Page 1

Кеше Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ұлыбритания Премьерминистрі Дэвид Кэмеронмен кездесіп, келіссөз жүргізді.

№161 (28100) 2 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ўлыбритания – Ќазаќстанныѕ стратегиялыќ серіктесі

Бүгінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы үнқатысу өзгеше сындарлы саясатқа негізделген. Бұған түрлі, оның ішінде жоғары дəрежедегі сапар алмасулар да серпін қосуда. Мəселен, Қазақстан-Ұлыбритания дипломатиялық байланысы орнаған күннен бастап Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тұманды Альбион еліне 7 мəрте мемлекеттік сапармен барған екен. Бұл елден қазақ жеріне жасалған түрлі деңгейдегі сапарлар да үзілген емес. Ал Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның елімізге сапары екі ел арасындағы əріптестік байланыс тетігінің қаншалықты дамығанын тағы бір айқындап берді. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынасы, ең алдымен, сауда-экономикалық байланысқа негізделген. Бұған қос мемлекеттің осы салада қол жеткізген жетістіктері дəлел. Егер ресми мəліметтерге сүйенер болсақ, 2012 жылы екі ел арасындағы өзара тауар айналымы 2,3 млрд. долларға жеткен. Оның ішінде экспорт 1,7 млрд. ал импорт 0,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,5 пайызға артық.

Əлемдік сахнаєа бастар жол Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Өнер десе ішкен асын жерге қоятын көпшілік кеше кешкісін «Аstana Ballet» хореографиялық ұжымының тұсаукесер концертін тамашалау үшін Бейбітшілік жəне келісім сарайын бетке алды. Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылған аталмыш концертке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп қатысты. Тұсаукесер концерті Е.Брусиловскийдің «Шашу» би шығармасымен ашылды. Ұлттық нақышта киінген үкілі қыздардың мың бұралған билері жиылған жұртты бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ, К.Караевтың «Жеті ару» балетінен қойылған үзінді де ешкімді бей-жай қалдырмады. (Соңы 12-бетте).

Ал биылғы деректерді сөйлетер болсақ, 2013 жылдың қаңтар-сəуір айларындағы көрсеткіш 610 млн. АҚШ долларын құрап үлгерген. Мəселен, бұл айларда экспорт 428 млн., ал импорт 182 млн. АҚШ долларына жеткен. Бұл да өткен жылдың дəл осы айларындағы көрсеткіштен 15,7 пайызға артық. Кең құрамдағы келіссөздер кезінде тараптар əріптестіктің бүгінгі күнге дейін қалыптасқан осындай тетіктерін одан əрі дамыту жайын, ынтымақтастықтың əртүрлі салаларындағы мемлекетаралық өзара қарым-қатынастарды одан əрі нығайту перспективасын, сондайақ, халықаралық күн тəртібіндегі

басқа да өзекті мəселелерді талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев, ең алдымен, Астанаға келген Д.Кэмеронға ыстық ықыласын білді ріп, Ұлыбритания Премьерминистрінің алғашқы сапарының мəні мен тарихи маңызын атап өтті. «Мен сіздің жəне сіз бастап келген делегацияның біздің жаңа елордамыз – Астанаға келгендеріңізге қуаныштымын. Біздің еліміз Ұлыбританиямен тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі. Сіздің сапарыңыз Қазақстанның жетекші мұнайлы өңірінен – Атыраудан басталғаны өте жақсы. Қол қоюға дайындалған құжаттар, сондай-ақ, біздің келіссөздеріміз екі ел арасындағы экономикалық жəне саяси ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенемін», деді Мемлекет басшысы. Ал Д. Кэмерон өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа британдық делегацияға көрсетілген ықылас үшін алғысын айтты. «Мен Қашаған кен орнын көріп, бүгін Назарбаев Университетінде студенттермен кездесіп, шын мəнінде, қатты таңғалдым. Осының бəрі стратегиялық серіктестік аясында елдеріміз арасындағы қарқынды

дамып келе жатқан өзара қарымқатынастарда кең ауқымдағы өзара мүдделестіктің бар екеніне менің көзімді тағы да жеткізе түсті», – деді Ұлыбритания Премьерминистрі. Өз кезегінде Қазақстан Президенті екі мемлекеттің стратегиялық серіктестік туралы келісімге алғаш рет қол қойып отырғанын атап өтті. «Өткен жылы елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарымқатынастардың орнағанына 20 жыл толды. Тауар айналымы былтыр 2 млрд. 300 млн. долларға жетті. Біз бұл көрсеткішті едəуір арттыра аламыз деп ойлаймын. Сондай-ақ, біз Ұлыбританияның Қазақстанды өзара сауданы жандандыру жөнінде басымдығы бар 14 елдің тізіміне қосқанын да білеміз. Бұл біздің экономикалық мүдделерімізге толық сай келеді. Демек, бүгінгі келіссөздер мен қол қойылатын құжаттар ҚазақстанҰлбыритания əріптестігінің жаңа сатыға көтерілуіне серпін береді деген сенімдемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Д. Кэмерон екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жанданып келе жатқанына өзінің

Бəсекелестікті дамыту – экономика ґрісі Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тауар нарықтарында бəсекелестікті қорғау жүйесін жетілдіру мəселесі қаралды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Тауар нарығына шығу үшін бəріне тең жағдай жасау оған бөгет болатын кедергілерді алып тастау маңызды міндет болып табылады. Бұл, əсіресе, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңіс тік жағдайларында, сондай-ақ, еліміздің алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңында аса өзекті мəселеге болып табылатыны рас. Себебі, тауары бəсекеге қабі летті елдердің ғана мұндай одақтарда бəсі биік болып, сауда-экономикалық жағдайы жақсара түсері анық. Ол үшін бəсекелестікті жетілдіріп, бəсекеге қабілетті тауар өндіруге барынша жағдай жасалуы керек. Ал бұл ретте ел Үкіметі неңдей шаралар атқаруда? Міне, кешегі отырыста осы мəселе

талқыланды. Күн тəртібіндегі мəселеге орай Бəсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік басшысы Болатбек Қуандықов баяндады. Монополияға қарсы заң наманы бұзу фактілері бойынша 2013 жылдың бірінші жартысында 46 тексеру жүргізілген, ал бюджетке түскен айыппұлдар сомасы 146,2 млн. теңгені құрады, бұл сəйкес кезеңнің көрсет кіштерінен 18 пайызға артық, деді Б.Қуандықов. Монополияға қарсы ведомство басшысы мəселе тудыр ған факторларды анықтау мақсатында агенттік тауар рыногына тұрақты талдау жүргі зетінін мəлімдеді. Мəселен, жалпы алғанда 2012-2013 жылдары тауар рыноктарының 50ден астам талдауы жүргізілген. Оның нəтижелері темір жол, фармацевтикалық салаларда, отын-энергетикалық кешенде, телекоммуникациялық секторда

бəсекелестік бабы онша еместігін көрсеткен. Осыған байланысты, агенттік салалық мем лекеттік органдарға 63 ұсыныс енгізіпті. Олардың 13-і қабылданған, ал 16сы қарауда жатыр. Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірге электр энергиясының трансшекаралық нарықтарына, роумингке, халықаралық авиатасымалдау қызметін көрсетуге талдау жүргізілуде. ТМД елдерінің Монополияға қарсы саясат бойынша мемлекетаралық кеңесі жұмысы шеңберінде астық нарығын талдау жүргізілуде. Нарық қатысушыларының бəсекеге қарсы фактілерін дер кезінде анықтау мақсатында ТМД елдерінде дəрі-дəрмектерге, сондай-ақ, Кеден одағы жəне мұнай өнімдерінің нарығын зерттеудің шекаралас өңірлеріндегі азықтүлік тауарларының бағаларын бірлесіп бағамдау бойынша жұмыс басталған. (Соңы 3-бетте).

қа на ғат та ну шылығын білдірді. «Мен Ұлыбританияның Премьерминистрі қызметінде бола оты рып, ең алғаш Сіздің еліңізге келгеніме өте қуаныштымын. Біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз жаңа деңгейге көтерілетінін зор қуанышпен айтып өткім келеді, оған елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім айқын дəлел. Бүгінде біздер бірлесе ынтымақтасатын бірқатар бағыттар бар. Ол – өңірлік қауіпсіздік мəселесі, Ауғанстанда тұрақтылықты қамтамасыз ету, əскери-техникалық ынтымақтастық, білім беру саласындағы өзара ықпалдастық, сондай-ақ, сауда-экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастық», деді Ұлыбритания Премьерминистрі. Бұл күнгі кең құрамдағы келіссөзден кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон бірлескен баспасөз мəслихатын өткізді. Баспасөз мəслихаты барысында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронға сапары үшін алғысын білдіріп, бұл сапар екі елдің қарым-қатынастарының жаңа парағын ашқанын атап өтті. «Бүгін

біз Стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мəлімдемеге қол қойдық. Ол ынтымақтастық əлеуетін ғана емес, қарым-қатынасымызды сапалы жаңа деңгейге шығарудағы екі мемлекеттің саяси ерік-жігерін де көрсетеді. Келіссөздер барысында екіжақты өзара іс-қимылдың барлық тетіктері мен қажетті тəсілдерін қолдана отырып, оларды жүзеге асыруға барынша күш салу тұрғысынан мен Кэмерон мырзаны толық қолдадым», деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті, сонымен қатар, бүгінде Ұлыбритания Қазақстанның əлемдегі аса маңызды саяси жəне сауда-экономикалық ірі серіктестерінің бірі екеніне тоқталды. «Ұлыбритания Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция тартуда АҚШ пен Нидерландыдан кейін үшінші орын алады, қазір оның көлемі 12 млрд. долларға жетті. Елімізде британдық капиталдың қатысуымен 600-дей кəсіпорын жұмыс істейді. Олар көлік, металлургия, денсаулық сақтау, банк секторы жəне экономиканың басқа да түрлі саласына атсалысуда», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бірлескен баспасөз мəслихаты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының 22-ші сессиясына қатысты.

«Хельсинки +40» – ЕЌЫЎ беделініѕ белесі Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Бес күнге жоспарланған кезекті сессия өткен сенбіде басталған бо латын. Оған əлемнің 60-қа жуық елінен делегация қатысуда. Сессияда негізінен Еуразия жəне Еуро-Атлантика кеңістігіндегі қауіпсіздік, адам құқықтары мен дамудың көкейкесті мəселелері талқыланды. Сессия салтанатты түрде ашыл мас бұрын сол күні Тұрақ ты комиссияның отырысы болып өтті. Онда ұйымның

Бїгінгі нґмірде: Мəѕгілік Елдіѕ елордасы 4-бет

ке лер жылға жоспарланған бюд жеті бекітіліп, сессияда қара латын негізгі мəселелер тізімі талқыланды. Онда сөз сөйлеген Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Спенсер Оливер аталған ұйым беделінің артып келе жатқандығын атап көрсетті. «Бұл жиын əлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген парламентарийлердің басын қосып отыр. Біз экономикалық дағдарыс, түрлі қақтығыстарға қатысты

Əлемге əлеуеті əйгіленген 5-бет

аясында Мемлекет басшысы еліміз үшін дəстүрлі түрде энергетикалық ынтымақтастықтың маңызды болып саналатынын да айтты. «Британ компаниялары «Қарашығанақ» жобасын іске асыруға, «Каспий құбыры консорциумының» өткізу қабілетін ұлғайтуға, «Жемчужина» блогын əзірлеуге белсене қатысуда. Кеше біз Кэмерон мырзамен бірге Солтүстік Каспий жобасының аса маңызды өндірістік нысанының бірі – мұнай мен газ тазартатын «Болашақ» зауытын іске қостық. Осылайша, əлемдегі ең ірі мұнай кен орны – Қашағанда өнеркəсіптік өндіру жұмысын бастауға мүмкіндік туып отыр. Құрылыстың екінші кезеңі Атырау облы сындағы біріктірілген газхимия кешенінде жалғасуда. Осы жəне өзге де жобалар Қазақстанның энергетикалық саласын дамытуда маңызды рөл атқарады. Біз Ұлыбританиямен «шикізатты инвестиция мен озық технологияға айырбастау» формуласы бойынша энергетикалық үнқатысуды одан əрі нығайтуға əзірміз», деді Қазақстан Президенті. (Соңы 2-бетте).

маңызды мəселелерді шешуде пікірталас негізінде шешімін табуға ықпал етеміз», дей келе, Бас хатшы шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Түркия Парламентіне алғысын білдірді. Биылғы, яғни 22-ші сессия ның басты тақырыбы – Хельсинки қорытынды актісінің 2015 жылғы 40 жылдық мерейтойына орай ЕҚЫҰ-ны нығайту мақсаттарына қол жеткізуді көздейтін «Хельсинки +40» бастамасы болатын. Осы тақырыпта пленарлық сессияда баяндама жасаған Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Мəми өз сөзінде 40 жылға жуық уақыт өткеннен кейін де Хельсинки қорытынды актісінің маңызы жойылмағанын жəне əлемдік əрі аймақтық саясаттың дамуына оң əсерін тигізіп келе жатқанын атап өтті. (Соңы 3-бетте).

«Тау ќозєалса да, тарих ќозєалмайды» 6-бет


2

www.egemen.kz

2 шілде 2013 жыл

Ўлыбритания – Ќазаќстанныѕ стратегиялыќ серіктесі

Сол түстік Ирландия Біріккен Корольдігі Үкімет басшысының алғашқы мемлекеттік сапары бүгінгі күнге дейін қалыптасқан екіжақ ты қарым-қатынастар мен саяси үнқатысуды нығайтуға, сон дай-ақ, экономикалық өзара ықпалдастық саласының аясын кеңейтуге мүмкіндік бермек. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон келесі кезекте Қазақстан-Британия бизнес-конференциясының жабылу рəсіміне қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-министрінің са пары екіжақты қарым-қатынастардың өте маңызды оқиғасы болып саналатынын, оның барысында өзара ықпалдастықтың кең ауқымы бойынша келіссөздер (Соңы. Басы 1-бетте). Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ұлыбритания сау даэкономикалық қарым-қатынастарды тереңдету жəне əрта раптандыру үшін үлкен əлеуетке ие екеніне де тоқталды. «Біз жаңартылатын энергетиканы жəне «жасыл экономиканы» дамыту саласындағы ынты мақтастықты жандандыруға уағдаластық. Бұл Британия үкіметімен мақсаттарымыз бен міндеттеріміздің сай келетінін де білдіреді. Бұған Қазақстанда «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу жақсы негіз болып саналады. Британдық компанияларды оны ұйымдастыруға атсалысуға шақырамын», деді Мемлекет басшысы бұл орайда. Қазақстан Президенті келіссөз дер барысында көлік, атап айтқанда, азаматтық авиацияны, сондай-ақ, ғарыштық жобаларды дамыту саласындағы ынты мақтастықтың перспективасы талқыланғанын да мəлім етті. «Біз «Эйр Астананың» ұшу қауіпсіздігін арттыру жəне еуропалық бағыттағы маршрутының географиясы аясын кеңейту жұмыстарын жүргіземіз жəне одан əрі де бірлесе күш салатын боламыз. Біз сондай-ақ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК мен британдық «ССTЛ» компаниясы арасында елімізде жаңа спутник құру жəне технологиялар алмасу жөніндегі келісімшартқа қол қойылғанын қолдаймыз», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы виза режімін оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін де назардан тыс қалдырмады. Мысалы, бүгінгі күні еліміз британдық азаматтар үшін виза беру рəсімдерін жеңілдетті. Енді екінші тараптан да дəл сондай қадам күтіліп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев білім беру саласындағы өзара ықпалдастыққа ерекше көңіл бөлініп отырғанын да атап өтті. «Қазіргі уақытта мыңдаған қазақстандық студент Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда. Бұл білім беру саласында тəжірибе алмасу тұрғысынан ғана емес, Ұлы британиямен мəдени байланыстарды нығайту үшін де пайдалы. Бұған қоса, британдық

жоғары оқу орындары Астанадағы жаңа халықаралық университетті дамытуға белсене атсалысуда. Сон дай-ақ, олар Алматыдағы Қазақстан-Британия техникалық университеті базасында техникалық кадрлар дайындауды жүзеге асыруда», деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті кездесу барысында халықаралық тақырыптардың кең ауқымы бойынша пайдалы пікір алмасу өткенін айтты. «Біз Орталық Азиядағы ахуалды, сондай-ақ, Ауғанстандағы, Ирандағы, Таяу Шығыстағы жағдайды, ядролық қарусыздану жəне оны таратпау мəселесін тал қыладық. Посткеңестік кеңістіктегі – Қазақстан, Ресей жəне Беларусь арасындағы Кеден одағы аясындағы интеграциялық үдерістердің дамуына ерекше назар аудардық. Экономикалық трендтер, жаhандық қаржы рыногын жəне əлемдік экономиканы қалпына келтіру шаралары жөнінде пікір алмастық. Кэмерон мырза Қазақстанның осы үдерістерге қатысты ұстанымы жəне VI Астана экономикалық форумының негізгі қорытындылары туралы хабардар етілді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы келіссөздердің нəтижесі екі мемлекеттің саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге жəне тереңдетуге ұмтылысын көрсетіп бергенін атап өтті. «Премьерминистр мырзамен британдық бизнесмендердің үлкен тобы еріп келді. Атырауда өткен жəне Астанада өтетін іскерлік форумға қатысушылар екі тараптан 300-ден астам адамды құрайды. Келіссөздер нəтижесінде қазірдің өзінде сомасы 1,1 миллиард долларлық келісімге қол қойылды. Біз екі тарап жағынан да елдеріміздің бизнесмендері қол жеткізген келіссөздерді қадағалап отыратын жұмыс тобын құрған жөн деп шештік. Осының бəрі екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестік деңгейіне шығаруға септігін тигізетін болады. Мен Д.Кэмеронның Қазақстанға сапарынан мемлекеттеріміздің ынтымақтастығының жаңа дəуірі басталатынына сенемін», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде Ұлыбритания Премьер-министрі Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын жəне кіріс деңгейі жоғары, өңірде əрі əлемде маңызды рөл атқаратын мемлекетке айналып келе жатқанын атап өтті.

«Қазақстанның ықпалы тек арта беретін болады. Біз өзара қа рым-қатынасымыз жаhандық деңгейге де табысты болуы үшін оны нығайтқымыз келеді. Бүгін біз қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңін ашып отырмыз. Стратегиялық серіктестік туралы қол қойылған келісім тығыз экономикалық байланыстарға, қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ынтымақтастыққа негізделген өзара қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге алып шығады. Біз өзге де бағыттар бойынша өзара ықпалдастықты нығайтамыз», деді Д.Кэмерон. Ұлыбритания Премьер-министрі өз елінің Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі екенін жəне Shell мен BG Group тəрізді компаниялар еліміздің энергетикалық секторында елеулі рөл атқаратынын атап өтті. «Біз екі ел арасындағы экономиканың өзге секторлары – денсаулық сақтау, білім беру, жылжымайтын мүлік жəне қаржылық қызмет көрсету салаларын дамытуды жəне инвестиция салу аясын кеңейтуді жалғастырамыз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымын 2017 жылға қарай екі есеге жеткізгіміз келеді. Осы орайда, мен қазақстандық компанияларды Британия экономикасына инвестиция салуға шақырғым келеді. Біз виза мəселесін шешуге де дайынбыз», деді Д. Кэмерон. Ол, сондай-ақ, халықаралық

мəселелерді шешуде жəне қауіпсіздікті қамтамасыз етуде екіжақты өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге əзір екендіктерін атап өтті. «Біз Ау ғанстан бойынша бірлескен жұмысты белсене дамытудамыз, Қазақстан бұл мəселеде маңызды жəне оң рөл атқарады. Иран мəселесі жөніндегі келіссөздерді ұйымдастыру мен Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен дамыту осының жарқын дəлеліне айналып отыр. Мен Қазақстанның өсіп-өркендеп келе жатқан, ядро лық əлеуеттен өз еркімен бас тартқан ел ретінде өңірдің ядролық қарудан азат болуына қол жеткізуде тамаша үлгі бола алатынына сенімдімін. Біз білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту ниетіндеміз жəне өз елімізде «Болашақ» стипендиясы бойынша білім алып жатқандар қатарын арттыра отырып, Қазақстаннан ең үздік студенттерді тартқымыз келеді. Бұл стипендияның атауы «келешек» деген ұғымды білдіреді. Қазақстанның келешегі зор, ал Ұлыбритания осы болашақтың маңызды бөлігі бола алады», деді Д.Кэмерон бірлескен баспасөз мəслихатының қорытындысында. Нидерландыдан кейін үшінші орын алуы осының айғағы болса керек. Қазіргі таңда Қазақстан экономикасына құйылған британ инвестициясының көлемі 12 млрд. долларға жетті. Демек, Ұлыбритания жəне

жүргізілгенін атап өтті. «Британ бизнес-қоғамдастығы біздің еліміз жəне соңғы жиырма жылдағы

жетістігіміз туралы толық ақпарат алды деп ойлаймын. 1994-1995 жылдары инфляция деңгейі 2000нан астам пайызды құрап, көптеген кəсіпорынның жұмысы тоқтап қалғанын, экономика дағдарыс жағдайында болғанын еске алсақ та жеткілікті. Халықтың жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім көлемі 1993-1994 жылдары 700дей долларды құрады, ал бүгінде бұл көрсеткіш 13 мың доллардан асты. Қазір біз экономикасы ірі өңірдің бірі болып саналамыз», деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті елімізде іске асырылып жатқан ауқымды индустриялық-инновациялық жəне инфрақұрылымдық жобалар ел экономикасының одан əрі дамуына қызмет ететінін атап өтті. «Біз британ бизнесін барлық ірі жобаларға белсене атсалысуға шақырамыз. Индустриялықинновациялық бағдарлама аясында жұмысын бастайтын компаниялар белгілі мөлшерде артықшылықтар мен салықтық жеңілдіктерге ие болады. Бұған қоса, мұнай-газ секторындағы компания үшін біз экономиканың өзге де саласына міндетті түрде жаңа технология тарту жөнінде шарт қоямыз. Маған мəлімделгендей, бизнес-форум аясында жалпы құны 1 млрд. 100 млн. долларлық келісімшарт жасалған. Бұл үлкен жұмыстың басы ғана деп ойлаймын. Бүгінде британдық компаниялар салған инвестицияның жалпы құны 12 млрд.-қа жуық долларды құрайды. Машина жасау, инфрақұрылым, медицина, білім беру мен ғылым тəрізді салалардағы ынтымақтастықты дамыту қажет деп санаймын», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Екі елдің көшбасшылары Үкімет деңгейінде елдердің бизнес-қоғамдастығына көмектесу жөнінде жұмыс тобын, сондайақ, Қазақстан мен Ұлыбритания сауда-өнеркəсіп палаталары кеңесін жəне дөңгелек үстелін

құру туралы келісімге қол жеткізді. Өз кезегінде Д.Кэмерон Қазақстанда ынтымақтастықты одан əрі дамыту үшін үлкен перспектива бар екеніне тоқталды. «Біріншіден, Қазақстандағы индустриялық даму жөнінде жүргізілген жұмыстардың ауқымын атап өткім келеді. Мен британдық көптеген компаниялар бұл үдеріске серіктес ретінде атсалысуға мүдделі деп ойлаймын. Сонымен қатар, мен осы аптада бірқатар шарттарға қол қойылғанына қуаныштымын. Екіншіден, Қазақстанда білім алуға жақсы мүмкіндіктер жасалған. Мен Назарбаев Университетіне, онда терең білім алуға ұмтылған жастарға тəнті болдым. Бұл бағытта біздер үшін бірлесе жұмыс істейтін ортақ салалар жеткілікті деп ойлаймын. Үшіншіден, мұнайгаз саласында халықаралық компаниялармен бірлесіп атқарылған техникалық жұмыстар көлемі ауқымды екенін айта кеткім келеді. Төртіншіден, Қазақстан Ұлттық қор құруда норвегиялық үлгіні берік ұстанып отыр. Бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің басы болып саналады. Мен өзіммен бірге бизнесделегацияның осыншалықты көрнекі өкілдерінің еріп келгеніне қуаныштымын. Бұл британ бизнесі мен қоғамының Қазақстандағы барлық мүмкіндіктермен таныс болуына септігін тигізеді», деді Ұлыбритания Премьер-министрі. Бизнес-конференция аяқ талғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Дэвид Кэмерон «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрын, сондай-ақ, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық кешенін бірге аралап көрді, Ұлыбритания Премьер-министрі «Отан-Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды. ––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ, Е.ОМАРОВ.


Бəсекелестікті дамыту – экономика ґрісі (Соңы. Басы 1-бетте). Үкімет отырысында, сондай-ақ, аталған мəселелерге орай Вицепремьер – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев, ПремьерМинистрдің орынбасары Қайрат Келімбетов, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев сөйледі. Талқылауды түйіндей келе, Үкімет басшысы С.Ахметов Қазақстан, Ресей жəне Беларусьтің монополияға қарсы заңнамаларын ортақ түсінікке келтірудегі маңызды құжат болатын бəсекелестік

туралы Моделдік заң соңғы екі жыл бойына кең көлемде талқы ланып келе жатқанын атап өтті. Осыған орай Бəсекелестікті қорғау агенттігіне бəсекелестік туралы Моделдік заңның мəтінін келісу бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Сонымен бірге, бəсекелестікті дамыту бойынша ұлттық заңнамаларды да жетілдіру қажет. Бұдан басқа, Қаржы министрлігіне Экономика жəне бюджеттік жоспарлау, Көлік жəне комму никациялар министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу

агенттігімен жəне басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Бəсекелестікті қорғау агенттігінің «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңының Заң нормаларын жетілдіру тармағын, сондай-ақ, заңнаманың «реттемелі рыноктар» тармағы, рынок субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін жетілдіру туралы, табиғи монополиялар субъектілерінің реттелмелі қызметтерінің тізбесі мен ЭЫДҰ мекемелері туралы Конвенцияға қосылу бойынша Жол картасын дайындау жөніндегі ұсынысын қарауды тапсырды.

«Хельсинки +40» – ЕЌЫЎ беделініѕ белесі (Соңы. Басы 1-бетте). Қазақстанның пікірінше, ЕҚЫҰ Саммитінің Астана декларациясындағы Еуро-Атлантикалық жəне Еуразиялық қоғамдастықтың бірыңғай жəне бөлінбес қауіпсіздігін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды іске асыру «Хельсинки +40-тың» басты тұғырына айналуы тиіс. Қ.Мəми түрлі аймақтық ұйымдар дың Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік мəселелерін ынтымақпен жəне келісіп шеше алатын тұғырнама құру туралы Қазақстан Президентінің бастамасына баса назар аударды. Ауғанстан аумағынан тарайтын трансұлттық қауіптер, сыбайлас жемқорлықпен күрес, көші-қонды басқару, көлік саласы, су ресурстарын тиімді пайдалану жəне қоршаған ортаның қауіпсіздігі ЕҚЫҰ-ның ерекше назарында бола беруі тиіс, деп атап өтті Төраға. Қ.Мəми, сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның екінші өлшемі тұрғысында Еуропа, Азия жəне Тынық мұхиты елдерінің арасындағы ынтымақтастықты мақсат ететін Қазақстанның бастамасымен дүниеге келген «Жасыл көпір» əріптестік бағдарламасына тоқталды. Сенат Төрағасы одан əрі сайлауды байқаушылар миссияларының шынайылығын қамтамасыз ететін бірыңғай үлгі-қалыптар мен əдістемелерін əзірлеу қажеттігі туралы да пікір білдірді. Сөзін қорытындылай келіп, Қ.Мəми ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздіктің негізгі қатері аймақ мемлекеттері арасындағы сенім дағдарысы екенін атап өтті. Саяси ерікжігер мен сенімді нығайту ортақ миссия болуы тиіс, деді Төраға.

Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Ыстамбұлдағы сессиясы аясында Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Түркияның Ұлы Ұлттық Мəжілісінің Төрағасы Жемил Чечекпен, Черногория Скупщинасының Төрағасы Ранко Кривокапичмен жəне ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия бойынша Арнаулы өкілі жəне Франция Ұлттық Жиналысының депутаты Тьерри Марианимен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында парламентаралық ынтымақтастық, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара іс-қимыл мəселелері талқыланды.

3 шілдеге дейін жалғасатын ЕҚЫҰ ПА-ның Ыстамбұл сессиясындағы жұмыстарына қазақстандық парламентшілер қатысып жатыр. Делегация құрамында сенаторлар Икрам Адырбеков, Рашит Ахметов, Əділ Ахметов, сондай-ақ,

Сайлау науќанына дайындыќ жайы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев кеше бұқаралық ақпарат құралдарына арналған кезекті брифингін өткізді. Бұл жолы брифинг Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Əбдірахымов пен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың қатысуымен болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Ең алдымен ресми өкіл жаңадан ашылып отырған «Қазспорт» телеарнасының ұжымын құттықтай келіп, елімізге мемлекеттік сапармен Ұлыбритания Премьерминистрі Дэвид Кэмеронның келгеніне ерекше маңыз бере кетті. Одан кейін А.Əбибуллаев Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар барысымен таныстырды. Одан белгілі болғандай, 4 шілдеде Елбасы дəстүрлi түрде өткізіліп келе жатқан еліміздің Мемлекеттік туын көтеру рəсіміне қатысады. Сондай-ақ, Президент елдiң жоғары əскери оқу орындарының ең үздік түлектеріне офицер шендерін табыс ететін болады. Жəне де Елбасы осы күні «Астана» президенттік спорт клубының тұсаукесеріне қатысады деп күтілуде. Аталған клуб өткен жылдың желтоқсан айында «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қорының қолдауымен құрылған-ды. Оның құрамына 9 əлемдiк деңгейдегi спорт тобы кіріп отыр. Олар: «Астана» велокомандасы, «Астана Арланс» боксшылар тобы, «Astana Dakar Team» командасы, «Барыс» хоккей клубы, «Қазақстан барысы» жəне Илья Ильин мен Денис Тен жеке спорттық жобалары қосылған. А.Əбибуллаевтың сөзіне қарағанда, 5 шiлдеде Мемлекет басшысы Астананың 15 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысып, сөз сөйлемек. ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысының нəтижелерімен кеңінен таныстыру мақсатында елімізде 29 маусым мен 5 шілде аралығында «Қазақстанның индустриялық өмірінен 7 күн» науқаны өтіп жатқанын да ресми өкіл еске сала кетті. Осы орайда Премьер-Министр Серік Ахметов

3

www.egemen.kz

2 шілде 2013 жыл

2 шілде күні Қазақстан Үкіметінің кеңесін өткізіп, онда айрықша қорғаудағы табиғи аумақтарда орналасқан су тоғандарының жағдайы талқыланатынын айтты. Кеңесте Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров баяндама жасайды деп жоспарланыпты. Бұдан басқа, Үкімет басшысы 4 шілдеде Құқық бұзушылықтардың алдын алу мəселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізетіні де белгілі болды. Оты рыста Ішкі істер министрі Қал мұханбет Қасымов баяндама жасамақшы. Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың төрағалығымен осы күні ел Үкіметі жанындағы Ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді деген хабар да айтылды. Онда денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету мен көлік медицинасының жағдайы жан-жақты талқыланады деп күтілуде екен. Бұдан кейінгі сөз кезегі брифинг спикерлеріне тиді. Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Əбдірахымов пен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдар əкімдерінің сайлауын өткізуге дайындық барысын сөз етті. Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары өз кезегінде Президенттің бастамасымен жүргізіліп жатқан əкімшілік реформалар барысымен таныстырып өтті. Оның ішінде «А» корпусына кадр резервін қалыптастыру жəне биылғы жылғы бірінші рет өтетін ауыл əкімдерін сайлау туралы мəліметтерімен бөлісті. «А» корпусының кадр резервіне кіру үшін 2024 үміткер өтініш білдірсе, олардың ішінен біліктілік талаптарына сəйкес 1851 үміткер тестілеуге

Мəжіліс депутаттары Мəулен Əшімбаев, Қуаныш Сұлтанов жəне Светлана Бычкова бар. Естеріңізге сала кетсек, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының былтырғы 21-ші сессиясы Монакода өткен болатын. Ал келесі жылы Əзербайжан астанасы – Бакуда өткізіледі деп жоспарлануда. Ал одан əрі 2015 жылы Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымын нығайтуға сеп болған тарихи құжат – Хельсинки конвенциясының 40 жылдығына орай Хельсинки қаласында қорытынды жиын өтпек. Бұл ЕҚЫҰ-ның деңгейіндегі айтулы шара болмақ. Биылғы сессияның басты тақырыбы «Хельсинки +40»

болуының маңызы да осында. Соған орай, 22-ші сессия ұйым үшін барынша маңызды халықаралық мəселелерді талқылап, бірқатар қарар қабылдады. АСТАНА–ЫСТАМБҰЛ–АСТАНА.

жіберілген. Үміткерлердің заңдар ды, мемлекеттік тілді бі луі, басқарушылық жəне ұйым дастырушылық қабілеттері де жанжақты тексеріліпті. Тестілеудің қорытындысы бойынша Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияға 1122 үміткер жіберілген. Оның 912-сі, яғни 81 пайызы мемлекеттік қызметкерлер. Жалпы айтқанда, тестілеуден үміткерлердің 31 пайызы, ал əңгімелесу кезеңінен 16 пайызы өте алмаған. Қазіргі таңда кадр резервінен тағайындаулар басталыпты. Сондай-ақ, Ғ.Əбдірахымов елі міз дегі өзін өзі басқаруды дамы тудың тұжырымдамасын Елбасы бекіткенін сөзіне арқау ете отырып, мəслихаттар арқылы ауыл əкімдерін сайлау барысына да тоқталып өтті. Облыс əкімдерінің ұсыныстарына сəйкес елімізде тамыз айында ауыл əкімдерін сайлау өтеді. Заңнамаға сəйкес, ауыл əкімдерін аудандық мəслихаттардың депутаттары сайлайды. Қазақстанда 2457 ауылдық əкімдіктер бар. Жəне заңға сəйкес сайлауға əр округтен кем дегенде екі үміткер қатысуы тиіс. Сайлау алдында аудан əкімдері жергілікті халықпен үміткерлер бойынша консультациялар өткізеді. Бұл сайлауға кəсіби деңгейі жоғары азаматтар келеді деп сенім білдірді. Қ. Тұрғанқұлов Ортсайлауком Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін өзі басқару органдарының қалыптасу тəжірибесін зерделеді дегенді баса айтты. Ағымдағы жылғы тамыз айында Қазақстанда барлығы 2457 əкім сайланады, бұл олардың елдегі жалпы санының 91,5 пайызын құрайды. Қазіргі сəтте сайлаудың құқықтық жəне қаржылық базасы қалыптасқандығымен де бөлісе кеткен Ортсайлауком басшысы жергілікті бюджеттерден сайлауды өткізуге 594 миллион теңге бөлу жоспарланып отырғандығын да алға тартты. Қазіргі уақытта алдағы сайлау науқанының құқықтық жəне қаржылық базасы толық қалыптасып болыпты. Жалпы, сайлау науқаны бір ай ішінде өтері де аталмай қалған жоқ. Оның айтуынша, қазіргі сəтте сайлау комиссиялары сайлау науқанын өткізуге ұйымдастырушылық жəне əдістемелік жағынан дайын.

