Page 1

ЖАЅА ЖЫЛ ЌЎТТЫ БОЛСЫН! №1 (27940) 1 ҚАҢТАР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ Жаѕа жылдыќ ќўттыќтауы Құрметті отандастар! Енді санаулы ғана минуттардан кейін біз жаңа – 2013 жылға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан жыл Қазақ стан үшін жарқын оқиғаларға, жетістіктерге жəне жеңістерге толы болды. Еліміз жоғары экономикалық өсімге қол жеткізді. Қазақстан əлемдегі бəсекеге қабілетті елдер арасында 51-ші орынға табан тіреді. Бұл – біздің сөзіміз бен ісіміздің бір арнада тоғысқанының, ең бастысы, ел болып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара ала ты нымыздың дəлелі. Біздің мақ сат керлігіміз Лон дон дағы жазғы Олимпиялық ойын дар барысында айқын көрінді. Қазақстан құрамасы үздік 12 елдің қатарына кірді. Бұл жеңіс қазақстандықтарды біріктірудің маңызды факторына айналды.

Это решение стало признанием успехов всего нашего народа.

Ардақты ағайын! Қазіргі сəтте барлығыңыз көтеріңкі көңілкүймен мерекелік дастарқанда бас қосып отырсыздар. Келе жатқан жыл біздің берекелі бірлігімізді, жарасымды татулығымызды, үйлесімді тұрақтылығымызды нықтай түсетін жыл болатынына сенемін. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» дейді қазақ халқы. Осы бір шуақ шашқан отбасылық мереке баршаңызға бақыт, табыс, шаттық əкелсін! Ел іргесі аман болсын! Дорогие соотечественники! Смена одного года другим – символическое время. Надежды, с которыми мы входили в 2012 год, оказались не напрасны. Яркие достижения укрепили наше единство и чувство патриотизма. Под занавес уходящего года Казахстан добился блестящей победы. Астана выбрана хозяйкой всемирной выставки ЭКСПО в 2017 году.

Жеделхат жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэге Жапония Либералдыдемократиялық партиясының парламенттік сайлаудағы сенімді жеңісіне жəне оның ел үкіметінің басшысы болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Жеделхатта бұл жапон халқының С.Абэге жəне оның басқаруындағы партияға көрсеткен жоғары сенімінің айғағы болып табылатыны атап өтілген. «Достық пен өзара сенімге негізделген екіжақты қарым-қатынастардың дамуына оң баға бере отырып, Сіз басқарған Үкімет тұсында да елдеріміз арасындағы стратегиялық əріптестіктің одан əрі нығая беретіндігіне сенім білдіремін» делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев С.Абэні Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған ортақ іс-қимылды талқылау үшін Қазақстанға сапармен келуге шақырды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Уважаемые казахстанцы! Подводя итоги года, каждый из нас может найти предмет для гордости. Один успешно закончил вуз. Другой нашел новую работу или продвинулся в карьере. У кого-то случилось прибавление в семействе. Кто-то получил ключи от новой квартиры. Есть среди нас те, кто добился признания в творчестве, науке, улучшил свое производство. Число больших и малых побед не сосчитать. Были и трудности. Но их не нужно бояться. Они преподносят нам уроки и закаляют. Переплетение невзгод и побед – это и есть наша общая жизнь. И светлого в ней становится все больше. Каждый сейчас строит свои планы на будущее. Поскольку мы единый народ, у нас есть и общие цели. Это Стратегия «Казахстан-2050». Начало ее исполнения сделает этот год особенным для всех нас. Большие цели не означают, что мы будем откладывать лучшую жизнь на потом. Уже в наступающем году мы увидим результаты конкретных действий. Дорогие друзья! Безопасность на улицах, достаток в семьях, здоровье детей, стабильность на работе – все это не грезы, а реальные приоритеты страны. Мечта нас окрыляет. Цель указывает нам дорогу. Хочу пожелать, чтобы все ваши мечты воплотились в цели и привели к успеху. И пусть на этом пути вас согревает тепло близких людей! С Новым годом вас! Жаңа жыл құтты болсын, ағайын! Астана, 2012 жылғы 31 желтоқсан

