Page 1

ЕЛІМЕН ЕТЕНЕ ЕЛБАСЫ

Бїгін – Тўѕєыш Президент кїні. Осыдан 23 жыл бўрын Ќазаќстан халќы Нўрсўлтан Назарбаевты ел Президенті етіп сайлаєан еді. Ел баєына туєан Елбасымыз ґзі ќўрєан мемлекетті жаѕа биіктерге бастай берсін!

№235 (28458) 1 ЖЕЛТОҚСАН ДҮЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

● Президент поштасынан

Шынайы ризашылыќтарын білдірді

«Адами орнықты дамудың жаңа парадигмасы: G-Global – жаһандық диалог форматы» атты халықаралық конференцияға қатысушылар Елбасына хат жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Онда Бүкілəлемдік ғылым жəне өнер академиясы (WAAS) мен Бүкілəлемдік университеттер консорциумының Президенті Эйтор Гургулино де Соуза, WAAS Құрметті президенті, Рим клубының кеңесшісі Иво Шлаус пен WAAS Атқарушы ди ректоры Гарри Джейкобс ұйым дас тырылған конференция үшін қатысушылардың атынан шынайы ризашылықтарын білдірген. «Біз Қазақстанның тиімді экономика құру, азаматтардың əлауқатын арттыру, саяси демократиялану бағытындағы елеулі жетістіктерінен зор əсер алдық. Бүгінде Қазақстан қоғамдық тұрақтылықтың, түрлі этнос пен конфессия өкілдерінің бейбіт өмірінің жарқын үлгісі болып табылады жəне халықаралық интеграция үрдістерінде көш бастауда», – делінген хатта. Конференцияға қаты сушы лардың атап өтке ніндей, оның қорытындысы Мемлекет Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда аясындағы портреті. Суретті салған И.Муслимов.

МƏЅГІЛІК ЕЛДІЅ НЎРЛЫ ЖОЛЫ Қабиболла ЖАҚЫПОВ,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы.

Бүгін халқымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтіп жатыр. Еліміз Тəуелсіздігінің 20 жылдығы тойланған тұста депутаттардың бастамасы бойынша белгіленген бұл мерекенің қазіргі заманғы Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Осыдан жиырма үш жыл бұрын дəл осы күні Қазақстан халқы өзінің Мемлекет басшысын сайлауға деген егемен құқығын алғаш рет іске асырды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған, ел азаматтарының 88,23 %-ы қатысқан Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы – Қазақстанның жаңа тарихының ұмытылмас кіріспесі, жалпықазақстандық бірліктің маңызды тұғырларының бірі. Сайлауда Н.Ə.Назарбаевқа қазақстандықтардың 98,78 %-ы дауыс берді. Сол кезде, дəуірлер тоғысқан тұста Қазақстан халқы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа ұлы жауапкершілік жүктеп, ұлы міндеттер артты. Содан бергі жылдар ішінде біздің Президентіміз осы тарихи миссияны Елба сыға тəн əкелік даналықпен жəне өз халқына деген перзенттік сүйіспеншілікпен атқарып келеді. Ол – идеяларынан үміт туындап, сенім нығая түсетін əрі азаматтарымыздың зияткерлік қуат-қажыры мен ізгі ниетін тарихи ұлы істерге, көпұлтты халықтың бірлігі жолына жұмылдыра білген Елбасы. Есімі мен мемлекеттік құрылысының моделі, саясаты бүгінгі күні əлемдік тарихтың жылнамасына жазылған көрнекті де прогресшіл басшыларының

● Жасампаздық жемістері

атқарар жүгі қашанда осындай болған. Осыдан 23 жыл бұрын ол бізді ортақ тарихи тағдырмен біріккен он бес миллион адам үшін қолдан келмес шаруа жоқ екеніне, татулық пен келісімде өмір сүру, білім, жасампаз еңбек, орынды шамшылдық пен өзіңе жəне өз халқыңа деген зор сенім ғана жақсы болашаққа бастар жол аша алатынына сендіре алды. Туған жерінің қадір-қасиеті сүйегіне сіңген нағыз Елбасы ретінде ол осы істе өз халқының іргелі құндылықтарын – бейбітшілік сүйгіштік пен тағаттылықты, жаңа білім мен дағдыларға деген ашықтықты, дəстүрлі рухани жомарттықты, азаттық рухы мен ынтымақтастықты өзіне серік етіп алды. Бүгінгі күні Қазақстан – үлкен экономикалық, саяси, əлеуметтік, инновациялық, зияткерлік, рухани, пассионарлық əлеуеті бар тəуелсіз, тұрақты, құрметті жəне əлем жұртшылығына ашық мемлекет. Қазақстан тəуелсіздігінің тарихын Тұңғыш Президенттің күшті көш басшылығынан бөліп қарауға болмайды. Елбасының көшбасшылығы – тынымсыз жасампаз еңбектен, оптимизм мен құрыш болаттай жігерден, жаңалыққа деген ұдайы ұмтылыстан, саяси көрегендік дарыны мен өзінің көпұлтты біртұтас халқына жақсылық тілеудің зор ниетінен бастау алатын ұлы табыс тарихы болып табылады. Ол өз халқын бөле жармай, оған тарихы мен тағдыры бір, болашағы ортақ біртұтас халық ретінде қарайды. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев – 17 миллион отандасы үшін ғана емес, бүкіл əлем үшін де тəуелсіз Қазақстанның ең басты жасампаз құрушысы.

*** Қазіргі өмірдің қарқынды ырғағы, алынатын ақпараттың ауқымды бөлігінің толымсыздығы мен үстіртінділігі, бірін-бірі алмастырып жатқан оқиғалар ағымына өз бетінше «қосылу» біздің еліміздің ең жаңа тарихының нақты оқиғаларына асықпай, жан-жақты, ретроспективті талдау жасауға ықпал етпейді. Бəлкім, бұған ауқымды істер анық көрінетін уақыт «аралығының» өзі жетпей жатқан болар. Дегенмен, қазірдің өзінде Тарих таспасына біздің Елбасымыз өшпестей етіп жазған парақтардың бар екені анық, оның шешімдерін – константтарын Қазақстан саясаткерлері мен азаматтарының əлі бірнеше ұрпағы өз бойына өлшем тұтатынына сенімдімін. Осы шешімдерге біршама тоқтала кеткім келеді.

ЌАЗАЌСТАНДАЄЫ ЫНТЫМАЌ ЖƏНЕ ƏЛЕМДЕГІ ЌАЗАЌСТАН

«Халықтың билеушісі халықтың қалың топтарының жандүниесінде оларды халық пен халықтар өз арасындағы əртүрлі топтардың көптігіне, олардың жағдайлары мен əрекеттері əртүрлі екеніне қарамастан, бір əрекет жасап, бір мақсатқа қол жеткізетін тұтас дүние бола алатындай келісімге, бір-бірімен өзара байланысқа жəне қарымқатынасқа бастайтын органдар мен ерікжігер қабілетін жасап, сіңіруге тиіс». Əл-Фараби. («Философияның дінге қатынасы»). Адамзат тарихы – бұл, негізінен, жаулап алу соғыстарының тарихы. Көптеген ғасырлар бойы

ЖАРЌЎМ

елдіѕ əл-ауќатын жаќсартуєа серпін береді Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «ҚазТрансГаз» АҚ «Жарқұм» кен орнын тəжірибелікөнеркəсіптік пайдалануға берді. Бұл кен орны Тараз қаласынан 215 шақырым қашықтықта, «Амангелді» газ кеніші маңында орналасқан. «Жарқұм» кен орнының газ жəне газ конденсаты геологиялық қорлары 1 млрд. 273

млн. текше метр жəне 41 мың тоннаны құрайды. Ал, құрғақ газ бен конденсаттың алынатын қорлары 833 млн. текше метр жəне 26 мың тоннаны құрайды. Бұл ресурстар Жамбыл облысы үшін отын көзі ретінде 27 жыл қызмет ете алады. Өндірілетін шикізатты пайдалану газ тұтынушылар үшін əлдеқайда тиімді. Ол арзанға түседі жəне жану қасиеті жағынан импортталатын өзбек газынан асып түседі. «Облыста 373 елді мекен

халықтардың тағдырын соғыс өнері айқындапшешті. Сондықтан да тарихта ұлы қолбасшылар мен жаулап алушылардың есімдері сақталып қалған. Мемлекеттердің экономикада үстемдік құру, өз ықпалын жүргізу аясын жəне өз аумағын кеңейту үшін үздіксіз күресі, өкінішке орай, күні бүгінге дейін геосаясаттың қозғаушы күші болып қалып отыр. Өркениет дамуының өзі ХХІ ғасырдың басында жаңа қатерлер мен тəуекелдер тобына тап болып, өзін-өзі құртудың орасан зор əлеуетіне ие бола отырып, адамзатты өте нəзік өзара тəуелді жағдайға алып келді – жаһандық саясат туындайтын қарама-қайшылықтарды өркениетті əрі үйлесімді түрде болғызбауға жəне шешуге қабілетті, татулық пен күш көрсетпеушілік, тағаттылық пен үнқатысу құндылықтарын дəйекті əрі табанды түрде қорғайтын жауапты прагматик саясаткерлердің, бір сөзбен айтқанда «Бейбітшілік өнерін» жоғары кəсіби деңгейде меңгерген БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ пайда болуын аса қажетсініп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің болмысы мен дүниетанымынан бітімгер өнерін шебер меңгерген дəл осындай көшбасшы болып табылады. Ол тəуелсіз Қазақстанның мемлекеттік саясатын тұжырымдай отырып, өзін ішкі жəне сыртқы саясатта болашақтың осындай көшбасшысы, бітімгер көшбасшы ретінде көрсетті. Оның философиясы барлық ұлы жəне шынайы мəселелер секілді қарапайым: жасампаздыққа жету, болашаққа ілгерілеу үшін қоғамда келісім қажет. Ал келісім баршаның жəне əркімнің құқықтары мен бостандықтарының тең болуын талап етеді.

бар. Соның 40 пайыздан астамы газдандырылған. Дəл қазір «Амангелді» газ кеніші облысқа жылына 330 млн. текше метр табиғи отын беріп отыр. Осы жаңадан ашылған кен орнының арқасында тағы да жылына 65 млн. текше метр газды қосымша алуға мүмкіндік туды. Енді Талас, Байзақ аудандарының бірқатар ауылдарына газ құбырлары тартылады. Бұл əрине, жергілікті халықтың əлеуметтік тұрмысына үлкен серпін береді. Елді мекендерді газдандыруда соңғы жылдары облыста үлкен тірліктер атқарылып жатыр. Қазір Жамбыл облысында тек Мойынқұм

(Соңы 2-бетте).

ауданына ғана газ тартылмаған. Биыл Шу, Қордай аудандарының тұрғындары табиғи отынның рахатын көруде. Енді Қаратау қаласынан Жаңатас қаласына газ құбырларын тартудың қамы жасалуда. 8,9 млрд. теңгені құрайтын бұл жобаның алғашқы құжаттары дайындалды. Елбасымыз Н. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жүзеге асып жатқан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды жүргізіліп, жалғасын табады», дейді Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев. (Соңы 5-бетте).

басшысының барлық мүдделі мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, сарапшылық топтардың жəне əлем жұртшылығының көпжақты ықпалдастығының жаңа форматын құру туралы идеясы жаһандық проблемаларды шешуге қажетті қадам екендігінің тағы бір дəлеліне айналды. «Біз G-Global алаңы əлемдік қауымдастыққа нақты қажетті коммуникативтік алаң ретінде ғаламдық қатерлер мен апаттарды еңсеру жəне олардың алдын алу бағытындағы жаңа шешімдердің ұзақмерзімді ұтым ды механизмі мен көзіне айналатындығына сенімдіміз», – делінген хатта. Соңында хат авторлары G-Global бастамасына əлемдегі тиімді үнқатысу алаңы ретінде қолдау білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, амандық жəне Қазақстан мен бүкіл əлем игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіне табыс тілейді.

Аќиќатќа айналды арманымыз Үлгі-өнеге ұлтына ұлағаты, Бəрі бауыр, Жоқ жанның сірə, жаты. Алты құрлық, төрт мұхит ар жағына Алашымды əйгілеп тұрады аты.

Көзден, тілден сақтай гөр Елбасымды!!! Самұрықтай бір аттап сан ғасырды, Астана сап Арқаға, тұңғыш рет Абылайдың арманын алға асырды. Туын тікті Азаттық тұңғыш рет, Кеудесіне ұя сап Күн кішірек. Симпозиумда, Саммитте салиқалы, Күллі əлемге ұсынған үлгісі көп. Асқақтатқан Ақордам көкке айдарын, Төле бидей төрінде төкті ойларын. Тұңғыш рет БҰҰ-да желбіретті, Қазағымның əнекей, көк байрағын! Жаратылған Тəуелсіз бағына елдің, Осынау кез шаңқай түс шағы дермін. Қай құрлыққа ұшса да жүреді ойлап, Ер Едіге сияқты қамын елдің. Қызғыш құстай қорыған аспан, жерін, Қайда барса жанында жас пен кəрім. Төбесіне көтеріп Көшбасшымды, Төрткүл əлем түп-түгел тосқан төрін. Жастайынан ұя сап жанына арман, Артына ерген қазағы-қалың орман. Ер Есімнен еншілеп елдік істі, Əз Тəукеден тайсалмас тəлім алған. Қайраткерлік қарымы қабыландай, Сирек туған перзентті Тəңір ондай. Өркениет көшіне оза шауып Жалпақ жұртын бастайды жаны қалмай. Бірлігінен қуат ап бүгінгі елдің, Тыныштығын ойлайды Жұмыр Жердің. «Қой үстіне бозторғай ұя салған», Қолымызға қонып тұр шынында ол күн. Арманының алысқа көші кеткен, Ақыл-ойын халқына несібе еткен. Мұратына мына елді жеткізеді, Ақ кемедей мұхитты кесіп өткен... Толыбай АБЫЛАЕВ. Қызылорда облысы, Арал қаласы.


2

www.egemen.kz

1 желтоқсан 2014 жыл

1991

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – Қазақстанның ХХІ ғасырдың ортасында өркениетті елдердің алдыңғы қатарынан ойып тұрып орын алуға жасаған қарышты қадамы, айшықты іздері, атап айтқанда, əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру траекториясы. Бұл құжаттың ауқымды тарихи болашағы бүкіл еліміз үшін, оның ішінде заң шығару үдерісінде де күретамыр бағыттарды айқындап, Парламент жұмысындағы басты бағдаршамға айналды. Біздің сайланымның рөлі ерекше, ол əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы Қазақстанның экономикалық жəне əлеуметтік жаңаруын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев іске асырған экономикалық модель əлемдік дағдарыс жайлаған жағдайда аса тиімді əрі тұрақты модель болып табылады. Оның жарқын дəлелі – Мемлекет басшысының тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар, шетелдерде де үлкен серпіліс туғызған Қазақстан халқына Жолдауы, онда «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты жария етілді. Бұл – теңдесі жоқ ауқымды тарихи құжат. Оның ауқымды екендігі жоспарларының ұлан-ғайыр кеңдігінен жəне олардың материалдық жағынан молынан қамтамасыз етілуінен көрінеді. Оның тарихи екендігін Елбасының əлемдегі геосаяси жағдайға өте дəл баға беруімен қатар, еліміздің жуық арадағы перспективалық даму векторын айқындап бергендігі жəне Қазақстанның тағдыры үшін саяси жауапкершілікті ел басшылығының өз мойнына алуға дайын екендігі растады. Ал Президенттің іс-қимыл жоспарын уақтылы іске асыру біздің елде қауіп-қатер мен дағдарысқа қарсы тұрып қана қоймай, əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолын одан əрі жалғастыруға да мүмкіндік береді.

ЕУРАЗИЯ ИДЕЯСЫ: ЖИЫРМА ЖЫЛДАН КЕЙІН

Жаһандық экономикалық интеграцияның жаңа, барынша тиімді əрі əділ сəулеті керек. Біз бұрын құрылған жəне жаңадан құрылып жатқан интеграциялық бірлестіктердің, экономикалық одақтардың бір-біріне қарсы қойылмауын жақтаймыз. Керісінше олар бірбірімен жемісті жəне сындарлы түрде ынтымақтаса жұмыс істеуге тиіс. Н.Ə. НАЗАРБАЕВ

да бір бірлестіктер еліміздің тəуелсіздігіне, біздің Конституциямызға нұқсан келтіретін болса, біз бұл ұйымды тастап, одан жедел түрде шығамыз», – деп мəлімдеген болатын. Сондықтан, ешкім де, Президенттің өзі айтқандай, басты құндылығымыз – Қазақстанның Тəуелсіздігін тəуекелге тігіп отыр немесе біреулерге осындай мүмкіндік беріп отыр деп ойламауға немесе күдіктенбеуге тиіс. Қазақстанның тəуелсіздігі – Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл өмірінің мұраты, ол үшін Елбасы бар күш-жігерін, тіпті, жүрегі мен жанын да беретінін мен нық сеніммен айта аламын. Осылайша, Қазақстан прагматизм жəне басқа мемлекеттермен екіжақты əрі көпжақты нысанда ынтамақтастықты кеңейту қағидаттарына адал екенін көрсетіп отыр.

АСТАНА УАЌЫТЫ

«Астаналар сəулетінің өзіндік саяси мақсаты бар: ол ұлтты орнықтыра түседі, өзіне ғылым мен сауданы тартады, халықты өз елін сүюге тəрбиелейді, бұл дегеніңіз – мемлекеттегі атқарылатын барлық ұлы істердің қайнар көзі емес пе». Кристофер Рен, ағылшын сəулетшісі 1994 жылғы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңесте Президент астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс айтты. Бұл шешімнің төңірегінде қандай қызу пікірталастың өрбігені бəріміздің есімізде. Шындығында ол кезең мемлекетіміздің тарихындағы қиын кезең еді, ол кезде – елдің сол кезеңнен аман-сау өтуінің өзі басты проблема болатын. Сол кезде немістер өздерінің астанасын Боннан Берлинге көшірмек болып жатқаны менің есімде, баспасөзде бұл көшке 8-10 млрд. марка керек екен деген əңгіме айтылып жүрді. Қазақстанның мұндай шығыстарға қаражаты жоқ еді, оның үстіне ол кезде Ақмоланы Берлинмен салыстыруға да келмейтін... Бұл тарихи ұлы жоба – жаңа елордамыз Астана Нұрсұлтан Əбішұлының саяси ерік-жігерінің, мызғымас сенімінің жəне қайтпас табандылығының арқасында ғана жүзеге асты деп бүгін мен нық сеніммен айта аламын. Осы көрегендік жəне дана мемлекеттік шешім үшін болашақ ұрпағымыз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне əрдайым риза болады. Қасиетті Сарыарқаның төрінде бой көтерген жаңа елорда бүкіл еліміздің дамуында орасан зор жаңғыртушы рөл атқарды. Бүгінде бүкіл ел «Астана уақыты» бойынша, жаңғыру уақыты бойынша өмір сүруде.

МƏЅГІЛІК ЕЛДІЅ НЎРЛЫ ЖОЛЫ (Соңы. Басы 1-бетте). Сонау алыста қалған жылдарға ойша оралған кезде менің көз алдымда Қарағанды шахтерлерінің ереуілі туралы телевизия кадрлары келеді. Президенттің сол кезде: «Мен Назарбаевпын. Мен сіздердің проблемаларыңызды шешетін боламын!» дегені есімізде сақталып қалды. Міне, одан кейінгі өткен жылдар ішінде ылғи солай болып келді де: қандай да бір проблема туындап, қоғамды алаңдатса, халық оның жауабы мен шешімін əрдайым өзінің ұмтылысы мен талпынысы ортақ, көпұлтты халқының қасынан табылатын өз Елбасының аузынан естіді. Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте этносаяси жанжалдар үлкен жəне кіші соғыстардан көрініс тауып, бейбіт халық арасында көптеген құрбандыққа əкеліп соқты, тұтас халықтардың қайғы-қасіретіне айналды. Толық емес деректер бойынша сол кездерде 600 мыңнан астам адам қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткен. Ұлтаралық жанжалдардың теріс салдары тікелей шығындармен шектеліп қалмайды: аумағын жанжал жалыны шарпыған бұрынғы КСРО елдерінен кемінде 5 млн. адам қашып шықты. Жанжал аймақтарындағы экономикалық залалға баға беру мүлдем қиын. Сол кезде Тəуелсіздік таңында бүгінгі күні «Назарбаевтың моделі», «қазақстандық жол» деп аталып жүрген жəне əлемнің түкпір-түкпірінде мұқият зерттеліп жатқан саясаттың «алтын арқауы» күнбекүн қалыптасып жатты. Барша азаматтардың тең құқылығы, мəдени алуантүрлілікті сақтай отырып, ұлттық бірлікті қалыптастыру, тағаттылық пен диалогты дəріптеу, үйлесімді тіл саясаты, этносаралық жəне конфессияаралық келісімге зиян келтіруі мүмкін кез келген əрекетке заң жүзінде кедергі қою, Қазақстан халқы Ассамблеясы – осы модельдің негіз құраушы қағидаттары осылар. Бірақ ең бастысы – бұл көпұлтты халықтың Көшбасшысы факторы. Осы орайда, бір сұхбатта құрметті ағамыз Əкім Таразидің айтқан сөздері есіме түсіп отыр: «Мен оның Қазақстан халқының достығын сақтай алғанын нағыз ерлік деп санаймын. Оның даналығы – ол қазақтардың ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық халықтың Президенті болды» («Казахстанская правда», 2013 жылғы 2 желтоқсан). Келер жылы біз 20 жылдығын атап өткелі отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының саясатын жүргізудегі жетекші ұйым болып табылады. Ассамблеяны Қазақстандағы барша этностардың мəдени өзіндік болмысын сақтай отырып, жалпыазаматтық бірдейлікті, жалпыұлттық бірлікті құрудың күрделі жолындағы қажымасқайтпас күрескер десек те болады. Қазіргі таңда институттық тұрғыдан алғанда Қазақстан халқы Ассамблеясы 820 этномəдени бірлестіктің басын біріктіріп отыр, бүкіл ел бойынша олардың қызметіне үш миллионнан астам азаматтарымыз қатысады. Бүгінгі күні конституциялық мəртебе алған Ассамблея ел Парламентінде де өкілдік етеді. Мəселен, Қазақстан халқы Ассамблеясының тоғыз депутаты қабылданып жатқан заңдардың этносаралық келісім мен тағаттылық қағидаттарына мүлтіксіз сəйкес келуін қамтамасыз ете отырып, заң шығару ісіне нақты ықпал ете алады. Нұрсұлтан Əбішұлы Ассамблеядан сайланған депутаттардың алғашқы құрамына ақ жол тілей отырып, «Сіздер достықтың елшілері болып табыласыздар», деген болатын. Ал біздің əріптестеріміз осы миссияны абыроймен атқарып келе жатыр. Өткен тарих тақырыбына арналған қызу пікірталастарды еске түсіре отырып, біздің Президентіміздің сонау 1996 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ сессиясында сөйлеген сөзінен бір үзінді келтіре кеткім келеді: «Бұдан бұрынғы кезде қазақтардың мемлекеттілігі болмағаны туралы алуан түрлі сыпсың пікірлер ге елеулі түрде тосқауыл қою қажет. Осыған байланысты «мемлекеттілік» пен «мемлекет» деген ұғымдар бір мағынаны білдірмейтініне көңіл аударар едім. Біз мемлекеттілік туралы айтқанымызда, ең алдымен жер аумағына ғана емес, қайта саяси-құқықтық қатынастардың, əлеуметтік жəне мəдени-рухани бастаулардың бүкіл кешенін ескереміз. Міне, осылардың негізінде қоғам тұтас жүйе ретінде тіршілік ете алады. Бұл мағынада алғанда қазақтардың мемлекеттілігі ежелден орныққан. Қазақ мемлекетін саяси-құқықтық

құрылым ретінде хаттауға келсек, бұл басқа іс. Мұның өзі ХV ғасырда болғаны белгілі». Біздің Президентіміз – саяси-құқықтық жағынан ғана емес, ең алдымен идеялық, аксиологиялық, рухани мағынадағы Елбасы. Сондықтан да оның мемлекеттілік, тəуелсіздік, мемлекеттік тіл тағдыры, мəдениет пен рух туралы əрбір сөзі қоғамда үлкен резонанс туғызады. Мəселен, оның таяуда ғана Ұлытаудың етегінде берген сұхбаты қоғамда үлкен үндестік тапты. Елінің шынайы тарихын қымбат тұтатын əрбір адам Елбасының келесі жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелеу туралы шешімін жəне оның тапсырмасына орай осы мəселе бойынша қабылданған Үкімет шешімін зор ықыласпен қабылдады деп ойлаймын. Бүгінгі күні біздің еліміз – 140-тан астам елмен қарым-қатынасын дамытып отырған, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы секілді ең ірі халықаралық ұйымдарды басқарған, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы секілді өңірлік ұйымдарды құрудың бастауында тұрған, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу туралы идеяларды ойдағыдай іске асырған, əлем қауымдастығына құрметті, жалпыжұртқа ашық мемлекет. Біз көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ, АҚШ-пен, Еуропалық одақпен, Азия елдерімен жемісті стратегиялық əріптестікті жүзеге асырып отырмыз. Тəуелсіздік жылдары ішінде елімізге тартылған тікелей инвестициялар көлемі 160 млрд. доллардан асты. Бұл əлемдік қоғамдастықтың біздің елімізге деген сенімінің басты көрсеткіштерінің бірі емес пе? Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының Астанадағы табысты өткен саммитінен кейін əлемдік тарихқа «Астана рухы» деген ұғым енді. Ол көптүрліліктегі сенімнің, келісімнің, тағаттылық пен бірліктің нышанына айналды. Астана экономикалық форумында ұсынылған G-GLOBAL түріндегі жаңа əлемдік саясат пішімі Елбасының бітімгершілік бастамаларының болашағы, жарқын жалғасы болып табылады. Осы бастаманың мəнін Президенттің өзі айқындап айтқандай, бұл «əділетті əрі қауіпсіз əлем сипатын құру ісіне баршаның күш-жігерін біріктіру». Алматыда Иран ядролық бағдарламасы проблемаларын реттеу жөніндегі көпжақты келіссөздердің екі раундын өткізу Қазақстанның байыпты бітімгершілік қызметінің жарқын айғағы болды. Кез келген мемлекет үшін басты мəселелердің бірі – мемлекеттік шекараларды халықаралық-құқықтық ресімдеу. Сондықтан да өз көршілерімен құрлықта он төрт мың шақырымға жуық шекарасы бар Қазақстан үшін тəуелсіздік алғаннан кейінгі өмірлік маңызды мəселелердің бірі мемлекеттік шекараны нығайту болды. Біз ұлттық мүдделерді ұдайы қорғай отырып, осы мəселелердің мəселесін сабырлы, салиқалы түрде біржола шешу үшін Мемлекет басшысының қаншалықты күш-жігер жұмсағанын тек қана болжап біле аламыз. Біздің Тұңғыш Президентіміздің дипломатиялық талантының арқасында Қазақстанның сыртқы шебі – бейбітшілік пен тату көршілік шекарасы болып отыр. Өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздікті нығайтудың алғы шебінде жүру Тұңғыш Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты басымдықтарының бірі болып табылады.

