Page 2

2

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

Ќўрметті отандастар!

ИННОВАЦИЯЛЫЌ ДАМУЄА – ЕРЕКШЕ ЕКПІН Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Атар таңға ақ тілек

Егер байқап қарасаңыз, біздің Қазақстанымызда өтіп жатқан соңғы жылдар бір-біріне ұқсамайтын болып жүр. Бұл ненің белгісі? Бұл – дамудың белгісі. Осы дамудың нəтижесінде əрбір жыл өз өзгерістерін ала келуде. Өмір жыл сайын өзгеріс үстінде. Жалпы, ел көлемінде алсақ, бұрынғы марғаулық жоқ, керісінше, тың серпілістер бар. Біз мұны, тіпті, əрбір қазақстандық отбасы сезініп отыр деп есептейміз. Өйткені, əрбір əулет бойынша алғанда сол əулеттің бір мүшесінің жаңа үйге ие болуы, немесе шетелге оқуға кетуі, немесе жаңа бизнес бастауы, немесе жаңа жерге қоныс ауыстыруы, немесе мəшине сатып алуы, əйтпесе оны өзгертіп, басқа мəшине мінуі, мемлекеттік грант бойынша оқуға түсуі қалыпты жағдайға айналды. Қысқасын айтқанда, елімізде əрбір отбасында оңға басқан бір өзгерістің болуы дəстүрлі сипатқа ие болып келеді. Егер мемлекет деңгейінде жылма-жыл үлкен өзгерістер жүріп жатпаса, əрбір отбасы деңгейіндегі мұндай ұсақ өзгерістер де болмас еді. Сондықтан біз осы өзгерістерге «ұлтымыздың түлеу кезеңінің айшықты белгілері» деген баға бермекпіз. Қазіргі заманда ұлттық тұрғыдан түлеу ел көлемінде алға қойылған мақсаттардың қаншалықты өміршең екендігіне байланысты. Ал ел көлеміндегі мақсат өміршең болуы үшін ол жалпы адамзат қоғамының заманауи даму ағымдарын дөп басып отыруы керек. Біздің Елбасымыздың мемлекет басқару саясатының бір көрегендігі – Үкіметке беріп отырған тапсырмаларының қашанда болсын əлемдік даму ағымымен сəйкес келетіндігі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осының айқын көрінісі. Бұл Стратегиядағы негізгі мақсаттардың бірі – Қазақстанда инновациялық экономиканы, яғни адам ресурстарының əлеуетін толық пайдаланатын, бүкіл ұлттың күш-жігерін, ақылы мен ой санасын топтастыра отырып, оны жұмылған жұдырық секілді пəрменді түрде дамуға бағыттайтын экономиканы құру. Қазір біз дамыған елдермен салыстырғанда, инновациялық экономика құрудың төменгі сатыларының бірінде тұрмыз. Бірақ экономика саласында дұрыс та жүйелі жолға қойылған мемлекеттік саясаттың нəтижесінде қарқынды түрде алға жылжу үстіндеміз. Сондықтан да есігін енді ашып отырған 2014 жылдың басты міндеттерінің бірі нақ осы инновациялық саланы қарқынды түрде дамыту болады десек, ешбір қателеспейтіндігіміз анық. Қазақстанда ұлттық инновациялық жүйенің бастапқы негіздері 2000 жылдардың ортасынан бастап қаланды. Осы кезеңде оның негізгі заңнамалары, индустриялықинновациялық құрылымдары, даму институттары, қаржылай қолдау құралдары қалыптастырылды. 2010 жылы еліміздің Үдемелі индустриялықинновациялық бағдарламасы қабылданған соң жинақталған тəжірибелер ескеріле отырып, инновациялық саясатқа деген көзқарас қайта қаралды. Бұл кезеңде іс жүзінде инновациялық жүйеге жүктелетін міндеттер едəуір дəрежеде өзгеріске түсті. «Ғылым туралы», «Индустриялықинновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заңдар қабылданды. Бұл заңдарда инновацияларды қолдаудың жаңа құралдары бекітілді. Үкімет жанындағы Технологиялық қолдау жөніндегі кеңес жұмысқа кірісті. Ұлттық инновациялық қор арқауында Финляндия, Франция, Оңтүстік Корея тəжірибелері бойынша мамандандырылған институт – «Технологиялық даму

жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ құрылды. Оның басқарма төрағасы болып еліміздің инновациялық дамуына үлкен қызмет етіп жүрген, осы істі алға жылжытушы білікті топ менеджерлердің бірі Айдын Күлсейітов тағайындалды. Бүгінде бұл мемлекеттік құрылым инновациялық жүйелерге қатысушылардың барлығына, соның ішінде өңірлердегі қатысушыларға көрсетілетін қолдау шараларының орталығы болып отыр. Агенттік инновациялық инфрақұрылымдарды белсенді дамытуды жүзеге асыруда. Ол инфрақұрылымдардың қатарында «Инновациялық технологиялар» арнайы экономикалық аймақтары, 8 өңірлік технопарк, 4 салалық конструкторлық бюро, технологиялар трансфертінің қазақстандықкореялық жəне қазақстандық-француздық орталықтары, 12 венчурлық қор, жоғары оқу орындары жанындағы 15 коммерцияландыру кеңесі бар. Кореяның ғылыми жəне технологиялық бағалау жəне жоспарлау институтының (КИСТЕП) əдістемелік қолдауымен Қазақстанда бірінші ғылыми-технологиялық форсайт өткізілді, ел үшін аса маңызды 75 технология анықталып, солар бойынша бизнеспен жəне ғылыммен біріге отырып, мақсатты технологиялық бағдарламалар əзірленуде. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік барлығы 2500-ден астам идеялар мен жобаларды қарады. Олардың 520-сы жүзеге асыруда практикалық көмек алды. Осындай көмек алғандардың қатарында 152 өнеркəсіптік кəсіпорын, 123 шағын инновациялық компания, қазақстандық ғалымдардың 245 жобасы бар. Қабылданып жатқан шаралар нəтижесінде 2012 жылы Қазақстан инновациялар дамуының негізгі индикаторлары бойынша жоғары дəрежеге жетті. 2009 жылмен салыстырғанда, кəсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсайтын қаржылары 5 еседен астам өсті. Яғни, 61 млрд. теңгеден 326 млрд. теңгеге жетті. Инновациялық өнімдер көлемі 82 млрд. теңгеден 379 млрд. теңгеге жетіп, 4 еседен астамға өсті. Өң деу ші кəсіпорындарда еңбек өнімділігі 34 пайызға артып, əрбір жұмысшыға 51 мың доллардан айналды. Еліміздегі инновациялық белсенді кəсіпорындар үлесі 4 пайыздан 7,6 пайызға дейін көбейді. Ішкі жалпы өнімдегі инновациялық өнімдер үлесі 2011 жылы 0,86 пайызды құраса, 2012 жылы 1,3 пайызды құрап, осы аралықтың өзінде ғана 70-80 пайыз ұлғая түсті. Ұйымдастырылған жұмыстардың нəтижесінде еліміз Бүкілəлемдік экономикалық форумның жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша едəуір алға жылжи түсті. Сөйтіп, Қазақстан, Бразилия, Малайзия, Түркия, Ресей жəне тағы басқа да елдермен қатар, «басқару тиімділігін» жəне «инновацияларды» басшылыққа алатын елдер тобына өтті. Өз орнын 21 баспалдаққа көтеріп, бүкіл əлем бойынша 51-орынға ие болды. Өткен 2013 жылдың мамыр айында Астанада өткен Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы пленарлық отырысында еліміздің инновациялық тұрғыдан дамуы осы отырыстың басты тақырыбына айналған болатын. Осы отырыста Елбасының алдында есеп берген ПремьерМинистрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев инновациялық саясаттың жаңа кезеңін жүзеге асыру аясында Қазақстан Үкіметінің 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы əзірлегендігін жария етті. Осы тұжырымдамада міндеттердің 3 тобы белгіленген. Бірінші топ – экономиканың дəстүрлі салаларын

а є р а т ќ ы л ы Жаќс болсын л ы ж ы л о т

Халқымызда «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деген ұлағатты сөз бар. Шыны керек, өткен жылға өкпеміз жоқ. Экономикада болсын, əлеуметтік салаларда болсын дамудың даңғыл жолына түскен көшіміз көлікті болып, ілгерілей түстік. Елімізде жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық жобалар экономикалық дамуға серпін беруде. Өзім еңбек ететін ауыл шаруашылығы саласында да ауқымды шаруалар атқарылып жатқанына көзіміз жетіп отыр. Осындай ілгерілеуге із ашатын баянды бағдарламалардың игілігін халық көре бастады. Əсіресе, Ырғыз секілді шалғайдағы бірыңғай мал шаруашылығымен айналысатын өңірлер үшін «Сыбаға», «Жайылымдық қой шаруашылығы» мемлекеттік бағдарламаларының көмегі көп болып тұр. Мұндай елдің дамуына, халықтың тұрмысының түзелуіне қызмет ететін бағалы бастамалар, мемлекеттік бағдарламалар Жаңа жылда да жалғасын таба бергей, лайым. Қазір еңбек етемін деген адамға мүмкіндік мол. Мемлекет тарапынан ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты жоюға бағытталған қолдау-көмек ілгері күндерге сенімді нығайта түсті. Халық еңбек етсең, ауылда да қатардан қалмауға болатынын бек түсінді. Ырғыз өңірінің қай елді мекеніне барсаңыз да шаруасы жайлы, малы күйлі, көңілі көтеріңкі. Осының барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауыл шаруашылығына зор көңіл бөліп

Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа 2014 жылмен шын жүректен құттықтайды! Жаңа жыл – халықтың сүйікті мерекелерінің бірі. Жаңа жыл – жаңа үміт пен келешекке сенімнің бастауы. Дəстүр бойынша осы ғажайып мерекеде барлығымыз өз еліміздің өткен тарихын парақтап, өз өміріміздің жарқын беттерін еске аламыз, ертеңгі күнге жоспар құрып, жаңа серпінмен алға қадам басамыз. 2013 жыл біздің жадымызда Тəуелсіз Қазақстан дамуының жаңа кезеңі – «Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асырыла бастауы ретінде қалатын болады. Біздің халқымыздың ортақ күш-жігерінің арқасында өткен жыл Қазақстан Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаев белгілеп берген Тəуелсіз Қазақстанның Жеті қазынасының айналасына ел азаматтарының бірігуі мен ұйысуының тарихи кезеңіне айналды. Біз – өзіне ғана тəн бірегей қазақстандық даму жолы – ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен келісім жолымен жүріп бара жатқан біртұтас халықпыз. Қадірлі достар! Сіздердің Жаңа жылда жаңа жасампаз ниетпен басқан қадамдарыңыз, бастаған істеріңіз оң болсын дей келе, осы жарқын мереке күндері сіздерге жəне отбасыларыңызға зор денсаулық, мол байлық, бақыт, береке, қажымас қайрат тілейміз. Сəттілік серік болып, ойға алған арман-мақсаттарыңыз орындала берсін. Жаңа жыл жаңа табыстарға толы болсын! Халқымыз аман, Тəуелсіздігіміз Мəңгілік болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясы.

жаңғырту арқылы оларды инновациялық даму жолына шығару. Бұл біздің еліміздің Біртұтас экономикалық кеңістік, Батыс Қытай, Орталық Азия рыноктарында өңірлік бəсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мұндағы негізгі міндет – еңбек өнімділігі мен ресурстық тиімділікті арттыру. Екінші топ тек экономикада ғана емес, сонымен қатар, əлеуметтік салада да инновацияларды дамытудың əлемдік трендін игеруді көздейді. Медицинада, білім беру саласында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, мемлекеттік қызметтерді ұсынуда инновацияларды дамытуға баса мəн берілмек. Мəселен, қазірдің өзінде Астанада қаланы басқарудың заманауи жүйесі «smart city» жобасы енгізілуде. Үшінші топ – Үшінші индустриялық революцияның жаңа технологиялық міндеттері бойынша жұмыс істеуге негізделген. Мұнда бəсекелестік шарттарын түбегейлі өзгертетін факторлар ескеріледі. Атап айтқанда, сұраныс динамикасы мен құрылымының өзгеруі, жаңа технологиялардың пайда болуы жəне бəсекелестік сипаты мен ойыншылардың бизнес үлгілерінің өзгеруі есепке алынады. Өндірістерді жаппай автоматтандыру мен робот техникаларды енгізу, жаңа материалдарды жасап шығару, электронды сауда-саттықты ұйымдастыру, логистиканың жаңа буынына қол жеткізу, «жасыл» технологияларды игеру секілді мəселелер барынша өзекті бола түседі. Əсет Исекешев аталған ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қазіргі уақытта технологиялар мен білімдер шоғырландырылып, қызметкерлер даярлайтын құзырет орталықтарын құру жөніндегі жұмыстардың басталғандығын мəлімдеді. Инновациялық дамудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы барлық берілген міндеттерді есепке алғанда өз ғылыми біліктілігімізді дамыту, технологиялардың ақылы трансфертіне қол жеткізу, инновациялық орта қалыптастыру секілді үш маңызды бағытқа шоғырландырылмақ. Өз ғылыми зерттеулерінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізген жəне инновацияларды енгізген ғалымдар үшін Əл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық тағайындау жөнінде шешім қабылданғандығын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев нақ осы Шетел инвесторлары кеңесінің 26-пленарлық отырысында хабарлаған болатын. Біздің қолымыздағы деректерге қарағанда, бұл сыйлық əр жыл сайын жеті номинация бойынша берілетін болады. Мемлекет басшысы отырыс барысында еліміздегі инновациялық үдерістерді алға жылжыту мақсатында мынадай үш түрлі ұсыныс айтты. Олардың біріншісі – Қазақстанға кемінде əлемге аты əйгілі 7 ғалымды шақыру. Екіншісі – Қазақстанның 7 компаниясын жоғары технологиялық тапсырыстармен қамтамасыз ету. Үшіншісі – 7 инновациялық стартапты құруға қолдау көрсету. – 2014 жылы Қазақстанның екінші өнеркəсіптік бесжылдығын іске асыруға шетел инвесторларының қатысуы мəселесін талқылаған жөн. Ол енді индустриялықинновациялық сипат алады. Мен Үкіметке биылғы қарашаға дейін оның тұжырымдамасын əзірлеуді жəне келесі жылғы мамырға дейін бағдарламаның өзін əзірлеп бітіруді тапсырамын. Мен оны Кеңестің 2014 жылғы мамырдағы келесі отырысында сіздер мақұлдағаннан кейін бекіткім келеді, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев. Міне, осы айтылғандардың барлығы еліміз үшін 2014 жыл – инновациялық дамуға ерекше екпін түсіру жылы болатындығын білдіреді.

