Page 1

ДЕРЕК пен дəйек 195 400 000 000

Соңғы үш жылда Кенді Алтайда осынша теңгеге 29 инвестициялық жоба енгізілді

№72 (28011) 21 АҚПАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығарылған өнім өндірісінің көлемі 170 миллиард теңгені құрады, 3 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Таяудағы бірнеше жылда жалпы құны 611 миллиард теңгенің қырықтан астам жобасы өндіріске енгізілмек. 2012 жылы өңірдің индустриялық-инновациялық əлеуеті еліміздің ресми делега цияларының 15 ресми сапарынан, алыс жəне жақын шетелдер делегацияларының сапарлары мен Шығыс Қазақстанның Алтай өңіріндегі, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылордадағы, Ресейдің Татарстан Республикасындағы күндерінен, V Астана экономикалық форумынан, Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының IХ форумы сияқты шаралардан көрініс тапты. ӨСКЕМЕН.

132 000 000

Петропавл қаласын қар құрсауынан арылтуға биыл осынша қаражат бөлініп отыр Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Табиғаттың осы бір беймаза мезгілі туғалы Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында еш тыным жоқ: таң атқаннан ымырт үйірілгенше көше, жол тазалаумен əлек. Кей кездері техника дүрілі таң атқанша естіліп тұрады. Бұл күндері қаланы қар құрсауынан арылту жұмыстарына онға жуық ұйымдар тартылған. Бас мердігер тізгініне «СУ-808» ЖШС иелік етсе, қалғандары өздеріне бөлініп берілген учаскелерді тап-тұйнақтай тазалағанша еш тыным табар емес. Маусым басталғаннан бері 240 мың текше метр қар сыртқа тасылды. Төтенше жағдайлар туындай қалса, қала басшылығы 140-тай техника бірлігін жұмылдыруға дайын. Жедел топтар рейдтер ұйымдастырып, өз істеріне селқос қараған жеке аула тұрғындары мен кəсіпкерлерге қатысты 60-қа жуық хаттама толтырды. Солтүстік Қазақстан облысы.

1 500 000

Аялы алаќан «Егемен Қазақстан».

Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ел едік. Құндылықтар құбылып, өзгеріп жатқан заман ғой. Өзекті өкініш өртегенімен, жетімдер жетерлік, жесірлер де аз емес. Енді қайтпек керек? Жетімнің басынан сипай алмасақ, елдігіміз қайда? Жылаған жесірдің көз жасын сүртуге жа ра масақ, азаматтығымызға сын емес пе? Қызылордада «Сəбилер үйі» ашылды. Əсілінде, мұны жетімдер үйі деп түсінуге болмайды. Мұнда қандай балалар жатады? Əрине, алдымен жетім балалар орналастырылады. Атаанасының қамқорлығынан тыс қалған сəбилер осында тұрмақ. Бүгінгі күні некесіз балалар да келіп жатыр өмірге. Олар да осындағы мамандардан мейірім таппақ. Сонымен бірге, қазіргі кезде өмірге енді ғана келген шарананың да денсаулығы нашар болып жатады. Айталық, ақыл-ойы дамымай қалады. Дене мүшесінің дамуында кінəрат болады. Осындай балаларға да «Сəбилер үйінде» медициналық қызмет көрсетіледі. Аталған орталық жақында ғана пайдалануға берілді. Аялы мекен 60 балаға арналған. Онда жатын орындары мен əр топқа бөлінген балалардың бөлмелері бар. Мəселен, «Балапан» тобында – 10, «Қарлығаш» тобында – 6, арнайы мамандандырылған екі «Ботақан» тобында – 8, сондай-ақ, екі бөліктен құралған «Үміт» тобында – 13 бала бар. «Сəбилер үйінде» физиотерапия кабинеті, егу бөлмесі, медициналық қалдықтар,

А.Шəкіров Мемлекет басшысына өткен кезеңдегі қызметінің негізгі нəтижелері туралы баяндап, қазіргі уақытта омбудсмен институты еліміздің саяси-құқықтық жүйесінен лайықты орнын алғанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Адам құқықтары жөніндегі уəкіл қызметінің басым аспектілерін қарастыра келе, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен халықтың ең əлсіз тобының құқықтарын қамтамасыз ету жəне қорғау мəселелеріне назар аударды.

«Егемен Қазақстан».

дəрі-дəрмектер сақтайтын жəне қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Онда 2 дəрігер, 2 логопед, 1 педагог-психолог, 1 дəрігерпсихолог жəне 26 орта буын медицина қызметкерлері, оның ішінде 4 тəрбиеші қызмет етеді. Мұнда балалар 3 жасқа дейін тəрбиеленбек. Ал психикасына зақым келмей орталық нерв жүйесі бұзылған жəне есту, сөйлеу қабілеттері жоқ балаларды 4 жасқа дейін тəрбиелейді. Одан бөлек, тағы бір топтағы балаларды «Сəбилер үйінің» əкімшілігі өз тарапынан 5 жасқа дейін тəрбиелей алады. Алақайлап жазатын ақпарат емес еді. Бірақ дүние есігін ашқаннан қоғамның қатыгездігін көріп, ата-ананың аялы алақанын

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

сезінбеген сəбилерге жан жылуын беретін орталықтың ашылғанына қуанып жатқан жұртшылық көп. Ең болмағанда, балалар қарыны

Ќўќыќтыќ кґмек

біліктілікке негізделгенде ўтымды Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Сонымен, «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» жəне оған ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда талқыға түсті. Аталған заңдық құжаттар бойынша баяндаманы Əділет министрі Берік Имашев жасады. Министр бүгінгі күні құқықтық ақпараттандыру жəне консультация беру халыққа мемлекеттің құқықтық көмек көрсетуінің ең кең тараған тəсілі болып қала беретінін ерекше атады. Тек былтырдың өзінде осы

АҚПАРАТТАР аєыны Астанада 2-12 наурыз күндері шахматтан əйелдер арасындағы ко ман далық əлем чемпионаты өтеді. Оған Қытай, Ресей, Украина, АҚШ, Үндістан, Франция, Түркия, Грузия, Румыния жəне Қазақстан секілді 10 елдің құрамалары қатысады. Чемпионат кезінде жаңартылған мамандандырылған сайт жұмыс істейтін болады. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры көктемгі егіс жұмыстарына 600 млн. теңге бөледі. Несие бағдарламасының мақсатты аудиториясы – шағын жер телімдері бар шаруашылықтар. Өтінімді қарастыру жəне ол бойынша несие комитеті шешімін шығару рəсімі 5 жұмыс күнінің ішінде жасалады. Қазақстанда əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы орталықтандырылған деректер банкі құрылды. Бас Прокуратураның 2012 жылғы 12 қарашадағы бұйрығымен əкімшілік құқық бұзушылықтар жəне

Бұған қоса, Мемлекет басшысы еңбек саласындағы қай шы лықтарды, құқықтар мен бостандықтардың бұзылуын ескерту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап көрсетті. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті еліміздегі адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жетілдіруге ықпал ететін заң шығару жəне ұйымдастыру шараларын қабылдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Міндеттер дер кезінде жїзеге асырылуы тиіс

Кеше Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кезекті жалпы отырысында Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне қатысты заң жобалары қаралды. Онда мемлекеттік органдарға жүгінген кез келген тұлғаға құқықтық тегін заң көмегін көрсету мəселесі қамтылып отыр.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

Ақтөбе облысы.

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл Асқар Шəкіровті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Ержан БАЙТІЛЕС,

Ақтөбе облысында қысқы малға осыншама тонна мал азығы дайындалды

Облыстық ауыл шаруашы лығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бастығы Панабек Би мұра товтың айтуынша, өткен жаздағы қолдағы малға есептегенде, біздің облыс үшін 1 миллион 400 мың тонна шөп керек екен, бұл бір жарым жылдық қордың есебінде. Ал облыста қысқы малға, жоғарыда айтылғандай, 1 миллион 500 мың тоннадан астам шөп дайындалған. Үкімет тарапынан қыста аналық малдарды, оның ішінде сиырды сақтауға байланысты біздің облысқа 361 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл – несие емес, қайтарылмайтын бір жолғы көмек.

Уəкіл ќызметініѕ басым ќырлары

Республика тынысы: мың бір мысал

мақсатты жүзеге асыру үшін Əділет министрлігіне республикалық бюджеттен 881 миллион 148 мың теңге бөлінген. Соның 500 миллионы «Əділет» дерекқорының тегін жұмыс істеуіне, 80 миллионы «Құқықтық насихат» бағдарламасына, 47 миллионы Құқықтық ақпарат қызметіне жəне өзгелеріне бөлініпті. Жалпы, 20122014 жылдарға арналған құқықтық көмек пен құқықтық насихатты ұйымдастыру жоспарының орындалуы барысын бақылау мен үйлестіру Əділет министрлігіне жүктелген. (Соңы 2-бетте).

оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін құру жəне оның жүргізілуі жөніндегі нұсқаулық бекітілді. Биылғы егістік науқанына ас тық тұқымы жетпей жатыр. Қазақстан фермерлер одағы алдағы егістік науқанына 110 мың тоннадан астам тұқым жетіспейтінін айтып, дабыл қақты. Одақ президенті Əуезхан Дариновтың айтуынша, аталған мəселені бүгіннен бастап шешпесе, көктемгі егістік кезінде фермерлердің жағдайы қиындайды. Түркістандағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің клиникалық-диагностикалық орталығында жаңа бір ота түрін жасау жүзеге асты. Урология бөлімінде бүйректегі тастарға эндоскопиялық əдіс арқылы еніп, пышақ тигізбей ұсақтап сыртқа шығару қолға алынды. Отаны урология бөлімінің дəрігері Мұхтар Ахайбеков жасады. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews. kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

тоқ, киімі көк, дені сау болып жетіледі ғой. ҚЫЗЫЛОРДА.

Мўнайлы ґѕір ќалай ґркендейді? Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Экономикалық өркендеу жолына түскен еліміздегі əр өңірдің өз орны бар. Бірінде мол мұнай өндіріледі, енді бірінде бітік астық өсіріледі. Кей өңірлерде экспортқа шығаруға лайық сапалы өнім өндіруді қолға алған кəсіпкерлік саласы өркендеп келеді. Қазақстанда өндірілетін тауарлардың қай-қайсысы да шет мемлекеттер тарапынан үлкен сұранысты тудырып отыр. Бір ғасырдан астам мерзімнен бері «қара алтын» қайнары əсте толастамаған Атырау облысында экономиканың əр саласы қарқынды дамуға бет бұрды. Алайда, өңірде əлі де əлеуметтікэкономикалық өркендеуге қолбайлау боларлық жайттар жоқ

емес. Бұған кеше ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік делегация мүшелері Атырау облысына сапары барысында қанықты. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары алдымен кəріздік-тазалау құрылғысының құрылысымен танысты. Бұл нысан Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігін таза ауыз сумен қамтуға кең жол ашады деп көзделген. Дегенмен, бұл нысанның құрылысы дəл қазір тоқтап тұр. Өңірде осы 30-дан астам нысанның құрылысы жалғасын таппай қалуда. Бірнеше нысан бойынша қаржы артығымен төленген.

(Соңы 2-бетте).

Кездесу барысында экономиканы одан əрі дамыту, бюджеттік саясат жəне мемлекет қаражатын тиімді пайдалану мəселелері талқыланды. Е.Досаев Мемлекет басшысына министрліктің өткен жылғы қызметінің негізгі қорытындылары туралы баяндады жəне қазіргі кезеңдегі жұмысының басты бағыттарын таныстырды. Қазақстан Президенті қазіргі уақытта бюджеттік саясат мəселесі министрліктің құзыретіне берілгенін атап өтті. – Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын, шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсетуді ескере отырып, қандай жолмен тиімді бюджеттік жоспарлау мəселелеріне түзету енгізетініміз жөнінде нақты көзқарасымыз болуы керек. Министрлік – еліміздің экономикалық саясатын жоспарлайтын жəне үйлестіретін орталық орган, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жасау жəне оны өткізу жөніндегі жұмысшы орган болып табылады. Міндет көп, бірақ осы жұмыстың бəрін дер кезінде жүзеге асыру қажет, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мемлекеттің шығысын орынды жəне тиімді жоспарлау қажеттігіне назар аударды.

– Біз, əсіресе, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға мол қаражат бөлудеміз. Атап айтқанда, мен қолданыстағы жағдайға бейім болу үшін құрылыс нормалары мен ережелеріне өзге рістер енгізу жөнінде бұған дейін бірнеше рет айттым. Мемле кеттің ақшалай қаражатын орын сыз пайдалануды тоқтату қажет. Министрлік олардың тиімді қолданылуын үйлестіретін орган болуға тиіс. Мемлекеттің шығысы жылдан-жылға өспеуін қадағалаған жөн, – деді Мемлекет басшысы. Министр бүгінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жəне Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде алға қойған міндеттерді іске асыруға арналған нақты жоспар жасалғанын айтып өтті. – Біз бюджеттердің дамуын ұлғайтуды жəне мемлекеттік органдардың ағымдық шығысын азайтуды жоспарлап отырмыз. Мəселен, экономиканың тұрақты өсуі үшін бюджеттік даму үлесі кемінде 30-40 пайызды құрайды. Тек осындай жағдайда ғана біз орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ете аламыз, – деді Е.Досаев. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Кеше Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік сəйкестілігі: қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Халыќ – ўлттыќ саясаттыѕ субъектісі Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық жəне конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы ұйымдастырды. (Соңы 4-бетте).

Əкім есеп берді. Ел не деді?

Ел табысыныѕ еселенуі ізденіске байланысты Елбасы өткен жылдың соңында «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің дамуының стратегиясын нақты көрсетіп берген, деп бастады Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек САПАРБАЕВ өңір тұрғындары алдындағы есепті баяндамасын. Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Елбасының жеті тапсырмасын орындауда алдымызда жеті негізгі бағыт тұрғанын айта кеткен жөн. Біріншіден, экономиканың өсуін қамтамасыз ету керек. Облыс экономикасының дамуын сипаттайтын өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 1,77 триллион теңгеге жетті, бұл 2011 жыл деңгейінен 9,1 пайыз артық. Өңір басшысы есепті баяндамасында цифрларды тізе бермей, Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жайлы айтып берді.

Ауыл шаруашылығын өр кен дету жеті бағыттың бірі. Оны өркендету үшін алдағы уақытта жаңа технологияны кеңінен өндіріске енгізу жалғаса бермек. Өткен жылы ауыл шаруашылығын дамыту үшін 23,2 миллиард теңге тартылды, оның ішінде субсидия көлемі 8,2 миллиард теңгені құрап отыр. Қосымша 16 бордақылау алаңы, 2 тауарлы сүт фермасы жəне 2 жасанды ұрықтандыру пункттері құрылды, бұл мал шаруашылығының жалпы өнім көлемін – 19,2, ет жəне сүт өндіруді 4,5, 2,2 пайыз арттыруға мүмкіндік туғызды. (Соңы 3-бетте).

Халық алдындағы есеп беру кездесуінен бір күн бұрын облыс əкімі Ерлан АРЫН тұрғындарға облыс орталығында пайдалануға берілген үйдің пəтер кілттерін тапсырды.

Атќарылєан жўмыстарєа уаќыт сыншы Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жаңа үй «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жүйесі бойынша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде бой көтерді. Бұл мақсат Елбасының «Қазақстан-2050» Страте гиясы Жолдауында айтылғандай, хал қымыздың əл-ауқатын арттыру жөніндегі міндетіне сай орындалуда, деп атап өтті əкім. Биыл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша облыс орталығында тағы да бірнеше үй жəне «Сарыарқа» деп аталатын 12 қабатты тұрғын үй кешенін, үй құрылысы комбинатын салу бойынша

жұмыстар қолға алынды. Жалпы, 2012 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 84,5 млрд. теңгені құрады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен облыс орталығында 36 жəне 72 пəтерге арналған 2 ипотекалық тұр ғын үй жəне 143 пəтерлі жалға берілетін үй салынды, Екібастұз жəне Ақсу қалаларында 285 пəтерлі 5 жалға берілетін үй, Железинка ауылында 16 пəтерлі 1 жалға берілетін үй сатып алынды. Тұрғын үйлер құрылысына облыстың ірі кəсіпорындары да қатысты. (Соңы 3-бетте).


2

www.egemen.kz

21 ақпан 2013 жыл

Осы себептерге байланысты Елбасы Үкіметке төмендегідей тапсырмалар жүктеді: ана мен баланы қорғау, отбасы жəне неке саласында заңнаманы түбегейлі қайта қарау; ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, осы саладағы ең ұсақ деген заңбұзушылықтар үшін жазаны күшейту; туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалау, жеңілдетілген салық, медициналық жəне əлеуметтік қызмет, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер беру, материалдық жəне материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін əзірлеу; елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу жəне іс жүзінде гендерлік теңдік пен əйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. «Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға

жаңа өзара іс-қимыл жүйесін құру, мемлекет тəртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстану, мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін күштің болуы, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру міндеттері қойылды. Дəйекті жəне болжамды сыртқы саясаттың, ұлттық мүдделерді ілгері лету мен аймақтық жəне жаһандық қауіпсіздікті нығай тудың мақсаттары айтылды. Сыртқы саясатты жаңғырту дың басымдықтары айқындал ды: аймақтық жəне ұлттық қауіпсіздікті жан-жақты нығайту; экономикалық жəне сауда дипломатиясын белсенді дамыту; мəдени-гуманитарлық, ғылым-білім жəне басқа шектес салалардағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру; азаматтарымызды құқықтық қорғауды, олардың шетелдердегі жеке,

Ќалыптасќан Ќазаќстанныѕ жаѕа саяси баєыттары –

тиімді ґркендеу мен ґрлеудіѕ басты шарты Мұрат НАСИМОВ,

саяси ғылымдар кандидаты, Қызылорда «Болашақ» университетінің доценті.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиға. Тəуелсіз Қазақстанның саяси тарихында «Қазақстан-2030» Стратегиясының ел дамуындағы маңызы жоғары болды. Елбасы 1997 жылғы қазанда «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы» атты ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. Бұл құжат егемен елдің экономикасы серпінді дамып келе жатқан əлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты мемлекетке айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. Даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырып, аталмыш басымдықтар елдің дамуының орта мерзімді жəне ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады. Жоғарыдағы Стра те гияны іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі ел Президентінің 2001 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Респуб ликасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болды. «Қазақстан-2030» Стра тегиясының келесі кезеңі – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады. Сондықтан өркендеу мен өрлеу стратегиялары саналатын бұл құжаттардың құндылығы тарихи сыннан өтіп жатқандығы анық. Ал Елбасы сарабдал саясатындағы тұрақтылық, бейбітшілік жəне келісім Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерінің кепілі болып қала бермек. Еліміздің əлеуметтік-саяси өмірі мен жағдайын сипаттайтын əр Жолдаудың өзіндік салмақты жүгі бар. «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіпөркендеуі, қауіпсіздігі жəне əлауқатының артуы» Жолдауынан бастау алған құжаттарда еліміздің стратегиялық дамуындағы міндеттер көрсетіледі. Ал міндеттердің орындалуы өз кезегінде Елбасының жыл сайынғы Жолдауларымен айқындалады. Бүгінге дейін Елбасы Қазақстан халқына 17 Жолдау арнаған екен. «Қазақстан-2030» Стра тегиясына негізгі қорытындылар жасалған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауда негізгі міндеттердің орындалуы жəне қалғандарының орындалу үстінде екендігі тұжырымдалды. 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру басты мақсатын орындаудағы жаңа саяси бағыттардың міндеттері айқындала түсті. Елбасы өз сөзінде: «1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, əлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды», деген болатын. Қалыптасқан Қазақстанның қуатты да табысты мемлекет құрудағы тарихи жолы, демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты үдерістері, түрлі əлеуметтік, этностық жəне діни топтардың

келісімі мен татулығы, ұлттық экономикадағы ерекшеліктер мен халықаралық еңбек бөлінісіндегі еліміздің рөлі, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті əлеуметтік саясат, əлемдік қоғамдастық таныған мемлекет жəне ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі еліміздің белсенді рөлі негізделді. Елбасы тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһан дық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, Үшінші индустриялық ре волюция, үдей түскен əлеуметтік тұрақсыздық, өркениет құндылықтарының дағдарысы, жаңа əлемдік қауіпсіздік секілді ХХІ ғасырдың жаһандық он сынқатеріне тоқталып қана қоймай, халықаралық ахуал дамуының

айналуы қажеттігі негізделе түсіп, ұлт денсаулығы табысты болашақтың негізі екендігі айқындалды. Жалпы, кез келген қоғамдағы саяси тұрақтылық пен экономикалық өсімнің негізі тұрғындардың өмір сапасын жоғарылатуға бағытталған мемлекеттің əлеуметтік саясатында жатыр. Қазақстан өз тəуелсіздігін алған күннен бастап мемлекет саясатының негізгі басымдығы ре тінде азаматтар əл-ауқатын жақсартуды көздеді. Заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары саналатын білім жəне кəсіби машық бағыттары да Елбасы назарынан тыс қалмады. Еліміздің білім беру саласындағы басымдықтары төмендегідей болып белгіленді: бүкіл əлемдегі секілді Қазақстанның мектепке дейінгі білім берудің жаңа əдістеріне

Адамзат өркениетінің даму конструктивизмі бес негізгі қағидаларға негізделеді. Бұл пікірді Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев G-Global қағидалары деп атауды ұсынды: 1) революция емес, эволюция; 2) əділдік, теңдік, пəтуалық; 3) жаһандық толеранттылық жəне сенім білдіру; 4) жаһандық транспаренттік; 5) конструктивті көпполярлық. кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтарының, мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген жəне үйлестірілген бағытын тұжырымдау қажеттілігіне баса назар аударды. Жаңа сынқатерлерді лайықты қабылдау үшін ел тұрғындарының шешуге тиісті міндеттер парадигмасының сапалық тұрғыдан өзгерісі баяндалды. Елбасы өз сөзін: «Біріншіден, Қазақстан – қазіргі заманғы мемлекет. Біздің мемлекетіміз кемелдікке жетті. Сондықтан да бүгінгі күн тəртібі мемлекеттің қалыптасуы кезеңіндегіден өзгеше. Дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен тереңдігі, жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Көптеген елдер қазірдің өзінде 2030-2050-жылдардың арғы жағына көз жіберуге тырысады. «Басқарылатын болжамдау» қазіргі тұрақсыз кезде мемлекеттер дамуының маңызды тетігіне айналуда. Екіншіден, «Қазақстан-2030» Стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. Өзінің базалық өлшемі бойынша ол орындалды. Үшіншіден, біз жаңа шындық тудырған сынақтар мен қауіп-қатерлерге кезігіп отырмыз. Олар жалпылық сипат алып, барлық елдер мен өңірлерге əсерін тигізуде», – деп түйіндеді. Қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі əлеуметтік қауіпсіздік жəне азаматтардың бақуаттығын анықтайтын əлеуметтік саясаттың жаңа принциптері əлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілікті қажет етеді. Сол себепті Елбасы əлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларын ұсынды: кедейшіліктің өсуіне жол бермеудің тежегіші ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызатын мемлекеттің жаһандық дағдарыс жағдайында азаматтарға ең төменгі əлеуметтік стандарт кепілдігін ұсынуы; мемлекеттің əлеуметтік қолдауға мұқтаж топ тарға ғана көмек көрсетуі; өңірлерді дамытуда əлеуметтік теңгерімсіздік мəселелерін шешуге назар аудару.

көшуі қажеттігі; халықаралық үлгідегі куəліктер беру арқылы инженерлік білім беруді жəне заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету; жеке бизнестің, үкіметтік емес жəне қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың əлеуметтік жауапкершілігінің білім беру саласында айрықша көрінуі; оқыту əдістемелерін жаңғырту жəне өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту қажеттігі. Бұл тұста «Балапан» бағдар ла масын 2020 жылға дейін ұзарту, инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын қалыптастыру, ғылым мен бизнестің кооперациясы мен перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы мəселелеріне мəн берілгенін айта кеткен жөн. Аталмыш мəселе төңірегінде Елбасы жастарға өз сөзін арнады: «Бүгін мен жариялаған жаңа саяси жəне экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Мемлекет басшысы ретінде мен əрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Əлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым», – деді Президент. Мемлекеттілікті одан əрі нығайту жəне қазақстандық демократияны дамытудағы негізгі мақсат мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың жаңа міндеттері қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтуға сай болу қажеттілігі нақтыланды. Бұл үшін мемлекеттік жоспарлау жəне болжау жүйесін одан əрі жетілдіре түсу, басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізу, халыққа жəне мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кəсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру, мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен

отбасылық, іскерлік мүдделерін қорғауды күшейту. Елбасы өз сөзінде: «Біздің дауысымыз барлық əлемге естіліп тұруға тиіс. Сондықтан мен Астана Экономикалық форумында өзіміз G-Global деп атаған диалогтың жаңа түрін ұсындым. Əлемде бірде-бір ел бастан кешіп жатқан дəуірінің қатерлерін жалғыз өзі жеңе алмайды. Менің бастамамның мəні – əділ жəне қауіпсіз əлем орнықтыру үшін баршаның күшін біріктіру», – деді. Нəтижесінде 2012 жылдың 12 қаңтары күні тек Қазақстан ның емес, өз экономикасын жəне дүниежүзілік экономиканы дамытуға дайын бүкіл əлемнен барлық мүдделі қазiргi заманның белгiлi ғалымдары, бизнес бiрлестiктері, өкiметтiң өкілдерін біріктірген G-Global коммуникативті алаңы іске асырылды. Қысқа уақытта G-Global коммуникативті алаңы 150 елден сан мыңдаған пайдаланушыларды біріктірді. Сайт пайдаланушылары төмендегідей тарауларға атсалыса алады: сарапшылық шолу; кəсiпкерлiк жобалар; пікірсайыстар; жарияланымдар. Адамзат өркениетінің даму конструктивизмі бес негізгі қағидаларға негізделеді. Бұл пікірді Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев G-Global қағидалары деп атауды ұсынды: 1) революция емес, эволюция; 2) əділдік, теңдік, пəтуалық; 3) жаһандық толеранттылық жəне сенім білдіру; 4) жаһандық транспаренттік; 5) конструктивті көпполярлық. Жолдауда көпұлтты жəне көпконфессиялы қоғам табысының негізі саналатын жаңа қазақстандық патриотизм бағытындағы басты мақсаттарымыз – қоғамдық келісімді сақтау жəне нығайту қоғам, ұлт ретінде өмір сүрудің айнымас шарты екендігі сөз болды. Жаңа қазақстандық патриотизм бағыты бойынша мемлекет əр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне жəне болашағына кепілдік беру тəсілі арқылы патриотизмді жəне оны тəрбиелеу мəселесіне прагматикалық жəне шынайы көзқарасты оятады. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі барлық қоғамды біріктіретіндігі анық. Қазақ тілі жəне тілдердің үштұғырлығы жауапкершілікті тіл саясатының қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі екендігі атап көрсетілді. Жаңа патриотизмді қалыптастырудағы мəдениет пен дəстүрлер іргетасын бекіту заңдылықтары, ұлттық интеллигенцияның қоғамдағы рөлі, ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін төңірегіндегі тұжырымдар айқындалды. Жолдау аясында Мемлекет басшысы болашақтың Қазақстаны төмендегідей болатынына сенімді: «Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар – əлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары». Мемлекет басшысының Жолдауда ұсынған тапсырмаларын жүйелі жəне өз мерзімінде орындау Қазақстандағы жаңа саяси бағыттардың іргетасы саналады. Сондықтан «Қазақстан-2050» Стратегиясы Отанымыздың жаңа ұлы жетістіктері мен табыста рын жалғастырудағы тиімді өркендеудің тура əрі берік бағыттаушысы болмақ.

