Page 1

СІЗ не дейсіз? Кїрделі жґндеу «кїрделеніп» барады Ақтау қаласының орталығына орналасқан Маңғыстау облыстық ауруханасына күрделі жөндеу басталғалы 5 жыл болды. Жөндеу жұмыстары қолға алынған кезде: «Біткен соң біздің аурухана осындай болады!» деп тым тəуір жоба-суретті көлденең тартып, құзырлы орындар көз қуантқан. Сол сурет көңілдеріне қона кеткен маңғыстаулықтарды қазір: «Жөндеу қашан бітеді?» деген сұрақ мазалайды. «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Гүлайым Шынтемірқызы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Руслан Бектубаевқа: – Сіз бұған не дейсіз? – 435 орындық облыстық аурухана 1988 жылы пайдалануға берілген. 2007 жылы облыстық əкімдікте аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге жəне заманауи медициналық құралдармен жабдықтауға шешім шыққан болатын. Бүгінгі таңда «В» қанатына 2008 жылы басталған күрделі жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары мерзімінде, яғни 2009 жылы аяқталды. Сондай-ақ, өткен жылы осы қанаттың төменіне ор наласқан алғашқы жедел жəрдем бөлімі жəне ал ты қабатты аурухананың негізгі баспалдағы бұрынғы жылтырақ қалпынан өзгертіліп, адамдардың жүріп-тұруы үшін ыңғайлы болып ағымдағы жөндеуден өтті. Қазір тұрғындар аурухана жанынан салы нып жатқан құрылысты көріп жүр деп ойлаймын. Бұл – жаңадан іске қосылатын 400 орынды операциялық «Г» қанат. Бұл жапсырма құрылыс республикалық бюджеттен қаржыландырылған, жобалаушы – чехиялық «PURO KLIMA» акционерлік қоғамы. Сметалық құны 4 702 860, 00 теңгеге баға ланған құрылыстың мердігері – «КАЕС Строй Ко» ЖШС. Құрылысы 60-65 пайызға бітіп тұрған қанатта, жоғарыда айтқанымыздай, негізінен ота жасауға арналған залдар орналасады. Қазір заманауи жабдықтар түгелге жуық келіп тұр. Аурухананы бір мезетте толықтай күрделі жөндеуге жауып тастай алмаймыз, ондай жағдайда емделушілердің құқы тапталады. Сол себепті бірінбіріне көшіріп, кезектестіре жөндеу жүргізіп жатырмыз. Биыл аяқталады деп күтіліп отырған «Г» қанат пайдалануға берілген соң, «А» жəне «Б» қанаттарын жөндеуге кірісеміз. Жаз айларында «Б» блок тың жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау басталады. Айта кетуіміз керек, 2013 жылға асхана мен мəйітхана бөлімшесіне қажетті жобалықсметалық құжаттамасын жасақтауға жергілікті бюджеттен 3538,0 мың теңге қаражат қа рас тырылды. Осы жылға қаражат бөлінуі тиіс, сметалық құ жаттар жасақтауға қаржы бөлініп отыр. Ауруханадағы күрделі жөндеудің созылу себебі осы кезектестіре жасауда жатыр деп ойлаймын. Маңғыстау облысы.

№67 (28006) 14 АҚПАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Өңір өмірі

«Бейбарыс»

балаларыныѕ ќуанышы

Елбасы ќабылдады

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанқұлиевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

А.Жанқұлиев Қазақстан Президентіне ведомствоның ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бірќатар наќты тапсырма берді Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусинді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. А.Мусин Қазақстан Пре зидентін Есеп комитетінің 2012 жылғы жұмысының негізгі қорытын дылары, мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды іске асы рудың тиімділігіне бақылау жасау, бюджеттік қаражатты пайдалану нəтижелері туралы хабардар етті. Сондай-ақ, кездесу кезінде Есеп комитетінің төрағасы Мемлекет басшысына «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды жоғары

қаржылық бақылау органының орындауы туралы баяндады. Бұған қоса, А.Мусин Мемлекет басшысына жергілікті бюд жеттердің тиімді атқарылуын бағалау жөніндегі Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссиялары қызметінің нəтижелері, сондай-ақ трансферттер мен инвестициялар түрінде өңірлерге түсетін республикалық бюджеттік қаражаттың жұмсалуы туралы мəлімдеді. Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рəпіл Сейітханұлы Жошыбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары қызметіне тағайындалды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Махамбет ауданында бірнеше ұлт өкілдерінің ынтымағы жарасып, сүттей ұйыған «Бейбарыс» дейтін ауыл бар. Бұрын Кеңес

Одағының Батыры В.Чкаловтың атымен аталған. Кейіннен аудан басшылығы өзге елде 17 жыл сұлтан болса да туған жердің бір түп жусанын құшырлана иіскеуді армандап өткен баһадүр Бейбарыстың атымен атауды

ұйғарыпты. Бұл ауыл сонау бір жылдардағы жекешелендіруден кейінгі кезде де қиындық дегеннің не екенін білмеді. Өйткені, осындағы «1 Мамыр» шаруашы лығы ыдыраған жоқ. Ауыл тұрғындары əлі күнге осы

шаруашылықта еңбек етеді. «Бейбарыстың» кішкентай бөбектері балабақшаға барады. Ал мектеп жанында шаруашылық малшылары үшін интернат ашылған. (Соңы 7-бетте).

Жабдыќтар жаѕарєан, жаєдай жасалєан, енді талап та кїшейеді Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыруға тиіспіз. Онсыз біз тəртіпсіздікке мүлдем төзбеуді қалыптастыру жəне жемқорлықты түбірімен жою жөніндегі міндеттерді шеше алмаймыз. Соңғы үш жылда құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің бірқатар маңызды реформалары жүргізілді. Бұл – мемлекеттікті нығайтудың маңызды қадамы», деп қадап айтқаны белгілі. Осыған байланысты құқық қорғау органдары жұмысының құқықтық базасы жақсартылды. Олардың атқаратын өзіндік функциялары нақты айқындалды. Қызметтің де қайталануы жойылды. Қылмысқа қатысты саясат ізгілендірілді. Сөйтіп, тəртіп одан əрі жақсара түссін деген ниетпен барлық құқықтық құрылымдардың қызметкерлері түгелдей аттестаттаудан өткізілді. 100 мыңнан астам адамнан 12,5 мың адам аттестаттаудан

АҚПАРАТТАР аєыны

Алматы облысында жыл соңында биофармацевтік зауыттың құрылысы басталады. Қазір қаржыландыру мəселесі қарастырылуда. Зауыт толық іске қосылғанда, тұмауға, полиомелитке, туберкулез бен бруцеллезге қарсы вакциналар шығарылады. Жоба құны 9,5 млрд. теңгені құрайды. Орал қаласында Студенттер альянсының ұйымдастыруымен «Мен – донормын!» атты акция басталды. Дəрігерлер алдымен еріктілердің денсаулығын толық тексеруден өткізеді. Сосын алынған қан арнайы орталыққа жіберіледі. Жыл басында өнеркəсіп өнімінің нақты көлем индексі 100,7 пайыз құрады. Өнімділіктің артуы республиканың 11 аймағында байқалды. Өткен жылмен салыстырғанда, шикі мұнай, табиғи газ жəне түсті металдар кенін өндіру көлемі де ұлғайған. Австриядан əкелінген ауру малдың шығынын венгриялық жеткізуші компания өтейді. Бұл туралы журналистерге берген жауабында Ауыл

шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты. Солтүстік Қазақстан облысында орын алған келеңсіз жағдайдан кейін осындай шешім қабылданып отыр. Қазақстанның моноқалаларын дамыту бағдарламасына Атырау облысындағы Құлсары қаласы енгізілді. Жалпы, осы аймақтағы ауылдық елді мекендерді абаттандыру жұмысы да қолға алынды. Сондай-ақ, бағдарлама аясында кəріз жүйесі жаңартылады. Павлодар аймақтық кар диоорталығында екі баланың жүрегіне ашық ота жасалды. Олардың жүректерінде туа-бітті ақау болған. Қазір балақайлардың жағдайы бірқалыпты. Қызылорда облысында 3,5 мыңнан астам азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттік қордан бөлінген жер учаскелерін пайдаланбаған. Қазір жер учаскелерінің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал қалғанына жақын арада нақты шешім қабылданады. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

өтпей қалды жəне органдардан босатылды. Алайда, осыншама оңалту жұмыстары бірінен соң бірі жүргізілгенмен құқық қорғау органдарының жұмысында оң нəтиже аз. Сондықтан да, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының өткен жылғы жұмысын қорытындылаған жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру міндеттеріне арналған кеңесте еліміздің құқық қорғау органдарының қызметін қатты сынға алды. Бас Прокурордың баяндамасына сай сол кезде талай былықтың көзі ашылып, кейбір сақшылардың халықтың құқын қорғаудағы шынайы бет-пердесі сыпырылды. Сол кеңесте олардың тəртібін тезге салу, жаңаша жұмыс істеу керектігі баса айтылды. Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін жетілдіру, құқық тəртібі мен заңдылықтарды бекіту бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осыған орай Елбасының құқық қорғау органдарының басшылық құрамымен өткізген кеңесте айтылған нақты тапсырмасына сəйкес кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Ішкі істер министрлігіне келіп, полицияның осы орайда атқарып жатқан жұмысымен танысты.

Саптық алаңға ІІМ көрсетуге тұрарлық түрлі техникалары шығарылып, тізіліп қойылыпты. Олар осылайша полиция қылмыс атаулыға қарсы күресте нақты тойтарыс бере алуы үшін барлық амалды қарастырып жатқандығын, соған орай қылмыскерлермен күресудегі жаңа техникалардың мүмкіндіктері зор екенін паш етсе керек. Үкімет басшысы Серік Ахметов аталған ведомствоның криминалистикалық қызметінің ғылымитехникалық жарақталуымен, оны дамытуға арналған жаңа ғылыми-техникалық құралжабдықтармен қамтамасыз етілуімен танысып, инженерлік-саперлік жəне байланыс кешендерінің, жедел жоспарлау орталығының, шағын жылдамдық өлшеуіштер мен борттық компьютерлері бар автопатрульдердің жұмыс жəне техникалық жағдайын білді. Сонымен қатар, Үкімет басшысы жылжымалы криминалистикалық зертхана ішін аралап көрді. Бұл жерде Үкімет басшысының назарына қылмыс жасалған орынды тексеруге арналған жорықтық шатырлар түрлері де ұсынылды. (Соңы 3-бетте).

Комиссия ќызметіне жоєары баєа лайыќ Кеше Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Парламент Мəжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстандағы басшысы Стивен Тулл мырзамен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы адам құқықтарының жалпы ахуалын жəне осы саладағы ынтымақтастық мəселелерін талқылады. Қ.Сұлтанов 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары ұсынымдарының іске асырылу барысы туралы жəне комиссияның алдында тұрған адам құқығын қорғау саласындағы негізгі міндеттері жайлы егжей-тегжей айтып берді. БҰҰ-ның Резидент-үйлестірушісіне Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа құқық қорғау жобалары, 2020 жылға дейінгі аралықты қамтитын Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспарының

жаңа жобасының əзірленуі жəне «Қазақстан Республикасындағы көші-қон барысындағы адам құқықтарының ахуалы туралы» арнайы баяндаманы дайындауды аяқтау барысы таныстырылды. С.Тулл Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құқық қорғау қызметіне жоғары баға берді жəне БҰҰ Даму бағдарламасының Адам құқықтары саласындағы жаңа Ұлттық іс-қимыл жоспарын əзірлеуге, сондай-ақ комиссияның басқа да жобаларына көмектесуге дайын екендігін білдірді. Өз кезегінде, комиссия төрағасы БҰҰ Даму бағдарламасына адам құқықтарын қорғау жəне көтермелеу саласындағы сындарлы ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, комиссияның адам құқықтары саласында одан əрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Кездесуге комиссия хатшысы Тастемір Əбішев пен БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі жобалар үйлестірушісі Мəдина Бəкиева қатысты.

Əріптестік

ел дамуыныѕ кезекті кезеѕін ќамтамасыз етеді Парламент Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар мемлекеттік-жеке меншік əріптестігі жəне Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын заңдастыру туралы мəселелерді қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік əріптестіктің жаңа нысандарын енгізу жəне олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев таныстырды. Заң жобасы Елбасы Жолдауына сəйкес мемлекеттікжеке меншік əріптестікті дамыту үшін жағдай жасауға қатысты əзірленген. Онда мемлекеттікжеке меншік əріптестіктің жаңа нысандары мен келісім-шарттық мемлекеттік-жеке меншік əріптестіктің жаңа модельдерін енгізуге, əлеуметтік бағыты бар инвестициялық жобалар бойынша жеке сектор үшін тартымды жағдайлар жасауға бағытталған өзгерістер қарастырылған. Депутаттар заң жобасын қызу талқылай отырып, осы ретте əріптестік барысында

жауапкершілік тетіктерінің жазылып қойылуы қажеттігіне назар ау дар ды. Заң жобасы бойынша өз ойын ортаға салған Мəжіліс Төрағасы жалпы кез келген мемлекетте экономика дамуының белгілі кезеңдерден тұратынын баса айтты. – Қиын 90-шы жылдарды да бастан өткердік, ол кезде біздің еліміздің қарапайым қар жылық жүйесін құру туралы сөз қозғалатын, одан кейін барлық бюджет тік мекеме қызметкерлерін еңбекақымен кезең-кезең бойынша қамтамасыз ету мəселесі көтерілді, даму кезеңі жолға қойылды, өндіріс əртараптандырылды, – деді Нұрлан Зайроллаұлы. – Ал қазір тағы бір жаңа белеске көтерілейік деп отырмыз. Ол – мемлекеттік-жеке меншік əріптестік түрі. Жəне тек қана əртіптестікпен шектелмей, олардың қолданылу салаларын кеңейту қажет. Сондықтан, осындай алғашқы өте маңызды кезеңде, арнайы заң жобасын пайдаланбай, бұрынғыдай байқап көру, қателіктерге жол беру əдісімен қозғалу тиімді болмақ емес. (Соңы 3-бетте).

Бўл – ќауіпсіздікке ќатер Корея Халықтық-Демократиялық Республикасының 2013 жылғы 12 ақпанда ядролық сынақ өткізуіне байланысты Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, елші Мұхтар Тілеуберді Қарусыздану жөніндегі конференцияның пленарлық отырысында арнайы мəлімдеме жасады. Атап айтқанда, қазақстандық дипломат Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет ретінде Солтүстік Кореяның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы қарарларын бұза отырып жа саған ядролық сынақтарын қа таң айыптайтынын мəлімдеді. Ядролық зарядты сынақтан өткізу ядролық қаруды таратпау режіміне

нұқсан келтіріп, Корей түбегіндегі, сондай-ақ жаһандық деңгейдегі қауіпсіздікке қатер төндіреді. Қазақстан КХДР-ді ядролық мəселелер бойынша алтыжақты пішіндегі келіссөздерді жалғастыруға жəне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ядролық сынақтарды тоқтату туралы қарарларын бұзбауға шақырады. Сондай-ақ, Қарусыздану жөніндегі конференция аясында солтүстіккореялық ядролық зарядтың жарылуына наразылық ретінде АҚШ, Ресей, ҚХР, Франция, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Корея Республикасы, Пəкстан, Бразилия, Австралия, Үндістан жəне басқа мемлекеттердің өкілдері осы тақылеттес мəлімдемелерін жасады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.


2

www.egemen.kz

14 ақпан 2013 жыл

Ертеңгі күнді елестетпей ешкім де өмір сүре алмайды. Бұл адамның табиғи болмысы. Ал адамның қамын ойлап, күнін күйттейтін қоғамның дамуы оған тікелей байланысты. Өмірімізде болып жатқан жұмылысқа, жаһани үрдіске сынай қарап сараптап, көкжиегін көсемдеп көре білу де қоғамның басты мақсат-мұраты. «Қазақстан-2050» Стратегиясының діттегені де көзге ұрар кемелдіктің көңіл толар көрінісі. Оның таңдандыруы мен толғандыруы үндес. Ең бастысы – бекемділігі, алдымен, беталысты байыптап сындарлы саяси бағытты түзеп алуы. Əлбетте, ізгілікті міндеттер игі істерге бастайды. Осыны сезінгенде бұл бағытқа бойлай білуіміз де оңай болмасы анық. Жəне беймаза көңілдің түйткілі тегіннентегін тіл ұшына үйіріле кетпейді. Сондағысы: «Бұған біз дайынбыз ба? Мұндай алысты меңзеген үлкен асуларға жүрегіміз дауалай ала ма? Қиясы мен қиындығы қаншалықты? Табанымыздағы тағамыз берік пе? Таланымызға талабымыз серік пе?» – деген ой.

Ќалам мен ќаћарман Жақау ДƏУРЕНБЕКОВ,

жазушы, «Ана тілі» баспасының директоры, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.

Өре түрегелген сан сауалдың жауабы таптырмай-ақ бағады. Бірақ, бір нəзік сəуле – өмір жалғастығының ұлылығы үміт отын үрлей түседі. Ұрпақтан ұрпақтың озып туатыны кəміл сендіре береді. Бір сəт осылай сабырға салуымызбен ойымыз орнын табады. «Бəсе, – дейсің байыбына бара түсіп, – бағытыңды түзеу – барыңа сену емес пе?!». Байыбына бара білсек көңіл шыны – өмір сыны екен. Ал ақиқаты, бұл Стратегия – нығая бастаған елдің нығыметі, батыр байлам, батыл бағыты. Елдің аяңдауы емес, алға ұмтылуды таңдауы. Ұлт ретінде əлем алдында қалай көрінуіміз керек деген ұлы мақсатты ұлықтаған ұлы беталыс. Бұл – əрине, мұның бəрі оңай шаруа емес. Сондықтан, оңайлықпен жүзеге аспайтынын аңғартар парасатты парыз жүгі кімге тиесілі екендігі де алға тартылады. Əрбір азаматтың – ұлт өкілінің алдындағы тұрған ортақ міндет. Одан ешкім де қалыс қала алмайды деген уəж де түгелімен түсінікті. Олай болса, халықтық істің дəл ортасынан көріну керектігін де жақсы біледі. «Біздің қоғамымыздың қазіргі көзқарастарының негізін дəл осы интеллигенция беруі керек», – деген Стратегиядағы саралы сөздің де салмағын терең түсінеді. Интеллигенциядан ізгілікті іс күткен, оның белсене қатысуына тілек артқан жəне оған сеніммен қарайтынын білдірген бұл сөздің астарында ұлттық көзқарасты қалыптастыруда олардың қолынан көп шаруа келетінін меңзеуі орынды да түсінікті. Өйткені, интеллигенция қай заманда да идеялардың, көзқарастардың, жаңашылдықтың, жасампаздықтың алғы шебінде болған. Олар жасаған құндылықтардың қозғаушы да қорғаушы күшінің орасандығы тарихта дəлелден ген. Олардың заман мен адамды рухани байыту арқылы қандай биікке көтерілгені де аян. Экономикалық, материал дық деңгей – дəреженің оларсыз өмірге орныға алмайтыны, тамырын жая алмайтыны да көпке мəлім жай. Олай болса, олардың алдыңғы қатарлы күш болып танылуы, бағалануы – əлі де əлеуетінен айырылмағанын көрсетеді. Ендеше, интеллигенцияның бір толқын тармағы – қаламгерлердің рөлі осы жолы айқын көрсетіліп отыр деуіміз орынды болмақ. Шындығында, заманның қаһармандарын жасау деген рухани жетілудің, ұлттық үлгі ұсынудың, саналық сілкіністің, жаңаны жалынан ұстай білудің бір үлгісі болмақ. Бұл – рухы биік қаһарманды сомдау, оны сүйсініп еліктеуге лайықты етіп жазу. Мұның өзі əр қаламгердің ұлт болашағы үшін қосар ұлағатты үлесі болмақ. Қаламгер өзінің қадірін білу арқылы – қаламын қапысыз жұмсай білуі тиістігін үнемі жадында ұстаса лəзім. Өйткені, тарихқа қарап тұрсаң қай кезеңде де қаламгерлер, интеллигенция идеялар көрігі болған, қай қоғамда да интеллигенцияны өзіне тартуды бірінші міндет санаған. Қоғам – халыққа сүйенген, қаламға үміт артқан. Алысқа бармайық, кешегі революция дəуіріндегі мына бір жайға көз жүгіртелік. Соны атақты қаламгер Максим Горький былай деп жазады: «...Осы бір... мығым адам, бір қолымен Сократтікіндей кең маңдайын сипап қойып, екінші қолымен менің қолымды қыса түсіп, жанарын жалт еткізе қарап алды да, сол заматта «Ана» атты кітабымның кемшіліктері жөнінде айта жөнелді... Мен кітабымды жазуға асыққанымды айтпақ едім, бірақ неге асыққанымды айтып үлгермедім, Ленин басын изеп қоштай түсіп, оны өзі түсіндіре сөйледі: «Бұл өте керек кітап... бұрын жұмысшылардың көбі ре волюциялық қозғалысқа саналы түрде емес, бытыраңкы күйде қатысса, «Ананы» оқып, оны өз пайдасына жаратады», деп алды да: «Дер кезінде шыққан өте қажет кітап», – деді. Бұл менің одан естіген ең қымбат əрі тұмардай жалғыз комплиментім болды...». Бірге болып əңгіме құрған көсем келесі

бір кездескенінде жазушыға: «...интеллигенцияға айтыңыз, олар бізге келсін!..» – дейді. Міне, қаламның күшін қалай бағалағанын жəне оны өзінің бағыт-бағдары үшін қалай пайдаланғанын көрсететін өткен дəуірдің шынайы бір дерегі. Бұл – интеллигенция қай жақта болса сол жақтың күші мол дегендіктің дəйегі емес пе?! Тарихтың мұндай эпизодтарына бүгінгі күннің биігінен қарағанда əркімнің əрқилы ойға келуі əбден мүмкін. Мейлі, бірақ өткеннің сабағы дейтінді есте сақтап сараптай білу керектігін де ұмытпайық. Қай кезеңнің де келбеті интеллигенцияның үлесінсіз болмағанын мойындау артық етпейді. Демек, қаламгерлеріміз өз миссиясын сергек сезіне отырып, жауапкершілікпен атқара білулері керек-ақ. Мұның бəрін қаламгерлеріміз терең түсінеді. Өмірге ояу көзбен қарауға ұмтылады. Арғыбергіден ойлайтын олардың қаламына ілінер тақырып та көп, тұлға да жетерлік. Байқап барлау керек, таңдап талғау керек. Мұның бəрі қаламды суытпау, қадалып отыру, қалғып қажымау дегендейін дамылсыз ойсауған еңбек. Қаһарманның кілті – қаламның ұшында деудің сыры осында. Біз білгенде, қаламгерді көрігі қызған ілкі идея – көрікті ойдың қазіргідей қызулы кезеңі күтіп тұр. Əрине, заман өзгерді, онысына орай оның моральдықматериалдық негізі де, сипаты да жаңа түрге енді. Қаламгердің қақылы сөзі – ақылы сөзге айналуы керек-ақ екені күн тəртібіне шықты. Осы орайда, ортақ түйіннің шиесін бірлесіп шешу – саяси бағытымыздың интеллигенцияға артқан міндеттің ойдағыдай орындалуына, атсалысуына мүмкіндік берер бірденбір сеп. Сеп емес, серпін десек те болар. Назар аударсаңыз, «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы ұлттық жұмылысқа, əрбір əлеуетті іске атсалысуға шақырған маңызды міндеттердің меңзеуі мақсатты да мұратты. Ол ұлттық ұлы істерді игеру керектігін, əлем алдында қалай көрінеміз деген өте жауапты сынның тұрғанын алға тартады. Мұндағы: «Интеллигенция қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпы ұлттық құндылықтар жасауда алдыңғы қатарлы күш болуы керек. Олар заманға сай жəне болашаққа құлшынысты болуы тиіс», – деген сөздер тегін айтылып отырған жоқ. Бұл интеллигенцияға берілген се нім мен баға əрі үлкен үміт пен ұланасыр жауапкершілік. Бұған лайықты іспен жауап беру – интеллигенция өкілдері үшін сын. Оның ішінде біздің қаламгерлердің де орны ерекше, əлеуеті айрықша дер едім. Бұл ретте жалаң шешендікке, жадағай жалпыламалыққа бара бермей, қандай бір істің оң шешім табуы оның проблемаларына да прагматикалық пайыммен қарау керектігін алға тартады. Өйткені, жақсы іс жайдақ жерде тумай жүйеге қойылған жайлы ортада жасалады. Ендеше, қаламгерлердің өз рөлін ақтай білуі үшін жағдайы мен мүмкіндігіне ахуал туғызу шығармашылық шамының сөнбеуіне, қаламының қажымауына деген қамқорлық екенін ескермей бол майды. Мұның екінші бір астары – қажетті шығарманың – заманаға лайық туындының қаламақысыз жазылмайтыны ой салады. Олай болса, еңбектің қандай түрі болса да еленуі керек, бағалануы керек дейтін кредоның күн тəртібінен түспеуіне қақысы бар. «Біз өз заманымыздың жаңа қаһармандарын жасауымыз керек!» дегенді түн жамылып тебіреніп, күн өткеріп толғатып, қаламымен бірге қалғып, бірге оянар ақын мен жазушының қалай талғап түсінетіні, бойлай түйсінетіні белгілі жай. Қай кезеңде де жақсы шығарманың қандайлық азаппен, жанкештілікпен туғаны кейінгіге кеңінен мəлім. Оларды оқып отырып сол дəуірмен тілдесеміз, сырласуымыз, рухани үндесуіміз сол еңбектің арқасы. Сондықтан, қаламгерге ақыл айту күпірлік болады, керісінше, оны тыңдау, ойына ой қосу шүкірлік болады.Оған мынаны жаз дегеннен гөрі соны жазуға ықыласын ояту – ырысты болмақ.

Кейде қаламгер бой жасырған бəйге аты болып елестейді. Дүбірлі додада шаң жұтып шаңырақ айналып, жүзден бөлініп шығып суырыла көрінер сəйгүліктің содан кейінгі тері саулап солықтап тұрған сұлба түрін көргенде оның осыған қалай, қанша күн, қанша түн таңасырылып қақталғаны, қалай бапталғаны айтылмайды да. Бірақ, бəйекті жан бəйгеден баптың арқасында келетінін біледі. Мұндағы айтпағым, қаламгерге де бап керек, жағдай керек, күй керек. Ол дəуіріне қажетті дүние жазуы үшін күні мен түнін сəйгүліктей бастан кешуі керек. Бұл ретте, əрине, жалынды сөздерден гөрі жігерлі істер керектігі көрініп-ақ тұр. Алдымен заманымыздың жаңа қаһармандары сомдалған шығармалардың туына ықпал етуі үшін не істеу керек, қандай жолдарды таңдаған дұрыс, нендей қамқор-іс оңтайлы дегенді діттеген əдебимəдени іскерлік бағдарламалар жасап, нақты шаралармен бекіте түссе оң болар еді. Əдеби еңбектің ауырлығын бəрі де біледі, бəрі де түсінеді... Бірақ уақыттың, заманның зыр қаққан доңғалағының дүбірін естімеу ешқандай қисынға келмейді. Осындай сəттің орайында ойым айтады: «Көрікті қызған кезінде соқ», деу лəзім. Біріншіден, қаламгерлердің психологиясы мен пайымына қамшылау да керек-ақ. Ол үшін нақты тапсырыс беру тұйықтан шығудың қазіргі таңдағы бірден-бір жолы деп білем. Мұндай тəсіл қай қоғамда да болған. Тіпті, сонау сарай ақындарынан бастап социализм сөз сардарларына дейінгі кезеңдерді, соның бізге жеткен шығармаларына көз жүгіртсеңіз көп жайға көңіл жеткізуге болады. Екіншіден, тапсырыс дегеннен үркудің еш реті жоқ. Сондықтан, мықты он бес жазушыға қазіргі заман жайлы романдарға нақпа-нақ тапсырыс берілуі керек. Жазушы жазғанының шығатынына, оған лайықты қаламақы алатынына кəміл сенімді болуы шарт. Бұған дейінгі үлкенді-кішілі бірқатар бəйгелерден туған дүниелердің үмітті ақтамағаны баршаға белгілі. Ал мынадай ашық тапсырыс – белгілі жазушыдан нақты шығарма күтеді. Егер осындай тапсырыспен екіүш жыл жұмыс жүргізілетін болса, ең кемінде үш-төрт соқталы үлкен дүниелердің туатынына кəміл сенуге болады. Өйткені, қай жазушының қандай шығармаға қарымы жететіні жəне оны орындай алатыны, идеясының жеткіліктілігі белгілі болғандықтан потенциалы бар жазушыларды тарта білу қиынға соқпайды. Біз ұлттық құндылықтарды жасау үшін осындай тəуекелге де жасқанбай баруымыз керек. Осы жерде Президентіміздің: «...Əрине, интеграцияда тек пайда ғана емес, сонымен бірге онда тəуекел де бар», – деуі біздің осы бір ойымызды нықтай түседі. Ең бастысы – қаһармандар қасымызда жүр. Оны көре білсек көркем туынды да туары хақ. Осының бəрі айналамыздағы құбылыстарды санаға сіңіруді, саралап сенімге айналдыруды қажет етеді. Дамуымыздың көкжиегін көре білуді талап етеді. Қазақ мемлекетінің бір мүшесі екеніңді сезіне отырып, мақтана білуді мақсат етеді. Мұның сөз боп қалмауы лəзім. Маңыздысы – қалам мен қаһарманның табысуы, соның өмірге рухани құндылық болып келуі. Бұл ретте қаламгерге керегі суаты сарқылмайтын шалқар ой, шамы сөнбейтін шабытты еңбек. Өмір қалғуды, қамсыз күй кешуді қаламайды. Ойы ояу, сезімі сергектер заманы туғаны əмбеге аян. Сондықтан, алға қойылған міндеттерге табандылық танытып, жарқын да жоталы істердің жалынан жасқанбай ұстардай жігермен жұмылу – Жолдауды қолдаудың ең ұтымды жолы болмақ. Биік мақсаттарға осындай батыл да бірегей мақ саткерлікпен, тың идеялармен, тынымсыз еңбекқорлықпен жетуге болатынын ұлттық құндылықтардың ұйытқысы болып келе жатқан қаламгерлер қауымы жақсы біледі. Біледі деу бер жағы, сөздің даты – басты парыз санайды. АЛМАТЫ.

