Page 1

МЕМЛЕКЕТТІЛІК МЕРЕКЕСІ Тўѕєыш Президент кїні – тарихи таѕдау кїні, барлыќ ќазаќстандыќтардыѕ Елбасы Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ тґѕірегіне топтасу кїні.

№266 (28205) 2 ЖЕЛТОҚСАН ДҮЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Президентке – жаѕа їлгідегі №1 партиялыќ билет

Кеше Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық қоғамдық қабылдаудың Астанадағы жаңа ғимаратында болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ғимаратты аралау барысында Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қоғамдық қабылдаулардың жаңа жұмыс форматы туралы хабардар етті. «Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауына Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының үлгісі бойынша халықпен жұмыс жасаудың сервистік бағдардағы тəсілдері жəне Оңтүстік Корея, Сингапур, Дания сияқты елдердегі озық тəжірибелер енгізілуде. Жаңа формат өңірлердегі ахуал туралы баламалы, мемлекеттік органдарға тəуелсіз ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындармен «онлайн» режімінде байланыс жасауға мүмкіндік беретін «Электронды партия» жобасымен танысты. Партияның ресми сайтына өтініш жолдап, заңгерлік кеңес алуға болады. Өтініштің орындалу барысын nurotan.kz сайтынан да, арнайы берілетін QR-коды арқылы да қадағалап отыруға болады. Сондай-ақ, партияның еліміз бойынша ортақ тегін (2)

597-850 байланыс нөмірі бар call-орталығы құрылған. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Республикалық қоғамдық қабылдауға өтінішпен келген азаматтарды қабылдады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы жоғары оқу орнының түлегі Азамат Шадиров «Жас Отанмен» бірлесіп ЭКСПО-2017 көрмесіне волонтерлер даярлайтын өңірлік штабтар құру жөнінде бастама көтерді. Астана қаласындағы мамандандырылған Балалар үйі директоры Гүлнар Құлышева ДЦП диагнозы бар балаларға арналған оңалту орталықтарына қолдау көрсетуді өтінді, ондай орталықтарды ұйымдастыру қазірдің өзінде Қазақстанның алты өңірінде іске асырылуда. Ақмола облысының Көкшетау қаласынан келген кəсіпкер Сергей Миленко «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құрамажем зауытын іске қосу үшін электр желісі құрылысына жəне автомобиль жолдарын салуды жеделдетуге көмек көрсетілсе деген өтінішін білдірді. Алматы

«Эко такси» жобасыныѕ тўсауы кесілді Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ елі» монументі алаңында «Эко такси» қалалық такси паркі инвестициялық жобасының негізгі қырларымен танысты. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Аталған жоба мемлекеттікжекеменшік əріптестік қағида сымен жүзеге асырылуда. Оның мақсаты Астана қаласында экологиялық отынмен жүретін

ірі автокөлік таксопаркін құру жəне қалада таксомоторлы тасымалдар мен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында халыққа қызмет көрсетудің өркениетті түрін енгізу болып табылады. Астана қаласы əкімдігінің көмегімен

облысы, Қаракемер ауылындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы К.Манекеев жергілікті өзін өзі басқарудың тиімді тəжірибесін таратуға көмектесуді өтінді. «Нұр Отанның» өңірлік бөлімшелері жетекшілері бейнебайланыс жүйесі бойынша партия Төрағасына XV съезде берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндады. Мемлекет басшысы бұдан тұп-тура 22 жыл бұрын, Тəуелсіздік таңы атқан сəтте алғаш рет жалпыұлттық Президент сайлауы өткенін, сондықтан, өткен жылы еліміздің Парламенті 1 желтоқсанды Қазақстандағы мемлекеттік мереке ретінде бекіткенін атап өтті. – Бүгінде біз қажырлы еңбек еткен жылдар ішінде елеулі нəтижелерге бірге жеттік деп айтуымызға болады. Міне, жыл аяқталып келеді, жалпы алғанда, көрсеткіштер жаман емес. Сіздерді құттықтаймын жəне жұмыста табыс тілеймін, – деді Президент. Іс-шара аяқталғаннан кейін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі, Парламент Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа үлгідегі №1 партиялық билетті тапсырды.

Орталыќтыѕ жаѕа єимаратында болды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев орталығы» жаңа ғимаратында болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ғимаратты аралау барысында Нұрсұлтан Назарбаев оны қарап шығып, нысанның негізгі өлшемдерімен танысты. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, Тұңғыш Президент күні өзге де мемлекеттерде – АҚШ-та, Еуропа, Азия елдерінде мереке ретінде атап өтілетінін айтты. – Қазақстан Парламенті өз шешімімен мемлекеттік мереке ретінде бекітті. Бұл күннен кейін маңызды мерекелер басталады,

Ол кїн біздіѕ есімізде

«AllurGroup» компаниясы жүзеге асырып отырған жобаның бірінші кезеңі мемлекет-жекеменшік серіктестік негізінде 100 автокөлікті пайдалануға беруден басталады, олардың санын 2017 жылға қарай 500-ге дейін ұлғайту жоспарлануда. Алғашқы кезеңде бұл жобаға тартылатын инвестиция 450 миллион теңгені құрамақ. (Соңы 2-бетте). Бижамал РАМАЗАНОВА, Қазақстан Республикасы Орталық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Алматы қаласының құрметті азаматы.

Төрт жылға созылған қанқұйлы Ұлы Отан соғысының ауыртпалықтарын өткерген, екі ғасыр куəгері, екі формацияда өмір сүріп, оған тағдырлас болған аға ұрпақ өкілдері сол бір күнді ешқашан ұмыта алмайды. Ол 1991 жылдың 1 желтоқсаны болатын. Тəуелсіздіктің жарқырап атып келе жатқан нұрлы таңына сенім артқан Қазақстан халқы бірінші рет өз елі Президентінің сайлауына 98,7 пайыз қатысты. Зор мақтанышпен қазақ халқының Тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сайланды. Жұрттың қуанышы мен

ризашылығы соншалық, сайлау бүкілхалықтық мерекеге айналды. Білетін-білмейтіндіктеріне қарамастан, жұрт бірін-бірі жылы шыраймен құттықтауда болды. Сол күндері Л.Б.Гончаров атындағы Алматы жол-құрылыс институтының оқытушылары – біздер студенттердің Президент сайлауына қатысқандарына, дербестікке қол жеткен еліміздің келешегіне аса бір ризашылық танытқан сезімдеріне, оқуға деген ынталарына тəнті болдық. Əрқашан жастарымыздың қуанышын көргеннен артық бақыт жоқ екеніне барлық кезде көзіміз жетіп келеді. Өйткені, адамның нəр беретін тамыры да, сəн беретін жапырағы да келешек ұрпақ емес пе?! Енді біраз шегініс жасап, сол жылдардағы саясиəлеуметтік жағдайларымызға көз жіберейікші. 1991 жылы желтоқсан айында Кеңес Одағы деп аталатын, 70 жыл үстемдік орнатқан держава ыдырап, тарихи сахнадан кетті. 16 одақтас республика əрқайсысы əр жаққа алаңдады. Бірі мұсылмандық одаққа, бірі Еуропаға көз тікті. Техника жабдықтары, қаражат қоры түгелдей дерлік Ресей зауыттарына, Мəскеу орталығына бағынышты болғандықтан, елімізде өндіріс тоқтай бастады. (Соңы 10-бетте).

осыдан кейін олардың ішіндегі ең маңыздысы – Тəуелсіздік күні атап өтілетін болады. Бұл оқиғалар өзара байланысты. Мен мандат алып, барша халықтың қолдауына ие болған соң оның атынан еліміздің тəуелсіздігін жариялауға мүмкіндік алдым. Сондықтан біз бұл күнді халқымыздың даму жəне өсіп-өркендеудің жаңа жолына түскен күн ретінде атап өтеміз. Бүгін Астана мен облыстарда еліміздің азаматтарына тұрғын үйлер берілуде, халықтың игілігіне қызмет

ететін жаңа əлеуметтік нысандар іске қосылуда. Бұдан бөлек, бүгін елордада «Эко такси» жобасының тұсауы кесілді, ол ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың басы болып саналады. Бұл Астанадағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Біз осы тəжірибені Алматыға жəне Қазақстанның басқа да қалаларына таратамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті «Назарбаев орталығы» ғимараты елордамыздың жаңа бірегей нысаны болып табылатынын атап өтті. (Соңы 2-бетте).

Кеше «Қазақстан» Орталық концерт залында «Елбасы жолы» киноэпопеясының екінші, үшінші тарауларының тұсаукесер рəсімі өтті. Фильмді Шəкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұжымы бір жарым жыл бойы түсірген. «Балалық шағымның аспаны» фильмімен басталған киноэпопеяның жалғасы екі бөлімнен тұрады: «От-өзен» жəне «Теміртау». Фильмнің тұсаукесер рəсіміне халық көп жиналды. Араларында Үкімет мүшелері мен Мəжіліс жəне Сенат депутаттары, белгілі ақын-жазушылар болды.

«Елбасы жолы» Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Фильм басталардан бұрын фильмді түсіруші топ журналистерге арнап баспасөз мəслихатын өткізді. Онда «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев фильмнің мақсаты туралы айтып, түсіруші топпен таныстырды. Фильмге бұған дейін «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмді түсірген Рүстем Əбдірашев режиссерлік еткен. Ол киноэпопеяның ерекшеліктері мен түсіру жолдары туралы əңгімелеп, журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. «Елбасы жолы» киноэпо пеясының бұл тараулары ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі – қазақ даласында өнеркəсіптің құрылысы кезінде фильмнің басты кейіпкері Сұлтанның ер жетіп, қызықты да қиын өмірге қадам басуын бейнелейді. Кіндік қаны тамған туған ауылынан арман қуып аттанған жас Сұлтан металлургтер қа ласы атанған – Теміртауға, республикалық жастар құ рылысына келеді. Жас

өрен уақыт өте Украинадағы Дне про дзержинск қаласына оқуға жолдама алып, осы жерде жаңа достар мен өмірдегі ұстаздарын кездестіреді. Оқуын ойдағыдай тəмамдап, қолына диплом алған жас Сұлтан достарымен бірге Теміртауға оралып, еңбек жолын қайта жалғастырады. Алдына айқын мақсат қоя білуімен, діттеген биігіне жету жолында қаймықпай, қажымай, күресе алатын қайсар мінезінің арқасында ол Орталық Азиядағы ең ірі металлургиялық комбинаттың басшыларының бірі болады. Киноэпопея сценарийін Елбасының «Əділеттің ақ жолы», «Бейбітшілік кіндігі» жəне «Еуразия жүрегінде» шығармаларын негізге ала отырып, белгілі драматург-сценарист Шахимарден Құсайынов пен режиссер Рүстем Əбдірашев жазып шыққан. Сондай-ақ, аталмыш фильмде Елбасының əріптестері, достары мен замандастарының естеліктері молынан пайдаланылған. (Соңы 2-бетте).


2

www.egemen.kz

2 желтоқсан 2013 жыл

1991

Елімен етене Елбасы

1992 «Эко такси» жобасыныѕ тўсауы кесілді (Соңы. Басы 1-бетте). Мемлекет басшысы «Эко такси» жобасын іске асыру ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қала инфрақұрылымын даярлау жөніндегі алғашқы қадамдардың бірі болып саналатынын атап көрсетті. Жобамен танысу барысында Мемлекет басшысы өзіне ұсынылған автомобильдің бірімен жүріп өтіп, «Эко такси» такси паркінің алғашқы жолаушысы болды. «Астана Эко таксиінің» бүкіл автокөлік паркі пропанбутан (SNG) қоспасы негізіндегі

«Елбасы жолы» (Соңы. Басы 1-бетте).

Фильмді үш сағатқа жуық тамашалаған көрермен қауымның көркем шығармадан үлкен əсер алғаны, тек Елбасының өмірбаянымен ғана емес, ХХ ғасырдың тарихи кезеңдерімен тереңірек танысқаны анық. Оны фильмнен кейін туынды туралы пікірін білдірген көрермендердің сөзінен аңғардық. Əбіш Кекілбаев, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы: – Елбасы туралы бұған дейінгі түсірілген көркем фильм «Балалық шағымның аспаны» деп аталған еді. Бүгінгі «От-өзен» жəне «Теміртау» көркем фильмдері алғашқысымен жақсы жалғасын тауып, расында «Елбасы жолы» деген нағыз киноэпопеяға айналыпты. Бұл туындыдан қарапайым халықтың арасынан қайнап шығып, елдің, жердің қамын ойлаған, сөйтіп, заманының зор қайраткері дəрежесіне көтерілген азаматтың өмір жолын бағамдадық. Сондай-ақ, қайсар жігіттің қабілеті мен дарыны арқылы өндіріске белсене араласып, ондағы негізгі тұлғаның біріне айналған қазақ жұмысшысын көрдік. Бұған қоса, фильмде тек Елбасының ғана образы ашылып қоймай, оның жанындағы жас қазақ жұмысшыларының мінезі мен қабілеті, жалпы тұтас бір буынның өмір жолы жақсы өрілген. Мұнымен қатар, сол дəуірде қазақ жастарының индустриялық даму мен осы жолда жеткен жетістіктерді терең

түсініп, оның философиясы мен психологиясын жақсы меңгергені фильмде жақсы көрсетілген. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Елбасының отты өмір жолы арқылы халқымыздың ХХ ғасырдағы 60 жыл өмірі түгел дерлік қамтылған деуге толық негіз бар. Тағы да айтарым, қазақтың жас қайсар жігіті алда кездескен қиындықтардың бəрін жеңіп, қызмет жолында əбден ысылып, елдік азаматқа айналған. Осыған қарағанда, көркем туынды өз мақсатына жеткен. Түсірушілер тарапынан тарихи оқиғаларды жылтыратып көрсете сала ма деген күдік болған. Бірақ, фильмді көріп шыққан соң толық қанағаттанып отырмын. Тарихи шындықтар дұрыс көрсетіле біліпті. Ал фильмді түсіруші топ пен əртістерімізге

сұйытылған газбен жұ мыс істейтін болады. Бұл қаладағы экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге, жанар майдың төмен бағасы есебінен таксопарк қызметінің құнын арзандатуға да мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қаламызда 18 газ құю стансасы жұмыс істейді. «Ас тана Эко такси» жобасы ЭКСПО-2017 халықаралық ма мандандырылған көрме сін өткізуге қаланың инфрақұ ры лымын дайындау бойынша қала əкімдігінің жүзеге асыруға тиіс үш бағдарламасының бірінші ісшарасы болып табылады.

қарапайым көрермен қауым риза болар деген ойдамын. Қуаныш Сұлтанов, Парламент мəжілісінің депутаты: – Елбасымыз туралы көркем фильм өте сəтті шығыпты. Көріп риза болып қалдым. Расын айтқанда, көркем дүние дегенмен, мен өз басым бұл фильмді тарихи кино деген болар едім. Өйткені, сол кездегі өмір шындығы, тарих шындығы бұрмалаусыз анық əрі нақты көрсетілген. Біз де сол дəуірдің ұрпағы болған соң, ол кезеңдердің оқиғалары мен адамдарының сол кездегі оқиғаларға көзқарасын, сондайақ, өз қатарластарымыздың мінез-құлқын жақсы білеміз. Мен мектепті 1961 жылы бітірген болсам, бұл кісілер 1958 жылы Теміртауда болыпты. Расында да, ол кезде Теміртаудың атағы жер жарып тұрды. Сол кездегі алғыр жастар, жүрегінде алауы бар азаматтар Қазақстан Магниткасына баруға шынында да құштар болатын.

Орталыќтыѕ жаѕа єимаратында болды (Соңы. Басы 1-бетте). – Бұл – күллі əлемге белгілі архитектор Норман Фостердің туындысы. Мұндай орталықтар əлемнің көп қалаларында салынуда. Мысалы, АҚШ президенттері кітапханалар, орталықтар ашып жатады. Бұл орталықта тəуелсіздігіміздің тарихы, əлемдік экономика мен саясат жөнінде зерттеулер жүргізілетін болады. Жастар отандық тарих саласында жаңаша білім алады жəне тілдерді үйренетін болады. Ғимарат биікті шолған көз жанарының пішіні тəріздес. Мен нысанды салуға атсалысқан құрылысшыларға, демеушілерге ризашылығымды білдіргелі келдім. Бұл ғимарат мемлекет қаражатына емес, жеке кəсіпкерлердің қаржысына салынды. Баршаңызды осынау мерекемен құттықтаймын, қазақстандық əр отбасыға игілік жəне табыс тілеймін, – деді Мемлекет басшысы. Бұған қоса, ғимаратты аралау барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Мемлекет басшысының қазіргі заманғы Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына елеулі септігін тигізген, арнайы үлгімен рəсімделген тарихи жарлықтары көрсетілді. Көпфункционалды ғимараттың аумағы – 28 мың шаршы метрден астам, 9 қабаттан тұрады. Кітапхана жалпы қоры 460 мың бірлікті сақтауға есептелінген, олардың 200 мыңға жуығы – жабық қор.

Менің қуанып отырғаным, тұтас киноэпопеяға айналған үш фильм жас өскін балаларға, өмір жолын таңдауға бет алған бозбала, бойжеткендерге үлкен үлгі-өнеге болары анық. «Қазақфильм» ұжымын осындай керемет дүние жасап шығарғандарымен құттықтағым да келеді. Мұнымен айтпағым, фильмді түсірушілер нағыз тарихи оқиғаларды Елбасы өмірі арқылы көрсете отырып, жас қазақ жұмысшыларының алғырлығын, қайсарлығын, ең бастысы – мықтылығын дəл бере біліпті. Негізі, біздің Елбасымыз – тарихты өз қолымен жасаған тұлға. Мұндай тұлғалар ғасырларды зарықтырып келетіні мəлім. Сондықтан, бүгін тұсауы кесілген фильмнің ойлағанымыздан əлдеқайда жақсы шыққаны бəрімізді үлкен қуанышқа бөлеп отыр. ----------------------------------Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

1993

Ќўттыќтаулар

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына əлемдік сараптамалық қауымдастықтардың, ғалымдардың Еуразия экономикалық клубының құрметті профессорлары жəне Нобель сыйлығы лауреаттары Астаналық клубының мүшелері атынан көптеген құттықтаулар түсуде. Марк УЗАН, жаңартылған БреттонВудс комитетінің атқарушы директоры. Соңғы үш жыл ішінде мен, Назарбаев мырза, Сізбен кездесуге мүмкіндік берілген Астана экономикалық форумына қатысу құрметіне ие болдым. Мен Форум кезінде идея алмасудан үлкен лəззат алдым жəне осындай ауыр өтпелі кезеңде жаһандық қаржылық сəулет ісін реформалау қажеттігіне назар аударғаныңызға таңғалдым. Мен, сондай-ақ, Сіздің бүгінгі күн мен болашақтың мəселелерін шешу үшін бүкіл əлем бойынша қатысушыларды тартудың ең жақсы платформасы саналатын дағдарысқа қарсы бастамаңызға (G-Global) тəнті болдым. Мен Сізді шын жүректен құттықтаймын жəне Сізге денсау лық, бақыт жəне сəттілік тілей мін. Келесі жылы өтетін Астана экономикалық форумында Сізбен кездесуді асыға күтемін. * * * Филипп НОБЕЛЬ, Нобель халықаралық туыстық төрағасы, Тогрул БАГИРОВ, Нобель мұрасы Баку қорының төрағасы, Густав НОБЕЛЬ, Нобель сенімі Трастының төрағасы. Еуразия қауымдастығы «Нобель халықаралық туыстығы, Нобель мұрасы Баку қоры, Нобель сенімі Трасты атынан біз Сізге 1 желтоқсан – тарих үшін төтенше маңызды күні ең жақсы тілектерімізді білдіргіміз келеді. Еуразия экономикалық ғалым дар клубы қауым дас тығының қызметіне жəне жыл сайын Астана экономикалық форумы жұмысына қатысудың өзі үлкен сəттілік, сондықтан біз Сіздің еліңіздің халықаралық қауымдастықтың бөлігі бола отырып, өркендеп келе жатқанына тек қана өз таңданысымызды жеткіземіз. Жоғары мəртебелі, Сіздің осындай қысқа мерзімде қол жеткізген жетістігіңіз – ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық ауқымда маңызды іс. Біздің пікірімізше, Еуразия экономикалық ғалымдар клубы қауымдастығы осындай жетістікке қол жеткізу жолындағы маңызды құрал мен фактордың бірі болып табылады! Біздің ынтымақтас тығымыздың терең тарихы бар, сондықтан, Сіздің рухтандыратын басқаруыңызбен болашақта əрі қарай да өзара əрекеттестігімізді нығай та ты ны мызға кəміл сенеміз. * * * Ричард РОБЕРТС, Психология жəне медицина бойынша 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге байланысты Сізге жəне қазақ халқына ізгі тілегімді қабыл алуыңызды сұраймын. Мен біздің болашақта қайта кездесуге мүмкіндігіміз болады деп сенемін.

* * * Виллем КОК, Мадрид клубының президенті, 1994-2002 жылдар аралығындағы Нидерланды Премьер-министрі. Мен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамын мерекелеуге байланысты өзімнің шынайы тілегімді білдіргім келеді. Мадрид Клубы мүшелері мен хатшылығы атынан мен Сізге жəне Қазақстан халқына мəңгілік амандық тілеймін жəне ұзақ жылдар бойы өркендеуіне тілектеспін. Сондай-ақ, осындай маңызды күні маған сіздердің қонақжайлықтарыңыз бен барынша қолдау көрсеткендеріңізге алғыс білдіре отырып, өзімнің жəне əріптестерімнің атынан жыл сайын өткізілетін Астана экономикалық форумы жəне жаһандық жарылыстарға қарсы күресу үшін құрылған басқа да маңызды халықаралық бастамаларға ұдайы қатысатындығымызды жеткізуге рұқсат етіңіздер. Мен біздің өзара тиімді жəне өнімді ынтымақтастығымыз əрі қарай нығая жəне тереңдей түсетініне сенемін. * * * Əділбек ЖАҚСЫБЕКОВ, Қорғаныс министрі. Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Бүгін біздің армиямыз ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үнемі қолдауының арқасында ТМД елдері əскерлері арасында көш бастады. Біздің Қарулы Күштеріміздің қуаты мен қауқары халықаралық жаттығуларда жəне 2013 жылы 7 мамырда өткізілген Жауынгерлік парадта кеңінен көрсетілді. Сіздер өздеріңіздің жоғары əскери шеберліктеріңізді, жауынгерлік өзара іс-қимыл танытудағы деңгейлеріңізді, іс жүзінде өз істеріңіздің кəсіби шебері əрі нағыз патриот екендіктеріңізді таныттыңыздар! Біз Жоғарғы Бас қолбасшымыздың: «Қазақстандық əскери қызметші əрқашан патриотизмнің эталоны жəне жас ұрпаққа үлгі болуға тиіс», деген кеңесін есте сақтап, күнделікті басшылыққа алуға міндеттіміз. Сіздерге жəне сіздердің туыстарыңызға денсаулық, бақыт жəне Отанымызға бейбіт аспан тілеймін! * * * «Нұр Отан» партиясының ресми порталы. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен барша қазақстандықтар мен нұротандықтарды шын жүректен құттықтаймыз!» деп жазады портал. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Тəуелсіз Қазақстанның алғашқы жалпыхалықтық сайлауы өткен еді. Сондықтан бəрімізге ортақ мерекеде Отанымыздың игілігі мен көркеюі жолында əрбіріңізге жемісті еңбек пен толағай табыс тілейміз. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, дендеріңіз сау, істеріңіз берекелі болсын, делінген хабарламада.


www.egemen.kz

2 желтоқсан 2013 жыл

1994

Елімен етене Елбасы

1995 Жаѕа дəуір – жаѕа дəстїр

Қуаныш СҰЛТАНОВ, Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Тəуелсіз мемлекет, ерікті еркін ел бола алғанымыздың арқасында бұрын-соңды тарихымызда көрмеген жақсылықтарға бүгінгі ұрпақтың қол жеткізіп отыруы – ерекше бақыт. Осы күнге жету жолында қаншама асулар мен белестерден өтті халқымыз... ... Өткен ғасырдың 80-ші, 90-жылдары сол кездегі Кеңес Одағы кеңістігі қайшылыққа, қоғамдық ағыстардың толқынына толы болды. Михаил Горбачев билікке келгеннен кейін «қайта құру» науқаны басталды. Бұрынғы коммунистік партияның басшылығы қызметіне, коммунистік партияның қоғамдағы орнына жəне оның қызметінің сыни тұрғыдан сарапталуына айрықша басымдық берілгендіктен халық əуел бастан ол идеяны қолдады. Бірақ, жақсы басталған сөз созбалаңға түсіп, нақты істердің немесе нəтижелердің төбесі көрінбей, қоғамда тек пікірталас өршіп, бұрынғының бəрін жоққа шығарудан аса алмай, жаңа қадамдар байқалмады. «Қайта құру» саясаты идеядан асып, нақты тиімді əрекеттерге шешіліп кірісе алмағандықтан оң нəтиже бере қоймады. Партияның белсенділігін жəне қоғамдағы рөлін күшейту туралы əңгіме неғұрлым көп болған сайын, солғұрлым партияның арасында қожыраушылық күшейіп, өріс алды. Күнделікті тіршілікке тəн ұсақтүйекке, мысалы вагондардан азық-түлік, құрылыс материалдарын, көмір-отынды түсіруге дейін Мəскеудегі Орталық партия комитетінен нұсқаулар келіп, шаруашылық басшылықтарының орнына партия ұйымдары араласып кетті. Шаруашылық мəселелеріне тікелей жауап беретін орындар жұмыс істеуді қойды, жауапкершіліктен шеттетілді. Олар партиядан қойылып жатқан мəселелерді партияның өзіне итеріп салып, қандай да кемшіліктердің бəрі партияның кемшілігі саналатын болды. Осы сияқты «қайта құру» идеясы дұрыс болғанымен, оның ұйымдастыру стратегиясы əуел бастан айқындала алмай, негізгі мақсаттары арнайы тұжырымдамамен бекітілместен көп жағдайда стихиялы түрде жүргізілді. Мұндай «бастама» партияның жетекші кадрларын жерден алып, жерге салумен ұштасып кетті. Горбачевтің өзі айтқан «төс пен балғаның ортасында» партияның басшылық қызметкері, символикалық түрде «төс» деген яғни жұмысшы табы, «балға», орталық билік, ал ортасында партияның қызметкерлері. «Таяқ жейтін» солар. Жалпы партияның өзінде көп мəселелер тоғытылып, жиналыс көбейіп кетті де, айтылған мəселелердің бəрі сөз жүзінде қалып, оның орындалуын ұйымдастыруға екпін берілмей қалды. «Қайта құру» идеясының өзі аяғы осылай сиырқұйымшақтанып, құмға сіңген судай болып жатты. Биліктің жаңа құрылымын табу мақсатында сол кезде М.Горбачевтің КОКП Орталық Комитетінің ұсынысымен мемлекетті басқарушы президент институты енгізіліп, КСРО Жоғарғы Кеңесінің жиналысында Михаил Горбачев Кеңес Одағының президенті болып сайланды. Осы үрдіс алдымен Ресейде, одан кейін басқа одақтас республикалардың барлығында да енгізіле бастады. 1989 жылы 22 маусым күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болып, сол пленумда бұдан бұрын бірінші хатшы болған Геннадий Колбин Мəскеуге қызметке кетуіне байланысты жұмыстан босатылды да, оның орнына сол кездегі біздің

республика Үкіметін басқарып тұрған Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Ке лесі жылы, 1990 жылдың сəуір айында Жоғарғы Кеңес пен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешімі бойынша Қазақстанда президент институты енгізіліп, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Жоғарғы Кеңесте Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды. 1991 жылдың тамыз айында болған, Мəскеудегі Орталық билік өкілдері сол кездегі Кеңес Одағының вицепрезиденті Г.Янаев, яғни мемлекеттегі екінші адам бастаған əйгілі «тамыз бүлігі» Коммунистік партияның құлауына əкеліп соқты. Осыны жедел əрі орынды пайдаланып, бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған Балтық жағалауы республикалары, Кавказдағы республикалар өздерінің Кеңес Одағы құрамынан шығатындарын, тəуелсіз мемлекет болатындарын жария етті.

