Page 1

№1 (28225) 1 ҚАҢТАР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті Н.Ə.Назарбаевтыѕ Ќазаќстан халќын жаѕа 2014 жылмен ќўттыќтауы

Қымбатты отандастар! Санаулы минуттардан соң біз келе жатқан Жаңа жылды қарсы аламыз! Бұл – ескі жылға ризалық, Жаңа жылға тілек айтатын айрықша сəт! Өтіп бара жатқан жыл бірлік пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың жылы болды. Басты бағдарымыз – «Қазақстан-2050» Стратегиясының ал ғашқы жылын табысты бастадық. Бұл – біздің баршаны біріктіретін, ұлысты ұйыстыратын асқақ аңсарымыз. Біз Тəуелсіздігіміздің тұғыр лы, мемлекетіміздің ғұмырлы болуын қалаймыз. Сол үшін алда келе жатқан жылдан үлкен үміт, жоралы жақсылық күтеміз. Жаңа жыл Қазақстанның жаңа дəуірін жалғастырады деп кəміл сенемін.

Ардақты ағайын! Жаңа жыл – əр үйге шаттық сыйлайтын отбасылық мереке. Еліміздегі əр шаңырақ – құтты ордамыз Қазақстанның бөлінбес бөлшегі. Алда қазанатын қадірлейтін халқымыз үшін қастерлі Жылқы жылы келе жатыр. Қазақ «Ат мұратқа жеткізеді» деп жылқыны ерекше бағалаған. Жаңа жыл жақсылығын ала келсін! Əулеттеріңіз əрдайым қуанышқа бөлене берсін! 2014 жыл елімізді əлемнің төріне шығаратын құтты жыл болсын! Баршаңызға бақыт тілеймін!

Сейчас каждый подбирает добрые слова пожеланий тем, кто нам особенно дорог. Родным и близким, тепло которых мы неизменно ощущали. Коллегам, при поддержке которых мы упорно трудились. Нашим спортсменам и ученым, людям творчества, победы и достижения которых нас вдохновляли. Добрая энергия наших мыслей и пожеланий объединяет всех в одно целое.

Дорогие соотечественники! До Нового года осталось несколько мгновений. В этот волнительный момент, на стыке прошлого и будущего, принято подводить итоги и строить планы. 2013-й год был особенным для нашей страны. Ведь мы приступили к

реализации Стратегии «Казахстан-2050». Большой путь начинается с первого шага, и он стал успешным. Меня переполняет чувство благодарности народу, который словно единая, дружная семья стремится к поставленной цели – построить сильный и процветающий Казахстан.

Телефон арќылы сґйлесті

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Волгоград қаласындағы террорлық əрекеттерге байланысты тағы да қайғырып көңіл айтты.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бірін-бірі алдағы Жаңа жылмен құттықтап, екі елдің халқына игілік жəне бақ-береке тіледі.

Дорогие друзья! В эту новогоднюю ночь мы открываем новую главу нашей жизни и жизни нашего государства. Все ее 365 страниц чисты. То, что мы впишем в нее, зависит от каждого из нас, от нашего упорства и самоотдачи. Уверен, что спустя год всем нам будет чем гордиться. И вместе мы оставим еще один яркий след в истории Независимого Казахстана! В эти минуты каждый человек с волнением пытается заглянуть в свое будущее и загадать то, что считает для себя самым важным. Уверен, что все задуманное сбудется! Желаю счастья, здоровья, любви и понимания! С Новым годом вас, дорогие казахстанцы! Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!

 Оймақтай ой Еңбек өмір шырағданына май тамызып отырады. Джон БЕЛЛЕРС.

 Еркін елдің ертеңі

Балалар їйіндегі базарлыќ Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Алға балалар үйінде атаанасының қамқорлығынсыз қалған 250-ден астам бала тəрбиеленуде. Мұнда олардың ешкімге жалтаңкөз болмай өсуіне, оқуына, жалпы азамат болып қалыптасуларына барлық жағдай жасалған. Дегенмен, Жаңа жылда олар да барлық балалар сияқты мерекелік көңіл-күйде болғылары келетіні, сыйлықтар күтетіні белгілі. Осыны ескерген облыс əкімі Архимед Мұхамбетов балалар үйінде өткізілген Жаңа жылдық шыршаға келуді дəстүрге айналдыруда. Биыл да ол алғашқылардың легінде осы балалар үйіне келіп, балаларды Жаңа жылмен құттықтады. Өңір басшысының өздеріне қолдау-көмек көрсетіп жүргенін білетін балалар үйінің тəрбиеленушілері оны зор

қуанышпен қарсы алды. Жаңа жылдық салтанаттың шымылдығы осы шара барысында ғана тұсауы кесілген балалар үйінің вокальді-аспаптық ансамблінің орындауындағы жаңа жыл, ана туралы əндерімен ашылды. Жаңа жылдық шыршада облыс əкімі сөз алып, тəрбиеленушілерді алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалардың елімізде қайғы-мұңсыз, бақытты өмір сүруі үшін барлығын жасап жатқанын атап өтті. Соның бір дəлелі ретінде 2013 жылы облыста заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған Назарбаев зияткерлік мектебінен басқа 15 білім ордасы ашылғанын, 40-тан астам стадион жəне 80-нен астам əлеуметтік нысандар пайдалануға берілгенін жеткізді. Содан кейін оқуда озат, тəрбиелі де үлгілі бір топ тəрбиеленуші Жаңа жылдық сыйлықты Архимед

Мұхамбетовтің өз қолынан алып, жүздерінен қуаныштың лебі есті. Балалар үйінің қалған тəрбиеленушілері да осындай Жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Балалар шыршаны айналып əн шырқады, би биледі.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ұйымдастырылған облыс əкімінің шыршасы Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өткізілді. Əкім шыршасына келген 100 мүгедек бала Жаңа жылдық қойылымды тамашалады, оларға сыйлықтар таратылды. Ақтөбе облысы.

 Өмір жəне өлең

Арєымаќ атпен арындап

Арманды ойлар орнығып түптен, Құлпырды гүлдей күндерім күткен, Келеді кемел жалғасын тауып, Шешіле шертіп сырларын бүккен. Тудырған тарлан данышпан дара, Дариға дүние, шеберсің неткен.

Өткенді өшпес тереңнен толғап, Қолға алсақ қалам қиялмен болжап, Қазақты құдай жебеген болар, Тілегін таудай бір өзі қолдап, Бақытқа бастар өшпейтін жалын, Дана ұлды дарқан сыйлапты сомдап. Ақсұңқар құстай самғадың жастан, Көз тігіп қия ғарышқа аспан,

Тасыған жігер, тау бұзар талант, Қадамың құтты болды да басқан, Ұлтымның сенген арқалап жүгін, Жеткіздің талмай жігермен асқан.

Тыңнан жол тартып, тозғанын тастап, Дарабоз халқым қалтқысыз қостап, Күндерге нұрлы талпынып талмай, Ерлікпен елін бірлікке нұсқап, Арғымақ атпен арындап алға Елбасы бізді барады бастап.

КӨКШЕТАУ.

Айдос ƏБУТƏЛІПҰЛЫ, Еңбекшілдер ауданының құрметті азаматы.

201 715!

Газетіміздің 95 жылдығында біз бағындырған биіктік осындай Осы шап-шағын материалдың тақырыбы біраз бас қатырды. Биылғы таралымның санына леп белгісін бір қойдық, бір алдық, ойлап-ойлап қайтадан қойдық. Тақырыпшаны əуелде осылай жазғанбыз, содан «Биылғы газет таралымы осындай болды» деп түзеттік те, ойлап-ойлап қайтадан қалпына келтірдік. Расында да, былайша қарасаңыз, екі жүз мыңдық асуды былтыр бағындырып үлгерген (200 601 данамен) басылым үшін таралымды бір жылдан кейін 201 715-ке жеткізу, яғни небəрі мың дана ғана өсіре алу жаңа таралымның санына леп белгісін тіркейтіндей, «біз бағындырған биіктік» дейтіндей жай емес те сияқты. Иə, сияқты. Бірақ, олай емес. Акционерлік қоғам болып құрылған 2000 жылы газет таралымы 38 мың дана деңгейінде болғанын ескерсек, осы он үш жылда таралым 5 еседен астам өскендігінің өзі елдік сананың соншалықты биіктегенінің бұлтартпас белгісі, мемлекеттік тіл мəртебесінің мерейлі екендігінің даусыз дəлелі. «Факты – упрямая вещь» деп орыс мақалында айтылатындай, «Қазақ тілі өйтіп барады, бүйтіп барады» дей беретіндердің бəріне қайтарар жауаптың бірі де осы. Биылғы таралымның түпкі нəтижесіне кəдімгідей алаңдағанымызды жасырып қайтейік. «Жылдан жылға балалап, онсыз да аз қазақ оқырманын талап алып бара жатқан басылымдар анау. Жылдан жылға жаңа арналар қосып, жұрттың бетін оқудан əрі бұрып бара жатқан телевизия анау. Жылдан жылға, жоқ-ау – күннен күнге жаңа кеңістіктерді бағындырып, дүн-дүниені шырмауықша шырмап, жан дүниені қырғыштай қырнап бара жатқан Интернет анау» деп өткен жылы жазғанымыздай, басқаны былай қойғанда, біздің еліміздің өзінде қағаз газеттердің алды жабылып, сайт басылымдарға айналу үдерісі басталған мына заманда былтырғы 27 мыңдық өсімнің деңгейін ұстап қалудың да оңайға түспегені түсінікті. Оның үстіне таралымның аз да болса қосылғаны тағы бар. Бəрі де салыстыру арқылы білінеді ғой. Небəрі 11 миллион ғана қазағы бар

біздей жас ел үшін бас газетке 200 мыңнан астам адамның жазылуы, яғни орташа алғанда 85 қазаққа бір газеттен келуі əлемдік өлшемдер бойынша да өте жоғары көрсеткіш саналады. Əлемдік өлшемдер дегенде араб дүниесіндегі атақты «АльАхбар» газетінің 980 мыңдық таралымын алдымен айтамыз ғой. Мысыр елінде 83 миллион адам тұратынын ескерсек, онда да дəл 85 арабқа бір «Аль-Ахбар» келіп тұрғанын көреміз. Бірақ араб еліндегі арабтың бəрінің бірдей арабша білетін араб екенін ескерсек, ал қазақ еліндегі қазақтың бəрінің бірдей қазақша білетін қазақ емес екенін ескерсек, біз тіпті таразы басын тартып та кетеміз. Сондықтан, осы таралымға көңіл толтырып, тəубе деп отырған жайымыз бар. Нақты айтатын болсақ, бүгіннен бастап газетіміз елдегі баспаханалардан мынандай таралыммен шығады: Астанадағы «ERNUR» Медиа холдингі» – 9 695, Алматыдағы «Дəуір» – 19 237, Қарағандыдағы – «Арко» – 14 623, Қостанайдағы «Қостанай полиграфия» – 4 243, Қызылордадағы «Энергопромсервис» – 17 533, Ақтаудағы «Caspiy print» – 5 860, Ақтөбедегі «А-полиграфия» – 9 986, Атыраудағы «АтырауАқпарат» – 10 772, Шымкенттегі «Ernur print» – 37 564, Павлодардағы «Дом печати» – 17 643, Петропавлдағы «Полиграфия» – 8 055, Тараздағы «Сенім» – 17 760, Оралдағы «Жайық Пресс» – 14 007, Талдықорғандағы «Офсет» – 4 060, Өскемендегі «Шығыс ақпарат» – 10 677. Барлығы – 201 715. Газетіміздің биылғы 95 жылдығында жаңа биікті бағындыруға қолдау көрсеткен қалың оқырман қауымға, жазылымға жанашырлық танытқан барша азаматтарға ақ алғысымызды айтамыз, қарашаңырақ басылымға құрметі, ана тіліне адалдығы, ең бастысы – ел деп елеңдейтін перзенттік жүрегі үшін разылығымызды білдіреміз. Жаңа жылда жұртшылыққа жеткізер жақсылығымыз көп болсын! Сауытбек АБДРАХМАНОВ.


2

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

Ќўрметті отандастар!

ИННОВАЦИЯЛЫЌ ДАМУЄА – ЕРЕКШЕ ЕКПІН Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Атар таңға ақ тілек

Егер байқап қарасаңыз, біздің Қазақстанымызда өтіп жатқан соңғы жылдар бір-біріне ұқсамайтын болып жүр. Бұл ненің белгісі? Бұл – дамудың белгісі. Осы дамудың нəтижесінде əрбір жыл өз өзгерістерін ала келуде. Өмір жыл сайын өзгеріс үстінде. Жалпы, ел көлемінде алсақ, бұрынғы марғаулық жоқ, керісінше, тың серпілістер бар. Біз мұны, тіпті, əрбір қазақстандық отбасы сезініп отыр деп есептейміз. Өйткені, əрбір əулет бойынша алғанда сол əулеттің бір мүшесінің жаңа үйге ие болуы, немесе шетелге оқуға кетуі, немесе жаңа бизнес бастауы, немесе жаңа жерге қоныс ауыстыруы, немесе мəшине сатып алуы, əйтпесе оны өзгертіп, басқа мəшине мінуі, мемлекеттік грант бойынша оқуға түсуі қалыпты жағдайға айналды. Қысқасын айтқанда, елімізде əрбір отбасында оңға басқан бір өзгерістің болуы дəстүрлі сипатқа ие болып келеді. Егер мемлекет деңгейінде жылма-жыл үлкен өзгерістер жүріп жатпаса, əрбір отбасы деңгейіндегі мұндай ұсақ өзгерістер де болмас еді. Сондықтан біз осы өзгерістерге «ұлтымыздың түлеу кезеңінің айшықты белгілері» деген баға бермекпіз. Қазіргі заманда ұлттық тұрғыдан түлеу ел көлемінде алға қойылған мақсаттардың қаншалықты өміршең екендігіне байланысты. Ал ел көлеміндегі мақсат өміршең болуы үшін ол жалпы адамзат қоғамының заманауи даму ағымдарын дөп басып отыруы керек. Біздің Елбасымыздың мемлекет басқару саясатының бір көрегендігі – Үкіметке беріп отырған тапсырмаларының қашанда болсын əлемдік даму ағымымен сəйкес келетіндігі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осының айқын көрінісі. Бұл Стратегиядағы негізгі мақсаттардың бірі – Қазақстанда инновациялық экономиканы, яғни адам ресурстарының əлеуетін толық пайдаланатын, бүкіл ұлттың күш-жігерін, ақылы мен ой санасын топтастыра отырып, оны жұмылған жұдырық секілді пəрменді түрде дамуға бағыттайтын экономиканы құру. Қазір біз дамыған елдермен салыстырғанда, инновациялық экономика құрудың төменгі сатыларының бірінде тұрмыз. Бірақ экономика саласында дұрыс та жүйелі жолға қойылған мемлекеттік саясаттың нəтижесінде қарқынды түрде алға жылжу үстіндеміз. Сондықтан да есігін енді ашып отырған 2014 жылдың басты міндеттерінің бірі нақ осы инновациялық саланы қарқынды түрде дамыту болады десек, ешбір қателеспейтіндігіміз анық. Қазақстанда ұлттық инновациялық жүйенің бастапқы негіздері 2000 жылдардың ортасынан бастап қаланды. Осы кезеңде оның негізгі заңнамалары, индустриялықинновациялық құрылымдары, даму институттары, қаржылай қолдау құралдары қалыптастырылды. 2010 жылы еліміздің Үдемелі индустриялықинновациялық бағдарламасы қабылданған соң жинақталған тəжірибелер ескеріле отырып, инновациялық саясатқа деген көзқарас қайта қаралды. Бұл кезеңде іс жүзінде инновациялық жүйеге жүктелетін міндеттер едəуір дəрежеде өзгеріске түсті. «Ғылым туралы», «Индустриялықинновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заңдар қабылданды. Бұл заңдарда инновацияларды қолдаудың жаңа құралдары бекітілді. Үкімет жанындағы Технологиялық қолдау жөніндегі кеңес жұмысқа кірісті. Ұлттық инновациялық қор арқауында Финляндия, Франция, Оңтүстік Корея тəжірибелері бойынша мамандандырылған институт – «Технологиялық даму

жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ құрылды. Оның басқарма төрағасы болып еліміздің инновациялық дамуына үлкен қызмет етіп жүрген, осы істі алға жылжытушы білікті топ менеджерлердің бірі Айдын Күлсейітов тағайындалды. Бүгінде бұл мемлекеттік құрылым инновациялық жүйелерге қатысушылардың барлығына, соның ішінде өңірлердегі қатысушыларға көрсетілетін қолдау шараларының орталығы болып отыр. Агенттік инновациялық инфрақұрылымдарды белсенді дамытуды жүзеге асыруда. Ол инфрақұрылымдардың қатарында «Инновациялық технологиялар» арнайы экономикалық аймақтары, 8 өңірлік технопарк, 4 салалық конструкторлық бюро, технологиялар трансфертінің қазақстандықкореялық жəне қазақстандық-француздық орталықтары, 12 венчурлық қор, жоғары оқу орындары жанындағы 15 коммерцияландыру кеңесі бар. Кореяның ғылыми жəне технологиялық бағалау жəне жоспарлау институтының (КИСТЕП) əдістемелік қолдауымен Қазақстанда бірінші ғылыми-технологиялық форсайт өткізілді, ел үшін аса маңызды 75 технология анықталып, солар бойынша бизнеспен жəне ғылыммен біріге отырып, мақсатты технологиялық бағдарламалар əзірленуде. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік барлығы 2500-ден астам идеялар мен жобаларды қарады. Олардың 520-сы жүзеге асыруда практикалық көмек алды. Осындай көмек алғандардың қатарында 152 өнеркəсіптік кəсіпорын, 123 шағын инновациялық компания, қазақстандық ғалымдардың 245 жобасы бар. Қабылданып жатқан шаралар нəтижесінде 2012 жылы Қазақстан инновациялар дамуының негізгі индикаторлары бойынша жоғары дəрежеге жетті. 2009 жылмен салыстырғанда, кəсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсайтын қаржылары 5 еседен астам өсті. Яғни, 61 млрд. теңгеден 326 млрд. теңгеге жетті. Инновациялық өнімдер көлемі 82 млрд. теңгеден 379 млрд. теңгеге жетіп, 4 еседен астамға өсті. Өң деу ші кəсіпорындарда еңбек өнімділігі 34 пайызға артып, əрбір жұмысшыға 51 мың доллардан айналды. Еліміздегі инновациялық белсенді кəсіпорындар үлесі 4 пайыздан 7,6 пайызға дейін көбейді. Ішкі жалпы өнімдегі инновациялық өнімдер үлесі 2011 жылы 0,86 пайызды құраса, 2012 жылы 1,3 пайызды құрап, осы аралықтың өзінде ғана 70-80 пайыз ұлғая түсті. Ұйымдастырылған жұмыстардың нəтижесінде еліміз Бүкілəлемдік экономикалық форумның жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша едəуір алға жылжи түсті. Сөйтіп, Қазақстан, Бразилия, Малайзия, Түркия, Ресей жəне тағы басқа да елдермен қатар, «басқару тиімділігін» жəне «инновацияларды» басшылыққа алатын елдер тобына өтті. Өз орнын 21 баспалдаққа көтеріп, бүкіл əлем бойынша 51-орынға ие болды. Өткен 2013 жылдың мамыр айында Астанада өткен Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы пленарлық отырысында еліміздің инновациялық тұрғыдан дамуы осы отырыстың басты тақырыбына айналған болатын. Осы отырыста Елбасының алдында есеп берген ПремьерМинистрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев инновациялық саясаттың жаңа кезеңін жүзеге асыру аясында Қазақстан Үкіметінің 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы əзірлегендігін жария етті. Осы тұжырымдамада міндеттердің 3 тобы белгіленген. Бірінші топ – экономиканың дəстүрлі салаларын

а є р а т ќ ы л ы Жаќс болсын л ы ж ы л о т

Халқымызда «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деген ұлағатты сөз бар. Шыны керек, өткен жылға өкпеміз жоқ. Экономикада болсын, əлеуметтік салаларда болсын дамудың даңғыл жолына түскен көшіміз көлікті болып, ілгерілей түстік. Елімізде жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық жобалар экономикалық дамуға серпін беруде. Өзім еңбек ететін ауыл шаруашылығы саласында да ауқымды шаруалар атқарылып жатқанына көзіміз жетіп отыр. Осындай ілгерілеуге із ашатын баянды бағдарламалардың игілігін халық көре бастады. Əсіресе, Ырғыз секілді шалғайдағы бірыңғай мал шаруашылығымен айналысатын өңірлер үшін «Сыбаға», «Жайылымдық қой шаруашылығы» мемлекеттік бағдарламаларының көмегі көп болып тұр. Мұндай елдің дамуына, халықтың тұрмысының түзелуіне қызмет ететін бағалы бастамалар, мемлекеттік бағдарламалар Жаңа жылда да жалғасын таба бергей, лайым. Қазір еңбек етемін деген адамға мүмкіндік мол. Мемлекет тарапынан ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты жоюға бағытталған қолдау-көмек ілгері күндерге сенімді нығайта түсті. Халық еңбек етсең, ауылда да қатардан қалмауға болатынын бек түсінді. Ырғыз өңірінің қай елді мекеніне барсаңыз да шаруасы жайлы, малы күйлі, көңілі көтеріңкі. Осының барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауыл шаруашылығына зор көңіл бөліп

Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа 2014 жылмен шын жүректен құттықтайды! Жаңа жыл – халықтың сүйікті мерекелерінің бірі. Жаңа жыл – жаңа үміт пен келешекке сенімнің бастауы. Дəстүр бойынша осы ғажайып мерекеде барлығымыз өз еліміздің өткен тарихын парақтап, өз өміріміздің жарқын беттерін еске аламыз, ертеңгі күнге жоспар құрып, жаңа серпінмен алға қадам басамыз. 2013 жыл біздің жадымызда Тəуелсіз Қазақстан дамуының жаңа кезеңі – «Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асырыла бастауы ретінде қалатын болады. Біздің халқымыздың ортақ күш-жігерінің арқасында өткен жыл Қазақстан Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаев белгілеп берген Тəуелсіз Қазақстанның Жеті қазынасының айналасына ел азаматтарының бірігуі мен ұйысуының тарихи кезеңіне айналды. Біз – өзіне ғана тəн бірегей қазақстандық даму жолы – ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен келісім жолымен жүріп бара жатқан біртұтас халықпыз. Қадірлі достар! Сіздердің Жаңа жылда жаңа жасампаз ниетпен басқан қадамдарыңыз, бастаған істеріңіз оң болсын дей келе, осы жарқын мереке күндері сіздерге жəне отбасыларыңызға зор денсаулық, мол байлық, бақыт, береке, қажымас қайрат тілейміз. Сəттілік серік болып, ойға алған арман-мақсаттарыңыз орындала берсін. Жаңа жыл жаңа табыстарға толы болсын! Халқымыз аман, Тəуелсіздігіміз Мəңгілік болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясы.

жаңғырту арқылы оларды инновациялық даму жолына шығару. Бұл біздің еліміздің Біртұтас экономикалық кеңістік, Батыс Қытай, Орталық Азия рыноктарында өңірлік бəсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мұндағы негізгі міндет – еңбек өнімділігі мен ресурстық тиімділікті арттыру. Екінші топ тек экономикада ғана емес, сонымен қатар, əлеуметтік салада да инновацияларды дамытудың əлемдік трендін игеруді көздейді. Медицинада, білім беру саласында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, мемлекеттік қызметтерді ұсынуда инновацияларды дамытуға баса мəн берілмек. Мəселен, қазірдің өзінде Астанада қаланы басқарудың заманауи жүйесі «smart city» жобасы енгізілуде. Үшінші топ – Үшінші индустриялық революцияның жаңа технологиялық міндеттері бойынша жұмыс істеуге негізделген. Мұнда бəсекелестік шарттарын түбегейлі өзгертетін факторлар ескеріледі. Атап айтқанда, сұраныс динамикасы мен құрылымының өзгеруі, жаңа технологиялардың пайда болуы жəне бəсекелестік сипаты мен ойыншылардың бизнес үлгілерінің өзгеруі есепке алынады. Өндірістерді жаппай автоматтандыру мен робот техникаларды енгізу, жаңа материалдарды жасап шығару, электронды сауда-саттықты ұйымдастыру, логистиканың жаңа буынына қол жеткізу, «жасыл» технологияларды игеру секілді мəселелер барынша өзекті бола түседі. Əсет Исекешев аталған ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қазіргі уақытта технологиялар мен білімдер шоғырландырылып, қызметкерлер даярлайтын құзырет орталықтарын құру жөніндегі жұмыстардың басталғандығын мəлімдеді. Инновациялық дамудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы барлық берілген міндеттерді есепке алғанда өз ғылыми біліктілігімізді дамыту, технологиялардың ақылы трансфертіне қол жеткізу, инновациялық орта қалыптастыру секілді үш маңызды бағытқа шоғырландырылмақ. Өз ғылыми зерттеулерінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізген жəне инновацияларды енгізген ғалымдар үшін Əл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық тағайындау жөнінде шешім қабылданғандығын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев нақ осы Шетел инвесторлары кеңесінің 26-пленарлық отырысында хабарлаған болатын. Біздің қолымыздағы деректерге қарағанда, бұл сыйлық əр жыл сайын жеті номинация бойынша берілетін болады. Мемлекет басшысы отырыс барысында еліміздегі инновациялық үдерістерді алға жылжыту мақсатында мынадай үш түрлі ұсыныс айтты. Олардың біріншісі – Қазақстанға кемінде əлемге аты əйгілі 7 ғалымды шақыру. Екіншісі – Қазақстанның 7 компаниясын жоғары технологиялық тапсырыстармен қамтамасыз ету. Үшіншісі – 7 инновациялық стартапты құруға қолдау көрсету. – 2014 жылы Қазақстанның екінші өнеркəсіптік бесжылдығын іске асыруға шетел инвесторларының қатысуы мəселесін талқылаған жөн. Ол енді индустриялықинновациялық сипат алады. Мен Үкіметке биылғы қарашаға дейін оның тұжырымдамасын əзірлеуді жəне келесі жылғы мамырға дейін бағдарламаның өзін əзірлеп бітіруді тапсырамын. Мен оны Кеңестің 2014 жылғы мамырдағы келесі отырысында сіздер мақұлдағаннан кейін бекіткім келеді, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев. Міне, осы айтылғандардың барлығы еліміз үшін 2014 жыл – инновациялық дамуға ерекше екпін түсіру жылы болатындығын білдіреді.

