кəсіпкер ретінде кəсіпкерлікті қолдау жөнінде күні кеше күшіне енген Елбасының арнаулы Жарлығы туралы айтудан бастасаңыз? – Елбасының «Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығы тура керек кезінде жарияланды деп санаймын. Олай дейтінім, осынау құзырлы құжат

бізге, яғни шағын жəне орта бизнесте жүрген кəсіпкерлерге өте қомақты көмек болып отыр. Себебі, ұжымымызға келетін түрлі тексерушілерге алтын уақы тымызды қиып, сұрағандарын түсіндіріп айтудың өзіне талай уақыт кетеді. Біз кəсіпкерлер қазақтың «əрбір уақыт алтынмен тең» деген сөзін ұран еткенбіз. Өйткені, əр күнді қорытындылаған кезімізде ертеңгі күннің əр минутын санап, атқарылатын жұмысты белгілеп, бөліп жазып қоямыз. Сондықтан, Елбасы Жарлығымен елімізде қабылданып, күшіне енген мораторий бізге үлкен көмек болып отыр деп ашық айта аламын. Себебі, ешнəрсеге алаңдамай, нақтылы атқаратын жұмысымызды істеп отырмыз. Тағы да қайталап айтарым, Елбасы тарапынан кəсіпкерлерді қолдау бүгін өте жақсы деп бағаланып қана қоймай, ертең де өте жақсы жемісін берері хақ. Кəсіпкерлер ісі дегенде айта кетер жайт, Елбасының саралап, сараптауы мен ұйғарымына сəйкес, белгіленген уақытта ішкі өнімді 50 пайызға жеткіземіз деп

ойлаймын. Оған мемлекет тарапынан кəсіпкерлерге жасалып жатқан жеңілдіктер мен мүмкіндіктер де негіз болары анық. – Сіз басқарып отырған «Сан жар» фирмасы қандай кəсіппен айналысады? – Кəсіпорын көп салалы. Мал бағып, егін егіп, отандық өнімді өңдейтін өндірісті дамытып, тұрақты 70 адам еңбек етеді. Əрине науқандық жұмыс кезінде олардың саны 90-нан асады. Орташа айлық жалақы 40-45 мың теңге болады. Ел заңнамасына сəйкес құрылып, əрекет ететін ұжым болғандықтан мемлекетке тиісті мөлшерде салық төлеу, жұмысшылардың зейнетақы қорларына төлемдерді аудару заң шеңберінде жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда ұжымымызда 8 этнос өкілі жұмыс істейді. Арасында жоғары білімді мамандар да бар. Шыны керек, барлығы қазақ тілінде таза сөйлейді. Заман талабын дұрыс түсінгендіктен жəне келушілердің басым бөлігі орыс тілін білмейтін оралман ағайындар болғандықтан сатушы болып жұмыс істейтін орыс қыздар мен əйелдердің тілі тез жаттығып кетті. Əңгімелескен Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

Алматы облысы, Ескелді ауданы.

Кеѕ тыныстауєа мїмкіндік Уақыт деген тым шапшаң. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың кəсіпкерлерді қолдау туралы мəлімдемесі жарияланғалы да бір айдың жүзі болды. Мəлімдемеде үстіміздегі жылғы 2 сəуірден бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын жəне орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге мораторий жарияланғаны айтылған-ды. Мұны біз Елбасының кəсіпкерлікті дамытуды қолдауға деген шынайы көзқарасы деп түсіндік.

Сондай-ақ, мұның өзі ісін жүргізіп отырған халыққа деген үлкен қолдау да еді. Міне, мораторий күшіне енді. Бұдан былай шағын жəне орта бизнес өкілдері қаптаған тексерулерден көздерін ашып, болашаққа үміттерін жалғап еңбек ететін болды. Əсіресе, кəсіпкерлікке қалыптасып кете қоймаған өз ісін жаңа дан ашқандардың бірден тексерудің теперішін көруден босағаны шындық. Бұл кəсіпкерлік нысандарының аяғынан нық тұрып кетуіне берілген көмек ретінде оң бағалануда. Мəлімдеме жарияланғаннан кейін-ақ, тексеруші

органдардың жұмысы жаңа арнаға түсетіні белгілі болды. Маған Елбасы мəлім демесінде «Мемлекеттік органдар менің Əкім шілігіммен келісе отырып, объективті, əлемдік талаптарға сай тексерістерді анықтау жүйесін əзірлейді. Бұл жүйе бойынша, 2015 жылдың 1 сəуірінен бастап тек шынымен де заң бұзу ықтималдылығы жоғары кəсіпкерлер тексерілетін болады. Егер кəсіпкер заңның барлық талаптарын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлдем бармауға тиіс!» деп қадап айтқаны көңілімдегі сенімді нығайта түскен болатын. Мораторийдің кəсіпкерлердің тынысын кеңейтудегі қайтарымын қазірдің өзінде сезіне бастадық. Ат сабылтып келіп, аула босатпайтын тексерушілер қатары сиреді. Құзырлы орындардың қаптаған тексерістерінің қарқыны бəсеңсіді. Бұл зая кететін алтын уақытымызды өз кəдемізге жаратуға алғышарт жасауда. Жылдар бойы кəсіпкерліктің қатаң қағидаларын бұлжытпай орындап келе жатқан біздің

кəсіпорынға да керегі осы еді. Талаптардың жалпы санының 30 пайыздан астам мөлшерге азаюы да қолбайлау қағазбастылықтан құтқарары сөзсіз. Əрине, мораторийді желеу етіп, қайткенде де қарпып пайда табуға ұмтылушылық болмауы тиіс. Кəсіп кер лер өздеріне беріліп отырған мұндай жеңілдіктерді игілікке пайдаланады деп ойлаймын. Біздің кəсіпорын «Астық индустриясы» компа ниясының құрамына кіретін құрылым болып табылады, еліміздің батыс өңірінде «Корона» сауда маркасымен ұн жəне макарон өнімдерін ұсынады. Біз Үкіметтің кəсіпкерлікті қолдауға бағытталған қадамдарының игілігін көріп отырмыз десек артық айтқандық болмас. Тексерушілердің əр нəрсені желеу етуінің жолы кесілді. Енді кəсіпкерлермен санасатын кез туды. Жалпы, тексеруші органдардың қайткенде де кемшілік табудың істі ілгері апармайтынына көзін жеткізді, кəсіпкермен əріптестік қатынастың негізі қалана бастайды деп ойлаймын.

Биылғы жыл кəсіпкерлікті дамыту ға кең көкжиектер ашылуымен ерек шеленеді. АҚШ долларына шаққан да теңгенің бағамына өзгеріс енгізудің өзі Үкімет тарапынан жасалған экспортқа өнімдерін шығаратын отандық тауар өндірушілерді қорғаудың тағы бір қайтарымды қадамы. Өткен жылы біздің кəсіпорын алыс-жақын шетелдерге ұн өнімдерін шығаруды 40 пайызға кемітіп алып еді. Енді бұл бағытта жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Мұны алғашқы тоқсанда жұмыс қарқынының артуынан да аңғарып отырмыз. Бұл бізге валюталық пайда табуымызға жол ашады, сондай-ақ, мемлекетке салық түсімін молайтады, жұмысшылардың еңбекақысының өсуіне мүмкіндік туғызады. Біздің кəсіпорынның қуаты тəулігіне 550 тонна жоғары, 1-2 сортты ұн өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Қазір бізге өз өнімдерімізді бəсекелестік нарыққа шығарудың жаңа көкжиектері ашылды. Осындай қолдау-көмектің арқасында кəсіпорын өз табысын молайтуға бағыт ұстауда. Бұл жұмысқа тың серпін беріп отыр. Қанат ТАПАЕВ, «Жаңа Əлжан ұн комбинаты» ЖШС бас директоры.

Ақтөбе облысы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын жəне орта кəсіпкерлікті негізсіз тексеруге жариялаған мораториі күшіне енді. Алматылық кəсіпкерлер бұл шешімнің бизнестің үлкен жолына бағыт сілтер тура жол екендігіне дəн риза. Өз ісін өрге бастырып, бірнеше отбасын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған «Заман» жеке кəсіпкерлік қауымдастығының басшысы Кенжебек САУЫТҰЛЫН сөзге тарттық.

даңғыл жолға салу деп түсіну керек. Жəне де бұл жолғы мораторийде «айналысып отырған кəсібі күмəнді емес шағын жəне орта бизнес өкілдері» деп тайға таңба басқандай анық көрсетілген.

Кəсіп иелері ќамќорлыќты сезінуде – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын жəне орта кəсіп иелеріне негізсіз тексеріс жасауды болдырмау мақсатында мораторий жариялауы еліміздегі шағын кəсіп иелерінің тынысын ашқандай болды. Бір істі қолға алып, шаруаны енді бастаған жас кəсіпкерге тексеру жүргізу шынында да көптеген қиындықтар алып келетіні анық. Өзіміз де алғаш іс бастағанда негізсіз тексерістер, ретсіз айып тағу секілді мəселелерге тап болғанбыз. Мұндайда кəсібіңді жүргізесің бе, салық, несие, отырған ғимаратыңды жалға алу немесе тексерушілердің талабына уақыт кетіресің бе дегендей, біршама тығырыққа тірелген де кездер болды. Біз қазір азық-түлік жеткізу жəне асханалық қызмет көрсету ісімен айналысып отырмыз. Мейлінше, ауылшаруашылық өнімдерін, ет, сүт секілді көп тұтынылатын тауарларды арадағы делдалсыз

халыққа жеткізу жолына көп көңіл бөлеміз. Соның өзінде біздің түрлі шығындарымыз бен нарықта кездесетін қиыншылықтарымыз бар. Міне, мораторий жариялау арқылы кəсіпкерлердің етек-жеңін жиюына, өз шаруасының дұрыс жолға түсуіне көптеген еркіндіктер жасалады. Мəселен, мемлекеттік бағдарлама арқылы тендерге түсіп, белгілі бір құ рылыс нысанын тұрғызу құқығына ие болсаңыз, артынша тексерістердің нысанасына айналып шыға келесіз. «Мына кірпіштің көле мі стандартқа сай емес, неге қабырғаның балшығы біркелкі жағылмаған?!» деген секілді ескертулер мен айыптауларды да естіген едік. Мұндай тексерістердің артында тек қана кəсіп иесіне қадала отырып, əйтеуір, бір тиынтебенін болса да қақшып алу əрекеті көп байқалатын. Оның сыртында, жергілікті əкім ауысып, алдыңғы тендер иесін

ығыстыру айлалары да əр-əр жерден бой көрсеткені де рас. Мен қазір жеке кəсіп иесі ретінде сонау Семей жеріндегі өзіміздің жетісулық кəсіпкерлермен күнде байланысып отырмын. Солардың бəрі мораторий жарияланып, Елбасының ел азаматтарына, өз ісін жетілдірем деген кісілерге жасап отырған мүмкіндігіне шын жүректен разы болып отыр. Бұл – біздегі тең құқылы қоғамның даму жолындағы игі қадамын көрсетеді. Мораторий тек кəсіпкерлерді бей-берекет тексеруден құтқару ғана емес, кəсіпті енді бастаған жас іскерлерді

Яғни тексеріс жоқ екен деп ешкім де ойына келгенін істеп, заң бұзушылыққа баруға қақысы жоқ. Ең бастысы, кəсіпкерлікті енді ғана игере бастаған отандастарымызға тағы да үлкен қолдау жасалып отыр. Құ жат мəселесі, бас қа да көптеген шаруаларды орнықты атқаруға жəне қолға алған кəсіпті дөңгелетіп əкетуге бұл үлкен демеу. Сыбайлас жемқорлық дамыған барлық қоғамда болатын дерт. Соны жою үшін осындай мораторийлер мен басқа да түрлі талаптар аясында жұмыстар атқарылса, əрине, ондай игі қадамды халық құп көреді. Елбасының ұстанған саясаты мен бүгінгі біздің алған бағытымыз өсуге, өркендеуге негізделген. Шағын кəсіп иелері өз құқықтарының заңмен қорғалғанына, заң аясын да адал еңбек, маңдай тер дің жемісін жей алатынына бек сенімді. Жазып алған Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

 Мəселенің мəнісі

Кəсіпкерлікті ќорєау ќадамдары Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Ағымдығы жылдың ақпанында Елбасы «Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Осыған сəйкес 2014 жылғы 2 сəуірден 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерін тексерулерді жүргізуге мораторий да жарияланды. Енді осы мəселе біздің елімізде қалай орындалып жатқаны жөнінде көпшіліктің көкейінде көп сұрақ туындататыны рас. Сондықтан да болса керек, Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков шағын жəне орта бизнестің қызметіне араласпау жəне мораторий режимін сақтау мəселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес жұмысына агенттіктің орталық аппарат қызметкерлері мен конференцбайланыс арқылы қаржы полициясы

аумақтық бөлімшелерінің басшы лық құрамы қатысты. Қаржы полициясы органдарында мораторий режимін сақтау, шағын жəне орта кəсіпкерліктің қызметіне араласпау бойынша тапсырмаларды орындау барысы туралы агенттіктің Тергеу департаментінің

бас тығы Асхат Жұмағали баяндама жасады. Тергеу департаментінің бастығы соңғы 2 жылда агенттік кəсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық жəне

тəжірибелік шараларды жүйелі түрде қабылдап отырғанын мəлімдеді. 2012 жылғы наурызда агенттік төрағасы ШОБ субъектілеріне қатысты тексерулерді домалақ арыздар бойынша жəне алдын ала талдау жəне жедел тексерусіз жүргізуге тыйым салу туралы нұсқаулар берген болатын. Осылайша сотқа дейінгі өндірісті ұйымдастыру тəртібі мен нысанын жетілдіру бойынша іс-шаралар кешені қабылданды. Бірінші кезекте, арыздар мен хабарламалардың электронды тіркелуі жүйеге келтірілді. Жəне тек қылмыстық фактілер бойынша тексерулерді жүргізуді қамтамасыз ететін «Кезекші офицер» институты енгізілді. Мұның барлығы қаржы полициясының бастамасымен өткізілетін ШОБ тексерулер санын айтарлықтай азайтуға əсерін тигізді. Бұған қоса, кəсіпкерлік қызметке араласу фактілерін əшкерелеуге баса назар аударылады. Мəселен, 2 жылда кəсіпкерлердің құқықтарын бұзумен байланысты

521 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталды. Үстіміздегі жылғы қаңтарда агенттік төрағасы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының араласуынан ШОБ қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Бизнесті қорғау мақсатында агенттік Бас прокуратурамен бірлесе отырып бұйрықтар мен нұсқауларға, сондай-ақ Кəсіпкерлердің Ұлттық палатасымен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойды. Жиналыс соңында агенттік төрағасының нұсқауымен жасалған Қаржы полициясы органдарымен ШОК субъектілерін тексерулерді ұйымдастыру тəртібі туралы нұсқаулықтың жобасы таныстырылды. Нұсқаулықта сотқа дейінгі жəне қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі кезеңде мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары арқылы ШОК субъектілерін тексеруді тағайындау барысындағы ісқимыл бағдары көрсетілген. Осыған орай Рашид Түсіпбеков: «Күшіне енгізіліп отырған мораторийге қатысты айтсақ, тексерулерді тағайындау процедурасы түбегейлі өзгергенін білу керек», деп атап өтті. Өйткені, енді тексерулерді тіркеу тек департамент бастығының келісімімен ғана жəне тəуе келдерді

басқару жүйесін пайдалану арқылы, сөйтіп жасырын жедел-іздестіру шараларының толыққанды кешені жүргізілген жағдайда ғана рұқсат беріледі. Бизнес субъектілері қылмыстарды жасағанын дəлелдейтін салмақты негіздер болған жағдайда ғана департамент бастықтары тексеруді тағайындау туралы жеке өздері өтініп, осыған жəне жеке жауапкершілік алады. Ал қозғалған қылмыстық істер бойынша мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары арқылы тағайындалатын барлық тексерулерге агенттіктің Төрағасы мен Бас прокуратураның келісімі қажет болады. Осыған орай Р.Түсіпбеков қаржы полициясының жеке құрамын: «Егер де сіздердің бастамаларыңызбен өткізілген тексерулер негізсіз болып шыққан жағдайда, осы шешімге келіскен барлық тұлғалар жазаланатын болады», деп ескертті. Жиналысты қорытындылай келе, ведомство басшысы орталық аппараттың жəне аумақтық бөлімшелерінің барлық басшыларына Президенттің кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту туралы түбегейлі шаралар қабылдау жөніндегі Жарлығын орындауды жеке бақылауға алуды тапсырды.