Нұрсұлтан Əбішұлы осы, тағы басқа ішкі, сыртқы жағдайды ескере отырып, елде бүкілхалықтық сайлау өткізуге өзі бастамашы болды. Көп ұзамай 1991 жылдың 1 желтоқсанына бүкілхалықтық сайлау жарияланды. Сол сайлау арқылы Қазақстанның жаңа дəуірге бет алып тұрған кезеңінде халықтың көңіл-күйін, шешімін байқау қажет болды. Сайлауға бүкіл халық үлкен ықылас, қолдау көрсетті. Бүкілхалықтық сайлаудың негізгі мақсаты халықтың билікке сенімін байқау арқылы елдің ынтымағын, тұтастығын қамтамасыз етумен бірге, қандай да жаңа реформаларға қолдау алу еді. Сонымен бірге, Президент билігінің ешкімге тəуелді болмауы, ешқандай мемлекеттік құзырлы орынға, ешқандай Кеңеске де, ешқандай партияға да тəуелді болмай, тек қана халықтың алдында жауапты екендігі туралы анық ұғым қалыптастырып, билік пен халық арасында жаңа қарым-қатынасқа жол салу ойда еді.

1991 жылдың 18-19 тамызындағы оқиғалар «тамыз бүлігі» деген атауларға ие болған. Біріншіден, оны ұйымдастырушылардың көздеген мақсатының ойраны шықты. Екіншіден, олардың сол кездегі Коммунистік партияның билігін тұрақтандырамыз, арттырамыз, Мəскеудегі Орталық билікті күшейтеміз деген ойлары жүзеге асқан жоқ. Керісінше, Орталық биліктің абыройын түсіріп, Коммунистік партияны таратуға басты себеп болып, олардың əрекеті «мемлекеттік төңкеріс» деп танылып, түгелдей жауапқа тартылды. Оның құрамында Геннадий Янаев, сол кездегі Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Анатолий Лукьянов, басқа одақтық дəрежедегі лауазымдық қызметкерлер болған. 1991 жылы «тамыз путчінен» кейін қысқа мерзімде бізде де, Қазақстанда өте жедел, жинақы түрде Нұрсұлтан Назарбаев өзінің толық билігін пайдаланып, кезектен тыс партияның съезін өткізіп, бұрынғы Коммунистік партияны таратты. Көп партиялылық жарияланды. Осыдан кейін ресми мемлекеттік билік партияның қолына емес, мемлекеттік ресми құзырлы орынның қолына көшті. Бірақ Президентті Жоғарғы Кеңес сайлағандықтан, оның билік құзыры соған да байланысты болды.

Бұл сайлау – тек сайлау ауқымы мен мəртебесін көтеру үшін ғана емес, ең алдымен халықтың жаңа санасына, қоғамның жаңа сапасына бет түзеу арқылы халықтың өз өкілеттігінің шынайылығын орнықтырып, билікте де, қоғам өмірінде де халықтың белсенділігін, жауапкершілігін арттыру еді. Бұл, сөз жоқ, бұқаралық сананың жаңа сатысы, жаңа сапасы болатын. Коммунистік партия таратылғаннан кейін 1991 жылғы тамыздың аяғында Президент Жарлығымен жаңа билік құрылымдары құрылып, Қазақстан Үкіметінің жаңарған құрамы бекітілді. Солардың қатарында Баспасөз жəне бұқаралық ақпарат құралдары министрлігі құрылып, соның тұңғыш министрі болуға Президент осы мақаланың авторына сенім көрсетіп, Президенттің сайлауымен шұғылданатын бірден-бір жетекші министрліктің біреуін басқару бақытына ие болдым. Қандайда «сайлау» деген науқан қоғамдық пікір, үгіт-насихат, қоғамдық көп шілік жұмыстармен байланысты, сондықтан, əрине, біздің министрліктің сайлауға байланысты жұмысы да, жауапкершілігі де молынан болғаны да табиғи. Сайлау науқанына Президент лауазымында жүрген, əрі сайлауға үміткер

ретінде қатынасатын Нұрсұлтан Əбішұлы өзі бас болып, белсене араласты. Əсіресе, ерекше есте қалған оқиғалар – Президенттің қалың елмен, сайлаушылармен кездесулері еді. Сол кездегі Нұрсұлтан Əбішұлының ел алдындағы елді баурап алатын шын жүректен шығып, көмекейден төгілген адами шешендік сөздері, көпшіліктің сұрақтарына ұтқыр, арасында жұмсақ əзіл аралас жауаптары, əр кездесуі қоғаммен жұмыс істеудің тамаша үлгісі, саяси науқан өткізудің тұтас университетіндей болғаны да көз алдымызда. Сайлаушылармен кездесіп, олармен дидарласу, пікір алысу, сұрақтарына жауап беру мақсатында Президент барлық облыстарды түгел қамтып, аралап шықты. Елде естен кетпес кездесулер өтті. Сайлау кезінде кейбір Үкімет мүшелері, лауазымды қызметкерлер Нұрсұлтан Əбішұлымен бірге өңірлерге барып, кездесулерге қатынасу сеніміне де ие болдық. Жамбыл, Қарағанды, Жезқазған облыстарына (ол кезде Жезқазған облысы бөлек) барғанда арнайы мəдениет сарайларының ғимараттарында, жұмыс орындарында халық өкілдерімен жоспарлы кездесулерден тыс кездесулер де халықтың ерекше көңіл күйін, болашаққа сенімін көрсетті. Сондай кездесулердің бірі – Тараз (ол кезде Жамбыл) қаласының Орталық алаңында театрдағы кездесуден соң жоспарсыз өтті. Алаңда мыңдаған адамдар жиналып тұрғанын көрген Президент автокөлікті тоқтатып, қалың елге қарай жүрді. Сол тұста қауіпсіздік қызметтерінің мазасызданғаны да рас. Бəріміз үшін күтпеген бұрылыс кездесу болды. Мерзім кеш қараңғылығы. Алаңда мінбе де, микрофон да жоқ. Мұндай кездесу жоспарланбаған. Нұрсұлтан Əбішұлы топтың ортасына кіріп, əңгімелесіп, біраздан кейін микрофон жалғанды. Əңгіме бір сағаттан астам уақытқа созылды. Жиналғандар соңында риза болып, ұзақ қол соғып, Президентке сəт сапар тілеп, қимай қоштасты. Келесі күні Жезқазғанға келдік. Жезқазғанда да сондай үлкен кездесу болды. Жезқазғаннан кейін Қарағандыға келдік. Қарағанды, Теміртауда да орасан көп халық қатынасқан үлкен кездесулер өтті. Қай жерде де Елбасына деген халықтың сенімі мен қолдауы өте зор болды. Сайлау бұрын-соңды болмаған халықтың ықыласын, сайлауға мүдделілігін, бірлігін көрсетті. Бұл – шын мəнінде өзінің мазмұны жағынан да, өткізу тəсілі жағынан да жаңа сайлау еді. Сайлау кезінде балама үміткерлер туралы да ашық əңгіме айтылып, балама сайлауға ұсынылған немесе біреулер ұсынған адамдардың барлығының өздері, іс басындағы Президент Нұрсұлтан Əбішұлына арқа сүйеп, «осы тұлғаға үміт артамыз, осы кісіге сенеміз, болашағымызды сеніп тапсырамыз», деп, бүкіл халық, тіпті оппоненттік көзқарастағы азаматтардың өздері Президентті қолдап шықты. Сайлау ерекше рухани жаңару жағдайын көрсетті. Халықтың шексіз сенімі бүкіл халықты бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырып, сондай алмағайып заманда ел басқарар ерінің, жол сілтер көсемінің, сөз айта алар шешенінің жанына топтаса алды. Ол кезде əлі біз Кеңес Одағының құрамындамыз. Біздің негізгі өнеркəсіп орындарымыз Мəскеумен, Одақтың кəсіпорындарымен тікелей байланыс ты, өнеркəсіп саласының 93 пайызы түгелдей Мəскеуден басқарылады. Қаржы, банк мəселесі түгелдей Мəскеудің қолында. Өнеркəсіп орындары тоқырап, өнім төмендеп, тұрмыс нашарлап, Одақ көлемінде экономика дағдарысқа ұшырап жатты. Мызғымастай болған Коммунистік партия құлап, тарағаннан кейін Одақтың не боларын біле алмаған қалың ел мұндайда тек сенімді тұлғаға ғана арқа сүйеп, тағдырының болашағын соған қосарына тоқтады. Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесулерге – мейлі ол жұмыс орнында, немесе мəжіліс залдарында, мəдениет сарайларында, тіпті, ашық алаңдарда болсын – ағылған елде есеп жоқ.

(Соңы 9-бетте).

1996

3


4

www.egemen.kz

1997

2 желтоқсан 2013 жыл

Елімен етене Елбасы

1999

1998 – Ратмир Əлімханұлы! Егемендіктің елең-алаң шағында мемлекетіміздің Əскери-теңіз күштерін құруға алғашқы қадамдар жасалғаны белгілі. Теңіз беттен қойылған қалқан, пана секілді осы бір маңызды сəттің куəгері де, бел ортасында білек сыбана жүрген кейіпкерлерінің бірі де өзіңізсіз. Тəуел сіздіктің тұрақтылығы, ел іргесінің бүтіндігі үшін жасалған жақсы іс қалай, неден басталып еді? – Менің тағдырыма теңіз перзенті болу жазылыпты. Туған елім Қазақстан өз егемендігін алған кезеңде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінде қызметте болатынмын. Ұлы жаңалықты Орал қаласындағы əскери кəсіпорындарды көруге келген іссапарымда естідім. Кеудемді қуаныш кернеп, Қазақстан Үкіметіне елге оралғым келетінін айтып хат жаздым. Осы өтініштен соң, 1992 жылдың көктемінде республиканың тұңғыш Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов қабылдап, əскеритеңіз базасының командирі етіп Ақтау қаласына аттандырды. Ол кез ақжал толқындары аспанға атып, жас мемлекетімізді бірнеше шетелдермен шектестіретін асау Каспийдің төңірегіндегі, яғни еліміздің батыс аймағында əскери-теңіз күштері енді ғана қолға алына бастаған, əлі аяғынан тік тұрып кетпек түгілі, тұсауы да кесіле қоймаған сəт еді. 1993 жылдың сəуір айында еліміздің Тұңғыш Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамында Əскери-Теңіз күштері құрылсын» деген Жарлығы бізге тың екпін, ісімізге серпін берді. Моральдық-психологиялық тұрғыдан қанаттандырды, əрі тапсырма, бұйрық ретінде орындалуы тиіс екенін міндеттеді. – Жоқтан бар жасау оңай болмаған шығар? – Əрине. Кеңес Одағы тараған соң-ақ оның құрамында болған əрбір мемлекет үшін армия, əскери күш мəселесі күн тəртібіне шыға келді. Біздің Елбасымыз осы мəселеге айрықша жəне дер кезінде мəн берді. Тіпті сол тұстарда: «Қазақстанға Əскери-теңіз күштері қажет пе?» деген сауалдар да пікірталасқа негіз болып жатты. База жоқ, мамандар жоқ, катерлер тағы жоқ. Жоқ... Жоқ. Осындай жағдайда тəуекел етудің қиындығы айтпаса да түсінікті деп ойлаймын. Бірақ, қалай болғанда да Иран, Əзербайжан, Ресеймен шектесетін теңіз бетті қадағалап, қорғап тұратын əскери құрылым керек болатын. Қорғаныс министрлігіндегі аз ғана теңізші əріптестер болып, Елбасына хат жаздық. Мəселенің өзектілігін бірден таныған Нұрсұлтан Əбішұлы: «Еліміздің Əскери-теңіз күштерін құрайық», деп дереу қолдау білдіріпті. Осыдан соң-ақ əр жерде əртүрлі айтылып, үмітті тұмшалаған күдік бұлты сейіліп шыға келді. Іске құлшына кірістік. Жоқтан бар жасау демекші, ешнəрсе оңай болған жоқ. База ретінде Ақтау қаласын таңдап, қаладан ғимарат тауып, жаңа құрылымды орналастыра бастадық. Жергілікті əкімшілік өкілдері жылы қарсы алып, мүмкіндігінше көмектесіп отырды. Біз алдымен Каспий теңізінің қазақстандық секторын күзететін теңіз жағалауы патрульдік қызметін құрдық. Ол қарақанаттанып, топшысы қатайған соң теңіз айдынына шығатын флотилияны, сосын əскери-теңіз флотын аяғынан қаз-қаз тұрғыздық. Енді алдымызда кемелер, мамандар табу мəселесі тұрды. Əңгіме істің ыңғайын таба білуде ғой, бұл шаруалар қиын да болса, сол кездері оңынан оралғанына қазір шүкіршілік етеміз. Мұндай істерге алдымен Кеңес Одағы кезінде Əскери-теңіз күш терінде қызмет етіп тəжірибе жинақтаған, сондай-ақ осы салада əскери білім алған мамандарды, офицерлерді тарта бастадық. Кейін өзіміздің төл мамандарымызды дайындау қажеттігінен Ақтауда

Əскери-теңіз училищесін аштық, екі жылдан соң ол оқу орны институт деңгейіне көтерілді. Істі үйлестіріп отыру үшін Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты жанынан арнайы бөлімше, артынша Ақтауда əскеритеңіз базасы өмірге келді. 1995 жылы Маңғыстау облысының Түпқараған

ауданы аймағындағы Баутино портында АҚШ-тан əкелінген 6 катер, Германиядан жеткізілген 4 шағын күзет кемесі суға түсірілді. Оралдағы «Зенит» зауыты отандық кемелерді құрастыруға кірісті. Нəтижесінде көп ұзамай қатарымызды қазақстандық алғашқы «Сұңқар» күзет кемесі, сəл кейінірек «Батыр» кемесі толықтырды. Уақыт өте келе Əскеритеңіз күштерінің құрылымында өзгерістер болып отырды. Бірақ қалай болғанда да ең басты міндет – жас мемлекетіміздің жас флотилиясын аяғынан тік тұрғызу болатын. Осылайша, тынымсыз еңбек, мазасыз күндердің жемісі деп айтуға болады, 1998 жылы еліміздің Əскеритеңіз күштерінің құрылғанына бес жыл толған мерейлі сəтке 500 офицер, старшина жəне матросы бар, 17 кемесі мен катері бар құраммен жеттік. Бұл аз еңбек пе, көп еңбек пе, өздеріңіз бағамдай беріңіздер. – Жас құрылым үшін аз деп айта алмаймыз. Жаңа ғана өзіңіз сөз еткендей, алдымен «қарақанаттанған» еліміздің Əскери-теңіз күштерінің бас-аяғы бес-ақ жылда қанатын қомдауға жарап қалғаны таңғалдырып əрі қуантып отыр. – Иə, мұның бəрі айтуға ғана оңай. Қиындығын жарғақ құлақтары жастыққа тимей, сол істің ауыртпалығын көтерген менің əріптестерім жақсы біледі. Əрбір күнін теңіздей тулаған ойлармен өткізіп, кей кездері əп-əдемі идеялары мен істерін толқын басып қалғандай жабырқауға тап болған шақтары аз емес олардың. Бес жылда жоғарыдағыдай жетістікке қалай жеттіңіздер деп отырсыздар ғой. Сіздердің сұрағы ңызға жауап берейін, тəуелсіз мемлекетіміздің Əскери-теңіз күштерін құруға Президент Нұрсұлтан Назарбаев зор қолдау көрсетті. Осы оқиғалардың барлығын көзбен көріп, еліміздің Қарулы Күштерін, соның ішінде өзіме етене Əскери-теңіз күштерін дамытуға жасаған айрықша қамқорлығына куə болғандықтан, бұл саладағы Елбасы еңбегін жоғары бағалаймын жəне Мемлекетіміздің басшысы əрі Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде Нұрсұлтан Əбішұлының есімін əрдайым құрметпен атаймын. Елбасы Каспий теңізін тыныштықтың, достықтың теңізі болсын деген идея ұсынды. Қазақстандық аймақты күзете отырып, біз өз тарапымыздан көршілермен татутəтті болу ұстанымындамыз. 2012 жылы Мемлекет басшысы республика Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мəжілісінде 1-ші рангалы капитан Жандарбек Жанұзақовқа Қазақстан Əскери-теңіз күштерінің Жауынгерлік Туын тапсырып тұрып: «Құрметті генералдар мен офицерлер, жауынгерлер! Бүгін өте бір қуанышты күн. Отанымыздың байрағы астында ата-бабаларымыз əр уақытта да ар-намыспен ел қорғап, туған жер үшін жанын пида еткен. Сондықтан

тапсырылып отырған Жауынгерлік тумен бірге еліміздің тəуелсіздігін, жеріміздің тұтастығын, халқымыздың тыныштығын сақтауға біздің генералдарымыз, офицерлеріміз, сарбаздарымыз жан аямай қызмет етеді деп сенемін. Осы тудың астында біздің Отанымыз – Қазақстан

бізге үлкен міндет жүктеді. Мемлекет басшысы нұсқауымен Қарулы Күштерге, оның ішінде Əскери-теңіз күштерін нығайтуға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын арттырылды. Елбасы Ақтауда шағын Қорғаныс министрлігін құрғысы келді, осы мақсатта мұнда Əскери-теңіз күштері, теңіз жаяу əскерлері жəне Батыс əскери аймағы, авиациялық база, Əскери-теңіз институты өмірден нақты көрініс тапты. Каспий теңізінен мұнай кен орындарының табылуы жəне оны өндіруге қадам жасала бас тауы бізге кеме құрастыру бағдарламасын жасау қажеттігін ұқтырды. Елбасы осының бəріне зор қолдау көрсетіп отырды. Нұрсұлтан Əбішұлы теңізші болмаса да, осы саланы табиғи интуициясымен жете білетін мықты стратег екенін аңғартты. Қазақстан Президентінің атом қаруынан бас тартуы əлем елдерінің ықыласын туғызды. Елбасымыз бұған атом қаруын қазақстандықтар қолдана алмайтындықтан немесе одан əрі дамыта алмайтындықтан емес, бейбітшілікті сүйгендіктен осы қадамға барды. АҚШ, Қытай, Ресей секілді алпауыт елдермен

– Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен алғаш рет 1996 жылы Ақтауда жүздестім. Жасалып жатқан жұмыстар барысымен танысқан Президент маған: «Қане, 1-ші рангалы капитан мырза! Енді Тынық мұхиты, Сахалин аралдары емес, мына өз теңізімізді қолыңа ал», деді. Мен əркез осы сөздің үдесінен шығуға ұмтылдым. Жаңа құрылымның жаңа базасы маған аманат етілгендей сезіндім де сол аманатқа адал болуға тырыстым. Елбасы бұл саладағы еңбегімді ескеріп, 1998 жылы маған контр-адмирал атағын берді. Өстіп, еліміздің тұңғыш əрі алғашқы осындай əскери шенді адамы атандым. Бірде біз Елбасымен арнайы іссапармен Киевке бардық. Түнгі сағат 2-3-ке дейін Нұрсұлтан Əбішұлының бөлмесінің жарығы сөнбеді. Сөйтсек, Украина Радасындағы кездесу үшін кітапханадан сол елдің кітаптарын алдырып, қажетті сөздерді, мақал-мəтелдерді, деректерді ертеңгі жүздесуде пайдалану үшін түртіп алып отырыпты. Қаншама көмекшісі, нешеме кеңесшісі болса да, жұмысының ауырлығына қарамай, ұйықтамастан

ФЛОТ

распался, Потерялись связи все. Экономика упала, Деньги стали не в цене. И никто тогда не думал, Президентом даже стать. Очень трудно тогда было, Всю страну в руках держать. Интуиция и разум, Опыт жизни, знания. Помогают Вам трудиться, И дают признание. И в послании народу, Верьте мне, сказали Вы. Что задумал, то испольню, Я держу слова свои. Мы вам верим, вы пример нам, Как работать, как служить. Дорожить своим народом, И людей своих любить». – Еліміздің Əскери-теңіз күштерінің құрылу, қалыптауындағы қилы кезеңдеріне тоқталдыңыз. Енді сіз мы на ны ай тыңызшы, Əскери-теңіз күштеріміздің қазіргі əлеуеті қандай? Сосын, сөз соңында өздеріңіздің төл ведомстволарыңыз – Əділбек Жақсыбеков жетекшілік ететін Қорғаныс министрлігінің бүгінгі дəреже, деңгейі туралы да айта кетсеңіз. – Құдайға шүкір, Əскери-теңіз күштеріміз даму үстінде. Аз ғана тари хының ішінде бұл құрылым Волга, Дон өзендеріне, Мəрмəр, Азов, Каспий теңіздеріне, Цимлянск су қоймасына, Босфор, Керчь бұғаздарына ізін тастап,Түркия, Ресей, Украина елдерінің су жолдарын кесіп өтті. Бұл – айтуға тұрарлық жетістік. Қазіргі Əскери-теңіз күштерінің дамуында мамандар дайындау, заманауи қару-жарақпен қамту

Президент Н.Ə.Назарбаев жəне республика Əскери-теѕіз кїштері туралы контр-адмирал Р.Ə.КОМРАТОВПЕН əѕгіме

Республикасын қорғау үшін əскери саланың жетілдірілетініне, тəртіптің нығаятынына сенімдімін», деп Əскеритеңіз күштерін құрудың, дамытудың маңызы зор екендігіне тоқталды. Бұдан Əскери-теңіз күштерінің күні бүгінге дейін Елбасының жіті назарында екендігін білуге болады. – Ратмир Əлімханұлы! Президент жəне Қарулы Күш теріміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Əскери-теңіз күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойып, саланың аяғынан тік тұрып кетуіне қолдау көрсеткенін жоғарыдағы жанды мысалдармен өте жақсы баяндадыңыз. Ал күнделікті жұмыс барысында, яғни Əскери-теңіз күштерінің ішкі əлемінде өзіңіз көрген-білген, сезінген нақты қолдау-қуаттаулар есіңізде ме? Міне, енді осындай жайттарды өмірлік мысалдармен айтып берсеңіз... – Қарулы Күштерді əуеде, суда жəне құрлықта əрекет ете алатын үш жақты құрылым жасау тапсырмасы

достық қарым-қатынасты дамытып, өз тəуелсіздігімізді баянды ету жолындағы жансебіл істерімен сарабдал саясаткер ретінде танылған Мемлекет басшысының Қазақстанда Əскери-теңіз күштерін дамыту, су акваториясымен өтетін іргені бекіту бағытындағы жұмыстары да көңілге қонымды. Мен Ақтау базасының командирі, республика Əскеритеңіз күштерінің қолбасшысы болып жүрген кезімде оған талай рет куə болдым. Елбасы теңізшілерге: «Сіздерді қалай тамақтандырады? Киімдеріңіз жылы ма, ыңғайлы ма? Қане, не киіп жүрсіздер?» деп сұрайтын. Оқу бөлмелерін, сыныптарды аралап көріп, казармаға бас сұқса, тіпті жуынатын бөлмедегі су ағатын шүмектердің дұрыс істепістемейтіндігіне дейін мəн беретін. Бұл қамқорлық емес пе? Қаржы жетпей қиналған сəттерде: «Шыдаңдар, бəрі болады», дегені əлі есімізде. Қазір қараңыз, 20 жылда бізде материалдық жағдай айтарлықтай жақсарды. – Елбасымен кездескен сəттеріңіз болды ма?

