Page 1

Ғалия Құсайынқызы Балтабай

Өмір шыңы 1 ПАВЛОДАР – 2018 ЖЫЛ


2


Жалпы редакциясын басқарған Мейрам Бегентаев Редколлегия алқасы Ернұр Дəуенов Асқар Шөмшеков Раушан Сыбанжанова

Құрметті оқырман! «Өмір - шыңы» атты кітап - менің 42 жылға жуық журналистік қызметімдегі ашық айтылып, бірақ кейбір ойлар кезінде жарияланбай өз архивімде сақталып қалған қолжазбаларымнан туындаған еңбек. Кеңес үкіметінің кезінде айтуға болмайтын жайларды айтып, күресе жүріп, соны дəлелдеп, талайлармен арпалысқан жылдарым, халқыма көрсеткен қызметім біреулерге ұнаса, біреулерге мақтанып отырғанымдай болар. Бірақ бүгінде осы жайлар тарих болып менің өміріме енді. 70-ке келген шағымда мені бала көңіл жетегіне жетелеп, осыны бүгінгі ұрпаққа ашық айтып, оқырманға жеткізбейсің бе? дейді. Шығармашылық кезеңдегі атқарған жұмыстарым мен өткен өмір, еңбек жолым болашақ ұрпаққа, жас журналистерге өнеге болып, осыны олар өз кəдесіне жарата білсе деген мақсатта жазылған кітабымды назарларыңызға ұсынып отырмын.

3


Мейрам Бегентаев Павлодар облысы əкімінің орынбасары

Алғы сөз Облысымызға ғана емес, Республикалық қазақ жуналистикасына аты мəлім, «Құрмет» орденді журналист, «Қазақ радиосының үздігі», Қазақстан Республикасының мəдениет қайраткері Ғалия Құсайынқызы Балтабайдың «Өмір шыңы» кітабына - оның өткен шығармашылық жолы мен ол жайлы айтылған жылы тілектер жəне кітап авторының елге танымал қайраткерлер жайлы жазылған мақалалары еніп отыр. Ғалия Құсайынқызы Балтабай - журналистика саласында үздіксіз 42 жыл қызмет етіп, халқының мұң-мұтажын айта отырып, талай мазмұнды хабарларды өмірге əкелген қаламгер. Астана, Алматы қалалары мен Павлодар облысының мəдени өмірі мен радио-телевизия саласынына үлкен үлес қосқан майталман қайраткер. Ол қай кезде де қоғамдағы болып жатқан жайлардан еш қалыс қалған емес. Кеңестер Одағы кезінде айтуға болмайтын - заманымыздың көлеңкелі тұстарын ашып айтып, қиындықтан шығудың жолдарын да өзі іздестірген. Ғалия Балтабайдың атқарған үлкен жұмыстарының бірі - Кеңестер Одағы ыдыраған кезде бүкіл республика өңірлерінде облыстық радиолар жабылып, құрып кеткенде, біздің өңірдегі құзырлы орындар мен басшыларға радионың қажеттігін айтып, Республикалық тендерлерге қатысып, радионы ҒМ толқынына шығарып, Павлодар аймағында облыстық радионы сақтап қалуы бүгінде тарихи дерекке айналды дер едім. Ғалия Балтабайдың айта берсек, облысымыз бен аудандарымыз үшін жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Талай шешімін таппаған істерге араласты, одан нəтиже таппай тынбады... Елорда Ақмолаға ауысқанда, отбасымен бірге, Астананы көркейтемін, оған өзіндік үлес қосамын деп, 1997 жылы тамыз айында Елордаға қызметке ауысты. Астанаға да сіңірген еңбегі ерен. Қорыта айтқанда, бұл кітап жас журналистер мен болашақ қаламгерлерге үлгі-өнеге болатын, мазмұны кең, тілі жатық шығармашылық еңбек деуге болады.

4


Ғалия Құсайынқызы Балтабай

«Құрмет» орденінің иегері

Балтабай Ғалия Құсайынқызы бүгінде құрметті демалыста. Зейнеткерлікке дейінгі қызметі - Павлодар облыстық радиосында директор. /2001-2008 жылдар / Туған жылы - 1948, 1 маусым. Павлодар облысы, Железинка ауданы, «Аққайың» ауылы /бұрынғы Комаровка/ Ертіс ауданындағы №2 қазақ мектебін бітірген. Білімі - жоғары, қазіргі Əль-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тəмамдаған. Оқушы кезінен жергілікті газеттерде мақалалары жариялана бастаған. Еңбек жолын 1966 жылы мұғалімдіктен бастайды, ал 1967 жылы Алматыдағы Республикалық Қазақ радиосына қызметке алынады. Отбасы жағдайына байланысты 1983 жылы біржола Алматыдан Павлодар облыстық телеарнасына редакторлыққа ауысады. 1987-1997 жылдар аралығында Республикалық радионың Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқара жүріп, Павлодар облыстық телеарнасында қазақ тіліндегі Жаңалықтар бөлімін басқарады. 1997-2001 жылдары Елордамыз Ақмолаға алғашқылардың бірі болып қызметке ауысады. Республикалық Телерадиокорпорациясында коментатор қызметін атқарады. Ғалия Балтабай - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан талай мəрте сұхбат алған журналист. 2001 жылы сол кездегі облыс əкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен Астанадан Павлодар облыстық радиосына директор болып қызметке алынады. Мұндағы жүрмей жатқан істі одан əрі жалғастырады. Республикада облыстық радионы сақтап қалған жалғыз басшы. Ол үшін талай тендерлерге қатысып, нəтижесінде облыстық «Халық» радиосын ҒМ жиілігне қосып, бүгінде ол радио Павлодар облысының 94 пайызын қамтып, хабар таратуда.

5


Қазақстан Республикасы жəне Павлодар облысының мəдени өмірі мен əдебиетіне, радио-телевизиясының өркендеуіне кезінде зор үлес қосқан белгілі журналист Елбасының жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалімен наградталған. ҚР Мəдениет қайраткері, ҚР Құрметті журналисі, «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері, «Қазақ радиосының үздігі», «Қазақ телевизиясының 60 жылдығы» төсбелгісінің иегері яғни, Ғалия Балтабай журналистика саласының бірі радио мен телевидениені қатар ұстап 42 жыл қызмет атқарған. Ғалия Құсайынқызы жазушылықпен де айналасты, 13 кітабы жарық көрген, əлі де жазу үстінде. сондай-ақ, 7 кітапқа редакторлық қызмет көрсеткен. Атап өтсек, елбасының үш тілде шыққан «Бейбітшілік жəне қоғамдық келісім идеясы» атты кітабына Бас редактор болған. Ал «Ел Шоңы», «Поэзия падишасы Фариза» «Өмір - өзен», «Ұрпақтар ұмытпайды», «Өмір белестері» кітаптарын құрастырып, оған редакторлық қызмет көрсеткен. Ғалия Балтабайдың жеке өзі шығарған кітаптары - Кереку өңірінің мемлекет жəне қоғам қайраткерлері жайлы жазылған «Тұғыры биік тұлғалар», Республикалық дəрежедегі емші атанған Үміт Сұбатылова жайлы «Халық емшісі», Павлодар облыстық радиосы жайлы «Əрбір үйге радио қажет» деген жəне суырып салма əрі жазба ақыны, сегіз қырлы бір сырлы, дарынды жерлесіміз, Ертіс ауданының тумасы - Иса Байзақов жайлы «Иса ақын жəне оның ұрпақтары» деген кітабы мен астаналық соғыс жəне еңбек ардагерлеріне арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа ұлағат», Ел тəуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ақмола облысы» атты жəне Павлодар облысы, Железинка ауданының соғыс жəне еңбек ардагерлері жайлы жазылған «Туған жер перзенттері» атты екі томдық кітабы мен «Есімдері ел есінде», Сабыржан қажы жайлы жазылған - «Шипасымен шуақ шашқан», сыныптастары туралы - «Қалдырған ізің – мəңгілік», кітабы мен Павлодар облысына ғана емес аты республикаға аңыз болған қайраткер əйел-ана – Зара Қожахметова жайлы «Ұлтын ұлықтаған асыл ана» кітабы мен АЛЖИР лагерінде отырған, сталиндік репрессияға ұшырап, саяси қуғындалып, жазықсыз жапа шеккен аналарымыз бен қыз-келіншектердің тағдыры жайлы жазылған «Тағдырларды біріктірген Қазақстан» жəне мына алдарыңызда оқып отырған «Өмір - күрес» деген кітаптарын айтуға болады. «Тағдырларды біріктірген Қазақстан» басылымын Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев оның қабылдауында болған саяси қуғындалғандардың ұрпағы Тұрар Рысқұловтың қызы – Сəуле Рысқұлова мен атақты балерина Мая Плисецкаяның туған інісі, АЛЖИР лагерінде анасымен бірге отырған Азари Плисецкийге, Ілияс Жансүгіровтің ұлы – Саят Жансүгіровтерге осы кітапты тапсырып тұрып: «Тағдырларды біріктірген Қазақстан» кітабы - «Сіздер үшін арнайы жазылған, бұл - атааналарыңыздың қиын тағдыры - ол бүгінгі ұрпаққа ой салар, болашағын болжайтын құнды дүние», - деп баға берген еді. Осы көріністерді бүкіл республикалық телеарналардан көрсеткенде, өз еңбегімнің жанғанына қуандым», - дейді Ғалия Балтабай. Мұнда Павлодар өңірінің саяси қуғындалған қайраткерлер жайында

6


да мақалалар бар. Ғалия Құсайынқызы ҚР Тəуелсіздігінің 10 жылдығына орай Астанада бастау алған республикалық Қазақ радиосы арқылы ұйымдастырған «Қазақстаным - қарашаңырағым» атты радиомүшəйрасы кейін Кереку өңірінде жалғасты. Ал 2017 жылы Астанадағы Лев Гумилев атындағы журналистика факультетінің студенті Мөлдір Оразалы Ғалия Құсайынқызы Балтабай жайлы «Ғалия Құсайынқызы - радиожурналист» деген тақырыпта дипломдық жұмыс жазып, оны «5»-ке қорғап шыққанын мақтанышпен айта аламыз. Шынында да, Ғалия Балтабайдың облысымызға жасаған игілікті істері көп. Бəрін тізіп өту мүмкін емес. Оның облыстық телевидение мен радионың алтын қорындағы атақты өнер адамдары Иса, Естай, Майра, Жаяу Мұса, Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Қаныш Сəтбаев, Ахмет Байтұрсынов, Роза Бағланова жəне қазіргі өнер тарландары жайлы дайындаған деректі телефильмдері мен радиохабарларының өзі - бір төбе, өшпес тарих, асыл мұра дер едік. Ғалекең жайлы менің - / Əсел Мұқатованың / «Күрескер қызы қазақтың» атты кітабымда оның бүкіл болмыс тіршілігі мен қызметіндегі нəтижелі де табысты істері жайлы толық жазылғанын айтуыма болады. Ал ендігі ойымыз, құрметті оқырман, Балтабай Ғалия Құсайынқызының өзі жазған «Өмір - күрес» кітабымен жалғасады. Əсел Жақсыбай, журналист

Астана. КазМедиа-да. Қазақстан телеарнасының 60 жылдығында

7


Нақия Оспанова анам

Аяулы менің анашым Мені осы өмірге əкеліп, қатарымнан қалдырмай, жылы мейрімімен əлпештеп өсірген анам – Нақия Оспанова сонау саяси қуғын-сүргін заманында да, соғыс жылдары да барша жұртпен бірдей қиындық көрді. Анамның алғашқы жолдасы, Ұлы Отан соғысынан оралмай, хабарсыз кеткен жауынгер Калимолла Оспанов /елдегілер Кəлмүш/ деген екен. Оспановтар өздері төрт ағайынды, кедей шаруа отбасынан шыққан. Қалимолла үлкені, оның өзінен кейінгі үш інісі – Қажы атам мен Қиматолла, Шайдоллаларға қолынан келген көмегін аямай, олардың аяғынан тік тұрып кетулеріне жағдай жасаған дейді ауылдастары. Ал анам Нақия Ахметуəли деген байдың қызы болыпты, алдында жеті ағасы, өзінен он үш жас үлкен Жəпіш деген апасы болады. Нақия анам балалардың ішінде кенжесі болғандықтан, өте ерке болып өседі. 1928 жылы он үш жасында жаңағы Қалимолла Оспановқа тұрмысқа шығады.

Анам жəне сіңлім Батия

8


Анам жəне інім Зейнулла Тұрмысқа ол бірақ өз еркімен бармайды, себебі ол өте жас болатын. Балалық шағын қимайды. Ауылдың белді азаматы атанған Қалимолла зайыбының қырағылығы мен өжеттілігі елден ерекше болады. Оған қоса оның аңшылығы жайында ел аузында талай аңыз да айтылатын. Осы қасиеттерімен Қалимолла Оспанов Нақия анамның жеті ағасының көзіне түседі. Ағалары сол кездің өзінде-ақ болашақ күйеу балаларына құрметпен қарап жүреді. Осыны сезген Оспанов Қалимолла қарындастары Нақияда ойы барын анамның ағаларына жеткізеді. Содан анам бар-жоғы 13 жасында ағаларының айтуымен Қалимоллаға бар жасауымен ұзатылыпты. Анам көп уақытқа дейін өзінің тұрмысқа шыққанын мойындамай, бұрынғыдай ауыл балаларымен ойнап кетеді. Осы ауылға келін болып түскенін сезінбейді. Күйеуінің інілері Қажы, Қимат, Шайдоллалармен ер балаша ат үстінде, қыстың күні сырғанақ теуіп, ерке қыз ұл балаша асыр салып ойнап кетеді екен. Елде саяси қуғындалу басталған кезде анам ата-анасынан жырақта болып, балғын балалық шақтың қызығын көре алмай əрі оларды сағынып, зар жылайды. Бірер жылдан кейін халық аштыққа ұшырап, ата-анасының бөліп берген еншісі мен біраз малын жолдасы Қалимолланың інілерін асырауға, күн көріске жұмсайды. Бəрінен де қиын кезең 1937 жылдары басталады. Елдегі аштық, аурудан қырылып жатқан адамдар. Осының бəрін анам өз көзімен көреді. Содан Қалимолла ағатайымыз аман қалудың қамын ойлап, үш інісі мен сегіз баласын алып, Ресейдің Новосібір облысына көшіп кетеді. Анам Қалимолладан 8 бала көрген екен. Новосібірге келісімен ол ата-анасынан қалған жасауларын, құндыз ішіктері мен, түйір-түйір алтындарын сатып, күндерін көреді. Осылайша олар аштықтан аман қалады. Бір-екі жылдан кейін Оспановтар əулеті елге қайтып оралады.

9


Қаңырап қалған, тоз-тоз болған бос үйлер мен аш-жалаңаш, ауруға шалдыққан адамдар. Əр жерде өлген адамдар мен малдарды көмген шұңқырлар, обаларды көрдік қой, сол сұмдық осы күнге дейін көз алдымда деп анам бір əңгімелесіп отырғанда осы жайды еске алған еді. Елге оралған оларға да тіршілік жасау оңай болмайды, жұртпен бірге көрместің күнін кешеді. Қазақ халқының басына түскен осы бір нəубет кімге оңай болды дейсің. Қайран қазақ. Сталиндік репрессияда олар əкелерінен айырылып қана қоймады, азық етіп отырған қолдарындағы малдарынан да айырылды емес пе? Аштан өлсін деп қолдарындағы малды үкіметке тапсыртады. Қалған малдарды тіпті шұңқырға тірідей көміпті. Бұл сұмдықты көрген сол кездегі адамдардың шыдамдылығына қазірде қайран қаламыз. Төрт жылдың ішінде ауру мен аштыққа шыдамаған олардың алтын асықтай алты баласы дүниеден өтеді. Осындай қайғыға тап болған Калимолла қалған екі баласы мен үш інісін асыраймын деп, сонда тоғай-орманды аралап, аңға шығады. Қоян, қасқыр, түлкі, қарсақ аулап, бүкіл ауылды асырайды.Түлкі мен қасқырдың терісін Ресей жаққа апарып сатып, сол жақтан інілерімен бірге елге азық-түлік əкеледі. Қоян атып əкелсе, сорпалық тамақ жасатады екен. Тіпті аңшылығымен бір ауылдың адамдарын да асыраған дейді. Бұл жайында ауылдағы оны көзі көрген адамдар кезінде жыр ғып айтатын. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Елге тірек болып отырған төрт ағайынды Оспановтардың барлығы майданға кетеді. Ауылда кəрі-құртаң ақсақалдар мен мектеп жасындағы балалар жəне қыз-келіншектер мен қарт əжелер қалады.

Анам Алматыға келгенде

10


Анам 13 жастағы Жұмабек пен 2 жастағы Қайыржан деген ұлымен колхозға кіреді. Жұмыс ауыр, кішкентай Қайыржанды қасынан тастамай, өзімен бірге жазда қырман басына, қыста мал соңында жүріп, елмен бірге күн кешеді. 13 жастағы ұлы Жұмабек болса тракторға отырады. Жұмабек күндіз жұмыста болса, кешкісін мектепте оқуын жалғастырады. Анам ашжалаңаш жүріп, масақ тереді. Теріп əкелген дəнді дақылдарды түнімен отырып қол диірменмен тартып, содан таба нан пісіріп, күндерін көреді. Бірде жұмыстан қатты шаршап келген анам Қайыржанды емізіп отырып, аштықтан болар, талықсып, емізіп отырған баланың үстіне құлайды. Ес-түссіз қалған анамды көршілер құтқарып алады. Бірақ, аш əрі əлсіз бала, анамның салмағын көтере алмай тұншыққан болу керек, бірден көз жұмыпты. Есін жиған анам Нақия, басына түскен бұл қайғыдан, айырылған баласын жоқтап көпке дейін өз-өзіне келе алмай төсек тартып жатып қалады. «Тірі тіршілігін жасайды екен» деп осы бір басынан өткерген оқиғаны мен есейгенде жылап отырып анам еске алып еді. Бес жыл бойы «Бəрі Отан үшін, бəрі майдан үшін» деген ұранмен жан аянбай еңбек етіп, ер азаматтардың орнын басып, қажырлылық көрсеткен аналардың бірі де, бірегейі де - осы менің анам. Соғыс та бітеді, бірақ жолдасы Калимолла майданнан оралмайды. Хабарсыз кетті деген қара қағаз келеді. Күні -түні көз ілмей, оны ойлап жылаған түндерім-ай ! дейтін анам. Баласы Жұмабек болса басқа балалардың майданнан оралып жатқан əкелерін көргенде үйге келіп жатып қалады екен. Көз жасын анасына көрсетпеймін деп жастықты жастанып жылапты. Баласы Жұмабектің іштегі толғанысы анамның да жанына қатты батады. Ағайым Жұмабектің əкесіне деген сағынышы мен үміті кейін анамның тұрмыс құруына рұқсат бермей, үйден безіп кетемін деп анамды қорқытуы оның іштегі балалық қызғанышы, менің əкесіз өсуім де осы соғыстың зардабы. Соғыс аяқталғаннан кейін де олардың тұрмысы бірден жақсарып кетпейді. Анам сол /қазіргі «Аққайың» / бұрынғы Бірінші Май колхозында жұмыс істейді. Сол жылдардағы қатаң сталиндік тəртіп қаншама жанның тағдырын тəлкек етті. «Шаш ал десе, бас алатын» белсенділер көптеген адамдарды қудалап, қуғындаған кездері де болды. Мен 1948 жылы жазғытұры туыппын, мамыр айының 2-сінде, тек Туу туралы куəлігім кеш алынды деп анам айтып отыратын. Бала болып сені еркелете алмадым, басқалардай еркін де жүре алмадың дейтін. Тіпті үш айлығымда анамды колхоз жұмысына шыға қоймадың деп түрмеге жапқанда мен де бірге түрмеде болыппын. Ол жайлы кейін айтармын... Ия, сол жылдардағы көрген бейнетіміз аз болды ма? Бұл менің анамның тағдыры ғана емес, осындай оқиға сол кездегі аналардың бəрінің басында болды ғой! Анам менің сол үш айлық кезімде-ақ, іле колхоз жұмысына шығып кетеді. Сені арқалап жүріп жұмыс істедім,- дейтін анам. Бүкіл өмірін колхоз жұмысында өткізген сол анам үкіметтен пенсия да ала алмай өмірден өтті ғой. Сөйтіп жүріп мені қатарынан қалмасын деп жоғары оқу орны университетте оқытты. Ауылдың адамдарына іс тігіп, оқуыма көмектесті.

11


Алматы. Анам менің достарымның арасында Анамның пенсиясына байланысты айтарым, колхозда істегенің есептелмейді, совхоз кезінде жұмыс істеген еңбек өтілің жоқ деп пенсия ала алмады. Өмір бақи колхоз жүмысында жүріп, еңбекақы ала алмай, еңбекақысын тек азық-түлікпен алып отырса, ал пенсия жасына келгенде зейнетақысыз қалды. Сол кездегі осындай заң болғанына таң қаламын. Бүгінде анамның өзіне кəрілікке берілген 20 сомға қанағат еткеніне, таңданбасқа шарам жоқ. Əттең, сол кезде мен жаспын, студент едім, қолдан келер шарам болмады. Шіркін-ай! Қазір қасымда болсаң ғой, анашым, Мекке -Мəдинаға арқалап апармасам да, қолымнан келгенше балалық парызымда өтер едім!.. Аяулы да сүйікті анашым, жатқан жерің жарық болып, жұмақтың төрінен орын бер, - деп бір Алладан өтініп сұраймын!

12


Құсайын Сарымов əкем

ӨМІРІ - ӨНЕГЕ Əр заманның тарихына өзіндік үлес қосатын, артында із қалдыратын адамдар болады. Олар - өзінен гөрі өзгені ойлайтын, халқының мұң-мұқтажын түсінетін тұлғалар. Олардың Отанға, туған жерге деген ыстық ықыласы да ерекше. Сондай адамдардың бірі - менің əкем Құсайын Сусанұлы Сарымов. 1909 жылы Новосібір облысының, Чанов ауданының, Айыскүл ауылында Кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Əкесі Сусын- /құжатында Сусан болып жазылған/ анасы-Несібелді, олардың екеуі де революцияға дейін орыс кулактарына жұмыс істесе, революциядан кейін жеке шаруаның малын бағып, күндерін көрген. Балалары Құсайын да жастайынан ата-анасына көмектесіп, соңынан ерген қарындастары Күлжəмила мен Күлбағилаға қамқор болады. 1925 жылдан 1929-шы жылға дейін ата-бабаларының туып-өскен жері Железин ауданының қазіргі Абай ауылына / бұрынғы Солдат ағаш/ көшіп келеді. 15 жасынын бастап осында байдың малын бағады. 1930-1931 жылдары қазақ жерінде жаппай ашаршылық басталғанда Сарымовтар əулетіне де оңай болмайды. Сусан ақсақал балаларын алып Ресей жерін паналайды. Құсайын əкесімен бірге əдеттігідей мал бағуға жалданады. Бір жылдан кейін олар қайтып Қазақстанға көшіп келеді. Ресей жерінен 7-ші сыныпты бітіріп келген ол егіс бригадасына есепші болып орналасады. 1939-шы жылы сол Солдат ағаш ауылына техникалық хатшы болып қызметке ауысады. 1940 жылы аудандық банкке қызметке алынады. 1942 жылы майданға шақырылады. Елін, жерін ерлікпен қорғаған Ұлы Отан соғысының ардагері. Майдан шебінде батальон комсоргы əрі парторгы болады. «Еңбек Қызыл ту» орденімен жəне бірнеше майдан медальдарымен марапатталған. Өзінің бар өмір жолын адамдарға жақсылық жасаумен бірге туған жеріне адал еңбек етуге арнаған. Ол соғыстан кейін Железинка ауданындағы бірнеше шаруашылықтарды басқарды. 1 Май, Калинин, Комаровка колхоздарының төрағасы болғанда Құсайын Сарымов ауданның ауыспалы Қызыл Туын

13


қолдан бермей, жыл сайын жеңімпаз атанған. Осы шаруашылықтарды басқарған жылдары ауыл тұрғындарының саны төрт есеге көбейіп, құрылыс жұмысы қарқынды дамиды. Сөйтіп, ауданның əлеуметтік өркендеуіне, ауыл еңбеккерлерінің тұрмысының жақсаруына жағдай жасайды. Ол кісінің ерен ерлігінің бірі - Аштық жылдары Омбы жақта қоныстанып қалған 200 қазақ отбасын ауылға көшіріп əкеліп, оларға жағдай жасаған. Жұмыс тауып беріп, баспана салдырып, олардың жағдайын көтерген. Бұл Кеңестер үкіметі кезінде осыншама қазақты туған жеріне қайтару оңай жұмыс емес, екі жақты келісіп отырып, бауырларымызды туған жеріне əкеліп, олардың батасын алған адам. 20 жылға жуық Железин ауылдық Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Отызыншы жылдары аудан орталығында МТС ашып, оған басшылық жасаған. 1951 жылы ауданда тұңғыш ашылған Тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының алғашқы директоры болды. Оны көзі көрген қариялар, білетін сол кездегі басшылар: «Құсайын Сарымов - көңіліңе кірбің түссе, жұбататын, қиналғанда қол ұшын беретін кең пейілді əрі іскер басшы»,дейтін.

ӘКЕМ ЖАЙЫНДА САҚТАЛҒАН СЫР Бала кезімде менің еліктеген адамдарым көп болды. Алғашқысы əліппемен таныстырған бірінші сынып жетекшіміз - Кəмəр Уəлиқызы Кəрімова, «Аққайың» ауылындағы сегізжылдық мектептің директоры Жылқайдар Смағұлов жəне Ертіс қазақ мектебінің директоры Қабыкен Əутəліпов пен жазушы Мүбəрак Жаманбалиновтер болды. Төртеуі де керемет адамдар болатын. Өмірге деген көзқарастары ерекше, адал, парасаттылығымен айналасындағыларды өздеріне тартатын қасиеттері болды, адамгершіліктері де мол еді. Журналистика мамандығына бейімдеген ұстазым - ақын, журналист, Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын Мүбəрак Жаманбалиновті ерекше құрметтедім. Əділ əрі шыншыл болатын. Өмір бақи халықтың мұңын жақтаған қаламгер. Өзінің ерекше қасиетімен менің өміріме із қалдырған тағы бір адам болды. Ол осы мақаламның кейіпкері - Құсайын Сусанұлы Сарымов. Бұл кісіні мен туып-өскен «Аққайың» ауылында көрдім. 1957 жылдың көктемі болатын. Ол кісінің бұл колхозға екінші рет басшы болып келген кезі екен. Мен ол кезде 10-11 жастамын. Оңды-солымды білетін шақ. Бір күні қасында нөкерлері бар мектепке Құсайын Сусанұлы Сарымов келді. Бəрі бəйек болып жүгіріп жүр. Кластарды аралап көрді, мектеп директоры Жылқайдар Смағұловтың сұраныстарын қағазға тізіп жазып алып, жаңағы қасындағылармен шығып кетті. Күзде мектеп оқушылары мұғалімдерімен бірге колхоз шаруашылығына көмектесеміз. Қырман басын тазалаймыз, бидайды тазалағыштан өткіземіз. Капуста, қарбыз, картоп жинаймыз. Осы жұмыстардың бəрінде колхоз председателі Құсайын Сарымов бізбен бірге жүретін. Жүзі жылы, жайдарлы, үлкенмен үлкенше, кішкентайлармен балаша сөйлесетін. Адамгершілігі

14


мол, қарапайым адам болды. Айналасындағыларға ойын тура жеткізетін, өте шешен адам еді. Колхозшылар оны қатты сыйлайтын, айтқанын екі етпей орындайтын. Сол кезде бала болсам да, тура осындай бастық болсам деп те ойлап қоятынмын. Ол кісі шаршау дегенді білмейтін, еңбекқор адам дейтін ауылдағылар. Бір күні таңертең ертемен жалғыз сиырымызды өріске айдап бара жатыр едім, Құсайын аға трашпанға жеккен атпен бригада басына кетіп бара жатыр екен. Тоқтай қалып, аттан түсіп, бетімнен сүйді. Апаңа көмектесіп жүрсің бе? Дұрыс, анаңды аялағаның жақсы, үлкен адам боласың, деп маңдайымнан құшырланып сүйіп қоштасты да, атына мініп, жүріп кетті. Осындай кездесулер жиі болып тұратын. Қай кездескенінде де «Қызым, амансың ба, сабағың жақсы ма», деп бір иіскеп кететін. Бірақ, ол кезде Құсайын Сарымовтың менің туған əкем екенін білген жоқ едім. Анаммен екеуінің келісімі солай екен. Бірге тұрмағаннан кейін баланың жүрегін ауыртып қайтеміз деген уəделері болыпты. Оның үстіне менің жалғыз ағам Жұмабек те қарсы болған екен. Осы жай туралы ауылдағылар да, туған-туыстар да маған білдірткен емес. Бірақ, неге екенін білмеймін, ол кісіге бір бүйрегім бұрылып тұратын. Алдында анам туралы біраз деректер беріп едім ғой. Ол Ахметуəли деген байдың қызы. Он үшке қараған шағында осы Аққайың ауылындағы Оспандар əулетіне келін болып түсті деп. 1944-ші жылдың соңында жолдасы Қалимолланың соғыста хабарсыз кеткені жөнінде қара қағаз келеді. Үміті үзілгендей, қараңғы бір түнек орнағандай болады. Талай күн, талайталай таңды жылаумен өткізеді. Əйтеуір артында қалған тұяғы Жұмабектің барына тəубə деп өзін-өзі жұбатады.1945 жылдың көктемі барша халыққа қуаныш əкелгенде, ұлы екеуі Қалимолла да мүмкін оралар деген тағы бір үміт пайда болады. Үш жылдай есік-терезеге үңілген ана мен бала амалсыздан тағдырдың жазғанына көнеді. 1945- 1946 жылдары ауылдың жағдайын, елдің тұрмысын көтеру үшін майданнан қайтқандар елге орала бастады. Соғыстан кейін тағы бір жыл майдан шебінде қалған Құсайын Сусанұлы да осы қазіргі «Аққайың» /бұрынғы Комаровка/ ауылына келіп, колхоз председателі болып тағайындалады. Соғыста жүргенде анасы Несібелдіден жəне екі ұлы мен жолдасы Махбоздан айырылып, оларға топырақ та сала алмайды. Үйде əкесі Сусан мен екі қарындасы Күлжəмила мен Күлбағила жəне үлкен ағасы Асайын, жеңгесі Биғайнұрлар қарсы алады. Келісімен колхоз жұмысына бірден араласып кетеді. Құсайын Сусанұлының басқару қабілеті, адамдармен тіл тапқыштығы жас кезінен байқалған дейді. Майданда ол батальон комсоргы, парторгы əрі командирі болған. Сондықтан да майданда көрсеткен іскерлігін ол осы колхозда көрсетуге тура келеді. Жанына қолынан іс келетін азаматтарды жинап, оларды шаруашылықтағы жауапты жұмыстарға тағайындайды. Ортақ іске бəрі жұмылып кіріседі. Жұмыстың бəрін тəртіпке кетіріп, өзіне де сондай талап қояды. Екі жылдың ішінде артта қалған колхоздың жағдайы жақсарып, алға шығады. Халықтың тұрмысы да əжептəуір көтеріліп қалады. Əрине ауылдың соғыстан кейінгі жайы белгілі ғой, жұмыс күші

15


жетіспейді. Қаншама жауынгер елге оралмай, майданда қаза болды. Оралғандары болса жарымжан, ауыр жұмысқа жарамайды. Сондықтан да сол жұмысқа жасөспірім балалар мен қыз-келіншектер, ата-аналар араласыпты. Менің анам Нақия да колхозға кіріп, əртүрлі жұмыстарда жүрген кезі. Осы колхоз жұмысында жүргенде Құсайын Сусанұлы менің анаммен танысады. Екі ұлы мен жолдасынан айырылған оның да көңілі құлазып жүрген кез. Сол жаралы жүрегіне ем болсын деп менің анаммен табысуды жөн көреді. Екеуінің өзара түсіністігі, ерекше сезімдері себеп болып, бірбіріне жақындасады. Осы сезім ұштаса келіп, үлкен махаббатқа айналады. Міне, мен осылайша өмірге келіппін. Ал менің анамның бірінші жолдасынан туған Жұмабек ағам, ағайындардың азғыруымен олар қосылғанда үйден безіп, Оспандарға кетіп қалады. Қызғаныштан туған бұл жай менің анамның жанына қатты батады. Тек өкініштісі, басқа балаларға жасалған «шілдехана» тойы мен үшін жасалмапты. Ауылдағы өсек-аяң, туған-туыстардың қарсылығы екеуінің тұрмыс құруына бөгет болады. Сол бір сұрапыл соғыстың салып кеткен салқыны, өмірдің қатыгездігі бейкүнə сəби менің тағдырымның тəлкегіне айналады. Анасын бөгде адамға қия алмаған, қызғаныштан іші құса болған баласы Жұмабек қарсы болса, жесірімізді басқа біреуге бере алмаймыз деп Оспандардың əулеті бір тулайды. Соның салдарынан ағам ағайындарының азғыруымен үйден кетіп қалады емес пе! Менің анам ақылына көркі сай өте байсалды, парасатты, төзімді, дауысын көтеріп сөйлемейтін адам болатын. Бірден шешім қабылдайды. Сөйтіп, Құсекеңді əңгімеге тартады. - Құсайын, сенің көретінің əлі алда, өзің болсаң жассың, мен сияқты басы бос қыз-келіншектер көп, өз теңіңді табарсың, мен аяғыңды матамаймын, ел өзіңді құрметтейді, біздің бұл жайымызды түсінер, қайда болсаң да жолың болсын. Жетімін арқалаған мені қайтесің. Бір бала өскен жерде екіншісі де өседі, ұлым да өсіп қалды, қарындасымды ренжітпеймін деп отыр, саған рахмет дейді де, екеуінің арасындағы байланысты бірден шорт кеседі. Тоқетерін айтқанда, мен бұл құпияны 8-сыныпта оқып жүргенде естідім. Бір жылдан кейін əкем Ертіс ауданының жасы келіп қалған Бəрен дегенге үйленеді. Мінезі өте ашық, ақжарқын, сымбатты, толықша келген, аққұбаның əдемесі болатын. Мені ол кісі өте жақсы көріп кетті. Мен де оны қатты сыйлайтынмын. Ал енді Жұмабек ағама келсек, анамның өзінің айтқанын орындағаны үшін риза болғаны сондай, анама қамқор болып, мені жетімсіретпей, еркелетіп өсірді. Есімде қалғаны кешкісін жұмыстан келгесін, мені төбесіне көтеріп, киноға апаратын. Қасынан тастамайтын. Иə, сол кезде ағам да, мен де анамның ішкі жан дүниесін түсіндік пе? Жастай қалған оның сезім-отын ерте өшіріп, кейін анама құда түсіп келгендердің жағасынан алып, қуып шыққан кездеріміз де болған. Өмірдің қиындығын ерте көріп өскен Жұмабек ағам ерте есейді. Елдегі қара жұмыстың бəріне араласып, анасына қолғабыс болып, колхозға да көмектесті. Ауылдың тұрмысы да, біздің жай-күйіміз де бірден жақсарып кетті деп айта алмаймын. Тек өзгеріс осы менің əкем басшы болып келген

16


жылдары болыпты. Құсайын Сусанұлы «Комаровка» ауылында қызмет еткен жылдары ауылдағылардың тұрмысы да, колхоздың əлеуметтік-экономикалық жағдайы да күрт өзгеріп, колхоз жеңімпаз атанды, жыл сайын аудандық партия комитеті мен атқару комитетінің Ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алып қолдан бермейтін. Бұл жайында өзі туралы жазған хаттарында да айтылады. Бірақ оның осы жетістігін көре алмағандар да болыпты. Тіпті қыр соңынан қалмай, жазықсыз жала жауып сталиндік репрессияның кебін кигізбекші болады. Əділдік қашанда жеңеді ғой, Алматыға Қазақстан Орталық партия комитетіне барып, ақталып келеді. 1949 жылы Петропавловск қаласындағы басшы-мамандар дайындайтын оқуға жіберіледі. Оқуды бітіріп келгесін оны тағы да артта қалған Железинка ауданындағы Калинин колхозына председатель етіп тағайындайды. Аудан басшыларының ойы - артта қалған колхоздың экономикасын жақсарту. Оған Құсекеңнің қабілеті де, ұйымдастырушылық қасиеті де жетеді, соны біліп жіберіп отыр ғой. Сөйтіп, ол бұл колхоздың да жағдайын жақсартады. Бірақ арам ниетті, жалақор адамдар ол қайда жүрсе де, қыр соңынан қалмайды. Дегенмен, соған қарамай, Құсайын Сусанұлы Калинин колхозын да алдыңғы қатарға шығарады. Ауыл еңбеккерлері оның бұл жетістігіне зор баға беріп, жаңағы жалақорлардың жаласына қарсы шығады. Осы Құсайын Сарымовқа жапқан жазықсыз жаланы ойласақ, 1937 жылғы саяси қуғындалған қаншама қазақ қайраткерлерінің, олардың бүкіл ұрпағының көрген қорлығы есімізге түседі. Ал 1963-64-ші оқу жылдары мен оқуымды Ертіс қаласындағы №2 қазақ орта мектебінде жалғастырдым. 1966 жылы мектепті бітіріп, қазіргі ƏлФараби атындағы университетке оқуға түсуге барайын деп жатқанымды естіген əкем Құсайын Сусанұлы біздің үйге келді. Алматыға жүруіме екіүш күн қалған. Оқуға құрбым Нағима Жексеновамен баратын болғанмын, самолетке билетімізді алдын ала алып қойғанбыз. Амандық-саулықтан кейін шай ішіп, оқу мəселесі туралы əңгімелестік. - Талабың бар баласың, оқуға əлі-ақ түсіп кетесің деп мені жігерлендіріп қояды. Кетерінде мен оны шығарып салуға далаға шықтым. Қызым, мүмкін көмегі тиер мына хатты Ғабит Мұстафинге апарып берерсің, ол осы біздің Железин ауданында біраз уақыт қызметте болғанда жақсы араласып кетіп едік, адірісін білмеймін, Жазушылар Одағына барсаң, табарсың деп, қолыма жазылған хатты ұстатты. Мен бірден хатты алмай, қатты ұялдым, өзім-ақ түсемін деп қарсылық білдіріп көріп едім, болмады, хатты алып үйге қайттым. Алматыға келісімен жатақханаға орналасуға, құжаттарымызды тапсыруға жүгірдік. Құсайын əкемнің айтқаны бойынша Жазушылар одағына келіп едім, Ғабит Мұстафинді таба алмадым, адресін бір жазушы ағай тауып беріп еді, күні бойы іздеп, əзер тапқанымызда үйде болмады, Қырымға демалуға кетті деді. Дегенмен, қанша қиындық болса да, сол жолы КазГУ-дің журналистика бөліміне сырттай оқуға түсіп қайттым. Алматыдан келісімен өзім оқыған мектепке мұғалім болып орналастым. Өмір өз ағымымен өтіп жатты. Бір жылдан кейін университетке сессияға

17


кеттім де, Республикалық Қазақ радиосынан қызмет табылып, біржола Алматыда қалдым. Жыл сайын демалыс алып, бір айға үйге келгенімде ол кісі үшін біздің жанұяның қалай қабылдайтынында шаруасы жоқ, мені үнемі үйге іздеп келіп жүрді. Одан кейін оның үйіне менің баруым міндет болатын. Сонда əкемнің жолдасы Бəрен апай мені өте жақсы қарсы алады. Тамағын пісіріп, шайын береді. Осылайша əр жылы осындай кездесулер қайталанып отырды. Мына бір жайды айтпай кетпеуіме болмайды. Бұл 1964 жылы, мен 8-сыныпта оқып жүргенімде болған оқиға. Біздің үй сол жылдары ауылдан Железинка аудан орталығына көшіп келген. Жұмабек ағамның ол кезде үш ұлы, менің інілерім Рамазан, Зейнолла, Рашит жəне екі қызы, сіңлілерім: Сəния, Əсия болатын. Мен ауылда қазақ мектебінде туыстардың қолында оқып жатқанмын, демалысқа келген кезім. Үйде анаммен бірге бауырларым жəне жеңгем Шамшижамал болатын. Осы сəт Құсайын əкем мен Бəрен апай кіріп келді. Жеңгем түскі асқа келген еді, амандық-саулықтан кейін ол жұмысқа кетті. Дастархан басында отырып əкем сөз бастады. - Нақия, немерелерің бар, баладан кенде емессің, бізге Ғалаияны рұқсат болса қолымызға берсең, Ермек ұлымызбен /інісі Асайынның баласы асырып алған/ бірге өссін, - деді. Анам біразға дейін үнсіз отырып қалды да, сөз бастады. - Ғалия оң-солын таниды, мен не айтамын, өзі шешсін, - деді. - Мен қарсылығымды білдірдім. Бірақ анам көндіргендей болды. Дегенмен, бір күннен кейін үйге қашып келдім. Балалық па, əлде кішкентай кезімде əкелік қамқорлықты көрмеген, енді неге қажет деген ой болды ма, білмеймін, əйтеуір жүрегім қаламады. Бұл жағдай менің бала кезімдегі оқиға ғой, қазір ойлап отырсам, олармен бірге тұрмасам да, заңды түрде оны əкем деп өзінің көзі тірісінде қабылдауым керек еді ғой... Мына бір жайды тағы айтып кетсем. Анам Нақия 1975 жылы қатты ауырды. Төсек тартып жатып қалды. Бауырынан жаман ауру болды. Бір күні үйге əкем Бəрен апаймен келді. Анамның жанына келіп, кешімшілік

18


Əкем Құсайын - Ұлы Отан соғысы жылдары əскери жолдастарымен сұрады. - Ғалияға, маған ренішің бар ма? - деді. - Жоқ, - деді анам. Өзі көзіне жас алды. Қанша қайратты адам болса да, осы жерде босап кетті. Мен де іштей жыладым, булығымды баса алмай, далаға шығып кеттім. Далада əкем қасыма келіп, жылама, қайратты бол, анаңды жақсы күт,-деп бетімнен сүйіп, басымнан иіскеді. Сосын далада ойнап жүрген ұлым Мадиярды төбесіне көтеріп еркелетті. Ал Бəрен апа болса сырттан қарап тұрған. Ол да менің жаныма келіп: Айналайын, жақсы дəрігерлер ауруын дұрыс емдесе, əлі-ақ жазылып кетеді анаң, деп менің көңілімді аулап жатыр. Анам 11 ай жатып қайтыс болды. Бəріміз арулап қойдық. Кейінде əкеммен əр жағдайда кездесіп жүрдік. Алматыдан Павлодарға көшіп келгенімде үйіме талай іздеп келді. Қазір сол күндерді сағынамын. Қасымда болса ғой, талай сұрақ қойып, əкеммен сырласар едім. Əкеміз жиырма жылға жуық Железин аудан орталығында ауылдық Кеңестің председателі болып қызмет істеді. Тіпті пенсияға шыққаннан кейін де 7-8 жыл қатарынан осы қызметте жарты ставкаға жұмыс істепті. Бұл қызметтен арыз жазып əрең босаған көрінеді. Себебі соңғы жылдары Бəрен апайым екеуі де қатты ауырды. Əкем соғыс кезіндегі қиындық пен колхоздастыру кезіндегі көрген зардабынан бруцеллез жəне жүрек ауруымен ауырса, Бəрен апай полиартритпен ауырды. Жалғыз ұлдары Ермек армия қатарынан ауру болып келеді, бір жыл болмай жатып қан ауруынан /ликемия/ қайтыс болады. Келіндері іштегі баламен қалды. Кейін ғой сол іштегі қалған бала өсіп жетілгенде мені іздеп тауып, ал мен болсам сол ініміз Ермектен туған Арман деген қызды өзім оқытып, қызметке алдым. Бүгінде ол Павлодар облыстық радиосында қызмет атқарады. 1981 жылдың 8 ші мамырында Павлодардан емделіп келе жатып Құсайын

19


əкем мен Бəрен апамыз жол апатынан қайтыс болды. Мен ол кезде Алматыда болатынмын, хабар кеш жетті, топырақ салуға да келе алмадым. Бұл да - мен үшін өкінішті жай... Ал енді 15 жылдан кейінгі оқиғаны еске сала кетсем, ол менің өмірімдегі ұмытылмас естеліктің бірі. 1996 жылы өтіме операция жасады, ол кезде мен Республикалық Қазақ радиосының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі жəне қосымша облыстық телевидениенің Бас редакторының орынбасары болып қызмет істеп жүрген кезім. Үш күннен кейін операция ойдағыдай өтіп, үйге шыққанмын. Ертіс ауданының, Иса Байзақов ауылынан телефон шалды. Кезінде Аққайың мектебінде қазақ тілі мен əдебиет пəнінен сабақ берген ұстазым Қабек Сағитовтың зайыбы екен. Қабек Сағитов - кезінде əдебиет үйірмесін ұйымдастырып, бізді өнерге, ақындыққа, журналистикаға бейімдеген ұстаз. Өзі де өлең жазатын Республикалық, облыстық аудандық газеттерге мақалалары мен өлеңдері жарық көріп тұратын. Өмірден ерте кетті. Сол ұстазымыздың еске алу кешін ұйымдастырмақшы екен, телехабар дайындап берсең қайтеді деп өтініш жасады. Құрметті ұстазымызға құрмет көрсету əр шəкірттің де міндеті ғой деген оймен операциядан шыққаныма бар-жоғы 5 күн болса да, жол жүріп кеттім. Иса Байзақов совхозының Мəдениет үйінде еске алу салтанатты кеші басталып та кетті. Мені құрметті шəкірті деп сахна ортасындағы президиумға отырғызды. Аудан орталығынан келген қонақтар, совхоз директоры Абылай Оразалин жəне басқа да арнайы шақырылғандар болды. Зал толы адам, телевидениеге түсіріп жатырмыз. Қабек Сағитовтың қысқаша өмірбаяны жайлы баяндама жасалып, шəкірті ретінде маған да сөз берілді. Ұстазыма деген жылы сөзім залда отырғандарды толғандырған болуы керек, бірінші қатарда отырған жасы алпыстардан асқан ақ-сары апай көзіне жас алып отыр екен, көзім сол кісіге түсіп кетті. Көзіміз бір-бірімізге түйіскенде ол кісі жылап жіберді. Сөйлеп тұрған мен де кідіріп қалдым, сол сəт, бұл кісіні қайда көрдім деген ой сақ ете түсті. Бірақ қанша адам менің əңгімемді тыңдап отыр ғой деп сөзімді жалғастырып əкеттім. Залдағылар ду қол шапалақтап риза болды. Президиумға қайтып келгесін жаңағы апай жаққа көз салдым. Көзін қол орамалмен сүртіп отыр екен. Түрі өте таныс, үнемі көріп жүрген адамыма ұқсайды. Бірақ есіме түсіре алмадым. Жиын біткесін бізді мəдениет үйі ұйымдастырған дастарханға шақырды. Сонда барайын деп тұрғанымызда жаңағы залда көрген апайым менің қасыма келіп, бетімнен сүйіп амандасты. Айналайын, қызым Ғалия, сен мені танымайсың, əкеңнің туған апасы Күлжамила апаң боламын. Бүгін сені осы біздің ауылға келеді деп естіп, өзіңе арнап мал сойғызып қойдым. Мына келген қызметтес жолдастарыңмен қонақ болып кетіңдер, деді. Аң-таңмын, не айтарымды білмеймін. - Балам, көңілімді қайтара көрме, сені мына телеэкраннан көрген сайын жылап аламын. Бүгін міне Құдай айдап осы біздің ауылға сені алып келді, үйде келін-балаларым да тосып отыр, - деп тағы өтінді. Жақыннан қарасам, бұл апай шынында да менің əкемнен аумайды екен. - Көп рахмет, бірақ біз мына Қабек ағаға арналған дастархан мəзіріне арнап келгесін оны қалай тастап кетеміз, - дедім.

20


- Қашан бітсе де тосамыз. Өзіңе арналған дастархан, - деді. Мен келісімімді бердім, балаша қуанып кетті. Біз үшін жасалған асты тастап кете алмай, ол үйге түнгі сағат 12-лерге қарай келдік. Дастархан жаюлы тұр, бəріміз отыра қалдық. Мен операциядан жаңа ғана шыққан адамға алыс жол оңай болсын ба, оның үстіне жол да жаман, шаршағаным бар, дастархан басында əзер отырдым. Ана жүрегі соны сезген болуы керек, мені диванға жатып демал деп, басыма жастық жастады. Жастыққа басым тиісімен ұйықтап кетіппін. Ертеңіне ас ішіп алып, Павлодарға жол жүріп кеттік. Күлжəмила апай кетерімде жақын арада күйеу бала мен немерелерді қонаққа шақырамын, келіңдер деп қалды. Уəделескен уақытта үй-ішімізбен апайдың үйінде қонақта болдық. - Менің көзімнің тірісінде əкеңнің аты мен фамилиясын ал. Бір кезде əкең орындай алмай кеткен арманы еді, аруағы риза болсын деп өтініш жасады. Осы кезде əңгімеге жолдасым Беделхан араласты. - Мен жалпы қарсы емеспін. Бірақ фамилияңды өзгерт дегеніңізге келіспеймін, əкесінің атын ғана алсын, - деді. Күлжамила апай оған да келістім, дегенмен менің осы тілегімді орындасаң, арманым жоқ, қанша ғұмырым қалды дейсіңдер, - деп бізбен қимай қоштасты. Сарымовтардың туған-туыстары куə болып, бір-екі жұмадан кейін Беделхан екеуіміз Туу туралы куəлікті əкеліп көрсеткенімізде, апайдың қуанғанын айтсаңызшы! - Енді арманым жоқ, бүгін алса да мені, əкеңнің аруағы риза болсын, сені телевизордан көріп отырғанымда аңғарғаным, отырған отырысың, сөйлеген сөзің, телевизордан көтеріп жатқан хабарларың - халықтың мұңын жақтайтын мəселелер. Сенің əкең Құсйын да сондай еді ғой. Тура əкеңнен аумағансың дейді. Əттең, Күлжəмила апамыздың қуанышы да көпке бармады. Тура бір айдан кейін ол кісі қайтыс болды. Сол кезде апамыз ауырып жүр екен. Жерлеуіне келгенімізде балалары молдадан рұқсат сұрап, топырақ салуыма мүмкіндік жасады, топырағы торқа, жаны жаннатта болсын деймін. Бүгінгі ұрпақ үлгі алар əкеміз Құсайын Сусанұлы Сарымовтың өнегелі өмір жолын бүгінгі жастарға осылайша айтуды жөн көрдім. Əкеме мемориалды тақта орнатқанда аудан тұрғындарымен бірге əкім Жанат Шұғаев

21


Жұмабек Оспанов Жан ағам

Жалғыз ағам - Оспанов Жұмабек 1932 жылы Железин ауданының екінші бөлімшесі /Комаровка/ қазіргі «Аққайың» ауылында дүниеге келген. Он балалы отбасында тəрбиеленді, ол - ата-анасының тұңғышы. Əкесі Қалимолла Оспанов аңшы болды, кезінде бүкіл ел оған қараған дейді. Оспановтар өздері төрт ағайынды болыпты. Үлкені – Қажы, Қалимолла, Қатимолла, Шанау. Ішіндегі пысығы да беделдісі осы ағам Жұмабектің əкесі Қалимолла екен. Елдегілер оны Кəлмүш деп атап кетіпті. Ағамның əкесі соғыстан оралмаған, ол жайлы алдында айтып өттім. Анасы Нақия ұлы Жұмабекпен колхозға кіріп, əртүрлі жұмыс істейді. Соғыс та бітеді, ол кезде бала жігіт Жұмабек бар-жоғы 13 жаста ғана еді. Басқа балалардың əкелері соғыстан біртіндеп қайтып жатқанын көргенде, ол да əкесі келіп қалар деген үмітпен жүреді. Бірақ келмейді. Дегенмен, бала жүрек үмітін үзбейді, өмір бақи əкесін тосып, алаңдаумен болады. Көз жасын анасына көрсетпей, жастықты жастанып жылаған күндері талай болды дейтін анам. Жалғыз қалған ұлының осы іштегі толғанысы анасының жанына қатты батады. Əкесінің жоқтығын ойлап қайғырғанынан, мен де адам сияқты қайта тұрмыс құра алмай, өмірімді осы артымды қалған Жұмабегім мен, Ғалия, саған арнап өттім ғой деп іштегі сырын анам талай ақтарған еді. Жұмабек ағам содан анамыздың жалғыз өзі үй тіршілігін ұстауы қиын болар деп, механизаторлар дайындайтын бір айлық курсқа оқуға барады. Сөйтіп, 13 жасында ауылда тракторға отырады. Жылдар өте шоферлер дайындайтын курста оқып, ауылда алғаш болып 1951 жылы Газ-51 машинасына отырды. Сондағы менің қуанғанымды айтсайшы. Таң елең бере тұрып, сауыншыларды тасиды, аудан орталығына МТС-ке жұмысшыларды апарып келеді, біз апам екеуіміздің арқамыз кеңіп, жұрт алдында ағамның машинасын айтып мақтанамыз. Ағам Жұмабек қай ортада болсын өзін өте салмақты ұстайтын, кішіпейіл, өте адал, еңбекқор болды. Қай кезде де жоққа ренжімей, барға тасымайтын. Өзін бірқалыпты ұстайтын. Өзінде барды қасындағыларға бөліп беретін. Қолы қысқа адамды көрсе, қайрымдылық көмек жасайтын. Өзі сондай сылқым, өте таза болатын. Əдемі киінетін. Анама көмектесіп кейде үйді өзі жинап, үтікті көмірмен қыздырып, кірді де, өзінің киімдерін үтіктеп алатын. Бірақ осы күніміз де ұзаққа созылмады. Жұмабек ағам Омбы қаласына үш

22


жылға армияға кетті. Үш жылда анам екеуіміздің көрмеген қиындығымыз жоқ. Мен болсам кішкентаймын. Анам таңның атысы, күннің батысы колхоз жұмысында. Кіп-кішкентай болып үйдің шаруасын мен істеймін. Ағам армиядан оралысымен тың игеру жұмысына араласты.1953-1954 жылдары біздің колхозға тың игеруге Ресей мен Украина, Белоруссиядан комсомол жастар келе бастады. Міне, осы кезде менің ағам Жұмабек те тың игеру кезінде күні-түні далада болып, егіс басында жүріп, қырманға астық тасыды. 1954 жылы Сəруар деген көрші ауылдың қызына үйленді. Ол кішкентайлы болып, осы сіңлім Батияны туғаннан кейін ұзаққа созылмады, қайтыс болды. Екінші рет ауылдағы беделді, ауқатты Уəли Кəрімовтің бес қызының бірі Шамшижамалға үйленді. Одан алты бала көрді, Ғайса деген ұлы, туысымен қайтыс болды. Жұмабек Оспанов ұзақ жыл Аққайың ауылында жүргізуші болып, озат атанды. Жақсы көрсеткіш бергені үшін оны аудан орталығындағы Железин совхозына шофер етіп ауыстырды. Алдына қойған тапсырманы жыл сайын асыра орындап, тіпті кейде екі жоспар бергені үшін оған жыл сайын ауданға берген су жаңа машинаны менің ағама беріп отырды. Есімде үш жыл бойы жаңа машина мінгені. Ауыспалы Қызыл Туды да жеңіп алып, қолдан бермейтін. Тың игеру жылдарындағы еңбегі ескеріліп, «Тыңайған жерді игергені үшін» меделімен марапатталды. Əрі сенімді, əрі өзінің жұмысына өте жауапкершілікпен қараған үшін оны совхоз директоры А.Айхлердің жүргізушісі етіп тағайындады. Сол директормен Жұмабек Кəлимоллаұлы Оспанов қызметін басқа жаққа ауыстырғанға дейін істеді. Содан кейін ол Железин ауданындағы үлкен Автобазаға ауысты. Мұнда ол Омбы-Железин-Павлодар жолдарымен ауыр-ауыр жүк тасып, ерен еңбек етті. Жүзге жуық жұмыс істейтін жүргізушілермен сайысқа түсіп, еңбектің көрігін қыздырады. Алдына жан салмайтын. Социалистік жарыстың жеңімпазы атанды. Өзіне берілген тапсырманы екі есе орындап, автобаза ғана емес ауданның мақтанышына айналады. Əр мереке сайын ақшалай-заттай сыйлықтар алып тұрды. Мұның бəрі оның еңбек кітапшасында көрсетілген екен. Бүгінде өткенге көз жүгіртіп отырсам, менің ағамды көзі көргендер: Сіз «партия» деп атайтын атақты жүргізуші Жұмабектің қарындасысыз ба!? - дейді. - «Партия» дегенді қалай түсінуге болады? - деймін мен таңданып. - Ағаң бір керемет адам еді. Турашыл, жұмыс десе ішкен асын жерге қоятын, жүрегі таза, өзі адал еді, - деп оның жақсы қасиеттерін тізбектей жөнелді. Тағдырдың жазмышы болар, ол Шамшижамалдан кейін тағы бір үйленді. Ұмсын жеңгемізден екі ұл бар. Балаларының бəрі ержеткен. Бір-бірімен араласып, бір-біріне бауырмалдықпен қарайды. Бұл жайды мен ағам Жұмабек Оспанов 74 жасында қайтыс болғанда көрдім. Железин орталығындағы үлкен асханада ас беріп жатырмыз, сонда 8 баласы да жүгіріп, жабдыққа көмектесіп жүр. Мен шетте тұрып көзіме жас алдым. Жалғыз ағамды, əке орнына əке, аға орнына аға болған ардақтымды қимадым. Оның мінезі шынында да ерекше еді. Көп сөйлемейтін. Осы бір

23


ерекше мінезіндегі ішкі əлеміне неге үңілмедім екен деп қазірде қатты ойлаймын. Жастайынан еңбекқор болғаны сонша, ешкімге салмақ салмай, мына жұмысым жүрмей жатыр деп бір айтпай өтті ғой. Алдында тұрған ісін өзі үндемей ғана дөңгелетіп жүре беретін. Ия, өмір, жылдар жылжып өтеді екен. Асқар таудай Жұмабек ағам менен алыстаған сайын, оның бейнесі мен үшін биіктей береді!

Жұмабек ағамның балалары

Жұмабек ағамның отбасы

24


Бақау нағашым

Нағашым жайлы есімде қалған жайлар Анамның туған ағасы, менің нағашым Бақау Ахметуалиев /Бахриденазан шақырып қойған аты/ Үрлітіп ауданындағы ауылдық Тұтынушылар одағының төрағасы болып жұмыс істеді. Оған аудандағы бірнеше ауылдың дүкендері кіретін. Үш жыл өткен соң отбасымен Антошинка (қазіргі Жаңа Жұлдыз) ауылына көшті де, бізден олар алыста тұрды. Біз ол кезде ауданға жақын қазіргі Аққайың ауылында тұратынбыз. Бұдан кейін, Бақау нағашым Славяновка ауылдық дүкенінің төрағасы болып сайланып, Тұтынушылар одағында жұмысын жалғастырды. Елдегілердің айтуынша, кішкентай болсам да анамның айтып отырған əңгімелерін естігенде есімде қалғаны, Бақау нағашым өте беделді адам

Нағашым - Жұмабек Бақауұлы жəне апамыз Гүлжиян

25


Бақау нағашымның ұлы Жұмабектің отбасы болған екен. Жоғары институтты бітірмесе де, өте білімді, білікті болыпты. Тіпті ауыл ақсақалдарының өзі ол кісі келе жатқанда, анадайдан көріп, орындарынан тұрып сəлем береді екен. Əрі менің Бақау нағашым өте бауырмал, қолынан келсе жақсылық жасауға тырысатын. Қазақстанға немістер мен шешендерді депортациялау басталған кезде нағашым Бахриден /Бақау/ айналасындағы адамдар мен жер аударылғандарға қолда барымен бөлісіп, үнемі көмектесіп тұрыпты. Жалпы сырттан көшіп келгендерге жақсы шырай танытқан адамгершілігі мол адам. Бірде əбден қалжырап, өлуге айналған неміс баласын тауып алып, бауырына салады. Оған Ахметуалиев Тілектес деп ат береді. Ол 18 жасқа дейін нағашымның тəрбиесінде болады. Бұдан соң туыстары табылып, өзінің Анзельм Андрей деген шын есімін алады. Айта кету керек, Андрей (Тілектес) бабаларының отаны Германияға кетпей, Қазақстанда өмір сүріп қалды. Осы қайырымдылық əрекет менің нағашымның қасиеті қазақ халқының көңілінің дархандығын, жанының жомарттығын танытып отыр емес пе! Менің анам Нақияның алдында жеті ағасы мен үлкен апасы Жəпіш əжем болды. Ол кісі біразға дейін Ертіс ауданының Тəжірибе станциясы орналасқан совхозда өмір сүрді. Жəпіш əжеме каникул кезінде барып тұратынмын. Ал анамның жеті ағасының біреуі Бақау нағашым ғана тірі қалып, қалған алтауы аштық жылдары қайтыс болыпты. Бақау нағашым өте мейрімді, ақкөңіл, өте бауырмал жан болатын. Менің бес жастағы кезім, жанымыздағы Церковный совхозынан Бақау нағашым келе қалды. Ол кісі келгенде біз қатты қуанатынбыз. Анам да мəз болып, нағашымды қайда отырғызарын білмей бəйек болатын. Сол жолы нағашым маған көйлектік ақ мата əкелді. Кестелеп, тіктір деп бір бума түрлі түсті жібек жіп те де қоса берді. Анама ең қымбат шай мен

26


мəмпəси кəмпит əкеліп, қуанышқа бөледі. Ол кезде мұндай шайды екінің бірі қолдарына түсіре алмайды. Бақау нағашым мені қатты еркелететін. Иығына мені отырғызып алып, өзі шыр көбелек айналатын. Мен оған мəз болатынмын. Анам менің өте шебер болатын. Қолөнермен де айналысты. Ауылдағы қыз-келіншектердің көйлектерін, ал əжелерімізге камзол тігіп, оларды қуантып жататын. Жаңағы нағашым əкелген матадан бес-алты желбіреуігі бар қазақша көйлек тігіп берді. Ал Ғайникамал тəтем жібек жіптен оюлатып желбіреуіктерге кесте тікті. Сол көйлекті талай жыл кидім, бойым өскенше. Айтайын дегенім, сол бір жоқшылық кездегі баланы қуантқан Бақау нағашымның қамқорлығын, туысына деген сезімін жылдар өткесін есіме алып жатқаным ғой. Менің анам Кəлмүш ағатайым соғыстан оралмай, қара қағаз келгенде, екі баламен жесір қалды. Сол кезде Бақау нағашым анама өзі дүниеден өткенше қамқорлық көрсетіп, көмек жасап тұрды. Ол кісінің осы жақсылығын бүгінде есіме түсіріп, осындай анамның бауырмал ағасы болғанын айтуды жөн көрдім... Иманды болып, жатқан жері жарық, орны жұмақта болсын!

27


Асайын Бақауұлы нағашым

Менің нағашым жайлы қызы Тілеулес айтады: 1939 жылы 4 сəуірде Церковное ауылында Ахметуалиев Бахриден мен Бəтиманың отбасында көптен зарыға күткен бала дүниеге келеді. Ол өте əлжуаз əрі аурушаң болып туғандықтан, есімін Асайын деп атайды. Атаанасы перзенттері жанұясы мен жұртына қорған бола алатын қуатты, денсаулығы күшті ер азамат болып өссін деп ырымдаса керек. Оны бесіктің орнына түлкі тымаққа салып, пештің жанына іліп қояды. Кезінде біздің атааналарымыз шала туған баланы тымаққа салып өсірген екен ғой. Содан болар, əкеміз тез өсіп, тез жетіледі. Арада үш жыл өткеннен кейін əкеміздің шешесі қайтыс болады. Ауылдастарының еске алуы бойынша, ол аса сұлу, жүзі нұрлы əйел болған екен. Əрі қарай баланың тəрбиесін өгей шешесі Балташ қолына алады. Асайыннан бөлек, бұл отбасында Жұмабек есімді тағы бір ұл бала болатын. Алайда оны Ахметуалиев деп емес, əкесінің құрметіне Бақауов деп жазғызған еді. (Бахриденді еркелетіп Бақау деп атаған). Атамыз, Бахриден Ахметуалиев, Сельпо дейді ол кезде, ауылдық дүкеннің төрағасы болып жұмыс істепті. Үш жыл өткен соң отбасымен Антошинка (қазіргі Жаңа Жұлдыз) ауылына көшіп барады. Бұдан кейін, атамыз Славяновка ауылдық дүкенінің төрағасы болып сайланып, Сельпода жұмысын одан əрі жалғастырады. Əкеміз Асайын бірінші сыныпты Славяновка мектебінде бастап, 7-сыныпты Захаровка орта мектебінен бітіреді. Жасы 14-ке толғанда тұл жетім болып қалады. Əкесі 1955 жылы 12 сəуірде 60 жасқа қараған шағында небары 3 күн ауырып дүние салады. Бəлкім əлі де өмір сүрер еді. Жолдың нашарлығынан ауруханаға тез жеткізе алмапты. Əкеміздің естеліктері бойынша атамыз өте жомарт, қолы ашық адам еді дейді. Əкесі қайтыс болғаннан кейін, папамыз 14 жасында жұмысқа орналасады. Алдымен атқосшы қызметінде, ал əскерден кейін шофер болады. Зейнетке шыққанға дейін. Фрунзе қаласында (Бішкек) ішкі əскерде қызмет жасап, сержант лауазымына жеткенде, бөлімше басшысы болады. Айта кеткен жөн, ол армияға өзінің құрдастарынан кейінірек барыпты. Бұған бірінші себеп - туу туралы куəлігін ресімдеген кезде əкесі 1939 жылдың орнына 1940 деп жаздырыпты, əскерге кеш шақырылсын десе керек.

28


Екіншіден, тегін анықтау кезіндегі шатасу əсер етеді. Ол əскери қызметке шақырылған кезде оған əскери комиссариаттағылар: «Ахметуалиев, бірақ, сіз Ахметуали Шариповтың (ол кезде «Железинский » шаруа қожалығының бас бухгалтері) ұлы емессіз бе?» деген сұрақ қояды. - «Ия», - деп жауап береді. – «Ендеше, тағы біраз жүре тұрыңыз» - дейді. Құрдастары əскерден оралғанда ғана біздің əкеміз əскерге алынады. Əскерден қайтып келген соң, 18 жасар бойжеткен Мəриямға үйленеді. 1962 жылы 20 наурыздан бастап Церковное ауылында олардың отбасылық өмірлері басталады. Əкеміздің отбасына ағасы Жұмабек Бақауов өте жақсы қолдау көрсетіп отырыпты. Сондықтан біз ағамызға жақын маңда өмір сүру үшін «Советтік Қазақстан» совхозына көшіп келдік. Анамыз Мариям барлық өмірін қара жұмысқа арнады: фермада сауыншы, сосын құрылыс алаңында сылақшы болды. Ата-анамыздың ұзақ жылғы еңбек жолы еленіп, талай мақтау грамоталары мен ақшалай сыйлықтарға да ие болған. Олар бес бала тəрбиелеп өсірді: Тілеулес, Нажмиден, Руслан, Майра, Сəуле. Балаларды тəрбиелеудегі олардың негізгі ұстанымдары – білімге күш салыңдар дейтін. Бізді кітап оқуға бейімдеді. Үйде əрқашан сөре толы кітап болатын. Сондықтан да болар, осы күнге дейін біздің де отбасымызда білімге ерекше көңіл бөлеміз. Үлкен қызы /мен/ Тілеулес 25 жылдан астам уақыт бойы мұғалім болып жұмыс істедім, ал қазір міне 10 жыл болды «Халық радиосында» қызмет атқарамын. Жұбайым Оралбекпен бірге екі бала тəрбиелеп өсірдік: Камила мен Ануарды. Олар атасы мен апасының алғашқы немерелері болғандықтан, біздің ата-анамызға өте жақын. Екеуінің де жоғары білімі бар, жеке шаңырақ көтерген. Камила - математика пəнінің мұғалімі, ал Ануар инженерлік білім алып шықты. Олар бірінші болып ата-анамызға төрт шөбере сүйгізді - Дильназ, Іңкəр, Айша жəне Нұрхан. Ұлы Нəжімиден (атасының бауырының құрметіне аталған) жүргізушілер əулетінің ізін жалғастырып отыр. Негізгі мамандығы - құрылысшы.

29


Келініміз Айгүл екеуі екі қыз бала тəрбиелеп отыр: Əйгерім ПМУ-де студент болса, Меруерт Алматыдағы жобалау институттарының бірінде сəулетші болып жұмыс істейді. Ұлы Руслан, ҚР ІІМ капитаны, зейнеткер дəрежесінде, əйелі Қарлығашпен Расул мен Санжар атты ұлдарды өмірге əкелді. Расул Торайғыров атындағы ПМУ-ді бітірді. Бүгінде Железин ауданы əкімдігі қаржы бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарады. Санжар 2018 жылы география бойынша облыстық олимпиаданың жүлдегері атанды, ол биылғы жылы 11-сыныпты аяқтамақ. Ал кенже қыздары Майраның Амир мен Аңсар деген ұлдары бар. Аңсар 6-сыныпта оқыса, ал Амир токарь мамандығын алып шықты. Ол - өте дарында бала. Шеберлігімен көзге түсіп, əріптестерінің ортасында құрметке бөленіп отырған өз мамандығының шебері. Сəуле - ата-анамыз армандағанындай Железин орта мектебінде мұғалім. Күйеуі Русланмен бірге, қызы Аделді бағып-қағып отыр. 2012 жылы əкеміз бен анамыз 50 жылғы отбасылық өмірінің Алтын тойын атап өтті. Ата-анамыз үшін бұл өте маңызды мерейтой болса, ал біз балалары үшін одан да қуанышты болдық. Əкеміз бен анамыздың арқасында біз бəріне қол жеткіздік, ештеңеден қиналған жоқпыз. Біз - бақытты балалармыз.

Асайын мен Мəриям

Ғалиямен

Бахриден атаның бауырлары мен əпкелері де болды. Алайда, біздің əкеміз көбінесе тəтесі Нақия Ахметуалиқызына жаны жақын болды. Ол өте əдемі, инабатты, мəдениеті жоғары, еңбекқор, қарапайым еді. Əрдайым əр сөзінен мейірім лебі есіп тұратын. Жастайынан əкем жетім қалған кезде, Нақия тəтесі – Асайынға тамақтың ең дəмдісін, жіліктің «майлы» басын ұсынуға тырысатын. Соғыстан кейінгі қиын кезеңдерде жесір қалған ол екі баласын тəрбиелеп өсірді. Ұлы Жұмабек ағамыз өте еңбекқор, ауданның озат автокөлік жүргізушісі болды. Алдына жан салмайтын. Ал қызы «Құрмет» орденді журналист Ғалия апамызды (Ғалия Құсайынқызы Балтабай) туыстарымыз да, əке-шешеміз де үнемі бізге үлгі етіп айтып отыратын. Біз де осындай үлкен əпкеміз бар екендігін мақтан тұтамыз. Құрметті біздің сүйікті ата-анамыз! Жылдар бойы жинаған күшқуаттарыңыз молынан болсын! Сіздерге денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз Тілеулес Асайынқызы Омарханова

30


Ал ендігі əңгімеміз Жұмабек нағашымның баласы, бүгінде аймағымыздың басшысы Болат Жұмабекұлы Бақауов жайлы.

Болат Бақауов Павлодар облысының əкімі

Болат Жұмабекұлы Бақауов 1971 жылы Павлодар облысының Железинка ауданындағы Новокузьминка ауылында туған. Мектепті бітірісімен еңбекке араласып, 1988 жылы қызмет жолын алғашында төменнен бастай отырып, Советский Қазақстан совхозында автокөлік тұратын тұрақтың жүргізуші болады. 1989 жылдан 1991 жылға дейін азаматтық борышын өтейді. Əскерден келісімен бұрынғы жұмысы жүргізушілікпен айналысады. Көп балалы отбасынан шыққандықтан болар жастайынан еңбекқорлығымен, пысықтығымен көзге түседі. Қайта құру кезінде, жер-жерде совхоздар жабылып, ауылдар кеншар болып бөлініп жатқанда, қайта құру заманының қысымшылығынан шығар қиындықтан шығудың жолын іздестіріп, 1993 жылы шағын кəсіп ашуды қолға алады. Железин ауданындағы «Əділет» шағын кəсіпорнының директоры болады. Ал 1996 жылы жеке өзінің «Бақауов» атты шаруа қожалығын ашып, соны басқарады. Қожалықтың басшысы ретінде көптеген тиімді жұмыстың жолдарын қарастырып отырады. Мал шаруашылығы, құс шаруашылығын өркендете отырып, жер алып егістікпен де айналысады. Содан бұл кəсіпті Болат Жұмабекұлы 2007 жылға дейін дөңгелетеді. Шаруашылық кəсіппен айналыса отырып сол жылдар ішінде Қазақтың құқықтану жəне халықаралық қатынастар институтын, кейіннен Бизнес Академиясының экономика жəне кəсіпорындарды басқару мамандығы бойынша мамандық алып шығады. Осы кезеңде Железин ауданындағы жауапкершілігі шектеулі «Толымбек» атты шаруа қожалығын басқарады. 2003-2008 жылдары Павлодар облыстық мəлихатының депутаттығына сайланады.

31


2008-2011 жылдары Қашыр ауданының əкімі болып қызмет атқарады. Ауыл шаруашылығындағы қызметінің пайдасы осы əкім болып ауысқан жылдары тиеді. Ауданның əлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне атсалыса отырып, көп жұмыс атқарады. Нəтижесінде оның қызметі одан əрі жоғарылайды. Енді облыстың экономикасына үлес қосып отырған, бірнеше кəсіпорындары мен зауыттары бар алып қаланың бірі Ақсу қаласына əкім болып тағайындалады. Оның кезінде Ақсу қаласы едəуір қарқындап өсті. Бұл қаланы Қазақстаннан басқа да елдер білетінін өздеріңіз білесіздер. Облыстағы Ақсу қаласы ірі өндіріс орталығы. «Қазхром» акционерлік қоғамы, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының» жұмыстарын бақылап отыру ғана емес, Болат Бақауов оның барлық жұмысының алға жүруіне, жемісті табыс беруіне атсалысты. Негізінде Болат Жұмабекұлы шаруашылықты жақсы білетін, білікті басшы. Қызмет баспалдығы осылайша биіктей берді. 2014 жылдың 12 сəуірінде Павлодар облысының əкімі Қанат Бозымбаев Болат Бақауовты Павлодар қаласының əкімі қызметіне тағайындайды. Бұл қызметке тағайындала сала ол алдымен Павлодар қаласының əлеуметтік-экономикалық жағдайына көңіл бөле отырып, қаланың құрылыс жұмыстары мен көріктендіру, инвестиция тарту сияқты ауқымды жұмыстарымен айналысты. Ал 2016 жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының əкімі болып тағайындалды деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағанда біз қалай қуандық десеңізші. Əсіресе туысқандары біздің қуанышымызда шек болды ма! Шіркін-ай, осы жаңалықты əкесі, менің нағашым Жұмабек ағатайым естігенде əке жүрегі қуаныштан жарылар ме еді деп ойладым. Облыс əкімі болып орналасқан алғашқы күннен Болат Жұмабекұлы облыс бюджетіне көп көңіл бөлді. Екі жылдың ішінде облыс бюджетін 7 есеге ұлғайтты. Халықтың əлеуметтік түйткілдерін шешуге тырысты. Арнайы экономикалық аймақтың дамуына ерекше көңіл бөлді. Облысымыздың индустриалды аграрлық, өнеркəсіптік, энергетикалық бағыты бойынша жұмысты алға қоюды өзінің басты мақсатына айналдырды. Павлодар қаласындағы жағажайды қалпына келтіріп, химқалашық пен өзен порты маңын көріктендіруді қолға алды. Қазақстан көз тігіп отырған Баянауыл ұлттық паркін республикалық деңгейде демалыс орнына айналдыру үшін қыруар жұмыс белгілеп, ауданның 300 шақырымдай жеріне тас жол салуды да қолға алғызды. Жылдар бойы қордаланып қалған Алюминий зауытының тұрғын үйлері орналасқан ескі үйлерді жойып, оның орнына жаңа үйлер салуды қолға алғаны үшін қала тұрғындары оның осы бастамасына бүгінде алғыс айтуда. Айта берсек, Павлодар облысында атқарылып жатқан жақсы істер молынан. Атқарылатыны да шаш-етектен. Алдағы атқарылар ел игілігне арналатын ауқымды істеріне аймақ басшысы Болат Жұмабекұлы Бақауовқа табыс тілейміз.

32


Болат Жұмабекұлы Бақауовтың еңбегі де еш қалған емес. - «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тəуелсіздігінің 20 жылдығы», «Павлодар облысының 75 жылдығы» медальдары мен Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін төс белгісімен, ал 2016 жылы «Құрмет» орденімен наградталды. Сөз соңында айтарым, «халқыңа жақын əкім болсаң» - Павлодар облысының мерейі үстем болып, экономикасы да өркендей түспек. Осы жауапты да ауқымды істе нағашы ініме сəттілік болсын деп батамды беремін.

2017 жыл.Павлодар. Журналистер күнінде

33


Беделхан Жолдасым

Отағасы жайлы Беделхан екеуіміздің төрт бала, он немере өсіріп, бақытты, үлгілі отбасы болып өмір сүргенімізге биыл 36 жыл болыпты. Жан жолдасым Беделхан ұзақ жыл теміржол саласында жұмыс істеді. Негізгі мамандығы - байланысшы инженер, қазіргі уақытта құрметті демалыста. Бұрынғы Семей облысының Абай ауданы, Абыралы ауылынан. Руы қаракесек, оның ішінде Жалықпас. Көп балалы отбасынан шыққан деуге болады. Əкесі Балтабай шахтада жұмысшы болған. Ал анасы Рахия бала-шағаның тəрбиесімен айналысқан. Бүгінде бір құрсақтан алдындағы ағасы Сейілхан мен өзінен кіші қарындасы Бақыт қана қалған. Екеуі де - дəрігер. Жеңгеміз Күлжазира да дəрігер. Ал алдындағы апалары Нəзігүл мен Ырысты полигонның зардабынан тұрмыс құрмай, өмірден ерте кетіпті. Ал алдарындағы Сəбила апаларынан тараған, құдайға шүкір, балалары бар. Беделхан мектепті бітірісмен теміржолшылар дайындайтын Семей қаласындағы профтехучилищеде, кейіннен Жамбыл қаласындағы теміржолшылар техникумында оқыды. Екеуін де кілең беске тəмамдап, еңбек жолын туған елі сол кездегі Семей облысының Шар ауданының орталығында бастады. Біз үйленген жылы Алматыдағы Теміржолшылар академиясына оқуға түсіп, жоғары білім алып шықты. Кейін əке жолын жалғастырған екі ұлымыз - Талғат пен Асқар да Алматы қаласындағы Теміржолшылар академиясын бітірді. Ал үлкен ұлымыз Мадияр менің жолымды қуып, ұзақ жыл телевидение саласында редактор, кейін режиссер-сценарист болды. Бүгінде осы салада өзінің жеке студиясын ашып, кəсіппен айналысады. Қызымыз Жəмила өнерлі. Сəн салонын басқарады. Осы саладағы байқауларға қатысып Қазақстанның чемпионы атанып отыр. Əкесі қызын өте еркелетіп өсірді.

34


Семейдегі ұл – Талғатпен

Қызымыз Жəмила

Балаларымыз əкесінің 70 жылдығында Жан жолдасым Беделхан - балалардың асқар тауы, отбасының панасы, шаңырақ иесі əрі немерелерінің тірегі, ақылшысы. Ол - өз отбасына ғана емес, тіпті көршілерінің де қамқоршысы. Қолы шебер, іскер адам. Аға, қолымыздан келмей жатыр деп көмек сұрағандарға үнемі көмектеседі. Тіпті, біз тұрған Астандағы үйдегі балалар Бекең өтіп бара жатса, атамыз келе жатыр деп қоршап алып, қол беріп, құрмет көрсететін. Соған мен өз басым қатты таң қаламын. Себебі, Беделханның өзі кішілерге үнемі ізет көрсетіп, əрбіріне жеке-жеке көңіл бөліп, олармен балаша тілдесіп, жағдайларын сұрап жатады. Беделхан Балтабайұлы отбасында өнегелі əке ретінде ғана емес, өмірлік жан жолдасым ретінде менің халық үшін істеп жатқан қызметіме үнемі жол ашып отырған көшбасшы болды, болып та жатыр. Ол менің əрбір ісіме

35


қуанып, атқарған жұмысыма жоғары баға беріп отырады. Сен менің жан жарым ғана емессің, халықтың адамысың деп, - аялап отыратын тірегім. Менің жұмысымның жүруіне жол ашқан отағасына сіздердің алдарыңызда рахметімді айтамын.

Астанадағы балаларымыз бен немерелер арасында Үлкен ұл Мəди, қызымыз Жəмила жəне немерелер Əліби мен Ерасыл

36


Сіңлілерім мен бауырларым

Сіңлім Батиямен

Қайраттың отбасы

Алдында айтып өттім, атадан мен жалғыз болсам да, анам жағынан туысқа баймын. Анамыздан бір туған Жұмабек ағамнан тараған бауырларым баршылық. Үлкені - Батия. Ол - ағамның бірінші əйелі Сəукеннен туған қыз бала. Сəукен жеңгеміз Батия бір жасқа толмай жатып, 22 жасын-

Сіңлім Айсұлумен

Талғат, Айсұлу жəне қыздары Бақыт

да өмірден ерте кетті де, ол екі əжесінің қолында тəрбиеленді. Қаншама қиындық көрсе де, мойымады, өсіп-жетілді. Бүгінде Есен екеуінің екі ұл, бір қызы бар. Қайраты, Айсұлу мен Мұраты да жоғары оқу орнын бітірген, өз мамандықтары бойынша қызмет атқарады. Батияның бес немересі бар. Ол кезінде жеке кəсіппен айналысып, бүгінде құрметті демалыста. Сəукен жеңгем қайтыс болғасын Жұмабек ағам ауылдағы Уəли Кəрімовтің бес қызының бірі Шəмшижамалға үйленді. Қазір одан Сəния, Əсия, Рамазан, Зейнулла, Рашит деген балалар бар. Олардың бəрі де өсіп-өнді, жоғары оқу орындарын бітіріп, қызмет атқарып, алды зейнеткерлікке шығып, немере сүйіп отыр. Сіңлім Сəния екі ұлы - Мараты мен Қанатының қызығын

37


Мұраттың отбасы

Біздің үйде бауырларыммен

Сыздықовтар отбасы көруде. Сəния зейнетке шықса да, əлі мектепте қызмет атқарады, құрметті ұстаз. Ал Əсияның мамандығы - бухгалтер. Қазтелекомда қызмет жасады, бүгінде құрметті демалыста. Жолдасы Аманкелді ерте қайтыс болған, жақсы азамат еді. Олардың бір ұл, бір қызы бар. Екеуі де жоғары оқу орнын бітірген. Ұлдары Мергеннен екі немере сүйіп отыр. Мергенмен қызмет атқарған «Халық» радиосында қызмет істейді. Қыздары Анаралары Астанада, Канаданың бір үлкен фирмасында қызметте. Рамазан да жоғары оқу орнын бітірген. Атақты олигарх Машкевичтің банкінде жоғары қызметте болды, қазірде құрметті демалыста. Келініміз Майра екеуі төрт қыз өсіріп, бақытты өмір сүруде. Қыздары Ажар, Əсел Рəмзия мен Мəриям - бəрі де мектепті алтын белгімен бітірген. Келініміз Майра қыздарымыздың оқуларына ерекше көңіл бөліп, балалардың тəрбиесімен айналыса отырып, бас бухгалтер болып қызмет атқарды.

