Page 8

8

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

 Мемлекеттік мəселе Қолыңызға 2014 жылдың тұңғыш нөмірі тиіп отыр. Негізінде жыл басталарда бірден проблемалық мəселелермен оқырманның басын қатыра беру онша дұрыс деп те саналмайды. Əйтсе де, Ерлан САҒАДИЕВТІҢ үштілділік проблемасын қозғаған ойлы мақаласын осы нөмірде жариялауды жөн көріп отырмыз. Елдің бəсекеге қабілеттілігі əркімнің бəсекеге қабілеттілігінен басталмақ. Мұның басты бір жолы – əлемде қордаланған, адамзат жинаған білім мен ақпаратқа жедел қол жеткізу. Ал оның ең сенімді жолы – сол білім мен сол ақпарат түгелдей дерлік тұнып тұрған ағылшын тілін меңгеру. Өзіміздің бір байлығымызға айналып үлгерген орыс тілін қоса. Өзіміздің ана тіліміздің қайнар бұлағынан қана іше, өз тұнығымыздан сусындай жүріп. Қазақы бітімболмысымызды сақтауға үштілді болудың еш кері əсері жоқтығын осы мақала авторының бес баланың əкесі екендігінен де, үш тілді қатар, еркін меңгерудің қай салада да табысқа жол бастайтынын Ерлан Кенжеғалиұлының елімізге белгілі кəсіпкер, халықаралық IT–Университет ректоры екендігінен де көруге болады. Тіл мəселесі елімізде қызу талқылануда. Осыған тіпті саясаткерлер мен əртүрлі топтардың көңіл-күйі де араласып кетті. Ал, біздің ойымызша, оларды былай қоя тұрып, алдымен біздер, ата-аналар, өзара пікір алысып, ортақ түсініктің жолын өздеріміз іздегеніміз дұрыс сияқты. Өйткені, түптеп келгенде, тек біздер – ата-аналар өз перзенттеріміздің келешегіне тікелей жауаптымыз. Əр отбасында бүлдіршіндер өсіп жатыр. Олар балабақшаға, мектепке барар шағында қазіргі заманда туып отырған қиын сұрақтың дұрыс жауабын табуымыз керек: баланы қай тілде сабақ беретін мектепке апарамыз – қазақ, орыс немесе ағылшын тіліндегі мектепке ме? Осы таңдау – бүгінгі күні қай ата-ананың да басын ауыртатын өзекті мəселе. Менің бес балам бар. Сондықтан оларға керекті тіл мен мек тепті таңдау мен үшін өте жауапты. Баспасөздегі тіл туралы пікірталасты назарымда ұстаймын. Кейде орынды пікірлер айтылса да, көбіне жалаң сөз, эмоция басым. Терең талдау, тиянақты деректерден немесе басқа халықтардың кейбір озық үлгілерінен шыққан қорытынды аз. Өткенді өнеге, мысал ету бар да, болашақ туралы əңгіме аз. Біз кім болғымыз келеді, əрбір азаматқа заман талабы енді 20, 30, 50 жылдан кейін қалай қойылуы мүмкін? Міне, осы сұрақтарға жауап көбінесе назардан тыс қалады. Ал олар өзекті мəселелер, егер еліміздегі адамның орташа жасы бүгін 70те, болашақта одан да көп болады десек, бүгін балабақша есігін, мектеп табалдырығын бірінші рет аттаған бүлдіршінге бүкіл өмір бойы осы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді. Мені осы мəселе көптен толғандырады. Бұл мəселеге өз пікірім, өз көзқарасым қалыптасқан сияқты. Солармен ата-аналармен, жалпы оқырмандармен бөліскім келеді. Тілдер туралы айту бір жағынан маған жеңілдеу сияқты: жеті жасыма дейін ауылда, əжемнің бауырында өстім, тек қазақша сөйледім. Жетіден жиырма жасқа дейін мектепте оқу, əскери борышымды өтеу тек қана орыс тілінде болды. Содан кейінгі Америка Құрама Штаттарындағы сегіз жыл өмірімде ағылшын тілін үйреніп, сол тілде қызметімді жалғастырдым. Енді қалыптасқан пікірді баяндауға көшейін. «Егер ана тіліңде оқымасаң сен қазақ болмайсың, оның бай мəдениетінен аулақ боласың», дейді біздің көптеген ағайындар. Екі жаққа бөлінген пікірталастың ең өзекті тұсы осы. Біздің ойымызша, осының негізінде білім мен мəдениеттің ара-жігін толық айырмау жатыр. Білім берудің мақсаты – адамды заманауи теориялық жаңалықтармен сусандырып, озық технологиялар мен озық тəжірибе, үлгіге баулып, заманындағы білім мен біліктілік бəсекесіне бекем болатын азамат тұлғасын сомдау. Өзіне, отбасына, еліне керекті табыс тауып, тиімді еңбек ете алатын маман тұлғасын жасау. Мəдени тəрбиенің мақсаты бөлек. Ол сенің ұлттық тілің мен діліңді, ұлттық болмысыңды сомдайды, өз тарихың мен өнеріңе үйретеді, басқа да халықтардың рухани қазыналарымен сусындандырады. Білім мен мəдениеттің, біздің ойымызша, ара-жігі осы айтқандарда. Осыған қарамай тіл туралы пікірталаста білім мен мəдениетті бір-бірімен қосақтай береміз. Тереңірек үңілсек осының себебі, елімізде болып жатқан тарихи өзгерістерде сияқты. Данышпан Абай заманында біздің халықтың бар білетінінің 95 пайыздайы тек қана қазақтар, Қазақ елі туралы еді. Бұдан басқа білім бұлағы бізде болған жоқ десек те сыяды. Сондықтан өзінің тілін, елінің тарихын білген, мəдени құндылықтарын игерген қазақ азаматы сауаттылар санатында болатын. Содан кейін заман өзгерді, өмір

