Page 1

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы

15-бетте

№192 (28415) 2 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

15-40-беттерде

● Демократия – даму даңғылы

САРАБДАЛ ТАҢДАУ, САЛИҚАЛЫ ШЕШІМ

Кеше еліміздіѕ барлыќ облыс орталыќтары мен Астана жəне Алматы ќалаларында Парламент Сенатыныѕ сайлауы ґтті. Тїрлі деѕгейдегі мəслихаттардыѕ депутаттары баламалы негізде сайлауєа тїскен їміткерлердіѕ арасынан ґз таѕдауын жасады

Астана

Маѕєыстаудыѕ мерейлі міндеттері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазан айының алғашқы күнін киелі Маңғыстау жерінен бастады. Еліміздің біраз өңірлерін аралап, тыныс-тірлігін байқап, жобалары мен жоспарларының орындалу барысымен көзбе-көз танысқан Елбасы Маңғыстау облысына арнайы келді. Сапары аясында Маңғыстау облысының бүгінгі ахуалымен жəне өңірде индустриялық бағдарламалардың жүзеге асу барысымен танысып, кəсіпкерлермен кездесуде бұл саладағы барлық мəселелерді талқылады. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Майлы ќиян Маңғыстау – іс тетігін біліп, тілін тапса, мың сан мүмкіндіктер мекені. «Майлы қиян» болмаса

бағзы дəуірде-ақ мұнда, «Құлағын жымып, сұрлана қалған далаға» жеті жұрттың келіп несі бар, тағдырдың жазуымен жер ауарда қимай да қимай жылап несі бар? Тағдыр-тарихтың талай запыран-зарын тартудай-ақ тартқан Маңғыстау – бүгін тəуелсіз

Қазақстанның іргелі өңірлерінің бірі. Еліміздегі жалғыз теңіздің өтінде тұрып, тəуелсіз елдің су жолы қарым-қаты насы мен тасымалөткізгіштік маңызды қақпасына айналып келеді. «Ұлы Жібек жолы» керуен-көшінің соңында қалған сүрлеу-соқпағының ізін жаңғыртып, сөнгенмен қоламтасы суымаған отты үрлеп, «тоғыз жолдың торабы» ретіндегі мəртебе-мүмкіндігін қалпына келтіруге ұмтылған қазақ даласындағы серпінді жұмыстарға үлесін қосуда. Өңірдің өндірістік мүмкіндігі мен қо лай лылығы іскерлік-кəсіп кер лік көкжиегін кеңейтіп, екіжақты пайдалы іс етемін деген шетелдік инвесторлардың қызығушылығына ие.

Маңғыстау топырағының жеті қат астындағы атышулы қара алтын мен көгілдір газ бастаған пайдалы қазбалар өндірістік-өнеркəсіптік салаға екпін берсе, географиялық орналасуы төрт тарапты жалғап, халықаралық дəліздің бір сілемі болуға жол ашады, ал «Ашық аспан астындағы мұражай» атандырған тарихи-мəдени ескерткіштер саны мен сапасы, өзіндік ерекшеліктері, табиғаттың өз қолымен безендірген сөз жетпес, көз тоймас шеберлік туындыларындай тамаша табиғат көріністері, алтын құм, саф ауасымен жан жадыратар теңіз жағалауы өлкенің туристік əлеуетінің болашағынан хабар береді. Өткен жылы Өзен–Болашақ– Түрікменстан теміржол құрылы сын аяқтап, тұсауы кесілген өңірде жуырда Жезқазған–Бейнеу теміржолы пайдалануға берілді. Құлан жортпас құла дүзге салынған бұл шойын жолдардың халықаралық мүмкіндігі, алыс жолды қысқарту, шығын мен уақытты азайту, тасу көлемін ұлғайту, жол маңындағы ауыл-аймақ тірлігін тыңайту, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы экономикалық жан-жақты тиімділігі айтудай-ақ айтылуда. Жаңғырту жұмыстары еліміздің жалғыз теңіз қақпасы – Ақтау халықаралық теңіз-сауда портында да жүруде. Маңғыстауда кезегін күткен, жаса лу ға тиісті жұмыстар əлі көп. Ауылшаруашылық саласын аяғынан тұрғызу, жұмыссыздықты еңсеру, геологиялық барлау жұмыстары, туризмді түлету кəсіпкерлікті, өндірісті дамытудың тасасында қалмауы тиіс. (Соңы 4-бетте).

Сенат депутаттығына сайлау Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өтті. Депутаттыққа Серік Жақсыбеков, Бейсенбек Қаратаев жəне Александр Смородин есімді 3 адам тіркелген еді. Сайлау қорытындысы бойынша барлық 25 дауыстың 23-і Серік Жақсыбековке берілгені белгілі болды. Енді сайлау үдерісінің қалай жүргізілгеніне тоқтала кетейік. Дауыс беру залында үш кандидат туралы да бірдей көлемдегі көрнекті ақпарат ілініп тұрды. Дауыс берушінің кабинасы, дауыс беру бюллетеньдері салынатын шыныдан жасалған урна, Астана қалалық сайлау комиссиясының мүшелері отыратын жерлер заңға сəйкес жабдықталған. Оларға қарсы кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, отандық, шетелдік жəне ҮЕҰ атынан келген байқаушылар орналасты. Осы жерде БАҚ өкілдері де отырды. Сағат 10.00 болғанда Астана қалалық мəслихатының хатшысы Сансызбай Есілов таңдаушылар болып табылатын Астана қаласы мəслихатының 25 депутатын отырыс өткізуге шақырды. Ол осы отырысқа кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, барлық байқаушылар жəне БАҚ өкілдері де қатыса алатынын жариялады. Отырыс ашылғанда барлық 25 таңдаушының да келгені, «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 77-бабына сəйкес кворумның бар екені жарияланып, сайлаудың басталатындығы айтылды. Осыдан кейін мемлекеттік əнұран орындалды. Одан əрі сөз Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Əубəкіровке берілді. Ол Астана қаласынан Сенат депутаттығына сайлануға алдымен төрт адамның тір келгенін, алайда сайлау алдында төртінші кандидат – Серік Қанафин өз өтінішімен кандидатурасын алып тастағанын айтты. Сонымен бірге, төраға таңдаушыларға барлық сайлау үде рі сінің қалай жүргізілетінін толығы мен айтып берді. Соның ішінде сайлау бюллетеньдеріне түзету жасауға, қарындашпен жазуға болмайтыны сияқты тəртіптерді де жеткізді. Сайлау үдерісі барынша мөлдір, ашық түрде

өткізілді. Барлық байқаушылар мен БАҚ өкілдері таңдаушылардың бюллетеньдерді алып, жабық кабинаға кіріп, одан урнаға оны қалай салғандарына дейін ашық көріп тұрды. Өздерінің сөздерінде барлық байқаушылар сайлаудың демократиялық қағидаттары толығымен сақталып, бəрінің де ашық, барынша мөлдір болғандығын атап көрсетіп жатты.

Алматы

Бўл – мейлінше ашыќ жəне айќын сайлау Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының жетекшісі – Бас хатшысы Алексей Сергеевті қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Тəуелсіз Мемлекеттер ДосКездесу барысында тараптар Қазақстан Парламенті Сенатының тастығына қатысушы мемлекетдепутаттарын сайлау науқанын тердің Парламентаралық Ассамұйымдастыру туралы пікір алмас- блеясының халықаралық байқаушылар тобының құрамында 28 ты. А.Сергеев Қазақстандағы сай- адам – Əзербайжан, Армения, лауға əзірлік пен оны ұйымдас- Қыр ғызстан, Молдова, Ресей тырудың жақсы деңгейін жəне Федерациясы, Тəжікстан парлазаңға сəйкес мейлінше ашық жəне мент терінің депутаттары, Халықаралық демократияны, айқын өтіп жатқанын атап өтті.

парламентаризмді дамыту жəне ТМД-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу институтының сарапшылары, ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының қызметкерлері бар. Сенат Төрағасы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер парламенттерінің арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. «Қазақстан ТМД ПАА жұмысына белсенді қатысып келеді. Парламенттік ассамблеялар

Таєдыр шешер тарихи ќўжат Мəжілісте маќўлданды Кеше Мəжіліс Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста палата бірқатар маңызды заң жобаларын мақұлдады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Оның алғашқысы «Еура- оның шеңберінде тауарлардың, зиялық экономикалық одақ ту- көрсетілетін қызметтердің, каралы шартты ратификациялау ту- питал мен жұмыс күшінің еркін ралы». Шартқа сəйкес Тараптар қозғалысы, осы Шартпен жəне Еуразиялық экономикалық ЕАЭО шеңберіндегі халықодақты (бұдан əрі – ЕАЭО) құрады, аралық шарттармен айқындалған

экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі. ЕАЭО халықаралық құқық субъектілігіне ие, өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы болып табылады. (Соңы 9-бетте).

аясында өзара табысты іс-қимыл бұдан былай да жалғаса беретініне сенемін», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Парламенттің жоғарғы палатасының Төрағасы үстіміздегі жылғы 27-28 қарашада ТМД ПАА Кеңесінің Санкт-Петербугте болатын отырысына қатысуды жоспарлап отырғаны туралы А.Сергеевті хабардар етті. Жүздесушілер, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын бірге мерекелеудің маңызын атап өтті.

 Оймақтай ой Елге пайда – ерге абырой. Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ.

Қала əкімдігінің ғимаратында Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Ұсынысы қабыл болған 3 үміткерге қалалық мəслихаттың 35 депутаты дауыс берді. Сайлау өтетін бөлме күнілгері жасақталып, үміткерлердің сенім білдірілген адамдары мен ТМД бойынша байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тіркеуден өткізілді. Алматы қалалық аумағынан сайлауға түскелі отырған 3 үміткердің сенім білдірілген адамдары, ТМД байқаушылар миссиясының жəне отандық БАҚ өкілдерінің көзінше сайлау бюллетеньдері салынатын əйнек жəшіктің бүтіндігі мен онда өзге қағаздың алдын ала орналастырылмағандығын тексергеннен кейін дауыс беруге арналған жəшік мөрленіп, хаттама толтырылды. Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов жиылған көпшілік пен дауыс беруге құқылы мəслихат депутаттарын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының міндетті баптарымен таныстырып өтті. Мемлекеттік əнұран ойналғаннан кейін заңға сай əрекет ету жəне ресми құжатты пысықтау мақсатында бірлескен отырыс ұйымдастырылып, дауыс беру уақыты ашық деп жарияланды. Түрлі партия өкілдері, ТМД байқаушылары миссиясының мүшелері жəне журналистердің қатысуымен қалалық мəслихаттың 34 депутаты өз қалауларына сай үміткерлерге дауыс берді. Бұл

сайлауға қалалық мəслихаттың 34 депутаты қатысып, 1 адам белгілі себептермен сырт қалды. Дауыс беру бөлмесіне қойылған 2 дауыс беру будкасына кіріп, үміткерлерді белгілеген сайлаушылар ортадағы шыны жəшікке бюллетеньдерін тастады. Алматы қаласынан Парламент Сенатына Семей өңірінің тумасы, 1948 жылы туған Қуандық Баймұхамбедов, Жамбыл облысының тумасы, 1958 жылы туған Қалдыбай Мадибраимов жəне 1950 жылы Алматы облысында туған Төлеубек Мұқашев үміткер болған еді. Орталық сайлау комиссиясы тапсырған 36 бюллетеньнің екеуі пайдаланылмай, Төлеубек Мұқашев 34 дауыстан 30 дауысқа ие болды. Оның қарсыластары əрқайсысы 2 дауысқа ғана иелік етті. Санақ аяқталғаннан кейін Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов сайлау нəтижесін жария етіп, байқаушылар мен үміткерлердің сенімді өкілдерінің қатысуымен арнайы хаттама толтырылды. (Соңы 2, 3-беттерде).


2

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

САРАБДАЛ ТАҢДАУ, ● Демократия – даму даңғылы

Кеше еліміздіѕ барлыќ облыс орталыќтары мен Астана жəне Алматы ќалаларында Парламент Сенатыныѕ сайлауы ґтті.

Көкшетау Парламент Сенатының депутаттығына Ақмола облысынан тіркелген үміткерлерді сайлау «Көкшетау» мəдениет сарайының үлкен залында өткізілді. Мəдениет сарайының фойесінде үміткерлер облыс əкімінің орынбасары Рашит Əкімов пен Ақкөл аудандық ауруханасының бас дəрігері Болат Жүністің суреті мен өмірбаяны қатар ілініпті. Сахна төріне 6 дауыс беру кабинасы, көрнекі жерге бюллетень жəшігі орналастырылған.

көте ретіндігімен танымал, екіншісі – об лыс əкімінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне төрағалық еткен, бүгінде «Атырау» бекіре шабақтарын өсіру зауытының директоры лауазымын атқаратын Ғилман Сəрсемəлиев, үшіншісі – «Жер» ғылымиөндірістік орталығы» Атырау облыстық филиалының директоры Қамбар Теміров. Кеше Атырау облысындағы əр деңгейлі мəслихаттардың 131 депутаты үш үміткердің арасынан лайықтысын Сенат депутаттығына таңдау үшін Құрманғазы атындағы мəдениет үйіне жиналды. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашев дауыс беруге бір депутаттың келмегенін жария етті. Үміткерлерге

дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 10.00-де басталды. Дауыс беру ұзақ уақытты ала қоймады. Нəтижесінде жергілікті депутаттардың басым бөлігі, дəлірек айтқанда, 114-і бүгінгі Сенат депутаты Сəрсенбай Еңсегеновке дауыс берді. Ал Ғилман Сəрсемəлиев – 8, Қамбар Теміров 9 депутаттың дауысын жинады. Сайлау барысын қадағалау үшін Атырау облыстық аймақтық сайлау комиссиясына 22 байқаушы тіркеліпті. Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Тамара Амантұрлинаның айтуынша, байқаушылардың екеуі шетелден келіпті. Соның бірі – Герман Дониленко ТМД елдері байқаушылар миссиясының мүшесі ретінде Атыраудағы сайлау барысына өз байқауын жасады.

Орал Батыс Қазақстан облысында өткізілген Парламент Сенатының сайлауында дауыстың басым бөлігін Сенат депутаттығынан үміткер Ерболат Мұқаев жинады. Облыстық сайлау комиссиясының мəжілісін Ақмола облыстық мəслихатының хатшысы Нина Дьячек ашып, Қазақстан Республикасының Əнұраны ойналды. Өңір депутаттарының бірлескен мəжілісіне облыс аумағындағы 20 мəслихаттың 273 депутатының 270-і қатысты. Сондай-ақ, сайлау шарасына халықаралық байқаушылар – Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының денсаулық сақтау, ана мен баланы қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Рубик Акопян, РФ Омбы облыстық ішкі саясат Бас басқармасының сараптама-талдау басқармасының бөлім басшысы Максим Самошест жəне ТМД Партияаралық ассамблеясы Халықаралық демократия мен парламентаризмді дамыту институтының сайлау мониторингі бөлімінің басшысы Валентин Рязанов, Қазақстан Парламент Сенаты депутаттығына үміткерлердің

сенім білдірілген адамдары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Дауыс беру Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұстанымдарына сай əрі ұйымшылдықпен өтті. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Əділхан Шаяхметов дауыс беру қорытындысы бойынша Р.Əкімовке таңдаушылардың 250-і, Б.Жүніске 19-ы жақтап дауыс бергенін мəлімдеп, арнайы қаулы хатталды. Ол белгіленген тəртіп бойынша Орталық сайлау комиссиясына жөнелтілді. Біз халықаралық байқаушы Рубик Акопянмен тілдескенімізде сайлаудың жоғары деңгейде өткізілгендігін айта келіп, мұндай шараға тəуелсіз ақпарат құралдарын көбірек тарту қажеттігі туралы ұсынысын білдірді.

Ақтөбе Облыстық əкімдіктің мəжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысына облыстық, қалалық жəне аудандық мəслихаттардың 203 депутатының 200-і жиналды. Оған облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, байқаушылар, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, ТМД миссиясының, бұқаралық ақпарат құралдары мен Парламент Сенаты депутаттығынан үміткерлердің сенім білдірілген адамдары қатысты. Таңдаушылардың бірлескен отырысына төрайымдық еткен облыстық мəслихаттың хатшысы Сəния Қалдығұлова Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі бірлескен отырыстың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы «Конституциялық заңының 77-бабының 1-тармағына сəйкес өткізіліп отырғанын жеткізді. Осыдан кейін облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Күнбаева хабарлама жасап, үміткерлермен жəне таңдаушылардың дауыс беру тəртібімен таныстырды. Оның айтуынша, Сенат депутаттығына жеті адам өзін өзі ұсынған. Үміткер Марат Тағымовқа Хромтау жəне Мəртөк аудандық мəслихаттарының депутаттары қолдау көрсеткен. Соның ішінде үміткер Келдібай Еспағамбетов үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталғанша өзі арыз беріп, кандидатурасын қайтып алған. Үш үміткер облыстық сайлау комиссиясына қажетті құжаттарды толық ұсына

алмағандықтан, оларды тіркеуден бас тартылған. Тіркеуден өткен үш үміткердің бірі Қайрат Сабыр да өз өтінішімен депутаттыққа түсуден кандидатурасын алып тастауға жазбаша арыз берген. Облыстық сайлау комиссиясы оның өтінішін қанағаттандырған. Нəтижесінде облыс əкімінің орынбасары Марат Тағымов пен «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының президенті Айбек Сағиев сайлау бюллетеніне енгізіліп, дауысқа түсті. Таңдаушылардың дауыс беру үдерісіне қажетті жағдайлар туғызылған. Бюллетеньдерді толтыру үшін жасалған кабиналар ыңғайлы. Таңдаушылар дауыс беру үдерісін өте тез атқарды. Бюллетеньдер салынған шыны жəшік таңдаушылардың көзінше ашылып, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері бюллетеньдерді санауды ыждағатты да ықтиятты жүргізді. Сайлауға қатысқан 200 таңдаушының 181-і Марат Тағымовқа, ал 19-ы Айбек Сағиевке дауыс бергені мəлім болды.

Талдықорған Парламент Сенатының депутатын сайлау Алматы облысында да Ата Заңымызға жəне Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сəйкес өтті. Талдықорғандағы Мəдениет сарайында жүзеге асырылған шараға облыстық, аудандық мəслихаттардан 322 халық қалаулысы қатысты. Негізі таңдаушылар жауапкершіліктерін, мəдениеттіліктері мен парасаттылықтарын танытып, белгілен ген уақытта жиналып, сайлау өткізушілерге еш кедергі келтірген жоқ. Қазақстандықтардың заңнаманы сыйлап, құрметтейтіндіктерін шетелдерден арнайы келіп қа тысқан 5 байқаушы өз көздерімен көрді. «Талдықорғанда өткен сайлауға ешқандай ескерту айта алмаймыз. Барлығы Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сəйкес

өтті. Сайлау комиссиясының төрағасы да, мүшелері де осы демократиялық үдеріске өте тыңғылықты дайындалыпты», деді ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушы Сергей Караваев. Сонымен, Қазақстан Рес пуб ли ка сының «Сайлау туралы» Конституциялық заңының 73-бабына сəйкес өткен сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып тіркелген Аңсар Мұсахановқа – 285, ал Алик Темірбаевқа 36 дауыс берілді.

Атырау Атырау облыстық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашевтың мəлім еткеніндей, өңірден Сенат депутаттығына төрт үміткер ұсынылған. Алайда, депутаттыққа үміткердің бірі – жеке сот орындаушысы Нұрлыбек Өтесінов өз өтінішімен сайлауға қатысудан бас тартқан. Осылайша, Сенат депутаттығынан үміткер ретінде үш адам тіркелген. Олардың бірі – Сенат депутаты

Сəр сенбай Еңсегенов жоғарғы палата отырыстарында өңірдің ғана емес, жалпы елдің түйткілді мəселелерін жиі

Өкілеттілігі биылғы жылдың 9 желтоқсанында аяқталатын Парламент Сенатының депутаты Ерболат Мұқаевтың сайлауда көп дауыс жинағаны жөнінде сайлаудан кейін іле-шала өткізілген брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов хабарлады. – Батыс Қазақстан облысының аудандық, қалалық жəне облыстық деңгейдегі мəслихаттары депутаттарының 181-і Ерболат Мұқаевқа, екінші үміткер Асылбек Саққазовқа 10 халық қалаулысы дауыс берді. Сайлауға барлығы 197 депутаттан 191-і қатысты, – деді ол. Бастапқыда Парламент Сенаты депутаттығына Ақжайық өңірінен 4 үміткер тіркелген болатын. Кейін олардың екеуі өз қалауларымен кандидаттықтан бас тартты. Бұл сайлауда бұған дейінгі Сенат депутаты Ерболат Мұқаевтың басым түсуінің сыры неде? Бұл жөнінде елдің шетінде, желдің өтінде, облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан Жəнібек аудандық мəслихатының депутаты Тоқтағаным Үмітаева өз ой-пікірін былайша жеткізді. «Ерболат Мұқаев өңірдің əлеуметтік-экономикалық жағдайы мен алдағы даму перспективаларын жақсы біледі деп ойлаймын. Оның облысымыздың мүддесін жоғары сайланбалы органда лайықты

Парламент Сенатының депутаттарын сайлау түске салым, сағат 11.00де Балалар шығармашылығы үйінде өтті. Сенат сайлауында облыста төрт кандидат –Темірхан Бегісбаев, Серік Бектұрғанов, Асқар Жəркенов, Тілеген Ахметов бағын сынап көргісі келген. Оның біреуі Тілеген Ахметов тіркеуге дейін өз кандидатурасын алып тастады. Сонымен, облыстық сайлау комиссиясы Қостанай облысынан Парламент Сенаты депутаттығына кандидат етіп Темірхан Бегісбаевты, Серік Бектұрғановты, Асқар Жəркеновті тіркеп, сайлау бюллетеніне енгізген болатын. Таңдаушылардың бірлескен мəжілісін облыстық мəслихат хатшысы Сайлаубек Есжанов ашып, еліміздің Əнұраны ойналды. Мұнан кейін ол сайлауға келген таңдаушыларды хабарлады. Облыста барлық деңгейдегі мəслихаттардың 294 депутаты бар болса, содан сайлауға 290 депутат қатысты. Таңдаушылардың дауыс беруі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сəйкес жасырын өтті. Халық қалаулылары Сенатқа облыстың, елдің қамын ойлайтын лайықты үміткер баруы үшін өз таңдауын жасады. Мұнан кейін дауыс беру

қорытындысы жария етілді. Сайлаудағы берілген дауыс санының қорытындысы бойынша Темірхан Бегісбаев – 26, Серік Бектұрғанов – 240, Асқар Жəркенов – 24 дауыс алды. – Сенат сайлауына біздің облыстан үш үміткердің түсуі екінші рет қайталанып отыр. 1999 жылғы сайлауда да үш үміткер бəсекеге түскен еді. Онда олардың ешқайысы да дауыстың 50 пайызын ала алмаған соң, сайлау қайта өткізілген болатын. Ал бұл жолы таңдаушылар таңдауын бірден жасады. Ол үміткердің салмағы, яғни оның облыста танымал, айтулы тұлға екеніне байланысты болуы керек, – деді облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова. Сайлауға Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығынан екі байқаушы қатысты. Олар журналистерге сайлаудың ұйымшылдықпен əрі əділ өткенін айтты.

Қызылорда Қызылорда облысында еліміздің барлық аймақтарындағыдай Парламент Сенатына сайлау болып өтті. Аймақтағы жеті аудан мен Қызылорда қаласынан жəне облыстық мəслихаттан 145 депутат дауыс берген сайлауға үш үміткер қатысты.

түрде қорғай алатынына сенімдімін. Сол себепті мен оған дауыс бердім. Өйткені, ол бұған дейін де сенаторлық қызметті атқара жүріп, Ақжайық аймағы үшін маңызды да өзекті əрі күрделі мəселелердің шешілуіне өз үлесін қоса білді».

Тараз Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы Жамбыл облысында ұйымшылдықпен өтті. Əулиеаталық мəслихат депутаттары бұл науқанда белсенділік танытты. Облыстық, қалалық жəне аудандық мəслихаттардан сайланған 202 халық қалаулысының 200-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Махметғали Сарыбеков М.-Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің кең залына облыстың түкпіртүкпірінен жиналған депутаттарға құқықтарын түсіндіріп, сайлаудың тəртібін, ережесін айта кетті. Осыдан кейін депутаттар дауыс беру ресіміне кірісті. Жамбыл облысында саяси додаға үш үміткер қатысты. Облыста алғашында 5 үміткер өтініш білдіріп, соның төртеуі ресми тіркеуден өткен болатын. Алайда, соңғы сəтте солардың біреуі өз өтінішімен кандидатурасын тізімнен алды. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушылар миссиясы ұйымынан келген қырғызстандық Женишбек Акматов бұл сайлаудың еліміздің заңнамасына сай өтіп жатқанын, жамбылдық депутаттардың бұл науқанда өте белсенділік танытып отырғанын тілге тиек етті. Шынында,

Қостанай

белгілі себептермен тек екі-ақ депутаттың бұл сайлауға қатыспай қалғаны халық қалаулыларының бұл саяси науқанның жауап кершілігін сезініп, оған тың дайындықпен келгенін байқатады. Сонымен, дауыс санау қорытындысы бойынша үміткер Мұратбай Жолдасбаев 179 дауыспен жеке-дара қара үзіп шықты. Қалған екі үміткердің біріне – 11, екіншісіне 10 дауыс беріліпті. Мұратбай Жолдасбаев – бұған дейін Қордай ауданының əкімі, облыс əкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған, тəжірибелі басшы. Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік етіп, осы саланың өркендеуі, дамуы үшін аянбай еңбек еткен Мұратбай Сматылайұлы енді Парламент қабырғасында сол белсенділігін жалғастырып, ел үмітін ақтайды деген сенім бар.

Алдымен Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайруллаев дауыс берудің ережетəртіптерін түсіндірді. Сондай-ақ, Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу бас тал ған уақытта 5 азамат үміткер ретінде тіркелгенін, кейіннен екі адам өз өтініштері негізінде сайлаудан бас тартқанын жеткізді. Сын сағаты да соқты. Депутаттар өзі қалаған үміткерлерге дауыс бере бастады. Сайлау қорытындысы бойынша Бекмырза Еламанов – 120, Əшім Оразбекұлы – 13, Серікбай Өмірзақов – 12 дауысқа ие болды. Солайша, осыған дейін облыстық мəслихаттың хатшысы болған Бекмырза Еламанов басым дауыспен жеңіске жетті. Айта кетейік, сайлауға түскен үш үміткер де «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Саяси сайысқа облыстық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері, ТМД елдерінің байқаушылары,

үміткерлердің сенім білдірілген адамдары жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қырғызстаннан келген байқаушы Абдысамат Баялинов бүгінгі сайлаудың əділ əрі тиісті заңнамалардан ауытқымай жоғары деңгейде өткенін айтты. Сондай-ақ, белоруссиялық байқаушы, ТМД елдері байқаушылар миссиясының өкілі Олег Кулеба да сайлауға оң бағасын берді: «Заңнамалық талаптар өз тəртібімен, ретімен орындалды. Сайлауды ұйымдастыру шаралары өте жоғары деңгейде болды. Біздің тараптан ешқандай сынескертпе жоқ», – деді ол. Қырғызстандық тағы бір байқаушы Малабек Токтоболотов: «Барлығы заң шеңберінде өтті. Сайлау комиссиясының дайындығы жақсы. Депутаттар да толықтай қатысып, дауыстарын берді. Тағар мініміз жоқ. Ал дауыс көп жинаған үміткердің алдағы ісіне жеміс тілейміз», – деді ағынан жарылып.

Ақтау 1 қазан күні Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университетінің бас ғимаратында Маңғыстау облысынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутатын сайлау өтті. Михаил Бортник толық құрамда жиналған 112 таңдаушының 98 дауысына ие болды.

Қарағанды Қарағанды облысынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутатын сайлау белгіленген уақытта кеншілердің Мəдениет сарайында өтті. Депутат болып сайлануға бастапқыда 1 орынға 6 үміткерден тілек білдірілді. Облыстық сайлау комиссиясы олардың 3-еуін тіркеді. Кейін 1-уі күресті тоқтатып, 2-уі, атап айтқанда, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жобалау қызметін дамыту бойынша директоры Сергей Ершов пен өзін өзі ұсынушы Жезқазған қаласындағы «Жөндеуқұрылыс» ЖШС жетекшісі Николай Распопов ақтық бəсекеге түсті. Таңдаушылардың дауыс беруіне аудандық, қалалық, облыстық мəслихаттардың 292 депутаты қатысты. Қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың жəне шетелдер байқаушылары сайлаудың өткізілуін қарауға мүмкіндік алды. Солардың бірі ТМД елдері байқаушылар миссиясының өкілі, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі ТМД елдері департаментінің екінші хатшысы Ирина

Самарина бұл жөнінде өз пікірін білдіріп: «Дауыс беру ашықтық, жариялылық, демократиялық талаптар сақталуы деңгейінде болды. Сайлау заңнамасын бұзу фактілері байқалмады. Бəрі байқаушылардың көз алдында өтті. Дауыс берушілер қалауларына қарай өз таңдауларын жасады», деді. Дауыс беру бюллетеньдері толық енгізіліп, есептелген соң, үміткерлер мен олардың сенім білдірілген адамдары жəне байқаушылардың қатысуымен сайлау қорытындысы шығарылды. 269 дауыс алған Сергей Николаевич Ершов Қа зақ стан Республикасы Парламент Сенатының депутаты болып сайлануы əбден мүмкін. Тек бұл жайт ресми түрде жария етілуі тиіс. Облыстық сайлау үдерісіне байланысты шағымдар мен өтініштер түскен жоқ. Сайлау тиісті талаптарға сай өтті.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқалидың мəлімдеуінше, Маңғыстау облысынан Сенат депутаттығына бастапқыда қазіргі сенатор М.Бортникпен қатар, «МАЭКҚа з атомөнеркəсіп» ЖШС Дистиллят өндіру жəне өнеркəсіптік жылу, сумен жабдықтау зауытының директоры Қ.Əбуғалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Бектубаев жəне облыстық туризм басқармасының басшысы Г. Байжауынова үміткер болып тіркелген еді. Бірақ Р.Бектубаев пен Г.Байжауынова өз өтініштері бойынша депутаттыққа кандидаттықтан бас тартқан. Кешегі өткен сайлауға облыстық, қалалық жəне аудандық мəслихаттардың депутаттарынан құралған 112 таңдаушы толық қатысып, қалаған үміткерге дауыстарын берді. Халық қалаулылары арнайы орналастырылған үш кабинаның біріне кіріп, жасырын түрде таңдауын жасаған соң, облыстық комиссия мүшелері дауыстарды санады. Бұл ресімді екі халықаралық байқаушы,

кандидаттың бір сенім білдірілген адамы жəне БАҚ өкілдері қадағалады. Нəтижесінде, Михаил Бортник 98 (87,5%) дауысқа, Қадірбек Əбуғалиев 14 (12,5%) дауысқа ие болды. Сайлау мəліметтері бойынша жарамсыз қалған бюллетень жоқ. – Бұл елеулі оқиғадан депутаттардың ешқайсысы тыс қалған жоқ. Демек, сайлауға депутаттардың қатысуы – 100 пайыз. Комиссия құрамына сайлауға қатысты ешқандай ескерту немесе арызшағымдар түскен жоқ, – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқали. Михаил Бортник туралы сөз қозғасақ, ол Павлодар облысы, Ертіс ауданының Суворовский колхозында 1960 жылы 3 мамырда дүниеге келген. Білі мі жоғары. «Нұр Отан» пар тия сының мүшесі. 2014 жылдың 5 тамызында Маңғыстау облысынан Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттыққа Бейнеу жəне Мұнайлы аудандық мəслихаттарынан ұсынылған.


3

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

САЛИҚАЛЫ ШЕШІМ ● Демократия – даму даңғылы

Тїрлі деѕгейдегі мəслихаттардыѕ депутаттары баламалы негізде сайлауєа тїскен їміткерлердіѕ арасынан ґз таѕдауын жасады Шымкент

Павлодар Облыстық, қалалық жəне аудандық мəслихаттардың таңдаушы депутаттарының қалауына сəйкес, облыстан Сенат депутаттығына кандидат 1957 жылы туған Манап Көбенов басым дауыс жинады.

Оңтүстік Қазақстан облысында Парламент Сенатының сайлауына арналған таңдаушылардың бірлескен отырысы облыс əкімдігі мен мəслихаты үйінің үлкен залында өтті. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатына депутат сайлау туралы күн тəртібіндегі мəселе бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Əмірдин Əлішев сайлау туралы заңнама талаптарын тəптіштеп түсіндірді. Сенат депутаты сайлауына əзірлік барысында бес кандидаттың тіркелгенін, кейіннен олардың үшеуі өз өтініштерін қайтарып алғанын мəлімдеді. Сонымен таңдаушылардың қалауына екі кандидат ұсынылды. Біріншісі – облыс əкімінің орынбасары Əли Бектаев. Екіншісі – «А-Строй» ЖШС директоры, Шымкент қалалық мəслихатының депутаты Данияр Үсенов. ...Жергілікті жəне Ресей мен Қырғызстаннан келген байқаушылар бəрін жіті қадағалап отыр. Дауыс беру де аяқталды. Біраз кідірістен соң аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытов Сенат депутатын сайлауға төрт таңдаушының белгілі себептермен қатыспағанын, облыстық мəслихаттың бір депутаты «бара жатырмын» деп телефон соғып, алайда, келмегенін, жаңағы кідіріс соған байланысты

болғанын мағлұм етті. Осыған сəйкес бес бюллетеньнің шеті кесіліп, істен шықты. Жұртшылықтың көзінше урналар ашылды. Бюллетеньдерді қарап, бөлу көп уақыт алған жоқ. Төраға: «Мынау Бектаевқа, ал мынау Үсеновке дауыс бергендер», деп көрсетіп, бір бюллетеньнің жарамсыз деп саналатынын, комиссия мүшелері тиісті тəртіпке сəйкес хаттама толтыратынын айтты. Таңдаушылар отырысының қорытындысында облыстық мəслихат хатшысы Құдайберген Ержанов сайлауға облыстағы 312 таңдаушының 307-сі қатыс қанын мəлімдеді. Хаттаманы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Əмірдин Əлішев оқыды. Əли Бектаевқа – 238, Данияр Үсеновке 68 дауыс берілгені мəлім болды. Əли Бектаев – еңбек жолын шаруашылықтан бастаған, ел-жұртқа етене, белгілі тұлға. Көп жылдардан бері аудандар мен қалаларда əкім, облыс əкімінің орынбасары қызметтерін атқарып келе жатқан айтулы азамат. «Бəрекелді!» дескендер басым болды.

Таѕдау талапќа сай ґтті

Еліміздің 16 өңірінде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өткені белгілі. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сарсембаев кеше бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы брифинг өткізіп, саяси науқанның басталуы жəне жүргізілуі жайын жан-жақты əңгімелеп берді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Сайлау Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау туралы» Жарлығына сəйкес өткізілді. М.Сəрсембаев өз сөзінде сайлау заңнамасына сəйкес дауыс беру таңдаушылардың бірлескен отырысында жүзеге асқанын ерекше атап кетті. Мұндай бірлескен отырысқа облыстық, аудандық мəслихаттардан, Астана қаласы жəне Алматы қаласы мəслихаттарынан депутаттар санының 50 пайызынан астамы қатысса, отырыс заңды саналады. Белгілі болғаны, дауыс беру бюллетеньдеріне Сенат депутаттығына тіркелген 39 кандидаттың аты-жөні енгізіліпті. ОСК мүшесі бұл ретте еліміздің барлық өңіріндегі сайлаудың баламалы негізде өткендігін де тілге тиек ете кетті. Таңдаушылардың барлық отырыс тары Астана уақытымен сағат 11.00-дегі жағдай бойынша ашылғаны мəлім етілді. Бұл ретте таңдаушылардың отырыстары қалыпты да іскер жағдайда өтіп жатқандығы, сайлау комиссиялары мен жергілікті билік органдары қауіпсіздік пен тəртіп сақтауды қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданғаны жайы да назардан тыс қалған жоқ. Ал таңдаушылардың келуі бойынша жағдайға бағдар жасаған М.Сəрсембаев Астана қаласы мен Маңғыстау облысында таңдаушылар бірлескен отырысқа 100 пайыз қатысқандығын тілге тиек ете кетті. Сөз реті келгенде, өзіміз барып қатысқан елордадағы мəслихат депутаттарының барлығы қатысқан бірлескен отырысы ұйымдасқан түрде өтіп, халықаралық байқаушылар тарапынан жылы лебіздер болғандығын айта кету керек. Ал Алматы облысында мəслихат депутаттарының келуі 99,1 пайызды құраса, Қарағанды облысы да 99 пайыз көрсеткішке ие. Алматы қаласында таңдаушылардың қатысуы 97,1 пайыз болса, Ақмола облысында депутаттардың 98,9 пайызы бірлескен отырысқа келіпті. Бұдан басқа, Ақтөбе облысы – 98,5 пайыз, Қостанай облысы – 98,6 пайыз жəне Солтүстік Қазақстан облысы 97,6 пайыз көрсеткішке ие. Міне, осы отырыстар барысында сайлау заңнамасының нормаларын бұзу фактілерінің тіркелмегені де тілге тиек етілді. Орталық сайлау комиссиясына, облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссияларына кеше сайлау үдерісіне қатысушылардан, азаматтар мен ұйымдардан шағымдар мен өтініштер келіп түспегені де атап көрсетілді.

Дауыс беруге барлығы 205 депутат қатысты. Бюллетеньдерді толтыру, таңдалатын адамға дауыс берудің тəртібі жан-жақты тəптіштеліп түсіндірілсе де, депутаттар дауыс беру басталды деген уақыттан-ақ опыр-топыр орындарынан тұрып, кезекке тұрып алды. Аймақтық сайлау комиссиясының жауапты мүшелері ескерту де жасамады. Кезекті сайлау өткізілерден бұрын облыстық сайлау комиссиясының құрамы жаңартылған болатын-ды. Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Гүлнəр Аманжолованың айтуынша, жаңадан келген адамдарға қысқа мерзімдік оқу ұйымдастырылыпты. Сайлауды өткізудің дайындықтары бірнеше рет жасалған. Дауыс беру кезеңкезеңмен жалғасады ғой. Тіркелу, бюллетень алу, оны толтыру деген сияқты. Бірақ, мəслихат депутаттары дұрыс түсінбеген сияқты.

Өзін-өзі ұсынған 4 кандидаттың екеуі – Ш.Əлимиусин мен С.Жетпісбаев өз кандидатураларын алып тастаған болатын. Сенатордың орнына ұсынылған 5 үміткердің ішінен облыстық мəслихат хатшысы Манап Көбенов 164 дауыс жинапты. Екінші үміткер қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қайрат Нұрмағанбетов – 24, ал дəрігер Айтқазы Жапарбеков 15 дауысқа ие болды. Сайлаушылардың отырысына облыстық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері, ТМД, Ресей елдерінен байқаушылар, үміткерлердің сенім білдірілген адамдары қатысты. Мысалы, ТМД елдері байқаушылары атынан қатысқан Юрий Петухов пен Ольга Благо өздерінің бір сағат бұрын ерте келгендерін, ешқандай тəртіп бұзылмағанын, сайлаудың əділ, таза өткенін мəлімдеді.

Петропавл Сағат тілі 10.00-ді көрсетісімен, Погодин атындағы орыс драма театрында барлық деңгейдегі де пу таттар дың біріккен жиыны басталып кетті. Оны облыстық мəслихаттың хатшысы Қайырлы Едіресов кіріспе сөзбен ашып, Парламент Сенаты депутаттығынан үміткерлердің сенім білді рілген адамдары, жергілікті, халықаралық байқаушылар, саяси, қоғамдық ұйым жетекшілері, республикалық, облыстық журналис тер қатысып отырғанын мəлімдеді. Мемлекеттік əнұран ойналып болғаннан кейін жұмыс регламенті бекітілді. Күн тəртібінде бір мəселе қаралатыны, оның өңірден Парламент Сенатының депутатын сайлауға арналатыны жеткізілді. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев сайлау тəртібін, дауыс беру жайын түсіндірді. Кандидаттардың

Жариялылыќтыѕ жарќын кґрінісі

Астана қалалық мəслихатының депутаттары өз таңдауын жасағанда 60-қа таяу байқаушы Сенат депутаттығына кандидаттар ішінен бір адамның суырылып шығуының куəсі болды. Соның бірі – Түрікменстан Республикасы Орталық сайлау комитетінің бас маманы, байқаушы Сердар АБАЕВТЫ əңгімеге тартқан едік.

– Сердар Бекбурдыұлы, елорда лық мəслихат депутаттарының таңдауына куə болдыңыз. Жалпы, сайлау қалай

өтті деп бағалайсыз? – Сайлау демократиялық түрде, заң талаптарына сəйкес еркін əрі ашық өтті. Байқаушылар сайлаудың қалай өткізілгенін, қалай дауыс беріліп, қалай саналғанын, қысқасы, барлық ресімдерді өз көздерімен көрді. Сайлау нормаларын бұзу шы лық фактілері кездесті деп айта алмаймын. Мен Астанаға түнде келіп түстім, сон дықтан, бұған дейінгі сайлауалды

үгіт-насихат жұмыстарының қалай өткені жөнінде алып-қосарым жоқ. Бірақ, сіздердің заңнамаларыңызға сəйкес жүргізілді деп ойлаймын. – Жаңа сіздердің заңнамаларыңызға сəйкес жүргізілді дегеніңізден шығады, сіздер мен біздегі сайлау жəне сайлауалды жұмыстарында қандай өзгешеліктер бар? – Біріншіден, біздің Парламент сіздердегідей қос палаталы емес, яғни Сенат жоқ. Екіншіден, сайлауалды насихат жұмыстарына қажет қаржыны толығымен мемлекет мойнына алған. Сіздерде депутаттықтан үміткерлердің өз қаражатын жұмсауына заңмен жол ашылған. Əйтпесе, біздегі сайлау да сіздердегідей демократия талаптарына негізделген, мөлдір өткізілуі – басты қағидат.

Мўќияттылыќпен ерекшеленді

Алматы қалалық мəслихатында бір кісідей ұйымшылдықпен өткен Парламент Сенатының депутатын сайлау барысына бірқатар шет мемлекеттерден, соның ішінде ТМД елдерінен 20-ға жуық байқаушы қатысты. Біз сол байқаушылардың бір тобының жетекшісі, Əзербайжан Парламентінің депутаты, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Тұрақты комиссиясы төрағасының саяси мəселелер жəне халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының докторы, профессор Руфат КУЛИЕВКЕ сайлауға қатысты сауалдарымызды көлденең тартып едік.

– Руфат Атакишиоғлы, Алматыға хош келдіңіз. Осы сайлау туралы ой-пікіріңізді таратып айтсаңыз. – Рахмет. Сайлауларға байқаушы ретінде 2008 жылдан бері қатысып келемін. Демек, бұл маңызды істе тəжірибем баршылық. Қазақстанда өткен сайлауларда да бірнеше рет болғанмын. Ал енді бүгінгі сайлау үдерісіне келер болсақ, оның өзіндік бір ерекшелігі бар дер едім. Қазақстандағы Сенат сайлауы ТМД-ның басқа елдеріндегі осындай сайлаулардан өзгешерек. Ол өзгешелік мынада. Көптеген ТМД елдерінде іс жүзінде тікелей сайлаулар өткізіледі. Ал мұндағы сайлау орайында біздің, былайша айтқанда, жаңа

термин қолдануымызға тура келеді. Мұнда жанама сайлау өтті. Сенаторды халық атынан сайлаушылардың өздері сайлайтын сайлау үдерісі Қазақстанда тəуір-ақ қалыптасып қалыпты. – Бұл дұрыс үлгі дейсіз бе? – Əлбетте. Егер халық сайлаудың осындай жолын, осындай жүйесін, осындай тетігін таңдаса, ол – оның ешкім қол сұға алмас құқығы. Оның үстіне ол Конституцияда тіркелсе, бұл заңды құқығына айналған. Ең бастысы, Қазақстан халқының кез келген өкілі Ата Заңда көрсетілген құқығын іске асыру арқылы өз еркін еш кедергісіз білдіре алады. Мен Қазақстанда бұл құқық, азаматтық парыз-міндет толық қанағаттандырылып

қай-қайсысы болсын тəжірибелі басшы, ысылған маман екендіктері өмірбаяндарынан анық аңғарылады. Облыстық аумақтық инспекция басқар масы басшысының орынбасары Владимир Отрадных еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласынан бастаған. Өзін өзі ұсыну жолымен тіркеліп, бағын сынауға тəуекел етсе керек. Екінші үміткер Ольга Перепечина да осал қарсылас емес. Өңірдегі мықты экономистердің бірі саналады. Қаржы басқармасына жетекшілік еткен. Қазір статистика департаментін басқарады. Біз бірінші болып дауыс берген депутатты сөзге тарттық. Өзін Бəри Амоев деп таныстырған серіктестік директоры М.Жұмабаев ауданынан

Өскемен Шығыс өңірінде облыстық, қалалық жəне аудандық мəслихат депутаттары Парламент Сенатының депутатын сайлау үшін дауыс беруге белсене қатысты. Маңызды шара С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде өтті. Өңірден сайлауға Сергей Плотников пен Виктор Кутовой есімді 2 үміткер түскен болатын. Виктор Кутовой 1965 жылы бұрынғы Талдықорған облысы Сарқан ауданы Петропавл ауылында туған. 1999 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2007 жылы Қазақ жол қатынастары университетін бітірген. 2014 жылы 2 тамызда Сенат депутаттарының кезекті сайлауына өзін өзі ұсынған. ҚКХП мүшесі. Сергей Плотников 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында туған. 1982 жылы Саратов политехникалық институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы. 2014 жылы 5 тамызда облыстағы Глубокое, Бесқарағай, Ұлан аудандары мен Курчатов қаласы мəслихаттарының шешімдері бойынша Сенат депутаттығынан үміткер ретінде ұсынылды. Ол «Құрмет» орденімен марапатталған. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай жəне Глубокое аудандарының құрметті азаматы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жалпы, ағымдағы жылы 2 қыркүйекте кандидаттар саны 4 адамды құраған еді. Оның бірі тіркеуден өтпей қалса, тағы бір

– Қазақ айтады, қонақ аз отырады, көп сынайды деп, тағы не байқадыңыз? – Бұған ұқсас мақал түрікмендерде де бар. Киіз туырлықты, түбі бір туыстас халықпыз ғой. Бірақ мен сынаушыдан гөрі, сыйлаушы шығармын. Бұл менің халықаралық байқаушы ретіндегі алғашқы сапарым. Келген аз уақыт ішінде байқағаным, Астана ажарлы екен. Сұлу көшелерін, тамаша заманауи ғимараттарын көрдім. Əлемге аты мəшһүр сəулетшілер қолтаңбалары барлығын бұрын да естігенмін, енді өз көзіммен көрдім. Маған Астана өте ұнады. Дос пейілді туыстас жан ретінде астаналықтар мен барша қазақстандықтарға бақыт пен толайым табыс тілеймін. Алла тағала екі халыққа өрлеуді нəсіп етіп, екі араны достық рəуіштегі сапарлармен жалғастыруға жазсын. – Жақсы тілектеріңізге көп рахмет. Əңгімелескен Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

үміткер өзінің кандидатурасын қайтарып алды. Сайлау күні дауыс беру үдерісі таңғы сағат 10.00-де басталып, 12.00де аяқталды. Екі сағат аралығында облыстағы барлық қалалар мен аудандардың мəслихат депутаттары өз таңдауын жасады. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нəбиевтің айтуынша, сайлау комиссиясынан 317 бюллетень бөлінген. Ал сайлаушылардың жалпы саны – 312. Сайлауға өңірден 308 депутат қатысты. Дауыс беру нəтижесінде үміткер В.Кутовой 45 дауысқа, С.Плотников 262 дауысқа ие болды. Бір бюллетень жарамсыз деп танылды. Қайтарылған бюллетень саны – 9. Мəслихат депутаттары дауыс берудің ашық, əділ өткенін айтып, облыстық сайлау комиссиясының хаттамасын бірауыздан қолдады. «Егемен Қазақстанның» тілшілері. –––––––––––––––––––––––––––––

Суреттерді түсіргендер Е.ОМАРОВ, Ю.БЕККЕР, Р.ХАЛЕЛОВ, Х.ҚУАТ, Ж.ƏБУОВ.

Демократияныѕ озыќ їлгісі Фархад РАХИМОВ,

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы байқаушыларының реттеушісі:

– Біздің байқаушылар алты мемлекеттен келген 28 адамнан тұрады. Елдерді атап кететін болсам, олар Армения, Əзербайжан, Қырғызстан, Тəжікстан, Ресей жəне Молдова. Біз дауыс беру алдында сайлауалды жұмыстарына мониторинг жасап, оның жүргізілу барысына өзіміздің бағамызды бердік. Біздің қорытынды есебімізде Қазақстандағы Парламент Сенатының сайлауы демократиялық қағидаттарға, халықаралық стандарттарға сай өткізілді деп жазылатын болады. Өйткені, біз ешқандай да заң бұзушылықтарды көрген жоқпыз. Дауыс беру үдерісі де барынша мөлдір, ашық тұрғыда жүрді. Біздің тарапымыздан ешқандай ескерту болған жоқ. Амарджит Сарджит СИНГХ, Малай елшілігінің кеңесшісі:

АСТАНА.

отыр деп есептеймін. Бүгін іс жүзінде жанама сайлаудың қалай өткенін көру мен үшін өте қызықты əрі тағылымды болды дей аламын. – Енді нақты бүгін, жаңа ғана өткен сайлау жайлы пікіріңізді білсек. – Сайлау айтарлықтай жоғары деңгейде өтті деп санаймын. Яғни, оның өтуіне ешкім мін таға алмайды. Біріншіден, аса бір мұқияттылық, ұқыптылық байқалды. Біз бүгін шын мəнісіндегі Батыс Еуропаға тəн ықтияттылық үлгісін көрдік. Бəрі қолмен қойғандай. Бəрі ескерілген. Əрбір іс-қимыл алдын ала есептеліп қойылған. Осының бəріне тəнті болмай тұра алмадық. Бұл дегеніңіз – жоғары саяси мəдениет үлгісі. Бəрі дəстүрлі түрде, хаттамалық тұрғыдан өтті. Бұрынғыға қарағанда, жақсы жаққа қарай өзгеру көп екен. – Алматыны аралай алдыңыз ба? – Кеше Медеуді көріп үлгердік. Бүкіл Алматы алақандағыдай. Ғажап қала. Алматыда ең бақытты адамдар өмір сүреді деп есептеймін. Əлі бірер күн боламыз. Болашақта міндетті түрде келемін. Ал сайлауда дұрыс таңдау жасалғанына күмəнім жоқ. Нəтижесі игілікті болары сөзсіз. Ең лайықты, ең жақсы үміткер сенатор болып сайланғанына, оның ел игілігі үшін еңбек етеріне сенімдімін. Əңгімелескен Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

сайланған халық қалаулыларының маңызды оқиғаға бір кісідей атсалысып отырғанын мəлімдеді. Саяси науқанға қатысуға халықаралық байқаушылардан 9 адам тілек білдірсе, Ресейдің Түмен облысындағы делегациясын Игорь Халин бастап келіпті. Ол сайлаудың халықаралық талапқа сай өткенін, бірдебір заң бұрмалаушылық орын алмағанын ерекше атап көрсетті. Басқа байқаушылар да, саяси-қоғамдық ұйым өкілдері де сайлаудың ұйымдастырылуына ризашылықтарын білдірді. Сонымен, сайлаудың қорытындысы бойынша 2 бюллетень жарамсыз деп танылды. В. Отрадных таңдаушылардың 33 дауысын иеленді. Ал О. Перепечина 171 таңдаушының сеніміне ие болды.

