Issuu on Google+

Солтүстік Каспий жобасы: қиялдағы шындыққа айналады


Мазмұны Кіріспе .............................................................................................................................................................................................2 Қойнауқаттың өлшемді көрінісі ..........................................................................................................................................3 Мұнай кенішін игеру тұжырымдамасы ..............................................................................................................................6 Технологиялық серпілістер мен жаңашылдықтар .....................................................................................................8 Операциялық модель .............................................................................................................................................................11 Тұрақты даму ..............................................................................................................................................................................12 Қорытынды ..................................................................................................................................................................................16

1


Кіріспе Ұлан ғайыр даласының төсіне бүкіл Батыс Еуропа сыйып кететін Қазақстан теңізге тікелей шығысы жоқ Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет. Ең үлкен тұйық су қоймасы болып табылатын Каспий теңізі Қазақстанның батыс шекарасы аумағында шоғырланған. Каспий теңізі терең қойнауында орналасқан энергетикалық ресурстарға бай. Қазақстан осынау энергоресурстар есебінен әлемде күн санап артып келе жатқан энергетикалық ресурстарға сұранысты қанағаттандыруда көшбасшылардың бірі болуды көздейді. Қазақстан шет елдік инвестициялар мен әлемдік және ұлттық компаниялардың қатысуымен ортақ жобалар үшін қолайлы жағдайларды тудыруға мүдделі. Осындай жобалардың бірі Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлicy туралы келісім (СКӨБК) аясындағы жұмыстарды қамтиды. СКӨБК 1997 жылы қол қойылды. Бұл құжат Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде ауданы 5 600 шаршы километрді құрайтын мердігерлік учаскеде мұнай-газ ресурстарын барлау және өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге негіз болып табылады.

2

Әлемдегі ең ірі және аса күрделі индустриалды жобалардың бірінен саналатын СКӨБК алып Қашаған кен орнын игеруді қамтиды. Қашаған осыдан 40 жыл бұрын Аляскада табылған Прудхо-Бей кен орнынан кейінгі ең ауқымды ашылым. Кен орнының барланған геологиялық мұнай қоры 35 млрд. баррельді құрайды. Келер онжылдықтар көлеміндегі өндіріс барысында Қашаған Қазақстан экономикасының қарыштап дамуына сомасы миллиард долларлармен есептелетін салық және роялти түрінде сүбелі үлес қосатын болады. СКӨБК мердігерлік учаскесі сонымен бірге Қаламқас, оңтүстік-батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң кен орындарын қамтиды. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы аталмыш жобаның Операторы және ол «ҚазМұнайГаз», «Эни», «Шелл», «Эксон Мобил», «Тоталь», «Коноко Филипс» және «ИНПЕКС» атты халықаралық жеті компаниядан тұратын консорциум атынан әрекет етеді. Әріптес компаниялардың мол тәжірибесі мен жинақтаған біліктілігі геологиялық барлау, көмірсутек шикізаттарын игеру және өндіру барысында кеңінен кәдеге асырылады.


Жобадағы ерекшеліктер Қашаған кен орнын игеру техникалық қиындықтар мен күн райы қысқы мезгілде 30°С, жазғы шілдеде +40°С дейін құбылмалы келетін қатаң климаттық шарттардағы жабдықтау жүйесінің бірегей жиынтығы болып табылады.

Атырау

Қашаған

Қайраң Қашаған, оңтүстік-батыс

Ақтоты

Қаламқас

СКӨБК мердігерлік учаскесі

45

200 км.

Қашаған кен орнының коллекторы теңіз түбінен 4200 метрдей тереңдікте жатыр және ондағы қысым өте жоғары. Еділ өзенінен құйылатын тұщы су ағыны нәтижесіндегі минералданудың төмен деңгейі, оған қоса судың тайыздығы (3-4 метр) мен суб-арктикалық климат салдарынан Солтүстік Каспий жылына бес айға жуық мұз құрсауында болады. Мұз сеңдері мен олардың теңіз түбін соқаша жыртып қалдырған іздері құрылыс, өндіріс және жабдықтау жұмыстарына елеулі қиындықтар келтіреді. Бұл, өз кезегінде, заманауи техникалық шешімдерге иек артуға итермелейді.