Атар таңға ақ тілек

Баталы жўрт арымас Алдағы ақ парақ, ақ тілек, ақ ниет жылда үш кем жүзге аяқ басқалы отырмын. Бұл өз өміріме баға беру емес, ғұмырдариядағы Қазақстанның тарих көшіндегі ұлан-ғайыр өзгерістеріне куə болып, əлемді таңғалдырған сүйініштерге сүйсінгендігімнің, жасампаз қадамдарға мысқалдай болса да үлес қосқанымның қуанышынан туындаған толғанысты тəубешілік деп білемін. Біздің арманүміттерімізді жылжыған жылдар жақындатады, оның əр күнін барынша тиімді пайдаланған азаматтар ел бақытын жандырады, ертеңіміздің еңселі мақсаттарын орнықтырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда да Қазақстанымыздың маңдайына бақ қонған дей аламыз. Əр жыл өз ерекшелігімен қымбат. Былтыр ғасырлар бойы аңсаған Тəуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өттік. Шығарып салғалы отырған жылымыздың да жүзі жылы, шаттық-шапағаты мол болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда: «Қазақстан ХХІ ғасырда барлық континенттерде танымал болып жəне əлемнің аса ірі халықаралық ұйымдарын басқарып, өзінің бүкіл тарихында ең жоғары халықаралық мəртебеге ие болды». Бұған сөз қосудың өзі артық. Биыл жаңа мемлекеттік мерекені – Тұңғыш Президент күнін атап өттік. Бұл көреген халқымыздың тереңдігін, баталы жұрттың өз перзентіне ризашылығынан туындаған ақ пейіл мейрам болып дəстүрге енді. Бұл, жалпықазақстандық бірліктің риясыз көңілі, болашаққа сенімнің белгісі. Мұндай жұрттың жалауы асқақ желбірейтіні шығар күндей шындық. Алла ақ тілектен арылтпасын, үміт жылымыздың таңы арайлап атсын, еліміз аман болғай! Баян ЖАНҒАЛОВ, Социалистік Еңбек Ері. Ақмола облысы, Зеренді ауданы.

«БІЗ БОЛАШАЌЌА СЕНІММЕН ЌАРАЙМЫЗ» Кеше ғана тарих қойнауына ұзатып салған 2012 жыл – ел шежіресінде ерекше орын алатын жыл. Бұл жылда біз, бүкіл дүниені дағдарыс буып тұрғанына қарамастан, өзіміздің жасампаздық жолымызды жемісті жалғастырдық, экономикамыз дамып, халықтың əл-ауқаты арта түсті. Бұл жылда біздің спортшыларымыз Айды аспанға шығарғандай ерен көрсеткішке қол жеткізді – Лондон Олимпиадасында жеті бірдей алтын медаль тағынып, жалпыкомандалық есепте 12-ші орынға көтерілді. Бұл жылда біз жаһандық тағы бір жарыста оза шауып, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алдық. Бұл жылда біз ел тəуелсіздігі тарихының бір белесін қорытындылап, мемлекеттің қалыптасу кезеңі табысты аяқталғанын жария еттік, Арман СЕЙІТМАМЫТ, «24 KZ» телеарнасы: – Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы, біздің шақыруымызды қабыл алып, сұрақтарымызға жауап қайтаруға келісім бергеніңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз. Жуырда ғана Сіз өзіңіздің жыл сайынғы дəстүрлі Қазақстан халқына Жолдауыңызда 2050 жылға дейінгі ел дамуының стратегиясын ұсын ды ңыз. Қазіргі уақытта бұл Жолдау ел арасында қызу қолдау табуда. Сарапшылар тарапынан да жан-жақты талқылануда. Жалпы, еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының идеясы қалайша туындады?

2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын белгіледік, сол кезге қарай əлемнің ең мықты дамыған 30 елінің қатарына қосылуды меже тұтатынымызды мəлімдедік, ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенетінімізді айттық. Осы жарқын жеңістерге халықты жұмылдырып, жұртшылықты жемісті жолға бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа жыл қарсаңында отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап қайтарды. 2013 жылдың – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын орындаудың бірінші жылының бірінші күнінде негізгі əңгіме арқауы Президент Жолдауы болған сол сұхбаттың жазбасын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

– Біз 1997 жылы 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарлама қабылдадық. Содан бері 15 жыл өтті. «Сол 15 жылда не істелді?» деп қорытындысын жасайтын кез келгенде осы идея туындады. Алайда, стратегия бір жылда, бір айда, бір күнде жасалмайтыны белгілі. Ұзақ мерзімді стратегияны əзірлеу үшін əлемде болып жатқан құбылыстарды, мемлекеттің ішкі жағдайын сараптау керек. Экономикамыздың қандай қуаты бар? Біз қандай өнім шығаруымыз керек? Халықтың жағдайы қалай? Міне, осының барлығын сараптай келіп, мүмкіндігімізді, келешек жолымызды, алатын белестеріміз қандай болуы қажеттігін ой елегінен өткізуге тура келді. Бұған əр сала бойынша