Ќўќыќтыќ кґмек біліктілікке негізделгенде ўтымды (Соңы. Басы 1-бетте). Жоспарда көзделген іс-ша раларды жүзеге асыру үшін 2012-2014 жылдарға республикалық бюджеттен 239 миллион 325 мың теңге көзделіпті. Министрдің мəліметіне қараған да, жоспарда халықтың жеке санаттарымен құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізуді, мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты мəселелер бойынша азаматтарға консультациялар беруді, құқықтық тақырып бойынша ақпараттық материалдарды орналастыру, телеарналар мен радиотолқындарда салалық тақырып бойынша телевизиялық бағдарламалар циклін жасау мен трансляциялауды, Құқықтық ақпараттық қызмет жұмысын одан əрі жетілдіру мен жұмыс істеуін қоса алғанда, 21 шара өткізу қарастырылыпты. Сондайақ, «Электрондық үкімет» шеңберінде 236 интерактивті жəне транзакциондық қызмет көрсетулер ұсынылса, мұның 108-і е-лицензия порталында іске асырылады екен. Қазірдің өзінде «Элек трондық үкімет» порталы арқылы электрондық

пішінде 38 құқықтық сипаттағы қызмет көрсетілетіні белгілі болып отыр. 2011 жылдың өзінде Google Analytics ресми деректері бойынша Əділет министрлігінің сайтына 322 мың 624 адам кірсе, 2012 жылы сайтқа кірушілер саны 1 миллион 665 мың адамды құрапты. Жалпы, ілеспе заң жобасында Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне, Əкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске, Адвокаттық қызмет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгі зу көзделген. Қылмыстық істі жүргізуші органның ұзақ мерзім ішінде бұрын таңдап алынған немесе тағайындалған қорғаушының қатысуы мүмкін болмаған жағдайда оны адвокаттар алқасы арқылы ауыстыру құқығын міндетке өзгерту орын алып отыр. Тегін заң көмегін көрсету үшін ақы төлеу тəртібі, сондай-ақ, соттың мүліктік жағдайына қарай кез келген азаматқа мемлекет есебінен адвокаттардың заң көмегін көрсету мүмкіндігін айқындау құқығы қарастырылған. Кепілдік берілген заң көмегінің бюджет қаражаты есебінен көрсетілуін ұйымдастыру бойынша адвокаттар

алқаларының міндеті негізгі заң жобасымен сəйкестікке келтірілген. Адвокаттар алқасы жарғысын негізгі заң жобасымен сəйкестікке келтіру қажеттігі бөлігінде осы жарғыға қойылатын талаптар да осыған ұқсас. Қолданыстағы тəртіпте адвокаттар алқасы төралқасы төрағасының тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама əкімшісінің аумақтық органына адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу туралы өтінімді уақтылы жіберу функциясы да көзделіп отыр. Жалпы, тиісті комитет Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Жоғарғы Соты, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы жəне Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі, сондай-ақ, адвокаттық жəне нотариаттық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының бірнеше отырысын өткізіпті. Мəжіліс депутаттары көптеген ұсыныс пен ескертпелерін сонда енгізген болатын. Осының барлығын ескере келе, депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұйғарды. Қорыта айтқанда, заң жобасын қабылдау азаматтардың білікті құқықтық көмегін алуға, сөйтіп, конституциялық құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын, көрсетілетін құқықтық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға септігін тигізеді деп күтілуде.

Мўнайлы ґѕір ќалай ґркендейді? (Соңы. Басы 1-бетте). Мəселен, облыс əкімінің орынбасары Т.Шəкімовтің айтуынша, əлеуметтік маңызы бар бес нысан бойынша 8 млрд. теңге артығымен аударылған. Оған қосымша жергілікті бюджеттен 2 млрд. 871 млн. теңге бар. Сонда жалпы көлемі 10 млрд. 871 млн. теңге артық төленген. Ал облыс əкімі Б.Ізмұхамбетов құрылысы тоқтап тұрған нысандардың əлі де тоналып жатқанын, енді олардың құрылысын қайта жалғастыруға қаржы қажеттігін айтып қалды. Көптеген құрылыс нысандары аяқталмай қалған. Ұрланған қаржылардың қалай кеткенін құқық қорғау органдары қарап жатыр. Енді дəл қазір қажетті қаржының бəрі бөліне қояды деу қиын. Өйткені, құқық қорғау органдарының жасап жатқан іс-шараларының аяқталуын күтуіміз керек. Соған байланысты барлық

құжаттар қайта қаралады. Өңірге қанша қаржы керек екендігін дəл басып айту қиын, деді Б.Сағынтаев. Бұдан кейін Б.Сағынтаев өңірдегі ең ірі өнеркəсіп орны – Атырау мұнай өңдеу зауытында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысты. Мұнда, зауыттың бас директоры А.Қайырденовтің айтуынша, хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен құрылысын биылғы желтоқсанда аяқтау көзделіп отыр. Қытайдың «Sinopec Engineering» компаниясы құрылыс жұмыстарын атқаруға қазақстандық 25 мердігер ұйымдарды тартқан. Құрылыс-монтаж жұмыстарында 1508 адам жұмыс жасайды. Олардың арасында Қытай елінің 154 азаматы бар. Аталған кешен іске қосылғанда еліміздің жанар-жағармай рыногы сапалы мотор майларымен толығады, сонымен бірге, мұнай химиясы үшін жылына 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна

параксилол түріндегі шикізатты үздіксіз шығаруға болады. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы екінші жоба – мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені. Өткен жылы құрылысы басталған бұл нысанды 2016 жылы іске қосу жоспарланған. Axens (АҚШ), UOP (Ұлыбритания), FosterWheeler (Италия) елдерінің ең озық технологиялары қолданылатын жаңа кешен іске қосылған кезде Атырау мұнай өңдеу зауыты жылына 5,5 миллион тонна мұнайды өңдеуден 1 миллион 745 мың тонна автокөлік бензинін, 1 миллион 640 мың тонна дизель отынын, сондайақ, 244 мың тонна авиакеросин шығаратын болады. Б.Сағынтаев мұнайлы Атырау экономикасын кешенді дамыту мəселесін кеңінен талқылаған кеңесте кəсіпкерліктің өркен жаюы қажеттігіне баса көңіл аударды. Атырау облысы.

Телефон арќылы сґйлесті Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШтың жаңа Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефон арқылы сөйлесті. Е.Ыдырысов Дж.Керриді ресми түрде АҚШ Мемлекеттік хатшысы қызметіне кіріскенімен құттықтап, оның бұл тағайындалуы екіжақты ынтымақтастықты одан əрі белсенділендіре түседі деген сенімін жеткізді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Дж.Керри Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің кезекті раундын Алматы қаласында өткізуге келісім бергені үшін Қазақстанға алғыс білдірді. Сондайақ, ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан жəне жаһандық таратпау тəртібін нығайтуды берік ұстанып келе жатқан Қазақстан осы тəрізді келіссөздерді өткізуге тамаша сəйкес

келетін ел екендігін ерекше атады. Өзі тарапынан Е.Ыдырысов алда жоспарланған Иран мен Халықаралық келісушілер «алтылығы» кездесуін қазақстандық тарап үмітпен күтіп отырғандығын жəне тараптар біздің өңір мен барлық əлем игілігі үшін конструктивті шешімге келеді деген сенімін білдірді. Əңгіме барысында қазақстандық

дипломат «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі ережелері туралы айта келіп, Елбасының алға қойған ауқымды тапсырмаларын орындау үшін тек ішкі күш-жігер ғана емес, сонымен қатар, АҚШ секілді ірі халықаралық əріптестеріміздің ықпалдастығы қажет екенін атап өтті. Сонымен қоса, ағымдағы жылдың сəуір айында Қазақстанда өтетін Ауғанстан жө ніндегі Ыстамбұл үдерісіне мүше мемлекеттердің министрлер кездесуіне дайындық мəселелері талқыланды. Е.Ыдырысов Дж.Керриді ресми сапармен Қазақстанға келуге жəне аталған конференцияға қатысуға шақырды.

Кґрмеге дайындыќ жайы талќыланды

Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) штаб-пəтерінде ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, ҚР СІМ-інің жауапты хатшысы Рəпіл Жошыбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Талғат Ермегияевтің аталған Ұйымның Бас хатшысы В.Лоссерталеспен жұмыс кездесуі болды. Астанада өтетін көрмені ұйымдастыру мəселелері бойынша жүрген консультацияларға Қазақстанның Франциядағы елшісі Нұрлан Дəненов қатысты. Р.Жошыбаев Астананың жеңісі Елбасымыздың Испанияның Сарагосасындағы ЭКСПО-2008

шеңберінде көтерген бастамасын іске асырудың бастапқы кезеңі болғанын атап өтті. Ол ХКБ Бас хатшысын Комиссариат көрмені ең жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді. Өз кезегінде Т.Ермегияев аталған халықаралық шараға, «Болашақ энергиясы» тақырыбының өзектілігіне назар аудара отырып, ХКБ жанындағы барлық мүше елдер қатысатынына сенім білдірді. Осы орайда, ХКБ-ның практикалық кеңестері мен сипаттамалары Астана үшін өте қажет болатыны аталды. В.Лоссерталес Ұйымда 20 жыл бойы жұмыс істегенде

үміткер-қаланың осындай ғаламат жеңіске жеткеніне бірінші рет куə болғанын жəне науқанның үлгілі өткенін айтты. ХКБ басшысы өзінің қаңтардағы Қазақстанға жасаған сапары туралы сөз қозғай келе, елдің Президентінің, Үкімет мүшелерінің, халқының көрмеге көрсетіп отырған қолдауының маңыздылығына тоқталды. Кездесу аяғында, Бюроның Бас хатшысы Елшіліктің жұмысын жоғары бағалады жəне ХКБ мен қазақстандық мемлекеттік органдар арасындағы жұмыс байланыстарын ұйымдастыруға тигізген оң ықпалы үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.


3

www.egemen.kz

21 ақпан 2013 жыл

Əкім есеп берді. Ел не деді? жоспарда бар. Зыряндықтардың талабы орынды, ол жүзеге асады,– деді өңір басшысы. – Катонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылы биыл 70-ке толатын атақты жазушы Оралхан Бөкейдің кіндік қаны тамған жер. Дəл қазір ауыл адамдары алаңдаулы, беймаза күй кешуде. Ауылмен іргелес Бұқтырма өзені күн күрт жылып, еріген кезде 30-ға тарта тұрғын үйлерді басып қалады. Ал биылғы қар мөлшері жылдағыға қарағанда бір жарым, екі есе артық. Бізге көмек бола ма? – деп сұрады журналист Шамиль Багаутдинов.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Өскемен құс фабрикасын қайта жаңғырту жəне жаңа өндірістер құру жұмысы жалғасуда. Семейдегі «Шығыс-бройлер» ЖШС бройлерлі ет өндірісіне бейімделді. Кенді Алтайдың байлығы – асыл тұқымды маралдардың үлес салмағы 70,4 пайыз ұлғайтылып, саны 6,7 мыңға жетті. Асыл тұқымды бал ара ұялары саны 5,0 мыңды құрайды. Өңір басшысы облыс тұрғындарын алаңдатып отырған тұтыну бағаларын тұрақтандыру жөнінде нақты дəлелдер

Ел табысыныѕ еселенуі ізденіске байланысты келтіріп, көпшілікті қызықтырған деректер слайд бойынша жария етілді. Оның үстіне əкімнің есебі он-лайн режімінде облыстың барлық аудандары мен қалаларында тікелей көрсетілгендіктен, бұл төңіректе сауалдар көп бола қойған жоқ. Бірінші кезекте қолданылатын азық-түлік тағамдарының салыстырмалы бағасы Қытайдың Шəуешек, Ресейдің Барнаул жəне Татарстанның Қазан, Моңғолияның Баян-Өлгей жəне Астана қалалары бойынша таңдалып алыныпты. Өскеменде бірінші сұрыпты 1 келі ұнның бағасы 56 теңге болса, Астанада – 82, Шəуешекте – 85, Барнаулда – 104,4, Қазанда – 118,4, ал Баян-Өлгейде 82,41 теңге. Демек, ең арзан ұн Өскеменде болып шықты. Бірінші сұрыпты əлеуметтік бір бөлке нан Өскеменде 44,8 теңге. Керісінше Астанада – 83, Шəуешекте – 73, Барнаулда – 89,2, Қазанда –151,4, Баян-Өлгейде 162,65 теңге. Сүт пен еттің бағасы да деректер келтірілген бес қаладағы бағадан едəуір арзанырақ. Өскеменде тек сары май басқалармен салыстырғанда қымбат екен. Мұнда бір келі майдың бағасы 1737,9 теңге. Астанада – 1153, Шəуешекте небəрі 606 теңге. Сары май бағасын алдағы уақытта арзандату ойда бар, деді өңір басшысы. Сонымен бірге, көкөніс бағасы да бізде төмен екен. Мəселен, картоптың бір келісі Өскеменде 61 теңге болса, Барнаулда—217,5, Астанада – 89 теңге. Күнделікті тұрмыста ең қажетті электр қуаты, жылу, ыстық су, суық су бағасы да көңіл көншітетіндей. Ресеймен көрші болғандықтан, өскемендіктер бағаның өсіп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, Ресейде баға арзан деп шындыққа жанаспайтын мысалдар келтіреді, шындығында нақты баға осындай деген өңір басшысының дəлелдерімен еріксіз келіскендейсіз. Облыстың барлық аудандары мен қалаларында 719 рет азық-түлік тауарлары жəрмеңкелері өткізіліп, оларда 2 миллиард теңгенің өнімдері саудаланған. Бағаның өсіп кетпеуі мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорына 739,8 миллион теңгеге азықтүлік, 500 тонна көкөніс, 700 тонна бакалея тобы тауарлары сатып алынды. Азық-түлікті арзан бағамен саудалайтын бірлестіктер мен сауда ұйымдарымен 4768 меморандум жасалды. Өңірде серпінді жобаларды жүзеге асыруда бағытты да бағдарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы үш жылда ғана индустриялықинновациялық бағдарлама негізінде жалпы құны 195,4 миллиард теңгенің 29 жобасы жүзеге асыпты. Жаңадан 3 мың жұмыс орны ашылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 7,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бірінші бағыт бойынша оқыту жəне жұмысқа орналастыруға көмек көрсету шараларымен 14,1 мың адам қамтылды. Жұмысқа орналасу деңгейі 91,5 пайызды құрады. Екінші бағыт бойынша 738 жобаға 1,9 миллиард теңге шағын несие берілді, 1261 жұмыс орны ашылды. Ал үшінші бағыт бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бағдарламасы аясында тұрғын үй салуға 1,8 миллиард теңге бөлінді. 60 пəтерлі көп қабатты тұрғын үй, бір қабатты 114 үй пайдалануға берілді. Өңір басшысының араласуымен жүзеге асқан «Туған ел – алтын бесігім!», «Туған елге – тағзым!» акциялары өміршеңдігін дəлелдеді. Кіндік қаны тамған жерге тағзым етіп, өздерінің маңдай терімен тапқан табыстарының бір бөлігін рəсуа қылмай, мəдениет үйлері мен əлеуметтік ғимараттар, спорт, бокс, күрес залдарын, балабақша салып берген азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Соңғы үш жылда ғана Атымтай жомарттар 18,2 миллиард теңге құрайтын өз қаржыларына ғимараттар тұрғызып берді. Кенді Алтайда бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі жыл сайын қанатын

кеңге жая түсуде. Осы бағыт бойынша 4071 меморандумға қол қойылыпты. БАƏ инвесторларының қатысуымен Өскеменде елімізде үшінші ірі мешіт салынды. Күршім мен Зайсанда балалар демалып, денсаулықтарын түзейтін балалар базасы пайдалануға берілді. Өңірде бұл күндері 50 тірек ауылы құрылған. Өткен жылы олардың дамуына жергілікті бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, ауыз су, əлеуметтік ғимараттар тұрғызылды. Тірек ауылдары басқаларға үлгіөнеге көрсетуде, ауылдар көркейіп, ағаштар отырғызылып, көшелерге жарық тартылып, жөнделіп жатыр. Шағын қалалар тізіміне енгізілген Риддер, Курчатов, Зырян, Серебрянка қалаларының дамуына миллиардтаған теңге қаржы бөлінді. Денсаулық сақтау саласына 43 миллиард теңге бағытталды. Өңірдің үш қаласында шағын диогностикалық орталықтар ашылды, 5 жылжымалы кешен жұмыс істеп тұр. Есепті кезеңде шалғайдағы 124 елді мекендердің 74 мыңнан астам адамы тексерістен өткен. Білім беру саласында да оң өзгерістер бар. 2335 орындық 17 балабақша босатылып, коммуналдық меншікке қайтарылды. 8 балабақшаны бұрынғы иелері өтеусіз қайтарды. Жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды қолдауға қатысты 20112015 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданған. Соңғы 6 жылда балалар үйінің түлектеріне – 10, оның ішінде 2012 жылы екі пəтер бөлінген. Бұдан кейін өңір басшысы Б.Сапарбаев тұрғындар сауалдарына жауап қайтарды. – Елді мекендерге сапарға жиі шығамыз. Сол кезде қалың қардан жолдарды уақытылы тазаламай, техника сынып қалады, жанармай жетпейді деген сылтаумен жол тазалаушылардың салғырттыққа баратыны жайлы тұрғындардың реніштерін естуге тура келеді. Бұған не айтар едіңіз? – деп сауал қойды КТК телеарнасының тілшісі Əсем Қайратбекқызы. – Шынында да биыл Кенді Алтайға қар қалың түсті. Кей жерлерде қардың қалыңдығы екі-үш метрден асады. Қатты боран соққан кезде жолдардың жабылып қалғаны рас. Қазір бізде «Қазақавтодордың – 150, «Шығысоблжолдың» – 80, аудандар мен қалаларды қосқан кезде барлығы 700-дей техника бар. Бұл аз. Сондықтан жақында Үкіметтің селекторлық кеңесінде қосымша техника үшін қаржы сұрауға тура келді. Ал жұмыстарына жауапсыз қарағандармен қатаң сөйлесіп, ескерту жасадық, – деп жауап қайтарды əкім. – Зырян қаласындағы сонау патша заманында бой көтерген Тұрғысын ГЭС-інің əбден тозығы жетті. Оны жаңартып немесе жаңасын салу жөнінде жоба қарастырылды ма? – деген Дархан Кəдірбаевтың сауалына – Өңірдің əлеуметтік даму бағдарламасына сай бірнеше шағын электр қуатын өндіретін қуаттарды салу

– Бұл проблема маған жақсы таныс. Қыс мезгілінде бірнеше рет ауданды аралаған кезде тасқын су басып қалады деген қауіпті аймақтарды көрдік, жағдаймен таныстық. Көпірлерді бекіту жəне тасқынның алдын алуға бюджеттен 50 миллион теңге қаржы бөлдік, – деп жауап қайтарды Бердібек Мəшбекұлы. – Бұрындары «Зайсан-Алматы», «Алматы-Зайсан» бағыты бойынша тікелей ұшақ қатынап тұратын. Оған барлық жағдай бар. Сол бағытқа жолаушылар тасудағы ең тиімді əрі ұшқыр ұшақ қозғалысын ретке келтіруді сұраймыз, – деп өтініш айтты аудандық «Достық» газетінің директор-редакторы Ардақ Бөлдекбай. – Бұдан бұрын «Үржар-Алматы» ұшақ бағытын іске қосқанбыз. Аманшылық болса, бірінші жартыжылдықта бұл мəселе шешіліп қалатын шығар, – деп жауап қайтарды əкім. – Отындық тауарларды шығару қалай жəне Өскемен мен Семейден шығатын жеңіл көліктер мен тракторларды өзіміз пайдаланып жүрміз бе? – деп сауал тастады өскемендік Əділет Қалиев. – Өткен жылы Өскемендегі «АзияАвто» зауыты өнім өндіру көлемін 2,7 есе арттырып, 17 мың дана автокөліктердің 18 түрін шығарды. Қазір өз көліктерімізді сатып алу үшін кезекке тұратын болдық. «СемАЗ» бен «Азия-Автоның» техникаларын барлық өңірлер сатып алуда. Ал аудан жəне қала əкімдері, департамент, басқарма басшылары Өскеменде шығарылған «КИА», «Шевролет», «Шкода» көліктерін қызметтерінде пайдалануда. Сөйтіп, отандық тауарларды қорғап қана қоймай, одан əрі өркендеуіне үлес қосудамыз, – деді облыс басшысы. – Қала базарларында еттің бағасы күн сайын құбылып тұрады. Орталық базарда сиыр етінің бір килосы үшін 1700 теңге сұрайды. Бағаны реттеуге бола ма? – деді өскемендік зейнеткер Марина Соловьева. – Бағаны рынок реттейді. Ал рыноққа қарай бейімделетін уақыт жетті. Апта сайын қалада жəрмеңкелер өтіп жатады. Ондағы баға қолжетімді. Егер өзіңізге қажет еттің бірнеше килосын 1000-1100 теңгеден сатып алсаңыз, одан əрі бас қатырмайсыз, – деді өңір басшысы. – Биыл ауыл əкімдерінің сайлауы өтеді деп естідік. Бұл науқан біздің өңірде қашан басталады? – деп сауал тастады өскемендік Самал Ысқақова. – Ауыл əкімдерін аудандық мəслихат депутаттары сайлайды. Биыл өңірде сайлау өтеді. Алайда, облыстың Семей, Риддер қалалары мен Меновное кентіндегі мəслихаттар ауыл əкімдерін ұсына алмайды. Бұл мəселені таяу уақытта шешеміз, – деді облыс əкімі. Облыс əкімінің есебіне Президент Əкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сəлімгерей Бекбергенов қатысты. Шығыс Қазақстан облысы.

Атќарылєан жўмыстарєа уаќыт сыншы (Соңы. Басы 1-бетте).

Біз өткен жылы атқарылған жұмыстарымызды қорытындылауға жиналып отырмыз. Бəріне уақыт сыншы. Бірақ, алда əлі қыруар жұмыстар күтіп тұр, деді облыс əкімі Ерлан Арын. Елімізде қабылданған үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасын іске асыру, агроөнеркəсіп кешенін дамыту жəне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, əлеуметтік мəселелер, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, денсаулық сақтау, білім беру жəне мектепке дейінгі даярлық, азаматтық қоғамды дамыту, көлік коммуникацияларын жөндеу жəне салу, тұрғындардың қорғалуы жəне қауіпсіздігі, мəдениет, спортты дамыту жайына арналған баяндамадан бұрын өткен жылғы кездесуінде уəде етілген біраз жайлардың орындалу барысын атап, не істелінді, қандай шаруалар атқарылды деген мəселеге кеңірек тоқталып өтті. Мысалы, облыс орталығындағы Лермонтов көшесінен басталатын су құбыры жүйесі – кəріздер коллекторын қайта жаңарту жұмысы аяқталды. Бірақ, өкінішке орай, əкім айтқан бұл бөліктің жөндеу жұмыстары аяқталысыменақ, Бірінші май көшесі бойындағы тағы бір су коллекторы қыс ішінде жарылып, ара-тұра сусыз қалдырады, қазір ол жерде күндіз-түні жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын да көріп жүрміз. Ауыл тұрғындары жыл сайын өтініш білдіретін АқтоғайШолақсор, Шарбақты-Сосновка, Ша қат-Шалдай, Майқарағай-Аққу бағытындағы, Екібастұз ГРЭС 1-ден

табылады. Орталық қазір қызмет жасауда, консалтингтік қызметтер көрсетеді, интеллектуалдық меншік саласында технологиялар трансфертті жүзеге асырылады, семинарлар, түрлі бизнес аспектілері бойынша іскерлік кездесулер өткізіледі. Мысалы, «Павлодар» ƏКК-ге орталық ұсынған жобалардың ішінен биыл 4 жоба таңдалып алынды. Орталық ғалымдарының «Сумен жабдықтау жүйесінің айналмалы суды тазалау технологиясы» əзірлемесі облыс орталығындағы «Нефтехим Ltd» Компаниясы ЖШСда, «Картоптың ауруын диагностикалау жəне оны салудың вируссыз материалы» əзірлемесі «Ақтоғай АГРО» ЖШС-да, «Ауылдар үшін суды тазалау мен залалсыздандырудың нанотехнологиялық əдісін əзірлеу» «Горводоканал» МКК-да, «Сүтті малды өндірудің биотехнологиясын жетілдіру жəне енгізу» əзірлемесі Павлодар ауданының «Луганск» ПК асыл тұқымды зауытында ғалымдардың

Басқамыс ауылына дейінгі жолдар жөнделіпті. Келер күзде шөп мол болсын деген мақсатпен Ертіс өзенінің жайылмасын сақтау мақсатында облыс əкімдігінің «Ертіс өзенінің жайылмасын сақтау» жөнінде 2012-2015 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары жасалды. Агроөнеркəсіп саласы бойынша құс шаруашылығы кешендерін қайта жаңарту үшін Ақсудағы «Қызылжар-Құс» ЖШС, «ШарбақтыҚұс» ЖШС өндірістік қызметтері қайта жаңартылуда. Шарбақтыда өткен жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша құс фабрикасы асыл тұқымды бір тəуліктік балапандарды сатып алу үшін субсидия алды, кəсіпорынға 265,0 миллион теңге инвестиция салынды. Бұл күндері фабрикада 232,3 мың бас құс бар. Өткен жылы облыста 1385 орынға арналған – 11, Ақсу қаласында 360 орынға арналған 2 балабақша ашылды. Баянауыл ауылында 110 орынға арналған балабақшаны алдағы мамырда пайдалануға беру жоспарланып отыр, деді облыс əкімі өз сөзінде. Былтыр студенттер тарапынан қойылған маңызды сұрақ облыс орталығындағы оқу орындарының бірінде технологиялық парк құру жөнінде болса, бұл парк Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің негізінде 2004 жылы құрылған, ал, өткен жылы сəуірде «Өңірлік инновациялар мен технологиялар трансферті» атты қосымша орталық ашылды. Орталықтың негізгі міндеттері облыстағы инновациялық бизнесті дамытуға жəне инвестицияларды тартуда көмек көрсету жəне сыртқы инвесторларды тарту үшін дайын жоспарларды таңдау болып

инновациялық жобалары арқылы жүргізілуде. Бірқатар энергетика жəне энергетикалық технология жөніндегі жобалар облыстың энергетикалық кəсіпорындарына ұсынылды, деген Ерлан Арын өткен жылғы кездесуде айтылған уəделердің бір парасының орындалу барысын осылай түйіндеді. Өткен жылы облыс əкімінің есептік кездесуінде айтылған 39 ескертпе мен ұсыныстың 15-і толық орындалыпты, ал, қалған 24-і облыс əкімі орынбасарларының бақылауына алынып, жыл бойы іске асырылатын болады. Ал, облыстың əлеуметтікэкономикалық дамуының өткен жылғы қорытындысы экономиканың тұрақты дамуын көрсетті. Облыс əкімі өз баяндамасында барлық негізгі салалардағы көрсеткіштер барысына тоқталды. Өнеркəсіптік өндіріс көлемі 1201,3 млрд. теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 258,7 млрд. теңгені құрады. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекттік бағдарламасы шеңберінде облыста жаңа өндірістер құруға, кəсіпорындарды жаңғыртуға жəне техникалық жарақтандыруға бағытталған 187 инвестициялық жоба іске асырылуда. Инвестициялардың жалпы көлемі 1356,9 млрд. теңгені құрап, жұмыс орындарының саны 5556-ға жетті. Индустрияландыру картасы шеңберінде облыста 733,9 млрд. теңге сомаға 79 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 404,2 млрд. теңгеге 4 жоба республикалық Индустрияландыру картасына, 329,6 млрд. теңгеге 75 жоба өңірлік картаға енгізілді. 20102012 жылдар аралығында құны

