Page 3

3

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

● Биылғы бедерлі белестер экономикалық прагматизм, егемендікті құрметтеу, интеграцияға қатысуға еріктілік, шешімдерді қабылдаудағы тең құқықтылық, дамудың эволюциялығы мен еуразиялық кеңістіктің ашықтығы. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь Еуразиялық экономикалық одақты страте-

кодексін іске қосу туралы жəне үшінші елдердегі тауарларға қатысты Беларусь, Қазақстан жəне Ресей аумақтарында еркін айналымға шығарылған, Кеден одағына мүше үш елдің шеңберінде қозғалыста болатын кедендік рəсімдеуді алып тастау туралы шешім қабылдады.

Кеден одағы интеграцияның барынша жоғары сатысын құру үшін негізгі алаңға – 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) айналды. БЭК жұмысы жағдайында мынадай төрт еркіндік қағидаты қамтамасыз етілетін болады: тауарлардың еркін

Елбасы идеясыныѕ ертеѕі еѕселі

Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі экономикалық интеграцияның бастамашысы болып табылады. Осы басталған жылы еліміздің аталған бастамасына 20 жыл толғалы отыр. Барлық осы жылдар бедерінде Қазақстан еуразиялық интеграция бастамасын дəйектілікпен ілгерілетіп келеді. Самат МҰСА,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан – еуразиялық интеграцияның бастамашысы Астанада өткен былтырғы мамыр кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан, Ресей жəне Беларусь 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одағы өз жұмысын бастайды деген келісімге келсе, сондай-ақ, басқа да бірқатар маңызды құжаттар қабылданған болатын. Сонымен қатар, үш елдің мемлекет басшылары тарапынан «Интеграциялық үдерістерді одан əрі дамытудың бағыттары туралы» шешім алынып, үш ел үкіметі мен Еуразиялық экономикалық комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты дайындау жөнінде тапсырма берілген еді. Осы қатарда Еуразиялық экономикалық комиссия мен Украина жəне Қырғызстан (əр ел бойынша жеке-жеке) арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумдарды мақұлдау жөнінде шешім қабылданған болатын. Украина Еуразиялық экономикалық комиссия жанынан бақылаушы мəртебесін алу ниеті бар екенін білдірсе, Қырғызстан осы Одақтың толыққанды мүшесі болуға құлықты екенін танытып келеді. Осыған орай, өткен жылдың 31 мамырында Минск қаласында Украинамен жəне Қырғызстанмен меморандумдарға қол қойылған болатын. Өткен жылдың 25 қыркүйегінде Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі мəжілісі өтіп, оның қорытындылары бойынша өзара интеграциялық қарым-қатынастар мəселелеріне қатысты бірқатар шешімдерге қол қойылған еді. Ал былтырғы 24 қазанда Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі кезекті мəжілісі өткені белгілі. Оның қорытындылары бойынша «Интеграцияны дамытудың негізгі бағыттары жəне Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасымен жұмыс барысы туралы» шешім алынғаны тағы мəлім. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Армения Республикасы арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандум жобасы мақұлданып, Арменияның Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке қосылуы жөніндегі «Жол картасын» дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылған болатын. Жақында, атап айтқанда, өткен жылдың 24 желтоқсанында Мəскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі үшінші мəжілісі өтіп, ондағы келіссөздердің басты тақырыбы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты дайындау бойынша жұмыс барысы болғаны ұмытыла қоймаса керек. Сөйтіп, əр тарап 2014 жылдың мамырына қарай Еуразиялық экономикалық кеңес туралы шартқа қол қою үшін барынша күшжігерлерін жұмсайтыны нақтыланып отыр. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссияны реформалау туралы мəселе күн тəртібінде тұр. Өйткені, ол интеграцияның бүгінгі жаңа деңгейіне толық көлемінде сəйкес келуі жəне мүдделердің тепетеңдігін қамтамасыз етуі тиіс.

