Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№231 (28709) 2 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Отанды ќорєау – ортаќ парыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық əскерипатриоттық орталықта болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының ежелгі заманнан бүгінге дейінгі əскери дəстүрі мен мəдениетінің даму тарихын таныстыратын сирек əрі бірегей экспонаттар қойылған Əскеритарихи музейдің экспозицияларын аралап көрді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Жас Ұлан» республикалық мектебінің оқушыларымен кездесті. «Жас Ұлан» – Қазақстан Қарулы Күштерінің болашақ жауынгерлері екенін атап өткен ел Президенті курсанттардың оқуда үздік болуына тілектестік білдірді. Мемлекет басшысы

● Жолдау жолдары

БƏРІМІЗ БІРІМІЗ ЇШІН, БІРІМІЗ БƏРІМІЗ ЇШІН! Елбасы Жолдауындаєы осы шаќыру барша ќазаќстандыќтарды бірлік пен ынтымаќтастыќќа ўйыстыруєа ўмтылдырады Ақан БИЖАНОВ, Парламент Сенатының депутаты:

Отанды бала кезден сүйіп, ата-бабаларымыз сияқты қорғауға жəне сақтауға дайын болу керектігін айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы орталықтың Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Ғимаратта ел тарихындағы тұңғыш Əскери-тарихи музеймен қатар, концерт залы, уақытша көрмелер залы, сондай-ақ,

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі мен Орталық ансамблі орналасатын болады.

Бас шырша шыраќтары жарќырады

Эрмитаждыѕ бас директорымен кездесті

Кеше елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздің Бас жаңажылдық шыршасының шырағын жағу рəсімі өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровскиймен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елбасы кездесу барысында М.Пиотровскийге Астанаға сапарлап келгені үшін алғыс айтты, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Мемлекеттік Эрмитаж арасында ынтымақтастық орнатудың маңызды екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев музейлердің тəжірибе алмасуы жəне жұмыс бабындағы тұрақты байланыстары Қазақстан мен Ресей халықтарының бай

Тарихи саммиттіѕ бесжылдыєы 4-бет Ќуана білгенге ќўт ќонады 5-бет Ґмірге ќажетті ґрелі бастамалар 6-бет Шаршамайтын Шарманов 8-бет

мəдени жəне тарихи мұраларын сақтау ісіне қомақты үлес қосуға мүмкіндік беретініне назар аударды. М.Пиотровский өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 1-2 желтоқсанда өтіп жатқан «Эрмитаж күндері» туралы əңгімеледі, сонымен қатар, Мемлекет басшысына екі елдің мəдениетаралық ықпалдастығын дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рəсім барысында қатысушылардың барлығын алда келе жатқан Жаңа жылмен жəне елдің Бас шыршасы шырағының жағылуымен құттықтады. – Жаңа жыл, əсіресе, өскелең ұрпақ үшін асыға күтетін айрықша мереке. Жаңа жыл салтанатына дейінгі ай армандаумен жəне ғажайыпты күтумен өтеді. Барлық қалауларыңыздың орындалуына тілектеспін. Біздің

еліміздің мақсаты – Мəңгілік Ел болу, əлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Біз елімізді дамытып, оның халықаралық аренадағы беделін көтеруге ұмтылуымыз керек. Аға буын, соның ішінде сендердің атааналарың нақ сол үшін жəне Қазақстан жастарының игілігі үшін жұмыла еңбек етуде. Біз туған елді, оның елордасын, таулары мен сай-саласын, орманы мен даласын, өзендері мен көлдерін сүйеміз. Осының бəрі – біздің Отанымыз, – деді Қазақстан Президенті. Сөзінің соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

барша қазақстандықтарға мықты денсаулық, оқу мен еңбекте табыс, игілік жəне бақ-береке тіледі. Астана символдарының бірі – «Хан шатыр» ғимараты маңында орналасқан мұз қалашықта өткен бұл мерекелік жиынға қала қонақтары мен тұрғындары, шығармашылық ұжымдар, жас жеткіншектер қатысты. Мақпал түнді самаладай жарқыратқан, биіктігі 25 метр келетін бас шыршаның шамдарын жағу салтанатында отшашу ұйымдастырылды жəне көпшілік назарына мерекелік концерт ұсынылды. Айта кетейік, Бас шырша жағылған соң, іле Қазақстанның барлық қалаларында да шыршалардың шырақтары жарқырады.

● Жағымды жаңалық

«Егемен Ќазаќстан» «№1 жыл таѕдауы»

фестиваль-конкурсыныѕ арнаулы жїлдесіне ие болды Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Мерекелік концертті тамашалады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тұлға. Елбасы. Тарих» деген тақырыппен өткен концертті көрді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған концертке Қазақстанның эстрада жұлдыздары, елдің алдыңғы қатарлы музыкалық жəне би ұжымдары қатысты. Қазақ халық аспаптары оркестрі мен Астана мемлекеттік академиялық филармониясының

симфониялық оркестрі, «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің шығармашылық ұжымы орындаған туындылар мен хореографиялық қойылымдар жəне патриоттық рухтағы музыкалық нөмірлер арқылы қазақстандықтар қастер тұтатын негізгі құндылықтар – халық бірлігі, қоғамдық келісім, татулық пен тұрақтылық, салт-дəстүр, «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы кеңінен көрініс тапты.

––––––––––––––––––––––

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

«Таңдау еркіндігі – қазақстан дық демократияның басты жетістігі!» – «Жыл адамы – Жыл таңдауы» фестиваль-конкурсы жайында сөз қозғалғанда журналистер бұл конкурстың 2000 жылғы жюриінің құрметті төрайымы болған Дариға Назарбаеваның осы сөздеріне жиі сілтеме жасап жатады. Жеңімпаздарды марапаттаудың тұңғыш рəсімінде айтылған бұл сөз шынында да біздің қоғамымыздың қазіргі хал-күйін өте дəл сипаттайды. «Жыл адамы – Жыл таңдауы» фестиваль-конкурсының өткізіліп келе жатқанына 16 жыл болды. Конкурстың мақсаты əр номинация бойынша əбден негізделген таңдау жасай отырып, барлық өлшемдер жиынтығымен таңдаулыларды анықтау. Соңғы шешімді белгілі сарапшылар, əртүрлі жекеменшік жəне мемлекеттік құрылымдардың жəне қоғамдық ұйымдардың

өкілдері, елге танымал тұлғалар жасайды. Əр жюри мүшесі жекедара дауыс береді. Жинақталған балл BDO Kazakhstan аудиторлық компаниясы тарапынан тексеріледі. Бұл конкурстың бірегей ерекшелігі – ақшалай сыйлық берілмейтіндігі. «Жыл адамы – Жыл таңдауының» басты бағасы – Қазақстан халқының құрметі мен мойындауы. Осы арқылы жеңімпаздар жауапкершілігі арта түседі. Алдыңғы күні, 30 қарашада Алматыда, Абай атындағы опера жəне балет театрында «Жыл адамы-2015 – Жыл таңдауы-2015» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рəсімі өтті. Фестивальконкурстың арнаулы жүлдесіне «№1 Жыл таңдауы» номинациясы бойынша қазақ тіліндегі басылымдар арасынан республикалық «Егемен Қазақстан», сондайақ «№1 Жыл таңдауы» арнайы сыйлығына «Centrial Asia Monitor», «Вечерний Алматы», «Аргументы и факты» газеттері ие болды.

– Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы маңызды мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні қарсаңында жария етілді. Мұнда қисынды өзара байланыс бар. Себебі, біздің еліміздің қазіргі заманауи тарихындағы болып жатқан саяси, əлеуметтікэкономикалық тағдыршешті үздіксіз өзгерістер Елбасының атымен тығыз байланысты. Ал Жолдаудың мəні мен мазмұны Елбасының көрегендігін, əлемдік экономикалық дағдарыстың ел дамуына ықпалының күрделі жағдайында қазіргі заманның сын-қатерлерін шешудің тиімді, əрі ғылыми негізделген жолдарын ұсыну кемеңгерлігін тағы да дəлелдеді. Жолдауда, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары енді тек ел бюджетінің тапшылығын толықтыру

үшін пайдаланылатыны атап өтілді. Келесі жылы зейнетақы актив тері қазақстандық жекеменшік немесе шетелдік компа ниялардың бас қаруына берілетін болады. Сонымен қатар, зейнетақы салым дарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы қорындағы қар жыларды инвестициялаудың тəсілдері қайта қарастырылмақ. Елбасымыз зейнетақы жинақтарын бизнесті несиелеу үшін жұмсауды до ғару керектігін жəне бизнеске халықаралық қаржы институттары беретін қаражат та жететінін атады. Жолдауда еліміздегі жəне халықаралық ахуалды терең талдау негізінде, сондай-ақ, əлеуметтікэкономикалық мəселелерді шешу бойынша нақты бағдарламалар ұсынылып отыр.

Жандар КƏРІБАЙҰЛЫ, қоғам қайраткері: – Тəуелсіздігіміздің əр күні жылға татитындай тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Маңызы зор саяси оқиғалар қоғам өміріне жаңаша сипат, мəнді мазмұн беруде. Солардың ішінде əлем назарын тағы да өзіне аударған айтулы мереке – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа жария еткен Жолдауы. Ел дамуына серпін беретін бұл стратегиялық маңызды құжат бұрынғылардан ертерек жолданып отыр. Оның себебі бар. Өйткені, ел дамуындағы басым бағыттарды айқындап, сыртқы сын-қатер ахуалдар күрделі болып тұрған кезеңде ырғалыпжырғалуды көтермейтін жедел шешілуі тиіс міндеттерді күнілгері белгілеу қажет болды. Бұл Жолдау сонысымен айрықша маңызды. Енді Үкімет, жергілікті атқарушы органдар терең талданған тапсырмаларды тезірек əрі сапалы жүзеге асыруы тиіс. Мемлекет басшысының əлемді жайлаған дағдарыстың қоғам дамуына қиындық тудырумен

қатар одан шығудың жолдарын тауып, мүмкіндіктерді барынша кəдеге асыруға жігерлендіретін қуаты бар екендігін баса көрсеткені ерекше қанағат сезімін тудырады. Елбасы дағдарыс тығырығынан шығу, жаңа белестерді бағын дыру, қандай қиын дықтар болса да əлемдегі озық 30 елдің қатарынан көріну мақсатынан таймау үшін 5 халықтық реформаны жүзеге асыратын 100 ұлт қадамына қуат беретін 5 міндетті айқындап берді. Олар қаржылық секторды тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру жəне экономикалық бəсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялар тарту, жаңа əлеуметтік саясатты жүзеге асыру. Айтылған бағыттардың əрқайсысы бағдаршам ретінде аса маңызды. Елбасы рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мəңгілік Ел болу үшін бізде бəрі бар дей келіп, қазақстандықтардың жасампаздығына үлкен сенім артып отыр. Ал сенімнің жауапкершілік жүктейтінін біз жақсы білеміз. Жамбыл облысы.

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы: – Жолдауда нақты тапсырмалар жүктелді. Ең бастысы, Елбасы қоғамға, халыққа қаратып айтқаны – қазіргі орын алып жатқан дағдарыстан қорқудың еш қажеті жоқтығы. Бұдан да қиын кездерді басымыздан өткергеніміз есімізде, бес-алты айлап жалақы берілмеген кездер де болды. Əсіресе, мұны алдыңғы жəне орта буын өкілдері жақсы біледі. Көпқабатты үйлерде жарық болмағандықтан, далада қазан қойып тамақ пісірген кездер де басымыздан өтті емес пе. Сондықтан да қазіргі қиыншылықтардан да қиналмай өтеміз. Өйткені, мемлекетіміз

мықты дегенді баса айтты. Осы орайда, отандық кəсіпкерлеріміз өз ақшаларын кə сіп керлікке салып отырғандығын айта кетпекпін. Мы на кейбір қалталы азаматтарға шетелдердегі жинақтаған ақ шаларын елімізге əкелу туралы Президент орынды талап қойды деп ойлаймын. Əсіресе, бұл кейбір шикізат саласында жүрген кəсіпкерлерге қатысты немесе алғашқы капитал жинаған жандарға айтылған ескерту деп білемін. Жалпы, мұның ақшасы бар барлық азаматтарға қатысты айтылғаны анық.

(Осы тақырыптағы топтаманың соңын 2-3-беттерден оқисыздар).


2

www.egemen.kz

2 желтоқсан 2015 жыл

БƏРІМІЗ БІРІМІЗ ЇШІН,

Елбасы Жолдауындаєы осы шаќыру барша ќазаќстандыќтарды ● Жолдау жолдары Бектас БЕКНАЗАРОВ, Парламент Сенатының депутаты: – Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің мынадай сөзі бар. «Алыс межесін болжай алмаған адамды жақын қатер күтіп тұрады» деген. Демек, Елбасының Жолдауда қозғаған мəселелері биылғы жылы, я болмаса, келесі жылы емес, алыс болашағымызды болжау төңірегінде болды. Ал болашаққа біз қандай жолмен, қандай қиындықтарды еңсере келе, жүріп келеміз, елдің алдында қандай міндеттер тұр деген төңіректегі сауалдарға жауап айқын жəне нақты түрде айтылды. Ал алдыңғы қатарлы мемлекеттердің сапына қосылу үшін қандай кезеңдерден өтуіміз керектігі жөніндегі мəселе бізді, Парламент депутаттарын да ойландырмай қоймасы анық. Алдағы уақытта халық қалаулылары осы жауапкершілікті сезініп, бұл бағытта нəтижелі жұмыстар атқарады деп ойлаймын. Бұл Жолдауда, сондай-ақ, Елбасы заманның беталысын бағамдап, жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал төңірегінде, кейбір алпауыт елдер арасындағы текетірес пен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа тірей бастағанын да айтып өтті. Бұл ретте, Президент өзінің нақты кесімін айтып, ұстанымын білдірді, сондай-ақ, өте салиқалы жəне терең түрде өз байламын жасады деп ойлаймын. Елбасының жастарға қатысты қозғаған мəселесі де өте өзекті болды деп есептеймін. Енді 2017 жылдан бастап, тегін кəсіптік-техникалық білім беру жүйесі енгізілетін болады. Бізде бүгінге дейін қалай болып келген еді? Жастардың басым бөлігі академияға, университетке, колледжге ұмтылады да, түсе алмағандары жарты жолда қалады. Сондықтан, оларды жұмыс істей алатын дəрежеге дейін оқыту, кəсіптік-техникалық оқыту жүйесімен қамтамасыз ету – уақыт талабы. Бұл – «қай жерде жұмыс бар, сол жерде еңбек етуге талпын» деген ойды меңзейді емес пе?! Мен, мысалы, көп жыл Қазақстанның батысында, Атырауда, Ақтөбеде жұмыс істедім. Ал өзімнің туған жерім – Оңтүстікте жұмыссыз жүрген жас көп. Ал батыс өңіріндегі мұнай-газ компаниялары небір мықты құрылыстар салып жатыр. Осыны көріп, байқаған мен: «Неге сол жақтарға бармайсыңдар, ауа райы жылы Алматыдан, Шымкенттен неге сырт жаққа шықпайсыңдар, басқа жерлерде үлкен жұмыстар бар емес пе?» деп сұрақ қоямын. Мен сол арқылы оларға ой салып, өмірге деген құлшыныстарын оятқым келген еді. Сондықтан, Елбасының жастарға қатысты көтерген мəселесі олардың ертеңгі күні өз орындарын табуларына, сол арқылы еліне қызмет етулеріне үлкен əсерін тигізеді деп ойлаймын. Еркін ҚАСЕНОВ, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры: – Жолдауда көтерілген мəселелер халыққа белгілі бір дəрежеде ой салды деп ойлаймын. Мəселен, Президент əлеуметтік салаға, жастарды тəрбиелеуге, жұмысшыларды бағалауға қатысты мəселелерді айрықша атап өтті. Бұдан бөлек, тəуелсіздіктің 25 жылында бай-қуатты болып, материалдық жағдайы түзелген азаматтарға айрықша тоқтала келе, оларға өздерінің шетелде тіркелген материалдық дүниелерін ашық түрде жария ету қажеттігіне назар аударды. Оларды жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысып, қаржыны заңдастырып, ашық түрде жұмыс істеуге шақырды. Осы арқылы Мемлекет басшысы іскер, кəсіпкер азаматтардың жинаған-тергенін, байлығын елдің мүддесіне бағыттау керектігін жеткізгендей болды. Себебі, бақуатты, қалталы азаматтар шетелдегі активтерін экономиканың өсуіне, елдегі жағдайдың жақсаруына бағыттаса, ол сөзсіз, өзінің оң нəтижесін береді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы заманның қазіргі беталысына баға беріп, біздің аса күрделі, қиын кезеңге аяқ басқанымызды айтты. Бұл туралы Елбасы: «Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі», – дей келе, мұндай жауапты сəтте ел азаматтарының бірлікті сақтап, елдің игілігі үшін аянбай тер төгуі қажеттігіне назар аударды. «Қазақ не көрмеген, қазіргі қиындықты да еңсеретін боламыз», деген тұрғыда түйінді сөз айтып, бұл ретте, азаматтарға үлкен үміт артатынын жеткізді. Ендеше, қоғамдағы əрбір сала мамандары бұл сенім үдесінен шығуға атсалысуы қажет. Бақыт СҰЛТАНОВ, Қаржы министрі: – Елбасы халыққа арнаған Жолдауында жылдағыдай нақты жəне терең байламдарға сүйеніп, үлкен мəселелер көтерді. Соған сəйкес, бірқатар тапсырмалар берді. Олардың ішінде ең маңызды мақсат – 2050 жылға қарай ең дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін 5 институттық реформа мен соған сəйкес жүзеге асырылатын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау. Бұл ретте, кейбір заңдарға тиісті өзгерістер енгізілді. Алдағы уақытта біз осы жолда бірігіп, Елбасы белгілеген 5 бағыт бойынша жұмыс істеуіміз керек. Бұл бір жағынан, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғайды, екінші жағынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мəселен, Елбасы əлеуметтік салаға, жастардың білім алып, қоғамнан өз орындарын табуларына қолдау көрсету, бюджеттік жүйені оңтайландыру, бюджеттің кіріс көзін ұлғайту тұрғысында тұшымды ойлар айтты. Бұл бағыттарда біз біраз жұмыстар жасауымыз керек. Бұл орайда, бюджеттің нақтылығы да үлкен маңызға ие. Мəселен, əлеуметтік жобалардың өзі 400 млрд. теңге көлеміндегі қаражатты қажет етеді. Бюджет саласында ондай мүмкіншіліктер бар. Ал жалпы, мемлекет алдында тұрған мақсат-міндеттерді іске асыру үшін 7,5 трлн. теңге мөлшерінде қаражат бөлініп отыр. Біздің министрлік мұның барлығы тиімді жүзеге асырылуы үшін жұмыс істейтін болады.

Тўѕєыш Президент кїніне арналды Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы орталығы өкілдігінің бастамасы жəне Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен Мəскеуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Шараға Мəскеу ЖОО-ларының профессорлары мен оқытушылары, Ресей ғалымдары мен сарапшылары, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өкілдері, қазақстандық студенттер, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары да бар, қатысты. Дөңгелек үстел шеңберінде оған қатысушылар тікелей эфирден Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын көріп тыңдады. Отырысты аша келе, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі Анатолий Смирнов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республиканың ішкі жəне сыртқы саясатын қалыптастыру мен дамытудағы орасан еңбегін атап өтті. «Қазақстан барлық ірі жəне шағын мемлекеттермен өзара тиімді қарым-қатынастары мен берік экономикалық байланыстарын мақсатты түрде жүзеге асырып келеді, – деді дипломат. – Біз Ресеймен жəне Қытаймен де тығыз ынтымақтастықтамыз. Еуропа біздің аса ірі сауда əріптесіміз болса, ал АҚШ Еуропадан кейінгі аса ірі шетел инвесторы болып табылады. Біз Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесіміз жəне ДСҰ-ға да тең құқықты қатысушының біріміз. Біздің көптармақты сыртқы саясатымыздың мəні сауда-саттық пен инвестицияларға жəне жаңа идеяларға ашықтығында, бұл, өз кезегінде, еліміздің ІЖӨ көлемінің 19 есе өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік берді». Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жаңа Жолдауы 2014-2015 жылдары жарияланған жəне жүзеге асырылып келе жатқан реформалардың заңды жалғасы болып табылады. «Атап айтқанда, – деп жалғады сөзін А.Смирнов, – мемлекеттің əлеуметтік саясаттағы басымдығы адам капиталын дамытуға жұмсалатын кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс». Дипломаттың айтуынша, бұл арада «Болашақ» бағдарламасының алатын орны айтарлықтай. Тақырыпты Қаржы университеті жоғары заң мектебі директорының орынбасары Талғат Мықтыбаев жалғастырды. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы күрделі экономикалық кезеңнің өзінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы батыл шешім қабылдағанын атап көрсете келіп, бұл идеяның дер кезінде жүзеге асырылғанын көлденең тартты. «Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған

жас қазақстандықтар жетекші шетелдік ЖООларда аса жоғары деңгейлі кəсіби білім алып, білім-біліктерін өз Отанының игілігі жолында жұмсап келе жатыр», – деді Т.Мықтыбаев. Өз кезегінде, Ресей Ауыл шаруашылығы жəне Ресей президенті жанындағы Мемлекет тік қызмет академиясы ректорының кеңесшісі Гүлнар Краснова «Болашақты» ең қызықты, табысты, бастысы – посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ бағдарлама деп атады. Ғалым білім берудің қазақстандық жүйесі қашанда посткеңестік кеңістікте аса бəсекеге қабілеттілердің бірі болғанын жəне солай болып қалып келе жатқанын атап өте келіп, əлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияланғанын мəлімдеді. Ол, сондайақ, 2010 жылы Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде алғаш болып Болон декларациясына қосылғанын, сөйтіп, Еуропа білім беру кеңістігінің толыққанды мүшесі болғанын еске салды. Г.Краснова жаңа Жолдауда жарияланған 2017 жылдан жүзеге асырыла бастайтын «Баршаға арналған тегін кəсіптік-техникалық білім беру» жобасы ел экономикасын жаңғырту мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті жоғары білікті маман-кадрлар дайындауға оң ықпал ететінін назарға салды. Елбасының бағдарламалық сөзіне түсінік бере келе, «Пепеляев Груп» заңгерлік компаниясы талдау қызметінің жетекшісі Вадим Зарипов атаулы əлеуметтік қолдау тек мұқтаж азаматтарға ғана беріледі деген ұстанымға

өзі нің жоғары бағасын берді. «Нұрсұлтан Əбішұлы атап көрсеткендей, басқалар ақшаны өздері, өз еңбектерімен табулары тиіс», – деді ол. Сөз алған студенттер Жолдауда адам капиталы мен ұлттың интеллектуалдық əлеуетін дамытуға баса назар аударылғанын ерекше атап көрсетті. «Соңғы 20 жыл бедерінде Президент осы туралы ұдайы айтып келеді жəне аталған саладағы ұстанымын өзгерткен емес», – деді жас қазақстандықтар. Олар күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, 2016 жылдан бастап студенттердің стипендиясы, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақылары, зейнетақылар мен əлеуметтік жəрдемақылар орташа алғанда 30-40 пайызға көтерілетініне өздерінің үлкен қанағат сезімдерін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік қызметі де дөңгелек үстелге қатысушылар назарынан тыс қалған жоқ. Олардың сөздеріне қарағанда, Мемлекет басшысы Жолдауында тағы да Қазақстанның кез келген жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен шешуге күшжігер жұмсайтынын атап көрсетті. Кездесу соңында оған қатысушылар Мəскеу ЖОО-ларында оқитын, сондай-ақ, «Болашақ» стипендиясы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер түсірген Қазақстан Президентінің қызметі туралы бейнероликті тамашалады. Сəулебек БІРЖАН.