38


Сіңлім Сəниямен

Үш сіңлім-Бəтия,Сəния, Əсия

Сəнияның отбасы құдағиымен Рəшитіміз құрылыспен айналысады. Күлəш екеуінің Дамир деген ұлдары мен Зарина, Айша деген қыздары бар. Зарина туған ауылы Железинде медбике, ал Заринасы биыл 9-сыныпты бітіреді. Рашит пен Күлəш үлкен ұлдары Дамирден бір немере сүйіп отыр. Заринадан басқасы түгелдей құрылыс жұмысымен айналысады. Олар - өз ісінің шеберлері. Жан ағам содан кейін Ұмсын деген жеңгеме тағы бір үйленді. Одан Болат, Ерболат деген екі ұл көрді. Жұмабек ағам Болатты Түркияда дін оқуына оқытып, бүгінде ол Қарағандыда медреседе директордың орынбасары, Мекке-Мəдинаға қажылыққа барып келген. Ал Ерболат - құрылысшы. Ия, Адам бойындағы туысқандық қарым-қатынас - адалдықты білдіретін ерекше қасиет. Бауырмалдық - туыс адамдардың арасындағы жақсы көру сезімін білдіреді. Міне, біздің арамызда осы қасиеттің бəрі бар.

39


Сіңлім Əсиямен

Беделхан жəне інім Мерген

Əсия қызы Анармен

Мергеннің отбасы

Əсияның отбасы жəне құда-жекжаттары

40


Күлəш пен Рамазан, інім Дамир

Зейнолла інім, мен, Беделхан, Нұрлан

Болаттың отбасы жəне құдалар

Рамазанның отбасы

41


Балалық шақтағы есте қалған оқиғалар

42


Жұмабек ағам мен Зинат ағатайым

Балғын балалық шағымның қызықтары мен шыжықтары Анам Нақияның айтуынша, мен кішкентай кезімнен елгезек, пысық болып өсіппін. Ол мені жас кезімнен еңбекке баулыды. Анам үнемі айтып отыратын, артыңда сенетін ешкімің жоқ. Жалғыз ағаң Жұмабек болса əлі жас, дегенмен, бар шаруа соның мойнында дейтін. Сондықтан қазірден бастап еңбекке бейім болсаң, кейін өзіңе жеңіл болады деп кеңес беретін. Содан болар, не шаруа болсын бəрін өзім тындыратынмын. Жеті жасымда қамыр илеп, нан жайдым, құймақ пісіріп, картоп қуырып, су тасып анамның жұмыстан келуін тосып отыратынмын. Бала кезімдегі мына жай еміс-еміс көз алдыма елестейді. Үш-төрт жасымда болар. Соғыстан кейінгі жылдар ғой. Ертемен анам таң елеңнен колхоз жұмысына кетеді. Көктемде егіс жұмысына, жазда бау-бақшаның шөбін жұлуға, күзде қырман басында болады. Ал қыста контордың ауласын тазалап, еденін жуады. Əйтеуір дамыл жоқ. Мені ертемен оятып алады да, тамағымды бергесін, үй ортасында тұрған бағанаға мені мықты жіппен белімнен байлап кетеді. Қасыма түскі, кешкі тағамымды, дəрет алатын орнымды да дайындап береді. Жаныма қолдан тіккен қуыршақ пен асықтарды қалдырып, тыныш отыр деп қатты ескертіп барып, есікті сыртымнан жіппен іліп, жұмысына кетеді. Өзі жұмыстан қараңғы түсе келеді. Мен анам келгенше қорқып отырамын. Кей күндері уақыты болса түсте бір келіп кетеді. Менің үй қамауда отыратынымды білетін көршінің қызы Нағима, кейін

43


дос-құрбым болып кетті ғой. Сол кей күндері сыртқы есікті ашып, менімен бірге ойнап, апам келеді-ау дегенде үйіне қайтып кететін. Міне, есімде қалған балалық шақтың бір кезеңдері... Осылай жалғыз өткен күндерім көп болды... Қазір ойлап отырсам, ол кезде үлкені де, жасы да колхоздың жұмысын істеді. Бала-бақша деген жоқ. Көршіге тастап кетейін десе, анамның абысыны өзі төсек тартып жатты. Қалғандарының бəрі жұмыста. Сондықтан да мені үйге қамап кетіп отырды. Есейе келе, анам мені жұмысқа өзімен бірге алып жүрді. Қырман басында мен де анама қолқабыс болдым. Ал Жұмабек ағамның жасы жетіп, əскери міндетін өтеуге кеткенде анам екеумізге өте қиын болды. Ертеректе қазіргідей емес, əскери міндетін өтеудің уақыты 3 жыл болатын. Жұмабек ағам келгенше, жалғыз сиыр мен үш-төрт қоймыз бен бір-екі ешкіні əзер ұстадық. Бар қиындық тек ағам əскерден келгеннен кейін ғана артта қалды. Анам Жұмабек ағама əскерден келісімен үйлен деп қолқа салды. Оның асығатын түрі жоқ, дегенмен анам көндірді. Мен бірінші класқа барар жылдан бір жыл бұрын Жұмабек ағам үйленетін болды. Бақау нағашымның еріп келген қызы Сəукенге /шын аты Сəруар/ болатын. Кішігірім той жасап үйлендірді. 1955 жылдың 1 сентябрінде жеңгеміздің аяғы ауыр болатын, толғағы басталды. Ол кезде дəрігерге бармайды, əйелдер үйде туатын. Бірінші сыныпқа барайын ба, əлде кішкентай бөпенің дүниеге келгенін көрсем бе деп, үйден айналшақтап шыға алмай, əбігерге түстім. Ақыры кішкентай нəрестенің туғанын көріп барып, мектепке жүгірдім. Линейка бітіп кетіпті, оқушылар өз кластарына бара жатыр екен, солардың арасына барып қосылдым. Неге екенін білмеймін, бала болып балалық шақтың қызығын көрмеппін. Үнемі үй шаруасымен, анама қамқор болып жүріп, басқа балалардай ойынның қызығына да қанбаппын. Бізбен көрші тұрған, менің кіндік шешем мына бір жайды күле отырып, қызық қылып айтатын. Сол естелік есімде қалыпты. Соғыстан кейінгі жылдар. Елдің еңсесі түсіп, бар жиған-тергендерін майданға жіберіп, өздері ашжалаңаш болса да, соғыстың жеңіспен аяқталуын күткен ауыл адамдарының тұрмысы өте төмен болды емес пе. Ер азаматтар ауыр жұмыста, бар ауыртпашылық солардың мойнында. Дегенмен, елдегі қыз-келіншектер мен барлық əйелдер колхоз жұмысына араласты. Тіпті қартайған аналардың өзі қарап отырмады. Бөлімше меңгерушісі Руза Апсалямова өте қатал адам болған деседі. Мен ол кісіні талай көргенмін. «Партия қайда болса, мен сондамын» деп жүретін. 1951 жыл болар, жаппай қыз-келіншектердің бəрін жұмысқа шығарды. Мен кішкентай болғандықтан, анам жұмысқа шықпай қояды. Менің үш айлық кезім екен. Тағы бірнеше əйел бастықтардың əйелі болу керек, колхоз жұмысына бармай қойыпты. Содан, жаңағы Руза апамыз үй-үйді милициямен аралап жүріп, жұмысқа шықпай қойған əйелдерді 15 күндік түрмеге апарып жабады. Үш күн өткеннен кейін мен қатты ауырыппын. Ішім тоқтамай, дизентерияға шалдығыппын. Содан бұл жайға дəрігер араласып, менің арқамда, түрмедегі барлық əйелдер босап шығады. Шаш ал десе бас алатын

44


шолақ белсенділер үш айлық баланы қалай түрмеге жапты екен деп бүгінде таңданамын. Менің анам Нақияның алдында жеті ағасы мен үлкен апасы Жəпіш əжем болды. Ол кісі біразға дейін Ертіс ауданының Тəжірибе станциясы орналасқан совхозда өмір сүрді. Жəпіш əжеме каникул кезінде барып тұратынмын. Ал анамның жеті ағасының біреуі Бақау нағашым ғана тірі қалып, қалған алтауы аштық жылдары қайтыс болыпты. Бақау нағашым өте мейрімді, ақкөңіл, өте бауырмал жан болатын. Менің бес жастағы кезім, жанымыздағы Церковный совхозынан Бақау нағашым келе қалды. Ол кісі келгенде біз қатты қуанатынбыз. Анам да мəз болып, нағашымды қайда отырғызарын білмей бəйек болатын. Анам менің өте қатаң адам болды. Бала деп мені еркелетпейтін. Талапшыл болды. Айтатын ертең өзің түсінесің, мен тек сенің үлкен қызметкер болуыңды қалаймын. Біз кезінде оқи алмадық, ал сендерге жол ашық, заман сендердікі ғой дейтін. Бүгінде анамның мені өте қатаң ұстағаны дұрыс болған екен деп ойлаймын. 2-класта оқып жүрген кезім. Мен сол жылдары үйдің ұсақ-түйек бар шаруасын өзім атқаратынмын. Анам маған сенетін. Таңертең ол сиыр сауғаннан кейін жұмысқа кетпей тұрып, маған күні бойына талғам болатын тамақ əзірлеп, өзіне де жұмысқа əкететін тамағын дайындайды. Ал сиырды өріске жіберуді маған тапсырады. Əрине таңертең ұйқым келедіақ, бірақ амал нешік, анамның айтқанын екі еткім келмейді. Жəне көріп жүрмін ғой, оған да оңай емес. Кешке малдың алдынан шығамын. Оған дейін үй маңындағы орман ішінен шай қайнататын кішкентай томарларды жинап, қазан-ошаққа кепкен қи теріп, кешкі мал келгенше, шеттегі Алпыс атаның үйінен отыз қадақты шелекпен су тасимын. Қазір ойлап отырсам, бойымның өспей қалуы осыдан болу керек. Бір күні су алып келе жатсам, азық-түлік сақтайтын қойма жақтан қоймашы Садбеков Əнуар ағатайым айқайлап тұр: - Балалар, бері келіңдер, мына қарбызды қоймаға тасуға көметессеңдер, ақысына қарбыз беремін,дейді. Осы хабарды естіген балалар жан-жақтан қойма жаққа қарай жүгіре жөнелді. Суымды үйге апара салып, мен де қоймаға келдім. Кешкі мал келгенше, анамды қуантып үйге қарбыз алып келсем деген ой. Қоймаға қарбызды тасып, үйге келе жатырмын. Кешкі мал келіп қалыпты. Біздің сиыр үйге келмепті. Анам алдымнан қарсы шықты. Менің қолымда екі-үш қарбыз. - Апа, мен саған қарбыз əкелдім, деймін қуанышымды жасырмай айқайлап. Анам үнсіз. Қабағы қатулы. Бір қарасам, маған қарай келе жатыр. Қолымдағы қарбыздың бірін алды да, жерге гүрс еткізіп, періп қалды. Қыпқызыл қарбыз жерде жарылып жатыр. Екіншісін алды да, тағы жерге періп жіберді. Үшінсімен де солай болды... - Рұқсатсыз кетіп, сиырға ие бола алмай жүргенің мынау, - деді де, сыртқа шығып кетті. Мен жылап отырмын. Осыдан кейін мен анамның рұқсатынсыз еш жаққа шыққан емеспін. Анамның айтқаны мен үшін заң еді. Анам маған

45


3-ші сыныпта

5-ші сыныпта

4-ші сыныпта

Құрбым Нағимамен

ешқашанда дауыс көтеріп көрген емес, ешқашан ұрған да емес. Бір рет жақтырмайтын көзбен қараса болды, мен жасаған кінəмді бірден түсіне қоятынмын. Жас кезімдегі тағы менің есімде ерекше қалған адам қазақтың сүйікті əншісі Роза Бағланова болды. Оның табиғат сыйлаған ғажап дауысы мені өзіне магниттей тартатын. 1955 жылы бірінші сыныпқа мектепке бардым, сол жылы біздің колхозға радио орнатты. Ауылда сол радио саңқылдап тұратын. Əнші Розаның дауысын осы радиодан естідім. Мектепке бара жатып колхоз кеңсесі алдында тыңдап жүрдім. Осы Роза əншідей болсам деп қиялдадым. Оны үнемі түсімде көретінмін. Бұл балалық шақтағы арманым кейін орындалды емес пе? Халық қаһарманы, Кеңестер жəне Қазақстанның халық əртісі Роза Бағлановамен кейін талай рет кездесіп телевизия жəне радио хабарларын жасап, көрермен мен тыңдармандарды тамсандырғанмын, ол хабарлар бүгінде архивімде сақтаулы. Біздің кезімізде мұғалімді ерекше құрметтейтінбіз. Ұстаз біз үшін ең қадірлі, ең сүйікті, құрметті адам болатын. Осы мұғалімдей болсам деп армандайтынбыз. Мен мектепке барған жылдары тамақ жеткіліксіз. Ұннан дайындалған нанның өзі тапшы болатын. Ал киім жағы əлді тұратындар болмаса, матаның өзі дүкендерде тұрмайтын. Біздің ауыл колхоз болғандықтан колхозшылар ақша көрмейтін. Еңбекақыларын бидайдай, еттей немесе малдың азығы шөппен алатын. Тек мұғалімдер ғана еңбекақысын ақшалай алатын. Сондықтан да болар, олар талғаммен киінетін. Өздері жоғары мəдениеттілігімен көрінсе, үстеріне кигендері жаңа үлгідегі сəнді киімдер болатын. Менің алғашқы ұстазым Кəмір Уалиқызы Каримова. Сондай нəзік, жаны таза, мейірімді, сұлу болатын. Өзіне сондай қызығатынмын. Сабақты да жақсы түсіндіретін. Мектепке таңертең ертемен келгеннен кейін, оқушылар жиылып көше жаққа қараймыз. Ойымыз класс жетекшімізді тосып алып, кім бірінші барып қол сөмкесін алса, сол Камар Уалиқызындай мұғалім болады деп ойлайтынбыз. Класта 7-8 ғана оқушы болдык. Мұғалімнің қарасы көрінсе болды, бəріміз жарысып жүгіреміз.

46


5-ші сыныпта Кластың ең кішкентайы менмін, ең соңында тұрамын. Өжеттігім болар, бəрін итере отырып мен жетемін, сол кезде мұғаліміміз сөмкесін менің қолыма ұстата қояды. Кішентай деп аяғаны ма əлде мені жақсы көргені ме екен деп ойлаймын қазір.

Аққайың мектебінде 4-ші сыныпта

47


Балалық шағымдағы естен кетпес оқиғалар

Өздеріңіз білесіздер, мен аймағымыздың астықты аудандарының бірі – Железин ауданы Аққайың ауылында туып-өстім. Жан-жағы аппақ қайың ормандарымен қоршалған кішкентай ғана ауылымның табиғаты ерекше көз тартатын. Осында балалық шағым өтті. Соғыстан кейінгі ұрпақпыз. Сондықтан күнде асыр салдық, ойын-күлкімен өткіздік дей аламын. Таң сəріден кеш батқанға дейін қырман басында ата-анамызға қолғабыс жасадық. Ауылда жұмыс күші тапшы болды. Ел тұрмысы жүдеу. Біз кішкентай едік. Алайда дастарқандағы нанымыз оңайлықпен келмейтін. Оған ерінбей еңбектену арқылы қолымыз жететін жəне еңбекпен келген нанның тəтті болатындығын жақсы сезіне білген едік. Дегенмен, балалықпен жасаған қылықтарымыз, естен кетпес сəттер де жоқ емес. ...Ол кездерде құмшекер, қант деген дүниелер қолжетімсіз болды. Анда-санда жұмасына бір рет қана сағына, сарғая дəмін татамыз. Анамыз үнемдеп, барлығымызға тең мөлшерде бөліп беруге тырысатын. Анамның көңілденген күні біз үшін кішігірім той сияқты болатын. Ол күні анам шайын сапырып, мəмпəси кəмпиттерін тарататын. Ағам балаларымен дөңгелек үстелді айнала отырып, анамның тəтті-кəмпитін тағатсыздана күтеміз. Бір шақпақ қанттың өзін бірнеше бөлікке бөлгенде бірімізге үлкендеу, екіншімізге кішілеу үлестіріліп жатады. Кімге қалай тиер екен деп соны бақылап отырамыз. Əлі есімде... Бір үзім нанымызды табу үшін анаммен бірге күні бойы қырман басында жұмыс істеймін. Ағам əскерде болды. Шынымды айтсам, қарнымыз ашатын. Қырманда үлкендермен қатар 4-5 жаста болсақ та, білек сыбана іске кірісеміз. Бəрі де күнкөрістің амалы ғой. Бірде қырманда қыруар жұмыстан қатты шаршадым, қарным да ашты. Сосын балалықпен қулыққа бастам. Сол күні анамнан бұрын үйге жетуге асықтым. Ертерек кетіп те қалдым. Үйге жүгіріп кірдім де, бір үзім нан жəне ағаш қасықты алдым да жер қоймаға (погреб) түстім. Онда құмырада жалғыз күрең сиырымыздың сүтінен жасалған қаймақ сақталатын. Анам келгенше жей қояйын деп бір асадым, екі асадым. Тояр емеспін. Дəмі қандай десеңізші. Өзімді тоқтата алмай орталатып тастадым-ау деймін. Сөйтіп ұрлық үстінде анам кіріп келді. Менің бұл жайсыз қылығымды білді, бірақ ұрыспады. Анам емес пе, балалықпен жасаған ісімді əзілге айналдырып кетті. Сонда айтқаны: «Ойбай, үйге тышқан кіріп кеткен бе, тықырлатып жатыр ғой бір нəрсені», - деді де, мені көре сала «Ə, сен тышқан жылы тудың емес пе, өз жылыңа ұқсайды екенсің», - деп жымия күлді... *** ... Ауылға алғаш радио келгенде таң қалысымызда шек болмады. Бір бағанның басына ілінген қара табақтан əсем əн мен тəтті күй əуелеп тұратын. Əлі есімде... Сол кіп-кішкентай табақтан əн айтылып жатыр. Бағанды айналып жан-жағынан қарадым. Адам қай жеріне сыйып тұр екен деген ой ма-

48


залады?! Жауабын ақыры таба алмай біраз уақыт жүрдім. Ойлап отырсам, ол да бір балалықтың қызығы екен ғой... ххх ...Ауылымызда су тапшы болатын. Тұщы су алу үшін соғыс ардагері Алпыс атамыздың құлыптаулы құдығына бүкіл ауыл келетін. Неге екенін білмеймін, тұщы су тек сол кісінің құдығынан шығатын. Мінезі қатаң кария көңілі болмаған күні бір тамшы да су бермейтін. Сонда кезек күтіп тұрған біз Алпыс ақсақалдың көңілін табу үшін талай рет жалбарынып су сұраушы едік. Бірде қос шелекті алып асыға суға келдім. Құдық құлыптаулы. Атамызға қалай жалынсақ та, ашар емес. Жалындық, жалбарындық. Құдығын ашпай қойды. Содан ашуын қалай бассақ деп ойладым. Тіптен көнетін емес. Балдағына сүйене келген атамыз, бірден бізге дікіңдей бастады. Сосын мен бір қулыққа көштім: «Ата, мен сізге арнайы əн жаттап келдім. Би де билеп беремін» дедім де, шыр көбелек айналып Роза Бағланованың əнін əуелетіп кеттім. Атамыздың жүзіне күлкі үйріліп, құдықтың кілтін ашып, маған тіпті суды өзі құйып берді. Күнде əн айтып беруді содан мен əдетке айналдырдым. Мен өлең айтқанда атамыздың көңілі жайдарланып, баршамызға су беретін. *** ...Ал күрең сиырым жайындағы оқиға есіме түскен сайын жүзіме күлкі үйіріледі. Күнде малдың алдынан шығу – менің міндетім. Оның өзі бір қызық. Себебі ауылдың барлық балаларының шоғырланып, өзара əңгімелесіп, сəл да болса асыр салатын уақыты малдың алдынан шығу кезінде болатын. Жаздың жайма шуақ күндерінің бірінде ауылдас балалардың бірі су жаңа велосипедтің артынан жүгіріп, қолдарындағы кəмпит – тəттімен иесін алдап, көшенің басынан аяғына дейін бір жүріп келгендеріне мəз. Мен де солардың ішіндемін. Велосипедті қызықтап жүріп күрең сиырымның қайда кеткенін аңғармай қалыппын. Есімді жиып, жан-жағыма қарасам, мал баяғыда келіпті. Ал менің күрең сиырым жоқ. Оны айнала іздемеймін бе. Таппадым. Енді үйге қай бетіммен қайтамын? Анама сиырды іздеп таппадым деймін. Анам қабағын шытып: - «Далаға шығып, есіңнен мүлде айырылыпсың ғой... Сен емес, сиыр сені айдап келеді» десі бар емес пе. Артыма жалт қарасам, күрең сиырым аяңдап менің жүрген ізіммен келе жатыр. Мен емес оны айдап келе жатқан, шынында да қайта ол мені айдап келеді екен... *** Ерте кезде, экологиямыздың бұзылмай тұрған уақытында, тың жəне тыңайған жерлерді өңдемей тұрғанда біздің ауыл маңындағы қалың орманды ақ қайыңдар арасында бүлдіргендер көп болса, орманды аққайыңның жан-жағында көк шалғынның арасында жидектер көп болатын. Жидек піскен уақытта ауылдың жас балаларынан бастап ересектерге дейін жидек жинайтын. Аттары барлар алыс ағаштарға кетеді де, жаяу-жалпылар ауылдан аспай жанындағы ормандарға барып жидек жинайтын. Түске дейін екі шелек, түстен кейін екі шелек жидек жинаймыз. Мен де

49


үлкендерден қалыспай жидекті тез жинаймын. Анам үйретіп қойған, көп жинасаң, орталыққа апарып сатамын да, саған мектеп формасын, аяқ киім, сабаққа қажеттілеріңді əперемін деп, сондықтан жидекті тез жинауға тырысамын. Есімде 3-кластан бастап жидек жинап, өз киімімді өзім алатын болдым. Бір жағынан анама үлкен көмек. Міне, осылайша анам мені жас кезімнен еңбекке үйретті. Оның қырсығы тиді ме, жоқ, қайта ысыла түстім, еңбекқор болдым.

Әдебиетке деген құштарлық

1962 жылдың оқу жылында мен дəріс алып жүрген Железинка ауданының қазіргі «Аққайың» /Комаровка/ 8 жылдық мектебіне қазақ тілі мен əдебиетінен сабақ беруге Қабек Сағитов деген ұстаз келді. Ол келісімен мектепте көп өзгеріс болды. Əдебиет сабағына қосымша жазу-сызуға бейімі бар, өлең оқуда үнімен əрі шеберлігімен көзге түсіп жүрген оқушыларды жинап, əдебиет үйірмесін ашты. Менің де ақын-жазушылардың шығармаларына деген құштарлығым артып, əдеби кітаптарды көп оқи бастадым. Сол жылдары Абай мен Махамбеттің өлеңдерін, Мұхтар мен Ғабиттің шығармаларын оқушылар кезек-кезек оқып, жерлес ақынымыз Иса Байзақов жайлы көп мағлұмат алдық. Қабек аға Иса туралы пьеса жазып, алдымен оны Алматыдағы ақынның қызы Махпуза Байзақоваға жібергенін, одан оның жауабын тосып жүргенін айтты. Ұстаз ағамызға еліктеп біз де өлең жазып, оны өңдетіп əдеби кештерде мектеп оқушылары мен ата-аналар алдында оқып, белсенділік көрсетіп жүрдік. Бірде біздің мектебімізге белгілі балалар ақыны Мүбəрак Жаманбалинов Қабек ұстазымызды іздеп келді. Ол кісіні бұрыннан біледі екен. Əдебиетке бейімі бар балалар болса, солармен таныссам деп келген екен. Қабек ағамыз екі-үш баланың шығармасы мен жазған өлеңдерін көрсетті. Менің жазған шығармамды көріп, мына баладан түбі журналист шығады деді. Сосын əдеби кітаптарды көп оқып, тіл байлықтарыңды кеңейту керек деп ақыл-кеңесін де беріп кетті. 8-сыныптан кейін Ертіс ауданындағы қазақ мектебіне оқуға келсеңдер, менімен кездесіп тұруларыңа болады деп бізге үлкен үміт артты. Содан менде бір ерекше құлшыныс пайда болды. Тіпті өлең де жаза бастадым. «Қызыл ту» газетін конторға барып оқып, Мүбəрак ағаның шыққан өлеңдерін, қысқа-қысқа жазылған жаңалықтары мен көлемді мақалаларын да оқып жүрдім. Сабағымды оқып болғаннан кейін, бəрі ұйықтады-ау дегенде, шамды жағып, тамақ ішетін бөлмеге барып, əдеби кітаптар оқимын. Ертеңіне анам тұрып, шамның керосині мен білтесі азайып қалғанын көріп, түнде оқуыңды қой деп ескерту жасады. Шын мəнісінде ол кезде шамның шынысы мен білтесін, керосинді табу өте қиын еді. Ол үшін ақша табу өз алдына, жаңағы керек-жарақты іздеп ауданнан, онда болмаса, облыс орталығынан əкелетін. Қатынайтын машина болса ол да жоқ. Мен жетінші класқа көшкенде біздің үй аудан орталығы Железинкаға

50


көшті. Онда қазақ мектебі жоқ. Үйдегілер орыс мектебіне ауысасың дейді. Мен кішкентай кезімнен бірбеткей болдым. Оның үстіне ұстазым Қабек Сағитов пен Жаманбалинов Мүбəрак ақынның туған тіліме деген, сен қазақсың, ана тіліңді қадірле деген сөздері балалық санама қалыптасқаннан болар, мектепті қазақ тілінде бітіремін деген ойда болдым. Жоқ, осы ауылда қалып, 8-сыныпты бітіремін деймін. Бөден апамдыкінде қалдым. Ол Жұмабек ағамның əкесінің үлкен ағасы Қажы атамның жесірі. Сол кісінің қасында тұрып екі жыл оқыдым. Сенбі, жексенбі боспын. Ол кезде аудан орталығына қатынайтын машина жоқ. Автокөлік, автобустар мүлде жоқ. Екі ортаға атпен қатынайды. Оның өзінде жұмыс бабында орталыққа баратын басшылар жағы болмаса. Сонда аудан орталығындағы үйіме жаяулап барамын. Ал біздің жақ орманды жер ғой. Аққайыңның ортасында орналасқан. Қасқырлар да кездесіп қалады. Бірақ жаспын ғой, қорқу дегенді білмеймін. Дегенмен, кейде өгізге отырамын, екі ортаға сүт тасып жүргендерге де кездесіп қаламын. Əйтеуір күн бата үйге жетемін. Осындай қиындықтарға қарамай, 8-сыныпты туған ауылымда бітіріп шықтым ғой.

Ертіс қазақ орта мектебінде

Ең қиыны кейін болды. 1964 жылы жер-жердегідей облыстың барлық аудандары мен елді мекендерінде қазақ мектептері жабыла бастады. Ол жылдары орыстанудың нағыз қарыштап тұрған кезі. Көп ата-ана қорқақтап, ертең нандарыңды тауып жей алмайсыңдар деп балаларын орыс мектептеріне бере бастады. Анам мен ағам Жұмабек, жеңгем Шамшижамал да маған солай деді. Бірақ мен көнбедім. Қазақ мектебінде оқысам да өлмеймін, қалайда нанымды тауып жеймін, өзімнің ана тілімде оқимын деп отырып алдым. Содан каникул бойы 9-сыныпты қазақ мектебінде оқысам деген арманым жанымды жегідей жеді. Үй-ішінің мені қазақ мектебіне жіберетін ойы жоқ.1 қыркүйек болса жақындап қалды. Бір-ақ жұма қалды. Оларды көндіре алмайтынымды білгесін, қалайда əкем Құсайынға айтуды жөн көрдім. Əкем айтса, анамды көндіруге болады деп ойладым. Қызмет орнына келдім. Бар жайды түсіндіріп, қалай да анамды көндірсек болды, мен Ертістегі қазақ орта мектебіне барамын деймін. Онда шеттен келгендерге арналған интернат та бар екенін айттым. - Бұл шешімің дұрыс екен. Сенің бұл ойыңды толық қостаймын. Өз тіліңді басқа тілге айырбастау үлкен қателік болар еді, деп жатыр. Содан кешке жұмыстан кейін əкем біздікіне келіп, анаммен сөйлесті. Анам бері қарағандай болды, бірақ маған ештеңе айтпады. Ертеңіне анам көнбейтінімді біліп, 30 шақырым жердегі өзеннің ар жағындағы Ертіс қаласындағы нөмірі екінші қазақ мектебіне беретінін айтты. Содан мен жолға дайындала бастадым. Көптен күткен бірінші қыркүйек күні таңғы алтыдағы бірінші паромға отырып, анам екеуіміз Ертіс қаласына келдік. Анам маған алдында қадап айтқан, егер Ертісте оқысаң, интернатқа бермеймін. Бір ағайынтуысымыздың үйіне қоямын деп. Интернатта болсаң, оқу оқымай, бетімен

51


кетесің деп қояды. Дəметкен əжемнің үйіне келіп, киім-кешегімізді тастадық та, мектепке келдік. Алыс жолдан келген мен сабаққа бір жарты сағаттай кешігіп қалдым. Линейка өтіп кетіпті. Класқа кіріп келгенімде отырған оқушылар маған таңдана қарады, бұл неғылған қыз, сабақтың бірінші күні кешігіп келгені дегендей, сыңай танытты. Бірақ мен қысылған жоқпын. Алдыңғы партада отырған ұзын бойлы, талдырмаш келген қыз, ишарат білдіріп, менің қасыма кел деп шақырды. Мұғалім де отыра ғой деп осы орынды нұсқады. Бұл Мұқаддас Хасанова екен, менің алғашқы таныстығым онымен осылай басталды. Кейін екеуіміз қатты дос болып кеттік. Міне, содан бері 54 жыл өтіпті, жұбымыз жазылмай келеді. Біздің класта 14 қыз, 14 ұл бала болды. Бірінен-бірі өткен. Пысық, қолдарынан іс келетін, сабақты да жақсы оқитын балалар. Кластың старостасы етіп, айтқанынан қайтпайтын, сөзі өтетін Жеміс Сергазинаны сайладық. Кластың комсоргына мені сайлады. Оған қоса мектепаралық комсомол ұйымының хатшысының орынбасары етіп сайлады. Кластың оқу секторы етіп Қайкен Акимованы тағайындадық. Бірер жұма оқығаннан кейін, бірбірімізге үйрене бастадық. Кейбір ұл балалалар бойлары үйреніп алғаннан кейін, тыныштықты бұзып, қалжыңға айналдырып, сабаққа кедергі жасай бастады. Содан белсенді деген Жеміс, Қайкен, Алма, тағы басқа қыздармен ақылдаса отырып, бір шешімге келдік. Бір-бір ұлмен қыздарды отырғызуға шешім шығардық. Кластың атамандары деген Мұрат, Бағдат, Емберген, Əбу, қалжыңбас Жасұлан мен Ғалыларды мінездері қатаңдау, белсенді деген қыздармен отырғызып, айламызды асырдық. Қалай десек те, біздің «А» сыныбы негізінен ұйымшыл, жаңашыл əрі пысық, оқуға зерек болатын. Мектептегі апта сайын өтетін социалистік жарыста біз үнемі Ауыспалы Қызыл туды жеңіп алып отырдық. Класымыз қандай да бастамада үнемі алда болатын. Бірде біз класс жетекшісіз жұмыс істейміз деп бірауыздан шешім қабылдадық. Осы ойымызды айту үшін мектеп директоры Қабыкен Əутəліповті біздің жиналысымызға қатысуын өтіндік. Директорымыз келді, жанында сол кездегі класс жетекшіміз Зəйкен Бейсенбаев бар. Бізді тыңдап болғаннан кейін, мүмкін класс жетекшілерің ұнамай жүрген болар, басқа мұғаліммен ауыстырсақ қайтеді, - деді. Бірақ біз, бұл жаңа бастама, біздің сынып класс жетекшісіз оқи да, жұмыс та істей алады, сондықтанда бізге сенім білдіріңіз деп, айтқанымыздан қайтпай отырып алдық. Директор бұл мəселені мұғалімдердің жиналысында қарайтынын айтып, жауабын сосын беремін,- деп уəде етті. Бір жұмадан кейін бұл ұсыныс біздің пайдамызға шешілді. Міне, осыған қарап біздің сыныптың қандай болғанын көз алдыңызға елестете беріңіз. Осы шешімнен кейін біздің класс үлкен жауапкершілікті мойнына алып, үш жыл бойы сынып жетекшісіз, мектептің алды болып, тіпті апта сайын социалистік жарыста бірінші орынды алып отырдық. Ал 9-сыныптың үшінші тоқсанында мектепаралық комсомолдардың жиналысы болды. 10-сыныпта, соңғы бітіретін жыл болғандықтан, комсомол

52


ұйымының хатшысы Дəулет Шəбенов хатшылықтан босатуын сұрады. Жиналыста мектепаралық комсомол ұйымының хатшылығына бірауыздан мені сайлады. Өте жауапты жұмыс, дегенмен жүрексінген жоқпын, алып кеттім. Шынын айту керек, біздің «А» сыныбының қыздары да, ұлдары да өте пысық, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан өнерлі, білімді оқушылар болды. Менің мектеп бітірген сыныптастарымның қай-қайсы да еліміздің қалыптасуына зор үлес қосқан азаматтар. Қарап отырсақ, 1966 жылы бітірген кластастарымның ішінен екі ғылым докторы, үш ғылым кандидаты, бір «Құрмет орденді» журналист, Қазақстан Республикасының мəдениет қайраткері əрі құрметті журналисі, СССР Журналистер одағының мүшесі, екі аудандық соттың төрағасы, бір бас экономист, екі Бас бухгалтер, екі ауыл басшысы, бірнеше кəсіпкерлер мен бірнеше ұлағатты ұстаздар, бір спорт тренері мен денсаулық сақшылары, екі сауданың құлағында ойнаған дүкен директорлары мен басқа да мамандықтың иелерін мақтанышпен айта аламын. Осы жылдар аралығында менің кластастарымның жеткен жетістіктері мен еліне жасаған еңбектері жайлы мына деректен білесіздер. Ал осындай тамаша жетістікке жеткізген - бізге білім берген ұстаздар алдында біз əрине қарыздармыз. Ол қарызды біз соңымыздан ерген ұрпақтарымызды жақсы істерге үйретіп, жақсы білім беріп, Қазақстанның нағыз азаматы етіп өсіру арқылы ақтаймыз деп ойлаймын. Шын мəнісінде менің сыныптастарым ұстаздарының берген білімін ақтап, еліміздің айтулы азаматтары болып шықты. Бірерін атап өтейін: Болат Абдрахманов - Өте тұйық болатын. Түр десе түрі бар, бой десе бойы бар. Оқуға өте зерек болатын, барлық сабақты «5» оқыды. Мектепті бітірген жылы ол бірден Əл-Фараби атындағы заң факультетіне құжатын тапсырып, кілең бестік алып, 20 бала таласқан орыннан сүрінбей өткен еді. Университетті бітірісімен туған елі Павлодар қаласына келіп, мамандығы бойынша Облыстық сотқа қызметке жолдамамен орналасып, кейін Облыстық соттың коллегия мүшесі болды. Заң ғылымының кандидаты деген атағы бар. Алма Қожахметова - Өнер десе ішкен асын жерге қоятын, табиғи дарынды, тіпті сол кездің өзінде біз оны кəсіби əнші дейтінбіз. Мектебіміздің ғана емес, Ертіс ауданының мақтан тұтар, əншілігімен көзге түскен өнерпазы болды. Оқуды бітірген жылы Алма Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияның вокал факультетіне емтихансыз бірден қабылданды. Ұзақ жылдар өнер саласында сабақ беріп, ұстаздықпен айналысты. Кейін ғылыми жұмыспен айналысып, педагогика ғылымының кандидаты болып, профессор атанды. Сайлаубай Сағымбайұлы Жұматов - физика-математика ғылымдарының докторы. «Орнықтылық жəне басқару есептеріндегі Ляпуновтың екінші əдісі» (Крементуло В.В., Майгарин Б.Ж.) атты монография бар. Зерттеулер нəтижелері бойынша Сайлаубай Жұматов халықаралық математикалық конгресс, съезд, конференцияларында баяндамалар жасады. Смаилов Қазбек Шұғайұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының

53


докторы, профессор. Ол республикадағы мал азығын өндіру, жайылым жəне тұзданған жерлерді мелиорациялау бағытындағы бірден-бір білікті жетекші мамандар қатарына жатады. Халықаралық ұйымдар (ИКАРДА) жəне Бүкілəлемдік банктің тозған жайылымдарды жақсартуға бағытталған біріккен жобаларына қатысып жəне жетекшілік қызметтер атқарған. Жексен Қайыржанов - Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент. Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі 1976-1977 жылдары Целиноград ауылшаруашылық институтының тəжірибе шаруашылығының меңгерушісі жəне ұйымдастырушы қызметіне алынады. 1978-2000 жылдары Ақмола аграрлық университетінде ассистент, жерді өңдеу кафедрасының доценті, деканның орынбасары, агрономия факультетінің деканы болады. Жеміс Серғазина - Спорттың нағыз саңлағы болатын. Тіпті ол мектепаралық емес, ауданаралық, облыстық жарыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындарды иеленіп жүрді. Бір жылы облыста жүгіруден 1-орын алғанында, оған республикалық жарысқа қатысуына жолдама берген еді. Кластың үнемі алдыңғы қатарында, тіпті сынып старостасы да болды. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Не нəрсені қолына алса да, оның нəтижесіне жетпей тынбайтын. Мінезі де, өзі де шапшаң, əрі айтқанынан қайтпайтын. Қорыта айтқанда, қолынан барлық іс келетін, пысық қыз болды. Абу Абдыхалықов – Өте өнерлі жігіт. Өзі өте сымбатты болды. Музыкалық аспаптардың барлығында ойнайтын. Əнді де жақсы айтатын. Концерттерге қатысып, класымыздың намысын қорғап, мектбіміздің мəртебесін көтеріп жүретін, сегіз қырлы бір сырлы жігіт болды. Қайкен Акимова – Сол кездің өзінде дайын тұрған математик еді. Тіпті математик ұстазымызды есептен жаңылдырып отыратын. Есеп шығарғанда мұғалімнің өзінен бұрын шығарып қоятын. Өзі сондай елгезек, ұйымшыл əрі бауырмал, өзінен көмек сұрағандарға үнемі көмекке келіп тұратын қамқор жан. Мектепті бітірісімен өзіміздің алтын ұя мектебімізде математикадан сабақ та берді. Бағдат Тілемісов - Кластың беделді балаларының бірі ретінде есімде қалды. Өзі сондай бауырмал болатын. Қолы ашық, жомарт еді. Қалжыңға жақын, қушыкеш болды. Класта біз бір партада отырдық. Менімен үнемі сырласып отыратын. Еңбекке де ерте араласты. Ерте үйленді, ауылының қызы Өрікке. Пысықтығы мен біліктілігінің арқасында ол кезінде туған ауылын басқарып, басшы болды. Əттең... əттең өмірден ерте кетті. Төлеген Садықов – ол өте сыпайы, мейрімді, мəдениетті болып көрінетін. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететіннің өзі десек, артық айтпаспын. Сабақты да жақсы оқыды. Мұғалімдердің де сүйіктісі болды. Уəде берсе, бірден орындайтын. Сол мінезі бүгінгі күнге дейін сақталған. Мектеп бітірген жылы жоғары оқуға түсті. Білікті экономист, Бас экономист қызметіне дейін өсті. Ғалы Комаров - Кластағы сымбатты балалардың бірі. Көзі күлімдеп, жүзінен бір жылылық есіп тұратын. Қалжыңбас, сабақты жақсы оқыды,

54


тəртібі де үлгілі болатын. Өзінің ауылындағы Көкешке ол да мектепті бітірісімен үйленді. Жалғыз анасы болатын. Ғалы сол кездің өзінде пысық, ұйымдастыру қабілеті ерекше еді. Кəсіпке дайын тұрған бизнесмен сияқты сыңай танытатын. Шынында кейін кəсіпкерлікті дөңгелетіп кетті ғой. Ол бүгінде Ертіс ауданының мақтанышы. Туған ауылы «Ынтымақты» басқарып отырған білікті басшы, тізгінді ол ұлына беруге шешім қабылдапты. Аман Əділбаев – Мінезі тұйық болатын. Бірақ досқа адал, қайырымды еді. Баладан жалғыз болды. Əкесі Қабылданы, базарком деп атайтынбыз. Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданда құрметті адамдардың бірі еді. Ол ұлы Аманның үлкен азамат болып өсуіне ерекше көңіл бөлді. Кластастары бізді үнемі үйіне шақырып, Аманның достарының көп болуына ерекше атсалысты. Аман да ата-анасының үмітін ақтап, жоғары оқу орнына түсті, заңгер болды. Баянауыл, Шарбақты аудандарында ұзақ жылдар сот төрағасы, сот болып қызмет атқарды. Жексен Қайыржанов – Ол өте сыпайы болды. Адамның көңіліне қарайтын. Өзі жастайынан еңбекқор болды. Сабақты да жақсы оқыды. Мектепті бітірісімен əскери міндетін өтеп келді де, Ақмола облысындағы қазіргі Сəкен Сейфуллин атындағы университетке мұғалім болып орналасып, Жер қатынастары факультетінің деканына дейін өсті. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты деген атағы бар. Мұрат Ысқақов – Кластың «атаманы» дейтінбіз. Оның əр қимылына ілесе алмайтынбыз. Сыныптың балалары Мұраттың айтқанын тыңдайтын, себебі оның бізге белгісіз «басқарушылық» бір қасиеті бар еді, бірақ кейде қыздарды тыңдамай кететін мінездері де болатын. Сондықтан да кластағы пысық əрі белсендіміз Жемісті Мұраттың қасына отырғызып қойдық. Дегенмен, не болса да Мұрат айтты болды, оны бəрі тыңдайтын. Мұқаддас Хасанова – Менің сыныптағы сырлас, мұңдас досым болды. Көркіне ақылы сай, не нəрсені болса да ойланып-толғанып істейтін. Артық сөзі жоқ. Мінезі бірқалыпты, досқа адал, турашыл, сол мінезімен айналасына тартымды еді. Бізбен бірге оқыған «б» класы да ерекше сынып болды. Олардың да біразын атап өтейін. Ахметов Тоқтас Нұрғабиденұлы - ауыл, кент əкімі. Тоқтас Нұрғабиденұлы 1948 жылдың 1 қарашасында Павлодар облысының Ертіс ауданындағы Қарақұдық ауылында туған. 11 жылдықты Ертіс ауданындағы №2 қазақ орта мектебінде бітірген. Павлодар қаласындағы Индустриалды институтын бітірген, мамандағы - инженер-механик. 2006 – 1981 – 1988 ж. Қалқаман жол машиналарын жасау заводы – күрделі құрылыс бөлімінің бастығы болып тағайындалады. 1988 – 2004 ж. Қалқаман элеваторында бас инженер қызметінде болады. 2004 – 2006 ж. Қалқаман кентінің əкімі болып тағайындалады Күлəн Қабиденқызы Қанаева - Бас дəрігер 1983-1989 жылдар аралығында Алматы қаласының Алатау ауданы мен Жетісу бұрынғы /Ленин/ ауданында Бас дəрігер қызметінде болады. Күлəн Қанаева жалпы малдəрігерлік саласында 37 жыл тапжылмастан қызмет атқарған. Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің ІІ дəрежелі дипломы, ҚР Тəуелсіздігінің 10 жылдығына ҚР Президентінің жəне ҚР

55


Ауылшаруашылық минстрлігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық басқармасының Алғыс хаты мен ҚР Ауылшаруашылық минстрлігінің жəне Алматы қаласы Жетісу ауданы əкімінің Құрмет грамотасымен наградталған. Енді сəл-пəл артқа шегініп, мектептегі шақтарымнан ой бөліссем деймін. Ертіс қазақ орта мектебіне облысымыздың басқа аудандарынан сол жылы оқушылар көп жиналды. Себебі, жаңа айтып өттім ғой, облысымызда жаппай қазақ мектептері жабылып қалды. Мысалы менің туған ауданым Железинкада бірде-бір мектеп қалмады. Ол кезде шет жердегілер интернатта оқитын, бірақ анам мені көпшіліктің ортасына жібермей, көпті көрген, қария, алыстан туыс ағайындас болып келетін Халиуллина Дəметкен əжейдің үйіне пəтерге қойды. Əжем алтын адам еді. Əңгімешіл, балажан, мені өте жақсы көріп кетті. Сол кісінің қолында екі жыл оқып тəрбие алдым. Ол кісінің жалғыз ұлы Мұхаметқали Халиуллин сол жылдары осы мектепте əдебиет жəне қазақ тілінен дəріс берді. Ол кісі əдебиет пен өнерге өте бейім болды. Ақын жанды, тіпті кезінде Ертіс ауданының жырауы да атанған. Жалпы мектеп өмірінде ұмытылмастай орын алған мектеп директоры Қабыкен Ауталипов болды. Сен тарихшы боласың деп, кейде кабинетіне шақырып алып, тарих кітаптарын беріп, мені ұстаздыққа баулып, ақылкеңестерін беріп жүрді. Сол 9-сыныпта оқып жүрген жылы біздің мектепке Мүбəрак ақын жиі келіп жүрді. Біз балаша қуанып алдынан шығатынбыз. Сол күннен бастап ол кісі əдебиетке үйір, өлең мен мақала жазуға бейімі бар балаларды іріктеп, солармен тығыз байланыс жасап тұрды. Тіпті, кейде үйіне де шақырып, жеңгеміз Қадиша апайдың қолынан талай рет шай да ішіп жүрдік. Қадиша апамыз біз келгенде жылы-жұмсағын алдымызға тосып, ып-ыстық жаңа піскен бауырсағын дайындап қоятын. Жеңгей сондай биязы, адамгершілігі мол адам еді... 11-сыныпты бітіретін жылы мені директорымыз Қабыкен Əутəліпов Қызылордадағы пединституттың тарих факультетіне жібермек болды. Онда барсаң қиналмай түсесің,-дейді. Ал Мүбəрак ағамыз болса, Алматыдағы (қазіргі Əл-Фараби атындағы) университеттің журналистика факультетіне түсуің керек дейді. Ал анам журналист мамандығы қыз балаға лайық емес, онда тұрмыс құрып та керегі жоқ, сондықтан мұғалімдікті таңда, – деп кеңес береді. Əрине, сол кезде анама журналист болғым келетінімді тура айта алмадым, себебі Алматыға жібермеуі мүмкін деп ойладым. Ал Жұмабек ағам мен Шамшижамал жеңгем, не Павлодарда жоғары оқуы орны жоқ па, пединститутқа түс деп кеңес берді. Дегенмен, жүрек қалауы бойынша журналистиканы таңдадым.

Абитуренттен студент болдым

Мен оқуға құрбым Нағимамен баратын болдым. Павлодардан самолетпен ұшатын болдық. Самолет Алматының аэропортына түнгі сағат 12-де келді. Баратын жеріміз жоқ. Туған-туысымыз да, таныс адамдар да жоқ. Сонау

56


ауылдан Алматыға келу əрине қорқынышты. Бірақ біз жас болсақ та, алға қойған мақсатымызды жүзеге асырамыз деген оймен келіп қалдық. Ендігі бар үмітіміз КазГУ-дің жатақханасынан қалай да орын алу. Самолетте бір ағай бізге жылы қабақ танытып, қарсы алатын адамдарың бар ма деп сұрады. Біз қорқып қалай жауап беретінімізді білмейміз. Ұмытпасам есімі Бақтыбек аға болу керек. Қысылмаңдар, əрі маған сеніңдер, менің де сендердей қыздарым бар дейді. Түнде аэропорт басында қалу қиын, əнде қорқынышты, ұйықтап кетсеңдер, киім-кешектеріңнен айырылып қаласыңдар дейді. Қорықсақ та, не де болса барайық деп шештік. Қазір есімізде жоқ, қайда келгеніміз. Əйелі де бір құдайға қараған кісі екен. Бізді тамақтандырғаннан кейін төсек салып берді. Ұйықтар алдында Нағимаға айтамын, алдымен бір сағаттай сен ұйықтап ал, мен күзетіп отырайын, сосын мен ұйықтап алармын, қандай үйге келгенімізді білмейміз ғой деп қоямын. Содан кезек-кезек ұйықтап, таңды атырдық-ау! Қазір осы ісіме қатты ұяламын. Қиналғанда қол ұшын берген адамдарға сенімсіздікпен қарағанымыз дұрыс болмапты. Міне қызық, оның үстіне үй иесі, бізді ертеңіне машинаға отырғызып, КазГУ-дің Виноградов көшесіндегі жатақханасына əкеп тастады ғой. Рахметімізді айтып біз қала бердік. Медициналық тексерістен өттік те, кешке таман жатақханадан орын алдық. Нағима құжаттарын тарих факультетіне тапсырды да, мен журналистика факультетіне тапсырдым. Емтиханнан сүрінбей өте шықтым. Бағаларым да жақсы, балым да жетеді, бірақ журналистика саласында 2 жыл қызмет істемегенсің сондықтан күндізгі бөлімге түсе алмайсың деді. Сол кездегі деканымыз Тауман Амандосов: «Əлі жассың, қызмет істе, бізге еңбек өтілі барлар керек деді. Мен жағдаймды айта бастап едім, кет дегенде ит те кетеді десі бар емес пе! Кабинетінен жылап шықтым. Қазіргі Абылайхан, бұрынғы Сталин проспектісінің бойындағы Жазушылар одағы үйінің алдында жылап келем. Ойым жерлес ақынымыз Қабдыкəрім Ыдырысовты тауып алсам деймін. Сол-ақ екен Жазушылар одағына қарай екі ағай келе жатыр. Біреуі: - Қызым, неге жылап тұрсың, - дейді. Мен Павлодардан келгенімді, жаңа ғана конкурстан өтпейсің деп деканның шығарып жібергенін айтып, жылағанымды баса алмай солқылдадым. Қабдыкəрім ағаны тауып алсам дегенімде, - Ол кісі Сочиде демалып жатыр, мен де ағаң боламын, павлодарлық ақын Нұтфолла Шакенов деген деп жатыр, қуанып кеттім. Мүмкіндігіңіз болса, деканға барсаңыз қайтеді деп көмек сұрадым. Нұтфолла ақынның талай əндерін сол кезде жатқа айтып жүрдік қой. Нұтфолла аға өте бауырмал екен. Қасындағы ағаймен қоштасты да, бір квартал жерде тұрған КазГУ-ге бұрылдық. Менің бағыма қарай жаңағы деканымыз өз орнында екен. Алдында тосып отырған адамдар да көп. Хатшысына Жазушылар одағынан Нұтфолла Шакенов келді деңіз десі бар екен, бірден ішке енді, мені бірге алып кірді. Мені көріп деканның өңі бұзылып кетті. Нұтфолла ағаның қолымнан жетектеп мына бала Қабдыкəрім Ыдырысовтың қарындасы болады, менің жерлесім деді. Бұған дейін айтпай қайда жүрсіңдер, қазір тізім ректордың алдында десі бар емес пе? Бұл баланың балы жоғары болғанымен, журнали-

57


стика саласында қызмет істемеген, сосын конкурстан өтпей тұр емес пе, – деді. Нұтфолла – 20 пайыз биыл бітіргендерден алмайсыңдар ма, соның ішіне кіргізуге болмай ма,-дейді. Несін айтайын, менің бағыма қарай осындай жақсы ағалардың арқасында күндізгі тапсырған бағаммен сырттай оқуға түстім. Сырттай оқуға түскеннен кейін туған ауылыма қайттым. Ойым - өзім оқыған мектепке барып, біраз жыл қызмет жасау. Елге келсем, неміс тілінің мүғалімі Əлима Жолдыбаева кішкентайлы болып, демалысқа шыққалы жатыр екен. Ол кісі қуанып кетті, келгенің жақсы болды. Сен менің қызметімді алып кетесің, қолымнан келгенше көмегімді аямаймын дейді. Екі тоқсандай дəріс бердім. Содан қысқы сессияға Алматыға оқуға шақырды. 40 күн сессия, Алматыға барарда Павлодарда тұратын курстасым Рашида Байсуфинаға соғып, Алматыға самолетпен келдік. Сессиямызды өте жақсы тапсырдық. Содан, Рашида екеуіміз біржола Алматыда қалатын болдық. Мен Қазақ радиосына машинистка болып қабылдандым. Сессия кезінде бос уақыттың арасында курстасымыз Баян Бұлғақбаеваның қызмет орнына барып жүріп, машинкада басуды үйрендім. Соның біраз көмегі болды. Бір жерлес ағамыз ақын Нұрсұлтан Əлімқұловты таниды екен. Сол кісі өзі қызмет атқарып жүрген Қазақ радиосына мені алып келді. Бірден жұмысқа қабылдады, машинистка болып орналастым. Бұл 1967 жылдың мамыр айы болатын. Бес жыл студенттік өміріміз мағыналы да мазмұнды өтті. 1968 жылы жерлес ақынымыз Аманжол Шамкенов ағамыз мені күндізгі оқу бөліміне ауыстыруға көмектесті. Содан радиода жұмыс істеп жүріп, күндізгі оқуымды жалғастыра бастадым. Таңертең ертемен тұрып, бірінші трамвайға отырып, Қазақ радиосына келемін. Таңғы алтыда ауа райын беру керек. Ауа райын алып, машинкаға басып, дикторға дайындап беремін. Сағат таңғы 7-де аудармашы келеді. КазТАГ-тың жаңалықтарын аударады. Түскі бірге дейін тапжылмастан аудармашымен жұмыс істеймін де, троллейбусқа отырып алып КазГУ-ге келемін. Екі аялдама, буфеттен тамақтанып аламын да, лекцияға кіремін. Сағат 3-4-тің кезінде ұйқы қысады. Көзім ілініп кеткенде, мұғаліміміз Оспанова ханым түнімен ұйықтамадың ба, қайда болдың?- дейді. Сол кезде Тұрсын деген курстасым: «Бізге Оспановадай болу қайда, ол таңның атысынан жұмыс істейді Қазақ радиосында»,- деп шыж-пыж болады. Бірақ, əнде жұмыс, əнде оқу мен үшін өте қиын болды. Кейде тамақ ішіп үлгермеймін, гемоглобинім мен давлением төмен түсіп кетіп, басым айланып құлап қалатынды шығардым. Жұмыс істемесем, жалғыз анамның 20 сом пенсиясы өзіне де жетпейді. Содан жарты жылдан кейін күндізгі оқуды тоқтаттым. Аманжол ағамыздың үмітін ақтай алмай, оқуымды сырттай жалғастырдым. Құрбым Рашида екеуіміз біраз уақыт пəтерде тұрдық. Бес-алты қыз жертөледен пəтер жалдадық. Ол басқа пəтерлерге қарағанда арзандау болатын. Алатын айлығымыз аз, жартысы пəтерақыға кетеді. Киім-кешек, тамағымыз ол бар. Аядай ғана екі бөлме, біреуінде ас дайындаймыз. 4-5 қыз тұрдық. Тамағымыз ортақ. Пəтерімізді кезекпен жинаймыз. Бəріміз де

58


- Павлодарданбыз. Бір-бірімізге ерекше қамқор болдық.

Қазақ радиосындағы жылдарым Қазақ радиосында машинистка бола жүріп, осындағы редакцияларға хабар дайындап, өзімді көрсете бастадым. Негізіне «Шалқар» радиосы мен «Ауыл өмірі» редакциясына арнайы тапсырмамен хабар дайындап жүрдім. Түске дейін өзіме берген тапсырманы орындаймын да, түстен кейін редакциялардан тапсырма алып. Хабар дайындауға кетемін. Бірде ұшқыштар жайлы хабар дайындау үшін Алматының аэропортына жіберді. Қолымда 13 килограмдық дыбыс жазу репортері бар. Ішке ене бергенімде қарсы алдымнан атақты əнші Роза Бағланованың шыға келуі бар емес пе. Қасында - нөкерлері. Қуанып кеттім. Бала кезімдегі арманым. Роза Бағланованы бір көрсем деген ойымның жүзеге асқанын қараңызшы! -Роза Тəжібаевна, əн сапарыңыз сəтті болған шығар, қай жақтан гастрольден келе жатырсыз, уақытыңыз болса, репортерімізді қосып жіберсем қайтеді деп жатырмын. - О, бəрекелді, жолым болды. Іс-сапармыз сəтті өтті. Өзімнің бір кездегі жастық шағым өткен Ташкенттен келе жатырмын,- деді. Микрофонымды қоса қойдым да, кезінде Өзбек халқының өнерсүйер қауымы сізді Қазақстанға жібергісі келмей, бізге қимады ғой. - дей беріп едім. - Менің шығармашылығымнан хабарың бар екен, деп қуанышын жасырмай, қойған сұрақтарыма жауап бере бастады. Сол күні радиоға бір емес, екі бірдей хабарға пленка əкеліп, Бас редакторымыз Сəркен Оспановты қуантып едім. Əрі бала кездегі Роза Бағланованы көрсем ғой деген арманымның жүзеге асқанына қуандым. КазГУ-ді аяқтаған жылы дипломымды алғасын негізгі мамандығым бойынша редакторлыққа ауысуды алдыма мақсат етіп қойдым. Сол кездегі Республикалық телерадиокомитетінің председателі Кеңес Үсебаевтың қабылдауына жазылып, бар жағдайымды айттым, қызмет сұрадым. Ол кісі іле менің көзімше Қазақ радиосы дирекциясының Бас редакторы Бек Дəулетбаевты шақырып алды. Алды да мына өрімдей жас баланы қарашы, жалғыз анасына, көп балалы ағасының жанұясына салмақ салмайын деп шырылдап жүріп оқуын бітіріп, журналист деген мамандығы бар диплом алыпты. Сырттан тамыр, таныстың адамдарын алғанша, өз комитетімізде қызмет істеп жүрген адамдарға неге көмектеспейсіңдер деп Бас редакторды тұқыртып алды. Сөйтіп мен Бек Дəулетбаев ағамыздың редакциясына редактор болып қызметке ауыстым. Маған жұмасына бір рет 30 минуттық «Денсаулық» хабарын дайындау

59


тапсырылды. Жəне күнделікті өтіп жатқан негізгі хабарларға шолу жасап отыруым керек болды. Бұл шолу тікелей председателімізге дайындалады. Менімен бірге дирекцияда Мейрам Байғазин деген қызмет атқарды. Ол да Павлодардан, маған үнемі ағалық қамқорлығын көрсетіп отырды. «Денсаулық» хабарының соңғы аптасында мен Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі Төрекелді Шармановты қатыстыруды əдетке айналдырдым. Ол кісі - өте қарапайым, мейрімді, біліктілігімен есімде ерекше қалған адам. Бірде Қазақ радиосының Левитаны атанған Байжанбаев Əнуарбек ағамыздың тісі түсіп, эфирден сөйлеуі қиындап, тісін салдырудың амалын таба алмай жүрді. Содан мен кезекті хабарға денсаулық министрі Төрекелді Шарманов келгенде Əнуарбек ағаның тісін салдырып беруін өтіндім. Ол кезде тіс салдыру қиын болатын, кезекке тұрасың немесе тамыр-таныс көмектеспесе болмайды. Ал біздің Əнуарбек ағамыз өте қарапайым, адал, біреудің ала жібін аттап өтпейтін кішіпейіл адам еді. Министр Төрекелді Шарманов уəде берді, ертеңіне ағамызды шақыртып алып, содан тіс мəселесі шешілді. Бүгінде осындай Қазақстанға танымал, атақты дикторға көмек көрсеткенімді қуанышпен есіме аламын. Сол Қазақ радиосында жүрген кезімде Мүбəрак Жаманбалинов ағамыз Алматыда болсақ та бізден қол үзбеді. Менен басқа да журналистикада оқитын біздің облыстан қыз балалар бар еді. Мен Павлодардағы сол кездегі «Қызыл ту» газетіне (қазіргі «Сарыарқа самалына») Алматыдан өзіміздің осындағы жерлестер туралы мақала жазып тұрдым. Оны өңдеп, əр келтіріп, ұстаздық жасаған Мұхаметжан Дəуренбеков ағамыз еді. Мұхамеджан аға əрбір жіберген мақаламды талдап, хат жазып тұрды. Бүгінде ондай ұстаз жоқтың қасы. Алғаш журналистиканың қыры мен сырына үйреткен ұстазым Мүбəрак Жаманбалинов – шындықты жазуды, ұлт намысы, ана тілінің қадір-қасиеті жайында, көтерген мəселенің нəтижесіне жету əрі журналист деген атаққа лайық қызмет ету керектігін баса айтатын. Отан, туған жер, деген кең ұғымды естеріңнен тастамай, халықтың мүддесін қорғаңдар деп түсіндіретін. Өзі де елінің жайын жазып, қарапайым халықтың мүддесін қорғады. Сондықтан болар, кезінде кейбір басшылар оны түсінбей, елемей келді. Бірақ ақын жаны осыны түсінген болар, өзін елемеген басшыларға қарсы «Ешкімге де өкпем жоқ» деген өлең жазды: Аяғымды ептеп-ақ басып жүрем, Пəледен айналып қашып жүрем. Жала деген жəдігей жалмауыздан, Қайда барып құтқарсам басымды мен. Қинайды ерен, осы жай қинайды ерен, Қазанына күншілдің сыймай келем. Бірлік үшін бас иіп, елдік үшін Сыйлай келем, бəрін де сыйлай берем. Қаскөйдің де қастығын кектемеймін Соның үшін сөк мейлің, сөкпе мейлің Зəбір көрсем, біреуге өкпелемей Біреуге емес, өзіме өкпелеймін.

60


Жайым солай нансаң да, нанбасаң да, Күн қашқанмен шындықты шаң баса ма? Ағама да өкпем жоқ ту сыртымнан Тас атқылап тұратын анда-санда. Кімдер бастық болмай жүр үкімменен, Басқан ізі соңынан түтіндеген. Ініге де тілеймін бақыт қана Əкімсініп, кей-кейде діңкілдеген. Астамшылық туралы ел айтады екен: «Санаңды алып, өзіңді сайтан етер». Ешкімге де өкпем жоқ, өштігім жоқ, Əркім білген жерінен қайтады екен,-деген өлең жолдары ақынның өзінен гөрі өзгені ойлап, өзін халқы үшін құрбан еткені деп түсінеміз. Менің бағыма қарай, алдымнан үнемі жақсы адамдар кездесіп отырды. Қазақ радиосында жүргенімде ақын Иса Байзақовтың қызы, Қазақ КСР-нің еңбек сінірген əртісі Мақпуза Байзақовамен таныстым. Ол кісі менің ең жақын сырласым болатын. Маған туған сіңлісіндей қарады. Менің өмірім, менің тағдырым оңай қалыптаса қойды деп айта алмаймын. Сол бір қиын кезеңде ол кісінің маған көп көмегі тиді. Исекеңнің қызы Мақпуза Байзақовамен тығыз араласып қана қоймай, ұзақ жылдар кішкентай Мəдиіммен үйлерінде бірге тұрған кездерім де болды. Біз ол кезде Алматыда пəтерде тұратынбыз, жұмысқа екі-үш автобуспен қатынаймын, пəтер ақысы да көп, оның үстіне тұратын үйіміз суық, дымқыл, Мəдиім ауыра берді. Бір күні ауырып жатқан бізді Мəкен тəтей Бердібек ағамен тұрған пəтерімізге іздеп келді. Тұрған күйімізді көріп, көзіне жас алып жылады. Кішкентай Мəдиді бауырына басып отырып Бердібек ағаға қарады да: Беке, біз ғой екі бөлмеде екеуіміз ештеңе білмей, тыныш жатырмыз, мына балалар көгерген үйде, суықта тұрып жатыр, менің əкем Иса, Шəрбану болса өздері пəтерде жүріп, талай адамды қолдарында ұстап, өнерге баулыған, солардың бірі – КСРО халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты «Ана жер Анадағы» Толғанайды ойнаған Сəбира Майқанова емес пе? Біз қайырымды да адамгершілігі зор ата-анамыздың осындай қасиетін көре тұра, бұл балаларды мына көгерген суық үйде қалдырып қалай кетеміз, бізбен бірге тұрсыншы, деп жолдасынан қиылып сұрады. Бердібек аға да бауырмал адам болатын. Сол күннен бастап 1978 жылға дейін, үй алғанша Бердібек аға мен Мақпуза тəтейдің қолында тұрдық. Мақпуза тəтеміздің жанында жүріп көп жайды үйрендім. Тəтем спектакльде ойнайтын күні онымен бірге театрға барамын. Мұхтар Əуезов атындағы үлкен-үлкен атақты театр əртістеріне мені сіңлім деп таныстырады. Солардың көбін кезінде Қазақстан əйелдері журналы мен Қазақ радиосына талай жаздым. Қапан Бадыров, Сəбира Майқанова, Серке Қожамқұлов, Нүкетай Мышпаева, Əйкен Мұсабековалар жайында. Мақпуза тəтеймен өнер жайлы, өмір туралы, өнер қайраткерлері жайында талай əңгіме-дүкен кұратынбыз. Үлкенді сыйлау, қонақ күту, бала тəрбиесі, жайлы неше түрлі кеңес беретін. Менің бірінші жолдасыммен дəм-тұзым жазбағаннан кейін, əйел деген қырық шырақты, деп қазіргі жолдасым

61


Беделханды жақсы жігіт, көңілін қайтарма деп ақыл-қеңес беріп, екеуіміздің үй боп кетуімізге себепші болған да осы Мəкен тəтем еді. Қызымыз Жəмиланың атын да өзі қойған болатын. Сол жылдары Мəкен тəтемнің талай сомдаған рольдерін көріп, оның бүкіл өмір, өнер жолымен таныстым. Жылдар өткесін ақынның қызы Мақпуза тəтемнің арманын жүзеге асырып, «Иса ақын жəне оның ұрпақтары» деген кітап жазып, қарызым мен парызымды өтедім.

Павлодар телерадиокомитетіне ауысқан жылдарым 1973 жылы анамнан телеграмма келді. Қатты ауырып қалыпты. Біржола қызметіңнен сұранып, елге қайт депті. Ол кезде тура сөйлесе қоятын телефон жоқ. Хат жазғанша, ол барғанша бір жұмадан аса уақыт керек. Содан сол кездегі Қазақ КСР телекомитетінің төрағасы Хамит Хасеновке 3 жыл мерзімге Павлодар телерадио комитетіне қызметке ауыстыруын сұрадым. Өтінішім қабылданды. Содан Павлодар телерадио комитетіне төрағамыз Хамит Хасеновтің бұйрығын алып келдім. Кадр бөлімінің бастығына келіп, қағазды ұстаттым. Жауабын ертең аласың деді. Ертеңіне келдім. Дайын тұрған штат жоқ. Əйтеуір, облыстық телевидениенің хаттар бөліміне орналастырды, ал бұйрық бойынша режиссердің ассистентімін. Үлкен бастығымыз Хамза Тоқпановқа жолыға алмадым, өзім де кіре қояйыншы деп талпынған жоқпын. Білдей журналист деген дипломым бар болса да, оған қараған адам болған жоқ. Кейін байқасам, Бас редакторымыз Рахат Балтабаевтан басқа журналист дипломы бар бірде-бір редактор жоқ екен. Менен кейін біраз уақыттан кейін Шолпан Байғалина журналист дипломын алып келді, ол сол кезде жастар редакциясында редактор болатын. Ол жылдары журналист мамандығына қараған басшылық бар ма. Шолпаннан кейін журналист дипломын алып келген Марат Ибраев та алғашында телеоператор, кейін режиссер болды емес пе? Ол кезде хабарлардың дені орыс тілінде өтетін, қазақ хабарлары 30 пайыз ғана, қазақ редакторлары саусақпен санарлық. Бұрыннан істеп қалған, стажы бар редакторлар, бізге жылы орнын босата қойсын ба? Бір жылдай сол хаттар бөлімінде қызмет жасадым. Сосын мені, ұят болар деп ойлаған болу керек, облыстық радиоға корроспондент етіп ауыстырды. Сол жылы тұрмысқа шықтым. Кішкентайлы болдым. Ол жылдардағы өмірімді есіме алғым келмейді. Бұл менің тағдырым болар. Тек айтайын дегенім, ұлым Мəдидің үш жастағы кезі болатын. Ал одан кейінгі кішкентай қызым Əлия бес айлығында ерте қайтыс болды. Бір жылға жеткен жоқ, анам төсек тартып жатып қалды. Содан қызмет орнымды сақталатындай етіп, туған ауылым қазіргі «Аққайың» /бұрынғы Комаровка колхозы/ ауылында тұратын анамның жанына Мəдиіммен бірге келдім. Аудандағы оқу бөлімінің бастығы Прокопцовқа барып, мүмкіндік

62


болса, қызмет тауып беруін сұрадым. Алдында онымен əкем де сөйлесіп қойыпты. Уақытша балабақшаға тəрбиеші қылып алайық, - деді. Үш төрт айдан кейін балабақшаның меңгерушісі босатуын сұранып жүр, соның орнына барарсың, - деді. Ол кісі мені жақсы білетін, мектеп бітірген жылы ауылда бес-алты айдай мектепте қызметте болдым емес пе? Кезінде мені мектептен əрең босатқан. Мен келгесін анам қуанып қалды. Осы ауылда анамның бірінші жолдасы Кəлмүш ағатайымыздың Шанау /Шайдолла/, Қиматолла туған інілері тұрады. Олар да менің келгенімді құптап, жақсы болған, анаңды сен күтпесең кім күтеді, қызметіңді тастап келген екенсің. Балалардың бəрі осы сендей болса, сенен үлгі алса деп маған деген жылы сөздерін айтып жатыр. Таңертең ертемен тамағын, дəрі-дəрмегін беріп, алты айлық Мəдиімді алып, балабақшаға кетемін, түске дейін ара-арасында анамның жанына барып отырамын. Топтағы балалардың төрт мезгіл тамағын беріп, ойын ойнатып, балабақша балаларына арналған бағдарлама бойынша сабақ үйретемін. Балалар түскі тамақтан кейін ұйықтауға жатқанда анама тағы келіп, дəрідəрмегін беріп, күтім жасаймын. Анам үш-төрт айдан кейін нашарлай берді. Бірақ маған білдірткісі келмейді. Бір күні анам: - Ғалия қызым, ана Шанау мен Қиматолла ағатайыңды шақырып кел, - деді. Шақырып келдім. Екі ағатайым да алдарында отыр. Жеңгелері не айтады екен деп. Анам бар күшін жинап алып, толқып сөз бастады: - Қайын інім болсаңдар да, осы күнге дейін алдарыңа келіп, қандай қиналсам да, іштегі мұңымды айтқан емеспін. Қолым қысқа болды. Аш болдық. Жалаңаш болдық. Бірақ ешкімге алақанымызды жайған емеспіз. Жұмабегім мен Ғалиям бала болып, балалық шақтың қызығын көрмей өсті. Жас кездерінен үлкендердің жұмысын істеп, маған көмектесті. Сол қиын кезде де бөліп бергендеріңді көрген емеспін. Ал сендерді ағаларың Кəлмүш / анамның бірінші күйеуі/ аштық жылдары арқасына салып, балаларымызбен бірге қайда апармады. Іште болдық, орыстарды жағаладық, аштық жылдары Омбы, Новосібірде жүрдік. Сол жылдары сендерді қасынан тастады ма! Кейін сендерді үйлендіріп тіпті үй ғып шығарды емес пе! Өздерің білесіңдер, мен бай тұқымнан шыққанымды. Жеті ағам мені үлде мен бүлдеге бөлеп, құндыз-ішіктерімді айтсайшы, бар байлығммен қора-қора малмен, түйір-түйір алтындарыммен келдім емес пе сендердің шаңырақтарыңа. Сол байлығымның бəрін Ресейде сатып, бəріміз бірге күнелттік емес пе! Ал енді мен мынадай ауырып жатқанымда менің қасымнан табылатын сендер емессіңдер ме? Ендігі сендерден сұрайтыным, менің қиналғанымды, көз жұмғанымды қызым көрмесін, жүрегі əлсіз, оны көтере алмайды. Сондықтан менің қасыма кезекпен келіп, күзетіп отырыңдар, деп қатты ескертті. Екі ағатайым да үнсіз тыңдап, қарсы келмей, бастарын шұлғып, айтқаныңыз болсын,- деді. Сол күннен бастап Шайдолла ағатайымның айтуы бойынша туыстар анамды кезекпен күзетіп жүрді, тіпті біздің үйде қонып, маған көмекші болды.

63


Мен де тыныш жүрем бе! Ауылдағы балабақша орналасқан үйді көріп, жүрегім ауырады. Ескі үй, санитарлық жағдайы да нашар. Осы екі арада совхоз директоры мен Аудандық оқу бөлімінің бастығының мазасын алып жүріп, ауылда жаңа балабақша салуды қолға алдым. Мəселе шешіліп, жаңа бала бақшаның үйі салына бастады. Тамыз айының басында ауданға жұмыс бабымен барып келіп, алдымен жұмысқа бармай тұрып, анамның жағдайын білейін деп үйге келдім. Келсем, анам теріс қарап жатыр екен. Қасында Қиматолла ағатайым үйіндегі əжеміз отыр. Маған ыммен ұйықтап жатыр деді. Менің келгенімді сезген болар, анам бер жаққа бұрылып, маған бір нəрсе айтпақшы болды. Жанына жақындап едім, тынысы тарылып, қысыла бастады. Əжем бір нəрсе сезді ме, ауыл молдасын шақырып келемін деп шығып кетті. Мен жалғыз қалдым. Анамның түрін көріп, шошынайын дедім, апа, апа деп жылай бастадым. Сол-ақ екен, ауыл молдасы да ішке енді. Мен ол кісіні көріп қатты жыладым. Жылағаным сондай, өз-өзімді тоқтата алмадым. Молда анамның жанына отырып жатып, дауыс көтеріп жылауыңды тоқтат, балам, науқасқа ауыр болады деді де, содан шипа болатын дұғасын оқуға кірісті. Оқып болғасын маған айтқаны: - Балам, сенің жаңағы қатты жылағаныңнан, кетіп бара жатқан анаң бері қайтты. Сен оны өте ауыр жағдайда қалдырдың. Оған ауыр болды, бұлай жасауға болмайды деп қарап тұр. Ол жағын мен білмеймін, бірақ мен анамды қалай өлімге қиямын. Шынында да анам содан есін бірден жинап алды. Бірақ бір жұмадан кейін тағы қысылады. Бірақ анам да, қасында отырған əжем де маған оны білдірмеді. Сөйтсем, анам оларға айтып қойыпты: Мен ауырласам, Ғалияға білдіртпеңдер, жүрегі жаман, шыдай алмауы мүмкін, оны жұмысқа жұмсап отырыңдар депті. Шынында да солай, олар маған білдіртпеді ғой. Бір жұмадан кейін балабақша құрылысын аяқтай бергенімде, 1976 жылдың 10 тамызында, оразаның іші болатын, анам қайтыс болды. Арулап қойдық. Маған өмір сыйлап, бағып-қағып, енді жеткіздім бе дегенде немересінің қызығын да көре алмай, 61 жасында кете барды. Немересін құшырлана бауырына да баса алмады. Өткен өмірі - бейнет. Жан жолдасынан 30 жасында қалып, екінші тұрмыс құрамын ба дегенде ұлының қызғаныштан жасаған əрекетіне көндіге алмай, менің əкеммен де тұрмыс құра алмай қалды. Енді жетілдім деген кезімде, шуағын шашқан анамнан қимастықпен айырылып қалдым. Он баланы өмірге əкеліп, бізге өмір сыйлаған анамыздың ғұмыры қысқа болғанына өкінемін. Осы жаныма қатты батады.

Павлодар облыстық радиосында Алғаш анам ауырған жылы, қызметімді осы облыстық радиода тілші болып жалғастырдым ғой. Мен радиоға келгенде Теңдік Елемесов деген ағай мен Шəкірат Қожахметов жəне радионың дикторы Уəсила Сержанова, дыбыс операторы Əлия Нұрмағанбетова мен аға редакторымыз Айтбай Мұздыбаев болды. Ал 1982 жылы менің кезімде Теңдік Елемесов деген

64


редақтор қызметтен босап, біраз уақыттан кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты Шəкірат Қожахметов та радиодан кетті. Есесіне олардың орнына Алматының КазГУ-ін бітіріп Ақмарал Сағынбекова келді. Екеуіміздің де журналист деген дипломымыз бар, ал Айтбай Мұздыбаев он класты ғана бітірген қағазымен бізге аға редактор болып қазақ бөлімін басқарды. Əрқайсымыз хабарларымызды бөліп алдық. Маған балалар хабары мен мəдени, арасында өнеркəсіп тақырыбын қосып қояды. Ал Ақмарал негізінен жаңалықтарда отырды. Айтбай Мұздыбаевтың өзі ауыл шаруашылығы тақырыбына хабар дайындап жүрді. Əрқайсымыз хабарларымызды сетка бойынша үлгеріп жасап жүрдік. Айлығымыз аз, біраз ғана гонорар береді. Орыс редакциясындағылар бізден əлдеқайда артық алады. Себебі сағаттары көп. Бірақ, гонорарды Ақмарал екеуімізге штаттағы бөлінгеннен емес, штаттан тыс авторлардың гонорарынан бөледі де, оны біздің жолдастарымыздың атына жібереді. Ақмаралдың жан жолдасы Ғалымбек Жұматов - ол журналист, Ал менің жолдасым - теміржолшы. Мен бұны қылмыс, ұрлық деп түсінемін. Айтбай Мұздыбаевқа айтамын, егер мұны бухгалтерия білсе, сіз жауап бересіз деп шыж-пыж боламын. Ол кезде радионың штаттан тыс тілшілері көп. Олардан бізге азынаулақ қана ақша қалады... Біз Айтбай Мұздыбаевтың бұл қылығына іштей ренжиміз, ап-ауыр репортерді көтеріп, қазақ тілінде сөйлейтін адамдарды таба алмай зыр жүгіріп, пленка əкеліп, күніне 30-40 минуттық хабар дайындаймыз, ал ол орнында отырып, бір хабарын үш-төрт рет қайталап, одан төрт рет гонорар алады екен. Бұл жайды сен сездің бе, деп маған Ақмарал айтып қалды. Тексере келсем, дəл солай. Бір күні бұл қылмысын Айтбай Мұздыбаевтың бетіне айттым. Ол маған содан өшігіп алды. Отырсам опақ, тұрсам сопақ болдым. Бір жұмадан кейін Ақмарал декреттік демалысқа кетті. Мен жалғыз қалдым. Содан ол маған күн көрсетпей өшін алуға шындап кірісті. Бұндай əділетсіздікті көрмеген мен, не істерімді білмедім. Жүйке тамырым тозды. Он кластық білімімен бізге қоқаңдап, ақшамызды жеп, шалқиып жүргеніне шыдамадым. Бірер күннен кейін біздің комитетке Алматыдан ревизор келе қалды емес пе!. Бухгалтерияның жұмысын тексеруге. Біраз күн бе, əлде жұмалап отырды ма, білмеймін, есімде жоқ, кетер алдында телевидение мен радионың қызметкерлерін жинап алып, жаңағы ревизор жиналыс ашты. Біраз финанс жағынан олқылықтардың барын айтып өтті де, қолында ұстап отырған қағазын ашып: - Айтбай Мұздыбаев деген кім? - деп сұрақ қойды. Ана кісі /Мұздыбаев/ менмін деп орнынан қасқайып барып атып тұрды. - Сіз эфирден өткен бір хабарыңызды үш-төрт рет қайталап, гонорар алады екенсіз. Бас бухгалтер қазақ тілін түсінбегендіктен нарядпен өтіп жатқан көрінеді. Сіздің бұл қылмысыңызды қалай түсінуге болады, комитетке қаншама шығын келтіргеніңізді ойладыңыз ба, - деп қатты-қатты сөйлеп, алған ақшаңыздың бəрін кассаға қайтаруыңыз керек,- деді. Сөйтіп ол бүкіл комитет алдында масқара болды. Ақшаны төледі ме, төлемеді ме, білмеймін, əйтеуір ертеңіне Айтбай Мұздыбаев жұмыстан кетті. Оның орнына телевидениенің Бас редакторы

65


болып Рахат Балтабаев келді де, көзіміз ашылды. 1984-1986 жылдары Екібастұз қаласында облыстық телевидениенің тілшісі болып жүргенімде Облыстық радионың қазақ бөлімінің Бас редакторы Рахат Балтабаев құрметті демалысқа кететін болып, бастығымыз Мұрат Мұсайбекұлы шақырып алып, жаяулап-жалпылап, жаныңды жеп қашанғы Екібастұзда жүресің, Рахаңның орны босап жатыр, деп Бас редактордың орнын ұсынды. Мен келістім. Келе сала орыс редакциясымен теңесемін деп хабардың сағатын ұлғайтуды, гонорардың көлемін көбейтуді, радионың архивін толықтыру үшін жанталаса кірістім. Радиодан концерт берейін десең, қазақша өлеңдер, ал жақсы хабар берейін десең əдеби хабарлардың жоқтығы мені қатты алаңдатты. Содан бастығымнан Алматыға 3-4 күнге командировка сұрап, Қазақ радиосының фонотекасына келдім. Бір кезде өзімнің Бас редакторым болған Бек Дəулетбаевтан көмек сұрадым. Ол кісі фонотека қызметкерлеріне тапсырма беріп, Павлодар радиосына Қазақ радиосының музыка редакциясының қорынан тамаша күйлер мен классикалық, эстрадалық, опералық əндерді жəне əдебиет редакциясының алтын қорынан ақынжазушылардың шығармашылығы жайлы дүниелерді көшіріп беруін сұрады. Содан мен сол кездегі 13 мың сомға түсетін алтын қорда сақталған Қазақ радиосынан біраз дүниелер көшіртіп алатын болдым. Бір жұмадан кейін Алматыдан бухгалтерияға ақшасын тездетіп төлеңдер, тапсырыстарыңды аласыңдар деп телефон шалады. Бұлар аң-таң, Бас бухалтер жүгіріп барып бұл не бассыздық деп Мұрат Мұсайбекұлына барыпты. Содан бастық мені кабинетіне шақырды. Алдында Бас бухгалтер отыр. Міне, қызық мені тергеп отырған бастығым емес, жаңағы бухгалтер – Валентина Михайловна Вершинина сізге кім рұқсат берді деп дікіңдейді. Мен де қарап қалмадым. Біріншіден деймін, Сіз маған дауысыңызды көтермеңіз, екіншіден, Қазақ редакциясы неге өзіне қажетті архивті ала алмайды? Біз кімнен кембіз. Бір қойған хабарды күн сайын қайталап, тыңдаушыларды мезі еттік. Орыс хабарларына тоқсан сайын алтын қор əкеліп жатасыздар, ал Қазақ редакциясына неге алдырмайсыздар,- деп мен де дүрсе қоя бердім. Тартынып қалды. Мұрат Мұсайбекұлы керемет адам ғой, тыңдап отырды да, Валентина Михайловна, нужно оплатить,- деді. Міне осы жерде радиодағы қызметіме байланысты біраз ой толғаған, облысымыздың бас ақыны, Алаш сыйлығының лауреаты, Павлодар облыстық Жазушылар одағының төрағасы Арман Қанидың ертеректе жазған мақаласын назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмын.