отырғанының, ауылдықтарға деген ыстық ықыласы мен қамқор көңілінің арқасы. Өзім басқаратын «Алтын - Əсел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де мемлекет көрсетіп отырған осындай мүмкіндіктердің нəтижесінде жылдан-жылға тым тəуір көрсеткіштерге жетіп келеді. Қазір серіктестікте 6500 асыл тұқымды еділбай қойы, 1200 жылқы, 300 сиыр қыстатылуда. Серіктестік 70 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Қазір малшы-жұмысшылар осынша малды қыстан шығынсыз шығаруға жұмылуда. Қазақ қашанда жылқыны басқа малға қарағанда, жанына жақын тұтып, төре түлік деп бағалаған.Сондықтан алдағы жылқы жылынан күтеріміз көп. 2014 жыл асыл арманымыз бен абзал тілегіміз орындалар, Елбасы алға қойған мерейлі міндеттерді жүзеге асыру арқылы дамыған отыз елдің қатарына жақындата түсер іс-қимылдар жылы болсын деп тілеймін. Ең бастысы, ел аман болсын, елді соңына ерткен ер аман болсын! Тəуелсіз Қазақстанымыз бейбіт күннің шуағына бөленіп, береке-бірлігіміз арта берсін! Төрімізге шыққалы тұрған Жаңа жыл əрбір отбасына мол ырыс-несібе мен бақдəулет сыйласын, барша қазақстандыққа бақыт əкелсін. Хамит ӨТЕУҰЛЫ, «Алтын-Əсел» ЖШС директоры, «Парасат» орденінің иегері.

Ақтөбе облысы.

 Жағымды жаңалық

Жауынгерлік тулар тапсырылды

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов «Батыс» өңірлік басқармасына қарасты 2087 жəне 2036 əскери бөлімдеріне салтанатты жағдайда жауынгерлік туларды табыс етті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Намыс пен ерліктің, абырой мен даңқтың белгісі болып табылатын туларды шекара ведомствосы басшысының қолынан подполковниктер Мұхтар Қанабеков пен Санат Жұманов алды. Аталған салтанатқа Ақтау қаласының, облыстық жəне Бейнеу аудандық əкімдіктерінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты. – Жауынгерлік ту əскери бөлімнің тарихы мен ерлік жолын паш ететін қасиетті белгісі болып табылады, – деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов өз сөзінде. – Осы тудың астында тұрып сарбаздар мен сардарлар, генералдар еліміздің тəуелсіздігін, аумақтық тұтастығын жан аямай қорғайтын болады. Осы күні Бейнеу шекара отрядында шекарашыларға 48 пəтердің кілті тапсырылғаны да ерекше атап өтерлік оқиға. Осылайша 4 үй пайдалануға берілді. Сөйтіп, «Батыс» өңірлік басқармасының шекарашылары Жаңа жылды жаңа пəтерлерде қарсы алды. Сақшылардың өздері де мұны мереке қарсаңындағы ең тамаша сыйлық ретінде қабылдады. Осы орайда, келесі жылы екі үйдің пайдалануға берілетіндігін, осылайша Бейнеу шекара отрядындағы əскери қызметшілердің 100 пайызы

тұрғын үймен қамтылатындығын айта кету керек. Шен таққан қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету Елбасы Жолдауының іске асып жатқандығының басты көрінісі болып табылады. Шекара қызметі осылайша тұрғын үй салу мен жөндеудің екпінін арттырып отыр, мұндай бағыт болашақта да төмендемек емес. Офицерлер мен келісімшарт қызметкерлерінің жайлы да сəнді пəтерлермен қамтамасыз етілуі күннен-күнге арта түсуде. Шен таққан қызметкерлер жанға жайлы барлық жағдайы жасалған əскери қалашықтарда отбасыларымен бірге тұруда. Шекара қызметі əскери қалашықтар соғуда дамыған елдердің тəжірибесін батыл қолдануда. Мұнда əскери бөлімдерге қажетті барлық жағдайлар, оның ішінде əлеуметтіктұрмыстық жағдайдың болуы қатаң сақталады. Сонда ғана шекарашы еліміздің қай түкпірінде қызмет атқарса да əлеуметтік-тұрмыстық жағынан ешқандай кемшілік көрмейтін болады. Н.Жоламанов пəтер кілттерін тапсыра тұрып, шекарашылар мен олардың отбасы мүшелерін жаңа қоныстарымен құттықтады, оларға мықты денсаулық пен бақыт, қызметтеріне табыс тіледі.

аулы даталар ат р, ла ға ұл т ы ул йт А

0 2 1 – н и л л у ф й Сəкен Се

басшысы, т.б ассоциациясының . ан рғ қа қызметтер ат аткерлікке дыларының ын ту қ Қаламгерлігі қайр лы ия Поэз уа қа с) əд (С н ке ігіттер», Cə ж ан , ұш та сқ інде «Кел ы ш і л ы ж 4 9 8 1 ел ье за сы », Сейфуллин «Ж ас қа за қ ма рс олдастар» нғ ы ры бұ ің ін ір өң «Ж Ж ез қа зғ ан «Жұмыскерлерге», ы Қарашілік ме н Ақадыр ауданындағ келген. са яс и ли ри ка ла ры с » , ты яқ си о е р ег т а льб қыстауында дүни « К ө к ш е т а у » , « А ыл ат» пос-қазақ, ыз «Қ », Н і л д і д е г і о р ы пр их од ан ст ли иа «Соц уы ш аңбасын анық Ақ мо ла да ғы ба с та мұғалімдер эмалары Сəкен қолт ласында да ғы да бы са мектебінде, Ом көрсетеді. Ол проза қазғандар», ыған. «Өткен ер «Ж н. ке семинариясында оқ ет к бе р ең ыш өл ең де рмыс», «Сол кү нд ер » ат ты тұ ңғ л ы Қ а з а н «Айша», «Біздің тұ » повестері ы ж 4 1 9 1 ер жинағын жылдарда», «Жеміст кешу» атты ғарған. шы п ры ты с ба ақ а йғ нд та қаласы мен «Тар жол, қ жастары О м б ы д а ғ ы қ а з а ік» қауымы жазған. н ма ро лық жеге ұйымдастырған «Бірлболған. 1920-1936 жылдары мемуар йфуллин қазақ тілінің мемлекеттік дəре се і ең Се «К С. бір да ың ым ын ус ар ры ма са ыл 9 ба басш сының орын п, 1923 жылы ға ла ра ой тө ті уін те сын ла ріл ми қа те ко ма кө ру к» деген Кеңес Ақмола атқа меңгерушісі, Қазақ Ко- істерін қазақ тілінде жүргізу кере да нің мі ын лі ас бө ш лік ра ші қа ім жəне əк жы лд ың 22 лық Атқару та 23 Ор 19 сы ы. ка л йд ли со ла уб я , сп ап ри қабылд қ» жа Автономиялық Ре шесі, «Еңбекші қаза ) Орталық Атқару Комитеті декрет ң 1 шілдесінен мү ң ны мы иу ид ез жылды за қс та н» митеті Пр а кеңсе істері 1924 ка лы қ «Е ге ме н Қа (қ аз ір гі ре сп уб ли халық ағарту комиссарының бойынш зақ тілінде жүргізілетін болған. қа газетінің редакторы, та н пр ол ет ар жа зу шы ла ры бастап қс за Қа , ры ор ын ба са


3

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

● Биылғы бедерлі белестер экономикалық прагматизм, егемендікті құрметтеу, интеграцияға қатысуға еріктілік, шешімдерді қабылдаудағы тең құқықтылық, дамудың эволюциялығы мен еуразиялық кеңістіктің ашықтығы. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь Еуразиялық экономикалық одақты страте-

кодексін іске қосу туралы жəне үшінші елдердегі тауарларға қатысты Беларусь, Қазақстан жəне Ресей аумақтарында еркін айналымға шығарылған, Кеден одағына мүше үш елдің шеңберінде қозғалыста болатын кедендік рəсімдеуді алып тастау туралы шешім қабылдады.

Кеден одағы интеграцияның барынша жоғары сатысын құру үшін негізгі алаңға – 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) айналды. БЭК жұмысы жағдайында мынадай төрт еркіндік қағидаты қамтамасыз етілетін болады: тауарлардың еркін

Елбасы идеясыныѕ ертеѕі еѕселі

Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі экономикалық интеграцияның бастамашысы болып табылады. Осы басталған жылы еліміздің аталған бастамасына 20 жыл толғалы отыр. Барлық осы жылдар бедерінде Қазақстан еуразиялық интеграция бастамасын дəйектілікпен ілгерілетіп келеді. Самат МҰСА,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан – еуразиялық интеграцияның бастамашысы Астанада өткен былтырғы мамыр кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан, Ресей жəне Беларусь 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одағы өз жұмысын бастайды деген келісімге келсе, сондай-ақ, басқа да бірқатар маңызды құжаттар қабылданған болатын. Сонымен қатар, үш елдің мемлекет басшылары тарапынан «Интеграциялық үдерістерді одан əрі дамытудың бағыттары туралы» шешім алынып, үш ел үкіметі мен Еуразиялық экономикалық комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты дайындау жөнінде тапсырма берілген еді. Осы қатарда Еуразиялық экономикалық комиссия мен Украина жəне Қырғызстан (əр ел бойынша жеке-жеке) арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумдарды мақұлдау жөнінде шешім қабылданған болатын. Украина Еуразиялық экономикалық комиссия жанынан бақылаушы мəртебесін алу ниеті бар екенін білдірсе, Қырғызстан осы Одақтың толыққанды мүшесі болуға құлықты екенін танытып келеді. Осыған орай, өткен жылдың 31 мамырында Минск қаласында Украинамен жəне Қырғызстанмен меморандумдарға қол қойылған болатын. Өткен жылдың 25 қыркүйегінде Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі мəжілісі өтіп, оның қорытындылары бойынша өзара интеграциялық қарым-қатынастар мəселелеріне қатысты бірқатар шешімдерге қол қойылған еді. Ал былтырғы 24 қазанда Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі кезекті мəжілісі өткені белгілі. Оның қорытындылары бойынша «Интеграцияны дамытудың негізгі бағыттары жəне Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасымен жұмыс барысы туралы» шешім алынғаны тағы мəлім. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Армения Республикасы арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандум жобасы мақұлданып, Арменияның Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке қосылуы жөніндегі «Жол картасын» дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылған болатын. Жақында, атап айтқанда, өткен жылдың 24 желтоқсанында Мəскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі үшінші мəжілісі өтіп, ондағы келіссөздердің басты тақырыбы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты дайындау бойынша жұмыс барысы болғаны ұмытыла қоймаса керек. Сөйтіп, əр тарап 2014 жылдың мамырына қарай Еуразиялық экономикалық кеңес туралы шартқа қол қою үшін барынша күшжігерлерін жұмсайтыны нақтыланып отыр. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссияны реформалау туралы мəселе күн тəртібінде тұр. Өйткені, ол интеграцияның бүгінгі жаңа деңгейіне толық көлемінде сəйкес келуі жəне мүдделердің тепетеңдігін қамтамасыз етуі тиіс.

гиялық əріптестік пен достық рухында құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Өйткені, экономикалық интеграция əр мемлекеттік мүмкіндігін айтарлықтай күшейтеді. Экономикалық одақ əлемдік қоғам дастықпен барынша табысты ынтымақтасу үшін құрылатынын да айта кеткен жөн. Бүгінде бүкіл əлемде интеграциялық трендтер үстемдікке ие. Жаһандану мен аймақтану – ХХІ ғасырдың мейнстримі. Дүниежүзінде қазірдің өзінде Еуроодақ, НАФТА, МЕРСОКУР, Африка одағы, АСЕАН, АТЭС сияқты жəне басқа бірлестіктер құрылған. Экономикалық интеграцияның жаһандық тəжірибесі мынаны көрсетіп отыр: күш-жігерді біріктіру ұзақмерзімді экономикалық дивидендтер əкеледі, қауіпсіздіктің беріктігін қамтамасыз етеді, халықтың əлауқатын арттырады.

Кеден одағы жəне Біртұтас экономикалық кеңістік Кеден одағының біртұтас кеден аумағын құру үш кезеңнен тұрды. Олар: 2010 жылдың 1 қаңтарына дейінгі алдын ала кезең, 2010 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне дейінгі бірінші кезең, 2010 жылдың 1 шілдесінен 2011 жылдың 1 шілдесіне дейінгі екінші кезең. Алдын ала кезеңде Кеден одағының келісімдік-құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау мен шекара, біртұтас кеден аумағының сыртқы контурын қоспағанда, мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін кезең-кезеңімен көшіруді ұйымдастыру міндеттері шешілді. Кеден одағының нормативтік-құқықтық базасы (70-тен астам құжат) қалыптастырылды. 2009 жылдың 27 қарашасында Минск қаласында өткен ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесі (Кеден одағының жоғары органы) мəжілісі барысында мемлекет басшылары деңгейінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан қызметін бастау үшін Кеден одағының маңызды құжаттарына: Біртұтас кеден тарифі мен Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа қол қойылды. Кеден одағына мүше елдер мемлекет басшылары, сондай-ақ, 2010 жылдың 6 шілдесінен бастап Кеден одағының Кеден Еуразиялық экономикалық комиссия

Біртұтас кеден аумағын қалыптастырудың бірінші кезеңі аясында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағының комиссиясы Кеден одағының сыртқы саудасында тарифтік жəне тарифтік емес қағидатты жəне сауданы реттеу өкілеттігін жүзеге асырады. Бұл жерде Кеден одағы сыртқы экономика қызметінде Біртұтас тауар номенклатурасы мен Кеден одағының Біртұтас кеден тарифі қолданылады. Кеден одағының біртұтас тарифтік преференциялар жүйесін қалыптастыратын құжаттар бекітіліп, күшіне енгізілді. Олар: Дамушы жəне онша дамымаған елдерде шығарылатын жəне əкелінетін тауарлар тізімі мен оларды əкелу кезінде тарифтік преференциялар ұсыну, сондай-ақ, Дамушы жəне онша дамымаған елдер – Кеден одағының тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланатын елдер тізімі. Сыртқы сауданы реттеу мен тараптардың атқарушы билік органдары өкілдерінен жасақталған санитарлық, ветеринарлық жəне фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша Техникалық реттеуді үйлестіру комитеті құрылды. 2010 жылдың 1 шілдесіне қарай біртұтас кеден аумағын қалыптастырудың бірінші кезеңінің міндеттері орындалып, оның біртұтас тариф жүйесі мен тарифтік емес реттеу, кедендік, санитарлық, ветеринарлық жəне фитосанитарлық бақылау қызметіне қажетті құқықтық шарттары құрылды. 2009 жылдың 11 желтоқсанында СанктПетербург қаласында өткен ЕурАзЭҚтың үкімет басшылары деңгейіндегі Мемлекетаралық кеңесінің мəжілісі барысында Кеден одағының келісімдікқұқықтық базасын толықтыратын халықаралық құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, Кеден одағында санитарлық, ветеринарлық жəне фитосанитарлық шараларды техникалық реттеу, жанама салықтар алу, тауарлардың экспорты мен импорты жағдайында жəне Кеден одағында қызмет көрсету кезінде, сондай-ақ, тараптардың өкілетті органдарымен сыртқы жəне өзара сауданың статистикалық деректерін беру құжаттарына қол қойылды. 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасқан екінші кезеңде тараптардың кеден аумақтарын біртұтас кеден аумағына біріктіру бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.

Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің салалық сауда-саттығының индексі

Экономикалық өзара іс-қимыл сапасын көрсету үшін ішкі салалық сауда индексі Еуроодақта жəне басқа да интеграциялық бірлестіктерде кеңінен пайдаланылады.

Еуразиялық экономикалық одақ КСРО-ға ұмтылыс емес Еуразиялық экономикалық одақ құру КСРО-ны қайта жаңғыртуға ұмтылыс болып табылмайды. Саяси егемендік ешқашан мызғымақ емес. Бұл – барлық қатысушы мемлекеттер – Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің біржақты ұстанымы. Экономикалық интеграция ұлттық мемлекеттілікті нығайтып, оны экономика арқылы барынша орнықты ете түсу үшін дамытылады. Еуразиялық экономикалық одақтың негізінде 5 қағидат жатыр. Олар:

2004-2005 жылдардағы индекстердің төмендеуі қосымша құн салығын (ҚҚС) алу механизміндегі өзгерістерді көрсетеді. Индекстің өсімі 2010 жылы Кеден одағы құрылған соң қалпына келе бастады.

қозғалысы, қызмет көрсетулердің еркін қозғалысы, капиталдың еркін қозғалысы жəне жұмыс күшінің еркін қозғалысы.

Биыл ЕЭО туралы шартқа қол қойылады Қазіргідей жаһандану заманында əлем елдерінің бір-бірімен тығыз ынтымақтастыққа ұмтылатыны – заңдылық. Өйткені, бүгінгі таңда мемлекеттер бір-бірімен тығыз байланыссыз, яғни оқшауланып өмір сүре алмайды. Соның бір айғағы ретінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан Еуразиялық одағын айтуға болады. Ал осы Одаққа əкелетін бірден-бір құрылым – Кеден одағына мүше елдер таңдаған интеграция жолы да оңай жол емес, əрине. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес осы жолда алдан шығар түйткілді мəселелерді тарқататын, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің жұмысын үйлестіретін бірденбір орган болып табылады. Бұдан түйілетін ой, аталған кеңестің негізгі міндеті – ұйымның атқарушы органы саналатын комиссия ұсынған құжаттарды бекіту. Күні кеше Мəскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында негізінен Минскіде көтеріліп, оның алдындағы жиындарда айтылып жүрген мəселелер талқыға түскені белгілі. Үш мемлекет – Қазақстан мен Ресейдің жəне Беларусьтің өкілдерінен тұратын Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімнің институттық бөлігі болып табылады. Бүгінде еуразиялық интеграциялық жобаның арқаулық қағидаттары бекітіліп үлгерілген. Ал бұл қағидаттар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық елдердің мүдделерін жан-жақты ескеруімен ерекшеленеді. Бұл Одақтың елдеріміздің экономикаларын нығайту, дамыту жəне мемлекеттер ықпалдастығын жандандыру үшін құрылып отырғаны белгілі. Осы орайда, Еуразиялық экономикалық комиссияға бəсекеге қабілеттілік, жаңғырту, елдеріміздің əлеуметтік əлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру мəселелері ұсынылады. Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімнің бірінші бөлігі дайын, енді ол салалық тұрғыда толықтырылуы тиіс. Қазір бұл жұмыстар біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. Мəселен, 2014 жылдың 1 наурызына жоспарланған жиында Біртұтас экономикалық кеңістік пен Кеден одағы аясында қалып келе жатқан кедергілер мен шектеулерге қатысты тізбелер шоғыры жасалып, оларды жоюдың нақты мерзімін анықтау белгіленген. Бұл – маңызды міндет. Осындай міндеттер жүзеге асырылғанда ғана біртұтас экономикалық жүйе үйлесімді жəне жоғары тиімділікпен жұмыс істейтіні анық. Міне, жаңа 2014 жыл да басталды. Осы жылқы жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою міндеті тұр. Кейбір объективті жəне субъективті кедергілерге қарамастан, бұл бағыттағы жұмыс дəйектілікпен ілгерілеп келе жатқанын атап көрсету қажет. Демек, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылатын күн де алыс емес деп ой түюге толық негіз бар.

Жаңа жылдан не күтесіз?

Ўмтылыс

Марат ОМАРОВ,

Шал ақын ауданының əкімі.

Шалақындықтар да белгілеген межелерді ойдағыдай орындап, жылқы жылын жақсы көңіл күймен қарсы алып отыр. Бұлайша көтеріңкі рухта сөйлеуіміздің сыры бар. Аудандар мен Петропавл қаласының əлеуметтік-экономикалық даму рейтингісінде аудан соңғы 3 жыл бойы көш соңында қалып келді. 23 көрсеткіштің 9-ы бойынша төменгі даму санатына енді. Осыған орай, облыстық əкімдіктің отырысында ауданның əлеуметтікэкономикалық тығырықтан шығу жолдары қаралып, аймақ басшысы Самат Ескендіровтің қолдауымен арнайы бағдарлама қабылданды. Жол, ауыз су, инвестиция, білім, медицина салаларына басымдықтар берілді. Енді, міне, жыл қорытындыланып, «балапанды санайтын» шақта тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, тұрмыс деңгейін арттыру, экономикалық өсімді қамтамасыз етуде алтыншы сатыға көтерілдік. Қоғамдық малды негізінен жеке адамдар өсіреді. Жасыратыны жоқ, ауыл шаруашылығы құры лымдарының бұл бағыттағы белсенділігі əлі төмен. Соның салдарынан 2012 жылы 17 шаруашылық бар-жоғы 649 мал əкелген. Бұл – жоспардың 26 пайызы ғана. Ауданда ірі тауар өндірушілер қатары да аз. Көбі 500-1000 гектардан аспайтын ұсақ фермерлер саналады. Қолдағы резервтер мен ішкі мүмкіндіктер жан-жақты зерттеліп, биыл кемі 1700 бас ірі қара малын сатып алу межеленді. Бүгінге дейін қотанға біржарым мыңнан астам мал қосылды. «Дүйсеке-Жер» шаруа қожалығы 52 миллион теңгеге 102 бас абердин ангус малын жеткізді. «Агро-Север» ЖШС табындарды 300 бас малмен толықтырып, репродуктор шаруашылық құруға ниетті. Президент тапсырмаларының бірі – шағын жəне орта бизнеске кең қолдау көрсету, мемлекетжекеменшік серіктестік тəсілінің тиімділігін барынша пайдалану. 1028 кəсіпкерлік субъектілеріне 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа тартылған. Жыл басынан бері 24 нысан ашылып, 51 жаңа жұмыс орындары құрылды. «Сəнді Райымбек» ЖК тұшпара өндіру цехын іске қосса, Социал ауылында тігін, Бірлік ауылында ағаш кесу цехы пайдалануға берілді. 3D кинотеатрын ашу үшін «Ғабдуллин» ЖК-не 2,5 миллион теңге грант алды. «ЦТО Альфа» ЖШС 5 миллион теңгемен қаржыландырылып, техникалық байқау стансасын ашты. Ауданда көрікті жерлер көп. Солардың бірі Аютас маңынан жеке кəсіпкерге 6 гектар жер телімі бөлініп, 160 миллион теңгенің бизнес-жоспары жасалды. Ондағы мақсат – туризм саласын өркендету. Аудан əкімдігі қызметіне 2012 жылдың 26 желтоқсанында кірістім. Екі айдан кейін жұртшылық алдында алғаш рет есеп бердім. Келіп түскен 70-тен астам сауалдардың дені əлеуметтік-тұрмыстық мəселелерге қатысты болды. Ұсыныс-пікірлер жинақталып, орындалуы қатаң бақылауға алынды. Аудан рейтингіне кері əсер еткен факторлардың бірі бала бақшалармен қамту жайын оң шешу мақсатымен Сергеевка мектебіндегі 25 орынды шағын орталықты 100 орынға дейін кеңейттік. Соның арқасында мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 83 пайыздан 92 пайызға дейін көтерілді. Мемлекет-жекеменшік серіктестік шеңберінде жеке кəсіпкерге үш қабатты үйден иесіз қалған пəтерлер босатып берілді. Қазір жөнделу үстінде. Келесі жылы 75 орынды жекеменшік балабақша

● Қыс қызығы

бой көтереді. Оның екі тобы жергілікті қазына есебінен қаржыландырылады. Сонда балабақша мəселесі түпкілікті шешілетін болады. Көпшіліктің аудандық емхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу туралы сұранымы да қанағаттандырылды. Кір жуатын орынға-17 миллион, флюрографиялық кабинетті жабдықтауға- 2,8 миллион, неврологиялық бөлімшені қалпына келтіруге-11,7 миллион теңге жұмсалды. Жас мамандарға баспана берілді. Двойники– Ольгинка–Ақанбарақ–Ступинка– Семиполка бағыттарындағы жолдарды жөндеуге 28 миллион теңге жұмсалды. Ішкі жолдарды қалпына кел тіруге жергілікті бюджеттен 23,7 миллион теңге бөлінді. Бұл – алдыңғы жылға қарағанда 5 есе көп. Алқағаш, Көктерек, Еңбек ауыл дарының тіршілік нəріне деген мұқтаждықтары шешілді. Келесі жылдан бастап сүт кластерін дамытуды да ойластырып отырмыз. Бұл жоба «Сергеевка сүт өнімдері» зауыты негізінде жүзеге асырылады. Бүгінде банктен алынған 65 миллион теңге жеңілдетілген несиеге жаңа қондырғылар орнатылды. Өткен жылға қарағанда, тəуліктік

сүт жинау мөлшері айтарлықтай артып, тұрғындарға 108 миллион теңге қолма-қол ақша төленді. Өнім түрлері одан əрі көбейтіледі. Былтырдан бері аудан аумағында «ТНС-2020» жəне «Степное-2020» ірі агрофирмалар жұмыс істеп келеді. Өңірде 200 мың гектардан астам алқапқа ас тық өсірілсе, 43 пайызы осы серіктестіктердің еншісінде. Бұлар бір кездері тұрғындарды еңбек ақы сыз, пай үлесінсіз қалдырған «Асылхан-Агроның» «ауыр мұрасын» қа былдап алғалы іс оңға басты. Бірі 550, екіншісі 170 адамды жұмыс пен қамтып отыр. 9 айда 2,2 миллиард теңге инвестиция құйып, міндеттемені 154 пайызға орындады. Тұрмысы төмен отбасыларды, аз қамтылған жандарды зейнеткерлерді де үнемі қолдап отырады. Əрине, қол жеткен жетістіктерге əсте тоқмейілсуге болмайды. Жаңа жылда атқарылатын шаруалар көп. Солардың біріне əлі өткір күйінде тұрған жалақы мəселесін қосар едік. Оның орташа мөлшері 63 мың теңгеден ғана айналса, ауыл шаруашылығы саласында 47 мың теңгенің төңірегінде. Өсу динамикасы бар, алайда қанағаттануға ерте. Кемі 80 мың теңгеге жеткізу міндеті тұр. Ол үшін ұжымдық еңбек келісімдерін жасау, жергілікті кəсіподақтар ықпалын көтеру шараларын қарастырудамыз. Мал бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды репродуктор шаруашылықтар құру жайы да жаңа жылдың еншісінде. Жылқы жылында да ауданның əлеуметтік-экономикалық алға басу, ілгерілеу қарқыны жалғаса береді деген үміттеміз. Ең бастысы, Қазақстанымыз өркендеп, танымалдығы арта берсін демекпіз! Солтүстік Қазақстан облысы.