ТАБЫС СТРАТЕГИЯЛАРЫ

«Саясат дегеніміз қатты қат-қабаттарды бір мезгілде əрі құшырланып əрі салқынқанды көрегендікпен табан тірей отырып, баяу бұрғылау. Бүкіл тарихи тəжірибе, егер əлемде мүмкін емеске ұдайы ұмтылыс болмаса, мүмкін боларлыққа да қол жеткізе алмасымызды көрсетеді. Бұған қабілетті адам көсем болуға, оның үстіне, ол батыр болуға да тиіс. Егер ол өзі ұсынғысы келетін іс үшін əлем аса əңгүдік немесе аса сұмырай болып шықты деп ойлайтын болса, өзінің міз бақпайтынына нық сенімді адамның ғана; барлығына қарамастан, «дегенмен де!» деп айта алатын адамның ғана – сондай адамның ғана саясатқа кəсіби бейімі бар». Макс Вебер («Саясат бейімділік пен кəсіп ретінде»)

Əр жолы, «экономикалық проблемалар», «дағдарыс» жəне тағы сол сияқты сөздерді естіген кезде пикеттер мен митингтер, жалақы мен зейнетақының көптеген айлар бойы іркілуі, ең қажет тауарларды талондармен беру, бос сөрелер, ақшаның орнына берілетін «чектер», жұмыссыздық, үрей билеген қыстар мен болашағымыз бұлыңғыр болған кездер, жадымызда қалған қиын-қыстау 90-шы жылдар есіме түседі. Қазақстандықтардың қазіргі ұрпағы өз əкелерінің қандай дəуір сынақтарынан өткенін елестете де алмайтын шығар. Мемлекет басшысының өзі тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның жағдайын «Жағдайды ешбір əсірелемей, тікелей айтайын, 1990шы жылдардың басында біз шыңыраудың жиегінде тұрдық» деп сипаттады. Бұл шынында да солай болды. Тыныштықтың тірегі əлсіз, болашағымыз бұлыңғыр, қауіп-қатерде сан жоқ еді. Əрбір адамның өміріндегі секілді саясаткер үшін жəне саясатта ең қиыны – таңдау жасау. Дегенмен, Мемлекет басшысының өз таңдауы үшін жауапкершілігі мүлдем ғаламат, өйткені оның таңдауының артында миллиондардың тағдыры тұр. Күйреген империяның экономикалық жəне саяси коллапсы жағдайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті алдында қиын таңдау – жаңа елдің экономикалық дамуы мен саяси транзит моделін таңдау, яғни мəні жағынан өзінің мың өліп, мың тірілген халқының болашағын таңдау міндеті тұрды. Ол Ескі жəне Жаңа дүниенің, сондай-ақ, Еуропа мен Азияның тəжірибесін терең талдай келіп, олардың ішіндегі ең қажеттісін Қазақстанға бейімдеп синтездеп алды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бағытты қысқа түрде «алдымен – экономика, содан соң саясат» деп тұжырымдады. Мемлекет басшысының ұлттық экономиканы дамытуға, инвестициялар тартуға жəне қазақстандықтардың əл-ауқатын үнемі арттыруға баса назар аударуы өзінің жемісін беріп отыр. Мен осы арада оқырманның назарын елдің экономикалық, саяси жəне əлеуметтік өрлеуі үшін үлкен маңызға ие болған екі бағдарламалық құжатқа бұрғым келеді. Ең алдымен, бұл Мемлекет басшысының 1997 жылғы алғашқы Жолдауы, онда Қазақстанды 2030 жылға дейін ұзақ мерзімді дамыту стратегиясы жарияланды. Бұл құжатта Қазақстан дамуының жалпы жолы, сондай-ақ, жеті басым бағыт бойынша нақты ұзақ мерзімді мақсаттар айқын белгіленді. Бұл мəні жағынан болашақтың бейнесін көзбен шолып қараумен бірдей еді. Ал сол кездің нақты жағдайы бұл бейнеден өте алыс болатын... 1997 жылы БҰҰ-ның адами даму индексі бойынша Қазақстан əлемнің 174 елі ішінде – 93-орында, ал бұрынғы КСРО республикалары арасында 7-орында тұрды. 1990-1995 жылдары орташа өмір сүру ұзақтығы 4,7 жылға қысқарды, білім алушылар саны 30 %-ға азайды, халықтың жан басына шаққандағы ұлттық табыс 7 есе кеміді жəне 1995 жылы біздің еліміз бұл көрсеткіш бойынша 129-орынға түсіп қалды. Республикадағы халық саны қысқара бастады. Бес жыл ішінде бала туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,1-ден 14,7-ге дейін азайды. Туберкулез, ісік, тері аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары секілді əлеуметтік аурулар кеңінен тарады. Балалар өлімі жəне денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамсыздық жағдайлары көбейіп кетті. Жұмыссыздар, уақытша жұмыссыздар немесе «лажсыздан демалыста жүргендер» санын дөп басып айту мүмкін емес еді. Осындай жағдайда «Қазақстан-2030» Стратегиясы өмірге жолдама алды. Бағдарламалық мақсаттармен салыстырғанда президенттік Стратегия қазақстандықтарға анағұрлым көп нəрсе бергендігіне сенімдімін. Онда жалпы құндылықтар айшықты түрде жəне дұрыс тұжырымдалған, ол қоғамға үміт ұялатты, рух берді, сол кезде орындалуы мүмкін еместей көрінген нəрселерге сеніммен қол создырды. Кейіннен Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі атап өткендей, «бұл құжат көзқарасымыздағы аса маңызды серпiлiс болды». Бұл – жаңа саяси бағдар мен болашақтың жаңа стратегиясы. 2012 жылғы желтоқсан айында Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялады. Ең ғажайып ғимараттардың бірі – жаңа опера жəне балет театрының сыңғырлаған сиқырлы залында Қазақстан эволюциясының жаңа келбеті жарқырай ашылып, оның алтын дəуірі басталды, ол – Мəңгілік Елге бастар жол.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – тек қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл еуразиялық үлкен қоғамдастық, Қазақстанның əлемдегі барлық достары мен əріптестері үшін маңызды болып табылатындығына сенімдімін. ХХІ ғасырдың Еуразиялық формуласы біздің Президентіміздің бүгінде шындыққа айналған интеграциялық тұжырымдасында жаңаша көрініс тапты. Одақтың барлық елдерінде жұртшылық пен саяси элита пікір алуандығы, егемендік жəне нарықтық экономика идеясын төңіректеп жүрген кезеңде, интеграция тақырыбына ешкім көңіл бөлмеді жəне кейбіреулердің наразылығын туғызып, тіпті оны қабылдағысы да келмеді. Бұл жағдайда тек Нұрсұлтан Назарбаев қана көрші мемлекеттермен барлық қатынастарды үзудің болашағымыз үшін қауіпті екендігін жақсы түсінді. 1991 жылғы 21 желтоқсанда Елбасының ұсынысы бойынша Алматы қаласында кеңестік кезеңнен кейінгі 11 республика басшыларының кездесуі болып өтті, онда «ТМД-ның Алматы декларациясы» қабылданды, бүгіндері оның тарихи маңызының өлшеусіз зор екендігі аян. Мəселен, Беловежье тоғайындағы оңаша келісім əлемге КСРО-ның тарағанын мəлім етсе, ТМД-ның Алматы декларациясы жылдар бойы тірнектеп жинаған жетістіктерді сақтау үшін жаңа бірлестіктің құрылғанын паш етті. Осы мақаланы жазу үстінде мен Президенттің ММУ-дегі тарихи лекциясынан жарты жыл бұрын, 1993 жылы Маастрихтте өткен «Global Panel» халықаралық конференциясында сөйлеген сөзіне көзім түсті. Одан мына бір үзіндіні келтірмесе болмас: «Қазақстанның бұрынғы Кеңес Одағының жəне Еуропаның басқа мемлекеттерімен өзара іс-қимылына қатысты бір-екі ауыз сөз айтайын. Қазақстан экономикалық бірлесуді жақтап келген жəне алдағы уақытта да жақтай беретін болады. Болашақ экономикалық одақта Қазақстанның да, Украинаның да, біздің туыстас Орталық Азия республикаларының да жəне Ресейдің де түпкілікті мүдделері бар. Мен басқа бірқатар проблемалар бойынша нық сенімді болмасам да, бірлесудің дұрыстығына сенемін жəне соған жұмыс істеймін. Бұған, əрине, жекелеген елдер күле қарар. Бірақ көбісі терең ойлана бастады. Қандай да бір кедергі болмасын, бəрібір шындық жеңіп шығады». Жиырма жылдан кейін осы шындық жеңіп шықты. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь парламенттері үш елдің президенттері ағымдағы жылғы мамыр айында Астана қаласындағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартты ратификациялады. Қазақстан Көшбасшысы бірнеше рет атап өткеніндей, барлығымызға түсінікті қағидаттар Еуразиялық экономикалық одаққа негіз етіп алынған, олар: экономикалық прагматизм, егемендікті құрметтеу, интеграцияның еріктілігі, барлық шешімдерді қабылдау кезіндегі теңдік, эволюциялық даму, еуразиялық кеңістіктің ашықтығы. Қазақстан Парламенті ратификациялаған экономикалық Одақ құру жөніндегі шарт шеңберінде мемлекеттер егемендігінің теңдігі, олардың ұлттық мүдделерінің теңқұқықтығы мен олардың ескерілуі қағидаты қамтамасыз етілген, қандай да бір тараптың үстемдікке ие болуының кез келген мүмкіндігіне жол жоқ. Мемлекет басшысы: «Біздің бірлестікте мемлекеттердің саяси егемендігі берік əрі мызғымастай, бұл – аксиома. Оның үстіне, экономикалық интеграциялар ұлттық мемлекеттілікті нығайту, дамуды, оны тұрақты экономика арқылы одан əрі тұрақтандыра түсу үшін», – деп атап өткен. Елбасы Қазақстанның мемлекеттік тəуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтайды. Ол тəуелсіздіктің бас сəулетшісі жəне оның жасампаз құрушысы ретінде «Қазақстан Республикасы» деген атпен салынып жатқан ғимараттың əрбір сəулетшілік ойниетінің, оның əрбір кірпішінің, əрбір белағашы мен арматурасының бағасын жақсы біледі. Еуразиялық экономикалық одақ шартын жасасуға байланысты туындаған əртүрлі алыпқашпа сөздер мен пікірталастарға жауап ретінде ол кісі: «Егер, қандай

Бүгінгі күні Астанада бүкіл мемлекеттік билік шоғырланған. Алайда ол билік шоғырланған жерден де артық. Астана – бүкіл ұлттың ерік-жігерін шоғырландырып, бүкіл халықтың өкілдерінің басын қосқан жер. Біздің Астанамыздың рухы осындай, оның дүниеге келіп, жаратылғаны үшін біз, бəрінен бұрын, Нұрсұлтан Назарбаевқа қарыздармыз! *** Бүгін – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні. Бұл – халықтың өз Елбасымен, ал Елбасының өз елімен біте қайнасқан бүкіл қазақстандықтар мерекесі. Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте болып жатқан қайғылы оқиғаларды көріп отырып, Елбасы мен халық тағдырының өзара байланыстылығын, өзара тəуелділігін, өзара шарттастығын түсінесің. Мықты əрі жауапты Көшбасшысы болмай, шетсіз-шексіз саяси, экономикалық, əлеуметтік проблемаларға ұшырап жатқан елдің азаматтары жаппай басқа жерден өз бақыттарын іздеп жүргенін көргенде осыны жақсы түсінесің. Қазақтарда «жол ашу» деген ұғым бар, оның мағынасы «сəт сапар тілеу» дегенді білдіреді. Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты біздің 17 миллион азаматымызға өмірлік жаңа жол ашты жəне əлі де жолдарын ашуда. Елбасы ел халқының 27 пайызын немесе 4,4 миллион адамды құрайтын қазақстандық жастарға да жол ашты. Қазақстанның Тəуелсіздігімен бірге өскен ұрпақ өз Отанының тəуелсіздігі мен бостандығына ешкімнің қол сұғуына жол бермейді. «Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз!» – міне, біздің жастарымыздың рухы осындай! Олар өздеріне Елбасының əкелік қамқорлықпен арнаған білім беруді, денсаулық сақтауды дамыту бағдарламаларын, «Болашақ», «Қолжетімді баспана-2020», «Балапан» сияқты мемлекеттік бағдарламаларды барынша бағалай біледі. Бұл тақырыпта əлі де ұзақ əңгімелеуге болады. Əрине, қандай да бір салада, мемлекетте жəне тұтастай қоғамда, əрбір қазақстандықта шешілмеген проблемалар мен өмірлік қиындықтар кездеседі. Əйтсе де идеялар мен жоспарлар, мемлекеттің жəне əлеуметтің іскерлік белсенділігі, əрбір қазақстандықтың үміті мен күш-жігері, мақсаты мен болашаққа деген ұмтылысы бар емес пе?! Əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру, таңдаулылардың арасында олармен тең болу сияқты Жалпыұлттық Стратегия да бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың жəне Қазақстан халқының «Мəңгілік Ел» болуға ұмтылған ұлы мұраты тағы бар. «Мəңгілік Ел» дегеніміз – Қазақстанның Мемлекеттілігі мен Тəуелсіздігінің мызғымастығына жəне мəңгілігіне жоғары деңгейде ұмтылу. «Мəңгілік Ел» дегеніміз – əлем тарихының буырқанған ағысында өзін-өзі танытуға ұмтылған халқымыздың ғасырлық арман-мүдделерінің орындалуы. «Мəңгілік Ел» дегеніміз – бір ел, бір халық, бір тағдыр. «Мəңгілік Ел» дегеніміз – қасиетті Сарыарқаның зеңгір көк аспаны астында мəңгілікке салынған Астана. «Мəңгілік Ел» дегеніміз – біздің басты жетістігіміз – біздің жүрегіміздің төрінен орын алған сүйікті еліміз. Ол біздің тарихи ортақ болашағымыз – саламатты əрі өсіп-өркендеген Қазақстан! Бұл асқақ арманға қол жеткізу үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару қажет. «Мен үшін марапаттың ең үлкені – маған осы жылдары тұрақты түрде көрсетіліп келе жатқан бүкілхалықтық қолдау мен халықтың сенімі. Бұл сенім мені ең қиын сəттерде жігерлендірген еді жəне əлі де жігерлендіріп келеді... Бір нəрсені анық айта аламын: мен денсаулығым мен күш-қуатым барда, Отаным мен Қазақстан халқының игілігіне қызмет ете беремін!». Жүректен шығып, жүректерге жеткен бұл сөздерді біздің Елбасымыз айтқан еді. Лайым, əманда осылай бола берсін! Мерекелеріңізбен, Қазақ елі!


www.egemen.kz

1 желтоқсан 2014 жыл

Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:

3

● Тəуелсіздік толғауы

ХХІ ЄАСЫРДАЄЫ ЌАЗАЌСТАННЫЅ ТАБЫСТАРЫНЫЅ КІЛТІ МЫНА ТҐРТ ТАЄДЫР ШЕШЕРЛІК ЎЄЫМДАР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ОЛАР – ЖАЅЄЫРТУ, ХАЛЫЌТЫЅ ƏЛ-АУЌАТЫ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕГРАЦИЯ Кəсіпкерлік – азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылықтың кепілі. *** Адам мəңгі жасамайды, мəңгі жасайтын – оның ісі. *** Маңдай термен тұздамасаң дəміңді, Жүрегіңмен тербемесең əніңді, Өзің-дағы ұға алмасаң мəніңді, Өмір емес, Көшірме ол – кəдімгі. *** Адамның əр ісі – жасаған барлық жақсылығы мен жамандығы кейінгі ұрпақтар тарапынан əділ бағасын алмай қоймайды. *** Адамзаттың ақылдылығы – бейбітшілікті сақтай білуінде. *** Адам оқуға қабілетін жоғалтқан кезден бастап қартайғандық бел алады. *** Тұлға болу дегеніміз жауапты болу дегенді білдіреді. *** ...адамзат бүгінгі тарихи кезеңде өз тіршілігінің бірегей негізі ретінде қабылдай алар бірден-бір əмбебап өркениет моделіне қол жеткізген жоқ, жеткізе де алмайды. *** Бақ-дəулет, барша игілік адамның өз қолымен жасалады. *** Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бəрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. *** Ұмтылсаң – ұтарсың. *** Жаңа буын өзгерістерден қаймықпай, керісінше, өршіл, серпінді жобаларды ұсынуы тиіс. *** Еңбек ет, өзіңді, отбасыңды асыра, балашағаңның қамын ойла: өзіңе де жақсы, үкіметке де жақсы. *** Ұлттың бəсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. *** Экономика əрдайым саясаттың бастауы болып табылады. Алдымен экономика түзіледі, содан кейін оның үстіне саясат қаланады. *** ХХІ ғасырдағы Қазақстанның табыстарының кілті мына төрт тағдыр шешерлік ұғымдар болып табылады. Олар – Жаңғырту, Халықтың əл-ауқаты, Инновация, Интеграция. *** Халықтың əл-ауқаты – ел дамуының негізгі шарты.

*** Біз ат төбеліндей ғана халықпыз. Сондықтан бізге ең керегі уақыт оздырмай, экономиканы түзеп, мықты мемлекет болу. Қарулы Күштерімізді, қауіпсіздігімізді нығайту. Ол үшін күш-қуат керек. Ол үшін экономика керек. Осыларға қол жеткізу үшін тыныштық керек. Ішіміз бүтін болмаса, сыртымыз түтін болады, өзгелер түтіп алады. *** Экономикалық прагматизм – ХХІ ғасырдағы қауіпсіздік жүйесінің түйінді тірегі. *** Бейбітшілік жəне келісім – қоғамды экономикалық жағынан дамытудың, азаматтардың өмір сүру сапасын көтерудің басты белгісі. *** Сауда жасайды екенсің, демек, ісіңе сенім артып, үмітіңді үкілейсің. Өйткені, сауда өздігінен жүретін үдеріс емес. *** Кəсіпқой болу деген сөз – өзің шынымен де айналысқың келген өмірлік істі таңдай білу. Жəне оның өзін жақсы тұрғыда жүзеге асыру қажет. *** Кəсіп дегеніміз – табысты өмірдің негізі. *** ...кəсіпкерлік – денсаулығы мықты жандардың үлесі. *** Ұлттық дағдарыс – көп ретте экономикалық дағдарыстың салдары. *** Бүгінгі күн бəсеке заманы. Жеткен биікке мəз болып, тоқтап қалу – көшкен жұртта қалғанмен бірдей.

*** Қай қоғамда да адам өз еңбегімен қадірлі. *** Масылдық – қауіпті індет, оны еңсеру жауапты міндет. *** «Байлық – мұрат емес, жоқтық – ұят емес» деген сөз бар. Ойлап отырсақ, баяғының айтқанының бəрі қағидат емес, дүмше молданың айтқанының бəрі шариғат емес. Байлық – мұрат, егер оның шапағатын туған халқыңмен бірге бөліссең. Ал, жоқтық мына заманда ұят! *** Ат төбеліндей ауқаттылар тобы қалың кедейлер тобынан тым шырқап, оқшауланып кеткен қоғам гүлденіп, дамымақ түгіл, өмір сүрудің өзіне қабілетсіз болып шығады. *** Əркім өзінің игілігіне еңбек етсін, сонда мемлекеттің де игілігі артады. *** Нарық деген сол – жарысу, жағаласу, бəсекелесу, таласу, тартысу. *** Мемлекеттің бəсекелестікке қабілетін көрсететін басты нəрсе – экономикасы. *** Біз бүкіл Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдырып, мыңдаған жұмыс орнын құрамыз. *** Мемлекет деген, ең алдымен, адамдар. Мемлекет бəсекеге қабілетті болуы үшін, адамдар, яғни бүкіл ұлт бəсекеге қабілетті болуы керек. Ол үшін əрбір адам өзін-өзі қамшылауы тиіс.

*** Адам түзелмей, заман түзелмек емес. *** Мен əлдебір қисындардан гөрі ақылға қонымды қарапайым істерді артық санаймын. *** Қазіргі бəсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай. *** Бүгінгі заманда өзінің асқақ арманына тек жаңаша ойлайтын, ерік-жігері мол, өзіне сенімді адамдар ғана қол жеткізе алады. *** Жас азамат өзін əрдайым жан-жақты жетілдіріп отыруы тиіс. *** Адам кешегісімен, қазіргісімен жəне келешегімен өмір сүреді. Қазіргі сəт тез өтеді, тез кешегіге, өткенге айналады. Яғни, біз өмір бойы келешекке ұмтылумен ғұмыр кешеміз. *** ...ықпалдастық пен орнықтылық экономикадан туындайды. *** ...жұмыссыздардың барлығы бірдей жұмыс істеуге ұмтылмайды. Өкінішке қарай, адамдар арасында жаңа біліктілікті меңгеруден гөрі, базарда «такси» қызметін атқаруды қалайтын психология сақталып отыр. *** Тапқаныңды ғана тарата аласың, қолыңда барыңды ғана бөліске саласың. *** Экономикалық дəулетіміз артпайынша, рухани сəулетіміз де артпайтынын ұғынуымыз қажет. *** Мен Қазақстандағы əлеуметтік жаңғыру бəрінен бұрын барлық қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға, кедейлердің санын азайтуға жəне əлеуметтік дүбəралыққа жол бермеуге бағытталуы керек деген сенімдемін. *** Нарық – ебі жоқтың еншісін алып, құтын қашырады, ал алғырдың, амалшыл адамның несібесін асырады. *** Нарық жағдайында фирмалардың, компаниялардың, холдингтердің бəсекелесетіні сияқты, əлемде мемлекеттер де бəсекелесіп жатады. *** Ұлт пен мемлекеттің аман қалуының жалғыз жолы – экономиканы ашық ұстау, əлемдегі қуатты экономикалық аймақтармен қапталдаса араласып-құраласу. (М.Қасымбековтің жетекшілігімен құрастырылған «Жылдар мен ойлар» кітабының негізінде дайындалды).


4

www.egemen.kz

1 желтоқсан 2014 жыл

1994 Алды кеѕ адам Антон ШТАЙН, еңбек ардагері.

