Page 1

Кеше елордадағы «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Нұрлы Жол – жеңіс жолы» атты мерекелік шара өтті. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

№82 (28560) 2 МАМЫР СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

ТАТУЛЫЌ ПЕН ТЎРАЌТЫЛЫЌ – ТЫНЫШТЫЌ ТЎЄЫРЫ Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев халыќты Бірлік мерекесімен ќўттыќтады

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Мерекелік жиында сөз алған Елбасы алаңға жиналған жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай келе, өткен сайлауда ел азаматтары өздерінің күш-жігері мен бірлігін бүкіл əлемге танытқанын атап көрсетті. «Көпэтносты халықтың тұтастығы мен тұрақтылығы арқасында Қазақстан зор табыстарға жетті. Ел алдында тұрған міндеттерді орындау үшін бірлікті сақтау керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті, сондайақ, көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін барша халыққа алғысын білдірді. «Мені қолдаған барлық қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Маған осы күндері еліміз бен əлемнің сан тарапынан, түрлі сала өкілдерінен мыңдаған құт тықтау хаттар мен жеделхаттар, телефон қоңыраулары келіп түсуде. Бəріне үлкен рахмет айтамын. Халыққа қызмет ету – ұлы мəртебе. Мен өзімді осы жұмысқа арнаған адаммын жəне Қазақстанның алға

ілгерілеуі үшін, бізді бүкіл əлем құрметтеуі үшін жəне ел алдында тұрған міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін бəрін жасайтын боламын. Біз мұны елдің жəне болашақ ұрпақтың алдындағы

парызымызды орындадық деп айту үшін атқаруға тиіспіз», – деді Мемлекет басшысы. Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандыққа бақ-береке жəне табыс тіледі.

Президент поштасынан

Жарќын жеѕісімен ќўттыќтады Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ атына мемлекет, їкімет басшыларынан, халыќаралыќ ўйымдардыѕ жетекшілерінен сайлаудаєы жеѕісіне байланысты ќўттыќтаулар əлі де келіп жатыр Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Муннан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Пан Ги Мун Нұрсұлтан Назарбаевты лауазымына ресми кірісуімен құттықтады. «Қазақстан мен БҰҰ көптеген салаларда тығыз əрі жан-жақты қарым-қатынас орнатты. Біздің қарымқатынастарымыз Қазақстан халқының жəне бүкіл өңірдің игілігі үшін бұдан əрі де дами береді деп үміттенемін», – делінген жеделхатта. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельден құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ксавье Беттель Люксембург Ұлы Герцогтігі Үкіметінің жəне жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Сізбен жəне Сіздің Үкіметпен бірлескен жұмысты жалғастыра беретініме

қуаныштымын. Өзара мүдделестік танытқан екіжақты мəселелерді менің Астанаға мамыр айында болатын сапарым кезінде Сізбен талқылау мүмкіндігін тағатсыздана күтудемін», – делінген жеделхатта. Люксембург Премьер-министрі Қазақстан Президентіне жауапты лауазымдағы жұмысына табыс тіледі. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Италия Президенті Серджио Маттарелладан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

С.Маттарелла Италия халқының жəне жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты жеңісімен құттықтады. «Қазақстан мен Италия арасындағы дəстүрлі энергетика жəне басқа да салалардағы жемісті ынтымақтастығымыздың бағыты дұрыс. Қазақстан Сіздің басшылығыңыз арқылы Еуропалық одақпен қарым-қатынастарын, сондай-ақ, Астана мен Рим арасындағы байланыстарды нығайтуды жалғастыратынына сенемін», – делінген құттықтауда. Италия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жəне бүкіл елімізге бақ-береке тіледі. (Соңы 6-бетте).

Мерекелік шара аясында, сонымен қатар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оған «МузАРТ», «Алашұлы» топтары, Ардақ Балажанова, Маржан Арапбаева, Алмас Кішкенбаев, Сүндет

Байғожин, Əсел Сəдуақасова, Диана Шарапова, Евгений Гартунг секілді Қазақстанның эстрада өнерпаздары қатысты. Жиналған қауымға елорданың жəне республиканың шығармашылық

ұжымдары, оның ішінде Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының өкілдері, елордалық цирк, «Жастар», Қуыршақ жəне Көңіл ді тапқырлар клубының театр лары, «Наз»

мемлекеттік би театры өнер көрсетті. Бірлік күнін атап өту үшін Астанаға өңірлік этномəдени бірлестіктердің өкілдері де арнайы келіпті. Олардың арасында Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының өнер ұжымдары бар. «Қазақ елі» монументі алаңының аумағында мерекеге орай этноауылдар тігіліп, ол жерлерде елорданың ғана емес, басқа да қалалардың этномəдени бірлестіктері өз ұлтының мəдениетін, болмысын, достық дəстүрі мен қонақжайлылығын паш етті. Бірлік күніне арналған концерттік бағдарламалар мен халықтық серуендер, сонымен қатар, Астананың «Бəйтерек» монументі, елордалық əкімдік алдын дағы алаңдарда, Ғашықтар жəне Студенттер саябақтарында, «Жастар театры» алдында жəне Есіл өзені жағалауында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ел тынысы: мың бір мысал

Студенттер сирек кездесетін шґптерді зерттейді Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Мойынқұмның кең даласында сұңғыла деген шөп өседі. Ел оны кейде «сайсағыз» деп атаса, ғылыми əдебиеттерде «цистанхе» деп көрсетілген. Бұл өсімдік Қытай, Корея, АҚШта таза түрінде немесе дəрілік өсімдік ретінде қолданылады. Көп өндірілгендіктен соңғы жылдары бұл елдерде сұңғыланың қоры азайған. Ал Қазақстанда бұл өсімдіктің қоры жеткілікті. Бастапқыда Алматы облысының Бақанас жəне Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында өндірілуші еді. Соңғы жылдары тек Мойынқұм жерінен ғана жиналуда. Себебі, осы аймақта өсетін сұңғыла өсімдігінің химиялық құрамы сапалық жағынан ерекшелігі бар. Алғашқы кезде жылына 300 тоннаға дейін жиналса, кейінгі жылдары бұл 20-30 тоннаны құрап отыр. Жақында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жанынан құрылған «Фитохимия» оқу ғылыми-өндіріс орталығының тұсаукесері өтті. Яғни, биология мамандығында оқитын студенттер мен магистранттар іс-тəжірибеден өтетін көлемі 8 сотық болатын, оңтүстіккореялық «KOREAGREENHOUSE CO LTD» компаниясының инно вациялық технологиялары бойынша жасалған жылыжай ашылды. Міне, осы «Фитохимия» орталығы өндіріске ендірілу үшін, механика-химиялық əдістердің көмегімен медицинада қолдану аясы кең, Қазақстан флора сындағы фармакологиялық құнды, экономикалық жағынан маңызды өсімдіктер қатарын толықтырған сұңғыланы тереңірек зерттеуге кірісіп кетті. Осы іске мұрындық болған су шаруашылығы, экология жəне құрылыс факультетінің

биология кафедрасы қазіргі таңда Жамбыл облысының толыққанды экономикалық дамуы мен өркендеуіне қомақты үлесін қосып отырған, өңіріміздегі таңдаулы ғылы мизияткерлік жəне ақпараттық-мəдени орталықтарының біріне айналып отыр деп айтуға толық негіз бар. Олар облыстық орман шаруа шылығы қорымен тығыз байланыс орнатқан. Толықтай компьютерлендірілген жылыжай тамшылатып суару технологиясын қолданады. Тəжірибе ретінде алғаш рет өнімділігі жоғары голландиялық қызанақтың «махитус» сорты өсірілуде.

Сонымен қатар, жылыжайда 4 000 данаға жуық жоғары сортты голландиялық қияр, қызанақ жəне бұрыш түрлерінен мол өнім алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, орталық Жамбыл облысының бірқатар дəрілік құнды (сүйелшөп, андыз, мия, т.б) өсімдіктерінен наноұнтақ алу мен сулы экстракты жəне түрлі көкөніс, жемісжидектердің түрлерін кептірумен айналысады. Оларды арнаулы полиэтилен қалташаларға салып дайындайды. Жамбыл облысы.


2

www.egemen.kz

2 мамыр 2015 жыл

ЖІГЕРЛІ БОЛСА ЕР БОЛАР, шадыман жұртқа облыс əкімі Сергей Кулагин сөз арнап, ақмолалықтардың мерекелі жылғы еңбек табыстарына, қоғамдық жəне саяси өмірдегі белсенділігіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің шешімімен бір топ азаматқа «Бірлік» алтын медалі мен «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медальдарын табыс етті. Фестивальға қатысушыларды этномəдени орталықтардың басшылары мен белсенділері қызу құттықтады. Ауқымды шарада көкшеліктер назарына алты тарихи тармақтан тұратын театрландырылған көрініс ұсынылды.

АЛМАТЫ Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Əсем Алматының тұрғындары Қазақстан халқының бірлігі күнін əдеттегідей ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Мерекелік шара қала əкімдігінің алдын ала жоспарлаған бағдарламасына сай – Орталық мəдениет жəне демалыс саяжайынан бастау алды. Əсіресе, үстеріне қызыл-жасыл киім киіп, айрықша нұрға малынып, көктемдей құлпырған қазақстандық этнос өкілдерінің қуанышында шек жоқ. Бүгін – Қазақстандағы барша ұлтты ұйыстыратын, ағайынның басын қосатын айтулы мейрам! Жиналғандар «Шабыт» жаздық театр алаңын қаумалады. Қала тұрғындары мен қонақтарын қала əкімінің уақытша міндетін орындаушы Ахметжан Есімов зор шабытпен құттықтады. Ол айтулы мерекенің кешегі Президент сайлауымен тұспа-тұс келуін атап өтіп, алматылықтарға, оның көп ұлт өкілдеріне саяси науқанда белсенділік көрсеткені үшін алғысын білдірді. – Біздің арманымыз – бір, мақсатымыз – жалғыз, ол – «Мəңгілік Ел!» – деп түйіндеді ресми өкіл.

Бұдан соң Ахметжан Есімов Алматыдағы этномəдени орталықтардың таңдаулы өкілдеріне Президент Жарлығына сəйкес «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медалін салтанатты жағдайда табыс етті. Белгілі өнер жұлдызы Нағима Есқалиева əн-шашу шашты. Бұдан кейін орыс, украин, ұйғыр, корей, татар тілдерінде əн айтылды. Бұл кезде думанды концерт қаланың барлық əкімшілік аудандарында жалғасын тапқан... Əдеттегі дəстүр бойынша Алматы аумағында субұрқақтар іске қосылды. Оның ең мəртебелісі – бас субұрқақ Тұңғыш Президент саябағында көкке шапшып, айналаға қоңыр салқын леппен əр беріп тұр. Бұдан басқа қала орталығындағы 9 субұрқақ та іске қосылды. Əкімдіктің табиғи ресустар басқармасының өкілдері қаладағы қалған 46 субұрқақ мамыр айының соңына дейін толық қосылады деп сендірді. Мамырдың əні аяусыз төгіліп, жыры шашылды... Бірлік мерекесі халықтық жаппай серуенге ұласып, шырайлана түсті.

ҚАРАҒАНДЫ

Мерекелік салтанат барысында марафон жеңімпаздары марапатталып, оларға ақшалай жəне ескерткіш сыйлықтар тарсырылды. Мерекелік шараға жиналғандарға «Достық» облыстық жəне «Қазақстан

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

50-ге тарта ұлт өкілдерін құтты төсінде тоғыстырып, олардың шат тұрмысының бесігіне айналған Маңғыстауда бірлік мерекесін атап өту 1 мамырдан бірнеше күн бұрын басталды. Мектеп, колледж оқушыларының этномəдени бірлестіктердің өкілдерімен тақырыптық кездесуі, этномəдени бірлестіктер арасында «Белсенді отбасы» отбасылық сайысы, Түрікменстан делегациясының қатысуымен халықаралық «Мен бейбітшілікті таңдаймын» атты балалар суреттері көрмесі мен байқауы, сондай-ақ, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында «Татулық-достықтың киелі бесігі» атты Түрікменстан өнер жұлдыздары жəне Маңғыстау өнерпаздарының бірлескен концерті, «Ынтымағы жарасқан тəуелсіз елім» атты мектеп оқушылары арасында ұлттар достығы байқауы, «Бірлігіміз жарасқан!» атты жастар байқауы, суретші жастардың сурет көрмесі, спорттық жарыстар сынды ондаған шаралар облыстың аудан-қалаларында өткізілді. Мереке күнгі шара Ақтау қаласындағы Президент даңғылы бойында орналасқан «Мəңгілік алау» кешенінен Ақтау қаласы əкімдігі алдындағы Астана алаңына дейін мерекелік шерумен басталды. Барабаншылардың бастауымен сап түзеген шерушілерді алдымен этномəдени бірлестіктер өкілдері, «Нұр Отан» партиясы өкілдері, мемлекеттік

қызметкерлер, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ ұжымы, мұнайшылар мен «Ақтау халықаралық теңіз-сауда порты», «МАЭК-Қазатомөнеркəсіп», «Қазтелеком», өзге де ондаған ұжымдар жалғады. Достық, бірлік, бейбітшілік тақырыбындағы ұрандарды көтеріп, жалаулата ауқымды 35 топ болып жүріп өткен шеруге қатысушылар саны 5 мыңға жуықтады. Салтанатты шарада Маңғыстау облысының əкімі Алик Айдарбаев Елбасы Н.Назарбаевтың ұлттар арасындағы достықтың қазақстандық моделін қалыптастыру мен дамытудағы ерен еңбегінің нəтижесінде бірнеше ұлттың өкілдері тəуелсіз Қазақстанды дамыту жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара қызмет етіп жатқандығын, киелі Маңғыстау өңірінде бұл дəстүрдің өз сабақтастығын тауып отырғандығын айта келіп, барша маңғыстаулықтарды бірлік мерекесімен құттықтады жəне бұдан былай да достық пейілден жаңылмай, ел үшін бірлесе қызмет ете беруге шақырды. Шеру соңы мерекелік концертке ұласты. Əр ұлттың көрмелерімен бірге мерекелік сауда-саттық жəрмеңкесі ұйымдастырылды. Мереке Ақтау қала сындағы «Ақтау», «Бəйтерек», «Астана», «Достық» сауда-ойын-сауық орталықтарында əртүрлі ойын-сауық шараларымен жалғасын тапты. ––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН.