Болашаќ баєдары

Президент Жолдауы жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді. Сондықтан, ол қашанда басты құжат болып табылады. Енді, міне, еліміздің 2050 жылға дейінгі даму бағытын айқындаған Жолдау да бүкіл халықтың көңілінен шығып, қазір мемлекетіміздің барлық аумақтарында, басқару, оқу, өндірістік салаларда, үкіметтік емес ұйымдарда кең қолдау тапты. Осыған орай, біз Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арықбай АҒЫБАЕВҚА жолығып, Жолдаудың ерекшелігі туралы айтып беруін сұраған едік. – Арықбай Нүсіпəліұлы, биылғы Жолдаудың ерекше лігі – мемлекетіміздің жəне халқымыздың 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындап беріп отырғандығында. Мұндай орасан зор міндеттердің алға қойылғандығы аз уақыттың ішінде қуатты экономикалық өсуіміз бен заманауи мемлекеттік басқару жүйесін жасаған тарихи маңызды Конституциялық жəне саяси реформаларды жүзеге асыра білуіміздің арқасы ғой. – Иə, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын Елбасы 1997 жылы ұсынған еді. Ал жаңа Жолдауда Президент осы стратегиялық бағыттардың нақты орындалу көрсеткіштеріне ерекше мəн берді. Нəтижесінде, басаяғы 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге дейін өсті. Елдің ІЖӨ-сі 16 еседен астамға артты. 1999 жылдан бастап Қазақстанда ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсімі 7,6 пайызды құрады жəне озық дамушы елдерді басып озды. Қазақстанның халықаралық қоры 60 миллиард доллардан асып отыр. Тəуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасына 160 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Қазақстан əлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарып өткізуде. Ұлттық дəулетіміздің үштен бірі шағын жəне орта бизнестен құралып отыр. Ауыл шаруашылығы дамып, ішкі жалпы өнім жыл сайын артуда, орташа айлық жалақы өсіп, ұлттық əл-ауқат деңгейі жөнінен Қазақстан 2011 жылы 110 ел арасынан 50-ші орынға шықты. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12000 долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Қазақстан əу бастан-ақ тартылған тікелей шетелдік инвестициялардан жан басына шаққандағы көлемі бойынша ТМД-да көшбастаушыға айналды. Шикізат ресурстарынан түскен табыстар ұлттық қорға құйылды. Бұл дегеніміз, ықтимал экономикалық жəне қаржылық дағдарыстардан қорғайтын сенімді қалқан, сонымен бірге, қазіргі жəне болашақ ұрпақ үшін қауіпсіздік кепілі екені даусыз. – Демек, енді аталған «Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің жаңа саяси бағытын айқындап, халқымыздың мақсаттарын

белгілеп, оған жету жолдарын, қиындықтар мен қатерлерді жеңу амалдарын нақты көрсетіп берді ғой. – Дүниежүзілік дамудың бағытын айқын көрегендікпен болжап отырған Елбасы еліміз үшін əлемдік он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетті. Олар төрткүл дүниедегі табиғи қатерлер мен көзқарастар қайшылықтары, экономикалық дағдарыс. Осындай қауіп-қатердің көзін нақты көрсете отырып Елбасы мұндай ғаламдық дағдарыстар мен қауіптерге жол бермеу үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қолданысқа енгізді. Болашақты алыстан болжайтын Елбасының бұл кемеңгерлік жоспары елімізді ең жоғарғы дамыған 30 мемлекеттің қатарына қо суға тікелей жол ашты. Осыған орай, Елбасы ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын ғылыми негізділікпен ұсынды. Осы басымдықтардың жүзеге асырылуы еліміздің өркендеуінің, гүлденуінің дүние жүзіне ірі жетістіктермен танылуының негізі болмақ. Ол үшін əрбір қазақстандық күш-жігерін, еңбексүйгіштігін жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін ортақ мақсатты жүзе ге асыруға жұмылдыруы қажет. – Жолдауда Қазақстандағы қазіргі заманғы саяси жүйені жетілдіру, қо ғамдық тұрақтылық, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, жалпы, қазақстандық патриотизмді қалып тастырудың өзекті мəселелеріне де ерекше мəн берілген. Алға қойылған осындай келелі мақсаттарға жету үшін елімізде қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, құқық қорғау жəне сот жүйесі органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметін жетілдіру, бизнеске заңсыз араласуды болдырмауды қамтамасыз ету міндеттері жүктелді. – Жолдауда қабылданатын заңдардың сапасын арттыру, заңдылықтың қатаң сақталу мəселелерімен бірге елімізде қажетті жаңа заңдардың дер кезінде қабылдану ма ңыздылығы да аталды. Құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан үшін мұндай құқық нормаларының қабылданғаны өте қажеттілік болып табылады. Өйткені, əкімшілік реформаның іске асырылуы еліміздің басқару жүйесін жетілдіруге, олардың

қызметінің тиімділігін арттыруға, елімізде кадр саясатының негізгі нысаны – халыққа, мемлекетке адал қызмет етуге зор септігін тигізеді. Осылайша, əлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларының іске асырылуы əлеуметтік қауіпсіздік пен азаматтарымыздың бақуат тылығын қамтамасыз етеді. Басты міндет: Кедейшіліктің өсуіне жол бермеу, аналар мен балаларды қорғауды қамтамасыз ету, денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту. Біз құқықтық мемле кет құрып жатқан ел болғандықтан, кез келген саяси бағдарлама, экономикалық жəне басқадай реформалар қабылданған қолданыстағы заң аясында жүзеге асырылуы керек. Осыған орай, Президент қабылдануға тиісті аса маңызды заңдар тізбегіне де ерекше тоқталып өтті. Кəсіпкершілікке, бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, əлдеқайда жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру қажет дейді Елбасы. Осыған орай, Үкіметке 2013 жылдың соңына дейін заңнамаға шағын, орта жəне ірі бизнес ұйымдарын айқын жіктеуге бағытталған өзгертулер енгізуге тапсырма берілді. Еңбеккерлер мүддесін ескерген кəсіпкерлік қолдауын қамтитын еңбек қатынастарын реттейтін заңның қабылдануын да жеделдету қажеттігі туындап отыр. Сонымен қатар, Елбасы өзін отбасында əйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлықзомбылық көрсету жəйттерінің көбеюі алаңдатады, деді. Мұндай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс. Ол үшін, əрине, қолданыстағы заңдарға осы тұрғыдағы теріс əрекеттерге пəрменді тосқауыл қоятын жаңа баптар қабылдануы керек. Біз əйелдер үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызуымыз керек. Сондайақ, Елбасы өз Жолдауында балаларына алимент төлеуден жалтарған ата-аналары үшін де жазаны күшейту, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ, отбасы жəне неке саласында заңнаманы түбегейлі қайта қарау қажеттілігін атап өтті. Білім жəне кəсіби маман даярлау саласында жоғары оқу орындарында оқудың екінші курсынан бастап кəсіпорындардағы міндетті өндірістік тəжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту

қажеттілігі де күн тəртібіне қойылуы тиіс. Авторлық құ қықтар мен патенттер мəселелерін реттейтін заң наманы қайта қарау қажеттілігі де назардан тыс қалмады. – Осы орайда, ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртуға байланысты жаңа заңнамалар қабылдануы қажеттілігі туралы не айтасыз? – Бұл тұрғыда Парламентке төрт жаңа Кодекс: Қылмыс тық, Қылмыстық ісжүргізу, Қылмыстық орындау шылық жəне əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерді əзірлеп, қарау мəселесі тапсырылды. Аталған кодекстердің қабылдануын елімізде қылмысқа қарсы күрес саясатын тұжырымдық тұрғыдан жаңғыртып, төніп тұрған сынқателіктерге өз дəрежесінде қарсы əрекет жасайтын дең гейге көтеретінін жəне қылмыстық сот ісін жүргізуді өркениетті халықаралық деңгейге сəйкестендіретін жол ашады. Сондай-ақ, Жолдауда жемқорлықты жою үшін жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын жетілдірудің маңызды орын алатындығы да айтылып өтті. Президент елімізде қажетті заңдардың дер кезінде қабылдану процесіне мəн берді. Осыған орай елімізде Парламенттік өкілеттіктерді күшейту жөніндегі саясатымызды жалғастыру керек. Өйткені, құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан өзінің ішкі жəне сыртқы саясатын Конституцияға негізделген Пар ламентте қабылданған заңдар арқылы ғана заң шеңберінде жүзеге асырады. Биылғы қабылданған «Қазақстанның-2050» Стратегиялық жоспарының барлық салалары заң нормалары арқылы өз көрінісін тауып, жүзеге асырылатынына күмəн жоқ. Ал адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін əділетті заңдар қабылдауға Қазақстан халқы бір кісідей жұмылып, үлес қосқаны абзал. – Сонымен, Президенттің жаңа Жолдауы халыққа жол данғанға дейін əбден сыннан, тексеруден, талқылаудан өткізілген дейсіз ғой. – Иə, Жолдаудағы тұжырымдар мемлекетіміздің дамуы үшін қажеттіліктерден пайда болған əрі олардың жүзеге асырылу мүмкіндіктері мен тетіктері жан-жақты қарастырылған аса маңызды құжат. Ендігі мəселе, əрбір қазақстандықтар осы құжатта белгіленген бағдарламаларды іске асыруға өз үлесін қосуы қажет. Бұл істе кең-бай тақ Республикамыздың ең беккерлерін алда атқарар қыруар істер күтіп тұр. Бұл міндеттердің орындала тынына, Қазақстан халқының əл-ауқатының артып, мемлекеттің гүлденіп алдыңғы қатарлы 30 елдің алғы шебінде болатынына ешқандай күмəн жоқ. Əңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».


www.egemen.kz

14 ақпан 2013 жыл

Əріптестік

3

Мемлекеттік мəселе

ел дамуыныѕ кезекті кезеѕін ќамтамасыз етеді (Соңы. Басы 1-бетте). Сонымен қатар, Н.Нығматулин заң жобасын əлі де жетілдіру қажеттігін жоққа шығармады. Спикер көптеген заң жобалары тиісті деңгейде жазылғанымен, оның орындалмауының белгілі бір себептері бар екендігіне де тоқталып өтті. Атап айтсақ, тіпті заңдық құжаттардың өзінде осы заңдарды орындауға жауапты адамдардың жекелеген жауапкершілігінің көрсетілмейтіндігі. Мемлекеттік-жеке меншік əріп тестік туралы заң жобасын бірінші оқылымда қолдайтынын байқатқан палата Төрағасы былай деді: «Ол үшін екінші оқылымда бизнес-қауымдастықты қатыстыра отырып, жұмыс тобында кеңінен талқылау мүмкіндігіміз бар. Заңды барынша шынайы өмірге лайықтау қажет, өйткені, бұл заңмен тек мемлекеттік институттар ғана емес, ең негізгісі, бизнес-қауымдастық жұмыс істейді». Сөйтіп, заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Сондай-ақ, кешегі жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республика сының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сəйкестендіру мə се лелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қолдау тапты. Заң жобасында Қазақстан Республикасының 87 заңнамалық актісіне өзгерістер енгізіп, оларды Қазақстан Респуб ликасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына жəне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан əрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мəселелерi туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сəйкес келтіру ұсынылады. Бұдан басқа депутаттар «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. ИРЕНА Жарғысы 2009 жылғы

26 қаңтарда Боннда жасалған. Агенттік жаңартылатын энергия саласындағы қазіргі заманғы практикаға талдау мен мониторинг жүргізеді жəне оны жүйелейді. Сонымен бірге, үкіметаралық жəне үкіметтік емес ұйымдармен өзара ісқимылды қамтамасыз ете отырып, жаңартылатын энергияға байланысты жобаларды қаржыландыруға қатысты консультация жүргізуді жүзеге асырады. Бұдан басқа технологияларды беруге, зерттеулерді көтермелей отырып, жаңартылатын энергия саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге жəрдемдеседі. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия саласындағы ұлттық, халықаралық техникалық стандарттарды дамыту ға жəне енгізуге қатысты ақпарат береді. Ассамблея, Кеңес, Хатшылық агенттіктің басты органдары болып табылады. Агенттік өз қызметін Хатшылық дайындаған, Кеңес қараған жəне Ассамблея қа былдаған жылдық жұмыс бағ дар ламасы негізінде жүзеге асырады.

Латын əліпбиі ауызбірлікті кїшейтеді

Жабдыќтар жаѕарєан, жаєдай жасалєан, енді талап та кїшейеді (Соңы. Басы 1-бетте).

Бұдан кейін Серік Ахметов жедел-криминалисти ка лық қызметтің геномдық жəне физикалықхимиялық зертханадағы заманауи құралдар мүмкіндігімен танысып, баллистикалық жəне трассологиялық зертханалар мен криминалистикалық полигонда болды. Жалпы, өткен 2012 жылы полицияның криминалистикалық қызметті жүзеге асыру бойынша бірқатар құзыреті кеңейтілгені мəлім. Соған орай ішкі істер органдарының криминалистері салыстырмалы түрде зерттеулер өндірісі құқығына ие болғандықтан, олар енді заттай дəлелдемелер тізбесіне енгізілген қорытындылар бере алады. Бұл ІІМ алдына алдын ала тергеу жəне жедел іздестіру іс-шараларын техникалық-крими налистикалық қамтамасыз ету деңгейі мен тиімділігін арттыру бойынша жаңа міндеттер қояды. Одан əрі Премьер-Министр С.Ахметов жеделкриминалистикалық қызмет құрамындағы геномдық жəне физикалық-химиялық зертханада болды. Биологиялық, генетикалық зерттеулер жүргізетін зертхана биологиялық тізбе жəне ДНК-ның генетикалық талдауларын жасау бойынша кешенді аппаратты қоса есептегенде, соңғы үлгідегі жаңа құралдармен жабдықталған. Физикалық-химиялық зертхана химиялық құрамды сəйкестендіру жəне үлгілерді салыстырмалы зерттеу үшін материалдарға

кешенді талдау жасауға мүмкіндік береді. Полицияның криминалистикалық бөлімшелерін жарақтандыру үшін былтыр оқиға орнында жұмыс істейтін үш өлшемдік үлгісіндегі кешендер жəне іздестіру баллистикалық кешендері алынды. Одан басқа, ІІМ-де аумақтық бөлімшелердегі криминалистерді оқыту мен біліктілігін арттыру үшін арнайы база, қазіргі заманғы криминалистикалық полигон, қажетті криминалистикалық техникалар жəне əдістемелік құралдармен қамтылған оқу сыныптары құрылды. Бұл орайда, ІІМ Ішкі əскерлерінің Бас қолбасшысы Руслан Жақ сы лықов бүгінде ішкі істер органдарының қызметі айтарлықтай жақсарып, Үкімет қолдауының арқасында жыл сайын ішкі əскердің материалдық-техникалық базасы нығайып келе жатқандығын айтты. Еліміздің қауіпсіздігі үшін қызмет ететін тиісті барлық құрылымдар қажетінше жарақтандырылған. Соның арқасында кейінгі арнайы жүргізілген операциялардың барлығы шығынсыз өтуде. Себебі, Үкімет басшысының назарына ұсынылғандай, əскери қызметшілер өз міндетін сапалы орындауға мүмкіндік беретін бүкіл қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ендеше, Ішкі істер министрлігінің жоғарыдағы кеңесте айтылған барлық кемшіліктерді жойып, халыққа талапқа сай қызмет көрсете алуына толық жағдай жасалған деуге негіз бар.

Міндеттер мен межелер

«KazSat-3» келесі жылы ўшады Кеше Астанада Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетовтің қатысуымен Ұлттық ғарыш агенттігінің өткен жылғы қорытындылары мен алға қойған мақсат-міндеттерін талқылауға арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Онда агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев баяндама жасап, былтырғы жұмыстар мен биылға жоспарланған іс-шаралар туралы кеңірек айтып берді. Ол өткен жылғы жұмыстардың Қазғарыш агенттігінің Стратегиялық жоспарының екі негізгі бағыты, яғни «Ғарыш инфрақұрылымын құру жəне дамыту», екіншісі, «Ғарыш қызметінің ғылыми жəне ғылымитехникалық базасын дамыту» бойынша жүргізілгенін жəне олардың алдағы уақытта жалғаса беретінін айтты. Осы жерде ол бірінші бағыт бойынша «KazSat» байланыс жəне хабар тарату, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін, дəлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құру сияқты ауқымды инвестициялық жобалардың іске асып жатқанын, 2011 жылдың қараша айында пайдалануға берілген «KazSat-2» ғарыш аппаратының қалыпты жұмыс істеп тұрғанын, қазір «KazSat» ғарыш аппаратының жүктемесі 56 пайыздан асқанын, оны еліміздің 9 байланыс операторының пайдаланып отырғанын атап өтті. Сонымен бірге, ол «KazSat-3» ғарыш аппаратын құру жұ мыстарының қарқынды жүргізіліп жатқанын, ол келесі жылдың бірінші жартыжылдығында ұшырылатынын, сол кезде Алматы облысының Іле ауданында ғарыш аппараттарын басқарудың резервтік жерүсті кешені мен байланыс мониторингі жүйесін пайдалануға беру де жоспарланып отырғанын

жет кізді. Одан əрі Т.Мұсабаев Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін құру жоспары бойынша жоғары жəне орта ажырату қабілеті бар ғарыш аппараттары компоненттерін жасау кезеңінің аяқталғанын, болашақта осы ғарыш жүйесінде жұмыс істейтін 45 қазақстандық маманның Францияда жобалау, құрастыру жəне сынау бойынша екі жылдық машықтанудан өтіп жатқанын атап өтті. Алқа отырысында агенттік тө рағасы аталған жоба бойынша шешілмеген проблеманың да бар екенін жасырмады. Мұнда ол «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ пен оның субмердігер ұйымы «Атриум САЗ» айналымына салынатын қосымша құн салығынан босату мəселесін шешу қажеттігін ескертті. Жалпы, Т.Мұсабаев стратегиялық жоспар бойынша тиісті жұмыстардың істелініп жатқанын, мəселен, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жобасын іске асыру үшін арнайы конструкторлық-технологиялық бюро ғимаратының салынатынын, қазірдің өзінде жоғары спутниктік навигация жүйесі жобасы аясында 10 дифференциалды стансаның іске қосылғанын айтты. Осыдан кейін Қазғарыш төрағасы ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жəне кадрлық əлеуетті дамыту мəселелері туралы баяндады. Соның ішінде ол Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» ғарыш кешенін бірігіп пайдалану мəселесіне екпін түсіріп, қазір екі елдің сарапшыларының жəне Қазғарыш пен Роскосмос басшыларының ғарыш кешенін одан əрі пайдалану бойынша өзара тиімді

шешімдерді талқылап жатқанын атап өтті. Одан əрі ол Қазғарыштың алдағы мақсат-міндеттері туралы айтып, стратегиялық мақсаттардың маңыздылығын ескере отырып, биылға жоспарланған жұмыстардың бəрі дер кезінде орындалатынын, ол үшін еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасын арттыру керектігін, сол себептен Қазғарыш ұжымының отандық ғарыш саласын құру бойынша ғылыми-техникалық саясатты іске асыруға бар күш-жігері мен білімін жұмсайтынын мəлімдеді. Отырысты Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов қорытындылап, агенттік алдына бірқатар міндеттер қойып, тапсырмалар берді. Ол агент тікке ғарыш саласының мамандарын дайындауды, шетелдермен тиімді келіссөздер жүргізуді, отандық спутникті ұшыру бойынша жұмысты жалғастыра беруді тапсырды. Одан əрі ол Қазақстан мен Ресейдің арасындағы «Байқоңыр» ғарыш кешенін бірігіп пайдалану мəселесіне тоқталып, қазір екі ел арасында кешенді пайдалануда бірқатар мəселелердің бар екенін, алайда, олардың бірте-бірте шешіліп жатқанын, соның ішінде Ресей жағы жергілікті халықтың денсаулығына кері əсерін тигізетін жəне қоршаған ортаны ластайтын «Протон» зымыранын ұшыруды бірден болмаса да бірте-бірте тоқтатуға келісімін бергенін жеткізді. Осы жерде Қ.Келімбетов «Байқоңыр» кешені бойынша қаншама мəселе болса да біздің еліміздің 2004 жылы көрші елмен ғарыш айлағын жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту туралы келісімдерді растайтынын, «Байқоңыр» мəселесі бойынша біздің басты мақсатымыз стратегиялық əріптесімізді құрметтей, келісімдерді сақтай отырып, Қазақстанның ұлттық мүдделерін орнықтыру жəне қорғау екенін мəлімдеді.

Əбдуали ҚАЙДАРОВ,

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қазақ əліпбиін латынға ауыстыру мəселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын қарпіне, латын əліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе» деген болатын. Ал, жаңа жыл қарсаңында отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесу кезінде: «Латын қарпі бізге дүние жүзінің халқымен, əлемнің ғылымибілімімен қарым-қатынас үшін керек. Егер латын əліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ, біз компьютер тіліне көшеміз, балаларымызға жəне бізге экономикалық жəне ғылыми кеңістікке енуге оңайырақ болады. Бұдан қашып құтыла алмаймыз, бұл – келешектің талабы. Сондықтан, біз осыған ұмтылуға тиіспіз. Бірақ, бұл мақсатқа біз үлкен сарабдалдықпен, байыптылықпен келуіміз керек», – деп атап көрсетті. Бірден айтып өтейін, Қазақ елі жарты ғасыр уақыт бойында мəжбүрлі түрде қолданылып келген кириллицаны қазақ тіліне икемдірек латын əліпбиіне ауыстыруға байланысты Елбасының шешімін естігенде, өз басым оны аса зор қуаныш үстінде қарсы алдым. Мұндай тарихи шешімді көптен күтіп жүрген едім. Өйткені, бар лық саналы ғұмырын қазақ тілі нің өркендеуі мен дамуына арнаған тілтанушы ғалым, ғылым саласының қайраткері ретінде мұндай шешімге келудің жауапкершілігі мен қиындығын басымнан өткердім жəне бұл мəселені бір адамдай жақсы білемін. Сондайақ, осы мəселені елімізде тұңғыш (1991 ж.) көтеруші тіл маманы ретінде де, əліпби проблемасына арналып өткен өзіміздегі жəне өзге елдердегі көптеген алқалы жиын, басқосуларға, ғылыми конференцияларға қатыстым. Талай талқылауларда болдым. Соның ішінде, əсіресе, 1993 жылы Түркия мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі ұйытқы болып, ең ірі алты түркі мемлекетінің (Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Əзербайжан жəне Түркіменстан) басын қосқан Анкарадағы əйгілі конференцияға қазақ делегациясын бас тап барып, барша түр кі халықтарына ортақ бола алатын латын əліпбиінің жобасына қол қоюшылардың бірі ретінде де, бұл – мен үшін өте маңызды оқиға болып есептеледі. Еске сала кетсек, бұрынғы КСРО кеңістігінде тұрып жатқан 30ға жуық түркі халықтары үшін жазу, əліппе мəселесі 1926 жылдан бері дұрыс шешімін таба алмай талайларды тұйыққа тіреген күрделі де жауапты проблемалардың бірі еді. Əр кезде қолданыста болған (орхон, араб, латын, кирилл) жазулардың ішінен бүгінгі заман талабына сай, əрі қолайлы, əрі ортақ жазу сайлап алуға байланысты түркі халықтары арасында кейінгі кезде қайта өріс ала бастаған қоғамдық үрдістің барысын бағамдап қарасақ, жұртшылықтың ықылас-ниеті көбіне-көп латын əліпбиіне ауып

отырғанын айқын көреміз. Мəселен, ТМД кеңістігін мекендейтін түркі халықтары ішінде əзербайжан, өзбек, түркімен, қырым татарлары мен гагауыздар латын жазуын қабылдап, қолданысқа енгізіп үлгерді. Ал, қырғыз, татар, башқұрт, қарашай, балқар, сақалар арасында бұл мəселе əлі де қызу талқылану үстінде екені бізге жақсы мəлім. Тек Қазақстан ғана барлық түркі елдерінде басталып кеткен осы бір қоғамдық үрдіске аса жауапкершілікпен, сарабдал салмақпен қарап, соңын күткендей сыңай танытып келген еді. Шындығында, жазу-сызуға реформа жасау əр елде, əр заманда да болған. Əсіресе, қоғамның əлемдік өркениетке, бүкіл дүниежүзілік қауымдастыққа байыпты бетбұрыс жасаған өтпелі кезеңінде бұл мəселенің бірінші кезекке шығатыны тарихтан белгілі. Сондықтан, басқа түркі елдерінде басталып кеткен бұл қоғамдық үрдістен қазақтардың да сырт қалуы мүмкін емес болатын, өзге түркі халықтарының соңында болса да, ерте ме, кеш пе, əйтеуір, бір əліпби мəселесін шешетініміз сөзсіз еді. Өйткені, жазу-сызуға реформа жасау – еріккеннің ермегі емес, өмір талабы, болашағы жарқын өркениетті ел болудың алғышарттарының бірі. Ал, Елбасының 1991 жылы зиялы қауым көтерген бұл мəселені сол уақытта емес, дəл осы кезде назарға алуының себебі, қоғамдықсаяси факторларға байланыс ты болса керек. Қазақстанның тұрақты даму жолына түсіп, «ғалымдар не дейді, жұртшылық қалай қарайды?» деп зиялы қауымның асықпай бір шешімге келуіне, өзара пікір таластыруға мүмкіндік берген сыңайлы. Қалай дегенде де, бұған «қазақ əліпбиін латынға көшіруді көп уақыт ұмыт қалдырып, оған əлдеқандай себептермен аяқ астынан қайта оралды» деп үстірт болжам жасауға болмайды. Бұл жəйт Елбасын үнемі мазалап, ойландырып жүргені байқалады. Осы орайда айта кететін бір нəрсе – қазақ əліпбиін латын жазуына ауыстыру туралы əңгіме бүгін басталмағаны айқын. Өйткені, бұл мəселе Тəуелсіздік таңы атысыменақ, тіпті, одан да бұрын айтыла бастаған. Алғашқы дайындық кезеңі де осы уақытқа тиесілі. Өкінішке қарай, менің кейбір əріптестерім оны білмеген, елемеген сыңай танытады. Жақында газеттердің бірінен Түркі кеңесі Ыстамбұлда жиын өткізіп, онда түркі халықтарының латын əліпбиіне көшу мəселесін талқылағаны жайлы хабар оқыдым. Барлық түркі халықтарының өкілдері қатысқан осы жиынға Қазақстан атынан бір-екі ғалым барыпты. Мені қайран қалдырғаны бұл ғалымдар емес, əрине, «Олар түркі жұртына ортақ 34 таңбаның үлгісін алып келді» деген жолдар еді. Шын мəнінде, бұл мəселе тұңғыш рет 1993 жылы наурыздың 8-10-ы аралығында Анкарада өткен жоғарыда біз атаған конференцияда қаралып, бірнеше күнге созылған осы жиында мамандар ғылыми негізде жасалған, 34 əріптен тұратын латын əліпбиін қабылдаған-ды. Жəне «осы əліпби түркі халықтарының бəріне ортақ, оны əр ұлт өзінің тілдік ерекшеліктеріне орай қажетінше өзгерте алады» деген келісімге келгенбіз. Оған Қазақстан атынан өзім қол қойған едім. Естеріңізде болса, ол кезде түркі жұрттарының ішінде тек Түркия ғана латын жазуын қолданатын. Айтайын дегенім, Анкара конференциясында мақұлданып, қабылданған барлық түркі жұртына ортақ 34 əріптен тұратын латын əліпбиінің үлгісін сол 1993 жылы-ақ елге өзімізбен бірге əкеліп, газетке жариялаған болатынбыз. Артынша, ғылыми негіздерге сүйене отырып əрі түркі халықтарына ортақ келісілген латын əліпбиінің жобасын басшылыққа алып, қазақ əліпбиінің үлгісін жасап, ғылыми ортаға ұсынған едік. Содан бері білуімізше, əліпбиге қатысты 100-ге тарта жобаның үлгісі əзірленіпті деп естиміз.