4

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

Жаңа жылдан не күтесіз?

Мўратымыз – ґркендеу

ы с ы л ы р ў ќ е м р ґ К ы д а л а т бас Табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың еліміз үшін тағы бір маңыздылығы – бұл жылы Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналған құрылыс жұмыстары басталмақ.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Атар таңға ақ тілек

Естеріңізге салсақ, «ЭКСПО2017» ұлттық компа ния сы ның басқарма төрағасы Тал ғат Ермегияев 2014 жылды ЭКСПО2017 көрмесіне дайын дық жұмыстары үшін маңызды болады деп мəлімдеген еді. «2014 жылдан бастап ЭКСПО құрылысы басталады. Сiздер бiлесiздер, бiздiң климат Еуропаның жайма-шуағы емес. Сондықтан құрылыс өте ауыр болады. 3 жыл деген ұзақ уақыт емес. Дегенмен, бiз 2,5-3 жылда 1 млн. шаршы метрге тең ЭКСПО нысандарын салып бiтуiмiз шарт. Қазiргi уақытта барлығы жоспар бойынша келе жатыр», деген еді Талғат Ермегияев. Иə, бұл Т.Ермегияевтің ЭКСПО-2017 көрме кешенінің үздік эскиз-идеясы Халықаралық архитектуралық конкурсы қорытындысы жарияланған күні сөйлеген сөзі. Яғни, сол күні 2014 жылдан құрылысы баста луы тиіс архитектуралық нысанның жобасы айқындалған еді. Онда Америкалық «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture» компаниясының жобасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаз компанияның сəулетшілері ұсынған мəліметтерге сүйенсек, Астанадағы ЭКСПО өтетін алаңның жалпы аумағы – 173,4 гектар. Оның ішінде 25 гектар көрме

кешенінің өзіне тиесілі болса, 148 гектар аумақта тұрғын үй құрылысы, əлеуметтік-мəдени, білім беру жəне денсаулық сақтау нысандары, сауда жəне ойынсауық орталықтары, саябақтар, гүлзарлар, жолдар орналасады. Көрме павильондарының болжамды ауданы – 118620, ал қызмет көрсету аймақтары – 95 400 шаршы метрді құрайды деп белгіленді. Сондай-ақ, тұрғын үй алаңы – 586 465 шаршы метр деп белгіленген. Архитектуралық эскизде Қазақстан павильоны шар тектес айрықша нысан болғалы отыр. Бұл ЭКСПО-2017 көрмесінің басты символы болып табылатын іші бірнеше қабаттан тұратын нысанның ауданы 24000 шаршы метрді құрамақ. Павильон дизайны «Заманауи киіз үйге» ұқсас жасалған. Бұл жоба дəстүрлі қазақ архитектурасының жаһандық өркениетке ұласқан заманауи келбетін паш етпек. Авторлардың көзқарасы бойынша, осы эскиз-жоба қазақтың ұлттық дəстүрлерін «Үшінші өнеркəсіптік революция» жəне «Болашақтың энергиясы» қағидаттарымен байланыстырады. Эскизден одан əрі өз орындарын тапқан нысандар «Энергия əлемі», «Тіршілік үшін энергия», «Қолжетімді энергия», «Менің болашақ энергиям» тақырыптық павильондарының аумағы нақты құрылыста шамамен əрбіреуі 4000 шаршы метрден, жалпы аумағы 16000 шаршы метрді алады. ЭКСПО-2017 көрмесіне жүзден астам қатысушы елдер өз павильондарын ұсынбақ. Ондай халықаралық павильондардың

əрбіреуіне 95000 шаршы метрден орын тиеді деп жоспарлануда. Ал өнер орталығы 14000 шаршы метр аумақта орналасады. Нақтырақ айтсақ, нысандардың құрылысы 2014 жылдың сəуір айында басталады. 2016 жылы құрылыс толықтай аяқталуы тиiс. Көрменiң басталуына жарты жыл қалғанда ол iске қосылып, сынақтан өткiзілуі қажет. Бүгінде Көрме дайындығына жұмыс істейтін мəлімет үйлесімділігін тиімді қамтамасыз ету үшін штат іріктелді, жос пар пысықталды. Ұлттық серіктестіктен басқа «ЭКСПО-ны» арнайы қолдау қоры мен Астана əкімдігі де игілікке өз үлестерін қосып жатыр. Олар қалада əуежайды кеңейтуге, тағы бiр вокзалды салуға қатысты жұмыстарды жүргiзбек. ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жұмыстары негізгі бес бағыт бойынша жүргізілуде. Бірінші бағыт – жаңа логотип. ЭКСПО-2017 ұлттық жоба болғандықтан, жаңа логотипті қазақстандықтар өздері таңдағаны жөн деген шешім қабылданды. Нəтижесінде «Жел энергиясы» атты логотип таңдап алынды. Ол ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен бекітілді. Екінші бағыт – тұжырымдама жобасы. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Астана ЭКСПО2017» ұлттық компаниясы мен бірлесіп əзірлеген көрмені өткізу тұжырымдамасының жобасы Үкіметке енгізілген. Тұжырымдаманың негізі – тіркеу құжат тамасы. Бұл құжаттама

н і й е р е м Ел ґсірейік

«Əр жылдың өз несібесі бар» делінгендей, тарих еншісіне еніп бара жатқан 2013 жылдың да аймағымыз өмірін өрнектеген ізі айтарлықтай болуын көңіліме үлкен қуаныш санаймын. Еліміздің өсуіне, аймағымыздың өркендеуіне тілеуқор жан ретінде өркенді өзгерістерге тағы бір марқайып қалып отырмын. Белестен белеске көтерілудегі облысымыздағы жасампаз жұмыстар жаңғырығы кəрі жүрегімді жасартып тастайды əрдайым. Əсіресе, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 29 жобаның іске қосылуы, 300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынып, белгіленген меже асыра орындалып, жүздеген отбасының жеке отау тігуі секілді жаңалықтарға жаным жадырап қалады. Мен көпті көрген адам тұрғысында кешегі кеңестік кезең мен бүгінгі жаңа заманды салыстыра қарайтыным бар. Сонда тəуелсіздік таңы атқаннан бергі уақыттағы ғажайып өзгерістер тіптен айқын байқала түседі. Оның одан сайын өркен жаюына бір жасап қаламын.

Бүгінгі 90-ға тақап қалған жасымда бізге арман болған мақсаттардың шуағы шашуын көруім маған зор бақыт. Тағдыр көкөрім 17 жасымда майданға аттанып, соғыс өртінің ортасында аяғына дейін болып, туған топыраққа оралып, жауапты қызметтер атқарып, тəуелсіз елімнің абыройбеделі асуын көруді маңдайыма жазыпты. Бұдан артық қандай бақыт керек! Соғыс, еңбек ардагері ретінде жастармен жиі кездесіп тұрамын. Талапшыл, жаңашыл, білімпаз буын екені көкірек көріктендіреді. Оларға «Мемлекетіміз сендердің бақытты болуларыңа барлық жағдайды жасап жатыр. Сендер де адал еңбектеріңмен, тəлімді қасиеттеріңмен мемлекет мерейін өсі ріңдер», деп батамды беремін. Туып келе жатқан Жаңа жылда барша қазақстандық жастарға айтар ақ тілегім осы. Кəмали ДҮЙСЕНБЕКОВ, II жəне III дəрежелі «Даңқ» орденінің иегері.

ҚАРАҒАНДЫ.

бұрын ЭКСПО көрмесін өткізген елдердің озық тəжірибесіне сүйеніп жасалыпты. Нақтырақ айтсақ, бұл көрмеге қажетті нəрселердің, мəселен, құрылыс, тақырып, насихат, жарнама, ақылы қызмет, қала инфрақұрылымын дамыту, қаржыландыру, инвестициялар, көрмеден кейін нысандарды пайдалану жəне тағы басқа құжаттардың жиынтығы. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы осы жиынтықтың алғашқы нұсқасын бітіріп, Халықаралық көрмелер бюросы ның қарауына жіберген. Халықаралық көрмелер бюросы тіркеу құжаттамамызды бекітіп берсе, ондағы жазылған нəрселер толық іске асырылады. Ол 200 бетке жуық өте үлкен құжат. Бұл құжатты тек Халықаралық көрмелер бюросы ғана емес, халықаралық көрмеге қатысатын 100 мемлекет те мақұлдауы керек. Қатысушылардың барлығы өз мүдделерінің де осы құжаттан көрініс тапқанын көруі керек. Париж қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросы бұл құжатымызды 2014 жылдың басында толық бекітеді деп күтілуде. Жоспар бойынша, көрменің толық атрибуттары 2014 жылдың жазында өтетін ХКБсының отырыстарының бірінде қолымызға тиеді. Үшінші бағыт ЭКСПО-ға қатысты заң шығару болатын. Ұлттық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін, əуелі заңнамамызды жетілдіру қажеттігі айқын. Осыған орай, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінде құрылған жұмыс тобының шеңберінде тиісті заң жобасы жан-жақты дайындалды. Заң жобасы, біріншіден, шетелдік жұмыс күшін тартуға, екіншіден, ЭКСПО-ға келетін шетелдік азаматтар мен туристерге виза беруге,

қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жəне басқа нормаларға қатысты іс-шараларды жеңілдетуге мүмкіндік береді. 2013 жылдың 3 желтоқсаны күні Мемлекет басшысы Қазақстан аумағында ЭКСПО-2017 халықаралық маман дандырылған көрмесін ұйымдастыру жəне өткізу мəселелерін реттеуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру жəне өткізу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Төртінші бағыт – еліміздегі жəне шетелдердегі насихат. Көрмені қолдау аясында Қазақстанда жəне шетелдерде роудшоу, ауқымды акциялар, форумдар секілді бірқатар үлкенүлкен іс-шаралар өтеді. Қазақстандықтарға «ЭКСПО деген не?», «Жасыл технологияларды қалай қолданамыз?» деген сауалдар төңірегінде түсіндірунасихаттау жұмыстары жүргізіл се, шетелдіктерге өздерін қызықтыратын нəрселер жөнінде ақпарат беріледі. ЭКСПО көрмесі үш ай бойы миллиондаған қонақтарды өзіне тартып, олардың назарына əртүрлі мəдени, ойын-сауық бағдарламаларын ұсынбақ. 93 күн бойы көрмеге қатысатын елдердің əралуандығын білдіретін ауқымды шоу-қойылымдар, тақырыптық мерекелер, танымал сахналық өнер фестивальдары, концерттер, театрландырылған қойылымдар өткізіледі. Ал бесінші бағыт – ең үздік сызба-идея байқауы болатын. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл жоба бүгінде бекіді. Енді, міне, осы жылдан бастап құрылыс жұмыстары басталғалы отыр.

Шапқан аттай шапшаң уақыттың көші тағы бір жылды артқа тастады. Əр жылдың өзіндік өрнегі бар. Өткен жылы дамудың даңғыл жолына түскен елімізде іргелі істер атқарылды. Серпінді ісқимылға біздің акционерлік қоғам да елеулі үлес қосты. Кəсіпорын 210,0 шақырым магистральды жəне бөлу жылу құбырларын, 23 бу қазандығын, 6 насос стансасын пайдаланады. Қазір біздің қызметіміздің игілігін 76 мың тұтынушы көріп отыр. Оның 74 мыңы жеке тұлғалар, қалғаны заңды тұлғалар болып табылады. Қалалықтарды қыста жылумен жəне ыстық сумен қамтамасыз етуде кідіріс болмас үшін үстіміздегі жылы 8,96 шақырым жылу желілері жаңартылды, оған 1250,0 мың теңгеден астам қаржы жұмсалды. Оның 6,27 шақырымы бюджеттік қаржы есебінен, 2,44 шақырымы тарифте қаралған қаржы есебінен қайта жарақтандырылды. Инвестициялық бағдарламаға сəйкес 0,25 шақырым жылу құбыры қайта жарақтандырылды жəне жаңартылды. Бұдан басқа 201,0 шақырым жылу желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алты насос стансасы жəне 23 бу қазандығы жөнделді. Қаланың жылу жүйесіне қаржы сала отырып, біздің кəсіпорын шаһардың жылумен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың, қайта жарақтандыру жəне жаңартудың 2010-2014 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын жасаған-ды. Бұл бағдарлама бойынша да бірқатар шаруалар тындырылды. Бір сөзбен айтқанда, қалалықтардың қаһарлы қыстан тоңбауына, ыстық судан кідіріс болмауына, тұтынушылардың көңіліне кірбің түс пеуіне алғышарт жасалды. Бұрыннан қалыптасқан дəстүр бойынша апаттық жағдайды кемітуге бағыт ұсталуда. Шыны керек, соңғы бес-алты жыл бойы басқа өңірлердегідей күрделі жағдай туындаған жоқ. Жаңа жылға дейін кəсіпорын қалыпты режімде жұмыс істеп келді. Бұл үрдіс Жаңа жылда да жалғасын табатынына бек сенімдімін. Қаншама қапысыз қамдандық десек те, іштей жылдың жайлы болғанын қалайтынымыз шындық. Алдағы жылдан не күтесіз дегенде, тарифте қаралған 177,7 млн. теңге қаржыға 2,5 шақырымға күрделі жөндеуді сапалы жүргізсек деген ой бар. Жалпы, қайыптан тайып, бізге байланысты емес жағдайлар туындамаса, жылу мен ыстық су бағасын бұрынғы деңгейде ұстауды қарастырудамыз. Сондай-ақ, Жаңа жылда біздің қызметтеріміз үшін қарыздар тұтынушылар берешегін өтей бастаса құба-құп болар еді. Бұл өз жұмысымызға қатысты үміттер. Өткен жылы жеке басымда да

қуаныштар болды. Маған «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағын берді. Бұл құрмет мені кəсіпорын жұмысын бұрынғыдан да жақсарта түсуге жігерлендіреді. Біздің жұмысымыздың басты бағдары – тұтынушыларымыздың көңілінен шығу болмақ. Əзірге қалалықтар тарапынан жылу мен ыстық суға қатысты арызшағым түсе қойған жоқ. Бұл бізді бұрынғыдан гөрі жинақы жұмыс істеуге, қол жеткен биіктен аласармауға міндеттейді. Облыстық мəслихаттың депутаты ретінде өңір диқандарының соңғы жылдардағы қуаңшылықтың салдарынан күрделі жағдайға қалып жүргенінен хабардармын. Сондықтан қыста қар қалың түсіп, жазда жауын-шашынның мол болғанын қалаймын. Бұл диқан қауымының бітік егін өсіруіне негіз қалар еді. Ал, жалпы еліміз бойынша алған бағытымызды ілгері апарудың сəтті қадамдары жалғасын табуына тілектеспін. Татулық пен тұрақтылықтың алтын арқауы ұлтаралық достықтың тіні бұрынғыдан беки берсін. Елбасы алға қойған асқаралы міндеттерді жүзеге асыруға барша қазақстандықтар бір кісідей құлшыныс танытса дегім келеді. Ұлттық салт-дəстүрімізді ұстануды, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді басты бағдар етіп алатын кез де жетті. Жаһандануға жұтылмаудың басты қадамы жастарды отаншылдыққа, елін сүюге, тəрбиелеуге əрқайсымыз атсалысуымыз керек деген ой қаперге алынса деген де тілек бар. Табалдырықтан аттаған жаңа 2014 жылдан дастарқанымызға молшылық, шаңырағымызға шаттық əкелетіндей бағалы бастамалар, еліміздің əлем алдындағы беделін биіктететін қадамдарымызға сəттілік тілеймін. Мерекелі де берекелі жыл болсын. Жаңа жыл барша қазақстандықтарға бақыт əкелсін, табысымыз молайып, тұрмысымыз жақсарған үстіне жақсара берсін дегім келеді сөзімнің соңында. Мəжит БЕКМЕЕВ, «Трансэнерго» АҚ директоры, облыстық мəслихаттың депутаты.

Ақтөбе облысы.

аулы даталар ат р, ла ға ұл т ы ул Айт

20 1 – в о р і г ї с н а Ж Ілияс – Іл ия с Ж ан сү гір ов . рі ке ат йр қа м ақын, қоға облы1894 жылы Алматы нда ны да сының Ақсу ау ында дүниеге келген. Алғаш алалд мо ыл ау н, не сі е өз əк 1919 рынан сауат ашқан. ек і гі те нт ке ш Та жы лы курсжылдық мұғалімдік ген тір бі ы Он қа түседі. мұ ға со ң өз ау ыл ын да ілші» «Т лім болып, кейін рады. қа ат ет зм қы газетінде ағы йд 1922 жылы Верны з а қ а Қ ) ы ғ а (Алматыд ың меңгерушілігіне ағарту институтын тағайындалады. уд ег і Ж ур на 19 25 жы лы М əс ке оқ уғ а тү сі п, а ын ли с ти ка ин ст ит ут іп шыққан соң, тір оны 1928 жылы бі іргі «Егемен Қааз (қ қ» за қа «Еңбекші қы зм ет ке жі бе рі е тін зе га ) н» та қс за ш ығ ар ма ш ыл ық ле ді . Ж ан сү гі ро в қстан Жазушылар за жұмыспен қатар Қа у ісіне де белсеодағын ұйымдастыр ыл ар од ағ ын ың уш не қа ты сқ ан . Ж аз болып сайланған. сы ға ра тө ы шқ алға

Қазақ 1934-1937 жылдары ре ң ны са яс и ба с па сы н бі р да кт ор ы, со ны ме жыл6 93 -1 33 19 е; лд мезгі КОА -і СР дары Қазақ АК ы. лд бо сі нің мүше а Жансүгіровтің басп ту ы шқ ға ал бетін көрген аға», ындылары «Сарыарқ рі. де ең өл «Тілек» деген 28 19 ғы на жи Ал ға шқ ы рық жа а нд сы жа 34 лы жы көрген. ы Он ың шы ға рм ал ар ы. рл қы сан салалы, көп орын лықтың бай фолькл ха ов Жансүгір лық ха ін ер гіл үл ық жинасуға, оның оз а, басылып кітап уғ игілігіне айналдыр ке н үл ес қо сқ ан . үл на ы ғу шы бо лы п т сынына да аралаІ.Жансүгіров əдебие н жанрының дасы сып, əдеби көркем А.С.Пушкиннің, Ол ы. ст лы са ат а муын Н.А.Некрасовтың, М.Ю.Лермонтовтың, мен В.Гюгоның, не М.Горькийдің, Г.Гей арын қазақ тіліне ал рм ға шы ың йд Тоқа еб ие ті ні ң əл ем ау да ры п, қа за қ əдсын кеңейтті. əдебиетімен байланы

а н а т с А н а є н Аќ ќарєа ора Жаѕа жылдыќ жəрмеѕке

Қаладағы Мəдениет сарайында «Нұр Отан» партиясы филиалының «Жас Отан» жастар қанаты мүмкіндігі шектеулі болса да, өнерден қол үзбеген шеберлердің туындыларын қамтыған «Жан жылуы» атты Жаңа жылдық жəрмеңке өткізді. Бұған қалалық ішкі саясат бөлімі қолдау көрсетті.

– Жаңа жылда осындай көрмежəрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсынысымыз бар, – дейді қала тұрғыны Мансура Башарбаева. – Мұнда қарап отырсақ, қаланың қолөнер шеберлері мен мүмкіндігі шектеулі шеберлердің туындылары жұртқа сатылымға ұсынылған екен. Мен біраз ойыншықтар сатып алдым.

Жаңа жылдық жəрмең кенің мақсаты ұлттық қолөнерді кеңінен насихаттау болып табылатындықтан, көптеген бұйымдар халқымыздың салт-дəстүрінен, тіпті өткен тарихынан хабар береді. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.


Атар таңға ақ тілек

5

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

ы р ы є ў т ѕ і Тілімізд сын! ныќ тўр

Басталған жылға ақсақалдық тілек, пейіл, əрине, еліміздің амандығы, тыныштық тірліктің ұзағынан болуы ғой. Еліміздің тəуелсіздік алғанын көріп, сол тəуелсіздік заманда өмір сүріп жүргеніміздің өзі бақыт. Келмеске кеткен өткеннің қиындықтарын көрдік. Енді өз тілімізбен өмір сүріп, келер күндерге қазақ тілінде сөйлеп, жазып естелік қалдырамыз ғой деген сенім бар. Мемлекеттік тіл – қоғам бірлігінің бастау бұлағы. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы жолдауларында үнемі айтып келеді. «Қазақ тілі, сондай-ақ, біздің рухани негізіміз де болып табылады. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тəжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз», деп Елбасы қалай жақсы айтып берді. Біздің «Қазақ тілі» қоғамы да тілдік қарымқатынас мəдениетін қалыптастыру арқылы жастарды қазақстандық патриотизмге тəрбиелеу шараларына үлес қосып келеді. Қоғам мүшелері өткенді көрген үлкендер, бəрі де кезінде ұстаз болған, зейнетке шықса да ұрпағына өнегелік жолын үйретуді ұмытпаған жандар. Бəрінің де ойы «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ», деп Абай атамыз

айтқандай, жастарға туған тілін білсін, қадірлеп, аялап, сақтасын деген ой түйгізу. Сондықтан бəріміз де жаһандану заманында өзгеге еліктей бермей, ана тілімізді құрметтеуге, сол тілде сөйлеуге үн қосып жүрміз. Осы ретте, көшедегі жарнамада қате жазылған əрбір сөзді көрген қазақтың ұл-қызы бейқамдық танытпай, оны түзетуге атсалысуы қажет деп білеміз. Биыл облыс орталығында өткен «Түркітілдес халықтар жазбалары күндері» апталығына жастар қызығушылықпен қатысты. Өркениет көшіндегі көне түркі халықтарының мəдениетін, тілін, тарихын айшықтайтын баға жетпес асыл қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, туыстас түркі халықтары арасындағы қарым-қатынасты нығайту – бүгінгі ұрпақтың басты парыздарының бірі. Ал сол құнды қазынаның бірі – біздің қазақ тіліміз. Мемлекеттік тіл жылқы жылында да тұлпардай тулай шауып, бəйгенің алдын бермесін деген тілек айтамын.