АҚТӨБЕ Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Көктемнің күні Жер-анаға бар мейірімін төгіп, шуағын шашып, күлімдеп-ақ тұр. Редакция тапсырмасымен біз ерте ояндық па десек, бізден ерте тұрғандар баршылық екен. Əбілқайыр хан батыр ескерткіші алдындағы алаңға күн көтерілмей-ақ қарақұрым халық жиналып қалыпты. Бұлар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Сенің марафоның – сенің жеңісің» атты марафонға қатысушылар болып шықты. Қаланың кəсіпорындары мен ұйымдарынан жəне жоғары оқу орындары мен колледждерден, мектептерден барлығы 4,5 мың адам қатысқан марафонда ерлер – 21, əйелдер – 10, ал бұқаралық марафоншылар 3 шақырымға жүгіріп өтіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябаққа жиналды. Мұнда да мереке əлдеқашан басталып кеткен. Түрленіп-түлеп кеткен

Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

достықтың мекені» атты аймақтық фестивальдарының лауреаттарының гала-концерті ұсынылды. Облыс орталығындағы алаңдар мен аллеяларда да көктем шуағымен шырайланған мерекелік көңіл-күй жалғасын тапты.

АТЫРАУ

АҚТАУ

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

Көз алдымызда Қазақ хандығының құрылуының, депортацияға ұшыраған ұлттар мен ұлыстардың Қазақ жерін мекендеуінің, Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіміздің, тың игеру кезеңінің, бүгінгі шат тұрмысымыздың шежіресі жылжып өтіп жатыр. Бұл шеру болашақ мақсаттармен ұштасып кететіндігімен де ғажап. Мереке халық достығының ортақ дастарқан байлығымен, кең көлемді концерттік бағдарламалармен жалғасты. Аудандардағы алақай мейрам да танымдық сипат алды. –––––––––––––––––––––

саябақ ортасындағы үлкен сахнадан сан ұлттың əуезді үні асқақтайды. Шайдай ашық аспаннан мейірім төгілуде. Мерекеге жиналған халық нөпірі сəт сайын толыға түсуде. Сауда қатарлары да сан бояуға малынғандай əдеміленіп кеткен. Сахнада достық пен бірліктің белгісіндей шаңырақ көтеріліп, оның астына жиналған облыстағы этномəдени бірлестіктердің ұлттық киімдерін киген өнерпаздары мерекенің сəні мен салтанатын арттырып тұр. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің салтанатты ашылуында облыс əкімінің орынбасары Сара Нұрқатова қысқаша сөз сөйлеп, еліміздегі ұлтаралық достық пен бірліктің тереңнен тамыр тартатынын, оған Елбасы Н.Назарбаев ұстанған сарабдал саясаттың берік іргетасын қалап отырғанын жеткізді. Содан кейін еліміздегі татулық пен тұрақтылыққа елеулі үлес қосып жүрген этномəдени бірлестіктер төрағалары мен мүшелеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медалін тапсырды.

Жыл сайын Атырауда Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін Исатай мен Махамбет батырлар ескерткіші бой көтерген алаңда атап өтеді. Бұл жолы да солай болды. Жұртшылық ертеңгілік аталған алаңға қарай топтобымен ағылды. Ұлттық киімдерін киіп, бір-бірін қол алысып, төс қағыстырған түрлі этнос өкілдері бір-бірімен айтулы мерекемен құт тықтап жатты. Айтқандай, өңірде 17 этномəдени бірлестік өкілдері татулық пен тұрақтылықты, достық пен бірлікті нығайтуға лайықты үлесін қосып келеді. Алаңға жиналған жұртшылықты облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құттықтап, ел бірлігінің маңызына кеңінен тоқталды. Өңірдің бір топ соғыс жəне еңбек ардагеріне мемлекеттік марапаттар тапсырды. Сонымен бірге, ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен

келісімді сақтау жəне рухани мəдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін «Бірлік» алтын медаліне «Татулык» татар-башқұрт этномəдени бірлестігінің жетекшісі Гүлсина Байкенова мен «Алия» еврей этномəдени бірлестігінің жетекшісі Павел Ткач ие болды. – Біздің еліміз тəуелсіздігін алғалы бері көптеген жетістікке қол жеткізді. Қазіргі таңда əлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жақсара түсті. Еліміздегі барлық этнос өкілдері бір-бірімен тату, өз тілін, мəдениетін дамытуға мүмкіндік алды. Сонымен бірге, бəрі де мемлекеттік тілді құрметтейді. Елдегі татулықтың нығайғаны биылғы Президент сайлауында жəне бір рет дəлелденді, – дейді «Татулык» татарбашқұрт этномəдени бірлестігінің жетекшісі Гүлсина Байкенова. Бұл күні этномəдени бірлестіктердің мүшелері əуелете əн салды, мың бұрала би биледі. Олар тек өз тілдерінде ғана емес, қазақ əндерін де шырқады.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Еліміз өміріндегі қуанышты оқиғаға табиғат өзі де сый жасағандай мамырдың алғашқы күні нұрын молынан төгіп, адамдар мен қала ажарын одан сайын жайнатып жіберді. Жан-жақтан ағылған қауым қатары межелі уақытта қалыңдай түсіп, ұзыннан-ұзақ Бұқар жырау даңғылы лық толды. Қолтықтаса сап түзеп, əр тілде қосыла əн шырқап, бақытты тұрмыс пен татутəтті өмірге шаттық ескен шеру көтеріңкі көңіл күймен алға басты. Ортақ тілек, бір мақсат тоғыстырған мерекелік салтанатқа қатысушылар «Алға, Қазақстан!», «Біз Назарбаевпен біргеміз!» деп бір кісідей үн тастап, Тəуелсіздік ескерткішін гүл шоқтарына көмкерді. Облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков бірлік пен тұтастықтың, достық пен ынтымақтың мерейлі мерекесімен құттықтап, Елбасы атынан əр отбасына

құт-береке, жарқын болашақ тіледі. Шерушілер кеуделері жауынгерлік марапаттарға толы соғыс ардагерлеріне бас иіп, құрмет көрсетті. Аймақ басшысы ұлттар арасындағы бауырластыққа, қоғамдық келісімге ұйыстырушы бірқатар этномəдени бірлестіктерге облыс əкімінің грантын тапсырып, белсенді мүшелеріне мерейтойлық медальдар табыс етті. – Бəріміз шынайы разылықпен дауыс беріп, қайтадан сайланған Елбасымыз тұрақтылық пен дамудың кепілі. Сондықтан біз Н.Ə.Назарбаевты əрдайым қолдаймыз, – деді облыстық литван «Литуаник» ұйымы ның жетекшісі, Қазақстан халқы Ассам блеясының мүшесі Виталий Тварионас. 10 мыңнан астам адам бас қосқан шеру салтанаты қаланың барлық бөлігінде жалғасты. Аудандар орталықтары мен кенттерде де мерекелік шерулер болып өтті. Кешкілік түнгі аспанды отшашулар жарқыратты.

ҚОСТАНАЙ

КӨКШЕТАУ Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Ақмола өңіріндегі биылғы 1 мамыр мерекесі «Қазақстан халқының достығы» атауындағы кең ауқымды фестиваль ретінде атап өтілді. Алтын күн шапағына бөленген кербез Көкшетау бар жасауымен жарқырап тұр. Көшелер мен алаңдарда облыс аумағындағы тату-тəтті тіршілік кешіп отырған этнос өкілдерінің барлығы өздерінің ұлттық киімдерімен салтанат құрып, əн-биден шашу шашуда. Фестиваль Абылай хан алаңындағы 300 мектеп оқушысының «Бейбітшілік пен достық – балалар көзімен» атты асфальттағы сурет конкурсымен басталуы айрықша маңызды дер едік.

Мəселен, қаладағы №12 мектептің сурет-сызу пəнінің мұғалімі, республика оқу-ағарту ісінің үздігі Мүтəллап Исқақов өзінің 24 оқушысының «Менің Қазақстаным!» тақырыбындағы суреттерінен балалар қиялындағы ертеңгі Мəңгілік Елді көруге болатынын айтады. Мұндайда ескерткіш тұғырдағы Абылай бабамыз да «бəрекелдісін» білдіргендей бойыңды жылы сезім кернейді. Бұл əсерді Абылай хан мен Тəуелсіздік алаңдарын жалғасты ратын аллеядағы қылқалам шеберлері мен дизайнерлердің, сəулетшілердің интеллектуалды «Достық даңғылы» шығармашылық көрмесі де қалыңдата түседі. Көкше төрінде еліміздің Əнұраны қалықтады. Тəуелсіздік алаңындағы

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Қостанай қаласы жұртшылығының көптен күткен мерекесі. Ауа райы да адамдардың достық көңіл күйіндей риясыз шуағын төкті. Көптен бері құбылған көктемнің күні жарқырап, көк зеңгір аспан тұп-тұнық болып тұр. Жер-дүние жасыл түске еніп, құлпыра түскен. Тал-терек бүршік атып, қайың сырға тақты. Орталықта мерекелік думан таңертеңнен басталды. Қазақтың жəне түрлі ұлттардың əн-күйі мере кенің шаттығын еселеді. Орталықта ұйымдастырылған түрлі ұлттардың музыкалық аспаптары көрмесін тамашалағандар олардан төгілген шығармаларды таза табиғи күйінде тыңдады. – «Өнерде шекара жоқ» деген рас. Мерекеге келіп қаншама ұлттың бұрын өзім көрмеген музыкалық аспаптарын тамашаладым. Маған өзіміздің домбыра, қобызымыз жəне қатар жүрген орыстың, татардың сырнайы мен балалайкасы таныс еді. Ал армяндардың, корейлердің, чешендердің, əзербайжандардың, тағы басқалардың аспаптарын бірінші

рет көргенімді де жасырмаймын. Қырғыздың қомызын қырғыз балаға ойнатып біраз тыңдадым. Корейдің барабандарын өзіміздің қостанайлық қыздар қалай əдемі ұрады, – деп əдемі əсерін бөлісті Қостанай қаласының тұрғыны Жамал Медебаева апай. Сонымен қатар, мерекеге жиналған қостанайлықтар əр ұлттың ыдыстарын да тамашалады. – Биылғы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының, Конституциямыздың – 20, Жеңістің – 70 жəне Қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспатұс келді. Сондықтан біз биыл бұл мерекенің танымдық жағына көп көңіл бөлдік. Түрлі ұлттар музыкалық аспаптарымен қатар, түрлі ұлттардың пайдаланатын ыдыстары көрмесін де ұсынып отырмыз. Барлық жақсы қасиет отбасынан дариды. Дастарқан басында береке болса, елімізде де тыныштық, бейбітшілік болады деп түйдік. Ыдыстар тарихын тамашалағандар көп, – дейді облыстық мəдениет басқармасының басшысы Лариса Сероус. Балалардың тасжолға салған суреті мереке сəнін де, мəнін де арттыра түсті. Халықтық əн-би, ойындар достық пен бірліктің салтанатындай көрінді.


3

www.egemen.kz

2 мамыр 2015 жыл

БІРЛІКТІ БОЛСА ЕЛ БОЛАР шеруге түрлі этномəдени бірлестіктердің өкілдері, байкерлер мен «Бипэк авто» автокөліктер керуені, «Казцинк», Үлбі металлургия зауыты, Өскемен титанмагний комбинаты, «Азия Авто» сынды өңірдегі 88 кəсіпорын мен ұйымдардың жұмысшылары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жоғары жəне орта оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары қатысты. – Еліміздің баға жетпес байлығы – берекесі мен бірлігі жарасқан, татулық пен келісімнің туын тіккен көпұлтты халқы. Бұл – Қазақстан халқының мызғымас достығының, Отанға деген мəңгілік махаббатының мерекесі, – деді аймақ жұртын құттықтаған өңір басшысы Даниал Ахметов.

ҚЫЗЫЛОРДА

Шеруге қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай аспанға 20 ақ көгершін мен 20 мың шар ұшырды. Бірлік күні мерекелік концертке ұласып, достықты ту еткен өнерпаздар өңір жұртшылығын əн-биімен қуантты. Гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, шахмат жəне дойбы ойындарынан сайыстар өтті. Сондайақ, бұл күні «Металлург», «Жастар», «Сəулетай» жəне Жамбыл атындағы саябақ сынды көпшілік демалыс орындары ашылды. Сайлауға белсене қатысқан оқу орындары марапатталды. Мереке кешкілік «Сту дент көктемі» гала-концертімен, жастардың би кешімен жалғасты.

мойындады. Президенттік сайлау елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайта түсті. Халқымыз өзінің нұрлы болашағын Тұңғыш Президентпен байланыстыратынын көрсетті. Тəуелсіздік жылдары Қазақстанның ұлтаралық келісімі нығайды, саяси тұрақтылығы бекемдене түсті, мемлекеттің дамуына бағытталған бағдарламалар сəтті жүзеге асырылды. Осының бəрі – Президенттің сенімді

жеңісінің айғағы», – деді облыс əкімі Халықтың ерлігі – еңбекте, бақыты – бауырмалдығында, жасам паз дығы – жарқын істерінде. Сон дықтан бейбіт өмірдегі табысты ісімізді, береке-бірлігімізді мақтан еткен мерекелік басқосу Сүйінбай атындағы облыстық филармония концерттік бағдарламасымен жалғасып, жалпыхалықтық мерекемен ұласты.

