Page 1

№12- 13 (15), 2011

з Нағы рды ызда жұлд тайтын анық лым! басы

құпиясы

: В Е Ш І Б Ә н а х і н Ерал и б у Г қ а з а қ й а і с н е м Ел м атса, өнері деп ж елген болар к

Мақпал Жүнісова:

ЗӘКЕҢНІҢ ҚАЗАСЫНА ӘЛІ ДЕ МЕНІ КІНӘЛАЙДЫ... В:

АЗИЕ Ғ Й А М н е к ә С

п ө к з ы ң ы р а л я и п ұ қ ы с қ а Ж ! ” ы с я и п ұ қ р а д з ы д л ұ Ж ” , н болсы


Ақылбек ЖЕМЕНЕЙ:

Ғабит ың д й а т а Қам ойы т «Өзім рэкет у н е л үй болмасам да, мы қты жүріп қоятын достарым бар»

Мұрат ҚОЖА: «Қой терісін жамылған қасқырлар ислам дінінің атын жамылып білгендерін Данияр ТӨЛБАСЫ: жасауда... Мейрамханаларда ыдыс жуушы болып жүріп, сахнаны аңсадым... з Нағы арды дызд тын жұл қтай аны лым! басы

№10-11 (14), 2011

ыз ды Нағ дар н дыз жұл қтайты аны ылым! бас

құпиясы

Сәкен

құпиясы

В:

АЗИЕ

МАЙҒ

з арыңы ы құпиял , Жақс сын иясы”! көп бол құп ыздар ”Жұлд

Мақпал Жүнісова:

сына Зәкеңнің қазалайды... әлі де мені кінә ІШЕВ:

ӘБ тса, Ералхан деп жа Губині лар і қазақ ген бо Ел мен сай кел өнерім

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Тіркеу куәлігі-№ 10553-Ж 12.12.2009 жыл. (Алғашқы есепке қою жөніндегі нөмірі мен мерзімі – № 2538-Г 13.12.2001жыл.) Меншік иесі«Тұран» баспа үйі» ЖШС Журналдың жазылу индексі - 74296 Редакцияның мекен-жайы: 050006, Алматы қаласы, Қалқаман-3, К.Сейітов көшесі-11

Бас редактор

Қазыбек ИСА Бас редактордың орынбасары Гүлдана ИМАНБАЕВА Тілшілер: Айдос ИМАНТАЙ Әсел РЗАЕВА Зарина КЕМЕР Дана БЕКТҰРҒАН Дизайнер Айымгүл ОРАЛҚЫЗЫ Фотограф Сая НАЛИБАЕВА Байланыс телефондары – 8-727-398-57-31 Электоронды пошта – juldyzdar_kupyasy@mail.ru

Ақылдастар алқасы: Нұртай Сабилянов Сәкен Майғазиев Ералхан Әбішев Исраил Сапарбай Ибрагим Иса Уәлибек Әбдіраимов Айгүл Иманбаева Жеңіс Сейдолла Мұхтархан Ділдәбеков

Автордың пікіріне редакция жауап бермейді. Қолжазбалар өңделеді және қайтарылмайды. Жарнама мәтініне жарнама беруші жауапты. Журналдан көшіріліп басылса, сілтеме жасалуы шарт.“Жұлдыздар құпиясы” компьютер орталығында теріліп, беттелді. Басылымға берілген күні – 18.10.2011 ж Таралымы-20 000

3


Шоу мен шу

Шоу мен шу

Шоу мен шу

Шоу мен шу

Шоу мен шу

Қайрат Нұртас пен Айбөпе Қарашева сөзге келіп қалыпты. “2 жұлдыз” жобасы нағыз тартыс үстінде. Әншілер өнерлерін ортаға салып сайысуда. Жас қыздардың жүрегін жаулаудан алдына жан салмайтын Қайрат Нұртас бір дайындықта өз жұбы Айбөпе Қарашевамен сөзге келіп қапты. Не үшін деген сауал сіздерді мазалап отырған болар. Сұрағыңыз орынды, ұрыстың бас себебі,Айбөпе ханшайымымыз дайындыққа дер уақытында келмей қойыпты. Қымбатты әншілер,дайындықтарыңыз осылай жалғаса беретін болса, жеңіске жету қиындай түсері анық. Өйткені, “Бірлік жоқ жерде тірлік жоқтығы” бәрімізге аян.

Сиви Тараздық келін атанбақ Қараша айының дәл ортасында, қазақ эстрадасының жас әншісі Сиви Махмудиді ата-анасы ұзатып шығарып салады. Үлкен той «Рояль-Тулип» атты ірі мейрамханалардың бірінде болмақ. Күйеу баланың есімі – Аңсар. Заң саласының қызметкері әрі кәсіпкер. Туылған жері - Тараз. Бірақ, ес білгелі Алматы қаласында өскен. Қарапайым отбасы. Араласып, білісіп жүргендеріне екі жылдың көлемі болып қалыпты. Аңсар ұсынысты ерекше әрі естен кетпестей етіп жасапты. Дәл сондай романтикалық кештен кейін Сиви де «жоқ» деп айтуға дәті де бармаған. Бақытты болыңыздар!

Салтанат пен Нұржанның МАХАББАТ ЖЫРЛАРЫ... Биылғы жылда «Арнау» тобы жаңалықтарымен жиі бөлісуде. Топ мүшесі Салтанат Бақаева жақын арада тұрмысқа шығып, келін атанды. Соған қарамастан топтағы жұмыс қарқынды жүруде. Яғни жақын арада жаңа бейнеклиптерімен өз тыңдармандарын қуантпақ. Бейнеклип Болат Боранов пен Мәулен Әметханұлының «Махаббат жыры» әніне түсірілмек. Топ мүшелерінің айтуы бойынша бұл бейнеклип тарихи туынды болмақ. Ескі заманның көрінісін тартымды етіп көрсетуді қолға алыпты. Басты рөлдерде Салтанат пен Нұржан. Салтанат Әуезов театрының актрисасы. Сол себепті бар қиындық Нұржанның басына түспек деп өз сөздерін аяқтады. Ендеше жаңа туындыны асыға күтіңіздер...

Шоу мен шу 4

Шоу мен шу

Шоу мен шу

Шоу мен шу

Шоу мен шу


Шоу мен шу

Шоу мен шу

Шоу мен шу

Шоу мен шу

Шоу мен шу СҮЙІКТІ

ЖҰЛДЫЗЫҢНЫҢ ҚҰПИЯСЫН АНЫҚТАУҒА АСЫҚ!!!

Алданып қалған жұлдыздар Елімізге белгілі көз байлаушы (иллюзионист) Алтынай Байтоқанова мен жас әнші Зайыр Бегалы бірнеше мың доллар қаржыларын танымал тілші қарызға беріп, енді қайтара алмай зар қақсап жүрген көрінеді. Жолдасыңа тек таныстық үшін қарызға қаржы беретін заманның өткені қашааан. Сірә, мұны біздің жұлдыздар естен шығарып алса керек-ті. Кім кінәлі,аңқау жұлдыздар ма әлде жылпос тілші ме ?

Өз жұлдызыңмен жақынырақ танысып, сырласып және сұхбаттасқың келе ме? Ендеше тезірек «Жұлдыздар құпиясын» сатып ал да купон жина. Демек, бізде КОНКУРС!!! Әдеттегідей қандай конкурс болмасын, өзінің шарттары бар:

Нұркеннің шығармашылық кеші Біраз жыл бұрын Мейрамбек Беспаевтің қолдауымен «Тарту» атты үш домбырашы, бір әншіден құралған топ ашылып еді. Бүгінгі күні бұл топ әсем әндері мен күйлерінің арқасында халықтың жүрегінен орын алды. Домбырашылар қатарындағы Нүркен бүгінгі күні жеке шығармашылық кешін ұйымдастырыпты. Кеш, 19 қазан күні, Жамбыл филормониясында аталынып өтті. Сахнаға жақсы дайындықпен шыққан Нұркен әлемдік деңгейде танымал әрі еліміздің тамаша күйлерін орындап шықты. Сізге шығармашылық табыс тілеп, құтты болсын демекпіз!

1. Осы беттің төменгі жағында орналасқан купонды қиып алып, редакцияға ең бірінші болып алып кел. Купон саны бесеуден кем болмасын. 2. Жұлдызыңа қоятын он үздік сұрақ дайында. 3. Өзіңнің фотосессияңды жібер. Осы шарттарға жүгінсең, сені жұлдызыңмен таныстырып, сұхбаттастырамыз. Сонымен қатар, алған сұхбатыңды және суретіңді «Жұлдыздар құпиясына» жария етеміз. Өзіңді нағыз шоу бизнестің журналисі сезінгің келсе, КОНКУРСҚА ат салысуға асық. Біз сені асыға күтеміз. ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІҢДІ ЖІБЕРІП АЛМА!!!

«Жұлдыздар құпиясы» журналына жазылыңыз 6 айға

Қала 1821,12 тг.

12 айға

3642,24 тг.

Индекс 74296 Өңір 1904,46 тг.

Аудан/Ауыл 1942,26 тг.

3802,92 тг.

3884,52 тг.

«Жас қазақ үні» газетіне жазылу жалғасуда Индекс 65380

6 айға

Қала 1133,60 тг.

Өңір Аудан/Ауыл 1209,48 тг. 1279,02 тг.

12 айға

2266,20 тг.

2418,96 тг.

Шоу мен шу

Шоу мен шу

Шоу мен шу

Шоу мен шу

яс пи құ

Жазылу «Қазпошта», «Ернұрпресс», «Евразияпресс» мекемелерi арқылы жазылуға болады. Қапы қалмаңыздар.

ы

2558,04 тг.

Шоу мен шу ЖҰЛДЫЗЫҢНЫҢ ҚҰПИЯСЫН АНЫҚТАйтын купон

5


“Жұлдыздар 1 жыл!!! құпиясыНА” Қазыбек ИСА, бас редактор:

«Жұлдыздар құпиясы» нағыз жұлдыздардың құпиясын ашады... 2010 жылы - Барыс жылы 20 қазанда оқырман қауым «Жұлдыздар құпиясын» ашып, ел өзінің нағыз жұлдыздарын анықтай бастағанына, міне бір жылдың жүзі болыпты. Ақпараттар айдынына өз желкенін керіп келген «Жұлдыздар құпиясы» журналын алғашқы санынан-ақ оқырман өте жақсы қабылдады. 10 мың данамен шыққан алғашқы нөмірі «пышақ үстінен талап алынып», түгел таратылып кеткен басылым бұрын-соңды болған емес дейді таратушылар. Сондықтан қазір бір жылдың ішінде тиражымыз екі есеге дейін өсіп жатыр. Бұл бүгінгідей кім көрінгенді жұлдыз санап жатқан шоу журналдар шоғырында оқырманның сапалы да,салмақты дүниелерге бет бұра бастағанын да көрсетсе керек. Алғашқы санда да айттық, «Жұлдыздар құпиясы» газет болып 2001 жылы шыққанда, қазіргі аты кілең «Жұлдыздардан...» басталатын қаптаған басылымдардың бірі де жоқ еді... Иә, «Жұлдыздар құпиясы» журналы нағыз жұлдыздарды анықтайтын басылым. Ел танып, ерекше бағалаған таланттар ғана журнал бетінде жарық көре алады. Бұған журналдың алғашқы санында ақ жарылып сыр ағытқан әсем әнші, атақты актриса Айгүл Иманбаевадан бастап, бүгінгі санындағы Ердің жасы Елуге толып жатқан ел еркесі –Ералхан Әбішевке дейінгі әйгілі Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Ақжол Мейірбеков, муза мұзарты «МузАРТ» тобы, және т.б. дәлел бола алады. Бір-бірінен аумайтын басқа басылымдардан өз ерекшелігіміз де аз емес. «Әннің де естісі бар, есері бар»-деп Ұлы Абай айтпақшы, шөпті де, шөңгені де өлең қылып жүргендерді сынмен сойылдап отыру үшін «Мәнсіз мәтін» айдарында сөзі ұсқынсыз талай «әннің» сыбағасын бердік. Жұлдыздарға байланысты жағымды-жағымсыз жаңалықтар «Шоу мен шу» айдарында жарияланып келеді. «Жұлдыз» кеселімен ауырғандарды жуасытып, «емдеу» үшін «Атақ пен шатақ» айдары бар... Ән мәтінінің шамасын айыра алмай жүріп, екі ән айтса, есіріп, төрт ән айтса, төбемізге шығатындардың есін жиғызып жатырмыз. Сахнада жалтырағандардың былайғы өмірде қалтырағандары да кездесетінін халыққа әшкере етіп, тәубеге келтіретін өткір сындарымызды да жақсы білесіздер... «Марғасқалар махаббаты» айдарында ұлыларымыздың елге белгісіздеу құпия сезімдерінің қырсырына үңіліп келеміз. Бұл айдар тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш махаббатымен ашылса, жақында келесі жылы 100-ге толатын біртуар мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұқамед Қонаевтың асыл сезімі туралы жазылды. Сонымен қатар Алаш көсемі Ахмет Байтұрсыновтың сүйіспеншілігі, Мұқтар Әуезовтың мұңды махаббаты, Мағжаннан Жұматайға дейінгі марғасқалардың жырларына айналған мөлдір махаббаттары туралы сыр шертілді. «Махаббаттың 41 құпиясы» айдары алдағы уақытта сиқырлы сезім сырларына үңіледі. Көпшілікеке КВН арқылы танылған «Өнер қырандары» жұлдыздармен бірге» өз өнімдерін ұсынып, жасалған сұхбаттарын жариялап келеді. Сонымен қатар өнер өлкесінде өз үндерін таныта бастағандарға «Ақ жол» тілеп, ақиықтардың «Ақ батасын» алудамыз. Оқырмандарымыз үшін де тосын сый жасап, туған күндерімен құттықтауға жұлдыздардың «Ақ тілегін» арнаймыз. Одан басқа да жаңалықтарымызды алда көре жатарсыздар деп үміттенеміз. Сонымен, «Жұлдыздар құпиясы» қандай екенін білуге асығыңыздар, оқырман қауым! Келер 2012 жылы, Ұлу жылы да ойлы оқырман ықыласына бөлене беруді жазсын! Бүгін бір жасқа толып отырған «Жұлдыздар құпиясын» журналын жұлдыздармен бірге ашайық, қадірлі қауым!

6


Гүлдана ИМАНБАЕВА Бас редактордың орынбасары Ассалямағалейкум құрметті оқырман! Күндер мен түндер, апталар мен айлар зымырап бір жыл да өте шығыпты. Әрине бұл өнер әлемін, сондай-ақ Алаш жұртшылығының, кешегі мен бүгінін шама шарқынша сіздерге жеткізіп отырған дәл осы «Жұлдыздар құпиясы» журналының 1 жасқа толған төл мерекесі. Оқу білімінің атасы дейді. Сіз бенен бізді бірбірімізге осындай ыстық оқу құралы табыстырып жатса бұл нұр үстіне нұр жауғаны. Қазақ десе намысты қолдан бермес, саналы, білімді, көңілдері жабырқамай жаңалық іздейтін өздеріңіздей оқырмандарымызға тек жаратқан жар болсын, білімі мен мерейі үстем болсын. Әрқашан табыстарға жетіңіздер демекпін. Әрдайым тұрақты оқырмандарымыздың бірі болып, тамаша жаңалықтарды бірінші білуге асығыңыздар!