66


Арман Қани

Алаш сыйлығының лауреаты, ақын

Ұлттық мұрат-мүддені ұлықтаған (Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын) Павлодар облыстық радиосының шығармашылық жəне техникалық жағынан өркендеуіне осы мекеменің директоры Ғалия Балтабайдың қосқан үлесі айрықша зор. Іскерлік, ұйымдастырушылық қабілет деңгейі жоғары Ғалия Құсайынқызы 1990 жылы, радионың қазақ редакциясына бас редактордың қызметіне тағайындала салысымен, бұрын орыс редакциясының құрамдас бөлігі болған қазақ редакциясының жағдайы жылдам оңала бастады. Санаулы айлар ішінде редакция дербес шығармашылық ұжым ретінде жеке шаңырақ көтерді, кадрлар құрамының саны артып, сапасы жақсарды, материалдық-техникалық базасы жаңарып, қаржыландыру мəселесі шешілді жəне қазақ хабарларының уақыты күрт көбейді. Мұндай үлкен жетістікке Ғалия Құсайынқызы Балтабайдың табандылық көрсетуі жəне оны облыстық телерадиокомитеттің төрағасы Мұрат Мұсайбекұлы Əбдірахмановтың қолдауы нəтижесінде қол жеткізілді. 1991 жылы, сол комитетте журналист болып жүргенімде, Ғалекеңнің шақыруымен радиоредакторлық қызметке ауысып, бірнеше жыл қарамағында істеген едім. Сондықтан сол жылдарғы облыстық радионың ахуалы маған кеңінен белгілі. Бұл шақта қазақ редакциясының жағдайы күрт жақсарғанын «Павлодар облыстық радиосына – 70 жыл» атты жинаққа жарияланған «Тəуелсіздіктің алғашқы кезінде» атты мақаламда баяндағанмын, сондықтан жазылған жайды қайталап айтуды жөн көрмеймін. Тек М.М.Əбдірахмановтан кейін облыстық телерадиокомпанияға Алма Мұқанқызы Əжібаева басшылық жасаған кезінде де осы мекеме тұтастай өрлеу үстінде болғанын, ал Гүлбарам Əуезханқызы Наурызбаеваның төрағалығы кезінде компания нарық қыспағына ілініп, облыстық радиоға жабылу кəупі төнгенін еске түсіремін. Міне, осындай жағдайда директорлық қызметке тағайындалған Ғалия Құсайынқызы Балтабайдың қайтадан табандылық көрсетіп, жанкештілікпен еңбектенуі нəтижесінде, облыстық радио тығырықтан шықты, тығырықтан шығып қана қоймай, республика бойынша алдыңғы

67


қатардағы шығармашылық мекемелердің біріне айналды. Ғалия Құсайынқызының бойындағы тамаша қасиеттерінің бірі шығармашылық жəне өнер адамдарының дарын, қабілеттерін қапысыз танитыны əрі оларды жұртшылыққа таныта білуі дер едім. Соның бір мысалы ретінде, 1978 жылдың шамасында болған бір жайтты айта кетейін. Ол кезде Ғалекең облыстық телевизияда аға редактор қызметінде істейтін де, мен Павлодар трактор зауытында қарапайым жұмысшы болып еңбек ететінмін. Қыстың күні, қас қарайып, күн батқан мезгілде бəкене үйімнің терезесін біреу қаққан соң, есікті ашсам, Ғалия Құсайынқызы тұр! Өз көзіме өзім сенбей, абдырап қалдым. Сөйтсем, мені ақын ретінде телехабарға түсуге шақыра келіпті. Мен өз өлеңімде «Қыз мінезді ұл тумас Керекудің «Казкрайы» əуелден бұзақылау...» - деп жырлаған ықшам ауданның жарығы жоқ, қалтарысы мен бұлтарысы көп, көпшілік көлігі жүрмейтін көшесінде тұратын мені, яғни жұмысшы ақынды облысқа белгілі журналистің көз байланған шақта жаяу-жалпылап жалғыз өзі іздеп келуі таң қаларлық жайт емес пе! Мұны шығармашылық адамдарына деген оның асқан қамқорлығының белгісі əрі оның болмыс-бітіміндегі қайсарлықтың айғағы деп білемін. Айтпақшы, Ғалекең облыстық радионың директорлығы қызметіне орналаса салысымен, қиыншылық кезеңінде тарап кеткен маман кадрларды бір-бірлеп қайта жинауды қолға алды. «Казкрайдағы» менің үйіме «Волга» көлігімен жүргізушісін жіберіп, қайтадан радиоредакторлық қызметке шақырды. Ол кезде өзге қызмет істеп жүргендіктен, одан шығып кетудің ретін таба алмадым. Біздің аймақтағы шығармашылық ұжымдардың басшылығында Ғалия Құсайынқызы Балтабай тəрізді нағыз шығармашылық адамдарын құрметтей білетін, олардың дарын қабілеттерін бағалай білетін зиялы азаматтар көп емес сияқты. Абыройсыз сөз болса да, мынаны айтуыма тура келіп тұр. Ғалекеңе бір мінезі ұқсайтын шығар деп кейбір басшыларға зер салсам, шығармашылықтың исі мұрнына бармайтын, қарамағындағы шығармашыл ұжымда кеңестік тоталитарлық кезеңдегі қатал кеңсе тəртібін орнатып, əкімшілдік-əміршілдік үстемдік жүргізетін, ой өрісі тар, жан дүниесі жадау, ұсақ пенделер көзге шыққан сүйелдей болып көрінеді... Бұл – біздің аймақта, əлі де болса, төртінші билік құрылымдарының басшы кадрларын таңдау ісіне жете мəн берілмеуінің көрінісі болса керек. Дегенмен, шығармашылығы, басшылық қызметі еліміздің егемендігін аялауға, ұлттық мұрат-мүддені ұлықтауға бағышталған, шығармашылық күштерді де осы үдеден шығуға жұмылдыра білетін Ғалия Балтабай тəрізді кəсіби журналист, іскер басшы кадр табу оңай емес шығар деген де ой келеді. Солай ойласақ та, Ертістің Кереку өңірі жұртшылығының құрметіне бөленген Ғалекеңнің ізбасарлары көбейе берсе екен деп тілейміз. РS: Ардақты Ғалия Құсайынқызы! Мерейтойыңыз құтты болсын, елімізде жақсы жаңалықтар көбейіп, облыстық қазақ радиосының шаңырағы шаттыққа, отбасыңыз құт-берекеге тола берсін! РS. Арман Қаниұлына, мың алғыс айта отырып, енді Павлодар облыстық теларнасына келген жылдардағы атқарған жұмыстарыма тоқталайын

68


Облыстық телеарнаға ауысқан жылдарымда Облыстық радиода редактор болып жүргенімде телевидениенің режиссерлері Үмітжан Садуова мен Ақмарал Шотанова маған келіп, Ғалеке сен жассың ғой, орның сенің - телевидение. Бізбен бірге жұмыс істейік, зейнет жасына келіп қалған Ғаббас Наскенов деген ағаң бар, сонымен орындарыңды ауыстырсаңыздар қайтеді, деп маған қыздар ұсыныс жасады. Енді сол телевидениедегі қызметім жайлы біраз тоқталып өтсем. Жалпы, менің қызметім негізінен радиода басталды ғой. Сондықтан телевидениенің қыр-сырын толық біле бермейтінмін. Біраз жүрексіндім, оның үстіне қызым Жəмила өте кішкентай болатын. Қыздарға ойланайын дедім. Маған сенім артып отырған мына режиссер қыздардың сенімін ақтаймын ба деп те ойландым. Бірақ, қалай болса да, телеарнаның ерекшеліктерін үйреніп алуым керек. Республикалық Қазақ радиосынан кейін екі жылдай Республикалық телерадиокомитетте редактор болып қызмет атқарып жүрген кезімде Қазақстан телеарнасына 3-4 рет көрермендердің конференциясынан сөйлеген адамдардың ойын қорытып, көрермендердің пікір-ойларын жинақтап, хабар дайындағанмын. Содан жинақтаған біраз ғана тəжірибем бар. Бір жұмадан кейін келісімімді беріп, облыстық телеарнаға ауыстым. Ақмарал да, Үмітжан да аянып қалмады. Үйретті. Алғашқы жасаған хабарым есімде қалыпты. Павлодар ауданындағы аурухананың проблемасын көрсетіп, оның сол кездегі жағдайы сын көтермейтінін айтып, көрермендердің көңілінен шыққан едім. Содан Павлодар аудандық атқару комитетінен председательдің орынбасары Алтын Рамазанова қоңырау шалды. Ол кісі - менің мұғалімім. Екі оттың ортасына түстім. Ол кісіге де оңай емес. Соларды сынап отырмын ғой. Менімен қатты сөйлесе алмайды, бірақ қаражаттың жоқтығын айтып, жаңа аурухана ашуға бюджетке бұл бесжылдықта ақша салынбаған, күрделі жөндеу өткізуге ақша қаралып жатыр, - дейді. Содан мен де болмаймын, жөндеу жұмысы өткесін тағы бір хабар жасаймыз деймін. Бірер уақыт өткеннен кейін осы Алтын Рамазанова тағы звондады, аурухана жөндеуден өтті деп, содан мен аурухананың проблемасы шешілді деп «Денсаулық» хабарынан тағы бір сюжет бердім. Осы хабарым жайлы, шолушы Михаил Касаткин жақсы баға беріп, менің мəртебемді көрсетіп тастады. Екі-үш айдан кейін жаңағы ұстазым Алтын Рамазанова мен мені оқытқан осы Павлодар ауданындағы идеология хатшысы Ғалия Əбенованы үйге қонаққа шақырып, өткен оқиға жайлы еске алып, бір күліп алған едік. Мектептегі қиқарлығың, бір еткейлігің қызметіңнің жүруіне кесірін тигізбесін, бірақ біз тілектеспіз сенің шыншыл журналист болып шығуыңа деп, жақсы тілектерін де айтып еді. Шынында да бетке айтатын турашыл мінезім кейін партияға өтуіме

69


кедергі болды емес пе. Мені сол кездегі коммунистер партияға алмақ түгілі маңайына да жолатқан емес. Бірақ мен оған қазір өкінбеймін. Бірде Павлодар облыстық балалар ауруханасынан хабар дайындамақшы болып, аурухана есігін айқара ашып, телеоператор Тоқтар Ахметов екеуіміз кіре бергенде кіре беріс төбе құлап, ортасына түсті, сəл секунд болса, алға қарай жүрмегенімізде құлаған төбенің астында қалар едік. Содан аурухананың түйткіл, хал-мүшкілі жайлы Павлодар телевидениесінің кешкі эфир жаңалықтарынан сын тақырыпта сюжет беріп жібердім. Бастықтар жағы ол сюжеттің өткенін білмей де қалды. Ертеңіне сағат таңертеңгі сегізде Облыстық телевидениенің бастығы Мұрат Абдрахманов үйге телефон шалды: - Ғалеке, тағы не бүлдірдің, кешегі өткен жаңалықтарыңның тексі мен суреттерін алып Павлодар облыстық партия комитетіне бар,- деді. Шынында да мен көбіне халықтың мұңын жоқтап, осындай сын хабарларды кезінде көп берген едім. Содан телевидениеге ертерек барып, сағат тоғызда облыстық партия комитетіне келіп, денсаулық бөлімінің сол кездегі жауапты қызметкері Əлия Жакенқызы Сабырхановаға хабардың тексі мен суреттерін тапсырдым. Сол күні балалар ауруханасының жайы кезектен тыс шақырылған облыстық партия комитетінің бюросында қаралды. Жаңа балалар ауруғанасын салуға жоғары жақтан қаражат сұраймыз деп шешім қабылданды. Нəтижесінде, бірер жылдан кейін менің араласуыммен Павлодар қаласында жаңадан Облыстық балалар ауруханасы салынып, есігі айқара ашылды. Журналистік қызметімде қоғамдағы болып жатқан жайлардан еш қалыс қалған емеспін. Кеңестер Одағы кезінде айтуға болмайтын заманымыздың көлеңкелі тұстарын ашып айтып, қиындықтан шығудың жолдарын да іздестірдім. Үнемі ізденіс үстінде болдым. Кезіндегі Республикалық жəне Павлодар облыстық телевидениесінен берілген жетім балалар жайлы «Менің анам қайда екен?» жəне ата-аналарын қарттар үйіне тапсырғандар жайлы «Қарттарым, аман-сау жүрсің бе? деген хабарларым республикалық Қазақстан телеарнасынан өтіп, бүкіл республика көрермендерін селт еткізген еді. Хабардың режиссері Ақмарал Шотанова болды. Кеңестер Одағы жылдары мұндай тақырып еш жерде көрсетілмек түгілі, ешқашанда айтылған емес. Бұл хабарға Павлодар облыстық Прокуратурасынан сол кездегі прокурордың 1-ші орынбасары Болат Мағзұмовтың өзі қатысқаны көпшілікті таң қалдырды. Ал балаларын жетімек еткен аналардың экран алдында сөйлегенін көргенде көрермендер оларға лағынет айтып отырған екен. Ия, бұл тақырып сол кездің өзінде ТМД мемлекеттерінде де көтерілмеген тақырып болатын. Осы хабардан кейін сынға алынған бірер ана өз қылықтарын ақылға салып, балаларын жетімдер үйінен қайтып алса, ал қарттар үйі жайлы берілген хабардан кейін олардың балалары ұялғандарынан ата-аналарын үйлеріне қайтып алып жатты. Тіпті арасында басшылардың да болғанына қазірде таңданбасқа шарамыз жоқ. Бүгінде мұның өзі - бір тарих... Жетім балалар тақырыбын тұңғыш көтерген

70


менің осы хабарларым Республикалық летучкада жоғары бағаланып, оған сол кезде ең жоғары қаламақы төленген еді. Телевидениеде қызмет істеген жылдары мен «Төрт асыл» деген хабар дайындадым. Бұл хабарым Жаяу Мұса, Естай, Иса мен Майраға арналды. 1990 жылы Иса Байзақовтың 100 жылдығына орай Ташкент-Алматы жаққа іссапармен барып Иса Байзақов жайлы 50 минуттан екі хабар көрсетіп, көрерменнің көзайымына айналдым. Қаныш Сəтбааев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бұқар жырау жайлы хабарларым дүниеге келді. Кейін Иса ақын жайлы Қазақстан телеарнасының тапсырмасы бойынша ақынның 100 жылдығына 4 хабар жасадым. Бүгінде бұл хабарлар Павлодар облыстық телеарнасының алтын қорында сақталған. Тағы бір құнды телехабарларымның бірі ғұлама ғалым, ақын, философ, халықтың көріпкелі МəшҺүр Жүсіп Көпеев туралы екі хабар дайындадым. Ол жылдары көрермен халық Мəшекең жайлы тың деректерді осы хабардан естіген еді. Менен бұрын МəшҺүр атамыз жайлы Тамара Карандашова орыс тілінде хабар жасаған болатын, бұл оның біздің ұлттан шыққан данышпанға жасаған жақсылығы емес, Мəшекеңді мойындағаны дер едім.

Екібастұздағы жылдарым күреспен өтіп еді 1984-1986 жылдары Екібастұз қаласында облыстық телевидениенің тілшісі болып жүргенімде көрермендерді толғандырып жүрген тақырыптар аясында біраз жұмыс атқардым. Кеңестер үкіметі кезінде кеншілер мен энергетиктер қаласына сонау Мəскеуден, сол кездегі астанамыз Алматыдан журналистер келіп, газеттерге мақала жазып, телевидениеге хабарлар жасап жататын. Жас қала, болашағы да зор, проблемасы да көп бұл шаһар тілшілерді өте қызқтыратын еді. Менің де ынтазарым осы жаққа ауып тұрды. Содан осы ойымды сол кездегі төрағамыз Мұрат Мұсайбекұлы Абдрахмановқа айтып едім, қарсы болған жоқ. Бас редакторымыз Жұмасейіт Бижановпен сөйлестің бе? - деді. - Айтқан жоқпын, ақылдасамын, дедім де, төрағамыздың қарсылық білдірмегеніне қуанып кеттім. Іле осы ойымды бас редакторыма айттым. Ол ойланып қалды. Екі бастық кейін сөйлескен болар, телецентрдің директоры Олег Федорвич Лебедевтен жеке оператор бөлгізді. Астарыңа жеке автокөлік бере алмаймыз. Сьемка болатын күні ғана машинаны Павлодардан жіберіп отырамыз деді. Айлығыңа қосатын еңбек ақы жоқ, келіссең, осы штатыңмен барасың деді. Жолыңа да төлейтін ақша бөлінбейді деді. Келістім. Екібастұзға менімен бірге баруға атақты оператор Владимир Масленников сұраныпты. Мен қуанып кеттім, ол кезінде біздің кинорежиссер, аты елге мəлім Шəкен Аймановтың кинооператоры болған, өз ісінің білгірі, шынында атақты оператор.

71


Владимир Масленниковпен Екібастұзда үш жарым жылдай қызмет атқардым. Көтермеген проблемамыз жоқ. Бірде көмір разрездерінде жүрсек, бірде ГРЭС-те, ал енді бірде құрылыс алаңында болатынбыз. Негізінен, екі аптада бір «Екібастұз меридианы» деген хабарды дайындап отырдым. Одан басқа қаланың мəдени өмірі мен мектеп, балабақша мəселелеріне аракідік көңіл бөліп отырдық. Жалпы, Екібастұздан проблемалы сын хабарларды көп бердім. Тақырыпты негізінен өзім таңдап отырдым. Ал кейде қала басшыларының өзі, мені шақырып алып, осы мəселені көтерсеңіз қайтеді деп те қолқа салатын кез болатын.

Даудың басы қайдан шықты

Менің анам қайда?

Ұзаққа созылған құрылыс

Бірде Екібастұз қаласының бірінші хатшысы Мақсұт Күлекбайұлы Дүйсенбаев мені кабинетіне шақырды. Бардым. Біздің Екібастұз қаласы тікелей Москваға бағынышты. Бұйрық тек сол жақтан келеді. Мына алпауыт кəсіпорындардың басшылары Куржей, Щукиндер Москваның айтқанымен жүреді де, өз жерімізде отырып, өз мəселемізді шеше алмағаны былай тұрсын, бұлар бізді айналып кетеді. Осылардың жүрмей жатқан жұмыстарын сынай отырып, мені де қосып бір сын тақырыпта хабар жасаңызшы дейді. Таңқалдым. Бұл өзі қандай басшы? Өзінің қызметін сақтап қалам деп отырған жоқ, елі, халқы, қала берді, қызмет атқарып отырған қаласы Екібастұздың жағдайын ойлап отыр ғой. Содан мен ГРЭС-тің жүрмей жатқан проблемасын көтеріп, үлкен бір хабар жасадым. Сөзім дəлелді болу үшін сол жылдары өткен телехабарлар бағдарламарының газетке басылған нұсқасынан менің Алматыдан берілген хабарларымды осы газетке шыққан кестесін көрсетпекшімін.

72


Облысымыға театр қажет

Екібастұз құрырылысы

Екібастұз меридианы

Жетім балалар жайында

Ел мұрасы...

Алматымен телемост

Павлодардан дайындалған осындай проблемалы хабарларым екі жұмада бір Алматының Қазақстан телеарнасынан да беріліп тұратын. Екібастұзда тілші болған кезімде қазақ мектептерінің жетіспеуі жайлы да сын хабар дайындадым. Өздеріңіз білесіздер, жер-жерде қазақ мектептері жабылып, қалалар мен аудандарда бір ғана мектеп қалған кез болды ғой. Ата-аналар балаларын қазақ тілінде оқытуға мүмкіндік ала алмай қиналғанын да басымыздан кешірдік. Мен осы Екібастұз қаласында тілші болып жүрген жылдары қалада бір ғана №2 қазақ мектебі болды. Ұлымыз Мадияр мен кішкентай қызымыз Жəмила қазақ мектебінде оқитын, балаларымызды сол 2-ші мектепке бергенбіз.

73


1985-86 оқу жылының 1 қыркүйегінде 7-сынып оқушыларына класс жетпей, балалар дəретханадан жасалған класта оқыса, ал 1-сынып оқушылары душ бөлмесінен жасалған сыныпта оқитын болыпты. Ұлым келе сала біз бұрынғы дəретхана болған бөлмеде оқитын болдық. Жөндеу жұмыстарын жүргізіпті, бірақ дəрет иісі шғып тұр. Жиіркенішті, қалай оқимыз, - дейді. Ал қызымыз Жəмила айтады: Ал біздің класс тап-тар, терезесі өте биікте тұр, өзі кіп-кішкентай дейді. Осыны естіген мен мектепке келдім. Шынында солай екен. Дəретханадан жасалған класқа ене бергенде, иісі қолқаны жарып, басым айналып кетті. Ал қызым оқитын бірінші класқа кіріп едім, бір шұңқырдың ішіне түсіп кеткендей болдым. Класқа жарық түспейді, балалар электр жарығымен оқып отыр екен. Ұстаздармен сөйлестім, біраз ата-аналармен кездестім. Олар да байбалам салып жатыр. Содан ертеңіне облыстық телеарнаға хабар дайындап түсірмек болып, телеоператорды алып келдім. Ата-аналардың қарсылығын киноға түсіріп, ертеңіне Павлодар студиясына кинопленканы монтаждауға телецентрге келдім. Кешкісін Екібастұзға қайтпай, режиссерміз Үмітжан Садуованыкіне барып, хабардың сценарийін жазып, таңертең ертемен тексін машинкаға бастырып, студиядан қосатын текстерімді қостырып, оны Бас редакторымыз Жұмасейіт Бижановқа оқуға беріп, хабарды монтаждаудың кезегіне қойып, Екібастұзға жүріп кеттім. Екі-үш күннен кейін операторымыз Владимир Масленников екеуіміз кезекті хабарды түсіріп, енді үйге кіре бергенімде, жолдасым Беделхан сені Үмітжаның іздеп жатыр, тезірек хабарлас деді. Павлодарға режиссерлер кабинетіне звондап тауып алдым. Байбалам салып жатыр. Ойбой, ана мектеп туралы хабардың кинопленкасы жоғалып кетті. Кім алғанын білмеймін. Қайтадан түсіретін кинопленка жоқ, сенің лимитің біткен екен. Сондықтан қайтсең де фотосуретке түсір дейді. Кинопленканы маған енді бермейді, сын хабарға мүлде. Күн сенбі. Атааналарды үйлерінен тауып алып, ертеңіне қайта түсіретін болдық. Мектеп жабық, себебі балалар оқымайды. Мектеп директоры, аты-жөні қазір есімде жоқ, өзі келіп, мектепті ашып берді. Шақырған ата-аналар да келе қалды. Қызым Жəмиланың класс жетекшісі София Жаңғырбайқызы, тағы екі-үш мұғалім бар Ұлым Мəдидің класын түгелдей жинап, фотоға түсіріп, сол жексенбі күні, түнгі үштегі поезбен Павлодарға жүріп кеттім. Таңғы алты жарымда поездан түсіп, режиссер əріптесім əрі дос-құрбым Үмітжан Садуованікіне келдім. Құдды өз үйіме келгендей... Ай, Аяулы құрбым-ай, жұбымыз жазылмаушы еді. Жүрегі таза, досқа адал жан досым еді. Қимаймын. Бүгінде ол жанымда жоқ. Осы Үмітжан бастықтардан қорықпастан менің талай сын хабарымның дайын блогын алып беріп жүрді, ал мен оны бірден Алматыға жіберіп отырдым ғой... Таңғы 7-де Үмітжан мені күлімдей қарсы алып, бір сағат тынығып ал деп, өзі күні бойына жетерлік тамақ əзірлеуге кірісті. Бір сағаттан кейін мені оятып, таңғы шайымызды ішіп, түскі-кешкі тамағы əзір болды дегенде, сегіз жарымның кезінде, жұмысқа кеттік. Сол күні хабарды эфирге толық дайындап мен Екібастұзға автобуспен қайттым. Хабар өтеді деген күні көрейін деп экран алдына келіп отырсам, хабарым жоқ. Менің басқа бір хабарымды эфирге қойыпты. Ыза болғаным сондай,

74


іле Павлодарға автобуспен жүріп кеттім. Облыс басшылары көрсетуге рұқсат бермей отыр деп телевидениенің Бас редакторы Жұмасейіт Бижанов хабарды эфирден өткізбей, қол қоймай отырып алыпты. Содан хабарды режиссерім Үмітжанмен келісіп, үлкен блокты телецентрдің хабар тұратын студиясынан білдіртпей алып шығып, аэропортқа келіп Алматының студиясына салып жібердім. Екібастұз қалалық оқу бөлімінің бастығы Қазбек Балқайұлы Садықов Екібастұздағы жаңағы екінші мектептің мұғалімі мектеп жайлы сын интервью берген София Жаңғырбаеваны қудалап, мектептен кетірмек болды. Басқа да мұғалімдерге тиісе бастады. Қудалау басталды. Алматыға жеткен менің телехабарымды редколлегия болып басшылардан бастап көріпті. Республикалық телекорпорациясының сол кездегі басшысы Сағат Əшімбаев: - «Өз жерімізде отырып, балаларымызды дəретханада оқыту деген бұл не масқара», - деп телехабарды эфирден беруге рұқсат береді. Бүкіл республикаға жария болған телехабарым республика басылымдарының назарын Екібастұзға аударды. Іле «Қазақстан мұғалімі» газетінен тілші келіп, мектепке барып, Екібастұз қалалық оқу бөлімінің бастығы Қазбек Балқайұлына жолығып, мектеп жайлы газеттеріне сын мақала жазды. Осы кезде мені қолдаған павлодарлық бір топ журналист де қарап қалмады. Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» жəне «Қызыл Ту» газеттеріне Екібастұздың мектебі жайлы сын мақала жазып жіберді. Ал оған жауап ретінде Екібастұз қалалық оқу бөлімінің бастығы Қазбек Балқайұлы Садықов «Көңіл ауаны көл-көсір. Ал нақты не бар?» деп Екібастұз қалалық «Заветы Ильича» газетіне жауап ретінде мақала жазып, мектеп мəселесін көтерген мені «ұлтшыл, экстремист, пəлеқор» деп жала жапты. Екі жақты айқас басталып кетті. Мен сол редакцияға барып Павел Оноприенкоға бетпе-бет бұл ісіңді қалай түсінуге болады, мектептің жайын көріп отырып, сен өз балаларыңды дəретханадан жасалған класқа оқытар ма едің? Мына мақалаңмен, ашығын айтайын, «Сүрттім бір жерімді», дедім де, газетті алдына лақтырып, балалардың жайын ойламайсың ба, нағыз журналист болсаң, - дедім де, шығып кеттім. Бір жұмадай уақыт өткен болар, қалалық əкімшіліктен келе жатыр едім осындағы Бақылау комитетінің төрағасы Серік Ахметов жолыға кетті. - Хал қалай, Ғалеке, дейді. Жақсы. Ана газеттің Бас редакторына барып айтарымды айттым, көңілім орнына түскендей болды,- дедім. - Қуанбай-ақ қой. Кеше облыстық «Звезда Прииртышья», «Қызыл Ту» газеттері мен сенің Павлодар радио-телестудиясының журналистері қостап Павел Оноприенконы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат етіп ұсыныпты деп қарап тұр. Не айтарымды білмей, мелшиіп тұрып қалыппын. - Уақыт бар. Оның алдын алу керек дейді жаңағы Серік мырза. Көп аялдап тұрмадым. Екібастұздағы журналистер Аманкелді Қаңтарбаев, Дəмет Қарашашева жəне сол кездегі «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Байтұяқ Жанымбетовтермен ақылдасып, мен Алматыға жүретін болдым. Себебі бір жұмадан кейін осы сайлауға байланысты Республикалық журналистердің конференциясы болады екен. Содан өзіме пікірлес журна-

75


листермен ақылдасып, мен Алматыға билет алдым. Тіл жанашыры Аманкелді Қаңтарбаев бұл мəселе жөнінде Ғалияның барғаны жөн. Қыздарға деген көзқарас ерекше болады жəне бізің Ғалекең айтқанынан қайтпайтын əріптес деп ұсынысты маған жасады. Мен де құлшынып кеттім. Дəмет пен Аманкелді билетке ақша жинап берді. Жолдасым Беделхан қалжыңдап қояды: Ғалеке, ана Павел Оноприенконы жеңіп келсе, сендерге коньяк қоямын, - дейді. Ол жылдары Екібастұздан тура Алматыға жүретін самолет бар, ешкімге айтпастан үш күндік отгулымды есептеп, сенбі-жекенбі күндері монтажда болғам, сонымен бастықтарға айтпастан, Алматыға ұшып келдім. «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Байтұяқ Жанымбетов газеттің сол кездегі Бас редакторы Шерхан Мұртазамен сөйлесіп қойыпты, алдымен сол кісіге кіріп шықтым. Мəн-жайды айтып, Қазақстан Орталық партия комитететіне Əбіш Кекілбаевқа жолықсам қайтеді, біздің Павлодардың азаматы Камалбай Марданов үгіт-насихат бөліміндде инструктор болып қызмет жасайды, сол кісіге жолығуға көмектессеңіз дедім. Шер аға Камалбай Мардановқа звондады. Ол келсін дегесін, бірден бардым. Камалбай аға мені Əбіш Кекілбаевқа жолықтырды. Идеология хатшысына бəрін тəтпіштеп айтып бердім де, мені жəне менің əріптестерім жайлы бізді даттап жазған Екібастұз қалалық газетін ұсындым. Əбіш аға, менің ойымды тыңдап болып, артық сөз айтқан жоқ. Келгенің дұрыс болған, ертең журналистердің конференциясы өтетін жерге келерсің, адресін мына Камалбай ағаңнан аласың, сөз сөйлейсің, айтатын сөзіңді жүйелеп ал, конференция басталар алдында 15 минут ерте келсең, біздің жігіттер кіргізіп алады, - деді. Одан артық не керек, мен қуанып кеттім, рахметімді айтып, Камалбай ағамен бірге ол кісінің кабинетіне бардым. Ақылдасып алдық, неге тоқталу керектігін айтып кеңес берді. Ертеңіне конференция болатын жерге келіп, есіктің алдында тосып тұрдым. Бір кезде қарасам, сырттан павлодарлық делегаттар менің тікелей бастығым Мұрат Мұсайбекұлы Абдрахманов бастаған Журналистер Одағының Павлодар облысы бойынша төрағасы Юрий Поминов, хатшысы Ермолина жəне қасында депутаттыққа кандидатымыз Павел Оноприенко келе жатыр. Мені көріп, жүздері өзгеріп кетті. Таң қалған болар. Қалай, неге келді деп. Бəрі амандасты да, өте шықты, ал бастығым Мұрат Мұсайбекұлы менің жаныма келіп, сұрақтың үстіне алды. Осы Оноприенко үшін келдің бе, - айтатыныңды қағазға жазып президиумға қалдыр, - деді. -Мен жоқ, осы конференцияға міндетті түрде қатысамын, - дей беріп едім, іштен: - Ғалия Балтабаева деген кім, жүріңіз деп мені алып кетті. Ішке ендім. Міне қызық, барлық делегаттың алдына кешегі Əбіш ағаға берген «Заветы Ильича» газетіндегі мақаланы ратопринтпен көбейтіп орындықтың бастарына іліп қойыпты. Барлығы шұқшиып сол мақаланы оқып отыр. Біраз уақыттан кейін конференция да басталды. Президиумда Социалистік Қазақстан газетінің редакторы Шерхан Мұртаза, Қазақ КСР телерадиокомитетінің төрағасы Камал Смаилов, Республикалық Журналистер одағының төрағасы Мадрид Рысбеков тағы бір- екі адам отырды. Қазір олардың аты-жөні есімде жоқ. Күн тəртібі оқылды. Міне қызық маған 8-ші

76


болып сөз берілетін болды. Балтабаева Ғалия арнайы Екібастұздан келіп отыр деп қояды. Мен 9-шы қатардамын. Үш- төрт қатар бұрын Павлодардың делегациясы отыр. Мұрат Мұсайбеков Балтабаева сөз сөйлейді дегесін болар, іле маған тілдей қағазға жазылған мына хатты жіберді. Мəтіні мынадай

Бастығым - Мұрат Абдрахмановтың маған жіберген хаты қолжазбасы осы күнге дейін сақтаулы: Мен де қысқаша ғана жауап жаздым да, алдыңғы қатардағы адамдардан жауабымды жібердім: - Мұрат Мұсайбекұлы, кешірерсіз, менің келген мақсатым, П.И.Оноприенко, оны құртпай қайтпаймын,-дедім. Конференция өтіп жатыр. Əр облыстан келген делегаттар өздерінің кандидатураларын ұсынып, сөйлеп жатыр. Павел Оноприенко трибунаға шығар алдында сөз маған берілді. Екі тілде саңқылдаттым. Мені ұлтшыл деп айыптап, дəретханада оқып жатқан балаларды елемей фальсификация факт деп жазғырып, масқара еткенін айтып бердім. Менен кейін кезек біздің облыстан ұсынылып отырған Павел Оноприенкоға да келді. Платформасы керемет. Тіпті мен депутат болсам Екібастұзда қалалық қазақ газетін шығаруға атсалысар едім деп те жатыр. Содан кейін Оноприенконың шашбауын көтеріп келген біздің делегаттар сөз алды. Ермолина екі-үш ауыз сөз сөйледі. Оның профессионалды айтқанынан қайтпайтын өткір журналист екенін айта отырып, Оноприенкоға дауыс беріңіздер, - деді. Юрий Дмитриевич те өте қысқа сөйледі. Менің сөзімнен кейін болар, «Мүмкіндік болса, Павел Оноприенкоға дауыс беріңіздер деді. Ал Мұрат Абдрахманов трибунаға мүлде шыққан жоқ. Бір кезде П.Оноприенкоға жан-жақтан сұрақтар қойыла бастады. Біраз сын айтылды. Бəрінен де Шерхан Мұртазаның сұрағы қатты ұнады. - Уважаемый господин Оноприенко! Как вы сможете помочь в издании казахской газеты. Когда ваши журналисты поднимали вопрос о школьниках, которые учатся в туалетном классе? дегенде зал гу-гу ете түсті. Есімде жоқ, əйтеуір ол жауап беріп жатыр. Несін айтасыз, мені ұлтшыл, экстремист деп жазғырған Екібастұз қалалық «Заветы Ильича» / қазіргі «Голос Экибастуза» газетінің Бас редакторы болған /КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер болып отырған журналист Павел Оноприенконы сол жерде сынға алып, кандидаттыққа өткіздірмей, сол күні Екібастұзға самолетпен ұшып кеттім. Ал біздің делегаттар самелетпен Павлодарға кетті. Алдымыздағы дүйсенбіде телерадиокомитетте журналистердің летучкасы болады. Одан қалмауым керек. Таңертеңгі поезбен түстім де, бірден теле-

77


видениеге келдім. Машинка бос, машинисткамыз Көкен Əбішева келгенше алдағы хабарымды басып алайын деген ой. Менің ерте келгенімнің тағы бір себебі летучка басталмас бұрын Мұрат Мұсайбекұлына кіріп шықпақ ойым болды. Сөйтсем, ол кісіге менен де бұрын кіріп шығуға адамдар келіпті. Облыстық газет, радио, телевидениенің бір топ орыс тілді белсенді журналистері Мұрат Абдрахмановқа айтыпы: «Бұл не деген бассыздық, қызметін тастап, бастықтан сұранбай, делегат болмаса да, Алматыға барғаны жөн бе, жұмыстан шығару керек Балтабаеваны», деп талап қойыпты. - Ғалия Балтабаева келген шығар, қазір шақыртайын дей бергенде менің келе қалғаным бар емес пе! Хатшысына Ғалия Балтабаева кірсін дей бергенде бəрі орындарынан атып тұрып есіктен шыға жөнелді: - «Мұрат Мұсайбекович сами разберитесь»,- деп. Біздің бастығымыз Мұрат Мұсайбекұлы – өте мəдениетті, ұлт жанашыры болатын. Тіл мəселесіне де ерекше көңіл бөлді. Біздің қайта-қайта сұрауымыздың арқасында хабарларды 50х50 пайызға жеткізген тұңғыш төрағамыз, бұған дейін бастығымызға айта-айта жебір болғанбыз. Содан, Мұрат Мұсайбекұлы маған ұрсудың орнына, барғаның дұрыс болған екен. Бəрінен де жақсысы енді олар аяқтарын тартып жүретін болды, - деді. Летучкада менің журналистер конференциясына барғаным жөнінде сөз қозғалған жоқ. Бірақ, көрерім алда екен... Летучкадан кейін автобуспен Екібастұзға қайттым. Кешқұрым келдім... Қолымызда жолдасым Беделханның 85 жастағы үлкен апасы бар. Ақсақалы қайтыс болғасын біз Жезқазғаннан көшіріп алып келгенбіз. Өзінен туған бала болмады да. Оның жанында - ұлымыз Мəди мен қызымыз Жəмила. Беделхан түнгі сменаға кетіпті. Екібастұздың теміржолында инженер-байланысшы болып қызмет атқарады. Мəдиім тамақ жасап қойыпты. Ол үйренген, мен осылай атүсті жүремін ғой. Қазір ойлап отырсам, осы Екібастұзда қызмет жасап жүріп, бір командировочный алып көрмеппін. Сол айлығымды автобус пен поезға жұмсап, үш жарым жыл екі ортада жүріп сандалыппын ғой. Сонда менің гонорарым да айлығым да басқалардан аз болатын. Ал атқаратын жұмысым, дайындайтын хабарларым, жүріп-тұратын кездерім өзгелерден басқаша. Жүрістұрысым көп еді де, демалыс күндерім мүлде болмайтын. Астымызда машина болмағасын, түнгі үште поезға отырып Павлодарға келіп жүрген кезім күнара болмаса да, бір жұмада бір барып тұратынмын. Бірақ өз еркіммен осы Екібастұзға сұранғасын, жұмысымның тиянақты болуын өзім шешіп отырдым. Есімде, көрерменмен редакторлар тікелей экранда кездесу жасағанда басқа редакторлар бір-бір хабарымен шыққанда менде бес-алты бағдарламаның субтитрі жазылып тұратын. Тіпті көрермендер оқып үлгермейтін. «Адам, қоғам жəне заң», «Екібастұз меридианы», «Денсаулық», «Бір хаттың ізімен», «Асыл мұра», «Тұрғын үй бағдарламасы» атты хабарларды дайындайтынмын. Соның бəріне екі ортада жүріп қалай үлгеріп жүргеніме қазір де таңмын. Оған қоймай шешімін таппаған проблемалы тақырыптарды да көтеріп жүрдім ғой.

78


...Ал енді жаңағы Павлодардан келген күні не болды сол жайында. Тамақтанып алғаннан кейін, ол кезде кір жуатын машина жоқ, үйдегі жиналып қалған кірлерді жудым да, балалардың ертеңгі тамақтарын дайындадым. Сосын өз кабинетіме барып, ертеңгі түсірілімге баратын жоспарларымды құра бастадым. Балалар сабағын оқысымен ұйықтап қалды. Əжеміз диванда телевизор көріп отырған, ол да қалғып кетіпті. Түнгі сағат 12-ден кеткенде, мен де ұйықтамақ болып, енді жата беріп едім, есікті біреу қаққан сияқты болды. Ақырын естіледі. Бір кезде қатты қақты. Есікке келіп кім десем, үндемейді. Біраз тоқтап қалады да, қайтадан қағады. Осылай есімді шығарды. Əжей мен балаларды оятайын десем, шошып кете ме деп ойлаймын. Міне қызық, енді телефон шылдырлады. Алло десем, үндемейді. Одан кейін есік қағылады, біраздан кейін телефон шылдырлайды. Тіпті олар Беделханның үйде жоғын біліп алғандай, бізді қорқытып тұр. Бір кезде айқай салдым, қазір милицияны шақырамын деп. Содан кейін барып есіктің қағысы мен телефонның шырылы тоқтады. Кім екенін, кімнің жібергенін іштей сездім. Шаршағаным болса да, қорқыныштан таң атқанша ұйықтаған жоқпын.Таңертең Беделхан сменадан келгесін оны ертіп алып, Екібастұз қалалық Ішкі Істер бөлімінің бастығы Түлкібек Ешимовке келдім. Мəн жайды толық түсіндірдім де, егер менің басымнан бір тал шаш түссе, маған бір нəрсе болса, осыған Павел Оноприенко жауап береді деп арыз жазып кеттім. Келесі күні Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлері оны шақырып алып, менің жазған хатыммен таныстырыпты. Содан тынышталдық. Бір жұма өтер-өтпес бүкіл республикалық газеттерден журналистер Екібастұзға келіп қазақ мектебінің жайымен танысты. Осы сыннан кейін Екібастұз қалалық партия комитетінің бюросында мəселе қаралып, Екібастұзда бір емес, екі қазақ мектебі салынады деп шешім шықты. Сол мектептің бірі ашылғанда Нұрсұлтан Назарбаев Екібастұзға келіп, қазақ мектебінің тұсауын кескен сəтте, қуаныштан көзіме жас алған едім. Осыны көріп қалған «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Байтұяқ Жанымбетов маған: «Неге жылап тұрсың бүгінгі қуанышты күнде?»- деп сұрақ қойғаны бар емес пе? - Күресіп жүріп ашылған мектеп қой, қуаныштан жылап тұрмын, - деп жауап бердім. Осы телеарнада қызметте болғанымда Павлодар қаласының да талай проблемасын көтеруді өзімнің жауапкершілігіме алған едім. Енді сол жайында. Бірде орыс хабарының редакторы Тамара Васильевна дін тақырыбына хабар жасап, Павлодар қаласындағы кішкентай ғана мешіттің қай жылы салынғанын, оның кезінде дизайны қандай болып еді, алғашқы иесі кім еді, соны айтып көлгірсіп отыр. Тарихы бар бұл қасиетті мешітті сақтап қалу біздің парызымыз дей отыра, ал сіздер білесіздер ме, осы мешіттің басындағы куполасы алтын жалатылған болатын, соны бір қазақ кезінде ұрлап алғанын көзіммен көрдім, мен ол кезде 10 жаста болатынмын тіпті ең басындағы кішкентай дөңгелек шаригі алтын болған деп славян ұлтынан шыққан қартаң бір адамды сөйлетіп отыр. Аты-жөні, яғни субтитрі көрсетілмеген. Астына тек «Старожитель города» деп жазып қойыпты.

79


Ызаға булығып кеттім. Бұлар қашанғы біздің ұлтқа тиісуін қояды деп. Ертеңінде шолушы айтып жатыр, тамаша хабар, өткен тарихқа тағы да бір көз жүгірттік, - деп. Ол сөйлеп болғасын мен тұрдым, бұл айтып тұрған адамның фамилиясы неге көрсетілмеген, əйтпегенде хабардың авторын сотқа беруге болады, қазақ ұлтына жала жапқаны үшін, - дедім. Летучкада оны жақтап, мені жақтап сөйлегендер де болды. Іштей күрес басталды, ашық шығуға болмайды. Ұлтшыл деген атақ тағады, одан қорқып жатқан мен жоқ, бірақ өз жеріңде, өз еліңде жүріп, ұлтжандылығың үшін таяқ жеуің қиын екен. Сондай қиналған кезімде Мүбəрак аға ақыл-кеңес беріп тұратын. Сол кісіге звондадым. Ол кісі Ертіс қаласында тұрады. Хабарды көрген адамдар ағамызға бағдарлама өткен күні айтқан екен. Ол кісі мұны жоғарыға біз көрермендер атынан хат жазамыз деді. Қуанып кеттім. Алматыға Орталық Комитетке көрермендер атынан ұйымдастырылған хаттың пайдасы болып, арнайы комиссия келіп, құрамында Павлодар облыстық атқару комитетінің сол кездегі төрағасы Жақсылық Ысқақов, облыстық Ішкі істер Басқармасының сол кездегі бастығы Линар Жалтыров, тағы да басқа үлкен адамдар келіп, əріптесімнің хабарын көріп, ашық əңгіме арасында тойтарыс берген еді. Сонда осы мешіт жайлы хабарды ұйымдастырған Тамара Карандашова «Это организовано из рук Балтабаевой»,- деп айтқан еді. Кім ұйымдастырса да, біздің ұлттың кім екенін түсіндіруге əрекет жасадым ғой. Не керек, менің сындарлы хабарымнан кейін бірнеше балалар бақшасы ашылып, қазақ мектептері салынып, театр да өмірге келді ғой. Сондағы хатты ұйымдастырып жазуыма себепші Мүбəрак аға еді. Мүбəрак ағаның өлең жолдары: Өмір деген – от-құйын, Оны жеңбей, жоқ күйің. От-құйыннан жасқансаң, Ақындығың көк тиын. Сөз - көңілдің айнасы, Айнаң ашық жайнасын. Жайнамаған айнаның Соқыр тиын пайдасы. - деген өлең жолдары журналист көтерген проблема нəтижесіне жетпесе, несіне журналист деген мамандықты меңгеріп жүрсің дегендей, жүрегімді сыздататын. Сондықтан қай кезде де мен халыққа жақын мəселенің ортасында жүруге тырыстым. Ол ұстазым Мүбəрак ағаның аманаты еді. Бүгінде осы журналистика мамандығын таңдауыма себеп болып, оның қыры мен сырын бойыма дарытқан ұстазым, ақын əрі жазушы, журналист Мүбəрак Жаманбалиновке алғысым шексіз. Мүмкін, осы ағаммен кездеспесем, журналист болар ма едім, əрине жоқ дер едім. Мүбəрак ақын менің жеткен жеңісіме балаша қуанып, өзімді үнемі сүйемелдеп отырды. Мұндай адамгершілік қасиетті жалғыз маған емес, талай жастарға көрсетті. Менімше, бала тілін тауып, оның жүрегінің түкпірінен орын алу кез келген ақынның қолынан келмейді. Ол - шынында да бала көңілін тапқан бақытты ақын. Орыстар Шолоховты халықтың ара-

80


сынан шыққан, ел ішінде өсіп-өнген жазушы деп даралайды. Біздің ағамыз Мүбəрак Жаманбалинов басқа жазушылардай Астананы жағаламай, ел арасында жүріп жазды, Павлодар өңірінің Шолоховы атанды. 1987 жылы желтоқсан көтерілісінің дүмпіп тұрған шағында мен ешкімнен қорықпастан, бар жан айқайымен шырылдап, Павлодарға қазақ театры қажет деп мəселе көтердім. Облыстық телеарнадан рұқсат етілмеген «Қазақ театры өртенсе де, өнері өртенген жоқ» деген хабарым республикалық Қазақстан телеарнасынан берілгенде, бүкіл қазақстандықтар таңданған еді. Мені қостаушылар көп болды. Сол жылдардағы Қазақ театрының əртістері Қапиза Хамзина, режиссер Əнуар Қалиев, Қадыр Əбдікəрімов, тіл мəселесін көтеріп жүрген, айтыскер ақын, дəрігер Мұхамадия Ахметовтар менің хабарымда сөз сөйлеп киелі өңірден талай дарын шыққан Кереку жерінде театрдың болмауы - бізге сын деп ашық айтқан болатын. Бұл хабарды Усолка жақтағы табиғаттың тамаша аясында Үмітжан Садуовамен бірге телевидениеге түсіріп едік. Сонда, ашық айту керек, осы облыстың Мəдениет басқармасын басқарып отырған Мұхит Омаров қашқақтап, өзінің орынбасары Дина Əлімқызына жауап бергізген еді. Ал осы хабарды экраннан көрген сол кездегі ҚР Мəдениет министрі Өзбекəлі Жəнібеков: - «Шынында да, осыншама атақты өнер адамдары шыққан - Жаяу Мұса, Иса, Естай, Майра, Шəкен мен Кəукендер туған өлкеде театрдың болмауы бізге сын», - деп Керекуде Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ театрының ашылуына көмек жасаған еді. Театр жайлы бірнеше рет хабар жасап, облыс басшыларының назарына жиі салып отырдым. Реті келсе, жаңалықтардан сюжетте беріп жүрдім. Жалпы айтқанда, театр ашылғанша, ашылғаннан кейін де талай теле-радио хабарлар дайындадым. Театр жайлы алғашқы хабарым эфирге шыққан күні шолушы болған менің əріптесім, журналист Жаяу Мұса Дүрманов күндердің күнінде Павлодарда театр ашыла қалса, Ғалия Балтабайға қазақ театрының алдында ескерткіш қою керек деп телелетучкада сөз сөйлеп, пікір білдіріп еді. Əттең, біздің Жаяу Мұса бүгінде ортамызда жоқ, бар болса, ескерткішің қайда деп қалжыңдар едім. Содан осы менің Екібастұзда жүріп дайындаған телехабарымды Қарағанды облысындағы Сəкен Сейфуллин атындағы театрдың Бас режиссері Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Тəпенов көргеннен кейін Павлодарға арнайы келіп, Облыстық мəдениет басқармасында болып, Мұхит Омаровпен жолығып, облыстық партия комитетінің идеология хатшысы Алма Мұқанқызына Павлодарда театр ашылатын болса, осында келер едім деген ойын айтады. Шындығында бір жағынан Ерсайын Тəпеновтің келуі осы Павлодарда театрдың ашылуына да себепші болды. Алма Əжібаева апайымыз сол кездегі саясатты түсіне отырып, Павлодар облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Мещеряковты іштей дайындағанының арқасында əрі Кəукен Кенжетаевтың класын бітіріп, Алматыдан келген бір топ жас əртістердің шыдамдылығының арқасында, əрі өнер десе ішкен асын жерге қоятын театр директоры Бектас Тапалшинов пен Ерекеңнің ерлігінің

81


арқасында бастарында баспана, тіпті театр үйі болмаса да, əртістеріміз ыңшың білдірмей, көрінген есікті тоздырып жүріп, премьера спектакліне дайындалды емес пе. Осы жайларға мен өте қанықпын. Содан бірде облыс жұртшылығы алдында гу-гу сөз шықты. Қазақ театрына «Октябрь» театрын беретін болыпты деген. Іле орыс редакциясында аға редактор Тамара Карандашова телевидениеде əдебиет-өнер тақырыбын көтеріп жүретін, бірде хабарын тыңдап отырсам, сол аптада мен шолушы болатынмын Октябрь кинотеатрын қазақ театрына берейін деп жатыр, «Кому-то - горе, кому-то счастье» деп қарап отыр. Күйініп кеттім, орысқа - қайғы, қазаққа - бақыт деген сөзі ғой. Бір телевидениеде отырып, екіге бөліндік. Тіпті хабарында Шəкен Аймановтың атындағы кинотеатрдың сол кездегі директорын бізге қарсы сөйлетіп қойған. Оның да жазығы жоқ, ол Шəкен Айманов атындағы театрды алып қоймасын деген ойдан барып сөйлеп тұр ғой. Өзімізді өз ұлтымызбен ұрып отыр. Мен летучкада жаңағы хабар дайындаған редактор Тамара Карандашоваға қарсы шықтым. Бар ойымды айттым. Ұлтшылдығын көзіне бастым. Сосын іле тағы да театр жайлы хабар дайындадым. Бұл хабарды да Алматыға жіберіп, жоғары жақтың қолдауын күттім. Осы хабарларымның бəріне Ерсайын Тəпеновтің өзі қатысып отырды. Содан осы театр мəселесі жайлы дау-дамайды естіп жүрген облыс басшысы Даниал Ахметов үлкен кемеңгерлік əрекетке барды. Сондай қиын кезеңде Павлодарда ұлтаралық наразылық туып кетпесін деп Алюминий зауытының басшысымен келісіп, кəсіпорынның мəдениет үйін Қазақ театрына алып берді. Мен ол кезде Қазақ радиосының меншікті тілшісі қызметін де атқарып жүргенмін. Дəкеңнің осы ісі ерлік емес пе! Александр Машкевич сынды олиграхты көндіргеніне қалай риза болмассың. Міне, содан бері де қаншама жыл өтті, осы қазақ өнеріне титімдей болған көмегіме мен өзімді бақытты санаймын. Телевидениеде қызмет атқарып жүрген кезімде тағы бір көтерген проблемам, Бұқар жырау мұражайына қазіргі тұрған үйді алып беруге байланысты директоры Бикеш Дүрмановамен талай хабар жасадым. Ақыры жеңдік те. Осы бір облыстың ғана емес, республикамыздан шыққан қазақ халқының əдебиеті мен өнеріне қолтаңба қалдырған ақындар мен жазушылардың, əншілер мен суретшілердің ордасына айналған мұражайдың шараларына қатысып, бүгінде бір жасап қайтамыз. Бұл да кезінде телевидение, радиодан көтерген хабарларымның нəтижесі емес пе, деп ойлап қоямын. Алдында айтып өттім ғой, Кеңестер Одағы кезінде-ақ, сол дəуірдің шолақ саясатының қысымшылығына қарамастан, тіл мен ділге, ұлт мəдениетінің дамуына үлес қостым деп. Қазақ балабақшалары мен мектептерінің ашылуына ұйытқы болып қана қоймай, осы мəселелер жайлы талай проблема көтердім. Кезінде ол «Қазақ ұлты шоғырланған ауылдарда ауру малдарды неге ұстайды?», - деген сын тақырыпта Қазақ радиосы мен облыстық радиодан бірнеше хабар дайындап, туған ауылым «Аққайыңдағы» жүздеген бруцеллез ауруымен ауырған малдарды қазақ ауылдарынан əкетуге себепші болдым. Осылайша ауылдағы адамдардың денсаулығын сақтап қалдым. Сонда

82


туған ауылымның тұрғындары қалай қуанды десеңізші! Бұл менің қол жеткен алғашқы журналистік жеңісім еді. Осы мəселеге байланысты журналистің сұрақтарына жауап берген сол кездегі аудандағы Бас зоотехник, бүгінде Сенат депутаты Манап Шарапиденұлы Көбенов көтерген проблеманы қолдап, Ғалекең партияның қызыл саясаты кезіндеақ ел қамын ойлаған журналист деп баға беріп еді. Əрі ол - осы сын хабарға қатысып, өз ойын айтқан адамдардың бірі. Менің əртүрлі тақырыптағы мақалаларым мектепте оқып жүрген кездеақ, жергілікті газеттерде жарияланып отырды. Ал өндіре дайындаған менің телехабарларым 1987-1997 жылдары Республикалық Қазақ радиосының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі қызметінде жүргенімде, Павлодар облыстық телеарнасында қазақ тіліндегі «ДИДАР» ақпарат бөлімін басқарған жылдары көрермендердің назарына іліккен еді. Кезіндегі менің Павлодар телеарнасынан жүргізген «Бір хаттың ізімен» деген хабарым əртүрлі тақырыптағы мұңын шаққан көрермендердің ұсыныс, талап-тілектерін қанағаттырып қана қоймай, үнемі өзім көтерген хабарымның проблемасын шешіп, талай көрерменнің алғысын алған едім. Менің журналистік қызметіндегі тағы бір жеткен жетістігім - 21 үйсізкүйсіз жүрген соғыс мүгедектері мен соғыс ардагерлерінің, зейнеткерлердің үй алуына ықпал жасағаным. Нақтырақ айтсақ, оларға үй алып бергенім. Бұл жайлы зейнеткер ақын Көкіш Əміржанұлы кезінде былай деп өлең де шығарған еді: Құтты болсын мерейтойың, Ғалия, Қайрымдылықпен атың шыққан жария. Қарлығаштай қанатыңмен су сепкен Саған риза жиырма бір үй қария,- деген өлең шумақтары соған дəлел.

М.Сəрсенбаева деген азаматшаның хаты бойынша əлеуметтік көмек алып бергеніме алғысын білдіріпті

83


Семей қаласының тұрғыны Шар ауданынан «Жетім балалар хабарына айтқан алғысы. Павлодардан Алматыға дайындаған хабарыма пікір Ал енді пəтер алған адамдардың кейбірінің аты-жөнін атап өтсем деймін. Екібатұздан – Азатов Барлыбай мен Татьяна Макаренко, Ұлы Отан соғысының мүгедегі Сағындық Жүнісов, екібастұздық Айтбайдың əкесі соғыс ардагері Жұман ақсақалға, Жантенов Бөкен мен Ақмарал, Бақыт Бұланбаева, Оспанов Аманкелді, Павлодардан халық емшісі, құяңшы Шəмшия Жəмеңке, соғыс ардагері Иса Жұманов, Шешенстаннан келген келіншек Нұрсұлу Забирова, тағы да басқа адамдар, бүгінде бəрі есімде жоқ. Кейде көшеде, бір жиналған шараларда сол кісілердің балаларын көріп қалсам, олар менің көмегіммен алған үйлерін айтып, алғыстарын білдіріп жатады. Осыдан өткен құрмет бар ма? Төбем көкке жетіп, жылы сөз естігеніме қуанып қаламын. Жақында, нақтырақ айтсам, 2018 жылдың сəуір айының 20-ларында маған Астанадан телефон шалған Шəмшия Жəмеңке апайдың қызы Гүлнара: қаншама жыл өтті, сізді көрмегенімізге Павлодарда анамыздың 95 жылдық мерейтойын атап өтпекпіз, 9 мамырда Інжу мейрамханасында, соның құрметті қонағы болыңыз, қазір анам сізбен сөйлескісі келеді деп,

Үй алған Азатов Барлыбайдың хаты

84

Балабақша алған Сақыш Əбішеваның хаты


телефонға шақырды. Қуанып, амандығымызды білісіп жатырмыз. Міне, бір кездегі адамдарға көмектескен көмегімнің алдымнан шығып жатқаны... Ал мына хат пəтер алған Азатов Барлыбайдың жазған хаты, пəтер алғаны

Менің сын хабарымнан кейін Азатов Барлыбайдың отбасы үй алды

Жетім балалар хабарына алғыс

Кішкентайын қазақ бала бақшасына орналастыруға көмек сұраған Əбішеваның өтініші қанағаттандырылды жөнінде менің бұрыштамам тұр. Павлодардағы Алюминий зауытының Калинин көшесіндегі тұрғындары үйлеріндегі құбырлардың жұмыс істемей, санитарлық жағдайлары жоқтығын, кейбір адамдардың сарыаурумен ауырып жатқанын айтып, көмек сұраған еді. Содан менің телевидениеден берілген «Бір хаттың ізімен» деген сын хабарымнан кейін оларға көмек көрсетілді, бірақ бір хабардан кейін емес, үштөрт рет басшылардың алдынан өткеннен кейін ғана проблемалары шешілді. Мынау М.М.Ибраимованың

85


М.М.Ибраимова өздеріне көмек көрсеткені жайлы жаза отырып, маған алғыс білдіріпті

Əртүрлі тақырыпта хаттар келетін қорытынды сөзін хаттан алып отырмын. Өзімнің жоспарлы хабарымнан басқа осындай көмек сұраған адамдарға қамқор болып, көрермендердің алғысына бөленген күндерімді еске алсам, бір жасап қаламын. Қазір осындай көрермен мен журналистердің арасында

86


байланыстың жоқтығы бізді алаңдатады.

Республикалық Қазақ радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі болғанымда

1987 жылы Қазақ радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Есентай Ерботин өмірден өтті. Есентаймен біраз уақыт облыстық радиода қызмет жасағанбыз. Өте мəдениетті, қарапайым болатын. Балалар ақыны, екі-үш кітабы шыққан, елге танымал еді. Қызметіне өте тиянақты болды. Мен сол жылдары Есентай Ерботин арқылы Қазақ радиосына хабар жіберіп жүрдім. Хабарларымды мақтап жататын. Біраз гонорар да алып тұрдым. Есентай Ерботинмен бірге орыс тілшісі Валерий Пизиков жəне неміс тілшісі Варкентин дегендер қызмет жасады. Орыстың тілшісінде Волга автокөлігі, ал неміс тілшісінде Нива жəне Жигули автокөлігі болды. Себебі ол үш облысты қамтитын. Бір машинасы сынып қалса, екіншісін мініп жүре береді. Ал қазақ тілшісі Есентай Ерботинде автокөлік жоқ, жаяу жүретін. Командировкаға автобуспен, кейде такси жалдап барып келетін. Ана ауыр репортерді ауру бауырмен қалай көтеріп жүргені белгісіз. Ақырында бауыр церрозынан қайтыс болды. Содан бір жұма өтпей Казақ радиосының тілшілер бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Мұхамадиева хабарласты. Егер Облыс басшылары қолдаса, мына жақта сенің кандидатураң өтейін деп тұр, - деді. Облыстық партия комитетінен не Облыстық Атқару комитетінен өтініш хат /Ходатайство/ түссе болды деп кеңес берді. Алдымен бастығымыз Мұрат Мұсайбекұлымен ақылдастым. Жаңа ғана радионы бір жолға қойып келе жатыр едік, егер өзің қаласаң мен қалай қарсы болайын. Орныңа кімді лайық деп ойлайсың,-деді. Социал Əйтенов болса, радионың жұмысы алға басады деп өз ойымды айттым. Сосын Павлодар облыстық Атқару комитетінің төрағасы Оралбек Қожановтың атынан хат дайындалып, Республикалық телерадиокомитетінің төрағасы Шерхан Мұртазаға жіберілді. Ол жақтан кешіккен жоқ, іле мені тілшілікке тағайындады. Шынын айтсақ, облыстың меншікті тілшісі болу оңай қызмет емес. Жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Орталықтан əртүрлі тақырыпқа байланысты 20-30 минуттық хабарлар дайындау жөнінде тапсырмалар келеді. Ең бастысы Қазақ радиосының Соңғы хабарлар редакциясына Павлодар облысының бүгінгі күн тынысынан жаңалықтар беріп тұруың керек. Жай ғана текспен емес, адам сөйлетіп, пленкамен жіберіп отыру керек. Есентай Ерботиннің тартпасында үлкен бір журнал қалыпты. Соны қарап отырсам, үлкен хабарлар мен соңғы жаңалықтарда сөйлеген адамдарының тізімін жасап, қай күні жібергенін көрсетіп қойыпты, ең соңында сол пленкалар эфирден қашан өтті, оны да белгілеп қойыпты. Мен де сол үрдісті

87


жалғастыра бастадым. Міне, енді қызық, аудандарға шығайын десем, автокөлік жоқ. Тіпті қаланың ішінде болып жатқан шаралардың өзіне 7-8 килограмдық репортерді көтеріп, мықшыңдап жүргенім. Кабинеттен шығып, автобусқа кетіп бара жатсам, ана екі меншікті тілшіміз Валерий Пизиков пен Варкентиннің бірі машиналарына отырып кетіп бара жатса, екіншісі келе жатады. Ал мен болсам, автобустың аялдамасына кетіп барамын. Солай бір айдай жүрдім. Бəрінен де жаныма батқаны, өз елімде, өз жерімде тұрып, басқалардай өгей болғаным қанымды қайнатты. Осы ойымды Алматыдағы басшыларыма айтып көріп едім. Кінə бізден емес, автокөлік алуға бізде ақша бар, автокөлікті өзің сол облыстан табуың керек дейді. Өздеріңіз білесіздер, Кеңестер үкіметі кезінде ақшаң болғанмен, машина алу қиын болатын. Адамдар кезек күтіп тұратын. Ал егер автокөлік тапсам, ақшаны тауып бересіздер ме деп, басын шешіп алдым да, ертеңіне Облыстық Атқару комитетінің төрағасы Оралбек Қожанұлы Қожановқа келдім. Бірден кіре алмадым, екі-үш күннен кейін жеке адамдарды қабылдайтын күні екен, сол күнге жазылдым. Облыстық Атқару комитетінің қабылдауына келгенімде ГауҺар Мұсабекова алдыңызда бір адам бар, содан кейін кіресіз,- деді де өзі ішке еніп кетті. Қабылдауында отырмын. Оралбек Қожанұлы қандай сұрақпен келдіңіз,- дейді. Меншікті тілшінің жұмысы негізінен бүкіл облысты қамтығанынан кейін аудандарға іссапарға жиі шығып тұру керек. Ап-ауыр дыбыс жазғыш аппаратураны көтеріп, автобуспен жүру мүмкін еместігін түсіндіріп, ана екі тілшіде астарында машина бар екенін айтып өттім. Олардың жандары қиналмайды, менің жаным неге қиналу керек дедім. - Сол орыстың немесе немістің тілшілерімен бірге неге ілесіп жүрмейсің,дегені. Ызаға булығып кеттім. - Сонда қазақтың тілшісінің олардан несі кем, өз елімде жүріп мен тентіреп жүрсем, ал олар миығынан бізге жымиып күліп, алшаңдап жүрсе. Қалай ойлайсыз осы да əділдік пе? - дедім. Қазақ радиосы ақшасын төлейді, тек маған автокөлік тауып берсеңіздер болды деп қадап айттым. Тіпті дауысым қаттырақ шығып кеткен болар, Гауһар Мұсабекова бастықпен қалай сөйлесесіз дегендей, маған жақтырмай қарап, басын шұлғыды. Оралбек Қожанұлы ойланып қалды. Дегенмен басқа сөзге келген жоқпыз, бір парақ қағаз алды да, қолмен жазылған қағазын маған ұстатты. Облисполкомның гаражына, бастығына бер деді, «Волганы» сонан аласың деп, қызметіме сəттілік тілеп, шығарып салды. Міне қызық, Есентай Ерботин төрт жыл жүріп ала алмаған машинаны мен бір сағаттың ішінде шешіп шықтым. Жолым болды. Ертеңіне ақшасын төлейтін қағаздарды алып, сол күні Республикалық Қазақ радиосына жібердім. Сөйтіп бір жұманың ішінде мен де машиналы болдым. Андрей Зименс деген неміс жігітін жүргізушілікке алдым. Өзі бір сондай тиянақты, ісіне мығым жігіт болды. Он жыл жүргенде машинасының тоқтап қалғанын көрген емеспін. Қазақ радиосы маған бар жағдайды жасағасын мен де аянып қалмадым. Берген тапсырмаларын тапжылмастан орындадым. Аудандардың

88


барлығын аралап шықтым. Екібастұз, Ертіс, Железин, Ақтоғай, Қашыр, Май, жырақтағы Баянауыл аудандарында жиі болып, ауыл шаруашлығы тақырыбына хабарларды көптеп бере бастадым. Қаладан да өзекті деген тақырыптарға хабар дайындап отырдым. Көлемі үлкен, тақырыбы өзекті деген жəне проблемалы хабарларыма республикалық «Қазақстан эфирі» газетіне аннотация беріп, алдын ала қашан өтетін тіпті хабарлап та отырды. Қазір солардың бірерін назарларыңызға яғни хабарлардың аннотациясын

Міне, менің «Қазақ радиосынан» көтерген хабарларымның дені осындай тақырыптарда болатын.

ұсынуды жөн көріп отырмын. Республикалық радионың тілшісі болып жүргенімде халыққа жақын, көкейтесті проблемалы хабарларды ұйымдастырып қоймай, соның нəтижесіне жетуді мақсат тұттым. Журналистік парызымды ақтауға тырыстым. Маған жастар журналист жалпы қандай адам болуы керек? - деген сұрақты жиі қояды. Оқырмандарым да осы сұрақты қоюы мүмкін ғой. - Журналист көп оқыған, білімді болуы керек. Принципшіл болуы қажет. Көтерген сын материалыңның нəтижесіне жетпей, тынбау керек. Сөзге шебер, ойың ұшқыр, көтерген тақырыбыңды еркін талдап, хабарыңа қатысатын адамыңнан жоғары болуың шарт. Жалпы, бұл – қызығы да,

89


қиындығы да мол мамандық. Журналистика саласы көбіне-көп шыншылдықты ұнататындарға арналған. Егер қателесер болсаң, өзіңнен кейінгі ұрпақ сенің дұрыс жолда болмағаныңды түсінеді. Себебі шындық түбінде бір жеңбей қоймайды. Əрі бұл сала сенен жан-жақтылықты талап етеді. Журналистика — əр адамның қолынан келе бермейтін ерекше дарын. Əрі төзімділік пен жігерлілікті, еңбекқорлықты талап ететін мамандық. Міне, мен осындай болуға тырыстым, əлі де тырысып келемін. Кеңестер Одағы тарқар жылы Павлодар өңірінде саяси дүмпулер көп болды. ГКЧП-нің кезі. Павлодар қаласының Мəдениет Сарайы алдында митинг өтеді деп естідік. «Қазақ радиосының» меншікті тілшісі əрі Павлодар облыстық телеарнасында қазақ тіліндегі жаңалықтар бағдарламасының Бас редакторы қызметінде жүрген кезім. Митингі жүріп жатқан жерге режиссер Үмітжан Садуовамен жəне телеоператормен бірге келдім. Əртүрлі тақырыпта жазылған плакаттарды ұстаған адамдар айқайлап тұрса, біреулері трибуна алдында сөйлеп жатыр. Алаңға мыңнан аса адам жиналған. Плакаттың біреуіне көзім түсе кетті: «Қазақ халқының сатқындары – Қожанов, Жалтыров, тағы басқалары...»,- деген жазуды анадайдан көрдім. Плакатты ұстап тұрған - басқа ұлттың адамдары. Жақындап келіп: Сенің ұлтың кім? Қазақ халқының атынан бұл плакатты ұстауға сенің қандай құқығың бар? - дедім де, екі қолымен плакаттың орта шенінен ұстап тұрып, аяғымен жерге таптай бастадым. Сонда митингіге қатысып тұрған бір əйел: «Сен кімсің, босат плакатты»,- дейді. Мен болсам: - Ал сен кімсің? – Жауап жоқ. А-а-а мен бе? Мен - Ғалия Балтабаймын, - деймін. Ал сен - атыңды да, затыңды да айтуға қорқатын қорқаусың, біреулердің азғыруымен жүрген, ақшаға сатылғандарсыңдар, деймін. Содан ұлттық наразылықты тудыратын əрі қазақ басшыларын құртуды көксеген митингіні ұйымдастырушыларға осылайша тойтарыс беріп, митингінің əрі қарай жүруіне кедергі жасадым. Сол сəтте жанымда бірге жүрген қызметтес құрбым, Павлодар облыстық телевидениесінің Бас режиссері Үмітжан Садуова: - «Ана митингіні ұйымдастырушылардың бірі- мегаполистіктер қанжар не пышақ сұғып алса қайтер едің», - деп шырылдап жүр. Шиеленісіп бара жатқан жағдайды көрген «Азат», «Семей-Невада» қозғалысы мен «Қазақ тілі» қоғамының азаматтары келіп мені, ортадан алып шықты да, қарсыда тұрған фургон автокөлігіне мінгізіп алды. Үмітжан екеуімізді бір топ азат телевидениеге əкелді де, өздері кейін қайтты. Содан кешкі эфирді дайындап, Қазақ радиосына жаңалықтарын жіберіп, үйге келдім. Кіре бергенімде үйдің телефоны шыр етті. Бас режиссер Үмітжан Садуова: - Сен білесің бе, аналар бізге қарсы ойлағандары бар, бағанағы митингіні монтаждап жатыр, екеуіміз экранның алдында, менің шашым жалбырап, сен əлгілермен арпалысып жатырсың. Ананы көргендер не дейді, соны экраннан көрсетсе не боламыз, бастығымыз Мұрат Мұсайбекұлы жоқ, ана орынбасары Лидия Петрова қол қоя салады, олардың тосып жүргендері сол емес пе? - деп телефоннан шырылдап тұр.

90


Мен айтамын: Үмітжан, қорықпа, берсе, қайта жақсы емес пе, сен батырсың, мен қайсармын, ұлтымыз үшін жан пида деп мен мына жақтан күліп тұрмын. Содан ол тез жет телецентрге деді. Жүргізуші Андрейді тез шақырып алдым, үйі бізден алыс емес. Сол күні бастығымыз Мұрат Абдрахманов Қазақ ССР телерадиокомитетінің төрағасы Сағат Əшімбаев қайтыс болып, соның жерлеуіне кеткен. Кетерінде ол мені шақырып алып, бүгін митингі болады, өзің баруға тырыс, біздің ұлттың адамдарына қарсы сөз сөйлейтін көрінеді, соны байқағайсың, - деп қатты тапсырған еді. Ал басшының орнында бүгін - Лидия Петрова, соған келдім. Келсем, ол кабинеттегі монитордан бағанағы митингіні қарап отыр. Алдымен сөзді мен бастадым. - Егерде менің митингіде жүргенімді көрсетсең, мен қайта қуанамын. Жалпы бүгінгі оқиғаны не деп көрсетесіздер. Мақсаттарың не, мұны сіздер ұйымдастырып отырған шығарсыздар, - деп өзіне дүрсе қоя бердім. Ол маған қарсы ештеңе айтқан жоқ, кетіп бара жатып менің тағы да айтқаным «Я - народный герой, так и передавайте», - дедім де, есікті тарс жауып шығып кеттім. Кешкісін эфирді тосып телевизордың алдында отырмын. Таңертеңгі болған митингіні көрсетіп жатыр. Бірақ комментарий болған жоқ. Дыбыссыз. Ал, режиссер Үмітжан екеуімізді монтаждап алып тастапты. Осы митингіден кейін шынында біраз адамдар мені «Батыр қыз» деп жүрді. Бұл жайында Павлодар облысының Құрметті азаматы Оралбек Қожанов ағамыз да кездескен сайын: «Ғалия біздің - батыр қыз»,- деп талай айтып еді. Сөйтсем ол оқиға былай болыпты. Сол митингі өтіп жатқанда алаңға Оралбек ағаның да анасы келеді. Ол кісі жаңағы менің плакатты жұлып алып таптап тастағанымды, митингіге қарсы шығып, жалғыз өзім тойтарыс беріп жатқанымды көріп, кешкісін Оралбек аға үйге келгенде айтқан екен: Сендер ғой, бүгін алаңға бармай, қызмет орындарыңда отырдыңдар. Ал ана жақта бір қызыл костюм киген жас келіншек, қасында адамдары бар, сендерге қарсы жазылған үлкен брезенттен жасаған плакатты аяғының астына салып, таптады емес пе? Əлгі екі адамды тұқыртып, сен басқа ұлтсың, ал мына плакатты қазақ халқының атынан ұстауға сенің қандай хақың бар, - деді емес пе?! Сол кезде айнала қарап тұрған милициялар ұйымдастырушыларды қуып, митингінің əрі қарай жүруіне мүмкіндік бермеді. Өзі бір батыр қыз екен, - деп мен жайлы мақтауымды асырыпты. Міне, осыдан бері Ғалияны батыр қыз деймін деп талай кездескенде, əрі осы əңгімені менің мерейтойларымда да талай айтқан еді Оралбек ағамыз. Тағы бір ерекше айта кететін мəселе, 1985 жылдары Екібастұзда телефон байланыстары өте нашар болды. Керекті құрал-жабдықтар жетіспей, жаңадан АТС ашайын десе, қаражат көзін таба алмай, қала басшылары біраз қиналады. Əрине, республика тарапынан көмек қажет болатын. Сол жылы Алматыдан жұмыс сапарымен ҚР Телекоммуникация саласы бойынша министрдің орыбасары Екібастұзға келеді дегенді естіп, мен қалалық партия комитетінде ол кісіні тосып алып, Екібастұздың телекоммуникация саласының қиындықтарын айтып, вице-министрге сұрақ қойдым. Вице-ми-

91


нистр Қанат Ілиясұлы қанша қашқақтағанымен, менің тура қойған сұрағыма риза болып, қаражат көзін іздестіреміз деп уəде берді. Айтқанындай, екіүш айдан кейін, уəде еткен қомақты қаржы Екібастұзға келіп түсті, сөйтіп телефон байланысына қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Содан Екібастұз қаласында телефон байланысының қызметі едəуір жақсарып қалды. Бұл жайлы бұрынғы Павлодар облыстық телекоммуникациясының Бас директоры, қазірде ҚР Мəжілісінің сенаторы Асхат Сайпиұлы Күзеков менің 60 жылдық мерейтойымда айтқан еді. Ол жайлы толық осы кітаптан оқисыздар. Менің тағы бір етене араласқан мəселем қазіргі «Бұқар жырау» музейінің үйін алып қалу проблемасы болды. Осы жайында облыстық телевидениеден музейдің директоры Бикеш Дүрмановамен екі хабар дайындадым. Бикеш Дүрманованың ұлтжандылығы, халқымыздың асыл мұрасын жинақтаудағы еңбегі ерен. Қазақтың ұлы бабалары мен ғұламаларының еңбегін жиыстыруда ол үлкен еңбек етті. Осы қасиетін бағалай отыра, мен оның жанында үнемі бірге жүрдім. Ақыры оның Бұқар жырау музейінің осы үйін арпалысып жүріп, басшыларға дəлелдеп жүріп, алып қалуы үлкен жеңіс болды. Оның осы ерлігін мен телеарнадан көрсете отырып, қоғамдық пікір қалыптастырып, ақыр соңында жеңіп шықтық-ау. Енді мұражай үйін алдым ба дегенде, музейдің өртенуі оның жанына одан əрі қатты батты емес пе! Осы қиындықтарға қарамастан, Бикеш Дүрманова «Бұқар жырау» музейнің үйін сақтап қалды. Кейін оның жұмысын Роза Игібаева аяғынан тік тұрғызды. Сол сияқты Павлодар облыстық Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы кітапхана үйіне жаңа баспана қажеттігін айтып Назым Шайкеновамен талай рет телевидение мен радиодан хабар беріп едім. Шынын айтсам, бұрынғы облыстық кітапхана Торайғыров көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасса, архив сақтайтын жері жертөледе болатын. Астынан су кетіп, қаншама кітаптар мен журнал-газеттер судың астында қалған кез болды. Міне, осы мəселені көтере-көтере, əйтеуір үлкен ғимратқа көшірілгеніне бүгін сіздер куə болып отырсыздар. Былай қарасаң, айтуға тұратын жай ма деп ойланатын боларсыз, бірақ мұсылман халқы үшін өте қажет мəселенің бірі Павлодардағы ет базарларында шошқа еті мен сиыр, жылқы, қой еттері бұрындары базарларда қатар сатылып жататын. Осы мəселені Кеңес үкіметі кезінде телевидениеден сын хабар дайындап көрсеттім. Сол жылдардағы облыс басшысы Даниал Ахметовтіің анасы Руза апамыз хабарды көріп, қатты толқып отырып, баласына ет мəселесін айтып береді. Бұл - дұрыс көтерген мəселе, содан қорытынды шығармасаң болмайды, - дейді. Содан ертеңіне таңертең аймақ басшысы нөкерлерін ертіп алып базарға келсе, тура солай, өз көзімен көргеннен кейін облыс əкімі Даниал Ахметов облыстың барлық базарлары мен дүкен басшыларына тапсырма бергізіп, халықтың сұрауы бойынша деп шошқа етін жеке орында сатуға бұйрық шығарады. Міне, содан бері Павлодар облысында бұл сақталып қалған тəртіп болды. Бұл да - менің кезіндегі жеткен бір жетістігім. Радио мен телевидениеден алғаш мешіт үйінен хабар дайындап, имамдар-

92


дан сұхбат алған, Құрбан айт пен ораза жайлы хабар ашып, ауызашардың мезгілін телеарна арқылы бергізген де осы мен едім. Ол жайында сол кездегі Мəшһүр Жүсіп мешітін басқарған Жұмабай қажы мен Мұсылман əйелдері лигасының төрайымы Зара Қожахметовалар талай ел алдында айтып алғыстарын білдірген-ді.

Телеарна мен радионы қатар алып жүрген жылдарым 1991-1993 жылы облыстық телерадиокорпорациясының басшысы болып бұрынғы идеология хатшысы Алма Мұқанқызы Əжібаева келді. Мұрат Мұсайбекұлы Абдрахманов Облыстық мəдениет басқармасына басшы боп кетті. Содан Алма Мұқанқызы Алматыдағы сол кездегі басшымыз Лейла Бекетоваға шығып, мен жайлы сөйлесіпті. Ол жайында мен кейін білдім. Менің Қазақ радиосының тілшілігі қызметіме қосымша облыстық телевидениенің қазақ тіліндегі жаңалықтар бағдарламасын басқаруымды сұрапты. Лейла Бекетова келісімін берген көрінеді. Осылайша мен Қазақ радиосының меншікті тілшісі қызметінде жүріп, облыстық телевидениенің жұмысын қоса атқардым. Əрбір басшы жаңа орынға келгенде өзіндік қолтаңба қалдырсам деп ойлайтыны - заңды құбылыс. Мұрат Мұсайбекұлы кезінде қазақ редакциясында бір ерекше серпіліс жасап, ұлттық мəдениетіміз бен салт-дəстүріміздің көрінбей жатқан жақтарын ашып, соны көрерменге жеткізуді мақсат тұтты. Мұрат Абдрахманов 1986-1991 жылдары бізге басшылық жасаған. Ол кісінің кезінде қазақ хабарларының саны көбейіп, 50 де 50- ге жетті. Бұл сол кездерде біз үшін үлкен жеңіс еді. Ал мен қызметке Хамза Тоқпановтың кезінде келіп едім ғой. Хамза Тоқпанов 1963-1986 жылдарда басшылық етті. Кеңестер үкіметінің дəуірлеп тұрған кезі. Ол кезде біздің қазіргі мемлекеттік тілге сұраныс жоқ. Мектеп те, балабақша да орекеңнің тілінде. Оның үстіне Хамза Тоқпанов көбіне обком жағында жүреді де, біздің жұмысқа байланысты проблемаларды орынбасарлары шешіп жүрді. Бізді ол кісінің алдына кіргізбек түгіл, жүзін де көрмейтінбіз. Себебі алдында отырған хатшысының өзі-ақ біраз шаруаны шешіп тастайтын. Радионың қызметкерлері летучкаға қатыспайды, сондықтан да мен ол кісімен жұмыс бабында кездесе қойған жоқпын. Кейін, осы Хамза ағамыз құрметті демалысқа шыққаннан кейін, Павлодар облыстық радиосында директор болып жүргенімде ол кісіні құрметтеп радионың ұжымымен таныстырып, мерекелерде шақырып, қонақ етіп жүрдім. Сол кезде ол кісі маған айтатын. Біздің заман басқа, сіздердің дəуірлеріңіз егемендігімізді алған заманға келді. Енді сендердің мүмкіндіктеріңіз көп қой дей келіп, сосын орысшалап барып «творите» дейтін. Ғалия қызым, сен алғаш біздің телерадиокомитетіне келгенде бірден мамандығың бойынша қызметке алмағаныма өкінемін. Сенің сол кезде мүмкіндіктеріңді бағаламағаныма іштей қиналамын, бірақ сен өзіңді

93


көрсете білдің, осы қасиетің үшін сені құрметтеймін, - деп маған талай батасын берген еді. Ал енді Алма Мұқанова келген жылдардағы өзгерістер жайында айтатын болсам. Қайта құру кезеңінің жүріп жатқан кезі. Телевидение мен радионың ішінара екіге бөлініп тұрған шағы. Сыртқа білдірмейміз, бірақ кедергілер көп... Осыны естіп келген болар, Алма Мұқанқызы Əжібаева телевидение ұжымының арасындағы осы жайға ерекше көңіл бөлді. Бір жұма өткеннен кейін əрбірімізбен ол кісі жеке-жеке кездесіп, əңгімелесті. Алма Мұқанова саясаткер еді ғой. Ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті басшы. Адам жанын ерекше сезінетін қасиеті де бар. Менің қызба, бірбеткей мінезімді сезіп қалған ол кісі ерекше тактикаға көшті. Ішім сезеді, мені іштей түсінеді. Бірақ, маған айтып отыратын, мен де ұлтымды жақсы көремін, мен де ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық салт-дəстүріміз бен өнерімізді дамыту жайында білемін. Бірақ қызба мінезбен емес, ақылмен, парасатпен жеңуіміз керек, - деп ақыл-кеңес бере отырып, хатшысына Тамара Карандашованы шақырып кел,- деді. Сондағы айтқаны: Мен сіздердің екеуіңізді де құрметтеймін, хабарларыңыз жақсы, бірақ ұлттық наразылық тудыратын хабарларды дайындауға жол жоқ. Біз бір телеарнамыз, ұстайтын бағытымыз да бір. Сондықтан екіге бөлінушілік болмасын, бір-біріңізді түсінуге тырысыңдар дей келіп, бірбіріңмен қол алысыңдар, - деді. Ол кісі шынында осындай мəмлегер еді ғой Жаңағы əңгімеден кейін Тамара Васильевна да кілт өзгерді, онымен қалай сөйлескенін білмеймін, əйтеуір тынышталды. Алма Мұқанқызы жайлы осы кітаптың үшінші бөлімінен оқи аласыздар. Ал енді 1993-1998 жылдардағы Гүлбарам Науразбаева бастық болып келген жылдардағы телерадиокорпорациясының жағдайы жайлы айтатын болсақ. Бұл бір қиын жылдар болды. 100-ден астам телевидение, телецентр мен радиодағы қызметкерлерге қысқарту жүргізілді. Бұл қаншама адамның көз жасы десейші. Бұйрық негізінен Алматыдағы корпорациямыздан келді ғой. Орталықтағы екі қабатты жеке тұрған облыстық радионың үйін ұстай алмай, оны өткізіп жіберді. Бұл жайды бірі түсінді, бірі түсінбеді. Техникалар мен телевидениеге түсіретін ПТВС-тер кетті. Жалпы телеарнаны ұстап тұру қиынға соқты. Сондықтан осындай қадамдарға барған болу керек. Ал енді маған байланысты айтатын болсақ, Г.Науразбаева бастық болып келген күні жұмыстан босатуын сұрап өтініш жаздым. Ол кісі менің қалуымды сұрады. Бірақ, осы тілшілігім де жетеді деп, мен келіспедім.