189,8 млрд. теңге тұратын 50 жоба іске қосылса, соның ішінде өткен жылы 45,4 млрд. теңгені құрайтын 17 жоба іске асты. Ұлттық компаниялар мен ірі кəсіпорындар тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуда қазақстандық үлесті ұлғайту мақсатында облыс тауар өндірушілерімен 260,0 млрд. теңге көлемінде келісімдер жасалды. Облыстың 187 кəсіпорнында сериясы 9001, 14001, 22000 ИСО жəне OHSAS 18001 сапа менеджментінің 237 жүйесі сертификатталды. Ал, сыртқы экономикалық байла ныстарға келсек, облыстың таяу жəне алыс шетелдермен екіжақты ынтымақтастығын дамытуда белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Ал, Елбасының экономикалық ықпалдастықты дамыту бойынша қойған міндеттерін іске асыру мақсатында жергілікті кəсіпорындар ресейлік жəне беларусьтік əріптестерімен, сондай-ақ Азия жəне Еуропаның жетекші елдерімен іскерлік қарым-қатынастарды нығайту жұмыстарын жалғастыруда. 2012 жылғы қаңтар-қараша айларында сыртқы сауда айналымының көлемі 4944,9 млн. АҚШ долларын құрады. Облыста 28,9 мың шағын жəне орта кəсіпкерлік нысандары бар. Бұл жерлерде 123,9 мың адам еңбек етуде. Əрине, барлық қолға алған мақсаттар орындалуымен ғана маңызды. Биылғы Жолдауда да Елбасы жүйелі жұмыстың, нақты істердің он бағытын айқындап берді. Елбасы Жарлығымен былтыр «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы жəне осы аймақтың басқарушы компаниясы құрылды. Экономиканы дамытуды өңіріміз үшін маңызды саланың бірі – аграрлық секторсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бəсекеге қабілетті ауыл шаруашылық тауарларын өндіру – заман талабы. Мемлекет ауыл шаруашылығына көмек көрсетіп отыр. Ет өнімдерін экспорттауды арттыру үшін асыл тұқымды мал шаруашылығы, бордақылау алаңы, құс фабрикасы, жылқы фермасы жұмыс жасауда. Өткен жылы əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияның қатысуымен сервистікдайындау орталығында азық-түлік қоры жасалды. Жалпы, облыста жалпы сыйымдылығы 193,4 мың тонна болатын 101 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді, оның ішінде сыйымдылығы 130,9 мың тонна болатын 28-і заманауи технологиялық құрал-жабдықпен жабдықталған. Əлеуметтік маңызы бар жол қатынастары бойынша қала маңындағы темір жол тасымалын субсидияландыру үшін 2012 жылға арналған облыстық бюджеттен 69,55 млн. теңге бөлінді, ол толық игерілді. Былтыр желтоқсанда 50 төсек-орынға арналған өңірлік кардиохирургиялық орталық пайдалануға берілді. Қазір жергілікті жерде жүрекке оталар жасалуда. Облыс орталығында, Екібастұз қаласында 500 адам қабылдайтын 2 емхананың, Жетінші ауыл кентінде мəдениет үйінің, Баянауыл ауданында 110 орынға арналған балабақшаның құрылысы жалғасуда. Əкім биылдан бастап Астана-Өскемен аралығында 4 жолақты кең автобан жолы құрылыс басталатынын, сонымен бірге талай жыл айтылып жүрген облыс орталығы мен Ақсу қаласы үшін Ертіс өзенінде жаңа көпір салынатынын, АстанаПавлодар аралығында əуе қатынасы орнап, екі аралықта жүрдек пойыздар жүйткитінін жеткізді. Есепті кезеңде жүзеге асқан, алдағы уақытта қолға алынатын игілікті істерді əрине, санамалап айта беруге болар. Бірақ, алдымызда міндеттер тізбесі тұрғанын да ұмытпайық. Ауылдарда əлі күнге дейін жол, ауыз су жағдайы қиын. Жылда айтылады. Ал, Ертіс пен Май аудандарындағы, Екібастұз бен Майқайың кенті аралығындағы халыққа су жеткізеді деген топтық су құбыры жүйесі – екі үлкен жоба жолда қалғандай болып тұр қазір. Майқайыңдағы қазақ мектебінің салынғанына 60 жыл болыпты. Жайылым, жем-шөп дайындау, көктемгі тасқынға тосқын, қар тазалау мəселелері жайлы тұрғындар облыс əкіміне көптеген сұрақтар қойды. Бұған жауап ретінде облыс əкімі ауыл, аудан көлемінде шешілетін мəселелерге жергілікті əкімдердің мүлде сүлесоқ қарайтынын, биыл сол ауылдарға екінші рет барғанында сол тапсырмалардың əлі күнге орындалмай тұрғанын айтты. Мəселе көп. Уақыт сыншы. Айтылған қиын түйінді бұл мəселелердің бəрі жергілікті биліктің назарында, бақылауында, сондықтан, халықтың арыз-шағымдары күн тəртібінен түспейді, деді облыс əкімі сөзін қорытындылай келе. Павлодар облысы.


4

www.egemen.kz

21 ақпан 2013 жыл

 Өңір өмірі

 Біз – қазақстандықтармыз!

Халыќ – ўлттыќ саясаттыѕ субъектісі

(Соңы. Басы 1-бетте).

Іс-шараға облыстар, Астана жəне Алматы қалалары мəслихаттарының өкіл дері, этносаралық жəне конфессияаралық қатынастар мəселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, облыстық ішкі саясат басқармаларының, қалалық жəне аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, этномəдени бірлестіктер мен конфессиялардың, ҚХА ғылыми-сарапшылық топтарының өкілдері қатысты. Семинар-тренингтің ашылуында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Президенті Əкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов сөз алып, шараның мақсатына тоқталды. «Бұл семинар арқылы біз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауына сəйкес, ұлттық-мемлекеттік сəйкестіліктің қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін түсіндіру бойынша кəсіби білім мен біліктілік деңгейін арттыруды көздеп отырмыз», – деді өз сөзінде Е. Тоғжанов. Осылай дей келе, ол Қазақстан халқы Ассам блеясының негізгі қызметі елдің ішкі жəне жалпы геосаяси жағдайды, мемлекеттің этностық құрылымын назарда ұстап, саралауға келіп тірелетінін айтты. «Бұл мəселелерді шешу бірнеше бағыттарға негізделген. Мəселен, біз этностардың этностық қарым-қатынастары төңірегінде əрбір

мемлекеттік органмен байланыс жасаймыз. Екіншіден, мемлекеттің жергілікті жерлердегі əкімшілік органдарымен байланыс орнаған. Үшінші бағытта біз тікелей құқық қорғау органдарымен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бүгінгі болып жатқан жағдайлар бойынша байланыс жасап отырамыз. Қазіргі қоғамда мемлекет жүргізген саясатқа байланысты талқыланып жатқан мəселе көп. Біз олардың шешілу жолдарына мейлінше мəн беруіміз керек. Себебі, халық – ұлттық саясаттың субъектісі», – деді Ассамблея Төрағасының орынбасары. Ал Қазақстан Респуб ликасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу ісі жөніндегі вицеректоры Əлия Мұхамеджанова: «Семинар жұмысы Елбасының халыққа Жолдауында

айтылған өзекті мəселелерге арналып отыр. Солардың бірі – мемлекеттің барлық құрылымдарының сапалы қызметін жандандыруға қатысты екені белгілі. Ал бұл міндеттердің жүзеге асуы – қазақстандық қоғамның бірлесе күш-жігер танытуына тікелей байланысты. Біз семинар аясында осы мəселелерді жан-жақты саралайтын боламыз», – деді. Бұл күнгі шара барысында «Қазақстан Республикасы əлеуметтік дамуының субъектісі», «Қазақстан қо ға мын біріктірудің экономикалық факторлары», «Қа зақстан дағы «Халықтық IPO» бағ дарламасының алғаш қы қорытындысы», деген тақы рыптарда дəрістер оқыл ды. Семинар кезінде Оңтүстік Кореядан келген сарапшы, Кенги университеті Халықаралық зерттеулер

Достыќ керуені – Аќтґбеде Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстанға барған сапары аясында этномəдени бірлестіктер өкілдерімен кездескен еді. Сонда «Достықтың жол картасы» акциясының тұсауы кесілген болатын. Өскемен нен басталған достық керуені ПавлодарҚарағанды-Көкшетау-Петропавл-Қостанайда болып, енді Ақтөбеге де жетті. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«Достықтың жол картасы» мега-жобасы аясында облыс орталығына келген Қос танай облысының делегациясын ақтөбеліктер құшақ жая қарсы алды. «Нұр Отан» ХДП ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, эт но мəдени бірлестіктер, мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен ұйымдастырылған «Жаңа қазақстандық патриот тық – біздің көпұлтты жəне көпкон фессиялы қоғамы мыздың табысының негізі» атты дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы əкімінің орынбасары Сара Нұрқатова мен Қостанай облысы əкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов келді. Дөңгелек үстелді қысқаша сөз сөйлеп ашқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақтөбе облысы хатшылығының меңгерушісі Қыдырғали

Ер мұханов Елбасы Нұр сұлтан Назарбаевтың «Қа зақстан- 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында этносаралық келісім мен толеранттылыққа ерекше мəн берілгенін атап өтті. Ол еліміздегі бірлік пен татулықтың негізі – республиканың əрбір азаматының бостандығы мен азаматтық құқының теңдігі, əлемді таңғалдырған Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы екенін жеткізді. Сондайақ, «Достықтың жол картасы» акциясының мақсаты Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау, этно мəдени бірлестіктердің арасындағы байланысты нығайту, əр өңірдегі «Достық» үйінің жұмысын жандандыру, аймақтың экономикалық жəне əлеуметтік бағдарламаларының жүзеге асырылуына этномəдени бірлестіктерді жұмылдыру болып табылатынына тоқталды. Облыста 18 этномəдени

бір лес тік жұмыс істейтінін, олардың ұлтаралық бірлік пен татулықты нығайтуға қосып жүрген игілікті үлестерін тілге тиек етті. Дөңгелек үстелде Ақтөбе мен Қостанай облыстарының мəдениет саласындағы лауазымды адамдары халық бірлігі, мəдениетаралық байланыстарды нығайту бағытында өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қостанай облыстық мəдениет басқармасы бастығының орынбасары Қойшығара Оспанов өз сөзінде өңірде 100-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратынын, облыс ор талығындағы «Достық» үйінде 16 этномəдени бірлестік түсініс тікпен жұмыс істейтінін айтты. Ал орыс этномəдени бір лестігінің төрағасы, Қоста най облыстық орыс драма театрының директоры Юрий Ивлев театр репертуарындағы қойылымдар төңірегінде əңгіме қозғады. Өткен жылы мамыр айында орыс театры Ахмет Байтұрсынов пен оның ислам дінін қабылдап, мұсылманша Бадрисафа есімін иеленген орыс əйелі Александраның тағдыры туралы «Любовь и смерть Ақ келін» деп аталатын

қойылымның тұсауы кесілгенін жеткізген театр директоры қойылым осы уақытқа дейін ан шлагпен өтіп жатқанын, театр дың алдағы уақыттағы гастрольдік сапарлары туралы хабарлады. Ақтөбе қаласындағы «Достық» үйінің директоры Роза Беркешова мен Мəртөк аудандық «Достық» үйінің директоры Елена Цыбалар да сөз алып, өздері басқарып отырған ұжымдардағы достық пен бірлікті, татулық пен өзара сыйластықты нығайту бағытындағы қадамдарды əңгімеледі. Бұдан соң Қостанай облысынан келген делегация «Достық» үйіне атбасын тіреді. Қостанай облысы əкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов этномəдени бірлестіктердің көрмесін тамашалап, жылы лебізін білдірді. Ол Елбасының бастамасымен қолға алынған жобаның мақсаты этномəдени бірлістіктер арасындағы əріптестікті нығайту, əр облыстағы этномəдени бірлестіктердің өзара тəжірибе алмасып, байланысын бекіте түсуі екенін атап көрсетті. Қостанайдан келген делегацияның құрамында грек, орыс, украин этномəдени бірлестіктерінің өкілдері бар

Шіркін, татар əндері-ай! Осыдан біраз уақыт бұрын Абай атындағы облыстық драма театрында XIII татар өнерінің «Көзге Иртыш моңнары» атты халықаралық фестивалі өтті. Бұл фестиваль Татар өнері мектебінің 20 жылдығына арналды. Өнер додасы 2000 жылдан бері қарай Семейде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

«Көзге Иртыш моңнары» фестивалі Қазан қаласындағы «Бүкілəлемдік татарлар конгресі» халықаралық қоғамдық бірлестігінің жылдағы басты жоспарына бекітілгендіктен, барлық татар бауырлар жыл сайын бір рет болса да Семей жерінде бас қосып, өзара көрісіп, құшақтасып қалады. – Сол себепті де əлемдегі татар бауырларымыз үшін біздің фестивальдің маңызы зор, – дейді ұйымдастырушылардың бірі. Семейдегі татар этномəдени бірлестігінің жəне Татар өнері мектебінің жетекшісі, Татарстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғабдулхақ Ахунжанов. – Бұл өнер сайысы Семейде жəне Киев қаласында тұрақты түрде өткізіледі. Қаладағы Татар өнері мектебіне 20 жыл толуын құттықтап, кезінде осы жерден шыққан Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, баяншы Руслан Тұраев, Новосібір мемлекеттік консерваториясынан Дания Хайбуллина, осы

университеттің училищесінен Альбина Хайбуллина, пианист Қуандық Азубаев келеді. Семейдегі Татар өнер мек тебі – татар халқының əн-жырынан сусындататын бір ден-бір маңдайалды өнер орталығы. Бізде татарлардан басқа, еврей, неміс, армян, орыс, т.б. көптеген ұлт өкілдері вокал, би билеу, баянда, фортепианода, гитарада, домбырада, скрипкада орындаудан жаттығып, өнерлерін шыңдайды. Татар əндерін

айтып, билерін билеуді үйренеді. Биыл мектебіміздің оқушысы, баян аспабында шебер ойнаушы Эльдар Абдуловтың, «Жас музыкашы» деп аталатын республикалық конкурста бірінші орынды жеңіп алғаны, ал гитарашы Тимур Азыловтың «Күншуақ» халықаралық фестивалінде Алматыда үздіктер қатарында танылғандығы біз үшін үлкен жетістік. Татар өнерінің фестивалі төрт номинация бойынша өтті.

Алты түрлі топтағы жастар мен қарттар өз өнерлерін ортаға салды. Тіпті ең жасы 3-те болса, ең үлкені 84-те. Вокалда орындаушылар татардың ұзаққа созылатын «озын кюй» деген жырын жырлап, бақ сынасты. Фестивальде талантты өнер иелерімен қатар, өнерлерін жаңа бастағандар да тең дəрежеде додаға түсті. Қазылар, ең бастысы, ұлттық өнерге ерекше мəн бергендерді жоғары бағалап отырды. Гран-при 1000 еуроны

колледжінің профессоры Ким Чжунның «Азаматтық бірігудегі ұлттық идеяның рөлі» тақырыбындағы дəрісі де тыңдалды. Ол қоғамдық келісім мен этносаралық бірлік мəселесіне қатысты Оңтүстік Кореяның тəжірибесінен мысалдар келтірді. Аймақтық семинар-тренинг бүгін жəне ертең жалғасады. Бүгін Қазақстан Пар ламенті Мəжілісінің ғимаратында Қазақстан хал қы Ассамблеясының депу таттық тобымен кездесу өтсе, ертең Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында халық қалаулыларының қатысуымен «Ел бірлігі» доктринасы: ұлттықмемлекеттік азаматтық сəйкестілікті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Басқосу барысында ұлттық сəйкестілікті нығайту, этносара лық толеранттылық пен қоғамдық келісім мəселелері талқыланатын болады. Іс-шараның қорытындысы бойынша тыңдаушыларға академияның сертификаттары беріледі. еке нін айта келіп, алдағы уақытта мұндай басқосулар өз жалғасын табатынына сенім артты. Ал Қостанай облыстық мəслихатының депутаты Ибраш Естаев қостанайлықтардың ақтөбеліктерден үйренетіндері көп екенін, біздегі «Достық» үйінің кеңдігі мен əсемдігіне қайран қалғанын жасырмады. Бұдан соң концерт залында ұйымдастырылған шара барысында Қостанай облысы əкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов «Достықтың жол картасы» мега-жобасы эстафетасын Ақтөбе облысы əкімінің орынбасары Сара Нұрқатоваға салтанатты түрде табыс етті. Ал Сара Қайыржанқызы Серік Бектұрғановқа облыс əкімі Архимед Мұхамбетовтің Алғыс хаты мен арнайы сыйлығын тапсырды. Шара соңында Қостанай облысынан келген өнерпаздар ұсынған концерттік бағдарлама достық сезімнің қылын шерткен, патриоттық рухты көтерген ерекшелігімен ақтөбеліктердің көңілінен шықты. Бұл өңірлерді мекендеген ұлттар арасындағы достық пен бірліктің, өзара қарым-қатынастың тінін бекіткен шара болды. Алдағы уақытта ақтөбеліктер достық эстафетасын Батыс Қазақстан облысына жеткізетін болады. АҚТӨБЕ. құрағандықтан, бас бəйгеге ұмтылғандардың қатары өте көп болды. XIII халықаралық татар өнері фестивалінің бір концерті Қазақстан жəне Татарстан елдеріне еңбек сіңірген қайраткер, жақында қайтыс болған Олег Жанияровқа арналды. Бұл кісі аталмыш өнер додасының 2000-2011 жылдардағы қазылар алқасының төрағасы болған, татар өнерін жоғары бағалап, сүйетін айрықша ұлтжанды азамат еді. Бұл туралы «Көзге Иртыш моңнары» фестивалінің қазылар алқасының биылғы төрағасы, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Дамир Сұлтанов ерекше атап айтты. Сонымен, екі күнге созылған өнер бəйгесінде алматылық Жұлдыз Өскембаева, Қайрат Игіліков, Семейдегі қалалық мəдениет үйінің «Иртыш моңнары» ұжымы, «Изтелэк» ансамблі вокалдан, се мейлік Дильдана Оразова көркем сөз оқудан оза шауып, бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынға көркемсөз оқыған тобольскілік Луиза Шамсутдинова, вокал, би жанрларынан үшінші орынға ресейлік Дюдмила Гиндуллина, Моңғолиядан келген Ербол Тұрар, Омбыдан келген Альфия Садықова көтерілді. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен марапат қағаздары табыс етілді. Семейдегі Татар өнері мектебінің өнерпаздары Рината Ажарова, Елдана Тəуірбаеваның өнерлерін де қазылар алқасы жоғары бағалап, болашағынан үміт күттіретін жастар ретінде игі тілектерін арнады. СЕМЕЙ. ------------------------------

Суретті түсірген автор.

Ел ґмірімен танысу – жемісті жўмысќа бастар жол

Маңғыстау облысына жаңадан келген басшы А.Айдарбаевқа Маңғыстау өңірі, маңғыстаулықтарға оның есімі жақсы таныс. Алайда, аймақты бұрын мұнай саласына қатысты жетік білетін ол басшылық қызметін аудан, қалаларды аралап, өңірлердің əл-ауқатымен, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, ұсыныс-тілегін тыңдаумен бастады. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

А.Айдарбаевтың жұмыс сапары Жаңаөзен қаласынан бастау алды. Бұрын тек мұнайлы қала ретінде ғана айтылатын Жаңаөзенге қазір моноқалалар қатарында түлеу жолына түскен қала тұрғысында көзқарас қалыптасқан. Жаңаөзенге барған жан жаңарған қала бейнесін, түзелген тұрғындар тұрмысын көрсек деп барады. 125 мыңнан астам халқы бар қалада қазір бірнеше əлеуметтік нысандардың құрылысы жүруде. Жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылданып, болашақта салынатын қарқынды құрылыстар белгіленуде. Халқы да, көлемі де өсе түскен Жаңаөзендегі бүгінгі маңызды мəселенің бірі – кəріздік-тазалау жұмыстары. Облыс басшысы 2009 жылдан бастап қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан «ӨзенИнвест» МКК қарамағындағы кəріздік-тазалау ғимаратында болды. Мұнда қажетті қаржы бөлініп, нақты жұмыстар атқарылуда екендігін жеткізді құзырлы орындар басшылары. Жаңаөзендегі құрылыстың бірі – қалалық ішкі істер басқармасы жедел басқару орталығының құрылысы. Құрылысы аяқталып, енді қаладағы көшелер мен нысандарда тəулік бойы бақылау жүргізуге қажетті құралжабдықтар күтіп тұрған ғимаратты, одан кейін Шаңырақ шағын ауданында салынып жатқан 100 орындық перзентхананың, əскери қалашықтың, Теңге ауылындағы 900 орындық мектептің құрылыс жұмысын жаңадан бастаған кəсіпкерлерге қолдау көрсететін «Бизнес-инкубатор» ғимаратын аралаған А.Айдарбаев Рахат шағын ауданында болды. Қазір 31 мыңнан астам тұрғыны бар аудан болашақта 63 мыңнан астам адамның мекені болмақ. Бұл өз кезегінде кейбір мəселелерді күрделендіре түсетіні анық. Сондықтан бүгінгі жұмыс осы қиындықтардың алдын алу бағытында жүруде. Бұл туралы баяндаған Жаңаөзен қаласының əкімі С.Тұрымов шағын ауданның толықтай электрмен, газбен қамтамасыз етілгендігін, су құбы ры жартылай тартылғандығын айт ты. Келешекте су құбырын тарту жұмыстарын жалғастыру, аудан аумағынан шаруашылық базарын салу жоспарланыпты. Қаладағы маңызды жаңалықтың бірі – «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының АҚ боп құрылуы. Бұл Жаңаөзенде біраз істерді оң шешуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Түрлі құрылыс нысандарымен танысу арқылы біз мұнайлы қаладағы үлкен жұмыстардың куəсі болып тұрмыз. Бұл қала өмірінің қалыпты арнасына түскендігін, жергілікті басшылықтың белгіленген міндеттер мен жоспарларды орындауда жауапкершілік танытқандығын аңғартады, –деген облыс əкімі А.Айдарбаев Жаңаөзен қаласы əкімінің жұмысын оң бағалады. Сапар Мұнайлы ауданында жалғасты. Аудан аумағында орналасқан «Қошқар ата» қалдықтар қоймасының радиоактивті жəне уытты қалдықтарының шаңытуын тоқтату, оған жақын орналасқан елді мекендердің экологиялық жағдайын жақ сарту үшін жыл сайын жасанды көлдің сұйық фазасын тұрақтандыру мақ сатында су жіберу жұмыстары жүргізіліп келеді. Əкім «Қошқар ата» қалдықтар қоймасына тазартылған су құйылатын ағызу арнасын, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын аралап көрді. Облыс əкімі мұнан соң Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған аудандарында болды. Əр өңірдің өз ерекшелігі, көрсетер жаңалығы мен алдына қойған міндеттері бар. А.Айдарбаев Қарақия ауданында əлеуметтік нысандар құрылысын аралап, аудан əкімі Ə.Дауылбаевтың өткен жылды қорытып, үстіміздегі жылға жүктеген жоспарларын тыңдады. Аудан басшысы Құрық ауылының кіреберісіне жер қойнауын

пайдаланушы компаниялар қаржысына орнатылатын 13 метрлік стелла мен оның абаттандырылатын маңайы туралы əңгімеледі. Жобаның жақсылығын, бірақ оның қажеттілігіне де мəн беру керектігін айтқан облыс басшысы «аудандағы елді мекендерде тұрғындар балаларымен бірге қыдырыстап, демалатын демалыс орындарын абаттандырса жақсы болар еді», деген пікірін айтты. Маңғыстау ауданында Алик Серікұлы мектеп, интернат, балабақшалардың, Тұщыбек ауылындағы Е.Оразақов атындағы шипажайдың ахуалымен, жалпы жұмыс барысымен танысып, аудан басшысы Ж.Айтуаровтың баяндамасын тыңдады. Ол өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы айта келіп, «Маңғыстау ауданының 16 ауылы табиғи газды магистралдық газ желісін Жетібай, Шетпе, Өтес ауылдарынан автоматты газ реттеу стансасы арқылы алып отыр. Қыс мезгілінде «Жетібай-Шетпе» газ құбырынан газ алып отырған 7 ауылға газ жеткізу қиындығы туындайды. Өйткені, бұл құбыр 2001 жылы тек Шетпе кенті үшін есептеліп салынған» деп өңірдегі өзекті мəселені алға тартты. Сонымен қатар, «Өтес-Тұщықұдық» газ желісінің Мəстек жерінен Шетпеге газ құбырын тартып, желіні тұйықтау жөнінде ұсынысын білдірді. Ауданда жасалынып жатқан жұмыстардың маңыздылығын айтқан əкім «Халықтың тұрмысына қажетті газ құбырын тарту мəселесі шешімін табады», деді. Одан кейін «Каспий Цемент» зауыты құрылысында болған облыс əкімі аталмыш ЖШС бастығы А.Зурабовқа Шетпе кентіндегі темір жол өткеліне көпір салып беруге ұсыныс білдірді. Облыс əкімі Бейнеу ауданындағы іссапарын Ескі Бейнеудегі Бекет ата мешітіне тəу етуден бастады. Бейнеу астық терминалы қызметімен, «Жезқазған-Бейнеу» теміржолының Бейнеу ауданы аумағындағы құрылыс жобасымен танысып, əлеуметтік нысандарды аралап, ұстаздармен кездесті. Киелі Маңғыстаудың қарашаңырағы саналатын – Түпқараған ауданының облыстың жаңа басшысына таныстыратын тартымды істері жоқ емес. Қашаған кенішінің өндірістік жəне сервистік базалары шоғырланған ауданда қазір 30-дан астам компаниялар жұмыс жасайды. Облыс əкімі алдымен атбасын тіреген Қашаған кенішіне құрлықтан қолдау көрсететін алаңдар орналасқан «Теңізсервис» жəне аталмыш кенішке сервистік қызмет көрсететін, нақтырақ айтсақ кеме жөндеуші «MOBY» компаниялары болды. Соңғы ком панияның жұмысында кездесіп тұрған қиындықтарға қаныққан əкім бүгінгі күнгі проблемаларға назар аудару, жалақыны уақытында төлеу бағытында əрекеттену қажеттігін ескертті. Сөз ретіне қарай айта кетелік, теңіз шебін қорғап, көк теңіз бетіндегі тəртіпті қадағалайтын Теңіз шекарашыларының əскери базасы да осы ауданда орналасқан. Сондай-ақ, облыс əкімі Ақтау қаласының əкімі Е.Жаңбыршин берген жылдық есепті тыңдап, оң бағалады. Бұрын да облыс жұртшылығына іскер, білімді азамат ретінде танымал Е.Жаңбыршиннің облыс орталығына əкім болған аз уақыт ішінде біраз шаруаларды тындырып, болашаққа одан да зор жоспарлар қойып отырғандығы – ақтаулықтар үшін үлкен қуаныш. Əлеуметтік саланы дамыту, экономика, халықаралық жəне өңірлік байланыстарды дамыту, инфрақұрылым жəне кеңістік дамуы, мемлекеттік жəне жергілікті басқаруды жетілдіру бағытындағы ауқымды жоспарлар мен облыс əкімі А.Айдарбаевтың берген бірқатар тапсырмалары Ақтау қаласының ажарын, тұрғындардың тұрмысын көтере түспек. Маңғыстау облысы. ---------------------------------------

Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.