отырғанының, ауылдықтарға деген ыстық ықыласы мен қамқор көңілінің арқасы. Өзім басқаратын «Алтын - Əсел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де мемлекет көрсетіп отырған осындай мүмкіндіктердің нəтижесінде жылдан-жылға тым тəуір көрсеткіштерге жетіп келеді. Қазір серіктестікте 6500 асыл тұқымды еділбай қойы, 1200 жылқы, 300 сиыр қыстатылуда. Серіктестік 70 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Қазір малшы-жұмысшылар осынша малды қыстан шығынсыз шығаруға жұмылуда. Қазақ қашанда жылқыны басқа малға қарағанда, жанына жақын тұтып, төре түлік деп бағалаған.Сондықтан алдағы жылқы жылынан күтеріміз көп. 2014 жыл асыл арманымыз бен абзал тілегіміз орындалар, Елбасы алға қойған мерейлі міндеттерді жүзеге асыру арқылы дамыған отыз елдің қатарына жақындата түсер іс-қимылдар жылы болсын деп тілеймін. Ең бастысы, ел аман болсын, елді соңына ерткен ер аман болсын! Тəуелсіз Қазақстанымыз бейбіт күннің шуағына бөленіп, береке-бірлігіміз арта берсін! Төрімізге шыққалы тұрған Жаңа жыл əрбір отбасына мол ырыс-несібе мен бақдəулет сыйласын, барша қазақстандыққа бақыт əкелсін. Хамит ӨТЕУҰЛЫ, «Алтын-Əсел» ЖШС директоры, «Парасат» орденінің иегері.

Ақтөбе облысы.

 Жағымды жаңалық

Жауынгерлік тулар тапсырылды

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов «Батыс» өңірлік басқармасына қарасты 2087 жəне 2036 əскери бөлімдеріне салтанатты жағдайда жауынгерлік туларды табыс етті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Намыс пен ерліктің, абырой мен даңқтың белгісі болып табылатын туларды шекара ведомствосы басшысының қолынан подполковниктер Мұхтар Қанабеков пен Санат Жұманов алды. Аталған салтанатқа Ақтау қаласының, облыстық жəне Бейнеу аудандық əкімдіктерінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты. – Жауынгерлік ту əскери бөлімнің тарихы мен ерлік жолын паш ететін қасиетті белгісі болып табылады, – деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов өз сөзінде. – Осы тудың астында тұрып сарбаздар мен сардарлар, генералдар еліміздің тəуелсіздігін, аумақтық тұтастығын жан аямай қорғайтын болады. Осы күні Бейнеу шекара отрядында шекарашыларға 48 пəтердің кілті тапсырылғаны да ерекше атап өтерлік оқиға. Осылайша 4 үй пайдалануға берілді. Сөйтіп, «Батыс» өңірлік басқармасының шекарашылары Жаңа жылды жаңа пəтерлерде қарсы алды. Сақшылардың өздері де мұны мереке қарсаңындағы ең тамаша сыйлық ретінде қабылдады. Осы орайда, келесі жылы екі үйдің пайдалануға берілетіндігін, осылайша Бейнеу шекара отрядындағы əскери қызметшілердің 100 пайызы