.

km

75 .

km

Қойнауқаттағы қысым: > 750 бар Күкіртті газдың құрамы: 15% H2S және 4% CO2 Қойнауқаттың өлшемді көрінісі

3


Жобадағы ерекшеліктер Кеніштегі мұнай парафинді, бірақ құрамындағы күкіртті газы көп, күкіртті сутек (H2S) 15% тең. Бұл орайда қойнауқаттағы жоғары қысым мен шығатын мұнай құрамындағы жоғары құрамдағы күкіртті сутек шарттарында жұмыс істеу бұрын-соңды ұшы-распаған деуге келмейді. Мысалы, Франциядағы игерілуі 50ші жылдардың соңына таяу басталған Лак (Lacq) кен орны дәл осындай қасиеттерге ие бола тұрып, әлі күнге дейін мұнайын беріп келеді.

H2S мөлшері мен қабаттық қысым 800 Солтүстік теңіздегі Экофиск кен орны

700

Қысым [бар]

600

Қашаған Оңтүстік-Батыс Лак Теңіз

Қарашығанақ Солтүстік теңіз

500

Хасси Мессауд

400

200

Ла Барж Рас Газ

100 0

Солтүстік Каролина

Джампинг Паунд

300

0

5

10

15

20

H2S [%]

Қашаған: қиындықтарды еңсеру мысалы

25

30

35

40

Қашаған кенішін игеру жоғары қойнауқаттық қысым және қатаң өндіріс шарттарындағы күкіртті газдың болуымен сипатталады. Бұл тәуекелдерді табысты басқару мақсатында қауіпсіздік шараларының кешені мен инвестициялық салымдардың анағұрлым көбірек болуын қажет етеді. Мұнайлы коллектордың осынау ерекшеліктері қиындықтардың бірі ғана. Солтүстік Каспий өзінің суының таяздығымен белгілі. Қыс мезгілінде қатқыл да суық температураның әсерінен су беті 5 ай бойында қатып қалады. Мұндай табиғи құбылыстар құрылыс жұмыстары мен материалдарды жеткізу ісінде айтарлықтай кедергілер туғызады.

Жасанды арал мұзбен көмкеріледі

4


Солтүстік Каспийдегі сезімтал қоршаған орта да бірқатар қиындықтардың көзі. Еділ мен Жайықтың құйылысындағы осы бір мекен алуан түрлі жануарлармен және бай өсімдік әлемімен ерекшеленеді. Бұлардың 60% тек Каспий маңынан ғана ұшырастыруға болады.

Жайық дельтасы Еділ дельтасы

Каспий теңізіндегі анағұрлым бағалы кәсіпшілік балықтар бекіре тұқымдастар болып табылады. Каспий – итбалықтар мекендейтін орта, ал оның жағалауындағы сулы-батпақты алқаптар көптеген құстардың мекені болып табылады, бұл ретте құстардың кейбір түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Каспий, сонымен қатар, Сібір мен Азия құрлығы арасындағы ұзын-сонар құстар өрісінің бір бөлігі. Каспий жағасындағы жартылай шөлейт ен даланы мекендеушілер арасында киік те бар.

Қашаған

Каспий теңізі: сезімтал экологиялық аймақ

Аталғандарға қоса, тасымалдау мәселесінде де күрделі шарттар аз емес. Каспий тұйық су қоймасы болуына байланысты жобаға қажетті маңызды жабдықтарды жеткізу жұмысында айтарлықтай қиындықтар туындайды. Оның үстіне Еділ-Дон арнасы мен «Балтық теңізіЕділ» су көлік жолдары қыстыгүні қалың мұз құрсауында болып, жылына шамамен алты ай ішінде ғана кемелер қозғалысы үшін ашық болады.