Расында, қайран қаларлық жағдай. Тіпті, ерінбегеннің бəрі жоба жасағыш болып, «өнертапқыштық шығармашылықпен айналысып кеткен бе», деп ойлайсың. Айтпақшы, ескермеуге болмайтын тағы бір нəрсе бар. Сол жолы, яғни 1993 жылғы Анкара конференциясынан елге орала салысымен «Кемел елге кемел əліпби керек» деген тақырыппен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың атына ашық хат жазып, ол «Ана тілі» газетінің 1993 жылғы 30 желтоқсанындағы (№52) санында басылымның үш бетіне жарияланған еді. Бұл бүкіл жұртшылыққа мəлім. Ашық хаттың соңында түркі жұртына ортақ əліпбидің 34 таңбадан тұратын жобасы қоса берілген. Бұдан шығатыны түркі жұртына ортақ əліпбидің үлгісі бұдан 20 жыл бұрын əкелініп, қалың жұртшылыққа белгілі болған. Ол қазір аяқ астынан белгілі болып отырған жайт емес. Бұл – бір. Екіншіден, қазақ əліпбиіне байланысты біз əзірлеген үлгі сол Анкарадағы басқосуда қабылданған 34 таңбаның негізінде жасалған 27 əріптен тұрады. Онда қазақ тіліндегі 9 дауысты жəне 18 дауыссыз дыбыстың өрнегі бар. Мұнда ана тіліміздегі барлық ерекшеліктерді ескере отырып, осы 27 таңбалық дыбысқа сыйдыруға тырыстық. Мəселен, бір-біріне ұқсас «а» жəне «ə» дауысты дыбыстарын алайық. Түркі тілінде бұл дыбыстардың айырмашылығы аса байқалмайды. Қазақ тілінде əріптердің өзгешелігі бар жəне екеуі де дербес мағына беретін дыбыстар. Жобада «а» кəдімгі кириллицадағыдай «а» əрпінің өрнегінде берілсе, үстіне екі нүкте қойылған «а» əрпі «ə» болып оқылады. Бұл тəсіл Еуропа елдері қолданып жүрген латын əліпбиінің көпшілігінде бар. Сол сияқты «о» мен «ө», «u (ұ)» мен «u» (ү)» дыбыстары туралы да осыны айтуға болады. Ал, «ы» жəне «і» дыбыс тарына келсек, қазақ тілінде бұл дыбыстар өзгеше, мұндай ерекшелік қайсыбір түркі тілдерінде байқалмайды. Жобада «і» кирилл жазуындағыдай төбесіне нүкте қойылу арқылы берілсе, «ы» əрпі де «і» сияқты жасалады, бірақ төбесіне нүкте қойылмайды. Енді «қ» мен «к» дауыссыз дыбыстарын алайық. Кейбір ғалымдар бұл дыбыстарды бір фонеманың екі варианты ретінде қарастырады. Өйткені, «қ»-ны айтуға келгенде қазақ тілінде дыбысты жеткізу барысында тіл арты, тіл ортасы, тіл алды айтылуы қолданылады. Түркілерде тіл арты айту варианты жоқ. Яки, олар «қ» дыбысын айта алмайды. Қырғыздар болса, «қ»-ны айтқанымен, жазғанда оның орнына «к»-ні қолданады. Сөйтіп, өкінішке қарай, «қ»-дан айырылып қалды. Мысалы, «қырғыз» деп ауызша айтқанмен, жазғанда «кыргыз» деп таңбалайды. Ал, біздің жобада «қ» əрпі «к» əрпіне ұқсайды, бірақ үстіне диакритика қою арқылы беріледі. Ендігі бір атап өтетін мəселе «ң» дыбысына байланысты. Түркі халықтарының көпшілігінде бұл дыбыс мүлде жоқ. Мысалы, əзербайжандар «таң»-ды «тан» деп дыбыстайды. Ал, қазақ тілінде бұл дыбыс дұрыс айтылып, дұрыс жазылмаса, сөздің де, сөйлемнің де мағынасы мүлдем өзгеріп кетеді. Осы əріптің латын жазуында қолданылуының бірнеше варианты ұсынылып жүр. Біздің ұсынған жобада «ң» əрпі төбесіне ирек сызық қою арқылы жазылған. Мұнда ерекше назар аударатын бір нəрсе, Қазақстанда жұртшылық назарына біз жасаған жоба өзге үлгілерге қарағанда бұрынырақ ұсынылған. Оның үстіне көп уақыт талқылаулардан өтіп, бірқатар түзетулер де енгізілген. Осыдан біраз жыл бұрын «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы (агенттіктік қазақ бөлімі басшысы, қарымды қаламгер Жарылқап Бейсенбайұлы мырзаның бастамасымен) мемлекеттік тілде дайындаған өз ақпараттарын шетелдерде тұратын (мəлімет бойынша, қазақтар əлемнің 48 елінде

тұрады) қазақ жұртшылығына арнап латын жазуымен таратуды қолға алған болатын. Бұл латын жазуының негізіне осы біз жасаған нұсқаның қалап алынуы да көп жəйтті аңғартса керек. Əрине, бүгінде латын əліпбиіне көшудегі əріптерді таңбалау мəселесі жөнінде республика жұртшылығының пікірі біркелкі емес. Тіпті, ақыры əліпби ауыстырады екенбіз, төл жазуымыз орхон əліп биіне көшейік, төте жазуға (А.Байтұрсынұлы жасаған) қайта оралайық немесе латыншаға көшпей-ақ кириллицаның өзін неге реформалап, өзімізге ыңғайлы етіп жасап алмасқа деген ұсыныстардың да болғандығынан хабардармыз. Бұған менің уəжім мынадай: кириллицаның славян жазуы екені белгілі. Дегенмен, оны əлемдегі славян халықтарының бəрі бірдей қолдана бермейді. Бүгінгі күнде Еуропадағы көптеген славян мемлекеттері ісқағаздарын латын жазуымен жүргізеді. Осы тұста бір мəселе, славян текті халықтардың арасында рухани тұтастықтың да шамалы екенін естен шығармау керек. Қысқасы, кириллицаның да белгілі бір дəрежеде кемшілігі шашетектен. Бұл – мəселенің бір жағы. Екіншіден, жоғарыда атаған жəйттерге қоса кириллица жыл алға озған сайын өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дəрежеде атқара алмауда. Қазіргі кезде Ресей ғалымдары арасында да жаһанданумен байланысты бір кездері орыс əліпбиінің де латын қарпіне көшу ықтималдығы туралы сөз бола бастады. Үшіншіден, бүгінгі түркі халықтары қолданып жүрген кирилл жазуында айырмашылықтар өте көп. Себебі, кезінде бұл жазудың біздерге тек қаріптік белгілері, таңбалануы ғана ұсынылды. Ал əр халық өзінің тілдік ерекшеліктеріне сəйкес кейбір əріптердің варианттарын өздері жасап алды. Соның нəтижесінде, дүние жүзінің түркі қауымдастығын былай қойғанда, бұрынғы КСРО-да жасайтын отыз шақты түркі халықтары мен ұлыстарының өзі басын біріктіре алмады. Керісінше, олар бірінің жазғанын екіншісі еркін оқып түсіне алмайтындай жағдайға келіп, жазу арқылы өзара жақындасудың орнына, жырақтай түсті. Сөйтіп, сыртқы күштердің о баста көздеген түркілердің бастарын біріктірмеу жос пары өз миссия сын толығымен орындап шықты. Енді, орхонға немесе төте жазуға неге көшпейміз деген мəселеге келсек, тек қаріп ауыстыру, былайша айтқанда, бір таңбаның орнына екінші бір таңбаны алуда емес, қазақ жазуының əліпбиін өзгерту арқылы туған тіліміздің табиғи ерекшеліктерін (мəселен, дыбыс құрамын, буын жүйесін, риторикасын, орфография жəне орфоэпия жүйесін сақтау) қажеттілігінде болып отыр. Сонымен бірге, жазу алмастыру тек тіл саясатымен байланысты шаруа ғана емес, экономика мен демографиялық жағдайға да, қоғамдық-əлеуметтік, рухани-мəдени мəселелерге де, тіпті, еліміздің демократиялық үрдісіне де қажеті зор мəселе. Ай талық, басқа туыстас түркі халықтары латын жазуына көшіп жатқанда, қазақтардың олардан бөлектеніп орхон немесе төте жазумен жалғыз қалып қоюы – бүкіл түркі қауымдастығынан, олардың рухани-мəдени өмірінен қол үзіп, оқшаулануымен бірдей болып шығады. Сондықтан, бізге орхонға көшейік, төте жазуға оралайық деген ешкімге қажеті жоқ ұсыныстар төңірегінде пікір-таласты қайта қоздатып, өрбіткеннен гөрі, Елбасы айтқандай, латыншаға көшудің барлық мүмкіндіктерін қарастырып, кешеуілдетпей бір тоқтамға келетін уақыт болды деп есептейміз. Қазақ елі таңдаудан да, талғаудан да өткен сияқты. Енді, тек латын əліпбиіне уақыт ұттырмай көшу жөнінде, яғни латыншаға қалай өтеміз, қандай үлгі-жобаларға басымдық берілуі керек деген мəселелерді ауызбірлікте жүзеге асырсақ, үлкен абырой болар еді.


4

www.egemen.kz

14 ақпан 2013 жыл

зейнетақы жүйесi реформасы шеңберінде жете зерттесе жөн болар еді. Осыдан шамалы уақыт бұрын Мəжілісте бəсекені дамыту мəселесі бойынша Үкімет сағаты өтті. Қазіргі кезде Қазақстанда көбінесе тиімсіз жəне зиян шегуші 6 мыңға жуық мемлекеттік кəсіпорын жұмыс жасауда. Кейбір тиімсіз мемлекеттік кəсіпорындар базасында халықтық кəсіпорындарды ұйымдастыру арқылы жүздеген өндірістің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік бар. Еңбек қатынастарын демократияландырудағы маңызды рөлді кəсіподақтар атқаруы тиіс. Алайда, сөз іс жүзіндегі кəсіподақтар туралы болып отырған жоқ. Азаматтарға тек қана кəсіподақ жар наларын жинайтын, жұмыс бе рушілер мүдделеріне қарсы келе алмайтын құрылымдардың қажеті жоқ. Кəсіподақтар жалда-

Еѕбек ќатынастарын демократияландыру – кїн тəртібінде тўрєан маѕызды мəселе Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы.

Əлеуметтік жаңғырту, əлеумет тік бағдарланған мемлекет құру өндірістік демократия институттарының дамуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты мақаласында еңбек қатынастары саласындағы қарамақайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі тетіктерін құру қажеттігін атап өтті. Еңбек дауларының негізгі себептері қатарында жұмысшылардың кəсіпорынды басқару мəселелерінен шеттетілуі мен дауларды жəне жанжалдарды соттан тыс реттеу тетіктерінің əлсіздігін атауға болады. Жұмысшылардың кəсіпорынды басқару мəселелерінен шеттетілуі – олардың тиімді еңбекке деген ынтасын едəуір төмендетеді де бұл, сайып келгенде, адамдардың қызмет нəтижесіне немқұрайлығын тудырады. Қазіргі таңда қалыптасқан экономикалық қарым-қатынастың мұндай моделі өзін өзі ақтамай отыр. Адам өзін қарапайым жалданушы ретінде сезінеді. Өндірістік қатынастарды демократияландыру Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрудағы ажыратылмас элемент болып табылады. Өнімділіктің өсуін, демек, қазіргі заманғы экономиканың тұрақты дамуын еңбек қатынастарын демократияландырусыз көзге елестету мүмкін емес. Осындай үдеріс бүкіл əлем бойынша дерлік іске қосылды. Оның негізгі мəні – еңбек жəне капитал арасындағы қайшылықтарды жою. Ал бұл қайшылықтарды жұмысшылардың кəсіпорын капиталына қатысуын қамтамасыз ету арқылы жоюға болады. Еңбек қатынастарын демократияландырудың алғашқы ізашары АҚШ болып табылады. 1974-1994 жылдар аралығында Америка Конгресі жұмысшылардың акционерлік меншігін дамыту жоспары негізінде жұмысшыларды акционерлік капиталдың иегерлеріне айналдыру үдерісін ынталандыратын 25 заңнамалық акт қабылдады. Өндіріс қатынас тарын демократияландыру бағдарламасына қатысушы компаниялардың көбіне қабылданған заңнамалар бойынша салықтық жеңілдіктер берілген. Сөйтіп, жұмысшылар меншігі «Шеврон», «Проктел энд Гэмбл», «Крайслер», «Локхид» жəне басқа аса ірі компанияларға тарала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша елде азаматтарға ірі ұлттық компаниялардың тең меншік иелері болуға мүмкіндік беретін «Халықтық ІРО» бағдарламасы іске қосылды. 2016 жылға дейін халыққа 10 компанияның акциялары ұсынылатын болады. Алғашқы кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары сатылымға шығарылды. Акцияның бағасы 725 теңгені құрайды, бұл бұқара халық үшiн қолжетімді болып табылады. Қазіргі кезде «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде 26,5 мың қазақстандық брокер шоттарын ашты. Акцияны иеленген қазақстандықтар ұлттық компаниялар ды басқаруға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналыстарында дауыс беруге қатысу мүмкін дігіне ие. «Халықтық ІРО» бағдарламасына «ҚазТрансОйл»

компаниясы жұмысшыларының белсенді түрде қатысулары маңызды. Компания басшысы жұмысшыларын акцияларды сатып алуға жеңілдік, бонус, үстеме ақы беру арқылы ынталандыру туралы ойластыруы қажет. Осыған барлық ірі компания басшылары қызығушылық танытқаны жөн. Мұндай тəсіл жұмысшылардың кəсіпорынды басқаруға қатысуына мүмкіндік береді. Мұндай кəсіпорындар халықтық кəсіпорындар деп аталады. Ондай кəсіпорындар АҚШ, Қытай, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Дания, Норвегия жəне құ қықтық негіздерімен бірге шаруашылықты жүргізудің ұжымдық нысанын дамытудың арнайы бағдарламалары əрекет ететін басқа да елдерде құрылған. АҚШ-та 11 млн. адам, яғни бү кіл жұмыс күшінің 10%-дан ас тамы өздері жұмыс істейтін компаниялардың меншік иелері болып табылады. Шамамен 10 мың компания өз акцияларын жұмысшыларына сатса, оның ішінде 1,5 мың жұмысшы акциялардың бақылау пакеттерін иеленген. 1998 жылдан бері Ресейде «Жұмысшылар акционерлік қоғамдарының (халықтық кəсіпорындар) құқықтық ережелерінің ерекшелік тері туралы» федералды заң қолданыста. Қазіргі кезде елде өңдеуші өнеркəсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында 200ге жуық халықтық кəсіпорындар жұмыс істеуде. Халықтық кəсіпорындарды ғылым өндірістік қатынастарды демократияландырудың құралы ретінде қарастырады. Өндірістік қатынастарды демократияландыру, жұмысшылар меншігін дамыту – əлемдегі елдердің көбінің маңызды əлеуметтік-экономикалық бағыттарының бірі, қоғам талап ететін əлеуметтік əдiлдiк жолы. Жалпақ жұртқа жақсы танымал испандық «Мондрагон», британдық «Джон Льюис Партнершип» корпорациялары, сондай-ақ, Америка бизнесінің классикалық үлгілерінің бірі – «Линкольн Электрик» компанияларында кəсіподақтар, қызметкерлерге үстеме ақы төлеу жəне бонустар жоқ. Бірақ бұл компаниялар əрбір қызметкерге өмір бойғы жұмысқа орналастыруға кепілдік жəне компания акционері болуға мүмкіндік береді. Фирманың таза табысына жалақы көлемі тікелей тəуелді. Қызметкерлерді ынталандыруды көздеген бұл тəсіл халықтық кəсіпорындардың бəсекеге қабілетті болуына мүмкіндік туғызады. Ресей заңнамасы бойынша халықтық кəсіпорын бас директорының еңбекақысының көлемі қарапайым жұмысшының еңбекақысының орташа көлемінен 10 еседен аспауы тиіс екендігі қызықтыратын жайт. Бұл, əдеттегі акционерлік қоғаммен салыстырғанда, табыстарды едəуір адал бөлуге деген ұмтылысты баса көрсетеді. Компанияның табысына деген жұмысшылар мүдделілігі алынған табыстардың қайта инвестициялануына, өндірісті басқарудың едəуір тиімділігіне ынталандырады жəне компанияның келешегін ойламайтын, акцияларды алып-сататын кездейсоқ тұлғалардың капиталға қатысуын болдырмауға мүмкіндік береді. Халықтық кəсіпорындар əлеуметтік жəне зейнетақы қолдауына да мүдделі. Жұмысшылар зейнетақы жинақтары аналогиясы бойынша акцияларды сатудан түсетін қаржыны зейнеткерлікке шыққан кезде пайдалана алады. Қазақстан осы секілді бағдарламаларды

малы еңбек мүдделерін белсенді түрде қорғаулары тиіс. Əрбір жұмысшы кəсіподақтар қолдауын сезінулері қажет. Бұл ретте, ең бастысы, кəсіподақтар жұмыс берушіден тəуелсіз болулары керек. Бізде, кəсіподақтар көшбасшылары кəсіпорын басшысы тарапынан тағайындалады немесе тіптен кəсіподақтық жəне əкімшілік басқаруды қоса жүргізетіндігін жиі кездестіруге болады. Бұған жол беруге болмайды. Қазақстанда тəуелсіз кəсіподақ қозғалысын бұдан əрі дамыту үшін «Кəсіптік одақтар туралы» Заңды түбегейлі қайта қарастыру керек. Əлеуметтік əріптестік түсі нігі ұжымдық шартты жасау мен орындау тетігін, жұмыс берушілермен кəсіподақтардың өзара қатынастарын, олардың өкілдігін кеңейтуді жəне т.б. заңнамалық актілермен бекітуді қажетсінеді. Өндірістік қатынастарды демократияландыруға жұмысшылардың қатысуымен жүзеге асатын кеңесші органдар құру да игі септігін тигізе алады. Менеджменттің шетелдік тəжіри бесі көрсеткендей, еңбекші елдің құқығын қорғауда кеңесші органдардың рөлі зор. Кеңесші органдар Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланды, АҚШ, Жапония, Австралия жəне басқа да елдерде құрылуда. Мəселен, Германияда кəсіпорын басшысы өндірістік кеңеспен айына кем дегенде бір рет кездеседі. Кездесуде кең ауқымды мəселелер талқыланады. Жұмыс беруші кадрлық саясатына қатысты қажетті шараларды қолдану жөнінде өндірістік кеңеспен міндетті түрде ақылдасады. Өндірістік кеңеске қызметкерді басшы лауазымға тағайындау туралы ақпарат ұсынылады. Өндірістік кеңес кəсіпорын басқармасы мен бақылау кеңесінде шешушi дауыс құқығына ие. Бірқатар елдерде жұмысшы өкілдері өндірістік кеңестен басқа кеңесші дауыс құқығымен Директорлар кеңесіне қатысады. Осыған мысал ретінде Дания, Швеция, Норвегия жəне басқа да елдердегі кəсіпорындарды атап өтуге болады. Еңбек ұжымы жоспар, кесте құру, өндірісті ұйымдастыру, оқыту, тəлімгерлік секілді əр түрлі ұйымдық мəселелерді шешетін өндірістік кеңестерді Қазақстанда да құруға болар еді. Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру əрбір қазақстандықтың еңбекке теңдей мүмкіншілігін қарастыруды көздейді. Сондықтан, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру мəселесіне айрықша ықылас қою қажет. Осыған орай əлеуметтік жұмыс орындарына қатысты заңнамалық нормаларды да қайта қарастыратын уақыт жетті. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда белгіленген «жұмыс орындары жалпы санының 3 пайызы мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарынан квота бөлу» талабы орындалмауда. Осылайша, Қазақстанның алдында еңбек қатынастарын реттеуді жетілдіру жөніндегі күрделі міндеттері тұр. Бұл міндеттерді орындауға тек өкімет пен жергілікті мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ, оның идея, ой-пікірлері мен мүдделерін ілгерілетуге үлес қосуы тиіс үкіметтік емес ұйымдар да белсенді түрде атсалысулары керек. Яғни, қазақстандық қоғамның барлық институттарының өзара тиімді қатынасы нəтижесінде əлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыруға болады.

 Мəселенің мəнісі

Жаѕа жїйе жоєары білім аламын деген жасќа кеѕ жол ашады

Өткен ғасырдың басында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Аллалап ал кітапты қолдарыңа!» деген екен. Ұлт ұрпағына білім беру ісі қай заманда да күн тəртібінен түскен емес. Жаңа ғасырда да сол үрдіс – Зəбира Жандарқызы, таяуда ғана Елбасы Нұрсұлтан На зарбаев «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі ту ралы» Заңға қол қойып, ол мерзімдік басылымдарда жарық көрді. Осы құнды құжатты қабылдаудағы басты мақсат не? – Мемлекет əрқашан өз азаматтарының қамын ойлауға тырысады жəне халық үшін алуан түрлі қолдау тетіктерін енгізеді. Жаңадан қабылданған «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заң сөзімізге дəлел. Бұл жүйені əзірлеудің басты мақсаты, білім беруді қолдаудың жəне оның қолжетімділігін арттырудың жаңа қаржы-экономикалық құрылым енгізу, сондай-ақ, техникалық, кəсіптік, жоғары жəне жоғары білімнен кейінгі білімнің өрісін кеңейту. Бір сөзбен айтқанда, толқын-толқын ұрпақтың білім алып, тəлімді тəрбие үйренуіне кең жол ашу. – Мұндай үрдіс əлем елдерінің біразында жүйелі жұмыс істеп келе жатқанынан хабардар едік. Енді өз Отанымызда да заңдық тұрғыдан іске қосылып отыр. Осы Заң туралы газет оқырмандарына жан-жақты мағлұмат бере кетсеңіз. – Əлбетте, аталмыш жүйені əзірлеу барысында халықаралық тəжірибе де жанжақты зерттеліп, есепке алынды. Мұндай білім беруді қолдау жолдары көптеген мемлекеттерде орныққан. Мысалы, Бельгия, Канада, Малайзия, Голландия, Сингапур, Испания, Швеция, Ұлыбритания жəне АҚШ сияқты əлемнің тоғыз елінде біздің жүйеге ұқсас білім алудың жинақ шоттары қолданылады. Аталған мемлекеттердің үкіметтері балаларын оқытуға ниет еткен отбасылардың салымдарын салықтан босату жəне түрлі субсидияларды ұсыну арқылы ынталандырады. Қазақстанда енгізілгелі отырған жүйе бойынша да салықтық жеңілдіктер көзделген. Мəселен, білім беруге жинақталған қаржыға есептелетін мемлекет сыйлықақысының сомасы табыс салығынан босатылады. Бұл жүйенің тағы бір үлкен артықшылығы бар. Ол жинақтау сомасына банктің депозиттік сыйақысымен қатар, 5 пайыз көлеміндегі мемлекеттің сыйлықақысын қосып есептейді. Мұндай қосымша сыйақы бұрынсоңды ешбір елде қолданылмаған шара екенін айта кетсем деймін. – Білім қолжетімділігі үшін жасалған бұл қадамға ақша салған үміткерлерге тағы қандай жеңілдіктер мен субсидиялар бар? Салым шарттары, оны тіркеу, тағы да басқа да құжаттар туралы не айта аласыз? – Иə, банктің, мемлекеттің сыйлықақысы, жинақтауда қатар есептелгенмен мемлекет сыйлықақысының жинақталған сомасы жеке табыс салығынан босатылады. Ал, салым шарты ең кемінде үш жылға жасалады. Мемлекет сыйлықақысын есептеу мерзімі жиырма жылдан аспайды. Салымшы мен банк арасында жасалған салым туралы келісім білім беру туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне тіркеледі. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тараптардың

жалғасып келеді. Əсіресе, өркениет көшіне ілесу жолында жоғары білімнің орны бөлек. Онда дайындалған білікті де білімді маман қай саланың болса да қазанын қайната алары хақ. Əрине, барлық талапкер мемлекеттік білім грантына ие бола алмасы жəне анық. Себебі, орта мектепті жүз мыңдаған бала бітіргенмен, оларға бөлінген мемлекеттік грант отыз мыңның үстінде ғана. Атам қазақта: «Алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жисаң жетеді», деген қанатты сөз бар. Ендеше, талантты ұл-қыздарының болашақта жоғары білім алуына əрбір ата-ананың қолын жеткізу мақсатында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы біраздан бері айтылып келе жатқаны тегін емес. Бұл бастама ендігі жерде заңды құжатқа айналды. Елбасының Жарлығымен «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заң күшіне енді. Осыған байланысты Білім жəне ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ директоры Зəбира ОРАЗАЛИЕВАНЫ əңгімеге тартқан едік.