Н.Ə.Назарбаевтыѕ Ќазаќстан халќына арнаєан Жолдауына ќатысты Ќазаќстан Композиторлар одаєыныѕ МƏЛІМДЕМЕСІ Қазақстан Композиторлар одағы Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын үлкен құлшыныспен қабылдады. Аталған құжатта бүгінгі жаһанды жайлаған дағдарыс тұсындағы елдің əлеуметтік мəселелері кеңінен қамтылған. Елбасы жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейетінін айтты. Бұл бюджет қызметкерлеріне деген үлкен қолдау. Музыка саласындағы мамандар еліміздің мəдениеті мен өнеріне айрықша еңбек сіңіруде. Елбасының шынайы жанашырлығы мен қолдауынан кейін еліміздің шығармашылық зиялы қауымы бұрынғыдан да зор құлшыныспен еңбек етеді. Себебі, Елбасының Жолдауы біздің болашаққа деген сенімімізді нығайта түсті. Біз Мемлекет басшысының Жолдауын «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында, «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген ауқымды міндеттердің төңірегіне қоғамды шоғырландырып, тұтастықты нығайтуға бағытталған нақты қадам ретінде бағалаймыз. Қ аз ақст ан бұ ғ а н дей ін де бірнеше мəрте қиын кезеңдерді басынан өткерді. Əрдайым осындай экономикалық сынақтардан шыңдалып, буынын бекітіп шыға алды. Біз бұл тығырықтан да өзімізге қажет сабақ алып, тəжірибе жинап, шынығып шығамыз. Алда экономикамыз дамып, халықтың əл-ауқаты артып, тəуелсіз Қазақстанның тарихында жаңа парақтар ашылатынына сенімдіміз. Біз Елбасының Жолдауында айтылған қадау-қадау тап сырмалардың мүлтіксіз жүзеге асуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА 2015 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР АЙНАСЫНДА ЖОЛДАУ РӨЛІНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҒАМ қазақстандықтардың қуатты және өсіп-өркендеген мемлекетте тұруға деген ұмтылысы орындалуда мемлекет пен қоғамды елді дамытудың маңызды міндеттерін бірлесіп жүзеге асыруға ұмтылдырады Қазақстанға жаһандық ауқымдағы сынақтарды лайықты еңсеруге көмектеседі Қазақстандағы экономикалық даму үдерістерін жаңаша көруге мүмкіндік береді

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУДА ЖАРИЯЛАНҒАН ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ КҮТЕТІНІ Сұрау салынғандардың көпшілігі ел Президенті жариялаған шаралар мыналарға мүмкіндік береді деп сенеді: мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын табысты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді экономикадағы дағдарысты құбылыстарды еңсереді

әлеуметтік тұрақтылықты сақтайды елдің орнықты әлеуметтікэкономикалық дамуын қамтамасыз етеді шағын және орта бизнесті табысты дамытады

Қоғамдық пікірге блиц-сауалдаманы 2015 жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында телефон арқылы сұхбат тәсілімен Қазіргі заманғы даму институты жүргізді. Сауалдамаға қалалық және ауылдық жерлерде тұратын, 18 жастан асқан 980 қазақстандық қатысты. Сауалдама географиясы – 14 облыс пен Астана және Алматы қалалары. Таңдау қателігі 3% құрайды.


www.egemen.kz

2 желтоқсан 2015 жыл

3

БІРІМІЗ БƏРІМІЗ ЇШІН!

бірлік пен ынтымаќтастыќќа ўйыстыруєа ўмтылдырады

Ерінбегенніѕ еѕсесі тїспейді Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қожатай Некібаев ақсақал 90-ға əне-міне толғалы отырса да, еліміздің ішкі жағдайынан толық хабардар. Сыртқы саясат мəселелеріне де қамшы салдырмайды. Кейін білдік, «құлағымның тосаңдау еститіні болмаса» деп əңгіме арасын андасанда тұздықтап қоятыны сөзінің сыралғысы көрінеді. Əйтпесе, осы жасқа келгенше денсаулығы бірдебір сыр бермепті. Жүрісі ширақ, іс-қимылы жас жігіттердей əбжіл. Осынау ғұмырының 5 жылын қан майданда өткеріп, 32 жылын шəкірт тəрбиелеуге арнап, 67 жылын Қайша əжеймен бір шаңырақ астында өткеріп, 10 ұл-қыздан 25 немере, 16 шөбере сүйіп отырған соғыс, еңбек ардагерінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдау жайлы айтары аз болмай шықты. – Құдайдан сұрап алған жалғыз қызым Балкен мен күйеу балам Жанат ауылдан арнайы келіп, оған кенже ұлым Бағдат қосылып, бəріміз

Президентіміздің алдағы даму бағыттарымыз жайлы тұжырымдарын тапжылмай тыңдап, түпкі мақсатымыз – ең озық 30 елдің қатарына қосылу екеніне тағы бір көз жеткіздік. Бүгінгідей аса жауапты сəтте «біріміз бəріміз үшін, бəріміз біріміз үшін» деген қағиданы берік ұстанып, жұмыла еңбек етсек, еңсеміз ешқашан еңкеймейді. Жүзіміз жарқын, тұлғамыз биік болады. Мен «жұмыссыздық» деген сөзді түсінбейтін жандардың бірімін. Бірде жұмысқа орналастыру жəрмеңкесі жайлы хабарды көріп, қабыр ғам қатты қайысты. Тепсе темір үзетін жастардың кəсіптен, маман дықтан бұрын жалақыны бірінші орынға қоюы қарадай түңілдірді. Егерде əлемдік ахуал күрделі екен деп сарыуайымға салына берсек, қолымызды тек үкіметке қарай созатын болсақ, «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруге дағдылансақ, еліміздің ертеңі не болмақ, болашақтағы тағдырына кім жауап бермек? Өмір болғаннан кейін шыжығы да, қызығы да, бейнеті де, зейнеті де кездесетіндігі

заңды құбылыс. Жаһандық тұрақсыздықтарға қарамастан, əлеуметтік қолдау шараларының жалғастырылуының, бюджеттік сала қызметкерлері жалақысының ұлғаюының өзі неге тұрады?–деп, тебірене сөйлеген ақсақалдың ойын телефон шылдыры бөліп жіберді. Сөйтсе, облыс делегациясының құрамында

Маќсат – іспен жауап беру Батыс Қазақстан облысындағы барлық еңбек ұжымдары Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын ұйымдасқан түрде республикалық телеарналардан тыңдады. Бізге батысқазақстандық денсаулық сақтау сақшыларының ортасында болып, Елбасының «Қазақстан» телеарнасы арқылы берілген биылғы Жолдауын бірге көріп, тыңдаудың сəті түсті. Тікелей эфирден берілген Президент Жолдауы аяқталғаннан кейін біз іле-шала басқарма басшысы Қ.Ирменовке бірнеше сауал қойған едік. – Қамидолла Мүтиғоллаұлы, Жолдаудан алған алғашқы əсеріңіз қандай? – Жолдаудың біртұтастығы, мұнда айтылған мəселелерді бірбірінен бөліп жарып айтуға мүлдем болмайтындығы. Сондай-ақ, қазіргі экономикалық дағдарысқа байланысты жасалған терең таңдаулар мен сараптамалар, бүгінгі күні орын алып отырған нақты шындыққа, қалыптаса бастаған күрделі əлеуметтік-экономикалық жағдайларға қатысты айтылған тастай

тұжырымдар кім-кімді де ойландырмай, толғандырмай тұра алмайды деген ойдамын. Менің тағы бір назарымды айрықша аударған жайт – елімізде жаңа инвестициялық саясат пен жаңа əлеуметтік саясаттың жүзеге аса бастайтындығы. Əсіресе, жекелеген бағдарламаларға сəйкес ел өңірлерінде осы саясатты жүзеге асырудың нақты тетіктері көрсетілгені болашаққа үлкен сенім туғызады. – Жолдауда Мемлекет басшы сының денсаулық сақтау

саласына қатысты қойған міндеттері мен талаптарына байланысты не айтар едіңіз? – Кез келген ел мен кез келген мемлекеттің басты байлығы – адамдар. Президент Жолдауында тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қазақстандықтардың орташа ғұмыр жасын көтеруге байланысты кешенді іс-шаралардың тұрақты жүргізіліп келгенін атап өтті. Соның нəтижесінде соңғы кезде ел тұрғындарының орташа ғұмыр жасы 72-ге жетіп отыр деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Соңғы он жылдың ішінде мұндай биік көрсеткішке бір де бір елдің қол жеткізе алмауы атап айтуға тұрарлық жетістік болса керек. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы республикадағы əлеуметтікэко номикалық салаларды жəне ден саулық сақтау жүйелерінде мем лекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытудың қажеттілігіне тоқталды. Бұл жөнінде Алматы

Жолдауды тыңдауға аттанып кеткен, Қызылжар ауданында мұғалім болып істейтін ұлы Ғабиден екен. Жолдау жаңалықтарын əкесімен бөлісуге асықса керек. Жұртшылық Некібаевтар отбасын «ұстаздар əулеті» деп орынды мақтаныш етеді. Əке жолын ұл-қыздары, келіндері, облысында атқарылып жатқан бір қатар іс-шараларды мысалға келтірді. Ашығын айтқанда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті орнықтырудың жарқын мысалдары Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау жүйелерінде де жетерлік. Соның бірі – өткен жылы облыс орталығында пайдалануға берілген гемодиялиз орталығы. Қазіргі медицинада жарамсыз бүйректің қызметін қалыпты жағдайда ұстап тұрудың екі жолы бар. Біріншісі бүйректі алмастыру болса, екіншісі арнаулы аппараттың көмегімен қанды күн сайын тазалап отыру. Бұған дейін осы екінші мəселе өңірде өткір күйінде тұрды. Мамандар үш ауысымда қызмет жасады. Бұл проблема мемлекеттікжекеменшік серіктестіктің ортақ күшімен жолға қойылды. Қазіргі жұмыс істеп тұрған орталықта барлық жағдайлар бар. Бүгінгі күні инвесторға жер беріліп облыстық аурухана аумағынан төрт қабатты гемодиялиз орталығының ғимараты бой көтеруде. Облыста мұндай мысалдар жеткілікті.

немерелері жалғастырып, жалпы жұмыс өтілі бір ғасырдан асыпты. Қай-қайсысы болсын бақытын еңбектен тапқан. Немерелерінің бірі – 22 жастағы Бахтияр велоспорттан Қазақстан командасы құрамына ілігіп, Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада қарсаңындағы жаттығу жұмыстарын Италияда жалғастырып жүр. – Жолдауда сəт сайын қырық құбылған аласапыранға қарсы амалəрекеттердің қарастырылуы – елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мəңгілік Ел ету. Сөз арасында Шал ақынның Жігітім, өз теңіңнен ірі екенсің, Дүрілдеген жігіттің бірі екенсің. Елдің жүгін арқаңа артып алып, Өгіздей өрге сүйреп жүр екенсің», – деген жыр жолдарын Елбасыға қарата айтқым келеді. «Батыр болсаң жауға найзаң тисін, бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін» деп атамыз қазақ текке айтпаса керек. Əлі-ақ көсегесі көгерген бай-қуатты мемлекеттермен терезе теңестіретінімізге, ерінбегеннің ертеңі ертегідей боларына кəміл сенемін, – деді бізді есікке дейін шығарып салған 90 жастағы ақсақал. ПЕТРОПАВЛ.

– Республика Президенті биылғы Жолдауында əлгінде өзіңіз айтқан жаңа əлеуметтік саясат бағдарламасы шеңберінде алдағы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға өсетінін мəлімдеді. Бұған не дейсіз? – Алдағы жылы тек сала қызметкерлерінің жалақысы ғана осыншама пайызға өседі екен деп ұғынсақ, бұл ұғым тарлық етеді. Сонымен бірге, біз Президент Жолдауының өн бойы мен өзегінен алдағы жыл Денсаулық сақтау саласын түбегейлі жаңғыртудың бастамасы болатын кезең екенін де терең түйсінгендей болдық. Ендеше, сала мамандарының алдында тұрған міндет біреу ғана болуға тиіс. Бұл – Президент Жолдауында қойылған міндеттерге іспен жауап беру. Кəсіби шеберлікті ұдайы жетілдіре түсуді назардан тыс қалдырмау. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы.

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАРАШАДАҒЫ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫНА САРАПШЫЛЫҚ ПІКІР ЖОЛДАУ МІНДЕТТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

сұрау салынған сарапшылар Жолдау-2015 аясында қарастырылған қадамдарды қолдайды сарапшылар Жолдау-2015 жаһандық экономикалық дағдарыстың ықтимал теріс ықпалына дер кезінде берілген жауап деп санайды сарапшылар Жолдау2015-те жарияланған шаралар қазақстандықтардың күткенімен сәйкесетінін атап өтеді

экономиканы сауықтыру, оны құрылымдық қайта құру

жаңа экономикалық шешімдер қабылдау үдерісін белсенді ету

мемлекеттік бюджетті рационалды пайдалану әлеуметтік саланы нығайту бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырады

Сарапшылық блиц-сауалдаманы 2015 жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында электрондық пошта арқылы Қоғамдық-саяси үдерістердің сарапшылық-жобалау бюросы жүргізді. Сауалдамамен түрлі саладағы 78 сарапшы қамтылды. Олар: мемлекеттік басқару, консалтинг, үкіметтік емес ұйымдар, білім беру, БАҚ, экономика, қаржы, саясаттану салаларының өкілдері.

● Жолдау жолдары Ерлан НЫСАНБАЕВ, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: – Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында өзге мəселелермен қатар, жеке жəне заңды тұлғалар үшін банкроттықтың нақты тетіктерін жасау қажеттігіне де тоқталды. Оған үрке қарайтындай ешнəрсе жоқ екендігін, ол барынша ашық əрі жеңіл болуы керектігін атап өтті. Бұл ауыл шаруашылығы саласына да қатысты. «Ауыл шаруашылығы субъектілері өз жерлеріне өздері ие, тапқан ақшаларын өздерінде қалдырады. Олар тек мемлекетке салық төлейді», – деді Президент осы жөнінде. Бұған қоса Мемлекет басшысы бəсекелестікті тиімді реттеумен бірге, банкроттықтың да үдерісі мен тиімсіз компанияларды сауықтыру жұмыстары қатар жүруі тиістілігіне назар аудартты. Өйткені, нарықтық экономика – нағыз мықтылардың бəсекелестігі. Елбасымыз бұған мысал да келтірді. Мысалы, шетелдерде жыл сайын көптеген фермерлер банкрот болып жатады, ал оның орындарын бəсекелестікке қабілетті жаңа фермерлер басып жатады. Осылайша ешкім де жұмыссыз қалмайды. Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында Қазақстан 2017 жылы қолданыстағы қосымша құн салығынан бас тартып, салықтың тек үш түрімен жұмыс істейтіндігін атап көрсетті. Олар – бəрімізге белгілі ортақ салық. Екіншісі – жеке кəсіпкерлерге арналған салық. Үшіншісі – шағын жəне орта кəсіпкерлік пен аграрлық секторға арналған арнайы салық. Елбасымыздың атап өтуінше, бұлар көлеңкелі экономикамен күресуде барынша тиімді болмақ. Тұрғын СЫЗДЫҚОВ, Қазақстанның Халықтық коммунистік партиясы Орталық комитетінің хатшысы: – Өз Жолдауында Президент «Қазіргідей аумалы-төкпелі заманда кездескен қиындықтарды қандай жолдармен жеңу керек? Қандай жұмыстар атқарылуы қажет?» деген мəселелерді күн тəртібіне шығарды. Мұндай сынақтардан өту үшін қазақстандықтар татулық пен бірлікті ту етіп, бір мүдде төңірегінде топтасуы қажеттігі айтылды. Елбасы елдің кəсіпкерлері мен іскер азаматтарына арнаған сөзінде мемлекеттің олардың бизнестерін дамытып, аяққа нық тұруларына барлық жағдай жасағанын, ендеше, қазіргідей сын сағаттарда оларға үлкен жауапкершілік артылатынын айтты. Бұл ретте Елбасы: «Жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер. Қуатты ел болу – бəсекеге қабілетті болу деген сөз», деген ойын білдірді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстанда жасалған» əрбір бұйымда сапалы, ыңғайлы, əдемі жəне арзан деген төрт қасиет болуы керектігін, тек сондай жағдайда ғана кез келген қолға алған іс өнімді, ал зат өтімді болатынын атап көрсетті. Бұған қоса, Елбасы жалпы, мемлекетті ешкім сырттан келіп жарылқамайтынын, ал оның ілгері қадам басуы үшін қоғамның əрбір азаматы əрдайым өз-өзін қамшылап отыруы қажеттігін, сол арқылы елінің өркендеуіне үлес қосуы керектігін атап өтті. Жолдауда еліміз азаматтарына ой саларлықтай біраз ойлар айтылды. Тек соны нəтижелі түрде жүзеге асыруға тиістіміз. Халел ҚҰСАЙЫНОВ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ректоры əкімшілік аппаратының басшысы: – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын тікелей эфирден көріп, тыңдау Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің алты оқу ғимаратында жақсы ұйымдастырылып, оған 7 мыңға жуық адам қатысты. Мен де əріптестеріммен жəне студенттермен бірге Студенттер сарайында Елбасы Жолдауын тікелей эфирден көріп, тыңдадым. Маған Елбасының мүлікті жария ету жəне жекешелендіру туралы айтқан ойлары ұнады. Егемендік алғаннан бергі жылдары мемлекет өз кəсібін ашамын дегендерге қолдау көрсетті, шағын жəне орта бизнестің дамуына жағдай жасады, жеңілдіктер берді. Елде жəне сыртқары жерлердегі көлеңкелі бизнесті жарыққа шығаратын кез келгенін атап өтті. Оның жаңа жұмыс орындарын ашуға, қосымша табыс көзін ұлғайтуға алғышарт жасайтынын жеткізді. Елбасының қиындықтарды бірлесе жеңу үшін ұқыптылық пен үнемшілдікке шақыруы да орынды. Жалпы, бізде əлі күнге ысырапшылық басым, ол нарықтық экономикамен сиыспайтын жайт. Елбасы ширақ қимылдап, өнімді еңбек етсек қана алда тұрған қиындықтарды жеңуге болатынын қадап айтуы да тегін емес. Еңбектің ғана игіліктерге жеткізетіні белгілі. Жастардың тегін кəсіби мамандық алуына жағдай жасалатыны да жағымды жаңалық болды. Яғни, жұмысшы мамандығының мəртебесін көтере отырып, жұмыссыздықты болдырмауға қадам жасалуда. Елбасы егемендіктің елең-алаңындағы дағдарысқа қарағанда, бұл дағдарыстан жеңіл өтуге болатынына назар аударды. Тек əркім өз орнында қайтарыммен еңбек етуге дағдылануы керектігін еске салды. Мемлекет басшысы дағдарысты еңсерудің қазақстандық жолын айқындай келе, даму бағыттарын да ұсынды. Білім беру мен денсаулық сақтау салалары қызметкерлерінің еңбекақылары, шəкіртақының жəне əлеуметтік жəрдемақылардың өсетіні де мəлім етілді. Мұның өзі дағдарыс жағдайында дамуға бағыт ұстағанымыздың айқын дəлелі емес пе. Əрине, дағдарысты еңсеру оңай емес, бұл бағытта қажырлы қимыл ғана қайтарымды болары сөзсіз. Сондықтан, əр қазақстандық «Мəңгілік Ел» болу жолында жұдырықтай жұмылуы тиіс. Қол жеткенге тоқмейілсімей, табысты еселейтіндей қадамдарға бару қажет. Бұл бүгінгі күннің талабы, ертеңгі бақуатты тұрмысымыздың негізі де болмақ. Ақтөбе облысы.


4

www.egemen.kz

2 желтоқсан 2015 жыл

● Жасампаздық жемістері

● Сайт сөзі

Жаѕа Жолдау

жанєа жаќын, жїрекке жылы тиді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауының газет бетіндегі толық мəтінімен жəне оның түгелдей қазақшаға аударылып берілген нұсқасымен танысқан оқырман қауымның дені осындай пікір білдіруде. Жұртшылықты мұнда, əсіресе, Мемлекет басшысының ақты – ақтай, қараны қарадай етіп, ашып көрсеткен, ештеңені бұрмаламай, мəселенің мəнісін айтуға келгенде, оның бояуын жұқа салып та жібермей, қалыңдатып тастамай, бəрін болған қалпынша, болжам қалпынша, бүкпелемей тура жеткізгені ұнап отыр. Пікір жазушылардың қай-қайсысы да Елбасының қай жылғы Жолдауының да сол уақыттың кезеңіне тəн өз салмағы мен маңызы болғанын, соның ішінде биылғы құнды құжаттың да өзгеше орны бар екенін қапысыз танып жатыр. Енді сол комменттердің бір тобына сөз кезегін берейік.

Тарихи саммиттіѕ бесжылдыєы «Астана рухын» ныєайтуды талап етеді Ерлан ЫДЫРЫСОВ,

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

Отандық дипломаттар үшін желтоқсанның басы ерекше кезең. Себебі, Тұңғыш Президент күнінде тарихымызда Елбасын алғаш рет жалпыхалықтық сайлау арқылы жасаған таңдауын бүкіл елмен бірге ұлықтай отырып, дипломаттар қауымы осы күндері Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тың төрағалық етуімен 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті өткенін ерекше ыстық ықыласпен атап өтеді. Саммит «Қауіпсіз қоғамдастыққа барар жолда» атты Астана Декларациясын қабылдаумен аяқталды. Жалпы, биылғы жыл ішкі жəне халықаралық аренада мерейтойлық жəне айтулы күндерге толы болды. Солардың бірі – Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) негізін қалаған Хельсинки Қорытынды актісіне қол қойылғанына 40 жыл толуы. ЕҚЫҰ осы жылдар ішінде орасан мол тəжірибе жинақтады. Бұл оның дағдарыстардың алдын алуда жəне оларды реттеуде айтарлықтай рөл атқаруына септігін тигізді. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға мүше болған сəтінен бастап жанжалдардың барлық түрлері азаматтарымыздың қауіпсіздігіне ғана қатер төндіріп қоймай, бүкіл адамзатқа ауыр зардаптар əкелетін əлемдік экономиканың негіздеріне нұқсан келтіретінін ескере отырып, Ұйымның күн тəртібін қалыптастыруға жəне оның күнделікті қызметіне белсенді түрде қатысады. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰға төрағалық етуі Ұйым тарихындағы айтулы оқиға болды. Тарихта алғаш рет беделді Ұйымды басқару құқығы бұрынғы Кеңес Одағындағы республикаға көшті. Ол кезде бəзбіреулер жас мемлекетіміз осындай елеулі халықаралық институтты тиімді басқаруды жəне ілгерілетуді қамтамасыз ете алатындығына күмəн келтірді. Өткен кезеңге көз жүгіртсек, сол күндердегі естеліктер мен қобалжулар еске түседі. Қазақстанның ЕҚЫҰға төрағалық етуі қазіргі заман тарихының күрделі кезеңіне тұспатұс келді. Бұл кезде Қырғызстандағы ау қым ды саяс и дағдарыс, Ауғанстандағы қиын жағдай, «созылмалы жанжалдардың» шешілмеуі орын алған болатын. Бірақ саналуан қиындықтар мен ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер арасындағы қайшылықтарға қарамастан, біз Ұйым тарихындағы жаңа белеске қол жеткіздік. 11 жылға созылған үзілістен кейін ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің мемлекет жəне үкімет басшыларын бір бөлмеге жинай отырып, «Қауіпсіз қоғамдастыққа барар жолда» атты аса маңызды Астана Декларациясын қабылдауға жол аштық. Дəл бүгін, 2 желтоқсанда біз оның бес жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Бірегей тарихи құжат былай дейді: «Біз, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мем лекет пен үкімет басшылары, ЕҚЫҰ-ның бұған дейін Ыстамбұлда жоғары деңгейде өткен кездесуінен соң 11 жыл өткеннен кейін Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістікте келісілген қағидаларға, бірлескен міндеттемелерге жəне ортақ мақсаттарға негізделген азат, демократиялық, баршаға ортақ жəне

біртұтас еуроатлантикалық жəне еуразиялық қауіпсіздік қауымдастық идеясын қолдайтынымызды тағы да мəлімдеу үшін Астанада бас қосып отырмыз». Бүгінгі таңда 2010 жылғы саммиттің Қазақстанның белсенді жəне баянды сыртқы саяси іс-қимылының жəне Тұңғыш Президентіміз – Ел басы Н.Ə.Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болғанын сенімді түрде айтуға болады. Оның табандылық танытуы мен дипломатиялық тума таланты Астана төріндегі Тəуелсіздік сарайында ЕҚЫҰ-ға мүше 56 елдің мемлекет жəне үкімет басшыларын, сондай-ақ, Ұйымның 12 серіктес елі мен халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдерінің басын қосуға жол ашты. Оларды тек бір бөлмеге жинап қана қоймай, күмəнданушылар мен мысық тілеулілерге қарамастан, ЕҚЫҰның барлық елдерінің құрлықаралық қауіпсіздікті бірдей түсінуі жəне ынтымақтастықтың барлық тараптар үшін тиімді үлгісін, ал ең бастысы ортақ құндылықтар мен қағидаларды қолдайтынын көрсететін тарихи маңызы бар ортақ мəлімдемені қабылдауға ынталандыру қажет еді. Халықаралық «шиеленісті бəсеңдету» (разрядка) дəуірін анықтаған əйгілі «Хельсинки рухымен» іспеттес, ЕҚЫҰ-да бұл құбылыстың «Астана рухы» деген атауы осылайша қалыптасты. Астана Декларациясының мəтіні қабылданғаннан кейінгі қорытынды баспасөз мəслихатында Елбасы «біз шынайы еуроатлантикалық жəне еуразиялық қауымдастыққа апаратын бірыңғай жəне біртұтас қауіпсіздік жолы ұзақ əрі қиын екенін түсінеміз» дегенді қадап айтты. Өткен бес жыл осының рас болғанын дəлелдеп отыр. Қауіпсіздік мəселелерімен айналысатын ең маңызды ұйымдардың бірінде біздің төрағалық етуіміз төрт «Т» ұранымен өткізілгенін естеріңізге салғым келеді. Олар: «trust» (сенім), «tradition» (дəстүр), «transparency» (ашықтық) жəне «tolerance» (төзімділік). Аталған ұран қазіргі таңда да өзектілігін сақтап қалуда. Бұл ағымдағы жылғы 23 қазанда ҚР СІМ ғимаратында өткен «Хельсинки+40, Астана+5: ЕҚЫҰ-ға қатысты қауіпқатерлер мен жетістіктер» атты халықаралық конференцияда анық көрінді. Пікір алмасуға қатысқандар 1975 жылғы Хельсинки актісінде жəне ЕҚЫҰ-ның басқа да негізгі құжаттарында жазылған маңызды ережелерге қайта оралды. Сонымен қатар, Украинадағы жанжал Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасының əлсіздігін, қолда бар құралдар мен тетіктер тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетті. Оның нəтижесі қарулы қақтығыстарға əкеліп соқтырғаны баршамызға мəлім. Бұл тұрғыда Астана Декларациясындағы «əрбір қатысушы мемлекеттің қауіпсіздігі барлық басқа елдердің қауіпсіздігімен тығыз байланысты» деген дəйексөздің жаны бар. Осындағы қауіпсіздік тұтастығы дегеніміз біртұтас Еуроатлантикалық жəне Еуразиялық қауіпсіздік қауым дастығын құруды бастаған «Астана рухының» дəл өзі болып табылады. Алайда, ЕҚЫҰ кеңістігі Астанада белгіленген мақсаттардан əлі де алшақ. Бүгінгі таңда Ұйымның маңызды міндеті Украина жанжалының

