Page 9

9

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

Уругвай президентініѕ мўнысы несі?

Уругвай президенті Хосе Мухика экономика министрінің қызметіне кірісу салтанатына жалаң аяғына сандал киіп келген. Ел басшысының бұл əрекеті біраз əңгімеге арқау болғанға ұқсайды. Өйткені, президенттің əріптестері ресми шараға костюм киіп, галстук тағып, қысқасы, шыттай киініп келсе керек. 78 жастағы Мухика мырзаның неге бұлай істегенін ешкім білмейді. Сұрауға да ешкімнің батылы бармағаны тағы анық. Бірақ кейбір журналистер мұны қазіргі кезде Уругвайда жəне көрші елдерде 40 градус ыстық болып тұрғанымен түсіндіруге тырысыпты. Ал солтүстік елдерде, минус 40 болмағанымен, айтарлықтай аяз, сандал киіп, серуендей алмайсың.

«Санта-Клаус» зергерлік дїкенді їптеп кетті

Санта-Клаустың киімін киген қарулы ер адамдар Албания мен Косоводағы зергерлік бұйымдар дүкенін тонап кеткен. Алғашқы ұрлық 24 желтоқсанда Албанияның астанасы – Тирана қаласында жасалса, екіншісі 26 желтоқсан күні Косовоның Призрен елді мекенінде орын

алыпты. Алғашқысында төрт қарулы ер адам дүкеншіні қорқытып, қапшықтарын əшекейлерге толтырып алған соң табандарын жалтыратқан. Екіншісінде осындай қарақшылыққа үш қарулы ер адам барыпты. Тонау кезінде екі адам зардап шеккен. Екі қылмыс арасында байланыс бар-жоғы беймəлім. Тура осындай оқиға АҚШтың Флорида штатында да тіркеліпті. Санта-Клаустың киімін киген біреу банкті тонап кеткен.

Бəс тігіскен əйелдердіѕ жабайы əрекеті

Орал қаласының тұрғыны облыс орталығындағы Неке сарайының алдына 1 желтоқсан күні отырғызылған шыршаны кесіп əкеткен. Қолдағы бар деректерге қарағанда, есімі айтылмайтын 32 жастағы əйел құрбысымен бірге ащы судан ұрттаңқырап алған соң, солай істеймін деп бəс тігіскен ғой. Бəстің мəнісі мынада екен: шыршаны кесіп, құрбысының үйіне алып келу. Айтқаны орындалған соң, үй иесі əйел шыршаны ойыншықтармен безендіріп үлгереді. Бəстің шарты, ұтылғанның нендей жауап қайтарғаны белгісіз. Белгілісі – шыршаның ұрланғанын Неке сарайы күзетшісі біліп қойыпты. Сөйтіп, полицияға хабарлаған. Із кесуші ит шырша тұрған үйді тап басқан. Ұрлықшы əйелге айып салынса, алып қойылған шыршаның кейін қай үйден «пана» тапқаны беймəлім.

CӨЗ СОЙЫЛ ƏЗІЛ - ОСПАЌ, СЫН - СЫЌАЌ

Е Н А Є Р А Л Ў Б , Н А Є БОЛ .. ҐЗІ? Бетін аулақ, өзімен кетсін!.. Тып-тыныш, қыбыржыбыр тіршілікке не жетсін. Дегенмен, бүгінгі басымнан өткен бірлі-екілі жайт жай таптырар емес. Қызметке кетіп бара жатып, көпшілік көлікте бір егделеу кісіге отырған орнымды ұсынып едім: – Отыр өзің! – деді алара қарап: – Не мені кəртайып қаусап тұр деймісің! Құдайға шүкір, мығыммын, əлдімін, шымырмын! Омалып отырғанның бетін аулақ қылсын! Не мені отыра қалатын мүгедек деп ойлап па едің! Он екі мүшем дін аман. Қарай гөр мұның мүсіркеуін! Тапқан екенсің қаусаған кəрі шалды! Əлгіден əңкі-тəңкі құтылып, көше қиылысында қолына таяқ ұстаған əкейді қолтығынан ұстай қойып едім, қолымды қағып: – Тəйт əрі, жөніңе жүре бер! Көшеден өтуім бірінші рет деп пе едің. Көргенсіз неме, шап беріп ұстай алуын!