 Жыр жаһаны

 Ашылмаған аралдар

К

ӨКТЕМГІ алты күндік каникулда ауылға келіп жатқанмын. Осында облыстық соттың көшпелі мəжілісі болады екен деп, ел іші гу-гу. Сотқа істі кісі ауылдың бұрынғы бастығы Жəнібек Сейітмағамбетов дейді. Екі-үш айдан бері ол ауданның абақтысында жатқан көрінеді. Енді əкеліп өзі он жыл ойдағыдай жетекшілік еткен ауылдастарының арасында соттамақшы. Жəкең біздің жақын ағайынымыз еді. Жаулыбай қарауылдың майлысынан тарайтын Əлібектен Деріпсалы, Батыр, Күрдек, Кенжеболат деген төрт ұл туады. Жəкең Күрдектен туған Өске байдың шөбересі де, менің əкем Кенжеболаттың жалғызы

жүреді. Алайда мыңғыртып мыңды айдаған дүмді бай салт басты, сабау қамшылы қызметшісіне қызын берер ме. Мұны жігіт те, қыз да жақсы біледі. Сондықтан əліптен аспай, жай ғана тату құрбылық қатынаста болады. Дегенмен, келген беттенақ күйеуінің ұсқынын байқаған Сұршақыз: «Мынадан құтқара көр», деп Арапқа өзі астыртын қолқа салады. Қас қарайғанда жастыққа басы тиісімен қор ете қалған қортық күйеуді тастап, күндіз киім-кешегін сап əзірлеп қойған қоржынын қолтығына қысқан қыз Ертістің биік жарының астында қос сəйгүлікпен күтіп тұрған Арапқа түседі. Сол бетімен олар таң сарғая Ереймен тауының шеткі сілеміне

бешпет кигізіп, жирен ат мінгізіп, ең соңғы он жасауылға қоңыр барқыт бешпет кигізіп, күрең ат мінгізіп, қасына қырық жігіт ертіп барыпты. Жоғалып кеткен қызы бір көш ел болып сəн-салтанатпен келгеніне байдың қуанышы қойнына сыймай, той жасағанда сол думанға Нұрқан Арапты алдыртыпты. Мұндайлық молшылық пен салтанатқа таң қалған ол: «Күнбөпем қабағын кірбің шалмайтын жерін енді тапқан екен!» деп разы бопты. Түр-тұрпаты егіз қозыдай ұқсас, екеуі де құндыз бөрік, қара бешпет, ақ жейде, балағы оқалы шалбар, күміспен зерленген бірдей кебіс киген Нұрқан мен Ыбырай ұдайы Күнбөпенің екі жағында отырып, онымен тысқа кезек-кезек шығып, қашан

«Сўршаќыз» Сарбас АҚТАЕВ, жазушы.

Есжанның шө бересі. Неге екенін қайдам, əкемнен небары біржарым жас қана үлкен ол кі сіні мен ата дейтінмін. Ұзақ жыл ауыл дүкенін ұстаған оны алапат соғыстың алмағайып ауыр кезеңінде жасы өрмек жүзіне жақындап қалғанына қарамастан, колхоз басшысы етіп сайлады. Сауаты шамалы болса да, есеп-қисапқа жүйрік, ұйымдастыру қабілеті күшті ол шаруашылығы шатқаяқтап қалған артельді аз уақыттың ішінде жамбастап жатқан жерінен көтеріп, аудандағы маңдайалды колхоздардың қатарына қосты. Мал басын өсіріп, егістік алаңды ұлғайтып, майдангерлер үшін етті де, сүтті де, астықты да жоспардағыдан артық тапсырып, жеңісті жақындатысуға үлкен үлес қосты. Ұлы жеңістің желімен желпінген ауылдың ұзамай-ақ тұрмысы түзеліп, шаруасы өрге жүзе бастады. Бастауыш мектебі жетіжылдыққа айналып, жанынан шағын спорт алаңы жасалды. Жаңадан кеңсе бой көтеріп, бір бөлме сінен оқу үйі ұйымдастырылды. Қолы боста жұрт соған келіп, газет оқып, шахмат-дойбы ойнайтын болды. Ауыл тұрғындары үйлерінің сыртын ақтап, көшелерге сəн кірді. Байырғы бастықтың бұл ісі кейін ішіне қасық ай налмайтын күншілдердің көзіне теріскендей қадалып, жоғары жаққа до ма лақ арыздар ағылды. Барлығының да айтары мен арқауы баяғы «ішіп-жеп қойды» дейтін жаттанды байбалам. Ақыры, жағдай насырға шауып, Жəкеңнің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Енді, міне, дүйім ауыл демін ішіне тартып, соттың шешімін күтіп отыр. Сотты бастап келген осы өңірдің белгілі заңгері, орта жастағы дембелше, маңдайы қасқайған, аққұба толық кісі Əлімжан Баймұқанов. Жанындағы ақтаушы алпамсадай жігіт ағасы, көзі күлкі үйіріп тұратын кең маңдайлы, келбетті азамат Мəлғаждар Көкенов. Ал үшіншісі – ұмытпасам фамилиясы Барлыбаев болуы керек, отызға əлі тола қоймаған сымбатты жігіт сот мəжілісін ұйымдастыру қамымен қолды-аяққа тұрмай жүгірді де жүрді. Қонақ күтіп үйренген үйдің баласы ретінде менің міндетім меймандардың қолына су құйып, сүлгі ұсынып, дастарқан басында шешем құйған қою шайды үлестіріп, үнсіз ғана үлкендердің сөзін тыңдау болды. Бір кезде көпті көріп, көкірегіне талайды түйген, арғы-бергі тарихқа жетік, шежіреге жүйрік аға заңгер Əлімжан Мəлғаждарға қарап бір əңгіме бастады. – Ертеңгі соттағалы отырған адамымыз Сұршақыздың үлкен ұлы Сейітмағамбеттің баласы екенін білесің бе? Кəдімгі «Əндір, əндір, əндір-ай, ішімді оттай жандырды-ай, ғашық болған Сұршақыз құмарымды қандырмай, Көкшетауда қалдырдыай!..» дейтін айтулы əндегі Сұршақыз, – деп тың бір əңгіменің тиегін ашты. ...Сұршақыз Ертістің Кереку бойын жайлаған өр наймандағы Бөде деген байдың қызы екен. Бұлғақтап еркін өскен бай қызының арманы аз болмайды ғой. Малға жығып атастырған адамы можантомпайлау ынжық болса керек. Сол ұрын келген күні кешкісін қызының көрпежастығын күйеуге арқалатып отауға кіріп бара жатқанын бай көріп қап: «Апырай, Күнбөпемнің көңілінде бір кəдік болмаса игі еді, мынау қылығы ырымға жаман, жат карекет екен», деп секем алса керек іштей. Не керек, сол секемі шындыққа шығады. Байдың Арап Байдалин деген жиырмадан жасы енді ғана асқан піркəзшігі болады. Өзі Баянауыл жақтың жігіті, орысша, қазақша əжептəуір сауаты бар. Оның үстіне жақсы киініп, жүйрік ат мінетін серіліктен, əн салып, домбыра тартатын өнерпаздықтан да құр алақан емес. Көбіне ойын-сауыққа бай қызымен бірге сол жиі барып

5

www.egemen.kz

21 ақпан 2013 жыл

сыры

жетіп, шұбардың арасына кеп бір-ақ тоқтайды. Одан Көкшенің көгілдір тауларын басып, айна көлдері мен барқыт белдерінен асып, Арқа қазақтары хан санайтын Шыңғыс сұлтанның Сырымбеттегі ауылына келеді.

Қ

АШҚЫН болса да төркін жағынан келген қыз-жігітті қонақжайлық салтымен жылы қарсы алған Зейнеп ханым оларға бөлек үй тіккізіп береді. Бірақ бар пəле оның екінші ұлы Жақып төреден шығады. Аты да, заты да белгісіз біреумен ілесіп келген сұлу қызға қызығып, қызыл көрген қарғадай шыр айналған ол Арапты ұры деп оязға ұстап беріп, абақтыға жапқызып тастайды. Алайда, бір басының азаттығы үшін ата-анасын қиып, туған жерін тастап келген ару əмеңгерлік жолымен Шоқанның Айсарасын сонау Алтынемелден алып келгеніне жыл толмаған Жақыпқа төре тұрсын, хан болса да үшінші ұшпа тоқал болып шығуға өлсе көнер ме!? Аға сұлтанның тілмəші арқылы басына бостандық сұрап, мəн-жайды баяндап, ол ояз бастығына хат жолдайды. Дуанбасы қыздың тілегін орындап, арнайы кісілер жіберіп, оны Көкшетау қаласына алдырады. «Ел құлағы елу» деген бар емес пе: «Дуандағы ояздың қолында басына бостандық алған Керекудің бір қызы бар екен», деген хабар төңірекке əпсəтте тарайды. Көкше өңірінің жақсы мен жайсаңдары лезде бас құрап: «Əйел елден кетсе де ерден кетпеуі керек, қайткенмен біреуіміз алып қалуға тиіспіз», деген байлам жасап, «арамыздан таңда, қайсымызды қаласаң да талас-тартыс болмайды» деп қызға сөз салады. Керекуге қайтып барып, жаманатты болар жайы жоқ Сұршақыз сонда Өске байдың ортаншы ұлы, жасы жиырманың үстіне жаңа шықса да алғашқы алғаны қайтыс болып, одан туған тұңғышын ағасы Тілеу бауырына салып, басы бос бойдақ жүрген, кескінкелбеті қыз тұрсын, жігіт қызыққандай батыр тұлғалы Нұрқанды қалапты. Келіншегінің аяғы құтты болып, екі айдан соң Нұрқан Жыланды болысына болыс боп сайланыпты. Болыс болып, дуанбасыға сөзі өтетін дəрежеге жеткен соң ол жарының тілегі бойынша Арапты түрмеден босаттырып, еліне қайтарып жібереді. Араға жыл салып ол аты елге Сұршақыз деп жайылған Күнбөпесін төркіндетіп, Кереку жаққа барып қайтады. Барғанда да сəн-салтанатпен, қасына інісі Ыбырайды алып, он нөкерге барқыт бешпет кигізіп, ақбоз ат мінгізіп, тағы он серігіне қара барқыт бешпет кигізіп, қара ат мінгізіп, одан кейін он қызметшіге қызыл барқыт

кете-кеткенше қайсының күйеу екенін білдірмеген деседі. Көкшетау бірде қарлы, бірде қарсыз, Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз. Дариядай ағып жатқан болмаса да, Көз салған көрінгенге көңіл арсыз, – деп абақтыда жатып сенімсіздік танытып, зарлаған Араптың көзі Сұршақыздың талғамы да əлдеқайда биікте екеніне сонда бір-ақ жетеді. – Міне, біздің соттағалы отырғанымыз ата-бабасынан бері уызы арылмаған шынжыр балақ, шұбар төстің нəсілі екенін ұмытпа! – деп Əлімжан қазы Мəлғаждарға иек қаға аяқтады. Зəкөн соғып, бір-бірімен заң жайында ғана сөйлеседі деп жүрген заңгерлердің аузынан мынадай əңгіме өрбігеніне таңғалып, олар тысқа шыққанда шешемнен: – Əлгі айтылған əңгіме қызық екен. Бірақ, мұны осы арада не үшін айтып отыр? – деп сұрадым. – Қайдан білейін, қалқам! Бұрынғы болған-болған жердің бəрін жау санайтын заман ғой қазір. Байдың тұқымы деп ағажанның жазасын ауырлатып жібермесе жарайды ғой, – деді дəулетті тұқымнан шыққан деп өз отбасы да талай теперіш көрген анам. Айтқандай-ақ, келім-кетім кісі көп болған соң күздік сойысқа еңбеккүнге шағып, орталықтан алған бір өгізшеден басқа мойнына ештеңе апара алмаса да Жəкеңді «қоғамдық малға қол сұқты» деп алты жылға соттап жіберді. Ақсары өңі сұрланып, бетіндегі білінер-білінбес қорасан дағы тереңдеп, күлкі үйіріп сүзіле қарағанда, көкейіңдегіні оқып тұратын көзі мұң төгіп, еңселі тұлғасы еңкіш тартқан колхоз басшысы екі қызыл жағалының алдында кетіп бара жатқанда жиналғандардың іштей қынжылмағаны аз шығар. Бірақ қатал заң, қытымыр заманға не шара. Сот бітіп, сөз басылып, ыбырсыбыр тарқаған соң ауылымыздың ғұламасы, арғы-бергі əңгімені көп білетін шежіре Насыр молдадан: «Жəкең шынымен-ақ Сұршақыздың туған немересі ме, əлде Əлімжан сот жазаны ауырлату үшін жорта айтты ма?» деп сұрағаным бар. – Қандай пиғылмен айтса да, Əлімжанның айтқаны айдай шындық. Бұл оқиғаны біз баяғыдан бері білетінбіз, – деді молда атамыз. – Əйгілі «Сұрша қыз» əні Нұрқан атаңның заңды зайыбы Күнбөпеге арналған. Күнбөпе шешеміздің Кереку жақтағы бір байдың қызы екені жəне шын. Оны Арап атты бір өнерпаз жігіт алып қашып кеп, Сырымбеттегі аға сұлтан Шыңғыстың ауылын паналайды. Қыз алып-қашып келген жігітті төрелер қасақана ұры деп ұстатып, абақтыға

жапқызғаны да анық. Сонда жатып ойы сан-саққа кеткен азамат сатып кетті ме деп, қыздан да секем алған сияқты. Баласы Байдалының атым Арап, Мінуші ем кербестіні жалын тарап. Бір қызды Керекуден алып қашып, Ішінде жиырманың қылдым талап. Мен келдім сол бетіммен Шыңғыс ханға, Бір қайла болар ма деп шыбын жанға. Паналап бозторғайдай тұрғанымда, Шырылдатып ұстап берді-ау оязнайға. Түсті ғой зілмауыр жүк бұл басыма, Ой бөлер жоқ жолдасым, сырласым да. Жаныңмен жаным бірге десе-дағы, Жалғанда сырыңды ашпа ұрғашыға, – деп толғануы осыны аңғартатын тəрізді. Бұл өзі ұзақ өлең еді, жадымда қалғаны осы ғана.

А

Л АТЫҒАЙ – қарауылдың игі жақсылары мен атқа мінерлерінің арасынан Күнбөпенің біздің ағамыз Нұрқанды таңдауы тегін болмаса керек. Бұл арада оның апасы, Шыңғыс төренің жақын досы, патша əскерінің хорунжий атағын алған Шөбек Байсариннің бəйбішесі Жарасбайдың ықпалы болған сияқты. Ояздың арнайы жіберген адамдары қызды Сырымбеттен алып келе жатып, жол-жөнекей Кіші Қоскөлдің жағасында отырған Шөбек ауылына түскені анық. Сұршақыз Нұрқанмен алғаш сол үйде кездесуі ықтимал. Немесе тағдыры тəлкекке түскен қызбен тез-ақ тіл табысқан Жарасбай апамыз дуандағы жағдайдан хабардар болғандықтан Күнбөпеге інісінің жағдайын алдын-ала айтып, сырттай таныстыруы да мүмкін. Қайткенмен де ылғи бір ығай мен сығайдың арасынан Сұршақыз бірден Нұрқанның атын атапты. Нұрқаннан Күнбөпе екі ұл, бір қыз туды. Үлкен ұлы Сейітмағамбет жаңағы Жəнібектің əкесі. Жəнібектің Қалиасқар деген інісін кішкентай күніңде көрген шығарсың. Жанып тұрған жалын, ағып тұрған ақын еді. Ұлы Отан соғысынан қайтып оралмады. Кіші ұлы Жəнəбіл Балуан Шолақтың серігі болған сері жігіт еді. Өштескен казак-орыстар жалған жаламен ұры деп ұстатып, кеңестің абақтысында опат болды. Қызы Қылдыдағы Тіржан қажының баласына ұзатылды. Нұрқан оншақты жыл болыс болған соң билікті от ауызды, орақ тілді шешен інісі Ыбырайға өткізіп, өзі сырттай тілеуқор болып қана отырады. Алайда ол жасы өрмек жүзіне жетпей, төтеннен жабысқан дерттен ертерек дүние салады. – Осы арада айта кететін бір қызық жайт бар, – деп ашық өңді, сирек мұртты Насыр молда сəл кідіріп, сөзін жаңадан сабақтады. – Жалпы Күнбөпе анамыз қайнысын бұрыннан да жақсы көретін болса керек. Ағасының асы берілген соң ол əмеңгерлік жолымен өзіне үйленер деп үміттенген сияқты. Бірақ балалары ержетіп, алды үйлі-баранды болып қалған Ыбырай ағасының жылы өткен соң да ондай ыңғай танытпайды Соған ерегесіп жеңгесі Тіржан қажының ауылына барып жаздай жатып алады. Жұрт аузына қайтіп қақпақ қоярсың, содан: «Күнбөпе құдасына қосылып алыпты», деген сыпсың сөз ел ішін кернеп кетеді. Амалсыздан Ыбырай оны өзі барып алып кеп, ата дəстүрімен неке қиғызып қосылған ғой. Сол қырық жасының өзінде Күнбөпе құлын мүшесінен айырылмаған əйел затының абзалы, бет біткеннің ажарлысы болған деседі. «Сұршақыз» деп кезінде замандастарының аузының суы құрығаны да содан шығар. –Бұларды бұрын неге, неғып айтпағансыз? – дегенімде: –Тегіңнің тегін емесін айтып еңселенер заман ба қазір?! – деп ауыр күрсініп əңгімесін аяқтаған еді молда атамыз.

Бақытжан Абызов 1959 жылы Қызылорда облысындағы Шиелі ауданының Тартоғай ауылында дүниеге келген. 1982 жылы ҚазГУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қазіргі кезде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ында қызмет істейді. Бірнеше өлеңдер жинағының авторы.

Їн Бейуаќта

Құм қапқан, Етегі шағыл ауылдың үстін түн жапқан. Жапырақ көйлекті сұңғақ тал, Түнгі музаны жырлап қал. Жырла сен, Сезіммен көз ілген түнді əсем. Жырға қос мені де, Айтайын – сыр десең. Мұңайған бойжеткен, Ұрлана қарап тұр əйнектен. Гүлжапырақ үзіп бер мен үшін, Мені ынжық деп ойлап па ең? Марғау үн, Маңқ еткен төбет өшіре қойды сарнауын. Қарашы, бейуақта кемпірдің өз итін: – Адыра қалғыр! – деп қарғауын...

«Шал мен теѕіз»... Сыр бойы

Толқиды, Сыр баяу ағыспен жиекке жайылса, Қайырлап қалған бір сазандай шоршиды. Ызыңдап шығады дыбысы мол шидің. Кеш жетті, Жарықты жасырып түнекке. Толқынды тілгілеп сілтеймін ескекті, Алайда, еңбегім еш кетті. Арада Көп уақыт өтпей-ақ, Көз тіктім қаушиған қараға, Жетсем деп тырыстым жағаға. Түнерді, Сұр аспан көзіне іркілген моншақты, Жаңбыр ғып жіберді, Адасқан қайығым жарға кеп тірелді.

Алтын таң кең дүниемен сəлемдесті, Ақсақал алдына сап қой мен ешкі. Шетке шыққан төлдерді қақпайлайды, Астында тоқпақ жалды торы бесті. Сиыр сəске болыпты күн қызғанда Шілдеде тыныстайсың күндіз зорға. Қаракөк түн ысырып шымылдығын, Ағарып кетті Ай мен жұлдыздар да!..

Кїз. Тау. Аспан

Күн жауар, бəлкім, аспанның төсі көк шұбар, Сəуегей қарт та осылай ғана топшылар. Шуағы жарқын күзгі күндер жайдары, Сірə да, биыл жоқ шығар. Мамыр қаздардан бұрқырап ұшқан ақ мамық, Күміс көлдерге өрнегін салып жатты анық. Жапырақ-дүние, жанары жасыл жаз дəурен, Жабырқау күйде дəрменсіз жатыр тапталып. Қоңырқай күздің қозасы жатыр кеудемде, Жүректе жалын болмаса, жаның шерменде. Менің галактикам да айқара ашып құшағын, Қаусырап алды Сүмбіле жұлдыз сөнгенде. Салқын самалға кеудемді тосам, тау іші, Алатау сынды көнекөз қартпен қауышып. Көмкерген жаға əшекей толы бозқырау, Жеткендей қыстың қаһарлы, қатал дауысы. Шарт етті аспан, алқызыл жасын – ирек от, Терістік жақтан үдерген бұлтты сүйрелеп. Ызғырық соққан тентек жел кезіп сайларды, Ызыңдап қалды ашушаң қарттай күйгелек. Қыршынға берген ғұмырдай қысқа күз күні, Күлтесі қурап, қуарып қиян түз гүлі. Мөлт етіп түсті көкшулан бұлттан ақ моншақ, Сол моншақ, бəлкім, ақынға іңкəр қыз мұңы.

Элегия

Ымырт түсіп, маужырайды қыс түні, Ауа таза, өткір əрі құрғақ та. Дүрс-дүрс соққан жүрегімнің ыстығы, Ынтықтырып тұр ғой мені бір жаққа.

Жел тынды, Үміті үзілді толқынның. Жанары жап-жарық, Жұлдызы мол түннің!

Көңіл-күйім суық түнде шадыман, Күміс қарда жүре бергім келеді. Əлдекімді мен өлердей сағынам, Маған тіпті керегі де сол еді.

Таѕ

Ауылға да, қалаға да мен бірдей, Жайсаң жігіт болсам екен деп едім. Туған елге махаббатты сөндірмей, Əрбір үйге кіріп барсын өлеңім.

Таң атты тамылжыған, талаураған, Қызыл күннің шапағы алаулаған. Есекмия еңкейген жарқабақтан, Бір ғанибет дарияға қарау маған. Құрбақа үні құрылдап өзектерден, Шегіртке шырылына кезек берген. Шылп-шылп соғып жатады Сыр толқыны, Үйіріп құйын соққан мезеттерде.

Бұл өмірде адам қонақ бес күнге, Деген нақыл талай жерде естілді. Қалада да өкпе айтпаспын ешкімге, Ауылда да өкпелетпен ешкімді! ҚЫЗЫЛОРДА.

Бақытжан АБЫЗОВ.

Д

ЕМЕК, Сұршақыз белгілі бір қаламгер жазғанындай құздан құлап опат болмаған. Бас бостандығы үшін беріспес күреске түсіп, өмір үшін өлгенше айқасып, артына ұрпақ қалдырған ана. Оның атақты ақын, сазгер Жаяу Мұсаға да ешқандай қатысы жоқ. «Сұршақыз» əні шынымен сонікі болса, сазгер оны жерлесі Араптың өмірін арқау ете отырып шығаруы ықтимал ғой. Өйткені, əннен сүйген қызынан қапияда айырылып қалған жігіттің жанын өртеген өкініші мен көкірегін қарс айырған күрсінісі сезіліп тұрады. Ұлы əжеміз Күнбөпеден, яғни аты аңызға айналған Сұршақыздан аз да болса тұяқ бар. Оның туған немересі Жəнібектің жалғызы Жанботаның бір ұлы Мұрат Көкшетауда, қызы Марал қазір Астанада. Ал Жəнəбілдің қызы Базкеннің Өтеген деген азамат ұлы Көкше топырағындағы Қызылсая ауылында тұрады. Құдай қаласа аздың көбеюі қиын емес қой. Ұлы ананың атын ардақтар ұрпақтың көп болғанына не жетсін. АЛМАТЫ.

«Сарыарќа» сыйлыќтары Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінде өндірісті аймақ өңірлерінде «Сарыарқа» əлеуметтік-кəсіпкерлік компаниясы тарапынан мектептерге, мəдениет ошақтарына көрсетіліп жүрген көмек-қолдау ризалық тудырып отыр. Бұл құрылымның өз ырқымен ауылдық жерлерге шапағат нұрын себуге деген ұмтылысы былтыр Жаңаарқа мен Ұлытау аудандарында аса танылған болатын. Бірінде Жезді кентінде учаскелік аурухананы толықтай қалпына келтіріп,

тиісті бүкіл медициналық құралжабдықтармен жаңартып, жергілікті тұрғындарды бір қуантса, одан соң Маңадыр стансасындағы негізгі мектеп ғимаратын кеңейтіп беріп, теміржолшы ата-аналарды жəне разы етті. Білім ұясына мұнымен бірге жиһаз бен интерактивті тақта тарту етілді. Компания осындай үрдісті биыл да жалғастырады. Ендігі қамқорлық құшағы Шет, Ақтоғай аудандарындағы əлеуметтік нысандарды ажарландыруға ашылады. Қарағанды облысы.


6

www.egemen.kz

21 ақпан 2013 жыл

Кешегі Кеңес дəуірі тұсында бəрі түгенделмесе де, кей қазақ зиялыларының өмірбаяндық деректері, сондай-ақ, шынайы шығармалары мектептерде, жоғары оқу орындарында оқытылды. Сапасы, мазмұны жөнінде əңгіме бөлек, əрине. Солақай саясат ызғарын көрсе де саптан шығып қалмаған қазақ əдебиеті əйгілілерін егде кісілер бұрыннан біледі. Алашта Алтынсарин десе алаңдамайтын қандастар жоққа тəн. Тарихтың таңбалы жағына зер салып, ел еңселілерінің бірін еске алсақ Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин байырғы Торғай облысы, Николаев уезі, Арақарағай болысында, қазіргі Қостанай облысы, Алтынсарин ауданында 1841 жылдың 20 қазанында дүниеге келген. Зерттеу еңбектерге сүйенсек, ол дарынды педагог, ағартушы, ақын, жазушы, этнограф ретінде артына өте құнды əрі бай мұра қалдырды. 1879 жылы Орынбордан «Қазақ хрестоматиясы» басылып шықты. Желкілдеген жас жеткіншектер үшін аса қажеттілігі ескеріліп, сапалы, керекті оқу құралына айналды. Осы кітаптың жинақы, қысқа нұсқасы 1896 жылы Қазан қаласынан екі мəрте «Мəктубат» деген атпен жарық көрді. Орынбордан «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деп аталатын тағы бір танымдық қасиетке толы елеулі еңбегі жарияланды. Кезінде құдай деуге үнемі үрейленіп, қорқып, Алла деуге абыржып, асып-сасқандар кездеспей қалмады. Жа ра тылғаннан қаны, жаны, ішкі жан дүниесі мұсылман Ыбырай шын мəнінде өзінің қазақ екенін жадынан шығармады. Нақты дəлел Алтынсариннің бұдан пəленбай жылдан бұрын туындаған шынайы шығармаларында айшықтанып-ақ тұр. Бір құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Сиса көйлек үстіңде

құралдары, көбінесе қазақта түсініктірек татар кітаптары. Бірақ онда ешқандай жүйе, көбінде мағына жоқ. Сондықтан, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, оларға өзінің ана тілінде жазылған, мұсылман дінінің негізгі рухына толық сай, дін оқыту құралы бола алатын «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты кітап жазып шықтым. Кітап төрт бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде иман туралы, екінші бөлімде құдайға құлшылық ету, яғни намаз оқу, ораза ұстау, кедейлерге садақа беру, қажыға бару жағы көрсетілді. Үшінші бөлімде – адамгершілік

дəрістер оқиды. «Ы.Алтынсарин халық есінде», «Қоңырау сыңғыры», «Қазақ халқының мəдениеті мен тұрмысы», «Қазақтың салт-дəстүрлері», «Мұражай – халық мұрасының киелі орыны», «Таза бұлақ», «Қонақжай киіз үйде», «Дəуір тудырған əн-күйлер», «Адамгершілік – Алтынсарин тақырыбы», «Ұлы Ыбырайдың шəкірттері мен ізбасарлары» жəне басқа да тақырыптарда танымдық сағаттар, кездесулер, сұхбаттар, кештер өтеді. Облыс орталығындағы орыс, татар, тəжік, армян, чешен жəне басқа да ұлттық орталықтармен де байланысымыз ешқашан үзілмей келе жатыр. Іс-шаралардың

Дала ќоѕырауы Ўлы ўстаз мўражайы ўрпаќќа ўлаєат ўсынады

жазып, Ыбырай бейнесін лирика тілімен көркем сомдаған Ғафу Қайырбеков туралы жəдігерлер топтастырылған. Əсіресе, арқалы ақынның жаздың жайма шуақ күнінде асау толқынын аспанға лақтырған Тобыл өзені жағасында отты көзін алысқа қадап, қалың ойға батқан шабытты шағы суретшінің шебер қолымен өте көркем, нанымды берілген. Табиғи талант иесінің жары Бəдеш жеңгей Қостанайға сапар шеккен сайын мұражайға соғуға уақыт тауып, Ғафекеңе арналған бұрышты ақынның жаңа кітаптарымен толықтырып отырады. Алтынсарин мұражайында тұрақты жүргізілетін бұқаралық сипаттағы шаралардың саны көп əрі ауқымы кең. Бізде ұдайы Алтынсарин оқулары өткізіледі. Былтыр тұңғыш рет «Алтынсарин көшесінің мерекесі» деп аталатын шара ұйымдастырылды. Шамамен бас қосуға мыңға жуық адамдар қатынасты. Балалар Алтынсариннің «Таза бұлақ», «Бақша ағаштары», «Əке мен бала», «Алтын шеттеуік» əңгімелерінің мазмұндары негізінде театрландырылған көріністер көрсетті. Баба өлеңдерін мəнерлеп оқудан бəсекеге түсті. Дара дарын иесіне деген ыстық сезім балғындар салған суреттерден де айқын көрініс таба білді. «Тарихи көше тағылымы» көрмесін облыс орталығының үлкенді-кішілі жұртшылығы зор ынта-ықыласпен тамашалады. Мұражай ізденіс орталығы, ғылыми мекеме деуге де толық негіз бар. Жұмыстың не гізгі бөлігі жəдігерлерді табу, сақтау жəне насихаттау болып табылады. Ыбырай Торғайда 1864 жылы бастауыш, 1883 жылы қолөнер, Қостанайда 1884 жылы екі кластық орыс-қазақ, Ырғызда 1887 жылы қыздар училищесін ашуға себепкер болған. Мұражайдың қызметкерлері Салтанат

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

АЌШ Ќытайды айыптап отыр «Apple» корпорациясы өзінің ішкі желісіне хакерлік шабуыл жасалғанын мəлімдеді. Шабуыл кезінде хакерлер бағдарламалық қамтамасыз ету қызметін пайдаланған. Аталған компанияға шабуыл осыдан шамалы уақыт бұрын жасалған басқа да америкалық компанияларға шабуылдармен байланыстырылып отыр.