Норвегия

Англия

Атырау Волгоград Ростов

Астрахань

Италия

Ыстамбул

Мальта

Еділ – Балтық 3700 шақырым (Сәуір - Қазан 2.7 м судың астында)

Дубай

Еділ – Дон 1200 шақырым (Сәуір - Қазан 3.2 м су судың астында)

Каспий теңізі: жабық су қоймасы

5


Мұнай кенішін игеру тұжырымдамасы Жалпы тұжырымдама Қашаған кенішінің ауқымдылығы мен ерекшеліктері салдарынан бұрғылау мен өндірудің дәстүрлі жолдарын, атап айтқанда, темір-бетон құрылымдары мен өздігінен көтеретін платформаларды судың тайыздығы мен қыс мезгіліндегі қатаң климат әсерінен пайдалану мүмкін емес. Инфрақұрылымды түзейтін қондырғыларды көшпелі мұз сеңдерінен қорғау үшін жаңашыл тәсіл пайдаланылады: теңіздегі қондырғылар орналастырылтын жасанды аралдар бой көтереді.

Аралдардың екі түрі, атап айтқанда, бұрғылау жұмыстарына арналған автоматты түрде басқарылатын кішігірім аралдар және құрамына тұрғын-жай блоктары, бұрғылау жабдықтары және өндіріс нысандары кіретін, адам күшімен басқарылатын алып «хаб» (өндірістік технологиялық кешендер) аралдары қолданылады. Көмірсутектер бұрғылау аралдарынан құбыр желілері арқылы ӨТК-ге айдалады. ӨТК аралдарында технологиялық қондырғылар, газ айдауға арналған қондырғылар және энергетикалық жүйелер болады.

Қашаған: игеру тұжырымдамасы

Өндірістің бастапқы кезеңін есепке алмағанда, алынатын мұнай қорын ұлғайту мақсатында қайта өңделмеген күкіртті газдың шамамен 80% кері жер қойнауына айдалады деп күтілуде. Қойнауқатқа кері айдалмаған күкіртті газ бен қайта өңдеуден өтпеген сұйықтық (мұнай мен су) арнаулы құбырлар арқылы өңдеу мақсаттарында «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысына жөнелтіледі. Атырау облысында батыс Ескенеде орналасқан «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында сұйықтық пен газды өңдеу жұмыстары да жүргізіледі. Тазартылған газдың бір бөлігі теңіз және жерүсті нысандарға электр қуатын өндіру үшін отындық газ ретінде кәдеге жаратылады. Мұнай экспортына теміржол және құбыр желілері жұмылдырылса, сатылымға жөнелтілетін газ тек құбыр желісі арқылы экспортқа шығады.

6


ISLAND A

EPC4

HUB1

EPC2 EPC3

I Кезең. Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру.

D аралы, 2012 ж. тамыз айы

Көпсатылы игеру Қашаған бірнеше кезеңде сатылай игерілетін болады. Қазіргі таңда Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру (ТӨИ) атымен белгілі I кезең іске асырылуда. ТӨИ кейін II кезеңді игеру бағдарламасы, соңыра кенішті игерудің кейінгі кезеңдері қолға алынады. Кезеңдер тұтастай «Кен орнын толыққанды игеру» деп аталады. Барлық кезеңде де бұрғылау кешендері мен ӨТК салынады деп күтілуде. Бұл ретте, кенішті игеру алаңның шығысынан бастау алып орта тұсына ойысады да, кейінгі игеру жұмыстары батыс жағында шоғырланатын болады.

D аралы, 2011 ж. мамыр айы

Ағымдағы конфигурацияны ескергенде, I кезеңдегі мұнай өндірудің номиналды қуаты тәулігіне 370 000 баррель құрайтын болады. Газ айдау үшін қосымша қуаттарды іске қосқаннан кейін мұнай өндірудің осы номиналды қуаты тәулігіне 450 000 баррельге дейін ұлғаюы мүмкін. Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру шеңберінде қазір құрылыс, кейінгі кезеңдер бойынша жоспарлау жұмыстары жүргізілуде.