түні бойы іздену, кітапқа үңілу деген керемет табандылық қой! Мен, міне, осыны көрдім. Нұрсұлтан Əбішұлының Қазақстанға, Қарулы Күштерге, Əскеритеңіз күштеріне жасаған қолдауын бір сұхбатта түгел айтып бере алмаспын. Қайталап айтатыным, Əскери-теңіз күштеріміздегі қол жеткен жетістіктердің, жасалған əрбір істердің бастауында Елбасы тұрғандығы анық. Осы саланың қалыптасып-дамуына тікелей қолдауы өте көп болды. Мен Нұрсұлтан Əбішұлын Президент ретінде, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде ғана емес, азамат ретінде қатты құрметтеймін. «Əу демейтін қазақ жоқ», дегендей, осы орайда оңашада қойын дəптеріме түсіретін азын-аулақ өлеңдерімнің ішіндегі Елбасына арналған шумақтарымды оқып бергім келіп отыр. «Богом данный людям нашим, Сын народа – Нурсултан. В трудный час страну возглавил, Суверенный Казахстан. Было трудно – Союз

бағытына, сондай-ақ саланы жаппай дамытуға басымдық берілген. Кадрлар АҚШ, Ресей, Түркия, Қытай, тағы басқа ірі елдерде келісімшарт негізінде дайындалады. Сондай-ақ əскери теңізшілеріміз Түркия, Корея, Германия, Пəкстан, Ресей, Əзербайжан мемлекеттерінде білімдерін жетілдіріп, тəжірибе шыңдайды. Ал қару-жарақ дегенде, отандық кеме құрастыру ісі жолға қойылып, өркендеп келе жатқандығын алдымен айтуымыз қажет. Республика Қорғаныс министрлігінің тапсырысына орай, Оралдағы «Зенит» зауытында əскери кемелер жасалуда. Қазіргі таңға дейін бұл жерден отандық бірнеше кемелер мен катерлер көк теңізге жолдама алды. Қай іске де жаңашылдық, тəуекелшілдік керек десек, соңғы кездері «Зениттің» ірі сыйымдылықтағы, заманауи тұрғыда жабдықталған зымырандық-артиллериялық кемелер, көп мақсаттағы корабльдер жасай бастауы көңіл қуантады. Ал Қорғаныс министрлігіне келер болсақ, бұл ведомстводағы қол

жеткен ерекше жетістіктер мына лар дер едім. Бірінші – əскери кадрларымыздың əлемнің көптеген елін де дайындалуы. Бұл – үлкен еңбек, ұйымдастыру жұмысындағы ерен іскерлік. Өйткені, кəсіби білік пен машықты жетілдіруде отандық тəжірибені шетелдік озық əдіспен ұштастыра жүргізу – біздің əскерилеріміздің əмбебаптығын арттыратын бірден-бір таптырмас жол. Екінші – Қазақстан əскерилерінің халықаралық жаттығуларға белсенді қатыса бастауы жəне оларды өз елімізде батыл түрде ұйымдастыра білуі. Мұны кез келген ел істей алмайды. Мысалы, Қырғызстан əскерижаттығуға қаржы тапшылығы салдарынан оған қол жеткізе алмай отыр. Ал біздің еліміз жыл сайын өзіміздегі бес əскери округтегі жаттығуларды тұрақты түрде өткізіп қана қоймай, 1994 жылдан «Ортазбат» халықаралық оқу-жаттығуларына, 1996 жылдан НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберіндегі сынақтарға қатысып келеді. Қазақстан əскері тарихындағы ең ірі оқужаттығулардың бірі «Қалқан-2000» болды жəне Ұлыбритания, АҚШ Қарулы Күштерімен бірлесіп өтіп тұратын «Дала қыраны», ҰҚШҰ шеңберіндегі «Іле», «Шеп», «Бейбіт миссия» оқу-жаттығулары да төл əскеріміздің тəжірибесін шыңдай түсуде. Ал үшінші жетістігі ретінде Қорғаныс министрлігінің əскерилерге əлеуметтік тұрғыдан жасап жатқан қолдауын айтар едім. Офицерлік құрамға жыл сайын тұрғын үй бөлініп, кезекте тұрғандар баспаналы болуда. Жұмысқа жаңадан келіп, əлі пəтерге қолы жетпеген жас кадрлар отбасыларының əрбір мүшесіне сол офицердің айлық жалақысынан тыс 37 мың теңге көлемінде қосымша материалдық көмек беріледі. Бұл жанұясында 3 адамы бар əскери үшін 111 мың теңге деген сөз. Оны ол ай сайын жалдаған пəтеріне төлеуіне болады. Сондайақ, қатардағы жауынгерлердің тек жаттығу, күзет, оқу сияқты таза əске ри қызметпен ғана айналысып, бұрынғы таптаурын қалыптағы асханаға кезекшілікке барып картоп тазалап, ыдыс жуудан босатылуы да тамаша мүмкіндік. Əскери бөлімдердегі шаруашылық сияқты қосалқы жұмыстармен қазір жеке ауцорсингтер айналысады. Міне, Қорғаныс министрлігінің қазіргі жұмысын мен өз басым осындай ерекшеліктер арқылы жақсы бағалаймын. – Əңгімеңіздің соңын елге, отандастарымызға деген жүрекжар ды ой-тілегіңізбен аяқтасақ дейміз. – Мен қарбаласқа толы емес тыныш өмірді таңдаған болсам, Ресейде қалған болар едім. Өз Отаныма еңбек етіп, тəуелсіздігіміздің беки түсуіне перзенттік үлесімді қосу үшін Қазақстанға оралдым. Бұған еш өкінбеймін, керісінше, көңілімде қуаныш бар. Үлкен бе, кіші ме – əйтеуір бір шаруа бітірсем, елім үшін жасадым жəне Мемлекет басшысының қолдауы арқасында жүзеге асырдым. Сондықтан Президентке, Қорғаныс министрлігі бас шылығындағы азаматтарға, өзіммен үзеңгі қағыстыра қатар жүрген əріптес-замандастарыма алғысым шексіз. Теңіздегі əскери қызмет мерзімім аяқталмай тұрып, туған еліме қызмет етуге үлгергеніме шүкіршілік етемін. Əскери Жарғыдағы тəртіпке сай жасымның келуіне байланысты отставкаға шықтым. Қазір теңіздегі кен орындарына жағадан қолдау, сервистік қызмет көрсететін Баутино порты үшін кемелер жөндеумен айналысатын Ақтаудағы «Кеме жөндеу» зауыты АҚ бас директоры болып қызмет етіп жүрмін. Қайда жүріп, қандай жұмыс істесек те егемен еліміз дами берсін деген жалғыз тілек алға жетелеп отырады. Əңгімелескендер Жанболат АУПБАЕВ, Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». АҚТАУ.


5

www.egemen.kz

2 желтоқсан 2013 жыл

2000

2002

Елімен етене Елбасы

2001 Қарапайым халық мүддесіне деген Елбасының қамқорлығы қашанда зор. «Елімнің табанына батқан шөгір, менің маңдайыма қадалсын», деген қағидатты пір тұтатын Тұңғыш Президентіміз қиналған жандарға қол ұшын беруді ешқашан кейінге қалдырған емес. Оған ұлан-ғайыр Қазақстанның барлық өңірлерінен келіп жатқан алғыс хаттар куə.

Ілтипатын кґріп, жаным жадырады Мен Нұрсұлтан Əбішұлымен алғаш рет 1980 жылдың сəуір айында кездестім. «Қазақстан теміржолының» облыстағы бөлімінің бастығы ретінде Алматыға есеп беру жиынына келдім. Осы басқосуға Орталық комитет хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Сол кездегі еліміздегі өнеркəсіп, автокөлік жəне коммуналды шаруашылық салаларына жетекшілік етті. Есеп беру жиынында өзіме қойған сұрақтары əлі күнге дейін есімде. Бұдан кейін Мəскеуде өткен КОКП-ның 27-ші съезінде жүздестік. Одан соң да түрлі партиялық жəне шаруашылық жиындарында жолымыз түйісіп жүрді.

1981 жылы Нұрсұлтан Əбішұлы жұмыс сапарымен облысқа келді. Теміржол саласының мəселелері жөнінде əңгімелестік. Облыс орталығындағы Бірінші Май көшесіндегі тұрғын үйдің салынуы ол кісінің қолдауымен бой көтерді. Мына бір естелікті айтпай кету мүмкін емес. Президент Ақсу-Дегелең (Курчатов) бағытындағы теміржолдың ашылу салтанатына қатысты. Мінбеде сөйлеп тұрған Нұрсұлтан Əбішұлы бір кезде сəл кідірді де: «Достық стансасын жəне Қытаймен арадағы теміржол байланысын дамыту мəселесін алғаш көтерген мына кісі», деп көпшілік арасында тұрған мені нұсқады. Осыдан

! т е м Рах

Ўмытылмайтын шапаєат Бұл сонау 1992 жылы болған оқиға еді. Ол кезде мен Қарабалық ауданындағы Комсомол құс фабрикасында мал дəрігері болып қызмет істейтінмін. Жолдасым да осы кəсіпорында жұмыс істеді. Ол жұмыс басында өндірістік жарақат алып, бір аяғынан айырылды. Ол кезде баспана кезекпен берілетін, қазіргідей тұрғын үй нарығы болмайтын. Біз балашағамызбен төбесінен су аққан ескі үйде тұрып жаттық. Екеуміздің еңбек өтіліміз 35 жылдай болатын. Кезегіміз келіп əрі кəсіпорынға сіңірген еңбегіміз де бар, пəтер аламыз деп қуанып жүрдік. Уақыт та қиын еді ғой. Бұл өлара кезде кəсіпорынның соңғы салған үйі болатын. Оны жұрт сезінді де. Сондықтан барлығы алып қалуға тырысты. Бірақ əділдік болу керек емес пе? Кезегіміз келсе де, жағдай аяқ астынан басқаша шешілетін болды. Өйткені, біз тұратын Веренка селосының жəне құс фабрикасының басшылығы, кəсіподақ ұйымы бірауызды болып, пəтерді əскер қатарынан енді келіп, үйленген жас жігітке беретін болды. Біздің кезегіміз, əділдік деген айдалада қалды. Мен аудандық əкімшілікке арыздандым. Бірақ одан да нəтиже болмады. Қазір біраз уақыт өтіп кетті, сол кезде бұратартқан кісілердің атын атап қайтейін. Пəтер дауын сол кезде 8 комиссия қарады, басшылар барлығының аузын алып қойды, барлығы да пəтер Бəйтіковтерге берілмесін деп шешті. Менің амалым таусылды. Жолдасым мүгедек, балаларым жас, не істеуім керек. Жұмыстан шаршап, ашық түрде бізді басынған басшылардың қылығынан сілем қатып келе жатып, поштаға кірдім. Сол жерде тұрып, Президентке хат жазу ойыма келді. Ол кезде қазіргідей компьютер жоқ, оқушы дəптерінің бір парақ қағазына көз жасымды төгіп отырып, Нұрсұлтан Əбішұлына кішкентай селода орын алып жатқан əділетсіздік туралы хат жаздым. Көп ұзамай мен жұмыс істейтін Комсомол құс фабрикасына облыстық əкімшіліктің заң гері келді. Жап-жас жігіт екен, істі астан-кестеңін шығарып тексерді. Заңгер қисынсыз қателіктердің барлығын ашып, анықтама жазып беріп кетті. Мен осы тексерістің қоры тын дысын алып, аудан жəне кəсіпорын басшылығын аудандық сотқа беріп, жеңіп шықтым. Біздің отбасымыз қиын жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жаңа үйге кіріп, жан сақтаған едік. Мен бұл жақсы лықты ешқашан ұмытпаймын жəне содан кейін əділдіктің салтанат құрарына сенетін болғанмын. Қостанай облысы, Қарабалық кенті.

Рая БƏЙТІКОВА, еңбек ардагері.

бірнеше жыл бұрын Елбасы облыс орталығындағы электролиз зауытының ашылуына қатысты. Бір кезде көптің арасынан мені көріп қалды. Амандасқан соң, денсаулығым, отбасым жəне теміржол саласының бүгінгі жай-күйі туралы сұрады. Айтайын дегенім, ол кісінің қарапайымдылығы, бізді замандас көрген өткен күндерге деген сыйласымдылығы ғой. Ілтипатын көріп, жаның жадырайды. Бүгінде 70 жастан астым. Өмірден жинаған мол тəжірибем бар. Менің білетінім, елінің бағына қандай қиын кезеңде болсын жол таба білетін Елбасы бар халқымыздың ертеңі жарқын.

ПАВЛОДАР.

Əби САРҚЫНШАҚОВ, теміржол саласының ардагері, облыстың Құрметті азаматы.

Баламды заєип болып ќалудан Елбасы ќўтќарды

Бүгінде 4 жас, 8 айға толып отырған балам Нұрəли Есімұлы дəрігерлердің салғырттығынан зағип болып қала жаздады. Қалай екені белгісіз, сəбиіміз отыратын уақыты келгенде отыра алмады. Əупірімдеп еңбектей бастағанда, шақырсаңыз келгісі келеді-ақ, бірақ басқа жаққа бұрылып кетеді. Бұл қадам жүрегіме инедей шаншыла берді. Қалай ғана қол қусырып қарап отырмақпын. Іздендім. Мұңымды газеттерге жазып, интернет желісі арқылы да тығырықтан шығу жолын іздедім. Көз жасымды құдай көрді. Бір күні облыс əкімі шақырып жатыр деген соң, хабаршыларға ілесіп бардым. Сөйтсем, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев менің жағдайымды газеттен оқып, дереу көмектесу керек деген ұйғарыммен бүлдіршініме қол ұшын созған екен. Содан Алматы облысының əкімі бас болып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрəлиімнің көзіне ота жасатуға кірісті. Нақтылай түссем, өзім интернет желісі арқылы

тапқан Санкт-Петербург қаласындағы адам көзіне ота жасайтын дəрігер Артур Барановқа 2011 жылдың 16 сəуірінде бірінші отаны жасаттық. Сəтті болды. Осы сəттілік үшін əуелгі кезекте Аллаға, сосын Елбасына айтар алғысым шексіз. Құдайға шүкір, Талдықорған қаласындағы жеке секторда қос бөлмелі үйді жалға алып, үш баламмен өмір сүріп жатырмыз. Жолдасым кезінде өңірдегі қант зауытында жұмыс істеген, қазір ретіне орай əртүрлі жұмыс істеп бізді бағуда. Үш баламызға жəрдемақы аламыз. Қанағат. Ең басты тілегіміз енді Нұрəлиімізді Оңтүстік Кореяның Сеул қаласына апарып қосымша ота жасату керектігін дəрігерлер ұдайы ойымызға салуда. Соның реті қалай болар екен?

ТАЛДЫҚОРҒАН.

Нəзира ҚАБДУАЛИЕВА, үй шаруасындағы ана.

Президент тапсырмасымен салынды 2005 жылдың мамыр айында Ақжайыққа сапары кезінде Елбасы біздің университетте болып, мұнда тұңғыш рет «Жасыл ел» бағдарламасының тұсауын кесті. Əрі өз қолымен көшет отырғызды. Кейіннен елімізде кеңінен өркен жайған «Жасыл ел» жанашырларының алғашқы қадамы осылай басталып еді. Біздің ұжым үшін сол кездегі басты проблеманың бірі – жаңадан ашылған машина жасау факультетінің арнайы ғимаратының жоқтығы болатын. Алайда, біз жамбасымызға қара тастай батып жүрген бұл мəселені Нұрсұлтан Əбішұлына айтуды қажет деп таппадық. Болашақта əйтеуір өзінің ретімен шешіле жатар деп ұйғардық. Жоғары оқу орнының студенттерімен, оқытушыпрофессорлар құрамымен емін-еркін жүздесіп, ой-пікір алмасқан Мемлекет басшысы кетерінде: «маған айтар қандай бұйымтайларыңыз бар, қысылмай айтыңыздар» деген еді. Тек осы кезде ғана көкейімізде жүрген мəселені іркіп қалудың ретін таба алмадық. Айтайын дегеніміз, бұған Елбасының тікелей шапағаты тиген еді. Нұрекең дəл сол сəтте

жанында тұрған сол кездегі республиканың Білім жəне ғылым министрі Бірғаным Əйтімоваға бұл мəселені шұғыл арада шешу жөнінде ұсыныс əзірлеуге тапсырма берді. Бір айдан кейін Оралға сол кездегі Үкімет басшысы Даниал Ахметов келіп, машина жасау факультетінің жаңадан тұрғызылатын ғимараты үшін бір миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінетіндігін мəлімдеді. Бұл хабар бізді үлкен қуанышқа бөледі. Көп кешікпей құрылыс басталып та кетті. Міне, осылайша студенттер тəлім-тəрбие алып жүрген бүгінгі зəулім ғимараттың бой көтеруіне Елбасымыздың өзі бастамашы болып еді. Мұны қалай ұмытарсың. Бүгінгі Тұңғыш Президент күні мерекесінде аймақтық университеттің ұйымшыл ұжымына үлкен қуаныш əкелген осы жағымды жайтты оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдім. Қазыбай БОЗЫМОВ, Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры.

ОРАЛ.

Мыѕ алєыс айтќан миллионныѕ біріміз Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастаны бойынша түсірілген тарихи фильмдегі басты рөлге Жамбыл облыстық қазақ драма театрының əртісі Жұмахан Əбдіқадыров түсті. Бірақ, өкінішке қарай, осы талантты актер шығармашылық қызметпен сапарда жүрген кезінде жол-көлік апатына ұшырады.

Дəрігерге қаралып, бірнеше рет ота жасатты. Бірақ, оның бəрі көңілдегідей болмады. Жұмахан екеуміздің бір үмітіміз шетел дəрігерлерінің көмегіне жүгініп көру болатын. Бірақ ол үшін бізге қомақты қаржы керек екені белгілі. Осы жағдайды айтып, еліміздің Тұңғыш Президенті атындағы қорға

хабарластық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің хатымызды қаперге алып, күйеуімнің атына ашылған есеп-шотқа Елбасы қорынан 5 миллион теңге бөлгізіп берді. Біз мұны Елбасымыздың еліне деген, сол елінің əрбір отбасына деген миллиондаған қамқорлығының бір ғана мысалы деп білеміз.

Елбасына алғыс айтқан сол миллионның бірі болғанымызға біз де шүкіршілік етеміз. Гүлшат ҚЫПШАҚОВА, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының əртісі.

Жамбыл облысы.


6

www.egemen.kz

2 желтоқсан 2013 жыл

БІР ОТАН! БІР ТАЄДЫР!

Республика жўртшылыєы еліміздегі Тўѕєыш Президент

АСТАНА Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Кеше Астана қаласының тұрғындары жəне қонақтары Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесін осымен екінші рет ерекше кең көлемде атап өтті. Айтулы күннің құрметіне бас қаламызда көптеген мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Бұл ретте «Бір ел – Бір Елбасы – Бір тағдыр!» атты ауқымды шараны ерекше атап өткен жөн. Өткен жылы бұл шара бұқаралық спорт тақырыбына арналса, биылғы жылы оның ұраны – «Қазақстан-2050» Стратегиясы болды. Тұңғыш Президент күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегіне бүкіл Қазақстаннан 9 мыңнан астам студент жиналды. Бұл шараның шырқау шегі 550 биші қатысқан би болды. Олар өздерінің билері арқылы еліміздің символдарын өрнектеді. Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында

КҐКШЕТАУ

елордадағы перзентханаларда дүниеге келген сəбилерді құттықтау шараларын ұйымдастыру дəстүрге айналды. Қалалық перзентхананың бас дəрігері Елена Тихомированың айтуынша, күніне орта есеппен бас қалада 25 сəби дүниеге келеді екен. Биыл 1 желтоқсан күні түске дейін 8 сəби, 5 қыз, 3 ұл дүниеге келіпті. Астана қаласында бала туу деңгейі жылдан-жылға артып келеді. Мəселен, 2010 жылы 16 444 сəби дүниеге келсе, 2012 жылы 21 266 астаналық нəресте өмір есігін ашқан. Ал 2013 жылдың 10 айы ішінде 18 871 сəби дүниеге келді. Қазір елорданың əрбір төртінші тұрғыны бала болып табылады. Астананың концерт залдары мен мəдени орталықтарында көптеген мерекелік концерттер өтті. Атап айтқанда, «Қазақстан» орталық концерт залында Тұңғыш Президент күні Р.Рымбаева, Н.Үсенбаева, «МузАрт» тобы сияқты өнер дүлдүлдерінің қатысуымен «Əн қанатындағы арман» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Көгілдір Көкшетау ақұлпа қарға малынып тұр. Табиғат нұрына бөленген көңілдері де көтеріңкі. Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президент күнін мерекелеудің сəні де, мəні де бөлек көрінді. Желтоқсанның алғашқы күнінде қаланың Абай атындағы көркем көшесінің Бұқпа тауына қойнаулай енетін төрінде «Менің Қазақстаным!» тарихи-тəлімдік монументальді кешені ашылды. Қаумалаған қалың жұрт құтты болсын айтқан 30 метрлік тутұғырдың негіздемесі сегіз бұрышты стелладан тұрады. Ал оның төменгі бөлігіндегі төрт сəнді композициялық құрылым Қазақстанның əлемнің төрт бұрышымен тату көршілік жəне ынтымақты байланысқа ашық екендігін бейнелейді... Ақмола облысының əкімі Қосман Айтмұхаметов құттықтау сөзімен ашқан салтанатта Президентті тұңғыш ұлықтау рəсіміне қатысушы, денсаулық сақтау орталығы облыстық филиалының

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

АТЫРАУ

«Егемен Қазақстан».

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,

ТАРАЗ

«Егемен Қазақстан».

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған мəдени іс-шаралар шеруі «Баласағұн» орталық концерт залында «Бір ел – Бір Елбасы – Бір тағдыр!» атты облыстық патриоттық форуммен басталды. Форумға жиналған көпшіліктің Қазақ елі Əнұраны – «Менің Қазақстанымды» бірге қосылып айтуы жамбылдықтардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, көңілдерін ғажайып əсерге бөлесе, өнерлі жастардың өр дауысымен шырқалған «Жаса, қазағым!» əнінің қайырмасындағы «Жаса, жаса, қазақ тілім! Жаса, жаса, ғажап дінім! Баянды боп, азат күнің, Бағың таймасын! Жаса, жаса, рухты халқым! Жаса, жаса, құтты салтым! Айдан асып мықты даңқың, Жаның жайнасын!»