Америка Құрама Штаттары кибершабуылдардың көпшілігі АҚШ компанияларына бағытталып отырғанын хабарлады. Шабулдаушылар Қытайдың Шанхай қаласының төңірегіндегі базада орналасқан секілді. АҚШ тарапы хакерлерді Қытайдың ұлтазаттық армиясымен байланысы болуы ықтимал екенін көлденең тартады. Өйткені, шабуылдар негізінен жаңа технологияларға бағытталып отырған көрінеді. Қытай жағы өздерінің кінəсіздігін айтып, ақталуда.

Жемќорлыќ зардабы айтарлыќтай Ресейдегі жемқорлық қылмыстан келген шығын өткен жылы 21 миллиард рубльді құраған. Бұл туралы Мемдумадағы «Парламент сағатында» Ресейдің бас прокуроры Юрий Чайка мəлімдеді.

Ю.Чайканың айтуынша, 49 мыңнан астам жемқорлық əрекеттері анықталса, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп. Мұндай қылмысқа барған адамдар саны да 13 пайызға артқан. Ал ірі жəне аса ірі шығын əкелген қылмыстар саны бұдан да асып, 80 пайызды құраған. Мемлекеттік тапсырыс саласында бас прокуратура бір жылда 83 мың заң бұзушылықтарды анықтаса, 343 қылмыстық іс қозғалған. Мемдумадағы отырысқа қатысқан тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкиннің сөзіне қарағанда, жемқорлық бағыттағы анықталған қылмыстар саны айтарлықтай өсіп, 50 мыңға жеткен.

Əскери ќызметімен ќош айтысты Америка генералы, НАТО күштерінің Еуропадағы қолбасшылығына бұрынғы кандидат Джон Аллен əскери қызметімен қош айтысты. Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама хабарлады. Ауғанстандағы халықаралық күштердің қолбасшылығы қызметінен кеткен 60 жастағы генерал кезекті тағайындауға қатысты ойлануға уақыт берілуін сұраған еді.

Генерал отставкасының формальді себебі ретінде Ауғанстанда өткізген 19 айлық қызметінен кейін оның отбасымен болғысы келетіні көлденең тартылады. Сонымен бір мезгілде, Дж.Аллен өзінің отставкасы қорғаныс министрлігінің қызметкері Джилл Келли ханыммен хат жазысып тұрғанына орай тексеру басталғандығымен байланысты болуы ықтимал екенін теріске шығарды. Ал АҚШ президенті генералдың кандидатурасын НАТО күштерінің Еуропадағы қолбасшылығы қызметіне өткен жылдың қазанында ұсынған болатын.

Нағашыбай МҰҚАТОВ,

Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Тоқуменен табылған. Сауысқанның тамағы Шоқуменен табылған. Өнер, білім бəрі де Оқуменен табылған. Кел, балалар, оқылық Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Немесе: Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды. «Өнер – жігіт көркі» деп Ескермедік мақалды. Біз болмасақ, сіз барсыз Үміт еткен достарым Сіздерге бердім батамды, – деген жолдардан өмірге өте қажетті біраз маңызды мағлұматтарды ұға аласыз жəне олар уақыт алға озған сайын өзінің мазмұнын жоймайды. Ыбырай Алтынсарин – зиялы, зерделі жан екенін маңдай терімен, іркілісі жоқ ізденісімен, аса белсенді күш-қуатымен дəлелдей білген дара тұлға. Мəселен, ағартушы Ресейдің Чернышевский, Добролюбов, Ушинский сияқты оқымыстыларын өзіне үлгі, өнеге тұта отырып, табанды қызмет жасады. Ол В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский, Я.П.Яковлевтермен бір мақсат, бір мүдде ырғағында саналы ой кешіп, берік достасып, бұқара халық игілігі үшін ынтымақты жұмыс істеді. Ыбырай баба өзінің бүкіл саналы, ғибратты ғұмырын жалпы жұртты түгелдей сауаттандыруға, алыс елді мекендерде мектептер ашып, балаларды тегіс оқытуға, сондай-ақ, керекті оқулық кітаптарды жазу жұмысына, бір сөзбен нақтылы айтқанда, ұлы шаруа – ұядағы ұрпақтарды дұрыс бағытта тəрбиелеу ісіне арнады. Кезінде Алтынсарин ылғи қарым-қатынас жасаған жандардың бірі, орыс оқымыстысы Н.И.Ильминский қазақ тілін тəптəуір білген көрінеді. Ол өзі ауызша айтып, қағазға жазып кеткендей, қазақтардың ортасында жүріп, араласып-құраласып ауызекі сөйлеу арқылы осы тілді əжептəуір үйреніп алған. Орыс жəне қазақ оқымыстылары бір-біріне өзара хат жазысып, педагогика ғылымына байланысты өзара пікірлесіп отыруды жөн санаған. Қазір бізге белгілі ғалымның 30-ға жуық хаттарының мəтіндері бар. Н.И.Ильминский өзінің «Алтынсарин туралы естеліктер» деп аталатын кітабының алғысөзінде: «Мен Ыбырай Алтынсаринмен отыз жылға жуық, яғни 1859 жылдың қараша айының басынан таныс едім. Мен оған шын ықыласыммен берілдім, əсіресе, оның орыс біліміне ерекше құмарлықпен ұмтылып, ол білімнің қазақтар үшін де керек екенін ешқашан есінен шығармайтындығын айрықша бағалайтын едім», деп жазды. Ал Алтынсариннің 1882 жылы 12 қыркүйекте атақты орыс ғалымына жазған хатында мынандай жолдар бар: «Ұлы мəртебелі, мархабатты төрем Николай Иванович! ...Қазіргі кезде қазақ арасында Мұхамбеттің діни оқуы жайылып, етек алып барады. Бұл діни оқуды көбінесе татар жəне бұқар молдалары немесе татар, бұқар мед реселерінен оқып шыққан қазақтар жүргізіп отыр. Діни оқуға пайдаланатын

Ќысќа ќайырып айтќанда:

жайы, төртінші бөлімінде – намаз, ораза үстінде, басқа жағдайларда оқылатын арабша аяттар қазақ тіліне аударылып берілді. Аса қайырымды Николай Иванович, осы кітабымды сізге жіберіп, мұны бастыру ісіне өзіңіздің араласуыңызды сұраймын». Қостанай облыстық Алтынсариннің мемориалдық мұражайы екі ұлт өкілі оқымыстыларының сақталып қалған хаттары мəтіні негізінде шаралар өткізіп тұрады. Құнды дүниелердің маңызы жастарға егжейтегжейлі түсіндіріледі. Мұндайда ұжым шығарған «Ұлы ағартушы Алтынсарин жазған хаттар» кітапшасы əдістемелік құрал ретінде пайдаланылады. Мұражайда Орынбор облыстық кітапханасы қорынан алынған дарынды педагогтың «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату жəне той жасау дəстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу жəне ас беру дəстүрлерінің очеркі» атты этнографиялық еңбектері бар. Қазір қазақы тірліктің бəрі түгелдей ата-баба нұсқаған нұрлы жолмен, тура, солға бұрылмай келе жатыр деп айқайлап айтуға, əрине, əлі ертерек. Қазақстанның əр аймағында жарық дүниемен қош айтысқан адамды жерлеу, ас беруде, түрлі той рəсімдерін жасауда айырмашылық көп. Нақтылы жүйеден адасып қалғандаймыз. Алтынсариннің əйгілі екі очеркінің де маңызын, ерекшелігін, ұлттық ұлағатын мықтап ескере отырып, мұражайда танымдық бағытта іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылады. Кезінде орыс география қоғамының белді мүшелерінің бірі болған ұлы Ыбырайдың қазақы салтдəстүрдің өзекті жайларын қозғаған очерктерінің мазмұн, көркемдік идеясы театрландырылған көрініспен əшекейленеді. Бұл шараға Қостанай қаласындағы Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының шəкірттері белсенді араласып, ұдайы үн қосып отырады. Ересектер жағы тарихтағы «Қобыланды» қиссасын жақсы біледі. Оның жан серігі болған Тайбурыл тұлпары да аңызға айналған. Біреу білер, біреу білмес, ақиқат мінбесінен үн қататын болсақ, осы көлемді, адамды қаһармандыққа, намысқа, отансүйгіштікке, батылдыққа жетелейтін қиссаны тауып алып, зерттеп, өңдеп, ғасырдан-ғасырға жеткізуге Алтынсарин қомақты үлес қосқан. Əйгілі этнографтың осы еңбегі мұражай қызметкерлерінің негізгі назарында. Яғни Қостанай қаласындағы жəне аудан, ауылдардағы студент, оқушылар алдында фольклорлық сағаттар өткізу жоспардан түсіп көрген жоқ. Мұражай қызметкерлері Алтынсариннің өмірбаяндық деректерін, педагогикалық, шығармашылық, қоғамдық қызметтерін, халық ағарту саласындағы жетістіктерді жан-жақты түсіндіру үшін аудан орталықтарындағы, елді мекендердегі мектептерде, колледждерде, институт, университеттерде

сценарийлерін кітапша етіп шығару ұжым қызмет істей бастағалы жақсы шаруаға айналғаны ерекше қуантады. Жəне бір айтар жай, мұражайды аралаған оқушы, студенттер, өзге меймандар Алматыдағы «Заман ту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (басшысы Шəміл Қожақанұлы) мамандары əзірлеген, соңғы жылдары пайда болған «Ы.Алтынсарин оқушылармен» атты диорамманы зор сүйіспеншілікпен қызықтайды. Ыбырай бабаның немересі Нағима Ыбыраева көзі тірі кезінде аяулы атасының мұражайына сан мəрте келіп, тағзым етіп, облыс орталығындағы балалармен жүздесіп, ашық түрде ой-пікір бөлісті. Мұражай қызметкерлері Нағима апайдың Жамбыл облысындағы үйіне арнайы іссапармен барып, қолданған жеке заттары, самаурын, шапан, шəлі, орамал, ыдыс-аяқтар жəне бірнеше көне фотосуреттерді əкелді. Бұл заттар да келушілер бірден назар аударатын экспозициялық залдағы құнды жəдігерлер санатынан орын алған. 2009 жылдың мамыр айында Алтынсарин мұражайына Əулиекөл ауданы орталығының тұрғыны, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, зейнеткер Сағи Əбілхасенұлы Ыбырайдың нағашысы Шегенбиұлы Бектеміс байдың отбасы қолданған ғасырдан астам тарихы бар келісін тапсырды. Астана қаласының тұрғыны, педагогика ғылым дарының кандидаты Т.Қоңыратбай «Ұстаздың менталдық əлемі» деп аталатын кітабын тарту етті. Арқалық қаласындағы педагогикалық институт жанынан ұлы педагог мұражайын ашуға аянбай үлес қосқан, марқұм, ғалым Ə.Ламашевтің «Ыбырай Алтынсарин» деп аталатын кітабы, ақынғалым С.Оспановтың «Алтынсариннің айна ласындағы адамдар» еңбегі де құнды дүниелер қатарында. Сонымен қатар, бізде 1879 жылы Ы.Алтынсариннің көзі тірісінде жарық көрген «Мұсылманшылықтың тұтқасы» деп аталатын кітабы бар. Бұл жинақтың əуелдегі иесі қазіргі Меңдіқара ауданының имамы Ертай Қажының атасымен бір туысқан, өз дəуіріндегі қазақ оқымыстыларының бірі Шуақбайұлы Қожахмет. Халық жазушысы, ақын Мəриям Хакімжанова Ыбырай Алтынсаринмен аталас туыс. Қарымды қаламгер көз жұмған нан кейін 1995 жылы оның баласы Атым тай Хакімжанов мұражайға ақынның өзі қолданған, ерекше құрметтейтін нəрселерімен, баға жетпес шығармаларын əкеліп тапсырған еді. Ғимараттың екінші қабатына көтерілген адам Мəриям апайдың бейне шығармашылық зертханасына енгендей күй кешері сөзсіз. Онда жерлес қаламгердің жазу столы мен отырған орындығы, фото, құжаттар, марапаттары бар. Бай кітапханасы, орыс-қазақ қаламгерлері берген қолтаңбалар айрықша назар аударады. Мұражайдың екінші қабатына ақиық ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, əйгілі «Дала қоңырауы» дастанын

Қарабаева, Алтыншаш Аймұхамбетова Қазақстанның орталық мемлекеттік мұрағатында жуырда ғана болып, 1883 жылы Ор қаласында Алтынсарин ашқан мұғалімдер мектебі, дарынды педагог қызметін зерттеушілер жөнінде тың деректерді жинастырып əкелді. Бас қор сақтаушы Зора Балтабаева, жетекші ғылыми қызметкер Роза Қуанова Ақтөбеден оралды. 1880-1890 жылдары аралығындағы Торғай облысы халық ағарту қызметі хақында деректер жинады. Ырғыздағы Алтынсарин мектебінің, Ақтөбедегі орыс-қазақ қыздар училищесі тарихын тереңнен зерттеді. Көне қоңырауды тапты. Алтынсариннің туғанына 170 жыл толуы құрметіне республикалық ғылыми практикалық конференцияның өткізілуі ұлы ұстаз ұлағатын нанымды насихаттауға əбден жəрдемдесті. 1991 жылы дарынды педагогтың туғанына 150 жыл толу құрметіне ашылған мұражай тəуелсіз Қазақстанның төл құрдасы болып есептелінеді. Осы мерзім ішінде ғимарат ескірді. Мұражайдың ішкі мазмұнын жаңа заманға бейімдеу қажет болды. Осыны ескере отырып облыс əкімшілігі шешіміне, облыстық мəдениет басқармасының қолдауына сəйкес күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Оған Қостанай қаласындағы «Торгстроймонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (директоры П.П.Борзенков) үлкен үлес қосты. Мұражайды жаңа экспозициялармен Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, суретші-дизайнер Аманжол Найманбай басқаратын ұжым жабдықтады. Атап айтқанда, «Дала қоңырауы» диорамасы жасалынды. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңі үнтаспаға жазылып, келушілер назарын аудармақшы. Ұлы педагог кезіндегі, яғни ХХІ ғасырдағы мемориалдық сынып бейнеленді. Алтын са рин ашқан қолөнер мектебінің диорамасы құнды дүниеге айналды. Атақты ұстаздың қызмет бөлмесі көрсетілді. Бұған қоса келушілер ағартушы ашқан мектептердің макеттерімен, əріптестерінің, орыс достарының портреттерімен жəне өзге де бірнеше сурет галереясымен таныса алады. Алматыдан келген суретші, дизайнер, программистер, халық шеберлері Ербол Қырықбаев, Махмұрат Дүйсенбаев, Заңғар Медетбеков, Əжи Бөленов, Айболат Айтпенбетов, Айжан Əбубаитова мұражай үшін қолтаңба қалдырды. Сөзімізді түйіндеп айтар болсақ, мұражайымыз Қостанайдағы Алтынсарин идеясын, шығармаларын, рухани құндылықты, білімғылым, ұлттық салт-дəстүрді дəріптейтін мəдени орталық ретінде қалыптасып отыр. Сəті түсіп біздің қала жаққа сапар шеге қалсаңыздар киелі шаңыраққа бас сұғып, кіріп шығуды естен шығармаңыздар. Ұлы Ыбырайдай асыл бабаның таза, мөлдір бұлағынан нəрлене білейік. ҚОСТАНАЙ.

 Ресейдің Мурманск облыстық думасының депутаты Дмитрий Гавриковқа іздеу жарияланды. Оған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен энергетика саласында 1,5 миллиард рубль ұрлады деген күдік келтіріліп отыр. Іске қатысы бар деп шешілген, аттары аталмайтын екі адам ұсталған.  Мəскеуде тəжік оппозиционері, саясаттанушы Бахтиер Сатториге шабуыл жасалған. Ол бұрын Тəжікстан миграция қызметінің өкілдігінде баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген. Бұл қызметінен кеткеннен кейін Мəскеуде тұратын тəжік оппозицияшыларының қатарына қосылған. Б.Сатториге 18 жерден пышақ салыныпты. Жағдайы өте ауыр көрінеді.  Əскери қызметшілер 2013-2015 жылдар аралығында енгізілетін Ресей армиясының жаңа формасын сынға алды. Қоғамдық палата жүргізген сұрау салулар негізінде 200 сарапшы бірнеше əскери бөлімдерде болып, əскерилердің жаңа формаға көңілдері толмайтынын анықтаған. Олардың пікірлерінше, форманы жасаушылар материалдан үнемдеген.

Зергерлік дїкенін їптегендер кім? Қарулы қылмыскерлер Париждегі зергерлік дүкеніне шабуыл жасап, құны 3 миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдарды үптеп кеткен. Тонаушылар тапаншамен қаруланыпты жəне өздері екі адам екен. Мұны жергілікті полиция өкілдері мəлімдеді.

Тонаушылар Франция астанасының орталығындағы «De Beers» компаниясының бутигін кешкісін шабуылдаған. Қымбат бұйымдарды екі сөреден ұрлап, ғимаратты жасырын есік арқылы тастап шыққан. Тонау барысында қылмыскерлер қару жұмсамаған, сондықтан зардап шеккен ешкім жоқ. Аталған компания алмастар мен гауһар тастар өндіріп сатудан əлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Корпорацияның Африкадағы кеніштерінде бүкіл əлемдегі алмастардың 40 пайызы өндіріледі.

Болгария їкіметі отставкаєа кетті Болгария премьер-министрі Бойко Борисов өз үкіметінің отставкаға кететінін мəлімдеді. Ол мəлімдемесін электр қуатына жоғары баға туындатқан көп күндік наразылық акциялары барысында жасады. Жəне де өтпелі кабинетте де қалмайтынын жария етті.

Наразылық акциялары бірнеше күннен бері ел астанасы Софияда жəне елдің басқа да бірқатар қалаларында өтіп жатыр. Демонстранттар электр қуатына бағаны төмендетумен қатар, Б.Борисовтың отставкасын да талап еткен болатын. Ал отставкасының алдында ол электр қуатына бағаны төмендетуге уəде берген еді. Еуроодақтағы ең кедей ел саналатын Болгарияда электр қуатына тариф екі еседен астамға өсірілген болатын. Елдегі зейнетақының орташа көлемі 138 еуроны құраса, электр қуатының құны одан да асып кеткен.

Пираттар алты теѕізшіні ўрлады Теңіз қарақшылары Нигерия жағалауларында алты теңізшіні – бір ресейлікті, екі украиналықты жəне екі Үндістан азаматын ұрлап кеткен. Бұл туралы Африка елдері қауіпсіздік қызметінің дерек көздеріне сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Теңізшілер ұрланған кеме Малайзия компаниясының иелігінде жұмыс істейді екен.

Жалпы, Нигерия жағалауларында соңғы кездері мұнай өндіру белсенді жүргізілсе, кемелерге шабуыл жасап, адам ұрлау үдерістері де жиілей түскен. Теңіз қарақшылары өздері ұрлаған теңізшілер үшін ақша талап етеді. Теңіздегі осындай шабуылдар соңғы рет ақпанның 7-сі жəне 10-ы күндері жасалған екен. Қарақшылар ұрланғандарды кейін босатып жібереді. Бірақ төлем алған-алмағандарын айтпайды. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


www.egemen.kz

21 ақпан 2013 жыл

 Толғандырар тақырып

Жаѕа бастамалар жаќсы Ол тек ќолжетімді болєанда єана ўтымды Елде жатсақ та Елбасы айтқан əр сөзді теледидардан тыңдап, басылымдардан, оның ішінде «Егемен Қазақстаннан» оқып жатамыз. Соның бір мысалы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы дер едім. Онда Пре зидент: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру», дей келіп, бұл бейнелі дата емес екенін, мұндай ұзақ уақытқа жоспар жасау ертеңіне ұмтылған барлық жұрттарда, ұйымдарда болатынын атап айтқан екен. Біз де Мемлекет басшысының келешек үшін деген осы өміршең идеясын қолдаймыз. «Түстік өмірің болса, кештік отын ал» деген

қазақтың ұрпағымыз ғой. Мен қырық бес жылдан бері ауылдық жерлердегі медициналық мекемелерде қызмет етіп келемін. Алпыс жасты еңсерсек те Елбасының Жолдауындағы отандастарына үн қатуын қолдап қана қоймай, шама-шарқымызға қарай үлесімізді қоссақ дейміз. Бұлай деуге себеп, ұзақ мерзімге арналған стратегияда: «Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тəсілдер енгізу мəселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спекторымен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуге маңызды үлес болады» деген Президент одан кейін: «Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы жөнінде көп сын айтылады. Ал ауыл тұрғындары бізде бүкіл халықтың 43%-ын құрайды» деп ел жайына да ерекше көңіл аударады. Осы күні аумалы-төкпелі кезеңдердегі қиындықтар елді мекендерде азайды деуге болады. Жаныңды жадыратар, көңілді көтерер оңтайлы істер баршылық. Өзім 20 жылдан бері дəрігерлік қызмет атқарып келе жатқан Маловодный ауылдық ауруханасының ғимараты 1972 жылы арнайы жобамен, үш қабат болып салынған екен. Ол жылдары бұл мекеме аудан халқының тең жартысына жуығына стационарлық жəне амбулаториялық көмек көрсетті. Аурухананың орналасқан жері де өте қолайлы деуге болады. Аумағы екі гектар жерді алып жатыр. Алматы – Қорғас күре жолының бойына ірге тепкен. Оның үстіне еселі еңбек алаңына айналып отырған Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль көлік дəлізі де осы аралықтан өтеді. Ауруханамыз орталықтандырылған су құбырларымен, сұйық отын арқылы жылытатын пешпен қамтамасыз етілген. Осыдан 40 жыл бұрын 210 сырқатқа арналған төсек болса, оның 45-і – хирургия, 15-і – гинекология, 50-і – терапия, 10-ы – неврология, 30-ы – балаларға, 20-сы – инфекция, 40-ы перзентхана бөлімдеріне тиесілі еді. Тəулігіне 120 адам қабылдайтын емханада терапевт, хирург, невропатолог, педиатр, акушер-гинеколог, тіс, лор, инфекционист, көз дəрігерлері, лаборанттар қызмет етті. Оның сыртында жақсы жабдықталған клиникалық-биологиялық зертхана, рентген, флюро, ЭКГ кабинеттері, физиотерапия, жедел жəрдем бөлімдері үздіксіз жұмыс істеді. 1978 жылы Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау

ұйымы мен БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған халықаралық конференциясында біздің мекеме базалық аурухана болып табылды. Содан да шығар, көптеген жылдар бойы шетелдік жəне отандық ақ халатты абзал жандар біздің ауруханада «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» туралы оқып, білімдерін көтеріп келді. Тəуелсіздігімізден кейінгі кезеңдегі қиындықтар біздің аурухананы да айналып өтпегені анық. Төсек саны 50-ге дейін қысқарды. Хирургия, гинекология, перзентхана, инфекциялық неврология бөлімдері мүлде жабылса, терапия жəне балалар бөлімдері 15 төсекке дейін азайды. Емханада хирург, невропатолог, көз дəрігері, дəрігер лаборант мамандықтары да бірте-бірте

жойылды. Мұндай оңтайландыру ауылдағы қарапайым, əлеуметтік əл-ауқаты төмен адамдарға өте ауыр тиді. Аурухананың материалдық-техникалық базасы ескірген үстіне ескіре берді, дəрі-дəрмектер жетіспеді. Осының кесірінен көптеген медициналық қызметкерлер жұмыссыз қалды. Дегенмен, еліміздің қайта серпіле дамуы құлдыраудан құтқарып, еңсе тіктеуге молынан мүмкіндік берді. Бүгінгі күні халыққа медициналық көмекті 50 төсектік стационар, оның 20-сы травматологияға, 15-і терапияға жəне 15-і – балалар бөліміне тиесілі. Бір замандары ауысымда 120 адам қабылдайтын емханада қазір 10 төсектік күндізгі стационар, клинико-диагностикалық зертхана, рентген, физиокабинеттер, жедел жəрдем бөлімі, тұрғындарға қызмет көрсетуде. 2010 жылы біздің аурухана облыс бойынша алдыңғы орыннан көрініп, облыс əкімінің арнайы дипломымен марапатталғанын айта кетудің артықтығы жоқ болар. Ауруханада 126 адам жұмыс істесе, олардың арасында медициналық оқу орнын бітірген дəрігерлер –15, олардың жоғары санаттылары – 8, бірінші санаттылары – 3, орта буын медицина қызметкерлері 52 десек, бұлардың ішінде жоғары санаттылары – 20, бірінші санаттылары 3 адамды құрайды. Тұрғындар саны 2009 жылы 9484 еді, 2012 жылдың көрсеткіші 10270 адамға жетті. Жаңа құжатқа орай, дəрігер таңдау құқығын пайдаланған басқа ауылдық округтерден өз еркімен 214 адамның тіркелгені жəне бар. Ауылымызда мемлекетіміздің ертеңі саналатын ұрпақ, яғни демографиялық көрсеткіштер жылдан жылға өсу үстінде. 2009 жылы 1000 адамға шаққанда 16,4 еді, 2011 жылы бұл 21,8-ге көтерілді, яғни табиғи өсім 14,6-ға жетті. Тұрғындардың орташа өмір сүру жасы ұзарып келеді. Мысалы, əйелдер – 72, ерлер 69 жасқа дейін өмір сүруге қол жеткізе бастады. Осы арада кейбір сырқаттардың белең алғанын да айтпасқа болмас. Бірінші орынға жүрек-қан тамырлары аурулары шықса, одан кейінгі орында қатерлі ісік тұр. Есесіне жұқпалы аурулар жылдан-жылға азая түсуде. 2010 жылы 63 сырқат тіркелсе, 2011 жылы ол 43ке төмендеді. Ал туберкулез ауруы 100 мың адамға шаққанда 2010 жылы 49 болса, 2011 жылы одан əлдеқайда көп азайды. Екіқабат əйелдерді есепке алу сынды жұмыста біздің дəрігерлер үлкен іске ұйытқы болуда. Соның нəтижесінде соңғы 10 жылда аналар өлімі бізде тіркелген жоқ. Скринг əдісімен профилактикалық байқаулар жүзеге асып,