Мен өз басым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екі рет жүзбе-жүз кездестім. Ол бір Кеңестер Одағының күйі тайып, тəуелсіздіктің таңғы шапағы енді рауандап келе жатқан шақ еді. Мен ол кезде Ақтөбе ауданы «Қазақ КСР-нің 40 жылдығы» кеңшарының директоры болатынмын. Ақтөбеге 1992 жылы келген сапарында біздің шаруашылыққа əуежайдан тіке атбасын бұрды. Сол күні таңертеңгілік көк аспанды қалың бұлт торлап, жауын жауғанды. Жауын болғанда да нағыз ақ жауын болатындай көрінген. Дəл Президент ұшағы Ақтөбеге қонар қарсаңда қалың бұлттың көбесі сөгіліп, жөңкіле көшіп, шайдай ашылып қоя бергені. Президент келгенде жер лайсаң болып кете ме деп қауіптеніп тұрғанда, табиғаттың осындай жайдарыланып шыға келгеніне қуанып жатырмыз. Жігіттердің бірі «Жалпы, Нұрекең тегін адам емес, көрдіңіздер ме, табиғат та жылы шырайланып қоя бергенін» деп жатты. Ол кезде кім айтты деп зер салатын уақыт та жоқ болатын. Барлық зейініміз Елбасын жақсы қарсы алудың қамында едік. Басқалардыкі жөн делік, Нұрсұлтан Əбішұлымен мұның алдында да бірер рет кездескен менің өзім кəдімгідей толқулы болатын-

ЕЛ БАЄЫНА ТУЄАН ЕР Ўлт мемлекетсіз ґмір сїре алмайды, ќўрып кетеді. Ґз кезегінде ўлттыѕ жойылуы оныѕ мемлекетініѕ ґмір сїруін мəнсіз етеді. Н.НАЗАРБАЕВ. Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

сенатор, саяси ғылымдар докторы, профессор.

Байырғы қазақ жерінде жаңа тəуелсіз Қазақ елі шаңырақ көтерген алғашқы жылдарда оның табанынан тік тұрып кетеріне əлемнің көптеген саясатшылары мен Кеңес империясының қол астындағы Орталық Азия аймағындағы танымал ғалымдар да ерекше күдік-күмəнмен қарағаны жасырын емес. Əрине, ол кез елімізді тəуелсіз мемлекет ретінде қалыптастыру жұ мысы мен экономикалық қатынастардың мүлдем өзге жүйесіне көшу жұмыстары қат-қабат келген аса күрделі кезең болатын. Қазақстан қоғамының алдында шұғыл шешуді қажет ететін аса ауқымды да келелі міндеттер тұрды. Кеңес Ода ғының ыдырауына бай ланысты əбден тоз-тозы шыққан, дəстүрлі байланыстардың үзілуінен бүлінген халық шаруашылығын ми батпақтан сүйреп шығару үшін де ішкі саяси жəне экономикалық реформалардың өз елімізге үйлесетін тиімді жолдарын табу мен іске асыру кезек күттірмейтін міндетке айналды. Сонымен бір уақытта, жаңа тəуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси сахнадағы өз орнына ие болуға бағытталған қым-қуыт шаруалары да шаш-етектен еді. Солардың арасындағы ең күрделі де нəзік мəселе – өзімізбен қоса, өзге жұрттардың да қаупін тудырған түйткіл елімізде қалыптасқан шиеленісті ұлтаралық қатынас болатын. Тілеулес достарымыз осы жерден ши шығып кетер ме екен деп мазасызданса, мысықтілеу, жат пиғылдағылар осы бір əлсіз буыннан пышақ қадап, ұлтаралық жанжалдың отын үрлеуге асықты. Себебі, Қазақстандағы ұлтаралық қаты нас басқа Достастық елдерімен салыстырғанда мүлде басқаша сипатта болатын. «Халықтар түрмесі» аталған елімізде түрліше тағдырмен Қазақ станды мекендейтін 130-дан аса этностың өкілдері тұрды. Мұнда мемлекет құраушы ұлттың үлес салмағы 40 пайызға жетпейтін. Ал олардың арасында демократиялық өрлеу мен тəуелсіздік таңының атуына байланысты ғасырларға созылған Ресей отаршылдығы мен Кеңес империясы кезеңіндегі қырғын мен қуғынның есесін сол дəуірдегі билеуші ұлттың бүгінгі ұрпақтарына өштесу жəне олардан кек қайтару пиғылы белең алды.

Əлденеше ұрпақ бойы осы өлкені билептөстеп, барлық ар тықшылықтарды талассыз меншіктеп келген, теңдіктің өзін қорлық санайтын бір кездегі билеуші ұлт ұрпақтарының арасындағы астам пиғылды, жат ниетті адамдар тəуелсіз қазақ билігін мойындағысы келмей, араздық отын жиі-жиі қоздырып отырды. Біздің бағымызға қарай, осы бір саяси, экономикалық жəне ұлтаралық күрделі жағдайдан өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай алып шығудың ауыр міндеті тағдырдың жазуымен тəуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың пешенесіне жазылды. Биік парасат иесі, өз ұстанымына айнымас берік, салқынқанды кемел саясаткер ретінде Елбасы мызғымастай көрінген Кеңес империясының қабырғасы қазақ жеріндегі Желтоқсан оқиғасына жалғас Вильнюс, Тбилиси, Баку оқи ғаларынан соң біртіндеп сөгіле бастағандығын айқын аңғара білді. Егер осыған ұқсас жанжал тəуелсіз Қазақстанда қайта тұтанатын болса, оның жауапкершілігі қазақ ұлтының мойнында қалып, ежелден бейбітшіліксүйгіш халқымызды күллі əлемге масқаралайтын еді. Оның одан да қорқынышты салдары – жаман айтпай жақсы жоқ, əлі буыны қата қоймаған жас мем лекетіміздің шаңырағын ортасына түсіруі де əбден мүмкін болатын. Сондықтан, оның ең басты қоздырғыштары – тар өрісті, əсіре ұлтшылдық пен шовинизмге бірдей тосқауыл қоюдың қажеттілігі туындаған болатын. Елбасымыз ұлтаралық қатынас қа байланысты өз ұстанымын тəуелсіздіктің қарсаңында-ақ ашық мəлімдеді. 1991 жылдың 26 тамызындағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында жасаған баяндамасында ол: «Бүгінде тағы да бір қауіп нақты байқалуда. Демократиялық өрлеу толқынында шовинизм мен ұлтшыл дықтың лайсаң көпіршігі пай да болуы мүмкін екендігі туралы айтып тұрмын, ал ол ұлт республикаларында сөзсіз қарсы əрекет туғызып, ұлтаралық жанжалды жаңадан ушықтырады. Бұған ешбір жағдайда жол беруге болмайды. Біз оңшыл террордың солшыл террормен ауысуына жол бере алмаймыз. Біздің еліміздің тарихы мұндай оқиғаларды қазірдің өзінде біледі. Бұл қайғы мен азаптан, миллиондаған құр бан дық тардан басқа ештеңе де əкелген жоқ. Біз Қазақстанда мұндай

жолсыздыққа жол бермейтінімізді бекем түрде айта аламын», деген болатын. Содан бері ширек ғасырға жуық уақыт өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті аталған жолсыздыққа ешқашан жол берген жоқ. Жəне өзінің осы берік ұстанымынан айнымастан келеді. Үнемі жалықпай айтудан, дəріптеуден шаршаған да емес. Жақында, 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да осы тақырыпқа арнайы тоқталып: «Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқа шан сырттан келіп жасамайды. Біздің жастарымыз жаңа, тəуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. Сондықтан, көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды», деп бүгінгі тұрақтылықтың қандай ерік-жігердің арқасында келгендігін елжұрттың есіне салды. Шынында, тұрақтылық – біздің баға жетпес ең қымбат байлығымыз. Елбасымыздың сөзімен айтқанда: «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз əрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз». Бұл жерде Елбасымыз жал пақшешейлікпен тек қазақ ұлтшылдығына ғана тыйым салып, қазақ тарға ғана тоқтау айтады екен деген түсінік тумауға тиіс. Ол кісі айтқан ойлардың ауыр самағы өзімізге қаратылуының да өз қисыны бар. Біз мемлекет құраушы ұлт ретінде еліміздегі тұрақтылықтың ең басты жауапкершілігін өз мойнымызға алуға тиіспіз. Өз жауапкершілігін сезіне білген ұлт қана өз елінің толыққанды иесі бола алады. Əрине, таяқтың екі ұшы бары сияқты елімізде бірге жасасып келе жатқан өзге ұлттар мен ұлыстардың да өз жауапкершілігі бар екені даусыз. Оларға қарата Президентіміз сонау 1996 жылы жарық көрген «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында: «Менің көзім анық жеткен бір нəрсе: өзгелердің ұлттық мəдениетіне тиісті құр мет теу жоқ жерде шынайы азамат тық, тату лық та болмайды. Қа зақ тар орыс мəдениетін жете меңгерген. Ендеше, қазақ əдебиеті де Қазақстанда тұратын басқа

ұлт адамдары үшін жеті қат жер астындағы нəрседей алыс құбылыс болмаса керек. Қазақ əдебиеті, тілі, ауыз əдебиеті, музыкасы – əрқайсымыздың да рухани дүниемізді орасан байыта алады. Еуразияның ең бай да бірегей мəдениеті – қазақ мəдениетінен нəр алу қиямет кезеңдерде өз ортасынан ойып баспана беріп, омырауын ашқан меймандос халыққа көрсетілген бірден-бір құрмет саналмақшы. Осылай бір-бірін айтпай түсінген ақпейілдік пен бауырмалдық қана ұлтаралық жарастыққа жол ашады. Ол жоқ жерде өшпенділік пен бей-берекетсіздік бел алады», деген болатын. Осы айтылған орынды пікірге асырып түсініктеме бере алмасақ керек. Мен тəуелсіз еліміздің саяси тарихын бір кісідей біле тін саясаттанушы ғалым ретін де тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық ой-санамызға ерекше қозғау салған «Азат», «Желтоқсан» қатарлы ұлтшыл қозғалыстарға құрметпен қараймын. Бірақ, осы қозғалыстың бағыт-бағдар іс қимылдарында балаңдық пен əсіре ұраншылдықтың басым болғандығын да ашып айтуға тиіспіз. Олардың сол кезде көтерген көкейкесті мəселелерінің бəрі қанша жерден шындық болғанның өзінде, ұлтаралық жанжалға ұласатын ұлтшылдық ұрандардың бəрі де айналып келіп өзімізге таяқ болып тиетін еді. Салыстыру үшін айтар болсақ, ұлт мүддесі жолындағы биік парасат пен берік ұстанымға құрылған ел Президентінің тəуелсіздікті берік орнықтыру арқылы ұлттың ұпайын байыппен түгендеу саясаты өз туған ұлты мен Отанына деген асқан жауапкершілікті паш етіп тұрғандай болады. ХІХ ғасырда өмір сүрген бір ғұлама: «Интернационалист болу үшін де ұлттық сезімің болуы керек», деген екен. Меніңше, ұлтшыл болу үшін де интернационалист болу керек. Ұлы данышпан Абай атамыз да «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп ұлт қамы жолында екі етегі жасқа тола уайым жей жүріп, «адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп» деген өсиет қалдырған жоқ па еді?! Тəуелсіздігіміздің 23 жылдық мере кесін тойлау қарсаңында өткен тарихымызға үңілер болсақ, эко номикалық жетістіктерімізді былай қойғанда, шекарамыздың түпкілікті айқындалуы, қазақ көшінің 23 жыл бойы құйылуы, ұлттық үлесіміздің 70 пайызға жақындауы, нарықтық қатынастардағы еңбек-құн көз қарасында туған халқымыздың бойында түбегейлі сапалық өзгерістердің орнығуы – бəрібəрі де түптеп келгенде қазақ ұлтының түпкілікті мүддесі үшін, оның тəуелсіз елін мəңгілік ету жолында жасалып жатқандығына ешкім таласа қоймас деп ойлаймын.

мын. Дегенмен, егін орағы енді қарқын алып келе жатқанда Елбасының келуін жақсылыққа жорып жатырмыз. Біз бригадир Алексей Ваймер екеуміз қонақтарды картоп алқабында күтіп тұрғанбыз. Сөйткенше болған жоқ, қонақтар мінген автомобильдер кортеджі картоп алқабының шетіне келіп тоқтады. Нұрсұлтан Əбішұлы, бəрімізбен қол алысып амандасқан соң шаруашылықтағы жұмыс барысын баяндадым. Шыны керек, үлкен кісінің кісілік келбеті, алдының кеңдігі толқығанымды ұмыттырып жіберді, күнде сөйлесіп жүрген жандай адамды жақын тартып тұратын қасиетін аңғардым. Бұл мені сенімді ете түсті. Нұрсұлтан Əбішұлының өзі металлург болғанмен, ауыл шаруашылығын же тік білетіні əр сөзінен, əр сауалынан аңғарылып тұрды. Отыз жылдан астам ауыл шаруашылығында жұмыс істеп келе жатқан мен мүдіріп қалмайын деп тез ойымды жинақтап, бойымды түзеп алдым. Біз сол жылдары шаруашылықта картоп алқабын кеңейтіп жатқанбыз. Сондай-ақ, қарақұмық пен қант қызылшасын өсіруді қолға алғанбыз. Тəуір өнім де жинап жүргенбіз. Мемлекет басшысы биыл елімізде егін бітік шыққанын, оны ауа райы бұзылмай тұрғанда тез де шығынсыз жинап алу міндеті тұрғанын, егін жинау техникасы, жанар-жағармай жəне қосалқы бөлшектерге қатысты проблемалар бар екенін де жасырмады, облыс басшыларына мұндай өзекті мəселелерді шұғыл шешу керек деп қадап тапсырды. Осылай тілдесіп, пікір алысқан соң қатар жатқан картоп жəне қант қызылшасы алқабының ортасына аялдадық. Қызылшаның бір-екі түбін қазып, өнімін Президентке көрсеттік. Нұрсұлтан Əбішұлы жаңа жерде қызылшаның қанттылығы жоғары болатынын айтты. Мен «біз қызылшаның қанттылығын анықтадық, 14-17 пайызды құрайды», дедім үлкен кісіні қолдап. Содан кейін Елбасы кеңшарда көкөніс алқабы қанша гектар жерді алатынын сұрады. Мен 70 гектарға көкөніс, 410 гектарға картоп өсірілетінін жеткіздім. Қызылшаның гектарынан қанша өнім алатынымызға қызығушылық танытты. Гектарына 300 центнерден келеді деп күтіп жүргенмізді естігенде риза болғанын білдіріп, басын изеді. Уақыттан озып айтар болсам, сол жылы межені асыра орындадық, тіпті гектарына 500 центнер өнім берген алқаптар да болды. Кенет Мемлекет басшысы облыстық атқару комитетінің төрағасы Евгений Золотаревке бұрылып, «Ал сіз біздің топырақ жағдайында қызылша өсіру мүмкін емес деп едіңіз» деп сауал тастай қарады. Өз кезегінде Евгений Золотарев оның басты себебі, топыраққа түсетін ылғал аз, суарма болатын болса əңгіме жоқ, деп ақталғандай болды. Нұрсұлтан Əбішұлы қызылшаны жинау қиын екенін, оны тамырынан пышақпен кесіп алу керектігін айтты. Мен Днепропетровск қаласына барып, қант қызылшасын жинайтын машинаға келісіп келгенімізден хабардар еткенде жүзі жылып сала берді, мен біздің ізденісімізді түсінгені ғой деп ойладым іштей. Осылай шаруаның жайын əңгімелей отырып

картоп алқабына ауыстық. Президент мұнда жаңадан қазылған бірнеше түптің өнімділігін қарады. Біз əр түптен жарты шелек картоп қазылып жатқанын көрсеттік. Сол кезде Нұрсұлтан Əбішұлы Алексей Ваймер екеумізге қарап, картоп өсірудің барысын сұрады. Мен бізде қазір бір голландиялық маманның жұмыс істейтінін айттым да, «Сіз əзілге жорып қалмаңыз» дедім. Оның кеңесші ретінде пайдасы тиіп жатқанын, өзі анда-санда келіп кететінін, картопты голландиялық əдіспен өсіріп жатқанымызды, шетелдік машина сатып алғанымызды жеткіздім. Президент бірден «мұндай машинаны бізде құрастыруға болмай ма?» деп сұрады. Мен қалыптасқан дағдымен «Ойлану керек, жолдарын қарастыруға болады» дедім. Елбасы содан кейін атақты бригадир Григорий Лясотаға бұрылып, неге шаруа қожалығын ұйымдастырып, өз алдыңызға жұмыс істемейсіз, ауыл шаруашылығының болашағы фермерлердің үлесінде ғой, деп сауал тастады. Ол біздің картопты голландиялық əдіспен өсіріп жатқанымызға қолдау білдірді. Сөз арасында биыл 5000 тонна картоп жинаудың мүмкіндігі бар екенін айттым. Біз сөзімізде тұрдық, одан да көп өнім алдық. Содан кейін егін алқабына бардық. Осы жерде елдің Премьер-Министрі Сергей

Терещенко сөзге араласып, менен астық сатудың мемлекеттік тапсырмасының орындалуы жайлы сұрады. Жағдайды түсіндірген соң, ол директордың жауапкершілігі туралы сөз қозғады. – Нұрсұлтан Əбішұлы, қазір директорды жоғарыдан да, төменнен де қысады, балға мен төстің арасында қалатын да солар, олар кімнің көңілінен шығарын білмейді, – дегені қарап тұрмай. – Жоғарыдан да, төменнен де таяқ жейтін өмірдің қажеті қанша, оны тоқтату керек, – деп билік басындағыларға қарап күле əзілдеді. Жалпы, Нұрсұлтан Əбішұлы, əңгімелесіп тұрған адамның сөзін бөлмейді. Ақжарқын мінезі қандай жарасымды, əзілді де орынымен айтып, айналасындағыларды еркін ұстауға тырысады. Кейбіреулердей кердең қылық көрсетпейді, қашанда кемелділіктің, көрегендіктің биігінен аласармайды. Өткенге көз жіберіп қарасаң, Елбасының егемендіктің елең-алаңында айтқаны келді. Қазір ауыл шаруашылығын жүргізу түбірімен өзгерді. Жекешелендірілген біздің кеңшардың өзінде ондаған шаруа қожалығы жұмыс істейді. Шаруа қожалықтары жаңаша жұмыс істеуге төселіп алды. Сол кезде фермерлік қозғалыс осыншалықты дамиды, еліміз бүгінгідей экономикалық мығым мемлекет болатынына кəміл сеніп едім десем, күпірлік болар. Бүкіл ғұмырында Кеңестік тəрбиені көрген, əлі де жоспарлы экономиканың тізгіні босатыла қоймаған тұста олай ойламадың деп ешкім де күстаналай қоймас. Алайда, тəуелсіздіктің табалдырығын енді ғана аттаған Қазақстанның тізгінін ұстаған Президент Н.Назарбаевтың əр қадамынан, əр ісəрекетінен көсемдік пен көрегендіктің лебі есетіні көрініп те қалған. Міне, Елбасы тəуелсіздік алған жиырма жылдан астам уақытта Қазақстанды əлемге танытатындай көптеген шаруалардың басын қайырды. Əр алуан дін өкілдерінің басын Астанада əлденеше рет қосты. Қазақстанды ядролық қарусыз елге айналдырды, соңғы жылдардағы экономикалық, кедендік одақтар құруға бастамашы болды. Еуропадағы қауіпсіздік пен ын тымақтастық ұйымының 2010 жылғы Астана саммиті, алда өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кез келген елдің иығы көтеретін мəселелері емес. Тіпті, алысқа бармай-ақ, қазір ауылдық жерлерге асфальт жолдар салынып, көгілдір отынның барып жатқанының өзі неге тұрады. Кеңес Одағы мұндай игіліктерді жетпіс жылда да жасай алмап еді ғой. Мұндай істер іргесі берік, ынтымағы мықты, саяси тұрақтылығы жоғары, экономикалық жағдайы жақсы елдердің ғана қолынан келетін шаруалар. Міне, біздің Қазақстанымызды Елбасының осындай əлем таныған мемлекет қатарына жеткізгені əрбір қазақстандықты мақтаныш сезімге бөлейтіні сөзсіз.

Ақтөбе облысы. Суретте: солдан оңға қарай Елбасынан кейін екінші тұрған Антон Штайн.


ЖАРЌЎМ (Соңы. Басы 1-бетте). «Жарқұм» кен орнын тəжірибелік-өнеркəсіптік пайдалану ресурстық базаны дамытуға жəне табиғи газ бен газ конденсатын өндіру көлемдерін арттыруға бағытталған. Бұл күні газ жинау пункті пайдалануға берілді. Сондай-ақ, газды дайындау жөніндегі қондырғы мен өткізу қабілеті жылына 210 млн. текше метрді құрайтын «ЖарқұмАмангелді» газ құбырының

5

www.egemen.kz

1 желтоқсан 2014 жыл

алғашқы кезегі іске қосылды. Бастапқыда газ 4 ұңғымадан өндірілмек. Сонда осы кен орнының іске қосылуымен 2015 жылы жалпы өндіру көлемі 380 млн. текше метрді құрайтын болады. Бұл қазіргі өндіріліп отырған көлем қосымша 20 пайызға көбейді деген сөз. «ҚазТрансГаз» АҚ «Амангелді» газ кен орындары тобын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыра отырып, Жамбыл облысы халқының əл-ауқатын өсіруге

1997

зор үлес қоспақ. Сондай-ақ, оңтүстік өңірдің экономикалық əлеуетін өркендете отырып, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы» «Ұлт болашағы мен мемлекет қауіпсіздігі мүддесінде көмірсутегі шикізатының стратегиялық «резервін» құру керек. Стратегиялық резерв ел энергетикалық қауіпсіздігінің іргетасы болады. Осылайша біз ықтимал экономикалық сілкіністер жағдайына тағы бір қорғаныс шебін құрамыз», деген міндеттеріне орай еліміздің экономикасын дамытуға айтарлықтай ықпал етеді. «Жарқұм» – жаңа кен орындарын кезең-кезеңімен пайдалануға беру есебінен табиғи газды жылына 500 млн. текше метрге дейін өсіруді қамтамасыз етеді. Енді алдағы уақытта Айрақты кен орнында жəне Барханная – Сұлтанқұдық, Қосқұдық алаңдарында іздеу жəне бұрғылау жұмыстары жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Анабай маңында сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілуде. Жамбыл облысы. Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

ЌАЗАЌСТАННЫЅ ЌОЗЄАУШЫ КЇШІ

Сағындық САТЫБАЛДИН,

экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан кейін туған ұрпақ біз көргеннің бергісін де көрген жоқ. Олай дейтін себебім, 1991 жылы Қазақстан Республикасының егемендігін жариялағанда елімізде гиперинфляция өрттей қаулап тұрған еді. Қалтаңдағы ақшаңның құны күнде өсіп жатқан дүкен сөрелеріндегі тауарлардың бағасын қуып жете алмай ел əбден сарсаңға түскен. Ал егемендік жариялаған соң-ақ бұларға жұмыссыздық деген «қызылкөз» пəле жəне қосылды. Өйткені, КСРО державасындағы алып экономика дейтін ағза тұтастықта, бір-бірінен ажы ратқысыз деңгейде құрылған жүйе болатын. Бірі тоқтаса, бəрі тоқтайды. Бірі-біріне тапсырыс беруші, бірі-бірінен сатып алушы. Айталық, Алматыдағы əйгілі поршень зауыты ондаған мың адамға жұмыс берген алып кешен болса, оның өнімдерін сатып алушы КСРО-ның басқа түкпірлеріндегі өндіріс орындары еді. Ол өндіріс орындарының тауары сатып алыну қабілетін жойған соң, поршеньге тапсырыс беру өзінен-өзі тоқтайды. Міне, осылайша химия ғылымы тілінде «тізбекті реакция» деп аталатын үдеріс өзінен-өзі басталды да кетті. Салдарында бүкіл посткеңестік аумақтағы халық, дəлірек айтсақ, өз алдына егеменді мемлекет құрған ұлттар үш бірдей қыспақтың ортасында қалды, олар – гиперинфляция, рубль девальвациясы жəне рецессия. Рецессиядан жұмыссыздық пайда болады. Қысқасы, Н.Ə.Назарбаев шаңырағын көтерген егеменді Қазақстан Республикасы осындай үш «жаудың» қоршауында қалған ел болды. Халық қатты күйзелді. Мойнына барлық жауапкершілікті алған Тұңғыш Президентіміз дəл осынау қиын сəтте «оққағарларын» пайдаланып, бой тасалаған жоқ. Ең бір жағдай шиеленіскен жерлерде болып, күйзелген халықтың ортасында сөз сөйлеп, ақиқатты түсіндіре алды. Ең алғашқы шиеленістердің бірі Теміртауда болғанын қазір біреу білсе, біреу білмейді. Бұл бүгінгі Елбасының азамат, тұлға ретінде қалып т асқан ортасы болатын. Мемлекет басшысы бола тұрып осындай ашу-ызаға булыққан жұмысшы табының ортасына барып Нұрсұлтан Əбішұлының сөз сөйлеп жағдайды түсіндіргенін, халықты шыдамға шақырғанын, қиындық көп ұзамай шегінетінін айтқанын өз құлағымызбен естідік. Өз ба сым экономика ғылымдарының док то ры, профессор, академик ретінде дағдарыстардың қалай туындап, оның түзу жолға қалай түсетінін теория жүзінде жатқа білетін адаммын. Нарықтық экономика ғылымын капитализмнің нағыз көрінісіндей АҚШ мемлекетінде оқып үйрендім. Сондықтан да біразды білетін маған дəл сол кезде Нұрсұлтан Əбішұлы əліміз жетпейтін айқасқа шыққан көзсіз батырдай көрінді. Өйткені, Қазақстан бар болғаны КСРО-ның аграрлы жəне шикізаттық аймағы ғана еді. Индустрия дейтінімізден бізде бары КСРО қорғаныс өнеркəсібіне қызмет ететін кəсіпорындар болды. Оларда жүздеген мың адам жоғары жалақымен жұмыс істеді. Ал бұлардың арасында қазақ некен-саяқ болатын.

