Page 1

СІЗ не дейсіз? Кенді Алтай ќар ќўрсауында Ақпанның 11-і күні Өскеменде үзбей бір тəулік қар жауып, арты ақтүтек боранға ұласты. Қардың қалыңдығы бір метрге жақындады, оған қарашадан бергі қалың қарды қоссаңыз, Кенді Алтай дың қазіргі жағдайын нақты түсінуге болады. Синоптиктер енді бірер күннен кейін тағы қар жауып, бұрқасын соғады деп дабыл қағып жатыр. «Егемен Қазақстан газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Оңдасын Елубай облыстық жолаушы көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының бастығы Мақсұт Исақовқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев толассыз жауған қалың қардан секемденіп, қалада жəне облыста төтенше жағдайды енгізгені жайлы шұғыл хабар жөнелтті. Штаб құрылып, Өскемен қаласының əкімі Серік Тəукебаевтың басшылығымен барлық коммуналды жəне жедел көмек көрсету қыз меткерлері тəулік бойы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Біз де облыстағы жолдар жабылып қалмауы үшін барлық техниканы іске қостық. Алайда, қалың қар автобустардың тоқтаусыз жұмыс істеуіне кедергі жасауда. Сондықтан, бірнеше қала маршруттарында көліктердің жүруі қиынға соғып, кешігіп қалғанын жоққа шығармаймыз. Тіпті, көшелерді тазалап жатқан кезде, қалың жауған қардан олардың лезде қайта бітеліп қалған кездері де болды. 11 ақпанда қатты боран бол ғандықтан, бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары сабақтан босатылды. Өскеменде бір күнде осыншама қалың қардың жауғанын көнекөздердің өзі еске түсіре алмай отыр. Шынында, биыл облыс тұрғындары үшін сын сəт. Қыстың аяқталуына əлі бір жарым ай уақыт бар. Бірақ, тұрғын үйлер мен мекемелерді басып қалған қалың қарды тазалап үлгермесек, қиын болатыны сөзсіз. Тұрғындар мен мекеме басшылары сенбіліктер өткізіп, өз аулаларын тазаласа жəне жеке меншік үйде тұратын қарияларға қолғабыс жасаса нұр үстіне нұр болар еді. Қазір бізге қарасты облыстық деңгейдегі жолдар ашық. 11 ақпанда жолдар жабылғанымен, ертеңінде «Өскемен – Самар», «Шемонайха – Бородулиха» жəне басқа да бағыттағы жолдар тазартылды. Алдағы ықтимал қалың қар мен бұрқасынға сақадай-сай əзірміз. «Шығысжол» серіктестігінде жол тазалайтын 89 техника бар, жалға 28-ін алдық.

№69 (28008) 16 АҚПАН СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Республика тынысы: мың бір мысал

Сўранысќа сай кїнбаєыс майы

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан.

Дүкендерде күнделікті көріп жүргеніміздей күнбағыс майының түр-түрі толып тұр. Таңдау – өзіңізде. Жалпы, облыстың тұрақтандыру қорына күнбағыс майы Орал қаласынан жеткізіледі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мəліметтеріне сүйен сек, өңірде күнбағыс тұтынушы сұранысынан екі есе артық өсіріледі екен. Тек, оны өңдейтін кəсіпорындар тапшы. Ал, Қашыр ауданында бұл шаруаны «Green Hause» серіктестігі қолға алыпты. Күнбағыс майын шығаратын

Оймақтай ой Пейілі кедей байдан сақта. АБАЙ.

Шығыс Қазақстан облысы.

АҚПАРАТТАР аєыны Ақтауда халықаралық көрме-жəрмеңкесі өткізілуде. Көрме 19 ақпанға дейін жалғасады. Оған əлемнің əртүрлі елінен 70-тен аса компания қатысуда. Бұл жерден балдың қырықтан астам түрлерін жəне əсем зергерлік бұйымдарды таба аласыз. Орал қаласында биыл «Жұмыспен қамту-2020» бағдар ламасы шеңберінде 350 əлеуметтік жұмыс орны ашылады. Осы істі аяғына жеткізу үшін республикалық бюджеттен 57 млн. теңге бөлінген. Бұдан бөлек, жастардың тəжірибеден өтуіне арнайы қаражат қарастырылды. 21-23 ақпан күндері Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Нұра ауылында құсбегілердің дəстүрлі «Сонар-2013» жарысы өткізіледі. Та лайдың делебе сін қоздыратын бəйгеге жүйріктерін қосқысы келген азаматтар алдын ала тіркелуі тиіс. Ал биылғы болжам бойынша, 50-ге тарта құсбегі қатысады. Білім жəне ғылым министрлігі жақын арада жоғары оқу орындарындағы

ескірген жəне сұранысқа ие емес пəндерді қыс қарту жұмысына кіріседі. 2014 жылдан бастап студенттер оқулықтың 70 пайызын өздері таңдайды. Ал қалған пайызы оқу бағдарламасына сай жүйеленеді. Биыл 7 ақпанда Тараз-Ал маты бағытына қатынайтын АН-24 РВ ұшағы қону тəртібін бұзған болатын. Осы іске байланысты тексеру жұмысы аяқталып, қорытынды шығарылды. Ұшақ тың жолақтан шығып кетуі қону жылдамдығын сақта мағандықтан орын алған екен. Енді азаматтық авиация комитеті кінəлі тұлғаларды қызметтен босатуды ұйғарып отыр. Солтүстік Қазақстан облысы шетелдік инвестицияларды көптеп тартуда. Қазірдің өзінде 70-ке жуық елдермен ынтымақтастық орнатып үлгерген. Алдағы мерзімде бұл аймақтан ашылатын үлкен логистикалық орталық осы əріптестіктің арқасында жүзеге асырылғалы тұр. ҚазАқпарат, CA-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

бұл зауыт ауданда жүзеге асырылып отырған алғашқы инвестициялық жобалардың бірі. Бұған дейін аудан «Береговое» деген күнбағыс майымен аты шықса, енді «Рахмет» деген күнбағыс майы шығарылады. Кəсіпорын өңірдегі күнбағыс майына деген тұтыну көлемінің 30 пайызын қамти алады. Жалпы, күнбағыс өсіруде БҰҰ-ның есебі бойынша Ресей бірінші орында тұрған көрінеді. Біздің облыста да күнбағыс өсіріледі. Дəрігерлер күнбағыстың атеросклероз, инфаркт миокарды, жүрек-қан тамырлары ауруларына, бауырды сақтауда пайдасы бар дейді. Оның құрамында холестерин жоқ.

Аудан əкімі Нұрлан Күлжан ның айтуынша, ауданда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 1043 орта жəне шағын кəсіпкерлік тіркелген. Олардың бірқатары осы бағдарламаның пайдасын көруде. Мысалы, Бесжан

Жағымды жаңалық

Ќоныс той кґбейіп тўр «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы Шымкентте қарқынды жүріп келеді. 2012 жылы облыс орталығында 43 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілсе, 15 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 430 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Өткен аптада тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 45 отбасы баспаналы болу бақытына ие болды. «Нұрсəт» шағын ауданында берілген бұл үйлер жергілікті атқарушы органда кезекте тіркелген азаматтар үшін салынған. Əрқайсысы 15 пəтерлі 3 үйге қоныстанушылар арасында Ұлы Отан соғысының қатысушылары, əлеуметтік аз қамтылған азаматтар, мемлекеттік жəне бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. Жалпы алғанда, соңғы жылдары мемлекетіміздің серпінді дамып, тұрғын үймен қамту бағдарламаларының жүзеге асырылуымен халқымыздың пəтерлі болуға деген сенімі күшейді. «Үстіміздегі жылы Шымкент

қаласының жаңа іскерлік- əкімшілік орталығында 3750 пəтерлі, 9 қабатты 49 тұрғын үйді салу жоспарланып отыр. Нəтижесінде, тұрғын үй кезегінде тұрған 8091 адам баспанамен қамтылмақ. Бұл тізімде тұрғандардың тең жартысы», деді пəтер кілттерін салтанатты түрде тапсырған Шымкент қаласының əкімі Қайрат Молдасейітов. Яғни, биыл Шым-қалада қоныс той көбейеді деген сөз. ШЫМКЕНТ.

ауылдық аумағына қарасты «Гигант» серіктестігінің басшысы В.Солдатенко өз бизнесін кеңейтуге ниет білдіріп, 13,5 миллион теңге, Федоровка ауылдық аумағында «Зуенко» шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамытуға 12,8 миллион теңге несие алыпты. Бүгінгі күні ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін 9 наубайхана, 6 күнбағыс майын шығаратын цех, 3 диірмен, 2 шұжық цехы, 2 күнбағыс тұқымын дайындайтын цех, сүт өңдейтін 3 цех жұмыс жасайды. Былтыр 644,1 тонна нан-тоқаш өнімдері, 754,8 тонна күнбағыс майы, 60,1 тонна шұжық өнімдері, 55,9 тонна күнбағыс тұқымы, 187,3 тонна сүт өнімдері өндірілген. Ал, аудан орталығы Тереңкөл ауылындағы «Green Hausе» серіктестігінің күнбағыс майы Өскемен, Ресейден келетін күнбағыс майымен сапасы бірдей, бəсекеге қабілетті. Зауыт тазартылып, пластмасса құтыға құйылған күнбағыс майын шығарады. Күніне 300 литр май өндіріледі. Мұнда жылына 20 мың тонна күнбағыс тұқымы қабылданып, 8 мың тонна дайын күнбағыс майының тазартылған күйдегі сапалы өнімі аудан жəне облыс тұтынушыларына жол тартуда. Кəсіпорын бұл зауытты іске қосуда тазартылған күнбағыс майын шығаратын түркиялық қон дыр ғылар орнатып, зауыт ғи ма ра тының іші-сырты, өндіріс орындары мен қоймалары талапқа сай жөнделді. Бұл үшін 200 миллионнан астам қаржы жұмсалды. Əрқайсысының сыйымдылығы 3 мың тоннадан тұратын қоймалар, аудан мен облыс аумағынан жеткізілетін өнімдерді қабылдап, кептіріп, зауыттың өнімді дайындайтын орындарына жеткізіледі. Бүгінгі күні мұнда жұмыс істейтін мамандардың барлығы оқытылып, 30-дан астам ауыл тұрғындары жұмысқа тартылды. (Соңы 2-бетте).

Жўмысшылар мїддесін ќорєау жолында Адам құқықтары жөніндегі уəкіл жанындағы əлеуметтік жəне еңбек салаларына мониторинг бойынша жұмыс тобы Қазақстандағы ең ірі металлургия кəсіпорны – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-та болды. Жұмыс тобының мүшелері кəсіпорындағы жұмыс жағдайларымен, əлеуметтік объектілермен танысты. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен, металлургтердің «Жақтау» кəсіподақ ұйымымен жəне жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында жұмысшылар санын қысқарту, əлеуметтік кепілдіктер, кəсіпорында еңбек жөніндегі үлгілі нормативтерді қолдану мəселелері, басқа да ұйымдықөндірістік мəселелер тал қыланды. Омбудсмен А.Шəкіров еңбек дауларын құқықтық өріс аясында шешудің, əлеуметтік серіктестік қағидаларын сақтаудың, əкімшіліктің кəсіподақ ұйымдарымен сындарлы ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Жұмыс тобының кəсіпорынға бару қорытындылары бойынша əзірлеген ұсыныстары тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады, деп хабарлады Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің баспасөз қызметі.

Жоспарлы жўмысќа басты назар

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ПремьерМинистр Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

С.Ахметов Қазақстан Президентіне елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы қаңтардағы қорытындылары жəне Мемлекет басшысының 2013 жылғы 23 қаңтарда өткен кеңесте берген тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы баяндады. – Қаңтар айының қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 4,5 пайызды құрап отыр. Əлем дік баға мен сұраныстың азаюы на байланысты өңдеуші өнеркəсіптегі индикаторлардың кейбірінің төмендеуі байқалуда. Жалпы, елімізде барлық сала бойынша биылғы жыл жағымды көрсеткіштермен басталды, – деді Қазақстанның Премьер-Министрі. Мемлекет басшысы əлеуметтікэкономикалық даму жəне елдің ішкі жалпы өнімінің өсу қарқынының одан əрі сақталу мəселелеріне үнемі бақылау жасап, мониторинг жүргізіп отыру қажеттігіне назар аударды.

– Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өткен жылы іске қосылған кəсіпорындар жоспарланған қуатында жұмыс істей бастауы қажет. Бұл ел экономикасының одан əрі өсуіне елеулі ықпал етеді, – деді Қазақстан Президенті. Премьер-Министр, сондай-ақ, ауыл шаруашылығының бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жəне елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған агроөнеркəсіп кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған жаңа салалық бағдарламасы қабылданғанын мəлімдеді. Бұған қоса, С.Ахметов Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысы туралы хабарлап, бұл мəселе Үкіметтің үнемі бақылауында болатынын жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша, Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық дамуын одан əрі ынталандыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Кїн тəртібі ќалыптастырылды Кеше Мəжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тəртібінің жобасы қарастырылды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттардың талқылауына «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заң жо ба сы бірін ші оқылымға шығарыл мақшы. Сонымен бірге, халық қалаулыларының қарауына бірінші оқылымға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін ұсынуы жүйесін жетілдіру мəселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылатын болады. Сондай-ақ, бюро отырысында Мемлекет басшысы Н.Ə.Назар баевтың заң шығару жұмысындағы басымдықтар жайындағы тапсырмасы айтылып, комитет төрағалары мен Мəжіліс аппаратына заң жобаларының сапасына баса назар аудару тапсырылды.

Діни сенім бостандыєы саќталады Кеше «Астана Центр Консалтинг» қоғамдық қоры Ұлыбритания елшілігінің техникалық қолдауымен жəне еліміз Дін істері агенттігінің атсалысуымен «Қазақстанда діни сенім бостандығын нығайту: теория мен практика» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Аталған шараға дін саласындағы сарапшылар, ғылыми қауымдастық, халықаралық жəне үкіметтік емес ұйымдар мен еліміздегі дипломатиялық миссиялар өкілдері қатысты. Жиында Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Грег Куинн мен еліміз Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин сөз сөйледі. Г.Куинн өз сөзінде əлемнің көптеген елдерінде діни сенім бостандығы кикілжіңдердің алдын алу мен бейбітшілікті сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстанда қабылданған жаңа заң дін саласындағы жағдайға оң ықпал жасайтын болады, деді Ұлыбритания өкілі. Дінге қатысты жаңа заңдық құжаттың елдегі жағдайға жақсы əсерімен бөліскен Ғ.Шойкин өткен жылы діни ұйымдарды қайта тіркеуден өткізу қоғам тарапынан дұрыс қабылданғанын тілге тиек етті. Агенттік басшысының орынбасары осы ретте тұрғындар арасында

түсіндіру жұмыстарының кеңінен жүргізілуі арқасында радикалдық діни ағымдардың жұмысына тосқауыл қойылғандығын ерекше атады. Қазіргі таңда елімізде 170 ақпараттық-үндеу топтары жұмыс істеуде. Тек 2012 жылы 200 мың адамды қамтыған 3450 ісшара өткізіліп, соның барысында тұрғындарға діндер туралы мол ақпарат берілген. Қазіргі таңда Дін істері агенттігі мен халықаралық ұйымдар арасында бірлескен ісшаралар жүзеге асырылуда. «Астана Центр Консалтинг» қоғамдық қорының директоры Əлия Дуганова «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заңға жəне де дін бостандығы саласындағы халықаралық стандарттар мен құжаттарға сараптама жасалғанымен бөлісті. Оның айтуынша, сараптама қорытындысы дін саласындағы жаңа заңдық құжат азаматтардың діни бостандығы мен құқығына кепілдік беретінін, толеранттылықты қамтамасыз ететінін жəне оның халықаралық стандарттарға сай екендігін көрсеткен. (Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Тўраќтылыќ табысы 3-бет

ПАРЛАМЕНТ 4-бет

Трансплантация: Донорды ќайдан табамыз? 6-бет


2

www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

басымдықтың қай-қайсысын алсақ та, бəсекеге қабілеттік қарымы əлеуметтікэкономикалық салаларды жаңар тудың, үздіксіз жаңғыртудың түп қазығы, негізгі тіні ретінде қозғалып отырады. Осы ой «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» талдамалы мақалада да көтерілген болатын. Елбасы бұдан былай мемлекетіміздің ұзақ мерзімді кезеңге арналған одан əрі даму векторын күшейте отырып, жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саясаттың негізі болу тиістілігін қадап көрсетті. Мұның бəрі, айналып келгенде, Қазақстанды өркениетті елдер деңгейіне жеткізіп, жаһандану үрдістеріне төтеп беру қарым-қабілетін қалыптастырары сөзсіз. Бəсекеге қабілеттілік бүгінде үлкен маңызға ие. Ол – ғылым жаңалықтарын пайдалану, озық тəжірибелерді енгізу, заманауи технологияларды қолдану, сапалы өнімдер мен тауарлар шығару деген сөз. Президент үдемелі индустриялықинновациялық дамуға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бұрын-соңды болмаған заманауи жобалар мен бағдарламалардың іске қосылуы – соның айқын дəлелі. Жаңа инновациялар ғана бəсекеге қабілеттілігімізді ұштап, əлемдік рынокқа жол ашады. Өнімдеріміз бен тауарларымыздың сапасын халықаралық

қарым-қатынасымызды беріктендіре түсті. Келісімдер мен меморандумдар аясында жемісті еңбек етудің оң тəжірибелері қалыптасты. Жуырда арнайы делегация Омбы облысында болып қайтты. Омбы үкіметі мен Солтүстік Қазақстан облысы арасында 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар меморандумы қабылданды. Түмен облысы бойынша да іскерлік байланыс жолға қойылды. Бүгінде Петропавл қаласында инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Ресей, Қытай, АҚШ, Швейцария, Корея,Түркия сияқты жетекші елдер өкілдерінің қатысуымен халықаралық инвесторлар форумының ұйымдастырылуын атай кеткен жөн. Онда өңіріміздің өтімді инвестициялық жобалары таныстырылып, 200 миллион АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция құйылатын болып келісілді. Алдағы жылдары өңір тұрғындарының жан басына шаққандағы инвестиция деңгейін республикалық көрсеткішке жеткізуді межелеп отырмыз. – Солтүстікқазақстандықтардың саламатты өмірге бейімделуі қалай? – Жолдаудағы «саламатты ұлт қана бəсекелестікке қабілетті болмақ» деген қанатты сөздер ұлт, адам денсаулығы бəрінен қымбат деген салиқалы ойларға

стандартқа лайықтап, аз шығынмен өнімді жұмыс істеуге құлшындырады. Онсыз алға басу, ілгерілеу қиын. Жолдауда Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың іс жүзіндегі кезеңі басталуымен отандық тауарлардың бəсекеге қабілеттілігін бекемдеу көлденең тартылды. Шынында да, жиынтық ІЖӨ-сі 2 триллион АҚШ доллары болатын, 170 миллион тұтынушыны біріктіретін ауқымды нарықта үйренумен қатар үйретеріміз де аз болмаса керек. Осынау экономикалық-интеграциялық үдерісте экспортқа бағытталған шикізаттық, шикізаттық емес сектордың ауқымдылығын кеңейтудің оң тəжірибелерін осы бастан игергеніміз артықшылық етпейді. Индустрияландыру картасында белгіленген инвестициялық жобалар бойынша облыста 43,4 миллиард теңгенің жобалары енген. Мұның өзі екі мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. «Петропавл құрылыс материалдары зауытында» полиэтилен құбырлардың төзімді түрлері көбейтілді. «ЗИКСТО» АҚ-та вагонхопперлердің жаңа үлгілері құрастырылды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен жасалған келісім-шарт 3 миллиард теңгені құрайды. Петропавл ауыр мəшине жасау кəсіпорны жасап шығарған 80-100 тонналық ұтқыр бұрғылау қондырғылары сапасы жағынан шетелдікінен кем емес. Өткен жылдың аяғында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпірде индустрияландыру картасында белгіленген екі инновациялық жобаның тұсаукесері болды. Атап айтқанда, мəшине жасау өнеркəсібінде жетекші орынға ие «Мұнаймаш» АҚ 1,5 миллиард теңгенің жобасын «Өнімділік-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырды. Цехтарға жаңа технологиялық құралжабдықтар орнатылып, мұнай саласына арналған қондырғылардың жылдық өнімі 7,5 мың жиынтыққа жетті. Озық жобаларды енгізудің арқасында ескі үлгідегі 68 станок ең үздік 12 құрал-жабдықтармен алмастырылды. Өндірістік цикл 80 пайызға қысқарып, механикалық өңдеу бойынша өнімділік 5 есе артып, жылына10 миллион теңгенің электр қуаты үнемделеді. Елбасы өз Жолдауында бесінші сынқатер ретінде жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті атап, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізуді, энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуды, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді қолдануды тапсырды. Осы міндетті «Зенченко жəне К» командиттік серіктестігі қазірдің өзінде абыроймен атқарып шықты. Аймақтық даму бағдарламасы шеңберінде бой көтерген қос жел энергетикалық қондырғысы ауылшаруашылық тауар өндіретін фирмалар мен елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Кешеннің құны – 174 миллион теңге, жобалық қуаттылығы – 1,5 миллион мВт. Жылына 8,7 миллион киловатт/сағат электр қуатын өндіре алады. Нəтижесінде, қоршаған ортаға тарайтын зиянды қалдық екі есеге дейін азаяды. – Облыстың тоғыз жолдың торабында орналасуы инвестицияның тартымдылығын қалыптастырары сөзсіз. Бұл бағытта қандай шаралар ойластырылған? – Қазақстан дамуының басты серпіні сауатты инвестициялық саясат екені рас. Сыртқы саясатымыздың көп векторлығы индустриалды стратегияны жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Бұл бағытта Жолдау үлкен межелер қарастырумен қоса тың талаптар қойды. Енді Қазақстанды инвестиция үшін өңірлік тартылыс күшіне айналдыру секілді ауқымды мəселелер шешімін табатын болады. Инвесторларды ең заманауи жəне қайта өңдеу технологияларын беру шартымен ғана тартудың принципті маңызы зор. Облысымыз 70-ке жуық жақын жəне алыс шетелдермен ынтымақты байланыс жасап, ілкімді инвестиция тартудың жолдарын жан-жақты қарастырып келеді. Олардың арасында Канада, Германия, Қытай, Израиль секілді елдер бар. Біртұтас экономикалық кеңістік пен Кеден одағы экономикалық

жетелейді. «Шынықсаң – шымыр боларсың» деп текке айтылмаса керек. Шынында да, саламатты өмір салты ұлт денсаулығының алтын кілті іспеттес. Спортты серік еткен адам үнемі бабында жүреді, ширақ, сергек келеді, жаны, тəні таза болады. Ең бастысы, ойлау жүйесі, жұмысқа қабілеттілігі ашыла түседі. Денешынықтыру мен спортқа Елбасының ұдайы көңіл бөліп, қамқорлық жасауы да сондықтан. Лондон Олимиадасында ел спортшылары қазақстандық патриотизмнің ерен үлгісін көрсетті. Жерлесіміз Александр Винокуров жасындай жарқылдап, алғашқы алтынды қоржынға салды. Бүгінде əйгілі велошабандоздың ізін қуушы жастардың көбейе түскені қуантады. Қазір облыс тұрғындарының төрттен бірі бұқаралық спортпен жəне денешынықтырумен айналысады. 2200-ден астам спорт ғимараты жұмыс істейді. 30 стадион салынып, қайта жаңартылды. 13 балалар мен жасөспірімдер мектептері, 21 аула клубтары бар. Спорт инфрақұрылымы кеңейіп, қолжетімділігі артып келеді. Былтыр спорт саласын қаржыландыру 12,5 пайызға ұлғайып, 1,6 миллиард теңге жұмсалды. Жыл сайын бір мыңға жуық спорт жарыстары мен бұқаралық турнирлер өткізіледі. Жазғы «Ақбидай», қысқы «Север» секілді ұлттық спорт түрлерін қамтитын спартакиадалардың бəсі жоғары. Ауыл спортын дамытуға назар бірінші кезекте аударылады. Облыс орталығында заманауи үлгідегі жабық спорт кешенін, əр ауданда денешынықтыру-сауықтыру орталығын салу жоспарланып отыр. Александрдан басқа тағы төрт жерлесіміз ХХХ Жазғы Олимпия ойындарына қатысу құрметіне ие болды. Көк байрағымызды желбіреткен А.Винокуровтың жеңісі ерекше ыстық. Оның Лондондағы ерлігін Алексей Луценко жалғастырып, Қазақстан тарихында велоспорттан тұңғыш əлем чемпионы атанды. Қазір ол «Астана» велокомандасының негізгі құрамында өнер көрсетеді. Сол сияқты Маргарита Мұқашева, Ирина, Евгений Эктовтар, Владислав Поляков, Наталья Рыбакова секілді халықаралық дəрежедегі спортшылар – мақтаныштарымыз. Спорттың басқа салаларында жоғары жетістіктерге жетіп жүрген спортшыларымыз баршылық. – Алда қандай ірі жобаларды іске асыру белгіленген? – Солтүстікқазақстандықтар 2012 жылды табысты қорытындылап, жаңа міндеттерге жұмыла кірісіп кетті. Елбасының тапсырмасымен магистральді газ құбыры құрылысының басталғаны мəлім. Ол үш облысты қамтып, өңірімізде жалпы ұзындығы 186 шақырымдық құбыр тартылады. Сөйтіп, 6 ауданның тұрғындары көгілдір отынды пайдаланатын болады. Ірі инвесторлардың қаражатына Булаев қаласында мұнайды қайта өңдеу зауытын салу көзделген. Бəйтерек ауылында сүрек-жаңқа тақтайын шығаратын бірлескен кəсіпорын бой көтереді. Есіл аграрлық-техникалық институтын ашу қажеттігі бүгінгі сұраныстан туындады. Ол аграрлық сала үшін жоғары білімді мамандар даярлауға атсалысады. Келешекте жаңа технологияларды, дуальды оқытуды, білім мен ғылымды дамытуды ұштастырып, жаңа өндірісті өркендету, облыстың креативті жастарын шоғырландыру мен қолдау орталығына айналдырамыз. Ресеймен шекаралас аймақта «Қызылжар» өңірлік логистикалық орталығын салу белгіленген. Облыста болашағы зор жобалар көп. Басты талап Жолдау міндеттерін мүлтіксіз орындауға келіп тіреледі. Береке-бірлікке бастайтын биік белестерді бағындыруға солтүстікқазақстандықтардың күш-қуаты да, ерік-жігері де жетеді. – Əңгімеңізге рахмет.

Береке-бірлікке бастайтын биік белестер Солтүстік Қазақстан облысы əкімінің бірінші орынбасары Айдарбек САПАРОВ «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын жасампаздық жаңа межелер жайлы əңгімелейді. –Айдарбек Сейпілұлы, алдымен қазақстандықтардың қызу қолдауына ие болған тарихи құжат жайлы ой бөліссеңіз. – 2012 жылдың 14 желтоқсаны ел та рихындағы айтулы оқиғалардың бірі ретінде есте қалары күмəнсіз. Дəл осы кү ні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті Жолдауын жариялап, ел дамуының ұзақ мерзімге арналған биік белестерін белгіледі. Сол түстікқазақстандықтар да Жолдауды жасампаздық құжаты ретінде қабылдап, жарқын жеңістерге лайықты үлестерін қосуды абырой санап отыр. Стратегиялық бағдарлама еліміздің болашағына болжанған əлеуметтікэкономикалық даму қадамдарын саралаумен қатар, жалпы адамзатқа қатысты проблемаларды талдап беруімен ерекшеленетінін айта кеткен жөн. «Жаңа сын-қатерлерді лайықты қабылдау үшін ендігі жерде Қазақстан-2030» Стратегиясының аясы жеткілікті емес. Біз жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, 15 жыл бұрынғыдай кезекті дүниетанымдық серпіліс жасауымыз керек», деуі Елбасының қилы уақытқа, дағдарысты кезеңге орайластырып Қазақстанды одан əрі мықты мемлекет ретінде қалыптастыру, əлемдік өркениет көшіне қосу ұлы арманының рет-ретімен жүзеге асып жатқанын тағы бір айғақтап берді. Басты байлығымыз – қысқа уақыттың ішінде қуатты да табысты мемлекет құра білгеніміз. Тарихи жеңістеріміз бен жеткен жетістіктеріміз көп. Елбасы енді алдымызға 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, сөйтіп, əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу секілді асқаралы асуларды бағындыру міндеттерін жүктеді. – «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру жəне жүзеге асыру бағытында қандай жұмыстар атқарылуда? – Елбасы жарты ғасырға жуық мерзімді қамтитын Стратегия шеңберінде өңірлік билік орындары алдына да нақты талаптар белгіледі. Іргелі құжат жұртшылық назарына ұсынылғаннан бастап үлкен қолдауға ие болды. Елбасы биік мінберден сөйлеген сөзінде «Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық эко номикамыздың, азаматтық қоға мымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы», деп атап көрсетті. Құрамына 700-ден астам мүшелер топтасқан жергілікті ақпараттықүгіт топтары жүздесулерге, дөңгелек үстелдерге, тақырыптық пікіралысуларға жұртшылықтың əралуан өкілдерін кеңінен тарта отырып, Жолдаудың мəн-маңызын, «Қазақстан-2050» Стратегиясына əркімнің қосар үлесін, еліміздің əлемдік бəсекедегі орнын нақты мысалдармен ұғындыруға белсене атсалысарына сенімдіміз. Ведомство басшыларына елді мекендерде жиі болу, проблемаларға назар аудару, бақылауға алу, арыз-шағымдар мен ұсыныс-пікірлерді ескерусіз қалдырмау, сұрақтарға барынша ашық, айқын жауап беру секілді жауапкершілік жүктелген. Облыстың республика өмірінде алатын өз орны бар. Мемлекет басшысы «Солтүстік Қазақстан облысы өте зор мүмкіндіктерге ие жəне барлық жігерлі бастамаларды өмірде жүзеге асыруға қабілетті. Облыстың елдің ең ырғақты дамып отырған аймақтарының бірі екеніне сенімдімін», деп тұрғындарымыздың ұйымшылдығын, бірлігін, қажырлы еңбегін жоғары бағалаған болатын. Жолдауда жаңа қазақстандық патриотизм – көпұлтты жəне көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі екені айтылып, қоғамдық келісімді

сақтау жəне нығайту мемлекет ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты ретінде атап көрсетілді. Көпұлтты өңір екенімізді мақтаныш тұтамыз. Артықшылығымыз да, қуаттылығымыз да осында. Жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері этносаралық келісімде татутəтті өмір сүріп, шынайы достықтың ұлы күшін танытып келеді. Қол жеткен табыстарымыз бірлігі мен тірлігі жарасқан ынтымақ пен қажырлы қимылдың арқасында дер едік. Былтырғы қуаңшылық жылы гектар берекелігі 12,9 центнерден айналып, 4,9 миллион тонна астық жиналды. Сөйтіп, республика бойынша жиналатын өнімнің 28-30 пайызын өндіретін дəрежеге жеттік. Десек те, қол жеткенге тоқмейілсуге əсте болмайды. Игерілмеген мүмкіндіктер мен ішкі резервтер аз емес. Жолдауда ауыл шаруашылығын, əсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғыртулар қажеттігі өзекті мəселе ретінде аталды. Соған орай егістік түсімін, ең алдымен, жаңа технологиялар есебінен көтеру, жер өңдеу мəдениетін өзгерту, жаңа ғылыми, технологиялық жетістіктерді енгізу секілді ауқымды шараларды атқаруды қарастырып отырмыз. Біз жыл сайын 1,5-2 миллион тонна астықты алыс-жақын елдерге сатып жүрміз. Енді астық өндірісін əртараптандыру міндеті тұр. Сондай-ақ, тарихи құжаттағы аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындау тапсырмасына сəйкес үлкен сұранысқа ие теріскейдің сапалы бидайы мен ұнын ұлттық брендке айналдырсақ деген ойымыз бар. Ресеймен жəне Беларусьпен бірге Біртұтас экономикалық кеңістік құрғалы экономикалық, сауда-саттық əріптестік көкжиегі кеңейіп, интеграциялық байланыстар бəсекелестік қарымын арттырудың маңызды факторына айналды. Өңірімізде мал шаруашылығы да өркендеп келеді. Республикада сүт пен жұмыртқа өндіруден бірінші, еттен екінші орынды иеленеміз. «Ірі қара малы етінің экспорттық əлеуетін дамыту» жобасы қоғамдық мал басын өсіруге, табындарды асыл тұқымды малдармен толықтыруға үлкен серпін бергенін айта кеткен орынды. Соңғы екі жылда 37 мың бас ірі қара малы, оның ішінде 6,5 мыңы шетелдерден сатып алынды. 9 асыл тұқымды репродуктор шаруашылық, 3 бордақылау алаңы құрылды. 2015 жылға дейін 10 мың басқа арналған бордақылау алаңдары, 4 мың басқа шақталған репродуктор шаруашылықтар, 12100 басқа лайықталған фермерлік қожалықтар ұйымдастырылады. Жолдауда айтылғандай, əлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру, мал шаруашылығындағы дəстүрлерімізді жаңғырту əлеуетіне ие болуға тиістіміз. – Отандық өнімдердің сапасын жəне бəсекелестік қарымын арттырудың қандай жолдарын қарастырып отырсыздар? – Елбасының кешенді əзірліктер мен сауатты жоспарлауға тас-түйін жұмылдыруының арқасында дағдарыс салдары еліміз үшін ауыр соққан жоқ. Жолдауда ХХІ ғасырдың əлемдік он сын-қатері атап көрсетіліп, оның кез келген көрінісіне жанжақты дайын болуға сақтандыру əлемдік қаржылық жүйенің əлі де босаңдығын, кез келген уақытта дағдарыс дауылы соғу мүмкіндігін байқатса керек. Соған орай Президент мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген, үйлестірілген бағытын ұсыну арқылы пайда түсіру, инвестициялар мен бəсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген экономикалық прагматизм жаңа бағыттың экономикалық саясаты екенін негіздеп, 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен атқарылатын маңызды мəселелерді екшеп берді. Жеті

Əңгімелескен Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Діни сенім бостандыєы саќталады (Соңы. Басы 1-бетте). Сондай-ақ, жоба аясында мемлекеттік қызметшілерге, үкіметтік емес ұйымдар мүшелеріне жəне адвокаттарға арналған семинар-тренингтер Шымкент, Астана, Қарағанды жəне Атырау қалаларында өткізіліпті. Тренингті өткізушілер мұндай шаралар діни сенім-наным бойынша халықаралық стандарттарды кеңінен жария ету мен оларды Қазақстанда тəжірибе

жүзінде пайдалануға өз ықпалын тигізеді деген сенімде. Жалпы, зерттеушілер заңнамада ислам мен православиенің айрықша рөлі халықаралық нормаларға қайшы келмейтіндігін, өйткені, бұлар еліміздегі дінге сенушілердің 95 пайызын қамтитындығын алға тартты. Сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ның ұстанымындағы жəйттер ескеріліп, басқа дінге де сенушілер құқы сақталатыны көлденең тартылды.

Аймаќта ауыс-тїйіс болды Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысында біршама кадрлық өзгерістер болды. Облыс əкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды. Олар: Рзақұл Нұртаев, Ақмарал Əлназарова жəне Нұржан Əлібаев. Рзақұл Сəденұлы бұрын да облыс əкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ендігі жерде Р.Нұртаев аймақтың ауылшаруашылық саласына жауапты болмақ. Осы уақытқа дейін Қызылорда медициналық колледжінің директоры болған Ақмарал Əлназарова əлеуметтік сала мен ішкі саясат мəселелеріне басшылық жасамақ. Ал Нұржан Əлжанов облыстағы құрылыс саласы мен төтенше жағдайларды қадағалайды. Жаңа кадрлық ауыс-түйістер барысында Қызылорда қаласының əкімі де ауысты. Шаһарға Шиелі ауданының əкімі болған Нұрлыбек Нəлібаев тағайындалды. Шиелі – Қызылорда облысының маңдайалды аудандарының бірі. Осы ауданның гүлденуіне, өсіпөркендеуіне бір кісідей еңбек сіңіріп, елдің батасын алған Нұрлыбек Нəлібаев еді. Ендігі жерде Нұрлыбек Машбекұлы Алашқа астана болған Ақмешітті түрлендірмек. Шиелі

ауданына білікті басшы, білгір ұйымдастырушы, кезінде қаланы басқарған, одан соң Қармақшы ауданында əкім болған Мұрат Ергешбаев барды. Осыған дейін қалаға басшылық жасаған Мархабат Жайымбетовтің ісі мен іскерлігіне жұртшылық дəн риза. Көлікпен келе жатқанда аяғыңды тығып алатындай тесік жолдарды бүтіндеді. Қаланы абаттандырды. «Сыр Ана» монументі, «Сыр сүлейлері» аллеясы, «Абай» сквері секілді қаланың көркін кіргізген мəдени орындарды тұрғындар игілігіне тапсырды. Бұдан былай Мархабат Жайымбетұлы Арал ауданын басқарады. Қызылорда облысы, оның ішінде Арал өңірі Елбасының ұдайы назарында екенін білеміз. Ел мен Елбасы тағдырына бей-жай қарамайтын аймақты жаңа əкім жаңаша дамытады деген ойдамыз. Қазалы ауданында да əкім ауысты. Бір кездері ауылшаруашылық басқармасының тізгінін ұстаған, онан соң облыс əкімінің орынбасары қызметін аброймен атқарған Бақыт Жақанов Қазалының жаңа əкімі болды. Ал бұған дейін аталған ауданға жетекшілік еткен Мұрат Имандосов Қармақшыны қолына алды. ҚЫЗЫЛОРДА.

Арыс кґркейіп келеді Жуырда Арыс қаласының Батырлар алаңында игілікті ісшара өтті. Бұл күні қала əкімінен оқушыға дейінгі барша дүйім жұрт қала орталығында қылқан жапырақты арша талын егіп, отырғызды. «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы, ішкі саясат бөлімі мен Жастар орталығының бірлескен жобасының негізгі мақсаты жастар мен зиялы қауым арасындағы қарым-қатынасты нығайту əрі қаламызды көркейту мен абаттандыруға үлес қосу, осы игі істе барша қауымды біріге жұмыс жасауға шақыру болатын. «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» деген сөз бар. Бұл табиғат-анаға деген халықтың шынайы ықыласынан туса керек. Жасыл желек ағаштың қоршаған ортаға берер пайдасы орасан. Біріншіден, ылғалды сақтайды, екіншіден, аптап ыстықта сая болады, үшіншіден, шаң-тозаң мен көмірқышқылын жұтып, адамға қажет оттегін бөледі. Міне, мұны қазір барша халық жете түсінеді. Алаңға халық көп жиналды. Қала əкімінен бастап, мəслихат депутаттары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, мекеме-ұжым басшылары, кəсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен жастар келіп, шараға бір кісідей атсалысты. Темір жол вокзалынан қаланың орталығына бастау алатын Батырлар алаңының шығыс жақ бетіне – Əйтеке би көшесінің бес қабатты тұрғын үй алдына, яғни көше бойына отыз түп қылқан жапырақты тал отырғызылды. Көктем шықпастан қыс ауасында бұл не тал отырғызу деген сұраққа бірден жауап бере кетейік, мамандар күз немесе қыс ауасында күннің жылы кезін пайдаланып отырғызған талдар тез жетіледі деген пікірде. Қыс кезіндегі ауа райының қолайлы сəтін ұтымды пайдаланған арыстықтар көркейту мен абаттандыруға тал егу арқылы үлес қосты жəне осылайша жастарға өнеге болар игі іске мұрындық болды. Тал егуден оқушылар да,

ұстаздар да, ардагер ұрпақ өкілдері де тыс қалмады. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара еңбек етті. Арыс қаласының əкімі С.Ертай мен қалалық мəслихат хатшысы Қ.Баймырзаев атқарылып отырған игілікті істің мəні мен мағынасына тоқталып өтіп, шараны қолдаған көпшілікке алғыстарын жеткізді. Сөз алған белсенді жас Б.Ибрашев пен №11 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектептің үздік оқушысы С.Нүрби де адам табиғаттың бір бөлшегі болып табылатынын, сондықтан да оны қорғау, сақтау жəне аялаудан жастар да қалыс қалмайды деп сендірді. Қаланың көркеюі мен абаттануына бүгінгі таңда қала басшылығы қызу кірісіп отырғанын көпшілік жұрт, əрине, көріп, біліп отыр. «Арыстың қала мəртебесі бар. Ендеше, темір жол вокзалынан түскен жолаушы қаланың екінші басына жеткенше оның нағыз қала екенін сезінуі керек», деді қала əкімі. Аталмыш шара көркейту мен көгалдандырудан да бөлек тағы бір қырымен ерекшеленді. Бірлік бар жерде тірлік болатынын тағы бір айғақтады. Ерлан ҚУАНДЫҚОВ, журналист. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы.

Сўранысќа сай кїнбаєыс майы (Соңы. Басы 1-бетте). Аудан əкімі Нұрлан Күлжанның айтуынша, ауданда биыл «Жас Нұр» серіктестігі Бобровка ауылдық аумағында суармалы дақылдарды өсіретін алқап, «Изоклинкерkz» серіктестігі Германияның Клинкер фирмасының технологиясы негізінде керамикалық плиткалар, «Ержан» фермерлік

шаруашылығы бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге арналған зауыт ашпақшы, яғни 3 инвестициялық жобаны іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Кəсіпорын басшысы Жасыбай Нығмановтың айтуынша, өнім сапа жағынан да жоғары бағаға ие. Қажетті өндірістік құралжабдықтар Түркиядан жеткізілген. Павлодар облысы.


 Келешектің қуат көзі

Тўраќтылыќ табысы Қоғамдағы тұрақтылық қазіргі заманда ең қымбат та басты құндылық. Соңғы 15-20 жылдағы дүниедегі əртүрлі құбылыстар қоғам тұрақтылығына өте үлкен əсер етіп отырғанына əбден көзіміз жетті. Тұрақтылығынан айырылған қоғам ел-жұрты сеңдей соғылып, ертеңге деген сенімнен үміт үзген қоғам.

Қоғамдағы тұрақтылық жер қойнауындағы қазба байлыққа, халық санына, не ел мекендеген жер аумағы мен жағдайына байланысты емес. Қоғамдағы тұрақтылықтың мызғымас негізі – мемлекеттің салиқалы саясатын қалыптастырған, оны іске асырып отырған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың парасаттылығы. Болашаққа айқын болжам жасап, халқының күш-қайратын ел игілігіне асырудың сара жолын табуы. Қоғам тұрақтылығының жемісі мем ле кет тің ішкі-сыртқы саясатымен көрші елдердің санасуы, дүниежүзілік ұйымдардың ісіне белсене араласуы, өз пікірі мен бастамаларын халықаралық деңгейде жүзеге асыра білуі. Біз жиырма жылда жеткен осындай жетістікке жүздеген жыл тарихы бар мемлекеттердің өзі əлі күнге дейін қол жеткізе алмай отыр. Шүкіршілік, тəуелсіз еліміз аса маңызды халықаралық ұйымдардың жұмыстарын өте жоғары жауапкершілікпен өткізіп əлемге аттары мəлім, тəжірибесі мол сарапшылардың лайықты бағасын алды. Осының бəрі Елбасының сарабдал саясатының негізінде қоғамда орын алған тұрақтылықтың жеңісі мен жемісі. Күні кеше Париж қаласында ЭКСПО көрмесінің 2017 жылы Астанада өткізілуі туралы шешім қабылдануы да еліміздің мерейін көтеріп отыр. Бұл Елбасымыздың абыройы мен беделін дүние жүзіне белгілі қауымдастықтың құптауы мен қолдауы. Жер шарының алтыдан бір бөлігін жалпағынан басқан, алпауыт, қабағына дүниенің тең жартысы қараған Кеңес өкіметінің еншісі болмаған жетістік бүгін іргелі ел болған қазағыма сеніп тапсырылғанына қалай қуанбаймыз. Бұл жағдай ең алдымен, Елбасын қолдаған қазағымның ауызбірлігінің, ел кəсіпкерлері ынтымағының, ел басқарып отырған азаматтардың табандылығының жетістігі! 150 жылдық тарихы бар халықаралық көрмені өткізу құқығына ие болу біздің мемлекетіміздің жоғары мəртебесі мен беделінің əлемдік қоғамдастыққа танылуына жəне Қазақстанның халықаралық деңгейде алға жылжуына ықпал ететін

Кеше ертеңгісін Челябі облысының аумағында метеорит құлауы салдарынан жарылыс болды. Ресей ішкі істер министрлігінің таратқан мəліметтеріне қарағанда, қуатты жарылыс салдарынан мектептер мен балабақша терезелерінің əйнектері сынған.

Старт беру алаңын жетілдіру Иран инженерлерінің немесе ирандық технологияның көмегімен жүзеге асырылатын көрінеді. «Тонхенің» көптеген элементтері Иранның «Семнан» кешеніне ұқсас келеді. Сарапшылардың пікірінше, құрылыс қарқыны бəсеңдемесе, нысанды жаңғырту 2016 жылға қарай, тіпті одан да ерте аяқталуы мүмкін. Анықталмаған деректерге қарағанда, нысанды кореялық жаңа КN-08 жəне «Мусудан» зымырандарын ұшыру үшін дайындауда.

40 жылдан астам уаќыт ґткен соѕ...

Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі 1972 жылы Солтүстік Ирландияда «қанды жексенбі» кезінде қаза тапқан жəне ауыр жарақаттар алған адамдарға өтемақы төлейтін болды. Бұл жөнінде «Франс-пресс» агенттігі хабарлады.

болады. Осындай ауқымды іс-шаралар өткізу шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуына елеулі серпін берері сөзсіз. Көрме Астанамыздың одан əрі көркейіп, сəніне сəн, салтанатына салтанат қосатын болады. «Болашақ энергиясы» деген көрме тақырыбы əлемдік қауымдастықтың көкейтесті, көптен бері толғандырған қазіргі заманның ең өзекті маңызды мəселесі. Көрменің жетістігі ертеңгі күннің, болашақ ұрпақ пайдаланатын немесе іске асыратын энергетиканың балама көздерін игеру жолдары туралы болуында. Астана энергетика саласында үздік идеялар мен тəжірибелерді жинайтын, ғылым мен техниканың ең озық нəтижелерін ұсынатын орталыққа айналады. ЭКСПО көрмесін өткізу экономикалық

алып мемлекеттер еншісі. Осындай өте маңызды, аса жауапты шараны еліміздің абыроймен атқаруын тілеп, өз тарапымнан бірер тілегімді жұмыс тобының назарына ұсынбақшымын. Біріншіден, Елбасы атап өткендей, ұялы телефон байланысын, электронды құжат саласын, интернетті дайындау қажет. Дүниенің төрт бұрышын шарлаған, көргені көп, байланыс құралдарының мəн-жайын, мүмкіншілігі мен артықшылығын анасынан туа білетін шетелдік мамандар мен қонақтардың көңілінен шыға білейік. Екіншіден, бүгіннен бастап Астанамызды əдемілігі көз жауын алардай, таза қонақүйімен, жылы лебізді, күлім көзді қонақжай тұрғындарымен, дəмді де тəтті тағамы мол асхана, мейрамханаларымен,

«Егемен Қазақстан».

Маќсат – ЭКСПО-2017-ге їлес ќосу кешенінің президенті, Ұлттық инженерлік академияның академигі Ақсерік Əйтімов бастамашы болып келеді. Айталық, өңірде өткен жылы ғылыми-техникалық саланы дамытуға 700 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Жоғарыда айтылғандай, оның дені өндіріс пен өнеркəсіптік кəсіпорындарға инновациялық үдерістерді енгізуге бағытталған. Бүгінгі күні өңірдегі инженер ғалымдар таяу жəне алыс шетелдердегі əріптестерімен байланыстарды жаңа сапалық деңгейге көтеріп отыр. Орал өңірінде өткізіліп жүрген ғылыми-техникалық кеңестің жұмысына олардың қатысып өзара ой-пікір алмасуы тұрақты сипат алып келеді. Ұлттық-инженерлік академия бөлімшесі ұйымдастырған соңғы мəжілістердегі басты əңгіме арқауы ЭКСПО-2017 көрмесіне озық инженерлік ғылыми ұсыныстар əзірлеу қажеттілігін туындатты. Бұған мəжіліске қатысқан шетелдік ғалымдар да қызығушылық пен мүдделілік танытты. ОРАЛ.

Метеорит кґпшілікті їрейлендірді

Солтүстік Корея елдің солтүстік-шығысында орналасқан «Тонхе» зымыран ұшыру алаңын қайта жаңғырту жұмыстарын бастады. Ақпарат құралдарының жазуынша, ұшыру алаңын алысқа ұшатын ірі көлемдегі зымырандар үшін дайындауда.

Бақберген АМАЛБЕК,

Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі тұтастай республика бойынша алғанда инженерлік ғылымды дамыту ісіне өз үлестерін қосып келеді. Мұнда тиісті ғылыми жұмыстармен шұғылдануға барлық жағдайлар туғызылған. Бөлімше жанындағы ғылымитехникалық кеңеске тар өрістілік емес, керісінше, жаңаша иннова ция лық көзқарастар тəн. Инженерлік ғылым шекара таңдамайды. Осы тұрғыда бөлімше ғалымдары ғылыми жұмыстар мен ізденістерді көршілес ресейлік əріптестерімен тығыз интеграциялық байланыста жүргізіп келе жатқаны да құптауға əбден лайықты. Сондай-ақ, өңірдегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға да жергілікті инженер-ғалымдар қосқан үлес қомақты. Мұнда ғылыми жаңалықтар мен жаңа технологияларды өндіріске енгізуден алынған пайда мен тиімділік өте жоғары. Бұған КазИИТУ ғылым-білім

Əлем жаѕалыќтары

Ќайта жаѕєырту жўмыстарын бастады

құлақ құрышын қандыратын əнімен, күмбірлеген домбырасы мен ілтипатты қызметімізді келген қонақтардың есінде қалатыңдай етіп дайындайық. Қонағын құдайындай сыйлаған халықпыз. Үш ай бойы 5 миллионға жуық қонақ қазағымның табиғатына таңғалып мəдениетімен, өнерімен танысып, қызметімізге риза болып, қимас достай қоштасып, тағы бір келуге қол беруі үшін барлығымыз Елбасымыздың ойын іске асыру үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз қажет, ағайын. Төлеген ИБРАЕВ, Мəжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі.

«Көкше» академиясы тарапынан «Жеке батыр» қонақ үй кешені негізінде Қазақстанда бірінші болып құрылған Туризм жəне қонақжайлылық жоғары мектебінде аймақтық ұлттық тағамдар фестивалі өткізілді. Оны Қазақстан кулинарлар ассоциациясының президенті, халықаралық дəрежедегі төреші, Ресейдің «Ілтипат белгісі» жоғары наградасының иегері Елена Мащинская мен «Көкше» академиясының ректоры Жанат Қасым ашты.

«Егемен Қазақстан».

ШАРАЙНА

«Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, метеорит құлаған аумақтарда биік ғимараттардың, мектептер мен балабақшалардың, басқа да нысандардың əйнектері сынған. Соңғы мəліметтерге қарағанда, метеорит құлауынан 100-ден астам адам жарақат алған. Ме тео ритті Челябі, Свердлов, Түмен жəне Қорған облыстарының тұрғындары да байқапты. Осыған байланысты Челябі əкімшілігі жергілікті тұрғындарды балаларын мектептерден алып кетуге шақырды.

«ЭКСПО» мəзіріне əзірлік

Темір ҚҰСАЙЫН,

3

www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

– Біз бұл форумды «Экспо-2017» көрмесіне дайындық ая сын да өткізгелі отырмыз, – деді ұйымдастыру комитетінің төрағасы, облыстық туризм, денешынықтыру жəне спорт басқармасы төрағасының орынбасары Шнарбек Батырханов. – Барша қазақстандықтарды Астана мыздың əлемдік деңгейдегі жеңісі жігерлендіріп отыр. Осынау орасан зор саяси оқиға астаналық облыс өкілдеріне де үлкен жауап кершілік жүктейді. Ақмола Қазақстанның туристік əлеуетін, халқымыздың қонақжайлық дəстүрлерін жарқырата көрсетуге атсалысатын болады. Бүгінгі фестивальдің маңызы да осында. Фестиваль сындарына таңдаулы 12 команданың 60 өкі лі қатысты. Бұлардың

қа та рында аймақтағы озық тамақтандыру мекемелерінің жəне облыстың оқу орындары өз шеберліктерін танытты. Қазылар алқасы тағамдардың дəмі мен сапалық ерекшеліктерімен қатар, ас мəзірінің құрамына, безендірілуіне, оны ұсыну мəнеріне айрықша назар аударды. Байқау шартына сəйкес, дəм əзірлеуде тек қана табиғи қоспалар пайдаланылып, оған қажетті өнімдер, тіпті, ыдыс-аяққа дейін мұқият тексерістен өткізілді. Алғашқы болып Бурабай ауданындағы «Экспресс» кафесінің 10 түрлі тағамы ұсынылды. Қазылар алқасы əзер байжан палауы мен гутаб бəлішіне жоғары баға берді. Ал, Щучье туризм индустриясы мен сервисі колледжінің оқытушысы Светлана Янченко бастаған «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру» бөлімінің оқушылары тағамға

толы үш үстел қойған екен. Оның біріншісі, күйеу-қалыңдық жоралғысына арналған «Махаббат» дəмі аталса, екіншісі, «Ренессанс» стилін, үшіншісі, жапон кухниясын паш етеді. – Ал, біздің «Той-Дастархан» ЖШС Көкшетаудағы №1 құрылыс-техникалық колледжінің əлеуметтік əріптесі ретінде болашақ аспаздар мен кондитерлерге тəжірибелік көмек көрсетіп, шеберлік-сыныптар сабағын өткізеді, – дейді Елена Мащинская. – Олардың біршамасы біздің кəсіпорында еңбек етіп жүр. Бүгін біз «Ел болашағы жастар қолында» жəне «Жыл сауғасы» аталатын тақырыптық ұсынымдар əзірледік. Байқау қорытындысында «Экспресс» кафесінің жұмыстары на бірінші орын берілді. Ал, Көкшетаудағы «Арай» кафесінің аспазы Эмин Дадашев, кон дитерлер Дария Добрилко, Анастасия Лейман, даяшылар Нұргүл Аманжолова мен Зəуірбек Таңатаров мамандығы бойынша үздік атанды. «Астана», «Еуразия» мейрамханалары мен «Арай» дəмханасы арнайы сертификатты жеңіп алды. Ақмола облысы.

Сол қанды оқиға болған күні қаза тапқан 13 жəне жараланған осынша адамның туғантуыстарына 50 мың фунт стерлингтен (77,5 мың доллар) өтемақы ұсынылады. Қорғаныс министрлігі осы мақсатқа 1,3 миллион фунт стерлинг бөліп отыр. Қаза тапқандардың кейбір туыстары бұл өтемақы мөлшеріне қанағаттанбағандық білдіруде. Ал қанды оқиға 1972 жылдың 30 қаңтарында Солтүстік Ирландияның Дерри қаласында болған еді. Парашютшілер батальонының əскерлері бейбіт шеру жасаушыларға қарсы оқ атып, соның салдарынан 13 адам мерт болып, 14 адам жараланған болатын.

Қысқа қайырып айтқанда:

 Қырғыз депутаты Турсунбай Бəкірұлы «Общественный рейтинг» апталығының тілшісі Эрик Исраиловқа қол жұмсады. Оқиға парламентарийдің өз қызмет бөлмесінде болған.  Əзербайжан президенті Ильхам Əлиев Исмаил ауданының басшысы Низами Алекперовты осы жылдың қаңтарындағы тəртіпсіздіктерге байланысты қызметінен босатты.  Ағылшындық зерттеуші, теңізге жүзуші жəне картограф Джеймс Куктің тапаншасы Австралияда өткен аукционда 227 мың АҚШ долларына сатылды.  Тайлық ерлі-зайыпты сүйісу ұзақтығы бойынша əлем рекордын жаңартты. Олар 58 сағат 35 минөт жəне 58 секөнт бойы сүйісіп тұрған.

Кїтпеген жерден дау шыќты

Египетте ел президентінің ұлын азаматтық авиация министрлігінде жоғары еңбекақы алатын жұмысқа қабылданғанына байланысты күтпеген жерден даудамай туындады. «Ассошейтед пресс» агенттігінің ақпаратына қарағанда, осыған байланысты министрлік арнайы мəлімдеме жасауға мəжбүр болған.

Мəлімдемеде ел президенті Мохаммед Мурсидің бес ұлының бірі – Омар Мурси əңгімелесуден өтіп, тиісті қызметке орналасқаны айтылған. Ал министрлікке қарасты агенттік қызметкерінің айтуынша, Омар Мурси жергілікті университеттердің бірін жақында ғана бітіріпті. Көп уақыт өтпей ол айына 5 мың доллар алатын жұмысқа орналасқан. Египетте түлектердің басым көпшілігі еңбек жолын 75 доллардан аспайтын мемлекеттік құрылымдарда бастайды екен. Айта кетейік, президент М.Мурсидің президенттік сайлауға түскен кездегі бағдарламасында өзінің жемқорлықпен жəне тамыр-таныстықпен аянбай күресетіндігі көрсетілген.

Хейгельдіѕ кандидатурасы ќолдау таппады

Республикашыл сенаторлар тобы АҚШ президенті Барак Обаманың елдің қорғаныс министрі қызметіне ұсынған Чак Хейгельдің кандидатурасына қолдау білдірмеді. Бұл жөнінде «Франс-пресс» ақпарат агенттігі хабарлады.

Дауыс беру қорытындысында Ч.Хейгельге сенаторлардың 58-і қарсы дауыс берген, ал оны сенаторлардың небəрі 40-ы жақтаған. Жақтап дауыс бергендердің басым көпшілігі демократтар. Осының алдында Пентагон басшылығына ұсынылған Чак Хейгельдің кандидатурасын АҚШ Сенатының қарулы күштер жөніндегі комитеті мақұлдаған болатын. Сенаттағы республикашылар фракциясы Хейгельді сенатор болған бір кездері Израиль атына сындар айтқан жəне ол Иранның ядролық бағдарламасына қатысты қатаң көзқарас ұстанбайды деп айыптайды. Сенаттың келесі отырысы бір аптадан соң өтеді.

Саяхатшы кеме жаєалауєа жеткізілді

Бес күннен бері Мексика бұғазында бұзылу салдарынан тұрып қалған «Карнивал Триумф» саяхатшы кемесі əрең дегенде жағаға жеткізілді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, кеменің бортында 3143 жолаушы жəне 1086 экипаж мүшесі болған.

Кейін белгілі болғандай, кеменің машина бөлімшесінен өрт шыққан, ол электр жүйелерін бүлдірген. Соның кесірінен лифтілер мен кəріздер жұмыс істемей қалыпты. Басқа да проблемалар туындаған сияқты. «Карнивал» саяхат компаниясы жолаушылардың барлығына билет құнын қайтаруға, 500 доллардан қолма-қол ақша беруге, олардың барлық көліктік шығындарын төлеуге, сондай-ақ, жолаушыларды тегін тағы бір саяхатқа алып шығуға уəде беріп отыр. Дегенмен, кейбір жолаушылар бұған қанағаттанбай, қомақты өтемақы төлеттіру үшін сотқа шағымданатындарын мəлімдеді. Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Интернет материалдары негізінде əзірленді.


4

www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

 Талқылау тағылымы

Жекеніѕ байлыєы жерімізде ќалсын десек... Мəжілістің соңғы отырысында мемлекет пен жеке меншік əріптестігін жетілдіруге байланысты жаңа формалар қолдану бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет пен жеке меншіктің əріптестігін жетілдіру – біздің елде күн тəртібінен түспей тұрған мəселенің бірі. Елдің ішінде, өз мемлекетінің қолдауы жəне қорғауының арқасында жүздеген миллион, тіпті миллиард доллар тапқан көптеген байлар Қа зақстанның экономикасына инвестиция салғысы келмейді. Өйткені, экономикалық тəуекелдің күштілігінен, заңдардың жетілмегендігінен қаражатымнан айырылып қаламын ба деп қорқады. Сон дықтан бар тапқанын сыртқа шығарып, басқа елдердің экономикасына инвестиция салады немесе шетелдерден миллиондаған долларға жылжымайтын мүліктер сатып алып, соны жалға беріп, жамбастан жеп жата беруді ғана біледі. Егер сол миллиондар Қазақстанның өз ішінің дамуына қызмет ететін болса, біз елге аса қажетті мыңдаған жобаларды іске асырар едік. Мемлекеттік жəне жеке меншік капиталдың қатысуы арқасында жүзеге асуға тиісті жобалар туралы алғашқы «Концессиялар туралы» Заң сонау... 1991 жылдың аяғында, Қазақстан тəуелсіздігін алған елеңалаң шақта қабылданған болатын. Содан бері оған бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Соның өзінде жеке меншік капиталды елге қажетті ортақ іске мемлекетпен бірге жұмылдыру оңай болып тұрған жоқ. Енді мына заң жобасы сол проблеманы біршама шешуді мақсат етеді. Заң жобасы туралы баяндама жасаған Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев заңнамалық құжат мемлекет пен жеке меншіктің арасындағы əріптестікке институционалдық жəне келісім-шарттық жаңа формалар енгізуге, сондай-ақ ғылым, білім беру, денсаулық сақтау жəне т.б. салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүм кін дік беретінін айтты. Əсіресе, əріптестіктің əлеуметтік бағыт алатын жобаларын іске асыруға жеке меншіктің

қызығушылығын арттыратыны да сөз болды. Министрдің баяндамасынан кейін сұрақтар жауып кетті. Депутат Гүлнəр Ықсанова мемлекеттік жеке меншік əріптестіктің тендер жариялау арқылы іске асырылатын мемлекеттік сатып алудан қандай айырмашылығы барын сұрады. Оған мемлекеттік жеке меншік əріптестіктің ұзақ жылдарға есептелетіні айтылды. Біздің елде ол 15 жылдан 30 жылға дейін созылуы мүмкін екен. Оразкүл Асанғазы концессиялық міндеттерді шектеудің көлемі қандай болмақ деген сауал тастады. Оған ІЖӨ-нің 5 пайызына дейінгі көлемде концессиялық міндеттемелер жүктеуге болатындығы көлденең тартылды. Бірақ бұл лимит өзгеріп тұратын көрінеді. Депутат Азат Перуашев концессиялық келісімдер арқылы іске асқан 2-3 жобаны атап бере аласыз ба деген нақты сұрақ қойды. Оған министр концессиялық келісімдер арқылы іске асырылған бірде-бір жоба жоқ екенін айтты. Сондықтан да біз осы бағыттағы заңнаманы жетілдіруді көздеп, сіздердің алдарыңызға келіп тұрмыз. Темір жол саласында осы келісім-шарт бойынша іске асырылмақ жоба аяқталмай қалып, оның келтірген шығынын əлі күнге бюджет тарапынан жабуға мəжбүр болып отырмыз, деді министр. Сонымен бірге, ол Елбасының жаңа тапсырмаларына сəйкес ұсынылып отырған заң жобасына да өзгерістер əзірленетінін жеткізді. Бұл сөз депутат Владислав Косаревтің шамына тиіп кеткен болуы керек, ол: «Бізге осындай шала дайындалған заң жобасын неге əкелесіз, одан да барынша же тілдіріп бір-ақ ұсынбайсыз ба?», – деп шап ете қалды. Өзінің қолдарымен сомдап, ұзақ уақыт жарақтаған дүниесін шала деп жатқанға министрдің де шыр-пыры шықты. Мен заң жобасын шала, кемтар дегенмен келіспеймін. Бүгінгі күнгі қолданыстағы заңнама мен əріптестікті жетілдіре алмағандықтан, біз осы жаңа заң

 Əріптестік əлеуеті

Жўмыс їйлесімді болєанда ўтымды

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен 2013-2015 жылдарға арналған парламенттік дипломатияны дамыту Жол картасын келісу мақсатында жұмыс отырысы болып өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырыс жұмысына Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, Мə жілістің Халықаралық қатынастар, қор ғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төр аға сы Мəулен Əшімбаев, сенатор Мұхтар Алтынбаев, Мəжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Владислав Косарев, Жұматай Əлиев, Азат Перуашев, Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко, сонымен қатар, Сенат пен Мəжіліс аппаратының қызметкерлері мен сыртқы саясат ведомствосының өкілдері қатысты. Кездесу барысында парламенттік дипломатияны дамыту, Парламент пен Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара ықпалдастық пен жұмысты үйлестіру мəселелері қарастырылды. «Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның əлемдік қоғамдастықтағы өскен беделін жəне жаңа ғаламдық сындар туралы айтып өтті, бұл өз кезегінде еліміздің сыртқы саясатын жаңғырту мен дипломатияны жүргізудің жаңа формаларын қолдануды талап етеді. Отырыс нəтижесінде қатысушылар сыртқы саясатты дамыту бойынша келісілген жұмыстар жүргізу мен шетел парламенттерімен ынтымақтастықты белсенділендіруге келісті.

жобасын ұсынуға мəжбүр болып отырмыз. Ал келесі жолғы жобада біз əріптестікті одан əрі жетілдіруді көздейтін боламыз. Бізде төрт аяғын тең басқан ешқандай да заң жоқ, бəрі де жетілдіріліп жатыр емес пе, деді Е.Досаев. Талқылау барысында сөз алған депутат Рамазан Сəр пеков заң жобасының маңыз дылығы депутаттардың белсене қатысқанынан да көрініп отырғанын айта келіп, одан əрі 2006 жылы «Концессиялар туралы» жаңа Заңның қабылданып, ол қызу талқыға салынғанын еске алды. «Содан бері осы заңды қолданып, елімізде жасалып жатқан əрекеттерді көре алмай отырмыз. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралінің Қытай шекарасынан Алматыға дейінгі 304 шақырымдық жолы концессиялық келісім-шарттың негізінде іске асырылады делінген еді. Бірақ сол құжат бойынша бір шеге де қағылған жоқ. Мүдделі органдар оның себебін анықтап, келісімшартты орындамаған тарапты неге жауапкершілікке тартпады? Соған заңның талабы жетпей отыр ма? Енді мына заң сондай олқылықтардың орнын толтырса игі», деді ол. Басқа да бірнеше депутат заң жобасының қажеттілігі туралы өздерінің пікірлерін жеткізді. Оқырманға түсініктірек болу үшін бізде мемлекет пен жеке меншік əріптестігін ұйым дастыра тын арнайы орталық бар екенін де айта кеткіміз келеді. Ак ционерлік қоғам формасында құрылған бұл орталық мемлекет тарапынан өкілетті орган болып саналады. Қазір ол Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігіне бағынады. Осы күнге дейін орталық мемлекет пен жеке меншік капиталдың қатысуы арқылы іске асырылуға тиісті құны 80 млрд. теңге болатын алты ірі жобаны қолға алған. Оның ішінде Шар стансасынан Өскемен қаласына тартылатын темір жол, Ақтау халықаралық əуежайының жолаушылар терминалы, Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы газтурбиналық электрстанса жəне т.б. Бірақ бұлардың біреуі де əлі күнге іске асырылған жоқ. Енді мына заң жобасы қабылданса, бəлкім, мемлекет пен жеке меншік əріптестігі жанданатын шығар...

 Демократия – даму даңғылы

Ќазаќстандыќ сенатор

Армениядаєы президенттік сайлауды байќауєа ќатысады

Қазақстан Республикасы Пар ла менті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының құрамында Армения Республикасы президентін сайлауға əзірлік жəне оның өтуін байқауға қатысады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

 Фотокүнделік

 Сізді не толғандырады?

«Су – тілсіз жау» Халќымызда осындай ўстаным бар екенін ўмытпайыќ

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Жаңа жоба жайында

Жаѕарту – заман талабы

Парламент Мəжілісінің Заңнама жəне сот-құқықтық реформа комитеті «Жол жүрісі туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізді.

Шараға Парламент Мəжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко қатысып, палатаның Заңнама жəне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев кіріспе сөз сөйледі. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, аталған комитет мүшесі, Мəжіліс депутаты Рамазан Сарпеков таныстырылымды жүргізді. Үкімет ұсынып отырған заң жобасымен парламентшілерді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кенбаев таныстырды. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» қолданыстағы Заң қабылданғалы бері 16 жыл өтті. Содан бері Жол жүрісі туралы конвенция ратификацияланды. Енді ұлттық заңнаманы халықаралық шарттардың нормаларына сəйкес келтіру қажеттілігі туындады. Аталған заң жобалары жол жүрісі жəне оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді күшейту, жол жүрісін ұйымдастыру жəне оның қауіпсіздігін арттыру саласында жаңа басқару əдістерін енгізу, жол жүрісіне қатысушылардың құ қықтары мен міндеттерін

заң намалық деңгейде реттеу мақсатында жасалған. Атап айтқанда, заң жобасында республика аумағында айы ру белгісі мен Қазақстан Республикасының Туы бейнеленген жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін енгізу жəне 7: А,В, С, D, BE, CE, DE санаты мен 6: А1, В1, С1, D1, C1E и D1E кіші санаттары бар жаңа үлгідегі жүргізуші куəліктерін енгізу көзделген. «Жол жүрісі туралы» заң жобасының негізгі ережелері алты бағыт бойынша бекітілді. Олар: Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік басқару жүйесі, Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Жолдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Жол жүрісіне қатысушылардың қазіргі уақытта заңға тəуелді нормативтік-құқықтық актілермен реттелетін құқықтары мен міндеттерін заңнамалық түрде бекіту жəне Жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру. Бұл көлік құ рал дарына рұқсат беруді рет тейді: сəйкестікті растау; мемлекеттік тіркеу; көлік құралда рын міндетті техникалық қарап тексеру; адамдарға көлік құралдарын жүргізуге рұқсат

беру: көлік құралдарын жүргізу құқығына куəліктерді беру, көлік құралдары уақытша иелікке жəне пайдалануға берілген адамдарды тіркеу. Автомобиль жолдары – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Заң жобасында жолдарды жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп ұстау жəне басқару кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптары, жолдардың жағдайына жауапты лауазымды жəне өзге тұлғаларға қойылатын талаптар, жолдарда жол жəне басқа жұмыстарды орындайтын субъектілерге қойылатын талаптар көзделген. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасында қолданыстағы заңнама негізгі заң жобасына сəйкес келтіріледі. Заң жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, құқықтық жəне эко номикалық сараптамалар жүргізілді. Заң жобасының таныстырылымында Ерген Дошаев, Розақұл Халмұрадов, Гүлнəр Сейтмағанбетова, Майра Айсина, Алмас Тұртаев, т.б. депутаттар баяндамашыға сұрақтар беріп, өз пікірлерін білдірді. Заң жобасына қосылатын алдағы ұсыныстар мен толықтырулар жұмыс тобының отырыстарында айтылып, жазбаша түсірілетін болды. Сəуле ДОСЖАНОВА, журналист.

 Руханият

Їздіктерге тґсбелгі табыс етті

Жуырда Сəкен Сейфуллин мұражайында Парламент Мəжі лісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков өнер шеберлері Оспан Сүлейменов пен Бақытжан Дүйсенғалиевке Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті. Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

«Қазақтың қасиетті күй өнерін насихаттап жүрген бұл өнер саңлақтарына қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Мəдениет жəне ақпарат министрлігі беріп отырған бұл атақ осындай еңбек сіңірген өнерпаздар еңбегінің жемісі

деп білеміз. Оспан ағамыз жайында айтар болсам, əлемнің отыздан астам елінде оркестрмен қазақтың күй өнерін танытып, жас дарындардың жолын ашқаны біз үшін үлкен мақтаныш. Зейнет жасынан асып кетсе де өзінің ізденімпаздығымен, еңбекқорлығымен елорда жұртшылығының ыстық ықыласына бөленген абзал азаматқа шығармашылық қуатыңыз молынан болсын дегім келеді», – деді Парламент Мəжілісінің депутаты Ж.Ахметбеков. Сондай-ақ үздіктерді құттықтаған аталған мұражай директоры, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лау реаты Несіпбек Айтұлы О.Сүлейменов шығармашылығына тоқталды. «Сəкеннің аруағы бір риза болса, осы Оспанға риза шығар. Неге десеңіз, қаншама уақыттан бері жас ақындар клубын

құрып, осы мұражайда олардың басын қосып, шығармашылықтарын шыңдауда ақысызпұлсыз қызмет етіп келеді», – деді ол. АСТАНА.

-------------------------------------

Суретті түсірген Сұлтан СЕЙІТОВ.

 Ізденіс іздері

Жауапкершілік тікелей кґлік иелеріне жїктеле ме? Жеңіл автокөліктердің техникалық байқауын алып тастау туралы «Ақ жол» депутаттарының ұсыныстарын Жол полициясы комитеті қарауға дайын – бұл туралы ЖПК төрағасы Берік Бисенқұлов Мəжілісте «Жол жүрісі туралы» заң жобасын таныстыру барысында «Ақ жол» депутаттары Меруерт Қазыбекова мен Алмас Тұртаевтың сұрақтарына жауап бергенде мəлімдеді. «Ақ жол» фракциясының үстіртін өткізілетін техникалық депутаттары бұған дейін жеке байқау көлік құралдарының пайдаланудағы жеңiл ав- техникалық жарамдылығына токөлiктер жəне мотоцикл- маңызды əсері жоқ. Бұл дер үшiн техникалық бай- көрсеткіштер көп жағдайда қау дан өтуді алып тастау- жеке көлігінің жарамды болуы ды ұсынғанын еске саламыз. үшін көлік иесінің жеке өзінің Фракция депутаттарының пікі- алаңдауы есебінен қамтамасыз рінше, «қазіргі кезде көбінесе етіледі». Сонымен қатар, талдау

көрсеткендей, жеке авто көліктердің техникалық жарамсыздығының салдарынан болған жол-көлік оқиғалары туралы статистикалық мəліметтер жоқ деуге болады. «Ұсынылып отырған жеке пайдаланудағы жеңіл ав токөліктер жəне мотоциклдер үшін техникалық байқауды алып тастау көлік əуесқойларын пайдасыз ауыртпалықты рəсімдерден босатады жəне онымен байланысты əкімшілік кедергілерді жояды», деп есептейді фракция жетекшісі Азат Перуашев.

«Ақ жол» фракциясымен тиісті түзетулер дайындалған жəне көлік мəселесі жөніндегі заң жобасы бойынша Жұмыс тобының қарауына жіберілген. Алайда, Жұмыс тобының мүшелері бұл түзетулерді «Жол жү рісі туралы» заң жобасы шеңберінде қарауды ұсынып отыр. ЖПК төрағасы Берік Бисенқұлов депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, техникалық байқауды өткізу бойынша барлық мəселелер, оның ішінде əлемдік практиканың да зерделенгенін

атап өтті. Оның айтуынша, кейбір елдерде жауапкершілік тікелей көлік құралдарының иелерінің өздеріне жүктелген. «Қазіргі уақытта жолаушыларды таситын көліктерге, жүк көліктеріне жəне жарылуға қауіпті заттарды таситын көлік құралдарына техникалық байқаудан өтуден бас тарта алмаймыз. Ал жеке тұлғалар бойынша біз диологқа дайынбыз», деп атап өтті Жол полициясы комитетінің төрағасы. «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы «Жол жүрісі туралы» заң жобасына ұсыныстар əзірлеуге кірісті. «Егемен-ақпарат».

Бір топ Парламент Мəжілісінің депутаттары Ал маты облысындағы кез десулерінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының ережелерін түсіндіруге баса назар аударып, облыстағы əлеуметтік жəне өндірістік саланың нысандарында болып қайтқан еді. Серікбай НҰРҒИСАЕВ, Мəжіліс депутаты.