ТАРАЗ

ПАВЛОДАР Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Береке мен бірліктің туы желбіреп, еңбек пен достықтың күйін шертетін ғажайып мезгілді Сыр жұртшылығы да асыға күтеді. «Бірлік пен татулық мекені – Қазақстан». «Тілегі бірдің жүрегі бір». «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» деп ұрандаған қызылордалықтар мерекені тойлауды күнмен таласып бастап кетті. Ең алдымен, барлық мекемелердің қатысуымен шеру ұйымдастырылды. Еңбек адамдарынан бастап, елдің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген азаматтар бірліктің туын желбіретіп шеруге қатысты. Мұнан соң татулығы тұғырлы, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі Сыр елінің халқын облыс əкімі Қырымбек Көшербаев құттықтады. – Біз бір мақсат, бір мүдде, бір

болашақ жолына жұмылған қуатты елміз. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғары байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – əрбір Қазақстан азаматының міндеті. Туған жердің төсінде, бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін,– деді аймақ басшысы. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Сыр елінде 70-ке жуық өзге ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. 11 этномəдени орталық бар. Барлығы мереке күні концерттік бағдарлама дайындап, бірліктің бекемдігін көрсетті. Облыстың барлық қала, аудан, ауылдарында мереке жоғары деңгейде аталып өтті, түрлі спорт сайыстары, флешмоб ұйымдастырылды.

ОРАЛ Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні Ақжайық аспанынан күн шуағы молынан төгіліп, батысқазақстандықтардың көңіл-күйі де табиғатпен үндестік тапқандай өте көтеріңкі болды. Осындай шат-шадыман ахуал ауаны Орал қаласы мен облыс аудандарында өткізілген мерекелік шерулер кезінде де айқын аңғарылып тұрды. Оның соңы концерттік бағдарламалар мен жəрмеңкелерге ұласты. Бірінші мамыр күні қарсаңында Орал өңірінде барлық тұрғындарды бірлік пен татулыққа жəне ынтымаққа үндейтін əрі осы үш тұғырды одан əрі тереңдете түсе алатын мəні мен мағынасы зор іс-шаралар кешені мəреге жетті. Соның бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай облыста ұйымдастырылған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» эстафетасы. Бұл мерекелік мегажоба биылғы жылдың ақпан айында бастау алып, осы риясыз рəсімге сай Орал қаласының делегациясы Зеленов ауданына эстафетаны тапсырған болатын. Сол уақыттан бері бұл игі іс көп этносты өңірдің барлық түпкірлері мен елді мекендерін қамтып, тұрғындардың ынтымағын

арттырып, олардың арасындағы мəдениəлеуметтік байланыстарды одан əрі жетілдіруге ықпал жасады. Осылайша кеше мерекелік эстафетаны Теректі ауданының делегациясы Орал қаласына қайта жеткізді. Біз бірлік күні Орал қаласының орталық алаңы арқылы мерекелік шеруден жүріп өткен бір жас тұрғынды сөзге тартқан едік. Ол өзін Игорь Спиридонов, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жастар қанатының төрағасымын деп таныстырды. Көзінде от, бойында жігер мен қайрат бірден байқалатын жас өрен бізге өз тілегін былайша жеткізді: «Жыл сайын 1 мамыр күні келетін Қазақстан халқы бірлігі күнін айрықша терең сезіммен қарсылаймын. Жастар елдің үлкен үміт артатын стратегиялық ресурсы. Мен өзімнің тəуелсіз Қазақстанда тұрып өмір сүріп жатқанымды үнемі мақтаныш етемін. Сондайақ, қашанда Мемлекет басшысы саясатын қолдайтын белсенді жастар қатарында жүргім келеді. Біз сапалы білім алып, интеллектуалдық мүмкіндігімізді дамытуға мүдделіміз. Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты Президент белгілеген бейбітшілік пен келісім бағытын іске асыру үшін серпінді істерге бастамашы болып отыр».

ӨСКЕМЕН Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс жұртшылығы еліміздің бірлік күнін – «Мен – Қазақстанның патриотымын!» салтанатты шеруімен қарсы алды. Облыс орталығындағы мере келік шеруге 15 мыңнан астам

қала тұр ғындары мен қонақтары қатысты. Өңірдің барлық аудандары мен қалаларында, ауыл-аймақтарында айрықша сəн-салтанатымен өткен мерекеде өскемендіктер Астана көшесінен бас тап Республика алаңына дейін шеру ұйымдас тырды. 5518 əскери бөлімінің оркестрі бастаған салтанатты

Биылғы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі, татулық пен тұрақтылық тақырыбына арналды. Күн де жылынды. Айнала құлпырып жайнап тұр. Əсем əуендер шалықтап, бүкіл қаланы мерекелік көңіл-күй думанға бөлеген. Ал, осыдан бір күн бұрын облыс орталығындағы Достық үйінде облыс əкімі Қанат Бозымбаев өңірдің этномəдени бірлестіктерінің басшыларына арнайы гранттар табыс етті. Бірлік күні мерекесіне орай құрамында мордва, удмурт, коми-пермяк, марий, венгр ұлттары өкілдері бар Фину гор этномəдени орталығы ашылды. Удмуртиядан қонақтар келіп, этномəдени бірлестік ашылуына орай, алаң ортасында толқи сөз сөйледі. Осы жақсы жаңалықтардың соңы кеше қала тұрғындары, қонақ тары орталық алаң мен Ертіс өзені жағалауында, қалалық мəдениет жəне демалыс саябағында жалғасып, қызыққа толы думанды мерекелік шараларға толы болды. Мерекенің «Тілегіміз – татулық, тірегіміз – тұрақтылық» тақырыбына сай экран арқылы арнайы жасалған мерекелік

журнал парақтары ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай этномəдени бірлестіктер жəне қала жастарының қатысуымен театрландырылған қойылым, этномəдени бірлестіктердің концерті жəне Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасы ұсынылды. Орталық алаңда халық көп. Облыс басшылығы, соғыс жəне еңбек ардагерлері құттықтау сөздерін арнауда. Мерекенің сəн салтанатын қызықтаған үлкендер, əн шырқап, би билеп қуанышты жастар, қызыл-жасыл шарлар көтерген кішкентай бөбектер айнала думан сəнін келтірді. Сағат түскі 12.00-де орталық алаңда этномəдени бірлестіктердің қолданбалы шығармашылық жəне дəстүрлі аспаздық «Этноқалашық» шеберлік көрмесі өтті. Балалар үшін Шапито циркінің мерекелік бағдар ламасы, экзотикалық жануарлар мен хайуандардың зоопаркі ашылды. Жағалауда спорттық ойын-сауық бағдарламасы қызса, «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі», қалалық мəдени сауық орталығы мен балалар шығар машылық жəне тəрбие орталығы ұйымдарының «Бейбіт болсын болашақ» мерекелік концерттік бағдарламасымен жарасым тапты.

ПЕТРОПАВЛ

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі еліміз тəуелсіздік алған жылдардан бері жаңаша сипатқа ие болды. Өйткені, бірлік пен ынтымақ, достық пен туысқандық бүгінде көпұлтты Қазақстанның қарқынды дамуының кепілі. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының елімізде кең көлемде атап өтілуі елдігіміздің қалыптасуы мен тəуелсіздігіміздің нығаю тарихында айрықша рөл атқаруда. Ал, кешегі сайлауда Елбасы мерейінің үстем болуы көп ұлтты халқымыздың Елбасына деген ыстық ықыласы, шексіз құрметінің көрінісі екені анық. «Тату елдің шығар тауы биік» деген міне, осы болса керек. «Бұл күн – халық арасындағы достықтың белгісі, өзара бауырма шылдық пен түсіністіктің нышанына айналған мерейлі мейрам. Біздің біртұтас халқымыздың дəстүріне еніп, бейбітшілік пен өзара сыйластықтың символына айналды. Алдымызда Мемлекет басшысы белгілеген «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен Бес халықтық

реформаны орындау мақсаттары тұр. Мұның барлығы да тағдыры бір, Отаны бір халқымыздың келешегі, ұрпағымыздың болашағы үшін жасалуда. Жамбылдықтар да бар ша қазақстандықтар сияқты ұлы мақсаттарға қол жеткізу жолында жұмыла еңбек ететініне сенімдімін», – деді əулиеаталықтарды құттықтаған Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев. Бірлік пен ынтымақтың алмайтын қамалы, шықпайтын шыңы, аспайтын асуы жоқ. Айтулы мерекені жамбылдықтар көтеріңкі көңіл-күйде атап өтіп, Тараз қаласының «Достық» алаңында өткен мерекелік шерудің соңы ұлттық жəне спорттық ойындар, өнер майталмандарының концерті мен көпшілік серуенге ұласты. Өнер əрбір ұлтты бір-біріне жақындастыратын, теңестіретін құдыретті күш қой. Сондықтан да мерекеде айтылған, түрлі тілде айтылған əнді де, түрлі ұлттар билеген биді де ешкім жатырқаған жоқ. Қайта көптің көңілі достықтың арнасында тоғысты. Мереке кешкілік өнер жұлдыздарының концертіне ұласып, жастар өзара би жарыстырды. ––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

ШЫМКЕНТ Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан халқының бірлігі күні Қызылжар өңірінде де достық пен татулықтың, бейбітшілік пен мызғымас тұрақтылықтың мерекесі ретінде көтеріңкі көңілмен, жарқын жүзбен асқақ рухта аталып өтті. Адамдар бір-біріне амандық, саулық жолдап, еліміздің айбары асқақтай беруін тіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген мереке ел дамуының қарышты қадамы, бедел-абыройымыздың асқақтау, əр шаңыраққа шаттық қонған, ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырған мейрам ретінде бағаланып, ұлттық құндылықтарымыздың қадір-қасиеттері ұлықталды. Мереке салтанаты Тəуелсіздік стеласы жанынан басталды. Онда облыс əкімі Ерік Сұлтанов тұрғындарға жылы лебізге толы құттықтауын арнап, Елбасы атынан 36 солтүстікқазақстандыққа «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медалін табыс етті. Қаланың барлық шағын аудандарында ұйымдастырылған мереке лік бағдарламаларды қызықтаған жұртшылық қатары қалың болды. Достық үйінде өткен «Халықтың асыл

қазынасы» атты байқауға 19 этностық клуб қызығушылық көрсетіп, өз нөмірлерінде ортақ шаңырақ астында бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тəтті ынтымақта өмір сүріп жатқан ұлыстардың баянды тірлігін, берік бірлігін арқау етті. «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған «Мəңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» конкурсы көпшілік талғамынан шықты. Онда балалар əртүрлі тақырыптар бойынша сурет салудан сынға түсіп, шығармашылық қарым-қабілеттерін танытты. Абай мен Пушкин ескерткіші қасында «Достықтың саз əлемі» музыкалық-би композициясы қанат қақса, «Ассамблея аруы» атты түрлі этностардың əдемі арулары қатысқан байқау да өз көрермендерін риза етті. Демалыс жəне мəдениет саябағында студентжастар «Достық дарханы» флеш-моб, қызықты конкурстар ұйымдастырды. Мерекенің сəнін қазақстандықтардың татулығы мен келісімін паш еткен кешкі мерекелік концерт келтірді. Ол шын мəніндегі достық əн-жыр, би арқауына айналып, қыр бетін қызғалдаққа толтырып жібергендей əсерге бөледі. ––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

ТАЛДЫҚОРҒАН Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Жетісу жерінде ынтымағы жарасып, бірліктері нығайып, бақуатты өмір сүріп жатқан 103 этнос өкілі Талдықорғандағы орталық алаңға көптеп жиналды. Адамдар арасындағы қуанышты табиғат-ана да құп көрсе керек, аспан асты шайдай ашық. Ауада лүп еткен жел де жоқ. Сəні мен салтанаты артқан жетісулықтардың алдына Алматы облысының

əкімі Амандық Баталов шығып: «Бүгінгі қуаныш – Отанға деген патриоттық сезім мен сүйіспеншіліктің, тұрақтылық пен келісім мерекесі. Қазақстан – береке мен бірліктің, достықтың мекені. Мұнда бір шаңырақ астында көптеген ұлттар мен ұлыстар татутəтті ғұмыр кешуде. Сондықтан да еліміздегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты əлем бағалап, мойындап отыр. Бүкіл əлем Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер Көшбасшы, саңлақ саясаткер екендігін тағы бір

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Шымкенттегі жаңа Əкімшілік-іскерлік орталығының алаңында өтті. Оңтүстікте бірлігі жарасқан, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай 100-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Салтанатты мерекеде олар шеру тартып, ұлттық əуендер сарынымен алаңға өтті. Мінбеге ұлттықмəдени орталықтардың төрағалары шақырылып, облыс əкімі Асқар Мырзахметов жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады. Тарихтың қай парағын ашсаң да елдің аңсаған мақсат-мұраты бейбітшілік болғандығын, Қазақстан Тəуелсіздік алғаннан бері Елбасы осы ұлы мұрат жолында талмай жұмыс жасап келе жатқандығын, бүгінгі мемлекеттік саясаттың түпқазығы ел бірлігі екендігін айтқан облыс басшысы бұған оңтүстікқазақстандықтардың да айтулы үлес қосқандығына тоқталды. Оның айқын дəлелі ретінде кешегі президенттік сайлауда халықтың тілегі бір арнадан тоғысып, Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы əлемге мəшһүр болғандығын, Тоныкөк баба заманынан аманат болған Мəңгілік Ел мұратына бірге жететіндігін айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын мерекелеу аясында ел бірлігін нығайтуға, мəдениетаралық үнқатысуды дамытуға жəне қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін Төлеби ауданы «Тағайна» жалпы орта мектебінің директоры Кадиров Османали, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ның доценті Курбанов Агапа ша, М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті кафедрасының меңгерушісі Надиров Казим, Түркістан қаласындағы дизайнерлер одағының мүшесі Хамаркулов Насыр «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Сондай-ақ, бір топ азаматқа ұлтаралық бірлікке сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медалі табыс етілді. Бірлік күні облыстың қоғамдықсаяси өміріне белсене қатысқаны, достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін облыстық этномəдени бірлестіктерге облыс əкімінің гранты табыс етілді. Этномəдени орталықтардың атынан Е.Романова мен И.Хашимжанов сөз алып, Мəңгілік Ел мұраты болған Отанымыздың бүгіні мен келешегі кемел екендігін айтып, мерекеге жиналған жұртты құттықтады. Əнмен, күймен астасқан мейрам Оңтүстікте осылайша аталып өтілді.