Ескерте кететін бір мəселе, бұл кəсіпорындар ол заманда Қазақстанға бағынған жоқ. КСРО үкіметіндегі орта машина жасау министрлігі деп аталатын құрылымға тікелей бағынып келген оларға енді мемлекеттік тапсырыс болмайтыны бесенеден белгілі еді. Сондай жағдайда «Назарбаев қалайша осының бəрін түзеймін деп, мойнына ауыр міндет алып тұр» деген кездерім де болды. Бүгінгі биіктен қарасам, менің өзіме-өзім қойған осынау сұрағымның қателік болғанына қуанамын. Иə, Н.Ə.Назарбаев мейлінше қысқа мерзім ішінде гипер инфл яция, девальвация, рецессия дегендерді толық ауыздықтай алған посткеңестік кеңістіктегі жалғыз басшы болып шықты. 1996 жылы Қазақстан соңғы қиындықты бастан кешірді, 1997 жылы тұрақтылық жағдайында өмір сүрдік. Ал 1998 жылы экономикада аздаған ілгерілеушілік тіркелді. Жоғарыда айтылғандарды ой елегінен өткізе келе өз басым бұл күндері «Қазақ станның қозғаушы күші не?» деген сұраққа «Табиғи байлықтың молдығы, көмірсутектері қорының жеткіліктілігі» деп жауап беретін ағайынға қатты ренжимін. Себебі, Қазақстанның қозғаушы күші Тұңғыш Прези дентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев болғанын көзбен көрдік, жанмен сезіндік. Бұлай дейтін себебім, елімізде егемендік жарияланған соң ауқымды реформаларды бастап кеткен шақта өз басым осы Нұрсұлтан Əбішұлы құрған ғылыми жұмыс тобында қызмет еттім. Көшбасшымыз ең алдымен бүкіл саяси ұстаным түбірінен өзгеретінін мəлімдеді. Бұған да «Бұл қалай?» деп аңтарыла қарадық. Өйткені, сол кездегі бəріміз де, саяси реформа жасауға құлшынып тұрған Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өзі де марксизмленинизм мектебінің түлегі, коммунистік қоғам қамқорлығының жемісі едік. Өзімізді соншалықты биікке көтерген сол қоғамнан бас тарту қай-қайсымызға болса да түсініксіз қадам секілді көрінді. Бəрін кейінгі нəтижелерден соң ой сарабынан өткізсек, Тұңғыш Президентіміз дəл сол кезде бірден-бір батыл да дұрыс шешім қабылдаған екен. Ол – ком мунистік идеалдан бас тартып, капиталистік даму арнасына түсу. Мұның дұрыстығы сонда, егемендігін жариялаған Қазақстанның Ұлттық банк деп аталатын мекемесінде бір мысқал алтын немесе бір цент валюта болмап еді. Ал капиталистік əлем «коммунистерім мен комсомолдарымды асырап алайын» деушіге нəр татырмайтыны жəне белгілі. Демек, саяси бетбұрыс жасарда Нұрсұл тан Əбішұлы өз басының қамын емес, өзіне тағдырын сеніп тапсырған 18 миллион қазақстандықтың жағдайын ойлаған екен. Саяси бетбұрыс жасалған соң тағы да біздер, ғалымдар күпіршілікпен былай ойладық: «Капитализмнен социализмге өтудің ғылыми тұжырымдамасы болды. Ал социализмнен капитализмге өту жолы ешқандай ғылыми еңбекте қарастырылған жоқ. Демек, соқтықпалы соқпақсыз жолмен жүру қалай болады?». Қысқасы, Елбасымыздың қиындықты қысқа мерзімде жеңе алатынына сену қиын болды. Жоғарыда айтқанымдай, Тұңғыш Президентіміз Н.Ə.Назарбаев сөзінде

тұрып, қиындықтардың бəрін қысқа мерзімде жеңіп шығып, жас Қазақстан Республикасын қарқынды даму арнасына салды. Осы жолдағы Назарбаев еңбегін шетелдік дуалы ауыз сарапшылар мен саяси қайраткерлер былай бағалады: «Қазақстан жолы – дұрыс жол!». Бұған алып-қосар болмауы тиіс. Өйткені, кімге де болса Н.Ə.Назарбаев қызметінің нəтижесі осылай дегізді. Ойлап қараңызшы, егемендік жарияланған шақта Қазақстанның жан басына шаққандағы жылдық ішкі жалпы өнімі 350 доллар шамасында болған екен, қазір ол 12,7 мың долларға жеткен. Бұл жағынан алғанда біз өзімізден ғылыми кешені де, индустриясы да жақсы дамыған, шикізат қоры біздегіден əлдеқайда мол жəне əлемдік ең арзан тасымал арнасы – су жолына тікелей шыға алатын Ресей Федерациясынан да озық екенбіз. Ол ол ма, Қазақстанның Ұлттық қорында күні бүгін 104 миллиард доллар алтын валюта бар. Ал Ресей Федерациясында 430 миллиард доллар ғана. Олардың халқы бізден сегіз есе көп. Қалғанын оқырман өзі салыстыра жатар. Қалай болғанда да, біз посткеңестік аумақтағы мемлекеттер арасында даму қарқынымыз жағынан оқ бойы озып кеткен ел болдық. Мұны мен тек қана Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев еңбегінің, білімдік қызметінің жемісі деп білемін. Сөздің ашығы керек, Нұрсұлтан Əбішұлы Қазақстан Республикасын басқаруға талай баспалдақтардан сүрінбей өтіп, мол тəжірибе мен білім жинақтап келді. Егеменді республиканы басқару тізгінін өз қолына алғанда ол «Қазақстанның мүмкіндігі неде, осал тұсы қайда?» деген сұрақтарға толық жауап бере алатын тұлға еді. Мұндай білім алдағы қызметінде көп пайда тигізді десем, бұл ойымның ең дəл айтылған тұсы шығар. Өйткені, ұлт абызы Абай өзінің ғақлияларының бірінде «Хакім басқармаған ел бүлінеді» дегенді айтып кеткен. Демек, бүлінбей түзелген елді нағыз хакім басқарды деу керек шығар. Біз Қазақстанның даму қарқыны жайлы сөйлегенде негізінен ел ішінде жүргізілген реформалар жайлы көп айтамыз. Иə, реформалар қажет болған соң жасалды жəне олардың пайдасы аз болған жоқ. Солай бола тұрса да, капитализм дүниесінде бұлар онша маңызды қызмет атқармайды. Бірінші кезекте əріптестермен сыйластық, түсіністік деген басты талап тұрады. Сондай-ақ, ел ішіндегі саяси тұрақтылық маңызды қызмет атқарады. Осылардың басты қажеттілік екенін Н.Ə.Назарбаев қалайша дер кезінде дөп басып тани білді деген сұрақтың жауабын əлі күнге таба алмай келемін. Өйткені, мұндай қағида еш жерде жазылмаған. Қазіргі биіктен қарап отырсам, ұлт тізгінін қолына алғанда Елбасымыз Абайды ақылшы абызындай қайтадан бір оқып шыққан сыңайлы. Олай дейтінім, Назарбаев ұстанған саясат пен жүрген жолдың бəрі Абай данышпандығын арқасына тірек етеді. Абайдың айтқандарына тағы үңілейікші: «Досыңа достық қарыз іс, дұшпаныңа əділ бол»; «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос»; «Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп». Қарап отырсаң, біздің рефор ма ларымыздың өзегіне осы өсиеттер алынған. Айталық, дипломатиялық жə не экономикалық қарым-қатынас орнату

үшін жасалатын келісімшарттар мүлтіксіз орындалуы керек. Бұған əріптес жақты сендіре алу да үлкен күш. Демек, Қазақстан басшысы «Досыңа достық қарыз іс, дұшпаныңа əділ бол» деген өсиеттің мүлтіксіз орындалуы қажет еке нін толық түсініп жұмыс істеген. Бұл орайда жер бетіндегі адамзаттың бірі-бірінен артығы-кемі жоқ, өйткені олардың бəрі бір Адам атаның ұрпағы, сондықтан олардың бəрімен аралас-құраластық орнату керек, бұл экспорт-импорт айналымының дамуына, сөйтіп ұлттық экономиканың дамуына қызмет етеді. Сондықтан Абайдың «Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп» деген нұсқауымен жұмыс істегендік айқын көрінеді. Ал енді «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бəрі бос» деген өсиет бойынша жүргенін елдегі ішкі тыныштық пен саяси тұрақтылықты сақтау жолындағы іс-шараларымыз айқын дəлелдеп тұр. Қысқасы, егемендіктің алғашқы күнінен бастап бүгінге дейін жүрген жолымыз бен атқарған қызметіміздің нəтижелері Н.Ə.Назарбаев ұстанымдары мен реформаларының толығымен дұрыстығын дəлелдеп тұр. Демек, Қазақстанның қозғаушы күші шикізатқа бай лығымыз емес, Көшбасшымыздың білімділігі мен бұқарашылдығы екені даусыз ақиқат. Білімділік туралы біраз айттық қой, ал енді бұқарашылдық жайлы айтар болсақ, онда Нұрсұлтан Əбішұлының ұдайы атқарушы билік өкілдеріне «Қызметіміздің нəтижесі халықтың күнделікті тұрмысынан көрініс табатын болсын» деген тапсырмасы да Көшбасшымыздың негізгі мұратын айқындап беретін тұсы емес пе. Əрине, жетістіктер де, кемшіліктер де болып жатады. Бұл өмірдің табиғи заңдылығы. Бірақ ең бастысы – бағыт пен ұстанымның дұрыстығы. Басынан қанша қиыншылық өтсе де өшпей, өртеңде пайда болған жасыл желектей құлпырып шыға келетін еврей халқының дамуында не сыр бар деп үңілгенде, мынадай бір қызық жайтқа тап болдым, олар өздеріне жəне жақындарына жаратушыдан тілейтіні: «Жоспардың тəуірін, жұмыстың ауырын бер» деген тілек екен. Байқадыңыз ба, жұмыстың ауырынан қашпайды, тек жоспар дұрыс болуы керек. Меніңше, Н.Ə.Назарбаев еңбегінің жемісі осы жоспардың тəуірлігінде. Ал оның қызметі ауыр болғанын түсіндіріп жатудың өзі ретсіз. Өйткені, миллиондаған халық тағдырын мойнына алған тұлғаның қалай еңбек етіп, өмір сүретінін талай оқыдық. Ал өзіміздің Елбасымыздың қалай жұмыс істейтінін көзбен көрдік. Ұйқысыз, демалыссыз жұмыс істеуге əбден үйренгеніне қайран қалатын тұлға. Бұл оның жастайынан қалыптасқан жақсы əдеті болса керек. Ескерте кететін бір тұс, оның осындай қасиетін өзінің еңбек жəне қызмет жолы жайлы жазған мемуарларынан да кездестіруге болады. Қазақстанның дамуындағы қозғаушы күш не десек, ол – Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың білімді де көреген тұлға болуы. Осындай Көшбасшысы болған қазақ, Қазақстан халқы бақытты. Бұл күндері біз ең тілектесі көп елдердің біріміз. Жер бетіндегі құрлықтардың бəрімен қарымқатынас орнаттық. Қарым-қатынас орнат қандардың бəрін біз сыйлаймыз,

бəрі бізді сыйлайды. Сол сыйластықтың жарқын көрінісіндей қазір біздің елде Батыстан АҚШ, Канада мемлекеттерінен бастап, Еуроодақ елдерінің ауқымды бөлігінің, Шығыстан Жапония, Оңтүстік Кореядан бастап Қытай Халық Респуб ликасының азаматтарына дейін өз кə сіпкерліктерін жүргізіп жатыр. Біздің елге инвестиция ретінде ақша құйғандардың арасында иудаистер де, христиандар да, исламшылдар да, буддистер де бар. Дінге де, тілге де қарамай бəріміз бір Қазақстанның экономикасы мен əлеуметтік-тұрмыстық деңгейін көтеру мақсатында бірге жұмыс істеп жатырмыз. Ал басқа елдерде бұлар бірбірлеріне оқ атып жатқандар екені айдан анық қой. Демек, Елбасы негізін қалаған Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатындағы дұрыс ұстаным біздің дамуымыздың қорғаушы күшіндей жұмыс істеп тұр. Нақты мысал келтіретін болсақ, іргедегі алып мемлекет Ресей Федерациясына құйылған шетелдік инвестициялар 600 миллиард долларға жетпейді екен. Ал біздің Қазақстанға құйылған осындай инвестиция мөлшері 300 миллиард долларды алқымдап қалды. Бұл білімділікпен, адалдықпен қызмет істеу дің нақты сыйақысы іспетті бір көрсеткіш. Республика Президенті өзінің конституциялық парызы – Қазақстан халқына дəстүрлі Жолдауын биыл ерекше жағдайда ерте жариялады. Оның себебі, əлемдік экономика мен геосаясаттың бүгінгі қалыптасу болмысына сəйкес Қазақстанның болуы мүмкін кері əсерлердің алдын алу шараларын жасауға ерте бастан қамдану қажеттігінен туындағаны сөзсіз. Орайы келгенде айта кетейік, Нұрсұлтан Əбішұлы сезімтал, көреген, əр кеселдің алдын алу шараларын ерте қарастыратын Көшбасшы. Мұны өмірдің өзі дəлелдеп берді. Айталық, 1997 жылғы Азия дағдарысынан əлемнің талай елдері зардап шекті. Бір тəулік ішінде Ресей рублі 100 пайыз құнсызданғанын көзбен көрдік. Оның бізге салқыны тиген жоқ. 2007 жылдың тамызында басталған, АҚШ ипотекалық жүйесінде тұтанып, бүкіл əлемді жайлаған дағдарыстан талайлар қатты зардап шекті. Атап айтар болсақ, 100 жылдық тарихы бар талай компаниялар өмір сүруін тоқтатты. Ол ол ма, Еуроодақ деп аталатын алып құрылым əлі күнге дейін есеңгіреуін тоқтатқан жоқ. Ал Қазақстан болса, одан да еш қиналыссыз өтті. 2008 жылдың өзінде Елбасы Ұлттық қордан мақсатты түрде 4 миллиард доллар көлемінде ұзақ мерзімді көмек несиесін бөлгізіп, екінші деңгейдегі банктерімізді құрдымға кетуден аман сақтап қалды. Ал бұл өз кезегінде экономикамыздың ырғақты даму жолын жалғастыруын қамтамасыз ете алды. Турасын айтсақ, 1997 жылдан бері Қазақстан экономикасында рецессия тіркелген жоқ. Ол үнемі өсу үстінде болды. Сөзімізді дəлелдеу үшін мына көрсеткіштерді мысалға алсақ, жеткілікті болар: дүниежүзілік дағдарыс басталған 2007 жылды Қазақстан Ұлттық қорындағы 54 миллиард долларлық алтын валютамен қорытындылаған еді. Ал бұл көрсеткіш қазір 104 миллиард доллардан асып тұр. Əлемнің барлық дерлік мемлекеттері дағдарыс кезінде қазынасын ортайтып алса, керісінше, Қазақстан оны өсірді. Бұл

– бір. Екіншіден, Қазақстан 2007 жылы дүниежүзілік дағдарыс басталғандағыға қарағанда елдегі жұмыссыздықты шамамен 30 пайызға қысқарта алған əлемдегі жалғыз мемлекет. Сондықтан да біз Нұрсұлтан Əбішұлының бұл жолғы Жолдауын ерте жариялауы осындай кеселдің алдын алу шараларын ұйымдастыруға атқарушы билікті дер кезінде жұмылдыру үшін жасалған дұрыс қадам деп бағалаймыз. Ғалым ретінде де, Нұрсұлтан Əбішұлының білімді қызметінде қателесу болмайтынын өмір ақиқаттарынан көріп жүрген Қазақстан азаматы ретінде де өз басым жаңа Жолдау «Профилактикалық жұмыстарды» ерте бастан қолға алғандық деп ойлаймын. Дəрігерлер «ауруды емдеп жазғаннан, профилактикалық жұмыстарды дұрыс жүргізген əлдеқайда пайдалы» дегенді қадап айтады. Демек, бұл жолы да Көшбасшымыз білімді қадам жасады дегенді қуанышпен мəлімдеуге болады. Иə, осы Жолдауында Президентіміз атап көрсеткеніндей, алдағы екі-үш жылда əлемдік экономикада қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ біз Қазақстан бұл жолы да сол қиындықтардан сүрінбей өтетініне кəміл сенеміз. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында мемлекеттераралық келісімшарт негізінде АҚШ университетінде нарықтық экономика ғылымын оқыдым. Сонда оларда өтетін тұңғыш президент күнін көрдім. Иə, елінің іргетасын қалаған тұңғыш Президентке құрмет ерекше болады екен. Бұл меніңше, үлгі алатын дұрыс іс. Бертінде егемендік алғаннан кейін Нұрсұлтан Əбішұлының тікелей тапсырмасымен жасақталған ғылыми жұмыс тобында ОңтүстікШығыс Азия мемлекеттерінің даму жоспарларын үйрену үшін сол жақта іссапармен болғанда, ондағы бір елде корольдің туған күні ерекше аталып өтілетініне куə болдық. Бұл күнде мемлекет тұрғындары бір-біріне жақсылық жасауға құлшынып тұрады екен. Мерекедегідей сəн-салтанатпен киініп жүру ол күн үшін басты талап. Мұны мемлекет тұрғындары «Королімізге жасаған сыйлығымыз» деп түсіндіреді. Қандай тамаша жарасым! Қазақстан Тұңғыш Президент күнін атап өтуді дəстүрге айналдырып келеді. Бұл да бір ұлттық қажеттілік деп ұғына алсақ, дұрысы сол. Мың өліп, мың тірілген қазаққа дəл Нұрсұлтан Əбішұлындай еңбек сіңірген ұл кемдекем. Сондықтан, бұл күнде «Назарбаев оқуларын» өткізсек жақсы болар еді. Онда Көшбасшымыздың өмірбаянын жай судыратып айтып шығу қажет емес. Ең қажеттісі, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тұлға, білімді Мемлекет басшысы ретінде қалай қалыптасты, қиындықтармен қалай күресті, алдына қойған мақсат-мүддесі неге негізделді деген сұрақтарға жауап берсек, бір пайдалы іс жасар едік. Абай «Сүйер ұлың болса, сен сүй. Сүйінерге жарар ол» деген ғой. Біз бүгінгі жəне келер ұрпақты сүйер ұлды сүюге үйрете отырып, сол алып тұлғамыздың ерекше үлгі аларлық қасиеттерін ұрпақтанұрпаққа жеткізетіндей іс істеуге ұмтылуға тиіспіз. Сонда ғана қазақтың түтіні түзу шығады, сонда ғана Қазақстан «Мəңгілік Ел» деген қалауына жақындай түседі. АЛМАТЫ.


6

www.egemen.kz

1 желтоқсан 2014 жыл

2000

Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ ќўттыќтауы Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы шын жүректен жəне зор қуанышпен Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – Тəуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаушы кемеңгер тұлға, оның Тұңғыш Президенті, Елбасы. Қазіргідей күрделі кезеңде елімізді, Тəуелсіздігімізді нығайтып, ата -абадан мұра болып қалған қасиетті жерімізді сақтап, елдің бірлігі мен берекесін арттыра білген ғаламдық деңгейдегі саясаткер, тұлға басқарып келе жатқаны Қазақстанның маңдайына жазылған өлшеусіз тарихи табыс. Елбасының стратегиялық таланты, саяси жігері, қажырлы күш-қуаты, алға қойған мақсаттарға жету жолындағы табандылығы Қазақстанды – бірлік пен бейбітшілікті жəне қоғамдық келісімді басты құндылықтарына айналдырған гүлденген елге айналдырды. Осының арқасында, біз тұрақтылығы берік, келешегі сенімді, болашағы жарқын елде өмір сүреміз. Біз бүгінде Қазақстанның əрбір азаматы Елбасының тəуелсіз, дамыған мемлекет құру жолындағы қызметін терең ұғынып, шынайы ықыласпен қолдайтынына сенімдіміз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – бұл барша халықтың ортақ мерекесі. Айтулы мереке қарсаңында əрбір шаңыраққа береке, шаттық, бейбітшілік пен ынтымақ тілейміз. Халқымыз аман, Тəуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз Мəңгілік болсын!

ЌАЛАМЫМДЫ ЖАЗАМЫН НЎРЄА МАЛЫП! Болсын деп сəттілік iсiмде.

Тїс Айналам ғажап нұр екен, Тауды шарлап жүр екем. Қыранға тұғыр – биiктен, Елбасы көз сап тұр екен!

Нұр-ағаң енсе түсіңе, Жаратқанның ісі де. ...Қорған болар Елбасы, Ақ пейіл, адал кісіге. «Елбасы берсе батасын, Бақыттың дəмін татарсың. Дейтін-ді анам елжіреп, – Сенімін əркез ақтарсың».

Маңайы толған лала гүл, Нулы, дарқан дала бұл! Алатауда адымдап, Нар тұлғалы дана жүр.

Түсінген жанға – ең жақсы, Ел үшін туған ер жақсы. Түсіңде көрсең Елбасын, Ісіңді оңдап, қолдасын!

Маңдайға жазған бақтайын, Жəннат па дерсiң дап-дайын. Құс бiткен ғажап əн салып, Тербелген шырша, ақ қайың. Елбасын көрiп түсiмде, Сан ойлар тулап iшiмде. Жақсыға оны жорыдым,

Нұрлан ҚАЛҚА, «Астана-Бəйтерек» республикалық конкурсының жеңімпазы.

АСТАНА.

Сүбелі етіп əр сөзді, орамды оймен сөйлетіп, Асқар биік шыңдарға нық қадаммен өрлетіп. Нұрлы Жолым нұр шашты қазағымның бағына, Тəуелсіздік тұғырымыз мықты болсын төрде нық. Құжат болды бұл – дағы келешегі кемеңгер. Көңілін көптің жаулаған, ел құлағы елеңдер. Жеті бағыт бойынша болжанды ел өмірі, Елі үшін туған ерімнің əрқашан ісі еленер.

«Елдіѕ батасын алсаѕ, ґсіп-ґнесіѕ» Сайрамбай ДӨНЕНБАЕВ,

Мəѕгілік ел туралы жыр Нұрлы Жол деп аталды, Жолдауы келер жылымның, Болашаққа бастар жол, берекелі елімнің. Тыңдады жасы-қартаңы, құлақ асып барлығы, Сол тыңдаған жастардың мына мен де бірімін.

Қазақстан халқы Ассамблеясы.

«Шəушен» шаруа қожалығының төрағасы.

Қазақ хандығына 550 жыл тарихы терең мол аңыз, Ата Заң мен Ассамблея 20 жасқа толамыз. Елбасының саясатын қолдап қана жүрелік, Сонда ғана Қазақ елі Мəңгілік Ел боламыз. Есім ханның ескі жолы ел есінен кетпейді, Қасым ханның қасқа жолы қасқайып тұр нет мейлі. Ал бірақ та мен білетін бір мəңгілік заң бар-ды, Нұр ағаның нұрлы жолына ешбір жолдар жетпейді. Аллаберген ҚОНАРБАЕВ, Маңғыстау аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы.

Маңғыстау облысы.

Халыќ ўлы Ақ жүзді, ақ маңдайлы, ер тұлғалы, Сізді көрсем жүрегім бұлқынады. Бір құдірет, бар Сізде баурап алар, Елбасы ел иесі, ұлттың бағы.