«тұмшалануына» жол бермеу жəне оны барлық күштерді қамтитын жəне теңқұқықты келіссөздер негізінде шешу болып табылады. Нұрсұлтан Əбішұлы дəл осы ұстаныммен 2014 жылғы тамызда Минскіде өткен Ресей жəне Украина басшыларының бірінші кездесуіне ықпал етті жəне нəтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарға жол ашты. Аталған ұстанымды ескере отырып, мемлекет басшыларының 2015 жылғы ақпандағы Минск-2 уағдаластықтарына қол жеткізген «Норманд төрттігі» кездесуін ұйымдастыруға көмектесу үшін ол тынымсыз қызмет етуді жалғастырды. ЕҚЫҰ-ның басымдығы Ұйымның өз атауы көрсетіп тұрғандай қауіпсіздік пен ынтымақтастық болуы тиіс. Бүгінгі таңда дəл осы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Таяу Шығыс пен Жерорта теңізінің оңтүстігіндегі жанжалдардың өршуі, «ДАИШ» құбылысының қалыптасуы шеңберінде айрықша өзекті мəселе болып отыр. Олар Еуразиядағы жəне жалпы ЕҚЫҰ кеңістігіндегі жағдайға тікелей ықпал етеді. Осыны түсіне отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев таяуда БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының мінберінен жаһандық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге, əсіресе, терроризмге қарсы күреске бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды. Атап айтқанда, ол БҰҰ-ның қолдауымен барлық мемлекеттер үшін бірдей қағидалар мен ережелер негізінде ісқимыл жасайтын «халықаралық терроризмге жəне экстремизмге қарсы əрекет ететін бірыңғай əлемдік желі» құруды ұсынды. БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес бойынша құжаты ұсынылған халықаралық тетік үшін лайықты заңды негіз болып табылар еді. ЕҚЫҰ алаңында біз өз əріптестерімізді Қазақстанның бастамасын мұқият зерделеуге жəне оны қолдауға шақырамыз. Сонымен қатар, біз ЕҚЫҰ пішімінде еліміздің экономикалық мүдделерін, атап айтқанда, Астанада ЭКСПО-2017 алаңының негізінде Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құру бастамасын ілгерілетуді жалғастырамыз. ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық өлшем шеңберінде озық тəжірибелермен алмасу Орталық қызметінің маңызды бағыты болмақ. Осы бағытты іске асыру аталған Ұйым қызметінің маңызды бөлшегі болып табылады. Ол ЕҚЫҰның бүкіл кеңістігіне тұрақты даму шеңберіндегі, оның ішінде су ресурстарын басқару, жасыл экономиканы дамыту немесе климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі ынтымақтастықтың əртүрлі жобаларын ұсынуға мүмкіндік береді. ЕҚЫҰ елдерінің қауіпсіздіктің жаңа трансшекаралық қауіп-қатерлеріне, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымына жəне адам саудасына, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында туындайтын қауіп-қатерлерге бірлесе отырып қарсы əрекет ету жөніндегі қадамдарды талқылауға ерекше назар аудару керек. Қазақстанның Украинадағы Арнайы мониторингтік миссия жұмысына қатысуы мен ондағы тəжірибесін негізге ала отырып, біз ЕҚЫҰ-ның бі тім гершілік операцияларындағы

жұмысының келешегін мұқият зерделеудеміз. Жалпы алғанда, Ұйымның атқарушылық құрылымы қатысушы мемлекеттердің ЕҚЫҰ кеңістігінде гуманитарлық проблемалардың бүкіл кешенін шешудегі тиімді өзара ісқимылына қол жеткізуі тиіс. ЕҚЫҰ институттары өз мандаттарын нақты сақтауы керек. Ресурстарды тиімді пайдалану жəне барлық мемлекеттер тарапынан сенімділікті қалыптастыру осылайша ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. ЕҚЫҰ аумағындағы жаңа үрдістер Ұйымның аймақтық өкілдіктері қабылдаушы мүше-мемлекеттердің даму деңгейінің өзгеруіне жəне жеке қажеттіліктері мен басымдықтарына бейімделу қажеттілігін туындатуда. ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің таяудағы қайта құрылуы осындай бейімделудің жақсы үлгісі бола алады. Жаңа мандатқа сəйкес ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі нақты бағдарламалық қызметке баса назар аударды. СІМ-нің үйлес тіруші рөлі нəтижесінде мемлекеттік құрылымдармен тиімді ынтымақтастық жасай отырып нақты жобаларды жоспарлау үдерісі жақсарды. Аймақтық өкілдіктерді қайта құруға күш салуымыз ЕҚЫҰ-ның жақсы тəжірибелерінің жинақталуына мазмұнды үлес қосты деп санаймыз. Сонымен қатар, ЕҚЫҰ өңір лік экономикалық ықпалдасу үдерістерінің барынша үйлесімділігіне ықпал етіп, ақырында, Атлантикадан Тынық мұхитқа дейінгі біртұтас экономикалық кеңістік құруға жол ашуы да мүмкін. Елбасымыздың Үлкен Еу ра зия деген тұжырымдамасы бар. Ол Еуразиялық экономикалық одақты, Жібек жолы экономикалық белдеуін жəне Еуропалық Одақты XXI ғасырдың біртұтас интеграциялық жобасына біріктіруді көздейді. АзияТынық мұхиты өңірінен Еуропаға транзитті қысқарту ЕҚЫҰ елдері үшін игі іс болмақ. Бүгінде біз ЕҚЫҰ-дағы серіктестерімізді Үлкен Еуразия идеясы төңірегіне топтастыру үшін жұмыс істеудеміз. Иə, ЕҚЫҰ елдеріне төнген қауіпқатерлер саммиттен кейін өткен кезеңде бұрынғыдан да қиындай түскені рас. Бірақ, бес жыл бұрын Астанада, 40 жыл бұрын Хельсинкиде саясаткерлер мен дипломаттар сену екіталай болып табылатын, еңсеруге келмейтіндей көрінген кедергілерді ең серу мен мəселелерді шешудің жарқын үлгісін, іс жүзінде сындарлы үнқатысу мен серіктестіктің шынайы ба сымдығын айқын көрсете білді. Бірақ, ең бастысы, бұл үшін шешуші сəтте бүкіл жауапкершілікті өзіне алуға жəне айналасына өзі сияқты күшті тұлғаларды ортақ іске жұмылдыруға қабілетті, шынайы көшбасшылар керек. Қазақстанда мұндай Көшбасшының бар екені сөзсіз. ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті жəне онда қабылданған «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» атты Астана Декларациясы Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің орасан зор тарихи мұрасының маңызды жəне ажырамас бөлігі болып мəңгі қалады. Мұны біздің замандастарымыз жоғары бағалап қана қоймай, оған ұрпақ тастарымыз да ризашылық білдіретін болады. Біз бұған кəміл сенеміз.

Лəззат Сейіткереева, жеке кəсіпкер. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылы. Елбасының қарашадағы Жолдауын барша ауылдастарым секілді, ықыласпен тыңдадым. Əрине, оны дəйекті түрде оқып-үйренетін боламыз. Өйткені, бұл құнды құжат біле білгенге өмірімізге шамшырақ болып табылады. Жаңа Жолдаудан мемлекетіміздің тұғырын нығайту үшін əлі де небір бұралыңқы жолдардан өту керегін жақсы түсіндім. Соның бəрі қазақстандықтар үшін елдігімізге сынақ болып табылады. Иə, Елбасы елімізге аса жауапты сəт туындап отырғанын ұғынықты баяндады. Жаһандық ахуал көз алдымызда өзгеруде. Мұндайда бізге, əлбетте, сақтық та, мұқияттылық та, ықтияттылық та тап ауадай қажет. «Ұрыста тұрыс жоқ» деген, Елбасы айтқандай, намысқа қамшы басуымыз керек. Менің Орал – Атырау күре жолында дəмханам, сондай-ақ, наубайханам бар, бірнеше кісіні жұмыспен қамтып отырмын. Халыққа қызметті қолымыздан келгенше қапысыз атқаруға тырысудамыз. Əрқайсымыз өз ісімізге ыждағатты болсақ, елге титтей болса да пайда əкелуге тырыссақ, небір қиындыққа қарсы соққымыз сол болып табылады. Жаңа Жолдау басым бағыттарды, айқын міндеттерді дəл анықтап берді. Ал айқын мақсат адастырмайды. Санат Ел тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мəңгі. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мəңгілік Ел болу үшін бізде бəрі бар. Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы əрдайым биікте желбіресін! Дархан Хайрушев, Ақжайық аудандық орталық ауруханасының директоры Дүниені бір тарының қауызына сыйдырғандай, мына дағдарыс біздің елімізден де жедел шараларды мықты талап етіп отыр. Əрине, бұған дейін дағдарысқа қарсы біраз дəйекті жұмыс атқарылды. Келер жылдың басынан-ақ барлық институттық реформаларды жүзеге асырудың заңнамалық негізі қамтамасыз етілді. Көз алдымызда өзгеріп жатқан жаһандық қиын ахуал кезінде Қазақстан еңбек өнімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын көбейту, басқа да өсімге ұмтылуы бойымызға қуат, көңілімізге шуақ емес пе! Міне, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Жолдауы біздің аудан медицина қызметкерлерінің еңбегіне де тың серпіліс əкелді. Олар бұл құжаттан ширығуымыздың, серпілуіміздің жолын көрді. «Нұрлы Жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары əлемдік дағдарысқа қарсы нағыз мезгілінде дүниеге келгеніне көзіміз тіпті жете түсті. Жаңа Жолдау – шын мəнінде, бүкіл қазақстандықтарға, оның ішінде денсаулық сақтау саласының еңбеккерлеріне де мемлекеттің, Отанның, Елбасының зор сенімі дер едім. Медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 28 пайызға өсетіні мемлекеттің зор бір қамқорлығы болып табылады. Ендеше, тек білек түріп, халық игілігі үшін еңбек еткен абзал. Дағдарысқа қарсы кілт – əркімнің өз ісіне мұқияттылығы, қарымды қимылы, қасындағы əріптестермен, жұмыстастармен бірлігі, ортақ мүддені биік қоюы. Сонда ғана қиындықтарды еңсереміз. Елбасының баршамызға қаперлегені де, меңзегені де сол. Арқа қазағы Елмен емен-жарқын əңгіме! Арылып айтты, ашынып айтқан тұстары да болды. Ұғар адам болса, Елбасының бұл сөздерінен қорытынды жасауы керек! Алғанды қайтар, теңгені құрметте! Аян «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар». Оңтүстіктің қырандары самғаңдар! Қолдаңдар саясатты! Ізтөлеу 2016 жылы банк жүйесінде де сапалы жұмыстар болуын талап етіп, ұлттық теңгеміздің құлдыруына жол бермеуді, оның беделін көтеруді тапсырды. Əсіресе, ірі кəсіпкерлердің ел экономикасына қаржы салып, халықты жұмыспен қамтып, əлеуетінің көтерілуіне септігін тигізуі жайлы айтқаны маған өте қатты əсер етті. Жезқазғандықтар атынан Елбасына амандық тілеймін! Ғалымжан Елбасымыздың Жолдауындағы əрбір айтылған сөзбен келісе отырып, Жолдауды толықтай қолдаймын! Жəне Қазақстан халқын бүгінгі мерекемізбен құттықтаймын! Сəуле Жолдауда айтылған өзгерістер мен бағыттардың осы дағдарысты оңай еңсеруіміздің, шығуымыздың бірден-бір оқтайлы жолы деп санаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтылмаған, бірлігіміз бен тірлігіміздің арқасында барлық қойылған мақсаттарға жетеміз!

Ерболат Өмірбаев, Атырау облысы Елбасы Жолдауда байшыкеш туралы жақсы айтты. Танкі секілді көлік мініп, табақтай телефон ұстағанды, кеседей сағат таққанды, дағарадай үйде тұрғанды мақтан тұту – қарапайымдылық емес, нағыз дарақылық! Көл-көсір ақшасы бар екен, сол ақшасына неге өз ауылынан балабақша ашпайды? Əрине, көлік мінбесін, телефон ұстамасын, сағат тақпасын демейміз, бірақ елден ерекшеленудің қажеті қанша? Ауылдастарына жұмыс орнын тауып берсе, елдің ризашылығына бөленер еді ғой. Күнбекүн газеттерден оқып, теледидардан көріп жүрміз, ел ішінде ауыр сырқатқа ұшыраған, ата-анасы емдетуге ақша таба алмай отырған балалар көп. Солардың саулығын түзеуіне қаржылай қолдау берсе, ақшасына малданған байшыкештер сауапты іс жасаған болар еді. Осыны астарлап жеткізген Елбасы байшыкештерге ақшаны қайдан алдың демеді. Бірақ енді олардың елдің жағдайына қарасу қажеттігін жетелі жан түсінетіндей етіп жеткізді. Шолпан Елбасымыздың Жолдауы керемет деңгейде жазылған деп айта аламын. Дағдарыс кез келген елде болады. Дағдарыс болады жəне біздің ел аяғына тік тұрады. Атқарылып жатқан барлық реформалар іс жүзінде жүзеге асуы елімізге өте маңызды. Жамбыл Жұрт жыл сайынғы Жолдауды асыға күтетін болды ғой. Əйтеуір Елбасы Жолдауы елдің тұрмысын көтеріп, мəселесін шешеді. Бұл жолы да əлеуметтік мəселелер аз айтылмады. Бюджет қызметкерлерінің жалақысы көтерілетін болды. Қайтсем елімнің жағдайын жасаймын деп жанталасып жүрген Елбасыға мың алғыс. Қайрат, Қордай Елбасының Жолдауы түсінген адамға рух береді. Жігеріңді жаниды. Президент жастар туралы өте жақсы айтты. Өз басым жастарға рух берген Жолдау жолдарын оқып отырып, тебіреніп те кеттім. Президенттің айтқаны рас қой. Біздің елде жұмыс істеймін, əрекет етемін деген жанға барлық жағдай жасалған. Тек соны көріп, сезіне білу керек. Сүндет, Мойынқұм Бұдан да жаман күнімізде тойға барғанбыз дегендей, шынында дағдарыстардың бəрі өткінші, өтеді де, кетеді. Ел аман, жұрт тыныш, қарын тоқ. Күн сайын той. Лайым, осы бірлігімізден, ынтымағымыздан айырмасын. Дүйсен, Таластан Менің ойымша, жұрт Жолдауды тек жалақы өседі, жəрдемақы көбейеді деген үмітпен ғана күтпеуі керек. Жолдау елдің жолын ашады, бағыт-бағдар береді, санасына ой салады, ақыл береді. Сондықтан еліміздің əрбір азаматы Жолдауға көз жүгіртіп, тірлігін сараптап алса болады. Жолдаудан алатын нəрсе көп. Алдияр Елбасының əрбір Жолдауы ел қамы үшін екені белгілі. Басшының бүгінгі Жолдауы да тығырықтан шығар жолды көрсетері сөзсіз. Қысыл-таяң уақытта Президенттің көрсеткен сара жолы əркімге қажет. Мəди Халықтың басына күн туғанда қиындықтан алып шығар басшының көрсеткен жолы ғана. Н.Ə.Назарбаевтың кезекті Жолдауы да қазақ елі үшін пайдасы мол боларына кəміл сенімдімін. Сабыр Тəуелсіздік алғаннан бері де талай тығырықтан өткен біздің ел бұл дағдарыстан да өтері сөзсіз. Бастысы, Президентке деген сенім мен халық арасындағы бірліктің болуы қажет. Елбасының көрсеткен сара жолымен талай қиындықтан өткенбіз, амандық болса, бұл сыннан да сүрінбей өтеміз! Тұрар Ерболұлы Бүкіл əлемге кемел саясатымен танылған Елбасы бұл тығырықтан шығар жолды көрсетері сөзсіз. Əрқайсымыз кері тартпай, ел болашағы үшін қызмет етейік! Ажар Бүкіл əлемді толғандырып отырған дағдарыс кезінде елімізді сол дағдарыстан шығаратын жолды көрсететіні анық. Ақылбек Қажыкен Тікелей эфирді көріп отырып, болашаққа бастар батыл қадамдарды, Қазақстан үшін пайдасы зор бастамаларды бастайын деп отырғанын көріп, іштей сүйсініп отырмын. Əділет Бекжанұлы Тəуелсіздік алғаннан кейін елімізде тоқырау жылдары басталғанын бəріміз білеміз. Дүкендерде сатылымға шыққан ешбір өнім болмады. Қазақстан елі нағыз қиындықтың бел ортасында еді. Одан да өттік. Бүгінгі қиындықтан да жылдам өтерімізге сенімдімін! Бақтияр Бекмағамбетов Халықтың өмір сүруінің орташа көрсеткіші 64 жастан 72 жасқа көтерілгені өте жоғары нəтиже. Қазақстандықтардың қаншалықты дəрежеге көтерілгенін анықтауға болады.


2 желтоқсан 2015 жыл

 Ел жəне Елбасы

 Жазылым-2016 ғылым кандидаттығын Киев қаласында қорғаған. Мен сол кезде жұбайыммен бірге бір жыл сол əсем қалада тұрдым. Халқы өте тамаша, болмысы мен бітімі бізге ұқсайтын жерлері көп. Ата-ананы сыйлауы, оларға қамқорлық жасауы тура біздегі секілді. Сол кездің өзінде бақуатты республиканың мол шылығы асып-тасып жататын. Бəрі де алауыздықтан өрбіген келіспеушіліктің салдары қой. Ал жұбайым техника ғылымдарының докторлығын Мəскеуде қорғады. Кішкентай сəбиімді көтеріп, қасында жүрдім. Арада қанша жыл өтсе де бізге деген екі халықтың да бауырмалдығын бір сөзбен айтып жеткізе алмаспын, сірə!

Ќуана білгенге ќўт ќонады

Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев туралы ой орамдары Аягүл МИРАЗОВА,

Қазақстанның Еңбек Ері, Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназияның директоры.

КЕЗДЕСУ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ Таяуда Елбасымыз қазақтың таңдаулы ұлдарының бірін – үшінші ғарышкерімізді марапаттау кезінде елді сондайлық елең еткізбегенмен, тосын бір оқиға болды. Ең ауыр сынақтан өтіп келген ержүрек батырымыздың өзі Елбасымен кездесу сəтінде сəл кібіртіктеп, айтар сөзге булығып жатты... Мен ұлттық батырымыз, ғарышкер інім Айдын Айымбетовтің бұлайша қобалжуын түсіне қойдым. Өйткені, кезінде дəл сондай оқиға менің өз басымнан да өткен. Шын мəнісінде ол кісінің, Президенттің қолын алып сəлемдескенге дейін өзімді өзім ұстап, жап-жақсы-ақ тұрғанмын. «Сен бақытты адамсың, Президенттің қабылдауына кірейін деп тұрсың. Өмірде бірақ рет қайталанатын құбылыс» дегенді іштей он сан қайталадым. Табалдырықтан аттап, сол кісіге қарай жақындаған кезімде бойымды əлдеқандай бейтаныс тылсым бір күш «дір» еткізді. Көзіме жас қайдан толып қалғанын да білмеймін. Дауысым шықпай қалатын түрі бар. «Сəлеметсіз бе, Нұрсұлтан Əбішұлы...» дегенді айтып үлгердім. Одан əрі бірі есте бар, бірі жоқ. Президенттің өзі менің жүріп өткен жолдарымды салмақтап айтып тұрғанда ғана өзөзіме келдім. Президентпен қарапайым ел азаматының, Елбасы мен мектеп мұғалімінің кездесуіндегі жауапкершілік жүгінің салмағын сонда түсінген едім. Президент – дара тұлға. Алла тағаланың ол кісіге ерекше салтанатпен əспеттеп берген биік ақыл-ойы біздің қазаққа берген сыйы деп ойлаймын. Тəубе, біздің халыққа Нұрсұлтан Əбішұлындай тұлғаны таңдап бергеніне мың да бір шүкір. Біз кешегі қирап жатқан қоғамдық құрылыстың ішінен етек-жеңімізді жиып, бойымызды түзеп, ес жиған ел едік қой, оны қалай ұмытамыз?! Ең қиын сəтте Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өзіне сенімді ұстанған салиқалы саясаты ның арқасында халқымыз аяғынан нық тұрды. Ешкімнен кем болмадық. Көрмегенімізді көрдік, білмегенімізді үйрендік, ел есін жиды, ол – тек қана Президентіміздің арқасы. Өзім 45 жылдан бері ұстаздық етіп келемін, бəрі-бəрі көз алдымда. Кеңес өкіметінің озығы мен тозығына, бүгінгі өмірімізде қаспен көздің арасында болып жатқан жақсы мен жаманға да куə болдық. Шапқан аттай уа қыттың жүйрігі-ай, алдағы жылы, бұйырса, Тəуелсіздік алғанымыздың өзіне де ширек ғасыр толады. Міне, біз қазір жер мен көктей өзгерістердің ортасында өмір сүрудеміз. Тəубе!

5

www.egemen.kz

Нұрағаңның халқына, ұлтына деген аурасы де бір бөлек. Бұл да Алланың оның бойына құйған ерекше қасиеті шығар... 550 ЖЫЛДЫҚҚА ҚЫТАЙ КЕРУЕНІ ЖЕТКЕН КҮН Күні кеше тарихтың аппақ парағына Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткенімізді жаздық. Бұл мəдени-тарихи шараның үрдісін «той бітті» деп тоқтата салуға болмайды. Баспасөз беттерінде, теледидар арқылы, ғаламтор желісінде айтулы оқиғаға байланысты айтарымызды үзбей қайталап, қоғамның құлағына құя беруіміз керек. Өйткені, жас ұрпақты былай қойғанда, орта жастан асқан біздің буын өкілдерінің де елі міз дің өткен-кеткен тарихы ту ралы білгенінен білмейтіні басым. Төл тарихымыз неше түрлі саяси бағытпен жазылып, не ше түр лі «қаламы жүйрік» автордың қолынан өткені де ақиқат шындық. Тек 1917 жылдан кейін Ұлы Далаға аспаннан топ етіп түсе қалған халық сияқты əрі-сəрі күйде едік. Тарихи шындық бүркеленді, деректер көпе-көрнеу бұрмаланды. Қазақ халқы елі мен жерінің нағыз тарихын мемлекеттік бағытта шындап тануды енді бастады ғой деп ойлаймын. Сол себептен де Қазақ хандығының 550 жылдық тарихын тоқтаусыз зерттеп, толымды зерделеу ісі жалғаса беруі тиіс. Басқа мемлекеттерді былай қойғанда, Ұлы Қытайдың, Ұлы Британия мен Америка Құрама Штаттарының Қазақ хандығының 550 жылдығына айрықша мəн беріп, көңіл аударуы, өз елінде аталған тарихи оқиғаға байланысты алқалы жиындар өткізуі мəртебемізді өсірді. Тіпті, осыдан 550 жыл бұрынғы кездегі қазақтар мен Тан империясы байланысының көзайымындай болып, Қытайдан бір жыл жүріп келген керуеннің өзі неге тұрады?! Мен мұны Тəуелсіз елдің мемлекеттілігіне, оның бейбіт халқына құрмет деп ойлаймын. Бұл дегеніңіз тарихи деректі тайға таңба басқандай етіп нықтап, құжат бетіне көрнекілеп жазып қою емес пе? Елбасының жарғақ құлағы жастыққа тимей, осынау ел өміріндегі маңызды