Қызметтегі өзгерістер мен қиындықтар 1994 жылы шілденің 6-сында Жоғары Кеңестің сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға (қазіргі Астана қаласына) көшіру жайында депутаттардың алдында пленарлық мəжілісте хабарлағанын бəріміз білеміз. Алдымен Парламенттің халық қалаулылары қолдады, бұл ұсынысқа қарсы шыққандар

94


да болды. Дегенмен, көпшілік жеңді. Əрине, астананы көшіру бір күндік іс емес, сондықтан осы уақыттан бастап оған дайындық жұмысы жүргізіле бастады. 1996 жылы əртүрлі өзгерістер басталды. Қазақ радиосының тілшілерін де қысқартады екен деген сыбыстар естілді. Мен ол кезде Павлодар облысы бойынша Қазақ радиосының меншікті тілшісі болып жүрген кезім. Барлық облыстағы тілшілерді қысқартып, жарты ставкаға қалдырып жатты. Павлодар облысындағы телерадиокомитетінің төрайымы да Алматыға барғыштап кетті, əйтеуір бір өзгерістің боларын білдік. Біздің облыста ол кезде, алдында айтып өттім ғой, Республикалық Қазақ радиосының үш тілшісі болды деп. Үшеуінің біреуі ғана қалуы мүмкін деген сыбыс жетті. Бірақ нақты хабар əлі бола қойған жоқ. Бір күні кезекті екі күндік іссапарымнан келе сала жұмыс жаққа келдім. Алып келген пленкаларымды Алматыға Қазақ радиосына жіберейін деп. Менің кабинетім өте үлкен. Кузьма Семенович Тюриннің кабинеті болатын. Сонда хабар тарататын бүкіл аппаратурам тұратын. Техниканың тілін өзім жетік меңгеріп алғам, соңғы жаңалықтардың пленкалы дауыстарын, тіпті үлкен-үлкен пленкалы хабарларды да осы аппаратуралар арқылы кабинеттен беріп жатамын. Бір кездерде бұл аппаратуралар өз үйімде де тұрған. Алма Мұқанқызы телеарнаға қосымша қызметке шақырғасын бұл техниканы осы кабинетке əкеліп орнатқанбыз. Есікті ашып ішке ендім. Кабинет қараңғылау болатын. Жарықты қосып жіберейін деп қосып қалсам, шам жанбайды. Жоғарыға қарап қалсам төбедегі үлкен люстра жоқ. Таң-тамашамын. Іле хабар тарататын техникаларыма көзім түсті. Қосқыштарын жұлып тастапты. Бұған не болған, кім алды екен деп вахтада отырған кезекшіге барсам, біз білмейміз, бастықтардан, председательден сұраңыз деп қарап тұр. Жүгіріп отырып Гүлбарам Науразбаеваның кабинетіне бардым. Кабинетінде отыр екен. Мен ызаға булығып тұрмын. - Кабинетімдегі жарықты өшіртіп, аппаратурамның қосқыштарын, люстрамды алдыртып тастаған кім?-дедім. - Менмін деп қарап тұр. Сіздерге қысқарту болайын деп жатыр ғой, дейді. - Мен сіздің штатыңыздағы қызметкер емеспін, Қазақ радиосының меншікті тілшісімін. Сізге мұндай өкілеттілікті кім берді? дедім. Бұл бассыздықты жасаған кім екенін білгесін, оны тіпті тыңдағым да келген жоқ. Сондағы айтқаным:- Сіз кімсіз, сізді кім біледі? Ал мен - халықтың ортасында жүрген журналиспін. Менің атымды да, үнімді де өшіре алмайсыз деп кабинетін тарс жаптым да, шығып кеттім. Бірер сағаттан кейін, техниктер келіп, аппаратурамды іске қосты. Міне, осындай да жайттар болған... Бірер жұмадан кейін менің атыма Алматыдан хат келді. Қазақстан телерадиокорпорациясындағы қысқартуға байланысты бір ай уақыттың ішінде қызметіңізден босатыласыз, сіздің облыс халқы орыстілді болғандықтан деген сөзді де қосып қойыпты. Сонда ғана түсіндім, бəз біреулердің менен құтылғысы келгені сондай, əрекетін ертерек жасап қойған ғой. Əлі бір ай уақытым бар. Бірақ неге екені белгісіз, жұмыссыз қаламын-ау деген қатты қобалжу болған жоқ.

95


Ертеңіне Павлодар облыстық театрында жаңа спектакльге премьера болатын болып, соған келдім. Қолымда - ауыр репортерім. Спектакль аяқталып, көрермендерден интервью алайын деп залда жүгіріп жүр едім, облыс əкімі Даниал Ахметовтің алдымнан шыға қалмасы бар емес пе. Ол кісіні кездестіргеніме қуанып кеттім. – Ғалеке, хал қалай, деді. Қалай болушы еді, мені қысқартайын деп жатыр, - дедім. Орыс тілді облыс болғандықтан тек орыс тілшісін жарты ставкамен қалдырады екен. Іле ол: Сізді қысқартса, жұмысты кім істейді? - десі бар емес пе! – Сосын менің тарапымнан не істеу керек, - деп өзіме сауал қойды. - Сіздің атыңыздан хат жазу керек шығар дедім. - Жақсы, кешкі бесте хаттың нұсқасын алып келіңіз, - деді. Мен қуанып кеттім. «Міне, жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деген осы деп. Кешкі сағат 5-те Облыс басшылығына келсем, хат дайын тұр. Қазақстан телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Сатыбалдиевтің атына жазылған Даниал Ахметовтің хатын хатшысы менің қолыма ұстатты да, хатты төмендегі тіркеу бөліміне тіркетіп алыңыз, - деді. Енді бұл хатты тезірек Алматыға төрағамызға жеткізу керек қой. Есіме түсе кетті, атақты актриса, сол кезде Қазақ радиосының дикторы болып жүрген Шолпан Байғабылова Павлодарда жүргені. Алдында кездескен болатынбыз, тауып алып, хатты соған бердім. Тағы жолым болды. Ертеңіне Шолпан Алматыға самолетпен ұшып кетті. Іле төрағаның өзіне жеткізіпті. Хаттың қысқаша мазмұны: - Ия, біздің облыста орыс халқы басымырақ, бірақ қазақтандыру үшін біздің облысқа қазақтың тілшісі қажет деп жазылған еді. Содан орыс тілшісі кетіп, қазақ хабарларын дайындайтын мен қалдым. Бүгінде бұл да - тарих. Үлкен жеңіс! Осы жерде айтарым, Даниал Ахметовтің азаматтығы, ұлтына деген жанашырлығы. Қаншама сын хабарлар дайындап, оны сынаған кездерім болса да, ол осы жерде бəзбіреулердей өш алмай, өзінің парасаттылығын, кеңдігін, азаматтығын көрсетті. Сыннан қорытынды шығаратын нағыз көреген азамат екенін танытты. Менің сол кездегі дұшпандарым қандай күйде болды екен деп ойлаймын. Содан, көңілім жай тауып, қызметімді одан əрі жалғастыра бердім... Ал 1996-1997 жылдары бүкіл республикада облыстардағы тілшілер қосы жабылып, мені Ақмолаға ауыстыратын болды. Қазақ радиосының Бас директоры Төрехан Данияр: Ол жақта бар жағдай жасаймыз деп айта алмаймыз, жұмыссыз қалмаймын десеңіз, осы жарты ставкаңызбен Ақмоланың радиокомитетіне барып істей бересіз, негізгі шығармашылық топ 1997 жылдың қаңтарында келеді деді. Ал сіз Ақмоланың кəсіпорындарымен, жалпы қаламен таныса беріңіз, - деді бастығым. Кезекті демалысым біткесін 1996 жылдың тамызында Астанаға көшіп келіп, Ақмола облыстық радиосына Павлодардағы өз штатыммен келіп, Алматыға хабар жіберіп тұрдым.

96


Қазақ радиосы – Елордада 1997 жылдың 1-ші қаңтарында Алматыдан арнайы жасақталған шығармашылық топ келіп қосылды. 1997 жылдың қысы қатты болды. Оңтүстіктен келгендер суыққа үйрене алмай, біразы қайтадан Алматыға қайтып кетіп жатты. Студияның іші суық, кабинеттердің өзі əзер-мəзер жылытылып тұрды. Журналистердің көбі жиіжиі ауырып, ауруханада емделіп шығып отырды. Алматыдан келгендерге алғашқы кезде үш бөлмелі пəтер берді. Ұлы бар, қызы бар - бəрі бірге тұрды. Таңғы алтыдан Астана радиостудиясы əуе толқынына шығып, елордадағы жаңалықтарды, қаланың құрылысы жайлы, əлеуметтік-экономикалық өсіпөркендеуі жайында хабардар етіп отырдық. Əлбетте, бастапқыда оңай болған жоқ. Мүлде білмейтін, танымайтын қалада, не туысың, не танысың жоқ бұл шаһарда үйреніп кету қиын болды. Қызымыз ол кезде мектепте, ұлым журналист еді, қалалық «Цесна-Азия» телеканалына қызметке тұрды. Мектептегі оқып жүрген қызым Жəмила Ақмоланың батпағы мен үскірік аязына шыдай алмай қиналды, бірден жаңа мектепке көндігіп кете алмады. Павлодарға қайтайық деп мазамды алды. Алғашқы екі жылда еңбекақымыз жоғары болып еді, кейін күрт қысқартылып, нан мен майға жетпейтін кездер болды. Сол жылы қыс та қаһарына мініп, хабар тарататын студиямыз тастай суық, журналистеріміз бірінен соң бірі суық тиіп, өкпе қабынуынан ауруханаға кезекпен-кезек түсіп жатты. Денсаулықтан мүлде айырылғандар да болды. Мен о баста Павлодардан елордаға келгенде ерекше бір жігермен, осы астанаға аянбай қызмет жасаймын деген оймен келген едім. Өзіндік қолтаңба қалдырсам деген ерекше бір құлшынысым да болды. Таңғы бес жарымда үйден шығып, сағат алтыда эфирді ашып, ал керісінше түнгі сағат 12-де эфирді жауып барып үйге қайтатынмын. «Астанадан сөйлеп тұрмыз» деп эфирді ашқанымда, жүрек қағысым жиілеп, кеудемді қуаныш кернейтін. Астана деген сөздің өзі ол кезде мен үшін қасиетті ұғым болды, сондықтан да оған мен үлкен жауапкершілікпен қарадым. Бір жылдан кейін ғой деймін, осындағы «Цесна-Азия» телеканалы жабылатын болды. Енді ұлым Мадияр Балтабай жұмыссыз қалатын болды. Абырой болғандай сол кезде Қазақ радиосына орыс тіліндегі жаңалықтар редакциясына редактор керек болып, біздің Қазақ радиосына орналасты. Кезегіміз келгенде эфирге бірге шығатын күндеріміз де болып тұрды. Сол кездерде анасы мен баласы бір студияда отырып, хабар жүргізу неткен бақыт деген сезімде болатынмын. Қазақстан Тəуелсіздігінің 10 жылдығын атап өтерден тура бір жыл бұрын Ақмолада Үкіметтің кеңейтілген мəжілісі өтті, оны президентіміздің өзі өткізді. Сол мəжіліске Қазақ радиосынан мен барған болатынмын. Елбасының айтқан əрбір сөзі маған ой тастады. Жігерленіп отырдым. Елбасы Бұл Тəуелсіздік қазақ халқына оңайлықпен келмегенін білесіздер, он жылдыққа орай мына отырған сіздер əрқайсыңыз бір-бір үлкен жұмыс атқарсаңыздар, ел игілігіне қосқан үлестерің болар еді деген сөзі маған ой

97


тастады. Редакцияға келісімен ойландым. Мен қандай үлес қоссам екен деп өз-өзіме сұрақ қойдым. Сол күні-түні бойы ойланып, бір шешімге келдім. Ертеңіне осы ойымды Оңғарсынова Фариза ақынға жазба ақындарының радиомүшəйрасын ұйымдастырсақ қайтеді деп өз пікірімді айттым. Ол кісі ойланбастан қолдау көрсетті. Тура Тəуелсіздіктің 10 жылдығы тойланар алдында Астананың төрінде, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында «Қазақстаным қарашаңырағым» атты Республикалық ақындардың радиомүшəйрасын өткіздік. Астана қалалық əкімінің орынбасары Нұрлан Нығматуллин, Мəдениет басқармасының бастығы Ермек Аманшаевтар қолқабыс жасады. Бүгінде мені төртінші рет осы республикалық ақындар радиомүшəйрасын Павлодарда өткізсек деген ой мазалауда. Бас қаладан бастау алған осындай игі істің бастамашысы қатарынан табылғаныма бүгінде қуаныштымын. Əрі бұл ретте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы берген тапсырмаға мен де өзімше үлес қосқаныма, əрі бастаған ісім жауапсыз қалмағанына ризамын. Кезіндегі мына бір жайлар да есімнен кетпейді. Астанада Қазақ радиосының коментаторы болып жүрген кезімде елбасының қызмет бабымен жүрген жерлеріне бірге барып, радиоға хабар əкеліп отырдым. Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы жас қаланың əрбір құрылыс нысанын өзі қадағалап, оның ашылуына да өзі қатысатын. Елордадағы əрбір ғимратты өз баласындай көрді десем, артық айтпас едім. Дегенмен, алдымыздан кездескен ауыртпалықтарға қарамастан, Астананың қалыптасуына, оның дамуына үлес қосқым келіп, қиындықтарға қарсы тұра білдім. Жұмасына екі-үш рет елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өткізген мəжілістеріне кезегім келгенде барып тұрдым. Президент Елорданың құрылысының маңыздылығы мен оның болашақ ұрпақ үшін қажеттілігін жиі айтып, бізді жігерлендіріп отыратын. Сол жылдары мен екі қызметті бірдей атқардым. Қазақ радиосында коментатор бола жүріп, Астана радиосының қазақ бөлімінің редакторы болдым. «Астана жəне астаналықтар», «Көзқарас», əдеби-музыкалық «Өнерімөмірім» атты хабарларды осы жылдары өмірге əкелдім.. 1997 жылы 8 қарашада Алматыдан Ақмолаға Қазақстанның мемлекеттік рəміздерін жеткізген салтанатқа қатыстым, сол жайында үлкен хабар дайындадым. Күн өте суық болды, Президент əкімшілігі мен Үкімет үйінің алдына халық көп жиналды. Қақаған аяздың ызғары жиналғандардың еңсесін түсірген жоқ, қайта олардың жүзінен қуаныштың, еркіндіктің, ең жауапты сəттің нышанын сезіп тұрдық. Ақмоланың жұлдызды сəті туды. Аспанымызда көп байрағымыз жарқырап, Сарыарқаның төсінде қазақтың Əнұраны шалықтады. Айналаңа қарасаң əртүрлі ұлт өкілдерінің рухы шарықтаған, халықтар арасындағы берік достықты сезіндім. Міне, осы бір тамаша көріністі өзімнің хабарымда жеткізуге тырыстым. Елбасының баяндамасындағы тарихи сөзі: «Астананың көшірілуі жаңарудың айғағы. Ол еліміздің түрлі салалары мен аймақтарына қуатты серпін, жаңа мүмкіндіктер береді», - деді. Ия, бүгінде сол мүмкіндіктердің жолы ашылып Астана бүкіл əлем

98


тамсанған қуатты мемлекеттің мақтанышына айналды. Кезінде осы астананы елімізге танытамыз деген əрбір жасаған хабарым тыңдарманға ерекше ой тастады. Осы жайында кездесе қалғанда қазақтың белгілі ақыны Фариза Оңғарсынова жиі айтатын. Қазақ радиосының Астандағы филиалында шектеулі ғана шығармашылық топ жұмыс істеді. Елордадағы департамент министрліктерден бастап, Үкіметтің, Президенттің жүргізіп жатқан саясатын насихаттап, оны оперативті түрде жеткізіп отырдық. Дегенмен, осындай аз шығармашылық топпен қыруар жұмыс атқардық. Көбіне мен Астана қаласы əкімшілігіндегі мəжілістерге жəне өтіп жатқан үлкен-үлкен мəдени шараларға тұрақты түрде қатысып отырдым. Себебі «Астана жəне астаналықтар» жəне «Өнерім - өмірім» деген авторлық бағдарламама сюжеттер қажет еді. Аракідік Үкіметтегі, Президенттің өткізіп жатқан шараларына да қатысып, Елбасынан талай рет интервью алған кезімде болды. Бірде қызық болды, жоқ қызық емес-ау, сол кездегі жанымның қысылғанын білсеңіз ғой... Үлкен жиналыстан кейін Елбасымыз өз резеиденциясында журналистерге сұхбат беретін болды. Микрофондарымызды дайындап президентіміздің келуін тосып отырмыз. Сол күні қызуым көтеріліп, жөтел қысып, əзер келгенмін. Мені ауыстыратын ешкім болмады. Елбасымыз бізге жақындап қалды. Тамағым жыбырлап, жөтел қысып барады, жөтелуге болмайды, тұншығып барамын, содан мен микрофонымды бірге қосып ұсташы деп «Хабар» телеарнасының журналисі Сайын Есмағиға ақырын ұстаттым да, білдіртпей кейін шегіне бердім. Артқа шегінсем, Елбасының сақшысы қайда барасың дегендей, артқа жібермейді. Содан: «Е, құдай, жəрдемдесе гөр, патшамыздан интервью алайын деп тұрмыз ғой, - деп іштей табына бастадым. Əйтеуір құдіреттің күші күшті ғой, жөтелім тез басылып, орныма қайта келіп тұрдым. Сонда жан – жақтан қарап тұрған оққағарлардың екі көздері менде болған, əрине менің бұл қобалжуымды олар сезді ме, сезбеді ме, білмеймін... Бірақ олардан ескерту алған жоқпын. Əйтеуір сол күні қатты ауырып тұрсам да, берген тапсырманы орындап, үйге қайттым. Редакторлардың жетіспеушілігі соншалықты, қалай ауырсақ та, бюллетень алмайтынбыз. Тек құлап жатсақ қана ауруханадан бірақ шығатынбыз. Алматының Қазақ радиосынан келген Қайрат Мұсақұлов Астанадағы Қазақ радиосы филиалының директоры болды. Қазақ радиосының комментаторлары болып менімен бірге қызмет жасаған - Базарбек Түкібай, Асан Сарқұлов, Надежда Самсонова, Морис Абдуллин, Алмира Тілеуханқызы, кейін келіп қосылған редакторлар Айнұр Дайрабаева, менің ұлым Мадияр Балтабай, Света Зиновьевалар - бəріміз таңғы алтыдан түнгі он екіге дейін тікелей эфирде графикпен шығып отырдық. Бір қызығы 50-ден ассам да, мен де солардан қалыспай, асып түспесем кем қалмай, тікелей эфирге шығып, əнде авторлық хабарларымды дайындап күнделікті əртүрлі шараларға қатысып, жастардың алдында өзімнің шапшаңдығыммен əрі жауапкершілігіммен көзге түстім. Көбіне əріптестерім эфирге салатын хабарлары болмай пленкалы материалдарды менен сұрап, зыр жүгіріп жүретін жəне көп хабарым Павлодардан ұйымдастырылатын.

99


Ал елге келсем керекуліктер қуанып «Біздің Ғалия өз елін көрсетіп, туған жерінің абыройын көтеруде» -деп ризашылықтарын білдіріп жататын. Журналист үшін осыдан артық алғыс бар ма? Бірде Алматыдан Бас директорымыз Төрехан Данияр хабарласты. Ғалия апай, сіздің хабарларыңызды жиі тыңдаймын. Павлодардан хабарды көп беріп жатасыз. Өзіңіз қай радиода қызмет атқарып жатқаныңызды ұмытып кеткен жоқсың ба дейді. Жоға, қалай ұмытам, Қазақ радиосы бүкіл Республикамызды қамтитын радио емес пе? Егер мен туған жерімнен хабар дайындасам, несі айып, сіздерден командировка алып жатқан жоқпын, жұма күні поезға отырамын да сенбі күні келісіп қойған адамдардан интервью алып, жексенбі күні Астанаға қайтып келемін. Жұмысқа үлгеріп жатырмын деймін. Осылай менің осындағы əріптестерім өздерінің туған елінен хабар дайындаса, хабардың географиясы кеңейер еді деп бастығыма қалжың аралас дəлел айтамын. Сонда ол: апай, бұл ойыңыз да дұрыс екен, ойда болсын, деп жаңағы алдында айтқан ескертуін өзі ұмытып кететін. Астанадағы Қазақ радиосында менің хабарларымның тұрақты режиссері көбіне Совет Бекішов болды. Тəжірибесі мол, музыкаға бейім, қай хабарға қандай əн салатынын ол бірден біледі. Жəне қай əннің қай жерде жатқанын фонотекадан қиналмай табады. Хабарды монтаждағанда өте шебер монтаждайды. Артық сөйлемдерді алып, басқа сөйлемдерді мағынасына қарай бір-бірімен қосып, əдемі сөйлем құрайды, кейде өзіңнің сөйлетіп əкелген адамыңды танымай да қаласың. Хабарды музыкамен ерекше көркемдейді, əрбір жасаған бағдарламасы бір-біріне ұқсамайды. Жалпы тақырыптың мақсатын, мағынасын ой елегінен өткізіп, автордың ойын дөп басады. Қазақ радиосында Совет Бекішов сияқты өз жұмысына жауапкершілікпен қараған Гүлжан Саметова, Наталья Гуляева, Галина Насань, Гүлжанат Сейітовалар - менің есімде ерекше қалған қызметтес достарым. 1998 жылы Журналистер күні қарсаңында Астана қалалық əкімшілігі – «Астана – əлем назарында» деген тақырыпта журналистер арасында байқау жариялады. Бірнеше тақырып бойынша жеңімпаздарға номинация белгіледі. Сол жолы мен Қазақ радиосының атынан байқауға қатысып, «Акула пера» жүлдесін жеңіп алдым. Елордада қызмет атқарып жүргенімде Астанада мазмұнды да мағыналы көп шаралар өтті. Солардың көбіне директорымыз Қайрат Мұсақұлов мені жіберетін. 8 наурызға арналған Халықаралық əйелдер күні Президенттің салтанат сарайында өтті, сонда болдым. «Мың жылдық Қазақстан» форумына, əйел кəсіпкерлерінің съезіне, Жаңа жылдық шырша мерекесіне, т.б. салтанаттардың бəріне Елбасының өзі қатысып жүрді, соның бəрін тыңдармандарға дер кезінде жеткізіп, арнайы бағдарламалар дайындап отырдым. Директорымыз Қайрат Мұсақұлов - өте кішіпейіл, өз жұмысын білетін, білгір, кəсіпқой журналист. Өздеріңіз білесіздер, журналист деген халық өте сезімтал, көңілдері жас нəрестедей нəзік, ойлаған істерін жерге тастамайтын, халыққа жақын жандар. Кей кезде эмоцияға беріліп, күйгелектеп кететін жайларымыз да бар. Осындай журналистердің көңілін тауып, ол əрқайсымен тіл табысып тұратын. Менің өз басымды қатты сыйлайтын.

100


Ғалия апай деп үнемі жастардың алдында менің беделімді көтеріп отыратын. Жалпы Қазақ радиосының Елордадағы филиалының ұжымы өте ұйымшыл болды. Бір реніш не түсінбеушілік деген болған емес. Бес жарым жылғы қызметім бес күндей өте шықты. Ал Қайрекеңді кейін Қазақстан телеарнасына қызметке ауыстырғаннан кейін көп жай өзгеріп, Эльмара Раеваның кезінде кəсіпқой журналистер ыдырап, жан-жаққа басын сауғалады, тек сол бір түсініксіз жай - əлі күнге дейін жұмбақ. Ол да Қазақ радиосында көп тұрақтамады, кейін Қазақ радиосында біраз өзгерістер болды, оны тыңдарман қауым өздері де Қазақ радиосының хабарларынан тыңдап жатқан болар. Бүгінде радиодан əріптестеріміз «Астанадан сөйлеп тұрмыз!» деп саңқылдаса, көңілім сол жаққа бұрылып, сол кездегі Елорданы көппен бірге құруға барған əріптестерімді есіме алып, сағыныш сезімін сезінемін. Қайда жүрсе де, сол əріптестеріме, аман болайық, еңбектеріңнің зейнетін көріңдер деп тілек айтамын. 2006 жылдың журналистер күніне Астана қаласының əкімі мен Баспасөз орталығы Елорданы алғашқы құрысқан журналистердің бірі деп мені Астанаға шақырды. Бұл шараға сол жылдары Елордамызда қызмет жасаған алғашқы журналистер мен ақын-жазушыларда да келді. Ақмоланың мəдени өмірі мен қазақ тілінің дамуына үлес қосқан жəне ұлт жанашыры ақын, жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрғожа Ораз, жыр падишасы, халқымыздың сүйікті қыздарының бірі, Қазақстанның Халық ақыны, Астанаға бірінші келген Фариза Оңғарсынаова жəне «Қазақ радиосы» мен «Хабар», «Қазақстан» телеарналарының журналистері болды. Солармен бірге мені құрметтеп шақырғанына мен қатты қуандым. Астанаға келген алғашқы əсерлерімізбен бөлісіп, бүгінгі Елорданың жеткен жетістіктеріне қуана отырып, осы іске біздің де үлесіміз болғанын мақтаныш сезіммен еске алдық. Биыл - міне, Астананың 20 жылдығы. Осыған байланысты үлкен кітап шығарылмақ. Сол кітапта сіздің де еңбегіңіз айтылады екен деп жатыр астаналық əріптестерім. Бұл да - мен үшін бір мерей.

Астанада Құрбан Айт мерекесінде Елбасына қойған сұрағым 2001 жылы Құрбан Айт күні елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев зайыбы Сара Алпысқызымен Астанадағы Орталық мешіттердің бірі Ғылмани мешітіне келді. Құрбан айтына арналған салтанатты рəсіміне қатысып, айтыққа сойған малдың дұғасының ішінде болып, мешіт ішін аралады. Бір топ журналист Елбасын сыртта күтіп тұрмыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Асылбек Бейсенбаев бүгін Елбасына Қазақ радиосының атынан Ғалия Балтабай апайымыз сұрақ қояды деп ескертті.

101


Сосын ол менен қандай сұрақ қоятынымды сұрады. Əрине менің қоятын сұрағым дайын болса да айтпадым. Баспасөз хатшысы бір айланып келіп тағы сұрады. Мешіт жаққа қарасам, Елбасы мешіттің ішінен шығып, бізге қарай келе жатыр. Президент қасымызға жақындап келді де, ал маған қоятын сұрақтарыңыз бар ма дей бергенде, мен сұрағымды бастап та кеттім. – Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы, ұлы мейрамымыз Құрбан айт қабыл болсын дей отыра, Сізге қояр бір сұрағым бар еді, - дедім. Барша журналистермен амандасып, басын изеді де, сұрағыңызды қоя беріңіз,- деді. – Мұсылман елдерінің көбінде, атап айтсақ, көршілес Өзбекстанда, Түркия мемлекеттерінде Құрбан айт мейрам күні ретінде тойлануда. Ал біздің Қазақстанда Құрбан айт мейрам күні болып қашан аталып өтеді? дедім. Осы кезде баспасөз хатшысы Асылбек Бейсенбаевтың түрі бұзылып, маған қарап тұрып басын шайқады. Ал Елбасы болса, керісінше: - Өте дұрыс сұрақ екен. Негізінен осы жай туралы ойланып жүрмін. Қазақстандағы басқа діндегілер де бізге де мереке қажет деп сұрауы мүмкін ғой. Кейін көре жатармыз, дегенмен, Құрбан айт мерекесін тойлаймыз, əлі ол күн де алыс емес, - деді. Сол-ақ екен, баспасөз хатшысы Асылбек Бейсенбаевтың жүзі жылып, дұрыс екен-ау дегендей маған тағы бір қарады да, басын шұлғыды. Ия, шынында да, бұл қойған сұрағым кейін тарихи сұраққа айналып, Құрбан айтты бүгінде баршамыз мереке ретінде тойлап жатырмыз. Барша мұсылман халқы осы күнді асыға күтеді, біз де асыға күтеміз....

Павлодар облыстық радиосының екінші кезеңі Алдымен Павлодар облыстық радиосының қысқаша тарихы жайлы айтып өтсем. Республикалық қазақ радиокомитетінің бұйрығымен 1938 жылдың 15-ші қаңтарында Павлодар облыстық радиокомитеті құрылып, қыркүйек айында республикалық бюджеттен арнайы қаржы бөлінеді. Алғашқы радиокомитеттің өкілі болып Ғабдолла Мұратов, оның көмекшісі Павел Боярский жəне диктор Дари Асановтар қызметке алынады. Кезінде осы радиода жұмыс істеген қарт журналист Николай Утейкиннің айтуынша радионы құру үшін қала тұрғындары, əрбір бағанаға радио өткізуге атсалысқан. Кейін келе əр жерге қоғамдық репродукторлар орнатылады, қала халқы радионы ол кезде көшеде, далада, мекемелердің алдында тыңдайтын. Қазіргідей ол кезде əртүрлі жанрдағы хабарлар болмаған. Тыңдарманға жедел жеткізетін ақпараттар берумен ғана шектелген. Оны диктор тікелей эфирге бірден оқиды екен де, ал оның оқуын пианист музыкамен бірден көркемдеп отырыпты. 1965 жылдардан кейін бір сағаттық эфир алып, шағын хабарлар дайындай бастайды. Тек, 1970-1980 жылдары ғана радионың өрлеу кезеңі бастал-

102


ды. Таңертең бір, кешке бір сағаттық эфир уақытын алып, штат ауқымын кеңейтіп, қазақ, орыс тілдерінде тақырыптық бағдарламамен шығып отырған. Ол кезде ауыл шаруашылығы, үгіт-насихат, жаңалықтар əдебимузыкалық, спорт редакциялары болған екен. Екі сағаттық уақытқа оннан астам қазақ, орыс тіліндегі редакторлар жұмыс жасаған. Радионың Бас редакторы болып Виктор Животов тағайындалады. Одан кейін Ермаков атындағы сыйлықтың лауреаттары Кузьма Тюрин, Валерий Хижняк, Лидия Петрова ал қазақ бөлімдерін басқарған Айтбай Мұздыбаев, Рахат Балтабаев, кейін мен /Ғалия Балтабай/, Социал Айтеновтер қызмет атқарды. Аты аталған шығармашылық топ осы жылдарда облыстық радионың тыңдаушыларын қанағаттандыратын мағыналы да мазмұнды хабарлар дайындап, тыңдармандарға ұсынып отырды. Облыстық радио 1938 жылдан 1965 жылға дейін радиокомитет болып жұмыс істеді. Ал 1965 жылы облыстық телевидение ашылып, радиомен бірікті. Алғашқы Телерадиокомитеттің төрағасы Хамза Тоқпанов болса, одан кейін Мұрат Абдрахманов, Алма Əжібаева, кейіннен Гүлбарам Науразбаева, ал Марат Ибраевтың кезінде Қазақстан телерадиокорпорациясы қаржының жоғынан облыстық радиоларды жабуға өкім шығарады. Республикалық Қазақ радиосы, облыстық радиодан бас тартып, сөйтіп аймақтарда облыстық телевидение жеке бөлініп шығады. Дегенмен, Павлодар облыстық радиосын Марат Ибраев өз еркімен журналистердің жұмыссыз, елдің радиосыз қалатынын ойлап, шамасы жеткенше біраз уақыт ұстап тұрады. Ақыр соңында радио бөлініп, Павлодар облыстық əкімшілігінің қарамағына беріледі, бірақ радионың өзінің жекелей хабар таратуға лицензиясы болмағанан кейін, яғни телевидениеден бөлінгенде радио хабар тарату құқығынан айырылады. Дағдарыс басталады. Ай сайын қысқарту жүреді. Қанша кəсіпқой радиожурналист жұмыссыз қалады. Кейбірі қап арқалап, базар кешіп кетеді, кейбірі кəсіпкер болып, сауда жағына кетеді. Ең соңында облыстық радиода бір редактор мен оператор ғана қалады. Содан облыстық əкімшілік Павлодар облыстық радиосын Мемлекеттік коммуналдық кəсіпорын етіп қайта құрып, «Павлодартелерадио» МКК-деп атайды. Себебі олардың эфирге шығатын толқыны мен жиілігі, лицензиясы жоқ еді. ҒМ жиілігіне өту үшін министрлікке тапсырған құжаттары радионың лицензиясы болмағандықтан, қабылданбай қайтарылып отырған. Міне, осы қиындықты жою менің үлесіме тиді. Мен ол кезде Қазақ радиосының меншікті тілшісі болатынмын. Бізге де қайта құру кезеңінің салқын желі тиіп, барлық облыстардағы Қазақ радиосының меншікті тілшілері қысқартуға жататын болды. Алматыдағы бастығымыз ертең жұмыссыз қалмаймын десең, Астанаға баруыңа тура келеді дегесін, мен Елордаға кеттім. Содан 1997 жылдың тамызынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін Астананың Қазақ радиосында қызмет істеп, Павлодар радиосын 2000 жылдың аяғында қабылдап алдым. Сонымен қиын кезеңдер басталды... Бүкіл еліміз басынан кешкен өтпелі кезең, нарық қиындығынан əзер өткен Павлодар радиосын қалайда аман алып қаламын деп шарқ ұрдым. Алдымен Павлодар облыстық радиосына хабар тарататын лицензия алу

103


үшін тендрге қатыстым. Ол кезде лицензия беретін бөлімде министрлікте Асқар Жұмағалиев отырды, ол азаматтың көмегінің арқасында лицензияны алып келдім. Қаншама қиындықтар болды, талай есікті тоздырып, əйтеуір алдым ғой. Павлодар радиосында хабар жазатын пленка қалмаған, тіпті баяғыда мен өзім Алматыдан жазып əкелген алтын қорды өшіріп тастап, оған күнделікті хабарларды жаза берген. Пленканы қайдан аларын ол кезде бастықсымақтар білсе де, басын ауыртпаған. 2003 жылдың қыркүйегіне дейін хабар дайындайтын ленталы пленканы келісіп отырып, тегін Астанадан тасыдым. Бұл пленка бұрын тек Ресейден əкелінетін. Кеңес үкіметі құрығасын ол пленкалар еш жерде шығарылмайтын болды, ал Ресейдің радиолары ҒМ-ге шығып, жаңа заманауи техникаға көшіп жатқан кез. Концерттік əндерден басқа, алтын қор мүлде құрып кетті. Содан Қазақ радиосындағы өзімнің алтын қордағы хабарларымды көшіріп əкелдім. Мерзімі 25-30 жылдан асып кеткен «Дидар» облыстық телекомпаниясының жалға алған радио аппаратураларының тозығы жетіп, істен шыққан екен. Алғашқы кезде жаяулап-жалпылап Астанадан, Алматыдан, алтын қор жинадым. Командировка алуға, пленкаларды көшіруге артық қаражатымыз да жоқ. Жылдар бойы қордаланып қалған əртүрлі төлемдер, бюджетке төленбеген салық бар, еңсемді қатты түсірді. Радионың бір Волга автокөлігі бар екен, оның өзін кредит арқылы алыпты. Соның ай сайынғы ақшасын төлеуге қаражат таппай қиналдым. Сол кезде Екібастұз қаласы Ертіс, Железинка, Қашыр аудандарының əкімдері, облыстық Мəдениет департаментінің директоры Айым Канафиналар жарнама бойынша біраз қаржылай көмек жасады. Радионың құрал-жабдықтары тозды. Ауыстыратын бөлшектер жоқ. Бір күні радио мүлде үнсіз қала ма деп қиналдым. Ұйқысыз өткен талай күндер бүгін түсімдей... Күнделікті хабарды дайындайтын пленка да жоқ, қосалқы бөлшектер жетіспейді, дыбыс жазатын репортер – магнитофондар істен шыққан, пульт ескі, монтаж жасайтын аппаратуралардың өзі қырық жылғы. Ақыры, шыдамым таусылып, облыс əкімі сол кездегі Даниал Ахметовке шықтым. Даниал Кежетайұлына радионың халыққа қажеттігін түсіндірдім. Əсіресе, ауылдағы тыңдармандарға керек дедім. Олар қазіргі мына қиын заманда газетке жазылмайды, көп ауданға Қазақстан арнасы мен Хабар телевидениесінің хабары жетпей отыр. Олар тек Ресейдің каналдарын көреді дедім. Сонда біздің елдің жаңалығын, президентіміздің саясатын елге қалай жеткіземіз, - деген нақты ойымды жеткіздім. Тіпті, Американың президенті алдымен сұхбатын радио арқылы береді. Бұл оның бүкіл Бұқаралық құралдар ішіндегі радионың ролі зор екенін көрсетеді деп мысалдар келтірдім. Даниал Ахметов шынында да халыққа жақын əкім ғой, менің ойымды бірден түсінді. Содан 2002 жылдың аяғында резервте қалған 2 млн. 394 мың теңге бөлгізді. Міне, осылайша жылдың аяғында радионың техникалық жағдайын біраз жақсартып алдық. Өткен жылдардағы осы жұмысыма қазір қарап отырсам, радионы қайткенде де сақтап қалып, FM жиілігіне (əуе толқынына) шығарсам, бүкіл облыс тұрғындарына радионың үнін жеткізсем деген ойым бүгінде арманымның титтей жемісі сияқты. Əрине, қандай жұмыс болсын қаржыға

104


байланысты ғой. Оны басшылардан сұрап алу, дəлелдеу - қиынның қиыны. Жүйке тамырың тозады. Кей кезде ұжымымды – шығармашылық топтың жанұшырып жүргенін көргенде осылардың жағдайын қалай жақсартсам деп қиналамын. Дегенмен, осы ішкі сезімімді бастықтарға жеткізгенге ұқсаймын. Көмектесіп, қол ұшын беріп отырды. Неге бермеске, халыққа радио қажет. Насихат өте керек. Елге елбасының саясатын жеткізу - біздің, жалпы баршамыздың парызымыз. Иə, радио – ол бүкіл халықтық трибуна. Ол - бүгінгі күннің тынысы, тіршілігі, жарқын болашақтың айнасы. Радио - ол ақиқат үні. Ендеше оған қызмет ету - баршамыздың міндетіміз. Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда радио облыс тұрғындарының 94 пайызын қамтып отыр. Барлық облыстарда радио жабылып қалғанда, біздің облыста қайтадан жаңғыртылғаны - басқаларға үлгі боларлық жай. Ал енді шығармашылық жұмысымызға байланысты. Мен 2001 жылы радиоға келгенімде аптасына екі күн – үш сағат, үш күн – екі сағаттан хабар беріп тұрды. Оның өзі Қазақ радиосының толқынын заңсыз бұзып, олардың хабарын жауып қойып, Павлодар облыстық радиосын қосып отырдық. Бұл шынында да заңға қайшы еді. Осы жайлы тексерулер болып, мазамызды да алды. Əйтеуір өлместің күнін кешкен кез болды. Радио жұмыс істегенімен, лицензиясы болмады деп жаңа айтып өттім ғой. Лицензия алғаннан кейін жиілік алу үшін үш рет тендрге қатыстым, бірінші рет Павлодар қаласына, екінші рет Павлодар облысының барлық аудандарына, үшінші рет кіші ауылдарға алдым. Сол үшін үш жыл жүгірдім. Сөйтіп, тендерді жеңгеннен кейін 2005 жылдың 25-ші қарашасында спутник арқылы облысымыздың ауылды мекендерін қамтып эфирге шықтық. Мен радионы қабылдап алғанда ұжымда бар-жоғы оннан астам адам бар болатын. Аға редактор Сəлімбай Ермұратов, редакторлар Динара Құсманова, Альбина Федосеева, Сағындық Оразалин дыбыс режиссерлерден Вера Сидько, Əлия Нұрмағанбетова, дикторлар Қарлығаш Қасиетова, Алексей Светашев, радиотехник Александр Поддубный мен Бас бухгалтер жəне жарнама менеджерінің штаты болды. Аға редактордың айлығы 8 мың, қалғандары 6 мың теңгеден үш жарым мың теңге айлық алады екен. Мұндай айлықпен олардан қандай жақсы хабар талап етесің? Журналист дипломымен істеп жатқан тек Сəлімбай Ермұратов қана. Келісімен техниканы, шаруашылықты жөндеймін деп бір жүгірсем, шығармашылық жағын қалай ретке келтіремін деп бір шырылдаймын. Бағдарламаларды, хабарлардың тақырыбын өзгертіп, мазмұнына көңіл бөлуді қатты қадағаладым. Тіпті өзім де хабар жасап, басқаларды үйреттім. Мен келгенде Бас редактордың орны бос болатын, оған Екібастұздағы бұрын аудандық газетте редактор болған, ақын Дəмет Қарашашеваны алдым. Астанадан облыстық радиоға ауысып келгенімді естіген екен. Режиссер Алтын Омарова (бұрын Павлодар облыстық телевидениесінде менімен бірге қызмет атқарған) жұмысқа сұранды, кəсіби режиссерден айырылып қалмайық деп қосымша штат ашып, оны жұмысқа алдым.

105


Əйтеуір 6-7 айдан кейін облыстық радиода жаңа леп пайда болды. Хабарлардың мазмұны кеңіп, тыңдармандардан тақырыбы көбейді деген жақсы пікірлер ести бастадық. Мен Астанадан келіп, радионы қабылдап алғанымда радиотехникалық, радиобайланыстың қызметін жетік білетін маманның жоқтығын көрдім. Ескі аппаратураларды қарап жүрген бұрыннан келе жатқан аты техник, қолында дипломы жоқ, əйтеуір ескі аппаратураларды түсінетін техник оператор Александр Поддубный деген болды. Бұл кісі - бұрыннан келе жатқан кадр. Ал FM жиілігіне шықсақ, бүгінгі заман талабына сай цифрлы автоматты техниканы түсінбейді, компьютерді мүлде білмейтін адам. Ол осы кемшілігін біледі. Əрине қызметтен шығарып жібере ме деген қорқыныш та бар ғой. Онысы аздай, таңның атысы, күннің батысы арақ ішіп жүріп жұмыс істейді. Жұмыстан шығарып жіберейін десем, жаңағы ескі үлгідегі аппаратуралардың тілін білетін маман мұнда мүлдем жоқ. Өзінің керекті адам екенін білдірту үшін ол таңғы эфир өткеннен кейін аппаратуралардың бір бөлшегін қасақана сөндіріп тастайды да, арақ ішкенін білдіртпейін деп, келесі эфир уақыты болғанша соны жөндеген болып жүреді. Ол кезде күніне 4-ақ сағат эфир уақыты. Таңғы 7-ден 8-ге дейін, 14-17-ге дейін хабар беріледі. Содан сағат 14-те эфир бола ма, болмай ма, мына аппараттарды жөндеп үлгере алама деп есіміз шығатын. Өзі ішіп алған адам, редакторлар қасына баруға жүрексінеді. Мінезі шадыр, радионы мүлдем жүргізбей қоя ма деп қорқатын. Кей кезде мен біліп қоя ма деп, арақ ішкенін білдіртпеу үшін өзі отыратын бөлмеге, аппаратуралар тұратын жерлерге ацетон төгетін болды. Сөйтіп, арақтың иісін сездірмеймін деп ойлайды. Хабарға жазылуға келген адамдар студияның, кабинеттердің жөндеусіз тұрғанын көріп бір құлазыса, ал мен болсам коридорға кіргеннен арақтың иісін сезіп қынжыламын. Студияның, монтаж бөлмесінің қабырғаларында жабысып тұрған жұмыртқа салатын қораптарды көріп түңілемін. Қаншама бастықтардан, кəсіпкерлерден көмек сұрап, алақан жайдым. Қайткенде де осы радионы күрделі жөндеуден өткізсем деп. Мəдени ошақтың, мəдени орданың бірі – радио мен телевидение, ендеше оның іші неге жарқырап, нұрын шашып тұрмасқа! Біздің жеке үйіміз жоқ, облыстық телевидениенің бірінші қабатын келісімшартпен жалға алып отырмыз. Телевидениені басқарып отырған Марат Ибраевпен əйтеуір тіл табысып, бір шаңырақтың астында тату-тəтті жұмыс жасап жатқан жайымыз бар. Дегенмен, ойлаған ойымды жүзеге асырдым. 2004 жылы республикалық тендерде мемлекеттік тапсырыстан 1 миллион теңгені жеңіп алып, радиоға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, студияға, кабинеттерге су жаңа жиһаз алдық. Бұл жұмыста менеджер Динара Құсманованың да үлесі өте зор. Ең негізгі демеушіні тапқан да- сол. Осыны көрген облыс əкімінің орынбасары Рысты Мағауияқызы Жұмабекова : «Ғалеке, біз сізді бағалай алмай жүр екенбіз, радионы қалай құлпыртып жібергенсіз деп бір келгенінде алғысын білдірді. Оған біздің мəртебеміз көтеріліп қалды. Ендігі айтайын дегенім, қазіргі радионың Бас инженері жайлы. Əлімжан Жүсіповпен Астанада Республикалық радиода бірге қызметте болған едік.

106


«Ситицентр» дүкенінің алдында менімен жаңағы республикалық радиода бірге қызмет жасаған Əлімжан Жүсіпов тұр. Түсінбей қалдым, мен өзі қайда тұрмын. Павлодардамын ба əлде Астандамын ба деп. Сол күні бір бөлшек жоқ деп, таңертеңгі эфирден кейін, бүкіл аппаратураны инженеріміз Александр Поддубный ағытып қойған. Кешкі эфир болмауы мүмкін деген. Содан Нұрлан екеуіміз қаладағы «Радиосервис» жеке меншік кəсіпорнына келіп, жаңағы қажетті бөлшекті іздедік. Жоқ болып шықты. Содан Нұрланға машинаның басын бұр, ана дүкеннің алдына тоқта дедім. Əлімжанмен амандысып, мəн-жайды сұрап жатырмын. Зайыбы павлодарлық екен, əйелінің денсаулығына байланысты осында көшіп келген көрінеді. Жұмыс іздеп жүрмін дейді. Дайын маман, бізге керек маман. Бізде жұмыс бар, бірақ айлығы аз 12.000 теңге дедім. Жанұямды асырайтын мен ғана, ол аз деді. Содан департаментке барып түсіндіріп, қаражат жоқ болса да, бір штат ашып, ақшасын көтеріп осы Əлімжан Жүсіповті алатын болдым. Алдық. Сол күні келіп, бірден біздің аппаратураны қарап берді. Жүріп тұр екен, бір кнопкасын басып қойған дейді. Сөйтсем Поддубный мырза өзінің керек адам екенін көрсету үшін бізге əдейі осылай жасайды екен. Содан көзіміз ашылды. Күнде қирап жататын аппаратуралар сайрап тұр. 7-8 ай бойы үзіліссіз FM жиілігі ашылғанша сынбай-қирамай жұмыс істеді. Өз ісін білетін білгір маман Əлімжан Жүсіповтің арқасында техникалық 2 тендерге қатыстық, бүкіл аудандар мен 30 ауылдық мекеннің техникалық құжаттарын дайындап шықты. Енді біз күніне үш сағат емес, таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін эфирге шығатын болдық. Сондықтан бізге журналистермен бірге операторлар, дыбыс режиссерлері өте қажет болды. Іле компьютердің тілін жетік білетін Серік Айтымовты қызметке алдық. Ол өз жұмысын бірден алып кетті. Компьютердің тілін Əлімжан Жантасұлына үйретсе, ал Əлімжан Жантасұлы оған техниканың тілін үйретті. Əрине, инженерлік бұл жұмыс жалғыз өзіне қиындау болды. Себебі қордаланып қалған жұмыс өте көп еді. Кейде шаруашылық, энергетика, кейде байланыс жұмысына саламыз. Содан тағы бір байланысшы электрик инженер маманын іздедік. Табылмады. Ақыры Теміржолдың байланысында істеп жүрген өзімнің жолдасым Беделхан Балтабаевты алуға тура келді. Оған да қиын. Əйелінің қарамағында болу. Ол жақтағы еңбекақысы да жоғары. Бірақ менің жұмысыма көмектесу керек қой. Осыны түсінгеніне рахмет. Маған да қиын, басқаларға қатаң талап қойып жатқанда оған қатты айта алмаймын. Ол келісімен ақсап жатқан шаруашылықты орнына қойды. Күрделі жөндеу кезінде барлық телефон сымдары мен жарық нүктелерін сыпырып алып тастап, қайтадан орнатты. Кейде екі – үш ай машина жөндеуге тұрса автокөлікке отырады, осының бəрі менің қиналғанымды көргеннен болар, əйтеуір жұмысымды жеңілдетуге тырысты. Əйтпегенде екі – үш айға автокөлікті, жүргізушіні қайдан табамыз. Өзіміздің үйдің ескі бір жигулиі бар, соны жұмысқа саламыз. Бүгінгі таңда облыстық радио Павлодар өңіріндегі бүкіл облыс аумағының рухани-мəдени, əлеуметтік, шаруашылық өмірін қамтитын жалғыз ғана радио болып отыр.

107


Павлодар облыстық радиосы негізінен осы өңірдегі, барлық аудандар мен ауылдық мекендердегі елді елең еткізетін, жылт еткен жанға жайлы жаңалықтарды, маңызды оқиғалар мен атқарылып, жатқан мазмұнды шараларды насихаттайды. Əрі шешімін таппай отырған өзекті мəселелердің негізгі көзін ашатын бірден-бір хабар тарататын құрал. 80 жылға жуық тарихы бар облыстық радионың Алтын қорына осы өңірге еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері жайлы, өнер адамдары туралы жəне Кереку өңірінен шыққан тарихи тұлғалары туралы асыл мұра боларлық алтын қор жинақтадық. Бүгінде фонотекамызда ақын-жазушы, ғылым қайраткерлерінің үндері бар, алдағы уақытта бұл қорды одан əрі толықтыру жұмысы тұр. Радионың негізгі жұмысы жəне бағыты - бүгінгі жас өнерпаздарға, жас дарындарға жол ашу. Дегенмен, əрбір бұқаралық ақпарат құралдары əртүрлі жолмен қызмет көрсетуде. Кейбіреулері өздерінің беделдерін көтеру үшін негативті, жағымсыз, аты шулы, тыңдармандарды дүрліктіретін хабарларды беріп, жергілікті жердің саяси хал-ахуалын шиеленістіріп, ел тыныштығын бұзады. Ал біздің ұстанып отырған бағытымыз – ел бірлігін сақтап, салауатты өмір салтын құру. Хабарларымыздың басым көпшілігі мəдениетімізді гүлдендіріп, əлеуметтік жағдайымызды көтеріп отыратын тиісті бағдарламалармен толықтырылады. Мен қызмет атқарып жүрген жылдары облыстың əлеуметтікэкономикалық жағдайын көтеруге атсалысатын хабарларды көптеп дайындау мақсаты тұрды. Бұл орайда облыс əкімінен бастап, оның орынбасарлары, департамент, мекеме, кəсіпорын басшылары радио бағдарламаларымызға қатысы, тыңдармандарға атқарылып жатқан жұмыстар жайлы, «Облыстық əкімшілікте», «Апта тынысы», «Бүгінгі күн тақырыбы», тағы басқа хабарларда алдағы міндеттер туралы жиі баяндап тұруды дағдыға айналдырдық. Осы үрдіс қазір де естен шықпаса екен деймін. Менің кезімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілдерді дамыту мен қолдану аясын кеңейту жөніндегі Заңды басшылыққа ала отырып, хабарлардың басым көпшілігін мемлекеттік тілде жүргізу көзделіп еді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне Ақпарат министрлігі 4 тендер өткізді. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп қана қоймай, бүгінгі ұрпаққа тілінің қадір-қасиетін ұғындырып, тілге деген сүйіспеншілігін тудыруды мақсат тұтқан. Біз бұл тендерлерді ұтып алдық. Осыған байланысты «Қазақ тілін үйренейік», «Тіл тұғыры биік», «Тілім тағдырым», «Жас тілші», «Балдай тəтті балдырған» деген хабарлар ұйымдастырдық. Ана, əйел, бала, қыз-келіншек тақырыбы - бүгінгі күннің өзекті мəселесі. Осыған байланысты да Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі қазақ тілінде хабарлар ұйымдастыруға тендер жариялады, оған да біз қатысып, жеңімпаз атандық. Сол кезде Павлодар облыстық радиосы «Ананың аялы алақаны», «Қайран біздің аналар арды ойлаған» «Келіндер мен енелер», «Тірі жетім», «Зерделі жас», «Ақ босаға», «Тастанды бала», «Ана мен бала», «Тал бесік», «Əйел қайраткер» атты бағдарламалар тыңдаушылардың сүйікті хабарларына айналып еді. Бұл бағдарламалар мазмұны жағынан кең, көтерген тақырыптары өзектілігімен тартымды бол-

108


ды. Павлодар облыстық радиосының бетпердесі ол жаңалықтар дер едік. Кеше, бүгін, ертең деген сөздермен басталып, облыстағы күнделікті өтіп жатқан мазмұнды да мағыналы, істер мен шаралар жайында сапалы əрі жедел ақпараттарды таратқан Сəлімбай Ермұратовтың басшылығымен талай жұмыстар атқарылып еді. Ол жаңалықтар ғана дайындап қоймайды, күнделікті облысымызда өтіп жатқан шараларға журналистерді бөліп, олардың сол оқиғалардан хабар дайындауын талап етті. Күнделікті бағдарламаларды тексеріп, оның əуе толқынына шығуын қадағалады. Жалпы облыстық радионың шығармашылық деңгейін көтеруге атсалысты. Ол өз жұмысына тиянақты, жауапкершілікпен қарады. Жұмысқа таңғы сегізде келіп, алдағы жаңалықтарға хабарлар жинап, телефонның құлағынан түспейтін. Менің оң қолым деуге болады. Сондай-ақ облыс жаңалықтарынан басқа облыс əкімінің жүргізіп отырған жұмыстарын «Облыстық əкімшілікте», «Апта тынысы», «Бүгінгі күн тақырыбы» хабарларында кеңірек берілді. Бұл орайда Махаббат Камесхан, Шынар Маденова, Асемгүл Сүйіндіковалар шығармашылық əріптестікпен жақсы қызмет көрсетті. Елбасының жүргізіп отырған саясатын көрсететін «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы «Елбасының жолдауы», «Ритм области», «Басты міндеттер» бағдарламаларын тиянақтылықпен жүйелі дайындап жүрген Əлия Əжібаева, Əсел Мұқатоваларды басқаларға үлгі етуге болады. Диктор - өз ісінің шебері əрі радио өнерінің айнасы дер едік. Солардың бірегейі, 30 жылдан астам телевидение мен радиода диктор болған Лариса Гуликованы ерекше атауға болады. Оның сазды үні, хабарды нақышына келтіре, таза мəнерлеп оқуы тыңдарманды өзіне тартады. Бірер күн радиодан оның дауысы естілмесе, тыңдаушылар телефон шалып, іздеп жататын. Ал бұған дейін диктор болған Ғапура Əшімова, Уəсила Сержанова, Айман Нұрмағанбетовалар туа біткен дикторлар еді. Олардың легіне келіп қосылған Қарлығаш Қасиетова мен Руслан Омаровты да атап өтуге болады. Руслан Омаров - сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз. Ол хабарды оқи отырып, оператордың жұмысын қатар атқарды. Кейін зейнеткерлікке шыққан, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, Қазақ радиосында он жылдай диктор болған Шолпан Байғабылова да біздің радиода қызмет істеді. Біздің журналистер кезінде хабар жүргізу жайлы одан тəлім-тəрбие алып, тəжірибе жинақтады. Жүргізуші – Нұрлан Шоқпаров пен Сапар Рахманқұловтар өз ісіне мығым, жауапкершілікпен қарады. Олардың жұмыстан қалып, не бір бюллетень алғанын көрмеппін. Хабардың көркем, құлаққа жағымды, əуезді болып шығуы ол режиссер мен дыбыс режиссеріне де байланысты. Музыкамен хабарды көркемдеу, əрлеу, дыбысын қадағалау, артық дыбыстар мен сөздерді, сөйлемдерді алып тастап, белгілі тақырыбына байланысты əн салып, музыкамен əрлеу режиссердің жұмысы. Осындай шығармашылық топты басқарған Бас режиссер Алтын Омарованың жұмысын ерекше атап өтер едім. Өте білімді, білгір əрі хабардың ішкі мəн-мағынасын түсініп, соны дөп басатын. Оның да радиода алатын орны ерекше.

109


Осындай ойды режиссер Вера Сидько мен Əлия Нұрмағанбетоваға да айтуға болады. Олар - 30 жылдан астам тапжылмай еңбек етіп келе жатқан кəсіби мамандар. Жұмыста бір күн жоқ болса, олардың орны ойсырап тұратын. Мен алғаш келген кезде Əлия Нұрмағанбетова бағдарламаларды көркемдеп қана қоймай, таңғы сағат 7-де оператор ретінде хабарды эфирге өзі беріп тұрды. Жиырма жылдан астам күнде таңғы сағат алтыдан дамыл көрмей, түн ұйқысын төрт бөліп, эфирге үлгеру - ол қиынның қиыны əрі өте жауапты жұмыс. Ал енді осындай жауапты жұмыстың бірі – хабарды əуе толқынына тарататын операторлар жайында. Бұлардың бəрі бір жақтан оқып келгендер емес. Өзімізде үйреттік, тəжірибені де осы радиода жинақтаған мамандар. Дайын хабарларды əуе толқынына жіберіп отырады əрі хабар мен хабардың арасын байланыстырып отыратын музыкаларды да өздері салатын. Казтелерадио, Кателконың қызметкерлерімен бірлесіп отырып жұмыс істейді. Эфирдің тоқтамай, ақаусыз жүруі осы операторларға байланысты. Олар: Руслан Омаров, Руслан Рақымжанов, Қадырбек Нысанбеков, Медет Закарьянов, Дархан Зарықханов, Мерген Раисовтар - өздеріне жүктелген жауапты жұмысты тиянақты атқарып жүрген мамандар. Павлодар облыстық радиосы мемелекеттік коммуналдық кəсіпорын болғандықтан, бюджеттен қаржыландырылмайды. Сондықтан мемлекеттік тапсырыс беретін, тендер өткізетін конкурстарға қатысып немесе жарнама – хабарландырулардан түскен ақшамен өзімізді өзіміз қаржыландыратынбыз. Міне, бұл осы жұмыстың басы-қасында жүретін бас менеджеріміз Динара Құсманова мен бас есепшіміз Айжан Раисовалардың тапқырлығы мен іскерлігіне байланысты. Екеуі де - өз ісін жетік білетін, адамдармен тіл табыса білетін мамандар. Негізінен тапсырыс беретін əкімшіліктер мен Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрліктері өткізген тендерлерге қатысып, қаржы таптық. Ал бүгінде «Халық» радиосы министрліктің тендерлеріне қатыспай жүр, бастарын ауыртпайтын көрінеді. Мүмкін ақшалары шашетектен болып жүрген шығар. Динара Құсманова мен осы жұмысты қабылдап алған кезде соңғы жаңалықтар дайындайтын редактор еді. Мен келгесін ол Павлодар университетінің журналистика факультетіне оқуға түсті. Онымен бірге біздің бұрынғы редакторымыз Альбина Федосеева да түскен еді. Бұрынғы кадрларымызды сақтай отырып, оларға журналист мамандығын меңгеруге жағдай жасадым, жарнама, хабарлар беру арқылы университетпен шартқа тұрып, радионың атынан тегін оқыттық. Сөйтіп, екеуі де өз мамандықтарына қосымша журналист маманы деген диплом алып шықты. Айтайын дегенім, Динара Құсманованың журналистігіне қосымша, адамдармен тіл табыса білетін, ойындағасын орындататын, əрі ұйымдастырушылық қабілеті бар екенін аңғардым. Радионы қаржыландыратын, жарнама, хабарландыру іздеп табатын арнайы менеджер өте қажет болды. Содан Динараға бас менеджерлік сенің ғана қолыңнан келеді, радионы аяғынан тік тұрғызып, қайтадан құрмасақ, түбі жабылып қалады дедім. Содан Динара Құсманова редакторлықтан менеджерлікке

110


ауысты. Ол - əрине, өзінен гөрі өзгені ойлағаны, туған ұжымына деген жанашырлығы дер едім. 2001 жылдан бірге қызметтес болған, облыстық радионың екінші кезеңінің қалыптасуына бас инженер Əлімжан Жантасұлы, Серік Айтымов, бас менеджер Динара Құсманова, бас редактор Сəлімбай Ермұратов, бас режиссер Алтын Омарова, бас бухгалтер Айжан Раисова, дикторлар Лариса Гуликова, Қарлығаш Қасиетова, Руслан Омаров, редактоларымыз Дəмет Қарашашева, Махаббат Камесхан, Бекболат Сауырбай, Əсел Мұқатова, Шынар Мəденова, Əсемгүл Сүйіндікова, Əсемгүл Жүнісова, кейін келген Əлия Əжібаева мен Раушан Сыбанжанова. Сол сияқты дыбыс режиссерлер Əлия Нұрмағанбетова, Вера Сидько, Дəмет Қарашашева, Əсел Мұқатова, қандай қиындық болса да, менің қасымда бірге жүрді. Ал осы кітаптың дүниеге келуіне өзіндік үлес қосып, оны теріп отырған кадр бөлімінің қызметкері Сəуле Бəкібаеваны неге атамасқа! Хабарды өз деңгейіне жеткізіп дайындайтын Шынар Мəденованың радиохабарлары ерекше. Ол қай тақырыпты алса да, соны бүге-шігесіне дейін зерттеп барып береді. Дауысы да құлаққа жағымды, нағыз радиожурналист. Соңғы екі жылда редактор болып келген Əлия Əжібаева өзінің іскерлігімен, білімділігімен, мəдениеттілігімен бірден көзге түсті. Біраз жыл хабарлар редакциясының Бас редакторы болды. Ол кезде облыстық радионың негізгі қызметкерлерінің дені жастар болатын. Гүлжанат Абаева, Гүлайым Тасова, Жанар Омарова, Əсел Қасқановалар өз істерін тез үйреніп алған мамандарға айналды. Бұлардың қай-қайсысы да бұрын шығармашылықпен айналыспаған, редакцияларда жұмыс істемеген кадрлар. Радионың жұмысын осында үйреніп, тəжірибе жинақтағандар. Радиода хабардың тақырыбын дөп жеткізумен бірге, жүргізушінің құлаққа жағымды дауысы болу керек. Бұл жағынан Гүлайым Тасованың жүргізу мəнері ерекше. Оның ұйымдастырып жүрген жоғалған бауырлары мен туыстарын іздестіріп, оларды табыстырып отырған «Қайдасың?» радиохабары өзектілігімен құнды бағдарлама екенін айтып кетуіме болады. Шынын айтсам, бұған дейін бес жылдың ішінде осыннан үйреніп, біліктілігін жетілдірген біраз журналистердің басқа қызметке ауысып кеткендері де бар. Тіпті кейбірі бізде қызмет істеп жүріп жоғары оқу орынын бітіре сала, дипломын алған күні маған əрі қарай өсу керек дегенде жағамызды ұстап қалған кезіміз де болған еді... Мүмкін бұл өмірдің заңы да шығар?... Əлде...карьераға бет алды ма екен. Міне, біраз жыл өтті, солар осыннан кеткен қызметінен əрі жоғарылаған емес. Шығармашылықтың тағы бір түрі жарнаманы ұтымды беру жəне ролик жасау. Бұған дейін облыстық радиода оны дайындайтын арнайы маман болған жоқ. Соның қыры-сырын түсініп əрі үйреніп алған - Арман Сарымова. Оны да өзіміз арнайы оқуға жіберіп, табиғат берген қабілетін шыңдадық. Берген көмегімізді ол бүгінгі таңда ақтап шықты. Қазірде ол да жоғары оқу орнын бітіріп алды. Жаңалықтар бөлімінде редактор. Радионы алғаш қабылдап алғанымда аңғарғаным бір ғана «Пинг-понг» деген хабардан басқа балаларға арналған бағдарлама болмады. Алдымен балалардың жағдайын ойлау керектігін түсіндім. Жас кезінен оларды радионы сүйіп, тыңдап өссе, балалар радио хабарларынан танымдық ой

111


жинақтаса дедім. Бүгінгі ұрпақ - Қазақстанның болашағы. Ендеше оларды елін, отанын сүйе білетін патриот етіп тəрбиелеу - радионың да үлесінде. Өзіміздің қызметкерлеріміз Алтын Омарова мен Əлия Нұрмағанбетованың қыздары Айда мен Дəмелі радиоға жиі келіп жүрді. Соларды балалар хабарын жүргізуге тарттық. Айда сонда 5-сыныпта оқыса, Дəмелі Шоқпарова бар-жоғы үш жаста еді. Кейін анасы Алтын Омарова екеуі дайындаған «Изучаем казахский язык», «Ақ бота», «Балдай тəтті балдырған», хабарлары тыңдармандардың сүйікті хабарларына айналды. Ал Айда Нұрмағанбетованың «Қайырлы таң», «Қазақ тілін үйренейік», «Парк информационного периода» бағдарламалары мектеп оқушыларының тағатсыздана тыңдайтын хабарлары болды. Ол 2006 жылдың шілдесінде Алматыда өткен Республикалық Қазақ Радиосының II халықаралық «Жас қаламгер» фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алды. Оның дайындаған «Қазақ тілін үйренейік» бағдарламасы жюри мүшелерінің жоғары бағасына ие болды. Радионың сəнін келтіріп жүрген журналистер Əсел Мұқатова мен Раушан Сыбанжанова болды. Олардың қазақ тіліндегі жасаған хабарлары тақырып жағынан мазмұнды əрі ауқымды болатын. Əселдің ерекшелігі кез келген тақырыппен тікелей эфирге шыға беретін. Оның сол сияқты «Басты міндеттер», «Ғибрат», «Сахна», «Жыр жазамын жүрегімнен», «Жүздесу», тағы басқа хабарлары - əлеуметті-экономикалық жəне мəдени өмірді көрсететін мағыналы хабарлар. Əсел оның үстіне ақын. Ақындар мүшəйрасының бірнеше дүркін жеңімпазы болған. Жалпы, Əсел Мұқатованың болашағы зор, дарынды журналист. Бүгінде ол Павлодар облыстық Ертіс арнасында редактор болып қызмет атқарады. Ал енді екінші курста оқып жүрген болашақ журналист Жанар Омарова біздің радиоға мектепте оқып жүргенде тамаша хабарлар дайындап көзге түсті. Оның «Жас тілші» «Менің Қазақстаным», «Тастанды бала», «Тал бесік», «Қайран біздің аналар арды ойлаған», «Жеңгелер сыр шертеді» авторлық бағдарламалары тартымды болғандықтан, бізде оны радиоға тартып, студент кезінде оны қызметке алдық. Оның қай хабары да журналистік шеберлігімен əрі өзіндік ізденісімен, мазмұнының кеңдігімен, кейіпкерлерінің тартымдылығымен ерекшеленді. Хабарларының формасы да жаңаша. Жанар Омарова 2005 жылы Астана қаласында Тілдер комитеті ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл жəне БАҚ» республикалық байқауында «Үздік радиохабар» номинациясы бойынша III орынды жеңіп алса, 2005 жылы Ташкент қаласында өткен «Əлем - жас ұрпақтың көзімен» атты жас журналистердің байқауында «Үздік радиохабар» номинациясының Гранпри иегері атанды. Ал 2006 жылы наурыз айында Тюмень қаласында жалпыресейлік балалар радиохабарлары бойынша «Птенец – 2006» байқауында «Музыкалық радиохабарлар» номинациясы бойынша «Жүргізушінің күміс дауысы үшін» арнайы дипломын алып қайтты. Сол сияқты 2006 жылы мамыр айында Мəскеу қаласында болған «Кольцо Евразий » Жастар ақпараттық форумына қатысып, дипломант атанды. Ал енді бүгінде облыстық радионың қазақ хабарларын басқарып отырған

112


Раушан Сыбанжанова жайлы айтар болсам, мəдениеті жоғары, білімді, тыңдармандарының сүйіктісі. Дауысы да құлаққа жағымды, жүргізу жəне оқу мəнері де ерекше. Алған тақырыбын аша білетін журналист. Ұжымының алдында сыйлы, əріптестері де оған сыйластықпен қарайды. Жалпы мен қызмет атқарған жылдары радиода қолынан іс келетін, дарынды журналистер көп болды. Біз ол жылдары басқа радиодағыдай таңертеңнен кешке дейін музыка қоймайтынбыз. Егер əн қоятын болсақ, оның өзін тақырыптық концерт арқылы жүйелеп эфирге беріп отырдық. «Қазақстан композиторларының əндерінен концерт», жеке əншілерге арналған «Əнім арманым», «Ұмытылмас əуендер», «Мелодии века», «Сезім құшағында», «Қазақстан эстрада жұлдыздары», «Əсем саз», «Əсем əуендер», «Любимые песни», «Музыкальная палитра», «Старая пластинка», «Күй-терме», «Əн көңілдің ажары» тағы да басқа да тақырыпта концерттер беріліп тұрады. Кезінде біздің радио əр ұлт өкілдерінің тату – тəтті өмір сүруіне бағытбағдар беретін «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты хабар ұйымдастырып тұрды. Хабар қазақ, орыс, украин, татар, неміс, тағы да басқа тілдерде жүргізіліп отырды. Ол кезде Қазақстан халқы ассамблеясымен тығыз байланыс бар еді. Бүгінде неге екені белгісіз, бұл хабар мүлде жоқ. Жоғалып кеткен. Тыңдармандарымызға патриоттық сезім ұялататын «Зерделі жас», «Патриот», «Истоки», «Астана келбеті», «Болашақ», «Жанымызда жүр жақсы адам» деген хабарлар халықтар достығын сақтайтын, Қазақстан халқын құрметтейтін, Отанын қорғайтын, елін сүйетін адамдар жайлы да бағдарламаларымыз болды. Тағы бірер қызметкерлеріміз жайында айтып өтсем. Моңғолиядан атабабасының туған жеріне көшіп келіп, жоғары оқу орнына түсіп, оны ойдағыдай бітіріп, осында үйленіп, қазірде біздің Павлодар облыстық радиосында редактор болып жүрген Махаббат Камесхан мен Есенбек Санат, Бекболат Сауырбайларды мен радиоға келгесін қызметке өзім қабылдап алдым. Есенбек Санат - бүгінде Павлодар облыстық телевидениесінде редактор. Басқа қазақ тіліндегі журналистерге қарағанда олар қазақ тіліне өте шешен, адамдармен, сұхбат берушілермен тіл табыса білетін, үлкен-кішіні сыйлай білетін мінезімен арамызда басқалардан ерекше көрініп тұратын. Махаббат Камесхан негізінен «Бүгінгі күн тақырыбы», «Ауылым», «Менің сүйікті қалам – Павлодар», «Жанымызда жүр жақсы адам», «Тұрғын үй» деген тақырыптарда хабар дайындады. Туған қаламыз Павлодар жайлы беріліп жатқан бағдарламаларында ол қала əкімі Бəкір Демеуовтің жүргізіп жатқан іс-шаралары жайында жəне Павлодардың экономикасының өсіп өркендеуі мен мəдениетінің қалыптасуы туралы кеңірек баяндап, қала құрылысы мен жастар өмірі, тұрғындардың ұсыныс, талап-тілектерін кеңінен қамтып қаланың гүлденуі мен көріктенуіне өзіндік үлес қосып отырды. Ал Бекболат Сауырбай «Облыстық əкімдікте», «Өзекті мəселе», «Кəсіпкер», «Кəсібім – нəсібім», «Жұмыс жəне жұмыскер», «Шағын жəне орта бизнес», «Атамекен», «Бабалар даңғылы» деген хабарларымен тыңдармандарын тарта білді. Бекболаттың тағы бір қыры - тəжірибе алмасуға келген студенттерді жəне мектеп оқушыларын журналисти-

113


ка саласының қыры мен сырына баулып, ұстаздық етуде. Осы алдында əңгімелеген студент Жанар Омарованы алғаш журналистикаға үйреткен Бекболат Сауырбай. Қазақ радиосынан бастау алған менің «Өнерім - өмірім» атты авторлық бағдарламамда 5 жыл бойы Кереку өңіріне келіп кетіп жүрген жəне өзіміздің өнер тарландары жайлы жарты сағаттық əдеби-музыкалық хабар ұйымдастырдым. Халық қаһарманы, белгілі əнші Роза Бағланова Қазақстанның халық əртістері Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Ескендір Хасанғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген əртістері Марат Омаров, Бағдат Сəмединова, т.б. елуден астам өнер адамдары жайлы ой толғадым. Сол жылдары біздің алдымыздағы мақсат - қоғамның барлық топтарының ойы арқылы Қазақстанның даңқын арттыру. Облысымыздың əлеуметтік экономикасын көтеру, мəдениетін қалыптастыру. Адамдарды қазақстандық патриоттық рухқа тəрбиелеу. Сол арқылы болашаққа жарқын жол ашу. Жастарымыздың білімді, бақытты, дені сау болуына жағдай жасау болды. Кадрлардың негізін өзім сабақ беріп жүрген С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің журналистика факультетіндегі студенттерді дайындап, қызметке алып, үйретіп шықтым. Осы радиоға сіңірген еңбегімнің бір бағаланғаны - 2006 жылдың қарашасында Астанада Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне Ақпарат министрлігі өткізген семинардан кейін, мемлекеттік тапсырыс бойынша ең жақсы жұмыс істеген облыстардағы Павлодар, Жамбыл, Атырау, қалаларындағы БАҚ басшыларын министріміз Ермұхан Ертісбаевпен кездесуге апарды. Сонда республикадағы бірден-бір облыстық радионы бүкіл Павлодар өңіріне таратуға қалай қол жеткіздіңіздер деген сұрақ қойды. Сонда мен бұған облыс əкімшілігі көмектесті, бұл радионың халыққа керек екенін түсіндіргеннің арқасындағы жеңіс дей отыра, қалжың аралас мынадай мақал айттым: «Бастыққа пара берме, бара бер, бара бер», сонда ғана нəтижеге жетеміз, дедім министр мырзаға. Əрі радиосы жоқ республиканың басқа облыстары да радионы қайта жандандыруы керек, бұл - өмірдің талабы, дедім. Тағы бір айта кететін жайт, бұл да - бір тарих. 2007 мен 2008 жылдың аралығында Қазақстан спутнигі істен шығып, Павлодар облыстық радиосы біраз уақытқа тоқтап қалды. Қырсық қылғандай, мен құрметті демалысқа біржола кетейін деп дайындалып жүргенімде Павлодар радиосы аудандар мен ауылдарда істемей қалды. Содан бір ай өтпей, бұрынғы əкіміміз Қайрат Нұрпейісов басқа жұмысқа ауысып, жаңадан əкім болып Бақытжан Сағынтаев келді. Істен шыққан спутниктің қашан жұмыс істейтіні жайлы бар мəн-жайды ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрлігіне барып мамандармен сөйлесіп, хал-жағдайды біліп алдым. Жақын арада Қазақстан спутнигінің қосылуы екі талай, радио жиілігін уақытша Ресейдің спутнигіне қосуың керек деп олар маған кеңес берді. Есептеп қарасам, ол үшін жер-жерге спутник тарелкасын орнату үшін

114


3 миллиондай қаражат керек əрі оны Ресейдің спутнигіне қосуым қажет. Осы қаржының қажеттігін айтып, облыс əкімінен көмек сұрадым. Қызметке енді ғана ауысқан облыс əкімі Бақытжан Сағынтаев ол кезде аймақтың жай-жапсарымен жаңа ғана танысып жатқан кез. Радиоға қажетті қаражат мəселесі облыс əкімінің кабинетінде үш рет арнайы мамандармен қаралды, бірақ шешімін таппады. Үшінші рет барғанда мен сияқты облыстан білім департаментіне қаражат сұрап Айгүл Марданова да барған екен. Сол кездегі облыстық экономика жəне бюджетті жоспарлау департаментінің бастығы Галина Васильевна Даврикова, облыс əкімінің орынбасары Ырысты Жұмабекова жəне облыс əкімі Бақытжан Сағынтаевтың өзі болды. Бірінші менің өтінішім қаралды. Əкімнің сөзі: Қазақстан Спутнигінің іске қосылуын тосайық дейді. Мен ол Спутник қосылмайды, жоғалып кеткен деймін. Содан Бақытжан Əбдірұлы телефонын алып, біздің көзімізше Астанаға сол саланы басқарып отырған Талғат Мұсабаевқа телефон шалды. Спутниктің жайын сұрап жатыр. Ол кісі тамыз айына дейін шешілуі мүмкін деп айтқан көрінеді. Облыс əкімі біраз уақыт тосайық, радиоға қазір беретін ақша жоқ, - деп кесіп айтты. Сол кездегі ақшамен бар-жоғы 3 миллион 300 мың теңге керек. Соны таба алмай отыр. Мен де қарап отырамын ба? - Бақытжан Əбдірұлы, мен сізден өзіме ақша сұрап отырған жоқпын, халықтың радиосына сұрап отырмын, - дедім. Осы сөзді естіген əкімнің орынбасары Рысты Мағауияқызы Жұмабекова қасымда отырған, ақырын ғана аяғымен менің аяғымды қозғап қалды, əкіммен қалай сөйлесесің дегендей. Содан қабылдау бөлмесінен шыққан Айгүл Марданова қатты айттыңыз, көзіме жас үйірілді, - дейді. Несін айтайын, шынында да қатты қиналдым, бір кезде өзім құрған радионы зейнет демалысына кетерімде əдейі өшіріп кеткендей боламын ғой деген ой толғандырды мені. Содан спутниктің істемей қалғанын радиотыңдаушылар түсіне ме деп жалғыз өзім шырылдап жүріп, алпауыт кəсіпорындар Кателко мен Казтелерадио басшыларына шығып, уақытша олардан қарызға қаражат сұрадым. Қазіргі уақытта облыстық радио жұмыс істемей тұрғандықтан сіздер менен алатын ақшаларыңызды ала алмайсыздар. Сондықтан, мына жыл аяғындағы сіздерге төленетін ақшаны аудандарға тарелка алуға жұмсасам, қарыздарыңызды жыл басында төлеймін деп уəде беремін, - деп жалындым. Келісті, олардан 2 миллион ақша алатын болдым. Сосын облыс əкімінің қаржы жағын басқаратын Роман Васильевич Склярға барып, барлық жайды түсіндірдім. 1 миллион ақша тауып беретін болды. Келе сала спутник тарелкасын сатып алуға конкурс жариялап, тарелкалар сатып алуға кірістім, сосын Казтелерадионың Павлодардағы филиалының директоры Қарлығаш Тоқпановаға шығып, спутник тарелкаларын аудандарға орнатуға көмектесуін сұрадым. Қарлығаш Тоқпанова дегенің өте пысық, техниканың тілін жетік білетін инженер ғой. Сөзге келген жоқ, мамандарын бірден жұмылдырып жіберді. Осылайша бір жарым айдың ішінде Казақстанның спутнигін тоспай, эфирге шығып кеттік. Кейін Қазақстанның спутнигі үш жылдан кейін ғана іске

115


қосылды ғой! Осылайша мен Павлодар облыстық радиосын екінші рет сақтап қалдым. Облыс тыңдармандары мен ұжымымның алдында арым да, жаным да таза. Бүгінде көңілім тыныш, əйтпегенде тыңдарман өзінің сүйікті радиосынан айрылса, радиодағы 40-қа жуық қызметкер де жұмыссыз қалар еді. Сонымен тоқтап қалған облыстық радио бүкіл облысқа түнгі сағат 10-да қосылды. Көңілім жай тапқандай болды. Бірақ неге екенін білмеймін, өзімді сондай жаман сезіне бастадым. Жүргізушім Сапар менің ауырып тұрғанымды сезген болар, сол күні мені 10-шы этажға дейін лифтпен алып келді. Түнгі сағат 11 болып қалған кез. Есікті ашып, үйге кірдім. Сіңлім Əсия ұйықтап қалыпты. Беделхан Астанада балалары мен немерелерімен болатын. Ал мен Астанаға көшетін болғасын, уақытша сіңлімнің үйінде тұратынмын. Ол жылы Павлодардағы үйді сатып, зейнетке шығатын болғасын, салынып жатқан үйге ақшамызды салып қойғанбыз. Қабырғаны жағалап отырып, төсегіме əрең жеттім. Қалжырап ұйықтап кеткен болармын. Бірақ, таңғы сағат бесте жүрегім қысып, лоқсып ояндым. Басым айналып барады, жер шары айналғандай. Отырсам да, тұрсам да, жатсам да айналады. Мұндай бұрын болып көрмеген. Содан таңғы алтыда дəрігер шақырдық. Сіңлім Батияны да шақырып алдық. Бірден жедел жəрдем машинасы 1-ші қалалық ауруханаға алып келді. 10 күн жаттым, содан дəрігерлер қараныңыз, енді шынында да дем алатын кез жетті деп қалжыңдап қояды. Ауруханадан шыққан күннің ертеңіне облыс əкімі Бақытжан Сағынтаевта кеңейтілген мəжіліс болды. Мəжіліс біткеннен кейін ол кісі кетпей тұрып, трибунаға көтерілдім де, жанына келдім. Ырысты Жұмабекова мен Баспасөз хатшысы Перизат Шəкенованы шақырып алсаңыз, бір минутқа Сіздерге айтарым бар еді дедім. Жақсы деді, мені өзімен бірге алып жүрді. Үшеуі отырғанда айтқаным: - Бақытжан Əбдірұлы, өшіп қалған радионы іске қостым. Қиындықтың жолын да өзім таптым. Менің қиналғаным бір кезде сыммен жүрген радио құрып кеткенде, талай тендерлерге қатысып, радионы ҒМ жиілігіне қосып, тыңдарманды риза еткенмін. Енді өзім зейнетке кеткенде радио сөйлемей қалса, мен өшіріп кеткендей болады ғой деп шынында да жаным қиналған еді дедім. Тыңдарманның не жазығы бар, бұл радио қаладан гөрі ауыл тұрғындарына қажет, олар газет алмайды, Қазақстанның, облыстың телевидениесін көрмейді, осы күнге дейін кейбір аудандар Ресейді қарап отыр дедім. Енді радионың алдында да, облыс жұртшылығы алдында да менің арым таза, қызметтен босатсаңыз, алдында Қайрат Нұрпейсов келіскен дедім. Ол кісі ойланайық, сізді кім қуып жатыр, - деді. Мен ойландым, қазір денсаулығым да болмай тұр, немерелерге де көңіл бөлу керектігін айттым. Бақытжан Сағынтаев алғыс білдіріп, риза болды, бірақ жұмыстан босату туралы нақты ештеңе айтпады. Содан қызметіме келдім де, бас режиссер Əлімжан Жантасұлына бұйрық шығардым да, қызметтен өзім шығып кеттім. Мен кеткесін алты айдан кейін Бауыржан Қапеновті тағайындады. Бауыржан Қапеновтің жасаған бір

116


үлкен ісі - Кателко мен Қазрадиоға сигнал тарату үшін берілетін қаржыны арзандаттырыпты. Арнайы Павлодарға келген сол кездегі министр Асқар Жұмағалиевке айтып, көмек сұраған екен. Ғалия апайымыздың ашқан радиосына көмектесу керек, деп ол кісі осы жерде мені де есіне алып өтіпті. Шынында да, жиілік аларда, лицензиясы болмаған осы облыстық радиоға лицензия аларда Асқар Жұмағалиевтің алдында талай болып едім. Көмек

Облыс əкімі «Халық радиосының» ұжымымен кездесті көрсеткен де осы кісі. Бауыржан Қапенов ішкі саясатта істеген адам ғой, біраз радиоға жақын болды. Одан кейін Идият Əбдіхалықов келді. Шынын айтсақ, журналистикадан алыс адам. Сондықтан да, оның кезінде радиода айтарлықтай өзгеріс бола қоймады. Оның үстіне облыстық радионы газеттермен біріктіріп, «Ертіс медиа» холдингінің құрамына енгізді. Ол кезде Игорь Васильевич Неволин деген басшылық жасап, радионың мемлекеттік тілдегі қазақ хабарларын көбейтудің орнына орыс тілді бағдарламаларды көбейтіпті. Қазақ хабарларын дайындайтын редакторлар қысқарып, орыс редакторларын көбейткен. Мен кеткелі 10 жылдың ішінде қызметкерлердің жалақылары да өспеген, жалпы радиода тоқырау болды. Тіпті өзара осы радио керек пе

117


деген сұрақтар да болған екен. Содан бірде мені облыс əкімінің зиялы қауым өкілдерімен болатын кездесуіне шақырды. Сонда осы облыстық «Халық» радиосының мүшкіл халы жайлы облыс əкімі Болат Бақауовқа айттым. Содан əкімнің орынбасары Мейрам Бегентаевтың араласуымен біраз өзгеріс болды. 20 пайызға еңбекақыларын өсіріп, гонорар төлейтін болып, қазақ хабарларының дені көбейді. Дегенмен, əлі де көңіл толмайтын жайлар бар. Себебі радионы журналистердің өзіне басқартпай, қызмет керек екен-ау деп кез келген маманның отыруы осы жұмысты ақсатып отыр. Ал басшы болып келген адам да ойлану керек қой. Бұл қызмет менің қолымнан келе ме деп. Осы қызмет пен ұжымның тағдыры оның қолында екенін неге ойламайды екен. Қолынан іс келмесе, басқаларды неге қинайды? Бүгінде мені осы ой мазалайды. Жалпы, радиода, тіпті БАҚ басшылығында мемлекеттік тілге деген құрметі жоқ, қазақ тілінде таза сөйлемейтін адам отырмау керек. Бұл - ащы шындық. Одан қашып құтыла алмайсың. Осы сыннан кейін мүмкін сол адам ойланып, қызмет тағын лайықты адамға ұсынар. Жалпы, «Халық» радиосында талпыныс бар. Бұрынғы жасақталған ұжымдағы редакторларымыз аянбай қызмет жасауда, соларға айтарым шығармашылық биігінен көрініп, Қазақ елінің тұғырын биіктен көрсете беріңдер. Биылғы радионың 80 жылдығы құтты болсын, əріптестер!