Әсел РЗАЕВА тілші Құрметті қазақ елі! Сіздердің сүйіп оқитын «Жұлдыздар құпиясы» журналы өзінің туылған күнін тойлағалы отыр. Халық пен өнерді бір-бірімен байланыстырып, оқырмандарын жақсы жаңалықтармен қуантып келе жатыр деген сенімдеміз. Тұрақты оқырмандарға айтарым, өзіңіз таңдап, басылымдардың ішінен саралап оқитын журналыңыздан ешқашан жалықпай, үнемі біз сіздерді жақсы жаңалықтарымызбен қуантып, сіздер бізді оқудан жалықпаңыздар деймін! Біз әрдайым жұлдыздардың сіз білмейтін құпиясын ашып, сіздерге ұсынуға дайынбыз!

Дана БЕКТҰРҒАН тілші Қымбатты оқырман ! Ізденіс, еңбек, талапты тоғыстырған, оқырман қауымды талантты жандармен табыстырған, жұлдызды өмірдің тыныс - тіршілігімен таныстырған “ Жұлдыздар құпиясына” 1 жыл. Азғантай уақыт аралығындағы атқарылған жұмыстар оқырманның ойын оқып, талап - тілегін орындау мақсатын көздеген. Мүдде бір, іс ортақ, ол - халыққа аяулы жандардың құпия - сырына ортақтасу. Ендеше ұжымымыздың басқан қадамы нық, әріптестерімнің қаламы қарымды болсын деп тілек тілегім келеді. Оқырман қауым іздеп оқитын, қалаулы басылымға айналсын !

Айымгүл Оралқызы дизайнер

Айымгүл ОРАЛҚЫЗЫ дизайнер

Қадірлі оқырман қауым! Қазақ елі қашан да қасиеттілігімен, ізеттілігімен өзге ұлттардан биік тұрған. Осы ерекшеліктерінің бірі - әрбір отбасы, жалпы алаш елі өзінің төл мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдыруы. Мінекей сіздер мен біздерді сағындырып қауыштыратын “Жұлдыздар құпиясы” журналы да өзінің бір жасқа толған төл мерекесін атап өткелі тұр. Тарихы терең, тағылымы мол, ұлыларымызды ұлықтап,ұрпаққа үлгі-өнеге берер “Жұлдыздар құпиясы” журналының ғұмыры ұзақ, алар асуы биік болсын демекпін. Оқырман қауымның өміріне үйлесімділік, батыл мақсат, биік талғам және сұлу болашақ тілеймін!

7


р е т с а М

с с а кл Рүстем Елжанов:

Орынды әзіл - оқтан да өткір Соңғы уақытта КВН ойындарын тек жастар ғана емес, сонымен қатар орта жастағы апа-ағаларымыздың да үлкен қызығушылықпен қарайтынын аңғарамыз. Командалардың ойнап жатқан әзілдеріне өзімізше баға да беріп жатамыз. Бірақ ешқашан бұлар әзілді қалай дүниеге әкеледі деп ойланып, басымызды артық ауыртқымыз келмейді. Шынында да бір сәт тоқтай қалып, осы сұрақтың төңірегінде ойланып, біз де өзімізше әзіл шығарып көрейікші. Қиын дүние екенін енді ¬¬сезінеміз. Тақырыбымызға орай , осы саланың қиындығы мен қызығын бірдей көтеріп жүрген азаматтардың бірі, Қазақстан КВН Одағының бас редакторы Рүстем Елжанов мырзамен сұхбаттасқан болатынбыз. ‘ Жақсы әзілді дүниеге әкелу үшін сценарист мына нәрселерді дәйім есте тұтқаны жөн ,’”- деп әңгімесін бастады ол.

1 3

8

Білімді мыңды жығады. КВН күннен күнге дамуда, бұрындары КВН көрермендері тек жастар болған болса , қазір көрермендердің жас мөлшері де аралас. Сондықтан сценарист әзіл жазғанда бір тақырыпта емес, бірнеше тақырыпта көрермендердің барлығы бірдей түсініп , күлетін дүние жазуы тиіс. Және сөз саптауыңыз да жоғары деңгейде болуы қажет. Мұндай әзіл жаза білу үшін білімді, оқыған-тоқыған болуы керек. Яғни тоқсан ауыз сөзіміздің түйіні - әдемі әзіл білімділікті талап етеді.

2

Саяси сауаттылық . Сценарист елімізде , әлемде болып жатқан жаңалықтарды жіберіп алмауы керек. Соның ішінде саяси жаңалықтарды орнымен әзілге айналдырып,бас - аяғын тиянақтап сахнаға алып шыға білуі тиіс. Мұндай әзілді залда отырғандар да , көгілдір экраннан көретін көрермен де, әдәлқазы алқасы да жылы қабылдары сөзсіз.

Ойнақы әзілдер орнымен. Демек, барлығы да жылы қабылдайтыны осы екен деп біржақты кетіп қалудың да жөні жоқ. Себебі , залда сол саясаттан , күнделікті жұмыстан шаршап , жеңіл әзілдерді де аңсап келген көрермен де болуы әбден мүмкін. Барлығының талғамы бірдей бола бермейді ғой. Сондықтан салмақты әзілдерді де, жеңіл әзілдерді де жаза білуі керек. Бірақ, жеңіл әзілдің де түр - түрі болады. Кейбіреуін көрген бойда күліп аласын да, кейін ұмытып қаласың. Енді бір жеңіл әзілдердің тапқыр шыққаны соншалық, мұндай әзілдерді көпке дейін есіңде сақтап күліп жүресің .


4

Әділқазыға ұнау үшін ғана ойнамау керек. Көптеген ойнап жүрген командаларда “мынау жеңіл әзіл, әділқазылар бағаламауы мүмкін” деген теріс түсінік қалыптасқан. Бұл негізі үлкен қате. Өйткені, жеңіл әзілдің өзін әдемі жеткізе білсең болғаны. Сонымен қатар, алғашында жеңіл боп көрінетін әзілмен де астарлап көптеген мәселелерді жеткізуге болады.

5 6 7

Қоршаған ортасында болып жатқан жағдаяттарды сахналау. Көрермен көбіне көп өзін қоршаған қоғамда болып жатқан жайларды сахнадан көрген уақытта күліп жатады. Себебі , мұндай жайлар ол үшін таныс , яғни күнделікті көріп жүрген тұрмыстық оқиғалар.Сондықтан неғұрлым ділімізге келетін қазақы әзілдер жазуымыз керек. Бұл - заман талабы.

Жан - жақтылық. КВН-нің өзге әзіл отауларынан басты ерешелігі - аз ғана уақытқа түрлі тақырыптағы әзілдерді сыйғыза білуінде. Бұл тапқырлықты қажет етеді. Әр командаға небары бес - алты минут уақыт беріліп жатады. Жаңа жоғарыда айтып өткен бірнеше ауқымды тақырыптарды осы уақыт ішіне кіргізе білуі қажет.

Өз тіліңді құрметте. КВН-нің басты мақсаттарының бірі - қазақ тілін дамыту. Әзілдерді жазған уақытта тілімізді шұбарламауға тырысуымыз керек. Қазіргі таңда КВН ойындарын “ Қазақстан” арнасы арқылы барша халық көреді. Яғни, қалалық қазағыңнан бастап, шалғайдағы елді мекендер де, шет елдегі қандастарымыз да тамашалай алады. Туған тілімізді мазаққа айналдырып әзіл жазу дәуірі өтіп кеткелі қашан. Жан - жақтылық. КВНнің өзге әзіл отауларынан басты ерешелігі - аз ғана уақытқа түрлі тақырыптағы әзілдерді сыйғыза білуінде. Бұл тапқырлықты қажет етеді. Әр командаға небары бес - алты минут уақыт беріліп жатады. Бірнеше жаңа жоғарыда айтып өткен ауқымды тақырыптарды осы уақыт ішіне кіргізе білуі қажет.

Дана БЕКТҰРҒАН 9


Мақпал Жүнісова:

Зәкеңнің қазасына әлі де мені кінәлайды... 10


- Сұхбатымызды сіздің шығармашылығыңыздан бастасақ. Қандай жаңалықтар болып жатыр? - Биыл менің сахнада жүргеніме 30 жыл. Сондықтан да еліміздің түкпір-түкпірін аралап, шығармашылық кештерімді өткізсем деген ойым бар. - Осыдан екі ай бұрын хабарласқанда, аз уақыттан кейін жақсы жаңалықтар болып қалуы мүмкін деп едіңіз. Құпия болмаса, ол қандай жаңалық? - Бізде жақсы жаңалықтар - ол жаңа әндер ғой. Көптеген жаңа әндер жазылды, оның барлығын жеке концертімде халыққа тарту етемін. - Жеке концертіңізді қай уақытқа жоспарлап отырсыз? - Мына Республика сарайы әлі ашыла қоймайды, жобалап біте алмай жатыр. Сондықтанда сарайымыз ашылғанға дейін, еліміздің түкпір-түкпірін аралап концерт беріп қайтамын. Жақында ғана Атырау аймағына барып, ән өнеріне шөлдеп отырған халықты бір сусындатып келдім. Енді, Қарағанды, Көкшетау қалаларынан ұсыныс түсіп жатыр. - Алғашқы шығармашылық жолыңызды «Гүлдер» ансамблінен бастадыңыз. Осы «Гүлдер» ансамбліне қалай келдіңіз? - «Гүлдер» ансамбліне келгенімде бар-жоғы он жеті жаста едім. Оныншы сыныпта оқып жүргенімде, радиодан «Гүлдер» ансамбльінің бас директоры даусымды естіп, мені шақыртты. Даусым ұнаған болуы керек, 10 сыныпты бітіргеннен кейін ансамблге қабылдаймын деді. Мектепті бітіре салысымен, он жеті жасқа толмай «Гүлдер» ансамбліне келдім. Солай «Гүлдер» ансамблінен “Тамашаға”, үлкен сахнаға шығып, халыққа тез танылып кеттім. Бағыма орай, жақсы әндер кездесті. Мәселен, «Кетсең де шалғай», «Екі жұлдыз», «Аққу сезім», «Ғашықтар жыры» әндерім жарыққа шықты, одан әрі домбырамен айта бастадым. Осылай шығаммашылық жұмысым басталды, бүкіл Республиканы аралап күніне 5 концерт беретін күндер де болатын және халық өте көп келетін. Сондай-ақ «Гүлдер» менің өнер жолыма ғана емес, өміріме де үлкен өзгеріс әкелді. Болашақ жарыммен осы өнер ордасының қабырғасында жүріп таныстым, әрі табыстым десем де болады. - Сіздің орындауыңыздағы “Ғашық жүрек”, “Қыз ғұмыр”, “Фариза қыз”, “Қоштасу” сияқты көптеген әндер халық арасында тез тарап, барған жерде сұрап жүретін әндерге айналды. Тіпті, әлі күнге дейін сұранысқа ие. Осы тұста бір сұрақ туындайды. Сіздер орындаған әндердің барлығы ел арасына тез таралып, әрбір қазақтың жүрегінен жылы орын алатын. Ал, қазіргі таңда қандай әннің шығып жатқанын біле бермейсің. Сонда қазіргі композиторлардың әлсіздігі ме? - Ең бастысы халыққа сапалы әнді жеткізе білу керек. Әнді таңдар кезде әннің мәтініне, сөзіне баса назар аударса құба-құп. Жәй айтылатын ән болсын, жылдам айтылатын ән болсын, кәсіби деңгейде жазылуына мән берген жөн. Ең бастысы, әнші әнді орындағанын түсініп, сол әннің ішіне ене отырып, жүрекпен халыққа жеткізу керек. Жүректен шыққан ән ғана жүрекке жетеді. Өзім Аллаға мың алғыс айтамын, маған көбінесе үлкен композиторлардың әндері бұйырды және тығыз шығармашылық байланыста болдым. Мысалы, Әсет Бейсеуов, Әбілахат Еспаев, Шәмші Қалдаяқов, Кеңес Дүйсекеев сынды ағаларымыздың әндерін орындадым. Ал, домбырамен орындалатын әндерді айтсақ, кәсіби маман болмаса да, үлкен дарынмен жазылған, ауылдың иісі аңқып тұрған тамаша әндер шырқадым. Сондықтан да болар, халықтың көңілінен шығып, ыстық ықыластарына бөленіп жатқандығым. Қазіргі компазиторлардың көпшілігі жас. Тіпті арасында

оқымағандарының өзі ән жазып, онымен қоймай сөзінде жазып жатады. Ондай әндер көпке бармайды. Әйтпесе жақсыжақсы орындаушылар, дауыстары керемет әншілер баршылық. Соңғы уақытта шығып жатқан жастар тек жастарға ғана арнап жұмыс істейді. Олай болмайды, үлкен қарияларымызға, орта буын өкілдеріне, жалпы халыққа қызмет етуі тиіс. - Сіздің сахнадағы киім үлгілеріңіз ешкімге ұқсамайды. Ешқашан ашық, қысқа кигеніңізді көрген емеспіз? Осы сахналық киімдеріңіздің үлгісін өзіңіз таңдайсыз ба, әлде маманның көмегіне жүгінесіз бе? - Барлық киімдерімнің үлгісін өзім таңдаймын. Көбіне әннің мәтініне, әннің ырғағына байланысты қараймын. Қазіргі таңда таң қаламын, кейінгі шығып жатқан жас әнші қыздардың айтып жатқан әндері мен киімдері сәйкес келмейді. Мысалы, сахнаға шығып халық әнін айтып тұрады. Ал үстеріне қарасаң ашық-шашық, жалаңаштанып алған. Ән қанша жерден жақсы болып тұрғанымен, үстеріндегі киімі үйлеспей тұрса, ол ән халыққа ұнамайды. Тіпті, үлкен кісілер қарап: «Құдай-ай, киіп алған киімін-ай!» деп айтып отырады. Ондай әншілерді жастар тыңдауы мүмкін, ал үлкендер қабылдай алмайды. Сондықтанда әр әнді айтқан кезде репертуарға байланысты киіну керек. Өз уақытында мен де жас болдым. Бірақ ешуақытта ашық киінген емеспін. Өйткені, қазақи тәрбиені бойыма сіңіріп, анамның өсиетімен өскен қызбын. Бірде сахнаға жеңі жоқ көйлек киіп шыққанымда анам: «Айналайын, мынауың не, қысқа киіп алыпсың, мата жетпей қалды ма?» деп қатты ұрысқан еді. Содан кейін жабық киінетін болдым. Кейде айтып жатады, “осы сіздің аяғыңыз қисық деп естідік” дейді. Кім айтты десем: «Өзіміз солай ойлаймыз. Үнемі қысқа кимейсіз, ұзын көйлек киіп шығасыз. Соған қарап аяғы қисық шығар деп ойлағанбыз» деп жатады. Содан соңғы кездері шамалы тізеден төмен етіп киіп шықтым, халық аяғымның түзу екенін көрсін деген оймен ... Осындай қызықтар жиі болып тұрады. – Өнерде жүргеніңізге көп жыл болды. Осы уақыттың ішінде әнші ретінде қандай ой түйдіңіз? - Осы уақыт аралығында әншілік өмірдің өте қиын екенін сезіндім. Мәңгі халықтың алдында жүру, өнер көрсету оңай нәрсе емес екен. Елдің алдында жүргеннен кейін жақсыны да естисің, жаманды да естисің және жүз пайыз халық жақсы көреді деп те айта алмайсың. Халыққа ұнап, елдің сүйіктісі болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан да, өзіңді көптеген нәрселерден тиып, көпшіліктің сенімін ақтау үшін, өзіңді құрбандыққа шаласың. Өмірге келіп, атақ-даңқа ие болғаннан кейін, оның бәрін көтеріп жүрудің өзіндік ауыртпалығы бар. Бір сәт ойланып қарасам, жастықтың бәрі өтті. Алла қаласа, бірекі жылда елуге толамын. Барлық ғұмырым осы өнер жолымен басталды және өнермен жалғасады. Осы салада жүргеніме ешқашан өкінбеймін. Халық қадір-қасиетімді біледі, өнерімді бағалайды. Үлкен қарияларымыз ақ батасын беріп жатады. Қай жерге бармасам да үлкен кісілер «қызым» деп маңдайымнан сүйіп, замандастарым «біз сізбен мақтанамыз» деп, жылы сөздерін білдіреді. Ал, сіңлілерім келіп «апатай» деп, сәлем үзбейді. Сондықтан да осындай болып жаратылғаныма шүкіршілік етемін. – Барыңыз да, нарыңыз да, өзіңіздің әнге қосқан Мерейіңіз екенін жақсы білеміз. Қызыңыз қалай, өсіп жатыр ма? - Құдайға шүкір, үшінші сыныпта оқып жатыр. Үлгерімі жақсы, сабағы 5. Өткенде бір-екі рет 4 алыпты. «Неге «4» аласың» десем: «Мұғалім солай қойғаннан кейін, солай болған шығар. «4» деген баға да жаман емес» дейді. Сосын мен де: «қызым, «3» алмасаң болды, «4» пен «5» - ке оқи бер» деймін. Әлі кішкентай, оның үстіне жалғыз түйір қызымды қинағым да