шетелдік жəне өзіміздің мамандар, үкімет мүшелері, əр министрліктің сарапшылары атсалысады. Қоғамның дамуын бағдарлайтын үлкен материал жиналғаннан кейін барып стратегиялық бағдарлама даярланады. Əрине, алғашқыда түрлі сұрақтар туындайды. Қазір бұл стратегия халықтың арасында кеңінен насихатталуда, елге түсіндірілуде. Біріншіден, мұның жаңалық болатын себебі – 2030 жылға дейін белгіленген мақсаттардың көпшілігін біз орындадық. Екіншіден, «мұндай ұзақ мерзімді бағдарлама неге керек?» дегенге келейік. (Соңы 2-3-беттерде).

200 601!

Бўл – елдіктіѕ таєы бір жеѕісі Жақында жарияланған Жолдауда Елбасымыз былай деген еді. «1997 жыл естеріңізде ме? Парламентте мен сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу болды. Көпшілік: «Бұл не – насихат па? Əлде аспаннан түскен нəрсе ме?» деп сауал қойып жатты. Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін. Дегенмен, «Көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой». Осы сөздің ақиқаттығына біз тағы көз жеткізіп отырмыз. Жаз ортасында редакцияның облыстардағы меншікті тілшілерінің дəстүрлі бас қосуы болғанда, Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Мəдениет жəне ақпарат министрі Дархан Мыңбай қатысқан жаңағы жиында «Егеменнің» таралымын 2013 жылы 200 мыңға жеткізу міндеті алға қойылғанда сол биікке ұмтылатынымызды айтуын айтқанмен, іштегі күдік-күмəніміздің жанымызды жегені де рас еді. Оңай ма? Жылдан жылға балалап, онсыз да аз қазақ оқырманын талап алып бара жатқан басылымдар анау. Жылдан жылға жаңа арналар қосып, жұрттың бетін оқудан əрі бұрып бара жатқан телевизия анау. Жылдан жылға, жоқ-ау – күннен күнге жаңа кеңістіктерді бағындырып, дүн-дүниені шырмауықша шырмап, жан дүниені қырғыштай қырнап

бара жатқан Интернет анау. Мұндайда бар таралымыңды сақтап қалудың өзі қиын, ал оған бір жылда жаңадан 29 мың оқырман қосу деген қиямет-қайымдай көрінген. Жазылымды жаңаша ұйымдастырған 2001 жылы бірден 27 мың дана қосқанымыз болған, бірақ одан кейін дəл əлгіндей қарқынды қайталай алған емеспіз. Əсіресе кейінгі кезде жылына шамамен он мыңдай қосатынбыз. Кейде ол да болмай қалатын. Əйтсе де, «Көз қорқақ, қол батыр» деген сөз рас екен. Халықтың елге деген, тілге деген құрметінің, мемлекет істеріне азаматтық қызығушылығының, отаншылдық сезімінің ұштала түскенінің, жұртшылықтың қоғам дық белсенділігі артуының ар қасында бұл биікті де бағындыра алдық. Газет бетінде елдік мəселелерді барынша қамтуға тырысудың, басылым дизайнын жақсартудың, жазылымды ұйымдастыру үшін жоспарлы, жүйелі жүргізілген насихат жұмысының, сонан кейін – елім деген, жерім деген, мемлекет мүддесін бəрінен жоғары қоятын жанашыр азаматтардың арқасында аса алдық бұл асудан. Ол асудың шын мəнінде асқар биік екенін сіз осы шағын мақала тақырыбынан-ақ аңғарып отырсыз. «Егемен Қазақстан» газетінің таралымы екі жүз мыңнан асты! Газет редакциясы акционерлік қоғам ретінде құрылған 2000 жылғы 38 мың

даналық таралым 12 жылдың ішінде 5 еседен астам өсті. Қолыңызға ұстап отырған газет 200 601 дана болып басылған. Осындай қуанышты күні біз таралымды бір жылда екі есеге өсірген Маңғыстау, Павлодар облыстарындағы, өткен жылғыдан анағұрлым арттырып, биылғы межелерінен асып түскен Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарындағы, бір жылда он мың жаңа оқырман қосқан Оңтүстік Қазақстан облысындағы азаматтарды айрықша айта аламыз. Бұл – елдіктің тағы бір жеңісі. Бұл – қазақ тілінің тағы бір биігі. Бұл – Президенттің Жолдауда айтқан «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады» деген сөзінің сенімділігінің айқын айғағы. Бұл – Елбасымыздың «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деген мұратты межесінің бір негізі. Ұлттық рухымыздың тағы бір жетістігі үшін баршаңызға алғысымызды айтамыз. Жаңа жылда да жұртшылыққа жеткізер жақсылықтарымыз жалғаса берсін.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ.