– Сенат сайлауы ашық өтті. Бұл Қазақстанның демократиялық ел екенін тағы бір дəлелдеді. Елшілік өкілдері ретінде біз үшін осындай сайлауларға қатысу маңызды. Ал сайлау барысына келер болсақ, оның халықаралық стандарттарға сай əрі жоғары деңгейде өткендігін айта кеткен жөн. Қазақстан мен Малайзия жақсы қарым-қатынаста. Былтыр еліміздің бір Сенат депутаты Қазақстанға арнайы келіп, өз əріптесімен кездесіп қайтқан-ды. Менің ойымша, қазіргі сайланған депутаттар да екі ел арасындағы осындай қарым-қатынастарды орнатып, экономикаларымыздың өркендеуіне өзіндік үлесін қосады деп сенемін. Натик МАМЕДОВ, Əзербайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

– Біз Қазақстанға байқаушы ретінде келіп, сайлаудың ашық та демократиялық жағдайда өткізіліп жат қанына көз жеткіздік. Оның үстіне сайлаудың барысына əсер ететін заң бұзушылықтардың орын алмағандығын көрдік жəне ондай келеңсіздіктерге жол берілмегендігін нық сеніммен айтуға болады. Сондықтан, Қазақстан халқын жəне сайлауды ұйымдастырушыларды оның жоғары деңгейде өткендігіне орай шын жүректен құттықтағым келеді. Жазып алғандар Жақсыбай САМРАТ, Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». АСТАНА.


4

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

Маѕєыстаудыѕ мерейлі міндеттері (Соңы. Басы 1-бетте).

Теѕіз ќаќпасы Мемлекет басшысы Маңғыстауға сапарын Ақтау халықаралық теңіз-сауда портында жүріп жатқан портты солтүстік бағытқа кеңейту жұмыстарымен танысудан бастады. Ақтау портын кеңейту жобасы бойынша жылдық қуаты 1,5 тонна астық терминалының құрылысы, сондай-ақ, жылдық қуаты 1,5 тонна бас жүктер мен контейнерлерге арналған екі терминал құрылысын салу есебінен жүк тасымалдау қуатын жылына 19,5 тоннаға арттыру көзделіп отыр. Жалпы кеңейтілетін аумақ көлемі – 22 га. Жоба құны 38 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстарының 1-кезеңін 2014 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Елбасы алдында Каспий теңізіндегі порттың, транскаспийлік бағыттың, сондай-ақ, Маңғыстау облысының көлік торабы инфрақұрылымын дамыту туралы баяндалды. Еңбек ұжымымен кездесуде Мемлекет басшысы Ақтау халықаралық теңіз-сауда портына айрықша көңіл бөлініп отырғанын айтты. Содан соң Нұрсұлтан Əбішұлы «Ақтау халықаралық-теңізсауда порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Каспиан Офшор энд Марин Констракшн» ЖШС-інде болды. Ішкі жəне сыртқы сауда, жалпы экономикалық, əлеумет тік, аймақтық жəне ғылыми-тех никалық тапсырмалар ретіндегі жеке аумақтар бойынша мемлекеттік дамудың стратегиялық тапсырмаларын шешу мақсатында құрылған еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың бірі – «Ақтау халық аралық теңіз-сауда порты» арнайы экономикалық аймағы. 2003 жылдың 1 қаңтарынан өз жұмысын бастаған аймақ еліміздің Маңғыстау облысындағы индустриялық-өнеркəсіптік кластерін құрудың алғашқы қадамының бірі болып табылады. Ин весторлар ісін жүргізу үшін Қазақстанды табиғи ресурстар мен пайдалы қазбаларға бай, əрі Еуропа мен Азия арасындағы көпір, Ресей жəне Беларусь елдерімен бірегей кеден кеңістігі қалып тасқан, сондай-ақ, саяси, экономикалық жəне əлеуметтік тұрақ тылық есебіне инвестор құқықтары қорғалады деп таңдаса, оның ішінде Каспий теңізіне шығу мүмкіндігі бар, мұнай-газ аймағы ретінде ерекшелікке ие, ТРАСЕКА жəне Солтүстік–Оңтүстік көлік дəліздерінің қиылысында байланыстырушы дəліз ретінде танылған Ақтауда кəсібін өркендетуге құштарлық бар. Өз кезегінде Ақтаудағы бұл экономикалық аймақ та салық жəне кеден баждарынан босатылу, инфрақұрылымдарды мемлекет қаржысынан салу, жер аумақтарын 10 жылға дейін тегін беріп, одан əрі сатып алу мүмкіндігін беру, əкімшілік тосқауылдарды төмендетіп, яғни «бір терезе» қағидасымен жұмыс жасау арқылы тіркеу тəртібін, сонымен қатар, мемлекет мекемелерімен келіссөз жүргізуді жеңілдету сынды артықшылықтарды ұсынады. Ақтау қаласының өндірістік жə не жағалау маңы аумағында орналасқан. Жалпы көлемі 2000 гек тарды құрайды. Химиялық өнеркəсіп өнімдерін, дайын металл бұйымдарын, резеңке жəне

пластмасса бұйымдарын өндіру, металлургиялық өнеркəсіп, машиналар мен жабдықтар шығару, металл емес өнімдерді жəне тұрмыстық электр аспаптарын өндіру, тері бұйымдарын дайындау, фармацевтикалық өнімдер мен дəрі-дəрмектер өндіру, мұнайхимия өнімдерін, сондай-ақ, ілеспелі, шектес өндірістер мен технологиялар өндіру, қоймалық шаруашылық жəне көмекші көлік қызметі сынды қызмет түрлерін көр сететін аймақта 2003-2005 жылдары 3 жоба, 2011 жылы 1 жоба жүзеге асырылды. Олар – «Arcellor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ мұнай құбырлары сұрыптамаларын шығару зауыты, «Keppel Kazakhstan» ЖШС теңіз металл құрылымы зауыты, «Ақтау шыныпластикалық құбырлар зауыты» ЖШС шыныпластикалық құбырлар шығару зауыты, «Ақтау Полимер» ЖШС преди зи лоровандық құбырлар шығару зауыты. 2012-2013 жылдары жүзеге асыру үшін 17 жобаны көздеген аймақ 2013 жылы «ДСК-Ақтау» ЖШС үй салу комбинатының құрылысы,

жалпы құны 375 млрд. теңге болатын 14 жобаның іске асырылуы жоспарланған. ЕЭА аумағында инженерлік жəне көліктік инфрақұрылымдармен жабдықтау жұмыстары жүруде. Мемлекет басшысы барған «Каспиан Офшор энд Марин Констракшн» ЖШС – «Ақтау халықаралық теңіз-сауда порты» арнайы экономикалық аймағында жұмысын табысты жүргізіп отыр ған компаниялардың бірі, ол қазақстандықтарға «Кеппел Қазақстан» деген атаумен таныс. Серіктестікте Н.Назарбаевқа аталған ЖШС тұрғызып жатқан өзі көтерілетін бұрғылау қондырғысы таныстырылды. Жобалық жұмыстары 2012 жылы басталған бұл қондырғы Қазақстанда алғашқы болуымен ерекшеленеді. «Каспиан Офшор энд Марин Констракшн» ЖШС 2013 жылдың наурыз айында құрылған. Қазақстанды жоғары сапалы теңіз металл құрылғыларымен, нақты айтсақ, кəсіпорын құрылғылары, мұнай-газ өнеркəсібіне арналған өндірістік қондырғыларды құрумен жəне құрылысын жүргізумен, кеме

Битум шығаратын зауыт Қазақстан Республикасының 20102014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-иннова циялық даму мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған «Ақтау пластикалық масса зауытына жол битумдары өндірісі» жобасының жүзеге асырылуы аясында салынды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ пен Қытайдың «CITIC Group» компаниясының тең атсалысуы нəтижесінде қазығы 2009 жылы қағылған зауыт өткен жылдың екінші жартысында Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпірде іске қосылды. Құны 43 500 млн. теңге тұратын жобаның іске асуы үшін 1200 адам білек сыбана жұмыс жасаса, қазіргі таңда мұнда 325 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездескен Мемлекет басшысы келесі Жолдауда үлкен бағдарлама бар екендігін, Астанадан бастап Қазақ станның түкпір-түкпі ріне апаратын жəне шетелдер мен жалғайтын автожолдар салу ды

қол ға алған экспедиция мүшелері Елбасынан бата алып, республиканың барлық өңірін Ақтау – Атырау – Орал – Ақтөбе – Қостанай – Петропавл – Көкшетау – Астана – Қарағанды – Павлодар – Өскемен – Алматы – Тараз – Шымкент – Қызылорда бағыттары бойынша араламақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы алдында экспедиция жетекшісі, PhD докторанты Бақтыбай Жайлау: «Құрметті Елбасы! Сіздің «Қазақстан-2050» Стратегияңыз бен Ұлытауда берген сұхбатыңыз бізді қанаттандырып, тың қадамдарға жетелеуде. Əлемдегі ең үздік 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен Қазақстанның тұрақтылығына, бірлігіне жəне одан əрі көркеюіне жастар өз үлесін қосуда. Стратегияны қолдау, жүзеге асыру үшін біз «Менің елім: Каспийден Алтайға дейін» атты автомобиль экспедициясын ұйымдастырдық. Қазақстанның барлық өңірлерін аралай жүріп, кең-байтақ жеріміздің тарихын, мəдениетін, əдебиетін, тілін насихаттау үшін

«ДСК-Қараойқұрылыс» ЖШС үй салу комбинатының құрылысы, «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС фармацевтикалық кешені, «Каспиопласт» ЖШС төмен гі қысымда полиэтилен құбырларын шығару жəне «T.E.S.C.O» ЖШС ин жинирингті-монтаж дық кешенді пайдалану арқы лы оффшор лық кон тейнерлер шы ғару құры лысы сын ды жобалар ды өндіріске енгізді. Қазір арнайы эконо микалық аймақта жо ғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толтыру жұмыстары жалғасуда. Бү гінгі таңда ЕЭА аумағында 5 кəсіпорын жұмыс істеп, 29 млрд. теңгеге жуық қаражат тартылды. 223 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, бюджетке 9,5 млрд. теңге көлемінде салық төленді. 1000-нан аса жұмыс орындары құрылды. Биылғы жылы мұнда 365 жұмыс орны мен жалпы құны 5 млрд. теңгені құрайтын 5 жобаны іске асыру жоспарланса, 2015-2017 жылдарға 7000 жұмыс орындарын құрайтын,

жасаумен, жөндеумен жəне оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын серіктестік 35,6 га жерге орналасқан. Кемежай инфрақұрылымының дамуына жұмсалған инвестицияның жалпы көлемі 2004 жылдан бері 100 млн. АҚШ долларын құраған зауыт қазіргі таңда 550-ге тарта адамды жұмыспен қамтып отыр. 2005-2011 жылдар аралығында 60 мың тонна металл құрылғыларын шығару қуаттылығымен жұмыс жасаған зауыт теңіздегі мұнай кен орындарын заманауи технологиялармен жабдықтауға септігін тигізеді. Атап айтсақ, «Аджип ККО» компаниясының тапсырысымен Қашаған кен орнының 1-кезеңін игеру жұмыстарына қажетті құбырлық эстакада мен тасымалдаушы баржалар осы зауытта дайындалады.

көздейтін «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асатындығын, Ақтаудағы бұл зауыт өнімінің қолданылатындығын жеткізді. – Бұл жобаны жүзеге асыруға көп жұмыс істедік. 2007 жылдан бері қытайлық əріптестермен келіссөздер жүргізіп, зауыттың өз аяғынан тұруына біраз тер төгілді, – деді Елбасы.

экспедицияға аттанғалы отырмыз», дедік. Мемлекет басшысы одан əрі теңіз жағасындағы «Каспиан Ривьера» қонақүйінің залында телекөпір арқылы «Боржақты– Ерсай» жаңа теміржол құрылысын іске қосып, жаңа жол құрылысына сəттілік тіледі. Боржақты Мұнайлы ауданының аумағында орналасқан, теңіз жағалай Қарақия ауданындағы Ерсай компаниясына қарай 17,5 шақырым қашықтықты құрайтын теміржол Құрықтағы паромдық кешендерді дамыту жұмысына қосымша екпін береді. Құрық теңіз порты – Каспий теңізіндегі қыста қатпайтын бірден-бір порт. Ол теңіздің қазақстандық секторында мұнай операцияларын қолдаудың негізгі нысандарының бірі болмақ. Келешекте Құрық порты жетілдіріліп, онда кеме жасау жəне кеме жөндеу зауыты секілді жаңа нысандар бой көтеріп, жаңа жұмыс орындарын ашу күтіледі десек, құрылыс жұмыстары енді

Нўрлы жол Мемлекет басшысы Ақтау қаласында «Каспий-битум» зауы ты жұмысымен танысты.

Аќтау – жастар ќаласы Жастар мұндағы бірнеше оқу орнында білім алса, біразы еңбекке араласқан. Шетелдерде білім алып, жақсы мамандықтарды меңгеріп, шетелдік компанияларда қызмет істеп жүрген жастар аз емес. Ал білім-ғылым жолында ізденіс жасап, ғылым тереңіне үңілуді таңдағандар да, өнер қуған талантты жастар да жетерлік. Н.Назарбаев теңіз жағалауында жастар өкілдерімен кездесті. «Менің елім: Каспийден Алтайға дейін» акциясын өткізуді

қолға алынған жаңа теміржол – осы жұмыстардың бір тармағы. Яғни, бұл теміржол желісі Құрық портындағы паромдық кешен құрылысы жобасы мен жағалаудағы индустриялық жобаларды жүзеге асыру бағытында қолға алынған инфрақұрылымдық жұмыстардың бірі. Қазақстанның экспорттық-транзиттік дамуындағы маңызды көліклогистикалық желі болып табылатын Маңғыстау облысы 2009-2014 жылдар ішінде теміржол жəне порттық инфрақұрылымдардың дамуына 200 млрд. теңгеден астам инвестиция тартқан, ал Құрық портының паромдық кешені жобасы жүзеге асқанда жаңадан 4 мың жұмыс орны құрылатын болады.

Кəсіпкерлермен кездесу Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы кəсіпкерлермен кездесті. Алдымен аймақ басшысы А.Айдарбаевтың Маңғыстау облысының əлеуметтікэкономикалық дамуы жөніндегі есебін тыңдады. – Ағымдағы жылы облыстың əлеуметтік-экономикалық даму жұмысы Елбасының 2014 жылдың 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы– 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сонымен қатар, стратегиялық жəне мемлекеттік, салалық

басым бағдарламаларға сəйкес құрылды. Маңғыстау облысының 2011-2015 жылдарға арналған Даму жоспарының жүзеге асырылуы жалғасуда. Барлық қабылданған шаралар сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, алдағы индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруға, халықтың əл-ауқаты мен өмір сүру сапасының деңгейін көтеруге бағытталған. Бəсекелік артықшылығы есепке алына отырып, облыс экономикасын арттыру мақсатында келесі даму қорлары анықталды: мұнай-газ өндіру секторын əрі қарай дамыту (қызмет көрсетуші өндіріс сервистерін дамыту, өңірдің минералдық шикізат кешенін іздеу-барлау), өңдеуші салаларды дамыту (соның ішінде «Ақтау теңіз порты» ЕЭА аумағында), облыстың транзиттік əлеуетін дамыту (шекара маңы аймағындағы көлік логистикасы); құрылыс индустриясын дамыту, туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курорттық демалыс

аймағы құрылысы), агро өнеркəсіп кешенін дамыту (жайылымдық жəне асыл тұқымды мал шаруашылығы). Маңғыстау облысының экономикасын арттыру үшін даму қорларын пайдалану бойынша орталық мемлекеттік органдармен келісілген Іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда – деген А.Айдарбаев облыстың өндірістік, əлеуметтік саладағы көрсеткіштерін баяндады. Өңірлік даму министрі Ə.Исекешев Маңғыстау облысында жүргізіліп жатқан индустриялық жобалар жайлы жеткізді. «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ж.Доспаев: «Өңірде кəсіпкерлік жақсы дамып келеді. Жаңаөзендегідей бизнес инкубаторды енді облыстың барлық аудандарында ашуды жоспарлап отырмыз. Қаржыландыру бойынша несиелендіру 43 пайызға өсті, кəсіпкерлерге жеңіл несиемен 561 млн. теңге берілді. Бұл екінші деңгейлі банктерге қарағанда, қолжетімді əрі тиімді. Сондықтан келер жылы кəсіпкерліктің дамуына жол ашу үшін қор құрғымыз келеді, өйткені, екінші деңгейлі банктер жастарға жəне 50 жастан асқан жандарға несие беруге ынталы емес», дей келе, «ҚазАгроХолдинг» жұмысының сын көтермейтіндігін жəне ауыл шаруашылығы саласында түйемен айналысатын шаруашылықтар санының көбейіп келе жатқандығын, ет, шұбат өнімдерінің субсидияға жатпай отырғандығын жеткізді. Елбасы өңірдің даму ахуалын жақсы деп бағалап, жақсы жұмыстар жеткізетін келешегіне сенім білдірді. – Облыс əкімінің айтуынша, облыста жағдай жаман емес. Аймақ тың даму қарқыны жедел. Үлкен əлеует бар. Күні кеше Астраханьда Каспий теңізі маңындағы мемлекеттер форумы өтті жəне біз көптеген жылдар бойы шешілмеген мəселелерді шештік. Бұл – Қазақстан үшін маңызды. Онда метрология, Каспийдің биологиялық ресурстарын сақтау мен тиімді пайдалану, төтенше жағдайларды жою жөніндегі келісімдерге қол қойдық. Браконьерлермен күрес шаралары, жалпы қылмыспен күрес жөнінде ке лістік. Бұл – Қазақстан мен Каспий жағалауында тұрған сіздер үшін маңызды. Біз инфрақұрылымдық жобаларды теңіз жағасында тұрған Ақтау арқылы шетелдік нарықтарға шығу мақсатымен жүзеге асырамыз. Хромтау–Жезқазған–Бейнеу теміржолы жүктерді тікелей Қытайдан, тіпті, Тынық мұхиты аймағынан сіздерге жеткізуге бағытталды. Өздеріңізге белгілі, біз Түрікменстан, Иран арқылы Парсы шығанағы елдеріне шыққалы отырмыз. Теміржолдардың түйісуі үстіміздегі жылдың 2-3 желтоқсаны күндері өтеді, бұл салынған теміржол желісінде шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан сіздерге жұмыс істеу керек. Менің тапсырмам бойынша Ақтау теңіз портының қуаты 12,5 млн. тоннадан 16 млн. тоннаға дейін ұлғайтылды, 2020 жылға қарай 22 млн.тонна жүкке дейін жеткізіледі, яғни екі еседей артады. Барлық бағытта жұмыс істейді. Мəселен, Баку арқылы Кавказ жүктері, контейнерлер тасымалданады. Тек Иранның өзі жылына 6 млн. тоннаға дейін астық сатып алатындығын мəлімдеді. Астық терминалының мүмкіндігі əзірге 1 млн. тоннадан көп емес, қалғаны – резерв. 85 млн. халқы бар Иран – біздің тəуір көршіміз. Бізде Ақтау порты арқылы экспорттық əлеует үлкен. Иран Президентімен келісім барлық бағытта дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады. 2012 жылы Түркітілдес мемлекеттердің саммитінде біз Əзербайжан Президенті Г.Əлиевпен Ақтауда логистикалық орталық салу үшін Əзербайжан инвестициясын тарту туралы келістік. Бұл қазақстандықтар үшін сапалы əрі арзан жеміс-көкөніс өнімдеріне кең жол ашады, деген Елбасы өңірде су тапшылығы білінсе де, көкөніс түрлерін өсіруге жəне құс, жұмыртқа өнімдерін дайындауға болатындығын жеткізді. Мал шаруашылығы үшін азықтүліктің жеткіліксіз екенін айтып, алайда, көзін тапса, барлық істе нəтижелілікке қол жеткізуге болатындығын, сондықтан еңбек ету керектігін атап көрсетті. Кəсіпкерлер тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берген Мемлекет басшысы: «Маңғыстау жұртшылығына шын ниетіммен сəлем жолдаймын, амандық тілеймін. Өсіпөркендей беріңіздер!» деген тілегін жеткізді. Маңғыстау облысы.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

5

НЎРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАЌЌА ЖОЛ «Жол азабын тартқан біледі». Кеңес Одағы тарағаннан кейін тұрымтай тұсына, балапан басына кетіп, ел еңсесін жиғанша талай дүние іргесі сөгілді. Оның ішінде қалааралық, аудан мен ауылдардың арасын байланыстырып тұрған жолдардың ойқы-шойқы күйге түсіп, адам аяғын тығып алатындай, көлікпен жүруге мүмкін болмайтындай жағдайға жеткенін ел көрді. Соның салдарынан жұрт жол азабын тартты. Таяқ тастам жерге барудың өзі мұң болды. Дегенмен, ел еңсесін тез тіктеді. Экономикалық құрылым қайта жасақталды. Елге жаңа инвестициялар келе бастады.

Алтын арќау Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Жүйелі жұмыстың арқасында қара жолға да көп мəн беріле бастады. Алдымен Астана мен Алматының арасын жалғап жатқан үлкен жолдың жағдайы түзелді. Онан соң Щучье – Астана күрежолы жасалды. Бұлардан соң тек Қазақстанды ғана қамтып қоймай, Батыс Еуропа мен Батыс Қытайды тікелей байланыстыратын ғасыр жобасы іске асты. Мұндай əлемдік маңызы бар жобадан Қызылорда облысы да сырт қалған жоқ. Аталған күрежолдың 812 шақырымы Ақмешіт атырабына тиесілі. Басы ашық мəселе ретінде айтайық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен басталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дəлізі халықтың игілігі үшін жасалған жоба. Құрлықтар арасында алтын арқау болатын көлік дəлізі Қазақстанның 5 облысының аумағынан өтеді. Жалпы ұзындығы 2787 шақырымды құрайды. Жоғарыда айттық, бұл жолдың рахатын тек Қазақстан ғана көрмейді. Мəселен, бүгінде Қытайдан Батыс Еуропаға теңіз арқылы жүк жеткізуге тура 40 күн уақыт кетеді екен. Ал «Батыс Еу ропа – Батыс Қытай» күрежолы іске асқаннан кейін Еуропа мемлекеттеріне жүкті қаражолмен жет кізуге бар-жоғы 10 күн ғана шығындалатын болады. Осыдан-ақ біраз дүниенің сырын түсіне беріңіз. Болжам бойынша, 2020 жылға қарай жүк айналымының көлемі 2,5 есе көбеймек. Тағы бір мəлімет. Əлем кəсіпкерлері теңіз арқылы тауар тасымалы үшін жылына 700 миллиард АҚШ долларынан астам шығын шығарады. Егер осы жүк керуенінің белгілі бір бөлігі автокөлік арқылы Қазақстанның үстімен тасымалданатын болса, онда біздің ел зор байлыққа кенелетіні сөзсіз. Енді Қызылорда облысында жасалып жатқан жолдың жай-күйін баян етелік. Күрежолдың Қызылорда облысынан 812 шақырымы өтетінін айттық. Оның ішінде 246 шақырымы І техникалық, 566 шақырымы ІІ техникалық санатқа жатады. Жолды қайта жаңарту барысында 48 көпір, 336 құбыр, 74 мал өтетін орындар, 14 жол айрығы, 2 теміржол өткелдері салынады. Көлік құралдарының жолда жүру жылдамдық көрсеткіші 120 шақырым-сағатқа өсуіне орай автомобиль жолы 8 ірі елді мекенді айналып өтетін болады. Олар: Арал қаласы (9,3 шақырым), Əйтеке

би кенті (1,9 шақырым), Жосалы кенті (12,8 шақырым), Ақжарма ауылы (7,5 шақырым), Шаған ауылы (8,3 шақырым), Қызылорда қаласы (18,1 шақырым), Шиелі кенті (22 шақырым), Жаңақорған кенті (23,1 шақырым). Сонымен қатар, Арал, Қармақшы аудандарында жəне Қызылорда қаласында жаңа жол-пайдалану учаскелері салынады. Шиелі ауданында осыған дейін пайдаланылып келген жолпайдалану пунктінің ғимараты қайта жаңартылып, арнайы учаске ретінде жұмыс істемек. Мұның сыртында Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарында жаңадан жол-пайдалану пункттері пайдалануға беріледі. Жоба құрылысын 5 бас мердігер компания атқарып жатыр. Сондай-ақ, қазақстандық 24 қосалқы мердігерлер жұмыс істеуде. Қызылорда облысына қарасты 812 шақырым жол 15 учаскеге бөлінген. Ондағы жұмыстар жоспар бойынша атқарылып жатыр. Мəселен, италиялық «Салини» компаниясы – 410 шақырым, Əзербайжан мен Түркияның бірлескен кəсіпорыны «Аккорд/Окан» – 107 шақырым, тағы бір италиялық мекеме «Импреза» – 50 шақырым, таза əзербайжандық компания «Азеркорпу» – 28 шақырым, «Тодини» (Италия) – 217 шақырым жолды өзара бөліп алған. Осы арада құрылыс жұмыстарына тікелей бақылау жасайтын консультант компанияларды да атап өткен жөн секілді. Бұлар: «Исан» (Корея), «Роугтон/ДБЮК» (Ұлыбритания), «Донгсунг» (Корея), «Қазжол жобалау» ЖШС (Қазақстан). Сондай-ақ, жобаны басқаруды жүзеге асырушы консультант канадалық «СНК-Лавалин» компаниясы. Арал мен Жаңақорғанның арасында бірнеше жылдан бері жол құрылысы қарқынды жүрді. Мысалы, Аралдан Жосалы кентіне дейін бүгінде қара жол сайрап жатыр. Əрине, əлі толық пайдалануға берілген жоқ. Дегенмен, осының өзінде көліктер ешқандай кедергісіз жүреді. Ал Жосалы мен Жалағаштың арасында біршама қиындықтар туындады. Негізгі мердігер мойнына жүктелген жұмысты дұрыс атқармады. Ақша желінген фактілер кездесті. Жұмысшылар ереуіл ге шыққан сəттер болды. Бірақ аймаққа Қырымбек Көшербаев əкім болғаннан кейін жауапсыз мердігерді сотқа тартып, сол арқылы жұмыстан шеттетті. Ақырында, аталған аралықтағы жол құрылысын «Евразкон» компаниясы жүргізе бастады. Қазіргі сəтте қара жолдың құрылысы қарқынды

жүріп жатыр. Жолдың негізгі бөлігі төселіп бітті. Енді су өткелдері мен көпір құрылыстарына басымдық берілген. Бұйыртса, бұл Жосалы мен Жалағаштың арасында тақтайдай жол жататын болады. Ал Қызылорда қаласын айналып өтетін бөлікте теміржол мен Сырдарияның үстінен өтетін көпір құрылысы аяқталды. Онда осы күннің өзінде көліктер жүріп жатыр. Шиелі мен Жаңақорған аудандарындағы бөлікте ешқандай түйткілді мəселе жоқ. Құрылыстың басталуы аймақ экономикасының дамуына да жағымды əсерін тигізді. Жаңақорған, Шиелі аудандарында тас зауыттары, Қызылорда қаласында битум зауыты салынып, пайдалануға берілді. Жұмыстың қарқынды жүргізілуіне жергілікті «УАД» жəне «Дорстрой» мекемелерінің қосып отырған үлесі ерекше. «Дорстрой» мекемесі жанынан «Техмаман» оқу орталығын ашып, жол саласына қажетті мамандарды оқытуда. Облыс бойынша мердігерлер жергілікті тағам өнімдерін пайдаланып, тұрғылықты тауар өндірушілерден жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер жəне т.б. өнімдер сатып алады. Бұл – орта жəне шағын кəсіпкерлікпен айналысатындар санының көбеюіне, жаңадан жұмыс көздерін ашып, бюджетке түсетін салық көлемінің артуына оң ықпалы тиіп жатыр деген сөз. Жоба құрылысы біткеннен кейін жолдың бойында жаңадан жол жүргіншілеріне халықаралық талаптарға сай келетін қонақүйлер мен кемпингтер, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жəне тамақтандыру орындары салынып пайдалануға беріледі. Облыс аумағында туризмді дамытуға жол ашылып, облыстың тарихи орындарына алыс жəне жақын шетелдерден келушілер санының артуына ықпал жасайды. Осы орайда күрежолды салуда барынша тəжірибе жинап, өздеріне берілген учаскелердегі құрылысты уақытында аяқтап отырған «Дорстрой» мекемесінің басшысы Мұратбек Тілеулиевті сөзге тартқан едік. – «Дорстрой» ЖШС 1996 жылы іргетасын қалады. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін жол құрылысы саласында жұмыс істедім. Қарапайым жұмысшыдан инженерге дейін көтерілдім. Дегенмен, 90-жылдардың басындағы тоқырау кезінде біз істеген мекеме жабылып қалды. Сөйтіп, жұмыссыз қалдық. Содан жігіттер бірігіп өз ісімізді

РЕСЕЙ

ҚЫТАЙ

ӨЗБЕКСТАН

ТҮРІКМЕНСТАН

қолға алуды жоспарладық. Соның негізінде осы «Дорстрой» компаниясы өмірге келген еді. Алғашында жұмыстың ірі-ұсағына қарамай істей бердік. Аула, ауыл жолдарын жөндедік. Өйткені, тəжірибе жинау керек еді. Сонымен қатар, өзіміздің біліктілігімізді де дəлелдеу алдымызда тұрды. Кейіннен мұнай компанияларынан ұсыныстар түсе бастады. Кейіннен Қызылорда – Жезқазған автожолының құры лысын қолға алдық. Солайша, жыл өткен сайын жұмыс ауқымы да арта түсті. Бүгінде біздің ұжымда 600-ге жуық адам жұмыс істейді. 2008 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысы басталады деген шақта біз нарықтағы өз орнымызды тауып, тəжірибелі мекемелердің біріне айналған едік. Дегенмен, мамандардың жетіспеушілігі байқалды. Ойлана келе, мекеменің жанынан «Техмаман» қайта даярлау мектебін ашуды көздедік. Сол бойынша жол-құрылысының мамандарын дайындадық. Осы күнге дейін «Техмаман» 800 адамды қайта оқытып шықты. Олардың барлығы жол құрылысы саласында еңбек етіп жатыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күрежолына қатысты тендерлік жұмыстар 2009 жылы өтті. Əрине, жол құрылысын салуды шетелдік компаниялар жеңіп алды. Содан жұмыс басталғанда олар жергілікті жердегі мекемелерді өздеріне қосалқы мердігерлікке

шақыра бастады. Біз италиялық «Салини» АҚ-пен келісімшартқа отырып, жұмысты бастап кеттік. Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласының арасындағы 70 шақырым жолды жасадық. Бұл жоба несімен құнды? Ең алдымен біз халықаралық дəрежеде тəжірибе жинаймыз. Онан кейін өзіміздің кадрларымызды дайындаймыз. Мысалы, жол құрылысына біз жоғары оқу орындарын енді бітірген мамандарды тарттық. Олар осы бір жылдың ішінде 3 жылдық тəжірибе жинады десек, артық айтқандық емес. Техникалық базамызды да халықаралық стандарттарға сəйкестендіріп жасақтадық. Осы арқылы біз халықаралық автожол құрылысына тікелей қатысуға мүмкіндік аламыз. Алдағы уақытта шетелдік компаниялармен иық тіресетіндей жағдайға жетеміз деп ойлаймын. Бұл ел экономикасы үшін де, жекелеген компаниялар үшін де үлкен пайда болмақ,– дейді ол. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дəлізі Қызылорда облысындағы қала мен аудан, ауыл орталықтары арасындағы қатынасқа оң сипатын əкеліп отыр. Жұрт бұрынғыдай жол қиындығын білмейді. Барар жеріне еркін қатынайтын жағдайға жетті. Ал тас жолдың құрылысы толық аяқталғанда, қатынаста ешқандай қиындық болмайды.

Қызылорда облысы.

Ґѕір экономикасына ќан жїгірткен баєыт

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс өңірінде теміржолдың ұзындығы 1 243 шақырымға созылып жатыр. Шойын жолдың бойында 24 теміржол бекеті мен 32 жолаушы платформасы орналасқан. Облыс орталығынан Риддер мен Зырян қалаларына қатынайтын екі ауданаралық теміржол бағытымен де ерекшеленетін өңір үшін теміржолдың маңызы ерекше. Өйткені, теміржол – тіршілік тамыры. Оның өн бойын өмір ағыны қуалайды. Осыдан жеті жыл бұрын Кенді Алтай мен Арқа, Жетісу жерлерін

жалғаған жаңа жол – жасампаздықтың жарқын үлгісіне айналды. Бұл – Шар мен Өскемен қалалары арасындағы шойын жолдың құрылысы еді. Қайламен «Түрксіб» сынды тарихи жол салған аталардың ерлігін ұмытпаған құрылысшылар аталған жолды үш жылдың ішінде салып шыққаны жадымызда. Айталық, «Шар – Өскемен» теміржолының құрылысы 2005 жылы тамыз айында басталды, 2008 жылы толығымен аяқталды. Облыс орталығының іргесіндегі Защита стансасы мен Шар стансасының аралығы – 153 шақырым. Жаңа шойын жолдың іске қосылуының нəтижесінде

жолаушы жəне жүк тасымалына жұмсалатын уақыт айтарлықтай қысқарды. Екі аралықтағы жол қатынасы бес сағатты құрайды. Көптеген жылдар бойы орталық өңірлерден еліміздің шығысына жол жүру үшін Ресей аумағымен айналу қажет болатын. Яғни жолаушылар көрші елмен шекарадағы Локоть стансасын басып өтетін. Бекеттер арасындағы тасымал уақытына 26 сағат жұмсалатын жол жолаушыға ғана емес, жүк тасымалына да өте қолайсыз болды. Шекаралық бекеттегі кідіріс те əжептəуір уақыт жоғалтатын. Міне, 200 шақырымға жуық теміржолдың пайдалануға берілуі осы түйткілдерді шеше білді. Осылайша, Шар – Өскемен теміржол желісі еліміздің шығысы мен орталық өңірлерін жалғай отырып, Ресей аумағы бойынша өтетін транзитті азайтты. Сондай-ақ, Шар мен Өскемен арасындағы бұрынғы бағытты 311 шақырымға дейін қысқартты. Шойын жолдың экономикалық тиімділігі орасан еді. Кенді Алтайда кен көп. Кен өндіретін кəсіпорын көп. Өндірістік кəсіпорындардың жаңа жолдағы жүк тасымалы уақыт пен қашықтық тұрғысынан пайдаға шығып, бұрынғы шығындарды азайтуға айтарлықтай себін тигізді. Жүк тасымалдаушылар үшін көліктік шығындар көлемін төмендетті. Бір ерекшелігі, Шар – Өскемен теміржолы еліміздегі концессиялық

негізде жүзеге асырылған алғашқы инфрақұрылымдық жоба саналады. Жылына 1 миллионға тарта жолаушы тасымалдайды. Аталған жобаның құны 14 млрд. теңгеден асады. Мемлекет, зейнетақы қорлары жəне акционерлер қаржысымен мемлекет-жекеменшік əріптестігі шеңберінде бой көтерген бірегей теміржол бағытымен жүретін пойыздар Шар стансасы арқылы Алматыға бет алады. Ресей арқылы бұрынғы айналма жолға кететін уақыт пен қашықтықты үнемдеген жолдың бойында бүгінге дейін бірқатар қосымша нысандар бой көтерді, аздап кіріс көздері пайда бола бастады. Мəселен, Защита стансасында қауіпсіздік техникасы мен диспетчерлік басқару пунктеріндегі пойызды жоспарлау жұмыстары жүргізіледі. Шығыс өңірінің ғажайып сұлу табиғатын тамашалауға мүмкіндік беретін таулы, тасты жерлерді қиып салынған шойын жолдың бойында Айыртау стансасы бар. Бұл бір жағынан ауыл тұрғындарына вокзал қызметін атқарса, екіншіден, электрлі орталықтандырылған бекет орналасқан жаңа ғимарат. Айыртау мен Екіаша стансаларының арасы – 91 шақырым. Екіаша да жаңадан салынған заманауи станса. Сондайақ, «Ұлан» разъезі мен «Шалабай» жəне «Сарыжал» стансалары да көз тартарлықтай көрікті, таза. Қос рельсті көміп тастамау үшін қыста қардың көшуін тоқтататын бетон

шарбақтар салынды. Мұның баршасы күрежолдың бойындағы күнделікті қарым-қатынастың үздіксіз һəм мінсіз болуына қызмет етеді. ӨСКЕМЕН.

Жолєа да ўќыптылыќ керек Қазіргі кез – қарбалас шақ. Ауыл өмірінің бітпес шаруасы шаш-етектен. Əркім өзінше қамқарекет үстінде. Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына қарасты Аққұм, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл ауылдарының үстін басып өтетін Самарқан – Қызылорда тас жолы бар. Бұл жолмен бұдан бірер жыл бұрын өткен адам автокөлігін тастай сап қашқысы келетін жол еді. Мемлекеттің қаржысы есебінен жол жөнделді, түзелді. Елдің қарым-қатынасы артты, еңбегі жана бас тады. Халық үшін қажетті осындай мəселеге назар аударғаны үшін жұрт Елбасына, Үкіметке риза. Енді сол жолды шілденің шіліңгір күндерінде бақша өнімдерін артқан (Алқа деп жатады жұрт) түрлі шетелдік алып жүк машиналары, «КамАЗ»дар тіркемелерімен ыңырана өтіп, баяғы «Қобыланды» жырындағы тайбурылдың, «Көлденең жатқан көктас ты, сазбалшықтай иледі» дегендей илеп жатыр. Дəл осы жағдай бізден жоғары Шардара, Арыс аудандарының, төмен гі Қызылорда облы сының Жаңақорған, Шие лі аудандарының елді мекендерінде де орын алып отыр.

Шығыс пен Батысты жалғастыруға бағытталған үлкен жолмен жүрмей жүк көліктерінің бұл жолға килігуі тиімділігі мен ие сіздігінде болар. Оларға əй дейтін əже, қой дейтін қожа жоқ. «Дакумент полный пакет», майда-шүйде кедергілерді теңгемен ұрып кете барады. Арғы жағы Өзбекстанмен, бергі жағы өзіміздің оңтүстік аудандардан бой түзеген автокеруен тізбегі алды Ресейге, аяғы батыс облыстарға толассыз өтіп жатыр. Ақшаға малып, тасты бетонға қарып салған қасқа жол көз алдыңда тозып барады. Өтемін кім төлейді? Əкім-қаралар бұған неге қарамайды? Біз жолаушылар жолын байлаудан аулақпыз. Бірақ, əр нəрсенің жөні, реті, иесі болуы керек қой. Елбасымыз айтқандай, ел қазынасына қырағылықпен қарау əрбір қазақстандықтың міндеті емес пе?.. Əбдіманап ƏУЕЛБЕКОВ.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы.


6

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

 Ұлытау ұлағаты

ІЗГІ ЖОЛДЫЅ ІЗІМЕН...

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Елбасы еліміздің киелі мекені – Ұлытаудағы ұлағатты сұхбатында «Қазақ ешқашан дінінен айырылған емес» деген еді. Иə, халқымыз талай тауқыметті тартса да діні мен дəстүрінен жаңылмады. Ата-бабаларымыз дінге қысым жасалған, мұсылманшылыққа шектеу қойылған кезеңде өмір сүрсе де Құдайсыз қоғам құрғысы келгендердің бұл əрекетіне көнбеді. Қазақтың жақсы мұсылмангершілігі, ағайынгершілігі, дархан мінез, кең пейілі ұрпақты ізгілікке үндеді. Халқымыздың бейбітсүйгіш, тілеуқорлық ниеті кешегі Абылай хан аңсап кеткен бүгінгі Тəуелсіздікке қол жеткізді. Асыл дініміздің де басты талабы – жақсы ниетте болу. «Əркім нені ниет етсе, соған жетеді» деген Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өсиеті өмірлік ұстанымға айналса игі. Өйткені, ізгі ниет амалдан қайырлы. Исламда жақсы ойлаудың өзі сауап.

Дін мен дəстїр – ќос ќанатымыз Иə, дін мен дəстүр – қос қанатымыз. Қос қағиданы қоғамға, əсіресе, жастар арасында көбірек насихаттауға тиіспіз. Дін дəстүрді жоққа шығармайды. Өйткені, адамдар арасында бұрыннан қалыптасқан игі істер Исламда құпталады. Ғұламалар пəтуа шығарғанда халықтың байырғы жақсы дəстүрін, игі əдет-ғұрыптарын ескереді. Құдайсыз қоғамда өмір сүруге ырық бермей, ырыздығын тек Алладан сұраған қазақ халқы бағзы заманнан бері дін мен дəстүрін бекем ұстанды. Қазақтың болмысымен біте қайнасқан дін мен дəстүр – қадым замандағы қилы зауалдарға қарсы тұрған, халықты бірлікке, тұтастыққа тоқтатқан рухани құндылық. Сондықтан халқымыз қандай қилы кезеңді бастан кешпесін, өзінің тіршілік тегі мен тамырын қиғызбады. Халқымыздың ұғымындағы «көрімдік, ерулік, сүйінші, сыбаға, базарлық, жылу, асар, қол үздік» сынды асыл сөздер мұсылман қазақтың дархан мінез, кеңпейіл, қонақжай, бауырмалдығының бұлтартпас дəлелі. Алланың ардақты пайғамбары жеткізген хақ Ислам діні дала көшпенділерінің дəстүрімен астасып, санасына сіңді.

«Иманым – жиғаным» деп білген ұлтымыз өмірін Исламға негіздеп, ізгілікке ұмтылды. Мысалы қазақта иба деген сөз бар. Оны таң атқанша тарқатып айтуға болады. Себебі, бұл үлкен игіліктің, үлкен тəрбиенің көрінісі. Үлкен кісілер тəрбиелі жастарды ибалы екен деп айтып жатады. Міне, ибалылықтың ар жағында имандалық жатыр. Қазақта иманжүзді деген сөз де бар. Біздің бабаларымыз ұрпағын ибалы, иманды етіп тəрбиелеуге өмір бойы тырысып келе жатыр жəне тырыса бермек те. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген ұлы ұстанымды тіршілігінің басты қағидасы етіп алған қазақ халқы үшін ар-намыс, ұят-ұждан ұғымдары аса киелі. Дала тұрғыны дүние күйіп кетсе де, ар-намысты таптатпауға тарс бекінген. Жаны үшін малын садақа етсе, ар-ұят үшін жанның өзін пида етуге дайын болған. Өйткені, қазақ үшін «өлімнен ұят күшті». Сондықтан да ел арасында мынадай мақалдар кең тараған: «Жарлы болсаң да, арлы бол», «Ұят бар жерде иман бар». Қазақ: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», – деген. Дана халқымыз бала дүниеге келген сəттен бастап имандылықты бойына сіңірген. Ислам дінінің қазақ топырағына келуімен халқымыздың өмірінде ұлы өзгерістер мен бетбұрыстар жасалды. Қазақ даласында Ибраһим, Дінмұхаммед, Əлихан, Ахмет сынды дін

мен ділдің жанашыр тұлғалары өмірге келді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бір хадисінде: «Қиямет күні өз аттарыңызбен жəне əкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар. Сон дық тан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар», – дейді. Бабаларымыз балаға азан шақырып, ат қоюға асқан жауапкершілікпен қараған. «Балаға қойылған ат, оның болашағына əсері болады», – деп, сəбиге жақсы есім қоюға мəн берген. Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игi дəстүрлерiнiң бiрi – қонақжайлылық. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесiнен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен сый-құрметiн көрсетiп аттандыру əркiмнiң парызы деп санаған. Қонақ болуы үшiн оның таныс болуы шарт емес. Əрбiр жолаушы кез келген қазақ үйiнде қонақ асын «бөлiнбеген еншiм» деп талап етуге ерiктi болған. Сүйікті пайғамбарымыз бір хадисінде «қонақ Алладан он есе ырыздық əкеледі, оның бірі есесін ішіп-жесе, тоғыз есе ырыздық сол отбасында қалады» деген. «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мəтелдердің астарында пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінің мағынасы жатыр. Бұл да басқа халықта кездесе бермейтін ұлағатты өнеге. Əлемнің ең озық елдері бағыт-бағдарын дəстүрге идіріп отырған осы заманда біз де бұл үрдістен қалыс қалмауымыз қажет. Қазақстан мұсылмандары діни бас қармасы 2014 жылды «Дін мен дəстүр» жылы деп жариялады. Руханиятымыздағы мұндай үлкен өзгерістердің өмірге келуі – ұлттық болмысымызды қалыптастыру, өткенге көз тастап, болашаққа бағдар жасау, тарихтың тағылымынан сабақ алудан туған ізгі мақсат еді. Имамдарымыз өскелең ұрпақты дəстүрді сақтауға, ана сүтін ақтауға үндеп, өнегелі өмір сүруге шақыруда. «Дін мен дəстүр» жылы аясында жастарды Отанды сүюге, оларға дəстүрлі тəлім-тəрбие беруге басымдық берілуде. Қазақтың ардақты тұлғаларының даналық ойлары мен тəлім мен тəрбиеге толы бай мұрасы насихатталуда.

Ґнегелі ґмір ґрге сїйрейді Ақпараттық технологияның қарыштап дамыған жаһандану заманында жер жүзі бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатқандай əсер қалдырады. Əлбетте,

жаһандану аласапыранында біртұтас халық болып қалуымыз үшін алдымен тіліміз бен ділімізге һəм дінімізге берік болуымыз аса қажет. Халықаралық деңгейде қалыптасқан жайт осыны айғақтайды. Осы тұрғыда діліміз бен дініміздің қамқоры Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында: «Дəстүр мен мəдениет – ұлттың генетикалық коды», – деп атап өтті. Ұлттық құндылықтарымызды лайықты қадірлеп, құнттай алмасақ, танымтүсінігіміз бен бітім-болмы сымызға жат өзгелердің əспеттеп жүрген адамды арсыздыққа жетелейтін мəдениеті күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге əсер етуі мүмкін. Расында, қазақты басқа халықтан ерекшелеп тұратын өзіне тəн қасиеті бар. Ол – шалқар даласындай кең көңілі, дастарқаны жиылмайтын дархандығы, сыпайылығы мен сырттандығы. Кешегі көшпелі өмірден көрініс беретін ат жалына жабыса жасайтын ұлттық жарыстары мен ойындары. Айта берсек, далалықтарға тəн даралық пен дегдарлықты негіздеген игі дəстүр мен даналықтан кенде емеспіз. Ата-бабадан аманат болып жеткен сол дəстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғымұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл діннің əсерінен пайда болған дағдылар. Əрбір ұлтты ұлт ретінде сақтап

қалатын нəрсе тілі мен мəдениеті жəне осылардың негізі болып табылатын діні. Қазақ халқының мəдени құндылықтары, сан ғасырлардан бері сақталып келе жатқан этнографиялық мұрасының негізі дəстүрлі дініміз Исламда болған десек, еш қателеспейміз. Мысалы, қазақ хандарының заңнамаларында шариғат шарттарына басымдық берілуі ұлт пен дін тазалығын сақтап қалудан туған қадам еді. Тəуке хан тұсында қабылданған «Жеті жарғыда» ұлт тазалығы, дін тазалығы деген атаумен арнайы баптың енгізілуі бабаларымыздың дін мен дəстүрге бекем болғанының жарқын көрінісі. Сол сияқты түйінді мəселенің тиімді шешімін таба білген аузы дуалы билер мен шешендеріміздің шариғаттан білімі болғандығы да белгілі. Имандылықты жастайынан үйренген дала тұрғыны сауатты болған. Сауатсыздарды «əліпті таяқ деп білмейді» деп əжуалаған. Тіпті, танымдық мағлұматты білімнің басы деп санаған халқымыз «Дінді білмеген дымды білмейді» деген қағида қалыптастырған. Бұдан

бөлек Ислам құндылықтарын білмеген, Алланың əміріне амал етпеген адамдардың халық арасында беделі де болмаған.