4

www.egemen.kz

2 мамыр 2015 жыл

ТИЯНАЌТЫ, ТЫЅЄЫЛЫЌТЫ ТІРЛІК Ортаќ ойымыз – отыздыќтан кґріну

Қуаныш СҰЛТАНОВ, Мəжіліс депутаты: – «Қазақстан -2050» Стратегиясын, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын халық жақсы біледі. Осы бағдарламалардың аясында нақты-нақты алып жобалар да жүзеге асырылуда. Ал енді кешегі əлеуметтік жағдайға байланысты айтылған сөзіндегі елдің экономикасын көтеру, əлеуетін, руханилығын арттыру, тұрмыс жағдайын көтеру бағытындағы ұзақ мерзімді жос парлары халықтың сапасын, санасын көтеруді мақсат еткені көрініп тұр. Осы сөздерден кейін біз «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасының мақсат-мүддесін тереңірек ұғына бастадық. Түптеп келгенде, соның бəрі Мəңгілік Ел идеясын жүзеге асырудың қадамдары екен. Сонымен қатар, іс-əрекеттердің сапасын арттыру бағытында елді жаңғырту жөніндегі комиссия құрылды. Ұлықтау рəсіміндегі сөзінде Елбасы ол туралы айтқан еді, біз оны жуық арада құрыла қоймайтын шығар десек, ол кеше жедел түрде құрылып та үлгерді. Оның тармақтары барынша дамыған елге қажетті дүниелердің бəрін қамтыған. Мен комиссия жұмысының тиімді боларына сенімдімін. Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мəжіліс депутаты: – Бүгін еліміз шат-шадыман болып Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлап жатыр. Бірлік – біздің еліміздің ең үлкен мақсаты. Кешегі ұлықтау рəсіміндегі сөзінде де Елбасы осы сөзді айтты. Сонымен қатар, ол өзі ұсынған бес институттық реформаны алға жылжыту үшін комиссия құратынын да айтқан болатын. Сол Ұлттық комиссия да құрылып, өзіне жүктелетін міндеттерді қабылдап алды. Парламент палаталарынан да оған өкілдер енгізілді. Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов бізді жинап алып, комиссияның алдында тұрған міндеттер туралы айтып берді. Дағдарысқа қарсы күресте Елбасы ішкі жалпы өнімді арттыру мақсатын да алға қойып отыр. Осы бағыттағы жұмыстың белсенді жүргізілуін де комиссия қадағалайтын болады. Халықтың əлеуметтік жағдайын жоғары деңгейде ұстап тұру да назардан тыс қалмайды. Экономиканың дамуы мен əлеуметтік жағдай қай күнде тепе-теңдігін жоғалтпауы керек. Егер осы теңгерім бұзылатын болса, онда дефолт болуы мүмкін. Сондықтан əрі экономиканы алға жылжытып, əрі халықтың əл-қуатын арттыруды қатар алып жүру керек. Елбасының негізгі тапсырмасы да осыған саяды. Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы: – Биылғы Қой жылының көктемі біздің халқымызға той жылы болып басталып жатыр. Күні кеше ғана халқымыздың зор белсенділігінің арқасында бірауыздан сайланды деп айтуға болатын Президентіміздің ұлықтау рəсімі болып өтті. Халықпен біртұтас болған ардақты ұлы бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын бүкіл əлем көзімен көрді. Ұлықтау рəсімінде ол алдағы уақытта атқарылатын істердің бағдарламасын айтып берді. Оның ішінде өзі Ұлт жоспары деп атаған Қазақстанды жаңғырту жөніндегі реформаларды айрықша атауға болады. Мен осы реформаларды жүзеге асыру үшін өзімнің барлық күш-жігерімді жұмсайтын боламын, деген еді Президент. Бұл реформалар біздің елімізді 2050 жылы барынша дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізетін қадамдар екені даусыз. Осы реформаларды іске асыру үшін Президент бірден Ұлттық комиссия да құрып үлгерді. Ол бірнеше саланы қадағалайды. Соның ішінде кəсіби мемлекет құруға, оның іс-əрекеттерінің мөлдірлігіне баса назар аударылып отыр. Еліміздің еркін дамуы, оның ішінде, индустриялық-инновациялық даму бағыттарына да ерекше көңіл бөлінетін болады. Борис СОРОКИН, Мəжіліс депутаты: – Мерекелік көңіл-күйім өте жақсы деп айтуға болады. Бірінші мамырдың дəл бүгінгідей жадыраған күйін бұрын Астанада көрген жоқ едім. Бұлт болмаса да ызғар кетпей тұратын, ал бүгін айрықша күн екен. Оның үстіне бұл күн Қазақстан халқының өз Көшбасшысын дұрыс анықтағанына Жаратқанның жасап жатқан сыйы ма деп отырмын. Мемлекет басшысы кешегі ұлықтау рəсімінде бəріміздің алдымызға нақты тапсырмалар қойды. Соның ішінде жаһандық қауіп-қатерлер туралы да айтып өтті. Олардың біздің экономикамыздың дамуына кеселін тигізетіні анық екені айтылды. Осының бəрі меніңше, өте дұрыс айтылған сөздер. Біздің осындай қатерлерге қарсы тұратын басты күшіміз – еліміздің бірлігі, халқымыздың біртұтастығы. Мемлекетті жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысы айқын. Ол қолға алынған реформалардың орындалуын қадағалайды. Меніңше, нақты істерді қадағалайтын осындай нақты комиссияның құрылғаны дұрыс шешім болды. Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ, Мəжіліс депутаты: – Ел Президентінің жанынан құрылған Ұлттық комиссия бұрын айтылған 5 реформаны кезең-кезеңмен жүзеге асыруды басқарып, мемлекеттік органдардың, бизнес сектор мен азаматтық қоғамның ісəрекеттерін үйлестіретін болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі өткізген кеңесте осы комиссияның құрылғанын жариялады. Ұлттық комиссияның жанынан беделді шетелдік жəне қазақстандық сарапшылардан тұратын консультативтік кеңес құрылатынын да Президент ұлықтау күнгі сөйлеген сөзінде атап өтті. Консультативтік кеңес халықаралық тəжірибенің озық үлгілерін пайдалануға ықпал ететін болады. Меніңше, бұл комиссияның жұмысы барынша тиімді болуға тиісті. Комиссия құру туралы Жарлықта оның негізгі бағыттары мен оларды қадағалауға жауапты адамдар да белгіленді. Осының өзі комиссия жұмысының нақты бағыттарын айқындап отыр. Əрине, халық бұл комиссияның жұмысына қолдау білдіруі керек, тек халық қолдағанда ғана кез келген іс нəтижелі болады.

Еліміздіѕ несібесі еселене берсін!

Мемлекеттіѕ даму ерекшеліктерін кґрсететін реформалар Өткен сайлау қазақстандықтардың, оның ішінде қазақ ұлтының біртұтас ұлт болғандығын толық көрсете білді. Өйткені, осы сай лауда қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған саяси белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне барып, Елбасы Н.Назарбаевқа өз таңдауларын жасады. Сіздер жақсы білесіздер, сол сайлаудан кейінгі маңызды оқиға – Президентті ұлықтау рəсімі. Осы рəсімде сайлауалды тұғырнамасы бойынша сөйлеген сөзінде Елбасы бес институттық реформаны жүзеге асыратын тетікті айтып берді. Жеке өз басым сенатор ретінде, саясаттанушы ретінде бұл бес

реформа бес жылға емес, он немесе он бес жылға созылатын мемлекеттік құрылымды, жалпы мемлекеттің экономикасын əлеуметтік жағынан, саяси жағынан, мəдениет жағынан қамтитын үлкен саяси реформа дер едім. Осыдан менің өзімнің түйгенім, 24 жылдың ішінде Қазақстан өтпелі кезеңді аяқтады деп айтуға болады. Қазақстан осы өтпелі кезеңде қазақ мемлекетін толық құра алды, бүкіл мемлекеттік институттарын толық орнықтырды. Қазақстан толыққанды біртұтас ұлт ретінде қалыптасты деп негіздеуге болады. Сондықтан да енді алдағы реформалар мемлекеттің даму

ерекшеліктерін көрсететін болады. Қазақстандықтардың əлеуметтік жағдайын жақсарту үшін Елбасы кешегі ұлықтау рəсімінде сөйлеген сөзінде айтқанындай, орта таптың жағдайын жасау қажет. Президент жанынан жаңғырту жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болады. Ол комиссияға Қазақстандағы ең мықты саясаттанушылар, сарапшылар, керек болса, шетелден алдыңғы қатардағы мамандар тартылып, дамуға байланысты Ұлттық жоспар жасалды. Ұлттық жоспар – 100 қадам ретінде жанжақты, бүкіл экономика, əлеуметтік сала бойынша жаңғырту барысында жұмыс

Мїмкіндікке сай міндеттер Жарқын болашағына берік сенімді, халқының мығым қолдауына ие ел ғана алдына əрдайым үлкен асулар қоя алады десек, соның нақты көрінісін кезектен тыс президенттік сайлаудан соң өмірімізде ерекше ескен жаңа серпін айғақтап отыр. Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына кірісу рəсімінде сөйлеген сөзінде көрсетілген бес ауқымды ішкі міндет бəрімізге ортақ жоғары жауапкершілік жүктейді. Оны іске асыруға лайықты үлес қосуға белсене атсалысу əрқайсымыздың азаматтық парызымыз болуға тиістігі анық. Отандық фармацевтика өнеркəсібінің

ошағы – «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдинг ұжымы өз іс-мақсатын осылай түсінеді. Мемлекет басшысы: «Біз қысқа мерзімде өте көп жұмыс атқардық. Бүгінде Қазақстан – Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы. Бірақ тоқтауға болмайды. Реформалар ұлттық экономиканы білімге негізделген озық экономикаға айналдырады», деп қадап айтқандай, бүгінде біліктілік мен кəсіптік деңгейі өсудегі əрбір қазақстандықтың өз елінің игілігі үшін жұмыс істеуіне толықтай мүмкіндігі бар. Мұны жергілікті табиғи өсімдіктер құрамынан дəрілік өнімдер жасап, шипалық қасиеттерін алысқа танытушы

Елбасы сґзінен сенімім беки тїсті Биылғы пре зиденттік сайлау – жасым кəмелетке толып, дауыс беруге құқылы болғалы өзім екінші рет қатысқан ірі саяси науқан. Бұған дейінгі 2011 жылғы президенттік сайлауда президенттікке кандидат Н.Ə.Назарбаевтың сенім білдірілген адамы болған едім, биыл да сол тəжірибемді жалғастырудың сəті түсті. Облыстық деңгейде сайлауалды үгітнасихат жұмыстарына қатыстым. Бұл сайлау қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев бірауыздан жеңіске жетіп, ел тізгінін өз қолына алды. Əлемді мазасыздыққа душар еткен алуан келеңсіздіктер кезеңінде бұл дұрыс таңдау болды. Ұлықтау шарасында Елбасының тебіреніспен айтқан сөздерін теледидардан тыңдадым. Биылғы сайлаудың дауыс берушілер көптеп келгендігімен ерекшеленетіндігін айтқан Мемлекет басшысы өзіне деген барша отандастардың ықыласын «сенім мандаты» деп қабылдайтындығымен-ақ өзіне жүктелген міндет пен парызға қаншалықты құрметпен қарайтындығын аңғартты. Ұлықтау сəтінде Мемлекет басшысы тəу елсіз Қазақстан таңдаған жол жəне мем лекетіміздің бұған дейінгі кездескен қиындықтарды еңсеру тəжірибесі туралы айтып, алдағы бағыттарға тоқталды. Жаһандық қиындықтар, əлемдік қаржылық-экономикалық тұрақсыздық, мемлекеттер арасындағы текетірес пен діни сипаттағы қауіптердің тигізуі ықтимал келеңсіздіктердің алдын алу үшін мықты экономикалық саясаттың қажет болғандығын, ол үшін «Нұрлы Жол» бағдарламасы қабылданғандығын айтты. Қазақстан қандай жағдайда болса да тығырыққа тірелген жоқ жəне тағдыр мұндай ауыр жолды біздің еліміздің маңдайына кезіктірмесін деп тілейміз. «Сақтансаң сақтайды» немесе «Қамданған қапы қалмайды» деген баба нақылына сүйенсек, Елбасымыздың ұстанған саясаты тəуелсіз еліміздің одан əрі өркендеуіне, дамыған 30 елдің қатарына енуге бастама болары сөзсіз. Ұлықтау кезіндегі сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев Қазақстан халқын бір болуға, жаңа реформаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Бұл біздің елімізді тыныштық жолымен үмітті болашаққа бастайтын сенім жолы деп білемін. Ұлағаты мол ұлықтау шарасындағы Елбасы сөзі ертеңге деген сенімімді бекіте түсті.

жасайтын болады. Оған Ұлттық комиссия ғана емес, Қазақстанның барлық азаматтары тартылатын болады. Мен біз революциялық жолмен емес, эволюциялық, реформалық жолмен дамып келе жатқан мемлекет ретінде Қазақстан əр уақытта да болашағы жарқын əрі дəулетті ел қатарына қосылады деп толық сеніммен айта аламын. Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, сенатор.

əріптестерімнің еңбегі дəлелдеп келеді. Бұл ретте жетістіктеріміз аз емес. Алайда, оған тоқмейілсу ойымызда жоқ. Қайта сыртқы рынокта өте өтімді фитопрепараттар түр-түрін шығаруды ұлғайтып, таяу арада елімізде өндірілу көлемін Елбасы тапсырмасына сəйкес 50 пайызға жеткізу міндеті алдымызда тұр. Сондықтан бұл күндегі тынымсыз ізденісіміз бен ұдайы ұмтылысымыз осы мерейлі іске бағытталған. Айқын міндет пен нақты мақсат, міне, бізге қашанда қайрат беруші күш осы. Сол арқылы жаңа жетістіктерге қадам қарыштай түсуіне қуаныштымыз. Бораш ТІЛЕУОВ, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор.