Бір кездері тарқап кетудің сəлақ алдында қалған «Шəушен» шаруа қожалығында бүгінде 21 отар қой бар. Енді 2017 жылға дейін қой санын 40 мыңға жеткізуді мақсат тұтып отырмыз. Табын-табын жылқы жайылып жүр. 78 адам тұрақты жұмыс істейді. Еңбеккерлердің орташа жалақы лары 100 мың теңгеге жақындайды. Мұның бəрі, əрине, ұжымдағы жігіттердің еңбекқор, талапшыл, қанағатшыл, өз істерін сүйе білген іскерлік қасиеттері арқасында болғаны анық. Біздің шаруашылық мал шаруашылығын дамытып, ауыл жастарына жұмыс тауып беріп отыр. Қайбір жылы əр малшыға жеке-жеке үй, қора-қопсы соғып бердік. Бұдан бөлек осы ауыл төрінен орын тепкен мешіт, медресе, екі қабатты интернат, мектеп салуға көмектестік. Қазір бұл еңселі ғимараттар көздің жауын алып, ауылдың көркін ашып тұр. Биылғы Жеңіс мерекесі күні Жарлысу ауылынан 19321933 жылдардағы ашаршылық құрбандары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерт-

жатып, төр жаққа қарап қоямын. Елбасы менен көз алмастан ықыласпен тыңдап отыр. Əрине, қатты қобалжып тұрмын. Содан баяндаманы зуылдатып шығып, соңында облыс əкімі жазған «Енді өз сөзіңізді айтыңыз» дегенді де оқып жіберіппін. Нұрсұлтан Əбішұлы осыны байқап қалып «Сонда бағаналы бері кімнің сөзін оқып тұрсың?» деп күліп жібергені... Елдің бəрі ду ете қалды. Сасқанымнан «Нұреке, біздің Əулиеата жеріне сапарлап келгеніңізде ауылға қонақ болыңыз» дей бердім. Алла аузыма салған екен, сол жылдың 27 сəуірінде Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Елбасы Н. Назарбаев шаруашылығымды аралап, шаңырағымда құтты қонақ болды. Астана төрінде өткен сол үлкен жиында Елбасы мені екіүш мəрте орнымнан тұрғызып, кейбір мəселелерді талқылады. Əсіресе, Нұрекеңнің «Осы ұстап отырған бағытың дұрыс, бірақ тапқан ақшаңды жамбасыңа баса бермей, елге қарас. Елдің батасын алсаң жаман болмайсың, өсіп-өнесің» деген сөзі көкейімнен кетпейді. Тура осылай деп айтты. Шынында Елбасының айтқаны айдай келді. Елге көмектесудің арқасында біз

Ағасыз, жылы жүрек, мейірімі мол, Жатсынбай бар адамға бересіз қол. Дағдарыс деп жатқанмен, Сіз ел үшін, Қиын тұста қиналмай табасыз жол.

Тўѕєыш Парасатты талаппен Қазақстан магниткасын Құтқарған ауыр кеселден Ауыр жүкті көтерген Қадірменді Елбасым!

Қазыналы құт-кенімді Байлығын тұңғыш игеріп Шетелменен сөйлесіп Іс атқарған сенімді Сындарлы біздің Елбасы!

Жүрген жерінің серісі Арқаның өнер-кеніші Өршіл, өнерлі, жігерлі Ұл мен қыздың қамқоры Ойы ұшқыр, білікті Қадірменді Елбасым!

Егемен жас елімді Басқара білдің сенімді Қырықтан асқан шағында Сенім артпаған шегінде Бір Алла өзі қолдаған Ұшқан от бар көзінде Қадірменді Елбасым!

Елтаңбасын таңдаған Көк туы көкте самғаған Əнұранын бүкіл ел Олимпиадада тыңдаған Егеменді елімді Дүние жүзі таныған Данагөй біздің Елбасы!

Мансап қумай ешқашан Еңбекпен жетіп есейген

Еуропаның бес елі Сыйып кететін жерімді

Небір игі істерді Тұңғыш рет өткізген

Егемен қазақ елімнің Ұлан-байтақ жерімнің Айдын-шалқар көлімнің Ашық аспан көгімнің Қорғаушысы бір өзің, Қадірменді Елбасым!

Басшылыққа алған істі Ақыр соңына жеткізген Сенім артқан халқына Жанашырлығын көрсеткен Мерейлі біздің Елбасы!

Басқарған ел басы ұлы іс – Басталған жаңаша құрылыс: Оңдаған оны «бетбұрылыс», Оңғарған Елбасы құрып іс.

Басты алға азат ел – анамыз, Бастауда Нұрсұлтан данамыз. Гүлденді кең-байтақ даламыз, Түрленді сəнді сан қаламыз.

Алтайдан қарт Каспий арасын, Марқайған еңбектің даласын Өндіріс көркейтті, қарашы: Өндіргіш – қазақтың баласы.

Елдікке, бірлікке сенеміз, Ерлікке, тірлікке кененбіз: Жол жасап, қарыштап келеміз, Болашақ бағына енеміз.

Азия кіндігі – Астанам, Жазира кең далам – баспанам. Жəннатым – туған жер, жас қалам,

Дін мен тіл қуат берсін бойыңызға, Тəуелсіздік қашанда ойыңызда. Нұр аға, қазағымның шамшырағы, Бір Алла медет берсін жаныңызға.

Күлпараш ИМАНҒАЛИЕВА.

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосы.

Алматым – пейішім – Бас қалам! Мол шығып күтілген егінім, Молшылық – бағы боп елімнің, Тасыды байлығы жерімнің, Асырды атағын ерінің. Қазақтың сырына қаныңыз, Азат Күн нұрындай сəніміз. Өнерпаз халықпыз – жалынбыз, Өлең, саз, жыр – біздің жанымыз. Бақытқа бастаған данасы, Ақықтай нұрлы жас қаласы,

Өзіңіздей болса екен жігіттерім, Мендегі осылайша үміт-керім. Көш бастаған көреген ретінде, Ардақтап жатыр Сізді бүкіл елің.

Елімнің Тұңғыш Президенті! Мəртебең биік болсыншы Денсаулық болып əрдайым Бақ-береке қонсыншы Бір Алла өзі күш беріп, Жасыңыз ұзақ болсыншы. Көп тілегі көл болып, Атыңыз өрге озсыншы!

Жаса, Ќазаќстаным! Қазақ – құт: ғаламға танықпыз, Азаттық, ерлікпен алыппыз. Əр істі өңгерген алып – біз, Ғарышты меңгерген халықпыз.

Қазағымның маңдайына жаратылған, Ел үшін ұйқысыз-ақ таң атырған. Тəуелсіз Отанымның мол бағына, Тұлғасыз бақ, бақыт боп жаратылған.

Ғалия МЕЙРАМОВА, мұғалім.

БАЙҚОҢЫР.

Зейінді елдің əр баласы, Мейірлі ата мен анасы. Ғаламат əн мен жыр, күйіміз, Азамат шаттығы – биіміз. Меймандос, құтты əр үйіміз, Ей, жан дос, сізге мол сыйымыз. Жаңаша дарыған білімім, Жараса дамыған ғылымым. Қазақтың өркенін өсірген, Азат күн – бақытым – ұлы күн. Еріміз ерлікпен қарымды, Еліміз жойған өрт қаруды. Бастаған бірлікке əр үні, Басқарған көсемі – дарынды.

Тыныштық қорғаны – еліміз, Ырыс-құт мекені жеріміз. Дос – құтым, дайын, дос, төріміз, Достықтың қызығын көріңіз. Бірлігі дəстүрге айналған, Тірлігі бақытқа сайланған. Сыйлауды ғаламға үйреткен, Иманды халқымнан айналам! Құтты бақ төрінде той бүгін, Құттықтап, құшағын жайды күн. Ақтарып туған жер байлығын, Мақтан қып, тойлаймыз айбынын. Əдібай ТАБЫЛДЫ. АЛМАТЫ.

кіш аштық. Ескерткіш маңы аббаттандырылып, су бұрқақ орнатылып, бұл іске бас-аяғы 50 миллион теңге жұмсалды. Осынау тірліктің бəрі Елбасы мыз Н.Назарбаевтың оң саясаты арқасында жүзеге асып отыр. 2005 жылдан бастап асыл тұқымды мал басына мемлекет тарапынан берілген субсидиянық тірлігімізді өрістетуге үлкен септігі тиді. Əлі есімде, 2005 жылдың 1 ақпанында Астанада ауыл шаруашылығы бойынша үлкен жиын өтті. Жиынға Нұрсұлтан Əбішұлы да қатысты. Жамбыл облысының атынан менің сөйлейтінім алдын ала белгілі болған. Екі параққа жазып алған сөзімді облыстың сол кездегі əкімі Бөрібай Жексембин бір қарап шықты да «Тек қағазда жазылғанмен байланып қалма, салаға қатысты ойың, пікірің болса, ашық айт», деп соңына «Енді өз сөзіңізді айтыңыз», деп қаламмен жазып берген. Мінбеде қағазымды оқып

жұрттың сеніміне ие болдық, көптің алғысын, батасын алдық, шаруамыз алға басты. Осы күнге дейін мемлекеттен субсидия болмаса, ешқандай несие алмаппыз. Тек өз күшімізді, өз қаражатымызды жұмсап, өз еңбегімізбен жетілдік. Алдымен Аллаға, сосын Елбасымызға мың алғыс. Нұрсұлтан аға бізге үлкен аманат тапсырды, біз оған адалдық таныту үшін барымызды салдық. Осыдан кейін жыл сайын елдің игілігіне əлеуметтік бір нысан салып беру – басты мақсатымыздың біріне айналып кетті. Елбасымен екі-үш мəрте үлкен жиындарда кездесіп, тілдесудің сəті түсті. Əр кездесуден үлкен күш-қуат, ең бастысы – тың идеялар аламын. Жүзінен иманы төгілген Нұрсұлтан ағамен əр жүздесуім мені қатты қанаттандырды. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы.


Жуырда Ұлытау төріндегі ұлағатты сұхбатта Елбасы Н.Ə. Назарбаев ұлттық руханият жəне оның құрамдас бөліктері (тарих, дəстүр, дін, тіл, отансүйгіштік) жүйелі түрде қарастырылып күн тəртібіне қойылды. Осыған орай біз де өз ой-пікірімізді білдіруді жөн көрдік. Сонымен қатар, қазақтың хандық мемлекетінің 550 жылдығын тойлау туралы Н.Ə. Назарбаевтың ұсынысы халыққа өте қажет уақытта айтылуы да үлкен серпіліс туғызды. «...Біздің ең жоғары бағалайтын байлығымыз – Тəуелсіздік. Атабабамыздың қанымен, терімен келген тəуелсіздікті біз ешкімге бере алмаймыз. Оны қасық қанымыз қалғанша қорғауымыз керек», – деп Президент Н.Ə.Назарбаев нақтылап көрсетті. Елбасы одан əрі былай деді: «Менің арманым, ойым – Қазақстанның мəңгілік болуы. Сондықтан «Мəңгілік Ел» деген идеяны ұсындым. Мəңгілік Ел болу үшін бəрін жасап жатырмыз... Халықтар арасындағы байланыс, негізінен, ғылым мен білім, тарих пен мəдениет, дəстүр мен патриотизм салаларында өрбісе, онда руханияты мыз бен руханилығымызды дамыта түсеріміз анық. Бүгінгі күнде осы руханилық мəселесін күн тəртібіне толыққанды қоя білуіміз керек сияқты, оны кешенді ғылым мəселесі ретінде тереңірек зерттеген жөн. Жалпы, адамзаттың болашағы руханият ты жəне оның құрамдас бөліктерін ба рынша зерттеп, дамытуда. Адамдар арасындағы ізгілік қарым-қатынас əр уақытта əлеуметтік кеңістікті байыпты етеді,

дамытуда екені даусыз. Өйткені, ұлттың ұлылығы – оның руханиятында. Бəсекеге қабілетті, рухани жағынан жетілген адам қалыптастыру бүгінгі күннің өскелең талабы. Руханият дамымаған жерде əртүрлі кикілжің де, қақтығыс та көп болады. Басты ұстындардың бірі толеранттылық (төзімділік) болатын қазақ философиясы еліміздің бірлігінің рухани тірегі болып табылады. Руханияты мен мəдениеті жоғары халықтың болашағы да жарқын жəне айқын болмақ. «Мəдени мұра» бағдарламасын іске асыру – Тəуелсіз Қазақстанның жаңарған рухани келбетін, жаһанданған əлемдегі жаңа Республиканың орны мен ұстанымын, оның өркениетті қауымдастықтағы беделі мен мəртебесін көтеретін теңдесі жоқ гуманитарлық бағдарлама болды. Бұл Президент Н.Ə.Назарбаевтың жаңа ұлттық тарихымыздағы рухани ерлігі болатын. Адамзат тарихындағы ең қасіретті ХХ ғасыр келеңсіз құбылыстарды туындатты: қырғын соғыстар, діни экстремизм, терроризм, ұлтаралық соғыстар мен қақтығыстар, рухани азғындау, экологиялық жəне антропологиялык апаттар. Бірақ, үміттің сəулесі, адамдардың санасы мен ізгілікті еркіне деген сенім бізге өмір сүруге жəне болашаққа қатысты жоспарлар құруға көмек береді. Бейбітшілікті, тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету əлемдегі адамзаттық болмыстың шынайы рухани негіздерін сақтау мəдениет пен руханият арқылы іске асатыны даусыз.

2003

жəне алыс туыстарға, діндес жəне өзге діндегілерге, отандастарға жəне басқа да шетел азаматтарына деген туыстық сезімді қалыптастырады. Осылайша, руханилық адам бойындағы нағыз адамгершілікті, адамсүйгіштікті айқындайды, имандылыққа қарай жетелейді. Келер ұрпақты жүйелі түрде тəрбиелеу мен үйретуде осы ішкі дамудың жоғары деңгейі бас ты орынға қойылуы кажет. Педагогиканың міндеті қоғамның үйлесімді дамуындағы руханилыққа баулу болып табылады. Адами тұрғыдан даму мен қалыптасу немесе тоқырау мен өлудің сырын анықтау – міне, бұл, зайырлы немесе діни білімнің үнемі шешуін тауып отыруы тиіс тарихи дилеммалар. Руханилық – ең жоғары абсолютті өнегелік құндылықтар жүйесі ретінде қазақ этносының дəстүрлі мəдениетінде басты орынға ие болған жəне ғылымизерттеулер көрсеткендей, этикалық феноменді сипаттайды. Қазақ философиясының классиктері Ы.Алтынсарин, Ш.Уəлиханов, Абай, Шəкəрім өздерінің көптеген еңбектерін халықты іштей біріктіру факторы туралы ойларға, пайымдауларға арнаған. Мəселен, алтыншы сөзінде Абай қандай адамдарда бірлік болатынын жəне олар өз араларындағы бірлікке қалай қол жеткізетіндіктері туралы ой толғайды. «Бірлік – ақыл ға бірлік, малға бірлік емес», материалдық игіліктен гөрі, бірінші кезекте ой бірлігіне шақырған. Қазақ классигінің əлем, қоршаған ортаның шынайылығы

ПАРАСАТ ЭВЕРЕСІ

Халыќтыѕ ўлылыєын оныѕ руханиятымен мїсіндеген тўлєа Əбдімəлік НЫСАНБАЕВ,

ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының лауреаты, профессор.

халықтарды бір-біріне жа қындата түседі. Осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған этносаралық жəне конфессияаралық келісімнің жаңа қазақстандық үлгісі, интегралды өзара түсінісу философиясы қазіргі жаһандану заманында өте өзекті болып отыр. Сондықтан бүгінгі өркениеттер қақтығысы жүріп жатқанда, біркіндікті жаһанданудан көпкіндікті жаһандануға тезірек көшу қажеттігі туындап отыр. Бізге қазіргі халықаралық қатынаста қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты əлемдік өзара түсінісу этикасы туралы толығырақ айтатын күн туды. Адамзаттың тағдыры күннен-күнге біртұтастанып болып келе жатқанын ескеруіміз керек. Сондықтан XXI ғасыр гуманитарлық ғылым мен білім ғасыры болмақ. Ал ол философияны игермей дүниені біртұтас ұғыну мүмкін емес. Мəдениеттер мен өркениеттер бір-бірімен əлеуметтік, мəдени, рухани, экономикалық байланыс жасауға ұмтылып отырғаны белгілі. Тіпті, тарихтағы əртүрлі империялардың өзі осы жаһанданудың алғашқы кейіптері десе болғандай. Ал үлкен əлемдік дін дер де халықтарды рухани ықпалдастыра түсті. Қазіргі заманның жаһандануы, негізінен нарықтық қатынастардың қисынынан туып отырғаны мамандарға айқын. Сондықтан жаһанданудың теріс жағы экономикалық мүдделердің асыра дəріптелуінде, яғни əрбір халықтың ұлттық ерекшелігін басып-жаншып, сұрықсыздандыруында болып отыр. Сөйтіп, ол бұқаралық мəдениетті нағыз тарихи құндылықтардан басымырақ етуге тырысады. Енді ғана ұлттық жаңғыру жолына түскен халықтар үшін бұл үдерістердің зияндылығы осында. Қазіргі Қазақстан жағдайында, оның нарықтық экономика жəне демократиялық жолымен жүруі рухани дамумен астасып жатқаны бізді қуантады. Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанда қалыптасқан гуманизм, төзімділік, ынтымақтастық, этносаралық жəне дінаралық рухани келісім, тұрақтылық, сенім, халықтың демократиялық əдет-ғұрпы, сөз бостандығы сияқты маңызды құндылықтар «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың рухани іргетасы болып табылады. Жалпы, адамзаттың болашағы адамшылық пен руханиятты

7

www.egemen.kz

1 желтоқсан 2014 жыл

Қоршаған əлемді, адами өмірді əртүрлі ұғымдар, түсініктер, көркем бейнелер арқылы рухани игеруге ұмтылмайтын, даналық тағылымдарды қордаламайтын тарих толқынындағы халық та, ұлттық мəдениет те болмайды. Ол саланы қадірлемеу, оның философиялық байыбына жетуге тырыспау этностың рухани құлдырауына, əлеуметтік дағдарысына алып келуі мүмкін. Сондықтан дүниені əмбебап кейіпте танып-білуге, өрнектеуге талаптанатын философиялық дүниетаным кез келген мəдениет үшін, тарихи кезең үшін адамгершілік, гуманизм ұстындарын тарататын маңызды феноменге айналады. Қазақ халқы даналыққа құштар халық, сондықтан халықтық философия оның іштей қоғамдық өмір сүру формасы болып табылады. Ал енді қазақ халқының санғасырлық тарихында орасан зор рухани байлық, даналық тағылымдары болғаны жəне қазір де бар екені белгілі. Мəселе, сол рухани дүниені жүйелі түрде, кəсіби сараптаудан өткізе отырып келесі ұрпаққа жеткізе білуде. Бұл біздің халқымыз алдындағы рухани парызымыз. Міне, осы мағынада біздің əріптестеріміз, қазақстандық философтар қауымы бірталай жұмыстар атқарды. Бұрын жеткілікті назар аударылмай келген философиялық танымның ұлттық типіне барынша ыждағаттылықпен назар аударыла бастады, тарихтың «ақтаңдақтары» болып келген көптеген жаңа ойшылдар мен шығармаларға ғылыми-философиялық түсініктемелер де беріліп үлгерілді. Шығыстың бай əр алуан философиялары, олардың ішінде қазақ халқының философиялық мұрасы батыстағыдай қалыптасқан рационалдық философиялық жүйелерде емес, мифологияда, поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз əдебиетінде, мақал-мəтелдерде, қанатты сөздерде жатыр. Əлемді, адам ды, оның өзін-өзі тануын, сөйтіп, өзін басқаға танытуы, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық-дүниетанымдық жəне дəстүрлі этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мəн беру қазақ философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы – шығыстық философиядағы, ең алдымен, ұлы Абай «Адам бол!» дегендей, толық рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дəстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік кісілік, тұлғалық мазмұнымен байытқан философ ақынымыз. Руханилық бүкіл əлемге туыстық сезімдерді туындатады, сəйкесінше, барлық адамдарға, яғни отбасы мүшелеріне, жақын

мен адамдардың қатынасын танудағы бірлік ұстанымы – оның маңызды ойларының бірі ретінде танымал. Қазақстан жерінде бүкіл дəуір де, Қорқыттан Шəкəрімге дейінгі уақытта, философиялық ізденістердің ортасында – адам болудың мəні тұрды. Адам дегеніміз не, ол қандай болу керек? Шынайы адамгершіліктің пайда болуына не себепкер жəне оған не қарсы келуі мүмкін? Қазақы ой толғаудың өзге философиялық толғаныстардан ерекшелігі – адамды жоғары бастауларға жетелеу. Қазақ философиясының мақсаты адам мен адам арасындағы қарымқатынасты ұғыну мен оны дұрыс жолға қою болып табылады. Жаһандану жағдайында алдымызда тұрған міндеттердің бірі – халқымыздың ежелгі тарихи, мəдени жəне рухани əлемінің терең тамырларын анықтап, оларды терең зерттеп, философиялық тұрғыдан біртұтас жүйеленген ұлттық мұрамызды жаңғыртып жасап шығару. Қазақ халқының əлемдік өркениетке «мен» дегізерлік өзіндік болмысымен енуіне мүмкіндік беретін, ілгері дамуымызға тұғыр болатын ұлттық санамыздың ұстанымды ерекшеліктерін саралау өте маңызды жəне бұл ғасырлар тұңғиығымен тамырласып жатқан ұстаным. Құндылықтарды, яғни біздің ұлттық тұтастануымыз үшін табан тірейтін тұғырларымызды, ұлттық руханиятымызды жаңа өркениеттік көзқараспен, терең

біліктілікпен жан-жақты талдауға мегзейді. Тəуелсіз еліміздің Тұңғыш Президентінің бастамасымен жасалып отырған аталмыш «Мəдени мұра» рухани жаңаруымызға байланысты көптеген көкейкесті мəселелерді толық қамтып отыр десек, қателеспеген болар едік. Мұндай ерекше бағдарламалардың дəл осы тұста, яғни дербестігімізге жиырма үш жыл толған соң да өз өзектілігін жоғалтпайды. Бұл тағы да Қазақстан Республикасын құрушы қазақ халқының өміршеңдігін, арман-тілегінің орындалғанының айғағы емес пе? Олай болса, соқпағы көп тар жолда көршілес елдермен терезесі тең болу үшін дұрыс бағдар ұстап, əлемдік өркениетке ұмтылу, өз халқыңның жетістігін əлемге паш ету əрбір Қазақстан азаматының парызы. Осыған орай, атқарылған іс, жоспарланған жұмыстың барлығы өркениет өлшемдеріне сəйкес, маңызды. Қазіргі танда мəдениеттің ұлттық даму шеңберінен шығып əлемдік өркениеттік үрдістерді қозғап отырғанына өзіміз куəгерміз. Алайда, аталмыш жаһандық мəселелер ұлттық мəдениеттің өзіндік болмыстық ерекшелігіне нұқсан келтірмеуі керек. Жаһандану қалыптасқан айырмашылықтарды ысырғанымен адамзатты біріктіреді, ендеше, осы тұста адамзат үшін ең қажеттісі біртұтастылық. Қазіргі өркениет өзінің даму жолында ескі құндылықтарды

сыни бағалау кезеңді өткеріп отыр. Осы күрделі кезең Қазақстанды да айналып өтпейтіні сөзсіз. Ендеше, өзінің дара жолымен дамып келген ұлттық мəдениетіміз осы жолдан адаспай, өзіндік қасиетін сақтай отырып əлемдік өркениет көшінен құр қалмауы тиіс. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін, əрине, діни қайта өрлеу басталғанын жəне осының оң құбылыс екендігін бəріміз білеміз. Атеистік жəне тоталитарлық санадан арылу, ар тазалау өте маңызды үдеріске жатады. Бірақ басқа мұсылман елдеріне діни білім алуға барған жастар көбінесе сол біліммен қатар, бөтен сананың ықпалына еніп кетеді, төлтума мəдени кұндылықтарға деген оларда нигилистік көзқарастар қалыптасады. «...Қазақстанның болашағы жарқын деп санаймын. Себебі, біз ешбір елге тиісіп көрген халық емеспіз. Ешбір елге жау емеспіз. Төңірегіміздің ешқайсысы да бізге жау емес... Осылай төңірегіміз бейбіт, өзіміз бейбіт, ішіміз бүтін, бірлігіміз берік болса, ұтылмаймыз. Қазақтың бірлігі – мына көпұлтты халықтың бірлігі. Біз бірте-бірте жарқын болашаққа жетеміз деп санаймын», – деді Н.Ə.Назарбаев. Біздің бірлігіміз нығайсын десек, онда ішкі ерекшелік пен этностық өзіндік сананың көптүрлілігін сақтауымыз қажет. Қазақстан келісім мəдениетін қалыптастыру, экономикалық, азаматтық жəне саяси жаңару,

постиндустриялық ақпараттық қоғамға серіктестік пен өркениеттер, мəдениет пен діндер сұхбаты арқылы даму жолында келеді. Əрі біздің бай тəжірибеміз XXІ ғасырдың əлемдік бірлестігінде қажет болуы мүмкін. Біздің республика əлемге этносаралық, мəдениетаралық жəне кон фессия ара лық келісімнің ерекше тəжіри бесін, яғни жаһанданған əлемдегі айрықша қазақстандық жолды («тұрақтылықтан – жүйелі жаңару арқылы – орнықты даму мен гүлденуге жету») паш етеді. Этносаралық, мəдениетаралық жəне конфессияаралық қатынастардың ғылыми негізделген ба қы лау ды Қазақстан аймағы бойынша іске асыру жəне тұтас бірыңғай мемлекет деңгейінде азаматтық бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы саяси-құқықтық негіз құру қажет екенін айта кету керек. Қазіргі заман қарама-қайшы сипатқа ие болғандықтан, мəселе бұрынғыдан да шиеленісе түседі. Кейін гі əлемдік экономикалық жəне қаржылық дағдарыс бірдіңгектіден көпдіңгектік жаһандануға өту қажеттілігін көрсетті. Бір жағы нан, жаһандану əлемді «бір үлкен ауылға» (ЮНЕСКО) айналдыра отырып біріктіреді, техникалық жəне ақпараттық мүмкіндіктерді көбейтеді. Екінші жағынан, мəдениетті жалпы қорытындыға келтіруге тырысу ұлттық ерекшелік пен этникалық бірегейлікке қауіп төндіреді. Тереңдеп бара жатқан жаһандануға төтеп беруге бола ма? Сірə, тек жоғары руханият, рухани шындық қана қарсылыққа, өз ерекше ұстындары мен заңдарын сақтауға қабілетті. Рухани саладағы жетістіктері бар əлемдік діндер ғана стандарттау қаупін тудырмайтын нағыз жасампаз күш. Қазақстан – əлемді мəдениетаралық байланыс пен сұхбат үлгісімен үміттендіретін бірегей ұлттық унитарлық мемлекет. Біздің тəжірибе, əсіресе, халықаралық қауымдастық үшін құнды, себебі, азаматтық қоғам мен демократияның дамыған формаларына бағдар беретін либералдық пішін мен дəстүрлі құндылықтар синтезін көрсетеді. Жаңа интегралды өзара түсінісу философиясы Батыс пен Шығыс дəстүрінің сындарлы синтезін іске асыра отырып, өзінін басымдылығы ретінде рухани-адамгершілік ұстындарын анықтайды, олардың ішінде түрлі өркениеттер мен конфессиялар үнқатысуына негізделген Үміт ұстыны бар. Өзара түсінісу философиясы қазіргі көпэтносты қоғамның рухани келісімінің дүниетанымдық жəне əдіснамалық негізі болып табылады. Мəдениеттердің сындарлы үнқатысуы туралы, өзара түсіністікке, келісім мен бірлікке қол