Өзім-ақ өтемін. Мені бір бейшара етуін. Сендерге сенсек орта тұста орға жығып жазатайым етерсіңдер, – деп таяғын төбесіне көтеріп ұрудан тайынар емес, бас сауғалап арғы бетке безе жөнелдім. Ызаға булығып, жарылып кетердей болып үйге келсем əйелім: – Шал-ау, не болған саған, түрің өрт сөндіргендей. Бəрі құрысын, осы тірлікті бұйыртқан жаратқанға айтарымыз алғыс. Жаңа жылдың алғашқы күні демалшы елдің еркегі құсап, – деп сырт киімімді іліп жатыр. Оның бұрын жоқ бұл қылығы қытығыма тиіп, тіл ұшына келген тікенек тіркестер ағытылғанын өзім де сезбей қалдым... Асханадағы алдымда тұрған үш-төрт бөтелке сыраны балық-малығымен қосып сыртқа атып жібердім... Ерсұлтан МАҒЖАН.

ТАЛДЫҚОРҒАН.

Тоєыз жасында топ жарєан

АҚШ-тың Калифорния штатының тумасы, тоғыз жасар Тайлер Армстронг тарихта Аконкагуа биігін бағындырған ең балғын альпинист болып отыр. Ол аталған шыңға əкесі Кевинмен жəне гималайлық жолбасшы Лхаванг Дхондаппен бірге шыққан. Альпинистер Аконкагуаның басына 25 желтоқсан – Католиктік рождество күні жеткен. Аконкагуа – батыс жарты шарындағы ең биік тау. Стандартты ережеге сəйкес, 14 жасқа толмағандарға оған көтерілуге болмайды. Сондықтан Армстронгке Аргентина сотынан арнайы ордер алуға тура келген. Ал Аконкагуа тауының ең биік шыңы теңіз деңгейінен 6962 метр жоғары əрі Солтүстік жəне Оңтүстік Американың, сондай-ақ, батыс жəне оңтүстік жарты шардың ең биік нүктесі саналады.

Аќшаќармен бірге апатќа ўшырады

Польшада ішімдікке тойып алған Санта-Клаус пен оның Ақшақар рөліндегі көмекшісі ат жеккен шанамен келе жатып, апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан зардап шеккен де сол екеуі. Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, 51 жастағы ер адам мен оның 31 жастағы көмекшісі өздерін құдды бір түнгі клубтан шыққан адамдар секілді ұстаған. Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер шақырылып, соңғылары Санта-Клаус пен Ақшақар ауруханаға жеткізілген. Полициядағылардың атап өтуінше, техникалық жұп апатқа көлік құралын басқарып келе жатып түскендіктен, оларға көлікті мас күйінде жүргізді деген айып тағылуы әбден мүмкін. Ал әлгілердің ойынына балаларын апармақшы болған ата-аналар үлкен реніш үстінде көрінеді.

Кґлігінен 300 мыѕ доллар тапќан таксист

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 13 жыл жұмыс өтілі бар таксист көлігінің артқы орындығынан пакетке оралған 300 мың доллар тауып алған. Джеральдо Гамбоа ақшаны жолаушы жолақысын төлеп және шай үшін деп тағы 5 доллар тастап кеткеннен кейін байқапты. Таксист те ағынан жаралған адам екен, полицияға дереу хабар береді. Бірнеше сағат өткенде 300 мың доллар оралған пакеттің қожайыны да табылады. Сөйтсе, Жаңа жыл қарсаңында Вегасқа казинода ойнау үшін келген біреу екен. Осылайша, ақша заңды иесіне қайтарылды. Бірақ әзірше ол Гамбоаға ешқандай сыйақы бермегенге ұқсайды. Есесіне адалдығын ескерген таксопарк басшылығы алғыс жариялап, Жаңа жылдың кешкі асын ішу үшін 1 мың доллардың екі адамға арналған сертификатын тапсырыпты. Әрине, 1 мың доллар 300 мың емес қой...