D аралы, 2010 ж. маусым айы

7


Технологиялық серпілістер мен жаңашылдықтар 1. Теңіз түбінде орналастырылатын тасты тасымалдау

Қашаған жобасын сонымен бірге бірқатар технологиялық серпіліс пен жаңашылдықтың қайнаркөзі деп те қарастыруға болады.

Жасанды аралдар 2. Үстіңгі қабатты тегістеу

Жасанды аралдардың ең үлкендерінің көлемі бірнеше шаршы километрден асып жығылады. Бұл аралдар шын мәнісінде «теңіздегі дербес кенттер» деп те қарастырылса болады: мұнда бірнеше өндірістік нысандар орналасып, іс жүзінде бір уақытта мыңдаған адамдар жұмыс істей алады.

3. Периметр бойынша қадалатын қадалар

Бүгінгі таңда D аралының (Өндірістік технологиялық кешен 1) құрылысы жүріп жатыр. Онда негізінен бірінші кезең жұмыстарына қатысты теңіз қондырғылары орналасатын болады.

4. Геотекстильді материалдан жасалған саңылаусыз мембрана

Топырақ пен табиғи әктас карьерден алынып, олар нысаналы теңіз қондырғысына көлемді баржалар арқылы жеткізіледі. Аралдар Қазақстанның оңтүстік-батысындағы Маңғыстау өңірінде өндірілетін табиғи әктастан тұрғызылады. Әр арал темірден жасалған бекітпемен қоршаулы.

5. Инженерлік желілер қондырылып оқшауландырылған

Болу ықтималдылығы төмен мұнайдың немесе басқа сұйықтың төгілу жағдайында теңіз бен суасты аралдың үстіңгі қабатын тұтас қамтитын геотекстильді материалдан жасалған саңылаусыз мембрана көмегімен қорғалатын болады.

6. Бетонды іргетас плиталары

8


Алдын-ала жинақталған баржалар Баржалар әлемнің түкпір-түкпірінде жинақталып, Каспий теңізіне жинақтауды бітіру мақсатында Еділ-Дон каналымен жеткізіледі.

Баржаның орнатылуы

Газды айдауға арналған қондырғыдан бастап апаттық генераторға дейінгі кез-келген құрал орналаса алатын әрбір модуль жасанды аралға буксирленіп, биіктігі 80 метр болатын төрт құрыш қада арасында орнықтыралады. Баржа тұрағына келтірілгесін, қажетті тұғырға қуатты көтергіш құралдар арқылы көтеріліп, ол жерде тіреуіш қадаларға балқытылып біріктіріледі. Жалпы баржаны орнатуға 24 сағат аралығында уақыт кетеді.

Құбырларды тарту Жоба бойынша үлкен диаметрлі бірнеше жүз километрдей құбыр желісін тарту қажет. Құбырлар не бұрғылау аралдары мен ӨТК, не болмаса ӨТК мен құрлықтағы өңдеу зауыты арасында төселетін болады.

Құбырларды төсегеннен кейінгі көрініс

Орды қазу, құбырды төсеу және кері көму үшін арнайы әдіс ойластырылды. Бұл әдіске сәйкес аталған үш жұмысты да бір уақытта істеуге мүмкіндік туып, теңіз түбі үшін қолайсыз әсерді мейлінше азайтып, жұмыстар құбырды төсеу деңгейінің үстіңгі қабатында ғана істелетін болады. Дәстүрлі әдіс бойынша қазылған орлар барлық үш кезең бойында ашық тұрады, бұл, өз кезегінде, қоршаған ортаға кері әсерін тигізуі ықтимал. Жаңа технология қоршаған ортаның айналдырғаны бірнеше апта ішінде-ақ қалпына келуіне септеседі.