тұрғын үймен қамтылатындығын айта кету керек. Шен таққан қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету Елбасы Жолдауының іске асып жатқандығының басты көрінісі болып табылады. Шекара қызметі осылайша тұрғын үй салу мен жөндеудің екпінін арттырып отыр, мұндай бағыт болашақта да төмендемек емес. Офицерлер мен келісімшарт қызметкерлерінің жайлы да сəнді пəтерлермен қамтамасыз етілуі күннен-күнге арта түсуде. Шен таққан қызметкерлер жанға жайлы барлық жағдайы жасалған əскери қалашықтарда отбасыларымен бірге тұруда. Шекара қызметі əскери қалашықтар соғуда дамыған елдердің тəжірибесін батыл қолдануда. Мұнда əскери бөлімдерге қажетті барлық жағдайлар, оның ішінде əлеуметтіктұрмыстық жағдайдың болуы қатаң сақталады. Сонда ғана шекарашы еліміздің қай түкпірінде қызмет атқарса да əлеуметтік-тұрмыстық жағынан ешқандай кемшілік көрмейтін болады. Н.Жоламанов пəтер кілттерін тапсыра тұрып, шекарашылар мен олардың отбасы мүшелерін жаңа қоныстарымен құттықтады, оларға мықты денсаулық пен бақыт, қызметтеріне табыс тіледі.

аулы даталар ат р, ла ға ұл т ы ул йт А

0 2 1 – н и л л у ф й Сəкен Се

басшысы, т.б ассоциациясының . ан рғ қа қызметтер ат аткерлікке дыларының ын ту қ Қаламгерлігі қайр лы ия Поэз уа қа с) əд (С н ке ігіттер», Cə ж ан , ұш та сқ інде «Кел ы ш і л ы ж 4 9 8 1 ел ье за сы », Сейфуллин «Ж ас қа за қ ма рс олдастар» нғ ы ры бұ ің ін ір өң «Ж Ж ез қа зғ ан «Жұмыскерлерге», ы Қарашілік ме н Ақадыр ауданындағ келген. са яс и ли ри ка ла ры с » , ты яқ си о е р ег т а льб қыстауында дүни « К ө к ш е т а у » , « А ыл ат» пос-қазақ, ыз «Қ », Н і л д і д е г і о р ы пр их од ан ст ли иа «Соц уы ш аңбасын анық Ақ мо ла да ғы ба с та мұғалімдер эмалары Сəкен қолт ласында да ғы да бы са мектебінде, Ом көрсетеді. Ол проза қазғандар», ыған. «Өткен ер «Ж н. ке семинариясында оқ ет к бе р ең ыш өл ең де рмыс», «Сол кү нд ер » ат ты тұ ңғ л ы Қ а з а н «Айша», «Біздің тұ » повестері ы ж 4 1 9 1 ер жинағын жылдарда», «Жеміст кешу» атты ғарған. шы п ры ты с ба ақ а йғ нд та қаласы мен «Тар жол, қ жастары О м б ы д а ғ ы қ а з а ік» қауымы жазған. н ма ро лық жеге ұйымдастырған «Бірлболған. 1920-1936 жылдары мемуар йфуллин қазақ тілінің мемлекеттік дəре се і ең Се «К С. бір да ың ым ын ус ар ры ма са ыл 9 ба басш сының орын п, 1923 жылы ға ла ра ой тө ті уін те сын ла ріл ми қа те ко ма кө ру к» деген Кеңес Ақмола атқа меңгерушісі, Қазақ Ко- істерін қазақ тілінде жүргізу кере да нің мі ын лі ас бө ш лік ра ші қа ім жəне əк жы лд ың 22 лық Атқару та 23 Ор 19 сы ы. ка л йд ли со ла уб я , сп ап ри қабылд қ» жа Автономиялық Ре шесі, «Еңбекші қаза ) Орталық Атқару Комитеті декрет ң 1 шілдесінен мү ң ны мы иу ид ез жылды за қс та н» митеті Пр а кеңсе істері 1924 ка лы қ «Е ге ме н Қа (қ аз ір гі ре сп уб ли халық ағарту комиссарының бойынш зақ тілінде жүргізілетін болған. қа газетінің редакторы, та н пр ол ет ар жа зу шы ла ры бастап қс за Қа , ры ор ын ба са

Profile for Egemen

01012014  

0101201401012014

01012014  

0101201401012014

Profile for daulet
Advertisement