11


келмейді. Сол жалғыз қызымның амандығын, денінің саулығын тілеймін. Болашақта бір жерді жарып шығады деген үміттемін. – Қызыңыз өскенде кім болғысы келеді? Сіздің жолыңызды қуып әнші немесе әкесінің жолын қуып саясаткер боламын демей ме? - Әлі бала ғой, құбылып тұрады. Біресе әнші, биші, суретші боламын дейді. Өзі суретті жап-жақсы салады, әжептеуір икемі бар. Ал, қазір домбыра сыныбына барып жүр. « Мама, ұят шығар, сенің қызың болғасын домбыра үйреніп алайын» дейді. Қызыма арнап арнайы домбыра жасаттым. – Сіз гастрольде жүргенде қызыңызға кім қарайды? Әлде жолға шыққанда өзіңізбен бірге алып жүресіз бе? – Қызымды ешқашан гастрольге алып жүрген емеспін. Қазір қолымда туған әпкем қызымен тұрады. Сондықтан да, қасымда жанашыр бауырым болғаннан кейін, қызымды әпкеме сеніп тастап, гастрольге кете беремін. – Өмір болғаннан кейін қуанышы мен қайғысы қатар жүреді ғой. Өмірде қатты қиналып жабырқаған сәтте неден жұбаныш іздейсіз? - Жақсы адамдардан жұбаныш іздеймін. Аллаға шүкір, жақсы адамдар бар. Сонымен қатар, поэзияны көп оқимын. Мысалы, Мұқағали ағамыздың шығармаларын 5-6 рет қайталап оқыған шығармын. Фариза апамыздың, Қадыр Мырзалив, Тұманбай ағаларымыздың кітаптарын қараймын. Жалпы, қиналған сәтте кітапқа және домбыраға сүйенемін. Қолыма домбырамды алып, жақсы әндерді айтуға тырысамын және жақсы әндерді жаттап аламын. Менің әндерімнің 70 пайызы эфирге шықпаған. Оның барлығын эфирге шығарып,

Зәкеңнің балалары мені адам құрлы көрмеді... телеарнаға беретін болса, ол тек Мақпал Жүнісованың концерті болып кетеді. Мен ол әндерді телеарна үшін емес, өзім үшін жаттаймын. Барлығымыздың баратын жеріміз бір, Алланың бұйыртқан күні барамыз. Сондықтанда артымда жақсы әндер қалсын деген оймен, өзіме жаздырып қойып жүрмін. – Заманбек ағамыздың қайтыс болғанына біраз жылдан асыпты. Қылмыстық іс ақыры сол күйінде қалды ма? - Биыл алты жыл болды. Солай жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Соңында өзін-өзі атты деген үкім шығарды. Оған баласы мен әпкесі қол қойып берген. Жәбірленуші етіп соларды алды ғой. Ал, мені адам құрлы көрмеді. Өйткені, «мен өлтірді» деп жала жабылды. Оның бәріне уақыт емші, бір алланың қолында деп ойлаймын және сенемін. – Жанашыр азаматтар немесе туыстары істі қайтадан қарап, қолға алмады ма? - Жоқ. Ол кісінің ешқандай жанашыры жоқ. Зәкеңнің өзі бір шешенің жалғыз ұлы. Анасы да, әпкесі де өмірден кетті. Жалғыз Қайрат деген ұлы бар. Бірақ, ол ондай әрекетке бармады. – Жарыңыздың бірінші некесінен туылған бауырларымен қызыңыз араласып тұра ма? - Жоқ, араласпайды. Олардың барлығы «мен өлтірді» деп жүр ғой. Зәкең кеткенде бәрі мені қорлады, айтпаған сөздерін айтты. Ондай жағдайдан кейін араласу-құраласу деген болмайтын шығар. Егер де сәлем беремін деп келсе, есігім ашық. Сәлемде тұрған ештеңе жоқ. – Сізге еліктейтін Мақпалдардың саны біршама. Ауыл-аймақтардағы талантты жастарды жинап, өнер жолына баулып, алдағы уақытта өзіңіздің жеке

12

музыкалық мектебіңізді ашу ойыңызда бар ма? - Әзірге ондай ойым жоқ. Мектеп ашу оңай шаруа емес. Әркімнің алдына барып, есігін қағу керек. Біздің бағамызды біліп отырған үкімет немесе үлкен азаматтар бар деп айта

Менің көшеде сыра ішкенімді түсіріп алу тапсырыспен жасалған дүние алмаймын. Қадірімізді білетін болса, осы елде әнімізді салып жүрміз ғой. Мысалы, Астана қаласының қаншама тойлары және қанашама мерекелер өтіп жатыр, ешқайсысына шақыруды білмейді. Көпшілігі шетелдің әншілерін шақырып, өзгенің қалтасын қалыңдатып жібергенді абырой санайды. Ал, өзіміздің отандық әншілерге қарайласатын азаматтар өте аз. Тіпті, жоқтың қасы. Кейде ғана көмектесіп тұратын адамдар болады. - Халықтың алдында, үлкен өнер ордасында жүргеннен кейін түрлі жағдайлар болып жатады ғой. Осыдан біршама уақыт бұрын, ұялы телефондарға сіздің мас болған бейнеңізді түсіріп алып, интернетке жариялағанын өзіңіз де көрген боларсыз. Осыған не дейсіз? - Солай жасалынған нәрсе. Ол жерде ешқандай арақ болмаған. Атырау қаласына гастрольдік сапармен барып, концерттен кейін сыра ішіп, балық жеп тұрған кезіміз. Менің ойымша тапсырыспен жасалған дүние. Өйткені, Зәкеңнің қазасынан тура 9 айдан кейін жасалынған. Ол кездері өмірге деген қызығушылығым, өмір сүруге деген ынтамның болмай,


өлгім келіп жүрген уақыты болатын. Екі жылдан кейін интернетпен таратып жіберген. Ойлаған болуы керек, «Мақпал осы бейнені көріп, жүрегі ұстап өліп қалады. Елдің алдында ешқандай қадір-қасиеті қалмайды» деген шығар. Жасырын камерамен түсірген, оны жанымдағы музыкант жігіт айтып қойды. Содан мен айқайлап ұрысып, боқтағанмын. Түсірген қазақтың қара домалақ баласы. Қазақтың баласы осылай істеп жатқанда, өзгеге не дейсің. Кім сыра ішпейді. Болады ғой кейде тойда, кейде қырда, кейде үйде ішетін кездер. Бірақ мен ешқашан үйде ішімдік ұстамаймын, үйге ішімдік алып кірмеймін, үйде ешқашан арақ атаулысы болмаған. Тіпті, қызым арақтың не екенін де білмейді. Осы жағдайдан кейін менің ештеңем де кеткен жоқ. Өмірде түрлі жағдайлар болып жатыр. Мысалы, небір атақты адамдар ішіп, қылмыс жасап жатқандары да бар. Бірақ, олар жайында ештеңе айтылмайды, түсірілмейді да. Мені түсіріп, халықтың алдында абыройымды түсіріп, менің концертіме ешкім келмей қояды деп ойласа керек. Құдайға шүкір, халық келіп жатыр, қай жерге барсам да зал лық толы. Егер де мен арақ ішетін болсам, осы уақытқа дейін өнерімді жалғастырып, осындай дәрежеде тұрмас едім. Сондықтан оған қатты қиналған жоқпын. Тек осындай қатігездік қазақтың баласының қолынан келгеніне жүрегім ауырады. Бір еркелеген шығармын, бір назым болған шығар, соны көрсетіп шығару деген сұмдық қой. Мен өзімді мақтағым келмейді. Ия, мен кінәлімін. Сыра ішемін бе, у ішемін бе, өзім білемін. Жалпы, ол нәрсені халыққа көрсетіп, оны дұшпандарым бірінен-бірі көшіріп алып, «ойбай, мынаны қараңдар!» деп кейбіреулері мейрамдатты ғой. Содан кейін «анда-санда дұшпандарға да мейрам жасаған дұрыс қой» деп қоямын. Хьюстонның өзі Қазақстанға келіп, наша шегіп алып, өлең айта алмай, қаншама миллионды қалтасына салып кетті ғой. Соларды неге жазбайды екен. Мысалы, біз Ресейге немесе басқа шетелге барып, солай істеп көрейікші, бізді атып тастайтын шығар. - Жақында бір тойда, Мұхтар Шаханов ағамыз ұлттық мәселелерді көтеріп, қазақ тілі жайында сөз қозғап жатқанда, сіз тұрып «саясатты қойыңызшы» деп ұлттық мүддені сөз етуге қарсы шығыпсыз... - Иә, бұл жағдайдың болғаны рас. Қ а л д ы б е к Құрманәлінің қызының тұсау кесер тойы болатын. Ол тойға Мұхтар а ғ а м ы з кешігіп келді, барлығымыз күтіп отырдық. Бір кезде келді де, бірден төрге кетті. Ол кісінің ақындығында, ұлы тұлға екенінде к ү м ә н і м жоқ.Содан, тойды ашып беру үшін М ұ х т а р а ғ а н ы , Бақытжан

Момышұлын және бір-екі адамды шығарды. Бірінші сөзді Мұхтар аға алды, сол бастағаннан тоқтамай біраз сөйлеп, ағамыз саясатқа кетіп қалды. «Біздің тіліміз құрып бара жатыр, ұлтымыз құрып бара жатыр» деп айтып жатыр. Әрине , қазақ тілің жағдайы б ә р і м і з д і алаңдатады, ойландырады. Бір кезде Б и б і г ү л Төлегенова апамызды сынай бастады. Егер мен Мұхтар ағаның орнында болсам, ақын болғаннан кейін өлеңнің ішіне бәрін сыйғызып айтар ойымды, назымды өлеңмен жеткізер едім. Сосын,”аға қойсаңызшы, саясатты айтпаңыз бұл жерде” дедім. Сол-ақ екен, “сен де сондайсың “демесі бар ма? Мен де қарап қалмадым... Бары сол... – Сонда сізді қоғамдағы қандай мәселелер толғандырады? - Шынымды айтсам, қоғамдағы көп мәселе толғандырады. Әсіресе қарапайым халықтың жағдайы қатты мазалайды. Өйткені, бүгінгі күні кедей мен байдың арасы қатты білініп қалды. Жалпы қай заманда болса да кедей мен бай болған. Бірақ, дәл бүгінгі күні көзге шыққан сүйелдей байқалып тұрады. Мысалы, менен келіп көмек сұрайтындар өте көп. Жағдайы нашар жандар нанға, операцияға ақша сұрап жатады. Ондай кезде қолымнан келгенше көмектесемін. Көптеген қазақ аналарын көремін, күйеулері ішкілікке салынған, өздері жұмыссыз, балаларын қалай асырарын білмей жатады. Сондай жандар келген кезде, қолымда барын 30 мың болсын, 50 мың болсын беріп, тойдан түскен ақшадан бөліп отырамын. Сонымен қатар, ауылдың жағдайы өте нашарлап кетті. Баяғыдай ауылға барып демалатын кездер жоқ. Керісінше, көп ауылдар да үйлер қаңырап бос қалған. Кезінде ауыл-аймақтың бәрін тарқатып жіберді. Жастарымыз жұмыссыз, қолдарында дипломдары болса да бос жүргендер көп. Дегенмен кейінгі кездері ауылды қайтадан дамытамыз, гүлдендіреміз деп жатыр ғой. Егер де ауылды құртатын болсақ, біз ешқашан оңбаймыз. Өйткені, біздің түп-тамырымыз ауыл, барлығымыз ауылдан шығып, өсіп-өнгенбіз. Мен саясаткер емеспін. Десе де ауылды дамытуға, ілгері жылжытуға жұмыс істеуіміз керек. Байқап қарасақ, қазақтың санын көбейтіп жатқан ауыл азаматтары, көп баланың бәрі ауылда дүниеге келген, келіп те жатыр. Оның үстіне біздің тыңдармандарымыздың көпшілігі ауылда. - Әңгімеңізге үлкен рахмет!