Ќайырымдылыќ – ќайырлы іс Аллаға шүкір, Елбасының қамқорлығымен, дін жанашырларының демеуімен қазір облыс орталықтарында, Астана мен Алматы қалаларында зəулім мешіттер салынуда. Мешіт тұрғызу – теңдессіз сауап. Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды», – деген. Алла Елшісі (с.ғ.с.) тағы бір өсиетті сөзінде: «Адам баласы дүние салған соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: садақа жария, пайдалы ғылым, артынан дұға қылатын салихалы перзент», – деген. Сауабы үзілмейтін амал садақа жария деп аталады. Садақа жария дегеніміз: қайырымдылық ретінде көпшілік үшін жасалған қайырлы іс, берілген игі садақа. Мысалы, мешіт, медресе, мектеп салу, емхана, балабақша тұрғызу, көпір салу, құдық қаздырып су шығару, жол жасау, бір сөзбен айтқанда, халықтың игілігі үшін жасалған игі де сауапты істер. Садақа жарияны тек мешіт-медресе салумен шектемеу керек. Аллаға шүкір,

қазір иманды азаматтар Алла үйін тұрғызумен қатар, халықтың игілігі үшін балабақша, емхана салып беруде. Тіпті, кейбір абзал азаматтар ауылға көгілдір отын тартып, су жүргізіп, əлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларына көмегін көрсетіп жатыр. Қайырлы істің бəрі қайырымдылыққа жатады. Аллаға ұнамды əрбір игі амалдың сауабы мол. Ал мешіт – халықты имандылыққа шақырып, бірлікке ұйытатын білім ордасы. Тəуелсіздік алған жылдары елімізде санаулы мешіт болса, қазір оның қатары 2300-ден асты. Алғашқы жылдары құлшылық үйіне ақсақалдар келсе, бүгінгі таңда жамағаттың 70-80 пайызы жастар. Жастардың имандылық жолында жүруі үлкен нығмет десек, олардың дұрыс бағытта, дəстүрлі Исламды ұстануы маңызды. Жауапкершілігі жоғары Бас мүфти лауазымына тағайындалған кезде имамдарға: «Кемінде 5 шəкірті жоқ имам – толыққанды имам емес» деген үндеу жолдадым. Имамнан дəріс алған шəкірт өзгенің теріс бағыттағы сөзіне еліктемейді. Əр мешітте əр имам осылайша шəкірт тəрбиелеуге ден қойып, жастарымызды дəстүрлі Исламмен жүруге, əдетғұрыптарымызға құрметпен қарауға тəрбиелеп келеміз. Қазір жастардың басым көпшілігі интернетті пайдаланады. Олар жаңа технологияларға əуес. Ислам туралы ақпаратты ғаламтордан іздейді. Өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алу үшін компьютерге телміреді. Мешітке келіп, дін қызметкерлерімен кездесіп, сұхбаттасатындар некен-саяқ. Уақыттың осынау жүгін сезініп, Алматы мен Астана мешіттеріндегі имамдарымыз жастарға интернетте онлайн дəріс жүргізеді. Сұрақтарға жауап береді. Арнайы сұрақтарға жауап беру телефон желісі де ашылды. www.muftyat.kz, azan.kz, muslim. kz, т.б. сайттарымыздың сапасы артты. Жамағаттан, қарапайым халықтан түскен сұрақтарға жауап беретін арнайы мамандар қызмет етуде. Бірде ізгі ғұлама: «Атқаратын шаруалар уақыттан да көбейіп кетті», – деген екен. Тұлға тəмсілінде айтылғандай, қазір дін қызметінде жүрген имамдар үшін де жүзеге асыратын жұмыс көп. Біздің басты байлығымыз – иман, Тəуелсіздік, татулық. Ендеше, осы асыл ұғымдарды сəт сайын қорғау, нығайту əрбір адамның міндеті болса, бұл тұрғыда дін өкіліне артылар жауапкершілік пен сенім орасан зор. Имам жамағатты біреудің намысына тимеуге, оларға қол ұшын беруге шақырады. Мейірімді, момын адам өзгелермен жылы-жұмсақ тілдеседі. Татулықты сүйетін кісі басқалармен жақсы қарым-қатынаста болудың жолын іздейді. Бүкіл мешіт қызметкерлеріне: «Насихат жетпеген жер, ақпарат алмаған адам қалмасын», – деген талап қойдық. Аллаға шүкір, жұмыла көтерген жұмыс нəтижесін бере бастады. Мектеп, мəдениет үйлерінде өтіп жатқан кездесулер жүрекке – иман, көңілге – медеу сыйлауда. Кейбір облыстарда 4 күнде 40 кездесу өтіп жатыр. Бізге сан да, сапа да маңызды. Діни басқарма жанынан құрылған ақпараттық-насихат тобы біз күткен межеден көрінуі тиіс. Жат ағымдағы жастармен жұмыс істеу – мүфтияттың үлкен міндетінің бірі. Діннің насихаты даналықпен көркейеді. Шынайы ықылас пен атқарылған қызметтің нəтижесі шығар, жат ағымның жетегінде кеткен жастарымыздың бірқатары Əбу Ханифа мəзһабымен қайта қауышуда. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мейірім көрсетпегенге мейірім көрсетілмейді», – деген. Мына бір оқиғаны естіп сүйсініп қалғанымыз бар. Бұл бір имамның басынан өткен оқиға. Əлгі имам өмірден əбден қажыған, туысқандарынан үміт үзген бір ақсақалмен пойызда танысады. Жол бойы күні-түні шалдың қызметін

жасапты. Ас-суын əзірлеген, төсегін салып берген, арасында уағызын да айтқан. Мұндай қамқорлықты, тіпті өз перзенті мен туысқандарынан да көрмеген қарт: «Сен өзі қандай адамсың? Маған неге əкең секілді қарайсың?» деп таңғалыпты. Имамның мұндай көркем амалына риза болған атамыз: «Суретіңді берші, үйге іліп қояйын. Келген туысқандарыма: «Осындай жомарт, ақкөңіл адамдар да бар екен» деп айтам» деген көрінеді. Иə, кейде адамды разы етіп, осылай таңғалдыру үшін бүкіл ғұмырыңды сарп етесің, кейде аз ғана амалдың өзі-ақ жеткілікті.

Береке бастауы – бірлік «Ислам» деген сөз – «амандық, есендік, мойынсұну, бағыну, берілу» ұғымын білдіреді. Сондықтан да мұсылманның мұраты – бейбітшілік, тыныштық, татулық. Имам-молдалар жұма уағыздарында жамағатқа халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайта түсу – аса сауапты іс екенін жиі насихаттайды. Өйткені, тыныштық орнаған қоғамда дін де өркендейді. Мешіттер мен медреселеріміздің емінеркін халыққа қызмет етуі, жер-жерде сəні мен сəулеті жарасқан Алла үйлерінің бой көтеруі, т.б. игі амалдар дың атқарылуы тыныштығымыз бен татулығымыздың арқасында жүзеге асып жатыр. Біздің бабаларымыз: «Бірлік бар жерде тірлік бар», – деген қағиданы ұстанған. Біз «əһли сүнна уал жамағат», яғни пайғамбарымыздың жəне сахабалардың (көпшіліктің) жолын ұстанушы үмбетпіз. Берекенің бастауы – бірлік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз үмбе тін үнемі бірлікке үндеген. Өсиетті сөзінде: «Кімде-кім көпшіліктен бір сүйемдей болса да ажыраса, мойнындағы Ислам жібін шешіп тастағаны», – деп, көпшілікпен болудың маңыздылығын айтқан. «...Жамағатпен болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар! Əлбетте шайтан жалғыз жүргенмен бірге, шайтан екеуден алшақтау жүреді. Кімде-кім жəннаттың төрін қаласа, жамағаттан ажырамасын...», – деген сөзін жеткізген. Бейбітшілікті мұрат тұтқан Алла Елшісі (с.ғ.с.) бүлікке алып баратын əрбір іске тыйым салған. Асылында Аллаға мойынсұнған, бейбітшілікті қалайтын мұсылмандар адамдарды таласуға емес, татуластыруға тырысуы тиіс. Білімсіздік – бүлікке, бүлік жамандыққа жетелейді. Біреудің арбауына түсіп, жат жердегі қантөгіске қатысу дұрыс емес. Адам баласы бақытты олай іздемейді. Қару асынумен пенде жақсылыққа қол жеткізбейді. Жиһад дегеніміз – өз нəпсіңмен күрес, көркем мінезге қол жеткізу, жақсы отбасын құру, қайырымдылық жасау, білім алып, елдің, халықтың игілігіне қызмет ету, т.б. Еліміздің мұсылмандары Алла тағаладан бауырлас мемлекеттердегі қантөгістің тоқтатылуын, онда бейбітшілік пен тыныштық, татулық пен достықтың орнауын тілейді.

Дін маќсаты – ізгілік Алла тағаланың жер бетіндегі барша адам баласын əртүрлі ұлттарға бөліп, жаратуы – Жаратушы Иеміздің шексіз даналығы. Қасиетті Құранда: «...Бірбірлеріңді танып-білулерің үшін сендерді халықтар мен рулар етіп жараттық», – деп баяндалған. Құдайға шүкір, сайын даламызды мекендеген сан алуан ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тəтті ғұмыр кешіп келеді. Осының бəрі халқымызға берген Алланың сыйы, өлшеусіз рахымы. Бейбіт заманды басты байлығы санаған сүйік ті Отанымыз əлемге бітімгер, ара ағайын, ымырашыл іргелі ел ретінде танылды. Елбасы Астана қаласында дін

қайраткерлерінің басын қосып, барша халықты діни татулық пен тұрақтылыққа шақыруда. Еңселі Елордамыз рухани келісімнің, бейбітшіліктің алтын бесігіне айналды. Бір шаңырақ астында, бір атаның баласындай, тату өмір сүріп келе жатқан 100-ден астам ұлт өкілдері ынтымаққа ұйысты. Ата Заңымызда айқындап жазылғандай, азаматтардың діни сеніміне еркіндік берілген. Бұл – бейбіт жолды басты бағдар еткен еліміздің тұрақтылығы мен тұтастығының үздік үлгісі. Мұсылманшылықтың мұраты – ұлттар мен ұлыстарды ұйымшылдыққа ұйыту, өзгеге қылдай қиянат жасамау. Адамзатты имандылыққа үндеп, атаананы қадірлеуге, көрші мен ағайынға көмектесуге шақырған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде шынайы мұсылманды – «өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам» деп сипаттаған сөзі кез келген пендеге қай кезеңде болсын, басты бағдар, өлмес өнеге, үзілмес үлгі болған. Білім мен мəдениеттің ордасы саналған Отырар, Сайрам, Түркістан, Тараз, Баласағұн, Сығанақ сынды қалалар Ислам өркениетіне өлшеусіз үлес қосты. Қазақ топырағынан шыққан Əбу Насыр əл-Фараби, Махмуд атТарази, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри секілді даланың дана да дара перзенттері салған ғылым, білім, парасат жолы қазір қайта жаңғыру үстінде. Орталық Азия Ислам білімғылымын, мəдениеті һəм əдебиетін, адамдар құқығының дамуына ықпал етті. Алгебраның негізін салушы ƏлХорезмидің, медицинаның атасы деп танылған Ибн Синаның, физика ғылымының майталмандары – Бируни мен Ұлықбектердің тұлғасы ұрпақ үшін мəңгі өнеге. Белгілі əрі беделді дін оқымыстылары – Қожа Ахмет Ясауи, Имам Əл-Бұхари, Термизи, мұсылман жамағатын ізгілікке шақырған Имам Матуриди, Əбу Ханифалар Ислам білімі мен ғылымында өшпес мұра қалдырып, жақсылықтың жаршысына айналды. Бабалар жолын жалғастырып, дəстүрлі Ислам дінінің Əбу Ханифа мəзһабын ұстанатын халқымыз өркениет пен даму жолына түсті. Исламның қазақ топырағына келуімен көптеген жақсылықтарға қол жеткіздік. Соның бірі – білімге құштарлық. Асыл дініміз ілімді ізгі құл болуға тəрбиелейді. Білім алу – адамды Жаратушыға жақындататын ізгі құлшылық. Қасиетті Құран білімді болуға бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) білімге көңіл бөлуге шақыратын өнегелі өсиеттері көп. Хадистердің бірінде: «Кімде-кім білім іздеу жолына түссе, Алла тағала оған жəннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым ізденушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мəнінде, ғалымға көктегілер мен жердегілер, тіпті судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді. Қарапайым мұсылманнан ғалымның артықшылығы, айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай. Əлбетте, ғұламалар – Пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар мұраға динар немесе дирхам қалдырған жоқ, ғылымды мұраға қалдырды. Кімде-кім Пайғамбардың (с.ғ.с.) мұрасын алса, мол үлесті алғаны болады», – делінген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имам-молдалар мен медресе шəкірттерінің білімі мен біліктілігінің жоғары болуы үшін көптеген игі шаралар ды жүзеге асырып келеді. Елімізде тұңғыш рет медресеаралық олимпиада ұйымдастырылды. Мұндай игі жобалар болашақта да жүйелі түрде жүзеге асырыла бермек. Алла тағала еліміздің Тəуелсіздігін, тыныштығын баянды еткей. Жанжақты дамыған, ізгілік салтанат құрған іргелі елге айналуымызды нəсіп еткей.


7

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

 Жолдау жауапкершілігі «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезеңнің өзі тарихи уақыттың жедел дамуына алып келіп отырғанын айтқан еді. Елбасы «Əлем қарқынды түрде өзгеруде жəне болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таңғалдырады», деген болатын. Шынымен де, қазір жайбасарлыққа салатын заман емес.

Бїгінгі ќоєам белсенді еѕбекті талап етеді Виктор КИЯНСКИЙ,

Парламент Мəжілісінің депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Қазір бəрін де тезірек жасау керек. Алға қойған міндеттерді орындау – ел азаматтарының парызы. Соның ішінде заң қабылдау ісінде де белсенді қызмет істеу қажеттілігі туып тұр. Депутаттар қоғамның қарқынды дамуын қамтамасыз ететін маңызды заңдарды жедел қабылдауы тиіс. Сонымен қатар, заңнамалық актілер бүгінгі таңда тиімді, сапалы əрі нəтижелі болуы шарт. Депутаттар жазғы демалыста болған кезде мемлекеттік басқару жүйесінде өзгерістер орын алды, оңтайландыру үдерісі жүргізілді. Президент Жарлығына сəйкес, Үкіметтің жаңа құрылымы туралы шешім қабылданып, жүзеге асты. Елбасы атқарушы билік жинақы жəне ұтымды қызмет жасауы үшін осындай тоқтамға келіп отыр. Президенттің жаңа бастамаларын өңір тұрғындары əрдайым қуана қабыл алады. Осы жолы да солай болғанына өзіміз куə болдық. Өйткені, тəуелсіздік жылдарының ішінде біздің Елбасымыз көрегендік қасиетке ие екендігіне бəрі де көз жеткізді. Мемлекет басшысының алдағыны болжап жасаған қадамы əрқашанда сəтті жүзеге асып келеді. 2 қыркүйек күні қос палатаның бірлескен отырысына қатысқан Қазақстан Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев жылдағы дəстүр бойынша Парламенттің жаңа төртінші сессиясын ашып беріп, депутаттарға шұғыл түрде жəне басымдық берілген заңдарды қабылдау заман талабы екенін айтты. Əсіресе, бірінші кезекте Президент Жарлығы бойынша жедел əзірленген «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізуді көздейтін жəне еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелерін реттеуге бағытталған заң жобалары жедел қабылданатын болады. Қазір осы заң актілерінің жобалары бойынша палата депутаттары жедел қарқынмен жұмыс істеуде. Сондай-ақ, депутаттар алдында өнеркəсіп жүйесін жаңғыртуға бағытталған заңдарды жетілдіру міндеті тұр. Қаржы саласында болатын тəуекелдерді алдын ала болжай біліп, соған сай іс-шаралар қабылдау – елдің экономикалық тұрақтылығын сақтаудың бірден-бір кепілі. Елбасының сөзінен түйгенім, əр адам өз күші мен қабілетіне сене білуі тиіс. Яғни, біз қашанда экономикалық не саяси іс-қимылдар жасаған кезде, өзімізге қажетті қолайлы жағдайды өзіміз қалыптас тыра алатынымыз анық. Міне, сол арқылы халықтың жағдайы жақсаратыны сөзсіз. Қабылданған барлық заңдар да, бағдарламалар да осы мақсатты көздейді. Бізге көбірек əрі тиімді жұмыс істеу қажет. Нəтижесінде Елбасының дамыған 30 елдің қатарына қосылу идеясын іске асыру – ең басты мақсатымыз! Халықта «не ексең – соны орасың» деген дана сөз бар. Бүгінгі еңбегіміз қалай болса, келешектегі нəтижесі де сондай болмақ. Еліміздің өңірлерінде де кім жақсы еңбек етіп жатса, сол жайлы өмір сүріп жатыр. Əріптестерім Самиғолла Оразов пен Шавхат Өтемісов үшеуміз батыс өңіріне барып, Сырым, Шыңғырлау, Қаратөбе, Бөрлі жəне Зеленов аудандарында тұрғындармен кездесу өткіздік.

Сол секілді Орал қаласындағы бірнеше еңбек ұжымдарын араладық. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, өңірлерде ел үшін аянбай тер төгіп, жаңа заманның озық жетістіктерін меңгеріп алған замандастарымызбен жүздестік, атқарылып жатқан оң істердің куəсі болдық. Сайлаушылармен кездесу кезінде Орал қаласындағы Ақсерік Əйтімов басшылық ететін Қазақстанның Инновациялық жəне телекоммуникациялық жүйелер университетінде (ҚазИТЖУ) болдық. Бұл оқу орнына баруды парызымыз деп санаймыз. Өйткені, бұл – инновациялық оқу орны. Екіншіден, онда кезінде энергетикалық кешеннің негізін қалаған едік. Ол оқу орнының барлық ғимараты газбен жылытылады. Жылыту жүйесінің қондырғылары өте таза, аз шығынмен жұмыс істейді. Сондай-ақ, жел жəне күн энергиясын пайдалану құрылғыларын да орнатып қойған. Болашақта автономды жұмыс істейтін кешен құруды ойластыруда. Оқу орнының басшысы əрқашан жаңа жобаларын жария етуді жаны қалап тұрады. Осы жолы барғанымызда бірқатар жаңа жобаларымен таныстырды. ҚазИТЖУ-дың оқытушылар құрамы тек қана жастарға білім берумен шектелмейді, ғылыми жаңалықтарды ашуға талпыныс жасап келеді. Студенттер де жаңа инновациялық жобалар жасауға бейімделуде. Осы бағытта бұл оқу орны Самара ғарыш университетімен белсенді байланыс жасайды. Ғылыми жұмыстарды бірігіп атқарады. Сондай-ақ, Самара университетінен білікті оқытушылар келіп, дəріс береді. Тəжірибе алмасады. Осы оқу орны Самара университетімен бірлесе отырып, күн батареясымен жүретін автокөлікті ойлап шығарыпты. Біз автокөлікті алғаш рет жүргізу рəсіміне қатыстық. Міне, осындай жаңашыл жобаларды телеарналардан көрсетіп, газеттерге жазса, көп адамдардың қызығушылығын туғызар еді деп ойлаймын. Халықта «Істің оңға басуы басшыдан» деген қағида бар. Мысалы, біз Шыңғырлау ауданында болып, аудан əкімі Алдияр Халеловтің кабинетіне кіргенімізде бір байқағанымыз, кəдімгі желдеткіш тұр екен. Ол желдеткіштің басты ерекшелігі күн батареясы арқылы жұмыс істейді. Кабинетке түскен күннің сəулесінен қуат алады. Аудан əкімі үлгі көрсетіп отыр. Міне, содан болар, аудан көлемінде де энергияның жаңа көздерін пайдалану ісі кең түрде қолға алына бастаған. Айталық, Шыңғырлау ауданында экологиялық жобаларды белсенді іске асырып жатқандар аз емес. Соның бірі – кəсіпкер Александр Рудь деген азамат. Ол кезінде Шыңғырлау училищесін бітірген, мамандығы – дəнекерлеуші. Алайда, ауыл шаруашылығымен айналысуды жөн көріпті. Қазір көлемді алқапқа картоп егеді. Ол жерге тамшылатып суару жүйесін орнатқан. Негізгі құрал-жабдықты, техниканы сатып алғанмен, оның қажетті құрылғыларын өзі жасағанын, жаңаша жетілдіргенін байқадық. Соның арқасында жоғары өнім алып отыр. Маусымдық кезеңде қосымша жұмыскерлер алады екен. Бұған дейін картопты көтерме бағамен өткізіп келсе, енді оны арнайы үй-жайда сақтауды қолға алғалы жатыр. Табыс табудың арқасында ол енді өз шаруашылығын ұлғайтуды көздеп отыр. Қазір «Гефес» ЖШС-ін құрыпты, онда мамандар дəнекерлеу жұмыстарымен айналысады, пластик материалдан

есік пен терезелер жасайды. Осы жұмыстардың да қарқынды бастау алғанына куə болдық. Біз Қаратөбе ауданында «Думан» шаруа қожалығының басшысы Серік Құбашовтың жұмысымен таныстық. Тіпті, қалалықтар əлі ден қоя қоймаған жаңалықты ауылдықтардың өз тұрмысына енгізіп жатқанын көрдік. Ол шаруа қожалығының энергия қуатын алатын шағын жел қондырғысы бар екен. Бірақ ол мал шаруашылығы кешенінің барлық төңірегін жарықпен қамтамасыз етіп тұр. Сонымен қатар, күн батареясын да орнатыпты. Ол əртүрлі сорғылардың жұмыс істеуіне қуат береді. Мұның сыртында шаруа иесі экологияны сақтау тұрғысында алғанда бұрынырақта болған əдіс-тəсілдерді де тиімді іске асыруда. Мысалы, қыста мал тұруына қолайлы болу үшін жақсы жа салған қораларды көрдік. Малдың қиын да кəдеге жаратып отыр. Тезекті қыста отын ретінде пайдаланады. Айталық, онымен мал ішетін суды жылытуы мүмкін. Қысқасы, ол дала табиғатында қалыптасқан дəстүрлі тəсілдерді жаңа заман технологиясымен ұштастырып отыр. Малды баққан соң, ол аязды күндері жылы жерде болуы қажет, сонда арықтамай, күйін сақтайтынын жақсы біледі. Үй мен қорасының айналасы тап-таза, артық жатқан дүниені көрмейсің. Осындай ісі алға басқан, шаруасын дөңгелентіп отырған кəсіп иелерін баспасөзде насихаттасақ, нұр үстіне нұр болар еді. Кейін жергілікті телеарнаға сұхбат бергенде осы пікірімді айттым. Осы сессияда заңнамалық жұмыс өте көп болмақ. Заң шығару ісі түгел Парламенттің ғана емес, əрбір депутатқа да қатысты. Сондықтан əр парламентші өз күшін бағамдап, өз қызметін нақты регламенттей білуі тиіс. Атап айтқанда, индустриялықинновациялық даму бағдар ламасын жалғастыруға қатысты, ауыл шаруашылығын рефор малауға байланысты, медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мəселелері бойынша жаңа заң жобалары қазірдің өзінде келіп түсті. Агроөнеркəсіп саласындағы заңнаманы бүгінгі талаптарға сəйкес келтіру үшін бір топ заң жобаларымен жұмыс істеу қажеттігін Елбасы айтып өтті. Өйткені, біз малдың ет өнімде рімен жəне тауық етімен, жұмырт қамен ішкі сұранысты өзіміз қамтамасыз етуге тиістіміз жəне экспортқа шығаруымыз керек. Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушылар қатары артып отырғаны да бұл салаға жаңаша қарауды талап етеді. Соған орай бірқатар заңдарға өзгерістер енгізілмек. Шынын айту керек, заң шығару ісінде Парламент депутаттарының жұмыссыз отырған күні жоқ. Себебі, заң жобаларын жетілдірумен қатар, депутаттардың өкілдік функциясына қатысты көлемді жұмыстар бар. Бұған қоса, «Нұр Отан» партиясы фракциясының бізге жүктеген міндеттерін ескеруіміз керек. Соңғы жылдары «Нұр Отан» партиясы Парламенттегі қызметін белсенді жүргізіп отырғанын айта кеткеніміз жөн. Фракция жанынан құрылған кеңестердің жұмысы нəтижелі болып келеді. Айталық, өзім экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырыстарына қатысамын. Онда заң тұрғысында шешуді қажет ететін қоғамның көкейкесті мəселелері талқыға салынады. Сондықтан Парламент тек заң шығару қызметінде ғана емес, қоғамдық-саяси мəселелерге де белсенді араласып келеді.

Ўлттыќ мəдениеттіѕ ўлыќ міндеті Марал ЖАҚЫПОВА,

Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының директоры.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауын жақсылықтың жаршысындай, ертеңгі күніміздің хабаршысындай асыға күтеміз. Елбасының əр Жолдауы болашағымыздың бағдары, атқарылар істің нақты жоспары іспеттес. Елбасының биылғы «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы көкірек көзі ашық, сана-сезімі сергек, ойпікірі зерек əр қазақстандықтың жауапкершілігін, ертеңгі күнге деген сенімін арттыратын, іскерлігін дамытатын, ұлттық рухын оятатын құжат. Қазіргі таңда ұлттық рухы дамыған, жігер-намысы тасыған ұрпақты тəрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру – үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет. Елбасының сындарлы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін «Ерім деп еміренетін ел керек, елім деп еңірейтұғын ер» керек. Кемелденген қарты бар, ізденетін жасы бар қоғам қалыптасуы қажет. Өйткені, «Мəңгілік Ел» идеясы ғасырлар бойғы халқымыздың көксегені, жаңа заманның мəртебесі. Ұлттық сипатымыздан арылмай, əлемдік деңгейде өзімізді таныту үшін, өзгеге өкпе артпай, өз жетістігіміз арқылы мойындата білу үшін, өзгенің тозығынан безініп, озығын ғана екшеп алып, бойымызға дарыту үшін дамудың мəртебелі жолына бет бұру қажет. Сол идеяны санаға сіңіріп, қалғып кеткен қазақи рухты оятуда мəдениет пен өнердің, соның

ішінде кəсіби қазақ театрының атқарар рөлі ұшан-теңіз. Себебі, театр өз болмысында ұлттық рухты оятатын өнер ордасы. «Театр өмірдің айнасы» деп бекерден-бекер айтпаған. Өйткені, Софокл сияқты сүйсіндіріп, Мольер сияқты күлдіріп, Шекспир сияқты жылату тек өнердің ғана эстетикалық функциясы. Ал, күлдіре отырып жылату, сол арқылы шынайы шындыққа көз жеткізу, ақ пен қараны айырып, адалдықты еріксіз мойындатып, əділеттікке бас идірту құдіреті тек сахна өнерінің сыры, актерлік шеберліктің шыңы. Томас Манның «Театр тобырды халыққа айналдырады» дейтін қанатты пікірі бар. Осы ойды тарқата келе театр халықты ұлтқа айналдыратынын терең ұғынуымыз қажет. Өйткені, көрерменнің жүрегі мен ақыл-ойын баурап алып, оны не нəрсеге болса да сендіруге, иландыруға, жандүниесін тазартып, адамгершілігін арттыруға септігін тигізетін сөз өнері. Қазақ театрының сахнасынан Абылайдай айбынды, хан Кенедей кемеңгер бабаларымыздың ел тағдырын шешетін кесімді сөздерін, Қазыбек пен Əйтекедей қара қылды қақ жарған əділ билердің аталы сөздерін, ақыл мен нақылға толы халқымыздың шешендік сөздерін көрерменге жеткізудегі ең басты мақсат – ұлттық рухты ояту. Қазақ елінің бірлігі мен қазақ жерінің тұтастығын жанкештілікпен сақтап қалған тарихи тұлғалар арқылы бүгінгі тəуелсіздігіміздің қадір-қасиетін арттыру. Ақан мен Біржандай, Үкілі Ыбырай мен Балуандай жезтаңдай, күміс-көмей əнші бабаларымыздың əн-жырлары,

өмір-дастандары арқылы ұлттық өнеріміз бен мəдени мұрамызға деген мақтаныш сезімін арттыруымыз қажет. Ұлан-ғайыр қазақ жерінде теңдесі жоқ Арқаның əн өнерін паш етіп, қаймана қазаққа аты мəлім Көкшетаудың шоқтығын көтеруіміз абзал. «Өткенін білмеген болашағын да болжай алмайды» демекші, театр сахнасындағы əр тарихи қойылымның өзіндік орны ерекше. Театр – жазушы-драматургтің, қоюшы режиссердің, актерлік шеберліктің жемісі. Мұның сыртында суретшінің, музыканттың, бишінің, əрлеушінің, тігіншінің, жарық беруші мен дыбыс берушінің қыруар еңбегі зор. Осының бəрі көрерменді адамгершілік пен ұлтжандылыққа баулу үшін, ұлттық өнерге тəнті ете білу үшін атқарылып отырған шығармашылық еңбек. Былтырғы жылы театр көкшетаулық көрерменге он шақты жаңа қойылым ұсынды. Сонымен қатар, халықаралық, республикалық театр фестивальдеріне қатысып, мерейімізді үстем етті. Ақтөбе қаласында өткен Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған XXI республикалық драма театрлары фестиваліне Иран-Ғайыптың «Хан-Абылай» қойылымын ұсынып, «Тарихи тақырыпты сəтті игергені үшін» аталымы бойынша марапатталды. Тараз қаласында өткен «Тұңғышбай əл-Тарази Таразға шақырады» атты актерлік шеберлікке арнал ған I республикалық театр фестиваліне И.Лаузундтың «Офис» спектаклімен қатысып, «Ең үздік актерлік ансамбль» жүлдесін жеңіп алдық. Жыл соңында арнайы шақыру бойынша Қазан қаласында өткен жас режиссерлердің V

Отансїйгіштік тəрбие арќылы ќалыптасады Дүйсен СЕЙІТҚАЛИ,

Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дəстүрлі Жолдауларының өзіндік ерекшеліктері бар. Ал биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстанды мəңгілік мемлекет ету идеясын ерекше бөліп көрсетті. «Мəңгілік» сөзі баршаға түсінікті. «Ел» сөзі дəстүрлі қазақы ұғымда «мемлекет» деген мағына береді. Бұл термин ғалымдардың деректеріне қарағанда, көне түркілер заманынан бері қолданылуда. Ал əлемнің кез келген халқы мемлекетінің мəңгілік болғанын қалайтыны түсінікті. Бірақ, ол арманның бəрі бірдей орындала бермейді. Адамзаттың өткен тарихына көз салсақ, талай мемлекеттер жер бетінде пайда болып, өмір сүріп, қаншамасы жойылып кетті. Өткен XX ғасырдың өзінде ғана жер бетінде 10 мемлекет өмір сүруін тоқтатыпты. Сондықтан Президент «Мəңгілік Ел» болудың оңай болмасын биылғы Жолдауында ашық айтып, ескертті. «Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бəсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен əлемдік

саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді». Рас, кез келген мемлекет ұрпағын Отанының мақтанышы болуға тəрбиелейді. Жалпы, «патриотизм» ұғымына ғылымда философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыда əртүрлі анықтамалар беріледі. «Қазақстандық патриотизм əрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну. Барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан жете құрметтеу, олардың салтын, дəстүрін, тарихы мен мəдениетін құрметтеу, мемлекет рəміздеріне, мемлекеттік тілге құрметпен қарау. Туған жерге деген махаббаты, Қазақстанды барлық азаматтардың бірыңғай Отаны ретінде түсінуі» деп ресми құжаттарда анықтама беріледі. Ал отансүйгіштік сана білім беру арқылы жəне ұлттық, тарихи сананы орнықтыру арқылы қалыптасады. Азаматтардың бойында осы сезімді қалыптастыру мəдени-рухани тəрбие саласындағы өзекті міндеттердің бірі. Өйткені, шынайы отансүйгіштік сана-сезім жасампаздық істерге бастайды, қоғамды өзгертуге, дамытуға өлшеусіз үлес қосады. Президент тапсырмасымен өмірге келген «Интеллектуалды ұлт2020» мемлекеттік жобасы да осы мақсатпен жасалған. Қазақстандық отансүйгіштік негізінен ұлттық тəрбиемен қалыптасады. Қазіргі қазақстандық патриотизм қалыптасқан Қазақ мемлекетінің одан

əрі дамуының негізгі тіректерінің біріне айналуы тиіс. Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған сөздерінде ел азаматтарының намысын қайрап, жігерін жанатын ой-пікірлерін жиі ұсынып отырады. «Бойында қаны бар, намысы бар əрбір азамат: «Енді тəуелсіздігімізді қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз?!» деп ой-санасын қамшылауы керек» деген болатын. Елбасы өткен жылы Астана қаласындағы № 64 мектепте өткізген патриотизм сабағында «Қазақ елі» пəнін енгізу қажеттігін айта келіп: «Туған жерінің, өз халқының тарихын білмейінше, шынайы патриот болу мүмкін емес», деп жастар тəрбиесіндегі тарихи білім мен тəрбиенің маңызына назар аударған еді. Отансүйгіштік санасезімнің қалыптасуы қазіргі заманда тəрбиемен бірге білімге де тығыз байланысты. Нақты айтқанда, білім бəсекеге қабілеттілік өлшеміне сəйкес болуы шарт. Сондықтан тəуелсіздіктің алғашқы айларынан бастап ғылым мен білім беруді дамыту Елбасы саясатының басым бағыттарының біріне айналды. 1993 жылдан бастап жастарға əлемдік деңгейде білім беру үшін жасалған жəне қазір нəтижесін беріп отырған «Болашақ» бағдарламасы осының айқын дəлелі. Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып жоғары білім беруде үш деңгейлі оқу жүйесіне көшті. Ғылымды басқарудың жаңа моделін жолға қойды. Ал білім мен ғылымның

Халықаралық «Ремесло+» театрлар фестиваліне қатысып, дипломант атанды. Осы орайда, татар хал қының өнерге деген құрметі біздерді тəнті етті. Ал, өз еліміз де жағдай біршама өзгеше сипатқа ие. Татар халқы театрға отба сыларымен келіп, рухани азықтан нəр алады. Бір-бірімен тек өз тілдерінде сөйлесіп, ана тілінің қадір-қасиетін ең бірінші о р ы н ға қояды. Біз олардың ұлтжандылығына, ана тіліне деген құрметіне, ұлттық əдет-ғұрпына, салт-дəстүріне деген беріктігіне, асқан мəдениеттілігіне, ұлттық өнерге деген құштарлығына қарап қызыққанымызды жасыра алмаймын. Бірақ, олар біздің тəуелсіздігімізге қызыға қарайтындай. Иə, Қазақ елі ешкімге тəуелді емес. Көк аспанда тəуел сіз дік туы желбіреген мемлекет қазір дамудың даңғыл жолына түсті. Экономикамыз өрлеп, халықтың əл-ауқаты өсуде. Ендігі мақсатымыз – 30 дамыған мемлекет қатарына қосылып, өркениетті елдің бірі болу. Елбасы өз Жолдауында қазақи ұлттық идеологиямызды айқындап, тамырын терең салған елдігімізді, жарқын болашаққа жол тартқан жасампаздығымызды атап айтты. Мұнан əрі тілді даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгенімізді айта отырып, қазақтың қасиетті қара сөзінің тағдыры өз тіліміздің ұшында екенін ұғындырды. Мемлекеттік тіл дəрежесіндегі қазақ тілінің ауадай қажеттілігін тудыру əр саналы қазақтың қасиетті парызы екенін жеткізді. Елбасы бұл ұстанымын Ұлытауда берген сұхбатында тағы да негіздей түсті. Ендеше, ұлтымыздың бар болмыс-бітімін ұқтыратын, оны Мəңгілік ететін ұлттық өнерді, ана тілімізді күнделікті өмірдің сəніне айналдырайық дегім келеді. Бұл өнер адамдары мен өнер жанашырлары үшін бүгінгі күннің атқарылар абыройлы ісі, ертеңге қосқан сүбелі үлесі деп білемін. КӨКШЕТАУ.

мазмұны жылдан-жылға жаңару үстінде. Соның айғағы іспеттес, заман талабына негізделіп жасалған «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Тағы бір атап өтерлік жайт, елімізде халықаралық стандарттарға негізделген Назарбаев Университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептері құрылып табысты жұмыс істеуде. Ал болашақта барлық білім беру мекемелерін осындай жоғары деңгейге жет кізу міндеті қойылып отыр. Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында еңбек ететін педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру «Кембридждік тəсілмен» жүзеге асырылуда. Ұстаздарды шет елдерде тағылымдамадан өткізу ісі де қолға алынды. Қазақ ғылымы да əлемдік ғылым жетістіктеріне өзіндік үлесін қосуда. Соның бір мысалы қазақ математигінің тамаша табысы. Мұхтарбай Өтелбаевтың жаңалығы сол, əлем ғалымдары ғасырға жуық уақыттан бері жауабын таба алмай келген жеті есептің бірінің шешімін тапқан. Ғалымның айтуынша, бұл есеп сұйықтық пен газдың жылдамдығын анықтауға арналған. Математикалық теңдеу тайфун, цунами сияқты жойқын табиғи құбылыстардың пайда болуын, қозғалысы мен жылдамдығын, олардың қай жерден бастау алып, қайда тоқтайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл есеп техника саласына да кəдеге жаратылады. Мысалы, ұшақтардың қанатын жасауда, көліктердің жылдамдығын реттеуде де кеңінен қолданылады екен. Біздің келешек жастарымыз да осындай шешімі күрделі жаңалықтарды ойлап тапса, біздің ұлы мұраттарымыздың орындалуына үлес қосқан болар еді...


8

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

ОТБАСЫ ОТАННАН БАСТАЛАДЫ

Адам баласы үшін отбасының орны бөлек, ол баршамызға да аса қадірлі, қастерлі. Өмірлік өнегені, үлкен үлгіні, тəлім-тəрбиені, жақсыны, жақсылықты сол ұлағаты мол ыстық ұядан аламыз. Берекелі бірлік те, ырысты ынтымақ та осындай орнықты отбасынан басталады.

Жақында Алматы өңірінде іссапармен болып қайттым. Сайлаушылармен кездесу аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі мүшелерімен жүздестім. Аналар кеңесінің мақсаты заманауи отбасындағы тəрбиеге байланысты мəселелерді көтеру, балаларды отаншылдыққа баулу бағытындағы этностық дəстүрді насихаттау болып табылады. Кездесу барысында қатысушылар ана жүрегін мазалаған мəселелерді қаузады.

Ґнегелі отаудыѕ ґрісі кеѕ Жақында ғана егемен елімізде ерекше аталып өткен Отбасы күні жалпақ жұрттың көңіліне көктемдей нұрлы шуақ құйып, ақ ниетті адам жанын жайдары жаздай жадыратты деп атап айтуға болды. Қазыналы Қарасай ауданындағы Алмалыбақ ауылында атына заты сай, оқу-тəрбие үдерісінде үлкен жетістікке жетіп жүрген бір білім ошағы бар. Дəл осы əл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын арнаулы гимназияда отбасылық құндылықтарды ардақтаған тамаша бір басқосу өтті. «Өнегелі отаудың өрісі кең» деп аталған, əрі сырласу кеші делінген жүрекке жылы жүздесу үш үйдің үйлесімділігіне арналған екен. Алғашқы болып Қанат, Гүлсім Тəкебаевтар ортаға шығып, қырық жылдан аса отбасының түтінін түзу ұшырған өркенді өмірлері туралы, жарасты тірлік-тіршіліктері жайында ағынан жарыла айтып берді. Белгілі журналист, Қазақстан Жур налистер одағы сыйлығының лауреаты, ақын Қанат Тəкебаев өз отбасын өлеңмен таныстыра келе: «...Көріп өскен өмірдің бал құрағын, Жаныма жалау болған жаңғырар үн. Отанға уық болған отбасым бар,

Ол менің өркен жайған шаңырағым... ...Аман тұрса аспандағы ай-күнім, Жадыраймын, жайдарымын, жайлымын. Отбасымнан артық бақыт жоқ маған, Отбасым ғой өмірдегі байлығым...» – деп толғанды. Қанаттың бұлайша телегей теңіздей шалқитын да, толқитын да жөні бар. Ол осы гимназияның əдеп жəне өзін өзі тану пəнінің мұғалімі, «Алтын алқа» иегері Гүлсім екеуі сегіз ұл-қызды аялап өсірген, ұзақ уақыттан бері Құдай берген құлындарының, бірін бірі түсініп сыйласа білуінің арқасында берекелі де мерекелі ғұмыр кешіп келе жатқан отбасы. Кезінде Ақжол, Абзал, Алмас атты үшемді дүниеге əкелген отбасы ретінде Қазақ елінде атағы дүркірей шығып, абыройы асқақтағанды. – Шынына келсек, бас қосқаннан кейін сегіз жыл бойы сəби сүймедік, – дейді Қанекең. – Бірақ, біз бір-бірімізге сүйіп қосылдық қой. Сондықтан оттай ыстық сезіміміздің шыныдай шытынауына жол бермедік. Кейіннен, тіпті, балалар үйінен біреуін асырап алсақ қайтеді дегендей ойға да жиі келіп жүргенімізді жасырып қайтейік... Алайда, біздің ұрпақ жалғастыруға, нəресте сүюге деген шын ниетімізді, шынайы тілегімізді қабыл еткен рахымы мол, құдіреті

Тґл ќўндылыќтарымызды баєалайыќ Бақытбек СМАҒҰЛ,

Парламент Мəжілісінің депутаты.

күшті Аллаға ризамыз. Жаратқанның осындай сынынан өткен соң отбасымыздың түнін айдай жарқырата Лаура қызымыз дүниеге келді. Онан кейін Мақпал қызымыз, Асхат, Алмат ұлдарымыз, онан кейін əлгі үш ұл... Осылайша əулеттің алтын тіні алтын құрсақты ананың арқасында жақсы жалғасып жүре берді. Ең кенжеміз Мəдина қазір 11-сыныпта. Лаурадан бүгінде екі жиен немереміз бар. Мақпал да бір үйдің келіні, ол да ана атануға дайындалып жүрген секілді. Балаларымыз түгелдей дерлік өмірден өз орындарын тапты, бұл да қуаныш қой. Əдемі əңгімелерін екінші болып айтқан ай мен күндей үш қыздың ата-анасы Дəурен, Назгүл Құрманбековтерді де көпшілік жақсы қарсы алды. Үйленгендеріне жиырма жыл болып қалған, яғни тəуелсіздіктің елең-алаңында бастары қосылыпты. Үлкендері Еркежан биыл гимназияны «Алтын белгімен» бітіріп, əлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіпті, Назгүл осы гимназияда орыс тілінен сабақ берсе, Дəурен автопаркте слесарь болып жұмыс істейді. Ал келесісі – жаңа мыңжылдықта шаңырақ көтерген Əділ мен Гулина Баққожаевтар отбасы – ең жас ерлі-зайыптылар. Екеуі де кезінде Қытайдан Отаным деп оралыпты. Бір қызығы, олар өздерінің атажұртына келгенде табысып, осында отау тігіп, шаңырақ көтеріпті. Тағы бір сүйсінерлігі, Гулина гимназиядағы мықты математика мұғалімі көрінеді, мықты болғанда да ол бұл пəнді ағылшын тілінде жүргізеді екен, бірнеше байқау, бағалауда жүлделі орындарды иеленіпті. Жүргізуші үш отбасына күнделікті өміртіршілікте көп кездесетін сан алуан ісəрекеттер жайында əртүрлі қызық сұрақтар қойып, бəріне де қызық жауаптар алды. Əйтеуір, сұрақ-жауап барысында: «Бас екеу

болмай, мал екеу болмайды», «Жақсының ашуы шайы орамал кепкенше...», «Қайтып келер есігіңді қатты жаппа...», «Үйлену оңай, үй болу қиын», «Тəрбие басы – тал бесік» жəне т.б. нақыл сөз, мақал-мəтелдер жиі айтылып, жиналғандардың көңілін де, құлағын да елеңдетіп отырды. Бірақ, айтылғанның барлығы да тағылымды жайлармен өнегелі өріліп жатты. Сəлден соң олар өнер көрсетуден де ортаға шығып, Қанекең «Отбасым туралы ода» атты өлеңін оқыса, Дəурен кішкентай қызымен, жан-жарымен қосылып, гитарамен «Анама» деген əдемі əн айтты, ал Əділ мен Гулина екеуі «Қаражорға» биін елді қаратарлықтай етіп еліктіре биледі. Сонымен, бір-бірінің өкшесін басып, іздерін қуып келе жатқан үш буын, яғни үш кезеңде отау құрған отбасылармен сырласу кеші тартымды, талайға тағылымды болды. Отан, отбасы, елді, жерді сүю, сыйластық, ата-ананы құрметтеу, перзент парызы жайында əсерлі əңгімелер айтылды. Ең бастысы, бұл басқосудың оған қатысқан еліміздің ертеңі – оқушылар үшін тəрбиелік мəн-маңызы ерекше еді. Кеш барысында Ұмтыл ауылдық округі əкімдігінің бас маманы Нəйлə Бекешова, гимназияның менеджері, ардагер ұстаз Нағима Сағатова жəне т.б. сөйлеп, ақ тілектерін айтты. Ал гимназия директоры Баян Саурамбаева ізгі ниетін білдіре келе, үш отбасына да Алғыс хат тапсырып, гүл шоғын сыйлады. Берікбай ҚАДЫҚОВ, журналист.

Алматы облысы, Қарасай ауданы. ––––––––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Ерлан ƏЛИАСҚАРОВ.

Далапыраз КƏКҐНОВА:

«Балаларым – болашаќтыѕ кірпіші» Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар қоғамдағы бірлік пен келісімнің негізгі тұтқаларының бірі болып саналады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Отан – отбасынан басталады» деген халықтық қағиданы жаңа қырынан жаңғыртып отыр. Ол кісі отбасы жауапкершілігін ел тəуелсіздігінің болашағымен байланыстырғаны жүрекке жылылық орнықтырады.

Отбасының əлеуетін арт тырған Астанадағы келелі жиында Нұр сұлтан Əбішұлы «Қазақстан-2050» Стратегиясында биік мақ сат – əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті қойылғандығына тоқталды. «ХХI ғасырдың ортасында отбасыларының басым көпшілігі тыныштық пен молшылықта өмір сүретін ел ғана ең дамыған мемлекет қатарында болады. Балаларды тəрбиелеп, оларға сапалы білім береді, аға буынға қамқорлық көрсетеді, саламатты өмір салтымен жүреді», – деді Мемлекет басшысы. Бұл сөздерді жай ғана айтып қоймай, игі тілекті іске асырудың нақты міндеттерін алға тартты. Қазақстан Президенті отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық жəне рухани адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын əзірлеуді тапсырды. Мен өзім бұл басқосуға қатыспағаныммен, бала-шағамның ортасында теледидар көріп отырып көп нəрсеге сүйсіндім. Əсіресе, егде адамдарды жасына қарай кемсітуден қорғау үшін заңнамалық базаны əрі қарай жетілдірудің, сондай-ақ, жетім балаларды асырап алған жəне тəрбиелейтін азаматтарға қолайлы құқықтық ахуал жасаудың маңыздылығына назар аударуы тынысымды кеңітіп тастағандай болды. Президентіміздің «Жетім жəне қамқоршысыз қалған балалардың

бірыңғай жалпыұлттық дерек қорын қалыптастыру керек», деген сөздері ұлтымыздың қымбат қасиеттерінің жоғалмайтынын дəлелдеп тұрды. Елбасымыздың тұңғыш өткізілген «Мерейлі отбасы» ұлттық жобасының

қорытындысында айтқан «Əрбір отбасының тарихы – бұл Қазақстан тұрмысының үлкен энциклопедиясы», деген сөздері менің де тағдырымды анық бейнелейтіндей көремін. Біз – көп қиындық көріп өскен ұрпақпыз. Бұрынғы Көкшетау облысының Айыртау ауданына қарасты Жетістік ауылында 1935 жылы дүние есігін ашыппын. Бұл кезеңнің аласапырандығын айтып жатудың өзі артық. Соғыс жылдары бұғанамыз қатпай жұмысқа араластық. Мектепті шала-пұла аяқтап, 30 жылдан астам ауыл шаруашылығын түзетуге

атсалыстық. Қарапайым тіршілік кештік. Күйеуім Төлеген екеуміз 9 бала тəрбиелеп өсірдік. Бірақ, отағасы 1983 жылы ауыр науқастан қайтыс болды. Бұл маған қиын соқты. Бірақ, «тас түскен жеріне ауыр». Барымды салып, балаларымның алаңсыз күн кешуі үшін аянбай еңбек еттім. Оларды да еңбекке үйреттім. Оқытып, қолдан келген тəрбиемді бердім. Қазір балаларым да ел қатарлы қызмет етіп жүр. Өкімет омырауыма аналарға берілетін ең жоғары марапат – «Алтын алқа» жəне «Күміс алқа»

ордендерін тақты. Тыл ардагерімін. Аллаға шүкір, қазір 24 немере, 11 шөбере сүйіп отырмын. Үкілеген үмбетім еліміздің өркендеуіне лайықты үлесін қосып жүр дей аламын. Араларында теміржолшы, ұстаз, есепші, мемлекеттік қызметкер, балабақша меңгерушісі, дүкенші, механизатор, бизнес өкілі де бар. Немерелерімнің алды жоғары оқу орындарын бітіріп, қазір əр өңірде еңбек етуде. Жуырдағы жаңа мейрам – «Отбасы күнінде» үлкен қуанышқа бөлендім. Жұмыстан қолы бос бала-шағам Көкшетаудың шойын жол бойындағы үйімнің шырайын келтіріп, мəресəре болып қалдым. Ақмола облысы əкімінің орынбасары Нұрлан Нұр кенов əдейі атбасын бұрып, құттықтағанына көп рахмет. Біздің Қазақстанымызда ешкім де ескерусіз қалмайды, құрмет тұғырында болады деп қуандым. Барлық аналар сияқты балаларыма, немере, шөберелеріме мынадай ақ ниет, өсиетімді айтып отырамын: адамға ең бастысы, адал еңбек ету керек. Ата-ананың арманын орындап, үлкенді үлкен деп сыйлау қажет. Сонда кейінгілер сендерді де құрметтейтіні сөзсіз. Өмірі байлық жинап, мансапқорлыққа ұмтылмаған біздің байлығымыз осы ұрпағымыз. Осылар аман болсын. Еліне адал еңбек етсе, біз үшін содан асқан бақыт жоқ! Жазып алған Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы. –––––––––––

Суретте: облыс əкімінің орынбасары Нұрлан НҰРКЕНОВ Далапыраз апамыздың шаңырақ шаттығының ортасында.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына қандай тəрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты екендігін қадап айтты. «Азаматтардың арождан бостандығын қамтамасыз ете отырып, мемлекет, қоғамымызға біздің дəстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін əлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын əрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады», деп нақты жазылған Стратегияда. Осы орайда, Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері қазіргі күрделі заманда дəстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтап, нығайту қажеттігіне назар аудартты. Олардың байламынша, өкінішке қарай, періште пейіл ұл-қыздарымыз өзгенің озық емес, тозық мəдениетінің шабуылына ұшырауда. Аналар рухты жұтатып, көңілді жүдететін, жаратылысқа жара түсірер, табиғи болмысымызға нұқсан келтірер жат қылықтарды телеарналардан жұртшылыққа кең жаюға қатысты үгіт-насихатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізуге заң жүзінде тыйым салынуын сұрайды. Оның орнына Елбасымыздың «Мерейлі отбасы» бастамасын дамытып, ҚХА Аналар кеңесіне кіретін, жасы 80-нен асқан тəжірибелі, тағылымды əже-апаларымызды тарта отырып, дəстүрлі отбасылық тəрбиені дамытқанымыз маңызды, дейді. Қазақстанның тəуелсіз мемлекет ретінде гүлденуіне қызмет ететін төл құндылықтарымыз ғана сырттан ықпал етуші мүдделердің қазақстандықтардың санасезімін экспансиялауына мүмкіндік бермейді. Адам құқығының бұзылмауымен бірге, ұрпақ құлқының бұзылмауын да назардан шығармағанымыз жөн. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ал ағайынның татулығы – атамекеннің тұтастығы. Біз жас ұрпақтың білімді, дені сау болуына, əрбір некенің берік болуына барлық жағдайды жасай беруіміз керек.