Облыс жұртшылығын алаңдатып отырған мəселе – Алматы облысының елді ме кендерін су басу қаупі. Қыстың соңғы екі айында облыс аумағына жауын-шашын мол түсіп, Іле жəне Жетісу Алатауында 1,52 есе шамадан тыс қар жауды. Өңірдің солтүстік аймағында да қар мөлшері жоғары. «Қазгидромет» мекемесінің мəліметі бойынша, ақпан айының екінші жартысы мен наурыз айында жауын-шашын жылдық орта мөлшерден жоғары болады деп күтілуде. Қауіпті жағдай Жетісу өңірінің барлық ауданында орын алып отыр. Бұл, əсіресе, Ескелді, Көксу, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл жəне Панфилов, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған қаласында тым жоғары. Халқымызда «Су – тіл сіз жау» деген сөз бар. Қызылағашта орын алған су тасқыны осы ақиқатты жұрттың есіне тағы да бір рет мықтап салғысы келгендей, елді мекенді жойқын салдарға ұшыратқаны əлі де елдің есінде. Сол кездегі табиғат апатының салдары то мағатұйық күн кешіп, ел қатарлы өмір сүріп жатқан шағын ауылға үлкен зардаптар алып келгені əлі ұмытыла қоймаса керек. Осыған орай облыс əкімдігі тарапынан тұрғын үйлерді, өндірістік, мəдени-тұрмыстық нысандарды, темір жолдарды, автожолдарды, басқа да инженерлік құрылыстарды су алуын болдырмау мақсатында жергілікті атқару органдары, кəсіпорындардың, ұйымдардың мекемелердің басшылары жəне тұрғындар су тасқынына қарсы бірқатар ісшаралар ұйымдастырып жатқандығына көзіміз жетті. Аудан, қала əкімдері, құқық қорғау органдары табиғаттың тосын жағдайларына біріге отырып, іс-қимыл, əрекет ету мақсатында облыстық штаб құрылған. Өңір халқын жəне шаруашылық нысандарын су тасқынынан қорғау жəне апатты жағдайларды болдырмау мақсатында жергілікті бюджеттен соңғы екі жылда 3,1 млрд. теңге бөлінген. Сонымен бірге, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жəне шұғыл шығындарға ағымдағы жылы резервте 348 млн. теңге қаражат қарастырылыпты. Алайда, қазіргі кезде Іле өзенінің су көлемінің өзгеруінен Балқаш ауданының Бақанас жəне Ақжар елді мекендерінің шекарасындағы жағалық аймақ шайылып, арнасы өзгеруде, бұл су іркуіш құрылыстардың жəне тұрғын үйлердің бүлінуіне əкеліп соғады. Сонымен қатар, 2011 жылдағы еріген қаржаңбыр тасқындарымен Ұйғыр ауданының Шарын жəне Тасқарасу елді мекендерінің аумағындағы жер суарғыш каналдар лайланған, су іркуіш құрылыстар толығымен бүлінген. Биылғы қардың мол болуын ескере отырып, өңірдің апатқа қарсы қызметтері алдын алу жұмыстарына жедел кірісулері қажет. Бүгінгі қалыптасқан жағдай жайбарақаттықты көтермейді.


www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

 Ойласу

иегі

 Кітап көкж

н ы р ы с з ы б о ќ Ќыл р е т к е б ѕ е н а ќ ш а

«...Салған əн – көлеңкесі сол көңілдің... ...Жақсы əнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сəуле көрсетер судай тұнық... ...Жарамды əнді тыңдасаң, жаның еріп, Жабырқаған көңілің көтерілер». Абай. Шыбынсыз жаздың сəруəрлі тұсы осы болар-ау, шамасы. Өсімдік бойы ұзарып, уыз шырыны мелдектей толысып, табиғат аясындағы жүрек соғысып, кірпік қағысқан тіршілік атаулы зау биіктен себезгілей төгілген күн нұрынан рахат сезімін бойға сіңіріп, мамыражайға ауысып болған ба дерсің. Жазғы ғұмыры келтелеу демесең Бурабайдың іші-тысы осы бір тұста тотықұстай түрленіп, құлпырып сала береді. Қатқылдығы жоқ самал қанаты мамық алақанымен күлтелі қарағай, сырғалы қайың, терек, тал атаулыны еркелете сипап, еркін желпінеді. Көкшетау, Жекебатыр, Бөлектау табандарынан тепсініп шыққан мөлдір бұлақ сулары табиғи арналарына түсіп алып, шолпыдай сыңғырлай құлдыраңдап, Шортанды, Шабақты, Əулие көлдерге бағыт түзейді. Көл арна-кемерлерін

Жарқын ШƏКƏРІМ,

өнер зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

«Біржан сал» фильмінен көрініс.

Арќаныѕ əншілік дəстїрі неге жетімсіреп тўр? Төлеген ҚАЖЫБАЙ,

Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы.

кемітпей толтырып, толықсыта түседі. Осындай бір сəулелі сəтте салт атты Біржан сал қасында екі серіктесімен Бүркіттіні артқа тастап, Жөкей көлді жағалай жеңіл жортақпен келе жатқан. Күлтелі шашақтары төгіліп кеткен ақ шарқатты мойнына орай тастап, төрт сайдың тоғысқан тұсына үкі қадаған құндыз бөркін қамшысының сабымен əнтек көтеріп, шекелете қондырған салдың бүйрек бет, қыран қабақты жүзінде мына табиғатпен астасып кеткен ғажап жарасымдылық бар еді. Қотыркөлге төтелей тартқан сүрлеу қайқаң етіп қыратқа көтерілгенде қарсы алдыңнан көл айдыны көзге ұрып, жаңағы бір рахатты сезіміңді одан əрі желпінтіп, тұла бойыңа желік қосқандай қунап сала берер едің. Біржекеңнің сергек құлағы Қотыркөл тұстан салған тосын əнді қасындағылардан ілкім ерте шалса керек: – Ал, тоқтай қалыңдар, – деп ат басын тежеп, əн көтерілген тұсқа ер үстінде ентелей еңкейіп ынталана қалған сал аз-кем аялдаған. – Мынау менің «Қаудірлеттім» ғой. Қап, əттегене... Қайырма тұсын бұзып айтты-ау. Əлде дауысы жетпеді ме, – деген Біржекең атын тебіне берген. Сөйткенше болмай, бұлардың алдынан он екі ата Атығайдың Бағыс табынан шыққан Айбас əнші мен оның немере ағасы Саймасай шыға келді. Біржан сал бастаған топ жанаса бере ат басын іріккен. Сал амандық саулықтан бұрын: – Əн айтқан қайсың? – деді. – Мынау Айбас інімнің ебі бар еді, – деді Саймасай қарсы алдында нақ Біржанның өзі тұрғанын жаңа аңғарып, абдыраған қалыпта. – Апырмай, Айбас-жан-ай, əнді осыншама қор лармысың. «Қаудірлеттім» сен салғандай емес, былай айтылмас па? – деді де ала қоржыннан бүктемелі домбырасын суырып алып ретке келтіріп, қойын қалтасынан түйіншекті шешіп, бір тиекті алып, шанақ бетіне қондырған. Сөйткен де тым сирек орындалатын сұлу əнді əуелете шырқап қоя берген. Əн сағаққа сырғып барған саусақ астынан төгілген ащы əуенмен ілесіп, бірден шаншылып шырқау биікке көтеріліп алып, төменге сорғалай құйылмай, құйқылжыған қалпы тұрып алады екен. Тап осындай сипатта əнді орындау үшін Біржанға ғана тəн көмекей керек болар-ау, сірə. Айбастың орта жолда малтығып, əн əуенін бұзып алғаны да содан ғой. Əннің қайырма тұсы тіпті де ғаламат əуен ырғағымен толқындай тепсініп, буырқана бұлқынып, алуан ажармен шырай шашып, жабыққан жаныңды ерекше бір жігерге жетелеп кетеді екен. «Е, менікі бекершілік екен, бейшаралық екен», деп ойланды Айбас əнші. Ат үстінде аңырып тұрып қалған атығайдың қос жігіті əн тынып, Біржекеңдер қоз ғалып кеткенше арбалған қалыптарынан жазбаған. Саймасай інісіне қараса, оның қос жанарынан сорғалаған жас қызыл күрең жүзін жуып кетіпті. Сөйтіп, ұлы Біржанның «Қаудірлеттімі» салмен бірге кетті, ал, Айбас бұл əнді орындай алмайтындығын, оған өресінің жетпейдіндігін сезген. Сезген де неше рет оқталғанымен «Қаудірлеттімге» аяқ басып, қол соқпаған. Міне, бізге мəлім, беймəлім Біржан сал əнінің бір тарихы осылайша тəмам болып еді. Ал мұндай өкінішті жағдаят Ақан серіде де, Үкілі Ыбырайда да көп кездескен. Талай тайпалма əн табиғат қойнауына сіңіп, келмеске кетпеді дейсің. Мұның мұң шалған өкініші де осы ғой. «Барға қанағат, жоққа салауат» дейтін қазақи мінезге салсақ қолдағы бар

5

асыл əн мұрамызды мансұқтамай, барынша қастерлеп, шашау шығармай жинай отырып, дəстүрлі əн өнерін кеңінен насихаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе беруде зор жанашырлық, ықтияттылық, қамқорлық, кəсіби білгірлік керек-ақ. Əн Меккесі атанған Көкшетау өңірі Біржан мен Ақан, Үкілі Ыбырай мен Балуан Шолақ əндерін қаз-қалпында сақтап, сыр-сипаты мен болмыс-бітіміне сызат түсірмей құндауда құнсыздыққа душар болып отырғандығын ащы да болса ашық айтуға тиіспіз. Ең алдымен, бұл өңірде белгілі əншілердің орындау шеберліктерін бағамдап үйрету, үйрену талаптары кезінде ескерілмеді. Самарқау бойкүйездіктің салдарынан Жаналы Қалиев, Кəрім Тақауин, Мұса Асайынов, Кəрім Ілиясов, Шектібай Іңкебаев тəрізді он сан əншілердің əн орындау шеберліктерін шашау шығармай жиыстыру, жастарға үйрету қолға алынбады. Дəстүрлі əн өнерін насихаттайтын арнайы мектеп жұмыс істемеді, əлі де істемейді. Келе-келе Арқа əнінің əрлі де əсерлі, сəнді де салтанатты, айбынды да ажарлы кескіні көмескі тартып бұл күнде кезінде Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақпен даңқы асқан өңірде дақпырттың ғана қалғандығын мойындау керек. Көкшетаудың көк күмбезінен көтерілген əн Арқа алабын еркін аралап, əр тұстан «көктей гүлдеп көтерілген» таланттар дəстүрлі Арқа əн өнерінің өрісін кеңейтіп, сымбатына сұлулық қосып, ғажап бір болмыс-бітімін сомдады. Жарылғап ескі əншінің маңғазы еді, Күйді ерттеп, əнді мінген ардагері. Осы əнді Көкшетаудан үйрендім деп, Баянға алып келіп жайған еді, – деген əн жолдарынан сол тұстағы əннің бастау көзі Көкшетау екендігін аңғару еш қиындыққа түспейді. Сол əнді іліп əкетіп, сан тарау соқпақ-сүрлеуге салып, елден елге, өнерпаздан өнерпазға тарата беру дəстүрі ол тұста əсте кемшіндік танытпаған. Керісінше, сұлу əндер еш жерді, қалың елді жатсынбай бауырбасты өз рухани қазынасына айналып жүре бергені даусыз. Арқаның кез-келген алабында Біржан сал, Ақан сері əндері жиын-тойлардың сəні, жəрмеңкелердің салтанаты ретінде айтылып, жылы қабылданып жүрді. Оларды өзінің жүрегін жарып шыққан төл туындыларымен қатар насихаттауда Жарылғапберді, Əсет, Естай, Ғазиз, Шашубай, Иса, Жаяу Мұса, Майра, Мəди, Иманжүсіп тəрізді тұлғалар зор қызмет атқарды. Бұлардың қайсысы болса да бір-бірі нің əндік шығармаларын шырайлы қалпымен қалың елге таратудың ал тын көпіріне айналды. Есімдері аталған ұлы тұлғалардың əн, əншілік өнерінде дүниеге келген небір əндердің сыр-сымбаты мен ішкі иірім, қалтарыстарына үңілсеңіз тек Арқа алабына тəн, қазақтың басқа өлкесіндегі əндермен еш шатастыруға келмейтін кесек те кемелді кескін, мінезін бағамдар едіңіз. Мұнда аса алапат кеңдік пен шыңырау тереңдік, шырқау биіктік пен сарабдал сабырлылық сипаттары алға шығады. Қайырма иірімдерінде еркелік пен еркіндік, тепсінген тегеурінділік пен қайтпас қажырлылық өріс ашып, өрмек өріп түсіреді. Мəселен, ұлы Бір жанның «Жанботасының» саз, сарынындағы кекке суырылған ызалы ашу, шағымданудан гөрі шағып жіберер ұлы жігер жатқандығын аңдаймыз. Тіпті, сөзден ада қайырма ырғағындағы топан судай қаптай төгілген екпіннен дүлей күш, темір топшылы тегеурін бой биіктетіп отырады. Ал, Ақан серінің «Сырымбеті» əн өнерінің еуро палық классикаға жуықтап барар терең сырға бойлап түскен сабырлылық салтанаты бек қатты сүйсінтеді. Үкілі Ыбырай жаңағы екеуіне мүлдем ұқсамайтын (ұстаздары болса да) ерекше бір екпін, екпін болғанда да еркелік, еркіндік сипаттағы шалқып, толқып кететін, сөйтіп отырып, бұйда

үзер қуатты мінезге бай қалпымен қуантары бар. Оның «Қызыл асық», «Толқын», «Он саусақ» əндерінде осы жарқын мінездер бой байқастатарын сезбеу мүмкін емес. Ал, даңқты «Гəкку» (он сан нұсқасы бола тұра) өзінің алтын жамбыдай жарқ еткен асыл қалпымен əн өнерінің өлшеусіз биігіне өрлеп кеткендігін кім де болса мойындаса керек. Осынау ұлы тұлғалардың ақ жамбыдай мінсіз сомдап беріп кеткен əндік құндылықтары Арқаның талай əншілеріне үлгіліктің өтеуіне айналғандығын айтпай отыра алмасақ керек. Мəдидің «Қаракесегі», Исаның «Желдірмесі» немесе Жаяу Мұсаның «Көгершіні», Əсеттің əндерінде Біржан салдың диапазоны тым биік кең құлашты əндерінің немесе Ақан серінің терең тынысты, Үкілі Ыбырайдың ерке қылықты екпінді əн ырғақтарының менмұндалап тұруы тегін емес. Бұл əндер бірін-бірі қайталаудан аулақ, əйтсе де бір топырақ, бір алаптың аясында туғандығын айқындай түсер ортақ мінезге бай екендігі тегіннентегін еместігін басты ерекшелік есебінде алға тартамыз. Сондықтан да, Арқа өңірінің əн мектебі дегенде осы ерекшеліктерді ескеру, елеу, еске алу қажеттігін мойындатады. Көкшетауда арагідік болса да Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай есімдерін еске алуға қатысты облыстық, республикалық деңгейде əн байқаулары өтіп келді. Осы орайда Жаңаарқа, Семей, Талдықорған өңірінен келген əншілер болмаса, байқау иесі Көкшетау, Қызылжар, Кереку, Ақмола, Қостанай маңынан мойны озық шыққан əншілердің бой көрсете қоймайтындығы көңілге реніш ұялататындығы жасырын емес. Бұл аталмыш аймақтарда таланттар сарқылып бітті дегенді əсте білдірмейді, дəстүрлі əншілік өнердің кеміп бара жатқандығын аңдатса керек деген пікірді мойындауға мəжбүрлейді. Бұл өңірлерде де Көкшетаудың кебін киген кемшіліктер иектеп алса керек деген жағымсыз ойға тірелеміз. Ол ол ма, жалпы республикалық деңгейде есімдері əспеттеуге, мақтан тұтуға əбден лайық тұлғалар шығармашылығын насихаттау, осы бағытта тұрақты əрі тындырымды шаралар белгілеп, жұмыс жүргізуде жетімсіреп отыр. Сөзінде мағына, əуенінде жатық жарасымдылық жоқ əндер басымдық сипатқа ие болғандығы сондай, қазіргі күнде сондай сапасыз əнсымақтар сахна төрін бермейтін болды. Халық əндерінің інжу-жауһарларынан жастарымыз кіндік үзіп кетті. Ұлттық құндылығымыз саналатын халықтық туындыларды тап бүгіндей мансұқтау ұрпақтың руханият бағытындағы жетімдігін, мүсəпір хал-күйін одан əрі тереңдете түсер жат құбылысқа ұрындырып отыр. Ал есімдері ескі күннен ел жадында сақталғанымен, ұлы туындылары ұстараның жүзінде тұрған Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай, Мұхит, Əсет, Естай, Жаяу Мұса, Иманжүсіп, Мəди, Майра, Ғазиз, Иса, Шашубай, Кенен мұраларын насихаттаудың бүгінгі халі жауапты басшылық тарапынан жіберіліп отырған, күні ертең сан соқтырып, қатты опындырар кемшілік деп бағалануға тиіс. Қазақ қолдағы барын құнттамайтын аңғал-саңғал жұрт. Сонау үнтаспа шыға бастаған алғашқы жылдардаақ ерте қамшылап, ерте қолға алатын шаралар молынан еді. Əйтсе де көп дүниелеріміз осындай орашолақ олақтығымыздан ұмыт қалды. Мəселен, Əміре Қашаубаевтың үнін іздеп қанша жыл сабылдық. Жарқын Шəкəрім тапты, тапты да ұмыт қалды. Оның айтуынша, бірсыпыра қазақ əншілерінің əндері түсірілген білік (валик) Мəскеуде қозғалыссыз жатқан көрінеді. Содан бері зерттейін, тыңдап көрейін, елге əкеліп жұртқа ұсынайын деген бір маман шыққан жоқ. Бұл не? Салғырттық па, салақтық па? Не десең де сыйып тұр!

Анау бір жылдары көрнекті ғалым Ақселеу Сейдімбеков пен тамаша əнші Жəнібек Кəрменов теледидарда аса бір қажетті əдеби-сазды танымдық хабарлар жүргізді. Қалың жұрттың мейірін сүйсінтіп, сусынын қандырғандай болды бұл шара. Өйткені, ғұлама Ақселеу үш жүздің əні мен күйін барынша терең зерттеп, зерделегендіктен кез келген əншінің өмірі, өскен ортасы, ұстазы, əннің шығу тарихы хақында мол деректерді əңгіме үстінде əдемілеп жеткізсе, Жəнібек сол əңгімені үстемелей отырып ғажап орындаушылығымен таңдай қақтырып еді. Халықтың көзайымына айналған сол хабар соңғы кезде экранға шықпайтын болды. Сөйтсек, əлдекімдер үнтаспадан өшіріп тастапты деп естідім. Естіген құлақта жазық жоқ. Бұл шын мəнісінде рас болса сұмдық қылмыс қой. Өмірден өткен қос арысқа ендігі жерде үнтаспаның көк тиынға қажеті жоқ. Ол қазақ жұртының іздесе таптырмас ұлы мұрасы, баға жетпес жəдігері емес пе еді. Олар ел алдындағы парыз-қарызын өтеп кетті. Ал тірілер ше?! Жаны ашымастар радио, телевидение басына қалай отырады, қалың елге не бетімен қарамақ?! Біле-білсек, халықтың əні мен күйін, Қырым мен Қытайдан іздестіріп таптырып алып, фонотека қорына қоспас па, арагідік болсын ел есіне салып беріп тұрмас па? Міне, біздегі өнерге қамқор болады деген басшылық сықпыты осындай! Ұлы Абай: «Əнді сүйсең, менше сүй», дегенде бəрің Абайдай бол демеген. Кез келген қазақ баласы əн мен күйден лəззаттанып қана қоймай соның қадірін білсін, сүйсін, сүйсінсін, жанына серік етсін деген. «Жақсы əнді ой көзімен тыңдауға» насихаттағандығы да содан. Əн мен күй халықтың əуен мен əуезге, сиқырлы сарынға толы жанды мінезі, үн тіліндегі тарихы. Олай болса сайын далада самғап ұшқан қыранның қос қанатындай əн мен күйден көз жазып, кіндік үзу, дəлірек айтсақ, көз жаздырып, кіндік үздіру халыққа жасалған қиянат, қылмыс, орны толмас өкініш болмақ. Заманымыздың заңғар композиторы Еркеғали Рахмадиевтің: «Егер осылай ойсыз, қамсыз жылжып жүре беретін болсаң құдай біледі, 15-20 жылдан кейін бе, жарты ғасырдан кейін бе, сол Сегіз серіміздің, Мұхитымыздың, Біржанымыздың, Ақанымыздың, Үкілі Ыбырайымыздың, Жаяу Мұсамыздың əндерін айтатын адамдардың қалмауы мүмкін», – деп қапалануы негізсіз емес, Ерағаңның елден бұрын елеңдерін ұлы жүректі азаматтың дəстүрлі əн өнеріне деген бүгінгі ұрпақтың, биліктегілердің жетесіздігіне берілген баға деп те қабылдаған жөн. Ұлан-дария қазақ даласының қай пұшпағы да əн мен күйдің қайталанбас «самародный сары алтын» үлгілеріне толы əрі бай. Олардың бəрін де бөтенсіретпей, бөлшектемей тұтас, толайым қалпында алып қарастырсақ жер бетіндегі қазақ аталатын талантты, текті халықтың ортақ мұрасы, асыл қазынасы болатындығы даусыз ғой. Ендеше бабалардан қалған сол мұраларды барынша қастерлеп, қамқорлық аясында сақтап қалу бүгінгі біздің еншіміздегі ұлы миссия, басты мақсат болмаққа керек. Сол мұраның ішінде Арқаның əндік мектебі, оның ұлылы-кішілі жəдігерлерін сақтап қалу, ұрпақтан ұрпаққа жеткіземіз, алдағы ғасырларға апарамыз десек, əсте жеңіл жүк емес. Тек хан-қараға ортақ жауапкершілік, қамқорлық, білікті де білімді басшылық қажет. Біз соларға: маған, саған, оған ортақ қажеттілік үдесінен шығу үшін сарыла ізденіп, сарсыла еңбектеніп, жұмыла қызмет етпек керек. Сонда ғана бабадан қалған ұлы мұра алдында ар тазалығын ақтап алатын боламыз. КӨКШЕТАУ.

Халқымыздың дəстүрлі музыкалық мұраларының бірі – қылқобыз күйлері екені белгілі. Кейінгі кездерге дейін қылқобызға арналып арнайы жазылған оқулық-құралы (хрестоматия) болмағандықтан республикамыздағы жоғары оқу орындарының студенттері, музыка мектептері мен колледж оқушылары бұл аспапта оқып-үйренуде көптеген қиындықтарға ұрынғаны рас. Міне, осындай олқылықтың орнын толтырған, қобызға арналған шығармалар жинағы жарық көргенін жұртшылыққа сүйіншілеп айтсақ та болады. Ол музыкалық оқу орындарына, атап айтқанда, 1-12 сыныптарға арналған үш кітаптан тұратын қылқобызға арналған хрестоматия лар жинағы. Шығарушы «Білім» баспасы. Құрастырған Əбдіманап Жұмабекұлы. Тарихымыздың терең қойнауына көз жүгіртсек, сонау бағзы замандардан жеткен қобызымыздың небір қиыншылықзұлматтарға тап келгенін, тіпті жоғалуға айналған кездері болғанын да байқаймыз. Осының бір куəсі ХХ ғасырда, Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін бақсы-балгерлер қудалауға ұшырап, олардың қолындағы қобыз да «ескіліктің қалдығы», делініп, қазақтың рухани өмірінен шеттетіліп, бірте-бірте ұмыт болуға айналған болатын. Міне, осыдан соң, араға талай жылдар салып, атап айтқанда, 1968 жылы Құрманғазы атындағы консерватория ректоры, композитор, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің бастамасымен тұңғыш рет қылқобыз класы ашылып, оған ұстаздық етуге Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген əртісі, белгілі қобызшы Жаппас Қаламбаев шақыртылды. Алайда, бір жылдан кейін Жаппас ағамыз дүниеден өтіп кетті де ол

кісінің ісін қорғалжындық əйгілі қобызшы Дəулет Мықтыбаев жалғастырды. Дəулет Мықтыбаев консерваторияда қылқобыз класынан сабақ берген кездері онымен қатарлас жүріп қызмет атқарған қазақ музыкалық аспаптарын зерттеудің негізін салған ғалым Болат Сарыбаевтың да есімін атап өту орынды ғой деп санаймын. Болат Сарыбаев студенттерге қобызда күйсандықтың сүйемелдеуімен əртүрлі халықтардың шығармаларын орындатса, Дəулет Мықтыбаев Қорқыт, Ықылас күйлерін қолма-қол (слухпен) үйретті. Сөйтіп, 1968-1970 жылдары алғаш рет Құрманғазы атындағы консерваторияға қабылданған студенттер дайындық курсынан бастап осы екі ұстаздан жеті жыл бойы тыңғылықты сабақ алып, қылқобыздың ғасырлар бойы қалыптасқан орындаушылық əдіс-тəсілдерін меңгеріп, оған қоса кəсіби білім алып, аталмыш оқу орнын 1975 -1977 жылдары бітіріп шықты. Олар белгілі қобызшылар Базархан Қосбасаров, сондай-ақ, Қуаныш Əжмұратов, Құдайберген Нұрманов жəне бүгінгі сөз етіп отырған оқулықтардың авторы Əбдіманап Жұмабекұлы. Əбдіманап Жұмабекұлы республикада тұңғыш рет қылқобызды мектеп қабырғасынан бастап оқыту ісін 1977 жылы Ахмет Жұбанов атындағы республикалық арнаулы музыка мектебінде (директоры – Пернебек Момынұлы) бастап, оны түбегейлі жолға қоя алды жəне өз жұмысын К.Байсейітова атындағы республикалық музыка мектебінде жалғастыра жүріп, əр түрлі дəрежедегі Республикалық жəне Халықаралық байқаулардың лауреаттарын дайындап шығарды. Олар қылқобызды əлемге əйгілеп келе жатқан Ə.Қазақбай, Р.Оразбаева, Ж.Жетпісова, Б.Байназаров, А.Омарова-Шəріпбаева, А.Итекеева, Д.Қаб дырова, А.Сайжанов, А.Жұрбай, М.Медеубек, Ж.Аманова, Ə.Əзбаев, М.Ерболқызы, О.Құрманбекұлы т. б. Осы дарын иелері арқылы қылқобызды бүгінде дүние жүзі мойындайтын болды.

Ол кезде қылқобызға қажетті репертуар, əдістемелік нұсқаулар, бағдарлама, оқулық-хрестоматия атаулының бірі де жоқ еді. Əбдіманап Жұмабекұлы қылқобызға қажетті барлық оқу құралдарын, репертуар, бағдарлама т.б. дайындаумен үзбей айналысты. Қажымай-талмай еңбектенуінің арқасында маңызы мен машақаты мол ұлан-ғайыр шаруаны бір өзі атқарып, көп нəтижелерге қол жеткізді. Қылқобызды мектеп қабырғасынан бастап оқыту ісін түбегейлі жолға қоя алды. Ол 1990, 2000 жылдары орта арнаулы музыка мектептеріне арнап қылқобыз оқыту бағ дарламасын əзірледі. Сосын, осы бағдарламаларға сəйкес «Қылқобызға арнал ған хрестоматиялар» дайындады. Бұл оқулықтарды тек арнаулы музыка мектептері ғана емес, музыкалық колледждер мен жоғары музыкалық оқу орындарының студенттері мен аспиранттары да пайдаланады. Өйткені, осы үш кітапта қылқобыз аспабының репертуары барынша толық көрініс тапқан. Яғни, енді қылқобыз үйренемін дейтін барлық буын (мектеп, колледж, консерватория) оқулықпен қамтамасыз етілді деп ауыз толтырып айтуға əбден болады. Бір кездері А.Жұбанов пен Б.Сарыбаев тəрізді қазақтың біртуар ғалымдары армандаған бұл жинақтармен мен ықылас қоя таныстым. Бастауыш сыныптарға арналған бірінші жинақта (1-4 сын.) жеңіл əуендер мен үйренуге оңай халық əндері мен күйлерінен бастап бірте-бірте күрделілене береді. Орта сыныптарда (59), əртүрлі жанрдағы қазақ жəне дүниежүзі халықтарының одан гөрі күрделірек туындылары қосылып отырады. Соңғы жинаққа: 10 – 12 сыныптар мен жоғары оқу орындары студенттері үшін үлкен орындаушылық шеберлікті қажет ететін түрлі мазмұндағы сүбелі шығармалар, сонымен бірге, Қорқыт, Ықылас күйлерінің классикалық үлгілері

жəне домбыра мен сыбызғыда тартылатын күйлердің ішінен қобыз табиғатына үндесетіндері үлкен талғампаздықпен іріктеліп қосылған. Қысқасы, үш кітапқа 300-ден астам шығармалар мен күйлер топтастырылған екен. Жинақтар қай жағынан алсақ та өте сауатты дайындалған, сəтті құрастырылған тың дүние екеніне көз жеткіздік. Қобыздың табиғатына сай шығармалар аса бір талғампаздықпен іріктелген, олардың орналасу реті де дұрыс шешім тауып, оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай дейтін принцип бойынша өрістеп отырады. Ұстаз педагогикалық-дидактикалық талаптар негізінде оқушының орындаушылық шеберлігін жетілдірумен бірге, музыкалықэстетикалық талғамын байыту мақсатында əртүрлі техникалық қиындықтағы, əрқандай мазмұндағы шығармаларды қамтып отыруы оқу құралының тəрбиелік маңызын арттырып тұр. Əрине, мұның бəрі айтуға ғана оңай. Шын мəнінде ондағы бүкіл шығармалар мен домбыраның, сыбызғының күйлерінің əрқайсысын қобыздың екі ішегіне келтіріп, оның диапазонына лайықтап, ыңғайлы регистрге түсіріп, оны сан рет шəкірттеріне ойнатып тексеріп, сүзгіден өткізіп діттеген жеріне жеткізу автордың жылдар бойғы жанкешті еңбегі мен бейнетінің жемісі екенін айтсақ та жеткілікті. Қорыта келгенде айтарымыз, Əбдіманап Жұмабекұлының құрастыруымен, «Білім» баспасының директоры Жарылқасын Нұсқабаевтың жанашырлығымен жарық көрген үш кітаптан тұратын «Қылқобызға арналған хрестоматия» атты оқулықтар топтамасы – жалпы Ұлттық музыка мəдениетіміздегі ерекше жаңалықтардың бірі. Жинақ – қобыз аспабының кең көлемде айшықталуымен, ойналу ерекшеліктеріндегі ноталық белгілердің (штрих тар) түгел қамтылуымен жəне репертуар молдығымен де аса құнды еңбек болып шыққан. АЛМАТЫ.


6

www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

 Толғандырар тақырып Əсияның жылай-жылай бет-аузы ісіп кетті. Əр нəрсені бір сандырақтап, бір кезде меңіреу адамдай сұлқ түсіп жатып қалды. Бұғана тамырларында тұрған катетерлер жанына батып, солқылдатып ауыртып барады. Басқа балалар сияқты емін-еркін құлдыраңдап ойнамаған, айлап-жылдап ауруханада жататын ол биыл он беске ілігіпті. Бірнеше жыл созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен зардап шегуші қыз күнара «жасанды бүйрек» аппаратына тəуелді. Жасөспірімнің сырт келбеті жетісегіз жас шамасындағы баланыкіндей. Көбінде əлсіздік басып, беті-қолы, аяқтары ісіп, басы ауырып, ештеңеге зауқы соқпай

 Көзқарас

шаралар атқарылуда. Халыққа жоғары мамандандырылған трансплантациялық көмек республикалық бюджет қаржысы есебінен тегін көрсетілуде. Сонымен қатар, трансплантология медицинаның ешбір жүйесіне ұқсамайды, себебі, ағза ауыстыру операциялары азаматтардың медициналық қызметкерлермен бірігіп, шараға белсенді қатысуына байланысты халыққа қолжетімді болады. Біздің елімізде «əлеуетті донордың» туыстары транспланттау үшін марқұмның дене мүшелерін алуға көп жағдайда əлі де түрлі себептермен келісім бермейді. Тіпті, оған дайын емес. Сондықтан, шетелдік тəжірибеге

болуы керек. Сонымен қатар, ағзалар трансплантациясын қажет ететін науқастардың бірегей республикалық ақпараттық тізімін құрастыру қажет. Бұл да үлкен мəселе. Мысалы, қазіргі кезеңде елімізде трансплантация жеті клиникада жасалады. Əрбір клиника ағзалар трансплантациясын қажет ететін науқастардың тізімін жеке құрастырған. Науқастардың бəрін бір жерге, яғни бір жүйеге тіркеу, олардың жай-күйін əрдайым бақылап отыруға қол жеткізу үлкен жетістік болар еді. Ондай жағдайда донорлар мен реципиенттердің қан тобын, салмағын, тіндерін, т.б. сəйкестігін тез арада салыстырып отыру

Трансплантация: Айгүл СЕЙІЛОВА,

Донорды ќайдан табамыз?

«Егемен Қазақстан».

тұрады. Сосын, меңіреу адамдай сұлқ түсіп жатысы осы. Жансызданып қалған қос бүйрегін ота арқылы жаңа бүйрекке ауыстырсам, дені сау адамдар сияқты өмір сүрсем деп армандайды... Бүгіннің бір уайымы – адам ағзасын алмастыру мəселесі екені даусыз. Диагностиканың дамыған кезеңінде əр науқастың ағзасына қатысты шындық дəл анықталып, оған қоса емі де айтылуда. Соңғы жылдары «созылмалы бүйрек жетіспеушілігі», «жүрек жетіспеушілігі», т.б. сырқат түрлері ешқайсымызға да таңсық емес. Осы жағдайда ауру ағзаның алмастырылуы тиіс екендігінен де хабарымыз бар. Ресми дерек көздері елімізде 3 мың адамның бүйрегі, 1 мың 146 адамның жүрегі, 1 мың адамның бауыры, 233 жанның ұйқы безі, 235 жанның өкпесі ауыстырылуы қажет дегенді алға тартады. Бұл денсаулық сақтау мекемелерінде кезекке тұрған сырқаттардың саны. Кезектің сыртында қаншама науқастың тағдыры қыл үстінде екенін ешкім де нақты айта алмайды. Бір анығы – бұлардың бəріне органдар трансплантациясы қажет. Оны кімдерден алады, енді, бұл мəселенің екінші жағы. Өткен жылы елімізде алпыстан аса трансплантация жасалды. Көбі бүйрекке жасалғаны да белгілі. Балаларына, ет жақынына бір бүйрегін берген донорлардың саны елуден асып жығылды. Ал, жүрегін ауыстырған Жəнібек қазақ медицина тарихындағы алғашқы адам. Ол туралы кезінде бүкіл ақпарат құралдары жанжақты мəлімет берген болатын. Бүгінде Жəнібек ағзалар мен тіндер трансплантациясына мұқтаж пациенттер құрған «Нұрлы қоғам» республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі. Біз трансплантация, яғни ағзаны ауыстыру мəселесі бойынша жан-жақты ақпарат алу үшін Ұлттық медициналық холдингке қарасты Трансплантация бойынша үйлестіру бюросының бастығы Қарашаш Абауова мен «Нұрлы қоғам» бірлестігінің төрайымы Сəуле Шайсұлтановамен əңгімелесіп, көп жайға қанық болдық. Трансплантация дегеніміз – бір адамның ағзасын (оның ішінде бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, т.б.) немесе денесінің бір бөлігінің тіндерін келесі бір адамға салу. Медицинада беруші адамды донор дейді де, алушыны, яғни науқасты реципиент деп атайды. Жалпы, Қазақстанда ағза ауыстыру оталары 30 жылдан астам мерзім бойы жасалып жатқанын айтуымыз керек. Оның ішінде бір бүйрегін, бауырының шамалы бір бөлігін беріп, өзгеге ғұмыр сыйлаған жандар арамызда жүр. Сол сияқты, сырқаттарға аса қажет органдарды қайтыс болған адамдардан да алуға болады. Бұл жайында Трансплантация бойынша үйлестіру бюросының бастығы Қарашаш Абауова: «Қазақстанда ағзалар донорлығын жəне трансплантологияны дамыту мақсатында Ұлттық медициналық холдинг орталықтарында бірталай күрделі

сүйеніп, адам ағзасының трансплантациясына қатысты əңгіме айтылғанда (қайтыс болғаннан кейінгі), əр адам өз пікірін тірі кезінде білдіру керек», дейді. Елімізде 2009 жылы қабылданған «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте трансплантация туралы нормалар бар екенін екінің бірі білмеуі мүмкін. Кодекстің 169-бабында «Егер алу кезінде денсаулық сақтау ұйымына осы адамның тірі кезінде не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің ол өлгеннен кейін оның тіндерін жəне ағзаларын транспланттау үшін алуға келіспейтінін мəлімдегені туралы хабарланған болса, мəйіттен тіндерді жəне ағзаларды алуға жол берілмейді», деп жазылған. Адам тірі кезінде ағзасын алуалмау туралы «үндемеген» болса, яки ту ған-туыстары да ешнəрсе айтпаған жағдайда, онда «келісім беру презумпциясына» негізделген осы бап бойынша мəйіттен ағзаларды алуға болады. Бұл заңға қайшы емес. Осы орайда Қ.Абауова өткен жылдың соңында Үкіметтің «Ағзалық трансплантологияны дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру» туралы өкіміне сəйкес жұмыс тобы құрылып, қазіргі кезде бұл шаруаның қарқынды жүріп жатқанын айтты. Амандық болса, осы жылы заңдарға жəне нормативтік құқықтық актілеріне трансплантацияға жəне ағза донорлығына қатысты нормалар енгізілмек. «Біздің денеміз тірі кезімізде өзімізге тиесілі болғандықтан, ағзаларымызды біреуге беру, не бермеу туралы мəселені өзі міз шешкеніміз дұрыс деп ойлаймын. Бұл мəлімет арнайы мемлекеттік ақпараттық жүйеде сақталуға тиіс. Ол жүйеге арнайы мамандардың кіруіне рұқсат

оңай жүзеге асырылады. Осы мəселелерді Ұлттық ғылыми медициналық орталық жанында құрылып жатқан трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығы нақты шешеді деп сенеміз», дейді Қарашаш ханым. Қоғам Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары бойынша донорлық ағзалармен өз-өзін қамтуы тиіс. «Нұрлы қоғам» бірлестігінің төрайымы Сəуле Талғатқызының айтуынша, донорлық органдар жетіспеушілігі қайда болмасын бар. Ол дамыған мемлекеттерге де тəн. Ағза ауыстыру оталары ең алдымен мемлекет тұрғындарына, яғни өз науқастарына жасалады. Содан кейін барып өзгелердің жайы ойластырылады. Содан да шет мемлекеттерде трансплантация жасатуға кезекте тұрған біздің жерлестеріміз өз кезегін жылдап күтеді. Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің шетелдерге жіберу тізімінде 100-ден астам науқастар кезекте тұр. Олардың ең кішкентайы екі жаста. Егер қоғамның əр мүшесі осы жандардың тағдырына бей-жай қарамаса əрі дəл осындай жағдай менің не туыстарымның басында болуы мүмкін-ау деп ойлай алатын болса, тірісінде донорлыққа келісім беруі мүмкін деп есептейді «Нұрлы қоғамның» төрайымы. Медицинада «əлеуетті донор» деген түсінік бар. «Ми өлімі» жағдайындағы науқас қана «əлеуетті донор» саналады. Жүрек жұмыс істеп тұрғанда жəне өкпені ықтиярсыз желдету кезінде тіркелетін мидың барлық қызметінің толық жəне біржола тоқтауы адам өлді дегенді білдіреді. Мамандардың айтуынша, клиникалық белгілерге сəйкес ми өлімін растау туралы қорытындыны арнайы дəрігерлерден құралған комиссия зерттеулер (электроэнцефалография, ангиография) жүргізу

 Айтайын дегенім...

арқылы қабылдайды. Осы жерде «ми өлімі» түсінігіне тоқтала кетсек дейміз. Бұл түсінікті 1959 жылы француз невропотологтары енгізген. 1966 жылы Рим папасы Пий ХІІ өлімді жанның тəннен бөлінуі деп анықтады. Сондай-ақ, «ми өлімі» диагнозы трансплантацияға қатысы жоқ, диагностикалық тəуелсіз процедура екенін де атап өтсек дейміз. Соған сəйкес диагноз да қойылады. Бұл диагноз қойылғаннан кейін реанимациялық бүкіл ісшаралар тоқтатылады. Ал, донор болатын адамдардың жүрек, бауыр, өзге де мүшелері тиісті аппараттармен сүйемелденіп, қан айналымы реттеліп тұрады екен. Оның да өз белгілі уақыты бар. Осы мерзімде əлгі мүшелер басқа науқасқа салынуға тиіс. Мамандар бір «əлеуетті донордың» кем дегенде төрт адамның өмірін ұзартуға септігі тиетінін айтады. Сондай-ақ, 60 жастан асқан кісілердің донор бола алмайтыны тағы белгілі болды. Өйткені, ағзалар қартаяды! Ол түгілі 40-тан асар-аспас жасында ішкі органдары жарамсыз болып қалатын кісілер де баршылық екен. Яғни кез келген жұмыр басты пенде донор бола алмайды. «Доно» – латын тілінен аударғанда «сыйлаймын, құрбан етемін» деген мағынаны білдіреді. Донор болу аса қайырымды адамдардың қолынан келеді деп ойлаймын. Ол үшін адамның сана-сезімі жетіліп, түсінігі өзгеру керек. Алдымен, өзімізден бастауымыз керек. Қазіргі кезеңде Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта тез арада жүрек трансплантациясын қажет ететін 20-30 жас аралығындағы 5 науқас тіркелген. Сондай-ақ, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының диализ бөлімшесінде бүйрек трансплантациясын қажет ететін 21 бала тіркеулі. Олардың барлығы ауруханада айлар, жылдар бойы жасанды бүйрек аппараттарына байланып өмір сүруге мəжбүр. Бұл балалардың рухани дамуы қалыпты болғанымен, физикалық дамуы өздерінің қатарларымен салыстырғанда өте төмен», дейді сұхбаттастарым. Енді еліміздегі жағдайға сырт көзбен қарайтын болсақ, орган донорлығы дамуы үшін мемлекет тарапынан қажетті алғышарттардың бəрі жасалған деуге болады. Осы мəселе бойынша медициналық мамандарды дамыған шетелдерде оқыту, олардың тəжірибесімен бөлісу жолға қойылған. Трансплантация бойынша қажетті нормативтік құқықтық база дайындалған. Клиникалық орталықтар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бірақ, біздің қоғам, оның ішінде біз толық дайын емеспіз. Біз донор болу арқылы қаншама адамдарды құтқаруға болатынын əлі де түсіне алмай келеміз. Трансплантация адам өмірін ұзартады, сырқатқа дертінен айығып, толыққанды өмір сүру қуанышын сыйлайды. Қанша миллион адам болса, сонша миллион ой-пікірдің болатынын да білеміз. Бірақ, ерте ме, кеш пе біздің əрқайсымыз орган донорлығы мəселесіне «иə» немесе «жоқ» дегенді айтарымыз шүбəсіз. Осындайда Мұқағалидың өлеңі ойға оралады екен. Ол трансплантация өзекті мəселелердің қатарында болмаған, тіпті ол жайында айтылмаған қоғамда өмір сүрді. Сондықтан, оның айтып отырғаны қан беру турасындағы донорлық. Сонымен, «Мен – донормын. Шипа болар қаным бар. Қабылдаңдар, алыңдар. Менің жылы қанымның Қасиетін таныңдар. Жоқ! Ақшаға сатпаймын! Аурулар алдында, Борышымды ақтаймын. Өмір беріп өзгеге, Өмірімді сақтаймын!» – дейді ақын. Ал, біздің қоғамда өмір сүрсе не айтар еді? Біз ше? «Иə» немесе «жоқты» таңдар сəтте қайтер екенбіз?

Бурабайєа араша ќажет Ағайын-тума деп жүріп Бурабайға жыл сайын барамыз. Жаңалыққа құштар, əр нəрсеге шаруашылық, мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарап үйренгендіктен, Бурабайда нендей жаңалық бар екен деп аралаймын. Соңғы барғанда байқағаным, Бурабай күнненкүнге жүдеп, кері кетіп бара жатыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2010 жылғы көрінісінен 2012 жылғы көрінісі əбден жұтаң, лас. Бурабай кентінің ортасымен өтетін бір ғана көшесі бар. Барлық саудасаттық, тамақтану, түнеу, ойын-сауық, тіпті базары да осы бір көшенің бойында. Көше деп айтудың өзі қиындау ойқы-шойқы, шаңдақ көше бойында көз тартарлық, көңілге қонымды ештеңе жоқ. Тыңнан ағаш, гүл отырғызу, абаттандыру мүлдем жүргізілмеген. Сауықтыру орындарын, емделетін, туристік орындарды көрсететін хабарлама-тақтайшалар атымен жоқ. Ең қиыны сол, көшенің адам жүретін екі беті автокөлікке толы, құдды автотұрақ секілді. Осы көшенің өрлеу басындағы жол айырығында орналасқан Абылай хан ескерткішінің адам көрер ұсқыны жоқ. Сол жол айырығынан Көкшеге баратын жолдың екі езуіндегі үйінді қоқыстардың өзіақ келген-кеткенге мұндағы тазалықтың аужайын айтқызбай-ақ аңғартып тұрады. 2010 жылы «Бурабай» газетінің редакциясына барып осы жайды айтқанымда: «Шара жасалып жатыр», деген болатын. Жұмбақтастан бастап Шортанды

көлінің жағалауы жабайы демалыс аймағына ұқсайды. Бұл өңірде судың тереңдігін шектеу, демалушыларды суға кетуден қорғау, не тəртіпті сақтауға қатысты бірде-бір алдын алу-ескерту шараларын көрмейсің. Көлеңкелеу үшін орманға бас сұқсаң неше түрлі қоқыс, иіс-қоңыстан басың айналады. Көл жағасының əр жеріне демалушылар үшін қоқыс салатын арнайы ыдыстар, өзге де қажетті нысандарды орнатса, тəртіпті күшейтіп, артық нəрселерді ыдысқа салу талап етілсе, бəрі басқаша болар еді. Бурабай маңы ерекше қорғаудағы аймақ бола тұра, ол жерге жеке меншік үйлер мен түрлі қоғамдық орындардың қалай салынғандығына түсінбеймін. Тағы бір келеңсіз жəне қауіпті жəйт – адамдардың орманды қалаған жерінен отап, құрылыс жəне жиһаз материалдарына айналдыруы, сауда-саттыққа салуы. Осының бəрін көретін көз болмағаны өкінішті. Бурабай біздің ұлттық мақтанышымыз, шетелдіктерге марқая тұрып көрсететін көрікті жеріміз емес пе? Күллі қазақтың мақтанышына айналған жерді бəзбіреулердің ойрандауына неге жол беріледі? Бұл – бұған дейін де талай рет айтылған, бірақ сол күйінде қалып келе жатқан мəселе. Осы ештеңені «көрмей, естімей, үндемей» жүріп талай құндылықтарымыздан қағылып қалмайық.

АҚТАУ.

Ғабдол-Муталлип ШƏРІПҰЛЫ, зейнеткер.

Ќайран, меніѕ ґз їйім... Баспана мұңы қашанда өзекті мəселе. Аядай күрке арман қуып астанаға ауылдан келген қазақ жастарының бас ауруына айналды. Ауылда тұрақты жұмыс көзі болмағандықтан бəрі атбасын елордаға тіреді. Айлығы шайлығына əрең жетіп, қалт-құлт күн кешіп отырған жас отбасылар жетерлік. Соның бірі – Бақтияр. Жасы отыздың үстінде. Үйелмелісүйелмелі 4 баласы бар. Тұңғышы биыл мектеп табалдырығын аттаcа, ең кішісі жақында дүниеге келді. Бір шағын бөлмені жалдап, оған ай сайын 25 мың теңге төлейді. Үй иесі де құдайына қараған адам екен, Бақтиярдың жағдайын көріп, үй бағасын шамалы түсірген. Өзі бір фирмада күзетші. Айына қолына 50 мың теңге тиеді. Оның үстіне ептеп баланың жəрдемақысы бар, əйтеуір ілдəлдалап күн кешкен күй. Ауылға қайта барғысы келсе де баяғы жұмыс жоқ. Əрі азын-аулақ əке-шешесінің зейнетақысына топталып отырған іні-қарындасы бар. Оған ортақ болғысы келмейді. Бірақ, соған мойып жүрген Бақтияр жоқ. Əйтеуір, көңілінде ертеңге деген жарқын үміт, берік сенім бар. Осы досымның күйін кешкен менің таныстарым өте көп. Барлығының да екі-үштен баласы, арзымайтын жалақысы бар. Бəрінің де бастарында баспана жоқ. Олар да айлығының жартысын жалдаған үйге төлеп, тірлік кешуде. Осы жігіттердің дені Астананың əсем де көрікті қала болуына өз үлесін қосып жүрген білекті құрылысшылар. Елбасының өткен 2012 жылғы халыққа арнаған Жолдауында айтылған «Қолжетімді баспана -2020» мемлекеттік бағдарламасы елді елең еткізген жылы хабар болды. Қуана құптадық. Əсіресе, ертеңге сенімі зор, үйсіз-күйсіз жүрген жастарға үміт отын жақты. Жолдауда «Қазақстанда жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Ең алдымен, жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз ету туралы мəселені шешу маңызды. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1миллион шаршы метрге жеткізу қажет», деп қадап жеткізді. Аталған бағдарлама негізінде Үкімет бірқатар игілікті шараларды қолға алғанын білеміз. Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі алты бағыт бойынша мемлекеттік қолдау қарастырылғанын да айтты. Алты бағыттың асуы да өзгеше. Оны таратып айтуды артық көрдік. Көзіқарақты жан хабардар деп ойлаймыз. Осы бағдарлама шыққаннан бері тұрғын үй туралы ақпаратты жібермей оқитын болдық. Дəмеміз де зорайды. Əйтеуір, қолға ғайыптан тайып үйдің кілті түсіп қалатын секілді... «Қазақстанның тұрғын үй құры лыс жинақ банкі» АҚ мемле кеттік бағдарламаны жүзеге асырудың басты операторының бірі. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында биыл банк займдардың сыйақы ставкасын төмендетеміз деп ақпарат берді. Төмендегені де рас. Бірақ, осы банкке ақша жинап, үй алу деген өткел бермес өзен секілді. Арғы бетке шығу

мүлде қиын. Жалпылама айтқанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ипотекалық үстемесі 11 пайызды құрайды. Бұл екінің бірінің қолы жете бермейтін пайыздық көрсеткіш. Сондықтан осы банк арқылы да қолжетімді баспанаға ие болу түйткілді мəселе. Енді оны тарқатып айтайық. Мысалы, Астанада орташа есеппен алғанда 1 бөлмелі үйдің бағасы 60 мың доллар тұрады. Жанбағыспен отырған қарапайым отбасы үшін көлемді баға. Банкке 4 пайыздық несиемен пəтер алу үшін үш жыл дық мерзімге кем дегенде ай сайын 150-200 мың теңге салу қажет. Ал, елімізде орташа айлық жалақы 80 мың теңге. Осы айлықты да бəрі бірдей ала бермейді. Оның сыртында жалдап тұрған пəтерге, артылып жатса, күнделікті тіршілікке жұмсалады. Бұл жерде бала-шаға туралы əлі ауыз ашпай отырмыз. Сонда бұл банктің тиімділігі қандай? Тұрмысы барлар қомданып, жағдайы жоқтар қорланып жүре беру керек пе? Алайда, елімізде қолжетімді баспанаға ие болу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ғана ептеп жеңілдік жасап отырғаны рас. Банктің өзге екінші деңгейлі банктерге қарағанда пайызы төмен. Төмен болғанмен халықтың барлық тобына бірдей лайықты емес. Ал, екінші деңгейлі банктердің ипотекалық пайызы өте жоғары. Мəселен, Казкоммерцбанктен ипотекамен үй алу үшін 25 жылға 14,7 пайыз, Сбербанк – 14 пайыз, Цеснабанк – 10 жылға 14 пайыз, 20 жылға 15 пайыздан береді. Осындай жоғары пайыздық мөлшермен үй алуға қарапайым халық түгілі, қалтасы қалыңдау азаматтың да шамасы келе бермейді. Саралап қарасақ, екінші деңгейлі банктердің мөлшері 15 пайыздан кем түспейді. Неліктен олай екенін ешкім ара-жігін ашып айтпайды. Мəселен, Еуропа немесе көрші Қытай елінде баспанаға ие болу деген бас ауыртатын дерт емес екен. Тұрақты жұмысың болса, 4 пайызбен үйді жалға алып, тұра бересіз. Бізде осындай жағдай туса, көптеген жастар өз еңбектерімен-ақ баспана мəселесін шешіп алар еді. Миллиард халқы бар көрші елмен, бір Мəскеудің тұрғыны саналатын жұртымызды мүлде салыстыруға келмейді ғой... Жалпы, жас отбасыларды айтқанда 29-ға дейінгі жастармен шектелеміз. Ал, 35-ке дейінгі жас отбасыларды қайда қосамыз? Бұл да ойланатын жəйт. Сосын 4 баласы бар жас отбасыларға арнайы жеңілдіктер қарастырған жөн. Мəселен, дүниеге əр сəби келген сайын, жалдамалы үйдің пайыздық мөлшерін азайтып отыр са, жеңілдікпен баспанаға қол жеткізсе нұр үстіне нұр, əрі елдің демографиялық мəселесі де дұрыс шешіліп, ұлтымыздың саны көбейері хақ. Сонда Бақтияр досым секілді өте төмен жалақымен күн кешіп отырған көп балалы жас отбасылар қолжетімді баспанаға ие болып, «Қайран, менің өз үйім, кең сарайдан боз үйім...» деп Жиренше шешен айтқан сөзді айта алар еді... Азамат ЕСЕНЖОЛ. АСТАНА.


www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

 Білім. Бағдарлама. Білік.

Жаѕа єасыр мўєалімі озыќ їлгіден їйренсе ўтады

Жан-жақты «қаруланған» білім мен білік өрісті іске жол ашып қана қоймайды, ұйытқы да болады. Білім алу бар да, оны іске асыру бар. Сондықтан да шығар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», дей келіп: «Қазіргі əлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен жəне ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», деді. Еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сəйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, əлемдік білім кеңістігіне қарай ықпалдастыру негізгі бағдарға айналуда. Оның негізінде жас ұрпақты қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде

таныта білу, олардың рухани жандүниесінің кіршіксіз таза көзқарасы мен шығармашылық деңгейі биік, танымдық құндылықтары жоғары, отаншылдық рухының мықты болып жетілуі жатыр. Бұл талаптарды орындау үшін бүгінгі таңда білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен əдістерін шектемей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау қажеттігі туындауда. Əсіресе, руханиадамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау барысында Кембридж (Ұлыбритания) тəсілінің теориялық негіздерінен үйренер үлгі бар. Осындай игілікті жұмысты Алматы қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» іске асыра бастады. Оған ұйтқы болып келе жатқан аталмыш орталықтың директоры Берік Асубаев бастаған ұжым. Өткен жылдың қыркүйек – қараша айларында біздің мектептің 5 мұғалімі сол орталықта

өз шеберліктерін шындап, біліктілігін көтерді. Біліктілікті көтеру курстарында Кембридж университетінің мамандарынан дəріс алған халықаралық деңгейдегі маман сабақ берді. Сегіз ғасырдан астам тарихы бар Кембридж университетінің іс-тəжірибесін меңгеру арқылы мұғалімдер білімнің мəнін, жауапкершіліктің салмағын ұғынумен қатар, икемді, құзыретті, шығармашылықпен жұмыс істеуге əзір болуға үйренуде. Ең басты мақсат – Назарбаев зияткерлік мектептерінің жинақтаған тəжірибесін қазақстандық жəне шетелдік үздік педагогикалық жетістіктермен ұштастыра отырып, оқушыға жан-жақты білім беру. Біз осыны ескеріп, мектеп ұжымы кеңесе келіп, жоғарыдағы орталықпен өзара келісімге отырып, білім беру ісіндегі тəжірибелік жұмысты бастадық. Яғни, озық үлгіні оқып үйрене отырып, өз мектебімізде орнықтыруды жөн көрдік. Орталықтың Австралиядан келген кеңесші тренері Ларри Брода мектеп мұғалімдерімен жете танысып, өзінің тренинг-сабақтарын жүргізуде. Бұл тренингтер педагогтар «Жеке тұлғаға бағытталған амалды» қолдана отырып,

топ жəне жұп болып «оқу, оқудағы өзгерістер» туралы сұхбаттасады. Өздеріне тиімді амалдарды талдайды жəне өз тəжірибелері жөнінде пікір алмасады. Тренинг соңында ұстаздар «мүмкіндіктерді зерттеу мүмкіндіктері» ту ралы тұжырым жасап, білу икемділігін жетілдіретін стратегиялармен танысады. Осындай елімізде болып жатқан құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырдың мұғалімін дайындау міндетімен байланысты. Біз жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, сыни тұрғыдан ой елегінен өткізіп, өз жұмысымызға, ізденістерімізге тиімді пайдаланатын боламыз. Бұл ұрпақ болашағы сеніп тапсырылған əр мұғалімнің міндетті ісі деп білемін. Біздің педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп жасаған бағдарламамыз ұстаздардың біліктілігін арттырумен қатар, шəкірттеріне сапалы білім беруіне, тəрбие үйретуіне өз ықпалын тигізеді деген сенімдемін. Нұрайым ҮСЕНОВА, Алматы қаласындағы № 172 жалпы білім беретін мектептің директоры.

Назар аударыңыз! Маңғыстау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті мемлекеттік тұрғын үй емес қордың жайларын жалға беру бойынша тендер өткізеді Лот № 1. Ақтау қ., 4-шағын аудан, № 12 ғимарат мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 6,0 шаршы метр мемлекеттік тұрғын үй емес қордың жайы. Теңгерім ұстаушысы: «Маңғыстау облысы бойынша салық департаменті» ММ. Нысаналы мақсаты: банктік операцияларды жүзеге асыру. Жалға беру мерзімі: тендер нəтижесі бекітілген күннен бастап 31.12.2015 ж. мерзімі бойынша. Осы лот бойынша кепілді жарна мөлшері – 2600 (екі мың алты жүз) теңге. Жалдық төлемнің бастапқы бағасы - 5193 (бес мың бір жүз тоқсан үш) теңге. ЛОТ № 2. Ақтау қ., 4-шағын аудан, № 12 ғимарат мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 6,0 шаршы метр мемлекеттік тұрғын үй емес қордың жайы. Теңгерім ұстаушысы: «Маңғыстау облысы бойынша салық департаменті» ММ. Нысаналы мақсаты: банктік операцияларды жүзеге асыру. Жалға беру мерзімі: тендер нəтижесі бекітілген күннен бастап 31.12.2015 ж. мерзімі бойынша. Осы лот бойынша кепілді жарна мөлшері – 3900 (үш мың тоғыз жүз) теңге. Жалға беру ақысының бастапқы мөлшерлемесі - 7800 (жеті мың сегіз жүз) теңге. ЛОТ № 3. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Тəжен» кеден бекетінің ғимараты мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 8,0 шаршы метр мемлекеттік тұрғын үй емес қордың жайы. Теңгерім иесі:

«Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті» ММ. Нысаналы мақсаты: банктік операцияларды жүзеге асыру. Жалға беру мерзімі: тендер нəтижесін бекіткен күннен бастап 31.12.2015 ж. мерзімі бойынша. Осы лот бойынша кепілді жарна мөлшері – 900 (тоғыз жүз) теңге. Жалдық төлемнің бастапқы бағасы - 1731 (бір мың жеті жүз отыз бір) теңге. ЛОТ № 4. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, «Темір Баба» кеден бекетінің ғимараты мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 4,4 шаршы метр мемлекеттік тұрғын үй емес қордың жайы. Теңгерім иесі: «Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті» ММ. Нысаналы мақсаты: банктік операцияларды жүзеге асыру. Жалдау мерзімі: тендер нəтижесін бекіткен күннен бастап 31.12.2015 ж. Осы лот бойынша кепілді жарна мөлшері – 500 (бес жүз) теңге. Жалдық төлемнің бастапқы бағасы - 953 (тоғыз жүз елу үш) теңге. Тендер 06.03.2013 ж. сағат 10.00-де өткізіледі. Өткізілу орны: Ақтау қ., 9-шағын аудан, № 23 əкімшілік ғимарат. Кепілді жарнаны аудару реквизиттері: Маңғыстау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің депозиттік шоты, ЖСК № KZ980705012170175006, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде, БСН 120240022666, СТН 430100285379, төлем тағайындау коды 171, Кбе 11, мекеме коды 2170175, БСК KKMFKZ2A.

Тендерге қатысуға өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Ақтау қ., 9-шағын аудан, № 23 ғимарат, 206-бөлме, тел. 8(7292)421655, 8(7292)421657. Өтінімдерді қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады жəне 06.03.2013 ж. 10 сағат 00 минутта аяқталады. Тендер өткiзудiң шарты жəне жеңімпазды таңдау өлшемдері: Тендерге қатысушылар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдер мен тəртiппен, жалға берушiнiң депозиттiк шотына кепiлдi жарна енгiзедi. Бір кепілді жарна бір нысанның тендеріне қатысуға мүмкіндік береді. Тендерге қатысушылар: 1) тендерге өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негізiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысады; 2) тендерге шығарылатын нысан бойынша қосымша мəлiметтердi, нақтылауларды тегiн алады; 3) нысанды алдын ала тексеріп қарайды; 4) өзінің құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгiнеді; 5) тендер басталғанға дейін кемінде үш күн бұрын бұл туралы жалға берушіге жазбаша хабарлап, қатысуға берген өзінің өтінішін қайтарып алады. Егер өтініштерді қабылдау мерзiмiнiң аяқталу сəтiнде бiр ғана өтiнiш тіркелген болса (екiншi жəне келесi тендерлердi қоспағанда), тендер өтпедi деп танылады. Өткізілмеген тендер туралы шешім тиісті хаттамамен ресімделеді. Тендер өтетiн күнi отырыста тендер комиссиясы тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар ішкі конверттердi ашады

жəне олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттердi ашу алдында комиссия олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл ішкі конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі. Конверттердi ашу жəне ұсыныстарды жариялау кезiнде тендерге қатысушылар немесе олардың уəкiлеттi өкiлдерi қатыса алады. Тендер комиссиясы ұсынылған ұсыныстардың тендерлiк құжаттамада қамтылған талаптарға сəйкестiгiн тексередi. Егер берілген ұсыныстар тендерлiк құжаттамада қамтылған талаптарға сəйкес болмаған жағдайда, көрсетiлген ұсыныстар одан əрi қарауға жатпайды жəне мұндай өтiнiш берген тұлға тендерге қатысушы мəртебесiн жоғалтады, бұл конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі. Тендер комиссиясының шешiмi бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамаға сəйкес барлық құқықтар мен міндеттерді қабылдаған тендерге қатысушы тендер жеңiмпазы деп танылады Үмiткер тендерге қатысу үшiн жалға берушi белгiлеген мерзiмде: үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн жəне оның тендер шартын орындау мен шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерін қамтитын тендерге қатысуға өтiнішті; 2) желiмделген конвертте тендердiң шарты бойынша ұсыныстарды; 3) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) жəне салық төлеуші куəлігінің көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың

жəне нотариалды куəландырылған көшірмелерін; жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің жəне үй кітапшасының көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; 4) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірмені; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестікке қатысушылар тізілімінен үзінді көшірмені (серіктестікке қатысушылардың тізілімі жүргізілген жағдайда); 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарын; 6) кепілді жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесін; 7) өтініш беру сəтіне салықтық берешегі жоқ екені туралы салық органының анықтамасын беруі қажет. Тендер нысандары бойынша құжаттармен мына мекен-жай бойынша танысуға болады: Ақтау қ., 9-шағын аудан, № 23 ғимарат, 206-бөлме. Тендерлік құжаттама белгіленген тəртіпте тіркелген тендер қатысушыларына ұсынылады. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8(7292)421657.

ТЕНДЕР ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті республикалық мүлікті мүліктік жалға беру бойынша тендер өткізеді Тендер 06.03.2013 ж. сағат 10.00-де əкімшілік ғимаратта мына мекен-жай бойынша болады: Павлодар қ., академик Сəтбаев к-сі, 136, 7-қабат, акт залы. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемдері Банктік операцияларды жүзеге асыру үшін кейіннен сатып алу құқығынсыз нысандарды жалға алу («Қазпочта» АҚ-тың, банктердің есеп-айырысукассалық орталықтары) төлемақы ай сайын. Тендер жеңімпазы болып нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған талаптарға сай келетін тендер қатысушысы танылады. Жалдау ақысының мөлшерлемесіне коммуналдық қызметтерге жəне тұрақжайға қызмет көрсетуге шығындар кірмейді, олар бөлек төленеді. Тендер нысандарының қысқаша сипаттамасы: «Павлодар облысы бойынша салық департаменті» ММ балансында тұрған: Лот №1 – тұрғын емес тұрақжайлардың бөлігі, орналасқан мекен-жайы: Павлодар қ., Жеңіс алаңы, 5А., жалпы алаңы – 38,31 ш.м., оның ішінде пайдалы – 30,8 ш.м. (əкімшілік ғимаратының екінші қабатындағы №18 бөлме), қосалқы – 7,51 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі – айына 29842 теңге. Кепілді жарна –14921 теңге; Лот №2 – тұрғын емес тұрақжайлардың бөлігі, орналасқан мекен-жайы: Ақсу қ., Дөнентаев к-сі, 50, жалпы алаңы – 6,54 ш.м., соның ішінде пайдалы – 5,0 ш.м. (əкімшілік ғимаратының екінші қабатындағы №1 бөлме бөлігі), қосалқы – 1,54 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі – айына 3821 теңге. Кепілді жарна –1910 теңге; Лот №3 – тұрғын емес тұрақжайлардың бөлігі, орналасқан мекен-жайы: Ақтоғай ауданы, Ақтоғай а., Абай к-сі, 118, жалпы алаңы – 19,1 ш.м., соның ішінде пайдалы – 14,9 ш.м. (əкімшілік ғимаратының бірінші қабатындағы №4 бөлме бөлігі), қосалқы – 4,2 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі – айына 6695 теңге. Кепілді жарна – 3348 теңге; Лот №4 – тұрғын емес тұрақжайлардың бөлігі, орналасқан мекен-жайы: Баянауыл ауданы, Баянауыл а., Жарылғапберді к-сі, 12, жалпы алаңы – 5,69 ш.м., соның ішінде пайдалы – 4,75 ш.м. (əкімшілік ғимаратының бірінші қабатындағы №1 дəліздің бөлігі), қосалқы – 0,94 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі – айына 1995 теңге. Кепілді жарна –997 теңге; Лот №5 – тұрғын емес тұрақжайлардың бөлігі, орналасқан мекен-жайы: Железин ауданы, Железин

а., Квитков к-сі, 2, жалпы алаңы – 5,14 ш.м., соның ішінде пайдалы – 4,0 ш.м. (əкімшілік ғимаратының бірінші қабатындағы №9 бөлме бөлігі), қосалқы – 1,14 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі – 1802 айына теңге. Кепілді жарна – 901 теңге; Лот №6 – тұрғын емес тұрақжайлардың бөлігі, орналасқан мекен-жайы: Ертіс ауданы, Ертіс а., Иса Байзақов к-сі, 11, жалпы алаңы – 22,31 ш.м., соның ішінде пайдалы – 16,1 ш.м. (əкімшілік ғимаратының бірінші қабатындағы №3 бөлме), қосалқы – 6,21 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі – айына 7820 теңге. Кепілді жарна - 3910 теңге; Лот №7 – тұрғын емес тұрақжайлардың бөлігі, орналасқан мекен-жайы: Качиры ауданы, Тереңкөл а., Целинная к-сі, 167, мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы – 12,05 ш.м., соның ішінде пайдалы – 8,3 ш.м. (əкімшілік ғимаратының бірінші қабатындағы №3 бөлме), қосалқы – 3,75 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі – айына 4224 теңге. Кепілді жарна –2112 теңге; Лот №8 – тұрғын емес тұрақжайлардың бөлігі, орналасқан мекен-жайы: Лебяже ауданы, Аққу а., Всеволод Иванов к-сі, 95, жалпы алаңы – 12,81 ш.м., соның ішінде пайдалы – 11,0 ш.м. (əкімшілік ғимаратының бірінші қабатындағы №3 бөлме), қосалқы – 1,81 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі – айына 4490 теңге. Кепілді жарна – 2245 теңге; Лот №9– тұрғын емес тұрақжайлардың бөлігі, орналасқан мекен-жайы: Екібастұз қ. Мəшһүр Жүсіп к-сі, 94, жалпы алаңы – 12,55 ш.м., соның ішінде пайдалы – 9,25 ш.м. (əкімшілік ғимаратының бірінші қабатындағы №9 бөлме бөлігі), қосалқы – 3,3 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі – айына 7332 теңге. Кепілді жарна - 3666 теңге; ҚР АШМ Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ балансында тұрған: Лот №10 – тұрғын емес тұрақжайлардың бөлігі, орналасқан мекен-жайы: Шарбақты ауданы, Шалдай а., Ленин к-сі, 60, жалпы алаңы – 14,9 ш.м., соның ішінде пайдалы – 11,3 ш.м. (ғимаратының бірінші қабатындағы №6 бөлме), қосалқы – 3,6 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі – айына 2321 теңге. Кепілді жарна –1161 теңге; Лот №11 – тұрғын емес тұрақжайлардың бөлігі,

орналасқан мекен-жайы: Лебяже ауданы, Шақа а., Клубная к-сі, 1, жалпы алаңы – 80,78 ш.м., соның ішінде пайдалы – 41,0 ш.м. (№25 бөлме), қосалқы 39,78 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі – айына 12 585 теңге. Кепілді жарна – 6292 теңге. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемі  Мекеме қызметкерлеріне тамақтандыруды ұйымдастыру үшін асхана ретінде пайдалануға кейіннен сатып алу құқығынсыз нысанды жалға беру;  Қоғамдық тамақтандыру саласындағы жұмыс тəжірибесі кемінде 5 жыл;  Тағамды сапалы дайындау (өнімдер сапалы əрі таза болуы тиіс, гарнирлер дайындау үшін жармалар тазартылған болуы тиіс);  Тағамдар ассортиментінің сан алуандығы: - бірінші тағам екі атаудан кем болмауы керек; - екінші тағам жеті атаудан болмауы керек; - пісірме жеті атаудан кем болмауы керек; - салаттар екі атаудан кем болмауы керек; - үшінші тағам (сусындар) алты атаудан кем болмауы керек;  Санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау;  Қызмет көрсетудің мəдениеттілігі мен жеделдігі;  Нысанның баланс ұстаушысымен жұмыс кестесін келісу қажет;  Ай сайынғы төлемақы. Нысан үшін ең жоғары жалдау ақысының сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендер қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады. Мүліктік жалдау мерзімі – бір жылға дейін. Тендер нысанының қысқаша сипаттамасы тұрғын емес тұрақжайдың бөлігі, «Павлодар облысы бойынша салық департаменті» балансында тұр, орналасқан мекен-жайы: Павлодар қ., Ленин к-сі, 57, жалпы алаңы – 137,9 ш.м., оның ішінде пайдалы алаңы – 103,1 ш.м. (ғимаратының бірінші қабаттағы №16, 17, 18 бөлмелер), қосалқы - 34,8 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 26855 теңге. Жалдау ақысына нысандағы коммуналдық қызметтерге жəне қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар кірмейді. Кепілді жарна – 53709 теңге. Кепілді жарна – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ шотына енгізіледі, код 2170176, БСН 120340001459, КБЕ 11, КНП 171, ИИК KZ640705012176006, БИК ККМҒКZ2A, «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ.

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылдаудың мерзімі - өтініш тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап құжаттардың белгіленген топтамасымен қабылданады жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күн ішінде аяқталады. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі – 1) тендерге қатысуға үміткердің келісімі қамтылған тендерге қатысуға өтініші жəне оның тендер шартын орындауы бойынша міндеттемесі мен тиісті шартты жасауы; 2) жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсыныс; 3) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғының) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті көрсетуімен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері. жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу куəлігінің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелері, салық төлеушінің куəлігі жəне салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті көрсетумен бірге үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері. 4) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірмені. жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында). 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай көшірмелері. 6) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі. 7) өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама. Өтініш қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы конвертте құжаттар, ішкі конвертте үміткердің ұсынысы қамтылуы тиіс, конверт жапсырылған жəне мөрленген болуы тиіс. Құжаттарды тіркеу үшін тігілген түрінде, беттері нөмірленген жəне соңғы бетіне қол қойылып жəне мөр басылуы тиіс (жеке тұлға үшін, егер мұндай болса). Шарт жасасу мерзімі – тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен кешіктірілмей жасалады. Өтінімдер қабылдау, тендер нысанымен танысу жəне тендерлік құжаттаманы тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекенжайда алуға болады: Павлодар қ., академик Сəтбаев к-сі, 136, 517-бөлме (анықтама алу телефоны 32-50-94).

«АК Алтыналмас» АҚ (Қазақстан Республикасы, 080012, Жамбыл облысы, Тараз қ., Қазыбек би к-сі, 111, 212-офис, БИН 950640000810) «АК Алтыналмас» АҚ акционерлерінің 2013 жылғы 15 ақпандағы жалпы жиналысы «АК Алтыналмас» АҚға «ОДАК» акционерлік қоғамын (Қазақстан Республикасы, 050043, Алматы қ., Мұсабаев к-сі, 8-үй, БИН 980440001936) қосу нысанында «АК Алтыналмас» АҚ-ты қайта құру туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабарлайды. Кредиторлардың талаптары «АК Алтыналмас» АҚ-ты қайта құру туралы осы хабарландыру жарияланған күнінен бастап екі ай мерзімде мына мекен-жайға берілуі керек: Қазақстан Республикасы, Тараз қ., Қазыбек би к-сі, 111, 212-офис, 8 (726) 2430213, факс (727) 3500250.

«ОДАК» АҚ (Қазақстан Республикасы, 050043, Алматы қ., Мұсабаев к-сі, 8-үй, БИН 980440001936) «ОДАК» АҚ-тың жалғыз акционері 2013 жылғы 11 ақпанда «ОДАК» АҚ-ты «АК Алтыналмас» АҚ-ға (Қазақстан Республикасы, 080012, Жамбыл облысы, Тараз қ., Қазыбек би к-сі, 111, 212-офис, БИН 950640000810) қосу нысанында қайта құру туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабарлайды. Кредиторлардың талаптары осы «ОДАК» АҚ-ты қайта құру туралы осы хабарландыру жарияланған күнінен бастап екі ай мерзімде мына мекен-жайға берілуі керек: Қазақстан Республикасы, 050043, Алматы қ., Мұсабаев к-сі, 8-үй, тел.: 8 (727) 350 02 11, 350 02 25, факс: 8 (727) 350 02 50.

АО «АК Алтыналмас» (Республика Казахстан, 080012, Жамбылская область, г. Тараз, ул. Казыбек би, 111, офис 212, БИН 950640000810) сообщает о том, что 15 февраля 2013 года внеочередным общим собранием акционеров АО «АК Алтыналмас» принято решение о реорганизации АО «АК Алтыналмас» в форме присоединения к АО «АК Алтыналмас» акционерного общества «ОДАК» (Республика Казахстан, 050043, г. Алматы, ул. Мусабаева, дом 8, БИН 980440001936). Требования кредиторов могут быть предъявлены в двухмесячный срок с даты опубликования настоящего объявления о реорганизации АО «АК Алтыналмас» по адресу: Республика Казахстан, г. Тараз, ул. Казыбек би, 111, офис 212, тел.: 8 (726) 2430213, факс (727) 3500250.

АО «ОДАК» (Республика Казахстан, 050043, г. Алматы, ул. Мусабаева, дом 8, БИН 980440001936) сообщает о том, что 11 февраля 2013 года единственным акционером АО «ОДАК» принято решение о реорганизации АО «ОДАК» в форме присоединения его к АО «АК Алтыналмас» (Республика Казахстан, 080012, Жамбылская область, г. Тараз, ул. Казыбек би, 111, офис 212, БИН 950640000810). Требования кредиторов могут быть предъявлены в двухмесячный срок с даты опубликования настоящего объявления о реорганизации АО «ОДАК» по адресу: Республика Казахстан, 050043, г. Алматы, ул. Мусабаева, дом 8, тел.: 8 (727) 350 02 11, 350 02 25, факс: 8 (727) 350 02 50.