118


СУРЕТТЕР ДЕ СЫР ШЕРТЕДІ Балалық шақ, мектептегі, студенттік кезім

Ғалия 5 жаста Жұмабек ағасымен

Ғалия 5 класта сыныптастарымен

Анасымен жəне сіңлісі Батия

Анасы жəне інісі Зейнулламен

Мектептегі шағым

Мектептегі əр жылдары түскен суреттерім

119


120

Мұқаддас досыммен

Құрбым Зайрамен

Анасы Нақиямен

Мектептес достары

Құрбы достары мен Тұрсын

1966 жыл. Алматыда жерлестерімен

1964 жыл. Ертіс қазақ орта мектебінің 9 «а» сыныбы


Алматы. Ертіс қазақ мектебін бітірген бір топ студенттер

Сыныптастармен 50 жылдан кейін кездестік

121


Студенттік өмір

1968 жыл.Алматы. Журналистика факультетінің студенттері ортамызда Қазақ журналистикасының мэтрі, ұстазымыз Совет Масғұтов пен Рамазан Сағымбеков

1969 жыл. Алматы. Қазіргі Əл-Фараби атындағы университеттің журналистика факультетінің студент қыздары 122


Балтабаевтар әулеті

Беделхан Ғалия Қыздары Жəмиламен

Беделхан мен Ғалияның мерейтойларында

Балтабаевтардың балалары мен немерелері

123


Ұлымыз- Мадияр

Келініміз - Гүлмира

Қызым Жəмила ұлдары Əлиби жəне Ерасылмен

124

Балтабаевтардың отбасы


Немерелерім

Немересі-Əліби

НемересіЕрасыл

Немересі- Əділет

НемересіІңкəр

НемересіАзамат

Немересі-Азиза

НемересіƏдина

Немерелеріміз аталары Беделханның 70 жылдық мерейтойында

125


Қызмет атқарған ұжымдарым

Астанадағы Қазақ радиосының ұжымымен

Алматыдағы Қазақ радиосында бірге қызмет атқарған əріптестерім. Ортамызда Қазақ радиосының директоры Куаныш Орманов

126


Қазақ радиосының 95 жылдығында

Павлодар телевидениесінің ұжымымен

Павлодар облыстық радиосының ұжымымен

127


Президенттен сұхбат алған сәттерім

1989 жыл. Павлодарда. Нұрсұлтан Назарбаевтан алған алғашқы сұхбатым

Аллюминий зауытында

128


Елбасынан талай мəрте сұхбат алған едім.

Павлодарлық журналистердің сұрақтарына елбасымыз жауап беруде

129


Астанада елбасының жұмыс сапарында талай рет бірге жүрдім

2008 жылы елбасы Н.Назарбаев Республиканың БАҚ басшыларын өз резиденциясында қабылдады, сонда «Нұр Отан» партиясына байланысты сұрақ қойған едім

130


Облыс әкімдерімен түскен тарихи суреттер

Облыс əкімі Даниал Ахметов пен Фариза ақын радионың 65 жылдығында

Облыс əкімі Қайрат Нұрпейсов журналаитер күнінде грант тапсыруда

Облыс əкімі Бақытжан Сағынтаев Журналистер күнін бірге атап өтті

131


Астана. Сарыарқа ауданының əкімі Ермағамбет Бөлекбаев

Железин ауданының əкімі Манап Көбенов

Облыс əкімі Қанат Бозымбаев Ғалия Балтабайдың кітабымен танысуда

Облыс əкімі Болат Бақауов «Құрмет» орденін табыс етті.

132


2016-2017 жылдар, облыс əкімі Болат Бақауовтың құттықтауы.

2017 жыл. Облыс əкімі Болат Бақауов БАҚ қызметкерлерімен

133


Мазмұнды кездесулер

134

Роза Бағлановамен

Фариза Оңғарсыновамен

Марфуха Айтқожинамен

Қуаныш Сұлтановпен

Роза Рымбаевамен

Мақпал Жүнісовамен


Айман Мұсаходжаевамен

Журналистер конгресінде павлодарлықтар

Дариға Назарбаевамен

Айгүл Үлкенбаевамен

Ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың қабылдауынан кейін

135


Ақын Мұхтар Шахановпен

Бұқар жырау мұражайында Бибігүл Төлегенова жəне Жəния Аубакировамен

136


Қазақ хандығының 550 жылдығында

Сұхбаттарым

Көрермендермен кездесу

Мүбарак ақынмен

Роза Бағлановамен сұхбат

Тарихи сұхбат

Тікелей эфирде

137


Академик Жабайхан Абдилдинмен

Депутат Тито Сыздықовпен

Таңғы эфирде Астана студиясында

138

Əнші Кенжеғали Мыржықбаймен

Əлем əртісі Айман Мұсаходжаевамен


Əнші Мақпал Жүнісовамен

Қазақ радиосының студиясында

Павдодар радиосында тікелей эфир

Журналист əріптесінен сұхбат алуда

Демалғанға не жетсін

Түркстанда əріптестеріммен

Ташкентте

139


Будапеште

Араб əмірлігінде

140


Дубайда

Болгарияда

Қытайда

141


Индияда

142

Солтүстік ГОА –да

Баянауылдақұрбым Гүлжанмен

Курск доғасы маршрутымен


Араб əмірлігінің қаласы Абу-Дабиде

Түркияда

Анталияда

143


Ғалия Балтабайға айтылған ақ тілектер

144


Фариза Оңғарсынова

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық ақыны

Қазақ радиосының Астанадағы тілшісі Балтабай Ғалияға Қымбатты Ғалия! Астанаға келген соңғы төрт жылда Қазақ радиосының осындағы бөлімімен бізді тығыз байланыстырып, жанын салып жүрген бір журналист болса, ол өзіңсің. Сенің дауысыңсыз Астана радиосының хабарлары солғын тартатын секілді. Арқа өңірінде ана тіліміздегі хабарлар өріс алмай жүрген кезде де қаламыңның сиясын құрғатқан емессің. Əдебиет пен өнер жайлы Астанада жылт еткен жаңалық болса, оның басы-қасында өзің жүресің. Осы жанашырлығың мен елгезектігің үшін, еңбекқорлығың үшін өзіңе шын жүрегімнен алғыс айтамын. Радио – елдің үні. Халықтың үні сен арқылы өз биігінен шарықтай берсін! 31 мамыр 2001 жыл Парламент Үйі

Павлодар. Республикалық радиомүшəйра салтанаты кезінде

Фариза ақынның жыр кешінен кейін

145


Даниал Ахметов Мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының экс Премьер-министрі, бүгінде Шығыс Қазақстан облысының əкімі, «Барыс» жəне «Қазақстан Республикасының Бірінші президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы жəне «Құрмет» ордендерінің иегері. ДАНИАЛ АХМЕТОВ: - Ғалекеңмен талай жыл бірге қызмет атқардық. Ол Екібастұздан басталған еді. Бізді талай жарқын істер табыстырды. Оның тамаша мінезі мен қажырлы еңбекқорлығын ерекше құрметтеймін. Облыстың мерейтойымен, өзі басқарып отырған Павлодар облыстық радиосының 65 жылдығымен қатар келіп отырған Ғалекеңнің 55 жылдық мерейтойы қандай ғажап! Бəрі құтты болсын, радио ұжымына табыс тілеймін!

Радионың 65 жылдығында. Радиостудияда өткен салтанатта. Облыс əкімі Даниал Ахметов пен бірге республикалық «Қазақстаным - қара шаңырағым» ақындар мүшəйрасының төрайымы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халық ақыны Фариза Оңғарсынова.

146


Мүбәрак Жаманбалинов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алғаш осы шəкіртім Ғалияны Железин ауданының қазіргі «Аққайың» /бұрынғы Комаровка/ ауылының сегіз жылдық мектебінде көрдім. Оқушылар арасында журналистикаға тартатын дарынды балалар бар ма екен деген оймен келген едім. Əдебиет пəнінің мұғалімі, өзі де өлең жазумен айналысып жүрген Қабек Сағитов деген азамат бірнеше баланың шығармаларын көрсетті. Ғалияның шығармасын оқып отырып, түбі осы бала адам болады, жазғандары жақсы екен, бірақ тəрбиелеу керек дедім мұғаліміне. Міне, содан бері Ғалия талай шатқалдан өтті. Оның журналистика саласындағы əр жылы менің есімде. Менімен байланысын ешқашанда үзген жоқ. Өзі оқыған Ертіс ауданы жайлы үнемі жазып, радио, телевидениеден хабарлар дайындап жүрді.Тамаша белеске көтерілді. Бəрінен де өткен биігі Иса атасы жайлы жазған кітабы дер едім. Кезінде жазушы Мұхтар Əуезов ендігі Абайдан кейін жазатын кітабым суырып салма ақын, актер, əнші əрі композитор Иса Байзақовқа арналады деген екен. Бірақ ол сол жылы дүниеден өтті де, ол аяқсыз қалды. Сол міндетті атқарған Иса атасы жайлы еңбек қалдырған Ғалияны сол үшін құрметтеу керек! Шынында да шəкіртім Ғалияны күрескер десе де, қаһарман десе де жарасып тұр.

Сенатор Манап Көбенов пен ақын Мүбəрак Жаманбалинов

147


Марфуға Айтхожина ақын, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

ТІЛЕК-АРНАУ / Ғалия Оспанова-Балтабайға / Сүйкімді жан Ғалия Оспанова, Жүргенің шаң жуытпай достарыңа. Өміріңе сүйеу ғып Мəдиіңді, Қуанамын Құлшына басқаныңа. Сыпайысың, Сырлысың, Оспанова, Адал серік тілеймін жас жаныңа, Азамат боп, ана боп келесің ғой, Бір үйдің жұлдызы боп аспанына! Қуаныштан Күндерің құр өтпесін, Көп болсын жанашыр да тілектесің. Кішіпейіл, ақкөңіл мінезіңмен, Қашанда қадірлісің, жүректісің. Өмірден Ой өргізіп жатар ақын, /Сенің де халқың үшін шапағатың / Көктемнің күніндей көңілді жүр. Жүрегіңді жырлатсын махаббатың.

148


Ғалымбек Жұматов жазушы Сонау алпысыншы жылдардың орта кезінен қолына қалам алып, ел тірлігі, еңбек тынысы жайлы мақалалар жазып, аудандық, облыстық газеттің бетінде таныла бастаған Ғалия Құсайынқызы Балтабайдың бүгінгі шығармашылық белестерін тану үшін талай жылдардағы газет бетін парақтап, радио мен телевидение мұрағатын ақтаруға тура келер. Өсу жолдары бар, көтерілген биіктері бар. Сол кезеңдердің бəрі - бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде. Ол радиода болсын, теледидарда болсын, қарымды қаламгер ретінде өршіл заманның өткір мəселелерін көтеріп, үнемі алдыңғы белестерден көрініп жүрді. Еліміздің өркені үшін бел шеше күрескен азаматтардың қатарынан таныла білді. Ғалекеңнің басқа еңбектерін қоспағанда, тек оның бастамасымен ұйымдастырылған Республикалық «Қазақстаным - қарашаңырағым» атты ақындардың фестивалі дер едік. Бірінші радиомүшəйра ел тəуелсіздігінің 10 жылдығында Астанадан бастау алса, екіншісі 2003 жылы, Павлодар облысының 65 жылдығында, ал үшіншісі 2008 жылы облысымыздың 70 жылдығына орай өткен еді. Мүшəйраға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан мыңдаған ақын ел тірлігін белестерден таныта білді. Міне, осындай іске үлес қосқан да - біздің Ғалия Құсайынқызы.

Павлодар. 2008 жыл. Республикалақ ақындар мүшəйрасынан көрініс

149


Сергей Горбунов жазушы

На Республиканском радио Галия Балтабай начала работать, учас в университете, на журфаке. С шести утра и до часа дня она принимала, обрабатывала и печатала сводки погоды и оперативные новости, а после обеда спешила на занятия. Получив диплом, была редактром /корреспондентом/ Казахского радио в Алматы , Павлодарского радио. Затем стала собственным корреспондентом республиканского радио и корреспондентом областного телевидения одновременно, после комментатором информационномузыкальной программы «Жибек жолы» на радио республики в Астане. И где бы ни работала Галия, она честно выполняла журналистский долг, не боясь называть вещи своими именами. Во многом благодаря ее материалам в Павлодаре вновь появился казахский драматический театр, а в области – школы с обучением казахского языка. И это в годы, когда казахи боялись обвинения в национализме. Она же говорила о перекосах во весь голос.... В 2001 году энергичная журналистка решила возглавить ГКП «Павлодартелерадио». - «О карьере не думала,- говорит Ғалия Құсайынқызы. В то время по всей стране начался развал радио. А у нас в Павлодарской области, оно сохранилось, хотя и было больших долгах. Мне захотелось сберечь его

Əріптесім Сергей Горбуновтың құттықтауы

150


и сохранить коллектив. Обратилась с предложением к Даниалу Ахметову, который тогда вновь стал акимом области, и он меня поддержал»..... .... Ошибались те, кто предрекал, что телевидение и другие «забьет» местное областное радио, и оно окажется маловостребованным. Галия Балтабай и возглавляемый ею коллектив доказали, что оно необходимо в нашей жизни. У него есть свои почитатели и преданные слушатели, число которых растет.

Оралбек Қожанов Павлодар облысының Құрметті азаматы

Ғалияны бəріміз жақсы көреміз. Ол сəби жүрек. Əкесі Құсайыннан қалған қайсарлық Ғалияның бойына дарыған деймін. Мен - əкесін көрген, онымен қызметтес болған адаммын. Ғалияның бойында көп қасиет бар. Балаларына деген махаббаты, солардың тағдыры үшін күресі. Республикалық талай тендрлерді жеңіп алып, облыстық радионы бүкіл облысқа сайратып қоюы тек қана ерлік емес - ол қайраткер адамның ісі! Бірде өзім үлкен қызметте жүргенімде осы Павлодарда Ресейде басталған ГКЧП-нің дүмпуін қостап, үлкен митингі болды. Тіпті, Мəскеуден де телеоператорлар келіп, «Қазақ халқының сатқындары» деген лозунг іліп, халықты бір дүрліктірген еді. Сонда лозунгіге еркек кіндіктер жолай алмағанда сол плакатты жұлып, жыртып тастаған Ғалия еді. Анам үйге келгесін: «Бір қазақтың қызы сондай ерлік көрсетіп, жаңағы плакаттарды жазғандарға қарсы шығып айбат көрсетті»,- деді. Сол уақыттан бері менің шешем «Ғалияны батыр қыз» деп кетті. Мен де Ғалияны батыр қыз деймін. Анама шығарған өлеңде бір шумақ жол бар сол Ғалекеңе арналған: Алғашқы басқан қадамды, Көлеңке болған панаңды. Алдыма бəрібір келесің, Ойыма алсам анамды – деген. Мерейтойың, Ғалия, құтты болсын, өмірдің бар тəттісі, бар жақсысы, бар шуағы сенің бойыңа дарысын!

151


Асхат Күзеков Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты

- 1989 жылы Қазақ ССР Байланыс министрлігінен министрдің орынбасары Қанат Ілиясов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді. Мен ол кезде Екібастұз қаласының «Казтелеком» акционерлік қоғамы кəсіпорнында директор қызметінде болатынмын. Қалада құрылыс жұмыстарының жүріп жатқан кезі, телефон кабельдерін қиратып, қала телефондарының тең жартысы жұмыс істемей, қажетті құрал-жабдықтардың жетіспей жатқан кезі болатын. Екібастұз қалалық партия комитетіне бірінші хатшымен кездесеміз деп, жаңағы министрдің орынбасары екеуіміз Геннадий Могилевцевтің қабылдау бөлмесіне екінші қабатқа көтерілейік деп кетіп бара жатыр едік, осы Ғалекең бізді жолдан тоқтатты: - Қанат Ілиясұлы, бірер минутқа кідірсеңіз, Павлодар облыстық телевидениесі атынан жəне - Республикалық Қазақ радиосының меншікті тілшісі ретінде сізге қоятын бірер сұрағым бар еді, мына бөлмені сіздерге арнайы дайындап қойдым деп, қоярда-қоймай сол орынға алып келді. Екібастұздың жағдайын, телекомның проблемасын жақсы білетін Ғалия Балтабай есікті жауып қойып, сұрағын қоя бастады, жауабын алғаннан кейін қажетті құрал-жабдықтарды қашан жібересіздер жəне қанша кабель бересіздер десі бар ма, министрдің орынбасары Қанат Ілиясовтың жалтаруға мұршасы болмай, осы жылдың бірінші тоқсанына дейін Алматыдан жібереміз деп уəде берді. Сөйтіп Ғалекең бірінші хатшының да, менің жұмысымды да шешіп берді... Үйге келіп ойласам, министрдің орынбасары Екібастұз қалалық партия комитетінің бірінші хатшысына қаражат жоқ деп, əртүрлі сылтауларды айтып, өздерің табыңдар қаражатты деуі де мүмкін еді ғой. Ал Ғалекең солай айтатынын біліп, біріншіге де, бізге де айтпай, төтесінен министрдің орынбасарына шыққаны - батылдық, дер едім. Алдын ала телевидениеге түсіріп, радиоға жазып алуы оның алдын орағаны екен. Ғалекеңнің екінші бір ерлігі – бүкіл облыстарда облыстық радиолар жабылып қалғанда, ол менің қызмет орныма келіп, сұрақ қойды. Бұрын облыстық радионың таралуына Казтелеком жауап беруші еді, енді кім жауап береді, - деді.

152


Ол кезде, сіздер білесіздер, радио телефон сымдары арқылы жұмыс істейтін, Кеңестер Одағы ыдыраған жылдары барлық жерде сымдар тоналып, құрал-жабдықтар ескіріп, ал облыстар радио қызметкерлерін ұстауға да жағдайлары болмай, қаражат таба алмай, содан бүкіл республикада облыстық радио комитеттері жабылып қалған еді. Тіпті Республикалық «Шалқар» радиосы да жұмысын тоқтатқан болатын. Ғалекең сол уақытта Астанадағы Қазақ радиосынан осы Павлодар облыстық радиосына директор болып келген кезі еді. Мен мəн-жайды түсіндіріп, бұрынғы сыммен істейтін радионың күні өткен, қазір бүкіл шетелде, тіпті көршілес Ресейдің өзінде ҒМ толқыны арқылы радио эфирге шығып жатыр. Бізде де солай істеуге болады. Ол үшін радио жиілігін тендер арқылы ұтып алып, спутник арқылы шығуға болады дедім. Барлық жолын түсіндіріп бердім. Ғалекең сонда оған қыруар қаражат керек қой деді. - Облыс əкіміне барып, бар жайды айтуың керек деп ақыл-кеңес бердім. Бір жұма өтті ме, өтпеді ме білмеймін, іле бізді сол кездегі облыс əкімі Даниал Ахметов шақырып, мəн-жайды сұрады. Радионың мəселесін алға қойды. Міне, Ғалекеңе осы мəселені шешуіне бір-ақ жұма уақыт керек болды. Содан қаражат бөлінді, депутаттар оны қолдады. Ғалекең алдымен Павлодар қаласына, кейіннен аудандарға, соңынан ауылды жерлерге тендер арқылы радиотолқынның жиілігін жеңіп алып, Павлодар облыстық радиосының қайтадан өмірге келуіне себепші болды. Бұл да Ғалекеңнің жеткен бір жетістігі дер едім. Бүгінгі таңда Қазақ радиосынан кейінгі республикада сақталып қалған - жалғыз Павлодар облыстық радиосы. Міне, менің алдымда сөйлеген адамдар айтып жатыр, Ғалекеңді «Күрескер қыз» деп, ал мен айтар едім Ғалия Құсайынқызы – «Қаһарман қыз», - деп...

Железин ауданының Құрметті азаматы атағын беру сəті

153


Мұрат Абдрахманов Павлодар телерадио комитетінің төрағасы 1986-1991жж

ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҒАЛИЯ, АЛТЫ АСҚАР БЕЛЕСІҢ Арпалыссыз өткен өмір өмір ме?! Игі істердің ізі қалар өмірде. Қилы заман қыры-сыры кешегі Ұмытылмас, қалар мəңгі көңілде. Дүмпуі мол сол бір кезде көмескі, Теріскейден жағымды бір жел есті. Ата-баба арманына жетем деп, Ғалия да қас батырдай күресті. Екібастұз еді ол шақта тұрағы, Көп ұлттардың өкілі онда тұрады. Билікті де басып алған «өкілден» Балабақша, мектеп жайын сұрады. Ұлт мектебі ол кездерде құрақты, Болмаған ғой орыны да тұрақты. Жаңа мектеп бой көтерді қалада, Ғалияның ісі болды бұл нақты. «Ақбұлақ» боп балабақша ашылды, Қызғанғанның көңілі судай басылды. Қазағымның үстем болып мерейі, Өлкемізге нұрлы шашу шашылды.

154


Ғалия ару өтті талай сынақты, Бастықтары кейде оны «сынапты» Мұқанқызы Алма оны сол шақта «Бəрі жақсы болады» деп жұбатты. Керекудің қос Аруы сырласты, Радиоға уақыт қосып, жол ашты. Ана тілде хабарлардың салмағы Мөлшердегі межелерден көп асты. Радиомыз елдік, ерлік күй кешті, Үні оның тыңдаушыға кеп жетті. 70 жылдық өлкеміздің тарихын Керекулік жұртшылыққа паш етті Ерлігі Ғалияның елге аңыз, Айтамын бұл сөзіме беріп маңыз. Намыс үшін аянбай арпалысқан, Гауһар сынды Ғалия батыр нағыз. Аяулы жылдар сырғып сынаптайын, Қосағыңмен бірге өтті, бар ма уайым. Ұрпағыңды қызықтап, ұзақ жаса, Жарқын болсын алдағы күн мен айың.

Сіңлілерім - Бəтия,Сəния, Əсиямен

155


Зара Қожахметова «Парасат» орденінің иегері

Құрметті халайық! Бүгін біз батыр қызымыз, білікті де білімді, мейірімді де инабатты, ер азаматтың жүгін көтеріп жүрген Ғалия Балтабайдың мерейтойын тойлап, мына залды толтырып отырған Сіздерге мың алғыс айтқым келеді. Ғалия - біздің мұсылман əйелдері қоғамының алғашқы қарлығаштарының ғана емес, осы қоғамды құрысқандардың бірі. Сол уақытта бізге де тыныштық болған жоқ, жолдасы Беделханда да маза болмады. Өзін де тыныш қалдырмады. Бұл - алған бетінен қайтпайтын Ғалия. Сол күннен бастап біздің қоғамның атқарып жатқан жұмысын радио, телевидениеден үнемі көрсетіп тұрды. Оның қай еңбегін атап айтсақ, радиодағы да, телевидениедегі де хабарлары мазмұндылығымен тартымды болды. Оны біз ерекше мақтаныш сезіммен айтамыз. Ғалия сол жылдары газет, радио, телевидение журналистерін топтастырып, осы мұсылман əйелдер қоғамының ролі мен мақсатын талдап айтып, өзі жетім қарттар, жетім балалар үйімен тығыз байланыс жасай отырып, хабарлары арқылы ең бір жүректі сыздатқан, қиын проблемалардың басын шешкен болатын. Жетім қарттар үйінен дайындаған хабардың нəтижесінде атааналарын тапсырған балалары оларды үйлеріне қайтарып алып жатты. Сол сияқты, жетімдер үйіне балаларын өткізгендердің кейбірі ұялғандарынан нəрестелерін үйге алып жатты. Осылайша Ғалия Құсайынқызы облыс тұрғындарына Мұсылман əйелдері қоғамының жұмысын көрсете отырып, оның жұмысының алға жылжуына. əрі оң жолға қоюына себепші болды. Оған өздеріңіз де куəсіздер. Жаңағы өздеріңіз айтқандай, қазақтың қаһарман қызы Ғалияның ойы ұшқыр, талабы мықты.Айтамын дегенін айтатындай қажыры бар, қолынан небір іс келетін – осы біздің Ғалия Құсайынқызы. Өзі қандай кішкентай болса да, талабы зор, мақсаты биік. Ол ешкімге ұқсамайды. Жүрегі оның таза, өзгелерден ерекше.

156


Ерсайын Тәпенов ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Мен бірде Алматының телеарнасын қосып қалсам, Павлодар телевидениесі дайындаған «Қазақ театры өртенсе де, қазақтың өнері өртенген жоқ» деген хабары өтіп жатыр екен. Көк сандық алдына отыра қалдым. Онда мен Ғалия Балтабайды танымаймын. Ол кезде еш жерде ұлттық мəселе айтылмайтын, 1986 жылдан кейінгі кез болатын. Бірақ телевизор алдындағы хабарда жүргізуші Ғалия Балтабай қорықпастан: Кереку өңірінен небір ұлы адамдар шыққан – тұңғыш театр, кино режиссерлері Жұмат Шанин, Шəкен Айманов, атақты ақынжазушылар Сұлтанмахмұт Торайғыров, Иса Байзақов, Құдайберген Əлсейітов, Жүсіпбек Аймауытов пен əнші-күйшілеріміз Жаяу Мұса, Естай Беркімбаев, Майра Шамсутдинова, Кəукен Кенжетаев сынды өнер тарландарын қоспағанда, ғұламаларымыз Бұқар жырау, қазақтың тұңғыш академигі, геолог-ғалым Қаныш Сəтбаев, Шапық Шөкиннің соңынан ерген қаншама академиктеріміз болған өлкеде қазақ театрының құрып кетуі біздің атымызға үлкен сын деп сайрап отыр. Онымен қоймай, Павлодар қаласында қазақтың облыстық театры болу керек деп қаншама өнар адамдары мен қала көрермендерін сөйлетіп, сұхбат алды. Қорқып кеттім. Ол кезде ұлттық мəселені көтерген адамдарды жойып жатқан кез ғой. Кеңестер Одағының дүрілдеп тұрған шағы. Ал Ғалекең болса қорықпай қазақ театрының мəселесін көтеруде. Мына кісіні алып кетпесе екен деп қорқып отырдым. Қорыта айтқанда, Ғалия Балтабай - осы театрды ашуға қатысқан адамдардың бірі. Егерде кезінде осы Ғалекең телевидение, радио хабарлары арқылы байбалам салмаса, сол уақытта осы театр ашылар ма еді? Шындығында, жаңа Ғалияны қазақ қыздарынан шыққан қаһарман деп жатыр, мен соған қосыламын, ол - азаматқа айтылатын сөз. Ғалеке, Сіздің осы батырлығыңыз үшін көп рахмет. Біздің театрдың əртістері сіз жайлы үнемі айтып отырады, театрға жасаған ісіңізді біледі. Сізге бүгін қандай атақ берсе де, қандай мақтау айтса да артық емес. Бүгін біздің театр əртістері Сіздің мерейтойыңызға арнап концерт беріп жатыр, бұл кезінде Сіздің театрға жасаған еңбегіңізге арналады. Мерейтойыңыз құтты болсын! Өнеріміз өшпесін, шарықтай берсін! Мына гүліміз жəне Мысыр елінен əкелген сыйлығымызды қабыл алыңыз!

157


Ерлан Арын Ұлттық жаңғыру университетінің ректоры

- Ғалеке, өзіңіз себепші болып радионы сақтап қалып əрі оны ҒМ-ге шығарып қызмет көрсеткен осы облыстық радиоға барған сайын ерекше бір толғаныста боламын. Ия, шынында радио қасиетті қара шаңырақтың бірі ғой. Ал, мына сіздің шығармашылық кешіңіз өтіп жатқан Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ театры да - қара шаңырағымыздың бірі. Мерейтойыңыздың осында өтіп жатқанының өзі - бір мəртебе дейміз. Облысымыздағы «Сарыарқа самалы», Облыстық телевидение мен Облыстық радио - бұлар да қара шаңырағымыздың ордасы. Қазақтың, еліміздің рухын көтеріп, биікке асқақтатып отырған ұжымдар. Соның біреуін өзіңіз басқарып отырсыз. Иə, журналистер жан-жақты болу керек, соның бірі - өзіңізсіз. Біздің Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Университеттің жас журналист студенттеріне дəріс беріп, оларды радиоға тартып, шыңдап жатырсыз. Сіздің радиода қызмет істеп жатқан студенттеріміз де бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бес бағдарламасын қолдап, насихаттап жатқан тəтемізге қалай рахмет айтпаймыз. Үшіншіден, осындай жауапты қызметте отырып, кітап жазумен айналысасыз. «Жақсы азаматтың аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, Ғалия тəтеміз қандай керемет кітаптар шығарып жатыр. Ұлы бабаларымыздың аттарын тірілтіп отырған сізге, Ғалеке, тағы мың да бір рахмет! Жақында ақын Иса Байзақов жайлы жазылған кітап қолыма тиді. Рахаттанып оқып шықтым. Япыр-ай, осы кітапты əр мектепке, əр балаға тапсырса деген ой келді. Міне, осындай кітаптардың авторы - Ғалия Құсайынқызы. Сүйікті ана, əже, білікті басшы дей отыра, сіз қазақтың қайсар қызы ғана емес, сіз - қазақтың үлкен азаматысыз. Кейбір жігіттердің қолынан келмейтін істі сіз атқардыңыз! Бүгінгі той сіздің ғана той емес, қазақ мəдениетінің тойы деп атап өтер едім. Мынау университетіміздің атынан жазылған Алғыс хатымыз, сізге, оған қоса, ат мінгізіп жатырмыз. Той құтты болсын! Халқыңызға жасаған еңбегіңіз жана берсін, қазағым деп соққан жүрегіңіздің лүпілі жастарымызға үлгі болсын!

158


Жанат Шұғаев Качир ауданының əкімі Ғалия Құсайынқызының Железин ауданының соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жəне əкесіне арнап жазған «Туған жер перзенттері» деген кітабының тұсаукесерін өткізіп, əкесінің қызмет жасаған мекемесіне мемориалды тақта орнатып, əкесі Құсайын Сусанұлының атына ауданның орталығында көше ашып, бір үлкен жұмыс атқардық. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді біздің халық. Ата-баба рухына тағзым ету əркімнің де борышы. Сол борышты орындап отырған біздің жерлесімізге рахмет айтамыз. Ғалекеңнің бойында елге, туған жері мен туған халқына деген сүйіспеншілік ерекше. Ол өзінің туған ауданы Железинге, ауылы «Аққайыңға» үнемі келіп тұрады. Радио, телевидениеден жиі хабарлар да ұйымдастырып тұрды. Ал енді мына «Туған жер перзенттері» кітабының маңызы өте зор, бұл - біздің ауданның бүгінгі жастары мен ертеңгі ұрпаққа асыл мұра. Осы кітапты Железин ауданының барлық мектептері мен кітапханаларына тапсыруды жөн көріп отырмыз. Рахмет айтамыз сізге, Ғалия Құсайынқызы, еңбегіңіз жана берсін, бүгінгі ұрпақ сізден үлгі алсын дейміз! PS. Бұл тілек Жанат Рашитұлы Шұғаевтың Железин ауданының əкімі болған кезде сөйлеген сөзінен алынды.

Жақып қажы сынықшы əрі халық емшісі Ғалия қызым жайлы тамаша тілектер мен оның атқарған істері жайлы айтылып жатыр. Мен де оның халыққа жасаған тағы бір жақсылығын айтып өтейін. Мына Лебяжі ауданындағы қорықта менің ата-бабаларымның яғни атақты Науан қазыреттің зираты бар. Соның басына барып, көптеген науқас емделіп қайтады, құран бағыштап, ишарат көрсетеді. Міне, соған баратын жол өте қиын. Əсіресе көктем, күз, қыс айларында. Жолды жөндеу

159


керек деп талай бастықтарға бардым. Бірақ нəтиже болмады. Содан Ғалекең сол кездегі облыс əкімі Қайрат Нұрпейісовке хат жазып, мəселе көтеріп, бүгінде жол жөнделді. Сол кезде бюджеттен 6,5 миллион теңге ақша бөлінді. Ата-бабаларымыздың рухын тірілтіп жатқан сізге, қызым Ғалия, көп рахмет.

Светлана Қондыкерова Ақсу қаласының Құрметті азаматы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Мен білетін Ғалия Өңірімізге танымал журналист Ғалия Балтабай жеті белеске жетіп қалған екен. Осы орайда, жерлестеріме мен білетін кей қырларын паш етсем деймін. Ғалия-күрескер журналист Кеңестер дəуірінің шолақ саясаты белең алып тұрған кезеңде тіл, дін, діл жəне тарихымызға қатысты «ақтаңдақтар» мəселелерін тайсалмай көтеріп, аса бір біліктілікпен орындалуын қадағалап, нəтижелі болу үшін де жанкештілікпен тікелей атсалысушы еді. Мысалы, 1991-92 жылдары облыстық «Азат» қозғалысының төрайымы боп жүргенімде, Чернорецк Балалар үйінен бір тəрбиешіден «Қаракөз балаларды шоқындырайын деп жатыр» деген мазмұнда шағым түсті. Қадірменді Зара Қабдешқызы апамыз (жаны жаннатта болғай!) бастап, Павлодар облыстық теле-радио комитетінен Ғалия Балтабай қостап, ырың-жырыңы көп, іріңдеп тұрған жараны ушықтырмай жазып, нəтижеге жеткен едік. Сондағы Ғалияның өткір сұрақтары, бұлтартпас тұжырымы, Зара апамның даналық ақыл-парасаты шовинистік озбырлық пен мысықтілеу ниеттің быт-шытын шығарған еді. Кəсіби шеберлік пен эфирден берген сюжеттері мен ойлы мақалалары өз нəтижесін берді. Тіпті, осы Балалар үйінде сүндет той, тұсаукесер, Наурыз мерекелерін тойлауға, қазақы рəсімдер өткізуге өздері шақыратын болды. Ғалия - ұлттық сана мен ұлттық рухты ұлықтайтын қоғам қайраткері Оның республикалық радиода ұйымдастырған радиомүшəйралары, «Астана жəне астаналықтар» айдарындағы жалынды журналистік бағдары, азаматтық ұстанымы Ұлт Анасы, ұлтымыздың Ары мен Намысы Фариза Оңғарсынова сынды тұлғаның назарын аударып, кейін, ыстық ықылас пен достық құрметке ұласты. Екеуінің апалы-сіңлілідей аралас-құралас болып кеткендеріне куə болғандардың бірімін. Мысалы, Фариза апай: «...Сенің

160


дауысыңсыз Астана радиосының хабарлары солғын тартатын секілді. Арқа өңірінде ана тіліміздегі хабарлар өріс алмай жүрген кезде де, қаламыңның сиясын құрғатқан емессің. Əдебиет пен өнер жайлы Астанада жылт еткен жаңалық болса, оның басы-қасында өзің жүресің. Осы жанашырлығың мен елгезектігің үшін, еңбекқорлығың үшін өзіңе шын жүрегімнен алғыс айтамын. Радио - елдің үні. Халықтың үні сен арқылы өз биігінен шарықтай берсін!» - деген еді. (31 мамыр 2001жыл, Парламент Үйі) Ғалия-мəмілегер журналист Ол үкімет, билік адамдарын сыналап сынай біледі əрі сыйлай да біледі. Өзін де сыйлата алады. Бұқара халық пен билік арасындағы алтын көпір, қоғамның айнасы. Кез келген мəселеге жауапты адамдардың назарын бұра отыра, ортақ шешімге келіп, нəтиже шығара біледі. Биліктегілер де - бөтен емес, өз азаматтарымыз, олар да - жанашыр жандар, тек кейде билік тертесінен аса алмай қалады-ау... Ақыл-парасат, шынайы ниетпен бірлесе отыра, ортақ істің тетігін табуға болады ғой. Жалаң ұран, шулы жиындардың кезі сонау 90-жылдарда қалды ғой... Есейген, есті пікірге кім де болса, тоқтайды ғой... Ғалияның осы қыры өзіме де үлгі болды. Ақсуда, қоғамда туындаған мəселелерді ортаға салып, ақыл-кеңеспен бірлесе отыра шешіп, нəтижелерге жетудеміз. Осы орайда, Ақсу қаласының əкімдігі, мəслихаты, «Нұр Отан» партиясы, тіл, мəдениет, ішкі саясат бөлімдері, мұражай ұжымы, Ардагерлер кеңесіне, қоғамдық Кеңес мүшелеріне баршасына алғыс білдіргім келеді.

Ғалия-адал дос, қамқор құрбы 90-жылдары екіұшты саясаттың салқыны мен қорқаулардың жымысқы іс-əрекеттерінен 3-4 жыл жұмыстан қағылдым. Əділетсіз шетқақпайға ұшырап, қамкөңіл, жаутаңқөз боп жүргенімде, қанатының астына алып, тиісті орындарда оң пікір туғызып, жігерімді жанығандардың бірі осы Ғалия еді. Мысалы, кейін «Ақсу толқыны» радиосының қазақ бөлімінде редактор боп жүргенімде, «Светлананың «Ақсу толқыны-ай» деп, «Сарыарқа самалы» газетіне жазды. Содан бастап, сең қозғалды ғой... Мен үшін «жылымық» басталды. Айта кету керек, сол кезеңде, республикада барлық жерде радиолар жабылып қалды да, тек республикалық радио, облыстық радио жəне біздің «Ақсу толқыны» ғана аман-есен жұмыс істеп тұрды. Ғалия сол кезде білгір басшы ретінде де бізге қолдау көрсеткен еді. Əрине, ұжымымды ұйыстырып, мен де тырыстым. Біздің Ақсу радиосы да халық үніне айналды. Ғалия-қадірлі жар, қадірменді əже, тəлімі мол ана Жары Беделхан екеуінің отбасы - қуаныш пен бақыттың, мереке мен берекенің жылы ұясы. Ұл-қызы да өмірден ойып тұрып орындарын адаспай тапты. Ата-ана, туыс, дос-жаранның мақтанышы. Ара-тұра үйлеріне жолым түскенде, тынысым кеңейіп, рухым биіктеп, санам тазарып қалады. «Жас жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір» дейді ғой дана халқымыз. Қаламдас құрбыма зор денсаулық жəне толағай табыс тілеймін.

161


Шолпан Байғабылова Қазақстанның Еңбек сіңірген əртісі

Мен Қазақ радиосында 20 жылға жуық диктор болып жұмыс істедім, сонда осы Ғалекең біздің радиода Павлодар облысы бойынша меншікті тілші болды. Əр облыстардан радиоға жаңалықтар ман əртүрлі тақырыпта хабарлар жібереді ғой, сонда байқаймын, алдымызға түскен басқа облыстардан келген хабарларға бір екі басшы қол қойса, Ғалияның хабарлары барлық басшының қолынан өтеді. Ол қай тақырыпты көтерсе де, бүгешігесіне дейін қалдырмайтын. Қоғамға, радиотыңдаушыларға қажетті, өзекті əрі сындарлы мəселелерді көтеретін. Сонда басшылар жағынан оның бетіне тура айтпаса да, одан көпшілігі қорқыңқырап, абайлап, іс-əрекетін байқап жүретін. Оған өзім де куəмін, бүгінде ол басқарып отырған Павлодар радиосында бірге қызмет жасап жүрміз ғой. Ол жұмысқа өте мазасыз, талап қойғыш, өзіне де, өзгеге де қатаң қарайды. Міне, осы қасиетінің арқасында Павлодар облыстық радиосын қандай қиын күндерде де сақтап қалды. Ғалекең қандай мəселені болсын алдын ала ойлап, оны шешіп барып, нəтижелі іске жетеді. Қорыта айтқанда, жауапкершілігі жоғары азамат...

Шолпан Байғабылова жəне қызым Жəмиламен Араб елінде

162


Сейілхан Балтабаев Қазақстан Республикасының Құрметті теміржолшысы,

Келініміз Ғалияның еңбегінің жанғанын бүгін баршамыз тағы көріп отырмыз. Шынында да, халқыңа жасаған еңбегің зор екен, соның біз куəсі болдық. Мəртебең өсе берсін. Менің інім Беделханмен бақытты ғұмыр кешіңдер, бала-шаға, немерелеріңнің қызығына тоймай, солардың азамат болғанын көріңдер деп тілек айтамын. Журналистің өмірі қиын да қызықты. Қиыны - олар үнемі жанұясына, балаларына көңіл бөлуге уақыттары жетпейді. Біз жұмыстан сағат 6-да келсек, қалған уақытымызды өз жанұямызға арнаймыз. Ал журналистер болса, жұмыстан кейін жазып, оны таспаға түсіріп, əкелген материалдарын бірден оқырмандары мен көрермендеріне, радио тыңдармандарына сол күні жеткіземіз деп жұмыстан кейін тағы қызметте қалады. Немесе əкелген материалдарын түнімен отырып жазады. Міне, қиыны сол. Үйіне қарау керек, бала-шағаға көңіл бөлу бар. Қысқаша айтқанда, таңның атысы, түннің бір уағында, тіпті кейде жұмалап үйді де көрмейтін кездері болады, іссапарда да жүреді ғой. Соның мен өзім талай куəсі болғанмын. Бірде мынадай қызық оқиға болды. Інім Беделхан Алматыға ол кезде институтта сырттай оқып жүрген, сессия тапсыруға келді. Кешкісін телевизор көріп отырғанбыз, Қазақстан телеарнасынан Павлодарды көрсетіп жатты. Сонда біздің Ғалия хабар берді. Баянауыл ұлттық паркінің директорынан тамаша табиғат аясында сұхбат алып отыр. Соны көріп менің інім, Ғалияның жолдасы, осы Беделхан, ішінде қызғаныш болды ма? Əлде білмеймін... Ойымды түсініп қойды ма? - Көрмейсің бе, Баянауылдың тамаша демалыс орнында жайғасып отырып мына жігіттен интервью алуы тегін емес, деп айтып қалғаны. Сонда мен: - Міне қызық, оларды түсіріп отырған үшінші адам бар емес пе? Операторды қайда қалдырасың, - дегенімде, ол жайынан: - Мен оқуда жүргенде, бала-шағаны қалдырмаса да болар еді, деп бір қойды.

163


Дегенмен, Беделхан келінім Ғалияға үнемі ақ жол жасап отырды, жұмысына кедергі жасаған емес. Бүгін соны сіздерде сезіп отырған шығарсыздар. Ғалекеңнің еңбегінің жанғанына Беделхан да үлкен себепші болды дер едім.

Сәкен Мекебаев ұстаз, бөле ағасы Құрметті Железинка ауданының əкімі жəне тұрғындары! Бүгін мен осы ауданның Құрметті азаматы кезінде үлкен-үлкен жауапты қызметтерде болған Ұлы Отан соғысының ардагері - менің ағам Құсайын Сусанұлының қызмет атқарған мекемесінің қабырғасына мемориалды тақта жəне аудан орталығындағы бір көшеге Құсайын Сусанұлының есімі беріледі дегенді естіп, Астанадан арнайы келдім. Бүгінгі жасап отырған мына еске алу шараларыңыз жастарға, ертеңгі ұрпаққа үлгі-өнеге болар үлкен шара деп айтамын. Осы істеріңе қуана отырып, алғыс айтамын. Бұл жасап отырған жұмыстарыңыз туыстары - бізді ғана қуантып отырған жоқ, мына аудан халқын да қуантып отыр деп ойлаймын. Мына аудан басшылары мен соғыс жəне еңбек ардагерлеріне айтарым, ертең Сіздердің де еңбектеріңіз, осы Құсекеңнің еңбегі сияқты еленіп, халық алдында абыройларыңыз

Ғалияның əкесі Құсайын Сарымовтың атындағы көше мен мемориалды тақтаның ашылу салтанаты кезінен

164


арта берсін деймін. Аудандарыңыз көркейіп, экономикасы өркендеп, халықтың əл-ауқаты осылай арта берсін. Ал енді ағамыз Құсайынның соңынан ерген қызы Ғалияның денсаулығы зор болып, шығармашылығы жана берсін, Мына əкесін еске алып, осы істі өзі бас болып бастап, оны аяғына дейін жеткізуі азаматтық ерлік дер едім. Қарап отырсам, біздің Ғалия əкесінен аумай қалған. Əрі мінезі де, адами қасиеті де, өткірлігі мен еңбекқорлығы, адалдығы тура əкесіне тартқан. Өзі іскер, айналасына қамқор болады да жүреді. Бақытты бол, балам!

Үмітжан Садуова Бас режиссер, дос-құрбым Біз Ғалия Балтабай екеуіміз кезінде халықтың мұң-мұқтажын жақтайтын талай проблемалы хабар дайындадық. Атап айтсақ, оның «Тұрғын үй – 91», өнер, əдебиет тақырыбына дайындаған «Асыл мұра», «Денсаулық», «Адам жəне заң» «Бір хаттың ізімен» циклды бағдарламалары көрерменнің сүйіп көретін хабарлары болды. Ғалекең тақырыпты таңдағанның өзінде жүрмей жатқан істің нəтижесін шығаруға тырысатын. Сондықтан болар, бастықтар жағы оған сескене қараса, ол халыққа соншама жақын болатын. Кейде менің өзім оның Павлодар телевидениесінен өткізбей тастаған хабарларының таспасын Алматы телевидениесіне жіберуге көмектесіп жүрдім. Себебі бұл хабарлардың өзекті əрі қоғамдық пікір тудыратын халықтың хабары екенін түсінгендіктен. Артынан басшылар сол үшін маған реніштерін білдіріп те жататын. Бұл құрбым Ғалия - алған бетінен қайтпайтын жан. Оның біз жасаған хабарларынан кейін қаншама балалар бақшасы, мектептер, тіпті аурухана, қазақ театры да ашылды ғой. Міне, оның жеткен жетістігі! Нағыз журналист осындай болу керек. Бүгінгі таңда «Сен тимесең, мен тимеймін» деп жүрген əріптестеріміз көп қой.

165


Павлодар облыстық телеарнасының 25 жылдығында құрбым Үмітжан Садуова жəне шəкірттерімнің бірі Гүлжанат Иманғазина

Павлодар студиясында. Тікелей эфирде.Əріптесім Социал Айтенов жүргізуші Құралай Рахымжанова

166


Қайрат Мұсақұлов «Қазақстан» телеарнасы «Жаңалықтар» бағдарламасының Бас редеакторы «Астана – ақпарат айдынында» журналында берілген мақаладан үзінді/. Алматы, Астана студияларында бірге жұмыс істеген, əріптесі, бүгінде «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ақпарат-сараптама Бағдарламалар дирекциясының Бас редакторы Қайрат МҰСАҚҰЛОВ: - Өмірі репортері иығынан түспейтін, Астананы күніне екі рет айналып шықпаса, ішкен-жегені бойына тарамайтын Ғалия Балтабайдың бір өзінің тірлігі - кітапқа татитын хикаят. Ғалия апайымыз бас болып тұңғыш рет елордада Қазақ радиосы арқылы республикалық ақындар мүшəйрасын өткізуінің өзі үлкен ерлік еді. Ғалекең бүгінде Павлодар облыстық радиосының директоры. Жай ғана директор емес, Республикада облыстық радионы сақтап қалған білікті басшы. Біз, əріптестері, Ғалия апайымызбен мақтанамыз!

Республикалық Қазақ радиосының 95 жылдығында. Директорымыз Қуаныш Ормановпен.

167


Радионың 95 жылдық мерейтойында

Менің фотосуретім мен жұмыс істеген МЗ-м КазМедианың музейінде

168


Айым Қанафина қоғам қайраткері

... Осындай мерейтойлар көп болсын. Бұл - ертеңгі ұрпаққа, бүгінгі жастар үлгі-өнеге алатын мерейтой дер едім. Ғалекеңдей қайраткерлерді насихаттасақ, ертеңіміз бүгіннен де нұрлы болар еді. Ғалекең - менің апайым. Екеуіміз де - аққайыңды Железин ауданының тумасымыз. Бүгін жақсы тілектер мен естеліктер айтылды. Мен облыстық мəдениет департаментін басқарып жүрген жылдары Ғалия апайымыз өнерімізді насихаттауға көп еңбек сіңірді. Ол кісіні өзімнің ақылшым, қамқоршым деп те айтуға болады. Жұмысымыз жүрмей жатса, бірге ренжиміз, жұмысымыз жақсы жүріп жатса, бірге қуанамыз. Ғалекеңнен көп нəрсені үйренуге болады. Менің қызметтестерім де Ғалекеңді қатты құрметтеді. Сіздің ұлтым, тілім, ділім, дінім деп жүрген əрбір ісіңізден үлгі алып, өзіңізді қадір тұтамыз. Жастар шынында да сізден көп нəрсені үйренуі керек.

Мерейтойымда Айым Қанафина мен Бақытжамал Тоқмағанбетқызы

169


Қаншайым Мақажанова Облыстық мұрағат директоры

Бүгін Железин өңірінде өте қажетті əрі маңызды үлкен іс-шара өткізіліп жатыр. Осыған біз өте қуаныштымыз. Ғалия Құсайынқызы, сіздің еңбек жолыңыз, өмір жолыңыз, адал қызметіңіз кезінде облыстық телевидениеде, облыстық радиода, тіпті Республикалық Қазақ радиосында жұмыс жасағанда белгілі болған. Сонау қиын жылдары сіз өзіңіздің өзгелерден биік азамат, қабілетті журналист екеніңізді, қоғамға қажет адам екеніңізді көрсете білдіңіз. Бұл біздің беріп жатқан бағамыз ғана емес, ол - өзіңіздің жасап кеткен тамаша еңбегіңіздің бағасы. Сіздің өткен өмір жолыңыз, шығармашылық жолыңыз осыны көрсетіп отыр. Бүгінгі Сіздің «Туған жер перзенттері» деген кітаптың тұсаукесері - сол еңбегіңіздің жалғасы деп білемін. Жалпы, біз айтамыз ғой «Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінгісіз ертеңіміз жоқ», - деп. Міне, бүгінгі кітаптың тұсаукесері, əкеңіз атындағы көшенің ашылуы, мемориалдық тақтаның орнатылуы - соның айғағы. Бұл шаралар біздің жастарға өте қажет іс дер едім. Осы кітабыңыз арқылы туған еліне адал қызмет еткен, аты елге аян болған адамдардың өмірін жаңғыртып, бүгінгі ұрпақ бойына солардың ерлік жолдары мен олардың тамаша еңбек жолдарын жазып бердіңіз. Оның ішінде өзіңіздің əкеңіздің өмірі арқылы, туған жерге деген сүйіспеншілігіңізді көрсеттіңіз. Елдің тарихынан да мағлұмат беріп өттіңіз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Əлеуметтік жаңғыру деген еңбегінде кіші Отанға, туған жерге деген махаббат ол – патриотизмнің негізі, дейді. Мына кітап - шынында да соның негізі. Жаңа бір апайымыз айтып кетті, осы кітапты мектептерге таратып, мектеп оқушыларына қосымша оқулық ретінде пайдаланаса деп. Бұл ойға мен де қосыламын. Кітаптағы кейіпкерлер - туған еліне адал еңбек еткен қайраткерлер. Олардың өмірін бүгінгі ұрпақ біліп өссе, нұр үстіне нұр болар еді. Шығармашылық еңбегіңіз жана берсін! Табыс тілеймін.

170


Көкіш Әміржанұлы ардагер ақын

Бұдан 10-15 жыл бұрын Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы кітапханада осы Ғалияның 49 жас мүшел тойы мен қызметінің 30 жылдығы болды. Сонда бұрынғы Облыстық партия комитетінің хатшысы, сол кезде Павлодар телерадиокомитетін басқарған Алма Мұқанқызы Əжібаева - бəріміз құттықтап, бір танымдық кештің куəсі болған едік. Ол кездерде мен Ғалияны білмейтінмін. Бірде Тұяқ деген құдамдікінде отырғанымда Ғалия Құсайынқызы жайлы естідім. Ол соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне қол ұшын береді екен, соның арқасында талай соғыс ардагерлері үй алыпты деп естідім. Міне, қазірде осы Ғалия Балтабаймен бір үйде тұрып жатырмыз дедім оларға. Содан есіме жездем, соғыс мүгедегі, екі көзден бірдей айырылған Иса Жұманов түсе қалды. Бір күні Ғалияны ертіп пəтерде тұрып жатқан жездемдікіне келдім. Қысқасын айтқанда, ол кісінің жағдайын көрсетіп, телеарнадан хабар беріп, Павлодар қалалық партия комитетінде болып, одан нəтиже шықпағасын, Ғалекең арнайы Алматыға барып, сонда Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жазып, бір-екі айдың ішінде соғыс мүгедегі Иса Жұманов үкіметтен үш бөлмелі үй алған еді. Міне, бұл Ғалекеңнің таза көмегі дер едім. Кейін біле келсек, осындай 20 шақты адамның үй алуына көмектескен екен. Қаншама есікті тоздырып, қаншама бастықтың алдында болып, өз басының қамын ойламай, қызметінен айырылып қаламын деп қорықпай, мүгедек адамдарға қамқор болды. Осындай қайырымды адамдар көп болса, еліміз бұдан да көрікті болар еді. Рахмет саған қызым! Қызметің өсіп, еңбегің жана берсін! Ал енді Көкіш ақынның маған шығарған мына бір өлеңіне назар аударыңыздар.

171


ҒАЛИЯ БАЛТАБАЙҒА Құтты болсын мерейтойың, Ғалия, Қайрымдылықпен атың шыққан жария. Қарлығаштай қанатыңмен су сепкен, Саған риза жиырма бір үй қария. Момын жандар көмек көріп өзіңнен, Қуаттанған жанашырлық сөзіңнен. Баспанаға қолы жетіп əрқайсы, Мəз болуда ризалық сезіммен. Бола білдің жетім-жесір сенері, Сүйеуші боп сол жандардың демеуі. Сен сияқты жаралған асыл жанның Əлі көп қой бергенінен берері. Бүгінгі күн келдік міне тойыңа, Мүшеліңді өткізбек болған ойыңа. Денің сау боп, қызықты өтсін өмірің, Ендігі қалған бүкіл өмір бойына. Аман болсын бала-шағаң, отбасың, Бұл өмірде қайғының уын тартпасын. Үй ішінің күнделікті күйбеңін, Беделханың жалғыз саған артпасын. Бірге жасап, бірге қартай жарыңмен, Ағайынмен сыйласып өт барыңмен. Қалаулы боп əрқашанда халқыңа, Зор ықылас, инабатты арыңмен. Балаларың қайырымды болып өмірі, Нұрға толсын ата-ананың көңілі. Жолын қуып ізгілікті жандардың, Арта берсін бұқара халық сенімі. Қызметің жемісті боп халқыңа, Дақ түспесін журналистік салтыңа. Кір келтірмей өсе берсін талабың. Үлес қосып қазақтың асыл даңқына!

172


Мұхаметжан Дәуренбек ақын

Менің журналистік өмірімдегі ұстаздарымның бірі - қаламгер, ақын ағам ДƏУРЕНБЕК. Маған арнап бірнеше өлең жазды. Соның біразын сіздердің назарларыңызға ұсынсам деймін.

ҚАРЫНДАСЫМ ҒАЛИЯҒА Елді айтсам Ертіс-Баян дария жыр, Сол жайлы десе жұртым жария қыл. Түлеген желтоқсанның бір қыраны, Асылдың сынығы ғой Ғалия бұл. Батыр да, би де шыққан атыраптан, Қабырғасын хас жаудың қақыратқан. Жыр нөсері, атасы Иса ақындай, Жаралған ол-дағы сол топырақтан. Өмірдерек тарқатсаң ол талай сыр, Білім, еңбек астасқан қырық екі жыл. Шəкірт шақта-ақ мектептен хат боратып, Төгілген қаламынан балапан жыр. Шынардың десең болар жайқалғаны, Басқа қыздар дəл мұндай айта алмады. Президенттің өзінен сұхбат алған, Бүгінде озық қаламгер майталманы. Тірлікте болмас тегін үлес деген, Таңдағансың жолыңды күрес деген. Соқпағында бақыттың желдірте бер, Жасықтар қалсын артта ілеспеген.

173


Көрдің ғой тəуелсіздік нұр құйғанын, Ел дарытқан бойыңда бар иманың. Беделханмен екеуің беделді боп, Қызығын көр Мəди мен Жəмиланың

АРНАУ (қарындасым Ғалияның мүшелтойына) Мен жазбаймын өлеңді еріккеннен, Көр-жерді ермек етіп теріп келген. Қаламдас қарындасты жырға қосам, Соңымнан ізбасар боп еріп келген. Отыз жыл талантымен тамсандырып, Халқына өз жемісін беріп келген. Тас түлек таңдап жолын түбегейлі, Санасы ойсыз қалғып, түнемейді Танылған тырнақалды хабарынан, Шəкірттердің мектепте бірегейі. Газеттен тілші деген жолдама алса, Арманы оның қалай үдемейді. Оқуда ол талай сыннан жүзіп өтті, Қаламды қару етті құдіретті. Еңбек орнын лайықты ойып алып, Ұршық сынды үйірді қызметті. Бір жанрда боратқан жазбаларын, Елестетіп көріңіз суретті. Ғалияның эфирде ісі мəлім, Айтқан сөзі жан балқыр болды жалын Үнтаспаны жазылған жалғап көрсе, Орауға жетіп қалар жердің шарын. Теледидар кəсібі үйреншікті, Көпшілік құлақ қойып, алған тəлім. Əр жайдың бар керегі байламы ғой, Бұл өмір білсең еңбек майданы ғой. Қаламгердің өрісі өрге өрлеген, Газет деген оның бір жайлауы ғой Түйіні дəл бүгінгі соның бірі Мүшелтойын көп болып тойлауы ғой.

174


Отыз жыл жүйрік қалам сырылдаған, Əділеттік жолынан бұрылмаған. Ұлттық тіл, имандылық, еңбекшілдік, Бағдары тегіндіктен құрылмаған. Ана мен баланың қамын ойлап, Ғалия жүр торғайдай шырылдаған. Дейді кім мұны білген бекер еді, Талаптыға жолығар не керегі. Жан серігі Беделхан бəрін ұғып, Адал жардың беделін көтереді. Ұлдары Мəди қуып ана жолын, Жəмиласын би-арман жетеледі. Мəлім еттім мен неге осы сырды, Пір тұтады бұл күнде тəмəм құрбы. Жақсының шарапаты тиер деген, Жырлының жолы осылай болар нұрлы. Мен қалай мақтанбаймын жұрт алдында, Дəл бүгін шəкіртіме осы сынды. Ертістің ақ аруы – қызы сергек, Исаның əлдилеген жыры тербеп. Ертіс, Мəкен ұрпағы берген үлгі, Жанға жаққан алауы емес сөнбек. Талантың құдай берген лаулай түссін, Қыз қолымен айшықты салып өрнек. ***

Өз мерекем Ұжымым, радиом алпыс бесте, Алтын сөзден үніңмен салған кесте. Талантыңды қанат қып самғап келген, Елестетер бұл шағың тал түсті еске. Не айтпақпын Сіздерге мұныменен: Оянған жұртың сеніменен. Əлемнің бар түкпірін шарлап, шолып, Сайрайсың күніменен, түніменен. Құлаққа жағып əркез насихатың, Жасап бейне, ерлердің түр сипатын. Əн мен күйің теп-тегін тыңдап бақсаң, Дикторға құлай артып ілтифатың.

175


Сөз қалмайды қамтылмай о жақ, бұ жақ, «Тамашалар» тамсантар айтып қылжақ. Əркімге жорамалмен жұлдызды атап, Не істеу керек екенін алдан болжап. Халқыңа əкелген көп, құтың анық, Өнегең де жетерлік тұтынарлық. Міне, соның арқасы, Ғалияжан, Отырсыңдар тендерді ұтып алып. Армысыңдар, тотылар сөзге бекем, Тыңдасам өздеріңді ойға кетем. Қырық бес жыл серік болған облрадио, Деп ойлаймын бұл да өз мерекем.

Ғалияның 55 жылдығына арналады Кешерлік өмір сын болып, Қазақы қалып мін болып, Жүргенде халқым жөн іздеп, Елесті күндер түн болып. Құнсыздықтар құн болып, Қайратың кейде ұн болып. Кейбіреулер көрінген, Ертегідегі жын болып. Кейбіреулер сұм болып, Есіл-дерті пұл болып, Қалталары қалыңдап, Төс қаққан текті ұл болып. Өзгешелеу бір болып, Демеді жұртын пір болып, Күңіренді ұлы Абайша, Төгілді мұңды жыр болып. Естимін сөзді күнделік, Барады ісің түрленіп. Жұртыңды жолға бастайтын, Эфирді шарлап үн болып.

176


Айтар жайлар тұр ғой нық, Кеудеге толып сыр болып. Өз шəкіртім Ғалия, Толқынды самал-дария. Жылуыңды шаша бер, Кішкене ғана күн болып. Белгілі өмірбаяның, Жемісі заман-саяның. Мерейлі сəтті бағалап, Екі бес қатар қоямын, Жəмилə биші періштең Мəдиің сырбаз нояның Беделханың отбасы, Ордада сəні келіскен. Кереку-Семей-Астана, Жүйткіңдер сапар желіспен.

Қарындасым Ғалияға Өлеңшіге қымбаты айла деген, Айла болса бұйырар пайда деген. Осы тойда жанрды жаңғыртайық, «Жарасса əзіл – атаңмен ойна,- деген Серуенге шығып ем елең-алаң Тірілдім тауға келіп, болмай талан. Қарасам, алты қабат қатпарында, Бір қыз тұр күлім қағып «жайын қалам» Қолында «ҒМ»-нің тораптары, Төменде тұр Беделхан, қарап бəрі. Эфирден радио үні сұңқылдайды, Жаңғырып Керекудің алаптары. Ғалекең: «Естіледі,- деп,- кел дегенің Тұра тұр, көп екен-ау, көрмегенім. Төмендегім келмейді бұл асқардан, Оңай ма қырық екі жыл өрлегенім. Беделхан: «Балабақша, мектеп дедің, Ашыңдар театрым жоқ деп келдің. Жеті кітабың, жазғаның қоржыныңда, Алған талай атағың тек деп пе едің.

177


Жерден алған жетерлік атақтарың, / Көрдің бе, мына қыздың шатақтарын./ Құрметті азаматсың ел сыйлаған, Қайтемін жұртқа мұның атап бəрін. Беймəлім кімдер қандай сыр сақтады, Айтқандарым төккен тер бұршақтары. Кейіпкері əзілдің Ғалия ғой, Дүлділ ақын Исаның ұрпақтары. Сылбыр сөзбен шықпайсың ақын болып, Патшаға жүрмеген соң жақын болып. «Шіркін-ай, армандаймын Ғалия-жан Тұрмады-ау, облысқа əкім болып. Ғалияш, жұртыңмен бірге, тел өс, Үлесіңді қоса бер жыйсын Ел ес, Ұрпақтарың орман боп, сен бəйтерек, Көтерілші тауыңа үш- төрт белес. Туған күніңе Ұнатпаймын жұртты бос күлдіргенді, Жазбаймын сөзді көзге ілдіргенді. Балапандар татсын деп ұсынамыз, Бақта өскен маңдай термен бүлдіргенді. Мəрттілік, тектілік ой- өрістенді, Қолдан келсе қолдаймын бөліскенді. Атымтай бабасындай жомарт шыққан, Ғалияжан, өмірде бол осылай үстемді Сыйласын тағдыр сансыз атар таңды, Тəубе дейік, бұл күнге, еңбек жанды. Балалардың базарын қызықтай бер, Қуантып иман жүзді Беделханды.

Ғалия мен Айым қарындастарыма «Мен, мен» деп біреулер бар жар салатын, Көкектей жаятұғын баршаға атын. Ғалия мен Айымға кім жетеді, Күлімдеп əрбір таңды қарсы алатын. Жаратқан адамзатты Тəңірім күштен, Он сегіз мың Ғаламнан етіп үстем. Жебесін деп жіберген ағаларға, Екеуі періште ме жерге түскен.

178


Құт əкелсін бауырлар, жылың, сиыр, Алынсын талай асқар, белес-қиыр. Жазған кітап, атқарған талай істер, Мыңғырып, өріс толы болсын үйір. Сау болсын жасыл орман бала-шағаң, Шығар асыл, бұйырса, қарашадан. Қазақтың бойлап өскен қос шынары, Жаралған алтын нұрлы тамашадан. Бапкердің шебер болса түлегі көп, Мақтанышы əрдайым жүреді үдеп. Жаңа жылда ақ ниет білдірді ағаң, Оқысын арнаған бір жыры еді деп.

Асан Сарқұлов Қазақ радиосындағы əріптесім

Ғалияға! Биігіне көтеріліп еңбекпен 35 жыл жазу жазып тер төккен. Радиосында қазақтың ізімен Патшайымдай тақ орынына төрлеткен. Ол кім? Ғалия! Арқа жері айнасы ғой даланың, Жүйрік желдей ұшқыр болып қаламың Күні кеше келген едің өнерге, Жүрсін рухын биіктетіп бабаның. Ол кім? Ғалия! Алысумен, күресумен келесің, Бірде ұтылып, бірде кейде жеңесің. Шындығым сол тыңдарманың көп сенде, Тіке жарып əуе толқын кемесін. Ол кім? Ғалия! Көзі көрген дүлдүл Иса ақынды,

179


Бір өзіне үйіп ойды ақылды. Жұрағатқа еске алғызған өткенді, Қорғап сенің делебеңді шақырды. Ол кім? Ғалия! Мəшһүр Жүсіп, Мəшһүр еді ел жұртқа, Дегенде сен жас ұрпаққа ұмытпа. Айтуменен шама шарқың келгенше, Жеткізгенсің шар тарапқа, құрлыққа! Ол кім? Ғалия! Иса қызы,Махпузаның тəлімі, Исекеңнің Ғалия да қызы еді кəдімгі. Даналықтың тəрбиесін алғансың, Дос тұтады ол осындағы бəріңді. Ол кім? Ғалия! Ұзақ айтпан, ақын емен сеніңіз, Құттықтаймыз 55-ке келдіңіз. Өрлей берсін шығармашылық биігің, Қуануда, қуанып жатыр еліңіз. Ол кім? Ғалия! Жүйрік желдей ұшқыр түсіп қаламың, Гүлі болып жауқазындай даланың. Айтар тілек əріптестер атынан, Құтты болсын З5 жылдық өнердегі қадамың! Ол кім? Ғалия!

Теңелбай Рахиұлы

Жүздесеміз Алғашқы «Қазақстаным–қарашаңырағым» деген тақырыпта өткен Қазақ радиосының республикалық ақындар мүшəйрасының ұйымдастырушысы, журналист Балтабай Ғалия Құсайынқызына арналады.

АҚТАУДАН Күрішпісің, Ғалия, бидаймысың, «Өлеңің жарамсыз» - деп қинаймысың.

180


Əлде:»Мына өлеңдер əйбəт қой!» деп, Радио алдына ел жинаймысың. Алқа бар, алты миллион, қазағымда, Ұлтқа ақын болып қалған азабым ба, Бас-басына жыр жазу қиын болар, Дауысы түзік, саған /сізге/ жыр жазамын, ал. Ортадан төмен болар бойың дедім, Келтіріп көз алдыма, ойым керім. Еріні сəл қалыңдау, томпақ болар Деген өз байламыма қалдым сеніп. Құсайында, мен айтсам қыз бар екен, Пейілден айналайын елім деген, Астана оқып кеткен жерім еді, Құдай жазса, түбінде мен бір келем!..

Сүлеймен Баязитов Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын

ҒАЛЕКЕҢЕ «Жұлдызымды» жандырып ең, Жасантып жыр жарағын жаңғыртып ем. Өтіпті-ау содан бері талай жылдар, Қыс қыспақ, көктем, жазың жаңбырымен. Күзіңде мəуелі бақ жеміс төккен, Бақ құсы емес сені жанай өткен, Қайсарым, қарындасым қылыш тілді Өр мінез, озық ойы, үні өктем.

181


Бір туар таңдап, танып тұлғаларды, Хабарың ойға ой қосып тұлғаланды. Өнердің өндірлерін сан таныттың, Самғаттың сəйгүліктей сан қаламды. Журналист бола білдің, ана, басшы, Қазақтың отты қызы қиғаш қасты, Тəнті боп еңбегіңе, ерлігіңе Ақ шалған асқар таудай ием басты.

Әсел Мұқатова журналист, республикалық байқаулардың лауреаты

МЕРЕЙ ТОЙҒА АРНАУ / «Жан досым» əніне пародия / Іздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Халық жайын ойлап əркез жүгірер, Ғалия апай аяулы да асыл жан. Қайырмасы: Ғалия апай, үстем болсың, мерейің, Сізге арнап əсем əнді төгейік. Жырымыз да бітпесін, Сырымыз да бітпесін, Тойыңыз да бітпесін. Қос бұтағы секілденіп ағаштың, Беделхандай ағамызбен жарастың.

182


Ана болдың Жəмилə мен Мəдиге, Əже болып Əлібиге бақ ашқын. Қайырмасы: Ғалия апай, үстем болсың, мерейің, Сізге арнап əсем əнді төгейік. Жырымыз да бітпесін, Сырымыз да бітпесін, Тойыңыз да бітпесін.

Назымбек Дүкенбай композитор

Ағытқандай көңілдің бұлақтарын, Тілек айтып жүректен сыр ақтарған. Бір тойлайық, достарым туған күнді, Еске алысып жастықтың гүл бақтарын. Қайырмасы: Құтты болсын, жан Ғалия, туған күн, Қызық күндер көп болсын, думан күн. Əнмен ана бесігін тербеткендей, Есейгенбіз саржайлау жөргектерде. Туған күнді тойлаймыз сондықтан да, Ұмытпау үшін сол күнде есейгенде. Қайырмасы: Құтты болсын, жан Ғалия, туған күн, Қызық күндер көп болсын, думан күн. Жадырасын жаныңыз дос тілектен, Хақсы сөзден көңілдер тосты көктем,

183


Кəне, достар, шырқаңдар əнге салып, Елестесін тағы бір жастық өткен. Қайырмасы: Құтты болсын, жан Ғалия, туған күн, Қызық, күндер көп болсын, думан күн Сөзі Гүлжанат Иманғазинанікі Əні Қайырбек Сатиевтікі

ҒАЛИЯҒА Қанаты мəңгі талмайтын, Қияға əркез самғайтын. Іздеуден əркез тынбайтын, Күрескер қызы қазақтың! Қайырмасы: Батыл жүрек, Қайсар қыз Жаны жомарт Жайсаң күз Қиялмен алыс шарлайтын, Үзілген жерді жалғайтын. Жеткенше тыным алмайтын, Еңбекқор қызы қазақтың! Қайырмасы: Батыл жүрек, Қайсар қыз Жаны жомарт Жайсаң күз Ойлаған елдің бар қамын, Радионы сақтап қалғаның Жақтырмас сөздің жалғанын, Өр мінез қызы қазақтың! Қайырмасы: Батыл жүрек, Қайсар қыз Жаны жомарт Жайсаң күз

184


Асан Абдыкарымов Композитор

ҚАЗАҚТЫҢ ҒАЛИЯСЫ Сөзі Əсел Мұқатованікі Əні Асан Абдыкарымовтікі. Еленген ел алдында еңбегімен Қайраты кем түспеген ерлеріңнен. Бар қазақ қыздарына үлгі болған, Өзіңдей аяулы жан көрмедім мен. Кайырмасы: Халқының ұні болған жариясы Шалқыған көңіл дейтін дариясы, Құрметке лайықсың сен лайықсың сен Қазақтың көркем қызы – Ғалиясы Ақпарат айдынының аққу құсы Үніңді елің тыңдап тербетілген Мерейің халқыңменен таси түссін, Бұйыртып бар бақытты жер бетінен Кайырмасы: Халқының ұні болған жариясы Шалқыған көңіл дейтін дариясы, Құрметке лайықсың сен лайықсың сен Қазақтың көркем қызы – Ғалиясы Нұрлы жүз, кең жазира, жазық маңдай, Ел жайын толғайтұғын тіл мен таңдай. Қазақтың Ғалиясы қайсар қызы, Өзіңе таба алармын теңеу қандай? Кайырмасы: Халқының ұні болған жариясы Шалқыған көңіл дейтін дариясы,

185


Құрметке лайықсың сен лайықсың сен Қазақтың көркем қызы – Ғалиясы Бір өзің дара жансың, данасыңда, Немере, балаларға анасыңда. Қазақтың мүңын қаузап, бас көтерер Көп болсын сендей жандар – панасына Кайырмасы: Халқының ұні болған жариясы Шалқыған көңіл дейтін дариясы, Құрметке лайықсың сен лайықсың сен Қазақтың көркем қызы – Ғалиясы

Уәсила Сержанова Облыстық радионың дикторы

ЕСТЕЛІК-ТІЛЕК Ғалия туралы айтатын болсам – «Құрбым, əріптесім, замандасым, сырласым, адал досым» деген əдемі сөздерді ғана терер едім... Максим Горькийдің айтқанындай: «Өмір – күрес!» Ия, біреулер байлыққа, шайлыққа құмартса, енді біреулер сəнді киімге, сауық-сайран, ойын-той деп шалқып жүргенді ұнатады. Ал бойындағы бар байлығы – рухани байлығы болған, қашан да елім, туған жерім, халқым деп, бір сөзбен айтқанда - Отаным деп жүрегі соғатын, көзі ашық, көкірегі ояу, сезімтал, үлкендерге құрмет, кішілерге үлгі-өнеге, сүйеніш, халқына мақтаныш бола білетін, ешкімді күндемейтін, қолынан іс келер, сонысына қарап, асып-таспайтын, қарапайымдылығымен ғана көзге көрінер жандар кем де кем. Бірақ, біздің Ертіс өңірі аллаға шүкір, мұндай адамдарға, зиялы азаматтарға кенде емес. Солардың бірі – Ғалия Балтабай. Екеуміз жастықтың нағыз жалындап тұрған кезінде қызметке араластық. Əрине ол кезде талай құрбыларым болды ғой, бірақ солардың арасынан мен «достық туын мəңгілік биікте ұстаған» - Ғалияны ерекше бөліп жарар едім.

186


Тағдыр тəлкегін жастайынан көрген, бірақ сол қиындықты жеңе біліп, талай тар жол, тайғақ кешулерді» басынан өткерсе де, бірақ келешек өмірге құштарлықпен қарап, өрге өрмелеген, тынбай еңбек еткен осы Ғалия құрбым! Тіпті ер азаматтардың қолынан келе бермейтін істі алып кеткен осы - Ғалия Балтабай. Өзінде бір ерекше тылсым күш бар екені һақ! Ия, ия Ғалияның өн бойынан рухани өрлік төгіліп тұрған жан. Осының нəтижесінде, оны талай айтыс-тартысты күрестерді, шешілмейтін проблемаларды сын сағаттарда шешіп, талай жеңіске жеткенін өз көзіммен көргенмін. 42 жылғы журналаистік жолы зая кеткен жоқ дер едім. Осы еңбек жолында кəсіби журналист екендігін дəлелдеп таныта білуі – талайға үлгі-өнеге болды емес пе! Кезінде Павлодар облыстық радиосын жауып, коррпункт қана болуы мүмкін дегенде, облыстық радиоға Ғалиядай іскер басшы келіп, күні бүгінге дейін осы қарашаңырағымыз радионың таң алакеуімнен Мемлекеттік əн ұранымызбен бастау алуы, облыстық радионы тыңдап отырған бүкіл өңір жұртшылығының маңдайдағы бағы бес елі дер едім. Лайым осыдан айырмасын. Радио – ел тілегі, ел жүрегі, рухани мол қазынасы. Соны сақтай білейік! Рахмет, саған, Ғалия! Əрдайым еңбегің өрге өрлей берсін! Аяулы құрбым, əріптесімді мерейлі тойымен шын жүрегімнен құттықтап, деніне саулық, отбасыəулетіне амандық тілеймін! Жəне де құрбысы Уəсиланың «бірқағары» бар екендігін өзі де біледі ғой, мерейтойы қарсаңында «Əзілің жарасса, атаңмен ойна демекші, қалжыңның астарымен құрбылық назамды жеткізсем»,- деп едім:

ҚҰРБЫМ-АЙ! / «Мерекем» əнінің желісімен / Қырға шыға гүл теріп, Жүргеніңді көрмедім. Жігіттермен жарасып, Тұрғаныңды көрмедім. Қайырмасы: Айналайын, құрбым-ай, Жан-жағыңа қарамай. Сыр шертейік екеуміз, Жасыл бақты аралай Сезімдерді билетіп, Сүйіп-күйіп құштың ба? Əлде тəтті түс көріп, Арманға бір ұштың ба?

187


Қайырмасы: Айналайын, құрбым-ай, Бізге куə Күн мен Ай. Сыбырласып самалмен, Мен де жүрмін тыншымай. Мұң басқанда көңілді, Із кеседі өңіңді. Дос құшағы – дəру ғой, Ұзартатын өмірді. Қайырмасы: Айналайын, құрбым-ай, Кімге көңіл бұрдың-ай. Махаббатты жырласам, Əнім қалмас ұнамай. Жазда келсең жадырап Күз түсетін есіңе. Қыста келдің қалтырап, Көктемді іліп еншіңе. Қайырмасы: Айналайын, құрбым-ай, Тағы кеттің қарамай. Бір орында тұрмайсың, Жүрегімді жаралай. Қашан бітер жұмысың, Күндер өтіп, кеш батар. Болар ма сəт мен үшін, Өткенді бір еске алар? Қайырмасы: Айналайын, құрбым-ай, Уақыт зырлап барады-ай. Келдік бізде 65-терге, Қарсы алады саяжай. 2008 жыл

188


8 наурызда. Облыс əкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев пен Павлодар қаласының əкімі Нұрлан Əшімбетов жəне «Ертіс» телеарнасының директоры Гүлнəш Əбішева

Мадияр Балтабай ұлым

Посвещаю маме Однажды сказаны слова, Однажды сделаны поступки. И не хандрит теперь душа, Уже привык к любой разлуке. Но так же трепетна она, И сердце так проникновенно. Когда я мыслю о тебе – Я познаю, что ты не тленна.

189


И память вовсе не причем, Когда вдали мы друг от друга, Здесь нечто болшее у нас, Здесь скрыта тайная природа. Ты зернышко в душе, искра, сознание, Ты вечный критик и оплот. Неугомонное создание, Предвидящее наперед. В многообразии течений, В многообразии систем. Умеешь разрешить проблемы Умеешь не терять друзей. Мне мало гордости за это, Мне мало ощущать покой. Как – сын, как- твоя надежда, С тобою рядом я герой.

Мама Когда мы еще видели сны Ты порхала. Ты встречала рассвет. Как привыкли к восходящему солнцу мы? Нам неведом на это ответ. Твою нежность , заботу о нас, Принимая как должное часто Позволяем себе до сих пор, Баловать себя в искренней ласке. Разве сможем мы повзрослеть Когда столько любви и защиты?! Уготованы нам не судьбой, Но твоей безупречной молитвой. Если есть где-то в мире весы На которых измеряются чувства Там твоя лишь одна слеза Перевесит все в мире чувства. Мама, ты океан! Ты солнце! Ты опора земная! Воздух в легких моих, И любовь что я выдыхаю!

190


Жәмила Балтабаева қызым

«МЕН АНАММЕН МАҚТАНАМЫН!» Анам туралы қолыма қағаз бен қалам алып жазу үстеліме отырғанымда, ол кісіге не деп, қалай деп жазсам деген ой алдымда көлденеңдеп тұрып алады... Біріншіден, ол: өте шыдамды ана, аяулы жар, абыройлы отанасы, сондай-ақ, іскер басшы, қажымас асыл əже дер едім. Менің кішкентай кезімнен күні бүгінге дейін есімнен кетпейтіні, біз көшеге шыға қалған кездерде біздің жанымызға бөтен бір адамдар жақындап келіп: «Сіз Ғалия Балтабаева емессіз бе?» - деп сұрайтын. Мен таң қалатынмын, біз оларды танымаймыз ғой, олар қайдан біледі мамамды, - деп. Сонда анамның Балтабаева екенін білген олар маған неге екені түсініксіз, əйтеуір анамның еңбегіне байланысты рахметтерін айтып, алғыстарын білдіріп жататын. Сол кезде сəби жүрегім ол кісілердің жаудырып жатқан ақ тілектерін түсіне қойып, менің мамамды бəрі біледі, атақты, танымал адам! – деп ерекше кеудемді мақтаныш кернеп кететін. Жəне өзім де осы анамдай болсам деп армандайтынмын. Солай тырыстым да. Анамның барлық ісəрекетіне, қылығына, жүріс-тұрысы менен сөйлеген сөзіне дейін өзіме үлгі санап өстім. Мен өз анаммен кей кездері тіпті құрбымдай сырласа да алам, ойымды ашық жеткізуімді талап ететін анам маған қашанда ақылын айтып, тіпті ол кісі шешілмейді деген мəселенің шешімін тауып, үнемі көмекке келеді. Балаларының қабағын бір кішкене кірбің шалғанын көрсе, анамыз біздің алдымызда бəйек болып, шыр-пыры шығады. Оның аялы алақаны маңдайымыздан сипаса болды, біз сауығып шыға келеміз. Менің анамдай ананы тек армандауға ғана болатын шығар... Бүгінде ол кісі өзінің немерелеріне де баласындай қамқор болған ардақты, асыл əже. Анам туралы көп айтуға да, жалықпастан жаза беруге де болады, əрине, тек ол кісіге айтарым, «Анашым, біз үшін əрдайым жанымызда болғаныңызға рахмет! Мен өз өмірімді сізсіз еш елестете алмаймын. Сіз əлемдегі ең күшті анасыз! Бір Алламыздан сұрап өтінемін, ешқашан анам ауырмасыншы. Жəне оған ұзақ өмір бере көріңізші!..

