Page 5

Атар таңға ақ тілек

5

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

ы р ы є ў т ѕ і Тілімізд сын! ныќ тўр

Басталған жылға ақсақалдық тілек, пейіл, əрине, еліміздің амандығы, тыныштық тірліктің ұзағынан болуы ғой. Еліміздің тəуелсіздік алғанын көріп, сол тəуелсіздік заманда өмір сүріп жүргеніміздің өзі бақыт. Келмеске кеткен өткеннің қиындықтарын көрдік. Енді өз тілімізбен өмір сүріп, келер күндерге қазақ тілінде сөйлеп, жазып естелік қалдырамыз ғой деген сенім бар. Мемлекеттік тіл – қоғам бірлігінің бастау бұлағы. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы жолдауларында үнемі айтып келеді. «Қазақ тілі, сондай-ақ, біздің рухани негізіміз де болып табылады. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тəжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз», деп Елбасы қалай жақсы айтып берді. Біздің «Қазақ тілі» қоғамы да тілдік қарымқатынас мəдениетін қалыптастыру арқылы жастарды қазақстандық патриотизмге тəрбиелеу шараларына үлес қосып келеді. Қоғам мүшелері өткенді көрген үлкендер, бəрі де кезінде ұстаз болған, зейнетке шықса да ұрпағына өнегелік жолын үйретуді ұмытпаған жандар. Бəрінің де ойы «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ», деп Абай атамыз

айтқандай, жастарға туған тілін білсін, қадірлеп, аялап, сақтасын деген ой түйгізу. Сондықтан бəріміз де жаһандану заманында өзгеге еліктей бермей, ана тілімізді құрметтеуге, сол тілде сөйлеуге үн қосып жүрміз. Осы ретте, көшедегі жарнамада қате жазылған əрбір сөзді көрген қазақтың ұл-қызы бейқамдық танытпай, оны түзетуге атсалысуы қажет деп білеміз. Биыл облыс орталығында өткен «Түркітілдес халықтар жазбалары күндері» апталығына жастар қызығушылықпен қатысты. Өркениет көшіндегі көне түркі халықтарының мəдениетін, тілін, тарихын айшықтайтын баға жетпес асыл қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, туыстас түркі халықтары арасындағы қарым-қатынасты нығайту – бүгінгі ұрпақтың басты парыздарының бірі. Ал сол құнды қазынаның бірі – біздің қазақ тіліміз. Мемлекеттік тіл жылқы жылында да тұлпардай тулай шауып, бəйгенің алдын бермесін деген тілек айтамын.

Павлодар облысы.

аулы даталар Айтулы тұлғалар, ат

0 2 1 – н и л й а М Бейімбет » газетін рниялық «Ауыл е б у г ың қт за қа – жылдарда Бе йі мб ет М ай ли н рған. (1925). 30-шы ға шы тін ие еб əд , қазақ та н» (қ аз ір гі көрнекті жазушысы оц иа ли ст ік Қа за қс «С і. бір рдың тінде бөлім қалыптастырушыла мен Қазақстан») газе ге «Е н ра Та ң ны сы ң орынбаОл Қостанай облы ерушісі, редакторды ңг ме лке е ег ни лы дү əдебиеті» ауданында 1894 жы , «Ауыл тілі», «Қазақ ры са фа зи Уə ы ндағ дакторы боген. Троицк қаласы лымдарының бас ре сы ба ыс ор ғы анайда істеген. медресесінде, Қост ад ағ ы лып қызмет Уф , те е жанры еп кт ме а ш а- қа за қш зақ прозасында əңгім Қа м лі бі ып е оқ ары арқылы кеҒа ли я ме д ре се сі нд Бейімбет шығармал алған. ене түсті. мұғалім бо- мелд та рт а по 1916-1919 жылдары М ай ли н он бе ск е Б. а ан лд ғы шұ ен атович» атты ла ды , жа зу шы лы қп сть, «Азамат Азам ве і ер тт зе га л» ыз ыл жа «Ауы бастайды. «Қазақ», н жа зғ ан . Он ың «Қ ма ро ры да ал рн ақ» жу ты романдары мен «Айқап», «Сад у», «Қоңсылар» ат ла н ли ай М т бе йім сыртында на жазып тұрады. Бе алмай қалған. Мұның қт ая н ме ге «Е гі азір а, либретто, «Еңбекші қазақ» (қ ірілі-ұсақты 25 пьес ол ет зм қы е ті нд лердің авторы. Қа за қс та н» ) га зе ай да ғы сценарий ан ст Қо ). ж. 2 92 (1 іст ег ен .