2

www.egemen.kz

1 қаңтар 2013 жыл

«БІЗ БОЛАШАЌЌА (Соңы. Басы 1-бетте).

Өткен жолы айтып өткенімдей, барлық мемлекеттер, мысалы, АҚШта, Еуропалық Одақта, Қытайда жəне басқа да елдерде осындай ұзақ мерзімді бағдарлама жасалады. Себебі, ел, мемлекет, халық қайда баратынын білуі керек. Үшіншіден, біз жас елміз. Біздің халқымыздың орташа жасы 30-дың төңірегінде. Сондықтан жастарға бұрынғы тарихты айтудың қажеті шамалы. Мұның барлығын олар оқып, біледі. Жастар келешекте не болатынын, Қазақстан қалай дамитынын білгісі келеді. «Біз қайда боламыз, қандай жұмыс істейміз, ертеңгі күніміз не болады?» деген сұрақтарға жауап беру үшін осындай ұзақ мерзімдегі бағдарламаны жасау қажет деп ұйғардым. Бұл жолғы ең басты жаңалық – мемлекеттің жаңа саяси бағытын анық тағанымыз деп білемін. Тəуелсіздіктің 21 жылында Қазақстан жаңа елге айналды. Біз бүгінде басқа мемлекетпіз, бізде басқа буын өсіп шықты. Біз қалыптасқан мемлекет ретінде, енді бұрын болмаған индустрияландыру жəне инновацияларды дамыту жолымен жүріп келеміз. Осы жаңа сəттердің бəрін біз ескеруге тиіс болдық. Əр кезде де былай болып шығады, мен жаңа идеялар ұсынғанда алдымен сенбестік, одан соң сын басталады, содан кейін бəрі қолдайды. Көп жағдайларда осылай болды. Мен стратегия қажет деп санаймын жəне оны іске асыратын боламыз. Үкіметте, мемлекетте біздің қай жаққа қозғалатынымыз жөнінде бағдар болады. Сондықтан адамдардың түсінгені, əсіресе, жастардың осылардың олар үшін, Қазақстанның болашағы үшін жасалып жатқанын түйсінгені өте маңызды. Біз неғұрлым дамыған 30 елдің қатарына енетін мемлекет құру ниетіндеміз. Демек, сол елдер сияқты өмір сүретін боламыз. Ольга ЦОЙ, «Хабар» агенттігі: – Сіз Жолдауда мемлекеттік əлеумет тік стандарттың айтарлықтай кеңейтілетінін айттыңыз. Яғни, көмекті оған мұқтаж адамдар алатын болады. Сонымен бірге, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақалада Сіз жұмыс істеп еңбекақы табу қажеттігі туралы сөз еттіңіз. Əлеуметтік əділеттілік пен масылдық арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болады? – Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекетте ақша болған жоқ, экономика төмен табыс əкелді, сондықтан, біз қандай да бір стандарттар туралы мүлде айта алған жоқпыз. Қазір біздің экономикамыздың даму деңгейі əлеуметтік стандарттарды, яғни адам қалыпты өмір үшін ие болуы тиіс қаржылар көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Біз көмектесіп жатқан табыстары төмен адамдар бар. Мемлекет өз қаржылары есебінен нағыз мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетуі тиіс. Олар қандай категориялар? Біріншіден, зейнеткерлер – олар өз елі үшін еңбек етті, сондықтан біз оларға зейнетақы төлеуге тиіспіз. Екіншіден, мүгедектер. Олардың мүгедек болғандары үшін олар кінəлі емес. Біз оларға кез келген жолмен қолдау көрсетуге тиіспіз. Мүмкіндігінше өз бағаларын өсірулері үшін аздап еңбекақы табу мүмкіндігін беру қажет. Сондықтан батыс елдерінің тəсілі бойынша мен біздің компанияларға ондай адамдар үшін жұмыс беруді ұсындым. Жəне, əрине, біз балаларға көмектесеміз. Адамның дені сау, аяқ-қолы бүтін, жұмыс істей алатын бірақ масыл болғысы келетін жағдай мүлде басқа. Оған жұмыссыздық жөніндегі жəрдемақы алса жеткілікті. Ол аштан өлмейді, оған нанға емес, ішімдікке де жетіп жатады. Оған басқа ештеңе керек емес. Мұндай адам бұл қаржыны оған жұмыс істейтін жəне мемлекетке салықтар төлейтін өзінің айналасындағы адамдардың төлеп жатқанын түсінуі керек. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті – адамға қолдау көрсету жəне оның еңбекақы табуына жағдай жасау. Былайша айтқанда, балық беру емес, оны аулауды, яғни жұмыс істеуді үйрету керек. Адамға бұдан басқа не керек? Мен қолда бар мүмкіндіктерді жастар пайдалануға тиіс деп ойлаймын. Бүгінде Қазақстанда жұмыссыздық проблемасы жоқ, оның деңгейі небəрі 5 процентті ғана құрайды. Еуропаның көптеген мемлекеттерінде жұмыссыздық 20 процентке жетіп отыр. Мəселе адамдардың біліктілік алуында. Сен бірінші класты дəнекерлеуші, тас қалаушы, жүргізуші, компьютерші, аспаз болуың керек. Сондықтан масылдыққа жол бермеу туралы айта отырып, біз «белдікті қыса түсу» керек дегенді білдірмейміз. Мəселе адамдардың жұмыс істеуіне түрткі болу жөнінде көтеріліп отыр. Жұмыссыздық туралы жəрдемақыны адам тек бір мезгілде оқып, жаңа