Әсел РЗАЕВА

13


Мәнсіз мәтін

Сауатсыз мәтін – сауатсыз әншілер... Бірде «Хабар» телеарнасындағы «Төртеу түгел болса...» бағдарламасының түсірілімінде композитор Қалдыбек Құрманәлі мен «Бақай» тобының әншісі Бек Шәріптің қақтығыс-диалогына куә болғаным бар. Алдымен Қалдекең бастады. – Сендер анау топан су туралы әнді неменеге айтып жүрсіңдер? Өзің түсінесің бе не айтып тұрғаныңды? – Әрине, түсінем. Біз ол арқылы әлемдік проблеманы көтердік. – Айналайын, әлемді қоя тұрып, алдымен Шымкенттің проблемасын шешіп алыңдаршы! Шымкентті қайдам, қазір жалпақ қазаққа ортақ мәселенің бірі – талғам-талаптан жұрдай «мыжырайған» мәнсіз мәтіндер. Қисық жазылып, қисық айтылатын немесе о баста түзу жазылғанмен, мәнін ұқпайтындар мәтінін «майыстырып» алған әндер. «Бақай» демекші, осы Бек Шәріптер «NN-Векте» жүрген кездерінде «Қыздар-ай» деген әнді айтатын. Әйтеуір, қыздар жағы қырылып қалатын сол әуенге. Іздесең табылмайтын ұйқасы мен «қалай болса, солай» сөз қолданысын айтпағанда, еркектің күлкісін, әйелдің ашуын келтіруі тиіс мынадай жолдар бар еді. Қыз деген – әлемдегі ең асыл зат, Ежелден бағалаған оны адамзат... Мың жерден асыл десең де, заттың аты – зат. Ал оны адамзаттың ерекше бағалауы – демек, әлгі затымыз адамзаттың құрамына кірмейді дегенді білдірсе керек. Былайша айтқанда, «әйел – адамның досы» дейтін әзілдің сәл сыпайы түрі. Сол «Қыздарайымыз» әлі де ел ішінде сүйкімге ие. Сөзге мән беріп жатқан ешкім болмағасын, әншілеріміз бен беймәлім «ақындарымыз» мәтін жазудағы қайраткерліктерін алаңсыз жалғастыра береді. Қиналса, композиторлар көмекке келеді. Бір жігіт үйленді жақында, Білмейді жарының атын да, – деп басталатын «толғауды» естіген боларсыз. «Таң нұры» тобы айтатын әнсымақ: Достары үйіне әкеліп берген соң, Ие боп қалған ғой жас қызға, – деп жалғасады. Алғашқы шумаққа қарап-ақ, автордың өлеңді ерігіп жаза салғанын және таспаға түсер алдында бір білгіштің жөндегенін байқауға болады. Ұйқасқа назар аударыңыз. «Жақында», «атын да» – ұйқасып тұр. Төртінші жол ұйқаспайды. «Жас қызға» дегеннен гөрі «қатынға» десе қатып кетер еді. Әу баста солай жазылған болуы да ықтимал. Сосын әлгі түзегіш оны «жас қызға» деп жұмсартып берген. Өлеңнің өне бойынан есі дұрыс ұйқасты емге таппайсыз. Сол кезде сыртқы есік ашылды, Ішке бір жас жігіт атылды. Шыдалмай жас сұлу жігіттің мойнына Орала-орала асылды, – дейтін жолдары бар. Әсілі, авторлар қоғамда бар келеңсіздікті аяусыз сынға алып, сүйгеніне қосыла алмағандардың жанарына жас

14

үйіруді мақсат тұтса керек. Кезінде Жанар Айжанова айтатын, баласына жүрегін жұлып берген ана туралы әнге ұқсас туынды жасауды ойлаған шығар. Бірақ «мұңды толғауды» тыңдап отырып, кейіпкерлерге емес, соны ән деп ақша жұмсап, оранжировка жасатып, дыбыс жаздырып, елдің алдына шығып ұялмай айтып тұрған әншіге жаның ашып кетеді. Әр түрлі әншілер майыстырған мәтіндерді ары қарай тізе беруге болады. ...Екеумізді қоспады тағдыр Жүрсек те бірге қаншама сан жыл... «Қаншама жыл» немесе «сан жылдар» болу керек шығар? ...Сені көргім келгенде, Қайдан сені таба алам? Сен есіме түскенде Сағыныштан сарғаям... Енді автордың есіне ол ару қанша уақытта бір түсетінін біле алмадық. Есіне түскенде сарғаяды, сосын қайтадан өзінің түсіне оралатын боп тұр ғой. ...Мен сені қызғанамын, тіпті дос балдарымнан Сезімімді қабыл ал өлердей сүйген жаныңнан... (Айтарға сөз жоқ!) ...Сені сүйетін сүйіктің бар, Бірақ өзің сүймейсің, Қырсық, қатал мінезің Ешкім төзе білмейтін... ...Жыласам ба, жыласам ба, неге екенін білмеймін, Алдымда тұрған адамды мынау кім демеймін. Алдымда менің адасып кеткен бір арман, Жыласам ба, жұбатсам ба, оны да мен білмеймін... Тіпті Мұқағалиша «жырлайды» екен. Әуенімен тыңдасаңыз, жылап жібере жаздайсыз. Дискте, телефонда жүрген мұндай әншісымақтарды айтпағанда, сахнадан сахна қоймай жүрген Қайрат Нұртастан да сансыз қате табуға болады. Сөзі К.Сейфулла деп көрсетілген «Ақ еркем» әні былай басталады: Басыңа жарасқан алтын бөрік Ақ еркем, өзіңді қалдым көріп... «Басыңа жарасып тұр» деген тіркесті ауызекі тілде де пайдаланбаймыз ғой. Түк табылмаса, «көркіңе жарасқан» деп қолдануға да болмай ма? Мұның бәрі бірдей білімсіздіктен тумайды. Студияға барып дыбыс жазар кезде, ақын болмайақ қойсын, мәтінді бір қарап беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы табылмайды дегенге сену қиын. Өзімбілермендік, немқұрайлылық, ел не түсінеді деген салғырттық ән сөзінің сауатсыздығына себеп. Оның үстіне орындаушылардың көбі әннің сазы да, сөзі де маңызды екенін мойындамайды. «Орда» тобының әншілері бір сұхбатта «жалғыз ауыз сөзді қайталап айта беріп те ән жазып шығуға болады, шетелде солай, демек, сөзге шұқшия берудің қажеті жоқ» деп салды. Кәсіби саналатын, оның үстіне қазақша сөйлеп, қазақша ойлайтын жігіттер осылай десе, өзгелерінен не қайыр?

Мұрат ЕСЖАН


Мұрат ҚОЖА:

«Каспий» тобының мүшесі Мұрат Қожаны тыңдарман қауым бұрыннан «Нұрлан мен Мұрат» дуэтіндегі әнші ретінде таниды. Топқа кіргелі бері әншіміздің жеке шығармашылығы көлеңкеде қалып қойған сияқты. Осы және басқа да мазалаған сауалдарымызға жауап алу үшін әншіміздің өзімен жолықтық.

м а л с и » р а л р ы қ с а қ н ға л ы м а «Қой терісін ж ... а д у а с а ж ін р е д н ге іл б п ы л ы дінінің атын жам - Аға, «Каспий» тобы құрылғалы бері өз шығармашылығыңыз бәсеңдеп қалған сияқты деп ойламайсыз ба? Бәлкім... Себебі, топ алғаш құрылған кезде мен өз шығармашылығымды уақытша толықтай тастауға бел будым. «Каспий» тобы аяғынан тік тұрып кеткенше жеке шығармашылық дегенді естен шығарамын деп алдыма мақсат қойдым. Қазіргі таңда осы мақсатымды іске асырудамын. - Бір кездері «Нұрлан мен Мұрат» болып сахнаға шығып жүрдіңіздер. Жұбыңыз қазіргі

таңда қайда, немен айналысып жүр ? Нұрлан қазір Атырауда. Өз ісін дөңгелетіп жүрген жеке кәсіпкер. Жақында «Алматы – іңкәрім менің» атты концертке бірге шығып ән шырқадық. Сол кештен соң бірге ән шырқап беріңіздерші деген ұсыныстар жиі түсіп жатыр. Жақында халықтың сұрауымен Нұрлан мен Мұрат «Каспий» тобымен бірге Атырау, Орал қалаларына барып концерт қойып қайтпақшы. «Каспий» тобынан Ұлықпан ағамыз толықтай кетіп, сізді өз орнына басшы 15


ретінде қалдырыпты деп естідік... - Айман есімді жан жарым, үш қызым бар. Алды Негізі, бұл жалған ақпарат. Ұлықпан мектепке барады. Жанұям шағын. Аллаға шүкір, ағаларыңыз топтан шыққан жоқ, бар болғаны жеке бақыттымыз. шығармашылығын ретке келтіру үшін уақытша үзіліс Бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлесіз бе? жасауда. Өздеріңіз де білесіздер, ағаларың тек Үйде қандай отағасысыз? қана әнші емес әрі композитор. Сол себепті, қазір - Жоғарыда айттым ғой үш қарлығашым бар деп. Ер жаңа әндер өңдеу жұмыстарымен айналысуда. Топ кісі түздің адамы. Негізі «Әке көрген оқ жонар, ана көрген құрамынан ешкім ешқайда кетпейді, бәріміз біргеміз. тон пішер» деген мақалды отбасы тәрбиесінде қатаң - Өзіңізді ұстанамын. ж а ң а Яғни асырау Кино әлемі мен үшін - жұмбақ ж ы л д ы қ біздің, тәрбие әлем,сонысымен де қызықты. Жалпы, қазақ кинофильмде беру ананың басқа бір міндеті деп киносы күннен – күнге қарыштап дамуда. қырыңыздан есептеймін. Оған өзіміз де куәміз. көрсетіп Оның үстіне қалдыңыз. қыз баланың Я ғ н и тәрбиесі актерлық қабілетіңіздің бар екенін байқадық. нәзіктікті талап етеді. Аналарының берген тәрбиесіне Болашақта киноға түсуге ұсыныс түссе, ризамын. Қыздарым қарапайым, көргенді, салмақты келісесіз бе ? болып өсіп келеді. Бар бос уақытымды құлыншақтарыма - Егер ондай ұсыныс түсіп жатырған болса қуана- арнауға тырысамын. қуана келісемін. Бала кезімнен киноға түсуді,атақты - Бойыңызда өзіңізге ұнамайтын қасиеттер актер болуды армандайтынмын. Бала арманыма бар ма? жол ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Алдағы - Жеткілікті деп айта аламын. Еріншекпін,тамақ уақытта «Қазақфильмнің» жегенді, реті келсе ұйықтап алғанды ұнатамын.Бір сөзбен айтқанда қазаққа тән қажет емес “қасиеттердің” бірнешеуі бойымда бар. - Әдеби кітаптар оқығанды ұнатасыз ба? Соңғы оқыған шығармаңыз қалай аталады ? Кезінде студент шағымда оқыдым. Біреуін қызығып, енді бірін мәжбүрліктен... Баға үшін дегендей. Қазір кітапқа үңілуге уақыт тапшы. Қолым босағанда оқуға тырысам, бірақ көбіне оқып отырып ұйықтап қаламын. Ал енді соңғы оқыған әдеби шығармамның авторы есімде жоқ, шығарманың өзі «Әке» деп аталады. Әңгімемізді шоу – бизнеске қарай бұрсақ. Қазір сахнада жылт етіп бір-екі рет к и н о с т у д и я с ы н а ән айтып жеке кешін беріп жатқандар аз емес. түйіндемемді тапсырып, кастингтер болып жатырса Ал сіздің өнерде жүргеніңізге біраз жылдың жүзі барып бағымды сынап көргім келеді. Кино әлемі мен болды. Жеке кеш өткізу ойыңызда бар ма? үшін - жұмбақ әлем,сонысымен де қызықты. Жалпы, - Негізі ондай ой болған. Биыл отызға толдым қазақ киносы күннен – күнге қарыштап дамуда. Оған ғой. Осыған орайластырып жеке кеш өткізсем бе өзіміз де куәміз. дегем. Кейін ойлана келе отыз нағыз орда бұзар Отбасыңыз туралы айта отырсаңыз. жас, нағыз шығармашылықты шыңдайтын кезең деп Жұбайыңыз, балаларыңыз хақында. ойлап жеке кеш жайын кейінге ысырдым. Аллаға 16


шүкір,айтатын ән жеткілікті. Дегенменен халықты құр әнмен қайтарғың келмейді. Жаңашылдықпен, баса қырыңмен тамсандырып, риза етіп жібергенге не жетсін... Ал енді «Каспий» тобының жеке концерті

салған сара жолдан жаңылмауға тырысуымыз керек. Жан – жақтан келіп жатқан түрлі діни ағымдарға қатаң шара қолданатын мезгіл жеткен сияқты. Жоғарыдағы ағаларымызды да түсінуге болады, қазір кімнің кім екенін айыру қиынға

бұйырса,алдымыздағы жылдың көктемі деп жоспарлап отырмыз. Сіздің дауысыңыз эстрада жанрындағы әндерге де, сонымен қатар дәстүрлі әндерге де толықтай келеді. Болашақта ән қоржыныңызда халықтық әндерді көбейту ойыңызда бар ма? - Негізі халықтық әндер, термелер ән қоржынымда бұрыннан бар. Бірақ жоғарыда айтып өткенімдей, қазір жеке шығармашылығымды тастадым. Ал тобымыздың репертуарына келсек, барынша жан – жақты болуға тырысамыз. Мұндай әндердің санын көбейту болашақтың еншісінде. Уақытында көре жатармыз. - Еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар боларсыз. Жоғарыдағы ағаларымыз мемлекеттік мекемелерде намаз оқуға тиым салып жатыр. Дініміз Ислам деген қазақпыз. Тұлға ретінде осыған өз көзқарасыңызды білдірсеңіз. - Өзіңіз де білесіз,қазір намаз оқимын деушілерге жұрт шошына, қорқынышпен үрейлене қарайтын болды. Халықтың санасында «уахабист» деген теріс түсінік қалыптасқан. Бұған халықты кінәлауға болмайды. Себебі, «қой терісін жамылған қасқырлар»,ислам дінінің атын жамылып білгендерін жасауда. Ата – бабамыз

соғып барады. Бар айтарым, шешімдеріңізді ақылдасып қабылдасаңыздар болды. Себебі, «келісіп пішкен тон келте болмас» дейді дана бабаларымыз. Той деп жүріп, әншілеріміздің көпшілігі бойларынан зиялылықты жоғалтып алды деп ойламайсыз ба? Той- халықтың қазынасы. Сондықтан тойға барсам зиялылығымнан айырылып қалам дейтін әнші надан. Зиялылық – адамның бойында туғаннан қалыптасатын қасиет,өсе келе осы қасиетті өзі әрі қарай дамыта білуі қажет.Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық. Қашан, қайда барсаң да төбесіне көтеріп сыйлайды. Нағыз зиялы адам үшін мұнан артық бақыт жоқ. Қатардағы көп топтардың бірі болып қалудан қорықпайсыздар ба? Қорықпаймыз. Ерінбей еңбек етсең, түбі сол еңбегің жемісін сөзсіз береді. Қазір тынбай еңбек етудеміз. Болашақта жемісін көреміз деп ойлаймын. Аллаға шүкір, халық «Каспий» тобын біледі,әндерін сүйсініп тыңдайды. Дана БЕКТҰРҒАН 17


ЖІГІТТЕР”


“КВАРТЕТІ” құпиясы

Жазылу индексі - 74296


Ералхан ӘБІШЕВ, Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері, әнші:

Ел мені қазақ Губині деп жатса, өнерім сай келген болар – Жаңа қызметіңіз құтты болсын! (Біз сұхбат алған күні Ералхан ағамыз Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының директоры болғанына бір ғана апта болатын. Автор.) – Рахмет. Шынымды айтсам осы күнге дейін қызметтің соңын қумаппын. Жұрт итермелемесе, жүре беретін әдетім бар. Яғни, жазда әйелім «жаз келді ғой» деп қыстық киімімді шешіп алмаса, қыстық киіммен жүре беретін жайым бар. Көктем кезінде осы орынның бос тұрғанын естігенмін. «Әй, неге бармайсың?», деп біраз адам итермелеген болатын. Мән бермей, қарбаласпен жүре беріптім. Жаз мезгілі келіп, біраз жұмыстарым сиреп, демалатын кез басталғансоң әр нәрсені ойлануға уақыт та болады екен. Сол кезде әлгі орынның әлі де бос тұрғанын естідім. Қой, неде болса, көрейін деп түйіндемемді өткіздім. Құдай оңынан беріп тұр ма, әйтеуір мені осы жұмысқа шақыртты. Шынымды айтсам күтпеген едім. – Жаңа қызметті қарқынды бастапсыз, өнеріңіз бір жақта қалып кетпей ме? – Әлсірей қойған жоқ, бірақ өзім кішкене шаршап қалған сияқтымын. Екі жаққа бірдей жүгіру оңай емес екен. Жаңа жұмыстың аты жаңа. Жаңа қызметке келген соң бәрімен танысып, үйренісіп болғанша қиындықтардың болатыны сөзсіз. Бұрындары да көптеген қызметте істеген едім. Яғни, эстрада - цирк колледжінде директордың орынбасары болдым. Осы күнге дейін әкімшілік жұмыс пен өнерді бірге алып жүрдім. Былайша айтқан да етім үйреніп қалған. Қолыңнан келіп, біліп тұрсаң неге істемеске? – Жеке шығармашылық кешіңізді жоспарлап қойыпсыз. Дайындығыңыз қалай? – Ең алғашқы жеке концертімді 1997 жылы өткізген едім. Үш–төрт жыл сайын концерт беріп тұрамын деген әр әншінің жоспары бар ғой. Концерт беремін деп жүрген кезде 2007 жылы «Мұрагер» продюсерлік орталығын аштық. Қызу қызметке кірісіп кетіп,