жеткізу қажеттігі туралы айтқанда, біз нақты үнқатысуды, яғни оның барысында тараптар бір-бірін еститін, ең болмағанда бір-бірін естуге тырысатын үнқатысуды айтамыз. Сондай-ақ, түсіну дегенді белгілі бір мəдениеттің материалын теориялық тұрғыда игеруді ғана емес, сонымен бірге, шын жүрекпен мойындауды айтамыз. Біз үшін келісім бір-біріне «төзуді» белгілейтін мəжбүрлеу шарты емес, мақсаттар мен міндеттердің ортақтығын шынайы түсіну мен қабылдау. XX ғасырда қалыптасқан жаңа гуманизм идеялары бойынша «тұрпайы», «жабайы», «қиратушы», «дөрекі», «анайы» сияқты бағалау үлгілерін ежелгі тарихи нормаларға қолдану қазіргі адамның өзінің арғы тектеріне деген шовинизмі болып табылады. Осындай ұғымдардың орнына ежелгі қоғамды адамзаттың сəбилік шағы деп бағалау, қай жағынан алсаң да əбден орынды. Қазақ ұлты жаңа демократиялық мемлекетті құрушы, барлық қазақстандықтарды біздің ортақ тарихымыз бен ортақ құндылықтарымыздың, ортақ келешегіміздің айналасында топтастыратын ұлт болып табылады. Сол себепті де, елдегі басқа этностар алдында оның мойнына үлкен жауапкершілік жүгі артылған. Н.Ə.Назарбаев өзінің жаңа интегралдық дүниетанымын, жаңа өзара түсінісу философиясын, жаңа құндылықтар жүйесін ұсынып, оны тиімді жүзеге асыра отырып, мұндай келісімнің қазіргі заманда негізі рухани-адамгершілік құндылықтар болуы тиіс деген маңызды қорытындыға келді. Жалпы алғанда, «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – Тəуелсіз Қазақстанның, оның Президентінің үлкен жетістігі, еліміздің нағыз мəдени бренді болды. Осындай жүйелі қомақты жұмыстар еліміздің рухани-мəдени қауіпсіздігі мен тəуелсіздігін нығайтуға септігін тигізеріне, еліміздің жаһандану үдерісіне енуінің қажетті баспалдағы болатынына кəміл сенеміз. Ол үшін «Мəдени мұра» стратегиялық ұлттық жоба бойынша жарық көрген əдебиеттерді еліміздің білім беру саласына тиімді үлгімен тезірек енгізген жөн. Ендеше, халқымыздың мəдени мұрасын белсенді игеру арқылы ұлттық рухымызды жандандырамыз, қабілетті өркениетті елдер қатарындағы тəуелсіздігімізді нығайта бермекпіз. Жуырда соның бір дəлелі ретінде əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановтың ғылыми басшылығымен «Əл-Фараби жəне қазіргі заман» атты жаңа оқу құралының тұсаукесер рəсіміне қатыстық. Оқу құралы университет пен философия, саясаттану жəне дінтану институты ғалымдарының бірлескен интеграциялық-инновациялық жобасының бір көрінісі. Осындай жұмыстар ғылыми кадрлар даярлауда да өз жалғасын табатынына сенімдіміз. АЛМАТЫ.


8

www.egemen.kz

1 желтоқсан 2014 жыл

Елін сїйген, елі сїйген Елбасы

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


Қ

азақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назар баевпен өмірімнің ең маңызды кезеңдерінде – студенттік жылдарымда, магистрант кезімде жəне PhD докторант ретінде үш рет жүзбе-жүз кездесіп, сөйлесудің сəті түсті. Ол Анамның ақ тілегінің қабыл болғанынан шығар деп ойлаймын. Əлқисса, сегіз құрсақ көтеріп, аман қалған алтауын адам қылып шығарған Батыр Анам Ағза Көшербаева бұдан бес жыл бұрын Елбасы қолы қойылған құжатымен Күміс Алқа иегері атанды. Зейнетке шықса да үй тірлігінен тыным таппайтын жан, саясатпен шаруасы жоқ еді, ризашылықтан болар, сол жолы түс көріпті. Түсінде Президент біздің үйге келіп жүр екен дейді. Анамыз балаларын алаламаса да ішінен мені бөліп алып, Н.Назарбаевқа таныстырып жатыр екен. Ертеңіне соны айтқанда бəріміз бір күлісіп алдық. Өзі: «Жақсылыққа жорыдым. Мүмкін, сен кездесетін шығарсың», – деді де қойды. Айтқанындай, дəл бір жылдан соң мен оқып жүрген Маңғыстаудағы маңдайалды жоғары оқу орны – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университетінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына Елбасы келеді екен деген жақсы жаңалық естідік. Оның алдында республикалық студенттер олимпиадасынан жүлдемен оралған, «Университеттің ең үздік студенті» атанған, мемлекеттік грант стипендиясына қоса атаулы шəкіртақы иегері болып айдарымнан жел есіп жүрген маған да белсенді жастармен бірге Президентпен кездесу бақыты бұйырды. Бүгінде Ақтау қаласының көрнекті орындарының біріне айналған университет қалашығы – кампус құрылысымен танысып, риза болған Елбасы жастармен кездесуге көңілді келді. Студенттердің əр сөзін мұқият тыңдап, арасында əзілмен сұрақ қойып, еркін əңгімелесті. Қорытынды сөз маған тиді. Қысқа ғана сөйлеп, арнауымды оқыдым. Мынау жолдар содан үзінді: Көз алдымда көгілдір сарай тұрды, Сарайдан санамызға арай кірді. Шəкірттерге шатырхат үлестіріп, Жөн сілтеуде ертеңге қарай нұрлы. Кетпеу үшін келешек көзқаман боп Оқу менен тоқудан өзге амал жоқ. Адамзаттың борышы – ғылым қамдау Күнілгері алдағы кезге алаң боп. Онсыз да елдің кеткен көп есесі, Беймүмкін түгендеуім деп нешесі? Бір анық – білім-ғылым кенже қалып, Халқымның өткен күнге өкпесі осы.

9

www.egemen.kz

1 желтоқсан 2014 жыл

2006

болады екенсіңдер, көрейік. Ол үшін 2030 санынан өздеріңнің туған жылдарыңды азайтасыңдар», – деп үйрететін. Мен 2030 – 1988 = 42 деген есепті шығарып алып, тағы да армандайтынмын əкемнің жасына жетеді екем, енді ол көре алмай кеткен бақытты, қызықты, жақсылықты анамыз көрсе екен деп. Шүкір, ол армандарымыз да орайымен орындалып келеді. «Белгілі бір партияның жетекшісін көсем деп атайды. Ол сол саяси ұйымның идеологы, рухани жол бастаушысы рөлін атқарады. Көсем ерекше дарындылығымен, жұрт мойындайтын беделімен, басқарудағы жан-жақты қабілетімен халықты өзіне баурап алып, харизмалық қасиеттерін танытады. Ол қауымның мүддесін шынайы сезініп, қорғай білетін, көпшілікті əлеуметтік мəселелерді шешуге жұмылдыра алатын қабілеттерімен көзге түседі. Бұл да Елбасы бойында бар қасиеттер. Оған өзім былтырғы 18 қазанда «Нұр Отан» партиясының XV съезіне қатысқанда көзім жетті. Осы жолы Елбасымен кезекті рет кездестім. Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың дəл артында отырып, «Нұр Отан» партиясының құндылықтар бағдарын белгілеуге, партияның алдағы ондаған жылдардағы миссиясын айқындауға арналған жаңа саяси Доктринасының қабылдануына дауыс бердім. Сол съезде Төраға партияның XXI ғасырдағы көшбасшылығы қандай болуы керектігі жөніндегі көзқарасын білдіріп, «Нұр Отан» басты патриоттық күшке айналуға тиіс екенін айтты. Партияның маңызды миссиясы – «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап көрсетілгендей, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың жалпыұлттық орталығына айналу екендігін ескертті. Жəне партияның азаматтық қоғамдағы көшбасшылығының маңыздылығын атады. Əлеуметтік жаңғыртудың маңызды бағыты жастар саясаты екеніне байланысты XXI ғасырда көшбасшылықтың тізгіні тек жастар белсене қолдайтын партияда ғана болатынын айтты. Съезд соңында партияның жаңа 50 тұлғасымен, делегаттармен көрісіп, амандасып, əрқайсымызбен əңгімелесті. Мен сол жылы педагогика ғылымдарының магистрі атанғанмын, қазір PhD докторантпын. Тұлға табиғаты туралы танымдық тақырыптарға қызығушылық танытып жүрмін. Абай отыз тоғызыншы қара сөзінде: «Ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел

АНА ТІЛЕГІ АДАСТЫРМАЙДЫ

Таппақ боп байтақ елдің бақ талабын, Жұртың үшін жаһаннан жоқ қарадың. Оны ертең тарихым растайды, Дүниенің дерегі Хаққа мəлім. Озалдан ие дүние атқа «бір кем», Қалмаған жалғаншы бақ, тақ та кімнен?! Қай кезеңде қандайы қазағымның Көрінер көсемінен атқа мінген. Өзіңізбен жетеді төбем көкке, Үлгі боп əлемдегі келем көпке. Талап һəм артық қылып білігіммен, Жаратқан, биігімнен төмендетпе! Елбасы бізге ақ тілегін арнап, батасын берді. Сол алғашқы кездесудің əсері айрықша сезім сыйлап, Президенттің көсемдік қасиеттері мені қызықтыра бастады. Оның заман туғызған, қоғам қалыптастырған көреген қайраткер екеніне көзім жетті. Саяси түсіндірме сөздікте «Саяси тұлға көпшілік халықтың мақсат-мүддесін дөп басып, ойынан шығып, ол мүдделерді мақсатты түрде қажырлылықпен іске асырған жағдайда ғана көсем саналады» делінген. Ендеше, еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістіктерінің барлығы Елбасы есімімен байланысты. Демек, Қазақ елі көсемін қателеспей тани білді. Елбасы оң бағытты жолдай білді, елхалқы оны қолдай білді. Осы тұста өткен күндер ойыма оралып тұр. Əсіресе, 1997 жылғы ең алғашқы Жолдауы – «Қа зақстан-2030» Стратегиясы жарияланған уақыт. Елбасының Тəуелсіздіктің елең-алаң шағында «Əуелі – экономика, содан кейін – саясат» деген ұстанымының өзі сол кезде нағыз саясат, көрегендік қағида болған екен. Өйтке ні, бұлжымастай көрінген жүйелердің бір күнде өзгергені «сананы тұрмыс билеген» тұста бо дан дықта туып-өскен бірнеше буынның идеологиялық тоқырауына алып келді. Көш бастаған көсемнің сыналар сəті де осы еді – жас мемлекеттің құрылу кезеңі, қалыптасу шағы бейбіт күндегі қаһармандықты қажет етті. Соны сезінген Елбасы «2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады жəне өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін», деп жігерлендіріп, рухтандырды. Сол кездің өзінде «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дəстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі əлемге əйгілі əрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», деп сенім арта сөйлепті. Ол күндері мен бастауыш сыныпта оқитынмын. Келесі жылы 42-ге енді толған əкеміз қыршынынан қиылып, бақилық болып кетті, бар салмағымыз анамыздың арқасына батты. Тұрмыс тауқыметін бала жүрегімізбен сезініп өстік. Мектеп қабырғасындағы үлкен карта бетіне барыстың секірген сəттегі суреті бейнелен ген символ мен жаңағы жалынды сөздер бала қиялымызды қияндарға жетелейтін, алыс армандарға асықтыратын. Есеп сабағында сынып жетекшіміз Бақыт апай Қуанышеваның бір амалды үйреткені де ерекше есте қалыпты. Сонда: «Балалар, 2030 жылы Қазақстан бай, дамыған мемлекет болады. Қазіргі уақытша өтпелі қиын кезең артта қалып, сендер өскенде барлық жағдай жасалады. Сол кезде неше жаста

қызметімен, жоғары білім алған қазіргі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетімен, Тұңғыш Президент мұражайымен танысқан біздер ағалардың естеліктерін тыңдай отырып, ол күндегі озат оқушы, болашақ Елбасының бойындағы басқарушылық-ұйымдастырушылық, көсемдік қабілетінің ең алғаш осы мектепте жүргенде көріне бастағанын білдік. Қай аймақта жүрсек те Елбасы ізі мен қолтаңбасын көріп жүрдік. Қай бір жылдары ұлттық ұпай деп ұрандап, арзан абырой үшін жалған патриоттық пен жалаң ұраншылдықты ту еткендер де табылмай қалған жоқ. Сондай-ақ кеңестік патриотизм мен интернационализмге балама ретінде ұлттық патриотизмді ұсынғандар болды. Оны бұрыс дей алмаймыз, бірақ посткеңестік кезеңде, Қазақстанның геосаяси жағдайында ол біржақты ұстаным болған болар еді. Осыны сезген Елбасы жалпықазақстандық патриотизм, толерантты, зайырлы мемлекет құруды көздеді. Онысы тарихи дұрыс таңдау болыпты. үгінде «Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мəңгілік Ел! Мен Мəңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым» дегені – ендігі біздің мемлекеттік идеологиямыз да осы деген сөз. Бұл идея біздің құбыла-намамыз болады. Оның халық жүрегіне бірден жол табуының себебі де сан ғасырлардан ұлттың ұлы аңсарына айналған арманының санамызда қайта жаңғыруынан деп білемін. Саяхатымызда ұлан-байтақ жерімізді кедергісіз кезіп келіп, көңілім тасып, мерейім асып, Маңғыстауға оралғанда жазған сапарбаяныммен сөзімді аяқтаймын. Қайда жүрсек жол ашты көкте күліп кербез Күн, Жолға шықса білінер айырмасы ер-ездің. Жақсылармен жолдас боп, керуеніммен сап түзеп, Асанқайғы бабамдай ел аралап, жер кездім. Сапарымның басында Батысымды барладым, Солтүстікті түгендеп, Шығысымды шарладым. Жетісудың бойында жеті күндей жер шолып, Жүріп өткен жолымды Оңтүстікте жалғадым. Қалды артта ну орман, көк тіреген тау, өзен, Алтай, Арқа, Алатау, арта бергей дəрежең! Айшылық жол артқа сап, Маңғыстауға оралдық, Керуенімді қарсы алды Бейнеуім мен Жаңаөзен. Көз жеткізіп білгенім – бүтіндігі іргенің, «Төрт құбылам түгел» деп, қамсыз көңіл бірледім. Аңсап жеткен Ақтауым сағынышын сыр қылып, Менің дағы кеудемнен ақтаруда жыр кенін. Ел адақтап жүргенде көзім жеткен анығым: Туған жердің тау-тасы – тұнған тарих, тағылым. Киесімен даңқы асқақ, иесімен көрікті, Бар тілегім – баянды болуы сол бағының. Берекеге бастайтын бірлік болса – бақ жалғас, Қуаныштан кепсінші қасіретпен аққан жас. Өткен күнге Тəубе деп, келешектің қамы үшін Айтулы күн ақ тілеп, атап қойдым ақсарбас! Мəңгілік Ел арманы жүректерде жүр барша, Сол арманға əлі де арналады жыр қанша?! Болашағын елімнің мəңгілікпен өлшеймін, Қазақ елі жасайды дүние-жарық тұрғанша.

Б

басы мен топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден бірге жүргізбек болмайды екен. ... тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, əулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен», дейді. Бірақ Абай айтқан елбасы – рубасы, жүзбасы деңгейінде болса, қазіргі ұғымымыздағы Елбасы сөзінің ауқымы кең: ұлт пен ұлыстардың басын қосқан беделді басшы, мемлекетін жеңістерге жеткізе білген жетекші, халықаралық деңгейдегі əралуан шараларды ұйымдастырушы тұлға. лбасы «Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлес тіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! Əсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа əрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!» деп, сенім артты. Сондықтан еліміздің естияр азаматтарының қай-қайсысы да осы жауапты əрі абыройлы істен қалыс қалмауы керек. Бұл уақыт талабымен жүзеге асып келе жатқан сан ғасырлық ізгі армандарымыз бен мақсат-мұраттарымызға үлес қосуға берілген мүмкіндік.

Е

Осы орайда біздер – Маңғыстау жастары «Менің Елім – Мəңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» автоэкспедициясын ұйымдастырдық. Елбасы Н.Назарбаев 1 қазан күні Маңғыстау облысына келген сапарында теңіз жағасында жастармен кездесіп, мен экспедиция жобасын таныстырдым. Нұрсұлтан Əбішұлы біздің бастамамызды қолдап, ақ жол, сəтті сапар тіледі. Саяхатшыларды сапарға шығарып саларда Елбасы «Біздің ұлы тарихымыз бар. Ғұндардың, Сақтардың сарқытымыз. Алтын Орданың бүгінгі орнын басқан, Түркі қағанатының мұрагеріміз, шекарамыз да қазіргі көлемімен шектелген жоқ. Осыны елге айта жүріңдер», – деді. Рас, арғысын айтпағанда, қазақ қазақ болғалы – хандық дəуірде де, патша өкіметі тұсында да, кеңестік кезеңде де ұлтымыз ұтылып кетпесе екен, жұртымыз жұтылып кетпесе екен деп шарқ ұрған, тəуелсіздікке талпынған елміз. Байқасақ, Елбасы осыдан он бес жыл бұрын да, жаңа жүзжылдыққа тұрақтылық пен қауіпсіздікті ту еткен Жолдауында Тəуелсіздік жолындағы тарихтан тағылым алуға шақырған екен: Ұлы Түркі қағанаты, Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда кезеңдері жəне Қазақ мемлекетін құрған Керей мен Жəнібек хандардан бастап кешегі Абылай хан мен Кенесарыға дейін, жиырмасыншы ғасыр басындағы Алашорда қайраткерлері мен ғасыр соңындағы қаһарман желтоқсаншылар туралы айта келіп, XXI ғасырдағы егемен елдің ендігі мақсат-мұраты – тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау дейді. Сол бастапқы қағидадан қазірге дейін айныған емес.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған біздің экспедицияның мақсаты – барлық өңірлерді аралай жүріп, Қазақ елінің тарихын, мəдениетін, əдебиетін, тілін насихаттау. Бұл сапар жастарды ортақ мақсаттарға біріктіріп, Мəңгілік Ел идеясын насихаттап, қазақстандық патриотизмді арттыруды, аймақтар арасында мəдени ынтымақты нығайтуды, туризмді дамытуды көздеді. Құрамында этнографтар, тарихшылар, журналистер, блогерлер, фотограф жəне оператор, көлік жүргізушілері мен инженер-механик (барлығы 20 қатысушы) бар экспедиция бір ай ішінде 10 000-нан астам шақырым жолды жүріп өтіп, 14 облыс пен қалаларда, аудан-ауылдарда кездесу, танысу, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Сапарымызды Тұңғыш Президент күні қарсаңында Астана қаласында қорытындыланды. Айтайын дегенім, осы сапарымызда Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылында болып, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың туған жерімен, ол білім алған Қарасай батыр атындағы мектеппен, алғашында Абай атындағы орта мектеп болып ашылып, тоқсаныншы жылдардың соңында мұражайға айналған тарихи-өлкетану музейімен таныстық. Елбасы мектепті сонда бітірген екен. Н.Назарбаевтың сол кездегі мұғалімі, ардагер ұстаз, 96 жастағы ел ақсақалы Сейітхан Исаевпен жəне сыныптасы, өмір бойы педагог қызметін атқарған ардагер ұстаз Сайлаубек Қыдырəлиевпен кездесіп, əңгімелестік. Бұған дейін Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы металлургия зауытына барып, Елбасы еңбек жолын бастаған кен орны

Бақтыбай ЖАЙЛАУ, Ш.Есенов атындағы КМТИУ-дің PhD докторанты.

АҚТАУ.


10

www.egemen.kz

1 желтоқсан 2014 жыл

2009 Елбасы пəтер сыйлаєан бала Жамбыл облысының халқы бүгінде 1 миллион 94,5 мың адамға жетіпті. Осы орайда көкейде «Миллионыншы болып туылған бала қазір қайда жүр екен?» деген сұрақ көлбеңдеді. Жалпы, Жамбыл жұртшылығының миллиондық межені 2005 жылы бағындырғанын білеміз. Одан бері де он жылға жуық уақыт өтіпті. Баланың бүгінгі өмірі қандай? Бізді осы сұрақ қызықтырды. Содан Т.Рысқұлов ауданының əкімдігіне қоңырау шалдық. Ондағылар «Иə, миллионыншы тұрғынның біздің ауданнан тіркелгені рас» деп, нақты мəлімет алып беруге уəде етті. Жан-жақтан сұрастыра келе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрдəулет Жамалбеков əлгі баланың əкесінің ұялы телефон нөмірін тауып берді. Дереу қоңырау шалдық. Тұтқаны мектеп жасындағы бала көтерген сияқты. Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, журналист.

– Алло, бұл Нұрбол Түстікбаевтың телефон нөмірі ме? – Иə. – Ата-анаң үйде ме? – Олар үйде емес. Жұмысқа кеткен еді. – Балақай, онда былай. Сендердің үйде 2005 жылы туылған бала бар ма? – Иə, бар. Ол мен ғой, – деді балақай. «Іздегенге сұраған» деген осы. Данияр Əсемқұл есімді Жамбыл облысының миллионыншы тұрғынымен осылай танысып алдық. Өзі үшінші сыныпта оқып жүр екен. Бір кезде: – Анаң қайда жұмыс істейді? – деп сұрадым. – Жамбыл политехникалық колледжінде. – Қалай сонда? Сендер Т. Рысқұлов ауданында тұрады емессіңдер ме? – Жоқ, аға, ол былай ғой.

Бізге Президент Нұрсұлтан ата осы Тараз қаласынан пəтер берді. Сосын осында көшіп келдік, – деді Данияр. Мұны естігенде шыны керек, қуанып кеттім. Даниярдың отбасымен жолығуға асықтық. Анасы Шолпан Құрманбекова физика пəнінің маманы екен. «Миллионыншы тұрғынның анасы атанамын деген ой мүлде болған жоқ» деп риясыз күліп алды. – 2005 жылдың 23 қыркүйегінде Даниярды босандым. Арада үш ай уақыт өткенде аудандық əкімдіктің қызметкерлері келіп, «Сіздің балаңыз Жамбыл облысының миллионыншы тұрғыны атанды» деген сүйінші хабарды жеткізді. Облыс бас шылығы осыған орай сіз дерді құттықтауға келеді деп ескертті. Бұлай болады деп кім ойлаған? Тура сол жылдың желтоқсан айында облыс басшылары арнайы құттықтап келіп, Елбасымыз Н.Назарбаевтың атынан бізге Тараз қаласынан үш бөлмелі

пəтердің кілті мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырды. Қуанышымызда шек болған жоқ, – дейді Шолпан Құрманбекова. Миллионыншы тұрғын Данияр Əсемқұл бүгінде Тараз қаласындағы №53 орта мектептің 3 «Д» сыныбында білім алып жүр. Білімге деген құштарлығы мол. Оны мектебіне барғанымызда ұстаздары айтты. «Данияр өте алғыр бала. Оқу үлгерімі жақсы. Айтылған мəліметті тез ұғып алады. Мəнерлеп оқуы да керемет. Оны ылғи да өзіне айтып отырамын», – дейді сынып жетекшісі Марал Əбдіқадірова. Данияр отбасындағы екінші перзент. Перизат есімді əпкесі, Мерейдей қарындасы бар. Біз оған «Тəуелсіз еліміздің аспанкөк туын көкке көтеретін азамат бол!» деп тілек білдірдік. Жамбыл облысы. ––––––––––––––

Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН

ШЫН ЖЇРЕКТЕН ШЫЌЌАН СҐЗ Сонау 2005 жылдың оныншы мамыры күні Мəскеуде Жеңістің алпыс жылдығына байланысты өткізілген шеруге қатысқаннан кейін республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласына келді. Елбасы мұнда Жəңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен кездесіп сол жылы қабылданған «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша іске жұмыла кіріскелі отырған студенттік жасақтардың тұсауын кесті. Əрі Президенттің өзі тікелей бастамашы болып университет бағына өз қолымен емен ағашының көшетін отырғызды.Президент шаншып кеткен сол шыбық бүгінде терекке, шағын бір ну тоғайға айналғаны кəміл. Сол кезде Елбасын жылы жүзбен қарсы алған аймақтық жоғары оқу орнының бұрынғы ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазыбай БОЗЫМОВПЕН əңгіме осындай бағытта өрбіді.