«АЛСИ» ЖШС құрамынан «АЛСИ Управление активами» ЖШС-ның шығу жолымен қайта құрылуына байланысты 100 АЕК-ке дейін жарғылық капиталының азайғандығы туралы хабарлайды.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

7

ТЕНДЕР ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті республикалық мүлікті мүліктік жалға беру бойынша тендер өткізеді Тендер 06.03.2013 ж. сағат 11.00-де əкімшілік ғимаратта мына мекен-жай бойынша болады: Павлодар қ., академик Сəтбаев к-сі, 136, 7-қабат, акт залы. Тендер нысандарының қысқаша сипаттамасы: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Əскери-техникалық мектеп» РМҚК балансында тұрған: Лот №1 – тұрғын емес тұрақжайдың бөлігі, жалпы алаңы – 270,1 ш.м., жеке кіреберісімен (спорт клубы ғимаратының бірінші қабатындағы №5 бөлме). Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемі Кейіннен сатып алу құқығынсыз нысанды жалдау, автомəшинелердің қозғалатын бөліктеріне жөндеу жүргізу мақсатында пайдалану үшін. Төлемақы ай сайын. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 95 940 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна - 50495 теңге. Мүліктік жалдау мерзімі – бір жылға дейін. Тендер жеңімпазы болып нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған талаптарға сай келетін тендер қатысушысы танылады. Жалдау ақысының мөлшерлемесіне коммуналдық қызметтерге жəне тұрақжайға қызмет көрсетуге шығындар кірмейді, олар бөлек төленеді. Лот №2 – тұрғын емес тұрақжайдың бөлігі, жалпы алаңы – 186,6 ш.м., жеке кіреберісімен (ЗТЕ сыныптары ғимаратының бірінші қабатындағы №15 бөлме). Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемі Құрылыс материалдарын сақтау мақсатында пайдалану үшін кейіннен сатып алу құқығынсыз нысанды жалдау. Төлемақы ай сайын. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 110468 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 58141 теңге. Мүліктік жалдау мерзімі – бір жылға дейін. Тендер жеңімпазы болып нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған талаптарға сай келетін тендер қатысушысы танылады. Жалдау ақысының мөлшерлемесіне коммуналдық қызметтерге жəне тұрақжайға қызмет көрсетуге шығындар кірмейді, олар бөлек төленеді. «ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК балансында тұрған: Лот №3 - тұрғын емес тұрақжайдың бөлігі, орналасқан мекен-жайы: Екібастұз қ., Шідерті кенті, Ленин к-сі, 8, жалпы алаңы – 60,48 ш.м., оның ішінде пайдалы алаңы – 46,4 ш.м. (бірінші қабаттағы №25,26,27,28 бөлмелер), қосалқы - 14,08 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемі Банктік операцияларды жүзеге асыру үшін кейіннен сатып алу құқығынсыз нысанды жалдау («Қазпочта» АҚ, банктердің есеп айырысукассалық орталықтары). Төлемақы ай сайын. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 11778 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 5889 теңге. Мүліктік жалдау мерзімі – бір жылға дейін. Тендер жеңімпазы болып нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған талаптарға

сай келетін тендер қатысушысы танылады. Жалдау ақысының мөлшерлемесіне коммуналдық қызметтерге жəне тұрақжайға қызмет көрсетуге шығындар кірмейді, олар бөлек төленеді. Тендерге қатысуға өтініштер қабылдаудың мерзімі - өтініш тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап құжаттардың белгіленген топтамасымен қабылданады жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күні ішінде аяқталады. Кепілді жарна – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ шотына енгізіледі, код 2170176, БСН 120340001459, КБЕ 11, КНП 171, ИИК KZ640705012176006, БИК ККМҒКZ2A, «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі – тендерге қатысуға үміткердің келісімі қамтылған тендерге қатысуға өтініші жəне оның тендер шартын орындауы бойынша міндеттемесі мен тиісті шартты жасауы; жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсыныс; заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғының) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті көрсетуімен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері. жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу куəлігінің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелері, салық төлеушінің куəлігі жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті көрсетумен бірге үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері. акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірмені. жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында). 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай көшірмелері. 6) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі. 7) өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама. Өтініш қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы конвертте құжаттар, ішкі конвертте үміткердің ұсынысы қамтылуы тиіс, конверт жапсырылған жəне мөрленген болуы тиіс. Құжаттарды тіркеу үшін тігілген түрінде, беттері нөмірленген жəне соңғы бетіне қол қойылып жəне мөр басылуы тиіс (жеке тұлға үшін, егер мұндай болса). Шарт жасасу мерзімі – тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады. Өтінімдер қабылдау, тендер нысанымен танысу жəне тендерлік құжаттаманы тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекен-жайдан алуға болады: Павлодар қ., академик Сəтбаев к-сі, 136, 517-бөлме (анықтама алу телефоны 32-50-94).

«Кирилловка - Айыртау» ЖШС өз қатысушыларына 04.03.2013 жылы ҚР, СҚО, Айыртау ауд., Кирилловка а. мекен-жайы бойынша мынадай күн тəртібімен жиналыс болатындығы туралы хабарлайды: 1) «Кирилловка - Айыртау» ЖШС мүлкін, атап айтқанда өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге «Delta Bank» АҚ-ға кепілге, міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті көлемде астық қолхаты бойынша бидайды беру. 2) «Delta Bank» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында кепілдегі мүлікті соттан тыс жүзеге асыруға келісім беру. 3) «Кирилловка - Айыртау» ЖШС атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге беру бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау каласындағы филиалы, 130000, 12-ш/а, 74-ғимарат, изотрубкаларымен қамтамасыз ету ашық конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Қызметтер көрсетудің түпкілікті мерзімі: 2013 ж. наурыз айынан бастап – 2013 ж. желтоқсан айына дейін. Конкурстық құжаттарды алу жері мен реті: Ақтау қ., 12-ш/а, 74-ғимарат, электрондық пошта бойынша: GXCMOCTender@cmoc.kz. Түпкілікті тапсыру мерзімі: 12.00 сағат 18 наурыз 2013 ж. (Ақтау уақыты), Ақтау қ., 12-ш/ а, 74-ғимарат. Конкурстық ұсыныстарды қағаз жəне CD диск түрінде беруді сұраймыз. Конкурстық ұсыныстардың ашылу күні мен уақыты: 14.30 сағат 18 наурыз 2013 ж., Ақтау қ., 12-ш/а, 74-ғимарат. Конкурсқа жауапты адам: Гулдана Хайрушева, келісім шарттар инженері, тел. 8-7292-700727. Қосымша ақпарат пен анықтамаларды 8-7292-700700 телефон нөмірі жəне GXCMOCTender@cmoc.kz. электрондық пошта арқылы алуға болады.

Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, 130000, 12-мкр., 74-здание, Мангистауская область, объявляет о проведении открытого конкурса по поставке изотрубок Требуемые сроки оказания услуг: с марта месяца 2013 г. по декабрь месяц 2013 г. Место и способы получения Конкурсной документации: г.Актау, 130000, 12-мкр., 74-здание или по электронной почте GXCMOCTender@cmoc.kz. Окончательный срок предоставления конкурсных заявок: 12.00 часов 18 марта 2013 г. (по времени г. Актау), г. Актау, 130000, 12-мкр., 74-здание, офис КМОК. Заявки подаются на бумажном носителе и на CD диске. Дата и время вскрытия: 14.30 часов 18 марта 2013 г. (по времени г. Актау), г. Актау, 130000, 12-мкр., 74-здание. Ответственный за проведение конкурса: Гулдана Хайрушева, инженер по контрактам, тел.: 8-7292-700727. Дополнительную информацию можно получить по телефону: 8-7292-700700 и по электронной почте: GXCMOCTender@cmoc.kz.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі «Түркістан» газетінің бас редакторы Шəмшидин Паттеевке ағасы Мұса ƏШЕНҚОЖАҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының кеңесшісі, Орталық кеңестің мүшесі Мұса Əшенқожаұлы ПАТТЕЕВТІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туысқандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы Шəмшидин Паттеевке ағасы МҰСАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының ұжымы белгілі журналист, «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы Шəмшидин Паттеевке ағасы МҰСАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. ҚазМУ-дің журналистика факультетінде бірге оқыған курстас достары «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы Шəмшидин Паттеевке ағасы МҰСАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

с ы л а м е д і г е д л Есі

Алєашќы орындаєы арна

 Редакцияға хат

Ґз жерімнен айырылып ќалар тїрім бар Мен Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы Бердіқұлов көшесінің №17 үйінде тұрамын. Кеңес өкіметі кезінде бұл ғимарат балалар интернаты болған. Ал осы үйді 1991 жылы пай есебінен алған едім. Ол алғашында «Алатау» кооперативінің жекеменшігінде болды. 1991 жылы осы үйді жекешелендіруге қатысты он адамнан купон сатып алып, кооператив есебіне өткіздім. Кейін бұл қаржы жеткіліксіз деген соң 165 мың теңге тағы төледім. «Алатау» кооперативі электр қуатына қарыз болуына байланысты өзінің атына өзгеріс енгізді. 2004 жылға дейін бұл үйде электр қуаты болған жоқ. Менің жеке өзім электр қуаты үшін 210 мың теңге төледім. Бүгінгі күні сəбилер үйінен төрт бала асырап алып, соларды жеткізудің жолында жүрмін. Осы балалардың несібесі жəне өзімнің еңбегіме орай сөз етіп отырған үйдегі үш бөлме жəне үй аумағындағы 10 сотық жерді жекешелендіріп алған едім. Бірақ, 2009 жылы менің меншігімдегі жеріме көз алартушы пайда болды. Амангелді Мақатов деген азамат жерімді өзінікі деп сотқа берді. Басында бұған онша мəн бермедім. Себебі, жерге қатысты құжаттарыма сендім. Бір күні мені сотқа шақырды. Мақатов сотқа жүгініпті. Сол күннен бастап өмірім əуре-сарсаңмен келеді. 2002 жылы 7 қазанда Алматы облысындағы Талғар аудандық сотының судьясы Н.Досполовтың шешімінде менің «Ақбұлақ» кооперативі мен арамыздағы сату-сатып алу келісімшартын дұрыс деп тауып, Бердіқұлов көшесіндегі №17 үйді жəне оған қатысты жерді менің меншігімде екенін растаған. Соған қарамастан, жоғарыда аты аталған Мақатов мырза бұл жерді Рафатов деген біреуге сатып жіберген. Енді мен жерімді заңсыз иеленіп отырған сол Рафатовты сотқа бердім. Бірақ, Талғар аудандық сотының судьясы Н.Шаймерденов менің Рафатовқа қатысты талап-арызымды қараусыз қалдыруға шешім шығарды. Сонымен, менің бармаған жерім, ашпаған есігім қалған жоқ. Бір тыңдар құлақ таппай тығырыққа тірелгендіктен жағдайымды ел газеті – «Егеменге» жазып отырмын. Менің мұңымды тиісті орындарға жеткізерсіздер деп сенемін. Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы.

Бибігүл ЖИЕНБАЕВА.

«ЕГЕМЕНДІ»

Ақпарат айдынында айтарлықтай табысқа ие «ТНС Гэллап Медиа Азия» (TNS Gallup Media Asia) зерттеу компаниясының мəліметтері бойынша биыл қаңтардың 1-і мен ақпанның 10-ы аралығында «Қазақстан» ұлттық телеарнасы 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендер, яғни шағын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары арасында 23,3% орташа тəуліктік үлес көрсеткішімен алдыңғы орынға табан тіреді. Осылайша 6+ бағамы бойынша, (6 жастан жоғары қазақ жəне орыс тілді көрермендер арасында) ұлттық арна қазақ тілді аудиторияда ғана емес, барлық деңгейдегі көрерменді қамтыған отандық өзге телеарналардың алдына шықты. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша «Қазақстан» ұлттық арнасы 2011 жылдың қыркүйегінен 100 пайыз қазақ тілінде хабар тарата бастаған еді. «Қазақстан» ұлттық арнасы жұртшылық сұранысын қанағаттандырып қана қоймай,

 Спорт

Жерлестеріміздіѕ кезекті жеѕісі

көрерменнің көкейіндегісін де дөп табуымен ерекшеленуде. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық арна ақпараттық-сараптамалық, əлеуметтік, танымдық хабарлары, қызықты мегажобалары мен тартымды телехикаялары арқылы жұртшылықты өзіне тарта түсуде. Зерттеу басталғалы (2012 жылдың сəуір айынан бері) алты жастан жоғары тек қазақ тілді көреремендер саны бойынша, «Қазақстан» ұлттық арнасы 30,6 пайыздық орташа тəуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орында келеді. Жоғарыда көрсетілген «ТНС Гэллап Медиа Азия» зерттеу компаниясының мəліметтері 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын «Қазақстан» телеарнасының өзге ұлттар арасында да үлкен сұранысқа ие екенін дəлелдейді. Бұл – «Мемлекеттік тіл – барша қазақстандықтарды біріктіруші фактор болуы тиіс», – деген Елбасы сөзінің шындыққа айнала бастағанының нақты көрінісі.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырауда экономиканың əр саласын өркендетумен бірге, спортты да, соның ішінде олимпиадалық спорт түрі – таэквондоны дамытуға баса көңіл бөлінуде. Мақсат – жастарды саламатты өмір салтын қалыптастыруға тартып, болашақ олимпиада чемпиондарын шығару. – Бізді Қазақстанға, со ның ішінде Атырауға Бүкілдүниежүзілік таэквондо фе дера ция сы ның жіберетінін білгенде, ерекше қуандық. Себебі, Атырауда мықты жас таэквондошылар бар деп естігенбіз, – деп өз ойымен бөлісті корейлік жаттықтырушы Хиюн Сук. – Атырау – Олимпиаданың тұңғыш қола жүлдегері Арман Шылманов шыққан өңір. Өткен жылы Гүлнафис Айтмұхамбетованың Лондон Олимпиадасына қатысқанын білеміз. Атырауда таэквондо спорты жақсы жолға қо йылғаны на қанықтық. Жалпы, бұл спортқа əлем елдерінде қы зығушылық

Биылғы жылдың басынан бері газет сайты кириллицамен қатар, латын əліпбиімен жəне төте жазумен де жарық көруде.

Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Біздің жігіттер қарсыласынан басым түсіп, ала тақиялы ағайындарды 8:2 есебімен ұтты. Осы кездесуде біздің боксшылардан 91 килодағы Антон Пинчук пен ең жеңіл салмақтағы Біржан Жақыптан басқаларының бəрі қарсыластарынан басым болды. Соның ішінде Ілияс Сүлейменов (52 кг.), Қайрат Ералиев (56 кг.), Берік Абдрахманов (60 кг.) пен Жəнібек Əлімханұлының (75 кг.) өнері жанкүйерлердің көңілінен шықты деуге болады. Беріктің

ширақ қимылы, Қайраттың шаршы алаңда өзін еркін ұстап, бокстасуы, Жəнібектің гүрзі жұдырықтарымен соққылар жасағаны қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Сондай бір сəтте Жəнібектің үшінші раундта Шухрат Аблуллаевты нокдаунға жіберіп үлгергенін айту керек. Ал, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов, Əділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко жеңіске жетсе де расы керек кешегідей өнер көрсете алмады. Олардың бүгін Украинамен өтетін кездесуде жақсы қырынан көрінетініне сенеміз.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан».

артып келеді. Қазақстанда да солай, осы елден Олимпиада жүлдегері шыққаны қазақ халқына бұл спорттың жат емес екенін білдіреді. Хиюн Сук – жыл басында Бүкілдүниежүзілік таэквондо федерациясының ұйғаруымен аталмыш спорт түрін дамыту, тəжірибе алмасу мақсатында Атырауға жіберілген екі жаттықтырушының бірі. Оның қасында Сунг Жэ деген жəне бір жаттықтырушы бар. Екеуі де Кореядан тамыр тартқан таэквондо жаттықтырушылары, спорт тың осы түрінен төртінші дан қара белбеуді иеленіпті. Таэ квондодан облыстың аға жаттықтырушысы Бауыржан Төребаевтың айтуынша, екеуі жас болса да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген, халықаралық дəрежедегі сындарда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген таэквондошылар. Қазір олар атыраулық жас таэквондошыларды осы спорттың қырсырына қанықтыруда. Жəнібек Əлімханұлы шабуылдауда.

Атырау облысы.

 Мəссаған!

Ќўрылтайшы ќамауєа алынды Темір ҚҰСАЙЫН,

Орал өңіріндегі Пойма астық қабылдау кəсіпорны ЖШС жетекшілері азық-түлік келісімшарт корпорациясы ҰҚ АҚ-қа тиесілі 14 мың тоннаға жуық астықты ұрлағаны белгілі болып отыр. Ақшалай құнға шаққанда оның мөлшері 596 миллион 766 600 теңге. Осы дерек бойынша Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасына қарасты арнайы прокурорлар басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр. Қазір анықталғаны

www.egemen.kz/lat - латын www.egemen.kz/tote - төте жазу www.egemen.kz/pdf - PDF

Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ

«Егемен Қазақстан».

«Егемен-ақпарат».

«Егемен Қазақстан».

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы

Дастан КЕНЖАЛИН,

Əзербайжан мен Украина ара сындағы кездесу де 5:5 есе бі мен аяқталды. Бұл жекпе-жекке екі жақтың да кешегі жеңілістен кейін, намысқа тырысып, барын салып өнер көрсетуге шыққанына куə болдық. Онда Əзербайжан құрамасында бізге ең жеңіл салмақтағы Мунасиб Мамедовтың, Гейбатулла Гаджалиевтің (64 кг) айқасы ұнаса, Украина командасында Евгений Хитров (75 кг) пен Олександр Ганзуляның (81 кг) жекпе-жегі көңілімізден шықты. Бүгін Қазақстан құрамасы Украинамен, ал Əзербайжан Өзбекстанмен кездеседі.

Шеберліктерін шыѕдауда

бүкіл əлем қазақтары оқи алады

Меншік иесі:

Астанада «Төрт елдің» турнирі одан əрі жалғасуда. Кеше Қазақстан құрамасы Өзбекстан боксшыларымен, ал Əзербайжан Украина командасымен кездесті.

өт кен жылдың сəуір-тамыз айлары аралығында кəсіпорын директоры М. заңсыз əрекеттер жасап ЖШС құрылтайшысы Ж.ның ауызша нұсқауы бойынша құжаттарды ресімдеусіз өндірістік корпорацияға тиесілі астықты өзге жақтарға бірнеше дүркін жөнелткен. Осы кезде ЖШС құрылтайшысы өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып алдау мен сенімге қиянат жасаудың шектен тыс еркіндігіне жол берген. Ол ұрланған астықты іс жүзінде жоқ екенін жасырып, саналы түрде, қасақана үнсіз қалған. Осындай жымысқы жолдармен

Пойма астық қабылдау кəсіпорны ЖШС ай сайын өткен жылдың тамыз айлары аралығында жоғарыда аталған корпорация алдына есепшот фактураларын шығаруды жүзеге асырған. Бүгінгі күні прокурорлық тексерулердің барысында ірі мөлшердегі астық ұрлау көрінісінің жалпы нобайы анықталды. Мұның өзі облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі нұқсан келтіреді деген ұйғарым жасалуда. Аталған ЖШС жетекшісіне өздеріне сеніп тапсырылған аса ірі мөлшерде астықты иеленіп алу жəне ысырап ету мақсатын

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010008, Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

көздеген деген айып тағылуда. Мұндай алаяқтық дерегі қылмыстық кодекстің 176-бабы 4-бөлігіне сəйкес келеді. Осылайша, қылмыс жасады деген сезікпен Пойма астық қа былдау кəсіпорны ЖШС бас құрылтайшысы, осы кəсіпорынның директоры ұсталып қамауға алынды. Олар Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау камерасына орналастырылды. Сөйтіп, Пойма астық қабылдау кəсіпорнының басшылары Ж. мен М.-ның қылмыстық əрекеттері салдарынан Азық-түлік келісімшарт корпорациясына 601 миллион теңгеден астам зиян келтірілген. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жақсыбай САМРАТ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 10 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС-те басылды, тел. 93-98-25. Тапсырыс №172 ek


9

www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

РЕСМИ БӨЛІМ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 14 желтоқсан

№1602

Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру жəне беру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 3-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру жəне беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі жəне ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №1602 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру жəне беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру жəне беру қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі (бұдан əрі – Заң) жəне «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес əзірленген. 2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын (бұдан əрі – АрМО) жедел басқару құқығындағы меншік құқығы мемлекетке тиесілі тұрғын жайларға қолданылады. 3. АрМО-ның қызметтік тұрғын жайы АрМО тұрғын жай қорынан берілетін жəне АрМО-ның қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің олардың қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде тұруына арналған, ерекше құқықтық режімдегі тұрғын жай болып табылады. 4. Əскери қызметшілерді тұрғын жаймен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздагы № 1091 қаулысымен бекітілген Əскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады. 2. АрМО-ның қызметтік тұрғын жайларын құру 5. АрМО-ның қызметтік тұрғын жайларын кұру АрМО-ның жедел басқару құқығыңдағы тұрғын жайлар есебінен жүзеге асырылады. 6. АрМО-ның қызметтік тұрғын жайлары жатақханалардағы бөлмелерден, пəтерлерден, жеке тұрғын үйлерден жəне əскери қалашықтарда, шекара заставаларында жəне өзге де жабық объектілерде орналасқан тұрғын жайларынан тұрады. 7. Қызметтік тұрғын жайларын есепке алуды АрМО-ның тиісті уəкілетті бөлімшелері жүргізеді. Тұрғын жайға мұқтаж АрМО қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін есепке алуды қызметтік тұрғын жайларды есепке алу жөніндегі функциялар жүктелген құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады. 3. Қызметтік тұрғын жайларды беру тəртібі АрМО қызметкерлері мен жұмыскерлері өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша қызметтік тұрғын жай алады. АрМО қызметтік тұрғын жайлары қызметкерлер мен жұмыскерлерге Заңмен белгіленген нормаларға сəйкес беріледі. Қызметтік тұрғын жайлар осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттармен бірге баянат (өтініш) берілген күні бойынша кезектілік тəртібімен есепте тұрған тұрғын жайға мұқтаж АрМО қызметкерлері мен жұмыскерлеріне беріледі. Есепке қою үшін қызметкерлер жəне жұмыскерлер АрМО тұрғын үй комиссиясына: 1) АрМО мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына есепке қою туралы баянат (өтініш); 2) АрМО кадр бөлімшесінен отбасы құрамы, жеке деректері жəне олардың отбасы мүшелері, нақты тұрғылықты мекенжайы туралы мəліметтері бар анықтама жəне қызмет (жұмыс) өтілі туралы анықтама; 3) мекенжай бюросының анықтамасы; 4) аумақтық əділет органының анықтамасын (өтініш берушінің жəне онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің сол өңірде оларға меншік кұқығында тиесілі тұрғын жайының болмауы туралы); 5) жергілікті атқарушы органның анықтамасын (өтініш берушінің жəне онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің коммуналдық тұрғын үй қорынан сол өңірде тұрақты пайдаланатын тұрғын жайының болмауы туралы) ұсынады. Қажет болған жағдайда өтініш беруші денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінен қосымша: қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен сырқаттанатын отбасы мүшелерінің болуы туралы анықтама; отбасында жиырма екі аптадан артық жүктілігі бар əйелдің болуы туралы анықтама ұсынады. Баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап бір ай ішінде тұрғын үй комиссиясы ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға сəйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттар сəйкес болмаған жағдайда өтініш берушіге пысықтау үшін қайтарылады. Қызметкер немесе жұмыскер он жұмыс күні ішінде тұрғын үй комиссиясына қайта өтініш береді, бұл ретте баянаттың (өтініштің) бірінші тіркелген күні оны берген күн деп есептеледі. Заңның 72-бабында көзделген жағдайларда қызметтік тұрғын жай беру үшін есепке қоюдан бас тартылады. Тұрғын үй комиссиясы қызметтік тұрғын жай беру туралы шешім қабылдаған жағдайда күнтізбелік он бес күн ішінде өтініш беруші жəне АрМО-ның уəкілетті тұлғасы арасында жалдау шарты жасалады. Қызметкер тұрғын жайды жалдау шартын үш данада жасайды, тұрғын жайды жалдау шартының бір данасы АрМО-ның уəкілетті бөлімшесінде сақталады, екіншісі мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес жергілікті атқарушы органға беріледі жəне қатаң есептік құжат ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі жəне тұрғын жайға орналасуға негіз болатын құжат болып табылады. Заңның 101-1-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй төлемдерін алатын (тағайындалған) АрМО-ның қызметкерлеріне қызметтік тұрғын жай берілмейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 14 желтоқсан

№1607

Астана, Үкімет Үйі

«Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі №845 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.«Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары: мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: паспорт – сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен жол сервисі объектісі нақты жай-күйінің автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сəйкестігін растайтын құжат; техникалық шарт – автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін жəне жол ғимараттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізу кезінде орындалуға жататын нормативтік техникалық талаптарды белгілейтін құжат.»; 11, 12жəне 12-1-тармақтармынадайредакциядажазылсын: «11. Жолдарда жұмыс жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда жол полициясының бөлімшелері берген жұмыс жүргізу құқығына рұқсат (ордері) болған кезде ғана жол беріледі. Автомобиль жолдарын басқарушылар тиісті рұқсатты (ордерді) берген кезде жұмыс жүргізу басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын жол полициясының бөлімшелерін хабардар етеді.»; 12. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар: 1) жол органдарымен: ірі габаритті жəне (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне; автомобиль жолдарының арналардың, байланыс жəне электр беру желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының жəне темір жолдардың жəне басқа да инженерлік желілер мен коммуникациялардың кесіп өтуіне; автомобиль жолдарының жол бойындағы жолағында қонақ үйлерді, мотельдерді, кемпингтерді, автомобильдерге жанармай құю станцияларын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, тамақтану жəне сауда пункттерін орналастыруға; автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға; жүктерді тиеу жəне түсіру үшін жолдан түсу орындары мен алаңдар жасауға; автомобиль жолдарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіретін кез келген жұмыстарды жүргізуге; автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде жəне жол бойындағы бөлігінде сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға; ескерткіштер қоюға, шарбақтарды, сəндік ағаштарды отырғызуға; жалпы пайдаланымдағы жолаушы көлік құралдары қозғалысының маршруттарын ашуға жəне аялдама пункттерін орналастыруға; 2) жол полициясының бөлімшелерімен: автомобиль жолдарында бұқаралық жəне спорттық іс-шараларды өткізуге келісімдер жүргізеді. 12-1. Жол органдары өтініш берген сəттен бастап бес жүмыс күнінен кешіктірмей жүргізілетін автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға келісуді қоспағанда (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады), жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Жол полициясының бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалу үшін арналған автокөлік құралдарының мүмкін болатын параметрлерін, Қазақстан Республикасының аумағындағы бөлінбейтін ірі габаритті жəне ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 23-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жол белгілері мен қоршауларды орналастырудың жəне жұмыс жүргізілетін орындардың схемасын;»; 24-тармақ алынып тасталсын; 32-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жол органдарының, автомобиль жолдарын басқарушылардың немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, жол полициясы бөлімшелерінің тиісті келісімінсіз жөндеу жəне басқа жұмыстар жүргізуге;»; 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «44. Бұқаралық жəне спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешімді жол полициясының бөлімшелері қабылдайды.»; 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «46. Жолдың немесе жолдың жолақ бөлігінің шегінде жұмыс жүргізуші ұйымдар мен азаматтар жол органдарымен келісілген техникалық шарттары мен жұмыс мерзімдерін сақтамағаны, сондай-ақ жұмыс жүргізу аймағында да, уақытша кіретін жəне шығатын жерлерде де қозғалыстың қауіпсіздігін сақтамағаны үшін заңда белгіленген тəртіппен жауапты болады.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тəртібінде: 7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «7. Паспортты халықаралық жəне республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жол органы немесе облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде береді.»; 15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «15.Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей жəне оны жол органдарында немесе жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 19 желтоқсан

№1616

Астана, Үкімет Үйі

«Шағын өлшемді кемелерді жəне олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Шағын өлшемді кемелерді жəне олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 631-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын өлшемді кемелерді жəне олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы осы қаулыға қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1616 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысымен бекітілген Шағын өлшемді кемелерді жəне олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Шағын өлшемді кемелерді жəне олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы (бұдан əрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы жəне «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сəйкес

қабылданды жəне шағын өлшемді кемелерді жəне олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) теңіз жағалауындағы суда, ішкі су жолдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларында пайдалану тəртібін белгілейді. 2. Қағидада мынадай негізгі терминдер пайдаланылады: 1) кеме билеті – шағын өлшемді кемеге меншік құқығын жəне осы кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын растайтын құжат; 2) судағы жүрдек аттракцион – шағын өлшемді кеменің көңіл көтеретін жүзу құралдарын сүйреу арқылы ойын-сауық түрі («банандар», «шайбалар», «су шаналары» жəне басқалар); 3) шағын өлшемді кемені басқару куəлігі – шағын өлшемді кемені басқару құқығына біліктіліктің болуын растайтын құжат; 4) шағын өлшемді кеменің кеме жүргізушісі – шағын өлшемді кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге заңды негізде басқаруына қарамастан, шағын өлшемді кемені басқаратын жəне тиісті куəлігі бар адам. Кеме жүргізушіге кеме жүргізуге оқытатын адам теңестіріледі. 3. Шағын өлшемді кемелері бар заңды тұлғалар немесе дара кəсіпкерлер осы кемелерді пайдалану жəне олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалануға жауапты адамдарды бөледі. 4. Қағиданың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан əрі – Комитеттің аумақтық органдары) жүзеге асырады. 5. Шағын өлшемді кемелермен саяхатқа, ұжыммен демалуға шыққанда жəне бұқаралық ісшаралар кезінде иелері судағы қауіпсіздік, қоғамдық тəртіп жəне қоршаған ортаны қорғауға жауапты адамдарды тағайындайды. 6. Су объектілерінде судағы жүрдек аттракциондарды жүргізу кезінде аттракцион иесі сүйрейтін шағын өлшемді кемеге тіркеп сүйрелетін ойын-сауық жүзу құралына қызмет көрсету жəне байқау жөнінде жауапты адамды тағайындайды. 7. Осы Қағиданы бұзған адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес жауапкершілікке тартылады. 2. Шағын өлшемді кемелерді пайдалану 8. Жолаушылар сыйымдылығы, жүк көтерімділігі, шекті қуаты жəне қозғалтқыш саны, желкендердің рұқсат етілетін алаңы, жүзу ауданы, кеме жүзе алатын толқын биіктігі, суүсті бортқа отыру, құтқару жəне өртке қарсы құралдармен, сигнал оттарымен, навигациялық жəне басқа да жабдықтармен жарақталуы бойынша белгіленген шарттарды, нормаларды жəне техникалық талаптарды сақтай отырып, шағын өлшемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелгеннен, борт тіркеу нөмірлерінің белгіленуінен жəне техникалық куəландырылуынан (тексеріп қарау) кейін оларды пайдалануға рұқсат етіледі. 9. Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеуді, есепке алуды, жіктеуді жəне техникалық куəландыруды (тексеріп қарауды) Комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады. 10. Мемлекеттік тіркеуден өткен шағын өлшемді кемелерді басқару шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куəліктері бар кеме жүргізушілеріне рұқсат етіледі. 11. Кеме қатынасы (навигациялық) жағдайы жоқ су объектілерінде тарау кезінде шағын өлшемді кемелерді маневрлеу оң жақты (сол жақ борттарымен) қозғалысты ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. 12. Елді мекендердің, порттардың, айлақтардың, шағын өлшемді кемелердің тұрағына арналған базалардың (құрылыстардың) акваторияларында жəне шекараларында шағын өлшемді моторлы кемелердің қозғалысы сағатына 20 км аспайтын, ал жаға мен суға түсу орындарының маңайында сағатына 10 км дейін жылдамдықта рұқсат етіледі. 13. Шағын өлшемді кемелермен жүзу кезінде: 1) мынадай: белгіленген тəртіппен тіркелмеген; техникалық куəландырудан (қарап тексеруден) өтпеген; борт нөмірлері жоқ; тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған; тиеу, жолаушылар сыйымдылығы, аудан жəне жүзу шарттары бойынша нормалары бұзылған; шағын өлшемді кемені басқару құқығына куəлігі жоқ; мас күйінде шағын өлшемді кемені басқаруға; 2) басқаруға құқығы жоқ немесе мас күйіндегі адамға кемені басқаруға беруге; 3) қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыруға; 4) гидротехникалық ғимараттарға, техникалық құралдарға, кеме қатынасы жəне навигациялық жағдай белгілеріне ақау келтіруге; 5) жүзу үшін уақытша немесе тұрақты жабылған аудандарға арнайы рұқсатсыз кіруге немесе тыйым салынған орындарда əдейі тоқтауға; 6) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мотордың немесе желкеннің астынан өтуге жəне су объектілеріндегі тұрғындардың жаға, басқа суға түсу орындары мен жаппай демалу акваторияларында маневрлеуге; 7) жағажайлар мен суға түсуге ұйымдастырылған басқа да орындарда суға түсу шекарасының қоршауына 50 метрге дейінгі қашықтықта жақындауға; 8) кемемен кəмелеттік жасқа толмағандарды, үлкендердің сүйемелденуінсіз он төрт жасқа толмаған тұлғаларды тасымалдауға; 9) шағын өлшемді кемелерде оған арналмаған қауіпті жүктерді тасымалдауға; 10) арқандап байлауға, тоқтауға, жүзбелі навигациялық белгілерде, жүк жəне жолаушылар айлақтарында, пирстерде, дебаркадерлерде, докаларда (жүзу докаларында) жəне көпірлердің астында зəкірге тұруға; 11) теңіз жəне өзен флотының көліктік жəне техникалық кемелеріне тікелей жақын маневрлеуге, өз іс-қимылдарымен кеме қатынасына кедергі жасауға; 12) кеме билетінде тиісті жазбасы болмаған кезде ескек қайықтарға моторлар орнатуға; 13) осы мақсаттарға икемделмеген жерлерде ескек қайықтар мен кемелерге желкен орнатуға; 14) қозғалыс кезінде адамдардың бір кемеден екінші кемеге ауысуын жүзеге асыруға; 15) тиісті өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамай, отын құюды жүзеге асыруға; 16) тəуліктің қараңғы кезеңінде навигациялық сигнал оттарымен жабдықталмаған ескекті, желкенді жəне моторлы қайықтармен жүзуге шығуға; 17) шектелген көріну кезінде (1 км кем) кемемен жүзуге шығуға; 18) авариялық жөндеу қоршаулары, өткел жəне жұмыс істейтін жер снарядтары, сондай-ақ шлюздерге жақындау кезінде көпірлердің бойлары мен жақындау арналары орындарында кемелердің айырылуы мен басып озуын жүзеге асыруға; 19) ештеңе көрінбейтіндіктен тұспалдау мүмкіндігі болмайтын тұманда немесе қолайсыз метео жағдайларда шағын өлшемді кемелерді басқаруға; 20) су акваториясын мұздан толық тазартқан сəтке дейін шағын өлшемді кемелердің жүзуіне; 21) шомылуға арналған жерлер акваториясында үрмелі серуендеу жүзу құралдарын, сонымен бірге ұшу құралдарын (парашют), сондай-ақ аталған құралдарды тіркеуге алуға арналмаған кемелермен тіркеп сүйреуге жол берілмейді. 14. Мынадай ақаулықтар болған кезде шағын өлшемді кемелерді пайдалануға рұқсат етілмейді: 1) орналасқан орнына қарамастан кеменің корпусының толассыз тесігі болса; 2) кеменің гермобөлімдері жəне (немесе) əуе жəшіктерінің болмауы немесе ашылып кетуі; 3) көзделген рульдік құрылғыны бекіту бөлшектері конструкциясының болмауы немесе оның құрамдық бөлшектерінің бұзылуы немесе оның жұмысының сенімділігін қамтамасыз етпеу; 4) отынның, дірілдің кемуінің орын алуы, тұншықтырғыштың болмауы немесе ақаулығы, қозғалтқыштың қашықтықтағы басқару жүйесінің бұзылуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуын (қосылмауын) қамтамасыз етпеу, қосылған реверс кезінде қозғалтқышты (мотор) қосуды блоктаудың ақаулығы; 5) кеме билетінде көрсетілген жинақталу нормаларының жəне кеме жабдықтарының сəйкес келмеуі; 6) белгіленген талаптардың ерекшелік оттарының болмауы, ақаулығы немесе сəйкес келмеуі. 15. Шағын өлшемді кемелер жəне тіркеп сүйретілетін жүзу құралдары шағын өлшемді кемедегі немесе сүйретілетін жүзу құралындағы кеме жүргізушілері мен басқа адамдар үшін тиісті мөлшердегі жеке құтқару құралдарымен жарақтандырылады. 16. Жеке құтқару құралдарын (құтқару кеудешелері, белдіктер, кеудешелер) шағын өлшемді кемедегі немесе тіркеп сүйрелетін жүзу құралындағы кеме жүргізушісі немесе басқа адамдар киіп, түймелеп алуға тиіс. Шағын өлшемді кеме зəкірде тұрған кезінде үрлемелі жəне ескекті шағын өлшемді кемелерді қоспағанда, шағын өлшемді кемеде жеке құтқару кеудешелерінсіз болуға рұқсат етіледі. 17. Шағын өлшемді кемелердің кеме жүргізушілері (бұдан əрі – кеме жүргізушілері) Комитеттің аумақтық органының лауазымды адамына тексеру үшін мынадай құжаттарды береді: 1) шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куəлік; 2) жүзуге жарамдылығына кемені жыл сайынғы техникалық куəландырудан өткені туралы белгісімен шағын өлшемді кеменің кеме билеті; 3) шағын өлшемді кемеде меншік иесі болмаған кезде шағын өлшемді кемені басқару құқығына белгіленген тəртіппен куəландырылған сенімхат; 4) заңды тұлғаға тиісті шағын өлшемді кемеге маршруттық жол парағы (жоспар-тапсырма). 18. Комитеттің аумақтық органының лауазымды адамы кеме жүргізушісін тоқтатқан кезде кеме жүргізушіге қызметтік куəлігін көрсетеді. 19. Кеме жүргізушісі мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді: 1) осы Қағиданың, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарымен жүзу қағидасының, 1972 жылғы Теңізде кемелердің соғылысуының алдын алу жөніндегі халықаралық қағидалардың жəне кемелердің авариясыз жүзуін, судағы адамдардың қауіпсіздігін жəне қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ететін өзге де қағидалардың талаптарын орындайды; 2) жүзуге шығар алдында белгіленген нормаларға сəйкес кеменің жəне оның механизмінің жарамдылығын, қажет жабдықтармен, құтқару құралдарымен жəне басқа қамтамасыз ету заттарымен жарақталуын тексереді; 3) отырғызу алдында жолаушылардың кемедегі тəртібі бойынша нұсқау жүргізеді, отырғызу, шығару кезінде жəне олардың кемеде болу кезеңіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 4) кеменің белгіленген класына сəйкес келетін бассейндерде (аудандарда) жүзуді жүзеге асырады, жүзу аудандарындағы жүзу шарттарын, навигациялық жəне гидрометеожағдайларын біледі; 5) Комитеттің аумақтық органының лауазымды адамы немесе оған құқығы бар лауазымды адамы берген тоқтау туралы белгіленген сигнал болған кезде кеменің қозғалысын тоқтатады жəне тіркеу құжаттары мен кеме жүргізуші құжаттарын тексеру үшін береді; 6) суда апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетеді, Комитеттің аумақтық органына кемелердің су объектілеріндегі көлік оқиғасы жағдайларын жəне адамдармен болған жазатайым оқиғаларды хабарлайды; 7) зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, зардап шеккендерді жол үстіндегі немесе өз кемесімен жақындағы медициналық ұйымға жібереді жəне Комитеттің аумақтық органына көлік оқиғасына қатысы орын алған немесе осы көлік оқиғасына қандай да бір қатысы бар жағдайда өзінің тегін, мекенжайын, көрген адамдардың тегін, олардың мекенжайлары, шағын өлшемді кеменің борт нөмірін (жеке басын куəландыратын құжатты ұсына отырып) хабарлайды; 8) Комитеттің аумақтық органдарының лауазымды адамдарының талаптарын, басқа бақылау жəне қадағалау органдарының жүзу қауіпсіздігіне, су объектілеріндегі құқықтық тəртіпті сақтау, адамдардың өмірін жəне қоршаған ортаны қорғауға қатысты мəселелер бойынша талаптарды орындайды; 9) Комитеттің аумақтық органдарына, табиғат қорғау жəне балық қорғау органдарына қоршаған ортаның ластануы, тазартылмаған ағынды сулардың шығарындыларын, балықтар мен басқа биоресурстардың жаппай қырылу жағдайлары туралы хабарлайды. 20. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес осы Қағиданың 19-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда шағын өлшемді кемені пайдалану ақысыз жүргізіледі. 21. Сүйретін шағын өлшемді кеменің кеме жүргізушісі қоршаған ортаны қадағалауды тұрақты түрде жүргізеді. Сүйретілетін ойын-сауық жүзу құралын үзіліссіз қадағалауды сүйреу кемесіндегі жауапты адам қамтамасыз етеді. Сүйретін шағын өлшемді кеме жəне сүйрелетін жүзу құралы кез келген жағдайда басқа кемелерден, жағадан жəне суға түсіп жатқан адамдардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасады. 22. Кеме жүргізушісі авариясыз жүзуді қамтамасыз ететін кеме жүргізу практикасына немесе ерекше жағдайларға қатысты барлық шараларды қабылдайды. 3. Базаларды (құрылыстарды) шағын өлшемді кемелердің тұрағы үшін пайдалану 23. База-тұрақтың аумағы мыналармен жабдықталады: 1) қолайлы кiрме жолдар; 2) жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн арнайы жабдықталған айлақтар; 3) шағын өлшемді кемелерден сарқынды суларды, өңделген мұнай өнiмдерiн, құрғақ қоқыс, тағам қалдықтарын қабылдауға арналған контейнерлер мен арнайы сыйымдылықтар; 4) аумақтарды жəне су акваториясын, пирстердi, бокстарды, арқандап байлау құрылғыларын, құтқару жəне өртке қарсы құралдарды жарықтандыру үшiн жарық беру құрылғылары. Жарық беру құрылғылары бағытты əрекетке арналған қалпақтармен жарақталады. Қараңғы түскеннен бастап айлақтардың өзектi артқы жағында айнала жарық беретiн ақ оттар əрбiр 50 метр сайын жағылады, бiрақ айлақ төсемiнен екi метр биiктiкте орналасқан кемiнде екi от болады. 24. Пирстер мен айлақтар арнайы құралдармен жабдықталады. Құтқару шеңберлерi айлақтардың өзектi артқы жағында орнатылған арнайы қалқандарда, сондай-ақ пирстердiң периметрi бойынша қоршау тiреулерде, 25 метр сайын тұтас бекiтiледi. Құтқару шеңберлерiнiң бекiтілуi олардың тез алынуын қамтамасыз етуi тиiс. 25. Айлақтарда, пирстерде тұтас төсенiм болады, база-тұрақ иесi жыл сайын тексеру актiсiн жасай отырып, оның берiктiгiн тексередi. Көпiрлер, траптар, түскіштер тексеруге жатады. Тексеруден кейiн барлық құрылғылар «сыналған» деген сөзбен таңбаланады. Айлақтардың, пирстердiң, басқыштардың, көпiрлердiң екi адам өту үшін жеткiлiктi енi болуы тиiс, олар сыртқы периметрi бойынша (су жағынан) сақтандыру қоршаулармен жабдықталады. Сақтандыру қоршауы кемiнде 900 миллиметр биiктiкте бекiтiледi, қоршау тiреулер араларының қашықтығы -1500 миллиметр. 26. Жанар-жағармай материалдарын, отынды орналастыру, оларды сақтау тəртiбi, сондай-ақ моторларды сақтауға арналған контейнерлердi орналастыру шағын өлшемді кемелердiң, жағалау мен жүзбелi құрылыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi тиiс. 27. Өртке қарсы құралдар жарамды жай-күйде жəне өрт инспекциясының талаптарында көзделген көлемде ұсталады. 28. Су акваториясының шекарасы дамбалармен, понтондармен, бактермен немесе жүзбелi белгiлермен қоршалады. Жобада белгiленген шекаралардағы жағалау аумағы дуалдармен қоршалады. 29. Бақылау бекетінде шағын өлшемді кемелердiң шығуы мен олардың қайта келуiн есепке алу журналы жүргiзiледi. 30. Жалға беру базасының су акваториясы жүзбелi белгiлермен белгiленедi, өздiгiнен жүрмейтiн жалға беру жүзбелi құралдарының оның сыртына шығуларына тыйым салынады. 31. База-тұраққа көрнектi түрiнде мыналар орналастырылған стенд ресiмделедi: 1) шағын өлшемді кемелердiң база-тұрақтың су айдыны бойынша жəне iргелес ауданда жүру схемасы; 2) белгiленген мерзiмде база-тұраққа қайтып келмеген шағын өлшемді кемелердi iздеу мен көмек көрсету жөнiндегi iс-шаралар; 3) база-тұрақтағы жұмыстың iшкi тəртiбi; 4) шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидалары; 5) ағымдағы тəулiктерге ауа райы туралы мəлiметтер; 6) адамдармен суда болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары жөнiндегі плакаттар. 32. База-тұрақтарды пайдалану осы Қағидамен регламенттеледi, онымен барлық кеме жүргiзушiлер мен қызмет көрсететiн персонал қол қойғызып, танысуы тиiс. 33. База-тұрақ шағын өлшемді кемелердiң қауiпсiз тұруын, шағын өлшемді кемелердiң, моторлардың жəне басқа мүлiктердiң сақталуын, профилактикалық, жөндеу, кеме көтеру, тиеу-түсiру жəне басқа жұмыстардың алу қауiпсiздiгiн; адамдарды шағын өлшемді кемелерге отырғызу (түсiру) қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. 34. База-тұрақта ауа райы бұзылған жағдайда су қоймасындағы шағын өлшемді кемелердi қайтару үшiн iс-шаралар əзiрленедi. 35. База-тұрақтың акваториясында тұрған арқандап байлау бөшкелерiнде қарама-қарсы түстi сырмен арқандап байлауға шағын өлшемді кемелердiң рұқсат етiлген саны көрсетiледi. 36. База-тұрақта тұратын əрбiр шағын өлшемді кеменiң, оның борт нөмiрi майлы сырмен iргеге немесе пирске жазылған тұрақты орны болады. 37. База-тұрақта шағын өлшемді кемелердің жүзуге шығуға жəне қайтуына, олардың жарамдылығын, жолаушылар сыйымдылығы жəне жүккөтергіш көтерген нормаларын сақтау бойынша, сондай-ақ кеме жүргізушілерін ауа райы туралы хабарлауға кеме жүргізушілерінде міндетті кеме жəне кеме жүргізушінің құжаттары болуын көздейтін режим орнатылады. 38. Шағын өлшемді кеме жүзуге шығар алдында жəне оның база-тұраққа қайтуы кезінде кемелердің шығу есебі журналында мынадай кезекті жазба жүргізіледі:

1) кеменің борт нөмірі; 2) кеме жүргізушінің тегі мен қысқарту жазбалары; 3) кеменің шығу уақыты; 4) жүзу бағыты; 5) белгілеу пункті; 6) база-тұрақтан қайтудың нақты уақыты. 39. Су қоймасына шығуға база-тұрақ бойынша кезекшi рұқсат бередi. Шағын өлшемді кемеге рұқсат бере отырып, кезекшi мыналарды: 1) кеме жүргiзушiде кеме құжаттарының (кеме билетi) жəне шағын өлшемді кеменi басқару құқығына куəлiгiнiң болуын; 2) жолаушы сыйымдылығы жəне жүккөтергiштiгi нормаларының сақталуын, шағын өлшемді кемеде жүктердiң дұрыс орналастырылуын; 3) шағын өлшемді кеменiң жолаушы сыйымдылығы бойынша құтқару құралдарының болуын тексередi. База-тұрақтарда навигация кезеңiнде кезекшi-құтқару кемесi тағайындалады. Кезекшi-құтқару кемесi кезекшiлiк тəртiбiнде база-тұрақ бойынша кезекшiге бағынады. 40. Шағын өлшемді кемелерді база-тұрақтан шығару мынадай жағдайларда: 1) кеме жүргізушіде шағын өлшемді кемені басқару құқығына куəлігінің, жыл сайын техникалық куəландырудан өткені туралы белгі қойылған кеме билеті болмаса; 2) борт нөмірінің болмауы немесе кеме билетіндегі жазбаға сəйкес келмесе; 3) кеме жүргізушісінде кемені жүргізу құқығына құжат болмаса; 4) кемеде, оны пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтар болса; 5) кеме билетінде көрсетілген құтқару, өртке қарсы жəне су төгетін құралдары кемеде болмаса; 6) жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтергіш нормалары бұзылса; 7) қауіпті крен немесе дифферент тудыратын жолаушыларды (жүктерді) орналастырылса; 8) егер кеме осы жүктерді тасымалдауға жатпаса немесе олардың тасымалдануы жолаушылармен бірге жүргізілсе, кемеде қауіпті заттардың болса; 9) егер су қоймасындағы болжанатын немесе нақты қолайсыз метеожағдай осы түрдегі кемеде жүзуге қауіпті болса; 10) кеме жүргізушісі мас күйінде болса жүргізілмейді. 41. Жалға беру пункттерiнде азаматтарға шағын өлшемді кемелер беру журналында шағын өлшемді кеменi пайдалану қауiпсiздiгi шараларымен танысу туралы баған болады, оған шағын өлшемді кеме алатын азаматтар жалға беру пунктiнiң акваториясындағы қағидалармен танысқаннан кейiн қол қояды. 42. Жарамсыз немесе авариялық жағдайда база-тұраққа келген шағын өлшемді кемелер тексеріліп қаралады, кейіннен олардың техникалық жай-күйі туралы қысқа жазба кемелердің шығу журналында жазылады. Авариялық кемелер туралы ақпарат Комитеттің аумақтық органына хабарланады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 19 желтоқсан

№ 1618

Астана, Үкімет үйі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 жəне «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1.Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесiнде: 18-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «2) бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шартта көзделген қызмет бөлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялардың нотариалды куəландырылған көшірмелері не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензия.»; 22-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның жəне (немесе) патенттердiң, куəлiктердiң, сертификаттардың, əлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге жəне өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерi;»; 51-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның жəне (немесе) патенттердiң, куəлiктердiң, сертификаттардың, əлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге жəне өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн;»; 87-1-тармақтың 1) тармақшасында: үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның жəне (немесе) патенттердiң, куəлiктердiң, сертификаттардың, əлеуетті өнім берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге жəне өткiзуге, жұмыстарды орындауға жəне қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн бермеу;»; мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мəліметтердің болмауы;»; 87-2-тармақтың 1) тармақшасында: төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның жəне (немесе) патенттердiң, куəлiктердiң, сертификаттардың, əлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге жəне өткiзуге, жұмыстарды орындауға жəне қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн бермеу;»; мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: «лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мəліметтердің болмауы;»; 317-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның жəне/немесе патенттердiң, куəлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, əлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн;»; Ережеге 3-қосымшада: 11-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның жəне (немесе) патенттердiң, куəлiктердiң, сертификаттардың, əлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге жəне өткiзуге, жұмыстарды орындауға жəне қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн;»; Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымша осы қаулыға қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2) «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларында: 18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «18. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ əлеуеттi өнiм берушiлер электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретiн соңғы күнге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей, ал электрондық конкурсты қайтадан жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрмей, бiрақ электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей өткiзiлетiн электрондық конкурс туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы веб-портал арқылы жариялайды.»; 41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «41. Конкурстық комиссия веб-порталды пайдалана отырып, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарайды жəне электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді ашқан күнінен бастап күнтізбелік он күн iшiнде əлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды (конкурсқа қатысушылар деп таниды).» ; 46-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші жəне бесінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның жəне (немесе) патенттердiң, куəлiктердiң, сертификаттардың, əлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге жəне өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшiрмелерiн бермеу; құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мəлiметтердi қамтитын (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мəлiметтер қамтылмаған жағдайда) құрылтай құжаттарынан үзiндiнiң электрондық көшiрмесiн не электрондық конкурс жарияланған күнінен кейін берілген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндiнiң қол қойылған жəне белгiленген тəртiппен мөрмен расталған электрондық көшiрмесiн бермеу; электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген, конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сəйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын əлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы əлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған жəне мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер əлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң əрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);»; 47-тармақтың 1) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның жəне (немесе) патенттердiң, куəлiктердiң, сертификаттардың, əлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге жəне сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу; электрондық конкурс жарияланған күнінен ерте емес берілген, конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сəйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын əлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы əлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған жəне мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер əлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң əрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);»; 91-тармақта: 10) тармақшаның үшінші абзацы алынып тасталсын; 11) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «11) аукциондық комиссияның аукциондық құжаттама талаптарына сай əлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау, ал жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алған жағдайда, оларды аукционға қатысушы деп тану үшін өтінімді қамтамасыз етуді қарауы;»; 123-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын; 124, 125 жəне 126-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «124. Аукциондық комиссияның өтiнiмдi қамтамасыз етуді аукциондық құжаттамаға сəйкестiгi тұрғысынан қарауы жəне анықтауы. 125.Аукциондық комиссия мынадай: 1) аукционға қатысуға өтiнiмдi банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған; 2) аукциондық комиссияға: аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi берген тұлғаны; оған қатысу үшiн банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi аукцион тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауы; банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн жəне (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын; аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны; пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мəлiметтердiң жоқтығынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген; 3) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген; 4) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сəйкес ұсынбаған жағдайда өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама талаптарына сəйкес емес деп таниды. 126.Аукциондық комиссия өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сəйкестiгi туралы шешiм қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы өтiнiмдердiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшелiктерiн ашуға рұқсатты автоматты түрде бередi.»; 133-тармақтың екінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мəтінінде «тауар» деген сөз «жұмыс» деген сөзбен ауыстырылсын; 149-тармақтың 1) тармақшасында: үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжат түріндегі лицензиялардың жəне (немесе) патенттердің, куəліктердің, сертификаттардың, дипломдардың жəне сатып алынатын тауарларды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге, қайта өндеуге, жеткізуге жəне іске асыруға арналған өнім берушінің құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбау;»; мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 жəне 5-қосымшаларына сəйкес біліктілік туралы мəліметтерді ұсынбау;»; 150-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның жəне (немесе) патенттердiң, куəлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, əлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге жəне өткiзуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;»; 156-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «156. Электрондық конкурстың немесе аукционның жеңiмпазы деп анықталған əлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге əлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сəйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалдық куəландырылған көшiрмелерiн веб-порталда электрондық конкурстың немесе аукционның қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.»; Қағидаларға 1-қосымшада: 9-тармақта: 1) тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «1) əлеуеттi өнiм берушi оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сəйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған қағаз электрондық көшiрмелерiн не электрондық құжаттарды:»;

3) жəне 6) тармақшалар алынып тасталсын; 42-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «42.Электрондық конкурстың жеңiмпазы деп анықталған əлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге əлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сəйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн веб-порталда электрондық конкурстың қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.»; аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 3-қосымшада: алтыншы бөлік жаңа редакцияда жазылсын: «Аукционның жеңiмпазы болып анықталған жағдайда веб-порталда аукцион қорытындыларының хаттамасы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аукционға қатысуға өз өтiнiмiмiзге қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сəйкестiкті растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттенемiз.»; конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 3-қосымшада: алтыншы бөлік жаңа редакцияда жазылсын: «Электрондық конкурстың жеңiмпазы болып анықталған жағдайда веб-порталда электрондық конкурс қорытындыларының хаттамасы жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде электрондық конкурсқа қатысуға өз өтiнiмiмiзге қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сəйкестiкті растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттенемiз.»; аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 4-қосымшада: 2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «2. Əлеуеттi өнiм берушiнiң соңғы он жыл ішінде аукционда сатып алынатындарға ұқсас орындаған жұмыстарының (көрсетiлген қызметтерiнiң) көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).»; конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 4-қосымшада: 2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «2. Əлеуеттi өнiм берушiнiң соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас орындаған жұмыстарының (көрсетiлген қызметтерiнiң) көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).»; Қағидаларға 5-қосымшада: 8-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 9-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «1) əлеуеттi өнiм берушi өзінің жалпы бiлiктiлiк талаптарына сəйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған мынадай қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн не электрондық құжаттарды:»; 21-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 22, 23 жəне 24-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «22. Аукциондық комиссияның өтiнiмдi қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сəйкестiгi тұрғысынан қарауы жəне анықтауы. 23. Аукциондық комиссия мынадай: 1) банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған; 2) аукциондық комиссияға: аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етуді берген тұлғаны; оған қатысу үшiн банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi аукцион тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауы; банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған аукционда қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн жəне (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын; аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны; пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк беретiн мəлiметтердiң жоқтығынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген; 3) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген; 4) аукционға қатысу өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сəйкес ұсынбаған жағдайда өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама талаптарына сəйкес емес деп таниды. 24. Аукциондық комиссия өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сəйкестiгi туралы шешiм қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшелiктерiн ашуға рұқсатты автоматты түрде бередi.»; 31-тармақтың екінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мəтінінде «тауар» деген сөз «жұмыс» деген сөзбен ауыстырылсын; 51-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның жəне (немесе) патенттердiң, куəлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, əлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге жəне өткiзуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;»; 52-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның жəне (немесе) патенттердiң, куəлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, əлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге жəне өткiзуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;»; 59-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «59. Аукционның жеңiмпазы деп анықталған əлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге əлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сəйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн веб-порталда аукцион қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады;»; аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 5-қосымшада: 2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «2. Əлеуеттi өнiм берушi соңғы он жыл ішінде берген (өндiрген), аукционда сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).»; конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 5-қосымшада: 2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «2. Əлеуеттi өнiм берушi соңғы он жыл ішінде берген (өндiрген), конкурста сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).»; конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 9-қосымша алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1618 қаулысына қосымша Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымша Берешектiң жоқтығы туралы анықтама Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi жəне ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарына сəйкес осы Банкте қызмет көрсетілетіннің (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн) банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығын растайды. Күнi ____________ Қолы ____________ М.О.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 19 желтоқсан

№ 1620

Астана, Үкімет Үйі

Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мəселелері туралы «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған байланыс саласында қызметтер ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өтініш берушінің біліктілік талаптары жəне оларға сəйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің Байланыс жəне ақпараттандыру комитеті байланыс саласында қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтің лицензиары болып белгіленсін. 3. «Қалааралық жəне (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 429-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық жəне (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерінде: 1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қалааралық жəне (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуде операторға мынадай негіздерде талаптар қойылады:»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) акцияларды (үлестердi, жарналарды) бөлу өзгерген кезде байланыс операторы екi апта мерзiмде лицензиарға растау құжаттарын ұсына отырып тиiсті ақпаратты береді;»; 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «ҚХБО желілерiмен басқа байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiнiң өзара iсқимылын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн трафиктi өткiзуді жəне өзара есеп айырысу тəртібін қоса алғанда, Телекоммуникация желiлерiн қосу жəне өзара іс-қимыл ережесiне сəйкес жүзеге асырылады.»; 4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) ҚХБО мəртебесiн берген сəтте байланыс операторының иелігіндегі жəне (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желiсi көлiктiк телекоммуникация желiлерiнен (магистральды жəне iшкi аймақтық байланыс желiлерi) қалааралық жəне халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен, желiнi басқару жүйесiнен жəне тактiлi желілiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс;»; 7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 7. «Қалааралық жəне (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн ұсынатын байланыс операторының техникалық персоналына қойылатын бiлiктілiк талаптары:». 4. Осы қаулының қосымшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы №1620 қаулысымен бекітілген Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін өтініш берушінің біліктілік талаптары жəне оларға сəйкестікті растайтын құжаттар тізбесі Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: 1

2

1. Заңды тұлғаның мəртебесі 2. Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы

Құжаттар 3 Қызметтің барлық кіші түрлері үшін Заңды тұлғаны тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куəлігінің көшірмесі Тиісті білімі жəне мамандығы бойынша кем дегенде үш жыл практикалық жұмыс тəжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының тізімі Дипломдардың көшірмелері

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Еңбек кітапшаларының немесе келісімшарттарының немесе еңбек шарттарының көшірмелері Байланыс саласында даярлау жəне біліктілігін арттыру бойынша курстардан өткендігі туралы куəліктер немесе сертификаттар 3. Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген қосылу ұзақтығын өлшеу жүйесімен байланыс операторының деректерді берудің өлшем жүйесі «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 жəне 19-баптарының талаптарына сəйкес қолданыстағы тексеру сертификаты трафикті есепке алу жүйесі болуы тиіс 4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету үшін абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинауды жəне екі жыл бойы сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар ақпараттықбағдарламалық жəне техникалық құралдар

Ескертпе 4 «е-лицензиялау» МДБ қолдануымен тексеріледі Басшының қолы жəне мөрі қойылған тізім

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмесі немесе электрондық құжаттар* 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар* 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар* 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінен үзінді көшірме Қолданыстағы тексеру сертификаттарының көшірмесі

«Өлшем құралы» электрондық тізілімін қолданумен тексеріледі

Сəйкестік сертификаттары

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар* 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізетін ҚР ҰҚК келісім хаты

(Соңы 10-бетте).

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*


10

www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

(Соңы. Басы 9-бетте). 5. Байланыс құралдарын иелену, пайдалану, билік ету құқықтары

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар* Спутниктік жылжымалы байланыс қызметтерін ұсыну үшін 6. Спутниктік байланыстың жердегі Жеке меншік құқығын растайтын 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен станциялары құжаттардың көшірмелері сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар* Сəйкестік сертификаттары 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар* 7. Шетелдік байланыс Спутниктік жылжымалы байланыс 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен операторларының операторларымен ынтымақтасу сканерленген монохромды режимдегі телекоммуникация желілерімен мүмкіндігін растайтын келісімдер мен қағаз тасығыштағы құжаттар қиылысу нүктелерінің техникалық хаттамалардың немесе өзге көшірмелері немесе электрондық əзірлігі құжаттардың көшірмелері құжаттар* Ұялы байланыс қызметтерін ұсыну үшін (стандарт атауын көрсетумен) 8. Радиожиілік спектрін пайдалануға Радиожиілік спектрін пайдалануға «е-лицензиялау» МДБ қолданумен рұқсат берілген рұқсаттың көшірмелері тексеріледі

2012 жылғы 20 желтоқсан

Жеке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері

11.

12.

13.

14.

Халықаралық телефон байланысы қызметтерін ұсыну үшін Магистралдық байланыс Жылжымайтын мүлік объектісі болып 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен желілері табылатын байланыс желілерін сканерленген монохромды режимдегі пайдалануға беру актісінің сатып алу қағаз тасығыштағы құжаттар сату шартының көшірмелері көшірмелері немесе электрондық құжаттар* Қазақстан Республикасы Жеке меншік құқықтарын растайтын аумағындағы басқару орталығы құжаттардың көшірмелері

(Өтініш берушінің қатысушылары) акционерлер арасындағы акциялар пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлесін) бөлу бойынша ақпарат Шетелдік байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен қиылысу нүктелерінің техникалық əзірлігі

Басқару орталықтарының телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесімен техникалық қосылу əзірлігі

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар* Өтініш берушінің құрылтай 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен құжаттарының жəне бағалы қағаздарды сканерленген монохромды режимдегі ұстаушылар (серіктестік қағаз тасығыштағы құжаттар қатысушыларының тізілімінің көшірмелері немесе электрондық көшірмесі) құжаттар* 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен Шарттардың немесе хаттамалардың сканерленген монохромды режимдегі кейіннен Трафикпен алмасуды жүзеге асыру үшін шетелдік байланыс қағаз тасығыштағы құжаттар операторларымен ынтымақтасу көшірмелері немесе электрондық мүмкіндігін растайтын ниет туралы өзге құжаттар* құжаттардың көшірмелері Өтініш беруші басшысының қолы жəне 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі мөрі қойылған шетелдік байланыс операторларымен қиылысудың қағаз тасығыштағы құжаттар географиялық координаталары көшірмесі немесе электрондық көрсетілген хаты құжат* Телекоммуникациялар желілерін 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен орталықтан басқару жүйелерінің жұмыс сканерленген монохромды режимдегі істеуін қамтамасыз ететін «ТСТСТО» қағаз тасығыштағы құжаттар РМК-ның келісім хаты көшірмесі немесе электрондық құжат*

Ескертпе: * Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сəуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымының ережесінде белгіленген тəртіппен құрылған жəне электрондық цифрлық қолтаңбамен куəландырылған. Аббревиатураның толық жазылуы: «е-лицензиялау» МДБ - «е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры; ҚР ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті; «ТСТСТО» РМК – «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу жəне талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кəсіпорны. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1620 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Байланыс саласында қызметтер көрсетуді лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сəуірдегі № 513 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 19, 169-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сəуірдегі № 513 қаулысына өзгерістер жəне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Ренспубликасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1561 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 410-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 жəне 2009 жылғы 14 сəуірдегі № 513 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 191 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 181-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат министрлігінің мəселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 513 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат). 5. «Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін, Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшін конкурстар өткізу ережесін жəне байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сəуірдегі № 513 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Ренспубликасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1505 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 142-құжат).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 19 желтоқсан

№1622

Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік ресурстарға 2012 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы» 2012 жылғы 10 сəуірдегі № 438 жəне «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1055 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Мемлекеттік ресурстарға 2012 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 сəуірдегі № 438 қаулысында (Қазақстан Республикасының ГГҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 561-құжат): 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік ресурстарға 2012 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 6750000000 (алты миллиард жеті жүз елу миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.»; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1055 қаулысында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2012 жылғы егіннің астығын қабылдау үшін Ақмола, Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының астық қабылдау кəсіпорындарыңан көрсетілген облыстардағы элеваторлық қуаттарды босату мақсатында, неғұрлым бос астық қабылдау кəсіпорындарына «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты, бюджет, меншікті жəне тартылған кредит қаражаты есебінен сатып алған мөлшері 457012,176 (төрт жүз елу жеті мың он екі тонна бір жүз жетпіс алты килограмм) азық-түліктік астығының орнын ауыстыру (оның ішінде 2012 жылғы қаңтардан басталған) бойынша шығындарды төлеуге 2012 жылға республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шү-ғыл шығындарға арналған резервінен 1745426100 (бір миллиард жеті жүз қырық бес миллион төрт жүз жиырма алты мың бір жүз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі жəне ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 желтоқсан

№1635

Астана, Үкімет Үйі

Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мəселелері туралы «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Қоса беріліп отырған астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары жəне оларға сəйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары астық қолхаттарын бере отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1)«Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 365-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мəселелері туралы» 2004 жылғы 27 сэуірдегі № 470 жəне «Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау жəне тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін жəне оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 213 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 428-құжат). 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 1, 13-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Жыртылған қабаттағы жалпы гумустың құрамы, жеңіл гидролизделетін азот, жылжымалы фосфор жəне ауыспалы калийдің орташа есептелген көрсеткіштері суарылмайтын жерде – жеті жылда бір рет жəне суармалы жерде – бес жылда бір рет айналыммен жүргізілетін топырақты агрохимиялық тексеру нəтижелері бойынша айқындалады жəне бірінші (базалық) турдағы агрохимиялық тексеруде белгіленген көрсеткіштермен салыстырыл ады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 желтоқсан

Р/с № 1 1

2

3

4

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды 2 санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы талаптарына жауап беретін меншік қүқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті)

Құжаттар

технологиялық жабдық (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығы (белгіленген тəртіппен тексерілген), тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы, белсенді желдету жабдығы, астық сақтауға арналған ыдыстар, сақтау кезінде астықтың температурасын жəне ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық, асфальтталған алаңдар

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 желтоқсан

Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 29-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасында: 27-тармақта: 1) тармақшаның жетінші жəне сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «көпжылдық екпелерді отырғызу жүзеге асырылатын АШТӨ-нің нақты жер учаскесіне бақтарды, жидектіктерді жəне жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақтық-мелиоративтік зерттеулердің жүргізілгенін растайтын) жұмыс жобасына (бұдан əрі - жұмыс жобасы) сəйкес. Алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызу кезінде жұмыс жобасында АШТӨ-нің жер учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі; АШТӨ-нің штатында «агрономия» немесе «жеміс-көкөніс өсіру» мамандығы бойынша кемінде бір білікті маманның болуы шартымен жүзеге асырылуы тиіс»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) отырғызылуы республикалық жəне (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылған екінші вегетацияның (аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен жəне книп-баум көшеттерімен салынғандар үшін), екінші-үшінші вегетацияның (жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен салынғандар үшін), екінші-үшінші-төртінші вегетацияның (республикалық жəне/ немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2009 - 2011 жылдары дəстүрлі технология бойынша отырығызылғандар үшін) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің, ал алманың «Апорт» сорты бойынша екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда, көп жылдық екпелерін өсіру (күту).»; 29-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) агроном (жеміс-көкөніс өсіруші) маманының біліктілігін растайтын куəліктердің, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелерінен тұратын өтінім береді.» 32-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2) 5 жұмыс күні ішінде ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей, ал төртінші тоқсанда - 1 қарашадан кешіктірмей осы Қағиданың 27-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидияларды алуға АШТӨ тізбесін (бұдан əрі - аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе) қалыптастырады жəне аудан (облыстық маңызы бар қала) əкіміне бекітуге жібереді.». 35-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1) ағымдағы жылдың өткен тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін, ал төртінші тоқсанда - тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде жергілікті жерге барып:». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 желтоқсан

№ 1641

Астана, Үкімет Үйі

заңды тұлға қызметін жүзеге асыратын жер бойынша тексерілуге жатады

астық сапасын айқындауға арналған, өлшеулердің жай-күйі бағалаудан өткен жəне мыналармен: үлгісін бекіту мақсатында сынақтардан немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілген жəне белгіленген тəртіппен тексерілген зертханалық жабдықпен жəне аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық

зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куəліктің көшірмесі, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттарының көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куəландырылған нұсқасы)

«Тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына жəне «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған тарих жəне мəдениет ескерткіштерінде археологиялық жəне (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын жəне олардың сəйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Мəдениет комитеті тарих жəне мəдениет ескерткіштерінде археологиялық жəне (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензиар; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдары тарих жəне мəдениет ескерткіштерінде археологиялық жəне (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға арналған лицензия беру жөнінде келісім беруші органдар болып айқындалсын. 3. Осы қаулыға қосымшаға сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1641 қаулысымен бекітілген Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінде археологиялық жəне (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары жəне олардың сəйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі р/с №

Біліктілік талаптарында мыналар болуы тиіс:

Қүжаттар тізбесі

Ескертпе

1

2

3

4

1.

2.

3.

Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі лицензияны алу үшін 1) жоғары білімі («археология жəне 1) мамандығы жəне біліктілігі, дипломның нөмірі жəне этнология», «тарих») жəне археология берілген күні, оқу орнының атауы көрсетілген ақпараты саласында үш жылдан кем емес тиісті бар мəліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына жұмыс өтілі бар, өтініш берушіде негізгі қосымшаға сəйкес); қызметкер болып табылатын ғылыми 2) археология жұмыстары саласындағы жұмыс өтілін жетекшілер – заңды тұлғалар үшін; растайтын ақпараты бар (жұмыс орны, лауазымы, 2) өтініш берушінің жоғары білімі жұмысқа қабылдау жəне жұмыстан босату туралы («археология жəне этнология», «тарих») бұйрықтың нөмірі жəне күні жəне (немесе) жеке еңбек жəне археология саласында үш жылдан кем шартының нөмірі жəне күні) мəліметтер нысаны (осы емес тиісті жұмыс өтілі-жеке тұлғалар үшін біліктілік талаптарына қосымшаға сəйкес) тарих жəне мəдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру

жөніндегі мамандандырылған жабдықтар тарих жəне мəдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымдары

мыналар: 1) мамандандырылған жабдықтардың тізбесі; 2) жабдыққа меншік құқығы туралы ақпарат көрсетілген мəліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сəйкес) ғылыми ұйымның ұсыным хаты

Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрциялау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алу үшін 1) өтініш берушінің жоғары немесе арнайы орта білімі («сəулет», «реставрациялау») жəне ғылыми-реставрациялау саласында үш жылдан кем емес тиісті жұмыс өтілі бар, өтініш берушіде негізгі қызметкер болып табылатын ғылыми жетекшілер – заңды тұлғалар үшін; 2)жоғары немесе арнайы орта білімі (сəулет, реставрациялау) жəне ғылыми-қалпына келтіру саласында үш жылдан кем емес тиісті жұмыс өтілі -жеке тұлғалар үшін

1) мамандығы жəне біліктілігі, дипломның нөмірі жəне берілген күні, оқу орнының атауы көрстеліген ақпараты бар мəліметтер нысаны (қосымшаға сəйкес); 2) ғылыми-реставрациялау жұмыстары саласындағы жұмыс өтілін растайтын ақпараты бар (жұмыс орны, лауазымы, жұмысқа қабылдау жəне жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі жəне күні жəне (немесе) жеке еңбек шартының нөмірі жəне күні) мəліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сəйкес)

тарих пен мəдениет ескерткіштерінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі осы біліктілік талаптарына қосымшаға сəйкес жабдықтар

мыналар: 1) осы біліктілік талаптарына қосымшаға сəйкес жабдықтардың тізбесі; 2) жабдыққа меншік құқығы туралы ақпарат көрсетілген мəліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сəйкес)

Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінде археологиялық жəне (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары бойынша мəліметтер нысаны 1. Ғылыми жетекші: 1) мамандығының жəне біліктілігінің атауы _______________________; дипломның нөмірі_____________________________________________; дипломның берілген күні_______________________________________; дипломды берген оқу орнының атауы____________________________. 2) археологиялық жəне (немесе) ғылыми-реставрациялау саласындағы жұмыс өтілі___________; жұмыс орны___________________________________________________; атқаратын лауазымы____________________________________________; жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмірі жəне күні ______________________________________________________; жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі жəне күні______________________. 2. Мамандандырылған жабдықтар: 1) мамандандырылған жабдықтардың тізбесі ______________________; 2) мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының нөмірі____________; жасалған күні___________________________________________________________; шарт жасалған тұлға (заңды жəне (немесе) жеке тұлғаның атауы)______________________. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1641 қаулысына қосымша

дипломдар көшірмелерін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куəландырылған нұсқасы) қоса отырып, өтініш беруші қол қойған жəне мөрмен бекітілген тегін, атын, экесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша жұмыс өтілін қамтитын штат кестесінен үзінді көшірме жəне жиынтық кесте

3. «Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26,198-құжат). 4. «Тарих пен мəдениет ескерткіштеріне археологиялық жəне (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін жəне оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1385 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 72-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Тарих пен мəдениет ескерткіштеріне археологиялық жəне (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 221-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің кейбір мəселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 316-кұжат).