тарихи мерекені өткізуге атсалысып жүргенін əлем жұртшылығы көрмей отыр дейсіз бе? Əрине, бəрін көріп, бəрін біліп отыр. Ендеше, еліміздің тамыры терең тарихын тек Президентіміз ғана емес, күллі тарихшыларымыз ғана емес, күллі халық болып ұғынайық, бағалайық. Оны насихаттау жұмысын тоқтатпайық... Жалпы, адам баласы өзінің істеген ісінің нəтижесін көргенде көңілі марқаятын, өне бойын қуаныш сезімі кернейтін кез болады. Кісі бойындағы сондай шаттық көңілді мен Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бойынан Ұлы той – Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі өтіп жатқанда, Тараз шаһарына сапарлап келгенінде байқадым. Ол кісі ерекше бір рахаттанған сезімде жүрді. Елбасы халықтың шаттанған мерекелік көңіл күйін, тарихының жаңаланған парақтарын ашқан дағы құлшынысын баққандай сезілді маған. Күллі еліміздің аумақтарында аталып өтіп, Астанада бір түйінделген мерекелік шараның ақаусыздығын байқаған болуы керек. Сондай риза көңілде жүрді. Менің өз басым да еліміздің ардақты азаматтарының қатарында Астанада болған кезімде мерекелік шараның сəн-салтанатына қол соқтым. Бұл үлкен науқанның бастан аяқ Елбасымыздың өзінің басқаруымен жасаланған дүние болғандықтан да, соның өзі ойлағандай деңгейде іске асқанына жаны жадырады ғой деймін. Ол кісі Ескі Таразға келгенде қол шапалақтап, құрметтеп қарсы алған біздер таң-тамаша қалған жайымыз бар... Ресми кездесуде дəл бұлай болады деп ешкім ойламапты да. Күтпеген оқиға болды. Президентіміз костюмін шешіп тастап, жейдесінің жеңін түріп алып, іске кірісті де кетті. Шаң-топырағына қараған жоқ. Жер астынан аршылып алынған ғимарат қалдықтарының бəрін мұқият қарап, жəдігерлерге жантəнімен сүйсіне көз салып, байыз таппады. Халықтың ниеті шығар, дəл сол күні сан құбылып тұрған күннің көзі де шуағын мейірлене төгіп ысып кетті. ƏДЕТ-ҒҰРЫП ЕРКІНДІГІ БОЙ КӨРСЕТКЕН ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ БАР Біздің қазақ данышпан ғой, «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деп бүкіл ой орамын бір ауыз сөзге сыйғызып қойған. Ынтымақ бар жерде, ырыс бар. Қазақстан Республикасы – маңдайына жазылған тағдырдың сыйы дейміз бе, сынағы деп те айтуға болатын шығар, көпұлтты мемлекет болып ұйысып отырмыз. Бірақ, елдегі бар ұлттың басын біріктіріп, ырысын төкпей-шашпай ұстау оңай іс емес. Олардың тұрған жерінде емін-еркін өмір сүріп, тілі мен ділін, дінін ұмытпай, əдет-ғұрпын ұстануға еркіндік беріп, мамыражай күн кешуге барынша жағдай жасау патшаның патшасының ғана қолынан келетін мейірім,

ертегіден ғана оқитын жайт. Халқымыздың қолы ашық, жүрегі жомарт кеңпейілдігінен де жаманшылық көрген жеріміз жоқ. Мен өзім соғыстан кейін дүни еге келген ұрпақтың өкі лімін. Менің түбім – жер аударылып келген халықтың өкілі. Нағашыларыма əр барған сайын барлығы мені ортаға қаумалап алып, соғыс болып жатқан қиынқыстау жылдардағы қазақ халқының бір үзім нанды бөліп берген жақсылығын асыра айтып отырар еді. Анам Зухра Қыдырқызы қарашайдың қызы. Қарайшай-балқардың өмірі Елбасы туралы түсірілген «Менің балалық шағымның аспаны» атты көркемфильмде керемет көрсетілген ғой. Жер аударылу – оңай емес. Оның ызбары мен ызғары еш уақытта санадан өшпейді. Бір елге барсаң, өзінің халқынан басқа жұртты білмейді. Біздің қазақтардың, қазақстандықтардың басты айырмашылығы да сол – біз айналамыздағы барлық халықтың əдет-ғұрпын білеміз, ой-танымдарымен таныспыз. Еліміздегі барлық халықтың жүрегін Қазақстаным деп соқтырған Елбасының көреген саясатына қалайша бас имейсің! Осының бəрін ой елегінен өткізгенде төбем көкке жеткендей шын қуанамын. Нұрсұлтан Əбішұлының құдай берген бір керемет қасиеті – қандай жағдайда болса да, қандай ауырпалықты бастан кешіп жатсақ та кез келген елдің басшысымен тіл табыса алатындығы. Ол кісінің қашанда бірлікке, ынтымаққа ынтасы ауып тұруы да бойындағы туабітті жақсы қасиеті болса керек. Дауласқан, бірінің бетін бірі көруге дейін шыдамайтын өшпенділігі ушыққан елді татуластыруда да талай-талай тау асты, талай-талай тер төкті. Сонау Қарабақ оқиғасынан бастап, кешегі Ауғанстан жанжалы, күні бүгінгі Ресей-Украина текетіресіндегі бітімгершілік миссиясын, жалпы халықаралық дипломатиядағы көрегендік саясиқызмет рөлін көз алдыңызға елестетіңізші. Қазіргідей əлем де, қоғам да қақтығыстарға толып, саяси жағдай ушығып тұрғанда мұндай бітімгершілік қасиет жер бетінің əрбір пендесіне қажет қасиет шығар. Бірақ ол қасиет екінің бірінің қанына сіңбеген. Жанайын деп тұрған шоқты үрлеп жіберсе не болмақ! Дүниеде тек қана жақсылық ойлайтын азаматтар болады. Жер шарының төрт бұрышында тұрып жатқан дуалы ауыз адамдардың біздің Президентіміз туралы əркез жылы лебіздерін білдіріп жатуының себебі де, ойлап көрсек, осында жатыр екен. Президентке құрмет – халыққа қошемет деген сөз. Украина да, Ресей де кеше ғана бір шаңырақтың астында қойы қоралас, ауылы аралас жатқан бауырлас елдер еді. Менің жұбайым Жұмабай Байнатов Украина астанасында аспирантурада оқып,

БАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ҰСТАЗДАРДЫҢ ҚОЛЫНДА Менің негізгі мамандығым – математик. Өз тəжірибемнен білетінім, кезінде дидактикалық та, тəжірибе сабақтардың да барлығын орыс тілінен аудардық. Өз тілімізбен өз ойымызды айта алмадық. Тек Тəуелсіздігіміздің арқасында ғана ең алдымен шəкірттерге білім беретін төл оқулықтармызды шығаруға қол жеткіздік. Оның да кемшін тұстары болған шығар. Бірақ, кеш те болса Қазақстанда бəрібір оқулық жазу өз жолын тапты. Айқайламай, «аттандамай-ақ» оқу-білім саласында бірсыпыра жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген де сыңайлымыз. Қандай сала болса да Елбасының айтқандары мен мемлекеттік бағдармаларын маңдайға алып қызмет еттік. Жас мемлекетіміздің болашағына əрлейтін барлық оқулық кітаптарды шығарып, жұптап, сараптап ал дық. Бұдан артық не керек? Елбасы «тарихты меңгеруді өзіңнен баста» дейді. Мəн берген кісіге қандай ғажап айтылған сөз! Біздің мектебіміздің қоныстаған аумағына байланысты мына бір қағидатты балалардың құлағына үнемі сіңіріп келемін: «Біздің мектеп қай жерде тұр? Алдымызда Қабанбай батыр көшесі, сол жағымызда орыстың ең ұлы ақыны Пушкин көшесі, оң жағымызда өнер-білімнің «жарық жұлдызы» – Шоқан Уəлиханов, жоғары жағымызда Жамбыл кө шесі... Ұлылардың ортасындамыз! Айналайындар, осыған мəн беріңдерші. «Жақсы жерде жатсаң, жақсы түс көресің» дейді, осындай ұлы тұлғалардың атымен аталған көшелердің қоршауында тұрмыз. Ендігі жерде сендердің білімді де тəрбиелі болмауларыңа ешқандай құқыларың жоқ! Осы кісілердің рухы қолдасын, іліміміз бен ісіміз осы кісілердің атына сəйкес болсын десеңдер, талмай ізденіңдер, оқыңдар!» деп қайталаудан жалықпаймын. Тəубе, Алла осымызды да көп көрмесін. Əрбір іс-шара өткенде Алла халқымызға күшқуат, ынсап берсін деп тілеймін. Халқымызда «Қуана білмегенге құт қонбайды, бағалай білмегенге бақ тұрмайды» деген аталы сөз бар. Өзіңнің жеке басыңдағы, шаңырағыңдағы қуаныш бір басқа, еліңдегі болып жатқан қуанышты шын жүректен бөлісе білген де жөн. Елбасының істеп жатқан тірлігіне қуана білейік, бүгінгі бар береке мен байлық аспаннан бір күнде түсе қалған жоқ. Ол үшін қаншама күшқуат жұмсалды, соны бағалайық! Қазір жасалған ісіміз ертеңіміздің іргетасы. Балаларымыз білім алып жатқан мектептерге бас сұғып көріңізші, мұндай білім ордалары бұрын-соңды елімізде болып па еді?! Менің білетінім – Америкада мектеп оқушылары Президент күні қарсаңында Тұңғыш ел басқарған азаматтардың өмір жолын қайталай-қайталай оқып үйренеді. Ендеше, неге біз қалыс қалуымыз керек?! Ондай алғашқы дəрістер біздің білім ошақтарында беріліп те жүр. Елбасы мен Қазақстан – егіз ұғым! Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біздің ұялатын тарихымыз жоқ!» дегеніне қосыламын. Қазақтың ұлылығын дəріптейтін бұдан асқан құжат бар ма, меніңше жоқ. Өткен жылдар ішінде, Тəуелсіздіктің алғашқы баспалдағын аттаған кезеңде күнкөрістің қамымен жүріп, бала тəрбиесі мен мектеп ісін салақсытып алған жайымыз бар. Етек-жеңімізді жиятын кез келді. Жақсы заманның жылы лебі өзімізге қарап соққанын бағалайық. Бүгінгі дағдарыс та өтеркетер. «Бұдан нашар кезі мі з де де тойға барғанбыз!» Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еліміздің болашақ тағдыры бүгінгі мектеп партасында отырған балалардың қолында, ал олардың тағдыры ұстаздардың қолында» деген сөзі əрқашанда біздің – ұстаздардың жадымызда жүретінін айтқым келеді. АЛМАТЫ.

Солтїстіктегі серпіліс

Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Ерік Сұлтановтың «Егемен Қазақстан» респуб ликалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахмановты қабылдауы əу баста 30 қарашаға ойластырылған болатын. Ел өміріндегі аса маңыз ды оқиғаға орай басылым басшысының облысқа іссапарын кейінге қалдыруға тура келген еді. Бірақ, Ерік Хамзаұлы бұл мəселені шешудің басқа жолын тапты. «Ең бастысы – кездесу, сөйлесу, пікірлесу, ал оның қайда өтетіні онша маңызды емес, қажет бол са қазақ баспасөзінің қара шаңырағында да əңгімелесе аламыз» деген облыс əкімі «Егемен Қазақстан» редакциясына өзі келді. Редакция ғимаратындағы əңгіме барысында облыс əкімі өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуынан жан-жақты мағлұмат берді. Елдің шетінде, желдің өтінде тұрған Солтүстік Қазақстанның өмірінде көп өзгерістер бар екен. Қазіргідей күрделі кезеңде де облыс экономикасы қай жағынан болсын өсу динамикасын сақтап отыр. Мысалы, биылғы қазан мен қаңтардың аралығында 133 186 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылғы осы кезеңнен жоғары. Ауыл шаруашылығында жалпы көлемі 225 067 млн. теңгенің өнімі алынған, бұл да өткен жылғыдан биік көрсеткіш. Облыста инфляция деңгейі де ел бойынша орташа деңгейден төмен. Тұрғын үй құрылысында да ілгерілеу бар. Өткен он ай ішіндегі салынған тұрғын үй көлемі былтырғы он аймен салыстырғанда 113 пайызды құрайды. Қазіргі таңда елді елеңдетіп отырған бір жағдай жұмыспен қамту десек, Солтүстік Қазақстан облысында бұл бағытта

да нəтижелі істер атқарылуда. 2015 жылғы 1 қарашаға дейін 10 931 жаңа жұмыс орны құрылған. Осындай ілкімді ізденістерді кəсіпкерлікті дамытудан да, сумен жабдықтаудан да, əлеуметтік қорғаудан да, білім беру, денсаулық сақтау салаларынан да көптеп келтіре беруге болады. Биылғы астық шығымы да жақсы. Барлығы 5,6 млн. тонна астық алынып, гектарына 17,3 центнер бидай өсірілген. С.Абдрахманов облыс əкімінің өңірде жұмыс қолын көбейту жөнінде жасап жатқан жұмысына қатты қызығушылық танытты. Халықтың көптігінен еңбек ресурстары артық болып отырған оңтүстіктегі өңірлерден жұмыс күшін теріскейге тарту, оларға тиісінше жағдай жасау жөніндегі ізденіс өте құптарлық. «Бір ғана Ақан сері ауылының маңайынан біз егістікке мың гектар, жайылымға үш мың гектар жер бөліп бергелі отырмыз. Солтүстік Қазақстанның жері қара топырақты, өте құнарлы, не ексе де шығады. Еңбекқор ағайындарымыздың алғашқы қадамдары бəрімізді қуантуда», дейді білікті басшы. Ол күндердегі уақыттың тығыз дығына байланысты жарты сағаттан аз ғана уақытқа созылған əңгіме барысында солтүстікқазақстандықтардың ел газеті «Егемен Қазақстанға» ықыласы жайында да сөз болды. Ке лесі жылы облыстағы газет оқырмандарының қатары 8 мыңға жетеді деген сенім білдірілді. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан». ––––––––––––––

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Энергетиктер Тўѕєыш Президент кїніне орай энергоблокты іске ќосты

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақсудағы ERG құрамындағы «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ электр стансасында қуаттылығы 300 МВт құрайтын №4 энергоблоктың турбоагрегатының өткізгіш бөлімі, турбинаның автоматты басқару жүйесі, генератор жəне турбинаның май жүйелері негізгі жөндеуден өтті. Мамандар электр қуатын өндіруге қажетті бағдарламалық-техникалық кешеннің даярлығы əрі энергоблок жүйесінің тоқтау қаупінің алдын алуға арналған операторлық стансалар ауыстырылғанын айтады. Трансформатор құны 460 миллион теңгеден асты. – Аталған жұмыстар қысқа уақыт ішінде өткізілді. Мердігер ұйымдардың инженерлік-техникалық құрамы, зауыт жəне кəсіпорын бас инженерлерінің жоғары кəсіби даярлығы əрі бірлес кен жұмыс арқасында мақсатқа қол жеткіздік. Блоктық трансформатордың ауыстырылуы біздің тұтынушыларымыз – Еуразиялық топтың алып кəсіпорындарының тоқтаусыз жұмыс істеуіне жəне жеткілікті мөлшерде электр қуатымен

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – дейді «ЕЭК» АҚ электр стансасы директорының орынбасары Рустам Ахметов. Қазан айында «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ электр стансасының күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі төлқұжатын алды. Бұл станса қысқа дайын деген сөз. Бұл жұмыстар жəне ЕЭК тұтынушыларының электр қуатына сұранысы 10 айға жоспарланған электр қуатын шығару мөл шерін артығымен орын дауға мүмкіндік береді. Бұған дейін станса өндірген электр қуатының мөлшері 12 млрд. 39 млн. кВт/с құрады. Жоспарланған көрсеткіш 277 млн. кВт/с артық орындалды. Стансада 2001 жылдан бері жабдықтарды жаңарту жə не қай та құру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі күні стансаның 8 энергоблогының 5-еуі кешенді жетілдіруден өтті. Бүгінде №5 энергоблокта құны шамамен 277 миллион доллар тұратын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Стансаның жалпы қуаттылығы 2450 МВт құрайды. Павлодар облысы, Ақсу қаласы.


6

www.egemen.kz

2 желтоқсан 2015 жыл

 Елімен етене Елбасы

Ґмірге ќажетті ґрелі бастамалар

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-сессиясына əлем ерекше назар аударып қарағаны белгілі. Мұның себебі толып жатыр. Біріншіден, бүгінгі дүние түрлі аймақтарда соғыс өрті шапшып тұрған бір тынышсыздық жағдайында өмір сүруде. Екіншіден, дүниежүзілік экономиканың даму қарқыны бəсеңдегені соншалық, осыған дейін қарқынды дамып келген дамушы елдер санатындағы мемлекеттерде де рецессиялық келеңсіздіктер басталып кеткендей. Қысқасы, əлемдік экономика түзелудің орнына кері кетуді бастан кешіп жатқан шақта Жер бетінің түрлі аймақтарында соғыс жанжалдарының ушығуы табиғи заңдылықтай көрінеді. Олай дейтін себебіміз, кейбір саясаткерлер дағдарыстан шығаратын жалғыз жол милитаризация жəне соғыс деп біледі. ХХ ғасырдағы дүниежүзілік екі соғыс та осындай дағдарыстан шығудың жолы ретінде мүлде қате пиғылдағылар таңдап алған бір бағыт еді. Оның салдары қандай болғанын адамзаттың бүгінгі ұрпағы ұмыта қойған жоқ. Демек, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-сессиясына қатысушы əлем мемлекеттері басшыларынан адамзат мына ширыға түскен шиеленістерді шешетіндей іс-қимыл, ақыл-сөз күткені тағы табиғи заңдылық. Осы орайда, біз Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сағындық САТЫБАЛДИНГЕ жолығып, ой бөліскен едік. – Ойымды əрі қарай жалғастырсам, əсіресе, АҚШ, Қытай, Ресей басшыларынан дамуға оң ықпал ететін жақсы жағымды сөздер күтіп еді, өкінішке қарай, АҚШ пен Қытай басшысы бүгінгі шиеленістерге кінəлілерді іздеумен болды. Міне, осындай жағдайда мінберге шыққан Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев бүкіл адамзатқа үлкен ой тастайтындай пайдалы ұсыныстар айтқанында, төбеміз көкке жетіп отырды. Біздің Елбасымыздың сөзіндегі ұсыныстар мен ойларды əлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жəне ықпалды саясаткерлер жоғары бағалады. Десек те, біз сізге, Сағындық аға, Елбасымыздың осынау ұсынысына капитализм қоғамынан басқа қоғамда болып көрмеген мемлекеттердегі тұрғындар не ойлайды деген сұрақты қойғымыз келіп отыр. – Азия жайлы батыстықтар «Бір көрпенің астында жатса да, əрқайсысы əртүрлі түс көріп шығады» деген сөз тіркесін қалыптастырған екен. Ал енді осыны айтқан Батысқа келсек, далиған Азия құрлығында емес, оның ширегіне жетпейтін Еуропаның өзінде бірнеше ұлт, бірнеше мемлекет, қазір бір одаққа бірігіп өмір сүріп жатса да, бір-бірімен күні кешеге дейін соғысып келген емес пе еді?! Демек, адамзаттың географиялық жағынан қай аймақты мекендейтіні оншалықты маңызды емес. Қазақта «Əркімнің санасына берсін» деген ұғым бар. Міне, осы біздің ата-бабаларымыз таратқан ұғым қай кезде де қай ұлт жайлы айтсаң да бəрін, яғни кез келген жердегі іс-əрекеттерді бір шеңберге сыйғызып тұрады. Пенде əрқашан да пенде. Бəлкім, содан да болса керек, бір ғана муслимун діні бойынша қасиетті төрт кітап түскен екен. Бірақ Тəураттан басталып, Құран Кəрімге дейінгі барлық кітаптарда айтылатын ой бір, ол – адамзатты дұрыс өмір сүруге шақыру. Мінеки, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-сессиясындағы Н.Ə.Назарбаев сөзіне əлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мен беделді саясаткерлер ерекше риза болған бағасын беріп жатса, онда оның кілті мынада: Қазақстан Көшбасшысы

тағы да халықаралық ең биік, ең мəртебелі мінберден адамзатты дұрыс өмір сүруге шақырды деп ойлау керек. – Осы тұсты тармақтап түсіндіріп кетсеңіз. – Н.Ə.Назарбаев өз сөзінде мынадай мысал келтірді: «Стокгольм институтының мəліметі бойынша, 2013 жылғы əлем мемлекеттерінің əскери бюджеті 1,7 триллион долларды құраған екен. Осының 1 пайызын əлемді сауықтыруға жұмсасақ, сол да біраз іс тынды рар еді». Бұл жерде келтірілген мысал да, ұсыныс та ақиқаттың өзі. Айталық, қазір дүниежүзінің алып та бақталас мемлекеттері ядролық бомбаларды сынауды доғарғанымен, ядролық оқтұмсықтарды нысанаға жеткізуші зымырандарды жетілдіре түсуде. Ал ол зымырандардың қандай энергиямен жұмыс істейтіні айтпаса да түсінікті. Қарапайым мөлшермен мұндай бір зымыранның оқтұмсықты нысаналы жеріне жеткізуге шығындайтын отыны кішігірім бір қаланы бір ай жылытуға кететін көмірдің энергиясындай қуат шығаруға тиіс екен. Бұдан шығатын қорытынды əрбір зымыран сынақтан өткен сайын адамзат өзін қоршаған ортаны бүлдіріп жатыр, озон қабатын жұқартып жатыр деп мөлшерлеу қиын емес. Ал осы 70-сессияға жиналған мемлекеттердің көбісінің басшылары кезінде Жапонияда Киото пактісін қабылдауға қатысқандар емес пе. Бұл пактіде ауаға тарататын улы газдар мөлшерін азайту қажеттігі халықаралық заңдық күшіне енген болатын. Міне, соны орындау көңіл көншітпейді. Егер алып державалар зымырандарды сынақтан өткізуді тыйып, одан бүкіл əскери бюджеттің 1 пайызындай қаражат үнемделетін болса, біріншіден, қоршаған орта ластануы азаяды, екіншіден, əлгі үнемделген қаражат Африка мен Азиядағы күнкөрісі төзгісіз жандардың жағдайын жақсартуға жұмсалады емес пе. Мінеки, мен Назарбаевтың бұл ұсынысынан осындай игілікті ақиқатты көре алғандықтан да оны ізгі ниетті бұқаралық ақпарат құралдары мен саясатшылар қуана қолдады деп ойлаймын. – Мысалыңыз да, ол мысалдағы ақиқаттарды түсіндіруіңіз

де жақсы шықты. Білуімізше, біздің Көшбасшымыз дəл осындай ұсынысты бұған дейін де мəлімдеген болатын. Бірақ дүбірлі дүние сондай тамаша ұсыныстың əсерін сезіп жатқандай емес. Бұған не дейсіз? – Мəселе жаһандық деңгейде жəне оның əсері болмай жатыр деп үзілді-кесілді айтуға да қарсымын. Айталық, Африка елдеріндегі Эбола індеті кезінде оған дүниежүзінің біраз мемлекеттері көмектескенін біліп отырмыз ғой. Осындай қайырымдылық істер болып жатыр. Бірақ мəселе мынада: біздің Елбасымыз «милитарландыруға» қарсы. Иə, ол əскери шығындарды қысқарту керектігін ашықтан ашық айтуда. Бұл, əрине, бірден, бір демде шешілетін мəселе емес. Əлі де болса, əлемде «Дүниені сақтап тұрған ядролық қару» деп ойлайтын Маргарет Тэтчер сияқты ықпалды саясаткерлер жетерлік. Олар қолындағы қарудан бірден бас тарта алмайды. Десек те, уақыт түптің түбінде біздің Көшбасшымыздың ұсыныстары дұрыстығын дəлелдеп шықпақ. Мəселен, КСРО держа васының бір ғана Қазақстан Республикасында əлемдегі төртінші ядролық əлеует орналасқаны жəне олардың біз егемендік жариялаған соң Н.Ə.Назарбаевтың тікелей шеші мі мен жойылғаны белгілі. Ойла ңызшы, соларды жасауға қаншама шығын кетті. Жоюға тағы да шығындалды. Бастапқы, қаруды жасау шығынын КСРО бюджеті көтерсе, оларды жоятын шығынды бізге АҚШ берді. Бəрібір бос шығын! Міне, осыны түптің түбінде саясаткерлер түсінбейді деп ойламау керек. «Үмітсіз шайтан» дейді біздің қазақ. Үміттене берейік. Бірақ бір ақиқаттың беті ашық, мəселе соғыспен шешілмейді. Бəрібір адамзат бір-бірімен түсінісіп, тіл табысу үшін келісім алқасының басына жиналады. Бірақ осы келісім басына жиналу неғұрлым тезірек болса, баршамыз үшін солғұрлым жақсы. Мінеки, Н.Ə.Назарбаевтың ұсынысын осындай игі қадамды жеделдетуге бағытталған бір абзал да батыл ой десе де артық емес. – Елбасы осы сөзінде 2045 жылға дейінгі адамзат дамуы жоспарын Біріккен Ұлттар

Ұйымы деңгейінде жасап жүзеге асыруды ұсынды. Бұл туралы не айтасыз? – Тарихқа көз жүгіртсек, Біріккен Ұлттар Ұйымы деген халықаралық беделді қауымдастық 1945 жылғы Ялта конференциясының жемісі екен. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуға, соғыс ашушылардың жеңілгендігін мойындауға азғантай уақыт қалған кез болатын. Содан бері жер жүзі адам танымастай өзгерді емес пе. Ғылыми-техникалық төңкеріс игілікпен қоса қатерді де ұлғайта түсті. Адамзат ғарышты игеріп жатыр. Бұрын жерде соғысып, əуеден қарапайым ұшақтармен бомбалағанға таңырқасақ, мына заманда еш жерге əскери күш, сарбаздар жібермей-ақ алпауыт мемлекеттер қарсыластарын ғарыштан бомбалауы əбден мүмкін. Қазіргі таңда əлем мемлекеттерінің ғарышты милитаризация алаңына айналдырмау мəселесіне алаңдауы басымырақ. Осы жағдайда Н.Ə.Назарбаевтың 2045 жылға дейінгі адамзат дамуы жайлы нақты жоспармен жұмыс істеу керек деген ұсынысы ерекше маңызға ие болады. Əскери əлеуеттің қазіргі қолда бар қуатымен-ақ баршамыздың Анамыз – Жер деген жасыл планетаны құртып жіберу оп-оңай. Ал егер бұл əлеует күшейе берсе, онда адамзат шын мəнінде қатер апанына өз еркімен тақай бергені болып шығады. «Ессіздің ісі!». Осыны біліп отырғандықтан да біз Көшбасшымыз адамзатты ақылды жəне дұрыс өмір сүруге шақырды дегенді батыл айта аламыз. 1945 жылдан 2015 жылға дейін қаншама текетірестер болды, қаншама бейбіт өмір жойылды. Жерге қаншама залал келді. Ал ғылым мен техниканың қазіргі даму қарқынына, оның жойғыштық-зияндық күшіне байланысты 2045 жылға дейін бір игі қадам жасамасақ, онда мүлде орны толмас өкінішке тап боламыз. Осы уақытқа дейінгі соғыстардан адамзаттың пайда тапқанын көрген жоқпыз. Демек, болуы мүмкін, бірақ болдырмау қажет деген Н.Ə.Назарбаев ұсынысындағы əскери қақтығыстар алда да ешқандай пайда бермесі түсінікті. Ендеше, пайдасыз іспен айналысқанша, бар мүмкіндікті бірігіп өмір сүруге, мемлекеттер бір-біріне көмектесуге жұмсаса, мінеки, мəселе сонда шешіледі. Менің толық сенімім бойынша əлемнің бүкіл ғалымдары Н.Ə.Назарбаев ұсынысын қуанышпен қарсы алды жəне оны қолдай береді. – Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Штаб-пəтерін Азияға ауыстыру қажет деген ұсынысына қандай баға берер едіңіз? – Бұл да орынды пікір. Кезінде АҚШ соғыс өрті тұтанбаған аймақ болғандықтан да БҰҰ Штаб-пəтері сол жерге көшірілді. Сенімді аймақ үмітті ақтады.