191


Жанымда жүрген жақсы жандарға жазылған жазбалар

192


Шығармашылығыма жол ашқан Мүбәрак аға еді

Ұстазым Мүбəрак Жаманбалиновтен сұхбат алып тұрған сəтім Мүбəрак ағаны мен 1961 жылдан бері білемін. Железин ауданының бұрынғы Комаровка / қазіргі Аққайың / ауылында 5-ші сыныпта оқып жүрген кезім болатын. Қазақ тілі жəне əдебиет пəнінен сабақ беретін мұғаліміміз Қабек Сағитов əдебиетке жақын балалардың басын қосып үйірме ашып, жиі бас қосуды əдетке айналдырды. Өзі өлең жазып, оны газет-журналдарға басып жүрген кезі. Бірде біздің мектепке белгілі балалар ақыны, өлеңдері «Пионер» журналы жəне «Қазақстан пионері» газетінен таныс Мүбəрак Жаманбалинов Қабек ұстазымызды іздеп келді. Ол кезде ақын ағамыз облыстық «Қызыл ту» газетінде тілші болып істейтін кезі екен. Келісімен Мүбəрак аға əдебиетке бейімі бар, өлең жазатын оқушылар болса танысайын деп едім, - дейді. Қабек ағамыз Мүбəрак ақынды бірден біздің 5-ші сыныпқа алып келді. Ол кісі өлең жазып жүрген балалардың өлеңдерін тыңдағаннан кейін екіүш баланың жазған шығармаларымен танысты. Сыныптасым Хамида Қапиятова мен менің шығармамды оқып, Мүбəрак аға жақсы баға берді. Сосын кетерінде менің қасыма келіп, мына баладан түбі журналист шығады деді. 1964 жылы Республикамыздың, тіпті біздің де Павлодар облысының жержерлерінде қазақ мектептері жаппай жабыла бастады. Нағыз орыстану заманы басталды. Көп ата-аналар қорқақтап ертең балалары жоғары оқу орнына түсе алмайды деп, бірден орыс мектептеріне бере бастады. Біздің үй-іші де сондай ойда болды. Бірақ мен көнбей отырып алдым. Ертіс қаласында бір

193


қазақ мектебі сақталып қалыпты деп естідім. Сонда барып оқимын дедім. Ағайым мен жеңгем көнбесе де, анам қайда барсын, көнді. Сөйтіп, Ертіс қаласындағы қазақ мектебінде 9-шы сыныпты жалғастырдым. Əрі мұнда Мүбəрак ақынмен кездесудің сəті болатынына қуандым. Ертіс қаласында оқыған үш жыл ішінде Мүбəрак ақынмен жиі кездесіп тұрдым. Ол кісі мектепке де жиі келіп тұратын. Кейде өз үйіне шақырып, ақыл-кеңесін беріп, журналистиканың қыр-сыры жайлы айтып, облыстық «Қызыл ту» газетіне шағын жаңалықтар жазуды үйретті. Ол кісі өте керемет адам еді ғой. Мінезі кейде бала сияқты, аңғал, өте қарапайым болатын. Ал егер қатаңдық көрсететін кезде ол кісі ештеңеге қарамайтын, тура айтатын. Жазуға бейімі бар балаларды əрдайым қасына жинап жүретін. Ертіс қазақ мектебінде оқып жүрген Ырысты Қалижановаға, Ғалымбек Жұматовқа да ұстаз ретінде бағыт-бағдар беріп отырды. Шын мəнісінде Ғалымбек Жұматов жазушылығымен де, ақындығымен де, журналистігімен де елге танымал болды. Мектеп бітіргесін Мүбəрак ағаның айтуымен журналистика факультетіне оқуға түстім. Оқуға түсуіме себепкер болған - ақын ағамыз. Неге дейсіздер ғой, ол кезде журналистика факультетіне тек құжат тапсыру үшін қосымша газетке шыққан мақалаң мен не телевидение мен радиодан өткен хабарларының печать қойылған көшірмесі қажет екен. Ал менде ол болмай шықты. Бұрын газетке шыққан материалдарымды əкелмеп едім. Содан жаным қысылып, Ертіске Мүбəрак ағамызға қоңырау шалып, бар жайды түсіндіріп айттым, көмектесуін сұрадым. Мүбəрак Кəрімұлы ерінбестен газет архивінен біраз өлеңдерім мен шыққан материалдарымды жинап, Алматыға жоғары оқуға түсуге келе жатқан ұлы Ғылмиден Жаманбалиновтен беріп жібереді. Міне, сөйтіп мен құжаттарымды КазГУ-дің журналистика факультетіне тапсырып, 1966 жылы жоғары оқу орнына түстім. Студент кезімізде де Мүбəрак ағамен үнемі кездесіп отырдық. Алматыға Жазушылар одағына немесе кітап баспасына келе қалса, мен сияқты студенттерімен жолықпай кетпейтін. Ол кезде журналистер оқып жүріп, қызмет істей беретінбіз. Мен де 1967 жылы оқып жүріп, Қазақ радиосына қызметке орналастым. Жалғыз анам пенсия алмайтын, колхозда істеген еңбек есептелмейді, совхоздың өтілі жоқ деп сылтау айтты емес пе. 1973 жылы анамның науқастануына байланысты Павлодар облыстық телерадио комитетіне қызметке ауыстым. Міне, осы жылдары журналистика саласындағы ұстазым Мүбəрак Жаманбалиновпен жиі кездесіп, хабарласып отырдым. Менің радиодан берілген, телевидениеден көрсетілген хабарларыма ол үнемі баға беріп отыратын. Əрдайым телеарнадан шындықты көрсетіп, радиодан берілетін хабарларыңда шындықты айтуың керек дейтін. Еліңнің патриоты, ұлтжанды болуыңмен қатар, журналист деген атқа лайықты қызмет жасауың қажет деп ақыл беретін. Отан, туған жер деген кең ұғымды естеріңнен шығармай, халықтың мүддесін қорғаңдар деп түсіндіретін. Өзі де қарапайым халықтың жайын жазып, мүддесін қорғады емес пе! Осыдан болар, Мүбəрак ақынның «Ешкімге де өкпем жоқ» деген өлеңінің өмірге келгені:

194


Аяғымды ептеп-ақ басып жүрем, Пəледен айналып қашып жүрем. Жала деген жəдігей жалмауыздан, Қайда барып құтқарсам басымды мен. Қинайды ерен, осы жай қинайды ерен, Қазанына күншілдің сыймай келем. Бірлік үшін бас иіп, елдік үшін, Сыйлап келем, бəрін де сыйлай берем. Қаскөйдің де қастығын кектемеймін, Соның үшін сөк мейлің, сөкпе мейлің. Зəбір көрсем, біреуге өкпелемей, Біреуге емес, өзіме өкпелеймін, - деген өлең жолдары ақынның өзінен гөрі өзгені ойлай отыра, өзін халқы үшін кұрбан етеді. Мүбəрəк ағаның өзге ақындардан ерекшілігі - балалардың бал тілін түсінетіндігінде. Ақынның кішкентайларға жазған əрбір өлеңінде балалармен шүйіркелесіп, сырласып, олардың көңілін тауып, жүрегін дөп басады. Ақынның шəкірті бүгінде бірнеше кітаптың авторы, кезінде «Сарыарқа самалы» газетінің редакторының орынбасары, «Найзатас» журналының Бас редакторы болған ақын əрі жазушы Ғалымбек Жұматов: Балалық құштарлықтың қыл пернесін дəл таныған Мүбəрак Жаманбалинов «Бала жанының академигі» деп баға береді. Жазушы шəкіртінің ұстазына берген теңеуі қандай керемет! Мүбəрак ағаның мына бір өлең жолдары біз сияқты журналистерге арналғандай: Өмір деген - от құйын, Оны жеңбей, жоқ күйің. От құйыннан жасқансаң, Ақындығың көк тиын. Сөз - көңілдің айнасы, Айнаң ашық жайнасын. Жайнамаған айнаның, Соқыр тиын пайдасы, - деген өлең жолдары журналист көтерген проблемасының нəтижесіне жету керек деген ойды білдіреді. Сондықтан қай кезде де халыққа жақын мəселенің ортасында жүруге тырыстым. Ол ұстазымның аманаты еді. Бүгінде осы журналистика мамандығын таңдауыма себеп болып, оның қыры мен сырын бойыма дарытқан ұстазым, ақын, жазушы, журналист Мүбəрак Жаманбалиновке алғысым шексіз. Мүмкін, осы ағаммен кездеспесем, журналист болар ма едім, əрине жоқ дер едім. Талай жылдан бері менің жеткен жемісіме балаша қуанып, өзімді үнемі сүйемелдеп отырды. Мұндай адамгершілік қасиетті жалғыз маған емес, талай жас журналистерге кеңес берді. Меніңше, бала тілін тауып, оның жүрегінің түкпірінен орын алу кез келген ақынның қолынан келмейді. Ол - шынында да бала көңілін тапқан бақытты жан. Үлкен тұлға, қайраткер. Орыстар Шолоховты халықтың арасынан шыққан, ел ішінде өсіп, өнген, ауылда тұрып қаншама туындыларды дүниеге əкелген үлкен жа-

195


зушы деп бағалайды. Мүбəрак Жаманбалинов басқа жазушылардай Астананы жағаламай, ел арасында жүріп, ауылдағылармен біте қайнасып, елде тұрып бүкіл кітаптарын ауылда жазды, біз оны Павлодар өңірінің Шолоховы дейміз. Жазушылығы, ақындығымен қоса Ертіс, Ақтоғай, Железинка аудандарының тарихын зерттеп, қаншама ұмыт болған жер-су аттарын қайта жаңғыртып, ессіз қалған зираттардың орнын белгілеп, оны қоршатып, талай тарихи түлғалардың есімін елге аян етті. Жаяулап жүріп ел-елді аралап, құнды деректер жинап, халқына асыл мұра қалдырды. Ел тарихы жайлы зерттей отырып кітап жазды. Бұл - қыруар жұмыс. 2004 жылы Мүбəрак Жаманбалиновтың 80 жылдығын Ертіс ауданының халқы атап өтті. Сол салтанатқа шəкірті ретінде мені де шақыртты. Айтайын дегенім, ағаның қарапайымдылығы мен кішіпейілділігі жайында. Облыстан, ауданнан келген біраз «дөкейлер» болды. Сонда соларды қоя тұрып, қасына шəкірті деп мені бір жағына отырғызса, екінші жағына өмір бақи шығармашылық жолында дос болған белгілі журналист, жазушы Айтжан Бəделхановты отырғызды. Сол сəттегі менің қуанышымды қазір жеткізе алар емеспін. Шағын естелігімді қорытындылай келе, 42 жыл журналистік қызметімнің кезеңінде дəл осы Мүбəрак ақындай жаны, ары таза, халқы үшін жаратылған шыншыл, турашыл журналисті кездестірмеппін. Кереметі сол, ол кісі бастаған ісін, берген уəдесін орта жолда қалдырмайтын. Қазір журналистика саласында осындай қаламгерлерлерді аз кездестіреміз. Ендеше, Мүбəрак ағаның ізбасарлары көбейсін деп тілек айтайық!..

Ортада ұстазымыз Қабыкен Ауталипов жəне сыныптастарым

196


Ұлағатты ұстазымыздың өмірі - өнеге Əр заманда тарихқа өзіндік үлес қосатын ұмытылмас адамдар болады. Олардың мұндай жарқын істері бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ғана емес, ол ғасырдан-ғасырға ұмытылмас бейне болып сақталып қалады. Менің балалық шағымда, мектепте оқып жүргенде еліктеген адамдарым көп болды. Солардың бірі жəне бірегейі - Ертіс қазақ орта мектебінің директоры, Ленин орденінің иегері Қабыкен Ауталипов. Ұлы ұстазым Қабыкен ағадан 9-11 сыныптарда білім алдым. 1964 жылдың қыркүйегінде 9-сыныпқа келгенде ол кісінің бірінші сабағындаақ ол маған үлкен əсер қалдырды. Ыбырай Алтынсарин тегін айтпаған ғой: «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп. Қабыкен аға дəл сондай адам еді. Ол кісінің бір қарағанынан-ақ бізге не айтайын деп отырғанын түсінетінбіз. Қабыкен ұстазымыздың ұлағатты өнегесі талай шəкірттердің бойына жылылық ұялатты десем артық айтпаған болар едім. Міне, қаншама жылдар өтсе де ол кісінің бейнесі əлі күнге дейін көз алдымда. Бірде ол кісі мені кабинетіне шақырып алып, сабақтан тыс көп кітап оқу жайлы кеңес берді. Тарихи кітаптарды көп оқып, өзіміздің елден шыққан Иса ақын жайлы деректер жинастыруды тапсырды. Қазірден бастап осы істермен айналыссаң, алдағы уақытта кім болуың жайлы ойланатын боласың деп кеңес берді де, қолыма бір топ кітапты ұстатып, ақылкеңесін беріп, маған қамқорлық көрсетті. Міне, ол кісі сол кезде-ақ менің болашағымды болжап қойған екен. Шынында да ардақты ұстазымыз Қабыкен аға дарынды балаларды бірден танитын. Олардың əрқайсысымен жеке-жеке сөйлесіп, бағыт-бағдар беріп отыратын. Əрі Қабыкен аға өзінің оқушыларының мінез-құлқын бірден түсінетін жəне оны үнемі жадында сақтайтын. Керемет суреткер кісі еді. Ешнəрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз, өзгелердің ар-намысын аяққа баспайтын, қолынан келгенше көмектесіп, қол ұшын беретін. Жақындарына да, жат адамдарына да бірдей қарайтын адал жан болды. Қандай істе де үнемі дұрыс шешім жасайтын. Соған мысал келтіре кетейін. Біздің 9 «а» сыныбында 14 қыз, 14 ұл бала оқыдық. Сыныбымыздың тəртібі де, сабағы да жақсы болды. Əрі ұйымшыл еді. Бір-бір қыз бір-бір балаға ие болып, оларды уысымыздан шығармайтынбыз. Ер балалар да бізді өте сыйлады. Бірде отырып, бір шешімге келдік. Апта сайын ең жақсы сынып деген ауыспалы қызыл туды біздің сынып жеңіп алатын болғандықтан, біз сынып жетекшісіз де жұмыс істеп, оқуымызға болады екен деген ой келді. Директорымыз Қабыкен аға мен сол кездегі сынып жетекшіміз Бейсенбаев Зəйкен мұғалімді шақырып алып, осы ойымызды айттық. Сынып жетекшіміз Зəйкен мұғалім бұл ойымызды естігенде жақтыра қоймады, тіпті өңі бұзылып, не айтарын білмей қалды. Керісінше, директорымыз Қабыкен

197


Ауталипов: «Бұларың дұрыс екен, бұл бастама ғой, оны қолдауымыз керек, сендердің кластарың мұндай бастамаға лайық. Бүгінде мектептің ең алдында жүрген сынып. Басқаларға сендерді үлгі етеміз», - деп бірден біздің ойымызды қолдай кетті. Міне, Қабыкен ағаның жаңа бастаманы қолдайтын жаңа заманның мұғалімі екенін осыдан көреміз. Ол кісі астарлы да аңдатпа лебізімен өзімізде жоқ қайсыбір жақсы қасиеттердің бар екенін айтып, бізді бір көтеріп тастады. Сол күннен бастап біз үш жыл қатарынан сынып жетекшісіз 11-ші сыныпты бітіріп шықтық. Жай ғана бітірген жоқпыз, біздің класс үнемі мектептің алды болып отырды. Қабыкен ағаның тағы бір ерекше қасиеті - қолынан іс келетін, жақсы оқитын балаларға үнемі қамқор болатын. Тоғызыншы сыныпты бастаған алғашқы күні-ақ менің ұйымдастырушылық қабілетімді аңғарып, жалпы мектептің комсомол ұйымы хатшысының орынбасарлығына ұсынып, бір жылдан кейін Дəулет Шабенов мектепті бітіргеннен кейін жалпы мектеп комсомолдарының қолдауымен əрі сайлау нəтижесі бойынша Ертіс қазақ мектебі комсомол ұйымының хатшысы болдым. Міне, осы жұмыстың жақсы жүруіне де мектеп директоры Қабыкен Ауталипов ақыл-кеңесін беріп отырды. Сол жылдары біздің мектеп талай жақсы істердің ұйытқысы болып, тамаша жұмыстар атқарып, басқа білім ордаларына үлгі боларлық жарқын бастамалардың бастамашысы болды. Солардың қасында біздің Ленин орденін кеудесіне таққан құрметті ұстазымыз Қабыкен Ауталипов жүрді. Ол өз сөзінде үнемі мектеп тек қана білім берумен шектелмеу керек, балаларды рухани адамгершілікке тəрбиелеу ісі де біздің ұстаздардың міндеті деп айтып отыратын. Оқушының өз бетінше білім алу мен тəрбие алуын үйретпеген мұғалім оқушыдан түпкі нəтиже ала алмайды дейтін. Ең бастысы, - дейтін Қабыкен мұғалім: - Ағаш түзу болып өсу үшін оны көшет кезінде күтіп-баптау керек. Сол сияқты, оқушыны да жас кезінен адамгершілік пен ізгілікке, мейірімділік пен қарапайымдылыққа тəрбиелеу - ұстаздардың міндеті деп түсіндіретін. Иə, шынында да оқушының өмірге белсенді көзқарасы үлкендер арқылы келеді. Олар сондай білікті де парасатты адамға еліктейді. Сондықтан да болар, Қабыкен ұстазымыз алдында тұрған ұлы мақсат-міндеті деп саналы ұрпақ тəрбиелеуді алдына қойды. Ұрпақ тəрбиесі – келешек қоғамның саналы азаматын тəрбиелеу деп өзінің бүкіл өмірін осыған арнады. Еңбек жолын 1941 жылы Максим Горький мектебінен бастаған ол кейін 1957 жылы Ертіс қазақ мектебіне ауысады. 1963 жылы осы мектептің директоры болып тағайындалды. Ал біз мектепті 1966 жылы бітіріп, жан-жаққа оқуға кетер алдында Қабыкен аға мені тағы да əдеттегідей кабинетіне шақырып алып: «Ғалия, тарих пəнінің мұғалімі болсаң қайтеді. Қызылорда педагогикалық институтына түсуіңе болады, арнайы мектептен өтініш хат жазып береміз, бұл ойыма қалай қарайсың, тарих пəніне бейімің бар, əлде журналистиканы қалап отырсың ба? - деді. Мен өз ойымды айттым, негізі журналистика мамандығын таңдадым, Алматыға бармақшымын, - дедім. - Дұрыс, алған бетіңнен қайтпа, оқуға түсіп кететініңе күмəнданбаймын

198


деп сенімін білдірді. Содан құрметті ұстазымның сенімін ақтап, журналистика факультетіне түсіп кеттім. Мектеп бітірсек те, жыл сайын мектебімізге келіп, құрметті ұстаздарымызбен кездесіп жүрдік. Келген сайын ардақты ұстазымыз Қабыкен аға бізді құшағына алып, мейірім шуағын төгіп, мектеп оқушыларына бізді үлгі тұтты. Ал біз болсақ, осындай ұлағатты ұстаздың жылы сөзінен ерекше нəр алатынбыз. Мақтаныш сезімге бөленетінбіз. Біздің дана халық қашанда дұрыс айтқан ғой «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» - дегендей, туған мектебімізге келгенде біз осы қасиетті сөздің мағынасын түсіне бастадық. Шынында да, біздің болашағымыз, жас балалардың келешегі осы ұстаздардың қолында екен. Тіпті олардың аузынан шыққан қасиетті де киелі, мағыналы, парасатты сөздері оқушыға қашанда аналық, əкелік ыстық сезім ұялатады. Мектепке бір келгенімде ол кісі Алматыда Райхан деген қарындасының тұратынын, оның дəрігер екенін айтып, адресін берді. Мен Алматыға келісімен оны тауып алдым. Біз Райханмен Алматыдан көшіп кеткенше ұзақ жылдар араласып тұрдық. Жолдасы Күнтуған да бір керемет адам. Менің кішкентай ұлым Мадияр жиі ауыра берді. Сонда Райхан Ауталипова жыл сайын кішкентай ұлымды өзінің ауруханасына жатқызып, емдеп тұрды. Керемет, өз ісін білетін жақсы дəрігер. Бізр кейін Павлодарға көшіп кеттік те, осындай керемет адамдардан алыстап қалдық. Қазір біз Астанада, олар Алматыда. Бірақ, ішкі сезім, оларға деген сағыныш бар. Қайда жүрсек те аман болайық. Тағы да құрметті ұстазым жайлы... Болашақтың басшысын да, ғалымын да, майталман еңбек адамын да, өнер қарлығаштары мен ақын-жазушыларын да ұстаз тəрбиелейді деп ашық айта аламыз. Міне, Қабыкен ұстаздың қолынан да мыңдаған шəкірт білім алып, ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, ел қорғаған сарбаз да, басқа да мамандық иелері тəрбиеленіп шыққанын тілге тиек етеміз. Кейде біз дүниеден өткен адам жайлы «Тірісінде қадірін білмеппіз», деген сөздерді жиі айтып жатамыз. Оның да əртүрлі себебі бар. Бірі – көңіл жұбату болса, бірі - қимас адамыңды іздеу немесе өткен кезеңге көңіл толмаудан айтылатын ойлар. Менің осыған қосылар ойымның бірі Қабыкен ағаны қимай отырып, əттең, 42 жыл тапжылмастан ұстаздық еткен, баршамызға білім нəрін сепкен, адамгершілікке тəрбиелеген осы ұстазымызға құрмет көрсете алмадық қой деген ой мазалайды. Қабыкен ұстаздың есімімен Ертіс ауылындағы №2 мектепті атаймыз деп ұсыныс жасағанымызға да қаншама жыл өтті. Осы шаруаны бітіре алмағанымызға өкінемін. Қолымыздан бұл іс неге келмеді деп жанымды жеймін. Бұл талай жылдан бері жоғары жақта жатқанмен жабулы қазан əлі жабулы жатыр... Бірақ, ұлағатты ұстазымыз Қабыкен Ауталиповты жадымыздан еш шығарған емеспіз. Бүкіл өмірін ұстаздыққа арнап, талай қайраткерлерді алтын ұясынан ұшырған Қабыкен мұғаліміміздің жаны жаннатта болсын! – деген жылы сөзімізді арнаймын.

199


Павлодар педагогикалық университетінде

Мақпуза Байзақова Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі

Иса ақынның қызы Мақпуза жайлы бір үзік сыр …Иса ақынның қызы Мақпуза Байзақова жайлы Қазақ радиосына хабар дайындайын деп 1969 жылы үйіне арнайы іздеп бардым. Жарқын көңілімен қарсы алды. Əңгімелесе келе менің Павлодар облысынан екенімді біліп тіпті балаша қуанды. Жан жолдасы Бердібек ағаға «Көктен іздегеніміз жерден табылды, қазақтың қара шаңырағының бірі Исекең кезінде жиі болып тұратын Қазақ радиосынан келіпті» - деп шын көңілінен қуанышын білдірді. Сөз арасында Иса ақын кезінде Қарағанды облыстық радиосында қызмет істегенін де айтып өтті. Менің сұрақтарыма жауап бере оты-

200


рып, əңгіме арасында əкесі мен анасының туып-өскен жеріне ауыса берді. Мені сол жақтан келді деп іштей бауырына тартты. Бір көргеннен мен ол кісінің бауырмалдығын сезіндім. Кейін Мақпуза Исақызы жайлы да, əкесі Исекең жөнінде де радиодан талай хабарлар бердім. Соның бəрін қуана естіп, кейде өзінің сол хабарлар жөнінде ойын айтып, кейін келе өзі де Қазақ радиосының тұрақты авторы болып кеткен еді. Ол кісі шынында да тумысында дайын журналист еді. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі деген куəлігі де болатын. Өздеріңіз білесіздер, ол кезде журналистердің өзі ол одаққа өте алмайтын. Əрбір радиодан берілген, газетте басылған, экраннан көрсетілген хабарлар жөнінде кез келгенімізбен пікір таластырып əңгімелесетін. Ол кісінің əңгімесі бізге тəрбиелік мəні бар ой–толғау деп қабылдайтынбыз. Кейіннен Мақпуза Байзақова «Өнердегі өмір» деген əкесі жайында орыс, қазақ тілдерінде кітап та шығарған болатын. Ол еңбегінде Қазақ театрының тұңғыш əртістері, театрдың тарландары – Қапан Бадыров, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Сəбира Майқанова, Бикен Римова сияқты сүйікті актерлеріміздің шығармашылығы жайында мақалалары да енді. Кейін сол актерлердің өздері де кітап жазып, біздің Исекеңнің қызы Мақпуза бастаған жолмен біз де кітап жазуды ұйғардық деп жүргенін талай естідім де… 1970 жылы Иса Байзақовтың 70 жылдығы тойланар алдында Мақпуза тəтей Павлодар облысының сол кездегі Атқару Комитетінің төрағасы, Кеңестер Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа хат жазып, өзі жазған əкесі туралы кітабын жіберіп, Иса туып-өскен ауылды, сондағы мектепті жəне Ертіс ауданында ақынға арнап ескерткіш ашуын өтінген еді. Махмет аға «Кітапты сүйсініп оқыдым, қолымнан келгенше көмегімді аямаймын», – деп жауап жазды. Оның үстіне осы аудандағы Иса ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген ақын Мүбəрак Жаманбалинов бастаған ауыл азаматтары да осы жұмысқа белсене араласты. Шынын айтсақ, егерде осы жайлы кезінде Исаның қызы бас болмаса, мүмкін ақынның 70 жылдығы аталып өтер ме еді, өтпес пе еді, ол беймəлім. Иə, «Əке көрген оқ жонар» деген осы болар, содан Мақпуза өзінің қалған өміріндегі 20 жылын тек əкесінің шығармашылығын зерттеумен айналысты. Алдағы 80-90 жылдығын атап өту жайлы көп толғанды, жоспар құрды. Мақпуза Исақызы өмірдегідей сахнада да шыншыл, табиғи дарынымен дараланған актриса еді. Қай ролінде болса да, ол кейіпкердің бейнесін жасауда оның ішкі жан дүниесін өзінің жүрегі арқылы қабылдайтын. Менің өз басым Мəкеннің театрдағы ролін алғаш 1968 жылы көрдім. Ол кезде қазіргі Əл-Фараби университетінің екінші курсында оқып жүрген кезім болатын. Атақты Иса мен қазақ сахнасының алғашқы қарлығаштарының бірі болған Шəрбанудан туған актриса Мақпуза қандай дарынды деген ой мазалады. Қозы көрпеш – Баян сұлу трагедиясындағы Баянның рөліндегі образын көрейін деп театрға бардым. Мақпузаны əріптестері еркелетіп «Мəкен» деп атайды екен. Кезінде Исекеңнің өзі еркелетіп қойған ат көрінеді. …Қасымда отырғандар Мақпузаның Баянын көріп «Жақсының бір көзі»

201


ғой, тамаша ойнайды екен деп оның ойынына жақсы баға беріп жатты. Кезінде Исекеңді көрген адамдар болу керек деп топшыладым. Сұм заман сағымдай боп көшіп өткен, Басына бұқараның қайғы шөккен. Түнекте туып-өскен қазақ қызы, Көлдетіп қара көзден жасын төккен, - деген автор сөзі Мəкеннің Баян образымен тұстасып, бізді де ерекше бір сезімге бөледі. Ол сол жолы өзіне жүктелген осы бір жауапты рольді, күрделі міндетті абыроймен орындап шықты. Мақпуза Байзақованың Баяны жастықтың лебі ескен жалынды жас ару, əрбір қимылы ерекше өзіне ғана тəн, лиризмге толы, романтикалық серпінмен шарықтап берілді. Осы образда Мəкен сол замандағы ауыл қызының бейнесін, сөз саптауын, көңіл күйін, жүрек тебіренісін, адал махаббатын көрерменге айнытпай жеткізді. Кейіннен осы Баян образы жайлы, əсіресе Баянның өлетін жерін ерекше толғаныспен жеткіздіңіз, оған не себеп деп сұрағанымда оған би мектебін бітіргенімнің үлкен себебі болды, - деді. Мақпуза Байзақова Мұхтар Əуезов театрына келгенге дейін Москвадағы Луначарский атындағы өнер институтын, оның алдында Алматыдағы хореографиялық училищені бітірген екен. Міне, Баян ролінде осы бидің көмегі болды дегені де осыдан болар. Тағы да шығармашылығы жайында Сəбит Мұқановтың «Шоқан Уəлиханов атты тарихи трагедиясында ол сонау бір өткен қапас, қара түнек заманда Шоқанға адал жар болған қарапайым қазақ қызы Айжанның ролін орындады. Шыңғыс Айтматовтың «Жəмиласында» – Жəмиланың, Əлжаппар Əбішевтің «Кім менің əкем?» спектаклінде басты роль Арманның, Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-айында» – Айсұлудың, Тахауи Ахтановтың «Гүлжанында» - Сəуленің, Зейін Шашкиннің «Ақын жүрегінде» – Нəзипаның, «Қобыланды» қойылымында Қарлығаның, образдары сол кездегі көрермендердің есінде мəңгі сақталған. Кезінде театр зерттеушілері Қадиша Бөкееваның Катеринасы, Сəбира Майқанованың Толғанайы, Шолпан Жандарбекованың Ақтоқтысы десек, «Мақпуза Байзақованың Шоқан Уəлихановтағы Айжаны-ай» деп таңданғанын талай естіп, газеттен де оқыған едік. Кейін Мақпуза (Мəкен) тəтейден Иса ақын мен актриса Шəрбану жайлы талай əңгіме естідім. Соның бірі: Жас кезімде əкемді сирек көрдім. Біз ата-анадан бір ұл, бір қыз болдық. Інім Ертіс менен екі-үш жас кіші болатын. Анамыз дүниеден ерте кетті, 29 жасында. Ол кезде біз мектепте оқып жүретінбіз. Кейін анам қайтыс болғасын, əкеміз бізді Алматыдағы интернатқа берді. Өзі соғыс жылдары танкіге ақша жинаймын, майданға көмектесемін деп гастрольдік сапарларда жүрді. Кейін келе-келе əкеміздің қандай адам болғанын, оның қандай істермен шұғылданғаны халқы үшін қандай қызмет атқарғанын оны көрген адамдардан естідім. Туып-өскен жеріне барып, қариялармен кездесіп, Иса жайлы көп деректер жинадым. Сөйтіп əкемді халыққа, елге танытсам деп Иса жайлы кітап жазатын болдым, – деді.

202


Əкем «Ақбөпе» жырына қосқан туған жері Салқынкөлге барған сайын ақынның жүрген жерлерін есіме түсіремін. Бала кезінде байдың өгізін баққан жотасына бір шығып қайтам. Ол сол бір балалық шағы 13 жасында өмір мағынасын ерте түсініп, өлеңмен былай толғанған екен, сол ауылдағы ақсақалдардың аузынан жазып алып едім деп бір шумақ өлеңді жатқа айтты: Мəз болып жүрмеу керек ішкен асқа, Көз салып байқау керек асыл тасқа. Жастық шақ өтіп жатыр мағынасыз, Біз жүрміз өгіз бағып бостан-босқа –деп тебіреніпті ғой деп Мəкен де бір күрсініп алды. Əкесінің тағы бір қырын айта отырып, мына əңгімені айтып берді. Исекең бар-жоғы 23 жасында туып-өскен ауылында тұңғыш мектеп салдырыпты. Сол мектеп қазір Исекеңнің атында, əзірге сегіз жылдық мектеп қана, дегенмен олар ақынды жыл сайын қайтыс болған 3 қазан күні еске алу кешін ұйымдастырып тұрады, ол дəстүрге айналған, онда əрі Исекең жайлы дайындалған құнды деректер бар, мұражай жұмыс істейді, ондағы оқушылармен жиі хат жазып тұрамын деп мектеп жайлы да жылы лебізін білдірді. Əңгіме арасында қазақта екі ақын жайлы жиі айтады. Қасым мен Иса жақын дос болған, екеуі де үй ала алмай, пəтерсіз жертөледе де тұрыпты дейді, сол шын ба? – дедім. Оны несіне еске түсірейік. Исекең ешқашанда өзінің жеке басының қамын ойламаған. Қасым ақын да сондай болған. Ауырып жатқандағы маған айтқан əңгімесін білгіңіз келсе мынаны жазып алыңыз деді: – «Мені əлі халқым ұмытпайды, сенем, іздейді əлі Исасын» – дегені дəл бүгін айтқандай құлағымда үні тұр. Солай болды да ғой. Күнде əкемді

Иса ақын жəне оның ұлы Ертіс пен қызы Мақпуза

203


«тауда қыран, түзде тоты ертек қып жыр жырлап жүр». Ол орыс жазушылармен де дос болған. Жақын досы Николай Анов кезінде ол жайлы роман жазды, соның желісінде кино қойылды. «Əн қанаты» фильміндегі Мұса Байжанов – Иса Байзақов. Анамыз Шəрбану - Исаның өмірдегі де өнердегі де досы. Əкемнің «Желдірмелеріне» бас иген əнші-күйшілер оның сегіз қырлы, бір сырлы ақындығы мен актерлігіне, композиторлығы мен əншілігіне тəнті ақын жазушылар талай құнды естеліктер жазды, əлі де жазады деп тебірене айтқаны есімде. Иə, Иса ақын өзі айтқандай: «Ойласаң, өткен күнді айтады жыр, Тыңдасаң, естіледі бір терең сыр»,- дегендей, Иса Байзақов жайлы тың естеліктер əлі талай жазылады. Актерлік жолға қалай келдіңіз, сол би мектебін бітіргеннен кейін балерина, биші мамандығын меңгермедіңізбе дегенімде, Менің өз басым ақын, жазушы болсам қайтеді деп бірде əкеме шығарған өлеңдерімді əкеп көрсеттім деп əңгімесін жалғастырды Мақпуза апай. Өлеңдерімді Исекең көріп шықты да, күшеншек ақын болма, өлең дегенің түйдектүйдек тоқтаусыз келіп жатқанда ғана ақын боласың, ал ондай қасиетті тура сезінбей тұрмын, ренжіме, сенің бойыңда, көз жанарыңда бір от бар, анаңа ұқсас қасиеттерің көп, сенен актрисалық өнер шығады, актерлікке бару керек дегесін осы мамандықты таңдадым деп актрисалыққа қалай келгені жайлы айтып берді. Шынында да əке өтінішін өтеу жолында Мəкен көп қиындық көрсе де жалғыз інісі Ертісті оқытамын деп би мектебінде екі жылдай дəріс береді де, інісін Москвадағы Ломоносов атындағы университетке оқуға жібереді. Ал өзі болса інісінен кейін екі жыл өткесін барып Москвадағы Луначарский атындағы өнер институтына оқуға түседі. Кейін жоғары оқу орнын екеуі де қызыл дипломға бітіріп, Алматыға оралады. Ол кезде Исекеңде, Шəрбанудың да жоқ кезі. Жетім өсіп, киындык көрсе де, студенттердің алды болады. Өмірде қарапайым, бауырмал болып, қолдарынан келген көмек көрсетуге дайын тұратын адам ретінде жолдастарының алдында қадірлі болды. Ақынның ұлы да, қызы да өле-өлгенше əкесі Иса ақынның əдебиет өмірінде тарихта өз орнын толық алмағанына қиналды. Бірде осы жайында əңгіме қозғадық. Сонда Мəкен: Исаны халық тек ауыз əдебиетінің өкілі, айтыскер ақын деп қана біледі. Мектеп оқушыларының кітабына да солай деп енгізді. Бірақ əдебиет зерттеушілері де, мен де ол ойға қосылмаймын. Себебі Исекең ауыз əдебиеті мен жазба əдебиетін бітімдестіретін көпір іспетті. Оның үстіне, ол - композитор, талай əңдердің авторы, əнші, актер қазақ театрын алғашқы құрысқан адамдардың бірі. Сондықтан Иса Байзақов - əдебиет пен өнер, тарихты бітімдестірген мəдениет қайраткері. Талай поэмалардың авторы, осы құнды дүниелер мектеп оқулығына əдебиетке енгізілуі керек деген еді. Бұл жайында кезінде заманымыздың ғұлама жазушысы Мұхтар Əуезов те үлкен баға берді емес пе. Кейінгі жазатын романым Иса туралы болады деп бірде мені үйіне шақырып алып айтқан еді деп еске түсірді. Əттең, сол сөзінен кейін бір жыл өтпей, Мұқаң да өмірден өтті. Менің білуімше, Мұхтар Əуезовтің мұражайында ол деректер болар, оның еңбектерін зерт-

204


теп жүрген ғалымдардан білсем деген ойым бар деп еді… Бірде əкем Иса Ертіс екеуімізді интернатқа іздеп келді, үстінде су жаңа костюм, көңілі жарқын, əдеттегіден ерекше болып көрінді. Сөз саптасына қарай асығыс көрінеді. Біздің оқуымызды, хал-жайымызды білгеннен кейін əкеме мен де сұрақ қойдым. Жаңа костюм алғансың ба, жаңа оқу жылы басталып қалды, маған да бір көйлек алып берсең қайтеді дедім. Əй, Мəкеш, түскен қаржының барлығын майданға жіберіп жатқан жоқпын ба, бұл костюм үлкен ағаңдікі, Мұхтар Əуезовтікі, ертең шетелден бір үлкендер келеді деп жатыр, солардың алдында өлең оқимын, қалай барамын, үстімде дені дұрыс костюмім де жоқ дегесін шақыртып алды да, шкафты ашып, таңдағаныңды ал дегені бар емес пе, осы костюмді таңдап алдым да, керосин қатқанда əкелемін деп жүре бердім деп қарқылдап күлді. Шынында да, Мұхтар Əуезов Исекеңді ерекше құрмет тұтатын, қадірлейтін, қандай бір мəдени шаралар болып жатса, алдына жан салмай, бірінші Исекеңді шақыратын. Кейін есейгенде білдім, əкеміз майданға деп көп қаржы салыпты. Сонда біз Ертіс екеуіміз жоқшылықты көріп, қарапайым болып өстік деп сол өткен күндерін еске алды. Исекеңнің қызы Мақпуза Байзақовамен тығыз араласып қана қоймай, ұзақ жылдар кішкентай Мəдиіммен үйлерінде бірге тұрған кездерім де болды. Біз ол кезде Алматыда пəтерде тұратынбыз, жұмысқа екі–үш автобуспен қатынаймын, пəтер ақысы да көп, оның үстіне тұратын үйіміз суық, дымқыл, Мəдиім ауыра берді. Бір күні ұзақ науқастанғасын, Мəкен тəтей Бердібек ағамен бізді тұрған пəтерімізге іздеп келді. Тұрған күйімізді көріп, көзіне жас алды, кішкентай Мəдиді бауырына басып отырып Бердібек ағаға қарады да: Беке, біз ғой екі бөлмеде екеуіміз ештеңе білмей тыныш жатырмыз, мына балалар көгерген үйде, суықта тұрып жатыр, менің əкем Иса, Шəрбану болса өздері пəтерде жүріп талай адамды қолдарында ұстап өнерге баулыған, солардың бірі – СССР халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ана - жер-Анадағы» Толғанайды ойнаған Сəбира Майқанова да болды емес пе? Біз қайырымды да адамгершілігі зор ата-анамыздың осындай қасиетін көре тұра бұл балаларды көгерген суық үйде қалдырып қалай кетеміз, бізбен бірге тұрсыншы деп егіліп жылады. Бердібек аға да - бауырмал адам. Сол күннен бастап 1978 жылға дейін үй алғанша Бердібек аға мен Мақпуза тəтейдің қолында тұрдық. Тəтем спектакльде ойнайтын күні онымен бірге театрға барамын. Мұхтар Əуезов атындағы үлкен-үлкен атақты театр əртістеріне мені сіңлім деп таныстырады. Солардың көбін кезінде «Қазақстан əйелдері» журналы мен «Қазақ радиосына» талай жаздым. Қапан Бадыров, Сəбира Майқанова, Серке Қожамқұлов, Нүкетай Мышпаева, Əйкен Мұсабековалармен талай сұхбаттастым. Мақпуза тəтеймен өнер жайлы, өмір туралы, қайраткерлер жайында талай əңгіме-дүкен кұратынбыз. Үлкенді сыйлау, қонақ күту, бала тəрбиесі жайлы түрлі кеңес беретін. Менің бірінші жолдасыммен дəм-тұз жазбағаннан кейін əйел деген қырық шырақты деп қазіргі жолдасым Беделханды жақсы жігіт, көңілін қайтарма деп ақыл-кеңес беріп, екеуіміздің үй боп кетуімізге де себепші болып еді. Қызымыз Жəмилəнің

205


Мақпуза тəтеммен атын да өзі қойған болатын. Сол жылдары Мəкен тəтемнің талай сомдаған рольдерін көріп, оның бүкіл өмір, өнер жолымен таныстым. Спектакльден үйге келгеннен кейін ол көпке дейін ұйықтай алмай, ойнаған образынан шыға алмай күй кешетін. Талай əңгіме айтып, сыр шертісетінбіз. 1970 жылы Мəкен тəтенің бір кездегі армандаған əкесінің 70 жылдық еске алу мерейтойы да өтті. Ал 80 жылдығы Павлодар қаласында болды, оған ақынның қызы Мақпуза, Алматыдан сол кезде Қытай мемлекетінде елші болған, бүгінде сенатор Қуаныш Сұлтанов, СССР халық əртісі Ермек Серкебаев, белгілі əдебиет зерттеуші ғалым, профессор Мырзатай Жолдасбеков, тағы да басқа шақырылған қонақтар келді. Мен осы салтанатты кешке облыстық партия комитетінің идеология хатшысы Алма Əжібаеваның өтініші бойынша Иса ақының өмірі мен шығармашылығы жайында баяндама дайындадым. Соны Алма Мұқанқызы нақышына келтіре ерекше толғаныспен оқыды. Иса ақынның қызы Мақпузамен бірге Президиумда мен де отырдым, сол күнгі қуанышымда шек болған жоқ еді. Келесі күні Ертіс қаласында Иса ақынның үлкен ескерткіші ашылу рəсіміне қатысып, мен телевидениеге хабар жасадым, ол хабар бүгінде Ертіс қаласының мұражайына тапсырылған. Мақпуза тəте өте бауырмал, ақкөңіл, адамға сенгіш болатын. Бірде үйде екеуіміз болатынбыз, есік шылдыр етті. Мен жүгіріп барып сығалап едім, танымайтын ақ-сары бір адам тұр. Кім деп едім, Ертіс қаласынан келдім деді. Тəтем болса, аш, Ертістен екен ғой деп қуанып кетті. Есікті ашып, ішке енді. Мен аң-таңмын, үстіне кигені ескі шолақ пальто, басында ұсқынсыз тымақ. Ойымды сезе қойды, жаңа поездан түстім, сыртқы киімімді поезда тонап кетті, мына киімді таныстарымнан кидім

206


Мақпуза тəтем мен менің ұлым - Мəди деді. Тəтем төрлет деп жатыр. Өзі газге шай қойды да қонақты ас үйге шақырды. Столда тамақ дайын тұрған. Əлгі жігіт «Казахстанская правда» газетіне мақала əкеліп едім, уақыт болғасын жерлестерімді аралап жүрмін деді. Содан тəтеммен кітап полкасының алдына келіп тоқтады. Тəтем болса қайтадан асханаға жүгірді. Ол залда қалды. Мен сеніңкіремей əлгі бейтаныс адаммен залға келдім, ол бөлмелерді аралап жүр, мен сырттан қарап тұрмын. Содан не керек, тəтем бізді дастарқанға шақырды, алдына бір бөтелке арақ қойды. Жаңағы «қонағымыз» мен Ғалияны сырттай жақсы білемін, оның ұстазының жұбайымын, Ғалияны үнемі шəкіртім деп мақтап отырады деді. Мен сөзге араласпадым. Ертістегілер жайында біраз жаналық айтып, ортақ таныстар жайлы əңгіме қозғады. Біраздан кейін тəтем Ертістен келген «қонақпен» қимай қоштасты да есіктен шығарып салды… Мəкен тəтеме «сіз туралы газетке мақала жазамын, кездескенше күн жақсы» деп қызара бөртіп кете барды. Мен тəтеме бұл не келіс, түсінбедім дедім. Жерлестерін іздеп жүрген бауырмал бір жан болар деп мақтап жатыр... Жарты сағаттан кейін телефон шыр етті. Алма деген менің кластасым. Əлгі жігіт сол үйде қонып шыққан екен. Алдында Райхан Ауталипова деген жерлесіміз біздің туысымыздай болып кеткен, дəрігердің үйінде болыпты – екі үйді де тонап, алтындарын алып кетіпті, сендерге келсе сақ болыңдар деп ескерткені екен, алдында олардан тəтемнің адресін сұраған көрінеді. Ал егер сол күні мен үйде болмасам, ақкөңіл тəтемді де қан қақсатып кетуші

207


еді. Мақпуза тəтемнің адалдығы, өмірге деген көзқарасы, ақкөңілдігі ерекше еді ғой. Сенгіш, бала мінезді болатын. Мақпуза Байзақова педагог та еді. Ол театр студиясында жəне Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институтында би өнері мен актер шеберлігін дайындауға үлес қосып, студенттерге дəріс берді. Шəкірт терінің ішінде ерекше танылған дарындар: Əнуар Молдабеков, Роза Əшірбекова, Есболған Жайсаңбаев, Баян Имашева, Салика Қожақова, Əнуар Боранбаев, Бақыт Жанғалиева, Ғазиза Əбдінəбиевалар бар. Олардың қай-қайсы да кезінде көрермендерді тамсандырған дарынды актерлер болғанын бəріміз де білеміз. Бірақ бүгінде көбі бұл дүниеде жоқ. Иə, актриса Мақпуза Байзақованың өнерге деген бейімділігі, сүйіспеншілігі сол кезде ана сүтімен дарыды десек дұрыс болар еді. Мəкең өнер жолына өзінің тынымсыз еңбегімен келді. Кезінде оның өнер жолындағы еңбегі бағаланды да. «Құрмет белгісі» орденімен, 1971 жылы Мақпуза Байзақова «Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі» деген атаққа ие болды. Оның өмір жолы өзінің сүйікті жары Бердібек Бейсеновпен жалғасты, ол да - Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, Қазақ концерттің белді əншілерінің бірі болған, қазір ол кісі де марқұм, Мақпуза тəтем үш жылға жуық денсаулығының жоқтығынан сал болып жатып қалғанда Бердібек ағаның аялап күткенін өз көзімізбен көрдік. Иə, талай өмір, талай жылдар өтті. Бірақ осы бір əке-ана жолын жалғастырған Мақпуза Байзақованың өнердегі өмір жолы, оның

Беу, қыздар-айдағы Айсұлу ролінде

208


Баян сұлу ролінде

Мақпуза Байзақова

еңбекқорлығы, адалдығы, бауырмалдығы, шыншылдығы əрбір айтқан ақылды, ойлы сөздері, берген тəрбиесі менің өміріме өшпес еңбек, жолыма азық болды десем артық айтпаған болар едім. Бір ғана арманы əкемнің 100 жылдығына жетсем деуші еді, əттең, жете алмады. Дегенмен, Исекеңнің немерелері Құралай, Қырмызы, Жұлдыздар осы бір елі аялап өткен Иса аталарының салтанатын өз көздерімен көрді, елінде болып халықпен қауышты. Ақынның ұрпақтары осыны бүгінгі ұрпаққа паш етіп, дауылпаз ақын Исаның асыл мұраларын ғасырдан-ғасырға жеткізуге бастау жасайды деп алға үмітпен қараймыз. Бүгінде Иса ақынның немересі Құралай Байзақова ғалым, докторлықты қорғап, қазіргі таңда əкесі Ертістің аманатын арқалап, Мəкен тəтесі мен Иса ақынның мұрасын жинақтауда.

209


Даниал Ахметов Мемлекет қайраткері

Халыққа жақын әкім Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Даниал Ахметовпен жұмыс бабында алғаш Екібастұз қаласында тілші болып жүрген кезімде танысқан едім. Ол 1985-1986 жылдары Екібастұз қалалық Атқару комитетінде, ал мен Павлодар облыстық телевидениесінің тілшісі болатынмын. Ол кісімен проблемалық хабарлар дайындау барысында талай кездесіп жүрдім. Отыздан жаңа ғана асқан жас жігіттің бойынан алғырлық пен парасаттылықты қатар ұстайтын ұйымдастырушы, əрі білікті, білімді екенін бірден аңғардым. Екібастұздың аты ол кезде Одаққа əйгілі, дүрілдеп тұрған кез. Қара алтыны мен қуатты энергия көзі, əрі құрылыс алаңындағы ерен жетістіктер кімді болса да қызықтыратын. Республиканың ғана емес, Одақтың түкпір–түкпірінен келген комсомол жастар қаланың өсіп-өркендеуіне, гүлденуі мен көріктенуіне өзіндік үлес қосып, Қазақстанның ең бір тартымды қалаларының бірі ретінде Екібастұздың даңқын арттыра түсті. Міне, осы істің басында жас та болса жасампаздық көрсеткен Дəкең сияқты азаматтар болды. Екібастұздың бар байлығын, тапқан табысын ол кезде мəскеуліктер пайдаланатын. Екібастұз көмір бірлестігінің, Екібастұз ГРЭС-і энергетика орталығының жəне «Шахтастрой», «Энергострой» құрылыс бірлестіктерінің бас директорлары қала, облыс басшыларына бағынбай, тікелей Москвамен хабарласып, тіпті республика басшыларын да мойынсұнбайтын. Ол – ол ма, жергілікті кадрлар жұмысқа орналаса алмай жатқанда, маман кадрлар тікелей Москвадан немесе Ресейдің кез келген жерінен əкелінетін. Міне, осындай қиын кезеңде Дəкеңнің ерекше көзге ілінуі оның өзін-өзі көрсете білгендігінде дер едік. Өзімізде жұмысқа орналаса алмай жүрген маман кадрларға оның талай көмек жасағанын өз көзіммен көрдім. Бұл ісіне сырттай таңданатынмын. Даниал Ахметовтің қазақтың талай білімді де білгір

210


азаматтарының арасынан дараланып шығуы оның еңбекқорлығы мен қайраткерлігінде дер едім. Ол сол жылдары «Екібастұз меридианы», «Тұрғын үй бағдарламасы іс жүзінде», «Бір хаттың ізімен» деген менің проблемалық телебағдарламаларыма талай қатысып, шешімін таппай жатқан мəселелердің басын ашты. Телевизиялық сын хабарларға жауап бере отыра, өз ойын да айтатын: «Жүрмей жатқан жұмысты сынағанда тек сынап қоймай, сол қиындықтан шығатын жолды айтыңыздар. Оған қоса істеліп жатқан жақсы істерді көбірек көрсетсеңіздер, тамаша бастамалар көп туады» - дейтін. Дəкеңнің қарапайымдығы басқа басшылардан ерекше болатын. Мектепті де, институтты да тек орыс тілінде бітірген оған қазақ тілінде телерадиохабарларға бірден тікелей жауап беру оңай болмайтын. Сонда да өз ұлтына, өз ана тіліне деген құрметтен болар, мүмкіндігінше жауап беріп, көңілімізді қайтармайтын. 1985 жылдан 1988 жылға дейін Екібастұз қаласында қоян – қолтық жұмыс істеп, сол жылы облыстық радионың қазақ бөлімін басқаруға қайтадан Павлодарға кеттім. Екі –үш жылдан кейін Даниал Ахметов Екібастұз қаласының əкімі болып тағайындалды. Міне, осындай халыққа жақын, қолынан іс келетін азаматтар ел басқарса, ертеңіміз бүгіннен де нұрлы болар еді деп ішкі сезімімді журналистер қауымына жеткізіп, біздің Дəкең əлі республикаға танымал қайраткер болады деп мақтаныш сезіммен айтатынмын. Ұмытпасам 1995 жыл болар, Даниал Ахметов Елбасының Жарлығымен Павлодар облысының əкімі болып тағайындалды. Мен ол кезде Қазақ радиосының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі болып істейтінмін əрі облыстық телевидениенің «Дидар» жаңалықтар бағдарламасының қазақ бөлімін басқаратынмын. - Дəкең облыс басшысы болып тағайындалды дегенде өз басым қатты қуандым. Өз жұмысын білетін білгір басшымен жұмыс істеу қандай ғанибет десеңізші... Келісімен ол өндірістік аймақтың арнайы экономикалық бағдарламасын жасауды қолға алды. Осыған байланысты келелі бағыттар белгілеп, іс–жоспарларды жүзеге асырудан бастады. Сөйтіп, бір жылдың ішінде макроэкономикалық тұрақтануға, дағдарысқа қарсы шараларды дəйектілікпен жүргізу арқасында инфляцияны 7 есеге дейін төмендетуге қол жеткізді. Бір жылдың ішінде облыстағы өндіріс экономикасы 12,6%-ға көтерілді. Сөйтіп, экономикасы құлдырап кеткен шетел инвесторларына берілген Ақсу ферроқорытпа, мұнай өңдеу, Павлодар алюминий зауыты, Павлодар шина, машина жасау кəсіпорындары өнім өндіруді ұлғайтты. Дəкең келісімен қолға алған Павлодар трактор зауыты ұзаққа созылған дағдарыстан шығып, жылына 6 мыңға жуық трактор шығаруға мүмкіндік жасады. Даниал Ахметовтің тағы бір ерекшелігі - ол қай жұмысты бастаса да, алдымен сол істі ұйымдастыруда қасына журналистерді бірге алып жүреді. Жалпы, БАҚ өкілдеріне үлкен сеніммен қарайды, əрі сын–проблемалар көтеретін журналистерге ерекше көңіл бөледі. Журналистер көтерген мəселенің басын ашып, соған жауап іздеп, істің дұрыс жүруіне шешім

211


қабылдайды. Осыған байланысты бір дəлелді мысал келтірсем, 1995-1996 жылдары Қазақ радиосында меншікті тілші болып жүріп, қаладағы 11-ші телеарнада редактор болып қызмет істедім. Сонда базардағы ет сатудың санитарлық жайы туралы проблема көтердім. Жылқы, сиыр, қой еті мен қатар шошқаның етін қатар қойып сату мұсылман халқы үшін харам екендігін айттым. Сол күні Дəкең телехабардан берілген хабарды естіп, ертеңіне базарға келіп өз көзімен көріп, орталық базардың басшысына наразылығын білдіріп, талап қояды. Міне, содан бері бұл базарда санитарлық тазалық та, етті орналастыру тəртібі де түзелді, бүгінгі күнге дейін осы базарда Дəкеңнің талаптілегі қанағаттандырылып отыр. Дəкеңмен тағы бір кездесуім облыс əкімшілігінде өзінің қабылдауында болды. 1991 жылдары мен Қазақ радиосының осы Павлодар облысындағы меншікті тілшісі болып жүрген кезім еді. Бірде Екібастұздың ГРЭС-1-нен вахтада істейтін бір жұмысшы апай телефон шалды. Ол «халықтың қамын ойлап жүргендердің бірісің, ер болмасаңда ердің ісін атқарып жүрген қазақ қыздарының бірісің, өзіңе сенгенімнен хабарласып тұрмын» деді де, мына жайды хабарлады. ГРЭС-тің басшысының (Щукиннің) рұқсатымен Ресейге бірнеше жеңіл машиналар мен Волгалар жəне құрылыс материалдары вагон–вагон жөнелтілуде, жеке меншік иелерінің атынан. Қазақстанның байлығын шашып жатыр. Республикалық радионың тілшісі болғандықтан хабарлап отырмын, осы бұйымтайымды облыс əкіміне жеткізеді деп ойлаймын, – деді де, телефон трубкасын қойып қойды. Мен ертеңіне таңертең 8 ден 30 минут кеткенде облыс əкімшілігінің алдында Дəкеңді тосып тұрдым. Ол кісі егер маған кіре алмасаң сегіз жарымда жұмысқа келемін, есік алдында тос дейтін. Сол уəде бойынша келген едім. Дəкең мені көріп, өзімен бірге кабинетіне алып келді. Мен мəн-жайды түгел айттым. «Қазіргі қиын жағдайды пайдаланып, халықтың бар байлығын талан – таражға салып жатқандар Қазақстаннан кетіп жатқандар, осыларға бір тосқауыл қоюға болмай ма? Тағы бір үлкен проблема үлкен – үлкен зауыттар мен фабрика кəсіпорындардың аудан басшыларын өз ұлтымыздан қойсақ, елдің мүлкі, бар байлығымыз өз жерімізде қалар еді дедім. Ойланып отырды да, неге болмасын, болады. Бірақ біздің қазақ жігіттерінің көбі жалқау. Бойындағы білімі мен тəжірибесін халық үшін жұмсауға енжарлық көрсетеді. Нарық қиындығын əлі түсінбей жатыр. Бұрынғыдай үкіметке сеніп, қол қусырап отырғандар да бар деді. Осыны елге түсіндіру журналистердің де парызы деп кадр мəселесі туралы біраз мысал келтіріп, өз ойын да ортаға салды. Білмеймін менің ұсынысымның себебі болды ма, кейін біраз басшылар жұмыстан алынды, қазақ азаматтары басшылыққа көптеп келе бастады. Құрметті оқырман, осы кітаптағы естеліктерімде Павлодар облысында қазақ театрын ашу керек деп алғаш проблема көтеріп, соның ашылуына себепші болғанмын деп жазған болатынмын. Театр ашылса да, ұзақ жылдарға дейін спектакль қоятын тұрақты театр үйі болмады. Міне, сол

212


мəселені де шешкен Даниал Ахметов болды. 1996 жылдың күзінде театрдың жаңа маусымының ашылу күні спектакль соңынан кейін 11-ші каналға сұхбат алуға Дəкеңе келдім. Бірден келісімін беріп, сұрағыма жауап бергеннен кейін ол Ғалеке, халің қалай деді. Менің халім сол, Республикалық қазақ радиосының меншікті тілшісі қызметін қысқартуға жатқызды дедім. Сонда Дəкең ерекше толғаныспен: «Сені қызметтен қысқартса жұмысты кім істейді деді». Мен жауап бергенше, іле: сағат 17.00-де маған кел, Алматыға бастығыңа хат жазу керек деді. Кешкі шақырған уақытқа қабылдау бөлмесіне келіп едім, хат дайын екен. Осы хатты Алматыдағы бастықтарына жедел жеткізсін депті Дəкең, содан ол хатты туған жеріне демалысқа келіп жатқан сол жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет істеп жүрген белгілі актриса Шолпан Байғабыловадан Республикалық радионың Бас директоры Данияр Төрехановқа беріп жібердім. Сөйтіп мен өз қызметімде қалатын болдым. Дəкеңнің адам тағдырына өте жауапкершілікпен қарайтынына сол жылы көзім жетті. «Егер сен қызметтен қысқарсаң, жұмысты кім істейді» деген сөзінің астарында оның менің жұмысыма үлкен баға бергенін мен кейін түсіндім. Дəкеңнің тағы бір жақсы қасиеті досқа деген жанының тазалығы. Ол қандай қызметте жүрсе де өзінің бұрынғы достарын ұмытпай, көргенде ерекше сағынышпен қауышатындығы көпке үлгі боларлық. Ал 1999 жылдың қазан айында Даниал Ахметов Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер–Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бірер жұма өтпей-ақ, 1999 жылдың күзінде Көкшетауда Ағынтай мен Қарасай батырлардың кесенесін ашарда мен Қазақ радиосының тілшісі ретінде осы үлкен салтанатты насихаттау үшін республикалық журналистермен іссапарға бардым. Сонда осы салтанатты Дəкең ашты. Жиын соңынан журналистер арасынан мені көріп қалып, сəлем беріп амандасты, Қазақ радиосына ауысқаныңды білемін деп қуанышын жасырмады. Мен соңынан сұхбат алып, ертеңіне Қазақ радиосынан хабар ұйымдастырдым. Бір жылдан кейін ғой деймін, Дəкең Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Премьер-Министрдің орынбасары болып келді. Сөйтіп, қызметіміз тағы бірге жалғасты. Мен арқамды кеңге салып, «Біздің Дəкең» деген мақтаныш сезімде жүрдім. Сол Көкшетаудан келгесін бір жұмадан кейін Дəкеңнің өткізген кезекті мəжілісіне қатыстым. Мəжіліс соңынан журналистер Даниал Ахметовтен интервью аламыз деп бəрі бір бұрышқа жиналып, микрофондарын дайындап жатты. Сол сəтте Дəкең менің жағдайымды сұрап, əрі журналистерге мені таныстырып өтті. «Біз Ғалекеңмен сонау Екібастұз, Павлодарда бірге жұмыс істедік. Мені алғаш қазақша сөйлеткен - осы Ғалекең деп сол жылдарды еске алды. «Хабардан», «Қазақстан -1», «Рахат», «31 канал», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», т.б. толып жатқан БАҚ қызметкерлерінің алдында менің беделімді көтеріп барып журналистердің сұрағына жауап берді. Алдымен ол Қазақстанның əлеуметтік–экономикалық табыстарын бірқатар халықаралық қаржы жəне рейтингтік агенттердің жоғары бағалағанын ерекше атап өткенін айтып берді. Жылдан-жылға оң өзгерістер

213


болуы елімізде кəсіпкерліктің, шағын жəне орта бизнестің ел экономикасына үлес қосуынан, салық жүйесінің қалыптасуы, кəсіпорындардың тығырықтан шығуына байланысты деп түсіндірді. Үкіметтегі мəжілістерге мен Астананың Қазақ радиосының комментаторы ретінде жиі қатысып жүрдім. Дəкең көрген сайын менің жағдайымды сұрап жатады, бірақ ешқашанда шешімін таппай жүрген өз проблемамды айтқан емеспін. Астанаға Қазақ радиосына Алматыдан арнайы бұйрықпен келген журналистердің көбіне бір жыл, тіпті бір ай істегендердің барлығына үй берілді. 35 жылға жуық бір салада, бір жерде жұмыс істеген маған үй бермеді. Оның бір ғана себебі бар, олар алматылықтар да, мен солтүстіктен келген əрі жоғарыда тұрған көкем жоқ, қарапайым журналист, дауыс көтеріп мұңыңды шақсаң, жасың келді деп жұмыстан шығарып тастауы да мүмкін. Келгендердің бəрінде де үй болатын, ілуде біреуінің болмаса. Көбі сол жағдайларын түзеп алсақ деген дəмемен келгендер... Əрине, біздің де жағдайымызды түзегіміз келеді. Нарық заманында бір айлыққа қарап отырған бізге Астанада тұру оңайға түскен жоқ. Қымбатшылық, төмен айлық, бала–шағаны асырау қиын болды. Менің алдымда сонда бір ғана мақсат болды, жазып əкелген хабарларымды қайткенде де тыңдармандарға қызықты, мазмұнды етіп жеткізу. Астананың келбетін өзімнің «Астана жəне астаналықтар» деген хабарымда көрікті əрі тартымды етіп жеткізу міндеті тұрды. Астананың тезірек гүлденуі, əлемге аты аян болуы біздің ғана қолымызда деп аянбай қызмет көрсетуді алдыма міндет еттім. Таңның атысы, күннің батысы, сенбі, жексенбі демей қызмет еттік. Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлынан талай интервью алып, өзім де талай сұрақ қойып, резиденция, үкімет, министрліктердің есігін талай тоздырдым. Талай қолынан іс келетін депутаттарға да, Дəкеңе де үй–жайды айтып мазаларын алған емеспін. Қазір ойласам, Үкіметте Дəкеңмен талай кездесіп жүргенімде осы мұңымды неге айтпадым екен деп ойлаймын. Үй мəселесі жайлы телерадиокорпорациясының бастығы көмектесемін деп уəде берген болатын. Сондықтан еш жерге шағымданған жоқ едім. Осының өзі үлкенді сыйлау, оның алдынан өтпеу, уəде берген екен, соңынан арыздану ұят нəрсе, адамгершілікке жатпайтын қылық деп түсінгендіктен болар. Сөйтіп жүргенде, Астанадағы Қазақ радиосын қалалық Астана радиосына қосып, екі радионың Бас редакторы болып Элмара Раева деген басқаратын болды. Оның алдында Қайрат Мұсақұлов төрт жылға жуық бастық болатын. Онымен істеген күндеріміз төрт күндей өте шыққан. Адамгершілігі зор, жұмысына мығым, білімді əрі кішіпейіл, дарынды журналист болатын, оны Қазақстан – 1 телеарнасына ауыстырды да, жаңағы А.Раева оның орнын ауыстырды. Таңертеңнен айқай басталады, балағат сөздер, біріне–бірін айдап салып, бір ұртынан қан, бір ұртынан май ағызып, өзімізді дел-сал қылды. Көптеген маман журналистер сол кезде жұмыстан кетуге мəжбүр болды. Мені комментаторлықтан алып, координатор етіп қойды. Көңілім толмай, құлазып жүргенмін, Дəкеңнің қабылдау бөлмесіне телефон шалып,

214


кездескім келетінін хабарладым. Бірер сағаттан кейін хабарласыңыз, - деді Валерий Набитовский. Екі сағаттан кейін хабарласып едім, сенбі күні сағат 11-де келсін депті Дəкең. Сенбіге дайындалып жүргенімде, бүгін Елбасы өз резиденциясында мəжіліс өткізеді, редактор жетпей жатыр, сіз барасыз деді бастық. Содан үкіметке бара алмай қалдым. Түстен кейін звондап едім, ешкім телефон алмады. Кейін дүйсенбі күні көмекшісі Ғалымжан Мұстафаұлы Матаевқа телефон соқтым, ол кісі күліп: егер Даниал Ахметов шақырса, Павлодарға барыңыз, ол кісі сонда əкім боп тағайындалды, деді. Мен аң–таңмын. Содан бір ай өтпей Павлодарға жүріп кеттім. Ол кезде облыстың саяси ахуалы төмендеп тұрған кез болатын. Міне, осы сəтте Дəкеңдей елді түсінетін, Павлодардан шыққан жергілікті əрі іскер басшы керек болатын. Сол күні облыс əкіміне кіре алмадым. Облыс əкімінің Баспасөз хатшысы алаңдамай жүре беріңіз, өзім хабарлаймын деп мені шығарып салды. Екі – үш жұмадан кейін Павлодар облыстық радиосына директорлыққа ұсынып отыр деп Дəкеңнің үлкен сенімін жеткізді. Өзімнің бұрын қызмет істеген радиоға келетініме мен қатты қуандым. Себебі 1985-87 жылдары қазақ бөлімін басқарған болатынмын. Өздеріңіз білесіздер, ол жылдары кімге болса да оңай болған жоқ. Барлық өңірде облыстық радиолар жабылып, тек телевидение қалды, ал Республика бойынша Қазақ радиосы ғана жұмыс істеп тұрды. Тіпті елді мекендерге тарап отырған «Шалқар» программасы да жабылды. Елдегілер газет-журналдарға жазыла алмай жүргенде енді радионы мүлде ести алмай қор болды. Осы қиындыққа қарамай, Павлодар облысындағы облыстық радио əкімшілік жанындағы мемлекеттік коммуналды кəсіпорын болып кайта құрылыпты. Тек аты. Бұрынғы бəлен мың сомға жинақталған алтын қордан түк қалмаған. Хабар жазатын пленка болмағандықтан алтын қордағы өнер адамдары жайлы бағдарламалардың бəрін өшіріп, күнделікті хабарларға пайдаланған. Хабар жазатын пленка жоқ. Журналистердің хабар жазып əкелетін репортер-магнитофондары істен шыққан, екі-үш қана репортер болды, оның өзі тозығы жеткен ескі. Студиядағы хабар жазатын радиоаппаратуралар ескі МЭЗ-дер, пульт, микрофондар қазір істеп тұрса, бірер минуттан кейін сөніп қалады. Жөндейін десең қосалқы бөлшектер жоқ. Аппаратулардың бəрі Қазақстан 1 телеарнасыныкі, оның өзін жалға алғанымыз үшін ақша төлейміз. Кабинеттердегі стол-орындық, шкафтардың бəрі солардікі. Радио соңғы бір жылда бюджетке салық төлемеген. Журналистер мен шығармашылық топтың еңбекақысы өте төмен. Шаруашылықпен айналасып қоймай, хабарларды да өзім дайындап хабарға қатыстым. Алматыдан да біраз пленка тасыдым, жаяулап–жалпылап (командировка алуға ақша жоқ). Астанаға барып келемін, музыка -əндерді солардан көшіріп жүрдім. Бұлай жұмысымыз жалғаса берсе көпке созылмайтынын білдім. Содан облыс əкімі Даниял Ахметовке осы жайды айтып, көмек сұрамақ болдым. Бірақ əкімнің Баспасөз хатшысы ол кісіге жібермеді. Бəрін өзім келістіремін, біраз шыда, сенің радиоңнан басқа да жұмыстар жеткілікті деді. Бірде облыс əкімінің мəжілісінен шықканнан кейін Даниял Ахметовтің залдан шығуын тосып тұрдым да, қысқаша бар жайды айттым, радионың

215


бүгінгі күнгі тынысын айтайын десем сізге кіргізбейді – дедім. Содан Дəкең қабылдап, бір күннің ішінде жылдың аяғы болып қалған қарашы айы болатын резервтен 2 миллион 300 мың теңге қаржы бөлгізді. Тезірек техникалық құрал-жабдықтар алу үшін тендер өткізіп, 2002 жылдың аяғында техникамызды жөндеп алдық. 2003 жылдың 19 наурызында республикалық тендерге қатысып, Павлодар бойынша 100.5 ҒМ жиілігін жеңіп алдық. Онда да облыс əкімінің берген рекомендациясы себепкер болған болар деп ойлаймын. ҒМ жиілігін жеңіп келгесін облыс əкімі Даниял Ахметовпен тағы да жолықтым. Сол кездесуімде радионың тек қалаға шығуы біз үшін жеткіліксіз, енді аудандарға да шықсақ, біраз ел тыңдар еді, – деп кездесу кезінде тағыда өз ойымды айттым. Ол кісі уəде берді. Содан мен де қарап отырмай, облысымыздың он ауданы мен екі қаласын радиомен қамтамасыз етуге байланысты техникалық құжаттарымды сұраныспен (заявкамен) бірге ҚР Мəдениет жəне Ақпарат министрлігіне тапсыру үшін Астанаға жүріп кеттім. Ертеңінде облыс əкімі Даниял Ахметов барлық аудандар үшін передатчиктерге 10 миллион қаражат бөлдіргенін ұялы телефон арқылы хабарлады. Мен қуанғанымнан үнсіз қалдым, не айтарымды білмей сасқалақтадым. Содан рахмет айтып, сенім білдіргеніңізге қуаныштымын, тапсырмаңызды қашанда орындаймын деп бүкіл тыңдаушылар атынан алғыс айттым. Міне, Дəкеңнің қарапайымдылығы, журналистерге деген сенімі əрі тындаушылардың талап-тілегін қанағаттандырсам деген ойын осы ісінен сезіндім. Қарапайым болмаса, сол сəтте қуанышын қарапайым журналиске телефон шалып жеткізер ме еді. Тіпті кейбір əкімдер пікірлесіп, сөйлеспек түгіл əзер амандасады ғой. Дəкеңнің қарапайымдылығы, ашық мінезділігі шынында да кез–келген басшының бойынан табылмайды. Облыстық радионы FM жиілігіне шығару үшін көп қиындық кездесті. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне Ақпарат министрлігіне жиілікті алу үшін талай құжат дайындалып, талай рет хат жазылды. Министрліктің есігін тоздырып, басшылардың мазасын алдым. Облыс əкімдігінде жиналыстарда немесе журналистермен кездесулерде Дəкеңе жазған хатымның мəтінін көрсетіп, талай рет жол – жөнекей шешімін таппай жатқан мəселені шешіп алатынмын. Сонда əріптестерім «бұлай тек Балтабай ғана істей алады» деп қалжыңдайтын. Сонда Дəкең бір реніш білдіріп, қарсылық көрсетпейтін. Кейін талай жұмыс бабында кездескен қиындықтарды шеше алмай жүргенімде ол кісінің жоқтығына қиналатынмын. Дəкең Премьер-Министр болып кетер алдында 2003 жылы облыстың 65 жылдығымен қатар келген Павлодар радиосының 65 жылдық мерей тойы болды. Салтанатты жиын алдымен радио ұжымында аталып өтті. Оған қазақтың белгілі ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, мəжіліс депутаты Фариза Оңғарсынова мен бірге бір топ депутаттарды бастап облыс əкімі Даниал Ахметов келді. Облыс əкімі Даниал Ахметов құттықтау сөзінде радионың маңыздылығы жайлы айта келіп, тыңдармандардың талап–тілегін қанағаттандыру мақсатында енді аудандарға радионы таратуға облыс бюджетінен қыруар

216


қаржы бөлінетінін хабарлады соңынан осы салаға еңбек сіңірген бір топ журналистер мен режиссерлерге облыс əкімінің мақтау грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етіліп, радио ұжымына компьютер сыйлады. Əкімнен кейін сөз алған Фариза Оңғарсынова Радио ұжымын құттықтап, ыстық тілегін білдіргеннен кейін былай деді: «Мен жалпы əкімдерді мақтамайтын адаммын. Ал бұл жолы мақтайын деп тұрмын деді. Біріншіден Республикамыздың барлық облыстарында радио жабылғаны қашан, тек бірер қалада жеке меншік радиолар ғана жұмыс істейді. Ал Павлодарда бұл радионың жұмысы жолға қойылғанына қатты қуанып отырмын деді. Идеология жұмысын жақсы жолға қойып отырған Дəкеңе көп рахмет деп ризашылығын білдірді. Бір жұмадан кейін облыс əкімі Даниал Ахметов Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер министрі болып тағайындалды. Облыс халқы үшін үлкен тарихи оқиға болды. Жерлестері Дəкеңмен əкімшіліктің үлкен залында қимай қоштассақ та, жауапкершілігі мол, халықтың қамын ойлайтын, елдің əлеуметтік-экономикасын көтеретін жауапты жұмысына табыс тіледік. Содан кейін кездескенім аяулы анасы Роза апайдың соңғы сапарға шығарып салған күні. Халық көп жиналды. Астанадан, Алматыдан Президент əкімшілігінен, Үкімет үйінен, мəжіліс пен сенат депутаттары, қоғам қайраткерлерінен бастап қарапайым халық Дəкеңнің қайғысына ортақ болды. Бірақ, қасында еріп келгендер болмаса, көпшілік қасына барып көңіл айта алмады. Жұрттан оқшау гараждың ішінде Дəкең теңселіп олай–бұлай жүргенін сырттан қарап тұрмыз. Мен шыдай алмадым. Алды–артыма қарамай, қасына барып көңіл айттым. Дəкең анасын өте қатты сыйлайтын, анасының да баласына деген махаббаты ерекше еді. Роза апайдан журналист ретінде талай интервью алған едім. Енді соның бірер сөзін естеріңізге қаз – қалпында келтірсем. Роза Молдабекова: Төрт баламның ішінде ең үлкенім Гүлнəр дəрігерлік оқуды бітірген, қазір дəрігер боп істейді, одан кейін Гүлнəз деген қызым мұғалім, ол Алматыда. Москвада аспирантураны бітіріп диссертация қорғағанда да бардық, көңілді, тамаша болды. Қазір Əл–Фараби атындағы университетте сабақ береді қазақ тілінен, үлгілі мұғалім. Гүлфаз деген қызым Павлодарда, ол да дəрігер. Даниалым - менің өмірдегі қуанышым. Даниал бала кезінде де тəртіпті болды. Айтқанды тыңдайтын. Қазірде республика көлемінде жақсы танылған, қайраткер, Үкіметте істейді. Тілші: Осы балаларыңызды қалай тəрбиеледіңіз, нендей ерекшелігіңіз бар? Роза Молдабекова: Тəрбиелегенде енді көпшілікпен бірге тəрбиеледім, артық сөз болған жоқ бізде. Дұрыс тəрбиелеп, дұрыс сөйлеп, дұрыс жүруге, ақылды болуға үйреттім. Соның бəрін балалар зейіндеріне тоқыды. Мен балаларыма ризамын. Тілші: Соғыс кезінде жалпы халық үшін қиын кезең болды, осы кезде балаларға тəрбие беру қиындығын туғызған жоқ па? Роза Молдабекова: Балалардың əкесі, жеңгесі, бəріміз өте тату-тəтті ғұмыр кештік. Осы татулықтың арқасында балалар да тату-тəтті болды.

217


Осы күнге дейін олар бірін-бірі сыйлап келеді. Тілші: Ал апай, келініңіз жайлы айта кетсеңіз... Роза Молдабекова: Менің келінім Қойшыбай деген кісінің қызы. Ол 10 жылдық мектептің мұғалімі болды. Даниалым басқа қыздарға қырындап жүргенде сен басқа қыздарға барма, ешқандай қыз іздеме, маған тек қана Гүлияны əкеп бер дедім. Аналық тілегімді орындады. Қазір міне жақсы отбасы болды. Бір ұл, бір қыз тəрбиелеп отыр. Екі баласы да жоғары оқу орындарында оқиды. Даниалыма ризамын. Баламның облыста ғана емес, Республика көлемінде де жетістіктері бар. Ол ақылды, кішкентайынан солай өсті. Балалармен ойнаған кезде ешкімге артық ауыз сөз айтпа деп үнемі ескертіп отыратынмын. Даниалым осы айтқанымның бəрін орындады, балама қатты ризамын. Осы ризашылығымды қалай жеткізерімді білмеймін. Үлкен–үлкен трибуналардан Даниалым сөз сөйлеп, елдің қамын жеп, Қазақстанның өсіп -өркенденуіне, оның гүлденуіне, экономикасының қарқынды жүруіне үлес қосып жатқанына қатты қуанамын, - деген еді Дəкеңнің анасы Роза апай Павлодар облыстық радиосына берген сұхбатында. Міне, ананың баласына деген ризашылығы осындай... Ал 2005 жылдың 6 қазанында Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрі Даниал Кенжетайұлы Ахметов үш күндік жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Премьер-Министр ұшақпен Ақсу ферроқорытпа зауытына ат басын тіреді. Облыс əкімі Қайрат Нұрпейісов, Ақсу қаласының əкімі Елубай Оразалинов бастаған Ферроқорытпа зауытының директорымен бірге бүкіл республикалық ақпарат көздерінің тілшілері жəне Павлодар облысының газеттер мен телеарналар басшыларымен бірге мен де тұрдым. Автокөліктен түскен Премьер-Министр айналасын қоршап алғандармен басын шұлғып амандасып, журналистер тұрған жаққа қарады. Маған қолын созып сəлем берді де, Ғалеке, халың қалай, радиоң сөйлеп тұр ма деді. Мен таң–тамаша болып, халіміз жақсы, радио сайрап тұр дедім. Зауытты аралап жүріп, арасында мені сөзге тартып, біраз тілдесуге, интервью алуға мүмкіндік жасады. Туған жеріне келіп, көзі таныс, біраз жылдар қызметтес болған адамдарды көріп толқығанын біздің əрқайсымыз түсіндік. Дəкең толқып тұрып: Мен бұл зауытқа келген сайын қуанышқа бөленемін. Өйткені, бұл өнеркəсіп орнының тарихы, даму жолы менің көз алдымда өтті. Əр келген сайын, қымбатты жерлестерім, осындағы үлкен өзгерістердің, зор табыстардың болып жатқанын аңғарамын. Ақсу ферроқорытпа зауытымен бүкіл Қазақстан мақтанады. Бұл кəсіпорында еліміздің ең үздік деген металлургтері жұмыс істейді. Олар Республикамыздың абыройы мен даңқын асырып отыр деді. Елбасының биылғы Жолдауынын негізгі бағыттарына тоқталып, оның ел болашағына айқын бастау екенін баса айтты. Жылдан–жылға еліміздің экономикасы өркендеп, халықтың тұрмысы жақсарып келе жатқанына тоқталды. Дəкең облыс əкімі болып жүргенде əр сенбі сайын журналистермен қаланы аралайтын. Керекуді қайткенде де Астанадан кейінгі қалаға айналдырамыз деп армандайтын. Асыл ойын журналистерге ерекше жеткізетін.

218


Сосын бізге бүгін сенбі екен ғой, бəрі демалып жатыр, сендер де демалыңдар деп рұқсат беретін. Қазір ойлап қарасам, осының өзі бір тарих екен. Біздің Елбасымыз - Алланың сүйген құлы. Халықты басқару үшін өзі таңдап алған ел басқарушы. Елін қадірлеп, халқын жанындай сүйген президентіміз Дəкеңе үлкен сеніммен қарап, соңынан ертуі, ұлан–ғайыр істі басқаруға жол ашқаны тегін емес деп ойлаймын. Ылайым солай болғай. Жұлдызың жанып, халқына қамқор бола бер дейміз!

Туған жерін ерекше құрмет тұтады - Ертіс-Баян өңірінен небір айтулы азаматтар шыққан. Туған жері, елі, халқы үшін қызмет етіп, облыстың тарихи өмірі мен мəдениетіне ерекше із қалдырған, аттары алтын əріппен жазылып қалған қайраткерлеріміз баршылық. Солардың бірі – аймақтың айшықтануына өзіндік қолтаңбасын қалдырған, кезінде Екібастұз қаласының əкімі, Павлодар облысының əкімі, тіпті Премьер-Министр қызметінде басшылықта болған мемлекет жəне қоғам қайраткері, бүгінде Шығыс Қазақстан облысын басқарып отырған Даниал Ахметовті айтуға болады. Ол - кезінде біздің Павлодар облыстық мұсылман əйелдері қоғамының аяғынан тік тұрып кетуіне өзіндік үлес қосқан азамат. «Туған жерге деген махаббат кез келген адамның бойында бар. Бірақ оны əркім өзінше сезінеді. Иə, шыр етіп жерге түскен, осы жерден білім нəрі мен тəрбие алған адам, туып-өскен жерін қашанда аялап өтері анық. Міне, сондықтан да болар, Даниал Кенжетайұлы да - туған жерінің мəдениеті мен салт-дəстүрлеріне айрықша іңкəрлікпен, керемет сүйіспеншілікпен қарап, туған елінің өркендей түсуіне ерекше көңіл бөлген жан. Өз басым талай парасатты тұлғаның осындай игі істерінің куəсі болған едім. Соның бірі - кезінде үлкен дау туғызған, тіпті ұлтшылдық өршіп тұрған кезде Дəкең ерлік жасап, үйсіз тентіреп жүрген əртістеріміз бен көрермен халыққа орталықтан ойып тұрып қарашаңырақ қазақ театрына шаһар алып беруі. Тағы бірі - республика бойынша барлық облыстарда радио жабылып қалып жатқанда, алдына барған менің облысымызға радио қажет деп барған бір өтінішім бойынша Павлодар облысының депутаттары алдында осы мəселені көтеріп, радиоға қыруар қаржы бөлгізіп, облыстық радионы сақтап қалған еді. Ал басқа облыстардың əкімдері радиоларын сақтап қалмақ түгіл, радионың ертең халыққа керек екенін ойлаған да жоқ еді. Ал енді оның мен білетін үшінші бір ерлігі - біздің Павлодар облыстық мұсылман əйелдер лигасын өзі тікелей атсалысып, Қазақстан халқы ассамблеясы құрамына енгізіп, əйелдер қоғамын облыста тағы да сақтап қалғандығы еді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Даниал Ахметовтің сол кездегі іскерлігі бүгінде мақтауға əрі мақтануға тұратын мағыналы да өнегелі тарихи сəттер деп білемін. Республикалық мұсылман əйелдер қоғамы барлық облыстарда əртүрлі себептермен жабылып қалса, біздің өңірде əйелдер лигасы облыстың

219


қоғамдық өміріне етене араласып отырған бірден-бір үлкен ұжым болды. Бұл - Дəкеңнің аналарға берген сыйы, аналар алдындағы тағзым-құрметі деп түсінсек те болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген мəселелер қоғамды рухани дамуға бастайтын маңызды қадам болып табылады, - деді емес пе? Міне, осыны кезінде біздің жерлесіміз, мақтан тұтар азаматымыз Даниал Ахметов сол кездердің өзінде іс жүзіне асырған екен. Тағы бір айтар ой, Зара Қабдешқызы өмірден өткенде, Павлодар облыстық Жүсіпбек Аймауытов атындағы драма театры алдында ақтық сапарына шығарып салу рəсіміне Даниал Ахметов қызмет бабымен қатыса алмаса да, сонау Шығыс Қазақстан облысынан арнайы көңіл айту телеграммасын жіберуі оның азаматтық парызы мен Зара апамызға деген ерекше сүйіспеншілігі мен құрметі деп түсінеміз. Зара апамыз да кезінде Даниал Ахметов жайлы қашан да жылы сөздерін айтып отыратын: Біздің Дəкең - іскер, білімді, парасатты, ұйымдастыра білетін білікті басшы деп мақтайтын. Оның мұсылман əйелдер қоғамына талай көмек жасауы Даниал Кежетайұлының əке көрген, анасын сыйлаған азаматтың ісі деп зор баға беретін. Біз де Павлодар облысының аналар қауымы елінің егемендігімен қатар келген мұсылман əйелдері қоғамының құрылуына жол ашып, əрі оны осы күнге дейін сақтап қалған мемлекет қайраткері, халқына жақын əкім Даниал Ахметовке алғысымызды білдіре отырып, оның халқына жасап жатқан үлкен жауапты істеріне табыс тілейміз. Тұғыры биік ел қалаулысы болып жүре беруіне тілекшіміз! Иə, бүгінде Даниал Ахметов бастаған бұл игі істі одан кейінгі облыс əкімдері де сабақтап, ақ жаулықты аналарға үнемі қолдау көрсетуде. Ылайым солай болғай!