Тəрбие – еѕ їлкен инвестиция Мемлекет басшысының «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытынды жиынына қатысып, отбасы құндылықтары туралы келелі əңгіме қозғауы елдің рухын көтеріп, жігерлендіріп тастады. Ел Президентi мемлекет – отбасыдан басталатынына жəне бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отыр. Еліміздің болашағы, дамуы, өркендеуі отбасының берекесі, бірлігіне тікелей байланысты. Аспанында бейбіт күні жарқыраған Отанымыздың тірегі – бақытты отбасы. Негізі, елімізде дос сүйініп, дұшпан қызғана қарайтын жетістіктер оңайлықпен келіп жатқан жоқ. Бұл, ең алдымен, қазақ халқының өз ішіндегі ауызбіршіліктің, жалпы, қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында жетіп отырған игілікті нəтижелер. Біздің міндетіміз – осы бірлікті алдағы уақытта да нығайта беру, күшейте түсу. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Мемлекет басшысы айтқандай, жаңа кезеңдегі əлеуметтік саясаттың маңызды бағыты ретінде ана мен баланы қорғауға негізделген қоғамдық құндылықтарды, тарихи дəстүр мен мəдениетті сақтауды, сондай-ақ, қоғамның танымын кеңейту мен жастарды руханиадамгершілікке тəрбиелеуді атауға болады. Көптеген мəселелерді қазақстандық отбасы мəртебесін көтеру мен нығайту, көп ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дəстүрлер мен құндылықтар арқылы шешуге болады. Ал отбасы арқылы оның əлеуетін пайдалана отырып, жас ұрпақты тəрбиелеуде жəне отбасы мүшелерінің денсаулығын, туу мəселелерін шешуге мүмкіндік бар. Бабалар өсиетінде айтылатын «Балаңды өз тəрбиеңмен тəрбиелеме, өз ұлтыңның тəрбиесімен тəрбиеле» дегендей, ұлттық құндылықты өнегелі біліммен ұштастыра білу қажет. Біздің елдің басты байлығы, біреулер айтып жүргендей, мұнай мен газ емес, отбасының берекебірлігі. Бəлкім, бұл байлықты қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын шығар, бірақ көкірегінде сəулесі барлар сезеді, қадірін біледі. Əр отбасының айрандай ұйыған татулығы, біле-білсек, бізді ел қылып отыр, елдік сананы қалыптастырып отыр. Бала тəрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті. Бала тəрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Тəуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді əрбір отбасының лайықты жалғастыратынына кəміл сенемін. Гүлнар ПАРМАНОВА, мұғалім.

Жамбыл облысы.


Таєдыр шешер тарихи ќўжат (Соңы. Басы 1-бетте). Шарттың негізгі мақсаттары тараптар халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесіне орай олардың экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың жəне еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға ұмтылу, жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау жəне олардың бəсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, Тараптардың əлеумет тік-экономикалық дамуына жəрдем десу, инвестициялар тарту, жаңа технологияларға негізделген өндірістер құру жəне оларды дамыту, көлік инфрақұрылымын, туризмді жəне санаториялық-курорттық саланы дамыту мақсаттарында, сондай-ақ, өзге де мақсаттарда Тараптардың аумақтарында еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар мен еркін қоймалар құрылып, жұмыс істейді. Бұған қоса, ЕАЭО-ның жұмыс істеуі не қатысы бар бар лық салаларда интеграциялық үдерістерді ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатында ЕАЭО шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен трансшекаралық сенім кеңістігін пайдалана отырып, ақпараттық өзара іс-қимылды

қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар əзірленіп, іске асырылады. Осы күні мəжілісмендер «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік жəне одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Шарттың мақсаты Қазақстан – Ресей стратегиялық əріптестігін жəне саяси, саудаэкономикалық, экологиялық, ғылымитехникалық, энергетика, транзиттік-көліктік, гуманитарлық, мəдени жəне басқа салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты одан əрі нығайту болып табылады. Тараптар өзара сенім, стратегиялық əріптестік жəне жан-жақты ынтымақтастық негізінде тең құқылы жəне егемен мемлекеттер ретінде бір-бірімен өзара іс-қимылды дамытады. Сонымен бірге, тараптар келісілген сыртқы саясатты жүргізеді, еуразиялық кеңістік пен бүкіл əлемде бейбітшілікті нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыру ісінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында жəне Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тəртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақ стан

Елімізде машина жасау саласы дамуда Кеше Орталық коммуни кациялар қыз ме тінде Парламент Мəжілісінің депутаты, «Қазақ станның машина жасаушылар одағы» бас қар масының төр аға сы Мейрам Пішембаев, Инвестициялар жəне даму вицеминистрі Альберт Рау жəне «Қазақ станның машина жасаушы лар одағы» басқармасының ат қа ру шы директоры Темірлан Алтаев баспасөз мəслихатын өткізді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Бұйыртса, ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанда машина жасау саласы бойынша 1 трлн. теңгенiң өнiмi өндiрiледi. «Машина жасау саласында өнiм шығару көлемi 2010 жылдан бастап қарқынды түрде өсіп келедi. Оның саны ғана емес, сапасы да артып жатыр. Осы ретте 2009 жылы Қазақстандағы машина жасаушылар 280 млрд. теңгенiң өнiмiн шығарса, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде 2015 жылға арналған мақсатты индикатор 580 млрд. теңге сомасымен айқындалып отыр. 2013 жыл қорытындысы бойынша

машина жасаушылардың шығарған өнiмi 853 млрд. теңгенi құрады. Осы жылы аталмыш көрсеткiш 1 трлн. теңгеге жетедi деген үміттеміз», дедi бұл туралы М.Пiшембаев. Əсіресе, сапа жағынан алғанда темiржол көлiгін жасау саласы қарқынды дамуда. «Автокөлiк жасау, мұнай жəне газ, ауылшаруашылық, тау-кен, машина жасау салалары жақсы жетіліп келедi. Елiмiзде енді ғана қолға алынып жатқан энергетика мен құралжабдықтар жасау саласы да өркендей бастады. Өндiрiлген өнiм көлемi ғана артып қоймай, саладағы еңбек өнiмдiлiгi де айтарлықтай өстi деуге негіз бар. Сонымен қатар, экспорт көлемi төрт есе ұлғайды. Бұған қоса, жалпы алғанда,

Əлеуметтік мəселесі шешімін тауып келеді

Кеше Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Астана қаласында брифинг болып өтті. Онда Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова қарттардың өмірін жақсарту бағытындағы жаңа жоспарлармен таныстырды. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Еске сала кетсек, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы шешімімен 1 қазан – «Қарттар күні» деп белгіленген. Содан бастап бұл мереке жасы ұлғайғандардың құрметі мен беделін арттыру үшін жылда атап өтіліп келеді. Ал қарттар ішінде, əсіресе, асыраушысы жоқ, мүгедек əрі денсаулығы күтімді қажет ететіндері бар. Бұл басқосудың басты мақсаты да олардың өмір сүру жағдайын жақсарту, қариялардың əлеуметтік мəселелерін шешу жайына арналды. Елімізде əр оныншы адам қарттық жасқа келген, есеп бойынша елде 1,7 млн.

қария бар. Оның ішінде 5440-ы соғыс ардагерлері болса, өкінішке қарай, 7242сі қарттар үйінде тұратындар. Светлана Жақыпованың айтуынша, кəрілер үйі тұрғындарының 80%-ында жақын туыстары бар. Олардың басым көпшілігі кезінде елге еңбегі сіңген білдей азаматтар. Əңгіме желісі бойынша Светлана Жақыпова ата-анасын кəрілер үйіне апарып тастайтындар санын кеміту үшін олардан белгілі мөлшерде алимент төлету мəселесі қарастырылатындығын айтты. Дегенмен, бұл шара төңірегінде көптеген дау туындап, қазіргі таңда бұл жоба іске асырылмай отырғандығын еске салды. Сол себепті де, қарттар үйіндегі

Армияєа кəсіпќойлар ќажет

«Отар» 40-шы əскери базасында «ҚР Қарулы Күштерінің үздік сержанты» атағына кезекті VI Бүкілармиялық байқау өтіп жатыр. Əскери қызметшілер өңірлік қолбасшылық, бригада, батальон, рота, взвод жəне бөлімше үздік сержанты атағы үшін сайысуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Номинация бойынша үздік механик-жүргізушіні, атқышты, көздеуші-радиотелеграфисті, саперді, дəрігерді анықтау міндеті тұр. Сержанттар əскери-спорттық жарыстан, жекпе-жек ұрыстан, жауынгерлік машиналарды жүргізуден, атыс даярлығынан, радиациялық, химиялық жəне биологиялық қорғанудан, əскери топографиядан білімдерін, шеберлік терін көрсетуде. Маңызды сайыстың қатарында – əдебикөркем байқауы да бар.

9

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

Аталған сайыстардың бұрынғы байқаулардан айырмашылығы – сержанттардан бөлек, шараға алғаш рет басқа əскери қызметшілер, əртүрлі сала мамандарының қатысуы болып отыр. Аталған байқау əскери қызметтің беделін арттыруға, əскери бөлімдер мен Қазақстан армиясының құрамаларындағы озық тəжірибені таратуға бағытталған. Төрелік етуші комиссияға Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор М.Алтынбаев жетекшілік етуде.

Республикасы заңының жобасы да халық қалаулыларының қолдауына ие болды. Келісім тараптардың құзыретті органдарында 30 күн ішінде келуін міндетті тіркеусіз, тараптар аумағында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының болуының оңайлатылған тəртібін орнатуға бағытталған. Осы күні депутаттар мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы «электрондық үкімет» жəне мемлекеттік басқару саласындағы əлеуетті арттыру, дамушы елдер арасында «электрондық үкіметті» дамытудың өзіндік тəжірибесін көпшілікке тарату, саясаткерлерді, халықаралық жəне өңірлік ұйымдарды, ғылыми орта мен жекеше сектор өкілдерін қоса алғанда, мүдделі тараптар арасында «ақылмен басқару жəне жетелі үкіметті» ілгерілету жөніндегі ынтымақтастықты күшейту жəне өңіраралық тетіктерді дамыту болып табылады. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын депутаттар екінші оқылымда мақұлдады. отандық кəсiпорындар темiржол жəне мұнай мен газ саласындағы машина жасау бойынша өздерiн жоғары сапалы құрал-жабдықтарды жеткiзушi ретiнде таныта білді», деп жалғады ол сөзін. Брифингте машина жасау саласындағы шағын жəне орта бизнес үлесiн арттыруға жағдай жасау керектігі де айтылды. Осынау бес жылдың iшiнде машина жасау өнiмдерiнiң көлемi 3 есе артқанын мəлімдеген Мəжіліс депутаты, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында машина жасау саласының экономика өсiмiне серпiн беріп жатқанын жеткізді. Қазақстанда 5-6 жылдың iшiнде бұрын болмаған электровоз, тепловоз құрастырушы кəсiпорындардың ашылғаны туралы əңгімеледі. «Елiмiзде заманауи Дженерал электрик тепловоздары шығарылады. Бүгiнгi күнi бiз жобалық қуаттылыққа шығып, 100 тепловозды құрастырып жатырмыз», деген М.Пішембаев, салада атқарылған тиянақты істер машина жасау саласының негiзiн қалауға мүмкiндiк бергенін тəптіштеді. Бұл ретте iрi секторды, яғни ауыр машина жасау кəсiпорындарын дамытып жатқан уақытта, машина жасауда шағын жəне орта бизнестің үлесiн арттыру қажеттігіне тағы бір рет тоқталды. Баспасөз мəслихатының барысында Инвестициялар жəне даму вицеминистрі А.Рау бұқаралық ақпарат құралдарын осы айдың 9-10 күндері Астанада өтетін ІІ Қазақстан машина жасаушыларының форумына шақырды. Шараға қатысуға бүгіннің өзінде 700-ден астам өз еліміздің жəне шетелдік мамандар тілек білдіргенін айтып, форумның өте қызықты өтетінін жеткізді. қариялар санын азайту оңайға соқпайтынын, қазіргі жаһандану заманында елдің бəрі жұмыстан қол үзе алмай, ата-аналарына қарауға мүмкіндігі болмауының себебінен, ал жасы ұлғайған кісіге үлкен күтім керек екендігін ескеріп, оларға мемлекеттен қажет мөлшерде жəрдемақы төленіп отырғандығын айтты. Қарияларға қатысты əлеуметтік мəселенің бірі емханада емделу барысы жеңілдетілгендігін де қосып өтті. Еліміздің кез келген ауруханасында қарттарға арнайы бөлек тіркеу орналастырылған, оларға сансыз кезек күтудің керегі болмайды, ал олардың ішінде мүмкіндігі шектеулілер болса қабылдауды үйлерінде өткізулеріне болады. – Келер жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына байланысты ардагерлерге материалдық көмек көрсету үшін республикалық бюджеттен 5,7 млрд. теңге бөлінеді. Қарттар күніне орай еліміздің барлық өңірлерінде «Əлеуметтік көмек айы» атты жоспар бойынша көптеген іс-шаралар өтуде, – деді Светлана Жақыпова.

Кїзгі əскер ќатарына шаќыру басталды

Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімдері мен құрамаларын жас буынмен жасақтау бойынша медициналық жəне шақыру комис сиялары жұмысын бастады, деп хабарла ды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Күзгі əскер қатарына шақыру «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Заңға жəне Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарын 2014 жылғы сəуір-маусым жəне қазанжелтоқсанда мерзімді əскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлығына сəйкес жүргізіледі. Биылғы күзде Қарулы Күштер қатарына 12 мыңнан астам жасты шақыру жоспарланған. Əскери бөлімдерге іріктеу жəне бөліп тарату кезінде жастардың əскер қатарына шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескерілетін болады.

Ќарттарды ќўттыќтады Облыс əкімі Қырымбек Көшербаев Қарттар күніне орай ардагерлерді қабылдады. Бейнетінің зейнетін көріп отырған жандарға аймақ басшысы облыстың қазіргі тыныстіршілігін баяндады. Түрлі салада жетекшілік жасап, партия ісіне белсене араласқан, аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан қариялар атқарылып жатқан іске көңілдері толатындықтарын жеткізді. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Ардагерлер аймақта болып жатқан жаңалықтан хабардар екендіктерін айтты. «Егде адамдар ескерусіз қалып жатқан жоқ. Мəселен, өткен жылы ардагерлердің алғашқы республикалық семинары осы Қызылордада өтті. Ел ардақтылары Сыр өңірінде бас қосты. Біз өте қуаныштымыз», деді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Ермағамбетова. «Жасымыз келді» деп жантайып жатпай, қоғам өміріне белсене араласып жүрген ақсақалды аталар

мен ақжаулықты аналар жетерлік. Олар ұрпақ тəрбиесі үшін өмірлік тəжірибелерімен бөлісу мақсатында жастармен жиі кездеседі. Ежелден қарияны құрметтеген халықпыз. Үлкенге ізеттілік танытып, алдын кесіп өтуді ар санаймыз. Басқосуда елдің дамуынан табалдырықтағы тəрбиеге дейін

сөз болды. Жалпы, еркін өткен кездесуде қариялар өз ойларын, ұсыныспікірлерін білдірді. Шара соңында облыс əкімі ардагерлерге құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. ҚЫЗЫЛОРДА.

Ардагерлерге əрќашан алєыс Біздің елімізде үлкенін сыйлап, қарттарын қадірлеудің өзіндік үрдісі қалыптасқан. Мұндай өнегелі де иманды іс лайықты жалғасын табуда. Бұл, əсіресе,1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде айрықша реңкте көрініс беретіні де белгілі. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Бұл күні Ақтөбе облысының ішкі істер депараменті Ұлы Отан соғысының жəне ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Ақтөбе облысы ІІД ардагерлер кеңесінде 2000нан астам ардагер есепте тұрады. Олардың арасында 70 жастан асқан 75 қария бар. Салтанатты іс-шарада облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Махсудхан Аблазимов сөз сөйлеп, жас қызметкерлерді тəрбиелеуде ардагерлер ұйымының белсене атсалысатындары үшін ардагерлерге алғысын білдірді. Махсудхан Нұғманұлы ардагерлер дің жас мамандарды тəрбиелеуде үлкен көмек көрсетіп, оларға үлгі болғандарын, сондай-ақ, қоғамдық

тəртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосқандарын айрықша атап өтті. ІІД бастығының бұйрығымен 10 ардагер грамоталармен жəне Алғыс хаттармен марапатталды. ҰОС жəне ІІО ардагерлеріне 800 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық жасалды. Салтанатты

шара ІІД қызметкерлерінің күшімен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты. Əріптестерінің ықыласына марқайған ардагерлер өздеріне жайылған дастарқан басында өзара пікір алысып, əн тыңдап, бір көтеріліп қалды. Ақтөбе облысы.

 Еңбегімен еленген

Ќайыќ жасаушы

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Қиғаш өзенінің бойында орналасқан ауылдың бірі – Кудряшов. Ресеймен арадағы шекараны Қиғаш өзені ғана бөліп жатыр. Осы ауылда тұратын Уахит Нұрлыбаев көп жылдар құрылыс саласында жұмыс жасапты. Ағаштан түйін түйетін шебер 2003 жылдан бері жеке кəсіпкерлікпен айналысады. Кəсіпкерлік дегенде ауылға дайын өнімдерді əкеліп сатпайды. Өзінің еңбегімен табыс табуға үйренген. Оның өз сөзімен айтқанда, кəсібін балық шаруашылығымен байланыстылар жиі іздейді. Балық аулаушы кəсіпорындардың жетекшілері қайықты зауыттан шыққандай етіп, қолдан жасаудың нағыз шебері атанған жанға тапсырыс беруге асығады. – Қиғаштың арғы бетін қоныстанған Астрахань өңіріндегі Лопатино селосында өмірге келдім. Əкем Шалабай да қайық жасаудың шебері болатын. Кейін шешем Қиғаштың бергі бетіндегі Кудряшов ауылына қоныс аударды. Əкемнен үйренген қайық жасауды осында келгесін жездем Теміржан Ғайсиннен жетілдіре түстім. Кудряшовта тұратын орыстардың арасында да қайықты шебер жасаушылар көп болатын. Тіпті, олардың кейбірі кеме жасауды да кəсіп

етуші еді. Солардың қайық жасаудағы құпияларын меңгеруге тырыстым, – дейді Уахит Нұрлыбаев. Кеңес дəуірі кезінде құрылыс техникумын бітірген Уахит аға əртүрлі кəсіпорындарда прораб болып жұмыс жасапты. Бертінде қайық жасауға дендеп бет бұрыпты. Осы мақсатта «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен 2 000 000 теңге несие алып, «Нұрсұлтан» атауымен ағаш өңдеу цехын ашыпты. Осы цехта өзімен бірге Нұрлан, Ерлан есімді ұлдары да қайық жасаудың қыр-сырына қаныға бастапты. Қайық жасауға тапсырыс берушілер тек Атыраудағы балықшылар ғана емес, сонымен бірге, көршілес Ресейдің Астрахань облысынан да көбейіп тұр. Өйткені, балық аулаушылар ағаштан жасалған қайықты қауіпсіз санайды. – Қайық жасауға атүсті қарауға болмайды. Өйткені, кейін мен жасаған қайықпен көп адам балық аулайды. Сол кезде қайық қауіпсіз болуы қажет. Сондықтан əр қайықты жасауды қолға алғанда иығымда үлкен жүк тұрғанын сеземін. Əр қайықты тапсырыс берушіден бұрын өзім сынақтан өткіземін. Сөйтіп, қауіпсіздігіне көз жеткізіп алып, тапсырыс берушіге тапсырамын, – дейді шебер Уахит Нұрлыбаев. Ағаш қайық жасаудың құпиясын алғашында əкесінен, кейін жездесі

Теміржан Ғайсин, Сатыбалды Серкасов, Илья Уварихин сынды шеберлерден үйренгенін əр кез қимастық сезіммен еске алады. Қазір өзі де 70-ке жуық шəкірт тəрбиелеп үлгеріпті. Сол шəкірттерінің бірі Кудряшов ауылынан жұмыс бабымен қиырдағы Владивосток қаласында тұрақтап, бұл күндері жиһаз жасайтын шеберхана ашыпты. Айтқандай, Уахит Нұрлыбаевқа тек қайық жасауға емес, жиһаз, бесік, есік пен терезе сынды бұйымдарға да тапсырыс көптеп түседі. Осының бəрін мерзімінде жасауға үлгереді. – Біздің халқымызда «бақыттың кілті – еңбекте» дейтін даналық сөз бар ғой. Шынында да, ерінбей еңбек еткен адам ғана бақытты, бақуатты өмір сүреді. Оның үстіне қазір еңбек етемін деген адамға барлық қолдау жасалып отыр, – деп ой бөлісті бізбен Уахит Нұрлыбаев. – Қасымда тұрақты жұмысқа тартылған 7-8 жігітке, ұлдарыма осыны ұдайы айтып жүремін. Қасымдағы жігіттер де, ұлдарым да шетінен еңбекқор, əр ісін жауапкершілікпен атқаруға тырысады. Нұрлыбек деген немеремді де кішкентай күнінен ағаштан түрлі бұйым жасауға баули бастадым. Болашақта мықты шебер болады деп үміттеніп жүрмін. Атырау облысында дəл Уахит Нұрлыбаевша қайық жасайтын шебер жоқ. Бəлкім, ескі қайықтар тесігін жамаушылар бар шығар. Ал өзенге арналғанын айтпағанда, теңіз үстінде де қауіпсіз қайықты тек Уахит шебер жасайды. Оның бір өзі соңғы бес жылдың ішінде 300-ден астам қайық жасапты. Ескі қайықтарды жөндеуі тіптен бөлек. Оның қолымен жөнделген қайықты жаңасынан ажырату əсте мүмкін емес. Қайық жасауға қажетті шағын мотор, ағаш пен шегені Астрахань мен Атыраудан алдыратын Уахит Нұрлыбаевтың бос отыратын күні кездеспейді. Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасында отырған «Амангелді», «Жамбыл», «Құрманғазы» өндірістік кооперативтері де оған қайық жасауға, не ескісін жөндеуге тапсырысты ұдайы береді. Біз онымен тілдескен сəтте осы кооперативтердің тапсырысын орындау үшін ол Атырауға аттанып бара жатты. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы. ––––––––––– Суретте: қайық жасаудың шебері Уахит НҰРЛЫБАЕВ.

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.


10

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

 Тарих толқынында Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев қасиетті мекен – Ұлытау төріне атбасын тіреп, жұртшылық алдында ел тағдыры, тіл тарихы, дініміз жайлы толғанып тұрып: «Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін Көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білу керек. Біз кеше ғана пайда болған халық емеспіз», – деген болатын. Расында, үлкен еменнің тамыры терең болмаса, үлкен дауылға шыдап тұра алмайтыны сияқты, ежелден келе жатқан салт-дəстүрімізді, тарихымыздағы ұлы жəдігерлерімізді ұрпақ санасына сіңдіру басты мəселе, əрі үлкен жауапкершілікті жүктейтіні анық. Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ,

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Дана халқымыздың «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер» деген жүйелі қағидасы көп мағынаны білдіріп, тұңғиықтан сыр шертері анық. Сөз жоқ, бұл тұжырым ұрпақтан ұрпаққа өсиет болып қалыптасып, аталарымыз оны ежелден құлағымызға сіңдірумен келеді. Себебі, тегіңді білу, аруақты қастерлеу, ата-баба салтына берік болу тарихи заңдылықтың əрі құндылықтың бір парасы болып саналады. Бұл – қанша мəрте талқыланса да мағынасы жойылмайтын, мəні жоғалмайтын мəңгілік тақырып. Қай кез, қандай заман болмасын бабаларға көрсетілер құрмет, олардың ұлағатын жадымызда жаңғырту тəрбие мен тəлімнің мəңгілік қайнар көзі болмақ. Хакім Абай: «Единица болмаса не болады өңкей нөл» демекші, бабаларымыздың мықтылығының дəруінен болар, шын мəнінде ұрпақтарымыздың ілімпаздығы, бекзадалығы, сайып келгенде текті аталарымыздың қаны тамырымызда тулап, буырқанып жатқандығы да соның бір дəлелі іспеттес. Қазақ ондайды қалыбы мықты екен деп жатады. Халқымыз əманда ер мінезді, ерен тұлғалы, батыр оғыландарын пір тұтқан. Олардың атын ұранға қосып, ел рухын асқақтатар ерлігін аңызға айналдырып, мақтаныш еткен. Рас, біздер қайыпберен мінезді ерлігі бар, атажұрты үшін жауға шапқан, халқының намысын ту етіп, бар өмірін ат үстінде өткізген батырлардан да кенде емеспіз. Ел басына күн туғанда арын алау етіп, жанын жалау етіп, тас шайнап, құм бүркіп, тебінгісін терге шіріткен, терлігін майға еріткен, қас дұшпанын лақша бақыртып тізе бүктірген хас батырлар да аз болған жоқ. Адай бабамыздың тегіне үңілер болсақ, бұл əулеттен ел қорғаған дулығалы батыр, аузы дуалы билер, топ жарған шешен, қасиет дарыған көріпкелдер де көп шыққан екен. Ел бірлігін көзінің қарашығындай сақтауға, ағайынның ынтымағын арттыруға бар даналығын, қажырқайратын жұмсаған бабаларымыз да жетіп артылады. Жасыратыны жоқ, небір зобалаңды, небір дүрбелеңді басынан өткерген қазақтың тарихында əлі беті ашылмаған, ақиқаты айтылмаған шындық көп. Бізге керегі сол шындықты тұсаулаған шынжырды үзіп, ғасырлар қойнауынан суырып алып заман айдынына шығарып, келер ұрпаққа табыстау бүгінгі күннің қажеттілігі болмақ. Өйткені, біз мемлекеттік тұғырымызды биіктеткен, айбынымызды асқақтатқан, көк туымызды көкте желбіреткен егемен елге айналдық. Жиырма бірінші ғасыр қазақ тарихының алтын ғасыры болмақ. Ол бұлыңғыр келешек емес. Ол жарқын болашақ. Сондықтан алдымызда: Біз не істедік?, Болашақта қандай болуымыз керек?, Жас ұрпаққа бабалар мұрасын қалай табыстаймыз? деген заңды сұрақ туындайды. Біз үнемі тарихымыздан жаңаша ой, жағымды жаңалықтар күтетініміз рас. Иншалла, өшкеніміз жанып, жоғалғанымыз табылып, тарихымызды зерделеп, тегімізді түгендей бастадық. Аруақты бабаларымыздың есімдерін жаңғыртып, кесене, ескерткіштер тұрғызып, имандылыққа да бет бұрдық. Асыл дінімізді қайта оралттық. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген қағидаға бекем халық бола тұра заманның қилы-қилы соқпақтарында адасып, тілімізді кəлимаға келтіруге де қорқатын кездерге тап болғанымыз да ақиқат. Алайда, соның бəрі артта қалып, əділдік орнап, тəуелсіздігіміздің арқасында, бабалар аруағына дұға бағыштап, Аллаға жалбарынып, тəубемізге келе бастадық. Шыққан ата тегімізді, жұртымызды, бабалар салып кеткен зерделі салтымызды, мəдениетімізді қайта саралауға жол аштық. Қазақта, тегіңді, руыңды білу ағайын арасындағы үзілмес бірлік, қаймағы бұзылмаған тектік, тəрбие-тəлімі өте мағыналы, əдемі ұтымды тəсілдермен өрнектеліп, ынтымаққа жетелейді. Бұл халқымыздың бұлжымайтын тəртіп, қағидасы десе болады. Ата-бабаларымызды еске алу ежелден қалыптасқан қанатты қағида, санаға сіңген өсиет, өнеге мектебі, тіпті, ата салтымыз. Бүгінгі Адай – Жеменейден тарайтын Сұлтанəлі, Бегімбет аталарға ас берілуі салтына бекем халық екенімізді тағы бір айқындай түскендей. Іргесі сөгілмеген елдігімізді көрсету. Осы тұста тарихқа бір көз жүгіртіп, шежіреге тоқталмай тағы кете алмаймыз. Өйткені, шежіре – халқымыздың этникалық құрылымы, таралуы, тұтастығы жөнінде кең мағлұмат беретін құрал болып есептеледі. Сұлтанəлі мен Бегімбеттің атасы Жеменейден шежіре бойынша Аталық, Алдасай, Нұрмағанбет атты үш ұл туыпты. Ал, Жеменейдің өзі Адай

Ас беру – асыл ґнеге

бабамыздың Келімберді ұрпағынан тараған сегіз арыс адайдың бір тармағы Бұзаудың баласы. Енді осы Жеменейдің кіндігінен өрбіген үш ұлдың бірі Аталық ел арасында Жомарт атаныпты деседі. Сақилығы Жомарттың, Тең еді дария тасқынға. Білімі де көп екен, Бергендей ақыл сасқанда, – деп жазылған шежіре толғауда жырланғандай, Аталық барлық аймаққа танымал, дəрежесі де жоғары, елге сыйлы əрі төскейде мыңғырған малы бар, дəулеті шалқыған қуатты бай болса да, алаған қолы береген, сақи, сараңдығы жоқ, көпшіл, жомарттық мінезіне қарай ел іші оған Жомарт деп айдар таққан екен. Жастығында бойында қайраты атойлаған, айбаты от шашқан, əділдігі қара қылды қақ жарған аузы дуалы би, əрі Жеменейдің жауға қарсы қол бастар хас батыры болыпты. Хан алдында қаймықпай сөйлейтін, ішкі ойын бүкпесіз айтатын қадірі де бар екен. Бірде, Есімхан қалмақтармен соғысып ойсырата жеңіп, түскен олжаны бөліске салып, əркімнің сыбағасын таратып жатқан кезде Жомарт оған қарата: «Ақ боз атты мінбей бер, ақ сауытты кимей бер, ақ беренді шаппай бер, Ақсұқсырды құшпай бер», – деп ханға салмақты сөз айтуы оның ержүректілігін, шыншылдығын байқатса керек. Кейін осы тұтқынға түскен қалмақтың қызы Ақсұқсыр анамыздан əлеуетті ұрпақ тараған. Ғасырға жуық өмір сүрген, ұлтымыздың зиялысы Ыбырайым ахун Құлбайұлы жырға қосқан Жомарт (Аталық) Жеменейұлы шамамен 1600 жылдардан кейін кейін дүниеге келген деп есептеледі. Бұл жөнінде Адай тайпасына арналып, Алматыдағы «Үш қиян» баспасынан жарық көрген С.Назарбекұлы мен Ж.Жылқышыұлының «Қазақ халқының шежіре-тарихы» атты кітабында да əңгіме болады. Онда авторлар Жеменей ұрпақтарының қайсысы қай жылдары өмірге келгеніне жорамал жасап, Əлнияз (Бұзау) шамамен 1536 жылы, одан Жеменей 1556 жылы, Айтумыс 1558 жылдары, Жеменейден Аталық (Жомарт) 1576 жылы, Алдасай 1578 жылы, Нұрмағамбет (Кедей) 1580 жылы туған деген болжам айтады. Тағы бір тілге тиек етерлік тұсы – Жеменей бабамыз екі ағайынды екен. Оның бауыры Айтумыс жастай дүниеден озады. Ол кезде «Əйел ерден кетсе де, елден кетпейді» дейтін қазақ жетімін жылатып, жесірін тентіретіп қойған емес. Бұл сол кездегі қазақтардың үрдісі болған. Інісі Айтумыстың тұяғы Шылымды бауырына басып, əкесін жоқтатпай, жетімдіктің зарын таттырмай, бағып-қағып, əлпештеп өсіреді. Шылымды аяқтандырып, отау шығарып, қазақы дəстүрге сай еншісін бөліп, алдына мал салып, тұрмысын жақсартады. Уақыт өте келе Шылым да асқан дəулетті байлардың қатарына қосылады. Оның үш əйелінен туған Бəйбіше, Қаратоқа, Ақбота, Көшке, Өрдек атты бес баласы да бақуатты жандар болады. Егде тартып, кəрілік жеткен тұста Шылым бес баласын жинап өсиет қалдырыпты: «Мен туған əкем Айтумысты көзім көрген жоқ. Жарытып ана сүтін де емген емеспін. Тəңірімнің маған жіберген ырыздығы мен несібесі болар, Жеменей мен үшін жаудан қорғар қорғаным, желден қорғар орманым, қамқоршым, тəлім-тəрбие берген жанашырым. Сол себепті, мен өзімді Жеменейдің баласымын əрі ұрпағымын деп санаймын. Демек, менің бауыр етім балаларым, сендер де өздеріңді Жеменейден тараймыз деп есептеңдер. Менің осы өсиетімді əрқашан бойтұмар етіп, заманның қандай талқысына тап болсаңдар да қаперлеріңде мықтап сақтап, келер буынға да жеткізіңдер», – деп аманат еткен екен. Міне, осындай тарихы бар өнегелі ұрпақтың ел алдында жасап жатқан сауапты ісі көңіл қуантарлық жайт деп ұғамын. Аруақтарға ас беру даңғазалықтан, мақтаныштан жүзеге аспайды. Қайта ел мен елді татулыққа, имандылыққа шақырар алтын көпір дер едім. Берілер ас та Адай – Жеменей арасынан сына қағылмаған бірлікті, əдептілік пен ізеттілікті, парасаттылықты паш еткен Жомартұлы Сұлтанкелдінің қос ұрпағы Сұлтанəлі мен Бегімбетке арналуы кейінгі толқын

жастарымыз үшін бабалар дəстүрін насихаттаудың, туыстық арнаның жалғастығын, береке-бірліктің мығымдығын, аталар аруағын құрметтеудің үлгісі болмақ. Сонау 1996 жылдары Жомарт бабаның ұрпақтары «Ұрпақтар үндестігі» деп берілген асы мақсатты нəтижесін берді. Мұндай ас Сейітқали Шалабаев, Егінбай Нұрпейісов, Қонаш Қалдыоразов, Алуадин Орақов, Қарабатыр Есқожиев, Көлбай Садақбаев ағаларымыздың бастауымен кең көлемде өткізілді. Жомарт Жеменейұлы туралы ақын Айтуар Өтегенов, жазушылар Айнахан Есетова, Əбілқайыр Спан, Терекбай Жаңбыршыұлы, шежіреші Естерек Жаманбайұлы, ақиық азамат Келтір Шəненовтер қалам сілтеп, нақты дəйектермен толыққан кітап шығарған да болатын. Егер шежіреге көз жүгіртер болсақ, Сұлтанəліден – Қожамбет, Бақтыбай, Шақан, ал Бегімбеттен – Сүйіндік, Шідербек атты ұлдар туған. Олардан да тараған ұрпақ бүгінде мəуелі бəйтерекке айналды десе болады. Негізінен, Сұлтанкелді ауылы батырлығымен, өжеттігімен, байлығымен аты шыққан Адай тайпасының ішінде зор беделге ие болған. Сөйтіп, ақиқат пен аңыздан өрілген Адай баба шежіресінің тарихында өзіндік орны бар тұқым деуге толық негіз бар. Тарихты сөйлетер болсақ, Бегімбет бабамыз да осал адам болмаған көрінеді. Адайдың Қонай, Құлыбек сынды өр тұлғаларымен үзеңгілес болып, жауға қарсы атойлап шапқан қайсар кісі. Өзінің ержүректілігімен құба қалмақтармен болған қақтығыста қарсыласының сағын талай рет сындырып, қанды қақтығыстардың бел ортасына түскен. Осындай рухы өр бабалардың санатты ұрпақтары да жауырыны жерге тимеген балуан, одан қалды ел басына қара бұлт үйіртіп шапқан жаудың жағасын жыртып, қабырғасын қақыратқан ержүректі ер болған. Айталық, Сұлтанəлі мен Бегімбет ауылынан аты аңызға айналып, есімдері, ерлік істері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан, орып түсер алмас қылышы, жаудың сұсын қашырар айбалтасымен ойқастаған Асан Көшек, Қараша, Сұлтанəлі Қожамбет, Естенұлы Бəлтек, Тақайұлы Қосан, Қосуақ, Сатыбалдыұлы Аязбай батырлар ұрпақ мақтанышына айналған тұлғалар. Ал, боз кілемде қарсыласын шақ келтірмеген Бақтыбай, Шақан, Қожамбет балуандардың күрес тəсілі, қара нардың белін қайыстырар атан күштері талайларды тəнті еткені анық. Соның ішінде түрікмен ұлтының белді балуандарын тізе бүктіріп, Адай руының мəртебесін көкке көтерген Қожамбет жайлы ел аузында жүрген мына бір оқиғаны тілге тиек ете кетудің артығы болмас. Қайта-қайта меселі қайтып, жеңіліске ұшырай берген түрікмен балуандары кезекті бір сайыста Қожамбет балуанды елдің алдында ұятқа қалдырып, абыройына қара күйе жақпақшы болып, айла ойластырады. Сөйтіп, оның ішкі киімінің бауын білдірмей үзіп жіберуге келіседі. Алайда, «Ұрының арты қуыс» демекші, олардың бұл арамза пиғылдары сол елдегі адай қызының құлағына тиіп, оны Қожамбет батырға естіртеді. Содан ышқырының бауын мықтап түйіп күресуге шығады. Əйтсе де, ырық бермес асау күштің əсері қылдырықтай бауды елесін бе, түрікмен балуанымен алыса жүріп, ұтымды сəтті пайдаланған Қожамбет бабамыз қарсыласын бұрап лақтырып, жауырынын жерге тигізген сəтте, іш киімі төмен сырғып кетеді. Сонда, осы көріністі қалт жібермей қадағалап тұрған апамыз, балуан атамыздың үстіне қамзолын жауып жіберіп, келекеден аман алып қалған екен. Қожамбет балуанның ғана емес, барша Адайдың абыройына дақ түсуден сақтаған осындай ақылды аналар да болған. Не керек, түрікмендер жеңілісін мойындап, əрі күрестің шартын бұзған əрекет істері əшкереленіп, айыбының орнына ат мінгізіп, шапан жауып, тіпті айыппұл төлеген екен. «Ат тұяғын тай басар» демей ме дана халқымыз. Осындай атақты бабалардың күрес өнерін жалғастырып, отын маздатқан мықтылар Алтыбай, Мəмет, Оңдаған, Əбдіхалық, Нұрахан, Оралбай, Аян Алтыбаев, Қуан Жексенбаев,

Сəуірбай Бөлекбаев ағалардың да орны бөлек, дəрежесі биік дер едім. Сондай-ақ, заманның небір тегеурінін көріп, қан майданның ортасына түсіп, оқ пен оттан өткен, ажалмен бірнеше мəрте бетпе-бет кездессе де беті қайтпаған, мұз жастанып, қар жамылған қайсар ұлдар, азамат соғысының, Ұлы Отан соғысының жауынгері Қожаберген Өтекұлы, соғыс басталған тұста Берлинді алғаш бомбалаушылардың бірі Кеңес Одағының Батыры Білəл Қалиевтардың де ерліктері дəріптеуге əбден тұрарлық. Одан қалды Социалистік Еңбек Ері Əбді Дүйсенбеков, Жанбөпе Мергенбаева, Лəтіп Шахатов, əдебиетші ақындар Жанұзақ Сүгірбайұлы, Есбол Алтыбаев, Қуаныш Ержанов, Нұрлан Жаңабаев, Аман Жанкеев, Мұхамбетияр Махуов, Айтуар Өтегенов, Қонаш Қалдыоразов, Аманғали Сеңгірбаев, Таубай Сақтағанов, Əбдіхалық Сисенбердиевтер де бір төбе емес пе? Бұдан шығар қорытынды ұрпағына үлгі болар бабалардың аруағын құрметтеу ағайын жарастығының, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі болмақ. Осымен қатар Сұлтанəлі мен Бегімбет ауылында діни сауатты адамдардың да қатары көп болған. Содан болар «қырық молда шыққан ауыл» атанып кеткен көрінеді. Осы күні жүрегіне имандылық пен ибалылықтың нұрын сеуіп, сауапты іс атқарып жүрген молдалар Тенел Айдарбекұлы мен Серік Ясинұлы ел арасында ислам негіздерін насихаттап, Алланың ақ жолын нəсіп еткен. Тіпті, қойнауы ырысқа, төскейі малға толған байлар да болған. Соның қатарында Дəнеш, Дербіс, Матайлардың аттары зор құрметпен аталады. Өйткені, олар байлығын жата-жастана өздері ғана қызықтамаған, елмен бірге жарты құртын бөліскен, кеңпейілдігімен халықтың алғысына бөленген. Ата-баба рухын əспеттеуде империялық мемлекет құрған жапон жерінде мынадай қағида бар: «Біздің қоғамымызда, елімізде ең биік мансап иесі кім?» – деген сауалға əдетте «император» деп, «ал императордан биік кім бар?» деген сұрауға, «ол əркімнің əкесі» – деп жауап береді екен. Шынында да, дүниені жаратушы ұлы күштен кейін, өмір сыйлаған əкеден артық қандай жаратушы болуы мүмкін. Сондықтан болар, мұсылмандықтың бір парызы – Меккеге барып қажы атану үшін, алыс əулиеге баратын жол – жақын əулиеден, əкеңнің басынан басталады дейді. Ол тірі болса қол жайып бата беріп, ризашылығын алу, өлі болса «басына» келіп түнеп, садақасын беріп барып, алыс жолға – қажылық сапарға шығады екен. Демек, жұмыр жер бетіндегі адамдардың бəрі аталары мен бабаларының ұрпағы. Ендеше, өзінің шығу тегін ұмытпай, қадір тұтуы – өркениет көшінің талабы болмақ. Яғни Сұлтанəлі мен Бегімбет ұрпақтарының ас беруі осының сипаты. Мұндай ауқымды шараны ұйымдастыру жалғыз адамның қолынан келер іс емес. Оған көп болып жұмылғанда, бабалар аруағына деген қошеметті бүкіл қауым болып бірігіп көрсеткенде ғана ата-бабалар аруағын бір аунатып, олар негізін қалап кеткен сыйластық желісінің алтын жібі үзілмесі анық. Мыңның ісін атқарып, ас беруді ұйымдастыруда бас болып жүрген абзал жан, парасатты алаш азаматы, іскер кəсіпкер, «Құрмет», «Парасат», «Князь Даниил Московский» ордендерінің, толып жатқан марапат иесі Төкен Танаұлы Жұмағұловтың еңбегі орасан. Сөзіміз жалаң болмас үшін бірер мысал келтірелік. Төкеңнің бойында алуан түрлі қасиеттер ұштасқан десек, асыра айтқандығымыз емес. Соның бірі атбегілік. Ол баптаған сəйгүліктер талай бəйгеге қосылып, талай жүлдені, темір тұлпарларды қанжығаға байлаған. Жəне маңдай терімен жеңіп алған машиналарды сол бəйгені ұйымдастырған ауылға, ошақ басына сыйға тартып кету Төкең үшін қалыптасқан ереже. Мəрттіктің, жомарттықтың бір парасы осындай-ақ болар. Төкеңнің ел үшін, халыққа ортақ іс үшін барын салатын мінезіне тағы бір мысал. Екі мыңыншы жылдар басында Маңғыстаудағы қасиетті Отпантауда

зəулім Ақсарай салып, оны елдің бас қосатын киелі орнына айналдыру жолындағы үлкен іс қолға алынды. Сонда осы зəулім сарайдың көптеген есіктерінің атына заты сай болуын өз мойнына алып, Өзбекстан шеберлеріне арнайы тапсырыс беріп, сəн-салтанаты келіскен есіктерді жасатып, алдырғаны бар. Бабалардың асыл істерін жалғастырған осындай азаматтар аман болып, аталарға ас беру, тағы басқа да игілікті, сауапты тірліктер атқару жолындағы жұмыстары өрге баса берсін дей келіп, Төкеңді қолындағы барын шашып жейтін сұңқарға теңесек те еш сөкеттігі жоқ деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, кешегі қылышынан қан тамған Кеңес дəуірінде дəстүрімізді сұрықсыз, хандарымызды қанаушы, батырларымызды бүлікші, байларымызды қатыгез, халқына қызмет еткен адал ұлдарымызды жау санатып, ана тілімізді шұбарлатып, қарсы тұрғандарды сотқар етуге тырысқан бағыт ұстанғаны анық. Қазақтың ақын ұлы Ғафу Қайырбековтің: Əлі күнге бір сұрақ мен аңғарман, Сұрап келем ақылды адамдардан. Өзге жұрттың хандары жақсы болып, Біздің хандар қалайша жаман болған? – деген жыр жолдары сол саясатқа қарсы тұрып, тарихи шындықтың бетін ашып, өтіріктің көбесін сөгуге арналған еді. Қазірде кеңестік сананың салқыны болар, əлі күнге дейін қоғамымызда бойкүйездік төбе көрсетіп жатады. Алайда, күннің жарығын бүркемелеу қаншалықты қиын болса, халқымыздың мəдениеті мен салт-дəстүріндегі баға жетпес үлгілі өнегелерін бүркемелеу де соншалықты қиын болмақ. Шынтуайтына келіп, əділдіктің ақ семсерін көтеретін болсақ, бабаларымыздың өмірі, халқымыздың тұрмысы кеңес шовинистерінің көрсеткеніндей қоңырқай, сəнсіз, мағынасыз емес. Қайта сəн-салтанаты жарасқан, ынтымағы бел асқан, ырысы арнасына сыймаған, ошағынан қазаны, даласынан жыр-əні кетпеген, қуанышты сəттері көп болған. Сөзіміз дəйекті болу үшін көшпенді елдің дəуіріне көз жүгіртіп көрелік. Қақаған қыстың қаһары қайтып, көктем келіп, жылғалардан су ағып, өзендерден сел жүріп, мал арқасын күншуаққа тосып, Жер-Ана бусанып жатқанда ел жайлауға көшеді. Жемнен бастау алған керуен Сағыз, Елек, Қобда, Тұз төбеге дейінгі мың жарым шақырымдық қашықтықты, жаз жайлауға көшудің дүниедегі ең ұзақ аралығын бағындырған. Бозторғайдың шырылы, сұңқардың сұңқылы, тұлпардың шабысы тебіренткен ен далада бүрмелі етек киген қыз-келіншектердің сыңғыр күлкісі, асауды ауыздықтаған жігіттердің батыр болмысы, таңнан-таңға жырлайтын жыршылардың, таңдайына бұлбұл ұялаған əншілердің, домбыраның сағасынан күмбірлеген күй төгілген күйшілердің жыр термесі, сайын өлкені думандүбірге бөлеген өнер көрмесі болғаны хақ. Ал əзілдері жарасқан жастар делебеңді қоздырар бəйге ұйымдастырып, арқан тартып, балуан белдесіп, алтыбақан, «ақ сүйек» сияқты ұлттық ойындарымен кештің сəнін əрлендіре түскен. Шөбі шүйгін, суы бал, айналасын жасыл желек көмкерген əсем табиғаты бар көл жағасында шаруашылығын ыңғайлап, қойын қоздатып, ешкісін лақтатып, сиырын бұзаулатып, түйесін боталатып өрісін малға толтырып отырған. Оның сыртында «Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды» деп ұғынған халқымыз көш арасында қызына ақ босаға аттаттырып, ұлын үйлендіріп, бір баласын екі етіп, құдандалы болып елге ел қосылғанын құт санаған. Дүниеге сəби келсе шілдеханасын жасап, сүндет тойын тойлап, ата-баба аруағына ас беріп, салтына мығым халық екендігін танытқан. Осындай ұлттық дəстүрі жарасқан елдің асыл қазынасын кім жоққа шығара алады. Ендеше, халқымыздың намысынан жаратылып, дəуір жүгін арқалап өткен бабаларға тəу ету барша Алаш жұртының перзенттік парызы дер едім. Əманда осылай бірлігіміз артып, біріміз мыңның, мыңымыз ердің, елдің ісін атқаруға Алла нəсіп еткей.


11

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

ҚЫМЫЗ БЕН ШҰБАТ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТАҒАМЫ  Үкімет назарына

Тәңірім қазақ жерінің кеңдігімен бірге, асты-үстіне байлықты молынан беріпті. Соның арқасында, күлшелі баладай сүйкімді болып тұрмыз. Дегенмен, жер астының байлығы мәңгілік емес екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау ұлағатында «Бұл – Жезқазған өңірінен ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мыс кенін табуымен және Жезқазған қаласының орнығуымен сабақтас нәрсе. Қазір арада 50-60 жыл өтті, қаншама кен шығарылды, мыс алынды. Жер қойнауындағы байлықтың таусылатын кезі болды», деді. Бұл ақиқат сөз. Бірте-бірте жер астының байлығы сарқылары ақиқат. Есесіне түптің-түбінде жер үстіндегі байлыққа есе тиеді. Соның бірегейі – адам денсаулығына мың да бір ем болатын қымыз бен шұбат. Біз қымыздың тарихын Геродот тұсынан бастап, грек дәрігері Гиппократтың біздің арғы бабаларымыз туралы: «Олар бір жерде малдың шөбі біткенше

отырады. Шөп біткен уақытта, басқа жерге көшеді. Өздері пісіріп ет жейді, бие сүтін ішеді және иппака жейді (бие сүтінен жасалған ірімшік)» деген сөзіне жүгініп жүрсек, Көкшетау өңіріндегі ботайлықтардың жылқы бағып, қымыз ашытудағы тәжірибесі, оның тарихын тіпті тереңдете түсті. Ал төрт түліктің төресі, бағалап бағын ашсақ, шұбат жайлы да шұбыртып айтуға болады. Басынан қара тұяғына дейін қадірлі саналатын жылқы мен түйеден алынатын қымыз бен шұбат туралы «Егемен Қазақстан» газетінде Сенаттағы сергек сенатор Қуаныш Айтаханов мақаласы шыққаннан бері басылымға қалың жұртшылықтан, зиялы қауымнан, ғалымдардан, қаламгерлерден тұжырымды ой-пікірлер көптеп түсе бастады. Бүгін біз солардың бір тобымен таныстыруды жөн көріп отырмыз.

Кез келген елдің мемлекеттілігі нығайған сайын оның ұлттық өнімі алдыңғы сапқа шығуы тиіс. Егер бізде келер ғасырларға сарқылмай жететін ұлттық өнім қайсы десек, ол – қазақтың қымызы мен шұбаты. Парламент мінберінен ұлттық құндылығымыздың құжаттық əлеуетін арттырып, қымыз бен шұбат туралы заң шығару жөнінде қозғалған мəселе де заман талабынан туындаған ұсыныс. Осыған орай ұлттық тағамдарымыздың əлемдік бренд ретінде мəртебесін көтере аламыз ба деген сауалды Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді ШАРМАНОВҚА қойған едік.