Жаңа жылдан не күтесіз?

Жаѕа маусымдаєы тыѕ жобалар

«Қазақстан» ұлттық арнасы өз хабарларын толығымен қазақ тілінде көрсете бастағалы бұрын-соңды болмаған биік сатыға көтерілді.

ЇШ ТІЛДІ ЇЙРЕНУ – ЇЛГІ ЕТЕР ЇРДІС Бўл – əрбір ата-ананыѕ міндеті күрделенді. Ресейге қосылғаннан кейін елге өндіріс келді, индустрияландыру басталды. Білім мен біліктілікке қойылған талап күрт өзгеріп, күрт өсті. Оған сəйкес болу үшін білімді тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де алу керек болды. Одан кейін əлемде жаһандану үрдісі басталып, ол күннен-күнге ауқымы кеңейіп, терең бойлап келе жатыр. Біз əлемдегі ашық қоғам құрған елдердің бірі болып даму үстіндеміз. Бүгінгі жаһандану заманында сауатты болам деген адамға білім тек Қазақстанда жасал майды, тіпті оған қазақтардың қатысы шамалы десек те болады. Егер іргелі жəне қолданбалы ғылымдарды алсақ, олардың ашқан жаңалықтарын алсақ, бұл бұлтартпас шындық. Білім ауқымы еселеп өсті, ол тек қана мəдениет төңірегіндегі білім шарасынан əлдеқашан асып кетті. Мəдени тəрбие білім мен біліктіліктің өте маңызды бөлігі болса да, олардың тек бір ғана сипаты болып қалды. Осыдан шығатын ең өзекті мəселе – өскелең ұрпаққа керекті заманауи білімнің тек қазақ тілінде жасалмайтыны. Ол білім əлем елдерінің əр тілінде жасалады. Дəлірек айтсақ, білім туралы ақпараттың негізгі арнасы ағылшын тілінде болатынын барша əлем елдері мойындаған сияқты. Мына бір деректерге жүгініп көрейік. 2011 жылы əлемде ағылшын тілінде 550 мың кітап жарық көрген екен. Бұлар жаңа кітаптар мен аудармалар. Яғни, жаңа ойлар, жаңа идеялар. Сауатты боламын деген адамға керекті жаңа ақпарат. Сол жылы орыс тілінде 97 мың кітап басып шығарылды. Екі тілде шыққан кітаптардың салыстырма коэффициенті 1:5 (бір де бес), біздің Ресей көршімізден француздар шығарған басылымдар сəл төмен: 65000 (коэффициенті бір де сегіз). 2011 жылы қазақ тілінде 2300 кітап жарық көріпті. Яғни, ағылшын тілінде шыққан екі жүз кітапқа қазақ тілінде бір-ақ кітап келеді. Слайдқа салып салыстырсақ былай болып шығады:

ақпаратты өз тілдеріне аудару қажеттігі. Ал оны іске асыру ешбір елдің, ешбір бюджеттің қолынан келмейді. Бүгінде техника, технология туралы ақпараттың 70%-ы ағылшын тілінде шығады. Сондықтан, егер сіз, мысалы, испан азаматы болсаңыз, сіздің испан тілінде бүкіл Латын Америкасы елдері сөйлесе де, өз тіліңізде техника туралы жаңа білімнің тек 3-4 пайызын ғана ала аласыз. Электрондық ақпараттың, яғни болашағы үлкен ақпараттың 80 пайызы ағылшын тілінде шығады. Қытай, орыс, жапон, француз, тағы басқа тілдерде осы ақпараттың тек 20 пайызы ғана жарияланады. Осыған байланысты əлемдік ақпарат арыны негізінен бір ғана ағылшын тілінде екендігімен бетпе-бет келіп отырған тек қана біздер, қазақтар емеспіз. Бұл бірінші өзекті мəселе. Екінші өзекті мəселе – тілді жақсылап түсіне білетін жағдайдың керектігінде. Ол үшін əртүрлі салалардың, əсіресе, ғылым мен техника мамандары қолданатын терминдер қорын өз ана тіліңде жасауымыз керек. Осы тіл саласының оқымыстылары қолданбалы тілге керекті түсініктеме жасау үшін ең кемі 10 мың адам осы тілді белсенді түрде пайдалануы керек дейді. Мысалы, орыс философиясының түсініктеме аппаратын Ленин жасады. Ол марксизмнің ең кемі 10 мың идеологының қалыптасуына жол ашты, ал олар, өз кезегінде, орыс тіліндегі философия ғылымының түсініктемелік аппаратын жасады. Лениннің өзіне Гегель мен Кант еңбектерін жақсы түсіну үшін неміс тілін игеру керек болды. Ленин мұны өз еңбектерінде жазған. Бірақ Гегельдің еңбектері кезінде не грузин, не қазақ, не əзербайжан тілдерінде жарияланған жоқ. Тек кейіннен «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында ғана жекелеген еңбектерінің үзінділері аударылды. Мен Гегельдің еңбектерін түрік тілінде де таппадым. Оны осы тілдерге аудару үшін керекті түсініктеме аппаратын жасау керек еді, ал ол үшін ең кемі 10 мыңнан

2011 жылы шыққан кітаптар: Əртүрлі салалар үшін басылып шыққан ғылыми еңбектердің саны медицина бойынша ағылшын тілінде 14000, қазақ тілінде 147, экономика мен əлеуметтануда 29000 да 239, жаңа технология туралы 35000 да 191 кітап шыққан екен. Бұл тек біздің ғана басымыздағы мəселе емес. Əзербайжан, Грузия, Өзбекстан елдеріндегі жағдайлар да осындай, біздегідей, мүмкін одан да күрделі. Сондықтан көптеген əлем елдері Египеттен бастап, Мексика, Швецияға дейін олардың бəріне ортақ бір мəселе – əлемдегі сансыз

артық осы салада еркін сөйлейтін мамандар қажет. Осыларға сүйене отырып не айтқымыз келеді. Бірін шіден, əлемдік ой жүйесінің терең қатпарларын игере алмай, мысалы, жаңа біз сөз еткен немістің классикалық философия тұжырымдарын игере алмай, біздің балаларымыздың қазіргі заманда жоғары сауатты болуы қиын, ал онсыз келешегі бұлыңғыр. Екіншіден, біздің заманымызда білімнің жаңа салалары өмірге өте тез жылдамдықпен келіп жатыр. Оларды уақытында өз тілінде игеруге қандай мемлекет болса