Тоғайбай КЕНТАЕВ, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

Жаңа жылдан не күтесіз?

 Тарих толқынында еді. Жас ғалым Ботай қалашығына арнайы экспедициялар ұйымдастырып, қазба жұмыстарын талмай жүргізді. Сөйтіп, 158 елді мекеннен 120 мыңға жуық заттай айғақтар ұшырасты. Басты олжа сол, жылқының 70 мың сүйегі

Кембридж университетінің профессоры М.Левина бастаған ғалымдар ғылымизерттеу экспедициясын ұйымдастырды. Би-Би-Си телекомпаниясы ерте дəуір адамдарының өмірі, олардың тыныстіршілігінің бөлінбес бір бөлігіне айналған

Ботай

Айыртау – сырын ішіне бүккен көне тарихтың қатпарлы да тылсым құпияларына тұнып тұрған өңірлердің бірі. Көрсе, көз тоймайтын Имантау, Шалқар, Сырымбет сияқты табиғи аймақ қойнауларында тарихи, археологиялық жəдігерлер мен ескерткіштер жетіп артылады. Солардың бірі де, бірегейі де Иман Борлық өзені жағасында орналасқан Ботай қонысы дер едік. Тарихи айналымға «Ботай мəдениеті» деген атпен енген сенсациялық жаңалық бүгінде осы аттас ауылдың есімін иеленеді. Тарихқа белгілі мəдениеттердің жер атауына телінетіні əлімсақтан бар. Мəселен, Андрон, Беғазы – Дəндібай, Долматов мəдениеті секілді. Ботай десек, жер атауы мен жеке адамның есімі қосарлана жүреді. Осы елді мекеннің тумасы, саяси ғылымдар докторы Əміржан Шалтықов немере ағасы Айдарханмен бірге туған ауылы жөнінде тарихи-танымы мол бірнеше кітап жазды. Авторлар адырымызды қопарса, астынан қалалар, обамызды ақтарса, астынан алтын адамдар шығатын ежелгі ескерткіштер қатарына Ботай қалашығын да жатқызып, Андрон мəдениетімен тетелес, тіпті, одан əрі тарих қойнауына тереңдеп кететінін нақты айғақтармен дəлелдеп берді. Бұл орайда, атасы Шəлтік қажы құрастырған шежіре деректерін кеңінен пайдаланып, қазіргі ұрпақ жадына құюы – өте құптарлық. Ботайдың əкесі Досан Абылай ханның замандасы, жақын серіктерінің бірі болған. 18 жасынан хан жасағына қосылып, ерлік істерімен көзге түскен. Досан батыр Абылай ханның Петерборға жіберген елшілерін екі рет басқарып барған. Бұл мұрағат құжаттары Сырымбет ауылындағы Шоқан Уəлихановтың мұражайында сақтаулы тұр. Ботай бабамыз Айғаным ханшамен көрші қонған. Кенесары ханның көтерілісіне кенже ұлын аттандырған. Оқыған-тоқығаны, өмірден түйгені көп қажы отаршыл əрекеттерге қарсы шығып, патшаға қызмет етуден саналы түрде бас тартқан. Ауылдастарының басын біріктіріп, елдіктен, жерден айырылмаудың барлық жағдайларын қарастырып отырған. Енді бұл атауға «мəдениет» деген сөз тіркесіп, ғұн мен сақ бабаларымыздың ат тұяғы тиген Айыртау өңірін мекендеген бағзы замандардағы ежелгі адамдар өркениеті жайлы əлем құлақтанып отыр. Ботай мəдениеті жайлы алғашқы мəліметтер өткен ғасырдың 70-жылдары жариялана бастады. Ғылымға беймəлім жəдігерлер мен құнды заттарды алғаш рет тарих пəнінің мұғалімі, Республиканың еңбек сіңірген ұстазы Еслəмбек Зəкіриянов кездейсоқ тапты. Жергілікті өлкетанушы оқушыларды Ботай ауылының ескі жұртына апара жүріп, шашылып жатқан мал сүйектерінің қалдықтарын, аңшылық құралдар сынықтарын, тастан, балшықтан жасалған ыдыстарды кезіктірген. Олардың бұл жерде жай жатпағанын сезіп, Көкшетау облыстық мұражайына экспонат ретінде ұсынған. Бəлкім, оның туған жер тарихын зерттеуге деген құлшынысы мен ерен сүйіспеншілігі келешектегі үлкен тарихқа қозғау салған болар. Əлемді дүрліктірген оқиға осындай көзге көрінбейтін елеусіз істен өріс алғанын, оның бастауында Еслəмбек аға тұрғанын біреу білер, біреу білмес. 80-жылдары Петропавл педагогикалық институты тарих пəнінің оқы тушысы Виктор Зайберт экспонат ретінде қойылған тастан, сүйектен, балшықтан, мүйізден жасалған құралдар мен қаруларға көңіл бөлмегенде шаң басып жата берер ме

