Page 3

www.egemen.kz

2 қыркүйек 2015 жыл

3

КЕЗЕЅІНЕ БЕТБЎРЫС «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жəне Қытай халықара лық туризм бюросы арасын дағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға, Қа зақстан Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы мəдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге, «Астана LRT» АҚ жəне Қытай мемлекеттік даму банкі арасындағы займ туралы келісімге, «Astana LRT» ЖШС мен ҚХР компаниялар консорциумы арасындағы ЕРС-келісімшартқа қол қойылды. Сондай-ақ, «Қазақстан мен ҚХР арасындағы сотталғандарды беру туралы 2011 жылғы 22 ақпандағы шарт бойынша ратификациялық грамоталар алмасу туралы хаттама» да осы күнгі келіссөздер нəтижесінде қабылданды.

Байсалды басқосу Кеше Елбасы Қытайдың бір топ іскер жəне қаржылық орталығы өкілдерімен басқосты. Шараға «Хуавэй» корпорациясы басқармасының төрағасы Сунь Яфан, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің көпжақты уақытша хатшылығының бас хатшысы Цзинь Лицюнь, Қытай мемлекеттік даму банкінің президенті Чжэн Чжицзе жəне Қытайдың басқа да жетекші компанияларының басшылары қатысты. Сондай-ақ, олардың арасында бір күн бұрын Елбасымен жекелей кездесу өткізген «Цинхуа» корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуа, «СИТИК Групп» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэнмин де болды. Басқосу барысында Қазақстан мен ҚХРдың инвестициялық, қаржыбанк жəне сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан əрі дамыту болашағы талқыланды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы мұндай кездесулер мен пікірлесулер екіжақты қарым-қатынасты одан əрі дамыту үшін қажет екенін айтты. «Бұл сапарды Қазақстан-Қытай байланыстарындағы бетбұрысты кезең деп санаймын. Біз Қытаймен негізінен энергетика жəне ресурс өндіру салаларында 20 жылдан астам белсене ынтымақтасып келдік. Енді жаңа кезеңде экономиканың өңдеу, сонымен бірге, машина жасау жəне ресурс ты қайта өңдеу секторларындағы өзара іс-қимылды күшейтуге кірісеміз. Кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен сындарлы келіссөздер барысында 45 бірлескен нысан ашу жөнінде уағдаластық. Соның 25-і бойынша жалпы құны 23 миллиард доллардың келісіміне қол қойылды», – деді Н.Назарбаев.

«Жібек жолынан» – «Нұрлы Жолға» Елбасы мемлекеттік сапарының кешегі күнінде сондай-ақ, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жүздесу барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру мəселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін Ли Кэцянға алғыс айтып, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің былтырғы желтоқсандағы сапарының маңызына тоқталды. «Сіз Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін қалыптастыру ісіне зор үлес қостыңыз. Қазір біз қол жеткізген уағдаластықтар мен бірқатар өнеркəсіп орындарын Қазақстанға көшіру жөніндегі ұсыныс толық қарқынмен жүзеге асырылуда. Соның нəтижесі ретінде бүгінге дейін бірлескен индустриялық нысандар құру туралы 25 келісімге қол қойылды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті сондайақ, «Нұрлы Жол» жəне «Жаңа Жібек жолы» бағдарламаларының синергиясы екі елдің стратегиялық ынтымақтастығын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. «Қазіргі уақытта Қазақстаннан Ресейге қарай автомобиль жолы, Иран арқылы Парсы шығанағына қарай теміржол салынды, Каспий теңізінде теңіз порты құрылды, Орталық Азияның барлық мемлекеттері Қорғас арқылы байланыстырылды. Жаңа Жібек жолының Қазақстан арқылы өтетін бөлігі толығымен дайын деп

сеніммен айтуға болады», – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Ли Кэцян Қазақстан мен Қытай халқы арасындағы достықты нығайтудағы рөлі мен елдеріміздің қарым-қатынастарын жаңа сапалы деңгейге шығару ісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор екенін атап өтті.