Əркім өзі шыққан тауын биік болсын дейді. Ал өз Отанына деген құрмет, тіпті, ерекше болуы тиіс. Мен 1931 жылы дү ниеге келгенмін. Патшалық Ресейдің өткен ғасырдың басында есептеген санағында қазақтар саны айтарлықтай көп бол ған екен. Өзгеге бодан болып, өз тізгіні өзіне тимей құса болған қазақ əртүрлі нəубеттен қырыла-қырыла атақты тың игеру кезінде өз елінде 30 пайызға да жетпей қалды. Дені түрмеден «тың игеруге» шығарылған келімсектердің кесірінен халқымыз рухани жағынан азып, солтүстік облыстардағы аз ғана жұртымыз Қиыр Шығыстағы кейбір, ұлттар сияқты ұлттық құнарынан айырылып қала жаздады. Нұрсұлтан Назарбаевқа, міне, Кеңес Одағынан осындай мемлекетке Президент болу бұйырған еді. Есік көзінде едік, төрге шығарды. Рухымыз күйреп еді, қай раттандырды. Мық ты мемлекет құрды. Елдегі əртүрлі этнос өкілдерінің басын қосып, ортақ мүдде, бір мақсатқа жұмылдырды. Экономикамыз өсті. Ұлтаралық келісім мен татулықтың арқасында бейбітшілікті сақтап, қадірін ұқтық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің түпқазығы болып, əлемдегі мықты 30 елдің қатарына кіруге талпынып жатырмыз. Жақсылықты білмейтін керауыздар айтса айта берсін, көрмесе көрмей-ақ қойсын, Қазақстан Орталық Азиядағы мықты мемлекетке айналды, əлем жұртшылығы мойындады. Кеше Елбасын ұлықтау рəсімінде Ресей мен АҚШ президенттері «бұл сіздің еңбегіңіздің жемісі» деп құттықтап жатыр. Бұрын біріне амалсыздан бодан болсақ, екінші алпауыт мемлекет қазақ жайлы естіген де жоқ еді ғой. Бүгінде қазақ баласының несібесі өзінде, дəулеті тасыды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жолы» адастырмас темірқазығымыз, Елбасымыз Қазақстанды тағы да биікке бастай берсін, біз сүйеу болайық. Жəмила ЖАНЫСБАЕВА, Алтын алқа иегері.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

ҚАРАҒАНДЫ.

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЛАУАЗЫМЫНА КІРІСУ САЛТАНАТЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

29 сәуір 2015 ж.

Президент жанындағы Жаңғырту жөніндегі ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ

МИССИЯСЫ – 5 реформаны сатылап жүзеге асыруды басқару және мемлекеттік органдардың, бизнес сектор мен азаматтық қоғамның іс-қимылдарын үйлестіру

Ұлттық комиссия жанында құрамында беделді шетелдік сарапшылар бар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС жұмыс істейтін болады

Бақтыбай ЖАЙЛАУ, Ш.Есенов атындағы КМТИУ PhD докторанты.

Маңғыстау облысы.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Еуразиялық интеграция институты әзірлеген.


www.egemen.kz

2 мамыр 2015 жыл

5

ТІРЕГІНЕ АЙНАЛАР ТЎЖЫРЫМДАР

Ўстанар баєытымыз – Ўлт жоспары

Мўрат пен міндет

Елбасын ұлықтау салтанатына қатысушы отандастарымыздың қатарында болғаныма қуаныштымын. Бұл оқиғаны еңселі елдігіміздің жарқын тарихи сəті деп қабылдадым. Өйткені, еліміздің Конституциясына сай өткізілетін ұлықтау рəсімі кез келген елі мен жерін сүйетін азаматтың жүрегіндегі отаншылдық рухты оятады. Салтанатты шараның сайлаудан кейін іле-шала бірлік күні қарсаңында өтуі де орынды. Себебі, біз бұл сайлауда берік ынтымағымызды таныттық. Қарасақ, Елбасы тəуелсіздігіміздің тарихында бесінші мəрте ұлықтау салтанатын өткізіп отыр екен. Бұл – кез келген Мемлекет басшысына бұйыра бермейтін бақыт! Осы жылдары еліміз жаңа тұрпатты мемлекет құрған Президентке сенім артты, əрдайым қолдау көрсетті. Соның нəтижесінде, еліміздің экономикасы ілгеріледі, əлеуеті күшейді. Медицина мен білім беру саласында көптеген оң өзгерістер жүрді. Жуырда Президент Шығыс өңіріне жұмыс сапарымен келгенде Қазақстанның медициналық мүмкіндіктерінде қол жеткізген орасан жетістіктер туралы айтты. Оның бəрі стратегиялық даму жоспарын құра білген Елбасының ерен еңбегі, көрегендігі деп білгеніміз жөн. Шығыс өңірінде алғаш рет медициналық кластер қалыптасты. Радиологиялық орталық құрылды. Саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт нысандары желісі бой көтерді. Əрине, мұның бəрі мемлекеттің ең басты құндылығы болып табылатын адамдардың денсаулығын жақсартады. Нұрсұлтан Əбішұлы ұлықтау салтанатында «Ұлт жоспары» деп атаған реформаларды жүзеге асыру барысында біздің бағытымыз тағы да айқындала түсті. Баршамызды жаһандық сын-қатерлер жағдайында жұмыла еңбек ету күтіп тұр.

Қазақстан халқы біртұтас елдік мүддені ойлайтын, ұлы істердің жолында бірліктің буынын бекіте азаматтық белсенділік танытты. Демек, тарихтың жаңа парағы ашылды. Енді біздің алдымызда қадау-қадау міндеттер тұр. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рəсімінде сөйлеген сөзінде нақтылап берді. Əсіресе, ел алдында тұрған бес ауқымды ішкі міндеттің барлығының да маңызы айрықша екені даусыз. «Біріншіден, бізге тұрақтылығымыздың тірегі ретіндегі орта таптың үлесін ұлғайтып, бизнесті дамыту жəне елге орта табысы бар тұрғындарының саны басым мемлекет болуға көмектесу керек», деп орынды атап өтті Нұрсұлтан Əбішұлы. Көпэтносты біздің еліміз үшін ең басты қажеттілік – тұрақтылық. Өйткені, біз ел ішіндегі тұрақтылық арқылы

талай қиындықты еңсеріп келеміз. Зауыт-фабрикалар жұмысын тоқтатып, жаппай жұмыссыздық белең алған, зейнетақы мен жалақы бірнеше айлап берілмеген тəуелсіздіктің елең-алаң шағы баршаның есінде болар. Сол бір қиын кезеңде елдің тұрақтылығын шайқалтқысы келіп, түрлі айла-шарғымен іріткі салуды көздегендер де табылды. Алайда, Елбасының ел-жұртты бірлікке үндеп, қиындықты бірге еңсеруге үндеген, ұлттық экономиканы жандандыруға, əр ауылда сапалы өнім өндіретін жаңа кəсіпорындар ашуға бар күш-қайратын жұмсаған қайраткерлігін де ұмыта қойған жоқ. Қазір еліміз ТМД, Орталық Азия шеңберінде ғана емес, сонымен бірге, əлемдік өркениеттің бел ортасынан лайықты орнын ойып алған қуатты мемлекетке айналды.

Бұған, əрине, Елбасының көшбасшылық, саясаткерлік, реформаторлық қасиеттері алдымен себепкер болса, ең бастысы – еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің оң əсер еткені жəне даусыз. Тəубе деп айтайық, елімізде экономиканың əр саласы қарқынды дамуда, əсіресе, шағын жəне орта бизнес кең қанат жайды. Жастарымыз еліміздің, тіпті, əлемнің ең озық оқу орындарында жоғары білім алып, отандық экономиканы өр кендетуге лайықты үлесін қоса бастады. Мұның бəріне тұрақтылықтың арқасында қол жеткізіп

келеміз. Ал тұ рақтылығы шайқалған, ауызбірлігіне сына қағылған елдердің əлеуметтікэко номикалық ахуалының күрт нашарлағанына, халқы өзге мемлекеттерден пана іздегеніне куə болып отырмыз. Міне, осы тұрғыдан айт қанда, тəуелсіз Қазақстанымызды əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің біріне, экономикасы қуатты мемлекетке айналдыру үшін тұрақтылық пен бірлікті, этносаралық татулық пен сыйластықты көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Тұрақтылық – тəуелсіздігімізді мəңгілік етудің, сөйтіп, еліміздің асқар-асқар асуларды бағындыруына бастар ең басты мұратына айналса деймін. Бейбіт МАМРАЕВ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор.

АТЫРАУ.

Рая РАХИМОВА, «Ана мен бала орталығы» КМҚК директоры, Шығыс Қазақстан облыстық мəслихатының депутаты.

ӨСКЕМЕН.

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЛАУАЗЫМЫНА КІРІСУ САЛТАНАТЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

29 сәуір 2015 ж.

ҰЛТ ЖОСПАРЫ

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ОДАН АРҒЫ

100

НАҚТЫ ҚАДАМЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ

Алда тұрған мемлекеттік қызмет жүйесін реформалаған кезде

ҚЫЗМЕТШІЛЕР АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚҰРМЕТТЕП ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІНДЕЙ мөлдір және тиімді модель қалыптастырады

мемлекеттік қызмет меритократия қағидаттары негізінде баршаға

ӨЗ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР

берілетін әділ қазақстандық қоғамның прототипіне айналады

Ќарќынды ілгерілеу кепілі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Прези денті лауазымына кірісу рəсімінде сөйлеген сөзін теледидардан мұқият тыңдадым. Шыны керек, бұл жолы да сарабдал саясаткер, көреген көсем екені айқын көрінді. Елбасы сөзінен сындарлы саясатының сабақтастығын аңғардым. Тəуелсіздік жылдары қол жеткен табыстарымыз қалай жымдасып жатқан болса, алда атқарылар ауқымды істер қанаттас қадам басатынына көзіміз жетті. Мұндай бірегей байланыстағы баянды бағдарламаларды жүзеге асырудағы ауыр міндеттерді жүйелеп, жіктеп жеткізуі үлкен үміттің тінін ширатып, тұғырын бекіте түсті. Мемлекет басшысы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясына, «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «Бес халықтық реформаға» басымдық берілетінін атап өтті. Елбасы бұл жолда мамыражай тірлік болмайтынын, алдағы дамуымызға əлі бес жаңа сыртқы сын-қатерлер қауіп төндіріп отырғанын да жасырмады. Болашақтағы ел алдында тұрған бес ауқымды ішкі міндеттердің тінін тарқата баяндады. – Біріншіден, бізге тұрақтылығымыздың тірегі ретіндегі орта таптың үлесін ұлғайтып, бизнесті дамыту жəне елге орта табысы бар тұрғындарының саны басым мемлекет болуға көмектесу керек, – деп қадап айтты Нұрсұлтан Əбішұлы. Мұның қазірдің өзінде негізі қалыптасып қалғанын жасырудың реті жоқ. Шалғайдағы біздің аудан бұрын бірыңғай мал шаруашылығымен айналысып келген-ді. Қазір шағын жəне орта кəсіпкерліктің көші көрікті бола түсуде. Жыл сайын кəсіпкерлер саны да, олар өндіретін өнімдердің түрлері де артып келеді. Енді кəсіпкерлікті əртараптандырып, сұранысқа ие, бəсекеге қабілетті өнім өндіру маңызды. Сонда ғана ілгерілеу қарқынымыз бұрынғыдан да қуатты болады. Ал бұл бағытта Үкімет тарапынан қолдау жақсы. Бізге дамыған елдер экономикасының негізін шағын жəне орта бизнес құрайтыны үлгі болуы керек. Елбасы ұстанымдарының ілгері күндеріміздің бұрынғыдан да шуақты болатынына негіз қалайтынына бек сенімдіміз. Мыңжасар ДОСОВ, Ойыл аудандық мəслихаты аппаратының басшысы.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Еуразиялық интеграция институты әзірлеген.

Ақтөбе облысы.