4

www.egemen.kz

3 сəуір 2014 жыл

 Біз – қазақстандықтармыз!

ОТАНДАС

(Соңы. Басы 1-бетте).

Ағасы Виталий Геннадьевич Ни (ауыр атлетикадан əйелдер арасындағы ұлттық команданың аға бапкері) де Жамбыл қаласында ержетті. Мұны олар бізге өткен жылы өздері оқыған мектептің 60 жылдық мерейтойына келген кезде жария еткен. Мерейтой дастарқанының төрінде отырған Алексей мектепте оқып жүргенде «бес» деген бағамен бірге «екі» деген баға алғанын да əзілдей айтып берген. Оныншы сыныпты бітірген кезде ұстаздары қолына ұстатқан кəмелеттік аттестатында «3» деген бағаның бадырайып үш пəннің тұсында тұрғанын да жасырмаған. «Тəртібі» де балшекер емес екен. Сөйтіп жүргенде, «Химиктер сарайы» деп аталатын сəнсалтанаты келіскен ғимараттағы ауыр атлетика секциясының бапкері Сергей Моисеевич Ле шақырып алып, жаттығу жасауға бұйырады. Кейін Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген соң жарты жылдан астам инженер-гидротехник болып жұмыс істеп те көреді. Бірақ қанына сіңген спорт оны жаттығу залына қайта алып келген. Қазіргі Қазақ мемлекеттік денешынықтыру институтының бапкерлер даярлайтын факультетін бітіргеннен кейін осы жұмыстың соңына біржола түседі. Бүгінде Алексейдің жалпы еңбек өтілі отыз жылдан асты. Ал ауыр атлетикадан ұлттық команданың бас бапкері болғанына 20 жылдың жүзі болыпты. Алексейді ауыр атлетика спортынан еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері дедік. Бірақ қатарынан бес Олимпиадаға, яғни 1996, 2000, 2004, 2008 жəне 2012 жылғы Жазғы Олимпия ойындарына ел командасын бастап бару кез келген бас бапкердің басына қона бермейтін бақ екенін де ұмытпау керек. Оның үстіне, 2010 жылы жасөспірімдер арасындағы Жазғы олимпиадаға да бір топ балғын білек спортшыларға бас-көз болып барып-қайтқаны бар. Юлий Цезарьшалап қайырсақ, «бару», «көрумен» бірге... «жеңу» деген де талап бар жүректе. Біздің Алексей – осы үш талаптың үшеуінің де үдесінен шыққан біртуар бапкер. Ол көптеген Олимпиада чемпиондары мен əлем чемпионда рын, оның ішінде Илья Ильин мен Светлана Подобедованы да жаттықтырған аты аңызға айналған азамат. Елі мен Елбасы мұны лайықты бағалап, оған 1-ші дəрежелі Барыс жəне «Құрмет» ордендерін тапсырды. Ал спорт саласындағы басқа атақтары мен даңқтары өз алдына бір төбе.

– Мен бапкер ретіндегі еңбек жолымды алғаш рет Жамбыл қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде бастадым. Бапкер ретіндегі ерекше табысым туралы айтсам, алғашында Олимпиада жеңімпазын шығарамын деп ойлаған жоқпын. Ең бастысы, жұмысымды адал атқардым. Ол – күніне бірнеше сағат бойы тер төгу, спортшылардың тəртібін қадағалап, демалысын ұйымдастыру. Мұның бəрі үлкен шыдамдылықты талап ететін жұмыс. Қазір ағайынды Виталий екеуміз Лондон Олимпиадасында көз тігіп, құлақ түрген əлем жанкүйерлерін

таңқалдырған табысымызға қалай қол жеткізгенімізге өзіміз қайран қаламыз. Өйткені, бұл сөзбен айтып жеткізе алмайтын ерен еңбек болатын. Бұл қазақ ауыр атлетикасындағы өзіміз тұрмақ, шетелдіктер де күтпеген ерекше құбылыс еді, – дейді Алексей Ни. Ұлттық құраманың бапкерлер штабы Лондон Олимпиадасынан ең аз дегенде екі медаль алуымыз керек деп жоспарлаған. Тіпті, 3 медаль да артық етпес деп те ойлаған. Бірақ бір елдің командасы бір ғана спорт түрінен бақандай 4 алтын медальді олжалағанда, əлем жанкүйерлерінің таңданыстан ауыздары аңқиып қалған. Осы кезде ғой Алексей Ни ақкөңіл мінезімен: «Мен енді спорттан кетемін», деп мəлімдеме жасап жүргені. «Неге олай еттіңіз?» дейміз ғой біз. «Өйткені, есім барда «елімді» тапқым келді. Ешкімнің басына қона бермейтін бағым мен атақдаңқыма дақ түсіргім келмеді. Ондаған жылдар қатарынан бас бапкер болу, бірнеше Олимпиадаға қатысу оңай жұмыс емес. Ал «планканы» көтерген сайын, жұмысың да ауырлай түсетіні белгілі. Шыққан биігіңді ұстап тұру да оңай емес. Одан кейін жастарға орын

босатып, үй-жайыма, бала-шағама көңіл бөлгім келді. Шынымды айтсам, мен ұл-қыздарымның қалай оқып, қалай өскенін де білмеймін. Өйткені, жылдың 365 күнінің 300 күнін оқу-жаттығу жиынында өткіземін. Баламның кішкентай кезі ғой, ұзаққа созылған оқу-жаттығу жиынынан шаршап-шалдығып келсем: «Біздің «демеушіміз» келді» деп қарап тұр. Күліп жібердім. Қазір ұл-қызымның бірі – 21, екіншісі 26 жасқа келіп қалды», дейді атақты жаттықтырушы. Лондон Олимпиадасының алдында ауыр атлетика тарландары Талдықорған облысындағы Текелі қаласында

жаттықты. Сол жерге ағайынды Нилер өз қаржысына спорт кешенін салдырған. Одан емдеу-сауықтыру орны да алыс емес. Міне, қазақтың бура сан, сом білек ауыр атлеттері сол емдеу-сауықтыру орнында жатып дем алса, спорт кешенінде күн сайын жаттығу жасады. – Көрермендер атлеттің ең ауыр салмақты аспандата көтеріп, жеңімпаз болған сəтін ғана тамашалайды. Содан жандарына рухани лəззат алады. Бірақ олар сол жеңімпаздың, жиырма жастың о жақ бұ жағындағы өрімдей жастардың жаттығу кезінде қалай қиналатынын, сол қиындықтарға қалай шыдайтынын біле бермейді. Білсе, оны олардың атааналары мен бауырлары, жарлары ғана білер. Мысалы, зілтемірді көтере-көтере атлеттердің қолдары мен иық тары қанталап кететінін «тамашалайтын» біз. Бірақ иығы «қан талады екен» деп оларды аяп, мүсіркемейміз, оған олар да көндіккен, яғни жарақатының үсіне лейкопластырь жапсырып алады да, жаттығуына қайта кіріседі. Өйткені, оның алдында жаңа салмақты бағындыру мақсаты мен міндеті тұрады. Бүгінде Алексей Ни басқаратын арыстан жүрек алыптар əлем рейтингі

бойынша Қытай командасынан кейінгі екінші орында тұр. Бірақ біздің Алексей болашақта Қытай мен Ресей командасын да артқа тастайтынына сенімді. Бүгінде шетелдіктер де қазақ ауыр атлеттерін құрметтейтін, олардан үйренетін болған. Қазақ елінің зілтеміршілері Кеңес өкіметі кезінде де мықты болған. Олимпиада чемпионы атан ғ ан Юрий Зайцев, Виктор Ма зин, Анатолий Храпатый бəрі қазақстандықтар. – Бірақ ол кезде көптеген атлеттер Одақ деңгейіндегі іріктеуден өте алмайтын. Бəрінің тағдырын коммунистер билеген КСРО-ның спорт функционерлері шешетін. Кейін өзіміздің Қазақстанымыз тəуелсіздік алған соң спортшыларымыздың бағы жана бастады. Тіпті, жеңістің тəтті дəмін татып, спортта алға озып кеткен алпауыт елдермен де тайталаса бастадық, – дейді Алексей Геннадьевич. Қазақстандық жанкүйерлер арасында «Алексей Нидің талантты шəкірттерінің бірі Зүлфия Чиншанло азаматтығын ауыстырыпты, енді алдағы Рио-деЖанейро Олим пиад асында Қытай атынан шығады екен» деген сыбыс та біраз дау туғызды. Əрине, қытайлық атлеттер қазақстандық Зүлфияның басты бəсекелесі екені белгілі. Сондықтан, «өсек-аянымыздың елімізге пайдасы тиіп кетер» деп ойлаған қытайлық журналистер Чиншанло төңірегінде шу шығарып жіберген. Бірақ ол Қазақстанға қайтып келген соң, қытайлық журналистер таратқан ақпараттың шындыққа еш жанаспайтынын айтып, дау-дамайға біржола нүкте қойды. – Жамбыл өңірінің халқы мен өзен-көлі, тауы мен даласы маған өте ыстық. Мен, өйткені, осы жерде туып, осы жерде өстім, осы жерде оқыдым. Алғашқы достарым да, ұстаздарым да осы жерде тұрады. Сондықтан мен қандай биікке көтерілсем де алдымен бүкіл қазақстандықтарға, одан кейін жамбылдықтарға рахмет айтамын, – дейді Алексей Геннадьевич. Биыл күзде Астана қаласында ауыр атлетикадан əлем чемпионаты өтеді. Оған қатысуға қазірдің өзінде 100-ден астам ел тілек білдіріп отыр. Ал 2015 жылғы əлем чемпионаты АҚШ-тың Хьюстон қаласында болмақ. Рио-де-Жанейро алдындағы шешуші айқастың тағдыры да осында шешілмек. Қасиетті Əулиеата жерінде дүниеге келіп, қазақтарды əлем жұртшылығына танытып жүрген корей ұлтының өкілі Алексей бауырымызға Рио-де-Жанейро Олимпиадасында да қазақтарды алақайлай қуантатын ақ жаңбыр табыстар тілейміз. Жамбыл облысы. –––––––––––– Суретте: ағайынды Виталий жəне Алексей (оң жақта) НИЛЕР.

Табысты ґткен телекґпір «Жаѕа ќазаќстандыќ патриотизм» ўранын асќаќтатты Көкшетауда «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты жəне көпконфессиялы қоғамымыздың табыс кілті» атты республикалық телекөпір өтті. Аталған іс-шараға Қостанай, Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстары үн қосты. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының Президенті Нұр сұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында: «Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қастерлі өлкеде өмір сүріп, өркен жаятын болады. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз», деп атап өткен болатын. Елбасы тұжырымының тиянақтылығы бүгінгі шараның өн бойынан да айқын көрініс тапқанын айтуымыз керек. Телекөпірге үш облыстың этномəдени бірлестіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жастар мен бүлдіршіндер де қатысты. Ақмола облысы атынан облыстық ішкі

 Көкейкесті

Кез келген ќўбылысќа салыстырмалы тїрде ќараєан жґн Əлем құбылмалы əрі тербелмелі күйді бастан кешуде. Бұған экстремистік-террорлық мəселелердің белең алуы, лаңкестік сипаттағы қауіптердің үдей түсуі, дүние жүзіндегі діни-рухани ахуалдың тұрақсыздануы да əсер етуде. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Əрине, мұндай жағдайда дүние кеңістігін шарпыған діни-рухани дағдарыстан қазақ қоғамының да алшақ кете алмайтыны түсінікті. Ал əлемдегі лаңкестік əрекеттердің кең таралуына қарап, сол арқылы бұл мəселенің «күрделену бағытына» қарай бет алғанын көріп, көпшіліктің бұл көріністерге үрке қарауына əсер еткен жайттардың иірімі сан салалы, ал тамыры тереңде жатқанын аңғаруға болады. Міне, осы орайда, Қазақстандағы лаңкестік құбылыстың қаупі, оның деңгейі мен мəселелеріне де арнайы зерттеу жасалған екен. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин айтып берді. «Біз өткен жылдың қараша айынан бастап, 2014 жылдың 16 наурызына дейін республика бойынша үлкен зерттеу жүргізген едік. Бұл зерттеудің тақырыбы – «Қазақстандағы терроризм қаупі мəселесі». Екі-үш жыл бұрын елімізде түрлі оқиғалар орын алған болатын, бұл оқиғаларға түрлі бағалар берілді. Кей кезде қарама-қайшы бағалар да беріліп жатты. Сондықтан, біз, сарапшылар, өз тарапымыздан осы құбылысқа, осы оқиғаларға баға беріп, екінші жағынан орын алған оқиғалардың ішкі заңдылықтарын, олардың орын алуына, экстремизм жəне терроризм қаупінің өршуіне қандай факторлар əсер еткендігін, ішкі жəне сыртқы факторлардың өзара байланысын анықтау мақсатында осындай зерттеу жүргіздік», – деді Е.Қарин. Осылай дей келе, ол бүгінде бұл зерттеудің алғашқы қорытындысының дайын болғанын жеткізді. «Əрине, елдегі ішкі мəселелерді, терроризм жəне экстремизм қауіп-қатерінің таралуына тоқталмас бұрын, халықаралық ауқымдағы, жаһандық деңгейдегі бұл проблеманың қалай өрістеп жатқанына назар салу қажет. Жыл сайын АҚШ-тың мемлекеттік департаменті жаһандық терроризм бойынша ресми зерттеу жариялайды. Біз соңғы жылдары осы

