Page 9

2 қыркүйек 2015 жыл

 Министр мінбері Биылғы жылы денсаулық сақтау жүйесі мен əлеуметтік-еңбек саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Қазіргі кезде əрбір қазақстандықтың өміріне қатысты бұл екі салада заңнамалық тұрғыдан ғана емес, іс жүзінде де жаңғырту істері жүргізілуде. Қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізіліп, жаңа заңдар əзірленіп жатыр, əлеуметтік жəне медициналық қызмет көрсету тəсілдері өзгертілуде. Түбегейлі өзгерістердің енгізілу қажеттілігі немен түсіндіріледі жəне бұл өзгерістер қатардағы қазақстандықтарға не береді, міне осы мəселелер жайында Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара ДҮЙСЕНОВАДАН сұрағанды жөн көрдік.

кадрлық қамсыздандыруды жəне медициналық ұйымдарды басқаруды жетілдіру жөніндегі нақты шаралар енгізілді. Мемлекеттік бағдарламаның жобасына енгізілген барлық ұсыныстардың қазіргі таңда кеңінен талқылаудан өтіп жатқанын атап өткім келеді. Министрліктің сайтында медициналық ұйымдардың, дəрігерлердің жəне жұртшылықтың қатысуымен белсенді түрде пікірсайыс жүріп жатыр.

бақылауды қатаң қамтамасыз етеді. Өз кезегінде жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар айтарлықтай дəрежеде қызметкерлерді жалдау, кадрлық ауыстыру жəне жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеу салаларындағы ұжымдық келіссөздер мен олардың арасында жасалатын келісімдердің əлеуетін күшейту арқылы өзін-өзі реттеу қағидаттарының негізінде құрылады.