Ереже бўзєандарєа – лотерея билеттері

Австралияның Мельбурн қаласында полиция жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге сол сәтінде ойналатын лотерея билеттерін таратты. Мұндай әдеттен тыс акция Католиктік рождество күніне орай өткізілді. Жүргізушілер барлығы бірнеше ондаған билеттерге ие болған. Құқық қорғау органындағылар атап көрсеткеніндей, лотерейлік шара, бірінші кезекте, мереке күні жүргізушілердің көңіл күйін көтеру үшін ұйымдастырылыпты. Мәселен, жылдамдықты арттырғаны үшін тоқтатылған жүргізушілердің көпшілігі полиция тарапынан жазаланудың орнына лотерея билеті ұсынылған кезде не дерлерін білмей ауыздарына сөз де түспеген. Ал билеттердің ішінде ұтысқа ие болғандары бар-жоғы туралы ештеңе айтылмайды.

Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.

Бір ер адам орманда келе жатып ќўрбаќаєа кезігіп ќалады. – Мені ала кет, керегім болып ќалады, – дейді ќўрбаќа. Айтќанын тыѕдап, оны ала кетіп їйіне келген соѕ тамаќтанып, ќўрбаќаны да тамаќтандырып ўйќыєа жата ќалайын деп тўрєанында əлгісі: – Мені жаныѕа алып жатшы! – демесі бар ма. Онысын да орындап, жанына жатќыза ќойып еді, əлгісі ќор ќызына айналып сала берсін... Сол кез əйелі келе ќалсын... Ќайтсін, болєан жайды ант-су іше əйелге баяндап еді... Əйелі сенген болды.

Сол

Жўмбаќ

.. . н і їш

Осы тосты əйелдеріміздіѕ «ант-су іше» айтќан ертегілерімізге їнемі сенуі їшін алайыќ! * * * Африкада жыртќыш аѕдар кґп екені белгілі. Олар ќапылыста бас салуы мїмкін. Ал онда шаќса мїрдем кетіретін улы жыландар да ґріп жїретіні белгілі. Егер ол ќолыѕнан шаќса, ґзіѕ-аќ шаќќан жерін сорып тїкіріп тас тай аласыѕ. Аяєыѕнан шаќса да сґйте аласыѕ. Ал егер ол пəлекет ќўйрыќ тўсыѕнан шаєып алса ше?!. Осы тосты осындай ќиын кезде кґмекке келетін наєыз достар їшін алайыќ! * * * Аулада жїрген екі ќораз айда кеп шекіссін. Тґбелесте жеѕгені їйдіѕ тґбесіне шыєып алып, шаттана ќышќырып тўрєанында бїркіт келіп бїріп алып кете барады. Мен осы тосты асып-тасыєан кїш пен сабырлыќ,салмаќтылыќтыѕ əрќашан да сабаќтасып жатуы їшін алып ќойсаќ деймін.

«Вокруг смеха» журналынан алынды.