зерттеуде келтірілген фактілерді жинақтап, сараладық. Мəселен, соңғы 10-12 жылда террористік жəне экстремистік қауіп-қатер жаһандық деңгейде күрт өсіп келе жатыр. Бұл көрсеткіш, əсіресе, 2005 жылдан бері 10 есеге дейін артқан. Яғни, егер де 2005 жылға дейін əлем бойынша жылына 200-300, əрі кеткенде 600 лаңкестік сипаттағы терактілер орын алатын болса, 2005 жылдан бастап бұл көрсеткіш күрт өсіп, жылына 10 мыңға дейін лаңкестік оқиғалар тіркелген екен. Демек, бұл – жаһандық үрдіс», – деді Е.Қарин. Саясаттанушы, сондай-ақ, əлем бойынша орын алып отырған құбылыс барлық мемлекетке қауіп төндіріп тұрған факторлардың біріне айналғанына, ал 2005 жылдан бастап бұл қауіп-қатердің өсуіне Ауғанстан, Ирак, Таяу Шығыстың бірқатар елдері секілді жаңа қақтығысқа толы ошақтардың пайда болуы себеп болғанына тоқталып өтті. «Кейбір шетелдік сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда, қазіргі заманда терроризмнің қауіп-қатері жаңа пішінге ие болған. Өткен ғасырдың 60-шы, 70-ші, 80ші жылдарындағы террорлық ұйымдардың іс-əрекеттерінен қазіргі таңдағы террорлық ұйымдардың іс-əрекеттерінің мазмұны мен сыртқы пішінінде айырмашылық бар. Бұл ретте, сол шетелдік сарапшылар бүгінгі уақытта терроризм – соғыстың жаңа пішініне, жаңа түріне айналып кеткенін алға тартуда. Бұл өз кезегінде əлем бойынша əскери мақсатқа жіберетін қаржының күрт өсуіне де себеп болып отыр. Стокгольмдегі талдау-зерттеу орталығы институтының мəліметінше, дүниежүзінде соңғы 10 жыл ішінде əскери мақсатқа жұмсалған шығындар екі есеге дейін өскен. Бұл үдеріс терроризм қаупімен байланыстырылған. Ал қазіргі уақытта əлемдегі террорлық ұйымдардың басым көпшілігі бұрынғыдай вертикальді құрылым емес, олар орталықтандырылмаған, орталық басқару нүктесі мен жүйесі жоқ жəне бытыраңқы деңгейде, əрбір топ дербес пішінде қызмет етеді. Қазіргі заманғы терроризм алуан түрлі криминалды қызметпен

айналысатын топтардың корпорациясы. Терроризм өз бетімен өмір сүріп жатқан дербес, əртүрлі топтардың түрлі криминалды қызметпен айналысатын, яғни криминалдық қызметтің барлық саласын қамтитын корпорациясы»,– деді бұл орайда Е. Қарин. Ол, сондай-ақ, барлық террорлық ұйымдарды басқаратын бірыңғай орталық жөніндегі пайымдаулар қате тұжырым болып саналатынын жеткізе келе, əрбір өңірдегі лаңкестік сипаттағы ұйымдар өз бетімен жəне дербес құқықта қызмет ететінін атап өтті. Брифинг барысында Ерлан Қарин лаңкестіктің жаһандық индексінде Қазақстанның қандай орынға тұрақтағанын да айтып өтті. Оның айтуынша, бүгінде əлемнің түрлі сараптамалық орталықтары жыл са йын лаңкестіктің жаһандық индексін жариялап отыратын көрінеді. Мəселен, Экономика жəне əлем институтының лаңкестік қатерлердің белсенділік деңгейін зерделеген 2011 жылғы соңғы индексінде Қазақстанның лаңкестік қаупі өткір тұрмаған жайлы елдердің қатарында екенін көруге болады екен. «Бұл маңызды мəселе, себебі, осыдан 2-3 жыл бұрынғы оқиғалар болған кезде, көптеген отандық жəне шетелдік сарапшылар асығыстық жасап, Қазақстанды жоғары тəуекелді елдердің қатарына жатқызған болатын. Ал дүниежүзі бойынша лаңкестік оқиғалардың есебін жүргізетін «Консорциум Старт» ұйымының (АҚШ-тағы ірі сараптамалық ұйым) мəліметтеріне көз салар болсақ, біздегі оқиғалардың олардың зерттеулеріне кірмегенін байқаймыз. Себебі, біздегі оқиғаларды шетелдік сарапшылар лаңкестік əрекеттер ретінде қарастырмайды», – деді бұл орайда саясаттанушы. Е.Қарин, сонымен қатар, Қазақстанда əрекет ететін топтардың басым бөлігі криминалды топтар болып табылатыны, бұған экстремизм мен лаңкестікке қарсы əрекет ету жөніндегі зерттеулердің нəтижелері дəлел болатынын жеткізді. «Жалпы, топтардың басым бөлігі құқық қорғау органдарының назарына өздерінің қарабайыр криминалды əрекеттері арқылы ілігуде. Мəселен, сондай бір топ облыс орталығының шет жағында орналасқан азық-түлік дүкенін тонау кезінде назарға іліккен. Қарақшылық шабуылдың нəтижесі – 8 мың теңге мен бірнеше қорап сағыз болған. Кейде ірі топтар да кездесіп

қалады, бірақ негізінен бұлар ұсақ, нашар ұйымдастырылған криминалды топтар», – деп қорытындылады сөзін саясаткер. Оның пікірінше, аталған қауіптің ауқымын түсіну жəне зерделеу үшін Қауіпсіздік бағдарламалары орталығы экстремистік əрекеттерге қатысы бар деген 300-ден астам адамның деректерін зерттеген екен. Е.Қариннің сөзіне қарағанда, Қауіпсіздік бағдарламалары орталығы 227 адамның деректерін қамтыған, оның 150-і сотталғандар. Сонымен қатар, экстремистік əрекетке қатысы бар қылмыстық істерде аттары аталатын 77 адамның деректері де зерттелген. «Осыған қарап, бізде террорлық топтар бір-бірімен байланысты емес деген пікір қалыптасады. Алайда, зерттеулер көрсеткендей, радикалды топтардың көпшілігі бір-бірімен байланыста болған. Яғни, біреу біреудің танысы болған, енді біреулері бірге оқыған, бірге жұмыс істеген, міне, осылай кете береді. Бұған қоса, Қазақстан аумағында əрекет ететін радикалды топтардың шешім қабылдайтын, осы акцияларды жоспарлайтын ортақ орталығы болған жоқ, қаржыландырудың тұрақты əрі жолға қойылған арналары да болған емес», – деді ол бұл ретте. Брифинг аясында саясаттанушы, сондайақ, Экстремизмге жəне лаңкестікке қарсы тұру жөніндегі зерттеулердің барысында радикалды əрекетке тартылғандардың көпшілігінің діни білімдері жоқ екені де анықталғанын жеткізді. Оның айтуынша, радикалды топтардың мүшелерінің шамамен 56 пайызында ғана орта білім туралы аттестат болған екен. «Мəселен, лаңкестік бабы бойынша сотталған бір азамат небары 4 сыныпты ғана бітірген. Лаңкестік топтарға қатысушылардың 16 пайызының орта арнаулы білімі болса, 18 пайызының жоғары білімі болған. Тек 6 пайызының ғана арнайы діни білімі болған. Бұл – радикалды əрекетке тартылып отырғандардың денінің арнайы діни білімдері жоқ деген сөз», – деді Е.Қарин. Брифинг соңында саясаттанушы кез келген лаңкестік құбылыстың қаупі, оның деңгейі мен мəселелеріне қатысты зерттеулер жүргізгенде өңірімізде болып жатқан үрдістер мен жалпы əлемдік контексте орын алатын үрдістерді салыстырмалы түрде назарға алу қажеттігін атап өтті. «Мəселен, белгілі бір өңірде, я болмаса дүниежүзінде қандай да бір лаңкестік сипаттағы оқиғалар мен үдерістер орын алса, олар көп жағдайда бөлек-бөлек қарастырылады. Бірақ, біздің ойымызша, олардың барлығы бір-бірімен байланысты. Сол себепті, əртүрлі оқиғалар, үдерістер, құбылыстар əрқашан да салыстырмалы аспектіде зерттелгені жөн», – деп түйіндеді сөзін саясаттанушы.

саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева, Ақмола облысындағы «Вайнах» чешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев сөз сөйледі. Облыстық телеарнаның тілшісі Наталья Дементьева қазақ тілінде дайындаған «Басқа ұлт өкілдері мемлекеттік тілді білеміз» атты сюжетін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ, Бурабайдағы Ш.Уəлиханов атындағы кадеттер корпусының курсанттары, əскер қатарына шақырылушылармен, білікті əскери мамандармен сұхбат жүргізілді. Қостанай облысы əкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов бұл игі шараның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы міндеттер аясынан туындайтынының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, еліне игі істерімен тірек болған жерлестерінің үлгі-өнегесін паш еткен солтүстікқазақстандықтар да телекөпір байланысына белсене қатысты. Ақмола облысы.

Орал қаласында «Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберінде дене тəрбиесі мен спорт арқылы ұлттың денсаулығын нығайту» тақырыбында халықаралық ғылымитəжірибелік конференция өткізілді. Оған Қазақстан, Ресей жəне Польша мемлекеттерінен келген спорт ұйымдарының жетекшілері мен жаттықтырушылары, ғылыми зерттеушілер мен спорт əдіскерлері қатысты.

Ўлт саулыєын ныєайтудыѕ басты кілті Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Пленарлық мəжіліс кезінде конференцияға қатысушылар бұқаралық спортты дамыту саласында қордаланып қалған өзекті мəселелерді талқылады. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, бұл ретте əр елде бұқара лық спортты дамытудың өзгешеліктері мен ерекшеліктері жөнінде жасалған баяндамалар барынша құнды болғаны анық. Айталық, Польшада денешынықтыру мен спортты дамыту жөнінде арнайы стратегия қабылданған. Онда қойыл ған міндеттердің қалай орындалып жатқаны жөнінде осы елдегі Экономика университетінің профессоры Александр Скалий айтып берді. Сонымен бірге, ол өз еліндегі спорттық жетістіктер жөніндегі бейнероликті де конференцияға қатысушылардың назарына ұсынды. Польшалық ғылым докторының айтуынша, мұндағы жаппай дамыған спорттың түрі – велоспорт. Сондықтан, бұл мемлекеттің барлық қалаларында автомобиль жолымен қатарлас, бір мезгілде велосипедшілерге арналған арнайы жолдар тұрғызылып келеді. Мұнда бұқаралық спортты кеңінен дамыту үшін тек соңғы үш-төрт жылдың аралығында 1803 спорт кешені салынған екен. Оның жалпы құны 540 миллион АҚШ долларын құрайды. Осы орайда, рухани интеграциялық байланыстар шеңберінде Польшадағы Быдгошь қаласы мен Қазақстандағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті арасында

тығыз байланыс орнаған. Осы арқылы олар бір-бірінен үйреніп, бірін бірі толықтырып отырады. Бұл ретте, əсіресе, дене тəрбиесі мен спорт саласына мамандар əзірлеу жөніндегі тəжірибелердің екі жаққа да бергені көп. Конференцияда спикер ретінде Ресей Федерациясы жоғары білім беру ісінің құрметті қызметкері, Поволжье əлеуметтік гуманитарлық академиясы дене тəрбиесі факультетінің деканы Валерий Беленов пен ресейлік педагогика ғылымдарының докторы Гарри Карнаухов жəне Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақаралық мемлекеттік университетінің профессоры Төлеген Ботағариев сөз алып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Бірқатар ғалым-əдіскерлер саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ғылыми тұжырымдарын өз əріптестерімен бөлісті. Қазір қай елде де олимпиадалық резервтер əзірленетін оқу орындарында болашақ чемпиондарды дайындау жөнінде кейбір кереғарлықтар мен түйткілдер жоқ емес. Бұл мəселелер жөнінде де əр мемлекеттен келген шешендер осы мəселенің тінін тереңірек тарқату жөнінде ортақ ұйғарымға келді. Түйіп айтқанда, əр елде ұлт саулығын жақсартуды мұрат тұтқан халықаралық конференция өз қатысушыларына ой-пікірлер мен тəжірибе алмасу үшін үлкен мүмкіндіктер берді. Оның қорытындысы бойынша ортақ халықаралық қарым-қатынастар шеңберінде бұқаралық спортты дамытуды одан əрі жетілдіру жөнінде сындарлы шешімдер қабылданды. ОРАЛ.


www.egemen.kz

3 сəуір 2014 жыл

 Тарих толқынында Əр жерде өтіп жататын, түрлі деңгейдегі ғылыми мəжілістерде, Оспан батыр туралы сөз бола қалса, оның кіммен, не үшін соғысқанына байланысты сұрақтар алдымыздан жиі шығады. Солардың бір парасы: «Оспан кіммен майдандасып, қалай батыр атанды?», «Оспанның басты жауы кім? Ол коммунистік қызыл Қытаймен майдандасты ма? Əлде гоминдаңшыл Чан Кайшимен соғысты ма? Жоқ əлде, Шығыс Түркістан ұлттық əскерімен қырқысты ма?», «Оспан кімге арқа сүйеді? КСРО-ға ма? АҚШ-қа ма? Əлде Моңғолияға ма?», «Оспан жаңа құрылып жатқан Шығыс Түркістан Республикасымен қандай қарым-қатынаста болды?» деген рəуіште болып келеді. Қарап отырсаңыз, мұның бəрі шынында да өте күрделі сұрақтар. Сондай-ақ, Оспан туралы айтылып жүрген əр алуан əңгіменің туындауына да осы сұрақтарға əркімнің əрқалай жауап беруі мұрындық болып келеді.