Мұзжарғыш кемелер D аралында апаттық құтқарушы мұзжарғыш кемелердің (АҚМК) флоты бар. Олар аралда жұмыс істейтін әрбір қызметкерді қауіпсіз жерге апаттық көшіруге мақсатталған. Екі айдан соңғы көрініс

Бұл апаттық құтқарушы мұзжарғыш кемелердің әлемде теңдестері жоқ. Олар Қашаған жобасы үшін арналып жасалған. Апаттық жағдай орын алғанда әрбір кеме кез келген ауа-райында апат болған жерден 340 адамға дейін көшіре алады. Судың тайыздығына байланысты АҚМК дәстүрлі мұзжарғыш сияқты мұздың қалың қабатын бұза отырып қозғалмайды. Есесіне, алға ілгерілеу үшін АҚМК тұмсығымен мұзды уақтап, жолын ашады.

АҚМК

Кеменің қуатты қозғалтқыштары қалыңдығы бір метрден асатын мұзды жарып өтуге мүмкіндік береді. Ал кеме ішіндегі адамдар үшін автономдық оттегі жүйесі қамтылған.

9


Технологиялық серпілістер мен жаңашылдықтар Күкіртпен жұмыс Күкіртті газды өңдеу және күкіртке қатысты шаралар кешенін қауіпсіз және тиімді түрде іске асыру әсіресе жобаның I кезеңінде өзекті мәселе (кейінгі кезеңдерде газдың анағұрлым бөлігін қойнауқатқа кері айдау көзделуде). Жоғары күкіртті газ «Болашақ» зауытында тазартылып, жылына 1,1 млн. тонна күкірт өндірілетін болады. Консорциум өндірілетін күкіртті толықтай сатуды жоспарлауда. Нарықтағы қалыптасқан жағдай мен қолжетімді вагон көлемін есепке ала отырып, күкіртті уақытша сақтау қажеттігі қарастырылуда. Қалыптасқан дағдылы әдістермен салыстырғанда, жоба бойынша күкірт жабық күйде және қоршаған ортадан оқшауландырылып сақталатын болады. Сұйық күкірт алдымен саңылаусыздандырылған корпустарға құйылып, одан соң қайта ерітіледі. Бұдан соң қатайтылып сатылымға жіберіледі. Бұл шаралар шаңтозаңның алдын алуға септігін тигізеді.

H2S қадағасы

Температура қадағасы

Топырақпен толтырылған қаптар

Күкіртті құю

Күкіртті өңдеу

10

Қышқыл ағындарды бақылау

Блоктарды толық жабу


Операциялық үлгі Осынау ауқымды әрі күрделі жобаны басқару мақсаттарында жаңашыл операциялық үлгі қажеттігі туындаған болатын. 2009 жылдың қаңтарында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) деп аталатын жаңа операциялық компания құрылды. НКОК Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлicy туралы келісімге (СКӨБК) қатысты барлық жұмыстарды бақылап, СКӨБК консорциумына мүше жеті үлескер компания атынан әрекет етеді. НКОК жобаның жалпы стратегиясын анықтап, оны басқаруға, жоспарлауға, барлық жұмыстарды үйлестіріп, біртұтастандыруға міндетті. НКОК қызметіне концептуалдық зерттеулерді жүргізу, бағалау жоспарларын түзу, кеніштерді бастапқы игеру жоспарлары мен барлық мүдделі тараптармен, соның ішінде жобаға серіктестермен, мемлекеттік органдар және Уәкілетті органмен.