– ґркениеттіѕ кґне мекені

табылған. В.Зайбертке «Ботай–ежелгі адамдар мекені» еңбегі үшін Берлин институтының корреспондент-мүшесі ғылыми атағы берілді. Тың тақырыпты одан əрі індете зерттеп, Ботайды айдай əлемге танытты. Алайда, Ботай ауылынан ежелгі адамдар қонысының табылуы əлем ғалымдарының назарын аударып, ашық күндегі найзағайдай əсер еткенімен, мұндай тосын оқиғаға сенбеушілер табылмай қалған жоқ. Əсіресе, Кеңес Одағының ғалымдары тың жаңалыққа тосырқай қарап, «ұлы державалық» көзқарастан аса алмай жатты. 1983 жылы Ботай жерінде бүкілодақтық, 1995 жылы бүкілəлемдік семинар-симпозиумдар өткізіліп, осыдан 40-50 ғасыр бұрын қылқұйрықтың алғаш қолға үйретіліп, үй малы ретінде өсірілгені, бие сүтінен қымыз ашытылғаны, бағзы заман адамдары бүгінгі қазақтардай жылқы малын көлік, етін тамақ, сүтін сусын ретінде пайдаланғаны ғылыми тұрғыдан тұжырымдалды. Қазба жұмыстары жылқымен бірге арбаның да бірінші болып қолданылғанын дəлелдеді. 1998 жылы аса құнды тарихи-мəдени ескерткіш ЮНЕСКО-ның тізіміне, жоғары жəне орта мектептердің оқулықтарына енгізіліп, «Ботай мəдениеті» деген атпен тарихи айналымға шығарылды. Ботай мəдениетінің ашылуы Қазақстанның тарихын одан əрі ұлғайтып, тарих тегершігін 53 ғасыр кейін айналдырды деуге əбден болады. Бұл – даусыз шындық. Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін Ботай мəдениетін зерттеу одан əрі жалғастырылды. Шетелдік ғалымдарды Ботайдың біздің заманымыздан төрт-бес мың жыл бұрынғы тарихи дəуірдің мəдени мұрасы болып табылатыны өте-мөте қызықтырды. Америкалық оқымысты Д.Энтонидің «қазіргі заманның ғалымдары əлемдік тарихтың көптеген сауалдарына жауапты Ботайдан табады» деген салиқалы пікірі кері тартушыларға тоқтау салды.

жылқы жайлы телехабарлар түсірді. В.Зайберт Корольдік ғылым академиясының шақыруымен Лондонға барып, Белфаст, Оксфорд, Эдинбург секілді беделді университеттерде дала өркениеттері жайында дəріс оқыды. Кембридж археологиялық мұражайында Ботай мəдениеті туралы көрме ұйымдастырылып, əлемдік археологияның үздігі деп танылды. «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарлама аясында да біраз шаруалар тындырылды. Көкшетау ұлттық паркінің бастамасымен бұл мекенде тарихи-археологиялық қорық ұйымдастырылды. 1,5 гектар аймақ ты алып жатқан қалашық айнала қоршалып, 158 үйдің орны қазылып, қал пына келтірілді. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастыра салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Мұндай томаға-тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30-ға тақау. Олардың ішінен белгілі бір жүйемен ені 4-8 метр, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін қазқатар көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған. Шаруашылық құралдары да көз қызықтырарлық. Көбіне алуан түрлі тастан, саз балшықтан, сүйектен жасалғаны бірден байқалады. Ал, құрал-саймандарға қарап шаруашылықтың күрделі болғанын аңғаруға болады. Тас тоқпақтар, пышақтар, қанжарлар, сүңгілер, найзалардың ұштары, тағы аңдар, шанышқылар балық аулауға, жүгеннің сүйек тетіктер мен ілгектері жылқы ұстауға арналғанын болжау қиын емес. Тұрғын үйлер салу кезінде балға, шот, қашау, кескіш, қырғыш секілді ағаш өңдейтін аспаптар молынан пайдаланылған. Қосалқы саймандар арасында шой балғалар, түрпілер, шақпақтастан жасалған бұрғылар жиі кездеседі. Тері өңдеу ісінің, керамика өндірісінің, тігіншіліктің жолға қойылғанын айғақтайтын заттар жеткілікті. Орасан зор мөлшердегі остеологиялық материалдардың басым көпшілігіне жылқы сүйектері жұмсалған. Жерлеу ғұрпына