Б

ұл сұрақтарға жауап беруден бұрын, біз ең əуелі мына күрделі түйінді тарқатып алуымыз керек, яғни «Қытайдағы қазақтардың ұлтазаттық күреске аттануына не себеп болды?» деген тұғырлы мəселе. Ал бұл мəселені түп қотара айқындау, əрине, кем дегенде нешелеген монографиялар мен қаншалаған конференцияларға жүк болары анық. Дегенмен, Оспанға барар жолдың қақпасы да, сол қақпаның кілті де осы сұрақта жатқандықтан оны айналып өту, əсте мүмкін емес. Сондықтан біз қысқаша болса да, əуелі осы мəселені айшықтай кетуді жөн көріп отырмыз. «Арқада аяз болмаса, арқар ауып несі бар?» дейді атам қазақ. Егер ел аман, жұрт тыныш болса, қарын тоқ, көйлек көк болса, өз елінде, өз жерінде отырған жұртқа қаймана біреу келіп, əңгір таяғын ойнатып, «ер ұлдарыңды құл, пəк қыздарыңды күң етем» демесе, «тіліңді жойып, дініңді құртам»... демесе, кімнің кімде қандай шаруасы бар?! Халық дегеніміз – алып теңіз. Оны толқытатын даурыға соғатын дауылдар мен орай да борай үйіретін құйындар. Бұл өзі күллі жер бетіндегі халықтардың бəріне ортақ адами мінез, қашаннан қалыпты қағида. Қытайдағы ағайындардың да шамырқана толқуына, бес қаруын асынып, ту ұстап тұлпарға қонуына сол кездегі саяси-əлеуметтік «дауылдар мен құйындардың» түрткі

сөзбен айтқанда, Алаш идеясы көтерген ұлт-азаттық ұраны əртүрлі жолдармен Қытайдағы ағайындар арасына жетіп жатты. Біріншіден, ХХ ғасырдың басында Қазақ елінде жарық көрген «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті секілді мерзімді баспасөз үздік-создық болса да Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарына барып тұрды. Екіншіден, Алаш идеясымен қаруланған, ұлт-азаттық ұранды ту еткен Алаш қайраткерлері ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан кейін, орталықтың қырына ілініп, қудалана бастағанда, олардың біразы шекара асып барып Шығыс Түркістанды паналады. Бұлардың ішінде біз, əсіресе, Райымжан Мəрсековті, Ыбырайым Жайнақовты, Иса Тергеусізұлын, Зият Шəкəрімұлын, Ғазез Қалмановты, Төлеуғазы Абылайхановты, Мырзахмет Оразалинді, Молдағали Бектұрұлы секілді адал азаматтарды бөле-жара айтуға хақылымыз. Осынау ғазиз есімдері аталған Алаш арыстары ол өлкеге барғаннан кейін, ондағы ағайындар жиі қоныстанған өңірлерден мектеп ашып, медресе салып, жатпай-тұрмай ұлт-азаттық бағытындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, ондағы Ақыт қажы Үлімжіұлы, Шəріпхан Көгедайұлы, Əбеу Құдышұлы, Нұртаза Шалғынбаев, Таңжарық Жолдыұлы, Мақсұт Сасанұлы, Баймолда Қаре ке,

Отаршылдыќќа ќарсы шыќќан Оспан батыр Дүкен МƏСІМХАНҰЛЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

болғаны тарихтан белгілі. Цинь патшалығы 1911 жылы қытай көтерілісшілері тарапынан құлатылып, оның орнын Сун Ятсен басшылығындағы Қы тай Демократиялық Республикасы (қытайша «Чжұңхуа минго», жетекші саяси партиясы Гоминдаң, кейінгі көсемі Чан Кайши) басқанымен, оның Шыңжаңдағы өкілдері ылғи да жеке-дара үстемдік құру пиғылында бола отырып, жергілікті халықты езіп-қанау жағында Цинь патшалығын шаң қаптырып кетті. Шыңжаңның билік басына алғаш келіп, жартылай патша болып 17 жыл (1912-1928 жж.) дəурен кешкен Яң Дзыңсин де, одан кейін бұл таққа бес жыл (1928-1933 жж.) қонжиған Зинь Шужэн де, он бір жыл (1933-1944 жж.) отырған Шың Шицай да халықты қанау жағынан бірінен-бірі асып түсіп отырды. Əсіресе, 1937 жылдан бастап «Шыңжаңдағы жапон тыңшыларын», «троцкийшілдерді» (анығында түрікшіл, исламшыл, ұлтшыл элитаны) қырып-жоюға келгенде Шың Шицай Сталиннен асып түспесе, кем соққан жоқ. Ресми деректерге қарағанда, 1937-1942 жылдар аралығында қандықол Шың Шицай тұтас өлке бойынша 100 мыңнан астам адамды тұтқындап, оның 4000-нан астамын сан алуан хайуандық қинаумен өлтірген. Осы көрсетілген санның дені елдің игі-жақсылары, халық көсемдері, ақын-жазушылар мен молдаимамдар еді. Міне, осылайша өз елінде, өз жерінде отырып, қайдағы бір келімсектен осынша қорлық көргеніне, ел деп еңіреген игі жақсыларынан қар жаумай, қазан ұрмай айырылғанына, алаңсыз күн кешіп, тыныш ұйықтай алмағанына ашынған халық азаттық үшін атқа қонуға мəжбүр болды. Бұл арғы беттегі қазақтардың ұлт-азаттық күреске аттануының негізгі себебінің бірі. Екінші себебіне келсек, бұл да өзінше ұзақ əңгіме. Мұны да біз барынша ықшамдап айтуға тырысып көрейік. ХХ ғасырдың басында, Қазақстанда елдің түкпір-түкпірінен ұлттың тағдыры мен болашағын, ары мен намысын, азаттығы мен теңдігін ойлаған, сол ұлы мұратты армандаған есіл ерлер бас біріктіріп, тізе қоса отырып, Алаш қозғалысын ұйымдастырып, Алаш партиясын құрғаны белгілі. Іргелі Қазақ еліндегі аталған саяси қозғалыстың мақсаты мен міндеті, тыныс-тіршілігі Шығыс Түркістандағы Гоминдаң билеушілерінің езгісі мен қорлығына төзбей, жиі-жиі көтеріліске шығып, азаттықты, теңдікті көксеп отырған ағайындарды да желпіндірмей, жігерлендірмей қойған жоқ. Осылайша, Алаш партиясы құрылудың алдыартындағы қазақ оқығандарының қам-қарекеті, үгіт-насихаты, бағытбағдарламасы, мұрат-нысанасы, бір ауыз

Шарғын Алғазыұлы, Жабықбай Бұлғыншыұлы, т.б. жергілікті алашшыл тұлғалармен бірлесіп, алаш ұйымдарын құрып, ұлтты азат етудің қамына кірісе бастады. Міне, осындай іштей де, сырттай да əбден пісіп-жетілген саяси-əлеуметтік жағдай Қытайдағы жергілікті халықтарды қолына қару алып ұлт-азаттығы үшін атқа қонуға мəжбүр етті. Əсіресе, қазақтар шоғырлы қоныстанған Алтай, Тарбағатай, Іле өңірінің түкпіртүкпірінен жаппай қарулы көтеріліске шыға бастады. Мəселен, 1940 жылы Көктоғай, Шіңгіл ауданының қазақтары көтерілген болса, 1941 жылы оларға Қаба-Сауырдағы бауырлары үн қосты. Одан кейін Шəуешек, Толы, Дөрбілжін, Сауан-Манастықтар атқа қонды. Араға жыл салып барып Əкбар, Сейіт батырлар бастаған Іле қазақтары аса ауқымды да кешенді көтерілістерін бастап жіберді. Осы көтерілістер, ХХ ғасырдың белортасында бес жылдай (1944-1949 жж.) өмір сүрген əйгілі Шығыс Түркістан Республикасының (ШТР) құрылуына негіз болған ұлт-азаттық көтерілістердің басы еді. Сөз болып отырған саяси-əлеуметтік жағдайлардың бəрі өмірге келген күннен бесігін тербеп есейткен, өсе келе санасын ұлттық ар-намыспен суарған, əрісі күллі түркі жұртының қаһарман перзенті, берісі қазақ халқының бірегей баһадүр ұлы, ұлы қолбасшы Оспан Исламұлы болатын. Жалпы, Оспан батыр туралы айту əрі оңай, əрі қиын. Оңай болатын себебі, Оспан батырды білмейтін Алаш баласы кемде-кем. Бұл тұрғыдан келгенде «Оспан батыр» деген бір ауыз сөздің өзі-ақ жеткілікті сияқты. Ал қиын болатын себебі, Оспан өмірі, оның ерлігі, тағдыры секілді іргелі тақырыптар шағын əңгіменің аясына қалай ықшамдасаң да сия қоймайды. Оспанды айту үшін, ол өмір сүрген кезеңдегі тарих сахнасына шығып, 4-5 жыл өмір сүрген ШТР-ды аттап өте алмайсың. Дей тұрғанмен, біздің мақсат, оқырманға Оспанның өмірі мен ұлт-азаттық күрестегі еңбегінен қысқаша мəлімет беру болғандықтан, сол төңіректе ғана сөз өрбітуге тура келеді. спан Исламұлы 1899 жылы бүгінгі ҚХР Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданының Өндірқара деген жерінде өмірге келген. Жоғарыда баяндағанымыздай, Оспанның ат жалын тартып мінген кезі Шығыс Түркістан халықтарының басына отаршылдардың əңгір таяғы оңды-солды, ойнап тұрған тұсқа тура келді. Əсіресе, жендет Шың Шицайдың 1930 жылдардың соңы мен 1940 жылдардың басында «Елжұрттарыңның қолындағы мылтықты жинатып бермедіңдер» деген сылтаумен, бір ғана Алтай аймағының əр ауданынан Баймолда Қареке, Қалел тəйжі, Шəріпхан Көгедайұлы, Əлен уаң, Бұқат бейсі, Жанымхан тəйжі, Дəлелхан тəйжі (Сүгірбаев), т.б мыңдаған ел ағалары мен игі-жақсыларды тұтқындап, алдын түрмеде өлтіре бастауы Оспан бастаған

О

арлы-намысты, ұжданды ерлердің қанды кегін қозғады. Əсіресе, əйгілі діни ғұлама, ағартушы-ақын Ақыт қажы Үлімжіұлы мен оның ұлы Қалманды тұтқындауы, олардың мал-мүлкін тəркілеп, ақынның барлық кітаптары мен қолжазбаларын, Құранын жыртып, аяққа таптап қорлауы, жұрттың көз алдында отқа жағуы – тұтанып келе жатқан отқа май құйып жібергендей болды. Осылайша, Алтайдың түкпір-түкпірінен Ырысхан, Сүлеймен, Рахат, Қалман, Сəли, Зейнел, Есімхан, Оспандар бастаған қарулы көтеріліс оты тұтанып, Шың Шицай əскерімен қиянкескі қанды шайқас басталып кетеді. Көтеріліске жетекшілік ету Оспан Исламұлына жүктеледі. 1940 жылдың соңында Есімхан, Ырысхан қатарлы көтеріліс көсемдері Шың Шицайдың уағдасына сеніп, қаруларын тапсырып, келісімге келгенде, тек жалғыз Оспан ғана қаруын тапсырмай, өзіне ілескен сарбаздарын бастап, тау сағалап қашып кетеді. Содан бастап Оспанның тобы отаршылдыққа қарсы күреске шындап бел буғандармен, қытай билеушілерінен қорлық-зорлық көріп, батырды паналап барғандармен толыға береді. Қысқасы, 1941 жылдың күзінен бастап төңірегіне жиналған, езгіден қиналған халық тарапынан Оспанға Алтай өңіріндегі қытай отаршылдарына қарсы көтерілістерге қолбасшылық ету міндеті жүктеледі. Осыдан кейін Оспан жатпай-тұрмай қосынын қайта жасақтап, көтеріліс қанатын тұтас Алтай өңіріне жая бастайды. 1943 жылдың соңында Оспан қосындары мен оған тілеулес ел-жұрт Шіңгіл ауданы Бұлғын өзенінің бойында «Алтай ұлтты құтқару қоғамын» құрып, Оспанды бір ауыздан сол қоғамның төрағасы етіп сайлайды. Əрине, əскери қосын ұлғайғаннан кейін, оларға қажетті қару-жарақ пен оқ-дəрінің де, азық-түліктің де мөлшері өсетіні екібастан белгілі. Мың жерден жаужүрек болсаң да, мынау сойыл-шоқпармен, қылыш-найзамен майдандасатын заман емес. Ендеше, заманауи қаружараққа қайдан, қалай қол жеткізбек керек?! Оспан əрі ойлап, бері ойлап, ақыры Моңғолияның сол кездегі төрағасы, армия маршалы Х.Чойбалсанға елші жіберіп, қару-жарақ жағынан көмек беруін сұрайды. Сөйтіп, қару-жараққа ие болған Оспан өз қосынын бұрынғыдан да ұлғай тып, өздерінің негізгі штабтары ор наласқан Шіңгіл, Көктоғай аудандарынан тыс, Алтайдың Сарсүмбе, Буыршын, Бурылтоғай, Қаба, Жеменей аудандарында партизандық ұйымдар құрып, қалың қазақ бұқарасын «Алтай ұлтты құтқару қоғамын» паналауға, оны қолдауға, отаршылдарға бірге соққы беруге шақырады. Онсыз да Шың Шицай мен гоминдаңшыл қытайларға өшігіп отырған қазақ шаруалары жаппай атқа қонып, өз аудандарында орналасқан Шың Шицайдың күштік құрылымдарымен, Гоминдаңның əскери қосындарымен

қиян-кескі майдан ашады. Осылайша, Оспан бастаған баһадүрлер жылдан аса жан алып, жан беріп майдандасып жатқанда, оларға бір бүйірден ШТР ұлттық армиясы да көмекке келіп жетеді. Сөйтіп, 1945 жылдың қыркүйек айында тұтас Алтай аймағы отаршылдардан түбегейлі азат етіледі. Əлқисса, Оспан бастаған Алтайдағы ұлт-азаттық күрестің төбесі көрініп қалған тұста, Іленің Нылқы ауданында бұрқ еткен қазақ шаруаларының қарулы көтерілісі күн санап, тіпті, сағат санап ұлғайып, жалпы Іледегі қытай билеушілерінің зəре-құтын қашыра бастайды. Көтерілісші қазақ шаруалары Iленiң аудан-ауылдарындағы қытай əскерлерiн тып-типыл жойып болғаннан кейiн, 1944 жылы қарашаның басында Құлжа қаласын азат етеді. Қарашаның 12-сі күні Құлжадағы «азаттық ұйымы» мен көтерілісшілер бірігіп, қаладағы «Қазақ-қырғыз-ұйғыр мəдениет-ағарту клубында» жиналыс өткізіп, «Шығыс Түркістан Республикасы уақытша өкіметінің» құрылғандығын ресми жариялайды. Сол жиналыста Əлихан төре уақытша өкіметтің төрағасы, Əкімбек қожа төрағаның орынбасары болып сайланады. 1945 жылы сəуір айының басында «ШТР ұлттық армиясы» құрылады. Көп өтпей, толық азат болмаған өңірлер бойынша соғыс жоспары əзірленіп, сол жылы маусым айында ұлттық армия жауынгерлері: оңтүстік, солтүстік, орталық – үш бағыт бойынша алғы шепке аттанып кетеді. Солтүстік бағытының міндеті – Тарбағатай, Алтай өңіріндегі партизандармен бірлесе отырып, гоминдаңның қалдық күштерін аластау болатын. Əлгінде Оспан қосынына келіп қосылған ШТР ұлттық армиясы деп отырғанымыз сол. Алтай аймағы азат болғаннан кейін, ШТР уақытша өкіметінің басшысы Əлихан төре Алтайға арнайы келіп, «уақытша өкіметтің» көшпелі мəжілісін өткізіп, мынадай қаулы қабылдайды: «1. Алтай аймағы – ШТР-ның құрамдас бөлігі болып табылады. 2. Оспан Исламұлы, Дəлелхан Сүгірбаев, Зəкихан Əленұлы «ШТР уақытша өкіметтің» тұрақты мүшелігіне қабылдансын. 3. Алтай аймақтық əкімдігі құрылып, оған Оспан Исламұлы уəли болып тағайындалсын». Бұдан сырт осы жолғы жиналыста Алтай аймағы əкімдігіне қарасты мекемелер құрылып, олардың басшылары, аудан əкімдері де тағайындалады. «ШТР уақытша өкіметі» тəуелсіздіктің алғашқы күндерінде-ақ жариялаған, тоғыз баптан тұратын тəуелсіздік туралы декларациясы болсын, сондайақ «уақытша өкіметтің» органы «Азат Шығыс Түркістан» газетінің ұстанымы мен үгіт-насихаты болсын – бəрі-бəрі де Оспан батырдың көңілінен шығады. Сондықтан да ол өзіне жүктелген уəлилік қызметті еш қомсынбай-ақ, аймақтағы халықтың əл-ауқатын көтеру қамына білек сыбана кірісіп кетіп еді.