гиялық əріптестік пен достық рухында құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Өйткені, экономикалық интеграция əр мемлекеттік мүмкіндігін айтарлықтай күшейтеді. Экономикалық одақ əлемдік қоғам дастықпен барынша табысты ынтымақтасу үшін құрылатынын да айта кеткен жөн. Бүгінде бүкіл əлемде интеграциялық трендтер үстемдікке ие. Жаһандану мен аймақтану – ХХІ ғасырдың мейнстримі. Дүниежүзінде қазірдің өзінде Еуроодақ, НАФТА, МЕРСОКУР, Африка одағы, АСЕАН, АТЭС сияқты жəне басқа бірлестіктер құрылған. Экономикалық интеграцияның жаһандық тəжірибесі мынаны көрсетіп отыр: күш-жігерді біріктіру ұзақмерзімді экономикалық дивидендтер əкеледі, қауіпсіздіктің беріктігін қамтамасыз етеді, халықтың əлауқатын арттырады.

Кеден одағы жəне Біртұтас экономикалық кеңістік Кеден одағының біртұтас кеден аумағын құру үш кезеңнен тұрды. Олар: 2010 жылдың 1 қаңтарына дейінгі алдын ала кезең, 2010 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне дейінгі бірінші кезең, 2010 жылдың 1 шілдесінен 2011 жылдың 1 шілдесіне дейінгі екінші кезең. Алдын ала кезеңде Кеден одағының келісімдік-құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау мен шекара, біртұтас кеден аумағының сыртқы контурын қоспағанда, мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін кезең-кезеңімен көшіруді ұйымдастыру міндеттері шешілді. Кеден одағының нормативтік-құқықтық базасы (70-тен астам құжат) қалыптастырылды. 2009 жылдың 27 қарашасында Минск қаласында өткен ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесі (Кеден одағының жоғары органы) мəжілісі барысында мемлекет басшылары деңгейінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан қызметін бастау үшін Кеден одағының маңызды құжаттарына: Біртұтас кеден тарифі мен Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа қол қойылды. Кеден одағына мүше елдер мемлекет басшылары, сондай-ақ, 2010 жылдың 6 шілдесінен бастап Кеден одағының Кеден Еуразиялық экономикалық комиссия

Біртұтас кеден аумағын қалыптастырудың бірінші кезеңі аясында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағының комиссиясы Кеден одағының сыртқы саудасында тарифтік жəне тарифтік емес қағидатты жəне сауданы реттеу өкілеттігін жүзеге асырады. Бұл жерде Кеден одағы сыртқы экономика қызметінде Біртұтас тауар номенклатурасы мен Кеден одағының Біртұтас кеден тарифі қолданылады. Кеден одағының біртұтас тарифтік преференциялар жүйесін қалыптастыратын құжаттар бекітіліп, күшіне енгізілді. Олар: Дамушы жəне онша дамымаған елдерде шығарылатын жəне əкелінетін тауарлар тізімі мен оларды əкелу кезінде тарифтік преференциялар ұсыну, сондай-ақ, Дамушы жəне онша дамымаған елдер – Кеден одағының тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланатын елдер тізімі. Сыртқы сауданы реттеу мен тараптардың атқарушы билік органдары өкілдерінен жасақталған санитарлық, ветеринарлық жəне фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша Техникалық реттеуді үйлестіру комитеті құрылды. 2010 жылдың 1 шілдесіне қарай біртұтас кеден аумағын қалыптастырудың бірінші кезеңінің міндеттері орындалып, оның біртұтас тариф жүйесі мен тарифтік емес реттеу, кедендік, санитарлық, ветеринарлық жəне фитосанитарлық бақылау қызметіне қажетті құқықтық шарттары құрылды. 2009 жылдың 11 желтоқсанында СанктПетербург қаласында өткен ЕурАзЭҚтың үкімет басшылары деңгейіндегі Мемлекетаралық кеңесінің мəжілісі барысында Кеден одағының келісімдікқұқықтық базасын толықтыратын халықаралық құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, Кеден одағында санитарлық, ветеринарлық жəне фитосанитарлық шараларды техникалық реттеу, жанама салықтар алу, тауарлардың экспорты мен импорты жағдайында жəне Кеден одағында қызмет көрсету кезінде, сондай-ақ, тараптардың өкілетті органдарымен сыртқы жəне өзара сауданың статистикалық деректерін беру құжаттарына қол қойылды. 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасқан екінші кезеңде тараптардың кеден аумақтарын біртұтас кеден аумағына біріктіру бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.

Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің салалық сауда-саттығының индексі

Экономикалық өзара іс-қимыл сапасын көрсету үшін ішкі салалық сауда индексі Еуроодақта жəне басқа да интеграциялық бірлестіктерде кеңінен пайдаланылады.

Еуразиялық экономикалық одақ КСРО-ға ұмтылыс емес Еуразиялық экономикалық одақ құру КСРО-ны қайта жаңғыртуға ұмтылыс болып табылмайды. Саяси егемендік ешқашан мызғымақ емес. Бұл – барлық қатысушы мемлекеттер – Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің біржақты ұстанымы. Экономикалық интеграция ұлттық мемлекеттілікті нығайтып, оны экономика арқылы барынша орнықты ете түсу үшін дамытылады. Еуразиялық экономикалық одақтың негізінде 5 қағидат жатыр. Олар:

2004-2005 жылдардағы индекстердің төмендеуі қосымша құн салығын (ҚҚС) алу механизміндегі өзгерістерді көрсетеді. Индекстің өсімі 2010 жылы Кеден одағы құрылған соң қалпына келе бастады.

қозғалысы, қызмет көрсетулердің еркін қозғалысы, капиталдың еркін қозғалысы жəне жұмыс күшінің еркін қозғалысы.

Биыл ЕЭО туралы шартқа қол қойылады Қазіргідей жаһандану заманында əлем елдерінің бір-бірімен тығыз ынтымақтастыққа ұмтылатыны – заңдылық. Өйткені, бүгінгі таңда мемлекеттер бір-бірімен тығыз байланыссыз, яғни оқшауланып өмір сүре алмайды. Соның бір айғағы ретінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан Еуразиялық одағын айтуға болады. Ал осы Одаққа əкелетін бірден-бір құрылым – Кеден одағына мүше елдер таңдаған интеграция жолы да оңай жол емес, əрине. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес осы жолда алдан шығар түйткілді мəселелерді тарқататын, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің жұмысын үйлестіретін бірденбір орган болып табылады. Бұдан түйілетін ой, аталған кеңестің негізгі міндеті – ұйымның атқарушы органы саналатын комиссия ұсынған құжаттарды бекіту. Күні кеше Мəскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында негізінен Минскіде көтеріліп, оның алдындағы жиындарда айтылып жүрген мəселелер талқыға түскені белгілі. Үш мемлекет – Қазақстан мен Ресейдің жəне Беларусьтің өкілдерінен тұратын Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімнің институттық бөлігі болып табылады. Бүгінде еуразиялық интеграциялық жобаның арқаулық қағидаттары бекітіліп үлгерілген. Ал бұл қағидаттар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық елдердің мүдделерін жан-жақты ескеруімен ерекшеленеді. Бұл Одақтың елдеріміздің экономикаларын нығайту, дамыту жəне мемлекеттер ықпалдастығын жандандыру үшін құрылып отырғаны белгілі. Осы орайда, Еуразиялық экономикалық комиссияға бəсекеге қабілеттілік, жаңғырту, елдеріміздің əлеуметтік əлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру мəселелері ұсынылады. Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімнің бірінші бөлігі дайын, енді ол салалық тұрғыда толықтырылуы тиіс. Қазір бұл жұмыстар біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. Мəселен, 2014 жылдың 1 наурызына жоспарланған жиында Біртұтас экономикалық кеңістік пен Кеден одағы аясында қалып келе жатқан кедергілер мен шектеулерге қатысты тізбелер шоғыры жасалып, оларды жоюдың нақты мерзімін анықтау белгіленген. Бұл – маңызды міндет. Осындай міндеттер жүзеге асырылғанда ғана біртұтас экономикалық жүйе үйлесімді жəне жоғары тиімділікпен жұмыс істейтіні анық. Міне, жаңа 2014 жыл да басталды. Осы жылқы жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою міндеті тұр. Кейбір объективті жəне субъективті кедергілерге қарамастан, бұл бағыттағы жұмыс дəйектілікпен ілгерілеп келе жатқанын атап көрсету қажет. Демек, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылатын күн де алыс емес деп ой түюге толық негіз бар.