Мемлекеттік мəселе Елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа тұжырымдамасы өмірге енгізіліп, оның іске қосылғанына тым көп уақыт бола қойған жоқ. Соның алғашқы нақтылы қадамы бұдан бір айдан сəл ғана астам мерзім бұрын мемлекеттік қызметтің «А» корпусына сынақ тапсырулары арқылы жасалды. Осы емтиханның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтегі кадрлардың 30 пайыздан астамы өздерінің мансаптарын қорғап қала алмады. Бұл сонымен бірге, тағы осыншама үміткердің мемлекеттік қызмет резервіне алынғанын білдіреді.

Қазіргі күндері еліміздің барлық аймақтарында жоғарыдағы сынақтың нəтижесіне сəйкес кадрлар алмасушылығы басталып кетті. Соңғы күндері облыстық деңгейдегі бірқатар мемлекеттік қызметкерлер ауысып, көптеген аудандардың əкімдері жаңарып үлгерді. Мұндай ауыс-түйістерді жергілікті жұртшылық өте жақсы қабылдап жатыр. Өйткені, бұл өмірдің жаңарғанын, өңірдің жаңа леп алғанын байқатады. Ал біздің бүгінгі топтамамызда сөздері беріліп отырған кадрлардың барлығы да осы өзгерістер өзегінде жаңа қызметке келгендер болып табылады.

«А» корпусы: кадрлар

алмасуындаєы алєашќы адымдар Мен їшін бґтен ґѕір жоќ Асхат ШАХАРОВ,

Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе ауданының əкімі.

Мен бұған дейін самбо күресінен əлем нің үш дүркін чем пионы атанған спорт маманымын. Бірақ кейін белсенді спортты қойғасын, бір орында тұрып қалмай, білімімді жетілдірдім, ғылымға құлаш ұрып, экономика ғылымдарының кандидаты атандым. Өзім тұратын Ақтөбе өңірінің қоғамдық өміріне де белсене араласып, облыстық мəслихаттың депутаты болып та сайландым. Осылардың бəрін саралай келіп, мемлекеттік қызметтің «А» корпусы сапынан орын алуға талап еттім. Сөйтіп, 1 ай бұрын жатпай-тұрмай дайындалып, ел басқару ісіне араласуға бел будым. Мемлекет құру ісінде бұрын-соңды болмаған үрдістің ел өмірінде маңызы зор боларына сендім. Ұлттық комиссиядағы əңгімелесу – еліміз үшін ең маңызды шешімдер қабылданып жатқан, Елбасының резиденциясы – Ақордада өтті. Өмірімде алған ең үлкен əсерім осы болды ғой деп ойлаймын. Бірінші рет болуым еді. Зəулім сарайдың үлкендігі – біздің мемлекетіміздің мықтылығын көрсеткендей болды. Менің ойыма сонда орыстардың Кремлі, америкалықтардың Ақ үйі келді. Өзіміздің аппақ орданың солардан кем емес екенін сезіндім. Осындай Президентіміз – Елбасымыздың бар екендігіне Қазақ елі атынан мақтандым. Көңілімнің орнына түскені – Ұлттық комиссиядан сүрінбей өттім, «А» корпусының кадр резервіне ендім. Ал жуырда Батыс Қазақстан облысының əкімі Қаратөбе ауданына əкім болуға ұсыныс берді. Мен өзім Ақтөбе облысының тумасы едім. Соған қарамастан, көрші облыс басшысының ұсынысын бірден қабыл алдым. Себебі, шекаралас жатқандықтан ба, маған бұл ауданның халқы бұрыннан таныс болатын. Оның үстіне мен туып-өскен өңірдің азаматтары ол жақпен де етене араласып келеді. Қаратөбе – қазаққа даңқты ұл-қыз сыйлаған қасиетті ел, өнер ордасы, дəстүрге бай ел. Жауапкершілікті сезінемін. Енді бар күшжігерімді елім үшін сарқа жұмсаймын.

Ґзіме кґрсетілген сенім деп білемін Бақыт ЕСІМОВА,

Ақмола облысы əкімі аппаратының жетекшісі.

Мемлекеттік қызмет реформасы шеңберінде өткен «А» корпусының кадрлық резерві бойынша жүргізілген кон курсқа мен де қатыстым. Ма ған мұнда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрылып жатқан «А» корпусын айрықша бір элита ретінде қарастыруға болмайтынын, оның халыққа барынша берілген, еліміздің мүдделерін қорғауға дайын кадрлық резерві болып табылатынын айтқан сөздері қатты əсер етті. Заңнама саласындағы білімім жөніндегі тестілеуді табысты тапсырып болғаннан кейін, Ақордада өткен əңгімелесуден өттім. Бұл менің өмірімдегі ең бір толғанысты сəттер болды. Тұңғыш рет Президент резиденциясына қадам басқанымда, осы сəттің маңыздылығын айрықша сезіндім. Ал əңгімелесуден өтіп, Көкшетауға келгенімде, мен облыстық əкімдікке шақырылдым. Мұнда маған Ақмола облысы əкімі аппаратының жетекшісі лауазымы ұсынылды. Шынын айтқанда, бұл мен үшін мүлдем күтпеген жаңалық болды. Сонымен бірге, оның жанға жағымды болғанын да жасыра алмаймын. Осы арқылы мен өз еңбегімнің бағаланғанын жəне өзіме осыншалықты жауапты жұмыс учаскесінің сеніп тапсырылғалы тұрғанын түсіндім. Мұның үстіне, мен бұл лауазымдағы бірінші жəне жалғыз əйел қызметкер екенмін. Осыдан кейін қалай толқымассың?! Қазіргі таңда біздің елімізде əйелдердің əлеуметтік-саяси саладағы рөлі өсіп келе жатыр. Бұған Мемлекет басшысы қабылдаған «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы» да толық дəлел. Бүгінде осының арқасында еліміздің орталық жəне аймақтық деңгейдегі маңызды мемлекеттік қызмет лауазымдарын көптеген қыз-келіншектер атқарып келеді.

Менің өзім Павлодар облысында тудым. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлікэкономикалық университетіне түсіп, оны 2006 жылы үздік бітіріп шықтым. Қазір экономист жəне құқық магистрі деген екі жоғары білімім бар. Бұған дейін Қазақстан Жастар конгресінде, «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционер лік қоғамында жұмыс істедім. Сосын 2008 жылдан мемлекеттік қызметке ауысып, 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер агенттігінде болдым. Осы жылы «орталық-аймақ» ротациясы тəртібімен Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасарлығына ауыстырылдым. Ал 2011 жылы басқарма бастығы болып тағайындалдым. Мен Елбасының еліміздің жаңа кадр əлеуетін қалыптастыру жөніндегі ұстанымын қолдаймын. Сонымен қатар, өзіме көрсетілген зор сенім үшін Президентке аса разымын.

Президенттіѕ кадрлыќ саясатын ќолдаймын Владимир ДУДОВ,

Солтүстік Қазақстан облысы əкімі аппаратының жетекшісі.

Бірден айтып қояйын, менің жоғары оқу орнын бітіргеннен қазіргі лауазымыма жеткен ге дейінгі еңбек жолым Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жас мамандарды қолдауға бағытталған кадр лық саясатының арқа-

сында мүмкін болды. 2004 жылы жоғары білім туралы диплом алғаннан кейін, ешбір ойланбастан, облыстың Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы əкімі аппаратының бас маманы атты мемлекеттік қызметтің конкурсына қатысуға өтініш жаздым. Ал емтиханды сəтті тапсырып, конкурстан өткесін, жоғарыда көрсетілген лауазымға тағайындалдым. Содан бастап, аудан əкімі аппаратының бас маманы қызметінен облыс əкімі аппараты жетекшісінің орынбасары дəрежесіне дейін өстім. 2011 жылы «аймақ-орталық» ротациясы шеңберінде алғашқылардың қатарында Президент Əкімшілігі аппаратының мемлекеттік бақылау жəне ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімінің инспекторы болып ауыстырылдым. Кейін Президент Əкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалдым. Үстіміздегі жылғы ақпан айында енді «орталық-аймақ» ротациясы аясында Солтүстік Қазақстан облысы əкімі аппаратының жетекшісі болдым. Мен өзімнің жеке үлгіме сүйене отырып, Президенттің кадрлар ротациясы жөніндегі саясатының өте тиімді екенін жəне оның өзін өзі ақтайтынын батыл айта аламын. Өз басым Президент Əкімшілігінде қызмет атқара жүріп, мемлекеттік басқару саласында, пікірлестер командасында жұмыс істеуден орасан зор тəжірибе жинақтадым. Мен үшін «А» корпусына өту мансаптық басқыштағы қосымша ынталандыру болды. Əлбетте, сынақ алдында əжептəуір толқулар орын алды. Бір жағы бұл тəуекел сияқты көрінді. Сəтін салғанда, 10 заңды білу, мемлекеттік тілді білу тестілерінен сүрінбей өтіп, кадрларды іріктеу жөніндегі ұлттық комиссияның алдына бардым. Ал емтиханға жатпай-тұрмай дайындалдым. Соның ішінде мемлекеттік тілді жақсы білу үшін аптасына үш рет репетитормен жұмыс жасадым. Міне, соның бəрі босқа кеткен жоқ. Нəтижесінде «А» корпусының резервіне ендім. Соның арқасында Солтүстік Қазақстан облысы əкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалдым. Алда жергілікті өзін өзі басқаруды жетілдіру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру секілді көптеген тұжырымдамаларды жүзеге асыру бағытында атқаратын ұланғайыр жұмыстар тұр.

Меритократия ќаєидаттары мерейімізді ґсірді Нұрбол НҰРҒАЛИЕВ,

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданының əкімі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік бас қарудың тиімді жүйесін қа лыптастыру бастамасы бойынша

мен «А» басқару корпусына кон курстық іріктеуден өткен едім. Соның арқасында таяуда ғана Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданының əкімі болып тағайындалдым. Бұл – мен үшін мемлекет пен қоғам тарапынан білдірілген үлкен сенім, сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Бірінші кезекте туған халқымның, кіндік қаным тамған, тұлға ретінде қалыптасқан, өз-өзімді таныта білген туған жерімнің алдындағы жауапкершілік. Халық алдындағы жауапкершілік – қай елдегі болмасын мемлекеттік қызметшінің басты тілегі. Менің еңбек жолым аудандық деңгейдегі маман болудан басталды. Университет қабырға сында алған білімім, жұмыс барысында жинақтаған тəжірибем, өз ісімде кəсіби маман болуға ұмтылысым маған мемлекеттік қызметтің маңызды сатыларынан өтуге мүмкіндік берді. Облыстың ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Семей қаласы əкімінің орынбасары болған кезеңдерімде басшылық қызметте үлкен тəжірибе жинақтадым. Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семей қаласында жұмыс сапарымен болып қайтты. Шығыс Қазақстан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Семей қаласының Президенттің ерекше назарында тұрғаны қуантарлық. Мен өңірімнің экономикалық мəселелерін шешуге тікелей атсалысқаным үшін қуаныштымын. Əкімшілік реформаның «А» корпусына кадрларды іріктеу рəсімін барынша ашық, тиімді жəне демократиялық түрде өткізуге мүмкіндік бергеніне көзім жетті. Іс жүзінде меритократия қағидаттары жүзеге асырылып, мемлекеттік қызметке тең қол жетімділік қамтамасыз ете алынды. Ашық конкурстар жүйесі, тестілеу рəсімін ретке келтіру ең дарынды, еңбекқор, тиімді жұмыс істейтін кəсіпқойларды анықтауға мүмкіндік береді. Əкім лауазымына тағайындалуыммен менің қызметтік өсу жолымда жаңа кезең басталмақ. Мен халыққа қызмет етуде бар қажырқайратымды аямай, өз тəжірибемді жаңа деңгейде қолданып, мемлекеттік саясатты іске асыруды жауапкершілікпен орындауға əзірмін.

Осындай мїмкіндік берген Елбасына рахмет Серік САЛТЫҚОВ,

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданының əкімі.

Мемлекеттік қызметтің «А» корпусына кадрлар іріктеу жөніндегі бағдарлама жарияланған кезде мен өзімнің барлық мүмкіндіктерімді, артықшылықтарым мен кемшіліктерімді таразылай келіп, оған қатысуға бекем бел будым. Себебі, маған мемлекеттің өзі беріп отырған бұл мүмкіндікті пайдалану арқылы өзімнің бұрыннан баста пісіп-жетілген барлық жоспарларым мен мақсаттарымды жүзеге асыруға болатынын ұғындым. Менің үш жоғары білімім бар. Солардың бірі Ұлыбританиядағы Sheffield университетінің экономика магистрі деп аталады. Соңғы жылдары Швейцарияның Syngenta Razakhstan компаниясының Қазақстан мен Орталық Азия елдері бойынша филиалының төрағасы болып қызмет атқардым. Астық бизнесі саласында еңбек ету, фермерлік шаруашылықтармен жəне мемлекеттік сектормен тығыз жұмыс жасау менің ерекше бір баға жетпес тəжірибе жинауыма мүмкіндік берді. Тестілеуден сəтті өткеннен кейін ұлттық комиссиядағы əңгімелесуге қатысып, «А» корпусының резерв жүйесіне қабылдандым. Шынымды айтсам, бұл менің өмірімдегі ең бір күрделі сынақ болды. Дегенмен, бізге осындай мүмкіндік беріп, өзімді өзіміздің сынап көруімізге жол ашқан Президентке шексіз алғысымды білдіргім келеді. Мен бұл сынақта өзімнің білімімді іс жүзінде көрсетумен бірге, халықаралық корпоративтік басқару жүйесіндегі тəжірибемді жайып салуға мүмкіндік алдым. Менің көзқарасым бойынша, жаңа кадрлардың легі келіп құйылуымен мемлекеттік қызмет жүйесі тек байи түседі, жаңа идеялар мен бастамаларға тола түседі. Бұл өз кезегінде мемлекетті, демек, бізді де ұтысқа жеткіздіреді. Мен енді ғана Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының əкімі деген лауазымға бекіп отырмын. Мен үшін бұл – орасан зор сенім мен жаңа міндеттер. Ендеше, өзіме көрсетілген сол сенімді ақтау үшін өзіме сеніп тапсырылған ауданның əлеуметтікэкономикалық дамуы бағытында білгенім мен түйгенімді ақырына дейін жұмсайтын боламын.


4

www.egemen.kz

2 шілде 2013 жыл

Елімен етене Елбасы

Мəѕгілік Елдіѕ елордасы Жабал ЕРҒАЛИЕВ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты.

Астанаға – он бес жыл! Иə... он бес жыл! Апыр-ау, бұл не қылған он бес жыл?! Сенгің-ақ келмейді! Өйткені, көңілдегі де, көкейдегі де, көз алдымыздағы да Астана қаласы тап бір бұрыннан бар, мəңгілік орнап баяғыдан тұрған қала сияқты жүрек түкпірінде құтты бір қуаныш болып жатқандай көрінеді! Тəуелсіз ел болып қалыптасқан екі он жылдықтың аралығында, дəл осы бір он бес жылда көк күмбезінің ұшар басында Көк байрағы асқақ желбіреп тұрған дəл мынандай Ақордалы Астана салып алу мүмкін бе еді? Мүмкін болмаса да, Қазақ елінің елордасы, астанасы салынды! Əлемде Қазақ елінің Астанасы бар! Сол бүгінгі Астана қаласы өзінің таңғажайып кескін-келбетімен де, əрленген сəнімен де қазір дүние əлемін таңдандырып та, тамсандырып та отырғандығы ақиқат! Адал көңіл алаң түкпірінде жатқан осы бір ойды жалғар ендігі сөзді Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Біз болашаққа көз тігіп, елімізді «Мəң гілік Ел» етуді мұрат қылдық», деген кемел сөзімен бастағанды жөн санадық. Өйткені, бұл сөзді Елбасының өткен, яғни 2012 жылдың 14 желтоқсаны күнгі «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтқанынан ғана естігеніміз болса да, Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарудың «екі тізгін, бір шылбырын» өз қолына алған кезеңдерден бері Мəңгілік Ел болу мұратын біздің алдымызға бір бүгін ғана қойып отыр ма еді деген тағы бір ойдың сана түкпірінен үн қатары бар. Шұғылалы көгілдір көк аспанға қалықтап ұшып бара жатқан қыран құстың қанатымен желпінген жəне де тəуелсіздіктің Көкбайрағын батыр бабаларымыздың найзасының ұшымен өз қолымен көтерген сол бір қайырлы да құтты сəттен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың күні бүгінге дейін айтып та, жасап та келе жатқан əр істері мен қадамдары Қазақ елін əу бастан-ақ Мəңгілік Ел етуді тереңінен тербеп, əріден болжап ойлағандығы емес пе еді?!. Иə, солай болатын! Ақиқаты да осы! Тəуелсіздіктің баянды тағдыры Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыры, ал Елбасының тағдыры тұтас бір халықтың, барша қазақстандықтардың тағдыры болып қалыптасты да, Мəңгілік Елдің іргетасын Назарбаев өзінің кемел ойымен, ақыл мен сана түйсігіндегі көрегендігімен, тəуекелшіл ерлігімен тұрғызып бере алғандығын жəне де тұрғызып қана қоймай, сол Мəңгілік Елдің Астанасы көрікті, іргесі берік, еңсесі биік, бірлігі мызғымас, ынтымағы арзымас, ырысы таусылмас, берекесі кетпес, ырыздығы ортаймас, дəулеті шайқалмас, əлем алдындағы жүзі жарқын, сөзі өтімді, айбыны асқақ болсын деген перзенттік те президенттік те, адал ойымен бардан жоқты құрап дегендей бəрін де жасады, жасап та келе жатыр. Көңіл осылай дейді! Астана – қасиетті қазақ жеріне жүрегіне сыйған тұтас əлемді өз елі мен халқына деген шексіз сүйіспеншілігінің белгісіндей етіп өз даласына қондырып, орнықтыра білген Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіндік бір əлемі! Желмаямен желіп жүріп жер ұйығын іздеген Асанқайғы бабасындай тəуелсіз елі үшін ендігі жер ұйығын іздеген Нұрсұлтан Назарбаев Есілдің бойына ел қондырып, алғашқы қазығынан бастап өзі қағып, бүгінгі айдынды да айбынды Ақордалы Астананы дүниеге əкелгендігі біздің, яғни Қазақ елінің Мəңгілік Ел бола алатындығын дəлелдеп, осыған ең əуелі өз жұртының да, одан қалды дүние жұртының да көздерін жеткізіп, иландыра білген ұлылығы еді. «Енді келіп, XXI ғасырдағы Қазақ елін жəне ата-бабаларымыз үшін ғасырлар бойы арман болған тəуелсіздігімізді бүгінгі Астанасыз көз алдыңызға елестетіп бір байқаңызшы! Аузыңыздың дəмі кірмес еді! Бұл Астана тəуелсіздігінің лүп-лүп соғып тұрған жүрегі емес пе?!

Бұл Астана халқымыздың барлық ұлы мұраттарының Бəйтерек болып тереңге тартқан тамыры, жайқалған жапырағы емес пе?! Бұл Астана дөңгеленген дүниенің қазақ иеленіп отырған қасиетті бір жеріне орнатылған əлемнің төрт бұрышынан да көзге түсіп көрінер, алтын тұғырлы ең заңғар да ең биік, ең абзал да, ең бір азбайтын да тозбайтын мəңгілігі жолында мың өліп, мың тірілген қазақ үшін соғылған ұлы Ескерткіш! Сол ұлы да қасиетті, киелі Ескерткішті қазақ халқы үшін тұрғызып берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты өз халқының алдындағы перзенттік те президенттік парызына əмəнда адал болып келе жатқандығын жəне де өз халқы үшін небір көзсіз ерлікке бара алатын, батыл да батыр бола алатын текті де бір айрықша дара да дана қасиетін айғақтап тұр», дегенді бұдан бұрын айтқан да, жазған да болатынбыз («Əлемді жүрегіне сыйғызған» кітабы, авторы осы жолдардың иесі, 2012 жыл). Ғасырлар бойғы бодандық пен социалистік лагерьдегі коммунизм елесімен өмір сүрген сұрқия кезеңдердің саясаты бізді құрансыз да ұрансыз өмір сүруге мəжбүрледі. Ұлттық сананы өшіріп тастау үшін өткенімізге өзімізге күл шашқызды, тарихымызды өзімізге отқа жаққызды, өзімізді өзімізден безіндірді. Сөйтіп, қазақ болып туғаны үшін намыстанып, өзін өзгелерден қор санайтын ұрпақ келді дүниеге. Өзінің туған халқы үшін тарихтың осы бір қиянатшыл ақиқатын білген жəне де жан-дүниесімен, сұңғыла көкейімен сезінетін Елбасы «Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн», дегенді айта отырып, халқымыздың əріде, тым əріде жəне де тереңде жатқан тарих тамырымен бүгінгі жəне келер ұрпақтың бойына нəр таратты. Мəңгілік Ел болудың ізгі ой-мүддесін əуелі ата-бабалар ерлігінен іздеу керек деген қағиданы алға тарта отырып, қазақ даласының кеңдігі мен теңдігі үшін жəне де ұлым құл, қызым күң болмасын, ұрпағым өссін деген ниетпен ат үстінде ұйықтап, ел іргесін бірде тасадан, бірде тосыннан, біресе қасқайып келіп қарсы шабар не бір жаудан қорғай білген сол бабалар көтерген ерлік пен елдіктің Көкбайрағын өз қолында қасиеттеп ұстап келе жатқан Елбасы «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың əр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», деп осы бір ақиқатқа адал жанымен жүгінді. Сөйтті де, тарихқа тағзым етті, батырларымызға құрмет көрсетті, аруақтарға мінəжат етіп, ас берді, құрбандық шалды. Қазақтың күйзелісті кезеңдерінің бірінде орыс патшасының өктемдігіне шыдай алмай жан ашуымен кезінде өзі шапқан Ақмола бекінісін, бүгінгі тəуелсіз еліміздің Астана қаласын қақ жарып, есіле ағып жатқан Есіл өзенінің жағасындағы елорда Астана қаласына арманы орындалып, өзінің бүгінгі ұрпақтарының дəуірлі жеңісімен көңілі өскен асқақ бір мереймен екпіндете желе шауып кіріп келе жатқан хан Кененің ескерткішін тұрғызған сəтте Елбасы «кесілген басың жаттың қолында қалса да, айбының асып, рухың ел төрінде, елордасында тұрсын» дегенді де ойлаған болар. Сонау тəуелсіздік кезеңдерінің алғашқы жылдарынан бастап ел-елде, жержерде батырлар мен бабалар тойының көбейіп кетуінің сыры, міне, осы бір ел мəңгілігі бабалар ерлігі мен арманмүддесінде жатқандығынан іздесек етті деген Елбасының ойымен жүзеге асты да, талай бір батыр да қасиетті бабаларға кесенелер тұрғызылды, есерткіштер соғылды. Хан ордасы Көкшетаудағы Абылайдың, Тараздағы Бəйдібек бабаның, Ақтөбедегі Əбілқайырдың, Атыраудағы Исатай мен Махамбеттің, Қоста най дағы Ахмет Байтұрсыновтың, Қызылжардағы Қарасай мен Ағынтайдың, ақын Мағжанның, Қызылордадағы Қобы ланды мен Бұхарбай батырдың, Қарағандыдағы Қаз дауысты Қазыбек бидің ескерткіштері! Міне, бұлар бізге мəңгіліктен жеткен рухымыз!

Халықтың ерлік рухы мен ел тəуелсіздігінің жиырма жылдан астам уақыт аралығындағы Елбасының Мəңгілік Ел болу идеясымен ұштасып жатқан бүгінгі тарихи сабақтастыққа көз жіберіп, ой тоқтатар болсақ, бəрін де өз жадында қалт жібермей ұстай білетін көне тарихтың осы бір қас-қағымдық сəттеріндегі оқиғалар бізді тағы да мына бір жайға иландырғандай болады. ХХ ғасырдың сонау тоқсаныншы жылдарының тоқырауынан теңдік алуға ұласқан мемлекеттердің кез келгенінің тағдыры таразыға тартылып еді. Біздің еліміздің де осы бір кезеңде тарих аранына жұтылып кете жаздап құтылған, теңселіп барып, еңсемізді тіктеген сəттеріміз де аз емес еді. Тоқсаныншы жылдардың жоқшылығы мен шарасыздығынан ширығып, тұрмысының да қиюы қашып, соның дауы көбейіп, қазақ баласы өз басына тағы да бір төніп келген ХVII ғасырдың «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламасынан» аман қалды. Аман алып қалған Елбасы болатын! Адам баласы жаралғалы өзі жайының жақсы боларлығы мен жайлы қылар лығын ойлап-ақ келе жатыр. Сол үшін жаратылыстың тылсым сырына құлақ түріп, аспандағы жұлдыздар əлеміне көз тікті. Сол жаратылыстың құпия қойнауын да қазбалап-ақ келеді. Əлі де сол! Тіпті адам баласының осы тылсымдықтың сырын білмектегі ынтықтығы мен құштарлығының күшті болғандығы соншалықты, ол аспандағы айға да аяқ басты. Əлі де əріге кету мен жетудің амалдарын іздестіріп, бір кездері қиял болған жайлардың өздерін қолға түсіріп, уысында ұстап отырғандығы да анық жай. Бұл, бəлкім, мəңгілік тіршілік іздеудің де бір əрекеті болар! Жер мəңгілік болар, ел болса! Ел мəңгілік жасар, ер болса! Ер мəңгілік жасар, ел болса! Міне, мəңгіліктің бар тұтастығы осыған келіп саяры да бар. Алайда, осы мəңгіліктерді баянды ету жолындағы алғашқы қадамдар Елбасы үшін оңайға түсті ме? Əрине, оңайға соқпады! Соған қарамастан, Қазақстанның өзіндік даму жолын қалыптастырды. Əлемдік қоғамдастықта сенім мен құрметке ие болудың амалдарын жасады. Семей атом сынақ полигонын жауып, жарылыстан көз ашпаған Ұлы Даланың көз жасын құрғатты. Ел шеті мен жер

деген де бір мазаң ойдың шырмауында қаларың тағы да бар. Талайдан бері тыншымай отырған Таяу Шығыс дейсіз бе, сондағы «араб көктемі» деп басталған берекесіздік пен Сириядағы бітісе алмай жатқан қақтығыстар, кешелері бір аралға иелік үшін қару-жарағын сайлап, бірбіріне қыр көрсете бастаған жапондар мен қытайлықтар арасындағы дүрдараздық, екі кəріс мемлекеттері арасындағы қырғиқабақтық, ескі дүние əлемі Америка мен Еуропаны жайлап бара жатқан дағдарыс, соған қарсы халық наразылығы жəне де бауырлас ел Түркиядағы бүлікшілдік деген сияқты заманның бүгінгі көрінісі дүниенің ендігі дамуына жаңаша бір көзқарасты қажет ететін сыңайлы. Ендігі арада бұған дейін айтылған да, жазылған да «марксшіл» талай бір пəлсапалардың да, небір ғылыми тұжырымдардың да ендігі дүниенің тұрпатына тұтқа бола алмасы да анық. Біз əлем жəне дүние қажетсініп отырған осы жаңа көзқарасты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың əр бастамашы қадамынан байқап отырмыз. «Тарих адамзаттың əрбір жаңа дəуірінің алдына кең ауқымды міндеттер қояды. Бүгін ең маңызды мəселе ХХІ ғасырдағы жаһандық трансформация қиындықтарынан лайықты өту. Барлық ұлттардың арасындағы сенім мен бірлік – əлемнің əділдікпен жаңадан құрылуының негізі», деген ой айта келіп, Қазақстан Президенті тұтас əлемнің бүгінгі халіне көз жүгірте отырып, өзінің кемелді ойымен, парасатты пайым бастамашылдығымен жаhандық дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру үшін əлем ойшылдарын да топтастыра алды. Астана биылғы жылдың 24 мамыры күні VІ Астана экономикалық форумының аясында Бүкілəлемдік дағдарысқа қарсы конференция өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен тұңғыш рет өткізіліп отырған Бүкілəлемдік дағдарысқа қарсы бұл конференцияға əлемнің 132 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық саясаткерлер, сарапшылар жəне іс басындағы мамандар əлемдік экономиканың жаһандық дағдарыстан шығу жолдарын талқылады. Осы конферен цияның пленарлық отырысының моде ра торы, «Euronews» телеарнасы Вашингтон бюросының тілшісі Стефан Гробенің сөзімен айтқанда, бұл жолы

Əлемнің қазіргі жаhандануы мен түйісуінің түйіндерінен туындатып отырған жаhандық өзекті мəселелерге бейжай қарай алмайтын сол əлемнің бүгінгі ұлы ойшылдары тағы да реформатор Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-Global» бастамасының жаһандық дағдарыстың себеп-салдарларын бірлесе іздестірудегі өлшеусіз рөліне тоқталды. Бұл бүкіл əлемнің Назарбаевқа берген əділ бағасы болатын! шегіне ешкімнің көз алартпауын аңдады, шекараның қауіпсіздігін қамдады. Сан ұлт өкілдерінен құралған елдің бірлігі мен ынтымағын ойлады. Тағдыры да, тарихы да бірігіп, ортақтасып қалыптасып кеткен кешегі кеңес халқы бір-бірінен көз жазып қалмаса екен, адами қарым-қатынастары суымаса екен деген ниетпен Еуразия одағы жайлы ой салып, соның қиын соқпақты жолын тартты. Есілдің бойына ел қондырып, дүниенің төрт бұрышына есігі айқара ашылған «Мəңгілік Ел» қақпасы бар Қазақ елінің Астанасын салды! Астана өзінің он бес жылдық тарихын да жалпы Адамзаттың мəңгілік мүдделерін шешу үшін бас қосар, сөйтіп, əлемнің өркениеттер мен түрлі қөзқарастарын жақындастырушы, Жер шарының тіршілігі үшін барлық мемлекеттер мен саясаткерлердің ортақ жауапкершіліктері бар екендігін айта білген, айтып та келе жатқан ізгілікті ойлар мен батыл бастамашы қалаға айналды. Дүние мынау толқып тұрған! Əлем мазасыз. Телегей теңіздей асып-тасып, булығып, қайнап жатқан мына дүниеңіз де, амалы қалмай алаң күй кешіп жатқан бүгінгі тіршілігіңіз де жан алыс та жан берістің жайын кешіп отырған бүгінгі заманның сиқын көріп, көңіліңді бір үрейдің билейтіндігі де анық. Абай хакім айтқан «Заманды адам билемек» деген қағида шын болса, бүгінгінің адамы сол өз заманына иелік ете алмай отыр ма

да Қазақ елінің Астанасы мен Қазақ елінің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерке Есілдің жағасындағы осынау бір əсем де сəулетті қалада алтыншы рет əлемнің ең озық ақыл-ой өкілдері мен саясаткерлерінің, экономистері мен сарапшыларының жаһандық маңызды үнқатысу алаңында бастарын қосып, бүгінгі жаһандық экономиканы тұқыртып отырған əлемдік дағдарысты тығырықтан шығу жолдарын іздестірді, тың ойлар мен жаңа қөзқарастардың қалыптасуына ықпал жасады. Əлемнің қазіргі жаhандануы мен түйісуінің түйіндерінен туындатып отырған жаhандық өзекті мəселелерге бейжай қарай алмайтын сол əлемнің бүгінгі ұлы ойшылдары тағы да реформатор Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-Global» бастамасының жаһандық дағдарыстың себеп-салдарларын бірлесе іздестірудегі өлшеусіз рөліне тоқталды. Бұл бүкіл əлемнің Назарбаевқа берген əділ бағасы болатын! Көңіл осылай деп қабылдады. Дүние жүзінің ғұлама ғалымдары – Нобель сыйлығының лауреаттары біздің Астанада өз клубтарын құрды! Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-Global»-ының интернеттегі коммуникативті алаңының қызметі Астана форумын үздіксіз онлайн талқылауының орталығына айналдырды! Бұл Астана форумының маңызы арта түскендігін

жəне де Назарбаев ұсынған «G-Global» атты ХХІ ғасырдың жаңа əлемдік құрылымы идеясының аймақтық қана емес, жаһандық сұранысқа ие бола бастағандығы емес пе?! – Жаһандық дағдарысқа қарсы күрес жоспарын белгілеу үдерісі барысында соңғы жылдары өзіміз бетпе-бет келген бірқатар маңызды сабақтарды ой елегінен өткізуіміз керек. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, өткен жылдың соңында бүкілəлем ХХІ ғасырдың жаһанданған экономикасының бірінші дағдарысы тарих қойнауына кеткеніне сенгендей де еді. Бұл туралы бізді көптеген қаржы институттары барынша сендіріп бақты. Алайда, əлемнің үкілі үміті ақталмады. Кипрдегі қаржы жүйесінің күйреуі бүкілəлемдік экономикалық тұрақтылық дəуірінің ауылы алыс екенін көрсетті, – деп Елбасы «бұл ең алдымен қаржы көбіктерін жасанды түрде «үрлеу» жəне «жеңіл ақшаға» деген құмарлық, жаһандық қаржы жүйесін басқарудағы əлсіздік, ұлттық қаржы институттарының тиісті жауапкершілігінің жоқтығынан болып отыр» деген ақиқатты да ашық айтты. Астана жер жаhанға ХХІ ғасырда əлемге жаңа экономикалық үлгінің қажеттілігін алға тартты! Астана «адамзат өндірген өнімдер қоғамның əрбір мүшесінің гүлденуі жəне бақыты үшін жұмсалуы керек», деген дүние жұрты бұрын-соңды естіп көрмеген ой айтты! Астана «жасыл» энергетикаға көшу жəне «жасыл» технологияны өндіріске енгізу – бұл жаһандық экономиканың дамушы векторы бола алатындығын мойындатты! Астанада ұйымдастырылған жаһандық мəні бар осы ірі форумға қатысушы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 67-ші сессиясының президенті Вук Еремичтің «Мұнда келгеннен кейін Астана қаласын, оның барынша сəнді де ғажайып ғимараттарын көріп таңданысқа бөлендім. Астана өзінің осындай адамзат қауымын ортақ үнқатысуға шақырған бастамаларымен нағыз бейбітшілік қаласына айналып келеді екен. Осы қалаға оның «Бəйтерек», «Қазақ елі», «Хан Шатыр» секілді сəнді ғимараттары мен ескерткіш монументтері керемет жарасымын тауып, өзінше бір мағына беріп тұрғандай. Иə, Астана бүгінгі күні адамзат прогресінің маңызды бөлігіне айналуда», дегенді айтуы бүгінгі əлемнің Қазақ елінің Астанасына берген баға жеткізгісіз əділ пікірі мен орынды ойы деп қабылдануы керек! Жəне де Грузия демократиялық қозғалысы партиясының төрайымы Нино Бурджанадзенің «Қазақстанның əсем астанасын көріп, осында өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумының жұмысына қатысып, үлкен ойға қалдым. Қазақстан өз тəуелсіздігіне ие болғаннан бері қатты дамып кеткен екен. Сіздер тəуелсіздіктің игіліктерін шын мəнінде тиімді пайдалана білген екенсіздер!», деген сөзіне сүйсіне отырып, «иə, біз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген де кемел ойлы Елбасының арқасында тəуелсіздіктің игіліктерін шын мəнінде тиімді пайдалана білген елміз!», деген сөзді бізден бұрын жат айтса да, соны асқақ үнмен қайра бір қайталағың-ақ келері бар! Тарих ақиқатты сүйеді! Сол ақиқатқа жүгіне отырып, тəуелсіздігіміздің алғашқы бір кезеңдерінде, яғни 1997 жылы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясы сол біз айтып отырған Мəңгілік Ел болуды мұрат тұтқандығы екендігін енді ұғына бастағандығымызды айтайық. Əйтпесе, əлі де болса бағыт алған тəуелсіздік көшінің қайда барып тұрақтарын біле алмай отырған сонау бір қылталы тұста қалың ел болып «біз қайда, 2030 жыл қайда?!» деген күдікті бір оймен таңданысты жағдайда жүрер ме едік?! Енді, міне, сол күдік жоққа шығып, стратегияның ақиқатқа айналғандығына да куəміз! Осы орайда Елбасы өз Жолдауында «2030» Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде. Бүгінгі күні біздің əрқайсымыз «2030» Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты», деп мəлімдеген де болатын.