220


Қапиза Әбуғалиева Қазақстанның əншісі

Әнші Майраның заңды мұрагері – Қапиза Әбуғалиева Əн өнерін асқақтатқан əншілердің бірі - біздің жерлесіміз Қапиза Əбуғалиева. Оның айтуынша, қазақ халқында екінің бірі əн айтуға бейім. Ол - халқымыздың қанына сіңген, табиғат берген қасиет. Бірақ əнді орындау шеберлігі, жүрекке жақын етіп жеткізу, əнді сезіну, ерекше сазбен, мəнерлеп айту екінің бірінің қолынан келе бермейді, – дейді Қапиза Əбуғалиева. Халықтың сүйікті əншісі болу үшін көп еңбектену қажет, əннің шыққан тарихын жүрек елегінен өткізіп, оны тамаша, жүрекпен орындай білсек қана нағыз əнші деген атаққа ие боласың дейді бізбен əңгімесінде. Қапиза Əбдуғалиевамен мен Республикалық Қазақ Радиосында істеп жүрген жылы жақын таныстым. Кейін Павлодарға қызмет бабымен кеткенде де жұбымызды жазған емеспіз. Ол кісі туған жері Ертіске келе қалса, жол-жөнекей біздің үйге соқпай кетпейтін. Əдебиетке өте əуес еді. Ақын, жазушылар, əншілер мен əртістер жайлы көп сұхбаттасатынбыз. Менің телеарнадағы, радиодағы хабарларыма қатысып, талай мазмұнды да мағыналы ой толғаған. Қапиза Əбуғалиеваның əн өнеріндегі өмірі, творчестволық ізденіс жолдары, белгілі əнші, Қазақстанның халық қаһарманы, Қазақстан жəне СССР халық əртісі Роза Тəжібайқызы Бағлановамен тығыз байланысты. Екеуі қызметтес болып қана қоймай, сырлас та мұңдас дос болған. Қапиза əнші жайлы кезінде мен Роза Бағлановамен арнайы кездесіп сұрағанымда: – Өнер жолы қиын ғой, – дейді Роза Бағланова. Менің достарым да, дұшпандарым да көп болды. Атақ алдыртпаймыз деп кедергі жасағандармен Қапиза Əбуғалиқызы қатты күресті. Қапиза Əбуғалиевамен 48 жыл бойы жұбымызды жазбай келе жатырмыз. Ол да, мен де əншілік жолымызды осы Қазақконцерттен бастағанбыз. Оның əншілігі - табиғат берген қасиет, құдай бере салған дара дауыс. Қапизаның əнін алғаш естігенімде ерекше

221


таңдандым... ... Бір күні Қазақконцертке келе жатыр едім, алыстан құйқылжыта салған əн естілді, тоқтадым, ұзақ тыңдадым, бір кезде үнсіздік болды. Бір кезде қайта басталды. Ғажап дауыс. Үні құлақтан кетер емес. Оның дауысында ерекше бір үн, тембр бар. Ол көптеген əншілерде кездесе бермейді, – дейді сандуғаш əншіміз, елдің еркесі əрі сүйіктісі Роза Бағланова. Əншінің бағын жандырып, оны тыңдарманға танытатын - тамаша шырқалған əн. Халық арасында, бүгінде қыздар арасында аккардеонмен əн айтатындар бірен–саран. Себебі музыка үнімен əнді сəйкестендіріп айту үлкен шеберлікті талап етеді. Міне, осы қасиетті əрі орындаушылық шеберлікті бойына дарытқан Қапиза Əбуғалиева бүкіл шығармашылық жолында халықтың сүйікті əншісі атанды. Оның шырқаған əндері жүрек сезімін дөп басып, тамаша бір күй кешесің. Əсіресе Майра шырқаған əндерді шебер орындайды. Қапиза Əбуғалиева табиғаты тамаша Кереку өңірінің Железинка ауданындағы қайыңды орманды мекенді ауылда өмірге келген. Туа біткен дарын, əнге деген құштарлық оның бойына жас кезінен қалыптасады. Кішкентай кезінде ата–анасымен бірге жүріп той–думандарда əн айтып, əнші Майраның сіңлісі атанады. Əкесі Əбуғали да қызының өлең айтуға ерекше қабілетін сезіп, ауылға өнер адамдары келе қалса, Қапизасын бірге ертіп апарып, сəті түссе əнші – жыршыларды үйіне əкеліп халықты жинайды екен. Онысы - кішкентай қызының өнерге деген жолын ашу. Кезінде Майра туралы, оның əншілігі жайында көп естігендіктен болар, Қапиза Майрадай əнші болсам деп армандайды. Мектепті де зерек оқиды. Қапиза Əбуғалиева əнші болуды ерте жастан армандаған. Павлодар облысының Ертіс ауданындағы номері 2-ші қазақ орта мектебін тəмамдап, Павлодар қаласындағы педучилищені бір жылдың ішінде үздік бітіреді. Екі сыныпты бір жылда тəмамдап, 15 жасында Алматыдағы педагогикалық институтқа ерекше қабілеттілігіне қарай емтихансыз қабылданады. Студенттік шағындағы бос уақыттарында концерттерге барып, салтанатты мерекелерде əн айтып, студенттер арасында танымал бола бастайды. Оқуды тəмамдағаннан кейін Қазақконцертке əнші болып қабылданып, өзі құрметті демалысқа шыққанша бір орында осы ұжымда əнші болады, əрі Қазақконцерттің партия ұйымын басқарады. Бірде атақты актриса Құрманбек Жандарбековтің жан жолдасы, театр актрисасы, би өнерінің падишасы, атақты биші Шара Жиенқұлованың шақыруымен Қапиза Əбуғалиеваны оған алып келеді. Қапизаға əн айтқызады, би билетеді. Жалпы, өнерін тамашалайды. Сол кездесу жайында Шара Жиенқұлова көзі тірісінде былай деп еді: – Қапизаның басқа əншілерден ерекшелігі - ол үш туды бірге ұстаған əнші. Əншілік өмірімен бірге отбасы тірлігін ұстаса, ана болып бала тəрбиеледі. Оның əн өнеріндегі өмірі, өнері басқалардан ерекше, əріптестері қызығып, қызғана қарайтын, деген еді атақты биші. Шара апайымыз айтқандай, өнер жолында үш туды бірдей ұстаған ол өнер жолы мен отбасының күйбеңі жəне бала тəрбиелеуді қатар ұстаған. Қапиза Əбуғалиева өмірлік жолдасы, күйші–сазгер, домбырашы Мұхамед

222


Елемесовпен концерттік сапарда бірге жүріп, кішкентай Бауыржаны мен Гүлмайрасымен ел аралап, талай концерт берген. Қапиза Əбуғалиеваның орындауындағы əндер қашанда тыңдарманды тамаша нұрға бөлеп, сол əннің сырына қанық етеді. Əннің керемет құдыретін сезінесің. Өнер жолы - қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін құбылыс. Мұхамед Елемесов пен Қапиза Əбуғалиева өнер сапарына бірге шығып жүрді. Қапиза көбіне күйші сазгер Мұхамед Елемесовтің əндерін тамылжытып шырқайтын. Қапизаның тамаша, ашық дауысын көрермендер сағына тосатын. Оның концерті болады дегенде билет болмай қала ма деп ауылдастары тағатсыздана күтеді екен. Соңынан «Шіркін – ай, Қапизаның шырқаған əндері – ай, осы күнге дейін құлағымызда сыңғырлап тұр», - деп еске алады оны білетіндер. Иə, əнші үшін тыңдаушы мен көрерменнің ыстық ықыласынан басқа не қажет. Одан асқан абырой бар ма? Кезінде Қапиза Əбуғалиеваның жоғары əншілік шеберлігін аңғарған Мəдениет министрі Өзбекəлі Жəнібеков тума таланттарды бағалай білуіміз керек деп Қапиза Əбуғалиеваны Үнді еліне концерттік сапармен жіберіпті. Үнді халқын өз өнерімен тамсантқан Қапиза Əбуғалиеваның концертін тамашалаған Үндінің премьер министрі Джавахрлар Неру қатты риза болып, ерекше құрмет көрсетіп «Майраның заңды мұрагеріне» ерекше сыйлық жасаған екен. Қапиза Əбуғалиеваның өмірлік жолдасы Мұхамед Елемесовпен ол университетте оқып жүргенде танысқан. Қапиза əншінің ата-анасы жалғыз қыздарын жыраққа жалғыз жібермейміз деген оймен олар да Алматыға бірге көшіп келеді. Мұхамед аға Қапиза тəтейге бір көргеннен ғашық болады. Мұхамед Елемесов те - өнер адамы. Ұлы Отан соғысының ардагері, күйші – композитор Ахмет Жұбановтың шəкірті, еңбекқор, дарынды азамат. Жастайынан көрген қиыншылығын жеңе білген, кішіге қамқор болатын адам, - деп ол жайында Қапиза апай жақсы тілегін білдірген еді əңгіме арасында. Шынында да, қыршындай жастың өнерге деген құштарлығы болар, ата –анасымен қиын болса да Қапиза Алматыға бірге келіп, өнер жолын қууы Мұхамед ағаға ерекше əсер еткен болар. Содан Қапиза тəтейге көңілін білдіріп, сүйетіндігінің белгісі ретінде кəрі ата–анасымен бірге тұрамыз деп уəде береді. Ата-анасы өмірінің соңына дейін олармен бірге болады. Мұхамед аға мен Қапиза тəтей ата-аналары соңғы өмірмен қоштасарда оларды арулап қойып, балалық қарыздарын өтегенде сондағы кəрі–жас риза болып, баталарын берген еді. Өнер жолындағы қуаныштарын бір бөлісіп, қиындықтарын бірге жеңіп, сіз-біз деген сыйластықпен, бірге 60 жылдан астам өмір сүрді. Мұхамед Елемесов жары Қапиза Əбуғалиеваға арнап «Менің гүлім», т.б. əндерін шығарып, өзінің сүйіспеншілігін білдірді. Бұл күнде осы əндерді Қапиза Əбуғалиеваның өзі орындайды. Иə, Қапиза Əбуғалиеваның əн өміріндегі қалдырған ізі ерекше. Ол орындаған «Махаббат вальсі», «Бипыл», «Көктем вальсі», «Майра», «Гүлдəурен», «Соловушка», «Ертісім», ұйғыр, үнді тіліндегі əндері тыңдарманның жүрегінен жылы орын тапқан. Қапиза Əбуғалиева əн қанатында өзінің өнерімен бүкіл Кеңестер одағының тыңдармандарын

223


таңдандырып, Үнді, Қытай, Моңғол елдеріндегі көрермендердің ілтипатына ие болды. 1958 жылы Мəскеуде өткен Қазақстанның əдебиет жəне өнер онкүндігінде Кремль сахнасында əн шырқады. Ертістен ұшқан əнші ұлттық өнерді дамытудағы зор еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақстан Кеңестер Социалистік республикасының құрмет грамотасымен марапатталды. Қапиза Əбуғалиева кезінде елі еркелеткен, халқы сүйген əнші болды. Оның жұртшылықты сүйсіндіріп орындаған талай əндері осы күнге дейін көз алдымызда, дауысы құлағымызда жатталып қалды. Əттең, əттең өмір... Бүгінде қандай дарындар өмірден өтіп жатса, ертең тағы бір тума талант əншілер өмірге келіп жатады. Бүгінгі Қапизалар басқаларға орын берсе, екінші Майралар өнер жолын қуып, халқын қуантып жатады... Иə, əнші Майраның, Қапизалардың мұрагерлері қазақ даласында көбейе берсін!

224


Ерсайын Тәпенов Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ерекең жеткен биік белестер Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі театр режиссері Ерсайын Тəпеновтің есімін мен ертеректе естігенмін. Ол Москвада оқып жүріп студент жастарға бас болған Мұхтар Əуезовтің ұлы Мұрат Əуезовпен бірге тəуелсіздігімізді аңсап, «Жас тұлпар» ұйымына қатысқан екен. Мен бұл жастар жайлы Алматыда КазГУ-де оқып жүрген кезімнен білетінмін. Ал Ерсайын Қандержанұлы мені Алматыдан берілген «Павлодарда қазақ театры өртенсе де, қазақ өнері өртенген жоқ» деген хабарым арқылы біліпті. Осы театр жайлы менің хабарымды көргеннен кейін өзі Павлодарға келіп, басшылар жағымен кездесіп, егер облыстарыңызда театр ашыла қалса, сіздердің театрларыңа келер едім деп қолқа салыпты. Шынында да, кейін осы театрға сұранып келгеннен кейін ол қаншама жұмыс атқарды. Театр ашу үшін қаншама қиындықтар болды. Ерсайын Тəпенов - соның бəріне шыдап, театрдың аяғынан тұрып кетуіне ерен еңбек сіңірген қайраткер. Театрдың ашылуы сол кезде металлургтердің мəдениет сарайында өтті. Тұсаукесер рəсіміне Алматыдан СССР халық əртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, режиссер Əзірбайжан Мəмбетов, Қазақстанның халық əртісі Кəукен Кенжетаев, белгілі театр сыншысы Əшірбек Сығаев, Қазақстанның халық əртісі, белгілі киноактер Асанəлі Əшімов сынды өнер қайраткерлері келіп, қуаныштарын бөлісті. Одан кейін сөз алған Кəукен Кенжетаев ағамыз: – «Бұл тамаша қуанышты салтанатқа бос келгенім жоқ. Өзім оқытқан бір топ өнерлі жастарды осы театрға ала келдім. Басында баспанасы болмаса да, театрдың ашылып отырғанына қайран қалам. Ерсайын Тəпеновке рахмет, қиындыққа мойымай, осы театрға өзі сұранып келгеніне. Театр ұжымына шығармашылық табыс тілеймін» – деді. Шынында да, театр ашылғаннан кейін бірнеше жыл Павлодар облыстық театры əр жерде жүрді. Ерекеңнің əртістермен бірге біраз уақыт аудан, ауыл тұрғындарына өнер көрсетеміз деп айлап гастрольде жүрген кездері де

225


болды. Осының бəрі өнерге деген құрмет, өнерге деген сүйіспеншіліктен туған еңбек еді. Павлодар облыстық Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ театрының іргетасын қалап, алғашқылардың бірі болып келген əртістердің есімін ерекше айтуға болады. Олар - Қазақстан республикасына еңбегі сіңген əртіс бүгінде театр директоры Мұхтар Манапов, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Роза Тəжібаева, Сейітжан Тəжібаев, Құрманғазы Айтмурзаев, Бейбіт Шəнім, Талжібек Атамбек, Бақытбек Иманғожаев пен Сапаргүл Құлдаулетова, Сансызбай Бекболатов, Алма Бекболатова, Мұхтар Байжұманов, Бахаркүл Құрбановалар еді. Кейін театр труппасына қосылған Қазақстанның еңбек сіңірген əртістері Шолпан Байғабылова мен Жанат Чайкиналар болды. Бүгінде олар - спектакльдерде басты рольдерде ойнап жүрген театр саңлақтары. Ал осы актерлердің басын қосып, əрі əртістің ішкі жан дүниесін түсіну ол тек режиссердің еншісінде. Сахна өнері үнемі ізденіс үстінде. Ол өлшеусіз еңбек. Спектакльдің алға қойған мақсатын, оның тақырыбын ашу - режиссерді міндеті. Режиссер сахна ойынын əртістер арқылы көрермен жүрегіне жеткізіп қана қоймай, əрбір образдың бейнесін дөп басу үшін сол бейненің қыры мен сырын өзі сезіне отырып актерлердің жүрегіне ұялатады. Осындай ішкі жан дүниеңді тебірентетін қайбір драматургиялық шығарманы биік белеске ол үнемі көтеріп келді. Ерсайын Тəпеновтің «Айман-Шолпан», «Заманақыр», «Абылайхан», «Ақан сері-Ақтоқты», «Король Лир», «Шағала», «Еңлік-Кебек», «Майра», «Медея», т.б. қойылымдары - оның театр өнеріндегі жеткен жетістіктері. Семей полигонының зардабын көрсететін «Заманақыр» трагедиясы Ерекеңнің қажырлы ізденісі мен зор еңбегінің жемісі, ішкі толғанысынан туған жанкешті туындысы дер едік. Осы жерде тағы бір шегініс жасай кетсек. Айтайын дегенім, кезінде ай сайын демейін, тоқсанына бір осы блыстық қазақ театры жайлы «Сахна» деген хабар дайындап тұрдым. Театрдың жеке баспанасының жоқтығы жайлы да жиі айтып, жаңалықтардан сыни сюжеттер де беріп жүрдім. Бірде қазақ театрына «Октябрь» кинотеатрын беретін болды деп қуанышты хабарды облыстық телеарнадан айтып та жібердік. Сол-ақ екен, орыс ағайындарымыз кино театрды тартып алатын болыпты деп реніштерін білдірсе, менің телеарнадағы бір əріптесім арнайы дайындалған əдеби бір хабарында «Кому то горе, кому то радость» деп маған қарсылық білдіріп хабар дайындады. Содан тағы үнсіздік, театр үйсіз қалды, əртістеріміз жер-жерде тентіреп жүрді. Сондағы біздің ішкі сезімімізді түсінсеңіздер, кірерге жер таппай қиналдық. Əйтеуір ұзаққа созылар ма еді, егер облысқа Даниал Ахметов əкім болып келмесе, қайдам. Бір күні Дəкең қазақ театрына Алюминий зауытынан мəдениет үйі берілетін болды деп хабарлағанда қалай қуанғанымызды білсеңіздер, сөйтіп көптен күткен бұл жаңалық халқымыздың үлкен қуанышына айналды... Театрдың өрлеу кезеңі 1995 жыл еді, - деп Ерекең есіне алады. Сол

226


жылы олар Каирге халықаралық өнер фестиваліне шақырылған болатын. Шет мемлекетке жалғыз өнер жалаң болады деп облыс əкімі Даниал Ахметов тағы да қолдау көрсетті. Шетелде емін-еркін жүру үшін қаржылай көмек берді. Театр əртістері бұл сапардан жүлделі оралды. Театр ұжымы жыл сайын ізденіс үстінде. Мəскеу, Петербург, Жезқазған, Шымкент, Жамбыл, Астана, т.б. қалалардағы фестивальдерге театр күндеріне қатысып келеді. Шынында да, өнер сапары – театр үшін үлкен серпіліс. Олар өз өнерлерін көрсету арқылы, басқа театрдың да өнерлерін көріп шындалды. Ғабит Мүсіреповтің туған жері Қызылжарда жазушының 150 жылдығына Павлодар театры «Ақан сері-Ақтоқты» спектаклі мен Көкшетауда өткен Хан Кененің 2000 жылдығына «Қыз Жібек» қойылымдарымен барып, ондағы көрермендердің де зор ілтипатына бөленіп қайтты. Ал көршілес Ресейдің Омбы қаласындағы өткен мəдениет күндері естен кетпес сəтті əрі мазмұнды – мағыналы өнер сапары болды деп еске алады облыстық Мəдениет басқармасының бастығы Айым Мүкəрəмқызы Қанафина. Ғұлама тарихшылар айтқандай, «Есім ханның ескі жолы», «Касым ханның қасқа жолы», «Абылай ханның ақ жолы» деген асыл сөздерін есте сақтап, Ерекең үш жүздің басын қосқан Абылай хан жайлы қойылымды қойып шықты. Осы спектакльді Ресейде тұратын қазақ бауырларымыз өте жылы қарсы алды. Тіпті соңғы күні көрермен халық залда «Абылай хан» деп айқайлап, тік тұрып алыпты. Еліне, туған халқына оң жол тілеген Абылайхан бейнесін сомдаған əртіске жəне спектакльді қойған режиссер Ерсайын Тəпеновке омбылықтар зор алғыс білдірді. Шынында да, Абылайхан ролін Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Мұхтар Манапов өте тамаша сомдап шыққан еді. Кезінде Павлодар театрында актерлер мектебі толысып, классикалық өнер қалыптасты. Бірнеше толқын актерлер шыңдалып, талай қойылымдар, сан түрлі бейнелер жасалды. Бүгінде Жүсіпбек Аймауытов атындағы театрдың репертуарында 40–тан астам қойылым бар. Сол сияқты мұнда симфониялық оркестр жұмыс істейді. Көптеген əртістердің əн айтуға бейімі бар. Опералық – эстрадалық сазбен əнді тамаша орындайтын Бейбіт Шəнім, Талжібек Атамбек, Мұхтар Байжұманов, Құрманғазы Айтмұрзаев, Гүлжан Қайырбекова, Еркін Жанайхан, Доскен Ұябай, Гүлмира Саймасаевалар сегіз қырлы, бір сырлы өнер саңлақтары дейміз. «Əке көрген оқ жанар» демекші, белгілі əнші Байғабыл Жылқыбаевтың қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Шолпан Байғабылованың Павлодар театрына келуі үлкен серпіліс əкелді. Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Жанат Чайкина өте дарынды актрисалардың бірі. Керекуліктер оны «Ақын махаббатындағы», «Күзеуде», «Шағала» спектакліндегі басты рольдері арқылы біледі. Бұл - көрермендерді ерекше толғандырған бейнелер. Осы бір театрды еске алсам, оның профессионал дəрежедегі тұңғыш режиссері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының өнер қайраткері, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері Ерсайын Қандержанұлы Тəпеновтің еңбегін есіме аламын. – Өздеріңіз білесіздер, актер дегеніңіз - сезімтал, қиялшыл, ақкөңіл жан.

227


Тіпті, жас бала сияқты. Олардың ішкі жан дүниесін түсіну, оның ойынан шығу, құдай берген қабілет, дарын көзін ашу үшін еңбектенуің керек» – дейді Ерсайын Тəпенов. Иə, бұл - режиссердің міндеті. Ерекең өз бойына осы қасиеті жинақтаған. Бүкіл өмірін, өнер жолын осы театр жолына арнаған еңбекқор режиссер. Ерекең бірде мына бір жайды айтты. Театрға əр кез таң атып тұрғанда кіремін, күні бойы, кешкілік дайындықта боламын, үйге қайтқанда түн. Кей күндері далада, түзде, үйде тіпті не болып жатқанын білмейтін кезім де болады, – дейді Ерсайын Қандержанұлы. Иə, Ерекең өнер жолына тек келген жоқ. Жас кезінен қазақтың бай мұрасын бойына жинақтап, соны халыққа қалай жеткізсем деген арманның жетегінде жүріп ұзақ ізденіспен режиссерлікке келді. Ол көп оқыды, ізденді. Орыс классикасының, қазақтың зиялы қауым өкілдерінің, Ұлы Абайдың шығармалары жайлы көп айтады. Əртістеріне де сол шығармалар жайында көп оқыңдар деп талап қояды. Ерсайын Тəпенов бүгінде елордамыз Астанада өнер институтында ұлағатты ұстаз. Өзінің қызмет жолында Мұхтар Əуезовтің «АйманШолпан», «Дос - Бедел дос», Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» («Махаббат туралы поэма» деген атпен), Е.Брусиловский мен Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Бейімбет Майлиннің «Шұға», Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік - бөрік астында», Тахауи Ахтановтың «Махаббат мұңы», «Күшік күйеу», Əкім Таразидің «Жақсы кісі», Дулат Исабековтің «Əпке», Олжас Сүлейменов пен Баққожа Мұқайдың «Заманақыр», Мұхтар Шахановтың «Отырар дастаны», Маман Байсеркеұлының «Кене хан» шығармаларын сахнаға шығарды. Сондайақ, Н.Гогольдің «Yйлену», А.Чеховтың «Шағала», Еврипидтің «Медея», У.Шекспирдің «Асауға тұсау», «Король Лир» жəне басқа да авторлардың туындыларын көрерменге ұсынды. Ерекеңнің өнер жолындағы биік тұлғасы, ерекше дарын қабілеті уақыт өткен сайын рухтанып, биіктей бермек! Ойы терең Ерсайын Қандержанұлы - ұлттық өнеріміздің кейбір жарқын көріністерін, халқымыздың өшпес мұрасы мен тарихын терең түсінетін ұлтжанды азамат. Онымен пікірлес болғанымды мақтан тұтамын.

228


Алма Әжібаева Павлодар облыстық партия комитетінің 3-ші хатшысы

Өзінен гөрі өзгелерді ойлаған 1983 жылы Алматыдан Павлодар облыстық телерадиокомпаниясына қызметке ауысқанымда Алма Мұқанқызы Əжібаеваны жұмыс бабында, əртүрлі үлкен мəжілістерде, мəдени шараларда көріп жүрдім. Бірақ, қарапайым редакторға облыстық партия комитетінің хатшысымен кездесіп əңгімелесудің сəті түспеген еді. Дегенмен, радиодан телевидениеге ауысқан 1985 жылы тозығы жеткен облыстық балалар ауруханасының проблемасын көтермек болдым. Сол жылдардағы телеоператор Ахметов Тоқтармен хабарға сюжет дайындап жүрген сəтімізде коридордың төбесі алдымызға құлап түскені бар, саспақ түгіл, қорқып қалдық, бірер секунд кешіксек, төбе біздің үстімізге құлаушы еді. Содан киноға қосымша, фотоға да бірнеше көрініс жасап, ертеңіне облыстық телевидениенің жаңалықтар бағдарламасынан көрсетіп, алдағы проблемаларды сын материалдар арқылы бердік. Сол түнде облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы Мұрат Мұсабеков үйге телефон шалды. Ертең сағат 9-да фотоларды алып облыстық партия комитетіне бар деді де, тағы не бүлдіріп жүрсің? деп ескерту де жасап қойды. Сөйтсем, бұл жаңалықтардан өткен облыстық балалар ауруханасы жайлы сюжетті Алма Мұқанқызы бюрода мəселе етіп көтеретін болыпты, фотолар соған керек екен. Осы сын хабардан кейін облыста балалар ауруханасын салуға қаржы бөлінді, Усолка шағын ауданында облыстық балалар ауруханасы салынды. 1988 жылы Екібастұздың нөмірі екінші қазақ мектебін кеңейту немесе жаңа мектеп салу жайында тағы да облыстық телевидение арқылы үлкен мəселе көтеріп, кейіннен Алматыда өткен Республикалық журналистер съезінде сөз сөйлеп, қазақ мектебінің жайын, бүгінгі таңда ата-аналар жаппай балаларын ана тіліндегі мектепке беріп жатқанын, ал біздің облыста саусақпен санарлық екі-үш мектеп бар екенін айттым. Содан бүкіл республикалық басылымдар - сол кездегі «Социалистік Қазахстан», «Лениншіл жас», «Қазақстан мұғалімі» газетінің журналистері келіп, осы мəселені бірге көтерді. Менің сын мақалама Алма Мұқанқызы

229


Əжібаева тағы да газет арқылы жауап беріп, Екібастұзда жаңа мектеп салынатынын хабарлады. 1988 жылы Республикалық телевидениеден «Қазақ театры өртенсе де, өнері өртенген жоқ қой...» деген айдармен Павлодарға қазақтың облыстық театры керек деген тақырыпқа жарты сағаттық хабар дайындадым. Осы кезде Алма Мұқанқызы іштей құптай қоймай, тікелей іске кіріседі... Театр ашылғанға дейін қаншама қиындықтар болды, басында баспана болмай əртістер əр жерде тентіреп жүргенде де бірнеше сын хабар дайындадым. Бірде бір мəжілісте «Ғалияжан, мен сені қатты түсінемін, қолдаймын, бірақ мына алпауыттарды көндіру қиын, кішкене шыдайық» - деді Алма Мұқанқызы (осы сөзі əлі есімде.) 1986 жылдың ызғары кетпей, ұлт мəселесін көтерсең «ұлтшыл» деген атақ жамылатын кезде Алма Əжібаева театр мəселесін қойып, облыстық партия комитетінің хатшысы Мещеряковқа бірнеше рет айтып көндіргенін кейін білдік. Бəрінен де ұтымдысы - Колбиннің айтқанынан шыға алмай жүрген Мещеряковты көндіріп қана қоймай, су жаңа «Волганы» театрға тарту жасатуы қандай азаматтық еді. Алма Мұқанқызы білдіртпей жүріп, көп мəселені тындыратын. Облыстық партия комитетінің хатшысы қызметінде істеп жүрген кезінде оның қаншама беделі болса да, кездескен қиындықтары да көп болды. Біріншіден, əйел деген аты болса, екіншіден, «қазақ» қой деген сауал тұрды. Бірақ, сөйте жүре қала мен ауылдарда қаншама қазақтың қыз-келіншектерін идеология хатшылығына жəне атқарушы комитет төрағасының орынбасарлығына бекіттіріп, олардың өсуіне жол ашып отырды. 1990 жылы Иса Байзақовтың 90 жылдығы облыстық, республикалық дəрежеде кеңінен аталып өтетін болды. Осыған байланысты Алма Мұқанқызы мені облыстық партия комитетіне шақыртты. Ол кезде не мəселемен шақыртқанын білмеймін ғой. Жүрексіндім. Себебі президиумда отырған сəттерде бақылағаным бір қалыпты, бет-пішіні суық, жүзі ойлы, талабы зор, осыны сезінген адам онымен тіл табыса алмайтындай көрінетін. Неге шақырды деген мен, алдында отырмын... Иса Байзақов туралы телехабар дайындау керек, соны өзің қолға алсаң қайтеді. Алматыға, Ташкентке барып кел деді. Бастықтар мені жібере ме, олардың өздері де барғысы келетін болар дедім. - Жоқ, саған тапсырам. Көп бағдарламанды көріп жүрмін. Өткір сын-сюжеттеріңді айтпағанда, əдеби-музыкалық хабарларың бір төбе, - деді. Жүрексініп келгенмін -сын хабарлардың көбі Алма Мұқанқызы Əжібаеваның саласы бойынша болғандықтан маған ренішті шығар, мүмкін сенің сыныңнан тойдым, қоймайсың ба, деп ескерту алармын деген ойым су сепкендей басылды. Алма Мұқанқызына алғысымды білдірдім. Иса атамның аруағы риза болып, Мəкен тəтемнің (Иса Байзақовтың қызы Мақпуза тəтейдің тапсырмасы орындалады деген ойымды айтып, қуанышымды жеткіздім. Содан кейін қызметім жайында сұрады. Кейін білдім, облыстық радиода Бас редактордың орынбасарының орны босағанда Мұрат Мұсабекұлы Абдрахманов сол орынға мені тағайындады. Дегенмен, ол орынға үміткерлер

230


көп болатын. Мүмкін, менің бұл қызметке келуіме Алма Мұқанқызының көмегі де болған шығар. Мүмкін еңбегімді бағалаған болар. Ол жұмбақ, себебі Алма Мұқанқызы біреуге жақсылық жасаса «мен жасадым», «менің арқамда» деген сөздерді ешқашанда айтпайтын. Он жыл қатарынан облыстық идеология хатшысы болған Алма Мұқанқызы Кеңестер одағы тарағанға дейін Моңғолияда шетелдер мен достық жəне мəдени байланыстар жұмысын жүргізу мақсатында қызметте болып, кейін елге оралды. Бір күні біздің үйге телефон шалды. Мен таңтамаша болдым, əрі қуанып кеттім. Моңғолия қазақтарының проблемасын көтеруімді сұрады. Содан бері етене араласып кеттім. 1993 жылы облыстық телевизия жəне радио хабарлары компаниясының төрайымы болып қызметке ауысты. Мен ол кезде Республикалық Қазақ радиосының осы облыстағы меншікті тілшісі болып істейтінмін. Біз бір топ журналистер жаңа қызметімен құттықтап кіріп шықтық. Соңында маған бірер минутқа қалсаң қайтеді деп алып қалды. Тілші болу жауапты да ауыр жұмыс, дегенмен біздің облыстық телевидениеге де керек едің, егер республика рұқсат берсе, қосымша Жаңалықтар редакциясының қазақ бөлімін басқарсаң қайтеді деді. Ол кезде орыс бөлімін Тамара Васильевна Карандашова басқаратын. Шынын айту керек, ол кісімен мен көп жағдайда келісе алмайтынмын. Əсіресе ұлт мəселесіне келгенде. Бірнеше рет ұлтымызға тиетін хабарлар да дайындап жүрді, сонда көбі айта алмай іштен тынғанда, мен қарсы тұратынмын. Осыны сезген Алма Мұқанқызы қызбалыққа салмай ақырын-ақырын бұл мəселені де шешуге болады деп ақыл айтты. Дегенмен, мені Алма Мұқанқызы көндірді. Бірде Үмітжан Сəдуова екеуіміз оператор, бірде режиссер болып жүрген журналистика факультетін бітірген Марат Ибраевты (бүгінде облыстық телерадиокорпорациясының директоры) редактор етіп ауыстыратын кез жетті деп ұсыныс жасадық. Дұрыс екен деді. Оның əкесі де үлкен басшы болған, шыққан тегі теген емес, – деді. Содан мені жəне Тамара Карандашованы шақырып, Марат Ибраевты жаңалыққа редактор етіп алайық деді. Тамара Васильевна жоқ, оның қолынан келмейді дегені. Мен болсам, келеді, бір ай тексеріп көрейік дедім. Төрайымға қарсы келе алмады. Сөйтіп Марат Ибраевтың жолы ашылды. Бүгінде ол - үлкен сенімді ақтап жүрген азаматтардың бірі. 1997 жылы Астананың құрылуына байланысты Қазақ радиосының, Қазақстан телерадиокорпорациясының филиалы Ақмола қаласында ашылуына байланысты облыстағы меншікті тілшілердің орны қысқартылатын болды. Мені Елордаға Республикалық Қазақ радиосына комментатор қызметіне қабылдады. Астанаға бірінші болып ат басын тіреген жылы менің өмірімде ең қиын кезең басталды. Жаңа орын, əрі жанұядағы қиын кезеңдер еңсемді қатты түсірді. Тіпті жұма сайын Ақмоладан Павлодарға келген кезім болды. Достарымды да, туған-туысқандарымды да көрмей, өз-өзімен болған сəтте Алма Мұқанқызы қасымда болды. Үлкен басымен кіші адамның тағдырына араласты. Менімен бірге қайғырып, бірге жылады. Мен Астанадан келетін күні үйлерінде бір той. Таңғы сағат алтыдан кет-

231


кенде поездан түсем, келсем, дастарқан жаюлы, Əлкен аға екеуі мені тосып отырады. Əлкен аға балажан, ақжарқын, қолы ашық, қушыкеш адам болатын. Ғалия келді, енді қарнымыз бір тоятын болды деп əзілдейтін. Алма Мұқанқызы үлкен-үлкен қызметтерде істесе де өте қарапайым тұратын. Басындағы үйінен басқа ауыз толтырып айтатын ештеңесі жоқ. Астында не автокөлігі, не үйі бар саяжай болмаған. Бір киер киімі, жайылған ақ дастарқаны ғана болды. Баласы Данатты да солай тəрбиеледі. Бала болып еркелеп те өскен жоқ. Алма Мұқанқызының беделі тура жолмен, адал еңбегімен жүргенінің арқасында дер едік. Облыстың мəдени өмірінің қалыптасуына, əлуметтік мəселелерді шешудегі ерен еңбегін облыс жұртшылығы біледі, оның бəрін бір мақалада айтып жеткізу мүмкін емес.

Алма Мұқанқызы Дінмұхамед Қонаевты қарсы алуда Алма Мұқанқызының тағы бір ерекшелігі - досы да, дұшпаны туралы да жаман айтпайтын. Кейбір келіспейтін адамдар туралы да ол тек жақсы жақтарын ғана айтатын еді. Мен 1993 жылдан тапжылмастан қасында бірге жүрдім. Қатты төсек тартып ауырып жатқанда да ол өзгерместен бір қалыпта кетті. Немерелері Жарас пен Аңсарды, жалғыз інісі Шəкеннің баласы мен қыздарын қатты еркелететін, олардың титтей жетістіктеріне балаша қуанатын. Тату-тəтті бауыр болып араласып жүруіне жағдай жасайтын. Келіндері Сəуле мен Гуляның қуаныштары мен реніштерін бірге бөлісетін, оларға келін деп емес, балаларым деп қарайтын. Жалпы, Алма Мұқанқызы үлкен-үлкен трибуналарда сөйлеп, жоғарыда жүрсе де, өзінің кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен, жанашырлығымен көзге түсетін.

232


Телевидениеге басшы болып келгенінде көптеген жастардың үйсізкүйсіз жүргенін көргенде қатты қиналып, қалай көмек берерін білмеді. 10 жанұяға кредит арқылы үй əпергенінің куəсі болдық. 1993 жылдары теледидар, тоңазытқыш, жалпы, үй жиһаздарын ала алмай жүрдік. Сонда талай редакторларға компанияның үлесінен кредит арқылы үй тұрмысына керекті заттарды алып беріп, оларға жағдай жасады. Соны бірер айдан кейін естігенде Алма Мұқанқызы мен де осындай үй тұрмысына қажетті заттарға зəрумін, маған неге көмектеспедіңіз дегенімде: сөз болады, сен - менің досым əрі сіңлімсің, соны қайтесің деген-ді. Маған болмаса, ұлым да осында қызмет істейді, соған неге əпермедіңіз деп пендешілік жасағанда, ол жас редактор алары əлі алда ғой деп жауап берді. Міне, Алма Мұқанқызының сыбайластыққа жол бермегені осыдан болар. Иə, жақсының жақсылығын айтсаң тауыса аласың ба, Алма Мұқанқызымен он жыл қатарынан аралас-құралас болған жылдарды еске алсам айтар сыр көп. Соның бірі - 2003 жылдың 16 мамырында өткен Алма Əжібаевамен болған қоштасу сағаты. Ол естеріңізде болар, Павлодар қалалық мəдениет сарайында өткен. Үлкені бар, жасы бар қанша мың адам жиналды. Оның ұзақ жылдардағы басшылық қызметіндегі халыққа білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет жəне спорт, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарының өркендеуіне зор үлес қосқанын облыс əкімінің орынбасары Ырысты Мағауияқызы Жұмабекова ерекше атап өтті. Бір нəрсеге көңілім толмайды, облысымыздың 65 жылдығына арнайы дайындалған Павлодар өңірінің энциклопедиясында Алма Мұқанқызы Əжібаеваның есімі аталмағанына таң қалдым. Тіпті, кеше ғана еңбек жолын бастаған, есімін əлі жұрт тани қоймаған адамдардың кітапқа кіруі тамыр-таныстық арқасында болар, осы жерде «Өзі жоқтың көзі жоқ» деген мақал тегін айтылмаған болар деп ойладым.

2003жыл, Павлодар. Фариза Оңғарсынова 2-ші Республикалық ақындар мүшəйрасына келгенде

233


Иə, жылдар өткен сайын, адам есейеді, артына қарайлайды. Оның тарихта орны бар деген сөзді таразыға салады. Осындайда артына із қалдырып, еліне, халқына қызмет еткен ұлағатты, қайраткер адамдардың өнегелі ісін бүгінгі ұрпаққа жеткізіп отырса, ертеңіміз бүгіннен де нұрлы болар еді. Иə, Алма Мұқанқызын бүгін еске ала отырып, оның адами қасиетін, үлкен жүректігі мен парасаттылығын жеткізу менің парызым деп ойладым.

Жыр падишасы Фаризаның жүрегінің жылуын-ай! Журналистік қызметімнің 42 жылға жуық кезеңінде халыққа жақын проблемалық тақырыптарды көтергенімде талай қиын жағдайларға кездесіп, соңыма түскен адамдар да болды. Сол сəттерде Фариза ақынның өлеңдерін оқып, көңілімді басататынмын. Өзіме-өзім қайрат беріп, онымен іштей сырласатынмын. Фариза Оңғарсынованың «Жабығу» деген өлеңін қайта-қайта оқып, көзіме жас алып, жан-жүйемді босататынмын. Сол өлеңге сіздер де көз жүгіртіңіздерші: Билігі барды батыр ғып, Ақшасы барды ақын ғып, Жарамсақтарды жақын ғып, Жолы жазықты жаттық қып Өтуде күндер, жалықтым. Сұмдығы көпті сұңқар ғып, Тұяғы барды тұлпар ғып, Ұяты барды ұлтан ғып, Марқасқаларды мылқау ғып Барады заман, жабықтым. Шешімі жоқты шешен ғып, Көңілшектерді көсеу ғып, Еркелегенді есер ғып Қай көшке ерді біздің ел, Жүдетті жанды күзгі жел, - деген өлең жолдары дəл мен сияқты айналадағы жүгенсіздіктен жапа шеккендерге арналған өлең еді. Фариза ақынмен іштей жақын болғаныммен, онымен кездесу сəті түспеді. Ол Алматыда, мен Павлодарда қызметте болдым. Ақынмен тек сырттай өлеңдері арқылы сырласатын едім. 1997 жылы Елорда Сарыарқаның солтүстігіндегі Ақмолаға ауысады деген кезде Қазақ радиосының облыстардағы меншікті тілшілер бөлімі жабыла бастады. Мен соңғы он жылда Павлодар облысы бойынша осы Республикалық радионың тілшісі қызметін атқарған едім. Сол жылдары бүкіл Бұқаралық ақпарат құралдарында қысқарту жүріп жатқан кез. Содан Қазақ радиосының Бас директоры Төрехан Даниярмен телефон арқылы сөйлестім, менің қызметім не болады деп. Үй береміз деп айта алмаймыз, мүмкіндігіңіз болса, Ақмолаға барасыз, басқа əріптестеріңіз келгенше осы

234


штатыңызбен Ақмола облыстық радиосында қызмет істей тұрасыз, жарты ставкамен деді. Мен Ақмолаға көшуге дайындалдым. Бұл 1997 жылдың тамыз айы болатын. Содан жарты айдан кейін, 1998 жылдың 1 қаңтарына таман Алматыдан арнайы жасақталған менің əріптестерім де келді. 1998 жылдың жаз айында Елорданың орталығындағы Конгресс-холда екі-үш күнге созылған ақындар айтысы болып жатты. Радионың 7-8 килограмм салмағы бар репортерін ұстап, үзіліс кезінде ақын-жазушылардан интервью алып жүргенмін. Ақын Нұрғожа Оразбен сұхбаттасып, енді орнымнан тұра бергенімде, ту сыртымнан келіп арқамды қағып: «Ғалия Балтабай» деген осы сен емес пе, десі бар ма? Қарасам, елдің сүйікті ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынова. Ол кісінің бірбеткейлігі, ұнамаса тура айтып тастайтын мінезі бар деп еститінмін, шынымды айтсам, алғашқыда не дерімді білмей, аңтарылып тұрып қалдым. - Иə, - дедім, сəл бөгеліп барып. Ал өзім болсам, менің радиодағы хабарларыма сын айтпақшы болар деп ойлап тұрмын... - О, айналайын, Ғалия! Сенімен кеңірек отырып сөлесейін деп едім. Парламентке бір келіп кетсең қайтеді деді. «Таңғы алтыда сенің «Астанадан сөйлеп тұрмыз» - деген үніңмен оянамын, ал түнгі сағат он екідегі «Қайырлы түн» деген үніңмен ұйқыға кетемін», - деді. Ал мен болсам, рахмет, рахмет деп басымды изей беріппін, іштей оның осы жылы сөздеріне қуанып тұрмын... Өлең патшасы, жыр дүлділі, халықтың сүйікті ақыны Фариза Оңғарсыновамен кездескеніме қатты қуандым.Талай жыл кездесуді армандап жүрген кездесуімнің сəтті болғанына қуандым. Сөйтіп, сол күні ақындар айтысы жайлы Фариза ақыннан интервью алып радиоға олжалы оралдым. Кейін ол кісімен талай рет Парламент мінберінен радиоға жазып алып, ана мен бала тақырыбына, зейнеткерлердің зейнет жасы туралы проблемалық тақырыптар аясында хабар дайындадым. Қазақ радиосынан, Павлодар радиосынан да ол жайлы арнайы шығармашылық бағдарламалар жүргізіп, алтын қорға ол жайлы құнды дүниелерді жазып та қойдым. Онымен болған əрбір кездесулерде аңғарғаным, Фариза ақын бірбеткей, турашыл, қашанда шындық үшін күресетін, халыққа жақын, елдің мұңмұқтажына көмектесетін қайраткер ретінде таныдым. Кабинетіне келе қалсам, оның есік алдында кезек күтіп отырған адамдарды көретінмін. Əркім өз проблемасымен келетін. Соны Фариза апай қашанда шешіп беруге тырысатын. 1999 жылдың желтоқсанында Үкіметте кеңейтілген мəжіліс болды. Оған президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев қатысып, баяндама жасады. Алдағы 2000 жылдың тарихи жыл екенін айтып, Қазақстан тəуелсіздігінің 10 жылдығы салтанатты түрде аталып өтетінін хабарлады. Осыған əрбір ұжым, əрбір мекеме, кəсіпорындар, бүкіл ел болып атсалысу керек деді. Əр мекеме осы айтулы датаға арнайы бағдарлама дайындап, өз үлесін қосу міндеті тұрғанын қадағалап айтты. Маған Елбасының осы сөзі қатты əсер етті. Мен сол күннен бастап

235


Қазақ радиосының Астанадағы бюросы қандай есте қаларлықтай ісшара өткізе алады деп толғандым. Ойлап-ойлап келе, ел тəуелсіздігінің 10 жылдығына лайық «Қазақстаным - қарашаңырағым» атты республикалық ақындардың радиомүшəйрасын өткізсек деп ойладым. Осы ұсынысымды Фариза ақынға жеткізуге асықтым. Оны қолдайтын үлкен бір адам қажет қой. Фариза Оңғарсынова бірден бұл ойымды құп алды. - Бұл жақсы ұсыныс екен. Кейінгі жылдары жазба ақындарының өлеңдерін баспаханаларда басып шығару қиындап кетті. Бұл бастамаң - осы шара ұйымдастырыла қалса, азын-аулық болса да ақындарымызға бір серпіліс болар еді, - деп Фариза ақын қуанышын жасырмады, балаша қуанды. Парламенттен келісімен бірден Қазақ радиосының Астанадағы филиалының сол кездегі директоры Қайрат Мұсақұловқа ұсынысымды айтып едім, ол да бастамамды қолдап, бірден Алматыдағы Қазақ радиосының Бас директоры Төрехан Даниярға хабарласты. Ол кісі егер де радиомүшəйра жүлдегерлеріне беретін сыйақыны, оған демеушілерді өзі тапса өткізе берсін деп келісімін беріпті. Содан радиомүшəйраның өткізу жоспарын, радиодан берілетін хабарландырудың тексін дайындап, мүшəйраның мақсатын айтып, Елордадағы қалалық əкімшілік пен осындағы екі ауданның əкімшілігіне, қалалық Мəдениет басқармасына, өзімнің туған өлкем, Павлодар облысының əкімшіліктері мен Мəдениет басқармасына қаржылай көмек сұрап, хат түсірдім. Сөйтіп, алғашқы ұйымдастыру жұмыстары басталып та кетті. Қазылар алқасының мүшелерін де анықтадық. Ұлықбек Есдəулет, Серік Тұрғынбеков, жас ақындардан Айбатыр Сейтақты, Қазақ радиосының астанадағы филиалының директоры Қайрат Мұсақұлов, Ақмола қалалық Мəдениет басқармасының бастығы Ермек Аманшаевтарды қосып, қазылар алқасының төрағасы етіп Фариза Оңғарсынованы тағайындадық. Ерекше бір тоқталатыным, мен осы өзім бастаған мүшəйра өтпей қала ма деп, шырылдап қаражат іздеп жүргенімді көрген Фариза ақын да қатты толқыды. Өзі де жан-жаққа телефон шалып, демеушілер іздей бастады. Уақыты өте тығыз болса да, осындай үлкен адамның менімен бірге демеуші іздеуі оның ақындарға деген жанашырлығы деп түсіндім. Өнер үшін жанын салуы оның өлеңге деген құрметі деп ойладым. Қазірде өткізіліп жатқан əртүрлі байқаулардан қазылар алқасы шапан киіп, қыруар ақша тауып жатқанын білеміз ғой. Ал Фариза Оңғарсынова болса, қанатымен су сепкен қарлығаштай, ақындарға қаражат іздеп, менімен бірге шырылдады. Осы бір жайды мен өмір бойы есімде сақтап қалдым. Бүгінде ақынның осы бір асыл қасиеттерін пір тұтамын. Əңгімемді одан əрі тағы ақындар мүшəйрасына байланысты жалғастырсам, Республикамыздың облыстарындағы барлық Мəдениет басқармаларына хат жазып, жергілікті өңірдегі ақындардың осы жыр мүшəйрасына қатыстыруын өтініп, хат та жібердік. Бір айдың ішінде ақындардан 500-ге жуық өлеңдер келіп түсті. Үш айдың ішінде оның

236


саны 1000-ға жетті. Бір ерекшелігі, осы радиомүшəйраға атағы бар белгілі ақындар да қатысты. Аманжол Шамкенов, Өтеген Күмісбаев, Дүйсенбек Қанатбаев, Зейнолла Тілеужанов сынды жырсүйер қауымға белгілі ақындар. Радиомүшəйраны өткізер алдында қиыншылықтар да болды. Демеуші боламыз дегендер дер кезінде көмек бере алмады. Алыстан келген жеңімпаздарға арнайы дастархан жасап күтіп алу үшін де біраз қаражат керек еді. Осының бəрін өз мойнына Факеңнің кезінде жақсы араласып жүрген қыздарының бірі, Астана қалалық əкімшілігі жанындағы сауда департаментінің бастығы Гүлфайруз Қабденқызы Қасымова алды. Осы шараға Астана қаласы əкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Нығматуллин кəсіпкерлерді тартып, қаржылай көмек бөлгізді. Сол кездегі Сарыарқа ауданы əкімінің орынбасары, қазірде ҚР-ның мəжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы, кезінде Астана қалалық мəдениет басқармасының бастығы болған Ермек Аманшаев, Павлодар облысы, Ертіс ауданының əкімі /сол кездегі/ Рымтай Шөкеевтер қаржылай көмек жасады. Сөйтіп күздің бір тамаша, ашық күнінде Тəуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған «Қазақстаным - қарашаңырағым» ақындар мүшəйрасының қорытындысы да шықты. Салтанатты кеш Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында өтті. Алматыдан Қазақ радиосының сол кездегі Бас директорының орынбасары Құдиярбек Ағыбаев келді. Бұл жырмүшəйрасының қорытындысына Елордадағы бүкіл ақпарат құралдары қатысты. Республикалық газеттерге жазылып, телеарналарда көрсетілді. Бас жүлдені қарағандылық ақын Базар Мамыр, бірінші орынды Алматыдан Қазақ радиосының редакторы, ақын Дүйсенбек Қанатбаев, екінші орын атыраулық Ғайса Сейтаққа, үшінші орынды Анар Шамшиденовалар иемденген болатын. Осы салтанатты кеште Фариза апай өзі бас болып, бұл мүшəйраның мəн маңызына тоқталып, жақсы баға берді. 2001 жылы мен демалысқа кеткенде осындай мүшəйраны Қазақ радиосы тағы өткіземіз деп байқауды ұйымдастыруды басқа редакторға берген екен. Бір жыл бойы шуылдап-шуылдап, радиодан күнде жарнама, хабарлама бергенімен, ешқандай нəтиже шықпай, жыл аяғында республикалық ақындар мүшəйрасы өтпей қалды. Сонда Фариза апай он адам жүріп, бір Ғалияға тұрмады ғой деп ренжіген болатын. Бұл сөзі маған берген үлкен бағасы екен, қазір ойлап отырсам. Иə, алдыңа атқарар үлкен бастама қойсаң, оны қайткенде орындау міндет... Бір жыл бойы ақындардан жиналған 700-ге жуық өлең Қазақ радиосының архивінде шаң басып бір бұрышта қалғаны менің жанымды жегідей жеді сол жылдары. Осы шақта Фариза ақының «Күйзелу» деген өлең шумақтары есіме түскен еді: Қадіріңді білмес ортада, Қасірет екен күн кешу. Қыжылдар толып қолқаға, Күлімдеген болып тілдесу. Қонжық ұсқынды бастығың

237


Көсемсіп ақыл үйретсе, Шекеңді шымшып ащы мұң Отырсаң дəл бір микеше. Кердеңдеп орнын бұлдай ма, Қамқорлығы басынан аспаған Ақымақ көрінер мұндайға Жалғыз өзінен басқа адам. Сайрасам сөзбен шоқ шашып, Ел білер су кім, шекер кім, Тоғышар тоқтар топтасып Тағдырымды шешсе, не дермін -... деген өлең жолдарын қайта-кайта оқып, екінші радиомүшəйраны өткізуді басшылардың маған бермегеніне қатты ренжіп, сонда осы Факеңнің өлеңін оқып, өз-өзімді тоқтатқан едім. Фариза Оңғарсыновамен Астанада жұмыс барысында жиі кездесіп жүрдім. Парламентте, əртүрлі мəдени шараларда немесе ақындар айтысында болсын кездесе қалсақ, менің үй жағдайымды біліп, Астанадан үй алдың ба деп сұрайтын. Неге десеңіз, Астананы құрамыз деп арнайы шақырумен келгендердің бəрі үй алып мəре-сəре болды емес пе! Тіпті Қазақ радиосында бар-жоғы бір жыл, бір ай істегендер де үй алып, басқа жұмысқа ауысып кетіп жатты. Отыз бес жыл қызметте болған маған да бір үй берілер деген үмітпен жүргеніммен маған Елорда төрінен үй беріле қоймады. Сол кездегі Қазақстан телерадиокорпорациясының президенті Ерлан Сатыбалдиев бес жыл бойы уəде беріп, өзі де қызметтен кетті. Осы мəселеге байланысты бірде əуежай басында Фариза Оңғарсынова сол бастығымызбен кездесіп қалғанда менің үй мəселемді көтеріпті. Сонда Ерлан Сатыбалдиев мырза ашығын айтып, ол «балаға» үй бере алмаймыз деген екен. Міне қараңызшы, үй мəселесін айтып Факеңе мен ешқашанда сөз еткен емеспін, сонда ол кісі бұндай жайларды сырттан бақылап жүреді екен , сол адамның ішкі жан күйзелісін түсініп, қолынан келген көмекті жасағысы келіп тұрады екен. 2003 жылы маусымда Қазақ радиосының ұжымы əрі достарым менің қызметімнің 35 жылдығы мен 50 жылдық торқалы тойымды атап өтпек болып, шығармашылық кешке дайындалды. Сол тойға мен Фариза апайымызды да шақырдым. Содан ол кісі президентіміз Ерлан Сатыбалдиевке қоңырау шалып, «Бес адаммен Ғалия Балтабайдың мерейтойына барайын деп жатырмын», - депті. Содан бұл жақтағылар қатты сасқан болар, бəлен жыл боялмай тұрған Қазақ радиосының вахтасының есік-терезелерін бояп, мəре-сəреге түсті. Тамаша болды да қалды. Сөйтсем, ондай үлкендерді шақыру үшін алдымен мен өз бастықтарыммен ақылдасуым керек екен. Ал Факеңнің кішіпейілдігі, қарапайым халыққа жақындығы содан болар, менің шығармашылық еңбегімді бағалап, осы салтанатқа бастықтардың шақыруынсыз келді. Міне, қызық, сонда шақыру қағазын да жасамаппын ғой, тек телефонмен ғана хабарласқаныма басқа біреулердей бəлсінбей келді ғой. Қасында тіл жанашыры, қазағымыздың

238


қайсар қыздарының бірі Оразкүл Асанғазықызы да болды. Алғашқы сөз сценарий бойынша бастығымыз Ерлан Сатыбалдиевке берілді. Мақтау громатасы мен сыйлығын тапсырып, бір екі тілектен кейін жұмыс бабын айтып, нөкерлерімен сыпайы қоштаса отырып шығып кетті. Екінші тілекті Фариза Оңғарсынова алған еді: Қазақ радиосының тілшісі Балтабай Ғалияға Қымбатты Ғалия! «Астанаға келген төрт жылда қазақ радиосының осындағы бөлімімен бізді тығыз байланыстырып, жанын салып жүрген бір журналист болса, ол өзіңсің. Сенің дауысыңсыз Астана радиосының хабарлары солғын тартатын секілді. Арқа өңірінде ана тіліміздегі хабарлар өріс алмай жүрген кезде де каламыңның сиясын құрғатқан емессің. Əдебиет пен өнер жайлы Астанада жылт еткен жаңалық болса, оның басы-қасында өзің жүресің. Осы жанашырлығың мен елгезектігің үшін, еңбекқорлығың үшін өзіңе шын жүрегімнен алғыс айтамын. Радио - елдің үні. Халықтың үні сен арқылы өз биігінен шарықтай берсін!» ҚР Парламентінің мəжіліс депутаты Фариза Оңғарсынова деп тілегін айтып, осы жазылған сөздерді арнайы қапталып өрнектелген рамаға салып, оған қоса мойынға тағатын алтын алқаны маған сыйға тартты. Сөйтті де, айналасына қарап, мұндағы Қазақ радиосында мұқым адам бар екен, мен Астанадағы радиода тілші болып Ғалия Балтабай ғана істейді деп ойлаушы едім, ал қалғандарыңды неге радиодан естімей жүрмін дегені бар емес пе! Шынында да, ол кезде хабардың көбін мен дайындаушы едім. Жастар үйренгенше солай болды да... 2001 жылы Қазақ радиосында үлкен өзгерістер болды. Солай болуға тиісті де еді. Ешқандай ізденіс, талпыныс, бағдарламаларға өзгерістер енбеді, бір сарынмен жүріп жатты. Бірі келіп, бірі кетіп жатты. Еңбекақының аздығы, жанашыр басшының жоқтығы бізді қатты алаңдатты. Алматыдағы Қазақ радиосының ұжымы екіге бөлініп, тіпті бір-бірімен соттасқан кездері де болды. Осы екі арада қазақ тілінің қадірін түсінбейтін бас редакторлар келіп қызметке тағайындалып жатты. / Атын айтып, түсін түстемей-ақ қояйын./ Бастық келісімен таңнан басталады, кешке дейін айқай-шу, қызметке бірі алынады, бірі кетеді. Тіпті радио ұжымының сыйқы кетті. Кімге қалай тиісердің ретін таппай Бас редактордың сандалған кездері де болды. ¥лт намысы түгіл, Қазақ радиосы деген ұғымды түсінбеген осындайларға радионың тағдырын, ондағы ұжымның мақсат-мүддесін шешуді кім тапсырды екен деп таңдандық. Қарсы тұруға шара жоқ, көбісі жұмыссыз қаламын деп қорқады. Ақыры ол дегенін істеді. Осы сəттерде Фариза ақынның: Жатса да жер бетінде шындық ұлып, Мансапқа жүгіреміз құлдық ұрып. Биліктің бір шетіне жетсе болды, Адамдар шыға келер мың құбылып. Сөз басқа, құлық басқа, жүріс басқа, Тірейді мес қарынды күміс таспа.

239


Селқостау басын изеп өте шықса, Жəйі жоқ құдайдың да ығыспасқа. Жанынан қайда жүрсе нөпір қалмай, Терлейді қошқылданып қотыр маңдай, Ісі жоқ, ақыл айтып шіренеді, Тындырып бірдеңені отырғандай, - деген өлең жолдары дəл осы біздің радионың басшыларына арналған ба екен деп күрсінетінмін. Содан Қазақ радиосының журналистерінің көбі біртіндеп кете бастады. Осыны Факеңе айтқанымда бұл проблеманы Парламентте көтеру керек, Қазақ радиосын кімге тапсырып отырмыз деп қынжылды. Қазақ радиосының деңгейі шынында да қайта құру кезеңінде күрт төмендеді. Жұмыста қысқарту жүріп, қалғандары жарты ставкаға жұмыс істеді, оның өзінде де айлықтарын мезгілінде ала алмай, қиындық көрді. Республиканың жер-жерінде облыстық радиолар жабыла бастады. Оған бірінші себеп қаржыландыру мəселесі болса, екіншіден кейбір бастықтар өз жағдайының қамымен кетті. Осы жайды жоғары жаққа жеткізетін адам да болмады деп ойлаймын. Ол - шындық, шегелеп айтып жатпай-ақ қояйын. Оның үстіне телефон желісі арқылы сыммен таралатын Қазақ радиосының нүктелері жер-жерде жойылып, көптеген облыстар радиосыз қалды. Сөйтіп, орталықтағы Қазақстан телерадиокорпорациясы өзі күнін көре алмағандықтан облыстағы барлық радиоларды жауып тастады. Осы кезде мен Қазақ радиосының бастықтарына айтпай, сол кездегі депутаттарымыз Фариза Оңғарсынова, Шерхан Мұртаза, Оразалы Сəбденов, Шəріп Омаров, сенатор Жабайхан Əбділдиндермен сұхбаттастым. Ақынжазушы, əнші-сазгерлермен де кездестім. Қайрат Жұмағалиев, Баянғали Əлімжанов, Роза Рымбаева, Құдайберген Бекішев, Бағдат Сəмединова, ¥лжан Айнақұлова, тағы басқаларымен сөйлесіп, облыстардағы радиолардың қажеттігі туралы олардың ұсыныс-тілектерін жазып алдым. Қазақ радиосының қазіргі жайы жайлы проблемалы хабар ұйымдастырдым, бірақ Астанадағы бастығымыз оны Алматыдағы бас директорымыздан рұқсат алу керек деп өткізбей тастады. Қазақ радиосының проблемасын осылай ашық көтерсек, өзіне соққы болып тиетінін түсінген болар, сөйтіп ол бұл хабарды əуе толқынына жібермеді. Содан Мəжіліс депутаттары Оразалы Сəбден мен Фариза Оңғарсыновалармен қайтадан кездесіп, бұл мəселені парламентте көтерсек қалай болар еді дедім. Олар қолдайтындықтарын білдірді. Арқалықтан, Қарағандыдан тыңдаушылардан келіп түскен хаттарды депутаттардың атына жолдадым. Оның бірі Қазақ радиосының бастықтарына арналса, екіншісі Қазақстан Республикасы Парламентінің мəжіліс депутаттарына арналған еді.

240


Қазақ радиосының басшылығына Парламент депутаттарына АШЫҚ ХАТ Біз, төменде осы Ашық хатқа қол қойып отырған Арқалық өңірінің халқы, Қазақ радиосының хабарларын тыңдай алмай пұшайман болудамыз. Біз, негізінен қаймағы бұзылмаған жергілікті ұлт өкілдері, Қазақ радиосының күн сайынғы хабарынан мақұрым қалудамыз. Елбасының саясатынан, еліміздің елдікке өрлеп жатқан сан алуан ісінен хабарсыз қалып отырмыз. Бұлай дейтініміз, ұлтжанды, тəуелсіздігіміздің жырын жырлап, оның жемісін баянды етуде қарлығаштай əуе толқынында қалықтайтын осы Қазақ радиосы. Қазақ радиосының қызметкерлері Ғалия Балтабай, Айгүл Мырзаханқызының, басқа да журналистеріміздің еліміздің түкпіртүкпірінен əзірлеген шығармашылық туындыларын сүйсіне тыңдаймыз. Қазақ радиосы шолушыларының саяси терең мазмұнды хабарын тыңдағымыз келеді. Қазақ радиосының алтын қорынан, сонымен қоса ортамызда жүрген қарт тарландар жайлы берілетін хабарлардың өскелең ұрпақ үшін тəрбиелік мəні зор! Мұндай хабарларды біз қай көшеде, қай үйде радио сөйлеп тұрса, сонда барып тыңдауға əзірміз. Өйткені, бүгінде Арқалықтағы радиохабарларын тарататын сымдар құруға жақын. Қалалық телекоммуникация əкімшілігінің инженері Ерлан Бəйтеновпен жиі-жиі хабарласып тұрамыз. Шарасыздықтан ел жылауға дайын. Оған да күн сайын ондаған елді мекендердің радиосыз қалғандығы жөнінде шағымдар түсіп жатады. «Біз халықтың мазасындануын түсінеміз. Сонау сұрапыл соғыс жылдарының өзінде ел радиосыз қалмап еді, ауылдық жерлерде жаппай тарату мүмкіндігінен айырылып қалғалы отырғанымызды үкімет деңгейінде тез арада шсшу қажет болар деп ойлайды қарапайым халық. Қымбатты депутат мырзалар! Қымбатты Қазақ радиосының басшылары! Жергілікті жерлердегі тыңдармандарыңыздың осы бұйымтайын шешуде Сіздердің тарапыңыздан пəрменділік күтеміз. Қазақ радиосы ұлттық тілдегі хабарларымен көңілге жақын да ыстық. Қазақтың қай биікке шығып жатқанын жаны аши хабарлайтын да осы жалғыз Қазақ радиосы екенін мемлекеттік деңгейде ескерейікші! Осы Қазақ радиосын қайтарып берілуін өтініп сұраушы Арқалық өңірі тұрғындары атынан: 57 адам қол қойған еді. Ал мына ашық хатты Қарағандылық журналист ақын, өзім ұйымдастырған радиомүшəйраның бас жүлдесін Астана қаласында жеңіп алған Базар Мамыр ұйымдастырған еді. Кейіннен тағы бір хатты атын атап, Парламентке тағы бір хат жолдадық.

241


ҚР Парламенті мəжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынова мен Оразалы Сəбденге! Жергілікті радиоға біразының қолы жетіп, көбінің қолы жетпей отырған қарағандылықтар күн тəртібіндегі күрделі мəселелердің бірін алдарыңызға ұсына отырып, оның өз шешімін табатынынан зор үміт күтеді. Əлемдік қауымдастыққа дербес ел ретінде танылып үлгерген Қазақстан жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдыққа күрделі жағдайда аяқ басып отыр, өтіп бітпеген өтпелі кезеңнің қиындықтары өз алдына. Бізді тəуелсіздігіміздің болашағы қатты алаңдатуда. Облыста барлығы 166 теле жəне радио нүктелері бар. Оның 103-і ғана мемлекеттік мүддеге қызмет атқарады. Таратып айтар болсақ, оның 67-сі хабардікі, 26-сы - Қазақстан-1, Қазақ радиосында - 9, облыстық радиода 1, ал «Хабар 2»-де мүлдем жоқ. Бұлардың өзінің 50 пайызы орыс тілінде хабар тарататын, ал жеке жəне коммерциялық арналардың мемлекет тілін менсінбей, өздерін Отанымыздың өзге ел өкіліндей сезінетінін ескерсек, жағдайдың мүлдем мүшкіл екенін аңғару қиын емес. БАҚ-тар арасында ең ұшқыры да, ұтқыры да, ең арзаны да радио екені дау тудырмаса керек. Сондықтан кезінде коммунистер көсемі В.И.Лениннің оған қандай мəн бергені тарихтан аян. Ал бізде неге екені белгісіз, жылдан-жылға оның өрісі тарылып отыр. Тұшына тыңдайтын «Шалқардың» шаңырағының ортасына түскеніне де біраз жыл болды. Жасырып айтатыны жоқ, қазір алыс аудан, шалғай елді мекен тұрғындары ақпараттық аштықты бастан кешіріп отыр. Мерзімдік басылымды жаздырып алар елде хал жоқ. Оның өзі дер кезінде жетпейді. Телерадионың сыйқы əлгі. Оған қоса электр қуаты бірінде бар да, бірінде жоқ. Ауылдағы ағайындардың көбі сымды арнамен тарататын қабылдағышқа үйренген. Ал оның 3-4 жыл бұрын көп жерінің бағандары жанып кеткен. Сымдары «пысықай» кəсіпкерлердің қолдарында кеткен. Сонда республикада жүргізіліп жатқан реформадан да «2030 стратегиялық бағдарламасының жергілікті өкіметтің тірлік-тынысынан да, Елбасының соңғы он бірінші тапсырмасынан да көпшілік мақұрым. «Əнұранмен оянып», «Əнұранмен ұйықтап» үйренген тыңдаушылар радионың үнін аңсайды. Онда жоғарыда жазылған жанайқайымызға ден қойып, төмендегі мəселелерді шешуге ықпал жасауларыңызды өтінеміз: Егер бұл талап-тілектер өз тараптарыңыздан қолдау тауып, іс жүзіне асып жатса, онда Елбасының саясатын үкіметіміздің бағдарламасын, тəуелсіздігіміздің 10 жылдық мерейтойына орай берген Президенттің 11 тапсырмасын орындауға қосқан үлестеріңіз деп білеміз, - деп қарағандылықтардан 25 адам қол қойған екен. Бүгінде осы хаттың көшірмесі менің архивімде жатыр. Ал енді осы жерде менің Қазақ радиосының мүшкіл халі жайлы дайындап, өтпей қалған хабарымда сөйлеген Фариза Оңғарсынованың сөзін осы жерде ұсына кетуді жөн көріп отырмын. Фариза Оңғарсынова: Радио дегеніңіз - бізді үлкен елмен, жермен, алыс пен жақынды байланыстырып тұратын ертеден келе жатқан құрал. Қазақ радиосының жарқырай беруіне қашанда тілектеспін».

242


Былтыр Ғалия, өзің бас болып өткізген «Қазақстаным - қара шаңырағым» Тəуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған ақындар мүшəйрасын алсақ, қандай жақсы болып өтті. Ақындар қанаттанып, көңілдерін көтеріп қайтты. Жастар мен үлкендердің алғысына ие болған шара деп есептеймін. Осындай мəдени шараларды жиі ұйымдастырып тұрсаңыздар. Əсіресе, радиода адал еңбек етіп, айналасына сəуле түсіріп жүрген жақсы журналистер бар. Сондай адамдардың өмірі мен еңбегі жайлы жұртқа үлгі болатындай хабарлар беріліп тұрса, оларды алтын қорда сақтап, жас журналистерге үлгі етсе деймін. Иə, Қазақ радиосының ауқымын көбейту қажет. Облыстарда жабылып қалған радиоларды қалпына келтіру керек. Соғыс кезінде де Қазақ радиосы өшіп қалған жоқ. Мынадай заманда радиосыз отыру дұрыс па! Осы радионың мəселесін Үкіметіміз бар, депутаттардың қолдауымен көтеруіміз керек. Көтеріп те жатырмыз. Радиодағы бауырларыма, сіңлілеріме көп жақсылық тілеймін. Еңбектері жемісті болғай. Халықтың көңілінен шығатын жақсы дүниелер беріп тұрыңдар деп тілек білдіремін», деген еді Фариза ақын. 2001 жылы Павлодарда саяси толқулар жүріп жатқан кез болатын, мен де іле Даниял Ахметовтің əкім болып келген кезінде туған еліме келіп, облыстық радиоға директор болып тағайындалдым. Радионың жағдайы мен бастық болып келгенде өте мүшкіл болды. Облыстық телевидениенің сол кездегі басшысы Марат Ыбыраев өз еркімен, елдің сұрауымен Алматыдағы басшыларына білдіртпей, облыстық радионы бар-жоғы үш сағаттық хабарларымен ұстап отыр екен. Ол кезде бүкіл Республикада облыстық радиолар мүлде тоқтаған болатын. Радиоаппаратуралар ескі, оның өзі Республикалық телевидениеден жалға алынған жабдықтар. Дыбыс, хабар жазатын пленкалар тозығы жеткен, хабар жазу үстінде үзіліп қалып отыратын.

2003 жыл, Павлодар. Фариза ақын Павлодар облыстық радиосының 65 жылдық мерей тойы салтанатынан кейін

243


Содан келісімен облыс əкіміне түсіндіріп, сыммен тарайтын радионың енді тағдыры жоқ, қалайда ҒМ жилігіне шығу үшін əрекет жасау керек дедім. Содан Ақпарат министрлігіне ондаған хат жазылды. Ақыры сол кездегі облыс əкімі Даниал Ахметовтің Үкіметке жазған хатының арқасында Республикалық тендер жарияланып, бес радионың ішінде «Павлодар радиосы» 100.5 радиожиілігін 2003 жылдың қыркүйегінде жеңіп алып, қала бойынша эфирге шықтық. 2003 жылы Павлодар облысының 65 жылдығымен қатар келген Павлодар облыстық радиосының 65 жылдығы да салтанатты түрде аталып өтті. Оның арнайы бағдарламасы да жасалды. Алдында хабарласқанымызда Фариза ақын Павлодар облысында болып қалсам радионың жайымен танысып қайтамын деген еді. Сəті түсіп, сол кездегі облыс əкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов біздің радионың 65 жылдығымен құттықтап, ұжымымызға келетін болды. Сол күні əкімімізбен бірге Фариза апай, қасында екі мəжіліс депутаты бар, əкімнің орынбасары Рысты Мағауияқызы Жұмабекова келе қалды. Даниал Кенжетайұлымен бірге облыстық мəслихаттың хатшысы Ринат Ғафуров, сол кездегі қала əкімі Қайрат Айтмұханбетұлы Нұрпейісов, облыстық ішкі саясат Департаментінің директоры Гүлжан Ахметова, облыстық коммуналды шаруашылық жəне телекоммуникация департаментінің бастығы Василий Ермолаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бастықтары, бір топ журналистер мен басқа да шақырылған кəсіпкерлер мен банкирлер, аудан əкімшілігінің орынбасарлары да келіп, салтанатымызға қатысты. Радио ұжымы алдында сөз сөйлеген Даниал Ахметов радионың ролін айта келіп, оны аудандарға тарату үшін 10 миллион теңге қаржы бөлетінін айтып, бəрімізді қуантып тастады. Одан кейін қадірлі қонағымыз, сүйікті ақынымыз Фариза Оңғарсынова сөз алды: - Жалпы, - деп бастады сөзін Факең, - Мен əкімдерді онша жақсы көрмеуші едім. Ал Дəкеңнің орны бөлек екен. Біріншіден, барлық облыстарда радио жабылып жатса, Керекуде оны қолдап, оған қаржы бөліп жатқаны, бұл - қуанышты жайт. Екіншіден, көп облыстарда қыз-келіншектерді жоғары қызметке көтермейді. Əрі кетсе, мектеп директорынан аспайды. Өзінің бір орынбасары етіп Рысты Жүмабекованы ұстап отырса, облыстық радионы өзіміздің сіңліміз Ғалия Балтабайға басқартып қоюы дұрыс шешім екен деп ойлап отырмын. - Шын мəнісінде біздің елде қолынан іс келетін қыздар бар, соларды ел ағалары қолдап отырса, көп жұмысымыз жеңілдер еді, - деп əйелдердің іскерлігі жайлы айтып, Павлодар радио ұжымына үлкен табыс тіледі, сөзінің соңында Даниал Кенжетайұлына радиоға 10 миллион теңге бөлемін дедің, менің келуіме орай тағы бір 3 миллион қоссаң кайтеді деп тілек айтты. Дəкең көңілденіп отырып уəде берді. Залда ду қол шапалақтау жүріп жатыр, тілектер де айтылуда. Осы бір қуанышты жайды «Əрбір үйге радио қажет» деген кітабымда да жазғанмын, тағы қайталап жазуыма тура келіп отыр. Бұндай жаксы іс қанша рет айтсаң да артық болмас деп ойлаймын. Ас дастарханы басында Факең сөз арасында маған бұрылып, Астанада 6 жылдай қызмет істеп үй ала алмай кеттің, балаларың өсіп келеді, Павлодар-

244


да Дəкең үй берді ме дегені бар емес пе? Мен сасып қалдым. Ертең əкімің жоғарылап Үкіметке кетсе, тағы үйсіз қаласың ғой десі бар емес пе? Не айтарымды білмедім, ұялып жерге қарадым, əдейі ұйымдастырылған сұрақ деп ойлап қала ма деп састым. Сол-ақ екен, Дəкең Павлодар қаласының əкімі Қайрат Айтмұханбетұлы Нұрпейісовке бұрылып, бүгінгі көрген екі бөлмелі пəтерді Ғалекеңе берерсің деді, - ол кісі уəде берді. Сол-ақ екен, беретін болсаңдар үш бөлме бермейсіңдер ме, ертең екі бөлме бір бөлме болып қалады ғой, деді Фариза апай. Факең айтқандай, бір жұмадан кейін Даниал Кенжетайұлы Ахметов Қазақстан Республикасынын Премьер-Министрі болып тағайындалды дегенде бір-ақ түсіндік, қуанып жатырмыз əкіміміздің жоғарылағанына. Иə, сол күнгі Даниял Ахметовпен жəне Фариза Оңғарсынова ақынмен болған Павлодар облыстық радиосындағы кездесу біздің журналистердің есінде мəңгі сақталып қалды. Осы кездесуде Фариза ақынмен 2-ші Республикалық ақындардың радиомүшəйрасын Павлодарда өткізуге ұйғарым жасадық. Осы кездесуден кейін үш-төрт ай өткесін мен Астанаға енді Павлодар облыстық радиосын ҒМ толқынында аудандар мен елді мекендерге тарату мақсатымен Республикалық тендерге қатысу үшін Ақпарат министрлігіне құжаттарды тапсыруға келдім. Сонда Павлодарда өтетін 2-ші республикалық радио мүшəйрасына қатысушы ақындардың өлеңін Фариза апайымызға ала келдім. Факең сол жолы Дəкеңнің үкімет басшысы болғанын үлкен қуанышпен айтып, берген үйді алдың ба деді, мен өзіңіз айтқандай, екі бөлме бір бөлме болды, əкімдер ауысып жатқан кезде қаладағы орынбасарлар соны пайдаланып, үйді бір бөлмеге ауыстырып жіберді, соған да қанағат, - дедім. Сіздің үлкен көмегіңіздің арқасында қызым Жəмилə жеке үйге шықты дедім. Шынында да, бұл - менің 40 жылға жуық еңбегімнің жемісі, оның өзін Дəкеңдей азаматтар ғана бағалайды деп Факеңе тағы үлкен рахметімді айттым. Бұл жолы Астанаға негізгі келген сапарым радиохабарларын бүкіл облысқа тарату үшін тендер арқылы лицензия алу болатын. Себебі: сым арқылы тарайтын радио республиканың көп жеріндегідей біздің облыста да үзіліп қалды емес пе?.. Бүкіл облысқа радионы тарату үшін тек ҒМ жилігіне шығу ғана мүмкіндік береді. Оның өзін алу оңайға түспейді. Жеңіп алам деушілер көп, облыстық радио үшін бұл үлкен жеңіс болатын. Сөйтіп, радионы дамытудың екінші кезеңіне белгіленген облыстың 10 ауданына 2004 жылдың қыркүйегінде радио хабарларының жиілігін тендер арқылы жеңіп алып, барлық аудандарда радио сөйлейтін болды. Қазір айтатын болсам, бұл - Республикамызда сақталып қалған жалғыз облыстық радио. Оның өзінде басшылардың мазасын алып, Ақпарат министрлігіне талай барып, жеткен жетістігім. Радионың бағына қарай Даниал Ахметовтің бастап кеткен жүмысына оның орнына келген облыс əкімі Қайрат Нұрпейісов те ерекше көңіл бөлді. Радиоға жеңіл автокөлік беріп, бүкіл ауылдарға радионы тарату үшін 60 миллион теңге бюджеттен қаржы бөлгізді. 2003 жылдың қазан айының аяғында Павлодар облысының 65

245


жылдығына орай Астанада өткен радиомүшəйраның жалғасы ретінде Республикалық «Қазақстан - қарашаңырағым» ақындар мүшəйрасын Керекуде осылайша Фариза Оңғарсынованың қолдауымен қайта жаңғыртып, жалғастырдық. Бұл жолы да қазылар алқасының төрайымы болсын деп Фариза Оңғарсынованың келісімін алған болатынбыз. Мүшəйрəға дейін бір жылға жуық Республикалық «Ана тілі» газетіне, Республикалық радиоға, облыстардың мəдениет департаменттеріне, республиканың облыстық газеттеріне хабарландыру жіберіп, ақындарды құлақтандырып отырдық. Мүшəйра жайында алдымен Павлодар облысы əкімінің орынбасары Рысты Мағауияқызы Жұмабековаға ойымды жеткізген болатынмын, ол кісі бірден құптады да, облыстың мəдениет департаментінің бастығы Айым Мүкəрəмқызы Қанафинаға тапсырды. Өнер десе, ішкен асын жерге қоятын Айым Мүкəрəмқызы мен оның орынбасары Бақытжамал Тоқмағанбетқызы арнайы қаржы бөлдіргеннен кейін біздің жұмысымызға араласып кетті. Арнайы концерттік бағдарлама дайындатты. Біраз демеушілер тауып, Павлодарда II республикалық жазба ақындарының радиомүшəйрəсін дүрілдетіп өткіздік. Бұл салтанатқа облыс əкімі Қайрат Айтмұханбетұлы Нұрпейісов те қатысып, баяндама жасады. Мүшəйраға 500-ге жуық ақындардан өлеңдер келіп түсті. Қазылар алқасының іріктеп алған Қарағанды, Қостанай, Алматы, Қызылорда, Павлодар қаласының ақындары жүлделі орынды бөлісті. ІІ республикалық радиомүшəйраның бірінші жүлдесін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Павлодар облысының «Сарыарқа самалы» газеті Бас редакторының орынбасары Ғалымбек Жұматов жеңіп алды. Екінші жүлденің бірін алматылық ақын Бақтыгерей Ысқақ пен бірін қостанайлық Ғұмар Ахметшин, үшінші орынды қарағандылық ақын қыз Гүлжан Рүстемова жəне Павлодар радиосының редакторы, ақын Дəмет Қарашашева, қызылордалық Назгүл Бердіқожалар иеленді. Оған қоса павлодарлық ақындар Қажымұрат Смағұл мен Арман Қани ынталандыру сыйлығына ие болды. Ұлтымыздың мақтанышы, жыр дүлдүлі, халқымыздың сүйікті қызы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжіліс депутаты Фариза Оңғарсынова жеңімпаз ақындарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтарын табыс ете отырып, былай деді: - Мұндай бастаманың Ертістің Павлодар өңірінен шығу- заңды құбылыс. Өйткені, Кереку-Баян өңірі - ұлтымызға небір жарық жұлдыздарды, талантты ұл-қыздарды сыйлаған қазақтың қасиетті мекені. Өнер мен мəдениетті дəріптеген осындай игі бастамалар мен шаралар алдағы уақытта жалғасын табады деп ойлаймын. Мүшəйраның өз деңгейінде өтуіне жəрдем жасаған Павлодар облысының əкімдігіне, Қайрат Айтмұханбетұлына алғысымды білдіре отыра, əсіресе осы мүшəйраны өткізуге еңбек сіңірген Ғалия Балтабайға алғысым шексіз, - деп Павлодар облысының мерейтойымен құттықтады. Иə, бұдан артық маған алғыс бар ма, халқыма осылай еңбек ете берсем, арманым жоқ деп іштей толқыдым... Тағы бір есте қалған шығармашылық кеш жайында айта кетуім жөн болар. Сүйікті ақынымыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылық кеші

246


2003 жылдың 11 ақпанында Екібастұз қаласында өтті. Осы кездесуге Фариза ақынның арнайы шақыруымен мен де Павлодардан келдім. Радиоға

3-ші Республикалық ақындар радиомүшəйрасында Фариза ақынға радио ұжымының атынан шапан жауып, құрмет көрсеттім үлкен хабар дайындадым. Фариза ақынның кешін ұйымдастырушы Екібастұздық журналист Рауза Молдайып «Отарқа» газетінің қарапайым қызметкері екен. Ұйымдастыру жұмысы əкімшілік тарапынан болмаса да, қаланың əкімі Валерий Набитовский салтанатты кеш өтіп жатқан қалалық мəдениет орталығына келіп, Фариза ақынға сəлем берді. Зал толы көрермен. Орын жоқ, аяғынан тік тұрған адамдар да болды. Факең осы кешті қарапайым халық ұйымдастырып жатқанын түсінген болар, ашық əңгіме-дүкен құрды. Қойылған сұрақтарға бүкпесіз жауап берді. Ақын өмірі өлеңмен баяндалып, оның шығармашылығы жайлы мектеп оқушылары айта отырып, өлеңдерін жатқа айтып, өздері де өлең шығарып, көрерменді ерекше ықыласқа бөледі. Кездесу есте қаларлық жыр кешіне айналды. Онда оқылған əрбір өлең тыңдарманның ойынан шығып, біздерді жігерлендіріп отырды. Ақын жырлары халық жігері мен ұлттық өр мінезді көрсетіп, əділдік пен шындықты ашық айтатын өлеңдер оқылды: Бұған қоса Астанада екі рет Фариза ақын жайлы өткен үлкен шығармашылық кештерге қатыстым. Бірі, 2000 жылдың 3 мамырында Елорданың төріндегі Конгрес-холда өткен Фариза ақынның 60 жылдық мерейтойы болса, екіншісі Астана қаласының қайраткер əйелдері ұйымдастырған «Меруерт» мейрамханасында болған мазмұнды да мағыналы əдеби кеші еді. Факеңнің ақындығына бас иетін үлкен-үлкен ағаларымыз бен апаларымыз келіп, ақын жайлы мағыналы ойлары мен тілектерін айтып, шығармашылық табыс тіледі.