да оған мүмкіндігі жоқ, өйткені, түсініктеме аппаратын жасап үлгере алмайды. Көптеген саланың мамандары осындай жағдайдан кейін ағылшын тілін игеріп, оны өзінің кəсіби мамандығының тілі деп біледі. Мысалы ұшқыштар, дəрігерлер, жаңа материал жасау мамандары, химиктер, ақпараттық технология мамандары өз саласындағы негізгі тіл деп ағылшын тілін айтады. Бұл үрдіс барған сайын басқа мамандықтарға да кеңінен етек жайып барады. Біз аз халықпыз, əлемдегі ең озық елдің қатарына қосыламыз деген асқақ арманымыз бар. Ал ол үшін не істеуіміз керек? Тезірек ағылшын тілін игеруіміз керек. Біздің ойымызша, барша халқымыз осы тілді игеруі керек. Қай ел осы тілді тезірек игерсе, сол ел əлемдегі бəсекелікте басымдық алады. Көптеген елдің халықтары өзінің ана тілімен қатар ағылшын тілін де толық игерген. Мысалы, барлық Скандинавия елдері, бүкіл Балтық бойы, Швейцария, Сингапур, Малайзия. Оңтүстік Кореяда ағылшын тілін таза сөйлейтіндер шамалы, бірақ барша халық осы ағылшын тілінде бірін-бірі жақсы түсінеді. Жақында ағылшын тілін үйрену үрдісіне грузиндер қосылды. Басқа елдерден олар ағылшын тілінің 2500 мұғалімін əкеліп, өз мектептерінде бір-екіден жұмысқа орналастырды. Өзбекстан да білім берудің жаңа стратегиясын жасады, онда ағылшын тілін игеруге басымдық берілген. Қытай елі де өз жастарына ағылшын тілін белсенді түрде үйрете бастады. Бір сөзбен айтсақ, əлемдегі жаһандану үрдісінің өктем талабының бірі осы ағылшын тілін дамытуда болып отыр. Франция көптен бері ағылшын тілін өз елінде қолданысқа енгізуге қарсы болғанын білеміз. Ал осы 2013 жылдың қыркүйек айында француздардың мектептерінде міндетті түрде ағылшын тілін үйрету пəні енгізілді. Мен бұрнағы жылы Францияда тұрдым. Тіл туралы осы елде болған қызу пікірталастың куəсі болдым. «Сонда қалай, ағылшын тілін енгізіп, ұлы француз тілін «Қызыл кітапқа» кіргіземіз бе?!» деген кейбір француз азаматтарының жанайқайын да естідім. Осыған қарамай, өткен жылы француздар мектебінің барлық сыныптарында ағылшын тілін үйрету басталды. Бұл бірден-бір шешім дұрыс дейді фрацуздар, өйткені, өз тілімізде бүкіл əлемнің ғылым мен техника, мəдени жаңалығының тек 5 пайызын ғана шығарып отырып, біздер əлемдегі бəсекеге бекем бола алмаймыз. Бізге үш тілді меңгеру керектігін Елбасы айтты, биылдан бастап ол ұстаным орта мектепте енгізілді. Яғни, саяси шешім қабылданды, ендігі мəселе осы игі бастаманы жан-жақты жəне баянды түрде іске асыруда. Бірақ мемлекет шабан қимылдайтын құрылым ғой. Оның əрбір қадамын заңдастыруға, идеологиясын қалыптастыруға, басқа да жағдайларын жасауға уақыт керек. Біздер, ата-аналар, балаларымыз үшін ең қуатты, белсенді күшпіз, осы белсенділігімізді жастардың үш тілді де жақсы игеру ісінде көрсете білуіміз керек. Үш тілді қатар игеру біздің тіліміз бен мəдениетіміздің дамуына кедергі келтіреді деген де күмəн бар. Ол да негізсіз емес. Қайткенмен де ұлт болып осы мəселені терең ойластыруымыз керек. Біздің ойымызша, заманымыздың осындай өктем талабына кезігіп отырған, оларға өз жауабын тауып отырған