мамандық игеріп жатса ғана алуы тиіс. Ольга ЦОЙ, «Хабар» агенттігі: – Нұрсұлтан Əбішұлы, өз сөздеріңізде Сіз экономикалық прагматизм туралы өте жиі айтасыз. Ол біздің үнемдеу режіміне еніп келе жатқанымызды білдіре ме? – Прагматизм туралы айта отырып, мен біз не істесек те, мемлекет ақшасы босқа шығындалмауы тиіс дегенді айтамын. Мен Жолдауда Қазақстанды корпорацияны басқарғандай басқару керек деп атап көрсеттім. Егер біз миллион теңге салсақ, біз ең болмағанда миллион жүз мың теңге табыс табуға тиіспіз. Егер біз милллион салып, ештеңе алмасақ, мен мұны қаржыны прагматикалық пайдалану емес деп есептеймін. Бұл экономикалық тұрғыдан алғанда. Прагматикалық көзқарас мемлекет ақшасын адамдардың əлеуметтік мұқтаждарына жұмсауға да қатысты. Елде бай адамдар неғұрлым көп болса, ел де соғұрлым бай. Бизнесмендер өзгелердің жұмыспен қамтылуы үшін жағдайлар жасап, еңсе тіктеуіне көмектесіп, оларға еңбекақы төлеуі керек. Прагматизм мемлекетті үнемді басқару дегенді білдіреді. Мемлекет ақша тауып, оны ұқыпты жұмсауы керек. Егер біз жаңа жабдықтар сатып алсақ, бізде болып жүргендей емес, ең арзанын жəне ең сапалысын алатындай етіп конкурс ұйымдастыру қажет. Бізде əр тиынға бақылау болуы керек. Əркім де осылай өмір сүруі тиіс. Сіздер дүкенге сауда жасауға келгенде қалталарыңызда қанша бар екенін есте ұстайсыздар ғой. Неліктен мемлекет ойсыз жұмсауы тиіс? Бəрінде де есеп болуы керек. Прагматикалық көзқарас барлық жерде, экономикада жəне халықаралық қатынастарда талап етіледі. Біздің мүдделеріміз бар мемлекеттерде біздің ең күшті елшіліктеріміз болуы керек, сол жерде біз жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл ретте, айталық, мемлекет мүддесі көлік маршруттарында делік. Біз қандай инновациялар алсақ, назарды да сонда аудару қажет. Прагматизм – шаруашылықты ұқыпты жүргізу, халық ақшаларын үнемдеу, оларды адамдар игілігіне пайдалану дегенді білдіреді. Оксана ЛОСКУТОВА, «Астана» телеарнасы: – 2012 жыл маңызды оқиғаларға толы, жеңісті жыл болды. Жыл соңында ЭКСПО-2017 көрмесінің Астанада өтетіні туралы тағы бір жақсы хабар келді. Жалпы, ЭКСПО көрмесі қарапайым халыққа не береді жəне бұл жобадан барынша тиімді пайда табу үшін Қазақстан не істеуі керек? – Дұрыс айтасың. 160 мемлекеттің ішінен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алу оңай болған жоқ. Бізге мемлекеттің мүмкіндігін көрсету керек болды. Сондықтан біз жаңа