Бірақ 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиға адамзатты қатты ойландырды. Ең сенімді қорғалған деп жүрген Америка, оның Нью-Йорк деп аталатын қаласы да толық қорғалмаған екен. Дүниежүзілік сауда ұйымының қос ғимараты, онда жұмыс істеп жатқан бірнеше мыңдаған адам бір мезетте көз жұмды. Бұл бүкіл адамзатқа «Енді ойласыңдар» деген сөзді айтып кеткендей. Жасыратын несі бар, қазір əлемнің алып мемлекеті саналатын АҚШ «Жауын қолдан көбейтіп алған» мемлекет болып тұр. Бұл елде орын алған террорлық əрекеттер жайлы жиі естілетін болды. Демек, қалай десек те, біріншіден, Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істейтін мамандар мен қызметкерлердің өмірі сенімді қорғалуы үшін де Ұйымның Штаб-пəтерін ауыстыру туралы идеяны күн тəртібіне шығару өмірге өзі сұранған бастама деп ойлау керек. Екіншіден, соңғы уақытта бұл Ұйымның атына көптеген сынпікірлер айтылып жүр. Ұйым Американың мүддесіне қызмет ететін мекемеге айналып кеткендей. Сондықтан, жаңа ғасырда жаңа жоспар бойынша жұмыс істейтін Ұйым мекенжайы жаңа жерге орналасса, мұнда туатын ойлар мен ұсыныстар да адамзаттың жаңа заманына қызмет ететін болады деп үміттене аламыз. Иə, ХХІ ғасыр Азия ғасыры болатынын бүкіл əлем мойындап отыр. Қанша саябырсыса да Қытай дамуы жоғары деңгейде сақталып тұр. Менің пікірімше, бұл мемлекеттің дамуы жалғаса береді жəне ол көп ұзамай əлемнің ең жетекші экономикасына айналады. Сондай-ақ, Үндістан да қарқынды даму арнасына түсіп келеді. Жалпы, Азия құрлығындағы мемлекеттердің даму қарқыны, Африканы айтпағанның өзінде, Еуропа мен Америка құрлығындағылардың дамуына қарағанда сенімдірек əрі қарқындырақ. Бұл үрдіс əлі ұзақ уақыт сақталады. Демек, Азия адамзат экономикасындағы жетекші аймаққа айналып шығады. Олай болса, Біріккен Ұлттар Ұйымының бұл құрлыққа мекенжай ауыстыруы, меніңше, қажеттілік. Енді оның қайда орналасуы қажет деген сұрақ алдан шығады. Мұндайда өз басым БҰҰ Бас штабының орналасуына Астана қаласы ең қолайлы мекен дегенді қолдаймын. Біріншіден, Астана – алып Еуразия құрлығының кіндігіндегі күн сайын көркейіп келе жатқан ғажайып қала. Екіншіден, Қазақстан мемлекетін құрушы жəне оның ішкі-сыртқы саясатының негізін қалаушы Н.Ə.Назарбаев əу бастан-ақ «Көп тарапты» саясатты Қазақстанның түпкілікті ұстанымы ретінде қалыптастырды. Мұны төрткіл дүние түгел біледі. Үшіншіден, ресми Астана қарусызданудың бастауында тұр. Мұны да əлем біледі жəне қолдайды. Төртіншіден, дəл қа зіргі таңда да, алдағы уақытта да Астана тек сындарлы, түсіністік саясатын ұстанады. Мұны да əлем жұртшылығы жақсы біледі. Қазіргі таңда біздің елге, оның саясатына əлем мемлекеттері тарапынан сын айтылмайды. Өйткені, біздің саясат адамзаттың шыққан тегі бір, сондықтан соғысудың орнына қол ұстасып бірге өмір сүрейік деген ойға тұрақтанған. Мінеки, осы айғақтар менің пікірімді толық дəлелдеп тұр. – Ойыңызды қорытындылағанда не дер едіңіз? – Қазақстан Көшбасшысының сөзі елімізде істеліп жатқан жұмыстар барысынан мағлұмат беріп тұрғандай. Мəселен, қарусыздану, экологияны сауықтыру туралы ұсыныс жасаса, 2017 жылы өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіндегі негізгі ұстаным осы ғой. Мұны Еуропа да, Америка да қолдайды. Екіншіден, Елбасымыз БҰҰ жаңаша жұмыс істеуі үшін бүкіл адамзатқа қызмет ететін жаңа халықаралық қаржы жүйесі мен мемлекеттерге тəуелсіз валюта қажеттігі жөнінде айтты. Демек, БҰҰ Бас Ассамблеясы жаңа жерде осындай жаңа істерді ұйымдастыруға ұйытқы болар еді деп ойлаймыз. Қорыта айтқанда, Қазақстан басшысы халықаралық мəртебелі мінберде жалпыға ортақ маңызды ойларды ортаға салып, қазақтың мəртебесін тағы бір көтерді. Қазақ тілі тұңғыш рет əлем халықтарының алдына шықты. Бұл ғанибетті де Н.Ə.Назарбаев жасады. Мəртебеміз өсе берсін, ағайын! – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Ўрпаќ їшін ґмірі їлгі Мың бір шүкір, бұйырттың егемендік, Халқыма бердің елдік, бердің теңдік. Жер беті сызбасының нақ төріне, Қазақ елі атанып біздер ендік. Малы жаннан садаға, жаны ардан, Сан қилы дауылдардан аман қалған. Тəуелсіздік қайырлы болғай елім, Келмеске кетсін таңың атқан зармен. Елімнің гүлдей əсем жайнағаны, Бағымызда бұлбұлдар сайрағаны, Тəңірім, өзің қолдап Елбасының, Еліне берген серттен таймағаны! Жеті əулие киесі бар бойында, Елдің жайы күндіз-түні ойында. Қандай елде ондай дана басшы бар, Ойлан халқым, оны бүгін мойында. Елді елеген бірін-бірі күндемес, Елемеген ерлер жолы – күнде егес. Бұл Алланың сыйы екенін ұғайық, Оны ұқпасақ ертең болар мүлде кеш. Халқының бақытына Ер ұланы, Ұрпақ үшін үлгі өмір, өнегесі. Аман болса арыстан Нұрсұлтаны, Елімнің көгереді көсегесі. Ұлыларға оны халқым теңеңдер, Асыра айтқан теңеу екен демеңдер. Бақыты үшін қайғысы көп халқымның, Аман болғай кемел ойлы кемеңгер! Сенбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

АСТАНА.

Елбасынан нўрлы шуаќ тарайды Оңтүстікте Байдулла Қонысбек деген ардагер журналист бар. Қазақстанның «Құрметті журналисі». «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты қызметтер атқарған, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының қазығын қаққан азаматқа қай жерге барса да төрден орын беріледі. Үлкені де, кішісі де жапырылып жол ашады. Өйткені, бұл кісіде азаматтық келбетінен бөлек, кейбір шалшауқандар сияқты аз қазақты бөлу жоқ. Ұлы Абай айтқандай, адамзат баласын бауырым деп сүйеді. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Осы Бай-ағаң Елбасымен үш рет кездесуін жыр қылып айтады. 2009 жыл. Қыркүйек айы. Төле би, Қазыбек би жəне Əйтеке би көшелері тоғысатын Ордабасы алаңында «Жер-Ана» монументін ашуға Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев келіп, жұртшылықпен жүздескен. Монументті тұрғызуға ұйытқы болған кəсіпкер – Əмірхан Шүменов, ұлы, кəсіпқой бокста əлем чемпионы Бейбіт Шүменов. Ардагерлер қатарында болуға жиналып жатыр еді, телефон шыр еткен. Əли Бектаев. Кешегі облыс əкімінің орынбасары, бүгінгі сенатор, «Ауыл» демократиялықпатриоттық партиясының төрағасы. Тез жетіңіз дейді. Сөйтсе, Президент алдында сөйлейді-ау деген ақсақал екі сөз айтып тоқтап қала береді екен. Əлекең қашыртпа сөзді тыңдамады. Хатшыға шəйсуын алғызып, екі сағатқа есікті кілттеп кеткен. – Елбасы Ордабасы алаңында сөйлегеннен кейін халыққа қарай кетіп бара жатқан, менің сөзімді естіп қайырылды, – дейді Байекең. Қазақстан кешегі одақтас республикалардың ішінде айдынданып тұр. Қазақтың мəртебесі жоғары, Елбасының пікірімен əлем санасады. Керісіп қалған мемлекеттер келісімді Астанадан табады. Ойымды осылай жұптағанмын. Нұрсұлтан Əбішұлы өзі келіп амандасты. Бұрын патшаның қолын кім алып көрген. Бойым шымырлап кетті. «Елбасының қолын алғанымда қисапсыз жұрт жапырлап, амандасып еді. Соған көңілім тасып, ұзын көшемен жаяу тартып кетіппін. Қарасам, қасымда жан баласы жоқ, машина да жоқ. Əй, жаңа ғана мені құдайдай көргендер қайда кеткен?!» деп күлейін-ай келіп. Бұл – Бай-ағамның сөзі. Бірақ, Байекеңді кейін жігіттер аяғын жерге тигізбей алып кеткен. Екінші кездесу Түркістан қаласындағы этномұражайда облыс тың зиялы қауымымен өткен. Бір сағатқа белгіленген кездесу екі жарым сағатқа созылып, емен-жарқын əңгіме болған. Алдында елдің бəрімен амандасқан Елбасы коштасарда қақ айырылған топ алдынан өтіп бара жатып, Байекеңнің тұсында аялдап, қолын ұсыныпты. Сосын Байекең қопаңдаған. Інісі əрі ақеділ досы Мархабат Байғұтқа: «Көрдіңдер ме, Елбасы қоштасарда менің ғана қолымды алды. Президент мені

жыға таниды екен», деп əзілдеген. Үшінші кездесу Шымкенттегі жаңа əкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Түркістан» сарайында өткен. Нұрсұлтан Əбішұлы өзінің тапсырмасымен салынып жатқан жаңа қала орталығы жайлы əңгімелесіп жатқанда арқаланып жеткен Байекең сөз сұраған. Жаңа əкімшілік-іскерлік орталығының Шымкенттің сəулетін көтергенін айтқан. Əсем Астананың бір бөлшегіндей деген. Қала əкімдігі, «Түркістан» сарайы, Ж.Шанин атындағы Қазақ драма театрының ортасындағы алаңқайдың əдемілігін жеткізген. Сол алаңды қазақ халқының даңқты ұлы, əлемге əйгілі саясаткер деп келе жатқанда Елбасы: «Болмайды. Мен қарсымын, – деген. – Қазақстанда қала, аудан орталықтары көп. Ондағы жаңа алаң, саябақтарға менің есімімді бере берсе не болады. Өтінішіңізді түсіндім. Бірақ, болмайды. Мұның бəрі еліміздің ортақ игілігі, қызығын халқымыз көрсін». Байағаң бұл пікірді өздігінен айтқан жоқ. Зиялы қауымның өтініші еді. – Осылайша Елбасымен үш рет дидарласып, амандасу маңдайыма жазылыпты, – деп риза көңіл танытады Байдулла аға. – Байқағаным, Нұрекең – отты кісі. Қасында тұрғанда, сөзін тыңдағанда арқаланып, бойыңа қуат құйылғандай болады. Кеше қазақ кім еді. Өз елімізге өзіміз иелік ете алмай, өзгеге жаутаңдап келдік. Бүгінде Қазақстанды əлем біледі, санасады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінде Нұрсұлтан Əбішұлы ана тілімізде сөйлеп, мəртебемізді биіктетті. Осындайда ел, Елбасы аман болсын, қазақтың шығар асулары бүгінгісінен де биік болсын дей бергің келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы.


2 желтоқсан 2015 жыл

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Халыќтыѕ туєан баєына

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ жалпыұлттық акциясы

«Адам баласына қол ұшын беріп, қайырымдылық жасау – менің бойыма əкенің қаны, ананың сүтімен дарыған қасиет», – дейді есімі елге мəшһүр меценат, Жезқазған қалалық мəслихатының депутаты Бекзат Қомарұлы Алтынбеков. Ол – рас. Əкесі марқұм астындағы атын жаяуға түсіп беретін жайсаң болған заманында. Бұл ғұмырда анасының да аузынан «жоқ» деген сөз шықпаған екен. «Екі жақсы қосылса – санат емей немене», деген осы ғой. Бұл – бір.

Бекзат болмыс Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Екіншіден, Бекзат мырза қазағыма Əлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев жəне Əлімхан Ермеков сынды Алаштың аяулыларын берген Атымтай жомарт өлке Ақтоғайдың тумасы. Зады, қазақта бұл үшеуінен өткен жомарт жоқ шығар. Жомарт болғанда да, бұлар ұлтынан шыбын жанның өзін аямаған шын жомарттар ғой. Міне, осындай топырақта туып, анандай тектіліктің бесігінде тербеліп өскен ұланның қайтіп жаны жұтаң, қолы қатты болсын?! Аяулы Ақтоғайын есінен бір сəт те шығарған емес. «Туған жерге – тағзым» атты жалпыұлттық акция өз алдына, он жылдан бері кір жуып, кіндік кескен жеріне жүрегінің шуағын аямай-ақ төгіп

келеді. Қаламгерлерін құр меттейді, дарынды жасын маңдайдан сипайды, жоқ-жітікті қолтығынан демейді. Əйтеуір, «жоқ» демейді... 2001 жылы Жезқазған қаласында Талдықорған заң колледжінің филиалын құрды. Бұл оқу орны бұл күнде жемісті жұмыс істеп тұр. Араға үш жыл са лып мысты шаһарда Қазақ жол қатынасы университеті жанындағы қашықтықтан оқыту орталығын ашты. Осылайша білім саласының қыр-сырына қаныға жүріп, басқару менеджментін де мықтап меңгеріп алды. Самғап ұшу үшін кеңістік керек: ойдағысын жүзеге асыру жолында қиындықтың қамалын алып, мақсаттың биігін бағындыруға ұмтылды. Құлшыныс деген адамның қанаты емес пе. 2009 жылы Жезқазған қаласында

«Жезқазған бизнес жəне көлік колледжі» кəсіптік білім беру жеке меншік мекемесін ашты. Негізінен болат жолдың бойында еңбек ететін мамандар даярлайтын бұл колледжде қазір 1500-дей бала оқиды. Жыл сайын 400-ге жуық түлек ұядан ұшып, өмірден өз орнын тауып жатыр. Бүгінгі күнде бұл оқу орнында «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірдің 50 баласы оқиды. Бұдан бөлек, жомарт жан жыл сайын колледждің 15 студентіне өзінің атынан жеке грант тағайындап, жастардың алаңсыз білім алуына жағдай тудырған. Қаладағы мешіт, медресе, балалар үйі сынды мұқтажы мол мекемелерге қол ұшын беруге келгенде де аянып қалмайды. Алдына салып айдатқандай теңгесін мың-мыңдап

береді. Осының бəрін «бес уақытта бес намаз, біреуін қаза қылмасқа» деп имандылық жолында жүргендігінен ғана емес, қайран жүректің қалауымен істейді. Өнердің саласында жүрген жандардың да барынан жоғы басым. Осыны ескеріп, бұл кісілерге де қарайласып жүргені. Жезқазғандық актер, Халық əртісі Досжан Жанботаев атындағы өзі тағайындаған жыл сайынғы сыйлықтың бүгінгі күні республика көлемінде театр саңлақтарына беріле бастағанының өзі-ақ осы сөзімізге дəлел. Мақсат – Бекзаттың бергенін жіпке тізу емес. «Нұры тасысын!», деген ниетпен жақсының ісін айтамыз-дағы. «Қоғамдағы əлеуметтік теңсіздікке немқұ рай ды қарай алмаймын. Ал енді, қайырымдылықты осы бір атымды шығарайыншы, өзімді жарнамалайыншы деп жасамаймын. Мұқтаж жанның қажетін ашып, алғысына бөленсем – өзімнің аза маттық парызымды өтегенім деп санаймын», – деп ағынан жарылады жаны жайсаң азаматтың өзі. Биылғы жыл Бекзат үшін аса берекелі болды. Қайырымдылық жасаушы оның қайырын көремін деп жасамайды ғой. Дегенмен, елге істеген жақсылығың түбі өзіңе құт-береке сипатында оралатыны бар. Таяуда ғана

Бекзат Алтынбеков «Алтын жүрек» халықаралық қоғамдық ұйымының «Білімге қосқан үлесі үшін» аталымының иегері болды. Мұның алдында да бірнеше ұйымның сый-құрметі мен марапатын көрген. «Бейбітшілік əлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Ұлт мақтанышы» медалі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін төсіне тақты. Есімі халықаралық үлкен энциклопедияға еніп, «Таңдаулы адамдар» бөлімінің «Батыр» құрмет белгісін иеленді. Бұдан бөлек, Білім жəне ғылым министрлігі тағайындаған «Білім меценаты» күміс медалінің иегері атанғаны тағы бар. Бекзат мырза жар таңдауда жолы болған азамат. Құдай-ау, құдай қосқан қосағы жомарттығы ұстаған кезде қолынан қағып жатса қайтер еді? Сол Шолпан «қой берейік» дегенінде «тай берейік» дейтіннің нағыз өзі болса керек. Екеуінің сүттей ұйыған отбасында Көркем, Гүлсезім деген екі қыз бен Ернияз есімді атұстар жайқалып өсіп келеді. Жүректің қалауымен қайы рым дылық іс қылғанға Жаратқанның өстіп қайырын молынан беретіні бар ғой! Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы.

Əдемі əсерге бґлеген шара Облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Достық, бірлік – бір жүректен!» атты заманауи музыка фестивалі өткізілді. Оны Қазақстан композиторлар қауымдастығы, облыстық халық шығармашылығы үйі жəне Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония бірігіп ұйымдастырды. Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Заманауи музыка фестиваліне еліміздің Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Ақтау, Орал қалаларынан композиторлар, дирижерлер, Қазақстан композиторлар қауымдастығының мүшелері қатысты. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласына Қазақстан композиторлар қауымдастығының төрағасы Балнұр Қыдырбек бастаған алты халықаралық фестивальдер мен мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары, танымал композиторлар келді. Мəдени шараның бірінші күні фестивальға қатысушылар Мəртөк ауданында концерт берді. Екінші күні композиторлар Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттерімен жəне ұстаздарымен шығармашылық кездесу өткізіп, өнер туралы ой бөлісті. Шығармашылық кездесуде студенттер қауымы өскемендік Ольга Юлтыева, қызылордалық Саукен Əліш жəне қарағандылық Марат Сүтішев сынды композиторлармен кездесіп, өздерін толғантқан сұрақтарына жауап алды. Сол күні фестивальға қатысушылар Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залында

ақтөбелік өнерсүйер қауымға концерт тік бағдарлама ұсынды. Екі күндік концерттердің бір ерекшелігі – онда орындалған Қазақстан жəне шетел композиторларының шығармаларын Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі сүйемелдеді. Концертте еліміздің əр қаласынан келген дирижерлер – ақтөбелік композитор, Қа зақстан Республикасының мəдениет қызметкері Қайырғали Қожанбаев, халықаралық байқаулардың лауреаты Елубай Кенжалиев, батысқазақстандық өнерпаз, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының

лауреаты Еркін Нұрымбетов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, маңғыстаулық Рахат Мадреев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дəурен Ғылымов жəне ақтөбелік мəдениет үздігі Мəдина Қабижанова алма-кезек сахнаға көтеріліп, дирижерлік шеберліктерін паш етті. Көрермендер бір концертте дирижерлік мектептің бірнеше дəстүрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Мəдени шара барысында композиторлар Қайырғали Қожанбаевтың «Арнау», Орынбасар Терековтің «Атшабыс» күйлері, «Жайықтың аруы» əні, Владимир

Шығыс өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында көптеген қайырымдылық жобалары жүзеге асырылып жатыр. Айталық, «ҚХА – 20 ізгі іс» жобасы шеңберінде Владимир Кошелев Глубокое ауданының Белоусовка кентіндегі Жастар көшесі бойында орналасқан №8 көппəтерлі тұрғын үйге жылу құбырын тартып берді.

Берекелі Быков Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан».

Сондай-ақ, ол Белоусовка кентіндегі мектепке қаржылық қолдау көрсетіп, аудандағы ардагерлерге, қоғамдық ұйымдарға материалдық көмек үшін 8 миллион теңгеден астам қаржысын жұмсаса, Семей қаласындағы «Бəйшешек» балабақшасы жағдайы төмен отбасылардың балаларына 21 миллион теңге бөлді. Семейлік «Возрождение» ұйымы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызбасты, кембағал жандарға 3 миллион теңгеден астам қаражат жұмсады. Осы сияқты жұмыстар облыстың басқа да қалалары мен аудандарында атқарылуда. Əсіресе, «Қазмырыш» ЖШС басқарушы директоры Андрей Ла зарев,

7

www.egemen.kz

Ұлттық ядролық орталық қызметкері Сергей Кузнецов, «Шығысқұрылыс» ЖШС директоры Нұрлан Тұраров жəне басқа да кəсіпорындар өкілдері мен жеке кəсіпкерлердің игі істерін тізбелеп айта беруге болады. Сондай ізгі жандардың бірі Сергей Быковты өңір тұрғындары жақсы біледі. Бородулиха ауданының Красный Яр ауылында тұратын Сергей Николаевич туған ауылының атымен аталатын шаруа қожалығының жетекшісі. 1998 жылы тіркеуден өткен шаруа шылық бүгінде аудандағы бірегей əлеуетті жұмыс беруші кəсіпорынға айналып қана қоймай, əлеуметтік мəселелерге де ден қоюымен ерекшеленеді. Мал жəне егін шаруашылығымен шұғылданатын «Красный Яр» қожалығы

8 мың гектарға жуық жер телімін мақсатты түрде пайдаланып отыр. Жыл сайын іргеленген шаруа қожалығы бүгінде 40 трактор, 20-ға жуық комбайн мен 10 жүк көлігінен тұратын материалдықтехникалық базасын жасақтады. Қожалықта бидай, сұлы, арпа, күнбағыс өсіріліп, 300-ден ас там ірі қара, 200-ден астам жыл қы бағылады. Барлық істе ауыл дастарының қолдауы мен сүйіспеншілігіне ие болған шаруа қожалығының жетекшісі Сергей Быков аудандық мəслихаттың үш шақырылымына депутат болып сайланды. Білікті маман мəслихаттың агроөнеркəсіптік кешен, экология жəне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты

Стригоцкийдің «Жерлестер», Сардар Фараджевтің «Көроғлы», Хабибулла Сетековтің «Алматинская ночь» атты оркестрлік шығармалары жəне де басқа көптеген композиторлардың туындылары Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның жетекші əншілерінің орындауында көрермендерге ұсынылды. Жыл сайын дəстүрлі өтетін заманауи музыка фестивалі өнерсүйер қауымды əдемі əсерге бөлеген өңірдің мəдени өміріндегі ерекше оқиға ретінде жұртшылық жадында қалды. Ақтөбе облысы.