Жоба шеңберіндегі өндірістік операциялардың орындалуы төрт Агентке жүктелген. «Аджип ҚКО» компаниясы Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді (соның ішінде бұрғылау) жүзеге асыру үшін жауап береді; Қашаған жобасының ІІ кезеңіндегі жерүсті кешенде нысандардың құрылысы үшін «Шелл Девелопмент Қашаған Би.Ви.» (ШДҚ) компаниясы мен «Аджип ҚКО» компаниясы жауап береді. ШДҚ сонымен бірге II кезең үшін Негіздік жобалау (НЖ) жұмыстарын басқарып, жобаның теңіз кешеніндегі нысандары үшін ары қарайғы жоспарлау, жобалау және құрылыс жұмыстарын жүзеге асырады. «Аджип ҚКО» компаниясы жерүсті нысандарын жоспарлау, жобалау және құрылыс жұмыстары үшін жауап береді; «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» компаниясы ІІ кезеңдегі бағалау және бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін жауап береді, ал «ҚМГ Қашаған Б.В.» мен «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.» компаниялары құрған НКПОК бірлескен кәсіпорны барлық кезеңдердегі өндірістік операцияларды басқаратын болады.

ӘРІПТЕСТЕР

ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАН

ЖОБАНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ

2 кезең

1 кезең

Бағалау

Тұжырымдаманы айқындау

ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ

Жобаға дейінгі зерттеу жұмыстары

Құрлықтағы игеру жұмыстары

ӨНДІРІС

Теңіздегі игеру жұмыстары

Бұрғылау жұмыстарының кешені

Шелл Девелопмент Қашаған Б.В.

ЭксонМобил Қазақстан Инк.

Өндірістік қызмет

АЯҚТАЛДЫ

Шелл Девелопмент Қашаған Б.В.

11


Тұрақты даму Мұнай мен газды өндіру, жергілікті адамдарға жаңа жұмыс орнын құру, мейлінше молырақ табыс әкелу сияқты Қазақстан Республикасы үшін негізгі игіліктерге қоса, СКӨБК аясында атқарылып жатқан жұмыстар әрі жергілікті, әрі ұлттық экономиканы тұрақты дамытуға бірқатар мүмкіндіктерді ұсынады. Қазақстан Республикасының азаматтарына ұзақмерзімді игіліктер жарату үшін және консорциумға үлескерлердің ұзақмерзімді үміттерін ақтау үшін НКОК жергілікті уәкілетті органдар және жұртшылықпен қоян-қолтық жұмыс істеседі. НКОК өзіне жүктелген әлеуметтік, корпоративтік және қоршаған ортаны қорғауға қатысты жауапкершілікке айрықша зейін қояды. Компания Оператор ретінде міндетін атқару барысында қолданыстағы барлық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әрекет етеді.

Қауіпсіздік техникасы және денсаулықты қорғау Тұрақты түрдегі өндірістік қызмет бірінші кезекте қауіпсіздік техникасы мен компанияға қарасты қызметкерлердің денсаулығын қорғауды білдірсе керек. НКОК және Агенттік компаниялар аталмыш мәселелерді кезек күттірмес басым міндет ретінде қарастырады. Бір де бір іскерлік шешім еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды, қауіпсіздік техникасын егжей-тегжейлі бағаламайынша қабылданбайды. Консорциум қауіпсіздік техникасына қатысты бірнеше бастаманы, соның ішінде, өндірістік алаңдарда қауіпсіздікті бақылаушыларды орнату бастамасын іске қосты.

12


ӨТК аралы

Қошанай

Баутино

Қалдықтармен жұмыс істейтін қондырғылар

Қоршаған ортаны қорғау НКОК экологиялық аспектілерге баса назар аударып келеді.

Қандай да бір әлеуетті тәуекелге әкеліп соқтыратын жағдайды болдырмау үшін НКОК үнемі қоршаған ортаға әсерді бағалау есептерін және іс-әрекет жоспарын жаңартып отырады. Компания жоспардан тыс және қолайсыз уақиғаларға нәтижелі түрде қарымта қайтару үшін тиісті жүйелер мен ж��мыс тәртіптерін енгізді. НКОК және оның Агенттері алау оттарды жағуды толықтай доғару және сарқынды суларды болдырмау саясатын ұстанады. Бұрғылаудан кейінгі қалдықтар жинақталып Баутинодағы материалдық-техникалық жабдықтау базасына таяу маңдағы тазарту қондырғысына жөнелтіледі. Бұрғылау ерітіндісін дайындауда пайдаланылатын мұнай бөлініп алынып, өңделеді. Консорциум ұдайы қоршаған ортаның күй-жайының мониторингін жүргізеді: теңіздегі қондырғылардан мәліметтер жинақталып, судың және су түбіндегі қалдықтардың химиялық құрамы, балық популяциясының, бентос пен планктонның жағдайы сарапталады. Сонымен бірге, жыл сайын құс және итбалық популяциясына қатысты зерттеулер жүргізіледі.