№ 1642

Астана, Үкімет Үйі

«Мəдени құндылықтарды əкетуге жəне əкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мəдени құндылықтарды əкетуге жəне əкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 192-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығына куəлік беру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығына куəлік беру қағидалары бекiтiлсiн.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Мəдени құндылықтарды əкетуге жəне əкелуге рұқсат беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1642 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысымен бекітілген Мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығына куəлік беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығына куəлік беру қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Мəдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан əрі - Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне Қазақстан Республикасының аумағында мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығына куəлік беру тəртібін айқындайды. Осы Қағидалар мемлекеттік меншіктегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша əкетуге рұқсат беру тəртібін регламенттемейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мəдени құндылық – зайырлы жəне діни сипаттағы мəдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мəдени маңызы бар өзге де құндылықтар. 2) өтініш беруші – мəдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша əкету құқығына куəлік алу үшін жүгінген жеке немесе заңды тұлға; 3) сараптама комиссиясы – облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы құрайтын мəдени құндылықтарды уақытша əкету жөнiндегі комиссия; 4) сараптама – сараптама комиссиясының уақытша əкетуге мəлімделген заттардың мəдени құндылығын айқындау мақсатында өткізетін рəсімі; 5) мəдени құндылықтарды уақытша əкету жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы – Қазақстан Республикасынан əкетілетін заттың мəдени құндылығын белгілейтін мəдени құндылықтарды уақытша əкету жөніндегі сараптама комиссиясы беретін белгіленген үлгідегі құжат (бұдан əрі - қорытынды); 3. Уақытша экспозициялау, гастрольдік қызмет, реставрациялау жұмыстары мен ғылыми зерттеу, тұсаукесерлер, көрмелер жəне халықаралық мəдени іс-шаралар өткізу мақсатында мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығы үшін алты айдан аспайтын мерзімге мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығын беретін куəлікті (бұдан əрі – куəлік) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары береді. Кедендік одақтың жəне Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тыс жерлерге мəдени құндылықтарды уақытша əкету куəлік негізінде жүзеге асырылады. 2. Мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығына куəлік беру тəртібі 4. Куəлікті алу үшін өтініш беруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша өтініш; 2) сараптамаға жататын мəдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар; 3) мəдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері; 4) қабылдаушы тараптың мəдени құндылықтардың болу мақсаттары мен шарттары туралы шартының көшірмесі; 5) мəдени құндылықтың А-5 үлгісіндегі алдыңғы жəне артқы жақтары шолынған екі фотосуреті; 6) азаматтың жеке басын куəландыратын құжаттың немесе заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің көшірмесі; 7) заңды тұлғалар үшін – уақытша əкету кезеңіне мəдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына сараптамаға ұсынылған зат(тар) қабылдау жəне беру журналына тіркеледі. 5. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарының жауапты тұлғасы өтініш пен ұсынылған зат(тарды)ты сараптама комиссиясына сараптамаға жолдайды. 6. Сараптама комиссиясы ұсынылған құжаттар мен заттардың сараптамасын тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мəдени маңызын айқындау, түпнұсқалығын, авторлығын, атауын, жасалу орны мен уақытын, орындау материалы мен техникасын, мөлшерін (салмағын), өзгеше ерекшеліктерін, сақталу жағдайын жан-жақты талдау негізінде жүзеге асырады. 7. Сараптама қорытындысының негізінде сараптама комиссиясы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша қорытынды ресімдейді. 8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың жергілікті атқарушы органы оң шешім қабылдаса, өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сəйкес нысан бойынша куəлік, ал теріс шешім қабылдаған жағдайда – дəлелденген бас тартуды жазбаша нысанда береді. 9. Куəлік беруден бас тартуға: 1) оларды реставрациялау мақсатында уақытша əкету жағдайларын қоспағанда, əкетілетін мəдени құндылықтардың қанағатсыз физикалық жай-күйі; 2) мəдени құндылықтың халықаралық жəне (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы; 3) мəдени құндылықтың уақытша əкету мақсатының осы Қағидалардың 3-тармағымен сəйкес келмеуі; 4) затта мəдени құндылықтың жоқ болуы туралы қорытынды. 10. Куəлік немесе оны беруден бас тарту туралы дəлелді жауап осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар түскен күнінен бастап он жұмыс күні iшiнде беріледі. Сараптамаға ұсынылған зат(тар) өтініш берушіге қабылдау жəне беру журналына белгі қойып, қайтарылады. 11. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы белгіленген мерзімде өтініш берушіге куəлікті немесе куəлікті беруден дəлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап куəлік берілді деп есептеледі. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы куəлік беру мерзімдері өткен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті куəлікті береді. Мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығына куəлік беру қағидаларына 1-қосымша Нысан ______________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қала мен ______________________________ астананың жергілікті атқарушы органы) ______________________________ ______________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, əкесінің аты немесе атауы)

Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінде археологиялық жəне (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мəселелері туралы

Тарих жəне мəдениет ескерткіштерінде археологиялық жəне (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары жəне олардың сəйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне қосымша

өткізу режимі, аумақтың қоршалуы

тиісті білімі бар (басшылар үшін -жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық білім, мамандар үшін - ортадан кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық білім) техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы

№ 1639

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

5.

заңды тұлға қызметін жүзеге асыратын жерде тексерілуі тиіс

Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 184 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 31, 408-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларыңда: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Бюджеттік субсидияларды төлеуді бюджеттік бағдарламаның əкімшісі 2012 жылғы 22 наурыздан бастап 31 шілдеге (қоса алғанда) дейін Қытай Халық Республикасына не оның аумағы арқылы транзитпен, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен бірінші, екінші жəне үшінші сыныпты азық-түліктік бидайды тасымалдаған жағдайда экспорттаушылардың шығындарды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың негізінде бір тоннаға 4000 теңге мөлшерінде жүзеге асырады.». 2.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі жəне ресми жариялануға тиіс.

4.

3 4 астық қоймасына меншік құқығын жəне үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды жəне онымен жасалған мəмілелерді тіркеу органының заңнамада белгіленген нысан бойынша анықтамасының түпнұсқасы; санитариялықэпидемиологиялық салауаттылық саласындағы органның қорытындысы

таразылармен, дəнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтығымен, сынама іріктегіштермен, ыдыстармен, ақуыз құрамын дəн маңызының құрамы мен сапасын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың бүлінгенін анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жабдықталған өндірістік-технологиялық зертхана; 5

Ескертпе

№ 1638

«Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 184 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 қаулысымен бекітілген Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары жəне оларға сəйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Астана, Үкімет Үйі

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қалааралық телефон байланысы қызметтерін ұсыну үшін 9. Магистралдық байланыс желілері Жылжымайтын мүлік объектісі болып 300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен табылатын байланыс желілерін сканерленген монохромды режимдегі пайдалануға беру актілерінің сатып алу қағаз тасығыштағы құжаттар сату шарттарының көшірмелері көшірмелері немесе электрондық құжаттар* 10.

№1637

ӨТІНІШ Мəдени құндылықтарды 1) ___________________________________ 2) ___________________________________________________________ 3) ___________________________________________________________ 4) ___________________________________________________________ 5) ___________________________________________________________ мақсатында ___________________________________________________________ (елдің атауы жəне орналасқан жері) уақытша əкету құқығына куəлік беруіңізді сұраймыз. _________________________________________________________ Өтініш берушінің деректері:__________________________________ (Т.А.Ə. туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куəлігінің №, _______________________________________________________________________________ оның берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары немесе заңды тұлғаның деректемелері) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Қолы__________________

Күні __________________

М.О. Мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығына куəлік беру қағидаларына 2-қосымша _________________________________________________________________________________ (облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы) Мəдени құндылықтарды уақытша əкету жөнiндегі сараптама комиссиясы ҚОРЫТЫНДЫ № ____ _____________ қаласы 20___ ж.

«___» _______

1.Өтініш беруші______________________________________________________________ (Т.А.Ə. немесе заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________________________________________ 2. Өтініш берушінің деректері:__________________________________________________ (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куəлігінің №, _____________________________________________________________________________ оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері) _____________________________________________________________________________ 3. Өтініш берушінің қызметі: ____________________________________________________ 4. Əкетудің (уақытша əкетудің) мақсаты: ___________________________________________ 5. Сараптамаға ұсынылды________________________________________________________ (заттың атауы, жазбаша саны) 6. Заттың сипаттамасы: __________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (түпнұсқа, авторы, жасалған уақыты мен жері, материалы жəне орындалу техникасы, ___________________________________________________________ өлшемі, салмағы, сақталуы) Қорытынды: ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ (мəдени құндылығы бар немесе жоқ, ___________________________________________________________ уақытша əкету мүмкіндігі туралы ұсыным) Сараптама комиссиясының төрағасы: ____________________ (Т.А.Ə.) ____________________ (Т.А.Ə.) М.О.

Комиссия мүшелері: ____________________ (Т.А.Ə.) ____________________ (Т.А.Ə.) ____________________ (Т.А.Ə.)

Мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығына куəлік беру қағидаларына 3-қосымша ________________________________________________________________________________ (облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)

қаласы______

Мəдени құндылықтарды уақытша əкету құқығына КУƏЛІК № «___» _______ 20___ ж.

1.Өтініш беруші____________________________________________ __________________________________________________________ (Т.А.Ə. немесе заңды тұлғаның атауы) 2. Өтініш берушінің деректері: _____________________________________________ (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куəлігінің №, __________________________________________________________ оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері) ___________________________________________________________ 3. Өтініш берушінің қызметі ________________________________ 4. Мəдени құндылықтарды уақытша əкету жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы ________________________________________________________ ___________________________________________________________ (облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы) _____________________________________№ ____ 20____ ж. «___» 1)_________________________________________________________ (мəдени құндылықтың атауы) 2)_________________________________________________________ 3)_________________________________________________________ ________________________________________________мақсатында ___________________________________________________________ (елдің атауы жəне ұйымның орналасқан жері) ___________________________________________________________ 200__ж. «____»______________ 200___ж. «______»_______________ мерзіміне Қазақстан Республикасынан тыс уақытша əкетуге рұқсат беріледі. Уəкілетті тұлға _____________________________________________ (Т.А.Ə. жəне қызметі) М.О. Қазақстан Республикасы кеден органдарының белгісі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 24 қазан

№1352

Астана, Үкімет Үйі

Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 8) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1352 қаулысымен бекітілген Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 8) тармақшасына сəйкес əзірленген жəне электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың тəртібін белгілейді. 2. Қағидаларда энергетикалық кешеннің барлық буынының үнемді жəне сенімді жұмысын қамтамасыз ететін энергетикалық объектілерге қойлатын негізгі ұйымдастырушылық жəне техникалық талаптар жазылған. 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады: 1) электр станциясы – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу жəне электр энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық жəне қажетті қосалқы жабдық; 2) электр желісі – кіші станциялардың, бөлу құрылғыларының жəне олардың электр энергиясын жеткізу үшін бағытталған электрді беру жүйесін біріктірудің жиынтығы; 3) жылу желiсi – жылу энергиясын жеткізу үшін бағытталған сорғы станцияларының, жылыту пункттерінің, құбырлар мен арматуралардың жиынтығы; 4) қазандық – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық жəне қажетті қосалқы жабдық; 5) су электрстанциясы – су ағынының энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы; 6) жергiлiктi нұсқау –кəсiпорын аясында пайдалану үшiн əзірленген жəне энергетикалық объектiлердiң басшылығымен бекiтiлетiн нұсқаулық. 2. Пайдалануды ұйымдастыру Міндеттері мен ұйымдастырушылық құрылым 4. Электр станцияларының, қазандықтардың, электр жəне жылу желілерінің негізгі міндеттері электр жəне жылу энергиясын өндіру, бөлу, тарату жəне тұтынушыларға босату (бұдан əрі – энергия өндірісі) болып табылады. 5. Энергия өндірісінің негізгі технологиялық буындары жалпы режимдер жəне орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару тұтастығымен байланысты энергия өндіруші ұйымдар (электр станциялары, қазандықтар), энергия жеткізуші ұйымдар (электр жəне жылу желілері), (бұдан əрі – энергия объектілер) болып табылады. 6. Сала қызметкерлерінің негізгі ережелері: 1) тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың келісім шарттарын сақтау; 2) шығарылатын энергияның қалыпты сапасын қолдау – электр тогының стандартты жиілілігі мен кернеуі, жылу тасымалдағышының қысымы мен температурасы; 3) жедел-диспетчерлік тəртіпті сақтау; 4) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға дайын күйінде ұстау; 5) энергия өндірісінің жəне үнемділіктің ең жоғары сенімділігін энергияны үнемдеу жөніндегі заңнамаға жəне осы Қағидаларға толық сəйкестілігімен қамтамасыз ету; 6) жабдықтар мен ғимараттарды пайдалану үдерісінде өнеркəсіп жəне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау; 7) қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалардың талаптарын орындау; 8) адамдар мен қоршаған ортаға өндірістің зиянды ықпалын төмендету; 9) ғылыми-техникалық өрлеу жетістіктерін энергетикалық объектілердің үнемділігін, сенімділігін, қауіпсіздігін арттыру жəне экологиялық жай-күйін жақсарту мақсаттарында пайдалану. 7. Əрбір энергетикалық объектілерде құрылымдық бөлімшелер арасында жабдықтарға, ғимараттарға, құрылыстар мен коммуникацияға қызмет көрсету бойынша қызметтері бөлінеді. 8. Саланың əрбір қызметкері өзіне энергия өндірудің ерекшеліктерін нақты білуі, еңбек жəне техникалық тəртібін, еңбек тəртібінің ережесін қатаң сақтауы, жұмыс орнын таза жəне тəртіпте күтіп ұстауы қажет. Электр станциялары мен желілер жұмыстарының тиімділігін бақылау 9. Қуаты 10 МВт жəне одан астам əрбір жылу электр станциясында, қуаты 30 МВт жəне одан астам су электр станциясында, жылу өнімділігі 50 Гкал/сағ (209,5 ГДж/сағ) жəне одан астам əрбір аудандық қазандықта электр жəне жылу жүктемесіне абсолюттік немесе салыстырмалы есептеудегі оның жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің тəуелділігін белгілейтін жабдықтардың энергетикалық сипаттамасы əзірленеді. Бұдан басқа жылу электр станцияларында жəне аудандық қазандықта шығарылған электр жəне жылу энергиясы үшін отынның атаулы меншікті шығысының, ал су электр станцияларында шығарылған электр энергиясы үшін нормативтік меншікті шығысының кестесі əзірленеді. 10. Энергетикалық сипаттамада осы Қағидалардың талаптарын орындауда игерілген жабдық жұмысының нақты қол жетімді үнемділігі берілуі тиіс. 11. Жылу желілеріндегі энергетикалық сипаттамалар мынадай көрсеткіштер бойынша құрылады: жылу шығындары, жылу энергиясын жеткізуде жұмсалатын электр энергиясының меншікті шығысы, жүйелік судың орташа сағаттық меншікті шығысы, беру жəне кері құбырларындағы температуралардың айырмашылығы, жүйелік судың ағуы. Кері құбырдағы жүйелік су температурасының көрсеткіші бойынша энергетикалық сипаттаманы əзірлеуге рұқсат беріледі. 12. Электр желісі үшін нормаланған көрсеткіш оны жеткізуге арналған электр энергиясының технологиялық шығысы болып табылады. 13. Энергетикалық сипаттама көлем, нысан жəне құрылым бойынша қолданыстағы нормативтік жəне əдістемелік құжаттардың талаптарына сəйкес болуы тиіс. 14. Жабдықтардың энергетикалық сипаттамасы мен шығарылған электр энергиясы мен жылуы үшін отын жəне судың есеп айырысу меншікті шығынының кестесі электр станциясы жабдықтарының əрбір топтары бойынша 5 жылда 1 рет қаралады. Сондай-ақ қайта құру жылу электр станцияларын техникалық қайта жабдықтау жəне қайта құру себебінен жанатын отынның түрі немесе маркасының өзгертілуі, отынның нақты меншікті шығыны электр энергиясы мен жылуды шығару сəйкесінше 2 жəне 1 % өзгертіледі. Электр станцияларында, қазандықтардағы, электр жəне жылу желілерінде жұмыстың түпкі нəтижесін жақсарту мақсатында: 1) энергетикалық тасымалдағыштар мен технологиялық параметрлер шығындарын өлшеудің талап етілетін дəлдігі; 2) жабдықтардың жұмыс көрсеткіштерін бақылау-өлшеу құралдары мен ақпараттық-өлшеу жүйелерінің көрсеткіштеріне негізделген белгіленген нысандары бойынша (ауысымды, тəуліктік, айлық, жылдық) есепке алу; 3) жабдықтың жай-күйін, оның жұмыс режимдерін, отын үнемділігінің резервін, жүргізілген ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау үшін техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талдау; 4) жабдық жұмысының сенімділігі жəне үнемділігін арттыру, отын-энергетикалық ресурстардың шығындары мен залалдарын азайту мақсатында іс-шараларды əзірлеу мен орындау. Техникалық бақылау. Энергетикалық объектілерін пайдалануды ұйымдастыруды техникалық жəне технологиялық қадағалау 15. Əрбір энергетикалық объектілерде энергетикалық қондырғалардың (жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар) техникалық жай-күйін тұрақты жəне жүйелі түрде бақылануының (тексеру, техникалық куəландыру) ұйымдастырылуы, олардың жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты тұлғалардың анықталуы, сондай-ақ техникалық жəне технологиялық қадағалау жөніндегі персоналдың тағайындалуы жəне оның лауазымдық міндеттерін бекіту қажет. 16. Энергетикалық объектілердің қатарына енетін барлық технологиялық жүйелер, жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар, оның ішінде су құрылыстары жүйелі түрде техникалық куəландандыруға ұшырайды. Техникалық куəландыруды энергетикалық объектінің техникалық жетекшісіні немесе оның орынбасары басшылық ететін энергетикалық объектінің комиссиясы жүргізеді. Комиссияға энергетикалық объекттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары, мамандандырылғын жəне сарапшы ұйымдардың мамандары кіреді. Техникалық куəландыру 5 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі. Техникалық куəландырудың міндеттері пайдаланудың жай-күйін бағалау, мерзімі мен пайдалану шарттарын белгілеу, сондай-ақ энергетикалық қондырғыларды белгіленген ресурстармен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды айқындау болып табылады. Кезеңдік техникалық куəландыру қатарына мыналар енгізілуі тиіс: сыртқы жəне ішкі қарап-тексеру, техникалық құжаттарды тексеру, жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың (гидравликалық сынау, сақтандырғыш қақпақтарды ретке келтіру, қауіпсіздік автоматтарын, жүк көтергіш механизмдерін, жерге қосу контурларын сынау) қауіпсіздік шарттарына сəйкестігін сынау. Техникалық куəландырумен бір уақытта энергетикалық объектінің жұмысын бұзушылықтарды жəне оның қызмет көрсетуі кезінде жазатайым оқиғаларды тергеу нəтижелері бойынша белгіленген іс-шаралардың жəне (қадағалау) органдарының ұйғарымдарын, сондай-ақ бұрынғы техникалық куəландыру кезінде əзірленген іс-шаралардың орындалуын тексеру жүзеге асырылады. Техникалық куəландыру нəтижелері энергетикалық объектінің техникалық паспортына енгізіледі. Бақылау үдерісінде анықталған апатты-қауіпті ақаулары бар, сондай-ақ техникалық куəландыру мерзімінің бұзушылығы орын алған энергетикалық қондырғыларын пайдалануға жол берілмейді. 17. Жабдықтардың техникалық жай-күйін үнемі бақылауды энергетикалық объектінің жедел жəне жедел-жөндеу жұмысының персоналы жүргізеді. Бақылау тəртібі жергілікті өндірістік жəне лауазымдық нұсқаулықтарымен белгіленеді. 18. Жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлғалар жүйелі түрде тексереді. Тексерудің кезеңділігін энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекітеді. Тексеру нəтижелері арнайы журналға тіркеледі. 19. Жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуын бақылаушы адамдар энергетикалық объектіні пайдалануда техникалық жағдайын сақталуын, олардың жай-күйін тіркеу, энергетикалық қондырғылар мен олардың элементтерінің жұмыстарындағы бас тартуларды тексеруімен тіркеуін, пайдалану-жөндеу жұмыстары бойынша құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуі қажет. Техникалық құжаттама 20. Əрбір энергетикалық объектіде мынадай құжаттар болуы тиіс: 1) жер учаскелерін бөлу актілері; 2) жерасты шаруашылығымен қоса, ғимараттар мен құрылыстар учаскілерінің бас жоспары; 3) геологиялық, гидрогеологиялық жерлерді сынау мен жерасты суларын талдау нəтижелері бар аумақтар туралы жəне басқа да деректер; 4) шурфтардың тіліктері бар іргетасты салу актілері; 5) жасырын жұмыстарды қабылдау актілері; 6) ғимараттардың, құрылыстар мен іргетастардың шөгуі туралы бастапқы актілер; 7) құрылыстардың жарылыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, найзағайға төзімділігін жəне коррозияға қарсы қорғануды қамтамасыз етуші құрылғыларын сынаудың бастапқы актілері; 8) сумен жабдықтаудан, өрт сөндіргіш су құбыры, кəріздің, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, жылыту жəне желдетудің ішкі жəне сыртқы жүйесін сынаудың бастапқы актілері; 9) жабдықтар мен технологиялық құбыржолдарын жеке сынап көру мен сынаудың бастапқы актілері; 10) қабылдау комиссиясының актілері; 11) барлық соңғы өзгерістері бар бекітілген жобалау құжаттары; 12) энергия үнемдеу туралы заңнамаға сəйкес энергетикалық төлқұжат; 13) ғимараттардың, құрылыстардың, технологиялық тораптар мен жабдықтардың техникалық паспорты; 14) жабдықтар мен құрылыстардың орындалуы тиіс жұмыс сызбалары, барлық жерасты щаруашылықтарының сызбалары; 15) бастапқы жəне екінші электр қосындыларының орындалуы тиіс жұмыс схемалары; 16) орындалуы тиіс технологиялық жұмыс схемалары; 17) жабдықтардың қосымша бөліктерінің сызбалары; 18) өрт сөндірудің жедел жоспары; 19) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі қолданыстағы жəне өзгертілген нұсқаулықтар барлық санатты мамандар мен кезекші персонал қатарына жататын жұмысшылар үшін арналған лауазымдық нұсқаулықтарының жəне еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жөніндегі нұсқаулықтарының жиынтығы. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекітуді техникалық басшы емес, бірінші басшы жүзеге асырады. 20) жоғарыда көрсетілген құжаттар жиынтығы «Құжаттар» мөртаңбасымен энергетикалық объектінің техникалық мұрағатында сақталады жəне меншік иесі өзгерген жағдайда тұрақты сақтауды қамтамасыз етуі қажет жаңа иеленушісіне толығымен жеткізеді. 21. Əрбір энергетикалық объектіде əрбір цех, қосалқы станция, аудан, учаскесі, зертханалар мен қызметтер үшін қажетті нұсқаулықтар, ережелер, технологиялық жəне жедел схемалардың энергетикалық объектісінің техникалық басшысы арқылы бекітілетін тізімі болады. Қажетті нұсқаулықтар тізімі мен нұсқаулықтар үш жылда 1 рет қарастырылады. 22. Электр станцияларының, қазандықтармен қосалқы станциялардың негізгі жəне қосалқы жабдықтарына осы жабдыққа мемлекеттік стандартқа сəйкес ұлттық номиналды деректері бар тақта орнатылады. 23. Барлық негізгі жəне қосалқы жабдықтар, оның ішінде, құбыржолдары, шиналардың жүйелері мен секциялары, сондай-ақ арматуралар, газ жəне ауа өткізгіштерінің шиберлері нөмірленуі тиіс. Сайлауды басқару жүйесі (бұдан əрі – СБЖ) болған кезде орны бойынша жəне атқарушы схемаларда жедел схемаға сəйкес нөмірін жəне СБЖ бойынша нөмірін көрсете отырып арматураны екі жақты нөмірлеу орындалады. Негізгі жабдықтың реттік нөмірі, ал қосалқы жабдықтың А, Б, В жəне басқа да əріптерді қоса отырып негізгі сияқты нөмірі болуы тиіс. Жабдықты нөмірлеу ғимараттың тұрақты бүйірінен жəне А қатарынан жүргізіледі. Дубль-блоктардағы əрбір қазандыққа А жəне Б əріптерін қоса отырып блок нөмірі беріледі. Жылуды беру жүйесінің жекелеген буындары бірізді жəне отын бағытымен нөмірленуі тиіс, ал параллельді буындар-отынның сол жағынан оңға қарай осы нөмірлерге А мен Б əріптерін қоса отырып нөмірленуі тиіс. 24. Пайдалану үдерісінде орындалған энергетикалық қондырғылардың барлық өзгерістері, схемалары мен сызбалары жұмысқа енгізілместен бұрын оны бақылаушы адамның қолы қойылып, лауазымы мен өзгеріс енгізілген күнін көрсете отырып нұсқаулыққа енгізілуі тиіс. Нұсқаулықтардағы, схемалар мен сызбалардағы өзгерістер туралы ақпараттар осы нұсқаулықтар, схемалар мен сызбалар бойынша білу қажет барлық қызметкерлерге (өкімдер журналына жазылуымен) жеткізілуі тиіс. 25. Технологиялық схемалар (сызбалар) олардың нақты қолданыстағы схемаларға (сызбаларға) сəйкестігіне оларға тексеру туралы белгі қоя отырып кемінде 3 жылда 1 рет тексеріледі. Қажетті нұсқаулықтар тізімі мен нұсқаулықтардың өзі үш жылда 1 рет қайта қаралады. 26. Қажетті схемалар жиынтығы Қазақстанның жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығында (бұдан əрі – ЖО ҰДО), өңірлік диспетчерлік орталықтарда (бұдан əрі – ӨДО), жылу жəне электр желілерінің, электр станцияларының, цех жəне энергия блоктың ауысымының бастығында, қосалқы станциялардың, жылу жəне электр желілерінің кезекшісінде жəне жедел-шығу бригадасының шеберінде, сондай-ақ жөндеу жұмысы жөніндегі персоналда болады. Схемаларды сақтау нысаны жергілікті шарттарымен белгіленеді. 27. Барлық жұмыс орындары зауыттық жəне жобалау деректері негізінде, үлгілік нұсқаулықтар мен пайдалану өтілімі мен сынақ нəтижелерінің басқа да нормативтік-техникалық құжаттары негізінде, сондай-ақ жергілікті жағдайларды ескере отырып, осы Қағидалардың талаптарына сай құрылған қажетті нұсқаулықтармен жабдықталады. Нұсқаулықтарға тиісті өндірістік бөлімнің (цехтың, қосалқы станциялардың, ауданның, учаскенің, зертханалардың) басшысы қол қояды жəне

(Жалғасы 11-бетте).


(Жалғасы. Басы 10-бетте). энергия объектісінің техникалық басшысы оны бекітеді. Келісуді талап ететін нұсқаулықтар тізбесін сəйкесінше Қазақстанның ЖО ҰДО мен ӨДО белгілейді. 28. Жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, релелік қорғаныш, телемеханика, байланыс құралдарын жəне басқарудың автоматтандырылған жүйесінің техникалық құралдарының кешенін пайдалану жөніндегі əрбір қондырғы бойынша нұсқаулықтарда: 1) қондырғының, ғимараттар мен құрылыстардың жабдықтарының қысқаша сипаттамасы; 2) қондырғылар немесе қондырғылар кешенінің жұмыс режимі мен қауіпсіз жай-күйінің критерилері мен шегі; 3) іске қосуға дайындық тəртібі; 4) дұрыс пайдалану кезінде жəне жұмыстарының бұзылуы барысында жабдықтарды іске қосу, тоқтату жəне қызмет көрсету тəртібі, ғимараттар мен құрылыстардың құрылымы; 5) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды тексеруге, жөндеуге жəне сынауға жіберу тəртібі; 6) қондырғы үшін арнайы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, жарылыс жəне өрт қауіпсіздігінің талаптары беріледі. 29. Əрбір жұмыс орны бойынша лауазымдық нұсқаулықтарда: 1) осы лауазымдағы қызметкерлер үшін білуі қажет жабдықпен қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар тізімі, жабдықтар мен қондырғылардың схемасы; 2) қызметкерлердің құқықтары, лауазымдық қызметтері мен міндеттері; 3) жоғары тұрған, қол астындағы жəне жұмысқа байланысты басқа персоналдармен жұмыс істеудегі қарым-қатынасы көрсетілуі тиіс. 30. Кезекші персоналда осы Қағидалардың 1-қосымшасында берілген жедел құжаттаманың болуы тиіс. Жергілікті жағдайларға байланысты оперативтік құжаттаманың көлемі энергетикалық объектінің техникалық басшысының шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін. 31. Электр станцияларының цехтарындағы оперативтік-диспетчерлік персоналдың жұмыс орындарында, диспетчерлік пункттерде кезекші персоналы бар басқару қақпаларында тəуліктік ведомость жүргізілуі тиіс. 32. Жабдықтарды қарау мен тексерудің белгіленген кестесіне сəйкес əкімшілік-техникалық персонал оперативтік құжаттаманы тексеруі қажет жəне жабдықтар мен персоналдың жұмысындағы ақаулар мен бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауы қажет. Басқарудың автоматтандырылған жүйесі 33. Басқарудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан əрі – БАЖ) энергия өндірудің өндірістіктехнологиялық, оперативті-диспетчерлік жəне ұйымдастырушылық-экономикалық басқару міндеттерін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл міндеттер тиісінше: технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесіне (бұдан əрі – ТҮ БАЖ); диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесіне (бұдан əрі – ДБАЖ); өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесіне (бұдан əрі – ӨБАЖ) жүктеледі. 34. Əрбір электр станциясында, электр желісін пайдаланушы əрбір ұйымда жергілікті жағдайға байланысты, экономикалық жəне өндірістік орындылыққа байланысты ТҮ БАЖ қызмет істеуі тиіс. 35. Электр жəне жылу желілерін пайдаланушы ұйымдардың диспетчерлік пункттерінде біріккен электр энергетикалық жүйесі (бұдан əрі – біріккен ЭЖ) мен бірыңғай электр энергетикалық жүйесі (бұдан əрі – бірыңғай ЭЖ) ДБАЖ-да қызмет істеуі тиіс. 36. БАЖ-ды пайдалану барысында БАЖ-ды пайдалану бойынша нұсқаулықтар басшылыққа алынуы тиіс. Жедел құжаттама, бақылау-өлшеу құралдарын тіркеуші диаграммалар, жедел-диспетчерлік келіссөздердің жазбасы мен БАЖ жедел-ақпараттық кешенін құрайтын шығарылым құжаттары қатаң түрде тіркелетін құжаттар қатарына жатады жəне белгіленген тəртіппен: 1) тіркеуші аспаптардың көрсеткіштерінің жазбасы бар тасығыштар – 3 жыл; 2) егер мерзімін ұзарту туралы хабарлама түспесе, қарапайым жағдайдағы жедел келіссөздердің жазбасы – 90 тəулік; 3) егер мерзімін ұзарту туралы хабарлама түспесе, апат жəне жұмыстағы басқа да бұзушылықтар кезіндегі жедел келіссөздердің жазбасы – 12 ай сақталады. 37. Электр станцияларында, біріккен ЭЖ мен бірыңғай ЭЖ-ның электр жəне жылу желілерін пайдаланушы ұйымдарда негізгі міндеті нарықтық жағдайларда өндірісті сенімді жəне үнемді басқару болып табылатын ӨБАЖ қызмет істеуі тиіс. 38. Əрбір энергия объектісінде БАЖ-дың жеке міндеттерінің кешені типтік жобалау шешімдері бар тиімді пайдаланылуын, қолданбалы бағдарлама пакеттерін жəне техникалық құралдардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өндірістік жəне экономикалық орындылығымен таңдап алынуы тиіс. 39. БАЖ-дың техникалық құралдары кешенінің құрамына: 1) ақпараттарды жинау жəне жеткізу құралдары (ақпаратттар тетіктері, байланыс каналдары, телемеханика құрылғылары, деректерді жеткізу аппаратурасы); 2) ақпараттарды өңдеу жəне жеткізу (ЭЕМ, аналогтік жəне аспаптар, дисплейлер, баспа құрылғылары, функционалдық клавиатура құралдары); 3) басқару құралдары (контроллерлер, атқарушы автоматтар, электр техникалық аппаратура: реле, қуат күшейткіштері); 4) қосалқы жүйелер (үздіксіз электр қуатымен нəрлендіру, ауаны желдету, автоматты түрде өрт сөндіру) кіруі тиіс. 40. БАЖ-ды пайдалануға енгізу қабылдау комиссиясының актісінің негізінде белгіленген тəртіппен жүргізіледі. БАЖ-ды өнеркəсіптік пайдалануға енгізу 6 айдан артық уақытқа созылатын тəжірибелі пайдалану алдында болуы мүмкін. БАЖ-ды құру мен пайдалануға енгізу бір немесе екі кезекпен жүзеге асыруға болады. БАЖ-ды өнеркəсіптік пайдалануға қабылдау енгізілген кезегі үшін қарастырылған барлық міндеттерді өнеркəсіптік пайдалануға қабылдауды аяқтау бойынша жүргізіледі. 41. БАЖ-ды пайдалануды ұйымдастыру кезінде техникалық құралдар кешеніне қызмет көрсету, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызметтері энергетикалық объектілердің басшыларының бұйрықтарымен анықталады. Қызмет көрсету шегін көрсете отырып жабдықтардың əрбір бөліктерінің тізімін тиісті энергия объектісінің немесе ұйымның техникалық басшысы бекітеді. 42. БАЖ үшін қызмет көрсетуші бөлімшелер: 1) техникалық құралдарды, БАЖ-ды ақпараттық жəне бағдарламалық қамтамасыз етуді тұрақты пайдалануды; 2) ЭЕМ-мен өңделген ақпараттарды тиісті бөлімшелерге кестеге сəйкес ұсынуды; 3) есептеу техникасын тиімді пайдалануды; 4) жаңа міндеттерді енгізу, қолданыстағы бағдарламаларды жетілдіру, шығыс ақпараттарын жинақтау мен дайындаудың алдыңғы қатарлы технологияларын игерумен қоса, басқару жүйесін жетілдіру жəне дамытуды; 5) нормативтік-анықтамалық ақпараттың жіктеуіштерін жүргізуді; 6) БАЖ-дың аралас иерархиялық деңгейлерімен ақпараттық өзара байланысты ұйымдастыруды; 7) БАЖ-бен жұмыс істеу үшін қажетті нұсқаулық жəне əдістемелік материалдарды əзірлеуді; 8) БАЖ жұмысын, оның экономикалық тиімділігін талдау, уақытылы есеп беруді қамтамасыз етуі қажет. 43. Əрбір БАЖ бойынша қызмет көрсетуші персонал, жобалықтан жəне зауыттықтан басқа, энергетикалық объектінің техникалық басшысының бекіткен тізімі бойынша техникалық жəне пайдалану құжаттамасын жүргізу қажет. 44. БАЖ-дың техникалық құралдарының жөндеу-профилактикалық жұмыстары бекітілген кестеге сəйкес орындалады, ал оларды жөндеу жұмысына беру тəртібі бекітілген ережемен айқындалады. 45. Диспетчерлік басқарманың, энергетикалық объектілердің басшылары БАЖ-дың жұмыс істеуіне, олардың тиімділігіне талдау жүргізуі қажет, БАЖ-ды пайдалануды бақылауды жүзеге асыру жəне оны дамыту мен жетілдіру жəне оларды уақтылы техникалық қайта жабдықтау бойынша ісшаралар əзірлеу қажет. Метрологиялық қамтамасыз ету 46. Əрбір энергетикалық объектіде бірегейлікті қамтамасыз ететін жəне өлшеудің нақтылығын талап ететін іс-шаралар кешені орындалады. Əрбір энергетикалық объектіде орындалатын метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені: 1) мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өлшеу құралдарын (бұдан əрі – ӨҚ) тексеруге уақытылы ұсыну; 2) тексеруге жатпайтын ӨҚ-ны калибрлеу бойынша жұмыстар жүргізу; 3) өлшеу жүргізудегі аттестатталған əдістерді пайдалану (бұдан əрі – ӨЖЭ); 4) қолданылатын ӨҚ нақты сипаттамасының жобалау құжаттамасының метрологиялық сараптамасы мен технологиялық параметрлерін өлшеу нақтылығының талаптарына сəйкестігін қамтамасыз ету; 5) қызмет көрсету, ӨҚ жөндеу жұмысы, метрологиялық бақылау мен қадағалау кіреді. 47. Метрологиялық қамсыздандыру жұмыстарын жүргізу, олардың орындалуын бақылау жəне қадағалауды энергетикалық объектілердің метрологиялық қызметтері мен осы қызметтерді атқаратын ұйымдар немесе бөлімшелер жүзеге асырылуы тиіс. 48. Энергетикалық қондырғылардың ӨҚ-мен жабдықталуы жеткізудің техникалық шарттары мен жобалау-нормативтік құжаттамаларға сəйкес болуы тиіс. Энергетикалық қондырғыларды ӨҚ-мен жабдықтаудың көлемі жабдықтың техникалық жай-күйі мен оның жұмысының режимін бақылауды, өндірілген, жұмсалған жəне жеткізілген электр энергиясы мен жылу ресурстарының кірістері мен шығыстарын есептеуді, еңбектің қауіпсіз шарттары мен санитариялық нормалардың сақталуын бақылауды, қоршаған ортаны қорғауды бақылауды қамтамасыз етеді. 49. Барлық ӨҚ, сондай-ақ ақпараттық-өлшеу жүйелері (бұдан əрі – АӨЖ) жұмысқа дайын күйде жəне өлшеуге əрқашан дайын болуы тиіс. 50. Энергетикалық объектілерінің негізгі жабдықтарын өнеркəсіпте пайдалануға енгізуге дейін, сондай-ақ оларды пайдалану процесінде АӨЖ-нің, соның ішінде ТҮ БАЖ жəне ДБАЖ құрамына енетін өлшеу каналдары тексеруден жəне калибрлеуден өтуі тиіс. 51. Тексерілмеген жəне калибрленбеген, соның ішінде ТҮалған БАЖ жəне ДБАЖ-ға құрамына енетін АӨЖ-ны пайдалануға жол берілмейді. 52. ӨҚ-ны тексеру мен калибрлеу кезінде үлгі ретінде қолданылған барлық ӨҚ, сондай-ақ қоршаған ортаның параметрлерін бақылау, электр, жылу энергиясын коммерциялық есептеу операциясын орындау кезінде жəне геодезиялық жұмыстар кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ӨҚ тексеруге жатады. Тексеруге жататын ӨҚ-ның тізімін өз бетімен кеңейтуге тыйым салынады. 53. ӨҚ тексерудің тізбесі мен кезеңділігін, сондай-ақ оны жүргізу тəртібін технологиялық реттеу жəне метрология жөніндегі уəкілетті орган анықтайды. Тексеруге жататын ӨҚ-ның нақты тізбесі əрбір энергетикалық объектіде құрылады жəне оны энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекітеді. 54. Энергия объектісі жасаған кестелерге жəне метрологиялық қызметтерді көрсетуге аккредиттелген, жұмыстардың осы түріне лицензиясы бар құзыретті органмен жасалған шартқа сəйкес ӨҚ уақытылы тексеріледі. 55. Тексеруге жатпайтын, бірақ жабдықтардың сенімді жəне үнемді жұмысын бақылау үшін энергетикалық объектілерде қолданылатын ретке келтіру, жөндеу жəне ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде барлық ӨҚ калибрлеуге жатады. 56. ӨҚ калибрлеудің мерзімділігі техникалық реттеу жəне метрология жөніндегі уəкілетті орган бекіткен өлшеу құралдарының тізімі негізіндегі энергетикалық объектінің метрологиялық қызметімен белгіленеді. 57. ӨҚ-ны калибрлеудің нəтижелері ӨҚ паспортындағы таңбамен, ӨҚ-на берілген калибрлік белгімен немесе калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазбамен куəландандырылады. 58. Энергетикалық объектілердегі технологиялық параметрлерді өлшеу жобаға сəйкес жүзеге асырылады. 59. ӨҚ мен олардың дəлдік сипаттамаларын таңдау технологиялық параметрлері мен ӨЖƏ талап ететін қолданыстағы мемлекеттік жəне салалық нормативтік құжаттардың негізіндегі жобалау сатысында жүзеге асырылады. 60. Энергетикалық жабдықтарды пайдалану үдерісінде (жобада көзделмеген) технологиялық параметрлерді қосымша өлшеуді ұйымдастырудың қажеттілігі туындағанда ӨҚ-ны таңдау осы Қағидалардың 55-57-тармақтарына сəйкес жүзеге асырылады. 61. ӨҚ-мен жедел қызмет көрсетуді энергетикалық объектінің басшылығының нақты шешімімен бөлімшенің кезекшісі немесе жедел-жөндеу жұмысын атқаратын персонал жүргізуі қажет. 62. Техникалық қызмет көрсетуді жəне ӨҚ жөндеуді энергетикалық объектінің метрологиялық қызметін атқарушы бөлімшелердің персоналы жүзеге асыруы қажет. 63. Іріктеу құрылғыларындағы бастапқы тиек органдарының жөндеу жұмыстарын, шығындарды өлшеу үшін тарылтушы жəне басқа да құрылғыларды, температураны өлшеудің қорғаныш гильза тетікшелерін ашу мен орнатуды технологиялық жабдықты жөндеуші персонал, ал қабылдауды энергетикалық объектінің метрологиялық қызметін атқарушы персонал атқаруы қажет. 64. ӨҚ орнатылған жабдыққа қызмет көрсетуші персонал олардың сақталуы мен сыртқы элементтерінің тазалығын қамтамасыз етуі қажет. ӨҚ жұмысындағы барлық бұзушылықтар туралы энергетикалық объектінің метрологиялық қызметін атқарушы бөлімшеге хабарлайды. 65. Қалыпты жазбаны қамтамасыз ететін жұмыстармен байланысы жоқ реттеу құралдарын ашуға энергетикалық объектінің метрологиялық қызметін атқаратын бөлімше персоналы ғана, ал жеткізушімен немесе тұтынушымен есептесу үшін қолданылатын ӨҚ-ны олардың өкілдерімен бірге ашуға жол беріледі. 66. Метрологиялық бақылауды басқару органдарының немесе заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет мамандары жүзеге асырылады. 67. Тексеруге жатпайтын ӨҚ өндірістен немесе жөндеуден пайдаланудан шығарда, осы ӨҚ дайындаушысы, меншік иесі немесе тұтынушысы анықтаған тəртіппен калибрленеді. Қауіпсіздік техникасы 68. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша барлық жұмыстар қауіпті өндіріс факторларының жұмысшыларына əсер етудің алдын алуға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар мен техникалық құралдар жүйесін құруға бағытталады. 69. Кəсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық əзірленеді жəне бекітіледі: 1) жұмысшылардың жекелеген санаттарына (электр дəнекерлеуші, станокта жұмыс істейтін жұмысшы, слесарьлер, электр-монтерлер, зертханашылар, тазалаушылар) байланысты; 2) жұмыстың жекелеген түріне байланысты (биіктікте орындалатын жұмыс, монтаждау, реттке келтіру, жөндеу, сынау). 70. Əрбір жұмысшы жұмыс орындарындағы жұмысты ұйымдастыруға жəне жабдықтарға қызмет көрсетуге қатысты еңбек қауіпсіздігінің талаптарын білуі жəне қатаң түрде орындауы қажет. 71. Энергетикалық кəсіпорындардағы қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі туралы салалық ережеге сəйкес болуы тиіс. 72. Қауіпсізідік техникасы бойынша жұмыстарды жалпы басқару энергетикалық объектінің бірінші басшысына (жұмыс берушіге) жүктеледі. Энергетикалық объектілер мен ұйымдардың басшысы мен лауазымды тұлғалары: 1) жұмыс орындарында, өндіріс орындарында энергетикалық объектілер мен ұйымдардың аумағында еңбек қауіпсіздігін жəне салауатты шарттарын қамтамасыз ету; 2) ұйымдар мен энергообъектілердің аумағында жəне өндіріс үй-жайларындағы жұмыс орындарын қауіпсіз жəне салауатты еңбек шарттарымен қамтамасыз ету; 3) оқытуды, білімдерін тексеруді, персоналға нұсқау беруді, олардың қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтауын бақылауды дер кезінде ұйымдастыру қажет. 73. Энергия объектілерінің, ұйымдардың барлық персоналдарын алғашқы медициналық жəне шұғыл реанимациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ оқиға болған жерде зардап шеккендерге ТҚЕ-нің талаптарына сəйкес алғашқы көмек көрсету тəсілдеріне үйрету қажет. 74. Электр станцияларының əрбір цехтарында, кіші станцияларында, желі учаскелерінде, зертханаларында жəне басқа да объектілерде, сондай-ақ жылжымалы бригадалардың автомашиналарында дəрі-дəрмектер мен медициналық құралдардың үнемі толық қоры бар алғашқы медициналық көмек көрсетудің дəрі қобдишалары немесе сөмкелері болуы тиіс. Энергия объектілерін барлық персоналдары жақын жерде орналасқан дəрі қобдишасын білуі тиіс. Əрбір бөлімшеде оны күтіп ұстау үшін жауапты адам бұйрықпен тағайындалуы тиіс. Персонал арнайы киімдермен, арнайы аяқ-киімдермен жəне орындалатын жұмыс сипатына жəне жұмыс барысында олардың үнемі пайдаланылуына байланысты жеке қорғаныштың басқа да құралдарымен қамтамасыз ету қажет. Экологиялық талаптарды сақтау 75. Энергетикалық қондырғылардың жұмысы кезінде атмосфераға лас заттар шығарындысының жəне су объектілеріне лақтырындылардың қоршаған ортаға зиянды əсерінің, шу, діріл, электр мен магнит өрісі мен өзге де зиянды физикалық əсерінің алдын алу немесе шектеу үшін, сондай-ақ суды тұтыну көлемі мен қайтымсыз шығынын қысқарту бойынша шаралар қабылданады. 76. Атмосфераға шығарылатын лас заттардың мөлшері жол берілетін норманың шегінен (лимитінен) аспауы тиіс, су объектілеріне төгілген лас заттардың мөлшері жол берілетін немесе уақытша келісілген норманың шегінен аспауы тиіс.

11

www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

Электр жəне магнит өрісінің кернеулілігі осы факторлардың жол берілетін деңгейінің шегінен, шу əсері жабдықтың дыбыс кернеуінің нормасынан аспауы тиіс. 77. Əрбір жылу электр станциясы мен жылыту казандығы қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармаларымен келісілген аса қолайсыз, метеорологиялық жағдайлар туралы хабарланған кезде атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды төмендету жөніндегі іс-шаралардың жоспары болуы тиіс. 78. Əрбір энергия объектісінде авариялық жəне өзге да күл қалдықтарының шығарылуының жəне қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгілуінің алдын алу іс-шаралары əзірленеді. 79. Уытты қалдықтар пайда болатын энергия объектісін жергілікті немесе өңірлік əкімшілік өкімімен олардың уақытылы кəдеге жаратылуын, залалсыздандыру жəне мамандандырылған полигондарда көмілуін қамтамасыз етілуі қажет. Энергия объектісінің айналасына қалдықтарды қаттап тастауға немесе көмуге жол берілмейді. 80. Белгіленген санитариялық нормалар мен табиғатты қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етпейтін құрылғылары бар энергия қондырғыларды пайдалануға жол берілмейді. 81. Су объектілерін ластанудан сақтау мақсатында энергия қондырғыларының негізгі жəне қосалқы жабдықтарын пайдалану кезінде экологиялық заңнама басшылыққа алынуы қажет. 82. Ластанған ағынды суларды тазалау мен өңдеуге арналған қондырғылары жылуэнергетикалық жабдықтың іске қосар алдындағы тазалауын бастағанға дейін пайдалануға беріледі. 83. Электр станциялары мен жылыту қазандықтарының газ тазалау жəне тозаңды ұстау жабдықтарын пайдалану кезінде экологиялық заңнама нормалары мен талаптары басшылыққа алынуы қажет. 84. Энергия объектілері ластанушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін, су көздеріне ағатын жəне төгілетін су көлемін қадағалау жəне тіркеу, сондай-ақ электр қуатын жеткізудің əуе желілерінің санитариялық-қорғау аймағындағы электр жəне магнит өрісінің кернеулілігін қадағалау қажет. 85. Қоршаған ортаны ластайтын шығарылған заттарды, ағатын жəне төгілетін су көлемін бақылау үшін əрбір энергия объектісі үнемі жұмыс істеп тұратын автоматты құралдармен жабдықталады, ал олар болмаған немесе оларды пайдалану мүмкін емес болған кезде кезеңділікті өлшеу мен есептеу əдістері қолданылады. Электр желілері электр жəне магнит өрісінің кернеулілігін өлшеу құралдарымен жабдықталады. 3. Аумақ, өндірістік ғимараттар мен құрылыстар Аумақ 86. Энергия объектісі аумақтарының, ғимараттары мен құрылыстарының тиісті пайдаланушылық жəне санитариялық-техникалық жай-күйін қамтамасыз ету үшін: 1) ғимараттар мен құрылыстардан барлық аумақтан жоғарғы жəне жерасты суды ағызу жүйесі (дренаждар, каптаждар, арықтар, су бұру каналдары); 2) пайдаланылған құбырлардың шу тұншықтырғыштары, сондай-ақ шу көздерін оқшаулау мен оның деңгейін өз нормасына дейін төмендету үшін арналған басқа да қондырғылар мен құрылыстар; 3) су құбырының, арналық кəріздің, дренаждың, жылытудың, көліктің, газ жəне сұйық отынның, су-күл алу жүйелері мен олардың құрылыстары; 4) ауыз су көздері, су қоймалары мен сумен жабдықтау көздерін қорғаудың санитариялық аумақтары; 5) темір жолдар мен өтпелер, автомобиль жолдары, өрт жолдары, өрт гидранттарының, су қоймасының жəне градирнялардың кіре берістері, көпірлер, жаяу жүргінші жолдары, өткелдер; 6) сырғымайтын, құламайтын, жағалауға нығайтылған, көшкінге жəне селге төзімді құрылыстар; 7) базистік жəне жұмыс реперлері мен таңбалары; 8) пьезометрлер мен жерасты суларының режимін бақылауға арналған бақылау ұңғымалары; қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының кешені (қоршаулар, бақылау-жіберу пункттері, бекеттер, қызметтік үй-жайлар); найзағайдан қорғау жəне жерге тұйықтау жүйелері жарамды күйде ұсталады. Сонымен қатар, жүйелі түрде көгалдандыру мен аумақты көріктендіру жұмыстары жүргізіледі. 87. Жер астында жатқан су құбыры, кəріз, жылыту жолдары, сондай-ақ жабық аумақтардағы газ құбырлары мен ауа құбырлары, кəбілдер жер үстінде тиісті белгілермен көрсетіледі. 88. Энергетикалық объект аумағында аралап жүретін ток болған кезде жерасты металл құрылыстары мен байланыстарының коррозиясынан электр химиялық қорғау қамтамасыз етіледі. 89. Жүйелі түрде, əсіресе жауын-шашын кезінде еңістердің, қия беткейлердің, шұңқырлардың жай-күйі қадағалану тиіс жəне қажетті болған кезде оларды нығайту шаралары қолданылады. 90. Көктемде барлық су бұру желілері мен құрылғылар тексеріледі жəне қар суын ағызуға дайындалады; ғимараттардың қабырғалары арқылы кəбілдер, құбырлар, желдету арналарының өту жолдары тығыздалады, ал айдап шығару механизмдері жұмысқа дайын болады. 91. Электр станцияларындағы жерасты суларының жай-күйінің режимін ұңғымаларындағы (пьезометрлерде) су деңгейімен бақылау: пайдаланудың бірінші жылында – айына кемінде 1 рет, келесі жылдары жерасты суларының деңгейінің өзгеруіне байланысты əр тоқсанда кемінде 1 рет өткізіледі. Карстық аймақтардағы жерасты суларының жай-күйін бақылау режимі жергілікті нұсқаулықта қарастырылған мерзімде арнайы бағдарлама бойынша ұйымдастырылады. Судың температурасын өлшеу жəне ұңғымалардан химиялық анализ үшін оның үлгісін алу жергілікті нұсқаулыққа сəйкес жүргізілуі тиіс. Бақылау нəтижелері арнайы журналға жазылуы тиіс. Энергия объектілерінде бақыланатын тораптардың ұңғымалары бойынша қалдықтарының ірі жинақтағыштарын жерасты суларының сапасын жүйелі химиялық-аналитикалық бақылау жарты жылда 1 реттік мерзімділікпен жолға қойылады. Талдаулардың деректері аумақтық геологиялық ұйымдарға беріледі. 92. Энергетикалық объектінің аумағында шөгу жəне сырғыма құбылыстары, топырақтың тұңғиықтануы байқалған кезде топырақтың қалыпты бұзылу себептерін жəне олардың салдарын жою шаралары қабылдануы тиіс. 93. Оқшаулау аймағының аумақтарында ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы жоба болған кезде ғана жүзеге асырылады. Оқшаулау аймақтарының айналасында барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға энергетикалық объектінің техникалық басшысының рұқсатымен ғана жол беріледі. Газ құбырлары мен эстакадалардың астына ғимараттар мен құрылыстар салуға жол берілмейді. 94. Теміржол жолдары, көпірлер мен электр станцияларын енгізудегі олардың құрылыстары темір жолдар техникалық пайдалану ережелерінің талаптарына сəйкес ұсталады жəне жөнделеді. 95. Автомобиль жолдарын, көпірлер мен құрылыстарды күтіп ұстау мен оларды жөндеу автомобиль жолдарын жөндеу жəне күтіп ұстау қағидаларының талаптарына сəйкес болуы тиіс. 96. Жергілікті нұсқаулықта анықталған мерзімде жəне онда белгіленген көлемде көпірлерде мынадай көрсеткіштерге бақылау жүргізу ұйымдастырылады: тіреуіштерінің шөгуі жəне жылжуы; аралық құрылыс арқалықтарының (фермалардың) биік жəне жоспарлы күйі; жүргінші бөлігінің биік күйі. Бұдан басқа, күрделі көпірлер 10 жылда 1 рет, ал ағаш көпірлер 5 жылда 1 рет тексеріледі, ал қажеттілігіне қарай сыналады. Көпірді алдын ала тексерусіз сынауға жол берілмейді. Тұтас дəнекерленген, тұтас тойтарылған, сондай-ақ күшейтіле дəнекерленген болат жəне болат темір бетонды аралық құрылыстар қыс мезгілінде айына кемінде 1 рет, ал -200С төмен температура кезінде күн сайын тексеріледі. 97. Температура төмен болған мезгілде көпірдің жүргінші бөлігі, сондай-ақ көпірге келу жолдары қар мен мұздан тазартылады. Өндірістік ғимараттар, құрылыстар мен санитариялық-техникалық құрылғылар 98. Энергия объектісінің өндірістік ғимараттары мен құрылыстары олардың ұзақ уақыт жəне сенімді пайдаланылуын, санитариялық-техникалық нормалар мен персоналдың еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін күйде болуы қажет. 99. Энергия объектілеріндегі ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану процесінде оларды күтіп ұстау бойынша нұсқаулық арқылы анықталатын көлемде жүйелі түрде бақылау ұйымдастырылады. Жүйелі бақылаудың қатарында жылына 2 рет (көктемде жəне күзде) ақаулар мен зақымдануларды айқындау үшін ғимараттар мен құрылыстар тексеріледі, ал төтенше жағдайлардан соң (дауылды жел, қатты нөсер немесе қар басу, өрт, 5 жəне одан да жоғары баллды жер сілкінісі) немесе авариялардан кейін кезектен тыс тексеру жүргізіледі. Энергия объектісінің басшысы бекіткен, бас жобалаушымен келісілген тізім бойынша негізгі өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкциялары 5 жылда бір рет мамандандырылған ұйым техникалық куəландырады. 100. Көктемгі тексеру кезінде жазғы мерзімде орындалатын ғимараттар, құрылыстар мен санитариялық-техникалық жүйелерді жөндеу жұмыстарының көлемі анықталады жəне күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жұмыс көлемі оларды келесі жылға арналған жоспарға енгізу үшін айқындалады. Күзгі тексеру кезінде ғимараттар мен құрылыстардың қысқа дайындығы тексерілуі тиіс. 101. Электр станцияларында ғимараттардың, құрылыстар мен жабдықтардың іргетастарының шөгуін бақылау ұйымдастырылады: пайдаланылудың бірінші жылында – 3 рет, екінші жылында – 2 рет, кейіннен іргетастардың шөгуі тұрақтанғанға дейін – жылына 1 рет, тұрақтанғаннан кейін (жылына 1 мм жəне одан аз) – 5 жылда кемінде 1 рет. 102. Іргетастың шөгуін, құрылыс конструкцияларының деформациялануын бақылау, игерілген жерасты тау-кен қазбасы бар, жұмыс істеп тұрған жабдықтың тығындалып тұратын топырақта, орнықтырылған топырақта, карстық аймақтарда, көп жылдық тоңды аудандарда, 7 балл жəне одан да жоғары сейсмикалық қауіпті аудандардағы ғимараттар мен құрылыстарды тексеру жергілікті нұсқаулықта көзделген мерзімде, бірақ үш жылда кемінде 1 рет арнайы бағдарламалар бойынша жүргізіледі. 103. Электр станцияларының түтін құбырлары мен газ құбырлары жылына 1 рет (көктемде) сыртқы тексеруден өтеді. Түтін құбырларын ішкі тексеру олар пайдалануға берілгеннен кейін 5 жыл өткен соң, ал кейіннен қажеттілік туындап жатса, бірақ 15 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі. Кірпіш жəне берік футеровкасы бар құбырларды ішкі тексеру жиілігі бес жылға кемінде 1 рет жылу шолғышпен ауыстырылуы мүмкін. 104. Ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтардың іргетастарын бақылау кезінде жылжымалы тіректердің, температуралық тігістердің, дəнекерленген, шегеленген жəне болтпен қосылған металл құрылымының, жинақталған темір бетон құрылымының тораптары (коррозия немесе деформация байқалған кезде), кран құрылымдары мен динамикалық жəне термикалық жүктемесінен жəне ықпалының зақымданған учаскелерінің жай-күйі бақыланады. 105. Су дайындау қондырғыларының үй-жайларында дренажды арналар, науалар, шұңқырлар, тұзды ұяшықтардың жəне коагулянтты дымқыл күйде сақтаушы ұяшықтардың қабырғалары, қышқыл мен сілті өлшеу үй-жайларындағы едендер жарамды күйде ұсталады жəне бақыланады. 106. Құрылыс конструкцияларында жарылулар, сынықтар мен зақым келудің басқа да сыртқы белгілері табылған кезде осы конструкцияларға маякты пайдалана отырып жəне аспаптық өлшеу көмегімен бақылау жүргізіледі. Табылған ақаулар туралы мəліметтер ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі туралы журналға жазылады. 107. Тірек жəне қоршау конструкцияларындағы тесу, ою, құрылыс конструкцияларына технологиялық жабдықты, көлік құралдарын, құбыржолдары мен жабдықты монтаждау, демонтаждау мен жөндеу кезінде жүкті көтеруге арналған құрылғыны ілу мен бекіту, байланыстарын кесу жоюалау ұйымы мен ғимараттары (құрылысты) пайдалану үшін жауапты тұлғаның келісімінсіз, сондай-ақ белгіленбеген орындардағы резервтегі жабдық пен басқа бұйымдар мен материялдарды сақтауға жол берілмейді. Жобалық деректер негізінде жабындардың əрбір учаскесі үшін көзге түсетін жерлерге ілінген тақтайшаларда көрсетілген шекті жүктемелер анықталады. Пайдалану процесіндегі жабынның тірек қабілетінің өзгеруі (төмендеуі) кезінде жол берілетін жүктемелер тексеру мен тексеру есебінде айқындалған техникалық жай-күйін ескере отырып түзетіледі. 108. Ғимараттар мен құрылыстардың шатырлары қоқыстардан, күлден жəне құрылыс материалдарынан тазартылады, нөсер суын ағызып жіберу жүйесі тазартылады, оның жұмыс қабілеттілігі тексеріледі. 109. Ғимараттар мен құрылыстардың металл конструкциялары коррозиядан қорғалады; коррозияға қарсы қорғаныш тиімділігін бақылау белгіленеді. Ғимараттардың қасбеттерінің, негізгі үй-жайлардың ішкі көрінісінің жобалық шешімдерінен барлық шегінулер жобалаушы ұйыммен келісіледі. 110. Құрылыс конструкциялары, ғимараттардың, ғимараттар мен жабдықтардың іргетастары минералды майлардың, қышқылдың, сілтінің, бу мен судың тиюінен қорғалады. 111. Жылыту жəне желдету жүйесінің техникалық жай-күйі мен олардың жұмыстарының режимі əуе ортасының нормаланған параметрлерін, энергетикалық жабдық жұмысының сенімділігі мен қоршау конструкцияларының төзімділігін қамтамасыз етеді. Жүйелерді пайдалану нормативтік құжаттарға сəйкес жүзеге асырылады. 112. Ғимараттар мен құрылыстардың алаңдары, конструкциялары мен көлік өткелдері жарамды жəне таза күйде күтіп-ұсталуы қажет. Үй-жайлар мен жабдықтарда тозаңның жиналуына жол берілмейді. Отынды беру жолын сумен жинау осы Қағидалардың талаптарына жəне өндірістік нұсқаулықтарға сəйкес ұйымдастырылады. 4. Гидротехникалық құрылыстар мен электр станцияларының су шаруашылығы, гидротурбиналық қондырғылар Гидротехникалық құрылыстар мен олардың механикалық жабдықтары. Гидротехникалық құрылыстар 113. Гидротехникалық құрылыстарды пайдалану кезінде олардың жұмыстарының сенімділігі мен қауіпсіздігін, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарын сақтауда электр станцияларының технологиялық жабдықтарының үздіксіз жəне үнемді жұмысын қамтамасыз етеді. Сүзгілеуге қарсы жəне дренажды қондырғылардың жұмыстарының сенімділігін қамтамасыз етуге аса назар аударылады. Гидротехникалық құрылыстар тұрақтылығы, беріктілігі, төзімділігі бойынша нормативтік (жобалау) талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Су арыны астындағы құрылыстар мен конструкциялар сондай-ақ олардың негіздері мен біріктірілген тұстары су өткізбеу жəне сүзгіш беріктігінің нормативтік (жобалық) көрсеткіштерін қанағаттандыруы тиіс. Гидротехникалық құрылыстар қолайсыз физикалық, химиялық, жəне биологиялық үдерістерден, жүктеме мен судың əсерінен туындайтын зақымданулардан қорғалады. Зақымданулар дер кезінде жойылады. 25 жылдан астам уақыт пайдалануда болған барлық арынды гидро техникалық құрылыстар олардың жай-күйіне қарамастан, мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, олардың беріктігін, орнықтылығын жəне пайдалану сенімділігін бағалаумен көп факторлы мерзімді тексеріледі. Тексеру нəтижелері бойынша құрылыстардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін шаралар қолданылады. 114. Бетонды гидротехникалық құрылыстарда динамикалық жүктеме, сүзілетін су, минералды май, жүйелі түрде мұздату ықпалына ұшыраған учаскелерде жəне ауыспалы деңгей аймақтарында бетонның беріктігі бойынша тексеру жүргізіледі. Құрылыс конструкциясының беріктігі белгіленген жобамен салыстырғанда төмендеген кезде олар күшейтілуі тиіс. 115. Жерасты плотиналарымен бөгеттер жота арқылы судың шайылуынан жəне қотаруларынан қорғалады. Құламалардың бекітпелері, дренажды жəне жауын суын бұру жүйелері жарамды күйде ұсталады. Жер асты құрылыстар, əсіресе үйінділердегі жəне су өткізетін топырақтардағы каналдар, плотиналар мен бөгеттер жануарлардың зақым келтіруінен қорғалады. 116. Каналдардың бермалары мен жыралары жүйелі түрде шөгінді жəне шайылма топырақтан тазартылады, егер ол жобада қарастырылмаған болса, құламаларда жəне жер құрылыстарының жотасында ағаштардың жəне бұталардың өсіп кетуіне жол берілмейді. Суды жіберетін жəне бұратын қажетті орындарында баспалдақтар, көпірлер жəне қоршаулар салынуы тиіс. Деформациялық тігістердің сенімді нығыздау жұмыстарымен қамтамасыз етілуі тиіс. 117. Қандай да бір құрылыстарда, соның ішінде жағалауда, автомобиль жəне темір жолдарда, бермалар мен каналдарда, плотиналардың, бөгеттердің құламаларында жəне қопарылудың призмалары есептік шегінде тірек қабырғаларында жүктер мен құрылғыларды орналастыруға жол берілмейді. Қауіпті опырылу аймағының жерінде тиісті айыру белгілерімен белгіленуі тиіс. 118. Төменгі сынадағы сүзілетін су жоғары деңгейде болған кезде жерасты плотиналары мен бөгеттердің құламаларының учаскелерінде мұздау мен күйреуге ұшырамас үшін дренаж немесе жылылау орнатылуы тиіс. 119. Сүзілген суды ағызу үшін дренаждық жүйелер жарамды күйде болуы тиіс; олар су өлшегіш құрылғылармен жабдықталады. Дренаждық жүйелерден ағатын су құрылыстан толассыз бұрылады. Сүзілген судан топырақ байқалған кезде оны тоқтату шаралары қолданылады. 120. Тоңданған түрдегі топырақ плотниналары, олардың негіздері мен жағалауларға жəне плотинаға кіріктіріле салынған құрылыстары (суды ағызушылар, туннельдегі су өткізгіштер, су қабылдағыштар) үнемі тоңданған күйінде ұсталады. Арнайы қондырғылар болған жағдайда олардың жұмыс режимі нормативтік құжаттармен анықталады. 121. Саздақты өзектер жəне жерасты плотиналарының экрандары аяздан жəне қатып қалудан, ал дренаж құрылғыларымен өтпелi сүзгiлер қатып қалудан қорғалады. Маусымды қатып қалатын жəне еріп кететін табанды призмалардың ірі кесект материалы аязға төзімділігі бойынша нормативтік (жобалық) талаптарға сай болуы тиіс жəне пайдаланудағы əрбір 1015 жыл сайын механикалық жəне жылжыту беріктігі бойынша сыналады. 122. Көп жыл қатып тұрған мұзды негіздерде жерасты плотиналарын пайдалану кезінде температуралық режимді, сондай-ақ жердің еруіне байланысты деформацияларды бақылау ұйымдастырылады.

123. Гидроэлектр станцияларының жерасты ғимараттарын пайдалану кезінде: сүзу нəтижесінде немесе су жүретін жолдардың күтілмеген бұзып-жарылулар салдарынан ағып келген суды сору үшін сорғылардың тұрақты жұмысқа дайындылығымен; желдету қондырғыларының, авариялық жарықтандырудың, қосымша шығу есіктерінің жарамдылығымен қамтамасыз етілуі қажет. 124. Каналдардағы судың жылдамдығы каналқұл амалары мен түптерін шайып əкетуге, сондайақ шайындылардың жиналуына жол бермейтіндей ұсталады; мұз түзілімдері болған кезде судың тоқтаусыз берілуі қамтамасыз етіледі. Судың ең жоғарғы жəне ең төменгі жылдамдығы нормативті құжаттарды ескере отырып белгіленеді. 125. Су қоймаларының, бассейндердің, каналдар мен арынды су өткізгіштердің сумен толтырылуы жəне босатылуы, сондай-ақ су өткізгіштеріндегі су деңгейінің өзгеруі құрылыстың қаптауында жоғары қысымның болуын, еңістердің жылжуын, вакуумның туындауын жəне төтенше құбылыстарды болдырмайтын жылдамдықпен бірте-бірте жүргізіледі. Судан босату мен толтырудың жол берілетін жылдамдықтары нұсқаулықтарда көрсетіледі. Жоғары су тасу (су тасқыны) кезінде гидротораптардың жоғарғы бьефтерінің қалыпты тірек деңгейін (бұдан əрі – ҚТД) арттыруға тек қана суды ағызатын жəне суды барлық өткізетін тесіктерінің қақпақтарының толығымен ашық болуы кезінде жəне міндетті түрде барлық гидротурбиналар қолданылған кезде жол беріледі. Су ағыны толастаған кезде су қоймасының деңгейі техникалық мүмкін болатын қысқа мерзімде ҚТД-ға дейін төмендейді. 126. Арынды су өткізгіштерді пайдалану кезінде: 1) тіректердің қалыпты жұмысы, деформациялық тігістердің жəне өтемдік құрылғылардың тығыздалуы қамтамасыз етілу; 2) сыртқы қабатының жоғары дірілі болмауы; 3) коррозия мен абразивті тозудан қорғануының қамтамасыз етілу; 4) болат бетонда бетонда жəне болат темір бетонды су өткізгіштерде 0,3 мм артық үстіңгі бетінде жарықтың болмауы; 5) су өткізгіштің зақымдануы (жарылуы) кезінде гидро электр станцияларының (бұдан əрі – ГЭС) ғимараттарын су басудан қорғау қамтамасыз етілуі тиіс. 127. Аязды кезеңде гидро агрегаттартарды тоқтату кезінде су өткізгіштердің ішкі қабырғаларында пайдалану кезінде қауіпті болып табылатын мұздың түзілуінің алдын алу шаралары қолданылады. 128. Арынды су өткізгіштердің аэрациялық құрылғылары сенімді жылытылады жəне қажет болған кезде жылыту жүйесімен жабдықталады. Өндірістік нұсқаулықта көрсетілген мерзімде жүйелі түрде аэрациялық құрылғының жай-күйін тексеруге жол беріледі. 129. Электр станцияларының құрылыстарының ауданында жару жұмыстарын жүргізуге құрылыстар мен жабдықтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген кезде жол беріледі. Сыртқы ұйымдармен гидро техникалық құрылыстардың маңында жару жұмыстарын жүргізуге электр станциясының техникалық басшысының келісімімен ғана жол беріледі. 130. Энергетикалық объектілер тиісті аумақтық əкімшілік органдарды (əкімшіліктерді) гидро тораптардың құрылыстары арқылы суды ағызу кезінде су басып кеткен аймақта құрылыс салуға жол берілмейтіндігі, сондай-ақ су қоймаларының көп жылдық реттеуінде су басу аймақтары туралы жазбаша түрде хабардар етілуі тиіс. Гидро торапты пайдалану жөніндегі жергілікті нұсқаулыққа жобамен белгіленген жоғарғы жəне төменгі бьефтердегі гидро торапты қорғау аймақтарында аумақты жəне құрылыстардың жай-күйін қадағалау жөніндегі талаптар енгізілуі тиіс. 131. Əрбір электр станциясының жергілікті нұсқаулығында гидротехникалық құрылыстарда авариялық жағдайлар туындаған кезде атқарылатын іс-шаралар жоспары баяндалады. Бұл жоспарда: персоналдың əрекеті, авариялық жағдайларды жою жолдары, материалдар қоры, байланыс жəне хабарлау құралдары, көлік құралдары мен қозғалыс жолдары анықталады. Гидротехникалық құрылыстарда авария туындаған кезде: ертерек алдын алу бойынша қажетті жобалау құжаттамасы (су қоймаларынан бұзып-жару толқындарының салдарының есептеу материалдарын тіркей отырып) жəне оларды жою жөніндегі тиісті нұсқаулықтар алдын ала əзірленеді. 132. Адамдар, жабдықтар мен басқа да құрылыстар үшін қауіп туғызатын гидро техникалық құрылыстардың зақымдануы тез арада жойылады. 133. Аварияға қарсы құрылғылар, суды ағызу жəне құтқару құралдары жарамды күйде болуға жəне үнемі əзірлікте болуға тиіс. 134. Өзен сағаларында жəне жыраларда сел салдарынан туындайтын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін қажет болған кезде тау-кен суын бұру жұмыстары жүргізіледі. Каналдар қиып өтетін сел жүру жолдарына кіретін учаскелер жəне сел жүру жолдарының өздері қажеттілігіне қарай тазартылады. 135. Қызмет көрсетуші персонал, электр станцияларының жабдықтары мен құрылыстары үшін қауіпті тастардың құлауы мүмкін шатқал еңістері жəне жартас құламаларының учаскелері жүйелі түрде тексеріледі жəне тастардан тазартылады. Тастан қорғайтын құрылыстар (тасты ұстайтын торлар, тас ұстағыштар) жарамды күйде ұсталады жəне жиналған тастардан дер кезінде босатылады. 136. Гидротехникалық құрылыстарды күрделі жөндеу мүмкіндігінше электр станциясының жұмысына ешбір кедергі келтірусіз жүргізіледі. Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін қадағалау 137. Гидро техникалық құрылыстарда орнатылатын бақылау-өлшеу аппаратурасының (бұдан əрі – БӨА) бақылау көлемі мен құрамы жобамен белгіленеді. Пайдалану кезінде БӨА құрамы мен бақылау көлемі гидро құрылыстардың жай-күйіне жəне бақылауға қойылатын техникалық талаптардың өзгеруіне байланысты (мысалы, беріктік класын өзгерту, сейсмикалығын анықтау) өзгертілуі мүмкін. Бұл өзгерістер жобалау немесе мамандандырылған ұйымдармен келісіледі. Электр станцияларында барлық БӨА əрбір құралының орнату күні мен бастапқы көрсеткіші көрсетілген ведомості жəне схемасы болуы тиіс, БӨА-ның жай-күйі оларды күтіп-ұстау жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзімде тексеріледі. Бақылаудың жеделдігі мен дұрыстығын арттыру үшін басты арынды гидро техникалық құрылыстарды диагностикалық бақылаудың автоматтандырылған жүйелерімен (бұдан əрі – ДБАЖ) жабдықтаған жөн. Мұндай құрылыстар үшін оларды БӨА-мен жабдықтау жобалары мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жəне оны ДБАЖ-да пайдалануды ескере отырып əзірленеді. 138. Жергілікті нұсқаулықта белгіленген мерзімде жəне ол жерде қарастырылған көлемде барлық гидро техникалық құрылыстарда: 1) құрылыстар мен олардың іргелерінің шөгуі жəне жылжуы; 2) құрылыстар мен қаптамалардың деформациясы, олардағы жарықтар, деформациялық жəне құрылыс жіктерінің жай-күйі, жерасты плотиналардың, бөгеттердің, каналдардың жəне шұңқырлардың еңістерінің бекітпелері; 3) арынды су өткізгіштердің жай-күйі; 4) гидро тораптың бьефтері деңгейінің режимі, жерасты, бетон құрылыстар мен жағалау тұтастықтарының, дренаждық жəне сүзілмейтін құрылғылардың жұмысының режимі, құрылыс аймағындағы жерасты суының режимі; 5) су ағынына құрылысқа ықпалы арқылы, атап айтқанда су ұрмасы мен рисберманы, су түбі мен жағалауын су жуып кетуі; қаптаманың уатылуы мен коррозиясы, отыруы (шөгуі), жылжымалы құбылыстар, каналлар мен бассейндердің лайлануы жəне шөп басуымен; су қоймалары жағалауларын қалпына келтірумен; 6) құрылыстарға мұздың əсеріне жəне олардың мұз қатуы бойынша бықылау жүргізілуі тиіс. Қажет болған кезде құрылыстардың дірілін, сейсмикалық күшін, бетонның беріктігі мен су өткізбеушілігін, конструкцияның кернеулі жай-күйі мен температуралық режимін, металл жəне бетон коррозиясын, металл конструкцияларының дəнекерленген жіктерінің жай-күйін, гидро техникалық құрылыстардың жекелеген учаскелерінде газдың шығуы мен басқа да факторларды бақылау ұйымдастырылады. Гидротехникалық құрылыстарды пайдалану шарттары айтарлықтай өзгерген кезде арнайы бағдарламалар бойынша қосымша байқау жүргізіледі. Өндірістік нұсқаулықтарда əрбір арынды гидро техникалық құрылыстар үшін БӨА бойынша бақылау нəтижелері салыстырылатын оның жай-күйінің мүмкін болатын көрсеткіштері көрсетіледі. Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйінің бастапқы (жобалау) мүмкін болатын көрсеткіштері заттай бақылау деректерін жинақтай отырып жүйелі түрде анықталады. 139. Бірінші класты бетонды гидро техникалық құрылыстарында олардың конструкциясына жəне пайдалану шарттарына байланысты: 1) плотиналар мен олардың негіздерінің кернеулі жəне термокернеулі жай-күйі; 2) плотина табанымен түйісу аймағында тасты ірге нығыздығының азаю; 3) арматурадағы кернеу; 4) сейсмикалық жəне басқа да динамикалық əсері болған кезде плотинаның жай-күйінің өзгеруі бойынша арнайы заттай бақылау жүргізілгені жөн. Көп жылдық қатып қалған жерлерде орналасқан бетон плотиналар үшін: 1) плотина іргелерінің температурасы мен жағалаумен түйісуі; 2) бетон қатып қалған жерлердің, əсіресе бетонды жəне жерасты құрылыстары мен плотинаның жағалаумен түйісу аймақтарында дамуы; 3) еру кезінде жəне еру нəтижесінде жерастының негізгі физикалық-техникалық қасиеттерінің өзгеруі кезінде іргетастарының деформациялану жəне жағалаумен түйісу процесі бойынша арнайы заттай бақылау жүргізілуі тиіс. 140. Электр станцияларының жерасты ғимараттарын пайдалану кезінде: 1) сілемді қамтитын анкерлік жəне күмбездік бекітплерінің кернеулі жай-күйіне; 2) қабырғалардың жəне камера күмбезінің жылжып деформациялануына; 3) сілемнің сүзгіш жəне температуралық режимдеріне; 4) үй-жайларда судың ағуына бақылау жүргізіледі. 141. 7 жəне одан да жоғары балды сейсмикалық аудандарда орналасқан бірінші класты гидро техникалық құрылыстарда жəне 8 жəне одан да жоғары балды сейсмикалық аудандарда орналасқан екінші класты құрылыстарда бақылаулар мен сынақтардың мынадай түрлері жүргізіледі: 1) құрылыстар мен жағалауға түйіскен тұстардың жұмысын инженерлік-сейсмометрикалық бақылау (сейсмометрикалық мониторинг); 2) құрылыстардың жармасының маңындағы су қоймасының аймағында жəне іргелес аумақтарда инженерлік-сейсмологиялық бақылау (сейсмологиялық мониторинг); 3) пайдалануға берілген кезде – динамикалық паспорттар жасай отырып, осы құрылыстардың динамикалық сипаттамасын анықтау бойынша тесттік сынақ (динамикалық тестілеу), ал одан кейін – əрбір 5 жыл сайын. Гидротехникалық құрылыстарға инженерлік-сейсмометрикалық бақылау жүргізу үшін автоматтандырылған құралдармен жəне жер қабатының қатты сілкінісі кезінде құрылыстармен жəне жағалаумен түйісудегі кинематикалық сипаттамасын тіркеуге мүмкіндік туғызатын кешендерімен жабдықталады, сондай-ақ алынған ақпарат жедел түрде өңделеді. Гидротехникалық құрылыстар мен су қоймалары жағалауларының маңында мамандандырылған ұйымның əзірлеген жобасы бойынша инженерлік-сейсмологиялық бақылау жүргізу үшін автономды тіркеуші сейсмикалық станциялар орналастырылады. Əрбір объектінің инженерлік- сейсмометрикалық жəне инженерлік-сейсмологиялық бақылау кешені Қазақстанның бірыңғай сейсмологиялық бақылау қызметімен байланысты болуы тиіс. Жүйелерді монтаждау, пайдалану жəне инженерлік-сейсмометрикалық, инженерліксейсмологиялық бақылау мен динамикалық тестілеуді мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып энергетикалық тораптардың дирекциясы жүзеге асыруы қажет. 5 жəне одан жоғары балды əрбір сейсмологиялық соққыдан кейін құрылыстарда орнатылған БӨА-ның барлық түрлерінің көрсеткіштері, құрылыстарды тексере жəне оның орнықтылығы мен беріктігін талдай отырып жедел түрде тіркеледі. 142. Гидротехникалық құрылыстардың бас жəне станциялық тораптарында базистік жəне жұмыс реперлері орнатылады. Негізгі гидротехникалық құрылыстардың белдігі жазбалары бар таңбалармен белгіленеді жəне базистік реперлермен байланыстырылады. Арынды су өткізгіштерінің анкерлік тіректерінде жоспар бойынша жəне биіктігі бойынша тіректердің орналасу ретін анықтайтын таңбалары болуы тиіс. Су арынды қоршау плотиналары мен бөгеттердің, каналдардың, туннельдердің, күл-қожды төгінділерінің, бөгемелерінің əр пикет сайын құрылыстардың ұзындығын, басын, соңын жəне дөңгелектерінің радиустарын, сондай-ақ жерастындағы немесе су астындағы жасырын құрылғылардың орналасу орындарын көрсететін белгілері болуы тиіс. 143. БӨА зақымданудан, мұз қатудан қорғалады жəне нақты таңбасы болады. Пьезометрлерден жеткілікті негіздерсіз суды қотаруға жол берілмейді. БӨА бойынша өлшеу пульттері немесе орындары қауіпсіздік техникасының талаптарын ескере отырып жабдықталады, еркін өту жолдары, жарықтандыруы, ал қажет болған кезде ішкі телефон байланысы болады. 144. Жыл сайын көктемгі су тасқынына дейін, ал жекелеген жағдайларда жазғы-күзгі су тасу кезінде электр станцияларында су тасқыны бойынша комиссиялар тағайындалуы қажет. Комиссия барлық гидротехникалық құрылыстардың, олардың механикалық жабдығының, жүк көтергіш құрылғылардың су тасқынына (су тасуға) дайындығын қарау мен тексеруі, су тасқыны кезінде (су тасудың) басшылық етуі жəне ол өткеннен кейін құрылыстарды қайтадан қарап шығуы қажет. 145. Құрылыстар мен туннельдердің су астындағы бөлімдерін байқап шығу пайдалана бастағаннан 2 жыл өткеннен кейін алғашқы рет, содан соң 5 жылдан кейін, ал əрі қарай қажеттілігі бойынша жүргізілуі тиіс. Су тасқынынан кейін электр станцияларының қолда бар құралдарын қолдана отырып су айырғыш, рисбермалармен арнаның жапсарлас тұтасатын учаскелеріне тексеру жүргізіледі. Гидротехникалық құрылыстардың механикалық жабдығы 146. Гидротехникалық құрылыстардың механикалық жабдығы (қақпақтары мен олардың тетіктері бар қорғаныш бөгеттері), қашықтықтан немесе автоматты басқару мен дабыл беру құралдары, сондай-ақ жүк көтергіш жəне көлік қондырғылары жарамды жəне жұмысқа дайын күйде болуы тиіс. Көктемгі су тасқыны алдында су тасқыны кезінде пайдаланылатын су ағызу құрылыстарының қақпақтары оларды маневрлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қызыл су мұзынан жəне қатып қалған мұзда тазартылады. 147. Гидротехникалық құрылыстардың механикалық жабдығы бекітілген кестеге сай мерзімді түрде қаралады жəне тексеріледі. 148. Негізгі қақпақтары ашу биіктігінің көрсеткіштерімен жабдықталады. Жекелеген жүк көтергіш механизмдер мен қақпақтардың төсеме бөліктері базистік реперлерге байланыстырылуы тиіс. 149. Қақпақтарын маневрлеу кезінде олардың қозғалысы жүріс бөліктері дұрыс орналасқан кезде жəне тірек бөліктерінің деформациясы болмаған кезде кедергісіз, жұлқынуларсыз жəне дірілсіз болуы тиіс. Қақпақтардың су өткізбеушілігі, олардың табалдырыққа дұрыс орналастырылуы жəне тіреу контурына тығыз жымдасуы қамтамасыз етіледі. Қақпақтардың қисаюлары жəне арынмен жұмыс кезінде жол берілмейтін деформациялары болмауы тиіс. Гидротехникалық құрылыстар конструкцияларының немесе қақпақтарының жоғарғы дірілі пайда болатын қалыпта қақпақтарды ұзақ уақыт ұстауға жол берілмейді. 150. Арынды су өткізгіштерде орнатылған қақпақтардың толық жабылуы аэрациялық қондырғылардың жарамды күйінде ғана жүргізілуі мүмкін. 151. Қажет болған жағдайларда саңылауларды, тірек құрылғылары мен қақпақтарының құрылымын қыс мезгіліндегі жұмыстар арналған қоқысты ұстап қалушы торлады қымтаумен немесе жылылаумен қамтамасыз етіледі. 152. Қоқыстарды ұстап қалушы конструкциялар (торлар, торкөздер, запандар) қоқыстардан жүйелі түрде тазартылып тұруы тиіс. Əрбір электр станциялары үшін қоқыстарды ұстап қалушы торлардағы деңгейлердің төмендеу мəнінің тұрақтылығы мен үнемділік шарттары бойынша орнатылады. 153. Гидротехникалық құрылыстардың металл бөліктері мен механикалық жабдығы коррозиядан жəне дрейсена басуынан қорғалады. 5. Электр станцияларының су шаруашылығы, гидрологиялық жəне метеорологиялық қамтамасыз ету Су режимін басқару 154. Гидроэлектр станцияларын пайдалану кезінде су ресурстарының жəне жүктеме кестесін жабуға гидроэлектр станциясының оңтайлы қатысуы кезінде белгіленген қуаты бар гидроагрегаттардың толығымен пайдаланылуы қамтамасыз етіледі. Бір уақытта экономиканың энергетикалық емес салаларының (су көлігі, балық шаруашылығы, сумен жабдықтау) қажеттіліктері жəне табиғатты қорғау шарттары есепке алынады. Су ағынын реттеуші су қоймасы бар электр станциялары үшін су қоймасының су ресурстарын пайдаланудың негізгі қағидалары мен су қоймасын пайдалану қағидаларында белгіленген тəртіппен құрылуы жəне бекітілуі тиіс. 155. Кешенді пайдалануда су қоймасы бар гидроэлектр станциялары үшін түрлі суды пайдаланушылардың суды пайдалануының ай сайынғы көлемін белгілеуші жылдық су шаруашылығының жоспары құрылады. Су шаруашылығының жоспары метеорологияның аймақтық қызметтерінің су ағызу болжамын ескере отырып, əрбір тоқсанға жəне айға анықталады. Энергетикалық жүйеде бірнеше гидро электр станциялары немесе каскадалар бар болған кезде сарқынды суды реттеу басқа су пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, оң жоғарғы жиынтық энергетикалық (отын, қуат) нəтиже алу үшін жүргізіледі.