20


менің жазып жатқан альбомым жайына қалды. Сөйтіп жүргенде былтыр желтоқсан айында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атақты алдым. Ал, қаңтар айында өзімнің туылған күнім болды. Елуге толдым. Туылған күніме елбасымыз керемет сыйлық жасады. Осы үшеуі бірдей қарбаласқаннан кейін кешімді тағы да қоя тұрғанды жөн санадым. Шынымды айтсам, ұялдым. «Ой, мынау тегі дайындалып жүріпті ғой, атағын да сатып алған шығар» дегенді айтпасын деп, осы кезге жоспарладым. Осындай атақты сеніп тапсырған соң бұл кешті шынында да жасау керек деген мақсат қойдым. Бұрын жәй әнші болсам, енді еңбегі сіңірген қайраткер болдым ғой. Сол үшін жоғарғы деңгейде өткізу керек. Жаз айында осы қазанның 22 болады деп шешіп қойдым. Бірақ дәл осындай қызметке келемін деп ойлаған жоқпын. Бұл жәй ғана сәйкестік. Бұл жерден де ұят болды. Сол себепті барынша ешкімге ешқандай ауыртпалық түсірмей бәрін өзім жасаймын. Әйтпесе «мынау тегі келе салып құтырды ғой» дейтін шығар... Бұл кешті берудегі мақсатым университетке сіңген еңбегімді емес, халыққа сіңген еңбегімді көрсету. – «Ел еркесі – Ералхан» деп халыққа біраз еркелегіңіз келген сияқты ғой... Кезінде “жас қазақ үні“ газеті сізді қазақ Губиніне теңеп еді... Бойыңызға, өнеріңізге де қарап айтқан секілді. – Дәл өстіп қой деген, өнердегі досым, белгілі актер, режиссер, қайраткер және осы кештің де режиссері Асқар Наймантаев болатын. Негізі неге еркелемеске? Өзім қай жерде жүрсем де көңілім көтеріңкі, достарыммен әрдайым қалжыңдасып, былайша айтқанда еркелеп жүремін. (күліп) Ашулансам да, табан астында ашуланып, тез ұмытып кетемін. Өмірімдегі алға қойған мақсатым бар. Яғни жұрттың бәрімен дос болу. Әдейі «о-о-о, мынада дос болатындай дүниесі бар екен» деп емес. Адам адаммен дос болу керек деген қағида бар ғой, сол қағиданы қатты ұстанамын. Жалпы, қай жерде болмаса да еркелеймін. Халыққа да еркелеп жүремін. Осы күнге дейін концертімде болмадыңыз ба, болдыңыз ба білмеймін. Бірақ, сол жерлерде еркелігім байқалады. Өйткені мен ешкімге «жоқ» деген сөзді айтқан емеспін. Осы істеп жатқан жұмысымның 90% тегін істедім десем өтірік айтқаным емес. Сондықтан «вставкан» қанша деген кезде, 7000 теңгеге де бара беремін, 700 долларға да бара беремін. Керек болса, тегін де барған кездерім болды. Кейде біреулер тегін шақырып, артынан бензиніңе деп жүз доллар беріп жатса оған намыстанбай ала беремін. Бермесе, алмай-ақ қоямын. Тегін істеп жатқан соң еркелеп баратын кездерім болады ғой енді. Ал ел мені қазақ Губині деп жатса өзің айтқандай, бойым да өнерім де сай келгендіктен болар. – Осы сұхбатты оқып отырып, «Ерекеңді тегін шақырса да болады екен ғой» деп шақырушылар көбейіп кетсе не істейсіз? – Онсыз да көп қой. Бұйырғаны болар енді. Егер де қолым тиіп, үлгеріп жатсам барудан

шаршамаймын. Бәрі халықтың көңілі ғой. – Бірнеше жыл бұрын берген концертіңізбен осы концертіңіздің айырмашылығы неде? – Біріншіден, ол кез ең бірінші кешім болды. Негізі қазіргі жастарға таң қаламын. Қорықпай жылда жеке кештерін ұйымдастырып жатады. Бір жағынан әрдайым халықтың назарында жүрген дұрыс та шығар. Дегенмен ол менің қолымнан келмейді екен. Ол кезде орысша айтқанда «опыт» болмады және де жеке кешім деп алып, көп адамды шақырып, ән айтқызғанмын. Басты қонағымның бірі Роза Рымбаева болатын. Розаны шақырғандағы мақсатым сол арқылы халықты жинау емес еді. Жақын достарым болғандықтан шақырдым. Жеке кешім болғандықтан бұл кеште маған қатысы бар адамдарға ғана ән айтқызамын. Репертуарым өзгеше болады. «Мұрагер» продюсерлік орталықта қызмет еткен соң сол жердегі біраз жобаларым бар. Сол жобаларымның, шәкірттерімнің қатысуымен өтеді. «Ару», «Адем» топтары, Сая Маханбет, «Беймарал» әзіл- ысқақ театры қатысады. Асқар Наймантаев жүргізеді. Биылғы жаңалығым тірі дауыста сүйемелдеп отыратын «ВИА Аңыз» тобын құрдық. Кеш жанды дауыста өтеді. Тағы бір айта кететін жәйт екі кішкентай балапандарды сахнаға шығарғалы отырмын. Жасы кіші болғанымен халықаралық конкурстың лауреаты, он жастағы – Димаш. Тума талант, төрт жасынан бастап пианино сабағына барған. Мен оны көрсем өзімді көргендей боламын. Кіп- кішкентай. Екінші балапан Шымкенттегі – Асылзат деген қыз. Жасы – он екіде. Күнде көріп жүрген танымал әншілерді шығарғаннан сахнаны енді аттаған дарындыларды шығарған жаңалық сияқты. Және осы күнге дейін бір сахнада өнер көрсетіп жүрген өнердегі достарымның бәрін көрермен ретінде қонаққа шақырамын. Оларды шақырып алып мақтану емес, соларды көріп өзіме күш жинаймын. – Кеш жанды дауыста болады деп жатырсыз. Осы мәселені қозғағанда бәрінің проблемасы бір. Ол бізде жақсы аппараттың жоқ екендігі... Енді сіз дәл осы Студенттер сарайына директор болып келіп отырсыз ғой. Ол жағынан әріптестеріңізге қандай көмек көрсете аласыз? – Осы жанды дауыс деген бізде жаппай проблема болды ғой. Енді мен жаңа келдім. Ненің не екенін енді анықтап біліп жатырмын. Студенттер сарайын бір аралап, не жетіспей тұр, не керек екендігін анықтап тізім жасаймын. Солай талап ететін тізімді құрып, басшылыққа кіріп өз талаптарымды қалдырамын. Және тек сонымен ғана шектелмей сырттан жақсы мамандарды әкеліп, бәрін бір қаратып шығарамын. Дәл осы бір аптаның ішінде жарықтарды, дыбыстарды реттедік. Жұмысымыз қарқынды түрде жүрсе, бұйыртса ол тілектеріміз де орындалып қалатын шығар. Шынымды айтсам, мен бұл жерге айлық үшін келген жоқпын. Айлығымның қанша екенін де білмеймін. Өткенде қызым «Папа, айлығың қанша?» дейді. Мен «ой қызым, білмеймін. Орынбасарымдікі 65000 екенін білем» десем

ол: «Ондай болса бір он бес мыңға жоғары шығар, соны маған бересің» дейді (күліп). Жұрттың алдында сөз бере аламын. Осы күнге дейін істелген жұмыстан бір сатыға жоғарғы ететініме. Тірі дауыс деп бәрі шулап жатыр ғой. Бірақ оның артында не жатқанын кім біліп жатыр. Фонограмманың өзі әншінің өз даусымен жазылған дүние. Бірақ, оны халыққа «ой, мен ән жаздырттым» деп мақтанып айтудың қажеті жоқ сияқты. Неге дейсіз ғой? Себебі халыққа ол керек емес. Оларға керегі тірі дауыстағы өнер. Фонограмма болмаса телевидениеге жазылмайды, таспа болып шықпайды, интернетке сала алмаймыз, тіпті қазіргі тілмен айтқанда ұялы телефонда тыңдай алмаймыз. Бізді фонограммаға үйреткен телевидение болып табылады. «Ой, жанды дауысты біздің микрафон жазбайды. Дыбыстарды жалғап отыратын уақыт жоқ. Фонограммамен айта салыңдаршы» дейді. Елімізде ондай аппарат жоқ. Ең аяғы келіп осы ақшаға тіреледі. Және бір айта кететін жәйт, қазіргі телевидениелердің бәрінде орыс тілділер. Қазақ өнеріне бәрінің түкіргені бар. Оларға ақша болса болды. Бұл концертті осы беріп жатқан ақшаға сай түсіре ала ма, алмай ма шатағы жоқ. Әйтеуір, ақша болса болыпты. Бізге фонограмма сол үшін керек. Халықтың ол үшін шулауының түкке де қажеті жоқ. «Дарынсыз әнші болып жүр» дейтін болса, оған да қам жеудің қажеті жоқ. Себебі, өнерде ең аяғына

21


дейін шынымен жаны ашыйтындар, шынымен өнерлі адамдар қалады. Ал ана уақытша келген әншісымақтардың сахнадан кететін өз уақыттары бар. Ол бір Алланың берген сынағы шығар. – «Мұрагер» продюсерлік орталықта қандай жұмыстар жүріп жатыр? – «Ару», «Адем», «ВИА Аңыз» топтары, «Шабыт» атты бишілер, «Беймарал» әзілсықақ театры және дыбыс жазатын студиямыз бар. Осы аталынып өткен топтар қызуқанды жұмыстарын жүргізіп жатыр. Белгілі бір бюджетіміз бар. Аты аталынып өткен жобаларыма қоятын бір талабым бар: «әрдайым өз шығындарыңды өздерің жабасыңдар» дейтін. Биылғы жаңалықтарымыз, бірінші, осы менің жеке концертімді өткізу. Содан кейін желтоқсан айының үшінде «Беймарал» театрының алғаш көрермендерге ұсынып отырған жеке шығармашылық кештері. Және жағдай көтеріп жатса, жаңа жылдың алдында «Жаңа жылда, жаңа жұлдыздар» деген концерт қойсақ па деген ой бар. Жаңа жылдан кейін «Ару» тобына үш жыл толады. Солардың жеке шығармашылық кештерін ақпан айында өткіземіз. Яғни барша қыздарға дәл осындай сый жасағымыз келеді. –Білуімше «Ару» тобының атына ғана үш жыл ал, құрамындағы қыздар жиі ауысатын сияқты... – Бұл топтың затына да үш жыл болды. Неге? Өйткені осы үш жыл ішінде біраз жұмыстар атқарылды. Әрине, қыздармен жұмыс істеу қиын екенін жасырмаймын. Олар тұрмысқа шығады, болмаса аяқ асты туыстары өнерде жүруіне рұқсат бермей қояды. Бір қыз кетті екен деп топтың жұмысын да тоқтатып қоя алмаймын. Себебі, осы күнге дейін қаншама қаржы жұмсалды. Керісінше, бұл топқа қыздар үлкен талаппен алынады. Осы күнге дейін жасалынған жұмыстар болады. Жаңадан келген соң әндердің бәрін жаңартып шығу керек. Яғни, талап арта түседі. Деңгейі өседі. Бүгінгі күні бұл топта он тоғыз ән бар. Құрамының ауысуы жұмысымызға кедергі жасайтынын жасырмаймын. Ауысқаны маған да ұнамайды. Бірақ не істей аламыз? Енді қазіргі қыздарыма қатты сенемін. Бұрынғы қыздармен салыстырғанда барлық жағынан

22

айырмашылық өте көп. Дауыс, стиль, түр жағынан жоғарғы деңгейде. Мен оған қуаныштымын. – Дарынсыз, бірақ ақшасы көп адаммен жұмыс істеп көрдіңіз бе? – Ия, істеп көрдім. Өте қиын. Ондайларға мен әдейі қымбат айтамын. Өзінің ақшасының қадірін білсін деген мақсатпен айтамын. Және де сұрап келген мәселесін (ән жаздырту, бейнеклип түсіру) шешіп беремін де, тез арада қош айтысамын. Өйткені олардың қасында жүргеннің өзі ұят. Себебі қолынан түк келмейді. Сахнада тұра алмайды. Оларға керегі тек мақтану. Сондайлардың кесірінен халықтың өнерге деген көзқарастары өзгереді. – Жеке өміріңіз туралы да айта өтсеңіз... – Отбасым «советский стандартқа» сай. Бір әйел, бір ұл, бір қыз, бір попугайымыз бар. Әйелімнің есімі – Қаршыға. Студенттік кезімізден бастап кездесіп, сол кезде отбасын құрдық. Ұлым – Жандос. Мектепті де жоғарғы оқу орнын да аяқтап, Бішкек қаласында үш мемлекет қосылып ашылған компанияның қызметкері. Қызым – Мөлдір. Мектепте оныншы сыныпта оқиды. Қазіргі еркеміз де, қуанышымыз да, қызығымыз да сол. Көңіл күйім жоқ кезде соны көрсем, өзімнен өзім күліп, қуанып, бәрін ұмытып кетемін... Отбасым осы, біреуден ілгері, біреуден кейін деген сияқты ғой. – Сұхбатыңызға үлкен рахмет. Есеп беру кешіңіз жоғарғы деңгейде өтсін!