Павлодар облысы.

аулы даталар Айтулы тұлғалар, ат

0 2 1 – н и л й а М Бейімбет » газетін рниялық «Ауыл е б у г ың қт за қа – жылдарда Бе йі мб ет М ай ли н рған. (1925). 30-шы ға шы тін ие еб əд , қазақ та н» (қ аз ір гі көрнекті жазушысы оц иа ли ст ік Қа за қс «С і. бір рдың тінде бөлім қалыптастырушыла мен Қазақстан») газе ге «Е н ра Та ң ны сы ң орынбаОл Қостанай облы ерушісі, редакторды ңг ме лке е ег ни лы дү əдебиеті» ауданында 1894 жы , «Ауыл тілі», «Қазақ ры са фа зи Уə ы ндағ дакторы боген. Троицк қаласы лымдарының бас ре сы ба ыс ор ғы анайда істеген. медресесінде, Қост ад ағ ы лып қызмет Уф , те е жанры еп кт ме а ш а- қа за қш зақ прозасында əңгім Қа м лі бі ып е оқ ары арқылы кеҒа ли я ме д ре се сі нд Бейімбет шығармал алған. ене түсті. мұғалім бо- мелд та рт а по 1916-1919 жылдары М ай ли н он бе ск е Б. а ан лд ғы шұ ен атович» атты ла ды , жа зу шы лы қп сть, «Азамат Азам ве і ер тт зе га л» ыз ыл жа «Ауы бастайды. «Қазақ», н жа зғ ан . Он ың «Қ ма ро ры да ал рн ақ» жу ты романдары мен «Айқап», «Сад у», «Қоңсылар» ат ла н ли ай М т бе йім сыртында на жазып тұрады. Бе алмай қалған. Мұның қт ая н ме ге «Е гі азір а, либретто, «Еңбекші қазақ» (қ ірілі-ұсақты 25 пьес ол ет зм қы е ті нд лердің авторы. Қа за қс та н» ) га зе ай да ғы сценарий ан ст Қо ). ж. 2 92 (1 іст ег ен .

Тоғайбай КЕНТАЕВ, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

Жаңа жылдан не күтесіз?

 Тарих толқынында еді. Жас ғалым Ботай қалашығына арнайы экспедициялар ұйымдастырып, қазба жұмыстарын талмай жүргізді. Сөйтіп, 158 елді мекеннен 120 мыңға жуық заттай айғақтар ұшырасты. Басты олжа сол, жылқының 70 мың сүйегі

Кембридж университетінің профессоры М.Левина бастаған ғалымдар ғылымизерттеу экспедициясын ұйымдастырды. Би-Би-Си телекомпаниясы ерте дəуір адамдарының өмірі, олардың тыныстіршілігінің бөлінбес бір бөлігіне айналған

Ботай

Айыртау – сырын ішіне бүккен көне тарихтың қатпарлы да тылсым құпияларына тұнып тұрған өңірлердің бірі. Көрсе, көз тоймайтын Имантау, Шалқар, Сырымбет сияқты табиғи аймақ қойнауларында тарихи, археологиялық жəдігерлер мен ескерткіштер жетіп артылады. Солардың бірі де, бірегейі де Иман Борлық өзені жағасында орналасқан Ботай қонысы дер едік. Тарихи айналымға «Ботай мəдениеті» деген атпен енген сенсациялық жаңалық бүгінде осы аттас ауылдың есімін иеленеді. Тарихқа белгілі мəдениеттердің жер атауына телінетіні əлімсақтан бар. Мəселен, Андрон, Беғазы – Дəндібай, Долматов мəдениеті секілді. Ботай десек, жер атауы мен жеке адамның есімі қосарлана жүреді. Осы елді мекеннің тумасы, саяси ғылымдар докторы Əміржан Шалтықов немере ағасы Айдарханмен бірге туған ауылы жөнінде тарихи-танымы мол бірнеше кітап жазды. Авторлар адырымызды қопарса, астынан қалалар, обамызды ақтарса, астынан алтын адамдар шығатын ежелгі ескерткіштер қатарына Ботай қалашығын да жатқызып, Андрон мəдениетімен тетелес, тіпті, одан əрі тарих қойнауына тереңдеп кететінін нақты айғақтармен дəлелдеп берді. Бұл орайда, атасы Шəлтік қажы құрастырған шежіре деректерін кеңінен пайдаланып, қазіргі ұрпақ жадына құюы – өте құптарлық. Ботайдың əкесі Досан Абылай ханның замандасы, жақын серіктерінің бірі болған. 18 жасынан хан жасағына қосылып, ерлік істерімен көзге түскен. Досан батыр Абылай ханның Петерборға жіберген елшілерін екі рет басқарып барған. Бұл мұрағат құжаттары Сырымбет ауылындағы Шоқан Уəлихановтың мұражайында сақтаулы тұр. Ботай бабамыз Айғаным ханшамен көрші қонған. Кенесары ханның көтерілісіне кенже ұлын аттандырған. Оқыған-тоқығаны, өмірден түйгені көп қажы отаршыл əрекеттерге қарсы шығып, патшаға қызмет етуден саналы түрде бас тартқан. Ауылдастарының басын біріктіріп, елдіктен, жерден айырылмаудың барлық жағдайларын қарастырып отырған. Енді бұл атауға «мəдениет» деген сөз тіркесіп, ғұн мен сақ бабаларымыздың ат тұяғы тиген Айыртау өңірін мекендеген бағзы замандардағы ежелгі адамдар өркениеті жайлы əлем құлақтанып отыр. Ботай мəдениеті жайлы алғашқы мəліметтер өткен ғасырдың 70-жылдары жариялана бастады. Ғылымға беймəлім жəдігерлер мен құнды заттарды алғаш рет тарих пəнінің мұғалімі, Республиканың еңбек сіңірген ұстазы Еслəмбек Зəкіриянов кездейсоқ тапты. Жергілікті өлкетанушы оқушыларды Ботай ауылының ескі жұртына апара жүріп, шашылып жатқан мал сүйектерінің қалдықтарын, аңшылық құралдар сынықтарын, тастан, балшықтан жасалған ыдыстарды кезіктірген. Олардың бұл жерде жай жатпағанын сезіп, Көкшетау облыстық мұражайына экспонат ретінде ұсынған. Бəлкім, оның туған жер тарихын зерттеуге деген құлшынысы мен ерен сүйіспеншілігі келешектегі үлкен тарихқа қозғау салған болар. Əлемді дүрліктірген оқиға осындай көзге көрінбейтін елеусіз істен өріс алғанын, оның бастауында Еслəмбек аға тұрғанын біреу білер, біреу білмес. 80-жылдары Петропавл педагогикалық институты тарих пəнінің оқы тушысы Виктор Зайберт экспонат ретінде қойылған тастан, сүйектен, балшықтан, мүйізден жасалған құралдар мен қаруларға көңіл бөлмегенде шаң басып жата берер ме

– ґркениеттіѕ кґне мекені

табылған. В.Зайбертке «Ботай–ежелгі адамдар мекені» еңбегі үшін Берлин институтының корреспондент-мүшесі ғылыми атағы берілді. Тың тақырыпты одан əрі індете зерттеп, Ботайды айдай əлемге танытты. Алайда, Ботай ауылынан ежелгі адамдар қонысының табылуы əлем ғалымдарының назарын аударып, ашық күндегі найзағайдай əсер еткенімен, мұндай тосын оқиғаға сенбеушілер табылмай қалған жоқ. Əсіресе, Кеңес Одағының ғалымдары тың жаңалыққа тосырқай қарап, «ұлы державалық» көзқарастан аса алмай жатты. 1983 жылы Ботай жерінде бүкілодақтық, 1995 жылы бүкілəлемдік семинар-симпозиумдар өткізіліп, осыдан 40-50 ғасыр бұрын қылқұйрықтың алғаш қолға үйретіліп, үй малы ретінде өсірілгені, бие сүтінен қымыз ашытылғаны, бағзы заман адамдары бүгінгі қазақтардай жылқы малын көлік, етін тамақ, сүтін сусын ретінде пайдаланғаны ғылыми тұрғыдан тұжырымдалды. Қазба жұмыстары жылқымен бірге арбаның да бірінші болып қолданылғанын дəлелдеді. 1998 жылы аса құнды тарихи-мəдени ескерткіш ЮНЕСКО-ның тізіміне, жоғары жəне орта мектептердің оқулықтарына енгізіліп, «Ботай мəдениеті» деген атпен тарихи айналымға шығарылды. Ботай мəдениетінің ашылуы Қазақстанның тарихын одан əрі ұлғайтып, тарих тегершігін 53 ғасыр кейін айналдырды деуге əбден болады. Бұл – даусыз шындық. Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін Ботай мəдениетін зерттеу одан əрі жалғастырылды. Шетелдік ғалымдарды Ботайдың біздің заманымыздан төрт-бес мың жыл бұрынғы тарихи дəуірдің мəдени мұрасы болып табылатыны өте-мөте қызықтырды. Америкалық оқымысты Д.Энтонидің «қазіргі заманның ғалымдары əлемдік тарихтың көптеген сауалдарына жауапты Ботайдан табады» деген салиқалы пікірі кері тартушыларға тоқтау салды.

жылқы жайлы телехабарлар түсірді. В.Зайберт Корольдік ғылым академиясының шақыруымен Лондонға барып, Белфаст, Оксфорд, Эдинбург секілді беделді университеттерде дала өркениеттері жайында дəріс оқыды. Кембридж археологиялық мұражайында Ботай мəдениеті туралы көрме ұйымдастырылып, əлемдік археологияның үздігі деп танылды. «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарлама аясында да біраз шаруалар тындырылды. Көкшетау ұлттық паркінің бастамасымен бұл мекенде тарихи-археологиялық қорық ұйымдастырылды. 1,5 гектар аймақ ты алып жатқан қалашық айнала қоршалып, 158 үйдің орны қазылып, қал пына келтірілді. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастыра салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Мұндай томаға-тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30-ға тақау. Олардың ішінен белгілі бір жүйемен ені 4-8 метр, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін қазқатар көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған. Шаруашылық құралдары да көз қызықтырарлық. Көбіне алуан түрлі тастан, саз балшықтан, сүйектен жасалғаны бірден байқалады. Ал, құрал-саймандарға қарап шаруашылықтың күрделі болғанын аңғаруға болады. Тас тоқпақтар, пышақтар, қанжарлар, сүңгілер, найзалардың ұштары, тағы аңдар, шанышқылар балық аулауға, жүгеннің сүйек тетіктер мен ілгектері жылқы ұстауға арналғанын болжау қиын емес. Тұрғын үйлер салу кезінде балға, шот, қашау, кескіш, қырғыш секілді ағаш өңдейтін аспаптар молынан пайдаланылған. Қосалқы саймандар арасында шой балғалар, түрпілер, шақпақтастан жасалған бұрғылар жиі кездеседі. Тері өңдеу ісінің, керамика өндірісінің, тігіншіліктің жолға қойылғанын айғақтайтын заттар жеткілікті. Орасан зор мөлшердегі остеологиялық материалдардың басым көпшілігіне жылқы сүйектері жұмсалған. Жерлеу ғұрпына

байланысты бірқатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табыну дəстүрінің болғанын көрсетеді. Ботай обаларындағы бабаларымыздың өткен өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен сан алуан сыр шертетін бағзы тарихты зерттеу келешектің ісі десек, барымызы бағалай алмай отырғанымызды қалай түсінеміз? Асылы, мəдениеттің мұндай биік үлгісі əрқайсымыздың бойымызда мақтаныш сезімін ұялатса керек. Міне, бірнеше жылдан бері Сағындық Салмұрзин жетекшілік ететін «Ұрпақ» қазақ мəдени-ағарту орталығы табиғаты əсем курортты аймақта этнографиялық, экологиялық, спорттықсауықтыру, туристік қызметтердің басын біріктіретін этноауыл ұйымдастыруға талпынып келеді. Бизнес-жоспар қолөнер бұйымдарын жасайтын өндіріс ашу, ат

əбзелдерін жасау, құс салу, ит жүгірту, саятшылық, аңшылық, атбегілік ұлттық кəсіпшілікті жаңғырту, салт атты саяхаттар ұйымдастыру жаңғырту секілді сан салалы ауқымдылығымен ерекшеленеді. Алайда, қаржылық қолдау таппай келе жатқаны өкінішті. Жобаның құны 100 миллион теңгеден аспайды, 5 жылда өзін өзі ақтайтын көрінеді. Олай дейтініміз, осындағы табиғаты əсем жерлер мен қорықтар, ескерткіш кешендер, ұлттық тарихи саябақтар жұртшылықтың назарын аударып, ішкі-сыртқы туризмді дамытуға сұранып-ақ тұр. Ботай қонысы олардың ерекше қызығушылығын тудырар еді. Бір кездері осы жерді ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру жұмыстары қолға алынып, өкініштісі сол, игі бастама аяқсыз қалды. Мəселе тағы да қаржыға келіп тіреледі. Аудан орталығында Ботай мұражайын құру, бабамыздың басына ескерткіш белгі қою, жастарға дəріптеу, отандық, шетелдік туристер орталығына айналдыру да кезек күтпейтін жайттардың бірі. Сондықтан осы шараларға мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетілсе деген ұсыныс айтқымыз келеді. Ботай – Қазақстандағы ерте дүние аймағының ең көне мекені, біздің заманымызға дейінгі 53 ғасыр бұрынғы тарихи дəуірдің асыл мұрасы. Осы жерден дала өркениеті басталды деуге толық негіз бар. Жылқы малының қолға үйретілуінің саяси-əлеуметтік маңызын да жоққа шығаруға болмайды. Тұрмыс-тіршілігі жылқының тісі мен тұяғына тікелей байланысты көшпелі қазақ халқы бұл өлкеге келімсек емес, керісінше, 4-5 мың жылдан бері арда түліктің қазысын кертіп жеп келе жатқан байырғы тұрғын екенін айғақтайды. Тайлақ ЖАЛМҰРЗЕНОВ, Айыртау ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Жарќын болашаќќа ныќ сенім Марат ОРАЗАЛИ,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы – Тəртіптік кеңес төрағасы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатымен ел дəулеті артып, тұғыры нығайғаны əмбеге аян. Тəуелсіздігімізді төрткүл дүниеге паш етіп, дамушы елдерге тəн өтпелі кезеңнен өткен еліміздің əр жылы жетістіктер мен жеңістерге толып келеді. Əлеуметтік-экономикалық салада кезең-кезеңімен жүргізілген реформалар қазақстандықтардың ынтымағын арттырып, ырысын тасытты һəм берекесін кіргізді. Халқымызды нұрлы жолға бастаған Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аты айтып тұрғандай-ақ өркениетті елдер қатарынан өзіндік орнын белгілеп, өзге елдерге үлгі бола бастағаны тағы бар. Осы елдің төл перзенті ретінде ел мерейін тасытуға қарлығаштың қанатымен су сепкендей септігімді тигізе алсам перзенттік бір парызымның өтелгені деп те санаймын. Біле білсек, бұл құжат əрбір қазақстандықты жігерлендіретін, ұлтжанды азаматтардың бойындағы болашаққа деген сенімді күшейтетін тарихи маңызы бар құндылық екенін өскелең ұрпақ əрдайым есінде ұстаса құба-құп. Осы тұрғыда, бүгінгі күні елімізде мемлекеттік басқару саласында кең ауқымды реформалар жүргізіліп жатқаны баршамызға мəлім. Бұл реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет са ласын уақыт талабына сай жетілдіріп, сапасын жақсарту, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, бүгінгі таңда көрсетіліп отырған мемлекеттік қызмет деңгейін көтеру, кадр саясатын мемлекеттік саясатқа сай жүйелеу сынды көптеген мəселелерді шешуге бағытталып отыр. Жер жəннаты Жетісу жерінде бұл өзгерістер халық тарапынан кең қолдауға ие болып отыр. Адам баласын бұл өмірде шыңға жетелейтін зор күш бар ол – болашаққа деген сенім мен Отанының өсіп-өркендеуіне өзінің ең бегімен үлес қосамын деген үміті. Адам баласының жан дүние сінің терең қойнауында орын алатын бұл қасиеттер үлкен істердің жүзеге асуына түрткі болады. Келер жыл барша қазақ елі үшін қастерлі жыл болып отыр. Жылқы қазақ үшін ең қасиетті жануардың бірі болып саналған. Бұл жылы тұлпардай көкжиекке талпынып, ұлы істердің ұйытқысы болып, биік-биік белестерді бағындырамыз деген сенім мол. Тəуелсіздік жылдары жеткен табыстарымыздың алтын кілті ел

арасындағы ынтымақ пен бірлік екені айдан анық. Осы татулықты сақтауда жəне халқымыздың дəулетін арттыруда мемлекеттік қызметкерлердің орны ерекше дегім келеді. «А» корпусындағы жоғары лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлердің алдына қойылған мін деттер кезең-кезеңімен сапалы іске асырылып отырса соның нəтижесінде еліміздің бəсекеге қабілетті озық елдердің қатарынан көрінетіндігіне кəміл сенемін. «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік саясатты іске асыруда ерекше ма ңызға ие екендігін білеміз. Бұл санаттағы мемлекеттік қызметкерлер халықпен тығыз жұмыс істейтіндіктен қоғамды толғандырып жүрген өзекті мəселелерді шешуде атқаратын міндеттері зор. Сондықтан келер жылдан тағы бір күтерім мемлекеттік қызметкерлердің өз міндеттерін адал орындап, тазалықтың үлгісін көрсете білгені. Екшей білсек, бұл да Елбасының сарабдал саясатына сай елім, жерім деген əр азаматтың көкейіндегі көп ойды іске асыру болып саналады. 2013 жылда қоғамда саяси мəні өте жоғары науқан – ауылдық, кенттік округ əкімдерінің сайлауы болды. Сайланған əкімдер келешекте заңнама талаптарын қатаң басшылыққа алып, өздерінің қызметтерінде заң бұзушылыққа, бейəдеп іс-əрекеттерге жол бермесе екен деген тілек басым. Өйт кені, облыстық Тəртіптік ке ңес отырысында қаралатын мəсе лелердің басым бөлігі аудан, қала жəне ауылдық округ əкімдері тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар болып отыр. Бұл олқылықтарды бірлескен шаралар атқарып, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру арқылы келешекте жоямыз деп сеніммен айта аламыз. «Бұлақ басынан тұнады» деген даналықты берік ұстанып алдағы Жаңа жылдан күтерім, сенім биігінен көріну. Түйіндей келе барша қазақстандықтарды жаңа жыл жаңа табыстарға жетелесін, ел іргесі аман, жұртымыз тыныш, Елбасымыз айқындаған нұрлы жолда таймай еңбек ету үшін күш, қайрат, жігер, сарқылмас қуат тілеймін! ТАЛДЫҚОРҒАН.


6

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

 Жұмыр Жер Жаңа жылдағы маңызды оқиғалардың бірі – Ауғанстан аумағынан халықаралық коалиция əскери күштерінің шығарылуы болғалы тұр. Соңғы мəліметтерге қарағанда, қазір Ауғанстандағы коалиция əскерінің құрамы 100 мың адамға жуық, соның 70 мыңдайы – АҚШ əскерилері. Осы əскер түгелімен Ауғанстан аумағынан əкетілсе, талибтер қайтадан күш алып, аймақтағы елдерге қатты қауіп төнеді деген əңгімелер жиі айтылады. Біз осы жəне басқа мəселелер жөнінде Парламент Мəжілісі Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің мүшесі, генерал-лейтенант Абай ТАСБОЛАТОВПЕН аз-кем əңгімелескен едік.

Ќауіпті ќоюлата берудіѕ ќажеті жоќ кеңес əскеріне қарсы соғыстарын ұзақ жылдар бойы жүргізіп келген. Осы моджахедтер 1992 жылы бірігіп, «Солтүстік альянсты» құрған. Содан Кабулды басып алып, Кеңес өкіметі отырғызып кеткен коммунистік бағыттағы Наджибулланы құлатып, орталық билікті қолдарына алды. Бірақ өзара алауыздық бұлардың билігін тұрақты ете алмады. Ахмад Шах пен Хекматияр арасындағы билік үшін күрес альянс күштерін əбден əлсіретті. Осы кезде елдің орталығы мен оңтүстігіндегі үлкен алқапта негізінен жергілікті пуштундардың өкілдерінен

жатпайтын барлық ескерткіш, балбал тас, мүсіндерді жою туралы бұйрық берді. Сөйтіп, Бамиан тауының бір шыңына ІІІ-ғасырда салынған Будданың алып ескерткіші жойылды. Бұл əлемдік маңызы бар зор ескерткіш болғандықтан, оған барлық прогрессивті адамзат қарсылық білдірді. – Алайда, коалиция күштері талибтердің осындай ұрда-жық қылықтарын тыю үшін енгізілген жоқ қой? – Əлбетте. Талибтер АҚШ-тағы 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған террорлық актінің ұйымдастырушысы

өндірілетін көрінеді. 2007 жылы 8 мың тонна апиын көкнəрі жиналып, рекордты көлемге жеткен. Ал елді талибтер басқарған уақытта бұл сан бірнеше есе аз болған, өйткені, олар халықаралық қоғамдастықтың қысымымен көкнəр өсіруді біршама азайтқан еді. – Талибтер демекші, кеңес əскері шығарылғаннан кейін елде орнаған біршама тыныштықты бұзып, бүкіл дүниежүзінің қарулы күштерін енгізуге жол ашқан осы қозғалыс туралы не айтар едіңіз? – Кеңес əскері шығарылғаннан кейін де бұл елде тыныштық діттеген межеде орнай қойған жоқ, керісінше, азамат соғысы қайтадан өрістеді. Елдің солтүстігінде, Өзбекстанмен жəне Тəжікстанмен шектесетін аймақта кеңес əскеріне қарсы əрекет еткен дала командирлері көбінесе өзбек пен тəжік ұлттарының өкілдері болған еді. Олар моджахедтер деп аталатын барлық жихадшыларды топтастырып,

тұратын талибтер қозғалысы бұл билікті мойындамай, Ауғанстанда Ислам мемлекетін құрамыз деген ұранмен соғыс жүргізе бастады. 1996 жылы олар Кабулды басып алып, «Солтүстік альянс» күштерін шекаралық аймаққа тықсырып тастады. Міне, осы талибтер барынша радикалды діни-экстремистік ұстанымдарымен дүниежүзі қоғамдастығының назарын өздеріне аударды. Өзі де ұзақ жылғы соғыстан ыңыршағы айналған Ауғанстанды бұл қозғалыс тіпті сорлатып тастады. Саналары соқыр фанатизмге тұмшаланған олар заманауи технология жетістіктерінің бəріне қарсы болды. Мəселен, телевизор көруге рұқсат бермеді, интернетті, компьютерді қолдануға, тіпті шахмат ойнауға да тыйым салды. Əйелдерге бала туу жəне үй шаруашылығымен айналысу міндетін ғана қалдырып, мектепте оқуын барынша шектеді. Ең қызығы 2001 жылғы оқиға болды. Талибтердің басшысы Омар молда елдегі Ислам құндылығына

ретінде айыпталған атышулы лаңкесші Усама бен Ладенді жасырғаны үшін айыпталды. «Лаңкесшіні ұстап беріңдер» деген талапты орындамаған соң, АҚШ өзінің одақтастарымен бірігіп, БҰҰның Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатымен Ауғанстан аумағына əскери күшпен басып кіргенін білесіздер. Бірақ, кейбір деректерге қарағанда, АҚШ Түркіменстаннан шығарылып, Ауғанстан, Пəкстан арқылы Үндістанға жеткізілуге тиісті газ құбырын талибтердің өз аумағынан өткізуден бас тартқаны үшін лаңкестік акцияны сылтауратып басып кірді дегенді айтады. Бірақ оның нақты дəлелі жоқ. Қазір Ауғанстан аумағында 49 елден жиналған коалиция күштері тұр. Соның ішінде посткеңестік елдер арасынан Грузия, Армения, Əзербайжан, Балтық республикалары, Украина өкілдері бар. АҚШ бастаған осы күштер 2001 жылдың қазан айында Ауғанстанға «Мызғымайтын бостандық» деген ұранмен лап қойған. Біз

Атар таңға ақ тілек

– Оныңыз рас, коалиция күштері əкетілсе аймақтағы елдерге, соның ішінде бізге де біршама алаңдаушылық туады. Өйткені, Ауғанстан аумағынан есірткі таралымы еселеп артуы мүмкін деген қауіп бар. Ал есірткі жүрген жерде қылмыстың өршитіні сөзсіз. БҰҰ-ның Есірткі жəне қылмыс жөніндегі басқармасының мəліметтеріне қарағанда, Ауғанстанға коалиция күштері енгізілгеннен кейін де есірткі өндірісі тоқтамаған. Демек, коалиция күштерінің де оны құрықтаудағы тиімділігі əлсіз болып отыр. Қазір əлемдегі барлық апиынның 90 пайызы Ауғанстанда

і с е г р і л Е н і с е м л і г ґ с н а ш а ќ еш

Зымыраған уақыт сынаптай сырғып, көзді ашып-жұмғанша бір жыл да өте шығыпты. Өткен жыл еліміз үшін де, сот жүйесі үшін де жарқын оқиғаларға, жетістіктерге толы жыл болды. Біз үшін ең үлкен жетістіктің бірі былтырғы қараша айында Қазақстан Судьялар одағының кезекті VІ съезінің өтуі болатын. Сот жүйесін одан əрі тиімді ете түсу мүмкіндіктерін талқылау мақсатымен өткен бұл құрылтайға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сот реформасын дамытуға бағытталған ұсыныс-пікірлері мен түйткілді мəселелерді атап көрсетті. Түйткілді мəселелер бойынша іс-шара бекітіліп, оның нақты орындалуы бақылауға алынды. Алысжақын шетелдерден көптеген меймандар қатысып, қазақстандық сот жүйесінің əлемдік талап деңгейіне сай дамып келе жатқанын, ал судьяларға қолдаудың Мемлекет басшысы деңгейінде жасалып отырғанын көздерімен көріп қайтты. Мұны да өткен жылдың

Қазақстан мəртебесінің бір сатыға биіктеуіне қосқан үлесі өзге жылдардан артықшылығы деуімізге саяды. Ал адамдар үшін Жаңа жыл – сиқырлы жəне армандардың орындалатын таңғажайып мерекесі емес пе? Сондықтан келе жатқан жыл біздің берекелі бірлігімізді, жарасымды татулығымызды, үйлесімді тұрақтылығымызды нықтай түсетін жыл болады деп сенейік. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» дейді қазақ халқы. Осы бір шуақ шашқан отбасылық мереке баршаңызға бейбіт өмір, тыныштық жəне мол жақсылықтар əкелсін. Бірлігіміз нығая берсін. Барлық бастамалардың бағы жанып, жаңа реформаларға, жаңа тəжірибелерге, биік кəсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін! Ел іргесі аман болсын! Нұрғазы ƏБДІҚАНОВ, Ақмола облыстық сотының төрағасы.