ешқайсысы шартты бұзуға ниет білдірмесе, шарт автоматты түрде бұрын бекітілген мерзімге немесе тараптардың келісімі мен қалған уақытқа ұзартылады. Сонымен бірге, салымшының таңдауы бойынша ақша қалдығы басқа қатысушы банкке аударылып, жаңа салым шарты жасалуы мүмкін. Жинақталған қаражат салымшыға қолма-қол берілмейді. Шарттың мерзімі аяқталған кез де оқудың ақысын төлеуге қажетті сома оқу орнының есебіне аударылады. Жинақталған қаражат жеткіліксіз болған жағдай да жетпеген сомаға білім беру несиесін алуға мүмкіндік жа салады. Сондай-ақ, əр семестр бойынша оқу ақысын төлеу арқылы жинақтауды жалғастыруға болады. – Салымшы ата-аналардың алғашқы жарна көлемі қанша болу керек, ол қаржының толық сақталуына банктің кепілдік жайы қалай? – Салымшы банкпен мемлекеттік білім беру жинақтау туралы шарт жасасып, есеп-шот ашады. Содан соң, кем дегенде 3 АЕК көлемінде бастапқы жарнасын құяды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1731 теңгеге тең, яғни алғашқы жарна 5193 теңгені құрайды. Осыдан кейін салымшы немесе қаржы құйған адам жинақтау есеп-шотына мезгілмезгілімен салым жасап тұрады. Жинақтаудың мүмкін болатын мерзімін, болжанатын сомасын жəне салымдардың жиілігін өзі анықтайды. Білім беру жинақтау салымына шектеу қойылмайды. Яғни, ата-ана өз баласының атына жинақтау салымын ашса, кез келген тұлға оған еркімен ақша қосып отыруға құқылы. Білім беру жинақтау салымы жеке тұлғалардың депозиттеріне банк міндетті кепілдік беру нысаны болып табылады. Мемлекет банк қызметін тоқтауға мəжбүр болған жағдайда салымшыларға қайтарылатын салымдарының сақталуына кепілдік береді. – Салымшының жинаған қаржысына қосылатын үстеме, не банк сыйақысы қандай пайызды құрайды? Егер жинақталған қаржыны атааналар пайдалана алмаған жағдайда не істей алады? – Жаңа басталған іс болғандықтан мұндай сұрақтар алдымыздан жиі шығады. Жоғарыда да назарға салдым, жинақталған ақша сомасына ай сайын капиталға айналдырылған банк сыйақысы мен жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысы белгіленген мерзімде есептеліп отырады. Салым бойынша банк сыйақысының мөлшерлемесі нарықтық болып табылатындықтан жəне банк оны өзі белгілейді. Қазіргі таңда банктерде қолданылып жатқан əдеттегі банк депозиттері бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі шамамен 7-8 пайыз аралығында. Мемлекеттің сыйлықақысы – 5 пайыз, басым санатқа жататын топ үшін – 7 пайыз, бірақ екі жағдайда да 100 АЕК-тен жоғары емес. Демек, банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қосып есептегенде, жыл сайын салымшының қаржысы шамамен 13-15 пайызға көбейеді. – Салымшы мектеп бітіру, жоғары оқу орнына түсу емтихандарында жақсы балл жинап,

мемлекеттік білім беру грантын алды делік. Сонда ол банктегі жинақтаған қаражатын алдағы кезеңде қандай қажеттілігіне жарата алады? – Сұрақ орынды қойылып отыр. Біріншіден, салымшы қаражат жинауды алда да жалғастыра беруге құқылы. Екіншіден, білім беру жинақтау салымының қаражатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылып жатқан) білім беру жинақтау салымына аударуына болады. Үшіншіден, салым қаражатын басқа деңгейдегі білім алу қызметінің ақысын өтеуге ерікті. Төртіншіден, салым қаражатын қатысушы банктің капиталға айналдырылған сыйақысымен жəне есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алуына еш кедергі жоқ. Аталмыш жүйедегі мына бір ерекшелікті айта кетуді парыз санаймын. Егер жинақталған сома білім алуға емес, басқа мақсаттарға пайдаланылатын болса, салымшы жинаған қаржысын мемлекет сыйлықақысынсыз, тек банк сыйақысымен ғана алады. – Екіжақты жасалған шарттар қандай жағдайда бұзылады? – Шарт бірнеше жағдайларда бұзылуы мүмкін. Олар: салым шартының басты мақсаты сақталмаса, яғни, білім алу үшін салымды ашып, кейін одан бас тартса, жинақталған қаражатты басқа мақсатқа жұмсаса, салымшы білім беру ұйымынан шығарылғанына үш жыл өткен болса, сонымен қатар, жинақтау мерзімі заңда белгіленген уақыттан аз болған кезде, мемлекет сыйлықақысының төленгені анықталса жəне салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса салым туралы шарт бұзылады. Аталған жағдайларда шарт мерзімі тоқтатылып, салымшы мемлекет сыйлықақысын алу құқығынан айырылады. Бұған қоса, салымшы қаза болса, сот бұл қадамға салымшы қабілетсіз, не салымшының хабарсыз кеткенін, болмаса қайтыс болды деп жарияласа, сот шешімі шыққан күннен бастап шарт мерзімі тоқтатылады. – Қаржы жинақтаушы өзге мемлекеттің жоғары оқу орнына барса, болмаса сол жақта жүріп ел азаматтығын шығып кеткен жағдайда пайдалана ала ма? – Шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда салымшы шетелдік білім беру ұйымына қабылданғандығын растайтын құжатты ұсынып, жинақталған қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге құқылы. Бұл ретте, шетелдік білім беру ұйымына қаражат аударылған сəттен бастап мемлекет сыйлықақысының есептелуі тоқтатылатынын есте ұстау керек. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған жағдайда, ол жинақ сомасына есептелген мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтарып, жинақталған қаражатын банк сыйақысымен қоса алады. Жалпы, халықтың мемлекет тарапынан енгізілген қаражат пен жинақтарға байланысты жаңа бастамаларына кейде сенімсіздікпен қарайтыны белгілі жайт. Сондықтан, азаматтарға жаңа жүйенің тиімділігін түсіндіру үшін заңды əзірлеу жұмыстары

басталған күннен бастап Білім жəне ғылым министрлігі мен «Қаржы орталығы» тарапынан республикалық жəне аумақтық газеттерде көптеген мақалалар жарияланып келеді. Заң қабылданғаннан кейін болашақ үшін жасалған құжаттың əр тармағы теледидар мен ғаламторда жан-жақты көрініс тапты. Бүгінде халық осы заң туралы құлағдар десек, артық айтқандық емес. Еліміздің бас басылымы да көңіл аударуы, сұхбат алуы игілікті іске үлес қосу деп білемін. Біздің Қаржы орталығының тегін байланыс желісіне хабарласып, сұрақтарын қойып жатқан азаматтар жетіп артылады. Сол азаматтардың кейбір пікірлерін келтіре кетсем деймін. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласынан хабарласқан Шолпан Тəнекеева: «Жасым алпыс алтыда, алты немере сүйіп отырмын, оның төртеуі əлі мектепке де бармайды. Қазір зейнеткермін əрі кішкентай немерелерімді қарап, үйде отырмын. Мемлекеттің биылдан бастап іске қосып жатқан жаңа бағдарламасы жөнінде естіп, қатты қуандым. Өйткені, ол тіпті, біз сияқты əжелерге немерелерінің болашақта лайықты білім алуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Осы білім беру жинақтау жүйесінің мені ерекше қызықтырған тұсы – кез келген туыстың немесе жақын адамның депозитке ақша сала алатындығы, яғни егер менің балаларым өз балақайларының атына білім беру салымын ашса, мен де олардың əжесі ретінде өз жарнамды сала аламын. Жанымды тыныштандыратын да, мені қуантатын да осы десе: «Мен екі қыздың анасымын. Оларды бір өзім тəрбиелеп отырмын. Қазірде үлкен қызым мектеп бітіргелі жатыр. Сондықтан дəл қазір оның əрі қарай білім алуы біз үшін күрделі мəселе. Бұл жерде мəселе, тіпті, мамандық таңдауда емес, грантқа түспеген жағдайда қандай жоғары оқу орнын таңдайтынымызда. Жалғыз басты ана ретінде мен үшін балаларымды ақылы бөлімде оқыту өте ауыр, ал, жаңа жинақтау жүйесі бала мектеп бітіргенге дейін оның болашағына күні бұрын қам жеп, баяу да болса, дұрыс жолмен оқуға қаражат жинауға мүмкіндік береді. Егер де бұл жүйе сəл ертерек енгізілген болса, мен қазір жинаған қаржыма жүгінер едім. Енді үлкен қызым ҰБТ-ны сəтті тапсырып, грантқа ие болады деп үміттенемін. Ал, əзірше кенже қызым келешекте жоғары оқу орнын жəне қалаған мамандығын еркін таңдай алу үшін оның атына депозит ашуға ниеттімін. Бұл жүйенің маған ерекше ұнайтын жағы – жарнаның мерзімі мен сомасын өзім белгілей алатындығым. Бұл соншалықты үлкен емес отбасылық бюджеттен ақша бөліп, шығындарды жоспарлауға ыңғайлы əрі жеңіл», дейді Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны Айсұлу Əринова. Ал, Алматы қаласынан телефон соққан Керімжан Исаев: «Қайырымдылық саласында жұмыс істеп жүргеніме бірнеше жыл болды. Осы білім беру депозиттері жүйесі маған көмекке мұқтаж жандарға жаңа мүмкіндіктердің пайда болуымен ұнады. Қайырымдылық қорда жұмыс істеп жүріп, демеушілер берген қаражаттың бөлінуіне қатысты сенімсіздік мəселесіне жиі ұшырасып жататынымыз рас. Ал, бұл жерде демеуші жетім, болмаса мүгедек баланың білім беру депозитіне жарна салып, тікелей мұқтаж болғанға нақты көмектесе алады. Негізінен, қайырымдылық қорлардың басым көпшілігі қымбат медициналық қызметтердің ақысын төлеуге көмек ретінде ақша жинаумен айналысады. Бірақ, көмекке зəру таптың білім алуға да көбіне шамалары жетпей жатады. Сондықтан, қайырымдылық қорлардың бұдан былай демеушілерге көмектің осындай да «болашағы зор» түрін ұсына алатындарына өте қуаныштымын», деп өзінің қайырымды жұмысы туралы хабардар етеді. Мұндай игілікті шара Отанымыздың ертеңгі тұтқасын ұстайтын жастарға жоғары білім беру жұмысын жүйелі атқару жолында жасалған оң қадам екені айдай анық. Осы істі атқару барысында мемлекетіміздің жасап отырған мол қамқорлығы деп банктің үстемесімен қоса сыйақы тағайындауы екенін баса айтқым келеді. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Сүлеймен МƏМЕТ, «Егемен Қазақстан».


Ќашыќтыќтан оќыту нəтижесі

Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Қазір озық ғылыми технологияны тиімді пайдалана алсаң төрткүл дүниедегі барлық жаңалықтан хабардар болуға да, ғылыми жетістіктерге қол жеткізуге де бо ла ды. Оның бəрі көбінде қа шық тықтан оқыту нəтижесінде жүзеге асып жатқаны белгілі. Сон дай бір игілікті іске куə болып отырмыз. «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков «Қоғамның тұрақтылығын

қамтамасыз етудегі саяси партияның рөлі» деген та қырыпта 5 жылдан бері АҚШтың Йорк университетімен бірлікте жұмыс істеп келе жатқан еді. Жақында сол ғылыми із деніс өз нəтижесін беріп, аталмыш оқу орнының академик үйлестірушісі Сью Барнет тен құттықтау хат келді. Онда тəуелсіз Қазақ еліндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы саяси партияның атқарып жатқан жұмысы туралы ғылыми ізденістің жоғары дəрежеде болғаны, нəтижесі ол университеттің ғылыми кеңесінде талқыланып, өз бағасын алғаны айтылған. Ө.Болатбековке фило софия докторы ғылыми ата ғын беру жөніндегі шешімге Ғылыми кеңес төрағасы, іргелі оқу орнының президенті мен вицепрезиденті қол қойған дипломды жіберіп отырғандарын хабар лапты. Жаңа заманға қарай жасалған бұл талпыныс құптарға тұрарлық.

Біздіѕ кино «Берлиналеде» жїр Берлинде 63-ші халықаралық кинофестиваль өтіп жатыр. Онда қазақ кинематографиясы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген картинаны фестивальдің негізгі байқауына қосуға мүмкіндік алды. Бұл – режиссер Эмир Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары» атты тырнақалды туындысы. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Берлин кинофестивалі – «А» класындағы ең ірі жəне беделді фестивальдердің бірі. Ол аты əлемге мəшһүр Канн жəне Венеция кинофестивальдерімен иық тірестіретін байқаулардың санатына қосылады. Мұндай деңгейдегі фестивальдің негізгі конкурс тық бағдарламасына қазақ киносы бұған дейін бір рет қана, 18 жыл бұрын қатысқан болатын. Ол – режиссер Дəрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмі еді (Венеция, 1995 жыл). Сонымен, тек өткен жылы ғана Берлин кинофестиваліне қатысқан, тамашалаған адамдар саны 450 мыңға жеткен. Ал, биыл кинобайқаудың басты жүлдегерлерінің есімі 16 ақпанда белгілі болмақ. «Үйлесімділік сабақтарының» журналистерге арналған жабық көрсетілімі бүгін өтеді. Осыдан кейін бірден баспасөз мəслихаты ұйымдастырылып, түстен кейін Берлиналенің орталық сарайында (Berlinale Palast) премьералық көрсетілім болады. Фильм авторлары премьера алдында Қызыл кілем үстінен жүріп өту дəстүріне қатысып, Қазақ киносының əлемдік кинододаларда салтанат құра бастағанын паш етті. Берлинале кинофестивалінің ашылу салтанатына арналып төселген Қызыл кілем үстіндегі шеруге Мэтт Деймон, Джуд Лоу, Стивен Содерберг, Жюльет Бинош, Катрин Денев, Изабель Юппер сынды саңлақтар қатысты. Сонымен, «Үйлесімділік сабақтары» картинасының əлемдік прокатқа жолдама алуына көптеген елдердің фильмдерімен жұмыс жасауда тəжірибе жинақтаған жəне осы салада барлық құқықтарды жақсы білетін Францияның FILMS DISTRIBUTION агенттігі айналысатын болады. Продюсердің айтуынша, 2012 жылы FILMS DISTRIBUTION компаниясы ұсынған WAR WITCH фильмі Берлин кинофестивалінде «Ең үздік əйел рөлі» жүлдесіне қол жеткізіп, «Оскар – 2013» киножүл десіне үміткерлердің тізімінен табылған көрінеді. Осы арада 28 жастағы қазақ

5

www.egemen.kz

14 ақпан 2013 жыл

режиссері Эмир Байғазиннің осы киножобасы 2011 жылы VII халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде өткізілген «Қазақстандық киножобалар нарығында» үздік деп танылып, «Қазақфильм» киностудиясының қаржылай қолдауына жəне халықаралық деңгейде танылуына кең мүмкіндік алғанын еске сала кетелік. Фильмнің түсіру жұмыстары 2012 жылдың шілде айында аяқталды. Бірнеше күннен ке йін фильмнің алғашқы кадрлары Сараево қаласында (Босния жəне Герцеговина) өткен халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, Work-in-Progress конкурстық бағдарламасында Бас жүлдені жеңіп алған болатын. Көп ұзамай, «Берлинале Əлемдік Кино Қоры» (Berlinale World Cinema Fund) тағайындаған жүлдеге қол жеткізді. Жалпы, бұл фильм – аталмыш Қордың қолдауына ие болған алғашқы қазақстандық жоба. Биыл Берлин кинофестиваліне қатысуға 3000-нан астам фильм ниет білдірген, олардың көбі – əлемдік жəне еуропалық кинопремьералар. Қазақстандық «Үйлесім сабақтары» фильмі аталмыш фестивальдің негізгі конкурсына қатысатын Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон сынды көрнекті кинорежиссерлермен бірге бəйгеде бақ сынасады. 63ші Берлин кинофестивалінің қазылар алқасының төрағалығына қытай режиссері Вонг Кар-Вай («Чунцин экспресі», «Махаббат көңіл күйі», «Ұлы өнерпаздар» туындыларын түсірген) тағайындалған. Былтыр Берлин кинофестиваліне 450 000-нан астам адам қатысты, соның ішінде 4000-ға жуығы 86 елден арнайы келген журналистер болды. АЛМАТЫ. ––––––––––– Суретте: «Үйлесімділік сабақтары» фильмінің режиссері Эмир БАЙҒАЗИН.

 Зерде – Жазу-сызу аздап қолымнан келгенмен, мен ақын да, жазушы да емеспін. Тек өнерге қатысты көзім көріп, куə болғандарды ғана əңгімелеуге құлқым бар, – дейтін қарт əнші, марқұм Бісміллə Балабеков. – Сендер 30шы жылдар ішінде қазақ өнерінің қалай өсіп-өркендегенін онша біле бермессіңдер. Қазақтан шыққан тұңғыш театр режиссері Жұмат Шанин мен министр Темірбек Жүргеновтің ұлт өнеріне қамқорлықтары ерекше еді ғой. Екеуі де «халық жауы» боп атылып кетті. Олар жөнінде қазіргі айтылып, жазылып жүрген дерек-мəліметтерде дəлсіздік, білместік, бұрмалау жоқ емес. Тіпті, олармен үзеңгілес боп, жұмыс бабында қатар жүрген мен де бес саусақтай білемін дей алмаймын. Əйтсе де, есімде сақталған кейбір жайларды ортаға салу парыз деп білемін. Бір таңғалатыным, халық таланттарының 1934 жылы өткен республикалық слеті жөнінде егжей-тегжейлі айтылатын қомақты еңбек əлі күнге дейін неге жоқ? Слетті кімдер ұйымдастырды, кімдер қатысты, кімдер қандай жүлдеге ие болды? Солардың бəрінің суреті басылған кітапты неге шығармасқа?! Əркімнің өз білгенінше тиіпқашып сөз ететіні аз. Білместік, кереғарлық сондайдан туындайды», деп бір тоқтаған еді сонда қария. – Енді негізгі айтарыма келейін, – деген содан кейін əңгіме иесі. – Құдай берген дарынның арқасында 1932 жылдың

бес жасымда келмеді-ау», деп бір қойды. Келесі күні Жамбыл бізді сөзін өзі жазған «Угайым» деген əнімен таныстырып: «Мұны сен айтасың, тез үйрен», деді маған. Қорытынды концерт күні бас жүлде алған Жамбыл, Дина жəне менің əкем Балабек жиналыс төрінде отырды. Үшеуіне де бірінші дəрежелі диплом,

қусырып. – Жаным садақа! Дайындық бітіп, «Шұғаны» халыққа көрсететін күн де жетті. Жұмат бəрімізге жеке-жеке қосымша ақыл-кеңес, нұсқау береді, пысықтайды. Тектілігінде шек жоқ, сабырлы, байсалды, сенімді. Ойын басталды. Зал лық толы. Жұрт біресе Шұға мен Əбіштің мөлдір махаб-

Їш алыптыѕ достыєы Зəкір АСАБАЕВ.

басынан бастап Қарағанды радиосында біраз уақыт Қали Байжанов, Иса Байзақов, Қосымжан Бабақовпен бірге əнші боп істедім. 1933 жылдың басында Сібірге əкем, қарындасым Рахима үшеуміз гастрольге шығып, Кузбастың айналасындағы қазақтарға үш ай концерт көрсеттік. Əкем мен қарындасым Рахима Кузбастың өз басында тұратын. Новосібір радиосынан əн салдық. Ұлты орыс болса да радио басшылары Алматыдағы жағдайларға қанық екен. «Сендердің астаналарыңда «Айман-Шолпан» деген спектакль қойылды. Режиссері Жұмат Шанин. Бұл хабарды біз Мəскеу радиосынан естідік, газеттен оқыдық, сенің орның сонда емес пе?», – десті. Сол қамшы болды ма, қайдам, ертеңіне əкем мен қарындасымды Кузбасқа аттандырып, бірден Алматыға тарттым. Бұрыннан жақсы білетін Жұматтың үйіне түстім. Ол арқа-жарқа боп, қуана қарсы алды. Жұмат таяуда Қырғызстаннан оралғанын, онда жаңа спектакль қойғанын айтты. Бұл 1934 жылдың көктемі еді. Ол ертеңіне мені халық комиссары Темірбек Жүргеновке апарды. Министрмін деп отырған Темірбек жоқ, өте қарапайым, сыпайы, ашық. Бұрыннан таныс болғандықтан: «Кəне, «Қызыл бидай», «Алтыбасар», «Топай көк», «Қанапияны» айтып жібер», деді. Домбырам жоғын байқасымен, оң жағындағы қабырғаға сүйеулі домбыраны алып қолыма ұстатты. (Көрдің бе, қазір қайдам, ол кездегі министрлердің кабинетінде домбыра болатын). Темірбектің сұраған əндерін кабинеттің ішінде шырқап бердім. Министр ризалық сыңаймен Жұматқа қарады. Ол басын изеді. Кабинеттен шығысымен театрға бардық. Қызметке қабылдандым. Біраз күннен соң Жұмат: «Алматыда халық таланттарының слеті өтеді, əкең де қатыссын, шақыр, біліп қой, бұл министрдің ұсынысы», деді. Бір жеті өтер-өтпесте əкем келді. Жұмат пен əйелі Жанбикені дəмге шақырдық. Əкем Жұматтан Əбікей Сəтпаев, Əміре Қашаубаевты сұрады. Əбікей аман-сау, Əміре қайтыс болды дегенде көз жасын төгіп жіберді. – Қазақстандағы күллі өнерпазды жинап байқау өткіземіз, озғандарға бəйге беріледі. Сіз сахнаға шыққанда Біржанның «Майда қоңыр», «Жамбас сипар» əндерін жиырма бес жасыңыздағыдай айттыңыз, деді Жұмат əкеме. – Қартайдық қой, – деді ақсақал. – Алда Бейімбеттің «Шұға» пьесасын қоймақшымын. Бұйырса, сондағы қарттардың бірінің рөліне шығасыз, – деді тағы да Жұмат. – Ол болмас, – деді əкем. – Қинама. Басқалар бар ғой. Мен əн салуға жарасам да жетер. Сонымен, Пушкин көшесіндегі музыка театрында (кейін ұзақ жыл «Қазақконцерт» сонда болды) өнерпаздарды тыңдау басталды. Елдің барлық түкпірінен ат сабылтып келгендер жыртылып айырылады. Бір ғана Жамбыл ақын мен Дина күйші неге тұрады десейші. Екеуі де керемет екен. Біліп қой, Жамбылды мен əлі даңқы жер жармай тұрған, елден келген талант иесі ретінде көріп, тəнті болғанмын. Өнер өкілдері бірінен соң бірі шығуда. Үздік дегендерді қазылар мен Жүргеновтің өзі жазып алып жатыр. Бір кезде сахнаға үстінде үлкен жеңіл шапаны бар Жəкең, Жамбыл ақсақал қырғыз қалпағын шалқайта киіп шыға келді. Даусы қоңыраудай, өткір, ашық. Үзіліс кезінде оны Ораз, Кенен, Сəкен, Жүргенов, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Ахмет, Сəбит, Затаевич, Жұмат ортаға алып, құрмет көрсетті. Ұлы ақын: «Əттең, осы күн жиырма

Б.Майлин

құрмет грамотасы тапсырылды, дербес зейнетақы тағайындалды. Осы слетті ұйымдастырған, əрі музыка театрының келешегін ойлаған Темірбек пен Жұмат жарғақ құлақтары жастыққа тимей зыр қағып жүріп, байқауда көзге түскен айрықша дарын иелері – қобызшы, сыбызғышы, сырнайшы, күйші, биші, əншілерді слеттен кейін алып қалуға күш салды. Ғарифолла Құрманғалиев солардың ішіндегі шамшырақ іспетті еді. Бұл кездер Жұматтың Бейімбеттің «Шұғасын» сахнаға шығаруды ойластырып жүрген шағы-тын. Слет аяқталған соң көп ұзамай дайындыққа кірістік. Жұматтың режиссерлік тəсілі қарапайым, қонымды, актерлер мен актрисалардың тез түсініп, қабылдауына ыңғайлы. Жұмат əуелі оларды бір-екі күн қатар отырғызып, пеьсаны не өзі оқиды, не басқаға оқытып, тəптіштеп түсіндіреді. Əркімге тапсыратын

Т.Жүргенов

батына сүйсініп, қуана құптайды, біресе бастарына түскен машақаттан торығып, қайғы-мұңдарына налиды, көздеріне жас алады. Міне, айықпас дертке ұшыраған Шұға төсекте жатыр. Кезек бақсыға жетті. «Жындарымды» шақыра жұлқынып шықтым да, қобыз тартып отырған бейбақтың қолынан аспапты жұлып алдым. Көзімді алақ-жұлақ еткізе барып, қабырғаға сүйеулі асатаяқты жерге салдыр-гүлдір атып ұрдым. Қайта көтеріп, еденді түйіп-түйіп қалдым. Қобызды жерге бір соғып, аурудың айналасында отырғандарды үркіте қуып жібердім. Біресе секіріп, біресе күжірейіп, Шұға болып «ауырып» жатқан Күлəшті екі айналдым. Асатаяқты оқтала сермеп, залда отырғандарға қарай екпіндей жүгірдім. Бар даусыммен: «Аллаһу-ақ, бəлекті қақ!» – деп зікір саламын. Аузымнан ақ көбік атылады. Қайтадан қос аяқтап қарғып-секіріп, Күлəштің жанына бардым. Əлденелерді ай-

• Темірбек Жүргеновтің кабинетінде домбыра тұратын. • Бейімбет Майлиннің «Шұғасы» тұңғыш рет қалай сахналанды? • «Шұға» бүгінде қойыла ма? Ескеретіндер бар ма? кейіпкерінің мəтінін жаздырады. Сөйтеді де: «Ал, енді жазған қағаздарыңа қарап отырмай, сөзді бірінен соң бірің іліп əкетіңдер, – дейтін. – Сөздерді жаттап алыңдар, суфлерге сенбеңдер. Ол сендер сүрініп-қабынбас үшін шұңқырда бұғып отыратын аңдушы. Екі көздерің суфлерде боп, құлақтарыңды түре бермеңдер. Кім қай жерде не айтады, қай жерде іркіледі, дауысты қалай шығарады, құбылтады, айқайлайды, күледі, жылайды – бəрін өзі біліп, өзі шешуі тиіс. Спектакль сонда ғана жұрттың көңілінен шығып, табиғи мəнге ие болады», дейді Күнде дайындық, ақ тер, көк тер. 20-25 күннен кейін театр залына əзірлік барысын көру үшін Бейімбет Майлин келді. Бұл кезде артистер өз рөлдерін түгелге жуық меңгерген-тін. Жұмат: «Бейімбеттің алдында қысылып-қымтырылмаңдар, тіпті, оның отырғанын білмеген боп ойнай беріңдер», деп кеңес берді. Мен бақсы болып шыққанда Жұмат Бейімбеттің жанында отыр екен. Биағаның жүзіне күлкі үйіріліп, масаттанғаны көрініп тұр. Дайындықтан соң Жұматқа: «Пьесаны маған бере тұрыңдар, біраз ұштайын. Əсіресе, анау бақсының аузына өтімдірек сөз салайын, бірдеңе жетпейтін секілді, шамам жеткенше өткірлейін», деп шығармасын алып кетті. Ол күні біздің де арқамыз кеңіп, ырғапжырғап қалдық. Ертеңіне дайындық күндегіден əлдеқайда қызу жүрді. Ертелетіп келген Биағаң Шұға рөліндегі Күлəш Байсейітова, Əбіш рөліндегі Ибəди Тəуекелов, оны алмастырғыш Қанабек Байсейітовті қайта-қайта тексеріп, шеберлікті шыңдауға үйретті. Оған шамданған Жұмат жоқ, қайта жазушыны көтермелеп, дем береді. «Мен ескермеген екенмін, мұныңыз орынды», деп жайраң қағады, алғыс білдіреді. Биағаңның жас кезінде өз ауылындағы қызыл отауда пьеса қойғанын да сол жолы: «Əй, Жұмат, егініме түсті деп өкпелеме, сендей сайыпқыран болмағанмен, менің де режиссерлігім бар», – дегенінен аңғардық. – Əй, Бісміллə! – деді Биағаң маған бұрылып. – Бақсы келеді дегенде қарапайым жұрт оның жыны болады деп былай да қорқады, білдің бе? Ауруды қарағанда бақсы халықты алдап, дүние-мүлікті көбірек қарпу үшін барынша құтырады. Шұғаның жанына барып, аузыңнан ақ көбігің бұрқырап зікір салғанда, өтірік сөйлеп, алдайтының сезіліп тұрсын. Айтатын сөздерді қайта жаздым, толықтырдым. Жақсылап таныс, жатта, құйындатып, зуылдатып, жұрт үркетіндей етіп сөйле! – Құп болады, Биаға! – деймін қол

əндерін шырқап бердім. Жұмат пен Биағаң ертесінде Жүргеновке барып, елге гастрольге шығу жөнінде сөйлесеміз десті. «Шұға» мен «Айман-Шолпанды» апарсақ, ұпайымыз түгел болады деп те қалды. «Шұғаны» тағы да бір ай қойып, кемкетігін түзеп шираттық. Халық əр күні көп жиналады, бос орын болмайды. Бір

тып, асатаяқты жоғары-төмен ұрғылаймын. Күлəшқа көзім түсті. Теріс қарап күліп жатыр. Мəн беруге болмайды. Одан сайын екіленіп: «Аллаһу-ақ, бəлекті қақ!» – деп барылдаймын, уілдеймін, секіремін. Бір сəт дамылдап, залға қарадым. Қыран-топан. Орындарынан тұрып, қайта отырып жатқан адамдар. Маған ежірейіп, үрке қараушылар одан көп. Сарт та сұрт шапалақ. Жұмат мəз-мейрам. Жанбике жеңгем тіпті риза. Биағаның екі езуі екі құлағында. Əттең, не керек, Шұғаны «бақсылықпен» жаза алмадым. Бақиға аттанды. Ойын бітті. Артистер мен Жұмат, Бейімбет сахнаға шықты. Сəкен, Ілияс, Сəбит, Мұхтар, Ғабит олардың кезек-кезек қолдарын қысып, құттықтап жатыр. Арынымды баса алмай, терімді құрғатып, асатаяғымды тауып алғанша: «Бақсы, бақсы!» деген айғай шықты. Асатаяқты көтеріп залға шыққанымда жұрт маған да құрмет білдіріп, дуылдата қол соқты. Шымылдық жабылды. Жұрт тарап жатыр. Бейімбет Жұматтың қолынан ұстап тұрып: «Бəрекелде, бауырым! Дарыныңа бас иемін. «Шұға» бұлай шығады деп ойлаған жоқ едім. Бір бақсының өзі-ақ анау-мынау кем-кетікті жойып жіберді», – деді. Біраздан соң маған да жақын келіп: «Саған үлкен рахмет. Мен де біраз бақсыны білуші ем, бірақ, сен бұрын-соңды мен көрмеген тосын қимылдар жасап, пьесаға одан сайын жан бітірдің. Залға қарай тап берген тұсыңда бəріміздің төбе шашымыз тік тұрып, кəдімгідей шошындық. Əсіресе, жеңешең орындықтың астына кіріп кете жаздады», деп селк-селк күлді. – Ал мен сені залдағы халықты айдап шыға ма, қайтеді деп ойладым, – деді Сəкен аға. – Таңертең біздің үйге кел, Жұмат та келеді, – деді Биағаң қоштасарда. – Ұмытып жүрме, келістік пе? – Ұмытпаймын, қазір жүр десеңіз де баруға əзірмін, – дедім əзілдеп. Таңертең барсам, Жұмат менен бұрын барып, Биағаң екеуі əңгімелесіп отыр екен. Дастарқан алуан түрлі дəмді тағамға толы. Əне-міне дегенше, исі мұрын жаратын қуырдақ та келді. «Тамақ жеуің онша емес қой» деген Биағаңа Жұмат: «Мынаның құйрығы қайсы, өкпе-бауыры қайсы, ажырата алмай отырғаным», – деп бəрімізді ду күлдірді. Бірер сағаттан кейін дастарқанға əкелген бір табақ еттің көбі білем-білем құйрық екен, Биағаң елеусіз ғана: «Ал, міне, құйрық та келді, асай бер», деді тағы да Жұматқа қарап. Осылай əзіл-қалжыңымыз жарасып, түс ауғанша отырдық. Биағаңның қалаған