Жаңа жылдан не күтесіз?

Ўмтылыс

Марат ОМАРОВ,

Шал ақын ауданының əкімі.

Шалақындықтар да белгілеген межелерді ойдағыдай орындап, жылқы жылын жақсы көңіл күймен қарсы алып отыр. Бұлайша көтеріңкі рухта сөйлеуіміздің сыры бар. Аудандар мен Петропавл қаласының əлеуметтік-экономикалық даму рейтингісінде аудан соңғы 3 жыл бойы көш соңында қалып келді. 23 көрсеткіштің 9-ы бойынша төменгі даму санатына енді. Осыған орай, облыстық əкімдіктің отырысында ауданның əлеуметтікэкономикалық тығырықтан шығу жолдары қаралып, аймақ басшысы Самат Ескендіровтің қолдауымен арнайы бағдарлама қабылданды. Жол, ауыз су, инвестиция, білім, медицина салаларына басымдықтар берілді. Енді, міне, жыл қорытындыланып, «балапанды санайтын» шақта тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, тұрмыс деңгейін арттыру, экономикалық өсімді қамтамасыз етуде алтыншы сатыға көтерілдік. Қоғамдық малды негізінен жеке адамдар өсіреді. Жасыратыны жоқ, ауыл шаруашылығы құры лымдарының бұл бағыттағы белсенділігі əлі төмен. Соның салдарынан 2012 жылы 17 шаруашылық бар-жоғы 649 мал əкелген. Бұл – жоспардың 26 пайызы ғана. Ауданда ірі тауар өндірушілер қатары да аз. Көбі 500-1000 гектардан аспайтын ұсақ фермерлер саналады. Қолдағы резервтер мен ішкі мүмкіндіктер жан-жақты зерттеліп, биыл кемі 1700 бас ірі қара малын сатып алу межеленді. Бүгінге дейін қотанға біржарым мыңнан астам мал қосылды. «Дүйсеке-Жер» шаруа қожалығы 52 миллион теңгеге 102 бас абердин ангус малын жеткізді. «Агро-Север» ЖШС табындарды 300 бас малмен толықтырып, репродуктор шаруашылық құруға ниетті. Президент тапсырмаларының бірі – шағын жəне орта бизнеске кең қолдау көрсету, мемлекетжекеменшік серіктестік тəсілінің тиімділігін барынша пайдалану. 1028 кəсіпкерлік субъектілеріне 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа тартылған. Жыл басынан бері 24 нысан ашылып, 51 жаңа жұмыс орындары құрылды. «Сəнді Райымбек» ЖК тұшпара өндіру цехын іске қосса, Социал ауылында тігін, Бірлік ауылында ағаш кесу цехы пайдалануға берілді. 3D кинотеатрын ашу үшін «Ғабдуллин» ЖК-не 2,5 миллион теңге грант алды. «ЦТО Альфа» ЖШС 5 миллион теңгемен қаржыландырылып, техникалық байқау стансасын ашты. Ауданда көрікті жерлер көп. Солардың бірі Аютас маңынан жеке кəсіпкерге 6 гектар жер телімі бөлініп, 160 миллион теңгенің бизнес-жоспары жасалды. Ондағы мақсат – туризм саласын өркендету. Аудан əкімдігі қызметіне 2012 жылдың 26 желтоқсанында кірістім. Екі айдан кейін жұртшылық алдында алғаш рет есеп бердім. Келіп түскен 70-тен астам сауалдардың дені əлеуметтік-тұрмыстық мəселелерге қатысты болды. Ұсыныс-пікірлер жинақталып, орындалуы қатаң бақылауға алынды. Аудан рейтингіне кері əсер еткен факторлардың бірі бала бақшалармен қамту жайын оң шешу мақсатымен Сергеевка мектебіндегі 25 орынды шағын орталықты 100 орынға дейін кеңейттік. Соның арқасында мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 83 пайыздан 92 пайызға дейін көтерілді. Мемлекет-жекеменшік серіктестік шеңберінде жеке кəсіпкерге үш қабатты үйден иесіз қалған пəтерлер босатып берілді. Қазір жөнделу үстінде. Келесі жылы 75 орынды жекеменшік балабақша