анықталған сырқаттар сауықтырылды. Тəуліктік стационарда емделіп шыққандардың 32,4 пайызы ауыл тұрғындары. Біздегі травматология бөлімінде ем алатындар аз емес. Оның бір себебі, үлкен жолдың бойына орналасқандықтан болу керек, жол апаттары жиі болады. Содан шығар ота жасау жұмысы да аз кездеспейді. Осы арада кейбір шешімін таппаған мəселелер туралы да айта кетсем деймін. Елбасы өзінің Жолдауында негізгі басым бағыттар деп «Сапалы жəне қол жетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету. Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау жəне емдеумен қамтамасыз ету. Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою» деген болатын. Шынында осындай ауқымды істерді атқаруға біздің емханадағы ескі құрал-жабдықтар, заманауи қондырғылардың жоқтығы кейде қолбайлау болатыны бар. Бүгінгі күн талабына сəйкес тұрғындарға қол жетімді медициналық көмек көрсету үшін соның барлығын жаңарту міндеті тұр. Тіпті, бір кездері жүйелі жұмыс істеген бөлімдер жабылған соң, мамандар күнкөріс деп кетті. Қазір өрлеу жолына түскенде невропатолог, хирург, көз дəрігерлері жетіспейтін күйге түстік. Жедел жəрдем көліктерінің де тозығы жетіп тұр. Жоғарыда айтқанымдай үлкен жолдың бойына орналасқандықтан түрлі апатқа ұшыраған адам дар біздің емханаға жиі келіп жатады. Оларға арнайы жабдықталған бөлімнің болмауынан жедел көмекті дер кезінде көрсете алмай кейде қиналамыз. Осы арада, соңғы жылдары еліміз бойынша атқарылып жатқан жақсы бір игілікті жұмысты еске түсірер болсақ, ол Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлердегі күре жолдардың бойынан медициналық пункттер ашуы еді.Ал біздің емхана ондай медициналық орынға өзінен өзі сұранып тұр. Тиісті орындар осыны назарға алса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазір көп жағдайда өзін-өзі ақтай алмайды деп ауылды жерлердегі кейбір медициналық мекемелерге оңтайландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл да тиісті орындардың уақыт талабына сай жасаған реформасы болуы керек. Əйтсе де халық жиі орналасқан елді мекендердегі ауруханаларды қаржыдан қыспай сақтап қалсақ ұтылмас едік. Оның үстіне ол ауруханалардың ғимараттары құнды мүлік екенін естен шығармағанымыз жөн. Жекешелендіру кезінде осындай көп дүниеден көз жазып қалдық емес пе? Көп жағдайда ауыл тұрғындарының бəрі бірдей оңтайландырылған аудан орталығындағы емханаларға жете алмайды. Мысалы, біздің ауруханадағы перзентхана, хирургия бөлімдеріне тəулігіне төрт-бес, кейде одан да көп адамдар жедел көмек сұрап келіп жатады. Жаны ауырып, тəніне қамқор болуды өтінген адамдарды орталықтандырылған медицина мекемелеріне бар деп шығарып салу біз үшін жат қылық. Шама-шарқымыз келгенше көмек қолын созамыз. Осылай дей отырып, 50 жылға таяу тарихы бар, айналасында ондаған елді мекендер шоғырланған емхананың дербестігін сақтасақ, тұрғындарды əрі-бері сабылтпай қолжетімді ем алуына мүмкіндік жасар едік. Үлкен күре жолдың бойында іргесі қаланған, ғимараты бүтін, айналасын жасыл желек көмкерген бұл емдеу мекемесін аудандық орталықтанған аурухананың əр бөлімшесі болумен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігі Отанымыз бойынша қолға алып жатқан травматологиялық пункттің базасы мəртебесін иеленіп, заманауи құрал-жабдықтармен жарақталса, штат кестесі қайта қаралып, білікті мамандармен толықтырылса, жедел жəрдем көліктерімен жанар-жағар май мəселесі шешілсе, халық қолжетімді медициналық көмектің шарапатын көрер еді. Біздің бұл тілегімізді тиісті орындар ескерер деген үміттеміз. Шайзында ТАЛДЫБАЕВ, жоғары санатты дəрігер, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодный ауылы.

 Масқара!

Бір ќўмалаќ бір ќарын майды бїлдірді Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Полицейлердің міндеті – қылмыстың алдын алу, болған қылмыстың бетін ашу, қоғамда тыныштықты күзету. Егер полицей қылмысты бүркемелеуге тырысса, сол ар қылы жеңіл жолмен ақша табуды ойласа, қойды қасқырға бақтырғанмен бірдей. Өткен жылы тамыз айында Əулиекөл ауданындағы Құсмұрын кентінде теміржолшылар күнін тойлаған 16 мен 19 жас аралығындағы бес жігіт əйел зорлайды. Əйел полицияға шағымданады. Алайда, кенттің полиция бөлі мінің бастығы

А.Кенжетаев пен тергеуші С.Ермекова «бүлінгеннен бүлдіргі алып», зардап шеккен əйелді зорлау шылармен татуласуға мəжбүрлейді. Күдік тілерден зардап шегушіге 300 мың теңге моральдық шығын талап етеді. Ақша алу үшін зардап шегуші мен күдіктілер арасында татуласты деген үстірт нəтижеге қол жеткізгендей болады. Күдіктілер зардап шегушіге берген ақшаның 150 мың теңгесін полицейлер өздері алып қалады. Тергеушінің қысымымен əйел қояр кінəсін, көрсетулерін өзгертеді. Кінəлі əрі күнəлі болған жігіттермен сыбайласқан полицейлер əйелге ақшаның қалғанын облыстық ішкі істер департаменті жеке

бастың қауіпсіздігі басқармасы қызметкерлері алдындағы жауабынан кейін беруге уəде еткен. Елдің тыныштығын күзетеді, адамның ар-намысын қорғайды деген полицейлердің өзі осылай былыққа батты. «Алтын көрсе періште жолдан таяды», деген, өз қызметіне адалдық таныта алмаған полицейлерге кенттің тəртібін, адам тағдырын қалай сеніп тапсыруға болады? Əйел зорлаған жап-жас жігіттер құтылып кетті. Өйткені, тергеуші құжаттардың барлығын «дұрыстап», айғақ қалдырмаған. Кінəлілер осылай құтылды, бірақ оларды тезге салар темір торға көзінің алдын шел басқан полицейлердің өзі

отырды. Жақында Құсмұрын кентіндегі полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Асылхан Кенжетаев пен тергеуші, майор Сəуле Ермековаға қатысты Əулиекөл аудандық сотының үкімі облыстық ішкі істер департаментінің үлкен залында оқылды. Зал полицейлерге лық толды. Сот үкімі оқылып, подполковник А.Кенжетаев 6 жылға, С.Ермекова 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тəркіленумен қатар, жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болды. Міне, бір қарын майды бір құмалақ бүлдіріп кетті деген осы. ҚОСТАНАЙ.

7

 Мирас Өткен жылы қоңыр күздің бел ортадан аса берген шағында қазақтың қасиетті күй өнері қабырғалы өкілінің бірі Тұяқберді Шəмелов өмірден өтті. Оған топырақ өзінің туған жерінен бұйырды. Иə, ол арғы-бергі замандағы күй өнері ұлыларының соңғы сарқыты мен тұяғындай көрінетін. Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне он сегіз жасында қабылданған жас дарын бұдан кейінгі жылдарда осы кəсіби өнер ұжымының домбырашысы, бас домбырашысы, көркемдік жетекшісі деңгейіне көтерілді. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

«Өмірімнің өзегі – оның мəні де, сəні де күй атасы атындағы оркестр. Осы арқылы ел көрдік, жер көрдік. Елге танылдық. Абырой-атаққа ие болдық. Ұлттық жəне классикалық музыка кəусарынан сусындадық.

қазақ ұлттық музыка мектебі ретінде талай буынның қанатын қатайтқан көшбасшы екендігін дəлелдейді. «Құрманғазының атақты «Сарыарқа» күйі орындалмаған əлемде бірде-бір ел жоқ. Дүние жүзінің радио-теледидарында «Сарыарқаның» ұдайы беріліп тұру құқығын жеңіп алуы сол кеңестік кезеңде-ақ əлем жұртшылығының оны мойындауы емес пе? Қазақстанға

БІРТУАР Ќазаќстанныѕ халыќ əртісі Тўяќберді Шəмеловтіѕ соѕєы аманаты туралы сґз Біздің оркестрге бергенімізден оркестрдің бізге бергені əлдеқайда көп. Оның қайтарымын жасай аламыз ба, жоқ па, оған көзім анық жетпейді», деуші еді ол сəті түскен өзара сырласу сəттерінде. Тұяқберді Шəмелов – күйді Қазақстанның халық əртісі, дəулескер күйші 94 жасында дүниеден озған Қали Жантілеуовтің өзінен үйренген. Бұл мектеп күй атасы Құрманғазының тікелей өзінен тамыр тартатынын ескерсек, оның орындауындағы халықтық шығармалар түпнұсқаға ең жақын болғаны да. Яғни, Тұяқберді күйді Қалекеңнің мəнері мен машығы бойынша тартуы арқылы оның о бастағы сазы мен үнін, күмбір толқынын, бояуын бұзбай XXI ғасырға табыстап кетті деуге толық негіз бар. Ал Қ.Жантілеуовтің күй орындауына тəн басты ерекшелік – оны қуаламай бабымен солқылдатып, əр дыбысына мəн беріп өзіндік трактовкамен тарту, əр күйге тіл бітіріп, адамша сөйлетіп беру деп отыратын Тұяқберді Қажыгерейұлы. Т.Шəмеловті ылғи толғандырып, ойландырып жүретін мəселелердің бірі – Құрманғазы оркестріне ұлттық деген мəртебе берілуі қажеттігі жөніндегі арман-тілегі еді. Айталық, қазір республикамыздың əрбір облысында халық аспаптар оркестрі бар. Оның ішінде академиялық деген дардай атағы мен мəртебесі барларының өзі үшеу-төртеу. Сондықтан, ұзақ жылдар бойы қазақ ұлтының мерейін өсірумен келе жатқан, домбыраның сиқырлы үнін бүкіл əлемге танытқан бас оркестрімізді ұлықтап, ерекшелеп, даралап оған ұлттық деген мəртебе берсек, оркестр оған, сөз жоқ, лайықты дер еді оның шын жанашыры Тұяқберді Шəмелов. Есімізде, 2009 жылы Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі 75 жылдығын атап өт пек болып жатты. Құрманғазы оркестрінің мəселесі туралы əңгіме қозғалғанда шырылдап балапанын қорғаған даланың бозторғайы сияқты болып кететін Тұяқ ағамыз аттың басын ешқайда бұрмай тура «Егеменге» тартып, газетке мақала жазып əкелді. Сол хаты сақтаулы. Мұнда күйші: «Өзінің орындаушылығымен, көркем дік-шығармашылығымен ерек шеленетін əлемдік деңгейдегі ұжымға «ұлттық оркестр» атағын беру мемлекеттік тұрғыдағы мəселе болып отыр. Зиялы қауымның айтуы бойынша өзінің жоғары кəсіби деңгейі жағынан халықтық өнеріміздің қара шаңырағы болып санала тын Құрманғазы оркестріне бұл атақты беретін уақыт əлдеқашан жетті. Мұндай биік мəртебе оның ке лешекте рухани-шығармашылық аясын кеңейтуге, сондай-ақ, ұйымдастыру жұмыстарына тың серпін беріп, дəстүрлі музыканың дамуына айтарлықтай əсер етеді деп есептеймін» дей келіп, оркестрдің өткен тарихынан сыр тарқатады. Ахмет Жұ бановтың ұйымдастыруымен 1934 жылы құрылған ұжымның іргетасын қалаушы домбырашылар деп, күй анасы – Динадан бастап, Қазақстанның халық əртістері Қали Жантілеуов, Оқап Қабиғожин, Лұқпан Мұхитов, сыбызғышы Ысқақ Уəлиев, қобызшылар Қазақстанның халық əртістері Гүлнафис Баязитова, Фатима Балғаева, қыл қобызшылар Жаппас Қаламбаев пен Дəулет Мықтыбаев есімдерін алға тартады. Белгілі дирижерлер мен композиторлар Леонид Шаргородский, Нұрғиса Тілендиев, Шамғон Қажығалиев, Фуат Мансұров, Алдаберген Мырзабеков, Сыдық Мұхамеджанов, Мəкəлім Қойшыбаев, Кенжебек Күмісбеков, Дүнгенбай Ботбаевтың 1953 жылы Бухаресте 16 мемлекеттің өнерпаздары қатысқан «Дүниежүзілік жастар мен студенттердің фестивалінде бірінші жүлде – алтын медальді иеленгенін, ұжымның халықаралық оркестрлер байқауларында 5 дүркін жеңімпаз атанғанын айтады. Осынау тұлғалар шоғыры арқылы оркестрдің ХХ ғасырда

еңбегі сіңген ұжым атағына ие оркестрге академиялық мəртебе 1978 жылы берілді. 1984 жылы оркестрдің құрылғанына 50 жыл толу құрметіне орай «Халықтар достығы» орденімен марапатталды. Ұлттық күйлермен қатар оның репертуары дүние жүзі халықтарының 4 мыңға жуық классикалық шығармаларымен толықтырылып келеді. Əлемдік деңгейдегі дүлдүлдер ғана өнер көрсететін Американың «Карнеги Холл», «Кеннеди центр», Римдегі «Аудиторим», Берлиндегі «Берлин Хаус», Париждегі «ЮНЕСКО залы», Мəскеудегі «Сьездер сарайы», Үлкен театр, П.Чайковский атындағы концерттік зал, Пекин мен Шанхайдың концерттік залдары сияқты ірі сахналарда Қазақстанның этноколориттік өнерін насихаттап, тəнті еткен оркестрдің еліміздің ұлттық музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да оны басқа оркестрлерден ерекшелендіріп тұратын биік мəртебе керек», деп түйінделеді бұл хат. Əрине, күй өнері майталманының көзі тірісінде айтып кеткен бұл ойпікірі мен ұсынысы, сол кездегі ішкі толғанысы құптауға да, қолдауға да тұратындай іс екені талассыз. Жақсылық пен игіліктің ерте-кеші жоқ. Алдағы жылы Құрманғазы оркестрінің құрылғанына 80 жыл толады екен. Мүмкін осындай мерейлі дата тұсында өмірден өткен оркестр жанашырының аманаты Үкімет тарапынан ескеріліп жатса кештік етпес еді. Елге келген сапарларында Тұяқаң мен кездесіп ой-пікір алмасып жүретінбіз. Сондай кездердің бірінде ол бұрынғы күй орындау дəстүрінің жойылып бара жатқанына əжептəуір қынжылыс білдіретін. Күй майталманы күйді электронды бұраулар жəне компьютермен орындау үрдісіне шошына қарайтын еді. Бұдан ұлттық күй өнеріне, оның табиғи бітімболмысына орасан зор нұқсан келеді дейтін. Мұндай көріністерді ұлттық өнеріміздің жанашыры – рухани дүниеге жасалған диверсиямен тең санайтын. Сондықтан да ол осындай келеңсіздіктерге бір тосқауыл қойылуын кəдімгідей елеңдеп күтетін. Тұяқберді Қажыгерейұлы бас оркестрдің көркемдік жетекшісі ретінде оның репертуары одан əрі то лығып түрлене түсуіне сүбелі үлес қосты. Осынау халықтың асыл мұрасын түпнұсқа дəрежесіне жеткізе орындай алатын хас домбырашылар қатары сиреп бара жатқаны да оның қабырғасына қара тастай бататынын аңғарып қалушы едік. Сонымен бірге, кешегі күй өнері алыптарының алдын көріп қалған асыл азамат – күй шығару дəстүрі мен тəртібіне де жоғары талғаммен қарайтын. Күй шығару – екінің бірінің қолы бос кезіндегі ермегі болуға тиісті емес. Өйткені, күйдің де киесі бар деп есептейтін. Бұл мəселеде оның сөзі мен ісінің арасында айта қаларлықтай алшақтық бола қойған жоқ деген ойдамыз. Бар саналы ғұмыры домбырашылықпен байланысты болған өнер майталманының көптеген күйлерді өмірге келтіруіне мүмкіндігі де, табиғи таланты да молынан жететін еді. Бірақ, ол мұндай қадамға саналы түрде бармағанына бəс тігуге болады. Т.Шəмелов 40 жылдан астам күйшілік ғұмырында небəрі екі-ақ күй шығарған екен. Бұл туындылар «Ақжелең» жəне «Қали, Мəмен, күмбір күй» деп аталады. Осы арада оның екінші күйінің шығу тарихына сəл тоқталсақ – бұл өзі пір, кие тұтқан күй тəңірілеріне арналғанын көреміз. Қали Жантілеуов жөнінде жоғарыда айтып өткенбіз. Сол секілді Жайық топырағында ертерек өмірден өткен Мəмен күйшінің өрнегі мен өзіндік күй тарту дəстүрінен де Т.Шəмелов өзіне кəдімгідей шығармашылық қуат ала білген. Яғни, оның күйдегі пірінің бірі осы Мəмен болатын. Тарихи уақыт алшақтығына байланысты оны көрмесе де бүгінде Мəмен күйші мен Тұяқберді Шəмелов зираттарының

қатар жатқаны табиғаттың тылсым сыры мен үндестігінің бір белгісіндей əсер береді. Мəменге өткен жылы Орал – Жаңақала күре жолының бойында келісті кесене тұрғызылды. Жайық жұртындағы қазақтың қасиетті күй өнерінің құдіретіне бас ие білетін жанашыр азаматтар осы кесененің жанынан күй өнері ұлыларының соңғы сарқыты мен тұяғындай көрінетін Тұяқберді Шəмеловке де кесене тұрғызу жөнінде шешім қабылдады. Өткен жылы оның дүниеден өткен кезі «қараша, желтоқсан мен сол бірекі айға» сəйкес келгендіктен, майталман домбырашының мəңгілік мекенін алдағы көктемде тұрғызу көзделді. Тұяқберді Шəмелов көзі тірісінде елордасы Астанаға жолы түскен кезде «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясына арнайы келіп, өзінің алдағы шығармашылық жоспарлары жөнінде сөз сабақтауды бір мəртебе санар еді. Бір сөзінде: «Құрманғазы оркестрі секілді қара шаңырақ өнер ордасының орны – Астана төрі емес пе?! Егер оркестр ұжымы мұнда көшіп келсе, жаңа шығармашылық жігермен жұмыс істеуге мол мүмкіндіктер ашы лар еді», деп қоятын. Күй пернесі үзілгенше үмітін үзбей, арманына арқау болған күйші аманатының бірі осы еді. Көбіне күйшілер не шертпе, не төкпе күйдің өкілі болып келетіні белгілі. Ал қос қанатты тең сермеу, екі мектептің əдіс-тəсілін бірдей игеру өте сирек кездесетін құбылыс. Тұяқберді аға сол құбылыстың өзі болатын. Мұрағатымыздан ағамыздың тағы бір мақаласын таптық. Мұнда домбырашының: «...Əуелде халық арасында күйшілік өнердің мазмұнмаңызына, жүріс-желісіне, орындалу өзгешеліктеріне, дыбыстық қарымының əсерлік күші мен ою-өрнек, əшекей кестелеріне қарай «тік күй», «қоңыр күй», «бойлауық күй» деген анықтаушы атаулары болған көрінеді. Кейіннен күйшілік өнерді зерттеушілер əр өңірлердегі күйші-композиторлардың күйшілік-орындаушылық өнерлерінің өзіндік ерекшеліктеріне қарай жүйежүйемен жіктеп, əрқайсысына айдар тағып, ғылыми түрде адақтап көрсетті. Бұл тұрғыда олар қазақ күйлерін «төкпе күй», «шертпе күй» деп екі дəстүрлік топқа бөлді. Осыдан соң осы екі топтағы күйлердің де қазақтың байтақ жатқан кең сахарасындағы əр аймақ, өңірлерінде орындалу ерекшеліктерін ескеріп, аймақтық бөліктерге бөлді. Соның нəтижесінде «Орталық жəне Солтүстік», «Оң түстік», «Батыс», «Шығыс» немесе, тағы да «Арқа», «Сыр бойы», «Қаратау», «Маңғыстау», «Жетісу» өңірлері күйшілік мектептері дегенді қосты» деп өрілетін кестелі пайымдары танымал күйлер мен əр өңірдегі күйшілік өнердің тарихымен сабақтасады. Бұдан Тұяқберді Шəмеловтің тек орындаушылық, күйшілік өнерін ғана емес, əрі күй өнерінің қыр-сырына қалам тартқан зерттеушілік қырын да байқаймыз. Жалпы, өнер адамының шын өмірі өзі дүниеден озғаннан кейін басталады деп жатамыз. Тұяқберді Шəмеловтің де біз білсек, өмір-дастаны енді жазылады деп ойлаймыз. Өйткені, күйшінің жарияланбай қалып қойған еңбектері болуы мүмкін ғой. Сол дүниелердің басын қосып, жинақтау, кітап етіп бастыру өнер зерттеуші ғалымдардың еншісіндегі істің бірі болмақ. Иə, бұған дейінгі күйшілікорындаушылық дəстүрді мүлтіксіз сақтай отырып, оны ілгері дамытуға Тұяқберді Шəмеловтің қосқан үлесі ерекше, айрықша. Енді өнер саңлағы жөніндегі бірер ауыз ой-пікірімізді түйіндей келе, халқымыздың күй өнері мен Құрманғазы атындағы оркестрдің бүгінгі жай-күйіне қатысты көзі тірі сінде оны толғандырған мəселелер алдағы уақытта шешімін тапқанын қалар едік. Тек, сонда ғана күй шеберінің рухы риза болар еді-ау деген ой басым түсе береді. –––––––––––– Суретте: Тұяқберді ШƏМЕЛОВ.


8

www.egemen.kz

21 ақпан 2013 жыл

Маќсат – табыстарымызды паш ету

 Адамдық айнасы

«Елімніѕ таєдыры – меніѕ таєдырым!» форумы басталды Ақмола облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген республикамыздың жетістіктерін көрсетуді көздейтін жоба – Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» жобасы бастау алды. Қазақстан тəуелсіздіктің қысқа мерзімі ішінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігі мен жасампаз қайраткерлік қызметінің арқасында бұрынғы кеңестік республикадан əлемдегі экономикасы қуатты, демократиялық дамыған беделді мемлекетке айналды. Осынау адам таң ғаларлық жетістіктердің бəрінде де əрбір қазақстандықтың, Мемлекетіміздің басшысы əрдайым жасампаздық күш-қуатына кəміл сенген халқымыздың зор еңбегі бар. Елдің тағдыры мен оның азаматтарының тағдыры ажырамас тұтастықта болады жəне Қазақстанның əрі қарайғы жүйелі дамуының негізі болып қала береді. Міне, осыған орай, отан дастарымыздың жетістіктері арқылы еліміз бен оның азаматтарының табыстарын көрсетуді көздейтін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумын жыл сайын өткізу идеясы туындады. Сөйтіп, 2012 жылдың шілдесінде, қала күні қарсаңында Астанада «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» бірінші республикалық форумы өт кізілген болатын. Аталмыш шараны ұйымдастыруға бастама көтерген көпфункциялы ғылымиталдамалық жəне гуманитарлықағартушылық «Назарбаев ор талығы» мемлекеттік мекемесі болды. Форум қоғамда кеңінен қолдау туғызып, оны ендігі кезекте жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізу туралы шешім қабылданды. Оның басты мақсаты: Қазақстан

Республикасы азаматтарының за мандастарымыздың оң көз қарастағы дүниетанымы мен жасампаз күшін қуаттайтын жетістіктерінің тарихын айқындау мен көрсету; Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тəуелсіз мемлекет құрудағы стратегиясының табыстылығын отандастарымыздың тағдыры арқылы паш ету. Аймақтық форум екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – аудандық деңгейде; екіншісі – облыстық, Астана жəне Алматы қалалары деңгейінде. Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілетін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!»

екінші республикалық форумына қатысуға лайықты дегендері жолдама алады. Мəдениет сарайына мектеп оқушыларынан бастап жасы ұлғайған тұрғындарға дейінгі ауданның нағыз патриоттары жиналған Ақмола облысының Ерейментау ауданына бірінші болып форумды бастау құрметі бұйырды. «Тарихты саясаткерлер жа -

зады, ал оны ерекше қасиеттерге ие ұлы адамдар, яғни, жағдайды жəне оны шешудің оңтайлы жолын стратегиялық көрегендікпен байқай алатын, өткір сараптамалық ақылы мен ғажайып жады, өз таңдауының дұрыстығына деген сенімі мен қажымас қажыр-қайраты бар ұлы адамдар жасайды» дейді... Өткен 20 жыл осы аталған барлық қасиеттер толықтай Нұрсұлтан Назарбаевқа тəн екенін анық дəлелдеді, – деді алғаш сөз алған Ерейментау ауданы əкімінің орынбасары Серікбай Көшкімбаев. – Біздің Елбасымыз мемлекетіміздің кредосын, жетістігінің басты құпиясын тəуелсіздіктің алғашқы кезінен-ақ «халықпен бірге жəне

халық үшін өмір сүру» деп нақты əрі дəл анықтаған болатын». Ардагерлер кеңесінің төрайымы Галина Артамонова өз сөзінде: «Жоғары деңгейдегі руханиадамгершілік құндылықтарымен бəсекеге қабілетті интеллектуалды жастарды тəрбиелеу – мемлекеттің ең басты міндеті. Тек білімді жəне тəрбиелі жастар ғана мемлекетті прогресс жолымен өркендете ала-

ды», деді. Ерейментаулықтарды қорғалжындықтар да қолдап, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді бос сөз санамайтын мемлекеттік органдар, қоғам жəне саяси қайраткерлер, мəдениет пен өнер, білім мен денсаулық сақтау, спорт саласы, шығармашылық пен ғылыми интеллигенция өкілдерінің, ауыл жастарының, тұрғындарының басын қосты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сəулетшісі, Қорғалжын ауданының құрметті азаматы Серік Рүстембеков қатысып, сөз сөйледі. «Еліме пайдамның тигені үшін де бақыттымын, қадірлі азаматтармен, нағыз

патриоттармен бірге еңбек еткенімді мақтан тұтамын... Біздің еліміз əрбір қазақстандыққа өз армандарын іске асыруға, күш-қуатын пайдалануға, өзін сынап көруге, сөйтіп, тəуелсіз, еркін тұлға болып қалыптасуға мүмкіндік беріп отыр», деді ол. «Менің тағдырым елімнің тағдырымен тікелей байланысты. Жас мемлекеттің қалыптасуы менің көз алдымда өтті, – деді «Құрмет» орденінің иегері, механизатор Алексей Руш форумның қатысушыларына арнаған сөзінде. – Жас қазақстандықтарға «Алға ұмтылыңдар!» дегім келеді Елдің ертеңі – сендердің болашақтарың!» «Орыс əні» («Русская песня») ансамблінің жетекшісі, зағип ақын, орындаушы Ирина Деева Елбасына арнаған өлеңін оқыды. «Мен Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты ғаламдық ауқымдағы көшбасшы деп санаймын. Оның дана саясатының арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз, елімізді əлемнің бəрі біледі... Мен орыспын. Өзімнің Отаным деп есептейтін қасиетті жер – Қорғалжында дүниеге келдім, осында өстім, қалыптастым. Осы жерде менің өлеңдерім мен əндерім айтылады, осында мен өзімді бақытты сезінемін. Балаларым мен немерелерімнің болашағының жарқын болатынына сенімдімін», деді ол тебірене сөйлеп. Іс-шара аясында аудандардың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін ауданның ең белсенді тұрғындары құрмет грамоталарымен жəне алғыс хаттармен марапатталды. Эстафетаны Атырау, Маңғыстау жəне Алматы облыстары жалғастыруға дайындалып жатыр. Сəуір айында облыстық форумдарды, ал шілдеде республикалық форумды өткізу жоспарланған. Бас-аяғы 200-ден астам іс-шара өткізіледі. «Егемен-ақпарат».