Ешкім де мемлекет назарынан тыс ќалмайды – Тамара Қасымқызы, қазіргі таңда Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінде Ұлттық дəрілік формуляр əзірленуде. Бұл не үшін керек жəне қазақстандықтардың дəрімен қамтамасыз етілуіне қандай ықпал етеді, осы жайында нақтырақ айтып берсеңіз? – Сапалы дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ету еліміздің ұлттық биологиялық қауіпсіздігінің кепілі болып саналады. Сол себепті əрбір мемлекетте тұрғындарына ұсынатын дəрілік құралдардың сапасы, қауіпсіздігі жəне қолжетімділігі мəселелерін шешуді көздейтін өзінің ұлттық, дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ету саясаты болуға тиіс. Дəл осы мəселелерді шешу мақсатында Дүниежүзілік банк сарапшыларының қатысуымен Қазақстандық ұлттық дəрілік формуляр (Ұлттық формуляр) əзірлену үстінде. Ұлттық формулярдың негізіне əлемде «алтын стандарт» болып саналатын жəне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) модельдік формуляры болып табылатын британдық ұлттық дəрілік формуляр алынды. Формуляр əзірлеуді биылғы жылдың қараша айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. – Бұл формулярдың қолданыстағы модельден айырмашылығы неде? – Қолданыстағы республикалық дəрілік формулярда кепілдік берілген тегін медициналық көмек көрсету үшін мемлекет сатып алатын дəрілік құралдардың тізбесі бар. Ал жаңа Ұлттық формуляр Қазақстанда тіркелген дəрілік құралдардың барлық тізбесін, олардың дəлелденген клиникалық тиімділігі туралы ақпаратты, олардың ықтимал теріс əсері жəне əрбір препараттың шекті бағасы туралы ақпаратты қамтитын болады. Осылайша, Ұлттық формуляр кең ауқымды, дəрігерлер үшін де, еліміздің азаматтары үшін де қажетті анықтамалық болады деп отырмыз. Бұған қоса, əрбір медициналық ұйымға өз дəрілік формулярын қалыптастыруға, препараттың бейіні мен бағасына қарай өз бюджетін дұрыс жоспарлауға мүмкіндік беріледі. – Жаңалық жалғыз Ұлттық формуляр ғана емес. Министрлік 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын да дайындауда. Дəрілік қамтамасыз ету саласын жетілдіруден басқа бұл бағдарламаға тағы да қандай бағыттар енгізіледі? – Мемлекет басшысы Н. Ə. Назарбаев Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруін межелеп берді, бұл денсаулық сақтау сапасы жоғары болуға тиіс дегенді де білдіреді. Бұл мақсатқа жету үшін барлық күшжігерді қысқа мерзімде жеке жəне халықаралық тəжірибенің озық үлгілеріне негізделген денсаулық сақтаудың ұзақ мерзімді моделін құру төңірегінде топтастыру талап етіледі. Бұл модель əлемдегі жəне отандық экономиканың кез келген ауыспалы кезеңдерінде қаржылық тұрақтылықты сақтай отырып, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін болады. Аталған міндеттерді іске асыру үшін жаңа бағдарламада өзара жүйелік байланысты 3 мəселені шешу көзделеді. Біріншісі – денсаулықты басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін қалыптастыру жəне дамыту. Бұл тапсырмалардың мəнін ашу үшін ДСҰ-ның мына бір деректеріне назар аударғым келеді: дүние жүзіндегі тұрғындардың 78%-ы дені сау адамдар, 15%-ы белсенді өмір сүру кезеңінде алдын алуға жəне қадағалауға болатын сырқат адамдар, 7%-ы – емдеу қомақты қаржы талап ететін науқас адамдар. Алдымыздағы мақсат – ауру қаупі бар адамдарды ғана емес, сау адамдардың да денсаулығының алдын алу шараларымен қамту. Осы мақсаттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту ең басты бағыт болып саналады. Бүгінгі таңда МСАКқа кепілдік берілген тегін медициналық көмек шеңберінде бөлінген қаражаттың 24%-ға жуығы жұмсалады. Бірақ, халықаралық тəжірибе көрсетіп отырғандай, МСАК қызметімен халықты қамту қажеттігі жəне тиімді қызмет көрсетуге МСАК қаржыландыру көлемі жалпы денсаулық сақтау жүйесіне арналған шығыстардың кемінде 40%-ы жұмсалған жағдайда ғана қол жеткізіледі. Біз де осы мақсаттарды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, санитарлық көмек көрсету тəртібі да қайта қаралады. Бұл ауруларды анықтап қана қоймай, қатерлерді де айқындау, тұрғындарды хабардар етіп отыру, бастапқы себептерді жəне ықтимал салдарын уақтылы жою дегенді де білдіреді. Екіншісі – ауруларды басқару жүйесін жетілдіру немесе денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау жолымен медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру. Сөздің реті келгенде, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында көзделген барлық іс-шараларға Дүниежүзілік банктің нəтижелі деп баға бергенін атап өткім келеді. Бірақ бұл ретте, банк сарапшылары түрлі деңгейде медициналық қызмет көрсету кезінде