ЎЛТТЫЌ БРЕНД

ќалыптастыруымыз керек – Төрегелді аға, қазақтың ұлттық сусыны қымыз бен шұбаттың өнімділігін, сапасын, оның əлемдік тұтыныстағы сұранысын арттыру мəселесі қозғалғанда əрине, əуелі үйірдегі жылқы мен келелі түйеден бастап сөз қозғауымыз шарт қой... – Жылқыны қазақ жануар деп атамай, қасиет тұтқан. Келісті сұлу сымбаты, жалын желбіретіп, даламыздың төсінде көсіле шапқан бейнесі халқымыздың байырғы көшпенді заманнан қалыптасқан символындай. Ерттеп мінсең – көлік, сіңімді еті – тіл үйірер тағам, балдай қымызы – шипалы сусын. Қазақтың «құрт» ауруы атайтын – туберкулезге қарсы саумал мен қымыздан басқа жасайтын ем-шарасы болмаған. Əрине, мен денсаулық сақтау саласының маманы ретінде қымыздың пайдалы тұстары туралы баспасөз, теледидар арқылы көп жылдар бойы ұдайы сөз қозғап келемін. Кешегі Кеңес заманы тұсында халқымыздың дəстүрлі тағамдары төңірегінде біздің Қазақ тағамтану академиясында түрлі ғылыми зерттеулер жүргізіп, қоғамның қажетіне қымыздың пайдалылығы туралы ғылыми дəлелдерді ұсындық. Бірақ, бұл əрекеттерімізге саяси мəн берілді, «ұлтшылдық» деген айып тағылды. Бүгінде осы атакəсібімізге себепші болып отырған жеке кəсіпкерлер, шаруа қожалықтары. Олар кішігірім өнімдерін қаладағы базарға апарып саудалайды. Ішіндегі бірен-саран ірілері, «Сарыжайлау» фирмасы секілділер, белгілі мерзім бойы сақталатындай етіп шөлмекке құйып, дүкен сөресіне шығарады. Дертіне қымыздан ем іздеген ауру-сырқау жандар үшін мəселенің түйіні əзірге осылай шешілуде. Оның өзінде, аз нəрсе болғасын, бағасы қымбат, əркімнің қалтасы көтере бермейді. – Ал медициналық тұрғыда бие сүтінің сапалық көрсеткіші, пайдалы элементтері де жетерлік қой, сол жөнінде ғылыми деректер келтіре кетсеңіз? – Қымыз туралы зерттеулерге тоқталар болсақ, алдымен, бие сүті – саумалдың ақуыз, май, көмірсу секілді негізгі үш қоректік заттан тұрады. Құрамы ана сүтіне жақын. Тек майлылығы төмендеу: 1,7 пайыз, ана сүтінде 3,5 пайыз. Оны емшектегі сəбилерге ана сүтін алмастырушы немесе балалар тағамы ретінде қолдануға

болады. Саумалдың құрамындағы ақуыздың жалпы мөлшері 1,85-2,20 пайыз. Бұл орайдағы сапалығы жағынан саумал ана сүті секілді «альбуминдік» сүтке жатады. Бұл оның жақсы сіңімділігін анықтайды. Сондай-ақ, саумалдың құрамындағы лактоферрин мен иммуноглобулиндер елімізде ушығу үстіндегі түрлі қатерлі ісік ауруларына жəне бактериялар мен вирустарға қарсы қолданылады. Уытсыздандыратын да қасиеттері бар. Жұқпалы аурулардан қорғауға ықпал етеді. Саумалдағы сүт майының құрамы ерекше келеді. Май түйіршік терінің сиыр сүтіндегіге қарағанда кішірек болуына сай ішекке жеңіл сіңеді. Онда көп қанықпаған май қышқылдарының мөлшері мол. Осыған байланысты қан қысымын реттеуде, иммунитетті, антиоксиданттық қорға ныс ты арттыруда қатысатын түрлі гормондардың, простагландиндердің түзілуі мен реттелуіне ықпал етеді. Саумалдың құрамындағы лактоза сиыр сүтіндегі қантқа қарағанда жеңіл ыдырайтындығы белгілі. Бұл оның сіңімділігін арттырып, ұйқыбезіне салмақ түсірмейді. Ол қант диабеті ауруына жарамдылығын айқындайды. Саумалдың құрамындағы галактоза, галактозамин секілді көмірсулар, сиал қышқылы жəне басқа амин қанттары мидың дамуына оңтайлы əсер етеді. Бала дамуында септігі орасан. Ал С дəруменінің мөлшері бойынша оны «рекордсмен» атауға болады. Орташа алынған деректер бойынша, аскорбин қышқылының саумалдың 1 литріндегі мөлшері маусымға байланысты 90-135 мг, кейде, 250-330 мг-ға жетеді. Саумалдың немесе қымыздың 500 мл. адам организмінің С дəруменіне тəуліктік қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бір ерекшелігі, осы мөлшерден асыра тұтынғанның өзінде гипердəрумендік немесе басқа жанама əсерлер туындамайды. Осы орайда қымыздың əдеттегі дəрі-дəрмек құралдарынан айырмашылығы зор. Дұрыс дайындалып, сақталған қымызда аскорбин қышқылы мөлшерінің бастапқымен салыстырғанда ар та тындығы айқындалған (16 пайызға дейін). Жалпы, қымыздың басты қасиеті ретінде оның осы С дəрумені – аскорбин

қышқылының қасиеттеріне негізделетін антибиотиктік жəне имму нитетті арттыру əсерін атау қажет. Көптеген ғылыми еңбек терде қымыз дың туберкулез таяқшасын жоятындығы, яғни антибактериалдық қасиеті дəлелденген. Қымыз Кеңес заманында өкпе туберкулезіне кешенді түрде қолданылады. Арнайы шипажайлар болған. Қымыздың бактерияларға қарсы сипаты дизентерия, іш сүзегі секілді ішек сырқаттарына қатысы бары айқындалған. А дəруменінің саумалдағы мөлшері кейбір деректерге сүйенсек, сиыр сүтіне қарағанда екі есе көп (сəйкесінше, 0,6 жəне 0,3). Басқа дəрумендер бойынша да саумалдың құрамы ана сүтіне таяу. Е, В, В12 дəрумендерінің, ниациннің мөлшері саумалда сиыр сүтіне қарағанда көбірек. Микроэлементтер бойынша саумалда кобальттың, темір мен мыстың, бромның мөлшері жоғары. Ферменттер бойынша лизоцим мен амилаза мөлшерінің үлкен мөлшері (сəйкесінше, 64126 мг/л жəне 32-64 бірлікте) жəне осы орайда ана сүтіне тəн келетіндігі анықталған. Ал салыстырмалы түрде қарастырсақ, сиыр сүтінде бұл заттектердің мөлшері аса мардымсыз. Саумал немесе қымыздың ішектегі пайдалы микрофлораның түзілуіне, зиянды микрофлораның жойылуына, ас қорытуды жақсартуына ықпал ететіндігін білдіреді. Лизоцим түрлі дерт пен микробқа қарсы қорғанысты күшейтеді. Амилаза майды ыдыратуға септігін тигізеді. Осыдан саумал мен қымыз асқазан-ішек жолдарының созылмалы гастрит, гастродуоденит, өт жолдары мен бауырдың созылмалы холецистит, ішек ауруларына жақсы емдік əсері бар. Сонымен қатар, қымыздың қандағы холестерин деңгейін азайтуға ықпал етуіне байланысты атеросклероз, миокард инфаркт, инсульт секілді жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алуда маңызы зор. Жуырдағы біздің зерттеулеріміздің барысында анықталған бромның мол мөлшері оның ұйқысыздық, жүйке жүйесі ауруларын, мысалы, неврастениялық синдромды, қантамырлық дистонияны кешенді емдеуге де тиімді. – Заманның сұранысы мен талабына сай қазір əр ұлттың, əр мемлекеттің мəртебесін арттыру

құралы іспетті «ұлттық бренд» деген ұғым бар. Осы тұрғыда біздің дəрежеміз қандай? – Біздің ұлттық тағамдарда бренд жоқ. Соны қалыптастыруымыз керек. Құрт, ірімшік – бұлар ұлттық бренд болуға лайық дəмдер. Алайда, бұл тағамдарымызды тағамдық қауіпсіздік, дəмдік сапа тұрғысынан əлі күнге нақтылай алмай келеміз. Айранды да ұлттық бренд етуге болар еді. Біле-білсеңіз, бие сүтінің қасиеті – оның табиғаттағы ешбір сүтке ұқсамайтындығында. Оны қайнатуға келмейді, стерилизация, пастерилизация жасауға болмайды. Ал басқа сүтті міндетті түрде қайнату керек, пастерилизациялау қажет. Өйтпесеңіз бактерия өсіп кетеді де, пайдалануға жарамай қалады. Бие сүтінің ерекшелігі өзгеше, оны қайнатсаң бұзылады, ал шикілей сақтасаң қайта қасиеті арта түседі. Тұратұра қымызға айналғанда тіпті күшейіп кетеді. Неге десеңіз, жылқы сүтінің құрамында ешбір тағамға ұқсамайтын қасиет бар. Оның белогының өзі бөлек. Бие сүтінің белогы тек ана сүтінің белогымен бірдей. Сондай-ақ, бие сүтінде басқа ешбір сүтте кездеспейтін табиғи антибиотик бар. Ол тұрған сайын бұзылмайды, емдік қасиетінен айырылмайды. Біз бие сүтінен жүрек қан тамырларының қызметін жақсартатын, иммунитетті көтеретін, құртқа (туберкулез) қарсы, көптеген психикалық ауруларға пайдалы 10 түрлі тағам жасадық. Мəселен, ұйқысыздық – ол психикалық ауру, көп адамдар ұйықтау үшін дəрі қолданады. Бұл ауруды жою үшін дəрінің түкке де керегі жоқ, қымыз ішсе болғаны. Адам көңіл күйін жақсартуға да тек қымызды пайдалану керек. Ол күніне 1 литр қымыз ішуді əдетке айналдырса, оның денсаулығы, психикасы бəрі-бəрі орнында болады. Осыны қалайша брендке айналдыра алмай отырмыз? Қай ұлттың өкілі қандай патент алса да, өзгенің қымызы – ол қазақтың қымызындай болмайды. Біздің қымыз дайындау технологиямыз бөлекше. Елбасының өзі қымызды қолға алыңдар деп тиісті министрліктерге арнайы тапсырма беріп отыр. Тек қымыз ғана ұлттық бренд ретінде ұлтымызды əлемге əйгілей алады. Қазір Астана мен Қарағандының ортасында 200-300 шақырым жерде 45 мың шақырымдық үлкен алаң бар. Сол жерде жаңа зауыт

жұмысы жүріп жатыр. Бұйыртса 300 бие сауу ниетіндеміз. Біздің даламыздың шөбі, биенің бағымы мен қымызды баптауда өзгеге ұқсамайтын ерекшеліктеріміз бар. Құдай қаласа, қазан, қараша айларында Елбасына атқарылған жұмыс турасында есеп береміз. Біз қазақтың жабы тұқымды жылқысының сүтінен алынатын ұлттық брендке атау қарастырып жатырмыз. Ол атауды айтқанда «мынау қазақтікі», «міне, біздің ұлттық бренд» дейтіндей болуы керек. Бие сүтінің сапалық көрсеткіші жоғары болуы тиіс. Орнына басқа сүт өнімін өткізе алмайтын болуы керек. Ұлттық брендті сонда ғана қалыптастыра аламыз. – Осы келтірілген дерек, көтерілген мəселе тұрғысында академия нендей істер атқарып жатыр? – Бүгінгі таңда біздің академия қабырғасында арнайы ғылымизерттеу жоба шеңберінде саумал мен қымыздың антиоксиданттық қасиетінің молдығына, құрамында төмен молекулярлық пептидтердің, органикалық қышқылдардың, бос амин қышқылдарының, дəрумендердің жинақталуына сүйене отырып, геропротекторлардың – қартаю үрдістерін тежейтін, өзге де препараттардың құрамын ғылыми негізде əзірлеп, ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты айтатын қуанышты жаңалығым, біздің академиямыз жуырда Ауыл шаруашылығы министрлігімен жəне «Еуразия Инвест ЛТД» компаниясымен бірлескен ғылымиқолданбалы зерттеулер жобасын орындауға кіріседі. Осы жайында Елбасы Н.Назарбаевқа хат жазып, қолдауын алдық. Жобаның шеңберінде Қарағанды – Астана – Павлодар облыстарының ортасында биенің құрғақ сүтін жəне балаларға арналған, емдік-диеталық тағам өнімдерін өндіретін зауыт салынады. Бұл жобаның аясындағы зерттеулердің үлкен бөлігі балалар жəне мектеп тағамын, сондай-ақ, саумалдың негізіндегі ана сүтін алмастырғыштар мен қосымша қоректер əзірленеді. Жуырда Парламент Сенатының бір топ депутаттарының ПремьерМинистрге елімізде «Шұбат пен қымыз» туралы арнайы заң əзірлеу қажеттігі туралы депутаттық сауалмен таныстым. Академия ұжымы бұл бастамаға қолдау көрсетуге əзірлігін жеткіземін. Сондай-ақ, бұл мəселе бұған дейін де қозғалып, соңы сиырқұйымшақталып кеткен еді. Енді Елбасының өзі арнайы назарға алып отырған тұста ел аза маттары ұлтымыздың ғана емес, жалпы адамзаттың саулығына қызмет ететін игі істе жанжақты қолдау танытатынына бек сенімдімін. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Шіркін, тїйе сїті

əрі сусын, əрі азыќ, ризыќ-несібе єой Ел жаңарды, өніп-өсті, қазыналы түбектің ойы мен қырында осы заманғы өндіріс өркен жайды. Малдың өрісі тарылды, баяғының ақындары «Шөбінен шөккен түйе көрінбейді» деп жырлайтын құйқалы жердің жайылымдық құнары қашып барады. Өзгермеген нəрсе болса, ол түйелер. Ұзын сирақ жануар күнұзын өріс қуып, тісіне ілінгенді талғажау етіп жүріп-ақ кешке желінін толтырып оралады. Ақ білегін сыбанған бəйбішелер күрпітіп тұрып сауып алады. Сонан соң анадан алған үлгімен, енеден көрген жолмен сауған сүтін ұқсатудың қамына кіріседі. Шіркін, түйе сүті дегенің əрі сусын, əрі азық, құдайдың бере салған мол ризық несібесі ғой. Сүтін шайға қатсаң алтындай реңк беріп, ішкен үстіне іше түскің келеді. Шикілей ішсең тəнге қуат дəрумен. Пісіріп, қайнатып, баптаса балқаймақ болып бойыңды балқытады, ірімшік болып тіл үйіреді, үгітілген майлы құртқа айналып таңдайыңа татиды. Ашытып, бабына келтірсе құрсағыңды қытықтап, көңіліңді шалқытатын, жан сарайыңды сергітетін ғажап сусынға – ақ шұбатқа айналады. Бір түйенің нəрінен дастарқанға қаншама жеңсік ас, шипалы дəм қойылады десеңізші! Күні кешеге дейін тұтынатын азық-түлігінің тоқсан пайызын сырттан тасымалдап келген елде заманнан заман озса да қадірі қашпай, бəсі кемімей келе жатқандығының басты сырын да түйенің еті мен жүнін былай қойғанда жалғыз сүтінің қоректік қасиетінің сан алуандығынан іздеген жөн. Бұрын да, қазір де ауылдық жерде тұратын отбасылардың бірді-екілі сауын түйе ұстамайтындары некенсаяқ. Түйе сүті мен шұбатының азықтық құнары, дəрумендік шипасы сиыр мен бие сүтіне қарағанда əлдеқайда жоғары екенін ғалымдар да өз тарапынан дəлелдеп, хаттап қойған. Мəселен, бие сүтінің қуаты – 510, сиырдікі – 660 болса, түйе сүтінде ол 787-911-ге тең екен. Ашып, шұбатқа айналғанда құрамындағы В витаминдерінің тобы 71 пайызға дейін көбейіп, дəрумендік қасиеті арта түсетін түйе сүтінің қорытылуы оңай, сіңімділігінің жоғарылығы дəлелденген. Түйе сүті мен шұбатының тағы бір айрықша артықшылығы құрамында адам ағзасына аса қажетті аргинин, аланин, валин, гистидиннің көптігі, А, В1, В2, С витаминдерінің көзі екендігі. Айта берсек түйе ағының қадір-қасиетін арттыра беретін деректер көп-ақ. Соның арқасында ол отбасылық дастарқан мəзірі ауқымынан асып, əлеуметтік, қоғамдық маңызы бар қоректік өнім деңгейіне көтеріліп келеді. Біз сияқты түйе сүті мен шұбатын ежелден пайдаланатын Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Əмірліктері сияқты елдерде түйе сүтін өндіріп, өңдеу үшін арнайы тапсырыстармен жасалған еуропалық озық технологиялар қолданылады. «Корольдер сусыны» деп аталатын шұбат бүгінде фармацевтикалық тазалық жағдайында дайындалады екен. Ұлттық өнім ретінде мəртебесін бекітіп, заңдастырылуы кешеуілдеп жатқанымен ел арасында дəстүрлі шұбат пен қымыз өндіруді дамытып, игілікке пайдаланудың жақсы үлгілері бұрын да болған, қазір де бар. Мəселен, 1966 жылы Маңғыстауда республикаға тан ымал ғ ал ым- дəр іг ер Естө р е

Ора зақовтың ұйытқы болуымен туберкулезден шұбатпен емдейтін «Тұ щыбек» санаторийі ашылды. Кейінгі кездердегі қамқорлық пен қол даудың кемшіндігі болмаса, əлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Жетпісінші жылдары экологиялық ауыр жағдайда еңбек еткен Жетібай мен Өзен мұнайшыларын таза шұбатпен қамтамасыз ету үшін «Қызылөзен» мамандандырылған түйе шаруашылығы құрылып, біраз жыл ел игілігіне қызмет етті. Мұнда тіпті түйе сауу механикаландырылған жолға қойыл ған болатын. Өкінішке қарай, жекешелендіру жылдары тарап кетті. Оған ілесе, Бозащы мұнайшыларын шұбатпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған «Жаңажол» кеңшары бүгінде «Таушық» ЖШС республикадағы осы салада өнімді де өнегелі іс тындырып отырған бірден бір шаруашылық. Екі жарым мыңдай түйесі бар серіктестік жылына 500 тоннаға дейін шұбат өндіріп, өткізеді. Оның 150 тоннасы мұнайшылар асханаларына жөнелтіледі. Қалғаны бөлшек жəне көтерме сауда арқылы тұрғындарға сатылады. Үкіметтен шұбаттың əр литріне 50 теңгеден субсидия алады. Түйе сүтін өңдеп, шұбатқа айналдырып, оны бөтелкелерге құю жұмыстарының бəрі осы заманғы технологиямен атқарылады. Серіктестікте өндірілетін құрт, балқаймақ, ірімшік сияқты дəмдерді тұтыну шылар дүкен сөрелеріне жеткізбестен, тапсырыспен-ақ алып кетеді. Таушықтықтардың түйе сүті өнімдеріне Ресей, Қытай, Иран тарапынан да қызығушылықтар бар. Бірақ серіктестік басшылары мен мамандары алдымен ішкі сұранысты қамтамасыз ете отырып, өнім сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізіп алуды жөн санайды. Жаңаөзен сүт зауытының шұбаты да республикаға танылып қалған өнім. Зауыттың өз түйе шаруашылығы бар. Оған қоса өңірдегі жеке шаруа қожалықтарымен шартқа тұрып, түйе сүтін өңдеуге алады. Аталған екі ірі өндіріс орны мен ондаған жеке шаруа қожалықтары сауда орындары мен жұмысшы асханаларын, мейрамханаларды сұраныстарына сай шұбатпен қамтиды. Шұбат – мейрамханалардың ас мəзірінен лайықты орын алды, той-мерекелер дастарқанының негіз гі сусынына айналып келеді. Өндірушісіне қарай, шұбат литрінің бағасы 700-750 теңге. Қолындағы сауын түйелерінің сүтін өңдеп, аудан орталықтары мен қалаларға шұбат, балқаймақ, құрт, ірімшік түрінде сатуға шығаратын ауыл шаруаларының қатары жыл санап көбейіп келе жатқандығына қарағанда түйе сүтінен пайда түсіп отыр. Нарық заңдылықтары, тұтынушылар талабы өнім көлемі мен сапасын біртіндеп ретке келтіре бастағандай. Сауда нүктелері тауарды таңдап алады, сапасына тұтынушы сын айтқан өндірушінің өнімі кері қайтарылатын жағдайлар ұшырасады. Ұлттық өнімді насихаттау, көлемін ұлғайтып, сапасын арттыруға қолдау көрсету мақсатында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бастамасымен 2006 жылдан бері «Шұбат» фестивалі тұрақты өтіп келеді. Өндірушілер арасындағы бəсекелестіктің «отына май құятын» бұл игілікті шараның арқасында ақтаулықтар небір алыс ауылдардың дəмін татып, зерендеп шұбат ішкен мешкейлер жарысын тамашалап, дас тарқанына шұбат, балқаймақ, құрт, ірімшік алып, қарық болып қалады. Шұбат пен сүт өнімдері көптің көңілінен шығып, жоғары бағаланған шаруалар сый-марапатқа кенеліп, мəртебесі, құлшынысы өсіп оралады ауылына. Бір Маңғыстауда емес, ұлттық сусындарымыз қымыз бен шұбатты насихаттау, тұтынудың жарасымды да жақсы үлгілері еліміздің қай өңірінде де баршылық. Демек, Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтахановтың қымыз бен шұбат туралы арнайы заң қабылдап, оларды өндіруді молайту жəне ұлттық брендке айналдыру жөнінде Үкіметке жолдаған сауалы негізі ел арасында əлдеқашан қаланып қойған, көпшіліктің көкейінен шығатын мəселе. Оны тек қолдау керек. Қашанда заң аясында жұмыс істеу шашыраңқылықтан құтқарары хақ. Маңдайлы ҚОСЫМБАЙ, Қазақстанның құрметті журналисі.


12

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

ҚЫМЫЗ БЕН ШҰБАТ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТАҒАМЫ

 Үкімет назарына

Айналайын, аєарєан айнымаєай Мархабат БАЙҒҰТ,

«Егемен Қазақстан».

Аллаға шүкір, Тəуелсіздікпен бірге қымызыңыз да азаттық алды. Қымызбен емдеу кеңінен қолданыла бастады. Кеңестік кезеңдегідей жылқы ұстамаққа шектеу жоқ. Алайда... Бір топ ардагерлермен киіз үй пішіміндегі, темірден керегеленіп, ақ кенеппен жабылған күркеге кіргенбіз. Толық келіншек бір-бір кесе қымыз əкелген. «Бұл қандай қымыз?» деді ең үлкен кісі. «Қымыз ба?» деді екінші қария. «Қайдам-ау, қайдам... Ең болмаса, баяғы піскен айранның да дəмі жоқ қой», деді үшінші ардагер. «Біз білмейміз, тек сатушымыз ғой. Ал, қымыз деп əкелетіндер – басқалар», деседі киіз үй сияқты күркенің келіншектері. Той көп қой, шүкіршілік. Шымкентіңізде тоқсаннан астам тойхана бар екенін жазып жүрміз.

Дүйсенбіден жексенбіге дейін той. Сол тойларда қымыз қойылады. Дастарқанға. Көп адам күдіктене ішеді. Ішпейтіндер де бар. «Кəдуілгі қымыздың тап өзі дейтіндей сапалы сусын мұқым-мүлде қалмады, бəрі бұзылып бітті» дейтіндер де аз емес. Бірақ, біз мұндай тым-тым біржақты пікірге қосылмаймыз. Осы Шымкентіңізде, қасиетті Қазығұртыңыздың айнала-төңірегіндегі аудандар мен ауылдарда, қымызханаларда Асқар ағамыз айшықтаған, ақ май жүзген ақ қымыз да, Тəкендейін суреткеріңіз сипаттаған қоңырқай май қалқыған сары қымыз да баршылық. Бəрі бірдей айнып, қоспаланып кетті деп түңілуден аулақпыз. Түлкібас ауданындағы баршаға белгілі «Балықты», «Ақсу-Жабағылы» санаторийлерінде, Төле би ауданындағы «Біркөлік» санаторийінде қымызбен арнайы емдейді. Қазығұрт пен Қаратау жəне

Ала тау баурайларында саумал сататын орындар жыл өткен сайын көбеюде. Сонда да, жасырып не керегі бар, талай-талай қымызхана атын жамылған жерлерде, киіз үйдің порымындағы үйшіктер мен қалқаларда, жосылып жатқан жолдардың бойындағы қымыз саудалайтын орындарда ұлтыңыз үшін намыс сусыны болып жаратылған қайран қазақ қымызының мазаққа айналып кеткені де рас. Сондықтан да, егер қымыз туралы заң қабылданар болса, оның сапасына айрықша назар жығып, ақшаға құныққан қанағатсыздарға тежеу болатындай шаралар мен жазаларды да қарастырған жөн шығар. Қазақтың қымызына басқа ешқандай қымыз жетпейді. Айналайын, ағарған айнымағай. Обалды да ойлайық. ШЫМКЕНТ.

Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрі К.Мəсімовке Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтахановтың қымыз бен шұбат туралы арнайы заң қабылдау, оларды өндіруді молайту жəне ұлттық брендке айналдыру туралы сұранысы өте орынды қозғалған

Бір кездері «Қымыздың патенті Германия азаматтарында екен» деген əңгімені естіп, салымыз суға кеткендей күй кештік. Артынша, 2011 жылы 11 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінен С.Мəметтің қымызға қамқор болуды ерте бастан қолға алып, ұлттық намыс-

ие болса – ата-баба алдындағы біздің перзенттік парызға адалдығымызды көрсетеді жəне талай есікті қағып, талай мықтының алдынан қайтқан, талай таңды үмітпен күтіп, талай күнді торығумен батырған Зұлхарнай Сейітов, ұлттық мұраларға əркез қолдау көрсетіп

мəселе, оны депутаттардың қолдауы да ел игілігі жолындағы оң қадам, дұрыс бастама. Кеңестік кезеңде мен Маңғыстау облысындағы ірі аудан – Бейнеу ауданын басқарған болатынмын. Бірнеше кеңшарлардан тұратын аудан шаруашылығында басым бағыт қой өсіру болғанмен, жылқы, түйе фермалары да назардан тыс қалған жоқ. Қымыз дайындау Маңғыстауда кең қанат жайып кеткен жоқ, əйтсе де жайлау төсіндегі əрбір үй шұбатсыз болмайтын. Қазіргідей мұздатқышы жоқ, əлеуметтік тұрмысы қазіргіге қарағанда күрделілеу болып келетін кезең болса да, ми қайнатқан ыстықта киіз үйдің ішінде шұбатты құрғатпай ұстаған аналар болды. Демек, олар шұбат дайындау, оны табиғаттың маусымдық жағдайына сай күтіп-баптап, сақтайтын халықтық технология əдістерін меңгерген деуге толық негіз бар. Ал түйе фермасынан сүт өнімдерін тасымалдауға арналған арнайы көліктер жүріп, шұбатты мекемелерге, кеңшар орталығындағы малшы балалары оқитын интернаттарға тарататын. Шұбат ішудің əсері болуы керек, ол кездегі адамдар арасында аурусырқау сирек болатын, тау қопарардай екпінге ие жандардың жүзінен қайсарлық, ертеңгі күнге деген сенім мен үміт лебі есіп тұратын. Қазір шаруашылықпен айналысып, қымыз бен шұбат кəсібін жолға қойған кəсіпкерлер жоқ емес. Дүкен сөрелерінде осы кəсіпкерлер өндірген, əдемі ыдысқа құйылған, жақсы жарнамаланған аталмыш сусындар сіресіп тұр. Бұл, əрине, оң бастама, бірақ қымыз бен шұбаттың құрамы, сапасы қандай? Халықтың денсаулығына əсері қаншалықты – оны зерттеп-зерделеп жатқан ешкім жоқ. Сауданы қыздырып, кəсібінің тасын өрге домалатуды көксегендердің сауда-саттығының көзі болып, сусындарымыздың қадірі кетіп жүрмесін деген де ой бар.

ты оятуға қамшы болып, ұлы құндылықтарымыздың тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпеуі үшін тыным таппай еңбектенген, ғұмырын осы сусынды зерттеуге, насихаттауға, жоқты түгендеуге жұмсаған ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, биология ғылымдарының докторы, өзімнің ұстазым, профессор Зұлхарнай Сейітовпен сұхбаты күпті көңілді біраз тыншытты. «Қазақтың əлемдегі бірінші патенті қазақта, нөмірі – 330» деген бір ауыз сөз бізге жоғалттық деп жүрген жақсымызды, айырылдық деп жүрген асылымызды қайтарып, қолға ұстатқандай болды. Ғасырлық жасқа жақындап қалған Зұлхарнай ағамыздың еңбегі ерен, ол бастама, ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тапты, енді ол Үкімет қолдауына

жүретін, заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев секілді азаматтардың еңбегінің ақталғаны болар еді. Кейін бас газетте С.Мəметтің Берлин сапарынан жазылған «Қазақ қымызының патенті қазақта екен» деген материалы тағы жарияланды. Патент өзімізде екен, енді қателікке, салғырттықа жол бермеуге тиіспіз. Түркия, Германия мемлекеттері, түйелерін уақытымен «шомылдырып» тұрса, өнім дайындауды ақ халатты өңкей ер-азаматтарға ғана міндеттейтін араб ағайындар, бір елдің құрамында отырса да қымыз өндіруді заңдастырып алған Якутия республикасының өзі үлкен істерге ұйытқы болып отыр. Бүгінде алып Ресей елінде қымызбен емдейтін бірнеше шипажайлар ашылып,

Ќолдауєа тўратын бастама

Таѕдайдан кетпес бал дəмі Қ.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры Махаббат Түсіпбековтің есебінше, мұнай өндіруге жұмсалған 1 доллар 7 доллар табыс əкелсе, қымызға жұмсалған 1 доллар 25 доллар пайдаға кенелтеді. Бұл – көз майын тауысып отырып, соқыр тиынына дейін санап шыққан ғалымның зерттеуі. Ал осы есеп қазір өзгерді ме? Мүмкін қымыздың құндылығы арта түскен шығар? Осы сауалдар бізді жылқылы ауылға асыққан қыр қазағы құсатып Махаббат ақсақалдың үйіне жетелей жөнелді. – Махаббат аға, қымыздың қасиетін білетін екі қазақ болса, соның бірі өзіңізсіз. Бір кезде қымыздың мұнайдан бірнеше есе артық табыс əкелетінін дəйектегеніңізді естігенбіз. Осы есеп-қи сабыңызды тарқатып айтасыз ба? – Екі қазақтың бірі дегеніңіз, артықтау болар. Қымыздың қадірін біліп, қасиетін танитын қазақ құдайға шүкір, аз емес. Мені ол шаруаға тартқан адам – Зұлхарнай Сейітов ағамыз. Əйтпесе мен мүлде басқа салада жұмыс істедім. Темір өңдеу саласының маманымын. Бір кездескенімізде Зұлхарнай ағамен осы тақырыпта əңгімелесіп, бірігіп зерттеу жасауды ұйғардық. Жалпы, экономикалық жағы түгелдей маған жүктелді. Əр тиынына дейін санағанда,

жоғарыдағы есеп шықты. Қызығушылық танытқан адам болмады. Одан бері де 5-6 жыл өте шықты. Сол бес-алты жылдан бері əлемдегі мұнайдың бағасы мен жанармайдың құны өзгерді. Жылқының бағасы да көтерілді. Сондықтан бұрынғы зерттеулерімізге қайта бір шұқшиып қарап шығуға тура келіп тұр. – Дегенмен, салыстыру жасағанда əлемдегі емес, Қазақстандағы мұнай өндірісін назарға алған шығарсыз? – Жалпы, жылқы малы төрт ай сауылады. Əр бие орта есеппен күніне үш литр сүт береді деп қояйық. Есептеуге оңай болуы үшін бір фермада 100 бие бар дейік. Ал төрт айда 120 күн бар. Енді қараңыз, 100 бие бір күнде 300 литр сүт береді. Осы 300 литр сүтті 120 күнге көбейтіңіз. 36 мың литр сүт болды,

мұны сіз қаншадан сатасыз? Егер 400 теңгеден сатсаңыз, сіздің табысыңыз 14 млн. 400 мың теңге болады. Бұл бірнеше еселеніп кетуі де мүмкін. Егер əр облыста осындай 10-15 жылқы фермасы болса, қымыздан тарықпас едік. Қымыз өндірісінің пайдасын сезінсе, қолына ноқта алатын қазақ көбейеді. – Жуырда қымыз бен шұбат мəселесін сенаторлар көтерді. Арнайы заң қабылдау жөнінде Үкіметке жолдады. – Өте дұрыс, мұны көптен күтіп жүр едік. «Ештен кеш жақсы» деген осы. Тиісті заң қабылданып, қымызға ден қойсақ, бұл шаруа міндетті түрде өз жемісін береді. Тіпті, оның жалғыз экономика ғана емес, денсаулық саласына тигізер əсері шексіз. – Егер заң жобасы талқыға түсіп жатса, қымызды ғылыми тұрғыдан қаузаған ғалым ретінде қандай ұсыныстар айтар едіңіз? – Қазір аграрлық салаға мемлекет қомақты қаржы бөліп жатыр. Ал қымызға қаржы бөлінсе, берісі – бес, əрісі – он жылда ақталады. Əйтсе де менің ойымша, осы уақыт аралығында қымыз өндірісін мемлекет өз бақылауында ұстауы керек. Неге? Себебі, Қазақстаннан шыққан қымыздың сонау Түркияға немесе

қымыз құрамындағы элементтен қатерлі ісікті емдейтін дəрілер жасау ойластырылып жатса – мұның аржағында сахалық бауырларымыздың еңбегі тұрғаны анық. Біз кешігіп келеміз, бірақ кеш қалып, бəрінен көз жазып қалғанымыз жоқ. Сапа жағынан табиғи, құнарлы, дайындалу технологиясы таза қымыз бен шұбат өндірісін ұлғайтып, асты адал дай ындайтын кəсіпкерлікке қолдау көрсетіп, бұл өнімдерді балабақшадан бастап тұтынуға жол ашу керек. Тіпті, жұмыс арасында ішуді дағдыға айналдырса да бөтендігі жоқ. Шеттен сатып əкелінетін, бағасына жол-жөне кейгі шығын, тасымалдың бəсі қосылып, құны аспандап шыға келетін «импорт» тағам емес, өзіміздің даламызда өсіп-өнген малдан өндірілген сусындардың құны халқымыздың қалтасы көтеретіндей болғаны дұрыс. Ауру-сырқау азайып, халқымыздың күш-қуаты мен белсенділігі, қабілеті арта түсетіндігі анық. Бұл ұлт болып, жұрт болып іске асыратын жұмыс. Кешіге беру келісті іс емесін естен шығармайық, бауырлар! Дүйсенбі ƏРІПОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Маңғыстау облысы.

Англияға жетіп, ондағы дүкенге түсіп, одан тұтынушының тоңазытқышына жеткенінше кемінде 4-5 ай уақыт кетеді. Ал қазақ қымызы кемінде 6 ай өз қасиетін, тауарлық сапасын жоғалтпауы керек. Демек, қымыз өндіретін фермаларда заманауи зертханалар болуы тиіс. Бұл шаруаға ғылыми орталықтар да жұмылдырылуы шарт. Бұл – үлкен жұмыс. Кейін бұл сала да жекешелендірілер. Иə, алғашқы кезеңде оған Үкіметтің қолдауымен қатар қадағалауы да аса қажет секілді. Мен неге қымызды мұнаймен салыстырдым? Өйткені, мұнай күндердің бір күнінде сарқылады?! Əрі оны қазып алуда белгілі дəрежеде қоршаған ортаға зиян келеді. Ал желіге жылқы байлап, қымыз сапырудың пайдасы болмаса, еш залалы жоқ. Өткен ғасыр басында қазақтың саны алты миллион делінеді. Ал қазақ даласындағы жылқы саны 2530 миллион екен. Ал қазір еліміздегі жылқы саны 2 миллионға да жетпейді. Есесіне жылқы жайылатын өрісіміз тарылған жоқ. Оны неге пайдаланбасқа? Біле білсеңіз, қымыз – сарқылмайтын кен. Оны əлемге жарқыратып көрсетіп, таңдайдан кетпес бал дəмін татқыза алсақ, қымыз ішу үшін Қазақстанға келетін туристер де сөзсіз көбейеді.

АЛМАТЫ.

Əңгімелескен Сансызбай ӨКЕНҰЛЫ, журналист.

Ўзын арќан, кеѕ тўсау жараспайды Жамбыл бабамыз: «Үйірілген сары алтындай сары қымыз, Ауруға ем, сауға қуат, дəрі қымыз. Елімнің сүйген асы, сіңімді асы, Шығаршы, тағы нең бар кəрі қымыз», деп жырлаған қазақтың қасиетті де пайдалы дəмін өз дəрежесінде қадірлей алып жүрміз бе деген сауал жиі-жиі ойға оралып, мазалап жүруші еді. Есімі елімізге жақсы танымал мемлекет жəне қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат, Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов осы ойымның дəл үстінен түсіп, ұлтымыз үшін аса маңызды мəселені Парламент мінберінен көтергенде өз басым қатты қуанып қалдым. Қазіргі уақытта дүкенге кірсек, неше түрлі сусындардан көз сүрінеді. Олардың дені əртүрлі бояу қосылған ұнтақтардан жасал ған. Соның өзінде өндірушілер «табиғи шырын» деп жазуға ұялмайды. Сапасын былай қойғанда, бағалары да өте қымбат. Неге олардың арасында қымыз, шұбат жоқ? Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Балуан ауылында тұрған біздің отбасымыз бие сауумен айналысты. Марқұм шешем Бағира мен əкем Қабдолла өте еңбекқор жандар болатын. Əсіресе, балдай қымыз дайындауда анамның еңбегі зор еді. Ол күбіні күнде жуып, қайың ның шоғырмағына ыстайтын жəне қымыз дəмді болу үшін оған сүр қазының майын қосатын, сонда қымыздың дəмі тіл үйіретін. Депутат ағамыз өзінің Үкімет басшысына жолдаған сауалында қымыздың ауруға ем екенін баса айтады, кезінде елімізде өкпе ауруларын тек қымызбен емдейтін шипажайлар жұмыс істегенін, алайда, Үкімет тарапынан қолдау болмағандықтан, олардың жұмысы тоқтап қалғанына қынжылыс білдіреді. Ол рас. Бұл арада мəселе бие сүтінің химиялық құрамының сан алуандығында болып отыр. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып сөз сабақтайтын болсақ, бие сүтінің бір литрінде 890 гр. су, 110 гр. құрғақ қалдық, 16 гр. май, 61 гр. лактоза, 27 гр. белок жəне 5 г. тұз болады. Бие сүтінің өте құнды бөлігі – белок, онда 1,8-ден 2,2 пайызға дейін белок, белоктың казеин, альбумин жəне глобулин деген түрлері бар. Бие сүтіндегі белоктар адам ағзасына сиыр сүтіне қарағанда əлдеқайда тез сіңеді. Бие сүтінде адамның денсау лығына қажетті дəрумендердің барлығы дерлік кездеседі. Қымыз, əсіресе, А мен С дəрумендеріне бай. Биенің бір литр сүтінде орта есеппен 0,092-0,690 мг. А. дəрумені жəне каротин, 86,94 мг.-нан 330 мг.-ға дейін С дəрумені болады. Бие сүтінде А жəне С. дəруменінен басқа Д дəрумені де көп. Бие сүтінде Е, В1, В15, Ғ дəрумендері де жеткілікті. Дəрумендермен қатар минералдық заттар да жетерлік. А.Кособрюховтың зерттеуі бойынша, қымыздың құрамындағы кальций тотығы – 48 пайыз, магний тотығы – 3,4, фосфордың бес тотығы – 21,3, хлор –7,5 пайыз. Қымыздың ағзаға тигізетін игі ықпалы тегінде тұз құрамына, атап айтқанда, туберкулезді емдеуде елеулі рөл атқаратын кальцийге байланысты болуы керек. Сүттегі барлық кальцийдің тең жартысы белоктардың құрамына еніп, ағзаға жақсы сіңеді. Н.К.Горяев кальций жеңіл ерітінді түрінде ағзаға минерал алмасуға көмектесіп, өкпе туберкулезіне шалдыққан кезде ондағы тесіктің бітелуіне қолайлы жағдай туғызады деп дəлелдейді. Мен бұлардың бəрін сенатор Қ.Айтахановтың «Ата-бабамыздың аманатына адалдық танытып, ардақтаған асын, сүйсіне ішкен сусынын ұлттық брендке айналдыру үшін қымыз бен шұбат туралы заң қабылдануы керек. Онда бұл сусындарды классикалық дайындау үлгілері, сүтке қойылатын талаптар, стандарттар, физика-химиялық жəне иіс пен дəмдік қасиеттері, сақтық шаралары жазылуы тиіс», – деген сөздеріне орай тізбелеп отырмын. Қымыз өндіру оңай іс емес, жоғарыда айтқанымдай, оның бейнеті бастан асып жатыр. Демек, тиісті заң қабылданып,

онда қымыз бен шұбат өндіретін фермаларды ынталандыру үшін жеңілдіктер қарастырылғаны жөн болар еді. Мен өзім тұратын Прибрежное ауылында бірнеше отбасы бие сауумен айналысады. Бір литрін 500 теңгеден сатады. Ауылдың Қызылжар қаласына шығар шетін дегі жол бойында тұратын Күлжиян Қожахметованың қымызын ішкен адамдардың бəрі мақтайды. Бірақ бие сауып жүргелі бұл отбасы көптеген қиындықтарға кезікті. Осыдан 3-4 жыл бұрын белгісіз біреулер олардың қорасынан 4-5 сауын биесін ұрлап əкетті. Ақыры, сол биелер табылмай кетті. Ауылды жерде мал ұстау қазіргі уақытта оңай емес. Малдан жақсы өнім алу үшін құнарлы жемшөп керек. Əрине, шалғай ауылдарда шабындығы мол жерлерде шаруа күші болса, шөбін шауып алады. Бірақ шөп тасып, үй жанына үйіп алу үлкен мəселе. Оған жанаржағар май керек. Ол өте қымбат. Қазір өз күніңді өзің көр деген заман ғой. Қала маңындағы ауыл-селоларда шөбі шабуға келетін шалғындар өте аз, бар болса көбі жеке шаруа иелігінде, сондықтан оларды сатып алу керек. Бəрімізге белгілі қазіргі нарық заманында шөптің, жемнің бағасы шарықтап тұр. Мұны əркімнің қалтасы көтермейді. Сондықтан қымыз өндірумен айналысатын адамдарға мемлекет тарапынан қолдау керек деген сөз өте орынды. Егер бие сауып, қымыз дайындаумен айналысқан адамдарға үкімет тарапынан қолдау көрсетілсе, олардың сапалы қымыз өндіруге деген қызығушылықтары артар еді. Болмаса жанбағыстың тірлігі болып қала береді. Өз басым қазақ этнографиясына тəн жазба деректерінен жəне ауыз əдебиетінен қымыздың 25 түрін кездестірдім. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз, жазғы, күзгі, қысқы қымыз деп атаған. Сонымен бірге, оның сары, түнемел, құнан, саумал қымыз, қысырдың қымызы деген де аттары да бар. Тойларға арналып төрт тəулік бойы ашытылған дөнен қымыз, бес тəулік бойы ұсталған бесті қымыз, одан да күшті асау қымыз деген түрлері бар. Қымыздың “бал қымыз” деген түріне аты айтып тұрғандай бал, мейіз, өрік қосылады. Бал қымызды жас бо санған əйелдерге, сырқат адамдарға, жас балаларға береді. Күздігүні бие ағытылар кезде жиналған соңғы қымыз сірге жияр қымызы деп аталады. Салт бойынша көрші-көлем, ағайынтуысқа ас асып, сірге жияр қымызынан дəм татырады. Ертеде қазақ үшін бие байлаудың өзі үлкен мереке болған. Алғаш бие байлаған күні анамыз көрші-қолаңды шақырып, шай беретін. Ол кісі: «Бие байлар», «Жем майлар» деген дəстүр болған. Бұл күні сүр асып табақ тартылатын, желінің қазығына, айғырдың жалына май жағылатын" деп айтып отырушы еді. Бүгінде бабаларымыз сапырған сары қымыз Еуропа елдерінде дастарқан сəніне айналып отырғаны баршаға мəлім. Тіпті, неміс елінде қымыз өндірушілердің көбеюіне байланысты арнайы одақ құрылған. Мамандандырылған 50 ферма қымызды дəрілік таблетка, косметикалық бұйымдар, балалар тағамы жəне балмұздақ түрінде Еуроодақ нарығына шығарып келеді екен. Ресейде 80 қымыз шаруашылығы бар болса, олардың өнімі ірі қалалардағы ең өтімді тағамның біріне айналып отырған көрінеді. Сонда қалай, қымыздың отаны – Қазақстан ұлттық тағамын ұқсата алмай осылай отыра бере ме? Мұның өзі материалдық, моральдық құндылықтарын былай қойғанда, намысқа тиетін жай ғой. Үкіметтің осыны да ойлағаны, депутат көтерген мəселені ұзын арқан, кең тұсауға салмай жедел қолға алғаны дұрыс болар еді. Зейнеп ТƏНІБАЕВА, зейнеткер-ұстаз, Ы.Алтынсарин медалінің иегері.

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Прибрежное ауылы.

Беттерді дайындаған Сүлеймен МƏМЕТ, «Егемен Қазақстан».


www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

 Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

Ел сенімі Мемлекеттік шекара күзетін қамтамасыз етуге өздерінің саналы ғұмырларын арнаған азаматтардың өмірлері кейінгі жастарға қашанда үлгі. Солардың бірі – Петропавл шекара отрядына қарасты «Аққол» шекара заставасының бастығы, аға лейтенант Олжас МЫРЗАБЕКОВ.

Оның ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясын бітіргеніне 7 жылдан асып барады. Ол осы жылдар аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы мен Шекара қызметі директорының атынан екі мəртеден алғыс пен мақтау қағазына ие болып үлгерді. Яғни қызметте тасы өрге домалаған азамат. «Өзім Оңтүстік Қазақстанның Мақтаарал ауданы Атакент ауылында туып-өстім. Кіндік қаным тамған Атакент ауылында бүгіндері шекара заставасы орналасқан. Яғни ол жер шекаралы аймақ болып есептеледі. Өмірін ел мен жерді қорғауға арнайтын шекарашы мамандығын иеленгенімнің бір себебі осында шығар деп ойлаймын. Шекара академиясын бітіргелі бірнеше шекара құрылымдарында қызмет атқардым. Солардың ішінде Бейнеу шекара отрядына қарасты «Төлеп» шекара заставасына басшылық жасаған кезімді үнемі сағынышпен еске аламын. Себебі, «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» демекші, мемлекеттік шекараның жүрегі болып саналатын заставаға басшылық жасауды алғаш рет осы жерден бастадым. Əскери қызметімнің қалған кезеңінде «Төлептегі» жиған тəжірибемнің көп пайдасы тиетінін сеземін. «Төлеп» шекара заставасы аудан орталығы – Бейнеу ауылынан 320 шақырым қашықтықта орналасқан. Жол қатынасы нашар. Қырық күн шілденің аспан айналып жерге түсетіндей ыстығында шекараны уақытпен санаспай күзету – айтуға ғана оңай. 2012 жылдың қыркүйегі мен 2013 жылдың желтоқсан айлары аралығында заставаға басшылық жасаған кезімде табиғаты қатал өлкеде шекараны мігір таппастан күзетудің қаншалықты жауапты екенін сездім. «Төлеп» шекара заставасы күзететін аумақта үш елдің мемлекеттік шекарасы түйіседі. Бір жылдан астам уақыттың ішінде жеке құрамның күшімен үш мемлекеттік шекара бұзушыны ұстадық. Қияндағы өлкеде екінің бірінің тəуекелі жетіп, шекара шебін бұзуға бата алмайды. Бұрындары ауылы аралас жатқан елдердің арасындағы шекараны күзету – Тəуелсіздіктің бүгінгі талабы. Алғашқы жылдары заставаның əлеуметтік-тұрмыстық мəселесін шешу оңай болмады. Маған дейін қызмет атқарған капитан Жанат Күнпейісов сынды азаматтар шекара заставасының ғимаратын жөнге келтіруде барынша тер төге еңбек еткен. Застава ғимараты режімді нысан саналады. Сол себепті біз өз кезегімізде бөгде жандардың застава аумағына енуіне жол бермеу мақсатында арнайы дабыл

құралдары мен тікенек сымдар орнаттық. Шекара отрядының инженерлі-саперлік заставасының жеке құрамы мемлекеттік шекара белдеуінде айқындау аумағын орнатты. Біздерге сол кезде шекара отрядына басшылық жасаған подполковник Мұхтар Қанабеков көп көмек қолын созды. Заставаның аумағын көгалдандыру жұмысын да ретке келтірдік. Ондаған түп ағаш көшетін отырғыздық. Оны барлығымыз аптапқа күйдірмей, баптап-күтіп өсірдік. Ол теректер бүгіндері тамырын тереңге жайып, жайқалып келеді. Ел шетіндегі заставаның ғимараты мен аумағын ретке келтіріп, шекара шебін берік күзетуде жанымнан табылған орынбасарым лейтенант Айдар Ізмағамбетовке, келісімшарт қызметінің сержанты Нұрболат Ахметовке, аға сержант Денис Лебедевке, бөлімше командирі кіші сержант Сырым Балпейісовке кəсіби шеберліктері үшін риза болдым. Бұл аттары аталған азаматтар ел мен жерді күзету сынды киелі де аса жауапты жұмысты дабыра қылмай адалынан атқарды. 2007 жылы Республика Президенті бекіткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының Жалпы əскери жарғысында «əскери қызметтің бар ауыртпалығына төтеп бере білу керек» деген арнайы талап бар. Міне, «Төлеп» секілді тым шалғайда орналасқан əрі өзіндік ерекшеліктері жетіп артылатын заставада қызмет атқарып жүргенде өзіңді шынайы əскери адам ретінде сезінесің. Қиындықтың да адамды тəрбиелейтін қасиеті бар емес пе», – дейді аға лейтенант Олжас Мырзабеков. Оның бүгіндері қызмет ететін «Аққол» шекара заставасының да өзіндік ерекшелігі мен қиындығы жетіп артылады. Бірақ, шыдамдылық пен нағыз ер-азаматқа тəн төзімділікті талап ететін «Төлеп» сынды заставада шың далған білікті офицерге ол ешқандай қиындық туғыза алмайды. Маңғыстау жырауларының толғауларында ел үшін шейіт кеткен хас батырлардың ерлігі кеңінен дəріптелгенде міндетті түрде Төлеп батырдың аты аталады. Əсіресе, сексенге келіп жауға шауып, иен далада қансырап жатқан Балықшы Ер Қармыстың бұла күші бойына сыймаған Төлеп батырға айтқан бақұлдасу жырын жанарыңа жас алмай отырып тыңдау мүмкін емес. Бар мақсаттары ел шебіне басқыншының аяғын бастырмауды ойлаған сол батырлардың бүгінгі ізбасарларының да ел се ні мін ақтайтындығына еш күмəн жоқ. Кенжебек СЕЙІТМҰХАММЕДОВ, шекара қызметінің подполковнигі.

«Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефоны: 8 (7172) 557486, densaulyk.astana.kz, Астана қаласы əкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жедел медициналық жəрдем станциясы» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының бас дəрігері лауазымына конкурс жариялайды, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесі, 12, жұмыс телефоны: 316269. 1. Конкурсты өткізу уақыты мен орны: Конкурс 2014 жылғы 20 қазанда, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 4-қабат, Астана қаласы əкімдігінің ғимаратында өтеді. 2. Қалалық жедел медициналық жəрдем станциясы ауру туындаған жағдайда жəне денсаулыққа зиянын тигізетін жəне өмірге қауіп төндіретін маңызды залалдарды жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін медициналық көмекті ұсынады. Медициналық көмек қажетті емдеу-диагностикалау жабдығымен жабдықталған, медикаменттері бар жəне дайын білікті медициналық кадрлармен толықтырылған жылжымады бригадалармен жүзеге асырылады. 3.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім, «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру»(«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының, денсаулық сақтау ұйымдарында басшы лауазымында еңбек өтілі 5 жылдан кем емес болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Казақстан Республикасы Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасыдағы тілдер туралы» Казақстан Республикасы заңдарын, денсаулық сақтау мəселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді, əлеуметтік гигиена жəне денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, емдеу-алдын алу жəне санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық жəне ұйымдастыру негіздерін, халықтың денсаулық жағдайы бойынша статистиканы, денсаулық сақтаудың өлшемдерімен көрсеткіштерін, медициналық көмек нарығының конъюнктурасын, отандық жəне шетелдік медицинадағы ғылыми жетістіктерін, науқастардың əлеуметтік жəне медициналық сауықтыруды ұйымдастыруды, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария жəне өртке қарсы қауіпсіздік мəселелерін білуі тиіс. 4.Конкурсқа қатысу туралы өтінішті тапсыру мерзімі: құжаттар 2014 жылғы 16 қазанға дейін қабылданады. 5.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталу күні: 2014 жылғы 2 қазан. 6.Конкурсқа қатысу үшін қабылданатын қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; еркін нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне жұмыстан еңбек шартының тоқталғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері; денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.