деген қайырмасы концерт залын жаңғырықтырды. Осы тақырып аясында өткен жастар акциясы да, əскери-техникалық мектебі взводының «Мəңгілік алау» қасына барып Отан алдындағы ант қабылдау рəсімін жасауы да жастардың Отан, ел, жер қорғау тұрғысындағы қаһармандық сезімін арттыра түскен ғибратты іс-шараға айналды. «Баласағұн» орталық концерттік залына лық толы көрермен жинап, өздерінің ел аңсаған əндері мен əуендерін əуелете əуездеткен Алтынбек Қоразбаев пен «Меломен» тобының концерті мерекеге өте тамаша тартулардың бірі болды. Сондайақ, Алматы қаласынан келген Корей орталығы мен Қытай орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы да мереке мəнін аша түсті. Ал «халықтық» деген атақты қорғауға арналған облыс көркемөнерпаздар ұжымдарының бəсекесі өз лайықтыларын анықтады.

Мұнайлы өңір тұрғындары Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шараларды тамашалау үшін ел азаттығын аңсаған Исатай мен Махамбет батырлардың еңселі ескерткіші орнатылған орталық алаңға жиналды. Мұнда жергілікті уақытпен сағат 11.00-де көркемөнерпаздардың қатысуымен əдебисазды бағдарлама басталды. Бағдарлама аясында облыстық, республикалық əн байқауларынан оза шауып, бəйге алған өнерпаздар тəуелсіз Қазақстан, туған ел, туған жерге махаббатты оятқан əсерлі əндерді орындады. Мың бұралған бишілер де жұртшылықты өнерімен тəнті етті. Бұл күні мұндай мерекелік əдеби-сазды бағдарламалар өңірдің барлық аудандарында, əр округтерде де жалғасын тапты. Мəселен, Қызылқоға ауданында «Асқақтай бер елімнің

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндік акциясы барысында өңірдің барлық аудандары мен қалаларында əлеуметтік ғимараттар ашылып, мəдени шаралар өтті. 1 желтоқсанда орталық Мəдениет үйінде «Туған ел – алтын бесігім», «Туған жерге – тағзым» акциясының 5 жылдығы Тұңғыш Президент күніне арналды. Оған өлкенің талантты адамдары, спорт саңлақтары қатысты. 5 жылда кəсіпкерлер мен меценаттардың 20 миллиард теңге қаржысына мыңға тарта əлеуметтік ғимараттар салыныпты. Облыс басшысы оларға құрмет көрсетті.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Өңірде Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар шоғыры бір апта бұрын басталып кеткен еді. Осындай шоқтығы биік шараның бірі қазақ драма театрында өткізілген «Н.Ə.Назарбаев: инновациялық Қазақстан – жаһандық сын-қатерлерге жауаптар» атты ғылыми-тəжірибелік конференция болды. Осы орайда Орал өңірінде өткізілген шаралардың ауқымы мейлінше жан-жақты терең, түрі мен мазмұны бірін-бірі байытып, толықтырып жібергенін қадап айтуға болады. Атап айтқанда, «Мен – Қазақстанның болашағына басымды тіккен адаммын» жəне «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыптарындағы дөңгелек үстелдер мен пікірсайыстар, флэшмобтар мен патриоттар форумы тақырыптық кештер мен

концерттер, облыс студенттері арасында өткізілген «Дара тұлға» атты интеллектуалды ойын осы сөзіміздің дəлелі. Ал облыстың Ресеймен шекаралас аудандарында Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар халықаралық деңгейде өрістеді. Бұған Тасқала кентінде Саратов губерниясы, Озинки ауданы делегациясының қатысуымен өткізілген басқосу куə. Сондай-ақ, шалғайдағы Бөкей ордасы ауданында волейболдан өткізілген турнирге де осындай сипат тəн болды. – Менің ойымша, Тұңғыш Президент күнінің мəнісі тереңде. Жылдар өтер, қазақстандық қоғам келесі жүз жылдыққа да қадам басар. Ғасырлар биігіне көз тастағанда, бəрібір тəуелсіз мемлекетті өз қолымен құрған Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың тарихи рөлі мен орны бөлек, – дейді тарихшы, ел ақсақалы Жайсаң Ақбай.

мəртебесі!» атты патриоттық əндер байқауы қорытындыланды. Ал, Индер ауданының орталығы – Индербор кентіндегі Махамбет көшесінде орналасқан №18 жəне 20 үйлердің жанынан балалар алаңы, Елтай ауылдық округінде күрделі жөндеуден өткізілген Мəдениет үйі ашылды. Махамбет ауданындағы мұражайда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Атырау қаласы мен Мақат ауданында дойбыдан спорттық жарыстар мəреге жетті. Сонымен бірге, өңір орталығындағы əлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардағы жəне ата-ана аялы алақаны мен қамқорлығына зəру балалар Х.Доспанова атындағы мұз сарайында конькимен тегін сырғанады. Бұл шараға осындай санаттардағы 100 бала қатысты. Осы топтағы балалардың бір тобы облыстық тарихи-өлкетану жəне Ш.Сариев атындағы көркемсурет, қолданбалы сəндік өнер мұражайларына саяхаттады.

ҐСКЕМЕН

«Егемен Қазақстан».

ОРАЛ

директоры Баян Ысқақова, Тəуелсіздік құрдасы, А.Мырзахметов атындағы университеттің үздік студенті Нұрсұлтан Төлеубаев Тұңғыш Президент күнінің маңызы, Елбасы саясатының салиқалылығы жайында толғам пікірлерін білдірді. Салтанат «Көкшетау» мəдениет сарайындағы «Елбасы мəртебесі – ел мерейі» форумымен жалғасты. Өңір басшысы Қосман Айтмұхаметовтің баяндамасынан кейін Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры Иван Сауэр, қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Дина Хамзе астаналық облыс тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады. Шара барысында мектеп оқушылары арасындағы «Қазақтың Тұңғыш Президенті» облыстық байқауының қорытындысы шығарылса, республикамыздың айтулы мерекесі аудан орталықтарында, ауылдарда кеңінен аталып өтті. Жұртшылық əлеуметтік-экономикалық бағыттағы жаңа нысандардың ашылуына куə болып, 300-ден астам мəдени-көпшілік шараларға қатысты.

Мереке күні өңір басшысы Б.Сапарбаевтың қатысуымен бірнеше əлеуметтік ғимараттар ашылды. Оралмандар қоныстанған «Шығыс» ауылында жаңадан салынған 12 тұрғын үйдің кілттері тапсырылды. «Ана мен бала орталығында» 1 желтоқсанда дүниеге сəби əкелген аналарға бағалы сыйлықтар берілді. Бажов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйден жетім балаларға пəтер кілттері тапсырылды. Түстен кейін қаланың жібек маталар комбинаты қалашығы маңында жаңадан бой көтерген жекпе-жек сарайының салтанатты ашылуы болды. Бұдан кейін форумға жиналған жастар Елбасы сүйіп тыңдайтын əндерді шырқап, Тұңғыш Президент туралы деректі фильмді тамашалады.

АЌТҐБЕ Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Тұңғыш Президент күні Ақтөбеде қылаулап қар жауып, ақтөбеліктердің Елбасына деген ақ ниетіндей əсерге бөледі. Облыс тұрғындары мерекеге толымды табыстармен, көтеріңкі көңіл күймен келді. 180 миллион теңгеге қайта жарақтандырылған 240 орындық №42 «Айналайын» балабақшасының салтанатты ашылуына арнайы келген облыс əкімі Архимед Мұхамбетов жиналғандарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады. Өңір басшысы «Болашақ» ауданындағы 150 орындық Құрашасай орта мектебінің салтанатты ашылуына қатысып, лентасын қиды. «Геолог» мəдениет үйінде «Елін сүйген Ел Аға, Нұр сыйлаған халқына» əдеби-музыкалы композициялық кеш, қала маңындағы Сазды ауылындағы Мəдениет үйінде «Президент жəне жастар» атты жергілікті мекеме қызметкерлері мен жастар арасында кездесу сағаты өткізілді. Облыстық «Достық» үйінде этномəдени бірлестіктер арасында өткен «Мəдениет үндестігі» – «Созвучие культур» халықаралық фестиваліне осындағы 18 этномəдени бірлестіктердің жəне Батыс Қазақстан мен Ресейдің Орынбор облыстарының өнерпаздары əн шырқап, би биледі. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбында кітап көрмесі, облыстық «Руханият» музейінде оқушылар арасында шығарма жазу байқауы, 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында футболдан турнир ұйымдастырылды. Мерекелік ахуал аудандарда да түрлі көпшілік мəдени-спорттық шаралармен жалғасты. Яғни, бұл күні барлық аудан орталықтарында жəне елді мекендерде Тұңғыш Президент күні кең көлемдегі мерекелік шаралармен атап өтілді.

ЌЫЗЫЛОРДА Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қызылорда қаласында «Республикалық балаларды оңалту орталығының» филиалы ашылды. Аталған медициналық мекемеде неврологиялық ақаулы мүгедек балалар емделеді. Бөлімше заманауи қондырғылармен жабдықталған. Соңғы 5 жылда өңірдегі мүгедек балалар саны 1,1 есеге өскендіктен, осындай орталықтың ашылуы керек-тін. Аталған мекеменің арқасында мүмкіндігі шектеулі балаларға жылына екі реттен ем алуға мүмкіндік туды. Нəтижесінде бір жылда 600 бала емделе алады. Сонымен қатар, жаңадан 50 жұмыс орны ашылды. Бүгінде бүкілхалықтық сипатқа ие болған мереке қарсаңында облыс орталығында 24 пəтерлі тұрғын үй пайдалануға

берілді. Баспана кезекте тұрған халықтың əлеуметтік əлсіз топтарына, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен жетім балаларға берілді. Мерекелік шараға облыс басшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, жаңа қоныс иелеріне пəтер кілттерін табыс етті. Айта кету керек, дəл осындай 24 пəтерлі 7 тұрғын үй осы айдың аяғына дейін құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент күніне орай Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында салтанатты шара өтті. Оған облыс əкімі Қырымбек Көшербаев жəне бір топ Парламент депутаттары қатысты. Жиында сөз алған Қырымбек Елеуұлы «Тұңғыш Перзидент күні – бұл тарихи таңдау күні, барлық қазақстандықтардың Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні»,– деп ерекше атап өтті. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


7

www.egemen.kz

2 желтоқсан 2013 жыл

БІР ЕЛБАСЫ!

кїнін кеѕінен атап ґтті

АЛМАТЫ Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай тағы бір жақсы жаңалық – «Астана» шағын ауданында Президент саябағының іргетасы қаланды. Сондай-ақ, Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында бой көтерген №25 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде Тұңғыш Президент күніне арнап «Ел тірегі – Елбасы» атты апталық өткізілді. Бұл мектепте бүгінде 1600 оқушы білім алуда. Ал, жуырда ғана осы ауданда ашылған химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Елбасы» атты флеш-моб өткізілді. – Мақсат Елбасы саясатын қолдау, жастардың бойында Елбасы түсінігінің мəнін дəріптеу, – дейді ұйымдастырушылар. Оқушылар «Балалық шағымның аспаны» атты Елбасы туралы түсірілген фильмді көрді. Ашық сабақтар, интеллектуалдық ойындар, түрлі спорттық шаралар өтті. Облыс əкімі Ерлан Арын химиябиологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына «Тəуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі» деген тақырыпта дəріс оқыды. Сонымен қатар, осы күні облыс орталығындағы 4 бірдей өндіріс орнында «Павлодар мұнай-химиялық зауытында азот-қышқылды қондырғыны, «Format mach company» ЖШС-нің бірінші білік жасаушы аппараты, «Нефтехим LTD» ЖШС-нің жұмсақ қаптама өндірісі жəне «KSP Steel» ЖШС-нің павлодарлық филиалында илеу станы іске қосылды. Жалпы алғанда, Тұңғыш Президент күніне орай облыста өңірдің озық қызметкерлерінің шеруі, сауда-саттық жəрмеңкелері, қаланың аз қамтылған, көпбалалы жəне толық емес отбасыларын, мүгедектерді қолдау мақсатында қайырымдылық акциялары сияқты 300-дей шара болып өтті.

Алматы қаласы Тұңғыш Президент күнін атап өтуді түрлі іс-шаралармен бастады. Қала көшелерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылып, түрлі интеллектуалды жəне спорттық ойындар ойналып жатқанда, мəдениеттің бесігі – Республика сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын болды. Жиында сөз алған қала əкімі Ахметжан Есімов 1991 жылы 1 желтоқсанда халықтың басым қолдауына ие болып, ел басқару міндетіне кіріскен Мемлекет басшысын ұлықтау рəсімі əрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алғандығын айта келіп: «Əлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан тəуелсіз мемлекет ретінде тарихи да жасампаз жаңа дəуірге қадам басқанына биыл 22 жыл

толады. Осынау сындарлы кезеңде, тар жол тайғақ кешуден аман-есен алып шыққан Елбасымыз аз ғана уақыттың ішінде мемлекетіміздің қарыштап дамуына, тəуелсіздік тұғырының нығаюына, халықтың əл-ауқатының артуына сіңірген еңбегі зор. Бүгінде Қазақстанның шаңырағы берік, мерейі үстем, беделі асқақ», деді. Жиын барысында қала əкімі Тұңғыш Президент күніне орай Алматыда тұңғыш рет өткізілген «Үздік оқушы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Салтанатты жиын Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен өнер ұжымдарының мерекелік концертіне ұласты. Кешкісін қаланың орталық алаңында бой көтерген алып шыршаның алауын салтанатты түрде жағу рəсімінде от-шашулатып, жастардың би кешімен ұласқан думан халықтық мерекенің мəнін түйіндеген бірден-бір шара болды.

ПЕТРОПАВЛ Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қызылжар өңірінде де жұртшылықтың кеңінен қатысуымен атап өтілді. Атаулы мерекеге орайластырылып жасалған мəдени, білім беру-ағартушылық, спорттық іс-шаралар ауқымдылығымен ерекшеленді. Айтулы мереке шымылдығы Погодин атындағы орыс драма театрында өткен салтанатты жиналыспен ашылып, одан əрі бұқаралық сипат алды. «Менің жетістіктерім – Отанымның жетістіктері» атты Жас ұлан акциясы, «Дəуірдің дара тұлғасы» көрмесі, «Президентімнің жетістіктері» фотогалереясы тұрғындардың ерен қызығушылығын тудырды. «Томирис» гендерлік білім беру орталығы ұйымдастырған «Жақсы келін – отбасы бақыты» сайысында өнер колледжінің ұстазы Майра Сапарқұлова

жеңімпаз атанды. Бейнелеу өнері мұражайында «Тəуелсіздік – фотокамера объективінде» көрмесіне жергілікті фототілшілердің Мемлекет басшысының облысқа сапарын бейнелейтін туындылары қойылды. Жер-жерлерде қолдау тапқан қайырымдылық акцияларына жомарт жандар белсене атсалысып, Елбасы атынан балалар үйлеріне, көпбалалы отбасыларға сый-сияпаттар мен тарту-таралғылар жасады. «Ұлт мақтанышы – Елбасы» кешкі жастар бағдарламасы, «Елбасы – ел тірегі» мерекелік концерті, дойбыдан, каратэден, футболдан өткен турнирлерді тамашалаушылар көп болды. Тұңғыш Президент күні аудандарда да кеңінен тойланды. Бескөл кентінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жаңа ғимараты бой көтерсе, шалғайдағы Мортық ауылында қайтадан қалпына келтірілген мəдениет үйі пайдалануға берілді. Қайрат елді мекен тұрғындарына сапалы ауызсу жеткізілді. Мамлют кентінде жарма өндіретін цех іске қосылды.

ТАЛДЫЌОРЄАН Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Талдықорған қаласында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты салтанатты шара болып өтті. Онда «Нұр Отан», Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы, Жастар орталығы, спорт, мəдениет, əскери сала қызметкерлерінен құралған шеру жал пы халықтық шараның сəнін кіргізді. Мерекелік шарада Талдықорған қаласының əкімі Ермек Алпысов құттықтау сөз сөйлеген соң, ол концерттік бағдарламамен жалғас ты. Орталық алаңдағы Мəдениет сарайының алдыңғы бетінде Елбасының, Ақорданың, Мемлекеттік рəміздердің жəне Елбасының балалар ортасындағы

фотосуреттері заманауи компьютерлік жүйе мүмкіндіктері пайдаланыла отырып өте əдемі жасалып, панно болып ілінген. Ерекше айта кетер тағы бір жайт – бұл күні Жетісудың кіндік қаласында да алтын күн шуақты нұрын төгіп тұрды. Талды қорғандықтар шадыман шаттыққа бө лене Тұңғыш Президент күнін көтеріңкі көңіл күймен атап өтті. Сондай-ақ, Тəуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Абат, Бəйтерек ауылдарында дəрігерлік амбулаториялар ашылып, пайдалануға берілді. Ал Балқаш ауданы, Ақжар ауылдық округі, Аралтөбе ауылында «Ақбұлақ» мемлекеттік бағ дарламасы аясында ауызсу жүйесі тартылып, айтулы мереке күні іске қосылды.

АЌТАУ Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Маңғыстауда Тұңғыш Президент күні алуан шаралармен аталып өтуде. Қарашаның соңғы күндерінен бастау алған шаралар желтоқсан айының 4-5-іне дейін жалғаспақ. Мерекелік көңіл күйді алдымен сезінген Маңғыстау облыстық балалар үйі болды. Өткен жылы Жаңаөзен қаласынан облыс орталығына көшіріліп, биыл ғимараты күрделі жөндеуден өткен нысанның құрылымында да өзгешеліктер жоқ емес. Отбасылық үлгіде тəрбиелеуді бастаған үйде балалар топ-топқа бөлініп, жеке бөлмелерде тұру мүмкіндігіне қол жеткізді. Тұңғыш Президент күніне орай аталмыш балалар үйінде болған облыс басшысы А.Айдарбаев тəрбиеленушілерге Елбасы атынан 10 компьютерді сыйға тартты. Сондай-ақ, Ақтау қаласында бүлдіршіндерді ұлттық тəлім-тəрбие негізінде тəрбиелейтін балабақша да күрделі

жөндеуден соң, Елбасы күніне орай есігін айқара ашты. Балабақшаның ашылу салтанатына қатысқан Ақтау қаласының əкімі Е.Жаңбыршин Елбасы Н.Назарбаевтың балаларды тарықтырмай, барлық қажеттіліктермен толыққанды қамтамасыз ету жəне дұрыс тəрбиелеу тапсырмасы аясында жасалып жатқан жұмыстың сапалы аяқталғандығын атап өтті. Мерекеге орай түрлі спорттық жəне мəдени шаралар өтіп жатқан Маңғыстауда Ақтау – Бейнеу бағытында жаңа пойыз қатынасы ашылды. Бұған дейін күніне оншақты пойыздарды жан-жаққа шығарып салып жататын Бейнеудің тұрғындары Ақтаудан аталмыш аудан орталығына Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау бағыттарына жүрген пойыздарға жол-жөнекей міну арқылы жететін. Əзірге 250-ге тарта адамды тасымалдайтын пойыздың қатынау жəне сыйымдылық тағдыры тұрғындардың ұсыныс-тілегі мен қатынастың тиімділігіне қарай қалыптасатын болады.

ШЫМКЕНТ Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысында Тұңғыш Президент күні кеңінен тойланды. Оңтүстік Қазақстанның қалың жұртшылығы Тұңғыш Президентіміздің өмір жолын, ерен еңбегін, қайраткерлік қасиетін жоғары бағалайды, айрықша ардақтайды. Мереке қарсаңында облыста 44 нысан пайдалануға берілді. Бір айта кетерлігі, Отанымызда құрылысы жүріп жатқан əлеуметтік нысандардың 49 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында салынуда. 2013 жылы облыста 332 əлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Соның ішіндегі 180 нысанды биыл аяқтау жоспарланған. Бүгінге аталған əлеуметтік нысандардың 108-і ел игілігіне берілді. Осы нысандардың басым бөлігі облыстық бюджетті оңтайландырудың арқасында жергілікті қазына есебінен іске асуда. Тұңғыш Президент күні Шымкент қаласында салтанатты жиын өтіп, облыс əкімі Асқар Мырзахметов өңірде атқарылып жатқан тірліктерді бір сараптап өтті. Бұл игі тірліктердің бəрі, əрине, ел тəуелсіздігінің арқасында іске асып жатқаны ақиқат. Мереке Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан орталықтары мен қалаларында, ауылдарында тойланып, халыққа көтеріңкі көңілкүй сыйлады.

ЌАРАЄАНДЫ Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарағандылықтар үшін, əсіресе, жүрекке жақын мереке. Мемлекет басшысының алғашқы еңбек жолы, шыңдалу мектебі өңір тарихымен тамырлас болуы зор мақтаныш тұтылады. Оның Теміртаудан бастау алуының да мəні үлкен еді. Металлугтер қаласы Елбасының құтты қадамына куə. Осында өткен «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты облыстық форумда аға жəне жас буын өкілдері басқосты. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен бірге еңбек еткен металлург əріптестері естеліктері ықыласпен тыңдалды. Өнерпаздар Президент сүйетін жəне

өзі орындауды ұнататын əндерді шырқады. Жалпы еңбек өтілі 100 жылдан асқан жезқазғандық металлургтер Сазанбаевтардай əулеттер бірбірлерімен танысып, тəжірибе бөлісті. Қарағандыдағы « Жастар» сарайына жиналушылар «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» қалалық форумының əсерлі шуағына бөленді. Мұның алдында облыс əкімі Бауыржан Əбдішев «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген үй пəтерлері кілттерін жас отбасыларға беріп қуантты. Аймақтың барлық қалалары мен аудандарындағы мерекелік шаралар, көңіл күй, ортақ қуаныш халықтың Тұңғыш Президенттеріне деген шынайы сүйіспеншілігін паш етті.

ЌОСТАНАЙ Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Тұңғыш Президент күні Қостанай қаласын нағыз мерекелік көңіл күй тербеді. Бұл мерекеде орталық алаңға келген əр қостанайлықты Отанға, Елге, Елбасына деген патриоттық сезім баурады. «Президентпен біргеміз!» атты бағдарлама мереке салтанатын асырды. Қыстың алғашқы күні болғанымен, Көк Ту түстес көк аспан шайдай ашық. Жұртшылықтың əн-күй тыңдауына табиғат та елжіреген тəрізді. Қостанай қаласының орталығындағы МАРТ сауда-көңіл көтеру орталығының бірінші қабатында да мерекелік шаралар жалғасын тапты. Мұнда қаланың муниципалдық үрлемелі аспаптар оркестрі Тұңғыш Президент күніне арнап концерт қойды. Ал кешке қостанайлықтар «Дружба» халықаралық КВН фестивалін тамашалады. Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында өңіріміздегі ірі инвестициялық жобаның бірі – «ЕвразКаспианСталь» ЖШС зауыты алғашқы өнімін шығарды. Рудныйда «ССКӨБ» акционерлік қоғамы бұрынғы екі қабатты үйді қайта жаңғыртып, жөндеп, бүлдіршіндерге «Өркен» балабақшасын сыйлады. Қостанайдағы аула клубтарында балалар «Менің балалық шағымның аспаны» фильмін көрсе, Пушкин атындағы кітапханада «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» кітабының тұсаукесері өтті. А.Байтұрсынов атындағы университетте студенттер Н.Назарбаевпен кездескен ардагерлермен жүздесті. Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар кеше аудан орталықтары мен ауылдарда да өтті.


8

www.egemen.kz

2003

2 желтоқсан 2013 жыл

Елімен етене Елбасы

2005

2004

Бўќара баќыты басшыдан Сағындық САТЫБАЛДИН,

экономика ғылымдарының докторы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ҰҒА академигі.