Ж.Шанин

айдан кейін Қарағандыға аттандық. Бір күн «Шұға», бір күн «Айман-Шолпан» қойылады. Соңынан концерт көрсетеміз. Шахтерлер қаласында қазақ аз емес-ті. Зал бір күн бос болмайды, халық азаю орнына көбейе берді. Құрманбек жасаған Көтібар, Күлəш ойнаған Шұға, Айман, Манарбек жасаған Жарас бейнелері жұртқа ерекше ұнады. Күн сайын оларды да, басқаларды да іздеп келеді, қонаққа шақырады. Жұматқа құрмет мүлде бөлек. Сонау Қарқаралыдан іздеп келушілерде есеп жоқ. «Елге жүріңіз», дейді. Жұмат бара алмайтынын айтады. «Онда бəріңді алып кетеміз», дейді. «Ол да мүмкін емес, алдын-ала белгіленген жерлерге ғана баруымыз керек, тəртіпті бұзуға болмайды», дейді Жұмат. Қазақша, орысша газеттерде біз туралы күнде жазылады. «Шұғаны» жазған Бе йімбет Майлин, «Айман-Шолпанды» жазған Мұхтар Əуезов, оларды сахналаған режиссер Жұмат Шанинге алғыс айтады. Құрманбек Жандарбековті көбірек дə ріптейді. Оның артистігі де, дарыны да ғажап болатын. Əйелі Шараның шыққан тегін ескеріп, екінің бірі «күйеу бала» дейді. Жас қыз-келіншектер «жезде» деп еркелейді. Гастрольдік сапар сəтті өтті. Театрға қыруар қаржы түсті. Артистерге де мол аванс берілді-ау деймін. Бірақ, сол жолы Жұмат Шаниннің артық бір тиын алмағаны есімде. Қолы таза болатын, ақшаға қызықпайтын, аз ба, көп пе, жалақым бар, сол жетеді дейтін. Келер жылы қырғыз ағайындарға бардық. «Шұғаны» олар да жылы қабылдады. Құрмет те, табыс та жеткілікті болды. 1937 жылдың лаңы басталып, Жүргеновтен бастап, Биағаң да, Жұмат та атылды. Олармен бірге «Шұға» да құрдымға кетті. Біржола ұмытылды. Сондай пьеса болған еді деп атауға да қорқатын кез келді. Солайша жолы кесілген «Шұғаны» қайта тірілтуге (онда да пьеса емес, повесть ретінде) Биағаң мен Жұмат ақталған соң қол жетті. Осы күнде театрлардың «Шұғаны» неге қоймайтынын білмеймін. Ол деген кез келген театрдың репертуарын байытып, гүлдентіп жіберетін шығарма емес пе? Тиісті орындар мен мамандар осыны ескерсе, шіркін!.. Міне, қазақтың халық əндері мен күйлерін жинап, екі рет кітап етіп шығарған аса құрметті Александр Затаевичке халқымыздың небір інжу-маржан əндерін жаздырған, халық таланттарының тұңғыш слетінде жүлдегер атанған əйгілі əнші Балабектің ұлы, еңбек сіңірген артист, ол да əнші əрі актер Бісміллə Балабеков марқұм Бейімбеттің «Шұға» пьесасының тұңғыш сахналанғаны жайлы əңгімесін осылай тəмамдап еді. 60-шы жылдардың соңына қарай «Мəдениет жəне тұрмыс» журналына мақала алып келген орта бойлы, мығым денелі қартаң адам: «Танысып қояйық, – деді маған қолын ұсынып. – Сенің орындауыңдағы «Айнамкөз», «Бурылтай» əндерін радиодан тыңдап жүремін, нақышымен айтасың», – деді салған жерден. Бұл кісі – жоғарыда əңгімелеген Бісміллə Балабеков еді. Зейнеткер, ұмыт қалғандай күй кешіп, жабырқап жүреді екен. Іргедегі Мəдениет министрлігіне ертіп барып, министр Ілияс Омаровтың қабылдауына жаздырдым. Министр жылы қабылдап, 70 сом мөлшерінде көмек бергізіпті. Бұл жайлы білетін көзі тірі куəлер қазір де баршылық. Мəселе онда емес. Алматыға жақын Жандосов кеңшарында тұратын өнерпазбен кейін де ұшырасып жүрдік. Кезінде елге танымал боп, қазақ өнеріне бір кісідей еңбегі сіңген əкелі-балалы өнерпаздардың арттарында қалған мұрасын жинақтап, кəдеге асырса, тіпті де артық болмас еді. Павлодар өңірінде туып-өскен Балабек пен Бісміллə секілді өнер саңлақтары жайлы сол аймақтағы көкірегі ояу, көзі ашық азаматтар да қозғау салса, нұр үстіне нұр болмақ. Кезінде Бісміллəнің аузынан жазып алынған дерек-хикаяны оқырмандарға ұсынып отырғанымыздың тағы бір себебі осы еді десек те болғандай. Бісміллə кейбір оқиға-деректерді көзі тірісінде жарық көрген шағын кітабында да баян етеді. Біз де кей жайларды сондағы айтылғандармен толықтырып, нақтылай түскенімізді қаперге саламыз. Өз басым Бісміллəдай қазына қартпен 1966-1971 жылдарда көрісіп жүрген едім. Иманды болсын. АЛМАТЫ.


6

www.egemen.kz

14 ақпан 2013 жыл

 Замандас

 Келешектің қуат көзі

Əдетте еңбек адамы туралы жазу оң жамбасқа келе бермейтін тақырып деп жатады. Себебі, ол сіздің көз алдыңызға келе қалатын өнер адамы не танымал тұлға емес. Оның бар қыры мен сыры өз ішінде. Оны біліп, танып жазу үшін сізге бəлкім, айлар, бəлкім, жылдар бойы тер төгу керек болар. Қысқасы, кілтін табу қиын. Талай жылдардан бері назарымызда жүретін Ақсу ауданының құрметті азаматы, Жетісу өңіріне танымал марқасқалардың бірі де бірегейі Қалимолда Байболов. Еңбек адамының бəріне тəн қасиет – олар əлдекімдердей елін, жерін айқайлап сүймейді, күн-түн бел жазбай, отқа да, суға

қанатты сөз қай кезде айтылса да ден қойғызады. Шын, адал еңбектің ердің көркі ғана болып қоймай, өмірінің мəніне, мағынасына, маңызына айналатынын түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Қысқасы, еңбек еткеннің еңсесі биік болатынына қай қоғамнан да мысал табуға болады. Кейде бəріміз жаппай жамандап алатын кешегі кезеңдегі ең қадірлі адам – еңбек адамы болған жоқ па?! Еңбекпен көзін ашып, қарапайым ауыл адамынан Алаштың айтулы тұлғаларына айналған Ш.Берсиев, Ы.Жақаев, Ж.Қуанышбаев, Н.Алдабергеновті кім білмеуші еді?! Міне, еңбек етудің осындай дəстүрлі

Елжанды Қали СƏРСЕНБАЙ,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

да түсіп жүріп үн-түнсіз сүйеді екен. Бұл ойымызға Қалимолда өмірінен алып айтар дерек пен дəйек жеткілікті. Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы қиыншылықты көзі қарақты жандар ұмыта қоймаса керек. Сол кездері ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, барынан айырылып, шашылып қалған шаруашылықтарда Қалимолда секілді іскер, тəжірибесі мол азаматтар болмағанда, бүгінде жағдайымыздың қандай күйге түсетінін көзге елестетудің өзі мүмкін емес еді. Міне, сол жылдары ғой еңбек жолын кəсіптік-техникалық училищеде шеберұстаздан бастап, кеңшардың бас инженері дəрежесіне дейін көтерілген Қалекеңнің Ақсу ауданының артта қалған Ш.Уəлиханов атындағы шаруашылыққа жіберілетіндігі. Табиғатынан топ жарып жүретін жігерлі, қайратты жас жігіт шаруашылықты «отымен кіріп, күлімен шығып» жүріп, аяғынан тік тұрғызады. Шешуі ең қиын деген мəселелердің өзінде халқымен тіл табысып, тығырықтан шығудың небір тəсілдерін ойластырды. Əрине, «жақсы болса жарықты кім көрмейді» демекші, жоғарыдағы басшылар осынау тегеурінді, өзі емес, өзгеге дегенде өзегін жұлып беретін жігіттің ерен қабілетін бір шаруашылық емес, бір ауданға жұмсау керектігін ойластырады. Сөйтіп, ол Ақсу ауданы əкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалады. Сондағы Шоқан ауылы адамдарының өзімізден жібермейміз деп оның жолына кесе-көлденең жатып алған сəті де болған деседі. Аз-ақ уақыттың ішінде осыншалық ел құрметіне бөленудің сыры неде еді? Өткен күнге сəл шегініс жасасақ, оның сыры да мəлім болады. «Еңбек – əлемнің əміршісі», деген

мектебінен өткен қадірлі, аяулы азаматтың бірі – Қалимолда Байболов. Бала жасынан жетімдік мехнатын көп көрген ол еңбектің, оқудың, үздіксіз ізденістің арқасында бүгінгі биігіне жетті. Кісілік пен кішілік, білім мен білік, парасат пен пайым – құстың қос қанатындай осы қасиеттер оны арманына иық талдырмай жеткізді. Əкесінен бір жарым жасында жетім қалған ол Шəрбану əпкесі екеуі шешесі Рыстының тəрбиесінде өсті. Олар адал сүт емді. Біреудің ала жібін аттамақ түгілі, соның не екенін де білмейді əлі күнге дейін. Жасынан адамдардың қабағына қа рап, бір тілім нанды бөліп жеді. Жұртқа жаны ашып тұру, біреуге қол ұшын созу, қысқасы, адамгершіл болуды жүрегіне түйіп өсті. Осының бəрі айналып келгенде шүйкедей қара кемпірдің академиясы мен айналасын қоршаған жақсы адамдардың бойынан сіңген қасиет, түйген тағылым еді. Оның бар оқулығы да дала болды. Сол даланың адамдары бұған дархандықты, жомарттықты, кішілік пен кісілікті үйретті, то қытты, оқытты. Сол дала тəрбиесімен келіп ауыл шаруашылығы институтына келіп оқуға түсті. Инженер-механик мамандығын алды. Қалимолда кейбір тұнжыр күндерде отырып, өткен өмірін есіне алса, кəдімгідей көңілі босайды. Осылардың табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін деп өткен шығарға жаны бөлек қайран анасының асыл бейнесі көз алдына келе қалады. Міне, еңбектегі адалдық, тазалық қайдан бастау алып жатыр дейсіз. Қайран біздің шешелер-ай арды ойлаған! Олар өмірге осындай қаншама Қалимолдаларды беріп кетті. Кешегі күні қаңырап қалған шаруашылықтарды көтеру де осындай еңбекпен көзін ашқан, адал сүт емген азаматтардың маңдайына бұйырды. Əрине, Қалимолда буыны туралы айтқанда, партия туралы да айтылмай қалмайды. Ол заңды

нəрсе. Алайда, бұларды партия өсіргенімен, партияны өсірген де осындай тазалықтан жаралған жандар еді. «Жалғыз ағаш орман болмас», демекші, ол еңбек жолында қолтығынан демеп, ақылшы болған, Жетісу өңірінің өсіпөркендеуіне ай рық ша еңбек сіңірген ағалары – Ғалым Тұр ған баев, Наурыз Қылышбаев, Асылмұрат Тұрғанбековтің есімін қай кезде де құрметпен атайды. Басшың жақсы болса, бұл ел үшін де жарты бақыт. Қалимолда Байболов Ақсу ауданына əкім болғанда жұртшылықтың осындай көңіл-күйді бастан кешкені де сөзсіз. Өзіміз байқаған мұның бір сыры бар. Азаматты, басшы адамның əр қыры мен сырын жүре келе тани түсесің. Қайсыбір жылы «Жас Алаш» газетінің 80 жылдығы өтті. Осы жолы Қалимолда Байболовтың ауыл-аймақ үшін ғана емес, Алаш үшін жаны күйетін алашшыл азамат екенін де білдік. Таң алакеуімнен соғылған сол бір телефон қоңырауы əлі күнге есімде. «Жас Алашты» туған күнімен, мерейтойымен алғашқы болып құттықтаған оның қуанышында шек жоқ еді. «Жас Алаштың» алғашқы редакторы Ғани Мұратбаев болса, жауапты хатшысы Ілияс Жансүгіров болғаны тарихтан белгілі. Ақсу – қазақтың аса көрнекті ақыны Ілияс Жансүгіровтің кіндік қаны тамған жер. Азаматтың осы жағдайды еске салып, Алаштың ардақты ұлдарына арнап ақсарбас шалып, соның ішінде Ілияс рухына да Құран бағыштап, басылымның жұмысына одан əрі де табыстар тілеуі шын мəнінде көңілімізді толқытып жіберген еді. Бұдан не байқауға болады? Өмір бойы аттан түспей, ел қабағы мен күн қабағын қоса бағып келе жатқан шаруа адамының рухани болмысының да биік екеніне көз жеткізуге болар еді. Қадырдың: «Рухани биік кісі – ұлттың ұйытқысы», – деген сөзі осындай

 Тағзым

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында белгілі мұрағатшы Сұлтанбек Ысқақовты еске алуға арналған «Еңбегі ерен асыл ер» атты құжаттық көрме ашылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қызметкері.

Еңбек жолын құрылыс саласынан бастаған Сұлтанбек Ысқақұлы – бойындағы біліктілігі мен іскерлігінің арқасында қоғамның қай саласында болмасын жауапты қызметтерді абыроймен атқарған тұлға.

Алматы облысы.

Ауылдаєы арзан отын

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Қазақстанда балама қуат көздерін іздестіру мен пайдала нуды талқылап қана қоймай, оны тұрақты дамыту бүгінгі күнде өзекті мəселеге айналуда. «Күн қуатын қазірден бастап пай далануға болады» – Бұланды ауданының Капитонов ауылдық округіндегі «Журавлевка-1» ЖШС осындай қорытындыға келіп отыр. Біздің планетамыздағы белгілі қуат көздерінің ішінде күн энергиясы «қайта қалпына келтірілетін» энергетикалық ресурстарға жататынын білеміз, яғни мұндай энергия сарқылмайтын энергия көзі болып табылады, дейді олар. Күн сəулесін алу қосымша қуатты қажет етпейді, салмақсыз, дыбыссыз жəне зиянсыз екендігі дəлелденген. Сондықтан, күн энергиясы жаңа мыңжылдықта ең тиімді қуат көзіне айналып отыр. Күн энергиясы суды ысыту үшін қажет отынды 90 пайызға дейін, үйді жылытуға 50 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Күн коллекторы өндіретін арзан энергия «Журавлевка-1» ЖШС басшылығын бірден қызықтырғаны да осыдан. Бұл кəсіпорын

егін шаруашылығымен жəне ірі қара мал өсірумен айналысады. Жобаны іске асыру технологиясын Көкшетау қаласындағы «Полисет» ЖШС қолға алды жəне олар қондырғыларды өздері əкеліп, орнатып беруге міндеттенген. Қондырғыларды орнату жұмыстары күзде басталған, қазіргі кезде жүйе толық іске қосылды. Бүгінгі күні əкімшілік ғимара тына ғана жылу беріліп тұр. «Отынның бағасы жыл сайын өсіп келе жатқанын ескерсек, бұл салаға инвестиция салу өте тиімді болып табылады. Келешекте біз осындай күн батареяларын тікелей өндірісте пайдалануды жоспарлап отырмыз», дейді шаруашылықтың атқарушы директоры Сергей Ковбаса. Бұл жүйе күн коллекторынан, суға арналған бактан, су айдайтын насостан жəне əр желідегі судың қызуын бақылап отыратын датчиктерден тұрады. Оның жұмыс істеу əдісі де қарапайым: күн сəулесі коллекторға түсіп, ондағы қатпайтын сұйықтық антифризды ысытады, ол өз кезегінде бактағы суды жылытып, жылыған су ғимараттағы тізбекті жүйеге жіберіледі. Ақмола облысы, Бұланды ауданы.

 Жемқорлық – індет, жою – міндет

Шертер сыры кґп кґрме Назым БІРІМҚҰЛОВА,

азаматтардың биік ісін көргенде айтылған болуы керек. Əу бастан бойына елжандылық қасиетті терең сіңірген оның осы бір мемлекетшіл қалпының да жылдар өткен сайын шыңдала беруі де ел басқарған азамат үшін керек мінез екенін терең пайымдағанына дəлелдің керегі жоқ еді. Оның осы бір қасиеті Ақсу ауданын сегіз жыл басқарғанда айрықша танылды. Сол бір жылдары ол есігін ашпаған министрлер мен банкирлер қалмаған шығар. Осы өңірдің азаматтары С.Мыңбаев, Е.Қалиев те оның меселін қайтармай, санаса білді. Соның нəтижесінде Ақсу қант зауыты, Матай стансасы қиындық құрсауынан шыққан еді. Былайша айтқанда, бір өзіне 18 елді мекенді біріктірген ауданды басқарудың қандай болатынын көзге елестете беріңіз. Қаншама ұйқысыз өткен күндер мен түндер, тұнжыраған халықтың жүзін көруге намыстанған кездерді айтсаңшы. Қазір осы тірліктің бəрі өз-өзімен орнай қалғандай көрінеді. Сол күндердегі Елбасы командасында болған осындай азаматтардың арқасында бүгінгі жеткен биігімізді де бағамдауды ұмытпасақ екен. Сол күндердегі бейнеті мен зейнетінің нəтижесі сынды Ақсу ауданының құрметті азаматы атанған ол кейінірек Талғар ауданына əкімнің бірінші орынбасары қызметіне ауысқанда сол баяғы тек қана еңбек ету қағидасын да осы өңірге келген соң да жаңаша жаңғыртқан еді. Қай жерде қызметте болса да спортты серік етіп, ел жастарының саламатты өмір салтына айрықша мəн беретін оның сымдай тартылып жүруінің де еш жұмбағы жоқ. Бұл ағамыздың бір заманда «Еңбек резервтері» қоғамы сапында Қазақстанның баскетболдан құрама командасында ойнаған КСРО спорт шебері екенін əрине біреу білсе, біреу білмес. Қашанда менменсуді білмейтін, өзін көрсетуді мақсат етпей, тек қана қарапайымдылық қағидасымен өмір сүретін Қалимолданың бұл қырын айтпай кетуге жəне болмайды. Талғар ауданында көп жылдардан бері «КСРО спорт шебері, еңбек жəне спорт ардагері Қалимолда Байболов» атындағы баскетболдан облыстық турнир өтеді. Биыл да дəстүрден жаңылмай, аталмыш турнир Талғар қаласында 16 ақпанда жалғасын таппақшы. Бұл турнирге жыл сайын облыстан оннан астам командалар қатысады. Азаматты ардақтау деген осы. Бүгінде Бауыржан, Ержан, Сержан секілді ұлдарынан немере сүйіп, өнегелі отбасына айналған Қалимолда ағамыз бен Жамалхан жеңгеміздің өмірінен түйер тағылым, үлгінің жөні бір басқа. Мен оның қашанда елге болсын деп келе жатқан елжанды болмысына қызыға қараймын. Аман бол, ағасы!

Торғай өңірінің дамуына ла йықты үлес қосқан ағамыз Астана өміріне де айшықты қолтаңба қалдыра білді. Əсіресе, оның мұрағат ісін дамытуға қосқан үлесі зор. Астана қаласы Мұрағаттар жəне құжаттамалар басқармасын құруға атсалысып, кейін сол мекеменің басшысы болып тағайындалған ол өмірінің соңғы жылдарына дейін өз ісіне адалдығын сақтап өтті,

мұрағат саласына қатысты бірқатар заңнамалық құжаттар əзірлеуге белсене қатысты. Төрт бөлімнен тұратын көрмеге Сұлтанбек Ысқақұлының еңбек жолына байланысты 70 шақты жеке құжаттары, фотосуреттері, жеке заттары: ордендері мен медальдары қойылды. Шараны ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Əбсеметов өз сөзінде Сұлтанбек Ысқақұлының мұрағат ісін дамытуға қосқан үлесі, адами қасиеттері жайлы əңгімеледі.

Бірлесе кїресу керек Қазақстан 2020 жылы жемқорлық көрсеткіштері ең төмен 60 елдің құрамына енуі тиіс. Бұл халықаралық сарапшылардың жасаған мəлімдемесі. Бұл дерт жайында осыдан мыңдаған жылдар бұрын жазылса да содан бері талай заман өзгеріп, əлем дамуы ілгерілесе де, пара берушілер мен алушылар қатары көбеймесе, азайған емес. Жемқорлық бұл – індет. Себебі, жемқорлық – мемлекетіміздің беделіне, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетіп, заңсыз ақша айналымын тоқтатуға бағытталған іс-қи мылдардың елеулі табыстарға жеткізгендігін Сингапур, Гонконг, Швеция мемлекеттері

дəлелдеді. Бұл мысалдар «дертті» емдеуге болатынын, сыбайлас жемқорлықпен күрес тəсілдерінің бар екендігі жəне принципті əрі жүйелі сипатқа ие болған жағдайда, олардың айтарлықтай тиімді болатынын дəлелдей алды. Осыған сəйкес, қазіргі таңда елімізде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Бұл ретте, Астана қаласы Алматы ауданының төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс атқарылуда, «Нұр Отан» ХДП, прокуратура, қаржы полициясы қызметкерлерімен бірге семинарлар, дөңгелек үстелдер, лекциялар өткізіледі. Басқарма қызметкерлерімен, басшылар тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында күнделікті нұсқаулық жүргізіліп, арнайы журналға тіркеліп отырады. Осылайша біздің ұжым сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте табандылық көрсетіп, еліміздің нығайып, гүлдену жолында, өзіне жүктелген барлық міндеттерді абыроймен атқаруда. Орал ƏБДІРАХМАНОВ, Астана қаласы ТЖД Алматы ауданы ТЖБ МӨББ бастығы.

 Қылмыс пен жаза

Əбілəзовтіѕ əзəзілдігі «БТА Банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Əбілəзов қазіргі күні Швейцарияда жасырынып жүр деген əңгіме тарағалы да біраз болды. Əбілəзовтің өз елі түгілі, енді шет елдердің де бірінен соң біріне қашқаны, Швейцарияға барып жасырынғаны оған қатысты əлі талай былықтың ашылатынын көрсетеді. Ал арада қанша уақыт өтсе де, қандай жағдай болса да «БТА Банктің» өкінішті тағ дыры қазақстандықтар есінен оңай лықпен шыға қоймас. Онда ғы халықаралық дəрежедегі алаяқ Əбілəзов пен оның орасан көп компанияларындағы «достарының» жасаған қитұрқы əрекеттерін енді ешкімнің, тіпті бірде-бір банктің басына бермесін делік. Өйткені, бірдебір адамға осынша қысқа уақыт ішінде соншама орасан қаржыны талан-таражға салып, республика бойынша көлемі жағынан үшінші қаржылық институт болып табылатын банкті тақырға отырғызу қолынан келмейді. Иə, бұл орайда оған жан-жақтан ақшаға қызыққандар қолұшын бермегенде дейміз. Ал ондай «алтын көрсе періште жолдан таяды» дейтіндердің қазір көп болғаны да, арсыз болғаны да енді көрініп жатыр. Ал шындығында, бұдан бұрын да жазылғандай, Əбілəзов соңғы он жыл бойы қолына жинақталған ақпараттық жəне қаржылық қор ларды тек өз еліне қарсы жұмсап келеді. Алаяқтық амалмен жет кілікті қор жинап алып,

өзі нің көтерілуі үшін тұғыр дайындай бастады, бұл үшін оған оның қаржыландырылуындағы небір қулар мен журналистердің көмектесіп те жатқаны бар. Бұған дəлел, соңғы кездегі сараптама көрсеткендей, сот төрелігінен қашқан ол қарсы күресте жалғандықтың барлық амалын қолданып бағуда. Құқықтық аяда жұмыс істей алмайтындығын жəне істегісі де келмейтіндігін көрсетіп, Əбілəзов ашық өтірігін медиа-актив жүйелері арқылы бүркемелеп əлек. Еске сала кетейік, өткен жылы 34 салалық кəсіпкерлер ұйым дары қол қойған хатты қазақстандық кəсіпкерлер қа уым дастығы Қазақстанның, Ре сейдің, Ұлыбританияның жəне Швейцарияның құқық қорғау құрылымдары атына жіберді. Хат мазмұнында өз елінен 10 млрд. долларды ұрлап алған адам əлі күнге дейін бостандықта жүріп алып, сонысымен қоймай, құрметті азаматтар атына үздіксіз жала жабуды жалғастыруда. Əбілəзов кезінде қазақстандықтардың қалтасынан ұрлап алған қаржы дан батыстық баспасөзде өзінің Отанының беделіне нұқсан келтіру үшін миллиондаған доллар төлеуде. Оның қылмыстық қаржысынан Қазақстандағы мемлекеттің беделін түсіруімен жəне өздерінің демеуші ұрыларын мадақтаумен айналысатын бірқатар үкіметтік емес ұйымдар, құрылымы теріс ұйымдар мен бұ қаралық ақпарат құралдары

қаржыландырылады. Иə, Əбілəзовтің қылмыстық жолмен тапқан қаржысы өзінің елін қаралауға жұмсалып жатыр. Бұл орайда Əбілəзовке бағынышты журналистер жалдаушыұрының кескінін суреттей отырып, өздеріне əлемдік қоғамдастық тарапынан ерекше назарды талап етуде. Ал бұл бағыттағы айқайшыл журналистердің саны да аз емес. Алайда, кезінде сыбайлас жемқорлықпен күреске білегін сыбана кіріскен, сөйтіп, енді қылмысы үшін елден қашып жүрген Əбілəзовке өздерінше «жанашыр» болған жандарға қайран қаласың. Бұл адамның олар осыдан бірнеше жыл бұрын немен айналысқанын ұмытып қалған болуы керек. Бірақ Қазақстанда Əбілəзовті əлі ешкім есінен шы ғар ған жоқ. Оның 90-жылдарда Қазақстанның энергетика саласындағы атқарған қызметінен-ақ көп нəрсені аңғаруға болады. 1997-1998 жылдары ол «КЕГОК» АҚ мемлекеттік компаниясын, кейін Энергетика, индустрия жəне сауда министр лігін басқарған. 1997 жылдың шілде айында, «КЕГОК» АҚ президенті қызметіне тағайындалмас бұрын, ол «Айна Ком па ни» деп аталатын ЖШС Қостанай облысындағы «Қостанайасбест» АҚ кəсіпорнын сатып алды. Министр болып тағайындалған соң, Əбілəзов энергетика саласындағы «сенімді адамдарын» пайдаланып, мемлекеттік кəсіпорынның қаржысын

«Қостанайасбест» арқылы өз қалтасына салудың жобаларын құрастыра бастайды. Сөйтіп, көп ұзамай «КЕГОК» акционерлік қоғамы оның алаяқтық амалдары салдарынан 557 665 683 теңге шығынға ұшырады. Осылайша, мемлекеттік қызметкер, үкімет мүшесі, Энерге тика, индустрия жəне сауда министрі бола тұрып, Əбілəзов тек жеке басының ғана мүддесіне жұмыс істеді.