9

www.egemen.kz

қажетті сабақтастықтың жоқтығына байланысты медициналық ұйымдардың жұмысының тиімсіз екендігін де айтып отыр. Мысалға, егер əйелдер жүктіліктің соңғы кезінде келеңсіз жағдайлар туындаған кезде, соңғы инстанцияны (стационарды) айыптай бастайды. Алайда, бұл мəселе емханада отбасын дұрыс жоспарлау жөніндегі консультациядан бастау алып, болашақ ата-ананың репродуктивтік денсаулығын бағалау жəне даярлық, жүкті болған соң ертерек есепке тұру, жүктілік кезеңінде медиктердің барлық кеңестерін орындай отырып сапалы жəне уақтылы патронаж көрсетумен жалғасын табуға тиісті. Яғни, осы бағыттағы қызметтердің барлығы бірге жұмылып жауапкершілікті көтеруге тиіс. Қазіргі кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп Павлодар жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында үш ауруды (артериалды гипертензия, қант диабеті, созылмалы жүрек ақауы) басқару жүйесін енгізу жөніндегі қанатқақты жоба іске асырылуда. 2016 жылдан бастап бұл жоба тағы да 5 өңірде (Астана қ., Алматы қ., Қостанай, БҚО, Қарағанды облыстарында) өз жалғасын табады. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде шет мемлекеттердің тəжірибесі бойынша өлім-жітім деңгейін төмендету жəне қазақстандықтардың өмір сүру жасының орташа ұзақтығын ұлғайту үшін медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейін қамтитын жəне байланыстыратын денсаулық сақтау ұйымының бағдарламалық моделін енгізуді жоспарлап отырмыз. Əрбір бағыт бойынша: профилактика, оңалту, диспансерлік қадағалау қызметтерінің, медициналық жəне əлеуметтік қызметтерді қосқанда емдеу іс-шараларының барлық түрлері көрсетілетін болады. Бұл орайда, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлері өзара байланыстырылады. Күрделі технологиялық құрылғыларды жəне мамандардың біліктілігінің жоғарылығын талап ететін денсаулық сақтау қызметтері ауданаралық, өңірлік, облысаралық жəне республикалық деңгейлерде орталықтандырылатын болады. Сонымен қатар, күрделі технологиялық құрылғылар қажет емес денсаулық сақтау қызметтері керісінше, таратылып, пациенттің тұрғылықты жеріне жақынырақ денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі. Күтім жəне əлеуметтік қамқорлық бойынша қызметтер пациенттердің қажеттіліктеріне сəйкес біріктірілетін болады. Үшінші міндет – денсаулық сақтау ресурстарын оңтайлы пайдалану. Бірінші кезекте, бұл қаржылай қаражатқа қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі, бұл ретте əлеумет денсаулығы үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші (қызметкерлер үшін) жəне қызметкер (өзі үшін) арасында бөлінетін болады. Бұл жүйе денсаулық сақтауға жұмсалатын қаржыны ұлғайтуға бағытталады. Мəселен, денсаулық сақтауға шығыстардың үлесі ІЖӨ %-ге шаққанда Түркияда – 6,7, Оңтүстік Кореяда – 7,2, Норвегияда – 9,1, АҚШ-та – 17,9, ал ЭЫДҰ елдерінде орта есеппен – 8, ал Қазақстанда бар-жоғы 3,8%. Заманауи медицина жаңа технология дамыған сайын ресурс қажет бола бастады. Жəне де бұл қадам ең алдымен, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады. Екінші жағынан, бұл – денсаулық сақтаудың барлық жүйесін басқару тиімділігін арттыруды талап ететін лимит. Осыған байланысты, бағдарлама жобасына дəрілік құралдарды, медициналық техниканы оңтайлы пайдалану,