сияқты елдер «Қауіпсіздікті қолдаудың халықаралық күштері» деген бұл əскерге əуе жолдарын пайдалануға рұқсат берді. Содан бергі 12 жылда коалиция күштері талибтерді толық құрта алмайақ қойды. Қазіргі Ауғанстан өкіметі бұрынғы «Солтүстік альянстың» негізінде құрылған. Осы өкімет халықаралық коалиция күштеріне сүйеніп, Ауғанстан мен Пəкстан шекарасындағы лагерьлерде естерін жинап алған талибтермен əлі күнге соғысып келеді. Қазіргі соғыс партизандық жəне лаңкесшіл сипат алған, алайда, талибтер тез арада күш жинап, тұрақты əскер құра алады деген қауіп бар. Өйткені, басқыншылардан жерімізді азат етейік деген жəне радикалды діни-экстремистік ұрандарды желдетіп, жергілікті халықты оңай көтеруге болады. Қазір Ауғанстан халқының 35 пайызы сауатсыз екендігі анықталып отыр. Қай күнде сауатсыз, білімсіз халық айғайшы ұрандардың құлы ғой. Сондықтан біздің Президентіміздің Ауғанстан халқын сауаттандыру жəне оларға кəсіби мамандар дайындау керек деген бастамасы өте дұрыс деп санаймын. – Осы уақытқа дейін соғысты жалғастыра алуына қарағанда, талибтерді де қолдайтын күштер бар-ау, сірə? – АҚШ-тың əскери барлау қызметі талибтерді қолдайды деп Пəкстан өкіметін айыптағаны бар. Алайда, нақты дəлел болмаған соң, ол сөз жүзінде қалды. Бірақ талибтер қатарында түрлі елдерден жиналған жанкештілердің, жиһад деген ұранға еруші діни-экстремистердің қатары сиремей отырғаны анықталған. Өзбекстандағы террористік Ислам қозғалысы өкілдерінің талибтер жағында соғысып жүргені туралы да хабарлар көп. Ауғанстанның қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардактың айтуына қарағанда, 2009 жылы талибтер қатарында 4 мыңдай шетелдіктердің жүргені анықталған. – Қалай десек те, коалиция күштері шығарылған соң Ауғанстандағы соғыс оты өрши беретін сияқты ма, қалай? – Ондай қауіп бар, бірақ сол қауіпті тым жалаулатып, үркіте берушілік те жоқ емес. Бұл да біреулердің мүддесіне сай келетін секілді. Мен 2013 жылдың мамыр айында Мəжілістің Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мəулен Əшімбаев бастаған Қазақстанның парламенттік делегацияның құрамында Ауғанстанда болып қайттым. Қанша жыл соғыс болып жатса да Кабул біршама осы заманғы қала екен. Маған, əсіресе, ауған халқының өсім қарқыны ұнады. Қазір ауғанстандықтар 30 млн.-ға жетіп қалыпты. Бала көтеру жасындағы əрбір əйел кемінде 6 бала туып, өсіріп отыр. Біз ауған елінің бірқатар лауазымды адамдарымен кездесіп, келіссөздер жүргіздік. Бəрінің де Қазақстанмен ынтымақтастыққа құштар екендігі көрініп тұр. Бірқатар қайраткерлер, соның ішінде Ауғанстан Уолеси Жиргасының (Парламенттің төменгі палатасы) төрағасы Абдул Рауф Ибрагим коалиция күштері шығарылса да Ауғанстанның қарулы күштері өздеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатынын сенімді түрде айтты. Қорғаныс министрлігіндегі, қауіпсіздік кеңесіндегі кездесулерде де осындай сенімді естідік. Оның үстіне Ауғанстан қарулы күштерінің жеке құрамы қазір 300 мыңның үстіне шығып қалған екен. Талибтер қанша күшейсе де мұндай күш біріктіре алмайды. Ал НАТО негізгі күштерін əкеткенімен, 10-12 мыңдық күшті қалдыратынын өткен жазда ұйымның бас хатшысы А.Ф.Расмуссен жариялаған. Ендеше, осынша күш аттөбеліндей талибтерге қарсы тұра алмай ма? Сондықтан, коалиция күштерінің əкетілуінен анау айтқандай қауіп жоқ. Тек есірткі трафигін шектеуге үлкен көңіл бөлінуі керек дер едім жəне оның аймақта таралмауы үшін ШЫҰ-ның «Терроризмге қарсы күрестің аймақтық құрылымы» мен ҰҚШҰ батальондарының белсенді əрекеті керек. – Əңгімеңізге рахмет.

Жаңа жылдан не күтесіз?

Алда – биік асулар Міне, ескі жылды тарих еншісіне қалдырып, тағы бір жаңа жылдың парағын ашып отырмыз. Жылдар тоғысында тұрғанда «не бітірдік, алда қандай мақсаттар бар?» деген ой əркімнің көңілінде тұрады. Қасиетті Тəуелсіздігімізді алғалы уақыт қазақ елінің еншісіне жұмыс істеп жатқандай сезіледі. Қазір экономикамыз қарыштап дамып келеді. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберінде жыл сайын қуатты жобалар өмірге жолдама алып жатады. Жыл аяғында Елбасымыз қатысқан телекөпірде еліміздің əр шалғайында іске қосылған талай өндірістер мен кəсіпорындарды тамашаладық. Нұрсұлтан Назарбаев алда атқарылар, экономиканы дамытуда назарға ұстар тұстарды ортаға салды. Жылқы жылында да еліміздің экономикасы серпінді дамитынына көзіміз жеткендей, көңілге қазірден-ақ қуаныш ұялағандай болады. Уақыт озған сайын жаһандану үдерісі үдей түскен кезде біз де бүкіл əлеммен бір кеменің үстіндегідей сезінеміз. Сондықтан əлем экономикасының тұрақтылығы Қазақстанға да ықпалды болады. Бұл орайда, жаңа жылда Елбасы саясатының жетістігі көрінуге тиіс деп ойлаймын. Елімізде «жасыл экономика» бағдарламасы тұжырымдалды. Бұл жаңа технологиялар, əдістер, еңбек өнімділігі мен жерасты байлығын үнемді тұтыну, оның сарқылуына, сол арқылы экологиялық теңдікті сақтау екені жұрттың барлығына аян, түсінікті болып отыр. 2017 жылы елімізде өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің тамашалары да осындай əлемдік өзекті бағытқа арналмақ. Жаңа жылда əлемдік деңгейдегі таңданарлық жаңа технологиялар экономиканың барлық салаларына енгізіле береріне кепілмін. Экономика мен əлеуметтік сала тонның ішкі бауындай үйлесімді болғанда, дамудың да жолы даңғыл. Оның ішіндегі белдісінің бірі – білім беру саласы дер едік. Қостанай мемлекеттік педагогика институтын

бітірген түлектердің біліктілік деңгейіне жұмыс берушілер жақсы баға беріп отыр. Бұл білім ордасының рейтингін көтеріп тастады. Алдағы жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының орындалуы қарқын алады деп сенемін. Жас мамандар ауылға бет алғанда, олармен бірге мектептерге жаңа леп, жаңа күш барады. Бұл ауыл мектептері мен қаланың білім ошақтарындағы оқу сапасының теңесуіне жағдай жасайды. «Мен жастарға сенемін!» деген жоқ па еді Мағжан ақын?! Педагогикадағы кадрлар жасаруы мен жаңашылдығы білім сапасының көтерілуіне кепіл. Жаңа жылда осы бағытта көп жұмыстарды ойластырып отырмыз. Ауыл – біздің түп тамырымыз, ұлттық тəрбие мен ұлттық педагогиканың қайнар бастауы. Оны жаңғырту үшін елімізде, біздің облыста да көптеген бағдарламалар жүзеге асып келеді. Дегенмен, жылқы жылы ауылды газдандыру жəне ауызсу апару жұмыстары ауқымдырақ жүргізілсе, ауылдардың берекесі кіре түссе деген тілегім бар. Елдің қалаға ызғып көшуі азайса екен деймін. Жыл сайын облыс картасынан бірнеше ауыл сызылып тасталады. Бабалар мұрат еткен ұлан-байтақ жерде ақ шаңқан ауылдардың қонысы, қарасы көбейсе екен деймін. Жылқы жылы еліміздегі жақсы істер жалғасын тапса, ауыл көркейеді, экономика дамиды, білім сапасы көтеріле береді. Өйткені, өркенді елдің болашаққа бастар бағыты да осы емес пе? Жаңа жыл құтты, бейбіт, берекелі жыл болсын! Қуат БАЙМЫРЗАЕВ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.

Əңгімелескен Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

аулы даталар Айтулы тұлғалар, ат

0 2 1 – в о л ў ќ с ы Тўрар Р

да жұмыс істейді. яси түбіндегі дала ың жазында ол Əулиеата са ғы да ар лд жы 8 1916 жылд Биыл 1937-193 лы лд ық қа қа рс ы қа ру ан өткеріп, тағдыр қуғын-сүргінді баст аш ар ыс та ры ны ң оя зы нд а от ар шы да ст ыр ад ы, со ны сы ым Ал та ла йы н ке ш ке н ық кө те рі лі ст і ұй ынады. 1916 жылы күзде айтқанда, 120 жылд бірқатарының, атап өтіледі. Тұрар Рыс- үшін қамауға ал енттегі мұғалімдер инсмерейтойлары атап Қожановтың, Бейім- Т.Рысқұлов Ташк седі. тү к құловтың, Сұлтанбе йфуллин жəне Ілияс титутына оқуға зі нд е ы ре во лю ци я ке хаСе лғ н ке жы 19 17 бет Майлин, Сə нд жөні е ың тақтан құлағаны Ры сқ ұл ов ан тш па Жансүгіров. рі ке ат Т. ға м қа йр ба ст ап , М ем ле ке т жə не қо лғы ұлт-азаттық ба р ал ға н сə тт ен тастап, елге оралан жы уы 16 оқ 19 і ег ов тт ұл тада - Ташкен Тұрар Рысқ лғы төңкеріске қаты ың басында Əулиеа қозғалысқа, 1917 жы ты облысының Тал- ды. 1917 жылд арының революциялық ст сушы тұлға. Ол Алма лы дүниеге келген. Тұрар «Қазақ жа стырды, 1918 жылы ол жы да 94 ым 18 ұй а » нд ң одағын ғар ауданы Меркідегі орысвд еп і тө ра ға сы ны 1907-1910 жылдары е, ал 1910-1914 Əу ли еа та оя зы Со атқарды. ебінд зметін VI қазақ бастауыш мект гі (қ аз ір гі Бі шк ек ) орынбасары қы қазанда Кеңестердің ра те ы ек лғ шп жы Пі 18 ы 19 е жы лд ар құ д н і АК с е -О щ ық учили сқ ұл ов Тү рк а у ы л ш а р у а ш ы л йін бау-бақшашы съ ез ін де Т. Ры ан ке йі н ол Тү р кі ст ан ке он н , не ді ен ре ірг кі мы на қ та у оқиды, біт 1914-1916 жылданы ң де нс ау лы қ са мамандығын алады. кіде жəне Ташкент Ре сп уб ли ка сы та ға йы нд ал ад ы. Ке йі ха лк ом ы бо лы п К ры Т.Рысқұлов Мер Ре сп уб ли ка сы ОА ні ре к Тү рк іс та н

ба са ры қы зм ет ін е тө ра ға сы ны ң ор ын жылы Тұрар Рыс19 тағайындалады. 19 жанындағы аштықК ОА ан іст рк Тү в ло құ ег і ТК Ор та лы қ нд ні жө су пе н кү ре ы ға ра сы, Ферғанадағ комиссиясының тө жөніндегі комиссия су басмашылармен күре ркістанды мекен етТү Ол ы. лд бо төрағасы ы қтың бірегей басшыс кен түркітілдес халы ркістан Компартиясы болады. 1920 жылы Тү ркістан АКСР ОАК Тү ОК-нің мүшесі жəне ады. ан йл са п лы бо ы ғас ра Тө н он да ға н кі та п, на мы ла қа Он ың қалалар шықты. ма а кітапша, 100-ден ас


Атар таңға ақ тілек

7

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

ы д м а т а б н Ме берейін... Жаңа жылдың төрімізге қадам басуы, елдің жаңаруының жаршысы болуы – елеулі сəт. Жаңа жыл басы халықты саналы сезімге, еселі еңбекке, ұйымшылдық пен бірлікке жұмылдыра түседі. Жаңа жылды күткендер оның Қазақ еліне, ұланбайтақ қазақ жеріне құт əкелуін тілейді. Осыған байланысты республика азаматтары Жаңа жылды жыл сайын арнайы шақырылған сыйлы қонақтай қарсы алады. Елдің батыстағы босағасы – Жайық өңірі де Жаңа жылды лайықты табыстармен қарсы алып отыр. Мұнда халықтың əл-ауқаты жақсара түсуде. Шекаралас аймақта əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени-көпшілік қарым-қатынастар тереңдеп келеді. Осының бəрі ұзақ жылдарға арналған елімізді дамытудың стратегиялық жолдарын белгілеп, оны ойдағыдай іске асыруда жиырма жылдан астам уақыт бойы көрегендік пен кемеңгерлік көрсетіп келе жатқан Елбасы саясатының нəтижесі екені ақиқат. Бəрімізге мəлім, 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасы мерзімінен əжептəуір уақыт бұрын орындалып, енді оның қисынды жалғасы ретінде ұсынылған «2050 Стратегиялық» бағдарламасы Қазақ елінің көркеюі жолындағы бағдаршам ретінде белгіленді. Иə, Қазақстанның болашағы жарқын, ел тəуелсіздігі берік екендігіне ешкім күмəн

Айтулы тұлғалар, ат

20 1 – в о н а ж о Ќ к е Сўлтанб

келтіре алмайды. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тəуелсіздік бүгінде Қазақ елі мен жұрты əлемдегі алпауыт 30 елдің қа тарына қосылуға алғышарт жасай алады десек, қателеспейміз. Бұл расында да мақтаныш етуге тұрарлықтай тарихи сəт, əрі мұның өзі əлемге Қазақ елін мойындата білген Елбасының ұланғайыр еңбегі мен өнегесі деп білеміз. Жаңа жылда барлық отандастарымызға зор денсаулық, бақытты тұрмыс, ұшқыр ой, қажымас қайрат, сарқылмас шабыт тілеймін. Сондай-ақ, қазынамен қатар аталып жүрген аға буын өкілдері мен ардагерлер қауымына қатардан қалыспаңдар, жөнсізге жабыспаңдар, жастарға патриоттық тəрбие беруге жалықпаңдар, күш-қуаттарың азайса да, жігерлерің жасымасын, сыйлы қартая біліңіздер демекпін. Ал ел болашағы – жастарға білімді де білікті, егемен еліміздің лайықты азаматтары болып қалыптасыңдар, өз ұлтыңды, тіліңді, дініңді ардақтай біліңдер, ел тəуелсіздігінің тізгінін берік ұстап, көк байрағымыздың мəңгілік желбіреуі үшін жастық жігермен еңбек етіңдер деп аталық ақ батамды беремін.

ОРАЛ.

дыратын арадамдарды тамақтан ырды. н қа ық аш з, та ұс қайраткері, ы ұйымдаст Мемлекет жəне қоғам анбек Қожанов найы орындар ашуд на қарай Түркістан ңы лт со Сұ т ың ис лд 1920 жы ғалым, публиц ның Созақ аусы кі істер халық комислы Іш ң об ны ан сы ст ка зақ ли Қа уб сп ре ту Оңтүстік 94 18 да қазанда Халық ағар сүмбе ауылын данына қарасты Ақ . Түркістандағы 4 сары, 1921 жылы болып тағайындалды. ы ен жылы дүниеге келг бастауыш мектебін халық комиссар нда білім беруді жерсы зем ла тү са ыс ту ор ар ағ ық уОқ сін сыныпт қалалық мектеп ті гілікті халықтар тілінде жүргізу мəселе ық пт ны сы 3 , 0) 91 ті. (1 ет на п ла ми та се ы ер уд мд ыр ас мұ ға лі көтеріп, оны жүзеге өздің жəне ұлттық (1 91 3) , Та ш ке нт Мəскеуде БК(б)П спас . ба ан да ағ ан мд іст ма рк тə Тү ын сты. рияс низм курсын (1927) театрдың өркендеуіне елеулі үлес қо ып, ОК Марксизм-лени ыр ст да ым ұй ы уд “Ақ жол” газетін шығар оры болды. 1922 – бітірген. кт шкент қаласында Саяси қызметін Та ын ан құ ра лғ ан оның алғашқы реда КП кентінің хатшыан ар іст ыл рк уш Тү оқ лы 1924 жы се ми на ри я сары, төрағасының орынба шесі ртын жастар ұйымын «Кеңес» атты асты 17 жылы көктемде сы, атқару кенті мү ң ны сы Азия бюро 19 құрудан бастаған. Шоқай, Қ.Қожықов, РК(б)П ОК Орта қарашада РК(б)П Қазақ лы фа жы та ұс 24 М 19 е іне Ташкентт ік болды. ші хатшысы қызмет аевпен бірге “Бірл Қ.Болғанбаев, С.Ақ Аштықпен күресетін обкомының екін . туы” газетін шығарды мүшесі ретінде 1918 жіберілді. (б)П орталық ң ны ия сс жылы қарашада БК ми 25 ко 19 , лары орталық зақ Со , стап Түркістан лып, ұлт республика жылғы қарашадан ба , Шиелі өңірлерінде кентіне шақыры ұм Жаңақорған, Қызылқ

ѕ ы н ы р ы ж ш а л А ы с а л а є а ш ќ а Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған, өзінің тамаша өлең-жырларымен қазақ поэзиясының аспанын биіктетіп, көкжиегін кеңейтіскен талантты лирик ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақ шағала» атты таңдамалысы мен өзге де жыр жинақтарын зерделеу барысында оның Анаға арнаған өлеңдерін тебіреніп оқыдым. Ақұштап жырлары кім-кімнің де анасына деген сағынышмұңын қозғап, жанарына жас үйірілтеді. Əр өлеңінен өз анаңның аяулы бейнесін, асыл қасиеттерін көресің, «құлыным» деген ыстық сөзі құлағыңа келеді. Қысқасы, өз жүрегіңнен шыққандай қабылдайсың. Балаға деген мəңгі махаббатын өзімен көрге бірге ала кеткен ұлы ана бейнесі көз алдыңнан кетпей ұзақ тұрып алады. Бір кезде мені осы үйде дара бақтың, Қайтейін оралар ма ол ғаламат күн. «Құлыным көзін іліп алсыншы», – деп, Есіктен жайлап шығып бара жаттың. Иə, менің де анам дəл осылай мəпелеп бəйек болып, бағып-қаққан еді-ау, əттең, кезінде қадірін жете білмедік-ау, махаббатына сондай махаббатпен жауап бере алмадық-ау, деп, аяулы бейнесін көз алдыңа елестете бастайсың. Ақұштаппен бірге сен де сонау-сонау бұлдырап артта қалған жылдарға қайта оралып, қалада оқуда жүріп, анаңды сағынышпен сарғайтқан, өзің де соншалықты сағыныш сезіммен ауылыңа аңсап келіп, ана құшағына енген кездеріңді ойлап, көңілің сан түрлі күйге түседі. Аналарымыз «құлыным» деген жалғыз сөзге жан-жүрегінің бар жылуын құйып, ұл-қызына деген барша сағынышын сыйғызып, аналық махаббатын төгіп, ыстық леппен айтады екен-ау! Соны ақын «Жалғыз сөз» деген жырында тебіренте жеткізген. Өмірде жақсы адамдардан «алтыным, асылым, күнім, гүлім, аққуым, ақ шағалам, ақ сəулем» деген секілді талай-талай тамаша сөздерді естіп жүрсе де:... «Құлыным» деген сөзіңе, Жетпейді-ау соның бірі де!», – деп түйіндейді. Осы жыр жолдарынан аналардың емірене айтататын «құлыным» деген сөзінде қаншама ыстық сезім, құдіреттей аналық махаббат жатқанын түйсіне түсесің. Тіпті, осы бір сөздің керемет қасиетін қайта танығандай боласың. Оның ана туралы қай жырын оқысаңыз да ормандай ой кешіп кетесіз. Ол анасын аңсап келіп, еркелеп, жатып та, тұрып та, сырласып отырып та, сағынып қаладан жазған хаттарында да, тіпті, анасы қайтыс болғаннан кейін де оның рухымен тілдесіп мұң шаққан шақтарында да өмір мен адамдар жайлы, сол өмірдегі əділетсіздіктер мен қайшылықтар, шырылдаған шындықтар жайында толғанады; қамықтырған күйініштері мен сүйіндірген сүйініштерін анасына жайып салады, шерін шертіп, мұңын шағады.