Соңғы екі он жылдықта ғана əлемдік саяси картада пайда болған Қазақстан Республикасының 2012 жылы Бүкілəлемдік банктің «бизнесті жүргізу» рейтингі бойынша біздің еліміз 49-шы орынды иеленсе, «инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша 10-шы орынға шықса, Бүкілəлемдік экономикалық форум белгілеген бəсекеге қабілеттілік рейтингі бойынша Қазақстан қазірдің өзінде 51-ші орынды иеленіп отыр. «Біз осыдан бірнеше жыл бұрын мен күн тəртібіне қойған еліміздің əлемдегі бəсекеге ең қабілеттілік 50 елдің қатарына кіру туралы міндетті орындауға жақын қалдық», деп Елбасының айтқаны біздің ісімізге қанат бітірері де сөзсіз. Қазіргі Тəуелсіз Қазақстан өзінің жаңа саяси бағыты – «Қазақстан-2050» Стратегиясын белгілеп, ендігі арада əлемнің ең дамыған 30 елінің бірі болу мақсатын қойып отыр. Бұл жаңа саяси бағыт дамудың өскелең инновация лық экономикасы мен əлеуметтік қағидаттарға негізделіп, ол ең бастысы – «экономика – энергетика – экология» атты үш негізгі тұғырларды таяныш етпекші. Елбасы мұны «алыста сағым қуған елес емес, нақты адамзаттың жоғары сұраныстарына негізделген ақиқат», деп жалпы адамзат тіршілігінің ендігі көзі мен негізін нақтылы ойымен айқындап бере алды. Адам баласының жер бетінде мəңгілік өмір сүруге хақы бар екендігін ұдайы айтып келе жатқан Назарбаев жер қойнауында қазба байлықтары, соның ішінде көмірсутегі кен орындарының жетіп артыларына да қара мас тан, болашақта балама қуат көздерін дамытуды да адамзаттың алдына тартып отыр. Бұдан бұрын да Назарбаевтың əлемдік қауымдастықтың қолдауына ие болған Рио-де-Жанейро саммитінде ұсынған жаһандық энергия-экологиялық стратегиясы туралы бастамасы мен «Жасыл көпір» жоспарының жүзеге асарына енді төрт жылдан кейін Астанада ЭКСПО-2017 Бүкілəлемдік көрмесінің «Болашақтың энергиясы» ұранымен өткізілетіндігі де сенімді нығайта түсері бар. Қазақстан жəне оның Президентінің енді келіп болашақтың энергиясын іздестіре бастауы жəне де соған əлемнің барлық ойшылдары мен ғалымдарының назарын аударуы Назарбаевтың жалпы адамзаттың мүддесіне қызмет етуі емес деп айта алар ма екенбіз?! Иə, бұл, яғни, «жасыл жарақтандыру» адамзат баласының алдағы мыңжылдықтардағы ғұмыры мен мəңгі жасауының тағдыры да болары анық. Елбасының мəңгілікке қызмет ету ісінің бір парасы, міне, осыған келіп саяды! Астана жəне де Еуропа мен Азияның ұштасқан тұсында орналасқан Қазақстан жаңа ғасырдағы адамзат өркениетінің мүдделерін белгілеп, оны айқындай түсуде тағы да көшбасшылық жасай білді. Бұл Назарбаевтың «адамзаттың бəрін сүй бауырым деп» деп Абай хакім айтқандай, мансаптық пендешілігінен ада жаны мен арының тазалығы мен адалдығы дер едік. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мəскеу Мемлекеттік университетінде осыдан 20 жылдай бұрын Еуразия одағы идеясын ортаға салса, бұған қаншама қарсыласып, мойынсұнғысы келмегендердің ырқына да қарамастан бұл идея ақыры өмір шындығына айналды, ол өзінің өмірлік маңыздылығын да айғақтап тұр! Бұдан кейін Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыруға зор ықпалы тиген Ресей, Беларусь, Қазақстан елдерінің қатысуымен Кеден одағы құрылды. Міне, əлем қазіргі орын алып отырған жаһандық экономикалық дағдарыстан шығудың жаңа экономикалық əрі жаңа қаржылық жүйесін іздестіріп жатқан шақта Қазақстан Президенті осылайша болашақтың мүддесіне бір аттам батыл қадам жасады. Мəңгілік Елдің Астанасынан бастау алған адамзаттың тағы бір үмітті болашағы əлем кеңістігін шарлап кетті! Бұл күндері Астана қаласының қасиетті қазақ жеріндегі аумағы ғана қанат жайып, ұлғайып бара жатқан жоқ, Астананың жер жаhандағы абыройы да, ізгілікті істері де ұлғайып, өсіп, дəуірлеп барады. Мəңгілік Елдің Астанасы солай болуы да керек қой!


5

www.egemen.kz

2 шілде 2013 жыл

кіріпті. Жəне осы тізімдегі алдыңғы қатарға шығатын мемлекеттер ішінде Еуропадан жалғыз Польшаның табылатыны да қызықты көрінді. Мемлекет басқарған жылдарында өз елдерінің дамуы мен табыстарға жетуіне айтарлықтай əсер еткен тұлғалар қатарында Ангела Меркель, Ху Цзиньтао, Владимир Путин, Уго Чавес, Нұрсұлтан Назарбаев аталса, ел беделі мен дамуының құлдилауына себепкерлер қатарында кіші Джордж Буш, Хосни Мүбəрак, Хафез Асад, Муамар Каддафи, Сильвио Берлускони аталған. Саяси көшбасшылар ішінде өз елінің дамуына əсер етпеген көшбасшы тізімін Францияның экс-президенті Николя Саркози мен Куба басшысы Рауль Кастро бастапты. Ал болашақта əлемдегі «жаңа жолбарыстардың» тізіміне кімдер кірмек деген сауалда да Түркия, Индонезия, Вьетнам, Ираннан соң Қазақстан тұрғанын да ғалым айтып өтті. Тағы бір назар аударар жайт, Владимир Путин, Хосни Мүбəрак, Хафез Асад, Муамар Каддафи, Александр Лукашенко сынды көшбасшылардың есімдері екі тізімнен де түрлі деңгейде көрініс тапса, Нұрсұлтан Назарбаев тек бір тізімде оң ықпал етуші қатарында ғана аталған.

қатар, еліміздің шекара мəселесінде шетін жайдың жоқ екенін алға тартты. Мысал ретінде Қытайды келтірген ол осы бір ірі елдің шекараға келгенде шағын көрінгенімен, елге кəдімгідей əсер ететін проблемаларының жиі бой көрсететінін айтты. Ол, сонымен бірге, Қазақстанның алға қойған мақсаттарын бағындыруда кедергі болады-ау деген жайттарға де тоқталып өтті. Сарапшылар келтіргендей, мен де бұл ретте елде ұлтшылдықтың дамуы мен діни экстремизмнің экспортталуы жəне көпвекторлы интеграциядан бас тартуды үлкен кедергі санаймын, деді. Тұсаукесерге қатысушы қазақстандық профессор Арыстан Есенғұлов өз сөзінде Қытай экономикасының үлгі ретінде айтылуына қарсылығын білдірді. «Рас, – деді ол, – Қытайдың дамуы айрықша, бірақ оның экономикасы əлі мықты емес, ІЖӨ 15-17 пайызға дейін де артуы мүмкін, алайда Қытай азаматтарының көпшілігі əлі де болса кедей тұрады. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында дағдарыс келгенде Жапония өз экономикасын тез арада жоғары технологияларға бұра алды. Жалпы, дағдарыстың екі жағы бар. Оның бірі– сол кезеңде халықты қиналту

айқындап алуға тиіспіз. Осылайша ғана біз дамып кеткен елдерді қуып жетіп, ортасынан орын алатын боламыз. Егер тарихқа қарасақ, мұндай мақсаттарды алға қойған елдер аз болмаған, бірақ олардың барлығы сол мақсаттарына жете алмады. Мəселен, оның айқын мысалы ретінде Аргентинаны келтіруге болады, олар алға кетудің орнына артқа шегінді. Сондықтан біз қуып жететін экономиканы емес, жаңғыртылған экономиканы бетке ұстауымыз керек. Бұл ретте технологияларды да, шығаратын өнімдерді де, бизнесті дамытуды да жаңғыртуға, өзгертуге тиіспіз. Тұсаукесерге қатысушылар өз ойларын ортаға салып болған соң залдағы журналистер сауалдар қойды. Оның бірі жоғарыда Маслов келтірген Қазақстандағы ұлтшылдық үдерісінің артуы мəселесіне арналды. Сауал қоюшы бізде «ұлтжанды» жəне «ұлтшыл» деген ұғымдар бар. Олардың мəні бір-біріне қайшы. Біз қазақстандықтар өзіміздің тəуелсіздігімізді мақтан тұтамыз. Жəне оның əлемдік қоғамдастыққа пайдасы тиюін қалаймыз. Біздегі ұлтқа қызмет етуде, ұлтжандылықта толеранттылық, өзгелерді құрметтеумен қатар, өзіңнің құндылықтарыңды қастерлеу бар. Сондықтан, сіздер жоғарыдағы ұлтшылдық мəселесіндегі тəуекелді өзгеше сипатта қарастырсаңыздар, деген ойын жеткізді. Алексей Маслов: «Өкінішке қарай, орыс тілінде «национализмнің» қазақ

Мұнан кейін сөз алған Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу сарапшылардың даму үдерісінің Азияда өрбитіндігі турасындағы пікірлеріне өзінің де ойысатынын, ал сол тізімнен Қазақстан табылуы жайында, əрине, Қазақ елінің оған əлеуеті əбден жеткілікті деген пікірін жеткізді. Ресейлік белгілі синолог ғалым Алексей Маслов: «Мен Азия тақырыбын əрі қарай жалғағым келіп отыр», деп сөз бастаған. Ол сарапшылар жасаған пайымдардың негізінен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған дүниелерге сүйенетінін, бұл ретте дұрыс жолға қойылған пиардың, əр елдегі жағдайды дұрыстап жеткізе білудің үлкен көмегі болатынын алға тартты. Еуропадағы мультимəдени дамудың тоқырауға ұшырап отырғанын тілге тиек еткен шешен Азиядағы, оның ішінде Қазақстандағы этносаралық жəне дінаралық толеранттылықтың жемісті болуын дұрыс үлгі деп пайымдайтынын айтты. Осы жерде Алексей Маслов назар аударған бір мəселеге тоқтала кеткен жөн. Оның айтуынша, ел өркендей түскен сайын оған келуші мигранттардың саны да арта түспек. Ал сол уақытта жағдайдың алдын алып, оған қоғамды дайындап үлгерген елдер өз дамуын жалғастыра береді. Қайткен күнде де мигранттар ағыны коғам алдына түрлі мəселелерді – əлеуметтік, діни жəне өзге де проблемаларды туындатуы əбден мүмкін. Өкінішке қарай, Франция мен Германия бұл іске дайындықсыз келудің теріс үлгісін көрсетті. Шешен Қазақстанның бейбіт жолмен қарқынды дамуындағы Елбасының рөліне тоқтала келе, ішкі тұрақтылықпен

болса, екіншісі –адамзат баласын одан шығудың жолдарын іздестіретін, тың бағыттарды тауып, алға жылжытудың қайнар көзі болатындығы. Сондықтан дағдарыстан кейін дамудың орын алуы да заңдылық. Егер біз саясат пен экономикадағы ресурстарымызды дұрыс бағыттасақ, Елбасы алға қойған мақсатымызға жетеміз. Жəне оны жүзеге асыруда өз діліміз бен ұлттық ерекшелігімізді, тарихи даму жолымызды есте ұстап, ол биіктерді бағындыруға қандай проблемалар қолбайлау болатынын, қандай реформа жүргізу қажеттігін

тіліндегідей оның жағымды жəне жағымсыз ұғымдары жоқ. Негізінен сарапшылар елдің тəуелсіздік алуын, ұлттық сананың өсуін оң жетістік деп бағалайды. Ал бұл жердегі мəселе ұлтшылдықтың кері мағынасында, бір этностың екінші біреуден артықшылығын көздейтін ұстанымында болып тұр», деп жауап берді. Дүние дидарындағы сөзі салмақты сарапшылар бағаларының басын қосқан бұл баяндама əлемге əлеуеті əйгіленген Қазақ елінің абыройын асыра түсті. Осындағы болжам біздің болашағымыз жарқын деген сенім ұялатады көңілге.

Əлемге əлеуеті əйгіленген Кеше «Қазмедиа» орталығында «Дағдарыстан кейінгі əлем» халықаралық қорының биылғы жылғы ақпан-мамыр аралығындағы зерттеулерінің қорытындысы бойынша жарыққа шыққан «Перспектива-2050: əлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» атты жинағының тұсаукесері өтті. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен зерттеу жүргізген халықаралық қор жайында біраз мəлімет берген жөн болар. Қор тəуелсіз сараптау орталығы ретінде 2009 жылдан бері жұмыс жүргізіп келеді. Ал осы жолғы зерттеуге əлемнің 63 елінен əр саланы қамтыған 303 сарапшы қатынасқан екен. Олардың ішінде экономистер мен қаржылық сарапшылар, компаниялардың топ-менеджерлері мен иелері, экономика, саясат тақырыбына қалам тартушы журналистер, жаратылыстану саласының ғалымдары, қоғамдық жəне гуманитарлық саладағы зерттеушілер мен саясаткерлер, шенеуніктер, қысқасын айтқанда, өз елдеріндегі түрлі проблемаларды шешуде пікірлері ескерілетін, болмаса олар жазған мақалалар арқылы қоғамдық ой-пайым қалыптасатын белгілі дəрежедегі белсенді адамдар бар. Əрине, кім өз елінің бағасы осындай сарапшылар тарапынан оң бағасын алсын демейді, алайда, əлем дамуын дағдарыс шегеріп тұрған алмағайып заманда еліңнің жақсы тұстардан көрінуі еңсе тіктететіні анық. Сөйтіп, өткендегі жетістігіңе қуанып, оны ой таразысынан өткізіп, болашақта нені бағдар тұтуға

болатынына мүмкіндік алғандайсың. Тұсаукесерді ашқан Президент жанындағы Орталық қоммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев алғашқы сөзді «Дағдарыстан кейінгі əлем» халықаралық қорының директоры Екатерина Шиповаға ұсынды. Оның айтуынша, сауалдамаға қатысушылардың 30 пайыздайы қазіргі əлемдегі даму сипатын ықпал етушілердің арасалмағының ауысуымен, яғни оның Батыстан Шығысқа жылжып, атап айтқанда, азиялық бағыт алуымен байланыстыратын көрінеді. Жəне сарапшылар қауымдастығының көзқарастары оптимистіктен гөрі пессимистік бағытта, деген ол өткен ғасырда сарапшылар даму үдерісін табиғи қалыпты жағдай деп есептесе, қазір олай емес, келесі буын біздерден нашар өмір сүреді, даму үдерісі орталықтан шет жақтарға қарай жүреді деген заңдылық та өзгеріске ұшырайды жəне əр аймақтың өзінің даму нүктелері, орталықтары болады деген пікірлер туып отырғанын қаперге салды. Бір айта кетерлігі, даму бұрынғы өркениет бесіктері Еуропа, АҚШтан өтіп, алдыңғы кезекте Азияда қарқынды жүрмек, осылайша саяси, экономикалық, əлеуметтік стагнацияға ұшыраған əлемдік анклав қалыптасуы

мүмкін деген сараптаулардың болғанын таратып берді. Зерттеулер дамыған елдер мен дамушы елдердің жəне посткеңестік елдердің аясында жасалған екен. Сауалдамалар көрсеткендей, жаһандық ықпал етудің «қайта бөлу» үдерісі қазіргі заманғы ықтимал қатерлер– табиғи ресурстардың азаюы, бірінші кезекте көмірсутектерінің, одан кейін ауыз су мен азық-түлікке қатысты жүргізілмек жəне бір қызығы – бұл ретте ол демографиялық өсімге байланысты болмауы мүмкін екен. Бұған қоса, адамзат алдынан экологиялық проблемалар шығып, ресурстар тапшылығы өз дегенін жасайды, түптеп келгенде ол алдағы геосаяси тепе-теңдікке өз əсерін тигізеді, деген ғалым біздер үшін қызықты сауалдаманың мынадай қорытындыларын жария етті. Мəселен, ел дамуына мемлекет тарапынан жасалған жоспарлау əсер ете ме деген сауалда алдыңғы орынға Қытай, АҚШ, Германия, Жапония, Ресей жəне Қазақстан шығыпты. Сарапшылар бұл ретте Ресейді жоғары топқа енгізгенде КСРО тəжірибесін еске алса, ал Қазақстан жайында оның бүгінгі ісін алға тартқан. Бір кездері қабылданған «Қазақстан-2030» бағдарламасын жүзеге асырған ел енді одан арғыны болжап, алдына 50-ші жылға дейін бағдар ұстап отырғанын оң бағалаған. Келесі бір слайдта 2050 жылдары əлемге ықпал етуде өзінің қазіргі деңгейін жоғалтатын елдер арасында АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия, Ресей көрінсе, ал сол жылдары ықпалы үстем болатын мемлекеттер қатарына Иран, Вьетнам, Нигерия, Малайзия, Қазақстан

 Сүйінші!

А-ШЫЛ-ДЫ!

Кеше 1 шілде күні Астанадағы «Қазмедиа орталығында» «KAZsport» мемлекеттік спорт телеарнасының салтанатты ашылу рəсімі болып өтті. Отандық электронды ақпарат құралдары сапынан тұңғыш рет орын алып отырған айтулы арнаның ашылуына Үкімет мүшелері, сала басшылары, еліміздің белгілі спортшылары, Олимпия мен Азия ойындарының чемпиондары, белгілі жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері қатысты. Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Шараны белгілі тележурналистер Азамат Сатыбалды мен Гүлназ Əлімгерей, 2000 жылғы

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, атақты балуан Ислам Байрамуков жүргізді. Рəсімдегі алғашқы сөздің кезегін Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед алды.

– Осыдан тура бір жыл бұрын Елбасымыз барша қазақстандық көрермендер үшін арнайы спорт телеарнасын ашуға тапсырыс берген болатын, – деді министр өзінің сөзінде.

Отандыќ тўѕєыш спорт телеарнасы ґз кґрермендеріне жол тартты

– Тəуелсіздік жылдары Мем лекет басшысы қамқор лы ғының арқасында отандық спортты дамытуға орасан зор көңіл бөлініп келеді. Астана мен Алматыда əлемдік биік талаптарға сай келетін ғаламат спорт ғимараттары салынды. Бұл елде спорттың жаңа дүмпуіне жол ашып берді. Спортқа деген үлкен қамқорлық нəтижесінде қазақстандық саңлақтар Лондон Олимпиадасында əлемнің көптеген алпауыт мемлекеттерін артқа тастап, 12 орынға қол жеткізді. Қысқы Азия ойындарында құрлықтың Қытай, Жапония жəне Оңтүстік Корея сияқты спорты күші дамыған елдерін басып озып, бірінші орын алды. Осының бəрі Мемлекет басшысының ұлттық спортқа деген қамқорлығының нəтижесінде мүмкін болып отыр. Бүгін мен даңқты спортшыларымыз бен барша спорт жанкүйерлерін жаңа телеарнаның ашылуымен шын жүректен құттықтап, «Қазспортта» жұмыс істейтін əріптестеріме зор шығармашылық табыс тілеймін. Спорт жəне денешынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, спортпен шұғылданатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға көтеру көзделіп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ «KAZsport» мемлекеттік тұңғыш спорт телеарнасының ұлттық спортты насихаттау мен жалпы еліміздегі спортты дамытуға өз үлестерін

қосатынына сенім білдіріп, жаңа арнаға сəттілік тіледі. Жаңа телеарнаның ашы лу рəсімінде сонымен қатар Халықаралық Олимпиялық комитеттің президенті Жак Роггенің осы оқиғаға байланысты құттықтауы бейнебаян арқылы көрсетілді. Əлемдік деңгейдегі үлкен спорттық қозғалыстың жетекшісі өзінің Жолдауында соңғы жылдары Қазақстан спортының қарқынды дамып келе жатқанын айтып, еліміз саңлақтарының халықаралық жарыстарда қол жеткізіп жүрген жетістіктеріне ерекше екпін беріп өтті. Шараға қатысушылар осыдан бірер күн ғана бұрын Францияда басталып кеткен «Тур де Франс» көпкүндігіне қатысып жатқан «Астана» велокомандасы мүшелерінің де осылайша бейнебаян арқылы құттықтауын экран жүзінде көріп тыңдады. Келесі кезекте «KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшəріп жиналған қауымға арна ұжымын түгелдей таныстырып шықты. Соның соңын ала бірнеше эстрадалық топ жұрттың рухын көтеретін патриоттық сарындағы əндер айтып, кештің көрігін қыздыра түсті. Бұдан кейін 1980 жылғы Мəскеу Олимпиадасының чемпионы, классикалық күрестің шебері Жақсылық Үшкемпіров, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, жеңіл атлет, Парламент Мəжілісінің депутаты Ольга Шишигина, Олимпиялық ойындардың екі дүркін чемпионы, ауыр

атлет Илья Ильин, сондай-ақ шах маттан төрт дүркін əлем чем пионы Бибісара Асаубаева мінбеге көтеріліп, жиналған жұртшылықты таза спорт бағытындағы жаңа телеарнаның ашылуымен құттықтады. Құттықтау мен ізгі тілектерден соң «KAZsport» мемлекеттік спорт телеарнасының тұңғыш көрсетілімін жұрт назарына ұсынуға ұласты. Енді сөздің орайында жаңадан кереге керіп жатқан жас арнаның бұдан бірнеше жыл бұрын ірге көтерген «Мəдениет», «Балапан» сияқты телеарналар мен аймақтардағы 14 телекомпанияны топтастырып отырған «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енетінін де айта кетуіміз керек. Бұл аймақтық инфрақұрылымның кең тармақты екендігіне байланысты осылай жасалды. Осының өзі əредік облыстарда өтіп тұратын спорт жарыстарын арна арқылы күллі елімізге сапалы етіп таратып отыруға мүмкіндік береді. «KAZsport» телеарнасының хабарларын «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі мен кабельдік жүйедегі операторлардың қызметтері арқылы көруге болады. Спорт арнасын құру кезінде «Евроспорт», «Sky sport», ESPN, «НТВ-плюс спорт» секілді əлемнің үздік спорт арналарының тəжірибелері есепке алынған. Бұлардан бөлек, «Спорт Украина» (Украина), «Идман» (Əзербайжан) телеарналарымен де əріптестік тығыз байланыс орнатылған. «KAZsport» телеарнасы қазір

эфирде күніне 20 сағат көрсетілім көрсетуді жоспарлап отыр. Мұнда таралатын жалпы хабардың 70 пайызы тікелей жəне түпнұсқа трансляциялардан тұрады. Олардың негізгісі Қазақстанда кең етек жайған спорт түрлері бойынша өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бəсекелер болмақ. Спорт шаралары туралы телекөрсетілімдерді қазақстандық белгілі спорт журналистері қазақ жəне орыс тілдерінде жүргізеді. Хабар таралымының 20 пайызы спорттық бағдарламалар мен жаңалықтардан құралады. Ал қалған 10 пайызы деректі фильмдермен толықтырылады. Бұған қосатын тағы бір жаңалық, осы айдың өзінде арнаның тікелей эфирдегі көрсетіліміне қазіргі күндері жүріп жатқан«Тур де Франс» веложарысы, Ресейдің Қазан қаласында өтетін жазғы Универсиада, Испаниядағы су спортының түрлері бойынша əлем біріншілігі, сондай-ақ «Уимблдон» теннис турнирі енгізілген. Сол сияқты күзде Алматыда шаршы алаңды шайқалтатын бокстан əлем чемпионаты да осы бағдарлама шеңберінде тұр. «KAZsport» мемлекеттік тұңғыш спорт телеарнасының негізгі мақсаты саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау, көпшілікті денешынықтыру мен спортқа жұмылдыру жəне ұлттық спорт түрлерін дамыту болып табылады. ––––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


6

...Сар даланың сағымы да салқын тартқан қарақоңыр күзі. Ағынды Жайық, Ақ Жайық арыншыл атының басын іркіп, өзен бетіндегі өліара шақтағы өрекпіген толқындар өзегін басып, өрісін тұсап, батыстан жөңкіген кіршең бұлттар кірбіңі басым алабауыр аспанға өрмегін жайып жонданып, қанатын керіп қомданып, қабағын түйіп долданып келе жатады. Сарайшықтың қоңыр күзі осы. Бағзы заманда да осылай болған шығар. Ақ Жайықтың айдынында алтын қайықпен жүзген алтын шолпылы ару алтын ескегімен көңілінің сəулесін сызған сұңғыла су да осы. Жапондардың жертесер ғалымдары жете зерттеген көрінеді: су да адастырмас ақпараттың қайнар көзі екен. Оның да құлағы мен көзі, жаны мен қаны, тілі мен ділі бар деседі. Құранға құлап, Алланың ұлы кітабына жүгінсек те осы ой сыры терең сүрелерден сөйлеп қоя береді. Судың сөзін тыңдасаң, санаң сан саққа жүгіріп, сүргінге түсесің. Сол сулардың бірі – жарқырап аққан Жайықтың жағалауына келгенбіз. Биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы кешенде жатқан 7 ханның əзіз есімдерін күбірлей оқып, əрқайсысына дұға бағыштап, қара мəрмəр құлпытасынан сипап, көңіліміз көншігендей. Мөңке Темір – 12661282 ж.ж., Тоқтағу – 1291-1312 ж.ж., Жəнібек – 1343-1353 ж.ж., Əмір-Оқас – 1440-1447 ж.ж., Қасым хан – 15111518 ж.ж., Ших Мамай – 1542-1549 ж.ж, Жүсіп хан – 1549-1554 ж.ж. Бұлардың əрқайсысының өмір сүрген, билік құрған, шайқасқан, соғысқан, жеңген, жеңілген жағдайларының өзі бір-бір кітапқа жүк болғандай. Үлкен тарихымыздың бір-бір бөлшегі. Үзілген, сынған, жоғалған. Тек даламыздың əр қиырында қоянжонданып обалары ғана жатыр. Саздауға біткен Сарайшықтың сарсаңкесек топырағында мəңгілік дамылдап жатқан жеті ханның рухына тəу етуге келген азын-шоғын жұрттың алдынан шыққан мұражай қызметкері əуелгі сөзді əлімсақтан бастап, келушілердің көшін кесенеге қарай бастады. Кіді күздің тістеуік желі аспанда шұбырған ала бұлттарды жөңкіте айдап, жеті ханның басындағы ақшулан тартып, аққауданға айналған ағаштарға байланған ақзондарды жұлқып-жұлқып өтеді. Əркім өз ойымен əуре. Бағзы Алтын Орда мен бүгінгі баянды Ақорданың арасында алыпқашып жүгірген жадымыз көркі де көлемі де Кремльге көзқұрты болып сыланған Сарайшықтың топырағын басып тұрған біздерге өткен дəуірлердің өлеңін жеткізгендей. Еділден аққан сызашық, Біз көргенде тебінгіге жетер-жетпес су еді, Телегейдей шайқалтып, Жарқыраған беренді Теңіз етсе, Тəңір етті. Екі судың ерені, айдын судың берені Еділ туралы сөз. Шамырқанған Шалгездің шарт жүгініп айтқан сөзі. Еділді айтсаң, тарихи жырдың тел емген төркіні Жайық жүрегіңнен жылжып ағып шыға келеді. «Еділ-Жайық екі су». «Айналайын Ақ Жайық, ат жалдап өтер күн қайда?» (Махамбет). Бəрін көрген, бəрін бастан кешкен, бəрін бастан өткерген Ақ Жайық сыңарына қарай сыңсып тартып барады. Бейуақ заманның белгісі қайда? Осында. Сыры кетсе де сыны кетпеген Сарайшықтың сұлбасы қайда? Осында. «Қара қазақ баласын хан ұлына теңгерген» баһадүр батырдың рухы қайда? Осында. Əттең, қапыда айырылып қалғанымыз болмаса. Қарға бойлы Қазтуғанның «қайран да менің, Еділім» деп жылағаны болмаса. Иманы кəміл Иманғали бауырымыздың əкімдік атқа қонған тұсында Сарайшық күлге батқан кеудесін көтеріп, жəдігер болып қайта сөйледі. Топыраққа көмілген тарихымызды аршуға аршындап кірісіп, қарқындап қайраткерлік танытқан азаматтың алдынан əрқашан алғыс шықсын. Сол кезеңде құмбыл қимылдап, құлшына жасалған халықтық істің басы-қасында болып, орайын келтіріп, орнына əкеліп, Елбасымыздың өзі бас болып, ел жадын жаңғыртуға елеулі үлес қосылды. Талай ғасырлар бойы топырақ астында жатқан тарихтың тілі шешіліп, тұсауы алынды. Сарайшық секілді сандаған қалалар туған байтақтың қай қиырында да жетеді. Бұлар да адамзат перзенттері. Адамның құдіретті қолымен жасалған. Сол адамның қаскөй қолымен қираған. Бұлардың да туған, гүлденген, қираған, обаға айналып, опат болған жылдары бар. Қазақ байтағындағы ең көне қалалардың бірі – Сарайшық туралы алғаш жазба дерек қалдырған араб жиһангері Ибн-Баттутаның мəліметі бойынша қолөнері мен саудасы тең дамыған, «Ұлысудың бойындағы əсем қала». Қасқа жол салып, қазаққа жөн сілтеген Қасым хан хандығының тұңғыш астанасы. Көре алмаған Кремль дейтініміз, қаланы 1580 жылы орыс патшасы Иван Грозныйдың арнайы жіберген атты казактары қиратып, жермен-жексен еткен. Сол кездегі Сарайшықтың келбетін бүгінгі

www.egemen.kz

Кремльден көруге болады. Мəселенің мəні тереңде жатыр. Құм астында булығып, мұңайып жатқан мұндай шаһарлар аз ба қазақ жерінде. Жетеді. Алтайдан тартып, Сарыарқаны сауырлап, Терістікті түгендеп, Сыр бойына сұқтанып, Атырауға қарай өкше көтерсек, тарих тізімі толып шыға келеді. Хижрадан қырық жыл бұрын іргесін көтерген тарихи Тараздың маңайы тас үйінділерден кеудесін көтеріп, күмбірлеп сөйлеп қоя береді. Маңғыстауда жалпы есеп бойынша жиырма мыңға жуық көне ескерткіштер, күмбездер мен жер асты мешіттері, обалар мен балбал тастар, қауым басында қарайып тұрған сан алуан құлпытастар бар. Бұлардың əрқайсысы əлі жазылмаған, авторын күтіп жатқан жұмбақ кітаптар. Басқаны былай қойғанда, қазақ даласының əр қиырынан табылып жатқан, табылған сайын əлем ғылымының наза-

2 шілде 2013 жыл

Байтақ еліміздің қай қиыры мен бүйірінде де топырақ астынан тіріліп шығып, туған жұртына тіл қатып жатқан тарихи мұралар: тас обалар мен қорғандар, алтынмен апталып, күміспен күптелген хандар мен ханымдар, бектер мен ханшайымдар біздің тарихты беріден əріге, алыстан қиянға алып бара жатыр. Сол ұлан көшке, ұлы қозғалысқа күн салып, күрсіне қараған кезең енді өткен күнге айналып, барымызды базарлап, жоғымызды азандап, тапқанымызға қуанып, танығанымызды ұстап жатырмыз. Алаштан байтақ оздырып, өткенге мойын создырып, көңіл қозында қалған тарих шоғын қоздырып, ел болып еңсе тіктеген жайсаң бір жарқын кеңес жақында болып өтті. Жақында деп жатқанымыз тарихи өлшемге қарай мойын бұрып, өкше көтергеніміз. Бұған да ай аунап, апталар жүгіріп кетті. Еуразия даласының ендігі мен бойлығын елеп-екшеп қараған, өткен тарихын

сөзге жан бітіргендей. Əрі тарт пен бері тарттың арасында жүргендерді былай қойғанда, үнемі сыншыл əрі міншіл оппоненттердің өздері де бұл кеңестің мақсаты мен мəніне «бəрекелді» деп, оң рай, орынды қабақ танытты. Қалай болғанда да, халық тарихын түгендеуге келгенде бір жағадан бас, бір жеңнен қол, бір ауыздан сөз шығарған ұлт ұланына ортақ абырой болса керек. Өйткені, кеңестің басты мақсаты – «Қазақстан тарихын анағұрлым терең зерттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру». Жұмылу, жұмылдыру. Ұмтылу, ұжымдасу. Бірігу, бірлесу. «Біз мұндай міндетті шешуге дайынбыз ба?». Əрине, дайынбыз. Егемен елміз, тəуелсіз мемлекетпіз, дербес қоғамбыз. Біреуден тартып алатын, біреуден сұрап алатын, біреуден қарызға алатын жағдайымыз жоқ. Жетілген, баяны бар, бай тарихы бар, байсалды өмірбаяны бар, мəдени-рухани

ғалымға айналуы тиіс. Осылай қараған кезде əрбір ұлттық тарих формациялар мен өркениеттердің абстрактілі хронологиялық жылнамасы ретінде емес, халықтың бүкіл күрделілігі мен бөлек бітімін бойына сыйғызған жанды тарих ретінде бой көрсетеді. Тарихшының міндеті – ұлттық тарихты қайдағы бір əмбебап заңдылықтардың қасаң қалыптарына салып жібермей, ұлттық тарихтың жанды, бөлекше ағзасының қалай дамитынын түсіну». Демек, тарихшы тарихи фактілер мен дерек-дəйектердің ұлт тарихының бойындағы артық-ауыс, ауру-сырқаулы жерлерін жалпы тарихи тəн мен ғылыми жанның ауырсақ жеріне тигізбей хирург пышағымен сылып тастайтын оташытарихшы болуы шарт. Бағзы тарихымызды зерделегенде, орта ғасырларды орайластырғанда, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» назар салғанда, оған жалғасқан Қаратаудың басынан көш

«Тау ќозєалса да, тарих ќозєалмайды» Сарайшықтың мұражайына кірсеңіз сізді осы сөз қарсы алып, шығарып салады. Туған тарихымыз туралы ойға батсаңыз сізді осы сөз жігерлендіреді. Бұл сөз – Елбасымыздың сөзі.