Бірақ бұл заңсыз əре кеттер елеусіз қалған жоқ. 2002 жылдың мамыр айында Мұхтар Əбілəзовке қатысты өткен сот үкімі бойынша ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Со н ы мен қатар, сот Əбілəзовті 557 665 683 теңге көлемінде «КЕГОК» АҚ-қа тигізген шығынын өтеуді міндеттеді. Ал «БТА Банк» бойынша, Мұхтар Əбілəзовтің алаяқтық істері елден шығып, шетел асты. Қазақстандық банктің Мəскеудегі Кутузов даңғылында ғимараттары пайда болды. Бұл ғимарат жөнінде «БТА Банк» АҚ пен «АИСТ» ЖШҚ 2008 жылдың 7 қара шасын да

келісім жасаған. Бұл құжат бойынша, «АИСТ» ЖШҚ 24 миллион долларды несие ретінде «БТА Банктен» алып, Кутузов даң ғылындағы 1464 шаршы метрлік ғимарат пен компанияның 100 пайыз үлесін үш айдың ішінде рəсімдеп, кепілдікке қоюы керек болатын. Бірақ «АИСТ» кепілдікке қою жөніндегі міндеттемелерін орындаған жоқ, ал несиеге алған ақшаны оффшорлық компаниялар арқылы шетел асырып жіберді. Өйткені, несие берілген кезде «БТА Банктің» де, «АИСТ» ЖШҚ-тың да иесі Мұхтар Əбілəзов болатын. Осылайша, Мұхтар Əбілəзов бастаған қылмыстық топ «БТА Банк» пен «Темірбанк» несиелерін өздерінің фирмаларына үлестірген. Яғни, екі банктің қаражатын да, жоғарыда айтқанымыздай, аяусыз шашып талантаражға салған. Осының кесірінен өз қаржылық міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайға жеткен «БТА Банктің» 2009 жылдың ақпан айында банк акцияларының 78,14 пайызын «Самұрық-Қазына» Ұлттық қоры сатып алып, 2 миллиард доллардан астам қаражат құяды. Мұхтар Əбілəзов бастаған 12 адамға қатысты «БТА Банк» пен «Темірбанктің» 560 миллион доллар капиталын жымқырған деген айыппен қылмыстық із қозғалды. Бұған қоса, Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті де іс қозғады. Əбі лə зовке алаяқтық жолмен Ресей де гі «БТА Банктің» 70 миллион доллар активін қолды етті деген айып тағылып отыр. Оның үстіне, ол 2008 жылдың қараша-желтоқсан айларында Ресейдегі «БТА» «Ресей Банкінен» 24 миллиард рубль алып, ол қаражатты валютаға айырбастап,

бір күндік фирмалар арқылы шетел асырған. Оның «Евразия» деп аталатын инвестициялық-өнеркəсіптік тобы «Согаз» сақтандыру тобына «Волна» деп аталатын бизнес-орталығын 140 миллион долларға сатып жіберген. Оның үстіне «БТА Банк-Казань» жаңа иелердің қолына өтіп кетті. Бұл қитұрқы əрекеттердің бəрі Мұхтар Əбілəзовтің Ресейдегі мүлігін жанталаса жан-жақты жол іздеп қорғағанын айғақтай түседі. Əлемге əйгілі «БТА Банкті» 1992 жылдан бері Украина да жақсы біледі. Қазақстандық «БТА Банк» пен «БТА Банк Украинаның» арасында украиналық банктің 39,99 пайыз акциясына қатысты дау өршіді. Қазақстан жағы сатып алған акцияны өз қолында ұстап қалу үшін банктің атын да өзгертпекші болды. ТМД төңірегіндегі салмақты банктердің бірін талантаражға салған Мұхтар Əбілəзовтің кесірінен қазір көршілес елде ұзаққа созылар даулы əңгімелер шығып жатыр. Ал Тұманды Альбионды паналаған Мұхтар Əбілəзовтің өзі «саяси тұтқын» мəртебесін алуға барын салып жүр. Бұл үшін жоғарыда айтылған өзі жалдаған жалған БАҚ арқылы Қазақстан билігінің беделін түсіруге əрекет етуде. Əбілəзовтің жалдамалы бұқа ра лық ақпарат құралдары өздерінің ұры-қожайындары туралы айтамыз деп қате басып, жалған жазып, жазаға ұшырағандары да бар. Оларға сот шешімімен айыппұл да салынды. Алайда, Əбілəзов өзінің бастапқы жасаған қылмыстары үшін еңбекпен түзеу мекемесінде жазасын өтеп шыққан соң ол ақпараттық қолдаушыларының біразынан айырылды.


Көкейкесті

Балыќтыѕ «баєы» ќашан жанады? Елімізде балық шаруашылығын дамыту 2007-2015 жылдарға арналған бағдарлама негізінде қолға алынды. Бір адамға 14,6 келі балық деп тұжырымдаған Үкімет балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзуді көздеп отыр.

Қолдағы дерек көздері бойынша, Қазақстанда Каспий теңiзiн қоспағанның өзінде су тоғандарының жалпы ауданы 5 миллион гектар шамасында. Республика су тоғандарында тауарлық балық өсiру көлемi 1970 жыл мен 1990 жылдар аралығында 0,6 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейiн өстi немесе 14,2 eceгe дейiн артты. Тауарлық балық өсiру бойынша мұндай өсу қарқыны кезінде кеңестік республикалардың бiрдебiрiнде болмаған екен. Мысалы, Балқаш көлiнде 1 гектардан 3-тен 5 келіге дейiн балық ауланса, ал тоған шаруашылығында бұл көрсеткiш 1,5 мың келіден 1,8 мың келіге дейiн жеткен кездер болыпты. Мамандар 1990 жылдан бастап 2004 жылға дейiн балық аулау көлемi 80,9 мың тоннадан 36,6 мың тоннаға дейiн күрт төмендеп кеткенін айтады. Егер статистиканы сөйлетер болсақ, 2005 жылы балық қорларын қорғау жəне оңтайлы пайдалануға бақылауды күшейту нəтижесiнде республиканың су тоғандарындағы жалпы балық аулау көлемi 2004 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға артқан жəне 44,9 мың тоннаны құраған. Демек, еліміздің түрлі аймақтарында тауарлы балық өндірісін өркендетуге мүмкіншілік бар. Мəселен, 2012 жылы бізде 300 тонна тауарлық балық өсірілсе, 2025 жылға дейінгі аралықта оның мөлшерін жылына 50 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Əсіресе, əлемдік тəжірибеде мойындалған балық өнімдері өндірісін акваөсірудің есебінен арттыру, яғни балық қорын жасанды түрде көбейту қолға алынуда. «Акваөсіруді өркендету – бүгінгі күннің талабы. Бұл бəсекеге қабілетті өнім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, балық түрлерін жасанды жолмен өсіру табиғи таралымды аулау көлемін азайтады. Бұл өз кезегінде биоалуандықты сақтап қалуға септігін тигізеді», дейді Балық шаруашылығы комитеті акваөсіруді дамыту басқармасының бастығы Қадырбек Исқалиев. Біздің білуімізше, бүгінде Балық шаруашылығы комитетінің қарамағында жеті республикалық мемлекеттік-қазына шылық кəсіпорын жұмыс істейді.

Құқық қорғау қадамдары

Азаматтыќ іс саны артып, ќылмыстыќ іс кеміген Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Тілекгүл ЕСДƏУЛЕТ.

Олар: Атырау облысындағы Еркінқала ауылындағы Атырау бекіре өсіру зауыты, Зарослый кентіндегі ЖайықАтырау бекіре балық зауыты, Алматы облысы Шалқар поселкесіндегі Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы, Қызылорда облысы Қосжар ауылындағы Қамыстыбас балық питомнигі, Петропавл қаласындағы Петропавл балық питомнигі, Ақмола облысындағы Майбалық балық питомнигі жəне Алматыдағы Қазақ өндірістік-акклиматизациялық стансасы. Бұл кəсіпорындар жыл сайын еліміздің балық шаруашылығы су айдындарын бекіре, албырт, тұқы жəне өсімдік қоректі балықтың құнды түрлерімен байытқан. 2012 жылы балық өсірушілер табиғи ортаға 160 млн. дана құнды балық түрлерінің шабағын жіберіпті. Сонымен қатар, жеке меншік кəсіпорындармен қордағы су айдындарында 6,3 млн. дана балықтың құнды түрлерін (сібір бекіресі, сүйрік, тұқы, сазан, дөңмаңдай, ақ амур) өсіру жөнінде келісімдер жасалып жатқан көрінеді. – Тұрғындардың балықты тағам ретінде пайдалану көлемін жылына бүгінгі 5 келіден 10 келіге дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Біз өзіміздің табиғи қорларымызды да қолдап отыруымыз керек. Балықтың уылдырық шашатын уақытында оларды аулауға тыйым салудың мерзімін ұзарту арқылы да балықтың табиғи жолмен көбеюін де естен шығармауға тиіспіз, – дейді Қазақ балық шаруашылығы институтының бас директоры Қуаныш Исабеков. Жоғарыда айтқанымыздай, қазіргі күні елімізде мемлекет қамқорлығын сезініп отырған халықаралық талапқа сай салынған жеті зауыт бар. Сонда да болса, ішкі рынокты толық балық жəне балық өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік болмай тұр. Көксерке мен бекіре тұқымына біржола

жойылып кету қаупі төнген. Кезінде «республика флагманы» атағымен дүркіреген «Атырау балық» АҚ-тың жұмысы тоқтап қалды. Ал «Балқашбалық» ЖШС директоры Ахат Құспаевтың айтуынша, «Біздегі балық шаруашылығы бүгінде өгей баланың күйін кешіп отыр». 30 жылдан астам уақыт судан «маржан терген» балықшы өз шаруашылығының балық аулау, сату, өңдеумен айналысатынын айта келіп, мемлекет тарапынан ешқандай квота, лимит дегенді алып көрмегенін, сонда да болса, өзен сағалаған халықты азын-аулық жұмыспен қамтып, өз күндерін өздері көріп отырғандарын жеткізді. Дəрігерлердің есебіне сəйкес, азық-түлік нормасы бойынша əр адам жылына 14 келі балық жеуі тиіс. Осы стандартпен алатын болсақ, ел тұрғындарын балық жəне балық өнімдерімен түгелдей қамту үшін 230 мың тоннадай балық өндіру қажет. Сондықтан, еліміз импортқа тəуелді. Негізінен балық жəне балық өнімдері Қазақстанға əлемнің 43 елінен, əсіресе Ресей, Норвегия жəне Қытайдан көптеп тасымалданады. Дүкен сөрелері толған шетелдік өнім. Бағасынан бас айналады. Мəселен, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің дерегінше, 2011 жылы Ресейден 9007 тонна, Норвегиядан 25062 тонна, Латвиядан 6496 тонна, Вьетнамнан 4691 тонна, Эстониядан 2454 тонна, Қытайдан 2774 тонна балық өнімдері əкелінген. Керісінше, елімізде ауланып, өңделетін балықтың 60%-ы экспортқа кетіп жатыр. Сондай-ақ биылдан бастап, бұрын Еуроодаққа балық жəне балық өнімдерін эспортқа шығарып келген 6 өңдеуші кəсіпорын тағы 4 өңдеуші кəсіпорынмен толықты. Өз ернімізге жетпестен, өткен жылдың қазан айынан бері еуроаумаққа

біздің елден 3 мың тонна балық өнімдері экспортталыпты. Ресми дерекке сүйенсек, соңғы үш жылда елімізден 40 тонна бекіре тұқымдас балық, 10 тонна қара уылдырық шетке шығарылыпты. Балықшылар болса «бұл есеп тура емес, одан да көп» дейді. Қара уылдырықтың «көлеңкелі бизнесі» 92 пайызға жетіп жығылыпты. Елімізде өндірілген уылдырықтың 85 пайызын тек АҚШ сатып əкететін көрінеді. Балық өсіруге қолайлы су көздері мен жасанды су айдындары жағынан алғанда ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі орындамыз. Табиғаты жан-жануарлар мен аң-құсқа бай қазақ даласы «балығы тайдай тулаған» өзен-көлдерден де кенде емес. Көгілдір айдынында балықтың 127 түрі бар болса, оның 18 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Десек те, соңғы жылдары айдындардың ластануы салдарынан балықтар да өсімін азайтқан дейді мамандар. – Балық шаруашылығын дамыту үшін, ең алдымен, су мəселесін шешуіміз керек. Екіншіден, сол суларға балық жіберу қажет. Үшіншіден, балығы бар өзенкөлдерге қамқорлық жасалуы тиіс. Қазір елдің бəрі балығы бар көлдерге шүйлігеді. Бірақ оны мемлекетке салығын төлеп отыратын адамдар алады. Дегенмен, кейде осы салада заң бұзушылықтар болып тұрады. Бізде екі-үш адамнан бірігіп, қуыстардағы кішігірім бір көлдерден балық аулау арқылы күн көріп жүргендер бар. Олар болашағын ойлап жүргендер емес. Сондықтан да ұйымдастыру жұмыстарын мықтап қолға алған жөн, – дейді Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Ихтиология зертханасының меңгерушісі Хисмет Исмуханов.

Статистикалық мəліметке сүйенсек, былтырғы жылы Алматы облыстық сотына келіп түскен азаматтық істер саны 27 пайызға артқан. Есесіне ел Тəуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты күшіне енген рақымшылық туралы заңына жəне Қылмыстық кодекстің 67-бабына сəйкес сотта қаралатын қылмыстық істер саны кеміген. Бұл туралы Алматы облыстық сотының былтырғы жылды қорытындылаған баспасөз мəслихатында айтылды. Оны Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Нұрділлə Сеитов ашып, «Елбасы «Қазақстан-2050» Стра тегиясы – қалыптасқан

«Зырян-Майќапшаєай» темір жолы мен «Ќызыл ту» автокґлік кґпірі ќўрылысын бастайтын уаќыт жетті «Егемен Қазақстан».

Міне, осы сауал Кенді Алтай тұрғындарын ұзақ уақыт бойы толғандырып келеді. Өңірдің оңтүстік төрт ауданында темір жол қатынасы жоқ. Тіпті кешегі Кеңес дəуірі кезінде өлкенің табиғаты тамылжыған КатонҚарағай, Зайсанға пайдалы да кірісі мол шойын жолды тарту жөнінде ұсыныс түскенімен, пайдасы жоқ деген желеумен кейінге ысырыла берген. Енді ше? Елбасының қолдауымен елімізде туризмді қолдауға барлық жағдай жасалып келеді. Катон-Қарағайда бұл күндері пантымен емдейдін онға тарта шипажайлар жұмыс істеп тұр. Жанға сая, жан-жағын биік таулар мен өзендер қоршаған атақты Рахман қайнарына бір шомылудың өзі арман. Оның емдік қасиеті жайлы талай аңыз бар. Ал Зайсаннан көмір мен мұнайдың, газдың мол қоры табылды. Қазір ауданның 24 елді мекеніне газ құбыры жүргізіліп жатыр. «Елім-ай» деген компания мұнай игеруді бастап кетті. Демек, «Зырян-Майқапшағай» темір жолы арқылы КатонҚарағай мен Зайсанға топ ете түсу мүмкіндігі тумақ. Майқапшағай кедені Зайсаннан 60 шақырым, арғы жағында көрші Қытайға Қазақстанның тауарларын апаруға, тіпті Оңтүстік Азия елдеріне барыс-келісті жақсартуға болады. Аталмыш темір жолдың салынуына Ресей де қызығушылық туғызып отыр. Қазақстан арқылы көршілер де сауда-саттықты қыздыратыны сөзсіз, ал олардан бізге түсетін қаржы да қомақты болмақ. Жақында Шығыс Қазақстан облысына Үкімет басшысы Серік Ахметов жұмыс сапарымен келген кезде көрме залындағы аталмыш екі құрылыстың картасымен танысты. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев мына жайларды келген

Алматы облысы.

Ќылмысты ќала Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

2012 жылы облыстың қадағалау органы бақылаған жайлар мен жүргізген жұмыстарды саралап, қылмыс пен заң бұзушылыққа байланысты облыс өңірінің былтырғы көрінісін көз алдымызға елестетсек, жан шошиды. Былтыр облыста 23109 қылмыс тіркелген, бұл алдыңғы 2011 жылмен салыстырғанда 50 пайызға көп деген сөз. Қостанай облысы халқының саны əлі миллионға жеткен жоқ. Бірақ өткен жылғы тіркелген қылмыстың көрсеткіші жағынан Қостанай тұрғындарының саны миллионнан асып кеткен облыстарды артқа тастап, төртінші орынға көтеріліп тұр. Тіпті қылмыстың индексіне қарасақ, Қостанай қаласы Астана, Алматы сияқты ірі орталықтардан кейін үшінші орынға шығыпты. Егер елімізде əр он мың тұрғынға 264 қылмыстан келсе, Қостанай қаласында көрсеткіш əр он мың тұрғынға 521-ден келеді. Бұл республика бойынша қылмыстың ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі. Сондай-ақ, облыс орталығынан

Тґте жолдыѕ тиімділігі мол Іскерлік байланыс арта береді қонақтардың қаперіне салды. – Бұл маңызды мəселе. Облыс тағы төрт ауданның жəне Ресей мен Қытайдың экономикасы осыған байланысты десек, қателеспес едік. Көлік жəне коммуникациялар министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ тарапынан да қолдау болмақ. Тиісті мекемелерге аталмыш жоба бойынша бізбен бірлесіп жұмыс істеуге тапсырма беруіңізді сұраймыз, – деген еді өңір басшысы облыс активімен кездесуінде. «Зырян-Майқапшағай» шойын жолының қашықтығы – 480 шақырым. Оған 180 миллиард теңге қажет. Өңір басшысының пайымдауынша, бұл жобаға бюджеттен керемет үлкен қаражат қажет емес сыңайлы. Қазіргі кезде техникалық-экономикалық негіздеме облыстық қазына есебінен жасалып жатыр, ал «ғасыр құрылысын» инвесторлар қаржыландырамыз деп құлшынып отыр. Бірақ, осы жерде мына бір мəселені есте сақтау керек. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын «Өскемен-Шар» темір жолы ның құрылысы басталды. Ол кон цессиялық негізде салынды. Бұл жол Алматы мен Астанаға дейін уақытты 8-10 сағатқа қысқартуы тиіс болатын. Үш жылдан асты жолаушылар Алматыға 23 сағатта баратын болды. Бұрын Ресей арқылы 34 сағат жүретінбіз. Ең өкініштісі, «Досжан темір жолы» компаниясы жіберген кемшіліктер салдарынан Астанаға төте жету əлі күнге шешілмей келеді. «ҚТЖ» «Өскемен-Шар» арқылы Астанаға жеткізетін жолды қабылдауға асығар емес. Себебі белгілі, шойын жолды салу кезінде көптеген кемшіліктер орын алған. Енді зардабын жолаушылар тартып келеді. Бұған кім жауап берер екен? Маңызды құрылыстың бірі – шалғайдағы Марқакөл мен

мем ле кеттің жаңа саяси ба ғыты» атты Жолдауында елі міздегі сот жүйесінің алдына қойылған міндеттерді атап, алда ғы атқарылатын істерге тоқтал ғаны мəлім, осы орайда біз де төл міндетімізге сай Же тісу же рінде сот төрелігінің сапалы лығына, заңдылықтың сақталуына, нəтижелілігіне жəне сот қызметін жетілдіре түсуге бар күшжігерімізді жұмсаудамыз» деді. Қорыта айтқанда, бүгінгі қоғамда белең алып бара жатқан бір проблема ата-аналардың бейкүнə сəбилерді тастап кетулері, балаларының қауқарсыз əкешешеге қол жұмсауы секілді мəселелерге орай журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға судьялар жауап берді.

кейін Рудный қаласы, шалғайдағы Денисов, Қарасу, шекараға жақын жатқан Жітіқара, Қарабалық жəне Қостанайдың іргесіндегі осы аттас аудандарда қылмыс деңгейі тіптен жоғары. Бұл көрсеткіштер еліміздегі өндірісті қалалардың өзін артқа тастайды. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстың саны екі есе көбейген, əр төртінші қылмысты ішімдік ішіп, масаң қалыптағы адам жасаған, ал əр үшінші қылмыс бұрын сотталған адамдарға тиесілі. Пəтер тонау 46 пайызға өскен. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда азаматтардың қару қолдануының жиілеуі де алаңдатады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға өскен. Ал анықталған коррупциялық құқық бұзушылықтың саны жөнінен де Қостанай алдына қара салмай тұр. Өткен жылы облыста сыбайлас жемқорлық сипатындағы 112 қылмыс тіркелген. Осылайша көңіл құлазытар көрсеткіштер бола тұра облыста қылмыстың ашылуы 15 пайызға төмендеген. Енді бұған не амал бар? ҚОСТАНАЙ.

Достық дəнекері

Толғандырар тақырып

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

7

www.egemen.kz

14 ақпан 2013 жыл

Күршімге барар жолдағы «Қызыл ту» өткелі арқылы салынатын көпір. Қазіргі кезде аталмыш аудандарға жолаушылар мен жүк паром арқылы өтеді. Ал паромның қатынауында көптеген «əттегенайлар» бар. Міне, ұзақ жылдар болды, жазары мен айтары қалмаған өткелдегі көпір салу өңір басшысы Б.Сапарбаевтың назар аударуы нəтижесінде шешімін табатын түрі бар. Үкімет басшысы С.Ах метовтің Кенді Алтайға сапары кезінде бұл мəселе қозғалды. Жобаға кореялық «РОSCO EGC» фирмасы инвестор болмақ. Таяу күндері жобалау жұмыстары жүргізілмек. Жаңа көпір əлеуметтік жоба. Егер көпір пайдалануға берілсе Үлкен Нарын мен Күршімге, тіпті, Зайсан арқылы Тарбағатайға шығып кетуге жағдай жасамақ. Көпір құрылысына 15 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл тіпті Семейдегі жапондар салған, ашылу салтанатына Елбасының өзі қатысқан аспалы көпірден де ұзын болмақ. Техникалықэкономикалық негіздемені əзірлеу үшін 120 миллион теңге, жобалаусметалық құжаттамаға 600 миллион теңге жұмсалмақ. Корея жағы құрылысқа қызығушылық танытуда. Ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан көпір іске қосыла қалса ел экономикасы артып қана қоймай, Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырма орындала бермек, дейді көпір құрылысы жайлы Үкімет басшысы С.Ахметовке түсініктеме берген Евгений Ан мырза. Кенді Алтайда үстіміздегі жылы да бірнеше серпінді жобалар жүзеге аспақ. Ал таяудағы бірнеше жылда 633 миллиард теңгенің 39 жобасы іске қосылмақ. Оның бірнешеуі пайдалануға берілді. Шығыс Қазақстан облысы.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Мұнайлы Атырауға Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Кэролин Браун келді. Өңір басшылығымен кездесу барысында келешекте облыстың экономикалық дамуына септігін тигізер оң қадамдар, екі ел арасындағы бірлескен мұнайгаз жобалары талқыланды. Елші экономикасы қарыштай дамуымен əлеуеті жоғарылаған Атыраудың перспектикалы жоспарларына қызығушылық танытты. Өйткені, бұл – елшінің Атырауға алғашқы сапары.

–Ұлыбритания – еліміздің өзге аймақтарына қарағанда Атырау облысымен тығыз қарым-қатынас орнатқан, бірнеше жобамызға қатысып келе жатқан мемлекет. Жыл өткен сайын əріптестігіміз де артып келеді, –деп атап өткен облыс əкімі Б. Ізмұхамбетов, сонымен қатар, Мемлекет басшысының Үкіметке жүктеген тапсырмасына орай облыста мұнай-газ саласын өркендетуге ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді. Осы жылы еліміздегі алып кеніштердің бірі – Қашаған алғашқы мұнайын береді. Мұны əлем күтіп отыр. Ал Қазақстандағы тұңғыш газ-химия кешені Атырау облысында салынады. Сондайақ, индустриялық-инновациялық даму кеңістігін

ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру жұмыстары көзделіп отыр. Тек мұнай саласында ғана емес, ауыл шаруашылығын дамытуға да назар аударылып, биыл бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асады. Бүгінде Атырау өңірінде Ұлыбританияның үлескерлігімен 81 кəсіпорын жұмыс жасайды. Ал кедендік статистика мəліметіне сүйенсек, былтыр Атырау облысы мен Ұлыбритания арасындағы сауда айналымы 593,6 млн. АҚШ долларына жеткен. Ұлыбританиядан жеткізілген импорттық тауарлар көлемі 212,9 млн. АҚШ долларын құраған. Кездесуде білім беру саласы, атыраулық жастардың Ұлыбританияда білім алуы жөнінде де келелі əңгіме өрбіді. АТЫРАУ.

«Бейбарыс» балаларыныѕ ќуанышы (Соңы. Басы 1-бетте). Мұндағы мектептің іргесі 1938 жылы қаланып, бір бөлмелі шатырда алғашқы оқушылар дəріс алыпты. Кейін 1946 жылы орта мектепке айналған білім ұясында 67 мұғалім 547 оқушыны ілімбілімге баулып келеді. Бұл мектептен қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан белгілі ғалым Зұлқарнай Алдамжаров, экономика ғылымдарының кандидаттары, бүгінде Ресей астанасында Виктор Ким, Александр Кан секілді түлектер білім алған. Қазір мектептің 47 оқушысы үздік білімімен танылып жүр. Алайда, мектептің ескі ғимараты апатты жағдайда екендігіне ұйғарым жасалған. Сол себептен жаңа мектептің құрылысы басталғанда «Бейбарыс» ауылының үлкен-кішісі бірдей қуанды. Əсіресе, «Бейбарыс» балаларының қуанышында тіптен шек болмады. Енді міне, таяуда 300 оқушыға арналған жаңа үш қабатты ғимарат пайдалануға берілді. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың заман талабына сай білім алып, тəрбиеленуіне баса мəн беріп келеді. Бұл мəселені «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айрықша атап өтті, – деді жаңа мектептің ашылу салтанатына қатысқан өңір əкімі Бақтықожа

Ізмұхамбетов. – Еліміздің əр өңіріндегі секілді Атырауда да əлеуметтік нысандардың бой көтеруі жалғасады. Пайдалануға беріліп отырған бұл мектепте сондай игілікті істің бір көрінісі. Махамбет аудандық құрылыс бөлімінің бастығы Наурызбай Иман ғалиевтың айтуынша, жаңа нысан құрылысын жүргізу ба ры сында ауыл адамдары да ең бекке тартылыпты. Құрылыс бұйымдарының барлығы жергілікті өндірістің өнімінен алынған. Бұл мектеп құрылысын бір жылда бітіруге септігін тигізіпті. Тек мектепке қажетті жиһаздар ғана Ресейден тасымалданыпты. Ал мектеп директоры Оралбай Өтебаевтың мəлім

еткеніндей, жаңа мектепте 5-11 сынып оқушылары оқиды. Əзірге бастауыш сынып оқушылары бұрынғы ғимаратта оқи бермек. Жақсыны көрмекке əркім де ынталы. Сыртқы сəулетіне ішкі үйлесімі сай келген жаңа мектепте бəрі бар: кең спортзал, акт зал, асханаларды айтпағанда, мұнда ауыл балаларының əр пəнді жетік меңгеруіне қажеттінің болғанының өзі неге тұрады! Мəселен, оқушылардың компьютерді меңгеруі үшін Интернет желісіне қосылған екі кабинет жасақталған. Ал химия, физика, биология пəндері өтетін кабинеттер жанында зертханалық бөлмелер түрлі приборларға, микроскоптарға толып тұр. Бəрі

де жаңа, оқушылар да, ұстаздар да қызықтап жүр. – Химия, биология жəне физика кабинеттерінде зертханалық жəне практикалық жұмыстар өткізу үшін барлық жағдай жасалғанына қуаныштымыз. Мұнда əртүрлі микроскоптар, муляждар, приборлар бар. Бұрын бізде мұндайлар болмаған еді, – дейді мектеп ұстаздарының бірі Сəния Тағиева. – Енді оқушыларымыз əр пəнді терең білуде, білімін теориялық тұрғыдан ғана емес, тəжірибе жасау арқылы көтереді. Біздің оқушыларымыз еліміздің ең білімді азаматтары болады деп сеніммен айта аламыз. Ұстаздарының сенімін ақтағысы келіп жүрген оқушылардың бірі 9-сыныпта оқитын Əсем Бақтығалиева «Жаңа мектебіміз ұнады. Бұдан былай теориялық білімімізді түрлі зерттеулер жүргізіп, тəжіри бемен ұштастыратынымызға қуанып тұрмын. Бұрын бізде мұндай микроскоптар, приборлар болмаған еді», дейді қуанышын жасыра алмай. Бұл күні мектептегі оқушының бəрі қуанып жүрді. Бəрінен баланың қуанғанына не жетеді?!. Атырау облысы, Махамбет ауданы. ––––––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.


8

www.egemen.kz

14 ақпан 2013 жыл

ШАРАЙНА

 Теледидар терезесі

Əлем жаѕалыќтары

Заманға сай жаңғырған Қазақ елінің жетістігі əлемдік қауымдастықта да мойындалған бүгінгі таңда өзге салаларымыз секілді ұлттық теледидар да бір белесті артқа тастады, жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Сандық технологияға аяқ басты. Оның үстіне, тəуелсіздік алған 90-жылдарда елімізде бірлі-жарым ғана республикалық арна болса, бүгін жағдай өзгерді, бəсекелестік орта қалыптасты. Əттеген-айы, бертінге дейін бұл арналарда ұлттық құнардан тамыр алған таза отандық өнімдерді ұсыну жағы кемшін түсіп жатты. Бірі шетелдік туындыны тұтас көшіріп көрсетсе, бірі өзгенің өнімін өз өлшемімізге екшеп, ұлттық менталитетімізге икемдеп беруге тырысты. Əрине, болмысы қазақы, басқа елде баламасы жоқ бағдарлама жасауға талпынған, бірі сəтті, бірі сəтсіз жобалар да жоқ емес. Сондай отандық өнімдердің бірі – тəуелсіздігіміздің 21 жылдық белесінде «Хабар» телеарнасынан көрерменге жол тартқан «Аймақтар аламаны» жобасы.