экономикаға негізделген жаңа энергия тақырыбын таңдап алдық. Бұл оңай тақырып емес. Сол арқылы біз жеңіске жеттік. 1851 жылдан бері өтіп келе жатқан тарихы бай көрмені шамамен 43 ел қабылдаған. Біз бұл тізімде 45-ші ел болатын шығармыз. Бұл көрменің маңызы өте үлкен. Біріншіден, бұл – Қазақстанға деген дүние жүзі мемлекеттерінің зор сенімі. Қазақстанның дүние жүзіне танымал болып келе жатқанының белгісі. Бізге барлық дерлік мемлекеттер дауыс берді. Екіншіден, əлем елдерінің Қазақстанның мүмкіндігін бағалағаны. Үшіншіден, бұл шараға қатысу үшін елімізге 5 миллионнан астам қонақ келеді. Біздің бизнес осының есебінен мол қаржы табады. Кейде «ЭКСПО-ны өткіземіз деп мемлекеттің қаржысын жұмсаймыз, ал одан қандай пайда түседі?» деген пікір де айтылып қалады. Мысалы, 2000 жылы Ганноверде өткен көрмеде Германия өзінің павильонын 35 миллион долларға салды. Ал есептей келгенде бұл ел 350 миллион доллар пайда тапты. Біз де өз павильонымызды саламыз. Басқа мемлекеттер де өздерінің жетістіктерін көрсету үшін солай істейді. Бұл жерде біздің құрылысшыларымыз жұмыс істейтін болады. Олар жалақы алады, мемлекетке салық төлейді. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын жасайтын зауыттар жұмыс жүргізеді. Жүздеген мекемелеріміз осы мақсатқа жұмыс істейді. Содан соң туризм дамиды. Қазақстанға мұнша көп адам келгеннен кейін біз оларға тек Астананы ғана көрсетіп қоймаймыз, меймандарды Қазақстанның басқа облыстарына да жібереміз. Олар еліміздің ең көрікті жерлерін аралап, сенімін орнықтыра түседі. Ең негізгі мəселе – бүгінгі ең үздік технологияны көрсету. Кеше ғана күн сəулесінен, желдің күшінен қуат алатын зауыт ашқанымызды көрдіңіздер ғой. Болашақтың энергиясы дегеніміз осы. Бүкіл Америка Құрама Штаттары, Еуропа қазір осы мəселемен шұғылданып жатыр. Мысалы, Германияда энергияның 18 пайызы осындай көздерден алынады. Қазір Солтүстік Африкада күннен қуат алатын модульдер жасалып, содан Еуропаға электр энергиясын əкелу ойластырылып жатыр. Бұл – орасан зор жоба. Сахара шөлінде Жерорта теңізі түбімен жеткізіліп, Еуропаны электр қуатымен қамтамасыз ететін күн модульдері салынатын болады. Біз осындай энергия көздерін құру үшін бұл тəжірибемен таныса аламыз. Біздің ғалымдарымыз, біздің ЖОО-лар болашақтың энергиясы не екенін өз көздерімен көреді. Біз павильондарды көрме аяқталған соң оларды халық үшін пайдаланатындай етіп саламыз. Бəлкім, оның қабырғалары көп