Асқар Наймантаев: «Ералхан нағыз өнер жанашыры» Ералханның ең бірінші елге мақтанып айтатын жәйітім ол осы бүкіл қазақ эстрадасының «компьютері». Қазақ эстрадасы туралы сонау заманнан бастап біледі. Ералханға кез келген сұрақты қойсаң тапжылмай жауап бере алады. Ол: қай ансамбль қай жылы құрылды? Кім қандай сыйлықтың иегері? Неше немесе қандай әндері бар екендігі туралы. Тіпті кім қандай әнмен бастағанына дейін біледі. Бұл мінезіне қарап өнер жанашыры екенін байқаймын. Ретро әншілер атты кешті өткізген кезде, кімде қандай ән бар екенін және солардың өмір баянын өздерінен жақсы біліп отырды. Қазақ эстрадасындағы қандай стиль қай кезде дами бастағанына да көңіл бөліп жүреді. Эстрадалық жанрлардың қаншаға бөлінетінін де біледі. Бір кереметтігі ауыз екі тілмен жәй айта салмайды ғой. Сауатты түрде талдап, тілге шебер екендігін білдіреді. Ералханды көпшілік тек қана әнші деп қана біледі. Ұйымдастырушылық қасиетін, продюсерлік қабілеттілігін көбі біле бермейді. Көптеген әншілерді білем, жақсылықтары өз басынан ғана аспайтын. Ал, Ералхан қаншама өнер адамдарын, өзінен үлкен болсын кіші болсын сахнада ұмыт қалып кеткендерді жинап, жетелеп жүреді. Қазіргі таңда қаншама жастарға көмек беріп жүр. Ералхан екеуміз жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырған «Жаңа жылда жаңа есімдер» атты кеш осы сөздеріме дәлел ретінде көрсетіледі. Оның орнында басқа біреу болғанда өзін ғана сахнаға шығарып, өздерін ғана алға сүйреп жүруге тырысады. Ал Ералхан ондай емес. Ол өте мазасыз, өте тынымсыз. Жұмысқа деген, сахнаға деген талабы өте күшті. Сахнаға әйтеуір көшеден келе салып, шыға салмайды. Бәріне тыңғылықты дайындықпен шығады. Өзіне деген талабы зор адам. Өзіне қойған талапты жұртқа да қоя алады. Негізі Ералханмен бірге қызмет істеу көп адамның қолынан келе бермейді. Оның мінезіне емес: талабына, талғамына ешкім шыдай алмайды. Ол айтқан уәдесінде тұратын адам. Ал Ералханға берген уәделердің көбісінің орындалмай жатқанын мен талай көргенмін. Оның талаптары өзі үшін емес сахнаға деген сыйластығы, сахнаға деген көрсеткен құрметі деп білемін.

«Ару» тобы: «Ералхан аға біздің өнердегі әкеміз болып кеткен» Ералхан аға біздің продюсеріміз ғана емес, өнердегі әкеміз десек те болады. Ол кісі әрдайым көмек беруге дайын тұрады. Және де біздің репертуарымызға, стильімізге және жақын арада бейнеклип түсіргелі жатырмыз соған деген қатты атсалысып, барлық жанын беріп көмектесіп жатыр. Ол кісімен жұмыс жасап жатқанымызға бір жылдан асып қалды. Осы бір жылдың ішінде өзінің ағалық, әкелік және продюсерлік ақылымен бөлісіп келе жатыр. Мінезі өте тамаша. Тез ашуланып, ашуы тез тарап кетеді. Бізбен әрдайым тіл табысып, құрбымыз да болып кетті. Ешқанаш да өзінің проблемасын, болмаса, отбасында болып жатқан жағдайын, немесе басқа да проблемаларын бізге айтқан емес. Жақын арада жеке шығармашылық кешін бергелі жатыр ғой тек қана сәттілік. Қазіргі таңда қызу дайындық үстінде. Ерекше болса екен деп атсалысып жүр ғой сол еңбегі ақталса екен дейміз.

«Адем» тобы: «Ералхан ағайға тек сәттілік тілейміз!» Ералхан ағайды бұрыннан жақсы білеміз. Бірақ арнайы жұмыс істесіп жатқанымызға бір айдан жаңа асты. Осы бір айдың ішінде бірнеше жұмыстарды да атқарып үлгердік. Егер де дәл осы қарқынмен жалғастыра берсек болашағымыз жаман болмайтын шығар. Осы өнер жолында қол ұшын беріп жатқан ағамызға айтар алғысымыз шексіз. Жеке шығармашылық кешіне қатты көңіл бөліп дайындалып жатыр ғой. Біз де қолымыздан келгенше көмегімізді көрсетіп жатырмыз. Тамаша өту керек. Осы дайындалып жатқан деңгейде өтсін лайым. Ералхан ағайға алдағы уақытқа тек сәттілік тілейміз!

23


“Жұлдыздар құпиясы” журналына Айгүл ИМАНБАЕВА

Оқы, оқы және оқы» адамзат баласына жаратқан Алладан келген бірінші бұйрық. Бүгінгі таңда сапалы, тәрбиелік мәні зор, адамның өмірге деген талпынысын арттыратын оқу құралдары баршылық. Солардың бірі де бірегейі осы қолымыздағы жұлдыздар құпиясы» журналы. Бұл журнал менің де жүрегімнен ерекше орын алады. Себебі, ең алғаш 2002 жылы газет түрінде шыққан “Жұлдыздар құпиясының” мұқабасына мен шыққан едім... осы қуанышты 2010 жылы өзінің журнал түрінде шыққан мұқабасына тағы да мені таңдап, қуанышымды қуанышқа жалғаған еді. Енді міне, мен үшін аса құрметті журнал бір жасқа толғалы отыр. Ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Қазақстан Мәдениет қайраткері әрі осы журналдың бас редакторы Қазыбек Иса ағамызды шын жүректен құттықтаймын. Және журнал ұжымына тек таусылмас жетістіктер мен берік татулық, зор денсаулық тілеймін. Жаратқан істеріңізге сәттілік берсін!

Сәкен МАЙҒАЗИЕВ Халық өздерінің сүйікті өнер адамдарын жақсы жағынан көріп, жақсы жағынан білгісі келеді. Сондықтан жұлдыздардың тек жақсы құпияларын аша беріңіздер дегім келеді. Кезінде Роза Бағланова, Ермек Серкебаев сынды апа-ағаларымызды үлгі тұтып өстік. Себебі, жаман қасиетін естіп - білген емеспіз. Өскелең ұрпақ өздеріне үлгі етер тұлғалары-қазіргі сахнадағы өнер адамдары. Неғұрлым өнер адамдары жайлы тәрбиелік мәні терең тағылымды сұхбаттар жарияласаңыздар, соғұрлым ел болашағын тәрбиелеуге үлес қосқандарыңыз деп санаймын. Жақсы құпияларыңыз көп болсын, шығармашылық табыс, журналдарыңызға өрлеу тілеймін.

“Melo`men” тобы Ең алдымен шын жүректен “Жұлдыздар құпиясы “ журналын бір жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Сіздерге тек шығармашылық табыстар тілейміз. Оқырмандарыңыз көп болсын. Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге жақсы тәлім тәрбие беретін басылымдардың бірісіздер, осы бағыттарыңыздан таймаңыздар дегіміз келеді. Әр адам өзіне керек рухани азықты кітаптан, түрлі тағылымды баспасөз беттерінен алып жатады,сіздер де осындай алдыңғы санаттағы журналдардың бірі, тіпті бірегейі болыңыздар деген жүрекжарды тілегімізді білдіреміз.

24


1 жыл!!! Индира РАСЫЛХАН Туған күн мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздердің журналдарыңыз арқылы көптеген қазақтың бетке ұстар азаматтары туралы мағлұматтармен қарапайым халық хабардар болып отырады. Әртүрлі қызықты айдарларыңыз арқылы жастарды қызықтыра білетіндіктеріңіз үшін ризамын. Журналдарыңыздың ғұмыры ұзақ болсын дегім келеді. Оқырмандарыңызды қызықты жаңалықтарыңызбен қуанта беріңіздер. Бір жыл деген көп уақыт емес, сондықтан әлі талай тың ойларыңызбен, жаңа айдарларыңызбен әрі қарай ел жұртты қуантады деп сенемін.

Ақылбек ЖЕМЕНЕЙ Құрметті оқырман. Сүйікті жұлдыздарыңыздың соңғы жаңалықтарынан үнемі хабардар болғыңыз келсе, менің берер кеңесім: «Жұлдыздар құпиясы» журналының әр санын үзбей оқыңыз. Ал журнал ұжымына тілерім – ізденіс және бірлік. Ізденіс бар жерде дәйім жаңашылдық, ерекшелік болады. Ал бірлік бар берекенің бастауы. Көпжылдық тарихы бар, жастарға тәлім – тәрбие беруден талмайтын басылым қатарына болыңыздар.

“Каспий” тобының әншісі: Дидар «Жұлдыздар құпиясы» журналын бір жасқа толу мерейтойымен шын жүректен құттықтайымыз. Оқырмандарыңыздың саны арта берсін. Әншілердің сырларын – жырларын оқырман қауымға жеткізуден талмайтын, ғұмыры ұзақ журнал болсын.Басылым ұжымына сәттілік, жұмыстарына табыс тілейміз.

25


Жақсы құпияларыңыз көп болсын, Қайрат НҰРТАС Мерейтойларыңыз құтты болсын. Шырқау шыңдарды бағындырыңыздар. Еліміздің ең жақсы жаңалықтарын сіздердің басылымдарыңыздың беттерінен көрейік. Қаламдарыңыздың ұшы мұқалмасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Ақжол МЕЙІРБЕКОВ Мен бұл журналдың аты затына сай деп санаймын. Себебі көптеген жұлдыздар өзінің жеке басы, отбасы, шығармашылық жоспарларына байланысты болсын. Барлық құпияларын осы басылым арқылы халықпен бөлісіп отырады. Өте қызықты, тартымды журнал. Ылайым оқырмандарыңыздың көңілдерінен шыққайсыңдар. Тираждарыңыздың саны арта берсін. Журналдарыңыздың ғұмыры бір немесе он жылдық емес , жүз жылдық болсын.

Мұрат ҚОЖА Басылым атаулы халықтың рухани азығы.Сондықтан бұхаралық ақпарат құралдарын төртінші билік деп жатамыз. Еліміздегі өнер адамдары төртінші билік арқылы тыңдарманымен сырларымен бөлісіп отырады. Ылайым оқырмандарыңыз сүйікті жұлдыздарының құпияларын білуден жалықпасын. Өзге басылымдарға үлгі болатындай өнегелі мақалалары мол алдыңғы қатардағы журнал болуларыңызға тілектеспін.

26


“Жұлдыздар құпиясы”! Алтынай ЖОРАБАЕВА Бір жыл көп уақыт емес. Дегенменен, ел - жұрт журналдарыңызды танып білді. Мұның өзі үлкен жетістік деп ойлаймын. Танымал болу бір басқа, сүйікті болу бір басқа деп жатамыз ғой. Тек қана танымал болғаннан гөрі, халықтың асыға күтіп, сүйіп оқитын журналына айналыңыздар. Әр айдарларыңыз, әрбір мақалаларыңыз оқып отырған оқырман көкірегіне ой салатын салмақты да, салиқалы дүниелер жазуларыңызға тілектеспін. Ал енді журналдың қызметкерлеріне тілейтін тілегім, шығармашылық шабыттарыңыз шыңдала берсін дегім келеді.

Жеңіс СЕЙДОЛЛА Отандық шоу- бизнесте құпиясы көп жұлдыздар саны арта берсін. Біздің жұлдыздарға ізденіс, тынбай еңбектену керек. Ал жасаған еңбектеріміз жайлы қалың елге жария ететін осындай «Жұлдыздар құпиясы» сынды басылымдар. Баршаға ортақ аяулы жандардың сыр – қырымен, тыныс –тіршілігімен оқырмандарды хабардар етуден шаршамаңыздар дегім келеді. Бұйырса бес жылдық тіпті он жылдық мерейтойларыңызды тойлауларыңызға тілектеспін.

Нұрлан АБДУЛЛИН Бұл журналдың әр санын мен асыға күтіп оқимын. Жұлдыздарымыздың шығармашылық жаңалықтары, жүрістұрысы осы жандардың назарында десем қателеспеймін. Ең алдымен, оқырман қауымға аманшылық тілегім келеді, себебі біздің осылай еркелеп жүргеніміз халықтың арқасы. Ал журнал ұжымына тілерім, тек қана алға! Қаламдарыңыз мұқалмасын, шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін !

27


Марғасқалар махаббаты

Ұлт көсемінің ұлы махаббаты Жазмыштан озмыш жоқ дейді. Расында да, бүгін айдарымызға арқау болғалы отырған Алаш көсемі Міржақып бабамыздың қилы тағдырына таң қала отырып, осы бір жолды қайталарсыз, сірә ! Жанында жүріп жақсылығын көрген замандастары мен қаламдастары, күллі зиялы қауым Жақаң деп атаған Алаш арысының алма-кезек ауысқан өмір жолақтары өзгеше, әрине. Қараңғы қазақ елінің сүтке шыққан қаймағындай болып, әдебиетіміз бен ұлттық рухымыздың өрлеуі болған азаматтың Ақ теңіздің жағалауындағы лагердің лазаретінде көз жұмғаны кімнің де қабырғасын қайыстырары анық. Жұмырбасты пендесіне таланты мен азабын қатар берген Жаратқанымыз ақын ұлына лайықты жар бұйыртқан екен...

Білімге білігі сай, төңкерісшіл рухы тамырында тулаған арыс бабамыздың пешенесіне Ғайнижамал Баймұратқызы Досымбекованы аяулы жар етіп жазған екен. Міржақыптың соңынан қалған жалғыз қызы Гүлнәр апамыздың естелігінде, ақын жары былай суреттеледі: Аққұба жүзді, күлімсіреген аялы көздері ұш¬қын шашатын. Мейірімді еді. Әкеме қосыларда алдан қандай қиындық туарын сезе, біліп тұрып, мойнын қылыштың жүзіне төсеген ғой. Әнді қалай салатын сызылтып. Киім киісінен бүгінгі модельдерің шаң қабатындай, аса талғампаз, сәнқой болған. Ия, жігіттің сұлтаны болған Міржақыптай асылдың көңілі аққудың көгілдіріндей болған сұлуға ғана түсері сөзсіз. Дегенмен, сұлулығымен қоса жылулығы жаннан асқан Ғайнижамалдың Міржақыптың басына үйірілген

28

қара бұлттан қаймықпай, тағдырдың жазғанын теңдей көруге бел байлағанын ерлікке санаса да болардай. Айдаудан-айдауға ұшырап, түрмеден-түрмеге ауысқан ақынның отын сөндірмей, артынан іздеп барып, адалдықтың антынан аттамағаны – көргенді әйелдің ісі емей не ?! Сонау 1935 жылы «халық жауы» деп айыпталып, ақырғы өмірін азап лагерінде өткізген Жақаң, араға 53 жыл салып барып, 1988 жылы ғана айыптаудан біржола ақталғаны тарихымыздан белгілі. Ақтық демі үзілгенше күйеуінің әрбір тұтынған затын көзінің қарашығындай қорып, сақтаған Ғайнижамалдың бұл әрекеті ақынның атын атауға тыйым салған тар заманда шын берілгендігі еді. Міржақып түрмеден жазған бір хатында Ғайнижамалға: “Қаусап, қиналып қалғандарыңды сеземін. Киіз үйді, мылтығымды