Конгреске жолдауын жариялады АҚШ президенті Барак Обама Конгреске жыл сайынғы жолдауымен шықты. Жолдау тақырыбы «Елдің жағдайы туралы» деп аталады. Бұл АҚШ президентінің қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы жолдауы болып отыр. Жолдаудың басты тақырыптары экономиканы дамыту мен жұмыс орындарын құруға негізделген. Атап айтқанда, президент əлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру қажеттігін атап көрсеткен. Мысалы, ол елдегі ең төменгі жалақы сағатына 9 долларды құрауы керектігін көлденең тартты. Бұған елдің шамасы жететінін атап өтті. Б.Обама сондай-ақ, Конгреске атыс қаруына бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныспен шықты.

Аборигендер байырєы тўрєындар Австралия парламентінің төменгі палатасы аборигендерді елдің байырғы тұрғындары деп тану туралы заң жобасын қабылдады. Құжатта аборигендердің Австралия тарихындағы ғажайып та ерекше орны мойындалады.

«Аймаќтар аламаны» – ґнер мерейін їстем еткен тґл жоба

Облыстардың сайысы ретінде ұйымдастырылған «Аймақтар аламаны» жобасы тəуелсіздіктің төл туындысы болып отыр. Əлеуметтік-экономикалық дамуын жолға салып, етек-жеңін жиған елдің тойы іспеттес бұл бəйге, ең алдымен, сауын айтылған 14 облыстың мəдениеті мен өнерінің аяқ алысын байқауға мүмкіндік береді. Айта кетерлік бір жəйт, жаңадан ашылып, пайдаланылуға берілген «Қазмедиа орталығының» жаңа техникасын сыннан өткізгендей болған бұл бағдарлама заманауи сапамен, озық технологиямен түсірілген қазақ телевизиясының алғашқы туындыларының бірі. Оған қатысушылар əн мен биден, қазақ күресінен сайысады. Тағы бір аталым дарындылар додасы деп аталады. Яки əр қатысушы өз беделі үшін ғана күреспейді, аламанға тұтас бір облыстың аманатын арқалап келеді. Жобаның бір ерекшелігі, бұрын-соңды ұйымдастырылған жарыстарға облыс делегаттары тек жекелеген өнер саласы бойынша ғана қатынасатын əрі құраманың жекелеген мүшелері көрсеткен өнеріне қарай келесі айналымға өте алатын. Ал, «Аймақтар аламанында» топтық мүддеге басымдық беріліп отыр. – «Аймақтар аламаны» – халықтың көңілінен шығатын нағыз керек жоба деп ойлаймын. Өйткені, қазақ халқы өзі өнер бəйге десе, ішкен асын жерге қояды, – деді осы жобаға төрелік еткен қоғам жəне мемлекет қайраткері Светлана Жалмағамбетова. Бізде облыстардың мəдениет, өнер салаларындағы бəсекелестігі дамымаған. Республикалық деңгейдегі шараларға көп көңіл бөлінеді де, ауыл-аймақтағы өнер ұмыт қалып жатады. Мысалы, облыстардың көркемөнерпаздарының соңғы рет қашан Астанаға келіп, есеп беру кешін өткізгені есімде жоқ. Өз басым «Аймақтар аламаны» – ел арасындағы таланттарды табуға көмектесетін, керек жоба деп есептеймін. Небір таланттарды көрдік. Менің ең бір қуанғаным, аса сүйсініп көргенім – павлодарлық Амангелді Қожанов. Естайдың əндерін нақышына келтіріп, керемет орындады. Амангелдіге жанкүйер болғаным соншалық, облыс əкіміне хабарласып: «Осындай керемет əншілеріңіз бар екен, пəтерсіз жүр екен, ауылдан Павлодарға келіп бірнеше жыл жұмыс істеп жатыр екен, қолдасаңыздар», – деп өтініш айттым. «Аймақтар аламаны» шын мəнінде ел ішінде жүрген таланттарды тануға, оларды халықтың алдына шығаруға қомақты үлес

қосуда. Жобаға қатысушылардың басым көпшілігі – əлемінің табалдырығынан жаңа ғана аттаған жастар. Белгілі театр сыншысы Əшірбек Сығай: «Мұндай жарыстардан бір саф талантты тапсақ – соның өзі үлкен табыс», деген еді. Аталмыш жобада екінің біріне жалын сипата бермейтін бұла өнердің уызына қанған бірнеше ұл-қызды көрдік. Мəселен, Павлодардан келген Амангелді Қожанов. Қою қоңыр даусы домбыраның күмбірімен көмкеріліп, Естайдың əніне басқанда, бүгінгінің серісі дерсің. Ақмола облысының абыройын қорғаған жас əнші Фархад Сағымбаев тың да сахна сəніне айналатынына сенгіміз келеді. Алматы облысынан келген отбасылық бишілер Бекзат пен Гүлжанның жұбын да ерекше атап өту лəзім. Сондай-ақ, Аты раудың аруы Назгүл Жүсіпованы, маңғыстаулық «Жорға» би тобы мен Батыс Қазақстанның «Назеркесін» атап айтсақ болады.Олардың бəрі де «Аймақтар аламаны» жобасына ғана емес, қазақ би өнеріне тың ізденіспен, өз қолтаңбаларымен келген бишілер. «Аймақтар аламаны» дер кезінде ұйымдастырылған, өз өңірінде ғана жүріп қалған өнерпаздардың бір-бірін көруіне, өзара тəжірибе алмасуына, бір-бірін сынауына, жақсылығын үйренуіне септігін тигізген бағдарлама болып отыр. Бұл – белгілі хореограф, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртісі Тойған Ізімнің пікірі. – Мен өзім сахнада 27 жыл биледім. Өзімнің өнерде жүргендегі түйген ойым – өнер адамына қамқорлық өз деңгейінде болмаса жақсы нəтижеге жету қиын, – деді ол. – Осы жолы да жалпы бағада төмен деңгейде өнер көрсеткен облыстар болды. Тіпті, қатысушыларды ортаға шақырғанда 4-5 адам ғана шыққан облыстар да кездесті. Олардың жанында жанашыр боп, ұйымдастырып жүрген жанды да көре алмадық. «Кімді жібердік, оның деңгейі қандай болды?» деген сұрақтарға өздері жауап іздеулері керек сияқты. Осындай «əттеген-айлар» орын алғанымен, бұл жобаның көп жақсылықтары болды. Көптеген жақсы би ұжымдары, жеке орындаушылар бар. Мəселен, Атыраудан келген Назгүл Жүсіпованы айтар едім. Жоғары деңгейлі сахналарда өнер көрсететін дарыны, мүмкіндігі бар екені көрінді. «Аймақтар аламанына» қатысқан бишілердің əр қимылын қалт жібермеген Тойған Оспанқызының бұл пікірін қазылар алқасының тағы бір мүшесі, қазақтың əнші

қызы Қарақат Əбілдина да қуаттайды. Бүгінде дəстүрлі əн мен эстрадалық бағытты қатар алып жүрген маман ретінде əн сайысында кесімді сөзін айтқан Қарақат бұл жобаның бүгінгі қоғам үшін, өнердің дамуы үшін өте қажеттігін жəне дер кезінде қолға алынғанын айтады. – «Аймақтар аламаны» жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеуге, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруге, елді рухтандыратын, сапалы патриоттық əндердің дүниеге келуіне көмектеседі деп ойлаймын, – деді Қарақат. – Жоба əр аймақтың дəстүрлі əн мектебін кеңірек танытуға да жағдай жасап отыр. Мəселен, Қызылорда облысынан келген Марат Сүгірбай əнін қобызбен сүйемелдеп, «Сыр елі – жыр елі» екенін тағы бір дəлелдеді. Əр облыстың атынан аламанға қосылған əншілер мен бишілерден, бура тірсек балуандардан бөлек, дарындылар додасында бақ сынаған қатысушыларды да ерекше атап өтуге болады. Ел арасында ермекке айналған ерекше өнер түрлерінен композиция құрап, кəсіби өң берген өнерпаздар бұрын көгілдір экраннан көріну үшін өзге елдің телеарналарын жағалаған болса, бұл жобада назардан тыс қалмаған. «Отқа салса – жанбайтын, суға салса – батпайтын», бойын бұла күш буған жігіттер шыны шайнап, тас талқандап, найзаға қасқайып қарсы тұрады. Кəрі-жасы, қыз-жігіті аралас көрерменді қызыққа бөлеуде. Өзгеге тамсанып жүріп, өз арамызда талай дарынның жүргенін байқамаппыз. – Осындай мəдени шараны өткізу біздің қазағымызда бұрыннан бар нəрсе – дейді Əшірбек Сығай. – Мəселен, 1934 жылы алғашқы қазақ өнерпаздарының слеті өтті. Содан біз көп өнерпаздарымызды алып қалдық. Көбін атамай-ақ қояйын, жалғыз Ғарифолла Құрманғалиевтің өзі неге тұрады! Мұхиттың əндерін орындауда Ғарекеңнің алдына түсетін əнші қайда. Əлі күнге дейін орны толмай келеді... Меніңше осындай жиындар, осындай есеп берулер, бəсекелердің өтіп тұрғаны өте жақсы. Оған теледидардың мүмкіндігі зор. Бір облыспен екінші облыс сайысқа түсіп, олардың өнерін бүкіл Қазақстан тамашалап жатса, ештеңеден ұтылмаймыз. 90-жылдардың өзінде-ақ қазақ теледидарының тарихында тың бастамаларымен, оқшау ойларымен өз имиджін қа лыптастырған «Хабар» арнасының кезекті жобасы да көрерменін тапты. Ұрпақ тəр биешісі – теледидар болған бүгінгі қоғамның мұндай бағдарламаларға сусап

Заң жобасы аборигендерді елдің байырғы тұрғындары деп тану туралы конституцияға түзету енгізу үшін референдум өткізу жолындағы маңызды қадам болып отыр. Кейбір бағалаулар бойынша, Австралияға ағылшындар аяқ басқан 1788 жылдары материкте 1 миллион шамасында аборигендер тұрыпты. 1921 жылы олар 60 мыңға дейін азайған. Қазір ел халқының саны 22 миллион адамды құраса, аборигендер шамамен 500 мыңдай делініп отыр. Олар 1967 жылдан бері сайлауға қатысу құқына ие.

Кґлеѕкелі экономикасы – ІЖҐ-ніѕ 46%-ы Ресейдің көлеңкелі экономикасы 1994-2011 жылдары ел ІЖӨ-сінің 46%-ын құраған. Бұл туралы АҚШ-тың зерттеу институтының баяндамасында айтылады. Зерттеушілер аталған кезеңде Ресейден 211,5 миллиард доллар заңсыз шығарылғанын көлденең тартады. Экономикаға заңсыз құйылған ақша 552,9 миллиард доллар болыпты. Бұл қаржылар бірінші кезекте есеп-фактураларды ұсынған кезде деректердің бұрмалану жолымен түсіпті. Ал елден шығарылған 211,5 миллиард доллар ешқандай құжаттарда көрсетілмеген ақша екен. Олардың негізін паралар, салықтан жасырылған табыстар, адамдар, есірткі жəне қару-жарақ саудасынан түскен ақша құрайды.

Ќысќа ќайырып айтќанда:  Ресей бюджеті 2013 жылды тапшылықтан бастады. Алдын ала бағамдау бойынша, бюджет тапшылығы 81,25 миллиард рубльге немесе ІЖӨ-нің 1,8 пайызына тең.  Михаил Прохоровтың «Азаматтық платформа» партиясы мигранттарды бейімдеуден өткізу үшін кампустар құруды ұсынды. Осылайша, гастарбайтерлерді резервацияда ұстаудың ұтымдылығы көлденең тартылып отыр.  Украинаның Киев облысына қарасты Обухов қалалық кеңесінің депутаты Дмитрий Сенниченкоға Ресейге кіруге рұқсат берілмеді. Ол Мəскеуге жолдасын көру үшін келген кезде «Домодедово» əуежайында ұсталыпты.

Папа отставкасыныѕ себебі неде? Немістің 2013 жылғы Karicartoon күнтізбесінде Рим Папасы Бенедикт ХVI-ның 11 ақпандағы отставкасы туралы алдын ала болжау жасалыпты. Күнтізбеде салынған карикатурада Рим Папасы теледидардың алдында отырған көрінеді. Суретте Рим Папасының толтырылған лотерея билетін теледидардан көрсетілген сандармен салыстырып отырғаны бейнеленіпті. Ұтқанын түсінген кезде əлемнің бас католигі былай дейді: «О, Жаратқан! Ертең-ақ отставкаға кетемін!». Бенедикт ХVI 11 ақпанда шын мəнінде Киелі Тақтан бас тартып, өзінің отставкаға кететінін жария етті. Карикатураның авторы суретші Катарина Греве екен. Ол суретті 2011 жылы салыпты. Мұны шынында да көріпкелдік демеске лажың жоқ. отырғаны даусыз. Ендеше, ел мерейін асырып, отансүйгіштікті дəріптеуді мақсат етіп қойған жəне көрермен көзайымына бөленіп жатқан «Аймақтар аламанына» тек қана сəттілік тілейміз. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Ширек єасырдаєы еѕ ірі корабль Ресей əскери-теңіз флотының басшылығы жаңа эсминецтің сызбасын бекітті. Ол соңғы 24 жылда елде жобаланған аса ірі корабль болып табылады. Эсминецтің жобасын жасаған «Северное» деп аталатын СанктПетербургтің конструкторлық бюросы. Енді конструкторлар өздерінің жобаларын қорғап шығулары тиіс. Содан кейін 2-3 жыл бедерінде оның техникалық құжаттамасын дайындап, корабльдің сыртқы түрі мен орнатылатын қару-жарағын айқындау міндеті тұр. Алдын ала болжам бойынша жаңа эсминец атом күшімен жүретін болады. Оның су сыйымдылығы 12 мың тоннаны құрамақ.

5 мыѕ жылдыќ храм табылды Перулік археологтар ежелгі Эль Параисо тұрағы аумағында көлемі шағын храмның үстінен түсті. Аталған тұрақ ел астанасы – Лимаға жақын орналасқан. Храм осыдан 5 мың жыл бұрын салынған деген болжам жасалып отыр. Ғибадатхананың көлемі 6,8 де 8 метр. Қабырғалары сары балшықпен сыланған тастан қаланған. Ғалымдардың сөздеріне қарағанда, қабырғаларының биіктігі 2,5 метрге жеткен. Бірақ бүгінде төменгі 70 сантиметр бөлігі ғана сақталған. Есігі тар. Одан бір ғана адам өте алған. Шатырсыз храмның ортасында рəсімдік ошақ орнатылыпты. Одан шыққан түтін аспанға көтеріліп, құлшылық етушілердің құдаймен үндесуіне мүмкіндік берген деп саналады. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


 Тұсаукесер

Жасын єўмыр

Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» газеті халықты өзінің тұщымды, толғамды мақалаларымен ғана сусындатпай, бүгінде үлкен мəдени, əдеби тұсаукесерлер өткізудің де орталығына айналып отыр. Соның бір айғағы, кеше редакцияның мəжіліс залында белгілі сатира сарбазы, талантты ақын, əнші-сазгер, марқұм Марат Нұрқалиевтің «Жасын ғұмыр» кітабының тұсаукесері өтті. Алматыдағы «Раритет» баспасынан жарық көрген «Жасын ғұмыр» кітабын марқұмның жары

Базаркүл Нұрқалиева мен қызы Əй герім құрастырыпты. Арпалысқа толы қым-қуыт өмірде отыз үш жыл ғана ғұмыр кешкен таланттың соңында қалған əдеби мұрасының дені осы жинаққа енген. 1954 жылы Торғай өңірінде өмірге келген М.Нұрқалиев – Қаз МУ-дің журналистика факультетінің түлегі. Ол мектеп, университет қабырғасында жүріп-ақ республикалық бас пасөз беттерінен сатиралық шы ғар маларымен жиі көрініп, қаламгерлік дарынын ерте танытқан. Облыстық «Торғай таңы» газетінде, «Қайнар» баспасында, сатиралық «Ара-Шмель»

журналында қызметтер атқарады. Оның шығармалары «Тың тынысы», «Алты əзілкеш», «Арман қанатында» сияқты ұжымдық жинақтарда жарияланса, 1985 жылы «Жалын» бас пасынан «Темір телпек» атты төл кітабы жарық көреді. Сонымен қатар, ол халық арасында кең тараған бірқатар əндердің сөзін жазған. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен қаламгердің бүгінде туған топырағы Торғай аймағындағы «Қы зылəскер» ауылының бір кө шесі оның атымен атала ды. Сонымен бірге Торғай кен тіндегі Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов мұражайынан Марат Нұрқалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған арнаулы мүйіс ашылған. Жиынды «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ вице-президенті – бас редактор Жанболат Аупбаев кіріспе сөзбен ашты. Шараны Қазақстанның құрметті журналисі Ержұман Смайыл жүргізіп отырды. – Марат сан қырлы жігіт еді. Əн де, өлең де оның бойынан төгіліп тұратын. Орысша, қазақша бірдей жаза беретін оның университетте араб тілі сабағын жақсы оқып, еркін меңгергенін де айтқан абзал. Араб тілінен дəріс берген ұстазымыз Мəрзия Мəженова

төртінші курсқа келгенде бəрің де арабша шама-шарқыларың келгенше оқыдыңдар, алайда, ешқайсың Мараттай Құран ға түсе алмадыңдар деуі оның таланттылығын аңғартқандай еді, деді Е.Смайыл. Ал кітаптың алғы сөзін жазған, белгілі сатирик Көпен Əмірбек М.Нұрқалиевпен студент кезінен танысып, жолдас болып өткендігін айта келе, оның қарапайым қазақ ауылынан шығып Лермонтов, Пушкин өлеңдерін сол кезде акцентсіз жатқа айтқан дығына тəнті болғандығын жеткізді. «С.Адамбековтің əйгілі «Атылған қыз туралы аңыз» романын орысшаға аударып, өзінің таланттылығын тағы бір паш етті. Қыршыннан қиылған 33 жыл ғұмырында көп теген шығармашылық жұмыстар тындырған абзал азаматтың бүгінгі «Жасын ғұмыр» кітабының

тұ сау кесері қара шаңырақ – «Егемен Қазақстан» газетінде өт уін ө зім ү л кен о лжа деп есептеймін», деді ол. Қаламгердің құлын-тайдай тебісіп бірге өскен жан досы, ха лық ақыны Қонысбай Əбіл: бергенінен берері көп, сегіз қырлы, бір сырлы жан еді десе, жазушы Қуаныш Жиенбай оның əдеби жанрдың барлық саласына дерлік атсалысқанын жəне талантты адамдар бойындағысының барлығын беріп кетуге тырысатындығын айтты. Басқосуда Астана қаласы жастар театрының əртістері Дəурен Серғазин мен Жандəулет Батай автордың сықақ əңгімелерінен көріністер ұсынды.

орынбасары, жазушы ағамыз Əди Шəріпов те менің əке-шешем, отбасы жайлы айтқаныма «Мəскеуге айтып қойдық, бару керек», деді. Сөйтіп, 1950 жылы Омбы облысына қарасты Таврия ауылындағы орта мектепте еңбек жолын бастады. 1953-1956 жылдар аралығында өндірісті Майқайың, Екібастұзда оқу білім саласында басқару қызметінде болды. Мектепте, институтта бірге оқыған Қабыш екеуі отбасын құрып, 50 жыл отасып ғұмыр кешті, ұл-қыздар тəрбиелеп өсірді. Қазақы ырым бойынша соңынан ұл туа ма деп ата-анасы қыздарының атын Қабыш деп қойса керек. 1954 жылдары Екібастұздағы №2 орта мектепке директор болып келді. Жаңа құрылып жатқан жас қалада жастар тəрбиесіне, оқутəрбие мəселелеріне байланысты шешілмеген күрделі мəселелер аз болмады. Көмір кенішін игеруге бүкіл Кеңес ода ғының əр түпкірінен келе бастады. Осы отбасылардың балаларын түгелдей оқумен қамтып, сапалы білім, саналы тəрбие беру оңай шаруа болмады. Тəжібай Рахметоллаұлы 1965 жы лы облыстық оқу бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалып, осы қызметті 1988 жылға дейін атқарады. Үлкен өмір жолы тəжірибесінен «Мектеп басқару ме неджменті» атты кітап жазып шықты. Бұл еңбегіне оқутəрбие процесін жетілдіруде жоспарлаудың маңызды орын ала тындығы арқау болған. Іле облыс орталығындағы Мұғалімдер біліктілігін арттыру институтының «Педагогика жəне психология» кафедрасының меңгерушісі

болып тағайындалды. Кафедрада жұмыс атқарған жылдары білім саласындағы басшыларға арналған төрт кітап тарту етті. Ұстаздар мен ата-ана ларға арналған «Тəрбие тағылымы» атты кітап жазды. Тəжібай Рахметоллаұлы қа зірде қартайдым деп қарап отырған жоқ. Оны ауылдардағы шағын мектептердің жайы толғандырады. Əсіресе, сол түстік өңірде оқушылар саны азайып кетті. Осыған орай ол «Ауыл мектебі» атты кітап жазды. – Енді мектептің оқу-тəрбие үрдісін басқару, перспективалық жоспарларды ғылыми негізде жасай білу, білім сапасы деңгейін бақылау жəне ұстаздарға əдістемелік көмек көрсету бағытында жа рық көрген еңбектерін бүгінгі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың талаптарына сəйкес зерттеулер жүзгізу арқылы жаңа жинақтар шығару ойымда бар, дейді Тəжібай ағамыз. Оның еңбегі елеусіз емес. «Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мұғалім», екі мəрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Үш рет (1968, 1978, 1988 ж.ж.) Мəскеудегі Бүкілодақтық мұғалімдер съезіне делегат болып қатысқаны тағы бар. Əрине, ұстаз шеберлігі, оның жоғары кəсіби деңгейі бір күнде, бір жылда қалыптаспайды. Ол үшін талмайтын талап, ерінбейтін еңбек, ізденіс, педагогикалық шеберлік қажет. Ұдайы осындай інжу ойларын аялап жүретін қарт ұстаз ертеңгі күнге де үмітпен қарайды. Ал жерлестері оны ұстаздардың ұстазы деп ардақ тұтады.

АСТАНА.

–––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Өнеге

Ўстаздардыѕ ўстазы Ұстаздардың ұстазы Тəжібай Шаймерденовті бұрыннан білуші едім. Сексен жасқа толғанда кездесіп, сұхбат құрғаным да бар. Соғыстан кейінгі жылдары Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтта оқып жүргенде атақты домбырашы Дина Нұрпейісованың концертіне барғанын, жазушы Сəбит Мұқановтың қол соғып алдыңғы қатарда отырғанын көргендерін айтып, басқа да ұмытылмас сəттерді көз алдымызға елестеткен еді. Ұлы Мұхтар Əуезовтің дəрісін тыңдаудың өзі бір бақыт емес пе, жазушының қоңыр үні Тəжібай ағамыздың да есінде мəңгілік қалыпты. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

«Ақын-жазушылардың жылдық мəжілісі институттың 11-ші аудитория деп аталатын залында өтуші еді. Біз соңғы қатарға жайғасып, ақын-жазушылардың əңгімелеріне құлақ түретінбіз. Сəбит Мұқановтың сөйлеген сөздерін естідік. Сымбатты сұлу Қалижан Бекхожин, дауысы күндей күркіреген Тайыр Жароков, биязы үні Дихан Əбілев, ылғи жиналыстан кешігіп жүретін Белгібай Шалабаев, отты өлеңдерімен бүкіл залды дүркіретіп жіберетін Қасым Аманжолов бəрінің бейнелері осы күнгідей көз алдымда, қызым», деген ол Тəжібай ағамен жақында тағы кездестік. Жұмыс орнында. «Ағамыз əлі тың, денсаулығы жақ сы. Ғұмыр бойы атқарған қызметі мұғалімдік қой, дағдысы, тəртібі сол қалыптан өзгермеген. Қазір біздің институттағы

9

www.egemen.kz

14 ақпан 2013 жыл

музейде қызмет жасайды. Жалпы, 25 жыл осы жерде мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында еңбек етті, оқу-білім саласына арналған көптеген ғылыми кітаптар жазды, педагогика ғылымдарының кандидаты», деді облыстық мұғалімдер бі лімін жетілдіру институтының директоры Бұлғын Шəкенқызы. «Ұстаздық еткен балаға, үйре туден жалықпас», деп Абай атамыз айтқандай, қандай заман болмасын мұғалімнің еңбегі өлшеусіз ғой, ағамыз да ғибратты ғұмырын, саналы өмірін мұғалімдікке арнады. Тəжібай мұ ғалім атақты Баянауылда өмірге келді. Өткеннің ауыр жылдарын көріп өсті. Балалық кезде көр гендерің жадыңда мəң гілік жатталып қалады. 40-шы жылдары «Жаңа жол» колхозының жанындағы Əбутүсіптің ағаш үйі деген жердегі жеті жылдық мектепке барды. Ал, алтыншы сыныптан бастап оқуы Баянауылға

қарайтын Майқайың орта мек тебінде жалғасты. Соғыс жылдары мектептен қол үзген ол кейін білім алуын қайта жалғастырады. Орта мектепті 1946 жылы бітірген Тəжібай аға Алматыға оқуға аттанып, ҚазПИдің студенті атанды. 1949 жылы қараша айында Ал матыдағы Фрунзе аудандық партия комитетінің бюросы студент Тəжібай Шаймерденовті партия қатарына қабылдайды. «Оқу бітірер уақытта институттың партия бюросының хатшысы А.Закарин (кейін оқу министрі, университет ректоры болып қызмет атқарды) шақырып алып, Омбыдағы педагогикалық училищеге барасың, Ресей үш маман сұрап отыр», деді. «Қалай болар екен дей беріп едім, «Сіз партия мүшесі екендігіңізді ұмытпаңыз! деп бір-ақ кесті. Сол кездегі оқу министрінің кадр жөніндегі

ПАВЛОДАР.

 Толғауы тоқсан тіршілік

Їйлене алмаудыѕ сыры неде? Осыдан төрт-бес жыл бұрын қаланың шағын аудандарының бірінде Нұрлыбек есімді замандаспен көрші тұрдық. Екеуміз де күндіз жұмыстамыз. Ал, кешкісін есік алдына шығып, əңгіме-дүкен құратынбыз. Махаббат машақаты қиын ғой, ол Əсем есімді қызды аузынан тастамайтын. Айтуынша, ол ақылына көркі сай, үлкенді сыйлай білетін қыз. Білімге деген құштарлығы да ерекше. Екеуінің бірін бірі ұнатып, жүріп жатқандарына да екі жылдың жүзі болып қалыпты. Көршім сүйіктісімен бірге өткізген қызықты сəттерін əңгімелеген сайын ұйып тыңдаймын. Көз алдыма бүгінгі дəуірдің Қыз Жібегі елестейді. Күндердің күнінде көршім өзінің қызымен таныстырды ақыры. Айтса айтқандай, үріп ауызға салғандай сұлудың өзі екен. Мінезі де ашық. Біз тез тіл табысып, араласып кеттік. Сол кездері кешке бірге серуенге де шығып жүрдік. Серуендейміз деген аты, мен қастарында ілесіп жүремін. Сырласатын екеуі. Əңгімелері таусылмайды. Тіпті, бірін-бірі көрмесе тұра алмайтын жағдайға жеткенін сездім. Бір күні Нұрлыбектен «Өмірлік серігіңді тапқан сияқтысың ғой, қашан үйленесің?» деп сұрап қалғаным бар. «Ой, қайдағы, ол əлі 3-курста ақылы бөлімде оқиды. Оның ақшасын кім төлейді? Бітірсін алдымен», демесі бар ма көршімнің.

Үндеген жоқпын, бірақ, бір-бірін сонша жақсы көріп тұрып оқудың ақшасын ойлап жүргені бір түрлі көрінді маған. Санамда: «Махаббат та есепке тəуелді болғаны ма?» деген сұрақ қалып қойды. Кейіннен естісем ару Əсем Талдықорғанға ұзатылып кетіпті. Көпке дейін бірін-бірі сүйген жастардың қосыла алмауларына не себеп болды деген сауал көкейімнен кетпей қойды. Бұл арада жігіттің қолының қысқалығы жастардың бағын байлаған сияқты. Біздің қазекеңнің ырым-жырымы көп. Ең бірінші кезекте қызға төленетін қалыңмалды ойлаймыз. Оның ең төменгі «ставкасы» 150 мың теңге болып тұр қазір. Одан соң, келін түсірудің, беташар жасаудың əуресімен жүгіреміз. Есік ашып бару, тəтті шəй беру деп тағы шапқылаймыз. Бұл міндеттерді атқарып алған соң, тойдың қамына кірісеміз, салақұлаш тізім жасаймыз. Мұның бəрі қып-қызыл ақша. Осыны ойлаған ата-ана кейде айтулы күнді кешеуілдете береді. Осылай, жастардың бір біріне деген сүйіспеншілігі, жас отаудың жарасымдылығы туралы мəселе екінші орынға сырғып кетеді. Енді кейбір достарымыз бар. «Үйдегілер осы айдың жиырмасында үйлен деп жатыр. Соған бір «нормальный» қыздар бар ма?» дейді олар.