қабатты тұрғын үйді құрайтын павильон болуы да мүмкін. Үлкен күмбез астында көрме өтіп, ол аяқталған соң бізге тұрғын үй қалады. Мен шатыры бар қала салуды армандаймын. Мүмкін, бұл жобаны біз «ЭКСПО» шеңберінде жүзеге асырармыз. Шатыр астында қала болып, онда адамдар жазда жəне қысқы аяздарда жақсы жағдайларда өмір сүре алатын болады. Диаметрі 200 метр болатын шеңберді көз алдарыңызға елестетіңіздер. Осы шеңберде бəрі болады: мектептер, ауруханалар, театрлар, дүкендер, шаштараздар, үйлер, ресторандар, кафелер. Автомашиналар болмайды, тек каналдар бойынша ғана қозғалуға болады. Балалар пальто кимей-ақ 30 градустық аязда оқуға бара алады. Осындай «шеңберге» кейін басқа да «шеңберлер» жалғасады, сөйтіп нəтижесінде 10-15 мың халыққа арналған қала салып шығуға болады. Айтқандай, «Хан Шатыр» – осындай идеяға жақындау, оның алғашқы сатысы. Сондықтан ЭКСПО көрмесі барлық аспектілер жағынан тиімді болады деп ойлаймын. 100-ден астам мемлекеттің өкілдері елімізде болып, миллиондаған адамдар келеді. Бұл біздің өзімізді де алға басуға итермелейді. Біз, бастамашы ретінде, өз жетістіктерімізді көрсетуге тиіспіз: күн модульдері, жел электр стансалары құрылысы, тау өзендерінің қуатын пайдалану. Бізде жер асты энергиясын пайдалану тəжірибесі қазірдің өзінде бар, өйткені, жердің кіндігіне неғұрлым жақындаған сайын соғұрлым ыстығырақ бола түспек. Сіздерге тереңдігі бір шақырым болатын шахтаға түсудің реті келді ме? Мен түстім. Онда температура əркезде де 45 градус. Міне, осы жер үсті мен оның қойнауларының температурасының айырмашылығын энергия ала отырып пайдалануға болады. Шығыс Қазақстан университеті тиісті қондырғыны ойлап тапты. Қарағандыда да осындай тəжірибе бар. Оның барлығының пайдасын кейін көреміз. Сондықтан қазірден бастапақ біздің ғалымдар университеттерде, басқа да оқу орындарында өздерінің жаңалықтарын көрсетіп қалуға тырысулары керек. Ярослав КРАСИЕНКО, КТК телеарнасы: – Нұрсұлтан Əбішұлы, бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ жұрттың бəрінің аузында жүр, ол түсінікті де, өйткені, интеграция принципті жаңа деңгейге шығып отыр. Бұл Қазақстан Республикасының мүддесіне қалай əсер етеді? – Интеграциялық мəселе өте маңызды. Бүгінде оны уақыт талабы деуге болады. Сəн емес, уақыт сұранысы. Сіздер қараңыздар, бүкіл

əлемде интеграциялық үдерістер жүріп жатыр. Солтүстік Америкада NAFTA шеңберіндегі интеграциялық үдеріс – Канада, АҚШ жəне Мексика көптен бері «үшеу» болып жұмыс істеуде. Оңтүстік Америкада – Анды қауымдастығы, сол сияқты, Mercosur да бар, Оңтүстік-Шығыс Азияда – ASEAN, Парсы шығанағы елдерінің бірлестігі бар. Жаһандық əлемде бірдебір мемлекет, тіпті ең үлкенінің өзі, өздігінен, өз өндірісі есебінен ғана өзін-өзі қамтамасыз етіп, тұрақты дами алмайды. Интеграциялық үдерістер былайша дамиды. Алдымен емін-еркін сауда жасау үшін еркін сауда аймағы құрылады. Одан соң Кеден одағы, кейін Біртұтас экономикалық кеңістік құрылады – шекаралар ашық, адамдар еркін сауда жасасуда, тауарлар өтіп, капитал қозғалуда. Одан əрі интеграцияның жоғары пішіні ретінде Біртұтас экономикалық одақ құрылады. Оған мысал – Еуропалық Одақ. Еуропа елдері бұған 1950 жылдардан бастап, 60 жыл дерлік жүріп жетті. Біз бұл жолға жақында ғана түстік. Сіздер, іс жүзінде, посткеңестік кеңістіктегі барлық ықпалдастық үдерістерінің бастамашысы мен екенімді білуге тиіссіздер. Сондықтан оны бізге таңып жатқан жоқ, біз өзгелерге таңып келеміз! Біз неге олай жасап отырмыз? Қазақстанда, оның əлемде аумағының көлемі жағынан тоғызыншы орын алатынына қарамастан, тұратын халық салыстырмалы түрде көп емес, тиісінше экономика да бізде үлкен емес. Бірақ, біз 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының 200 миллиард доллардан асатын көлемімен əлемнің ең дамыған 50 еліне қосылатынын мақтан тұтуға тиіспіз. Соңғы жылдары біз 7 пайыздық өсім қарқынымен дамып келеміз. Бүгінде біз Қазақстанның ішкі мұқтаждарын тауарлы өнімдердің тең қатарымен қамтамасыз етудеміз, бірақ біз бəрін бірдей өндіре алмаймыз, қайткенде де сатып алуға тура келеді. Мəселен, автомобильдерді біз сатып алдық. Тек жақында ғана шығаруды бастадық. Ұшақтарды да сатып алдық. Басқа да кейбір тауарларды, тіпті киімді де сатып аламыз. Бірде-бір мемлекет бəрін бірдей өзі шығара алмайды. Біздің оны ешқашан немістер жасағандай сапалы жасай алмайтынымызды жəне олар бəсекеге қабілетті де бола алмайтынын білгенде, Қазақстанда «мерседестер» шығару қажет пе? Егер оларды бұрыннан бері шығарып келе жатқан «Боинг» жəне «Эйрбас» барда, ұшақтар шығару қалай? Бізге сатып алған жеңілірек. Өзге неғұрлым ұсақ тауарлар бойынша да осылай. Өндірілген өнімдермен тауар алмасу дегеніміз интеграция болып табылады жəне ол алға басуда.