комиссиясының төрағасы екенін де айта кетейік. Ең бастысы, «Красный Яр» шаруа қожалығының шапағаты тимеген ауыл тұрғындары некен-саяқ. Қаншама жұмыс көзін тауып берген қожалықтың қайырымдылық шараларымен аты шыққан деуге болады. Мəселен, Красный Яр ауылында Сергей Быковтың демеушілігімен бүлдіршіндерге арналған шағын орталық бой көтерді. Бос тұрған ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізудің нəтижесінде аталған нысан мектепке дейінгі мекемеге айналды. Осы арқылы ауыл балаларының тегін балабақшамен қамтылуына көмек қолын созған кəсіпкердің ізгі əрекетіне сүйсінбеске əддіңіз қалмайды! Бұл жобаға кəсіпкер 9 миллион теңге қаражатын жұмсады. Қазір шағын орталықта 25 бүлдіршін тəрбиеленуде. Ол, сондай-ақ, жаңа туған сəбилер мен əлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына үнемі көмек көрсетіп жүреді. Жас отбасылардың үйлену тойы шығынының тең жартысын көтерісіп, дүниеге келген əр сəбиге 150 мың теңге көлемінде сыйақы беруді дəстүрге айналдырған. Осыдан екі жыл бұрын кəмелеттік жасқа толмаған екі бала тəрбиелеп отырған жас отбасына баспана

сыйлады. Үш ауылдық округке қызмет көрсететін «Жедел жəрдем» көлігін тарту еткені үшін ауылдастары дəн риза. Одан бөлек, ауылдық клубты іске қосып, аудандық зиратқо рымды қоршап берді. Ардагерлерге арналған ескерткіш орнатты. Балалар күні мен қарттар айлығында, Тəуелсіздік мерекесі мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күні аясында ауылдастарына тұрақты сый-сыяпат жасап тұрады. Жалпы, ол осыған дейін 40 миллион теңгенің көмегін беріпті. Атымтай азаматтың еңбегі еш емес. Сергей Быков «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Бородулиха ауданының құрметті азаматы атанды. Екі мəрте Елбасы ның Алғыс хатымен, Ауыл шаруашы лығы министрі мен облыс əкімінің құрмет грамоталарымен, басқа да биік дəрежелермен марапатталып, Шығыс Қазақстан облысының үздік фермері атанды. Осының барлығында өлшеусіз еңбек, аза маттың ақжарқын бол мысы мен адамгершілігі, ауыл дастарының ақ тілегі мен ризашылығы жатыр. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы.

Киелі, асыл сүйегі, Қазақ деп соққан жүрегі. Көшбасшы еді арманы, Көкбөрі елдің тілегі. Қауышқан күнге сағына, Құт болдың тұғыр тағыма. Жұлдызың жанып Нұраға, Қазақтың тудың бағына. Тəңірден жұрты сұраған, Ғасырда туған ұлы адам. Танытқан елін əлемге, Мың алғыс саған Нұраға. Көрсек те қанша қиындық, Тыныштық үшін сүйіндік. Барлық ұлт туыс-бауырдай, Сезіммен ғана жылындық.

Арқаға соғып Астана, Баянды болды бастама. Еліңе алтын тұтқа боп, Аман-сау əр кез жүрші аға. Ұйқысы қанық баланың, Дидары жарық ананың. Татулық – алтын көпірдей, Құлпыртты төсін даланың. Мың алғыс саған бəрі үшін, Ұрпаққа үлгі əр ісің. Болашақ алға жеткізсін, Қазақтың қоңыр дауысын. Темірхан ƏБДІКОВ.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы.

Ќылќалам ќуаты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, əйгілі суретші Камиль Муллашевтің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» портреті Елбасы бейнесін толыққанды ашқан еңбектің бірі саналады.

Қылқалам шебері өзінің Президентпен 1996 жылғы Алматыда кездескен сəтін сергек сезіммен баяндайды. Камиль Валиахмедұлының айтуы бойынша, суреткер үшін мұндай айшуақ мезет ешқашан ұмытылмақ емес, сонымен қатар ол шығармашылық адамына қанат бітіреді, өткен мен келешек туралы ойларын түйіндеуге зор мүмкіндік туғызады. Мемлекет басшысымен кездесуден кейінгі туынды сол жылдарды баяндауымен əсерлі. Дархан даланың даңғайыр тілімен жырланады. Сол себепті, картина авторы оған көп мағына сыйғызуға, тұлға бейнесінен елдік мүддені ашып көрсетуге көбірек мəн берген. Одан бері арада жиырма жылға жуық уақыт өткеніне қарамастан, осы бір санаулы уақыттағы бетпебет жүздесу кісілік кескін-келбетті қылқалам құдіретімен жеткізуге мұрындық болумен қатар, суретші қиялын самғатып, зəу биікке алып шығады... Портрет иесі сол кезеңді жиі есіне алып отырады. Мұндағы бояулар өте қанық. Тарихи тұлғаның кесек бітімі қоғамға ой салуымен қымбат. Елбасының бойындағы көшбасшылық қасиетіне қоса саяси көрегендігі, шығармашыл бейнесі қатар көрініс тапқан портретті өте сəтті орындалған қылқалам туындысы деуге толық негіз бар. Жалпы, əр автор өзінің ойидеясын, өмірлік ұстанымын картиналар тілімен баяндайды десек, К.Муллашевтің Елбасы эмоциялары мен мінез-құлық қасиеттерін тура жеткізе білген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» портретінің алғашқы таныстырылымы Президенттік мəдениет орталығында 2003 жылы өтіпті. Айта кету керек, биыл Мем лекет басшысымен тағы да жүздесудің сəті түсіп, онда отандық бейнелеу өнерін дамыту мəселелері, дəстүрлі мəдени-тарихи құндылықтарды қорғау мен насихаттаудың мүмкіндіктері əңгіме арқауына айналды. Осыған орай суретшіні əңгімеге тартқанымызда, ол енді Елбасының жаңа тұрпаттағы кескінін бейнелеуге дайындық үстінде екендігін айтты.

Камиль Валиахмедұлы Нұрсұлтан Назарбаев туралы еңбегінде ақылпарасатқа бай, өмірлік тəжірибе мен саяси күш-жігерге ие айрықша тұлғаның бейнесін өзгеше рухта өрнектемек. Ал өзінің бастапқы жұмыстарында ол тəуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары, мемлекеттік басқару жəне биліктің бүкіл тармақтарының өзара əрекет ету жүйесі, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Елбасының есімімен тығыз байланысты екенін бейнелесе, Н.Назарбаев портретінің артқы фонында атқан таңның шапағы көрініс табады. Алматының заңғар тауларындай тəуелсіз жəне егемен елдің бой көтеруі ертеңгі күн ге сенімді нығайтады, іске сер пін туғызады. Президенттің мəртебесін үстіндегі қызыл шапан ай рықша айғақтап тұр. Бұл деталь қазақ халқының берекесін, ал ою-өрнектер ата-баба аманатына адалдық пен асқақ рухты аңғартады. Ел туы мен алтын адам киіміндегі бедерлер ерекше нақышқа ие. Портретте Мемлекет басшысы оң қолын Қазақстан Республикасы Конституциясының үстіне қойып, елдің халқына ант беруде. Осының өзі-ақ Тəуелсіздікті нығайтудағы қайраткердің болаттай қайрат-жігерін, елдің ертеңіне деген арман-аңсарын айқын дəлел деп тұр. Елбасы қашанда мəдениет пен өнерге, руханиятқа жанашырлық танытып келеді. Сондықтан да Президент: «Қазақстандық мəдениет жаһандық мəдени мұраның ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Ол əлемдегі түрлі халықтардың мəдени құндылықтарын қабылдау жүйесінде нақты танылуы тиіс. Мəдениет еліміздің барлық азаматтары үшін патриотизмнің өзегі болуы қажет» деп атап көрсеткен болатын... Ал, қылқалам шеберінің Елбасын бейнелеген портреті – шығармашылық адамдарының қайраткер тұлғаға деген сондай шексіз құрметі мен айрықша сенімін айғақтайтын ауқымды еңбек саналады. Қаршыға КҮЛЕН.

Ґзекті мəселелер ќаралєан отырыс «Ауыл» демократиялық-патриоттық партиясы Астанада «Ауылдың өзекті мəселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға шаруалар, аграрлық сектордағы ғалымдар, мемлекеттік орган жəне ұлттық холдинг қызметкерлері, сонымен қатар осы саладағы азаматтық қоғам белсенділері қатысты. «Ауыл» демократиялық-патриоттық партиясының төрағасы Ə.Бектаевтың айтуынша, «Партияның негізгі құраушы əрі қолдаушы күші ауылдағы қарапайым тұрғындар. Сондықтан партия өзінің барлық күш-жігерін ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға, ауылдың мұң-мұқтажын кешенді түрде шешуге жұмсамақ ниетте». Соңғы он жылда ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс көлемі 4 есе өскен. Сала өнімдерін экспорттау 3 есеге артқан. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 4 есеге көбейген. Мысалы, 2004 жылы 44 млрд. теңге болса, 2014 жылы 166,4 млрд. теңгеге тең болған. Деректер мен статистика көңілге қонымды. Ауыл халқы денсаулығының мықты болғанын жəне тұрақты, материалдық, мүліктік мүмкін дігінің болғанын, құқықтары мен бостандықтарының қорғалғанын жəне қауіпсіздігінің қамтамасыз етілгенін қалайды. Еңбек нарығының тиімділігін

арттыру, тұрмысы төмен, жұмыссыз жəне өзін өзі еңбекпен қамтыған халықтар жігінің арнайы бағдарламаларға белсенді қатысуына жағдай жасау ауыл-аймақ үшін аса маңызды шара болып табылады. «Ауыл тұрғындарының қоғамдық санасында жұмыспен қамту, жұмыссыздық жəне қызметке орналасу мəселелері, əсіресе, өткір тұр», деп атап өтті өз сөзінде «Ауыл» демократиялық-патриоттық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Т.Ғабділəшімов. Дөңгелек үстел қатысушыларының пікірінше, ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытында оң өзгерістер бар. Бүгінде ауыл тұрғындарының көпшілігі электр энергиясымен қамту, стационарлы телефон жүргізу, ұялы байланыс операторлары жəне интернетпен қамту жұмыстарын жоғары бағалайды. «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында нақты əрі ауыз толтырып айтарлықтай жобалар жүзеге асырылуда, мемлекет ауыл шаруашылығын тиісті көмексіз қалдырмайды. Дөңгелек үстел қатысушыларының айтуынша, партия аграрлы саясаттың инновациялық əлеуетін арттыруға жəне ауыл халқының адами капиталын көтеруге ықыласты. «Егемен-ақпарат».


8

www.egemen.kz

2 желтоқсан 2015 жыл

 Өнеге өрнектері Танымал кинорежиссер Сергей Əзімовтің академик Төрегелді Шарманов туралы мақаласы «Шаршамайтын Шарманов» деп аталыпты. Көрнекті ғалымның əр қыры жеке-жеке сөз етіліпті. Соның өзінде де кейіпкердің азаматтық келбетін ашар нақты бір жай қозғалмай қалыпты. Ол – академиктің кейінгі кезде қоғамдық пікірге көп қозғау салған, азаматтық белсенді ұстанымын танытқан «Құндылықтар құлдырауы» атты мақаласы. Жақында ағамыз өз мақаласына үн қосқан авторлар жарияланымдарының басын қосып, жеке жинақ күйінде жариялапты. Кітап алғысөзінде былай делінген: «2015 жылдың 13 наурызында еліміздің бас басылымы – «Егемен Қазақстан» газетінде «Құндылықтар құлдырауы» атты мақалам жарияланды. Мақалада соңғы кезде ел өмірінде байқалып жүрген келеңсіз көріністер туралы көптен толғандырып жүрген ойларым жарық көрген еді. Барша қоғамдастық мақаланы қызу қабылдап, газет бетінде пікірталастың көрігін қыздырғаны анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі маған арнайы телефон соғып, мақаламен толығымен танысқандығын, өрбіген ой-пікірлерді қолдайтындығын айтты. Сондай-ақ, Елбасы «Егемен Қазақстан» газетінің басшылығына: «С.Абдрахмановқа. Т.Шармановпен мен сөйлестім, телефонмен. Бұл мəселені əрі қарай Сергей ƏЗІМОВ, кинорежиссер, кинопродюсер.

Менің əңгімем қуанышы үзілмеген қарапайым адами қарым-қатынасымызға он бес жыл толған адам – Төрегелді Шарманов туралы болмақ. Кейде мен оны жеткілікті танитындай-ақ боламын, бірақ, əрдайым бұлай еместігіне көзім жетеді. Осы жазбалар – Төрегелді Шарманов атты құпия əлемнің тұңғиығына бойлап, түсінуге тырысқан кезекті əрекетімнің бірі.

Ќўпия əлемі

Оның жанының құпия сыры бұрыннан танитын, жақсы білетін адамдар үшін де беймəлім екендігі айқын. Сексен бесті алқымдаған жанның кейпі дəстүрлі қалыптасқан ақсақалдың, ғұламаның кейпіне келе бермейді. Дегенмен, ол – біздің еліміздің қоғамдық санасында осы атақтардың жоғары мəні мен дəрежесіне сөз жүзінде емес, іс жүзінде сəйкес келетін сирек адамның бірі. Бірақ, өзіне сын көзімен қарайтын, мадақтауды жəне басқа сөзді салмақтап, таразылап қарайтын əдетіне сай жоғарыда аталған атақтарға табиғатына тəн шаншар əзіл сөзімен түйреп, жауап қайтаратындығы сөзсіз еді. Осыдан кейін бүгінгі өмірдегі бойымыз үйреніп кеткен, ойлансаң – жаныңа түрпідей тиетін бос мадақтауға қолын бір сермеп, ақжарқын пейілмен, рахаттанып күліп алатындығы да рас. Бұл адамды тереңірек жəне нақтырақ түсінуге ұмтылу мақсатында зер қойып, үңілгенде адами құндылықтардың мызғымайтын жүйесіне негізделген, халқының дəстүрі мен салты секілді туған үйінің іргесімен бекіген, əр тасы мен шөбі қарт тарихтың ұлылыққа толы аңызынан аян беретін қасиетті Ұлытау жерінде дүниеге əкеліп, бақытты тағдыр сыйлаған анасының сүтімен бойына сіңген терең жəне шұрайлы қазақ тіліне сай жеке тұлғалық ерекшелігін айыра бастаймыз. Осы мəнді-мағыналы тұжырым өмірлік мүддесі ғылым мен медицинадағы кəсіптік қызметінің шеңберінен асатын, зердесінің еңсесі биік жан Төрегелді Шармановтың тумысынан тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын тайға таңба басқан тəрізді айқындайтындай. Сəті түсіп, əңгіме-дүкеннің көрігін қыздырған шағымызда оның өнерден, музыкадан, əдебиеттен мол хабардарлығы мен іргелі танымы қайран қалдырады. Алдымен, туған тілін, ұлтының тарихын терең білуі, табиғи қазақылық қасиеттері тəнті етеді, қазір қатары сиреп бара жатқан «қаймағы бұзылмаған қазақтың» бірі. Сексен бестің ақ қарлы шыңын еңсерген ғұмырының молын Алматы мен Мəскеу секілді нəн шаһарлардың құшағында өткізсе де, өзінің туған топырағымен терең тамырын үзбеген, өмірінің қиынқыстау шағында шөлін басып, рух беретін балалық шағының бастауы мен алғашқы жеңістерін, рухани биіктеріне адалдығын құбылмалы əлемнің тіресіп, тізесін батыруына қарамастан, кіршік-қылау түсірмей, мөлдір бұлақ күйінде көңілінің түкпірінде əлпештеп сақтай алған.

Дəрігерлік – таєдыры

Жалпы, шолып өткенде қызмет жолы кеңестік дəуір өлшемімен алғанның өзінде аса табысты көрінеді. Қарағанды медициналық институтын 1955 жылы үздік дипломмен бітіріп, 1958 жылы аспирантураны тəмамдайды, 1958-1962 жылдар аралығында туған ауылы Ұлытаудың төсіндегі аудандық аурухананың бас дəрігері болады, 1962-1968 жылдарда Ғылыми-зерттеу институтының бөлімін басқарады, 1968-1971 жылдары Ақтөбе медицина институтының ректорлығын атқарып, 1971-1982 жылдарда Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болады. Сонымен қатар, ғылыми жəне мемлекеттік дəрежеде сіңірген еңбегі бүкілодақтық, əлемдік танымалдық иеленеді. Жалғандағы ең жақын, қымбат жандары – жұбайы мен қызын жоғалтқан шақтардың қайғысын жұтып, қасіретін

қозғау қажет. Басқа адамдар да осы тақырыпты жалғастырсын. Н.Назарбаев», – деп өзінің қамқор сөзін айтып, арнайы тапсырма берген болатын. Осыдан бастап, жарты жылға жуық уақыт бойы газеттің «Жазылған жайдың жаңғырығы» айдарында үн қосушылардан келіп түскен мақалалар тобы үздіксіз жарияланды. Өзекті тақырыпқа үн қосып, зерделі ой бөліскен азаматтарға, өткір пікірлерді уақтылы жариялап, барша қауымға жеткізіп отырған «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымына алғысымды айтамын. Құрметті оқырман қауым, «Құндылықтар құлдырауы» көптің көңілінде көптен бері жүрген түйткілді мəселелерді қозғауына байланысты жəне айтылған ойлардың қоғамымыз үшін өзектілігін ескеріп, көпшіліктің ой-санасында тұрақтап қалуын мақсат етіп, жарияланған мақалалар тобын жеке кітап ретінде шығаруды жөн көрдік. Ізгі ниетпен, Төрегелді ШАРМАНОВ».

Газеттің оқылымдылығын арттыруға септескен мақаласы, ол бойынша жарияланымдар топтамасын жинақ етіп шығарғаны үшін белсенді авторымызға, сыйлы ағамызға біз де өз тарапымыздан разылық білдіреміз.

тоталитарлық жүйесінің қатал табиғатына қанық жандар мақұлдар деген ойдамын. Сондықтан, бұл конференция өз халқының қамын ойлаған əр қазақ-патриотының ұлттық санасының оянуында үлкен рөл атқарып, болашақ тəуелсіздікке бастаған алғашқы қарлығаштай болды десем, артық болмас. Осының бəрін табысты түрде жүзеге асыру үшін басты мақсатқа – Қазақстанның денсаулық сақтау саласын жақсартуға жету жолында ұсақ-түйегіне дейін ескере отырып, шашау шығармастан, бірақ, мəселені кешенді деңгейде, қазіргіше айтқанда, инновациялық тұрғыдан шеше алатын ерен тұлға қажет еді. Министр Шарманов нақ осындай тұлға болып шықты. 2005 жылы ДДҰ жоғары басшылығы Шармановқа əлем медицинасына қосқан көрнекті еңбегі үшін санаулы адамдар ғана қол жеткізген Леон Бернард атындағы медальді тапсырды. «Ештен кеш жақсы» дегендей, сан жылдардан кейін иесін тапқан осы марапаты Шармановдəрігер үшін ерекше қадірлі. Шармановтың ДДҰ-ЮНИСЕФ-

жарияланған ойларына кезек берсек: «Соңғы кезде əлем ғалымдары өңделген сиыр сүтінде болатын транс-майларға көп назар аударуда. Ғылыми дəлелденгендей, олар қантамырлары үшін зиянды, сондайақ, диабетті, семіздік пен бедеулікті туындатуы ықтимал. Бие сүтінде транс-майлар болмайды, сиыр сүті казеинге (бөгде заттек), ал бие нəзік альбуминге (ана сүтіне жақын заттек) негізделген. Осы қасиетіне орай əлемде тұңғыш рет бие сүтінің құрамында транс-майлар болмайтын, ерекше өнімдерді əзірлеуде қолдануға болады. Тағамтану академиясы осындай денсаулығымыз үшін пайдалы, ерекше өнімдердің технологиясын əзірледі. Бие сүті негізіндегі осындай ерекше өнімдердің толыққанды өндірісте жолға қою үшін сəйкес инвестициялар жəне шикізаттың өнеркəсіптік көлемі қажет».

Достыќ сыры

Оның өмірінде достары ерекше орын алады. Достар дегеніміз – өмірінің қиынқыстау кезеңдері, қысының ызғары мен

Шаршамайтын Шарманов кешу, кейбір əріптестерінің сатқындығын көтеру, билік-əкімшілік жүйенің қатал тырнағына ілігіп, қыспағына төзу, амалсыз туған елден жырақ кету, кəсібімен айналысуына шек қойылып, қолының күрмелуі – осының бəрі оның өмірі. Қазақстанның тəуелсіздікке қол жеткізуі, жүрегімен қалаған өмірлік ісі – медицинаға белсенді түрде қайта оралуы, ерен еңбек сіңіріп иеленген құрметті атағы мен дəрежесі – осы жеңістерді арқаланып, жайма-шуақ ғұмыр кешудің орнына əрі қарай тағы да тағдырдың қиын жолын таңдайды. Ол ешқашан артық демократ болып, қарамағындағыларға қарапайым, қолжетімді болып көрінген де емес, өзінің туа біткен шынайы табиғатын сақтай білген адам, бұрыс жері мен жіберген қателіктері болса, түсініп, ауыртпалығын мойындай алды. Кейбір əріптестері мен таныстарының сатқындығының қияметін де көтерді, жаппай кешірімшілдікке бармаса да, кекшілдіктен алшақ тұрды. Тек бойын олардан аулақ ұстап, қатынасын үзетін. Жəне тұла бойы қажыр-қайраттан тұратын Төрегелді Шармановтың əрдайым аса маңызды, қауырт істері күтіп тұрғанда өмірдің келеңсіз тұстарына назар аударуға уақыты да болмайтындығы айқын. Шаршамайтын Шарманов бүгінде жемісті де қажырлы жұмысын жалғастыруда, оның жүзеге асыруы тиіс істерінің ауқымы мен жоспары əлі де зор.

Ќаламыныѕ ўшќыны

Əрине, Төрегелді Шармановтың бейнесін сомдау – оның көптеген журналистік сұхбаттарынсыз, очерктерінсіз толыққанды болмайды. Алдымен, оның өзінің ғылыми монографиялары мен мақалаларын, өмірінде кездестіріп, достығын сыйлаған белгілі ірі тұлғалар жайындағы əдеби естеліктерін, өткір тілді, үнемі пікірталасқа шақыратын публицистикасын атау қажет. Сан жылдар бойы ғылыми монографияларын, əдеби очерктерін немесе журналистік мақалаларын өз қолымен жазып, оларды сан рет түзетуден қаламы шаршамайтындығы сөзсіз. Əр сөзінің салмақты, астарлы ойы мəселенің немесе адамның жанды жерін қозғайды. Ақыл-сөзінің қайраты мен құштарлығы, əрдайым басым жігері, қарастыратын мəселелер мен құбылыстардың мəнін аша білуі ешкімді бейжай қалдырмайды. «Діни нанымды өзгертуден тағамдық дағдыны өзгерту қиын» – адамзаттың басты өмірлік мəселелерінің бірін осылай дəл жəне қанатты сөзбен бейнелеу əркімнің қолынан келмейтіндігі анық. Оның бір себебі, адамдардың саламатты жəне дұрыс тамақтану мəселелеріне бүкіл өмірін арнағандығынан болар. Үш жүзден астам ғылыми еңбек пен кітаптың авторы. «Денсаулыққа жалпы құқық жəне оны əр елде жүзеге асыру» (1981), «Сақтандыру медицинасы: ізгілігі немесе қатері» (1993), «Медицина ғылымын не күтіп тұр?» (1994), «Денсаулық құқығына ұзақ өрлеу» (1998), «Замандастарымның бейнесіне шолу» (2009). Кітаптардың осы атауларының өзі авторының ешкімге ұқсамайтын, шығармашылық қолтаңбасын анықтайды. Төрегелді Шарманов – автордың əр материалы ғылыми негізделген дəйектер мен болжамдар ғана емес, айқын, нақты, оң-терісі сараланып, уəжді берілген дəлелдер, алдымен, автордың адал, басынан кешіріп барып, тұжырымдаған, көбінесе, қалыптасқан дəстүрлі пікірге

ұқсамайтын жеке көзқарасы екендігін түйсігіңмен топшылайсың.

Адал абыройы

Төрегелді Шармановтың жоғары би ліктің қамқорлығын сезініп, назарын иеленген шақтары да аз емес. Ірі басқарушы қызметтің, ғылыми жəне құрметті атақтардың, жоғары мемлекеттік марапаттардың иесі болды. Ол уақытта Шармановқа алдымен, Кеңес Одағының, кейіннен Ресей Медицина ғылымдары академиясының, республикамыздың тəуелсіздік туын көтерген шағындағы Академиясының академиктері болу үшін медицина ғылымының дамуына қомақты жəне нақты үлес қосып, отандық медицинаға зор пайдалы істерінің жемісін əкелу қажет болды. Барша жұртқа медицина саласындағы терең ғылыми атақтарымен жəне шынайы жетістіктерімен расталған жоғары кəсіпқойлығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде дəлелдеу, қатардағы қарапайым дəрігерлерді таңдаған ізгі жолының дұрыс тығына сендіре білу үшін биік бедел мен адал абырой иесі болуымен қатар, зор ұйымдастырушылық дарыны болуы шарт еді. Марапат пен атақ жайлы айтылғанда, көптеген салтанатты шаралардың ішіндегі өзім куəсі болған бірі жайында сөз етсем деймін. Асаба кештің ең құрметті ақсақалдарын олардың атақ-дəрежесін шамадан тыс əсіре мадақтаумен таныстырды. Ал Шармановқа сөз бергенде оның академик атағына аса көңіл бөліп, сөзінің мəн-мағынасына мақамын лайықтап жеткізді. Осы кезде сөз алған Шарманов болса, байсалды қалпында, қынжылысы дауысынан ғана білінетіндей кейіпте, бүгінгі шақта осы жоғары атақтың аса құнсызданып, бұрынғы қадірін жоғалтқандығын айтып барып, кештің тақырыбына ойысты. Сол кезде кештің төрін төрлеген, бүгінде жаңадан сап түзеген «академик» қауымның түрлерін өрт шалғандай еді. Ол адамның жасаған əрбір ізгі ісінің құр биік сөзден маңызды екендігіне, біздің өміріміздің жалғыз əділетті төрешісі – уақыт пен Құдай екендігіне кəміл сенімді.