Алайда, Əлихан төренің саяси ұстанымы мен беталысын ұнатпаған Мəскеу, 1946 жылдың мамырында оны төрағалықтан алып, жасырын түрде əрі күштеп КСРО-ға алып кетеді де, олардың орнына Ахметжан Қасыми, Абдукерим Апбасовтарды тағайындайды. Олар таққа отырысымен, яғни 1946 жылдың маусым айында «Шығыс Түркістан Республикасы уақытша өкіметі» дегенді «Үш аймақ өкіметі» деп өзгертеді. Сонымен, А.Қасыми мен А.Апбасовтың қатары Дəлелхан Сүгірбаев (қазақ), Ы.Мононов (қырғыз), Ложымен (қытай) толығады. Дəл осы кезде «Үш аймақ уақытша өкіметі» мен Гоминдаң үкіметі Шыңжаң мəселесін бейбіт жолмен шешіп, біріккен (коалициялық) үкімет құру жөнінде сөйлесе бастайды. Бұған түрткі болып отырған, ішкі Қытайдағы Гоминдаң мен Коммунистік партияның бейбітшілік келісіміне қол қоюы еді... Міне, «Үш аймақ уақытша өкіметі» мен Гоминдаң бейбітшілік келісіміне 1946 жылы қаңтардың 2-ші жұлдызында Үрімжіде қол қойды. Сол жылы шілденің 1-інде Шыңжаң өлкелік коалициялық үкіметі ресми түрде құрылып, төраға Чжаң Чжэчжуң, төрағаның орынбасары болып А.Қасыми тағайындалды. Əлихан Төре тақтан тайдырылып, бастапқы мақсат бұлтаққа айналғанда, Алтайдың уəлиі Оспан Исламұлы мен Сауан ауданының əкімі Қалибек Райымбекұлы қатарлылар қуыршақ өкіметтен теріс айнала бастайды. Бұл туралы осы кезеңді жеткілікті зерттеп, Оспан батыр өмірінен төрт томдық роман жазған жазушы Жақсылық Сəмитұлы: «Əлихан Төре осы тұста Сауаннан шыққан Қалибек, Тəкіман тобымен де қарым-қатынас жасауға ұмтылып көреді. Алтайдан Оспан, Сауаннан Қали бек, Үрімжіден Жанымхан, Құлжадан Əлихан Төре болып, Шығыс Түркістан Республикасын қорғап қалуға, коммунизммен аянбай күресуге бел байлайды» деп жазады. Осылайша, Оспан, Қалибектер өз бағыттарынан табан тайдырмайды. ура осы тұста мына мəселенің басын аша кетуіміз керек. Сол кездегі үгіт-насихат құралдары жарты ғасыр бойы Оспанды жаппай «банды» ретінде ғана емес, «саяси сауатсыз, жабайы» ретінде сипаттағаны жасырын емес. Бүгін де осынау жалған үгіт-насихатты малданып жүргендер жоқ емес. Керісінше, Оспанның азаматтық тұғырнамасы мен саяси сана-сезімі, таным-пайымы өз заманындағы кез келген «мен-мен» дегендерден озық болса болды, əсте кем болған емес. Яғни, Оспанның тек отаршылдық езгіге ғана емес, коммунистік жүйеге де жан-тəнімен қарсы болғаны осы сөзіміздің айғағы. Жал пы, Оспанның саяси, азаматтық ұстанымы деген мəселе бөлек əңгіменің арқауы. Жаңа құрылған ҚХР үкіметі 1949 жылдың қараша айынан бастап Шыңжаңға «халық азаттық армиясын» кіргізіп, əкімшілік құрылымдарын жасақтай бастайды. Шыңжаңға ҚХР армиясын бастап келген генерал Уаң Чжэн «жаңа өлкедегі» жұмысын Оспанмен сөйлесуден бастайды. Ол бастабында Оспанға арнайы хат жазып адам жібереді. Хатта Оспанның Шыңжаңды Гоминдаңнан азат етудегі еңбегі жоғары бағаланып, ендігі жерде ҚХР КП-мен берекеге келуі, қаласа Алтай аймағының уəлилігі қызметін атқара беруі туралы, алдағы уақытта одан да биік қызметтер ұсынылып, ерекше құрмет көрсетілетіні айтылған. Сондайақ, барған адамы арқылы Уаң Чжэн Оспанға мол тарту-таралғы ұсынады. Алайда, Оспан батыр бұл ұсынысты қабыл алмайды. Сонымен, Оспан Бəйтік тауынан əрі ілгерілеп, Қаптық тауы маңына барғанда МХР қызыл əскерінің тұтқиыл шабуылына тап болады. Артында (Алтайда) «Үш аймақ» ұлттық армиясының қуғыны, батысында КСРО қызыл армиясы, шығысында Қытайдың «азаттық армиясы». Қысқасы, бəрі анталап, Оспанды жан-жағынан қысады. Енді қайтпек керек?! Оңтүстік, солтүстік, батыс бағытындағы тосқауылды бұзғанымен əрі қарай жүрер жол жоқ. Өзекті жанға бір өлім. Неде болса, Оспан шығыстағы қытай қызыл армиясының шабуылын бұзып өтіп, Ганьсу арқылы Тибетке жетіп, одан əрі Үндістан, Пəкістанға кетуді көздейді. Ондағы мақсаты сырттан көмек алып, қайта қол құрап, Шыңжаңға қайыра шабуылдау. Осы арқылы елін, жерін азат ету, ұлттың ұлы мұратын жүзеге асыру еді. Бұл туралы Үрімжідегі АҚШ консулының жауапты қызметкері Дуглас Маккиернанмен келісіп те қойған. Осы оймен Оспан батыр 1950 жылы Ганьсу өлкесіне қарасты Қанамбал тауына көшiп барып, сол жақта қыстап шығуды ойлайды. Алайда, бұл кезде Шыңжаңға қаптап келіп орнығып, елге, жерге қожалық ете бастаған ҚХР əскері батырдың ізіне түсіп қуып жүріп, оны ақыры Хайдзы деген жерде 1951 жылы ақпан айының 19-шы күні қолға түсіреді. Ресми Бейжің Оспанды ату жазасына үкім етеді. Үкім 1951 жылы сəуірдің 29-ы күні Үрімжіде жүз мыңдаған халықтың алдында орындалады. Батырдың үлкен ұлы Шерди ман əкесінің сүйегін 1953 жылы 12 ақпанда ғана алып, Алтайдың Көктоғай ауданына апарып жерлейді. Ұлтым деген батырдың арман-тілегі осылай қасіретпен аяқталды. Тəуелсіз елі азаттық үшін күресіп өткен азаматын ардақтап жатса, бұл өскендіктің белгісі деп білеміз.

Т

АСТАНА.

5  Жазылған жайдың жалғасы

Таудан дау шыќпасын

«Егемен Қазақстан» газетінің үстіміздегі жылғы 1 ақпан күнгі санында белгілі жазушы Мархабат Байғұт ағамыздың «Күлесің. Кейде күрсінесің» атты мақаласы жарық көрді. Қашанда оқырманның көкейін дөп басатын, тілі шұрайлы, оқуға жеңіл жазатын, ел ықыласына бөленген жазушының мақаласын оқып, əдеттегідей рақат та нып, күлмесек те езу тарттық, риза болдық. Əсіресе, қазақтың біртуар ұлдарының бірі, Махаңның сөзімен айтсақ: «Қазақтың Қадыры, ұлы шайырымыз марқұм Мырза Əли ағамыздың «он байдың тоғызы сараң, біреуі арам» деген сөздерін оқығанда япырмай, ата-бабадан келе жатқан көнеден қалған мақал ма, мəтел ме деп қаласың. Тіпті, бір ұлы физиктің аксиомасы сияқты көрінді бізге, қаққан қазықтай дəл, мығым ащы шындық. Ондай сөзді тек Қадекең ғана айтса керек дейсің. Сол сөзді құлағына құйған Махаң да тегін емес шығар, сірə?! «Кейде күрсінесің» деген мақала атының жалғасына онша мəн бермей ойлы адам, ылғи тұйық, жабырқаулы, ой үстінде жүреді сонысын күрсінесің деп жазушының ұстаның жасаған мүлкіндей сөз қол данысы деп алғашта мəн бермегенбіз. Шынымен-ақ күрсінетін болдық, кейде емес, тоқтаусыз, үнемі күрсініп жүрміз. Одан жылаған оңай-ау. Жұмбақтамай жазушының бізді неге мұндай халге душар қылғанын айтар болсақ, тоқ етері суреткердің сөзін өзгертпей айтқанда мына жайттар еді. Біраз бұрынырақта əлемдік деңгейдегі əйдік қатарына қосыл ған, «Саутс-Ойл» ЖШС президенті, ғылым докторы, профессор, республикалық жəне халықаралық көптеген ордендер мен медальдардың, атақтар мен сыйлық тардың иегері, мектеп пен мешіт салып, «Оңтүстік Қазақстан» сияқты газеттерге меценаттық жасап жүрген Серікжан Сейітжанұлы мырзаға сауал қойдық. Сауалымыз шамамен былай өрбіген: «Сəке, сіздердің «Стандарт – Це мент» зауыттарыңыз үшін шикізат тау дың тасы «Сазтөбе, Ұрбұлақ, Дəубаба тауларынан алынып жатыр. Тауларды тіліп, төбелерді жарып, карьерлер жасап, теміржол салып жатырсыздар. Əрине, цементтеріңіздің арқасында қан шама ғажап, көрікті құрылыстар еңселеніп, қалалар мен кенттер көркеюде. Алайда, кеудеде күрсініс бар. Ташкент – Алматы трассасымен шығыста кетіп бара жатқанда, Ұрбұлақ пен Дəубаба арасындағы барқыт беткей лер бұрын керемет көрінуші еді. Албырт шақтарымызда аруларды алқызыл гүлді алқапқа қыдыртушы едік. Қызықтырған қайран қимас-қымбат қыраттарымыз жараланып, жарлауыттанып, жан жабықтыратыны рас. Келешекте сол жыра-жыра жаралар не болмақ?». Серікжан мырза мейірлене күлді. «Қорықпаңыз, аға, қыздарды қызғалдаққа қызықтырған қырмызы қыраттарымыз жаралы жарлауыт күйінде қалмайды. Алыстан қарап тамсанатындай емес, жанына барып көз салатындай көрікті демалыс аймағына айналады», деді. Серікжан Сейітжанұлына сенейік. Ал енді Мархабат Байғұттың айтары не, мақсаты не, неге шырылдайды, аты аталған бизнесменге нені меңзеп отыр екен? Қаламгер тау соғар бизнесмен кəсіпкердің райынан қайта ма, елге, жерге, халыққа тиімді жағымды нəрсе жасауға бет бұра ма дегені. Десек те, ел қамын жеген кəсіпкердің жерді пайдалануға, қазуға, тауды, жермен-жексен етуге, тасын үгітіп құм қылуға топырақтан тауарын сатып ақша қылуға, ол тауардың өзіндік құны онша қымбат болмас үшін тура күре жолдың бойынан теміржолдың қасынан оны өңдеуге қалаға əкелуге неше шақырым екені оған кететін жол тасымалы арзан болуының түрі қаралған. Жерді пайдалануға қажетті ақ қағаз, көк қағаз, қызыл қағаз бəрі түгел. Билік органдары халықпен санаспай, сұрамай рұқсат берген. Есептелген, реттелген, құжатталған, қазылған, талқандалған, тапталған. Елдің көзі ашық азаматтарының айтары міндетті түрде күре жолды бө геп, қайырма теміржолды тоқтатып, елді дүрліктіріп, наразылықты білдіру шарт па, жоқ əлде пайым-парасаты, кі сі лік келбеті Махаң мақтағандай биік, Оңтүстіктің бетке ұстар азаматтарының бірі С.Сейітжанов мырза халықты дүрліктірмей өзі-ақ сара жол табар ма екен? Нақты жауап, ізгілікті іс күтеміз... Ауыл тұрғындары: А.Жұмабаев, А.Урустамбеков, Қ.Махатов, А.Мамытбеков, И.Жүнісов жəне басқалар.


6

www.egemen.kz

3 сəуір 2014 жыл

 Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран Ұлы Отан соғысы жылдарында қолына қару ұстап, батысқа аттанған 92 мыңнан астам солтүстікқазақстандықтардың жартысына жуығына топырақ туған жерден бұйырмады. Жанқиярлық ерліктің асқан үлгісін көрсеткен 53 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанса, 11-і «Даңқ» орденінің толық кавалері болды. Ел басына ауыр сын сағаты туғанда етігімен су кешіп, мұз жастанып, жасындай жарқылдап өткен ерлердің бірі гвардия полковнигі Тимофей Семенович ПОЗОЛОТИН еді.

Майданнан жазылєан саєыныш хаттар немесе Позолотин тракты

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Ресейден еріксіз жер аударылып, Есіл бойындағы Явленка кентіне тұрақтаған қарапайым шаруа отбасында туып-өскен болашақ батырды балалық шағы еркелете қойған жоқ. Əкеден жастай айырылып, 5-ші сыныптан соң оқуын үзуіне тура келді. Бұғанасы қатпастан қара жұмысқа жегілді. Еңбек жолын хат тасушылықтан бастап, кейін киномеханиктікке ауысты. Сосын сот хатшылығына орналасты. Еңбектің де, өмірдің де қадірін жете біліп ержеткен бозбала қатарластарынан ерте есейді. 22 жасында Қызыл армия қатарына шақырылып, Солтүстік Кавказ округіне қарасты 12-ші атты əскер дивизиясына жіберілді. Осында полк мектебін бітіріп, жарылғыш заттардан залалсыздандыру взводы командирінің орынбасарлығына тағайындалды. Əскери қызметі аяқталса да, жеке өтініші бойынша қалдырылып, полк мектебінің старшиналығына бекітілді. Алайда, 1934 жылы денсаулығы сыр беріп, ұзақ мерзімге демалыс алуға мəжбүр болды. Араға екі жыл салып, əскери қызметке қайта кірісті. Белоруссия əскери округі 151ші құрылыс батальонында взвод командирі болып тағайындалды. 1938 жылы кіші лейтенанттар курсын тəмамдағаннан кейін 29шы мотоатқыштар дивизиясының 47-ші танк полкінің қарауына жіберілді. Ол осында КОКП қатарына өтті. Жаумен алғаш бетпе-бет жолығысуы – 1941жылдың 22 маусымы. Соғыс тарихындағы ең қатерлі қантөгіс аумағының бірі Белоруссия екені талассыз. Қызыл армияның тұрақты командирі Тимофей Позолотиннің жауынгерлері бақайшағына дейін қаруланған гитлершіл басқыншылардың жойқын шабуылдарына жанқиярлықпен төтеп бергенімен, артқы шепке шегінулеріне тура келді. Оңтайлы мезеттерде танкистердің қарсы шабуылдарын ұйымдастырып отырды. Бірақ, күш тең емес еді. Өкшелей қуған жаудың бетін қайтара отырып, əртүрлі маневрлік айла-шарғылар қолданды. 5 шілде күні плацдармдағы жалпы басшы лықты қолға алған қатты бір ұрыста Тимофей Позолотин жараланғанына қарамастан жауынгер лік бұйрықты қалтқысыз орындады. Аса маңызды бекініс тұтас траншеялармен бекітіліп,

айнала қоршалды. Қанды шайқас екі күн бойы алма-кезек жалғасып, итжығыс түсіп жатты. 7 шілдеде екінші рет ауыр жарақат алды. Госпитальдан жазылып шыққан оны алда ауыр шайқастар күтіп тұрған еді. Батыс майдан округінде танкистер батальонына же текшілік етті. Мəскеу түбінде жауды талқандаған шайқастарда шебер басшылығы мен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Жерлестеріне жолдаған хатында ол былай деп жазды: «Мен қызыл əскер атағына кір келтірген жоқпын. Фрицтерге аяушылық жоқ. Ұрысқа кірісер алдында мен біздің аудан ұлы Ленин атымен аталатынын əрдайым есте ұстаймын жəне өзіміздің колхозшылардың аманатын барынша орындап жүрмін». Хат елге жеткенде Т.Позолотин оныншы рет жарақат алып, далалық госпитальда емделіп жатқан еді. Қайтадан сапқа тұрғаннан кейін ілешала өзінің жəне жауынгерлердің атынан хат жазып, неміс-фашист басқыншыларын ұясында құртуға ант берді. Оның бірнеше хатының көшірмелері облыстық мемлекеттік мұрағатта сақтаулы.