«ЌЫЗЫЛКҐЗ» КҐМЕКШІ Петр Козлов жылдың бірінші күні әрең-пәрең үйінің кіреберісіне ене беріп: – Тоқта! Қолыңды көтер! – деген өктем дауысты естіп: – Немене?! – деп түкке түсінбеген болды. Анау екілене: – Қолыңды көтер! – деп тапаншасын бұның желкесіне тақады. Козлов: – Көтере алмаймын, қолым бос емес қой, – деді. – Қалайша бос емес? – деп сұраған болды қызылкөз тонаушы. – Қос қолымда дорба, көрмей тұрмысың?! – деп Козлов кейістік білдірді. – Қараңғылау жерде көрінбейді екен. Дорбаңдағы не?! – деп қарақшы төне түсті. – Не болушы еді, әк, сыр, желім... үйіме жөндеу жүргізуші едім, солардың керек-жарағы, – деп түсіндірген сыңай танытты. Тонаушы да кәсібіне басып: – Алтын, жауһар бар ма? – деп сұрап қалды. Козлов та кекесінмен: – Болғанда қандай! Қалтам толы алтын, жауһарлар ышқырымда! – деп жатыр. – Ақша ше!? – деп тонаушы да үмітін үзер емес. – Қайдағы ақша! – Козлов ақырып қалды, – Жөндеу жұмысын қолға аламын деп қарызға белшемнен баттым! Мұны естіп тонаушы түйсігі бар пенде екен: – Е, иә, жөндеу жұмыстары бітіріп жібереді, – деп Козловқа аяушылықпен қарап: – Бір нәрсе бар ма өзіңде? – деп тапаншасының ұңғысын төмен түсірген болды. – Темекім ғана бар. Ол да фильтірсіз, – деп Козлов мүләйімсіген болды. – Шайтан алғыр, әкел! – деп тонаушы тапаншасын жасырып, Козловпен қарапайым әңгімеге көшті. – Жөндесетін көмекшің бар ма? – Е, жоқ-а! Бір өзім. – Менің сырлау-әктеуден өнерім бар. Қарсы болмасаң көмектесейін. – Көмегіңе төлей қояр ақшам жоқ. – Жүз грамм табылып қалар? Мына аязда жаураған сияқтымын. – Екі жүз құюға шамам жетеді, – деп Козлов тонаушыға жылы жүзбен қарап еді, анау: – Онда не тұрыс, әрі Жаңа жылыңыз құтты болсын! – деп, Козловтың сөмкесін көтерісіп жоғарыға көтеріле берді... Антон МАКУНИ.

Бірінші сеанс Жылдың соңғы күні – Экранда – тəуіп, Екі көзін жауып, Таспиығын «сауып» Сөйлеп отыр: – Біріңіз, бəлкім, Тырдай боп шешінерсіз, Біріңіз ұйықтап, Біріңіз есінерсіз. Біріңіз сылқ-сылқ күліп, Біріңіз жынды адамдай есірерсіз, Біріңіз от тұтатып, Біріңіз сол отты өшірерсіз, Біріңіз мүмкін, Біреудің қасында жатқан шығарсыз. Ол жағын кешірерсіз. Бірақ мəселе онда емес, Қалай отырсаңыз, олай отырыңыз. Малдас құрып отырсыз ба – Онда, солай отырыңыз. Қыбыр етпеңіз. Тізеңізді дірілдетпеңіз, Ештеңе ойламаңыз, Өзіңізді өзіңіз зорлап, Бір ойға бойламаңыз. Сонда құлан-таза айығасыз. Сау денсаулығыңызды қайырасыз. Сөйтіп, кеселіңіздің беті дап-дала болады. Ең бастысы, əппақ шашыңыз – Түп-түгел қап-қара болады. Ал енді ағайын, Мен оннан бірге дейін санайын: Он, тоғыз, сегіз... Əй былшиған семіз! Қалғымай отыр! Жеті, алты, бес жарым... Əй месқарын! Жас қызға қырындап, алжымай отыр. Бес, төрт, үш... Тысс... Үндемей отыр. Əй, қазанбас! Қасыңдағы келіншектің құлағын үрлемей отыр. Екі, бір... жарайды. Əне, шашыңыз түгел қарайды. Екінші сеанс Жылдың алғашқы күні – Желкемізде жұбайымыз, Қазақша айтсақ «құдайымыз», Жұтып жіберердей жұлынып тұр. Шыбын жанымыз шырқырап, Бір сабақ жіпке ілініп тұр. – Намысың жоқ, тегің жоқ,