Міне, бұл есебі келісіп, ұпайы түгенделген отбасының тірлігі. Ең бастысы, қолда тұрған ақша жаратылып кетпей тұрғанда үйленіп алу керек. Мұндай жағдайда жастар не істейді? Мұндай жағдайда қаланы қайдам, ауылды жерде «алып қашу» операциясы басталады. Жеңгелер институты жұмыс істейді. Үлкен апалар да қулыққа басып, табалдырыққа жатып алады. Жасыратыны жоқ, табалдырықтан осылай аттап жатқан қыздар да бар. Жастар жарасып жатса – бақыт. Ал, жараспаса ше?.. Бұл туралы жастардың да пікірі əралуан. Махаббат үйленген соң жоғалатын сезім, ал есеп өмір бойы таусылмайды. Біреу есеппен үйленудің соңы жақсылыққа əкелмейтінін алға тартса, енді біреулері есеппен үйленгенді жөн санайды. Бастысы, екеуі жарасымды жұп болып, бірге өмір сүріп, отбасына ие болып отырса болғаны. Содан соң өздері-ақ бір-біріне үйренісіп, жақсы көре бастайды. Үйленудің бұл түрі көп жағдайда ата-аналардың, жеңгелердің араласуымен орын алатыны өтірік емес. Яғни «ұпайы түгел ұтылмас» дегеннің кері. Жəне «Қызды жеңге бұзар, жеңгені теңге бұзар» деген де сөз бар. Ақша болса үйлену қайда қашады дейсіз, дейді бүгінде жасы 37-ге келген «сүрбойдақ» Жақсылық Сейітов.

Бұған жас отбасының иесі, 3 баланың əкесі болып отырған Дəурен Садықбеков болса: «Шынайы махаббатпен де ұлы табыстарға жетуге болады. Есеппен құрылған махаббаттың ескегі сынып, қайғыға əкеліп соғуы мүмкін. Өйткені, дүние адамға өмірлік жолдас емес. Ең дұрысы, дүниеге көз байламай, шынайы махаббатқа қол жеткізген дұрыс. Ал, дүние – адам қолымен жасалатын нəрсе», деп қарсы уəж білдіреді. Бұл сөзді де жоққа шығара алмайсың. Есеппен үйленудің соңы кейде өкінішті жағдайларға əкеліп соғып жатады. Мəселен, бүгіндері облыстық сот актілерін орындау департаменті Тараз қалалық аумақтық №2 бөлімінде алимент мəселесі бойынша 3005 атқару құжаты жатыр. 400 атқару өндірісі бойынша борышкерлер алимент төлеуден жалтарып, қашып жүр. Соның кесірінен бес жүзге жуық бала қамқорлыққа зəру болып отыр. Жыл басынан бері сегіз адам сот шешімін орындамағаны үшін əкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алты борышкер қамалып, екеуіне айыппұл салыныпты. Бұл қоғамның қасіреті. Осылардың бəрі қазір үй болуды былай қойғанда, үйленудің өзі қиындап бара жатқанын көрсетпей ме? Сіз қалай ойлайсыз, зерделі оқырман?.. Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Жамбыл облысы.

Хабарландыру Алматы облысы Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Сарыжаз орта мектебін 1973 жылы бітірушілердің мектеп бітіргендеріне 40 жыл толуына орай 2013 жылы 31 мамыр күні сағат 10.00-де Сарыжаз орта мектебінде кездесу өткізіледі. Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: 87277926340, 87277926303 Сейсебаева Қанымқыз; 87277926147, 87016164927 Игенова Зинагүл; Сарыжаз ауылы əкімшілігі 87277926355.

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, 010000, Астана қаласы, Есілдің сол жақ жағалауы, Орынбор көшесі, № 8, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефон: (7172)74-24-23, «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының ректоры қызметінің бос орнына конкурс жариялайды, орналасқан мекенжайы: 080012, Тараз қ., Сүлейменов көшесі, 7, телефон (7262)432402, факс 432402. Кəсіпорын қызметінің негізгі мəні жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру, ғылыми жəне əдістемелік орталық ретінде қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады. Кəсіпорын қызметінің мақсаты ғылым мен тəжірибе жетістіктері, ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтардың негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кəсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сəйкес келуі керек: 1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім) білім; 2) ғылыми дəрежесінің болуы; 3) білім беру ұйымдарында жəне/немесе білім беруді басқару органдарында басшы қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы керек; 4) білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың (куəліктер) болуы; 5) мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы; 6) білім жəне ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білу. Мына тұлғалар: 1) бұрын сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіпте өтелмеген немесе кешірілмеген соттылығы барлар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі түйіндеме; 3) өмірбаян, еркін үлгіде жазылған; 4) кандидаттың жеке куəлігі құжатының көшірмесі; 5) белгіленген тəртіпте куəландырылған білім туралы құжаттың көшірмесі; 6) білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың (куəліктер) болуы; 7) белгіленген тəртіппен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі; 8) сотталмағандығы жəне сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзбағанын растайтын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің аймақтық бөлімшелері берген құжаттар; 9) белгіленген үлгі бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 10) кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ; 11) 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кəсіби дайындық деңгейіне (біліктілікті арттыру, ғылыми дəреже жəне атақ беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орны басшысынан ұсыныс жəне т.б. туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпараттарды тапсыруына болады. Конкурсқа қатысу туралы өтініш жəне өтінішке қоса берілетін құжаттар хабарландыру жарияланған уақыттан бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қабылданады.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамына веб-программист керек. E-mail: info@egemen.kz Телефон: 37-60-74.

В ТОО срочно требуется автокрановщик, механик, моторист, автопогрузчик, стаж работы не менее 3 лет. Резюме высылать на почту: rauanas@ mail.ru. Тел.: 8 (7172) 293990.

«Боровое - Инвест» ЖШС, «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 22.04.1998 ж. №220-1 Қазақстан Республикасы Заңының 45 жəне 46-баптарының талаптарына сəйкес, 2013 жылғы 6 наурызда 12 сағат 00 минутта Алматы уақыты бойынша, «Боровое - Инвест» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы мына мекен-жайда болатындығы жөнінде өз қатысушыларына хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 58 «а», 3-қабат. Жалпы жиналыстың ұсынылатын күн тəртібі: 1. «РЕЕСТР» АҚ-пен шартты бұзу; 2.«Боровое - Инвест» ЖШС-ның жаңа тіркеушісін таңдау жəне онымен «Боровое - Инвест» ЖШС қатысушыларының тізілімін жүргізуге шарт жасау; 3. «Боровое - Инвест» ЖШС-ның жаңа тіркеушісімен шартқа қол қоюға «Боровое – Инвест» ЖШС директорына өкілеттік беру.

ТОО «Боровое - Инвест», в соответствии с требованиями статьи 45 и 46 Закона Республики Казахстан №220-1 от 22.04.1998 г. «О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью», извещает своих участников о том, что 6 марта 2013 года в 12 часов 00 минут по времени Алматы, состоится внеочередное общее собрание участников ТОО «Боровое Инвест», по адресу: Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Жандосова, 58 «а», 3-й этаж. Предлагаемая повестка дня общего собрания: 1.Расторжение договора с АО «РЕЕСТР»; 2.Выбор нового регистратора ТОО «Боровое - Инвест» и заключение с ним договора на ведение реестра участников ТОО «Боровое - Инвест»; 3. Предоставление полномочий директору ТОО «Боровое - Инвест» на подписание договора с новым регистратором ТОО «Боровое - Инвест».

«Кокшетау - Инвест» ЖШС, «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 22.04.1998 ж. №220-1 Қазақстан Республикасы Заңының 45 жəне 46-баптарының талаптарына сəйкес, 2013 жылғы 6 наурызда 15 сағат 00 минутта Алматы уақыты бойынша, «Кокшетау - Инвест» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы мына мекен-жайда болатындығы жөнінде өз қатысушыларына хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 58 «а», 3-қабат. Жалпы жиналыстың ұсынылатын күн тəртібі: 1. «РЕЕСТР» АҚ-пен шартты бұзу; 2.«Кокшетау - Инвест» ЖШС-ның жаңа тіркеушісін таңдау жəне онымен «Кокшетау - Инвест» ЖШС қатысушыларының тізілімін жүргізуге шарт жасау; 3. «Кокшетау - Инвест» ЖШС-ның жаңа тіркеушісімен шартқа қол қоюға «Кокшетау - Инвест» ЖШС директорына өкілеттік беру.

ТОО «Кокшетау - Инвест», в соответствии с требованиями статьи 45 и 46 Закона Республики Казахстан №220-1 от 22.04.1998 г. «О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью», извещает своих участников о том, что 6 марта 2013 года в 15 часов 00 минут по времени Алматы, состоится внеочередное общее собрание участников ТОО «Кокшетау - Инвест», по адресу: Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Жандосова, 58 «а», 3-й этаж. Предлагаемая повестка дня общего собрания: 1.Расторжение договора с АО «РЕЕСТР»; 2.Выбор нового регистратора ТОО «Кокшетау - Инвест» и заключение с ним договора на ведение реестра участников ТОО «Кокшетау - Инвест»; 3.Предоставление полномочий директору ТОО «Кокшетау - Инвест» на подписание договора с новым регистратором ТОО «Кокшетау - Инвест».

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен «ҚР ОСК ИТО» РМК ұжымы Орталық сайлау комиссиясы аппараты қаржылық бақылау бөлімінің бас консультанты Саят Зейноллаұлы Əдешовке бауыры Жұматай ЗЕЙНОЛЛАҰЛЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының халық əртісі, Петропавл қалалық сотының отставкадағы судьясы Төрегелді ҚЫСТАУБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, ұлы Біржан мен немересі Бекетке қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Абзал азаматтың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Бірге қызмет еткен судьялардың атынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері Бекет Тұрғараев. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы Оқушылар контингентін қалыптастыру орталығының жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы Марат Құралбекұлы Қамысбаевқа анасы Ақбұлаш ЖАСАПБЕРГЕНҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

14 ақпан 2013 жыл

 Өнер

 Спорт

Ұлттық академиялық кітапхананың көркемсурет галереясында туған жер туралы топтамасын ұсынған қылқалам шебері, Суретшілер одағы мен Дизайнерлер одағының мүшесі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы Мұхтар Байбосынның картиналары шұғылалы бояуымен жан баурайды.

Дала дастаны

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қазақтың қасиетті қара домбырасы. Дала пырағы. Қыран құс. Суреттеріне осы бір үш тағанды таңдауынан-ақ бұл суретшінің дəстүрге жақын адам екені көрініп тұр. Азаттық аңсау идеясы қылқалам мұраты саналғанда, дəстүрлі нақыш көркем туынды өзегіне айналады десек, Қазақ елінің төбесінде самғаған сайыпқыран арман-тауға алыпұшқан жан аңсары секілді қиялды қияға қалықтатады. Баурайындағы орман-көлі, көсілген жотасы табиғат-ана құдіретіне

сүйіспеншілікпен үңілген жүректің жан сырын ақтарады. Домбыра – қазақтың сайраған жанын, ал дала пырағы, сəйгүлік еркін ердің тұлпар бітімін тұспалдатады. Үш күш. Үш құндылық. Дəстүршілдік пен халықтық қалыптың қазығы қайда жат қанын қапысыз баяндайтын үш ұғым ұшқан ұя, туған жердің ғанибетті салтымен сəулеленіп көрінеді. Əкесі Қазақстанның халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосын өнеріндегі қазақы үн қылқалам қуатына дарып, осы қасиеттің уызойды балғындықтан біртіндеп байыпты тақырыпқа жетелегені тағы шындық. Балауса

 Интернет иірімдері

Ўлыбританияныѕ їш жасар тўрєыны əлемніѕ єўламаларын артта ќалдырды Англияның Гилфорд қаласының үш жасар тұрғыны Алиса Амос жоғары интеллект коэффициентін көрсеткен адамдар енетін «Менса» ұйымының ең жас мүшесі атанды, деп хабарлады Daily Mail. Кішкентай бүлдіршіннің IQ көрсеткіші таңғаларлық – 162. Алиса адамның когнитивтік, яғни танымдық қабілеттерін бағалайтын Стэнфорд-Бине тестін тапсырған. Оның ішінде жалпы білім деңгейі, жады, қоршаған ортаны қабылдау қабілеті жəне тағы басқалары сынақтан өткізілген. Балдырғанның көрсеткіші əлемге əйгілі кейбір ғалымдар мен тарихи тұлғалардікінен де анағұрлым жоғары болып шықты. Ақылды балақайдың көрсеткіштері IQ дəрежесі 160 деп болжанып жүрген салыстырмалы болжал теориясының авторы Альберт Эйнштейннен, осы заманғы атақты физик-теоретик жəне ғарыштанушы Стивен Хокингтен (160), психоанализдің негізін қалаушы Зигмунд Фрейдтен (156) асып түскен. Бұл жағынан келгенде, Алиса сондай-ақ, АҚШ-тың бұрынғы президенттері Авраам Линкольннен (128), Бенджамин Франклиннен (160), Билл Клинтоннан (137) жəне француз императоры Наполеон Бонапарттан (145) жоғары тұр.

Бразилияда аспаннан ґрмекші жауды

Бразилияның Санто Антонио да Платина (Santo Antonio da Platina) қаласында ерекше табиғи құбылыс орын алды. Аспаннан жаңбыр орнына өрмекші жауды, деп хабарлады «Baq.kz» Жаңбыр жауған сəтте ағаштарда жəне электр тогын таратушы сымдарда өрмекшілер қаптап кеткен. Жексенбі күні 20 жастағы веб-дизайнер Эрик Рейс далаға шыққанда, өз көзіне өзі сенбеген. Ол аспаннан жапалақ-жапалақ қар секілді өрмекшілердің түсіп жатқанын байқайды. Эрик өрмекші жаңбырының видеосын YouTube-ке салып, «Мен өрмекшілердің аспаннан түсу себебін түсіне алар емеспін. Бірақ, енді оларға зерттеу жүргізіп, қорытындысын осы жерде тағы жариялайтын боламын» деп жазады. Бір-екі күн ішінде бейнематериал көптің назарын өзіне аударып үлгеріпті. Жергілікті биолог ғалымдар өрмекші жаңбырынан еш қауіп жоқ екенін, бірақ, мұндай жайттер көп кездеспейтін құбылыс екенін айтқан. Əзірлеген Рауан ЕСҚАЛИ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

бастау мен алып құз арасындағы тылсым байланыс секілді мұнда да соған ұқсас тағдыр бар. Даланы сүю, туған жердің тау-тасына, табиғатына іңкəрлік, сол шексіз дарқандық пен даналықты жырламаса жаны əсте тыншымайтын құштарлық сезімі ұялаған сананы ұдайы ұлттық рух билеп тұруы сондықтан. Ұрпақ ұлағаты жалғаспаса – жанаралық жарастық үзілмек. Жан сандығының кілті тек тілмен ғана ашылар. Ал, ата-баба салтының сақталмауы жойылу, жоғалумен бара-бар десек, жаһандану жалыны жан-дүниедегі осындай ғаламат құндылықтарды шарпуда. Əкесінің жазған шығармаларын оқи алмау, тілін түсінбеу сияқты жағдайлар қоғамды шоқ қарығандай шошытады. Бірақ, біздің бүгін əңгімеге арқау етіп отырған кейіпкеріміз əкесінің өнердегі дəстүрін қылқалам туындыларымен жалғастырған ұлтжанды ұрпақтың өкілі болып есептеледі. Суретшілік өнері негізінен сұлулыққа құштар адам ғана таңдайтын кəсіп қой. Мұхтардың картиналарындағы бояулар сим фониясы оның туған жерге деген махаббат сезімін, əсемдік пен көркемдікті өздігінше жырлаған сазды үнін паш етеді. Дала адамды есейтеді, ертеңін көбірек ойлауға үйретеді. Оның «Тау этюді», «Тұ йық су шатқалы. Алматы», «Алмарасан шың дарындағы жауқазындар», «Үлкендерге кəдесый», «Медеудегі күз», «Əке» портреті, Баянауыл топтамасынан этюд тік жұмыстар, «Ақан сері», «Сəкен Сейфуллин», Бурабай бейнелері сияқты тереңнен маржан тергізгендей əсерлендіретін шығармалары дала даусымен сырлы бояуды үндестірген суретшінің сондай есею, толысу кезеңдерінен сыр шертеді. Сол себепті де мұндағы құндылықтар бұлақтың мөлдір суындай жанға дəру сыйлайды. Елордадағы жеке шығармашылық көрмесінің өзі «Дархан дала сарыны» деп аталады. Туған жердің тарихын, салт-дəстүрін танып-білгісі келген адамға Мұхтардың бұл көрмесі дала жайлы дастандай көп нəрседен мағлұмат береді. Қырыққа тақау картинаның тағы бір ерекшелігі – тақырыбы əртүрлі болғанмен, идеясы бір мүддеге қызмет етіп тұр. Шараның ашылу рəсімінде ҰАК бас директорының орынбасары Ғалия Исақанова, Қазақ Ұлттық өнер уни верситетінің көркемсурет факультетінің деканы, профессор

Ермек Асылханов, əкесі Қайрат Байбосын қылқалам шеберін жеке көрмесімен құттықтап сөз сөйледі. Сырым Мұхамеджановтың орындауында əсем əн шырқалса, суретшінің ұлы Алтай Қайрат күйден шашу шашты. Мұхтар Байбосынның өмірі мен өнері жайында қысқаша айта кетсек, Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің көркем-графика факультетін бітірген ол, сонымен қатар, «Ана тілі» құрмет медалінің авторы болып табылады. Суретшінің жеке көрмелері 2006 жылдан бастап «Ұлар», Суретшілер одағы галереяларында, Алматы қаласының Орталық көрме залында, Талдықорған қаласы Əкімшілік галереясында, Астанадағы «Назарбаев орталығында», Қазақ Ұлттық өнер университетінің көрме залында ұйымдастырылса, өткен жылы өзінің шəкірттерімен «Бір ел – бір кітап» акциясының аясындағы шараға қатысып, қазақтың аса көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің шығармалары сарынымен салынған суреттер галереясын толықтыруға мұрындық болғаны тағы бар. Жалпы сурет туралы мың рет естігеннен гөрі оны бір рет көрген артық деп жатамыз. Далаға сапар шегіп, таудың таза ауасын жұтқыңыз келсе, жайлауды, қазақы тіршілікті аңсап, сағынсаңыз, осының бəрін М. Байбосынның жеке көрмесінен табасыз.

Отты кїндер естелігі Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Леонид Гирштің Сталинград шайқасына 70 жыл толуына орай жарық көрген «Огненный Сталинград» атты кітабының тұсаукесері болды. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Сталинград түбіндегі кескілескен шайқастарға қатысқан автордың бұл туындысына соғыс ардагерлері Олжабай Темірханов, Софья Румянцева,

Сəр сен бай Жұмаділдаев, Ев гений Рогачев секілді майдангерлердің естеліктері мен Ольга Берггольц, Евгения Долматова, Роберт Рождественскийлердің отты жылдар туралы жазылған жырлары енгізілген.

Ќызылжардаєы мəуліт Қызылжарда Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнін атап өтуге арналған шараға жұртшылық көп жиналды. С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының белді артисі Біржан Жалғасбаев жүргізген Мəуліт тойын «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Ибрахим Халип аят оқып ашты. Жамағат алдында Қазақстан діни басқармасы діни уағыз-на сихат бөлімінің қызметкері Алтынбек Ұтысханұлы бүкіл адамзаттың ақырғы пайғамбарының бұрын-соңды ести қоймаған қасиеттері жайлы сөз сабақтаса, ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл имамы Қасымхан қажы Абдоллаұлы Мəуліттің мəн-маңызын баяндап берді. Сібір федералдық округінің мүфтиі Əнуарбек қажы Жүнісов ресейлік мұсылмандардың ыстық сəлемін жеткізді. Осыдан кейін медресе шəкірттері қаз-қатар тізіліп, салауат сəлемін жолдады. Мерекенің шырайын əн мен күй келтірді. Танымал əнші Дəмеш Құрманкина өз оқушыларымен бірге «Аллаға шүкір» əнін нақышына келтіре орындап берді. Жергілікті ақындар Аманжол Зағыпар мен Жарқын Жұпархан сөз сайыстырып, Алла тағаланың елшісіне ұлық мадақтаулар арнады. Жиын соңы марапатпен түйінделді. Аудандардың таңдаулы имамдары мен «Зекет» қорына өз үлесін қосқан кəсіпкерлерге «Қызылжар» орталық мешітінің алғыс хаттары тапсырылды. Пайғамбарымызға салауат айта келгендерге ақ дастарқан жайылып, қасиетті дəмнен ауыз тиді.

Екінші Дүниежүзілік соғыстың бір ғана үзігін қалың оқырманға ұсынып отырған Леонид Гирш бұған дейін сұ рапыл соғыс күндерін суреттейтін «Сквозь пламя войны», «Во имя жизни», «Наедине с памятью», «Прохладные травы» атты бірнеше кітап жазған еді. Ардагердің соңғы туындысына Сталинград майданына қатысқан жауынгерлер туралы құжаттар мен очерктер, майдан даласынан

жолданған хаттар, естеліктер еніп отыр. Кітаптің тұсаукесеріне Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оның ішінде Сталинград майданына қатысқан ардагерлер, Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, этномəдени бірлестіктердің басшылары мен ақынжазушылар қатысты. Шараны Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов жүргізіп отырды. АЛМАТЫ.

д ю т э ото

Ф

Болат ҚОЖАХМЕТОВ, журналист.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Қазығұрт. Қар астынан көтерілген бəйшешек.

Бүгін Астанада осымен үшінші рет төрт елдің ұлттық құрамаларының турнирі басталады. Бұл турнир алғаш рет 2010 жылы Астанада өтсе, былтыр оған біздің боксшылардан басқа, Ресей, Франция мен Үндістанның былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен дəл осы кезде Алматыда өткен болатын. Енді, міне кезекті «Төрт елдің турниріне» біздің боксшылармен бірге Əзербайжан, Украина жəне Өзбекстан құрамалары қатысқалы отыр. Еліміз ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың айтуынша, турнирге Өзбекстан командасы соңғы 3-4 жылдан бері өзгермей келе жатқан кілең мықтыларын əкелсе, Украина құрамасы Павел Ищенко, Евгений Хитров сияқты соңғы Олимпиадада жақсы өнер көрсеткен боксшыларын қатыстыруды жөн көріпті. Сол сияқты, Əзербайжан құрамасында да талай додаларда елінің намысын лайықты қорғап жүрген шеберлер бар деседі. Ал, еліміздің ұлттық командасына келсек, бұл сынға біздің бас жаттықтырушы турнирге былтыр Олимпиадаға қатысып, жүлде алған боксшылармен бірге тағы бірнеше боксшыларды қатыстыруды жөн көргенін айтты. Кеше ұлттық құраманың бас жаттықтырушысымен кездескенімізде, ол бізге боксшыларымыздың турнирге дайындығы туралы былай деді:

Тґрт елдіѕ турнирі

– Құрамада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшылары былтыр қараша айында өткен Қазақстан чемпионатынан кейін жасақталды. Оның ішінде, əрине бұрыннан келе жатқан боксшылар да бар. Олимпиадаға қатысқан жігіттер өз орнын сақтап қалды деуге болады. Биыл елімізде тұңғыш рет ересектер арасында əлем чемпионатының өтетінін білесіздер. Осыған байланысты біз дайындықты бірден бастап кеттік. Желтоқсан айында Алатау бөктерінде, таза ауада, жақсы күш-қуат алып, жалпы дене дайындығын өткіздік. Одан кейін боксшыларымыз қаңтар айында Алматы төңірегіндегі Олимпиялық базада жаттықты. Ал енді, Астанада төрт елдің қатысуымен өте тін турнирге келсем, оның біздің боксшыларға пайдасы өте көп. Неге десеңіз? Біздің елімізде боксшылар бір-бірін жақсы біле ді, қарсыластарының айлатəсілдеріне де қанық. Ал турнирге басқа елдердің боксшыларының қатысуы олардың ойын өрнегіне айтарлықтай өзгерістер əкеледі. Мысалы, биылғы турнирге Украина Олимпиадаға қатысқан тəжірибелі Павел Ищенко, Евгений Хитров сияқты былғары қолғап шеберлерін əкеліп отыр. Əзербайжан да мықты құрамымен келді. Өзбекстан туралы да осыны айтуға болады. Осы жерде мен осындай турнирді ұйымдастырып жатқан Қазақстан Бокс федерациясының басшылығына алғысымды айтқым келеді. Мұндай турнирдің елімізде жыл сайын өткізілуі бұл біздің боксшыларға жасалып жатқан өте үлкен қамқорлық деп білемін. – Осы турнирден кейін қандай жоспарларыңыз бар? – Осыдан кейін наурыз айынан бастап ұлттық құраманың негізгі құрамы үлкен халықаралық жарыстарға қатысады. Олар Германияның Галле қаласында, Чехияда өтеді. Екінші нөмірлі боксшылар болса, жақында Венгрияға барып, жүлделі орындарды алып қайтты. Біздің боксшылар бір алтын, бір күміс, үш қола медальді иеленді. Енді жақын арада оларды тағы бір жарысқа жібереміз. Ол 1924 ақпан күндері Болгарияда өтеді. Содан кейін қалыптасқан дəстүр бойынша əрі қарай оқу-жаттығу жиындарымызды жалғастырып, басқа да халықаралық турнирлер мен жарыстарға қатыса береміз. – Биылғы «Төрт елдің турниріне» қатысатын ұлттық

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама мен хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010008, Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

құ рама сапына жаңадан төрт боксшы қосылып отыр екен. Олардың дайындығына қандай баға бересіз? – Иə, құраманың қатарына 56 кило салмақта Қайрат Ералиев, 60 килода Берік Əбдірахманов, 75 килода Жəнібек Əлімханұлы мен 91 килода Антон Пинчук қосылып отыр. Негізі олар ұлттық құрамада бұрыннан бері спарринг-қарсылас ретінде жаттығып жүрген боксшылар. Бұл жігіттер екі-үш жылдың көлемінде жақсы дайындалып, өз шеберліктерін шыңдап, құраманың негізгі құрамына кіріп отыр. Осы турнирге сондай-ақ, 49 килода Біржан Жақып, 52 кг.де Ілияс Сүлейменов, 64 килода Мерей Ақшалов, 69 килода Данияр Елеусінов (команда капитаны), 81 килода Əділбек Ниязымбетов пен аса ауыр салмақта Иван Дычко қатысады. – Жақында сіздер Халықаралық бокс қауымдастығы ның семинарына қатысып келген екенсіздер. Енді осы жөнінде айтып берсеңіз. – АИБА-ның семинары Италияның Ассизи қаласында өтті. Оған Марат Жақиев екеуіміз бардық. Таңертең, түс қайта арнайы сабақтары болды. Соларға қатыстық. Одан кейін практика түрінде емтихан өтті. Онда біз əрқайсымыз алған тапсырмамызға байланысты өзіміздің жаттығуды қалай жүргізетінімізді көрсеттік. Соңғы күні 60 сұраққа жазбаша түрінде емтихан тапсырдық. Осыдан кейін ІРВ кəсіпқой бокс жаттығушыларына арналған инструктор деген сертификатын алып қайттық. АИБА басшылығы болашақта бізді боксы кенже дамыған елдерге семинар өткізуге, инструктор ретінде жіберетіндерін айтып, біздің қай кездері бос болатынымызды сұрады. Біз қай кезде бос болатынымызды қағазға толтырып, өзіміздің ұсынысымызды айттық. Биыл біздің АИБА-ның семинарын өткізуге қолымыз бос бола бермейді екен. Əрине, болашақта көмегіміз керек болып жатса, ондай ұсынысты қабылдап, көмек беруге, бүкіл əлемде бокстың дамуына атсалысамыз. Əңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан». –––––––––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан».

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Сұңғат ƏЛІПБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС-те басылды, тел. 93-98-25. Тапсырыс №170 ek

Profile for arshat orazov

14/02/2013  

14/02/2013

14/02/2013  

14/02/2013

Profile for asaubota
Advertisement