Биылғы жазда шетелдік жур налистердің біріне берген сұхбатында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин былай деді: «Барак Обама ресейліктерге жақсы көрінуі үшін жұмыс істемейді. Мен де америкалықтарға жақсы көрінейін деп емес, өз сайлаушыларымның сенімін ақтау үшін жұмыс істеймін». Бұл тауып айтылған сөз десек те əлемде 200-ден астам мемлекет болса, солардың барлығының сайланбалы басшылары өз халқының алғысына бөленгендер дей алмаймыз. Егер басшылары халқының көңілінен шықса, толастаудың орнына жалғасып жатқан əлеуметтік наразылықтар, тіпті, биліктегі төңкерістер болмас еді ғой. Нарықтық қатынастар қалып тасқан елдерде мемлекет басшылары негізінен белгілі бір топтың немесе саяси партиялардың мүдделерін жүзеге асыру үшін сайланатыны айдан анық. Сондықтан, халықтық сайлаудан өтті дегенімізбен олар негізінен сол партиялар мен топтардың мүддесі ауқымынан шыға алмайды. Ерте ме, кеш пе, əйтеуір бір бұл арнаға біздің де түсеріміз ақиқат. Ал əзірге Қазақстанды, бұқараны бақытты етуді мақсат тұтқан ұлтымыздың адал Ұлы басқарып отыр деген сөзді батыл сеніммен айтамыз. Біз емес-ау, мұны шетелдіктер де талай рет айтқан болатын. Мəселен, мақаламыздың басында есімі аталған Владимир Путин бір сөзінде былай деді: «Нұрсұлтан Əбішұлы өте нəзік жанды адам. Белгілі бір түйінді мəселелерді шешуге келгенде «Мұның өзі халықтарымыздың өмірінен қалай көрініс табар екен?» деп алады. Ол ешқашан да өз халқын, Қазақстанды, Қазақстан мүддесін естен шығармайтын тұлға». Басқа елдің басшысы біздің Елбасымызға осындай баға берсе, бұл бағаның өзі ақиқатпен етене деуге болады. Себебі, біздің бəріміз де Елбасымыздың атқарушы биліктегі лауазымды тұлғаларға берген əрбір тапсырмасында үнемі «біздің экономикадағы əрбір жетістігіміздің нəтижесі халқымыздың күнделікті тұрмысынан көрініс табуы тиіс», деп отыратынын естіп жүрміз ғой. Бұл нағыз халықшыл, қа лың бұқараның жағдайын жадынан ешқашан да шығармайтын басшының сөзі. Мен еліміздің экономикалық даму жолына үнемі үңіліп, ғылыми сараптама жасаймын. Сол сараптамаларымда Қазақстанымыздың жылдан-жылға өркендеп, дамып бара жатқанын жəне ел болашағы жарқын екенін анық көремін. Сонда осындай қарқынды дамуымыздың басты себебі не деген сұрақты өзіме-өзім қоямын да жауабын тағы да өзім беремін. Ол жауап былайша өрнектеледі: «Нұрсұлтан Əбішұлы халықтың нағыз қайнаған ортасынан шыққан тұлға. Ол бұл қызметіне аспаннан топ етіп түскен жоқ, төменнен жоғары қарай сатылап көтеріліп, үлкен дайындықпен жетті. Міне, сондықтан да ол халықшыл. Халықшыл басшының ісі жемісті. Өйткені қалың бұқараның жағдайын жақсартуды мұрат тұтқан басшы əрқашанда өз білімін жетілдіріп, «қайтсем еңбегім жемісті болады» деген сұрақтың жауабын іздейді. Ал ізденіс мұратқа жеткізетін жалғыз жол. Олай

болса, Нұрсұлтан Əбішұлы бұл қызметіне үлкен дайындықпен, зор біліммен келген тұлға. Сондықтан да, оның еңбегі жемісті». Иə, Қазақстан жəне оның егемендігін жариялағаннан кейінгі алғашқы онжылдықтардың адам сенгісіз нəтижелері жайлы əлі талай жазылар. Жалпы алғанда, қазірдің өзінде тəуелсіздігін «кеше ғана» жариялаған еліміздің Президенті əлемге кең танымал құрметті тұлғалардың бірі. Біреулерді халқының санының көптігі үшін, енді бір мемлекет басшыларын əскері жарақтанған жойқын қаруды ескеріп, тағы бір мемлекет басшыларын алып экономикасы немесе озық технологиясы үшін біліп, сыйлап жататын болса, Қазақстанда мұндайдың бірде-бірі жоқ. Біз қазақ ұлты əлемге тəуелсіздіктен кейін ғана толық таныла бастадық. Халқымыздың саны енді ғана 17 миллионнан асты. Əскеріміз шекарамызды қорғай алса сол. Өйткені КСРОдан мұраға қалған ядролық оқтұмсықтар мен баллистикалық зымырандардан өз еркімізбен бас тарттық. Жұртты тамсандыратындай озық технологиямыз да жоқ. Табиғи, жерасты байлықтарына келетін болсақ, бұл жағынан да Ресей мен Қытайдың алдына түсе алмаймыз. Көмірсутектері жайлы сөйлесек, бұл жағынан бізден гөрі Венесуэла, Сауд Арабиясы, Кувейт, Иран секілді мемлекеттер əлдеқайда байырақ. Ресей əлемдік көмірсутектері рыногында 20 пайыздық үлесі бар мемлекет. Ал біздің болашақтағы үмітіміз бар болғаны алғашқы ондыққа кіру. Солай бола тұрса да Қазақстан жəне Мемлекет басшысы бүкілəлемдік танымалдық пен құрметке ие. Неге бұлай деп сұрақ қойып көрсек бəрі мемлекеттің бірінші басшысының ғылыми негізделген білімді жəне көреген саясаты бізге осындай танымалдық пен сый-құрмет əперді деп тұжырымдауға дəлелдер толық жеткілікті. Экономикадағы қарқынды өсіп, бұдан 23 жыл бұрынғы КСРО державасының қирандысынан əлемге танымал, əлемде құрметті мемлекетке айналу, сөз жоқ, Елбасының білімді, ғылыми негізді қызметінің жемісі. Əріден бастасақ, бүгінгі кемел Елбасымыз кəдімгі көріп-біліп немесе болжап қойғандай қирандыдан жасампаз мемлекет жасауға күні бұрын іргелі дайындықтан өткен секілді. Тіпті, əрбір қадамын өлшеппішіп басудың өзі сол үлкен дайындықтың нəтижесіндей көрінеді де тұрады. Айталық, жоғарыда аталған іргелес көршіміз Ресей Федерациясы қай жағынан алғанда да посткеңестік аумақта көш бастаушы болуға тиіс еді. Бұл елде көмірсутектерінің қоры біздегіден əлдеқайда мол екенін жоғарыда айттық. Сондай-ақ, индустриясы Қазақстаннан əлдеқайда жоғары дамыған. Бұған қоса бұл көрші мемлекетте ғылымның 200 жылдық тарихы бар. Ол аз болса, Ресей арзан да ашық теңіз жолына тікелей шығады. Қысқасы, не керектің бəрі бар. Бұл елде КСРО-дан одақтас республикалар енші ала бастағанда ыдыраған державаның барлық алтын-валюталық қоры қалды. Ол-ол ма, алыс шетелдердегі консулдық дипломатиялық мекемелердің жылжымайтын мүліктері де Ресей Федерациясының меншігі болып шықты. Ал жаңадан құрылған жас Қазақстанда шетелдіктермен келіссөз жүргізетін дайын дипломатиялық корпус та, бұл істің білгір мамандары да болған жоқ. Не керек, Ресей Федерациясына қарағанда біз барлығын «нөлден» бастадық. Əрі-берідесін мемлекет құрушы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өзі де шетелдіктермен келіссөз жүргізу тəжірибесінен өтпеген, шаруашылық, комсомол, партия, мемлекет істеріндегі қызметтерді ғана атқарды ғой. Міне, осындай жағдайда жұмысты бастап, басаяғы 23 жылдың ішінде дүниежүзі түгел құрметтейтін қарқынды дамушы мемлекет құрып шығару, сөздің тура мағынасында, Елбасымыздың нағыз кемеңгер екендігінің айқын дəлелі. Иə, мен осынау сом тұлғаның қызмет нəтижелеріне зер салған сайын əрқашанда дер кезінде жəне ғылыми негізді қабылданған тамаша шешімдерді көремін. Айталық, КСРО титықтаған заманда

одақтас республикалардың барлығының дерлік басшылары ыдырауды ұсынып жатқанда Нұрсұлтан Назарбаев бұларға мүлде қарама-қарсы бағытта сөз сөйлеп жүрді. «Конфедерация» туралы да ұсыныс жасады. Кейбір ұлтшылдар бұл үшін бүгінгі Президентті сол кезде «тартыншақтық танытты» деп кінəлағандай да болды. Ал, шын мəнінде Н.Ə.Назарбаев КСРО-дан бөлінген бірде-бір жас мемлекеттің өз алдына оқшаулықпен күн көре алмасын білді. Тіпті, табиғи қоры бір басына жеткілікті Қазақстанның да жеке-дара «өмір сүріп кетуі» мүмкін емес екенін дер кезінде түсінді. Сондықтан да ол, ең алдымен Ресей Федерациясымен «Мəңгілік достық» декларациясына қол қойды. Ресейдің кейбір таяз саясаткерлері қанша қашқалақтаса да біздің Елбасымыз оларға бəрібір тұтасуға тиіс болатынымызды түсіндіріп бақты. 1993 жылдың өзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мəскеудегі М.Ломоносов атындағы мемлекеттік университет оқытушы-профессорлары мен Мəскеу зиялыларына оқыған лекциясында Еуразиялық экономикалық одақ болмай қоймайтынын жəне қай жақ үшін де аса қажетті екенін түсіндіруге ерекше күш салды. Бірақ сол жерде оны түсінетіндей білімді адам табылмады. Тіпті, Ресей басшылығы Қазақстанды «рубль аймағынан» шығару үшін қолдан келгеннің бəрін жасап бақты. Енді бүгінгі күн биігінен қарасақ, Нұрсұлтан Əбішұлының сол кездегі ұсынысы орынды болғанын байқау мүлде қиын емес. Бірақ, Ресей билігі ынтымақтың ең дұрыс жол екенін мүлде кеш түсінді. Сондықтан да бұл ел дағдарыстан-дағдарысқа ұшырап, əлі де болса малтығуын қояр емес. Егер өткен уақыт ішінде Н.Ə.Назарбаевтың ұсынысымен ТМД, ЕурАзЭҚ, үштіктің Кеден одағы секілді халықаралық бірлестіктер құрылмаса дəл бүгін Ресей Федерациясының жағдайы қалай боларын болжаудың өзі мүмкін емес. Ресеймен, күшті əскери қаруын ескермесе, мəселеге тек экономикалық тұрғыдан қараса, əлемнің Қытайдан басқа мемлекеттері, əсіресе, еуропалық мемлекеттер онша санаса қоймас еді. Ал Кеден одағымен Еуроодақ жəне Еуропадағы бұл одаққа кірмейтін мемлекеттер келі сімшартқа отыруға дайындығын мəлімдеп шықты. Тіпті, Одақ жұмыс істей бастаған аздаған жылдардың ішінде Ресей мен Белоруссияның даму қарқыны жылдамдады. Біз де бұдан тек ұтысқа шықтық. Орайы келгенде ескерте кетейін, біздің елде Кеден одағына тосырқай қарайтындар баршылық. Оларға Н.Ə.Назарбаев негізін салған осы жолдың дұрыс екенін түсіндіру үшін негізгі экспорттық шикізаттарымыз металл мен көмірдің, ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін сатып алатын осы Ресей Федерациясы мен Белоруссия екенін дəлел ретінде ұсынсақ та жеткілікті. Ол-ол ма, біздің экспорттық тауарлардың басым бөлігі алыс шетелдерге Ресей Федерациясы арқылы жеткізіледі. Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық тасымал дəлізінен үлкен үміт күтіп отырмыз. Міне, осы арнаның біраз бөлігі Ресей жері арқылы өтеді ғой. Мұны Елбасы Қазақстан тізгінін қолына алған алғашқы сəттен-ақ дөп танып білді. Ал біздің кейбір саясаткерлеріміз əлі күнге соны да түсіне алмай жүр. Мұндайда «қайран, дүние-ай» демеске амал жоқ. Н.Ə.Назарбаевтың елімізді басқарған 23 жылдан астам уақыты ерлікке толы болды. Мақала кейіпкерінің алғашқы ерлігі КСРО державасы мен компартияны Михаил Горбачев басқарып тұрған жəне КГБ, МВД деп аталатын құрылымдардың құзыры мықты кезінде-ақ басталған еді. Мəселен, елде президенттік институтты заңдастыру кезінде ол тіпті мəскеулік биліктің ерекше нұсқауын да «елемеді». Ол жақтың «мұндайды қойыңдар» деген сөзін тыңдамады. Сөйтіп, қас-қағым сəтте өзі Президент болып шыға келді. Əрине, КСРО державасының президентіне бағынышты Президент! Өйткені, держава əлі тарқаған жоқ. «Шешінген судан тайынбас»

дегендей, Н.Ə.Назарбаевтың ерлік істері жалғаса түсті. Айталық, Алматының іргесінде компартия мен КСРО державасына адал қызмет етуге ант берген жəне əлемдегі ең озық қарулармен жарақтанған əскери құрама тұрған шақта, ол-ол ма, ел ішінде əлемдегі төртінші ядролық қару əлеуеті бар кезде Қазақстанның тəуелсіздігі мен егемендігін жариялау тек ерлікке парапар жүрек жұтқандық. Сондай-ақ, Тұңғыш Президентіміз өзін осы дəрежеге дейін өсіріп, жетілдірген коммунистік идеалдан бас тартты ғой. Түсіне білген адамға бұл өзі немесе отбасын сақтау үшін жасалған қадам емес еді. Ол отбасын əрқашанда асырай алу мүмкіндігі бар қызметте болды. Демек, Тұңғыш Президент мемлекет құру міндетін өз мойнына алғанда «коммунистік идеалдан» бас тартпайынша істі алға бастыру мүмкін емес екенін түсініп, олай болса, өзі үшін елді төніп тұрған аштықтан аман сақтап қалу үшін осылай істеді деп ойласақ, сол шындық. Коммунистер мен комсомолдар қаптап тұрған жəне бақайшағына дейін қаруланған елге бірде-бір шетелдік инвестор аяқ баспас еді. Сондықтан да, Н.Ə.Назарбаевтың өзін өсірген коммунистік идеалдан бас тартуы ерлікке пара-пар жəне тек қана халық үшін жасалған стратегиялық көреген қадам болды деп бағалау керек. Ол коммунистік идеалдан бас тарта тұрып, «коммунизм құрылысшыларын» қорғауға ант берген əскерилер арасына жиі барып жүріп, оларды егемен Қазақстан Республикасына қызмет етуге көндірді. Бұл да ерлік пен көрегендіктің нағыз айқын мысалы. Қазақстан Республикасын құрушы Тұңғыш Президентіміз егемендіктің тізгінін қолына алған алғашқы кезде əлеуметтік жағдайдың шиеленісуіне байланысты ереуілге шығушылар арасында жиі болып жүрді. Оны сол кезде телеарналар хабарларынан көріп-білдік. Бұл да жүрек жұтқан ерліктің бір көрінісі. Қысқасы, жоғарыда айтып кеткенімдей, бүгінгі зор тұлғасы сомдалған Қазақстан Республикасы мемлекет құрушы Тұңғыш Президентіміздің ерлікке толы еңбек жолының игі жемісі. Кезінде КСРО державасының жоғары билігі болуы мүмкін қатерлерден қорқып, «бітеп тастаған» Қытаймен арадағы шекараның да қақпасы ашылуы біздің кейіпкеріміздің ерлікке пара-пар ісі десек, мұнымызға тек білімсіз ғана дау айтар. Мен Н.Ə.Назарбаевтың көп ісін ерлікке теңедім. Əрине, бұл кешегі Ұлы Отан соғысы кезіндегі кеудесімен дзоттар мен доттарды жапқан батырлар жасағандай шарасыздық тудырған көзсіз ерлік емес. Елбасымыздың ерліктері асқан білімділікпен жасалған стратегиялық жəне жасампаздық даму қадамдары. Ол КСРО державасының тарихына нүкте қойылатынын күні бұрын болжап білгендей нақты қадамдар жасады. Ал ол қадамдар ұлтымыздың ғасырлар бойы аңсаған тəуелсіздігіне жақындата түскен сəтті жүрістер болды. Н.Ə.Назарбаевтың Президенттік қызметіне көз жүгірткен сайын үлкен кемеңгерлік нəтижелерін көргендей боламын. Санамалап отырсам, ұлтымыздың кемеңгер басшысы егемендіктің қысқа мерзімі ішінде тарихымызға алтын əріппен жазылатын «Жеті ғаламат» жасапты. Олардың ішіндегі Н.Ə.Назарбаев жасаған тұңғыш «ғала мат», жоғарыда айтып кеткенімдей, президенттік институтты КСРО державасының «тірі кезінде» заңдастыруы. Бізде кейбіреулер еліміздің Президенттік институты Елбасының тұңғыш рет халықтық сайлауда басым дауысқа ие болған шағынан басталды дегенді айтады. Ал ақиқатында Н.Ə.Назарбаев егемендік пен тəуелсіздік туралы заңдық күші бар құжаттарға қол қойған тұлға ғой. Заңдарға Президенттік қызметте болып қол қойды. Мұны ұмытпау керек. Қазір біздің егемендігіміз Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындаған дербестік. Ал Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Республикасының егемендігі туралы заңға қол қойған кезде біз əлі де болса қуатты (əскери қару-жарақ əлеуеті жағынан) КСРО державасының құрамындағы одақтас республикалардың бірі

едік қой. Соны біле тұра егемендік туралы Заңға қол қою Н.Ə.Назарбаев қолымен жасалған «екінші ғаламат». Қазір біздің егемендігімізді əлем толық мойындады. Ал егемендік заңы жарияланған кезде оны іргедегі көршілердің өзі бірден мойындай қойған жоқ. Алғашқы болып Қазақстан тəуелсіздігін таныған Қара жəне Жерорта теңіздерінің жағалауындағы қандас бауырларымыз – Түрік мемлекеті болды. Міне, осындай жағдайда жасалған істі ғаламат десек, оның еш артықтығы жоқ. Бұл екеуі де білімділікпен жасалған ерлікке сай стратегиялық қадамдар еді. Ол қадамдар жасалды. Қазақстанның сол кездегі жағдайын білетіндер мемлекет құру тізгінін қолына алған Тұңғыш Президентіміздің алдында жауапкершілігі мен ауыртпалығы бұлардан да зор істер күтіп тұрғанын өз көздерімен көрді ғой. Инфляция мен девальвация естіп көрмеген деңгейге жетті. Жоғарыда айтып кеткенімдей, ел қазынасында «сабан рубльден» басқа бір цент валюта, бір мысқал алтын болмады. Кəсіпорындар бірінен соң бірі жабылып жатты. Қалаларда жұмыссыздар армиясы сеңдей соғылысты. Бұл табиғи құбылыс еді. Өйткені, Қазақстан индустриясын негізінен КСРО орта машина жасау министрлігіне тікелей бағынатын əскери тапсырыстармен жұмыс істейтін зауыттардан тұрды. Олардың бір де бірі халық тұтынатын тауарлар шығармайтын. Ал халыққа күнделікті тұтынатын қант, сіріңке, темекі секілді тауарлар негізінен Қазақстанда өндірілмейтін. Валютасы жоқ ел оларды енді қалай импорттасын? Қысқасы, үлкен қиындық енді басталды. Міне, дəл осы шақта Н.Ə.Назарбаев «үшінші ғаламатты» өмірге əкелді. Ол – экономикадағы көптарапты байланыс жəне халықаралық интеграцияға ұмтылыс ретінде болмысымыздан көрініс тапты. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Қытаймен арадағы Достық бекетін ашу арқылы Қазақстанның əлеммен ашық есік жағдайында араласатындығы баршаға іс жүзінде көрсетілді. Сөйтіп, дəл осы «үшінші ғаламатты» өмірге əкелу арқылы Тұңғыш Президентіміз «екі қоянды бір оқпен атқан» болып шықты. Алғашқы пайда Қытай тауарларының Қазақстанға еркін келуі арқылы игілікке айналды. Сонан соң бұл қадамымыз КСРО державасы бүкіл өмірінде келісе алмаған Қытаймен арадағы «шекара дауы» толық шешіліп, іргелес екі ел бір-бірінің шекараларын толық мойындайтындықтарын заңдастырды. Сонан соң бұл қадамның жемісі уақыт озған сайын молая берді. Қазіргі жеткен жеріміз халықаралық транзит дəлізін салу арқылы Еуропамен де, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен де экономикалық байланыс арнасын толық жасап шығу. Мұны «ғаламат» демегенде не дерсіз?! Қытай басшылығымен соңғы кездесуінде екі мемлекет арасындағы сауда айналымын 40 миллиард долларға жеткізу нысанаға алынды. Бұл бүкіл Қазақстанның жылдық ішкі жалпы өнімінің 20 пайызына тең көрсеткіш. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Н.Ə.Назарбаев жасаған «үшінші ғаламат» екі тармақты. Бірі – біз əңгімелегендей, сауда-саттық арнасын жасау болса, екіншісі – халықаралық интеграция. Қазір Қазақстан əлемнің 111 мемлекетімен саудасаттық байланысын орнатқан екен. Ал енді интеграцияға келетін болсақ, біздің елімізде Батыста АҚШ пен Канададан бастап, Шығыста Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Малайзия, Индонезия секілді мемлекеттердің кəсіпкерлері жұмыс істеп жатыр. Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторлар құйған инвестиция көлемі жағынан ТМД кеңістігінде көш бастаушы мемлекет болуы осы Н.Ə.Назарбаевтың қолымен жасалған «үшінші ғаламаттың» бергені. Таяуда жарияланған халықаралық ұйымдардың ресми есебінде Қазақстан елдегі бизнес ахуалы жағынан əлемдегі 180 мемлекеттің арасында 50-ші орынды иемденген екен. Ал Ресей Федерациясы 92-ші орынға шыққанына қуанып жатыр. Сондай-ақ, халықтың тұрмысы жағынан біз əлемдік тізімнің 49-шы орнына табан

тіреппіз. Посткеңестік аумақ бойынша бұл үлкен жетістік. Міне, осының бəрі көреген Елбасымыздың стратегиялық жоспарларының жүзеге асуының нəтижесі. Егемендікті жариялаған кезде қазынасында байлық дейтін ештеңесі жоқ жас мемлекеттің жəне ашық теңіз жолына шыға алмайтын, жағалай бір өңкей кедей мемлекеттермен қоршалған елдің басаяғы 23 жылға толмайтын мерзім ішінде осындай биікке көтеретін арна болған көптарапты экономикалық байланыс пен интеграциялық ұстанымды Н.Ə.Назарбаев жасаған «үшінші ғаламат» демегенде не дерсіз?! Еліміз үшін аса қиыншылықты кезеңде Елбасының тікелей нұсқауымен «Қазақстан-2030» Даму бағдарламасы жасалып, жалпы халықтың назарына ұсынылды. Ашығын айту керек, рецессиялық жəне инфляциялық күйзелістерден əлі арылып болмаған ел арасында «бұл Назарбаевтың өзі жауап бермейтін алыс болашақта жұмақта боламыз» деген алдауы» деушілер де табылды. Жағдай қиын екені даусыз жəне бағдарлама тым алыс болашақты меңзеп тұр. Демек, сауатсыз халықтың сөзіне ренжуге де болмас. Тіпті, сауаттылардың өздері арасында да бағдарламаға келгенде пікір қарама-қарсы бағытта өрбігендей болды. Сенбейтіндер көп, сенімділер аз болды. Сол сенімділердің бел ортасында жүргенім үшін бүгіндері өзімді бақытты санаймын. Ол ортада жүруім Мемлекет басшысына немесе сол топтағы элитаға жағымпазданып қалу емес еді. Мен бар болғаны сол бағдарламаны даярлаушы ғалымдар тобында жұмыс істедім. Өзім жасаған жоспарға өзім сенбейтіндей не болыпты? Қуанарлық жайт сол – бұдан бір жыл бұрын, яғни, 2012 жылы Елбасы «Қазақстан-2030» Даму бағдарламасы негізгі салалар бойынша мерзімінен бұрын орындалғанын халқы алдында мақтанышпен мəлімдеді. «Мен сөзімде тұрдым» деген сөздің Елбасы аузынан шығуы сол уақытқа дейінгі қызметіне өзі берген əділ бағасы еді. Ал біздер ғалымдар «Қазақстан-2030» Даму бағдарламасы орындалып қалғанын Елбасынан бұрынырақ айтып үлгіргенбіз. Бар болғаны 15 жылдың ішінде 33 жылдық жоспарды орындау тарихта болмаған секіріс. Ұлттық қорда Қазақстан халқы бұрын естіп-білмеген мөлшерде алтынвалюталық қазына жиналды. Қазір оның мөлшері 90 миллиард доллар шамасында. Бұл енді қандай жоспар жасап, жүзеге асырамыз десек те жеткілікті қаражат. Өйткені, біздің Президентіміз бір цент валюта, бір мысқал алтын болмаған сəттен жұмысын бастап, бас-аяғы 20 жылға толмайтын уақыт ішінде Қазақстанды бүгінгідей дəрежесіне жеткізген білімді Басшы ғой. Міне, сондықтан да өз басым аса қиын шақта жасалып, қысқа мерзімде жүзеге асырылған Елбасының «Қазақстан-2030» Даму бағдарламасын Нұрсұлтан Əбішұлы жасаған «төртінші ғаламат» дер едім. Мен Оңтүстік-Шығыс Азияның қарқынды дамушы елдерінің эконо микалық секірістерін зерттеген оннан астам ғылыми монографияның авторымын. Сол еңбектерімде, басқаны былай қойғанда, Жапония, Оңтүстік Корея секілді мемлекеттердің өзі өз тарихында дəл Қазақстандай жағдаймен, Қазақстандай қарқынмен дами алмағанын білдім, жəне бұл туралы кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында да мақала жаздым. Қазақстанның ғаламат деуге тұрарлық мұндай секірісі, сөз жоқ, көреген Президентіміздің ел мүмкіндігі мен халықаралық рынокты терең зерттеп, білгендігінің жемісі. Сондықтан да Н.Ə.Назарбаев, сөздің тура мағынасында, нарықтық экономиканың ХХІ ғасырдағы болмыс-бітіміне түзетулер мен толықтырулар енгізген нағыз ғалым деп айта аламын. Бұл Қазақстан дамуының жоспарлы жəне нарықтық экономика ғылымдарын ұштастыра пайдаланудың айқын дəлелі. Əлем 2000 жылдардың алғашқы кезеңіндеақ «дамудың қазақстандық жолы» деген сөз тіркесін қолданатын болды.