 Жемқорлық – індет, жою – міндет

Бір де бір бюджеттік теѕге бос жўмсалмайды «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің жаңа тетіктерін белгілеп берді. Соның ең бастысы, бұл мəселедегі заңнаманы жетілдіру болып табылады. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерді реформалау одан əрі жалғасатынын айтты. Биылғы жылғы құқық қорғау органдарының өткен жылғы жұмыс қорытындыларына арналған кеңесте Президент Н.Ə.Назарбаев жүйені жаңғыртудың басты бағыттарының бірі – жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын əзірлеу деп атап көрсетті. Жоғарыда айтылғандай, бұл міндет те ең алдымен жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды жетілдіруден бастау алмақ. Мұның сыртында, бүгінгі күні өңірлік жəне салалық деңгейдегі жемқорлыққа қарсы күрес органдарының іс-қимылын жаңа міндеттерге жұмылдыру талабы да өткір қойылуда. Осы орайда Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясының бастығы Айдар БАЛТАҒҰЛОВПЕН əңгімелестік.

– Айдар Ізбасарұлы, Елбасы қойып отырған тың міндеттердің мəні мен маңызын қалай түсінесіз? – Əрине, қандай іске де мақсаткерлік пен жүйелі сипат тəн болса нəтижесіз қалмайды. Елбасының құқық қорғау органдарының алдына қойып отырған талабы да осы екеуінің бірлігінен туындайды. Ал мұндағы кешенді реформалардың қазіргі жай-күйіне келсек, оның қысқа уақыт аралығымен шектелмейтін ерекшелігіне сай аралық қорытындыларды ой елегінен өткізіп саралап сараптап отырудың орны бөлек. Осындай көзқарас тек орталық органдарға ғана емес, сонымен бірге, өңірлік буындарға да қажет деп санаймын. Мұндай кезде Елбасы атап көрсеткендей, жетістіктерге сыни тұрғыдан баға беріп, проблемаларды жасырмай ашық айтып айқындап отырса, сыбайлас жемқорлықпен күрес соғұрлым нəтижелі бола түспек. Кешенді реформа, кешенді көзқарас дегеннен шығады. Жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы халықтың құқықтық санасының деңгейін көтерумен бір мезгілде іске асатын болса ғана алға қойған мақсатына жете алады. Сондықтан да біз өңірлік деңгейдегі іс-қимылдарды тұрғындармен бірлескен жұмыстың əртүрлі жолдары мен əдістерін дамытумен байланыстыра жүргізуге қам жасап отырмыз. Сөз жоқ, мұндағы басты мақсат – ашықтық пен жариялылыққа қол жеткізу. Соған жол ашу. Түптей келгенде біз бəріміз күнделікті күй кі тіршіліктегі ұсақ-түйектер емес, үлкен стратегиялық маңызы бар міндеттерді орындау қамында

жүргенімізді терең түсіне де, терең түйсіне де білуге тиіспіз. – Енді əңгімемізді өзіңіз қызмет атқарып жүрген өңірдегі экономикалық қылмыстардың жай-күйіне қарай бұрғанымыз жөн секілді. Жүйелі саралау мен сарап таудың ұдайы керектігі жөнінде айтып өттіңіз. Ендеше, дəл осы тұрғыдан аймақтағы экономикалық қылмыстарға тəн сипат қандай деп ойлайсыз? – Экономикалық қылмыстар қоғам мен азаматтардың заңмен қорғалатын экономикалық мүдде леріне əжептəуір зияны мен ке сірін тигізеді. Оның өзіне тəн қылмыстық сипатын да осылай бей нелей аламыз. Біздің басты міндетіміз – экономикалық қарымқатынастардағы азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мұның сыртында тұтастай мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді аса жауапты да күрделі міндеттер тұр. Бұған дейінгі жа салған талдаулар Орал өңірінде ашылған экономикалық қылмыстардың елеулі бөлігі ауыр санаттағы қылмыстар екенін көрсетеді. Осы қылмыстардың салдарынан 6 миллиард 400 миллион теңге көлемінде залал келтірілген. Соның 128,3 миллион теңгесі өндіріліп алынды. – Залал мөлшері қомақты бол ғанымен, экономикалық алаяқтардан өндіріліп алынған қаражат көлемі тым аз екен. Мұны қалай түсіндіресіз? – Сұрағыңыз орынды. Аталған ауыр экономикалық сипаттағы қылмыстардың дені жалған

кəсіпкерлік жасау жолымен келтірілген зияндар. Қаржы полициясы тəжірибесінде дəл осындай жолмен жасалған қылмыстарды əшкерелеу күрделі болып табылады. Оның үстіне бірқатар жеке тұлғалар осындай жалған кəсіпорындарды өз атына емес, өзге тума-туысқан дарының атына тіркейтіні де байқалып жүр. Көптеген жағдайларда олар дың тəркілейтін дүние-мүлік тері бола бермейді. Содан соң келтірілген зиянды өндіру ісі ұзаққа созылып күрделене түседі. Мұн дай деректер департамент қызметкерлері іс-əрекетсіз отыр екен деген ұғымды білдірмейді. Тер геу жұмыстары жүргізілуде. Экономикалық алаяқтардың жалған кəсіпорындарды тіркеп, салық төлеуден жалтару көріністері анықталу үстінде. Облыстағы экономикалық қылмыстарға тəн тағы бір ерекшелік мұнай жəне мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан туындайды. Өткен жылы осындай сипаттағы қылмыстардың 11-і ашылып осындай теріс іс-əрекеттерге жол берген ЖШС жетекшілеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Олар бұған дейін айтып өткеніміздей, кəсіпкерлікті заң талаптарымен мүлдем сыйыспайтын жымысқы ісəрекеттер арқылы жүргізіп, жалған бухгалтериялық құжаттар жасаған. Мұнай өнімдерін көтерме сатып алу бағытында да дəл осындай көріністер орын алған. Осылайша мемлекетке салық төлемей 325 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Сондай-ақ, ЖШС басшыларының бірі кедендік баж салығы салынбайтын көлемі 810 тонна шикі мұнайды

темір жол арқылы республиканың кедендік шекарасынан заңсыз түрде өндіруге екі рет əрекет жасаған. Əрі заңды құжаты жоқ шикі мұнайды алу, тасымалдау, сақтау жəне сату деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Облыста көлеңкелі экономикамен күрестің тағы бір көрінісі жасырын əрі заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу болып отыр. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облыстық спорттық покер федерациясы қоғам дық бірлестігінің төрағасына қатысты қозғалған қылмыстық іс облыс прокуратурасына жолданды. Ол спорттық покерден турнир өткіземіз деген желеумен Орал қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінің жертөлесінде жасырын казино қызметін ұйымдастырған. Осы нысанды тергеу кезінде покер үстелдері жəне ойын фишкалары мен карталары, жүздеген мың теңге алынып тəркіленді. – Мемлекет тарапынан өңірлерде жүзеге асырылатын инвестициялық жəне инновациялық жобаларды қаржыландыруға қажетті мөлшерде қ ар аж ат т ар бөлін іп к еледі. Осы қаражаттар ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп қалмасына кім кепіл? Оның тиімді түрде пайдаланылуына тек серулер жүргізу қажет деп есептейсіз бе? – Əрине, қажет. Қаржы полициясы департаменті тарапынан мұндай тексерулер бірнеше дүркін жүргізілді. Соның нəтижесінде табаны күректей тоғыз қылмыс дерегі анықталды. Осының ішінде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Инфра құрылымы дамыған қазіргі заманғы мал бордақылау алаңын құру» жобасы бойынша «Grown Батыс» ЖШС директоры Евгений Алиевке, сонымен бірге, Зеленов ауданындағы кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Нұрлан Ақаевқа қатысты қылмыстық істер қозғалды. Оларға мемлекеттен кəсіпорынға құрама жемның бағасын арзандату үшін бөлінген қаржылай көмекті талантаражға салды деген айып тағылуда. – Облыстағы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарға қатысты не айтар едіңіз? – Бұл үшін біз алдағы жылдарға

арналған аймақтық бағдарлама жасаған болатынбыз. Бүгінгі басты сүйенеріміз осы іргелі құжат. Өткен жылы департамент сақшылары көмегімен ашылған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың саны өсті. Сондай-ақ деректер ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны артқанын көрсетеді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда пара алу деректері бойынша ашылған қылмыстардың саны екі есе өскенін көреміз. Қазір мұндай қылмыстық істер тергелу үстінде. Өткен жылы қаржы полициясы департаменті облыс аумағындағы мемлекеттік сатып алулар тəртібі мен заңдылықтарының сақталуына тиісті тексерулер жүргізді. Оның нəтижесі бойынша 11 қылмыс ашыл ды. Мысалы, бүгінгі күні 100 пайыз құрылтайшысы Орал қаласының əкімдігі болып табылатын «ЖайықБизнесЦентр» ЖШСның директоры Қазтай Сахиповқа қатысты қылмыстық іс сотта қаралу үстінде. Оған қызмет бабын асыра пайдаланып облыс ор талығында əлеуметтік маңызы жоғары тамақ өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айып тағылуда. Қазіргі уақытта өңірде жер телімдерін бөлу жəне беру жөнінде сыбайлас жемқорлық көріністері белең алып отырғаны жасырын емес. Өткен жылы осы мəселеге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде бір қылмыстық іс бойынша жер телімдерін заңсыз берген Бөрлі ауданындағы Қызылтал ауылдық округінің əкімі Сапарғали Сиражев бір жылға бас бостандығынан айырылды. – Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі сіз ұстанатын басты қағида қандай? – Бұл сұрағыңызды жеке адамға қатысты телімей, жалқыдан жалпы түрге орайластыра отырып бергеніңіз жөн болатын еді. Сондықтан бұл сауалыңызға жауапты бір адамның емес, тұтастай қаржы полициясы департаменті атынан қайтарғанды ыңғайлы көремін. Осы орайда біз үшін басты ұстаным – бір де бір бюджеттік теңге бос жұмсалмауы тиіс деген қағидаға арқа сүйеуі керек деген ойдамын. Яғни біздің барлық күшжігеріміз бен кəсіби шеберлігіміз бюджеттік қаражаттардың өз мақсатына жұмсалуын бақылау болып қала бермек. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

Сырбаймен сыйлас болєан

Орынбасар Бəйімбетов туралы сґз Жолтай ЖҰМАТ, жазушы.

Бір əңгіме осы күнге дейін есімнен кетпейді. Өткен ғасырдың жет пісінші жылдары болатын. Сыр өңіріндегі Шиелі деп аталатын ауданды абыройлы азамат Орынбасар Бəйімбетов басқарып тұрған кез еді. Осы елде туыпөскен бір жігіт Алматыдан тығыз шаруамен өз ауданына атбасын тірейді. Дереу Орекеңнің қабылдау бөлмесіне келіп: – Мен Алматыдан келіп едім, – дейді. Жас қыз «кезек көп» дегендей ишара танытып, онша елең ете қоймайды. Жаны қысылған əлгі жігіт: – Алматыдан Сырбай Мəуленов деген атақты ақынның сəлемдемесін ала келіп едім, – дейді. Қыз орнынан еріне көтеріліп, ішке кіргені сол екен, артынша есік ашылып, арғы жағынан Орынбасар ағаның өзі көрінеді. – Кел, кір қарағым! Аудан басшысының өзі қолтықтағандай боп, ішке алып кіреді. Содан соң: – Сырағаңның халі қалай? Өзі ауырып жүрген жоқ па? – деп, бастырмалатып сұрай бастайды. – Аман-есен! – Өзі көп болды, хабарласпай кетіп еді, – деп, Орекең тағы да сөз сабақтайды. Алматыдан келген əлгі азамат шын мəнінде Сырбай ағамен тығыз араласа бермейтінін сездіруге ыңғайсызданып: – Сіздер өте тату жолдас екенсіздер ғой, – деп күмілжиді... Сонда Орекең: – Біз аға-іні болғалы қанша уақыт, – деп ойлана сөйлепті. – Сондай жаны жомарт, жүрегі жырға толы ағалар мына өмірде көп болса ғой, шіркін! Осыны айтады да, əлгі жас жігітке бұрылып: – Тым жақсы араласпайтыныңды сезіп тұрмын, – дейді. – Дегенмен сол кісінің атын айтып келдің ғой алдыма. Бұйымтайыңды айт... Сол азамат кейінірек айтушы еді: «Мен Орекеңнің Сырбай ақынды осынша қадірлеп-құрметтейтінін білмеппін. Əйтеуір екеуі тығыз араласады дегенді естуші едім». Сол кісі тағы да айтушы еді: «Аудан басшысы менің өтінішімді сол күні-ақ бітіріп берді. Бəрі де Сырбай ақынның арқасы...» Тағы да айтқан-ды: «Амалым болмаған соң қайтейін, Сырағаның атын пайдаландым. Əйтпесе шұғыл шаруаны шеше алмасымды білдім», – деп. *** Іскер басшы, білікті азамат Орын басар Бəйімбетовтің өнер десе, əдебиет десе ішкен асын жерге қоятынын біз де талай рет естігенбіз. Бір жолы, еңбек зейнетіне шыққан кезінде, ол кісімен табақтас болып отырып, Сырбай ақын жайлы сұрағанымызда: – Ақындығы мен азаматтығы астасып жатқан аға ғой ол, – деп жауап қатқаны бар. Сосын «Соғыстан қайтқан солдаттар» деген өлеңін мақамдата жатқа оқығаны да есімде. Біз білетін Бəйімбетовтің құлашын кең жайып, қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тапқан тұсы «1 мамыр» кеңшарына директор болған кезінен бастау алады. ...Өткен күндер айтады: отыздан сəл-ақ асқан жас жігіт өзіне сенген шаруашылықты дөңгелетіп кетіпті; екі-үш жыл ішінде елді мекеннің егіні бітік өсіп, малы семіре бастапты; бұрын аудан көлемінде аты атала бермейтін бұл кеңшар енді облыстық ауыспалы Қызыл Туды қайта-қайта жеңіп алыпты; тіпті ісі алға басқан алғыр жас бір жылы Алматыдағы үлкен форумда сөз сөйлеп, аузы дуалы кісілердің ризашылығын естіп қайтыпты; соның артынша-ақ облыста ең алғашқылардың бірі болып Еңбек

Ері атағын алыпты... Шиелі секілді егін жəне мал өсіру саласын қатар ұстаған ауданды басқарып, оны алдыңғы қатарға шығару – өте іскер əрі ізденімпаз басшыға ғана тəн іс. Орынбасар Бəйім бетов сондай білікті де бірегей басшы бола алды. Өзі ауданға иелік еткен он үш жыл ішінде «ақ күріштің атасы» – Ыбырай Жақаевты бүкіл Кеңес одағы таныды. Ол екі мəрте Социалистік Еңбек Ері атанды. Сыр өңірінде Қармақшы деген аудан бар. Сол ауданда «III интернационал» деген колхоз бар. Міне, осы кішкене шаруашылықтан бір кезеңде үш бірдей Еңбек Ері шығыпты. Үшеуі де корей. Шиелі де ақ күріш өсіруден республикаға аты мəлім елді мекен. Бірақ, жалғыз Ыбекеңнің аты аталады. – Біз күріш өсіре алмаймыз ба, жоқ əлде өз еңбегімізді дұрыстап көрсете алмаймыз ба? – деп бір жиында Орекең мəселені төтесінен қойды. – Жас жақаевшылар қайда осы? Олар неге көрінбейді?... Залда отырған еңбек адамдары қайта-қайта қозғалақтап, бір-біріне қарасты. «Ау, расында да бізге не жорық! Рекордтар эстафетасын неге оп-оңай қолдан береміз!...» Бəрі де сол күннен басталғанды... Шиелі топырағында соны серпіліс пайда болды. Сол-ақ екен, жас жақаевшылар қозғалысы қызу қолға алынды... Əні-міні дегенше Шиелінің күрішшілері еңбектің алғы шебінен көрініп, көптеген есімдер ауызға іліне бастады. Ұ.Алтайбаева, Ш. Қа занбаева, З.Ержанова секілді күрішші-аналар осы кезде жарқырап көзге түсті. Еңбек Ері атанды. Ж.Таспанбетова, Б.Əшірбеков іспетті жас еңбек майталмандары да үздік шығып, ел аузына іліккен кез. Бұл екеуі Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты болды, жастар арасында топ бастады. Айтатыны жоқ, Орынбасар Бəйімбетов басқарған жылдары Шиелі ауданы облыстық, республикалық ауыспалы Қызыл туды қайта-қайта жеңіп алып, жақсы жағынан барынша танылғанына тарих куə. ...Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, «Ленин», «Еңбек Қызыл ту», «Даңқ» ордендерінің иегері Орынбасар Бəйімбетов өмірінің соңына дейін еліне қызмет етуден, жастарға ақылшы ұстаз болудан айныған жоқ. Туған өлке де өз орны бар азаматты елі де əрдайым құрметтеп, сыйлады. Кейінгі жас ұрпаққа айтары мол ұлағатты аға өз өмірі жайлы, қиыны мен қызығы мол еңбек жолы туралы «Шиелі шынарлары» жəне «Парыз» деген ой-толғам кітабын жазып, жарыққа шығарғаны тағы бар. Біз Орынбасар аға Бəйімбетовпен еңбек демалысына шыққан кезде сыйласып, аға-іні болып біршама араластық. Жаны жайсаң кісі болатын, қандай іске де бойынан баға беріп сөйлейтін. Артында тəрбиелі ұрпағы қалды. Ұл-қыздары өсіп, немере-шөбере сүйді. Ең бастысы – ол еңбекті сүйді, еңбекті ардақтаған адамдарды сүйді. Адамдарға барынша құрметпен қарап, өзгелерден де соны талап етіп отырды. *** Таяуда қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының бірі – Сырбай Мəуленовтің жыр жинағын парақтап отырып, еріксіз Орынбасар ағаны еске алдым. Маған осы екі азамат анау бақи деген əлемде дос көңілмен қолтықтасып, бірге кетіп бара жатқандай болып елестеді... Қызылорда облысы. Суретте: Ы.ЖАҚАЕВ, О.БƏЙІМБЕТОВ.


www.egemen.kz

21 ақпан 2013 жыл

«Шыєыс Star» жеѕімпаздары Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өскеменде дарындыларды анықтау жəне таланттарға, өзіндік дауысы мен əн салудағы ерекшеліктері бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға жан-жақты қолдау көрсету, Қазақстан халқы мен мəдениетін жандандыру, сақтау, дамыту мен тарату мақсатында ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығарылды. Еске сала кетейік, бұл байқаудың іріктеу

сайыстары 2012 жылдың қараша айында Өскемен мен Семей қаласында өтсе, енді, міне, озып шыққан талант иелері облыс орталығында, гала-концертте тоғысты. Сөйтіп, үстіміздегі жылдың наурызында Астана қаласында өтетін Н .Тілендиев атындағы «Өз елім ІІІ саз фестиваліне» Өскеменнен Роман Сиваков, Семейден Əдемі Жұматаева қатысатын болды. ӨСКЕМЕН.

Ыстыќ ўя ўмытылмайды Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Кезінде тарихи отандарына қоныс аударған қарағандылық немістер облыспен байланысты үзбей келеді. Өздері өскен, еңбек еткен ортаға ат ізін салып, кешегі жерлестерімен жүздесіп тұрады. Екі ел арасында мəдени-бұқаралық, танымдық іс-шараларды беріктіруге, кəсіпкерлік ынтымақтастықты жан дан дыруға, тиімді əріптестік

қарым-қатынасты кеңейтуге ықпал жасалады. Германияның Кай зерслаутерн округінен жолы түскен үлкен делегация сапары да осы үрдіске арналды. Оның құрамында келген аттас қаладағы əлеуметтік топтар бойынша кеңестің мүшесі əрі қазір ірі құрылыс фирмасының жетекшісі ретінде Хельмут Антон Хавликтің жергілікті құрылысшы мамандардың кəсіби біліктілігін көтеруге, тəжірибе шыңдатуға, т.б. ұсыныстары, Қа зақстанды

қайда жүрсе де ыстық ұя санайтындықтан қамқорлық құшақтары қашанда ашық екені жылы қабылданды. Бұрынғы қараған дылықтардан құралған делегация Тұңғыш Президенттің Теміртаудағы тарихи-мəдени орталығында, облыстық «Видергебурт» неміс этномəдени бірлестігінде болды. Еуропаға белгілі футбол командасы «Кайзерслаутерн» мен «Шахтердің» жолдастық кездесуі ұйымдастырылуы келісілді.

Сенбі сайын сенбілік

Суретте. Байқауға қатысушылар.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Астана қаласының мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2013 жылдың 11 наурызында сағат 11.00-де республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде ашық аукцион өткізу туралы хабарлайды. Аукцион өткізілетін мекен-жай: Астана қ., Əуезов к-сі, 14. Аукционға сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша меншік құқығын сатумен қойылады: Лот 1. Гараж, жалпы алаңы 101,4 ш,м., 1965 жылы салынған, баланс ұстаушы – Астана қаласы бойынша қазынашылық департаменті, мекен-жай: Астана қаласы, Ақкент к-сі, 5 а. Бастапқы баға – 2 434 906 теңге. Лот 2. Дəмхана ғимараты, жалпы алаңы 185,5 ш.м., 2003 жылы салынған, баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылымиөндірістік орталығы» ШЖҚ РМК, мекен-жай: Астана қаласы, Желтоқсан к-сі, 25. Бастапқы баға – 29 314 059 теңге. Өтінімдер қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2013 жылғы 11 наурызда сағат 10.00-де аяқталады. 635 000 теңге мөлшеріндегі кепілді жарна Астана қаласының мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына есеп-айырысу есеп-шотына төленеді: KZ880705012170181006, БИК KKMFKZ2A, БИН 120340010824, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша қазынашылық комитетіне, СТН 620300352948, КБЕ– 11, КНП-171. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды: 1) қағидаға қосымшаға сəйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді; 2) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін, салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны салықтық есепке қою фактiсiн растайтын салық органы берген құжаттың көшiрмесi не аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін, сондай-ақ, ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын; құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін жеке тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі; заңды тұлғалар үшін: жарғының жəне заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куəлігінің нотариалды куəландырылған көшірмесін, салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны салықтық есепке қою фактiсiн растайтын салық органы берген құжаттың көшiрмесi не аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін, сондай-ақ, ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін заңды тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып

беріледі; 3) кепілді жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесін. Қатысушы сауда-саттықтан кейін жүгінген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады; 4) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ, салыстырғаннан кейін қайтарылып берілетін түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін не заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың нотариалды куəландырылған көшірмесін ұсыну қажет. Акционерлік қоғамдар олардың акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (ақпараттық хабарлама жариялану сəтіндегі) үзінді-көшірменің түпнұсқасын ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасымен бірге құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады. Сауда-саттық өткізу мен аукционға қатысу үшін өтінімдер қабылдау мына мекен-жайда жүргізіледі: Астана қ., Əуезов к-сі, 14. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион өткізу ережесі мен жеңімпазды анықтау шарты Аукционшы жекешелендірілетін нысанның бастапқы бағасын жəне бағаны ұлғайту қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмірлер көтерілгенде бастапқы бағаны арттырады, бірақ ол жарияланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы сауда-саттыққа қатысушылардың аукциондық нөмірлерін жариялайды, бағаны бекітеді жəне оны көтеруді ұсынады. Жекешелендірілетін нысан бойынша сауда-саттық ұсынылған бағаның барынша көп болуына дейін жүргізіледі. Жекешелендірілетін нысан үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушыны аукционшы жариялайды. Аукционшы жекешелендірілетін нысанның соңғы бағасын үш мəрте қайталайды жəне басқа көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда балға ұрумен жекешелендірілетін аталған нысанның сатылғандығы туралы хабарлайды. Жекешелендірілетін нысан бойынша сауда-саттық тек мынадай жағдайда өтті деп саналады, егер ең болмағанда екі қатысушы жекешелендірілетін нысанның бастапқы бағасын көтерсе, бірақ ол бағаны көтеруден екі қадамнан кем болмауы керек. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 32-13-33, 32-44-82 жəне www.gosreestr.kz сайтта.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы ХАБАРЛАМА

«Алматы Қанты» акционерлік қоғамы осы арқылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына жəне «Алматы Қанты» АҚ жарғысына сəйкес Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша «Алматы Қанты» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды, жиналыс 2013 жылғы 23 наурызда жергілікті уақытпен сағат 10.00-де «Алматы Қанты» АҚ атқарушы органы орналасқан жерде болады: 040707, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, Бостанов к-сі, 2, мынадай күн тəртібімен: 1) Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, «Алматы Қанты» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау.