156. Су тасқыны алдында жəне оның əрі қарай толтырылуы кезінде су қоймасының жарамсыздық режимі мыналарды қамтамасыз етеді: 1) су қоймасын су тасқыны кезінде тірек деңгейіне дейін толтыру; осы қағидалардан ауытқу тек су шаруашылығы кешенінің ерекше талаптарымен жəне көпжылдық реттеу су қоймалары үшін ғана жол берілетінді; 2) жобада су қалдықтарын, қоқыстарды, сондай-ақ мұзды құрылыс арқылы шығаруға арналған қолайлы жағдайлар көзделген болса; 3) қалыпты кеме қатынасы, балық шаруашылығы, суару мен сумен жабдықтауға арналған келісілген қажетті жағдайларды; 4) энергетикалық емес су пайдаланушылармен келісілген шектеулерді сақтаған кезде энергетикалық жүйедегі жоғар энергетикалық (отын, қуат) тиімділікті; 5) гидротехникалық құрылыстардың жұмыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігінің жəне су тасқынымен күресу талаптарын ескере отырып шығындарды реттеуді. Су қоймасының жұмыс істеу жəне толтырылу режимдерін шектейтін энергетикалық емес су пайдаланушылардың өзара келісілген талаптары су қоймасындағы су ресурстарын пайдаланудың негізгі қағидалары мен су қоймасын пайдаланудың қағидаларына қосылуы тиіс. 157. Су өткізу құрылыстары арқылы суды ағызу өндірістік нұсқаулыққа сəйкес жүзеге асырылады жəне құрылыстардың зақымдануына əкелмеуі, сондай-ақ құрылыстың орнықтылығына əсер етуі мүмкін түптерінің шайылуына əкелмеуі тиіс. 158. Су ағызу құрылыстары арқылы су шығынын азайту бьефтерде үлкен толқындардың пайда болуын бірте-бірте болдырмау үшін жүргізіледі. Су шығынын азайту жылдамдығы гидротораптың төменгі бъефіндегі тұрғындардың жəне шарушылықтың қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, арнайы талаптар бойынша анықталады. Су шығынының кенет өзгеруі туралы 3-күн бұрын энергетикалық кəсіпорын метрология қызметінің аумақтық органдарына жəне əкімшілікке алдын ала хабарлайды. Гидротурбиналар арқылы өтетін су шығынының өзгеру жылдамдығы регламенттелмейді жəне егер су электр станцияларын пайдалану шарттарында қарастырылмаса, шығын өзгерісі туралы ескерту хабарланбайды. 159. Жоба бойынша судың есептелген жоғарғы шығынын өткізу үшін басқа мекеменің (мысалы, кеме жүретін шлюз) иелігіндегі су ағызу құрылыстарын қолдану қарастырылатын гидро электр станцияларында осы мекемемен келісілген, осы құрылыстың іске қосу шарттары мен тəртібін анықтайтын нұсқаулық əзірленеді. Аяз кезінде гидроқұрылыстарды пайдалану 160. Сыртқы ауаның температурасы төмендегенге дейін жəне мұз пайда болғанға дейін мұз үгіткіштер мен мұз тұндырғыштар тексеріледі жəне жөндеуден өткізіледі, су қабылдаушы құрылғылар мен су тасымалдаушы каналлар, қақпақтардың саңылаулары мен торлары шөп-шалам мен суға батқан бөренелерден тазартылады, сондай-ақ қақпақтардың торлары мен саңылауларын жылытатын құрылғылар жұмысқа даярланады жəне мұз дабыл бергіштермен микротермометрлер тексеріледі. 161. Тегіс мұз алаңының қысымына есептелмеген құрылыстарды бойлай қыс бойы мұздан еркін күйде тұратын жылым орнатылуы немесе басқа да мұзға түсетін ауырлықты азайтатын сенімді тəсілдер қолданылуы тиіс. 162. Қатты мұз қабыршақтарымен күресу үшін қатты мұз қатқан өзендердегі тірек бьефтері мен су қоймаларында тез мұздың пайда болуына əсер ететін шаралар өткізілуі қажет: су деңгейін мүмкін болғанша жоғары белгілерде ұстап тұру, электр станциялардың суды тұрақты су агрегаттары мен сорғыштардың көмегі арқылы аз шығынмен алуы. Қажет болған жағдайда гидроэлектр станциясы түгелдей тоқтатылады. 163. Мұз қабаты пайда болмайтын өзендерде мұз қабыршақтары гидроэлектр станцияларының турбиналары (шөгіштен басқасы) арқылы жіберіледі, ал ол мүмкін болмаған жағдайда турбиналардан бөлек, аз мөлшердегі су шығынын келтіретін мұз тастағыштары арқылы жіберіледі. Мұз қабыршақтарын алып тастау реті тиісті нұсқаулық арқылы анықталады. Үлкен су қоймаларында мұз жоғарғы бьефте жинақталады. 164. Гидроэлектр станциялары каналдарының жұмыс режимі мұз еріген кезде каналдардың өң бойын толық жабатын кептеліс пайда болмай судың толасыз ағынын қамтамасыз етеді. Өзіндік ерекшелік жағдайларға байланысты канал режимі мұздың бүкіл бағыты бойынша дұрыс кетуін қамтамасыз етуі немесе бір уақытта оның біртіндеп топтасуына жол беруі тиіс. Тұндырғыштарға (кейін жуа отырып) жəне тəуліктік реттейтін бассейндерден мұзды жинауға жол беріледі. Каналдарды мұз транзиті режимінде пайдалануға дайындау кезінде ағысты қиындататын құрылғылар (торлар, запандар) қолданылады. 165. Мұз қатудың алдында жəне мұз басу кезінде тоған учаскелерінде судың салқындау белгілерін анықтау үшін су температурасының жүйелі түрде (тəулігіне кемінде 1 реттен кем емес) өлшенуі ұйымдастырылады. Жылыту жүйелерін жəне торларды мұздан тазартатын торды тазалау үшін пайдаланылатын құрылғыларын іске қосу тəртібі өндірістік нұсқаулықпен белгіленеді. 166. Егер қабылданған шаралар (жылыту, тазалау) тордың мұз басып қалуы жəне оларға түсетін қауіпті арын ауысуларының пайда болуын алдын алмаса, торларды тазалау үшін турбиналардың (немесе сорғыштардың) алма-кезек тоқтатылады. Мұз қабыршақтарын тордан бірте-бірте немесе толығымен гидротурбиналар арқылы шығаруға рұқсат етіледі. Бұл ретте сумен техникалық жабдықтау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін шаралар қолданылады. 167. Гидротехникалық құрылыстың жармасы арқылы мұзды ағызу мұз тастайтын саңылаудың табалдырығында жеткілікті су қабатының болуын қамтамасыз ететін мұз өткізгіш фронтты жоғарғы түрде қолданылған кезде орындалады. Мұз еру кезінде мұз кептелістерінің орын алуы жəне құрылыстарға қауіпті үлкен мұз бөліктерінің соғылуы секілді қауіптер төнген кезде уақытша бақылау бекеттері ұйымдастырылады жəне жару жəне мұз түйреу жұмыстарының көмегімен кептелістерді жою жəне мұз алаңдарын ұсақтау бойынша іс-шаралар қолданылады. Су қоймаларын пайдалану 168. Егер басқа су тұтынушыларға залал келтірмесе, қарқынды лайланатын су қоймаларда су тасқыны кезінде реттеудің жобалық призмасының шеңберінде мүмкін болатын төменгі деңгейінде ұсталады. Мұндай су қоймаларын сумен толтыру су тасқынының төмендеуінің соңғы мерзімдерінде жүзеге асырылады. 169. Су қоймаларының, бьефтердің, бассейндердің, каналдардың лайлануын азайту үшін: 1) ағып келген қатты су ағысының жоғарғы транзитін құруға мүмкіндік беретін жұмыс режимдерін қолдау; 2) каналдарға көп мөлшерде лайланған су ағып келген кезде судың мүмкін болатын үлкен шығындарымен таяудағы тұрақты параметр режимде жұмыс істеуі тиіс; 3) бьефтер, су қоймаларын, су қабылдағыштардың табалдырығын жуу, тұндырғыштардағы суды тұндыруы, жағалауларды нығайту жəне қоқыстарды ұстау құрылғыларын қолдану немесе қоқыстарды механикалық құралдармен тазарту қажет. 170. Электр энергиясын өндіру үшін өзендегі судың табиғи шығыны толығымен пайдаланылмаса, артылған су плотинаның төменгі бьефіне қоқыстарды шығару жəне су қабылдағыш құрылғылардың табалдырығын жуу үшін пайдаланылады. 171. Су қабылдағыш құрылғыларға су қабылдағыш табалдырығының алдында жиналып қалған қоқыстар түскен кезде бұл қоқыстарды шайып тастау жолымен шығару қажет. Шаюға мүмкіндік болмаса немесе тиімсіз болса қоқыстарды шығару тетіктерінің көмегімен жүргізілуі мүмкін. Плотинасыз су жинау кезінде электр станцияларының су жинау құрылғысын шөгінді қабаттардан жуу ағынды тарылту арқылы судың жылдам ағысының əрекетімен жүзеге асырылады. 172. Қарқынды түрде лайланатын су қоймасының жай-күйін бақылау жəне қоқыстардан тазарту лайланған су қоймаларын пайдалану бойынша табиғатты қорғау талаптарын ескере отырып ұйымдастырылады. 173. Электр станцияларындағы тұндырғыштар үнемі суды тұндыру үшін қолданылады. Жөндеу жұмысы үшін тұндырғыштарды немесе олардың жеке камераларын өшіру судағы қоқыстар аз көлемде болған кезде немесе турбиналар мен басқа да жабдықтардың уатылуына алып келмеу үшін қауіпті фракциядан айырылған кезде ғана жол беріледі. 174. Оқшау жағдайларда қолданылатын электрстанциясының теңгеріміндегі су қоймалары электр станцияның пайдаланушы персоналының көмегімен тиісті техникалық жəне санитарлық күйде ұсталады. Осы су қоймаларында мыналар бойынша бақылау жүргізіледі: 1) лайлануы жəне шөптің өсіп кетуі; 2) жағалауларды қайта өңдеу; 3) су сапасы; 4) температуралық жəне мұз режимі; 5) шымтезектің қалқуы; 6) осы су қоймаларының су қорғау аймақтары шегінде табиғатты қорғау талаптарын сақтау. Бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу үшін табиғатты қорғау іс-шараларының нəтижелерін талдау жəне əзірлеу үшін мамандандырылған ұйымдарды тартқан жөн. 175. Криолит аймақтарында орналасқан су қоймаларында криоген үдерісі мен су қоймасының құндағандағы деформациясы бойынша, жұмыстық аймақтарда, жағалаулық жəне жағалаудағы аймақтарда, сондай-ақ су қоймасының сыйымдылығының өзгеруіне бақылау жүргізіледі. Бақылаудың құрамын, көлемін жəне мерзімділігін анықтау үшін мамандандырылған ұйымды тартқан жөн. Су қоймасы толтырылғаннан кейінгі 5 жылдан кейін жəне ол пайдаланылатын кейінгі əрбір 10 жыл сайын мамандандырылған ұйымды тарта отырып, бақылау нəтижелері бойынша су қоймасының жай-күйіне талдау жасалады жəне қажет болған жағдайда, су тораптарын пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары əзірленеді. Гидрологиялық жəне метеорологиялық қамтамасыз ету 176. Электр станциялардың гидрологиялық жəне метеорологиялық қамтамасыз ету міндеттеріне мыналар кіреді: 1) электр станцияларының жұмыс режимдерін оңтайлы жүргізу үшін гидрологиялық жəне метеорологиялық мəліметтерді алу, су ресурстарын пайдалану жəне гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларын сенімді пайдалануды ұйымдастыруды жоспарлау, 2) су ағанын реттеу, су тасқынын өткізу, ирригациялық, навигациялық жəне санитариялық тұрғыдан ұйымдастыру жəне сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін мəліметтер алу; 3) төтенше жағдайларда келетін залалдардың алдын алу немесе азайту шараларын уақтылы қолдану үшін қажетті ақпарат алу. 177. Электр станциялары ұдайы метеорологиялық қызметтерден мынадай мəліметтерді алуы қажет: 1) пайдаланылатын су ағыны туралы мəліметтер (шығыс, су деңгейі мен температурасы, мұз құбылысы, сорғылар); 2) су қоймаларының айлық жəне жылдық су жиынтықтары; метеорологиялық мəліметтер (ауа температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын жəне булану, жел күші мен бағыты, тайғақтың пайда болуы, дауыл жəне найзағайдан алдын ала сақтандыру); 3) электр станцияларын пайдалану үшін қажетті гидрологиялық жəне метеорологиялық болжамдар. Қажет болған кезде электр станциялары метеорологиялық қызмет органдарынан судың физикалық, химиялық жəне гидро биологиялық көрсеткіштері туралы, олардың ластану деңгейі туралы деректер, сондай-ақ ластанған су деңгейінің тез өзгеруі туралы шұғыл ақпарат алуы қажет. 178. Гидрологиялық жəне метеорологиялық болжамдардың көлемі, мерзімі мен жеткізу тəртібі жəне қауіпті құбылыстардан сақтандыру тиісті метеорологиялық қызметтерге сəйкес нақты шарттарымен белгіленеді. Электр станцияларында болжам жəне нақты гидрологиялық жəне метеорологиялық құбылыстар тіркелуі қажет. 179. Жергілікті нұсқаулықта белгіленген мерзімде əрбір электр станцияларында мыналар бойынша бақылау ұйымдастырылады: 1) гидро тірек құрылыстарының бьефтеріндегі, су жіберу құрылыстарындағы, каналдардағы су деңгейі; 2) су техникалық құрылыстар арқылы жіберілетін жəне технологиялық жабдықтардың пайдаланылған су шығындары; 3) жоғарғы жəне төменгі бьефтердегі құрылыстардың маңындағы су ағысының (өзеннің, каналдың, су қоймасының) мұз режимі; 4) судағы қоқыстар мен олардың су қоймаларында, бьефтерде, бассейндерде, каналларда бөлінуі; су мен ауа температурасы; 5) пайдаланылушы немесе ағынды су сапасының (жергілікті жағдайына байланысты) көрсеткіштері. 180. Электр станцияларында пайдаланылған судың орташа тəуліктік шығыны су өлшегіш көрсеткіштері бойынша анықталады; су өлшегіш құрылғылар болмаған жағдайда уақытша аталмыш құрал орнатылғанға дейін су ағыны технологиялық жабдық сипаттамалары жəне басқа да мүмкін болатын əдістері бойынша ескерілуі мүмкін. 181. Су ағысын реттеуді жүзеге асырушы барлық су қоймаларында аумақтық метеорологиялық қызметтердің мəліметтері бойынша су құбырларының қақпасына келетін су ағынын əр тəулік сайын тіркеу ұйымдастырылады. 182. Гидроэлектр станцияларының жоғары жəне төменгі бьефтерінің деңгейлері мен гидротурбиналардың арыны, сондай-ақ торлардағы арындар айырмасы басқарманың орталық тетігіне көрсеткіштерді қашықтықтан жеткізу құралдарымен өлшенеді. Бьефтердегі су деңгейін өлшеу құрылғылары мен торлардағы арын айырмасы жылына 2 рет жəне су тасқынынан кейін тексеріледі. 183. Су өлшегіш қондырғылардың нөлдерін белгілеу белгілеудің біртұтас жүйесі бойынша берілуі тиіс жəне нивелирлеу арқылы 5 жылда кемінде 1 рет тексерілуі тиіс. Білтелердің жəне айқаспалардың айналасында мұз уатылуы тиіс. Аяз кезінде автоматты бекеттер жылытылады. Гидротурбиналық қондырғылар 184. Гидротурбиналық қондырғыларды пайдалану кезінде берілген жүктеме үшін жоғарғы мүмкіндігі бар жəне пайдалы əрекет коэффицентінің қысымымен олардың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі. Гидро электр станциясының жабдықтары барынша мол жүктелуге жəне су жинақтау станцияларын жабдықтау үшін сорғы режиміндегі жұмысқа үнемі дайын болуы тиіс. 185. Пайдаланылудағы гидроагрегаттар мен қосалқы жабдықтар толығымен автоматтандырылады. Генераторлық режим мен синхрондық компенсатор режиміне гидроагрегатты жіберу, генераторлық режимде жəне синхронды компенсатор режимінде тоқтатылуы, генераторлық режимнен синхрондық компенсаторының режиміне ауыстыру жəне керісінше синхрондық компенсатор режимінен генераторлық режимге ауыстыру бір командалық импульспен жүзеге асырылады. 186. Гидроагрегаттар турбиналық су өткізгіштерге орнатылған толығымен ашық қақпақтар арқылы жұмыс істейді; гидротурбинаның бағыттағыш аппаратының ашылу шамасы гидроагрегаттың (генератор-қозғалтқыштың) жүктемесінің жол берілетін мүмкін болатын жоғарғы шегінен аспауы тиіс. Сору режимінде төмен арынды жəне сорудың жол берілетін биіктігінде жұмыс жасайтын сорғытурбинаның бағыттаушы аппаратының ашылу шегі қозғалтқыш режиміндегі генераторқозғалтқыштың жоғарғы күшіне сəйкес мəнінен жоғары болмауы тиіс. Қоқыс ұстаушы торлардағы ауытқу оларды пайдалану жөніндегі жергілікті нұсқаулықта көрсетілген мəнінен аспауы тиіс. 187. Резервтегі гидроагрегаттар жедел түрде автоматты қосылуға дайын болуы тиіс. Жабық бағыттаушы аппараты бар гидротурбиналар (сорғы-турбиналар) қақпақтардың толықтай ашық жағдайында су қабылдағыш пен сорғы құбырының арынына орналастырылады. Арыны 300 м жəне одан жоғары, сондай-ақ 200-ден 300 м дейінгі жоғары арынды гидроэлектр станцияларында 3000 сағаттан көп қолданылған, резервтегі гидроагрегаттарға орналастырылған айналмалы қақпақтар жабылуы тиіс. 200 м төмен арынды гидро электр станцияларында турбинаалды қақпақ жедел қызмет атқармаса, ол резервтік агрегатта жабылмауы тиіс. 188. Синхрондық компенсатор режимінде жұмыс істейтін гидроагрегаттар генераторлық режимге жедел автоматты түрде ауыстырылуға дайын болуы тиіс. Синхрондық компенсатор режиміндегі гидроагрегаттардың жұмысы кезінде турбинаның жұмыс дөңгелегі судан босатылады. Турбинаалды қақпақтары бар гидроэлектр станцияларында гидроагрегатты синхрондық компенсатор режиміне ауыстыру кезінде турбинаалды қақпақтары жабық болуы тиіс. 189. Гидроагрегаттар олардың айналу жиілігін автоматты түрде реттейтін режимде жұмыс істеуі тиіс. Гидро турбиналардың реттегішін шектеуіш режиміне немесе қолмен басқаруға ауыстыру ерекше жағдайларда ғана, гидро электр станциясының техникалық басшысының рұқсатымен энергетикалық жүйенің диспетчеріне хабарлауға жол беріледі. 190. Гидроагрегаттарды автоматты реттей отырып пайдалануда мыналар қамтамасыз етіледі: 1) гидроагрегаттарды автоматты немесе қолмен іске қосу немесе тоқтату; 2) барлық режимдегі гидроагрегаттардың тұрақты жұмысы; 3) энергия жүйесінде статизмді 4,5-6,0 % шегінде жəне Қазақстанның ҰБО ДО беретін жиілік бойынша жансыз аймақты белгілей отырып жиілігін реттеуге қатысу; 4) гидроагрегаттың қуаты өзгерген кезде реттеуші органдардың (дүмпусіз жəне май сымдарындағы гидро соққыларсыз) бір қалыпты ауыстырылуы; 5) реттеу кепілін орындау; 6) арынды өзгерту кезінде бағыттаушы аппараттың барынша ашылуын шектеуді автоматты түрде өзгерту;

(Жалғасы 12-бетте).


12

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 10-11-беттерде). 7) арын бойынша комбинаторлық тəуелділікті автоматты жəне қолмен өзгерту (қалақтық-бұру гидротурбиналары үшін). 191. Қуаты 30 МВт жоғары жəне үштен аса агрегаттары бар гидроэлектр станциялары жиілігі мен ағындары бойынша энергетикалық жүйе режимін реттеу үшін екінші қайтара автоматты реттеу (ҚЖАР) үшін қолдану мүмкіндігі бар белсенді қуатты топтық реттеу (бұдан əрі – БҚТР) жүйелерімен жабдықталады. БҚТР жүйесін ажыратуға, тек қана гидроэлектр станциялары жабдықтарының режимдік шарттары немесе техникалық жай-күйі бойынша агрегаттарды топтық реттеу мүмкін болмаған жағдайларда Қазақстанның ҰДО БО-ның келісімімен жол беріледі. 192. Агрегаттың іске қосылуына, жүктеменің жоспардан тыс өзгеруі, оның қалыпты жəне авариялық жағдайына байланысты тоқтауына мүмкіндік беретін жағдайлар гидроэлектр станциясының техникалық басшысы бекіткен жəне жедел персоналдың жұмыс орнындағы тиісті нұсқаулықтарда баяндалады. Гидроагрегаттың іске қосылу жағдайын жəне оның жұмыс режимін анықтайтын барлық параметрлердің мəндері дайындаушы-зауыттардың жəне арнайы табиғи сынақтардың мəліметтері негізінде белгіленеді. 193. Əрбір гидроагрегат үшін өндірістік нұсқаулықтарда анықталған жəне белгіленген мерзімге дейін мынадай үдерістер аз уақыт ішінде бақыланады: 1) жүктемені орындау барысында демпфирлеу аймағына дейін гидротурбиналардың бағыттау аппаратының жабылуы; 2) жоғарғы жылдамдықты жүктемені орындауда гидротурбинаның бағыттау аппаратының ашылуы; 3) бұрылмалы-қалақты жəне диагоналды гидро трубиналардың жұмыс дөңгелегінің қалақтарының бұрамалары мен айналмалары; 4) ожаулы гидро турбинаның реттеуші инесімен ағынша ауытқыштарын жабу жəне ашу; 5) авариялық жабылу тетігінің жарамсыздануы барысында бағыттау аппараттарын жабу; 6) турбинаалды қақпақтардың, сондай-ақ су қабылдағыштардағы авариялық-жөндеу қақпақтарының ашалуы жəне жабылуы; 7) гидротурбинаның бос жүрісін жабу. Бұдан басқа, жергілікті нұсқаулыққа сəйкес реттеу кепілдіктері мерзімді тексеріледі. 194. Гидроагрегатты стационарлық жəне жылжымалы құралдар арқылы тексеру жəне жүйелі түрде өлшеу жолымен пайдалану кезінде жабдықтың жұмысына өндірістік нұсқаулықта көрсетілген мерзімде жəне көлемде бақылау ұйымдастырылуы қажет. 195. Гидроагрегат роторының айналу жиілігі мен осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген мəнінен асып кеткен дірілдің жоғарғы деңгейі кезінде гидроагрегаттардың ұзақ жұмыс жасауына жол берілмейді. 196. Жергілікті нұсқаулықта əрбір гидроагрегат үшін өкшеліктердің, мойынтіректер сегменттерінің жəне май ыдыстарындағы майлардың номиналды жəне жол берілетін жоғарғы температуралары көрсетіледі. Аталған жыл мезгілі үшін май ыдысындағы майдың жəне сегменттің температурасы номиналдыдан 5°С жоғарылаған кезде сигнализация іске қосылады. Термо сигнализатор орналастырылған əрбір сегмент үшін жəне май үшін белгіленген температурасын пайдалану немесе сынау тəжірибесінің негізінде пайдалану персоналы анықтайды жəне өндірістік нұсқаулыққа енгізеді. 197. Оралымды металл пластик сегменттермен жабдықталған тік гидроагрегаттардың өкшеліктерін пайдалану дайындаушы зауыттардың құжаттамаларын есепке ала отырып құрастырылған өндірістік нұсқаулыққа сəйкес жүзеге асырылады. 198. Гидроагрегатты сумен жабдықтаудың техникалық жүйесі гидроагрегаттың барлық жұмыс режимінде сүйеуші тораптардың, генератор статоры мен роторының салқындатылуы, резеңкеленген турбиналық мойынтірек пен басқа да тұтынушылар майлануы қамтамасыз етіледі. 199. Гидротурбиналардың күрделі жөндеу жұмысы 5-7 жылда 1 рет жүргізіледі. Техникалық сумен жабдықтау 200. Техникалық сумен жабдықтау жүйесін пайдалану кезінде мыналар қамтамасыз етіледі: 1) нормативтік температурадағы салқындатылған суды қажетті мөлшерде жəне талап етілетін сапада үздіксіз беруі; 2) турбиналар конденсаторлары мен техникалық сумен жабдықтау жүйесінің ластануының алдын алу; 3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау. 201. Турбиналар конденсаторларының құбырларында жəне басқа да жылу алмасу аппараттарында шөгінділердің, коррозияның, техникалық сумен жабдықтау жүйесінің күшеюінің, судың «гүлденуі» немесе салқындатқыш су қоймаларда жоғары су өсімдіктерінің өсуінің алдын алу үшін профилактикалық іс-шара жүргізіледі. Іс-шараларды таңдау жергілікті жағдайлармен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау шарттары мен экономикалық маңыздылығы жəне олардың тиімділігі, қол жетімділігі бойынша анықталады. Конденсаторлардың құбырларын, циркуляциялық су өткізгіштер мен каналдарды мерзімді тазарту уақытша шара ретінде қолданылуы мүмкін. Химиялық тəсілмен судағы жоғары өсімталдықты жою жəне су қоймасында салқындатқыш судың «гүлденуімен» күреске санитариялық-эпидемиалогиялық қызметтің мемлекеттік органының рұқсатымен ғана жол беріледі. 202. Салқындатылатын суда қақтың пайда болуы кезінен энергетикалық объектінің пайдалану персоналы: 1) градирлі жəне шашыратқыш құрылғылары бар сумен жабдықтау айналымы жүйесінде: үрлеуді, суды қышқылдауды немесе фосфаттауды жүргізу немесе оны өңдеудің қиыстырылған əдістерін - қышқылдауды жəне фосфаттауды қолдану; қышқылдау, фосфаттау мен əктендіру жəне дайындаушы-зауыттың соңғы деректеріне сəйкес басқа да əдістерді қолдануы; 2) салқындатқыш - су қоймаларында сумен жабдықтау айналымды жүйесінде: қоректендіру кезінде су сапасының жақсы кезеңінде су алмасуды жүзеге асыру; салқындатылатын судың карбонаттық кермектігін су алмастыру жолымен (сондай-ақ тікелей ағын сумен жабдықтау жүйесінде) төмендету мүмкін болмағанда, бірінші энергетикалық блокты енгізумен турбиналардың конденсаторларын қышқылдық жуулар бойынша жəне жуу ерітінділерін тазарту бойынша қондырғылар ескеріледі. 203. Жылу алмастырғыштардың органикалық қалдықтармен ластануының алдын алу үшін салқын суды хлорлау кезінде судағы хлордың құрамы конденсатордан шығар кезде 0,4–0,5 мг/дм3 шамасында болуы тиіс. Сумен техникалық жабдықтаудың тік ағатын жүйесінде жəне салқындатқыш су қоймасы бар айналмада белсенді хлордың болуының алдын алу үшін ағатын каналдардың суын хлорлау кезінде бірекі конденсаторға құйылатын салқын суға хлорлы ерітінді беруімен орындалады. 204. Ұлу, дрейсен немесе басқа да биоағзалар арқылы техникалық сумен жабдықтау жүйесінің қаптап өсуі кезінде (ірі торлардың, су тазалағыш торлардың конструктивтік элементтері, суды қабылдаушы жəне сорыпалушы камералары мен арынды су өткізгіштердің) өспейтін жабындылар қолданылады, ыстық сумен трактіні шайып өтеді, 1,5 айда 4-5 тəулік ішінде 1 рет белсенді хлор мөлшерін 1,5-2,5 мг/дм3 қосалқы жабдыққа құйылушы салқындатылған су хлорланады. 205. Техникалық сумен жабдықтау жүйелерінің гидротехникалық құрылыстарын пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйін бақылау осы Қағидаларға 4-тараудың талаптарына сəйкес жүзеге асырылады. 206. Техникалық сумен жабдықтаудың жабдықтары мен су салқындатқыш жүйесінің жұмысы осы Қағидалардың 200-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Бір уақытта табиғатты қорғау шарттары мен өндірістің (су көлігі, суару, балық шаруашылығы, сумен жабдықтау) энергетикалық емес салаларының қажеттіліктері ескеріледі. 207. Салқындатқыш су қоймалары арқылы сумен жабдықтаудың тік ағатын, біріктірілген жəне айналмалы түрлерінде су қабылдағыш тордың жылытылуы жəне мұз қатуына жол бермеу үшін жылы су рецеркуляциясы жүзеге асырылады. Рециркуляция су қақпасында мұздың пайда болуының алдын алады; оның іске қосу сəтінде өндірістік нұсқаулық анықталады. 208. Циркуляциялық трактіде ауаның мерзімділігі олардағы сифон биіктігінің жобалық мəнімен салыстыру бойынша 0,3 м артық азаймайтындай болуы тиіс. 209. Жүйелердің ластануы салдарынан циркуляциялық сорғы арынының ауытқуы жобалық мəнімен салыстырғанда 1,5 м аспауы тиіс, ал сорғы корпусы мен жұмыс дөңгелегінің қалақтары арасындағы саңылаудың көбеюі салдарынан сорғының жəне жұмыс дөңгелегі қалақтарының теңдей орналасудан ауытқу коэффициенті пайдалы əрекеті коэффициентінің азаюы 3 % артық болмауы тиіс. 210. Циркуляциялық су салқындатқыштарын пайдалану кезінде бу турбинасының қондырғыларының неғұрлым пайдалы (үнемді) вакуумына қол жеткізу шарттарына орай оңтайлы жұмыс режимі мен нормативті сипаттамаларға сəйкес салқындатқыш тиімділігі қамтамасыз етіледі. 211. Су салқындатқыштардың, су жіберу жəне ағызу құрылыстары нақты метеорологиялық шарттар мен электр станцияларының конденсациялық жүктемесі үшін əзірленген режимдік картаға сəйкес таңдалып алынады. Нормативті сипаттамалар бойынша қойылатын талаппен салыстыра отырып салқындатқыш судың орташа тəуліктік температурасының салқындатқаннан кейін 1 0С артқан кезде салқындатпаудың себептерін анықтауға жəне себептерін жою шаралары қабылданады. 212. Транзиттік ағын аймағында жəне салқындатқыш су қоймасының иірім аймақтарында су өсімдіктерінің қаптап өсуі пайда болған кезде ол биологиялық не механикалық əдіспен жойылуы тиіс. 213. Суытқыш мұнаралардың негізгі конструкцияларын (мұнара элементтерін, мұздануға қарсы тамбурды, су ұстағышты, суландырғышты, су тарату құрылғы мен желдету жабдығын) жəне шашатын құрылғылардың басты конструкцияларын тексеру жыл сайын көктем жəне күз мезгілдерінде жүргізіледі. Табылған ақаулар (мұнара көмкерісіндегі, суландырғыштағы уыстар, тамбурдың айналдырғыш қалқандарын бір күйде ұстағыштардың, су бөлгіштің шашыратуы құрылғыларының қанағаттандырарлық жағдайы) жойылады. Тамбурдың айналдыратын қалқандары ауа температуралары қалыпты кезінде орнатылады жəне көлденең күйде белгіленеді. Металл конструкциясының коррозияға қарсы жабындары, сондай-ақ темір бетон элементтерінің бұзылған қорғаныш қабаты қажеттілік шамасына қарай қалпына келтіріледі. Су ағызу бассейндері, сондай-ақ суытқыш мұнаралардың мұнарасы қаптамасының асбестоцемент табақтарының сенімді гидро оқшаулағышы болуы тиіс. 214. Суытқыш мұнаралармен бүрку бассейндерінің су тарату жүйелері жылына кемінде 2 рет – көктемде жəне күзде шайылады. Ластанған қақпақ уақытылы тазартылады, ал істен шыққандары ауыстырылады. Градирлердің бүрку бассейндері 2 жылда кемінде 1 рет қалдықтардан тазартылады. 215. Жөндеу барысында қолданылатын градирняның ағаш конструкциялары антисептиктелуі тиіс, ал бекіту бөлшектері мырышпен қапталуы тиіс. 216. Суытқыш мұнаралардың суарылатын конструкциялары минералдық жəне органикалық шөгінділерден тазартылады. 217. Суытқыш мұнаралар мен бүрку қондырғыларының темір торлары мен торлары ауысымына 1 рет тексеріледі, ал қажет болған кезде, су ауыспасының 0,1 м асуына жол бермес үшін, тазартылуы тиіс. 218. Қыс кезінде ғимараттың іргелес жатқан аймақтарының ылғалдану жəне мұз басуы кезінде градирлерді су ұстайтын құрылғылармен жабдықталады. 219. Сумен техникалық жабдықтау жүйесінде бірнеше қатарлас жұмыс істейтін суытқыш мұнаралары болған кезде жəне қыс кезінде салқындатылатын суға кететін жалпы шығындарды азайту кезінде суытқыш мұнаралардың бір бөлігі өртке қарсы жəне басқа да қажетті іс-шараларды қолданудың көмегімен тоқтатылуы тиіс. Суландырғыштың мұз қатуына жол бермес үшін жұмыс істеп тұрған суытқыш мұнаралардағы суару жиілігі суарылу аумағына 1 м2-ге 6 м3/саз болмауы тиіс, ал суытқыш мұнаралардан шығаруда су температурасы 10 0С төмен болмауы тиіс. 220. Жабдықтарға, конструктивтік элементтерге, жақын орналасқан аймаққа мұз қатпау үшін қыста су бүрку құрылғылары төмендетілген арынмен жұмыс істеуі тиіс. Су шығындары азайтылған кезде перифериялық шүмектер бітеледі жəне шеткі тарату құбырлары ажыратылады. Бүрку шүмектерінің арыныназайту жұмыс істейтін секциялардың ең көп мөлшеріне арналған салқындатылатын суға кететін шығынды азайту жолымен орындалады, сондай-ақ жылытылған судың бір бөлігін суытпай-ақ бос жолдар арқылы су ағызу бассейніне ағызу əдісі де қолданылады. Бүрку құрылғысынан шығар кездегі судың температурасы 10 °С төмен болмауы тиіс. 221. Қыс мезгілінде суытқыш мұнаралардың немесе бүрку қондырғысын қысқа мерзімге ажырату кезіндегі мұздың пайда болуының алдын алу үшін бассейндегі жылы судың айналымы қамтамасыз етіледі. 222. Ағаштан, полиэтиленнен жəне басқа да жанатын материалдардан жасалған конструкция элементтері бар суытқыш мұнараларды уақытша пайдаланудан шығару кезінде олардағы ауа өтетін терезелер жабық болуы тиіс, ал суытқыш мұнаралардың артына өртке қарсы қадағалау орнатылады. 223. Сорылмалы мұнаралардың, қапталған суытқыш мұнаралардың металл қаңқаларын жіті тексеру 10 жылда кемінде 1 рет, ал темір бетон қабатты 5 жылда кемінде 1 рет жүргізілуі тиіс. 6. Электр станцияларының жəне жылу желілерінің жылумеханикалық жабдығы Отын-көлік шаруашылығы 224. Отын-көлік шарушылығын пайдалануда: 1) энергетикалық объектінің теміржол көлігінің үздіксіз жұмысы мен теміржол вагондарынан, цистерналардан, кемелер мен басқа да көлік құралдарынан белгіленген мерзімде механикаландырылған жүкті түсіру; 2) жеткізушілерден отынды қабылдау жəне оның саны мен сапасын бақылау; 3) механикаландырылған қоймалау жəне ең аз шығын болған кезде белгіленген отын қорын сақтау; 4) қазандық немесе орталық тозаң дайындау бөліміне отынды дер кезінде, үздіксіз дайындау жəне беру; 5) қоршаған аумақты тозаңмен (көмірдің, тақтатастың, шымтезектің) жəне мұнай өнімдерінің бүрку ластануының алдын алу қамтамасыз етілуі тиіс. 225. Электр станцияларда жеткізілетін отын сапасы техникалық талаптарға сəйкес болуы тиіс. 226. Энергия объектісіне отынның жеткізілуі кезінде барлық отынның қатал есептілігі, технологиялық қажеттіліктерді есептеуге, сондай-ақ энергия үнемдеу жөніндегі заңнамаға сəйкес қоймаларда сақтау ұйымдастырылады. 227. Мемлекеттік қадағалау мен бақылауға жататын, отынды есептеу үшін пайдаланылатын ӨЖ (таразы, зертханалық құралдар мен басқа да өлшеу құралдары) осы Қағидалардың 53-тармағында белгіленген мерзімде тексеріледі. Отынды есептеу үшін қолданылатын жəне тексеруге жатпайтын ӨЖ энергетикалық объектінің техникалық басшысының бекіткен кестесіне сəйкес калибрлеуге жатады. Қатты отын 228. Қатты отын шаруашылығын пайдалану отынды жеткізуді пайдалану жөніндегі өндірістік нұсқаулыққа сəйкес ұйымдастырылады. 229. Отынды, əсіресе үсіген отынды түсіру жəне теміржол вагондарын тазалау жұмысын жеңілдету үшін энергия кəсіпорындарының арнайы мұз еріткіш құрылғылары, механикалық қопсытқыштары, вагондық дірілдеткіштер жəне басқа да тетіктері болуы қажет. Отынның ірі кесектерін жəне қатып қалған отын кесектерін ұсақтау үдерістері, сондай-ақ жартылай вагондардың люктерін жабу жұмысы уату-фрезерлік машиналарды, диск тəрізді тісі бар уақтқыштарды, люк көтергіштерді жəне басқа да тетіктерді пайдалана отырып, механикаландыру қажет. 230. Вагон аударғыштарды, мұз еріткіш құрылғыларды, қазу қондырғылары мен басқа да құрылғыларды пайдалану кезіндегі жұмысы теміржол вагондарының сақталуына қойылатын талаптарға сəйкес сенімді болуы қажет. Мұз еріткіш құрылғылар режимдік картаға сəйкес пайдаланылады. 231. Қоймада отынның сақталуы отын жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сəйкес ұйымдастырылады. 232. Отын қоймасының механизмдері мен жабдықтары олардың техникалық өнімділігін қамтамасыз етілетіндей күйде болуы тиіс. 233. Жүк көтергіш крандардың, көпірлік тиегіштердің жұмысына металл конструкциялардағы шытынаулар, жарамсыз тежеуіштер болған кезде, айдап кетуге қарсы құрылғылар болмағанда, соңғы ажыратқыштар мен шектегіштерде шытынаулар болған кезде тыйым салынады. 234. Резервтік мезанизмдер мен жабдықтар (вагон аударғыштар, конвейерлер жүйелерінің тармақтары, уатқыштар) техникалық басшының бекіткен кестесіне сəйкес кезекпен жұмыс істейді. Жылу беру жүйелерінің жұмыс тармағы жобалау өнімділігі кезінде пайдаланылады жəне қазандық агрегаттарының көмірді өте көп пайдалануының кем дегенде 110 % құрайды. 235. Отынды жеткізу тетіктері автоматты түрде немесе отынды жеткізу жүйесін басқарудың орталық қақпасынан қашықтықтан басқарылады. Пайдалану кезінде отынды жеткізу жүйелерінің (ленталар шулануы кезінде конвейерлердің тоқтауы, ағындылардың лықылдауы, схеманы дұрыс таңдамауы, тетіктің тоқтауы кезінде) үздіксіз, сенімді жəне қауіпсіз жұмысы үшін блоктаудың, қорғаныс құрылғыларының, дабыл мен авариялық тоқталыстың сенімді жұмысымен қамтамасыз етілуі тиіс. 236. Сигнализация, қажетті шектеуші жəне тежегіш қондырғылары жоқ болған кезде немесе жарамыз болған кезде отынды жеткізу жабдықтары мен қондырғыларының жұмысына жол берілмейді. 237. Галереяларда жəне ленталық конвейерлердің эстакадаларында, басты тракт пен қоймадан отынды жеткізу трактының ауысу тораптарында жəне жүк түсіретін құрылғылардың жер астындағы бөлігінде ауа температурасы жылдың суық мезгілінде 10°С төмен емес, ал уату құрылғыларының ғимараттары үй-жайында 15°С төмен болмайды. Жүк түсіру құрылғыларының (вагон аударғыш ғимараттарды мен вагондардың толассыз қозғалысы бар басқа құрылғыларды қоспағанда) жер үстіндегі бөліктерінің ауа температурасы 50С төмен болмайды.

Жылыту құрылғылары жоқ қоймаға отынды жеткізу конвейерлерінде аязға төзімді лента қолданылады. 238. Көмір мен тақтатастың барлық түрлері 25 мм дейінгі мөлшерлі кесектерге ұсақталуы қажет. Бұл ретте елеуіштегі 25 мм қалдықтар 5 % аспауы тиіс. Жоба бойынша ұсақталған тастың ірілігінің басқа да көрсеткіштері көзделуі мүмкін. Ұсақтаудың талап етілген сапасына қол жеткізу үшін білікті ұсақтау құралының біліктерінің, шой тақта мен балғалардың, балға түріндегі ұсақтағыштардың діңгегі мен бекіткішінің арасындағы саңылаулар өндірістік нұсқаулыққа сəйкес мерзімді бақылауға алынады жəне реттеледі. 239. Ұсақтағыш пен диірменге отынды жеткізер алдында ол жерден металл, жоңқа жəне басқа да нəрселерді механикалық жою арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс конвейерінде металл ұстаушылар мен жоңқа ұстаушылар əрдайым қосулы болады жəне онымен одақтасады. Отын беру трактісін ұсақтаушы желдеткіштері, орташа жүрісті жəне балға диірмендермен тозаң дайындау жүйесі бар энергетикалық объектілерде металл жою жүйесі жұмыс істемеген жағдайда пайдалануға жол берілмейді. Ұсталған басқа да нəрселерді механикалық жою жүйесі əрдайым пайдалануда болуы тиіс. 240. Отынды жеткізу трактісін пайдалану кезінде ені бойынша конвейерлерге келетін отын, құм електер, ұнтақтағыштар, жоңқы жəне тамыр ұстаушылармен қамтамасыз етіледі, құм електер мен ұнтақтағыштарды (жылыту, діріл, ұсақ қалдықтары) сұйық отынмен майлауды шектейтін шаралар қолданылады. 241. Отынның бункерлер мен ағымдарда тұрып қалуын жоятын құрылғылар (қабырға жылыту құрылғылары, ауа жəне бу бұзғыштар, дірілдеткіштер) іске қосулы болуы немесе жұмыс істеуге даяр күйде болуы тиіс. 242. Себу тораптарының, уатқыштардың жəне отын беретін трактының басқа да механизмдерінің, конвейерлердің барабандары мен таспаларын тазалайтын құрылғылардың, соқа тəріздес түсіргіштердің жұмыс жасайтын элементтерінің, сондай-ақ аспирациялық құрылғылар мен тозаңды басушы құралдардың (ауа, гидро жəне көбікті тозаң басу) жарамды күйде болуы тиіс, аптасына бір реттен кем емес тексеріліп тұрады. Қажет болған жағдайда нығыздауларға, ауа-, гидро- жəне көбікті тозаң басу құрылғыларының бүркігіштеріне реттеу немесе ауыстыру жүргізіледі. 243. Қазандыққа түсетін отын сынамаларын сұрыптау жəне өңдеу автоматты сынама сұрыптауыш жəне сынама өңдеуіш машиналарды қолданумен жүзеге асырылады. Отын сынамаларын сұраптау жəне өңдеу жөніндегі құрылғыларды сынау жабдықтың конструкциясына өзгертулерді енгізу кезінде əрбір жағдайда өткізіледі. Сонымен қатар жылына кемінде 1 рет уатылатын көмір порцияларының салмағы тексеріледі. 244. Ғимарат конструкцияларында, үй-жай ішінде жəне отынды жеткізу жүйесінің жабдықтарында тозаңның жиналып қалуына жол берілмейді. Отынды жеткізу тетіктері тығыздалады жəне үй-жайдағы ауаның тазалығын қамтамасыз етуші құрылғылармен жабдықталады. Отынды жеткізу жүйсінің үй-жайларында ауаның тозаңдануы мен қажет болған кезде газдалуы (СО құрамымен) техникалық басшының бекіткен кестесі бойынша бақыланады. Аспирациялық құрылғылардың жұмысы кезінде тазалау нормасына сəйкес ауаның тозаңнан тазартылуы қамтамасыз етіледі. Үй-жайлар мен жабдықтарды тазалау бекітілген кесте бойынша жүргізіледі жəне механикаландырылған (сумен шаю немесе тозаңсорғышпен) болуы тиіс. Үй-жайлардағы температура 50С төмен болған кезде, сондай-ақ герметикалық өңдеу барысында ішкі үй-жайдың қаптамалары мен тігістері сөгілген жағдайда үй-жайларда сулы жинауға жол берілмейді. 245. Конвейер ленталарын қосуда жəне жөндеуде металл бөлшектерін қолданылуға жол берілмейді. 246. Электр қозғалтқыштармен қоса, отынды жеткізу трактісі бойынша белгіленетін барлық электр жабдықтары сулы жинау талаптарына сай жəне тозаң ылғал қорғаныстық орындау болуы тиіс. Сұйық отын 247. Сұйық отын шаруашылығын пайдалану сұйық отынды қолдану бойынша ұйымдастырылады. Сұйық отын шаруашылығын пайдалану кезінде қазандықтар мен газ турбиналық қондырғылардың жүктемесімен жəне ернемектің қалыпты жұмысының қысымымен жəне тұтқырлығымен байланысты көлемде жылытылған жəне сүзілген отынды үздіксіз жеткізумен қамтамасыз етіледі. 248. Мазуттың құйылу лотоктарынан құйылуы аяқталғаннан кейін цистерналар толығымен жəне қақпақтарымен (тормен) жабылмайтын жерлеріндегі лотоктарынан ағызылуы тиіс. Ағызып алынған ыдыстың алдында орнатылған лотоктар, гидрожапқылар, шандорлар мен сүзгілер қажеттілігінше тазартылады. 249. Мазут шаруашылығында бу параметрлері жобалаумен сəйкес болуы тиіс. 250. «Ашық бумен» мазутты құю кезінде қыздыру құрылғысынан сыйымдылығы 50-60 м3 цистернаға кететін будың жалпы шығысы 900 кг/сағ аспауы тиіс. 251. Мазутты құюда (цистерналарда, лотоктармен ағызып алу ыдыстарында) мазут айдап қотару сорғыларының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін температураға дейін қыздырылады. Құюға арналған ыдыстардағы жəне резервуарлардағы мазут температурасы 90 0С жоғары болмауы тиіс. 252. Жабдықтардың жылу оқшаулағышы (резервуарлар, құбырлар мен басқа да жабдықтар) жарамды болуы тиіс. 253. Байқалған кемшіліктерді жоя отырып резервуарлар мен құюға арналған ыдыстардың ішкі тексеруі 5 жылда 1 реттен кем емес жүргізіледі. Қажет болған кезде олар түпкі тұнбалардан тазартылуы тиіс. 254. Сұйық отынды сақтау үшін энергетикалық объектінің техникалық басшысының бекіткен барлық құюға арналған ыдыстар мен резервуарларға арналған бөлшектеу кестесі құрылады. 255. Бекітілген кесте бойынша мыналар жүргізіледі: мазут құбырлары мен арматураларды сыртқы тексеру – жылына 1 реттен жиі емес қазандық бөлімінің айналасы – əр тоқсанда 1 реттен жиі емес жəне арматураның таңдамалы ревизиясы – 4 жылда 1 реттен емес өткізіледі. 256. Қазандыққа берілетін мазут тұтқырлығы механикалық жəне бу-механикалық ернемектер үшін 2,5°ШВ (16 мм2/с), бу жəне ротациялық ернемектер үшін 6°ШВ (44 мм2/с) аспауы тиіс. 257. Отын сүзгілері есептеу жүктемесі бойынша бастапқымен (таза күйінде) салыстырғанда олардың кедергісінің 50 % артуы кезінде тазартылыады. Тазалау кезінде сүзуші торларды күйдіруге жол берілмейді. Мазут қыздырғаштар олардың жылу қуаттылығының номиналдыдан 30 % төмендеуі кезінде тазартылады. 258. Резервтік сорғылар, қыздырғаштар мен сүзгілер жарамды жəне іске қосуға əрдайым дайын болуы тиіс. Жұмыс істеп тұрған сорғыдан резервке қосылуы мен жоспарлы ауыстырылуын тексеру кесте бойынша айына 1 реттен жиі емес жүргізіледі. Автоматтық құрылғылардың жарамсыздығын тексеру техникалық басшының бекіткен бағдарламасы мен кестесі бойынша əр тоқсанда 1 реттен жиі емес жүргізіледі. 259. Отын құбырларын немесе жабдықтарды жөндеуге шығарған кезде олар жұмыс істеп тұрған жабдықтан сенімді ажыратылады жəне дренаждалады жəне ішкі жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындаған кезде буландырылады. Отын құбырларының ажыратылған учаскілерінде бу немесе басқа спутниктер ажыратылады. 260. Ішінде ұзақ мерзім бойы түпкі қабаттан (0,5 м-ге дейін) алынған отын сақталған мазуты бар резервуарды іске қосудан алдын ылғалдылыққа талдау жасау үшін мазутқа сынақ жүргізілуі жəне қазандыққа тұрып қалған су мен біршама суланған мазуттың түспеуі үшін іс-шаралар қолданылуы қажет. 261. Бекітілген кесте бойынша аптасына 1 реттен кем емес температураның айтарлықтай жоғарылауы мен төмендеуі жəне жанып тұрған қазандықтың отын қысымының төмендеуі, резервуарлар мен құюға арналған ыдыстардағы отын температурасын өлшеу үшін арналған құралдар мен деңгей өлшеуіштерінің қашықтықтан басқару қалқандарына берілген көрсеткіштерінің дұрыстығының дабыл əрекеті тексеріледі. 262. Сұйық отынның басқа да түрлерін жағуға қабылдау, сақтау жəне дайындау жергілікті нұсқаулыққа сəйкес жүзеге асырылады. Газтурбиналық қондырғылардың сұйық отынды жағуы үшін құю, сақтау жəне дайындау ерекшеліктері 263. Сұйық отынды жағу үшін құю, сақтау жəне жеткізу кезінде оның сулануына жол берілмейді. Құюдан кейін цистернаны буландыру қажеттілігі туындаса, булану нəтижесінен суланған өнімдері мазут қоймасының арнайы ыдыстарына жіберіледі. 264. Отынның ағызылуы жабық тəсілмен ұйымдастырылады. Отынның ластануы мен оның тұрып қалуына жол бермеу үшін ағызу қондырғылары, олардың коррозияға қарсы жабыны, бу серіктері мен арматуралар жарамды күйде болуы тиіс. Резервуарлардағы сұйық отынның төмегі жəне жоғарғы температуралары жергілікті нұсқаулықта көрсетілуі тиіс. 265. Отын резервуарлардан газ-турбиналық қондырғыларға (бұдан əрі – ГТҚ) жеткізу үшін жоғарғы қабаттарда қалқушы құрылғылардан алынады. 266. Резервуарлардың түпкі қабаттарынан алынған отын сынамалары түгендеу кезінде жəне резервуарды іске қосу алдында іріктеледі. Түпкі қабатта 0,5% аса сулану байқалған кезде ылғалданған отынның жануын алдын алу бойынша шаралар қолданылады. Суланған қабат «өлі» қалдықтың деңгейінен асып кеткен кезде ылғалданған қабат арнайы мазут қоймасынының ыдыстарына сорып алынады. 267. Жылытудың циркуляциялық жолымен резервуарлардың ішкі тексеруі 5 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі, бумен жылыту резервуарлары – жыл сайын ішкі резервуарлық қыздырғыштардың тығыздығын міндетті суытқыш мұнаралық сынап, коррозияға қарсы жабынның зақымдануын жояды. Резервуарлар қажетілігі бойынша түбіндегі шөгінділерден тазартылады. 268. Монтаждағаннан немесе жөндеуден кейін сұйық отынның құбыржолдары жүйенің үш дүркін сыйымдылығына сəйкес көлемде бумен немесе тығыз ауамен үрленеді немесе химиялық жууға жəне жүйенің үш мəрте сыйымдылығына сəйкес көлемде одан əрі газтурбиналық отынмен жуа отырып пассивацияға ұшырайды. 269. ГТҚ-ға берілетін отын тұтқырлығы: механикалық ернемектерді қолданған кезде – 2° ШВ (12 мм2/с), əуе (бу) ернемектерін қолданған кезде – 3° В (20 мм2/с) аспауы тиіс. 270. Сұйық отын ГТҚ-ның дайындаушы-зауыттардың талаптарына сəйкес механикалық қоспадан тазартылады. Өндірістік нұсқаулықтарда тазартылуға тиіс сүзгілерге кіруде жəне олардан шығуда арын құламасының жол берілмейтін мəні көрсетіледі. 271. Отын сапасын бақылау мерзімділігі жəне жағу үшін отынды жеткізу мен сақтау кезіндегі, сынаманы таңдау орны мен сапасын анықтаушы көрсеткіштері өндірістік ңұсқамамен белгіленеді. 272. ГТҚ-да құрамында коррозиалы-агрессивті элементтері бар сұйықотынды (ванадий, сілтілі металл) жағу кезінде отын нұсқаулықтарға (натрий мен калий тұзынан тазарту немесе коррозияға қарсы тұнбаларды қосу) сəйкес электр станцияларында өңделеді. Газ тəрізді отын 273. Газ шаруашылығын пайдалану кезінде: 1) газды оттыққа талап етілетін қысымда, басқа қоспалардан жəне конденсаттан тазартылған, қазандықтардың жүктемесіне сəйкес мөлшерде үздіксіз жеткізу; 2) жеткізілетін газдың көлемі мен сапасын бақылау; 3) жабдықтың қауіпсіз жұмысы, сондай-ақ оған техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысын қауіпсіз жүргізу; 4) жабдықтың уақытында жəне сапалы техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеу жұмысы; 5) жабдықтың техникалық жай-күйі мен оны қауіпсіз пайдалануды қадағалауы қамтамасыз етіледі. 274. Энергетикалық объектілерінің газ шаруашылығын пайдалану нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сəйкес ұйымдастырылады. 275. Газ тарату тармақтарының (бұдан əрі – ГТТ) əрбір газ құбыры мен жабдықтарының газ құбырларын, ГТТ-ның үй-жайын, жабдықтар мен бақылау- өлшеу құралдарын сипаттайтын негізгі мəліметтер жəне сондай-ақ атқарылған жөндеу жұмыстары туралы мəліметтерден тұратын паспорт дайындалады. 276. Энергетикалық объектінің техникалық басшысының бекітуімен газ қауіпі бар жұмыстардың тізбесі мен нақты өндірістік жағдайларға дайындау тəртібі мен оны орындау қауіпсіздігін анықтайтын нұсқаулық дайындалуы қажет. Газ қауіпі бар жұмыстар наряд бойынша орындалады. Газ қауіпі бар жұмыстар үшін наряд беруші адамдарды энергетикалық объект бойынша бұйрықпен тағайындау қажет. Газ қауіпі бар жұмыстардың тізбесі жылына кемінде бір рет қарастырылуы жəне қайта бекітілуі тиіс. Аса қауіпті жұмыстар (пайдалануға енгізу, газды беру, газ құбырларын қосу, газ құбырлары мен «газбен жұмыс істеуші» жабдықтарды жөндеу, дəнекерлеу жəне газды кесуді қолдана отырып ГТТмен жұмыс істеу) наряд жəне энергетикалық объектісінің техникалық басшының бекіткен арнайы жоспары бойынша жүргізіледі. Жұмыс жоспарында жұмысты атқарудағы қатаң бірізділілік, адамдарды, жауапты адамларды орналастыру, механизмдер мен тетіктерге деген қажеттіліктер көрсетілуі тиіс; аталған жұмыстардың жоғарғы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралар қарастырылуы тиіс. 277. ГТТ-дан шыққан газ қысымының өзгерісі жұмыстықтың 10 % асуына жол берілмейді. Жұмыс қысымының жоғарылауын немесе төмендеуін тудыратын регуляторлардың жөндеуге келмеуі, сақтану қақпақшаларының жұмысындағы ақаулар, сондай-ақ газ ақаулары авариялық ретте жойылуы тиіс. 278. Автоматты реттеуші қақпақшалары жоқ айналма газ құбырлары (байпас) бойынша газды қазандыққа жеткізуге тыйым салынады. 279. Қорғаныс құрылғыларының іске қосылуын, блоктау жəне сигнализацияның жұмыс істеуін тексеру дайындаушы-зауыттардың нұсқаулықтарында қарастырылған мерзімде, бірақ ол айына кемінде бір рет атқарылуы тиіс. 280. Газ өткізгіштерді газбен толтыру кезінде барлық ауа ығыстырылуға дейін үрленуі тиіс. Үрлеп тазартудың аяқталуы іріктелген сынамалардың талдауымен анықталуы қажет, бұл ретте газдағы оттегінің құрамы 1 % аспауы қажет немесе жайымен, тарсылсыз газ жануымен анықталуы тиіс. Газ құбырларын үрлеп тазарту кезінде газ бен ауа араласқан қоспаны ғимараттарға не болмаса қандай да бір от көзіне түсу мүмкіндігінен тыс жерде шығару қажет. Газ құбырлары газдан босатылуда ауамен немесе газ толығымен тығыздалғанша инерттік газбен үрленуі тиіс. Үрленудің аяқталуы анализбен анықталады. Үрленуші ауада көлемді газ үлесі газдың тұтануының төменгі шегінен 20 % аспауы тиіс. 281. Бекітілген кесте бойынша электр станциялардың аумағында орналасқан жер асты газ құбырларының трассалары тексерілуі тиіс. Бұл кезде газ құбырлары құдықтарының газға толтырылуы, сондай-ақ газ құбырының екі жағынан 15 м қашықтықта орналасқан басқа да құдықтар (телефон, су жүргізу, жылыту, канализациялық), газ жиналуы мүмкін коллекторлар, ғимараттар мен басқа да алаңдардың жертөлелері тексеріледі. Жерасты газ құбырларына қызмет көрсету үшін нөмірлері бар маршрут карталары жасалады жəне қолдарына беріледі. Олардың əрқайсысында газ құбырлары трассаларының схемасы мен оның ұзындығы, сондай-ақ жерасты коммуникация құдықтары мен газ құбырларының екі жағынан 15 м дейін аралықта орналасқан ғимараттардың жертөлелері көрсетіледі. 282. Жертөлелердегі, коллекторлардағы, шахталардағы, құдықтар мен басқа да жерасты құрылыстардағы газдың бар екендігі жарылыстан қорғану барысында газ анализаторымен тексеріледі. Ғимарат жертөлелеріндегі ауа сынамасын талдау жарылудан қорғау барысында газ анализаторлармен жертөледе, ал олар жоқ болған кезде жертөледен ауа сынамасын алу жəне ғимараттан тыс жерде талдау жолымен жүргізіледі. Коллекторлардан, шахталардан, құдықтар мен басқа да жерасты құрылыстарынан ауа сынамасын алу кезінде оларға түсуге жол берілмейді. Жертөледе, сондай-ақ шахталарда, құдықтарда, коллекторлар мен басқа да жерасты құрылыстарында темекі шегуге жəне ашық отты қолдануға жол берілмейді. 283. Трассалардың газдануы кезінде газ анализаторлар арқылы қосымша тексеру шаралары қолданылады жəне ақау байқалған жерден 50 м радиуста орналасқан газдалған жертөлелерді, ғимараттардың бірінші қабатын, камералардың құдықтарын желдету шаралары жүргізіледі. Жертөлелердің газдануы байқалған кезде, ғимараттағы адамдарға темекі шегуге болмайтындығы, ашық от пен электр құралдарын пайдалануға жол берілмейтіндігі туралы ескерту қажет. Сол кезде газ ақауының шығу себебі айқындалу жəне оны жою шаралары қолданылады. 284. Газ құбырларының қосылуын тексеру, газ құбырларындағы, құдықтар мен үй-жайлардағы газ ақауы бар орындарды табу сабын эмульсиясын пайдалану арқылы орындалады. Газ ақауын табу үшін отты пайдалануға тыйым салынады. Қолданыстағы газ құбырларындағы табылған барлық тығыздап жабылмағандығы мен жарамсыздығы жедел түрде жойылады. 285. Газ құбырларынан шығарылатын сұйықтықтың канализацияға құйылуына жол берілмейді. 286. Энергетикалық объектілердегі домна жəне кокс газдарын жеткізу мен жағу қауіпсіздік талаптарына сəйкес ұйымдастырылады. 287. Газ генераторлық жəне технологиялық ылғалды жəне күкіртті (меркаптандар немесе күкіртті сутегіден тұратын) табиғи газды жеткізу мен жағу кезінде пайдалану ерекшеліктері жобамен жəне өндірістік нұсқаулықпен айқындалады. Тозаң дайындау 288. Тозаң əзірлеу қондырғыларын пайдалану кезінде қазандық жүктемесіне сəйкес көлемдегі ылғалды жəне жіңішке көмір тозаңның қазандық жанарғыларына үздіксіз жеткізілумен қамтамасыз