– Бүгінгі таңда экономикадағы өзекті проблемалардың бірі – жұмыспен қамту. Бүкіл əлем бойынша кəсіпорындар жұмыс орындарының қысқарғаны немесе жабылғаны туралы жарыса хабарлап жатыр. Қазақстан да осы экономиканың бір бөлігі ретінде дағдарыстың теріс əсерінен тыс қала алмады, бұл проблема бізге де ықпал етіп жатыр. Мемлекет тарапынан жұмыссыздық мəселесін шешу үшін қандай шаралар қолданылуда? – 2015 жылы халықты жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің бекітілген өңірлік кешенді жоспарларының шеңберінде 322 мың адамды қамту межеленіп отыр. Азаматтарды жұмысқа орналастыру «Жұмыспен қамтудың жол картасының» жəне «Нұрлы Жол» бағдарламасының, Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы мен басқа да мемлекеттік жəне салалық бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалар арқылы жүзеге асырылады. Өңірлердің деректері бойынша, бүгінгі күнге 234 мың адам, оның ішінде, тұрақты жұмыс орындарына 121 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бұдан өзге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде кəсіптік оқудан өтуге, жеке ісін ашуға, субсидияланатын жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа орналасуға ниет білдірген жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдарға мемлекеттік қолдау көрсетуді жалғастырып келеміз. Сонымен қатар, азаматтардың жұмыс күші артық өңірлерден еңбек ресурстарына деген сұранысы бар өңірлерге қоныс аударуына жəрдемдесудеміз. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде қоныс аударудың жақсы бір үлгісі ретінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласын айтып өтуге болады. Бұл жерге жұмыс күші артық өңірлерден 30 отбасы қоныс аударды, олар үшін көп пəтерлі екі тұрғын үй салынып, жұмыс берілді. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы бюджет жəне ауыл шаруашылығы салаларына жұмысқа орналастыра отырып, сондай-ақ, балаларды мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда орындармен қамтамасыз ету мəселелерін шеше отырып 154 отбасын қабылдай алады. Алайда, ағымдағы жағдайда еңбек нарығы қызметкерлердің жұмыстан ықтимал босатылу қатеріне душар болып отыр. Осыған байланысты бір жағынан, толық емес жұмыс күні мен толық емес жұмыс аптасы режімдерін қолдануды кеңейту, екінші жағынан, атаулы əлеуметтік қолдау шараларын қолдану арқылы қызметкерлердің жаппай қысқартылуын болдырмау үшін шаралар қабылданатын болады. Қызметкерлерді жұмыстан босату картасы əзірленіп, жұмыстан шығарылатын қызметкерлерді салалары мен санаттарына қарай тиісті қолдау шаралары қолданылады. Өндірістік кəсіпорындардың білікті қызметкерлерінің жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында жұмыс уақытын қысқарту кезінде жоғалтылған табыстың 2/3 бөлігін мемлекеттің уақытша субсидиялау тетігін енгізу ұсынылады. Бұдан басқа, өндірістен қол үзбестен немесе қол үзе отырып, бірақ жұмыс орындарын сақтау шартымен өз қызметкерлерін қайта даярлауды немесе біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыруға дайын жұмыс берушілерге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде грант беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылып отыр. Бұл ретте шығыстардың 80 пайызы аталған бағдарлама есебінен төленеді жəне 20 пайызын жұмыс берушілердің өздері жабады. Сондай-ақ, өндірістік кəсіпорындарда жұмыс істейтін 18 бен 24 жас аралығындағы жастардың жұмыс орындарын сақтай отырып, оларға бағдарлама есебінен кəсіптік оқыту ұйымдастыру ұсынылады. Жалпы, қызметкерлер жаппай жұмыстан босатылған жағдайларда, мемлекеттік жəне салалық бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарына бірінші кезекте орналастыру шаралары қабылданады, өңірлердің деректері бойынша 2015-2016 жылдардағы кезеңде 88 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. – Қоғамда Еңбек кодексіне енгізілетін өзгерістер де кеңінен талқылануда. Олар қандай өзгерістер, осы өзгерістерді енгізудегі мақсат қандай? – Еңбек кодексінің жобасы Президент белгілеп берген Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам Ұлт жоспарын іске асыру аясында əзірленуде. Жаңа Еңбек кодексі – Қазақстанда тиімді экономика нарығын қалыптастыру жəне еңбек нарығын заңдастыру жолында жасалған тағы бір маңызды қадам. Кəсіпкерлік пен тиімді еңбек нарығын дамытып, шетелдік инвестицияларды тарту үшін еңбек қатынастарын үйлесімді реттеу тетігін кеңейту ұсынылады. Жаңа Еңбек кодексінің тұжырымдамалық моделі жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары саласына мемлекеттің араласу шегін нақты айқындауды ұсынады. Мемлекет ең төменгі еңбек стандарттарын белгілеп, жұмыс берушілер тарапынан олардың орындалуын