байланысымыз жаңа қадамға бетбұрыс жасап отыр. Бұл жолғы сапарымызды кездесулеріміздің екінші кезеңі деп отырғанымыз да содан, яғни қазір тек қана жаңа зауыттар салу, өңдеу, машина жасау саласына айрықша басымдық беріп отырмыз. Жалпы айтқанда, шикізат емес, дайын

ақша жоқ. Сондықтан, бізге тиімді серіктес Қытай болып отыр. Бұл бізге өте пайдалы келісімдер деп санауымыз керек. Сондықтан айта кететін маңызды мəселе, Қытайдың «Жібек жолы» деп аталған бағдарламасына біздің «Нұрлы Жол» қосылып, екеуі елдер үшін үлкен пайда бермек.

əлемнің қырық-елу елінде жұмыс істеп жатқан ірі өндіріс орындары. Олардың барлығы болашақта бізбен жұмыс істейін деп отыр», деді Президент. Мемлекет басшысы, сондайақ, баспасөз мəслихаты барысында екіжақты келісімдердің талаптары мен қаржыландыру

Қазақстанды қаржыландырады. Бұл жерде айта кететін бір жайт, ешкім бізді мына жақта қарызға батып жатыр деп ойлап қалмауы керек. Бұл өндірістердің кейбіреулері түгелдей Қытайдың қаржысына салынатын болады, ал енді бірі бірлескен кəсіпорындар түрінде құрылып,

өнім шығаратын зауыттарды айтып отырмыз, деді Елбасы. Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел сарапшылары мен Үкімет кеңесе келе 45 жоба туралы ұсыныс түсірген. Ал келесі кезеңде тағы сондай 45 жоба əкелеміз деп отырмыз. Индустрияландыру бағдарламасын жандандыру үшін бұл бізге өте қажет. Екінші жағынан бүкіл дүниеде қазір дағдарыс. Дүниежүзінің банктерінде қазір бізге беретін

«Меніңше, біз осы қарымқатынастың арқасында үлкен жаңа сатыға көтерілгелі отырмыз. Қытай Төрағасымен кешегі кездесуімізде де екі ел арасындағы барлық жағынан байланысты қамтитын келіссөздер жүргіздік. Қазақстанға бұл алып ел барлық жағынан қолдау жасап отыр. Сондықтан, ризамыз деуге болады. Бүгіннің өзінде Қытайдың алпауыт компаниялары басшыларымен кездестік. Олардың əрқайсысы

ерекшеліктеріне де тоқталды. «Қытайдың «Жібек жолы» бағдарламасының төңірегінде арнайы «Азия инвестиция» деген банк құрылды. Оған 40 млрд. қаржы құйылды. Қазақстан да бұл банкке өзінің ақшасымен қосылды. Сол банк арқылы жаңағы «Жібек жолының» бойындағы барлық өндірістер қаржыландырылатын болады. Екінші жағынан Қытайдың өзінің импортына арналған банкі бар, ол да 8 млрд. долларға

екі жақтан қаржыландырылады. Кейбіреулеріне көп жылға аз пайызбен жеңіл несие аламыз. Енді бір жобалар толықтай тегін болады. Мəселен, Алматыдағы айналмалы ұзын жолдың толықтай жобасын Қытай тарапы өз мойындарына алып отыр. Айта берсек, Қытай инвестициясына салынатын мұндай автожолдар бізде көп. Барлық жағынан алып қарағанда, бізге бұл келісімдер өте пайдалы. Қанша қарызымыз болуы керек,