Туған-туыстары мен жора-жолдастарына жазған хаттарында Отан-анаға деген жүрек лүпілі, сағынышқа толы көңіл-күйі айқын сезіледі. 25.08.41. «Мама, Маруся жəне Вера, амансыңдар ма? Барлығыңа сəлем, соғыс уақыты, хат жазуға мүмкіндік жоқ. Қазір Сталинградқа фашистердің мұрындарын бұзуға аттанып бара жатырмыз. Əзірге, Галинадан ешқандай хабар болмай тұр. Оны əлдеқайда көшіріп жіберген көрінеді. Көңіл-күйім жақсы. Мама, мені майданға шақырғанда айтқан сөзің естен шығар емес. Бұрынғыдай өжет те мүлтіксіз шайқаса беремін. Фашистік сұмырайларды тезірек құрту үшін. Мен үшін ұялған жоқ едің, ұялмайсың да. Федор мен Михаил қайда? Беттеріңнен сүйдім. Өзіңнің Тимофейің». 21.12.41. «Жаңа жылмен, туыстарым менің! Мама, Маруся, Вера, амансыңдар ма? Василийдің, Михаилдің, Федордың отбасыларына сəлем. Сендерге осымен үшінші рет хат жазып отырмын. Бірақ

Ќазаќстанмен ынтымаќтастыќты дамытуєа мїдделі Қазақстанның Варшавадағы елшісі Ерік Өтембаев Польша Республикасы Воеводстволар одағының Карпач қаласында өткен мəжілісіне қатысты. Польшаның он алты аймағы мен бірқатар орталық билік органдары басшыларының қатысуымен Карпач қаласында өткен іс-шарада отандық дипломат екі ел арасындағы сауда-экономикалық жəне өңіраралық ынтымақтастықтың даму келешегі жөнінде баяндама жасады. «Қазақстан жағы поляк өңірлерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, жергілікті өзін өзі басқарудың жұмысын ұйымдастыру мен өңірлік даму саясатын жүзеге асырудағы серіктестеріміздің бірегей тəжірибелерімен жақынырақ танысуға барынша мүдделі», деді Е. Өтембаев. Өңіраралық байланыстарға жаңа серпін беріп, серіктестік əлеуетін арттыруға жағдай туғыза алатын пішін ретінде Өңіраралық форум өткізу мүмкіндігі қарастырылуда. Елшінің айтуынша, форум

өңірлер дамуындағы, əсіресе, моноқалаларды жаңғыртудағы алдыңғы қатарлы тəжірибелермен бөлісу мен жоғары технологиялық өндірістерді қоса алғанда, табысты инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қолайлы тетігіне айналуы тиіс. Сонымен қатар, мəжілісте сөз алған Польшаның Экономика вице-министрі Илона Антинишын-Клик ведомствоның Өңірлер форумы тұжырымдамасын қолдайтынын жеткізді. Варшавадағылар форум екіжақты

экономикалық байланыстарды кеңейту, сауда айналымы мен инвестиция алмасу əлеуетін барынша тиімді игеруге жол ашатынына сенімді. Воеводстволар одағының төрағасы Яцек Протас мəлімдегендей, бүгінде форум өткізу идеясын Польшаның барлық воеводствосының басшылары қолдауда. Олар өздерінің өңірлік жобаларына қазақстандық кəсіпкерлерді тартуға мүдделі екендіктерін атап көрсетті. Карпачта өткен мəжілісте форум туралы ұсынысты құптайтындарын Польшаның Инфрақұрылым жəне өңірлік даму вице-министрі Мартин Кубяк пен Ұлттық экономикалық палатаның президенті Анджей Арендарски де мəлімдеді. «Егемен-ақпарат».

өздеріңнен хабар-ошар болмай кетті ғой. Жағдайларыңның қалай екенін, шешем, Федор мен Михаил не істеп жүргенін жазып жіберулеріңді қиыла сұраймын. Өзімнің жағдайым жақсы, немістерді жойып, Кеңес Одағының бақшасынан айнала қуып жүрміз. Қазір осы бір сасық шошқалар бəрін тастап, тырақайлап қашып барады. Өткен айда мен де, менің қарамағымдағылар да көптеп марапатталды. Мен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталдым жəне қазірдің өзінде майормын. Міне, көрдің бе, мен əскерге шақы рылғанда саған берген уəдемде тұрдым. Сен мен үшін ұялмайтын боласың. Ал, мен өз жауынгерлеріммен шүйілгеннен кейін жау жағы жабырқайтын болады. Маған бəрін айтып жəне жиілетіп хат жазып тұрыңдар. Өзіңнің Тимофейің. Мекенжайым: Далалық почта, 387-ші танк полкі, 1-ші батальон». 1942 жылы қабілетті офицер танкист əскери академияны бітіріп келген соң 17-ші гвардиялық танк полкінің командирлігіне бекітілді.

Маневрді шебер ұйымдастырушы ретінде ерекше көзге түсіп, Донда 2-ші румын жəне 62-ші неміс жаяу əскер дивизияларына күйрете соққы берді. Сөйтіп, қарсыластардың 10 мың солдатын жойып, тұтқынға алды. Осы операция үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 1942 жылы 26 желтоқсанда Тимофей Семенович Позолотинге Кеңес Одағының Батыры атағын берді. Ленин, Қызыл Жұлдыз, І дəрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды. Ауыр шайқастардың отты жылдарында шыныққан, Отанға деген сүйіспеншілігі жоғары, жеңіске деген сеніммен қанаттанған ол қарсыластарының «тəсілін» танудағы тактикалық шеберлігі өзгелерге үлгі етілді. «Правда» газеті 1942 жылғы 27 қаңтардағы Қызыл Ар мияның əскер басшыларына ар наған «Жеңе білу» атты бас мақа ласында былай деп жазды: «Кеңес Одағының Батыры, полковник Т.С.Позолотин үлкен жауынгерлік жолдан өтті. Ол танк батальонының командирі, одан кейін танк бригадасы командирінің орынбасары болды. Шайқаста бригада командирі қатардан шығып қалған кезде оның орнын басып, операцияны жігерлі күшпен басқара білді. Жараланса да қатардан кетпей, ұрысқа басшылық жасады. Талапшыл, жігерлі командир осылайша жаудың ірі күшін талқандауда зор ұйы мдастырушылық қабілет көрсетті». Оның 1943 жылы əйеліне жазған хатын тебіренбей оқу мүмкін емес. «27 қаңтар күнгі «Правда» газетін оқы, сонда сен менің саған берген уəдемді орындағанымды білесің. Мен қарттар мен бауырлар үшін аянбай кек алдым. Сталинградқа кіре берістегі жерде 10 мыңнан астам фашистердің басы менің гвардиялық полкімнің тан кілерінің шынжыр табаны ның астында жаншылды. Тіпті, менің бөлімім өткен жолды да қазір «Позолотин тракты» деп атайды. Қолға түскен тұтқындар да «баскесер» Позолотиннің танкілерінен тайсалатынын айтқан. Шынын айтсам, ешқашан батыр болайын деп ойлаған жоқ едім. Алдағы шайқастарда да жауға қарсы одан да айлалы соққылар жасауға уəде етемін». Жерлесіміз сөзінде тұрды. Басқыншылардың үрейін ұшырды. 1943 жылы мамыр айынан бастап Белгород-Харьков бағытындағы операцияларға қатысты. Неміс командованиесі қоршауда қалу қаупінен сақтанып, СС танк дивизиясының күшіне сүйенгенімен, бұл əрекеттерінен ештеңе өнбеді. Позолотиннің басқаруындағы 19-шы гвардиялық танк бригадасы жаудың жоспарын іске асыртпай тастады. Курск иіні түбінде де жойқын шабуылдарды үдете түсті. 19 қыркүйекте Бабанск аймағындағы қатты ұрыста есіл ер ауыр жараланып, қаза тапты. Денесі Мəскеудің Новодевичье зиратына жерленді. Бұл да батырға көрсетілген зор құрметтің бірі болса керек. Ерлік ешқашан ескірмейді, ұмытылмайды. Петропавл қаласындағы көшеге, ол туыпөскен Явленка кентіндегі мектепке есімі берілген. Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы.

Қарағанда облысы, Көкпекті ауылында орын алған апатты жағдай бүкіл қазақстандықтарды бейжай қалдырмады. Алдымен, қарағандылықтарға елорда көмек қолын созды. Астана қаласы əкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, əкімдік жергілікті атқарушы органдардан су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті тауарлар тізімін сұратып алып, соған байланысты арнайы көмек қорын жабдықтады.

Астанадан ќайырымдылыќ кґмек Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Табиғат апатынан жапа шеккен қарағандылықтарға Астанадан аса қажетті тауарлар жөнелтілуде. Алдымен, су тасқынынан зардап шеккендерге ең қажетті, күртеше, аяқ киім, іш киім, шұлық, бас киім, кеудеше, жейде, шалбар сияқты бір киер киімдер жіберілді. Сонымен бірге, табиғат апатынан зардап шеккендердің өтініші бойынша, тіс пастасы, иіс жəне кір сабын, сүлгі, кір жуғыш ұнтағы мен басқа да жуу заттары, көрпежастық, матрац жəне басқа төсек-орын жабдықтары, электр шəйнектер мен электр жылытқыштар жөнелтілді. Ауыл тұрғындарының көкөніс қорларын сақтаған жертөлелері мен қоймалары су астында қалды. Осыған

байланысты Астанадан Көкпекті кентіне картоп, пияз, қырыққабат, сəбіз жəне басқа көкөніс өнімдері жіберілетін болады. Алдағы уақытта табиғат апатына душар болған кент тұрғындары ұн, макарон өнімдері, қант, дəнді-дақылдар, консервілер, сүт өнімдері (консервіленген), қораптағы сары май, сұйық май, қорапшадағы сорпалар, тұз, бұрыш, шұжық, консервіленген етпен барынша қамтамасыз етілетін болады. Қазір су тасқыны басқан Көкпектіде құтқарушылар жұмыс істеп жатқанын айта кету керек. Тасқынның салдарын жоюға 1000-нан астам адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 102 үйдің суы сорылып, 40 үй мен аула тазартылды. Сонымен бірге, жертөле мен қоймалар судан тазартылып, жолдар қалпына келтірілуде.

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Жаѕа премьер таєайындалды Франция президенті Франсуа Олланд премьерминистр Жан-Марк Эйроның отставкасын қабылдады жəне ол елдің жаңа премьер-министрі қызметіне ішкі істер министрі Мануэль Вальсті тағайындады. «Интерфакс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президенттің бұл шешімі жексенбі күні өткен муниципалды сайлаудың екінші турында басқарушы Социалистік партияның жеңіліске ұшырағанына тікелей байланысты. Олландтың пікірінше, М.Вальс министрлер кабинетіне жетекшілік етуге лайықты тұлға. Сондай-ақ, ол басшыға тəн қасиеттерге ие. Енді оның жəне ол басқаратын үкіметтің алдында үш негізгі міндет – елдің экономикасын сауықтыру, өндірісті дамыту жəне əлеуметтік əділеттілікті қалыптастыру сияқты күрделі міндеттер тұр.

Аќ їй єимаратына оќ атќаны їшін Ақ үй ғимаратына қарай сегіз рет оқ атқан 23 жастағы америкалық Оскар Ортеге-Эрнандез 25 жылға сотталды. Бұл шешімді Вашингтондағы федералды сот шығарды.

Оқиға 2011 жылдың қарашасында болған еді. Ол жеңіл автокөлігімен Ақ үй ғимараты маңына тоқтап, жартылай автоматты винтовкадан АҚШ президенті резиденциясының екінші жəне үшінші қабаттарына қарай оқ жаудырған. Алғашында оған АҚШ президенті Барак Обамаға қастандық жасауға əрекеттенді деген айып тағылған болатын. Кейін бұл айып алынып тасталды. Өйткені, оқиға болған кезде президент пен оның зайыбы Ақ үйде болмаған. Сотталушының бұл əрекеті Барак Обаманың отбасы мүшелеріне жəне қызмет көрсетуші персоналдар өміріне қауіп төндірді, сондай-ақ, ғимаратқа 100 мың доллар көлемінде зиян келтірді деп дəрежеленген.

Аппарат сыныќтары табылды Оңтүстік Кореяның аумағындағы Солтүстік Кореямен шекаралас жатқан Пэннендо аралынан ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының сынықтары табылды. Қазіргі кезде оңтүстіккореялықтар аппарат қайсы елдікі екеніне тексеру жүргізіп жатыр. Бір нұсқа бойынша, ұшқышсыз басқарылатын аппаратты КХДР барлау мақсатында пайдаланған болуы мүмкін. «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, аппарат двигателі жапондардікі, ал негізінен ол қытайлық бөлшектерден құрастырылған. Оқиға Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея Сары теңіздегі шекараларында бір-біріне артиллериялық қарудан оқ атқылағаннан кейін бір тəулік өткенде болған сияқты.

Қысқа қайырып айтқанда:

АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын Х-378 ұшу аппараты ғарышта 470 тəулік болды. Бұл аппарат ғарышқа 2012 жылдың 11 желтоқсанында ұшырылған еді. БҰҰ-ның халықаралық соты Жапонияның кит аулау жөніндегі бағдарламасын ғылыми мақсатқа емес деп танып, оны уақытша тоқтатты. Жапония тарапы халықаралық соттың қаулысына өкініш білдіре келіп, өздерінің сот шешімін сақтауға ниетті екендіктерін мəлімдеген. Осы айда Ресей Мемлекеттік думасы «Полиция туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі құжат жобасын қарайды. Онда полицейлердің біреулер өздеріне шабуыл жасаған немесе қауіп тудырған жағдайда, олардың адамдар жиналған жерлерде де қылмыс жасаушыларға ескертусіз оқ атуға құқылы екені қарастырылған. Грекияның Skai телеарнасы Крит жағалауында заңсыз мигранттар мінген кеме апатқа ұшырағанын хабарлады. Алдын ала мəліметтерге қарағанда, кемеде 400-ге жуық адам болған.