(Соңы 12-бетте).


9

www.egemen.kz

2 желтоқсан 2013 жыл

2006

Елімен етене Елбасы

2008

2007 Біз бүгінгі тəуелсіздігімізге оңайлықпен жеткеніміз жоқ. Оның жолында азаматтарымыз аттан бір сəт те түскен емес. Олардың қатарында Бопай ханым сияқты ақ білекті аруларымыз да жүргені аян. Ал Домалақ ене, бүкіл бір рулы елге атын берген Қызай, Қарқабат сияқты елге ұйытқы болған ақ тілекті аналарымыз қаншама! Кешегі Ұлы Отан соғысында бүкіл Шығыстан шыққан қос шынар Əлия мен Мəншүктің ерен есімдері күні бүгін бəрімізді елдікке де, ерлікке де шақырып тұрғандай.

Аналар алєысы

Сəуле АЙТПАЕВА, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің төрайымы, 3-ші дəрежелі Мемлекеттік əділет кеңесшісі.

Осындай аналарымыз аңсап кеткен азаттықтың ақ таңы атқаннан кейінгі біздің мемлекетіміздің əйелдерге деген саясаты ұлтымыздың ұлағатты салтдəстүрлеріне қарай жасалды. Ал мұның басында еліміздің Тұңғыш Президентінің тұрғаны əмбеге аян. Бар берекенің бастауы Ата Заңымыз десек, оның 27-бабында «неке мен отбасы, ана, əке мен балалар мемлекеттің қорғауында болады» деп жазылған. Ал осылардың қамсыз, қайғысыз өмірі үшін бірінші кезектегі қажеттіліктер тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың еңбекпен қамтылуы сияқты түйінді мəселелер Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Бұлар туралы тапсырмалар Президентіміздің жыл сайынғы халыққа жолдауларында да айтылып, арнайы қабылданған заң актілері мен басқа да ұйымдық шаралар арқылы өз шешімін тауып келеді. Əйелдердің конституциялық құқықтарының ең сенімді кепілі – ол Президенттің өзі болып табылады. Бұл ретте 2002 жылы қабылданған Гендерлік саясат тұжырымдамасының рөлі аса зор болды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдіктің даму стратегиясы бекітілді. Одан кейін қабылданған «Ерлер мен əйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік туралы» жəне «Тұрмыстық күш көрсетудің алдын алу туралы» заңдардың мəні мен маңызы зор екенін атап айтар едік. Демек, əйелдер үшін елімізде құқықтық қорған берік те бекем орнатылған деп ауыз толтырып айтуымызға əбден болады. Əрине, өмір ағысы бір сəт те тоқтамайды. Оларды жыл өткен сайын жетілдіре беру – заңды құбылыс. Бұл ретте күні кешеге дейін халқымыздың ардақты қыздарының бірі Гүлшара Əбдіқалықова басқарған Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның атқарып отырған істері атап айтуға тұрарлық. 1995 жылы құрылған бұл ұйым да Тұңғыш Президентіміздің халық тамырына қан жүгіртіп отырған төл перзенттерінің бірі. Нұрсұлтан Əбішұлы өзінің «Туған елім – тірегім» атты кітабында: «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бəрі де ананың ақ сүтінен тарайды. Əйел бесік иесі. Демек, əйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді. Бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» деген екен. Елбасымыз өзінің əйелдер жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы қат-қабат ісінде осы ұстанымынан айныған емес. Тіпті, осы жақында ғана жұртшылық арасында үлкен əңгіме туғызған əйелдердің зейнеткерлік жасы туралы оқиғаны алайықшы. Сол кездегі Ұлттық банк басшысының «Біздің қаржы саласында істейтін əйелдер зейнеткерлікке шыққылары келмейді» деген ойланбай айтқан сөзі отқа май құйғандай болды. Енді жылы жерде май шелпектің иісін иіскеп отырғандар мен елдің шеті, желдің өтінде жүрген əйелдердің жағдайы мүлдем салыстыруға да келмейді ғой. Осы жерде реті келгенде айта кетелікші, қазақтың тағы бір қайраткер қызы депутат Светлана Жалмағамбетова аналар үшін ақырына дейін айқасып, үлкен қайрат көрсеткені

елдің есінде қалды. Дегенмен, елдің соңғы үміті Елбасына келіп тірелген күн туды сол кезде. Ол тағы да халықтың сенімінен шықты. Елба сымыздың кемел ой, кеме ң гер лік шешімінің арқасында бұл мəселенің түйіні оң шешіліп, демін ішіне тартып аңысын аңдып отырған мыңдаған аналардың алғысында шек болмады. Тұңғыш Президент еліміздің əйелдеріне де қатысты біраз «тұңғыш» деген анықтауышты қосты. Мəселен, жоғарыда айтылған əйелдер істері жөніндегі ұйым да

органдар басшыларының 30 пайызы əйелдер өкілі болуға тиіс деп межеленіп отыр. Бұрынғы Бас прокурор бəріміз құрметтейтін Рашид Төлеутайұлының бірде «Қыз-келіншектер мұғалім немесе дəрігер болса ол үйреншікті нəрсе, ал əйел затының прокурор болуы бұл енді мақтаныш», дегені бар. Бүгінде заңдылық сақшысы прокурорлардың қатарында мыңдаған қызкеліншектер жемісті еңбек етіп жүр. Нақтырақ айтсақ, 5 мыңдай прокурордың

Президент жанынан тұңғыш рет құрылды. 2011 жылы тұңғыш рет Қазақстанның əйелдерінің съезі өткізілді. 2008 жылы алғаш рет Қазақстанның Еңбек Ері атағы тағайындалып, ең бірінші «Алтын Жұлдыз» қарапайым мұғалім Аягүл Миразоваға берілді. Бұл тек қана ұстаздар қауымына емес, бүкіл əйелдерге көрсетілген үлкен құрмет еді. Ал елімізде əйелдер арасында тұңғыш генерал атағы маған бұйырғанына да, мені ұсынған Бас прокурор Асхат Қайзоллаұлына да, сондай шешім қабылдаған Елбасымызға да алғысым шексіз. Елбасымыздың осындай қам қорлығына орай қыз- келіншектер де еліміздің қарыштап дамуына лайықты үлес қосып келеді. Əйелдер өмірлік маңызы зор салаларда ең бек етуде. Мəселен, біздің болашағымыз – жас жеткіншектерді тəрбиелеп жүрген педагогтардың 73 пайызы, халық денсаулығына жауапты дəрігерлер мен медперсоналдардың 87 пайызы – əйелдер. Ал бүкіл бюджеттік саланың 60 пайызын əйелдер құрайды екен. Бұл – мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесінің тірегі əйелдер деген сөз. Тағы да статистикаға жүгінсек, бүгінгі күні Парламенттің төменгі палатасының жəне жергілікті биліктің өкілетті органдарының əрбір төртіншісі – əйелдер. Сондай-ақ, биліктің атқарушы органдары басшылығында да əйелдер саны өсіп келеді. Бүгінде саяси мемлекеттік қызметкердің əрбір оныншысы жəне жаңадан жасақталған «А» элиталық басқарушы корпустың əрбір жетінші мемлекеттік қызметкері де қызкеліншектер. Олардың арасында бір Премьер-Министрдің орынбасары, үш министр, 6 вице-министр, жауапты хатшы, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының екі орынбасары жəне өңір əкімдерінің сегіз орынбасары бар. Жоғарыда аталған 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бойынша алдағы уақытта мемлекеттік

бір мыңнан астамы қыз-келіншектер. Бас прокуратурадағы 5 саяси лауазымның біреуі əйел адамға жүктелген. Қазақстан армиясында да əйелдердің өкілінсіз бір де бір бөлімше жоқ десек қателеспейміз. Бүгінде республикамыздың қарулы күштерінде 8,5 мыңға жуық қыз-келіншектер сапта тұрса, олардың 750-і офицерлер. Олардың 4-уі полковник, 30-ы подполковник, 120-сы майор шенінде. Ал Ішкі істер министрлігінде де 10 мыңнан астам қыз-келіншек ел тыныштығын күзетуде. Құқыққорғау органдары қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде əйелдердің ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін Елбасының өзі атап көрсетті. – Қазіргі кезде əйелдер бір уақытта көптеген істерді қатар тындыруда, – деді ол биылғы наурыз айындағы құттықтауында. Тұрмысты жақсартады, бюджетті жоспарлайды, балаларды тəрбиелеп, сонымен бірге, тартымдылығын да жоғалтпай, еркектерге дем береді. Əйелдердің ең басты парызы дүниеге ұрпақ əкелу десек, алтын құрсақ аналарымыз тəуелсіздік алған жылдардан бері 100 мыңдаған сəбиді дүниеге əкеліпті. Тағы да Президентіміздің сөзімен айтсақ, «бұл – əйелдердің 100 мыңдаған ерлігі». Еліміздің қыз-келіншектері туралы əңгімелегенде айтпай кетпейтін бір жайт бар. Қолдан құрастырған Кеңестер Одағының қабырғасы қақырап сынып, шаңырағы ортасына түскен сонау бір жылдары ең алдымен есін жиып, еңсесін тіктеп, жаңа дəуір тынысын бірінші түсінген де осы əйелдер болды десек, оған ешкім дау айта қоймас деп ойлаймын. Сол кезде, тіпті, сонау Қытай асып, ала қап арқалап жүрген арулардың жанкешті тірлігі əлі көз алдымызда. Сөйтіп жүріп есеңгіреп қалған ерлеріне ес жиғызып, талай отбасын аман алып қалды олар. Халықтың бетін нарыққа бұрды. Мұны тез аңғарған президенттік билік

талпынған халыққа шағыннесие беруге кірісті. Бұл əлемдегі ешбір елде болмаған тəжірибе еді. Осы қаржыны нəсіп қылған талай қыз-келіншек өз жұмыстарын одан əрі өрбітіп, бүгінде шағын жəне орта кəсіпкерліктің негізін құрап отыр. Соңғы 10 жылдың өзінде шағын жəне орта бизнестегі əйелдердің үлесі 52 пайызға артыпты. Ал ішкі жалпы өнімнің жартысына жуығы, яки 40 пайызы əйелдердің үлесінде. Бүгінгі күні прокуратура органдары заңсыз тексерулерді болдырмау жөніндегі өз жұмысын ширата түсті. Тек екінші жартыжылдық басталғаннан бері ғана шағын бизнеске қатысты заңсыз жоспарланған 300-ден астам тексерудің жолы кесілді. Биылғы жылдың өткен мерзімі ішінде 2 473 тексеруді тіркеуден бас тартылса, оның 707-інің заңсыз тексеру екені анықталды. Бас прокуратура Мемлекет басшысы белгілеген бағыт бойынша кəсіпкерлерді қорғау жөніндегі жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Мемлекеттік органдар тарапынан болатын заңсыз тексерудің жолын кесуде бізде 2011 жылы енгізілген «Бизнес тірегі» жобасы тиімді рөл атқарып келеді. Егер осы жоба енгізілген 2011 жылы оған кəсіпкерлерден 2700 өтініш жəне 1100 СМС-хабарлама келіп түссе, бұл көрсеткіш бүгінгі күні сəйкесінше 20 802 жəне 2365-ке жетті. Осы жылы келіп түскен хабарламалардың 70 пайызында заң бұзушылық фактілері расталып, прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданды. Жыл басынан бері ғана прокурорлық қадағалау шараларының арқасында 11 мыңнан астам кəсіпкерлердің құқығы қорғалды. Осы арада бүгін мен басқарып отырған комитеттің жұмысын қазіргі заман талабына сай осындай инновациялық жаңалықтармен толықтырып, үлкен биікке көтеріп кеткен Марат Мұратұлы Ахметжановтың еңбегі ерекше атап айтуға тұрарлық. Дүниежүзілік экономикалық форумның сараптамалық тобының анықтауы бойынша Қазақстан мониторинг жасалынған 135 елдің ішінде 31 орынға шы қ қан. Сондай-ақ, еліміздің БҰҰның Гендерлік теңдік жəне əйелдердің мүмкіншілігін кеңейту бойынша атқару кеңесіне мүше болып сайлануы да біздің республикамыздағы əйелдер мəселесінің жоғары деңгейде екендігін білдірсе керек. Салыстырмалы түрде айта кетелік, бұл ретте біздің ел бүкіл шығыс Еуропа мен Закавказья елдерінен, сондай-ақ, 41-ші орындағы Франциядан, 61-ші орындағы Ресейден, 69-шы орындағы Қытай мен 105-ші орындағы Жапониядан алда тұр. Еліміздің Тұңғыш Президентінің əйелдерге қатысты сара саясатының игі жемісі осындай. Сөз соңында өзімді айрықша мақтанышқа бөлеген бір оқиғаны айта кетейін. Биылғы қыркүйек айында Бішкек қаласында Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда біздің делегацияны еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев бастап барды. Жиналыста ТМД елдерінің ішіндегі озық құрылым ретінде біздің Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің инновациялық жобаларын таныстыру үшін маған да сөз берілді. Сондағы бұрын бір мемлекет болған елдердің өкілдерінің менің үстімдегі генерал формасына сұқтана қарап, айрықша қызығушылықпен, құрметпен көз тіккенін көрсеңіз. Арнайы келіп қолымды алғандар да аз болған жоқ. Еліме, сонау қиыр шеттегі Торғай даласында туып-өскен мен сияқты қарапайым қазақ қызын осындай дəрежеге жеткізген Елбасыма деген мақтаныш, риясыз ризашылық бүкіл тұла бойымды кернеп кетті сонда. Халық күші қашанда десек те ерек, Лайықты боп бір перзент өсер бөлек, Қанша күшті, қанша ұлы болса-дағы Əр халыққа кемеңгер көсем керек, – деп ақын апамыз Күлəш Ахметова қалай тауып айтқан. Бағымызға қарай тəңір бізге сондай көсемді берді. Ол – тағдыр бүгінгі күні бізге бірге өмір сүріп, бірге еңбек етуді жазған Қазақстанның Тұңғыш Президенті!

Жаѕа дəуір – жаѕа дəстїр (Соңы. Басы 3-бетте). Сол кездесулерде ерекше бір ашықтық, айрықша сенімділік, бүкпесіз қолдау, шынайы ұйымшылдық болды. Қоғам жаңа кезеңнің қарсаңын сезінгендей рухани өрлікке, үмітке бет түзеп, еңсесін көтерді. Егемендік, тəуелсіздік туралы əңгіме қозғалғанымен əлі де Кеңес Одағынан бөлініп кетеміз бе, кетпейміз бе деген екіұшты толғақты ой тиянақтала қоймаған кез. Өйткені, сол жылдың наурыз айында Кеңес Одағы бойынша референдум өткізіліп, Кеңес Одағының сақталуы қажет пе, қажет емес пе деген сұраққа Қазақстан сайлаушыларының 80 пайыздан астамы «Кеңес Одағы қажет» деп дауыс берген. «Кеңес Одағынсыз жағдайымыз қалай болады?» дегендей дүдəмал сенімсіздік сананы жайлап тұрған кез. Қазір сол кезде солай болды дегенге таң қалатын адамдар көп. Өйткені, ол кездегі түгел тіршілік Кеңес Одағымен тікелей байланысты еді. Одақтың құрамынан шығып кетсек, қалай күн көреміз деген ой басымырақ болғаны да шындық. Нұрсұлтан Əбішұлы президенттікке кандидат, үміткер ретінде барлық өңірлерде ашық кездесулер өткізіп, республика тарихында болмаған бұқаралық белсенділікке қол жеткізді. Бүкіл халық қатынасты кездесулерге. Халық ашық – «қайда барамыз?», «не істейміз?», «кім боламыз?», «қандай жолмен, қандай құндылықтармен жүреміз?» деген бағытта сұрақтарын да төгіп жатты. Тəуелсіздікке байланысты тың ойлар сол кездесулер үстінде айтылды. Жаңа экономикалық құрылым, жаңа бағыттар, жолдар, жаңа қоғам құру мəселелері кездесулердің өзегін құрады. Сонда барлық жағдайды түсіндіріп, Нұрсұлтан Əбішұлы: «Қалай болған күнде де бізге ешкім бір жапырақ нанын бөліп бермейді, біз өзіміз нан табуымыз керек деген ойда, яғни өз күнімізді өзіміз көретін жағдайда болуымыз керек, біз өз экономикамызды өзіміз жасауымыз керек, бізге ешкім жасап бермейді. Ол үшін барлық саланы реформалауымыз қажет, жаңа озық технология əкелуіміз қажет, бүкіл тіршілігімізді жаңартуға міндеттіміз. Əрине, ондай жағдайға жету үшін халықтың бірлігі, ынтымақтастығы керек, қоғамның тыныштығы, түсіністігі керек. Тек сондай жағдайда экономикалық реформалар жасауға мүмкіндігіміз болады», деп, экономикалық реформа қажеттіктерін жəне сол кезде кейінгі болған жаңалықтардың көпшілігінің алғашқы баспалдақтарын халық назарына жария етті. 1 желтоқсанда сайлаушылардың 98, 78 пайызының дауысын алған Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды. Тұңғыш бүкілхалықтық Президент сайлауы – біздің мемлекетіміздің тарихында, мемлекет болып құрылып, тəуелсіздік алардың алдындағы ең шешуші оқиғалардың бірі болды. 1991 жылғы 1 желтоқсан күнгі сайлау аяқталғаннан кейін Үкімет алдында ұлықтау рəсімін, ресми қызметке кірісу мəселесін конституциялық түрде өткізуді ұйымдастыру міндеті тұрды. Бұл жұмысты жүргізу Премьердің орынбасары Мырзатай Жолдасбеков басқарған топқа жүктелді. 1991 жылғы 10 желтоқсан – тұңғыш рет ұлықтау рəсімі болды. Ол туралы баспасөзде де əлденеше рет жазылды. Сондықтан оған көп тоқталмайын, ұлықтау рəсімі кезінде жұрт көңілінде қалған бір ғана, қас-қағым сəтті айтпай кете алмаспын. Сол кездегі Қазақстан Туы сахнаға шығарылып, Нұрсұлтан Əбішұлы елге, Ту алдында тізе бүгіп, Конституцияға қолын қойып, мемлекетке адал қызмет ететініне тұңғыш рет ант берді. Жаңғырған ұлттық сана жаңа дəстүрге жол ашты.

Осы кезде оқыс, ешкім күтпеген, көзімен көрген адамның жүрегін дір еткізген бір көрініс болды. Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп, өзі орнына отырған кезде сахнаның артындағы ауыр, үлкен шымылдықтың лебімен соққан желдің күшімен флагштокқа шаншылып тұрған ту құлай бергенде сəл шалқайып барып, шап беріп ұстап қалды. Бұл – ғажап көрініс болды. Ту құлап бара жатқан кезде жүрегіміз өкшемізге түсті. Ол туралы кезінде Мырзатай Жолдасбеков, Сауытбек Абдрахманов (ол кезде Президент Аппаратында бөлім меңгерушісінің орынбасары болатын) жазды. Сахнадағы жүрістұрыстың бəріне жауапты қызметкер ретінде Сауытбек бекітілген. Сондықтан оның бəрін тəптіштеп айтып жатудың қажеті болмас. Осы күнге дейін таң қалатыным – ту сыртында Тудың құлап бара жатқанын Президент қалай сезіп қалған?! Өзінің сезімтал сергек табиғатының, əрі жинақы, ширақ, спортпен шұғылданып жүргенінің арқасы болуы керек. Жел лебімен құлап бара жатқан Туды құлатпай, бір қолымен діңінен ұстап қалған кезде зал қол соғып жіберді. Сонда біз бəріміз ішімізден «Туымыз жығылмайды екен, қазақтың туын Нұрсұлтан Назарбаев қайтадан көтереді екен» деп ырымдадық, көкірегімізге сенім ұялады. Осы сəт менің үнемі көз алдымда, есімде. Міне, осындай, кейде бір ғажайып, күтпеген оқиғалар, адамның сана сезіміне символикалық əсер ететін оқиғалар да болады. Шүкір, халық сеніп тапсырған ұлт Туын Нұрсұлтан Əбішұлы өрлікпен, ерлікпен көтеріп-ақ келеді. 1991 жылдың 1 желтоқсан күні Қазақстанда өткен тұңғыш бүкілхалықтық сайлау, шын мəнінде, жаңа дəуірдің жаңа жаршысы, бастамашысы болды. Сайлау Қазақстан халқының орасан бірлігін, тұтастығын, ынтымақтастығын көрсетті. Елдің еңсесі көтерілді. Қоғамда жаңа қатынас, жаңа дүниетаным, болашаққа деген сенім қалыптаса бастады. Халық өз тағдырын, өзінің даму, өркендеу жолын өзі таңдай алатынына көзі жетті. Сайлау жаңа өмірдің, жаңа тарихтың беташар парағы болды. Сайлау ұлтымыздың, халқымыздың еркін, тəуелсіз мемлекет құра алатынына сенім туғызды. Ұлықтау (инаугурация) өткеннен соң Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен жəне өзінің белсенді түрде қатынасуымен Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесі депутаттарынан арнайы жұмыс тобы құрылып, оны əйгілі заңгер Сұлтан Сартаев басқарып, құрамында – Салық Зиманов, Манаш Қозыбаев, Жабайхан Əбділдин, Əбіш Кекілбаев, Зинаида Федотова, Шерхан Мұртаза, Ғайрат Сапарғалиев сияқты көрнекті тұлғалар бар, заң жобасын жасады. Сол заң жобасы 15 желтоқсан таңертең жарияланып, екі күн талқылау, пікірталастан өтіп, нəтижесінде 16 желтоқсан күні кешкі сағат он сегізден аса бере Заң талқылауы аяқталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданып, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз армандап, талай ұрпақ жолында құрбан болған Тəуелсіздігімізді жария еттік. Міне, сол кездегі біздің мемлекеттік тəуелсіздігімізге бет түзеген ірі оқиғаның бастамасы – 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен Тұңғыш Президенттің тұңғыш бүкілхалықтық сайлауы еді. Жаңа дəстүр жарыққа келіп, Тұңғыш Президент күні бүкілхалықтық мереке болып, тұрмысымызға енді. Сондықтан да, бұл күннің еліміздің тарихындағы орны бөлек. Бұл тек – жаңа дəуірдің жаңа дəстүрін бастап берген күн. Ол дəстүр біздің жасампаздық жолымыздың бастауына айналды.


10

www.egemen.kz

2 желтоқсан 2013 жыл

2009

2011

Елімен етене Елбасы

2010 Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өз есімін тек ел ертеңі, ұлт тағдыры, елдің асыл мұраты – білім беру жəне ғылым саласына ғана қатысты пайдалануға келісім бергені кім-кімді болмасын толғандырады. Қазірде сол Елбасының атын иеленген озық идеялар – Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері өзінің жасампаз инновациялық қадам

екенін дəлелдеп, білім саласында Қазақстан мақтанышына айнала бастады. Бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев есімінің ұлттық модель екенінің нақты айғағы. Енді осы бастаманы жастарды тəрбиелеуде ұлттық мұратқа айналдыратын болсақ, идеологиялық тұрғыдан тағы бір үлгі дүниеге келетіні сөзсіз.

Ўлттыќ мўрат моделі Динар НӨКЕТАЕВА,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры.