16 ақпан 2013 жыл

етіледі. Тіке үрленетін тозаң дайындаудың барлық жарамды жүйелері қазандық жүктемесінің 100-60 % номиналды жүктемесімен жұмыс істеуі тиіс. Тозаң дайындау жүйесі жұмысының режимі зауыттық сипаттама мен тозаң дайындау жəне жағу жабдықтарын сынау негізінде дайындалған режимдік картаға сəйкес ұйымдастырылады. 289. Құбыржолдары мен жабдықтарды жылумен оқшауламалары жарамды болуы тиіс. 290. Қайта жөнделген немесе қайта жабдықталған тозаң дайындау қондырғыларын іске қосу алдында, сондай-ақ жөндеуден кейін немесе ұзақ уақыт бойы (3 тəуліктен артық) резервте болуынан кейін оның барлық жабдықтары қаралады, бақылау-өлшеу құралдарының (бұдан əрі – БӨҚ), қашықтықтан басқару, қорғау, сигнализация құрылғыларының, блоктау жəне автоматиканың жарамдылығы тексерілуі тиіс. Сигналиязация, қорғау мен блоктаудың жарамсыз жүйелері бар қондырғыларды іске қосу мен пайдалануға жол берілмейді. 291. Қайта жөнделген немесе қайта жаңғыртылған қондырғылардың іске қосылуы алдында отын түріне қарамастан тозаңның тұрып қалуы мүмкін орындарын анықтау жəне оларды жою мақсатында барлық люктер мен өрмелеттерді аша отырып қондырғылардың ішкі тексеруі жүргізіледі. Люктер мен өрмелеттерді ашу, сондай-ақ қондырғының ішкі тексеруі жергілікті нұсқаулықта қарастырылған барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындалады. Қондырғының бақылау мақсатындағы ішкі тексеруі актін жасай отырып энергетикалық объектінің басшысы тағайындаған арнайы комиссияның тозаң дайындау жүйесінің 2000 жұмыс сағатынан кейін кешіктірілмей жүргізіледі. 292. Жабдықты іске қосу алдында конденсация ылғалдылығын жəне жабдық элементтеріне тозаңның жабысуын ескерту үшін өндірістік нұсқаулықпен белгіленген режимдегі тозаң дайындау жүйесінің жылытуымен қамтамасыз етілуі тиіс. 293. Тозаң дайындау қондырғыларында өлшеу құралдары, реттегіштер, сигнализация, қорғау жəне блоктау құрылғыларды іске қосылады жəне жарамды күйде болады. Бақылау, автоматика, қорғау жəне сигнализация жүйесінде температураны өлшеу үшін пайдаланылатын құралдар аз инерциялы немесе 20 секундтан артық емес уақыт кешігіп қалу мерзімі бар аз инерциялы жəне орташа инерциялы болуы тиіс. 294. Тозаң дайындау қондырғыларын пайдалану кезінде көрсеткіштер мен жабдықтардың келесі процестерін: 1) диірменге отынның үздіксіз жеткізілуі; 2) өндірістік нұсқаулықта көрсетілген мəнімен салыстырғандағы деңгейін арттыру немесе төмендетудің алдын алу үшін дымқыл көмір мен тозаңның бункерлеріндегі деңгейлерімен; 3) осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген мəнінен жоғары арттырудың алдын алу үшін кептіру жəне ұнтақтау қондырғыларынан алынатын тозаң-газ-ауа қоспасы мен құрғату агентінің температурасымен; 4) мойынтірек блогының діріл деңгейімен; 5) мойынтірек блогындағы май температурасымен; 6) тозаң-газ-ауа қоспасының температурасы үшін осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген мəннен жоғары артуын алдын алу үшін бункердегі тозаңның температурасымен; 7) сақтандыру қақпақшалардың жарамдылығымен; 8) қондырғылардың барлық элементтерінің оқшаулағыш жəне тығыздылығының жай-күйімен (тозаңды тазарту жедел түрде жойылады); 9) тозаң дайындау қондырғыларының жабдықтарының электр қозғалтқыштарының тогымен; 10) құрғату қондырғысының немесе диірмен алдындағы, диірмен желдеткіші мен диірменжелдеткіштен (немесе соларға дейінгі) құрғату кептіргіш агентінің қысымына; 11) шар барабанды жəне орта жүрісті диірменнің тозаң-ауа трактісінің кедергісі бойынша бақылау ұйымдастырылады. 295. Жаңа тозаң дайындау қондырғыларын іске қосудан кейін немесе оларды қайта жабдықтаудан кейін, сондай-ақ күрделі жөндеуден кейін тозаң сынамасын таңдау немесе жаңа құрастыру үшін немесе қолданыстағы режимдік картаны түзету үшін басқа да өлшеулер жүргізіледі. 296. Тозаң дайындаушы қондырғыларды пайдалану кезінде тозаңның тартылу жіңішкелігін бақылау өндірістік нұсқаулықта көрсетілген жиілікте циклон астындағы тозаң сынамалары бойынша жүзеге асырылады. Тікелей үрлеуі бар қондырғыларда тозаңның қалыңдығы диірменге түсетін кептіргіш агентінің саны жəне сепаратордың реттегіш органдарының жағдайы бойынша жанама əдістерімен бақыланады. 297. Тозаң дайындау қондырғыларында ауаны соруды бақылау жəне жою энергетикалық объектінің техникалық басшысының бекіткен кестесі бойынша, бірақ айына кемінде 1 рет, сондай-ақ күрделі немесе орта жөндеуден кейін ұйымдастырылады. Тозаң дайындау қондырғыларында ауаның сорылуы осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген жəне қондырғыға кіруде отынның буланған ылғалын есептемегенде, кептіргіш агент шығынының пайыздарында көрсетілген мəндерден жоғары болмауы тиіс. Тікелей үрлеу жүйелерінде ауамен кептіру кезінде сору мəні анықталмайды, ал қондырғының тығыздығы оның сығымдалу жолымен тексеріледі. 298. Алшақ салынған тозаң дайындау (кептіру) қондырғылары энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жұмыс істеген құрғату желдету агентін, циклондардың, сүзгілердің, скрубберлердің аэродинамикалық кедергілерін тазалау үшін қондырғылардың жай-күйі бақыланады. Жылына кемінде 2 рет, сондай-ақ күрделі жөндеуден кейін немесе қайта жабдықтаудан кейін жұмыс істеген құрғату агентінің тозаңынан тазартылудың нəтижелігі тексеріледі. 299. Бункерлерде тозаңның басылуын ескерту үшін ол мерзімді түрде ең төменгі деңгейге дейін тазартылады. Тазарттыру мерзімділігі тиісті нұсқаулық бойынша белгіленеді. Тозаңның басылу жəне өздігінен жану қабілетіне байланысты олардың бункерлерде сақталу мерзімі белгіленеді. Тозаң дайындау жүйелерін бункерлерде тозаңды сақтау мерзімінен асатын мерзімге тоқтатқан сайын, электр станцияның газ бен мазутты жағу уақыты ұзарған режимге өту кезінде, сондай-ақ қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстарын жасаудың алдында бункерлердегі тозаңдар толықтай жұмыс жасайтын қазандыққа көшірілуі қажет, ал бункерлер тексеріліп тазаланады. Тозаңды жұмыс істемейтін қазандықтың оттығына тастауға жол берілмейді. Шнектер мен тозаңды таситын басқа да құрылғылар жұмысын тоқтатар алдында олардағы тозаңдардан бункерлерге жіберінуі арқылы толықтай тазаланады. 300. Жануға жəне өздігінен жануға бейім дымқыл отынның бункерлері мерзімді түрде, бірақ 10 тəулікте кемінде 1 рет ең аз деңгейіне дейін жарамсыздануы тиіс. Газ бен мазуттың ұзақ уақыт жануы кезінде ауысуда қазандықтың бункерлері толығымен босатылады. 301. Барабанды диірмендердің бекітілген шар жүктемесін қолдау үшін термикалық өңдеуден өткен, тығыздылығы 400 НВ-ден төмен емес, диаметрі 40 мм болатын шарларды жүйелі түрде қосу ұйымдастырылады. Шарларды қосудың мерзімділігі нақты шар жүктемесі оңтайлыдан 5 % төмендемеуі тиіс. Іріктеу барысындағы жөндеу жұмысы кезінде 15 мм аз диаметрлі шарлар жойылады. 302. Кесте бойынша жүйелі түрде тозаң дайындау қондырғыларының (билдер, бил ұстаушылар, броньдар, жұмыс дөңгелектері, дестелер, нығыздамалар) ескірген элементтері қаралады жəне қажеттілік туындаған кезде ауыстырылады немесе жөнделеді. Сондай-ақ тез тозатын учаскелерде (тозаң өткізушілер буындарында, сепараттар нүктелерінде) орнатылған қорғау қондырғылары жарамды күйде ұсталады. 303. Тозаң дайындау қондырғыларының үй-жайлардағы дəнекерлеу жұмыстары жұмыс істемейтін қондырғылардың ауыр жəне зор тетіктерінде ғана энергетикалық объектілерде өрттен қорғану жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтай отырып, тозаңнан тазартудан кейін ғана жол беріледі. 304. Тозаң дайындау қондырғыларының үй-жайларында тазалық сақталады, мұқият тазалау жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі, қабырғалардан, терезе алдынан, жабындардан, баспалдақтардан, жабдықтар үстінен жəне басқа да тозаң тұрып қалатын жерлерден тозаң тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Тозаң басып қалу байқалған кезде, оларды жедел түрде жою шаралары қабылдануы қажет. Жабдықтардың ыстық беттерінде тозаң жиналуының алдын алуға ерекше назар аударылуы тиіс. Үй-жайларды тазалау тозаңды ұрғыламай-ақ механикаландырылған болуы тиіс. Тозаңды қолмен тазарту қажет болған кезде тозаңды сумен бүрке отырып, алдын ала ылғалдырудан кейін ғана орындауға рұқсат етіледі. Тазалау бойынша жұмыстардың кестелері мен көлемі өндірістік нұсқаулықпен белгіленеді. Су ағынымен, өрт сөндіргішпен не басқа да тəсілдермен үй-жайда немесе жабдықтың ішінде əлсіз жанған отты сыпырып тастауға немесе сөндіруге жол берілмейді. Бу жəне су жылыту қазандық қондырғылары 305. Бу жəне су жылыту қазандықтарын пайдалану кезінде: 1) барлық негізгі жəне қосалқы жабдықтар жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігі; 2) қазандықтардың номиналды өнімділігіне бу мен су параметрлерімен сапасына қол жеткізу мүмкіндігі; 3) сынаулар мен зауыт нұсқаулықтарының негізінде белгіленген жұмыстың үнемді режимі; 4) қазандықтардың əрбір типі мен жанатын отын түрі үшін айқындалған жүктеменің реттелетін диапозоны; 5) жол берілетін ең төменгі мүмкін жүктемелер; 6) зиянды заттарды атмосфераға шығаруға жол берілетін қалдықтары қамтамасыз етіледі. 306. Монтаждаудан кейін қайта пайдалануға енгізілетін қысымы 100 кгс/см2 (9,8 МПа) жəне одан жоғары қазандықтар пайдалануға негізгі құбыржолдарымен басқа да су-бу трактісінің элементтерімен бірге химиялық тазартуға ұшырауы тиіс. Қысымы 100 кгс/см2 (9,8 МПа) төмен қазандықтар мен су жылыту қазандықтары пайдалануға енгізу алдында сілтілеуге жатады. Тікелей химиялық тазалау мен сілтілеуден кейін тұрып қалған коррозиядан тазартылған жоғарғы қабаттарды қорғау үшін шаралар қабылданады. 307. Жөндеуден немесе ұзақ уақыт бойы резервте болуынан (3 тəуліктен көп) кейін қазандықтың іске қосылуының алдында БӨҚ-тің қосалқы жабдығының, арматуралар жəне тетіктерді қашықтықтан басқару құралдарының, автореттегіштердің, қорғау, блоктау құрылғылары мен жедел байланыс құралдарының жарамдылығы мен іске қосуға даярлығы тексеріледі. Айқындалған ақаулар жойылады. Қазандықтың тоқтауына əсер ететін блоктау мен қорғану құрылғыларының жарамсыздығы кезінде оны іске қосуға жол берілмейді. 308. Қазандықты іске қосу ауысым басшысының немесе аға машинистің басшылығымен, ал күрделі жəне орта жөндеу жұмысынан кейін цех басшысының немесе оның орынбасарының басшылығымен ұйымдастырылады. 309. Жағу алдында барабанды қазандық деаэрацияланған қоректік сумен толтырылады. Тура ағынды қазандық қоректік сумен толтырылады, оның сапасы көректік суды өңдеу схемасына байланысты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес келуі тиіс. 310. Суымаған барабан қазандығын толтыру босатылған барабанның үстіңгі беті металының температурасы 160 0С жоғары емес болған кезде рұқсат етіледі. Егер барабанның үстіңгі беті металының температурасы 140 0С-тан асса, оны гидросығымдау үшін сумен толтыруға жол берілмейді. 311. Тура ағынды қазандықты сумен толтыру, одан ауаны шығару, сондай-ақ ластанудан жуу кезіндегі операциялар сепараторлық жағу режимі кезінде қазандық трактісіне орнатылған тиектерге дейінгі учаскеде немесе тура ағынды жағу кезінде барлық тракт бойынша жүргізіледі. Судың жағу шығысы номиналдық мөлшерден 30 %-ға тең болуы тиіс. Жағу шығынының басқа мəні дайындаушы-зауыттың нұсқаулығымен немесе сынау нəтижелерінің негізінде түзетілген пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен ғана анықталуы мүмкін. 312. Су жылытатын қазандықты қыздыру алдында желілік су шығыны жолға қойылады жəне əрі қарайғы жұмысты анықтайтын дайындаушы-зауыт қазандықтың əр типі үшін жол берілетін ең төменнен кем емес ұсталады. 313. Блокты қондырғылардың тура ағынды қазандықтарын жағу кезінде жұмысы 140 кгс/см2 (13,8 МПа) қазандық трактісіне кіріктірілген тиектер алдындағы қысымдағы қазандықтар үшін 120130 кгс/см2 (12-13 МПа) деңгейінде, ал шамадан тыс қысымдағы қазандықтар үшін 240-250 кгс/ см2(24-25 МПа) деңгейінде ұсталады. Бұл мəндердің өзгертілуі немесе айнымалы қысымда жағылуы арнайы сынақтар негізінде өндіруші зауыттың келісімі бойынша жол беріледі. 314. Жағу алдында жəне қазандықты тоқтатқаннан кейін, оттық жəне газ өткізгіштер рециркуляциялықтарды қоса алғанда, газ ауа трактісінің шиберлері ашық болғанда түтін сорғыштармен, үрлеу желдеткіштерімен жəне рециркуляциялау түтін сорғыштарымен номиналдықтан кемінде 25% ауа жұмсаумен кем дегенде 10 минут желдетіледі. Үрлеумен жұмыс істейтін қазандықтарды жəне түтін сорғыштар болмаған кезде су жылыту қазандықтарын желдету үрлеу желдеткіштерімен жəне қайта циркуляциялаушы түтін сорғыштармен жүзеге асырылады. Суымаған күйдегі қазандықты жағу алдында су-бу трактісіне сақталып қалған артық қысымды желдету 15 минуттан бұрын басталады. 315. Газбен жұмыс істейтін қазандықты жағу алдында қазандықтың газ өткізгіштерін ауамен сығымдап бақылануы тексеріледі жəне жанарғылар алдында бекіткіш арматураның газбен жабылуының беріктігі табиғи газда жұмыс істейтін энергетикалық объектінің газ шаруашылығын пайдалану жөніндегі қолданыстағы нұсқаулыққа сəйкес жүргізіледі. 316. Қазандықты жағу кезінде түтін сорғыш пен үрлеу желдеткіші, ал түтін сорғышсыз қазандықтарда үрлеу желдеткіші қосылады. 317. Қазандықты жағу басталған сəттен бастап барабандағы су деңгейін бақылау ұйымдастырылады. Жоғары су көрсеткіш құралдарын үрлеу: 1) қысымы 40 кгс/см2 (3,9 МПа) жəне одан төмен қазандықтар үшін – қазандықта артық қысым кезінде шамамен 1 кгс/см2 (0,1 МПа) жəне негізі бу құбырына қосу алдында; 2) қысымы 40 кгс/см2-ден (3,9 МПа) жоғары қазандықтар үшін қазандықтағы қысымы 3 кгс/см2ден (0,3 МПа) артық болған кезде жəне қысым 15-30 кгс/см2 (1,5-3 МПа) болған кезде орындалады. Су деңгейінің төмендетілген көрсеткіштері жағу процесіндегі су көрсеткіш аспаптармен салыстырылады (түзетулерді ескере отырып). 318. Қазандағы түрлі жылу күйлеріне байланысты жағу дайындаушы зауыт нұсқаулықтарының жəне іске қосу режимдерін сынау нəтижелері негізінде іске қосу кестелеріне сейкес орындалады. 319. Күрделі жəне орташа жөндеуден кейін жылына кемінде 1 рет суық күйдегі қазандықты жағу процесінде экрандардың, барабандар мен коллекторлардың жылу қоймасы қада белгісі бойынша тексеріледі. 320. Егер қазандықты іске қосу алдында ернемекті қосылулар мен қолтесіктерді жөндеуге байланысты жұмыстар жүргізілген болса, онда 3-5 кгс/см2 (0,3-0,5 МПа) артық қысымда бұрандама қосылулар тартылуы тиіс. Бұрандама қосуларды жоғары қысымды кезінде тартуға жол берілмейді. 321. Қазандықтарды жағу жəне тоқтату кезінде барабанның температуралық режиміне бақылау ұйымдастырылуы қажет. Барабанның төменгі құрылысын қыздыру жəне салқындату жылдамдығы мен барабанның жоғарғы жəне төменгі құрылыстарының арасындағы температураның түсуі осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген жол берілетін мəнідерден аспауы қажет. 322. Қазандықты жалпы бу құбырына қосу дренаждау жəне байланыстырушы бу құбырын жылытудан кейін жүргізіледі. Қосқан кезде қазандық сыртындағы бу қысымы жалпы бу құбырындағы қысымға тең болуы тиіс. 323. Ұшып шығулары 15 %-дан кем отында жұмыс істейтін қазандықтарда қатты отынды жандыруға көшу (жанарғыға тозаңның беріле бастауы) жанарғыны номиналдықтан 30 %-дан төмен емес жағу отынымен жылу жүктелген кезде рұқсат етіледі. Ұшып шығулары 15 %-дан артық отынмен жұмыс істеген кезде төменгі жылулық жүктеме кезінде тозаңды беруге рұқсат етіледі, ол тозаңның тұрақты тұтануын қамтамасыз етуден шыға отырып, жергілікті нұсқаулықпен белгіленеді. Қысқа мерзімді іркілістен соң (30 минутқа дейінгі) қазандықты қайта іске қосу кезінде кем дегенде 15 % ұшқын шығаратын, отынның жылу номиналдылығы15 %-дан төмен емес қатты отынды жағуға рұқсат беріледі. 324. Қазандық жұмысының режимі жабдықтарды сынау жəне пайдалану жөніндегі нұсқаулық негізінде құрылған режим картасына сəйкес болуы тиіс. Қазандықты қайта жабдықтау жəне отынның таңбасы мен сапасын өзгерту кезінде режим картасы түзетіледі. 325. Қазандық жұмысы кезінде жол берілетін бастапқы жəне аралық бу жылытқыштарының əрбір сатысында жəне əрбір ағымында бу температурасын қолдауды қамтамасыз ететін жылу режимдері сақталады. 326. Қазандық жұмысы кезінде барабандағы судың ең жоғары шекті деңгейі дайындаушы-зауыт пен жабдықтарды сынау деректерінің негізінде белгіленетін деңгейлерден жоғары емес, ал төменгі шекті деңгейі төмен болмауы тиіс. 327. Газ жағынан қазандық қондырғыларының жылытқыш беті оңтайлы режимде ұстау жəне кешенді тазалаудың механикаландырылған жүйесін қолдану арқылы (бу, ауа немесе су аппараттары, импульсті тазалау құрылғылары, діріл тазалау, ұсатып тазалау) таза күйінде ұсталуы тиіс. Осы құрылғыларға арналған, сондай-ақ қашықтан жəне автоматты басқару құралдары əрдайым іске қосылуға дайын болулары тиіс. Жылытудың үстіңгі қабатын тазалау кезеңділігі кесте немесе өндірістік нұсқаулық бойынша реттеледі. 328. Қазандықтарды пайдалану кезінде барлық жұмыс істейтін ауыр үрлеуші машиналар іске қосылады. Қазандық тараптары бойынша бірдей газ ауа жəне жылу режимімен қамтамасыз етілген жағдайда ауыр үрлеуші машиналар бөліктерінің ажыратылуы кезінде ұзақ жұмысқа жол беріледі. Бұл ретте оттықтар арасында ауа бөлудің біркелкілігі жəне тоқтатылған желдеткіш (түтін сорғыш) арқылы ауа (газ) қайталамасының болмауы қамтамасыз етіледі. 329. Құрамында 0,5 % астам күкірт бар мазутты негізгі отын ретінде жағатын бу қазандықтарында жүктемелердің реттеуші диапазонында ауаның оттың шыққандағы коэффициенттер

1,03 %-дан кем болғанда жүзеге асырылады. Бұл ретте қазандықтарды осы режимге (отынды даярлау, жанарғы құрылғыларының тиісті конструкциялары мен ернемектерін қолдану, оттықты нығыздау, қазандықты қосымша бақылау жəне жану процесін автоматтандыру құрылғыларымен жабдықтау) ауыстыру жөніндегі белгіленген іс-шаралар кешенін орындау міндетті. 330. Орнына орнатар алдында мазутты ернемектерді олардың тозандау өнімділігін, тозаң басу сапасын жəне алау ашу бұрышын тексеру мақсатында су стендінде тексерілуі тиіс. Мазутты қазандыққа орнатылатын жиынтықтағы жекелеген ернемектердің номиналды өнімділіктегі айырмашылығы 1,5% көп болмауы тиіс. Əрбір қазандық ернемектердің қосымша кешенімен қамтамасыз етіледі. Тарирленбеген ернемектерді қолдануға жол берілмейді. 331. Мазутты, оның ішінде жанарғы ернемектердің, оларға ауаны ұйымдастырылған түрде бермей жұмыс істеуіне жол берілмейді. Қазандықтың ернемектері мен бу-мазут құбырларын пайдалану кезінде бу құбырына мазуттың түсуіне жол бермейтін шарттар орындалады. 332. Қазандықтарды пайдалануда ауажылытқышқа келетін ауа температурасы, 0С, осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген шамалардан төмен болмауы тиіс. Күкіртті мазутты жағу кезінде ауаны алдын-ала жылыту температурасы қазандық жүктемесінің реттеуші диапозонында шығарылатын газ температурасы 150 0С-тан төмен болмайтындай таңдап алынуы тиіс. Оттықтан шығарда (1,03-тен кем) артық ауаның ең төменгі шекті коэффициенттегі мазутты жаққан немесе коррозияға қарсы тиімді құралдарды қолданған кезде (тұнбалар, материалдар, жабындар) ауа жылытқыштар алдындағы ауа температурасы осы Қағидалардың 6-қосымшасында келтірілген мəндермен салыстыру бойынша төмендетілуі жəне пайдалану тəжірибесінің негізінде белгіленуі мүмкін. Күкіртті мазуттағы қазандықты жағу ауа жылытудың алдын ала қосылған жүйесімен (калориферлер, ыстық ауаның қайта циркуляциялану жүйесі) жүргізіледі. Мазутты қазандықта жағудың бастапқы кезеңінде ауа жылытқыштың алдындағы ауа температурасы 90 0С-тан төмен болмауы тиіс. 333. Жанудың механикалық толық еместігі салдарынан жылудың 0,5 %-дан асатын жоғалуы жағдайында қатты отынды тозаң күйінде жағатын барлық қазандықтар көрсетілген шығындарды бақылау мақсатында ұшқан күлдердің сынамаларын үйіктеу үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін құрылғылармен жабдықталады. Сынамаларды іріктеу мерзімділігі өндірістік нұсқаулықпен белгіленеді. 334. Қазандықтардың оралуы жарамды күйде болуы тиіс. Қоршаған ортаның температурасы 25 0 С болған кезде орама үстіндегі температура 45 0С-тан жоғары болмауы тиіс. 335. Қазандықтың оттығы мен барлық газ трактісі тығыз болуы тиіс. Бу өнімділігі 420 т/сағ дейінгі булы газды-мазутты қазандықтар үшін буды қайта қыздырғыштан шыққанға дейін оттыққа жəне газ трактісіне ауаның сорылуы 5 %-дан аспауы, бу өнімділігі 420 т/сағ аспайтын қазандықтар үшін – 3 %, тозаңды көмір қазандықтары үшін тиісінше 8 жəне 5 % болуы тиіс. Су жылыту қазандықтары үшін конвективтік беткі қабатынан шыққанға дейін ауаның оттық пен газ трактісіне сорылуы 5 %-дан аспауы тиіс. Тұтас дəнекерленген экрандары бар оттықтар жəне газ жүру жолдары сорғышсыз болуы тиіс. Газ трактісіне сорулар экономайзерге кіру учаскеcінде (тозаңды көмірлі су жылыту қазандықтары үшін – ауа жылытқышқа кірерде) түтін сорғыштан (күл ұстаушы қондырғыларды есепке алмағанда) шығуға дейін түтікті ауа жылытқыштары кезінде 10 % аспауы, регенеративтіде 25 %-дан аспауы тиіс. Су жылытқыш газ-мазутты қазандықтардың оттығы мен газ трактісіне сорғыштары 5%-дан аспауы, тозаңды көмірлі (күл ұстаушы қондырғыларды есепке алмағанда) - 10%-дан аспауы тиіс. Электр сүзгілерге ауа сорғыштары 10 % аспауы, басқа үлгілердегі күл ұстаушы қондырғыларында – 5 % аспауы тиіс. Сору нормалары қазандықтарының номиналды жүктемесі үшін ауаның теориялық қажетті пайыздық мөлшерінде берілген. 336. Қазандық пен газ өткізгіш бетін қоршайтын тығыздығы айына 1 рет ауа соруын тексеру жəне анықтау жолымен бақыланады. Оттыққа сору сорғыштар жылына кемінде 1 рет, сондай-ақ орта жəне күрделі жөндеуге дейін жəне кейін анықталады. Қазандық оттығы мен газ өткізгіштіктерінің тығыз еместігі жойылады. 337. Режим картасын əзірлеу үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты түзету үшін қазандықты пайдаланушы сынаулары оны пайдалануға енгізу кезінде, конструктивті өзгерістер енгізгеннен кейін, отынның басқа түріне немесе белгісіне ауысу кезінде, сондай-ақ берілген параметрлерден ауытқу себептерін айқындау үшін жүргізіледі. Қазандықтар пайдаланушылық сынақтарын жүргізу үшін қажетті құрылғылармен жабдықталады. 338. Қазандықты резервке немесе жөндеуге шығарған кезде жылу энергетикалық жабдықты консервациялау бойынша қазандықтар мен калориферлердің жылыту беттерін консервациясы үшін шаралар қолданылады. 339. Қазандықтардың жылыту беттерінен ішкі шөгінділер от сөнген жəне тоқтаған немесе химиялық тазарту уақыттарында сумен жуылуы кезінде алынып тасталады. Химиялық тазалаудың мерзімділігі ішкі шөгінділерді сапалы талдаудың нəтижелері бойынша тиісті нұсқаулықпен айқындалады. 340. Барабанның суытылуын жеделдету мақсатында тоқтаған қазандықты суды құрғата отырып қоректендіруге жол берілмейді. 341. Табиғи циркуляциясы бар тоқтаған қазандықтан су шығару қысымы 10 кгс/см2-ге (1 МПа) дейін төмендегеннен кейін, ал жаншыл қақтайтын байланыстар болған кезде –80 0С жоғары емес су температурасында рұқсат етіледі. Тоқтатылған тура ағынды қазандықтан суды шығару үшін атмосфералықтан жоғары болған кезде рұқсат етіледі, бұл қысымның жоғарғы шегі дренаждар мен кеңейткіштер жүйесіне байланысты өндірістік нұсқаулықпен белгіленеді. Блоктық электр станциялары қазандықтарының тоқтауы кезінде аралық буды қайта жылытқыштың турбина конденсаторын булансыздануы жүргізіледі. 342. Оттық пен газ жолдарын желдетуден кейін қазандықты резервке тоқтатқан кезде үрлегіш машиналар 15 минуттан көп емес тоқтатылады; газ ауа құбырларындағы барлық ажыратушы шиберлер, тесіктер, кіші люктер, сондай-ақ үрлеуіш машиналардың басқарушы аппараттары тығыздап жабылады. 343. Қыс мезгілінде резервте немесе жөндеуде тұрған қазандықта ауа температурасына бақылау орнатылады. Қазандықтағы (немесе сыртқы – ашық құрастыру кезінде) ауа температурасы 0 0С-тан төмен болған кезде оттық пен газ жолдарында, барабан маңындағы жабындыларда, үрлеу жəне дренаждау құрылғыларының аймағында, калофирлерде, импульстық желілер мен БӨҚ датчиктерінде оң ауа температурасын қолдауға шаралар қолданылады, сондай-ақ қазандықтардағы суды жылыту немесе оны экрандық жүйе арқылы айналдыру ұйымдастырылады. 344. Тоқтағаннан кейін қазандықтарды салқындату режимі оларды жөндеуге енгізу кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен анықталады. Табиғи айналымдағы қазандықтарды ауыр үрлеу машиналарымен салқындатуға жоғарғы жəне төменгі барабан жасаушы металл температурасының жол берілетін айырмасын қамтамасыз етілген кезде рұқсат етіледі. Барабандағы су деңгейін ұстап тұратын жəне ұстайтын режимдерге жол беріледі. Тура ағынды қазандықтарды суытуды тоқтағаннан соң тікелей жүргізуге болады. 345. Кезекші персоналдың тоқтатылған қазандықты қадағалауы ондағы қысым толық төмендегенге жəне электр қозғалтқыштарынан кернеуді алып тастағанға дейін ұйымдастырылады; ауаны жылыту мен шығарылатын газдар аймағында газ бен ауа температурасын бақылау тоқтағаннан кейін 24 сағаттан ерте емес тоқтатылуы мүмкін. 346. Қазандықтар қатты немесе газ тəрізді отынмен жұмыс істеген кезде, мазут резервтік немесе тұтату отыны болып табылса, мазут шаруашылығы мен мазут құбырларынын схемалары мазутты қазандықтарға жедел жеткізуді қамтамасыз ететін күйде болуы тиіс 347. Қазандық айналасында мазут құбыры немесе газ құбыры жарылған немесе мазуттың (газдың) қатты ағуы байқалған кезде отынның зақымданған учаскілерден кетуін тоқтату үшін мазут сорғыларды ажырату жəне ГРП-де тиекті арматураны жабуға дейінгі, сондай-ақ өрт немесе жарылыстың алдын алу үшін барлық шаралар қолданылады. 348. Қазандық: 1) барабандағы судың деңгейінің жол берілмейтін жоғарылауы немесе төмендеуі немесе барабандағы су деңгейін бақылаушы барлық құралдар істен шыққан кезде; 2) қазандықтың күшейтілген қорегіне қарамастан, барабандағы су деңгейі жедел төмендеген кезде; 3) тура ағынды бу жəне су жылыту қазандықтарының қоректік суының барлық шығыстарын өлшеушілер істен шыққан (егер қоректі реттеуді талап ететін режимнің бұзылуы туындаса) немесе тура ағынды қазандықтың қандай да бір ағымдарының қоректенуі 30 секундтан тоқтаған кезде; 4) барлық қоректік құрылғылар (сорғылар) қызметтері тоқтаған кезде; 5) бу-су трактісіндегі қысым жол берілмейтін артуы кезінде; 6) 50 % артық сақтандыру қақпақшаларының немесе оларды алмастыратын сақтандыру қақпақшаларының қызметтері тоқтаған кезде; 7) тура ағынды қазандық трактісіндегі қысымның орнатылған ысырмаға дейін жол берілмейтін көтерілуі немесе төмендеуі кезінде; су жылыту қазандық трактісіндегі қысымның 10 секундтан артық жол берілмейтін төмендеуі кезінде; 8) бу-су трактісі құбырларының жарылуы немесе қазандықтың негізгі элементтерінде (барабанда, коллекторларда, шығару циклондарда, бу жəне суды ағызу, сондай-ақ суды ағызу құбырларында) бу желілерінде, қоректендіруші құбыржолдарында жəне бу-су арматурасында сызаттар, ісінулер байқалған кезде; 9) оттықтағы алауды өшіру кезінде; 10) реттейтін қақпақшалар сыртындағы газ немесе мазут қысымының жол берілмейтін төмендеуі кезінде (қазандықтың осы отынының түрлерінің бірінде жұмыс істеуі кезінде); 11) реттейтін қақпақшалар сыртындағы газ немесе мазут қысымының (оларды бірге жағу кезінде) өндірістік нұсқаулықта белгіленген шектерден бір уақытта төмендеуі кезінде; 12) барлық түтін сорғыштар (күші теңдестірілген қазандықтар үшін) немесе үрлеуші желдеткіштердің не барлық регенеративтік ауа жылытқыштардың ажырауы кезінде; 13) оттықта жарылыс болған, газ құбырлары мен күл ұстайтын құрылғыда өрт шыққан немесе жарылыс болған, қазандық қанқасының немесе бағаналарының тасымалдаушы арқалықтары қызған, сондай-ақ персоналға немесе жабдықтарға қауіп төндіретін басқа да зақымданулар кезінде; 14) аралық бу жылыту арқылы бу шығыны азайған кезде; 15) су жылыту қазандығы арқылы су шығыны ең төменгі жол берілетінен 10 секундтан артық төмендеуінде; 16) су жылыту қазандығынан шығардағы су температурасының жол берілетіннен артық көтерілуі кезінде; 17) персоналға, жабдыққа немесе қазандықты қорғау схемасына кіретін ажыратушы арматураны қашықтықтан басқару тізбегіне қауіп төндіретін өрт кезінде; 18) қашықтықтан жəне автоматтандырылған басқару құрылғыларында немесе барлық бақылауөлшеу құралдарында кернеудің жоғалуы кезінде; 19) қазандық аясында мазут құбырларының немесе газ құбырларының жарылуы кезінде жедел тоқтатылады жəне сөндіріледі. 349. Қазандық электр станциясының техникалық басшысының өкімі бойынша: 1) жылытқыштың беткі, қазандықтың бу жəне су ағатын, сондай-ақ су ағатын құбырларында, бу құбырларында, коллекторларда, қоректендіруші құбыржолдарында қаяулар, сондай-ақ арматурада, ернемекті жəне жаншыл қақтаумен бірікпелерде ақпалар мен булану байқалған кезде; 2) қазандықтың беткі металы температурасының жол берілмейтін артуы кезінде, егер температураны қазандықтың жұмыс режимін өзгерте отырып төмендетуге болмаса; 3) қазандық барабанында су деңгейін қашықтықтан көрсеткіштердің барлығы істен шыққан кезде; 4) белгіленген нормалармен салыстырғанда қоректік су сапасының тез арада төмендеуі кезінде; 5) тозаңды көмір қазандықтарында күл ұстау қондырғылар жұмысы тоқтаған кезде; 6) қашықтықтан жəне автоматты басқарудың жекелеген қорғаулардың немесе құрылғылардың жəне бақылау-өлшеу құралдарының жарамсыздығы кезінде тоқтатылады. Бу-турбиналық қондырғылар 350. Бу-турбиналық қондырғыларды пайдалану кезінде: 1) негізгі жəне қосалқы жабдық жұмысының сенімділігі; 2) номиналдық электр жəне жылу жүктемесін қабылдауға жəне оларды техникалық минимумға дейін өзгертуге қабылдауға əзірлік; 3) негізгі жəне қосалқы жабдық үнемділігінің нормативтік көрсеткіштері қамтамасыз етіледі. 351. Турбинаны автоматты реттеу жүйесі: 1) берілген электр жəне жылу жүктемесін тұрақты түрде жəне олардың жаймен өзгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету; 2) турбина роторының айналым жиілілігін бос жүрісте нық қолдау жəне будың номиналды жəне іске қосу параметрлері кезінде оны жаймен өзгерту (турбинаны басқару тетігінің жұмыс диапазоны шегінде); 3) турбина роторының айналу жиілігін номиналды параметрлерінде будың барынша көп шығынына жəне турбинаның төменгі қысым бөлігіде будың барынша көп шығынына сəйкес электрлік жүктемені (оның ішінде генераторды тораптан ажырату кезінде) нөлге дейін күрт түсірген кезінде қауіпсіздік автоматы іске қосылатын күй деңгейінен төмен ұстау талаптарын қанағаттандырады. 352. Бу турбиналарын реттеу жүйесі жұмысының параметрлері турбиналарды қоюдың техникалық шарттарына сəйкес болуы тиіс. 1991 жылдғы 01 қаңтардан бұрын шығарылған пайдаланылып жүрген турбиналардың барлық паркі үшін, сондай-ақ осы параметрлер мəніндегі шетел фирмаларының турбиналары осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген мəндерге сəйкес келуі тиіс. Реттелетін іріктемелерде бу қысымын жəне қарсы бу қысымын реттеудің біркелкі емес деңгейі турбиналарды дайындаушы-зауытпен келісілген тұтынушылар талаптарын қанағаттандырады жəне сақтандыру клапандарының (құрылғыларының) іске қосылуына жол берілмейді. 353. Реттеу жəне турбинаны айналым жиілігінің артуынан қорғау жүйесінің барлық тексерулері мен сынақтары турбиналарды дайындаушы зауыттардың нұсқаулық талаптарына сəйкес орындалады. 354. Қауіпсіздік автоматы турбина роторының айналым жиілігі номиналдыдан 10-12 %-ғы немесе дайындаушы зауыт көрсеткен мəнге дейін артқан кезде іске қосылады. Қауіпсіздік автоматы іске қосылған кезде: 1) жаңа бу мен өндірістік қызып кету буының тоқтатушы, реттеуші (тоқтатушы-реттеуші) қақпақшалар; 2) тоқтатушы (бөлуші), реттеуші жəне кері қақпақшалар, сондай-ақ реттеуші диафрагмалар мен бу іріктеуші жапқыштар; 3) будың сыртқы көздері бар байланыстырушы бу желілеріндегі бөлуші қақпақшалар жабылады. 355. Егер дайындаушы зауыттың арнайы нұсқаулары болмаса айналым артуынан жиілігінің өсуінен турбинаны қорғау жүйесі (оның барлық элементтерін қоса алғанда) мынадай жағдайларда: 1) турбинаны монтаждаудан кейін; 2) турбинаны күрделі жөндеуден кейін; 3) генераторды желіден ажырата отырып, жүктемені реттеу жүйесін сынау алдында; 4) қауіпсіздік автоматын бөлшектеуден кейін; 5) турбинаның ұзақ уақыт (30 тəуліктен артық) тұруынан кейін; 6) реттеу жүйесін немесе оның жекелеген тораптарын бөлшектеуден кейін; 7) жоспарлы тексеру кезінде (4 айда 1 реттен кем емес) айналым жиілігінің артуымен сыналады. Осы тармақтың 6) жəне 7)-тармақшаларында көзделген жағдайларда айналым жиілігін арттырмай қорғаныш сынағына, бірақ барлық тізбектері қызметін міндетті тексере отырып жол беріледі. Айналым жиілігін арттыра отырып, турбинаның қорғаныш сынағы цех бастығының немесе оның орынбасарының басшылығымен жүргізіледі. 356. Жаңа буды жəне өндірістік қызып кету буын тоқтатушы жəне реттеуші клапандары тығыз болуы тиіс. Жаңа буды, сондай-ақ өндірістік қызып кету буын тоқтатқыш жəне реттеуші қақпақшалардың тығыздылығы əрбір топты жекелеп сынай отырып тексеріледі. Тығыздылық өлшемі ретінде осы қақпақшалар алдында будың толық (номиналды) немесе ішінара қысымы кезінде тексерілетін қақпақшалар толығымен жабылғаннан кейін орнатылатын турбиналар роторының айналым жиілігі пайдаланылады. Айналым жиілігінің жол берілетін мəні дайындаушы зауыттың нұсқаулығымен анықталады. Барлық тоқтатушы жəне реттеуші қақпақшалардың бір уақытта жабылуы кезінде жəне жаңа бу мен қысымға қарсы (вакуум) номиналды параметрлернде олар арқылы буды өткізу турбина роторының айналуына алып келмеуі тиіс. Қақпақшалардың тығыздығын тексеру турбинаны монтаждаудан кейін, айналым жиілігін арттыру қауіпсіздігінің автоматын сынау алдында, турбинаны күрделі жөндеуді тоқтату алдында, одан кейінгі іске қосу кезіңде жылына 1 рет жүргізілуі тиіс. Турбинаны пайдалану процесінде қақпақшалардың тығыздығының төмендеу белгілері (турбинаны іске қосу немесе тоқтату кезінде) анықталған кезде олардың тығыздылығын кезектен тыс тексеру жүргізіледі. 357. Жаңа бу мен өндірістік қызып кету буының тоқтатушы (бөлуші) жəне реттеуші қақпақшалары, буды сүзудің тоқтатушы (бөлуші) жəне реттеуші клапандары (диафрагмалар), сыртқы көздері бар бу желілерінде бөлуші қақпашалар байланысты таралуы тиіс: 1) толық жүріске – турбинаны іске қосу алдында жəне өндірістік нұсқаулық немесе дайындаушы зауыттың нұсқаулығымен көзделген жағдайларда; 2) жүріс бөлігіне – тəулік сайын турбина жұмысы кезінде таралуы тиіс. Қақпақшаларды толық жүрісі кезінде олардың жүрісі мен жымдасу жатқыштығы бақыланады.

(Жалғасы 13-бетте).


(Жалғасы. Басы 10 – 12-беттерде). 358. Реттелетін кері қалпақшалардың тығыздылығы мен осы іріктеулердің сақтандыру қалпақшаларының іске қосулуы жылына кемінде 1 рет жəне турбинаны жүктеме түсіруге сынау алдында тексеріледі. Басқа турбиналар іріктеулерімен, редукциялық-суыту қондырғылары, мен (бұдан əрі – РСҚ) жəне будың басқа да көздерімен байланысты емес будың реттелетін жылыту іріктеулерінің кері қалпақшаларын егер дайындаушы зауыттардың арнайы нұсқаулықтары болмаса, қалпақшаларын тығыздығын тексеруден өткізбеуге жол беріледі. Барлық іріктеулердің кері қалпақшаларын орнату турбинаның əрбір іске қосылуы алдында жəне тоқтатылуы кезінде қалыпты жұмысқа, электр станциясының техникалық басшысың айқындайтын кесте бойынша мерзімді, бірақ 4 айда кемінде 1 рет тексеріледі. Кері қалпақшаларының жарамсыздығы кезінде буды тиісті іріктеуімен турбина жұмысына жол берілмейді. 359. Тоқтатушы (қорғаушы, бөлуші) қалпақшалардың жабылу уақытын тексеру, сондай-ақ тоқтатылған турбинадан реттеу жүйесінің сипаттамасын алу осы Қағидалардың 352-тармағының талаптарына жəне өндіруші зауыт талаптарына сəйкес орындалады: 1) турбинаны монтаждаудан кейін; 2) турбинаны күрделі жөндеге дейін немесе кейін не болмаса реттеу немесе бу тарату жүйесінің негізгі тораптарын жөндеу кезінде орындалады. Статистикалық сипаттаманы жасау үшін қажетті турбинаның жүктемедегі жұмыстары кезінде реттеу жүйесінің сипаттамаларын алу: 1) турбинаны монтаждаудан кейін; 2) турбинаны күрделі жөндеу жұмысынан немесе реттеу немесе бу тарату жүйесінің негізгі тораптарын жөндеу жұмысынан кейін орындалады. 360. Будың барынша шығынына сəйкес жүктемені тез түсірумен турбинаны реттеу жүйесін сынау: 1) монтаждаудан кейін турбиналарды пайдалануға қабылдау кезінде; 2) турбоагрегаттың динамикалық сипаттамасын немесе реттеу жүйесінің динамикалық жəне статистикалық сипаттамасын өзгертетін қайта жабдықтаудан кейін орындалады. Электргидравликалық қайта түрлендірушілермен (бұдан əрі – ЭГТ) жабдықталған сериялық турбиналарды реттеу жүйесін сынау генераторды желіден ажыратпай жүктемені бумен түсіру жолымен (тек реттеуші қалпақшаларды тез жабу жолымен) жүзеге асырылуы мүмкін. Қайта жабдықтауға ұшыраған турбиналардың бас үлгілері мен турбиналардың бірінші үлгілерінде (агрегаттың динамикалық сипаттамасын немесе реттеу сипаттамалардың өзгерте отырып), ЭГТ-мен жабдықталмаған барлық турбиналарында сынақтар желіден генераторды түсіре отырып жолымен электр жүктемесін түсіре отырып жүргізіледі. 361. Реттеу мен қорғаудың іс жүзіндегі сипаттамаларының нормативтік мəндерден ауытқушылықтары айқындалған, қалпақшалар жабдықталуының өндіруші зауыт немесе жергілікті нұсқаулықта корсетілгеннен көп артуы немесе олардың тығыздылығының нашарлауы байқалған кезде ауытқушылықтардың себептері айқындалады жəне жойылады. 362. Жұмысқа қуатты шектеуішпен енгізілген турбиналарды пайдалану электр станциясының техникалық басшысының рұқсатымен турбина қондырғысының механикалық жай-күйінің жағдайлары бойынша ғана уақытша шара ретінде жол беріледі. Бұл ретте турбина жүктемесі шектеудің 5 %-тен кем болмауы тиіс. 363. Турбина қондырғысының маймен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезінде: 1) барлық режимдерде агрегаттар жұмысының сенімділігі; 2) өрт қауіпсіздігі; 3) майдың нормативті сапасы жəне температуралық режимді ұстап тұру; 4) майдың ағып кетуін жəне оның салқындату жүйесі мен қоршаған ортаға түсуін алдын алу қамтамасыз етіледі. 364. Резервтік жəне авариялық май сорғылары жəне оларды автоматты қосу құрылғылары турбоагрегаттың жұмысы кезінде, сондай-ақ оның əрбір іске қосылуы жəне тоқтатылуы алдында айына 2 рет тексеріледі. Майлау жүйесінің жұмыс істейтін май сорғышының жеке электржетегі бар турбиналары үшін тоқтату алдында резервтік автоматты қосуын (бұдан əрі – РАҚ) тексеру жүргізілмейді. 365. Турбоагрегатта май жануының дамуын алдын алу жүйесімен жабдықталған турбиналарда жүйенің электр схемасы турбинаны салқын күйден іске қосу алдында тексеріледі. 366. Генераторды майлау, реттеу жəне тығыздау жүйесінің желісіне орнатылатын тиекті арматура, қате қосылуы жабдықтың тоқтап қалуына немесе зақымдануына алып келуі мүмкін жұмыс күйінде пломбаланады. 367. Конденсациялық қондырғыны пайдалану кезінде конденсатордағы нормативті температуралық қысымдар мен конденсат сапасының нормаларын сақтай отырып пайдаланудың барлық режимдерінде турбинаның үнемді жəне сенімді жұмысымен қамтамасыз етіледі. 368. Конденсациялық қондырғыны пайдалану кезінде: 1) конденсатор ластануының алдын алу жөнінде профилактикалық шаралары (химиялық жəне физикалық əдістермен салқындататын түйіршік суды өңдеу, тазалаушы қондырғыларды қолдану); 2) салқындатудың жоғарғы бетінің ластануынан өңделген бу қысымының 0,005 кгс/см2-ға (0,5 кПа) нормативтік мəндермен салыстырғанда арттыру кезінде конденсаторларды мерзімді тазалау; 3) салқындатудың жоғарғы беті мен конденсатордың құбыр тақташаларының таза болуын бақылау; салқындатқыш су шығынын бақылау (шығынды тікелей немесе конденсаторлардың жылу балансы бойынша өлшей отырып), салқындатушы су шығынын оның температурасына жəне конденсатордың бу жүктемесіне сəйкес оңтайландыру; 4) вакуум жүйесінің тығыздылығын тексеру жəне оны тығыздау; 5) конденсатор бу жүктемесінің 40-100 % өзгеру дипозонында ауа сорғысы (кг/сағ) Gв = 8 + 0,065N формуласы бойынша анықталатын мəндерден жоғары болмауы тиіс; мұндағы N – конденсациялық режимдегі турбоқондырғының номиналды электр қуаты, МВт; 6) конденсаторыдың су тығыздылығын конденсаттағы тұз құрамынын жүйелі бақылау жолымен тексеру; 7) конденсат сорғыларынан кейін конденсаттағы оттегі құрамын тексеру жүргізіледі. Конденсациялық қондырғы жұмысын, оның мерзімділігін бақылау əдістерді пайдаланудың нақты шарттарына байланысты тиісті нұсқаулығымен анықталады. 369. Регенерация жүйесі жабдықтарын пайдалану кезінде: 1) əрбір жылытқышта қоректік су (конденсат) температурасының нормативтік мəндері жəне оның соңғы жылытуы; 2) жылу алмасу аппараттарының сенімділігі қамтамасыз етіледі. Регенерация жүйесінің жылытқыштарында қоректі судың (конденсаттың) жылытылуы, температуралық арыны, жылытылатын бу конденсатының салқындатылуы турбоқондырғының күрделі жөндеуге дейін жəне кейін, жылытқыштар жөндеуден кейін жəне кесте бойынша мерзімді (айына 1 рет) тексеріледі. 370. Жоғары қысымды жылытқышты (бұдан əрі – ЖҚЖ) пайдалануға: 1) оның қорғау элементтерінің болмауы немесе жарамсыздығы; 2) деңгейді реттейтін қалпақшаның жарамсыздығы кезінде жол берілмейді. Авариялық қоршаумен байланыстырылған ЖҚЖ топтарын пайдалануға: 1) қандайда бір ЖҚЖ-та қорғау элементтерінің болмауы немесе жарамсыздығын; 2) кез келген ЖҚЖ деңгейі реттеуші қалпақшаның жарамсыздығы; 3) кез келген ЖҚЖ-нен жұптары бойынша ажыратылуы кезінде жол берілмейді. ЖҚЖ немесе ЖҚЖ тобы қорғаудың немесе деңгей реттеуші қалпақшаның (бұдан əрі – ДРҚ) жарамсыздығы кезінде жедел ажыратылады. ДРҚ-дан басқа қандайда бір автоматты реттеу жүйесі элементтерінің жарамсыз жай-күйі жəне жұмыс істеп тұрған жабдықтағы ақауы жедел жоюдың мүмкін еместігі кезінде жылытқыш (немесе ДРҚ тобы) энергиялық объектінің техникалық басшысы айқындайтын мерзімде істен шығарылады. 371. Автоматты резервтегі резервтік қоректік сорғылар, сондай-ақ басқа да сорғы агрегаттары жарамды жəне шығу құбыржолдарынды ашық ысырмаларымен іске қосуға əрдайым дайын болуы тиіс. Олардың қосылуын тексеру жəне жұмыс істеп тұрған сорғымен резервтікке жоспарлы ауысу кесте бойынша, бірақ айына кемінде 1 рет жүргізіледі. 372. Турбинаны орта немесе күрделі жөндеуден немесе салқын күйінен кейін іске қосар алдында негізгі жəне қосалқы жабдықтың, блоктаудың, технологиялық қорғау, қашықтықтан жəне автоматты басқару құралдарының, бақылау-өлшеу құрылғыларының, ақпарат жəне оперативті байланыс құралдарының жарамдылығы мен іске қосылуға дайындығы тексеріледі. Бұл ретте анықталған жарамсыздықтар жойылады. Агрегаттың басқа жылу жай-күйінен іске қосылуы кезінде қорғау жəне блоктау құралдары өндірістік нұсқаулыққа сəйкес тексеріледі. Турбинаны іске қосуды цех ауысымының бастығы немесе аға машинист, ал оны күрделі немесе орта жөндеуден кейін цех бастығы немесе оның орынбасары басшылық етеді. 373. Турбинаны іске қосуға: 1) турбинаның жылу жəне механикалық жай-күйі көрсеткіш жол берілмейтін мəндерден ауытқыған кезде; 2) турбина тоқтауына əсерін тигізетін қорғаудың қандай да біреуінің жарамсыздығы кезінде; 3) турбина екпініне алып келуі мүмкін реттеу бу тарату жүйелерінің ақаулары анықталған кезде; 4) майлау, реттеу, генератор мен олардың РАҚ құрылғыларын тығыздаудың май сорғыларың бірінің жарамсыздығы; 5) пайдаланушылар майға нормасынан май сапасының ауытқуы өндеуші зауыт белгілеген шегінен төмен май температурасының төмендеуі кезінде; 6) химиялық құрамы бойынша нормалардан жаңа бу сапасынан ауытқуы кезінде жол берілмейді. 374. Бұралмалы білігі бар құрылғыны іске қоспастан, турбина бетіне бу жіберуіне, ыстық сумен будын конденсаторға жіберілуіне, турбинаны жылыту үшін бу жіберілуіне жол берілмейді. Бұралмалы білігі бар құрылғысы жоқ турбинаға бу жіберу жағдайлары өндірістік нұсқаулықпен айқындалады. Конденсаторға қазандықтан немесе бу құбырларынан жұмыс ортасын тастау жəне оны іске қосу үшін бу жіберу немесе турбина өндіруші зауыттардың басқа құжаттарында нақты нұсқаулықтарда көрсетілген конденсатордағы бу қысымында, бірақ 0,6 кгс/см2 -ден (60 кПА) жоғары емес жүзеге асырылады. 375. Турбоагрегаттарды пайдалану кезінде мойынтірек тіреуішінің дірілді жылдамдығының орта квадраттық мəні 4,5 мм-с–1 жоғары болмауы тиіс. Дірілдің нормативтік мəнінің артуы кезінде 30 тəуліктен аспайтын мерзімде оны төмендету шаралары қабылданады. 7,1 мм-с–1 жоғары діріл кезінде турбоагрегаттарды 7 тəуліктен артық пайдалануға жол берілмейді, ал 11,2 мм-с–1 діріл кезінде турбина қорғаныс немесе қол əрекетімен ажыратылады. Егер белгіленген режимде бір уақытта кенеттен бір ротордың екі немесе аралас тіреуіштерінің бір тіреуіне дірілі екі компонентінің кез келген бастапқы деңгейдей бір кері жилігінің дірілінің 1мм-с– 1 -ге өзгеруі байқалса, турбина дереу тоқтатылады. Егер мойынтірек тіреуіштерінің біреуі дірілдің қандай да бір компонентінің 2 мм-с–1-ге жаймен өсуі 1-3 тəулік ішінде болса, турбина босатылады жəне тоқтатылады. Төмен жиілікті діріл кезінде турбоагрегаты пайдалануға жол берілмейді. 1 мм-с–1 асатын төмен жиілікті діріл байқалған кезде оны жою үшін шаралар қолданылады. Қажетті аппаратуралармен жабдықталғанға дейін уақытша, дірілмен ауыстырудың өрісі бойынша дірілді бақылауға рұқсат беріледі. Бұл ретте 3000 айн/мин айналым жиілігі кезінде 30 мкм дейін жəне 1500 айн/мин айналым жиілігі кезінде 50 мкм дейін тербелу өрісі кезінде ұзақ уақыт пайдалануға жол беріледі; дірілдің 1-2 мм-с–1 баламалы түрде 3000 айн/мин айналым жиілігі кезінде 10-20 мкм мен 1500 айн/мин айналым жиілігі кезінде 20-40 мкм тербелу өрісіне өзгертуіне жол беріледі. 50 МВт жəне одан да жоғары қуатты турбоагрегаттар дірілін мойынтірек тіреуіштерінің дірілін үздіксіз бақылаудың стационарлық аппаратура сынақ көмегімен өлшенуі жəне тіркелуі қажет. Турбогенераторлар дірілін үздіксіз бақылаудың қуаты 50 МВт кем стационарлық аппаратурасын орнатқанға дейін жылжымалы құралдарды пайдалануға жол беріледі. Бақылау мерзімділігі турбоагрегаттың діріл жай-күйіне байланысты өндірістік нұсқаулықпен, бірақ айына кемінде 1 рет белгіленеді. 376. Турбинаның ағу бөлігінің жай-күйіне жəне оның тұзбен араласуын бақылау үшін турбинаның бақылау деңгейлеріндегі бу қысымының мəндері айына кемінде 1 рет бақыланатын бөліктер арқылы тексеріледі. Номиналды қысыммен салыстырғанда соңғы сатылардағы қысымның артуы осы бу шығынынан 10 %-дан артық болмауы тиіс. Бұл ретте қысым өндіруші зауыт белгілеген шекті мəндерден аспауы тиіс. Бақылаушы деңгейлерде тұзбен араласуынан қысымның шекті мəндеріне жеткен кезде турбинаның ағу бөлігін жуу немесе тазалау керек. Жуу немесе тазалау тəсілі қалдықтар құрамы мен шынайы жағдайлардан шыға отырып таңдалып алынады. 377. Пайдалану процесінде турбоқондырғылардың үнемділігі əрдайым жабдық жұмысын сипаттайтын көрсеткіштер жүйелі талдау жолымен бақыланады. Турбоқондырғылардың үнемділігін төмендетудің себептерін анықтау, жөндеу жұмысының тиімділігін бағалау үшін жабдықтың пайдалану (экспресс) сынақтары жүргізіледі. Турбиналық жабдық жұмысы көрсеткіштерінің нормативті көрсеткіштерден ауытқыған кезде жабдық ақаулары мен пайдалану кемшіліктері жойылады. Турбиналардың бас үлгілері жəне қайта жаңарту немесе жаңғырту жүргізілген турбиналар теңгерімдік сынақтарға ұшырайды. 378. Тиісті қорғаулар болмаған немесе жұмыс істемей қалған кезде персоналмен ажыратқышқа (авариялық ажырату батырмасы) басу арқылы турбина: 1) қауіпсіздік автоматының іске қосылу қондырғысынан тыс ротор айналымының жиілігі артқан кезде; 2) ротордың жол берілмейтін осьтік қозғалуы кезде; 3) цилиндрлерге қатысты роторлар орналасуының жол берілмейтін өзгертуі кезінде; 4) майлау жүйесіндегі май қысымы (өртке төзімді сұйықтық) жол берілмейтін деңгейге төмендеген кезде; 5) май багындағы май деңгейінің жол берілмейтін төмендеуі кезінде; 6) кез келген мойынтіректен, генератор білігінің тығыздаушы мойынтірегінен, турбоагрегаттың тығыздаушы мойынтіректері кез келген қалпынан ағызуда май температурасы шектен тыс көтерілген кезде; 7) турбоагрегаттағы майдың жану кезінде; 8) турбогенератор білігін тығыздау жүйесінде «май-сутегі» қысымдар айырмаларының жол берілмейтін төмендеуі кезінде; 9) турбогенератордың білігін тығыздаудың маймен жабдықтау жүйесінің демпфер багында жол берілмейтін май деңгейінің төмендеуі кезінде; 10) турбогенераторды сумен салқындату жүйесінің барлық май сорғыларын ажыратылуы кезінде; 11) ішкі зақымданудан турбогенератордың ажырауы кезінде; 12) конденсатордағы қысымның жол берілмейтін көтерілуі кезінде; 13) қарсы қысымды турбиналардың соңғы сатысындағы қысымның жол берілмейтін айырмасы кезінде; 14) турбоагрегат дірілінің кенеттен артуы кезінде; 15) турбина немесе турбогенератордың ішінде металл дыбыстары мен ерекше шу пайда болған кезде; 16) турбина немесе турбогенератор мойынтіректері мен соңғы тығыздауында ұшқындар немесе түтін пайда болған кезде; 17) жаңа будын немесе өндірістік қыздырудан кейінгі бу температурасының төмендеуі кезінде; 18) жаңа бу өткізгіштерінде, өндірістік қайта қыздыру немесе турбинада гидравликалық соққы пайда болған кезде; 19) май құбырлары мен бу – су трактісі құбыржолдарының ажыратылмайтын учаскелерінде, тарату тораптарында жарылу немесе тесіп өтетін сызат байқалған кезде; 20) турбогенератор статоры арқылы салқындатқыш су ағыны тоқтаған кезде; 21) газ суытқыштарында салқындатқыш су шығыны шектен тыс төмендеген кезде; 22) қашықтан жəне автоматты басқару қондырғыларында немесе барлық бақылау-өлшеу құралдарында кернеу жоғалған кезде дереу ажыратады. Турбинаны ажырату кезінде вакуумды жұлу қажеттілігі өндіруші зауыт нұсқаулықтарына сəйкес өндірістік нұсқаулықпен айқындалады. Өндірістік нұсқаулықта агрегат бойынша бақыланатын шамалар мəндерінің жол берілмейтін ауытқулары туралы нақты нұсқаулар көрсетіледі. 379. Турбина электр станциясының техникалық басшысы айқындайтын мерзімде босатылады жəне тоқтатылады: 1) жаңа бу немесе өндірістік қыздырудан кейінгі буды тоқтату қалпақшалар қажалған кезде; 2) реттеуші клапандар қажалған немесе олардың сояуыштары үзілген кезде, бұрылыс диафрагмалары немесе кері айналма клапандары қажалған кезде; 3) реттеу жүйесінде олқылықтар болған кезде; 4) егер турбиналарды тоқтатпай бұзушылық себебін жою мүмкін болмаса, қондырғылардың схемалары мен коммуникациялары, қосалқы жабдықтарының əдеттегі жұмысы бұзылған кезде; 5) 7,1 мм-с–1 астам тіреуіш дірілін арттырған кезде; 6) жабдықтың тоқтауына əсер ететін технологиялық қорғанулар жарамсыздығы анықталған кезде; 7) өрттің туындауына қауіп туғызатын мойынтіректерден, құбырлар мен арматуралардан майдың

13

www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

ағуы байқалған кезде; 8) бу-су трактісінің құбыржолдары учаскелерін жөндеу үшін ажыратылмайтын құйма байқалған кезде; 9) химиялық құрамы бойынша жаңа бу сапасы нормадан ауытқыған кезде; 10) мойынтіректердің картерлерінде, ток сымдарында, май багында сутегінің шектен тыс концентрациясы байқалған кезде, сондай-ақ турбогенератор корпусынан сутегінің кемуін ағып кету нормасынан асып кетуі байқалған кезде. 380. Əрбір турбина үшін шығарылған бу қысымды тоқтатылыған кезде жəне вакуумның бүлінуімен тоқтатылған кезде ротордың жүріс ұзақтығы анықталуы тиіс. Осы ұзақтылықтың өзгеруі барысында ауытқу себептері айқындалады жəне жойылады. Айналымнан шығу ұзақтығы турбина агрегатының барлық тоқтаулары кезінде бақылануы тиіс. 381. Резервке 7 жəне одан да көп тəулікке турбиналарды шығару кезінде турбоқондырғылардың жабдықтарына консервациялау шаралары қолданылады. Консервациялау əдісі электр станциясы басшысының нақты талаптарына сай таңдалып алынады. 382. Жеткізуге арналған техникалық талаптарында қарастырылмаған схемалар мен режимдері бар турбиналарды пайдалану дайындаушы зауыттың рұқсатымен ғана жол беріледі. 383. Электр станцияларындағы турбиналық жабдықтарды қайта жаңарту мен жетілдіру жұмыстары дайындаушы зауытпен келісіледі. Электр станцияларындағы турбиналық жабдықтарды қайта жаңарту мен жетілдіру барысында басқару автоматизациясының барынша жоғарғы деңгейі мен жөндеу жарамдылығының жоғары көрсеткіштері қарастырылады. Жылу электр станцияларының блок қондырғылары 384. Блок қондырғыларды пайдалану барысында осы Қағидалардың 337, 382, 648 жəне 708-тармақтарының талаптары орындалады жəне энергия жүйесінің қалыпты жəне авариялық режимдері (диспетчерлік кестеге сəйкес) кезіндегі жиілігі мен қуаттылығын реттеуге олардың қатысуын қамтамасыз етеді. 385. Жүктеменің диспетчерлік кестесін жабу үшін реттеуіш диапазондағы энергетикалық блок жүктемесінің өзгерістері қамтамасыз етіледі жəне қажет болған жағдайда резервтегі тоқтату жəне энергетикалық блокты түрлі жылу күйінде іске қосу режимдері техникалық минимумдарға дейінгі өзгерістер қамтамасыз етіледі 386. Конденсатор арқылы айналма суды толықтай пайдаланып жұмыс істейтін жылытқыш энергетикалық блоктар жіберілетін жылудың берілген көлемін сақтаумен электрлік жүктемелердің диспетчерлік кестесін жабу үшін қолданылуы мүмкін. Конденсатордың кіріктірілген түйінінде немесе төменгі қысымды цилиндрлерді (бұдан əрі – ТҚЦ) кесіп жұмыс істейтін жылытқыш энергетикалық блоктар электрлік жүктемелер кестесінің ауыспалы бөлігін жабу үшін жұмсалмауы тиіс. Ерекше жағдайларда көрсетілген энергетикалық блоктарды жылу жүктемесінен резервтік көздерге алмастыру арқылы босатуға болады. Жүктемелердің ауыспалы кестесін өтеуге пайдаланылмайтын жылытқыш энергетикалық блоктардың санын олар қарамағында болатын диспетчер анықтайды. 387. Энергетикалық блоктың реттеуіш диапазонының төменгі шегі жұмыс істеп тұрған жабдықтың құрамын өзгеріссіз сақтау шарттарына жəне автоматты реттеу жүйелерінің жұмысына байланысты орнатылуы қажет. Энергетикалық блоктарды пайдалану кезінде олардың жүктеменің техникалық минимумында жұмыс жасай алу мүмкіндігі болуы қажет, ол үшін жұмыс жасап тұрған жабдықтың құрамын өзгертуге жəне жеке автоматтық реттеуіштерді сөндіруге рұқсат етіледі. Реттеу диапазонының төменгі шегі мен жүктеменің техникалық минимумы өндірістік нұсқаулықта көрсетіледі жəне диспетчерлік қызметке хабарланады. 388. Реттеу диапазонының төменгі шегіне немесе жүктеменің техникалық минимумына сəйкес энергетикалық блокты жүктеуде жаңа бу мен өндірістік қыздырудан кейінгі бу температурасының төмендеуі дайындаушы зауыттардың берген жабдық температурасынан артық болмауы тиіс. 389. Реттеу диапазонында энергетикалық блок жүктемесін өзгертудің шекті жылдамдығы реттеуші диапозонындағы қуаты 160-800 МВт энергетикалық блок жұмысы барысында жүктеме өзгеруінің шекті мүмкін болатын жылдамдығы нормасының негізінде орындалуы тиіс. 390. Жаңа будың бірқалыпты қысымды жұмысы үшін жобаланған энергетикалық блоктар арнайы сынақтарды жүргізуден жəне қазандықтарды дайындаушы-зауыттар режимімен келіскеннен кейін турбиналардың жоғары қысымды цилиндрлерінің (бұдан əрі – ЖҚЦ) реттеуші қысымының толық ашық бөліктерімен жылжымалы қысым режимінде пайдаланылуға жол беріледі. Бұл ретте жергілікті нұсқаулықтарға тиісті толықтырулар енгізіледі. 391. Блокты тұссыздандырылған қондырғылармен (бұдан əрі – БТҚ) жабдықталған жылыту энергетикалық блоктарында желілік жылытқыштың жылытатын бу конденсаты осы жылытқыштардың құбыр жүйесінің тығыздылығының бұзылуы кезінде ғана БТҚ арқылы бағытталады. 392. Түнгі уақыттағы резервтегі энергетикалық блоктарының тоқталымдары жабдықтардың суытылуынсыз жүргізіледі. Барлық энергетикалық блоктардағы будың аралық жылыту жүйесі, ал кіріктірме ысырмалары (бұдан əрі – КЫ) жəне кіріктірме сеператорларымен жабдықталған тура ағынды қазандықтарында КЫ бу қыздыру трактісінің барлық энергетикалық блоктарда булансыздырылуға жатады. Барабанды қазандықтарда, сондай-ақ толық өткізу сепараторы бар (бұдан əрі – ТӨС) тура ағатын қазандықтарда, жылытқыштың бу қыздырғыш беттеріне ыстық бу жинақтау коллекторларына конденсаттың тасталуын болдырмайтын технологиялық тəсілдер іске асырылады. 393. Энергетикалық блоктардың жабдықтары, іске қосу жəне электр схемалары, арматуралар, жылу оқшаулағышы, от жағу мен су шаруашылығы мен электр станциялары қанша уақыт тұрса да электр станцияларының кемінде екі энергетикалық блоктарын бір уақытта іске қосуды қамтамасыз ететін күйде болуы тиіс. 394. Энергетикалық блоктың мына жағдайларда іске қосылуына жол берілмейді: 1) осы Қағидаларға сəйкес негізгі жабдықтың іске қосылуына жол берілмейтін шарттарының болуы; 2) энергетикалық блоктың жабдықтарының тоқтауына əсер ететін бар кез келген технологиялық қорғанысының жарамсыздығы; 3) жедел реттеу органдарын, сондай-ақ авариялық жағдайларды жою барысында қолданылатын арматураларды қашықтықтан басқару құрылғыларының жарамсыздығы; 4) блоктық тұзсыздандырылған қондырғыларды іске қосуының дайын еместігі; 5) құбырлар жолдарының тіреуіштерінің жəне серіппелі ілмектердің зақымдануы. 395. ТҚЦ-мен жұмыс істеуші немесе конденсаторлардың кіріктіре орнатылған шоғырымен жұмыс істейтін жылыту энергетикалық блоктары аварияға қарсы реттеуге тартылуы тиіс емес. 396. Қысымды реттеушілері қосылған энергетикалық блоктардың жұмысы турбинаның реттеуші клапандарына («өзіне дейін» реттеуіштеріне) ықпал ететін турбина алдындағы бу қысымы егер энергия жүйесінің жиілігі мен кернеуін реттеу жүйесінің құрамына жатпаса жол берілмейді. 397. Энергия блоктарының қуаты мен жиілігі автоматты реттеу жүйесі жоқ болған (жұмыс істемей қалған) кезде, жиілігінің өзгеруіне байланысты турбина жүктемесінің жарамдылығы (жарамсыздығы) барысында персонал жаңа бу қысымын қайта қалпына келтіру мақсатында реттеу диапазоны шегінде қазандық жүктемесінің өзгеруіне жедел түрде кірісу қажет. 398. Энергетикалық блок қорғану əрекеттерімен немесе персоналмен жедел түрде мына жағдайларда тоқтатылуы тиіс: 1) моноблок қазандығының немесе дубль-блоктың екі қазандығының тоқтатылуы; 2) турбиналардың зақымдануына немесе осы Қағидалардың 418-тармағында көрсетілген (жаңа бу температурасының жол берілмейтін деңгейге дейін төмендеуі немесе өндірістік қыздырудан кейінгі жағдайлардан басқа) жұмыс режиміндегі қауіпті бұзушылықтарымен байланысты турбиналарды ажырату; 3) ішкі зақымданушылық салдарынан энергетикалық блоктың трансформаторын немесе генераторын ажырату; 4) барлық қоректендіру соғыларын ажырату; 5) қорек құбыржолдарында, бу құбырларында, даэратор корпусында тура сызат немесе жарылу пайда болу; 6) қашықтықтан жəне автоматты басқару қондырғыларында немесе энергетикалық блокты бақылаудың барлық өлшеу құралдарында қуаттың жоғалуы; 7) персоналға, жабдыққа жəне энергетикалық блок жабдықтарын қорғау схемасына енетін арматураларды ажырататын қашықтықтан басқару тізбектеріне қауіп төндіретін өрт. 399. Энергетикалық блокты іске қосу мен тоқтатуды энергетикалық блоктың аға машинисті немесе қазандық-турбина цехының ауысым бастығы, ал күрделі жəне орта жөндеу жұмысынан кейін қазандық-турбина цехының бастығы немесе оның орынбасары басқарады. 400. Қолданыстағы энергетикалық блоктарында жобалық іске қосу схемаларын өзгерту: 1) жаңа схемалық шешімдер мен жабдықтарды дайындаушы зауыттармен келісілген іске қосу режимдерін нысаналы сынау үшін; 2) типтік іске қосу схемасына жақындау немесе пайдалану сапасын жақсарту мақсатында іске қосу схемаларын жаңарту кезінде жол беріледі. Газ-турбиналық қондырғылар (автономды жəне БГҚ құрамында жұмыс істейтін) 401. Газ-турбиналық қондырғыларды (бұдан əрі – ГТҚ) пайдалану кезінде: 1) жүктеменің диспетчерлік кестесін сақтай отырып, негізгі жəне қосалқы жабдықтардың жұмыстарының сенімділігі мен үнемділігі; 2) ГТҚ-ның техникалық шарттарына сəйкес номиналды параметрлерімен жұмыс істеу мүмкіндігі; 3) компрессорлардың, турбиналар мен жылу алмасу аппараттарының ағынды бөліктерінің тазалығын; 4) ауа мен газдың кеміп қалмауы, сондай-ақ отынның, май мен судың ағып кетпеуі қамтамасыз етіледі; 402. ГТҚ-ны реттеу жүйесі мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс: 1) тапсырылған электр жүктемесін тұрақты ұстап туру; 2) ротор айналымының номиналды жиілігі кезінде бос пайдасыз жүріс ГТҚ ұстау; 3) іске қосу мен тоқтату режимдерінде, сондай-ақ авариялық жағдайлар кезінде агрегаттарды тоқтатуда ГТҚ-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету; 4) жүктеме өзгерген кезде ГТҚ жұмысының режимінің бірқалыпты өзгеруін қамтамасыз ету; 5) қауіпсіздік автоматын жұмыс істеуін болдырмайтындай ротор айналымының жиілігін ұстап тұру, ең жоғарғы жүктемесінің нөлге дейін жедел түсіру кезінде (еркін күш турбиналары бар ГТҚ үшін жүктеме мəні техникалық шарттарда көрсетіледі); 6) турбина (турбиналар) алдында талап етілетін деңгейде газ температурасының авариялық қорғауды іске қосу кезінде жарамсыздығына алып келетін шекті мəніне дейін оның жоғарылауына жол бермейтін қажетті деңгейін сақтау; 7) 10 0С артық емес газ температурасын шектеу жүйесінің сезбеуі; 8) компрессорлардың помпажсыз жұмысын қамтамасыз ету; 9) номиналды білігінің шамамен 4-5 % генераторлық білігінің айналым жиілігін реттеудің статистикалық əркелкілік деңгейінің болуы (нақты түрлері мен көлемдері бойынша ГТҚ-ны пайдалану жағдайын жақсарту үшін əркелкілік деңгейін арттыру мүмкіндігі техникалық шарттарда көрсетілуі тиіс); 10) статистикалық əркелкіліктің ең төменгі жергілікті деңгейі 2% төмен болмауы тиіс; 11) айналымның номиналды жиілігі 0,2 % артық емес кез келген жүктеме кезінде сезбеу. Айналымның қалыпты жиілігінен ауытқитын ГТҚ жұмысының мүмкіндігі мен ұзақтығы ГТҚның техникалық шарттарында регламенттеледі. 403. Реттеу жəне қорғау жүйелерінде пайдаланылатын температура бойынша импульс тракті тетіктерінде орнатылған жəне температураны анықтауды қамтамасыз етуші аз инерциалы датчиктерімен (термоэлектр пирометрлері мен қажет болған жағдайда динамикалық түзетуге болатын басқа да өлшеу қондырғылары) орындалады. 404. Əрбір жану сатысынан кейін газ температурасының шектен тыс көтерілуінен қорғау құрылғылары ГТҚ-ға қойылатын техникалық шарттарында көрсетілген температура кезінде іске қосылуына бағытталуы тиіс. 405. Қауіпсіздік автоматы номиналдыдан 10-12 % астам роторлардың айналым жиілігін арттыру кезінде немесе ГТҚ-ға қойылатын техникалық шарттарында көрсетілген мəніне дейін іске қосылуы реттеледі. 406. ГТҚ пайдалану кезінде компрессорға сорып алынатын ауаның тозаңдауын төмендетуді қамтамасыз ететін жолдары жəне ауа қондырғыларына жеке немесе бөгде қалдықтардың түсуі мүмкіндігін шектейтін шаралар (бос алаңдарға шөп отырғызу, көгалды жайластыру, жолдарды асфальттау, суару құрылыстары) орындалады. 407. Ауаны тазарту жүйесі 0,3 мг/м2 артық емес орташа жылдық тозаңдану барысында ауамен ГТҚ-ның компрессорын қамтамасыз етуі тиіс, бұл ауада тозаң концентрациясы 20мкм артық көлемінде 0,03 мг/м3 жоғары болуы тиіс. Жылына 100 сағаттан артық емес (жоғары тозаңдану кезінде) қысқа мерзімге көлемі 30 мкм артық емес бөлшектермен 5 мг/м³ дейінгі тозаң концентрациясына жол беріледі. Пайдалану барысында ауа сүзгілерінің жай-күйі тұрақты бақыланып отыруы тиіс. Олардан май немесе басқа материалдардың ГТҚ-ның сору трактісіне шығарылуына жол берілмейді. Айына кемінде 2 рет ауа сүзгілері тозаң мен шламнан тексерілуі жəне тазартылуы тиіс (егер ГТҚ базалық режимде істесе, онда оның жақындағы жоспарлы тоқтамында) 408. Ауаны сүзу жүйесі сүзгілердегі қысымның артуы немесе сүзгі камерасындағы артық қысымның пайда болуы кезінде автоматты ашылатын екі жақты əрекетті байпастық қақпақшалармен жабдықталады. 409. Ауа сүзгілері мен компрессорлардың ағынды бөліктерінің мұз басуына жол берілмейді. ГТҚ-ның ауаны тарату трактісі қажет болған жағдайда мұз басудың алдын алатын құрылғылармен жабдықталады. 410. ГТҚ-ның тоқтатушы жəне реттеуші қақпақшалары тығыз болуы тиіс. Қақпақшалар əрбір іске қосылар алдында толығымен, сондай-ақ егер зауыт нұсқаулығында қарастырылса күн сайын үздіксіз жұмыс барысында тек белгілі бөлігінде жүргізілуі тиіс. ГТҚ-ның отын қақпақшаларының тығыздылығын тексеру күрделі жəне орта (регламенттік) жөндеу жұмысынан кейін визуалды бақылай отырып, сондай-ақ манометрлер бойынша жəне реттеуші қақпақшалардың роликтері мен жұдырықтарының арасындағы саңылаулардың көлемі бойынша реттеуші қақпақшалар алдында отын қысымының жоқ болуын бақылай отырып, ГТҚ-ның əрбір іске қосылуының алдында жүргізіледі. 411. Майды салқындатқыштарға дейін жəне кейін май құбырларында орнатылған ысырмалар мен қақпақшалардың сермелері резервтік жəне резервтік жəне авариялық май сорғыларының сору мен арыны желісінде жəне ГТҚ-ға май бактарынан майды авариялық құюдың, шығару сүзгілеріне дейін жəне кейін генератордың білігін тығыздау схемасында жұмыс тəртібімен пломбаланады. 412. ГТҚ генераторлары электр қозғалтқыш режиміне ауысқан кезде дереу ажыратылады, ол үшін генератордың кері қысымынан қорғау орнатылады. Бұл талап бос күш турбиналары бар ГТҚ-ға қолданылмайды. 413. Кез келген жылу күйінен ГТҚ-ны іске қосу мен үйлестіру автоматты түрде жүзеге асырылады. Қайта орнатылатын бір білікті ГТҚ-ны жиілікті іске қосу егер іске қосудың автономдылығы талап етілмесе, тиристирлі іске қосу құрылғысымен жүзеге асырылады. ГТҚ-ның жоспарлы тоқтауы берілген бағдарлама бойынша автоматты түрде жүргізіледі. 414. ГТҚ-ның іске қосылуын ауысым басшысы, ал күрделі жəне орта жөндеуден, регламентті жұмыс жүргізуден кейін цех басшысы немесе оның орынбасары басқарады. 415. ГТҚ-ны іске қосу алдында жөндеуден жұмысынан кейін немесе 3 тəуліктен артық резервте тұрғаннан кейін технологиялық қорғану мен автоматика құралдарының, қосалқы жабдықтардың блокировкаларының, май жүйесінің, резервтік жəне авариялық май сорғыларының, бақылау-өлшеу құралдары мен жедел байланыс құралдарының қосылуына жарамдылығы мен дайындығы жүргізілуі тиіс. Бұл ретте айқындалған ақаулар жойылады. 416. ГТҚ-ның іске қосылуы мына жағдайларда: 1) қандай да бір қорғанудың жарамсыздығы немесе ажыратылуына; 2) газдың рұқсат етілетін температурасының артуына немесе турбиналардың таратуына алып əкелуі мүмкін реттеу жүйесі ақауларының болуына; 3) май сорғыларының бірінің немесе олардың автоматты қосылу жүйесінің жарамсыздығына; 4) отын немесе май сапасының нормасынан, сондай-ақ белгіленген шектерінен төмен немесе жоғары отын температурасы мен қысымы кезіндегі ауытқуына; 5) ГТҚ-ның жылу немесе механикалық жай-күйінің бақыланған көрсеткіштерінен ауытқуына жол берілмейді. Авариялық тоқтам мен бұрынғы іске қосу кезінде істен шығуынан кейін, егер бұл тоқтап қалулар жойылмаса, ГТҚ-ның іске қосылуына жол берілмейді. Жану камераларында жағу алдында ГТҚ трактілері сұйық отынмен жұмыс істеу кезінде кемінде 2 минут жəне іске қосу құрылғысымен роторды айналдыру кезінде газ тəрізді отынмен жұмыс істеуде 5 минут желдетіп алынады. ГТҚ-ны іске қосудың əрбір сəтсіз талпыныстарынан кейін сұйық отынмен жұмыс істеу кезінде трактілерді алдын ала желдетіп алусыз кемінде 4 минут жəне газ тəрізді отын жұмыс кезінде 10 минут отынды жағуға жол берілмейді.Тракті компоненттеріне, отын түрі мен ГТҚ түрлеріне байланысты желдетудің нақты ұзақтығы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі. 417. Іске қосу мынадай жағдайларда қорғану əрекетімен немесе персоналмен жедел тоқтатылады: 1) іске қосу операцияларының белгіленген бірізділігінің бұзылуы; 2) іске қосу кестесі бойынша газ температурасының шектен тыс көтерілуі; 3) іске қосу құрылғылары жүктемесінің шектен тыс артуы; 4) іске қосу құрылғысы ажыратылғаннан кейін нұсқаулықта қарастырылмаған жайма білігінің айналым жилігінің төмендеуі; 5) ГТҚ компрессорларындағы помпажды құбылыстар. 418. ГТҚ мына жағдайларда қорғану əрекетімен немесе персоналмен жедел тоқтатылады: 1) турбина (турбиналар) алдында газ температурасының шектен тыс көтерілуі; 2) ротор айналым жиілігінің шектен тыс жоғарылауы;