Зілзаладан ќўрбан болєандар бар Чилидің теңіз жағалауында күшті жер сілкінісі болды. АҚШ геологиялық қызметінің мəліметтеріне қарағанда, зілзаланың магнитудасы 8,2 балға жеткен. Ал эпицентрі елдің солтүстігіндегі Икике портты қаласынан 100 шақырымдай қашықтықта тіркеліпті. Икике қаласының губернаторы Гонсало Приетоның хабарлауынша, зілзаладан құрбан болғандар мен жарақаттанғандар бар. Жер сілкінісі Гринвич уақыты бойынша сағат 23.46-да тіркелген. Зілзала бола салысымен мамандар тұрғындарды цунами қаупі бар екендігі жөнінде ескерткен. Чилидің əскери теңіз флоты жер сілкінісінен 45 минуттан кейін биіктігі 2,3 метрдей цунами толқыны жағалауды соққанын хабарлады. Үкімет өкілдерінің деректері бойынша, зілзала ғимараттар мен өзге де нысандарға онша көп зиян келтірмеген. Икике қаласында қарбаласты пайдаланып, 300-ге жуық жазасын өтеуші əйел түрмеден қашып кетіпті.

Елдегі еѕ басты проблема Италияда жұмыссыздар қатары уақыт өткен сайын көбейіп барады. Елдің ұлттық статистика агенттігінің мəліметтері бойынша, ақпан айында жұмыссыздар саны соңғы 37 жылда рекордтық деңгейге жеткен. Аталған агенттіктің келтірген деректеріне қарағанда, бүгінде жұмысқа қабілетті ел тұрғындарының 13 пайызы жұмыс таба алмай отыр. Бұл 3 миллионнан астам адамды құрайды. Əсіресе, жастар арасында жұмыссыздар көп, ол 42,3 пайызға жеткен. Италияның премьер-министрі Маттео Ренци жұмыссыздық елдегі ең басты проблема екенін, үкімет осы мəселелерді шешу үшін нақты жұмыстарды қолға алғанын мəлімдеді. Жұмыссыздық Еуропа елдерінің көпшілігіне тəн. Мысалы, осы жылдың басында жұмыссыздық көрсеткіші Грекияда 27,5, ал Кипрде 16,7 пайызды құрады.

Интернетке баќылауды кїшейтті

Өзбекстан билігі жергілікті қоғамдық орындарда өздерінің қызметін ұсынатын интернет-кафелердің жəне провайзерлердің иелеріне талапты күшейтті. Осыған байланысты барлық интернет-кафелер бейнебақылау камераларымен жабдықталуы қажет, ал пайдаланған сайттардағы ақпараттар үш айға дейін сақталуы тиіс. Байланыс жəне телекоммуникациялық технологиялар мемлекеттік комитеті, сондай-ақ, интернет-кафелерді көпқабатты үйлердің жертөлелерінде орналастыруға тыйым салатын қаулы шығарды. Билік осындай шаралар келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп есептейді. Өзбекстан билігі көптен бері интернетке қатысты қатаң шектеу қойып келеді. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


www.egemen.kz

3 сəуір 2014 жыл

7

 Жемқорлық – індет, жою – міндет

Теріс əрекетке тегеурінді тосќауыл Бүгінгі таңда салық органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мəселесі көкейкесті түйткілге айналғаны жасырын емес. Жалпы алғанда, қоғамға аса қауіпті індеттің түп-тамырына балта шауып, оны жою міндетін Мемлекет басшысы қатаң бақылауға алып, үнемі күн тəртібінен түсірмеуде. Əсіресе, Елбасы өзінің əр жылғы халыққа арнаған Жолдауында да жемқорлықпен батыл əрі аяусыз күресу қажеттігін атап көрсетіп келеді.

Сондықтан да теріс əрекетке тегеурінді тосқауыл қою үшін пəрменді шараларды ұдайы ұстану керек. Жемқорлықты əдетте лауазымдық қызметін асыра пайдаланып, өкілеттігін өрескел бұзып, мүліктік тиімділікті барынша иемденуге тырысқан теріс пиғылдағы

тұл ғалар жасайды. Халықтың ортақ игілігіне қол сұғып, орасан көлемде қаржы жымқыратындар ешнəрседен қаймықпайды. Соның салдарынан мемлекет қыруар шығынға ұшырап, орны толмас зиянға белшеден батады. Осындай теріс қылықтар əр салада жиі

қайталанып отырғаны алаңдатады. Салық қызметі органдарының беделін көтеру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтіп, жан-жақты жұмыс атқарылуы тиіс. Салық төлеушілердің салық мəдениетін арттыру, сонымен бірге, қылмысқа қарсы құқық қорғау саласының жəне азаматтық қоғам институттарының өзара ынтымақтастығын жандандыру өз тиімділігін беретіні айқын. Салық органдарының қызметкерлері тікелей міндеттерін сапалы əрі адал атқарған жағдайда ғана жемқорлық көріністеріне тұсау салынады. Қазір мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің сапасына

үлкен мəн берілуде. Көрсетілетін салық қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 501 қаулысымен салық қызметі органдарының мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандарттары бекітілген болатын. Бұл құжат салық органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетуге ықпал ететіні сөзсіз. Жемқорлыққа қарсы салық органдары қолданып отырған кешенді іс-шаралар оңды нəтижесін беруде. Алайда, оны толық жою үшін салық төлеушілер тарапынан əлі де көп қолдау мен көмек қажет. Мəселен,

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 25 сəуірде сағат 11.00-де (Астана уақытымен) www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншік нысандарын сату бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктің мына нысандары қойылады: 1. Ваз-21213 автокөлігі, 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі L078ВМ. Баланс ұстаушы – «ЕХƏҚМ Батыс Қазақстан облысы бойынша бақылау жəне əлеуметтік қорғау департаменті» ММ. Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2. Алғашқы баға – 457 000 теңге. Бастапқы баға – 2 285 000 теңге. Төменгі баға – 229 000 теңге. Кепілді жарна – 68 550 теңге. 2. Газ-3110 автокөлігі, 2001 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі L015АR. Баланс ұстаушы – «Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» ММ. Орал қаласы, Широкая көшесі, 2. Алғашқы баға – 53 000 теңге. Бастапқы баға – 265 000 теңге. Төменгі баға – 27 000 теңге. Кепілді жарна – 7950 теңге. 3. Nissan X-Trail автокөлігі, 2002 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі 218АА07. Баланс ұстаушы – «Мемсараптама» РМК БҚОФ. Орал қаласы, Жуков көшесі, 1. Алғашқы баға – 1 642 000 теңге. Бастапқы баға – 8 210 000 теңге. Төменгі баға – 821 000 теңге. Кепілді жарна – 246 300 теңге. 4. Ваз-21060 автокөлігі, 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі L613КР. Баланс ұстаушы – «Орал станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі» ММ. Орал қаласы, Вокзал көшесі, 2/6. Алғашқы баға – 66 000 теңге. Бастапқы баға – 330 000 теңге. Төменгі баға – 33 000 теңге. Кепілді жарна – 9900 теңге. 5. Ваз-21099 автокөлігі, 1998 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі L 047 АР. Баланс ұстаушы – «Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» ММ. Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 89/1. Алғашқы баға – 141 000 теңге. Бастапқы баға – 705 000 теңге. Төменгі баға – 36 000 теңге. Кепілді жарна – 21150 теңге.

6. Екі қабатты əкімшілік ғимараты бірінші қабатының бөлігі, жалпы ауданы 41,8 шаршы метр, 1977 жылы салынған. Баланс ұстаушы – «Батыс Қазақстан облысының əділет департаменті» ММ. БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Шемякин көшесі, 13. Алғашқы баға – 756 000 теңге. Бастапқы баға – 3 780 000 теңге. Төменгі баға – 300 000 теңге. Кепілді жарна – 113 400 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті мемлекеттік мекемесінің шотына төленеді : депозиттік есеп-шот КZ400705012170171006, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, БИК KKMFKZ2A, БСН 120240022537, Кбе 11, КНП 171 (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемдері кірмейді). Кепілді жарнаның департаменттің депозиттік шотына уақтылы түсу мақсатында кепілді жарнаны өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына үш күн қалғаннан кешіктірмей төлеуді ұсынамыз. Назар аударыңыз! Сатушының электрондық өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғаның электрондық өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сатушының шотына түспеуі негіз болып табылады. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды : 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін көрсете

отырып тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұл ғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банктің белгісі бар төлем құжатының; 3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың; сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысуға нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық өтінімді (бұдан əрі – электрондық өтінім) тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса,

жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы қағидамен бекітілген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды; Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша жеңімпазы болып танылады жəне жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған қатысушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы, 208 мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшір мелерін не болмаса, нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұс қалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7112) 53 42 36.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алматы қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 21 сəуірде сағат 10.00-де республикалық мемлекеттік меншіктегі тұрақжайды кейіннен сатып алу құқығымен бір жыл мерзімге мүлікті жалға (жалдауға) беру бойынша мына мекенжайда тендер өтетінін хабарлайды: Алматы қ., Достық даңғылы, 134, 2-қабат. Рұқсаттамалық жүйелі жəне кіру мүмкіндігі шектеулі «Көлік өндірісі зауыты» АҚ аумағында орналасқан жеке құрылыс, жалпы алаңы – 420 ш.м., мекенжайы: Алматы қ., Мақатаев к-сі, 127. Тендер шарты: - күрделі жөндеу жүргізу; - коммуникация жүйелерін қалпына келтіру; - техникалық құжаттарды қайта қарау жəне тіркеу; - тұрмыстық қызмет көрсету; - ең жоғары баға ұсынысы; - айына 1 ш.м. үшін жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі – 1 250 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 275 000 теңге. Кепілді жарна Алматы қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік шотына енгізіледі: № KZ 250705012170180006, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде, Астана қ., БИН 120340013492, БИК KKMFKZ2A, бенефициар коды 11, мекеме коды 2170180 (банктік қызметтер төлем ақысына кепілді жарна мөлшері кірмейді). Кепілді жарна тендер жеңімпазының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады: 1) тендерде жеңіп шыққан жағдайда тендер нəтижелері туралы хаттамаға қол қою; 2) тендер нəтижелері туралы хаттамаға сəйкес республикалық мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалға беру (жалдауға) шартын жалға берушімен жасау. Кепілді жарна жалға берушіге қайтарылмайды: 1) Тендер қатышусына тендерге қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда оны өткізуге дейінгі үш күтізбелік күн қалғанда; 2) Жеңімпазға тендер жеңімпазының ұсынысына сай келетін жағдайда шарт жасаудан ол бас тартқан жағдайда.

Басқа жағдайларда тендер қатысушысының деректемелері көрсетілген кепілді жарнаны қайтару туралы өтініш берген күнінен бастап банктік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде тендер қатысушысына қайтарылады. Кепілді жарналарды қайтару туралы тендер қатысушыларының өтініштері жалға берушінің шотына жарналар түскеннен кейін қабылданады. Үміткер тендерге қатысу үшін жалға беруші белгілеген мерзімде мына құжаттарды тапсыруы қажет: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 қаулысымен бекітіліп республикалық мүліктік жалға (жалдауға) беру ережесінің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімі, оны тендер жеңімпазы деп жариялаған жағдайда, тендер қатысушысының жазбаша міндеттемесі, ақпараттық хабарламада жəне тендер қатысушысының өз ұсынысында көрсетілген тендер жағдайында шарт жасасуы қамтылады; 2) Тендер құжаттамасының топтамасы қосымшасымен бірге жазбаша түрде тендер шарты бойынша ұсыныс басқа құжаттардан бөлек жапсырылған конверттерге салынып беріледі; 3) Заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттарды (құрылтай шарт пен жарғы) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсына отырып салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; Жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің көшірмелері, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжатты, салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде көрсете отырып салық төлеушінің куəлігі мен үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері;

4) Акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірме-үзіндіні; Жауапкершілігі шектеулі серіктестер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме-үзіндіні (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 5) Шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай құжаттар; 6) Кепілді жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасынын көшірмесі; 7) Өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама. Тендерге қатысуға тілек білдіруші тұлғалардан өтінімдер қабылдау жəне тіркеу қажетті құжаттардың толық жиынтығы болуы жағдайында жүргізіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе құрылтай құжаттарға сəйкес қызметтің сол түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға тендер қатысушысы бола алмайды, оны жүзеге асыру тендер шарты болып табылады. Нысанды пайдалану бойынша ұсынысы жəне мөлшерлеме бойынша жалдау ақысы жабық конвертке салынып беріледі. Тендер қатысушыларынан өтінімдер қабылдау жəне тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күнінен бастап жүргізіледі жəне тендер басталуға дейін жиырма төрт сағат қалғанда мына мекенжайда аяқталады: Алматы қ., Достық д-лы, 134. Нысан үшін ең жоғары жалдау ақысының сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендер қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады. Тендер туралы қосымша ақпаратты 313-07-79(78) телефоны арқылы алуға болады.

салық төлеушілер іс барысында туындаған түрлі түйткілдерді пара беру жо лымен шешуге ұмтылатыны өкінішті-ақ. Əрине, мұндай құқық бұзушылықтың арты қайда апарып соқтыратыны айтпаса да түсінікті емес пе. Еліміздің заңға құлықты əрбір азаматы салық міндеттемелерін дұрыс орындап, мүлтіксіз сақтаса ғана келеңсіздіктерден арылатынымыз анық. Бұл орайда салық органдарының қызметкерлері өз міндеттерін абыроймен орындауды парыз тұтуы тиіс. Станислав ШЕГАЙ, Есіл ауданы бойынша салық басқармасының бас маманы.