Апаттық мұнай төгінділерінің алдын алу және жою Консорциум өзі үшін айқындап алған басты басымдық – өзіне тиесілі қондырғыларды сапалы және сенімді түрде жобалау, салу және пайдалану арқылы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау. НКОК барлық жұмысты жүргізу тәртіптері Қазақстан заңдарына, мұнай кеніштерін игерудің әлемдік озат жосықтарына сәйкес, сонымен бірге олар Солтүстік Каспийдегі бұрғылау және өндіру шарттарын назарға алады. Мұнай мен газды өндіру барысында осы салаға тән тәуекелдерді есепке ала отырып, консорциум құрамында мұнай төгінділерін жою жөніндегі арнаулы топ жасақталған. Бұл топ Атырау мен Баутинодағы теңіз нысандарында орналасқан қондырғылармен және даярлықтан өткен мамандармен жабдықталған.

Баутинодағы мұнай төгілімдерін жою базасы

13


Тұрақты даму Жергілікті құрам НКОК жергілікті кадрлардың біліктілігі мен жергілікті компаниялардың қуатын арттыра отырып, жергілікті тауар мен қызметтерді мейлінше арттыруды көздейтін әлемдік деңгейдегі жобаны іске асыруға мүдделі. Мұндай стратегия консорциумда жергілікті қоршаған орта туралы таным мен түйсіктің жақсара түсуіне септесіп, жұртшылықпен анағұрлым жақсырақ қарым-қатынас орнатуға, шығындарды кемітуге жол ашады. 2010 жылға дейінгі төрт жыл ішінде Оператор 400-ден аса жергілікті компанияларға семинарлар өткізді, 52-ге тарта жергілікті мекеменің сертификаттау бағдарламаларына қатысуына көмектесті және 51 біріккен кәсіпорынның тұсауы кесілуіне дәнекер болды. Ұлттық компаниялар консорциумның қауіпсіздік техникасы бойынша бастапқы біліктілікті сынау талаптарына сай келуі үшін, бұған қоса тауар мен қызметтерді бәсекелестікке қабілетті бағамен, сапамен және қолжетімділікпен қамтамасыз ете алатындай қарымға ие болуы үшін жергілікті құрамды дамыту үдерісі жергілікті компанияларды анықтап, оларға көмек көрсетуді көздейді. 2005 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықта жергілікті тауар мен қызметтерге 7 млрд. доллар жұмсалды. Уақыт өте келе алуан түрлі ұстанымдар мен процедураларды пайдалану нәтижесінде шет елдік мамандар білікті жергілікті қызметкерлермен алмастырылатын болады. 2010 жылы НКОК және оған қарасты Агент компанияларда 4 000-ға тарта адам жұмыс жасаса, олардың тең жартысы Қазақстан азаматтары болды. Тұтастай жобаны жүзеге асыруға 35 000-нан астам адам, соның ішінде, мердігер және қосалқы мердігер жұмысшылар, жұмысқа жұмылдырылды. Бұл көрсеткіштің 80% астамы Қазақстан азаматтарының еншісінде. Бұл, әлбетте, осы тектес жоба үшін айтарлықтай меже. Жұмысқа тартудан бөлек НКОК жергілікті дарындардың санын көбейтуді мақсат тұтады. 2002 жылы тұсауы кесілген арнайы оқыту бағдарламасы аясында қазақстандық