Қолданыстағы шектеулер шеңберінде жұмыс беруші қалыптасып үлгерген еңбек қатынастары шарттарында жұмыспен қамтудың икемді нысандарын пайдалана алмайды. Еңбек шартының талаптарын қайта қарауға қатысты оның тарапынан болатын кез келген бастама өндіріс ұйымдарында болатын өзгерістер жəне (немесе) жұмыс көлемін қысқарту жағдайларымен қатаң шектелген. Осыған байланысты экономикалық тұрақсыздық кезеңінде кəсіпорындардың тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін тетіктерді белгілеу ұсынылады (қызметкерлерді басқа жұмыс берушіге ауыстыру, өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру жəне басқа). Бұл шаралар жұмыспен қамтуды ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға жəне еңбек қатынастарын заңдастыруға қосымша күш береді деген сенімдеміз. Сонымен бірге, ұжымдық шарттарды орындау, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелерін қоса алғанда талаптар мен кепілдіктерді сақтау бойынша жұмыс берушінің жауапкершілігі арттырылды. Аталған модель шеңберінде жұмыс берушімен еңбек қатынастарында қызметкер əлсіз тарап болмайды, өйткені Кодекс жобасында кепілдіктер, сондай-ақ, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құралдары жеткілікті түрде дəл белгіленген. Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуде кəсіподақтардың рөлі жəне жұмыс берушілермен келіссөз үдерістерінде қызметкерлер үшін маңызды болып табылатын əлеуметтік-еңбек мəселелерін шешудегі олардың мүмкіндіктері, оның ішінде жуық уақытта жаңадан қабылданған «Кəсіптік одақтар туралы» заңда көзделген мүмкіндіктер ескеріле отырып күшейтілді. Сөз орайында, жаңа Еңбек кодексін əзірлеуге бизнес-қоғамдастықтың мүдделерін білдіретін, Ұлттық кəсіпкерлер палатасының, республикалық жəне салалық кəсіподақтардың сарапшылары, еңбек құқығы саласындағы ғалымдар, Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік банктің өкілдері тартылғанын атап өткім келеді. – Сарапшылардың айтуынша, теңгенің еркін бағамын енгізу еліміздің экономикасына оң əсер етеді екен. Ал табысы аз азаматтар немесе бюджет саласы қызметкерлеріне қалай əсер етеді? Олардың табыстары онсыз да көп емес еді, ендігі жерде оларға кедейлік шегінде қалу қатері туындамай ма? – Үкімет оған жол бере қоймайды. Мемлекет басшысы экономикалық саясаттың одан арғы шаралары жөнінде болған кеңесте қазіргі таңда қалыптасқан жағдайды ескере отырып, 2017 жылға межеленген əлеуметтік бастамаларды іске асыруды, яғни азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеудің жаңа моделін енгізу, əкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жалақысын, мүгедектерге жəрдемақыларды жəне стипендияны көбейту міндетін 2016 жылға ауыстыруды тапсырды. Осыған орай мемлекет өзінің бұрын қабылдаған əлеуметтік міндеттерін орындайды, ал олардың бірқатары, мүгедектігі бойынша жəне асыраушысынан айырылуға байланысты берілетін жəрдемақыларды қосқанда, келесі жылдың басынан 25 %-ға жүзеге асырылатын болады. Мұнымен тағы да 670 мыңдай жəрдемақы алушы қамтылады. Бұған қоса, 2016 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты, республикалық бюджеттен төленетін жəрдемақылардың барлық түрлері, оның ішінде, балалы отбасыларға берілетін жəрдемақылар, арнайы мемлекеттік жəрдемақылар индекстелетін болады. Бұдан басқа, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу біздің алдымыздағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда Үкімет бес бағытты қамтитын əрі экономиканы жəне олардың салаларын қолдауға бағдарланған Шұғыл шаралар жоспарын əзірледі. Үкіметтің, Ұлттық банктің бүкіл іс-əрекеті нақты экономика секторларын қолдауға жəне жеке инвестицияларды тартуға, жұмыспен қамтуға жəне жұмыс орындарын құруға ынталандыру, қаржылық тұрақтылықты қолдап отыруға жұмылдырылатын болады. Қорыта келе, елімізде азаматтарды əлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесінің, табысы аз азаматтарды қолдау шаралары кешенінің қалыптасқанын атап өткім келеді. Бірқатар жылдардан бері қолданылып келе жатқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» ел экономикасындағы қиындықтарға қарамастан, өзінің тиімділігін дəлелдеді. Осы бағдарлама бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейінің өсуіне тосқауыл болып қана қоймай, оның деңгейін төмендетуге қол жеткіздік. Бұл жұмыс келешекте де өз жалғасын табады, қиын жағдайға тап болған бірде-бір қазақстандық азамат мемлекеттің назарынан жəне қолдауынан тыс қалмайды. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Гендерлік саясатты ќамту жайлы кеѕінен сґз етілді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова əйелдерге арналған «WAW! Tokyo 2015» атты бүкілəлемдік конференцияда баяндама жасады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Г.Əбдіқалықова Қазақстанның гендерлік мəселелерді шешу, қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне мəденигуманитарлық салаларда ерлер мен əйелдер теңдігін қамтамасыз ету ісіндегі табыстарына тоқталды. Ол əйелдерді мемлекеттік жəне қоғамдық басқару жұмыстарына белсенді түрде тартып келе жатқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерін айрықша атап көрсетті. Мемлекеттік хатшы əйелдерді экономикалық сала бойынша ілгерілету мəселелерін талқылау үшін Астана экономикалық форумын халықаралық алаң ретінде пайдалану жөнінде ұсыныс жасады. Сондай-ақ, Г.Əбдіқалықова конференцияға қатысушыларды Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне атсалысуға шақырды жəне əйелдерге арналған, 2016 жылы Токиода өтетін келесі бүкілəлемдік конференция шеңберіндегі «Энергетик жəне кəсіпкер əйелдер форумының» арнаулы панельдік сессиясында «жасыл бизнесті» дамыту мəселелерін талқылауды ұсынды. Бүкілəлемдік конференцияға қатысушылар Қазақстанмен ынтымақтастық орнату жəне əйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру бағытында көпжақты үнқатысуды ілгерілетуге мүдделілік танытты. Сапарының екінші күні Мемлекеттік хатшы Жапонияның Сыртқы істер министрі Ф.Кишидамен де кездесті. Тараптар ҚазақстанЖапония өзара іс-қимылының барлық бағыты бойынша серіктестікті одан əрі тереңдетудің перспективаларын талқылады. Г.Əбдіқалықова Орталық Азияның барлық елдері үшін ортақ проблемаларды шешу ісіне жəрдемдесуге бағытталған Жапония саясатына ризашылық білдіріп, 2015 жылғы ақпанда Жапонияда қабылданған Дамуға ресми көмектің (ДРК) жаңа жарғысы Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтудің мол мүмкіндіктеріне жол ашатынын атап өтті. «Егемен-ақпарат».