 Əзіліѕ

Не киетұғын кебің жоқ, Не мал жейтұғын шөбің жоқ, Не ел жейтұғын соғым жоқ Айтшы, неғып жоқ? Керісінше, жылау көп. Нең жоқ деп ең болмаса, Оқта-текте сұрау жоқ. Өйткені, бұл үйдің еркегі жоқ, Болса, ертеңі жоқ. Жұмыс та жоқ – Үйде жатыр байлаулы Арылдаған сабакі боп. Жұмыста жоқ болғасын – жалақы жоқ. Еркекті тоқпақтайтын келтек жоқ. Болды, бітті онға дейін санаймын. Тапсаң – таптың, таппасаң – Төркініме тайып тұрам. Айтпады деме, Мұрыныңды ескек, Құлағыңды қайық қылам. Бір, екі, екі жарым... Əй, қу құлақ! Қашанғы қол жайып отырамын.

Қимылдасаңшы... Үш, төрт, бес, алты, Туу, түрің құрысын кəпір, Тіпті қарауға жалкы. Жеті, сегіз, тоғыз... Əй, өгіз, қоңыз, доңыз, Қазір он болады. Сені тастап тайып тұрсам, Қалай асырайсың он баланы? Бірдеңе десейші... О-о-н! Əйелдің қолы ербеңдеп, Көздері аларып кетті. Тəуіп зорға қарайтқан шашым Лезде ағарып кетті. Толымбек ƏЛІМБЕКҰЛЫ. АЛМАТЫ.

жарасса...

а ш р ы Ш ы є а д н жаны иыс жым Екі студенттің əңгімесі: – Жаңа жыл мерекесі түнінде қайда отырамыз? – Былтыр «агентте» болдық, биыл «фейсбукте» отыратын шығармыз... * * * Еркектің өсіп-жетілуінің үш сатысы: 1. Ең əуелі Аяз атаның алдауына сенеді. 2. «Аяз ата алдап жүр екен ғой» деп сенбейтін болады. 3. Өзі Аяз ата болып, балаларды алдайды. * * * – Сен неге əр рюмканы көтерген сайын көзіңді жұмып аласың? – Мен былтырғы Жаңа жылда əйеліме «рюмкаға енді қарамаймын» деп уəде беріп ем... * * * Егер Жаңа жыл түнінде дала ыстық болып, қар орнында үйіліп құм жатса, ал күткен Аяз атаңыз түйемен келіп жетсе... онда сіздің Египетте болғаныңыз... * * * – Біздің көріп-біліп жүрген Аяз ата мен шетелдің Санта Клаусының ерекшелігі неде? – Шетелдікі ылғи жалғыз өзі сап-сау қалпы қыдырып жүрсе, біздікі үнемі жанында қызы бар, мұрны қызарып қызып жүреді...

«Вокруг смеха» журналынан алынды.

ЖАЅА ЖЫЛДАЄЫ ШОЛАЌ МЫЛТЫЌ

Бір əйел Жаңа жылдың түн ортасында оянып кетіп қараса, күйеуі орнында жоқ екен. Тұрып асүйге барса, күйеуі ойлы кейіпте бір нүктеге қараған бойы кофе ішіп отыр екен. Күйеуінің көзіндегі жасты көрген əйелі: – Не болды, жаным? – дейді. – Есіңде ме, 20 жыл бұрын екеуміз кездесе бастағанда небəрі 16 жаста ғана емес пе ек? – Есімде. – Екеуміз мəшинеде сырласып отырған жерімізде əкеңнің бізді ұстап алғаны ше? – Иə, есімде, жаным. – Ал басыма мылтығын тақап тұрып сені алмасам, 20 жылға сотталатынымды айтқаны ше? – Есімде. Күйеуі көз жасын сүртіп: – Сол кезде үйленбегенімде мына келген Жаңа жылда босап шыққандай екем... – депті.

Мїйісті жїргізетін Берік САДЫР

Profile for Egemen

01012014  

0101201401012014

01012014  

0101201401012014

Profile for daulet
Advertisement