Реформалар – елді кґркейтудіѕ алєышарты Мұхтар АЛТЫНБАЕВ, Сенат депутаты: – Қазақстан халқының бірлігі күні елімізде кеңінен атап өтіліп жатыр. Бұл мерекенің мəн-маңызы ерекше. Осы күні халқымыздың ынтымағы, татулығы анық көрінеді. Барша қазақстандықтардың отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін жаңғыртатын осынау айтулы мейрамға ерекше көңіл бөлінуі құптарлық іс. Себебі, мұндай жалпыхалықтық мереке елдік сананы көтеруге, бірлікті нығайтуға, ұрпақ тəрбиесіне оңтайлы ықпал етеді. Биылғы 1 мамыр мейрамын жұртымыз өте салтанатты жағдайда қарсы алып отыр деп айта аламын. Өйткені, бұл мейрамға санаулы күндер қалғанда татулығымызды əлемге тағы бір рет паш етіп, мемлекетіміздің Президентін ұйымшылдықпен сайлап алдық. Халық бірауыздан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Дəлірегі, жұртымыз тұрақтылықты, бейбітшілікті, орнықты дамуды қамтамасыз етіп келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевты қолдады. Бұдан біз халықтың өз таңдауын жасарда қателеспегенін ұғамыз. Сайлау барысында халқымызға ел бірлігінен өзге ештеңе керегі жоқ екені түсінікті болды. Өздеріңіз білесіздер, үстіміздегі жылдың 29 сəуірінде Қазақстан Президентін ұлықтау рəсімінде Мемлекет басшысы аса маңызды мəселелер көтерді. Нақтылай айтсам, Елбасының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бес институттық реформаны жүйелі түрде жүзеге асыруға қатысты ауқымды міндеттер күн тəртібіне шығарылды. Енді біз соларды орындауға барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, Мəжіліс депутаты: – Бүгінгі шуақты шақ, яғни, Қазақстан халқының бірлігі күні көзі ашық, көкірегі ояу азамат тебіренбей тұра алмас. Бұл мерекеде мемлекетіміздің мерейі тасып, мəртебесі биіктей түседі. Ынтымағы жарасқан, бейбітшілікті ту еткен Қазақстанның берік ұстанымын айғақтайтын осынау мейрамда қуанбауға, шаттанбауға бола ма?! Татулыққа арналған биылғы 1 мамыр мерекесі бұрынғы жылдардағыдан мүлде өзгеше келді. Осы мейрамның қарсаңында барша қазақстандықтар Елбасына деген сенімдері берік екенін тағы бір рет дəлелдеді. Нақтысын айтқанда, 26 сəуірде өткен президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа бұрын-соңды болмаған деңгейде дауыс берілді. Бұл, əрине, халықтың ол кісіге деген шексіз құрметін, сенімін білдіреді. Осы арада айта кетейін, Президент қазіргі жаһандық сынқатерлерге қарсы күресуге, соны еңсеруге, 30 дамыған мемлекет қатарына кіруімізге жол ашатын Ұлт жоспарын түзу қажеттігін алға тартып отыр. Бұл бағытта нақты жұмыстар қазірден басталып та кетті. Алдағы 10-15 жылға арналған осы жоспарды орындау үшін тек Үкімет, мемлекеттік органдар ғана емес, бүкіл халық атсалысу керек. Қазіргі таңда комиссия құрылды. Енді Ұлт жоспары бекітілсе, Қазақстанның тынысы ашыла түседі. Өзіміздің алдымызға қойған амбициялық міндет – алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарынан көрінсек деген тілегіміз де соның аясында жүзеге асады деп санаймын. Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы да қарап қалмайды, өз үлесін қосады. Камал БҰРХАНОВ, Мəжіліс депутаты: – Қазақстан халқының бірлігі күні Президенттің Жарлығы негізінде 1996 жылдан бері тойланып келеді. Жыл сайын осынау мерекені асыға күтіп, қуана қарсы алатын қазақстандықтар биыл да сол дəстүрінен жаңылған жоқ. Халық көңілді, ерекше қуану үстінде. Негізінен, бірлігі мығым, іргесі нық, аспаны ашық елдің əлеуметіне əр күн мейрам ғой. Осындай мерейлі шақтардан ажырамайық. Барлап қарасаң, қазақстандықтардың қай мейрамды болсын шаттана тойлағаны жарасып тұрады. Себебі, тұрмысы тəуір, қоғамы тыныш, азаматтары саналы елдің жөні бөлек қой. Жалпы, биылғы мерекенің қарсаңында елімізде жағымды жаңалықтар көп болды. Оның ішінде Президентімізді сайлап алғанымызды айрықша атап өтуге болады. Сондай-ақ, Қазақстан Президентін ұлықтау рəсімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың көтерген керемет бастамалары, тұшымды ұсыныс-пікірлері елдің еңсесін көтеріп, бір серпілтіп тастады. Əсіресе, Елбасының қоғамымызды Жаңғырту мəселелеріне қатысты ауқымды мəселелерді күн тəртібіне шығаруы көңіл марқайтты. Ұлт жоспары түзілетін болды. Қазір осы бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Жаңадан құрылған Ұлттық комиссия Елбасының тапсырмаларына сəйкес, қоғамдық ой-пікірлер жинақтап жатыр. «Елімізді тоқтаусыз қалай дамыта береміз?» дегендей сұраққа жауап іздеу ісі оң нəтиже береді деп ойлаймын. Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Мəжіліс депутаты: – Халқымыздың бірлігіне арналған 1 мамыр мерекесі құтты болсын! Еліміздің берекесі кіріп, əлеуеті артып отырғаны осы ауызбіршілігіміздің арқасы екенін терең түсінетін əлеуметке айтар алғысым шексіз. Биыл Қазақстанда мақтанышпен айтар жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Адалдық үшін айтайын, мұның барлығы Президенттің, оның соңынан ерген ұйымшыл жұртымыздың арқасы екені даусыз. Десек те, алдымызда тұрған биік асулардан өту үшін біз үнемі ізденісте болып, уақыт талабына сай əрекет етуіміз керек. Осыны жан-дүниесімен түсінетін Елбасымыз мемлекетіміздің əлеуетін, халқымыздың белсенділігін есепке ала отырып, көптеген міндеттерді алға қойды. Мен оның барлығын қайталап жатпайын. Тек, бірді-екілі жағдаяттарға тоқталып өтейін. Қазақстан Президентін ұлықтау шарасында Елбасы индустрияландыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында құрылымдық реформаларды жүзеге асыру керектігін сөз етті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы білім беру мен денсаулық сақтау салаларын халықаралық стандарттарға сай дамыту бағдарын ұстану қажеттігіне де баса назар аударды. Бұл халыққа уақыт ырғағына сəйкес қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді көздейді. Негізінен, осындай жалпыұлттық міндетті жүзеге асыруда басты бағыттарды көрсететін бұл реформалар Қазақстанды көркейтудің кепілі болатынына сенемін. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


62

www.egemen.kz

2 мамыр 2015 жыл

● Мемлекеттік мəселе

Президент поштасынан

Жарќын жеѕісімен ќўттыќтады (Соңы. Басы 1-бетте).

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Сингапур Республикасының Президенті Тони Тан Кенг Ямадан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Сингапур Президенті ел халқының жəне жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты жеңісімен құттықтады. «Сингапур мен Қазақстан арасында жақсы достық қарым-қатынас орнаған. Сіздің басшылығыңызбен екіжақты ынтымақтастықтың нығая беретініне сенімдімін. Халықтарымыздың игілігі үшін өзара ықпалдастықты дамыту мақсатында бірлесіп жұмыс істейміз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Израиль Мемлекетінің экс-президенті Шимон Перестен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ш.Перес Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет игілігіне арналған көпжылдық қызметі көшбасшылықтың үлгісіне айналғанын атап өтті. «Сіздің өз еліңізге деген адалдығыңыз Қазақстанды территориясы үлкен мемлекеттен мазмұны бай елге айналдырды, – делінген жеделхатта. Израильдің экс-президенті Қазақстан Президентінің еңбегі мен жұмсаған күш-жігерінің нəтижесін халықтың лайықты бағалағанын айтты. Ш.Перес еліміздің татулығы мен өркендеуіне тілектестігін білдірді. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Пəкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Мұхаммад Наваз Шарифтен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

М.Н.Шариф Пəкістан Үкіметі мен жеке өзінің атынан құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы айқын жеңісі мен сайлаушылардың жоғары белсенділігі Қазақстан

халқының өз Көшбасшысының ел мемлекеттілігін табысты дамытудағы еңбегін халықтың даусыз мойындайтынын, сондай-ақ жасампаз əрі көреген саясатқа деген сенімнің жоғары деңгейін айғақтайтынын атап өтеді. Пəкістан Премьер-министрі Қазақстан Президентінің елдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін атап өтті. «Сіз ұсынған бес реформа экономиканың одан əрі өсуіне, орта таптың нығаюына, Қазақстан халқы бірлігінің күшеюіне, елдің өркендеуі мен халықаралық аренадағы беделінің артуына септігін тигізетініне сенімдімін», – делінген құттықтауда. М.Н.Шариф Қазақстан мен Пəкістан қарымқатынастары дəстүрлі достық, тарих, мəдениет жəне бауырластықтың көпғасырлық байланыстарына негізделгенін айтты. «Елдеріміздің арасында өзара тиімді ынтымақтастық үшін зор əлеует бар. Екіжақты ынтымақтастықтың өзара мүдделілігі бар нақты мəселелерін Сізбен бірге талқылау мүмкіндігін тағатсыздана күтемін», – делінген жеделхатта. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Бруней Даруссалам Мемлекетінің Сұлтаны Хассанал Болкиахтан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Х.Болкиах Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі. Бруней Сұлтаны екі елдің игілігі үшін ынтымақтастықты одан əрі нығайта түсуге мүдделілігін танытты. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббастан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Махмуд Аббас Палестина Үкіметі мен халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтады. «Біз Қазақстан Республикасымен барлық саладағы ынтымақтастығымыз бен туысқандық ниеттестігімізді нығайту жəне дамыту, екі ел халқының мүддесі үшін

Жетістік жемісі – бейбітшілік пен келісімде Жоғарғы Соттың ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті. Оған Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мəми, қадағалаушы сот алқаларының төрағалары мен сот жүйесінің ардагерлері, судьялар мен Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері қатысты. Салтанатты шараға қонақ ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Конституциялық Кеңес Төрағасы Игорь Рогов, Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мəжілісіне сайланған депутаттар шақырылды. Жиынның алдында Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері қатысқан Қазақстан халқы достығының фес тивалі ұйымдастырылды. Фестиваль шеңберінде аппараттың əрбір құрылымдық бөлім шесі Қазақстанда тұратын белгілі бір этностың мəдениетін, салт-дəстүрін, музыкасы мен ұлттық тағамдарын көрсетті. Салтанатты жиынды ашқан Қ.Мəми қазақстандықтар үшін 1 мамыр мерекесінің маңыздылығын жəне Қазақстан халқы бірлігін сақтау мен нығайтудағы Мемлекет басшысының айрықша рөлін атап өтті. «Тəуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктеріне көп жағдайда еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткіздік. Бүгінде республикамыздағы

соттарда 28 этнос өкілдері жемісті қызмет атқаруда. Соттар тарапынан жыл сайын бір миллионнан астам істің қаралуы, халық сенімінің арта түсуі қазақстандық сот төрелігінің тиімді көрсеткіші болып саналады», – деді Жоғарғы Сот Төрағасы. Жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтаған Ералы Тоғжанов Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мəми мен Конституциялық Кеңес Төра ғасы Игорь Роговқа «Қазақстан хал қы Ассамблеясына 20 жыл» медалін табыстады. Ол сондай-ақ Жоғарғы Соттың бірқатар судьяларын Қа зақстан Республикасының Прези денті – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының атынан мерекелік медальдармен, құрмет грамоталарымен жəне алғыс хаттармен марапаттады.

Бұған қоса, республикамыздың барлық өңіріндегі 45 судья мен отставкадағы судья дəл осындай марапаттарға ие болды. Жоғарғы Сот Төрағасының Өкімімен Қазақстан халқының бірлігі күні жəне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында республикадағы 70-ке жуық судья, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен отставкадағы судьялар ведомстволық медальдармен жəне арнайы төсбелгілермен марапатталды. Аталған марапаттар өңірлерде өз иелеріне салтанатты түрде табысталатын болады. Іс-шара соңында фестивальдың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

қарым-қатынастарымызды одан əрі жаңғыртуды жалғастыра беру жолын ұстанатынымызды тағы да айтамыз», – делінген жеделхатта. Соңында Палестина Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық пен бақыт тілеп, Қазақстан халқының ілгерілеуі мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Үндістан Республикасының Президенті Пранаб Мукерджиден құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

П.Мукерджи Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Сіздің сайлаудағы жеңісіңіз – Қазақстан халқының Өзіңізге деген зор сенімінің айғағы. Қазақстанды мықты əрі өркендеуші мемлекетке айналдыруға бағытталған қажырлы еңбегіңіз өз жемісін беретініне сенімдімін», – делінген хатта. Үндістан Президенті ортақ мүдделілік бар бірнеше салада өзара тиімді қарым-қатынастардың орныққанына қанағаттанатынын жеткізді. Ол сондайақ Үндістанның екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыратынына сендірді. Соңында П.Мукерджи Қазақстан Президентіне мықты денсаулық жəне табыс тілеп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне ниеттестік білдірді. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Венесуэла Президенті Николас Мадуродан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Николас Мадуро Венесуэла Үкіметінің жəне жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Венесуэла Боливариан Республикасының халқы мен Үкіметі Орталық Азия халықтарымен, əсіресе Қазақстан Республикасымен көпполярлы жəне көпорталықты əлемдік тəртіп құру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға ниеттес екенін білдіреді», – делінген жеделхатта.

ЎЛТТАР БІРЛІГІ ґмірден осылай кґрініс табуда

Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Сондай мəдени игі іс жуырда Алматы қалалық сотында да ұйымдастырылды. «Мəңгілік ел: бір ел – бір тағдыр» атты шараға Алматы қаласының барлық ауданының əкімшілік, экономикалық, қылмыстық соттарының мамандары тегіс қатысты. Мұндай шара сот мамандарына еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың əдет-ғұрпын танып-білуіне көмектеседі. Əрі Қазақ елінде татутəтті тұрып жатқан түрлі халықтар арасындағы береке-бірлікті бекіте түсуге де сеп. Осындай мақсатта ұйымдастырылған шарада Медеу ауданының сот қызметкерлері – орыс ұлтының, Наурызбай ауданы – ұйғыр ұлтының, Бостандық ауданы – чешен ұлтының, Алмалы ауданы – грузин ұлтының, Медеу ауданы тəжік ұлтының салт-дəстүрлерін сахналық көріністер арқылы паш етті. Əн-жыр мен көңілді биге де кезек тиді. Шара барысында сөз алған Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай əріптестерін Ассамблеяның 20 жылдығымен құттықтады. Жаңа құрылған Наурызбай аудандық сотының қызметкерлері Ассамблеяның 20 жылдығына арналған мерекелік жиынға ерекше дайындалған екен. Ұйғыр ұлтының «қыз ұзату» жəне «келін түсіру» дəстүрін сахналағанда қол соқпаған адам қалмады. Себебі, сырттан қараған адамға олардың сот қызметкерлері екені еш байқалмайды. Құдды, театр əртістері секілді. Əсіресе, күйеу жігіттің бейнесін сомдаған Жігер Əзімбаев пен қыз құрбысының рөліндегі Гүлмира Қалымбетованың өнері жұрт көңілінен шықты. Бас құданы сомдаған Еркін Есенбаев та елдің разылығына бөленді. Тіпті, наурызбайлық сот мамандары ұйғыр ұлтының саз аспаптарында ойнап, жиылған көпті таңғалдырды. – Елдің бірлігі мен қоғамның тұрақтылығынан артық байлық жоқ. Бұл – Елбасымыз еңбегінің жемісі. Алайда, оны əрі қарай дамыту, еліміздегі түрлі этностар арасындағы достық пейіл, ағайындық ниетке дəнекер болар шараларға атсалысу – əрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Сол себептен де бұл мерекеге ай бұрын дайындалдық. Ол еңбегіміз ақталды, – дейді Наурызбай аудандық сотының төрағасы Ұлан Есбергенов. Жиын соңында мерекелік шараға қонақ ретінде қатысқан алматылық түрлі этнос өкілдері сөз алып, игі іске ұйытқы болған ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Сансызбай ЖƏКЕН.