Бұл күнде даланы былай қойғанда, қаланың өзінде қар қалың. Бұған дейінгі қыстарда көбіне қар бірде жатыңқырап, бірде еріп кететін Қарағандының көшелері мен аулалары қазір мезгіл-мезгіл одан арылтулы болғанымен қайтадан орны тола қалады. Тек апта сайын өтетін сенбіліктер арқасында қалыпты тыныс-тіршілігі қамтамасыз етіліп келеді. Былтырғы желтоқсан айынан берідегі

əр сенбіде бүкіл ұйымдар мен мекемелер қызметшілерінің, тұрғындардың жаппай қолдарына күрек ұстап, қар күреуі əлі жалғасуда. Қалалық əкімдік жанынан құрылған арнаулы штаб осы жұмыстарды үйлестірумен бірге алдағы қар еру күндеріне дайындық шараларын ұйымдастыруда. ҚАРАҒАНДЫ.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Семей филиалы 2013 жылғы 18 наурызда республикалық мемлекеттiк меншiктегi нысандарды сату жөнiнде сауда-саттық өткізеді Сауда-саттық өткiзiлетiн орын: Семей қ., Интернационал к-сi, 38, 3-қабат, 308-бөлме. Сағат 10.00-де аукционға голланд əдiсi бойынша қойылатын нысандар: 1. Гараж ғимараты, жалпы алаңы 431 ш.м., мекен-жайы: Семей қаласы, 2 Водная көшесі. Бастапқы бағасы – 21 167 920 теңге, төменгі баға – 530000 теңге. 2. Жапсаржай, жалпы алаңы 291,3 ш.м., мекен-жайы: Семей қаласы, 2 Водная көшесі. Бастапқы бағасы – 3 739 680 теңге, төменгі баға – 95000 теңге. 3. Əкімшілік ғимараты, жалпы алаңы 352,8 ш.м., мекен-жайы: Семей қаласы, 2 Водная көшесі. Бастапқы бағасы – 23 774 100 теңге, төменгі баға – 600000 теңге. Аукционға қатысу үшін кепілді жарна – 82 000 теңге. Голланд əдісі бойынша аукцион өткізу ережесі Аукционшы жекешелендірілетін нысанның бастапқы бағасын жариялайды жəне оны жарияланған қадаммен төмендетіп, жаңа баға жариялайды. Аукционшы жарияланған баға жағдайында бірінші болып нөмір көтерген қатысушының нөмірін атайды, балға ұрумен оны аталған жекешелендірілетін нысанның жеңімпазы деп жариялайды. Егер аукционшы нысанның ең төменгі бағасын жариялаған кезде қатысушылардың бірде-біреуі аталған нысанды сатып алуға тілек білдірмесе, онда бұл нысан сауда-саттықтан алынып қалады. Егер баға жарияланған сəтте бір мезгілде екі немесе одан көп нөмір көтерілсе, онда аукционшы бағаны жеңімпазды анықтау сəтіне дейін тіркелген қадамның көлеміне қарай бағаны арттырады. Жарияланған қадам голланд əдісі бойынша сауда-саттықтың белгіленген қадамына тең болуы қажет, бірақ арттыру жағына қарай болғаны жөн. Егер бағаны арттыру кезінде бір мезгілде өз нөмірлерін көтеруші сауда-саттыққа қатысушылардың бірде-біреуі арттыру бағасы бойынша оны сатып алуға тілек білдірмесе, онда аукционшы

Акционерлерді тіркеудің басталуы – 2013 жылғы 25 наурызда 09.50 сағатта. Жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс 2013 жылғы 26 наурызда сағат 10.00-де жоғарыда көрсетілген мекен-жайда өткізіледі. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқылы «Алматы Қанты» АҚ акционерлерінің тізімі 2013 жылғы 14 ақпандағы жағдай бойынша жасалды. Акционерлер жалпы жиналыстың күн тəртібіндегі материалдармен «Алматы Қанты» АҚ атқарушы органы орналасқан жерде таныса алады: 040707, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, Бостанов к-сі, 2.

жеребе тастау ресімін қолданады. Жекешелендірілетін нысан бойынша сауда-саттық мынадай жағдайда болмады деп саналады, егер оны өткізу сəтінде пайдаланылмаған кепілді жарнасы бар тіркелген тек бір қатысушы қалса, бұған голланд əдісі бойынша үшінші жəне одан кейінгі сауда-саттықтарды қоспағанда, онда жекешелендірілетін нысан жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін. Сауда-саттыққа катысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды тапсыруы қажет: 1. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімді; 2. Жеке тұлғалар үшін: төлқұжаттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін, салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі не аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін, сондай-ақ ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын; құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін жеке тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі; заңды тұлғалар үшін: жарғының жəне заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куəлігінің нотариалды куəландырылған көшірмесін, салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі не аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін, сондай-ақ ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін заңды тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі. 3) кепілді жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесін. Қатысушы сауда-саттықтан кейін жүгінген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады;

4) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстырғаннан кейін қайтарылып берілетін түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкілі төлқұжатының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін не заңды тұлғаның өкілі төлқұжатының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың нотариалды куəландырылған көшірмесін ұсыну қажет. Акционерлік қоғамдар олардың акцияларын иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (ақпараттық хабарлама жариялану сəтіндегі) үзінді-көшірменің түпнұсқасын ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасымен бірге құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады. Кепілді жарналар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММнің мына есепшотына төленеді: БСН 120240019160, ИИК KZ110705012170169006, БИК KКМFKZ2A, СТН 181600282382, КБЕ 11,КНП 171, «ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ-да. Жылжымайтын мүліктерді жекешелендірген кезде сатып алушыға жер телімінің құқығы беріледі, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес сатып алушы жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын бөлек төлейді. Сауда-саттық қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады жəне аукцион өткізуге дейін бip сағат қалғанда аякталады. Өтінімдер мына мекен-жайда қабылданады: Семей қ., Интернационал к-сi, 38, 3-қабат, 308-бөлме. Анықтама алу телефондары: 8 (7222) 52 53 09, 52 32 66. Қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайты арқылы алуға болады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 4-бабына сəйкес диагностикумдерді, химиялық реактивтерді, зертханалық ыдыстарды, көмекші материалдарды, арнаулы жұмыс киімдерін мемлекеттік сатып алу өткізетінін хабарлайды. Сатып алатын тауарлардың толық тiзiмi, көлемі, толық сипаттамасы туралы қосымша мəлiметтерді www.rvl.kz сайтынан білуге болады. Коммерциялық ұсыныстар жапсырылған конвертте 2013 жылдың 27 ақпанына дейін мына мекен-жайда қабылданады: Астана қ., Дулатов к-сі, 187/2-үй, мемлекеттік сатып алулар бөлімі. Ақпараттық хабарлама «Казвторчермет» АҚ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сəйкес «Казвторчермет» АҚтың мынадай ірі мəміле жасауын Директорлар кеңесі мақұлдағаны туралы хабарлайды: 1.Кредиттік желі ашуды қарастыратын бас кредиттік келісімді «Казвторчермет» АҚ-тың «Цеснабанк» АҚ-пен жасауы.

Информационное сообщение АО «Казвторчермет» в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об акционерных обществах» информирует об одобрении Советом директоров заключение АО «Казвторчермет» следующей крупной сделки: 1.Заключение АО «Казвторчермет» с АО «Цеснабанк» генерального кредитного соглашения, предусматривающего открытие кредитной линии.

АО «Петровское» (с. Петровка, Шортандинского района, Акмолинской области) извещает о продаже простых акций.

В связи с утерей, договора долевого участия в строительстве жилого дома №588 от 16.06.2011 г. и все приложения к нему, заключенные между ТОО «Какаду» и Джакубековой Лаурой Ануаровной считать недействительными.

9

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүліктерге сауда-саттық жариялайды:

Лот №1 - Тігін цехы (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 990,3 ш.м., өндірістік тұрақжай (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 1287,1 ш.м., шеберхана (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 72,3 ш.м., өндірістік тұрақжай (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 690,6 ш.м., қазандық (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 368,9 ш.м., ұстахана (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 18,9 ш.м., қазандық (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 98,3 ш.м., қойма (кадастрлық нөмірі 03057-015-744), жалпы алаңы 12,7 ш.м., қойма жəне слесарь шеберханасы (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 47,6 ш.м., көлікжай, қойма, асхана (кадастрлық нөмірі 03-057-015744), жалпы алаңы 498,3 ш.м., шеберхана (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 31,3 ш.м., бассейн (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 132,2 ш.м., бассейн (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 132,2 ш.м., компрессор (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 367,5 ш.м., сорғы (кадастрлық нөмірі 03-057-015-744), жалпы алаңы 148,8 ш.м., тиісті бөлінетін жер телімімен бірге (кадастрлық нөмірі 03-057-015744), жалпы алаңы 1,7600 га аталған жылжымайтын нысандармен аумақтық жəне фунционалдық байланыста, орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар қ., Рысқұлов к-сі, 163-үй. Бастапқы баға – 58 405 000 теңге (елу сегіз миллион төрт жүз бес мың) теңге. Лот №2 – Əмбебап дүкен (кадастрлық нөмірі 03-057-003-865), жалпы алаңы 5942,0 ш.м., отындық (кадастрлық нөмірі 03-057-003-865), жалпы алаңы 128,6 ш.м., трансформатор (кадастрлық нөмірі 03-057-003-865), жалпы алаңы 47 ш.м., қойма (кадастрлық нөмірі 03-057-003865), жалпы алаңы 433,3 ш.м., тиісті бөлінетін жер телімімен бірге (кадастрлық нөмірі 03-057-003-865), жалпы алаңы 0,8791 га аталған жылжымайтын нысандармен аумақтық жəне функцио-

налдық байланыста, сондай-ақ, қойма (кадастрлық нөмірі 03-057-003-896), жалпы алаңы 51 ш.м., қойма (кадастрлық нөмірі 03-057-003-896), жалпы алаңы 127,0 ш.м., тиісті бөлінбейтін жер телімімен бірге (кадастрлық нөмірі 03057-003-896), жалпы алаңы 0,0526 га аталған жылжымайтын нысандармен аумақтық жəне функционалдық байланыста, орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар қ., Қонаев д-лы, 84. Бастапқы баға – 398 630 000 теңге (үш жүз тоқсан сегіз миллион алты жүз отыз мың) теңге. Сауда-саттық əдісі – ағылшын. Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%-ын құрайды. Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысу өтінімдеріне қажетті құжаттар тізілімін алу үшін сенімді өкілге бару керек. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109В, 1004-бөлмеде 2013 жылғы 4 наурызда сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Сауда-саттық ағылшын əдісімен 2013 жылғы 5 наурызда сағат 10.00-де мына мекен-жайда болады: Алматы облысы, Талғар қ., Тəжібаев к-сі, 4. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Шаймерденов Бахытжан Сенбекұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ 406010011286000046, БИН HSBKKZKX, СТН 600200048129, КБЕ 14. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 17 83, 330 17 57.

Астана қаласының мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 19 ақпанда № 70 (28009) санында жарияланған АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАСЫНА мынадай өзгеріс енгізеді: «Өтінімдер қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2013 жылғы 6 наурызда сағат 10.00-де аяқталады».

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, 010000, Астана қаласы, Есілдің сол жақ жағалауы, Орынбор көшесі, № 8, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефон: (7172) 74-24-23, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының ректоры қызметінің бос орнына конкурс жариялайды, орналасқан мекен-жайы: 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212, телефон (87122) 27-63-05, тел/факс 27-63-21. Кəсіпорын қызметінің негізгі мəні жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру, ғылыми жəне əдістемелік орталық ретінде зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады. Кəсіпорын қызметінің мақсаты ғылым мен тəжірибе жетістіктері, ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтардың негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кəсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сəйкес келуі керек: 1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім) білім; 2) ғылыми дəрежесінің болуы; 3) білім беру ұйымдарында жəне/немесе білім беруді басқару органдарында басшы қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы керек; 4) білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың (куəліктер) болуы; 5) мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы; 6) білім жəне ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білу. Мына тұлғалар: 1) бұрын сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіпте өтелмеген немесе кешірілмеген соттылығы барлар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет;

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі түйіндеме; 3) өмірбаян, еркін үлгіде жазылған; 4) кандидаттың жеке куəлігінің құжаттың көшірмесі; 5) белгіленген тəртіпте куəландырылған білім туралы құжаттың көшірмесі; 6) білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың (куəліктер) болуы; 7) белгіленген тəртіппен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі; 8) сотталмағандығы жəне сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзбағанын растайтын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің аймақтық бөлімшелері берген құжаттар; 9) белгіленген үлгі бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 10) кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ; 11) 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кəсіби дайындық деңгейіне (біліктілікті арттыру, ғылыми дəреже жəне атақ беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орны басшысынан ұсыныс жəне т.б. туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпараттарды тапсыруына болады. Конкурсқа қатысу туралы өтініш жəне өтінішке қоса берілетін құжаттар хабарландыру жарияланған уақыттан бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қабылданады.

Решением учредителей Представительства Товарищества с ограниченной ответственностью «Сейфти Консалтинг Сервис» в городе Астана объявляет о ликвидации Представительства в связи с бездействием работы структурного подразделения и отсутствием необходимости в представительстве ТОО «Сейфти Консалтинг Сервис», БИН 080842018722. Место нахождения юридического лица: Республика Казахстан, г. Кызылорда, ул. Ауезова, д.20/33 (головной офис).

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы аса көрнекті Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың қызы, ардақты анамыз Гүлнəр Міржақыпқызы ДУЛАТОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның ұлы Ерлан Əбенұлы Сатыбалдиевке жəне отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Астана қаласы ішкі істер департаментінің басшылығы əділет генерал-майоры Молдияр Молыбайұлы Оразалиевке ағасы Мəлік Молыбайұлы ОРАЗАЛИЕВТІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Мектеп» баспасының директоры Ерлан Əбенұлы Сатыбалдиевке анасы Гүлнəр Міржақыпқызы ДУЛАТОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының төралқасы ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, Мұрат Айтхожин атындағы Молекулярлық биология жəне биохимия институтының директоры Нағима Əбенқызы Айтхожинаға ағасы Сабыр Əбенұлы АЙТХОЖИННІҢ қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Халықаралық қоғамдық «Қадырғали би Қосымұлы Жалаири» қорының ұжымы қордың вице-президенті Амангелді Бегімбетовке зайыбы АМАНСҰЛУДЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Педиатрия жəне бала хирургиясы ғылыми орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым жəне адам ресурстары департаментінің директоры Мұрат Қойшыбайұлы Телеуовке анасы ҚҰНДЫЗДЫҢ өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология жəне этнология факультетінің ұжымы тарих ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Сүлейменұлы Қаражанға анасы Тұрғанкүл ПƏРДЕШҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

 Жəдігер

 Жағымды жаңалық

Мўражайдыѕ асыл ќазынасы

«Өскемен вокзалы-1» стансасы алды жолаушыларға лық толы. Көңілді музыка əуені адам жанын шуаққа бөлеп тұр. Шынында да, бүгін Кенді Алтай жұртшылығы ерекше қуанышты. «Өскемен – Риддер», «Өскемен – Зырян» бағыттары бойынша жүрдек те жайлы вагондары бар пойыз сапарға аттанбақ.

Биылғы жылдың күзінде Семейдегі облыстық тарихиөлкетану мұражайының 130 жылдығы атап өтілмек. Дəулет СЕЙСЕНҰЛЫ.

Бұл мұражайдың бастауында хакім Абайдың өзі болып, оның қалыптасуына қызу атсалысқан. Нақтылап айтсақ, мұражай қорына алпыстан астам дүниелік өткізген. Данышпан ақынның бастамасы Алаш қайраткерлерінің тарапынан да қолдау тапқан. Сөйтіп, уақыт өткен сайын мұражай қоры осы өңірдің тарихын баяндайтын тың дүниеліктермен толыға түскен. Аталған мұражайда Семей өңіріне тікелей қатысы бар Мұхтар Əуезов, Қаныш Сəтбаев, Шəкір Əбенов, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Жəнібек Кəрменов, Мəдениет Ешекеев сынды халқымыздың мақтанышына айналған əйгілі жандардың киген киімдеріне, тұтынған заттарына, қолжазбаларына да орын берілген. Мұражай қорында сақталған, бірақ бұрын көрсетілмеген басқа да жəдігерлер қаншама! Соны ескерген мұражай басшылығы жуырда «Мұражайдың

21 ақпан 2013 жыл

асыл қазынасынан» атты көрме өткізді. Экспозицияға қазақ халқымен бірге, осы өңірді мекендеп келе жатқан басқа да ұлттардың этнографиялық заттары молынан қойылды. Оны көрмеге келген өнер мен мəдениет жанашырлары қызыға тамашалады. Мұражайдың қазіргі басшысы Бекен Теміровтің үздіксіз ізденісі нəтижесінде бұрнағы жылы мұражай ғимараты күрделі жөндеуден өткізілген еді. Солай дей тұрғанмен, бұрынғы тар ғимарат кеңінен көсілуге мүмкіндік бермей отырғаны да рас. Сондықтан, мерейтой қарсаңында мынадай шараның өткізілуі дұрыс шаруа болды. Алдағы уақытта Астана мен Алматы, Өскемен мен Павлодар қалаларында мұражайдың көшпелі көрмелері ұйымдастырылатын болады, дейді Бекен Нұғманұлы. Мұражай тарихы ел тарихы десек, мұндай игі шараны құптамасқа болмайды.

Жайлы пойыз жолєа шыќты Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев екі пойыздағы вагондарды аралап көрді. Мұнда жолаушыларға барлық жағдай жасалынған. Радио тыңдап, теледидар көріп, тіпті ғаламторға да шыға аласыз. Өңір басшысы жиналғандарды құттықтап, билет бағасының небəрі 220 теңгеден аспайтынын хабардар етті. – Жаңа дизельді пойыз ыңғайлы əрі шапшаң. Көмір жағып əуре болмайды.

Аталмыш пойыздар бірінші болып біздің облыста қолданысқа енгізілді. Алдағы уақытта Өскеменнен Шар қаласы арқылы Семейге баратын жаңа бағыт ашу ойда бар. Билет бағасының қолжетімді болуы үшін облыстық бюджеттен 246 миллион теңге субсидия бөлінді, – деді журналистермен кездесуінде облыстық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының бастығы Мақсұт Исақов. ӨСКЕМЕН.

Жеѕіл кґлік пен сертификат тапсырылды Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Облыстық ішкі істер департаменті аумақтық бөлімшелер арасында жұмыс қорытындыларын шығарды. Полицейлер құрамымен өткен жиында департамент бастығы Мұрат Ұрұмханов қылмыстарды ашу, тіркеуге жəне есепке алу, тергеу сапасы мен жеделдігі, миграциялық үдерістерді бақылау, əкімшілік-профилактикалық жұмыстар, тəртіп пен заңдылықты сақтау көрсеткіштері алдымен ескерілгенін атап өтіп,

СЕМЕЙ.

 Еркін елдің ертеңі

«Алаќайдыѕ» балаќайларєа базарлыєы

«Егемен Қазақстан».

Жаңа қо йы лымның режиссері Геннадий Гипиковтің қуыршақтарды сөйлету қолтаңбасымен ақтөбеліктер жақсы таныс. Театр əкімшілігінің шақыруымен жыл са йын бір жаңа қойылымымен бүлдіршіндерді қуантып кететін ол қуыршақ театрының айтулы маманы. Режиссер қойған В.Павловскистің «Бақашық пен теңіз», Х.Гюнтердің «Мүйізтұмсық пен керік», «Ұр, тоқпақ», В.Мас лов тың «Күншуақты досым», А.Веселовтың «Күн іздеген аққалалар», Е.Чеповецкийдің «Клоунада», В.Швембергердің «Ақылға келген аю» спектакльдері мен «Қуыршақтардың ғажайып əлемі» атты шоу бағдарламасы театр репертуарын байыта түскен қойылымдар ретінде балғын көрермендерді əлі күнге риза етуде. «Бір-ақ уыс» спектаклі енесі ауырып отардан бөлініп қалған қошақанның басынан кешкен қызықты оқиғаларына құрылған. Енесі сауығып кетуі үшін қажет

бір-ақ уыс тұз іздеп ауылға барып, қожайыннан тұз сұрап əкелмек болып жолға шығады. Қошақан ұмытып қалмайын деп «Бірақ уыс» деп əндетіп келе жатса, алдынан дəн сеуіп жүрген əтеш шығады. Мұның сөзін естіп, «Бір-ақ уысың не сенің! Бір дəнің мың болсын демейсің бе?», – деп ренжиді. «Бір емес, мың болсын!» деп қайталап келе жатқан қошақан көжегінен айырылып жылап отырған қояннан сөз естиді, қақпанға түсіп қалған қасқырды «Құттықтаймын!» деген сөзі шошытады, одан көгершінді аңдып жүрген түлкіге кез болады. Сөйтіп жүріп, өзінің енесіне қанша тұз керек екенін ұмытып қалады. Бақташының көмегімен əзер есіне түсіреді. Оқиғасы жеңіл əрі күлкілі, танымдық, тəрбиелік мəні бар бұл спектакль балаларға бағалы базарлық болды. Мамандар бұл спектакльді балалардың ғана емес, ересектердің де құмартып көруіне тұратын қойылым деп бағалап отыр. Ақтөбе облысы.

Тəнге шипа, емге дауа «Уба» шипажайында ґткен жылы 2276 ардагер денсаулыќтарын тїзеп ќайтты Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Фотоэтюд

Шемонайха ауданының Выдриха ауылындағы «Уба» шипа жа йының 35 жылдық тарихы бар. Бұл – соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, зейнеткерлерге арналған еліміздегі жалғыз шипажай. Бұдан бір жарым жыл бұрын облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен бюджеттен 365 миллион теңге қаржы бөлініп, 100 орындық жаңа корпус пайдалануға берілген болатын. Қазір мұнда бір мезгілде 220 адам денсаулықтарын түзей алады. Емдеушілер жататын екі корпус қатар орналасқан. Бірінші қабаттағы балшықпен емдейтін жерге тысқа шықпай-ақ, галерея арқылы қатынауға болады. Себебі, балшықпен емделген соң бірден жатып дем алуың керек. – Бізде қызмет ететін дəрігерлер мен медбикелер өз ісінің білгір лері дема лушылардың талабын қанағаттандырып жүр, – дейді шипажай директоры Мұрат бек Айылбаев. – Терапевт Наталья Толмачева мен физиотерапевт Қанатбек Тайшыбаев, дəрігер Айжан Насилова нағыз өз ісінің

 Спорт

Жарыстар кїнделігі ТЕННИС. Астанада қысқы чемпионат мəресіне жетті. Ерлер арасында өткен сында финалда Алексей Кедрюк Денис Евсеевті

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

жеңіп, чемпион атанса, əйелдер арасында Анастасия Епишева Анна Данилинадан ұтылып қалды. Дегенмен, жеңілген теннисшілер жас болса да чемпионаттың финалына шығып, жақсы өнер көрсетті. Ал, чемпионаттың ерлер арасындағы жұптық бəсекесінде Тимур Хабиуллин мен Алексей Нестеров, Сержан Есенбеков пен Айдынбек Рақышевты ұтса, нəзік жандар арасындағы сында тағы да Анна Данилина мен Залина Хайрутдинова жеңіске жетті. Олар финалда Динара Иманжанова мен Екатерина Губановадан басым түсті. ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ. Иранның астанасы – Теһран қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан Əлем кубогы үшін жарыста біздің құрама алғашқы белдесулерін Венгрия командасымен өткізіп, 4:3 есебімен ұтты. Онда Олимпиадаға қатысқан Алмат Кебісбаев, Нұрмахан Тінəлиев жəне Жəнібек Сəрсенбиев пен Досжан Қартықов қарсыластарын тізе бүктірді. Одан кейін

балуандарымыз Иран жəне Түркия құрамаларымен кездесіп, өкінішке қарай, есе жіберуге мəжбүр болды. Осы сында тек Досжан Қартықов пен Жəнібек Сəрсенбиев қана жеңіске жетті. Кеше Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея балуандарымен 7-8 орындар үшін күш сынасты. Əлем кубогының бас жүлдесі үшін Ресей мен Түркия балуандары белдессе, 3-4 орындарға Армения мен Иран құрамалары таласады. ВОЛЕЙБОЛ. Петропавлда волейболдан Жоғарғы лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында 26 ақпанға дейін жалғасатын Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойындары басталады. Бұған дейін 19-26 желтоқсанда Теміртауда өткен 2-ші турда Шымкенттің «Динамо-Қазығұрт», 23-29 қарашада Алматыда өткен 1-ші турда жергілікті «ҰшқынҚазҰАУ» жеңімпаз атанған болатын. Қазір турнир кестесінде 38 ұпаймен Шымкент пен Алматы қаласының волейболшылары көш бастап келеді. Шымкенттің командасы 14 кездесудің біреуінде ғана ұтылып, ойналған партиялар мен доп айырмасы

бойынша алматылықтардан басым түсуде. Үшінші орынды 26 ұпаймен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» командасы иеленсе, «Павлодар-2» – 23, «ЕсілВиктория» (Қызылжар) – 11, «Семей» – 10 жəне «ВСМК АрселорМиттал» (Теміртау) мен «Жайық-Конденсат» (Орал) – 9 ұпаймен 3-8 орынды бөлісуде. БОКС. Кеше Болгарияның София қаласында дəстүрлі «Странджа – 2013» халықаралық турнирінің жалауы көтерілді. Оған əлемнің 10 елінен боксшылар қатысатын болады. Бұл турнирге Қазақстан құрамасы бес боксшысын қосып отыр. Атап айтсақ, 49 кило салмақта Теміртас Жүсіпов, Ғани Жайлауов 60 (кг.), Айдар Əмірзақов (64 кг.), Бақытжан Қожабеков (69 кг.) пен аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий шаршы алаңға шығады. Турнирдің іріктеу сындары 20-21 ақпан күндері өтсе, келесі күні боксшылар жартылай финалдық жəне финалдық кездесулерде бақ сынайды. «Егемен-ақпарат».

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

мамандары. Əдетте, бізге келетіндер жолдаманы сатып алмайды, жер-жердегі аудандық мекеме арқылы алып, тегін емделеді. Қан айналымы, сүйек, құяң, буын сырқаттарын балшықпен емдеу ерекше орын алады. Ақ желеңді абзал жандар емделушілерге мəдениетті қызмет көрсетуде. Аға медбике Светлана Лысяк 30 жылдан бері бір мекемеде жемісті қызмет етуде. Бөлмелер жарық, жылы, жуынатын кабина, басқа да жағдайлар жасалған. Кенді Алтайда қазіргі таңда 203700 ардагер-зейнеткерлердің бар екенін ескерсек, шипажай ұжымына жүктеліп отырған міндет зор. Чернобыль апатын жоюға қатысқан семейлік Серғазы Өтебеков, марқакөлдік Үміт Нұрғазинова, жармалық Айкүміс Тоқымбетова, тағы басқа емделіп жатқандар «Уба» шипажайының басшылығы мен дəрігерлерінің қызметіне дəн риза. Бір жылда бір рет келіп, тəнге шипа, дертке дауа алсақ, алаңсыз тынығамыз, өзімізді сергек сезінеміз, дейді олар. Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха ауданы.

Назар аударыѕыз: конкурс!

Əбілќайыр хан ескерткіші Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі жəне Ақтөбе облысының əкімдігі көрнекті мемлекет қайраткері Əбілқайыр ханға Ақтөбе облысы, Əйтеке би ауданы, «Хан моласы» қорымында орнатылатын ең үздік ескерткіш-белгі жобасына шығармашылық байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Байқау жобасының ұсыныстар құрамы жəне басқа талаптар байқау құжаттарында көрсетілген. Байқауға қатысуға Қазақстан қалаларының көркемдік-шығармашылық шеберханалары жəне басқа заңды жəне жеке тұлғалар шақырылады. Байқау құжаттарының электрондық жинақ үлгісін 2013 жылдың 30 сəуіріне дейін тегін түрде төмендегі мекенжайдан алуға болады: Ақтөбе қаласы, Əбілқайыр хан даңғылы, 40, 658-бөлме. Байқауға қатысуға берілген өтініштер конвертке салынып, Ақтөбе облыстық мəдениет басқармасы орналасқан мына адреске тапсырылады (жіберіледі). 030010, Ақтөбе қаласы, Əбілқайыр хан даңғылы, 40, 658-бөлме. Байқауға қатысуға өтініш білдірудің соңғы мерзімі 2013 жылдың 1 мамырына дейін. Қосымша ақпаратты жəне анықтаманы көрсетілген телефон арқылы алуға болады: 8 (7132) 54-55-20 (ф).

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Солтүстік Қазақстан облысы.

 Басты байлық

«Алақай» қуыршақ театры ақтөбелік балдырғандардың көзайымына айналғалы қашан. Сондықтан да, оның əрбір жаңа қойылымын балалар асыға күтеді. Бұл жолы театр балғын көрермендерге «Бір-ақ уыс» атты жаңа спектакль ұсынды. Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жария етті. Полиция подполковнигі Иманбай Жомартов жетекшілік ететін Ғ.Мүсірепов аудандық ішкі істер бөлімі «ең таңдаулы ұжым» атанып, «УАЗ Хантер» жеңіл көлігінің кілті мен 500 мың теңгенің сертификаты салтанатты түрде табыс етілді. Өз ісін адал атқарған бір топ ішкі істер қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды. Осындағы мұражайдың қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген Любовь Осинскаяның есімі Құрмет кітабына жазылды.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Айгүл СЕЙІЛОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №03 ek

21/02/2013  

21/02/2013

Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you