Баєалар баќылауда Статистика органдарының мəліметіне сүйенсек, қала бойынша жыл басынан бері жекелеген тауар бағасының өсуі 10 пайызды құраса, əлеуметтік маңыздағы тауар құны орта есеппен 5 пайызға өскендігі байқалады. Бұл ретте азық-түлік бағасының айтарлықтай артуы көрінбей отыр. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында Астана əкімінің орынбасары Андрей Лукин осылай деді. Оның айтуы бойынша, елордада əлеуметтік-экономикалық жағдайларды реттеу жəне мониторинг жасау бойынша арнайы штаб құрылған. Ол осы орайда бағаларды тұрақтандыру үшін əкімдік тарапынан қажетті шаралар қолға алынатынын айтты. Сондай-ақ, еліміздегі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе үстіміздегі жылдың қаңтары мен қазан айы аралығында тұтынатын бидайды Астанадағы дəн өңдеуші кəсіпорындардан белгіленген баға бойынша жеткізу үшін бағдарлама қолға алынып отырғандығын жеткізді. Биыл осы бағдарламаға екі кəсіпорын — «Цесна-Астық» Концерні» АҚ жəне «Табыс 2009» ЖШС қатысатындығын атап өтті. Сонымен қатар, ол сауда нысандары мен əкімдік арасында меморандум жасалғанын тілге тиек етті. Үстіміздегі жылы осындай меморандумға 25 сауда кəсіпорындары қол қойған, оның ішінде бірқатар сауда желісі мен супермаркеттер бар. Жəне де үстеме бағаның 10-15 пайыздың маңайында екендігін тұспалдай отырып, бұған өнімнің көп түрлілігі əсер ететіндігін айтты. Əлеуметтік маңыздағы азық-түлік өнімдерінің бөлек түрлеріне бағаның артуына теңгенің еркін бағамына орай өндірушілердің босату бағасының өсуі негіз болғанын көлденең тартқан ол, сонымен бірге шикізатқа, қаптау материалдары мен импорттық тағамдық қоспаларға бағаның артуы ықпал еткенін жеткізді. Ал жеміс-жидек, көкөніс, сүт жəне ет өнімдеріне бағаның динамикасы маусымдық мəнге ие, деді ол. Сондай-ақ, теңге бағамының ауытқуы елордада бензин бағасының артуына ықпал етпейтіндігін жеткізді. Бұл мəселеде қаладағы барлық жанармай құю стансаларында жанаржағармай материалдарының бөлшек сауда құны бекітілген шекте ұсталып тұрғандығын айтты. Энергетика министрінің бұйрығына сəйкес, үстіміздегі жылдың мамыр айында жанармайдың бөлшек сатылымына шекті баға бекітілгенін еске салған ол, Аи-80 бензині 89 теңгеге, Аи-92, Аи- 93 108 теңгеге жəне дизель отынына 99 теңгеге шекті баға айқындалғанын атап өтті.

Profile for Egemen

02092015  

0209201502092015

02092015  

0209201502092015

Profile for daulet
Advertisement