тірілтіп, бір кісіміз болуға жараған Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен халқымыздың ұлттық тарих мəселелеріне арналған республикалық кеңесте «Тарих толқынындағы халық» атты кенен ойлы, көшелі баяндама жасалды. Халық ықыласпен қабылдаған сол жиын енді орындалуы жағынан да халықтық сипат алса деген ой күн санап күшейіп келеді. Шақырылғандардың аудиториясы аса ауқымды болды. Еліміздің тарих саласын зерделеп, зерттеп, саралап, салмақтап, байыптап, баяндап жүрген ардагер де қайраткер, білгір де білікті, алғыр да аршынды, танымал да өскелең тарихшылар когортасы қазіргі заман алдымызға қойып отырған, жаһандану жағдайындағы жұртымыздың жанын толқытқан ұлттық тарихтың кешегісі мен бүгінін, одан да маңызды ертеңін жанжақты сөз етіп, біткен іске бəтуа, бітер іске уəде байласты.

жағынан əлемнің кез келген державасымен теңдесе, шендесе алатын жұртпыз. Тек «біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа, бірақ-тағы...» (Қадыр Мырза Əлі). Біз сол жұп-жұқа тарих оқулығын орынды олжа, тарихи табыстармен қалыңдатпақпыз. Жəне қалыңдата аламыз. Ол үшін жұдырықтай жұмылып, жан дүниеміздегі ұлттық сезім мен өз халқымыздың тарихына деген кіршіксіз махаббат пен алғаусыз мархабатты көрсете алсақ болғаны. Баяндамада: «Біз қайда барамыз жəне 2050 жылы қайда болғымыз келеді?» деген жолдар бар. Бұл тіркеске қосыла отырып, халық көкейіндегі айтылып, айтылмай жатқан пікір-ниеттерді бағамдасақ, енді жарты ғасырға жетпес межеден гөрі, жаңа ғасырда – келер жүз жылдықта қайда болғымыз келеді деген сауал да көңілді тербеп-тербеп кетеді. Өйткені, тарих үшін он-жиырма жыл көзді ашыпжұмғандай уақыт. Тəуелсіздіктің жиырма бір жылын артқа қалдырған шақта бұл кезеңнің өзі екі астана арасындағы көштің қанатында, қазақша қайырсақ, аттың жалында, атанның қомында өте шыққандай. Біз, жалпы ертегімен ауызданып, батырлар жырымен тербеліп, бесікте жатып шіреніп, жауға айбар жасаған елдің ұрпақтарымыз. Сол ертегілерде көзді ашып-жұмғанша қала салдырған, жер жүзінен əп-сəтте жылдам хабар алғызған, көрмегенді көргізген, ғалам төсін өргізген, бермегенге бергізген жұрт тың ұрпақтарымыз. Солардың бір парасын тəуелсіз күндерде əлемге көрсетіп, аузын аштырып, төрткүл

Баяндаманың тереңдігі мен кемелдігі өз алдына, ол алда тұрған осы бағыттағы стратегиялық, халықтық, мемлекеттік масштабтағы аса күрделі де маңызды мəселені жаңа уақыттық трибунадан жарасымды айта білуімен ғана емес, іскерлік, ұйымдастырушылық жағынан бұрынғы таптаурын болған сүрлеулерден іргесін аулақ салуы да болды. Баяндаманың басты олжасы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқан: «бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуы тиіс» деген тұжырымын талдап, таратуы еді. Халқымызда «біткен іске сыншы көп» деген сөз бар. Бітер іске сыншы одан да аз болмаса керек. Абыз Абайдың қағидасына жүгінсек, істің қалай аяқталатыны емес, қалай басталғаны маңызды. Демек, кеңестің мақсаты осы

дүниеге көрсетіп, таңдайын тақылдатып та жатқан елміз. Баяғы замандардағы байтақ жерде Алтын Орда мен Ақ Орданы, көгілдір əлем астындағы Көк Орданы салған байырғы жұрттың бойынан тараған ұрпақ болғандықтан да, ұшқыр уақытта ұзан қимыл жасап, ұлы істерге де қол жеткіздік. Бұған тəубе демесе бола ма? Дəл осындай кезеңде тарихшының міндеті қалай болуы керек? Зиялы қауымның міндеті қалай болуы керек? Өз тарихына немқұрайды қарай алмайтын халықтың міндеті қалай болуы керек? Баяндама баянына қарасақ, жауап та айқын секілді: «Ендігі жерде тарихшы зерттелетін уақыттың ішкі мағынасына ой жіберетін ғалымға, фактілерді жай зерттеп қана қоймай, нақты қоғамның құндылықтарын, жөн-жосықтарын, моралін «түсінуге» қол жеткізетін

Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,

ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

рын ерекше аударып жатқан Алтын адамдардың өзі бесеуге жеткені төрткүл əлемнің бастарын шайқатып, біздің кім екенімізді байқатып жатыр. Бірінші алтын адамнан (1970 жыл) басталған жол одан əрі қазақ даласын көктей өтіп, бесінші алтын адамға алып келді (2011 жыл, Қарқаралы даласы, Қарағанды облысы). Күні кеше Үржардан табылып, «Үржар ханшайымы» деп аталып, жаңа зерттеліп жатқан жаңа жəдігеріміз жəне бар. Адамының өзі алтын болып, тарихымыз қара бақыр болған заманды еске алсақ, əлдекімге есең кеткендей. Ақжарма ақын Ғафу Қайырбековтің: «біздің хандар қалайша жаман болған» деп аң-таң болып, алақан жайып, арзу жыр жазғаны содан ғой. Ал екінші алтын адамның табылуы мен үшін тіптен қуаныш. Ол менің туған ауылымнан табылды. 1960-шы жылдардың орта тұсында біздің үй Атырау облысының Жыңғылтоғай аумағындағы Аралтөбе деген жерде отырды. Дөдеге тектес дөң еді. Ұлы Жем өзенінің жағасы, қалың жыңғылды тоғай, аққайраң шағыл. Сол жерде жазғы каникул кезінде Жемге келіп, қармақ салып, балық аулаймын. Жемге жақындағанда оң жағыма қарағыштап, секемденіп, сескеніп өтемін. Өйткені, əлгі дөңнің қызыл жыңғыл көмкерген тұсында ордалы жылан қайнап жатады. Күнге шағылысып, бір-біріне өрмелеп, қайнап жатқан күмістей жалтыраған сол шоғыр əлі күнге көз алдымда. Марқұм əкем де күн сайын маған ордалы жылан маңынан сақ болып өтуімді, əсіресе, балалық жасап оларға тиіспеуімді қатты ескертеді. Міне, дəл сол жерден екінші алтын адам табылды. Ордалы жылан жатқан жерде алтын болады деуші еді, рас екен. Анда-санда мемлекеттік мұражайға жолым түскенде айдары шиыршық атып, айбыны адамды абыржытып жіберетін сол сармат жауынгері маған етене туысымдай болып көрінеді. Содан да болар, оны көрген сайын: «жағдайың қалай, жерлесім» деп амандасамын. Баяғы бала күнімді еске алып, жүрегім толқып-толқып кетеді. Бұл менің өзімнің кішкентай тарихым секілді болып көрінеді. Ал осындай кішкентай тарихтар үлкен айдынды тарихқа барып құятын арналы бұлақтар емес пе? Расул Ғамзатов: «Кішкентай халықтарға үлкен қанжар керек» десе, кішкентай халықтарға үлкен тарих тіптен керек. Сынған құмыраның шынысынан шындықтың бүтін ыдысын жасап шығару шебердің кім екенін көрсетеді. Ұлттық тарихымызға арналған ұлағатты бас қосуда Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің баяндамасындағы: «Тарихшының таланты жарым-жартылай ғана шындыққа келетін бөліктерден тұтас дүние жасап шығарудан танылады» деген сөз осы орайда біздің тарихшы ғалымдар қауымы алдына үлкен міндеттер жүктейтін бағдарламалық сілтеме іспетті. Тарих жолы автомагистраль емес, онда жол белгілері мүлдем аз. Ала таяғын сілтеп тұратын жол полициясы, сірə жоқ. Бірақ біздің жол нұсқаушымыз тарихи инстинкт пен тарихи таным, тарихи талғам, ең бастысы ыждағаттылық пен жауапкершілік, өз халқыңның тарихына деген мəңгілік махаббат болса керек. Осы тұрғыдан келгенде, Мемлекеттік хатшы бағыттап отырған алдағы жұмыстардың басым нысандарының бірі – тарихи зерттеулердің тақырыптық аясын кеңейту. Барды екшеу, табылғанды сана сүзгісінен өткізу, таппақ нəрсенің не екенін ұғыну.

құлаған зар заманға иек артқанда, одан берідегі, одан да берідегі оқиғаларға келгенде тарихшы аса абай, барынша мұқият болмағы лəзім. Міндет қиын ба? Айтпаңыз. Қиын болғанда қандай? Бұған жауапты ұзақ тіркеспен айтсақ та болар еді, бірақ, газет тілінің қасаң стилін аз да болса бұзғандай болып, бір «деген екенді» осы жерге сыналып салуға тəуекел еттік. Француздың атақты жазушысы Андре Моруадан: «Тарихты кім көп өзгертті: Цезарь ма, Наполеон ба?» деп сұрапты. Сонда əйгілі қаламгер: «Тарихты көп өзгерткен тарихшылардың өздері» деп жауап беріпті. Осындай жағдай біздің елдің де басында бар. Өз тарихымызды өзге елдің «тарихшылары» жазғанда біз өзіміздің кім екенімізді білмей, өзімізге үрке қарап, əке тарихымызға павликморозовтық пионерлік дүниетанымнан қарағанымыз да, өкінішке орай, күні кеше еді ғой. Бүгінгі күні ше? Қазіргі жас ұрпақтың, жас толқын болғанда да мемлекеттік қызметте жүрген болашағы алда деп есептелетін жас кадрлардың көбі ұлттық тарихты білуге құмар емес. Бойларынан бойкүйездік пен немқұрайдылық та сезіліп қалады. Өзге елде өзге міндет атқарып жүргендей де əсер береді кейде. Осылардың санасезімін, ең бастысы, ұлттық намысы мен ұлттық жігерін қалай оятамыз? Мүмкін, бұл ана тіліміздің аясының əлі де мемлекеттік ауқымда қанат жая алмай отырғанынан ба екен? Мүмкін, бұл атаана тəрбиесінің осалдығынан болды ма? Мүмкін, бұл мемлекеттік тіл мəртебесін дендеп енгізуде дегдарлық таныта алмай отырған тиісті мемлекеттік органдардың қызметіндегі кемшілік пе? Бірақ бір нəрсе айқын, осындай проблема бар. Əлде біздің тарих жазылуы жадау, айтылуы ашаң тарих па? Сондықтан да кейде маған біздің ұлы тарихымыз үлкен жəшікке толтыра салынып, заман тезінен даттанған қисық шегелер секілді көрініп те кетеді. Жарамдысын алып, жарамасын тастап, соларды уақыт балғасымен ерінбейжалықпай отырып, бір-бірлеп түзетіп, қарағай иісі аңқыған жаңа қалыптағы жəшіктерге салып, ұлттық құрылыстың қажетіне ұсынса деген қызық ой келеді. Бірақ сол уақыт балғасын ұстайтын қолда тек қана қара күш емес, қажырлы білім, қайсар құштарлық, талмас талап, таусылмас талант керек екені жəне шығар күндей шындық. Бұл жайт баяндамада да жетеге жетердей, ой мен сезімге өтердей болып айтылған. «Қазақстанның тарих ғылымының алдында нақты сынақ тұр, ол сынақтардың жауабын табуға əбденақ болады. Бұл арада надан дилетанттық өте қауіпті. Жаһан тарихына ұлттық төбешіктен қарап жіберіп, қайта жазып шығу тым қиын емес. Автор үшін өзің қысылатын, ал кейде тіпті сол тарихи графомандардың денінің саулығына күмəн келтіретін сауатсыз шатпақтар қаптап шығып жатыр. Шекарамыздан бір шақырым ұзамай жатып күлкіге қалмау, жас баладай аңғал болып көрінбеу үшін өзіңнің ұлттық тарихыңды инемен құдық қазғандай терең еңбектермен негіздеу əлдеқайда қиын. Нағыз ұлттық қадірқасиет нағыз ұлттық тарихтан басталады», дейді Марат Тəжин. Рас қой. Біздің кей бауырларымыз ұлттық тарихтың бастауын да, дамуын да, дағдаруын да рулық-қауымдық деңгейде алып қарап, қасиетті сүйектері əлдеқашан қара жерге сіңіп, тəні топыраққа, жаны аруаққа айналған батыр-баһадүрлеріміз қайда жерленген деген тар тақырыптың төңірегінде жаға жыртысып, қаламқамшы сілтесіп, Ғабең айтқандай: «тышқан көкпар» тартып жатқандары да бар. Айтсақ, тіліміз жазықты, сондықтан

айтысып жатқандардың арасына түспей, əліптің артын бағуға мəжбүрміз. Бірақ даудың бітігі ұлан-ғайыр тарихымыз үшін күйкентайдың үйшігіндей, құрқылтайдың ұясындай екенін сезініп, дағдарып, даққа қаламыз. Ұлы Жібек жолында қираған сансыз қалаларымыздың орнын қазып, олжасы бүйірі тесілген қыш құмыра мен кезінде қанға бөккен сұр жебелер мен сумақай семсерлердің дат басқан ұштарын жіпке тізіп көгендеп, қағазға түсіріп шегендеп, таласқа түскен тұл тарихтың қаралы жесірі мен шерлі жетімі – қара жерде жатқан сүйектерге көңіл айтқың келеді. Солар біледі кімнің кім екенін. Енді солардың білгенін біздің ұрпақ та білгісі келеді. Білуге хақы бар. Білдіретін кімдер? Ең алдымен, тарихшы қауым. Сол тарихшы қауым ортақ істі қолға алғанда үнемі Елбасымыздың: «Қазақ халқы – тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бəйтеректей, өзегін ғасырлар тереңіне тартып, осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық» деген маңызды сөзін көшбасшылыққа алып, біздің ұлы даланың төл перзенттері екенімізді, өзіндік халықтық өмірбаянымыз бар екенін үнемі ескеруі тиіс. «Əлдеқашан бел асып кеткен көштің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп тұтатпақ болды десек, романға материал жинаған менің хəлім де сол сияқты əрекет еді» деген халқымыздың ұлы қаламгері Мұхтар Əуезовтің тарихи сөзі тарихшыларымыздың да тапжылтпай ұстар қағидаты болса дейміз. Ұлы даланың əр қиырында құм мен топырақ басқан халықтық тарихтың қоламтасы жаңа заманның демімен қайта тұтанып, қазақ деген халықтың қара шаңырақ – қасиетті тарихын əлемге жаңаша сипатта танытса, бұдан артық бақыт бар ма? Яғни, сөз түзелді, тыңдаушы да түзелер, таңдаушы қалай болар? Алайда, көңілді күпті ететіні кешегі кеңестік дəуірде Киев Русінен бастап, Күлік даласындағы шайқасқа дейінгі сандаған соғыстардың тарихын жаттап өсіп, жас ұрпақтың жадына жазған аға тарихшы ғалымдарымыздың жаңа заманға сай жаңаша бетбұрыс жасауы оңай да болмай жатыр. Жылдар бойы қалыптасып қалған бағынышты психология мен орындаушылық əбжілдіктің қамытын үзіп, тарихи кейіпкерлеріміздің есімдерін ұлт паспортына қайыра түзете жазуға келгенде əлі де қадам сараң, қозғалыс бəсең. Тіпті, бұрмалап жазылып, бұрыс таңбаланған өз ата-бабамыздың, одан берідегі өз əкеміздің есімдерін жеке бастың куəлігіне дұрыстап жазудың өзі Жоңғар қақпасындағы жекпе-жектерден кем түспей жатқанда, ұлттық тарихты жаңаша жазып, жаңаша зерделеудегі күрделі күрестер мен жанкешті жағаласулар тарихшы қауымның талайын шаршататын болар. Ренішті жағдай. Қуаныштысы, мемлекеттік тұрғыдан ниет туды. Тілек оянды. Діл тірілді. Мемлекет басшысының өзі бас болып, 1999 жылы «Тарих толқынына» қайраткерлік қайығын салды. Оның қуатты ескегі тəуелсіздіктің титанынан жасалды. Содан кейін алыс тарихтың айдынына қарай ақ желкен көңілдер мен адал құштарлық бағыт алды. Одан беріде еліміздің тарихы, археологиясы, этнографиясы, руханимəдени мұрасы зерделенген 26 арнаулы бағдарламаның тұсауын кескен атақты «Мəдени мұра» бағдарламасы өмірге келді. Авторы – Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Осынау ұлы істердің бəрінде Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өткен замандардың шежірелі шымылдығын ашып, тебірене сөйлеп, төгіле тілек айтып, туған еліне тартуын ұсынып келеді. Бұл бағдарламаның басты құндылығы – «тарихымызды тұтас толқын ретінде» қарастырғаны. Осы елдік мұрат пен мемлекеттік идеяны одан əрі дамытып, көтеріп, оны бүгінгі уақыт тұрғысынан тереңдетіп, келер уақыт тұрғысынан кемелдетіп, халқымыздың əлемдік өркениеттегі тарихи рөлі мен орнын анықтауда білек сыбана кіріскен тарлан топтың ту ұстаушысы болуға ниет еткен Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің жоғарыда аталып өткен ғылыми мəні терең, практикалық мазмұны белсенді баяндамасын жүзеге асыру жолындағы басталған қадамдар оң сүрлеуге түсті. Адаспас, аңсарлы даңғылға аяқ артты. * * * Өзінің ту көтеріп, елорда болғанына 15 жыл толып, соны мерекелеу қарсаңында іргелі іс-шаралардың ізін ашып жатқан Астана аспанында да ұлы даланың ақшаңқан бұлттары тынбай жөңкіледі. Тарих толқыны да осылай жөңкіліп кетіп жатады. Құлагер-уақыт құлағын қайшылап, келер күндердің кермесін қияды. Бұл біздің күн, біздің тарих, біздің жұрт. Ортақ тарихымыз, ортақ Отанымыз. «Тау қозғалса да, тарих қозғалмайды». Құйылып түскен қанатты сөз. Өзгермелі əлемдегі өзгеруге тиісті мемлекеттік өмірбаянымыз бүгінгі саналы ұрпақтың, сарабдал тарихшылардың қолымен байыта жазылып, баянын тапса, ол тау қозғалса да, қозғалмайтын тарих болып, құнды мұраға айналар еді. Ендеше, есті сөз есте болсыншы.


7

www.egemen.kz

2 шілде 2013 жыл

АЙМАҚТАР ЖƏНЕ АДАМДАР Табыс тетігі «Алтынтау» компаниялар тобыныѕ дамуынан айќын байќалуда

Жуырда республикамызға аты мəлім «Верный Капитал» компаниясының инвестициялық тобы «Altyntau Resources» акцио нерлік қоғамына қарасты «Алынтау-Көкшетау» ЖШСінде еліміздің жетекші ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз-турын өткізді. Құрылғанына жеті жыл болған компания тікелей инвестиция қорларының (private eguity) мүддесіне сай инвестициялық жобаларды басқарумен айналысады. Уақыт ағымындағы құрылым кен өндіру кəсіпорындарында, телекоммуникация секторында, қаржылық қызмет, жылжымайтын мүлік, инфрақұрылымдық жобалар жəне БАҚ саласында айтулы табыстарға қол жеткізіп отыр.

асады. Оның жалпы алтын қоры 522 тоннаны құраса, 312,1 тоннасы немесе 60 пайызы Васильков кенішінің еншісінде. Əлемдік қордағы адыңғы жиырмалыққа енетін кеніште 1991 жылы ТМДда тұңғыш рет үймелеп айыру технологиясы қолданылды. Бұл əдіс 2008 жылға дейін жалғасып, инновациялық жаңғыртулар нəтижесінде жетілдірілген. Аталған қадам руда өндіруді бастапқы жоспардағы 2,4 миллион тоннаның орнына жылына 8 миллион тонналық деңгейге көтеріп, 2014 жылға белгіленген жобалық қуаттың анағұрлым ерте қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берді. Журналистер өндіріс учас келерінде болғанда АҚШ, Германия, Жапония жəне Швецияның танымал фирмаларынан сатып алынған 96 тонналық 27 автосамосвалдың шөміштерінің

осындай жинақылық тəжірибесіне көңіл қойса дегің келеді. Фабрикаға жұмылдырылған инвестиция көлемі де аталған жобаның ұтқырлығы мен ел ауқымындағы стратегиялық маңызын айқындай түседі. Оның құрылысына 425,5 миллион доллар қаржы жұмсалса, қазіргі таңдағы кешенді қайта жаңғырту ісіне 64,1 миллион доллар бөлініпті. Бұған қосымша, тау-кен дайындығы жұмыстарына 2017 жылға дейін 65,5 миллион доллар қаржы бағыттау жоспарланып отыр. «Алтынтау-Көкшетау» фабрикасында шетелдік озық 10 фирманың 600 атаулы жабдықтары орналастырылыпты. Мұндай жағдайда инвестициялық жобаларды басқару процесінің қиындығы мен қызықтылығын безбендеу де оңай еместігі белгілі. Қайтарым қандай дегенде,

Баспасөз мəслихатында «Верный Капитал» компаниясының бас директоры Ерлан Оспанов инвестициялық циклдың айналымына талдау жасады. Бұл активтерді іздестіру, оны сатып алу жəне капитализациялық ілкімділікті орнықтыру сияқты көптармақты əрі жауапты ізденістерге негізделеді. Жұмыстың тиімділігі ағымдағы портфельдің толымдылығымен емес, жобадан толық немесе ішінара табысты шыға білуге бағытталады екен. Ерлан Маратұлы мұны «атқарылған іс – рыноктық болжам – реттегіш ортаның өзгеруі» факторларымен байланыстырды. Мəселен, 2007 жылдан 2013 жылға дейінгі слайдтық саты бойынша «VasGold» компаниясының 100 пайыздық акциясын сатып алу, оны «Казцинкке» сату-сатып алу арқылы «Казцинктен» шығу инвестициялық операциялары көрсетілді. Осының арқасында «Altyntau Resources» АҚ-на бес жыл ішінде 700 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылған. «Altyntau Resources» АҚ атқа рушы директоры Темірлан Шəкіров пен «Алынтау-Көкшетау» ЖШС бас директоры Анатолий Барилюк өз сөздерінде соңғы бес жылда өндіріс көлемі 12 есе өсіп, табыстылықтың ішкі нормасы (IRR) 800 пайызға жақындағанын, алтын алу 2006 жылғы 0,5 тоннадан 2012 жылғы 9 тоннаға жеткенін баяндады. Ақмола облысының аумағындағы кеніш саны отыздан

сыйымдылығы 11-15 текше метрлік экскаваторлардың, бұрғылау станоктарының жұмыс бары сындағы икемді қимылымен та нысты. Мұнда кен өндірісін қамтамасыз етуге ғана 117,5 миллион доллар жұмсалып отыр екен. Өз кезегінде «АлтынтауКөкшетаудың» атқарушы директорлары Думан Əбдіраманов пен Қанат Дүйсеханов компюьтерлік бақылаудағы диспетчерлік орталықты аралатып, ашық əдістегі кеніштегі өндірістік жарылысты тамашалатты. Елбасы Н.Ə.Назарбаев 2010 ж ыл дың 2 8 ма мыр ын да В а сильков кенішіндегі алтын айыру фабрикасын іске қосып, оған «Алтынтау-Көкшетау» деген ат берді. Бұл Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберіндегі озық жоба саналады. Айрықша нысан құрылысы 2008 жылдың ақпанында басталып, екі жылға жетпейтін рекордты уақытта аяқталды. Əлемдік тəжірибеде мұндай дəрежедегі фабриканың бой көтеруіне əдетте бес жыл жұмсалатын көрінеді. Өндіріс аумағы, қалдық қоймасын қоса есептегенде, 3 гектарды алып жатыр. Оның құрылысына 2000 адам, 40 кран, 20 мердігерлік ұйым қатысқан. Мұндайда екпін болатыны анық. Бірақ, құрылыс ісі мен жобалау-сметалық құжаттардың дайындалуы қатар жүргізілгені уақыттан ұтуға септік жасағаны көрініп тұр. Бүгінгі «Сақалды құрылыстың» басындағылар

өндірістік тақтадағы цифрларға назар салғанымыз жөн сияқты. Кəсіпорын 2009-2012 жылдар аралығында 42,3 миллион текше метр тау жынысын өңдеп, 16, 3 миллион текше метр руда өндірді. Сондай-ақ, 35 миллион тонна темір рудасын байыту фабрикасына жөнелтіп, 21,2 тонна алтын алған. Алтын фабрикасы іске қосылғалы табиғат қорғау шараларына 13,5 миллион доллар жұмсалыпты. Улы əсердегі заттар 111 мың шаршы метрлік арнайы қоймада сақталады. Оның ауқымын елестету үшін, қоймаға 27 футбол алаңын орналастыруға болатындығын айтуымызға болады. Мұнда 2005 жылдан бері 1700 жаңа жұмыс орны құрылса, жалақы мөлшері Ақмола облысының жиынтық көрсеткішінен 1,26 есе, еліміздегіден 1,57 есе артық. Жыл сайын 47,5 миллион долларға жуық салық өтемдерін қамтамасыз ететін ұжым өз жұмысшылары үшін 95 пəтерлік жаңа тұрғын үйді пайдалануға берсе, қалалықтарға 320 орындық балалар бақшасын сыйға тартып, бұрын болмаған теннис орталығын игілікке беру қамында. Республика Үкіметі алтын өндірушілер еңбегін лайықты бағалады. Кəсіпорын Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен халықаралық «Алтын гефест» марапатының иегері атанып отыр.

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Жїйріктен жїйрік озар жарысќанда Экономика саласындаєы ґѕірлік бəсеке барєан сайын ќыза тїсуде Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сəйкес, елімізде соңғы жылдары өңірлік даму мəселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені, жаңа индустрияландыру бағдарламасы нəтижесінде жүзеге асуға тиіс ірі жобалардың басым көпшілігі ел өңірлерінде орналасқан. Елімізде өңірлік даму жөнінде жеке бағдарлама қабылданған. Оның үстіне өңірлік даму жөнінде жеке министрлік құрылып, оған үлкен өкілеттіліктер беріліп отыр. Бұл министрлікке беріліп отырған басымдықты осы министрліктің басшысы, еліміздің ПремьерМинистрінің бірінші орынбасары болып табылатынынан да айқын аңғаруға болады. Өңірлерде соңғы кездері инвестициялар тартуға, экспортты алға жылжытуға, жаңа технологияларды, көліктік жəне сервистік инфрақұрылымдарды дамытуға, ресурстық қамтамасыз етуге үлкен көңіл аударылуда. Соған сəйкес, өңірлік даму ісінде де алға басушылық анық байқалып отыр. Мəселен, 2012 жылдың қорытындысында өнеркəсіптік өндірістің өсімі еліміздің барлық өңірлерінде көрініс берді. Соның ішінде ең жоғарғы өсім Шығыс Қазақстан облысында байқалды. Бұл облыста аталған саланың даму деңгейі бұрынғы жылмен салыстырғанда, 18,4 пайызды құрады. Сондай-ақ, Ақтөбе жəне Оңтүстік Қазақстан облыстары да жақсы нəтижелер байқатты. Ал 2013 жылдың қаңтар-мамыр аралығында өнеркəсіптік өндірістің жоғарғы өсімін Астана қаласы көрсетті. Мұндағы өсім 27,3 пайызды,

Атырау облысында 8,3 пайызды, Шы ғыс Қазақстан облысында 5,9 пайызды құрады. Қазіргі уақытта индустрияландыру саясатының алға қойған талаптарына сəйкес, елімізде өңдеу өнеркəсібінің дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы өңірлер арасындағы жарыста тағы да Шығыс Қазақстан облысының аты озғандығын көріп отырмыз. Бұл облыста 2008 жылмен салыстырғанда, өңдеу өнеркəсібінің өсімі 64,4 пайызды құрады. Сондайақ, Астана қаласы да жоғары нəтиже көрсетіп, 62,2 пайыздық даму көрсеткішіне ие болды. Негізінен алғанда, өңдеу өнеркəсібінің үлкен бөлігі еліміздің 3 облысында шоғырландырылған. Соның ішінде Қарағанды облысында оның жалпы көлемі 1035 млрд. теңгені, Павлодар облысында – 821 млрд. теңгені, Шығыс Қазақстан облысында 792 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдың I тоқсанында өңдеу өнеркəсібі өндірісінің неғұрлым жоғарғы өсімін Батыс Қазақстан облысы (63,1 пайыз), Қызылорда облысы (45,7 пайыз), Астана қаласы (32 пайыз) көрсетті. Индустрияландырудың осы қарқынды дүмпуінің нəтижесінде еліміздің барлық өңірлерінде еңбек өнімділігі өсе түсті. Егер 2012 жылдың қорытындысында бұл жөнінде жан басына шаққанда 102,7 мың доллардан айналдырған Қарағанды облысының аты озса, Алматы облысында бұл көрсеткіш 70,3 мың долларды, Оңтүстік Қазақстан облысында 66,6 мың долларды құрады. Соның ішінде еңбек өнімділігінің оның алдындағы уақытпен салыстырғанда, жоғарғы нəтижесі Алматы облысында байқалды. Бұл облыста өңдеу

Күн оқиғасы Бұл күндері «Қазақмыс» компаниясы Шығыс Қазақстан облысында Ақтоғай кен-байыту комбинатының құрылысын бастап отыр. Бұл жоба əлемдегі əлі күнге дейін ашылмай келе жатқан ең ірі кен орындарының бірі ретінде танылуда. Жобаға тартылатын инвестиция көлемі 1,5 млрд. долларды құрайды. Жоспар бойынша аталған кен-байыту комбинаты 2016 жылдан бастап іске қосылуы тиіс. Бастапқы жылы 85 мың тонна мыс концентратын беретін болады. Нысанда 1,5 мың жұмыс орны құрылады. Өндірісте неғұрлым жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтар пайдаланылады. Мəселен, осы өндіріс орнындағы сульфидтік руданы игеруде мыс өндірісінде осыған дейін пайдаланылмаған аса ірі жаңа мəшинелер пайдаланылмақ.

2013 жылєы сəуірде халыќтыѕ аќшалай табыстарыныѕ ґсуі байќалады

2013 жылғы сəуірде халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 54221 теңгені құрап, 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,8%-ға артты. Нақты ақшалай табыстар 2,3%-ға өсті. 2013 жылғы сəуірде орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы қаласы жəне Маңғыстау облысы алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,3-1,8 есеге артық. 2013 жылғы сəуірде табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 60,0%-дан 78,8%-ға дейін құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Қарағанды жəне Алматы облыстарында белгіленді. 2013 жылғы сəуірде өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары жəне ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,9 есені құрады (2012 жылғы сəуірде – 3,9 есе).