Асќар асуы

Қырықтың қырқасында Шарманов Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі болып, саланы аттай он екі жылға жуық басқарды. Бүгінде осы кезеңді отандық медицинаның ең жемісті, өрлеу шағы деп атайды. Басты мақсаты – медициналық қызметті қолжетімді жəне жоғары сапалы ету, өз ұлтының, қазақ халқының денсаулығын нығайту болатын. Осыған орай ол ерекше жолды таңдай білді. Сөйтіп, 1978 жылы ДДҰ алғашқы медициналық-санитарлық жəрдем бойынша конференциясын Алматыда өткізу құқын жеңіп алды. Сол кезең үшін айрықша тарихи жайт: Кеңестік Қазақстанның астанасы – Алматыға əлемнің 140 елінің денсаулық сақтау министрлері қадам басты. Олар əлемдік денсаулық сақтаудың «Ұлы Хартиясы» аталатын ғаламдық тарихи мəні бар Декларация қабылдады. Бүгінде, сол тарихи күндердан алыстаған сайын, осы тарихи оқиғаның шынайы мəңгілік мəні айқындала түсуде. Сол кезде осындай халықаралық аса жоғары деңгейдегі жиын өткізу жайтының өзі бір қиял-ғажайып дүние болып көрінеді. Бұл тұжырымның шынайылығында бір тал артық сөз жоқтығын КСРО-ның бір орталыққа бағынған, саяси

тің 1978 жылғы тарихи Алматы конференциясында қабылданған медициналық-санитарлық алғашқы жəрдемнің негіздік қағидалары мен философиясына негізделген ғылыми көзқарастары мен нанымын жақтаудағы айқын ұстанымдылығын жəне тұрақты бірізділігін ерекше атаған жөн. ДДҰ Бас директоры Маргарет Ченнің айтуынша: «МСАЖ – жаппай қолжетімділікті қамтамасыз етудің оңтайлы жолы, денсаулық сақтаудың тұрақтылығына жетудің үздік тəсілі жəне медициналық жəрдем көрсетудің əділетті кепілі». Сондықтан, бүгінгі денсаулық сақтаудың науқасқа бағдарланған парадигмасын аурулардың алдын алуға, денсаулықты нығайтуға бағытталған жаңа парадигмамен түбегейлі алмастыру қажет. «Медициналық-санитарлық алғашқы жəрдем – бұл аурулардан қорғаныстың алғашқы шебі ғана емес, денсаулық сақтау жүйесінің барлық негізгі құрамбөліктерін байланыстыратын шешуші буын. Денсаулық сақтаудың алғашқы буынының жұмысы жоғары деңгейге қойылса, ауруханаға жатқызудың жиілігі – 40%, ал денсаулық сақтауға жалпы шығындар 30% азаятындығы дəлелденген. Зерттеулер көрсеткендей, жалпы тəжірибе дəрігерлері аурулардың 70-80%-ға жуығын ерте сатысында анықтай алады». Мен медицинадан қашық адам болсам да, Шармановтың еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде өзгерістер қажеттілігі жайында жазғанын оқи отырып, автордың көзқарасына сөзсіз қосыламын. Шармановтың ғылыми мақалаларының тағы бір маңызды құндылығы – тек дəйектер мен қатаң ғылыми талдауға сүйене отырып, «дəнді дақылдың қауызын аршығандай», негізгі мəселенің басты мəнін бөліп көрсетуімен қатар оның шешу жолдарын да ұсынады. Шарманов – ғалымның нақты идеяларының өзектілігі мен құндылығына, оларға уақыт өте келе қоғамда сұраныстың артып отырғандығына көзі қарақтылар қазірдің өзінде көз жеткізуде.

Ґмірлік ісі

Біздің кейіпкеріміздің өмірлік ісіне ұласқан, кəсіптік қызметінің ажырамас бөлігі – Қазақ тағамтану академиясы. Ұлттық санада қалыптасқан кейбір кереғар мінез-құлықты жеңе отырып, кеш желінетін мол дастарқанға үйренген зиянды əдетті жоюға бағытталған жаңа тамақтану стандарттарын кеңінен насихаттап енгізе бастады. Ең күрделісі – «дəстүрлік» сананы өзгертіп, мұндай тамақтанудың зияндылығына көз жеткізу болды. Бүгінде Төрегелді Шармановтың есімімен ажырамас ұғымға айналған осы мекеме ұлттық брендке айналды. Қазақстан халқының көптеген буыны ғылыми формуласы осы ұйымда негізделген, балаларға арналған ерекше өнімдерді тұтынып, ер жетті. Денсаулық пен санитарлық саламаттылықты қолдау шарттарының бірі – дұрыс тамақтану. Шарманов 40 жыл бойы басқарып келе жатқан Қазақ тағамтану академиясы қазіргі нарықта сұранысқа ие болып отырған көптеген емдік-профилактикалық өнімдердің, сондай-ақ, балаларға арналған өнімдердің технологиясын əзірлеуде. Қазіргі кезеңде ұлттық өнімдерді жаңа биіктен көрсету мақсатында бие сүтінің қасиетін дəріптеуде. Осы бағытта оның

жазының аптабы ортақ болатын жандар. Біздің кейіпкеріміз үшін бұл – нағыз достықтың мызғымас ережелері екендігі сөзсіз. Бұл қатарды еліміздің айрықша, біртуар тұлғасы – Смайылов Камал Сейіт жанұлы бастайтындығы сөзсіз. Мемлекет жəне қоғам қайраткері, қазақ киносы мен теледидарының дамуына үлес қосқан бірегей азаматпен өмірінің түрлі кезеңдерінде жақын қарымқатынаста болып, ағалық қамқорлығын сезінген едім. Кинодағы қырық жылдық өмірімде біздің режиссерлік қауымның «шығармашыл» өрендерінің мұқтажына осынша қамқоршылық танытқан басқа басшыны кездестірмедім. Төрегелді Шарманов пен Камал Смайылов – бір ауылда туып, бір сыныпта оқып, бірге өскен құрдастар. Үлкен өмірге қадамын бірге бастап, əрқайсысы өз жеңісінің биігін бағындырды. Бірақ, алдымен, олардың арасында өзара түсіністіктің, рухани жақындықтың, сенімнің таңғаларлық биік дəрежесі болды. Камалдың ауруханаға өзінің халін білуге келіп, екеуі аурухана ауласының орындығында отырған кезде жүрек ұстамасынан о дүниелік сапарға аттанып кеткені, тəжірибелі дəрігердің қолынан ештеңе келмей, аһ ұрып қала бергені есіне түскенде Шарманов əлі де қиналыс сəтін басынан кешіреді. «Ақтық кездесуінде Камал қандай ойларын айтқысы келді екен» деген сарытап ой санасында қалды. Медицина саласындағы əріптесі, үзеңгілес досы, республиканың Бас педиатры дəрежесін жұмыс бабына емес, барлық медицина қауымдастығының мойындауы бойынша иеленген тұлға – Камал Ормантаевтың күрделі операциядан кейін асқынуы болған кезде, медицинаның да шарасы қалмай, көз алдында өшіп бара жатқан шағында Төрегелді Шарманов барлық мамандарды аяғынан тік тұрғызып, өзі досының төсегінің қасында күндіз-түні болды. Көпшілік күндерін үзе бастағанда, ғажап оқиға орын алып, досының беті бері қарады. Камал Сəруарұлының ойынша, достықтың өлімді жеңгендігі айқын, ал Төкең болса: «екінші Камалды ажалдың тырнағына бере алмадым» – деп, бұл жайттың соңын қалжыңға айналдырады. Сергей Александрович Терещенкомен достығы тамақтану рационымызда бұрын дəстүрлі болғанымен, өкінішке қарай, кейіннен ұмыт қалған бал мен ем дəмдік күркетауық етіне деген əуестенуден басталды. Олар республикада ара шаруашылығын жандандыруымен қатар емдік ұйқыға арналған палаталы ұя-вагондарды əзірлеп, тəжірибеге енгізуде. Бұл ара ұясының

тіршілік вибрациясының жəне аралардың бөлетін нектар тозаңының есебінен адам ағзасына аса пайдалы жəне науқастардың иммунитеті мен жүйке жүйесін нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, олар қанатқақты жоба ретінде Алматының бірнеше мектептерінде төменгі сынып оқушыларының тамақтану рационына бал салынған тюбиктерді міндетті тұтынуды енгізген. Балалардың балды ұдайы тұтынуы қант диабетінің ерте даму сатысында ауруға шалдығу жағдайларын айтарлықтай азайтуға ықпал етеді. Сергей Терещенко күркетауық етін өндіретін, қуаттылығы жылына 5 мың тонна болатын зауытты салып, іске қосты. Шарманов пен Терещенко тандемі халық үшін пайдалы нақты істермен, ортақ болашақ жоспарларымен нығая түскен. Жас айырмашылығына қарамастан, тең құқықты достық Төкең мен Мұхтар Құл-Мұхамед екеуінің арасында орнаған. Достықтың осындай сипатының ынташысы болған Төрегелді Шарманов. Бұл ешқандай сырт көзге арналған жай даңғазалық емес, Төкеңнің тынымсыз жан дүниесінің қалыпты жағдайы. Мұхтар да өзінің əдеттегі қызуқандылығы мен туабітті көшбастаушылық қасиетін былай қойып, ақылды досының ағалық жан дүниесінің үндеуі мен мінез-құлқын лайықты қабыл ала білген. Сондықтан, осындай айрықша қос тұлғаның ерекше достығының барысын бақылау əрдайым қызықты оқиғаларымен баурап тұрады.

Арќау – їміті

Дегенмен, Төрегелді Шармановтың өміріндегі ең үлкен жəне жақын досы – ұлы Алмас. Отбасылық дəрігерлік кəсіптің жалғастырушысы – Шармановтардың отбасында бəрі дəрігер болды: дүние салған жұбайы мен қызы, күйеу баласы мен келіні. Алмас өзінің елу беске толған шағында медицинада, ғылым мен саясатта айқын табыстарға жеткен, оның жетістіктерін тізіп жатудың өзі біршама уақыт алар. Алмас үшін əкесі сөзсіз бедел мен биік абыройдың үлгісі. Дос-жарандардың кездесуі кезінде екеуінің өзара қарымқатынасын бақылаймын. Еркін болмысты, туыс-туғандық сезімдерін сырт көзге жария етпейтін мінездеріне қарамастан, олардың қарым-қатынасында жай көзге байқала бермейтін, ең жақын жəне туған қос адамның арасындағы жылулық пен құрмет бар. Осы орайда, менің Алмасқа дайындаған үш сұрағым бар. Осындай əйгілі əкенің баласы болу қаншалықты қиын жəне сонымен қатар, қаншалықты жеңіл? Атақты əке мен өз алдына дербес өмір сүретін ұлының арасындағы тең құқықты, достық қарым-қатынас қалай қалыптасты? Əлде, бұл сыртқы көрініс қана, шынтуайтына келгенде, басқаша ма? Сондай-ақ, əкесінің 85 жасқа толатын мерейінде ұлы əкесіне денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеуімен қоса нендей тілек айтқысы келетіндігін білгім келеді. Төкеңмен соңғы кездесуім екі апта бұрын оның туған мекемесі – Тағамтану академиясында өтті. Əдеттегідей, сергек, көңілді қалпымен, қонақты күту рəсіміне сай вискидің дəмін татуды ұсынды. Ал менің «бірге татайық» деген қолқама үш жылдық «мораторийім» бар деп, тосын жаңалық айтты. Бірақ, үлкен немересі Төреханның үйлену тойында достары мен жақындарының ортасында бір бокал шарапты көтеретіндігін жеткізіп, көңілімді демеді. Енді бізге Төрегелді атасының немересіне айтатын ыстық ықыласын тыңдап, жастардың бақыты мен даңқты Шармановтар əулетінің жалғасуы үшін ақтарылатын ақ тілектердің куəсі болу ғана қалғандай!

Тыѕ ойлары

Шаршамайтын Шармановтың санасын соңғы кезде торлап жүрген тағы бір аса маңызды идея бар: «Əлемде тұрғындарының көпшілігі 100 жастың мəресіне жететін «көгілдір аймақты» құру қозғалысы асқан танымалдыққа ие болуда». Ұзақ ғұмырдың мойындалған «көгілдір аймақтары»: Жапонияда – Окинава, Италияда – Сардиния, Калифорнияда (АҚШ) – Лома Линд штаты, Коста-Рикада – Никойя. Шарманов Қазақстанда ұзақ ғұмырдың «көгілдір аймағын» құрудың жаршысы болуда: «Үміткер ретінде Бурабай көлінің маңайындағы елді мекендерді таңдауға болады. Экология тұрғысынан бұл аймақ талаптарға толығымен сəйкес келеді. Бұл өңірдің тұрғындары, жұмыс берушілері, мектептері мен қоғамдық тамақтандыру кəсіпорындары үшін міндеттер қойып, ынталандыру маңызды. Бұл ынта Қазақстанға дамудың жаңа стандарттарын əкеліп, қазақстандықтардың денсаулығы мен əл-ауқатын жақсартып, саламаттылық пен үйлесімді даму өңірі ретінде елдің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік бермек». Осы ынтасының негізінде Шармановғалым Ұлттық медицина орталығын құруды жəне оны «Саламатты ұзақ ғұмыр орталығы» атауды ұсынады. Ға жап емес пе! Өзің туралы жер бетінде ізгі ниетті естелік қалдырумен қатар, ақылойдың айқындығын, жан мен тəннің сергектігін сақтай алу, егде жасты еңсерген шақта басқаларға масыл болмау – əрқайсымыздың оңаша қалғанда ойды шарпитын құпия арманымыз, жан мен тəннің сирек үйлесімі дегеніміз осы болар. Бүкіл адамзатқа жəне кейіпкеріме тілейтін шынайы тілегім – берекелі ұзақ ғұмыр кешу. АЛМАТЫ.


www.egemen.kz

2 желтоқсан 2015 жыл

 Тəуелсіздік табыстары

ДСЎ:

жаѕа мїмкіндіктер кґкжиегі

Биылєы жылєы 30 ќарашада Ќазаќстан Дїниежїзілік сауда ўйымына мїше болып ќабылданды

Еліміз үшін ерекше маңызды тарихи оқиға орын алды. 20 жылға жуық созылған келіссөздердің нəтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Еліміз еркін сауда мен ашық ықпалдастыққа дайын екенін бүкіл əлемге жария етті. Бұл – ел экономикасын жаһандық нарыққа ықпалдастыру мақсатында жасалған қыруар жұмыстың жемісі. Бұл – Елбасының Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосып, елдің жарқын болашағын қамтамасыз ету жолында бағындырған тағы бір биік белесі. Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Дүниежүзілік сауда ұйымы 1995 жылдың 1 қаңтарында, осыған дейін əрекет еткен Тарифтер жəне сауда жөніндегі бас келісімнің (ТСБК) мұрагері ретінде құрылды. Халықаралық сауда ережелерін ырықтандыру қағидаттарына қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйымның басты міндеті — іркіліссіз халықаралық саудасаттыққа мүмкіндіктер жасау, халықаралық саудада экономикалық өсімге жəне адамдардың тұрмыс-тіршілігін көтеруге ықпал ету. Осы күнге дейін 22 ел ДСҰ құрамына кіру үшін келіссөздер жүргізіп немесе ұйымға қабылдануын күтіп жатқан болса, оның төртеуі: Қазақстан, Беларусь, Əзербайжан мен Өзбекстан бұрынғы Кеңес Одағының мүшелері болып табылады. ДСҰ ережелеріне сəйкес, ұйымға жаңа елдің қабылдануы үшін ұйымға мүше барлық мемлекеттер (ДСҰ құрамында бүгінде Қазақстанды қоспағанда, 161 мемлекет бар) бірауыздан келісім беруі керек. ДСҰ құрамына қабылданған мемлекет əлемдік нарыққа кедергісіз кіруді көздейді. Дегенмен, келіссөздер барысында əр ел өз өндірушісін шетелдік демпингтен қорғау үшін қолдампаздық шаралардың барынша сақталуына қол жеткізуге мүдделі болады. ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердің екі-үш жылдан бірнеше онжылдыққа дейін созылып жататыны да сондықтан. Мəселен, Қытай ДСҰ құрамына кіру үшін 15 жыл келіссөздер жүргізсе, 1987 жылы өтінім берген Алжир əлі күнге дейін ұйымға қабылданбаған. Бізге дейін бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы елдердің ішінен Дүниежүзілік сауда ұйымына 10 мемлекет мүше болды. Ендігі кезекте сол елдердің ұйымға кіру тарихына қысқаша тоқталып өтсек. Қырғызстан. Бұрынғы Кеңес Одағына мүше елдердің ішінен ДСҰ құрамына алғашқы болып қабылданды. Ұйымға қабылдау туралы өтінім 1996 жылғы 13 ақпанда берілген. Қырғыздардың ДСҰ құрамына кіруі жөніндегі келіссөздері ұйым тарихындағы ең қысқа келіссөздердің бірі болды. Ол уақытта Қырғызстанның қорғауды қажет ететін дамыған қайта өңдеу өнеркəсібі болмады. Сондықтан да олар төмен кеден тарифтерін орнатуға қарсылық білдірмеді. 1998 жылы 14 қазанда Қырғызстанның ДСҰ-ға кіруін ұйымның Бас кеңесі мақұлдады, 17 қарашада меморандумды Қырғызстан парламенті бекітті. Осылайша 2 жыл 10 айға созылған келіссөздер нəтижесінде Қырғызстан 1998 жылы 20 желтоқсанда 133-ші мүше болды. Латвия. 1993 жылы бұл республика Тариф тер жəне сауда жөніндегі бас келісім (ТСБК) қатарына қосылу туралы өтінім берген. Келіссөздер барысында Латвия шеттен əкелініп жатқан тауарларға, оның ішінде ауылшаруашылық тауарларына қойылатын

қолданыстағы жоғары баж салығынан бас тартты. 1998 жылғы 14 қазанда ДСҰ Бас кеңесі Латвияның ұйымға кіруін (Қырғызстанмен бір уақытта) мақұлдады. 1999 жылы 10 ақпанда Латвия ұйымның 134-ші мүшесі болып қабылданды. Эстония. ДСҰ-ға кіру үдерісін 1994 жылы наурыз айында (ұйымды құру туралы келісімге қол қойылмай тұрып) бастады. Ұйымның өзге мүшелерімен баж салығына байланысты мəселелер бойынша келіссөздер қиындықсыз өтіп, 1999 жылғы 21 мамырда Эстония мүшелігін ДСҰ Бас кеңесі мақұлдады. Ел парламенті меморандумды бекіткен соң, Эстония ДСҰ-ның 135ші мүшесі атанды. Грузия. Грузия ұйымға қабылдау туралы өтінімді 1996 жылы 3 шілдеде берді. Келіссөздер ұзаққа созылған жоқ, өзге мүше мемлекеттер Грузияның ұйымға қосылуына ешбір қарсылық білдірмеген. 1999 жылдың сəуір айында ұйымның Бас кеңесі Грузияның кандидатурасын мақұлдады. Осы жылдың сəуір айында ел парламенті меморандумды бекіткеннен кейін, 2000 жылғы 14 маусымда Грузия ДСҰның 137-ші мүшесі болып қабылданды. Елдің халықаралық экономикалық ұйымға қосылу үдерісі 3 жыл 11 айға созылды. Литва. Балтық жағалауы елдерінен соңғы болып ДСҰ-ға Литва қабылданды. Бұл ел ұйымға кіру туралы өтінімді 1994 жылдың ақпан айында берген. Аграрлық субсидия мен ауылшаруашылық тауарларын кіргізуге шектеу қою мəселелері бойынша келіспеушіліктерге байланысты келіссөздер алты жылдан астам уақытқа созылды. Ұйымның Бас кеңесі Литваның мүшелігін 1999 жылы 8 желтоқсанда мақұлдады. 2000 жылғы 31 мамырда Литва ұйымды 141-ші мүше болып толықтырды. Молдова. Молдова 1993 жылы Тарифтер жəне сауда жөніндегі бас келісім қатарына қосылу туралы өтінім берген. Молдавияның ауыл шаруашылығына белгіленген жоғары субсидияның сақталуын талап етуі елдің ДСҰға кіруі жөніндегі келіссөздерді қиындата түсті. ДСҰ Бас кеңесі Молдованың ұйымға кіруін 2001 жылы 8 мамырда мақұлдады. Осы жылдың 1 маусымында ел Парламенті меморандумды бекіткен соң, 2001 жылғы 26 шілдеде Молдова 142-ші мүше мемлекет болып тіркелді. Армения. Бұл ел де 1993 жылы Тарифтер жəне сауда жөніндегі бас келісім қатарына қосылу туралы өтінім берді. Дегенмен, белсенді келіссөздер үдерісі 1996 жылы басталды. Армения ұзақ уақыт бойы шетелдік компаниялар үшін телекоммуникациялық қызметтер нарығын ашуға келісім бермеді. Кейіннен бұл мəселе бойынша ДСҰ-ның талаптары қанағаттандырылып, 2002 жылдың 10 желтоқсанында ұйымның Бас кеңесі Арменияның кандидатурасын мақұлдады. Шамамен екі аптадан соң парламент елдің халықаралық экономикалық ұйымға кіруіне

дауыс беріп, 2003 жылғы 5 ақпанда Армения ұйымға 145-ші болып кірді. Украина. Ол Тарифтер жəне сауда жөніндегі бас келісімге, кейіннен ДСҰ құрамына кіруге 1993 жылдан бері келіссөздер жүргізді. Олар елге кіретін ауыл шаруашылығы мен машина жасау өнімдеріне демпингке қарсы баж салығының сақталуына қол жеткізуді көздеді. ДСҰ Бас кеңесі елдің ұйымға кіруін 2008 жылғы 5 ақпанда мақұлдады. Жоғарғы Рада ұйымға қосылу туралы меморандумды 2008 жылғы 10 сəуірде бекітті. Осы жылғы 16 мамырда Украина 152-ші кезекте ұйымға енді. Ресей. 1993 жылы Тарифтер жəне сауда жөніндегі бас келісім қатарына қосылу туралы өтінім берген болатын. Алайда, Ресейдің АҚШ жəне Еуроодақпен жүргізген келіссөздерінің күрделенуіне орай, елдің халықаралық ұйым құрамына кіру үрдісі де баяулады. Мəселен, ұзақ уақыт бойы АҚШ-тың Ресей нарығына шошқа етін өткізу мүмкіндігі мен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мəселелері шешімін таппады. Сондай-ақ, Ресей мен Еуроодақ арасындағы экспорттық баж салығы мен Ресей аумағында автокөлік құрастыру өнеркəсібі мəселелері бойынша келіссөздер ұзақ уақыт бойы нəтиже бермеді. Дегенмен, 2011 жылы 16 желтоқсанда Женевада өткен ұйымның министрлік конференциясында Ресейдің ДСҰ-құрамына кіруі жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Ресей президенті Владимир Путин 2012 жылғы 21 шілдеде ДСҰ-ға кіру туралы меморандумды бекітті. 18 жылға созылған келіссөздердің нəтижесінде Ресей 156-шы мүше аталды. Тəжікстан. ДСҰ-ға кіру туралы өтінімді 2001 жылы 29 мамырда берген еді. Келіссөздер барысында елдің мақта экспортына белгіленген салығы мен ауыл шаруашылығына бөлінген мемлекеттік қолдауының ауқымына байланысты қиындықтар туды. Тəжікстан ұйымға мүше мемлекеттердің талаптарын қанағаттандырған соң, 2012 жылғы 10 желтоқсанда ДСҰ Бас кеңесі елдің ұйымға қосылуын мақұлдады. 2013 жылғы 9 қаңтарда Тəжікстан парламенті елдің ДСҰ құрамына кіруі туралы меморандумды бекітіп, 2013 жылдың 2 наурызында ұйымның 159-шы мүше мемлекеті болып əйгіленді. Қазақстан. ДСҰ құрамына кіру туралы өтінімді 1996 жылғы 29 қаңтарда берген. 19 жылға созылған келіссөздердің нəтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылданды. 2015 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Швейцарияның Женева қаласында өткен Дүниежүзілік сауда ұйымының елімізді өз қатарына ресми қабылдау шарасына қатысты. Еске сала кетейік, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін мемлекеттің агроөнеркəсіптік кешенді субсидиялауды 8,5 пайызға жеткізу құқығын қорғап шыққан болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері республиканың ұйымға мүше болып кіру жөніндегі келіссөз шеңберінде ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу құқығын қорғап шыққанын айтты. Əлемнің ірі экономикасының бəрі халықаралық нормаларға сай келетін саясат жүргізіп отырған Қазақстанды қолайлы инвестициялық қалпы бар ел ретінде бағалады. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобының төрағасы, Финляндияның елшісі Веса Химанен келіссөздер үдерісі барысында Қазақстан 50-ден аса жаңа заң қабылдап, 10 халықаралық келісімге түзету енгізгенін, олар Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ аясында қабылданғанын атап өтті. – Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жəне Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктестерімен тығыз байланыста жүргізілген заңнамалық бағыттағы прогресс біздің жұмысымызды соңғы жылы едəуір жеделдетуге мүмкіндік берді. Қазақстанның құжаттар топтамасы – бұл нарықтарға қол жеткізу мүмкіндіктерін жетілдіру ісіне қомақты үлес қосатын, сауданың көпжақты жүйесін жаңғыртатын жəне ДСҰ-ны нығайтатын жоғары сапалы құжаттар, – деді В.Химанен. Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо еліміздің ұйымға кіру үдерісі барысындағы Қазақстан Президентінің көшбасшылығына жоғары баға берді. – Бұл – Қазақстан үшін де, ДСҰ үшін де шынымен тарихи күн. Ұйымға кірудің артықшылықтары – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту. Қазақстан үшін бұл соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері мен жұмсаған күш-жігерлерінің мойындалуы. Бұл – реформалардың кешенді бағдарламасының қисынды нəтижесі. Бұл күн ДСҰ үшін де айшықты болып табылады. Қазақстанның қосылуы біздің пікірталастарымызға қуатты əрі беделді үн қосады, Ұйымды Орталық Азияның жүрегіне жақындатады, – деп атап өтті Р.Азеведо. Беларусь, Өзбекстан, Əзербайжан, Түрікменстан. Бұлардың арасында Беларусь 1993 жылдың қыркүйегінен, Өзбекстан 1994 жылдың желтоқсан айынан, Əзербайжан 1997 жылғы 30 маусымнан бері ДСҰ-ның құрамына кіру жөнінде келіссөздер жүргізіп келеді. Ал 2013 жылдың қаңтарында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов елдің ДСҰ құрамына қосылу қажеттілігі туралы мəлімдеген болатын.