АЛМАТЫ.

Алда ґнеркəсіптік нысандар тўр Жоспар бойынша 2014-2015 жылдарға 492 нысан көзделген, оның ішінде 160 нысан сатылып, 122-сі сауда-саттықта тұр. Сондай-ақ, 210 нысан бағаланып, үстіміздегі жылдың соңына дейін сатуға шығарылады. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында Қаржы вице-министрі Руслан Дəленов мəлімдеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі

бекіткен Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарына сəйкес жекешелендірудің екінші толқыны 2014 жылғы шілдеде басталған болатын, деді вице-министр. Осы бойынша қорытынды баяндамасын жасай келе, Р.Дəленов өткізілген 160 нысанның 88-і қазіргі бірлесіп иелік етушілерге 22,4

млрд. теңгеге, ал 39-ы жеке тұлғаларға 1,2 млрд. теңгеге сатылғандығын айтты. Сонымен қатар, 32 нысанды инвестор компаниялар 6,2 млрд. теңгеге сатып алғандығын хабарлай отырып, тағы бір нысан «KEGOK» АҚ-тың «Халықтық IPO» бойынша 13,1 млрд.теңгеге халықтың қалың тобына бұйырды, деді. Олардың жалпы сату сомасы 42,9 млрд. теңгені құрағандығын айтқан Р.Дəленов, оның 730 млн.теңгесі республикалық бюджетке түскендігін атап өтті. Жəне

де вице-министр жергілікті бюджет 745 млн. теңгеге толықты, 2,9 млрд. теңге əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияға, ал 38,6 млрд. теңгесі холдингтерге түсті дегенді қоса айтты. Нысандар ішінде ең қымбат болып тұрған «KEGOK» АҚ екендігі мəлім. Ал бұдан əрі «Қазақстан темір жолы» АҚ-тың 5 нысаны бар екендігіне тоқталған Р.Дəленов олар туралы да айтып өтті. Жалпы, ұсынылған əртүрлі салалардағы 160 нысанның саны бойынша қызмет көрсету саласы алда келеді. Өнеркəсіптік нысандар ең көп соманы – 25 млрд. теңгені береді, деді вице-министр.

Еліміз Еуразиялық экономикалық одақ аясында əрекет етіп келеді. Алда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту міндеті қойылған. Қазіргі жаһандық деңгейдегі тұтынушылар үшін жаһандық күресте еліміз қаншалықты бəсекеге қабілетті деген сұрақ əрбір қазақстандықтың көкейінде жүргені анық. Осыны жəне өзге де сауалдарды қаперге ала отырып, біз Парламент Сенатының депутаты, Қаржы жəне бюджет комитетінің мүшесі Ерболат МҰҚАЕВҚА жолығып, бірқатар сұрақтарымызды қойған едік.

Сапалы ґнімдер єана бəсекеге лайыќ – Ерболат Рахметұлы, əлемдік нарықта отандық өнімдер қаншалықты бəсекеге шыдас бере алады дей аламыз? – Отандық өнімдердің барлығы бəсекеге қабілетті деуден аулақпын, бірақ сұранысқа ие тауарларымыз да бар. Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы қажеттігін Елбасы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты өз Жолдауында айқын атап көрсетті. Қазір елімізде 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық бағдарламаның екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Оның бірінші кезеңі 2010-2014 жылдары жүргізілді. Сол бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша өндеу өнеркəсібінің алты саласы таңдап алынған-ды. Олар: металлургия, химия, машина жасау, құрылыс материалдары жəне тамақ өнеркəсібі. Бағдарламаның екінші кезеңінде оңтайландырылған 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы туралы мемлекеттік бағдарламаға 230,2 миллиард теңге көзделген. Оның ішінде 2015 жылға 102 миллиард теңге қарастырылса, 2016 жылға – 52 миллиард, ал 2017 жылға 45 миллиард теңге бөлінетін болады. Егер бірінші кезеңді қарастырып көрер болсақ, Елбасының өзі де атап кетті, бағдарлама жүзеге асырылған бес жылдың ішінде бізде 400 жаңадан бұрын-соңды Қазақстанда болмаған өнімдер шығарылуда. Бұған салынған қаражаттың 70 пайызы шетелдік инвестиция екендігін де реті келгенде айта кету керек. Бұл капитал Қазақстан экономикасын нығайтуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған. – Қазақстанда көптеген кəсіпорындар ашылып жатқанын ескерсек, инфрақұрылымдық жобалардың қажеттігі айтпаса да түсінікті. Осы жағын тарқата кетсеңіз. – Иə, елімізде 770 кəсіпорын ашылғандығын да тілге тиек ете кеткен жөн. Бұл ретте 75 мың адам бұрын-соңды болмаған мамандықтар бойынша жаңа жұмыс орындарына орналасты. Жалпы, өндіріс секторын алатын болсақ, бұл салада 1 миллионнан астам адам жұмыс істеуде. Сонымен қатар, индустриялықинновациялық дамуға теміржол, автожол сияқты инфрақұрылымдарды салу қолға алынды. Бірінші кезеңге арналған өткен бесжылдықта 4 мың шақырым автожол жəне 1700 шақырым теміржол жаңадан салынды немесе қайта жөнделді. Енді 2017 жылға дейін жол саласын дамыту мақсатында бюджетте 3 триллион теңге қарастырылып отыр. Осы қаржыға 6,5 мың шақырым жол салынып немесе жөндеуден өтеді. Соның 3 мың шақырымы І категориядағы жол болмақ. Орталығы Астана қаласы болып табылатын аймақтық ХАБ құрылатын болса, сонымен бірге Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс жəне Орталық – Батыс бағыттары дамытыларын ерекше айта кетейін. Сонымен бірге, Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік дəлізіне Алматы – Өскемен, Қызылорда – Жезқазған жəне Атырау – Астрахань жолдарын қосу көзделуде. Осының барлығы индустриялық-инновациялық бағдарламамен ұштасып жатыр. – Өткенде Елбасының өзі «Қазақстанда жасалған» деген брендпен отандық өнімдер сауда орындарына шығуы керек деген идея тастады ғой. Осы бағытта алға жылжушылық бар ма? – Қазір байқап отырсаңыз, көптеген кəсіпорындар өз өнімдерін жылжытуда сəтті қадамдар жасап келеді. Өзім білетін мына Батыс Қазақстан облысында «Кублей» деп аталатын консерві шығаратын кəсіпорын жұмыс істейді. Сол кəсіпорын экологиялық таза балық пен жылқы жəне сиыр етінен неше түрлі консервілер шығарып, тез сатылып кететін өнімдер қатарынан табылып жүр. Қазір бұл кəсіпорынның өнімдері ресейліктердің сұранысына да ие екенін айта кету керек. Тағы бір мысал келтіре кетсем, жолға төсейтін шағыл тастар Ақтөбе облысында шығарылады. Оны Оралға тасып жеткізу үшін 550 шақырым жол жүру керек. Əрине, мұндай кезде шағыл тастың өзіндік құны қымбаттайды. Мұндай тығырықтан шығу үшін қазір жергілікті жерде қолдан жасалған шағыл тастарды шығара бастады. Бұл да бір жаңалық. Бұрын əйнекті Ресейден алып келетін. Қазір оны өзімізде шығару үшін Қызылорда жəне Ақтөбе облыстарында шыны шығаратын жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл ретте теміржол желісіне төселетін рельстер де осы Ақтөбеде қолға алынған. Бұдан басқа елімізде вагондар шығарып, жеңіл автокөліктер құрастырылып жатқаны баршаға аян. Ресей валютасының бағамы құлдырауынан сол елден 30 мыңнан аса жеңіл автокөлік жеткізіліпті. Қазір

өзімізде жылдық 4 пайыздық ставкамен несие бере бастаған еді, барлығы да отандық өнімдерді алуға көшті. Сондайақ, үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында 2015 жылы құны 43,7 млрд. теңге тұратын 2 жоба енгізіліп, 98 жұмыс орнын құру жоспарлануда. «Конденсат» акционерлік қоғамы «Еуро-5» экологиялық санаттағы бензин өндіруді қолға алуда. – Еуразиялық экономикалық одақтың құрамындамыз. Біздің кəсіпорындар өздерінің бəсекеге қабілетті екенін дəлелдей алды ма? – Жоғарыда айтып кеткендей, кейбір бағыттар бойынша дəлелдей алды. Өзімізде шығарылатын сүт жəне ет өнімдері шетелдік өнімдермен салыстырғанда бірде-бір кем емес. Əрине, əлі де жеңіл өнеркəсіп саласын дамыту бүгінгі күннің басты мəселесіне айналып отыр. Жақында ғана Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев Қазақстанда шығарылған жейде, костюмшалбар мен туфли киіп келіпті. Тағы да осы жерде бір мысал айта кетейін, Тараз қаласында жүн өңдеу зауыты ашылды. Бұрынғы Мəжіліс депутаты Амангелді Момышев деген кісі басшылық жасайды екен. Онымен сөйлескен кезімде болашақта италиялық желі қойып, костюм тігуді қолға алғалы жатқан жоспарларымен де бөліскен-ді. Шымкентте кілем тоқылатынын да реті келгенде айта кеткен жөн. Бұл өңірде фармацевтика саласы жолға қойылған. Қытайда шығарылатын кейбір дəрі-дəрмектерге қарағанда, айтарлықтай сапалы. Ағзада қант мөлшерін түсіру үшін «Сиафор» деген дəрі қолданады. Соның орнына қазір дəрігерлер шымкенттік дəріні ұсынатын болып жүр. – Еліміз қанша дегенмен аграрлық мемлекет екені белгілі. Қаржы жəне бюджет комитетінің мүшесі ретінде 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті оңтайландыру барысына белсенді қатыстыңыз. Ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінетін қаржы туралы не айтасыз? – Иə, ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп отыр. Əлемдік дағдарысқа байланысты жүзеге асырылған бюджетті оңтайландыру кезінде былтырғы бөлінген қаражат деңгейі биыл да сақталып қалды. Соның арқасында мал басының өсіп отырғандығын көріп отырмыз. Сол мал басының көбеюі есебінен ет жəне сүт өнімдерінің көлемі де арта түскен. Ал астығымызға қатысты айтар болсақ, онда ол бəсекеге барынша қабілетті. Əсіресе, еліміздің батыс өңіріндегі астықтың сапасы өте жоғары. Оның қамырлылығы 29-30-ға дейін барады. Біздің астықты сатып алып отырған Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай сияқты елдер тегіннен-тегін алмайды. Мысалы, Өзбекстан өздерінде астық өндіргенімен, оның сапасы төмен болғандықтан біздің астықпен араластыруға мəжбүр. Өйткені, нан пісіруде біздің астықты қоспаса сапалы нан шықпайтыны белгілі. Жалпы, əр мемлекет өз өнімдерін өткізуге тырысады. Бұрындары Бразилия, Австралия жəне өзге де елдер еттерін сатып алып жүрдік. Шынын айтқанда, сапалы отандық өнімдерге жарнама жетпей жатады. Таза табиғи ортада жайылған мал мен жері тар елдерде күтілген малдар етінің дəмі тіпті де бөлек қой. Осы тұрғыдан келгенде қазақстандық еттің құнарлылығы өте жоғары. Соңғы жылдары суытылған ет дайындайтын цехтар ашыла бастады. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында осындай ет өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылғалы жатыр. Аталған кəсіпорын салқындатылған марқа етін шығаруды қолға алатын болады. Мұндай зауыт Қарағанды мен Қостанайда да бар. Мұнда тек салқындатылған құс етін шығарады. Мұндай ет шетелдерден келіп жатқан мұздатылған еттерге қарағанда əлдеқайда сапалы. Жалпы, сапалы өнімдер ғана саудаға лайық деп айтқым келеді. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».