басқа елдер тəжірибесіне тереңірек үңілуіміз керек. Əрбір ұлттың тек өзіне тəн, басқаларда жоқ рухани қоры, мəдени дəстүрі бар. Дегенмен, əлемдегі əлеуметтік жаңғыру үрдісі оларды бірінің ізімен бірі жүруге, бірінің тəжірибесін бірі қайталауға шақырады, тіпті мəжбүр етеді десек те болады. Қазақстан өзінің мəдени болмысын сақтау мəселесімен кездесіп отырған жаһандағы жалғыз ел емес. Көптеген елдердің де алдында осы мəселе тұр. Тіл де, мəдениет те мəңгілік бір қалпын сақтамайды, олар да дамиды, өмірде болып жатқан құбылыстарға сəйкес жаңғырады. Швеция, Норвегия, Дания, Финляндия халықтары жаппай ағылшын тілінде сөйлейді, іс қағаздары да осы тілде. Бірақ өз тілін ешқайсысы ұмытқан жоқ, ал төл мəдениетін айтарлықтай дамытып отыр. Малайзия халқы сонау Британия боданы заманынан ағылшын тілін жаппай игерген. Бірақ əрбір малай азаматы өзінің ислам дініне берік, ана тілінде өз мəдениетін өте жақсы дамытып отыр. Жоғарыда аталған Скандинавия елдерінің тағы бір мəдени ерекшелігіне тоқтайық. Осы елдер барша əлемде «жасыл қоғам», «жасыл экономика» қозғалыстарын бірінші болып бастап, табиғатқа, жалпы əлемге деген көзқарастың өте бір керек те тиімді бағытын ашты. Біз «егер сен аңшы болмасаң, еркек емессің» деп жүргенде, олар табиғатқа, жан-жануарларға аянышпен қарап, оларды қорғау қозғалысын бастады. Осы үрдіс бүгін əлемнің басқа елдерінде де қолдау тауып отыр. Осы арқылы əлем елдерінің бір-бірімен мəдени ұқсастығы күшеюде. Əлемде тынбай жүріп жатқан урбанизация үдерісі де мəдени ұқсастықты көбейтуде. Қазіргі əр елдегі мегаполистердің бір біріне ұқсас екені күмəнсіз. Ұлтты өсіріп, елді көркейтетін жолдың бірі осы. Қаланың өмір сүру дағдысы ерекше, оның саяси ықпалы мен мəні ерекше, қала адамы заман ағымына бейім. Өндірістік еңбек өнімінің өсуі, білім беру деңгейі де ауылдағыдан қалада артық. «Барлық ұлы мəдениеттер қала мəдениетінен бастау алды» деген неміс философы Освальд Шпенглер. Үлкен игілікке, кемелділікке қала арқылы жетуге болатынын Əл-Фараби бабамыз да айтып еді. Біздің елімізде де урбанизация үдерісі сонау кешегі кеңестік заманда басталып, егемендігіміздің тұсында жедел жүріп жатыр. Бұл да тіл мен мəдениеттің дамуына əсерін тигізбей қоймайды, тигізіп те жатыр. Егер біз төл тіліміз бен мəдениетімізді сақтағымыз келсе, əрбір ел тұрғыны осы тілде оқи да, жаза да білу керек. Ауқымы өте үлкен, бірақ шарапаты мол іс. Сонымен қатар, біз байқап отырғандай, тек бір ғана осы тілдің өзі бізді əлем деңгейінде бəсекеге бекем ете алмайды. Сондықтан да тиянақты түрде үш тілді игеру біздің ұлымыз бен қызымыздың шетелдердегі өз құрбыларымен тең түсіп, мынау күнде өзгеріп жатқан заманда өздеріне тиісті орындарын табуының бірден бір шарты дер едім. Менің ойымша, ата-ана болып, ұлт болып заман талабын жақсы түсіне келіп аталмыш жолмен жүрген дұрыс. Сонда қазіргі тіл туралы пікірталас та дұрыс шешімін табады деп ойлаймын. Сіз не дейсіз, ағайын? Ерлан САҒАДИЕВ.