3) жоғары қысымды май немесе жылу құбырларында сызаттардың немесе жарылудың анықталуы; 4) компрессорлар мен турбиналардың роторлары қатысымды орын ауыстыруы мүмкін емес білік жылжуы; 5) майлау жүйесіндегі май қысымының немесе май багіндегі деңгейінің шектен тыс төмендеуі, сондай-ақ кез келген мойынтірекпен майды ағызудағы май температурасының немесе ортнықты орнатылған мойынтіректің кез келген қалпының температурасының шектен тыс көтерілуі: 6) турбомашиналар мен ГТҚ аппараттарының ішінен металл дыбыстарының (шықырлау, тарсыл) ерекше шудың естілуі; 7) осы Қағидалардың 429-тармағында көрсетілген мəнінен жоғары мойынтіректік тіреуіштерінің дірілінің өсуі; 8) мойынтіректерден немесе турбомашиналардың немесе генераторлардың соңғы тығыздалуынан ұшқын немесе түтіннің пайда болуы; 9) май немесе отынның тұтануы жəне қолда бар құралдармен жедел түрде өртті сөндірудің мүмкін еместігі; 10) жану камераларындағы немесе газ құбырларындағы жарылыс (тарсыл); 11) сұйық немесе газ тəрізді отын қысымының шектен тыс төмендеуі, жану камераларындағы факелдің сөніуі; 12) реттеу жəне автоматтандыру құрылғыларындағы немесе барлық бақылау-өлшеу құралдарындағы кернеудің жоғалуы; 13) зақымдану салдарынан турбогенератордың ажыратылуы; 14) компрессорлар помпаждарының туындауы немесе помпаж шегіне шектен тыс жақындауы; 15) компрессордағы ауа қысымының жол бергісіз өзгеруі. ГТҚ-ның ажырытылуымен бір уақытта қорғаудың немесе персоналдың іс-əрікетімен турбогенератор ажыратылады. 419. ГТҚ электр станцияларының техникалық басшысының шешімі бойынша мынадай жағдайларда тоқтатылады: 1) егер бұзушылық себептерін тоқтаусыз жою мүмкін болмаса, ескерту сигнализациясының дабылы соғылған кезде пайдаланудың қалыпты режимін немесе қосалқы жабдықтың қалыпты жұмысын бұзу; 2) тоқтату, реттеу жəне помпажға қарсы тұру клапандарының қажалуы; 3) егер жүктеменің күшімен ГТҚ жұмысы кезінде мұз ерітілмесе, ауа сору құрылғысының мұз басуы; 4) егер ГТҚ-ның жұмыс режимінің өзгеруімен бұл температураны төмендету мүмкін болмаған жағдайда, турбиналардың, жану камерасының, өту құбыржолдарының корпустарының сыртқы бетінің температурасының шектен тыс өсуі; 5) газдың өлшенетін температурасының теңсіздігін шектен тыс артуы; 6) жоғары қысымды компрессорлар алдында, сондай-ақ қарапайым сумен жабдықтаудың бұзылуы кезінде ауа температурасының шектен тыс көтерілуі; 7) жеке қорғану немесе жедел бақылау-өлшеу құралдарының жарамсыздығы кезінде. 420. Егер ГТҚ параметрлерінің қауіпті өзгерісі болмаса желілік судың регенераторларында немесе жылытқыштарында шөгінділердің жануы кезінде қондырғы жылуалмасу бетінің салқындауын қамтамасыз етуі үшін тоқтатылады. Тоқтатылмаған ГТҚ-да шөгінділердің жануы кезінде өртке қарсы қондырғылар қосылады. 421. ГТҚ ажыратылғаннан кейін отын коллекторлары мен ернемектерді (оттықтар) ауамен немесе инерттік газбен үрлеу көзделген, жүргізілген орындарда трактілердің тиімді желдетілуі қамтамасыз етіледі. Желдету аяқталғаннан кейін сорушы жəне (немесе) пайдаланылған трактілер жабылады. ГТҚның сууы кезінде желдетудің ұзақтығы мен мерзімділігі жəне роторлардың бұралуы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі. 422. Электр станцияларында ГТҚ-ға техникалық қызмет көрсету регламенттері, регламент жұмысының орындалуының технологиясы мен мерзімділігі белгіленеді. 423. Техникалық қызмет көрсету регламенті мыналарды көздейді: 1) пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген орындарда, турбо машиналар мен аппараттарды бұзбай-ақ, егер бұл зауыттық нұсқаулықда қарастырылса арнайы оптикалық немесе талшықтыоптикалық құралдардың қолданылуымен визуалды диагностиканы; 2) техникалық жуу құралдарының ерітінділері мен жұмсақ абразивтеді қолдана отырып турбомашиналар мен аппараттарды бұзбай-ақ су жүретін бөліктерінен шөгінділерді жүйелі түрде жойып отыруды; 3) ауа мен газдың негізгі параметрлерінің, іске қосу құрылғысының отыны мен жүктеме қысымының іске қосудың есептік кестесіне сəйкестігін тексере отырып ГТҚ-ны бақылау мақсатындағы автоматты іске қосуымен қоса, қорғау мен автоматты басқару жүйесінің жұмысын тексеру; 4) отын ернемектерінің жəне олардан шығардағы отынның тозаңдану бұрышының тұмшалануын, өнімділігін қарау жəне тексеру; 5) резервтік жəне авариялық май сорғыларын жəне автоматты қосу құрылғыларын тексеру; трактілер, клапандар, шиберлер мен арматуралардың тыздылығын тексеру; 6) отын сорғыларымен жəне техникалық сумен жабдықтау жүйесінің сорғыларын қарау жəне тексеру; 7) май, отын жəне су сүзгілерін қарау жəне тазалау; 8) электр станцияларының аумағында жəне оған іргелес жатқан аумақтарда машина залының ішіндегі шудың болу тиімділігін қайта қалпына келтіру; 9) арылатын газдағы атмосфераны ластаушы қалдықтардың концентрацияны шектейтін жабдық тиімділігін тексеру. 424. Пайдалану үдерісінде байқау құралдарын бақылау негізінде: 1) ГТҚ қуаттылығының есептік жəне нормативтік сəйкестігін; 2) компрессорлардың ластану жəне тұрақтылық қорларының деңгейін; 3) жылуалмасу аппараттарының тиімділігін; 4) турбиналарға кірудегі немесе шығудағы өлшенетін газ температураларының əркелкілігін; 5) отын жəне ауа (газ) қысымы, сондай-ақ негізгі жерлердегі май температурасы мен қысымын; 6) турбиналардың, компрессорлардың, турбогенераторлардың жəне қоздырғыштардың дірілін; 7) есептілік жəне нормативтік үнемділігінің сəйкестігін. Паспортта берілген параметрлерінен бақыланатын қамтитын параметрлік жəне діріл диагностикасы жүргізіледі, параметрлерінің ауытқуының шектік мəндері дайындаушы зауыттардың берген немесе жеткізуге қойылатын техникалық талаптарында көрсетілген мəнінен аспауы тиіс. 425. Айналым жиілігінің артуынан ГТҚ-ны реттеу жəне қорғау жүйесінің барлық тексерістері мен сынақтары дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына сəйкес орындалады. 426. Турбиналардағы газ температурасының көтерілуінен қорғауын тексеру 4 айда кемінде 1 рет немесе турбиналардың жұмыстары тоқтап қалған кезде бас инженердің рұқсатымен жүргізіледі. 427. ГТҚ-ны реттеу жүйесінің жұмысын тексеру турбогенераторды желіден ажырату арқылы жүктемені тез түсіруімен: 1) монтаждаудан кейін пайдалануға ГТҚ-ның қабылданған кезінде; 2) ГТҚ-ның динамикалық сипаттамасын өзгертетін немесе реттеу жүйесінің статистикалық жəне динамикалық сипаттамасын өзгертетін қайта жаңғыртудан кейін; 3) пайдалану үдерісінде немесе жөндеу жұмысы кезінде (табылған кемшіліктер жойылғаннан кейін) реттеудің статистикалық жəне динамикалық сипаттамасының айтарлықтай өзгерістері анықталған кезде жүргізіледі. 428. Мерзімді жұмыс істейтін ГТҚ əрдайым іске қосылуға дайын болуы тиіс. Егер олардың жұмысқа қосылуы талап етілмесе, жабдықтар мен осындай ГТҚ жүйелерінің жарамдылығы ауысымда 1 рет тексеріледі, ал ацетаттың тиелуі бақылау мақсатындағы автоматты іске қосу айына 1 рет жүргізіледі. 429. ГТҚ-ны пайдалану кезінде турбиналардың, компрессорлардың, турбогенераторлардың жəне қоздырғыштардың мойынтіректік тіреуіштерінің діріл жылдамдығының орташа шаршы мəні 4,5 мм-с-1 артық болмауы тиіс немесе дайындаушы зауыттардың белгілеген мəнінен аспауы тиіс. Дірілдің нормативтік мəнін арттыру кезінде 30 тəуліктен астам мерзім ішінде оны төмендету шаралары қолданылады. 7,1 мм-с-1 жоғары діріл кезінде ГТҚ-ны 7 тəуліктен артық пайдалануға жол берілмейді, ал 11,2 мм-с-1 дірілі кезінде турбина қорғау əрекетімен немесе қолмен ажыратылады. Егер орнатылған режимде бір ротордың екі тіреуішінің немесе аралас тіреуіштерінің немесе бір тіреуіш дірілінің екі компоненттерінің айналым жиілігінің дірілі кенеттен бір уақытта кез келген бастапқы деңгейінен 1 мм-с-1 жəне одан артық өзгерген кезде ГТҚ жедел түрде тоқтатылады. Егер 1-3 тəулік ішінде мойынтірек тіреуіштерінің бірінің дірілінің кез келген компоненттері 2 мм-с-1 жəймен өссе, ГТҚ тоқтатылады. Энергетикалық қондырғылар құрамында жұмыс істейтін авиациялық жəне кеме газ-турбиналық қозғалтқыштарының діріл жай-күйі жеткізуге қойылатын техникалық талаптары бойынша анықталады. Алайда бұл ретте қозғалтқыштар көрсетілген деңгейінен жоғары жабдықпен байланысты діріл тудыруы тиіс. 430. ГТҚ-ның əрбір білігі үшін ротордың қалыпты айналымнан шығу ұзақтығы жəне электр қозғалтқыштың білік айналдыратын құрылғысының электрлік ток күшінің номиналды мəні анықталады. Барлығы роторлар жүрісінің ұзақтығы мен ток күші барлық ГТҚ тоқтап қалған кезде қоста өлшенеді жəне тəуліктік ведомосте тіркеледі. Қалыптыға қарағанда электр тогының күші немесе жүріс уақытынан ауытқуы кезінде, сондай-ақ бөгде шу пайда болған кезде ауытқу себептері айқындалады жəне оларды жою шаралары қолданылады. 431. Ұзақ резервке ГТҚ-ны шығару кезінде оны консервациялау шаралары қолданылады. Консервациялау талап етілетін тоқталыстың ұзақтығы, тораптарды жəне технологияны консервациялауға жататын тізімбесі мен оны өткізу ГТҚ-ға қойылатын техникалық шарттарда көрсетіледі. 432. Орта жəне күрделі жөндеу жұмысының мерзімділігі ГТҚ жұмысының режимі мен ұзақтығына, іске қосылуы мен жабдықтың нақты жай-күйін есепке ала отырып пайдалынылатын отынның санына байланысты техникалық талаптарға сай белгіленеді немесе оны дайындаушы зауыт анықтайды. Технологиялық үдерістерді басқару жүйелері 433. Технологиялық үдерістерді басқару жүйесі, соның ішінде ТҮ БАЖ, пайдалану кезінде: 1) энергетикалық жабдықтардың техникалық жай-күйін бақылауды; 2) технологиялық параметрлерін автоматты реттеуді; 3) технологиялық жабдықты автоматты қорғауды; 4) берілген алгоритмдер бойынша жабдықтарды автоматты басқаруды; 5) технологиялық жəне авариялық сигнализацияны; 6) реттеуші жəне тиекті арматураларды қашықтықтан басқаруды қамтамасыз етеді. Технологиялық жабдық қосылып тұрған кезде ӨҚ, бақылау мен ақпаратты жеткізу, автоматты реттеу, технологиялық қорғау мен сигнализация, логикалық жəне қашықтықтан, техникалық диагностика құралдары мен бағдарламалық-техникалық кешендері əрдайым жұмыс істеп тұрады (жоба көлемінде) жəне жұмыстың берілген қызметтерінің орындалуы мен сапасын қамтамасыз етеді. 434. Басқару жүйесіне қызмет көрсететін персонал осы жүйелердің жарамды күйінде ұсталуын, олардың жұмысқа дайын болуын, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысының уақтылы жүргізілуін, сенімділігі мен пайдалану тиімділігін арттыру іс-шараларының жүргізілуін, қосалқы құралдар мен материалдардың болуын қамтамасыз етуі қажет. Технологиялық жабдықтарға қызмет көрсететін персонал басқару жүйесін уақытылы енгізу жəне тиімді пайдалану қажет. Басқару жүйесінің қондырғыларының сыртқы бөліктерінің сақталуы мен тазалығын қадағалауды басқару құрылғылары орнатылған цехтардың, аудандардың энергетикалық объект учаскілерінің жедел персоналы жүргізеді. 435. Технологиялық процестерді басқару жүйелері қызмет көрсетуге, жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары үшін ең аз еңбек шығынын келтіретін техникалық құралдарды пайдалана отырып, нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген көлемде орындалады. 436. Жүйесінің электрлік қоректендіру басқару тұтынушылардың топтары бойынша жүзеге асырылады: технологиялық қорғаулар мен олардың датчиктері, қашықтықтан басқару мен блоктау құрылғылары, технологиялық бақылау құралдары мен олардың датчиктері, авариялық ескерту сигнализациясының құрылғылары, өртті табу мен сөндіру жүйелері, есептеу техникасының құралдары мен олардың датчиктері. Есептеу техникасы құралдарынан басқа тұтынушылардың барлық топтары технологиялық қағидаттар бойынша: қазандық жəне турбина бөлімдеріне арналған болып шағын топтарға бөлінеді. Шағын топтар мен топтарға бөліп тарату зақымданған учаскелерді селективті ажырату мен негізгі жабдықтардың жұмысын тоқтатпай-ақ электр қоректену желісінің элементтерін жөндеуді қамтамасыз ететін қорғанудың дербес аппараттары арқылы жүзеге асырылады. Блок қондырғылары үшін кернеуі 220/380 В жедел ток көздері ретінде энергетикалық блоктың жеке мұқтаждық тарату қондырғысы (бұдан əрі – ӨМТҚ) 0,4 кВ шиналары резервтелмейтін көрші энергетикалық блокты немесе ӨМТҚ 0,4 кВ жеке мұқтаждықтарының тарату қондырғыларының шинасы болып табылады. Сигнализацияның əрекеті қоректендірудің толығымен шығыны болған кезде, тұтынушылардың кез келген топтарына да, енгізудің біреуіне де қамтамасыз етіледі. Резервтік электр қоректендіруді автоматты қосу құралдарының түзетілуі, басқару құрылғылары мен сигнализация құрылғыларының жарамдылығы, қуат көзінің болуы энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша тексеріледі. 437. Технологиялық цехтардың үй-жайларындағы техникалық құралдардың орналасқан жерлеріндегі қалыпты жағдайларда температурасы шамамен +10 – +50 0С, салыстырмалы ылғалдылығы 90 % аспайды. Технологиялық жабдықтардың жарылуын сипаттайтын авариялық режимдегі температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығы сəйкесінше 75 0С жəне 100 % жол беріледі. ТҮ БАЖ-ды бақылау мен басқару жүйесінің техникалық құралдары орналасқан басқару қалқанының үй-жайларындағы температура мен салыстырмалы ылғалдылығы сəйкесінше 25 0С жəне 40-80 % жоғары болмауы тиіс. Ауаны желдету жүйесінің жарамсыздығын негіздеген авариялық режимде көрсетілген параметрлер сəйкесінше 35 0С жəне 90 % болуы мүмкін. Ауаны желдету жүйесі техникалық құралдардың, басқару жүйелерінің сенімді қызмет атқаруын қамтамасыз ететін күйде сақталуы тиіс. 438. Шкаф тəрізді қақпалар жерге тұйықталуы, нық нығыздалуы тиіс, əрдайым жарықтандырылады, 12 жəне 220 В арнайы розеткаларының болуы тиіс. Қақпалардың есіктері құлыпталады. Штепсельді розеткалар құрылысты жарықтандыру желісіне қосылады. Жергілікті құралдар, жылыту құрылғылары, блок қақпаларының жедел емес контурының панельдері, қорғау аппаратурасының панелдері мен бастапқы өңдегіш құрастырмасы арасындағы телефон байланысы мен басқарудың жедел қалқанымен байланысты құралдары жарамды күйде болуы тиіс. 439. Панельдерге, пульттерге орнатылған аппаратураларда жəне бастапқы түрлендіргіштерде, тиекті арматурада жəне қысқыш құрастырмаларында аппаратураның белгіленуі туралы жазба болуы тиіс. Қақпалар, өтпелі қорапшалар, орындау механизмдері, барлық қысқыштар мен оған үйлесетін кəбілдер, сымдар мен кəбілжелілері, сондай-ақ құбыр арқылы жалғастырылатын байланыстырушы (импульсті) желілер таңбалануы тиіс. 440. Қақпа қондырғыларында, бастапқы өңдеу мен атқарушы механизмдерінде қызмет көрсету алаңдары болуы тиіс. 441. Қысымды жəне өлшеу кəбілдік желілерінің көлемі мен тексеру мерзімділігі Қазақстан Республикасы заңнамасымен қойылған талаптарға сəйкес орындалады. Күш беретiн жəне өлшеу кəбілдік желiлерiн оқшаулауы тексерудің көлемі жəне мерзiмдiлiгi осы Қағидалардың (7-тарауының 7.8 жəне 7.9-параграфтары) талаптарына сəйкес болуы тиіс. Бір кəбілде өлшеу тізбектері мен күш беретін жəне басқару тізбектерін біріктіруге жол берілмейді. 442. Кəбілдердің өту жолдары мен үй-жайларды бөліп тұратын қабырғалар арқылы импульстік желілерді тығыздау жəне кəбілдердің қосылуы мен қалқанға импульстік желілері мен панельдері өртке қарсы тұру талаптарына сəйкес тығыздаумен немесе тұмшалаумен қамтамасыз етіледі. Тығыздаудың жай-күйін тексеру күрделі жөндеу жұмысынан кейін жəне қажеттілік бойынша жүргізіледі. 443. Импульстік желілер тығыз болуы тиіс. Күрделі жөндеу жұмысынан кейін барлық импульстік желілер үрленеді. Ауаның немесе шламның кіріп кетуі мүмкін желілер жергілікті нұсқаулықта белгіленген мерзімділігімен үрленеді. Іріктелген құрылғыларды пайдалану кезінде бастапқы тиекті органдар жабдықпен жұмыс істеу кезіндегі импульстік желілерді ажырату мүмкндігін қамтамасыз етеді. Бастапқы тиекті органдардың жөндеу жұмысы мен олардың барлық операцияларын (ашу, жабу) технологиялық жабдық бойынша қызмет көрсететін персонал жүзеге асыруы қажет. 444. Техникалық қызмет көрсету, ағымдағы мен күрделі жөндеу жұмысының құралдарын басқару энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен жəне зауыттық нұсқаулықтар мен техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысының мерзімі мен құрамының нормативтерінің негізінде құрастырылған кесте бойынша ұйымдастырылады. Ақпараттық жəне ЭЕМ кешеніне енетін техникалық құралдарды жөндеу зауыттық технология бойынша мамандандырылған кəсіпорындарда жүзеге асырылады. 445. Монтаждаудан немесе қайта жаңғыртудан кейін технологиялық қорғануды пайдалануға енгізу энергетикалық объектінің техникалық басшысының өкімі бойынша орындалады. 446. Тұрақты пайдалануға енгізілген технологиялық қорғану олар орнатылған жабдықтардың барлық жұмыс уақытында қосылады. Мынадай жағдайларда қорғану істен шығарылады: 1) қорғануды ажырату қажеттілігі, негізгі жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен анықталғандағы жабдықтың өтпелі режимде жұмыс істеген кезде;

2) қорғанудың анық жарамсыздығы кезінде. Техникалық басшыға хабарлай отырып, электр станциясының ауысым басшысының өкімі бойынша ажыратылады жəне жедел құжаттамаға жазбамен ресімделеді; 3) энергетикалық объектінің техникалық басшысының бекіткен кестесіне сəйкес мерзімді тексеру үшін, қорғауға қосылған тізбектерде жөндеу жəне қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. 447. Технологиялық жабдықтар резервін қорғау мен автоматты қосу құрылғыларының атқаратын операцияларын тиісті технологиялық цех персоналы мен осы құралдармен қызмет көрсетуші персонал кемінде 3 тəуліктен астам тұрғаннан кейін жабдықтарды іске қосу алдында немесе егер жұмыс тоқтап тұрған кезде 3 тəуліктен кем мерзім ішінде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, тексеруі қажет. Атқарылатын операцияларды тексеруге жол берілмеген кезде агрегаттың жылулық жағдайына байланысты атқарушы органдарға əсер етпей қорғануды тексеру жүргізіледі. Жабдық жұмысына əсер ететін қорғануды сынау қорғанысты байқау жабдықта барлық жұмыстарды аяқтағаннан соң жүргізіледі. 448. Технологиялық қорғану құралдары (бастапқы өлшеу түрлендіргіштері, өлшеу құралдары, қысқыш құрастырмасы, кілттер мен ауыстырып-қосқыштар, импульстік желілердің тиекті арматурасы) сыртқы айырым белгілері болуы тиіс (қызыл түс жəне тағы басқалары). Қорғау панельдерінің екi жағында жəне оларға орнатылған аппаратурада оның белгіленуін көрсететін жазу болуы тиіс. Аспап шкалаларында қорғануды жүзеге асыратын құрылғылардың белгiлері болуы тиіс. 449. Жарамсыздану мерзімін тоқтату мəнін қосатын қорғау жұмысының алгоритмдері дайындаушы зауытпен анықталады. Жабдықтарды қайта жаңғырту кезінде немесе дайындаушы зауыттардың мəліметтері жоқ болған кезде уақытты ұстап тұру сынақ нəтижелерінің негізінде белгіленеді. Орнатқышты өзгертуге арналған (тіркейтін аспаптардан басқа) құрылғылар пломбалану қажет. Пломбаларды алу қорғау құралдарымен қызмет көрсетуші жұмысшылардың ғана оперативтік журналға осы туралы жазбасымен жол беріледі. Қорғану құралдары тек ажыратылған кезде ғана пломбаларды алып тастауға жол беріледі. 450. Жабдықтардың ажыратылуына əкелетін технологиялық қорғану олардың іске қосылуының бірінші себебін анықтайтын құралдармен жабдықталады. Ең бірінші себептерді тіркеушілерімен қоса, қорғаныстың жарамсыздығын анықтайтын құралдар қорғалатын жабдықтардың жұмыстарының барлық кезеңдерінде пайдалануда болуы тиіс. Барлық қорғанысты жарамсыздандыру кезінде, сондай-ақ олардың бас тартулары ескерілуі тиіс, ал себептері мен жарамсыздығының түрлері талдануы тиіс. 451. Пайдалануға енгізілген реттеушілер нормативтік-техникалық құжаттарда регламенттелген технологиялық параметрлерді қолдауды қамтамасыз ететін күй болуы тиіс. Жарамды автоматты реттеуіштерді ажырату пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген жағдайларда ғана жол беріледі. 452. Технологиялық жабдық осы Қағидалардың талаптары мен автоматтандырылған жабдықты дайындаушы зауыттардың техникалық шарттарына сəйкес болуы тиіс. 453. Пайдалануға берілген реттеуішінің əрбір контуры бойынша электр станцияларында жөндеу жұмысынан кейін оның қалпына келтіру немесе істен шыққан аппаратураны ауыстыру үшін қажетті мəліметтер болуы керек. 454. Басқарудың технологиялық алгоритмдерін жөндеуден немесе түзетуден кейін логикалық басқару құралдарын пайдалануға енгізу энергия обектісінің техникалық басшысының өкімімен жүргізіледі. 455. Пайдалануға берілген логикалық басқару құралдары тиісті технологиялық бағдарламалардың (алгоритмдердің) орындалуын қамтамасыз ететін күйде болуы тиіс. Логикалық басқару құралдарының жұмыс қабілеттілігін тексеру сыртқы тізбектердегі де, шкафтардағы да жөндеу жұмыстарының аяқталуынан кейін жүргізіледі. Атқару операцияларын тексеруге жол берілмеген кезде логикалық басқару құралдарының жұмыс қабілеттілігін тексеруді 3 тəуліктен астам уақыт тұрған жабдықтың іске қосылуы алдында басқару құралдарымен қызмет көрсететін персонал жүргізуі қажет. Егер технологиялық жабдықтардың жұмыстары тоқтап тұрған кезде логикалық басқару құралдарының тізбегінде 3 тəуліктен аз уақытқа жөндеу жəне ретке келтіру жұмыстары жүргізілсе жəне егер орталық бөліктерінің шкафтарында бұрын ұқсас жұмыстар жүргізілсе логикалық басқару құралдарының жұмыс қабілеттілігін тексеруді технологиялық цех персоналы мен тоқтатылған жабдықтың атқару органдарының ықпалымен басқару құралдарымен қызмет көрсететін персонал жүргізеді. Жабдықтың жылулық күйіне байланысты атқару операцияларын тексеруге жол берілмеген кезде логикалық басқару құралдарын тексеру атқарушы органдарға ықпал етпей-ақ жүзеге асырылады. Жұмыс қабілеттілігін тексеру көлемі мен тəртібі энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен нұсқаулықпен регламенттеледі. 456. Логикалық басқару құралдарының атқару (сыртқы) тізбектеріндегі жұмыс істеп тұрған жабдықты жөндеу жəне ретке келтіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Логикалық басқару құралдарының шкафтарында ретке келтіру жұмыстары олардан атқару тізбектері ажыратылған жағдайда рұқсат етіледі. Атқару тізбектерін логикалық басқару құралдарына қосу тек қана тоқтатылған жабдыққа ғана жол беріледі. 457. Пайдалануға берілген логикалық басқару құралдарының технологиялық алгоритмдерінің барлық өзгерістерін энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекітеді. 458. Егер жоба бойынша қарастырылған реттеушілер, логикалық басқару құралдары, ТҮ БАЖ қызметтері технологиялық жабдықты игеру үшін белгіленген мерзім ішінде пайдаланылуға берілмесе, енгізуден бас тарту себептерінің көрсетуімен негізделген техникалық шешімдер мен жобаны жөндеуде жобалау ұйымдарының тапсырмалары ресімделеді. Жылу электр станциялары мен жылу желілерінің су дайындауы жəне су-химиялық режимі 459. Су дайындау қондырғыларын пайдалану режимі мен су-химиялық режимі электр станциялары мен жылу желілерінің су дайындау, жылу энергетикалық жəне желі жабдықтарының ішкі қабаттарының коррозияға, сондай-ақ жылу жеткізу қабаттарында қақ пен шөгінділердің, электр станциялары мен жылу желілерінің құбырларында жəне жабдықтарында шламның, турбинада шөгінділердің пайда болуын тудырған зақымданушылығы мен үнемділігінің төмендеуінсіз қамтамасыз етуі тиіс. 460. Электр станциялары мен жылу желілерін пайдаланатын ұйымдардың жабдықтарының сухимиялық режимін ұйымдастыру мен бақылауды химиялық цехтың персоналы (зертханалар мен тиісті бөлімшелер) жүзеге асырады. Су дайындау қондырғылары мен конденсаттарды тазалау үшін орнатылған қондырғылардың жұмыстарына, сондай-ақ электр станцияларының (жылу желілері) су-химиялық режиміне ықпал етуі мүмкін жабдықтың жобалау схемасы мен құрылымының өзгерісі белгіленген тəртіпте аккредиттеуден өткен жобалау немесе басқа да ұйымдармен негізделеді. Су мен бу сапасының төмендеуін тудыруы мүмкін кез келген жабдықты жұмысқа қосу жəне ажырату химиялық цехпен (зертханалармен немесе тиісті бөлімшелерімен) келісіледі. Жабдықтардың ішкі тексеруі, шөгінді сынамалармен іріктеу, құбырлардың үлгілерін кесу, тексеру актілерін жасау, сондай-ақ су-химиялық режиммен байланысты авариялар мен олқылықтарды тексеру химиялық цех (зертханалар мен сəйкес бөлімшілер) персоналының қатысуымен тиісті технологиялық цех персоналы орындауы қажет. 461. Су дайындау жəне су-химиялық режимдердің жаңа əдістерін қолдану белгіленген тəртіпте мамандандырылған техникалық жəне аккредиттеуден өткен жобалау ұйымдарымен негізделеді. Суды дайындау жəне тазалау мақсатындағы суды өңдеу 462. Реагенттердің қоймасымен қоса, барлық қосалқы жабдықтары бар су дайындау қондырғылары жөнделеді жəне жылу энергетикалық жабдықты іске қосу алдында тазалауға дейін 2 ай бұрын іске қосу жұмыстары үшін тапсырылады. Турбиналардың конденсаттары мен ластанған конденсаттарды тазалау қондырғылары мен суды өңдеу қондырғылары жөнделуі жəне энергетикалық блокты (қазандықты) іске қосуға дейінгі 2 ай ішінде іске қосуды жөндеуге берілуі жəне оны іске қосқанда бірге қосылуы қажет. Тұссыздандырылған су қоры мен конденсаттың жалпы станциялық бактері электр станцияларының бірінші энергетикалық блоктарының (қазандықтың) жабдықтарын іске қосар алдында тазалауға дейін коррозияға қарсы қабатын төсей отырып жөнделеді. 463. Су дайындаудың технологиялық процестерінің механикаландыру мен автоматтандыру, конденсатты тазалау, сондай-ақ тазалау мақсатында суды өңдеу құрылғылары мен автоматты химиялық бақылау құралдары тиісті қондырғылар мен агрегаттарды іске қосқан кезде өз жұмысын бастайды. 464. Жабдықтарды, құбыржолдары мен су дайындау қондырғыларының арматураларын жəне конденсатты тазалау қондырғыларын, сондай-ақ беткі қабаттары коррозиялық активті ортамен байланысты құрылыс құрылымдарын пайдалануға коррозияға қарсы қабатының осы бетінде орындалған кезде немесе олардың коррозияға төзімді материалдардан дайындалса ғана жол беріледі. 465. Су дайындау қондырғыларының, конденсаторларды тазалау мен тазалау мақсатындағы суды өңдеу қондырғылары жабдықтарының күрделі жөндеу жұмысы 3 жылда 1 рет, ал ағымдағы жөндеу жұмысы қажеттілігіне қарай, сүзу материалдарының деңгейлерін өлшеу жылына 2 рет жүргізіледі. 466. Дайындаушы-зауыттардың техникалық шарттарының талаптарына сəйкес келмейтін реагенттер мен сүзу материалдарын энергия кəсіпорындарда пайдалуға жол берілмейді. 467. Реагенттерді сақтау, дайындау жəне дозалау тəртібі, оларды қолдану технологиясы дайындаушы-зауыттардың ұсынысы негізінде энергетикалық кəсіпорындардың əзірлеген арнайы нұсқаулығында беріледі. 468. Өте жоғары сындарлы қысымды энергия блоктарында мынадай су-химиялық режимдерді қолдануға жол беріледі: гидразинді-аммиакты, нейтральді-оттекті, оттекті-аммиакты, гидразинді. 469. Табиғи айналымды қазандықтарда фосфат ерітіндісін қазандықтың барабанына жеткізе отырып, қазандық суын фосфаттау ұйымдастырылады. Қазандық суының рН мəні қышқыл натр ерітіндісімен тазаланады. Қысымы 40-100 кгс/см2 (3,9-9,8 МПа) қазандықтарда фосфаттаудың орнына қазандық суын трилонды өңдеуді қолдануға рұқсат беріледі. 470. Қысымы 70 кгс/см2 (7 МПа) дейінгі қазандықтарда қоректік судан термиялық деадерацияға қосымша оттегіні тереңірек жою қажет болған кезде қоректік суды натрий сульфитімен немесе гидразинмен өңдеуге болады. Қысымы 70 кгс/см2 (7 МПа) жəне одан жоғары қазандықтарда конденсатты немесе қоректік суды өңдеу гидразинмен (қышқыл су-химиялық режимді қазандықтардан жəне буда гидразиннің болуына санитариялық орган тыйым салған жағдайдағы тамақ, микробиологиялық, фармацевтикалық жəне басқа да өнеркəсіп кəсіпорындарына буды жеткізу қазандықтарынан басқа) немесе пайдалануға рұқсат етілген басқа да реагенттермен жүргізіледі. Қоректік судың қажетті рН мəнін ұстап тұру аммиакты енгізумен жүзеге асырылады. Химиялық бақылау 471. Электр станцияларында химиялық бақылау: 1) коррозияға, қақ жəне шөгінділердің тұрып қалуына əкелетін су дайындау, жылу-энергетикалық жəне жылу желілік жабдықтардың жұмыс режимінің бұзушылығын уақтылы айқындау; 2) судың, будың, конденсаттың, шөгінділердің, консервілеуші жəне шайғыш ерітінділердің, реагенттердің, отынның, қоқыстың, күлдің, газдың, май мен ағынды судың сапасын немесе құрамын анықтау; 3) өндірістік үй-жайлардың, бактардың, құдықтардың, каналдар мен басқа да объектілердің газдалуын тексеру; 4) электр станцияларының атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарының көлемін анықтауды қамтамасыз етуі қажет. 472. Электр станцияларын пайдалануға жоғарыда көрсетілген химиялық бақылауды толық көлемде жүзеге асыруға арналған қондырғылармен жəне құралдармен экспресс-зертханаларды жəне орталық зертханаларды жабдықтағаннан кейін ғана жол берілуі мүмкін. 473. Булы-сулы трактінің барлық бақыланушы учаскелерінде 20-40 0С дейін мұздатуға арналған тоңазытқыштары бар су мен будың сынамаларын алатын құралдар орнатылады. Тоңазытқыштардың сынама іріктемелерінің желілері мен мұздату беттері тот баспайтын болаттан жасалады. Қуаты 200 МВт жəне одан жоғары энергетикалық блоктары бар МАЭС-те жəне қуаты 50 МВт агрегаттары бар ЖЭО-да экпресс-зертханаға тартылатын желдетуі бар үй-жайлар арнайы шығарылуы тиіс. 474. Жабдықтардың ішкі тексеруіне қосымша құбырлардың кесілуі, сондай-ақ турбинаның ағынды бөліктерінде, жылытқыштарда жəне басқа да жылу энергетикалық жабдықтарда тұратын шөгінділерді іріктеу ұйымдастырылады. Құбыр үлгілерінің қиындыларының орындары мен мерзімділігі жылу электр станцияларының негізгі жабдықтарының жай күйін бақылау жөніндегі əдістемеге сəйкес; шөгінділердің көлемі мен химиялық құрамын анықтай отырып анықталады. Жабдықтардың ішкі тексеруі мен шөгінділердің көлемі мен химиялық құрамын бағалау негізінде жабдықтың ішкі қабаттарының жай-күйі туралы, химиялық тазалауды жүргізу мен коррозия мен шөгінділердің тұрып қалуын алдын алудың басқа да шараларын қолдану қажеттілігі туралы акт жасалады. Бу мен су сапасының нормалары 475. Тура ағынды қазандықтардағы бу сапасы осы Қағидаларға 8 (1)-қосымшада көрсетілген нормаларын қанағаттандыруы тиіс. 476. Тура ағынды қазандықтардағы қоректік судың сапасы осы Қағидалардың 8 (2)-қосымшасында көрсетілген нормаларын қанағаттандыруы тиіс. 477. Тура ағынды қазандықтары бар электр станцияларында 140 кгс/см2 (13,8 МПа) бу қысымына жоба турбинаның конденсат жинақтаушысынан шығатын конденсатты тазалауды қарастырмағанда 10 мкг/дм3 астам өлшемде жұмыс жасайтын қазандықтың суы мен буында натрий қоспасының болуына жол беріледі, қоректік судың жалпы кермектігі 0,5 мкг-экв/дм3 артық болмауы қажет, ал оның темір қоспасының құрамы 20 мкг/дм3 артық болмауы керек. Қысымы 100 кгс/см2 (9,8 МПа) жəне одан төмен тура ағынды қазандықтар үшін қоректік су, бу жəне турбина конденсатының сапасының нормасы қазандықтармен жұмыс барысында пайдалану тəжірибесінің негізінде жоғары тұрған ұйыммен келісіледі немесе белгіленген ретте аккредиттеуден өткен жобалау немесе басқа да ұйымдармен негізделеді. 478. Тура ағынды қазандығы бар энергетикалық блокты іске қосу кезінде булы-сулы трактіден лас заттарды шығару технологиясы жай энергиялық блоктың жұмыс істеу ұзақтығына байланысты, сондай-ақ алдыңғы компанияның жұмыс істеген ұзақтығы мен қазандықтың қыздыру бетіне жасаған жөндеу жұмыстарының көлемін ескере отырып жоғары сындарлы қысымды энергетикалық блоктың су-химиялық режимін енгізу жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес қабылданады. Қысымы 100 кгс/см2 (9,8 МПа) жəне одан төмен тура ағынды қазандықтарды іске қосуға булысулы трактіден лас заттарды шығару технологиясы пайдалану тəжірибесінің негізінде анықталады. 479. Тапсырылған диспетчерлік кестеге дейінгі жүктемені жеткізуден кейін тура ағынды қазандығы бар энергиялық блокты іске қосуда немесе бірінші 2 тəулік ішінде дубль-блоктың екінші қазандығының қосылуы кезінде будың меншікті электр өткізгіштігінің 50 % астам емес артуына жол беріледі, сондай-ақ оның құрамындағы натрий мен кремний қышқылының қосылуы, ал қоректік суда – меншікті электр өткізгіштігі, жалпы кермектігі, құрамында натрий, кремний қышқылы, темір мен мыс бар қосындының болуына жол беріледі. Бұл ретте құрамында темір мен кремний қышқылы бар қосындыда алғашқы тəулікте олардың əрқайсысы бойынша 50 мкг/дм2 дейін болуға жол беріледі. Күрделі жəне орташа жөндеу жұмысынан кейін тура ағынды қазандығы бар энергетикалық блокты іске қосу кезінде 4 тəулік мерзімі ішінде 50 % артық нормадан асуына жол беріледі. Бұл кезде алғашқы тəуліктерде құрамында темір мен кремний қышқылының қосылуына əрқайсысы бойынша 100 мкг/дм3 дейін жол беріледі. 480. Табиғи айналымды қазандықтардың қанық бу сапасын іріктеу нүктелері бойынша, сондайақ оның температурасын реттеу үшін барлық құрылғылардың кейін жылытылған бу сапасы осы Қағидаларға 9-қосымшада көрсетілген нормаларды қанағаттандыруы тиіс. 481. Табиғи айналымды қазандықтардағы қоректік су сапасы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сəйкес нормаларды қанағаттандыруы тиіс. 140 кгс/см2 (13,8 МПа) қазандықтар үшін натрий қосылыстары 50 мкг/дм3 астам болмауы тиіс. Буды өндірістік алумен ЖЭО-да қоректік судағы натрий құрамынының нормаларын мына жағдайларда түзетуге жол беріледі, егер оған газбен нығыздалған немесе экрандарының жоғарылатылған оқшаулы жылу жүктемесі бар басқа қазандықтар орнатылса жəне будың аса қызып кетпеуін реттеу өз конденсатының бүркуімен жүзеге асырылады. Қысымы 140 кгс/см2 (13,8 МПа) қазандықтар үшін Н-катионды сынамасының меншікті электр өткізгіштігі 1,5 мкСм/см астам болмауы тиіс. Қоректік су құрамындағы натрий нормасын тазалаған кезде меншікті электр өткізгіштігінің нормасын сəйкесінше тазалауға жол беріледі. Гидразин мөлшері (суды гидразинмен өңдеу кезінде) 20-дан 60 мкг/дм3 дейін құрауы тиіс; қазандықтың іске қосылуы немесе тоқтатылуы кезінде гидразин мəні 3000 мкг/дм3 дейін жетуіне жол беріледі. Аммиак құрамы мен оның қосылыстары 1000 мкг/дм3 астам болмауы тиіс: жекелеген жағдайларда энергетикалық жүйенің жоғары тұрған ұйымдары немесе мамандандырылған техникалық ұйымдардың рұқсатымен (келісімімен) орталық органның анықтауы бойынша будың рН қажетті мəнін ұстап тұруды қамтамасыз етуші мəніне дейін бірақ қоректік судағы мыс қосылыстарының мөлшерін арттыруға əкелмейтіндей аммиак құрамын арттыруға жол беріледі. Еркін сульфиттің құрамы (сульфиттеу кезінде) 2 мг/дм3 астам болмауы тиіс. Қысымы 140 кгс/см2 (13,8 МПа) қазандықтар үшін нитриттер мен нитраттардың жиынтық құрамы 20 мкг/дм3 астам болмауы тиіс; қысымы 100 кгс/см2 (9,8 МПа) қазандықтар үшін нитриттер

(Жалғасы 14-бетте).


14

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 10-13-беттерде). мен нитраттардың жиынтық құрамы жабдықтардың авариясыз жəне үнемді пайдаланылуын қамтамасыз ету шартына байланысты пайдалану тəжірибесінің негізінде орнатылуы тиіс, бұл ретте қысымы 70 кгс/см2 (7,0 МПа) жəне одан төмен қазандықтар үшін нитраттар нормаланбайды. 482. Стандартталған мəнінен ажыратылушы бу қысымы бар қазандықтар орнатылған электр станциялары үшін бу мен қоректік су сапасының нормасы орталықтандырылған органдармен анықталған жоғары тұрған ұйым немесе мамандандырылған техникалық ұйымдармен түзетіледі. 483. Қазандық су сапасының нормасы, үздіксіз жəне мерзімді үрлеу режимі қазандықтарды дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтары, су-химиялық режимін немесе жылу химиялық сынақ нəтижелерін енгізу жөніндегі типтік нұсқаулық негізінде орнатылады. 484. Қазандықтағы судағы фосфаттың артық мөлшері: 1) қысымы 140 кгс/см2 (13,8 МПа) қазандықтар үшін таза бөлік бойынша – 0,5-2 мг/дм3, тұзды бөлік бойынша – 12 мг/дм3 артық емес; 2) қысымы 100 кгс/см2 (9,8 МПа) жəне одан да төмен қазандықтар үшін таза бөлік бойынша – 2-6 мг/дм3, тұзды бөлік бойынша – 30 мг/дм3 артық емес; Сатысыз булану қазандықтар үшін фосфаттың артылуы (басқа да көрсеткіштері сияқты) қазандықтағы қысымына байланысты таза бөлік нормасына сəйкес болуы тиіс. 485. Таза бөліктің қазандық суының рН мəні: 1) қысымы 140 кгс/см2 (13,8 МПа) қазандықтар үшін – 9,0-9,5; 2) қысымы100 кгс/см2 (9,8 МПа) жəне одан төмен қазандықтар үшін – кемінде 9,3 құрайды. Тұзды бөліктің қазандық суының рН мəні: 1) 1қысымы40 кгс/см2 (13,8 МПа) қазандықтар үшін – 10,5 артық емес; 2) қысымы100 кгс/см2 (9,8 МПа) қазандықтар үшін – 11,2 артық емес 3) қысымы40 кгс/см2 (3,9 МПа) қазандықтар үшін –11,8 артық емес. Химиялық тазартылған сумен қоректендірілген қысымы 100 кгс/см2 (9,8 МПа) жəне одан да жоғары қазандықтар үшін үрлеу суының рН мəні 11,5 артық болмауына жол берілмейді. қысымы 140 кгс/см2 (13,8 МПа) қысымды қазандықтар үшін қазандықтағы суда Сфф = (0,2÷0,5) Сорт таза бөліктегі жəне Сфф = (0,5÷0,7)Сорт тұзды бөліктегі арақатынасы сақталуы тиіс. Тұзды жəне таза бөліктің қазандықтағы суында 100 кгс/см2 (9,8 МПа) жəне одан төмен қысымды қазандықтар үшін Сфф ≥ 0,5 Сорт шарты орындалуы тиіс. рН-тің талап етілетін мəні мен қазандық суындағы сілтілік арақатынасын сақтамау кезінде улы натр, оның ішінде іске қосу режимінде енгізілуі тиіс. 486. Тойтарыла байланысқан барабандары бар қазандықтар үшін қазандықтағы судың салыстырмалы сілтілігі 20 %-дан; дəнекерленген барабандарымен жаныштап құбырлары бекітілген немесе тығыздала дəнекерлеп жалғана жанышталған – 50 % аспауы тиіс. Дəнекерленген барабандары мен оларға ерітіп бекітілген құбырлары бар қазандықтар үшін судың салыстырмалы сілтілігі нормаланбайды. 487. Қазандықты үздіксіз үрлеу кезінде су шығыны шығынды өлшеуіштермен өлшенеді жəне мынадай шекте қолданылады: 1) белгіленген режим үшін тұссыздандырылған су немесе дистиллятпен буландыру арқылы шығынның орнын толтыру кезінде – қазандықтың өнімділігі 1-ден артық емес жəне кемінде 0,5 %, ал химиялық тазартылған су арқылы шығынның орнын толтыру кезінде – 3 артық емес жəне кемінде 0,5 %; монтаждаудан, жөндеу жұмысынан немесе резервтен кейін қазандықты іске қосу кезінде үздіксіз үрлеуді 2-5 % дейін арттыруға жол беріледі; ұлғайтыла үрленген қазандық жұмыстарының ұзақтығы химиялық цех (зертханалар немесе тиісті бөлімшелер) арқылы белгіленеді; 2) шығарылатын судың жоғары минералдануы кезінде, тұтынушылардан конденсаттың жоғары қайтпауында жəне осындай басқа кезеңдерде үрлеу мөлшері 5 % дейін артуына жол беріледі. Қазандықтардың мерзімді үрленуі қазандықтың əрбір іске қосылуы мен тоқтатылуы кезінде, сондай-ақ электр станциясының əзірлеген кестесі бойынша қазандық жұмыстары кезінде жүзеге асырылады. 488. Аса ысытылған будың температурасын реттеу кезінде бүрку үшін қолданылатын судың сапасы, ысытылған будың сапасын нормаға сəйкестендіретіндей болуы тиіс. 489. 255 кгс/см2 (25 МПа) қысымды тура ағында қазандықтардың жұмыстарында бу сапасының нашарлауы кезінде: 1) меншікті электр өткізгіштігінің 0,5 мкСм/см дейін, натрий қосындысының 10 мкг/дм3 дейін артуының себебі 72 сағаттан кеш емес мерзімде жойылуы тиіс; 2) меншікті электр өткізгіштігінің 0,5 тен 1,0 мкСм/см дейін, натрийдің қосындысының 10-нан 15 мкг/дм3 дейін артуының себебі 24 сағаттан кеш емес мерзімде жойылуы тиіс; 3) жоғарыдағы көрсетілген бұзушылықтарды 72 жəне 24 сағат ішінде жоймау себебінен, сондайақ меншікті электр өткізгіштігінің 1 мкСм/см арттыру, натрийді қосындысының 15 мкг/дм3 немесе 5,5 төмен рН тің төмендеуінен турбина электр станциясының техникалық басшысының шешімі бойынша 24 сағаттан артық уақыт ішінде тоқтатылуы тиіс. Табиғи айналмалы қазандықтардағы бу сапасының төмендеуі кезінде: 1) натрий қосындысы, кремний қышқылы, меншікті электр өткізгіштігі нормасының нашарлау салдары 72 сағат ішінде 2 реттен артық емес жойылуы тиіс; 2) натрий қосындысы, кремний қышқылы, меншікті электр өткізгіштігінің нормасынан арту салдарынан 24 сағат ішінде 2-ден 4-ке дейін реттен жойылуы тиіс; 3) жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар тиісінше 72 жəне 24 сағат ішінде жойылмаған, сондайақ натрий қосындаларының, кремний қышқылының болуы, меншікті электр өткізгіштік нормадан 4 есе артық немесе рН 5,5 төмендеген кезде блоктық электр станцияларындағы турбина немесе көлденең байланысты электр станцияларындағы қазандық электр станциясының техникалық басшысының шешімі бойынша 24 сағат ішінде тоқтатылуы тиіс. 490. Табиғи айналмалы қазандықтардағы қоректік су сапасының төмендеуі кезінде: 1) натрийдің қосылуы, кремний қышқылы, меншікті электр өткізгіштігінің жалпы кермектік нормасынан арту салдары 72 сағат ішінде 2 реттен астам емес жойылуы тиіс; 2) құрамындағы жалпы кермектіктің нормадан артуы салдарынан 2-ден 5-ке дейін реттен, натрий қосындысы, кремний қышқылы нормасынан арту салдарынан 2 рет 24 сағат ішінде жойылуы тиіс; 3) жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған жағдайда сəйкесінше 72 жəне 24 сағат ішінде немесе 5 есе көбірек жалпы қаттылығының мəнін арттыру кезінде қазандық электр станциясының техникалық басшысының шешімі бойынша 4 сағаттан кейін тоқтатылуы тиіс. Бұзушылықтардың салдарын жоюға дейін қоректік су сапасы будың сапасын жиі бақылау кезінде үздіксіз жəне мерзімді үрленеді, ал жалпы кермектігі бойынша нормалардың артуы кезінде қазандық суы еселеп фосфатталады. Бұл ретте 140 кгс/см2 (13,8 МПа) қазандықтары үшін 12 мг/дм3 дейін фосфаттың артуына жол беріледі. Қазандық суының рН мəні 7,5-тен төмендеген кезде жəне ащы натрийді мөлшерлеу арқылы оны арттыру мүмкін болмаса немесе бұзушылықтың пайда болу себептерін жоя отырып қазандық дереу тоқтатылады. 491. Қысымы 140-255 кгс/см2 (13,8-25 МПа) тура ағынды қазандықтары бар электр станцияларының бірінші сатысының конденсаттық сорғыларынан кейін турбина конденсатының сапасы төмендегі нормаларға сəйкес болуы тиіс: 1) жалпы кермектігі 0,5 мкг-экв/дм3; турбиналардың конденсат жинағынан шыққан конденсаттың 100 % тазалануы кезінде қоректік су сапасының нормасын сақтаған кезде 4 тəуліктен артық мерзімде көрсетілген нормадан уақытша артуына жол беріледі; 2) меншікті электр өткізгіштігі 0,5 мкСм/см; 3) конденсаттық сорғыдан кейін ерітілген оттегі құрамы 20 мкг/дм3. 492. Табиғи айналымды қазандықтары бар электр станцияларының турбиналары конденсаттарының сапасы осы Қағидалардың 11-қосымшасында көрсетілген нормаға сай болуы тиіс. 493. Тура ағынды қазандықтарды қоректендіру үшін тұссыздандырылған судың сапасы осы Қағидалардың 12 (1)-қосымшасында көрсетілген нормаға сəйкес болуы тиіс. Қысымы 140 кгс/см2 (13,8 МПа) табиғи айналымды қазандықтарды қоректендіру үшін тұзсыздандырылған су сапасы осы Қағидалардың 12 (2)-қосымшасының нормасына сəйкес болуы тиіс. Жекелеген жағдайларда тұзсыздандырылған су сапасының нормасын энергетикалық жүйенің жоғары тұрған ұйымы немесе орталықтандырылған орган айқындаған мамандандырылған техникалық ұйым қоректік су сапасының нормасын сақтаған жағдайда (бастапқы су сапасы, су дайындау қондырғыларының схемалары, қолданылатын ионит түрлері, қоректік теңгерімдегі тұзсыздандырылған су үлесі) жергілікті шарттарға байланысты түзетуі мүмкін. Қысымы 100 кгс/см2 (9,8 МПа) жəне одан төмен барабанды қазандықтарды қоректендіру үшін қоректік су сапасы, барабанды қазандықтардың (регенеративтік, желілік жəне басқа да жылытқыштардың конденсаттары, дренаж бактерінің, төменгі нүкте бактерінің, конденсат қорының бактерінің жəне басқа да ағынды сулары) қоректік ішкі станциялық суының сапасы қоректік су сапасының нормасын сақтауды қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Нормалардың бұзылуына əкелетін қоректік ішкі станциялық суды құрайтын қоректік судың ластануы кезінде циклге қайта келуге дейін тазаланады немесе ағызылады. 494. Н-Nа-катиондаумен немесе қышқылды қосумен негізгі судың сілтілігін төмендету кезінде химиялық тазаланған судың қалған жалпы сілтілігі шамамен 0,2-0,8 мг-экв/дм3 болуы тиіс. 495. Нитриттің пайда болуын тудыратын бактериялардың су дайындау қондырғыларының трактісінде немесе негізгі суда пайда болуы кезінде негізгі су құбыржолдары жəне хлор əгінің ерітіндісін ағарту сүзгілерінің сүзгілеу материалдары мерзімді түрде өңделеді. 496. Бу жəне конденсаттың орнын толтыруға арналған буландырғыш дистиллятының сапасы төмендегі нормалармен қанағаттандырылуы тиіс: 1) натрий қосылысының құрамы – 100 мкг/дм3 артық емес; 2) бос көмір қышқылы – 2 мг/дм3 артық емес. Тура ағынды қазандықтарды қоректендіру үшін қолданылатын буландырғыш дистилляты қазандарды қоректендіру үшін тұзсыздандырылған судың жоғарыда келтірілген нормаларының сапасына дейін қосымша тазартылады. 497. Бу жəне конденсаттың орнын толтыруға арналған буландырғыштардың қоректік су сапасы осы Қағидалардың 13-қосымшасына сəйкес нормаларды қанағаттандыруы тиіс. Жекелеген жағдайларда пайдалану тəжірибесінің негізінде қоректік су сапасының нормасы түзетілуі мүмкін. 2000 г/дм3 артық жалпы құрамында тұзы бар сумен буландырғыштарды қоректендірген кезде фосфаттауға жол беріледі. Буландырғыш концентратының сапасы мен үрлеу режимінің нормасы дайындаушы зауыттар нұсқаулықтарының, су-химиялық режим немесе электр станцияларында жүргізілетін жылу-химиялық сынақ нəтижелерін енгізу жөніндегі типтік нұсқаулықтардың негізінде мемлекеттік қадағалау мен бақылау жөніндегі уəкілетті орган айқындаған мамандандырылған ұйымдар белгілейді. 498. Өндірістен қайтушы конденсат сапасы осы Қағидалардың 14-қосымшасына сəйкес нормаларды қанағаттандыруы тиіс. Қайтарылатын конденсанттың құрамында қышқыл немесе сілтілі қоспалар болмауы тиіс, себебі олар қазандық суының рН мəнінің белгіленген нормадан фосфаттармен өңдеу немесе күйдіргіш натриймен түзетудің өзгеріссіз режимінде 0,5 бірлікке ауытқуына түрткі болады. Егер электр станциясына қайтушы конденсат сапасы қоректік су сапасының нормасын қамтамасыз етпесе, оны осы нормаларға қол жеткізілгенге дейін тазалау көзделеді. 499. Жылу желілерін қоректендіру үшін су сапасы осы Қағидалардың 15-қосымшасына сəйкес нормаларын қанағаттандыруы тиіс. Қоректік суды силикатты өңдеу кезінде кальцийдің шекті концентрациясы тек қана сульфаттың емес ((СаSO4) түсуді болдырмау үшін), сондай-ақ қазандық құбырының 40 0С аспауын ескере отырып, желілік судың берілген қыздыру температурасы үшін кремний қышқылының ((СаSO3) түсуді болдырмау үшін) да жалпы концентрациясын есепке ала отырып анықталады. Суды кешенді (ОЭДФ, мырыш тұзы ОЭДФ, ИОМС) өңдеу барысында қоректік суды өңдеу энергетикалық кəсіпорындардың басшылығы бекіткен нормаларға сəйкес жүргізіледі. Жылу желілерінің сулары мен желілік суға гидразин мен басқа да улы заттардың шығарылуына жол берілмейді. 500. Желілік су сапасы осы Қағидалардың 16-қосымшасына сəйкес норманы қанағаттандыруы тиіс. Жылыту мерзімінің басында жəне жөндеу жұмысынан кейінгі мерзімде жылумен жабдықтаудың жабық жүйесі үшін 4 апта ішінде жəне ашық жүйесі үшін 2 апта ішінде темірдің қосылысы бойынша – 1,0 мг/дм3 дейін, ерітілген оттегі бойынша – 30 мкг/дм3 дейін, өлшенген заттар – 15 мг/дм3дейін нормадан артуына жол беріледі. Карбонат индексі Ик – жылу желілерін қорректендіру нормативтері осы Қағидалардың 17-қосымшасында көрсетілген мəннен артық болмауы тиіс. Жылыту маусымының аяқталуы немесе тоқталуы кезінде сумен жылыту қазандықтары мен жылу желілері консервіленеді. 501. Органикалық отынмен жұмыс істейтін электр станцияларындағы бу жəне конденсаттың ішкі станциялық шығындары (ернемектермен жұмыс істеу кезінде қазандықтарды үрлеу, сумен жуу, конденсатты тазалау үшін қондырғылармен қызмет көрсету, жылу желілерінің қосымша суының деаэрациясы, мазутты ағызу кезінде) жұмыс істеп тұрған қазандықтардың номиналды өнімділігі кезінде осы Қағидалардың 18-қосымшасына сəйкес қоректік судың жалпы шығынының % артық болмауы тиіс. Қоректік судың нақты шығыны номиналдыдан төмен кезінде тиісінше ішкі станциялық нормалар ұлғайтылады, бірақ 1,5-тен артық емес. Технологиялық қажеттілікке су мен будың жалпы шығынын есептеу кезінде электр станцияларының циклінде суды қайта пайдалану мүмкіндігін ескере отырып жəне нормаларға сəйкес қабылданады. Əрбір электр станциясы үшін бу жəне конденсат шығынының жалпы нормасы белгіленген тəртіппен аккредиттеуден өткен жобалау немесе мамандандырылған техникалық ұйыммен жыл сайын келісіледі. Құбыржолдары мен арматура 502. Арнайы өкіммен энергетикалық объектінің əкімшілігі инженерлік-техникалық жұмыскерлердің (цехтар мен қызметтердің басшылары) ішінен құбырлардың жарамдылығы мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты адамдарды тағайындайды. 503. Күрделі жəне орташа жөндеуден кейін, сондай-ақ құбыржолдарының учаскелерін кесу жəне дəнекерлеумен байланысты жөндеу жұмысынан кейін, арматураларды ауыстыру, тіреуіштерді ретке келтіру мен жылу оқшаулығышын ауыстырудан кейін, жабдықты іске қосу алдында мыналар анықталады: 1) уақытша монтаждау жəне жөндеу тартқыштарының, конструкцияларының жəне құрылғылардың, ағаштардың жоқ болуы; 2) қозғалмайтын жəне жылжымалы тіреуіштері мен серпінді бекіткіштердің, құбыржолдарымен жəне арматуралармен қызмет көрсету баспалдықтары мен алаңдарының жарамдылығы; 3) салқын күйінде ілмек серіппелерінің жəне тіреуіштерінің тартылу мөлшері; 4) жылу орындарын ауыстыру индикаторларының жарамдылығы; 5) жылыту мен басқа да пайдалану режимдеріндегі құбыржолдардың еркін орын ауыстыру мүмкіндігі; 6) дренаждар мен ауаның, сақтандыру құрылғыларының жай-күйі; 7) құбыржолдарының көлденең учаскелеріндегі еңіс өлшемі мен олардың нормативтіктехникалық құжаттама талаптарына сəйкестігі; 8) арматураның қозғалмалы бөліктерінің жеңілдігі; 9) басқару қалқандарындағы тиекті арматураның шеткі жағдайының сигнализациясының нақты жағдайындағы (ашық-жабық) сигнализациясына сəйкестігі; 10) жылу оқшаулағышының жарамдылығы; 11) жөндеу құжаттамасының толық кешенінің болуы (схемалар, формулярлар, дəнекерлеу құжаттамасы, металлографикалық зерттеулердің хаттамалары, жөндеу жұмысынан кейінгі қабылдау актілері). 504. Энергетикалық объектінің əкімшілігі аталмыш энергетикалық объектідегі құбыржолдарын пайдалану кезінде нақты шарттарын ескеретін жергілікті нұсқаулықты əзірлеуі жəне бекітуі керек. Құбыржолдары мен арматураларды пайдалану кезінде нұсқаулыққа сəйкес мыналар бақыланады: 1) құбыржолдарының жылу ауыспалылығының мөлшері мен олардың индикатор көрсеткіштері бойынша есептік мəніне сəйкестігі; 2) құбыржолдарының қысылуы мен жоғары дірілінің болмауы; 3) сақтандыру құрылғылары, арматуралар мен ернемектік қосылыстарының тығыздылығы; 4) іске қосу мен тоқтату кезіндегі металл жұмысының температуралық режимі; 5) ілмек пен тіреуіш серпілісінің жұмыс орнында жəне салқын күйде созылу деңгейі – 2 жылда кемінде 1 рет; 6) арматураның сальниктік тығыздалуының тұмшалануы; 7) нақты орналасуы бойынша басқару қалқанындағы реттеуші арматуралардың жай-күйі көрсеткіштерінің (бұдан əрі – ЖК) сəйкестігі; 8) мойынтіректер майының, жетек механизмдері тораптарының, шпиндель винт буының, арматураның электр жетектерінің редукторларында оймалы төлкенің болуы. 505. Суытылмаған бу құбырларының ортасын толтыру кезінде құбыржолдары мен жұмыс ортасындағы температураның əртүрлілігін бақылау қамтамасыз етіледі, ол есепті мəн шегінде болуы керек. 506. Дренаж жүйесі құбыржолдарының ысу, суу жəне босауы кезінде ылғалды толық жоюды қамтамасыз етеді, ол үшін соңғылардың ортаның жұмыс қысымы кезінде тиісті қанықтыруға сəйкес температураға дейін сақталатын, көлденең учаскелердің еңісі 0,004 градустан артық болмау керек. Құбыржолдарының бөлшектері мен элементтерін ауыстыру кезінде құбыржолдары білігінің жобалау жағдайын сақтау қажет. Дренаж желісінің қабатында құбыржолдарының қысылуынан алшақ болу үшін жылу ауыстырушылығының бағыты ескеріледі.

Бірнеше құбыржолдарының дренаж желілерін қосу кезінде олардың əрқайсысына бекіту арматурасы орнатылады. 507. Құбыржолдары мен арматураларды жинақтау кезінде қызмет көрсету мен арматураларды жөндеу мүмкіншіліктері қамтамасыз етіледі. Бу құбырларының жылу орталықтарының индикаторлары мен арматураларын орнату орындарында қызмет көрсету алаңы орнатылуы тиіс. 508. Арматурада құбыржолдарының технологиялық схемаларына сəйкес атауы мен нөмірі, сондай-ақ штурвалдың айналым бағыттарының көрсеткіштері жазылады. Реттеуші қақпашалары реттеуші органдардың ашылу деңгейінің көрсеткіштерімен, ал тиекті арматура «Ашық» жəне «Жабық» деген сөздермен жабдықталады. 509. Құбыржолдары, арматуралар мен арматураны қашықтықтан басқару элементтерін жөндеу, құбыржолдарының жөнделетін учаскелерін бөлшектеу бітеуіштерін орнату жəне алып тастау рұқсат беру наряды бойынша ғана орындалады. 510. Шеберхана жай-күйінде жөнделген арматура қақпақтың бітелгендігі, жұмыс кезінде 1,25 тең, қысымды сальник, сильфон жəне ернемек тығыздылығы бойынша сыналады. Құбырлар жолдарынан кесілмей жөнделген арматура жабдықты іске қосу негізінде ортаның жұмыс қысымының тығыздылығы бойынша сыналады. 511. Құбыржолдары мен арматуралардың жылу оқшаулығышы жұмысқа жарамды болуы тиіс. Оның қоршаған ауа температурасы 25 0С болған кезде оның жоғарғы қабатының температурасы 45 0С жоғары болмауы тиіс. Мерзімді бақылануға тиіс ернемек қосылыстарының, арматура мен құбыр учаскелерінің жылу оқшаулағышы (дəнекерлеу байланыстырушылары, жылжығыштығын өлшеу үшін дөңесше) алмалы-салмалы болуы тиіс. Ашық ауада жəне май бактарына, май құбырларына, мазут құбырларына жақын орналасқан құбыржолдарының жылу оқшаулағышы ылғалдылық немесе жанушы мұнай өнімдерін сіңіруден сақтандыру үшін металл немесе басқа жабыны болуы тиіс. Кəбіл желілеріне жақын орналасқан құбыржолдарының да металл жабыны болуы тиіс. Жұмыс ортасының температурасы қоршаған ауа температурасынан төмен объектілер коррозиядан қорғануы тиіс, гидро жəне жылу оқшаулығышы болуы тиіс. Жылу оқшаулағышы үшін металл құбыржолдарының коррозиясын тудырмайтын материалдар қолданылады. 512. Қорғау жабыны жоқ құбыржолдары оқшаулағышы сырлануы тиіс. Қорғану жабыны болған кезде оның беткі қабатына таңбалау дөңгелектері қойылады. 513. Жаңа бу мен аралық қызып кету қоректік құбыржолдарында, бу құбырларында, сондай-ақ олардың арматураларында құйым, жарық байқалған кезде авариялық учаскесі жедел түрде ажыратылады. Егер ажырату кезінде авариялық учаскені резервілеу мүмкін болмаса, осы учаскемен байланысты жабдық тоқтатылады. 514. Арматура қатаң түрде оның функционалдық белгілеріне сəйкес пайдаланылады. Реттуші ретінде тиекті арматураны пайдалануға жол берілмейді. Күлді ұстау жəне күлді шығару. Күлді ұстау қондырғылары 515. Қатты отынмен қазандықтың жұмыс істеуі кезінде күлді ұстау қондырғыларының үздіксіз жұмысымен қамтамасыз етіледі. Жұмыс істемейтін күлді ұстау қондырғылары бар қазандықтарды пайдалануға жол берілмейді. Электр сүзгілерінің əр түрлі өрістеріндегі екі немесе одан да көп бункерлердегі күлдің ең жоғары деңгейіне дейін жеткені туралы дабыл түскен кезде ылғалды күл ұстаушы қондырғылармен тамшы ұстаушыларды суландыруды тоқтату немесе одан пульпаны жоюды тоқтату кезінде олқылықтардың себептерін анықтау мен жою шараларын қолдану қажет. Ұсталған күлдердің жиналуы үшін күл ұстаушы қондырғыларының бункерлерін пайдалануға жол берілмейді. Ол бункерден үздіксіз жойылуы тиіс. 516. Газ немесе мазутпен қазандықты жағу кезінде электр сүзгілерінің жоғары кернеуі төмендемеуі тиіс, қағу механизмдері жұмысқа кіруі тиіс, бункерлер мен оқшаулағыш қорапшалар жылумен қамтамасыз етіледі. Қатты отынды жағу үшін қазандық ауыстырылғаннан кейін бункерлердің дірілді қопарғыштары немесе аэрациялау құрылғылары іске қосылады, электр сүзгілеріне жоғары кернеуді жеткізу уақыты өндірістік нұсқаулықта көрсетіледі. 517. Электр сүзгілерінің бункер астындағы үй-жайларында ауа температурасы 12 0С төмен болмауы тиіс. Бункерлердің қабырғаларының температурасы мен күл ұстағыш қондырғыларының кеміп қалуы түтін газынан тұратын су буының конденсациясының температурасы 15 0С жоғары болған күйінде ұсталады. 15 0С жəне одан төмен температуралы аймақтарда электр сүзгілерінің ашық тұтастандырылуы бар электр станцияларында электр сүзгілері іске қосылар алдында жағылған отынның түтін газының өсуінен жоғары температураға дейін алдын ала ыстық ауамен жылытылады. Дымқыл күл ұстағыш қондырғыларын суландыру, сондай-ақ электр сүзгілері мен батареялық циклондардың күлді ағызу аппараттарына суды жеткізу, ауа-күлді шығару жүйесінің аппаратына ауаны жеткізумен электр сүзгі жұмыстарына бақылау жүйесін қосу мен бункерлердегі күлдің болуы қазандық жағылғанға дейін жүзеге асырылады. 518. Электр сүзгілерінің түтін газдарының температурасы көтерілген кезде барлық өрісінен жоғары кернеулікті алып тастау қажет. Электр сүзгіде оттың тұтануы байқалған кезде, қазандықты тоқтатып, авариялық жай-күйін жоюға кіріскен жөн. 519. Күл ұстаушы қондырғыларды пайдалану режимі төмендегі көрсеткіштермен анықталады: 1) электр сүзгілері үшін – түтін газының белгілі температурада электр қуатымен қоректендірудің оңтайлы параметрлерімен жəне электродтарды қағудың оңтайлы режимдері; 2) дымқыл күл ұстайтын қондырғылар үшін – кемінде 15°С дымқыл газ шығы нүктесінен жоғары (су буы бойынша) аппараттардан кейінгі газ температурасы мен суаратын судың оңтайлы шығыны; 3) батареялық циклондар үшін – аппараттардың оңтайлы аэродинамикалық кедергілері. 520. Ылғалды күл ұстағыш қондырғыларын пайдалану кезінде шашырата алып кетудің алдын алу шаралары қарастырылады. Ылғалды күл ұстаушы қондырғыларға электр сүзгілерді орнату кезінде шашырата алып кетуге жол берілмейді. 521. Күл ұстаушы қондырғылардың жай-күйі оларды пайдалану жөніндегі үлгі нұсқаулыққа сəйкес бақыланады. 522. Қазандықтың 3 тəуліктен артық мерзімге тоқтатылуы кезінде күл ұстаушы қондырғылар тексеріледі жəне шөгінділерден тазартылады. 523. Күл ұстаушы қондырғыларды сынау олардың монтаждаудан, мамандандырылған аттестациялаудан өткен ұйымдардың күрделі жөндеуі мен қайта жаңғыртуынан кейін пайдалануға енгізуі кезінде орындалады. Күл ұстаушы қондырғыларды сынау үшін газ өткізгіштерінің өлшеу учаскелері болуы тиіс жəне штуцерлермен, лючкалармен жəне басқа да құрылғылармен, сынау кезінде пайдаланылған құралдармен қызмет көрсету үшін жарықтандырылған стационарлық алаңдармен жабдықталуы тиіс. 524. Күл ұстаушы қондырғылар жылына кемінде 1 рет оларды пайдалану тиімділігін тексеру мақсатында жəне жұмыстарын жақсарту бойынша шараларды əзірлеу қажеттілігі туындаған кезде жедел əдістеме бойынша сыналады. Күл-қожды шығару жүйелері мен күл үйінділері 525. Күл-қожды шығару жүйелері мен күл үйінділерін пайдалану кезінде мыналар қамтамасыз етіледі: 1) күл үйінділеріне, құрғақ күл қоймаларына күл жəне қождарды уақтылы, үздіксіз жəне үнемді жою мен қаттап тастау, сондай-ақ оларды тұтынушыларға тиеу; 2) ішкі жəне сыртқы күл-қожды шығару жабдықтарының, қондырғылары мен құрылыстарының сенімділігі; 3) құрғақ күл қоймалары мен күл үйінділерінің жұмыс сыйымдылығын тиімді пайдалану; 4) ауа жəне су бассейндерінің, сондай-ақ қоршаған аумағының күлмен жəне ағынды сумен ластануының алдын алу. 526. Гидро жəне ауа-күлді шығару жүйесін пайдалану мыналарды қамтамасыз ететін режимде ұйымдастырылады: 1) су, ауа жəне электр энергиясының оңтайлы жұмсалуы; 2) күл-қож құбырларының барынша ескірмеуі; 3) сыртқы қойыртпақ өткізгіштер мен су құбырларын мұздатуды, күлді ағызу аппараттарын, арналар мен қойыртпақ қабылдаушы бункерлерді тұнбаландыруды, бункерлерде, тесіктер мен тұрып қалған күлдерді тазалайтын күл құбырларында күл қалдықтарының жиналуын болдырмау. Ауыр еритін қосылыстармен судың қанығуын жəне өлшенген қатты бөліктердің тұнығуын (ағару) жою үшін бассейннің қажетті көлемі мен тұндырма тереңдігі қарастырылады. 527. Гидро-күлді шығару жүйесін пайдалану кезінде трактілер мен жабдықтардың тығыздылығы, арналардың, күл-қож құбырларының, жабдықтарды жедел қайта қосу қондырғыларының қаптау жəне жабу жарамдылығы қамтамасыз етіледі. Ауа-күлді шығару жүйелеріндегі май, ылғал жəне тозаңнан қалған ауаның тазартылуы, сондайақ күл құбырларының, аралық бункерлерінің жəне күл қоймаларының ыдыстарының ылғалды болуының алды алынуы тиіс. 528. Күл-қождың айналымды (жабық) гидравликалық жүйесін пайдалану мыналарды қарастыратын ағынсыз режимде ұйымдастырылады: 1) орташа есеппен жылына су теңгерімін қолдау; 2) техникалық мақсатта тазартылған суды (қазандық жылытқышының, күлді ұстау қондырғыларының бетін жуу, күлді үй-жайларды гидротазалау, багералық сорғылардың мойынтіректерін тығыздау, күл үйінділерінің құрғақ учаскелерін суландыру, суды бүрку жолымен газды салқындату, бетон ерітінділерін дайындау) жəне гидрокүлді шығару (бұдан əрі – ГКШ) жүйесіне құятын ағынның бағытын басым пайдалану. Күл үйінділерінен тазартылған суды өзенге жəне табиғи су қоймаларына құюға аймақтық табиғатты қорғау органдарының келісімімен ғана жол беріледі. 529. Қосылған судың жалпы саны күнтізбелік жыл ішіндегі жүйе бойынша оның нақты шығынынан аспаған кезде ГКШ-дың айналым жүйесіне бөгде суларды ағызуға жол беріледі. Қосылма су ретінде ең ластанған өнеркəсіптік ағынды су пульпаны айдайтын құрылғыға қарай ағызылады. 530. Тазаланған су жетпеген кезде ГКШ айналым жүйесін техникалық сумен толықтыруға сорғылардың оқшауланған тобының техникалық суға ауыстыру арқылы жол беріледі. Сорғылар мен құбыржолдарында, таза судың бейтарап немесе қышқыл реакциясының жүйесінен басқа, техникалық жəне таза суларды араластыруға жол берілмейді. 531. Қож шығарудың механикаландырылған жүйесінің қож ванналарында қождың салқындауын қамтамасыз ететін жəне оттықтың ауаны соруын болдырмайтындай су деңгейі болуы тиіс. 532. ГКШ-дың шаю жəне қозғау шүмегінің жүйесінің жай-күйі жүйелі түрде бақыланады жəне де есептеумен салыстырғанда оның ішкі диаметрі кемінде 10 % ұлғайған кезде шүмек ауыстырылады. 533. Гидро- жəне ауа-күл шығару жүйесінің бақылау-өлшеу құралдары, технологиялық қорғану құралдарының, блоктауы мен сигнализациясы жарамды болуы тиіс жəне жүйелі түрде тексеріледі. 534. Резервке немесе жөндеуге шығарылатын гидро- жəне ауа күл шығару трактының іші тазартылуы жəне қажет болған кезде сумен шайылуы немесе ауамен үрленуі тиіс. 535. Сыртқы ауаның теріс температурасы кезінде ГКШ жүйесінің істен шығарылатын кезде таза суының пульпа құбырлары мен құбыржолдары олардың мұздап қалуын болдырмау үшін уақытында дренаждалуы тиіс. 536. Күл-қож құбырларының тозуы мен уақтылы құбырды бұру жүйелі (кесте бойынша) бақылануы тиіс. Минералдық шөгінділерден құбыржолдарын тазарту құбыржолдарының гидравликалық кедергісі 20 % (судың, пульпаның өзгеріссіз жұмсалуында) көтерілген кезде ғана жүргізіледі. 537. Күлқождарын (пульпақұбыр, күлқұбыры, шүмек) жинақтау мен шығару жүйесінің элементтерінің жоғары абразивтік тозуы кезінде осы элементтерді тозудан қорғау үшін (тастан құйылған бұйымдарды, абразивтік төзімді металдарды) шаралар қабылдануы тиіс. 538. Қажет болған кезде, пульпа құбырларының жəне жер үстіндегі құбырлардың еңісі тексеріледі, құбырларды түзету жүргізіледі немесе қосымша дренаждар орнатылуы тиіс. 539. Жабдықтарды жөндеу мен ауыстыру күл жəне қож шығаруды пайдалану тəжірибесі негізінде құрылған кесте бойынша ұйымдастырылуы тиіс. Аталған кестеге күл-қож шығару жүйесі жұмысының өзгертілуі кезінде (отын түрінің өзгеруі, қосымша қазандықтарды қосу) түзетулер енгізілуі тиіс. 540. Күл үйінділерін сумен жəне күл-қожбен толтыру, сондай-ақ, күл үйінділерінен күл-қожды шығару жоба бойынша жүзеге асырылады. Күл-үйінділер бөгетін пайдалану жəне техникалық жай-күйін бақылау осы Қағидалардың 5-тарауының талаптарына сəйкес ұйымдастырылады. 541. Жұмыс істеп тұрған электр станциясының күл үйіндісімен толтырылуы аяқталғанға дейін кемінде 3 жыл ішінде жаңа сыйымдылықты құру жобасының болуы қамтамасыз етіледі. 542. Күл үйінділерінің, бассейндер жəне таза су арналарының шекарасында, сондай-ақ жолдарда, күл шығарудың сыртқы жүйесінің орналасқан аймағында ескерту жəне тыйым салу белгілері орнатылады. 543. Күл үйінділерін толтыру деңгейін бақылау үшін жылына 1 рет су деңгейінен жоғары орналасқан бетінің күл-қож шөгуін тегістеу жəне тіркелген тұстамалар бойынша су тоғанының тереңдігін өлшеу жүргізіледі. Күл-үйінділерін толтырудың жол берілген деңгейі рейкалармен (реперлермен) белгіленеді. 544. Қоршау бөгеттерін жобасыз көбейтуге жол берілмейді. Күл-қож материалдарынан жəне жұмсақ топырақтан (саздақ, құмдақ) бөгеттерді көбейту кезінде жұмыс жылдың жылы уақытында орындалады. 545. Құрылыстардың күтімін жəне персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар (баспалдақтар, көпіршелер, қоршаулар жəне басқалары) жарамды күйде болуы қажет. 546. Əрбір электр станциясында жыл сайын күл мен қожды шығару мен жинақтау жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары əзірленеді жəне орындалады. Жоспарға мыналар енгізілуі тиіс: 1) жабдықты, таза судың пульпақұбырларын қарап тексеру мен жөндеу кестесі; 2) шөгінділерден құбыржолдарын тазалау, бөгеттерді көбейту кестесі, тозаңданудың алдын алу бойынша іс-шаралар, істен шыққан күл үйінділері жерін қайта қалпына келтіру жəне басқалары. Станциялық жылыту қондырғылары 547. Жылыту қондырғыларының жұмыс режимі (кері жəне берілу құбырларындағы қысым жəне берілетін құбыржолдарындағы температура) жылу жүйесі диспетчерінің тапсырмасына сəйкес ұйымдастырылады. Су жылу желісінің берілетін желісіндегі су температурасын жылумен жабдықтау жүйесі үшін бекітілген температура кестесіне сəйкес желінің ұзындығына, климаттық жағдайы мен басқа да факторларға байланысты жылу желісінің диспетчері белгілейтін 12-24 сағат уақыт аралығында сыртқы ауаның орташа температурасы бойынша беріледі. Электр станциясының бас ысырмасының берілген режимінен ауытқуы мынадан аспауы тиіс: жылу желісіне түсетін су температурасы бойынша ±3 %; берілу құбыржолдарындағы қысым бойынша ±5 %, кері құбыржолдарындағы қысым бойынша ±0,2 кгс/см2 (± 20 кПа). Жылу желісінен берілетін кері судың орташа тəуліктік температурасы берілген кестеден 3 % ғана асуы мүмкін. Кестемен салыстырғанда кері су температурасының төмендеуі шектелмейді. Желілік судың есептелген шығысының асып кетуі кезінде, жылу желісінің диспетчері есептеу шығыстарын қалпына келтіру шараларын қабылдау қажет. Электр станцияларының коллекторларында будың қысымы мен температурасын ауытқуы берілген параметрлерден ±5 % артық болмауы тиіс. 548. Əр желілік жылытқыш жəне жылытқыштар тобы үшін жобалық деректер мен сынақ нəтижелері негізінде: 1) есептелген жылу өнімділігі жəне оған сəйкес жылытатын бу мен желілік параметрлері; 2) температуралық арын жəне желілік суды жылытудың ең жоғары температурасы; 3) су жəне будың шекті жол берілетін қысымы; 4) желілік судың есептелген шығысы жəне оған сəйкес арынның шығыны орнатылады. Сонымен қатар, осы сынақтар негізінде желілік судың жұмсалуын есептеу кезінде жылыту қондырғысының су қосымша жабдығында, құбыржолдарында, жылыту қазандықтарында арынның шығыны анықталады. Сынақтар қайтадан жөнделген жылыту қондырғыларында жəне жүйелі түрде пайдалану процесінде (3-4 жылда 1 рет) жүргізіледі. 549. Желілік жылытқыштардан шығатын, жылу желілерінің істен шығарылуы кезіндегі, сондайақ, жылу желісінде орналасқан араластыру станцияларындағы су температурасын реттеу сағатына 30 0 С аспайтын жылдамдықпен бір қалыпты болуы тиіс. 550. Желілік жылытқыштар жұмысы кезінде мыналар қамтамасыз етіледі: 1) конденсат деңгейін жəне деңгейді автоматты ұстап тұратын құрылғысының жұмысын бақылау; 2) бу кеңістігінен конденсатталмайтын газдарды бұрып əкету; 3) температуралық арынды бақылау; 4) тораптық судың жылытылуын бақылау; 5) жылытылатын бу конденсатының сапасы бойынша гидравликалық тығыздықты бақылау. Жылуалмасу аппараттарының ластанған құбыр жүйесі жүйелі түрде, бірақ кемінде жылына 1 рет (жылу беру маусымының алдында) тазартылып отырады. 551. Резервті автоматты қосу үшін арналған құрылғылар іске кірісуге əрдайым дайын болуы тиіс жəне энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүйелі түрде тексерілуі тиіс. 552. Жылу желілерін толықтыруға арналған қондырғы жұмыс режимінде химиялық тазартылған деаэрацияланған сумен жəне шаруашылық-ауыз су жүйесінің немесе өндірістік су құбырларының сумен авариялық қоректендірілуін қамтамасыз етеді.