Жасыл желек жамылтќан – Қазыбай Қараұлы осыдан он жылға жуық уақыт бұрын Елбасы өз қолымен отырғызған сол көшеттің бүгінгі жəй-күйі мен бейнесі туралы не айтар едіңіз? – Бұл сауалыңызға тікелей жауап берместен бұрын кең-байтақ даламызды жасыл елге айналдыру жөніндегі Елбасының жан сарайы мен кең жүрегінен шыққан сөзі бəрімізге үлкен ой салғанын, осы бағыттағы іргелі істерге жігерлендіргенін айтқым келеді. Біз орманы аз, тал-терегі мен ағашы сирек елміз. Орман – еліміздің өкпесі. Оның тынысын кеңейтетін таптырмас құралы. Сондықтан да бұл іске жалпыхалықтық сипат бергенді жөн көреміз. Жас келсе – іске дегендей «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға бірінші кезекте еліміздің жастары мен студенттері бастамашы болғанын қалар едік. Олар – мына тұрған сіздер.Сондықтан мен сендерге стартты дəл осы жерден бергім келеді. Сонау ХІХ ғасырдың бас кезінде Жəңгірхан Нарынның шетсіз-шексіз құм даласында халықты қарағай отырғызуға бір кісідей жұмылдырған екен. Мұндай мұра мен дəстүрдің ғұмыры мəңгілік. Бұл бастама өзінің мəні мен мағынасын, ұрпаққа тигізер

пайдасы мен шапағатын ешқашан жоғалтпайды. Біз бүгінде елорданың жасыл белдеуін орнықтыруды қолға алдық. «Жасыл ел» бағдарламасының ауқымы кең. Бұл бүкіл ел аумақтарын қамтиды. Сондықтан өңірлер де бұл істен шет қалмайды деп сенемін, деген еді Елбасы. Енді сіздің қойған сауалыңыздың түп-төркініне тікелей оралсам, Елбасы отырғызған емен тал бүгінде əжептəуір өсіп бой жазып терекке айналып келеді. Нұрсұлтан Əбішұлы өз қолымен қадаған,топырағын түсіріп жапқан жас көшеттің қатарына ардагерлер мен студенттер де тал екпелерін түзеді. Қазір оның бəрі де бой көтеріп қалды. Дегенмен, төрт қатардан тұратын тал-теректер тізбегінде Елбасы отырғызған емен ерекшелеу көрінеді. Оның биіктігі өзгелерге қарағанда 1520 сантиметрге жоғары. Діңгегі де толықтау. Біз сол 2005 жылдың 10 мамыры күні республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Жасыл ел» жасақтарының қатарына қабылдап, оның арнайы формасын тарту еттік. Бұл жоралғыны Елбасы ризашылық сезіммен қабыл алып, сол сəтте жасақшылар топтарын өзімен бірге ескерткіш суретке түсуге шақырды. – Сөзіңіздің жаны бар. Айтып тұрғаныңыздың бəрі де айна-қатесіз шындық. Өйткені, өзіңіз айтқан Елбасы мен «Жасыл ел» жасақтары мүшелері арасында болған жарқын жүздесуге осы жолдардың авторы да куə болған-ды. Ұмытпасам, Елбасының Жəңгірхан атындағы аймақтық университетке тигізген қолдауы мен шапағаты тек мұнымен шектелмейді. – Оныңыз рас, – дұрыс айтасыз. Сол жылы Президент жоғары оқу орнында машина жасау факультеті ғимараты жəне жаңа студенттік жатақханалар мен оқытушыларға арналған тұрғын үй кешені, сондай ақ ғылыми-зерттеу лабораториясы орталығын тұрғызу жөнінде Үкіметке тиісті тапсырма берді. Соған сəйкес бұл мəселеге орай көп кешікпей Үкімет қаулысы қабылданып, оның тез арада орындалуын бақылау мақсатында сол кездегі республика Премьер-Министрі Даниал Ахметов Оралға ұшып келді. Бұл құрылыстың бəрі алдын-ала көрсетілген кестеге сай уақытында аяқталды. Өзіңіз жақсы білесіз, Ақжайық республикадағы жетекші инновациялық өңірлердің қатарына кіреді. Аймақта соңғы жылдары машина жасау өндірісі қарқын алып келеді. Осы салада отандық өндірісшілер шығарған құрал-жабдықтарды Қарашығанақ кенішінде газ-конденсат шикізатын өндіріп жатқан шетелдік компаниялар тұтына бастауы да алдыңғы пікіріміздің бір дəлелі. Осы тұрғыда мұнай-газ өндірісіне қажетті жергілікті төл кадрлар əзірлеу ісінде де Елбасының қолдауымен ашылған университеттегі машина жасау факультетінің орны айрықша. Міне, бізге Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тигізген қамқорлығы мен шапағатының түп-төркіні осындай. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы.

Қазақтың ең қадір тұтатын ұлттық аспабының бірі –домбыра. «Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра!» деп қазақ поэзиясына қалдырған жауһар жырларының бірінде көрнекті ақын Қадыр Мырза Əлі дəл осылай деуі тегін болмаса керек. Домбыраның да киесі бар. Екінің бірі домбыра тартуды меңгере алмайтыны сол себептен десек те, орыстың қаршадай қызының қазақтың киелі аспабын жанына серік еткеніне сенер ме едіңіз? Атырауда тұратын Александра Киселева дейтін сары шашты жасөспірім мерекелік шараларда қазақтың домбырасынан күмбірлете күй төгеді. Оны алғаш рет көріп, таңданғанымызбен, «Домбыраны Қазақстанда тұрғасын тартатын шығар» деп те ойлап қойғанбыз. Кішкентай күнінен қазақтың мəдениетін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге дағдыланған Александрамен əңгімеміз төмендегіше өрбіді.

Александра КИСЕЛЕВА:

«Ґнеріме ґріс тілегенін ешќашан ўмытпаймын» – Александра, естуімізше, сенің атаң Алексей Павлович қазақ жігіттерімен достасып, отбасылық қуаныштарын бірге бөліскен екен. Қазақша таза сөйлеген, қазанында қазақша ет астырған, бəлкім, сенің домбырамен күй тартуға əуестенуіңе осындай себептер əсер еткен шығар. – Иə, ол рас. Біздің атамыз Алексей Павловичтің қазақтардың арасынан отбасылық дос тары өте көп болыпты. Ол кісі қазақша мақалдап сөйлегенді ұнатқан, қазақтың түрлі жөнжоралғыларын жақсы біледі екен. Қазақша ет астырғанды тəуір көріпті. Əжеміз Надежданың айтуынша, жұмысынан қолы босаған сəтінде Махамбет ауданында тұратын достарының үйіне жиі барып тұрыпты. Владимир атайым да қазақшаға жетік болған. Надежда əжемізге үйленуге сөз байласып жүргенде, оны Салы қовтардың үйіне ертіп апарыпты. Ал кейін əжем Ақтөбеге барған бір сапарында қайын атасына сый жасау үшін дүкеннен ою-өрнектері бар төрт бұрышты тақия сатып алыпты. Сонда атамыз «Қызым, кəдімгі қазақы тақия əкел» депті. Сол тақияны Алексей атайым басынан тастамай, ұдайы киіп жүрген. – Өзің домбыраны қай кезден тарта бастадың? – Шынымды айтсам, өзіңіз айтып отырған Алексей атайым кəдімгі күнделікті тамақ ішкенде қолымызға ұстайтын қасықтармен кез келген əуенді керемет ойнайды екен. Қазақтың əуезді əндерін, домбырадан күмбірлей төгілетін күйлерін рахаттана тыңдапты. Бірақ, ол кісі менің домбыра тартуды меңгергенімді көре алған жоқ. Ал домбыраға деген əуестігім, Атыраудағы Құрманғазы атындағы музыка мектебіне əжеме еріп келген кезімнен басталған. Осында жұмыс істейтін əжем мені өзіне кедергі болмасын деп, музыка залына кіргізіп жіберген ғой. Сол залда қобыз үнін алғаш рет естідім. «Үлкен скрипкада ойнағым келеді» деппін əжеме. Содан соң домбыраның қоңыр үні

құлағыма жағымды естілді. Содан домбыраның жанынан шықпай қойыппын. Күн сайын домбыраны айналшықтап жүріп алыппын. Мен сол кезде бес жаста екенмін. – Содан бері домбыраны қолыңнан тастамай келесің ғой, солай ма? – Дəл солай деуіме болады. Содан бері он жыл өтсе де домбыраны тартпай қойған кезім жоқ. Домбыраға ғашықтығым мені балабақшаның қазақша тобына апарды. Менің əжемнің мынадай əзілі бар. «Біздің Александрамен бірге домбырасы да өсіп келеді. Ол домбыраны көзін жұмып та, жатып та тарта береді» дейді ол кісі. Балабақшаның қазақ тобына барғанда да домбырамды алып бардым. Мен үшін əжем Алматыдан тапсырыспен домбыра жасатып алдыртты. Əрине, жас ерекшелігіме қарай домбыраны ауыстырып отырамын. Қазір менде үшінші домбыра бар. Домбыра – менің жан серігім. Мектептегі сабағымнан босап, үйге келген бетте бірден домбыраны қолыма алып, шанағын сипалап тұрамын. Содан соң бірнеше күй орындаймын. Күнделікті дағдым осы. Мен осыған əбден үйренгенмін. Бірінші қолыма домбыра алып, күй орындамай, ас бөлмесіне тамақтануға кіре алмаймын. Адам болған соң көңіл-күй өзгеріп отырады ғой. Бірде сəл нəрседен көңілің түсуі мүмкін, енді бірде көңілің шаттанып, қуанышқа кенелуің мүмкін. Сондай сəтте мен өз бөлмемнің есігін кілттеп алып, домбырамен сырласамын. – Домбыраны жаныма серік еттім деп отырсың. Түрлі шараларда қазақтың күйін орындап жүрсің. Сондай шаралардан есте қалғанын айтып бере аласың ба? – Ұмытпасам, 2008 жылы болуы керек, Атырауға Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назар баев жұмыс сапарымен келді. Сонда Елбасының өзге ұлт өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылып, мен домбырамен қазақ композиторларының шығармаларын орындадым. Рас, алғашында қатты толқыдым.

Өйткені, Мемлекет басшысының алдында өнер көрсетуім былай тұрсын, бұрын сахнаға да шығып көрмеп едім. Нұрсұлтан Əбішұлымен кездесудің, алдында өнер көрсетудің үлкен жауапкершілік екенін түсіндім. Бірақ, Президенттің ашықжарқын мінезі, кімді болса да жанына жақын тартатын ерекше қасиеті баурады. Қолыма домбыра ұстап шыққан сəттен маған жылыұшырай, мейірлене қарады. Мен орындаған қазақ күйлерін ерекше ықыласпен тыңдады. Бұл менің өмірімдегі ең бір ұмытылмас сəтім еді. Нұрсұлтан Əбішұлының «Айналайын, Александра өнерің үстем болсын!» деп менің өнеріме өріс тілегенін ешқашан ұмытпаймын. Шынымды айтсам, Президенттің сол батасынан кейін менің шығармашылығым өрге басты деп толық сеніммен айта аламын. – Александра, содан кейін қандай сайыстарға қатыстың? Жетістіктеріңмен бөлісе отырсаң... – Президенттің алдында өнер көрсетуім маған үлкен серпіліс берді. Содан кейін менің домбырамен шетелдің сахнасына шығуыма жол ашылды. Атап айтар болсам, Австрия мен Испанияда, Франция мен Италияда Монако корольдігі мен Польшада, Германия мен Чехия елдерінде өнер көрсеттім. Құрманғазы мен Динаның күйлерін Мəскеу, Париж, Канн, Ницце сахналарында орындадым. Халықаралық конкурстарға

қатысып, қазақ күйін орындап жүрмін. 2010 жылы Мəскеуде «Серебряная звезда» конкурсына қатыстым. Ресей астанасында өткен бұл конкурсқа бір мыңнан астам үміткер қатысып, екі бас жүлде мен 284 жүлделі орынды иелену үшін бар өнерімізді салдық. Білесіз бе, сол сайысқа мен қазақтың домбырасын алып бардым. Ең қызығы сол, домбырамен «Смуглянканы» орындағанда, зал ішіне ине шаншыр орын қалдырмаған көрермен дуылдата қол соғып қана қоймай, сол əнді бірге шырқап отырды. Дəл осы халықаралық конкурста қос бас жүлденің бірін иелендім. Сол сəтте менің ойыма біздің Президенттің маған берген батасы оралды. Қазақтың қара домбырасының құдіретін сезіндім. Бас жүлде алуыма осы екі нəрсе əсер етті деп ойлаймын. Содан кейін 2013 жылы Атырауда бір мың адамнан құралған оркестр құрамында Құрманғазы күйлерін орындауға қатыстым. Міне, осының бəріне Президенттің алдында өнер көрсеткеннен кейін, сол кісінің батасын алғаннан кейін қол жеткіздім. – Сені домбыра тартуға машықтандырған ұстазың кім еді? – Əдетте əр ұлттың төл өнері, сол өнерді əуезді музыкамен жеткізетін ұлттық аспабы болады ғой. Бір ұлттың өкілі екінші бір ұлттың ұлттық аспабында ойнауға құлшыныс білдірсе, үрке қарайтындар табылып жатады. Менің қазақтың домбырасын тартуға əуестігімді білетін ұстазым Ұмсын Зей ноллақызының бар мейірімін төккеніне алғысым шексіз. «Домбыра тартқым келеді» дедім ұстазыма. Кеудемнен итерген жоқ. Домбыраға деген қызығушылығымды арттыра түсті. Осы ұстазымның үйретуімен домбыраны тартуды жетік меңгере бастадым. Əртүрлі сайыстарда жетістікке жетсем, оны осы ұстазымның еңбегінің жемісі дей аламын. – Болашақта қандай арманың бар? Домбыраны тастамайтын шығарсың? – Алға озып, ештеңе айтпай-ақ қояйын. Бірақ, маған жүрек жылуын төгіп, шынайы сезімімен домбыра тартуды үйреткен ұстазымның сенімін ақтасам деген ой бар. Болашақта кон серваторияда білім алуды көздеймін. Қалай айтқанда да, домбыра менің жан серігім бола береді. – Рахмет. Əңгімелескен Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

АТЫРАУ. –––––––––––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.


www.egemen.kz

1 желтоқсан 2014 жыл

Ќарым-ќабілетті ќайраєан ќолдау Серғазы ƏДЕКЕНОВ,

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің төрағасы, ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Біздің ұжымда ерекше мерей тұтарлық əрі мақтан етерлік бір жай бар. Тұңғыш Президентіміз Н.Ə.Назарбаевтың тікелей қамқорлығы арқасында шағын зертханадан бүгінде алыс-жақын елдердің бəріне танылған ірі ғылым орталығына айналуымызды қалайша ризалықпен айтпаспыз, қалайша мəртебе көрмекпіз. Тура осыдан 20 жыл бұрын ізденісімізбен, ісімізбен, талабымызбен алғаш танысқан шақтан бастап қадамымыз қадағаланып, көмек-қолдау көрсетіліп, ұдайы алға ұмтылдыру ықпалы, мінеки, бұл

қабілеттілігін арттыру, жаңа материалдар мен препараттар алу үшін табиғи, оның ішінде, өсімдік шикізатын зерделеу, халықаралық стандарттар талаптарына сəйкес келетін дəрілік препараттар шығару бойынша ғылымды қажетсінетін технологиялар мен техниканы өндіріске енгізу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу сияқты бір-бірінен кем түспейтін шараларды іске асыру аз шаруа болмаса, көңілдегідей атқарылуына ең алдымен Нұрсұлтан Əбішұлының дем беруі зор ықпалын тигізгенін ұжым мүшелері жақсы біледі. Құрамында химия, фармакология, биология, фармация салаларын қамтитын 13 ғылымизерттеу бөлімдері бар, биологиялық белсенді заттарды іздестіруден бастап дəрілік ши-

11

2012

кең тараған кəдімгі қаңбақтың негізінде гепатопротекторлық «Салсоколлин» препараты біздің фармацевтикалық өндірісімізде біраздан бері шығарылады. Клиникада улы гепатиттердің, өткір вирустық гепатиттердің, бауырдың созылмалы диффуздық зақымдануларының түрлі формаларын емдеуде жоғары тиімділігі дəлелденген ол түйіршік таблетка ретінде шипалы. Айта кету керек, өсімдіктерден дайындалған фитопрепараттарға деген сұраныс жылдан-жылға артып отыр. Мұның бірден-бір себебі – бұл препараттар адам ағзасына жайлы жəне жүйелі əсер етеді. Бұл күндері отандық бірегей препараттардың 72 түрін дайындап, өндіріске беріп отырмыз, оның ішінде шек құртына қарсы «Саусалин» дəрісі,

Ќўќыќ ќорєауєа керек кітап Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

күнде отандық фармацевтикалық өнеркəсіптің көш басшысы болуға жеткізді. Өтпелі кезеңнің қиын жылдарында мақсатымызды биіктеткен, жігерімізді жаныған сенімге сай еңбек етуімізді, соны ақтауды борыш та, парыз да санайтынымыз сондықтан. Елбасының алдағыны алыстан ойлайтындығына, көрегендікпен пайымдаушылығына сол кезде-ақ көз жеткізілген болатын. 1995 жылы бірінші рет жергілікті табиғи өсімдіктерден дəрілік препараттар дайындап, жасауға ұмтылған таудай талпынысымызды құптап, бұл мəселенің еліміз үшін маңыз дылығын атап, талабымызды ұштауы қалай ұмытылсын. Қарағандыға жұмыс сапарлары барысында ұйымымызға соқпай өтпей, əрдайым назардан тыс қалдырмауы істі жетілдіріп, ширатуға итермелеп отырды. Аталған холдинг басшысы ретінде Елбасының қабылдауында болып, жағдайды баян етуім біраз өзекті мəселелердің шешімін табуға мүмкіндік тудырды. Фармацевтикалық зауыт қысқа мерзімде салынып, ең бір өзекті мақсатымыз орындалды. Өндірістік қуаттылығы жылына 2 миллион ампула, 120 миллион таблетка мен капсула өндіруге ыңғайланған мұнда барлық жұмыс үдерісі Жапонияның, Францияның, Германияның осы заманғы құралжабдықтарымен басқарылып жүргізіледі. Қазақстандық фармацевтикалық өнімнің инвестициялық тартымдылығын жəне өндірістік əлеуетін дамыту, экспортқа бағдарлануы мен бəсекеге

кіз атты өсіру, оларды өңдеп, жаңа фитопрепаттардың дайын дəрілік түрлерін шығаратын жəне сыртқы нарықта өтімділігін жоғарылатушы кешенді технологиялық үдеріс қалыптасқан бірегей құрылым ретінде қазіргі атағы алысқа танымал. Ұжымымызда бұл күндері 200-ден астам қызметкер еңбек етіп жатыр, оның ішінде 18 ғылым докторы мен 42 ғылым кандидаты бар. Холдинг жанынан жұмыс істейтін фармацевтика зауыты отандық дəрі-дəрмекті өндірудегі үлесін Елбасы тапсырмасына сəйкес 50 пайызға көтеруді көздеп те отыр. Бұл ретте Қазақстанның эндемикалық өсімдігі – тықыр жусаннан алын ған, қатерлі ісікке қарсы қолданылатын «Арглабин» препараты ғылыми ізденістеріміздің ірі жетістігі саналатындығын айту керек. Оны əзірлеу əдісі АҚШта, Германияда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Қытайда патенттелуі соған айғақ. Сондайақ, Ресей Федерациясында, Грузияда, Беларусь, Өзбекстан жəне Қырғыз республикаларында өмірлік маңызы бар негізгі дəрілік құралдар тізіміне тіркелуі жайдан-жай еместігі анық. Жалпы алғанда, бізде дəрілердің дені ел өңірлеріндегі өсімдіктерден жасалады. Мəселен, Қазақстан флорасы 6 мыңнан астам жабайы өсімдіктерден құралса, соның 667 түрі эндемикалық, ал 300-ге жуығы дəрілік шөптер сипатында қолдануға жарамды саналады. Далалық аймақтарда

гиполипидемиялық əсері бар, склерозды емдейтін «Атеролид» препараты, т.б. бар. Осыған байланысты Қарқаралы, Алатау, Бұйратау, Баянауыл, Шалқар, Алтай, Қаратау, Ұлытау тəрізді табиғаты бай сан алуан жерлерге экспедициялар жүргізіліп, əр өңірде өсетін эндемикалық өсімдіктің көптеген түрлері жиналады. Көбі жойылуға айналған, кейбірі тіпті сирек кездеседі. Мысал үшін, тек Арқа өңірінде өсетін тықыр жусанды табиғатта кездестіру қазір аса қиын. Одан дайындалатын «Арглабинді» өндіруге қажетті шикізат жылына шамамен 40 тоннаны құрайды. Сол себепті, өсімдіктің осы түрін дақылдардың қатарында өсірудің технологиялық əдістерін игеру өзекті мəселе болып тұр. Еліміздегі барлық игілік ті істер Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың бастамашылығымен ұйымдастырылып жүзеге асып жатса, жоғарыда атағанымыздай, соның жарқын дəлеліне біздің еңбегіміз бен жетістігіміз куə. Отанымыздың тыныштығы мен бірлігінің кепілі ғана емес, экономикамыздың ілгері басуына, барлық саланың бірдей дамуына үлкен қажырқайрат жұмсаушы тұлға деп білеміз жəне бұған тікелей куəгерлердің біріміз. Осындай басшысы бар еліміздің бағы жана беретініне сенімдіміз. Президентіміз тапсырмасы қашанда нақ, алда тұрған міндеттер айқын. Соны ақтай білу, сол жолда үлгілі іспен танылу – мерейлі мақсат. ҚАРАҒАНДЫ.