Көш бастаудың тағы бір сыры – телеарна жыл сайын көрерменді баурап алар тың жобаларды ойлап табуда. Биыл да халықтың сүйікті арнасы жұртшылықты көзайым жобалармен қуантуға асығады. Жаңа маусымда «Қазақстан» ҰТА бірқатар жаңа мега-жобаларды, ақпараттық-сараптамалық, деректітанымдық дүниелерді, жаңа токшоулар мен көңіл жадыратар ойынсауықтық жəне музыкалық-сазды бағдарламаларды ұсынбақ. Осы жылы көрерменнің ерекше сұранысына ие отандық телехикаялардың жаңа бір легінің тұсауы кесіледі. Мұнда төл телехикаялармен бірге əлемнің озық кинокомпаниялары түсірген көркем кинотуындылар мен деректі фильмдерді тамашалауға мүмкіндік туады. Қыстың қыраулы күндерін жаздың жаймашуақ əсеріне толтыруға мүдделі қауымға «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңа маусымда бірқатар тың тартулар əзірледі. Соның бірі – «Қазақстан дауысы» мега-жобасы десек, бұл жай талант-шоу ғана емес, ғажап дауыс иелерін анықтайтын, оларды елге танылған күміскөмей тұлғалармен қатар қоятын тартымды жоба. Мұнда кəсіби əншілер байқауға қатысушыларға өздері көмектесіп, көргентүйгендерін үйретеді. Бірақ шəкірттерін қанша қолдап, жаны ашығанына қарамастан олардың арасынан ең мықтыларды таңдаулары тиіс. Бұл – негізінен əлемнің 35 елінде көрсетіліп, рейтинг бойынша бар жерде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген тележоба. Америкалық нұсқасында экран алдына 37 миллионнан астам көрермен жинап, өзімен бəсекелес өзге тележобаларды артқа ысырған жобаның қазақстандық үлгісі де үлкен-кішіні бей-жай қалдырмасы анық. Тағы бір жаңа жоба «Түнгі студияда – Нұрлан Қоянбаев» деп аталады. Мұның өзге бағдарламалардан ерекшелігі – жобада орынды əзілқалжың арқылы саяси сынаулар мен ойландырар сауалдар болады. Бағдарлама жүргізушісі мен қатысушы қонақты жанды дауыста түрлі музыкалық аспапта ойнайтын топ сүйемелдеп отырады. Бағдарлама аптасына 4 рет жарыққа шығады деп күтілуде. Жаңа жылда «Əйел бақыты» ток-шоуы одан əрі жалғасын табады. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен əлемді тербеткен əйел беделі, отбасындағы рөлі, əлеуметтік жағдайы, бала тəрбиесіндегі маңызы мен бүгінгі ерлі-зайыптылар болмысы əңгіме өзегіне айнала отырып, керекті кеңес, əдеміліктің құпиясы, сəн жəне т.б. өзекжарды мəселелер ортаға салынады. Жаңа ток-шоу тікелей эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – көрермендер тікелей эфир кезінде де, эфирден тыс уақытта да өздерін қызықтырған сауалдарды телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы жолдай алады. Биыл көрермен, сондай-ақ, «Шетелдегі қазақ балалары» атты деректі танымдық жобаның жалғасын тамашалай алады. «Шетелдегі қазақ балалары» сериялық репортажының басқа арналарда баламасы жоқтың қасы, «Қазақстан» ҰТА бастамасымен елімізде тұңғыш рет қолға алынған бағдарламаның негізгі мақсаты – шетел азаматтары асырап алған қазақстандық балалардың кейінгі тағдырын баяндау. Осыған дейін еуропалықтар асырап алған қазақ балаларының тағдыры жайында жан-жақты сыр шертілсе, енді АҚШ пен Канадада жүрген қаракөздердің тағдырымен танысуға мүмкіндік туады. Жаңа маусымда көрермен көзайымына айналып үлгерген «Ұлттық шоу», «Айтуға оңай», «Алаң», «Сыр-сұхбат», «Жарқын бейне», «Келбет», «Ақсауыт», «Таңшолпан», «Телқоңыр», «Жайдарман», «Жан жылуы», «Толағай», «Экспо жолы» бағдарламалары жалғасын таба түседі. Тағы бір маңызды жаңалық, «Қазақстан» ҰТА-да жаңа маусымда бірнеше отандық телехикаялардың тұсауы кесіледі деп жоспарлануда. Жаңа жылда ұлттық арна көрер мен дерге «Жедел жəрдем»,