7

www.egemen.kz

2 мамыр 2015 жыл

ДАЅЌЫ ҐШПЕС ДАЛА ЎЛДАРЫ

Екі майданныѕ ері Ел тарихын ерлер жасайтыны аян. Есімі ұрпаққа үлгі бола білген соғыс жəне еңбек ардагерлерінің бірі Жылқайдар Егінбайұлы еді. Жетісу губерниясының Қапал уезіне қарасты Балғалы болысындағы он бірінші ауылда дүниеге келген ол 1941 жылы əскер қатарына шақырылып, майданға аттанды. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

...Қыстың қақаған аязы қысқан желтоқсан айында Шаған тауының баурайындағы шағын ауылдардан жиналған бір топ жас жігіт соғысқа аттанады. Солардың арасында Жылқайдар да бар еді. Олар ырым болсын деп Көксу өзенінен бір-бір тостақ су ішеді. Одан соң ауылдастары Көкен Керімбеков, Тастан Қабдолданов үшеуі өзен жағасындағы тауға шығып, оның төбесіне өздерінің бір-бір затын қалдырады. Көп кешікпей қатардағы жауын гер Жылқайдар Егінбаев №1045 атқыштар полкінде алғашқы əс кери дайындықтан өтіп, 8-ші гвардиялық панфиловшылар дивизиясының құрамына қабыл дан ды. Осылайша, оның майдандағы жорық жолдары басталды. Бірде Жылқайдар ағаның фашистермен қолма-қол айқасқа түскені бар. Сен фашисті өлтірмесең, ол сені өлтіреді. Оның үстіне бір адым кейін шегінуге болмайды. Олар шағын деревньяға бекініп алған жауды ығыстыру үшін шабуылға шыққан. Немістердің минометтерінен тоқтаусыз атылған оқ ажал шашып, жыландай ысқырады. Бұлар да қарсыластар бекінісін оқтын астына алып жатыр. Шабуыл толастаған бір сəтте жан-жағына қараса, жанында бірге жүгіріп келе жатқан Көкеннен басқа қарулас жауынгерлері көрінбейді. Екеуі взводтан əудем

жерге ұзап кетіпті. Қолындағы мылтығын мығым ұстаған ол өзіне қарай ұмтылған немістің екі солдатын күрес тəсілін қолданып, жер жастандырады. Осындай тағы бір қиян-кескі ұрыс кезінде ол жаралы, ыңырсыған дауысты естиді. Түн қараңғы болатын. «Жылқайдар», деген əлсіз дауысқа жалт қараса, досы Көкен екен. Ол жараланыпты. Көкенді шинельге жатқыза сүйреп, жауынгерлерге көмек көрсетіп жатқан медбикелер мен дəрігерлерге жеткізді. Оқ оның қабырғасы мен иығына тиіпті. Олар жаумен ұрыста осылай шынықты. Жылқайдар Егінбаевтың оқушылармен кездесуінде сұрапыл соғыстағы шайқасты есіне алып: «Ленинград қаласының жері сазды болғандықтан, терең қазған окобымыздың іші лай суға, қарға толып кететін. Соған қарамастан, ағаш бұтақтарын төсеп, күні-түні суық судың, қатқан мұздың үстінде көз іліндіріп жүрдік. Алайда, суық тиіп бір адамның жөтелгенін, ауырғанын көрген жоқпын. Сол кездегі жауынгерлер неткен мықты болған десеңші! Екінші бір таңғалғаным, өзіңді емес, артыңда тұрған еліңді қорғау қажет екенін бір сəт естен шығармайтынбыз. Үгіт-насихат өте мықты болды. Біз ел, жер үшін көзсіз батырлыққа баруға, ажал құшуға да дайын болдық. Мен патриотизмнің не екенін қанды майданнан ұғып,

шыңдалып келгенмін», – деген еді. Ол майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», ІІІ дəрежелі Даңқ, І дəрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «Москваны қорғағаны үшін» медальдарымен наградталған. Соғыстан аман оралған Жылқайдар аға Алматы облысындағы Көксу ауданының Көкбастау ұжымшарында есепші, бас есепші болып еңбек етті. Одан кейінгі жылдары Куйбышев атындағы, Ленин атындағы ұжымшар басқармаларының төрағасы бол ды. Қашанда қарапайым, кішіпейіл, еңбексүйгіш, өзіне де, өзгеге де талап қойғыш, сөзіне де, ісіне де берік. Жылқайдар Егінбайұлының еңбектегі ерен істері лайықты бағаланып отырды. Ол Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен жəне көптеген медальдармен марапатталды. Екі рет облыстық кеңеске депутат болып сайланды. 1993 жылғы 12 мамырда қазіргі Шаңырақ ауылындағы мектепке соғыс жəне еңбек ардагері Жыл қайдар Егінбаевтың есімі берілді. Алматы облысы. –––––––––––

Суретте: майдангерлер Ж.Егінбайұлы (оң жақта) мен Н.Аманбаев.

Ибраимов Қуанғали 1913 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылының Қоңыртау бөлімшесінде дүниеге келіпті. 1932 жылы ашаршылық кезінде шешесін, екі бауырын ертіп, көршілес Шар ауданының Қараш ауылына тұрақтайды. Осы жердегі Шар МТСке тракторшы болып жұмысқа орналасады.

шаруашылықтың бас агрономы ретінде тың совхозы құрылғанда, оның өндірістік-əлеуметтік дамуын қамтамасыз етуге көп еңбек сіңіреді. Көп жыл ауданның тұқым инспекциясын басқарып, астық өнімдерінің артуына еселі үлес қосады. 1997 жылы 28 мамырда 72 жасында дүниеден өтті. Атам бізге соғыста марапатталған ордендері мен медальдарын, суреттерін, хаттарын көрсетіп, қайсысын қай жерде алғанын, не үшін бергенін айтып отыратын. Көп сөзі жоқ атам: «Отан аман, ел тыныш болсын, сендер соғысты көрмесеңдер екен», деп тілек тілейтін. Біз, немере, шөберелері атамыз соғысқа қатысқан батыр, көптеген марапаттары бар

деп мақтанатынбыз. Кезінде мектептегі кездесулерге шақырып, əңгіме айтқызатын. Өскіндерді патриоттыққа тəрбиелеуде үлгіөнеге ретінде көрсетілетін. Биыл Жеңістің 70 жылдығына байланысты ресейлік «Подвиг народа» деген интернет сайттан атамның біз білмейтін ерен ерліктері туралы оқып, қатты тебіреністе болдық. Ол кісі көрсеткен ерен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, 5 медальмен марапатталған. Соғыстан кейінгі мерекелік медальдар өз алдына. Атамның наградалары мен марапатқа ұсынылған қағаздарын оқып отырып, қайран ата, өзіңе қандай ұмытылмас ескерткіш орнатып кеткенсің деп ойға шомамын. Ауылдан соғысқа

Əкей 1941 жылдың шілдесінен 1941 жылдың қыркүйегі арасында 3-ші атқыштар полкінде, ал 1941 жылдың қыркүйегінен 1943 жылдың мамырына дейін 73-ші танк бригадасында, 1943 жылдың мамырынан 1944 жылдың қаңтары аралығында атқыштар полкіндегі бөлімше командирінің көмекшісі, 1944 жылдың қаңтарынан 1944 жылдың қарашасына дейін 121-ші атқыштар полкінде рота старшинасы, 1944 жылдың қарашасынан 1945 жылдың ақпанына дейін

1940 жылы озат тракторшы ретінде Мəскеуге слетке жіберіледі. Біздің бала кезімізде айтып отыратын: «Мəскеуді үш рет көрдім», – деп. Бірінші рет озат тракторшы ретінде жіберіпті. Екінші рет соғыс басталғанда жолай өтіпті. Үшінші рет соғыс аяқталғанда елге қайтып келе жатып аялдапты. 1941 жылдың тамызында неміс басқыншыларының КСРО-ға қарсы соғыс жариялауына байланысты əкемнің отбасынан екі адамды: өзі жəне үлкен ағасы Оразбай Мұқаевты əскерге алады. Оразбай атамызды Қиыр Шығыстағы жапон милитаристері қауіп төндіріп тұрған аймаққа жібереді. Əкем Қуанғалиды Батыс майданға аттандырады. Осылайша ағайынды екеуі еліміздің Батысы мен Шығысын қорғауға атсалысады.

153-ші атқыштар полкіндегі взвод командирінің көмекшісі, 1945 жылдың ақпанынан 1945 жылдың тамызына дейін 698-ші атқыштар полкінде рота старшинасы болған. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен жəне «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны», «Германияны жеңгені үшін» жəне басқа да медальдармен наградталған. 1945 жылдың тамызында Отанымызды қорғау борышын абыроймен атқарып еліне оралады. Содан бастап Семей облысының Шар ауданына қарасты Қараш ауылында тракторшы, егіс алқабында бригадир болып еңбек жолын жалғастырды. Адал еңбегі үшін ауданның, ауылдастарының құрметіне бөленіп, зейнетке шыққанша осы жерде еңбек етті. Зейнетке шыққаннан кейін туған жері Аягөз өңіріне көшіп келді. Бес бала тəрбиелеп өсіріп, оларға жоғары білім əперді. Соғыс жəне еңбек ардагері. Ол кісі 1994 жылы дүниеден өтті. Жеңіс күні қарсаңында қатардағы майдангерді осылайша еске түсіруді парызымыз деп білеміз. Қамария ИБРАИМОВА.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы.

Ескерткішке есімі енгізілсе дўрыс болар еді

Майдан етіп дүние төрін, Темір болат қақтап отқа. Жекпе-жек кеп өмір-өлім, Соққыласып жатқан жоқ па? Қасым Аманжолов атамыз талай адамның жанын алған сұра пыл соғысты осылайша өрнектеген. Шын мəнінде, əскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген азаматтардың барлығы дерлік жаумен қасық қандары қалғанша айқасты. Қазақстаннан майданға əрбір бесінші адам аттанды десек, солардың қатарында Кенжебай Маймұрынұлы да болды. Кенжебай Маймұрынов 1911 жылы Алматы облысының Ала көл ауданындағы Жайпақ ауылын да дүниеге келген. Үш жасында əке-шешеден айырылған ол алыс жамағайындарының қолында тəрбиеленіп, ержетеді. Тағдырдың талай тəлкегіне түссе де, өзін ешқашан «жетіммін» деп санамаған майдангер азаматтық борышын қабырғасы қатаймай, бұғанасы бекімей жатып өтейді. Ауыр жұмыстарды мойымай көтеріп, жаңа өкіметке адал еңбек етеді. 1942 жылдың мамыр айында майданға жіберу туралы шақырту алып, №176 атқыштар полкіне түседі. Аталған полкте 7 ай бойы күрделі дайындықтан өтіп, 1943 жылдың қаңтар айында майдан алаңына енеді. Өзімен бірге шайқасқан майдандас достарының айтуына қарағанда, Кенжебайдың жүрісі жылдам, жауапкершілігі мол, айтқанынан

Маќтансам, маќтануєа тўрар атам! 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Үлкен-кіші, немере-шөбере – бəріміздің жүрегімізді тебірентетін ерекше күн. Атам Нұркен Есхожин 1925 жылы туған. Қарағанды облысы Нұра аудандық əскери комиссариатының шақыртуымен, 1943 жылы 30 қаңтарда біздің үйден, менің əжемнің, яғни жеңгесінің қолынан əскерге алынып, соғысқа кетеді. Ленинград жəне Беларусь майдандарында 219 полктің атқышминометшісі, кейін зенитшісі болады. Одан соң 312 полкте взвод командирінің орынбасары, яғни сержант дəрежесінде соғысады. Соғыстан 1948 жылы аманесен Қорғалжынға қайта оралып, үйленеді. Бала сүйіп, соғыс зардабынан жан-жаққа тарап кеткен туыстарын жинайды, қанатының астына алып, тəрбиелейді. Бейбіт өмірде үлгі болатындай өмір сүрді. Əсіресе, тың көтеру кезеңінде,

Əкеміз – ардаєымыз

18 жасында аттанып, сұрапыл шайқастарда ауыр жарақат алғанына қарамастан қайтадан сапқа тұрып, жауып тұрған оқтың астында, екі күнде 31 жаралы жауынгерді құтқарып, ерлік көрсеткенің не деген ержүректік, қайтпас қайсарлық десеңізші! Отбасылық мұрағатта, Қарлығаш тəтеде атамның марапаттары сақтаулы. №58 қызыл əскер кітапшасына бас қолбасшының жеті марапаттау хаты тіркеліпті. Ерлігің əрдайым есімізде, келешек ұрпаққа үлгі болып жадымызда жаңғыра бермек! Димаш ЕСҚОЖИН.

Қарағанды облысы.

қайтпайтын қайсар жан екен. Сол себепті де майдан шептерінің арасында құпия хат жеткізуші міндетін атқарған көрінеді. Сондай бір тапсырманы орындау барысында аяқ астынан фашистердің жол кесуші атқыштарына тап болып, оқ тиеді. Оқ оң жақ балтырын тесіп өтеді. Бір жағынан аман қалуды ойласа, екінші жағынан, құпия хатты жау қолына түсірмеу Кенжебайды өмір мен өлім арпалысына түсіреді. Бақытына орай, дəл сол сəтте аяқ астынан пайда болған партизан отряды келіп құтқарып, санитарлық бөлімшеге жеткізеді... Содан кейін ол Украинаны неміс басқыншыларынан азат ету ұрыстарына қатысады. Жаумен бетпе-бет келген шайқастың бірінде, оның қасына граната түсіп жарылады. Жанталаса үйілген топырақ астынан шықса, жанындағы жолдасы қатты жараланып, арқасынан қан шапшып жатқанын көреді. Жан-жағындағы өзге де майдандас достарының бірі қан жоса болып жараланса, екіншілері қаза табады. Өзі де контузия алып, құлағы мүлдем естімей қалады. Майдангердің айтуынша, Харьковте жақын жолдасы екеуі жау снарядының жарықшағынан ауыр жараланып, санитарлық бөлімде ес жиған. Ауыр жарақаттан соң ІІ санаттағы мүгедек болып, 1944 жылы мамыр айында елге оралады. Соғыстан соң Кенжебай ту ған ауылы – Жайпаққа келіп, балдақпен жүріп, колхоз

жұ мысына белсене араласады. Алғаш шыққан ЧТЗ тракторына мініп, жер жыртып, егін егеді. Майданға бара алмаса да, тылда жүріп, ел ішіндегі ауырт пашылықты қарапайым халықпен бірге көтереді. Жағатал (қазіргі Қазақстан) ауылының Асылғайша есімді азаматшасына үйленіп, шаңырақ құрады. Жеті бірдей ұл-қыздың əкесі атанады. Иə, соғыс – күйретуші, барды жоқ ететін, тауды жер ететін алапат күш. Сол бір қанды кезең жайттары еске түссе, еріксіз көзге жас үйіріледі. Бүгін біз бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Аллаға шүкір дейік. Екіншіден, күн өткен сайын ардагерлеріміз азайып бара жатыр. Оларға бүгінде қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Үйсіздерін үйлі, күйсіздерін

күйлі етсек, үлкен бір сауапты іс атқарғанымыз болар еді. Біздің кейіпкерлеріміздің де ұпайы түгел дей алмасақ керек. Мəселен, ауылда ҰОС-қа қатысқан ардагерлерге арналған ескерткішке Кенжебай Маймұрынұлының есімі жазылмаған. Ал ескерткіштің өзі ешбір күтімсіз, қараусыз қалған. Елдік намысты таптатпауға үлкен үлес қосқан ардагерлерімізге Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жылында жергілікті билік тиісті деңгейде назар аударады ғой деп үміттенеміз. Назым ҚАЙРАТ.

Алматы облысы.

––––––––––– Сур етте: майдангер К.МАЙ МҰРЫНОВ зайыбы Асылғайшамен.


8

www.egemen.kz

2 мамыр 2015 жыл

Бірлік, береке, баќыт!

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Берік САДЫР.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №554 ek

Profile for Egemen

02052015  

0205201502052015

02052015  

0205201502052015

Profile for daulet
Advertisement