2. Жайыќпен жаны егіз

Ақұштаптың замандас ақындары қатарында осалы жоқ. Бүгіндері əрқайсысы бірбір мəуелеген бəйтерек, қазақ поэзиясының

мақтаныш жарық жұлдыздары. Дегенмен, солардың ішінен Ақұштап жырлары менің жанжүрегімді бөлекше баурайды. Қандай ерекше қасиетімен, – деген сұрақ туады. Өлеңде көркемдікпен бірге толып жатқан асыл қасиеттер бар. Сол асылдардың асылы – шынайылық. Ақұштап жырларының жүрегіңді жаулап, жаныңды баурайтын басты қасиеті сол сезім шынайылығы. Ақұштап өлеңдерінің қағидаға айналғандай тағы бір қасиеті – шынайы сезім мен əдемі де əсерлі ой бірімен бірі астасып, қатар өрбіп отырады. Сөйтіп, екі əсерге бірдей бөленесіз. Əдемі əсер алып қана қоймай, ақын бастан кешкен күйді бірге кешесіз, сол оқиғаға өзің қоса қатынасқандай, сол көріністі бірге көріп тамашалағандай боласыз. Ол табиғаттың кез келген құбылысын жырлап, соны суреттей отырып, бір тың, тосын ой тауып айтады жəне солар салиқалы, салмақты ойлар болып шығып жатады. Оның көз алдына табиғаттың, болмыстың көркем суретімен қоса бейнелі ой қатар келіп отырады. Ақұштап бір сəт те ойланбай жүре алмайтын ақын. Оны ақын қыздар арасындағы Қадыр десе болар. Қара теңіз курортында дем алып жатқан ақын: Көз тоймайды көгілдір тау көркіне, Көгілдір су шипа болар дертіңе, – деп жұмақтай мекендегі тау мен теңіздің сұлу суретін салып, бейнелеп келе жатады да кенет көңілі бұзылып, төтен ойдың шетін шығарып, соны қатар өрбіте бастайды. «Қыз-ау» деген ауылдағы жеңгесінің сөзін сағынып, ана тілінде бір қандасымен жан сырын шерткісі келеді, мынау ғажап тамаша табиғаттан алған əсерін айтып бөліскісі келеді. Бірақ айналасындағылардың бəрі орыстілділер кілең. Өлшеу қиын сағыныштың шыдамын, Ұзарып та кеткендей ме мына күн. Айырса егер ана тілден – анаңнан, Адам үшін қажет болмас жұмағың, –деп бірақ қайырады. Ақынның көз алдындағы тау мен теңіздің бар сұлулығы əп-сəтте ғайып болады. Жаңа ғана ақынмен бірге табиғатты тамашалап əрі жақсы жыр оқып сергіп отырған сенің де көңіл күйің ортайып, ана тіліңнің жайын ойлап, ішің айрандай ашып қоя береді. Ақындар үшін жырлайтын тақырыптар сан алуан. Солардың ішінде табиғат лирикасы мен туған жер ерекше орын алады. Өйткені, бұл екеуі – ақынның туған анасынан кейінгі екінші анасы, жанының егізі. Ақұштап ақын табиғатты сырттай тамашалап суреттемейді, онымен тілдесіп, құрбысындай сырласады. Ол, əсіресе, өзінің Ақ Жайығына деген ыстық сезім, махаббатын ондаған өлең жазса да жыр етіп тауыса алмай қояды. «Жайыққа сəлем де сен» атты жырындағы: Сен Жайыққа айт, ерке қыз келеді де, Өлең жазып ақ көйлек желегіне. Сағынышы басылмай жүр дегейсің, Құлаш ұрып қайтпаса тереңіңе,–деген басқы шумақтың өзінен-ақ Ақұштапқа тəн шынайы сезімнің жан жадыратар жып-жылы лебі

еседі. Осында тұнып тұрған эпитет, теңеу, метафоралар жоқ. Бірақ сезім шынайылығымен жаныңды баурайды. Жыр соңында ақын дəстүрлі жүрісінен жаңылмай əдемі ой айтып, өзінің арналы да арынды өзеніне тартып туған бірбеткей өр мінезін танытады. Ал Ақұштапта суреттен ой басым түсіп жатады. Абай жыл мезгілдерін суреттегенде сол кездегі елдің тұрмыс-тіршілігін қоса жырлап отырады ғой. Ақұштап та солай табиғат құбылыстарынан тың ой туындатып, сурет пен ойды қыз бұрымындай қатар өріп жəне кейде оған ел өмірін сабақтастырып жібереді. Мысалы «Күзгі Жайық» жырында солай: Айдында баржа-қайықтың, Жылжыған ізі қалады. Арнасында да Жайықтың, Алтын дəн көшіп барады. Қалай əдемі айтқан! – дейсің. Жəне Жайық пен қайықтың ұйқас жағынан да, мазмұн жағынан да үндесе кеткенін қараңызшы. Жырдың соңғы жолы қандай əсерлі! Ақын Ақ Жайығының жағасында жайғасып алып, онымен сыр бөліседі, назын айтады. Табиғаттың таңдамалы туындыларының бір тамашасы бұлбұл құсқа арнаған өлеңін кəне оқып көрелік: Сайрайды бұлбұл биіктен алып дауысын, Тербелтіп бақты, мүлгітіп бүкіл тау ішін. Сайрайды бұлбұл құбылтып үнін тынбастан, Тіршілік оған риза сол бір əні үшін. Əн қажет гүлге қырларды жапқан көктемде, Əн қажет шыңға сəулесін ақ таң төккенде. Не жетсін шіркін, ғажайып мынау өмірде, Бір рет нағыз бұлбұлша сайрап өткенге!!! Ақын бұлбұл əнін барлық жанды тіршілік иелерімен бірге гүлге де, тауға да, тасқа да тыңдатады жəне мүлгіте тыңдатады. Оған қоса сол бұлбұл секілді барша ел-жұртты өнерімен сүйсіндіріп, жырмен тамсандырып сайрап өтер ме еді, деген арман-ойын айтады. Ақұштап – сол арманына өмірде жеткен ақын, бұлбұлша дауысын биіктен алып сайрап келе жатқан ақын. Халқымыздың сүйікті ақын қызы Ақұштаптың да өлең-жырлары қазақ поэзиясының алтын қорына мөлдір бұлақ суындай құйылып, қосылып жатқан жəне байытып жатқан құнды қазыналар екені айдан анық!

3. Ґрелі ойлар

Ақұштап – айдынында ақшабақтай шоршып- ойнап, толқынымен жарыса жүзіп өскен Ақ Жайығына қай жағынан да ұқсап, тартып туған ақын. Жайық бірде буырқанып тулап ақса, арнасы кеңіп, жазыққа шыққанда сабырмен шалқып ағып жатпай ма. Сол кезде оны кеңпейілді аналарға, маңдайы кереқарыс ақылман даналарға ұқсатасың. Ақұштаптың өзі де, жырлары да сондай. «Біреуде жас та болса, даналық бар, Біреуде қарт та болса, шалалық бар», деп бір ақын жазғандай, оның 1967 жылы «Өрімтал» атты өзі де өрімталдай шағында шығарған алақандай жыр жинағы ормандай

нұсқаушы лауазымы бойынша жауапты жылы Ташкентте, мен Кавказда, 1928 а қызметтер істеген. Орта Азия Бюросынд еттерін қоғамдық, нд Қожанов негізгі мі лық жұмыстармен ғылыми-шығармашы Мектепке арналған . ұштастырып отырды ты оқулығы (1924), ат ” лы ра құ у ан пт “Есе стік Автономиясының “Түркістанның Кеңе ты ор ыс ті лі нд ег і он жы лд ығ ын а” ат ап болып шыққан. кіт зерттеуі (1928) жеке

 Шапағат

Аќ алєысымыз сізге, доктор Пя!

Əмірхан ҚАРАСАЕВ, ғалым-ұстаз, тыл жəне еңбек ардагері.

 Əдебиеттің əңгімесі

1. Махаббаты-ай ананыѕ!

аулы даталар

ойлы өлеңдерге толы болатын. Жас ақын қыз сол кездің өзінде көкірек көзінің қырағылығын танытқан еді. Мені Ақұштап өлеңдеріндегі философиялық ойлар өте-мөте қызықтырады. Мөлдірді аңдамаймыз бұлақ тұнбай, Өмірде ойланбаймыз сұрақ тумай. Біз жүру, жүзуге де үйренбейміз, Алдымен қара жерге құлап тұрмай. Ақұштап өмірден көргендері мен түйгендерінен осындай түйіндер түюге шебер. Жағадан суға бойлаған сайын тереңдей беретіні секілді, төрт жол жырдың əр жолынан баспалдақтап əрі аттаған сайын мағынасы да күрделеніп барады.Өлеңді оқи отырып, өзіңнің өткен өміріңе еріксіз көз жібересің. Қай тұста, қай жерде қалай сүріндің, себебі не еді, неден қателестің? Соларды ой елегінен өткізіп, бірер сəт қамығып та аласың. Жас бала бірер құлапсүрініп, жүруді үйреніп кетсе, үлкендер өмірде олардан əлдеқайда көп қателеседі екенбіз. Иə, өмірде жұмбақ та көп, сұрақтар да көп. Жауабын үнемі дөп таба бермейміз. Өмірдің күрделілігі де сонда. Ақынның жалғыз шумақ өлеңінен қора-қора ой өрбиді . Қазақ философиясының бастауында əлФараби бабамыз тұр. Одан кейін қазақта философиялық ойларын қара сөзбен жазып қалдырған – ұлы Абай. Екі ортада əлденеше ғасырлар жатыр. Бірақ сол аралық уақыттарда қазақтың философиялық ойы тоқырауға ұшыраған жоқ. Шыңғысхан Отырарды күйретіп, жазу-сызуымызды жойып жібергеннен кейін, біздің жазба əдебиетіміз ауыз əдебиетіне орын берді. Ал оның көрнекті өкілдері ұлы жырауларымыз бен ақындарымыз, ұлы билеріміз бен аузы дуалы шешендеріміз болды. Солардың бізге жеткен, əсіресе, насихаттық өлең-жырлары мен шешендік сөздеріндегі философиялық теңіздей терең ойлар Кант пен Гегельдердің еңбектерінен еш кем емес. «Сонау бір көктем, сонау күз» аталатын жеті шумақ өлеңінің орта тұсындағы: Қулық пен сұмдық, алдауды, Не деген бақыт білмеген! – деген екі жолдан көзімді ала алмай қойдым. Қулық-сұмдықпен, басқалардың несібесі есебінен байып, əділдікадалдық, ар-ұят деген құндылықтарыңды белден басып, өздерін бақытты адамдар санап жүргендер қаншама. Ал нағыз шын бақыт қайда? Нағыз шын бақыт: қулық-сұмдықты білмей, ақпейілмен өмір сүріп, ғұмыр кешуде. Ақын соны жай айта салмаған. Не деген бақыт! – деп өте ерекшелеп, екпін түсіріп айтқан. Тұрмысы жұпыны, тіпті, кедей болса да, адалдан ас ішіп, еш кісінің ала жібін аттамай, алдауды білмей, адал өмір сүргенге не жетсін! Алла сыйлаған өмірдің мəн-мағынасы да сонда! Əрбір саналы адамның өмірлік ұстанымы да сол болуы керек емес пе. Біздер, əдебиет сыншылары, осы уақытқа дейін ақындардың өлең-жырларын зерделеу барысында олардағы жай ойдан биікте жоғары тұратын философиялық мəні маңызды ойларды саралай алмай келіппіз. Сол есімізге келмей жүріпті. Соған оқырмандардың да, ақындардың да назарын аудармаппыз. Ақұштаптың «Ардақты ананың айтқаны» жырындағы: ...Мамалап шыққан алдыңнан сəби дауысы, Ең үлкен бақыт, ең үлкен сый ғой əйелге! – деген түйінді де мен философиялық өрелі ойға қосар едім. Ондай дəрежеге көтеріп тұрған «үлкен бақыт» деген сөз емес, «үлкен сый» деген сөз. Сол сыйды əйелге балпанақтай етіп сыйға тартқан кім? Ол – құдіреті күшті Алла! Сол сыйы үшін əйелдер де, біздер де Аллаға мың мəрте алғыс айтып, мың мəрте құлшылық қылсақ лəзім. «Тау соқпағының»: ...Биіктерге бастайтұғын бұралаң, Өмір де сол тау соқпағы секілді, – деген жəне «Тулайды теңіз» атты жырының соңғы: ...Кеудесі толы алыпта, Тыныштық деген болмайды-ау! – деген жыр жолдары да кісіні күрделі, бұралаңбұралаң өмір жолдары жайлы жəне кеудесі тулаған жал-жал теңіз толқындары секілді қатқабат ойларға толы тұлғалар туралы сан ойдың соқпағына салары сөзсіз. Келесі өлеңдеріндегі түйіндер де кім-кімді де ойға қалдырады: ...Ал тағдыр – асау аттың тізгіні екен, Тартқанға, тартысқанға көнбейтұғын. *** ...Асаудан жуас болдық, өмір бірақ, Қояр ма мойындатпай күштілігін. Ақұштап өлеңдерінде мұндай-мұндай өрелі ойлар көптеп кездеседі. Демек, А.Бақтыгереева қатардағы ойлы ақындардың бірі ғана емес, шын мəнінде философ ақын деп бағалай білуіміз керек. Жұма-Назар СОМЖҮРЕК, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, əдебиет сыншысы.

Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Владимирович Пя жетекшілік ететін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы – еліміздегі заманауи емдеу мекемелерінің бірі. Германия, Италия, Бельгия, Франция, АҚШ, Түркия, т.б. елдердің жетекші клиникаларымен тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатқан клиника ашылғалы мұнда жүрекке мыңдаған оталар жасалып, екі сырқаттың жүрегі ауыстырылды. Төменде назарларыңызға ұсынылып отырған лебіздер осы орталықтың қызметіне деген ел ризашылығы екені даусыз. вич! й Владимиро ри Ю ы т т Қымба е ота жаың жүрегін мын. Сіз н ы л ұ ет м х ая та ін алғыс ай Еркінбек Ш Сізге ұлым алып қалғаныңыз үш ген жансыз. Еңбегіңіз ан үр ж ам сап, жанын өміріне арашашы боп ң ы рд ла й ла та ың, . жана берсін лында ғой Жаратқанн Бəрі де қо алы екен алақаның. Дəрігер, шип ам қолдап, өзің болып, . Алдымен Алл келгендей балапаным төзім-ерік. ге ерге Қайта өмір Керегі дəріг лыныма көзсіз ерлік. құ ң арнап, Жасады летіні өзіңе Қолымнан ке да болса өлең өріп. аз Сыйладым ҚЫЗЫ.

ЛҚАСЫМ

БЫ Төлеухан А

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасы Юрий Пяға қазан айының 24-інде оң жəне сол жақ қарыншаны имплантациялау бойынша өткізілген ота үшін алғыс айтамыз. Сіздің отандық медицинаға сіңіріп жатқан өлшеусіз еңбегіңіз, жоғары кəсібилігіңіз бен шеберлігіңіз бір бөлек, жаныңыздан төгілген шуақтың өзі науқастың айығуына үлкен сеп болады деп есептейміз. Осында болған күндерде біз сіздің жəне өзіңіз басқарып отырған ұжымның тек жақсы қырларына ғана куə болдық. Əрқашан да еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Қазақстанның «Еңбек Ері» атағын алуыңыз да сол жемісті еңбектің нəтижесі деп ойлаймыз. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Өзіңізге жəне туыстарыңыз бен жақындарыңызға ұзақ ғұмыр тілейміз! Александр ОНОПРИЕНКО, Любовь ОНОПРИЕНКО.

тты Қымба мирович! и д а л Юрий В

Жұбайым Əділжан Бай менге жасалған отақа ның сəтті өткені үшін Қайрат і н в е а д н а орталықтың бүкіл ұжыҰлым М к ө м е г і ң і з ү шыс н е к т е мына отбасымның атынан алғ р с ы т көр а ң мны оты нан алғыс айтамын. Оротбасы ж ө н к ө р і п р д ы ң талықтағы барлық ауру а й т у д ыҰ л ы м м а м ывиация жандар жазылып шықм ы н . санитарлық а сынан а сын деп тілеймін. Адам12-сінде ен Ақтөбе қал ратын дар күндерін ауруханакөмегім дағы сіз басқа дайда ғ да төсекке таңылып Астана ққа ауыр жа . Оны н емес, өздеріне қымбат орталы ілген болаты у үшін л жандардың қасында өтжеткіз н арашалап қа з. Сіз ы кізсін. Сол үшін отбасылық ажалда бек жасадың емес, ң а береке мен тыныш тық, үлкен е ің балама ған ардың махаббат пен мейірім тек мен тиген науқаст қ жаз ы əрбірімізге де жолдас болқолыңы на да жақсыл да тасын. Ал сіздердің жұмысбарлығы сіз. Əрқашан е тарыңыз алға баса берсін! сап кел болыңыз! Елдің алғысын ала берібысты , В Е НДА лді МА асының ңіздер! е г н а м А ал Ақтөбе

қ

ы.

тұрғын

Байменовтер отбасы.

ін ң болғаны үш орталықты адамның жəне ай нд ы ос лді анда Біз Қазақст ай орталықта сіз секі лікті жастардың бі , нд ы т сы О ап з. ал ы т отын қуанам антты да ал удесіне үміт үшін т ң ке ң ле ы кі т а ас зд уқ ңы на ла ол əр С на із ай сіз. ай ғанибет. С сыйлап жүр жүргені қанд птеген адамдарға өмір қашан тыныштық болəр кө тұтатып, ды айтамын. Елімізде м сізге алғысы н. сы АМБЕТОВ, Мизам МҰХ , зейнеткер. рғыны лысының тұ Қостанай об Мен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында емделіп шықтым. Орталық қызметкерлерінің жұмысына көңілім толды. Мекеменің жұмысы бұдан да өсіп өркендей берсін. Юрий Владимирович бастаған барлық ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамын. Еңбектеріне сəттілік пен табыс тілеймін. Жеке өмірлері бақытқа толы болсын! Нұргелді ЖЕКСЕМБАЕВ.


8

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

 Мемлекеттік мəселе Қолыңызға 2014 жылдың тұңғыш нөмірі тиіп отыр. Негізінде жыл басталарда бірден проблемалық мəселелермен оқырманның басын қатыра беру онша дұрыс деп те саналмайды. Əйтсе де, Ерлан САҒАДИЕВТІҢ үштілділік проблемасын қозғаған ойлы мақаласын осы нөмірде жариялауды жөн көріп отырмыз. Елдің бəсекеге қабілеттілігі əркімнің бəсекеге қабілеттілігінен басталмақ. Мұның басты бір жолы – əлемде қордаланған, адамзат жинаған білім мен ақпаратқа жедел қол жеткізу. Ал оның ең сенімді жолы – сол білім мен сол ақпарат түгелдей дерлік тұнып тұрған ағылшын тілін меңгеру. Өзіміздің бір байлығымызға айналып үлгерген орыс тілін қоса. Өзіміздің ана тіліміздің қайнар бұлағынан қана іше, өз тұнығымыздан сусындай жүріп. Қазақы бітімболмысымызды сақтауға үштілді болудың еш кері əсері жоқтығын осы мақала авторының бес баланың əкесі екендігінен де, үш тілді қатар, еркін меңгерудің қай салада да табысқа жол бастайтынын Ерлан Кенжеғалиұлының елімізге белгілі кəсіпкер, халықаралық IT–Университет ректоры екендігінен де көруге болады. Тіл мəселесі елімізде қызу талқылануда. Осыған тіпті саясаткерлер мен əртүрлі топтардың көңіл-күйі де араласып кетті. Ал, біздің ойымызша, оларды былай қоя тұрып, алдымен біздер, ата-аналар, өзара пікір алысып, ортақ түсініктің жолын өздеріміз іздегеніміз дұрыс сияқты. Өйткені, түптеп келгенде, тек біздер – ата-аналар өз перзенттеріміздің келешегіне тікелей жауаптымыз. Əр отбасында бүлдіршіндер өсіп жатыр. Олар балабақшаға, мектепке барар шағында қазіргі заманда туып отырған қиын сұрақтың дұрыс жауабын табуымыз керек: баланы қай тілде сабақ беретін мектепке апарамыз – қазақ, орыс немесе ағылшын тіліндегі мектепке ме? Осы таңдау – бүгінгі күні қай ата-ананың да басын ауыртатын өзекті мəселе. Менің бес балам бар. Сондықтан оларға керекті тіл мен мек тепті таңдау мен үшін өте жауапты. Баспасөздегі тіл туралы пікірталасты назарымда ұстаймын. Кейде орынды пікірлер айтылса да, көбіне жалаң сөз, эмоция басым. Терең талдау, тиянақты деректерден немесе басқа халықтардың кейбір озық үлгілерінен шыққан қорытынды аз. Өткенді өнеге, мысал ету бар да, болашақ туралы əңгіме аз. Біз кім болғымыз келеді, əрбір азаматқа заман талабы енді 20, 30, 50 жылдан кейін қалай қойылуы мүмкін? Міне, осы сұрақтарға жауап көбінесе назардан тыс қалады. Ал олар өзекті мəселелер, егер еліміздегі адамның орташа жасы бүгін 70те, болашақта одан да көп болады десек, бүгін балабақша есігін, мектеп табалдырығын бірінші рет аттаған бүлдіршінге бүкіл өмір бойы осы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді. Мені осы мəселе көптен толғандырады. Бұл мəселеге өз пікірім, өз көзқарасым қалыптасқан сияқты. Солармен ата-аналармен, жалпы оқырмандармен бөліскім келеді. Тілдер туралы айту бір жағынан маған жеңілдеу сияқты: жеті жасыма дейін ауылда, əжемнің бауырында өстім, тек қазақша сөйледім. Жетіден жиырма жасқа дейін мектепте оқу, əскери борышымды өтеу тек қана орыс тілінде болды. Содан кейінгі Америка Құрама Штаттарындағы сегіз жыл өмірімде ағылшын тілін үйреніп, сол тілде қызметімді жалғастырдым. Енді қалыптасқан пікірді баяндауға көшейін. «Егер ана тіліңде оқымасаң сен қазақ болмайсың, оның бай мəдениетінен аулақ боласың», дейді біздің көптеген ағайындар. Екі жаққа бөлінген пікірталастың ең өзекті тұсы осы. Біздің ойымызша, осының негізінде білім мен мəдениеттің ара-жігін толық айырмау жатыр. Білім берудің мақсаты – адамды заманауи теориялық жаңалықтармен сусандырып, озық технологиялар мен озық тəжірибе, үлгіге баулып, заманындағы білім мен біліктілік бəсекесіне бекем болатын азамат тұлғасын сомдау. Өзіне, отбасына, еліне керекті табыс тауып, тиімді еңбек ете алатын маман тұлғасын жасау. Мəдени тəрбиенің мақсаты бөлек. Ол сенің ұлттық тілің мен діліңді, ұлттық болмысыңды сомдайды, өз тарихың мен өнеріңе үйретеді, басқа да халықтардың рухани қазыналарымен сусындандырады. Білім мен мəдениеттің, біздің ойымызша, ара-жігі осы айтқандарда. Осыған қарамай тіл туралы пікірталаста білім мен мəдениетті бір-бірімен қосақтай береміз. Тереңірек үңілсек осының себебі, елімізде болып жатқан тарихи өзгерістерде сияқты. Данышпан Абай заманында біздің халықтың бар білетінінің 95 пайыздайы тек қана қазақтар, Қазақ елі туралы еді. Бұдан басқа білім бұлағы бізде болған жоқ десек те сыяды. Сондықтан өзінің тілін, елінің тарихын білген, мəдени құндылықтарын игерген қазақ азаматы сауаттылар санатында болатын. Содан кейін заман өзгерді, өмір

Жаңа жылдан не күтесіз?

Жаѕа маусымдаєы тыѕ жобалар

«Қазақстан» ұлттық арнасы өз хабарларын толығымен қазақ тілінде көрсете бастағалы бұрын-соңды болмаған биік сатыға көтерілді.