247


Ақын ¥лықбек Есдəулет: Бұл кісінің бір мықтылығы Кеңес үкіметі кезінде де партиялық өлеңдер жазбай өтуінде болса, тағы бір ерекшелігі 20-30 жыл бұрын жазған өлеңдері дəл бүгінгі күннің көкейкесті мəселелерімен үндесуінде, - деді. Халык жазушысы Шерхан Мұртаза: Нағыз ақындар жүз жылда бір келеді. Сол сиректің бірі жəне асылы - осы Фариза, - деді. Халық жазушысы Əбіш Кекілбай: «Фаризаның əр өлеңінің қынабынан алмас қылыштай қайсар шабыт жарқ етеді. Əр жолынан найзағайдай шаншылар өжет рух өрекпіп тұр». «Фариза мен поэзия - біртұтас дүние. Фариза ұлт үшін де, ұрпақ үшін де керек ақын» деген ұлы ойларын айтып, Факеңнің тағы бір қырын ашып берген еді. Фариза Оңғарсынова Абай мен Махамбетті ерекше бас иіп құрметтесе, солардың қатарында келе жатқан, бірақ артында іздеушісі жоқ Сұлтанмахмұт Торайғыров та тұр деп қадірлейді. Ақынның 110 жылдығына орай Фариза Оңгарсынова өзінің бастамасымен Астананың Қалибек Қуанышбаев театрында жəне 2003 жылдың 5 маусымында сол кездегі Павлодар облысының əкімі Даниал Ахметовтың шақыруымен Керекудегі Жүсіпбек Аймауытов атындағы театрда еске алу кештерін ұйымдастырып, өзі соған мұрындық болды. Екі театрдың да əртістері Сұлтанмахмұт ақынның өлеңдерін оқыса, Фариза ақын оның өшпес мұрасы жайлы, алтын қорға қосылған өлеңтуындылары жайлы əңгімеледі. Сөйтіп ақын ақынды ардақтап құрмет көрсетті. Осы кештің режиссері болған Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Павлодар қазақ театрының сол кездегі Бас режиссері Ерсайын Тəпенов сонда: «Мен үшін өлең-жырдың падишасы атанған Фариза Оңғарсынованың шығармашылық кешін өткізу - үлкен бақыт», - деп еді. Шынында да, Факеңнің қасында жүргендер бақытты екен... 2008 жылы керекуліктер Павлодар облысының 70 жылдығын Астана қаласының 10 жылдығымен қатар тойлады. Сол күннің кешінде өзім басқарып отырған Павлодар облыстық радиосының да 70 жылдық мерейтойы салтанатпен аталып өтті. Облыс əкімі Қайрат Нұрпейісов қатысқан осы мерейтойға қазақ өлеңінің хас шебері Фариза Оңғарсынова да арнайы шақырумен келген еді.Онымен бірге «Жаңа Сарыарқа» журналының Бас редакторы, белгілі ақын Нұрғожа Ораз, Бірнеше дүркін республикалық ақындар мүшəйрасының жеңімпазы, ақын Серік Тұрғынбеков, қарағандылық ақын Серік Ақсұңқарұлы секілді қазақ поэзиясының өкілдері де келген болатын. Фариза Оңғарсынова нарықтың осынау қиын кезінде Павлодар облысында радионы сақтап қалған тек осы Павлодар облысы екенін атап өтіп жəне республикалық ақындардың радиомүшəйрасын осымен екінші рет өткізіп отырғанына алғысын білдірді жəне ойын жалғастырып: «Павлодар облыстық радиосының осы өңірдің барлық аймағына тарауына ықпал жасаған Павлодар радиосының басшысы Ғалия Балтабайға ерекше ризамын», - деді. Мен үшін осыдан артық бақыт бар ма? Қанаттанып кеттім. Фаризадай ақыннан осындай жылы сөз есту қандай ғанибет. Содан кейін Республикалық ақындардың 3-ші радиомүшəйрасының қорытындысын ха-

248


барлады. Бас жүлде «Бір өлең – бір əлем» атты республикалық ақындар мүшəйрасында бірінші орын алған, павлодарлық ақын Арман Қаниға, бірінші орын қостанайлық ақын Ерлан Қалмақовқа, екі екінші орын жас ақындар Қуаныш Шарманов пен Нұрсипа Сəбетқызы, үшінші орындар Шығыс Қазақстаннан қатысқан 7-сынып оқушысы Мəдина Ережепова мен «Руханият» газетінің редакторы, жас ақын Ерлан Ахметов пен «Шаһар» газетінің сол кездегі Бас редакторы, ақын Ғалымбек Жұматовқа берілді. Міне, Павлодарда жүрсем де, осылай Астанадағы Фариза Оңғарсыновамен жұбым жазылмап еді. Фариза ақынмен таныстығым жайлы əңгімемді аяқтай отыра, оның шығармашылығына, ақындығына үлкен баға беріп жүрген халық жазушысы Əбіш Кекілбайдың мына бір сөзін келтіре кетсек: «Фариза - аспанға алау атып, шоқ шашып жатқан рух Жанартауы. Өшпейтін де, сөнбейтін де, тіпті

Павлодар. 2-ші республикалық ақындардың радиомүшəйрасында өзге көкіректердің бықсуына, күлге айналуына жол бермейтін қайнар көзі» - дегендей, Фариза Оңгарсынованың жырлары - тіршілікке қайрат беретін өлеңдер. Иə, Факеңдей ақындар көп болса, біз баяғыда ғажайып заманға, нұрлы да жарқын өмірге тезірек жетер едік... Əттең, əттең, шара жоқ. Аллаға да жақсы адам керек дегендей, бұл өмірден

249


алып кетті, жұмақ төрінен орын алсын! Аруағы жас дарынды ақындарды үнемі қолдап жүрсін! Сөз соңында айтарым: Фариза ақынның бірінші жұмалығы күні Сəкен Сейфуллин атындағы аграрлық университеттің ұжымы мен осы оқу орнының ректоры Ақылбек Қажығұлұлы Күріш мырза бас болып, жас студент-ақындарды жиып еске алу күнін өткізді. Мен соған қатыстым. Сол кездесуде Фариза ақынның қырқы өткізілетін күнге арнап «Жыр падишасы Фариза» деген кітап шығарамыз деп ұйғарым жасадық. Кітаптың құрастыруы мен редакторлығын мен мойныма алдым. Кітап қырқына дейін дайын болды, сол еске алу күнінде осы кітапты тараттық. Кітапты баспаға дайындаған университет ұжымына ерекше алғысымды айтамын. Бұл - бүгінгі жастардың, ертеңгі жас ұрпақтың бойына жыр əлемінің жарық жұлдызын аспандататын, Фариза өлеңдерінің нұрлы шуағын шашқан күн болды. Университеттің жас ақындары жыр дүлділі Фаризаға арнап шығарған өлеңдерін оқып, іштегі сағыныштарын жеткізді...

Ақын Нұрғожа Ораз ағайдың 80 жылдығында

250


Үміт Сұботылова халық емшісі

Үміт апаға үміт артқандар Үміт Ақтанқызына кезінде Қазақстан өңірінде ғана емес, Ресейдің Новосібір, Омбы, Тюмень, Екатеринбург, Хабаровск, сонау Владивосток пен Оңтүстік Сахалин жерінен Өзбекстан, Қырғызстан мен Татарстан, Германия мен Ираннан да келіп емделді. Емделушілер жататын үлкенді-кішілі 5 жатақхана, бар-жоғы 10 теңгеге төрт мезгіл тамақтанатын асхана, наубайхана, шағын дəріхана, монша салды. 80-ге таянып қалған шағында Үміт апа құдайға құлшылық етіп, Рахметолла ақсақалы мен үлкен қызы Сараны алып, Мекке Мəдинаға барып келді. Павлодар қаласынан 26 шақырым жердегі Жамбыл ауылына ат сабылтып республикамыздың түкпір-түкпірінен, тіпті шет елдерден де күніне 200300-ге жуық адам келген екен. Бұл ауылда Республикалық Халық емшілері орталығында заңды түрде тіркелген халық емшісі, қолы шипа, жаны жайсаң, аналардың анасы атанған Үміт Ақтанқызы Сұбатылова тұрған еді. Жолдасы Рахметолламен ұзақ жылдар мал соңында жүріп, озаттар қатарында болған, зейнетке шыққаннан кейін осы Жамбыл ауылының шетіндегі кішкентай көлді жағалай үй салып, осында өмір сүріп, халыққа қызмет етті. Ауылдағылардың айтуынша, олар көшіп келген жылы осы көлге екі аққу келіп қоныстанады. Бүгінде елдегілер бұл аққуларды Үміт апаның иесі деп аңыз етіп айтып жүр. Мүмкін солай да болар… Үміт апаның анасы Кенже Сармұрзақызы кезінде атақты емші болған дейді. Соның қасиеті болар, Үміт апа қолын қусырып бос отыра алмай, ауылдағы бірлі-жарым науқастарды емдеп, кейіннен облыс өңіріне танымал емші деген атаққа ие болады. Науқастар оның еміне риза болып, халық емшісі Үміт апаның емшілігін анызға айналдырып, оның есімін бірден бірге жеткізген еді. Негізінен оған енді дəрігерден көмек жоқ, науқасы асқынған, өлім мен

251


өмірдің арасындағы ауру адамдар келеді екен. Үміт апа əртүрлі ісік ауруы бар, асқазан, өкпе, бауыр, бүйрек ауруымен сырқаттанғандарды, сол сияқты сəби сүйе алмай жүрген əйелдерді емдеді. Үміт Ақтанқызы нарық қиындығы кезінде науқастарға ғана қамқорлық көрсетіп қоймай, жетім-жесірлерге қайырымдылық жасағанын ерекше айтуға болады. Павлодардағы жетім сəбилер мен балалар үйінде, мүгедектер мен қарттар үйінде жиі болып, оларға азық-түліктей, киім-кешектей ұзақ жылдар көмек көрсетіп келді. Ол ол ма, ауылында жұмыссыз қалған адамдарды өзінің жеке меншік медициналық орталығына алып, оларға да жұмыс тауып беріп, қолқабыс жасады. Олардың бірі завхоз болса, екіншісі монша жағады, бірі жүргізуші, бірі есепші, кассир, наубайханашы, аспаз, медбике болып қызмет істеді. – Емшілікпен айналысу үшін алдымен науқастардың емделуіне барлық жағдай жасалуы керек, - деген еді бізбен əңгімесінде Үміт апа. Иə, жұмысты ұйымдастыруда үлкен біліктілік пен іскерлік қабілеті қажет. Ол қалтасы қалың кəсіпкерлермен, ел басқарып отырған лауазымды адамдармен бірлесіп жұмыс атқарудың, əрі өзінің азын-аулақ қаржысын үнемдеудің арқасында науқастарға арнап үлкен емдеу орталық үйін салып берді. Тіпті кішігірім емхана дерсің. Емделушілер жататын үлкенді-кішілі 7 жатақхана, бар-жоғы 5 теңгеге төрт мезгіл тамақтанатын асхана, наубайхана, шағын дəріхана, монша салды. Үміт апа өмірден өткесін, бүгінде оның ісін кенже қызы Бақыт Сұбатылова жалғастыруда. Бұлармен қоса Үміт апаның жеке меншігінде 2 автобус бар. Олар емделуге келушілерді Павлодардан күтіп алады. Емделіп болғандарды Павлодарға жеткізіп салады. Қазір көп жерлерде ауыл тұрғындары қаржы тапшылығынан электр қуатын пайдаланғаны үшін төлем төлей алмай отырғаны белгілі. Ал Үміт апаның ауылында тұрғындар бұл жағынан қиналмайды. Өйткені барлық тұрғындардың электр қуаты үшін төлемін Үміт апа өз мойнына алған болатын. Үміт апа мен Рахметолла Сұбатыловтардың отбасы елі үшін тағы бір үлкен игілікті іс атқарды. Ауыл тұрғындары мен келген науқастар үшін жеке меншік мешіт салдырды. Бұның өзінде бір керемет сыр жатқандай. Науқастарды имандылыққа баули отыра еңбекке де құлшынтуы оның ерекше қасиетінде дер едік. Мешіт жанынан бүгін ауыл балалары үшін медресе де ашты. Мешіттің азаншысы мен молдасының бар қаражатын өзі көтереді. Жастардың иманжүзді, тəрбиелі болуына да жағдай туғызып, жұма намазы күні оларға насихат айтқызып, жаңа үйленген жастардың некесін қиюға да мүмкіндік туғызды. Осы ауылдың тұрғыны, Үміт апада медбибі болып қызмет атқарып жүрген Алтын Жұмабаева бізге мына жайды айтты: Үміт апа көшіп келгенге дейін ауыл тозған, жастардың көбі жұмыссыз, ішімдікпен айналысып, ұрлық-қарлық жасайтындар көп болды. Дегенмен, санасы барлар Үміт апаның халыққа жасап отырған игі ісін түсініп, жаман қылықтан аулақ болып, ерекше бір талпыныс жасады. Ал санасы жетпегендермен Үміт апа өзі сөйлесті. Қажет деп тапқандарын емдеді. Содан болар, бүгінде ауыл

252


тұрғындары салауатты өмір сүруде. Жастар проблемасын да Үміт апа өзі шешті. Ауыл жастары үшін жəне емделуге келген қыз-жігіттерге арнап əртүрлі кештер ұйымдастырып, өнерлі деген жастардың басын қосып, ансамбль құрып, кешкілік ауылдағыларға жəне науқастарға арнап концерттік бағдарлама əзірлеуіне де өзі араласты. Ауылда халқымыз атап өтіп жатқан барлық мерекелер мен тойлар Үміт апасыз өтпеді. Ол кісі соның басы-қасында жүрді. Мереке күні Үміт апаның дастарханы да ерекше болды. Науқастар мен ауылдағылар ұлттық тағамдардың небір түрлерінен дəм татып, көңіл көтеретін. Енді науқастардың Үміт апаға білдірген алғыстары жайлы айтатын болсақ, олар ұшан-теңіз. Ресейдің Новосібір облысынан келген Татьяна Скиба былай дейді: «Осыдан бір жыл бұрын дəрігерлер емдей алмағандықтан, Үміт апа туралы естіп, арнайы Қазақстанға осы Жамбыл ауылына емшіні іздеп келдім. Науқасым асқынған, талып құлай беремін. Алақанға жуық асқынып кеткен жатыр ісігі деген диагнозбен келдім. Үміт апа менің ауруым туралы сұрамады. Аялы алақанымен сипап отыра бес саусағын жүгіртіп бар мүшемді тексерді. Диагнозымды бірден анықтады. Дəрі-дəрмектерді де өзі берді. Таза араның балы, мумие, қой майы, таза спирт, облепиха немесе қызыл май жəне əртүрлі дəрілік шөптерді үшкіріп, қырық күн ішкеннен кейін келесің деді. Міне, бір жылдан асты, апаға айтар алғысым шексіз. Бүгінде ешқандай қиындықсыз бау-бақшада жұмыс істей алатын дəрежеге жеттім». Ал Ақмола облысы, Ерейментау ауданының Благодатный ауылынан С.Зиямбек Үміт апаның алғыс кітабына былай деп жазыпты: «Осыдан үш жыл бұрын асқазаным қатты ауырып, тек сүт тағамдарын ғана пайдалана алатынмын, ет тағамдарын жей алмайтын халге түсіп, қатты жүдедім. Құр сүлдем қалды. Сүйекке терім жабысып, екі көзім шүңірейіп, əлсіз халде келдім. Асқазан жарасының асқынған түрі деді. Содан кырық күн емделіп, баяғы қалпыма келе бастадым. Тамақ ішетін дəрежеге жеттім. Міне, үш жыл болды, құлан-таза жазылып кеттім, оған айналамдағы туған-туыстарым куə. Үміт апаға айтар алғысым шексіз». Ал енді өз көзіммен көрген бір жайды айта кетсем. Осыдан жетісегіз жыл бұрын Павлодардағы қазақ музыкалы драма театрының сол кездегі директоры Бектас Тапалшинов маған телефон шалды: «Қатты жүдеп кеттім, іштей күйзелеп жүрмін, дəрігерлерден көмек жоқ қой деймін, Үміт апаға қаралуға көмектесші» – деді. Жолы болып қаралды. Бір кездегі көптеген павлодарлықтардың үрейін ұшырған Бектастың нашар халі бүгінде адам айтса нанғысыз. Ол сырқатынан құлан-таза жазылды. Міне, Үміт апаның кереметі деп осыны айт. Тағы бір мысал: Павлодардағы ет комбинатының директоры (қазір «Ертіс» акционерлік қоғамының президенті) Зəуре Малғаждарқызы ұзақ жылдардан бері кішкентайлы бола алмай, дəрігерлерден күдерін үзіп, осы Үміт апаға келіп қаралады. Міне, керемет: Зəуре - бүгінде сəби сүйген бақытты ана. Алғысының нəтижесі, Үміт апаның медициналық орталығына арнап

253


автокөлік қоятын гараж салып берді. Үміт апаға келіп қаралған қалтасы қалың науқастардың бірі бір қап ұн, бірі қант, май, ет, жанар-жағармайды тегін əкеліп беріп тұрды. Ал оның барлығы алыстан келіп жатақханада емделіп жатқандарға жұмсалды. Сөйтіп, тұрмысы төмен, науқасы қатты адамдардың тегін емделуіне Үміт апа осылайша жағдай жасады. Алғыс кітапшасына үңілсеңіз, мыңдаған адамдардың сырқатынан айыққандықтарының, жүздеген келіншектердің кішкентайлы болғандықтарының куəсі болдық. Үміт апаның кереметтігіне, оның қасиетіне бас идік. Айта берсек, мұндай мысалдар көп. Бұл орайда Үміт апа: «Мен Құдай емеспін, тек шын ниетімен келген адамдарға көмегім тиіп жатыр, бұл да бір Алла берген қасиет болар», - деген еді. 80-ге таянған шағында Үміт апа құдайға құлшылық етіп, Рахметолла ақсақалы мен үлкен қызы Сараны алып Мекке-Мəдинаға кеткенде науқастардың Үміт апаны тезірек келсе екен деп зарығып тосқандарын көргенде, оған деген үміттің шексіз екенін сездік. Үміт апа күніне үштөрт сағат қана демалды. Демалыссыз, 20 жылдай уақыт үзіліссіз емдеді. Тынымсыз, мазасыз күндерді бастан өткеріп, бүкіл бала-шағасы мен немере-шөберелерін адамзатқа қызмет көрсет деп тəрбиелеген Үміт апаның күллі үрім-бұтағы халыққа қалтқысыз қызмет жасады. Үміт апа бақытты жан еді. Неге десеңіз, қаншама адам оның қасиетті алақанын аңсап, оның еміне талай науқас үміт артты. Ендеше, үміт бар жерде бақыт та бар…Сол бақытты жалғастырып отырған емші апаның кенже қызы Бақыт емшіге зор денсаулық, алдына барған адамдарға оның шипалы емі дəру болсын деп тілек айтамыз.

254


Зара Қожахметова Парасат орденінің иегері

АНАЛАРДЫҢ АНАСЫ Өмірде, мына тіршілікте есіңнен кетпейтін, жүрек түбінде ерекше сақталып қалатын адамдар болады екен. Соның бірі - жақында ғана арамыздан өткен асыл анамыз Зара Қабдышқызы Қожахметова. Оның жарқын бейнесі, жылы жүзі, мейірім шуағы, ыстық жүрегі, берген ақыл-кеңесі маған ғана емес, Кереку өңірінің талай апалары мен қыз келіншектеріне, тіпті жастарымызға да шарапаты тигенін бəріміз білеміз. Зара Қабдешқызы елден ерек туған. Адамгершілігі мол, дара тұлға дер едім. Иə, шынында да адамгершілігі мол адамдардың өмірге деген құштарлығы да ерекше болады емес пе! Сондықтан да болар, оның орны қоғамда да, жүрген ортасында да басқаларға ұқсамайтын. Абыройы асқақ, беделі жоғары болды. Əрі Зара Қабдышқызы айналасына шуақ шашқан бақытты ана еді. Оның сезімтал жүрегіндей жүректі арамыздан аз кездестіреміз. Зара апаның мейірімі телегей теңіздей, құшағы дархан даладай болатын. Алдына жылап барған адамға қайткенде де мейірімін төгіп, қолынан келген көмегін аямайтын. Осындай сəтте көңілдің толқуынан, жақсы адамыңнан айырылып қалған кезіңде айтарға сөз де табылмай қиналып, жанкешті күй кешеді екенсің. Дегенмен менің осы көңіл-күйімді сезінетін, Зара апамызды ерекше құрметтейтін адамдардың жылы тілектерімен ой толқуымызды толықтырсам деймін. Зара апа жайлы бұл кітапта сұхбат берген адамдармен тілдескен кезімде оны қимай отырып, көзіме жас алып, қолдарыңыздағы кітаптың дүниеге келуіне себепші болдым. Кезінде мен ол кісінің жанында жүргенде еркін алшаңдайтынмын. Себебі ол айналасына сəн беріп, жылу таратып, мейірімін төгіп, шуақ шашып тұратын. Міне, осы қасиетімен аяулы апайымыз аса қадірлі болатын. Шын мəнісінде Зара апамыз баршамызға үлгілі адам болды. Жанымызға жақын, туған анамыздай еді. Тіпті кей кезде мен ол кісіге өз анамдай еркелеуші едім. Кездесе қалсақ, оның қасынан шықпай əңгімелескім келетін. Бірақ оның айналасында қаншама жаны жайсаң қарт аналар мен небір керемет арулар жүретін. Сонда ол жанындағылардың бəріне назарын салып, олардың əрқайсысына көңіл бөлуді ұмытпайтын. Сол сəтте мен де басқалардай апамыздың қасына отырсам деп оны айналшықтайтынмын.

255


Осы күйімді Зара апамыз сезінді ме екен, қашанда мені жанына алып отыратын. Сол сəтте мен де біраз жеңілденіп, өзімді керемет адамдай еркін сезінетінмін. Бар назарым осы Зара апамда болып, оның айтқан сөздері мен ақыл-кеңестерінен рухани нəр алатынмын. Иə, шынында да, Аналардың анасы Зара апамыз жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық ұялата алған асыл жан еді... Зара Қожахметова - біздің облысымызға ғана емес, республикаға танымал болған қайраткер. Оның халқымызға жасаған игі істерін басқа облыстар да үлгі етіп, өнегелі істерінен талай рет тəжірибе алмасқан. Зара Қабдышқызының ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, халқымыздың мəдениеті мен өнерін, тілі мен ділін насихаттауда да атқарған жұмысы бір төбе екенін айтпай кетуге болмайды. Зара апамыз қыздарымыздың тəрбиесіне көңіл бөліп, жас отбасыларының шешімін таппай жатқан мəселелерін шешіп, жетім-жесірлердің проблемалары жөнінде қаншама жұмыс атқарғаны осы күнге дейін біздің көз алдымызда. Əлі есімде, Кеңес үкіметі құлар алдында Қазақ КСР-нің кезінде еліміздің біраз жерінде қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Балқаш, Арал проблемаларымен айналысатын комитет дүниеге келді. Ал соның алдында үш-төрт жыл бұрын 1985 жылдары Павлодар облысының Екібастұз қаласында бір топ жастардың ұйымдастыруымен Сабыржан Ахметов, Хабиба Шəріпова, Ғалия Балтабай, Жұмағали Қоғабаев, Жəнібек Мəліков, Елтай Арбиев, Аманкелді Қаңтарбаев сынды ұлтжанды жастардың ұлттық өнеріміз бен мəдениетімізді насихаттайтын «Мирас» қоғамы құрылған еді. Біраз жылдан кейін Павлодарда да республикадан бастау алған «Қазақ тілі», «Мұсылман əйелдер лигасы» сияқты қоғамдар жұмыс жасай бастады. Міне осындай жер-жерлерде ұлтына жаны ашитын жастардың басы қосылып, əртүрлі бастамалар көтере бастады. Осындай ұлттың қамын ойлаған жалынды жастардың бастамасының арқасында 1986 жылдың желтоқсан оқиғасынан кейін «Желтоқсан қозғалысы» ұйымдастырылды. Сөйтіп, біздің облысымызда да еліміздің егемендігін аңсаған қазақ жастарының басы бірікті. Қолдарынан іс келетін қайсар азаматтар, атап айтсақ, Амантай Қалиев, Бикеш Дүрманова, Жеңіс Марданов, Айман Зейнулина, Арман Қани, Светлана Қондыкерова, тағы да бір топ азамат болды. Ал мен болсам, осы қоғамдар жайлы теле-радиодан хабарлар беріп тұрдым. Міне, осы кезде біздің көшбасшымыз болып Зара Қожахметова бізбен бірге жүрді. Павлодар облысының мұсылман əйелдері қоғамының бірінші ұйымдастыру конференциясы 1991 жылдың 13 маусымында өтті. Бір ауыздан қоғамға төрайым ретінде конференцияға қатысушылар алдында ұзақ жыл ұстаз болған, шəкірттерінің бойына ұлттық болмысты барынша жеткізе білген, олардың бойына қазақы нəрмен білім берген, өткен өмір жолынан өнегелі сыр шертетін білімді де білікті ұстаз Зара Қабдышқызы сайланды.

256


Зара апамыздың алғашқы жұмысы қарттар үйінен басталды. Қарттарды мешітке жинап, ас дастарханын жасап, үлкендердің батасын алды. Кейін де жетім балалар, қарттар үйімен байланыста болып, бірнеше шаралар өткізді. Қазақтың салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарын көпшілікке, əсіресе жас келіншектерге үйретеміз деп нəрестені бесікке бөлеу, шілдехана тойы, тұсау кесу, сүндетке отырғызу сияқты жоралғыларды жасауды елге көрсету керек деп жоспар құрып, бізбен бірге бағдарлама жасады. Жоспар бойынша жер-жерде бұл салт-дəстүрлер көрсетіле бастады. Игілікті атқарылған жұмыстары Павлодар телеарнасынан көрсетіліп, облыстық радиодан хабар берілді. «Сарыарқа самалы» газеті де жиі мақала жариялап тұрды. Бірде мынандай жағдай болды. Осындай мұсылмандардың салт-дəстүрін көрсетейік деп Чернорецкідегі балалар үйінің тəрбиешісі Рəшида Жүрсінова бір қазақ баласын сүндетке отырғызбақ болып шағын шара өткізеді. Бұған қарсы шыққан балалар үйінің қызметкерлері жаңағы тəрбиешіні сотқа береді. Сотта тəрбиешіні соттап жібермек болады, сонда Зара Қабдешқызы салиқалы да дəлелді сөздерін келтіре отырып, соттан тəрбиешіні құтқарып қалды. Бұл əрине Зара апамыздың ғана қолынан келетін іс еді. Сол тоқсаныншы жылдары қазақ пен шешен халқының арасында кикілжің туды. Тіпті ел арасында ұлтаралық дау шықты деуге де болады. Екі жақты татуластыру талай адамдардың қолдарынан келмегенде, осы біздің Зара апамыз басу айтып, екі жақты ымыраға келтіріп еді. Біз соның да куəсі болғанбыз. Зара Қабдешқызы еліміз əлі егемендігін алмаған кездің өзінде газет, телеарна, радио арқылы жиі шығып, сұхбат беріп, халық алдында сөз сөйлеп, адамгершілік, имандылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ауызбіршілік, сыйластық тақырыбына байланысты талай рет ой толғады. Осыны байқап қалған сол кездегі Павлодар облысының басшысы Даниал Ахметов республикаға ұсыныс жасап, 1995 жылы облыстық əйелдер лигасын Павлодар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіруіне мұрындық болды. Біздің облыстың мұсылман əйелдері қоғамы республикада тіркелген бірден-бір лига. Басқа лигалар Ассамблеяның құрамына кірген емес. Міне, содан бері де 26 жыл уақыт өтіпті. Соның 22 жылын тек Зара апамыз атқарған екен. Не деген еңбек, не деген қажыр-қайрат?! Зара апамыз өте еңбекқор, мазасыз, тыным таппайтын əрі ізденгіш адам болды. Ол кісінің тағы бір ерекше қыры, сөзге шешен, ойы ұшқыр болатын. Ол кісі сөйлегенде зал тынып қалатын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына келгенде Президент алдында Зара Қабдешқызы талай рет сөз сөйлеп, аналарымыздың зор еңбегін асқақтатқан. 1997 жылы, жаңылмасам, наурыз айының орта шені болар, зейнетке шыққан аналар мен №10 мектептің ұстаздары бар, бəрінің басын қосып, 30 адамнан тұратын «Ару ана» ансамблін құрды. Биыл оның құрылғанына да 20 жыл толды. Ансамбль бүгінде облысымызда өтіп жатқан қаншама шараларға қатысып, өнерлерін көрсетуде. Мұсылман əйелдері лигасы бүгінде барлық аудандарда жұмыс істейді. Өнерлі əжелерден

257


Ақын Нұрғожа Ораз Зара апамыз белсенді деген лига мүшелерін Астанаға апарған еді. Ағайдың 80 жылдығында құрылған ансамбльдер ауданда да өнерлерін көрсетуде. Аналарымыздың отансүйгіштік, достық, Қазақстан жайлы айтқан патриоттық əндері жастарды ұлтжандылыққа тəрбиелеуде. Олардың əр мерекеде шашып жатқан шашуларының өзі - ұлттық салт-дəстүрді көрсететін керемет бір ғажайып көрініс. Əжелеріміздің қазақы көйлектері мен қамзолдарын киіп, ақ орамалдарын жамылып шыққанда сахнада отырғандарға қандай əсер қалдырады десеңізші?! 70-80 ге таяп қалған аналарымыз бен əжелеріміздің басын бір кісідей қосып, тату-тəтті, туысқандық сезімдерін шашыратпай, ұрыскеріс болдырмай, бір шаңырақта ұстай білу - ол тек біздің Зара апамыздың қолынан келетін ерекше дарын, дер едім. Сол 1991 жылы лиганың жұмысын бірге бастаған өзі қатарлас қызкеліншектермен 22 жыл тапжылмастан қоян-қолтық, жұптарын жазбай қызмет істеуі оның ұйымдастырушылық қасиетінің ерекшелігінде деп білемін. Сол белсенді апа-əжелеріміздің есімдерін атап өтсек: Лиганың құрылған күнінен Зара апайымызбен бірге жұмыс бастаған – Бақтылы Əмірғалиева, он баланың анасы, «Батыр ана» Сəуле Мырзатаева, дəрігер Мая Хамзина, Айман Қасенова, Айман Нұрғалиева, Нұршат Нұрғалиева, Шəрбат Жұмаділова, Мекке-Мəдинаға барып келген қажы апаларымыз - Гүлнəрім Қаниева, Рымкеш Исенова, Елеуке Əлмұқанова, Зейнеп Садықова, Нұрапа Алпысбек, Алма Смағұловаларды Зара апамыз ерекше мақтап отыратын. Бүгінде бұл қоғам Зара апамыздың жұмысын одан əрі жалғастыруда. Өзі сеніп қойып кеткен Максилова Бақытжамал құрбымыз лига мүшелерімен тыңғылықты жұмыс атқаруда. Осылайша Зара апамыз бастаған үлкен іс бүгінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. ...Иə, өмір шынымен де қамшының сабындай ғана қысқа екен. Зара апамыз арамыздан өте ерте кетті. Оның жасағанынан жасары əлі де алда еді. Тіпті ол кісі еш нəрсе жасамай-ақ бір көрініп кетсе, біз үшін ол тау қопарғандай болар еді... Бірақ, Алла тағала əр адамға өлшеулі ғана ғұмыр

258


береді екен. Дегенмен, Зара апамызды өлді деуге қимаймыз. Себебі ол өте жақсы адам болды... Жақсы адамның артында өшпес із, өлмес өнеге қалады. Ол қашанда елімен бірге. Зара апамыз расында да өзгелерден өзгеше жаратылған. Орны жұмақтан болсын. Зара апамыздың жасап кеткен ісі, артында қалған ізі біздің жүрегімізде мəңгілікке сақталады! Құрметті оқырман қауым! Ал қазір Зара апамызды ерекше құрметтеген адамдармен болған сұхбаттарымыз бен еске алу əңгімелеріне назар аударыңыздар.Оған қоса кезінде өзі жазып қалдырған бірер деректер мен шараларды өткізуге байланысты дайындаған өзінің қолжазбалары мен концерттік сценарийлерін жəне атқарған жұмыстары жайлы жазылған газеттердегі мақалаларды да ұсынуды жөн көрдік. Ардақты анамыз Зара Қожахметова жайлы жазылған бұл еңбек - есте қалар пікірлерімен бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болсын деген мақсатта жазылған құнды дүние. Оқылған бұл естелік еңбек сіздердің төрлеріңіздегі кітап сөрелеріңізде жақсы жерден орын алады деп ойлаймыз!

259


Сейілхан Балтабаев ҚР Құрметті теміржолшысы Айналасындағыларға ғана емес, бүкіл туған-туысына көмек қолын созып, жанын қоярға жер таппай, ақ халатты періштедей бізді қорғаштай жүріп, жанымызға шипа болардай дем беріп, өзінің ерекше мейірімімен шуақ шашып, науқастардың да, біздің де көңілімізді тауып, өмірге деген құлшынысымызды арттырып қана қоймай, ертелі-кеш ерінбей ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған біздің ардақты асқар тауымыз Сейілхан ағамыз бүгін міне 80 жасқа толып отыр. «Гиппократ антын» өзінің өмірлік кредосы ретінде қабылдап, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген біздің ағамыз Сейілхан Балтабайұлының денсаулық сақтау саласына жасаған ерен еңбегі, атқарған істері ұшан-теңіз. Ойланып қарасаңыз, күллі байлықтың жиынтығы ақша мен алтын емес, деннің саулығы екен. Шынында да, бір Алламыз жаратқан осы ақ халатты абзал жандар болмаса, жер бетінде тіршілік болар ма еді. Дəрігер мамандығын таңдаған Сейілхан ағамыз бен аяулы жеңгеміз Күлжазира Рысқалиқызына басымызды иіп құрмет көрсетеміз. Жан досы Күлжазира жеңгеміз де - теміржол саласындағы кардиология бөлімінде бас дəрігер болып 40 жылдан астам қызмет атқарған ақ халатты абзал жан. Сейілхан ағамыз бен Күлжазира жеңгеміз - Шолпан мен Қарлығаш деген қыздарын өмірге əкелген бақытты отбасы. Қыздарының екеуі де Алматының халық шаруашылығы институтын бітірген білікті мамандар. Шолпаны жеке кəсіп ашып, жастарды мемлекеттік тілге үйретіп, əрі туризм саласын дамытуда. Ал кенже қыздары Қарлығаш Алматыдағы банкте қызмет атқарады. Шолпан деген қыздарының үлкені Мəлика Американың Бостон қаласында мектепте оқып, университетті сонан бітірген. Қазір Алматы қаласындағы үлкен фирмада қызмет атқарады. Мəликадан кейінгі жиендері Мадина да Американың Бостон қаласына барып, бір жыл ағылшын тілін үйреніп келіп, Швейцария қаласында университет бітірген. Бүгінде Алматыда банк саласында қызметте. Ал Қарлығаштың қызы Əлия мектептен кейін Вашингтонда бір жыл ағылшын тілін үйреніп, Алматыдағы Кимэпті биыл бітірді. Олардан кейінгі екі немересі қазірде мектепте оқиды.

260


Сейілхан ағамыз жоғары атақтан да кем емес. Қазақстан Республикасының Құрметті теміржолшысы, Жоғары дəрежелі Қазақстан Медицина саласының үздігі, Тыл ардагері, талай жыл медицина мекемелерінде Бас дəрігер болған құрметті дəрігер. Ол - қажымас қайратымен, балаларына деген өнегелі-үлгілі ісімен, жаңашылдық жолымен, адамгершілік қасиетімен, Қазақ еліне атқарған табысты қызметімен, туысына деген ыстық сезімімен дараланған парасатты отағасы. Ақылы кең дария ағамыз Сейілхан Балтабайұлын бүгінгі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз: Құтты болсын 80 деген жасыңыз, Сексеннің де сеңгірінен асыңыз. Қуат алып денсаулықтың нəрінен, Жүзіп өтіп, жүзге аяқ басыңыз! Жаратқан жар болып, қорғай жүрсін, Ата-баба аруағы қолдай жүрсін. Туған-туыс тату-тəтті болып, Бір-біріне сəлемін жолдай берсін! - деп тілек айтамыз. Ардақты аға! Отбасыңызға береке-бірлік, ұзақ ғұмыр тілейміз! Үнемі көштің алдыңғы қатарында бізге ақылшы болып, жарқырап жүре беріңіз! Ал құрметті қонақтарымызға айтар алғысымыз шексіз. Осындай мерейтой Сіздердің де шаңырақтарыңызда бола берсін! Қазақ елі бай, ауқатты болсын!

Сейілхан аға мен жеңгеміз Күлжазира жəне жолдасым Беделхан

261


Аманжол Шамкенов Джавахарлар Неру атындағы сыйлықтың лауреаты

ЕСТЕЛІК «Адам несімен өміршең десек, артына қалдырып кеткен ісімен өміршең» дер едік. Сондай адамдардың бірі - біздің жерлесіміз, белгілі ақын, драматург, Джавахарлал Неру атындағы сыйлықтың лауреаты Аманжол Шамкенов. Аманжол Шамкенов ағамызды алғаш 1965 жылы Ертіс қаласында ақынға арналған кездесу кешінде көрдім. Кейін Алматыда қазіргі ƏлФараби атындағы университетке сырттай оқуға түскен жылы, қазір осы залда отыр Аманжол Шамкенов ақынның туған бөлесі, менің құрбым Зайра Мұқашевамен бірге Аманжол ағамыздың үйіне жиі барып тұрдым. Ол кісілер өте қонақжай болатын. Жеңгеміз Райса апамыз ақжарқын, бізге өте жақсы қарайтын. Үйлерінен үнемі қонақ арылмайтын. Сол үйде атақты ақын-жазушылар Қалижан Бекхожин, Дихан Əбілов, Сырбай Мəуленов, Мүбарак Жаманбалиновтермен бірге ағамыздың ең жақын досы, академик Серік Қирабаевтарды талай рет көрдім. Есімде, Аманжол ағамыз сол жылдары Жазушы баспасында бас редактор қызметінде болды. Кейін Жазушылар одағына ауысып, хаттау бюросының директоры қызметін атқарды. Аманжол ағамыз керемет жан еді. Ол өте кішіпейіл, кішіге қамқор, үлкенге ізет көрсетіп, мəдениеттілігімен əрі парасаттылығымен ерекшеленген дара тұлға болды. Дауысын көтеріп сөйлемейтін. Өте бауырмал, мейрімді жан болатын. Аманжол ағамыздың көгінде күн күлімдеп, жүзінде адамға деген жылы шуақ лебі есіп тұратын. Сол сүйіспеншілік пен мейірімділік нұры бізге əрдайым қуаныш сыйлайтын. Ақын ағамыздың маған көрсеткен қамқорлығы да ерекше болды. Алдында университетке оқуға сырттай түстім деп айтып өттім ғой, Менің өтінішім бойынша, Аманжол ағамыз журналистика факультетінің сол кездегі деканы Тауман Амандосовқа барып, күндізгі бөлімге ауысуыма көмектесті. Мен ол кісінің осы жақсылығын ешқашан ұмытқан емеспін. Кезінде Қазақ радиосы мен телевидениесіне

262


хабар жасаймын деп, Астанадан Алматыға арнайы іздеп барған кезім де болды. Сол жолы ол кісі маған үш кітабын сыйға тартты. Соның біреуін оқып берейін: «Ғалия, күнім! Шын көңілден ұзақ ғұмыр, бақыт тілеймін. Сапарың сəтті болсын! Құрметпен: Аманжол Шамкенов. Марттың 20-сы, 2000 жыл». Ақын-драматург Аманжол Шамкенов өлеңдерінде өмір, уақыт, заман, бейбітшілік пен туған жер, замандастары жайлы, адам тағдыры туралы көп жазған. Алғашқы “Студент сыры” атты өлеңдер жинағы 1951 жылы жарық көрсе, кейіннен “Жасыл жайлау”,“Дала тынысы”, “Тың дəптері», “Ертіс перзенті”, “Шырша”, “Жайлау кеші”, “Қасиетті топырақ”өлеңдер жинағымен қатар “Таңдамалы” кітаптары баспадан шықты. “Тың сыры”, “Толқын үстінде”, “Шашақ” атты повестері мен бірнеше əңгімелері де жарық көрген. Ал драматургия саласындағы еңбектері - бір төбе: “Бір махаббаттың сыры”, “Табамын сені”, “Сен жалғыз емессің”. Иса ақынның «Құралай» поэмасын да пьесаға айналдырды. Оны кітап етіп шығарды, кезінде ол шығарманы Аймауытов театрының əртістері сахналаған болатын. Ал “Кездесу”, «Өжет жан”, “Шыңдағы гүл” жинақтары орыс тіліне аударылды. Аманжол Шамкеновтің 20-дан астам өлеңдер жинағы жарық көрген. Ақын 100-ден астам əнге сөз жазған. Соның бірі - осы күнге дейін баршамыздың айтып жүрген «Ұстазым» əні. Дəл осындай ұстазға арналған бүгінде əн жоқ. Ғасырға жуық ғұмыры бар бұл əн əлі талай жыл шырқалатыны анық. Енді мұндай əн өмірге келе қоймас. Аманжол Шамкенов Пушкин мен Лермонтовты, Гете мен Есенин шығармаларын, Хикметтің “Əпенде” пьесасы мен Тушканның “Жора” романын қазақ тіліне аударған. Аманжол ағамыздың басқа ақын-жазушылардан ерекшелігі – туған жерге деген ерекше құрметі мен махаббатын айтып өтуімізге болады. Туған жердің əрбір түлегі қай жерде, қандай қызмет атқарып жүрсе де , Ата мекен, алтын бесігін бір сəт естен шығармай, оған мəңгілік қарыздармын деп есептейтіні сөзсіз. Өйткені адам бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, əке қаны арқылы туған жер топырағынан дариды емес пе?! Туған жерге деген махаббаттың арқасында жүректің қалауымен сүйікті ақынымыз жасы ұлғайған шағында, 2001 жылдың мамыр айында, туған жері Павлодарға көшіп келді. Ол кісіні сол жылы Павлодардағы үйіне арнайы іздеп бардым. Əсем Алматыны калай қиып келдіңіз дегенімде: «Туған елге тағзым ету - парызым, туған елге қызмет ету – қарызым» деген ой жүрек түкпірінде өмір бақи жатқандықтан болар,» - деді. Аманжол ағамыздың туған жеріне деген жүректегі сағынышы мен махаббатынан туындаған бірнеше өлеңі бар. Атап өтсек, «Ертіс деген қала бар», «Ағады Ертіс», «Аяулым, туған жер деп, ел деп сүйдім», Ертіспен сырласу», «Кереку», «Туған аймақ», «Лебяжі ауылында», Екібастұз өрнектері», «Туған жер төсінде», «Сағынып қаппын, Ертісім», тағы да басқа өлеңдерін айтуға болады. Ауылымның тоғайы əсем, жері гүл,

263


Қыр соңымнан қалмай бəрі еріп жүр. Жерлестерім алдымды қоршап, қаумалап, Көктен түскен космонавтай мені бір. Осыншама ыстық көңілдердің сенімін Қайтіп қана, қалай ғана ақтармын? Туған жерім, кешірек келсем, кешір сен! Себеп тауып ақталайын несін мен. Көзін жұмды! Дей бер егер бір сəт те Сені ойламай көңілімнен өшірсем, - деп толғанған екен. Ал ендігі айтарымыз, биыл ақынның елінде оның 95 жылдығына арнап біраз шаралар атқарылды. Дегенмен, туған жері Павлодарда Аманжол Шамкенов атында бір көше болса, нұр үстіне нұр болар еді. Ал бүкіл өмірін туған жері мен еліне арнаған ақынға ескерткіш орнатылса, артық болмас еді.

Мұрат Абдрахманов қоғам қайраткері

Мұрат Мұсайбекұлы Абдрахманов Павдодар облыстық телерадиокомитетіне төраға болып келгенде біздің телеарнада ерекше бір серпіліс пайда болды. Ол кезде Кеңестер Одағының кезі емес пе, қазақ тіліндегі хабарларға уақыт өте аз берілетін, бар-жоғы бағдарламаның 30 пайызын ғана құрайтын. Мұрат Мұсайбекұлы келе сала осыған байланысты талап-тілектерімізді тыңдап, Республикалық телевидение басшылары алдына осы проблеманы қойып, оның оң нəтижесіне жеткен еді. Қазақ тіліндегі хабарлар елу де елу болғанда, қазақ редакторлары қалай қуанды десеңізші! Ол жылдары туған тіліміз жайлы айту, қазақ мектептері мен балабақшаларының проблемаларын көтеру, тіл мен ұлт мəдениеті жайлы, халқымыздыңəлеуметтік жағдайы туралы сөз қозғау сол кездегі басшылардың рұқсатынсыз болмайтын. Несін айтайық, қазақ тіліндегі хабарлар бір сарында, тек облыстың ауыл шаруашылығы мен өнеркəсібі, мəдени өмірі жайында болатын. Əйтеуір партия не айтты, сол шеңберден шықпайтынбыз. Оның үстіне үстімізден тексеретін ЛИТО бар.

264


Бірде мен Бас редактормен ақылдаспай-ақ, өзімнің көкейімде жүрген ойларымды, ойға алған тақырыптарымды айтып, председателіміз Мұрат Мұсайбекұлының алдында болдым. Ол кісі мені жақсы қарсы алды. Айтқан ойларымды мұқият тыңдады. Мен кейінгі жылдары қаракөз балалардың жетімдер үйінде көбейіп бара жатқаны, қарттар үйіне қазақ ақсақалдары мен əжелерінің сыймай отырғаны туралы, қазақ балабақшалары мен мектептерінің тіптен жоқтығы, бар болса ескіріп, құлайын деп тұрғаны жайлы, осыны неге тақырып қылып көтеруге болмайды, - деген сұрақтар қойдым. Мұрат Мұсайбекұлы ойланып отырып: - Бұл проблеманы жайлап көтеруге болады, бірақ басшылардың сынына түспей, ойыңды жеткізуің керек. Оны проблема етіп көтеру қажет, тек келтірген фактілерің дəлелді болса, - деді. Осы кездесуден кейін маған бір ерекше серпіліс пайда болып, ерекше қуат бітті. Тіпті қанаттанып кеттім. Содан прокуратура мен ішкі істер басқармасымен келісе отырып, бұрын көтерілмеген мəселе бойынша «Менің анам қайда екен?» жəне «Қарттарым, аман-саумысың?» деген тақырыпта екі үлкен хабар жасадым, кейін ол Алматының «Қазақстан» каналынан да өтті. Қайсыбірін айтайын, қазақ мектебі мен қазақ театры жайлы хабарларым бүкіл Республиканы дүрліктірді. Кейін оның нəтижесі болып мектептер ашылып, қазақ театры да өмірге келді ғой... Соның біріне тоқталсам. Екібастұздағы №2 қазақ мектебі жайлы хабарым. Бұл мектепте оқушыларға оқитын класс жетпей, балалар дəретхана мен жуынатын бөлмеден класс жасап, сонда оқып жатқан еді. Дəретханадан жасалған класта біздің ұлымыз оқыса, жуынатын бөлмеден жасалған класта қызымыз оқыды. Екі класта да терезе жоқ, күндіз болса да терезенің жоқтығынан балалар электр жарығымен отыратын. Дəретханадан мүңкіген жаман иіс шығып тұрады. Осындай қорлыққа шыдамай, ата-аналар мен мұғалімдерді қатыстырып, мектеп жайлы проблемалы хабар дайындадым. Хабар дайын болды, бірақ эфирге беруге Бас редактор қол қоймай отырып алды. Содан мен бірден бастығымыз Мұрат Мұсайбекұлының алдына бардым. Бар жайды айтып бердім. Ол кісі сөзге келмей, қол қойып берді. Басымыз кетсе, екеуіміз де бірге кетерміз, не болса да көрейік деді. Енді режиссер хабарды эфирге дайындайын десе, хабардың пленкасын біреулер əдейі жоғалтып жіберіпті. Содан бас режиссеріміз шырылдап маған звондады. Пленка жоқ, ертең жеткіз, тіпті болмаса фотоға түсір дейді. Оның бəрін айтып қайтейін, мектептен фотосуреттер түсіріп əкелдім, қиындықпен болса да əйтеуір хабар дайын болды. Бірақ эфирден Бас редакторымыз қайткенде де бергізбеді. Содан мен үлкен блоктағы хабарды ұятта болса айтайын, ұрлап алып Алматының телевидениесіне салып жібердім. Оған бас режиссеріміз Үмітжан Садуова көмектесті. Ол жылдары Кеңес үкіметінің кезі ғой, қазақ тілді журналистер қанша айтқанмен екінші қатарда жүретін, бірақ мен олардан еш қалыспай, қазағымның ұлттық проблемаларын көтеруден тайынған емеспін, ал осы жағдайда маған Мұрат Мұсайбекұлы үнемі қамқорлығын көрсетіп отырды. Мен үнемі оған арқа сүйедім. Мұрат Мұсайбекұлы сол кездің өзінде

265


ешкімге жалтақтамай, ұлтының мəселесін шешуде, қазақ тілінің жанашыры болып келелі-келелі жұмыстар атқарды. Сондықтан да болар, ол Павлодар облыстық телевидениесінде жүргенде шешімін таппаған мəселелердің шешілуіне үнемі араласып, қолынан келгенше азаматтық көрсетті. Телевидениеден кейін Облыстық мəдениет басқармасын басқаруға барғанда да қаншама жұмыс тындырды. Айтыс өнерін жандандыруда ол көп еңбек сіңірді. Мұрат Мұсайбекұлы өте мəдениетті. Жаны өте таза əрі шыншыл, адал, өте білімді, қарапайым адам болды. Барлық адамға бірдей қарайтын. Үлкенге де, кішіге де құрмет көрсетіп, алдына барғандарды риза етіп отыратын. Өзі көпшіл де еді. Араласатын адамдары да, достары да көп еді. Мұрат Мұсайбекұлы орыс тілінде де, қазақ тілінде өте зерек болды. Сол жылдары біреулер сұхбат алуға барсаң, «Мен орысша оқып едім, қазақша білмеймін» - деп мақтанса, біздің Мұрат Мұсайбекұлы екі тілде де əдеби сөйлейтін білімді азамат болды. Орыс мектебінде оқыса да, өз ана тілін құрметтеген аяулы жан еді. Сондықтан да болар, құрметті демалысқа шыққаннан кейін қарап отырмай, Павлодар облыстық қазақ тілі қоғамын басшылыққа алып, ұзақ жыл тіліміздің жанашыры болып қана қоймай, қазақ тіліне байланысты қаншама жұмыс атқарды, ол жайлы толық тіл қоғамының азаматтары жазады деп ойлаймын. Ең бір құндысы, Мұрат Мұсайбекұлы өлең де жазады екен. Оны біз телеарнада қызмет істеп жүрген кезімізде білмеп едік. 2008 жылы ғана білдім. Сол жылы мен 60 жасқа толғанымды тойлайын деп Мұрат Мұсайбекұлын мерейтойыма шақырдым. Ол кісі келе алмады, бірақ 9 шумақ өлең жазып, орнымда болмағасын, қызметтес жолдастарыма беріп кетіпті. Менің сол телевидениеде атқарған жұмыстарыма баға бере отырып, мазмұны мен мағыналы құттықтауын осылайша жеткізген екен. Бүгінде Мұрат Мұсайбекұлы арамызда жоқ болса да, оның артына қалдырып кеткен құнды дүниелерін көріп, риза боламыз. Зейнетке шыққаннан кейін біз немерелерімізге бас-көз болайық деп 2008 жылы Астанаға көштік. Бірнеше жылдан кейін Мұрат Мұсайбекұлының отбасы да елордаға көшіп келді. Келе сала ол кісі де қарап отырмай, Сарыарқа аудандық Ардагерлер кеңесіне келіп, қоғамдық жұмыспен айналысты. Тұрақты комиссияның председателі болып, байланыс жəне халықаралық қарым-қатынас комиссиясымен бірлесе отырып, татар ақыны Мұса Жəлелдің еске алу кешін өткізіп, шарада ақынға арнап жазған өлеңін оқып, сол кештің ұйытқысы болды. Мұрат Мұсайбекұлы Қазақстан халық Ассамблеясымен бірігіп ұйымдастырған «Бастаудың қайнар көзі» атты маршқа қатысып, сол үлкен шараның бастамашысы болды. Мен Мұрат Абдрахмановты өмірден өтер алдында Астанада бір күн бұрын көрдім. Ол Павлодар облысы əкімшілігінің «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мерекесіне ұйымдастырған мəдени шарасы өткен күн еді. Сол мерекеге мен де құрметті қонақ ретінде қатысқан болатынмын. Киіз үйде бірге болдық. Дастархан басында Мұрат Мұсайбекұлына да сөз берілді.

266


Бақи Əбдіқадыров, Хамза Тоқпанов, Мұрат Абдрахманов Ол Қазақ хандығының аталып өтіп жатқан мерекесінің маңыздылығына тоқтала келіп, облыс əкімдігіне еліне елеулі адамдарды ұмытпай, құрмет көрсетіп жатқанына рахметін айтып, осы кездесуден өзімді бақытты сезініп отырмын деп қуанышын білдірді. Дастархан басынан кейін концерт тамашалауға сахнаға келдік. Сол-ақ екен, өзі басқарған мəдениет департаментінің бір топ өнерпазы оны қоршап алып, мəз-мейрам болды. Кетер кезде мен Мұрат Мұсайбекұлының жанына келдім. Қасымда Павлодар облыстық радиосының бас режиссері Алтын Омарова болатын. Мен Мұрат ағаға үйге қайтатын болсаңыз, таксимен апарып тастайық, - деп едім, ол: - Ғалеке, рахмет, мен сендер жақтан көшіп кеткенмін, сол жақ Астанада тұрамын, мына жерден алыс емес деді. Міне, біз содан қош айтысып кете бардық. Соңғы көрген сəтім екен. Əттең, əттең, осылайша ол өмірден ерте кете барды. Алланың ісіне əмір бар ма?! Иə, бүкіл еңбегін, бойындағы бар қасиетін, білімі мен біліктілігін қазақтың тілі мен діліне, мəдени өміріне жұмсап өткен Мұрат Мұсайбекұлы Абдрахмановтың өткен өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Енді ол жазып қалдырған дүниелерді жастарға жеткізіп, содан тəлім-тəрбие алсақ дейміз!

267


Юрий Поминов Павлодар облыстық Қазақстан Журналистер одағының төрағасы

ҚАЛАМЫ ҰШҚЫР ӘРІПТЕСІМ Юрий Дмитрьевич Поминов - Қазақстанның Журналистер одағының Павлодар облысы ұйымының төрағасы, Еуразиялық инновациялық университетінің доценті. Қазақстан Республикасының екі Құрмет грамотасымен, «Павлодар облысының алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. Іргелес Ресей аймақ журналистерімен қарым-қатынасты нығайтқаны үшін, Новосібір облыстық ұйымымен бекітілген, Ресей Журналистер одағының, «Отандық журналистика алдында қызметі үшін» үшінші жəне екінші деңгейлі орденмен марапатталды. Юрий Дмитрьевич Поминов 1953 жылы 22 ақпанда Ресейдің Новосібір облысы, Купинск ауданының «Купинский» кеңшарында дүниеге келген. Өмірлік жан жолдасы - Павлодар облысына белгілі журналист, ақын Ольга Николаевна Григорьева. Олардың Данил, Дмитрий, Павел деген үш ұлы бар. Алғашқы қызмет жолы 1970 жылы ауданындық «Ленинское знамя» газетінде тілші болудан басталады. Кейін осы газетте ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып істейді. Ол журналист ретінде аудандық газетке ғана есмес, Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетіндегі проблемалық əртүрлі тақырыптағы мақалалары арқылы танылды. Юрий Поминовтің жазбалары оқырманның көңілінен шығып, қоғамдық пікір тудыратын дүниелерге айналды. 1977 жылы «Звезда Прииртышья» газетіне тілшілікке шақырылады. Осы жылы ол бұрынғы Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіреді. Бірер жылдан кейін облыстық газет редакторының орынбасары, 1988 жылы редактор болып тағайындалады. Юрий Дмитрьевич Поминов осындай жауапты жұмыста жүрсе де, облыстың қоғамдық жұмыстарымен де айналысады, 1989-1992 жылдары Павлодар облыстық Халық депутаттары Кеңесінің депутаттығына сайланады. Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің бюро мүшесі

268


де болған. Осы кезеңде басталған Юрий Поминовтың «Аласапыран заманның хроникасы: редактордың жазбасы» атты хроникалық-деректі публицистикалық зерттеуі жазылып, жарыққа шықты. Кеңестер дəуірінде басталған бұл еңбек облыстың сол кездегі басынан өткен тарихы бар дерек деуге болады. Юрий Поминов өте еңбекқор əрі тынымсыз, қайырымды, шыншыл адам. Юрий Дмитрьевичті 1974 жылдан бері білемін. Мен ол кезде Павлодар облыстық телерадиокомитетінде қарапайым редактор болатынмын. Ол қандай жағдайда да, қай кезеңде де бір қалыпты, ішіндегі астан-кестең болған жайды басқаларға білдіртпейтін. Мүмкін, оның жүйкесіне тимесін деген ой да болар, ешқашан да жан күйзелісін сыртқа шығармайтын. Бірде мынандай жағдай болды. 1985-1986 жыл. Бұл - менің журналистік кезеңімдегі болған оқиға. Ұлттық тіліміздің құрдымға кеткен кезі. Кеңестер Одағының дəурені жүріп тұрған шақ. Екібастұзда тілші болып жүргенімде №2 мектепте оқушыларға сынып жетпей, дəретхана мен жуынатын бөлмені жөндеген класта оқып жатты. Жылдар бойы дəретхана болған класс ішіне кірсең, сасық, иісі қолқаңды жарады. Осы екі сыныпта менің де екі балам оқыды. Əлгіні көргенде жүрегім сыздап, жаным түршікті. Содан облыстық газетке мақала жазып, телевидениеден хабар дайындап, Алматыға жібердім. Мақаламды оқып, телевидениеден хабарды көрген Екібастұз аудандық газетінің Бас редакторы П.Оноприенко маған қарсы жазылған қалалық оқу бөлімінің меңгерушісі Қазбек Садықовтың мақаласын өз газетіне басып жіберді. Жазылған мақала менің арыма тиіп, ұлтшыл, фактісі бұрмаланған деп жер-жебіріме жеткен. Содан, не керек, ақыры жаңағы П.Оноприенконы Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесіне депутаттыққа ұсынды. Журналистер алдында сөйлеп тұр ұялмастан, қалада қазақ газетін ашуға көмектесемін деп. Алматыда өткен Республикалық журналистердің конференциясына өз еркіммен барған мен: ол қалай ғана қазақ газетін ашады, қазақ мектебінің тарлығын айтып, жанайқайыммен мақала жазғанымда дұрыстығын тексермей, əріптесінің көзіне шөп салып, газеті арқылы менің ар-намысымды таптады деп бүкіл конференцияға қатысушылар алдында сұрақ сұрап сөйледім. Сонда сол П.Оноприенконың сенімді өкілі болып барған Юрий Дмитрьевич керемет көрегендік танытып, бір-екі ауыз ғана сөз айтты. «Мүмкіндік болса, Оноприенкоға дауыс беріңіздер» - деген. Мен сонда оның нағыз шыншыл, адал, өз позициясы бар журналист екенін түсіндім. Ол кезде Юрий Дмитрьевич Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің мүшесі, облыстық газеттің Бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы болатын. Мен болсам қарапайым редактормын. Конференцияға өздігімнен келген адаммын, делегат та емеспін. Сондағы түсінгенім, ол П.Оноприенконың шектен тыс шыққанын əрі ұлтшылдықты қоздырып отырғанын түсініп, ал керісінше менің мек-

269


теп мəселесін дұрыс көтергенімде журналист ретінде мені жақтағанын аңғардым. Əрі Юрий Дмитрьевич ұлттық мəселеге өте жауапкершілікпен қарайтын. Осы жылдар аралығында түсінгенім, қай халыққа да оның жүрегі ашық, көңілі жарқын, ұлтына бөліп қарамайтын жан. Есімі үлкен əріппен жазылатын адам. Ал егер сен шыдай алмай қиналып тұрсаң, ол үнемі көмекке келеді. Бірде Юрий Дмитрьевич маған телефон шалды. Мен ол кезде Павлодар облыстық радиосын басқаратын кезім. - Ғалеке, - дейді. Өзі бізбен үнемі қазақша амандасып, бірер қалжың сөз жарыстырып отыратын да кезі болатын. - Ресей жақтан журналистиканы бітірген Əсемгүл Сүйіндікова деген қыз келді. Ата-анасымен жақсы араласушы едік, радиоға қызметке алсаң қайтеді, -деді. Қазақстанның азаматы деген құжатын екі-үш айдан кейін алады, тəжірибе ала тұрсын, тегін жұмыс істеймін деп құлшыныс білдіріп отыр деді. - Егер орыс тілінде бітірсе, өзіңіз неге алмайсыз деп керісінше оған сұрақ қойдым. Алайын дедім. Бірақ қазақ тілін үйренуіме жақсы, онда қазақ журналистері көп қой, облыстық радиоға барсам дейді,- деп жауап берді. - Онда келсін, көрейік,- дедім, ал өзім оның осы бір қазақ қызы үшін шырылдап отырғанына таң қалдым. Сол Əсемгүл Сүйіндікова қазір радиода əлі қызмет істеп жүр. Жаңа алдында айттық, Юрий Поминов жауапты əрі лауазымды қызметте жүрсе де, қоғамдық жұмыстан қолы босамаса да, шығармашылықпен көп айналысады деп. Енді сол шығармашылығы жайында: 1990 жылы «Жарма сынасы», 1993 жылы «Есімде əрі өзіңді сүйемін» 1997 жылы «Мінездер», 1998 жылы «Менің замандастарым», 1999 жылы «Өткен шақ пен келер шақ арасында», 2002 жылы «Жылтырақтар», 2003 жылы «Аласапыран заманның хроникасы», 2014 жылы «Жылтырақтың» екінші кітабы жарық көрді. Оның əртүрлі тақырыптағы, əртүрлі жанрдағы мақалалары республикалық «Простор», «Нива» журналдарында шықты. Ондаған очерктері ұсынылды. Ұзақ жылғы журналистика əрі жазушылық саласындағы еңбегі бағаланып, Юрий Поминов 1980,2000,2003 Қазақстан Журналистер одағының сыйлығын, 2000 жылы «Сорос-Қазақстан» қорының, «Қазақстан əдебиеті» байқауының, Г.Толмачев атындағы сыйлықтың жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасы орыс тілді газетінің үздік редакторы» номинациясына да ие болған. Кезінде ол басқарған «Звезда Прииртышья» газеті Жоғары ұлттық журналистиканың сыйлығы «Алтын жұлдызбен» наградталды. Юрий Дмитрьевич Поминов - Қазақстан Журналистер одағының Павлодар облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. РФ Журналистер одағының Новосібір облыстық ұйымының 1,2,3-ші дəрежелі «Отандық журналистикаға сіңірген еңбегі үшін» орденімен жəне «Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіне - 10 жыл», Халықаралық

270


бейбітшілік қорының «Бітімгерлік жəне қайырымдылық қызметі үшін», «Қазақстан Конституциясына - 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медалімен жəне «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Мəртебең өсе берсін, шығармашылығың табысты болсын, əріптес досым, - деп тілек білдіремін!

Аманкелді Қаңтарбаев Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ЖУРНАЛИСТ ЕДІ Журналист мамандығы - шын мəнісінде қиындығы мен қызығы қатар жүретін, жан-жақты білімді талап ететін жауапты мамандық. Кез келген мамандық жайлы толық мағлұматы бар адам болуың керек. Міне, осы мамандықты меңгерген менің жақын досым əрі курстасым Аманкелді Қаңтарбаев таңдаған тақырыбын қашанда жан-жақты талдап, оның шешімін тапқанша тыным таппай ізденіп жүретін қаламгер еді. Аманкелді Қаңтарбаев - бірнеше кітаптың авторы əрі ақын. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болатын. Шынында да оның жан-жақтылығы мені таң қалдыратын. Өзі ұйымшыл, көпшіл болатын. Университетте курстастары арасында да өте беделді еді. Білімді, білікті азамат, кітапты да көп оқитын. Қолында үнемі біздің қолымызға түсе бермейтін тарихи кітаптар жүретін. Кезінде тыйым салынған, саяси қуғындалғандар жайлы кітаптарды біз Аманкелдіден алатынбыз. Олар жайлы алғашқы деректерді де Аманкелдіден естіген едік. Ақтаңдақтар жайлы ойымызды онымен бірге ортаға салып, пікірталас та өткізетінбіз. Аманкелді өте өткір болды. Ойындағысын жасырып қалмайтын, тура айтатын қайсар журналист еді. Сенің білместігің болса, тура бетке айтатын. Əрі ол алдына қойған мақсатына жетпей, бастаған ісін аяқтамай тын-

271


байтын. Аманкелді Қаңтарбаев қашанда жаңалықтың қасында жүретін. Халықтың көкейінде жүрген проблемасынан ешқашанда қалыс қалған емес. Ол журналистік қызметін алғаш Баянауылда бастаса, кейін ұзақ жыл Екібастұз қаласында «Алға» газетінде Бас редактор болды, содан кейін өзі құрған Екібастұз қалалық «Отарқа» газетін басқарды. Ал мен ол кезде Павлодар облыстық телевидениесінің Екібастұздағы тілшісі болып қызмет атқаратынмын. Сол жылдары Екібастұз қаласында бір ғана №2 қазақ мектебі болды. Мектепке балалар сыймай, ата-аналар балаларын қазақша қайда оқытарын білмей, қатты қиналды. Сол жылдары біздің ұлымыз Мадияр 7-сыныпта оқыса, қызымыз Жəмила 1-сыныпқа барған еді. 1985-86 оқу жылдары 1-ші жəне 7-ші сынып оқушыларына класс жетпей, оқушыларға дəретхана болған бөлмені жабдықтап жасалған класта оқыса, ал 1-сынып оқушылары душ бөлмесінен жасалған сыныпта оқып жатты. Осыны көрген мен өз жерімізде тұрып, қазақ мектебінің жетіспеуі бұл не деген масқара деп облыстық телеарнадан сын хабар дайындап өткізбек болдым, осы телехабарды облыс басшылары Павлодар телеарнасынан көрсетпей, кедергі жасады. Дегенмен, амалын тауып, Екібастұз мектебі жайлы хабарды Бас режиссер Үмітжан Садуованың көмегімен блокты ұрлап алып шығып, Алматының «Қазақстан» каналына жіберіп, сол хабарды республикадан көрсетіп жібердім. Бұл хабарды эфирге беруге бола ма деп тексерген Республикалық Қазақстан телерадиокорпорациясының төрағасы Сағат Əшімбаев кезінде қатты қобалжыған, - дейді бұл жайлы осы сəтті көрген əріптесіміз Қарлығаш Жакетаева. Кезінде мектеп жайлы мені қостаған Аманкелді Қаңтарбаев Дəмет Қарашашевамен бірігіп, «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», «Социалистік Қазақстан» /қазіргі «Егемен Қазақстан»/ газетіне мақала жазды. Осы мақаладан кейін Екібастұздағы орыс тілді «Завет Ильича» газетінің Бас редакторы Павел Оноприенко қазақ мектебі жайлы «Көңіл ауаны көл көсір, ал нақты не бар?» деген мақала басып, оның авторы Екібастұз қалалық оқу бөлімінің бастығы Қазбек Балқайұлын бізге қарсы қойды. Ол мені «экстремист», «ұлтшыл журналист» деп өз газеті арқылы балағаттады. Жолы болғыш Павел Оноприенко көп ұзамай Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына кандидаттыққа ұсынылды. П.Оноприенконың бұл ісін білмеген көптеген павлодарлық журналистер Республикалық Журналистер одағына ұсыныс жасап, оны журналистердің республикалық сайлау конференциясына депутаттыққа кандидат етіп, Алматыға қолдаушыларымен бірге қосып жіберді. Сонда Аманкелді Қаңтарбаев қыздардың сөзі өтеді, Ғалия, сен қайткенде де сол журналистердің конференциясына қатысып, Оноприенконың депутат болуына қарсылығыңды білдіруің керек, - деп менің Астанаға баруымды сұрады. Алдын ала «Социалистік Қазақстан» газетінің сол кездегі Бас редакторы,

272


атақты жазушы Шерхан Мұртазаға телефон шалып, менің конференцияға делегат болмасам да баратынымды айтып, конференцияда сөз алуға мүмкіндік алсам, мені қолдауын сұрады. Сосын жолыма ақша беріп, бір топ журналиспен бірге мені Алматыға шығарып салды. Мен сол конференцияда сөз сөйлеп, Оноприенконың депутаттыққа өтпеуіне кедергі болдым. Алматыдан келгеннен кейін Аманкелді бізді үйіне қонаққа шақырып, қуанып, тіпті ризашылығын да білдірген еді. Қазақ мектебінің салынуына наразылығын көрсеткен орыс əріптесіміздің депутаттыққа өтпеуіне əріптесім Аманкелді осылайша қарсы болған еді. Аманкелді курстасым өте бауырмал əрі қонақжай да болды. Біздің отбасымызбен қатты араласып тұрды. Үш жарым жыл Екібастұзда тұрғанымызда біздер бір үйдей болып кеткен едік. Мерекелерде де үнемі кездесіп тұрдық. Аманкелді Қаңтарбаев əрдайым алдына үлкен мақсат қойған, халықтың мұң-мұқтажын жақтаған журналист болды. Əріптестері алдында да, шəкірттері алдында да талап қоя білген зерделі қаламгер. Ол айналасында болып жатқанын үнемі қадағалап, соны сараптай білетін журналист еді. Бұған қоса, Аманкелді кең пейілді, жаны жайсаң, тек қана шындықты айтатын. Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы, соны терең зерттеп, оны зерделеп отыратын. Аманкелді Қаңтарбаев өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да бірдей қызмет жасады. Ол əрбір сөзінде журналист еш уақытта қателеспеу керек дейтін. Ой-пікірін қағазға түсіргенде, өзгелердің көкейіне жететіндей етіп жазуың керек дейтін. Тіпті ол журналистің сұрақ қою мəдениетіне де ерекше көңіл бөлетін. Сөзге шорқақ, тіл байлығы жоқ, ойы қысқа адам журналистика саласына араласпау керек деп қадап айтатын. Бəсекеге төтеп бере алатын білікті, білімді, шебер журналист қана тұрақты қызмет ете алады дейтін. Біріншіден, таза шығармашылық талаптарға қоса, журналист жаңа техникалық құралжабдықтармен жұмыс істей алуы керек деп талап қоятын.. Иə, журналист болу үшін тума дарын қажет. Дарындылық пен жаңашылдыққа тың ізденіс, оған қоса талпыныс болса, нағыз журналист осы дейтін. Ол өз газеті арқылы Екібастұз қаласындағы жаңалықтар мен оқиғалар жайында, əлеуметтік, экономикалық, мəдени, рухани болмыс жайлы жəне осындағы еліне елеулі еңбек адамдары жайлы очерктер жазып, оқырманның алғысына бөленді. Екібастұздың жетістігі жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыруға үлкен жол аша білді. Аманкелді Қаңтарбаев - осы өңірде ғана емес, бүкіл Павлодар облысына білікті, білгір журналист ретінде танылған қаламгер. Себебі ол - талай жыл Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің Екібастұз ауданы бойынша облыстық тілшісі болып қызмет атқарып, көлемді тақырыпта проблемалар көтерген талай мақалалардың авторы. Иə, шынында да, Аманкелді Қаңтарбаев оқырманы қабылдаған, оның мақалаларын сүйсініп оқитын журналист еді.

273


Сондай-ақ, ол өз ісіне адал, көпшіл, жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болды. Газеттегі əрбір журналистке ол қатаң талап қойып, жазған мақалаң оқырманның жүрегінен жол тапсын деп үнемі айтқанын талай естідім. Сылдыр сөз бен көшірмеден артық жасай алмасаңыз, мамандықтың абыройына нұқсан келтірмеңіз. Өзгелерден ерекшеленетін стиліңіз, өзіндік мақамыңыз болғанда ғана халықтың жүрегіне жол табуға мүмкіндік ашылады дейтін. Аманкелді Қаңтарбаев əділет жолында күрескен шыншыл журналист ретінде менің есімде сақталып қалды. Оның қоғамда əлі де іске асыра алмай қалған жобалары көп еді. Əттең, əттең, өмірден ерте кетті... Қазір ойлап қарасам, Аманкелді еңбекқорлықты, шəкірт-журналистерінің білімге деген ұмтылысын, қарапайым адамдық қасиеттерді жоғары бағалағанынан болар, айналасына көптеген жас журналистерді топтастырды. Қаншама жас журналиске тəлімгер болды. Қаламын серік, ақылын дос, иманын қару етті. Иə, аяулы адамыңнан айырылып қалғаныңда барып, өмірге қонақ екеніңді мойындайсың еріксіз. Пенделік қылығың жар бермей жүргенмен, жазмыш-тағдыр тəубеңе түсіреді екен. Содан болар, олар жайлы естелік жазғаныңнан басқа шараң қалмайды. Əйтсе де, Аманкелді Қаңтарбаевтың артында қалған ұрпағы бар, аяулы жары Мəктай Мұхтарқызы оның түтінін түтетіп отыр, соған тəуба дейміз! Сөз соңында Аманкелдінің ұрпағы одан əрі жалғастырып, шаңырағы көркейе берсін деген тілек айтамын.

Баянауылда. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 100 жылдығында. Алдыңғы қатарда журналистер Сая Молдайып, Аманкелді Қаңтарбаев, Ғалия Балтабай жəне Фарида Бықай

274


Алтын Қасенова ұстазым

ҰСТАЗЫМ АЛТЫН РАМАЗАНҚЫЗЫ ЖАЙЛЫ... Алтын Рамазанқызы Қасенова 1942 жылдың 11 тамызында дүниеге келген. Ал 1995 жылдың 3 наурызында 53 жасында дүниеден өтті. Ол өзінің қысқа ғұмырын ұрпақ тəрбиелеу мен халықтың əлеуметтік мəселелерін шешуге жұмсаған. Алтын Рамазанова 1954-55 оқу жылы 5-ші сыныпта Ертіс қазақ орта мектебіне ауысады. Алтын пəтерде тұрып оқиды. Ол мектеп табалдырығында жүргенде-ақ ағалары сияқты оқуға зирек, ұқыпты, ұйымдастыру қабілеті зор екенін көрсетеді. 1960 жылы мектепті үздік аяқтап, Ертіс ауданының Панфилов атындағы совхоз мектебіне аға пионервожатый болып жұмысқа орналасады. Сол жылы жоғары оқу орнына түсуге оның отбасының жағдайы болмайды. Өйткені Жанайдар ағасы Омбы қаласындағы ауылшаруашылық институтының соңғы курсында оқитын. Келесі жылы /1961ж/ Алтын Рамазанқызы Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1965 жылы тəмамдайды. Сол жылы Алтын Рамазанқызы өзі бітіріп шыққан алтын ұясы Ертіс қазақ орта мектебіне орыс тілі пəнінің оқытушысы болып қызметке алынады. Бірден жасөспірімдер құрметіне бөленіп, мектептің тəрбие жұмысын жандандыруға үлесін қосады, директордың тəрбие жұмысы бойынша орынбасары болып тағайындалды. Алтын Рамазанқызы Ертіс қазақ орта мектебіне мұғалім болып келген жылы біз 10-шы сыныпта оқитынбыз. Ол Павлодарға қызмет бабымен ауысып кеткен Рəшида Омарованың орнына географиядан сабақ берді. Сабағын өте тартымды өткізетін, үнемі оны қосымша материалдармен толықтырып отыратын. Өзі өте сымбатты еді, көркіне келбеті сай. Киімді де талғаммен киетін, сондай жарасып тұратын. Шашын жинақы етіп, бір жағына қарай жиып қоятын. Өрімдей жап-жас, мектепті жаңа ғана бітіргендей. Тіпті жоғары сыныптың кейбір балалары оған ғашық болып, сезімдерін де жасырмаған еді. Ал біз Алтын Рамазанқызына қызығатынбыз,

275


сондай болсақ деп еліктейтінбіз. 1966 жылы мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына оқуға түскен жылы тамыз айының аяғында Алтын Рамазанқызы бізді арнайы Алматыға іздеп келіп, жоғары оқу орнына түсуімізбен құттықтап, оқуға түскен Болат Абдрахманов пен мені жəне Емберген Мұхамедьяровты ресторанға апарды. Бұл – ұстаздарыңның шын жүректен құттықтауы болсын, қуанышым ерекше, сендердің болашақтарың əлі алда деп бізді мақтай отырып, ерекше құрметін көрсетті. Біз онымен ресторанға барғанымызға қатты ұялдық, ол кездегі тəрбие ерекше еді ғой. Ұстазымен шəкірттері ресторанға бірге барыпты дегенді біз естімеген екенбіз. Əрі керемет мəрттілік емес пе? Азаматтың жүгін арқалап, Алтын Рамазанқызы сол күні бізге керемет сый көрсетті. Біз бұны ұстазының шəкірттеріне деген сүйіспеншілігі мен құрметінен туған үлкен сыйластық деп түсіндік. Шын мəнісінде бұл ұстазымыздың өз еңбегінің нəтижесін көргендегі қуанышы еді. Кейіннен Алтын Рамазанқызы Ертіс ауданының комсомол комитетінің нұсқаушысы, Павлодар ауданының партия комитетінің хатшысы болды да, Алматы партия мектебін аяқтап келген жылы Павлодар аудандық Атқару комитеті председателінің орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметте өмірінің соңына дейін істеп, халықтың мұң-мұқтажын шешумен болды. Ол өз жұмысында əсіресе көп балалы, əлеуметтік жағдайлары төмен жанұяларға қолдау көрсетуге тырысатын, - деп мақтайтын жерлестері. Жоғары қызметке кетсе де Алтын Қасенова мектептен ешқашанда қол үзген жоқ. Ертіс қазақ орта мектебінің директоры Қабыкен Ауталиповпен байланысын үзбей, туған мектебінің өмірінен əрқашан хабардар болып, мектеп шараларына да үнемі қатысып жүрді. Мен жоғары оқу орнын бітіріп, Алматыда біраз жыл Республикалық телерадиокомитетінде қызмет жасап, 1983 жылы Павлодар облыстық телерадиокомитетіне қызметке ауыстым. Келісімен құрметті ұстазым Алтын Рамазанқызын жəне төменгі сыныптарда оқытқан ұстазым Ғалия Қамарқызы Əбенова екеуін үйіме қонаққа шақырдым. Сол жылдары олар үлкен қызметте болатын. Қарапайымдылығы мен кішіпейілдігі сол баяғы кезіндегідей екен. Үлкен бастарын кішірейтіп, шəкіртінің үйіне ерекше құрметпен келді. Алтын Рамазанқызы ол кезде Павлодар аудандық атқару комитеті председателінің орынбасары болса, ал Ғалия Қамарқызы Павлодар аудандық партия комитеті хатшысының орынбасары болып қызмет атқаратын. Алтын Рамазанқызымен мен қызмет барысында да жиі кездесіп жүрдім. Тіпті менің сын тақырыптағы хабарларыма да талай қатысты. Ол сыннан бастық ретінде ешқашанда қашқан да, қорыққан да емес. Қайта айтатын, осы проблеманы сын арқылы шешуге пайдасы тиеді дейтін. Жаны жайсаң, көңілі ашық, жүзі жарқын, біліктілігі мен өмір ұстанымы жоғары ұстазымыздың бейнесі осы күнге дейін көз алдымызда. Сөз соңында айтарым, Алтын Рамазанқызына жатқан жері жарық, орны жұмақтың төрінде болсын!

276


Қорытынды Құрметті оқырман! «Өмір шыңы» кітабымның дүниеге келуі тез болды. Бір айдың төңірегінде жинақталып, жазылды десем болады. Облыс тарапынан 70 жылдығым аталып өтетін болғандықтан, тыңдармандарым мен көрермендеріме, қала берді оқырмандарыма не айтсам екен деген ой мазалады. Сондықтан мен Сіздерге өткен өмірім жайлы айта отырып, атқарған қызметіме байланысты жаза отырып, айналамдағы жақсы адамдардың мен жайлы айтқан пікірін жеткізуді мақсат тұттым. Бұл болашақ журналистерге азын-аулық тəлім бола ма деген ой еді. Біреулер өмірді өзенге, теңізге, керуенге теңейді. Өмірге деген көзқарас əр адамда əрқилы. Бірақ менің ойымша оның ерекше мəні болу керек. Бір күндік өмірдің мəні болмайды екен. Мен əрдайым ұйықтар алдында өзімнің өткен бір күніме талдау жасап отырдым. Бүгін мен халқым үшін, айналамдағы достарым үшін, туыстарыма не жасадым. Көмегім болды ма деп ойланатынмын. Жақсылық пен жамандықты саралап отырдым. Қателессем, келесі жолы сол қателігімді түзетуге тырысатынмын. Дегенмен, адам қателіксіз өмір сүруі мүмкін емес. Тек сол кемшілігіңді дер кезінде біліп отырсаң ғана алға қойған мақсатың жүзеге асады. Əрбір адамның алға қойған мақсаты болу керек деп ойлаймын. Армансыз, мақсатсыз адамның өмірі бұлыңғыр. Бəзбіреулер өзінен гөрі болмай жатқан іске біреулерді кінəлап, жазғырып жатады. Тіпті, кей кездері біреулерді өсектеп, өзін ақылды адам ретінде көрсетуге тырысады. Осы жайсыз жайдың қайдан шыққанын білгісі де келмейді. Оның шын иə өтірігін саралап, бас ауыртпайды. Ал егер сол олқылықтардың өзімізден шыққанын, өзге емес, өзімізге бір рет болса да сын көзбен қарап ойланып көрдік пе? Егер сен сол адамның орнында болсаң қайтер едің? Ол жағы бізді еш алаңдатып жатпайтыны мені қатты толғандырады. Адамды сынау үшін ең бірінші өзіне қарап алғаны жөн бе деймін. Адамзат баласына берілген өмір мəнді өтсе ғана біз бұл өмірді дұрыс бағалаған болар едік. Шын мəнісінде өмір сүрудің екі жолы бар екен. «Біріншісі - мағынасыз өмір. Ол тек күнделікті болып жатқан өміріне ризашылықпен ғана қарап жүре беруің болса... Ал екіншісі - бұл өмірде бəрі ғажайып деп өмір сүру» керек екен. Бұл ойды кім айтты деп ойлайсыздар? Ол - өмірге өте ғашық болған лирик ақын Альберт Эйнштейн. Шын мəнінде сол «ғажайып» сенің бақытты өміріңмен байланысты. Ал бақыт байлықпен саналмайды. Мен өмірімде ақша жинап, байлыққа қызыққан емеспін. Қарапайым ғана үйім болды, балаларым да үлде мен бүлдеге оралған емес. Жоғары оқуға түсірем деп біреулердің артынан жүгірген емеспін. Немесе оларды жоғары қызметке отырғызамын деп те ойламаппын. Ойлаған кездерім болған шығар, бірақ олар бұл жолды таңдаған емес. Балаларымның бəрі де көздерінің майын тамызып, адал еңбекті қалады. Бүгінде біздің шашылып жатқан байлығымыз жоқ болса да, рухани байлығымыз шаш-етектен.

277


Ал мен болсам 60 жасқа келгенше, үкіметтің жұмысы, халқымның тағдыры, елдің мұң-мұқтажы деп жүре беріппін. Тіпті, сол ұйқысыз өткен талай күндерім тек қана елдің қамы болып еді. Зейнетке шыққанға дейін Павлодар облыстық радиосындағы қызметім қалай да осы радионы сақтап қалып, оны ел игілігіне жарату болатын. Олардың ай сайын алатын айлықтары қалай болады, министрліктегі тендерлерді қалай жеңіп алсам екен деп бір шырылдасам, радионы жаңа техникамен қалай жабдықтаймын деп зыр жүгіріп едім. Ай сайын премия, тіпті сенбі-жексенбі күндері жұмыс істеген қызметкерлерге еңбекақысын толық төлеудің де жолдарын қарастырып, үш жыл бойы ҒМ толқынына шығарамын деп министрліктің есігін тоздыруым осы күнге дейін көз алдымда. Өзімді емес, өзгені ойлап, біреулерге жексұрын болсам, біреулерге пана болып едім. Бүгінде осы өткен өмірім қызық екен деп ойлаймын. Иə, өмірдің мəні - қарапайым адам бола білуде. Үлкенмен үлкенше, кішімен балаша сөйлесіп өмір кештім. Ешқашан да мен бастықпын деп кеуде қаққан жоқпын. Өмірімнің əрбір сəтінен лəззат алып, алға ұмтылдым. Қарапайым болуға тырыстым. Өмір əр адам үшін əртүрлі жолды меңзейді. Бұралаңдары да көп. Содан тура жүріп өтсең ғана өміріңе риза болады екенсің. Бүгінде мен осыны сезініп отырмын. Ал егерде өмірінізді қайта бастаңыз десе, мен осы өмірімді қалар едім. Себебі менің өмірім мəнді де мағыналы өтті... Бұл əрине - Өмір шыңы...

Құрметпен, сіздердің қаламгерлеріңіз: Ғалия Құсайынқызы Балтабай

278


Кітапты құрастырып дайындағандар: Редакция алқасы Мəтінін өңдеген Редакторы Дизайнері Компьютерге терген Корректоры

– – – – –

Мадияр Балтабай Əсел Жақсыбай Берік Төлеуғалиев Жəмила Балтабаева Айман Иманғазина

279


280

Өмір шыңы  
Өмір шыңы  
Advertisement