Усманова Бибыаиша Боранбайкизиның атына берілген №790076011 ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

13

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 22 қазанда сағат 10.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында мемлекеттік республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде аукцион өткізеді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасымен республикалық меншіктегі нысандарды сатудың орындалуын сəйкестендіреді. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: Теңгерім ұстаушы – «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ. 1. ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Бөкеев к-сі, 115, мем. нөмірі F 125 АЕ, 2002 ж.ш. Ваз-21213 автокөлігі. Алғашқы бағасы – 146 000 теңге. Бастапқы бағасы – 1 460 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 76 409 теңге. Кепілді жарнасы – 21 900 теңге. Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Републикасы Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу жəне бақылау комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» ММ. 2. Өскемен қ., Потанин к-сі, 12, мем.нөмірі 884АЕ16, 2007 ж.ш. Ваз-21703 автокөлігі. Алғашқы бағасы – 319 000 теңге. Бастапқы бағасы – 3 190 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 166 948 теңге. Кепілді жарнасы – 47 850 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті» ММ. 3. Өскемен қ., Тоқтаров к-сі, 85, мем. нөмірі F 830 OS, 2008 ж.ш. Ваз-21214-109 автокөлігі. Алғашқы бағасы – 413 000 теңге. Бастапқы бағасы – 4 130 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 216 143 теңге. Кепілді жарнасы – 61 950 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Шығыс Қазақстан облысының кедендік бақылау департаменті» ММ. 4. Өскемен қ., Новатор к-сі, 7/2, мем. нөмірі F 195 KV, 2006 ж.ш., Ваз-21213 автокөлігі. Алғашқы бағасы – 336 000 теңге. Бастапқы бағасы – 3 360 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 175 845 теңге. Кепілді жарнасы – 50 400 теңге. 5. Өскемен қ., Новатор к-сі, 7/2, қармен жүретін «Буран» СБ 640 МД көлігі, қозғалтқыш нөмірі №002-2422, 2000 ж.ш. Алғашқы бағасы – 153 000 теңге. Бастапқы бағасы – 1 530 000 теңге. Ең төменгі бағасы

– 80 073 теңге. Кепілді жарнасы – 22 950 теңге. 6. Өскемен қ., Новатор к-сі, 7/2, қармен жүретін «Буран» СБ 640 МД көлігі, қозғалтқыш нөмірі №002-2422, 2000 ж.ш. Алғашқы бағасы – 153 000 теңге. Бастапқы бағасы – 1 530 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 80 073 теңге. Кепілді жарнасы – 22 950 теңге. Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті. 7. Өскемен қ., Крылов к-сі, 80, мем. нөмірі F 950 EA, 2003 ж.ш. Ваз-21213-11000 автокөлігі. Алғашқы бағасы – 303 000 теңге. Бастапқы бағасы – 3 030 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 158 575 теңге. Кепілді жарнасы – 45 450 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР ІІМ ҚАЖК «ОВ156/13 мекемесі» РММ. 8. Өскемен қ., Школьная к-сі, 1, мем. нөмірі F 799 EA, 1996 ж.ш. Уаз-31512 автокөлігі. Алғашқы бағасы – 217 000 теңге. Бастапқы бағасы – 3 170 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 118 720 теңге. Кепілді жарнасы – 32 550 теңге. 9. Өскемен қ., Широкая к-сі, 44, мем. нөмірі F 045 AT, 1993 ж.ш. Газ-31029 автокөлігі. Алғашқы бағасы – 133 000 теңге. Бастапқы бағасы – 1 330 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 69 606 теңге. Кепілді жарнасы – 19 950 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР АШМ Ветеринариялық қадағалау жəне бақылау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК ШҚО филиалы 10. Өскемен қаласы, Вешний бұрылысы, 14, мем.нөмірі F 344 PN, 2002 ж.ш. Газ-3110411 автокөлігі. Алғашқы бағасы – 328 000 теңге. Бастапқы бағасы – 3 280 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 91 227 теңге. Кепілді жарнасы – 49 200 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР КжКМ Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кəсіпорны 11. Өскемен қаласы, Шлюзная көшесі, 14, мем.нөмірі F 178 ЕА, 2003 ж.ш. Ваз212180-30 автокөлігі. Алғашқы бағасы – 299 000 теңге. Бастапқы бағасы – 2 990 000 теңге. Ең төмен бағасы – 83

161 теңге. Кепілді жарнасы – 44 850 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР АШМ АКМ МИК «Шығыс Қазақстан облысының аумақтық инспекциясы» ММ. 12. ШҚО, Өскемен қаласы, Пограничная көшесі, 49, мем.нөмірі 756 АЕ 16, 2001 ж.ш. Ваз-21213 автокөлігі. Алғашқы бағасы – 87 000 теңге. Бастапқы бағасы – 870 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 45 513 теңге. Кепілді жарнасы – 13 050 теңге. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін 24 (жиырма төрт) сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне же кешелендіру департаменті» ММнің мына есепшотына төленеді: ИИК KZ110705012170169006, БИК KКМFKZ2A, БСН 120240019160, КБЕ 11, КНП 171, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ-да (төленген кепілді жарна көлеміне банктік қызмет кірмейді). Сатушының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушы көрсетілген хабарламаға, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғаның өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сатушының шотына түспеуі негіз болып табылады. Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша саудасаттыққа қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру нысанын сатып алу құқығын береді. Аукционға қатысу үшін алдын-ала Тізілімнің веб-порталына тіркелуі қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестену нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының

деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қол қойылған, төмендегі құжаттардың электрондық көшірмелерін (сканерленген) өтінімді (бұдан əрі – өтінім) Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Назар аударыңыздар! Қатысушының Қағиданың 23-1 жəне 23-2 тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəліметтер болған жағдайда, Тізілімнің веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса,

жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы ережеге сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру ныса нының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион өткізілген күні Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114 мекенжайы бойынша жеңімпаз сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қояды. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариалды куəландырылған көшірмелерін салыстыру үшін міндетті түрде көрсете отырып, сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне Өскемен қаласындағы 8(7232)559746, 258715 телефондары арқылы алуға болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды Жекешелендіру нысандарын сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Голланд əдісімен аукцион 2014 жылғы 22 қазанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін www. gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында өткізіледі. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. ВАЗ-21214 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N182 BV, 2008 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,Тереңөзек кенті, Жеңіс көшесі, 50, 46-үй. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысының статистика департаменті. Алғашқы бағасы – 662 643 теңге, бастапқы бағасы – 3 313 215 теңге, ең төменгі бағасы – 192 663 теңге. Кепілді жарна – 99 396 теңге, 45 тиын. 2. Chevrolet Niva 212300і маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N008 СК, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Нартай Бекежанов ауылы. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 655 102 теңге, бастапқы бағасы – 3 275 510 теңге, ең төменгі бағасы – 190 470. Кепілді жарна – 98 265 теңге, 30 тиын. 3. Днепр мотоциклі, мемлекеттік нөмірі 23-54 КЗА, 1988 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Əйтеке би кенті, Пірімов көшесі, 3. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 2 055 теңге. Бастапқы бағасы – 10 275 теңге, ең төменгі бағасы – 664 теңге. Кепілді жарна – 308 теңге 25 тиын. 4. Юпитер Иж-Ю-4 мотоциклі, мемлекеттік нөмірі 29-84 КЗА, 1986 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Əйтеке би кенті, Пірімов көшесі, 3. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 1 472 теңге, бастапқы бағасы – 7360 теңге, ең төменгі бағасы – 428 теңге. Кепілді жарна – 220 теңге 80 тиын. 5. ИМЗ-8 мотоциклі, мемлекеттік нөмірі 58-86 КЗА, 1991 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Құндызбаев көшесі, 5. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 1 932 теңге, бастапқы бағасы – 9660 теңге, ең төменгі бағасы – 562 теңге. Кепілді жарна – 289 теңге 80 тиын.

6. Вагон түгендеу нөмірі 232100000002, 1994 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Максимов көшесі 8, Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті. Алғашқы бағасы – 166 662 теңге, бастапқы бағасы – 833 310 теңге, ең төменгі бағасы – 48 457 теңге. Кепілді жарна – 24 999 теңге 30 тиын. 7. Вагон, түгендеу нөмірі 232100000003, 1994 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Максимов көшесі 8, Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті. Алғашқы бағасы –166 662 теңге, бастапқы бағасы – 833 310 теңге, ең төменгі бағасы – 48 457 теңге. Кепілді жарна – 24 999 теңге 30 тиын. 8. ГАЗ-66 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N958 AF, 1987 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Железнодорожная көшесі, 29. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы. Алғашқы бағасы – 163 978 теңге, бастапқы бағасы – 819 890 теңге, ең төменгі бағасы – 47 676 теңге. Кепілді жарна – 24 596 теңге 70 тиын. 9. ЗиЛ-Ммз-45021 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N586 АЕ, 1986 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Железнодорожная көшесі 29, Теңгерім ұстаушы – Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы. Алғашқы бағасы – 131 299 теңге, бастапқы бағасы – 656 495 теңге, ең төменгі бағасы – 38 175 теңге. Кепілді жарна – 19 694 теңге 85 тиын. 10. Вагон-жатақхана, түгендеу нөмірі 235003000260, 1974 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққолқа елді мекені. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы. Алғашқы бағасы – 67 529 теңге, бастапқы бағасы – 337 645 теңге, ең төменгі бағасы – 19 634 теңге. Кепілді жарна – 10 129 теңге 35 тиын. 11. ГАЗ-310290 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N394 СМ, 1994 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Панфилов көшесі, 80. Теңгерім ұстаушы – «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Қызылорда облыстық филиалы. Алғашқы бағасы – 58 859 теңге, бастапқы бағасы – 294 295 теңге, ең төменгі бағасы – 17 113 теңге. Кепілді жарна – 8 828 теңге 85 тиын. 12. ГАЗ-2752-114 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N184 BU, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Б. Асқар көшесі, 30. Теңгерім ұстаушы

«Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефоны: 8 (7172) 557486, densaulyk.astana.kz, шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 6 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының бас дəрігері лауазымына конкурс жариялайды, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Аманат көшесі, 3, жұмыс телефоны: 358396. 1. Конкурсты өткізу уақыты мен орны: Конкурс 2014 жылғы 20 қазанда, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 4-қабат, Астана қаласы əкімдігінің ғимаратында өтеді. 2. Емхана дəрігерге дейінгі, тəулік бойы медициналық бақылаусыз, кешенді медициналық қызметтер енгізілген білікті медициналық көмек, диагностикалық, ауруларды емдеу жəне басқа да жедел шараларды көрсетеді; инфекциялық аурулар оша ғында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды іске асырады; тұрғындарды гигиенаға үйрету, аурулардың алдын алу жəне саламатты өмір салтын насихаттау; алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік қызмет, жалпы тəжірибедегі дəрігерлер жəне медбикелер көрсетеді; кеңес беру-диагностикалық қызмет көрсететін алғашқы медикосанитарлық көмек көрсететін ұйымның қызметі, аумақтық принцип бойынша қалыптасады. Алғашқы медикосанитарлық көмек түрлерін, көлемін, тəртібін, сондай-ақ азаматтардың алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына тіркелу тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім, «Денсаулық сақ тауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы тиіс жəне денсаулық сақтау ұйымдарында басқарушылық лауазымдық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмау тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Казақстан Республикасы Еңбек кодексін,

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Казақстан Республикасы заңдарын, денсаулық сақтау мəселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді, əлеуметтік гигиена жəне денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, емдеу-алдын алу жəне санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық жəне ұйымдастыру негіздерін, халықтың денсаулық жағдайы бойынша статистиканы, денсаулық сақтаудың өлшемдерімен көр сеткіштерін, медициналық кө мек нарығының конъюнктурасын, отандық жəне шетелдік медицинадағы ғылыми жетістіктерін, науқастардың əлеуметтік жəне медициналық сауықтыруды ұйымдастыруды, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария жəне өртке қарсы қауіпсіздік мəселелерін білуі тиіс. 4. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті тапсыру мерзімі: құжаттар 2014 жылғы 16 қазанға дейін қабылданады. 5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталу күні: 2014 жылы 2 қазан. 6. Конкурсқа қатысу үшін қабылданатын қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; еркін нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне жұмыстан еңбек шартының тоқталғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері; денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.

– «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК Қызылорда облыстық филиалы. Алғашқы бағасы – 1 391 435 теңге, бастапқы бағасы – 6 957 175 теңге, ең төменгі бағасы – 404 558 теңге. Кепілді жарна – 208 715 теңге 25 тиын. 13. ГАЗ-27057296250 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N118 BL, 2005 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 165. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша экология департаменті. Алғашқы бағасы – 226 903 теңге, бастапқы бағасы – 1 134 515 теңге, ең төменгі бағасы – 65 972 теңге. Кепілді жарна – 34 035 теңге 45 тиын 14. КИА-Спортейжер маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N007 NS, 1998 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Д. Қонаев тұйығы, №1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы жəне Байқоңыр қаласы бойынша департаменті. Алғашқы бағасы – 136 319 теңге, бастапқы бағасы – 681 595 теңге, ең төменгі бағасы – 39 635 теңге. Кепілді жарна – 20 447 теңге 85 тиын. 15. Mitsubishi Pajero автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N024 AV, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Абай д-лы, 64. Қызылорда облысы бойынша салық департаменті, Алғашқы бағасы – 1 097 984 теңге, бастапқы бағасы – 5 489 920 теңге, ең төменгі бағасы – 600 701 теңге. Кепілді жарна – 164 697 теңге 60 тиын. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарнаны төлеу деректемелері: Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің есебіне KZ690705012170173006, СТН 331000024812, ЖСН 120240012084, BIC KKMFKZ2A, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті, ММ коды 2170173, КНП 171, КБЕ 11, Қызылорда қаласы, Д. Қонаев көшесі, 7А. Назар аударыңыз! Сатушының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ, сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі негіз болып табылады. Кепілді жарнаны қайтару үшін аукционға қатысушы сауданы ұйымдастырушыға банктен ағымдағы есепшоттың бар екенін растайтын анықтама тапсыруы қажет.

Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, əкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінімді жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəліметтер болған жағдайда, Тізілімнің веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нəтижелері бойынша Тізілімнің вебпорталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін

КОНКУРСТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерге шек қою мəселесі жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер жəне толықтырулар енгізу туралы» Заңына сəйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын тарату мақсаттар үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімінің 2014 жылғы 3 қарашаға дейін ұзартылатындығы туралы хабарлайды. Өтінімдер жəне оған қоса берілген құжаттар 2014 жылғы 3 қарашада сағат 18.00де аяқталады. Конверттерді ашу 2014 жылғы 4 қарашада сағат 15.00-де мына мекенжайда өтеді: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй (Министрліктер үйі), 15-кіреберіс, (745-бөлме). Конкурс қорытындысы конверт ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарылады.

Жиренбай Қарлығаш Садықбекқызының атына берілген №790076018 ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куəландырылған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион ережесі: егер аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы қағидамен белгіленген қадамға азаяды; егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілген болып танылады; егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе қатысушылрдың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша аукцион нəтижелері, аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚны пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Қызылорда қаласы, Д. Қонаев көшесі, 7А мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес жеке төлейді. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7242) 30 11 64 телефоны арқылы алуға болады.

Судья К.Н.Сəлімбаеваның төрағалығымен Алматы қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі ұйғарымымен «БТА Банкі» АҚ өтініші бойынша ЖК Нурланов Дүйсенбекті банкрот деп тану жөнінде азаматтық іс қозғалды. Уважаемые клиенты АО «Халык-Life»! Сообщаем, что в связи с расширением штата, филиал АО «Халык-Life» в городе Алматы переехал в новый офис по следующему адресу: 050000, РК, г. Алматы, ул. Желтоксан, д. 96/98, 5-этаж, офис 519. Всегда рады видеть вас!

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің басшылығы мен депутаттары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мəмиге інісі Самат ƏБДІРАЗАҚҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Абзал азамат, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Əбдіразақұлы Мəмиге інісі Самат ƏБДІРАЗАҚҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Академик Кенжеғали Сағадиев.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Əбдіразақұлы Мəмиге інісі Самат ƏБДІРАЗАҚҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Əбдіразақұлы Мəмиге інісі Самат ƏБДІРАЗАҚҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы əділет органдарының атынан Əділет министрі Берік Имашев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Əбдіразақұлы Мəмиге бауыры Самат ƏБДІРАЗАҚҰЛЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен туғантуыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Тəңірберген Құрманғалиұлы ТОҚСЕЙІТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның ағасы Рахымберген Құрманғалиұлы Тоқсейітовке жəне туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Республикалық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Əбдіразақұлы Мəмиге ІНІСІНІҢ қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Жамбыл облысының əкімдігі жəне облыстық мəслихат Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Əбдіразақұлы Мəмиге інісі Самат ƏБДІРАЗАҚҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Қазцинк» ЖШС ардақты азамат Марат Есқазыұлы НҰРЫМОВТЫҢ өмірден өтуіне байланысты марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. «Техникалық жəне кəсіптік білімді дамыту жəне біліктілікті берудің республикалық ғылыми-əдістемелік орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры жəне ұжымы осы орталықтың Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Мұхит Аманқосұлы АЙТУАРОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туғантуыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


14

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

 Жағымды жаңалық

 Өнер Бибігүл Төлегенова – аты аңызға айналған əлемдік деңгейдегі əнші, КСРО халық əртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, опера жұлдызы. Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрының солисі, педагог, опера əншісі (колоратуралық сопрано).

Кґмейіне бўлбўл ўялаєан... құрметіне ашылған көрмені тамашалады. Онда əншінің қойылымдар мен концерттерге киген костюмдері, жеке заттары, марапаттары жəне əншінің өмірі мен шығармашылығына арналған фотогалереямен танысты. Салтанатты кеш шымылдығы мерейтой иесінің жастық шағынан бастап қазірге дейінгі өткен өмір жолдары өрілген бейнетаспамен ашылды. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама аясында қазақстандық жəне шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық əндері, романстар, аспапты шығармалар орындалды. Гала-концертке Бибігүл Ахметқызының өзі, қазақстандық опера əншілері, оның дəстүрін жалғастырушылар, Бибігүл Төлегенова конкурсының лауреаттары жəне «Астана Опера» хоры симфониялық оркестрі қатысты. Театр солистерінің дені – ол кісінің шəкірттері, соның ішінде: Сүндет Байғожин, Əлфия Кəрімова, Медет Шотабаев, Талғат Мұсабаев жəне басқалары бар. Əнші репертуарында қазақтың «Бұлбұл», «Гəкку» т.б. халық əндері, вокальдық классика шы ғармалары, қазіргі заман композиторларының романстары, əндері шырқалып, көрерменнің көңілін бір серпілтіп тастады. Кеш соңында Б.Ахметқызы, ұйымдастырушыларға, өзін халқымен қауыштыруға мұрындық болған «Астана Опера» театрының ұжымына, шəкірттері мен сүйемелдеуші оркестрге жəне

Б.Төлегенова ұлттық опера өнерінің дамуына зор үлес қосты. Ең үздік партиялары: Жібек (Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегі»), Гүлбаршын (Е.Рахмадиевтің «Алпамысы»), Еңлік (Ғ.Жұбанованың «Еңлік-Кебегі») жəне т. б. Б.Төлегенова сондай-ақ, «Дала қызы», «Біздің сүйікті дəрігер», «Бұл Шұғылада болған», «Тақиялы періште» кинофильмдерінде ойнады. Оның əндеріне Нью-Йорктің, Лондонның, Париждің, Римнің, Афинаның, Токионың, Сеулдің, Каир мен басқа да əлемнің ірі қалаларының айтулы концерт залдарына жиналған жұрт тамсана қол соққан. Халық əртісі əлемнің ең үздік оркестрлерімен бірге əн салған. ЮНЕСКО шешімі бойынша Бибігүл Төлегенова XX ғасырдың ұлы жиырма əйелдерінің қатарына енген бірден-бір əнші. Жуырда «Жібек жолы» халықаралық фестивалі аясында «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрында күміскөмей əнші Б.Төлегенова астаналық тұрғындармен қайта қауышты. Бұл айтулы кеш əншінің «Сүю, үміттену жəне сену» атты гала-концерті жəне 85 жылдығына арналған бенефисі еді. Ыстық ықылас, зор қошеметпен қарсы алған өнерсүйер қауым мен оның өнеріне табынушылардың Бибігүл əндеріне көп тен сусап қалғандары байқалып тұр. Мерекелік кешке жиналған көрермен əуелі Б.Төлегенованың

 Дода

Азиада: 20 алтын медаль! Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан» – Инчхоннан.

Кеше, Азия ойындарының он екінші күнінде біздің ұлттық құрамамыз 5 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль алып, барлық жүлде санын 66-ға жеткізді. Соның ішінде алтыны – 20. Осы көрсеткіштің нəтижесінде бұрынғы орнымыздан ешқайда жылжымадық. 1 қазанда Азиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болғандар жөніндегі əңгімеміздің əлқиссасын «алтын» алғандардан бастайық. Бұл күннің алғашқы «алтынын» су добынан ерлер командасы иеленді. Біздің жігіттер сəтті өнер көрсетіп, Жапония құрамасын күміс жүлдені қанағат тұтуға мəжбүр етті. «Қола» оңтүстіккореялықтарға бұйырды. Айта кетейік, біздің ватерполшыларымыз осы сынға Азиаданың (2010) чемпионы ретінде қатысып, атақтарын абыроймен сақтап қалды. Келесі алтын медальді алу мəртебесі 800 метр қашықтыққа жүгіруден желаяқ қызымыз Маргарита Мұқашеваның маңдайына жазылды. Ол осы шешуші кезеңде жеңімпаз атанып қана қоймай, Азия ойындарының рекордын да жаңартты – 1:59,02. Осы күні жеңіл атлетші Ольга Сафронованың да жолы болды. Ол 200 метр қашықтыққа жүгіруден алдына жан салмады – 23,02. Грек-рим күресiнен белдi палуанымыз Нұрмахан Тiнəлиев те (130 кг.) өз еліне Азиаданың «алтынын» алып берді. Финалда кілем иесі – Ким Йонгминмен кездескен ол қарсыласын 3:0 есебiмен мойындатты.

Тағы бір «алтынды» Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова еншіледі. Ол үш қарғып секіруден 14 метр 32 сантиметрге жетті. Ал «күмісті» Өзбекстан спортшысы Александра Котлярова иеленсе, «қоланы» тағы бір біздің атлетшіміз – Ирина Эктова алды. 1 қазандағы жалғыз күміс жүлдені былғары қолғап шебері Жайна Шекербекова (48-51 кг.) қоржынға салды. Ол Үндістан өкілі, əлемнің 5 дүркін чемпионы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Чунгнейджанг Мэри Ком Хмангтен айласын асыра алмады. Осы күні қоржынға түскен 4 «қоланың» бірін гандболшы қыздар иеленді. Олар 3-орын үшін таласта Қытай командасын жеңілуге мəжбүр етті. Екінші қола жүлдені грек-рим күресінен 75 кило салмақ дəрежесінде сынға түскен Досжан Қартықов олжалады. Бұл бəсекеде біздің жігіт қырғыз палуаны Самат Ширдаковты жеңіп кетті. Тағы бір 3-орынды құрамында Əлия Əсімова, Сəбина Əширбаева, Виктория Горбунова жəне Екатерина Скориковалар бар көркем гимнастшы қыздар командасы ұтып алды. 1 қазанда қоржынға салынған «қолалардың» соңғысын үш қарғып секіруден Ирина Эктова алып берді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Ольга «алтын» салған сынға Ирина да қатысқан. Нəтижесінде, 3-орыннан көрінді. Бұл күнді қорытындыласақ, жалпы есептегі алғашқы үштікте Қытай (294), Оңтүстік Корея (189), Жапония (160) құрамалары тұр. Бұдан кейінгі орында – біздің ел (66).

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Бір топ студентке – шəкіртаќы «Егемен Қазақстан».

Жас балғындарды облыс əкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтап, Ерік Хам заұлының қолдауымен кəсіптік-техникалық колледжде «Спорт жөніндегі жаттықтырушы» мамандығы ашылғанын, онда 50 студент тегін білім алып жатқанын, ең таңдаулылары көтермелеу сыйақыға ие болғанын жеткізді. Жаңа ашылған мамандыққа түскен ұл-қыздардың 25-і қазақ, қалғандары орыс тобында

білім алады. Барлығы да халық аралық, республикалық сайыс тардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт шебері жəне спорт шеберлігіне үміткерлер. Араларында Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан келген жастар да бар. Олар үш жыл бойы бапкерлік мамандықтың қыр-сырына баулынады. Бұдан былай 20 студент ай сайынғы шəкіртақыға қосымша 20 мың теңге сыйақы алып тұратын болады. Солтүстік Қазақстан облысы.

 Спорт

Гольф турнирі ќорытындыланды Алматыдағы «Жайлау» гольф клубында кезекті Kazakhstan Open 2014 гольф турнирі қорытындыланды. Оныншы мəрте өткізілген ақсүйектер ойынының биылғы жеңімпазы 26 жасар ағылшын азаматы Сэм Хатсби болды.

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

 Мəссаған!

Алып ќошќар «рекорд» жасады Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

«Естімеген елде көп» дегенді осындайда айтқан жөн шығар, Қытайдың Шынжаң өлкесі Алтай аймағының ауылшаруашылық жəрмеңкесінде ірілігі тайыншадай алып қошқар иесін мол ақшаға кенелтті. Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданының тұрғыны, қандасымыз Баймұрат Бөкейханұлының əбден семіртіп əкелген қошқары жəрмеңкеге келген жұртшылықты таң қалдырған. Денесі ірі, салмағы 176 кило тартатын қой баласын адамдар хайуанаттар бағына келгендей тамашалап, оның қасында тұрып суретке түсуге жапатармағай таласыпты. Жəрмеңке барысында Алтай қошқарын сатып алғысы келгендер көп болыпты. Бірақ олар əртүрлі баға ұсынады. Қошқар иесі Баймұрат бұған көңілі толмаған соң бəссауда арқылы сатуды жөн көреді. Нəтижесінде алып қошқар 128 мың юан қытай ақшасына бағаланған. Бұл біздің ақшаға шаққанда 3 миллион 788 мың теңге болады екен.

Жақында «Қазақпарат» баспасынан «Мағауиннен Мо Янға дейін» атты жобаның аясында «Шыңғыс ханнан Шахановқа дейін» деген кітап жарық көрді. Бұл аталмыш жобаның бірінші бөлімі екенін айта кетсек дейміз. Ұлтқа қажет игілікті істі белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек атқарып келеді. Ол білікті азаматтармен телесұхбаттар өткізіп, онда əдебиет əлемін, оның ішінде қазақ əдебиетінің айтулы шығармаларына талдау жасап, есте ұстар түйіндер жасап жүр. Сол келелі əңгіме ендігі жерде кітап болып жұрттың қолына тиді.

Жақында бір топ спортшыға материалдық көтермелеу шəкіртақы сертификаттары табыс етілді. Өмір ЕСҚАЛИ,

кеш қонақтарына басын иіп, жүрекжарды алғысын жаудырды. Ол кісінің: «Сіздерге үлкен рахмет, əсіресе мені КСРО халық əртісі, Социалистік Еңбек Ері, «əнші Бибігүл» дəрежесіне дейін көтерген сол заманның яғни, кеңестік дəуірдің қарапайым еңбек, шаруа адамдарына алғысым шексіз. Мен олармен бірге қырманда да, жазық пен жайлауда да, жер таңдамай бірге қосыла əн шырқадым, мені көтерген сол адамдардың риясыз пейілдері», – деген сөзі өзі қатарлас замандастарын тіпті шабыттандырып жіберді. «Өз басым «Астана Опера» театрын Шығыс жауһарларының бірі деп санаймын, мен мұндай өнер ордасын əзірге еш жерден көрген жоқпын, қазіргі заманға сай жабдықталған екен. Əлемдік деңгей стандартына сай, кез келген əлем жұлдызын ұялмай қабылдайтын сахнаның мүмкіндігін атап өтпеу мүмкін емес. Сіздер бақыттысыздар, сол үшін Президентіміз Нұрсұлтан Назар баевқа үлкен алғысымды білдіремін», – деді Бибігүл Төлегенова. Кештің мазмұндылығы соншалық, сүйікті əншісін халық көпке дейін ду қол шапалақпен сахнадан жібермей, ұзақ тұрды. Тағы да əн сұрағандары ма, əлде шынайы ризашылық сезімдері ме екен?.. Бұл ишара бізге «концерт бітпесе екен», деген көпшіліктің көл-көсір көңіліндей көрінді.

 Кітап көкжиегі

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Финалдық ойында Сэм 67 соққымен 5 ұпайлық көрсеткішке ие болып, өзінің жерлесі Эндрю Джонстон мен оңтүстіккореялық Ан Биен Хуннен басып озды. Осылайша Гольф турдың бас бəйгесі – 72 мың еуро мен үлкен «Бəйтерек» мүсінін олжалап, ал дағы Еуротурға жолдама алды. Гольф мерекесінің мəртебелі жеңімпаздарын марапаттауға Қазақстан гольф федерациясының президенті Нұртай Əбіқаев, Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов жəне Еуропа Челендж турының директоры Алан де Солтре қатысты. Биылғы маусымның халықаралық дəрежедегі соңғы ойынын қорытындылаған Нұртай

Əбіқаев Еуропа Челендж туры қауымдастығы мен оның бас шылығына жылы лебіз білдірді. Сондай-ақ, елімізде өткізілетін дəстүрлі гольф жарысына əлемдік үздік ойыншылар қатысатынын, осы арқылы отандық гольф спортының мəртебесі артып келе жатқанын тілге тиек етті. Өз кезегінде Еуропа Челендж турының басшысы əлемде қазіргі таңға дейін өткізіліп келген 27 тұрақты турнирдің соңғы 10 жылда тек 21-і ғана қалғанын, осы уақыт аралығында ақсүйектер спортының ғұмырлы болуына Қазақ елінің қосқан үлесі мен еңбегін атап өтті. АЛМАТЫ. ––––––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.

Ўлт руханиятыныѕ ќўнары

туралы кітаптан алар таєылым аз емес Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Беташар сұхбат «Шығарма аты – «Бесатар», авторы – Асқар Сүлейменов» деп аталады. Осы бір қадірлі сөзді мына өмірге қасқайып келіп, ешкімнен қаймығып, ықпайбұқпай қасқайып жүріп, аққан жұлдыздай өте шыққан Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» кітабы жарыққа шыққанда ұлы Ғабең, Ғабит Мүсірепов ағынан жарылып айтқанын алдыңғы толқын жақсы білсе керек. «Əдебиет – ардың ісі» деген Мұхтар Əуезов сөзін ту етіп ұстаған Асқар туындылары туралы тарихшы Мəмбет Қойгелді мен ғалым Ұлан Еркінбай жан-жақты ой қозғайды. Ал, ұлан-ғайыр білімнің иесі, көрігі қызып, айтқанының бəрі шепті бұзып тұрған Кеңес дəуірінде Шəкəрімнің өлеңдерін қаймықпай өз ұлтынан бұрын орыс оқырмандарына жеткізген, айтулы жазушы Мұхтар Мағауиннің «Жармақ» романына қатысты өрілген əңгіме желісіне белгілі сыншы Əмірхан Меңдеке мен ақын Аманхан Əлім қатысып, шығарманың шырайлы тұстарын сөз етеді. Қоғамдағы кейбір келіссіз көріністерді баяндаған туындының түйінінде олар: «Егер шын түсінсек, бұл Мұхтар Мағауиннің іштегі шері, іштегі запыраны, іштегі айқайы. Халықтың қасіреті. Қазақтың қасіреті» екенін тілге тиек етеді. Қарымды қаламгер, əр жыл сайын қазақтың арғы-бергі кезеңдеріндегі тарихи оқиғаларды, айтулы тұлғаларды, бүгінгі дəуірді суреттеп келе жатқан Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» деген мемуары туралы сұхбатқа автордың өзін қатыстыра отырып, еркін пікір алысуға өзіндік қолтаңбасы бар жазушы Жаңабек Шағатай да тартылыпты. Ойы терең, байламы биік Тұрсынжан Шапайдың «Қазақтың жаны» атты жинағына

арналған сыр-сұхбатта кітаптағы дүниелердің көбі Абайдың ащы сынының желісінде өрбитінін сөз етеді. Сол секілді, Қытайдағы қазақ диаспорасының өмірі суреттелген Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» атты көп томдығы туралы əңгімеден алар əсер аз емес. Қазіргі қазақ əдебиетінің көзі тірі классигі Əбдіжəміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» роман-диалогиясы, білімдар азамат, талантты ақын, өмірден ерте кеткен Əмірхан Балқыбектің қатысуымен болған ой желілеріндегі алуан түрлі пікірлер кімді де болса бейжай қалдырмайды. Əңгімеге қатысқандар өздерінің байламдарын нақты мысалдармен алға тартып отырады. Ноқталы заманда, басы сол ноқтаға сыймай, орынды жерінде басын иіп, қияңқы қылықтарға қарсы шығып, бет-жүзіне қарамай, айтарын айтқан батыр Бауыржан Момышұлының «Көз алдымда бəріңсің» деген кітабы туралы талдау да ерекше есте қаларлық дүние деп білеміз. Қара сөздің хас шебері Əбіш Кекілбаевтың «Үркері» жайлы терең толғамды талдау да есте қаларлық. Бір атап өтерлігі, кітаптағы сыр-сұхбаттарда шынайылық, ақиқат басым. Авторға, не туындыға қарап жалтақ баға беріле салмайды. Тура сөз алға озады. Бұл бүгінгідей арзан мақтау мен марапат бел алып тұрған тұста барды бар, жоқты жоқ деудің əдемі үлгісіндей көрінеді. Кітаптың соңғы түйінінде Жүсіпбек Қорғасбек «Кітаппен сырласу» деген əдемі түйіндемесін берген екен. Соның соңғы жолдары: «Тас кітапқа таңба салған сақ бабам, Қылыш емес, кітап бізді сақтаған. Қанқасапқа түскен кезде салт-санам, Кітап қана рухымды сат паған» деп түйін жасапты. Ұлт руханиятының ғасырлар бойы арнасынан адаспай келе жатқан құнды құнарына қосылған бұл жинақ – қалың жұрттың ілтипатына ілінері анық.

 Қылмыс

Алаяќ ўсталды, біраќ... Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбеде 1 млн. теңге ақшаны алдап алған адам ұсталды. Ол 54 жастағы əйелдің мемлекеттік бағдар лама бойынша пəтер алуға көмектесемін деп арбап 500 мың теңгесін,

одан соң араға біраз күн салып тағы бір азаматтың мемлекеттік бағдарлама бойынша пəтер алуға көмектесемін деп 575 мың теңге жəне 700 АҚШ долларын алып кеткен. Содан жедел-іздестіру шаралары барысында 65 жастағы қала тұрғыны қолға түскен. Ол өз кінəсін

Киіктіѕ киесі атты

мойындап отыр. Сондықтан алаяқ əйелдің үстінен ҚК 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда, ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті «ешқайда кетпеу жəне өзін-өзі дұрыс ұстау» туралы қолхат жазған соң босатылып жіберілген. Бұл қалай?

Қанша жерден алдын алу шаралары жүргізілсе де, қаншама заңсыз ақбөкен аулаушылар ұсталып, істі болып жатса да, дала аруы – киіктерді қынадай қыру тыйылмауда. Соның бірі Ырғыз ауданы, Мыңсай аумағында орын алды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

барысында екі адам мінген мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «Урал» маркалы мотоцикл тоқтатылады. Олардан арамен кесілген 8 дана ақбөкен мүйіз дері тəркіленді. Ұстал ғандарға қатысты ҚК 288-бабы бойынша (Заңсыз аңшылық) қылмыстық іс қозғалды. Сөйтіп,

екеуі де екi жылға бас бос тандығынан айырылып, сотталды. «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» пайда таппақ болғандар енді екі жылын темір тордың ар жағында өткізбек. Бұл, əрине, басқа да көкейлерін киіктің мүйізі тескендерге сабақ болса, қане. Киіктің киесі атады деген осы. Ақтөбе облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Венера ТҮГЕЛБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 20 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №408 ek


15

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

РЕСМИ БӨЛІМ Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы 1-бап. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №4, 44-құжат; 1999 ж., №10, 344-құжат; 2004 ж., №22, 129-құжат; 2007 ж., №12, 84-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Республика Үкіметінің құзыреті Республика Үкіметі: 1) мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, кауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) мемлекеттік бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізеді; 3) əлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдайды; 4) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шараларды тұжырымдайды; 5) Республика Президенті айқындайтын тəртіппен республикалық бюджетті жəне оған өзгерістерді əзірлеуге қатысады, Парламентке республикалық бюджетті жəне оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; 6) Республиканың қаржы жүйесін ны ғайту жөніндегі шараларды əзірлейді жəне жүзеге асырады; мемлекеттік валюта, қаржы ресурстары мен материалдық

ресурстарды жасақтау жəне пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; 7) құрылымдық жəне инвестициялық саясатты жүзеге асырады; 8) мемлекеттік баға белгілеу саясатын тұжырымдайды; мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдер, тауарлар жəне көр сетілетін қызметтер номенклатурасын белгілейді; 9) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды тұжырымдайды жəне жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді; 10) еңбекке ақы төлеу, азаматтардың əлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік əлеуметтік қамсыздандыру мен əлеуметтік сақтандыру жүйесін жəне шарттарын қалыптастырады; 11) мемлекеттік өңірлік саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдайды; өңіраралық проблемалар мен өңірлердің əлеуметтікэкономикалық даму мəселелерін шешуді қамтамасыз етеді; 12) ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгізу, мəдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады; 13) табиғи ресурстар мен қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалануды жəне қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды əзірлейді жəне жүзеге асырады; 14) құқықтық саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары

мен бостандықтарын сақтау жəне қорғау, заңдылық пен құқық тəртібін, Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Республиканың аумақтық тұтастығын жəне мемлекеттік шекараларының күзетілуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды əзірлейді жəне іске асырады; 15) келіссөздер жүргізу жəне үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекет термен, халықаралық жəне өңірлік ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі шараларды тұжырымдайды; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты жəне өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады; 16) өзіне Конституциямен, заңдармен жəне Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»; 2) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Республика Премьер-Министрі: 1) Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады жəне Үкімет мүшелерінің арасында функционалдық міндеттерді бөледі; 2) Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен жəне басқа да мемлекеттік органдармен қарымқатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; 3) халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан

өкілдік етуді тапсырады жəне үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды; 4) Республика Президентіне: Үкімет тің құрылымы мен құрамы туралы; министрліктерді жəне Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, əділет министрлерін қоспағанда, министр лауазымына тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, əділет министрлерін қоспағанда, министрді, оның ішінде Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған министрді лауазымынан босату туралы ұсыныстар енгізеді; 5) Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың жəне жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады; 6) Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндайды; 7) Үкімет мүшелерінің, орталық жəне жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды; 8) Үкімет жанындағы консультациялықкеңесші органдарды құрады жəне таратады; 9) Үкіметтің қызметін ұйымдастыруға жəне оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды.»; 3) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Министрлік Республиканың тиісті

мемлекеттік басқару саласына (аясына) – басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлік өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру жəне бақылауқадағалау функцияларын жүзеге асырады.»; 4) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын: «23-бап. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган 1. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органды Республика ПремьерМинистрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады жəне таратады. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган стратегиялық, реттеу, іске асыру жəне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады. 2. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) – басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. 3. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның құрылымын жауапты хатшы бекітеді жəне ол, əдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады.

Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның департаменттері мен басқармаларының жиынтығы Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның аппараты болып табылады. 4. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық жəне дербес құрамын Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның басшысы бекітеді. 5. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының бұйрықтары Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның актілері болып табылады.»; 5) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органының құзыреті шегінде реттеу, іске асыру жəне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыра алады, сондайақ орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға ведомствоның құзыреті шегінде қатыса алады.». 2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 29 қыркүйек №238-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат): 740-баптың 1-тармағындағы «атқарушылық іс жүргізу органдары», «қылмыстық іс жүргізу» деген сөздер тиісінше «əділет органдары», «қылмыстықпроцестік» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстықпроцестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 236-бапта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның

жазбаша өтiнiшi бойынша сот оны аумағы бойынша тиісті əділет органына орындау үшiн жiбередi. Мүлік тəркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, алимент өндіріп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айырылуынан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті əділет органына орындау үшін жібереді.»; алтыншы бөліктің бірінші жəне үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «6. Əділет органдары сот шешімі орындалған жағдайда он жұмыс күні ішінде шешім шығарған сотты бұл жайында хабардар етуге не орындаудың белгіленген процестік мерзімі өткен соң орындалмаудың себептері туралы жазбаша ақпарат беруге тиіс.»; «Сот атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті əділет органына жіберген жағдайда немесе егер атқарушылық құжат өндіріп алушыға сот шешімінің орындалғаны туралы оған хабардар етілгенге дейін берілсе борышкер өндіріп алушыны хабардар етеді.»; 2) 312-4-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін мамандандырылған қаржылық сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жəне аумақтық əділет органдарына жібереді.». 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; №

13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 1011, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; № 11, 61, 65-құжаттар; № 14, 86-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 239-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «239-1-бап. Қазақстан Республикасының сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу»; 355-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы жəне əскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті орган, өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган қызметкерiнiң нұсқамаларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау»; мынадай мазмұндағы 544-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «544-2-бап. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган»; 567-1-баптың тақырыбы алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 568-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «568-1-бап. Сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс істері жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган»; 2) 221-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнеркəсiп, тау-кен жəне құрылыс жұмыстары салаларында не өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкiлеттi органның жəне басқа да мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау органдарының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегі белгiленген қағидаларды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге əкеп соқпаса, –»; 3) 221-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнеркəсіптік қауіпсіздік талаптарына сəйкестiгi (сəйкес еместігі) туралы толық емес жəне (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындыларын беру, өнеркəсіптік қауіпсіздік декларациясын əзірлеу, қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң мамандарын, қызметкерлерін даярлаудың, қайта даярлаудың өнеркəсіптік қауіпсіздік талаптарына сəйкес келмеуі немесе Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкестiгi (сəйкес еместігі) туралы толық емес жəне (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындыларын беру, бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын əзірлеу –»; 4) мынадай мазмұндағы 239-1-баппен толықтырылсын: «239-1. Қазақстан Республикасының сəулет,

қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу 1. Сəулет, қала құрылысы, құрылыс жəне мемлекеттік сəулет-құрылысты бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы – лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекет – лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 5) 294-бап мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын: «3. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сəйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімдерді: қоршаған ортаны қорғау жəне денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) зиянсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмау; арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) салмау, тиісті жай-күйде күтіп-ұстамау жəне ұстап тұрмау; пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу жəне аэрозольдық жəне фумигациялық тəсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензияламау түрінде жасаған уақтылы қабылдамауы – жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына ескерту жасауға əкеп соғады. 4. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы – жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) – жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 6. Уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлім шелерінің Қазақстан Республикасының өсімдік терді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада белгiленген мерзiмдерде орындамау не тиiсiнше орындамау – жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 6) 307-бап мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын: «2. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын: уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың тиісті аумақтарда карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу жəне оның күшін жою туралы шешімді уақтылы қабылдамауы; өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау объектілерінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді тиісінше жəне уақтылы ұйымдастырмауы; карантинді объектілердің таралуының есебін тиісінше не уақтылы жүргізбеуі жəне уəкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпаратты тиісінше не уақтылы бермеуі түрінде жасаған бұзушылығы – жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, əкiмшiлiк

жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) – жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 4. Уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада белгiленген мерзiмдерде орындамау не тиiсiнше орындамау – жергілікті атқарушы органдар дың лауазымды адамдарына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) – жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 7) 310-баптың жетінші жəне сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «7. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы – жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) – жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 8) 310-1-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «тəртібін бұзуы түрінде жасалған бұзушылық» деген сөздер «тəртібін бұзуы» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды тиісінше не уақтылы орындамауы түрінде жасалған бұзушылық –»; 9) 355-бап мынадай редакцияда жазылсын: «355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Респуб ликасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы жəне əскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті орган, өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган қызметкерiнiң нұсқамаларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау 1. Өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы жəне əскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті орган, өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган қызметкерлерiнiң нұсқамаларын жəне (немесе) басқа заңды талаптарын орындамау – лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. (Жалғасы 16-бетте).


16

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 15-бетте).

2. Өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi, қаржы жəне əскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті орган, өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау, сол сияқты қорлау не оған қатысты күш көрсету əрекеттерін жасау қатерiн төндiру – айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тəулiкке дейiнгi мерзiмге əкiмшiлiк қамаққа алуға əкеп соғады.»; 10) 544-1-бапта: бірінші бөліктің үшінші абзацы алып тасталсын; үшінші бөлік алып тасталсын; 11) мынадай мазмұндағы 544-2-баппен толықтырылсын: «544-2-бап. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган 1. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган осы Кодекстің 89, 175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 220, 221 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 221-1 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды; 2. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті органның атынан өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға жəне əкімшілік жазалар қолдануға: 1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға; 2) Қазақстан Республикасының өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы жəне оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кəсіпкерлерге – бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға – екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға; 3) Қазақстан Республикасының өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы жəне оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.»; 12) 563-бап мынадай редакцияда жазылсын: «563-бап. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар 1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уəкiлеттi орган осы Кодекстiң 120, 256, 257, 258-баптарында көзделген əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уəкiлеттi органы осы Кодекстiң 118, 121, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256-баптарында көзделген əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 2. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға жəне əкiмшiлiк жазалар қолдануға: 1) Қазақстан Республикасының жерді пайдалану жəне қорғау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға; 2) тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жерді пайдалану жəне қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейінгі, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға; 3) жерді пайдалану жəне қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүзге дейінгі, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.»; 13) 563-2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «563-2-бап. Геодезия жəне картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар 1. Геодезия жəне картография саласындағы уəкiлеттi орган осы Кодекстiң 121 (екінші бөлігінде), 258-1-баптарында көзделген əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 2. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға жəне əкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия жəне картография саласындағы орталық уəкілетті орган ведомствосының басшысы жəне оның орынбасарлары құқылы.»; 14) 567-1-бап алып тасталсын; 15) мынадай мазмұндағы 568-1-баппен толықтырылсын: «568-1-бап. Сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс істері жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган 1. Сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс істері жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстiң 231, 236 жəне 239-1-баптарында көзделген əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 2. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға жəне əкiмшiлiк жазалар қолдануға сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс істері жөніндегі орталық уəкілетті мемлекеттік орган ведомствосының басшысы жəне оның орынбасарлары құқылы.»; 16) 576-4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар 1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 173 (екінші жəне алтыншы бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлігінде), 175 (екін ші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) жəне 5) тармақшаларын, жетінші жəне сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311-2, 311-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. 2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 173 (екінші жəне алтыншы бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық

препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) жəне 5) тармақшаларын, жетінші жəне сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311-2, 311-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. 3. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға жəне əкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əкімі жəне оның орынбасарлары құқылы. 4. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің əкімдері осы Кодекстің 165, 300, 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) жəне 5) тармақшаларын, жетінші жəне сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311, 311-2, 3113 жəне 387-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жасалған əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға жəне бұзушылықтар үшін əкімшілік жазалар қолдануға құқылы. 5. Осы Кодекстің 310-бабында (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) жəне 5) тармақшаларын, жетінші жəне сегізінші бөліктерін қоспағанда) көзделген құқық бұзушылық туралы істерді қарауға жəне құқық бұзушылықтар жасағаны үшін əкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары: 1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық дəрігері жəне оның орынбасарлары; 2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық дəрігері жəне оның орынбасарлары да құқылы. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде өткiзу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикiзатты өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.»; 17) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның (314, 355, 356-баптар); өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті органның (225-1 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 226 (үшінші – бесінші бөліктері), 228, 229, 231 (екінші бөлігі), 233, 317-1 (өрт жəне жарылу қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 355, 356-баптар);»; отыз сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «табиғи монополиялар салаларында жəне реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уəкiлеттi органның (147-6 (2-1-бөлiгi) 356-баптар);»; қырық бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «мұнай жəне газ саласындағы уəкілетті органның (147-11 (жетінші жəне тоғызыншы бөліктері), 147-12, 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі)-баптар);»; мынадай мазмұндағы алпыс үшінші абзацпен толықтырылсын: «сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс істері жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органның (356-бап);». 4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат): 1) мазмұнында: 14 жəне 147-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «14-бап. Орталық уəкілетті органның құзыреті»; «147-бап. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың функциялары»; 2) 12-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: «13-1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уəкiлеттi орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан əрі – жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уəкiлеттi орган);»; 3) 13-бапта: 4) жəне 4-1) тармақшалар алып тасталсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жəне жердi осы аумақтардың резервіне қалдыру тəртiбiн бекіту;»; 7), 7-1) жəне 7-2) тармақшалар алып тасталсын; 4) 14-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «14-бап. Орталық уəкілетті органның құзыреті»; 1-тармақта: 2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2-1) агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын əзірлеу жəне бекіту;»; мынадай мазмұндағы 16-2), 16-3), 16-4) жəне 16-5) тармақшалармен толықтырылсын: «16-2) жер учаскесіне меншік құқығына жəне жерді пайдалану құқығына сəйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту; 16-3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу тəртібін бекіту; 16-4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту; 16-5) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту;»; 2-тармақ алып тасталсын; 5) 14-1-бапта: 1-тармақта: 14-1) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 14-2), 14-3), 14-4), 14-5) жəне 14-6) тармақшалармен толықтырылсын: «14-2) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 14-3) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру; 14-4) жер заңнамасы саласындағы əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; 14-5) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мəселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау жəне беру; 14-6) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялықбарлау жəне басқа да жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан

2 қазан 2014 жыл

өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру жатады.»; 2-тармақта: 20) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 21), 22), 23), 24) жəне 25) тармақшалармен толықтырылсын: «21) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 22) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру; 23) жер заңнамасы саласындағы əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; 24) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мəселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау жəне беру; 25) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялықбарлау жəне басқа да жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру жатады.»; 3-тармақтың 18-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «18-1) пайдаланылмай жатқан жəне Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;»; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уəкiлеттi органның құзыретіне: 1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 2) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру; 3) жер заңнамасы саласындағы əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; 4) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мəселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау жəне беру; 5) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау жəне мемлекеттік меншікке қайтару; 6) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау жəне басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру жатады.»; 6) 48-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру мен өткізу, оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу тəртібін орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 7) 65-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «12) орталық уəкілетті орган агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілеген тəртіппен жүзеге асырылатын, топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.»; 8) 106-баптың 3 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыларды өтеу нормативтерiн орталық уəкілетті орган белгiлейдi. 4. Бүлiнген жердi ауыл шаруашылығына арналмаған жəне ормансыз алқаптарға жаңғырту шартымен ауыл шаруашылығы алқаптарын уақытша пайдалануға алып қойған кезде шығасылар толық көлемде өтеледi. Жер учаскесi берiлген заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебiнен өнiмдiлiгi аз немесе өнiм бермейтiн алқаптарға құнарлы топырақ қабаты салынған жағдайда, алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сомалар есепке алынып, шығасылар орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртiппен өтеледi.»; 9) 122-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Республикалық жəне халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы орталық уəкілетті орган бекітеді.»; 10) 131-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Орман алқаптарын орман жəне ауыл шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу нормативтерiн агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы орталық уəкілетті орган белгiлейдi.»; 11) 145-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды орталық уəкiлеттi орган, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уəкiлеттi органдар, сондай-ақ өзге де уəкiлеттi органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.»; 12) 146-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уəкiлеттi органдардың басшылары тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.»; 13) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын: «147-бап. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың функциялары 1. Орталық уəкiлеттi орган: 1) заң бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдана отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласындағы қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығына; 2) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингінің дұрыс жүргізілуіне мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады жəне жүргiзедi. 2. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уəкiлеттi орган: 1) мемлекеттiк органдардың, кəсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сəйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына; 2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге; 3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына; 4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру жəне сақтау жөнiндегi ұйымдастырушаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық жəне эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы жəне дұрыс жүргiзуiне; 5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мəлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне; 6) жердiң жай-күйiне əсер ететiн тұрғын жай жəне өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына; 7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану жəне жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы жəне сапалы орындалуына; 8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;

9) межелiк белгiлердiң сақталуына; 10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына; 11) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне; 12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына жəне пайдаланылуына; 13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының жəне басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады жəне жүргiзедi. 3. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың функцияларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мəселелер кiредi.»; 14) 152-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін жəне (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық уəкілетті орган белгілейді.»; 15) 155-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн түзу мақсатында облыстарға, республикалық маңызы бар қалаға, аудандарға жəне облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiн жер ресурстары жөніндегі орталық уəкілетті орган белгiлейдi.»; 16) 161-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жер мониторингiн жүргiзу жəне оның деректерін пайдалану тəртiбiн жер ресурстары жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.». 5. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., №16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат): 1) 12-баптың 6), 7), 8), 12), 13), 15), 16), 17), 17-1), 17-2), 17-4), 17-5), 17-6), 17-7), 17-8), 17-9), 17-10), 1711), 17-12), 17-13), 17-14), 17-15), 17-16), 17-17), 17-18) жəне 17-19) тармақшалары алып тасталсын; 2) 13-бапта: 1-тармақта: 8), 12), 18-12), 18-13), 18-14), 18-16), 18-18), 18-20), 18-21), 18-23), 18-24), 18-25), 18-26), 18-28), 18-29), 18-30), 18-31), 18-32), 18-33), 18-34), 18-35), 18-36), 18-37) жəне 18-38) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың жəне орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді жəне оларды жүргізуді қамтамасыз етеді;»; «12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне жəне молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;»; «18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мəдени, туристік жəне спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру жəне осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мəдени, туристік жəне спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға өзінің қарауындағы учаскелерді береді жəне осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді; 18-14) дериваттар тізбесін əзірлейді жəне бекітеді;»; «18-16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша əзірлейді жəне бекітеді;»; «18-18) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану жəне олардың сапасын бақылау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»; «18-20) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату жəне ағаш кесу қағидаларын əзірлейді жəне бекiтедi; 18-21) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар жəне басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»; «18-23) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру жəне орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер əзірлейді жəне бекiтедi; 18-24) мемлекеттiк орман қоры аумағында шайырды, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекiтедi; 18-25) ормандарды молықтыру мен орман өсіру қағидаларын əзірлейді жəне бекiтедi; 18-26) отырғызылатын материалды жəне арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекiтедi;»; «18-28) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру жəне беру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 18-29) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куəландыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 18-30) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 18-31) орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау жəне өтеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 18-32) орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 18-33) мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихимəдени, туристік, спорттық жəне басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша əзірлейді жəне бекітеді; 18-34) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 18-35) тез өсетін ағаш жəне бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға жəне оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға жəне дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 18-36) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені əзірлейді жəне бекітеді; 18-37) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру жəне орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау

мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді; 18-38) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені əзірлейді жəне бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 18-39), 18-40), 18-41), 18-42), 18-43) жəне 18-44) тармақшалармен толықтырылсын: «18-39) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар əзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды; 18-40) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 18-41) Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 18-42) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мəдени, туристік жəне спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру жəне осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді; 18-43) ағаштардың қурау жəне құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды; 18-44) орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;»; 2-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын; 3) 15-бап мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) жəне 153) тармақшалармен толықтырылсын: «15-1) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне жəне молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады; 15-2) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мəдени, туристік жəне спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді жəне осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді; 15-3) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;»; 4) 21-баптың 1-тармағы 3-2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінəлі тұлғаларды əкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;»; 5) 26-баптың 6-1), 6-2), 6-3), 8) жəне 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «6-1) уəкілетті орган бекiткен қағидаларға сəйкес орманды шолып, тексеру жүргiзуге; 6-2) уəкілетті орган бекіткен тəртіппен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерге куəландыру жүргізуге; 6-3) уəкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларына сəйкес ағаштарды, сыпталған ағаштарды, сортименттерді жəне түбірлерді таңбалауды жүзеге асыруға;»; «8) уəкілетті орган бекіткен орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану жəне олардың сапасын бақылау қағидаларын сақтауға;»; «10) орман орналастыру жобасына жəне (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сəйкес орман өрт сөндіру станцияларын құруға жəне олардың қызметін уəкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесіне сəйкес қамтамасыз етуге;»; 6) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады жəне уəкілетті орган бекіткен қағидаларға сəйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.»; 7) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын: «35-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу тəртiбi Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлердi өткiзу тəртiбiн уəкілетті орган белгiлейдi.»; 8) 36-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Ағаш кесу билетiнiң жəне орман билетiнiң нысанын, оларды есепке алудың, сақтаудың, толтыру мен берудiң тəртiбiн уəкілетті орган белгiлейдi.»; 9) 38-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) мемлекеттiк орман қоры аумағында өздерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мəдени, туристiк, спорттық жəне басқа да iс-шаралар мен жұмыстарды өткiзетiн жерлерде уəкілетті орган бекiткен нормаларға сəйкес өрт сөндiру құралдары болуына;»; 10) 41-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) ағаш кесу билетi, орман билетi қолданылуының уəкілетті орган белгiлеген тəртiппен тоқтатылуы негiзiнде тоқтатылады;»; 11) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған жəне (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтаждығы үшін алып қойған кезде, көрсетілген ауыстыруды жəне (немесе) алып қоюды өз мүддесi үшiн жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар уəкілетті орган белгiлеген тəртiппен орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасылар мен шығындардың орнын толтырады.»; 12) 55-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін жəне (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.»; 13) 56-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Орман орналастыру уəкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларына, сондай-ақ нұсқаулығына сəйкес бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.»; 14) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Орман қоры туралы ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады, оны жеке жəне заңды тұлғалардың пайдалану тəртiбi мен шарттарын уəкiлеттi орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес айқындайды.»; 15) 59-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды уəкілетті орган бекіткен қағидаларға сəйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»; 16) 60-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Мемлекеттік орман кадастрын уəкілетті орган бекіткен қағидаларға сəйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»; (Жалғасы 17-бетте).


(Жалғасы. Басы 15-16-беттерде).

17) 61-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ормандардың мемлекеттік мониторингін уəкілетті орган бекіткен қағидаларға сəйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.»; 18) 63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ормандарды өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар уəкілетті орган бекіткен ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен регламенттеледі.»; 19) 65-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Орман қорын күзету жəне қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды уəкілетті орган бекіткен қағидаларға сəйкес орман қорын күзету жəне қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.»; 20) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралар уəкілетті орган бекiткен ормандардағы санитариялық қағидалармен регламенттеледi.»; 21) 69-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметi уəкілетті орган бекiткен Мемлекеттiк орман күзетi туралы ережемен айқындалады.»; 22) 73-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру жəне олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тəртiбiн уəкілетті орган белгiлейдi.»; 23) 77-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уəкілетті орган белгілеген тəртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.»; 24) 78-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уəкілетті орган белгілеген тəртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.»; 25) 79-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ормандарды молықтыру мен орман өcipу үшiн тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру уəкілетті орган белгiлеген тəртiппен жүзеге асырылады.»; 26) 88-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Орман пайдаланудың белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асырған кезде орман ресурстары мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi осы Koдекске сəйкес уəкілетті органның актiлерiмен айқындалады.»; 27) 96-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр жəне ағаш шырындарын дайындау қағидаларын, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақты уəкілетті орган бекiтедi.»; 28) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын: «98-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жанама орман пайдалануды жүзеге асыру шарттары Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дəрiлiк өсiмдiктер жəне техникалық шикiзат дайындау мен жинау, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бау-бақша шаруашылықтары, өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру орманға зиян келтiрiлмей, уəкілетті орган бекiткен Қазақстан Республикасында жанама орман пайдалану қағидаларында айқындалған тəртiппен жүзеге асырылуға тиіс.»; 29) 99-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу жəне мал жаю қағидаларын уəкілетті орган бекiтедi.»; 30) 100-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану тəртiбiн уəкілетті орган айқындайды.»; 31) 101-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылымизерттеу мақсаттарында пайдалану тəртiбiн уəкілетті орган белгiлейдi.»; 32) 102-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мəдени, туристiк жəне спорттық мақсаттар үшiн пайдалану тəртiбiн уəкілетті орган белгiлейдi.»; 33) 104-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзудi бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган бекiткен нормалар мен нормативтерге сəйкес қаржыландыру;»; 34) 113-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «19) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен таксациялаудың уəкілетті орган бекіткен тəртiбiн бұзу;». 6. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат, № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 39-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы құзыреті»; 2) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары уəкiлеттi орган белгiлеген тəртiппен бередi.»; 3) 36-баптың 1-1), 1-2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 8-1), 9), 12-1), 14), 15-1), 16), 17), 18), 19) жəне 20) тармақшалары алып тасталсын; 4) 37-бапта: 1-тармақта: 3-1) жəне 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары

17

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

қауіпсіздігінің критерийлерін əзірлейді жəне бекітеді;»; «5) ортақ су пайдаланудың үлгiлік қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 7-4), 7-5), 7-6), 7-7), 7-8), 7-9) жəне 7-10) тармақшалармен толықтырылсын: «7-2) су шаруашылығы құрылыстарын жалға жəне сенiмгерлiк басқаруға беру тəртiбiн айқындайды; 7-3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тəртібін айқындайды; 7-4) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде берудің тəртібін айқындайды; 7-5) судың жай-күйiне əсер ететiн кəсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, орналастыру жəне пайдалануға беру тəртiбiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс жəне басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын əзірлейді жəне бекітеді; 7-6) аумақтық суларда (теңізде) жүзу жəне шаруашылық, зерттеу, іздестіру жəне кəсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 7-7) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекiтедi; 7-8) судың бастапқы есебінің қағидаларын əзірлейді жəне бекiтедi; 7-9) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық жəне оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тiзбесiн əзірлейді жəне бекiтедi; 7-10) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас жəне бассейндiк схемаларын жəне су шаруашылығы баланстарын əзiрлеу мен бекiту тəртiбiн айқындайды;»; 11) жəне 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «11) суларды жəне олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын жəне су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тəртiбiн айқындайды, суларды жəне олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын жəне су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуді жүзеге асырады;»; «22) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын əзiрлейдi жəне бекітеді;»; 25) тармақша алып тасталсын; 5) 37-1-бапта: 5), 6), 7), 8) жəне 8-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5) елді мекендердің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын əзiрлейдi жəне бекітеді; 6) елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын əзiрлейдi жəне бекітеді; 7) елді мекендердің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын əзiрлейдi жəне бекітеді; 8) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау жəне су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын əзiрлейдi жəне бекітеді; 8-1) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық жəне оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тəртiбiн əзiрлейдi жəне бекiтедi;»; мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын: «8-2) қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға жəне сенiмгерлiк басқаруға беру тəртiбiн əзiрлейдi жəне бекітеді;»; 6) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын: «39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы құзыреті Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағы шегінде орналасқан су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен конкурстық негізде береді.»; 7) 45-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Негiзгi өзендердiң бассейндерiне арналған жəне тұтас республика бойынша су шаруашылығы баланстары уəкілетті орган белгiлеген тəртiппен əзiрленедi.»; 8) 46-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары уəкілетті орган белгiлеген тəртiппен əзiрленедi жəне бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.»; 9) 83-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiктехникалық, санитариялық-эпидемиологиялық жəне метрологиялық қамтамасыз ету талаптары уəкілетті орган белгiлеген тəртiппен əзiрленедi, келiсiледi жəне бекiтiледi.»; 10) 84-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды əсерлердiң нормативтерiн əзiрлеу мен бекiту тəртiбiн уəкілетті орган белгiлейдi.»; 11) 85-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бөлшектеп құйылған түрде (бөтелкелерде немесе басқа да ыдыстарда) тұтынушыларға сатуға арналған ауыз суды, суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық жəне топтық техникалық құралдары, сондайақ ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдар, реагенттер, технологиялық процестер, жабдықтар жəне өзге де құралдар техникалық реттеу саласындағы уəкілетті орган белгілеген тізбеге сəйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.»; 12) 90-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу уəкілетті орган белгiлеген тəртiппен оның сенiмдiлiгi жəне санитариялық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.»; 13) 93-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уəкiлеттi органдардың ұсынуы бойынша: 1) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн – уəкілетті орган; 2) жергiлiктi маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.»; 14) 105-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тəртiбiн, кеме қатынасы, əуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн жəне оларды пайдалану қағидаларын бекiтудi уəкілетті орган жүзеге асырады.»; 15) 116-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын уəкілетті орган бекiтедi.»; 16) 135-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық жəне оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын уəкілетті орган бекітетін тізбе бойынша субсидиялау;». 7. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан

Республи ка сының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат): 1) 16-бапта: 6) тармақша алып тасталсын; 7), 8) жəне 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «7) мыналарды: Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын; қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қағидаларын бекітеді; 8) ерекше экологиялық, ғылыми жəне мəдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн айқындайды; 9) мыналарды: Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын; қалдықтарды əкелу, əкету жəне транзиттеу тəртiбiн; Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшері резерві мен көлемі резервін қалыптастыру тəртібін; парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау жəне іске асыру тəртібін белгілейді;»; 2) 17-бапта: 1-3) жəне 1-6) тармақшалар алып тасталсын; 1-7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1-7) коммуналдық қалдықтардың түзілу жəне жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын əзiрлейдi жəне бекітеді;»; 29) тармақшаның жиырма бірінші абзацындағы «жүргізу тəртібін белгілейді» деген сөздер «жүргізу тəртібін» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жиырма екінші – отыз екінші абзацтармен толықтырылсын: ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн; эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн; қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тəртiбiн; қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын; қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi; ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тəртiбiн; парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау тəртібін; парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тəртібін; қалдықтарды басқару бағдарламасын əзірлеу қағидаларын; Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын; Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын бекітеді;»; 30) тармақшаның бесінші абзацындағы «талаптарды белгілейді;» деген сөздер «талаптарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы – он бесінші абзацтармен толықтырылсын: «қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тəртiбiн; кешендi экологиялық рұқсаттар беру тəртiбiн жəне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркəсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн; озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру тəртiбiн; озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тəртiбiн; аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн; жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн; мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін; шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін жəне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру жəне айналымы тəртібін; парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тəртібін; экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тəртібін белгілейді;»; мынадай мазмұндағы 38-7) жəне 38-8) тармақшалармен толықтырылсын: «38-7) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тəртiбiн айқындайды; 38-8) мыналарды: шаруашылық жəне өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн; қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тəртiбiн; сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тəртiбiн; қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тəртiбiн айқындайды;»; 3) 20-бап мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2) жəне 173) тармақшалармен толықтырылсын: «17-1) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау ісшараларының жоспарларын келіседі; 17-2) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелікконструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады; 17-3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітеді;»; 4) 20-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;»; 5) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бекітеді.»; 6) 24-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тəртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгiлейдi.»; 7) 48-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 8) 71-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау

саласындағы уəкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 9) 79-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өнеркəсiптiң жекелеген процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi орган мүдделi орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен əзiрлейдi жəне оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi орган бекiтедi. 3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркəсiп объектiлерi типтерiнiң тiзбесiн жəне оларды беру тəртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi орган белгiлейдi.»; 10) 94-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi орган белгілеген тəртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сəйкес беріледі.»; 11) 94-4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту жəне парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тəртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi орган айқындайды.»; 12) 94-6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Əкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тəртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi орган белгілейді.»; 13) 94-12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құрылады, оны қалыптастыру тəртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 14) 105-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгiлеу жəне қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тəртiбiн бекiту жолымен нарықтық тетiктер енгiзуi мүмкiн.»; 15) 107-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мiндеттi экологиялық сақтандыру «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық жəне өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн осы Кодекс жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 16) 145-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қоршаған ортаның жай-күйі, оның ластануы туралы анық ақпарат алу мақсатында стационарлық бақылау жасау пункттерінің айналасында шаруашылық қызметке шектеу қойылатын қорғау аймақтары құрылады. Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бекітеді.»; 17) 145-2-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін жəне (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 18) 158-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын жəне анықтығын бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жыл сайын жүргізіледі.»; 19) 158-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Парниктік газдар шығарындылары жəне сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу жəне ұстау тəртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 20) 158-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) жəне парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тəуелсіз ұйымдарды аккредиттеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бекіткен тəртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган жүргізеді.»; 21) 175-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 22) 199-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте өткізілген (əкелінген), экологиялық қау іпті деп танылған техника мен жабдық осы Кодекс те, өнеркəсіптік қауіпсіздік талаптарында, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, азаматтық қорғау жəне техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жойылуға, кəдеге жаратылуға немесе қайта өңделуге немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерге əкетілуге тиіс.»; 23) 209-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жерлердi неғұрлым бағалыдан бағасы төмендеу жерге ауыстыру, жерлердi консервациялау, сондай-ақ оларды экологиялық зiлзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттiгiн айқындау мақсатында жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн (бұдан əрi – жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бекітеді.»; 24) 264-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Теңізде өндіру бойынша мұнай операцияларын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен ұңғымалар сағаларында қадағалау жəне өлшеу арқылы өндірістік процеске мониторинг жүргізуге міндетті.»; 25) 284-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тəртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады.»; 26) 288-1-баптың 1, 5 жəне 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қалдықтарды басқару бағдарламасын І жəне ІІ санаттағы объектілері бар жеке жəне заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бекіткен тəртіппен əзірлейді.»; «5. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялардың тізбелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган мүдделі орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен əзірлейді жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бекітеді.»;

«8. Қалдықтарды басқару бағдарламасы он жылдан аспайтын мерзімге əзірленеді жəне құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органдармен келісіледі.»; 27) 303-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «10. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобасында жабу, рекультивациялау жəне ол жабылғаннан кейін ластануға мониторинг пен бақылау жүргізу үшін тарату қорын құру көзделеді. Тарату қорларын қалыптастыру тəртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 28) 314-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.»; 29) 315-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жəне дара кəсіпкерлер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгiлеген тəртіппен есепке алынуға жатады.»; 30) 316-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешiктiрмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi органға қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты əкелінген, əкетілген жəне өткізілген саны туралы мəліметтерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.»; 31) 324-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы Кодекске сəйкес лицензиялауға жатпайтын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi орган бекітетін тізбе бойынша шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне арналған лицензияның қолданысы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқтатылады. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi орган бекітетін тізбе бойынша шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне арналған лицензиялары бар жеке жəне заңды тұлғалар оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органға қайтаруға міндетті.». 8. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 15 жəне 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді жəне іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша əлеуметтік жəрдемақының мөлшерін айқындайды; 3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді; 4) азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды; 5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді; 6) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен жəне қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады; 7) тиісті уəкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тəртібін белгілейді; 8) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк органдарға техника лық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын жəне олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн азаматтық қызметшiлердің штат санының лимитін бекітеді; 9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 16-бап. Еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті Еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган: 1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауiпсiздiгi жəне еңбектi қорғау талаптарының, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді жəне қызметін тексеруді жүзеге асырады; 3) еңбек қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді жəне оларға əдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады; 4) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мəселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады; 5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келіседі; 6) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді əзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді; 7) еңбек қауіпсіздігін жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің жəне жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді жəне өзара ісқимылды жүзеге асырады; 8) еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi ауыстыру жəне қайта қарау тəртiбiн белгiлейдi; 9) тиiстi қызмет салаларының мемлекеттiк органдарымен келісу бойынша барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық), еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердi əзірлейді жəне бекiтеді; 10) əкiмшiлiк персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн əзірлейді жəне бекітеді; (Жалғасы 18-бетте).


18

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 15-17-беттерде).

11) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау жəне келісу тəртібін белгілейді; 12) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау жəне келісу тəртібін белгілейді; 13) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады; 14) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды жəне аттестаттауды жүргізеді; 15) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергептексерудің уақтылы жəне объективті жүргізілуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бақылауды жүзеге асырады; 16) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 17) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын əзірлеу, қайта қарау, бекіту жəне қолдану тəртібін айқындайды; 18) экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарайды жəне келіседі; 19) тиiстi қызмет салаларының уəкiлеттi мемлекеттiк органдарының еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi бекiту тəртiбiн белгілейді; 20) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына жəне еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кəсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оларды беру тəртібін айқындайды; 21) үш адамнан бес адамға дейін қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссия құрады; 22) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында мониторингті жəне тəуекелдерді бағалауды ұйымдастырады; 23) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тəуекел дəрежесін бағалау критерийлерін əзірлейді жəне бекітеді; 24) еңбек төрелігі туралы үлгілік ережені бекітеді; 25) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну жəне мемлекеттік статистика жүргізу тəртібін айқындайды; 26) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тəртібін белгілейді; 27) азаматтық қызметке кіру жəне азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу тəртібін айқындайды; 28) ұйымда кадрларды кəсіптік даярлауға, қайта даярлауға жəне олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды; 29) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу жəне сақтау тəртібін бекітеді; 30) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын бекітеді; 31) əйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, əйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің жəне жылжытуының шекті нормаларын бекітеді; 32) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді; 33) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті кезеңділік аттестаттау тəртібін айқындайды; 34) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру жəне білімдерін тексеру тəртібі мен мерзімдерін айқындайды; 35) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi жəне еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты əзiрлеу, бекiту жəне қайта қарау тəртібін белгілейді; 36) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша əлеуметтік жəрдемақыны тағайындау мен төлеу тəртібін айқындайды; 37) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім жəне басқа да жеке қорғану құралдарын беру тəртібін бекітеді, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялықтұрмыстық үй-жайлармен жəне құрылғылармен қамтамасыз ету тəртібін белгілейді; 38) қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім жəне басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді; 39) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 2) 54-баптың 1-тармағы 17) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «17) қызметкер жүктілігі жəне босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке жарамсыздықтың анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.»; 3) 136-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Орташа жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшін еңбек жөніндегі уəкілетті орган оны есептеудің бірыңғай тəртібін белгілейді.»; 4) 142-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Ұйымда кадрларды кəсіптік даярлауға, қайта даярлауға жəне олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды еңбек жөніндегі уəкілетті орган айқындайды.»; 5) 159-баптың 2 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган бекіткен тəртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша əлеуметтік жəрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.»; «4. Əлеуметтік жəрдемақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі, оларды тағайындау жəне төлеу тəртібін – еңбек жөніндегі уəкілетті орган айқындайды. Жұмыс берушілер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген əлеуметтік жəрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.»; 6) 202-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кəсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оны берудің тəртібін еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;

7) 203-бап мынадай редакцияда жазылсын: «203-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге жұмысы жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кəсіптер мен лауазымдардың тізіміне, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сəйкес беріледі. Демалыстың бұл түрінің ұзақтығын, сондай-ақ оны берудің тəртібін еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»; 8) 204-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Оларда жұмыс істеу еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кəсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оны берудің тəртібін еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»; 9) 205-баптағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтіннен» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган бекітетіннен» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 229-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Азаматтық қызметке кіру жəне азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу тəртібін еңбек жөніндегі уəкілетті орган айқындайды.»; 11) 317-баптың 1-тармағының 6) жəне 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша еңбек жөніндегі уəкілетті орган белгілеген нормаларға сəйкес қызметкерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді жəне жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу, жуу жəне дезинфекциялау құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағаммен, жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге;»; «10) еңбек жөніндегі уəкілетті орган бекіткен қағи даларға сəйкес өндірістік объектілерде еңбек жағдайлары бойынша кемінде бес жылда бір рет мерзімдік аттестаттауды қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өткізуге;»; 12) 319-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды əзірлеуді, бекітуді жəне қайта қарауды жұмыс беруші еңбек жөніндегі уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырады.»; 13) 320-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезеңділікпен міндетті аттестаттаудан өткізу тəртібін еңбек жөніндегі уəкілетті орган айқындайды.»; 14) 323-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;»; 15) 325-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде үш адамға дейін қайтыс болған жағдайда өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.». 9. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 1011, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 3-бапта: мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын: «15-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; 26-1) жəне 55) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «26-1) жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үшiн белгiлейтін, жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына алынған жəне өтелмеген қарыздарының тiркелген сомасы, одан жергiлiктi атқарушы органның белгiленген күнге (тиiстi қаржы жылының соңына) нақты борышы аспауға тиiс;»; «55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган – стратегиялық жəне экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жəне іске асыру бойынша басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; 2) 26-баптың 3 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi орган айқындайтын тəртiппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жар лықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан жəне облыстық маңызы бар қала мəслихатының шешімдері негiзiнде жасалады. 4. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган əзірлейді жəне бекітеді.»; 3) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган əзірлейді жəне бекітеді.»; 4) 32-бапта: 2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Стратегиялық жоспарлар əзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері жоспарлы кезеңге ар нал ған жоспарланатын бюджет қаражатының

2 қазан 2014 жыл

көлемдері, нəтижелілік жəне тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен əзірлейді.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) əзірлеу жəне бекіту (қайта бекіту) тəртібін жəне олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 5) 33-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы жəне екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар əкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін жəне бюджеттік бағдарламалардың əртүрлі əкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді. Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»; 6) 35-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тəртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар айқындайды.»; 7) 39-1-баптың 5 жəне 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілеген тəртіпке сəйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады. 6. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілеген тəртіпке сəйкес жүзеге асырылады.»; 8) 41-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттік тапсырманы əзірлеу жəне орындау тəртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 9) 41-1-баптың төртінші жəне алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін жəне көлемін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган қалыптастырады, Республикалық бюджет комиссиясы қарайды жəне олар əлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында мақұлданады. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган əкімшілік жасайтын, жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.»; «Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тəртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 10) 44-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк қаржылық бақылау органының актiсiне сəйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган белгiлеген тəртiппен бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей, осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.»; 11) 45-бапта: 4-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Шығыстардың бағыттары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен бірлесе отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды, облыстық бюджеттен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган айқындайды.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының əдістемесі негізінде есептеледі.»; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Үшжылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілеу үшін жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тəртібі мен кезеңділігін бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 12) 46-баптың 4, 5, 6, 7, 8, 12-1 жəне 16-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомаларын көрсете отырып өтінімдерді ұсынады. 5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады. Жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін нысаналы даму трансферттері төмен тұрған бюджеттерге əр объект бойынша жеке бөлінбей, бір сомамен бөлінеді. Жергілікті бюджеттік инвестициялар арасында нысаналы даму трансферттерін бөлуді жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделетін қаржыландыру көлемін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырады. 6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша нəтижелер туралы келісімдерде айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нəтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Мұндай нəтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, кезекті қаржы жылында нысаналы даму трансферті берілмейді. 7. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын, жобалаусметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалықэкономикалық негіздемеде немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюымен байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған кезде стратегиялық жəне (немесе) əлеуметтік маңызды мəні бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгiлiк жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгiзуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен асатын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 8. Нысаналы даму трансферттерін қарау жəне іріктеу тəртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік

жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; «12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының əкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153 жəне 154-баптарының талаптарына сəйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды жəне жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісім жасаспайды.»; «16. Нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісімді əзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей жəне түпкілікті нəтижелер туралы есепті жасау жəне беру тəртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 13) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган жəне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.»; 14) 60-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша əдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жəне бюджет жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар əзірлейді, сондай-ақ бюджет саясатын қалыптастыруды жүзеге асырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді, бюджеттік жоспарлау бойынша əдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлейді.»; 15) 61-бапта: 1-1-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы алып тасталсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Əлеуметтік-экономикалық даму болжамын əзірлеудің тəртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 16) 62-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органдармен келісу бойынша мемлекеттік орган бекiтедi.»; 17) 64-бапта: 1 жəне 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган əлеуметтікэкономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге əзірлейді. 2. Бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi органға жəне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс кезде бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.»; 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жергілікті бюджеттер жобаларын əзірлеу тəртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды»; 18) 65-1-баптың бірінші жəне бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджеттік бағдарламалар əкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган жəне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органдар жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтікэкономикалық дамуының, республикалық жəне жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.»; «Бюджеттік бағдарламалар əкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тəртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілейді.»; 19) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын: «66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері ұсынатын құжаттар 1. Стратегиялық жоспарлар əзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде: мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын; бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға бюджеттік өтінімдерді жəне бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады. 2. Стратегиялық жоспарлар əзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде: 1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын; 2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органға бюджеттік өтінімдерді жəне бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады. 3. Осы бапта көрсетілген құжаттардың нəтижелеріне бағалау жүргізілген жағдайда, бағалау нəтижелері қоса беріледі.»; 20) 67-бапта: 6-тармақтың 4) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;»; «6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган жəне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.»; 10 жəне 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сəйкес келмеген кезде, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның əкімшісіне қайтарады.»; «13. Бюджеттік өтінімді жасау жəне ұсыну тəртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 21) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын: «68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағ дар лама лардың жобаларын жəне бюджеттік өтінімдерді қарау

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган жетекшілік ететін саладағы (аядағы) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жəне оларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нəтижелерін ескере отырып: 1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарға, елдің əлеуметтікэкономикалық даму болжамына сəйкестігі, нəтижелер көрсеткіштерін таңдаудың жəне оларға қол жеткізу дəрежелерінің дұрыстығы тұрғысынан; 2) бюджеттік бағдарламалардың жобаларын нəтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нəтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспар көрсеткіштерімен өзара байланысының болуы, нəтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізушілік дəрежесі тұрғысынан қарайды; Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қараудың нəтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады жəне оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға жібереді. 2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нəтижелерін, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нəтижелерін ескере отырып: 1) бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет жəне өзге де заңнамасына, əлеуметтікэкономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға жəне стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сəйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде əрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады; 2) стратегиялық жоспарлар əзірлейтін бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық бағыттардың міндеттерімен, стратегиялық мақсаттарымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды; 3) стратегиялық жоспарлар əзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар əкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сəйкес келуі тұрғысынан қарайды. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган осы тармақтың 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген материалдарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдар ламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары жəне стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспар ларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындыларын ескере отырып қалыптастырылады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органның жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттерін жəне бюджеттік кредиттер ұсынуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік өтінімдер бойынша қорытындылары өңірлік саясат мəселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды енгізеді. 3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың жəне бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нəтижелерін ескере отырып: 1) бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет жəне өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне жəне қолданыстағы заттай нормаларға сəйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде əрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады; 2) бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын бюджеттік бағдарламалар əкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сəйкес келуі тұрғысынан қарайды. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады жəне оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді. 4. Бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган жəне (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды. Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 1, 2 жəне 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды жəне олар бойынша ұсыныстар əзірлейді. 5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сəйкес: бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын жəне бюджеттік өтінімдерді; мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады. 6. Стратегиялық жоспарлар əзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сəйкес: мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын; бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын жəне бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»; 22) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: (Жалғасы 19-бетте).


(Жалғасы. Басы 15-18-беттерде).

«2. Заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар əзірлейді жəне бекітеді. Заттай нормаларды əзірлеу тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»; 23) 70-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағына сəйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету жəне олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тəртібін тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы əзірлейді жəне бекітеді.»; 24) 71-баптың 1 жəне 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды жəне оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»; «6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.»; 25) 74-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган əзірлейді.»; 26) 75-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мəслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.»; 27) 79-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады. Жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет туралы мəслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысы мəслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік он төрт күн ішінде қабылданады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру жəне жергілікті бюджет туралы мəслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган жəне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган əзірлейді.»; 28) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган əзірлейді жəне ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.»; 29) 81-баптың 2, 3 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді. 3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдерін жасайды жəне оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 4. Республикалық бюджет комиссиясы осы баптың 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тізбелері мен көлемдерін мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасына: 1) осы Кодексте белгіленген құрылым бойынша жасалатын төтенше мемлекеттік бюджет; 2) төтенше мемлекеттік бюджеттің құрамына енгізілген жəне төтенше немесе соғыс жағдайының ісшараларын қаржыландыруға арналған қажеттілікті ескере отырып түзетілген республикалық жəне жергілікті бюджеттердің көрсеткіштері қоса беріледі.»; 30) 82-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Бюджеттің атқарылу рəсімдерін жəне оларға кассалық қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 31) 85-баптың 9-1, 9-2 жəне 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде, облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен қайта бөлуге құқылы. Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен жəне тиісті жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен қайта бөлуге құқылы. 9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің жоспарланған көрсеткіштерін сақтау шартымен, ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте

19

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерi бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаға шығыстардың он пайызынан аспайтын көлемде жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар əкімшісімен жəне тиісті жергілікті өкілді органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен қайта бөлуге құқылы. 10. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің жəне төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау жəне жүргізу тəртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілейді.»; 32) 88-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу жəне жабу тəртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілейді.»; 33) 89-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу жəне жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады.»; 34) 91-бап мынадай редакцияда жазылсын: «91-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу 1. Бюджетке түсетін түсімдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады жəне бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына сəйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілеген тəртіппен толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылады. 2. Сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына жəне сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджетке шетел валютасында түсетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органның шоттарына шетел валютасында есепке жазған түсімдер қайта айырбасталуға жəне бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органның шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 35) 92-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Түсімдерді бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган бекітетін, бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесі, облыстық мəслихаттың шешімімен белгіленетін кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.»; 36) 94-бапта: 4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қорытындылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтару жəне (немесе) есепке жатқызу бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады.»; 37) 96-бапта: 1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік мекеме осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелерді Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сəйкес құжаттама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға ұсынылғанға дейін қабылдамайды.»; 5-тармақтың бесінші жəне алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мəмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сəйкес құжаттама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеме осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттемелерді Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сəйкес құжаттама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға ұсынылғанға дейін қабылдамайды.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мəмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тəртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 38) 97-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тəртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 39) 98-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Инкассолық өкімдерді орындау бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады.»; 40) 99-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру тəртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 41) 100-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жəне мерзімде:»; 42) 100-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «100-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру Инкассолық өкім ұсынылған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жəне мерзімдерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құжаттарын қабылдауды жəне төлемдері мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұрады.»; 43) 101-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тəртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»;

44) 102-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тəртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы айқындайды.»; 45) 102-1-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақша түсімі мен оны жұмсау тəртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 46) 107-баптың 4, 4-1, 6 жəне 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті əкімшілері бес жұмыс күні ішінде: мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар жобаларын; бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын жəне өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді ұсынады. 4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға жібереді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган бес жұмыс күні ішінде стратегиялық жос парлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын жəне бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды жəне Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»; «6. Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды жəне оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының нақтыланған республикалық бюджеттің жобасы бойынша ұсынысының негізінде он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасайды жəне оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.»; 47) 111-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары жəне өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде түсімдердің жəне төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы, бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.»; 48) 151-бапта: 13-тармақтың екінші жəне төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153 жəне 154-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға ұсынуға міндетті.»; «Аса маңызды жəне жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау жəне іріктеу тəртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау жəне іске асыру тəртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 49) 152-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын əзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу жəне бюджеттік инвестицияларды іріктеу тəртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 50) 153-бапта: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уəкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін əзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу тəртібіне сəйкес əзірленген техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде жүзеге асырады. Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер жəне қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобаларды қарау инвестициялық ұсыныс кезеңінде жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Бюджеттік инвестициялық жобаны тиісті бюджет жобасына енгізу үшін іріктеуді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган жүзеге асырады.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме əзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тəртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды.»; 51) 154-баптың 4 жəне 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уəкiлеттi орган, осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар əкімшісінің ұсынысы мен экономикалық қорытынды негізінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асырады жəне қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.»; «13. Бюджеттік инвестициялардың

қаржылық-экономикалық негіздемесін əзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тəртiбi мен мерзiмдерiн бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкiлеттi орган айқындайды.»; 52) 155-2-баптың 4 жəне 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сəйкес тиісті сараптамалардың негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады жəне оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»; «8. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін əзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкiлеттi орган айқындайды.»; 53) 155-3-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уəкiлеттi орган айқындайтын тəртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уəкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. 2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»; 54) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын: «156-бап. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіздер Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау концессия шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады. Мыналардың: 1) болған жағдайда келіссөздер хаттамасының; 2) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сəйкес құрылған концессия жөніндегі комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы ұсынысының; 3) бюджет комиссиясының мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы ұсынысының болуы мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіз болып табылады. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау жəне іріктеу тəртібін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi орган айқындайды.»; 55) 157-бапта: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уəкiлеттiк берген орган жүргiзедi. Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган жүргiзедi.»; 10-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүргізу тəртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкiлеттi орган айқындайды.»; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тəртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкiлеттi орган айқындайды.»; 56) 158-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жəне оны бағалауды жүргізу тəртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкiлеттi орган айқындайды.»; 57) 159-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мем лекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін жəне оны бағалауды жүргізу тəртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкiлеттi орган айқындайды.»; 58) 160-баптың 7 жəне 7-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «7. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тəртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уəкiлеттi орган айқындайды. 8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау əдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi орган бекітеді.»; 59) 161-баптың 1 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уəкiлеттi органда белгiленген тəртiппен тiркеуге жəне есепке алуға жатады.»; «4. Мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердiң мониторингi мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уəкiлеттi орган белгiлеген тəртiппен жүзеге асырылады.»; 60) 164-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн үшжылдық кезеңге бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкiлеттi орган белгiлейдi.»; 61) 166-бап мынадай редакцияда жазылсын: «166-бап. Байланыссыз гранттар Байланыссыз гранттарды тарту, пайдалану, мониторингілеу жəне пайдаланылуын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»; 62) 167-баптың 2 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға ұсынады. 4. Байланысты гранттарды тартуға арналған іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады жəне бекітеді.»; 63) 173-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уəкiлеттi орган айқындайтын критерийлерге сəйкес қарыз алушының кредиттік қабілеттілігі.»; 64) 183-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қаржы агенттіктерін республикалық бюджеттен қамтамасыз етілмейтін бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тəртібін

мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уəкiлеттi орган айқындайды.»; 65) 184-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган шығарған тиісті мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесін айқындау тəртібін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уəкiлеттi орган белгілейді.»; 66) 187-бапта: 2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органның жəне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар əкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сəйкес келуі тұрғысынан қарауын қамтиды.»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) бюджет комиссиясының бюджеттік өтінімді жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органның қорытындысын қарауын;»; 67) 188-бапта: 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдарды бюджеттік кредиттеу кезінде конкурс нəтижелері бойынша бюджеттік бағдарлама əкімшісі айқындайды. Мамандандырылған ұйымдарды іріктеу тəртібін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уəкiлеттi орган белгілейді;»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Бюджеттік кредиттер беру жөніндегі рəсімдерді, оның ішінде оларды беру кезіндегі қажетті құжаттардың тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уəкілетті орган айқындайды.»; 68) 192-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне өндіріліп алынған мүлік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен өткізілуге жəне (немесе) мемлекеттік меншікке айналдыруға жатады.»; 69) 197-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Кредитор жəне (немесе) сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын жəне ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жағдайдың болуын бақылауды мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырады.»; 70) 203-бапта: 1-тармақтың 2) жəне 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен жəне республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер жəне мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін жəне бюджетті атқару жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындауын;»; «4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органның мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган белгілеген тəртіппен мемлекеттік қарыздарды тіркеуді жəне есепке алуды жəне мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты жəне мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу жəне оларға қызмет көрсету мониторингін, сондайақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын;»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың жəне мемлекет алдындағы борыштың тəуекелдерін басқару бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады.»; 71) 210-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған борышының лимитін бюджетті атқару жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілейді.»; 72) 211-бап мынадай редакцияда жазылсын: «211-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу жəне оған қызмет көрсету Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеуді жəне оған қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен өздері жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырады.»; 73) 212-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін жəне нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс.»; 74) 213-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган мемлекеттік кепілдіктер беруді бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын шарттармен жəне тəртіппен жүзеге асырады.»; 75) 230-бап мынадай редакцияда жазылсын: «230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды iрiктеу Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды iрiктеудi бюджетті атқару жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган айқындайтын тəртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi орган жүргiзедi.». 10. «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 жел тоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; (Жалғасы 20-бетте).


20

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 15-19-беттерде).

№ 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 12-баптың 1-тармағының 41-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «41-1) уəкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы, уəкілетті орган айқындаған заңды тұлға;»; 2) 14-баптың 1-тармағында: бірінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) Кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын акцизделетін тауарлардың (жеңіл автомобильдерді қоспағанда) алдағы уақытта алынатыны туралы салық органдарын уəкілетті орган белгілеген тəртіппен хабардар етуге;»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақшаның мақсатында тауарларды əкелу (əкету) туралы хабарлама беру тəртібін уəкілетті орган бекітеді.»; 3) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салық қызметі органдары уəкілетті орган бекіткен кодтары бар уəкілетті орган мен салық органдарынан тұрады.»; 4) 23-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уəкілетті орган белгілейді.»; 3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жəне мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.»; 5) 56-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Салық төлеуші (салық агенті), егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу саясатын дербес əзірлейді жəне бекітеді. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкерлер осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша дербес əзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.;»; 6) 64-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер салық төлеуші уəкілетті орган олар үшін əртүрлі салықтық нысандар белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің əрбір санаты үшін көзделген салықтық нысандарды жасауға тиіс.»; 7) 66-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) сатып алушылар бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;»; 8) 75-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салықтық өтініштердің нысандарын уəкілетті орган бекітеді.»; 9) 77-бапта: 1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Салық тіркелімдері арнаулы нысандар түрінде жүргізіледі. Уəкілетті орган белгілеген салық тіркелімдері нысандарын қоспағанда, салық тіркелімдерінің нысандарын жəне оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тəртібін салық төлеуші (салық агенті) дербес əзірлейді жəне салықтық есепке алу саясатында бекітеді.»; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жасалу нысандары мен қағидаларын уəкілетті орган белгілейтін, салық төлеуші (салық агенті) жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.»; 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Уəкілетті орган:»; 4-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сəйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кəсіпкерлер үшін уəкілетті орган:»; 10) 118-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 12-тармағына сəйкес айқындалған құн, мұндай құн болмаған жағдайда уəкілетті орган белгілеген тəртіппен айқындаған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.»; 11) 119-бапта: 12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ІІ, ІІІ жəне ІV топтар бойынша – уəкілетті орган белгілеген тəртіппен айқындалған құнға азайтылады.»; 13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ІІ, ІІІ жəне ІV топтар бойынша – уəкілетті орган белгілеген тəртіппен айқындалған құнға азайтылады.»; 12) 133-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар. Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар: оқытуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстарды; уəкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жұмсалған шығыстарды; оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ уəкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды қамтиды;»; 13) 156-баптың 1-тармағының 24) жəне 42) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушiнiң шығыстары: басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдеу кезінде

– жұмыс берушінің қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары; басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдемей: қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстар; уəкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде қызметкердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар; қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға жəне оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстар; жұмыс берушiнің: қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен əрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi; қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен əрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;»; «42) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары: жеке тұлғаны оқытуға, оның біліктілігін арттыруға немесе оны қайта даярлауға нақты жұмсалған шығыстар; уəкілетті орган белгілеген нормалар шегінде оқытылатын адамның тұруына нақты жұмсалған шығыстар; қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына дейін баруға жəне оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін қайтуына нақты жұмсалған шығыстар; дербес білім беру ұйымының: оқытылатын адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен əрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері; оқытылатын адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен əрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы. Егер шығыстар осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған, осындай шығыстарды жүзеге асырған дербес білім беру ұйымының оқыту, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау мақсатында алған өтеусіз көмек есебінен жəне соның шегінде жүзеге асырылған жағдайда, осы тармақшаның ережелері қолданылады.»; 14) 192-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) уəкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң іс жүзінде орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де табыстар.»; 15) 193-баптың 5-тармағының 3) жəне 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) уəкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бiр мезгiлде мынадай: дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі; дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы; дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салынуға жатпайды. Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан: акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі; құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесiн құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кіріс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сəйкес айқындалады. Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»; «7) егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, уəкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай: акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі; эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы; эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін кірістер. Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы

2 қазан 2014 жыл

тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»; 16) 200-1-баптың 1-тармағының 4) жəне 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4) уəкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай: дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі; дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы; дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер. Осы тармақшаның ережелері: акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын кіріс; заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі; құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондайақ заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтерге ғана қолданылады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сəйкес айқындалады. Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»; «8) егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уəкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай: акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі; эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы; эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткізу күніне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер. Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»; 17) 216-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Шотында шартты түрдегі банк салымы орналастырылған банк есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, салық агенті орналасқан жердегі салық органына уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша есепті тоқсан ішіндегі ақша қозғалысы туралы есепті ұсынуға міндетті. Есеп шартты түрдегі банк салымы орналастырылған шотта ақша қозғалысы болған тоқсандарға ұсынылады. Есепке өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу жəне оны ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда жəне тəртіппен жүзеге асырылады.»; 18) 218-баптың 3 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Салық органы инкассолық өкіммен бір мезгілде табыс салығының сомасы резидент еместің шартты түрдегі банк салымында орналастырылған кезден бастап бюджетке аударылғанға дейін банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жəне нысан бойынша банкке жібереді. 4. Банк сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде салық органына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уəкілетті орган белгілеген нысандағы банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мəліметтерді жіберуге міндетті. Банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мəліметтерге өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу жəне оларды ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда жəне тəртіппен жүзеге асырылады.»; 19) 224-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер шет мемлекет немесе оның əкімшілікаумақтық бірлігі мынадай талаптардың бiрiне сай келген жағдайда: 1) мұндай мемлекетте немесе əкімшілік-аумақтық бірлікте табыс салығының мөлшерлемесі 10 пайыздан аз мөлшердi құраса; 2) мұндай мемлекетте немесе əкімшілік-аумақтық бірлікте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүлiктiң, кірістің нақты иесі немесе заңды тұлғаның (компанияның) нақты иелерi, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлерi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн заңдар болса, ол жеңілдікті салық салынатын мемлекет деп танылады. Уəкiлеттi орган шет мемлекеттiң немесе оның əкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органынан аталған халықаралық шартта алмасу көзделген мəлiметтердi беруден жазбаша бас тартуды алған немесе шет мемлекеттiң немесе оның əкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органы мұндай мəлiметтердi уəкiлеттi орган тиiстi сауалды жiбергеннен кейiн екi жылдан астам уақыт iшiнде бермеген жағдайларды қоспағанда, осы тармақшаның ережелерi Қазақстан Республикасы құзыреттi органдар арасында ақпарат алмасу туралы ережелердi көздейтiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттерге немесе мемлекеттердің əкімшілік-аумақтық бірліктеріне қатысты қолданылмайды. Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн уəкілетті орган бекiтедi.»; 20) 256-баптың 2-тармағы 11) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру мен дамыту саласындағы уəкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органының құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжатында көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сəйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.»; 21) 263-баптың 1-2-тармағы үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Уəкілетті орган электрондық түрде жазып

берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тəртібін белгілейді, онда мыналар:»; 22) 270-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру мен дамыту саласындағы уəкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органының құрылымдық бөлімшесі өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уəкілетті орган белгілеген тəртіппен, мерзімдерде жəне нысан бойынша ұсынады.»; 23) 276-18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жəрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған жағдайда, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі, тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жəрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған кезде қосылған құн салығын төлеуді оларды сатып алу-сатуға резидент емеспен шарттар (келісімшарттар) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады. Тауарларды сатып алу-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде, мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жəрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады. Көрме-жəрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осындай сауда өткізілетіні туралы Кеден одағына мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімін қоса алғанда, оны өткізу басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын орналасқан жеріндегі салық органын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Көрме-жəрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»; 24) 276-20-бапта: 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде Кеден одағына мүше мемлекеттерге өткізілген тауарлар немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жөнінде орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралардың тізілімін ұсынуға міндетті. Кеден одағына мүше мемлекеттерге өткізілген тауарлар немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жөнінде орындалған жұмыстар бойынша шот-фактура тізілімдерінің нысандарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.»; 7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «7. Тауарларды əкелу жəне жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін салық органдарының тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уəжді бас тартуы уəкілетті орган көздеген жағдайларда жəне тəртіппен жүзеге асырылады.»; 25) 276-22-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Тауарларды əкелу жəне жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтару тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 26) 282-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады. Алыс-беріс шикізатынан акцизделетін тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына əкетілген, сондайақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан əкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сəйкес айқындалады жəне алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған жəне (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс. Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзі мінен асқан жағдайда осы Кодекстің 280-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сəйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады. Алыс-беріс шикізатын өңдеуге əкелу (əкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін əкету (əкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган бекіткен тəртіппен, нысан бойынша жəне мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.»; 27) 292-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Салық органдарының тауарларды əкелу жəне жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін тиісті белгіні қою жолымен растауы не растаудан уəжді бас тартуы уəкілетті орган көздеген тəртіппен жүзеге асырылады.»; 28) 459-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту жəне рұқсат құжаттарын беру тəртібін көлік саласындағы уəкілетті орган бекітеді.»; 29) 462-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Автомобиль көлігі саласындағы уəкілетті орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.»; 2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Автомобиль көлігі саласындағы уəкілетті орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.»; 30) 465-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) атқарушылық құжаттарды мəжбүрлеп орындату бойынша əділет органдары өткiзетiн аукциондардан;»; 31) 473-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Рұқсат беру тəртiбiн байланыс саласындағы уəкілетті орган белгiлейдi.»; 32) 507-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Төлемақы сомасын төлеу банктер немесе банк

операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны орман шаруашылығы саласындағы уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассасына қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.»; 33) 511-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны бақылауөткiзу пункттерiнде не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актiсiнде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган белгiлеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң немесе көрсетілген төлемді растайтын бақылау-кассалық машина, терминалдар чектерiнiң негiзiнде қолма-қол ақша енгiзу арқылы жүргiзiледi.»; 34) 547-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.»; 35) 569-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куəлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.»; 36) 570-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куəлiк қатаң есептілік бланкiсi болып табылады жəне салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куəландырады. Куəлiктiң нысанын уəкілетті орган белгілейді. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куəлік салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып беріледі.»; 37) 571-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару: 1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң ұсынбаған; 2) жазбаша түсіндірме ұсыну үшін осы Кодекстің 558-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған; 3) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған; 4) соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде қосылған құн салығын төлеушi жалған кəсіпорын деп танылған; 5) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде дара кəсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда салық төлеушiні хабардар етпестен жүргізіледі.»; 38) 574-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні салық салу объектiсi жəне (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жер бойынша жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне тіркеу карточкасын бере отырып, қояды. Тiркеу карточкасы - салық салу объектiлерінің жəне (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң салық органдарында тіркелгенін куəландыратын, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебіне қойған кезде салық органы беретін қатаң есептілік бланкiсi. Тіркеу карточкасын салық органы салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып береді. Тіркеу карточкасының нысанын уəкілетті орган белгілейді.»; 39) 576-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімді уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектiлер тiркелген жердегі салық органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.»; 40) 581-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) дара кəсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, осы Кодекстiң 148-бабына сəйкес айқындалатын, бұл жайында уəкілетті орган белгiлеген нысан бойынша мұндай тану тоқтатылған есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уəкiлеттi органды хабардар етуге;»; 41) 622-баптың 3-тармағындағы «атқарушылық iс жүргiзу органдары жүргізеді» деген сөздер «əділет органдары жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын; 42) 646-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының, тауар чегінің, фискалдық есепті алу актісінің, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уəкілетті орган белгілейді.»; 43) 650-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Салық органының пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы болған жағдайда салық төлеушi ақау пайда болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-кассалық машина есепке қойылған салық органына: 1) бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының нөмірін, берілген күнін жəне ақау болған күннің басындағы есептегіштің жиынтық көрсеткіштерін көрсете отырып, салықтық өтінішті; 2) жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақау себептерін негіздеп көрсете отырып, техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысын береді. Салық органы салықтық өтінішті қабылдаған күні ақауды жою үшін бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын салық органының пломба орнатуға жауапты лауазымды адамы оны (Жалғасы 21-бетте).