ЇШ ТІЛДІ ЇЙРЕНУ – ЇЛГІ ЕТЕР ЇРДІС Бўл – əрбір ата-ананыѕ міндеті күрделенді. Ресейге қосылғаннан кейін елге өндіріс келді, индустрияландыру басталды. Білім мен біліктілікке қойылған талап күрт өзгеріп, күрт өсті. Оған сəйкес болу үшін білімді тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де алу керек болды. Одан кейін əлемде жаһандану үрдісі басталып, ол күннен-күнге ауқымы кеңейіп, терең бойлап келе жатыр. Біз əлемдегі ашық қоғам құрған елдердің бірі болып даму үстіндеміз. Бүгінгі жаһандану заманында сауатты болам деген адамға білім тек Қазақстанда жасал майды, тіпті оған қазақтардың қатысы шамалы десек те болады. Егер іргелі жəне қолданбалы ғылымдарды алсақ, олардың ашқан жаңалықтарын алсақ, бұл бұлтартпас шындық. Білім ауқымы еселеп өсті, ол тек қана мəдениет төңірегіндегі білім шарасынан əлдеқашан асып кетті. Мəдени тəрбие білім мен біліктіліктің өте маңызды бөлігі болса да, олардың тек бір ғана сипаты болып қалды. Осыдан шығатын ең өзекті мəселе – өскелең ұрпаққа керекті заманауи білімнің тек қазақ тілінде жасалмайтыны. Ол білім əлем елдерінің əр тілінде жасалады. Дəлірек айтсақ, білім туралы ақпараттың негізгі арнасы ағылшын тілінде болатынын барша əлем елдері мойындаған сияқты. Мына бір деректерге жүгініп көрейік. 2011 жылы əлемде ағылшын тілінде 550 мың кітап жарық көрген екен. Бұлар жаңа кітаптар мен аудармалар. Яғни, жаңа ойлар, жаңа идеялар. Сауатты боламын деген адамға керекті жаңа ақпарат. Сол жылы орыс тілінде 97 мың кітап басып шығарылды. Екі тілде шыққан кітаптардың салыстырма коэффициенті 1:5 (бір де бес), біздің Ресей көршімізден француздар шығарған басылымдар сəл төмен: 65000 (коэффициенті бір де сегіз). 2011 жылы қазақ тілінде 2300 кітап жарық көріпті. Яғни, ағылшын тілінде шыққан екі жүз кітапқа қазақ тілінде бір-ақ кітап келеді. Слайдқа салып салыстырсақ былай болып шығады:

ақпаратты өз тілдеріне аудару қажеттігі. Ал оны іске асыру ешбір елдің, ешбір бюджеттің қолынан келмейді. Бүгінде техника, технология туралы ақпараттың 70%-ы ағылшын тілінде шығады. Сондықтан, егер сіз, мысалы, испан азаматы болсаңыз, сіздің испан тілінде бүкіл Латын Америкасы елдері сөйлесе де, өз тіліңізде техника туралы жаңа білімнің тек 3-4 пайызын ғана ала аласыз. Электрондық ақпараттың, яғни болашағы үлкен ақпараттың 80 пайызы ағылшын тілінде шығады. Қытай, орыс, жапон, француз, тағы басқа тілдерде осы ақпараттың тек 20 пайызы ғана жарияланады. Осыған байланысты əлемдік ақпарат арыны негізінен бір ғана ағылшын тілінде екендігімен бетпе-бет келіп отырған тек қана біздер, қазақтар емеспіз. Бұл бірінші өзекті мəселе. Екінші өзекті мəселе – тілді жақсылап түсіне білетін жағдайдың керектігінде. Ол үшін əртүрлі салалардың, əсіресе, ғылым мен техника мамандары қолданатын терминдер қорын өз ана тіліңде жасауымыз керек. Осы тіл саласының оқымыстылары қолданбалы тілге керекті түсініктеме жасау үшін ең кемі 10 мың адам осы тілді белсенді түрде пайдалануы керек дейді. Мысалы, орыс философиясының түсініктеме аппаратын Ленин жасады. Ол марксизмнің ең кемі 10 мың идеологының қалыптасуына жол ашты, ал олар, өз кезегінде, орыс тіліндегі философия ғылымының түсініктемелік аппаратын жасады. Лениннің өзіне Гегель мен Кант еңбектерін жақсы түсіну үшін неміс тілін игеру керек болды. Ленин мұны өз еңбектерінде жазған. Бірақ Гегельдің еңбектері кезінде не грузин, не қазақ, не əзербайжан тілдерінде жарияланған жоқ. Тек кейіннен «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында ғана жекелеген еңбектерінің үзінділері аударылды. Мен Гегельдің еңбектерін түрік тілінде де таппадым. Оны осы тілдерге аудару үшін керекті түсініктеме аппаратын жасау керек еді, ал ол үшін ең кемі 10 мыңнан

2011 жылы шыққан кітаптар: Əртүрлі салалар үшін басылып шыққан ғылыми еңбектердің саны медицина бойынша ағылшын тілінде 14000, қазақ тілінде 147, экономика мен əлеуметтануда 29000 да 239, жаңа технология туралы 35000 да 191 кітап шыққан екен. Бұл тек біздің ғана басымыздағы мəселе емес. Əзербайжан, Грузия, Өзбекстан елдеріндегі жағдайлар да осындай, біздегідей, мүмкін одан да күрделі. Сондықтан көптеген əлем елдері Египеттен бастап, Мексика, Швецияға дейін олардың бəріне ортақ бір мəселе – əлемдегі сансыз

артық осы салада еркін сөйлейтін мамандар қажет. Осыларға сүйене отырып не айтқымыз келеді. Бірін шіден, əлемдік ой жүйесінің терең қатпарларын игере алмай, мысалы, жаңа біз сөз еткен немістің классикалық философия тұжырымдарын игере алмай, біздің балаларымыздың қазіргі заманда жоғары сауатты болуы қиын, ал онсыз келешегі бұлыңғыр. Екіншіден, біздің заманымызда білімнің жаңа салалары өмірге өте тез жылдамдықпен келіп жатыр. Оларды уақытында өз тілінде игеруге қандай мемлекет болса

да оған мүмкіндігі жоқ, өйткені, түсініктеме аппаратын жасап үлгере алмайды. Көптеген саланың мамандары осындай жағдайдан кейін ағылшын тілін игеріп, оны өзінің кəсіби мамандығының тілі деп біледі. Мысалы ұшқыштар, дəрігерлер, жаңа материал жасау мамандары, химиктер, ақпараттық технология мамандары өз саласындағы негізгі тіл деп ағылшын тілін айтады. Бұл үрдіс барған сайын басқа мамандықтарға да кеңінен етек жайып барады. Біз аз халықпыз, əлемдегі ең озық елдің қатарына қосыламыз деген асқақ арманымыз бар. Ал ол үшін не істеуіміз керек? Тезірек ағылшын тілін игеруіміз керек. Біздің ойымызша, барша халқымыз осы тілді игеруі керек. Қай ел осы тілді тезірек игерсе, сол ел əлемдегі бəсекелікте басымдық алады. Көптеген елдің халықтары өзінің ана тілімен қатар ағылшын тілін де толық игерген. Мысалы, барлық Скандинавия елдері, бүкіл Балтық бойы, Швейцария, Сингапур, Малайзия. Оңтүстік Кореяда ағылшын тілін таза сөйлейтіндер шамалы, бірақ барша халық осы ағылшын тілінде бірін-бірі жақсы түсінеді. Жақында ағылшын тілін үйрену үрдісіне грузиндер қосылды. Басқа елдерден олар ағылшын тілінің 2500 мұғалімін əкеліп, өз мектептерінде бір-екіден жұмысқа орналастырды. Өзбекстан да білім берудің жаңа стратегиясын жасады, онда ағылшын тілін игеруге басымдық берілген. Қытай елі де өз жастарына ағылшын тілін белсенді түрде үйрете бастады. Бір сөзбен айтсақ, əлемдегі жаһандану үрдісінің өктем талабының бірі осы ағылшын тілін дамытуда болып отыр. Франция көптен бері ағылшын тілін өз елінде қолданысқа енгізуге қарсы болғанын білеміз. Ал осы 2013 жылдың қыркүйек айында француздардың мектептерінде міндетті түрде ағылшын тілін үйрету пəні енгізілді. Мен бұрнағы жылы Францияда тұрдым. Тіл туралы осы елде болған қызу пікірталастың куəсі болдым. «Сонда қалай, ағылшын тілін енгізіп, ұлы француз тілін «Қызыл кітапқа» кіргіземіз бе?!» деген кейбір француз азаматтарының жанайқайын да естідім. Осыған қарамай, өткен жылы француздар мектебінің барлық сыныптарында ағылшын тілін үйрету басталды. Бұл бірден-бір шешім дұрыс дейді фрацуздар, өйткені, өз тілімізде бүкіл əлемнің ғылым мен техника, мəдени жаңалығының тек 5 пайызын ғана шығарып отырып, біздер əлемдегі бəсекеге бекем бола алмаймыз. Бізге үш тілді меңгеру керектігін Елбасы айтты, биылдан бастап ол ұстаным орта мектепте енгізілді. Яғни, саяси шешім қабылданды, ендігі мəселе осы игі бастаманы жан-жақты жəне баянды түрде іске асыруда. Бірақ мемлекет шабан қимылдайтын құрылым ғой. Оның əрбір қадамын заңдастыруға, идеологиясын қалыптастыруға, басқа да жағдайларын жасауға уақыт керек. Біздер, ата-аналар, балаларымыз үшін ең қуатты, белсенді күшпіз, осы белсенділігімізді жастардың үш тілді де жақсы игеру ісінде көрсете білуіміз керек. Үш тілді қатар игеру біздің тіліміз бен мəдениетіміздің дамуына кедергі келтіреді деген де күмəн бар. Ол да негізсіз емес. Қайткенмен де ұлт болып осы мəселені терең ойластыруымыз керек. Біздің ойымызша, заманымыздың осындай өктем талабына кезігіп отырған, оларға өз жауабын тауып отырған

басқа елдер тəжірибесіне тереңірек үңілуіміз керек. Əрбір ұлттың тек өзіне тəн, басқаларда жоқ рухани қоры, мəдени дəстүрі бар. Дегенмен, əлемдегі əлеуметтік жаңғыру үрдісі оларды бірінің ізімен бірі жүруге, бірінің тəжірибесін бірі қайталауға шақырады, тіпті мəжбүр етеді десек те болады. Қазақстан өзінің мəдени болмысын сақтау мəселесімен кездесіп отырған жаһандағы жалғыз ел емес. Көптеген елдердің де алдында осы мəселе тұр. Тіл де, мəдениет те мəңгілік бір қалпын сақтамайды, олар да дамиды, өмірде болып жатқан құбылыстарға сəйкес жаңғырады. Швеция, Норвегия, Дания, Финляндия халықтары жаппай ағылшын тілінде сөйлейді, іс қағаздары да осы тілде. Бірақ өз тілін ешқайсысы ұмытқан жоқ, ал төл мəдениетін айтарлықтай дамытып отыр. Малайзия халқы сонау Британия боданы заманынан ағылшын тілін жаппай игерген. Бірақ əрбір малай азаматы өзінің ислам дініне берік, ана тілінде өз мəдениетін өте жақсы дамытып отыр. Жоғарыда аталған Скандинавия елдерінің тағы бір мəдени ерекшелігіне тоқтайық. Осы елдер барша əлемде «жасыл қоғам», «жасыл экономика» қозғалыстарын бірінші болып бастап, табиғатқа, жалпы əлемге деген көзқарастың өте бір керек те тиімді бағытын ашты. Біз «егер сен аңшы болмасаң, еркек емессің» деп жүргенде, олар табиғатқа, жан-жануарларға аянышпен қарап, оларды қорғау қозғалысын бастады. Осы үрдіс бүгін əлемнің басқа елдерінде де қолдау тауып отыр. Осы арқылы əлем елдерінің бір-бірімен мəдени ұқсастығы күшеюде. Əлемде тынбай жүріп жатқан урбанизация үдерісі де мəдени ұқсастықты көбейтуде. Қазіргі əр елдегі мегаполистердің бір біріне ұқсас екені күмəнсіз. Ұлтты өсіріп, елді көркейтетін жолдың бірі осы. Қаланың өмір сүру дағдысы ерекше, оның саяси ықпалы мен мəні ерекше, қала адамы заман ағымына бейім. Өндірістік еңбек өнімінің өсуі, білім беру деңгейі де ауылдағыдан қалада артық. «Барлық ұлы мəдениеттер қала мəдениетінен бастау алды» деген неміс философы Освальд Шпенглер. Үлкен игілікке, кемелділікке қала арқылы жетуге болатынын Əл-Фараби бабамыз да айтып еді. Біздің елімізде де урбанизация үдерісі сонау кешегі кеңестік заманда басталып, егемендігіміздің тұсында жедел жүріп жатыр. Бұл да тіл мен мəдениеттің дамуына əсерін тигізбей қоймайды, тигізіп те жатыр. Егер біз төл тіліміз бен мəдениетімізді сақтағымыз келсе, əрбір ел тұрғыны осы тілде оқи да, жаза да білу керек. Ауқымы өте үлкен, бірақ шарапаты мол іс. Сонымен қатар, біз байқап отырғандай, тек бір ғана осы тілдің өзі бізді əлем деңгейінде бəсекеге бекем ете алмайды. Сондықтан да тиянақты түрде үш тілді игеру біздің ұлымыз бен қызымыздың шетелдердегі өз құрбыларымен тең түсіп, мынау күнде өзгеріп жатқан заманда өздеріне тиісті орындарын табуының бірден бір шарты дер едім. Менің ойымша, ата-ана болып, ұлт болып заман талабын жақсы түсіне келіп аталмыш жолмен жүрген дұрыс. Сонда қазіргі тіл туралы пікірталас та дұрыс шешімін табады деп ойлаймын. Сіз не дейсіз, ағайын? Ерлан САҒАДИЕВ.

Көш бастаудың тағы бір сыры – телеарна жыл сайын көрерменді баурап алар тың жобаларды ойлап табуда. Биыл да халықтың сүйікті арнасы жұртшылықты көзайым жобалармен қуантуға асығады. Жаңа маусымда «Қазақстан» ҰТА бірқатар жаңа мега-жобаларды, ақпараттық-сараптамалық, деректітанымдық дүниелерді, жаңа токшоулар мен көңіл жадыратар ойынсауықтық жəне музыкалық-сазды бағдарламаларды ұсынбақ. Осы жылы көрерменнің ерекше сұранысына ие отандық телехикаялардың жаңа бір легінің тұсауы кесіледі. Мұнда төл телехикаялармен бірге əлемнің озық кинокомпаниялары түсірген көркем кинотуындылар мен деректі фильмдерді тамашалауға мүмкіндік туады. Қыстың қыраулы күндерін жаздың жаймашуақ əсеріне толтыруға мүдделі қауымға «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңа маусымда бірқатар тың тартулар əзірледі. Соның бірі – «Қазақстан дауысы» мега-жобасы десек, бұл жай талант-шоу ғана емес, ғажап дауыс иелерін анықтайтын, оларды елге танылған күміскөмей тұлғалармен қатар қоятын тартымды жоба. Мұнда кəсіби əншілер байқауға қатысушыларға өздері көмектесіп, көргентүйгендерін үйретеді. Бірақ шəкірттерін қанша қолдап, жаны ашығанына қарамастан олардың арасынан ең мықтыларды таңдаулары тиіс. Бұл – негізінен əлемнің 35 елінде көрсетіліп, рейтинг бойынша бар жерде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген тележоба. Америкалық нұсқасында экран алдына 37 миллионнан астам көрермен жинап, өзімен бəсекелес өзге тележобаларды артқа ысырған жобаның қазақстандық үлгісі де үлкен-кішіні бей-жай қалдырмасы анық. Тағы бір жаңа жоба «Түнгі студияда – Нұрлан Қоянбаев» деп аталады. Мұның өзге бағдарламалардан ерекшелігі – жобада орынды əзілқалжың арқылы саяси сынаулар мен ойландырар сауалдар болады. Бағдарлама жүргізушісі мен қатысушы қонақты жанды дауыста түрлі музыкалық аспапта ойнайтын топ сүйемелдеп отырады. Бағдарлама аптасына 4 рет жарыққа шығады деп күтілуде. Жаңа жылда «Əйел бақыты» ток-шоуы одан əрі жалғасын табады. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен əлемді тербеткен əйел беделі, отбасындағы рөлі, əлеуметтік жағдайы, бала тəрбиесіндегі маңызы мен бүгінгі ерлі-зайыптылар болмысы əңгіме өзегіне айнала отырып, керекті кеңес, əдеміліктің құпиясы, сəн жəне т.б. өзекжарды мəселелер ортаға салынады. Жаңа ток-шоу тікелей эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – көрермендер тікелей эфир кезінде де, эфирден тыс уақытта да өздерін қызықтырған сауалдарды телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы жолдай алады. Биыл көрермен, сондай-ақ, «Шетелдегі қазақ балалары» атты деректі танымдық жобаның жалғасын тамашалай алады. «Шетелдегі қазақ балалары» сериялық репортажының басқа арналарда баламасы жоқтың қасы, «Қазақстан» ҰТА бастамасымен елімізде тұңғыш рет қолға алынған бағдарламаның негізгі мақсаты – шетел азаматтары асырап алған қазақстандық балалардың кейінгі тағдырын баяндау. Осыған дейін еуропалықтар асырап алған қазақ балаларының тағдыры жайында жан-жақты сыр шертілсе, енді АҚШ пен Канадада жүрген қаракөздердің тағдырымен танысуға мүмкіндік туады. Жаңа маусымда көрермен көзайымына айналып үлгерген «Ұлттық шоу», «Айтуға оңай», «Алаң», «Сыр-сұхбат», «Жарқын бейне», «Келбет», «Ақсауыт», «Таңшолпан», «Телқоңыр», «Жайдарман», «Жан жылуы», «Толағай», «Экспо жолы» бағдарламалары жалғасын таба түседі. Тағы бір маңызды жаңалық, «Қазақстан» ҰТА-да жаңа маусымда бірнеше отандық телехикаялардың тұсауы кесіледі деп жоспарлануда. Жаңа жылда ұлттық арна көрер мен дерге «Жедел жəрдем»,

«Сырғалым» атты отандық телехикаяларды ұсынбақ. Айта кету керек, «Олимп шыңы», «Сұңқар», «Ұстаз», «Ауыл сақшысы», «Əпке» атты телехикаялар көрермен көзайымына айналып үлгерсе, еліміздің түкпір-түкпірінде ерлік көрсетіп, батылдығымен, өжеттігімен көзге түсіп жүрген жандар жайлы деректі фильмдер топтамасы – «Жаныңда жүр жақсы адам» да өз жалғасын таппақ. Осы жылдың қарсаңында ұлттық арнаның өз көрермендеріне таңғажайып Жаңа жылдық көңілкүй сыйлағаны тағы бір айтарлықтай оқиға деу керек. «Таңғалдырған жаңа жыл» атты ойын-сауық думанының авторы – белгілі украиналық режиссер, продюсер Алан Бадоев. Жобаның желісі бойынша музыкалық комедияның үш басты кейіпкері – болашақтан келген уақыт сақшыларыполицейлер –Дулыға (басты кейіпкері, иісшіл), Азамат (қырағы көз) жəне Жанатбек (сақ құлақ). Олар 2116 жылда өмір сүріп, өзінің айрықша дизайнымен (кейбір тұстары киіз үйге ұқсатып жасалған) жəне инновацияларымен жұртты таңғалдырып, ұшатын тəрелкеде қызмет етеді. Болашақ меймандары қоршаған кеңістіктегі өздерін қызықтырған нысандарды фантастикалық түссіз монитор арқылы бақылап отырады. Кейіпкерлердің басты мақсаты – Жаңа жылды қарсы алуға кедергі жасайтын өзге планеталықты ұстап алу. Оны іздеу барысында уақыт сақшылары монитор арқылы Астанадағы Жаңа жылдық көріністі бақылайды. Алла Пугачева, Дмитрий Хворостовский, Авраам Руссо, Верка Сердючка, Валерия, Жанна Фриске, Филипп Киркоров, Макс Барских сынды Ресей эстрадасының танымал жұлдыздарына 70-тен астам бейнебаян түсіріп, өз ісінің хас шебері атанған Алан Бадоевтың ұлттық арна көрермендеріне ұсынған Жаңа жылдық жобасы өзге арналарда көрсетілетін жобалардан мүлде бөлек еді. Бұл оның Қазақстан көрермендерімен алғашқы қауышуы емес. Бұған дейін талантты продюсер алматылықтарға ТМД мен Еуропаның музыкалық арналарында айрықша танымалдылыққа ие болған ZDance хоррор-мюзиклін ұсынса, Астана қаласында Тимур Бекмамбетовтің кинофестиваліне қатысқан болатын. Телешоу авторлары дəстүрлі «көгілдір алау» пішіміндегі үстел басындағы отырыстар мен диалогтардан бас тартып, жобаны қарқынды сюжет желісінде түсірген. Əртістер ерекше талғаммен безендірілген декорацияда, жарық қойылымы мен субұрқақпен жабдықталған бірнеше сахналарда өнер көрсетті. Əрбір нөмірді Алан Бадоев бейнебаян ретінде түсірді. Əрбір кадр инновациялық бояумен қаныққан. Мəселен, сахнада бірде «тірі ескерткіштер», голограммалар ұсынылса, енді бірінде Бақтияр Тайлақбаевтың отты микрофонмен əн айтқаны ғажап. Жұлдыз IL KANTO тобымен бірге өнер көрсетсе, кейбір эстрада жұлдыздары сахнаға жаңа бейнеде шықты. Мəселен, Мəдина Сəдуақасова, «Алашұлы» тобы 60шы жылғы эпатажды стильде өнер көрсетті. Роза Рымбаева, Ескендір Хасанғалиев, Лаки Кесоглу, Паскаль, Нұрлан Абдулин, Нағима Есқалиева, Айгүл Иманбаева, Бүркіт, Аиша, Ардақ Балажанова, Алмас Кішкенбаев, Ұлықпан Жолдасов, Мақпал Исабекова, «Орда», «KeshYou», «RINGO» топтары жəне т.б. өнерлері шуақты, мерекелік рəуішке толы. Басты рөлдегі Дулығаның рөлін «Қыз жылаған», «Сыныптастар» «Біржан Сал», «Агент Z» фильмдері арқылы танымал Дулыға Акмолда сомдады. 30-ға жуық анимациялық фильмдерді дыбыстаған актердің орындаған «Құбыжықтар универ ситеті» анимациялық мультфильмін дегі Майк Вазовскийдің дубляжы айтарлықтай табысқа ие. Жанатбектің рөлін – белгілі актер, тележүргізуші, режиссер Жанат Бəйтеков, Азаматтың бейнесін «Парыз», «Бақсы» фильмдері арқылы танымал актер Азамат Сатыбалды сомдады. Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ, «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз хатшысы.


9

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

Уругвай президентініѕ мўнысы несі?

Уругвай президенті Хосе Мухика экономика министрінің қызметіне кірісу салтанатына жалаң аяғына сандал киіп келген. Ел басшысының бұл əрекеті біраз əңгімеге арқау болғанға ұқсайды. Өйткені, президенттің əріптестері ресми шараға костюм киіп, галстук тағып, қысқасы, шыттай киініп келсе керек. 78 жастағы Мухика мырзаның неге бұлай істегенін ешкім білмейді. Сұрауға да ешкімнің батылы бармағаны тағы анық. Бірақ кейбір журналистер мұны қазіргі кезде Уругвайда жəне көрші елдерде 40 градус ыстық болып тұрғанымен түсіндіруге тырысыпты. Ал солтүстік елдерде, минус 40 болмағанымен, айтарлықтай аяз, сандал киіп, серуендей алмайсың.

«Санта-Клаус» зергерлік дїкенді їптеп кетті

Санта-Клаустың киімін киген қарулы ер адамдар Албания мен Косоводағы зергерлік бұйымдар дүкенін тонап кеткен. Алғашқы ұрлық 24 желтоқсанда Албанияның астанасы – Тирана қаласында жасалса, екіншісі 26 желтоқсан күні Косовоның Призрен елді мекенінде орын

алыпты. Алғашқысында төрт қарулы ер адам дүкеншіні қорқытып, қапшықтарын əшекейлерге толтырып алған соң табандарын жалтыратқан. Екіншісінде осындай қарақшылыққа үш қарулы ер адам барыпты. Тонау кезінде екі адам зардап шеккен. Екі қылмыс арасында байланыс бар-жоғы беймəлім. Тура осындай оқиға АҚШтың Флорида штатында да тіркеліпті. Санта-Клаустың киімін киген біреу банкті тонап кеткен.

Бəс тігіскен əйелдердіѕ жабайы əрекеті

Орал қаласының тұрғыны облыс орталығындағы Неке сарайының алдына 1 желтоқсан күні отырғызылған шыршаны кесіп əкеткен. Қолдағы бар деректерге қарағанда, есімі айтылмайтын 32 жастағы əйел құрбысымен бірге ащы судан ұрттаңқырап алған соң, солай істеймін деп бəс тігіскен ғой. Бəстің мəнісі мынада екен: шыршаны кесіп, құрбысының үйіне алып келу. Айтқаны орындалған соң, үй иесі əйел шыршаны ойыншықтармен безендіріп үлгереді. Бəстің шарты, ұтылғанның нендей жауап қайтарғаны белгісіз. Белгілісі – шыршаның ұрланғанын Неке сарайы күзетшісі біліп қойыпты. Сөйтіп, полицияға хабарлаған. Із кесуші ит шырша тұрған үйді тап басқан. Ұрлықшы əйелге айып салынса, алып қойылған шыршаның кейін қай үйден «пана» тапқаны беймəлім.

CӨЗ СОЙЫЛ ƏЗІЛ - ОСПАЌ, СЫН - СЫЌАЌ

Е Н А Є Р А Л Ў Б , Н А Є БОЛ .. ҐЗІ? Бетін аулақ, өзімен кетсін!.. Тып-тыныш, қыбыржыбыр тіршілікке не жетсін. Дегенмен, бүгінгі басымнан өткен бірлі-екілі жайт жай таптырар емес. Қызметке кетіп бара жатып, көпшілік көлікте бір егделеу кісіге отырған орнымды ұсынып едім: – Отыр өзің! – деді алара қарап: – Не мені кəртайып қаусап тұр деймісің! Құдайға шүкір, мығыммын, əлдімін, шымырмын! Омалып отырғанның бетін аулақ қылсын! Не мені отыра қалатын мүгедек деп ойлап па едің! Он екі мүшем дін аман. Қарай гөр мұның мүсіркеуін! Тапқан екенсің қаусаған кəрі шалды! Əлгіден əңкі-тəңкі құтылып, көше қиылысында қолына таяқ ұстаған əкейді қолтығынан ұстай қойып едім, қолымды қағып: – Тəйт əрі, жөніңе жүре бер! Көшеден өтуім бірінші рет деп пе едің. Көргенсіз неме, шап беріп ұстай алуын!