Əр мемлекеттің ынтымағы мен бірлігі ұлт рухының қажыр-қайратымен өлшенсе, ұлттық идея халықты жігерлендіріп, басқа елден ерекшелігін айқындайды. Ұлттық мұраты биік ұлттық идеология елге көптен ілгері, ойлыдан озық əрі мықты екенін сезінуге мүмкіндік береді. Тарихқа қарап отырсақ, кез келген елде ұлтын ұлықтап, болашаққа бағдар сілтейтін мыңнан ілуде біреу туған. Мұндай елі үшін отқа түскен дарасы да, ақыл айтар дана басшысының да болуы үлкен идеологиялық мұрат болып саналады. Алаштың азаттық алғаны күнінен бастап, елін еңселі келешекке қарай сенімді жетелеп келе жатқан, кешегі ұлылар өмір сүрген Ұлы Даланың ұлағатты ұрпағы, нағыз Елбасы бола білген білімдар əрі саясаткер, нағыз ұлтжанды патриот, өз заманына жете туған мемлекеттік қайраткер тұлға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – осындай халқымыздың зор мақтанышы. Тəуелсіздікке қол жеткен алғашқы айларда тоталитаризмнің қатаң тəртібінен қажыған, қайта құрудан тізе бүккен, ертеңгі күнге сенімі жоғалған халықты екі аяғынан тік тұрғызып, талай ауыртпалықты бірге жеңіп, жарқын болашаққа ұмтылдырған тұлға барлық құрметке лайық. 90-жылдар жаңадан егемендік алған жас мемлекетке барынша күрделі кезең болды. Өндірістің құлдырауы, ақшаның құнсыздануы, тауар тапшылығы халықты қатты үрейлендірді.

Бірақ еліне демеу болып, сенім сыйлаған Тұңғыш Президент баршаны мойымауға, бірлікке шақырды. Болашақты айқындау жолында бір ел болып жұмылуға үгіттеді. – Жеке мен үшін іс жүзінде сонау ырғақты кезеңнің əрбір күні ұмытылмақ емес. Біздің халқымызды ұзақ күткен бостандыққа əр қадам сайын жақындатқан сол бір күрделі оқиғалар туралы естеліктер өшірілместей менің жадымда, – деп сол тарихи күндер туралы толғана еске алады Нұрсұлтан Əбішұлы. Мемлекеттік маңызды істі бастамас бұрын жеті рет өлшеп, содан кейін дұрыс шешім қабылдаған Мемлекет басшысының халық игілігі үшін жасаған істері қыруар. Ядролық қарудан бас тартып, 40 жылға жуық ұлы Абай даласын улаған сынақ полигонын біржола жауып тастау – əлемді тамсандырған ірі сенсация еді. Бұған ешкім таласа алмайды. Сырттан келер сұқкөздерден құтылған соң, елдің елдігін ерекшелейтін ұлттық рəміздері, ақшасының нобайын жасау мақсаты тұрды. Осы үлкен іске де аса үлкен дайындықпен келіп, тарих бедерінде зерделенген, кешегі бабалар мұра етіп қалдырған таңбалар, ұлттығымызды нақыштайтын белгілер Елтаңбаға түсіп, көктегі жарқыраған күн, қалықтаған қыран Көк байрағымызға айналды, Əнұранымыз халқымызды рухтандырып, егілтті, мың өліп, мың тірілген болмысымызды, өткеніміз бен келешегімізді жырлады. Н.Ə.Назарбаев: «Еліміздің ең басты жетістігі – халық бірлігі» деп үнемі айтып келеді. Бір шаңырақ астында түрлі ұлт өкілдерінің татутəтті өмір сүруі Елбасы ұстанған саясаттың ең аяулысы. Бұдан да əлемге үлгі болып отырған бастамаларымыз көп. Əлемдік жəне дəстүрлі

діндер көшбасшыларының съездеріндегі араағайындық, 7-ші Қысқы Азия ойындары, əлемдегі беделді ЕҚЫҰ-ға төрағалық, Ислам Ынтымақтастық Ұйымына жетекшілік, 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрме жəрмеңкесі, тағысын тағылар. Бұлар Елбасы бастамаларының бір парасы ғана. Міне, осындай кемеңгерлікті жастарға неліктен үлгі етпеске?! Жастардың Елбасына қарап бой түзегендері дұрыс. Президенттің отансүйгіштігі мен патриоттығын жастар үшін ұлттық мұратқа айналдырғанымыз жөн. Мемлекет басшысының еңбекқорлығы, ізденімпаздығы, сөзге шешендігі жастарға бірден-бір үлгі, өскелең ұрпаққа жақсы тəрбие беру құралы болғаны керек. Өйткені, Елбасы əрқашан жастар жағында. «Ықылым заманнан бері қазақ атамыз «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақалының өзі бүгінгі күні айрықша мəнге ие болып отыр. Бұл заман – білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи əлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», дегені жастардың əлі есінде. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.Тəуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кəміл сенемін», дей келіп, жастарға үлкен бағыт-бағдар берген еді: «Ал кейінгі толқын жастарға айтарым, сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тəуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тəуелсіз елде туып, тəуелсіз елде тəрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш». Ұлылық пен батырлықты, данышпандық пен көрегендікті, ақыл мен парасатты сөз еткенде, амалсыз артқа қайырылып, өмірден өткен батырлар мен ойшылдарды, шешендер мен жырауларды əңгімеге қосамыз. Соларды үлгі тұтамыз, қадірлейміз. Бұл дұрыс-ақ. Ал бүгінгінің жарқ етер шолпандары қайда? Рас, үлгі боларлық ұлттық замандас кейіпкер фильмнің сюжетінде де, көркем əдебиетімізде де, театр қойылымында да, тіпті, төл мультфильмдерімізде де тіптен аз. Ал осы атқа толықтай сай келетін Елбасынан неге лайықты прототип жасамасқа?! Президенттің кез келген өмірлік эпизодтарынан еңбекқор азаматты, ұлтжанды қарапайым қызметкерді, білімге құштар адал да албырт жасты, елдікті ойлаған қайраткерді кездестіретінімізді айтудың қажеті жоқ шығар, сірə. Көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды, саяси санасы терең жастар нағыз көшбасшы, патриот болуды елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үйренулері қажет. Сондықтан, біздің ұлттық модель – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Барымызды уақытында бағалау қажеттігін қазірден бастап үйренуіміз керек екендігіне ешкімнің таласы жоқ шығар. АЛМАТЫ.

Ол кїн біздіѕ есімізде (Соңы. Басы 1-бетте). Онсыз да кисе киімге, ішсе тамаққа тапшылықпен күнелткен жерімізде ет, сүт тағамдарына, балашағаның киім-кешегін сатып алуға сағаттап кезектерде тұратын болдық. Бір қолға мөлшерленген заттарды ғана алатын едік (бір бөтелке айран, 1-2 пəшке грузин шайы, бір тауық, т.т.). Дүкендер сөресі бос қалды. Ауыл адамдары ала сөмке арқалап, қалаларды жағалап нəпақасын табуға кірісті... Қысқаша айтқанда, Қазақ елі жапан түзде жалғыз қалған отаудай күн кешкен кез еді. Осындай аласапыран кезінде болатпен бірге қайнап шыныққан, бала кезінен көпшілік жұмыстардың лидері болып қалыптасқан, облыстық, республикалық партия комитеттерін басқарған Нұрсұлтан бауырымыз қазақтың бағына Көк Туымызды қолына алып, ешбір ел басынан кешпеген қырқасы мен белесі көп жолмен елімізді бастап келеді. «Алмас кездік қын түбінде жатпайды» деген осы. «Адамда жақсы қасиет болмаса бақ та, бақыт та қонбайды», деген екен Баласағұн бабамыз. Ел мүддесіне қалтқысыз қызмет етіп, күні-түні тыным таппай жар құлағы жастыққа тимей ерендік пен тереңдік, кемелдік пен көрегендік танытып жүрген асыл азаматымызға Алла жар болсыннан басқа айтарымыз жоқ. Тəуелсіздіктің арқасында тарихи аз уақыт ішінде əлем таныған дамушы мемлекеттердің біріне айналдық.

Қазақ жерінің асты да, үсті де тұнып тұрған қазына. Бізде кен байлығы бар. Бізде ел байлығы да бар. Ол – ғылым мен білім. Ол – жаңа технология. Ол – экономиканы əртараптандыру, ол ЭКСПО-2017. Бізде рух байлығы бар. Оның басты өлшемі татулық, тыныштық пен тұрақтылық, еңбекқорлық. Тарихи аз уақыт ішінде көршілес жəне алыс құрлықта орналасқан елдермен терезесі тең дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, əр мемлекеттің төрінен елшілігімізді аштық. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Экономикамыз қарқынды дамып, дүниежүзілік дағдарыстан сүрінбей өтіп, алдыңғы қатарлы 50 елдің санатына ендік. Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына басшылық жасадық. Алар асуларымыз əлі де аз емес екеніне кəміл сенеміз. Арын арқалап, намысын қамшылап, ұрпақтарға ұйытқы болып келе жатқан қарттардың мақтан тұтары көп. Ал оның ішінде: əсем қала, алып қала киелі шаһар Алматы Қазақстан тəуелсіздігінің алтын бесігі болғаны, осы қалада 1991 жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың таққа отырғаны белгілі. Ал біз – аға ұрпақ еліміздің амандығына, жұртымыздың тыныштығына тілек айтып, сайын дала Сарыарқа төсіндегі, Еуразия кіндігіндегі Астананың жасампаз істеріне, ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасырына айналатынына батагөй болып келе жатырмыз. АЛМАТЫ.

 Бəрекелді!

Мерекеге орайластырылєан жаѕа жоба

Қорғаныс министрлігі Қазақстанның мемлекеттік органдары арасында алғашқы болып Korganyz.kzИнтернет-телевидениесін іске қосты. Бұл Қазақстан əскерінің оң беделін нығайтуға бағытталған жаңа жоба болып табылады. Korganyz.kz порталына тек əскери мамандардың қызығушылығын оятып қана қоймай, Қарулы Күштердің кең аудиторияға арналған тыныс-тіршілігі мен Қорғаныс министрлігінің қызметі туралы бейнематериалдар, фоторепортаждар орналастырылған. Бейнеқызмет онлайн-таратылымдар мен бейнеконференция лар жүргізуге, сондай-ақ, зама науи технологиялар мен коммуникациялардың əдістерін неғұрлым кеңірек қолдануға мүмкіндік береді. Korganyz.kz əскери парадтарды, жауынгерлік оқу-жаттығуларды жəне өзге де ресми іс-шараларды

оn-line режімінде таратуды ұйымдастыру үшін қолданылады. Оны пайдаланушылар əскерипатриоттық тақырыптағы бейнефотомұрағаттарға оңай қол жеткізе алады. Сондай-ақ, қазақстандықтардың көзайымына айналған «Айрықша тапсырма» реалити-шоуын, Қорғаныс министрлігінің бастамасымен жасалған өзге де арнайы жобаларды тарату жоспарланып отыр. Korganyz.kz – бұл Қазақстан əскерінің жетістіктері мен əскери адамдардың тағдырына бейжай қарай алмайтын адамдарға арналған бейне-портал.

Əскери интерет-телевидениені іске қосу Қазақстан Респуб ликасының Тұңғыш Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың күніне орайластырылып отыр. Бұл мерекенің негізгі идеясы – қоғамды Қазақстанның тұрақты жəне қарқынды дамуының іргетасына айналған Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың маңына топтастыру. Өз өмірін əскермен байланыстырған жастар тек конституциялық борыштарымен ғана емес, саналы түрдегі жеке таңдаулары арқылы да Жоғарғы Бас қолбасшыға əріптес болу керек. Нағыз еразаматтың, өз Отанының патриоты мен қорғаушысының таңдауы – туған Отаны мен халқына жəне оның лидеріне адал болу. «Егемен-ақпарат».


www.egemen.kz

2 желтоқсан 2013 жыл

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

11

 Тəуелсіздік толғауы

Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, ел болудың ең ауыр белесінен өттік. Тəуелсіздік – тарихтың мəңгіге бөліп берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал. * * * Тəуелсіздік үшін күрес – елге тиген үлес. * * * Қазақстан Тəуелсіздігінің формуласы – тең мəнді екі ұғымның: Азаттық пен Жауаптылықтың қосындысы. Жауаптылықтың арқасында ғана біз дамудың дұрыс стратегиялық жолын таңдай алдық, мемлекет құрып, бейбітшілік пен келісімді сақтап қалдық. * * * Тəуелсіздік алған сəттен бастап Қазақстан өзінің бір де бір қадамымен, іс-əрекетімен немесе тіпті бір де бір сөзімен өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген мемлекеттің өнегесі болып табылады. * * * Біз тəуелсіздікпен бірге тілімізді түлеттік, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дəстүрімізді жаңғырттық. Ұлттық жаңғыртуды жүзеге асырып, жаңа құндылықтар қалыптастырдық. Ғасырлар қойнауынан асылдарымызды аршып алдық. * * * Біздің тəуелсіздігіміз – қазақ ұлтының қоғамдық ойдың қалыптасуымен жəне халықтың жан-жүрегінің аңсауымен демелген көпғасырлық ұмтылысының жемісі. * * * Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, Тəуелсіздікті мəңгі ұстап қалу одан əлдеқайда қиын. Бұл əлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткерген тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа жөнсіз тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. * * * Тəуекелі тұратындардың ғана қолы жетпесе, Тəуелсіздік бола ма? Азаппен, арпалыспен келмесе, Азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нəрсе қолда ұзақ тұра ма? * * * Алда тұрған сын белестерден білекке – білек, жүрекке – жүрек, тілекке – тілек қоса білсек қана абыройлы өте аламыз. * * * Тəуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған əділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. * * * Теңге – ел тұрақтылығы мен тəуелсіздігінің белгісі. * * * Тəуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – əрбір қазақтың, Қазақстанды өз Отаным деп санайтын əр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты. * * * Қазақстанның тəуелсіздігі таза парақтан «жазылған жоқ», оның көне дəстүрлері бар. Бізге бүгінімізді түйсініп, болашағымыздың сұлбасын көру үшін өткенімізге үңілу қажет.

* * * Бостандық бізге азап, күрес пен жоқшылықтар арқылы, ал тəуелсіздік – өтуіміз қажет болған тəуекел арқылы келді. Міне, сондықтан да біз бұл ұлы ұғымдардың құнын да, пайдасын да, қасиетін де білеміз. * * * Тəуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ғұмырлы болсын! * * * Өтпелі кезеңнің өкпек желі соғар да өтер. * * * Дүниеде тəуелсіз Қазақ елі бар. Əлемде егемен Қазақстан бар. Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар! * * * Енді біздің ел атқа қонады: дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына да тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысатын болады. * * * Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, ел болудың ең ауыр белесінен өттік. * * * Біле білсек, осы он жылдағы еңбегіміздің ең басты қорытындысы – ел болғанымыз. Ел бола алғанымыз. Біз мемлекет құрдық. Құрғанда да, аты бар да заты жоқ мемлекет емес, бүкіл адамзат танитын, танып қана қоймаған, мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра алдық. * * * Қазақстанның тəуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мыңмыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы. * * * Тəуелсіздік Туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек. * * * Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соғар желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бəріне көну керек, бəріне төзу керек. * * * Қаз тұрып, қадам басқан Тəуелсіздік сəбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, Қазақстанымыз айшылық жерді алты-ақ аттаған алып секілді, дəуір жалынан мықтап ұстап, тізгінін бекем қаға білді. * * * Аталарымыздың тар кезеңде табысып, бірлік-берекесін көрсеткен жақсылығымен қатар, кеңшілікке шыққанда кесірлік танытып, ала болып ауыздағыларынан айырылып,

өзара қырқысып кететін жаманшылығының қабат жүретіндігі де өзекті өртейді. * * * Қазақстанның аспан түстес Туының бетінде алтынға айналған бүркіт қанат керген. Осынау келіскен мазмұнды да мағыналы нысанның бойында табиғат та, тіршілік те, тарих та тоғысып жатыр. * * * Еңсесі түскен елдің есін жиғызған, жапа шегіп, зар жылаған халықтың көзінің жасын тыйғызған кімдер еді? Азаматынан айырылған арғымаққа қайтадан ер салдырған, тұтастық туын қолға қайтадан алдырған кімдер еді? Қасиетті бабаларымыз – Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би еді. * * * Тəуелсіздік – ең алдымен елдің экономикалық дербестігі. * * * Бəрін де тарихтың сый-сыбағасы деуге болар, алайда жан-жүрегіңнің аңсары болған азаттықты ешкім де сыйға тарта алмайды. Азаттық дегеніміз əлемдік тарих толқынында өзінің субъектілік құқығын сезінетін жəне оған жауап бере алатын халық болмысының жалғыз ғана үлгісі. * * * Біз тəуелсіздік алғаннан бері бірыңғай ізденіс үстінде келе жатқан елміз. Ізденіс үстінде дөп басу да, мүлт кету де бола береді. Ештеңе істемеген адам ғана қателеспеуі мүмкін. * * * Бүгінгі біздің тəуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бой ғы күресінде, азат тыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр. * * * Бойында қаны бар, намысы бар əрбір азамат: «Енді тəуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз?!» деп ой-санасын қамшылауы керек. * * * Халық кешпейтін бір-ақ нəрсе бар: елдің қолына зарықтырып келіп қонған бақыт құсынан – Тəуелсіздіктен айырылуды кешпейді. * * * Тəуелсіздікті күн сайын қорғау керек, ай сайын қорғау керек, жыл сайын қорғау керек, нығайту керек, өркендету керек. * * * Тəуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз. * * * Мəселе қай топтың жеңетінінде немесе билік басына кімнің келетіндігінде емес, мəселе – тəуелсіздік тағдырында. * * * Біздің тəуелсіздігіміздің жолы – Отан тағдыры үшін барлық 140 ұлттың жауапкершілігінің жолы. * * * Танылған мемлекеттік егемендік – кез келген халықтың үлкен əрі қымбат тұратын ресурсы. * * * Тəуелсіздік – əлемдік тарихтың ағынында

субъект болу құқығын сезінетін əрі соған жауап беретін халық болмысының жалғыз ғана нышаны. * * * Азаттық жолы ұзақ та тауқыметті. Оны баянды ете білу де оңай шаруа емес. * * * Мемлекеттік тəуелсіздік – тарихтың сыйы немесе тек қазіргі ұрпақтың ғана меншігі емес. Ол – өткеннің алдындағы борыш жəне келешектің алдындағы жауапкершілік. * * * Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына бет бұрған елміз. Ықтимал сын-тегеуріндерге тыңғылықты шеп құрған елміз. * * * Мемлекет мерейі – мығымдығында. * * * Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес. * * * Жетістіктерімізге сын көзбен қарап, сабыр сақтайтын ел болайық. * * * Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мəңгі қалады. * * * Ұлы той көппен көрген халқың үшін, Ешқашан адастырмас салтың үшін. Жаратқан! Қазағыма ынтымақ бер, Тұрғанда мына заман тартып ішін! * * * Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. * * * Азаттық жолындағы Қазақстанның əлі талай-талай қиын кезеңдерден өтуіне тура келеді. * * * Мемлекеттік тəуелсіздік тарихтың сыйы емес жəне тек қазіргі ұрпақтың бір өзінің ғана меншігі емес. Бұл өткеннің алдындағы парыз жəне болашақтың алдындағы жауапкершілік. * * * Мемлекеттің мемлекеттілігі оның өз тағдырына қатысты мəселелерді өз бетінше шеше алуынан танылуға тиіс. * * * Бұл заман – тек күштіні, бірлікті мойындаған заман. Бұл заманда əлем тек экономикалық жағынан мықты, ішкі тұтастығы берік, ауызбірлігі күшті мемлекеттермен ғана санасады, сондай елдерді ғана сыйлайды. Қазақстан қазір əлем санасатын, əлем сыйлайтын сондай елге айналды. * * * Халқы тату-тəтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. * * * Мен үшін қашанда мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қалтқысыз қызмет атқарудан артық бақыт болған емес. (М.Қасымбековтің жетекшілігімен құрастырылған «Жылдар мен ойлар» кітабының негізінде дайындалды).


12

www.egemen.kz

2012

2 желтоқсан 2013 жыл

Елімен етене Елбасы

2013

Бўќара баќыты басшыдан (Соңы. Басы 8-бетте). Сондай-ақ, бұл сөз тіркесіне «дұрыс жол» деген анықтауыш та қосылды. Мұндайды нарықтық экономика ғылымына Н.Ə.Назар баев қосқан жаңалық демей не дерсіз?! Елбасының нарықтық экономиканы егжей-тегжейлі білетіні соншалық, өзі жазып жариялаған мақалаларында халықаралық валютаны, халықаралық валюта жүйесін жаңғыртып қайта құру жөнінде ұсыныс жасады. Сөйтіп ол бүкіл адамзат тарихында қалыптасқан нарықтық ғылым болмысына ашықтан-ашық сын айтқан бірінші Мемлекет басшысы болып шықты. Жəне ол сындарды нақты дəйектермен бекіткен. Меніңше, Нұрсұлтан Əбішұлының бұл еңбегі əлемдік нарықтық экономика ғылымына жеке тарау болып енері сөзсіз. Осындай соны əрі өміршең пікірлерінің нəтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті соңғы жылдары əлемдік «G-20» дөкейлері бас қосатын алқалы экономикалық саммиттерге құрметті қонақ ретінде шақырылатын болды. Жалпы алғанда, біздің Президентіміз жан-жақты білімді тұлға. Бұған нақты дəлелдер жеткілікті. Айталық, еліміздің əкімшілік орталығын Алматыдан ежелгі Ақмолаға көшіру туралы шешімді де елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайы аса қиын шақта қабылдаттырып, қысқа мерзім ішінде өзі бас болып, жаңа орынға бүкіл билікті жинап алды. Дəл сол кезде тіпті Президент маңайында жүргендердің өздері де кеңестік «коробкалардан» тұратын Целиноград қысқа мерзім ішінде бүгінгідей əсем Астанаға айналатынына сенбеген шығар. Сенбеу табиғи заңдылық. Себебі ол кезде, жоғарыда айтқанымдай, мемлекет бюджеті толымсыз, қазынасы бос болатын. Енді міне, Астана Қазақстанның ғана емес бүкіл Орталық Азияның тірегіне айналды. Оның өсу қарқыны ең сарабдал сыншылардың өзін қызықтыратындай дəрежеде өрбіді. ЕҚЫҰ саммитін өткізу, алқалы жиынға əлемнің 64 мемлекетінің басшыларының қатысуы, Астана декларациясының қабылдануы, не керек, біздің Елбасымыздың білімді де көреген тұлға екенін айрықша айшықпен дəлелдеп берді. Қазіргі таңда əлем Қазақстан сөзінің баламасы ретінде Астана сөзін атайтын болды. «Ресми Астана былай деп мəлімдейді немесе ресми Астананың бұл мəселе жайлы көзқарасы мынадай» деген сөз тіркестерін шетелдік газеттерден жиі кездестіруге болады. Ал Астанаға қақаған суығы өңменнен өтетін желтоқсанда көшіп барған топтағы басқа емес, элитаның өзі сол кезде жағдай осылайша өзгереді деп ойлай алмағаны даусыз. Сондықтан да өз басым Н.Ə.Назарбаевтың астананы ауыстыру жөніндегі ұстанымы, шешімі, бұл салада көз алдымызда жүзеге асырған істері нағыз ғаламат жəне ол қазақстандық «бесінші ғаламат» дер едім. Жоғарыда айтып кеткенімдей, Елбасымыз қарапайым да қалың бұқараның арасында туып өсті. Ол қалалық емес, ауылдың баласы. Мұны өз естеліктерінде Елбасымыз əдемілеп жазған болатын. Алғашқы кəсіби білімді Украина жерінде алды. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында аға буын көтерген жүктің ауыртпалығын жан-тəнімен көріп білді. Сондықтан да болар, ол нағыз бауырмал əрі адамзаттың бəріне бірдей қарайтын тұлға болып сомдалды. Бір жағынан ұлт ұстазы Абайдың «Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп» деген өсиетін білетін, келесі жағынан адамзат тарихында болған қанды қақтығыстардың басым бөлігі дінаралық түсінбестік салдары екенін оқып-білген Елбасымыз өзі тұрғызған жас мемлекетінің шаңырағы шайқалмауын тілері даусыз ақиқат. Ал мұндай тыныштыққа қол жеткізу үшін 100 ұлттың өкілі тұратын Қазақстанда ұлттар достығын қамтамасыз ету қажет болды. Сол себептен де Қазақстан халқы