● Қыс қызығы

бой көтереді. Оның екі тобы жергілікті қазына есебінен қаржыландырылады. Сонда балабақша мəселесі түпкілікті шешілетін болады. Көпшіліктің аудандық емхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу туралы сұранымы да қанағаттандырылды. Кір жуатын орынға-17 миллион, флюрографиялық кабинетті жабдықтауға- 2,8 миллион, неврологиялық бөлімшені қалпына келтіруге-11,7 миллион теңге жұмсалды. Жас мамандарға баспана берілді. Двойники– Ольгинка–Ақанбарақ–Ступинка– Семиполка бағыттарындағы жолдарды жөндеуге 28 миллион теңге жұмсалды. Ішкі жолдарды қалпына кел тіруге жергілікті бюджеттен 23,7 миллион теңге бөлінді. Бұл – алдыңғы жылға қарағанда 5 есе көп. Алқағаш, Көктерек, Еңбек ауыл дарының тіршілік нəріне деген мұқтаждықтары шешілді. Келесі жылдан бастап сүт кластерін дамытуды да ойластырып отырмыз. Бұл жоба «Сергеевка сүт өнімдері» зауыты негізінде жүзеге асырылады. Бүгінде банктен алынған 65 миллион теңге жеңілдетілген несиеге жаңа қондырғылар орнатылды. Өткен жылға қарағанда, тəуліктік

сүт жинау мөлшері айтарлықтай артып, тұрғындарға 108 миллион теңге қолма-қол ақша төленді. Өнім түрлері одан əрі көбейтіледі. Былтырдан бері аудан аумағында «ТНС-2020» жəне «Степное-2020» ірі агрофирмалар жұмыс істеп келеді. Өңірде 200 мың гектардан астам алқапқа ас тық өсірілсе, 43 пайызы осы серіктестіктердің еншісінде. Бұлар бір кездері тұрғындарды еңбек ақы сыз, пай үлесінсіз қалдырған «Асылхан-Агроның» «ауыр мұрасын» қа былдап алғалы іс оңға басты. Бірі 550, екіншісі 170 адамды жұмыс пен қамтып отыр. 9 айда 2,2 миллиард теңге инвестиция құйып, міндеттемені 154 пайызға орындады. Тұрмысы төмен отбасыларды, аз қамтылған жандарды зейнеткерлерді де үнемі қолдап отырады. Əрине, қол жеткен жетістіктерге əсте тоқмейілсуге болмайды. Жаңа жылда атқарылатын шаруалар көп. Солардың біріне əлі өткір күйінде тұрған жалақы мəселесін қосар едік. Оның орташа мөлшері 63 мың теңгеден ғана айналса, ауыл шаруашылығы саласында 47 мың теңгенің төңірегінде. Өсу динамикасы бар, алайда қанағаттануға ерте. Кемі 80 мың теңгеге жеткізу міндеті тұр. Ол үшін ұжымдық еңбек келісімдерін жасау, жергілікті кəсіподақтар ықпалын көтеру шараларын қарастырудамыз. Мал бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды репродуктор шаруашылықтар құру жайы да жаңа жылдың еншісінде. Жылқы жылында да ауданның əлеуметтік-экономикалық алға басу, ілгерілеу қарқыны жалғаса береді деген үміттеміз. Ең бастысы, Қазақстанымыз өркендеп, танымалдығы арта берсін демекпіз! Солтүстік Қазақстан облысы.

Profile for Egemen

01012014  

0101201401012014

01012014  

0101201401012014

Profile for daulet
Advertisement