Ќазаќстан Республикасыныѕ ґѕірлері бойынша 2013 жылєы сəуірдегі атаулы аќшалай табыс

өнеркəсібіндегі еңбек өнімділігі 2 есеге жуық, ал Шығыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында 1,9 есе өсті. Аймақтардың соңғы жылдардағы даму деңгейі шикізаттық емес өнімдердің экспортына да қолайлы əсер етуде. Мəселен, Шығыс Қазақстан облысында оның өсімі 90,2 пайызды құраса, Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 88,5 пайыз, Алматы облысында 81,5 пайызға алға жылжыды. Яғни, аталған облыстарда шикізаттық емес экспорт көлемі аз мерзімнің өзінде екі есеге жуық өсе түсті. Мұны индустрияландыру саясатының тамаша нəтижесі деп айтуға болады. Қазақстанда индустриялық-инновациялық деңгейдегі жақсы нəтижелер, жалпы Қазақстан экономикасының тамаша табыстары инвесторларды қызықтырып отырғандығы сезіледі. Осының нəтижесінде өңірлерде орналасқан кəсіпорындардың инвестициялық белсенділіктері артып келеді. Мəселен, 2012 жылы Қарағанды облысында өңдеу өнеркəсібіндегі негізгі капиталға келген инвестициялар көлемі 116,5 млрд. теңге болды. Ал, Павлодар облысында аталған салаға 77 млрд. теңгенің, Ақтөбе облысында 76,8 млрд. теңгенің инвестициялары тартылды. Инвестициялардың жалпы тартылған көлемі жағынан алғанда осы облыстар алға түскенімен, бұл жөніндегі негізгі қарқынды іс Солтүстік Қазақстан облысында орнықты. Бұл облыста аталған салаға келген инвестиция көлемі бір жылдың өзінде 2,7 есе, ал Батыс Қазақстан облысында 2,6 есе, Маңғыстау облысында 1,8 есе өсті. Өңірлердің осы мəселе бойынша бəсекелестігі барған сайын қыза түскендігі сезіледі. Мəселен 2012 жылдың нəтижесінде жоғарыдағы аталған облыстар алға шықса, ал 2012 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркəсібіндегі негізгі капиталға келген инвестиция көлемін 4,2 есе пайызға арттырған Оңтүстік Қазақстан облысының, 2,4 пайызға арттырған Атырау облысының, 1,8 пайызға арттырған Қостанай облысының аты озып отыр. Осы ретте инвестицияны ең көп тартқан облыс ретінде Қарағанды облысындағы (20,6 млрд.теңге), Атырау облысындағы (17,9 млрд.теңге), Павлодар облысындағы (17 млрд. теңге) жұмыстарды атап көрсетуге болады.

Дерек пен дəйек  Өңірлік жиынтық өнімнің өсімі еліміздің барлық өңірлерінде байқалды. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы өсім көрсеткіштеріне 16 өңірдің 14-і қол жеткізді.  Өңірлік жиынтық өнімнің 2012 жылдың 9 айы бойынша жоғары көрсеткіші Алматы қаласында тіркелді. Бұл қала бойынша өңірлік жиынтық өнім көлемі 3,71 трлн. теңгені құрады. Ол 2008 жылдың нәтижесінен 27,9 пайызға артық.  Бір жылдың ішінде өткен уақытпен салыстырғандағы ең үлкен өсімге Оңтүстік Қазақстан облысы қол жеткізді. Мұндағы өсім деңгейі 114,3 пайыз болды.  Еліміздің 7 облысында ішкі жиынтық өнімнің өсім көрсеткіші республикалық орта деңгейден асып түсті. «Бұл заман – білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи əлемде елдің, ең алдымен, азаматтарының білімімен өлшенеді. Сол білімді қа жетке, тұрмыс игілігіне жарата білумен бағаланады... Терең білім – тəуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаматтығымыздың алдаспаны», деген Елбасының осы сөзінің, əсіресе, жастарға өсиеттік мəні зор. Облыс орталығынан шалғай жатқан Ақтоғай ауданындағы жас кəсіпкерлер легінің ортасынан суырылып шығып, бүгінде көшбасшысы болып жүрген Мөлдір Елеубекова туралы айтар болсақ, нағыз кейіпкер болуға тұрарлық тұлға екендігіне көзіміз жеткендей. Мөлдір Елеубекова мамандығы бойынша алғашқы еңбек жолын Қарағанды резина-техникалық зауытында инженерэколог болып бастады. Еңбек ете жүріп екінші мамандық алуды ұйғарды, бұл жолғы таңдау заңгер мамандығына түсті. Жоғары білімді инженер-заңгер ретінде қаланың қалтарысында көптің бірі болып қалмай ауылды өркендету мен өрге сүйреу туралы ойға берілді. Осы бір жақсы ой жетегімен ел ауылдан қалаға қашқан тұста Мөлдір ауылға атбасын бұрды. Жалынды жас жүрек таңдауына ден қойып кəсіпкерліктің табалдырығын қаймықпай аттады. Ауылда осы кезде

Маќсат биігі ұялы байланыстың қажеттілігін түсініп, компьютерді кең пайдаланып заманауи технологияларға ден қоя бастаған кез еді. Сөйтіп, Мөлдір ең əуелі ауылға ұялы телефондарға салынатын бірлікті жеткізді. Осындай ұсақ қызметтерден Мөлдірдің елге мол пайдасы тиер үлкен мақсатты нағыз еңбек жолы басталды. Жас кəсіпкер байыған үстіне байысам демей ауыл жастарына заманға қажетті технологиялардың күнделікті өзгеріп жатқан үрдістері мен құндылықтарын үйретіп отыруды да жөн санады. Шағын ғана кəсібін жалғастырып, елге тиімді шағын несие беретін «М-Кредит» мекемесін ұйымдастырды. 2010 жылы «Ақтоғай Инвест» ЖШС құрылған. Сөйтіп, Мөлдірдің елдің сұранысына сай келетін жаңа қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндігі де ұлғая түсті. Одан тысқары аудандағы аз қамтамасыз етілген, жағдайы нашар отбасыларға, түрлі шараларға демеушілік көрсетуге де септігі тие бастады. Қазіргі шағын жəне орта кəсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау да жақсы

қанат жайып келеді, соның нəтижесі 2011 жылы «Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсында» Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің дипломымен Мөлдір басқарып отырған «Ақтоғай Инвест» ЖШС марапатталып, еңбегінің жемісін көрді. Жас кəсіпкер жан-жақты білімінің арқасында қоғамдық істерге де белсене қатысуда. Мəселен, ол 2011 жылы Қазақстан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Бо лашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы жəне «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған «Жастардың кадрлық резерві» жобасына қатысты. Аталмыш жобаға республиканың түкпір-түкпірінен 2000-нан аса жас қатысып, оның ішінен іріктелген алғашқы жүздіктің қатарынан көрінді. Осы жоба негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жанындағы мемлекеттік қызметкерлерді

Ақмола облысы.

қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру институтының 50 академиялық сағатына қатысып, «Əлеуметтік саяси үдеріс терді тиімді басқарудың негіздері» тақырыбындағы семинар-тренинг бағдарламасы бойынша оқуды нəтижелі тəмамдағанын куəландырған сертификат алды. Мөлдір Елеубекова 2013 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстанның жас кəсіпкерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша төрайымы. Бұл міндет оған іскерлік қабілеті, ұйымдастыру шеберлігі бағаланып жүктелді. Қоғамдық негізде атқарылатын бұл жұмыстың да жауапкершілігі орасан. Жас, жігерлі жанның бұдан да басқа ойында жүрген, қайтсем іске асырсам деген жобалары мен жоспарлары жеткілікті. Өзі биылғы жылы Іскер əйелдер ассоциациясының Қарағанды облысы бойынша мүшесі болды. Елімізде нəзік жандарды қазір кез келген істердің бел ортасынан көруге болады. Солардың бірі жəне бірегейі Мөлдір Мейірғалиқызының алар асуы əлі алда. Данияр ҚОЙБАҒАРОВ, Ақтоғай ауданының жастармен жұмыс жасау орталығының директоры.

Қарағанды облысы.


8

www.egemen.kz

2 шілде 2013 жыл

 Көкейкесті

«Ґз ќўќыєын білген ешкімге есесін жібермейді»

Сəтімжан САНБАЕВ

– дейді Ќостанай облыстыќ кəсіподаќтар кеѕесініѕ тґрайымы Балбґпе ЕРТАЕВА Қазір еңбек адамының мүддесі мен құқын қорғауда кəсіподақтар мықты күшке айналып келеді. Осы орайда Қостанай облысында да игілікті істер аз емес. Біз облыстық кəсіподақтар кеңесінің төрайымы Балбөпе ЕРТАЕВАНЫ əңгімеге тартқан едік. – Балбөпе Ғалымжанқызы, қазір қоғамда кəсіподақтар қаншалықты маңызға ие болып отыр? – Еңбек барда, еңбекші қауымы барда кəсіподақтар ұйымының маңызы төмендемек емес. Қазір тəуелсіз еліміздегі кəсіподақтар белсенділігі 90-шы жылдарға қарағанда қайтадан күшейді. «Кəсіподақтар туралы» Заңда, Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Еңбек туралы» Заңда кəсіподақтардың міндеті еңбек құқығы мен еңбекші қауымның əлеуметтікэкономикалық мүддесін қорғау екені айтылған. Кəсіподақтар қазір осы міндет тұрғысынан шығу үшін белсенділікпен жұмыс істеуде. Облыстық кəсіподақтар ұйымы бүгінде 14 салалық кəсіподақтардың басын қосып отыр. Оларда 1315 бастауыш ұйым, 132 мың кəсіподақтар мүшесі бар. Бұл еңбек құқығының бұзылуына қарсы тұра алар үлкен күш деп ойлаймын. Президент Нұрсұлтан Назарбаев адамдар өз еңбек құқын қаншалықты қорғай білетін болса, кəсіподақ қозғалысы да соншалықты күшті болатынын, еңбекші қауымға ең жақын ұйым кəсіподақ екенін айтты. Еңбек ұжымының немен тыныстайтынын, жұмысшылардың қандай жалақы алатынын, олардың қажетін бақылап, қасында жүретін кəсіподақтар болуы керек. Қазір облыста білім мен ғылым, кенметаллургия өнеркəсібі, денсаулық сақтау салалары қызметкерлерінің кəсіподақтары көптеген бастауыш ұйымдардың басын біріктіріп отыр. Өткен жылы республикалық «Күшті бастауыш ұйым – күшті кəсіподақ» байқауында біздің облыстан «ССКӨБ», «Баян сұлу» акционерлік қоғамдарының, «Агро-Торо», «Сосновый бор» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің, Рудный қаласындағы №10 мектеп-гимназиясы жəне тағы басқалардың бастауыш кəсіподақ ұйымдары үздік деп танылды. – Еңбек адамының құқы қалай қорғалады? – Біздің қоғамда барлығы да заңмен реттеледі. Сондықтан кəсіподақтар белсенділері еңбек адамының құқын қорғау үшін олардың өздері Қазақстан Республикасының тиісті заңдарын бес саусақтай білуі тиіс. Ол үшін кəсіподақтарда істейтін адамдарды оқыту ең бірінші мақсат болып табылады. Оларға заңдарды үйретеміз. Мысалы, «Кəсіподақтар туралы», «Еңбек туралы» заңдарды, «Еңбек кодексін», Ата Заңымызды білмей тұрып ол адамдар мүддесін

қалай қорғай алады? Өйткені, еңбек құқын қорғау еңбек дауларымен қатар жүретін ұғым. Жұмыс берушілер тарапынан болатын асыра сілтеулерде немесе қарапайым міндеттерді орындамағанда кəсіподақ қызметкерлері олармен тек заңға сүйеніп қана жұмыс істейді, еңбек дауларын, мəселелерді шешеді. – Еңбек адамы құқығының қорғалуы тек кəсіподаққа ғана байланысты ма? Бұл жөнінде жұмыс берушілер не ойлайды? – Дұрыс айтасыз. Жұмыс берушілер тарапынан түрлі қателіктер кетіп жатады. Оның барлығын кəсіпорын немесе шаруашылық басшылары əдейі істемеуі де мүмкін. Олар да Қазақстан Республикасындағы əлгінде айтқан заңдарды жете білмегендіктен еңбек адамының құқына қол сұғады. Сондықтан біз соңғы кезде тек кəсіподақ белсенділерін ғана емес, жұмыс беретін кəсіпорындардың кадр бөлімі қызметкерлерін, тіпті басшыларын да оқуға шақырамыз. Мысалы, жақында ғана біз облыстағы шағын жəне орта бизнес өкілдерін, кəсіпорындарда жеке адамдармен жұмыс істейтін менеджерлерді шақырып, оқыттық. Сабақта оларға түрлі психологиялық тренингтер өткіздік, еңбек дауларын қалай шешу керектігін, мұндай сəттерде адамдарды қажытпай, істі сотқа дейін жібермей шешуге болатындығын үйреттік. Олардың əдіс-тəсілдері айтылды. Мұның барлығы да заңдарды білгенде жеңілдей түседі. Ең бастысы, осы заңды біліп, оны орындағанда əділеттілік орнығады, еңбек адамы өзінің маңдай терінің ырыздығын көреді. Оның сыртында еңбекшілер құқын қорғау жөнінде əлеуметтік əріптестік те көп мəселені шешеді. Өткен жылы Қостанай облыстық əкімдігі мен жұмыс берушілер бірлестігі арасында 2012-2014 жылдарға арналған келісімге қол

қойылды. Биыл Қостанай облыстық кəсіп одақтар кеңесі мен облыстық прокуратура арасында азаматтардың конституциялық құқы мен жалақы қарызын жою жөнінде бірлесіп жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойылды. – Қазір, жасыратыны жоқ, көптеген құрылыс мекемелері, басқа да кəсіпорындар, ауылшаруашылық кəсіпорындары жұмысшы кадрлардың жетіспейтіндігін айтып жатады. Ал тепсе темір үзетін жігіттер, мамандығы бар жастар жұмыссыз жүреді. Олардың айтуынша, кəсіпорындар еңбекақыны дұрыс төлемейді. Осындай жағдайда кəсіподақтар үнсіз қалып отырған жоқ па? – Еңбек адамының құқын кəсіподақ, жұмыс беруші емес, алдымен оның өзі қорғаса, қорғана білсе құба-құп болар еді. Өкінішке қарай, біздің азаматтарымыз көбіне заңнан бейхабар қалады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында да азаматтардың құқықтық сауаттылығы туралы айтқан болатын. Ал өз қалтасын ойлайтын жұмыс берушілер қоластында істейтін жұмысшылардың құқықтық сауатсыздығын шебер пайдаланады. Оларды жұмысқа қабылдағанда еңбек шартын жасамайды. Ондай құжат болмаған соң, адамдар еңбекақысын сот арқылы да ала алмайды. Қазір барлық жердегі сияқты облыс аумағында да құрылыстар жүріп жатыр. Оларда осындай еңбек даулары жиі болып тұрады. Құрылыс иелері көбіне жұмысшыларды еңбек шартын жасамай жұмсауға көндіреді. Егер жұмысшылар өз құқығын анық біліп тұрса, кəсіпорын иесінің «өтінішіне» құлақ аспас еді. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы бақылаушылары арқылы еңбек құқығының бұзылғандығын біліп отырамыз. Осындайда кəсіподақ белсенділері іске араласып, құрылысшылар еңбекақысының төленуін қамтамасыз етеміз. – Жалпы, еңбек адамының құқы тек еңбек шартының жасалмауынан бұзыла ма, əлде өзге де себептер бар ма?

– Біріншіден, кейбір мекемелерде, кəсіпорындарда біз жоғарыда айтқан еңбек шарты жасалмайды. Еңбек шарты жасалған күнде де онда көптеген мəселелер қамтылмайды. Еңбекті қорғауда да көптеген заң бұзушылыққа орын беріледі. Мысалы, еңбектің де түр-түрі бар. Ауыр, денсаулыққа зиянды еңбек түрлері жиі кездеседі. Мұндай жағдайда жұмыс орнының аттестациясын өткізу керек. Оның мəнісі, жұмыс орнында еңбек адамына жағдай жасалғанжасалмағандығы көрсетілуі тиіс. Егер ауыр, зиянды жұмыстар болғанда жұмысшыға соған сəйкесті қосымша еңбекақы, денсаулыққа зиянды еңбек кезінде азық-түлік, тамақ түрлері, еңбек демалысы берілуі керек. Жұмыс түрлеріне байланысты арнайы жұмыс киімінің берілмеуі де еңбек құқын бұзуға жатады. Жалақыны уақытылы бермеу еңбек адамы құқығын бұзудың бірден-бір көрінісі болып табылады. Əр айдың оныншы жұлдызына дейін өткен айдың жалақысы берілуі шарт. Еңбек кодексінде осылай көрсетілген. Жалақы төленбеген жағдайда соңғы жылдары облыстық, қалалық, аудандық прокуратуралар, кəсіподақтар кірісіп жүр. Үшжақты келісімшарт комиссиясы жалақыны уақытылы төлеу ісін нысанаға алады. Қордаланған жалақы қарызы мəселесін облыс əкімінің осы мəселе жөніндегі жұмыс тобы да назарда ұстайды. Еңбек адамының жалақы қарызы үш айдан артық төленбегенде оған ең алдымен кəсіподақ дабыл қағады. – Сонда не істейді? Еңбек құқын қорғауға қалай қарсы тұрады? – Кəсіподақтар заңға сүйене отырып, ең алдымен еңбек ұжымында ұжымдық шарт жасайды. Ол құжатта жəрдемақы, ауырып-сырқағанда берілетін көмек сияқты барлық əлеуметтік мəселелер қамтылуы қажет. Ұжымдық шартта

көп мəселе еңбек ұжымы мен жұмыс берушінің өзара келісіміне байланысты болады. Мысалы, ұжым мүшелері ауырып-сырқаған жағдайда оған көмек ретінде он бес айлық көрсеткіш көлемінің орнына бір айлық жалақысын береді. Негізі ұжымдық шарт адамдардың өз мүдделерін қорғауда бірігуіне, жұмылуына əкеледі. Олардың ынтымағын оятады. Ұжымдық шарт бар кəсіпорындарда əлеуметтік тұрақтылық болады. Адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруына да ықпал етеді. Кəсіпорын басшылығының жауапкершілігін арттырады. Қазір облыс бойынша 2700 ұжымдық шарт жасалды. Ұжымдық шарттың жасалуы негізінен ықпалды топтың бастамасынан бастау алады. Екінші жағынан, ол басшының адамгершілігіне, патриотизміне де байланысты. Тапқанын қалтасына сала бермей, адамдардың жағдайын, елдің дамуын ойлайтын басшылар ұжымдық шарт жасайды, ұжыммен санасып отырады. Мысалы, Қарабалық ғылыми-тəжірибе стансасының директоры Елубай Аманжолов, «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі»АҚ президенті Мұхамеджан Тұрдахунов, «Ақ киік» ЖШС директоры Амангелді Жалғасов, «Жітіғаракоммунэнерго» ЖШС директоры Мырзабай Ерекенов, «Қостанай минералдары» АҚ президенті Ербол Нұрғожаев, «Баян сұлу» АҚ президенті Виталий Трайбер, «Большевичка» АҚ президенті Татьяна Салманова, «Сосновый бор» ЖШС директоры Дидар Əубəкіров, «Қазақтелеком» АҚ президенті Хаджымұрат Темірханов сияқты ірі кəсіпорындардың басшылары ұжымдық шарт жасап, кеншілер мен тігіншілерге, құрылысшыларға, дəрігерлерге, жұмысшыларға жақсы жағдай жасап отыр. Бұл кəсіпорындарда еңбек адамдары жеңілдетілген жолдамалармен санаториийлерде демалады, медициналық көмек алады, басқа əлеуметтік қолдауларға ие болады. Мұндай ұжымдарда жұмыс істеудің өзі адамдарға қызықты, түрлі шаралар өтіп жатады. Түсінген басшыға кəсіподақ оның жұмысын жандандырмаса, кері ықпал етпейді. Ұжымдық шарт жасаған басшылардың көбі кəсіподақты алдымен тілге тиек етеді. «Біздің шаруашылық ұйымдастырудан қолымыз тимейді, шаруа бастан асады. Ал кəсіподақ ұйымы адамдардың проблемалары мен сұраныстарын біліп, оны шешуге көмектесіп отырады», дейді олар. Расында ұжымсыз, ондағы адамдарсыз қай кəсіпорынның жұмысы бітер еді? Басшылар осыны түсінсе игі. Дегенмен, ұжымдық шарт жасамай отырған шаруашылықтар мен кəсіпорындар əлі де жеткілікті. Тіпті олардың арасында үлкен ұжымдар бар. Олардың басшылары кəсіподақтар мен оның белсенділерінің ұсынысын созбақтап кейінге қалдыра береді. – Балбөпе Ғалымжанқызы, ауылшаруашылық кəсіпорындарындағы кəсіподақ жұмыстары көңілден шыға ма? – Ауыл шаруашылығында 86 бастауыш кəсіподақ ұйымдары бар. Алайда, барлық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде бастауыш ұйымдар бар деп айта алмаймын. Оның өзінің кейбір себептері де бар. Ауыл шаруашылығында көбіне науқандық жұмыстар басымдыққа ие. Қалған кезде жұмыс ырғақты жүрмейді, табыс та қаладағы өндіріспен салыстыруға келмейді. Сондықтан кəсіподақ қозғалысы да баяу. Көптеген шаруашылық басшылары кəсіподақтың рөліне мəн бермейді. Сол баяғы 90-шы жылдардағы түсінікпен жұмыс істейді. Мысалы, кейбір аудандарда ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басшылары ұжымдық шарт жасалмаған. Ол жерде жұмысшының емес, кəсіпорын, шаруашылық басшысының айтқаны болары түсінікті. – Жұмысшылардың мүддесі қорғалу үшін кəсіподақ қозғалысын насихаттау керек пе? – Əлбетте, солай. Облыстағы 8 ауданда кəсіподақ күнін өткіздік. Жастар, еңбекші əйелдер арасында түрлі шаралар, байқаулар өткіземіз. Былтыр бірінші рет кəсіподақ мүшелерінің арасында «Өз жұлдызыңды жақ!» байқауын өткіздік. Оның мақсаты кəсіподақ мүшелері арасынан талантты жастарды табу болатын. «Келешек» кəсіподақ жастар қанаты делегациясы мен Ресейдің Қорған облысының жастары делегациясы «Бастамаңды бөліс» жастар форумына қатысты. Онда жастардың бүгінгі өміріне қатысты түрлі мəселелер талқыланды. Мұның сыртында жастардың басын жиі қосатын түрлі тақырыпқа дөңгелек үстел мəжілістері болып тұрады. Облыста кəсіподақ мүшелерінің жартысынан көбі əйелдер. Сондықтан кəсіподақтар еңбекші əйелдер құқын, оларды əлеуметтікэкономикалық қорғауға, ана мен баланы əлеуметтік қолдауға көп көңіл бөліп отырады. Қостанай облыстық кəсіподақтар кеңесінде еңбек ететін əйелдер мəселесі жөнінде комиссия құрылды. Оның мүшелері еңбек ұжымдарындағы əйелдерге қатысты барлық мəселелерге араласып отырады. Қазіргі уақытта салалық, өңірлік жəне ұжымдық келісімшарттарда əйелдерді еңбекпен қамту, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, денсаулық жəне еңбекші əйелдерді кəсіптік даярлау жəне отбасы мəселелері жөнінде бөлімдер енгізілуде. Сонымен қатар, əйелдер арасында түрлі байқаулар өткізу де дəстүрге айналған. Мұның өзі бір жағынан тəрбие екенін де ұмытпаңыз. Оған «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы, «Іскер əйелдер» қауымдастығы, облыс əкімі жанындағы əйелдер ісі жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қолдау көрсетіп отырады. Міне, Елбасы айтқандай, «саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген осы емес пе? – Əңгімеңізге рахмет.

ҚОСТАНАЙ.

Əңгімелескен Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Əдебиетіміз бен өнеріміз тағы бір ауыр қазаға ұшырады. 74 жасқа қараған шағында көрнекті қаламгер, аудармашы, қайраткер азамат – Сəтімжан Санбаев дүниеден озды. Ол 1939 жылы 16 қыркүйекте қазіргі Атырау облысының, Мақат селосында туған. Орынбор ауыл шаруашылығы институтын, КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары əдеби курсты тəмамдаған. Əр жылдарда Атырау облысының Энгельс совхозында бас инженер, Павлодар трактор зауытында инженер-конструктор, Балқаш кен-металлургия комбинатында инженер, «Жазушы» баспасында

редакция меңгерушісі, Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінде жауапты хатшы, Қазақстан Жазушылар одағында əдеби кеңесші, «Невада-Семей» қозғалысында вице-президент, Ш.Айманов атындағы ұлттық кинокомпанияда бас редактор болып жемісті қызмет атқарған. Шығармаларын орыс тілінде жазатын Сəтімжан Санбаевтың алғашқы повестері «И вечный бой», «Белая аруана» 1968 жылы «Простор» журналында жарық көрген. Қаламгердің қаламынан туған «Белая аруана», «Дорога только одна», «Аруана», «Колодцы знойных долин», «Времена года нашей жизни», «Когда жаждут мифа», «Медный колосс» сияқты кітаптары оқырман қауым мен сыншылардан жоғары бағасын алған. Шығармалары қазақ тіліне, сондай-ақ, көптеген шетел тілдеріне аударылған. «Флакон одеколона» атты драмасы республика театрларында табысты қойылып жүр. Оның кино саласындағы еңбегі де орасан. «Ұшы-қиырсыз жол», «Той боларда», «Шоқан Уəлиханов», «Батыр Баян» көркем фильмдерінде басты рөлдерде ойнаған. «Қыз Жібек», «Ыстықкөл қызғалдақтары» кинофильмдерін сəтті аударған. «Там, где горы белые», «Дом у соленого озера» кинофильмдерінің авторы. Абайдың қарасөздерін, М.Əуезовтің, С.Бегалиннің, Ə.Сəрсенбаевтың, Қ.Ысқақтың, т.б қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне тəржімалаған. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Тіршілікте сабырлы, сырбаз қалпынан еш айнымаған, ақ көңіл, адамгершілігі мол болған қайраткер, қаламгер, аудармашы, «сегіз қырлы, бір сырлы» талант иесі Сəтімжан Санбаевтың ардақты бейнесі оны білетіндердің, оқырмандардың жүректерінде ұзақ сақталады. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі, Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы.

Жан-жаќты талант иесі еді Сəтімжан мен үшін – аға, мен үшін – дос. Ол кісінің жазған дүниелері алғаш жарық көрген күннен бастап барша қазақтың жүрегінен орын алды. Халықтың ұлттық сана-сезіміне үлкен əсер етті. Оның дүниежүзілік əдеби классика санатына енген «Ақ аруана» деген тарихи шығармасы ұлттық əдебиетке келіп қосылған үлкен құндылық болды. Ол өте көркем, сымбатты кісі еді. Сəтімжанның білімділігі, ішкі мəдениеті де талайға үлгі болғандай. Жасында ол кісі спортпен шұғылданып, күрестен бүкілодақтық жарыстардың жеңімпазы болған. Ол кезде бүкілодақтық турнирлер де жеңімпаз атану үлкен еңбек қорлықты, шеберлік пен

жүректілікті талап ететіні белгілі ғой. Алайда, ол жас шағында туған ауылы Мақатқа бара жатқан жолда мотоциклмен апатқа ұшырап, соның зардабын кейінгі өмір жолында көп тартты. Жол апатынан кейін Қырымдағы шипажайда жатып əйгілі «Ақ аруанасын» дүниеге əкелді. Денсаулығының сыр бергеніне қарамастан, қазақ əдебиетіне, ұлт руханиятына адал еңбек етіп, көп үлес қоса білді. Сəтімжан Санбаев «сегіз қырлы, бір сырлы», жан-жақ ты азамат еді. Ол Əліби Жанкелдиннің рөлінде ойнап, киноға да түсті. Абайдың қарасөздерін орыс тіліне тамаша аударған тəржімəші ретінде де көп тер төкті. Мəжит Бегалиннен бері қарай барлық кинорежиссерлер құрметтейтін

драматург. Замандастары, достары туралы ғажап туындыларды тудырған эссеист. Ұлттық құндылықтарды қастерлей білетін, жауһарларымыздың іздеушісі, үлкен суреткер, шынайы бағалануға тиіс этносуреткер еді. Ол əдебиетте де, өмірде де нағыз жоғары деңгейде еңбек ете білген қайраткер болды. Сəтімжанның шығармашылығына өз буыны үлкен баға бергеніндей, алда да, кейінгі ұрпақ ол кісінің шығармашылығына үл кен ынтызарлықпен, қызығу шы лықпен қарап, тереңірек зерттеледі деп, зерделенеді деп сенемін. Сəтімжан Санбаев ұлттық əдебиетте орны анық, еңбегі бағалы тұлға болып қала береді. Мұрат ƏУЕЗОВ.

Аруана киелі суреткер Түнде ғана Сəтімжанның ертеде Мəскеуде шыққан повестер жинағын тағы бір сүзіп оқып көргем. Көлемі шағын болғанымен айтылған ой салмағы терең бұл повестерде қазақ халқының Дешті Қыпшақ даласындағы ауыр халі суреттеледі. Ұланғайыр қазақ тарихы, қазақ ойы атой салып, жер мен көкті дүрліктіріп жіберді. Қазақ халқы басынан өткерген соңғы төрт жарым ғасыр аласапыран ауыр кезең еді. Сəтімжан уақыт пен ке ңістік ұғымдарын тəрк етіп, өзі сол тарихтың бел ортасын да жүргендей, шындықты суреттейді. Күрделі тарихтың ең бір қасіретті беттеріне жан бітіреді. Қазақтың өлген, өшкен, тарих құжаттарынан аластатылған тарихын бар жан-тəнімен ұғуға тырысады. Ғасырлар қойнауынан халқын іздейді, бабаларының күмбірлеген үнін естігісі келеді. Қазақ тарихы – қанқұйлы тарих. Сол тарихты жазуға, кітап беттерінде батыр бабалардың шынайы кейпін тірілтуге жан салған Сəтімжан Санбаев – үркердей жазушылар тобының бір жарық жұлдызы. Сəтімжан жаманға жалын баған, жақсыға табынбаған, ойын да, бойын да сергек ұстап саяқ жүретін, бостандыққа бой алдырған бірен-саран саналылар қатарынан.

Жазушы үшін бостандықтың қаншама ардақты екенін нағыз суреткер ғана біледі. Тіршілікте Жазушының өз киесі, Бостандықтың өз киесі бар. Сəтімжан Санбаев өнерде нағыз суреткер болып қалуды мақсат тұтты. Сонан да тіршілікте атақ пен дəрежеге қызықпады, арожданын барынша таза сақтауға тырысты, адамдық келбетіне, кісілік қасиетіне қыл түсірмей, басын имеген қалыпта о дүниеге аттанып кетті. Өнер үшін туып, өнер үшін жан тапсырған Ақ өлім!.. ХХ ғасырдың өнер додасында жаппай жүлде алатын ойы биік, азаматтық тұлғасы ерен, суреткерлік қуаты түгесілмейтін азғана топ бар еді, Сəтімжанның орны солардың жуан ортасында болатын. «Көн садақтың ішіндегі көбе бұзар жебенің» бірі еді. Өнерде «қазақ ғасырын» жасаймыз деп жан ұшырдық, сол ойымызға жетуді аңсадық, оған ақыл да, таза жүрек те, дарын да жетуші еді, əттең күйіміз келіспеді. Өкінішке қарай, жандарын рухымен суарған сол бір топ жүйрікке тиесілі жағдай жасалып, «жал-құйрықтарын» тарап тұрғанда, олар қазақ өнерін аса биік дəрежеге көтеріп кеткен болар еді. Оларға көңіл бөлінбеді. Олар ұмыт қалды. Уақытынан

озып туатын ондай арғымақ тұлғаларды ескеретін Құдай тағаланың Өзі ғана болса керек. Өлім барда, қорқыныш жоқ. Қазақ топырағының қай таланбас тұлғасы Сəтімжан Санбаев ортамыздан озды. Кітаптарың бізбен бірге ғұмыр кешер. Біз армандаған «қазақ ғасыры» үшін қолдан қаламымыз түскен сəтке дейін көз ілмеспіз. Жазармыз. Жасармыз. Бізде онан басқа жол да жоқ қой. Жазушы парызы – адам үшін, адамзат үшін сүйеу бола білу, бүгінгі жер бетіндегі бағыты беймəлім қиямет-қа йым трагедиялық тіршілік кезінде адамға адам болуды, адамшылығын биік ұстауды, кісілігін жоймауды айтудан таймау. Адам жүрегіне қуат беру, намысын ояту, рухын көтеру – адамгершілік үлгісі. Сол үлгіні дəйім еске салып, талмай айту да – жазушы парызы. Жалған, алдамшы дүниеде пендешілікпен ренжіткен сəтіміз болса, айтқаныңды ұқпаған кезіміз болса, жазғаныңды оқымаған күніміз болса кеш бізді! Тарыққан сəтіңде жаныңнан табыла алмағанымыз үшін де кеш бізді! Қош бол, асыл дос, ардақты азамат, өнер көгінің нағыз суреткері! Роллан СЕЙСЕНБАЕВ.