Ассамблеясы өмірге келді. Даму барысында мұның өзі аздық ететінін көреген басшы дөп басып таныды. Нəтижесінде елімізге Рим папасы Иоан Павел ІІ келіп Жаратушыға мінəжат етті. Бастаған ісін дамыта түсу Н.Ə.Назарбаевтың басты қасиеті. Содан да болса керек, елімізде Əлемдік жəне дəстүрлі діндер жетекшілерінің адамзат тарихындағы тұңғыш құрылтайы өткізілді. Бұл құрылтай дəстүрлі əлемдік игілікке айналды. Сөйтіп, Нұрсұлтан Əбішұлы күні кешеге дейін, тіпті бүгіндері де бір-бірімен түсінісе алмай, оның ақыры қанды қырғынға ұласатын діни текетіресті жойып, əртүрлі діндер жетекшілерінің бір дастарқаннан дəм ішіп, Жаратушы жалғызға Астанамызда мінəжат ететін болды. Олардың бəрі де Жаратушымыз бір, бейбіт өмір сүруге болады дегенді тұңғыш рет бірге айтты. Бұл енді Н.Ə.Назарбаев көрегендігінің нəтижесінде бүкіл жержүзілік игілікке айналған табысу қадамы емес пе? Олай болса адамзат тарихындағы мұндай тұңғыш жəне игі қадамды Нұрсұлтан Əбішұлы жасаған «алтыншы ғаламат» деу қажет. Президентіміз жайлы талай-талай нақты дəйекті сөздер айтуға болады. Өйткені, біз ол сөздерді Елбасымызды мақтау үшін емес ақиқатты халқымызға түсіндіру үшін айтамыз ғой. Мəселен, экономист ғалым ретінде өз басым «2050 Стратегиясын» Н.Ə.Назарбаев нұсқауымен жасалған көрегендік бағдарлама жəне қазақстандық «жетінші ғаламат» дер едім. Экономикалық жағынан алғанда еліміздің 2050 жылдан бұрын-ақ əлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылатынын осы арқылы отандастардың əлеуметтіктұрмыстық жағдайы жоғары сапалық деңгейге көтерілетінін бұқаралық ақпарат құралдарында талай рет дəлелдеп жазып, айтып шықтым. Бұл жолы оған тоқталуды жөн санамадым. Ал енді мына бір ақиқатты айтпай кету мүмкін емес. Өзі шаңырақ көтерген шағында, жоғарыда айтқанымдай, қазынасында құнды ештеңе болмаған, экономикасы жансыздануға жеткен əлемнің бірде-бір дамыған мемлекеті мүлде танымайтын Қазақстан Республикасын бас-аяғы 50 жыл ішінде жер бетіндегі ең иықтылармен теңестіруді мақсат тұту Елбасымыздың нағыз кемеңгерлігін, халықшылдығын көрсететін тұс емес пе?! Мұндай биікке құлаш ұру тек біздің елдің қолынан ғана келіп тұр. Ескерте кетейін, таяуда ежелгі жəне кешеге дейін дамыған ел делінген Грекия бұл саптан шығарылды. Міне, біз қайда құлаш ұрғанымызды осы мысал ғана түсіндіреді ғой. 30 елдің сапында болу ұлттың толық сапалық жаңғыруы. Мұны ғаламат демей не дерсің?! Талайлардың президент, премьерминистр болғысы келеді. Бірақ олардың бағы жанған санаулылары ғана бұл қызметтерге ие болады. Қазір əлемде 200ден астам мемлекет бар екен. Демек, 200-ден астам президент, премьер-министр, король, королева бар. Бірақ, солардың ішінде бəрі бірдей бұқарасын ба қытты етіп тұр дей алмаспыз. Ал біздің Елбасымыз халқын шын мəнінде бақытты болашаққа бастаған айрықша тұлға. Кезінде Ресей Федерациясының тұңғыш президенті ресми сапармен барған Нұрсұлтан Əбішұлын шығарып салып тұрып, «мұндай Көшбасшысы бар халық бақытты ғой» дейтін көрінеді. Ол да жақсыны көре білген екен. Иə, біздер бақытты халықпыз. Бақытты болуымыздың бастауында мемлекетіміздің кемеңгер Басшысы тұр. Жаратушым, сол бақытымызды баянды еткей! Менің бұл тілегімді бүкіл қазақ стан дықтар қоштайды ғой деп ойлаймын. Өйткені, ұлт ұстазы Абай: «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол» деп өсиет еткенін бүкіл қазақ біледі. Иə, солай. АЛМАТЫ.

Ўлы Дала перзенті Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ,

саясаттанушы, Бас редакторлар клубының президенті.

«Ағылшындардың мəңгілік досы жоқ, ағылшындардың мəңгілік қасы жоқ. Ағылшындардың мəңгілік мүддесі бар». Мұны кейбір кісілер ағылшындардың ерекше пір тұтатын тұлғасы, лорд Уинстон Черчилль айтқан десе, тағы да біреулері бұл сөзді ағылшынның ұтқыр саясаткері, кезінде осы елдің үкіметін басқарған Пальмерстонның аузына салады. Дегенмен, əңгіме онда емес. Ең бастысы, егер ағылшындардың мүддесі мəңгілік болса, қазақтардың неге мүддесі болмауы керек жəне мəңгілік сипатқа ол да неге ие болмауы тиіс?! Иə, ұлттық мүдде – мазмұны мен ауқымы мейлінше кең ұғым. Ұлттық мүдде міндетті түрде қорғалуы керек. Осы ретте, ұлтты ұшпаққа шығаратын азамат, ұлтқа шым тереңнен ойлайтын, тым қияннан болжайтын тұлға қажет десек əсте қателеспейміз. Бірер мысал. Алып Қытай жол айрығында абдырап тұрғанда ұлтын Дэн Сяопинь бастап, халқын қазір АҚШ-пен иық тірестіріп, Жапонияны жəне Германияны экономика жағынан көп артта қалдырып отыр. Үндістан Ұлыбританияға жалтақтап қалғанда, Махатма Ганди басын бəйгеге тігіп шықты. Ең демократияшыл деп саналатын Америкада Франклин Делано Рузвельт президенттікке қатарынан төрт мерзімге сайланса, Шарль де Голь есімі Франция тарихында мəңгілікке жазылып қалды. Түрік елінде Мұстафа Кемал Ататүрік, Сингапурда Ли Куан Ю болып, əлемде осындай біртуар ұлт тұлғаларының есімдері жалғасып кете береді. Қазақ қамы үшін де бабаларымыздың қаны аз төгілмеді, батырларымыз бүкіл өмірін ат үстінде өткізді. Ақтамберді жырау былай жырлапты: «Жауға шаптым, ту байлап, шепті бұздым айғайлап, дұшпаннан көрген қорлықтан, жылады жүрек, қан қайнап, елді, жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап». Яғни, ата-бабаларымыздың ұлы мақсаты тəуелсіздікті алу болды. Сол Тəуелсіздікті ХХ ғасырдың соңғы жылдарында алдық. Біз Тəуелсіздікті ұлтымыздың ұлы перзенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Көзі ашық қазақ ұлты, Қазақ елі мұны анық біліп, өз ұлтының тұлғасы Нұрсұлтан Əбішұлын барынша қолдап отыр. Биыл 22 жыл толатын Тəуелсіздіктің қазаққа жəне қазақстандықтарға берген пайдасы, жақсылығы шаш етектен. Мұны жүрегінде иманы мен аузында тəубесі бар əрбір адамның мойындары хақ. Əрине, көпшілік болған соң түрлі мінезді адамдар болады, оның үстіне адам пенде жақсылыққа бойын тез үйретіп, бола түскен үстіне бола түссе дейді емес пе. Сондай-ақ, елдің өмірі мен тыныс-тіршілігінде игі жақсылықтардың қандай күшпен келіп жатқанына кейбір адамдар мəн бергілері келмейтін де сыңайлы. Мұнайдың үстінде отырған араб елдеріндей неге шылқып байымаймыз дегендер де баршылық. Бірақ, олар қазақстандық əрбір жан басына шаққанда бар болғаны 4,8 тонна мұнай өндірілетініне, ал осы көрсеткіштің Біріккен Араб Əмірліктерінде – 122 тонна, Катарда – 90 тонна, Сауд Арабиясында 20 тонна құрайтынына жəне бұл елдердің мұнайды игеру тарихы бізден əлдеқайда терең екеніне көңіл бөле бермейді. Шындап келгенде, егер кешегі мен бүгінгіні шынайы салыстыра білетін адам болса, көбірек шүкіршілік етер еді. Ал, енді сол шүкіршілік дегізетін нəрселердің

артында Мемлекет басшысының тəулік бойы тынбастан еңбек жасап, елінің тағдыры үшін мойнына тарихи жауапкершілікті жүктеп отырғанын, тіптен кез келген ықтимал қауіп-қатерді халқынан бұрын алдымен өзіне қабылдауға əбден белін бекем буғанын, сөйтіп басын бəске тіккенін екінің бірі біле бермейді. Мəселен, Мəскеудің ызғары қайта қоймаған сонау жылдары Назарбаев Кремльдегі Саяси бюроның шешіміне мойынсұнбай, Семей ядролық сынақ полигонын біржола жауып, орасан зор ерлікке пара-пар қадам жасады. Сəл кейін ядролық қарудан мүлдем бас тартты. Сол кезде қазақтың даласында дүниежүзіндегі ядролық қару-жарақтың бестен бірі орналасып, оның қуаты жер бетінің кез келген нүктесіне еркін жететіндей хəлде еді əрі тауын үгетіп, əрбір тасын құмға айналдыратындай жойқын күшке ие болатын. Сондықтан, «Ядролық қаруды уыстан шығармау керек», «Бүгіндері тек мықтымен ғана есептеседі», «Келісімшарт жасасып, ядролық қаруды өзімізде қалдырайық», «Ядролық қаруды алпауыт мемлекеттің біріне берейік», деген тəрізді іштегі небір ақылшылармен қатар, Батыстың, əсіресе, АҚШ басшылығы тарапынан Қазақстанға ядролық қаруды жоюды талап еткен ұсыныстар жеткілікті еді. Алайда, Назарбаев өзіне ғана тəн ерекше саяси көрегендікпен еліне, жеріне шапағаты молынан тиетін сындарлы да салмақты шешім қабылдады жəне де оны өзгелерге мойындатты. Сөйтіп, 1994 жылғы 5-ші желтоқсанда Будапешт қаласында іргетасын тамыры Ұлы даладан бастау алатын дала қыпшақтары қалаған зəулім сарайда ел тарихына алтын əріппен жазылатын айтулы оқиға орын алды. Қабырғалары алтынмен апталған, төбеден төмен қарай ілінген салмағы он тонна тартатын люстрамен көмкерілген бас айналатындай нəн залдың ортасында біздің елдің президентін қаумалай бес елдің басшылары – Ельцин, Лукашенко, Клинтон, Кучма, Мейджор «Қандай да ядролық қару еш уақытта Қазақстанға қарсы қолданылмайды» деген кепілді растап қол қойды. Сонымен қатар, екі мың ядролық қаруды жоюға қажетті қаражат бөлініп, сонау Ұлы Отан соғысынан бері біздің мойнымызға ілініп келе жатқан қарыз қайтарылмайтын болып келісілді, елімізде барынша ыңғайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға толық мүмкіндік туды. Осы сəтке куə болғандардың толқығаннан тұлабойлары шымырлап, көздеріне жас үйірілгенін, сондайақ, əлемнің өзге елдері Қазақстанның бұл жарқын үлгісін қолдай отырып жаппай қарусыздануға жол ашылады деген сенімдерін ұмыту əсте мүмкін емес. Бірер айдан соң мұндай кепіл берушілердің қатары Қытай жəне Франция елдерімен толықты. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық аренадағы тұңғыш əрі мəртебелі жеңісіне қол жеткізді, Қазақстанды бейбіт өмірдің символына айналдырды, ал БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстан үлгісіне əлемді шақырамын деп ашық мəлімдеді. Бір сөзбен айтсақ, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың аты адамзат тарихында өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан жəне сонысымен Ұлы Даланы бұл қауіптен құтқарған ең алғашқы Мемлекет басшысы ретінде алтын əріппен жазылып, мəңгілікке сақталып қалары анық. Нəтижесінде, 2010 жылдың 12-13 сəуірінде Вашинг тонда ядролық қауіпсіздік мəселесі бойынша өткен əлемдік саммитке Нұрсұлтан Назарбаев арнайы шақырылып, еліміздің мерейін өсіріп қайтты, əрі осы

жылы кеңес дəуірінен кейінгі кеңістіктегі мемлекеттер ішінде бірінші болып Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп қана қоймай, 11 жыл қатарынан өткізілмей келген ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитін мейлінше жоғары дəрежеде ұйымдастыра білді. Назарбаевтың республика халқының тұтастығын нығайту бағытында үзбей атқарып келе жатқан жұмыстары да елдің мүддесіне орай жүргізілуде. Осы ретте, əсіресе, Елбасының тікелей басшылығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы бөлек. Өз құрамына 130 этносты біріктіретін бұл Ассамблеяны бүгінгі күні «Кіші Біріккен Ұлттар Ұйымы» деп те атайды, себебі, ол барлық этносаралық қатынастар проблемаларын шешудің тікелей жолы мен нақты тетігі болып танылуда. Нұрсұлтан Əбішұлының осындай əлемдік деңгейдегі салиқалы саясаты түптеп келгенде елін, жерін, бейнелеп айтсақ, «сырттағы жаудан жəне іштегі даудан» қорғаштай отырып, халқының əл-ауқатын жақсартуға қажетті деген түгел дерлік іс-шараларды жүзеге асыруға зор септігін тигізгенін айтқанымыз жөн. Соның арқасында еліміздің ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) жыл өткен сайын артып келеді. Бүгін біз ІЖӨ көлемі жағынан экономикалық мүмкіндігі орасан зор, 50 миллиондай халқы бар Украинадан артып түссек, бұл көрсеткіш Орталық Азия елдерінің ішкі жалпы өнімінің барлық жиынтығынан бір жарым еседей артық көлемді құрайды. Бəрімізге белгілі, тəуелсіздіктің алғашқы жылдары инфляция 2000 пайызды құрап, мемлекеттің қазынасында бір тиын болмаған еді. Ал қазір Назарбаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қордағы қаржы 80 млрд. доллардан асып жығылады. Жалпы, осындай оң өзгерістерді Елбасы ұстанған «Əуелі – экономика, сосын – саясат» тұжырымының нақты жемісі деп қабылдауымыз керек. Елбасының бұл көрегендік саясаты кеше ғана орын алған əлемдік қаржы жəне экономикалық дағдарысты дүрбелеңге ұрындырмай, нық сеніммен еңсерді əрі елдің үдемелі индустриялықинновациялық даму кезеңіне өтуіне мүмкіндік туды. Қазір жүздеген кəсіпорындар пайдалануға берілуде, шағын жəне орта бизнес қарқын алуда, сөйтіп, 100 мыңдаған жаңа жұмыс орындары пайда болуда, жастар оқу іздеп дүние жүзінің ең үздік деген университеттеріне аттануда, жаңа үлгідегі мектептер салынып, балабақшалар ашылуда. Жыл сайын бюджеттегілердің айлық жалақылары, зейнеткерлердің зейнетақылары, əртүрлі əлеуметтік топтардың жəрдемақылары өсіп келеді. Əрине, жетістіктермен қатар, кемшіліктердің орын алып жатқаны ешбір құпия емес. Əрбір адамның бойында міні болатыны сияқты, кез келген қоғам да келеңсіздіктерден ада тұра алмайды. Былайша айтқанда, өмір қиындықты еңсеру үшін беріледі, сондықтан адам мен қоғам алдында проблемалардың тұрақты туындап отыруын заңды үрдіс ретінде қабылдаған лəзім. Ең бастысы – оларды шиеленістіре бермей немесе үлкен саясатқа айналдыруға тырыспай, қарапайым халықтың мүддесіне сай келетін дүниелерді қолға алу қажет жəне бұл тек бір биліктің ғана айналысатын шаруасы болмауы керек. Елбасымыз айтқандай, елге жаны ашитын əрбір азаматтың нақты істерге араласатын сəті туды. Ендеше, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жанына топтасып, халқымыздың əл-ауқатын мейлінше жоғары деңгейге көтеруге бірлесе күш салайық.


2 желтоқсан 2013 жыл

т н е д и з е р П

www.egemen.kz

13


14

www.egemen.kz

2 желтоқсан 2013 жыл

т я а С

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Астанада жалауы желбіреген бүркітшілер сайысында əлемнің 12 мемлекетінен 60 бүркітші бақ сынады. Аталмыш жарыста 1-2 орындарға Қазақстан командасы, атап айтқанда, 1-орынға «Ақбалақ» атты бүркітімен Атырау облысынан келген Арман Қошқарбаев ие болса, 2-орынға «Нарын» атты құсымен астаналық Күнтуған Тоқтыбай көтерілді. 3-орынды Моңғолиядан келген бүркітшілер – Рсылы Нұрғайып пен Жарық Сайлау өзара бөлісті.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Тағылым

Тұсаукесер

Жаѕажылдыќ шыршаны жаєу елімізде дəстїрге айналєан. Елордамыздыѕ «Есіл» ауданына ќарасты Аќорда жəне ќаланыѕ ескі алаѕындаєы ќалалыќ əкімдік алдындаєы еліміздіѕ бас шыршаларыныѕ шамын жаєу рəсімі болып ґтті.

Еркін елдіѕ ертеѕі

Елордада шыршалар сəуле шашты Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Əдетте Астанада қар қарашада түсіп, жұртты əбігерге салып жататын. Биылғы жылы қар Тұңғыш Президент күні, яғни 1 желтоқсанда жауып, қыстың басталғандығын білдіргендей əсер қалдырды. Қыстың мұндай жақсы əсермен басталуын

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

жұрт жақсылыққа балап жатыр. Қалай болған күнде де ұлпа қар мен ауа райының жайлы болуы балалар үшін ойнауға нағыз қолайлы кез екені даусыз. Кеше Астана аулаларында қармен ойнаған балалар бір рахаттанып қалды. Ал кешкісін олар атааналарымен бірге қала алаңдарына орнатылған шыршалардың айналасына топтасты. Сондай шараның бірі

Астана əкімдігі алдында орнатылған қаланың бас шыршасының жанында өтті. Біз келген кезде мұнда қызу дайындық жұмыстары жүріп жатты. Шыршаның айналасы қардан тазартылып, жерге құм төселді. Артынша мерекелік шара балалар əнімен басталып, биге ұласты. Жаңажылдық киімдерін киген балалар мен ертегі кейіпкерлері мерекелік шараның əрін кіргізді. Алаңда орнатылған биік шырша əдемі əшекейлерімен көз тартады, оның үстіне аппақ мамыққа оранған. Жиналғандар алдында сөз алған Сарыарқа ауданының əкімі Ермағанбет Бөлекбаев алдағы келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, айтулы мереке табысымен келсін деген игі тілегін жеткізді. Еліміздің бас шыршасын жағу үшін балалар бар дауыстарымен Аяз Атаны ортаға шақырды. Қазақы ою-өрнектерімен көмкерілген тон киген ақ сақалды Қыс атасының келуімен шырша шамдары жағылып, жарқырап шыға келді. Құрамалы биік шыршаға мыңдаған ойыншықтар, диодтық шамдар мен гирлянділер ілінген. Шыршаның айналасында Аяз Ата мен Ақша қардың қатысуымен театрландырылған көрініс қойылып, айнала жүріп əн салынды. Ең бастысы – бас шыршалардың жанында отшашу болды. Өзін Гүлнұр Смағұлова деп таныстырған ата-анадан жаңа жылдық мерекеге көзқарасын сұраған кезімізде, мұның балалар үшін өте қажет екенін айтты. Оның пікірінше, бұл да халқымыз айрықша күтетін ерекше, өзіндік орны бар мереке. Сондықтан да əлем болып тойлайтын мерекеден сырт қалуымыз орынсыз болар еді. Ақорда мен қаланың ескі алаңындағы бас шыршалар шамы жағылысымен, елордада орнатылған барлық шыршалар да жайнап шыға келеді. Осылайша елімізде жаңажылдық шаралардың басталуына ресми түрде екпін берілді. Қыстың бірінші күні ақ қардың түсуінен басталғандықтан, ақ тілегіміз алдағы жылы орындала берсін деп тілейік!

Кеше «Назарбаев орталыєында» Тўѕєыш Президент кїніне орай, жастарєа арналєан «Еркін елдіѕ ертеѕі» кітапшасыныѕ тўсаукесер рəсімі ґтті. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

«Отанды сүю – суығына шыдап, ыстығына күю», «Жер тағдыры – ел тағдыры», «Өткенге қарап, ертеңіңді түзе», «Мемлекет мерейі – мығымдылығында» деген атаулармен бірнеше бөлікке бөлінген кітапшаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің жаңғыруы мен дамуы, арманы мен жарқын болашағы, бірлік пен адамгершілік, қазақстандық патриотизм, мемлекет, жаһандану, саясат пен экономика, өркениет пен мəдениет туралы таңдамалы нақыл сөздері мен ойтолғамдары топтастырылыпты. Шараға қатысқан «Болашақ» бағдарл амасының түлектері мен елорда мектептерінің оқушылары бұл кітап жастар үшін Елбасы айқындаған бастамаларды жүзеге асыру жолындағы рухани бастау бұлақ жəне болашаққа бағытталған даңқты жолдың бағдаршысы, дей келе, Елбасының: «Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Біздің болашағымыз – жастар», деген сөзін мысалға келтірді. Іс-шараны ұйымдастырушылар қойын кітапшасы үлгісінде қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде жарық көрген бұл жинақ «Қазақстан-2050» Стратегиясын

жүзеге асыру барысында жастарға баға беретін бағдаршам іспетті екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастарға артылған үлкен үмітті абыроймен ақтау мақсатында «кейінгі толқын «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол» шығарып, ел игілігі үшін тынбай еңбек етулері керек» деген ойларын жеткізді. «Бұл шағын кітапша – елімізді ерлікке, халқымызды бірлікке шақыратын жалынды сөздердің жинағы. Ол келешекте əрбір қазақстандықтың қойын кітапшасына айналатынына сенімдіміз», деп қорытты олар бұл турасында. Бұл күнгі шарада «Болашақ» бағдарламасының Абай Қожамжаров, Еркебұлан Мұқанов сынды түлектері де сөз алып, Елбасының Қазақстан мемлекетінің

(«Егемен Қазақстан» газетінің келесі нөмірі 4 желтоқсан, сəрсенбі күні шығады).

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

өркендеуі мен жаңаруына қосқан үлесі мен еңбегін, тəуелсіз Қазақстанның 22 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерін ой електерінен өткізді. Елдің ендігі болашағы өздерінің, яғни бүгінгі жастардың қолында екенін атап өтті. Мəселен, Швейцарияның беделді университеттерінің бірінде білім алған Е.Мұқанов Елбасының жастарға əрдайым көңіл бөле отырып, үлкен сенім артатынына, «Болашақ» бағдарламасы соның айқын дəлелі екеніне тоқталды. Мəселен, ол өз сөзінде: «Егемендік алған жылдардан бері қаншама мыңдаған жас шетел асып, əлемнің озық оқу орындарында білім алды. Бүгінде олар елімізге оралып, мемлекет игілігі үшін сан түрлі салада қызмет етуде. Қазіргі таңда да осы бағдарлама аясында білім нəрімен сусындап жатқан қаншама жас бар. Болашақта сендер де біздің, яғни аға-апаларыңның жолын қуып, «Болашақ» бағдарламасының түлегі атануларың əбден мүмкін. Ол үшін білімдеріңді молайтып, талмай ізденулерің керек», деп өзінің ағалық ақылын айтты. Бұл күні, сондай-ақ, «Еркін елдің ертеңі» кітапшасының тұсаукесерінің аясында Н.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» атты аудиокітабының AppStore, Play Market жəне Marketplace-ке арналған электронды қосымшаларының тұсауы кесілді. «Бұдан былай, аталған туындылар интернет-дүкендер арқылы барша қазақстандықтарға қолжетімді болады», дейді шара белсенділері. Тұңғыш Президент күніне арналған тұсаукесер рəсімінің шеңберінде, сонымен қатар, жастардың Елбасы Нұр сұлтан Назарбаевқа жолдаған бейнехаты көрсетіліп, бұдан кейін жиналған жұртшылық «Үлкен саясаттағы риясыз кездесулер» деректі фильмін тамашалады. Шара соңында «Болашақ» бағдарламасының түлектері елорданың бірқатар білім ұяларының үздік оқушыларына Елбасының қолтаңбасы қойылып, тілегі жазылған кітаптарды табыс етті.

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Динара БІТІКОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 7 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №197 ek

Profile for Egemen

02122013  

0212201302122013

02122013  

0212201302122013

Profile for daulet
Advertisement