АСТАНА. «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (атқарушы органның орналасқан жері: Қарағанды обл., Қарағанды қ., Ленин көшесі, 12) серіктестік Басқармасының шешіміне сəйкес, 2014 жылғы 25 сəуірде сағат 11.00-де Астана қ., Тұран даңғылы, 37, 13-қабат мекенжайында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы болатындығы туралы өз қатысушыларына хабардар етеді. Қатысушыларды тіркеу 2014 жылғы 25 сəуірде көрсетілген мекенжай бойынша сағат 9.30-дан 10.45-ке дейін жүзеге асырылады. Жиналысқа қатысуға құқылы қатысушылардың тізімі 2014 жылғы 4 сəуірде 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жасалады. Күн тəртібіне мына мəселелер енгізілді: 1. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ны одан «Востокцветмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бөлу нысанында ерікті қайта құру жəне жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШСнің жер қойнауын пайдалану құқығын жəне мүлкінің бөлігін (құқықтары мен міндеттері) оған беру туралы; 2. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрамынан «Востокцветмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бөлу жоспарын бекіту туралы; 3. Бөліну балансын бекіту туралы; 4. «Востокцветмет» ЖШС жарғысын бекіту жəне «Востокцветмет» ЖШС жарғысына қол қоятын тұлғаны анықтау туралы; 5. «Востокцветмет» ЖШС қатысушылары болып табылатын тұлғаларды анықтау туралы; 6. «Востокцветмет» ЖШС атқарушы органын сайлау туралы; 7. «Востокцветмет» ЖШС байқаушылар кеңесін сайлау туралы; 8. «Востокцветмет» ЖШС-ға өтетін жер қойнауын пайдалану, жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға, ресімдеуге, іске асыруға байланысты, барлық активтерді, құқықтары мен міндеттемелерін беру тəртібі туралы; 9. Жезқазған мыс кен орнын игеруді жүзеге асыруға 21.05.1997 жылғы № 114 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға, ресімдеуге, іске асыруға байланысты, барлық активтерді құқықтары мен міндеттемелерін, Жезқазған мыс кен орнын игеруді жүзеге асыруға 21.05.1997 жылғы № 114 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын «Жезказганцветмет» өндірістік бірлестігі» ЖШС-ға беру жөніндегі іс-шаралардың күшін жою туралы. Бірінші жиналыста жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс өткізу күні – 2014 жылғы 26 сəуірде. Қатысушылардың жалпы жиналысының күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдарымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС атқарушы органы орналасқан жерде танысуға болады.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс» (местонахождение исполнительного органа: Карагандинская обл., г. Караганда, улица Ленина, 12) уведомляет своих участников, что в соответствии с решением Правления товарищества, 25 апреля 2014 года в 11.00 часов по адресу: г. Астана, проспект Туран, 37, 13этаж, состоится внеочередное общее собрание участников ТОО «Корпорация Казахмыс». Регистрация участников осуществляется 25 апреля 2014 года по указанному адресу с 09 часов 30 минут до 10 часов 45 минут. Список участников, имеющих право на участие в собрании, составляется по состоянию на 00 часов 00 минут 04 апреля 2014 года. В повестку дня включены вопросы: 1. О добровольной реорганизации ТОО «Корпорация Казахмыс» в форме выделения из него товарищества с ограниченной ответственностью «Востокцветмет» и передачи ему прав недропользования и части имущества (прав и обязанностей) ТОО «Корпорация Казахмыс», связанных с правами недропользования; 2. Об утверждении плана выделения из состава ТОО «Корпорация Казахмыс» товарищества с ограниченной ответственностью «Востокцветмет»; 3. Об утверждении разделительного баланса; 4. Об утверждении устава ТОО «Востокцветмет» и определении лица, которое подпишет устав ТОО «Востокцветмет»; 5. Об определении лиц, которые будут являться участниками ТОО «Востокцветмет»; 6. Об избрании исполнительного органа ТОО «Востокцветмет»; 7. Об избрании наблюдательного совета ТОО «Востокцветмет»; 8. О порядке передачи прав недропользования, всех активов, прав и обязательств, связанных с получением, оформлением, реализацией прав недропользования по контрактам на недропользование, которые переходят в ТОО «Востокцветмет»; 9. Об отмене мероприятий по передаче в ТОО «Производственное объединение «Жезказганцветмет» права недропользования по контракту на осуществление разработки Жезказганского месторождения медных руд № 114 от 21.05.1997 года, всех активов, прав и обязательств, связанных с получением, оформлением, реализацией права недропользования по контракту на осуществление разработки Жезказганского месторождения медных руд № 114 от 21.05.1997 года. Дата проведения повторного собрания в случае отсутствия кворума на первом собрании – 26 апреля 2014 года. С материалами по вопросам повестки дня общего собрания участников можно ознакомиться по месту нахождения исполнительного органа ТОО «Корпорация Казахмыс».

ХАБАРЛАМА

2014 жылғы 23 сəуірде 12.00 сағатта Атырау қаласы, Қабдолов көшесі, № 1 үй мекенжайындағы «АтМӨЗ» ЖШС-нің орталық əкімшілік ғимаратында (мəжіліс залы) «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылады. Қатысушыларды тіркеу 2014 жылғы 23 сəуірде 10.45 сағаттан бастап 11.45 сағатқа дейін «АтМӨЗ» ЖШС-нің мəжіліс залында жүргізіледі. «АтМӨЗ» ЖШС-нің орналасқан жері: индексі 060001, Атырау қаласы, Қабдолов көшесі, № 1 үй. Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдарды танысу үшін «АтМӨЗ» ЖШС-нің активтерді басқару бөлімінен алуға болады. Анықтама телефондары: 8 (7122) 259-699/265. Кворум болмаған жағдайда жиналысты қайта өткізу сол күн тəртібімен жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 2014 жылғы 29 сəуірде 12.00 сағатқа тағайындалады. Күн тəртібі: 1. «АтМӨЗ» ЖШС тексеру комиссиясының қорытындысын бекіту. 2. «АМӨЗ» ЖШС-нің 2013 жылғы жылдық қаржылық есеп-қисабын бекіту жəне оның таза табысын бөлу. «АтМӨЗ» ЖШС басқармасы «НГСК КазСтройСервис» АҚ

осы арқылы «Каспий Құбыр Консорциум-К» АҚ-пен ірі мəмілеге өзгеріс енгізу туралы шешімді қоғамның Директорлар кеңесі қабылдағаны жөнінде барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді.

Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, №14/3 үйде орналасқан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі топтарға газ тарату жүйелері жəне магистральдық газ құбырлары арқылы тауарлық газды тасымалдаудағы реттелетін қызмет түрлерін көрсету жөнінен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қыз меті туралы есептің жыл сайынғы тыңдалымдары өтетінін хабарлайды. Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, 312-атқыштар дивизиясы даңғылы, 22-үй (мəжіліс залы), жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00. Өтетін күні: 23 сəуір, 2014 жыл. Астана қаласының маман дандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «АДИЯТ-3» ЖШС банкрот тығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.

Хабарландыру

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 29 наурыздағы №61 (28 285) санында жарияланған конкурс туралы хабарландыруын мына сөздермен толықтырып оқылуын сұрайды: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ лауазымдық қызметтің бос орнына орналасуға конкурс жариялайды: «Облыстық наркологиялық мəжбүрлеп емдеуге арналған ұйым» КМҚК директоры, мекенжайы: Қарағанды облысы, Саран қаласы, Чкалов көшесі, 73-үй, байланыс телефоны, факс 8 (72137) 2-62-43. «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ. «Құрылыс материалы» АҚ, орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Боралдай к-сі, 91, өз акционерлеріне 02.05.2014 ж. сағат 15.00-де жоғарыда көрсетілген мекенжайда акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысы болатындығы туралы хабарлайды. Күн тəртібі: 1. Қоғамның 2013 ж. жылдық қаржылық есептілігін бекіту. 2. Өткен қаржылық жылдағы қоғамның таза табысын бөлу тəртібін анықтау. 3. Акционерлердің өтініштері туралы мəселені қарау жəне оны қараудың қорытындылары. Жалпы жиналысқа қатысатын акционерлердің тізімін жасау күні – 22.04.2014 ж. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің уақыты – 02.05.2014 ж. сағат 12.00ден сағат 14.30-ға дейін. Жиналым болмауы жағдайында, қайталама жиналыс 05.05.2014 ж. жоғарыда көрсетілген мекенжайда сағат 15.00-де өткізіледі. Барлық сұрақтар мына телефондар арқылы: 8 (727)223-03-81,8(727)223-03-75.

Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астана в отношении ТОО «MunaiGasInspection» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астана в отношении ТОО «АДИЯТ-3» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұй ғарымымен «КЫС ТЫКБАЕВ БИРЛИК БУЛШЫНОВИЧ» ЖК банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат. Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астана в отношении ИП «КЫСТЫКБАЕВ БИРЛИК БУЛШЫНОВИЧ» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «MunaiGasInspection» ЖШС банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің ұжымы қаржы-экономикалық басқарманың басшысы-бас бухгалтер Алма Мамырханқызы Əзімбаеваға інісі Бағдат Мамырханұлы ƏЗІМБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының ұжымы «Өрт сөндіруші» АҚ-тың Ақмола облыстық филиалының директоры Серік Абдрашитұлы Шаймерденовке ағасы Ерік Абдрашитұлы ШАЙМЕРДЕНОВТІҢ мезгілсіз дүние салуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

www.egemen.kz

3 сəуір 2014 жыл

 Интеграция игілігі

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ)

Құрылған күні 10.10.2000 ж.

Бірлестікке мүше мемлекеттер

Өңірлік халықаралық ұйым жəне халықаралық форум

Беларусь

(Əлем аумағының 15%-ы)

Халқының саны

(Əлем халқы санының 3%-ы)

ІЖӨ

млрд. АҚШ долл.

Мемлекетаралық авиация комитеті (МАК)

Украина

Ресей

Қызметінің негізгі бағыттары

Тəжікстан

(Əлемдік ІЖӨ-нің 4,5%-ы)

Еуразия даму банкі (ЕАДБ)

Молдова

Қырғызстан

млн.адам

Байқаушы ұйымдар

Армения

Қазақстан

млн. км2

Аумағы

Байқаушы-мемлекеттер

ƏЛЕМДІК ҚОРЛАРЫ

Жарғылық органдары ЕурАзЭҚ-тың мемлекет басшылары мен үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңесі (жоғары орган) ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитеті (тұрақты жұмыс істейтін орган )

Экономикалық өзара іс-қимыл

тұщы су мен орман ресурстары

Жұмыс органдары

Сауда-саттықты дамыту

ЕурАзЭҚ жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясы

мұнай газ бен көмір электр энергиясын өндіру

Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру үдерістерін тиімді ілгерілету

ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің хатшылығы

астық өндіру

Кеңестер мен комиссиялар

болат өндіру

ЕурАзЭҚ-тың Кеден одағы (КО)

Қазақстан Ресей

БР, ҚР, РФ экономикалық интеграциясының пішіні

Ж.

КО туралы келісім Ж.

КО жəне БЭК туралы шарт

Жарғылық органдары

Беларусь

Қоғамдастық соты

Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК)

Үш елдің сауда-экономикалық интеграциясының пішіні Бірлестікке мүше мемлекеттер

Парламентаралық ассамблея

Қоғамдастық мемлекеттерінің іс-қимылын əлемдік экономика мен халықаралық саудасаттық жүйесіне интеграциялануын үйлестіру

Ж.

Ж.

БЭК құру бойынша іс-қимыл жоспары

ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесі

КО құру туралы шешім

Кеден одағының комиссиясы (2012 жылдың 1 қаңтарына дейін)

Біртұтас кеден аумағын құру жəне КО қалыптастыру туралы шарт

Ж.

ЕурАзЭҚ Соты

Ж.

БЭК-тің жұмыс істей бастауы Жарғылық органдары

Ж.

КО-ның жұмыс істей бастауы

Жұмыс органдары

Аумағы

КО комиссиясы жанындағы үйлестіруші жəне консультативтік органдар (комитеттер)

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК)

млн. км2 астам

ЕурАзЭҚ соты

(Əлемдегі құрғақ жерлердің 15%-ы)

Халық саны –

Хатшылық

Қызметінің негізгі бағыттары

млн. адам ІЖӨ көлемі

Қызметінің негізгі бағыттары Арнайы қорғанышты, антидемпингтік жəне компенсациялық шаралардан басқа кеден бажы мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайтын шепте біртұтас кеден аумағын құру

млрд. АҚШ долл.

Табиғи газ өндіру

Ортақ (ішкі) тауарлар, қызмет көрсетулер, капиталдар жəне еңбек рыноктарының жұмыс істеуі

(əлемде 1-ші орын)

Мұнай мен газ конденсатын өндіру

Тұрғындарының əл-ауқатын арттыру мақсатында қатысушы елдердің орнықты дамуы мен экономикасын құрылымдық қайта құру үшін жағдай жасау

(əлемде 1-ші орын)

Электр қуатын өндіру

(əлемде 3-ші орын)

Əлемдік тəжірибе Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы Association of South East Asian Nations

NAFTA NORTH AMERICAN FREE TRADE AGREEMENT ЕРКІН САУДАНЫҢ СОЛТҮСТІКАМЕРИКАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫ НАФТА АЯСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ НƏТИЖЕЛЕРІ

1967 жылдың 8 тамызында негізі қаланған

Қатысушы елдер

НАФТА əлемдегі аса ірі еркін сауда аймағының біріне айналды

АҚШ КАНАДА МЕКСИКА

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМАЛАРДЫҢ ОҢ ƏСЕРІ:

Сауда қызметін либерализациялау, қатысушы елдердің сыртқы сауда айналымы өсімінің ұлғаюы Ішкіөңірлік саудасаттықты ұлғайтуға

Экономикалық өсім мен халықтың əл-ауқатының артуы Ішкісалалық мамандықтарды тереңдету Банк секторын белсенділендіру, бизнестің белсенділігін жоғарылату

аумағы 21,8 млн. км2 халқы 463,1 млн. адам

Папуа-Жаңа Гвинея

Инвестициялардың өсуі

ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ 1992 жылдың 17 желтоқсанында қол қойылған 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың шығысазиялық векторын қалыптастыруға

Канада мен Мексиканың халықаралық еңбек бөлінісінде шептерін нығайтуы

Қазіргі кезде саяси ынтымақтастықтан экономикалық ынтымақтастыққа біртіндеп көшу жүріп жатыр

Өңірлік ұйымның жаһандық рыноктарға шығуы

2015 жылға қарай АСЕАН-ның Экономикалық қоғамдастығын құру жоспарлануда

Ассоциация елдері экономика саласында ОША өңірінде үш бағыт бойынша интеграция мен либерализация бағытын жүргізуде ЖИЫНТЫҚ ІЖӨ 1993

өзара жалпы сауда-саттық 1993

жыл

жыл

2008

2008

жыл

жыл

НАФТА ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ АҚШ, Канада, Мексика арасында саудасаттық пен инвестиция салаларындағы кедергілерді жою

2012

2012

жыл

жыл

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Келісімге қатысушы елдер арасындағы тауарлар мен қызметтер қозғалысын ынталандыру

Еркін сауда аймағында əділетті бəсекелестік үшін жағдай жасау жəне соны ұстану Келісімге мүше елдерге инвестиция тарту

Зияткерлік меншікті қорғау мен сақтаудың тиімді құқын қамтамасыз ету Біртұтас құрлық рыноктың болашақ өңірлік жəне халықаралық кооперациялары үшін негіз қалау

Тікелей шетел инвестициясын ұлғайту (ТШИ)(АСЕАН-дағы Инвестициялар аймағы туралы рамалық келісім негізінде (АИА) Өндірістік ынтымақтастықты дамыту (өндірістік ынтымақтастық сызбасы туралы базалық келісім (АИКО)

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Жаңа жұмыс орындарының көбеюіне

1989-2007 жылдар аралығы АСЕАН-10-ның ішкіөңірлік АСЕАН елдері тауар айналымы экономикасындағы ТШИдің жыл сайынғы көлемі есе өсті (орташа, млрд. долл.) ішкіөңірлік тауар айналымы

ЕСА құру (АСЕАН-ның Еркін сауда аймағын құру туралы келісім негізінде (АФТА)

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Тікелей инвестициялар ағынына

Арнаулы бақылаушы

есе өсті -ші жылдар

-ші жылдар

Жиынтық ішкі жалпы өнімді қосымша ұлғайту есебінен тауарлар экспортын либерализациялаудан сауда мен өсімнің жалпы пайдасы 1988 жылға дейін жылына кем дегенде 3,4 млрд. долл. құрады -шы жылдар

-ж.ж.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Еуразиялық интеграция институты дайындаған

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Айдар ӨРІСБАЕВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №280 ek

Profile for Egemen

03042014  

0304201403042014

03042014  

0304201403042014

Profile for daulet
Advertisement