Оныѕ туындылары ўлтты ўйысуєа шаќыра беретін болады Сəтімжан Санбаев үлкен əдебиетке «Ақ аруанасымен» адымдай енген суреткер. Дəп осы туындысын ауызға алғанда Сəтімжанның есімі тілімізге орала береді. Сол дəуірдің тербелісі мен тыйымдарына қарамастан, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге шақыра отырып болашақ ұрпаққа қатқан үнімен де Сəтімжан тұтас бір ұлтты қасиетті соқпағынан адастырмайтын

бағдаршам іспетті. Бір ғана «Ақ аруанасымен» ол танымал болып қана қойған жоқ, ол осы туындысымен күллі қазақ даласын, өз кіндігін тануға үндеді, ол осы туындысы арқылы Алаш жұртына Ұмай Ана кейпінде жол нұсқады. Əрбір ұлт өз тамырынан ажырап қалмау керек екендігін терең ұғындырды. Спортшы, инженер, тəржімəші

һəм бірнеше фильмдерде керемет кейіпкерлерді сомдаған актер ретінде жəне де қазақтың үлкен жазушысы ретінде Сəтімжан менің жүрегімде əрдайым сақталатын болады. Оның қайталанбас туындысы ғасырлар өтсе де күллі қазақ даласын өзінің туған Отанына, өзінің байрақ тіккен туған жеріне шақыра береді деп үміттенемін. Бақытжан ҚАНАПЯНОВ.


www.egemen.kz

2 шілде 2013 жыл

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 2013 жылғы 25 маусым

№13/210

Астана қаласы

Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 5) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сəйкес бекітілсін. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сəйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының персоналды басқару бөлімі осы қаулыны облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссияларына, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатына жіберсін. 4. Аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметі барысында əзірленетін құжаттардың сақталуын, есепке алынуын, өңделу сапасын жəне пайдаланылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына, Қазақстан Республикасының тиісті сайлау комиссияларына, мемлекеттік мұрағаттарға жіберілуін жəне белгіленген мерзімдерде жойылуын қамтамасыз етсін. 5. Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының назарына жеткізсін. 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Төраға Хатшы

Қ. ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Б. МЕЛДЕШОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы №13/210 қаулысына 1-қосымша

Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары 1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында мынадай құжаттар сақталуға жəне кейіннен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк мұрағатына тапсырылуға тиіс: бекітілген іс номенклатурасына сəйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, отырыстарының хаттамалары, оларға қосымшалар жəне басқа да құжаттар; Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы отырыстарының хаттамаларынан үзінділер, оларға қоса осы қоғамдық бірлестіктің Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмелері; Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштері; Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсуге ниеті туралы өтініштері; Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың өмірбаян деректері; Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның шешімдері; Қазақстан Республикасы Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмiн ұсыну туралы саяси партиялардың жоғарғы органдарының хаттамаларынан үзінділер, оларға қоса Қазақстан Республикасы Əдiлет министрлігiнде саяси партиялардың тiркелгені туралы құжаттардың, сондай-ақ олардың республикалық мəртебесiн растайтын құжаттардың көшірмелері; Қазақстан Республикасы Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаттары болып сайлану үшін партиялық тiзiмге енгiзiлуге келiсiмi туралы Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерi; Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі хаттамаларының көшірмелері; Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштері; Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап жинаған қолдарының дұрыстығын тексеру нəтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары; Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сайлау жарналарын енгізгенін растайтын құжаттар; Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы жəне мүлкі туралы декларацияны тапсырғанын растайтын құжаттар; партиялық тізімге енгізілген əрбір адамның өмірбаян деректері; Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған əрбір адамның өмірбаян деректері; Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттығына кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы жəне мүлкі туралы декларацияны тапсырғанын растайтын құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаттары болып сайлану үшін партиялық тiзiмге енгізiлген əрбір адам үшiн саяси партиялардың сайлау жарнасын енгізгенiн растайтын құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар жəне астана) сайлау комиссияларының хаттамалары жəне оларға қосымшалар; облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттарын сайлаудағы дауыстарды санау туралы хаттамалары жəне оларға қосымшалар; облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) сайлау комиссияларының партиялық тiзiмдер бойынша дауыс беру нəтижелерi туралы хаттамалары; Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттығына кандидаттардың жəне саяси партиялардың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы есептері; Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мəслихаттарының депутаттарын сайлауға əзiрлiкке жəне оны өткiзуге бөлiнген республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсау туралы қаржылық есептіліктер; Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сəйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті депутатының мəртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы өтініштері; Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттары, парақшалары, ұрандары жəне өзге де үгіттік баспа материалдары, сондай-ақ сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің құжаттарын тіркеу үшін қажетті көшірмелер; партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттары, парақшалары, ұрандары жəне өзге де үгіттік баспа материалдары, сондай-ақ сайланған, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларды тіркеу үшін қажетті құжаттардың көшірмелері; Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентi, мəслихаттары депутаттарын, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдерін (бұдан əрі - əкімдерді) сайлауға əзiрлiк жəне оны өткiзу кезеңiнде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының (бұдан əрі – Конституциялық заң), Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сəуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату жəне қызметтен босату қағидаларының (бұдан əрі - Қағидалар) бұзылғаны туралы азаматтардың өтініштері жəне ұйымдардың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына келiп түскен өтiнiштерi; Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентi, мəслихаттары депутаттарын, əкімдерін сайлау бойынша сақтауға жатпайтын құжаттарды осы Қағидаларға қосымшаға сай жоюға бөліп шығару туралы актілер. 2. Сайлау алдындағы үгітті қамтитын теле- жəне радиобағдарламалардың (хабарлардың) бейне- жəне дыбысжазбалары құпия ақпарат құқығы негізінде тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында сақталады жəне Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін тиісті облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік мұрағаттарына сақтауға жіберіледі. 3. Аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабар жарияланғаннан кейiн тиiстi облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), қалалық аудандардың мемлекеттiк мұрағаттарына акт бойынша мынадай құжаттарды: аумақтық сайлау комиссиялары отырыстарының хаттамаларын, оларға қосымшалар мен басқа да құжаттарды; Қазақстан халқы Ассамблеясы отырыстарының хаттамаларынан үзінділерді; облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар жəне астана), аудандық жəне қалалық мəслихаттардың Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы хаттамаларынан үзiндiлердi; Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидат ретiнде дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiштерiн; Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидат ретiнде дауысқа түсуге ниетi туралы өтiнiштерiн; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркеу туралы өтiнiшiн; Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарды тіркеу туралы өтініштерін; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында жəне Конституциялық заңда қойылған талаптарға сəйкестiгін анықтау туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала жəне астана) сайлау комиссияларының хаттамаларын жəне оларға қосымшаларды; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қойған қолдарын тексеру нəтижелерi туралы облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссияларының хаттамаларын; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың өмiрбаян деректерiн; учаскелік сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентін сайлау бойынша дауыстарды санау нəтижелері туралы хаттамаларын; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысын өткізу хаттамаларын жəне оларға қосымшаларды; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау жарнасын енгізгенiн дəлелдейтiн құжаттарын; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы жəне мүлкі туралы декларацияны тапсырғанын дəлелдейтін құжаттар; дауыс беру нəтижелерi туралы аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларының хаттамаларын; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламаларын, плакаттарын, парақшаларын, ұрандарын жəне өзге де үгіттiк баспа материалдарын; сайлау алдындағы бағдарламаларды, плакаттарды, парақшаларды, ұрандарды жəне өзге де үгіттік баспа материалдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің сайланған депутаттарын тіркеу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін; Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентiнiң депутаттарын сайлауға əзiрлiк жəне оны өткiзу кезеңiнде Конституциялық заңның бұзылғаны туралы азаматтардың өтініштерін жəне ұйымдардың аумақтық сайлау комиссияларына келiп түскен өтiнiштерiн; шекаралары мен мəслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері көрсетілген сайлау округтерінің тізімдерін; аумақтық сайлау комиссияларының мəслихаттардың депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хаттамаларын жəне оларға қосымшаларды; Қазақстан Республикасы мəслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі, сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөліп шығару туралы актілерді; аудан (қала) əкімінің азаматты Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар

қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдігіне кандидат ретінде ұсынатыны туралы ұсынымын; азаматтың əкімдікке кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін; əкімдікке кандидаттың өмірбаян деректерін; əкімдікке кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғанын растайтын құжаттарды; аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының Қағидаларда қойылған талаптарға сəйкестігін анықтау туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының хаттамаларын; аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының əкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хаттамаларын; əкімдікке кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына өтініштерін; əкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының хаттамаларын; əкімді сайлау жөніндегі сайлаушылар (таңдаушылар) тізімін; əкімді сайлау бойынша дауыс беру пунктін ашу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамаларын; əкімді сайлау жөніндегі таңдаушылар отырысы хаттамаларын; əкімді сайлау нəтижелері туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының хаттамаларын; сайланған əкімді тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының шешімдерін сақтауға тапсырады. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтары құпия ақпарат құқығы негізінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат тіркелген күннен кейінгі 10 жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен акт бойынша жойылады. 4. Округтік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабарды жариялағаннан кейін тиісті облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына акт бойынша мынадай құжаттарды: округтік сайлау комиссиялары отырыстарының хаттамаларын, оларға қосымшалар мен басқа да құжаттарды; қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органының тиісті сайлау округі бойынша мəслихат депутаттығына кандидатты ұсыну жөніндегі отырысы хаттамасынан үзінділерді, осы қоғамдық бірлестіктің Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесімен бірге; мəслихаттар депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне Конституциялық заңда қойылған талаптарға сəйкестігін анықтау туралы округтік сайлау комиссиялары отырыстарының хаттамаларын; Қазақстан Республикасы азаматтарының осы сайлау округі бойынша мəслихат депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштерін; Қазақстан Республикасы азаматтарының осы сайлау округі бойынша мəслихат депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсуге ниеті туралы өтініштерін; мəслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы өтініштерін; мəслихат депутаттығына кандидаттардың өмірбаян деректерін; округтік сайлау комиссияларының мəслихат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы хаттамаларын; округтік сайлау комиссияларының тиісті сайлау округі бойынша мəслихаттар депутаттарын сайлау нəтижелері туралы хаттамаларын; Қазақстан Республикасының мəслихаттары депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламаларын, плакаттарын, парақшаларын, ұрандары мен өзге де үгіттік баспа материалдарын; Қазақстан Республикасы мəслихаттарының депутаттарын сайлауға əзiрлiк жəне оны өткiзу кезеңiнде Конституциялық заңның бұзылғаны туралы округтік сайлау комиссияларына келiп түскен азаматтардың өтiнiштерiн; сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөліп шығару туралы актілерді сақтауға тапсырады. 5. Сайлау алдындағы үгітті қамтитын теле- жəне радиобағдарламалардың (хабарлардың) бейне- жəне дыбыс жазбалары тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында құпия ақпарат құқығы негізінде сақталады жəне Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық комиссиялары мəслихаттардың депутаттарын сайлау қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін тиісті облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қаланың, Республика астанасының), аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына сақтауға жіберіледі. 6. Учаскелiк сайлау комиссиялары дауыстарды санау нəтижелері туралы хаттамалар тапсырылғаннан кейiн тиiстi округтік сайлау комиссияларына акт бойынша мынадай құжаттарды: учаскелiк сайлау комиссиялары отырыстарының хаттамаларын, оларға қосымшалар мен басқа да құжаттарды; Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентi Мəжiлiсiнiң, мəслихаттарының депутаттарын сайлау жөнiндегi дауыстарды санау нəтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамаларын; саяси партияларды жақтап берілген дауыстарды санау нəтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамаларын; Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентiнiң, мəслихаттарының депутаттарын сайлауға əзiрлiк жəне өткiзу кезеңiнде Конституциялық заңның бұзылғаны туралы учаскелiк сайлау комиссияларына келiп түскен азаматтардың өтініштерін жəне ұйымдардың өтiнiштерiн бередi. Əскери бөлiмдерде құрылған учаскелік сайлау комиссияларының көрсетілген құжаттары əскери бөлiмдердiң iстерiнде сақталады. 7. Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентi Мəжiлiсiнiң, мəслихаттарының депутаттарын, əкімдерін сайлау бойынша қайта дауыс беру өткiзiлген жағдайда, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларында сайлау құжаттарының сақталу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайлау нəтижелерiн жариялаған күнінен бастап есептеледi. 8. Сайлау комиссияларының бекітілген іс номенклатураларына сай белгіленген мерзім өткеннен кейін сақтауға жатпайтын құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың жəне құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сəйкес оларға алдын ала сараптама жасаған адамд растаған жəне тиісті сайлау комиссиясының төрағасы бекіткен акт бойынша жойылады 9. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді, оның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, жойылған есептен шығару куəліктерін, сондай-ақ сайлаушылардың тізімдері мен оларға қосымша құжаттарды мөрленген қалпында: учаскелік сайлау комиссиялары - облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) аумақтық сайлау комиссияларына; облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі үш ай бойы сақталып, ал кейіннен акт бойынша жойылады. 10. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жөнiндегi жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдердi, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын, таңдаушылардың тiзiмдерi мен оларға қоса берiлген құжаттарды сайлау қорытындыларын анықталып, жарияланғаннан кейiн облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырады, онда сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi үш ай бойы құпия ақпарат құқығы негізінде сақталып, кейiннен акт бойынша жойылады. 11. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, жойылған есептен шығару куəліктерін, сондай-ақ сайлаушылардың тізімдері мен оларға қосымша құжаттарды: учаскелік сайлау комиссиялары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларына; облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырады, онда сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi үш ай бойы құпия ақпарат ретінде сақталып, кейіннен акт бойынша жойылады. 12. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мөрленген күйінде, оның ішінде жойылған бюллетеньдер, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысына қатысушылардың тізімдері мен оларға қосымша құжаттар Орталық сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырылады, онда сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі үш ай бойы құпия ақпарат құқығы негізінде сақталып, кейіннен акт бойынша жойылады. 13. Қазақстан Республикасы мəслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, сондай-ақ сайлаушылардың тізімдері мен оларға қосымша құжаттарды: учаскелік сайлау комиссиялары – тиісті округтік сайлау комиссияларына; округтік сайлау комиссиялары – аудандық жəне қалалық аумақтық комиссияларға; аудандық, қалалық аумақтық комиссиялар аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан жер бойынша атқарушы билік органдарына акт бойынша тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі үш ай бойы сақталып, ал кейіннен акт бойынша жойылады. 14. Əкімдерді сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, сондай-ақ сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдері мен оларға қосымша құжаттарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі үш ай бойы сақтап, кейіннен акт бойынша жояды. 15. Жою жағу, балқыту, мөлшері 2,5 шаршы сантиметр бөлшектерге майдалау, ұнтақтау, еріту немесе химиялық шіріту, белгісіз жиынтыққа немесе ұнтаққа айналдыру жолымен жүргізіледі. 16. Жойылған, толық жойылмаған, олардың мазмұнын қалпына келтіруге болатын құжаттармен бөгде адамдарды таныстыруға болмайды.

Атауы АКТ _____№______ _________________ жасалған орны

Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларына қосымша Бекітемін ____________________ (атауы) сайлау комиссиясының төрағасы

Сақтауға жатпайтын құжаттарды Қолы Қолтаңбаның жоюға бөліп шығару туралы күні толық жазылуы ___________________________________________________________________) (Құжаттар тізбесінің атауы, шығарылған орны мен жылы, ___________________ _________________________________________________ негізінде оларды сақтау мерзімдері көрсетілсін) ғылыми-тарихи құндылығы жоқ жəне практикалық маңызын жойған қор құжаттары ретінде жоюға іріктелді: №______________________________________________________________________ (мұрағат қорының нөмірі мен атауы) _______________________________________________________________________ р/б Істің № тақырыбы немесе істердің топтық тақырыбы

Істің күні немесе істердің соңғы күндері

Істің (томның, бөліктің) номенклатура бойынша индексі немесе істің тізімдеме бойынша №

Істердің (томдардың, бөліктердің) саны

Істің (томның, Ескертпе бөліктің) сақталу мерзімдері жəне тізбе бойынша тармақтарының (тармақшаларының) нөмірлері

2013 жылғы ________________барлығы _____________________ істер мен құжаттар (цифрлармен жəне сандармен) Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізген адам лауазымының атауы Күні Қолы Қолының толық жазылуы Құжаттар саны_______іс, салмағы_________кг, _______№__________________ қабылдау-тапсыру жүкқұжаты бойынша қайта өңдеуге ________________ тапсырылды.

Құжаттарды тапсырған қызметкер лауазымының атауы Күні Қолы Қолтаңбаның таратылып жазылуы Қолжеткізілімі шектеулі, құпия ақпарат құқығы негізінде сақталған құжаттарды жағу кезінде __________________ қатысты. Сайлау комиссиясы өкілінің лауазымы Қолы Қолтаңбаның толық жазылуы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы №13/210 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі 1) «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентінің депутаттарын сайлауға əзірлік жəне өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың жəне жоюдың Ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/250 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 931 болып тіркелген); 2) «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/250 «Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/250 қаулысына өзгерістер енгізі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2000 жылғы 3 қарашадағы № 15/15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1292 болып тіркелген); 3) «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/250 «Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға əзірлік жəне өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың жəне жоюдың Ережесі туралы» жəне 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/251 «Қазақстан Республикасы мəслихаттарының депутаттарын сайлауға əзірлік жəне өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың жəне жоюдың Ережесі туралы» қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005 жылғы 8 сəуірдегі № 155/221 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3588 болып тіркелген); 4) «Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлауға əзірлік жəне өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың жəне жоюдың ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/250 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 13/31 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3899 болып тіркелген, 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 213 (24170) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған); 5) «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламентінің депутаттарын сайлауға əзірлік жəне өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың жəне жоюдың Ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/250 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы № 91/181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4782 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы жəне өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жыл); 6) «Қазақстан Республикасы мəслихаттарының депутаттарын сайлауға əзірлік жəне өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың жəне жоюдың Ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/251 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 932 болып тіркелген); 7) «Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде № 932 тіркелген «Қазақстан Республикасы мəслихаттарының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа тапсыру жəне жою ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/251 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 17 ақпандағы № 97/118 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2732 болып тіркелген); 8) «Қазақстан Республикасы мəслихаттарының депутаттарын сайлауға əзірлік жəне өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың жəне жоюдың Ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/251 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2006 жылғы 22 тамыздағы № 71/139 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4388 болып тіркелген); 9) «Қазақстан Республикасы мəслихаттарының депутаттарын, əкімдерін сайлауға əзірлік жəне өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың жəне жоюдың Ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/251 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 23 ақпандағы № 172/323 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6131 болып тіркелген). Қаулы Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2013 жылғы 27 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8524 болып енгізілді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 2013 жылғы 27 маусым

№14/213

Астана қаласы

«Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 жəне 34-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. «Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6401 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 223 (26284) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 жəне 34-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:»; 2) аталған қаулымен бекітілген Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 жəне 34-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне Президенттікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, мəслихаттарының депутаттығына жəне Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдігіне (бұдан əрі - əкімдікке) кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу мəселелері бойынша заңнаманың қолданылуын нақтылайды.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Президенттікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау қорларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тіркейді. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тиісті облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары тіркейді. Мəслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тиісті округтік сайлау комиссиялары тіркейді. Əкімдікке кандидаттардың сайлау қорларын тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары тіркейді.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Орталық, облыстық, Астана жəне Алматы қалалық, аудандық (қалалық), округтік сайлау комиссиялары Сайлау қорларының тізілімін осы Нұсқаулыққа қосымшаға сай нысан бойынша жүргізеді.»; 5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Орталық, облыстық, Астана жəне Алматы қалалық, аудандық (қалалық), округтік сайлау комиссиялары кандидаттың, саяси партияның уəкілетті өкілінің өтініші негізінде:»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Сайлау қоры өз қызметін: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сəуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату жəне қызметтен босату қағидаларына (бұдан əрі – Сайлау қағидалары) сəйкес кандидатты, партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда; «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 34-бабы 9-тармағына, Сайлау қағидаларының 44-тармағына сəйкес кандидаттың, саяси партияның сайлау қорлары қаражатын жұмсауы туралы есебін қабылдау туралы тиісті сайлау комиссиясының шешімі бойынша; «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, Сайлау қағидаларына сəйкес сайлау жарамсыз деп танылған жағдайда; сот шешімі бойынша тоқтатады.». 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының персоналды басқару бөлімі осы қаулыны басшылыққа алуы үшін облыстық сайлау комиссияларына жіберсін. 3. Облыстық сайлау комиссиялары Сайлау қорларының тізілімдерін дайындасын жəне аудандық (қалалық) сайлау комиссияларына жіберсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Б.МЕЛДЕШОВ. Қаулы Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2013 жылғы 27 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8525 болып енгізілді.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 2013 жылғы 27 маусым

№ 14/214

Астана қаласы

«Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 34-бабына, Қазақстан Республикасы

9

Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мəслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың жəне оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 870 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесін бекіту туралы»; 2) қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесі бекітілсін.»; 3) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мəслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың жəне оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiнде: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесі»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сайлау қорының қаражатына иелік ету құқығы тек Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мəслихатының депутаттығына, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдігіне (бұдан əрі - əкімдікке) кандидатқа немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияға берiледi. Саяси партияның сайлау қоры қаражатын пайдаланумен байланысты қаржылық жəне басқа да құжаттарға қол қою құқығы саяси партияның басшысына немесе партияның алқалық органының шешiмiмен уəкiлеттi адамға беріледі.»; 2-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2. Президенттікке, Парламент Сенаты, мəслихат депутаттығына, əкімдікке кандидат немесе саяси партия өздерiнің сайлау қорлары қаражатынан:»; 6-тармақ алып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Сайлау қорлары қаражатының мақсатты жұмсалуын Президенттікке, Парламент Сенаты, мəслихат депутаттығына, əкімдікке кандидат, саяси партия қамтамасыз етеді.»; 8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «8. Президенттікке, Парламент Сенаты, мəслихат депутаттығына, əкімдікке кандидат, саяси партия өзiнің сайлау қорына қаражаттың түсу есебiн, сондай-ақ олардың жұмсалу есебiн жүргiзедi. Есеп түсiмнiң əр түрi бойынша, күнi, теңгедегі сомасы жəне осы қаражатты аударған нақты жеке жəне заңды тұлғаның атауы көрсетiле отырып, жүргiзiледi. Шығыстар тiзiлімiнде: қаражаттың шотқа келiп түскен күнi, қаражаттың банктен алынған күнi, қаражат сомасы, қаражат жұмсалған іс-шаралар, қаражаттың түскенiн жəне жұмсалғанын растайтын құжаттар жазылады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Арнаулы уақытша шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар сайлау алдындағы күнi сағат 18.00-ден бастап тоқтатылады. Қайта дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайта дауыс беру өткізілетін кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржылық операциялар қайта дауыс беру күні тағайындалған күні қайта жаңартылады жəне сайлау күнінің алдындағы күнгі сағат он сегізде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен белгіленген шектен аспауға тиіс. Əкімдікке кандидаттың сайлау қорына құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сəуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату жəне қызметтен босату қағидаларына (бұдан əрі – Сайлау қағидалары) сəйкес белгіленген шектен аспауға тиіс.»; 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сай жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының персоналды басқару бөлімі осы қаулыны басшылыққа алуы үшін облыстық сайлау комиссияларына жіберсін. 3. Облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының назарына жеткізсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Б.МЕЛДЕШОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214 қаулысына 1-қосымша Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесіне 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты, мəслихаттары депутаттығына, əкімдігіне кандидаттардың жəне саяси партиялардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі туралы анықтама 1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты, мəслихаттары депутаттарына, əкімдігіне кандидаттың Т.А.Ə. немесе саяси партиялардың толық атауы, қай банк мекемесінде шот ашылған. 2. 201__жылғы ____________ жағдай бойынша сайлау қорының жалпы сомасы _______________ теңге. Түскен Сомасы (теңгемен) Түсім көзі Түскенін растайтын күні құжаттар 1 2 3 4 5 Ескертпе : Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді. Қолдар: Банк мекемесінің басшысы: /Т.А.Ə./ Бас бухгалтер: /Т.А.Ə./ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214 қаулысына 2-қосымша Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесіне 2-қосымша Нысан Жарналар белгіленген шекті мөлшерлерден асып кеткен, кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, партиялық тізім қайтарылып алынған немесе кандидатты, партиялық тізімді ұсыну немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда қаражатты қайтару туралы анықтама 1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мəслихатының депутаттығына, əкімдігіне кандидаттың Т.А.Ə., саяси партияның толық атауы, қай банк мекемесінде шот ашылған. Түскен күні Түсім көзі Қаражаттың банкке Қаражаттың қайтарылған күні жəне сомасы Түскенін жəне олардың қайтарылғанын теңгемен растайтын құжат растайтын құжат 1 2 3 4 5 Ескертпе: Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына енгізілген ақша қаражатының дереу қайтарылу шамасына қарай береді. Банк мекемесінің басшысы: /Т.А.Ə./ Бас бухгалтер: /Т.А.Ə./ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214 қаулысына 3-қосымша «Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесіне 3-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мəслихатының депутаттығына, əкімдігіне кандидаттың жəне саяси партияның сайлау қоры қаражатының жұмсалуы туралы анықтама 1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мəслихатының депутаттығына, əкімдігіне кандидаттың Т.А.Ə., саяси партияның толық атауы, қай банк мекемесінде шот ашылған. 2. 201 __ жылғы ______________ жағдай бойынша сайлау қорының қалдығы – ________ теңге. Күні Сомасы Қаражат жұмсалған Қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттар (теңгемен) іс-шаралар (төлем қағазының немесе чектің берілген күні мен нөмірі) Ескертпе: Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді. Банк мекемесінің басшысы: /Т.А.Ə./ Бас бухгалтер: /Т.А.Ə./ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214 қаулысына 4-қосымша Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесіне 4-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мəслихатының депутаттығына, əкімдігіне кандидаттың, саяси партиялардың сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі сайлау қоры қаражатын пайдалануы туралы есебі 1. Қорға түскен ақшалай түсімдердің көздері: (анықтамалар қаражаттың түскендігін растайтын құжаттармен қоса беріледі). 2. Сайлау алдындағы үгіт мақсатында жасалған шығындар:(анықтамалар қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен қоса беріледі). 3. Сайлау қоры қаражатының қалдығы 201 __ жылғы ______ жағдай бойынша -______теңге. 4. Қалдықтың үштен екісі ________ теңге мөлшерінде республикалық бюджетке аударылды (төлем құжатының № мен күні). 5. Президенттікке, Парламент Сенаты, мəслихаттар депутаттығына, əкімдікке кандидатқа, саяси партияға қалдықтың үштен бірі ____ теңге сомасында қайтарылды (төлем құжатының № мен күні). Ескертпе: Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының, мəслихатының депутаттығына, əкімдігіне кандидат, саяси партия Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі бес күннен кешіктірмей, банк растаған жеке шоттың көшірмесімен бірге ұсынады. Есепті растап қол қоюшылар: Банк мекемесінің басшысы: /Т.А.Ə./ М.О. Президенттікке, Парламент Сенаты, мəслихат депутаттығына, əкімдікке кандидат: /Т.А.Ə./ М.О. Партия жетекшісі немесе партияның ұжымдық органы уəкілеттік берген адам: /Т.А.Ə./ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы: /Т.А.Ə./ М.О. Қаулы Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2013 жылғы 27 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8526 болып енгізілді.


10

www.egemen.kz

2 шілде 2013 жыл

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: С-O-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы. C-O-5, C-R-4, С-R-5 санаттары үшін: білімі – жоғары. - «Б» корпусы мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген). Əкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

min

max

C-O-3

94 813

128 126

C-R-4

56 375

76 235

С-O-5

64 063

86 485

C-R-5

49 969

67 906

I. Ақмола облысының прокуратурасы, 020000, Көкшетау қаласы, Біржан Сал көшесі, 45 үй, анықтама телефондары: 8 (7162) 25-74-91, 25-06-28, 25-05-93) бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялайды: Ақмола облысының прокуратурасы Аппаратының бас маманы, (санаты С-О-5) – 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: Жұртшылықты прокуратура органдарының қызметі туралы ақпараттық қамсыздандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Прокуратура органдарының беделін арттыру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен, заңнаманы насихаттау мəселелері бойынша өзге құқық қорғау жəне мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс қимыл жасау. Баспасөз мəслихаттарын, брифингтерді ұйымдастыру жəне өткізу, БАҚ мониторингін жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары гуманитарлық немесе əлеуметтік ғылымдар бойынша білім беру немесе заң мамандықтары, орта гуманитарлық немесе əлеуметтік ғылымдар бойынша білім беру немесе заң мамандықтары рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Əкімшілік рəсімдер туралы» Заңын білуі, мемлекеттік тілді білуі жөн. Ақмола облысы Атбасар ауданы прокуратурасының жетекші маманы (негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы кезеңіне, санаты С-R-5) жəне Аршалы, Целиноград аудандары прокуратураларының жетекші маманы (санаты С-R-5) – барлығы 3 бос орын. Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс жəне шығыс хатхабарларын қабылдау, есепке алу, тіркеу, алғашқы өндеу жəне тағайындау бойынша беру; электронды деректер базасында белгіленген тіркеу бақылау кəртішкелерінің сəйкес бөлімдерін қалыптастыру жəне толтыру; прокуратураның негізгі қызметі жөніндегі бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары гуманитарлық немесе əлеуметтік ғылымдар бойынша білім беру немесе заң мамандықтары немесе орта гуманитарлық немесе əлеуметтік ғылымдар бойынша білім беру немесе заң мамандықтары. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Əкімшілік рəсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 3261 Заңын білуі, мемлекеттік тілді білуі жөн. II. Алматы облысының прокуратурасы, Талдықорған қаласы, Гайдар көшесі №17 үй, 3-қабат, 305 кабинет, анықтама телефондары: 8-(7282)-27-34-12, 27-22-08, əкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға конкурс жариялайды: Алматы облысының прокуратурасы Аппаратының бас маманы (санаты С-О-5) - 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: Облыстық прокуратура органдарының құқықтық түсіндіру жұмыстарын бақылап, мемлекеттік тілді дамыту, іс жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады. Прокуратура саласына қатысты орталық жəне жергілікті баспа мекемелерінің бас редакторларымен, телерадиокомпанияларының, ақпараттық агенттіктердің жетекшілерімен өкілдерімен жəне құқық қорғау органдарының баспасөз хатшыларымен тығыз қарым-қатынаста, байланыста болады. Облыстық прокуратура органдарының прессрелизін, жариялым құжаттарын дайындауды, ақпараттық арнайы мəлімдемелерін қамтамасыз етеді, радио, телевидение, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялымдардың шығуын, Бас прокуратураның, облыс пролкуратурасының веб-сайттарына ақпараттардың шығуын қамтамасыз етеді. Конференция, семинар жиналыстарына қатысады, төмен тұрған прокуратура органдарына методикалық, практикалық құқықтық түсіндіру жəне ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары кəсіптік. Мемлекеттік қызметте екі жылдан кем емес немесе басқару лаузымдарында бір жылдан кем емес еңбек өтілдері бар немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес облыстарда үш жылдан кем емес еңбек өтілдері бар, сонымен қоса басқару лауазымдарында бір жылдан кем емес еңбек өтілі болған жағдайда немесе мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік бағдарлама бойынша дайындау мен қайта дайындау оқуларын мемлекеттік тапсырыс негізінде аяқтаған (бакалавриат), сондай-ақ Республикалық комиссиямен бекітілген кадрларды шет елдерінде дайындау бағдарламасына сəйкес жоғарғы оқу орындарында арнайы мамандықтар алғандар. III. Астана қаласының прокуратурасы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 9 үй, 5 қабат, 511 кабинет, анықтама үшін телефондар: 71-24-07, 71-21-08, 71-24-16, əкімшілік мемлекеттік бос лауазымға конкурс жариялайды: Астана қаласының прокуратурасы Аппаратының бас маманы (санаты С-О-5 санаты) – 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: прокуратура органдарының қызметі туралы халыққа ақпарат беру мақсатында прокуратура органдарының БАҚ-пен өзара іс-қимылын ұйымдастыру жəне үйлестіру. Прокуратураның имидждік бағдарламаны іске асыру бойынша қызметін жоспарлау, медиа-жоспарды əзірлеу жəне іске асыру, PR-акцияларды (баспасөз конференциялары, брифингтер т.б.). БАҚ-қа талдау жəне мониторинг жүргізу. Қала прокуратурасының жəне төмен тұрған прокуратуралардың ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру, құқық түсіндіру қызметінің жай-күйін, оның өңірдегі заңды жұмыс тиімділігін арттырудың жолдарын іздестіру. Имидждік бағдарламаны іске асыру мəселелері бойынша статистикалық есептілікті жүргізу. Қызметкерлердің БАҚ-та (баспа, теле-радио жəне электронды) сұхбат беруін, жариялануын ұйымдастыру. Мемлекеттік жəне ресми тілдегі нормативтік-құқықтық актілерді, ҚР Бас Прокуратурасының ведомстволық бұйрықтарын бақылауда ұстау арқылы заңнаманы жүйелеп отыру, төмен тұрған прокуратураларда көрсетілген жұмыстың жай-күйін тексеру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, баспасөз хатшысы қызметінің функционалдық бағыттары бойынша тиісті салада кемінде бір жыл өтілі болған жағдайда орта кəсіптік (заңгер, журналист, филолог) білім рұқсат етіледі, мемлекеттік тілді білуі. Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа міндетті білімі. Компьютердегі Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. Астана қаласының прокуратурасы Аппаратының бас маманы (санаты С-О-5 санаты) – 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс жəне шығыс хатхабарды қабылдау, есепке алу, жүйелеу, бастапқы өңдеу, сұрыптау жəне белгіленуі бойынша жіберу, электронды деректер базасына белгіленген нысанда тіркеу-бақылау карточкаларының тиісті бөлімдерін қалыптастыру жəне толтыру, олардың сақталуын жəне мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік, экономикалық, педагогикалық білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда, орта заңгерлік, экономикалық, педагогикалық, техникалық немесе медициналық білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейін тексеру үшін, тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді; 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын білуі. Компьютердегі Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. IV. Атырау облысының прокуратурасы, 060011, Атырау қаласы, Молдағұлова көшесі, 248 үй, анықтама үшін телефоны 8 (7122) 2708-01, бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға конкурс жариялайды: Атырау облысы прокуратурасының қаржы жəне ақпараттандыру басқармасының бастығы (санаты С-О-3) - 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысын жоспарлап ұйымдастырады. Бюджет қаражатының толық, уақытылы жəне тиімді жұмсалуын бақылайды. Қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу, əкімшілік-шаруашылық қызметі, бухгалтерлік есеп-қисап жəне есеп беру сияқты мəселелерді шешуге бағытталған шаралардың орындалуын бақылап, ұйымдастырады. Тауарлы-материалдық құндылықтардың бүтіндігін, жұмсалуын жүргізуді қамтамасыз етеді. Мүлікті, материалдық қорды, ақшаны, есептерді, басқа да теңдік баптарын түгендеудің уақытымен өтуін, нəтижесі үшін жауаптылығын бақылайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы экономика жəне қаржы несие саласында арнайы жоғары білімі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функциялық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда орта кəсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Ақпараттық технология саласында курстар өткені жөнінде сертификаты болғаны жөн. Атырау облысы прокуратурасының қаржы жəне ақпараттандыру басқармасының бас маманы (санаты С-О-5) - 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: Прокуратура органдары жүйесіндегі