Өзім-ақ өтемін. Мені бір бейшара етуін. Сендерге сенсек орта тұста орға жығып жазатайым етерсіңдер, – деп таяғын төбесіне көтеріп ұрудан тайынар емес, бас сауғалап арғы бетке безе жөнелдім. Ызаға булығып, жарылып кетердей болып үйге келсем əйелім: – Шал-ау, не болған саған, түрің өрт сөндіргендей. Бəрі құрысын, осы тірлікті бұйыртқан жаратқанға айтарымыз алғыс. Жаңа жылдың алғашқы күні демалшы елдің еркегі құсап, – деп сырт киімімді іліп жатыр. Оның бұрын жоқ бұл қылығы қытығыма тиіп, тіл ұшына келген тікенек тіркестер ағытылғанын өзім де сезбей қалдым... Асханадағы алдымда тұрған үш-төрт бөтелке сыраны балық-малығымен қосып сыртқа атып жібердім... Ерсұлтан МАҒЖАН.

ТАЛДЫҚОРҒАН.

Тоєыз жасында топ жарєан

АҚШ-тың Калифорния штатының тумасы, тоғыз жасар Тайлер Армстронг тарихта Аконкагуа биігін бағындырған ең балғын альпинист болып отыр. Ол аталған шыңға əкесі Кевинмен жəне гималайлық жолбасшы Лхаванг Дхондаппен бірге шыққан. Альпинистер Аконкагуаның басына 25 желтоқсан – Католиктік рождество күні жеткен. Аконкагуа – батыс жарты шарындағы ең биік тау. Стандартты ережеге сəйкес, 14 жасқа толмағандарға оған көтерілуге болмайды. Сондықтан Армстронгке Аргентина сотынан арнайы ордер алуға тура келген. Ал Аконкагуа тауының ең биік шыңы теңіз деңгейінен 6962 метр жоғары əрі Солтүстік жəне Оңтүстік Американың, сондай-ақ, батыс жəне оңтүстік жарты шардың ең биік нүктесі саналады.

Аќшаќармен бірге апатќа ўшырады

Польшада ішімдікке тойып алған Санта-Клаус пен оның Ақшақар рөліндегі көмекшісі ат жеккен шанамен келе жатып, апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан зардап шеккен де сол екеуі. Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, 51 жастағы ер адам мен оның 31 жастағы көмекшісі өздерін құдды бір түнгі клубтан шыққан адамдар секілді ұстаған. Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер шақырылып, соңғылары Санта-Клаус пен Ақшақар ауруханаға жеткізілген. Полициядағылардың атап өтуінше, техникалық жұп апатқа көлік құралын басқарып келе жатып түскендіктен, оларға көлікті мас күйінде жүргізді деген айып тағылуы әбден мүмкін. Ал әлгілердің ойынына балаларын апармақшы болған ата-аналар үлкен реніш үстінде көрінеді.

Кґлігінен 300 мыѕ доллар тапќан таксист

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 13 жыл жұмыс өтілі бар таксист көлігінің артқы орындығынан пакетке оралған 300 мың доллар тауып алған. Джеральдо Гамбоа ақшаны жолаушы жолақысын төлеп және шай үшін деп тағы 5 доллар тастап кеткеннен кейін байқапты. Таксист те ағынан жаралған адам екен, полицияға дереу хабар береді. Бірнеше сағат өткенде 300 мың доллар оралған пакеттің қожайыны да табылады. Сөйтсе, Жаңа жыл қарсаңында Вегасқа казинода ойнау үшін келген біреу екен. Осылайша, ақша заңды иесіне қайтарылды. Бірақ әзірше ол Гамбоаға ешқандай сыйақы бермегенге ұқсайды. Есесіне адалдығын ескерген таксопарк басшылығы алғыс жариялап, Жаңа жылдың кешкі асын ішу үшін 1 мың доллардың екі адамға арналған сертификатын тапсырыпты. Әрине, 1 мың доллар 300 мың емес қой...

Ереже бўзєандарєа – лотерея билеттері

Австралияның Мельбурн қаласында полиция жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге сол сәтінде ойналатын лотерея билеттерін таратты. Мұндай әдеттен тыс акция Католиктік рождество күніне орай өткізілді. Жүргізушілер барлығы бірнеше ондаған билеттерге ие болған. Құқық қорғау органындағылар атап көрсеткеніндей, лотерейлік шара, бірінші кезекте, мереке күні жүргізушілердің көңіл күйін көтеру үшін ұйымдастырылыпты. Мәселен, жылдамдықты арттырғаны үшін тоқтатылған жүргізушілердің көпшілігі полиция тарапынан жазаланудың орнына лотерея билеті ұсынылған кезде не дерлерін білмей ауыздарына сөз де түспеген. Ал билеттердің ішінде ұтысқа ие болғандары бар-жоғы туралы ештеңе айтылмайды.

Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.

Бір ер адам орманда келе жатып ќўрбаќаєа кезігіп ќалады. – Мені ала кет, керегім болып ќалады, – дейді ќўрбаќа. Айтќанын тыѕдап, оны ала кетіп їйіне келген соѕ тамаќтанып, ќўрбаќаны да тамаќтандырып ўйќыєа жата ќалайын деп тўрєанында əлгісі: – Мені жаныѕа алып жатшы! – демесі бар ма. Онысын да орындап, жанына жатќыза ќойып еді, əлгісі ќор ќызына айналып сала берсін... Сол кез əйелі келе ќалсын... Ќайтсін, болєан жайды ант-су іше əйелге баяндап еді... Əйелі сенген болды.

Сол

Жўмбаќ

.. . н і їш

Осы тосты əйелдеріміздіѕ «ант-су іше» айтќан ертегілерімізге їнемі сенуі їшін алайыќ! * * * Африкада жыртќыш аѕдар кґп екені белгілі. Олар ќапылыста бас салуы мїмкін. Ал онда шаќса мїрдем кетіретін улы жыландар да ґріп жїретіні белгілі. Егер ол ќолыѕнан шаќса, ґзіѕ-аќ шаќќан жерін сорып тїкіріп тас тай аласыѕ. Аяєыѕнан шаќса да сґйте аласыѕ. Ал егер ол пəлекет ќўйрыќ тўсыѕнан шаєып алса ше?!. Осы тосты осындай ќиын кезде кґмекке келетін наєыз достар їшін алайыќ! * * * Аулада жїрген екі ќораз айда кеп шекіссін. Тґбелесте жеѕгені їйдіѕ тґбесіне шыєып алып, шаттана ќышќырып тўрєанында бїркіт келіп бїріп алып кете барады. Мен осы тосты асып-тасыєан кїш пен сабырлыќ,салмаќтылыќтыѕ əрќашан да сабаќтасып жатуы їшін алып ќойсаќ деймін.

«Вокруг смеха» журналынан алынды.

«ЌЫЗЫЛКҐЗ» КҐМЕКШІ Петр Козлов жылдың бірінші күні әрең-пәрең үйінің кіреберісіне ене беріп: – Тоқта! Қолыңды көтер! – деген өктем дауысты естіп: – Немене?! – деп түкке түсінбеген болды. Анау екілене: – Қолыңды көтер! – деп тапаншасын бұның желкесіне тақады. Козлов: – Көтере алмаймын, қолым бос емес қой, – деді. – Қалайша бос емес? – деп сұраған болды қызылкөз тонаушы. – Қос қолымда дорба, көрмей тұрмысың?! – деп Козлов кейістік білдірді. – Қараңғылау жерде көрінбейді екен. Дорбаңдағы не?! – деп қарақшы төне түсті. – Не болушы еді, әк, сыр, желім... үйіме жөндеу жүргізуші едім, солардың керек-жарағы, – деп түсіндірген сыңай танытты. Тонаушы да кәсібіне басып: – Алтын, жауһар бар ма? – деп сұрап қалды. Козлов та кекесінмен: – Болғанда қандай! Қалтам толы алтын, жауһарлар ышқырымда! – деп жатыр. – Ақша ше!? – деп тонаушы да үмітін үзер емес. – Қайдағы ақша! – Козлов ақырып қалды, – Жөндеу жұмысын қолға аламын деп қарызға белшемнен баттым! Мұны естіп тонаушы түйсігі бар пенде екен: – Е, иә, жөндеу жұмыстары бітіріп жібереді, – деп Козловқа аяушылықпен қарап: – Бір нәрсе бар ма өзіңде? – деп тапаншасының ұңғысын төмен түсірген болды. – Темекім ғана бар. Ол да фильтірсіз, – деп Козлов мүләйімсіген болды. – Шайтан алғыр, әкел! – деп тонаушы тапаншасын жасырып, Козловпен қарапайым әңгімеге көшті. – Жөндесетін көмекшің бар ма? – Е, жоқ-а! Бір өзім. – Менің сырлау-әктеуден өнерім бар. Қарсы болмасаң көмектесейін. – Көмегіңе төлей қояр ақшам жоқ. – Жүз грамм табылып қалар? Мына аязда жаураған сияқтымын. – Екі жүз құюға шамам жетеді, – деп Козлов тонаушыға жылы жүзбен қарап еді, анау: – Онда не тұрыс, әрі Жаңа жылыңыз құтты болсын! – деп, Козловтың сөмкесін көтерісіп жоғарыға көтеріле берді... Антон МАКУНИ.

Бірінші сеанс Жылдың соңғы күні – Экранда – тəуіп, Екі көзін жауып, Таспиығын «сауып» Сөйлеп отыр: – Біріңіз, бəлкім, Тырдай боп шешінерсіз, Біріңіз ұйықтап, Біріңіз есінерсіз. Біріңіз сылқ-сылқ күліп, Біріңіз жынды адамдай есірерсіз, Біріңіз от тұтатып, Біріңіз сол отты өшірерсіз, Біріңіз мүмкін, Біреудің қасында жатқан шығарсыз. Ол жағын кешірерсіз. Бірақ мəселе онда емес, Қалай отырсаңыз, олай отырыңыз. Малдас құрып отырсыз ба – Онда, солай отырыңыз. Қыбыр етпеңіз. Тізеңізді дірілдетпеңіз, Ештеңе ойламаңыз, Өзіңізді өзіңіз зорлап, Бір ойға бойламаңыз. Сонда құлан-таза айығасыз. Сау денсаулығыңызды қайырасыз. Сөйтіп, кеселіңіздің беті дап-дала болады. Ең бастысы, əппақ шашыңыз – Түп-түгел қап-қара болады. Ал енді ағайын, Мен оннан бірге дейін санайын: Он, тоғыз, сегіз... Əй былшиған семіз! Қалғымай отыр! Жеті, алты, бес жарым... Əй месқарын! Жас қызға қырындап, алжымай отыр. Бес, төрт, үш... Тысс... Үндемей отыр. Əй, қазанбас! Қасыңдағы келіншектің құлағын үрлемей отыр. Екі, бір... жарайды. Əне, шашыңыз түгел қарайды. Екінші сеанс Жылдың алғашқы күні – Желкемізде жұбайымыз, Қазақша айтсақ «құдайымыз», Жұтып жіберердей жұлынып тұр. Шыбын жанымыз шырқырап, Бір сабақ жіпке ілініп тұр. – Намысың жоқ, тегің жоқ,

 Əзіліѕ

Не киетұғын кебің жоқ, Не мал жейтұғын шөбің жоқ, Не ел жейтұғын соғым жоқ Айтшы, неғып жоқ? Керісінше, жылау көп. Нең жоқ деп ең болмаса, Оқта-текте сұрау жоқ. Өйткені, бұл үйдің еркегі жоқ, Болса, ертеңі жоқ. Жұмыс та жоқ – Үйде жатыр байлаулы Арылдаған сабакі боп. Жұмыста жоқ болғасын – жалақы жоқ. Еркекті тоқпақтайтын келтек жоқ. Болды, бітті онға дейін санаймын. Тапсаң – таптың, таппасаң – Төркініме тайып тұрам. Айтпады деме, Мұрыныңды ескек, Құлағыңды қайық қылам. Бір, екі, екі жарым... Əй, қу құлақ! Қашанғы қол жайып отырамын.

Қимылдасаңшы... Үш, төрт, бес, алты, Туу, түрің құрысын кəпір, Тіпті қарауға жалкы. Жеті, сегіз, тоғыз... Əй, өгіз, қоңыз, доңыз, Қазір он болады. Сені тастап тайып тұрсам, Қалай асырайсың он баланы? Бірдеңе десейші... О-о-н! Əйелдің қолы ербеңдеп, Көздері аларып кетті. Тəуіп зорға қарайтқан шашым Лезде ағарып кетті. Толымбек ƏЛІМБЕКҰЛЫ. АЛМАТЫ.

жарасса...

а ш р ы Ш ы є а д н жаны иыс жым Екі студенттің əңгімесі: – Жаңа жыл мерекесі түнінде қайда отырамыз? – Былтыр «агентте» болдық, биыл «фейсбукте» отыратын шығармыз... * * * Еркектің өсіп-жетілуінің үш сатысы: 1. Ең əуелі Аяз атаның алдауына сенеді. 2. «Аяз ата алдап жүр екен ғой» деп сенбейтін болады. 3. Өзі Аяз ата болып, балаларды алдайды. * * * – Сен неге əр рюмканы көтерген сайын көзіңді жұмып аласың? – Мен былтырғы Жаңа жылда əйеліме «рюмкаға енді қарамаймын» деп уəде беріп ем... * * * Егер Жаңа жыл түнінде дала ыстық болып, қар орнында үйіліп құм жатса, ал күткен Аяз атаңыз түйемен келіп жетсе... онда сіздің Египетте болғаныңыз... * * * – Біздің көріп-біліп жүрген Аяз ата мен шетелдің Санта Клаусының ерекшелігі неде? – Шетелдікі ылғи жалғыз өзі сап-сау қалпы қыдырып жүрсе, біздікі үнемі жанында қызы бар, мұрны қызарып қызып жүреді...

«Вокруг смеха» журналынан алынды.

ЖАЅА ЖЫЛДАЄЫ ШОЛАЌ МЫЛТЫЌ

Бір əйел Жаңа жылдың түн ортасында оянып кетіп қараса, күйеуі орнында жоқ екен. Тұрып асүйге барса, күйеуі ойлы кейіпте бір нүктеге қараған бойы кофе ішіп отыр екен. Күйеуінің көзіндегі жасты көрген əйелі: – Не болды, жаным? – дейді. – Есіңде ме, 20 жыл бұрын екеуміз кездесе бастағанда небəрі 16 жаста ғана емес пе ек? – Есімде. – Екеуміз мəшинеде сырласып отырған жерімізде əкеңнің бізді ұстап алғаны ше? – Иə, есімде, жаным. – Ал басыма мылтығын тақап тұрып сені алмасам, 20 жылға сотталатынымды айтқаны ше? – Есімде. Күйеуі көз жасын сүртіп: – Сол кезде үйленбегенімде мына келген Жаңа жылда босап шыққандай екем... – депті.

Мїйісті жїргізетін Берік САДЫР


10

www.egemen.kz

1 қаңтар 2014 жыл

● Жыл жаңалығы

Астана мен «Ла Скала»

Биыл елорда кїні ќўрметіне Миланныѕ «Ла Скала» театры келіп ґнер кґрсетеді деп кїтілуде Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театры алдағы үш жылда атқарылатын іс-шараларды нақтылады. Соның ішіндегі ең бір елеулі оқиға – аты аңызға айналған «Ла Скала» театрының Астана күніне орай гастрольдік сапармен келіп, 30-маусым мен 4-шілде аралығында елордалық көрерменге «Дон Кихот» балетспектаклін ұсынатындығы. Айтулы өнер ордасы өзінің 2015-2016 жылға дейінгі ісжоспарын алдын-ала шегелеп қойғанына қарамастан, Қазақстанға өнер сапарымен келуге барынша ниет білдіріп отыр. Осыған байланысты «Астана Опера» театры қазірдің өзінде «Biletbar.kz» операторы арқылы билет сатудың электрондық жүйесін іске қосып үлгерді. Бір айта кетерлігі, касса арқылы сатып алынатын билет пен ғаламтордың көмегімен қол жеткізетін билеттің құны бірдей. Соңғы жоба өнерсүйер қауымның спектакльге кіруін ыңғайлы етумен қатар билеттің барлық адамға қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. «Biletbar.kz»-тің бас директоры Жандос Жəкетовтің мəлімдеуінше, билет сату жүйесі ашық жəне заманауи үлгіде жүзеге асады. Сатылған əр билет жүйеде тіркелетіндіктен оны бағдарлама арқылы өшіру, өзгерту əсте мүмкін емес. Сондай-ақ, билетті қолдан жасау сияқты алаяқтық əрекеттерді болдырмауға да

аса мəн беріліп отыр. Өйткені, əр билет орны, қатары, қалай жəне қай уақытта алынғаны жайлы сатып алу дерегі бар «QR кодпен» қамтылған. Залға кіргенде осы код арнайы құралдың көмегімен сканнан өткізіледі де ақпарат оқылады. Осылайша билет лезде тексеруден өтіп шыға келеді. Смартфон жəне планшеттік құралы бар адам билетті басып шығарып, əуресарсаңға түспейді, себебі, енді мұнан былай электрондық билет опциясы іске қосылып отыр. «Астана Опера» театрының маркетинг департаментінің директоры Мансұр Смағамбетов «QR коды» барлық билеттерге енгізілетінін, оның ішінде касса арқылы сатылатын билеттер де бар екенін, сонымен бірге, билетті электрондық жолмен сатып алу жүйесі алдағы жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейтінін айтты. Бəрін айт та, бірін айт, атына бұрын тек сырттай сүйсініп жүрген қазақстандықтар Италияға ат терлетіп бармай-ақ «Ла Скаланың» тамаша өнерін өз жерінде өгейсімей қызықтайтын ғажап тартуға ие болып отыр. Итальяндықтар əкелетін Сервантестің «Дон Кихот» спектаклі біздің көрермен үшін аса тың дүние емес, астаналық театрларда бұл қойылым осыған дейін талай мəрте көрерменнен өз бағасын алып та қойған. Комедия мен трагедияны қатар қамтыған екі актілі балетті кезінде Елбасының өзі келіп тамашалағаны есте.

Атар таңға ақ тілеек

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Дей тұрғанмен, классиканың отаны саналатын елдің майталмандары еңсерген өнерден үлгі алып, үйренер тұстар аз болмасы анық. Шалғайдағы өнер шаңырағын мұнда шақырудағы мақсат та сол болса керек. «Астана Опера» театрын «Ла Скала» дəрежесіне жеткізу. Классикалық өнердің шыңына баланған театрдың кəсіби жетістігінен сусындау. Алдын-ала хабарлауға тұратын тағы бір жаңалық – осы жылғы күзде елімізге Вена операсының труппасы да гастрольдік сапармен келеді деп жоспарлануда. «Штатс опера» дүние жүзіндегі ең əйгілі опералардың біріне жатады. «Астана Опера» театрындағы тамашалар мұнымен шектеліп қалмайды, олар да өздерінің керемет жетістіктерін өзгелерге паш етуге асығады. Мысалы, Францияда, сонымен бірге Нью-Йорктегі «Карнеги холда» концерт беріп, «Ковент-Гарденде» өнер көрсетеді деген мақсаттар тұр. Ал, жас театр ұжымы жыл басындағы шығармашылықты Алматыға гастрольдік сапар жасаумен бастамақ. Ақпанның 4-і мен 10-ы аралығында Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрында «Біржан-Сара», «Роден» спектакльдері қойылып, концерттік бағдарламалар ұсынылмақ. Сондай-ақ, наурыздың 8-і мен 10-ы аралығында Ресейдің СанктПетербург қаласындағы «Мария» театрына «Аттила», «Біржан-Сара», «Роден» туындыларымен баруды көздеп отыр.

Жаңа жылдан не күтесіз?

Кел, жылым

Елге де, ел деп жїрген ерге де жеѕіс тілеймін!

Нұрлан ҚАЛҚА,

«Астана-Бəйтерек» республикалық конкурсының жеңімпазы.

Кел, жылым, Ырыс алып кең далама, Бақыт алып, Қызыма, бел балама. Қазақ деген Қонақжай ел боламыз, Басқа жұрттан Бізді сен кем санама! Кел, жылым, Ырыздықпен, сабырыңмен, Шуағыңмен, Төріме оз, Бар нұрыңмен! Əр таңымыз Арайлап атсын деген, Ақ тілеулі, ақ жарқын, Ақының мен! Кел, жылым, Бораныңмен, дауылыңмен, Шыдас берер сыныңа Тауұлымын! Аспанымды қара бұлт торламасын, Шайып өткін бəрін де жауыныңмен. Кел, жылым, Бастауы боп берекенің, Білмейік біз Дағдарыстың не екенін. Далам! Қалам! Қызыр қонған Отаным, Танытсын кең əлемге Ел екенін. Бастауы болғайсың бар берекенің! Кел, жылым! АСТАНА.

Бейбіт ЫСТЫБАЕВ,

«Қазақстан барысы» жəне «Еуразия барысы» турнирлерінің жеңімпазы, қазақ күресінен əлем жəне Азия чемпионы.

Жылдың жаманы жоқ. Жиырма тоғызға аяқ басатын жылым – жылқы жылы да жаман болмас деп ойлаймын. Осы жылдар ішінде қазақ күресінің даңқын əлемге танытып, бір рет əлем чемпионы, бір рет Азия чемпионы атандым. Еліміздегі «Түйе балуан» нəмімен өткен жарыстардың 18 мəрте жеңімпазы болдым. 2012 жылы Қазақстан Президентінің жүлдесі сарапқа салынған «Қазақстан барысы» турнирінде топ жарып, заңғар биіктен көріндім. Өтіп бара жатқан жылан жылын да өзім үшін жаман болды деп айта алмаймын. Жамбыл облысының орталығындағы жаңадан ашылған «Тараз-Арена» спорт сарайында тұңғыш рет өткен «Еуразия барысы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасымен бірге жеңімпаз атандым. Шешуші сəтте моңғол алыбымен болған белдесуім де ел есінде болар, сірə. Қазақ халқы жылқы малын ерекше бағалаған. Оны «Ат – ердің қанаты», «Жылқының сүті – шекер, еті - бал» деп ардақ тұтқан. Мен де ауылдың баласы болғандықтан, жылқының адам қызығатын қасиеттерін көріп, біліп өстім. Халқымызда «Ат тұяғын тай басар», «Алып анадан туады, тұлпар биеден туады» деген қанатты сөздер бар. Біз кешегі Қажымұқан, Балуан Шолақ, Жақсылық Үшкемпіров, Шəміл Серіков, Дəулет Тұрлыханов, Алмас Мұсабеков сынды атағы алысқа тараған белгілі балуандардың ізін басып келеміз.

Сондықтан, «Тұлпар болар құлынды мүшесінен танисың» немесе «Құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер» дегендей, Қазақ елінің дəулеті мен сəулеті жылқы жылы да асып-таса береді деп ойлаймын. Ол үшін ең алдымен елде тыныштық, береке мен бірлік салтанаты нығайған үстіне нығая беруі тиіс. Қалың еліміз – қазағымыз сонда ғана нағыз бақытқа қол жеткізеді. Біз сияқты спортшылардың да «екінші тынысы» ашылып, таланты ұштала түседі. Айналамыздағы елдерге қарасаң қара шəйдің өзін тыныштықпен ішуді аңсап отырған халықты көресің. Көресің де қабырғаң қайысады. Негізі, дана халқымыз «Бір күн ұрыс болған үйден, мың күн ырыс кетеді» деп бекерге айтпаған. Оған сонау Сирия, Египет, Ауғанстан сияқты тағы басқа да береке мен бірлігінен айырылып, бастары қосылмай жатқан мемлекеттердің мұңға толы мысалы дəлел. Қалалары қиранды мен үйіндіге айналса, далалары жарылған бомбаның шұрқ тесік шұңқырларына айналып жатыр. «Құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер» деген. Қазақ халқы да тұлпардай талантты ұлдары мен қыздары арқылы жыл сайын мұратына жетіп келеді. Бапкерім Елдос Далабай екеуміздің бос уақытымыз жоқ. Күнде жаттығу. Жарыс болатын уақытқа бір ай қалды ма, жоқ, əлі бір жыл бар ма оған қарамаймыз, яғни күн сайын тер төгу. Менің Жаңа жылдан күтерім тек қана жеңіс. Ол жеңіс менің отбасыма ғана емес, елге де болсын. Ел деп жүрген ерге де болсын! Жамбыл облысы.

(«Егемен Қазақстан» газетінің келесі нөмірі 7 қаңтар, сейсенбі күні шығады). Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жария ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №217 ek

Profile for Egemen

01012014  

0101201401012014

01012014  

0101201401012014

Profile for daulet
Advertisement