(Жалғасы. Басы 15-20-беттерде).

беру туралы шешім қабылдаған күні уəкілетті орган белгілеген нысанда береді. Салық органы осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттар мəліметтерін бермеген немесе толық құрамда бермеген жағдайларда пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын беруден бас тартады. Техникалық ақау жойылғаннан кейін пломба орнату үшін бақылау-кассалық машинаны салық органына табыс ету мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем болмауға, бірақ пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсаты берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.»; 44) 653-баптың 1-1, 2 жəне 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) акцизделетін тауарларды əкелу (əкету) уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. 2. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімі уəкілетті орган белгілеген тəртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі бұйымдары – акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.». «6. Осы бапқа сəйкес: 1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын уəкілетті орган бекітеді; 2) акциздік жəне есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау жəне беру қағидаларын уəкілетті орган бекітеді; 3) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау жəне табыс ету қағидаларын уəкілетті орган бекітеді; 4) акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру тəртібін уəкілетті орган бекітеді.»; 45) 656-бапта: 1-тармақтың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Уəкілетті орган белгiлеген нысан бойынша салық қызметі органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан əрі – шешім) уəкiлеттi мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың (бұдан əрі осы баптың мақсатында – уəкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер қамтылады:»; 7-тармақтың бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «7. Бақылаудың нəтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды. Салық қызметi органының уəкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау актiсiнде көрсетiлген соңғысының бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы қағаз жеткіз гіште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан əрi – талап) деп танылады. Талап нысанын уəкілетті орган белгiлейдi.». 11. «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 8-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «8-бап. Əскери-медициналық (медициналық), сотмедициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті»; 2) 6-бапта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді шығарады;»; 3), 4), 5), 8), 10), 11), 12-1), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20), 21), 22), 24), 25), 26) жəне 27-2) тармақшалар алып тасталсын; 3) 7-баптың 1-тармағында: 29-3) тармақша алып тасталсын; 73) тармақшадағы «бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 74), 75), 76), 77), 78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 86), 87), 88), 89), 90), 91), 92), 93), 94), 95), 96), 97), 98), 99), 100), 101), 102) жəне 103) тармақшалармен толықтырылсын: «74) медициналық жəне фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту; 75) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тəртібін бекіту; 76) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тəртібін айқындау; 77) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету тəртібін айқындау; 78) клиникалық базалар тізбесін бекіту; 79) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін жəне ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту; 80) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту; 81) денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражаты есебінен өтеу тəртібін айқындау; 82) иондандырушы сəулелену əсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау жəне пайдалану тəртібін айқындау; 83) азаматтарды дəрілік заттармен қамтамасыз ету тəртібін бекіту; 84) Қазақстан Республикасында тіркелген дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту; 85) анатомиялық сый жасау жəне оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тəртібі мен шарттарын бекіту; 86) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту; 87) денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тəртібі мен шарттарын айқындау; 88) донорларға қан мен оның компоненттерінің донациясы үшін ақы төлеу тəртібін айқындау; 89) əлеуметтік мəні бар аурулардың жəне айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту; 90) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізудің, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жəне анықтамасын беру тəртібін бекіту; 91) медициналық көмек көрсету тəртібін бекіту; 92) əлеуметтік мəні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-əлеуметтік көмек көрсету тəртібін бекіту;

21

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

93) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тəртібін бекіту; 94) стационарлық көмек көрсету тəртібін бекіту; 95) стационарды алмастыратын көмек көрсету тəртібін бекіту; 96) жедел медициналық көмек көрсету тəртібін бекіту; 97) санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тəртібін бекіту; 98) қалпына келтіру емі жəне медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тəртібін бекіту; 99) паллиативтік көмекті жəне мейірбике күтімін көрсету тəртібін бекіту; 100) зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының жəне (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту; 101) патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының жəне (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялықанатомиялық ашып қарауды жүргізу тəртібін бекіту; 102) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі жəне сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тəртібін бекіту; 103) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тəртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекітіп беру тəртібін бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»; 4) 8-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «8-бап. Əскери-медициналық (медициналық), сотмедициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті»; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Əскери-медициналық (медициналық), сотмедициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:»; 2), 4), жəне 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2) əскери-медициналық (медициналық), сотмедициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;»; «4) əскери-медициналық (медициналық), сотмедициналық, сот- наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің басшыларын лауазымдарына тағайындайды жəне лауазымдарынан босатады;»; «7) əскери-медициналық (медициналық), сотмедициналық, сот- наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердегі ұйымдар мен бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережені, үлгілік штаттарды жəне штат нормативтерін əзірлейді жəне бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) Əскери-дəрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын жəне Əскери-дəрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді.»; 5) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1), 18-3), 18-4), 18-5) жəне 18-6) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) уақытша бейімдеу жəне детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;»; «18-3) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жүргізеді; 18-4) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізеді (инфекциялық жəне паразиттік аурулар табиғи ошақтарының аумағындағы, сондайақ инфекциялық жəне паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда); 18-5) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дəріхана пункттері жəне жылжымалы дəріхана пункттері арқылы дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жəне аттестаттауды жүргізеді; 18-6) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кəсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізеді;»; 6) 14-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тəуелсіз сарапшылар тарту тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 7) 21-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уəкілетті орган Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық жəне паразиттік аурулардың енуі мен таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру жəне Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тəртібін айқындайды.». 7-тармақтың 1), 5) жəне 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) кəсіпкерлік жəне (немесе) өзге де қызметте халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге, онда өндіруге, қолдануға жəне өткізуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін тəртіппен тыйым салуға;»; «5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін тəртіппен жəне инфекциялық аурулар тізбесіне сəйкес Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілеуге;»; «20) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салуға құқығы бар.»; 8) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»; 9) 34-бапта: 2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) уəкілетті орган белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек жəне мейірбике күтімі кіреді.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау ды жəне оның шығындарын өтеуді тиісті бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырады.»; 10) 35-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің тəртібі мен шарттарын уəкілетті орган айқындайды.»; 11) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын: «43-бап. Медициналық-əлеуметтік көмек 1. Медициналық-əлеуметтік көмек – тізбесін уəкілетті орган айқындайтын əлеуметтік мəні бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек. 2. Əлеуметтік мəні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-əлеуметтік

көмек көрсету тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 12) 45-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің түрлерін, көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толық тырылсын: «4-1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналықсанитариялық көмек ұйымдарына бекіту тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 13) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 14) 47-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Стационарлық көмек көрсету тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 15) 48-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 16) 49-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жедел медициналық көмек көрсету тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 17) 50-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 18) 52-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қалпына келтіру емі жəне медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 19) 53-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Паллиативтік көмекті жəне мейірбике күтімін көрсету тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 20) 55-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының жəне (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің түрлерін уəкілетті орган белгілейді.»; 21) 56-бапта: 2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қайтыс болған адамның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің талап етуі бойынша патологиялық-анатомиялық ашып қарауды тəуелсіз сарапшы (сарапшылар) уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүргізуі мүмкін.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының жəне (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялықанатомиялық ашып қарауды жүргізу тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 22) 58-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі жəне сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 23) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жəне анықтамасын беру тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 24) 63-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін жəне (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.»; 25) 63-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін жəне (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.»; 26) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жəне олардың сапасын бақылау, сондай-ақ тұрақтылығына сынақтар жүргізу жəне сақталу мерзімі мен қайта бақылау мерзімін белгілеу қағидаларын уəкілетті орган бекітеді.»; 27) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын: «68-бап. Дəрілік препараттарды жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау Дəрілік препараттарды жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауды дəрілік препараттарды жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауға тиісті лицензиясы бар, дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер уəкілетті орган бекіткен қағидаларға сəйкес жүзеге асырады. Дайындалған дəрілік препараттар уəкілетті орган бекіткен тəртіппен дəріханаішілік бақылануға жатады.»; 28) 69-баптың 3 жəне 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме жəне бөлшек саудада өткізу уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»; «5. Дəрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дəрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады. Дəрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз босатуға жатқызу қағидаларын уəкілетті орган белгілейді.»; 29) 75-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Дəрілік заттар тұтынушылық (бастапқы жəне қайталама) қаптамасына мемлекеттік тілде жəне орыс тілінде жақсы оқылатын қаріппен басылған жəне уəкілетті орган бекіткен тəртіп талаптарына сай келетін таңбасымен айналысқа түсуге тиіс. 2. Медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника тікелей медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техникаға жəне (немесе) тұтынушылық қаптамаға уəкілетті орган бекіткен тəртіпке сай басылған таңбасымен айналысқа түседі.»; 30) 78-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника уəкілетті орган бекіткен қағидаларға сəйкес олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақталады жəне тасымалданады.»; 31) 79-бап мынадай редакцияда жазылсын: «79-бап. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника жəне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес келмейтін басқа да дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өткізуге жəне медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі жəне олар осы дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қарауында тұрған, олардың айналысы саласындағы субъектілердің уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жоюына жатады.»;

32) 80-баптың 1 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына əкелу Кеден одағының жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес уəкілетті орган айқындаған тəртiппен жүзеге асырылады.»; «4. Уəкілетті орган айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге тыйым салынады. Гуманитарлық көмекке (жəрдемге) немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмекке арналған дəрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника (оның ішінде тіркелмегендері) уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен берілетін қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасына əкелінеді.»; 33) 80-1-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Уəкілетті орган айқындаған тəртiппен Қазақстан Республикасының аумағына дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы əкелудi:»; 34) 81-баптың 1 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан əкету уəкілетті орган бекіткен тəртіппен жүзеге асырылады.»; «3. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық жəне авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан əкету уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»; 35) 84-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тыйым салу, тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 36) 88-бапта: 1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен көрсетімдер болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;»; 3, 4 жəне 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа, жыныстық сəйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың жынысын ауыстыруға құқығы бар. Жыныстық сəйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куəландыру жəне олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын уəкілетті орган белгілейді. 4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек уəкілетті органмен келісу бойынша қылмыстық-атқару жүйесі органдары айқындайтын тəртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады. 5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уəкілетті орган айқындайтын тізбеге сəйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.»; 6-тармақ алып тасталсын; 37) 115-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) уəкілетті орган бекіткен қағидаларға сəйкес клиникалық жəне эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша адамдар жатады.»; 38) 117-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кəсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондайақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы көрсетімдер тізбесін уəкілетті орган бекітеді жəне жинақталған тəжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, кемінде бес жылда бір рет қайта қаралады.»; 39) 121-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ақшаны пайдалану тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»; 40) 136-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Иондандырушы сəулеленудің əсеріне ұшыраған азаматтардың қаны мен тіндерін алу, сақтау жəне пайдалану тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 41) 142-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Анатомиялық сыйды жасау жəне оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тəртібі мен шарттарын уəкілетті орган айқындайды.»; 42) 144-баптың 3 жəне 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын əзірлеу мен бекіту тəртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.»; «6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді жəне Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке жəне заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»; 43) 146-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық жəне биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау жəне дератизациялау құралдарын, сумен жəне тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды əсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу жəне мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тəртібін халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»; 44) 150-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тəртібін жəне пайда болу мен таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»; 45) 152-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны (инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.»; 46) 155-баптың 4 жəне 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кəсіптердің тізбесін, сондай-ақ осы қарап тексеруді өткізудің тəртібі мен кезеңділігін уəкілетті органмен келісу бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»; «10. Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу мен жүргізу тəртібін халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.»; 47) 156-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау жəне пайдалану халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырылуға тиіс.»; 48) 159-бапта: 2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, құрамының деңгейі туралы жəне кемінде үш зиянды қосынды - жүйелік улар, канцерогендік жəне мутагендік заттар туралы мəліметтер енгізілмесе сатуға тыйым салынады. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі жəне жүйелік улар, канцерогендік жəне мутагендік заттар туралы мəліметтерді орналастыру тəртібін уəкілетті орган бекітеді;»; 3, 7, 8, 10 жəне 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай мазмұндағы: «Темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға жəне олардың сатуына тыйым салынады» деген жазба, сондай-ақ темекі шегудің зияны туралы уəкілетті орган бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс.»; «7. Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген талаптарға сəйкес жабдықталуға тиіс. 8. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекінің жəне темекі бұйымдарының барлық маркаларында никотиннің жəне шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нəтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында өздері шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді жыл сайын келесі жылдың 1 ақпанына дейін уəкілетті орган бекіткен тəртіппен ұсынуға міндетті.»; «10. Құрамындағы никотин жəне шайырлы заттар уəкілетті орган айқындайтын жол берілетін шекті деңгейлерден асатын темекі бұйымдарын əкелуге, өндіруге, сатуға жəне таратуға тыйым салынады.»; «13. Темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында уəкілетті орган бекіткен темекі шегудің зияны туралы ескерту болуға жəне ол мынадай талаптарға сəйкес келуге: 1) темекі бұйымы қорабының, темекі бұйымы қаптамасының ауданы бойынша əрбір үлкен жағының кемінде қырық пайызын алуға; 2) жылтыр орауыш пленкаға немесе қандай да бір сыртқы орауыш материалға басылмауға; 3) сурет (пиктограмма, графика) жəне жазулар түрiнде орындалуға тиіс.»; 49) 160-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тамақ өнімін байыту (фортификациялау) тəртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.»; 50) 165-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) қан мен оның компоненттерін уəкілетті орган белгілеген мөлшерде ақылы тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруға;»; 51) 167-баптың 7 жəне 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «7. Донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған донор қан мен оның компоненттерін тапсырғаннан (донациялағаннан) кейін өз қанының көлемі мен организмінің əл-ауқаты шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не уəкілетті орган белгілейтін мөлшердегі оның ақшалай баламасын алады. 8. Донорлық функцияны ақылы негізде атқарған донорға қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы уəкілетті орган белгілейтін тəртіппен жəне мөлшерде ақы төлейді.». 12. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 2324, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 4-баптың 1-тармағының 50-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «50-1) уəкілетті заңды тұлға – уəкілетті орган айқындаған, төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін жəне (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы заңды тұлға;»; 2) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кеден өкілі кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен кеден органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға міндетті.»; 3) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен берілетін біліктілік аттестаты бар кедендік декларациялау жөніндегі маман кеден өкілінің атынан кедендік декларациялау жөніндегі іс-əрекеттерді жасау құқығына ие.»; 4) 34-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды жəне оны қолдану тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 5) 37-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) кедендік транзиттің кедендік рəсіміне сəйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге жəне кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»; (Жалғасы 22-бетте).


22

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 15-21-беттерде).

6) 44-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) сақталатын тауарлардың есебін жүргізуге жəне кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен кеден органдарына олар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»; 7) 51-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) кеден қоймасында сақтауда тұрған тауарлардың есебін жүргізуге жəне кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»; 8) 54-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) осы Кодекстің 409-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 9) 58-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсу жəне осы дүкенде оларды өткізу есебін жүргізуге, сондайақ кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»; 10) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын: «60-бап. Еркін қойма иесі Кеден органдарының еркін қойма иелерімен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында жəне (немесе) кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен белгіленеді.»; 11) 60-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «60-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы Кеден органдарының арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленеді. Арнайы экономикалық аймақ аумағын жайластыру тəртібін, адамдардың осындай аумаққа кіруін, арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды əкелу туралы хабарлама беруді, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды əкелуге жəне оларды осындай аумақтан əкетуге рұқсат беруді, тауарлар есебін жүргізуді, сондай-ақ осындай тауарлар бойынша кеден органына есептілікті ұсынуды, еркін кеден аумағының кедендік рəсіміне орналастырылған тауарларды Кеден одағы тауарлары деп тануды арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі жəне оларды тарату саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 12) 68-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодексте көзделген құжаттар мен мəліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдер сəйкес болуға тиіс талаптарды кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілейді. Көрсетілген талаптар кеден ісі саласындағы уəкілетті органның ресми интернет-ресурсында, вебпорталында орналастырылады. 2. Бағдарламалық өнімдердің кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген талаптарға сəйкестігі тексерілгеннен кейін ғана оларды кедендік мақсаттар үшін пайдалануға жол беріледі.»; 13) 78-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тауарларды шығарғанға дейін де, оларды шығарғаннан кейін де тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында айқындалған кеден органының лауазымды адамы тауарларды сыныптауды жүзеге асырады жəне кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдайды.»; 9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Кеден органы декларант сұрау салынған құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім шығарады жəне бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны декларантқа поштамен жібереді.»; 14) 85-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің нысанын кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 15) 91-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдерді кеден ісі саласындағы уəкілетті орган преференциялық жəне преференциялық емес режимдерді қолданған кезде қабылдайды. Тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдау нысанын кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 16) 121-баптың 3-тармағының үшінші жəне төртінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «сауда қызметін реттеу саласындағы уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 135-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім төлеушінің жазбаша өтініші жəне кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданады.»; 18) 138-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «11. Осы Кодексте жəне Кеден одағының кеден кодексінде реттелмеген бюджетке аудару, артық (қате) төленген немесе бюджеттен артық өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың сомаларын қайтару (есепке жатқызу) қағидаларын кеден ісі саласындағы уəкілетті орган бекітеді.»; 19) 140-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тəртібі осы Кодексте белгіленеді, ал онда реттелмеген бөлігін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 20) 141-бапта: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Төлеушінің жеке шоты кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жəне нысандар бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың түрлері бойынша жүргізіледі.»; 8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Салыстыру аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша, екі данада акт жасалады. Салыстыру актісінің бір данасы төлеушіге тапсырылады, екінші данасы кеден органында қалады.»; 21) 143-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 22) 150-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін

бас қамтамасыз етудің қолданылу тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 23) 151-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын анықтау кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуге тиіс сомаларын кеден органына тауарлардың сипаты, олардың атауы, саны, шығарылған елі жəне кедендік құны туралы дəл мəліметтерді ұсынбау себепті дəл айқындау мүмкін болмаса, қамтамасыз ету сомасы кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен, қолда бар мəліметтер негізінде айқындалуы мүмкін кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің неғұрлым үлкен шамасы, тауарлардың құны жəне (немесе) олардың заттай түрдегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) негізінде айқындалады.»; 24) 154-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған кедендік əкету баждарының, салықтардың жəне кедендік алымдардың сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жəне жағдайларда жүзеге асырылады. Кедендік əкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады.»; 25) 196-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі жəне 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту жəне оның тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолданылу тəртібін кеден саясаты саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілейтін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін.»; «3. Кедендік бақылаудың мақсаттары үшін кеден органдарының су жəне əуе кемелерін пайдалану тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 26) 209-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу тəртібі мен нысанын кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 27) 210-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Есептілікті ұсыну нысанын жəне тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 28) 216-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының кеден органдарында тəуекелдерді басқару жүйесін қолдану тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 29) 234-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Кедендік сараптаманы жүзеге асыру мақсатында кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 223 жəне 299-баптарында көзделген кедендік тексеруді жəне кедендік декларациялауды жүргізу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізеді. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, декларанттың не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 30) 237-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу тəртібін кеден саясаты саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 31) 240-баптың 2-тармағы жəне 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану кеден саясаты саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады. 3. Сақтау жəне өткізу бойынша шығыстары құнынан асып түсетін тауарлар, сондай-ақ кеден саясаты саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайтын басқа да жағдайларда, жойылуға жатады.»; 32) 241-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ұстауларды ескере отырып есептелген тауарларды өткізуден түсетін сомалар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе, кеден органында олар туралы мəліметтер болған кезде, кеден саясаты саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен оларды өткізуден түсетін ақша түскен күннен кейінгі күннен бастап үш ай ішінде кеден органдарына тауарлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде оларға қайтарылады.»; 33) 248-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының кедендік аумағына кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындаған орындарға ғана əкелуге болады.»; 34) 254-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының кедендік аумағынан кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындаған əкету орындарынан ғана əкетуге болады.»; 35) 260-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыру кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен расталады.»; 36) 262-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) есепке алуды (оның ішінде бақылаудың жəне есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып) жүргізуге жəне келіп түсетін, сақталатын, əкетілетін тауарлар жəне (немесе) көлік құралдары туралы есептілікті кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен кеден органына ұсынуға;»; 37) 266-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау жəне тіркеу кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады.»; 38) 271-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 39) 281-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсыну, пайдалану жəне сақтау тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 40) 295-баптың 5 жəне 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «5. Рұқсатты беру, ұзарту, тоқтата тұру жəне оны кері қайтарып алу тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; «7. Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау жəне кедендік

2 қазан 2014 жыл

тазарту тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 41) 322-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Кедендік алып жүру тəртібін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 42) 329-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Межелі кеден органы тасымалдаушы осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап бір сағат ішінде олардың берілуін кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен тіркейді.»; 43) 353-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рəсімін қолдану туралы есептің нысанын кеден ісі саласындағы уəкілетті орган бекітеді.»; 44) 364-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Есептің нысанын кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілейді.»; 45) 377-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рəсімін қолдану туралы есептің нысанын кеден ісі саласындағы уəкілетті орган бекітеді.»; 46) 409-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға жəне олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес, осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелгенін растайтын құжатты көрсеткен кезде кедендік бақылаумен жүзеге асырылады. Бажсыз сауда дүкендеріндегі тауарларды өткізу тəртібін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уəкілетті орган белгілейді; 47) 483-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Нысанды киімнің жəне нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уəкілетті орган бекітеді.». 13. «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан əрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;»; 2) 84-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Комиссияның қызмет тəртібі мен құрамын Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы айқындайды.»; 3) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын: «89-бап. Асырап алуға жататын балаларды жəне балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу 1. Асырап алуға жататын балаларды есепке алу осы Кодекстің 117-бабының 5 жəне 6-тармақтарында белгiленген тəртiппен жүзеге асырылады. 2. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы белгілеген тəртіппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргізеді. 3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тiлек бiлдiрген шетелдiктердi есепке алуды Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы айқындайтын тəртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жүргiзедi.»; 4) 91-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) денсаулық жағдайына байланысты атаана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган белгiлейдi;»; 5) 111-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы айқындайды.»; 6) 117-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жəне асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру жəне олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тəртібін Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы айқындайды.»; 7) 133-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Патронаттық тəрбие туралы ережені Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы бекітеді.»; 8) 140-бап мынадай редакцияда жазылсын: «140-бап. Кəмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының жəне (немесе) өзге де кірістің түрлері Ата-ананың алатын жəне алимент ұсталатын жалақысы жəне (немесе) өзге де кірісі түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі бекітеді.»; 9) 179-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде ауыл, кент, ауылдық округ əкімі өздерінің аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге арналған құжаттарды қабылдауды жəне азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жəне оларды осы Кодексте көзделген мерзімдерде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мəліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың тіркеуші органына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куəліктер беру мен тапсыруды жүргізеді.»; 10) 181-баптың 1-тармағы жəне 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын жəне осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куəліктердің нысандарын Қазақстан Республикасының əділет органдары бекітеді. 2. Акт кітаптары қатаң жүйелі түрде тігілген жəне нөмірленген, оны құрастырған тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен жəне елтаңбалы мөрімен бекемделген бірдей жүз акт жазбасын қамтып, екі данада жасалады. Акт жазбаларының бірдейлігін тіркеуші органның лауазымды адамдары қамтамасыз етеді.»;

11) 198-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бір жасқа толған жəне одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеуді облыс, республикалық маңызы бар қала, астана əкімдігінің тіркеуші органның қорытындысы негізінде ауданның, қаланың тіркеуші органы жүргізеді.»; 12) 279-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi жүргізеді жəне олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасының астанасы əкімдігінің тіркеуші органына беріледі.». 14. 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне: 671-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қаулы шығарған сот қаулы заңды күшіне енгеннен кейін тиісті əділет органына атқару парағын, мүлік тізімдемесінің көшірмесін жəне қаулының көшірмесін мүлікті тəркілеу туралы үкімдерді орындау үшін белгіленген тəртіппен орындауға жібереді.». 15. 2014 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне: 1) 15-баптың 7) тармақшасындағы «қағидаларын;» деген сөз «қағидаларын бекітеді.» деген сөздермен ауыстырылып, 6), 8) жəне 9) тармақшалары алып тасталсын; 2) 16-баптың бірінші бөлігінің 14) тармақшасындағы «қағидаларын бекітеді.» деген сөздер «қағидалар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15), 16) жəне 17) тармақшалармен толықтырылсын: «15) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені; 16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тəртіптеме қағидаларын; 17) қылмыстық жазаларды жəне өзге де қылмыстыққұқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жəрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға əлеуметтік жəне өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялықкеңесші орган туралы үлгі ережені бекітеді.»; 3) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Айыппұл, сондай-ақ мүлікті тəркілеу түріндегі жазаларды мүліктің тұрған жері бойынша жəне сотталған адамның жұмыс орны бойынша əділет органдары орындайды.». 16. «Тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат): 1) 5-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тарих жəне мəдениет ескерткiшiн мəртебесiнен айыруға жəне Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған жəне (немесе) тарихи-мəдени мəнін жоғалтқан жағдайда ғана жол беріледі.»; 2) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын: «17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді; 2) уəкілетті орган туралы ережені бекітеді; 3) Ұлттық пантеон туралы ережені əзірлейді жəне бекітеді; 4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»; 3) 18-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 17) жəне 18) тармақшалармен толықтырылсын: «17) тарихи-мəдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих жəне мəдениет ескерткiштерi деп таниды жəне тарихи-мəдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады; 18) жергілікті маңызы бар тарих жəне мəдениет ескерткішін мəртебесінен айырады жəне тарихимəдени сараптама қорытындысының жəне осы Заңның 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастайды.»; 4) 19-бапта: 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) тарихи-мəдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын жəне қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың тəртібін жəне пайдалану режимін əзірлейді жəне бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 14-3), 144), 14-5), 14-6), 14-7) жəне 14-8) тармақшалармен толықтырылсын: «14-1) мемлекеттік меншіктегі тарих жəне мəдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілейді; 14-2) тарих жəне мəдениет ескерткіштерін қорғау жəне күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді; 14-3) тарих жəне мəдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мəртебе беру жəне мəртебесінен айыру қағидаларын бекітеді; 14-4) тарих жəне мəдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекітеді; 14-5) тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі археологиялық жəне (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 14-6) халықаралық жəне республикалық маңызы бар тарих жəне мəдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тəртібін бекітеді; 14-7) республикалық маңызы бар Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекiтедi; 14-8) республикалық маңызы бар тарих жəне мəдениет ескерткiшiн мəртебесiнен айырады жəне тарихи-мəдени сараптама қорытындысының жəне осы Заңның 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде, уəкілетті органның арнайы комиссиясымен келісу бойынша республикалық маңызы бар Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарады;»; 5) 27-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Республикалық маңызы бар Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін уəкiлеттi орган бекiтедi.». 17. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3,

22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат): 1) 8-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Метрополитенде қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін жəне техникалық құралдардың күтіпұсталуын бақылауды метрополитен орналасқан тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.»; 2) 9-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Метрополитенмен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын жергілікті атқарушы орган айқындайды.»; 3) 11-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын жергілікті атқарушы орган бекітеді.»; 4) 15-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тəртібін уəкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»; 5) 21-бапта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондайақ теміржол, əуе көлiгiнде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi жəне өрт салдарын жоюды өрт қауіпсіздігі саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган айқындаған тəртiппен əскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi жəне өрт салдарын жоюды жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган айқындаған тəртiппен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.»; 6) 23-бапта: екінші жəне үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «Көлiк құралдарының қозғалысы жəне тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын метрополитеннің, станциялардың, порттардың, кемежайлардың, əуежайлардың, көлiк кəсiпорындары мен теміржол желілерінің аумақтары, сондай-ақ су жолдары қауiптiлігі жоғары аймақтар болып табылады. Қауіптілігі жоғары аймақта болу жəне онда жұмыстар жүргізу қағидаларын уəкілетті мемлекеттік орган бекітеді. Уəкілетті мемлекеттік орган бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жүру жолында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.»; мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын: «Метрополитеннің қауiптiлігі жоғары аймағында болу жəне онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын жергілікті атқарушы орган бекітеді.»; 7) 24-1-баптың 9-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Көлік қызметі субъектілерін аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тəртіппен жергілікті атқарушы орган жүргізеді.»; 8) 24-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Уəкілетті мемлекеттік органға жəне (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мəліметтерді беру тəртібін уəкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»; 9) 25-баптың екінші бөлігінде: 4-1) тармақша жəне 17) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4-1 жеке жəне заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тəртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылауды жəне қадағалауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды жəне олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды;»; «Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган бекітеді.»; 28) тармақшадағы «нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын, оларды бұзушылықтарды анықтау жəне жолын кесу жөнiнде шаралар қолданылуын қамтиды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, халықаралық шарттарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды жəне олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдануды қамтиды» деген сөздермен ауыстырылып, 26), 27) жəне 29) тармақшалар алып тасталсын. 18. «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сəуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат, 2013 ж., № 13, 62-құжат): 6-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Алкоголизммен, нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру жəне материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган белгілейді. Ас қорыту ағзаларының ауруларына шалдыққан адамдар диеталық тамақпен қамтамасыз етіледі.». 19. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сəуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат): 1) 7-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Шағын, орта жəне ірі кəсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалар мазмұнын Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі айқындайтын үлгiлік жарғы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыра алады.»; 2) 12-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: (Жалғасы 23-бетте).


(Жалғасы. Басы 15-22-беттерде).

«Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі белгiлеген нысан бойынша тіркеуші орган беретін анықтама заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгенін (қайта тiркелгенін) растайтын құжат болып табылады.». 20. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 1112, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1011, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 2-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдинг не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган бекітетін тізбе бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің жəне жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын банктің үлестес тұлғалары болып табылмайды.»; 2) 50-баптың 6-тармағының д-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «д-1) əділет органдарына: өздері жүргiзiп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушысының əділет органының мөрімен расталған жəне сот санкция берген қаулысы негiзiнде;». 21. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20,257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 15-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери қызметшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы бекіткен нормалар бойынша мүліктің заттай жəне басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.». 22. «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат): 26-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын. «Осындай жабдық пен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесiн уəкілетті орган бекiтедi.». 23. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сəуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат): 1) 7-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын; 2) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Радиоактивтi қалдықтарды орналастыру радиоактивтi қалдықтардың пайда болуына алып келетiн кез келген қызмет түрiнiң мiндеттi кезеңi ретiн де жобалық жəне техникалық құжаттамада көзделуге тиiс. Радиоактивтi қалдықтарды жинау мен көмудi ұйымдастыру тəртiбiн, сондай-ақ бұл қызметтi жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес уəкілетті орган айқындайды.»; 3) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ядролық материалдар мен иондаушы сəулелену көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерiн ұйымдастыру тəртiбiн уəкілетті орган белгiлейдi.»; 4) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Пайдаланушы ұйымның персоналы уəкілетті орган белгiлеген тəртiппен аттестаттаудан өтедi.». 24. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 10-1-баптың 2), 4), 5) жəне 6) тармақшалары алып тасталсын;

23

www.egemen.kz

2 қазан 2014 жыл

2) 10-2-бапта: 2) жəне 10-3) тармақшалар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 10-10), 10-11), 10-12) жəне 1013) тармақшалармен толықтырылсын: «10-10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді; 10-11) кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын бекітеді; 10-12) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тəртібін айқындайды; 10-13) тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптарды бекітеді;»; 3) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-5) жəне 4-6) тармақшалармен толықтырылсын: «4-5) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда жəне қонақүй кешендері) құрастырылған қауіпті техникалық құрылғыларды (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) пайдаланатын ұйымдармен кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 4-6) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді;». 25. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жəне жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк əлеуметтiк жəрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат): 1) 3-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жəрдемақы тағайындау туралы өтiнiш жəрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жерi бойынша жəрдемақы төлеу жөнiндегi уəкiлеттi органға берiледi, оған тiзбесiн орталық атқарушы орган бекiтетiн құжаттар қоса беріледi. 3. Азаматтарға жəрдемақы тағайындауды орталық атқарушы орган белгiлеген тəртiппен жəрдемақы тағайындау жөнiндегi уəкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.»; 2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жəрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады.»; 3) 9-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мүгедектікті куəландыру, оның себептерін, топтарын жəне еңбек қабілетінен айырылу дəрежесін анықтау қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму саласындағы уəкілетті орган əзірлейді.». 26. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 144-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Сот приставтарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган бекітеді.». 27. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1314, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат): 1) 3-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «атқарушылық іс жүргізу органдарының» деген сөздер «əділет органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 7-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тағылымдамадан өткен жəне нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тəртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.». 28. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 1516, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің жəне осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің жəне осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің тəртібі Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі бекіткен заң көмегіне ақы төлеу қағидаларында белгіленеді.»; 2) 8-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тағылымдамадан өткен жəне адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау дан өткізу тəртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.». 29. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат;

№ 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15) уəкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мəртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сəйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, олардың ведомстволары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);»; 2) 3-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын: «7-2) құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғай алмайды.»; 3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын: «7-2) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;»; 4) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын: «10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобасы жұмыстарын жоспарлау 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобасы жұмыстарының жыл сайынғы жоспарын жасайды. 2. Жоспардың жобасын Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі əзірлейді. 3. Үкіметтің заң жобасы жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.»; 5) 17-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) актiнiң нысанын көрсету: Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасының кодексі; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мəжiлiсінің қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; министрдің бұйрығы; орталық мемлекеттік орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; ведомство басшысының бұйрығы; мəслихаттың шешiмi; əкiмдiктiң қаулысы; əкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актінің өзге де нысаны;»; 6) 22-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Нормативтік құқықтық актілермен реттелетін құқық қатынастарға карай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық жəне басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін. Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тəртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті.»; 2 жəне 5-тармақтар алып тасталсын; 7) 25-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін, сол сияқты кірмейтін орталық атқарушы жəне өзге де орталық мемлекеттік органдардың жəне олардың ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері үшін –– Үкімет жəне осы органдар туралы заңнамалық актілермен, осы органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен;»; 8) 36-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасы министрлерiнің жəне орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, мəслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ əкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен əкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе – олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.». 30. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат): 1) 5-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын; 2) 6-баптың бірінші бөлігінде: мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) иондаушы сəулелену əсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн жəне себептiк байланысын анықтау тəртiбiн айқындау;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді əзірлеу жəне бекіту;»; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу;»; 3) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын: «14-бап. Сəуле алудың жеке мөлшерiн есепке алу жəне бақылау Иондаушы сəулелену көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық рəсімдер жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендiк радиациялық аяға байланысты азаматтар алған сəуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алу халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртiппен

сəуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.». 31. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат): 1) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Инкассолық өкiмде төлемнiң мақсаты көрсетiледi жəне ақша жөнелтушiнiң келiсуінсіз ақшаны алып қою құқығы көзделетiн заңнамалық актiге сiлтеме жасалады. Ақша жөнелтушiнiң банк шотында ақша жеткiлiксiз болған кезде салық қызметі органдарының салықтық берешекті өндіріп алу туралы, жеке сот орындаушыларының жəне əділет органдарының атқарушылық құжаттар бойынша инкассолық өкімдерін орындау мұндай шотқа ақшаның түсуiне қарай жүргiзiледi.». 32. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат): 1) бүкіл мəтін бойынша: «жылжымайтын мүлік орталықтарының», «жылжымайтын мүлік орталығының», «жылжымайтын мүлік орталықтары», «жылжымайтын мүлік орталығына», «жылжымайтын мүлік орталығын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары» деген сөздер тиісінше «жылжымайтын мүлік орталықтарының жəне олардың филиалдарының», «жылжымайтын мүлік орталығының жəне оның филиалының», «жылжымайтын мүлік орталықтары жəне олардың филиалдары», «жылжымайтын мүлік орталығына жəне олардың филиалына», «жылжымайтын мүлік орталығын жəне оның филиалын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары жəне олардың филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тəртiбiн уəкілетті орган белгiлейдi.»; 3) 5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін жəне (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.». 33. «Табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 4-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уəкiлеттi орган бекiтедi.»; 2) 7-баптың бірінші бөлігінің 3), 7-3), 7-5) жəне 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) тəртібі «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа кезде, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде уəкілетті орган бекiткен тəртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;»; «7-3) уəкілетті орган белгiлеген тəртiппен тұтынушыларға жəне өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi қызметі туралы жыл сайын есеп беруге;»; «7-5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат ұсынуға жəне осы ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын əкімшілікаумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;»; «8) уəкілетті орган бекiткен үлгi шарттарға сəйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) əрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) əрбiр түрiне жəне (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;»; 3) 7-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уəкілет ті органның ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын белгілейді.»; 4) 7-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 5) 12-1-бап алып тасталсын; 6) 13-баптың 1-тармағында: мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын: «1-2) табиғи монополияларды реттеу саласындағы жəне реттелетін нарықтардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар əзірлейді;»; 4) жəне 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудiң кемсiтпейтiн əдiстемелерiн немесе олар дың шектi деңгейлерiн, сондай-ақ реттелетін

нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды есептеу əдістемелерін əзiрлейдi, бекітеді жəне қолданады; 4-1) сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын уəкілетті орган белгілеген тəртіппен айқындайды;»; 4-2) жəне 4-4) тармақшалар алып тасталсын; 7) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарын əзiрлейді жəне бекiтеді;»; 8) 15-баптың 3-тармағының бірінші жəне бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне уəкілетті орган бекiтетiн мемлекеттiк реттеудiң оңайлатылған тəртiбi қолданылады.»; «Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны тұтынушылық бағалар индексінен асатын шамаға өзгерту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсі уəкілетті орган белгілеген тəртіппен тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны қайта қарау үшін өтініммен уəкілетті органға жүгінеді.»; 9) 15-1-бапта: 2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Шығындарды қалыптастырудың ерекше тəртiбiн уəкiлеттi орган бекiтедi.»; 2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекітудің уəкілетті орган айқындайтын тəртібі концессия шартында көзделеді.»; 10) 15-2-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жария тыңдаулар уəкілетті орган белгілеген тəртіппен тарифті бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей өткізіледі.»; 11) 15-3-бапта: 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»; 3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Уəкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) уəкілетті орган белгілеген жағдайларда жəне тəртіппен түзетеді.»; 4-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы баптың 2-тармағына сəйкес уəкілетті орган бекіткен тəртіпке сəйкес ұсынылатын негіздейтін құжаттардың болмауы;»; 5 жəне 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уəкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді. Əкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша уəкілетті орган бекітеді. 6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уəкілетті органның жəне осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен ресімделеді. Əкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша уəкілетті органның құқықтық актісімен ресімделеді.»; 12) 17-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жария тыңдаулар өткізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»; 13) 18-4-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сатып алуды өткізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды.». 34. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат, № 10, 52-құжат): 1) 1-баптың 4) жəне 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4) асыл тұқымдық куəлiк – уəкілетті орган бекіткен тəртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымдық зауыт, асыл тұқымдық шаруашылық, асыл тұқымдық орталық, асыл тұқымды мал ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор жəне ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата беретін асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқымдық тегін, өнімділік жəне өзге де сапаларын растайтын құжат;»; «8) асыл тұқымды малдың карточкасы – уəкілетті орган бекіткен тəртіппен ресімделетін, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiк жəне өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны;»; 2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын: «11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне: 1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету; 2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»; 3) 13-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырады жəне іске асырады;»; 6), 8), 9), 15) жəне 24) тармақшалар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын: «25-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың бағыттарын айқындайды;»; 26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «26) мыналарды: асыл тұқымды өнімнің (материалдың) əрбір түріне субсидиялар нормативтерін; (Жалғасы 24-бетте).


24

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 15-23-беттерде).

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тəртiбiн; асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды жəне асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін; жеке жəне заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тəртібін; мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын; асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куəліктердің нысандарын жəне оларды беру тəртібін; асыл тұқымды мал мəртебесін беру тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;»; 27) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын: «31-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;»; 4) 16-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау – уəкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын жеке жəне заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы.»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) жəне 6-1) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) барлық бақылау жəне қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.»; «6-1) нұсқамалар береді жəне орындалуын бақылайды.»; 5) 16-2-бапта: 6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бонитерлер курсынан өткені туралы құжаттың көшірмелерін қоса береді.»; 7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткені туралы құжаттың;»; 8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) ауыл шаруашылығы малының эмбриондарын транспланттау (ауыстырып салу) курстарынан өткені туралы құжаттың;»; 6) 16-3-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Малдың шығу тегін, өнімділік жəне өзге де сапаларын растау мақсатында жеке жəне заңды тұлғалар уəкілетті орган бекіткен тəртіппен жəне нысан бойынша селекциялық карточканы жəне асыл тұқымды мал карточкасын ресімдейді.»; 7) 16-4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) əрбiр түрiне, асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулі тұқымдардың тектiк қорын сақтау жəне қалпына келтiру жөніндегі iсшараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн уəкілетті орган айқындайды.»; 8) 18-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке жəне заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды жəне селекциялық мал уəкілетті орган бекіткен тəртіппен пайдаланылады.». 35. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар жəне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат): 1) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму саласындағы уəкілетті орган белгiлеген тəртiппен медициналық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн.». 36. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 2324, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196 -құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 6-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын; 2) 7-баптың 1-2), 2) жəне 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1-2) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан əрі – Ұлттық Банк) келісу бойынша əзірлейді жəне бекітеді;»; 2) кəсіби ұйымдарды аккредиттеу тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;»; «13) кəсiби жəне аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысанын жəне оны ұсыну кезеңдiлiгiн əзірлейді жəне бекітеді;»; 3) 21-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) уəкілетті органға лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес есептілікті, сондайақ уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етуге;». 37. «Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., №

1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ұлттық мұрағат қорының ведомстволық жəне жеке мұрағаттарда сақталатын құжаттарын пайдалану тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»; 2) 18-бапта: 1-тармақ алып тасталсын; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3) жəне 2-4) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік жəне арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы жəне пайдалануы қағидаларын бекіту; 2-2) мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың жəне құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту; 2-3) мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін, олардың сақталу мерзімдерін көрсете отырып, бекіту; 2-4) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жəне басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық жəне жеке меншік мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы жəне пайдалануы қағидаларын бекіту;». 38. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 28-баптың 4), 5), 6), 9), 10) жəне 11) тармақшалары алып тасталсын: 2) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) жəне 8-6) тармақшалармен толықтырылсын: «8-1) қаруды иеленушілер мен пайдаланушыларды бастапқы даярлау ісін ұйымдастыру тəртібін айқындайды; 8-2) криминалистiк талаптар мен азаматтық жəне қызметтiк қару мен оның патрондарын сынау əдiстерiн бекiтедi; 8-3) заңсыз сақталатын атыс қаруын, оқ-дəрілерді жəне жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтеулі тапсыру тəртібін белгілейді; 8-4) Азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын əзірлеу, басып шығару жəне жүргізу тəртібін айқындайды; 8-5) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру тəртібін белгілейді; 8-6) азаматтық жəне қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;». 39. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарымқатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; 2) өсімдік карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кəсіпорын құрады; 3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»; 2) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Уəкiлетті орган: 1) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырады жəне iске асырады; 2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады; 3) үйлестіруді жəне əдістемелік басшылық жасауды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 4) карантиндi объектiлермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнiмдi алып қою жəне жою жөніндегі қағидаларды əзірлейдi жəне бекітеді; 5) əкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды əзірлейді жəне бекітеді; 6) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін əзірлейді жəне бекітеді; 7) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден жəне бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді; 8) өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін жəне жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін əзірлейді жəне бекітеді; 9) екі немесе одан көп облыс аумағында карантиндік режим енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тəртібін əзірлейді жəне бекітеді əрі олардың жүргізілуін бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады; 10) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшiн пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құру тəртібін əзірлейді жəне бекітеді; 11) барлық бақылау жəне қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 12) өздеріне қатысты өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетін жəне жүзеге асырылатын карантиндi объектiлер тiзбесiн айқындайды; 13) Қазақстан Республикасында жəне басқа мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор құрады жəне мүдделi тұлғаларға ақпарат бередi;

2 қазан 2014 жыл

14) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар туралы ереженi əзірлейді жəне бекiтедi; 15) өсімдіктер карантині жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырудың тəртiбi мен тəсiлдерiн регламенттейтiн əдiстердi, əдiстемелердi, ұсынымдарды бекітеді; 16) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, халықаралық нормалардың талаптары мен ұсынымдарды ескере отырып, фитосанитариялық тəуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттары негiзiнде карантиндiк шараларды əзiрлейдi жəне жеке жəне заңды тұлғалардың оларды орындауын тұрақты бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады; 17) Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор жəне өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар лауазымдарына орналасуға бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi; 18) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады жəне олардың жүргізілуін бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады; 19) карантинге жатқызылған өнiмдер транзитiнiң шарттарын айқындайды; 20) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады; 21) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құрады; 22) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі; 23) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде əкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiмдi, көлiк құралдарын, қол жүгi мен багажды тұрақты бастапқы карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн алу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді жəне əкелiнетiн əрі транзиттiк карантинге жатқызылған өнiмге карантиндiк құжаттарды қарайды; 24) əкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм келiп түсетiн соңғы пункттерде осы өнiмдi тұрақты қайтадан карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шыққан жерiн, баратын пунктiн, сондай-ақ карантиндi объектiлерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды ескере отырып, үлгiлерiн алу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді жəне карантиндiк құжаттарды қарайды; 25) əкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмдi тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда – үлгiлерiн алу арқылы зертханалық сараптамасын жəне фитосанитариялық сертификаттауды жүргiзедi; 26) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде əкетiлетiн жəне транзиттiк карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк құжаттарының болуын жəне дұрыс ресiмделуiн тұрақты негізде қарайды; 27) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде жəне ұйымдарында карантинге жатқызылған өнiмдi тұрақты жете тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн алу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді жəне карантиндік құжаттарды қарайды; 28) өсімдіктен алынатын өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, қоймаға жинайтын, қайта өңдейтiн жəне өткiзетiн ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы жəне саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға жəне басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп-қарауды жүргiзедi; 29) мынадай: Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы; өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді жəне оның орындалуын бақылайды; 30) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тəртіппен жəне негіздерде дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді; 31) интродукциялық-карантиндiк питомниктерде импорттық себетін материал жəне отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлер жəне бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады жəне бақылайды; 32) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық жəне карантиндiк сертификаттар бередi; 33) халықаралық нормалар мен талаптардың өсiмдiктер карантинi саласында жасалған келiсiмдерге сəйкес орындалуын қамтамасыз етедi; 34) өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 35) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тəуекел дəрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын əзірлейді жəне бекітеді; 36) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді; 37) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 3) 7-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін жəне (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.»; 4) 8-баптың 2) жəне 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау объектілеріне баруға жəне оларда Қазақстан Р