бағдарламалы-аппараттық құралдарына жүйелік жəне техникалық қызмет көрсету бойынша талдау жəне үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады. Сатып алынатын тауарлар, қызмет жəне жұмыстарды техникалық сипаттайтын құжаттарды дайындау. Прокуратура органдарын ақпаратпен қамтамасыз ету жəне компьютерлендіру саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру жəне жетілдіру шараларын қолданады. Аумақтық бөлімшелерді өзара ақпаратпен қамтамасыз ету. Ақпараттық технологияны, есептеуіш жəне ұйымдастырушы техниканы енгізіп, жетілдіру. Прокуратура органдарын құру, жетілдіру, қызмет көрсету жəне ақпаратпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы экономика жəне қаржы несие саласында арнайы жоғары білімі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функциялық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда орта кəсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Ақпараттық технология саласында курстар өткені жөнінде сертификаты болғаны жөн. Атырау облысы прокуратурасы Аппаратының бас маманы (санаты С-О-5) - 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: Прокуратура органдарының қызметін жариялы түрде жүргізу мақсатында жергілікті жəне республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасайды. Облыс прокурорының, орынбасарларының жəне құрылымдық бөлімше басшыларының баспасөз мəслихаттар, брифингтер, сұхбаттар жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуді ұйымдастырады. «Заң» мəліметтер Базасын жаңарту, негізгі нормативтік құқықтық актілерді бақылауда ұстау бойынша шаралар алады. Заңдарды жəне нормативтік актілерді жүйелеу, кітапхана қорын сақтау жəне жаңа құқықтық-нормативтік құжаттармен, құқықтық əдебиетпен толықтыру жұмыстарын жүргізеді, олармен облыстық, төменгі прокуратураларды қамтамасыз етеді. Бас прокуратураның Веб-сайтына жариялау үшін мақалалар мен анықтамалар жолдайды. Прокуратура органдарында мемлекеттік тілді дамыту бағытында жұмысты жүзеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары гуманитарлық заңгер мамандығы бойынша, жоғары педагогикалық, жоғары журналистика мамандығы болуы міндетті. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функциялдық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда орта кəсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Атырау облысы прокуратурасының Кадр жұмысы тобының бас маманы (санаты С-О-5), 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: Кадр саласындағы іс қағаздарын жүргізу; жеке істерді жүргізу, еңбек кітапшаларының есебін жүргізіп, шығарылған бұйрыққа сəйкес толтыру, кадр саласына қатысты барлық материалдар мен құжаттарды тіркеу жəне аймақтық бөлімшелерге жолдау, қызметтік куəліктері мен іс-сапар куəліктерін жəне т.б. тіркеу жəне есебін жүргізу. Прокуратура органдарына резервке алу жөніндегі комиссияға, кадрлар резервіне, тəлімгерлер кеңесіне, аттестация комиссиясына алдын ала материалдар дайындау жұмыстарын үйлестіру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары гуманитарлық заңгер мамандығы бойынша, жоғары педагогикалық, жоғары экономикалық экономист мамандығы бойынша. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функциялдық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда орта кəсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. V. Алматы қаласы прокуратурасы, Желтоқсан көшесі, 189 үй, 4 қабат, 447 кабинет, анықтама телефондары: 8 (7272) 265-05-30, 26505-15, əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялайды: Алматы қаласы прокуратурасы Аппаратының бас маманы (санаты С-О-5 ) – 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: мониторинг жүргізу жəне БАҚпен өзара іс-қимылын ұйымдастыру жəне үйлестіру, талдау жүргізу, шолу, құқықтық-насихаттау жұмысын жалпылау, есептеме жүргізу, материалдық талдау жасау, БАҚ-та жариялауға мақалалар дайындау, қызметкерлердің БАҚ-та (баспа, теле-радио жəне электронды) сұхбат беруін, жариялануын ұйымдастыру, БАҚ-та жарияланған құқық бұзушылық туралы мақалаларды қарау жəне зерделеу, заң шығару жуйесін жүргізу, кітапхана жұмысын жүргізу, фонда бар кітаптардың есеп-қисабын жүргізу, кітапхананы жаңа заң кітаптарымен толтыру шараларын уйымдастыру, заң кітаптарына тапсырыс беруді жасау, басылып тұратын жəне ақпараттық басылымдарға, газет пен журналдарға жазылу, нормативті құқықтық актілерді, заң кітаптарын қызметкерлерге беру, мерзімді баспасөзбен библиографиялық жұмыс жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылған талаптар: Білімі жоғары, Əлеуметтік (журналистика) немесе құқық саласында немесе Гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе халықаралық қатынас). Əлеуметтік (журналистика) немесе құқық саласында немесе Гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе халықаралық қатынас) саласында орташа білімімен рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президенті туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасы Парламенті жəне оның дəрежесі туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Əкімшілік рəсімдер туралы, Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы, нақты осы санаттағы мамандандырылған лауазымды жəне осы саладағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері, «Қазақстан-2050» орныққан Мемлекеттің жаңа саяси қурс стратегиясы. Осы санаттағы лауазымда қызмет атқару кезінде керекті басқада білімі. Əлеуметтік (журналистика) немесе құқық саласында немесе Гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе халықаралық қатынас). Əлеуметтік (журналистика) немесе құқық саласында немесе Гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе халықаралық қатынас) саласында білімі жоқ болған жағдайда, Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы абзал. Алматы қаласы Əуезов жəне Медеу аудандары прокуратураларының іс қағаздарды жүргізу жөніндегі бас маманы (санаты С-R-4 – 2 орын, санаты С-R-5 - 1 орын). Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс жəне шығыс корреспонденциясын қабылдау, есептеу, жүйелеу, тіркеу, алғашқы өңдеу, сорттау мен оларды бағытына қарай жолдау, тіркеу-бақылау карточкаларының тиісті тарауларын, электрондық база мəліметтерінің түрлерін құрау жəне толтыру, прокуратураның негізгі қызметі бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылған талаптар: Қазақ тілін білумен ұштасқан жоғарғы заң немесе филологиялық білім. Қазақ тілін білумен ұштасқан орташа заң немесе филологиялық білімі барларға да мүмкіндік беріледі. Тест бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Конституциясын, мемлекеттік қызмет туралы Заңды, Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңды, мемлекеттік қызметкерлердің ар-ожданы Кодексін жəне басқа да осы санаттағы лауазымдардың қызметтік функцияларды орындау қажеттілігінен туындаған міндеттерді білу. Қазақ тілін білумен ұштасқан жоғарғы заң немесе филологиялық білімі болмаған жағдайда, қазақ тілін білумен ұштасқан арнаулы орта заң немесе филологиялық білімі бар болса, мемлекеттік қызметте 1 жылдан жоғары өтілі бар немесе осы санаттағы нақты лауазымнан туындайтын қызметтік бағыттарына сəйкес келетін қызметтерде екі жылдан астам өтілі бар болса. VI. Бас көлік прокуратурасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14 үй, анықтама телефондары: 8 (7172) 30-17-05, 31-17-15, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялайды: Бас көлік прокуратурасы Аппаратының бас маманы (санаты С-О-5) – 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: Жұртшылықты прокуратура органдарының қызметі туралы ақпараттық қамсыздандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Прокуратура органдарының беделін арттыру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен, заңнаманы насихаттау мəселелері бойынша өзге құқық қорғау жəне мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс қимыл жасау. Баспасөз мəслихаттарын, брифингтерді ұйымдастыру жəне өткізу, БАҚ мониторингін жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары гуманитарлық немесе əлеуметтік ғылымдар бойынша білім беру немесе заң мамандықтары, орта гуманитарлық немесе əлеуметтік ғылымдар бойынша білім беру немесе заң мамандықтары рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Əкімшілік рəсімдер туралы» Заңын білуі, мемлекеттік тілді білуі жөн. Бас көлік прокуратурасы Қандыағаш көлік прокуратурасының (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы) жетекші маманы (санаты С-R5) – барлығы 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс жəне шығыс хатхабарларын қабылдау, есепке алу, тіркеу, алғашқы өндеу жəне тағайындау бойынша беру; электронды деректер базасында белгіленген тіркеу бақылау кəртішкелерінің сəйкес бөлімдерін қалыптастыру жəне толтыру; прокуратураның негізгі қызметі жөніндегі бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары гуманитарлық немесе əлеуметтік ғылымдар бойынша білім беру немесе заң мамандықтары немесе орта гуманитарлық немесе əлеуметтік ғылымдар бойынша білім беру немесе заң мамандықтары. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Əкімшілік рəсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 3261 Заңын білуі, мемлекеттік тілді білуі жөн. VII. Жамбыл облысының прокуратурасы, 080000, Тараз қаласы, М.Х.Дулати көшесі, 23 үй, тел. 8 (7262) 45-29-41, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялайды: Жамбыл облысы прокуратурасы Аппаратының бас маманы (С-О-5) – 2 бірлік. Функционалдық міндеттері: Кіріс жəне шығыс хаттарын, жеке заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өндеу, сұрыптау жəне одан əрі мақсатына, қажеттілігіне қарай жолдау, тапсыру, тіркеу-бақылау карточкаларының, электрондық мəліметтер базасының белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру жəне толтыру. Іс қағаздарын жүргізу, ақпараттарды жинау, өндеу жəне ұсыну үшін арналған компьютерлік техникаларды қолданумен байланысты түрлі операцияларды орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта кəсіптік құқық, əлеуметтік ғылымдар мен бизнес немесе құжаттама жүргізу немесе білім саласындағы мамандықтар. Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңын, осы санаттағы нақты қызметтің тиісті мамандық саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының

нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы қызмет бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім. Типтік біліктілік талаптарына сəйкес. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелерде тиісті мамандығы бойынша жұмыс атқарған. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білу. VIII. Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы, 090000, Орал қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 23 үй, анықтама үшін телефон: 8 (7112) 51-36-32 бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға конкурс жариялайды: Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы Аппаратының бас маманы, (С-О-5 санаты) - 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: Электронды пошта арқылы түскен барлық кіріс жəне шығыс құжаттарды қабылдау, есепке алу, тіркеу, басшылықтың бұрыштамасымен жедел қызметкерлерді құжаттармен таныстыру, хронологиялық тəртіпте құжаттарды топтастыру, алқа отырысына, Үйлестіру Кеңесіне, жедел, аппарат жəне облыс прокуроры немесе орынбасарлары қатысуымен өткен басқа да кеңестерге құжаттардың көшірмелерін əзірлеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе арнайы орта заңгерлік немесе информациялық технологиялар, информатика, бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер білімі. Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, (С-О-5 санаты) - 2 бірлік. Функционалдық міндеттері: Белгіленген мерзімде бухгалтерлік, статистикалық жəне салық есептілігін уақытылы түзу жəне тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қаражаттардың тиімді жəне мақсатты жұмсалуын бақылау. Кассалық жəне нақтылы шығындардың есебін жүргізу. Бухгалтерлік есептердің дұрыс жүргізілуін тексеру. Бухгалтерлік құжаттардың дұрыс жəне уақытылы рəсімделуіне жəне жасалып жатқан операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүргізу, кассалық операцияларды жүргізу. Валюталық қаражаттардың қозғалысы жəне есептік шоттағы қаржының қозғалысы бойынша операциялардың есебін жүргізу. Іссапарлар жəне басқа да шығындар бойынша жұмыскерлердің аванстық есептерін тексеру жəне өңдеу. Жұмыскерлерге жалақыны уақытылы жəне дұрыс аудару. Материалдардың, құнды заттардың, активтердің есебін жүргізу. Жеткізіп берушілермен есеп айырысудың есебін жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе арнайы орта əлеуметтік ғылымдар жəне бизнес. Қазақстан Республикасының заңдарын білу жөнінен тест тапсыру бағдарламасына сəйкес нормалық-құқылық актілерді меңгеру. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Прокуратура туралы» ҚР Заңын, прокурорлық ар-намыс кодексін, прокуратура органдарында қызмет өткеруге байланысты жəне басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білу. Осы санат бойынша үлгілік біліктілік талаптарда белгіленген талапқа сай келуі тиіс. Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда жəне Қаратөбе аудандары прокуратураларының жетекші маманы (С-R-5 санаты) – 2 бірлік. Функционалдық міндеттері: барлық кіріс жəне шығыс хаттарын қабылдау, тіркеу, есепке алу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау жəне одан əрі мақсатына, қажеттілігіне қарай жолдау, тапсыру, мұрағат жұмысын қамтамасыз ету, қадағалау өндірістерінің істерін жасақтау, іс жүргізу бойынша Нұсқауға сəйкес құжаттардың есепке алу журналдарын жүргізу, істер номенклатурасын жүргізу, іс жүргізуі аяқталған құжаттарды рəсімдеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе арнайы орта заңгерлік білім. IX. Қарағанды облысының прокуратурасы, 100026, Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а, анықтама телефона: 3535-95, факс: 35-34-83, бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға конкурс жариялайды: Қарағанды облысы прокуратурасының əлеуметтікэкономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты) – 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: Қаржылық жəне экономикалық қызметте құқық қолданушылық тағылымды зерттеу жəне бюджеттік, экономикалық жəне қаржылық салада заңдардың қолданылуы бойынша қорытынды жасау, заңды жəне жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру жəне тексерістерге қатысу. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі – экономикалық жоғары. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін), «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», Қазақстанның 2050 жылға дейін даму стратегиясы, «Салықтар жəне бюджетке басқада міндетті төлемдер туралы›› Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, салық қатынастарын жəне қаржылық реттейтін басқада Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметің тексеру жəне құжаттық тексеріс жүргізудің ережелерін, компьютерлік, көшірмелік техниканы, электрондық байланыс құралдарын пайдаланудың негізгі ережелерін, жеке компьютерде, сонымен қатар графикалық жəне текстілік редакторларда, локалдық жəне глобалдық компьютерлік желіде жəне басқада электрондық байланыс құралдарында жұмыс атқарудың дағдыларының болуы. Ақтоғай, Жаңаарқа, Ұлытау аудандары жəне Қарағанды қаласының Октябрь ауданы прокуратураларының жетекші маманы (санаты С-R-5) – 4 бірлік. Функционалдық міндеттері: Ішкі, кіріс жəне шығыс құжаттарын қабылдау, уақытылы өңдеу, тіркеу, есепке алу жəне сақтау, оларды дағдары бойынша тапсыру, тарату жəне жеткізу. Бақылауанықтамалық жəне құжаттардың өтуін есепке алу басқа картотекаларды қалыптастыру жəне жүргізу. Істерді қалыптастыру, ресімдеу жəне сақтау. Іс жүргізумен аяқталған істерді дайындау жəне ведомстволық мұрағатқа тапсыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта кəсіптік білімінің болуы (заң немесе құжаттану білімі). Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін), «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Ұлттық мұрағаттық қор жəне мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың жəне құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын, іс жүргізу жəне мұрағат ісін жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, əдістемелік жəне басқа материалдарды, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, іс жүргізу жəне мұрағат ісін жүргізу жүйесінің негізгі ережелерін білуі; компьютерде жұмыс істеуі. X. Қостанай облысының прокуратурасы, 110000, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118а үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 54-94-86, 54-94-93 əкімшілік мемлекеттік бос лауазымға конкурс жариялайды: Қостанай облысының прокуратурасы Аппаратының бас маманы (санаты С-О-5 санаты) – 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: прокуратура органдарының қызметі туралы халыққа ақпарат беру мақсатында прокуратура органдарының БАҚ-пен өзара іс-қимылын ұйымдастыру жəне үйлестіру. Прокуратураның имидждік бағдарламаны іске асыру бойынша қызметін жоспарлау, медиа-жоспарды əзірлеу жəне іске асыру, PR-акцияларды (баспасөз конференциялары, брифингтер т.б.). БАҚ-та талдау жəне мониторинг жүргізу. Қала прокуратурасының жəне төмен тұрған прокуратуралардың ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру, құқық түсіндіру қызметінің жай-күйін, оның өңірдегі заңды жұмыс тиімділігін арттырудың жолдарын іздестіру. Имидждік бағдарламаны іске асыру мəселелері бойынша статистикалық есептілікті жүргізу. Қызметкерлердің БАҚ-та (баспа, теле-радио жəне электронды) сұхбат беруін, жариялануын ұйымдастыру. Мемлекеттік жəне ресми тілдегі нормативтік құқықтық актілерді, ҚР Бас Прокуратурасының ведомстволық бұйрықтарын бақылауда ұстау арқылы заңнаманы жүйелеп отыру, төмен тұрған прокуратураларда көрсетілген жұмыстың жай-күйін тексеру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, баспасөз хатшысы қызметінің функционалдық бағыттары бойынша тиісті салада кемінде бір жыл өтілі болған жағдайда орта кəсіптік (заңгер, журналист, филолог) білім рұқсат етіледі, мемлекеттік тілді білуі. Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа міндетті білімі. Компьютердегі Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. Қостанай облысының прокуратурасы Аппаратының бас маманы (санаты С-О-5 санаты) – 2 бірлік. Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс жəне шығыс хатхабарды қабылдау, есепке алу, жүйелеу, бастапқы өңдеу, сұрыптау жəне белгіленуі бойынша жіберу, электронды деректер базасына белгіленген нысанда тіркеу-бақылау карточкаларының тиісті бөлімдерін қалыптастыру жəне толтыру, олардың сақталуын жəне мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік, экономикалық, педагогикалық білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда, орта заңгерлік, экономикалық, педагогикалық, техникалық немесе медициналық білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейін тексеру үшін, тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді; 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын білуі. Компьютердегі Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. Қостанай облысы Əулиекөл ауданы прокуратурасының бас маманы (санаты С-R-4 санаты) – 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс жəне шығыс хатхабарды қабылдау, есепке алу, жүйелеу, бастапқы өңдеу, сұрыптау жəне белгіленуі бойынша жіберу, электронды деректер базасына белгіленген нысанда тіркеу-бақылау карточкаларының тиісті бөлімдерін қалыптастыру жəне толтыру, олардың сақталуын жəне мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік, экономикалық, педагогикалық білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда, орта заңгерлік, экономикалық, педагогикалық, техникалық немесе медициналық білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейін

тексеру үшін, тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді; 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын білуі. Компьютердегі Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. XI. Қызылорда облысының прокуратурасы, Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі, № 1 үй, тел. 8 (7242) 27-43-75, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялайды: Қызылорда облысының прокуратурасы Қаржы жəне ақпараттандыру басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты) - 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қызметтер мен алынған тауарлар бойынша есеп айырысу құжаттарын жүргізу, №13 мемориалдық ордер бойынша ай сайынғы құжаттарын жүргізу, баланстық есеп айырысу шоттары бойынша жұмыстар жүргізу, сенімхаттарды есепке алу жəне тапсыру, тауарлар бойынша есептер жүргізу, жанар-жағар майлардың есебін жүргізу, олар бойынша жою актілерін дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық білімінің болуы. Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Мемлекет басшысының Жолдауын білуі. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet, ПО К-2 «бюджет», 1-С «Бухгалтерия» бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі. XII. Маңғыстау облысының прокуратурасы, 130000, Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, тел. 8 (7292) 605185, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялайды: Маңғыстау облысы прокуратурасының кадр жұмысы жөніндегі тобының бас маманы (санаты С-О-5) - 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: Іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асыру, материалдар мен құжаттарды тіркеу жəне аумақтық бөлімшелерге жіберу; іссапар куəліктерін ресімдеу, есепке алу жəне тіркеу; жедел жəне əкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алудың табелін жəне жеке істерін жүргізу; еңбек кітапшасын, еңбек сіңірген жылдары бойынша комиссия қорытындысының жобаларын толтыру; Біліктілік жəне тəлімгерлік кеңесінің, аттестациялық комиссияның жəне прокуратура органдарына жұмысқа алу үшін резервке енгізу комиссиясының материалдарын дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы заңгерлік немесе халықаралық құқық. Орта арнаулы құқықтану немесе құқық қорғау қызметі білімі болса болады. Тестілеу бағдарламасына сай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білу. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білу. Ақтау қаласы прокуратурасының құжаттамалық қамсыздандыру тобының жетекші маманы (санаты С-R-5) – 1 бос орын. Функционалдық міндеттері: барлық кіріс жəне шығыс хаттарды сұрыптау, қабылдау, есепке алу, жүйелеу, тіркеу, бастапқы өңдеу, жіберу, тіркеу-бақылау карточкаларының тиісті бөлімдерін, белгіленген формаларды электронды деректер базасында қалыптастыру жəне толтыру, прокуратураның негізгі қызмет бойынша бұйрықтары мен өкімдерін тіркеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы немесе орта арнаулы білім (заңгерлік, педагогикалық немесе техникалық). Тестілеу бағдарламасына сай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білу. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білу. XIII. Павлодар облысының прокуратурасы, 140000, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 3 үй, анықтама телефоны 8 (7182) 3510-82, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: Павлодар облысы прокуратурасы Аппаратының жетекші маманы (санаты С-О-6) – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күту демалысында болған мерзіміне). Функционалдық міндеттері: Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, жүйелендіру, бастапқы өңдеу жəне мақсатына қарай əрі қарай табыс ету; электрондық деректер базасында тіркеу-бақылау карточкаларының тиісті тарауларын, белгіленген формаларды қалыптастыру жəне толтыру. Іс қағаздарын жүргізу, компьютерлік техниканы қолдану арқылы ақпаратты жинау, өңдеу жəне ұсынуға арналған əртүрлі операцияларды орындау. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер базасымен жұмыс істеу. Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік немесе құжаттану білімі. Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа міндетті білімі. Компьютердегі Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. Павлодар облысы прокуратурасының қаржы жəне ақпараттандыру басқармасының бас маманы (санаты С-О-5) – 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: мемлекеттік сатып алу тəртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді əзірлеуге жəне келісуге қатысады; тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге сатып алуды өткізу мен ұйымдастыру тəртібінің жобасын бекітуге əзірлеу жəне енгізу; басшылыққа бекітуге жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын ұсыну жəне құру, бюджеттік бағдарламалар шеңберінде тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің сатып алуын ұйымдастыру жəне қатысу; мемлекеттік сатып алулар өткізу туралы бұйрықтар жобасын бекітуге əзірлеу жəне енгізуге қатысу; тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алулар туралы шарттардың жобасын қарауға қатысу. Мемлекеттік сатып алулар тəртібінің сақталуын бақылау; ағымдағы жылға тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер нарығын зерделейді; мемлекеттік сатып алуларды өткізу мəселелері бойынша мемлекеттік мекемелерге əдістемелік көмек көрсету; мемлекеттік сатып алулар мониторингі; мемлекеттік сатып алулар тəртібін өткізу үшін қажетті конкурстық құжаттамалар мен өзге құжаттардың жобасын əзірлеуге қатысу; мемлекеттік сатып алуды өткізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар əзірлеу; мемлекеттік сатып алулар туралы шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша қаржыландыруға ұсынатын құжаттардың қаржылық сараптамасын өткізу; өткізілген сатып алулар нəтижелері бойынша талдау материалдарын дайындау; мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың қолданылу тəжірибесін талдау жəне қорыту; мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың қолдану мəселелері бойынша кеңес беру; өткізілген сатып алулар нəтижелері бойынша есептер мен талдау материалдарын дайындау; заңды жəне жеке тұлғалардан түсетін хаттарды, өтініштерді, шағымдар мен ұсыныстарды уақытылы қарайды жəне белгіленген өкілеттіктер шеңберінде оларды шешеді; заңды жəне жеке тұлғаларға кінəрат-талап қояды, талап арыз береді жəне ресімдейді; бақылаушы, құқық қорғау органдарымен, барлық деңгейдегі соттармен жəне басқа да мемлекеттік мекемелермен өзара байланысты қолдайды. Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары кəсіптік (техникалық, заңгерлік, экономикалық), орта кəсіптік рұқсат етіледі (техникалық, заңгерлік, экономикалық). Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа міндетті білімі. Компьютердегі Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жəне оргтехникамен жұмыс істей білуі. XIV. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, 150008, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 15 үй, тел. 8 (7152) 46-51-97, 46-14-87 бос қызмет орындарына конкурс жариялайды: Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бас маманы (мемлекеттік тілді дамыту жəне бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша, санаты С-О-5) - 1 бірлік. Қызметтік міндеттері: имидждік бағдарламаны ұйымдастыру жəне орындау, материалдарды ведомстволық басылымдарында жарыққа шығару үшін дайындауды жүзеге асыру жəне жіберу, БАҚ-та мониторингтеу, есептерді дайындау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен, басқа құқыққорғау органдарының жəне мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен заңнаманы насихаттау жəне құқықтық қамтамасыз ету сұрақтары бойынша əрекеттесуді ұйымдастыру. Мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жарыққа шығатын республикалық, облыстық жəне жергілікті бұқаралық басылымдарға, Бас прокуратураның ведомстволық басылымдарына жазылуды ұйымдастыру. Прокуратура қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру, мемлекеттік тілді енгізу бойынша əдістемелік көмек көрсету, мемлекеттік тілде қызметтік құжаттарды дұрыс жүргізу негізіне тексеріс жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіптік заң білімі немесе журналистика немесе филологиялық білімінің болуы, орта кəсіптік заң білімі немесе филологиялық білімінің болуы рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 03.05.2005 жылғы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексі» (Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы), Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың Тұрпатты ережелерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын білу. Word, Excel, E-mail, Internet компьютерлік бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бас маманы (мемлекеттік сатып алу бойынша, санаты С-О-5) - 1 бірлік. Қызметтік міндеттері: мемлекеттік сатып алу барысын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін құрастырылуына жəне келісілуіне қатысу; тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жəне ұйымдастыру тəртібінің жобасын құрастыру жəне бекітуге кіргізу; Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын құрастыру жəне басшылыққа бекітуге кіргізу; бюджеттік бағдарламалар шегінде іске асырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жəне ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы бұйрықтардың жобасын құрастырылуына қатысу жəне бекітуге кіргізу; тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттардың құрастырылуына жəне келісілуіне қатысу; Мемлекеттік сатып алу барысының сақталуына бақылау жасау; ағымдағы жылға мемлекеттік сатып алу жоспарында қарастырылған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің нарығын зерттеу; Мемлекеттік сатып алу сұрақтары бойынша мемлекеттік мекемелерге əдістемелік көмек көрсету; Мемлекеттік сатып алудың мониторингі; Мемлекеттік сатып алу барысын өткізу үшін қажетті конкурстық құжаттар жобаларын жəне басқа да құжаттарды жасауға қатысу; Мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттардың жəне құжаттардың қаржылық сараптамасын өткізу. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын қолдану тəжірибесін жалпылау жəне талдау өткізу; Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын қолдану сұрақтары бойынша кеңес беру; өткізілген сатып алу қорытындысы бойынша талдау материалдары мен есептерін дайындау; прокуратура органдарының қызметтік шаруашылығын жүргізу үшін барлық қажетті материалдық ресурстарымен қамтамасыз етеді; қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады; сақтау тəртібінің сақталуы бойынша шаралар қолданады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіптік заң білімі немесе экономикалық білімі немесе техникалық білімінің болуы, орта кəсіптік заң білімі немесе экономикалық білімі немесе техникалық білімінің болуы рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 03.05.2005 жылғы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексі» (Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы), Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты қызметтің тиісті мамандық саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын білу. Word, Excel, E-mail, Internet компьютерлік бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Аппаратының жетекші маманы (санаты С-О-6) - 1 бірлік. Қызметтік міндеттері: жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау жəне одан əрі мақсатына, қажеттілігіне қарай жолдау, тапсыру, тіркеубақылау карточкаларының, электрондық мəліметтер базасының белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру жəне толтыру. Іс қағаздарын жүргізу, ақпараттарды жинау, өңдеу жəне ұсыну үшін арналған компьютерлік техникаларды қолданумен байланысты түрлі операцияларды орындау. Облыс прокуратурасының мұрағатымен жұмыс істеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіптік заң білімі немесе құжаттама жүргізу немесе педагогикалық білімінің болуы, орта кəсіптік заң білімі немесе педагогикалық білімінің болуы рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 03.05.2005 жылғы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексі» (Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы), Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Ұлттық мұрағаттық қор жəне мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сəуірдегі № 33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың Тұрпатты ережелерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, іс жүргізу жəне мұрағат ісін жүргізу жөніндегі əдістемелік жəне басқа да материалдарды, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, іс жүргізу жəне мұрағат ісін жүргізу жүйесін, іс номенклатураларын құру тəртібін, уақытша жəне тұрақты сақтау істерінің тізімін жасау, белгіленген есеп жүргізу, оларды мұрағатқа тапсыру тəртібі мен уақытын білу. Word, Excel, E-mail, Internet компьютерлік бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы прокуратурасының жетекші маманы (санаты C-R-5) - 1 бірлік. Қызметтік міндеттері: жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау жəне одан əрі мақсатына, қажеттілігіне қарай жолдау, тапсыру, тіркеубақылау карточкаларының, электрондық мəліметтер базасының белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру жəне толтыру. Іс қағаздарын жүргізу, ақпараттарды жинау, өңдеу жəне ұсыну үшін арналған компьютерлік техникаларды қолданумен байланысты түрлі операцияларды орындау. Аудан прокуратурасының мұрағатын жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіптік заң білімі немесе экономикалық білімі немесе құжаттама жүргізу немесе гуманитарлық білімінің болуы, орта кəсіптік заң білімі немесе экономикалық білімі немесе гуманитарлық білімінің болуы рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 03.05.2005 жылғы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексі» (Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы), Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Ұлттық мұрағаттық қор жəне мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сəуірдегі № 33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың Тұрпатты ережелерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, іс жүргізу жəне мұрағат ісін жүргізу жөніндегі əдістемелік жəне басқа да материалдарды, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, іс жүргізу жəне мұрағат ісін жүргізу жүйесін, іс номенклатураларын құру тəртібін, уақытша жəне тұрақты сақтау істерінің тізімін жасау, белгіленген есеп жүргізу, оларды мұрағатқа тапсыру тəртібі мен уақытын білу. Word, Excel, E-mail, Internet компьютерлік бағдарламаларымен жұмыс істей білу. XV. Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, 160000, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 97 үй, анықтама телефоны: 8 (7252) 53-47-42, бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қаржы жəне ақпараттандыру басқармасының бас маманы (санаты С-О-5), 1 орын. Функционалдық міндеттері: ғимаратқа, құрал-жабдыққа, көлік құралдары жəне басқа да негізгі жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің мерзімінде қамтамасыз етілуне бақылау; прокуратура балансындағы материалдық құндылықтардың сақталуына жеке жауаптылық; экономикалық мақсаттылықты ескере отырып облыс прокуратурасының активтерін мерзімді жəне негізді есептен шығару, өткізу, ауыстыру; қоймалық есепті жүргізу, жұмсау жəне тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау; коммуналдық жүйелердің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету; локальды есептеуіш жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету; ИТ жұмысын қамтамасыз ету – құрал-жабдықтар, компьютерлер, принтерлер, сканерлер, желілік құрылғылар, ИТ профилактикалық жұмыстар жүргізу – құрал-жабдықтар, пайдалануға қосу, ИТ-құрал-жабдықтарын жөндеу жəне жаңарту; Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары кəсіптік, орта кəсіптік білімге рұқсат етіледі. Компьютерде Word, Excel, E-mail, ЕИАС бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының бас маманы (санаты С-R-4), 1 орын. Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс жəне шығыс корреспонденцияларын қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау жəне одан əрі мақсатына қарай жолдау; электрондық мəліметтер базасындағы тіркеу-бақылау карточкаларының белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру жəне толтыру, прокуратураның негізгі қызметі бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары кəсіптік, орта кəсіптік білімге рұқсат етіледі. Компьютерде Word, Excel, E-mail, ЕИАС бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы прокуратурасының жетекші маманы (санаты С-R-5), 1-орын. Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс жəне шығыс корреспонденцияларын қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау жəне одан əрі мақсатына қарай жолдау; электрондық мəліметтер базасындағы тіркеу-бақылау карточкаларының белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру жəне толтыру, прокуратураның негізгі қызметі бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары кəсіптік, орта кəсіптік білімге рұқсат етіледі. Компьютерде Word, Excel, E-mail, ЕИАС бағдарламаларымен жұмыс істей білуі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куəландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куəландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куəлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сəтінде уəкілетті органмен белгіленген шекті мəннен төмен емес нəтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде , көрсетілген мекен-жай бойынша сəйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi əкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы: С-O-3 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Əкімшілік рəсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi; C-O-5, C-R-4, С-R-5 cанаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Əкімшілік рəсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй жəне жеңілдіктер берілмейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.kz ТҮЗЕТУ: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамсыздандыру Басқармасы 2013 жылғы 18 маусымдағы №150 (28089) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған хабарландыруы жарамсыз деп саналсын.


Маңғыстау облысының əкімі Алик Айдарбаев тікелей эфир арқылы облыс тұрғындарымен жəне журналистермен баспасөз мəслихатын өткізді. Облыста тұңғыш рет ашық əңгімелесу, сұрақтарға тікелей жауап қайтару түрінде өткізілген жиынға аудан, қала əкімдері, салалық басқармалар басшылары, ұлттық мəдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, партиялар жетекшілері жəне журналистер қатысты.

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ 2013/2014 оқу жылына Мемлекеттік білім тапсырысы негізінде келесі мамандықтар бойынша бюджеттік жəне шаруашылық есептік негізінде резидентурада мамандарды дайындауға конкурс жариялайды: 1. «Акушерия жəне гинекология»; 2. «Педиатрия»; 3. «Балалар хирургиясы»; 4.«Анестезиология жəне реаниматология»; 5.«Неонатология»; 6.«Сəулелі диагностика»; 7. «Клиникалық фармакология»; 8. «Онкология»; 9. «Невропатология, соның ішіндегі балалар невропатологиясы». Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: - ұйым басшысының атына өтініш жазу; - қосымшасымен жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық куəландырылған көшірмесі, интернатурадан өткендігі туралы құжат; - кадырдың есепке алуы бойынша жеке іс парағы жəне еңбек кітапшасының нотариалды куəландырылған көшірмесі (жұмысқа орналасушы адамдар үшін); - 3,5 х 4,5 мөлшердегі алты фотосурет; - 086-У нысандағы медициналық анықтама; - жеке куəлігінің көшірмесі; - ғылыми жəне ғылыми-əдістемелік жұмыстардың тізімі(бар болған жағдайда); - құжаттар тізімдемесі. Өтініштер 20 маусымнан 20 шілде аралығында қабылданады. Түсу емтиханы жəне конкурстық іріктеу 2013 жылдың 1 тамызынан 20 тамызы аралығында жүргізіледі. Құжаттар келесі мекенжайда қабылданады: 010000, Тұран даңғылы, 32, «АБҰҒО»АҚ, білім жəне инновациялық технологиялар бөлімі. Тел: 8 (7172) 50-80-06; факс: 50-80-25.