байланысты бірқатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табыну дəстүрінің болғанын көрсетеді. Ботай обаларындағы бабаларымыздың өткен өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен сан алуан сыр шертетін бағзы тарихты зерттеу келешектің ісі десек, барымызы бағалай алмай отырғанымызды қалай түсінеміз? Асылы, мəдениеттің мұндай биік үлгісі əрқайсымыздың бойымызда мақтаныш сезімін ұялатса керек. Міне, бірнеше жылдан бері Сағындық Салмұрзин жетекшілік ететін «Ұрпақ» қазақ мəдени-ағарту орталығы табиғаты əсем курортты аймақта этнографиялық, экологиялық, спорттықсауықтыру, туристік қызметтердің басын біріктіретін этноауыл ұйымдастыруға талпынып келеді. Бизнес-жоспар қолөнер бұйымдарын жасайтын өндіріс ашу, ат

əбзелдерін жасау, құс салу, ит жүгірту, саятшылық, аңшылық, атбегілік ұлттық кəсіпшілікті жаңғырту, салт атты саяхаттар ұйымдастыру жаңғырту секілді сан салалы ауқымдылығымен ерекшеленеді. Алайда, қаржылық қолдау таппай келе жатқаны өкінішті. Жобаның құны 100 миллион теңгеден аспайды, 5 жылда өзін өзі ақтайтын көрінеді. Олай дейтініміз, осындағы табиғаты əсем жерлер мен қорықтар, ескерткіш кешендер, ұлттық тарихи саябақтар жұртшылықтың назарын аударып, ішкі-сыртқы туризмді дамытуға сұранып-ақ тұр. Ботай қонысы олардың ерекше қызығушылығын тудырар еді. Бір кездері осы жерді ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру жұмыстары қолға алынып, өкініштісі сол, игі бастама аяқсыз қалды. Мəселе тағы да қаржыға келіп тіреледі. Аудан орталығында Ботай мұражайын құру, бабамыздың басына ескерткіш белгі қою, жастарға дəріптеу, отандық, шетелдік туристер орталығына айналдыру да кезек күтпейтін жайттардың бірі. Сондықтан осы шараларға мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетілсе деген ұсыныс айтқымыз келеді. Ботай – Қазақстандағы ерте дүние аймағының ең көне мекені, біздің заманымызға дейінгі 53 ғасыр бұрынғы тарихи дəуірдің асыл мұрасы. Осы жерден дала өркениеті басталды деуге толық негіз бар. Жылқы малының қолға үйретілуінің саяси-əлеуметтік маңызын да жоққа шығаруға болмайды. Тұрмыс-тіршілігі жылқының тісі мен тұяғына тікелей байланысты көшпелі қазақ халқы бұл өлкеге келімсек емес, керісінше, 4-5 мың жылдан бері арда түліктің қазысын кертіп жеп келе жатқан байырғы тұрғын екенін айғақтайды. Тайлақ ЖАЛМҰРЗЕНОВ, Айыртау ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Жарќын болашаќќа ныќ сенім Марат ОРАЗАЛИ,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы – Тəртіптік кеңес төрағасы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатымен ел дəулеті артып, тұғыры нығайғаны əмбеге аян. Тəуелсіздігімізді төрткүл дүниеге паш етіп, дамушы елдерге тəн өтпелі кезеңнен өткен еліміздің əр жылы жетістіктер мен жеңістерге толып келеді. Əлеуметтік-экономикалық салада кезең-кезеңімен жүргізілген реформалар қазақстандықтардың ынтымағын арттырып, ырысын тасытты һəм берекесін кіргізді. Халқымызды нұрлы жолға бастаған Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аты айтып тұрғандай-ақ өркениетті елдер қатарынан өзіндік орнын белгілеп, өзге елдерге үлгі бола бастағаны тағы бар. Осы елдің төл перзенті ретінде ел мерейін тасытуға қарлығаштың қанатымен су сепкендей септігімді тигізе алсам перзенттік бір парызымның өтелгені деп те санаймын. Біле білсек, бұл құжат əрбір қазақстандықты жігерлендіретін, ұлтжанды азаматтардың бойындағы болашаққа деген сенімді күшейтетін тарихи маңызы бар құндылық екенін өскелең ұрпақ əрдайым есінде ұстаса құба-құп. Осы тұрғыда, бүгінгі күні елімізде мемлекеттік басқару саласында кең ауқымды реформалар жүргізіліп жатқаны баршамызға мəлім. Бұл реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет са ласын уақыт талабына сай жетілдіріп, сапасын жақсарту, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, бүгінгі таңда көрсетіліп отырған мемлекеттік қызмет деңгейін көтеру, кадр саясатын мемлекеттік саясатқа сай жүйелеу сынды көптеген мəселелерді шешуге бағытталып отыр. Жер жəннаты Жетісу жерінде бұл өзгерістер халық тарапынан кең қолдауға ие болып отыр. Адам баласын бұл өмірде шыңға жетелейтін зор күш бар ол – болашаққа деген сенім мен Отанының өсіп-өркендеуіне өзінің ең бегімен үлес қосамын деген үміті. Адам баласының жан дүние сінің терең қойнауында орын алатын бұл қасиеттер үлкен істердің жүзеге асуына түрткі болады. Келер жыл барша қазақ елі үшін қастерлі жыл болып отыр. Жылқы қазақ үшін ең қасиетті жануардың бірі болып саналған. Бұл жылы тұлпардай көкжиекке талпынып, ұлы істердің ұйытқысы болып, биік-биік белестерді бағындырамыз деген сенім мол. Тəуелсіздік жылдары жеткен табыстарымыздың алтын кілті ел