«Сырғалым» атты отандық телехикаяларды ұсынбақ. Айта кету керек, «Олимп шыңы», «Сұңқар», «Ұстаз», «Ауыл сақшысы», «Əпке» атты телехикаялар көрермен көзайымына айналып үлгерсе, еліміздің түкпір-түкпірінде ерлік көрсетіп, батылдығымен, өжеттігімен көзге түсіп жүрген жандар жайлы деректі фильмдер топтамасы – «Жаныңда жүр жақсы адам» да өз жалғасын таппақ. Осы жылдың қарсаңында ұлттық арнаның өз көрермендеріне таңғажайып Жаңа жылдық көңілкүй сыйлағаны тағы бір айтарлықтай оқиға деу керек. «Таңғалдырған жаңа жыл» атты ойын-сауық думанының авторы – белгілі украиналық режиссер, продюсер Алан Бадоев. Жобаның желісі бойынша музыкалық комедияның үш басты кейіпкері – болашақтан келген уақыт сақшыларыполицейлер –Дулыға (басты кейіпкері, иісшіл), Азамат (қырағы көз) жəне Жанатбек (сақ құлақ). Олар 2116 жылда өмір сүріп, өзінің айрықша дизайнымен (кейбір тұстары киіз үйге ұқсатып жасалған) жəне инновацияларымен жұртты таңғалдырып, ұшатын тəрелкеде қызмет етеді. Болашақ меймандары қоршаған кеңістіктегі өздерін қызықтырған нысандарды фантастикалық түссіз монитор арқылы бақылап отырады. Кейіпкерлердің басты мақсаты – Жаңа жылды қарсы алуға кедергі жасайтын өзге планеталықты ұстап алу. Оны іздеу барысында уақыт сақшылары монитор арқылы Астанадағы Жаңа жылдық көріністі бақылайды. Алла Пугачева, Дмитрий Хворостовский, Авраам Руссо, Верка Сердючка, Валерия, Жанна Фриске, Филипп Киркоров, Макс Барских сынды Ресей эстрадасының танымал жұлдыздарына 70-тен астам бейнебаян түсіріп, өз ісінің хас шебері атанған Алан Бадоевтың ұлттық арна көрермендеріне ұсынған Жаңа жылдық жобасы өзге арналарда көрсетілетін жобалардан мүлде бөлек еді. Бұл оның Қазақстан көрермендерімен алғашқы қауышуы емес. Бұған дейін талантты продюсер алматылықтарға ТМД мен Еуропаның музыкалық арналарында айрықша танымалдылыққа ие болған ZDance хоррор-мюзиклін ұсынса, Астана қаласында Тимур Бекмамбетовтің кинофестиваліне қатысқан болатын. Телешоу авторлары дəстүрлі «көгілдір алау» пішіміндегі үстел басындағы отырыстар мен диалогтардан бас тартып, жобаны қарқынды сюжет желісінде түсірген. Əртістер ерекше талғаммен безендірілген декорацияда, жарық қойылымы мен субұрқақпен жабдықталған бірнеше сахналарда өнер көрсетті. Əрбір нөмірді Алан Бадоев бейнебаян ретінде түсірді. Əрбір кадр инновациялық бояумен қаныққан. Мəселен, сахнада бірде «тірі ескерткіштер», голограммалар ұсынылса, енді бірінде Бақтияр Тайлақбаевтың отты микрофонмен əн айтқаны ғажап. Жұлдыз IL KANTO тобымен бірге өнер көрсетсе, кейбір эстрада жұлдыздары сахнаға жаңа бейнеде шықты. Мəселен, Мəдина Сəдуақасова, «Алашұлы» тобы 60шы жылғы эпатажды стильде өнер көрсетті. Роза Рымбаева, Ескендір Хасанғалиев, Лаки Кесоглу, Паскаль, Нұрлан Абдулин, Нағима Есқалиева, Айгүл Иманбаева, Бүркіт, Аиша, Ардақ Балажанова, Алмас Кішкенбаев, Ұлықпан Жолдасов, Мақпал Исабекова, «Орда», «KeshYou», «RINGO» топтары жəне т.б. өнерлері шуақты, мерекелік рəуішке толы. Басты рөлдегі Дулығаның рөлін «Қыз жылаған», «Сыныптастар» «Біржан Сал», «Агент Z» фильмдері арқылы танымал Дулыға Акмолда сомдады. 30-ға жуық анимациялық фильмдерді дыбыстаған актердің орындаған «Құбыжықтар универ ситеті» анимациялық мультфильмін дегі Майк Вазовскийдің дубляжы айтарлықтай табысқа ие. Жанатбектің рөлін – белгілі актер, тележүргізуші, режиссер Жанат Бəйтеков, Азаматтың бейнесін «Парыз», «Бақсы» фильмдері арқылы танымал актер Азамат Сатыбалды сомдады. Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ, «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз хатшысы.

Profile for Egemen

01012014  

0101201401012014

01012014  

0101201401012014

Profile for daulet
Advertisement