Журналистермен жүздесу Президент Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, кеше мемлекеттік сапары аясында «Дяоюйтай» Қытай мемлекеттік резиденциясында қазақстандық журналистермен баспасөз мəслихатын өткізді. Мемлекет басшысы онда өзінің бұл жолғы сапарының маңыздылығына тоқталып, қол жеткен келісімдердің ел экономикасына тигізер тиімді ықпалын айтып берді. Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында жасалған екіжақты келісімдердің ерекшелігіне тоқталды. Солардың ішіндегі ең ірі жобалар қатарында Павлодар алюминий зауытының өндіріс қуатын 150 мың тоннаға жеткізу, Маңғыстау облысында мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт құрылысын салу қарастырылады. «Қытай Халық Респуб ликасымен тəуелсіздік алған жылдардан бері қарым-қатынасымыз жылдан-жылға дамып келе жатқанын жақсы білесіздер. Мысалы, сол тоқсаныншы жылдардың басында екі ел арасындағы сауда-саттық 300 млн. доллар төңірегінде ғана болатын болса, соңғы кездері ол 20 млрд. долларға дейін шықты. Екі елдің арасында теміржол, автокөлік жолдары салынды. Сонымен қатар, Қытайдан біздің экономикамызға кейінгі он жылдың ішінде ғана 14 млрд. доллар қаражат түсті. Соның барлығы экономикамызға, халқымыздың əл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеп жатыр. Бұған дейінгі болған қатынастың барлығы, мысалы, мұнай, газ, шикізат жағынан көбірек бейімделген болса, қазір

қанша пайдасы бар, біз оның бəрін саралап, қарап отырмыз. Бастысы шектен шығып кетпеу керек. Өзіміздің жағдайымыз бойынша əрекет жасаймыз. Бүгінде, əрине, бізге Ресейден келетін пайда жоқ. Олардың өздерінің жағдайы қиын. Еуропаның банктері, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі сынды қаржы орталықтары көмектесіп жатыр. Мəселен, олардан «Нұрлы Жолға» 9 млрд. доллар қаржы құйылуда. Бірақ қазіргідей жағдайда ол бізге жеткіліксіз. Əрине, мұның бəріне түсіністікпен қарауымыз керек. Мəселен, кейбір жобаларды тез салып аяқтау үшін келісім бойынша қытайдың өз мамандарын елімізге топтап əкелуге тиіс боламыз. Мұны да дұрыс түсінуіміз керек. Мысалы, өндіріс бір жылда салынатын болса, сол бір жылға бес жүз маман келіп, бір жылдан соң бірі қалмай, елдеріне қайтарылады», деген Елбасы осы сапарда қол қойылған құжаттардың барлығы үлкен талқылаудан өтіп, елге пайдалы жобалар таңдалғанын баса айтты. Сонымен қатар, кеше Президент Бейжіңде журналистермен кездесу сəтін пайдаланып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елдегі оқушылар мен олардың ата-аналарын білім күнімен құттықтады. Н.Назарбаев соңғы жылдары Қазақстанда мектептер мен балабақшалар қарқынды түрде салынғанын еске салды. «Олар – ел болашағы. Бүгін бірінші сыныпқа барғандар 2050 жылы Қазақстан экономикасының барлық салаларында жұмыс істейтін болады. Біздің қалай білім беретінімізге, нені үйрететінімізге байланысты болады. Біздің мектептеріміздің, зияткерлік мектептеріміздің, жаңа университеттің сапасы – мұның барлығы балалар мен ата-аналарын оларды оқытуға ынталандырады. Ата-аналары балаларына не бере алады? Өз махаббаты мен үлкен өмірде қажетті болатын білім береді», – деді Н.Назарбаев. «Қазақстандық ата-аналар балаларын оқыту үшін ештеңе аямайтынын білемін. Бұл дұрыс. Барлығын білім күнімен құттықтаймын, əр бірінші сынып оқушысына биыл Отанымыз – Қазақстан туралы кітап сыйладым. Əрбірі менен кітап сыйлыққа алады. Олар бұған қуанады деп ойлаймын», – деп толықтырды Мемлекет басшысы. Кешегі күн сонымен қатар, жылдағы дəстүрмен Қазақстан Парламентінің кезекті сессиясының ашылған күні. Оған биылғы жыл Елбасы өзі сырттағы сапарына орай қатыса алмады. Сол себепті кешегі баспасөз мəслихатында Президент депутаттарды сессияның ашылуымен құттықтап өтті. Қазақстан Президентінің Қытайдағы мемлекеттік сапары бүгін де жалғасады. Ал ертең, бейсенбіде Елбасы Бейжіңде өтетін қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады деп күтілуде. ––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Profile for Egemen

02092015  

0209201502092015

02092015  

0209201502092015

Profile for daulet
Advertisement