Елбасына арналєан кґрме Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне жəне Қазақстан Тəуелсіздігінің 24 жылдығы мерекесіне арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты «Нұр Отан» партиясымен жəне Қазақстан Республикасы Қорғаныс минис трлігімен бірігіп «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» деректі көрмесін өткізді. Көрменің басты мақсаты мұрағаттық құжаттар мен деректер призмасы арқылы егемен еліміз жəне жарқын болашаққа деген ұмтылыс,

табыс символы саналатын Қазақ елінің бас қаласының қалыптасуы мен нығаюындағы Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен рөлін көпшілікке көрсету болып табылады. Көрмеге Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты қорынан алынған Қазақстанның тəуел сіздікке қол жеткізген кезеңіндегі дамуы мен тұрақтану тарихын айқындайтын құжаттар қойылды: егемен Қазақстанның алғашқы заң жобалары, Қазақстан астанасын көшіру мен атауын өзгерту туралы құжаттар. Теміртау қаласының Қазақстан

Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи-мəдени орталығының Елбасы жолының бастауын, Теміртау мен Қарағанды қалаларындағы еңбек жолын көрсететін құжаттар мен материалдар қойылды: жеке ісі – өмірбаяны, өтініші, Н.Назарбаев жайлы мінездемелер, үлгерімдік табелі, бейнематериалдар, т.с.с. Бірегей мұрағат құжаттары, бей не фотоқұжаттар көрме қонақтарын Елбасының өмірбаянымен, Қазақстан тарихымен таныстырады, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мемлекеттіліктің қалыптасуы, саяси жəне əлеу меттік-экономикалық

реформалар жүргізудегі рөлі мен көш басшылық қасиеттердің шыңдалуын көрсетеді. Белгілі қазақстандық суретші Е.Айтуаров пен фотосуретші В.Куриловтың көрме тақырыбына сай ұсынылған жұмыстары іс-ша ра қатысушыларының қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз. Көрмеге көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, Тұңғыш Президенттің серіктестері, тарихшылар, мұрағатшылар, елордадағы жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері, Астана жұртшылығы мен қонақтары қатысты. Көрме 2015 жылдың желтоқсан айының соңына дейін сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Кіру тегін.

9

Еліміз экономикасының қарқынды дамып, инвестициялық ахуалдың жандануынан 1999 жылы қабылданған қолданыстағы Азаматтық іс жүргізу кодексіне жаңартылу қажеттілігі туындады. Осыған орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту қажет. Азаматтық істерді қарау тəртібі процестің тараптары үшін ыңғайлы жəне тез, оларды бітістіруге жəне заманауи технологияны кең қолдануға бағытталуы тиіс», – деген болатын. Міне, осылайша 2015 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі қабылданды.

Жаѕа белес – жаѕаша ќарќын Мейрамбек ТАЙМЕРДЕНОВ,

Алматы облыстық сотының төрағасы.

Республикамызда алғаш рет заңға қол қою рəсімі жариялы түрде жүргізілді. Жаңа заңның мақсаты – азаматтардың жəне заңды тұл ғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта тиімді қорғау, дауларды қарау мен шешудің жеделдігін арттыру, сот актілерінің сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Жаңартылған АПК «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген шараларды тəжірибеде іске асыруға мүмкіндік береді. Ұлт жоспарының 23-қадамында инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру, Жо ғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін Инвестициялық алқаны ұйымдастыру тапсырылған. Инвестициялық даулардың сапалы қаралуы судьялардан бірқатар тиісті салалар мен құқықтық институттарға арнайы бейімделген білімділікті, жалпы алғанда, дауларды шешуде неғұрлым практикалық тұрғыда машықтануды талап етеді. Жаңа Азаматтық процестік кодекстің негізгі əзірлеушісі – Жоғарғы Сот. Жаңа заңда азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағидалары жаңа талаптармен толықтырылды. Кодексті əзірлеу кезінде шет мем лекеттердің заңнамалары зерделеніп, жекелеген нормалары назарға алынды жəне жобаға енгізілді. Жалпы, жаңа кодекстің артықшылықтары көп. Мұнда сот жүйесіне қатысты қадамдардың барлығында заңның үстемдігі жоғары қойылған. Ал Заңның үстемдігі – нығайған, дамыған алып мемлекеттің кепілі. Кодексте сот төрелігіне қолжетімділікті барынша қамтамасыз ететін аудандық соттың рөлін күшейтетін, соның ішінде процестің əрбір сатысында сот əрекеті, іске қаты сушы адамдардың құқықтары мен міндеттері, міндеттерді орын дамаудың жəне құқықты теріс пайдаланудың құқықтық салдары туралы нормалар регламенттелген. Істі сот талқылауына дайындау оңтайландырылды, оны жүргізу мерзімі ұзартылды. Судья істің талқылауына мүдделі адамның сотқа арыз бергені туралы хабарлайды. Осы сатыда: дəлелдемелер туралы, соның ішінде сараптама тағайындау туралы, қарсы талап қою жəне т.б. туралы мəселелер шешіледі. Қорытындысы бастапқы сот отырысында бекітіледі. Сот тараптарға олардың құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде тараптар қарау мерзімін қасақана кешіктіруге жол берместен, басқа адамдардың құқықтарын теріс пайдаланбастан, өздеріне тиісті барлық процестік құқықтарын адал қолдану керектігін түсіндіреді. Сот осы сатыда шешім шығаруы мүмкін. Сот талқылауына дейінгі дайындық əрекеттерін орындау, əдетте, бір немесе екі сот отырысында, істің қаралғанының кепілі болып табылады. Істерді қараудың процестік мерзімін сақтау сот төрелігі тиімділігінің ең маңызды критерийлерінің бірі болып табылады. Істерді қарау мерзімі азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын сотта қорғауды іске асыру құқықтарын жүзеге асыруды шектемейтіндей, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді жеделдету мақсатында олардың күрделілігін есепке ала отырып қайта қарастырылды. Жаңа кодексте алға қойылған міндеттерді орындауда дауларды реттеудің соттан тыс жəне сотқа дейінгі тəртібіне, соттағы татуласу рəсімдеріне көңіл бөлінді. Істердің жеке санаттары бойынша дауларды сотқа дейін

реттеудің міндеттілігі көзделді. Дауды сот қа дейін реттеу тараптарға дауды (жанжалды) қысқа мерзімде, материалдық жəне моральдық аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді. Тараптар шарттарда дауды медиатормен, нотариуспен немесе адвокатпен сотқа дейінгі реттеу міндеттілігін қарастыра алады. Тараптар арасындағы дауды (жанжалды) реттеуді медиация тəртібінде медиатор немесе тараптардың өтінішхаты бойынша судья жүзеге асырады. Бір іс шегінде тараптар бірқатар мəселелерді шеше алады, өйткені, талап қоюдың мəні мен негізінің бір мезгілде өзгертілуі шешіледі. Əсіресе, бұл балаларға қатысты дауларды, мұра туралы туыстар арасындағы дауларды, көршілер арасындағы дауларды, еңбек ұжымындағы дауларды қарау жəне шешу кезінде оң ықпал етеді. Басқа татуластыру рəсімдері кезінде тараптар талап қоюдың мəні мен негізін өзгерту жаңа талап қоюды білдіруіне байланысты дауларды (жанжалдарды) реттемеуі де мүмкін. Олар қайтадан сотқа, бірақ бұл жолы басқа талаппен жүгінуі тиіс. Партисипативтік рəсім кезінде дауды реттеу тараптар мен олардың қорғаушыларының қатысуымен жүзеге асырылады. Ұлт жоспарының 16-қадамын іске асыру мақсатында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот төрелігі жүйесін үш сатылы жүйеге көшіру көзделген. Жаңа үш буынды сот жүйесі мыналарды қамтиды: бірінші саты – бұл аудандық, қалалық соттар; апелляциялық саты – облыстық соттар жəне кассациялық саты – Жоғарғы Сот. Апелляциялық саты сот актілерін толық көлемде қайта қарауды жүзеге асырады, бірінші сатыдағы соттың жіберген ағаттықтарын толықтырады, егер олар бірінші сатыдағы сотқа дəлелді себептермен ұсынылмаған жағдайда дəлелдемелерді қабылдайды. Мəні бойынша қаралмаған, не жеңілдетілген іс жүргізу тəртібінде қаралған істерді қоспағанда істі үш судьяның алқалы құрамында апелляциялық сатыда қарау көзделген. Кассациялық сатыдағы сот актілерін құқық бойынша тексеру жүзеге асырылады, кассациялық өтінішхат беру мерзімі 6 айға дейін қысқартылған. Ұлт жоспарының 26-қадамымен белгіленген азаматтыққұқықтық даулар жөніндегі сот істерін қарауға прокурордың қатысуын қысқарту да осы Кодекс шеңберінде іске асырылады. Жекелеген шетелдік са рап шы лардың пікірінше, «Про цес ке прокурордың қатысуы қа жетті жағдайлармен шектелуі тиіс. Прокурор сотқа өзге де адам дардың атынан жүгіне алады, сондай-ақ егер ол олардың ерекше мүдделерімен немесе нақты жағдай талап етілген жағдайда ғана процесте олардың мүдделерін білдіре алады». Жаңа Азаматтық процестік кодексі азаматтардың жəне заңды тұлғалардың дауларын тез жəне созбалаушылыққа салмай шешілуіне қол жеткізеді. Атап айтқанда, осы кодекстің 434- бабында жеке тұлғалардың 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемдегі, ал заңды тұлғалардың 30 000 айлық есептік

көрсеткішке дейінгі көлемдегі мүліктік даулары түпкілікті облыстық сот көлемінде шешіліп, заңды күшіне енеді. Сонымен қатар, жаңа заңның үстемдігінің ерекшелігі, бұрынғы кодексте болмаған, заңға қайшы келетін кез келген сот актісін Жоғарғы Сотта қарап, бұзылған құқықты қалпына келтіруіне жəне əділдік орнатуға қол жеткізеді. Ұлт жоспарының 20-қадамын іске асыру үшін Жоғарғы Сот электронды сот төрелігін дамыту бағытында бірқатар жұмыс атқаруда. Қолжетімділік, ашықтық жəне жариялылық – қазіргі заманғы демократиялық мемлекет сот жүйесінің үш негізгі стандарты. Халық үшін сот жүйесінің барынша ашық жəне қолжетімді болуы үшін заманауи технологиялар енгізілді жəне қолданылады. Қолданыстағы сервистер істерді қараудың процестік мер зімдеріне бақылауды жүзеге асырады, процеске қатысушылармен қарым-қатынасты барынша азайтады, сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, сот жүйесінің ашықтығын жəне қолжетімділігін кеңейтеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекет етеді жəне азаматтардың уақыты мен мемлекеттің қаражатын үнемдейді. Сот ісін жүргізу процесіне жаңа технологиялар толассыз енгізілуде, ол процесті жеңілдетеді жəне жеделдетеді, сот төрелігіне қолжетімділікті жəне азаматтарды тиісті түрде хабарландыруды қамтамасыз етеді, қағаз рəсімдерін азайтады, процестік емес қарым-қатынастарды барынша төмендетеді. Арыздар мен басқа құжаттарды беру, процеске қатысушыларды хабарландыру, сот арқылы санкциялау, дəлелдемелерді қашықтықтан зерделеу, тараптардың іс материалдарымен танысу, процесті тіркеп жазу, сот актілерін жіберу жəне атқарушылық құжаттардың көшірмесін беру ақпараттық техникалық құралдарды қолданумен жүзеге асырылатын болады. Азаматтың «Сот кабинеті» арқылы өзінің электрондық кілті бойынша кіруіне болады жəне ол өз ісіне қашықтықтан бақылау жасай алады. Барлық шешімдер жарияланады, ашықтық жоғары деңгейде жəне əрбір азамат өз ісімен не болып жатқанын көре алады, хаттамамен, сот шешімімен, сот практикасымен таныса алады. Елбасы Н.Ə.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасы аясында сот жүйесіне сот қызметінің беделін, халықтың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталған бірқатар тың талаптар жүктеп: «ХХІ ғасыр ұлт дамуының маңызды өлшемі – мінсіз жəне тиімді ұлттық сот төрелігі жүйесі. Тəу ел сіз жəне əділетті сот – құ қықтық мемлекеттің негізі. Онсыз əлемнің бірде-бір елінде тіпті, ең дамыған мемлекеттерде қолайлы инвестициялық ахуалдың да, азаматтардың əлауқатының жоғары деңгейінің де, қоғамның табысты дамуының да болуы мүмкін емес. Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет», – деп атап көрсеткен болатын. Еліміздегі жаңа заңдардың шығуы мен өзгертілуіне, көптеген жаңашылдықтарға жетуімізге, мемлекетті қалыптастыруға, нарықтық экономиканы құруға, қазақ стандық қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға, Президенттің Көшбасшылық қабілеті мен пайымды парасатының арқасында қол жеткізілген. Бүгінде алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Оларды да абыроймен атқаратынымызға сенімдіміз. Сондықтан еліміздің сот жүйесі өз жұмысын осы тың талаптар тұрғысында алдағы уақытта да жалғастыра береді.


10

www.egemen.kz www.egemen.kz

2 желтоқсан 2015 жыл

Їлкен ел – їлкен отбасы

 Бəрекелді!

Жетісу жеткіншектерін ќуантты

«Егемен Ќазаќстан» газеті Ќазаќстан халќы Ассамблеясы жобасы аясындаєы республикалыќ фотоконкурсты жалєастырады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінен пəтер кезегінде тұрған балалар үйі түлектеріне 100 жаңа пəтер кілті табысталды. Суретті түсірген Нұрбек ИХСАНОВ. Батыс Қазақстан облысы.

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

• Үздіктер

 Міне, қызық!

 Қарсаңда Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт жəне денешынықтыру істері комитеті БАҚ журналистері арасында жазушы, публицист жəне қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұл атындағы жыл сайын өтетін байқаудың басталғанын хабарлады.

Бердіќўлов байќауы Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық – мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған дүние лерге, бір сый лық орыс тілінде жа рия ланған материалдарға белгіленген. Өтініштер мен мақалалар мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25-үй, 11-қабат, Ұлттық штаттық командалар жəне спорт резерві дирекциясының баспасөзқызметіне («2015 жылғы С. Бердіқұл атындағы байқауға» деген белгімен). Қабылдау мерзімі – 2015 жылдың 5 желтоқсанына дейін. Үміткерлер биылғы жұмыстарын мына тақырыптар бойынша тапсыруы тиіс: 1. Əлем жəне Азия чемпионаттарына, Əлем кубоктарына, халықаралық жарыстарға жəне Қазақстан чемпионаттары мен біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдаулар, телетрансляциялар, телекөпірлер жəне т.б.) 2. Қазақстан БАҚ-тарында бұ қаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы жəне ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстарды (спартакиадалар, турнирлер, ұлттық спорт

түрлері фестивалі, ауыл спорты) т.б. насихаттау. 3. Елімізде денешынықтыру жəне спорт саласы бойынша проблемалар көтеру жəне оның шешу жолдарын көрсету. 4. 2016 жылғы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін жазғы Олимпиада жəне Паралимпиада ойындарына арналған лицензиялық жарыстарды насихаттау (теле жəне радио түсірілімдер мен бағдарламалар, интернет, газет жəне журналдағы мақалалар мен очерктер). 5. 2015 жылда шыққан автор лық жұмыстар (кітаптар, спорттық энциклопедиялар, т.б.). Байқаудың жеңімпаздары «Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлықтың лауреаты» деген арнайы төсбелгімен марапатталып, диплом жəне ақшалай сыйлыққа ие болады. Берілген ақпаратты Мəдениет жəне спорт министрлігінің Спорт жəне денешынықтыру істері комитетінің (www.sport. gov.kz) жəне ҚР ҰШКжСР дирекциясының (www.kazsports. kz) сайттарынан көруге болады. Лауреаттардың есімдері бұқаралық ақпарат құ ралдарында жəне жоғарыда көрсетілген сайттарда орналасады. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8 (7172) 91 15 29, 74 08 61

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Еѕ алып киіз їй

«Егемен Қазақстан».

Салтанатты шараны ашқан Алматы облысының əкімі Амандық Баталов: «Ата-ананың қамқорлығынсыз қалып, пəтер алу кезегінде тұрған балаларды əлеуметтік қолдау мақсатында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында бүгін, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен 100 жаңа пəтер кілтін берудеміз. Мұны қоныс иелерінің шынымен де асыл ар мандарының орындалғаны деп түсінуге болатын шығар. Тəуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар беріп,

жер-жаһанға танытып, бүгінгідей біздің беделді əрі қуатты мемлекетке айналуымызда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі ерен. Біз бүгін адам көңілін елжіретер жақсы істің куəсі болып тұрмыз. «Нұрлы Жол» бағдарламасымен де қолжетімді тұрғын үй құрылысы, пəтер беру мəселесі Жетісу жерінде жыл санап оңды шешімін тауып келеді. Оны таяуда ғана мұқтаж азаматтарға Талдықорған қаласынан 60 пəтер берілгенімен растаймын», – деді. Пəтер кілтін табыстау рəсімінен кейін, жаңа үйге кіру алдындағы дəстүр бойынша, шашу

Алматы облысы, Қарасай ауданы.

 Мəселенің мəнісі

Ќытай астанасын басќа ќалаєа кґшіреді

Гиннестіѕ рекордтар кітабына кірді Алматы облысындағы отельдердің бірінде орналасқан киіз үй ресми түрде əлемдегі ең үлкен осындай жылжымалы баспана ретінде танылып, «Гиннестің рекордтар кітабына» кірді. Оқиға қарашаның 27-сі күні тіркелді. Осы үшін «Гиннесстің рекордтар кітабының» өкілі Пател Правин Алматыдағы «Ақ ауыл» деп аталатын курорт-отельге келіп, бəрін өз көзімен көрді.

шашылып, облыс əкімі Амандық Баталов бірнеше пəтерді аралап, пəтер иелерімен əңгімелесіп, оларға бақыт пен молшылық тіледі. Қазақтың «Қуанса, бала қуансын» деген сөзіне бұл күні дүйім жұрттың көзі жетті. Жүздері бал-бұл жанған жеткіншектердің: «Бүгін біз үшін қос қуаныш», «Тұңғыш Президент күні құтты болсын», – деген жүрекжарды сөздерін ағыта, бірі жаңа қоныстарын араласа, тағы бір топ пəтерлерінің кілттерін қыса ұстап, баспалдақтардан көтеріліп бара жатты.

Алып киіз үй сипатындағы отельдің ауқымы шынында да үлкен. Оның диаметрі қазақтың кəдімгі киіз үй лерінен көп ауқымды – 19 метр 80 сан т и мет р ді құ р ай ды. М ей рамхана ретінде пайдаланылып отырған оның ішіне бір мезгілде 200 адамға дейін сыйып кетеді. Руслан ИГІЛІК.

Қытайдың астанасы 2017 жылы өзгергелі отыр. Осы жылы Аспанасты елі байтағының муниципиалды ведомстволарының басым бөлігі Тунчжоу қаласына көшіріледі. Тунчжоу – Бейжіңнен 20 шақырым қашықтықта орналасқан қала. Ол Қытай муниципиалды үкіметінің жаңа əкімгершілік орталығына айналады. Орталықтың көшірілуі Қытайдың солтүстік бөлігін қамтитын Бейжің-Тяньцзинь-Хэбэй желісі бойынша жүретін кластерлік интеграция жоспарын жүзеге асырудың бір бөлігі болып саналады. Ұйымдастырушылардың ойларынша, бұл астананың салмағын

айтарлықтай жеңілдетіп, аймақ дамуының мейлінше жоғары тепетеңдігін қамтамасыз етуі тиіс. – Жалпы алғанда, Тунчжоу 297 жобаны жүзеге асырады. Олардың арасында жаңа метро желісі мен жылдам жүретін жолдарды салу, экологияны жақсарту бар, – дейді Бейжің даму мен реформалары муниципиалды комиссиясының директоры Лу Янь. Еске сала кетейік, 936 жылы Солтүстік Қытайдың кейінгі Цзинь

(936-947) əулеті солтүстік жерлер шекаралық аумағының басым бөлігін, соның ішінде Бейжің де бар, қидандардың Ляо əулетіне беріп жіберген еді. 938 жылы Ляо əулеті өз мемлекетінің екінші астанасы етіп қазіргі Бейжіңнің орнындағы қаланы белгілеп, оған Наньцзин («оңтүстік астана») деген ат берді. 1125 жылы чжурчженнің (манчжурдың) Цзинь династиясы Ляо патшалығын өзіне қосып алып, 1153 жылы оның астанасын Наньцзинге апарды. Ал қалаға Чжунду («орталық астана») деген жаңа атау тақты. Ол қазіргі Бейжіңнің оңтүстік-батысына қарай, осы кездегі Тяньнинсы ауданына орналасты. 1215 жылы моңғол əскерлері Шыңғыс ханның бұйрығы бойынша Чжундуды түгел өртеп жіберді. Қала 1267 жылы бұрынғы орнынан солтүстікке қарай аздап жылжытылып, қайтадан салынды. Ал Шыңғыс ханның немересі Құбылай хан бүкіл Қытайды жаулап алғаннан кейін осында Юань əулетін құрып, тағы да Чунджуды орталық етті. Қала сол кезде хансу тілінде Даду, («ұлы астана») аталса, моңғол əскерлерінің қолданысындағы түркі тілінде «Ханбалық» деген атау алды. Мұрат АЙТҚОЖА.

 Жазылған жайдың жаңғырығы

Əділдік

Оныѕ ќалпына келуінде «Егеменніѕ» де їлесі бар Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Президенттің 2014 жылдың 25 тамызындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау барысында биылғы жылдың басында орталық мемлекеттік органдардың бірқатар лауазымды қызметтері жəне атқарымдық міндеттері жергілікті атқарушы органдарға берілген болатын. Осыған сəйкес Қостанай облыстық ветеринарлық бақылау жəне

қадағалау аумақтық инспекциясында да өзгерістер орын алды. Инспекцияның жұмысы Қостанай облыстық ветеринария басқармасына берілгендіктен ондағы бірқатар қызмет бірліктері қысқартылды, қызметкерлер жұмыстан босатылды. Ветеринария басқармасының мəліметінше, бүгінде қызметкерлерді жұмысқа орналастыру аяқталды. Инспекциядағы 92 бірліктен 62 қызметкер жұмысқа алынды, 8 қызметкер ұсынылған жұмыстан бас тартты. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 24-бабы 4-тармағына сəйкес қызметкер ұсынылған жұмыстар бас

тартқан кезде ол еліміз заңдары бекіткен тəртіппен жұмыстан босатылады. Мұндай жағдайда мемлекеттік қызметте кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар мемлекеттік қызметкерлерге төрт айлық орташа еңбекақы көлемінде жəрдемақы төленуі тиіс еді. Бірақ, бұл норманың бұрмалануы себебінен жұмыстан кеткен қызметкерлер басқарма жағынан да, инспекция жағынан да жұмыс істеген кезеңіндегі еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін шығу жəрдемақысы мен төлемақыларын ала алмады. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті жұмыстан кеткен əлгі 8 қызметкерге өздерінің құқы мен мүддесін қорғау үшін сотқа жүгінуге кеңес берді. Сол қызметкердің жетеуі құқығын сот арқылы қорғады. Биылғы жылдың 2 маусымында ел газеті «Егемен Қазақстанда» құқығы мен мүддесі тапталған мемлекеттік қызметкерлердің осы еңбек дауы туралы жазылған «Салғырттық

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

сыбайластықты еске салады» атты мақалада облыстағы мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім меңгерушісі Əсет Досекенов тілшіге мемлекеттік қызмет заңдылығының сақталуын бақылау жəне мемлекеттік қызметкерлердің əлеуметтік, құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету үшін департамент барлық мүмкіндікті жасайтынын айтқан еді. Осыдан кейін Г.Ысмағұлова, Ш.Чудова, Ж.Садықов, Ш.Құшмұрзина сот шешімі арқылы төрт айлық орташа еңбекақы көлемінде жəрдемақы мен өтемақы алды. Олардың əрқайсысы кемінде 400 мың теңге қаржыға ие болды. Сонымен қатар, А.Жұмабаева мен Д.Мүсілімовке инспекция жұмыс істеген уақыттағы еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төледі. Ал əділ сот қызметкер А.Салинованы инспекциядағы жұмысына қайта алғызды. ҚОСТАНАЙ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №704 ek

Profile for Egemen

02122015  

02122015

02122015  

02122015

Profile for daulet
Advertisement