14

жоғары оқу орын түлектері іріктеліп, жұмысқа тартылып, оқытудан өтеді. Олар келешектегі өндірістік операцияларға, іскерлік қолдау жұмыстарына тартылады. Аталмыш бағдарлама Консорциумға тиесілі Атыраудағы оқу орталығында жүзеге асырылады. Мұнда 11 дәрісхана, механика, электротехника, бақылау және өлшеу аспаптары мен автоматика салаларына арналған шеберхана, кітапхана және мәжіліс залы бар. Ауаны, топырақты, судың сапасын және бұрғылау ерітіндісін бақылап отыру үшін орталықтағы химиялық зертхананы ISO 17025 стандартынан сәйкестендіру үшін жұмыстар жүргізілуде.


Әлеуметтік нысандағы инфрақұрылымдық жобалар Әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған жобалар (ӘИЖ) - Операторға жүктелген корпоративтік және әлеуметтік жауапкершіліктің басты құрамдасы. Компания білім беру, денсаулықты қорғау, спорт, мәдениет, мәдени мұра саласындағы жобаларға ауқымды қаражат бөліп, табысы төмендерге көмек көрсетіп келеді. Бөлінетін қаражат Атырау және Маңғыстау облыстарына қарасты жобалар арасында бірдей үлестіріледі. Бұл жобаларға қатысты ұсыныс әкімшіліктердің өздерінен келіп түседі. Жобалар жергілікті билік өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста іске асырылады. Соңғы бірнеше жыл көлемінде аталған облыстарда бірқатар жобалар жүзеге асырылды, олардың ішінде жол төсеу, мектеп, балалар бақшасы мен ауруханалардың құрылысы, газ және электр қуатын тарту, суды жеткізу жобалары бар.

Жергілікті жұртшылықты қолдау Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы негізінде НКОК жергілікті жұртшылықтың талап-мұқтажын ескеріп отырады. Бүгінгі күнге дейін консорциум мектеп және балабақшаларға құрал-жабдық және тасымалдау көлігін сатып әперіп, спорт, білім беру және мәдениет саласындағы бірнеше бастамаларға ұйытқы болды. Қаржы жариялы түрде Қазақстан Республикасының заңдары мен әлемдік озық тәжірибелер негізінде бөлініп отырады.

15


Түйін сөз Қашағанды игеру жобасы ондаған жылдарға созылады деп күтілуде. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасы болжамдық есептеулер бойынша жобадан миллиардтаған доллар көлемінде пайдаға кенеледі. Қашаған кен орны Қазақстан Республикасының алдында тұрған күрделі техникалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді орнықтырудың керемет мүмкіндіктерін ұсынады. Қазақстандық қоғамның құрамдас бір бөлігі ретінде НКОК осынау күрделі шарттардың түгелін еңсеруге, өзіне қарасты Агенттер мен консорциумға үлескер әріптестерімен Қазақстан Республикасы экономикасының қарқынды өсуіне, азаматтары мен өндіріс ошақтарының тұрақты дамуына мүдделі болып қала бермек.

НКОК кеңсесі, Астана қ.

16


www.ncoc.kz

АСТАНА

ПАРИЖ

АТЫРАУ

Қазақстан Республикасы, 010000, Есіл ауданы, Есіл өзен, сол жақ, Қонаев к-сі, 2 үй

«Ле Ньютон» ғимараты де Вож даңғылы, 9 92 924 Париж-Ла Дефанс Франция

«Құсайын» ғимараты Уәлиханов көшесі, 6 Қазақстан Республикасы 060002

Тел.: +7 7172 35 50 01 Факс: +7 7172 59 16 41

Тел.: +33 1 41 75 53 00 Факс: +33 1 47 75 55 57

Тел.: +7 7122 92 39 00 Факс: +7 7122 92 22 55

® НКОК. Барлық құқықтар қорғалады.


ncoc_corporate_broshure_2012_kz