сатыңдар”,– депті. Көнтерлі Ғайнижамал қанша титықтап, тарықса да Міржақыптың жанындай жақсы көрген Алакөздің атты сатпақ түгілі, жалынан бейсауат ешкімге ұстатпаған. Ақыр аяғында анталаған сұқ көздердің сұғынан сескенді ме екен, бір түні қолындағы қайнысы Шайланға мінгізіп, Торғай асырып жіберген көрінеді. ... Шайлан Алакөзді Міржақыптың көзі етіп, үш жыл бағады. Ашаршылық қысқан соң амалсыз сойысқа түсірген. Бірақ бір жапырақ етін аузына салып, талғамаған. Бір ғажабы, өмірден өткенінше Алакөз түстес жирен қасқа жылқы сойыла қалса, кімнің де болсын дастарқанын аттап жүре берген екен, жарықтық. Біріне-бірі жан-тәнімен беріліп, құлай сүйген қос ғашықтың жұбайлық ғұмыры Омбы қаласынан бастау алады. Тура осы Омбы қаласындағы Куломзино стансасынан екі қабат үй жалдап, алыс-жақынды арнайы шақырып, үйлену тойын жасаған көрінеді Жақаң. М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Қ.Кемеңгеров сынды ұлтымыздың біртуар ұлдарының біразының басын қосқан бұл тойдың мәртебесі де биік болғанының бір дәлеліндей. Алайда, бақытқа қол ұстасып жетеміз деген екі жастың жүрегі бірге соққанымен, тілегі орындалмай қала береді. Ұйқыдағы ұлтын ояту жолына бел шеше кіріскен Міржақыптың бұдан былайғы өмірі қуғын мен қамауда өткен. Міржақып Дулатов Семей түрмесіне бір емес, екі рет түседі. Бірі сонау патша тұсында «Оян қазақты» жарыққа шығарған кезінде болса, екінші рет араға 11 жыл салып, 1922 жылы Семей облыстық сотында судья болып қызмет атқарып жүрген жерінен қамауға алынады. Дегенмен, көп ұзамай бостандыққа шыққан Жақаң Орынбордағы қазақтың халыққа білім беру институтына оқытушы болып орналасады да, 1926 жылға дейін отбасыменен сонда тұрады. Тыныштықта өткен осы төрт жылда Міржақып Дулатов шығармашылық жағынан да еңсесін көтеріп, «Есеп құралы» мен «Балқия» атты төрт перделі пъеса және бірнеше аударма жұмыстарын жазады. Дегенмен бұл «дауыл алдындағы тыныштық» екен. Көп ұзамай 1928 жылы қазақтың үркердей оқыған зиялы азаматтарының қатарында Міржақыпты да тұтқынға алып, алғашында ату жасына кесіп, кейін оны он жылға абақтыға қамау жазасымен алмастырады. Ғайнижамал Баймұратқызы жұбайы Міржақыпты абақтыдан шығарудың түрлі жолдарын қарастырды. 1934 жылы сол кездегі «Красный крестің» бастығы Максим Горькийдің жұбайы Екатерина Павловнаға Жақаңмен жолығуға рұқсат сұрап хат жолдайды. Содан тоғыз жасар ұлы Әлібекті ертіп сонау жердің түбіне барады. Осының соңғы кездесу болғанын Жақаңның іші сезгендей, соңынан былай деп хат жолдайды: «Сендер кеткелі мен әлгі пәтерге күніне екі рет барып тұратын болдым. Сол жерде сендердің иістерің қалғандай, соны иіскесем, сағынышым басылатындай» деп. Хатты алғаннан кейін көп ұзамай 1935 жылдың мамыр айында Дулатовтар шаңырағында кенеттен қайғы кіреді. Жақаңның жалғыз мұрагері Әлібек қыстыңгүні шананың астында қалған болатын, сол жатқаннан көктем шыға қайтыс болды. Алайда, бұл ауыр қазаға онсыз да жаны күйзелген Жақаңның жүрегі шыдамасын біліп, жасырып қалады. «Келгесін бір-ақ естір» деп жаралы жанын жұбатқан Ғайнижамалдың қасіреті-мұңы алайда мұнымен толастамады. Араға аз

ғана уақыт салып қатыгез ажал қазақтың қайсар ұлын да алып тынды... 1937 жылдан бастап үш әріптің тыңшылары Ғайнижамалды Алматыда тұрғызбады. Тынымсыз тіміскілеп, тыныштық бермегесін ол әпкесімен бірігіп Талғардан бір үй сатып алып, сонда тұрды. 1940 жылы 15 қыркүйекте небары 45-ке қараған шағында Ғайнижамал Дулатова да дүниеден озады. Осы арада асылдың сынығы Гүлнәр апамыздың Жақаңның атын өшірмеу жолында көп адамның қолынан келе бермес ерлік жасағанын айта кеткіміз келеді. Міржақып бабамыздың тегіне жазылған қаршадай қызға да Кеңес үкіметінің көз алартып қарағаны жасырын емес. Халық жауының қызы деп қақпайлап, қатыгездік танытқан қызыл жағалылар оны Қазақстанда оқуына да қарсы болады. Әкеден дарыған қайсарлық пен білмге деген құштарлық Гүлнәр апамызды сол жылдары сонау Том қаласынан бірақ шығарады. Бүгінде бейбіт заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заманда махаббат мәнін біреулер басқаша ұғынуы да мүмкін. Құран ұстап, қиындық пен қайғыны бірге бөлісемін дегендердің басына іс түскенде, бассауғалап кеткендері де көп кездеседі. Қазақ үшін өмірін қияған жанның жолына жүрегі мен қоса ғұмырын қоса байлаған қайсар апаларымыздың атын ардақтай білейік !

Айдос ИМАНТАЙ 29


Ақылбек ЖЕМЕНЕЙ:

Жұлды

зды сәт

«Өзім рэкет болмасам да, мықты жүріп қоятын достарым бар»

алғасын конкурсы әлі де ж » т сә ы зд ды ұл ық. ң «Ж ды ақтара бастад ясы» журналыны ыз пи ым құ ар ар т зд т ха ды н ұл ке «Ж а түс й ару қыз ідей редакциямызғ ын есімді алтында лт А – л О табуда. Әдеттег . ды ал удиясында еңімпазы анықт «Жасұлан» киност л О . ық ад Осы санның да ж йқ ба енін де емес екенін бірден етісайлық қыз ек Ж ын т ра қа ат екен. Өнерден алыс етін қыздардың директорлық қызм ерекше бағалайтын ін ер өн ң кастинг бөлімінің ді ей ен ем ды. Ақылбек ын Ақылбек Ж р додасында алын де үл лд дү ы біліп алдық. Алт т ат да ол ат «Екі жұлдыз» сахнаның сыртын ын лт А е нд ке т бірі екен. Бұл сұхб ке зар спен ән айтуға еше сұхбатқа на уы нд да Е ... ды ан ық ж лд а қа ағ сахн н байқап йымдап тұрғаны үшін қатты уа аударыңыз.

30

30


- Аға, сахнада жүргеніңізге біраз жылдың жүзі болды. Өз тыңдармандарыңыз бар әншілердің қатарынансыз. Сүйікті тыңдармандарыңызбен шығармашылық жаңалықтарыңызбен бөлісе отырсаңыз. - Жаңалықтарыма тоқталатын болсақ, жаңа әндер жазып жатырмын. Әлі жарыққа шыққан жоқ, қазіргі таңда студияда өңделіп жатыр. Сонымен қатар, азғана уақыт бұрын «Құнан нар» деп аталатын үшінші альбомымның тұсауын кестік. Әзірге осы. - Соңғы уақытта сахнадан сирек көрінетін болдыңыз. Әншілікті тастайын деп жүрген жоқсыз ба? - Әншілікті тастап кетем деген әзір ойым жоқ.Бұйырғаны болады да. Сирек шығып жүргенім рас. Ұйымдастыру жағы жоғары, шынымен де концерт деп атауға болатын кештерге ғана қатысамын.Жасымыз да біразға келді. Бұрынғыдай шақырған жерге шауып барудың енді реті жоқ деп ойлаймын.

шыққаным рас. Бірақ, Тамара ренжіп шықпай қалды деген қауесеттің еш жаны жоқ. Сүйікті әншілеріңіз Астана қаласында Елбасымыздың алдында ән айтып, түсірілім уақытына үлгере алмай қалды. Ал төмен баға жайына келер болсақ, жобадағы әншінің тағдырын әділқазы емес, көрермен шешетінін халық тағы бір рет дәлелдеді. - Әншілер үшін табыс көзі тек қана той ма ? - Меніңше көзін таба білсең кез – келген нәрседен табыс табуға болады. Халықымыз «Қалауын тапса қар жанады» деп бекер айтпаса керек ті. Жақсылап концерт ұйымдастырып облыстар мен ауыл – аудандарды аралап шықсаң елді де қуанышқа

Естуімізше, өнерге дейін рэкет жігіттердің қатарынан болғансыз. Рас па? - (Күліп алды.) Жоға, құдай сақтасын. Қазір халық ойдан хикая құрастырудың шебері болып алған. Өзім ондай нәрселерден аулақ жүретін қазақтың қарадомалағымын. Дегенменен мықты жүріп қоятын достарымның бары рас, қазақтың қамын ойлайтын қарапайым, жаны жайсаң азаматтар. Негізі, біреуді қорқытып, ұрып – соғып алған дүние саған сор болып жабыспаса, бақыт әкелмейтіні айдан – анық. - Қазақ шоу – бизнесінде бір – бірінен аумайтын көшірме әншілер көбейіп кетті деп ойламайсыз ба? - Көбейсін, көбейгені дұрыс деп ойлаймын. Мүмкін сол кезде бәсекелестік күшейіп, қазақ шоу – бизнесі дамитын шығар. Әншілер шыңа берсін, халыққа небір әндер сыйласын, ал жүйрігін іріктеп алуды халық еншісіне беру керек. - Шет елдің әншілеріне қарасаңыз үнемі бір жаңалық ашып халықты шулатып, дүр сілкіндіріп жатады. Біздің әншілерде неге мұндай жаңашылдық жоқ ? - Әншілердің аздығынан деп ойлаймын. Аз болған соң ізденбейді, ізденіс жоқ жерде жаңашылдық туралы сөз болуы да мүмкін емес. Әбден халық бәрібір тыңдайды, қайда барады дейсің деген ескі көзқарасты ұстанып алған. Әннің, бейнебаянның сапасы дегенге мүлде көңіл аудармайды. Ал енді шетелге келсек, олар қазір зор дауыспен ешкімді таңдандыра алмайтындықтарын біледі. Сондықтан бойларынанерекшебасқа қасиеттер іздейді. Халықты таңқалдыру үшін ештеңеден тайынбайды. Жалаңаш сахнаға шығудың өзі оларға таңсық болмай барады. - “Қаракөз Гүлнарым”» атты бейнебаяныңызда имиджіңізді, ән айту стиліңізді толықтай дерлік өзгертіпсіз. Халық қалай қабылдады ? Қандай пікірлер естіп жатырсыз ? Бұл әнім де, бейнебаяным да халықтың жүрегіне жетті деген сенімдемін. Өте жылы қабылдады. Болашақта осы ән айту стилімді әрі қарай ұстанбақпын. Қазірдің өзінде осы сарында бірнеше ән дайындап қойдым. Әнші әрқашан өзін небір қырларынан сынап көруі керек. Бұл – қажеттілік. Бір сарынмен жүрсең сенен халық тұрмақ өзің жалығасың. - 2 жұлдыз» бағдарламасының екінші түсірілмінде сахнаға жалғыз шықтыңыз. Жаныңыздан Тамараны көре алмадық. Жұбыңыз алғашқы түсірілімде төмен ұпай алғанына ренжіп шықпай қалыпты деп естідік. Сіздің жобадағы ендігі жайыңыз не болмақ ? - Диско әндер тақырыбына арналған түсірілімге Тамарасыз

бөлейсің, табысты да табасың. Ал той мәселесіне келер болсақ, әнші үшін той қосымша қаржы. - Уақытты кері айналдыру мүмкіндігі берілсе, өміріңізді өзгертер ме едіңіз ? - Бұл сауалға ешқашан ойланып көрмеппін. Кішкентайымнан ән айтып,сахнада жүргендіктен өзімді басқа образда мүлде елестете алмаймын.Сахна менің өміріммен біте қайнасып кеткен. Уақытты кері айналдыру мүмкіндігі беріліп жатырған жағдай болса, мен барлығын қайтадан осылай жасайтын сияқтымын. - Сұхбатыңызға рахмет!

Дана БЕКТҰРҒАН

31

31


Жігіттердің жаңа серпілісі

Қазан айының 5 күні «Жігіттер» тобының екі бірдей үнтаспаларының тұсауы кесілді. Тілшілерге сұхбат беруден басталған кеш жанды дауыстағы кешпен аяқталды. Кеш өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылыпты. Жігіттер шынында да жаңа серпілістің лебін сезіндіре білді. Аталмыш кешке өнердегі әріптестері мен аға апаларының қатысуымен болды.

- Жігіттер тобының барлық жағынан бәсеңдеп қалуының себебі неде?

Бағлан: Топта Мырзаханнан басқаларымыз үйленіп,бір үйдің отағасы болдық. Біраз уақыттан кейін нәрестелер дүниеге келді. Осындай отбасылық жағдайларға байланысты шығармашылығымыз тоқырап қалған сияқты. Үнтаспа шығаруға шыны керек уақыт та болған жоқ. Бірақ жаңа әндерді жазуды тоқтатқан жоқпыз. Біраз уақыттан кейін қарасақ екі үнтаспаға жететін жаңа әндеріміз жиналып қалыпты. Содан бәріміз ұйымдасып, жиналып осы екі үнтаспаны шығардық. Біреуі «Туған жер» эстрадалық бағытта және бәрі көңілді әндерден құралған. Екіншісі «Балқадиша» көбіне лирикалық, халық әндер топтамасы. Бүгінгі кешіміз «Жігіттер» тобының қайтадан жаңа қадам басуына себеп болып отыр. Және осы уақыт аралығында біздің артымыздан небір әңгімелер жүргенін естіп жатырмыз. Ол: «Жігіттер тарағалы жатыр екен

32

немесе Айдар топтан кетеді екен» деген сияқты. Сол сөздің артынан ергендерге айтарымыз бәрі өтірік. Біз ешқандай да әкімшілік жұмыстарда істемейміз. Бізде тек «Жігіттер» продюсерлік орталық бар. Яғни продюсермен жұмыс істейміз. Осы өнерді ауызбіршілікпен бастадық, әндеріміз жарық көрді, халықтың көңілінен шығып жатыр. Алдағы уақытта да осы қарқын жалғаса береді. Біз әлі де талай дүниемен халықтың жүегінен орын алып, әлі талай бәрін қуантатынымызға сенімдіміз. Жақын арада жаңа бейнеклип түсіргелі жатырмыз. Тез арада көгілдір экранға шығады. Бәріңіз тамашалай аласыздар.

- Бүгінгі қолтаңбасы?

киіп

отырған

киімдеріңіз

кімнің

- Жұмыла істеген жүк жеңіл демекші бүгінгі кешті біраз адамдардың арқасында өткізіп отырмыз. Соның бірі осы арт директорымыз Жан Мұқанов және продюсеріміз Ерғали Әбдрайымов. Осы кісілердің ұсынысымен тіктірілген костьюм болып табылады. Енді өнерге деген құштарлығымыз кішкентайымыздан бойымызда болғаны рас. Сол уақыттарда осы үстімізде жазылған есімдерге еліктеп өстік. Сол ұлы тұлғалардың өнеріне бас иіп келдік. Міне біз де бүгін үлкен сахнаға қадам басып, бүгінгі күні халықтың қошеметіндеміз. Неге жазбасқа деген ойлар болды. Осы кісілердің жолдарын жалғастырушылар ретінде осындай тоқтамға келдік.