арасындағы ынтымақ пен бірлік екені айдан анық. Осы татулықты сақтауда жəне халқымыздың дəулетін арттыруда мемлекеттік қызметкерлердің орны ерекше дегім келеді. «А» корпусындағы жоғары лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлердің алдына қойылған мін деттер кезең-кезеңімен сапалы іске асырылып отырса соның нəтижесінде еліміздің бəсекеге қабілетті озық елдердің қатарынан көрінетіндігіне кəміл сенемін. «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік саясатты іске асыруда ерекше ма ңызға ие екендігін білеміз. Бұл санаттағы мемлекеттік қызметкерлер халықпен тығыз жұмыс істейтіндіктен қоғамды толғандырып жүрген өзекті мəселелерді шешуде атқаратын міндеттері зор. Сондықтан келер жылдан тағы бір күтерім мемлекеттік қызметкерлердің өз міндеттерін адал орындап, тазалықтың үлгісін көрсете білгені. Екшей білсек, бұл да Елбасының сарабдал саясатына сай елім, жерім деген əр азаматтың көкейіндегі көп ойды іске асыру болып саналады. 2013 жылда қоғамда саяси мəні өте жоғары науқан – ауылдық, кенттік округ əкімдерінің сайлауы болды. Сайланған əкімдер келешекте заңнама талаптарын қатаң басшылыққа алып, өздерінің қызметтерінде заң бұзушылыққа, бейəдеп іс-əрекеттерге жол бермесе екен деген тілек басым. Өйт кені, облыстық Тəртіптік ке ңес отырысында қаралатын мəсе лелердің басым бөлігі аудан, қала жəне ауылдық округ əкімдері тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар болып отыр. Бұл олқылықтарды бірлескен шаралар атқарып, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру арқылы келешекте жоямыз деп сеніммен айта аламыз. «Бұлақ басынан тұнады» деген даналықты берік ұстанып алдағы Жаңа жылдан күтерім, сенім биігінен көріну. Түйіндей келе барша қазақстандықтарды жаңа жыл жаңа табыстарға жетелесін, ел іргесі аман, жұртымыз тыныш, Елбасымыз айқындаған нұрлы жолда таймай еңбек ету үшін күш, қайрат, жігер, сарқылмас қуат тілеймін! ТАЛДЫҚОРҒАН.

Profile for Egemen

01012014  

0101201401012014

01012014  

0101201401012014

Profile for daulet
Advertisement