Бопсалап барып соғатын бодандықта жүргенде данышпан Абай: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», деген екен. Тəубе! Қазір желкелеген үстемдіктен құтылдық. Азаттығымызға қарай, өз законзаңымыз бар. Ал Абай сөзінің астары қалың, айтары мол. Кеткен есемізді қайтару жолында, Тəуелсіздік туын көтерген ширек ғасырға таяу уақыт ішінде Отанымыздың іргесін бекітіп, шаңырағын биік ұстауда ғасырға пара-пар жұмыстар атқарылды. Соның бірі – Абайдың өкінішін өрелі іспен өрістетіп, ұлтымыздың тəлім-тəрбиеде, береке-бірлікте, тату істе қия тартпай, қиғылық салмай, заңды жолмен жүріп, адал істі атқарудағы жүргізілген құқық реформасы болатын. Бұл жұмысты Тұңғыш Президентіміз азаттық алған күннен бастап, «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Қазақстан əлемде адамдар үшін қауіпсіз жəне тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, əділ сот жəне тиімді құқық тəртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі» деп айтқан еді. Осы темірқазық идея – Қазақ елінің бүгіні мен болашағының бастау басы болып орнықты. Азаттық алғаннан бері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен құқықтық саясат саласындағы қабылданған заңдарды, түйінді тұжырымдарды жинақтап шығару мəселесі көңілде жүретін еді. Сол таяуда жүзеге асып, көңіл орныққандай болды. Осы бір игілікті істің алтын арқауын есіп, жобаға жетекшілік жасаған Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев болса, көлемді дүниені құрастырып дайындаған журналист Əшірбек Амангелді екенін, Алматыдағы «Зерде» баспасынан шыққанын айта кетсек дейміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетіміздегі құқықтық реформаны жүргізудегі рөлі туралы көлемді жинақ «Президент жəне құқықтық реформа» деп

аталады. «Заңы дамыған елдің – өзі де дамиды» (Публилий Сир), «Біз бақытты да жақсы өмір сүруіміз үшін əрқайсысымыз заңның құлы болуымыз керек» (Цицерон), деген қанатты сөздерді алға тартып, «ХХ ғасырдың аяқ тұсында қазақ халқына тарихи мүмкіндік беріліп, ата-бабаларымыздың арманы болған егемендікке қол жеткіздік. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен өткен жиырмадан астам жыл ішінде демократиялық принциптерге ден қойған, өзіндік саяси-əлеуметтік жүйесі бар, экономикасы нарықтық сипаттағы, халқының ынтымағы мен дінаралық түсіністігі жарасқан тəуелсіз мемлекет орнаттық», деген тұжырым мен алғысөзді бастаған

профессор Бекет Тұрғараев жинақта: 1992-2014 жылдары қабылданған құжаттарды тарата келіп, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп ашып көрсеткен Ата Заңымыздың 1-ші бабына сілтеме жасап, соттар мен

сот төрелігіне жəне прокуратураға қатысты тұсындағы: «Қазақстан Республикасында сот төрелігін сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады жəне өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтікқұқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етеді», деп ой түйеді. Бұдан кейін əр жылдары қабылданған заңдарға, құжаттарға, Елбасының сөздеріне терең талдаулар жасайды. «Біз тарих емес, өмірбаян жазамыз» деп атақты тарихшы Плутарх айт қандай, «Н а з а р л а р ы ң ы з ғ а ұсы нылып отырған тақырыптық жинақта біз нақты құжаттық материалдар негізінде Президент Н.Ə.Назарбаевтың елі мізде құ қықтық ре форманы жүргізу ісіне жасаған басшылығымен, оны дамытуға қосқан қомақты үлесін көрсетуді мақсат еттік», деген профессор Тұңғыш Президент күніне орайластырып, жұртшылыққа ұсынған кітаптың сыр-сипатын ашып береді. Əдемі безендіріліп, жақсы қағазға түрлітүсті етіп шығарған кітаптың бірінші бөлімі «Елбасы жəне мемлекеттік рəміздер» деп аталады. Онда Тұңғыш Президент туралы Заң тармақтары, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Əнұран тəрізді құжаттар орын алған. «Ата Заң – мемлекеттің басты құжаты» атты екінші бөлімде алда 20 жылдығы аталып өтетін Ата Заңымыз жəне Конституциялық Кеңес туралы Заң, 1993 жылғы Конституция орын алған. Үшінші бөлім «Идеядан – жобаға, жобадан – іске» деген əдемі атаумен беріліп, Президенттің 1992-2002 жылдар аралығындағы депутаттар

алдында, өзге де алқалы жиындар мен кеңестерде, форумдарда, құқықтық саланы дамытуға қатысты сөйлеген сөздері топтастырылған. «Стратегия – ұзақмерзімдік бағдарлама» бөлімі Отанымызды өркендету жолындағы стратегиялардан тұрса, «Құқықтық реформа – қоғамдық дамудың бірден-бір кепілі» деген бесінші бөлім осы саладағы реформаның мемлекеттік бағдарламасы, құқықтық саясат тұжырымдамасы, 2010-2020 жылдарға арналған жоспар-жоба жинақталыпты. Алтыншы бөлім «Сот – биліктің бір тармағы» делініп, Жоғары сот кеңесі туралы, Сот жүйесі жəне Судьялардың мəртебесі, Алқабилер туралы заңдардан тұрады. «Прокуратурадан – адво катураға дейін» делінетін жетінші бөлімдегі заңдар тізбегі Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік, Ішкі істер, Əділет органдары, Қаржы полициясы, Құқық қорғау қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Нотариат, Адвокаттық туралы заңдар оқырмандар үшін өте қажет екені сөзсіз. «Жобаның жалғасы, саясаттың сабақтастығы» деген тақырып аясына Мемлекет басшысының 2003-2014 жылдар аралығында əртүрлі биік мінбелерден құқықтық реформаларды жүргізу мен осы саланы одан əрі дамытуға қатысты сөйлеген сөздері жинақталыпты. Əр жыл сайынғы Елбасының Жолдаулары да назардан тыс қалмаған, ол «Жолдау – ел дамуының бағытбағдары» атты тоғызыншы бөлімге топтастырылыпты. «Съезд – судьялар қауымдастығының жоғарғы органы» атты оныншы бөлім Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 19962013 жылдар ішінде отандық судьялардың съезінде сөйлеген сөздері берілген екен. Осы арада бұған дейін алты съездің өткенін назарға сала кетсек дейміз. Кітапта Ата Заңнан бастап, құқық реформасына қатысты заңдар, тұжырымдамалар, жобалармен бірге əр алуан аталы сөздер, тарихи суреттер: Елбасының жастық шағынан бастап, бүгінгі кемел кезеңіне дейінгі келісті суреттер орын алған. Бұл құқық қорғау саласына арналған кітаптың ажарын ашумен қатар, жақсы мəліметтерге де қанықтырады.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

БАС ИДІРГЕН БАУЫРЛАСТЫЌ


12

www.egemen.kz

1 желтоқсан 2014 жыл

Шуаќты кїндер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануына қолайлы жағдайлар қалыптастыруға, мəртебелі жарыстарда Көк байрағымызды желбіретіп, Əнұранымызды асқақтатқан сайыпқыран спортшыларды мемлекеттік деңгейде ұлықтауға ден қойып, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Айталық, Лондон Олимпиадасында жаһан жұртын тамсантқан жампоздарға лайықты құрмет көрсету жөнінде тапсырма жүктеді. Президент пəрменімен Өскеменде үстіміздегі жылы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі пайдалануға берілді. Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында Елбасы аталған кешенді аралап көріп, оны жоғары бағалады. Бүгінде халықаралық талаптарға сай заманауи кешенде Олимпиада чемпионы О.Рыпакова жаттығуларын жүргізіп, келешекте биіктерді бағындырар ізбасар-шəкірттерін даярлауда. Біздің Олимпиада чемпионымен əңгімеміз елімен етене Елбасының спорт саласындағы қамқорлығы жөнінде өрбіді.

Мемлекет басшысымен кездесу екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт. Мұндай кездесудің адам жадында қалатын əдемі де əсерлі сəттері де көп болары сөзсіз. Оның үстіне Президентке шай құйып берудің жауапкершілігі өз алдына бір бөлек. Осындай жауапкершілік үдесінен көрініп, Елбасының алғысына бөленген жанның бірі Дəметкен Есенбаева екенін естіп, арнайы барып əңгімелескіміз келген. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ольга РЫПАКОВА, Олимпиада чемпионы:

Єажап адам – Ольга Сергеевна, би ыл сіз үшін жемісті жыл болғанын білеміз. Инчхонда өткен Азия ойындарының чемпионы атандыңыз. Өзіңіз туып-өскен Шығыс өңірінің орталығында бірегей жеңіл атлетика манежі бой көтеріп, оның маңдайшасына есіміңізді ірі қаріптермен жазып қойды. Олимпиада чемпионының атындағы жеңіл атлетика манежінде ізіңізді жалғастырушылар көбейді ме? – Елбасы – спортқа жіті көңіл бөліп отырған ерекше тұлға. Өзіңіз білесіз, биыл жазда Президентіміз Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Өскемендегі спорт кластерімен танысты. Нұрсұлтан Əбішұлы облыс орталығында Ертістің сол жағалауында орналасқан бірегей спорт кластерін, оның ішінде жеңіл атлетика манежін де аралап көріп, заманауи тұрғыдан жарақтандырылған кешенді жоғары бағалады. Спорт кешенінің жұмысын жандандыру, оның қызметін тиімді ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берді. Сонан кейін Жеңіл атлетика манежінің алдында тұрып фотосуретке түсуге ұсыныс жасады. Бұл – біздің отбасымыз үшін ұмытылмас сəт! Күйеуім Денис Рыпаков – бүкілəлемдік жарыстарда жүлдегер атанған жеңіл атлетика маманы. Ол осы спорт сарайының басшылығына бекітілген болатын. Елбасының жеңіл атлетика манежіне келуі өңірімізбен бірге отбасымыздың да мерейін өсірді. Қазіргі кезде спорт сарайында мыңға жуық адам жеңіл атлетикамен шұғылдануда. Оның тең жартысы жеңіл атлетикамен кəсіби

түрде айналысып жатқан балалар. Спортқа ықыласты жандар күнненкүнге көбейіп келеді. Өскеменде бір жылдың ішінде салынған спорт кластері еліміздегі ең ірі спорттық нысандардың санатына енді. Оның қатарында жекпе-жек сарайы, жабық жүзу бассейні жəне жеңіл атлетика манежі бар. Жанынан ауыл балаларына арналған мектеп-интернат та бой көтеруде. Мұндай заманауи үлгідегі спорт кешендерінің Орталық Азия елдерінде баламасы жоқ. Мұның барлығы Президентіміздің спортқа жіті назар аударуының арқасында жүзеге асырылды. Біз бұрын мектептердегі кішігірім спорт залдарында немесе жертөлелерде орналасқан қуықтай залдарда жаттығу жасайтынбыз. Оның көлемі əрі кетсе ені – 6, ұзындығы 50 метр болады. Осындай қолайсыз жағдайда көптеген балалар жаттығу жасады. Сондықтан шығысқазақстандықтар кең залды армандадық. Бұл бірнеше буынның арманы еді. Президенттің тапсырмасымен қаламызда əйдік əрі əсем жеңіл атлетика манежі тұрғызылды. Елбасыға ең алдымен осы бірегей спорт нысаны үшін алғыс айтамын. Өйткені, спорт кешенінің арқасында ұрпағымыздың дені сау болып өседі. Қазір мұнда негізінен балалар мен жасөсіпірімдер жаттығуда. – Елбасымен алғашқы кездесуіңіз есіңізде ме, сіз үшін қай кездесу ерекше əсер қалдырды? – Президентпен алғашқы кездесуім Бейжің Олимпиадасының

қарсаңында болды. Одан бері бірнеше жылдар өтсе де Мемлекет басшысымен жақын отырып жүздескен сəт жадымда. Сол күні Президентті жаңа қырынан көргендей болдым. Жылы жүзді əрі мейірлі адамды таныдым. Адамды бірден баурап алатын болмысы мен өз ырқына бағындыра білетін биік харизмасы, айналасын үйіріп алатын ішкі қуаты мен жарқын келбеті ерекше əсер қалдырды. Президент басты дода алдында спортшыларды жігерлендіріп, ақжол тіледі. Олимпиада шыңы – əр спортшы үшін жетістік шыңы. Нұрсұлтан Əбішұлының бізбен өрбіткен əңгімесінен əкемізбен сөйлесіп, арқамыздан қаққандай жоғары көңіл күймен шықтық. Ол шын мəнінде мемлекетіміздің əкесі іспетті ғажап адам. Елімізде Елбасының қолдауымен спортқа зор көңіл бөлінуде. Нəтижесінде саламатты өмір салтын қалып тастырған жəне əр істің байыбына бойлайтын жас буын өсіп келеді. Сондай-ақ, Лондон Олимпиадасы алдында өткен кездесу де ойымда. Елбасымен кездесуге біз ұзақ дайындалдық. Айтар сөзімізді даярлап, іштей қатты толқыдық. Өйткені, Олимпиадаға бара жатқан спортшылардың əрқайсысы сенім артқан елі мен отандастарының алдындағы ауқымды жауапкершілікті сезінді. Оның үстіне Мемлекет басшысымен өткен кездесу де жауапкершілікті үстей түсті. Кездесудің əсер еткені сонша, арқаны кеңге салуға мүмкіндігіміз болған жоқ. Нұрсұлтан Əбішұлы ұлттық құрама мүшелерінің толқып тұрған

хал-ахуалын түсініп, бір ауыз əзіл айтты. «Екі бала спорт секциясында əңгімелесіп отыр. Бірі екіншісіне: «Менің əкем «алғаннан гөрі берген жақсы», дейді». Сонда екіншісі: «Сенің əкең меценат па?» десе, əлгі бала: «Жоқ, боксшы» депті». Елбасының осы əзілі көңілімізді жадыратып жіберді. Одан əрі қарай достық рəуіштегі жылы əңгіме өріс алды. – Президенттің спортқа жақындығы, белсенді түрде спортпен шұғылданатыны еліміздің бұқаралық спортқа бет бұруына да үлгі болып отыр деген ойдамыз. Елбасымен спорт тақырыбында əңгімелестіңіз бе? – Президентімізді спортқа деген ерекше көзқарасы үшін құрмет тұтамын. Кəсіби спортшы ретінде Нұрсұлтан Əбішұлының жоғары спорттық дайындығы бар екенін атап өткім келеді. Бейжің Олимпиадасының қарсаңындағы кездесуде Елбасы өзінің спортқа қызығушылығы мен аңсары бала кезінен оянғанын, ал жасөспірім кезінде күреспен шұғылданғанын айтқан болатын. Кейін ересек тартқан кезінде теннис, гольф, гандикап сынды өзге де спорт түрлеріне көңілі ауған екен. 55 жасында алғаш рет тау шаңғысымен шұғылдана бастаған. Сондай-ақ, ат спортымен тұрақты айналысады. Жұмыс кестесінің шамадан тыс тығыздығына қарамастан, спортқа уақыт бөлу үлкен жетістік, адамның өзін өзі сыйлауы деп есептеймін. Тіпті, алыс сапарларға шығып, ұшақта келе жатқанда да жаттығу жасайтынын естіген едім. Осының бəрі үлгі алуға болатын қасиеттер. Кейінгі өскелең буынның Елбасыға еліктейтінін байқау əсте қиын емес. Нұрсұлтан Əбішұлы кездескен сайын үнемі балалардың жағдайы туралы сұрайды. Яғни, менің спорттағы жетістіктерімді ғана емес, отбасым туралы да жақсы біледі. Бұл – мен үшін үлкен ғанибет. Елбасы менің ұлым мен қызым бар екенін біледі. Тіпті, ұлыма босанған кезде арнайы құттықтаған болатын. Таяуда ғана жүзбе-жүз кездескенде ана атанғаныма қуанышты екенін айтып, менің алтын алып, үлкен спортта жетістікке жетуге де, балалы болып, ана атануға да үлге ретінімді ризашылықпен жеткізді. Мен үшін ең жоғары баға – осы. Президенттің жылы сөзі отбасылық өмірім мен спортта əрі қарай өсуіме, жаңа асуларды бағындыруыма үлкен күш-қуат, орасан жігер береді. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН. –––––––––––––––

Суреттерді түсірген Сергей СУРОВ.

Шыны керек, ол кісі бастапқыда бірыңғай өзі туралы жазады деп ойлап қалса керек, қарапайымдылық танытып, бас тартқан-ды. Біз Елбасымен қалай кездескеніңізді əңгімелеп берсеңіз дегенде барып, келісімін берді. Қырық жылдан астам денсаулық сақтау саласында абыройлы қызмет атқарған Дəметкен Зайноллақызы қазір зейнет демалысында болғанымен, «Дауа» медициналық орталығында сырқаттарды ине салу əдісімен емдейді екен. Бізді жұмыс орнында жылы қабылдаған апай бұдан жиырма екі жылдан астам уақыт бұрын Елбасымен болған азғантай ғана жүздесу сəтін жадында жақсы сақтапты. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен болған сəтті ұмытуға бола ма? Ол кез мен үшін ең ыс тық та зор мақтаныш, – деп бас тады сөзін Дəметкен апай. – Сол кезде жолдасым Есімхан Есенбаев Комсомол ауданын басқаратын-ды. Əлі есімде 1992 жылы аудан аумағында егін бітік шықты. Сондай мол астықтан үмітті күндердің бірінде жолдасым ауданға Елбасы келетінін айтты. Ауыл-үйдің қонағы емес, тəуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келеді дегенді естігенде қобалжығанымыз да рас. Ол бір қатар шаруашылықтардың күйі тайып, экономикасы əлсірей бастаған тұс еді. Егіншілікті аудан болғандықтан ба, біздің ауданның жағдайы жаман емес. Ал, құрметті мейман аралайтын «Ярославь» кеңшары экономикасы мықты алдыңғы қатарлы шаруашылық болатын. Көңілге медеу болатыны, егіннің шығымы бітік, əйтеуір, кімкімге де ұялмай көрсетуге тұрады. Қадірлі мейманды күтіп алудың барлық жоба-жоспары жасалып, басшылар шапқылап жүр. Нұрсұлтан Əбішұлы «Ярославь» кеңшарының қырманында болды. Біз Гетманчук деген озат бригадирдің дала қосына үш ақшаңқан киіз үй тігіп, дəм татқызуға дай ындалдық. Екі киіз үй бір-біріне жап сарлас тігіліп, біреуі төр үй ретінде жасақталды. Жерге кілем төселіп, үстел қойылды. Түс кезінде қонақтар да келді. Оның алдында екі жігітті – аудандық тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары Мұрат Абатов пен білім бөлімінің қызметкері Баязит Құдайбергеновті қазақша ұлттық киім кигізіп, қызмет көрсетуге дайындап қойғанбыз. Емен-жарқын амандасқан Елбасы төрге озған соң шайымызды баптап құюға кірістім. Нұрсұлтан Əбішұлы сүтсіз қызыл шай ішетін болды. Сол бригадада омарта ұсталатын, соның балы қосылған күрең шайды ішіп, дəмнен ауыз тиіп, көңілді отырды.

 Өңір өмірі

«Егемен Қазақстан».

Қызылордадағы «Болашақ» университетінде Елбасының тарихи тұлғасын, қарымды қайраткерлігін айшықтайтын жəне жас ұрпаққа өнегелік, тəрбиелік маңызы зор Нұрсұлтан Назарбаев аудиториясы ашылды. Шараға облыс əкімі Қырымбек Көшербаев жəне Парламент Мəжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов қатысты. Елбасы аудиториясы 7 көрме

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

витринасынан тұрады. Бірінші витрина Мемлекет басшысының балалық, жасөспірім жəне жастық шағынан сыр шертеді. Бұл бөлім «Ұшқан ұя» деп аталады. «Мен өз халқымның жолында басымды бəйгеге тіккен адаммын» атты екінші витрина мемлекеттіліктің қалыптасуына арналып, Конституция мен мемлекеттік рəміздер тарихына мəн берілген. Үшінші бөлім Тұңғыш Президент күнімен байланыстырылған. Төртінші витринада əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының

əп-сəтте өте шықты. Ер-азаматтар Елбасын шығарып салғаннан кейін қайта соғып, Елбасы табаны тиген кілемге балаларын аунатып, Нұрсұлтан Əбішұлындай азамат болсын деп жатқаны əлі күнге дейін көз алдымда», – дейді Дəметкен Зайноллақызы. Əңгіме арасында суыртпақтап сыр тарта отырып, биязы мінезді апайдың өмір жолынан да біраз хабардар болдық. Дəметкен Есенбаева Қобда ауданы, Жарық ауылында туған, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының 1971 жылғы түлегі екен. Осы жоғары оқу орнын үздік бітірген 11 түлектің арасында небəрі екі-ақ қазақ болыпты. Институт қабырғасында алған теориялық білімді тəжірибемен терең ұштастырған ол дəрігерлік еңбек жолын Жарық учаскелік ауруханасында терапевт болудан бастады. Одан кейін жерлесі Есімхан Есенбаевқа тұрмысқа шығып, екі жыл Орал ауыл шаруашылығы институтындағы жолдасының оқуы аяқталғанша Орал қаласындағы облыстық ауруханада терапевт болып еңбек етті. 1974-1985 жылдары туған жерлеріне оралғаннан соң Дəметкен Зайноллақызы Жарық учаскелік ауруханасында бас дəрігер болады. Есімхан аға еңбек жолында өсіп, облыс əкімінің орынбасары болған жылдары Д.Зейноллақызы Комсомол, кейін екі аудан

жұмыстары көрсетілген. «Кез келген елдің қуаты – халқында» тақырыбындағы витринада облысымыздың əлеуметтікэкономикалық, білім беру, денсаулық сақтау салалары қамтылған. «Тұлға тағылымы» витринасы Тұңғыш Президент туралы жазылған еңбектермен толықтырылған. Аудиторияның 3 витринасы толықтай Астананың қалыптасуы, дамуы мен келешегі, халықаралық ынтымақтастықтағы рөліне арналған. Елбасы аудидориясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қырымбек

Көшербаев Мемлекет басшысының қарапайым жұмысшыдан бастап осы кезге дейін жүріп өткен өмірін шолып өтті. Ал Қуаныш Сұлтанов «Мəңгілік Ел» идеясы мен «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының мəн-маңызына тоқталды. Бақберген Досмамбетов болса, Елбасының халықаралық аренадағы қайраткерлік тұлғасына басымдық берді. Оқу ордасының шəкірттері енді Елбасы туралы барлық мəліметті осы аудиториядан ала алады. Сонымен қатар, мұнда арнайы сабақтар өтетін болады. ҚЫЗЫЛОРДА.

Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан».

Шымкентте Тұңғыш Президент күні мен Тəуелсіздік мерекелері қарсаңында облыстық этномəдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті. Спорт бəсекесіне он бір команда қатысты. Жеңіл атлетика, шахмат, волейбол, үстел теннисі жарыстары Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтсе, суға жүзушілер Орталық су спорты кешенінде жарысты. Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс əкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов спорттың тек денсаулық кепілі

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

қосылып Əйтеке би ауданы аталғанда да аудандық ауруханада терапевт болды, арасында 19962005 жылдары облыстық ауруханада кардиолог болып еңбек етті. Қай жерде еңбек етсе де, өз ісін жетік білетіндігімен, сырқат адамдарға деген мейірімділігімен ерекшеленетін ол өз ортасында беделді, ұжымға сіңімді болды. Əуелгіде Мəскеуде, кейін Қытайда инемен емдеу əдісін жетілдіру курстарында оқып, тəжірибе жинады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қол қусырып қарап отырмай, осы «Дауа» медициналық орталығында сырқаттарды инемен емдеп келеді. Қазір мұнда инемен емделуге келушілер оның еміне риза көңілдерін білдіріп жүр. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен келеді. Емделушілер сырқаттарынан сауығып кеткендерін айтып хабарласып жатқанда, Дəметкен апай кəдімгідей марқайып қалады. Адам жанының арашасысы – дəрігер үшін алдыңа келген адамның сауығып кеткенінің өзі қандай ғанибет. – Сол кезде біз де кіші ұлымыз Ақылбекті Елбасы табаны тиген кілемге аунатып, Президенттің батасын алғанбыз. Ол Қытайда жоғары білім алды, қазір «ҚазМұнайГаз» АҚ жүйесінде жемісті еңбек етуде. Бізге Алдияр, Анелья атты немере сүйгізіп отыр. Қыздарымыз Гүлнар мен үлкен ұлым Асылбек те жоғары оқу орындарын бітірген, өз мамандықтары бойынша еңбек етуде, – дейді кезінде Елбасына шай құйған келіншек, қазір аяулы əже болып отырған Дəметкен Зайноллақызы. Ұзақ жылдар ауданда əкім, облыс пен Ақтөбе қаласы əкімдерінің бірінші орынбасары, облыстық басқарма басшысы қызметін атқарған Есімхан Есенбаев зейнеткерлікке шыққанымен «Ақтөбе» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясында лауазымды қызмет атқарады. Ол «Ғасыр Нұры» қоғамдық қорының басшысы, қамқоршылар кеңесінің төрағасы ретінде де беделді азаматтың қолынан келетін имандылық іс тындырды. Қаладағы ескі мешіттің орнына «Ғасыр Нұры» жаңа мешітін тұрғызып, жамағаттың алғысына бөленді. Екі жақсының өнегелі от басындағы қырық жылғы өзара татулық пен түсіністік балаларының бойына да дарыған. Олар да өзара тату, бір-біріне қамқор болып жүргені қашанда. Ерлізайыпты Есімхан мен Дəметкен Есенбаевтар осындай өнегелі өмірлерінің ең бақытты сəті Нұрсұлтан Əбішұлымен кездесулері екенін мақтаныш сезіммен еске алып, Елбасының Қазақстанды əлемге танытқан саясаткерлігі мен көрегендігі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін ұдайы айтып отырады. Ақтөбе облысы.

Этномəдени бірлестіктер – спорт алаѕында

Елбасы аудиториясы ашылды Ержан БАЙТІЛЕС,

Өте аңғарымпаз адам ғой. Есімхан екеумізге қарап, сіздер бір-біріңізге ұқсайсыздар екен деп əзілдеп те қойды. Оның да реті бар. Есімхан көкшіл көйлек, қара шалбар, ал мен көкшіл кофта мен қара белдемше киіппін. Ерлі-зайыптылар жүребара бір-біріне ұқсайды деп жатады, əлде талғамымыз да бірдей болғаны ғой шамасы. Соны аңғарған екен, Елбасы. Жалпы, менің Нұрсұлтан Əбішұлы құрметіне жайылған дастарқанда шай құйып беруім қажеттігі туралы идея сол кездегі облыс басшысы Шалбай Құлмұханов тарапынан болса керек. Бұрын да келіп-кетіп жүретін ол Есімханның басқа біреу құйсын деген сөзіне көңіл қоймапты. Көңілді отырыс

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

ғана емес, түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасында ынтымақтастықты, достықты нығайтатындығын айтты. Спорттың бес түрі бойынша өзара сайысқа түскен командалардың арасында славян этномəдени бірлестігі бірінші орынды жеңіп алса, иран этномəдени бірлестігі екінші орынға ие болды. Ал үшінші орын – өзбек ағайындардың еншісінде. Жарыс барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлыққа ие болды. Екі ұлық мерекеге арналған спартакиаданы өткізуге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ОҚО спорт жəне денешынықтыру басқармасы мұрындық болды. ШЫМКЕНТ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №451 ek

Profile for Egemen

01122014  

0112201401122014

01122014  

0112201401122014

Profile for daulet
Advertisement