Əкім ашыќ əѕгімелесу алаѕына шыќты Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Сауалдарын залға жиылғандар əкімге тікелей қою мүмкіндігіне ие болса, облыс тұрғындары телефон, электронды пошта арқылы жолдады. Баспасөз мəслихатына облыстық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге, республикалық «Айқын», «Жас қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің бас редакторлары қатысты. Əкімнің ашық əңгіме алаңы жергілікті «ҚазақстанАқтау» телеарнасында жəне «lada.kz» сайтында облыс жұртшылығына тікелей көрсетілді. Баспасөз мəслихатының өтетіндігі туралы тұрғындар жергілікті БАҚтар арқылы алдын ала құлақтандырылды. Сондай-ақ, арнайы штаб жұмыс істеп, облыстың түкпір-түкпірінен түскен сауалдарды мəслихатты жүргізушілер арқылы жеткізіп отырды. Тікелей эфир арқылы жүргізілген баспасөз мəслихаты тұрғындар үшін өздерін мазалаған мəселе мен шешімін таппай дағдарған жайтты басшылыққа жеткізудің ұтымды, төте жолы болды. Сондықтан келіп түскен сауалдар тақырыбы саналуан, маңызы жағынан қорғасындай салмаққа иелері де бар. Айтар ойы өзекті, жұтынған жұп-жұмырлары да, əкімнің жеке өміріне, қызметіне, Маңғыстау облысының 40, Ақтау қаласының 50 жылдығына қатысты «жаймашуақ» сұрақтар да жеткілікті. Маңғыстау облысының əлеуметтік-экономикалық дамуына, жол, ауыз су, жарық, газ секілді инфрақұрылым мəселесіне, əртүрлі себептермен белгіленген мерзімінде тапсырылмаған құрылыс нысандарына, облыстың экологиялық ахуалына, балабақшамен қамтылуға, спорт саласының дамуына, өңірдегі қоғамдық тəртіптің сақталуына қатысты, өзге де сұрақтарға Алик Серікұлы сол салалардың басшыларын қатыстыра отырып, нақты жауап қайтарды. Сондай-ақ, тұрғындарды Ақтау қаласында ұзақ жылдардан бері ең өткір қалпын сақтап келе жатқан лифт мəселесі,

көгалдандыру жайы мен қалаішілік жолдар сапасы алаңдататыны аңғарылды. Сұрақ тар облыста қылмыс санының артуын, кейбір мемлекеттік қызметкерлердің мінезқұлық этикасын сақтамауын жəне дəрігер лердің емделушілермен қарым-қатынасын сынға ілді. Туризмді дамыту бағытында қолға алынған жұмыстар туралы сұрай тұрып, оның ең қарапайым белгісі теңіз жағалауының демалушыларға қызмет көрсету көкжиегін кеңейту əңгімесі де назардан тыс қалған жоқ. Жергілікті кадрларды жұмысқа алудағы келеңсіздіктер, жетім балаларды қамқорлау, теңіз жағасында отырып балықтан ауыз тимеудің себебі жəне оны шешу, Маңғыстауда мамандардың, соның ішінде журналистердің жеткіліксіздігі, тоғыз жолдың торабы атанған өңірде қолға алынған жобалардың, əсіресе, көлік-логистикаға қатысты жобалардың жүзеге асу барысы мен одан күтілетін нəтиже, бір жылдары ел құлағын шулатқан «Ақтау-сити» қала құрылысының болашағы, мұнай саласының мұңнан сейілуі, тұрғын үй құрылысы, облыс ауылшаруашылығының тұралауы, «Бейнеу-Шетпе», «Шетпе-Ақтау», «Ақтау-Жаңаөзен» автокөлік жолының құрылысы, т.б. өзекті де өткір сұрақтар қарша борады. Штаб қызметкерлерінің хабарлауынша, сұрақтарды қабылдау таңертеңгі сағат 9-да басталып, 3 сағатқа созылған. Осы уақыт ішінде əкімге 324 сұрақ келіп түссе, оның 94-і электронды поштаға, «Лада» газетінің сайтына – 80, телефон байланысы арқылы қабылдауға 150 сұрақ тиесілі. Сұрақтарды ең көп жолдап, баспасөз мəслихатына белсенділікпен қатысқан Ақтау қаласының тұрғындары болды. Олар 223 сұрақ жолдаса, Мұнайлы ауданынан – 32, Жаңаөзен қаласынан – 22, Түпқараған ауданынан – 21, Қарақия мен Маңғыстау аудандарының əрқайсысынан 10 сұрақтан жəне Бейнеу ауданынан 6 сұрақ түскен. Ал сұрақтардың түсу жиілігіне келсек, шамамен 70 секундқа бір сұрақтан келіпті.

Екі сағатқа созылған мəслихатта облыс əкімі А.Айдарбаев уақытқа байланысты жауап беруге үлгермей қалған сауалдарға үш күн ішінде жауап берілетіндігін жеткізді. Осы орайда сұрақтардың кейбіріне орын бере кетсек. Жəнібек ҚОЖЫҚ, Маңғыстау облысының тұрғыны: – Жетім балаларға қатысты ұсынысымнан хабардарсыз, ол туралы не айтар едіңіз? Жəне өзіңіз бастамашы болған бүгінгі кездесу халық үшін жағымды, ыңғайлы болып тұр. Алдағы уақытта ауылдық жерлерге барған қандай да бір сапарларыңызда ауыл тұрғындарымен кездесу өткізу жоспарланса екен. Сұрағым – облыстық ішкі істер басқармасына 40 жылдан бері жергілікті бірде-бір жігіт басшы болып көрген жоқ? Неге? Осындай мəселелер шешімін таба ма? – Жетім балаларды аяқтан тұрғызу, өз қолдары өз ауыздарына жеткенше демеу туралы ұсынысыңызды қолдаймын. Мен жуырда өңірдегі компания басшыларын жинап, осы ұсынысты айттым. Ірі компаниялар екі-үш жасты өз қанатының астына алып оқытса, жұмысқа тұруына жəрдемдессе, нұр үстіне нұр. Бұл мəселемен облыс əкімінің аппараты айналысып жатыр. Ал ауылдық жерлерге барғанымызда тұрғындармен кездесеміз, сұрақтарын тыңдаймыз. Мүмкіндігіне қарай, сауалдарының шешімі болатындығын, не əлі де қаралатындығын нақты айтып, хабардар етеміз,– деген А.Айдарбаев соңғы сауалға жергілікті кадрлардың жұмысқа алынуы қажеттігін, ал мемлекеттік басқару қызметтеріне тағайындау болатындығын айтты. «Мен осы қызметке келгеніме 5 ай уақыт болды, сырттан ешкімді əкелген жоқпын, осы Маңғыстаудың азаматтарымен жұмыс жасауды жөн санадым», – деді ол. Нұртөре ЖҮСІП, республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы: – Əңгімелесудің бұл түрін

өте жоғары бағалаймын. Сол үшін Астанадан арнайы келіп отырған жайымыз бар. Маңғыстауда мұнайға қатысты мұңды тақырыптар əлі де бар. Жаңаөзендегідей келеңсіз оқиғалардың енді қайталанбауы үшін қандай кешенді шаралар қолға алынып жатыр? – Мұнай саласы Маңғыстау экономикасының негізгі саласы болып қала береді. Өзге салаларды дамыта отырып, мұнай саласын өркендете түсу күн тəртібінде. Өзім осы саланың маманы болғандықтан, ол жердегі мəселелерді көзімізбен көрдік, шешуге атсалыстық. Қазір қиындықтарды еңсеріп, мəселелерді шешуге кірісіп жатырмыз. Мұнай компанияларының басшыларымен, кəсіподақ ұйы мының жетекшілерімен, мұнайшылармен кездесіп отырамыз. Кейбір компанияларда басшылық пен қарапайым мұнайшылар арасында қарымқатынас дұрыс жолға қойылмаған. Басшылық тек жұмыс беріп қана қоймай, əрбір мұнайшының əлеуметтік ахуалына назар аударуы тиіс. Мұнайшылар қиын жұмыстарының жемісін көруі қажет. Сондықтан, мұнай компаниялары өз жұмысшылары үшін тұрғын үй салуға атсалысуы керек деп ойлаймыз. Жалпы, бұл мəселе бақылауда. Ілияс АЙМОЛДАЕВ, Мұнайлы ауданының тұрғыны: – Ауданымызда ауыз су мəселесі толық шешілетін белгілі бір меже бар ма? – Биыл аудан орталығына дейін құбырлар тартылады. Жоба лық-сметалық құжаттар дайындалу үстінде, келешекте үйлер ге дейін тарту көзделуде. Ауыз суға қатысты мəселені «Ақ

бұлақ» бағдарламасы аясында шешетін боламыз, – деген əкім бұл сауалға Мұнайлы ауданының əкімі Е.Жақаевтың ауданның жалпы инфрақұрылымына байланысты жауабын тыңдады. Сондайақ, аймақ басшысы əңгіме барысында журналистерді кəсіби мерекелерімен құттықтап, алдағы уақытта олармен бірлесе жұмыс жасайтындығын, мəселелерін шешуге көмектесетіндігін айтты. – Мен бүгін қойылған сұрақтарды тек сұрақ деп қана емес, ел болашағына жанашырлық сезім деп қабылдаймын. Сондықтан, ел мəселесі толғандыратын азаматтардың барлығына алғыс айтамын. Бұл баспасөз мəслихаты біздің кездесуіміздің соңы емес, басы, яғни бұл өз жалғасын табатын болады. Мен өз əріптестерімді осыған шақырамын! – деп қорытты мəслихатты Маңғыстау облысының əкімі Алик Айдарбаев. Əрине, əкімнің де, оның орынбасарларының да азаматтарды қабылдау уақыты белгіленген. Бірақ, оның жөні бір бөлек те, əрбір сұрақпен жəне сұрақ берушімен елдің алдында бетпе-бет келіп əңгіме-дүкен құрудың жөні бір бөлек. Талай сыр тарқатылады, біраз мəселе шешімін табады. Əңгімелесудің бұл түрі – ашық əңгіме алаңы жалғасын табады, демек, билік пен бұқараның арасы тағы бір қадам жақындай түсті деген сөз. Бұл үрдіс басқа басшылар тарапынан жалғасын тапса тəуір... АҚТАУ. –––––––––––––––– Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.

 Құлағыңыз түрік жүрсін

Алда – аламан айтыс Ел жəне Елбасы. Елбасы жəне елорда. Егіз ұғымдар. Сарыарқаның төсінде Астана секілді асқақ қала тұрғызып, оны ұлтты ұйытудың, елді еңселендірудің, Қазақстанды қарыштатудың нышаны еткен Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың тарихи ерлігін қалай əспеттесе де лайықты. 8-9 шілде күндері Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында өтетін «Ел. Елбасы. Елорда» атты аламан айтысқа еліміздің ең таңдаулы айтыскер ақындары қатысып, өнер сынасады. Құрметті астаналықтар мен елорда қонақтары! Жыр додасын өз көздеріңізбен көріп, тамаша думанға куə болыңыздар! Билет «Қазақстан» Орталық концерт залында, Жастар жəне Конгресс-холл сарайларының кассасында сатылады. Басталуы сағ: 17:00.

ХАБАРЛАМА Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Əйтеке би кентінің нотариусы М.Айманов 05.03.2012 жылы қайтыс болған Каниев Бакитжанның мұрагерлеріне мұралық істің ашылғандығы туралы хабарлайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласындағы Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебін 2012-2013 жылында бітірген Шəріп Абай Манасұлына берілген АК №1379698 ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

ХАБАРЛАНДЫРУ Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласындағы Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебін 2012-2013 жылында бітірген Əбдірайым Нұрбала Мұхамедханқызына берілген АК №1379691 ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

ХАБАРЛАНДЫРУ «Досқайыр» кредиттік серіктестігі жетекшісі Жумагулов Асылбек, ЖШС жұмысын, БҚО, Бөкейордасы ауданы, Бисен ауылы (серия В, №0660976 б/у 08.01.2013 жыл, тіркеу нөмірі 109-1926-15 ЖШС) тоқтатып, жабылатындығы туралы хабарлайды.

11

www.egemen.kz

2 шілде 2013 жыл

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясы аутсорсингкке отқа төзімді жұмыстарды беру бойынша тендерге қатысуға конкурс жариялайды. Тендерге аталған салада жұмыс тəжірибесі бар компаниялар шақырылады. Тендерге қатысуға тілек білдіруші компаниялар 14.07.2013 жылға дейін электронды пошта бойынша өтінімдерін мына мекенжайға берулері қажет: nikita.ryabov@ arcelormittal.com; denis.yegorov@arcelormittal.com Анықтама алу телефондары: +7 7213 96 51 29, +7-701-530-15-69.

«С.А.С.» акционерлік қоғамы ірі мəміле жасағандығы туралы шешімді қоғамның Директорлар кеңесі қабылдағаны жөнінде хабарлайды. Жасалған ірі мəміле туралы барлық қажетті ақпаратты мүдделі тұлғалар мына мекенжайдан алуларына болады: Қазақстан Республикасы, 050062, Алматы қаласы, З.Қабдолов к-сі, 1/8 (бұрынғы Маречек көшесі), «Армада» сауда кешені, əкімшілік, № 1 офис немесе мына телефондар арқылы: (727) 26018-44, 260-18-05 (ішкі 1844). В связи с утерей договора о купли-продажи на имя Янцен Андрей Иванович считать недействительным.

 Еске алу

Ортаќ ґкініш Қазаның бəрі ауыр-ау. Сөйтсе де кейбіреуінің жеке адамдарға ғана емес, бір қауым елге бататыны бар. Бұл күндері Семей өңіріндегі Абыралы аймағы, оның ішінде «Социалистік Қазақстан» ауылы, соңғы уақытта Таңат аталған ауылдың үлкен-кішісі түгелдей Өміржан Құспанұлы Жақыповпен қоштасып, қара жамылды. Үлкен-кішісі деп əсірелеп айтып отырғаным жоқ, бұл азамат осы ауылдың ақыл айтар абызы ғана емес, шын мəніндегі арқа сүйер арысы, қамқоршы иесіндей тұлға еді. Өзінің туған жерін, туған ауылын сүю көп адамға тəн дейміз. Ал сол туған жеріне, туған ауылына сүйіспеншілігін сөзімен ғана емес, белсенді еңбегімен, қызметімен білдірген Өмекеңдей адам, сірə, сирек қана емес-ау, кемде-кем, ілуде біреу шығар. Кейбір қалталы азаматтар, билік тізгінін ұстағандар бір ауылға мешіт, мектеп, жол салуға қарайласар, оған да рахмет айтармыз. Ал Өміржан Жақыпов осы Таңат ауылы үшін, Семей атом сынағы полигонынан зардап шеккен өңір үшін не жасамады дейсің! Сонау БҰҰ-дан бастап, талай халықаралық қорларға, билік басындағыларға сынақтан зардап шеккен халықтың мұңзарын хатпен де, өзі де барып жеткізді. Жеткізіп қана қойған жоқ, солардан, қайырымды азаматтардан қаражат тауып, ауыл адамдарының қамын жасады. Кішкентай ауылда мектепті сақтап қалды. Балабақша, шағын тігін шеберханасын ашты, жұрттың ауызсуға аузын тигізді. Үлкен ауыл, кішігірім қалалар да жоқ музей ашты, ауыл ардагерлерінің бейнесі таспен бедерленген құрмет алаңын жасатты. Сондайға қолы жеткен халық бұл ауылдан көшпей отыр, қасірет шеккен қазақ даласында да ел отыр. Өмекең болмаса, осы

Таңат ауылы осы орында қалар ма еді дейсің. Күмəнданасың. Өмекеңнің тағы бір үлкен еңбегі – таңаттықтардың əр отбасына бойтұмардай болған «Кішкентай ауылдың үлкен тарихы» деген ғажап кітап жазып, шығарғаны. Мұны елдің тарихы десе болғандай, онда соңғы бір ғасырдай уақыттағы Таңат ауылының өмірі бар, үлкен-кішісінің аттары аталған. Мен Өмекеңмен екі-ақ рет ұшырастым. Бірінде – осыдан екі жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 20 жылдығына орай газетіміздің «Ұлылыққа тағзым» акциясымен полигон орталықтары – Саржал мен Қайнар арасына жаяу сапар шеккен кезімізде ол алдымыздан бүкіл Таңат ауылын алып шыққан. Керемет кездесу болып еді. Басқа түскен қиындыққа қарамай, елдің туған жерден көшпей отырғаны жөнінде жыр айтқан еді. Екінші рет былтыр ақиық ақын Төлеужан Сма йыловтың 80 жылдығын туған жерінде атап өткенде кезіктік. Осы шараның да басықасында өзі жүр екен. Ел азаматын танып, соған еліктеп өмір сүруі керек, сонда ғана ел боламыз, деген Өмекең. Ол өзінің Таңат ауылынан шыққан біраз азаматтардың атын атап еді. Сондай үлкен азаматтардың бірі Өміржан Жақыповтың өзі еді ғой. Біраз сырлассақ та, əңгімеміз бітпей қалғандай еді. Тағы да кездесеміз деп уəделескен едік. Тіпті болмағанда, баласы – белгілі ақын, үлкен ғалым Бауыр жан Жақыптың 50 жылдық мерейтойында жолығармыз дегенбіз. Оған тағдыр жазбапты. Өкінесің. Жақсы адамнан көз жазып қалғанда өкінетін адамдар көп болады. Бұл – халықтың өкініші. Мамадияр ЖАҚЫП, Қазақстанның құрметті журналисі.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

«Air Control» АҚ «ЦЕСНАБАНК» АҚ-пен ірі мəміле жасағандығы туралы өзінің акционерлеріне жəне кредиторларына хабардар етеді.

Заңды тұлғалардың назарына!

ХАБАРЛАМА 2013 жылғы 18 шілдеде 12.00 сағатта Атырау қаласы, Қабдолов көшесі, №1 үй мекенжайындағы «АтМӨЗ» ЖШС-нің орталық əкімшілік ғимаратында (мəжіліс залы) «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылады. Қатысушыларды тіркеу 2013 жылғы 18 шілдеде 10.45 сағаттан бастап 11.45 сағатқа дейін «АтМӨЗ» ЖШС-нің мəжіліс залында жүргізіледі. «АтМӨЗ» ЖШС-нің орналасқан жері: индексі 060001, Атырау қаласы, Қабдолов көшесі, №1 үй. Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдарды танысу үшін «АтМӨЗ» ЖШСнің активтерді басқару бөлімінен алуға болады. Анықтама телефондары: 8 (7122) 259699/265. Кворум болмаған жағдайда жиналысты қайта өткізу сол күн тəртібімен жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 2013 жылғы 23 шілдеде 12.00 сағатқа тағайындалады. Күн тəртібі: 1. 400 миллион теңгеден асатын сомадағы мəмілелерді жəне/немесе мəмілелердің маңызды шарттарының өзгерістерін, сондай-ақ, «АтМӨЗ» ЖШС міндеттемелерін көрсетілген жəне одан жоғары сомаға ұлғайту туралы шешімді бекіту туралы. 2. «АтМӨЗ» ЖШС-нің ішкі қызметін реттейтін кейбір ережелер мен қағидаларды бекіту туралы. «АтМӨЗ» ЖШС басқармасы.

АО «Air Control» уведомляет своих акционеров и кредиторов о заключении крупной сделки с АО «ЦЕСНАБАНК».

«Каскор-Машзавод» АҚ (130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өндірістік аймақ, акционерлерге 2013 жылғы 29 шілдеде сағат 10.00-де, Ақтау қаласы, Өндірістік аймақ, «Каскор-Машзавод» АҚ-ның конференц-залында акционерлердің жалпы жиналысы болатындығын хабарлайды. Күн тəртібі: 1. Жиналыстың хатшысын таңдау жəне күн тəртібін бекіту; 2. 2012 жылғы Қоғамның жылдық қаржы есепті бекіту; 3. Қоғамның 2012 жылғы таза табысын бөлу жəне акциялар бойынша дивидендтер төлеу тəртібін бекіту; 4. 2012 жылға 1 жай акцияның дивиденд мөлшерін бекіту; 5. Акционерлердің қоғамның жəне оның лауазымды тұлғаларының іс-əрекетіне өтініштері жəне оларды қарау қорытындылары туралы мəселе қарау; 6. Қоғамның жарияланған акциялар санын көбейту туралы. Жиналысты шақыру бастамашысы: Директорлар кеңесі.

«АО «Каскор -Машзавод» (130000, Мангистауская область, г. Актау, Промышленная зона) оповещает своих акционеров, о проведении общего собрания акционеров 29 июля 2013 года в 10.00 часов, по адресу г. Актау, Промышленная зона, в конференц-зале АО «Каскор-Машзавод». Повестка дня: 1.Утверждение повестки дня и избрание секретаря заседания; 2.Утверждение годовой финансовой отчетности Общества за 2012 год. 3.Утверждение порядка распределения чистого дохода за 2012 год. 4.Утверждение размера дивиденда на 1 простую акцию за 2012 год. 5. Рассмотрение обращения акционеров на действия Общества и его должностных лиц, и итоги их рассмотрения. 6. Увеличение количества объявленных акций Общества. Инициатор созыва: Совет директоров общества.

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Əкімшіліктің қызметкері Василий Иванович Черновқа анасы Прасковья ПРОКОПЬЕВНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі қазақтың көрнекті жазушысы, публицист, кинодраматург жəне қоғам қайраткері Сəтімжан Қамзаұлы САНБАЕВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туғандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Шəкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ белгілі жазушы-публицист, кинодраматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, киноактер Сəтімжан САНБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы мен ұжымы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркəсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Сатыбалдыұлы Хасеновке əкесі Сатыбалды Меркеұлы ХАСЕНОВТІҢ дүниеден өтуіне байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркəсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы ұжымы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркəсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Сатыбалдыұлы Хасеновке əкесі САТЫБАЛДЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

2 шілде 2013 жыл

 Тың туынды

 Өңір өмірі

Астана деп соќќан жїрегі

«Сергей Есенин» – Ќостанайда Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

Елордадағы «Бəйтерек» медиа орталығында ақын Кəкімбек Салықовтың «Астана – елдің ажары» атты кітабының тұсауы кесілді.

«Егемен Қазақстан».

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

«Ақынның жаңа туындысы Астана күні мерекесі қарсаңында жарыққа шығып отыр. Бұл кітапты жазып жүргенін көптен бері білетінбіз. Енді, міне, қолымызға тиді. Елордаға өлең арнаған, өлеңдер циклын жазған, тіпті, тұтас поэма арнаған ақындар жетерлік. Бірақ, елдің ордасына кітап арнаған Кəкімбек Салықов жалғыз. Біз білетін ақын аға сексеннің сеңгіріне шықса да сергек, ыждаһатты. Əрбір оқиғаны, əрбір көріністі ой көзінен өткізіп, тереңнен қазып, биіктен шалып жазатын қаламгер бұл жолғы еңбегіне де барын салыпты. Оны бес бөлімнен тұратын кітаптың өзі айғақтайды», – деді шараны жүргізген ақын Несіпбек Айтұлы. Ақынның жаңа туындысының негізгі бөлімі – еліміздің рəміздеріне, Елбасының рөліне, Астананың жеткен жетістігіне арналған. Кітап авторы «Астананың жеті кереметін», яғни «Қазақ елі монументі», «Бейбітшілік жəне келісім сарайы», «Хазірет сұлтан мешіті», «Астана Опера» театры, «Ақорда», «Хан Шатыр», «Мəңгілік ел қақпасына» арналған өлеңдерін де жеке бір бөлімге топтастырыпты. Сондай-ақ, Əбіш Кекілбаев, Тоқтар Əубəкіров, Талғат Мұсабаев, Юрий Пя, Айман Мұсақожаева сынды əр саладағы танымал адамдарға өлеңдер арнап, олардың талантын, жоғары кəсібилігін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін сол өлеңдеріне арқау еткен. Кеш барысында ақынның өзі Астана қаласының шығармашылығына дем бергенін айтты. «Бір жағынан алып қарағанда, Астана – Сарыарқа төсінде бой көтерген заманауи жаңа қала, екінші жағынан қарасақ, халқымыздың ұлы тарихын да еске салады. Қазақ қайраткерлері Керей мен Жəнібектің, Құрманғазы мен Кенесарының ескерткіштері шығармашылық адамының қиялын қияндарға жетелейді. Астананың өзге қалалардан тағы бір ерекшелігі – «Ақылды қала» жобасының жүзеге асуы. Мұнда қызмет көрсететін технологиялардың барлығы қала тұрғындарының жайлы өмір сүруіне бағытталған. Қазіргі таңда көптеген қалалар осы технологиялармен дамуда. Елімізге осындай сый жасаған Астананың бас сəулетшісі – Елбасына алғыс айтамын. Елорданы Астанаға ауыстыру үшін үлкен саяси батылдық керек еді» – деп толғанды ақын Кəкімбек Салықов.

 Басты байлық

Əлемдік сахнаєа бастар жол (Соңы. Басы 1-бетте). Үнді биі «Сарасватиді» орындаған Əмина Жарипова мен Шырын Садырова өнеріне көрермен бек ризашылық білдірсе, шығармашылық ұжымның əртістері сомдаған К.Дженкинстің «Қарлығаш» биі мен «Əн сəулесі» атты

Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында мекеменің бес жылдық мерейтойына орай «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Айтулы күннің шеңберінде дəрігерлер қала тұрғындарына түрлі деңгейде тегін кеңестер берді. Оның сыртында БАҚ өкілдерінің көз алдында бір емделушінің бас сүйегіне ота жасалды.

Дəстїрлі турнир

 Өнер

Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

құрметті қызметкері Алтынбек Нұқұлына бұйырды. Жастар арасында Қазақ радиосының жетекші редакторы Еділ Анықбай топ жарса, екінші орынды «Еуразия-Ақпарат» орталығының жетекшісі Кенже Жұмағұлов, үшінші орынды ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрділда Ораз иеленді. Таңшолпан ЕРАЛЫ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті.

Тўѕєыш батик ґнері кґрмесі Астананыѕ 15 жылдыєына арналды Астананың 15 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде «Жібек жолы» атты аймақтық батик өнері сайысына қатысушылардың жұмыстары қойылған көрме ашылды. Бұл – ҚР Тұңғыш Президенті музейі мен Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының «Балалық шақтан көзқарас» атты жоба аясындағы бірлескен кезекті іс-шарасы. Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған көрме балалар шығармашылығы арқылы ертедегі батик өнерімен танысуға мүмкіндік берді. Батик – матаны қолмен безендірудің ерекше техникасы. Ол арқылы Үндістанда авангардтық көркем шығармалар дүниеге келуде. Аталмыш көрмеге жергілікті жерлердегі конкурстық іріктеу нəтижесінде таңдап алынған, көркем жəне өнер мектептерінде оқитын 10 мен 17 жас аралығындағы балалардың еңбектері қойылды. Осы шараның барысында батик өнері бойынша шеберлік-сыныптары өткізілді. Сол сияқты, көрмеге қатысушылар қаланың көрікті жерлерін аралады. Көрме тамыз айының 25-іне дейін жалғасады.

Жўлдыздар тоєысќан кеш Бұған дейін фестивальге опера өнерінде өзіндік орны бар Монсеррат Кабалье мен Хосе Каррерас, Пласидо Доминго мен Дмитрий Хворостовский, Хосе Кура мен Барбара Фриттоли, Сальваторе Личитра мен Аммарилли Ницца, Сильвия Далла Бенетта мен Джузеппе Варано қатысқан болатын. Бұл жолы елорда тұрғындары мен қонақтары əлемнің үздік, күміскөмей опера майталмандарының өнерін тамашалауға мүмкіндік алды. Концертке опера шеберлері Джанлука Терранова (тенор) мен Глэдис Росси (сопрано) жəне дирижер Марчелло Рота атбасын бұрыпты. Кеш шымылдығы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне

балет театрының симфониялық оркестрінің орындауындағы Дж. Вердидің «Тағдыр күші» операсына арналған увертюрамен түрілді. Екінші болып сахна төріне көтерілген Джанлука Терранова сезімге толы Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» операсынан Неморино романсын орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Одан басқа, Дж. Пуччинидің «Сағыныш» операсынан Каварадосси ариясы мен «Турандот» операсынан Калаф ариясын, Р. Леонкаваллоның «Паяцы» операсынан Канио ариясын нақышына салып орындады. Ал сопрано дауыс иесі Глэдис Росси Г. Донецеттидің «Дон Паскуале» операсынан Норина каватинасын, Ф. Легардың «Желіккен жесір»

опереттасынан Ганнаның əнін жəне Дж. Вердидің «Травиата» операсынан Виолетта ариясын шырқады. Əлем сахнасының саңлақтары Дж. Пуччинидің «Богема» операсынан көрініс те қойып берді. «Астана-Опера» Мемлекеттік опера жəне балет театрының əртісі Татьяна Вицинская Ж. Бизенің «Кармен» операсынан хабанера жəне Глэдис Россимен бірге Л. Делибтің «Лакме» операсын тұшымды орындады. Гала-концерттің екінші бөлімі тағы да Марчелло Рота дирижерлік еткен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрының симфониялық оркестрінің орындауындағы Дж. Пуччинидің «Манон Леско» операсынан алынған интермеццомен ашылды. Бұл бөлімде Талғат Мұсабаев Дж. Вердидің «Дон Карлос» операсынан Родриго ариясын жоғары деңгейде орындап берді. Танымал əншілермен бірге Дж. Вердидің «Риголетто»

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

ҚОСТАНАЙ.

Жанар АРҒЫНОВА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті.

Маусымның 29-ы күні «Қазақстан» Орталық концерт залында Мəдениет министрлігінің ұйымдастыруымен дəстүрге айналған «Опералия» VІІІ Халықаралық музыка фестивалінің «Əлемнің опера жұлдыздары» атты гала-концерті өтті.

Жанар АРҒЫНОВА, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті.

Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ

Озық дəстүрлі əлем халықтарының билері мен шетел классикасынан құралған кеш бағдарламасын дайындауға хореография өнері саласындағы үздік отандық жəне шетелдік мамандар тартылыпты. ––––––––––––––

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, белгілі қоғам қайраткері Мұрат Əуезов, Ақаңның досы жазушы, ғалым Қойшығара Салғарин, тағы біраз қаламгерлер А.Сейдімбек жайлы тебірене сөз сөйледі. Биыл төртінші рет жалауын желбіреткен бұл жарысқа 80-ге жуық қаламгер қатысты. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай алдыңғы толқын ағалар жəне жастар тобы болып екіге бөлінді. Бір күн бойы Астана төрінде Ақаң рухы асқақтап, «Ақаң айтып еді» деген əңгімелер шертіліп, көптен басы қосылмаған əріптестер бір шүйіркелесіп қалды. Турнир қорытындысы бойынша, аға буын өкілдерінен бірінші орынды ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман жеңіп алды. Екінші орынды филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев иеленді. Үшінші орын білім беру ісінің

Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы 2008 жылы Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың Астанада «Болашақ госпиталін» құру туралы тапсырмасына сəйкес ашылған еді. Қазіргі кезде клиника медициналық инновациялардың көшбасшысы, нейрохирургия саласындағы алдыңғы қатарлы ғылыми клиникалық орталық болып табылады. Бүгінде клиникада ересектерге де, балаларға да жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған халықаралық стандарттар құрылған. Орталықтың материалдықтехникалық базасы республикадағы теңдесі жоқ жəне ең жоғары халықаралық талаптарға сəйкес келеді. Бес жылда орталықтың қабырғасында 18 мың емделушіге көмек көрсетіліп, 10 мың ота жасалыпты. Осы уақыт ішінде 36 заманауи нейрохирургиялық технологияның игерілгені де қуанарлық жай.

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы

«Н.Назар баевтың мəдениет, білім беру жəне əлеуметтік бағдарламалар қоры» ансамбльдің құрылтайшысы десек, басты міндет – əлемдік өнер талабына сай келетін, сондай-ақ, ұлттық ерекшелігі айқын жаңа би репертуарын қалыптастыру, – дейді шараны ұйымдастырушылар.

 Дода

Журналистер күні қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, этнографғалым, публицист Ақселеу Сейдімбек атындағы жүлде үшін бильярдтан дəстүрлі турнир болып өтті.

Нейрохирургия орталыєына – бес жыл

Меншік иесі:

вокалды-хореографиялық композиция да көрермен көзайымына айналды. «Аstana Ballet» – еліміздің ұлттық би өнерін əлемдік қоғамдастыққа танытатын иммидждік жоба. Ұжым құрамы А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің түлектерінен тұрады.

І.Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театры ХII маусымын «Сергей Есенин» спектаклінің премьерасымен жапты. Қазақстанда бірінші рет орыс ақыны туралы шығарма қазақ тілінде қойылды. Есенин шығармалары қазақ тілінде жеткілікті аударылған. Онымен қазақ оқушылары жақсы таныс. Бірақ ғаламат поэзия тудырған ақын тағдырын əркім біле бермейді. Қойылымда ақынның ауыр тағдыры, жан жарасы жəне махаббаты туралы сөз болады. Шығарма көрерменге мөлдіреген поэзияның табиғаттың жауын-шашынындай, теңіз толқындарындай алапат күш, толғақтан туатынын білдіргендей болды. Пьеса авторы – ақын талантына бас иген қазақ режиссері, Қазақстанның халық əртісі Ерсайын Төлеубай. Осы шығарманы қолға алмас бұрын автор бес жыл бойы Есениннің шығармаларын, өмірін зерттеді. Шығармаларын неше қайтара оқыған ол ақын өмірінің де қызықты тұстарын пьесаға арқау етті. Спектакль көрермендерді сахнадағы ақынмен жəне оның сүйікті əйелдері Айседора Дункан, Зинаида Райх, Галина Бениславскаямен бірге қайғырып, бірге қуануға итермеледі. – Ақын əйелдер үшін ауыр күйге түскенімен, əйел сұлулығы, əйел ақылы оған ішкі рухани күш берді, – дейді режиссер əрі пьеса авторы Ерсайын Төлеубай. Əйелдер рөлін театрдың жас талантты актрисалары Гүлмира Уəлиева, Зəмзəгүл Бегайдарова, Əсел Шəкіржанова ойнады. Ал Сергей Есенинді театрдың жас буыны арасындағы белді актер Əлімхан Мырзахан сомдады.

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

операсын айтқан Талғат Мұсабаев пен Татьяна Вицинскаяның дауыстары жаһандық жұлдыздар үнімен жарасымды сыңғырлады. Көрермен тарапынан көрсетілген қошеметте шек болмады. Одан бөлек, кеш соңында бағдарламадан тыс Джанлука Терранова қазақтың халық əні «Ақбақайды» орындаса, Глэдис Росси, «мен де қалыспаймын» дегендей, кезінде Бибігүл Төлегенова шырқаған Латиф Хамидидің «Бұлбұлын» орындап, залда отырған өнерсүйер қауымның сүйіспеншілігіне бөленді. Осылайша, Астананың туған күніне орай ұйымдастырылған кеш елорда тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлады. Нұрзада КҮМІСБЕК, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті.

––––––––––––––

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №92 ek

Profile for Egemen

02072013  

0207201302072013

02072013  

0207201302072013

Profile for daulet
Advertisement