«Жігіттер» тобының бұл серпілісіне қарап шынында да қуандық. Себебі қазақ өнерінің дамуына үлес қосқан топтардың бірі әрі бірегейі осылар еді. «Топ тарайды, Айдар кетеді екен» деген алып қашпа сөздердің астында қалғандары да рас еді. Бірақ, бойларына Алланың берген дарындары бәрін де жеңіп шыққандығына бүгінгі күн себеп болып отыр. Осы күнге дейін тамаша, қазақи әндерімен, алары бар бейнеклиптерімен қошеметке бөленіп жүрген «Жігіттер» тобы болашақта қазақ елін, қазақ жұртын әлі де тамаша әндерімен қуантатындарына сеніміміз мол.

33


Ғабит

Айдана

Қыркүйек айының соңғы күні дүйім жұртқа танымал, сазды әуендермен халықтың құлағынның құрышын қандыратын «Ретро ФМ» атты радионың танымал дикторы Ғабит Қаматайдың үйлену тойы аталынып өтті. Қалыңдықтың есімі Айдана. Қазақ Ұлттық университеті, физика факультетінің екінші курс студенті екен. Танысып, қыз-жігіт болып араласқандарына бір жылдың көлеміндей болыпты. Бір қызығы екеуі «агент» арқылы танысқан екен. Төрт ай бойы тек сым тетік арқылы ғана араласып, сол уақыт ішінде қалжыңмен «агент» арқылы тіпті некелерін де қиып алыпты. Әлбетте кездескен кезде екеуінің махаббаты күшеймесе әлсіремеген. Сол қызықты басталған хикая отбасылық өмірмен жалғасын тауып жатыр. Ғабит те өнерлі отбасынан екені белгілі. Яғни, Рамазан Стамғазиев анасының туған інісі болып табылады. Үлкен тойда келіннің бетін ашу салтанаты Рамазан ағамыздың өзіне бұйырды. Той өте жоғарғы деңгейде өтті. Ғабит пен Айдананың қуанышты күндеріне өнердегі достары: Тұран, Серілер, Жебе, Тарту, Қыран топтары келсе жеңгесі Ұлту Қабаева, Көркем Сейсенбек, Баян Нұрмышева, Бауыржан Оспанов, Інжу және мың бұралған «Ұшар» тобы да келді. Той соңында екі жасқа Ғабиттің әкесі мен анасы балаларына бал айларын шетелде өткізсін деген мақсатпен «путевкаларын» сыйға тартты.

Бақытты болыңыздар!!!

34

Гүлдана ИМАНБАЕВА


- Өнер жолына келіп, сахнаның шебері болуыңызға кім себепкер болды? - Ең бірінші себеп болған ол менің анам. Анашым студенттік кезінде бас гитарада, барабанда, қобызда ойнаған екен. Ол кісі қазіргі таңда орыс тілі пәнінің мұғалімі. Мектеп қабырғасында жүргеніне біраз жылдың қасы болып та қалыпты ғой. Сол анамның себебі шығар. Үйде ортаншы бала болсам да өте ерке болдым. Бірінші сыныптан бастап би үйірмесіне қатысып жүрдім. Содан біраз уақыттан кейін «Сымбат» би ансамблінің бишісі болдым. Осы өнерге деген сүйіспеншілігім, сахнаға деген құрметім осы кішкентай кезімнен басталды. Өнерге деген құштарлығымды айтып жеткізу мүмкін емес еді. Сол кездегі арманымды есіме алсам жүзіме күлкі ұялайды. Кішкентаймынғой «Е, Құдай өнердің шыңына шықпасам да әйтеуір бір ұшына іліндірші» деп жиі тілеп жүретінмін. Бала арман әрдайым өзгеріп тұрады ғой бір кездері тіпті журналист болғым келетін. Өнер адамдарымен, қызметтегі адамдармен сұхбаттасуды армандайтынмын. Кейде тіпті үйге достарым келе қалса олардан сұхбат алып, оның жан дүниесіне еніп, құпияларын ашып оны халыққа әдемі әдеби тілмен жеткізуге тырысып бағатынмын. - Журналистика саласын армандап жүріп өнер академиясына қайдан тап болдыңыз? - Бала кезімде Өнер академиясының бар екенін, осындай әртістерді дайындайтындарын шыны керек білмептім. Сөйтіп құжаттарымды көтеріп Қазақ Ұлттық университетінің журналистика мамандығына тапсырғым келді. Бірақ, ол жерге түсу өте қиын екенін байқадым. Сол ҚазҰУ-дың айналасында жүріп, Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының бар екенін білдім. Анамыз екеуміз алып ұшып сонда жеттік. Бірақ, өкінішке орай құжатты өткізуге бір күн кешігіп қалыппын. Сол күні біраз өкініп, ашуланып бір жылап та алған кезім болған. Сол күні өмірдің бәрі тоқтап қалған сияқты болып көрінді. Қатты күйзеліске ұшырап қалдым. Өйткені оқуға түспей қалдым ғой. Содан екі аптадай бос жатып қалдым. Бірақ өзіме «келесі жылы міндетті түрде тапсырамын» деген мақсат қойдым. Бір досым бар еді «супермаркетте» сатушы болып істейтін. Бір күні сол хабарласып «қасыма жұмысқа тұрсаңшы» деп шақырды. Тура бірінші қыркүйекте, айтқан уақытынан бұрын барып алыптым. Іштей мәзбін. Жұмысқа алды. Сөйтсем сатушы емес жүк таситын болып қабылданыптым. Бұйырғаны осы шығар деп ісіме бірден кірісіп кеттім. Бірақ ақ жейде киген оқушыларды, студенттерді көріп жүрегім біраз езілген еді. «Неге мен де бүгін қуанышпен оқуға бармадым?», деп көңілім босады. Сол кезде: «Е, Алла менің де есігімнің алдына бір күні той жасашы» деп тіледім. Сөйтіп жүріп үш айдай жұмыс істедім. Құжаттарды тасушы болып бір фирмада істедім. Біртебірте көтеріле бастадым. Айлығым 300$ дейін барды. Бірақ іштей «қашан мен өз арманыма қол жеткіземін? Қашан сол уақыт келеді екен?» деген сұрақты жиі қоятынмын. Официант та тіпті ыдыс жуғыш та болып істеген кездерім болды. Бірақ мен ол үшін ұялмаймын. Себебі сол жұмыстарымның арқасында өмірді көрдім. Есейдім. - Уақыт өткен сайын өнер академиясы өзіңізден алыстап кеткен жоқ па? - Осы жерде Төкеев Ерғалым деген кісіге алғысымды білдіргім келеді. Жамбыл ауданының тумасы, өзімнің жерлесім. Ол кісінің сол өңірде өнер саласында тәлімтәрбие береді деп естідім. Барғанымда бетімді қайтармай өзінің бір шәкіртіне тапсырды. Сол кісімен біраз дайындалып жүріп, емтихан тапсырдым. Емтиханның қорытындысы бойынша төмен жинаған төрт-бес баланы алып қалды да Қышқашбаев «Сендерді не істесек болады екен?» деді. Жүрегіміз дүрсілдеп өзіміз әрең тұрмыз. «Енді, не істегенде, осы өнерді армандап келіп едік» дегеніміз сол еді «Онда бәрің түстіңдер» деді. Қуанышта шек жоқ. Бәріміз риза болдық. Солай оқуымызды да бастап кеттік. Мақтанғаным емес сабағымның бәрі бес болды. Құштарлықпен шын беріліп кіріскен кезім еді. Себебі сол оқуға қолым әрең жетті ғой. Бір күні оқудан бір жылға академиялық демалыс алдым. - Не себеп болды? - Енді бір себептер болды. Айтпай-ақ қойсам дұрыс шығар... - Бастағансоң айтқаныңыз дұрыс қой. - Жалпы академиямызда ер адамдар арасында белгілі бір ереже бар. Үлкенді тану, үлкенді сыйлау деген сияқты. Бұл әрине тәрбиеге жатады. Сол бір уақытта бірінші курс студенттеріне қатты айтып қойдық. Соның салдарынан оқудан шығуға тура келді. Бірақ, ректорымыз шығармай академиялық демалыс беріп, бір жылдан кейін қайта оралатынымызды айтты. Бірақ төменгі курсқа. Бес бала едік «енді не істейміз?» деп жүргенде Асқар Наймантаев деген ағамыз қол астына алып, «бес бармақ» деген студенттік театр ашты. Сол кездері Гүлбаушан Тілеубекова мен Данагүл Темірсұлтанқызының бастауымен «Аққу мен Гәкку» атты әзіл ысқақ театры ашылып жатқан. Мен «бес бармақта» жүргенімде байқап қалған болулары керек. «Бізге бір жас бала керек. Соған сен жарайсың» деп ұсыныс жасады. Содан гастрольдік турнелердің түр –түрі басталды. Кішкентайымнан «ең

құрымаса Қазақстанды аралап шықсам екен, ұшақпен ұшсам екен» деп тілейтінмін. Тілеген тілегіме, тәтті армандарыма сол уақыттары қол жеткіздім. Үлкен ел ағаларымен танысып та үлгеріп жүрдім. Ең алғашқы тұсау кесер концерті Астана қаласында өткелі жатыр. Сол кезде бір қызық оқиға болды. Бір келіншек келіп «Сіздің ойнағаныңыз бізге баяғыдан ұнайды» деді. Қалай сонда, бүгін мен бірінші рет үлкен сахнаға шыққалы жатырмын ғой деп ішімнен ойланып тұрмын. Аң таңмын. Ана кісі «Сен сол Бауыржан шоуда ойнағансыңғой иә?» деді. Сасқанымнан «иә» дей салдым. Қолтаңбамды сұрап, суретке түстік. Өзім мәзбін. Алғаш қолтаңбамды берген кезім еді. Асқар ағаға келіп «Аға менен қолтаңба алды» деген едім «Ой, тамаша. Міне көтеріліп келе жатырсың» деп көңілімді қалдырмады. - Радионың да біраз табалдырығын тоздырдыңыз ғой. Ол салаға қалай келдіңіз? - Сол театрда жүрген кезімде Сәбит Сүлейменов деген ағамыз хабарласып, «Ночное настроение» деген бағдарламаға жүргізуші болуға қалай қарайсың деп ұсыныс жасады. Қазіргі «LOVE» радиосына ғой. Ол жерде тек ағылшынша әндерді ғана береді екен. Келдім, сөйлестік, ақылдастық. Бірақ мені қабылдамады. Себебі мен ол ағылшынша форматқа келмейді екенмін. Негізі менің форматым ұлттық арналарға және сол қазақи бағдарламаларға келеді екенмін. Сол кезде радиоға қызығып, алдыма мақсат қойдым. «Қайтсем де жүргізуші болуым керек» деген. Сәбит Сүлейменов мені бір айдай қалай сөйлеу керек, аппараттарды қалай қолдану керек деген сияқты сол жүргізушілікке түгелдей дайындады. Солай жұмысқа да тұрдым. Оқуымды да жалғастырып алып жүрдім. Айлығым керемет. Өзімді керемет сезініп жүрдім. Сөйтіп жүргенде баяғыдағы ең алғашқы махаббатым Гүлжанды кездестіріп қалдым. Қалтамда ақшам бар, оқуым жалғасып жатыр және достарым да өте көп болды. Бірақ бір нәрсе жетіспей жүрді. Гүлжанға деген сезімім әлі сол бұрынғыша пәк, таза екенін сезіндім. Және сол қызға қатты үйленгім келді. Алла ниетімді қабыл етті ма әйтеуір ол арманыма да қол жеткіздім. Құдайға шүкір қазіргі таңда үш жасар Рауза атты тәтті қызымыз бар. - Қазіргі уақытта немен айналысып жүрсіз? - Қазіргі сәтте “Хабар” телеарнасындағы «Дударай» бағдарламасының актерімін. Енді мен барлық өмірбаянымды айтпай-ақ қояйын. Дегенмен де оқу бітірер кезде Машурова Рафиля атты ұстазым «не оқуыңды, не жұмысыңды таңда» деді. Жұмысымды таңдасам дипломдық жұмыстан нашар баға қойғалы тұр, оқуды таңдасам бес болайын деп тұр. Не керек жұмысымды тастап «Еңілік Кебек» пьесасына дайындалдық. Оқуымды жақсы бағамен бітірдім, бәрі жақсы болды бірақ, сол кезде жұмыс таппай қалдым. Елбасымыздың жолдауы бойынша «дипломмен ауылға» деп Ұзынағаш ауылында актер шеберлігінен сабақ беруге келістім. Жақсы қарсы алды, ұжымым керемет болды. Бір жылдай жүрдім. Бірақ бір нәрсе жетіспей жүрді. Құжаттарымды алып Алматыға қайта келдім. Бала-шағамды асырау керек болды. Не керек қала бойынша «таксист» болдым. Сөйтіп жүргенде хабар телеарнасынан Мөлдір Әзімханқызы хабарласып «Дудар-ай» бағдарламасына актер ретінде қабылдайтындарын айтты. Шыны керек қатты қуандым. Бір өкініштісі «Дудар-айдың» ең біріншісі теледидардан көрсетілуіне екі күн қалғанда қан қысымынан әкем қайтыс болды. Ол бағдарламаны көрсетіп жатқан кезде әкемді жерлеп жатқан едік. - Алдағы уақыттың еншісіне қандай арман, мақсаттарыңыз бар? - Қазақстанда әлі дами қоймаған бір театрдың түрі бар «Дель-арт» деген. Францияда алғаш дүниеге келген. Қапқара киініп алып, бетіңе ақ маска тағып қимылдарыңмен, әзілмен айтылған шындықтарды әдемі етіп көрсеткім келеді. Дәл осы саланы Қазақстанда дамытқым келеді. Өзімнің жүрегім әзілге жақын болғандықтан шығар. Бәрінен өзгеше болғанын қалаймын. Заманға лайықты етіп осындай жеке театрымды ашқым келеді. Ол театрдың ашылмай жатып дүркірейтін театр болады деп қатты айтпай-ақ қояйын. Қаламаймын да. Егер халықтың көңілінен шынында да ерекше орын алып жатса мүмкін көңіл бөлер. Бірақ, бұны мен өзімнің жан дүниемнің тыныштығы үшін жасағым келеді. - «Қап» деп қалған сәттеріңіз болды ма? - «Әттең» деген сөзге бұрындары көп көңіл бөлмептім. Әкем өмірден қайтқалы «Әттең» деген бір ауыз сөздің маңызын түсіндім. Әттең, қолда бар алтынның қадірі жоқ екен. Әттең, мынаның орнына басқаша жасауым керек еді. Әттең, әттең, әттең. Не істесем де осы сөздің қадірін қатты түсіндім. Мен қалада болдым, әкем ауылда. Ауылға демалыс кездері ғана барып жүрдім. Әттең, жиі барып әкемнің қасында болуым керек еді. Балалықпен әкеме ауыр сөздерді көп айтып қойған сияқтымын. Әттең, бекер айтыптым. Көп өкініштер болады. Сол әттең болмас үшін қасымызда жүрген жақындарымызды, достарымызды бағалай біліп, ренжітпеуге тырысуымыз керек екен. - Сұхбатыңызға үлкен рахмет!

Данияр ТӨЛБАСЫ: Мейрамханаларда ыдыс жуушы болып жүріп, сахнаны аңсадым

Гүлдана ИМАНБАЕВА

35


Rin’Go

құпиясы

Жазылу индексі - 74296

№ 15 -2011  

Juldizdar kupiasy