16 ақпан 2013 жыл

553. Осы Қағидалардың 495-тармағының талаптарына сəйкес келмейтін толықтыру үшін суды ағызып жеткізудің əр жағдайы электр станциясының техникалық басшысының рұқсатымен жүргізіледі жəне ағызылып жеткізілген судың мөлшері жəне сумен жабдықтау көзін көрсете отырып, жедел журналға белгіленеді. Толықтыру құрылғысының техникалық, айналымды немесе су құбырының суымен құбыржолдарының жалғану кезінде екі жабық жəне пломбаланған ысырма арасында бақылау мақсатындағы қақпақшалар көзделеді. Жылыту желілерінің қалыпты жұмысы кезінде бақылау қақпақшалары ашық болуы тиіс. 554. Толықтыру-ағызу құрылғылары тораптық сорғылардың сору жағынан берілген қысымды ұстап тұруы тиіс. Қысымның кенеттен көтерілуінен кері құбырларды қорғау қарастырылуы керек. 555. Бак-аккумуляторлар мен қор ыдысы температурасы 95 0С жоғары емес химиялық тазартылған деаэриацияланған сумен ғана толтырылады. Жеткізуші құбырдың өткізу қабілеттілігі бактың толтырылу мен тазартылуының ең жоғары жылдамдығына сəйкес келуі тиіс. Жылу оқшаулағышсыз жобаланған бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстарын толтырудың шекті деңгейі оқшаулауды орындау кезінде жылу оқшауламасының массасы бойынша эквивалентті биіктігіне дейін төмендеуі тиіс. Егер бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстары ретінде өнімнің 0,9 т/м3 тығыздығына есептелген мұнай өнімдері үшін бак қолданылса, бактың толтырылу деңгейі 10 % азайтылуы тиіс. 556. Бактың көшкін тəрізді қирауының алдын алатын сыртқы конструкциясын күшейтпей жəне ішкі бетінің коррозияға қарсы қорғаныссыз бак-аккумуляторларды пайдалануға жол берілмейді. Бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстарының жай-күйін бағалау, олардың бұдан əрі пайдалану жарамдылығын анықтау ыстық сумен жабдықтау қондырғыларын ажырату кезінде құрылым мен бак негіздерін, құбырлардың қарымталау қондырғыларын, сондай-ақ, энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен актіні құрастырумен жеткізуші құбырларды көзбе-көз қарау арқылы жыл сайын жүргізіледі. Құбырлары мен түбінің қалыңдығын анықтай отырып, бак-аккумуляторының конструкциясын құрал-саймандық тексеру нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сəйкес 3 жылда кемінде 1 рет орындалады. Бактың қабырғалары мен түбінің жобалық қалыңдықтан 20 % жəне одан да астам пайыз коррозиялық тозуы кезінде коррозияға ұшырайтын алаңның көлемі мен тозу сипатына қарамастан бакты əрі қарай пайдалануға жол берілмейді. 557. Монтаждау мен жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін бак-аккумуляторлары мен қор ыдыстарының сынағы жүргізіледі. Пайдалануға қабылданған əрбір бак-аккумуляторы мен қор ыдысының паспорты əзірленеді. 558. Бак-аккумуляторы мен қор ыдысын мынадай жағдайларда пайдалануға жол берілмейді: 1) жоғары шекті деңгейіне жеткен кезде бакқа суды жеткізуді толығымен тоқтатуды қамтамасыз ететін блоктау болмаған кезде, сондай-ақ оның төменгі шекті деңгейіне жеткенде, бəсеңдету сорғыларын ажырату кезінде; 2) егер бактар су деңгейін бақылау үшін аппаратурамен жəне шекті деңгейінің сигнализациясымен, толтырудың шекті жол берілген деңгейінің белгісінде орнатылған ағызу құбырымен жəне жеткізуші құбырмен жабдықталмаса жол берілмейді. Сигналнализацияның электр сызбасы жедел журналға жазылып, ауысымда 1 рет сыналуы тиіс. Станциялық жылу тарату құбыржолдарын пайдалану осы параграфтың талаптарына сəйкес ұйымдастырылады. Жылу тарату құбыржолдарының қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты электр станциясының жұмыскерлері айына кемінде 1 рет қарайды жəне жыл сайын гидравликалық тығыздығын тексереді. 559. Егер жылу желілерін пайдаланылатын ұйымдардың құжатпен ресімделген басқа келісімдері болмаса, электр станцияларының жылу тарату жабдығының шекарасы оның аумағынан қоршалуы тиіс. Станциялық бақылау-өлшеу аспаптары - шығын өлшеуіштің өлшеу құрылғылары (өлшеу диафрагмалары), осы аспаптардың датчиктері, бірінші тиектік қақпақшалар, импульстік желілер жəне аспаптардың өзін – оларды орнату орнына қарамастан, электр станцияның қарамағында болады жəне олардың персоналы қызмет көрсетеді. 560. Жылу тарату жабдықтары жылу желілерін пайдаланатын ұйымдармен келісілген, кестеге сəйкес жөнделеді. Жылу желілері 561. Жылу желілерін пайдалану кезінде жылу тасымалдағыштың кеміп қалуы мен нормативтен аспайтын жылу шығыны кезіндегі берілген кестеге сəйкес белгіленген параметрлердің жылу тасымалдағышты (су мен буды) тұтынушыларға беруі қамтамасыз етіледі. Жылу көзінің нақты қуаты мен жылу желісі магистралінің өткізу қабілеті таусылған кезде жаңа тұтынушылардың қосылуына жол берілмейді. 562. Егер мүдделі ұйымдардың басқа құжаттамалық рəсімделген келісімдері болмаса, жылу желілеріне қызмет көрсететін шекаралар мынадай болуы керек: 1) жылу көзі тарапынан – осы Қағидалардың 559-тармағында көрсетілгендерге сəйкес белгіленген шекара; 2) жылу тұтынушылары тарапынан – жылу тұтынушыларын жарықтандыруға арналған, энергия нысандарына жататын ысырмалар бекітілген, камера қабырғасы. Жылу желілерінің қызмет көрсету шекарасы екіжақты актімен ресімделеді. 563. Жылу желілерін пайдаланатын ұйымға құбыржолдарының, жылу орындарының жəне тұтынушының теңгеріміндегі басқа да жабдықтардың техникалық жай-күйі мен жарамдылығына, сондай-ақ тұтынушының шаруашылық қызметіне араласу құқығынсыз, жылу орындары жұмысының пайдалану режимдеріне бақылау жүргізу қажет. 564. Жылу желілерін пайдаланатын ұйым желі объектілеріне əкелетін жолдарды тиісінше жайкүйде ұстауға, сондай-ақ жол қабаттары мен жерасты құрылыстарының бетін жобалауға бақылау ұйымдастыру қажет. Жылу желілерінің трассасында жердің бетін жобалау жылу құбырларына құрылысының үстіңгі қабаттағы судың өтуін болдырмауы тиіс. Əрбір секцияға бөлінетін учаскелерден суды ағызу мен бұруға арналған құрылғысыз жылу желілерінің өткізгіш құбырын пайдалануға енгізуге жол берілмейді. 565. Жылу желілерін пайдаланатын ұйымдар жабдыққа жəне тиекті реттеуші арматураға бөгде адамдардың қол жеткізуіне кедергі болатын қоршау конструкцияларының жарамдылығын қамтамасыз етуі қажет. 566. Жылу желілерінің құбыржолдарының трассаларын қазуына немесе бөгде ұйымдардың олардың жанында жұмысты жүргізуіне жылу желісін пайдаланатын ұйымның рұқсатымен, арнайы тағайындалған адамның бақылауымен ғана жол беріледі. 567. Жылу желілерін пайдаланатын ұйымдарға: 1) жылу желілерінің жоспарын (ауқымды); 2) жедел жəне пайдалану (есептеу) схемасын; 3) əрбір магистраль бойынша жылу трассасының кескінін əзірлеу қажет. Жыл сайын осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарына сəйкес жылу желілерінің нақты жағдайына сəйкес жоспар, схема жəне кескін түзетіледі. 568. Жылу желілерінің жедел схемасы, сондай-ақ автоматика мен технологиялық қорғау құрылғысын ретке келтіру мыналарды қамтамасыз етеді: 1) жылу энергиясын пайдалану жөніндегі шарттарға сəйкес берілген параметрлерді жылу тасымалдағышын тұтынушыларға жеткізу; 2) жылу желілерінде жылу тасымалдағыштың оңтайлы ағынының таралуы; 3) біріккен жылу желісіне бірнеше жылу көздерінің бірлесен жұмысын жүргізу жəне қажет болған кезде, жылу көздерінің бөлек жұмысына ауысу мүмкіндігі; 4) ең үнемді көздерді артықшылықпен пайдалану. 569. Жылу желілерінің барлық жылу магистральдарына, камерларына (тарамдану тораптарына), толықтыру мен дренаждау сорғыларына, автоматты реттеу тораптарына, қозғалыссыз тіректерге, компенсаторларға жəне жылу желісінің басқа да құрылыстарына жоспарларда, схемаларында жəне пьезометрикалық кестелерде белгіленетін пайдалану нөмірлері беріледі: Пайдалану (есептеу) схемаларында желіге қосылған барлық абоненттік жүйелер, ал жедел схемаларда, сондай-ақ секцияларға бөлетін жəне тиекті арматура нөмірленуге тиіс. Таратушы құбыржолдарына орнатылған арматура (бу құбырында) тақ нөмірмен белгіленеді, ал оған сəйкес келетін арматура қайтару құбыржолдарында (конденсат жолында) жұп нөмірмен белгіленеді. 570. Жылу желілерінің əрбір ауданының газ қауіптілігі бар камераларының жəне өту каналдарының тізбесі болуы тиіс. Жұмысты бастаудың алдында осындай камералар газды табу үшін тексеріледі. Газ қауіптілігі бар камералардың арнайы белгілері, люктері боялған болуы тиіс жəне сенімді бекітілуі тиіс. Барлық газ қауіптілігі бар камералар жəне трассалардың учаскелері жылу желісінің жедел схемасында белгіленеді. 571. Жылу желілерін пайдаланатын ұйымдарға жылу жүйелерінің, жылу пункттерінің жəне тұтынушыларға тиесілі жылу тұтыну жүйелерінің техникалық қабылдауын олардың монтаждалуы немесе жөнделуінен кейін жүзеге асырыларды, онымен қоса тұтынушы арматура жəне жылыту аспаптарының осы желілер үшін максималды жол берілген байқау қысымынан аспайтын, қысыммен жеке жабдығының мықтылығы мен тығыздығын анықтау мақсатында гидравликалық сынақ өткізуі керек. 572. Жылу желілерін пайдаланушы ұйымдар осы Қағидалардың 498-тармақтарына сəйкес кері желілік су сапасына тұрақты бақылауды ұйымдастыруы жəне желілік судың сапасын нашарлататын абоненттерді анықтауы қажет. 573. Жылу желілерінің құбыржолдары оларды пайдалануға енгізгенге дейін монтаждаудан жəне күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін: 1) бу құбырлары – буды атмосфераға шығару арқылы үрлеумен; 2) жылумен жабдықтаудың жабық жүйелеріндегі су желілері мен конденсат құбырлары – гидропневматикалық үрлеумен; 3) жылумен жабдықтаудың ашық жүйелеріндегі су желілері – гидропневматикалық шаюға жəне қоректік сумен кейіннен қайтадан шаю арқылы зарарсыздандыра отырып, тазалануы керек. Зарарсыздандырылғаннан кейін қайтадан шаю ағызылған судың көрсеткішіне дейін жүргізіледі. 574. Тұтынушылардың жылу желілерін жəне гидропневматикалық шайылмаған жылуды тұтыну жүйесін іске қосуға, ал жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерін зарарсыздандыруға жол берілмейді. 575. Барлық қайтадан жөнделген жылу желілерінің құбыржолдары тығыздығы бойынша белгіленген тəртіппен гидравликалық сынақтан өтуі тиіс. 576. Желілік құбыржолдарды толтыру, оларды шаю мен қайта шаю, зарарсыздандыру (жылумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін), айналым жүйесін қосу, бу құбырларын үрлеу мен жылыту жəне су немесе бумен жылыту желілерін іске қосу бойынша операциялар, сондай-ақ желінің немесе оның жекеленген элементтері мен конструкцияларының кез келген сынақтары жылу желілерін пайдаланушы ұйымның басшысы бекіткен жəне жылу көзі энергетикалық объектісінің – басшылығымен келісінген арнайы əзірленген техникалық бағдарлама бойынша жауапты адамның жетекшілігімен орындалады. 577. Жылу желілерінің құбыржолдары жылу тұтынудың жүйелері ажыратылған кезде температурасы 70 0С жоғары емес сумен толтырылады. 578. Құбыржолдарының жəне жылу желілерінің (арқалықтар, тіректер, мачталар, эстакадалар) металл конструкцияларының сыртқы беті төзімді коррозияға қарсы жабынмен жабылады. Құрылыстан жəне күрделі жөндеуден кейін құбырлар мен металл конструкциялардың коррозияға қарсы сыртқы жабынсыз жылу желілерін іске қосуға жол берілмейді. 579. Жылу желілерінің құбыржолдары, арматуралар, компенсаторлар мен ернемек қосылыстары жобаға сəйкес жылу оқшауламасымен жабылуы тиіс. Жылу желілерінде гидрофильдік көму оқшауламасын, сондай-ақ гильзаларда (қаптарда) құбыржолдарын төсеген кезде тығыздау оқшауламасын қолдануға жол берілмейді. 580. Төмендететін дренаж жұмыс істемеген кезде жылу желілерін пайдалануға енгузуге жол берілмейді. 581. Өту арналары, сондай-ақ электр жабдықтары орнатылған ірі тораптық камералар электрлі жарықтандырылуы керек. Өту арналарының құйылу-сору желдеткіші жарамды күйде болуы қажет. 582. Ернемек арматураларын қолдану орындарынан басқа, жылу желілерінің құбырларының барлық қосылыстары дəнекерленуі тиіс. Компенсаторлар мен арматуралар үшін мақта-қағаз жəне көбікпен тығыздап толтыруға жол берілмейді. 583. Жылу желілерін жер үстіне төсеген кезде электр жетектері бар ысырмалар үй-жайларға орналастырылуы тиіс немесе атмосфералық ылғалдан жəне бөгде адамдардың қол тигізуіне жол бермейтін арматуралар мен электр жетектерін қорғайтын қаптамалармен оралуы тиіс. 584. Су температурасының жарамсыз реттегіші бар ыстық сумен жабдықтау қондырғылары, сондай-ақ жарамсыз есептеу құрамдары бар жылуды тұтынатын жүйелерді жылу жүйелеріне жалғауға жол берілмейді. 585. Жылу желілері жабдықтарының техникалық жай-күйін жəне олардың жұмыс тəртібін бақылау үшін жүйелі түрде кесте бойынша жылу құбырлары мен бекеттері тексеріледі. 586. Жылу желілерін пайдаланушы ұйымдар құрылыс құрылғыларының, жылу желілерінің құбыржолдары мен жабдықтарының ақауларын анықтауы, замануи құралдар мен диагностикалау əдістерін қолдана отырып, сондай-ақ қарау, сығымдау, жылу тасымалдағыштың ең жоғары температурасы кезінде сынау мен басқа да əдістерді қолдана отырып, олардың техникалық жай-күйіне, жылу оқшауламасы мен коррозияға қарсы жабынға бақылау жүргізуі қажет. Жылу желілерін пайдаланушы ұйымдар барлық жабдықтардың түрі бойынша барлық бұзылған жəне анықталған ақаулардың есебін жүргізуі жəне олардың туындау себептерін талдауы қажет. Жылу желілерінің құбыржолдары мен жабдықтарының техникалық жай-күйін бақылау бу мен ыстық су құбыржолдарының қауіпсіз пайдалану мен құрылғы талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады. Жылу желілерінің жабдықтары техникалық жай-күйін бақылау жұмысын жүргізу мерзімділігін жылу желісін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы белгілейді. 587. Су жылу желілерінде жəне конденсат құбырларында желілік су мен конденсатты талдай отырып, сондай-ақ осы тектес орындарда (ЖЭО-мен шықпада, аяқталу учаскелерінде, магистральдың екі-үш аралық тораптарында) орнатылатын ішкі коррозия индикаторлары бойынша құбыржолдарының ішкі коррозия жай-күйін жүйелі бақылауы ұйымдастыру қажет. Істен шыққан жылу желісі химиялық тазартылған деаэраторланған сумен ғана толтырылады. 588. Қаныққан будың бу құбырларынан конденсат конденсатты бұрғыштар арқылы үздіксіз бұрып əкетіледі. Жалпы конденсат құбырына конденсат бұрушылардың жұмысына кері қақпақшалар орнатылмай жол берілмейді. 589. Секциялау ысырмалары мен қалыпты режимдегі тиекті арматура толығымен ашық немесе толығымен жабық күйде болуы тиіс, онымен жылу тасығыштың шығынын реттеуге жол берілмейді. 590. Су жылу тораптарынан жылу тасымалдағыштың орташа жылдық кемуі жылу желілеріндегі жəне оған қосылған жылуды тұтыну жүйелерінде сағатына, олардың қосылу (су жылытқыштары арқылы қосылған ыстық сумен жабдықтау жүйелерінен басқа) схемаларына қарамастан, судың орташа жылдық мөлшері 0,25 % аспауы қажет. Жылу тасымалдағышының маусымдық кему нормасы орташа жылдық мəні шегінде белгіленеді. Жылу тасымалдағыштағы кемуді анықтау кезінде жылу құбырларын толтырудағы судың шығысы мен жоспарлық жөндеу, жаңа желі учаскелері мен тұтынушыларды қосу кезінде жылу тұтыну жүйелері ескерілмейді. 591. Жөндеу жұмысынан кейін жылу беру маусымы басталғанға дейін құбыржолдарының тығыздығы мен беріктігін жəне орнатылған тиекті жəне реттеуші арматураны тексеру мақсатында желілердің гидравликалық сынағы өткізіледі. Сынамалық қысымның ең аз мəні 1,25 жұмыс қысымын құрайды. Бұл ретте, жұмыс қысымының мəнін бу мен ыстық су құбырларының құрылғылары мен қауіпсіз пайдаланудың техникалық талаптарына сəйкес жылу желілерін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы анықтайды. Əрбір нақты жағдайларда сынама қысымының мəнін жоғарыда көрсетілген жол берілетін шекте жылу желісін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы анықтайды. Жылу тасымалдағыштың ең жоғары температурада жұмыс істеуін сынау жəне беріктігі мен тығыздығы бойынша жылу желілерінің гидравликалық сынағын бір уақытта өткізуге жол берілмейді. 592. Беріктігі мен тығыздығы бойынша гидравликалық сынақ жүргізу үшін жылу желілерінің құбыржолдары 45 0С жоғары емес сумен толтырылады. Жылу желілерін сынама қысыммен сынағын өткізу кезінде жылу пунктері мен жыл тұтыну жүйелері сенімді түрде ажыратылуы тиіс. 593. Жылу желілерінде нақты жылу жəне гидравликалық шығындарды анықтау 5 жылда кемінде 1 рет жүзеге асырылады. 594. Кезбе тоқтардың əлеуетіне жылу желілерін сынаудың көлемі мен мерзімділігі электрхимиялық коррозиядан жылу желілерін қорғау бойынша шарттарға сəйкес болуы тиіс. 595. Технологиялық қорғау пайдалануға үнемі енгізіледі. Жылу желілерінің жұмысы кезінде технологиялық қорғану құрылғыларын ажырату жылу желілерін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен, жедел құжатты ресімдей отырып жүргізіледі. Технологиялық қорғану құрылғылары мынадай жағдайларда жұмыстан шығарылуы мүмкін: 1) желілер ауыспалы режимде жұмыс істеген кезде; 2) қорғанудың анық жарамсыздығы кезінде; 3) аварияны жою кезінде; 4) жабдықты жөндеу кезінде. Технологиялық қорғану құрылғыларының жұмыс қабілеттілігі өндірістік нұсқаулықта көрсетілген мерзімде жəне көлемде мерзімді түрде тексеріледі.

596. Екі құбырлы су-жылу желілері үшін жылу беру режимінің негізіне орталық сапалы реттеу кестесі жатқызылуы тиіс. Ыстық сумен жабдықтау жүктемесі болған кезде берілетін құбыржолдарындағы судың ең төмен температурасы мынадай болуы тиіс: 1) жабық схемалар үшін 700С төмен емес; 2) ыстық сумен жабдықтаудың ашық схемалары үшін 60 0С төмен емес. 597. Су-жылу желілерінің гидравликалық режимдері жыл сайын жылыту мен жаз мезгілдері үшін əзірленеді. Жылыту кезеңінде сумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін режимдер беруші жəне кері ағынды құбыржолдарынан ең жоғарғы суалғы болған жəне суалғы болмаған кезде əзірленеді. Тұтынушылардан судың жұмсалуын реттеу жөніндегі іс-шаралар əр жылыту маусымы үшін əзірленеді. Жылумен жабдықтау схемасында қарастырылған сорғы станциялары мен жаңа магистральдар құрылыстарының кезектілігі қосылған жылу жүктемесінің нақты өсуінің есебімен анықталады, сол үшін жылу желісін пайдаланушы ұйымда таяудағы 3-5 жылға арналған жылумен жабдықтау жүйелерінің гидравликалық режимдері əзірленеді. Жылу желілерінде сорғы станцияларының жəне негізгі магистальдардың жеке учаскелері істен шыққан кезде тұтынушылардың жылумен жабдықтауын қамтамасыз ету үшін іс-шаралар қарастырылған. 598. Су-жылу желілерінің беруші желісінің кез келген жеріндегі, құбыржолдарындағы жəне жылу көзінің жабдықтарындағы, жылу желілері мен жылу пункттеріндегі жəне жылуды тұтыну жүйелеріне тікелей қосылған жоғарғы нүктелердегі су қысымы желілік сорғылардың жұмыс істеу кезінде оның ең жоғары температурада судың қайнамауы кемінде 0,5 кгс/см2 (50кПа) қормен қамтамасыз етіледі. Су-жылу желілерінің керіжелідегі су қысымы желілік сорғылардың жұмыс істеу кезінде кез келген нүктеде 0,5 кгс/см2 (50к Па) төмен болмауы тиіс. Кері желідегі су қысымы құбыржолдар мен жылу көзінің жабдықтары, жылу желілері мен жылу пункттері жəне тікелей қосылған жылу тұтыну жүйелері үшін жол берілетін қысымынан жоғары болмауы тиіс. 599. Жылумен жабдықтау жүйелерінде статикалық қысым жылу желілерінің құбыржолдарын, сондай-ақ барлық тікелей қосылған жылуды тұтыну жүйелері сумен толтыруын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Статикалық қысым жылу көздерінің, жылу желілері мен жылу пункттерінің жəне тікелей қосылған жылу тұтыну жүйелерінің құбыржолдарымен жабдықтары үшін рұқсат шектен тыс жоғары болмауы тиіс. Статикалық қысым су температурасы 1 0С-тен 100 0С-қа дейін болған кезде шартты түрде анықталады. 600. Жылу желілерін пайдаланушы ұйымның тораптық жəне айдаушы сорғыларын электрмен жабдықтауды авариялық тоқтату кезінде рұқсат берілген деңгей шегінде жылу желілерінде жəне жылуды тұтыну жүйелерінде қысымды қамтамасыз ету қажет. Осы деңгейен асып кету мүмкіндігі болған кезде жылумен жабдықтау жүйелерін гидросоққыдан сақтайтын арнайы құрылғыларды орнату қарастырылады. 601. Жылу желілерінің жөндеу жұмысы анықталған ақауларды, бұзылуларды талдаудың, мерзімді қарап тексерудің, сынаудың, диагностика мен жыл сайынғы нығыздау нəтижелерінің негізінде бекітілген кестеге (жоспарға) сəйкес жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарының кестесі жылу желілері мен жылу орындарының құбыржолдарының бір уақытта жөндеу шарты ескеріліп, жасалады. Жылу желілерін пайдаланушы ұйымдар авариялық құбыржолдарын жүйелі түрде ауыстыруды, сондай-ақ жабдықтар мен желілерді пайдаланудың сенімділігімен жіберілген жылудың пайдалану тиімділігін арттыруға, жылу мен желілік судың шығындарын азайтуға бағытталған жұмыстарды орындауы қажет. Металдың жай-күйін бақылау 602. Жылу-энергетикалық жабдықтың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мен бөлшектерді дайындауда ақаулардың туындауы мүмкін, сондай-ақ жайылу, тот басу, коррозия процестерінің дамуына, пайдалану кезінде беріктігі мен иілгіштігінің төмендеуіне байланысты негізгі жəне балқытылған металдың (бұдан əрі – металды бақылау) құрылымдық жай-күйіне бақылау ұйымдастырылуы тиіс. 603. Металды бақылау электр станциясының техникалық басшысының бекіткен жоспарлары бойынша қарастырылған мерзімде жəне көлемде жүргізіледі. 604. Металды бақылау тиісті жабдығы бар цех персоналымен бірлесіп, зертханаларда немесе металл қызметінде жүргізіледі. Бақылауға дайындау мен оны өткізу бойынша міндеттерді бөлуді электр станциясының техникалық басшысы бекітеді. Жұмысты орындау үшін арнайы ұйымдар тартылуы мүмкін. 605. Жабдықтардың сенімділігін арттыру бойынша іс-шараларды əзірлеу электр станцияларында бақылау мен металдардың бұзылу нəтижелері туралы ақпараттарды жинау мен талдауды ұйымдастыру қажет. Қажет болған кезде металдың жай-күйі қосымша бақыланады. 606. Бақылаудың нəтижелері тіркелетін техникалық құжаттар жабдықты есептен шығарғанға дейін сақталады. 607. Кіріс бақылауы қойылатын тораптар мен бөлшектердің техникалық деңгейін анықтау, сондай-ақ жабдық жұмысын бастағанға дейін жəне кейінгі пайдалану бақылау кезінде негізгі жəне балқытылған металдың жай-күйін салыстырмалы бағалау үшін мəліметтерді алу, техникалық шарттардың, Қағидалар мен қолданыстағы нормалар талаптарына сəйкестігін бағалау үшін олардың қасиеттерінің деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі. 608. Кіріс бақылауына жаңадан енгізілетін жылу энергетикалық қондырғылар металдары, сондай-ақ пайдаланатын жабдықты жөндеу кезінде орнатылатын желілер мен бөлшектер жатады. 609. Пайдаланушы бақылау жабдық элементтері металдарының құрылымдық жай-күйінің өзгерісін бағалау жəне парктік қызмет мерзімі шегінде одан əрі пайдалануға оның жарамдылығын анықтау үшін ұйымдастырылады. 610. Энергетикалық жабдықтардың негізгі элементтерін (құбыржолдарының, барабандардың, қазандықтардың коллекторларының, бу құбырларының, ыдыстарының, цилиндрлердің корпустарының, бөгеу қақпақшаларының, турбиналардың роторларының майысуы) техникалық диагностикадан шамамен 10 жылға дейінгі қызметінің қосымша мерзімін (парктік ресурстан кейін) анықтау мен көрсетілген мерзім ішінде сенімді жұмысты қамтамасыз ететін іс-шараларды əзірлеу мақсатында мамандандырылған ұйымдар өткізеді. Ыдыстарды техникалық диагностикадан өткізу ыдыстың паспортында көрсетілген қызмет мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі. 611. Негізгі жəне балқытылмаған металдың жай-күйін бағалау үшін бақылаудың бұзбайтын əдістері қолданылады. 612. Техникалық диагностикадан өткізу кезінде металдың нақты жай-күйін бағалау қиындылар бойынша жүргізіледі. 613. Негізгі бөлшектері мен тораптарының металын бақылаудың нəтижелері қанағаттанарлықсыз болған кезде немесе олардың парктік ресурстарын əзірлеу кезіндегі пайдалану барысында металды бақылау нəтижелерін, басқа да қажетті құжаттарды қарастыратын жəне осы тараптар мен бөлшектерді жөндеу мен олардың жұмыс істеуін жалғастыру туралы шешім қабылдайтын немесе оларды бұзудың немесе қайта қалпына келтіретін термиялық өңдеу жүргізу қажеттілігін негіздейтін сараптамалық-техникалық комиссия (бұдан – СТК) құрылады. 614. Нақты электр станциялары үшін осы электр станцияны пайдаланудың ерекшеліктерін ескеретін металды бақылау бойынша өндірістік нұсқаулықты əзірлеуге жол беріледі. Тиісті техникалық негіздеу кезінде өндірістік нұсқаулық бақылау жүргізу мерзімдері мен көлемдері бойынша жалпы қабылданған нұсқаулықтан ерекшеленуі мүмкін. 7. Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары Генераторлар мен синхронды компенсаторлар 615. Генераторлар мен синхронды компенсаторларды пайдалану кезінде жол берілген режимдерде олардың үздіксіз жұмысы, қоздыру, суыту, маймен жабдықтау жүйелерінің, бақылау, қорғау, автоматика мен диагностика құрылғыларының сенімді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. 616. Қоздырудың автоматтық реттеуіштері (бұдан əрі – ҚАР) əрдайым іске қосылып тұруы тиіс. ҚАР-ды немесе олардың жеке элементтерін (ең аз қозуын шектеу) ажырату, жөндеу немесе тексеру үшін ғана жол беріледі. ҚАР-ды баптау мен іске қосу генераторлардың (синхронды компенсаторлардың), автоматиканың жалпы станциялық жəне жүйелі құрылғыларының рұқсат етілген жұмыс режимдерімен байланысты болуы қажет. Электр станцияларында ҚАР-ды баптаудың негізгі параметрлері туралы мəліметтер болуы тиіс. Резервтік қоздырғыштарда ротордың номиналды кернеуінен 1,3 төмен емес еселігімен қоздыру үдемелігі қамтамасыз етіледі. 617. ҚАР жəне жұмыс қоздыруын үдетудің құрылғылары желідегі кернеудің төмендеуі кезінде мыналарды қамтамасыз ететіндей ретке келтірілуі тиіс: 1) қозудың шекті бекітілген кернеуі егер осы кернеу машиналардың жеке ескі типтері үшін шектеулі болса, жұмыс тəртібінде еселенгеннен төмен болмайды; 2) қоздыру кернеуінің номиналды көтерілуінің жылдамдығы; 3) үдетудің берілген ұзақтығын автоматты шектеу. 618. Генераторлар негізгі қоздыру кезінде пайдаланылуға енгізіледі. Пайдаланылған кезде негізгі қоздырудан резервтік қоздыруға ауыстырылады жəне ол қайтадан генераторды желіден ажыратпастан орындалады. 619. Теріс қоздыру орамалары жоқ барлық генераторлар мен синхрондық компенсаторларда асқын кернеуден (разрядтығыштар бар, өшіру кедергісі) ротордың орамалары орнатылуы жəне əрдайым қорғалуы тиіс. 620. Сутегімен салқындайтын генераторлардың тығыздағыштарын маймен жабдықтаудың резервтік көздері май қысымын белгіленген деңгейінен төмендетуден жұмыс көзінің ажыратылуы жəне əрдайым қорғалуы тиіс. Қуаты 60 МВт жəне одан жоғары генераторлардың тығыздағыштарын маймен жабдықтаудың негізгі көздерін резервтеу үшін үнемі демпферлік (буферлік) бактар іске қосылуы тиіс. Демпферлік бактардағы майдың қоры майдың берілуін жəне маймен жабдықтаудың барлық көздері істен шыққан жағдайда, вакуумды үзе отырып, турбо агрегаттың айналасының барлық уақыты ішінде білік тығыздағыштарында май-сутегі қысымының оң айырымын ұстап тұруын қамтамасыз етеді. 621. Тікелей сутегімен салқындайтын турбо генераторлар мен синхрондық компенсаторлар монтаждау жəне күрделі жөндеу жұмысынан кейін сутегінің номиналды қысымы кезінде пайдалануға беріледі. Тікелей сутегімен немесе белсенді бөліктері сутегімен-сумен салқындайтын турбо генераторлар үшін ауамен салқындайтын жүктемемен жұмыс істеуге жол берілмейді. Ауамен салқындату кезінде мұндай машиналардың қысқа уақыт жұмыс істеуі қоздырусыз бос жүріс режимінде ауа температурасының дайындаушы зауыт нұсқаулығында көрсетілген температурасынан жоғары емес болуына ғана жол беріледі. ТВФ сериялы турбо генераторлар үшін желіден ажыратылған машинаның қысқа мерзімді қоздырылуына жол беріледі. 622. Генераторлар мен синхронды компенсаторлардың өрт сөндіруге арналған құрылғылары үнемі дайын болуы жəне олардың тез іске қосылу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. 623. Генераторлар мен синхронды компенсаторларды іске қосу мен пайдалану кезінде: 1) статорлардың электр параметрлеріне; 2) ротор жəне статор орамасы мен болаттың температурасын қоздыру жүйесіне, салқындату үшін арналған құралдарға (оның ішінде қоздыру жүйесінің жабдықтары), білік тығыздағышына, мойынтіректер мен өкшеліктерге; 3) қысымды, оның ішінде сүзгілеріндегі қысымның өзгеруіне, меншікті кедергіні жəне орама мен басқа да белсенді жəне конструктивтік бөлшектер арқылы дистияляттың шығынына; 4) сутегінің қысымы мен тазалығына; 5) қысым мен май температурасына, сондай-ақ біліктің тығыздағыштарында май-сутегі қысымының өзгеруіне; 6) сұйықтықты салқындату жүйесінің тұмшалануына; 7) сутегімен жəне толығымен сумен салқындайтын турбогенераторлар корпусындағы газдың ылғалдылығын; 8) демпфер бактарындағы жəне турбогенераторлардың қалқитын гидро бекітпелеріндегі гидро генераторлардың мойынтіректері мен өкшеліктерінің май ванналарындағы май деңгейіне; 9) мойынтіректермен турбо генераторлардың қосылған сақиналарының, айқаспалар мен гидро генераторлар мойынтіректерінің діріліне бақылау жүргізілуі тиіс. 624. Жұмыс істеп тұрған жəне резервтегі генераторлар мен синхрондық компенсаторлардың газмай жəне су жүйесінің жұмыс көрсеткішін анықтау мерзімділігі мынадай болуы тиіс: 1) генератор корпусындағы сутегінің шық (ылғалдығы) нүктесінің температурасы– аптасына кемінде 1 рет, ал газды немесе ылғалдықтың, рұқсат берілгеннен жоғары болып, жеке кептіруінің жарамсыздық жағдайында – тəулігіне 1 реттен жиі емес. Турбогенератор корпусының ішіндегі газдың ылғалдығы толығымен судың салқындауымен үздіксіз автоматты түрде бақыланады; 2) машина корпусының газ тығыздығы (сутегінің тəуліктік кемуі) – айына кемінде 1 рет; машина корпусындағы сутегінің тазалығы – бақылау мақсатындағы химиялық талдау бойынша жəне үздіксіз автоматты газанализатор бойынша аптасына кемінде 1 рет, ал автоматты газанализатор жарамсыз болған кезде – ауысымда кемінде 1 рет; 3) газ торында, мойынтіректердің картерлерінде, экранды ток өткізгіштерінде, желілік жəне нөлдік шықпалар қаптамаларында сутегінің болуы – сигналға əсер ететін үздіксіз автоматтық газанализатормен, ал осындай газанализатор жарамсыз болған кезде немесе мүлде жоқ болған кезде – жылжымалы газанализатормен немесе индикатормен тəулігіне кемінде 1 рет; 4) машина корпусының ішіндегі сутегіде, қалқымалы гидробекітпеде, үрлеу багінде жəне генератордың май тазалаушы қондырғысының су бөлу багінде оттегінің болуы – осы химиялық бақылау бойынша бекітілген кестелерге сəйкес; 5) орама мен генератордың басқа да бөлшектерінің сумен салқындату жүйесінде дистиллят сапасының көрсеткіштері – генераторларды пайдалану бойынша типтік нұсқаулыққа сəйкес. 625. Сутегінің тазалығы мынадан төмен болмауы тиіс: тікелей сутегімен салқындайтын генераторлардың корпустары мен синхрондық компенсаторлардың барлық түрлерінде – 98 %, қосалқы сутегімен салқындайтын генераторлардың корпустарында сутегінің қысымы 0,5 кгс/см2 (50 кПа) жəне жоғары болған кезде – 98 %, сутегінің қысымы 0,5 кгс/см2 (50 кПа) дейін көтерілген кезде – 95 %. Генератор корпусындағы сутегі шығы нүктесінің температурасы жұмыс қысымы 15 0С жоғары болмаған кезде жəне газ суытуға кірерде əрдайым су температурасынан төмен болуы тиіс. Толығымен сумен салқындату генераторының корпусындағы газ шығы нүктесінің температурасы пайдалану жөніндегі зауыт нұсқаулығымен белгіленген мəнінен жоғары болмауы тиіс. 626. Сутегідегі, генератор корпусындағы (синхрондық компенсатордағы) оттегі 1,2 % аспауы тиіс, ал қалқымалы гидробекітпеде, үрлеу шағын багінде жəне генератордың майды тазалау қондырғысының суды бөлу багінде – 2 % астам болуы тиіс. 627. Мойынтіректер картерлеріндегі, экранды ток өткізгіштеріндегі, желілік сызықтық жəне нөлдік шықпа қаптамаларындағы сутегі– 1 % болуы тиіс. Ток өткізгіштеріндегі, желілік жəне нөлдік шықпа қаптамаларындағы сутегі 1% жəне одан астам мойынтіректер картерлерінде 2 % астам болған кезде турбогенеротордың жұмыс істеуіне жол берілмейді. 628. Генератор корпусындағы (синхрондық компенсатордағы) сутегі қысымының тербелісі сутегінің номиналды қысымы 1 кгс/см2 (100 кПа) дейін көтерілген кезде 20 % аспауы тиіс, ал қысымы ± өте жоғары болған кезде 0,2 кгс/см2 (± 20 кПа) аспауы тиіс. 629. Синхрондық компенсатор майсорғыларының сору магистральдарында сутегімен салқындатуы жұмысы кезінде майдың артық қысымы кемінде 0,2 кгс/см2 (20 кПа) астам қамтамасыз етіледі. 630. Генератордың роторы қозғалмай жəне айналып тұрған кезінде роторының тығыздағыштардағы май қысымы машина корпусындағы сутегі қысымынан артық болуы тиіс. Қысымның төмен жəне жоғары өзгеруінің шегі дайындаушы зауыт нұсқаулығында көрсетіледі. 631. Турбогенераторлар білігінің маймен жабдықтау тығыздағышының жүйесінде əрдайым май қысымын реттеуші (тығыздайтын, қысушы, қалпына келтіруші) іске қосылады. Білік тығыздағышын маймен жабдықтау жүйесінің тиекті арматурасын пломбылау осы Қағидалардың 366-тармағының талаптарына сəйкес келуі тиіс. 632. Генератордағы сутегінің тəулік бойы ағуы 5 % аспауы тиіс, ал үрлеуді есепке ала отырып тəуліктік шығысы – жұмыс қысымы кезінде газдың жалпы санынан 10 % астам болмауы тиіс. Синхронды компенсатордағы сутегінің тəуліктік шығысы ондағы газдың 5 %-нан астам болмауы тиіс. 633. Генераторлар дəл синхрондау тəсілімен желіге қосылады. Дəл синхрондауды пайдалану кезінде синхрондық емес қосуды блоктау енгізіледі. Егер бұл жеткізудің техникалық шарттарымен қарастырылған немесе дайындаушы зауытпен арнайы келісілген болса, желіге қосу кезінде синхрондау тəсілін пайдалануға жол беріледі. Энергетикалық жүйедегі аварияны жою кезінде қуаттылығы 220 МВт дейін болатын турбогенераторлармен қоса жəне барлық гидрогенераторларды өзіндік синхрондық тəсілмен қатарлас жұмысқа қосуға жол беріледі. Осы тəсілмен жоғары қуатты турбогенераторларды, егер блокты трансформаторлар мен желілердің индуктивтік кедергілері ескеріліп белгіленген аса өтпелі тоғының номиналдыға дейінгі еселігі 3,0 аспайтын болса жол беріледі. 634. Агрегаттың бұзылуы немесе турбинаның реттегіш жүйесінің жарамсыздығымен байланысты емес жүктемені тастау жəне ажырату кезінде генераторларды қарамай жəне тексермей желіге қосуға жол беріледі. 635. Генераторлар мен синхронды компенсаторларда кернеудің арту жылдамдығы шектелмейді. Барлық генераторлар үшін белсенді жүктемені жинау жəне өзгерту жылдамдығы турбина немесе қазандық жұмысының шарттарымен белгіленеді.

(Жалғасы 15-бетте).


(Жалғасы. Басы 10 – 14-беттерде). Генераторлар мен жанама салқындайтын орамасы бар синхрондық компенсаторлардың, турбогенераторлардың, газ турбинасы қондырғыларының, сондай-ақ тікелей салқындайтын орамасы бар гидрогенераторлардың реактивтік жүктемесінің өзгеру жылдамдығы шектелмейді; тікелей салқындайтын орамасы бар турбогенераторларында бұл жылдамдық қалыпты режимдерде белсенді жүктеме жиынтығының жылдамдығынан аспауы тиіс, ал авариялық жағдайларда – шектелмейді. 636. Қуаттың номиналды коэффициентінде (қуаттылығы 30 МВт барлық турбина генераторлары жəне барлық газтурбиналы жəне бугазды қондырғылардың турбина генераторлары үшін де қуат коэффиценттерінің жəне салқындату параметрлерінің белгіленген мəндерінде ұзақ ең жоғарғы қуат) генераторлардың номиналды қуаты жəне синхрондық компенсаторлардың номиналды қуаты кернеудің ± 5 % дейін жəне номиналды мəнінде жиіліктің ± 2,5 % бір мезгілде ауытқуы кезінде сақталуы тиіс, егер машиналардың жеке түрлерінің стандарттарында кернеу мен жиіліктің ауытқуы бойынша өзге шарттар қойылмаса, жоғары кернеумен жəне төменгі жиілікпен жұмыс кезінде кернеу мен жиіліктің абсолюттік мəні 6 % аспауы тиіс. Номиналды қуатпен жұмыс істеу кезінде жəне ± 5 % шегінде кернеудің ауытқуы кезінде алынған ротор тоғы салқындату құрылғыларының номиналды параметрлерімен жұмыс істеу кезінде ұзақ уақытқа жол беріледі. Ұзақ ең үлкен қуаттылықпен жұмыс кезінде ротордың əлдеқайда көп тоғы ± 5 % дейінгі кернеудің ауытқуы барысында ортаны суытатын номиналды параметрлермен жұмыс кезінде ғана ұзақ уақытқа жол беріледі Барлық генераторлар мен синхронды компенсаторлар үшін жұмыс кернеуі номиналды кернеуінен 110 % жоғары болмауы тиіс. Кернеуі номиналдыдан 105 % жоғары болған кезде генераторлар мен синхронды компенсаторлардың жол берілетін қуаты дайындаушы зауыт нұсқаулығының нұсқауына сəйкес немесе сынақ нəтижелері бойынша белгіленеді. Генератор немесе синхронды компенсатор кернеуінің номиналдыдан 95 % төмен болған кезде жол берілетін мəнінен статор тоғы 105 % жоғары болмауы тиіс. 637. Ортаны салқындататын, температура мен қысым кезінде жол берілетін, жоғары мəндегі ток бойынша генераторлар мен синхрондық компенсаторларды ұзақ уақыт шамадан тыс жүктеуге жол берілмейді. Авариялық жағдайларда генераторлар мен синхронды компенсаторларды дайындаушы зауыттың нұсқаулықтары, техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сəйкес статор мен ротор тоғы бойынша қысқа уақыт қайта жүктеуге жол беріледі. Осы Қағидалардың 19-қосымшасына сəйкес статор тоғы бойынша генераторлар мен синхронды компенсаторларды аз уақыт қайта жүктеуіге жол беріледі. Генераторлар мен ораманы жанама салқындататын синхрондық компенсаторлардың қоздыру тоғы бойынша жол берілетін жүктеу статордың жол берілетін қайта жүктеуімен анықталады. Ротордың орамасын тікелей сутегімен немесе сумен салқындататын турбогенераторлар үшін қоздыру тоғы бойынша жол берілетін қайта жүктеу осы Қағидалардың 20-қосымшасына сəйкес, ротор тоғының номиналды мəніне жатқызылған тоқтың еселігімен анықталады. 638. Сатор орамасында жерге бір фазалы тұйықталу пайда болған кезде, немесе генератор кернеуінің тізбегінде блок генераторы (синхрондық компенсатор) немесе блок генераторлық ажыратқыш болмаған кезде, автоматты түрде ажыратылады, ал қорғалуы істен шыққан кезде – дереу желіден ажыратылады: 1) блоктарда генератор-трансформатор (компенсатор-трансформатор) генератор кернеуіндегі тармақтарсыз жəне өзіндік қажеттіліктер трансформаторларының тармақтарымен – тұйықталудың сыйымды тоғы мəніне қарамастан; 2) тұйықталу тағы 5А жəне одан жоғары болған кезде жеке қажеттіліктер немесе тұтынушылар желісімен генераторлық кернеуде электр байланысы бар блокты генераторлар мен синхронды компенсаторлар статорының орамасында жерге тұйықталу кезінде. Мұндай шаралар генератор статорының орамасында жəне жиынтық шиналар мен жұмыс істейті: компенсаторларда жерге 5А жəне одан аса тоқтын табиғи тұйықталуы кезинде жерге тұйықталуы қарастырылады. Жеке қажеттіліктерінің немесе тұтынушылардың желісімен электр байланысы бар жəне генераторлардың (компенсаторлардың) шиналарына қосылған блоктың генераторларының генераторлық кернеуінің тізбегінде тұйықталудың сыйымдылық тоғы 5А-дан аспаған кезде жəне қорғау тек дабылға əсер ететін болса немесе мүлде сезбеген жағдайда генераторлардың (компенсаторлардың) жұмысы 2 сағаттан артық емес уақыт ішінде (тұйықталу орнын іздеу үшін, жүктемесінің ауыстырылуы) жол беріледі. Статордың орамасында тұйықталу анықталған кезде генератор (компенсатор) ажыратылуы тиіс. Егер жерге тұйықталу орны статордың орамасында емес екені анықталса, электр станциясының техникалық басшысының немесе электр желісін пайдаланытын ұйымның қарауы бойынша желіде ұзақтығы 6 сағатқа дейін тұйықталумен генератордың немесе синхрондық компенсатордың жұмысына жол беріледі. 639. Сигнал пайда болған кезде немесе ротордың орамасын тікелей салқындататын турбогенератордың қоздыру тізбегінде оқшауландырудың кедергісін терең төмендету өлшемімен анықтаған кезде, ол 1 сағат бұрын болуы тиіс, ал жерге тұйықталу кезінде – дереу резервтік қоздыруға ауыстырылуы тиіс. Егер бұл ретте, оқшаулама кедергісі қалпына келтірілсе, генератор жұмысы тоқтатылуы мүмкін, егер ол төмен болса, бірақ дайындаушы- зауыттың нұсқаулығымен белгіленген ең аз шекті мəнінен жоғары болса, турбогенератор бірінші мүмкіндік болған кезде, бірақ 7 тəуліктен кешіктірілмей, жөндеуге шығарылады. Резервтік қоздыру жүйесі болмаған кезде немесе оны пайдалану мүмкін болмаған кезде, сондайақ оқшауламаның кедергісі бұдан əрі төмендеген кезінде (шекті ең аз мəннен төмен), резервтік қоздыруы жұмыс істеу кезінде турбогенератор 1 сағат ішінде жүктемеден алынып, желіден ажыратылып, жөндеуге шығарылады. Жерге тұйықталу пайда болған кезде (2 кОм дейін жəне одан да төмен оқшауламаның кедергісі төмендеген кезде) ротордың орамасын жанама салқындататын турбогенератордың қоздыру тізбегі резервті қоздыруға көшіріледі. Егер бұл ретте жерге тұйықталу жоғалып кетсе, генераторды жұмыс үстінде қалдыруға жол беріледі. Ротор орамасында жерге тұйықталуы табылған кезде, турбогенератор бірінші мүмкіндік туындағанда жөндеуге шығарылады. Жөндеуге шығарғанға дейін ротор орамасының тұрақты тұйықталуы кезінде корпусқа, сигналға немесе ажыратуға əрекет ететін ротор орамасында жерге екі мəрте тұйықталудан қорғалуы тиіс. Сигнал пайда болған кезде, турбогенератор дереу жүктемеден алынады жəне желіден ажыратылады. Егер екі рет тұйықталудан қорғалуы қарастырылмаған болса немесе істен шығарылуы мүмкін болмаса, турбогенератор 1 сағат ішінде жүктемеден алынады, желіден ажыратылып, жөндеуге шығарылады. Жерге тұйықталатын гидрогенераторлар мен синхронды компенсаторлардың жұмысы қоздыру тізбегінде жол берілмейді. 640. Турбогенераторлар үшін номиналды тоқтан 12 % аспайтын жəне синхронды компенсаторлар мен дизель-генераторлар үшін 20 % аспайтын фазалардағы тоқтын əртүрлі ұзақ жұмыс істеуіне жол беріледі. Гидрогенераторлық жанама жүйесімен ауа салқындатқыш оталдырғыш орамалары фазалы ток айырымда 20 %-қуаттылық кезінде 125 МВ-А жəне төмен 15% қуаттылығы астам кезінде 125 МВ-А рұқсат етіледі. Статордың орамасының негізгі сумен салқындатылған гидрогенераторлар үшін фазалардағы тоқтың əртүрлілігі 10% пайыз болған кезде жол беріледі. Барлық жағдайларда токтың ешбір фазасында номиналдыдан жоғары болмауы тиіс. 641. Төмен жүктеме кезінде қоздырусыз асинхродық режимде турбогенераторлардың қысқа уақыттық жұмысына жол беріледі. Ораманың жанама салқындауымен турбогенераторлар үшін аталған режимде 60 % номиналдыға дейін жүктеуге жол беріледі, ал бұл ретте жұмыс ұзақтығы 30 минуттан аспайды. Асинхрондық режимдегі асинхрондық турбогенераторлардың жəне орамаларды тікелей салқындататын турбогенераторлардың қоздыруынсыз жол берілетін жүктеме мен жұмыс ұзақтығы дайындаушы-зауыт нұсқаулығының негізінде, ал ол болмаған кезде – арнайы сынақ нəтижелерінің негізінде белгіленеді. Турбогенераторлардың асинхрондық режимінің желіге əсері бойынша берілуі есептеулермен немесе сынаулармен анықталады. Асинхрондық режимде гидрогенераторлар мен ротордың тістер жинағы бар турбогенераторлар жұмысына қоздырусыз жол берілмейді. Кез келген үлгідегі жеке қоздырылған генератордың үйлесімсіз жұмысы электр станцияның басқа генераторларына қатысты жол берілмейді. 642. Электр қозғалтқышы режиміндегі генератордың жұмыс істеуге жол берілуі мен ұзақтығы турбинаның жұмыс шарттарымен шектеледі жəне оны турбинаны дайындаушы-зауыт анықтайды. 643. Генератордың номиналдыдан төмен қуаттылығының коэффициентімен ұзақ жұмысы жəне синхрондық компенсаторлар режимінде қайта қоздырылуымен (индуктивтік квадрантта) салқындатылатын орталардың осы параметрлері болған кезде ұзақ уақыт жол берілген жоғары емес қоздыру тогында жол беріледі. Синхрондық компенсатор режимінде генераторлардың жол берілетін реактивтік жүктемесі жəне синхрондық компенсаторларда (сыйымдылық квадрантында) дайындаушы-зауыт нұсқаулығының, ал ол жоқ болған кезде арнайы жылу сынақтарының нəтижесінің негізінде белгіленеді. 644. Ораманы жанама салқындататын генераторлардың ұзақ жұмысы қуат коэффициентінің, толық қуаттың номиналды мəнін сақтай отырып, номиналдыдан бірге дейін көтерілген кезде жол беріледі. Толымсыз қоздыруылған жұмыс режиміндегі генераторлардың жол берілетін ұзақ жүктемесі, сондай-ақ тікелей салқындатылатын генераторлар үшін қуаттылық коэффициентінің номиналдыдан бірге дейін көтерілуі кезінде, дайындаушы-зауыт нұсқаулығының нұсқауы негізінде белгіленеді. Толымсыз қоздыру режимінде генератордың мерзімді жұмыс істеу кезіндегі қоздырудың ең аз тоғын автоматтық шектеу қамтамасыз етіледі. 645. Дистилляттың айналымы немесе барлық режимдерде, қоздырусыз, бос жүріс режимінен басқа, орамаларда май болмаған кезде, орамалардың тікелей сұйықтықпен салқындайтын генераторларының жұмыс істеуіне жол берілмейді. Тікелей сұйықтықпен салқындайтын орамаларда салқындайтын сұйықтықтың айналымы тоқтаған кезде жүктеме автоматты түрде 2 минут ішінде (егер нұсқаулықта генераторлардың жекелеген түрлеріне өзге талаптар қойылмаған болса) алып тасталады, генератор желіден ажыратылады жəне қоздыруы алынады. 646. Генераторлардың жəне ротор орамасының газбен салқындатылған жəне 500-1000 В кернеуге мегаомметрмен өлшенген қоздыру жүйесінің элементтерінің ауамен салқындатылатын синхрондық компенсаторларының барлық қоздыру тізбегінің оқшаулама кедергісі кемінде 0,5 МОм болмауы тиіс. Ротор орамасының немесе қоздыру жүйесі элементтерінің сумен салқындатуы кезінде қоздыру тізбегінің оқшаулама кедергісінің жол берілетін мəндері генераторлар мен қоздыру жүйесін пайдалану жөніндегі зауыт нұсқаулығымен жəне электр жабдықтарын сынаудың көлемімен жəне нормаларымен анықталады. Қоздыру тізбектерінің оқшаулама кедергісі нормаланған мəнінен төмен генераторлардың жəне синхронды компенсаторлардың жұмыс істеуіне электр станциясының немесе электр желісін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен осы Қағидалардың 675-тармағының талаптары ескеріле отырылып жол беріледі. 647. Орамалардың сұйықтықпен салқындатылатын жүйесіндегі жəне генераторлардың түзеткіш қондырғыларындағы айналыс жасайтын дистиллят сапасы (оқшаулағыш майы) генераторлар мен қоздыру жүйелерін пайдалану жөніндегі типтік жəне зауыт нұсқаулығының талаптарына сəйкес болуы тиіс. Сұйықтықпен салқындату жүйесінде орнатылған сүзгілер үнемі жұмыс істеп тұрады. 100 кОм-см дейін генератордың орамаларындағы дистилляттың меншікті кедергісі төмендеген кезде ескерту белгісі əрекет етуі тиіс, ал ол 50 кОм-см төмендеген кезде генератор жүктемеден алынады, желіден ажыратылады жəне қоздыру алынып тасталады. 648. Монтаждау немесе жөндеу кезінде 1000 В кернеуге мегаомметрмен өлшенген, толығымен жиналған май өткізгіштеріндегі мойынтіректер оқшауламасының жəне генераторлар білігі тығыздағыштарының корпусының, синхрондық компенсаторлар мен қоздырғыштардың кедергісі 1 Ом кем болмауы тиіс, ал гидрогенераторлардың өкшеліктері мен мойынтіректері үшін, егер нұсқаулықтарда өзге талаптар қойылмаса 0,3 Ом кем болмауы тиіс. Мойынтіректер оқшауламасының жəне турбогенераторлар білігінің тығыздағыштары корпустарының, ауамен салқындататын синхрондық компенсаторларының мойынтіректері мен қоздырғыштарының, сондай-ақ гидрогенераторлардың өкшеліктері мен мойынтіректерінің жарамдылығы (егер соңғысының конструкциясы мүмкіндік берсе) айына кемінде 1 рет тексеріледі. Сутегімен салқындататын синхрондық компенсаторларының мойынтіректер оқшауламасының жарамдылығы күрделі жөндеу жұмысы кезінде тесеріледі. 649. Трансформатормен блокта жұмыс істейтін генератордың ақауларының алдын алу үшін толық емес фаза ажыратылған немесе ажыратқыш қосылған кезде генератор секция немесе шиналар жүйесінің, соңғысына блок арқылы қосылған, аралас ажыратқыштарымен ажыратылады. 650. Турбогенераторлар мойынтіректерінің дірілі осы Қағидалардың 375-тармақтарының талаптарына, ал гидрогенератордың крестовиналары мен мойынтіректері осы Қағидалардың 195-тармақтарының талаптарына сəйкес болуы тиіс. Номиналды айналу жиілігі 750 жəне 1000 айн/мин синхронды компенсаторларда дірілдің қосарлы амплитудасы 80 мкм жоғары болмауы тиіс. Дірілді қашықтықтан өлшеу құрылғысы болмаған кезде, бақылаудың мерзімділігі компенсатордың діріліне байланысты, бірақ жылына кемінде 1 рет белгіленеді. Турбогенераторларды байланыстыратын дөңгелектердің дірілі 3 айда кемінде 1 рет өлшенеді жəне 300 мкм жоғары болмайды. 651. Монтаждаудан жəне күрделі жөндеу жұмысынан кейін генераторлар мен синхронды компенсаторлар жұмысқа кептірусіз енгізілуі мүмкін. Кептіру қажеттілігі электр жабдығын сынау көлемімен жəне нормаларымен белгіленеді. 652. Орамаларды сутегімен тікелей салқындатылатын генераторларды толтыру жəне оны қалыпты жағдайда босату қозғалыссыз роторда немесе оның білікті бұру құрылғысын айналдыру кезінде жүргізіледі. Авариялық жағдайларда сутегінің ағызылып жіберуі машинаның жүре бастаған кезде басталуы мүмкін. Сутегі немесе ауа генераторлардың сутегімен салқындататын газ жүйесін пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сəйкес генератордан (синхронды компенсатордан) инертті газбен (көмірқышқыл газымен немесе азотпен) шығарылады. 653. Сутегімен салқындатылатын генераторлар орнатылған электр станцияларындағы сутегі қоры оның 10 күндік пайдалану шығынын жəне газдың көп мөлшерімен бір генератордың бір рет толтырылуын, ал көмірқышқыл газы немесе азоттың қоры газдың өте көп мөлшерімен генератордың 6 рет толтырылуын қамтамасыз етеді. Электр станциясында резервтік электролиз болған кезде ресиверлердегі сутегі қорының 50 % азаюына жол беріледі. 654. Сутегімен салқындатылатын синхрондық компенсаторлар орнатылған қосалқы станциялардағы сутегі қоры сутегінің 20 күндік пайдалану шығынын жəне газдың өте көп мөлшерінен бір компенсатордың бір рет толтырылуын, ал электролиздік қондырғы болған кезде 10 күндік шығынын жəне аталған компенсаторлардың бір рет толтырылуын қамтамасыз етеді. Осындай қосалқы станциялардағы көмірқышқыл газының немесе азоттың қоры осы компенсаторлардың үш рет толтырылуын қамтамасыз етеді. 655. Газбен салқындату жүйесі (газ құбырлары, арматуралар, газ салқындатқыштары) орамаларды сұйықтықпен тікелей салқындату жүйесінің элементтері жəне генератор корпусының ішіндегі басқа да белсенді жəне құрылымдау бөлшектерінің, сондай-ақ барлық су жəне газ-май жүйесінің электр жабдықтарын жөндеу мен қызмет көрсетуді, турбогенераторды ауамен салқындатудан сутегімен салқындатуға ауыстыруды жəне керісінше, май тығыздағыштарын жөндеуден кейінгі қабылдауға қатысуды, генератордағы берілген жиілікті, ылғалдықты жəне сутегі қысымын ұстап тұруды электр станциясының электр цехы жүргізуі керек. Білік тығыздағыштарын маймен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуін жəне жөндеуді қадағалау (май қысымын реттеуіштері мен лабиринттік майқабылдағыштарды қоса), барлық білік түрлерінің май тығыздағыштарын, газбен салқындатылғанға дейінгі салқындататын судың тарату желісін, сондай-ақ генератордан тыс салқындатылатын дистилляттың беру жəне төгу жүйесінің жабдықтарын турбиналық жəне қазандық-турбиналық цехтың іске асыруы қажет. Арнайы жөндеу цехы бар электр станцияларында аталған жабдықтың жөндеу жұмыстарын осы цех орындауы қажет. 656. Генератордың күрделі жəне ағымдағы жөндеу жұмыстары турбиналардың күрделі жəне ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Синхрондық компенсаторларды күрделі жөндеу жұмысы 4-5 жылда 1 рет жүргізіледі. Турбогенераторлар мен синхрондық компенсаторлардағы роторды алып шығатын бірінші жөндеу жұмыстары, маңдайша бөлшектерінің бекітілуін күшейтумен, статор ойықтарының қайта сыналауымен, шиналар мен кронштейн бекітпелерін тексерумен, бекітуді жəне статор жүрекшесінің пресс тығыздығын тексерумен қоса, пайдалану үшін іске қосылғаннан кейін кемінде 8000 жұмыс сағатынан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Гидрогенераторлардағы бірінші жөндеу жұмыстары кемінде 6000 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Кейінгі жөндеулер кезінде генераторлар мен синхрондық компенсаторлардың роторларын шығарып алу қажеттілігі бойынша немесе нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сəйкес жүзеге асырылады. 657. Генераторлар мен синхронды компенсаторларда профилактикалық сынақтар мен өлшеулер электр жабдығын сынау көлемі мен нормалары бойынша жүргізіледі. 658. Генераторларды желіден жоспарлы ажырату машиналарды шығарарда оң қуат болғанда жол берілмейді.

15

www.egemen.kz

16 ақпан 2013 жыл

659. Генераторлардың жоспарлы жəне авариялық ажыратулары кезінде (генератор-трансформаторларының блоктарын) тоқтатылатын генераторға кернеуді қате немесе өздігінен жеткізудің алдын алу үшін электр сымдарының бас схемасын кідіртпей бөлшектеуді қамтамасыз ету қажет. Электр қозғалтқыштары 660. Электр қозғалтқыштарын, олардың іске қосылуын реттеуші жəне қорғану құрылғыларын пайдалану кезінде іске қосу мен жұмыс режимдерінде сенімді жұмысы қамтамасыз етіледі. 661. Электр станцияларының жеке қажеттіліктерінің шиналарында кернеу номиналды шамамен 100-105 % ұсталады. Қажет болған кезде олардың номиналды қуатын сақтау арқылы номиналды 90110 % кернеуімен электр қозғалтқыштарының жұмысына жол беріледі. Қоректендіру желісінің жиілігі өзгерген кезде номиналды мəнінің ± 2,5 % шегінде номиналды қуатпен электр қозғалтқыштарының жұмысына жол беріледі. Электр қозғалтқыштарының номиналды қуаты, кернеудің бір мезгілде ± 10 % дейін ауытқуы жəне номиналды мəннің ± 2,5 % жиілігі кезінде, жоғары кернеумен жəне төменгі жиілікпен немесе төмендетілген кернеумен жəне жоғары жиілікпен жұмыс жағдайында, кернеу мен жиіліктің ауытқуының абсолюттік мəнінің сомасы 10 % аспағанда, сақталуы тиіс. 662. Электр қозғалтқыштары мен олардың жұмыс істеуіне əкелетін тетіктерге айналудың бағытын көрсететін меңзер қойылуы керек. Электр қозғалтқыштары мен оларды іске қосу құрылғыларында оған жататын агрегаттың атауы бар жазулар болуы тиіс. 663. Тозаңды үй-жайлар мен ылғалдығы жоғары үй-жайларда үрленетін электр қозғалтқыштары таза салқындатылған ауаны жеткізетін қондырғылармен жабдықталады. Электр қозғалтқыштары арқылы үрленетін ауа, сондай-ақ оның параметрлері (температура, қоспалардың болуы) зауыт нұсқаулықтарының талаптарына сəйкес келуі тиіс. Салқындату трактісінің тығыздығы (ауа өткізгіштері электр қозғалтқыштарының корпусына ауа өткізгіштерінің қаптамаларын жалғау тораптары) жылына кемінде 1 рет тексеріледі. Салқындатудың сыртқы желдеткіштерінің дара электр қозғалтқыштары негізгі электр қозғалтқыштарын қосу жəне ажырату кезінде автоматты түрде қосылады жəне ажыратылады. 664. Ротордың сумен салқындатылатын орамасы мен статордың белсенді болаты, сондай-ақ кіріктірілген сумен ауаны салқындататын электр қозғалтқыштары корпуста судың пайда болғаны туралы сигнализация беретін құрылғылармен жабдықталады. Жабдықтарды пайдалану жəне сумен салқындатылатын жүйенің аппаратурасы, конденсат пен су сапасын дайындаушы зауыт нұсқаулығының талаптарына сəйкес болуы тиіс. 665. Мойынтіректерді мəжбүрлеп майлайтын электр қозғалтқыштарындағы мойынтіректер ішпектерінің температурасы көтерілген кезде немесе майлаудың тоқтатылған кезінде, сигналға жəне электр қозғалтқышының ажыратылуына əсер ететін қорғаныш орнатылады. 666. Жылу механикалық жабдық үшін жауапты электр қозғалтқыштарының электр қорегінде үзіліс болған кезде (реттелетін айналу жиілігі бар электр қозғалтқыштарымен қоса), негізгі жабдықтың технологиялық режимінің тұрақтылығын сақтай отырып, жұмыс немесе қоректендірудің резервтік көзінен кернеуді қайта беру кезінде олардың топтық өздігінен іске қосылуы қамтамасыз етіледі. Технологиялық жəне резервтік электр қозғау уақытын ұстай отырып белгіленетін қоректендірудің үзіліс уақыты 2,5 секундтан астам болмауы тиіс. Жауапты тетіктердің тізбесін электр станциясының техникалық басшысы бекітеді. 667. Егер зауыт нұсқаулығында көп рет іске қосуға жол берілмесе, қысқа тұйықталған роторлары бар электр қозғалтқыштарды суық күйінде қатарынан 2 рет, ал ыстық күйінде – 1 рет қосуға рұқсат етіледі. Кейінгі іске қосуларға электр қозғалтқышының осы түрі үшін зауыт нұсқаулығында белгіленген уақыт ішінде электр қозғалтқыштарын салқындатудан кейін жол беріледі. Электр қозғалтқыштарын негізгі қорғанулардан ажырату кезінде электр қозғалтқыштарын қайта қосу оқшаулама кедергісінің бақылау мақсатымен өлшеу жүргізу мен тексеруден кейін жол берілед. Резерві жоқ жауапты тетіктер үшін қозғалтқыштың сыртқы қарауынан кейін жол беріледі. Ажырату себептерін анықтағанға дейін резервтік қорғалған жағдайда қозғалтқыштарды қайта қосуға жол берілмейді. 668. Ұзақ уақыт бойы резервтегі электр қозғалтқыштарын жəне резервті қосудың автоматты құрылғыларын техникалық басшы бекіткен кесте бойынша механизмдермен бірге қаралады жəне сыналады. Бұл ретте жылытылмайтын, сыртта орнатылатын электр қозғалтқыштарының статор орамасының оқшаулама кедергісі мен абсорбция коэффициенті тексеріледі. 669. Электр қозғалтқыштарының мойынтіректерінде өлшенген, механизмдермен буындасқан тік жəне көлденең дірілді (діріл жылдамдықтың орташа квадраттық мəні немесе тербелістің екі еселі амплитудасы) дайындаушы зауыт нұсқаулықтарында көрсетілген мəннен аспауы тиіс. Технологиялық құжаттамада мұндай нұсқаулар болмаған кезде, механизмдермен буындасқан электр қозғалтқыштары мойынтіректерінің дірілі осы Қағидалардың 21 (1)-қосымшасына сəйкес мəнінен жоғары болмауы тиіс. Көмірді үгетін механизмдермен, түтін сорғыштармен жəне айналатын бөлшектері тез тозуға бейім басқа да механизмдермен буындасқан электр қозғалтқыштары үшін, сондай-ақ пайдалану мерзімі 15 жылдан асқан электр қозғалтқыштары үшін діріл көтерілу себе