Сен ішкі рынокты тауарлармен толықтырып, одан əрі өскің келсе – ал 200 миллиард біз үшін шек емес, біз 300 жəне 400 миллиардқа да өндіруіміз керек – бұл өнімді қайда сату керек деген мəселе туындайды? Осы жерде интеграция өз күшіне енеді. Егер өзге мемлекеттермен рынок ашық болса – біз ол тауарларды сата аламыз. Егер сатсақ, кəсіпорындар оларды шығарып жатыр деген сөз, тиісінше оларда адамдар жұмыс істеп, еңбекақы алуда, мемлекетке салықтар төленуде. Яғни интеграция экономиканың кеуде кере тыныс алуын білдіреді. Кеден одағы жұмыс істеген небəрі біржарым жылда Қазақстан, Ресей жəне Беларусь арасындағы тауар айналымы 40 пайызға өсті. Яғни, біз осынша өнімді артық шығардық, осынша адам жұмыс істеді, еңбекақы алып, мемлекет бюджетіне салықтар түсті. Кеден одағы тиімді жұмыс істеуде. Келесі саты, біз осы жылдың басында хабарлағандай, Біртұтас экономикалық кеңістік құру. Бірақ барлық позициялар келісілгенде ғана бұл интеграциялық бірлестіктен толық қайтарым болады. Біз қазірдің өзінде 17 құжатты қабылдадық, тағы 52-сін бекіту қажет. Тек сонда ғана біздің үш мемлекеттің территориясы сауда үшін, тиімді экономикалық өзара байланыстар үшін ашық болады. Əрине, интеграциядан тек пайда ғана емес, сонымен бірге онда тəуекел де бар. Егер ресейлік тауарлар жақсы жəне арзан болса – біздің адамдар оны сатып алады. Адам үшін ол неғұрлым тиімдірек, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) принципі де осында. Əркім де арзанырақ жəне сапасы жақсы тауарды алғысы келеді. Сондықтан біз тауарларымыздың өзгелердікінен нашар болмауына ұмтылуымыз қажет. Егер біз бұл жерде бəсекелестікке төтеп бере алмасақ, онда біз өз тауарымызбен Еуропада не істей аламыз? Біздің интеграцияның келесі пайдасы сонда, біз посткеңестік кеңістік шеңберінде даму үшін стимул алдық. Белорус машиналары Еуроодаққа қажет емес, онда сапа жағынан əлдеқайда жақсы америкалық жəне оңтүстіккореялық техника бар. Мен Украинаның бүкіл металлургия өнімдерін – швеллерлер, бұрыштар, профильдер өндіретінін білемін. Бұлардың бəрі бізде сатылатын, ал Еуропа өздерінікін қайда жіберерін білмей жатыр. Біздің – қазақстандық, ресейлік тауарлар да дəл солай. Біздің де əзірге бəрін сыртқы рынокта сатуға жағдайымыз жоқ. Біз не істей аламыз? Бүкіл əлемге астық, металл, мұнай, газ сатамыз. Ал бұйымдар, тауарлар қайда? Неліктен біз жыл сайын «Алтын сапа» сыйлығын тапсырамыз? Біз өз өнімдеріміздің сапасын көтергіміз келеді. Мен бір жолы тіпті конкурсқа қатысушыларды сынадым да – олар бұл тауарларды Францияда немесе Германияда сата ала ма? Бұдан əрі не болары баршаны да алаңдатады. Үлкен үдерістердің басталуы жиі-жиі сын, сенімсіздік туындатады. Ал бəрі жұмыс істей бастаған кезде жеңістің əкелері көп, ал жеңіліс – жетім деген қағидат іске қосылады. Мен жекешелендіру туралы хабарлағанда да осылай болды. Бəрі «Қазақстан сатылып жатыр!» деп айқайлады. Ал жекешелендірусіз біздің елімізге қалайша қаржы тартуға болар еді? Нəтижесінде бүгінде 170 миллиард доллар инвестиция тартылды. Астананы көшіруге байланысты да осындай оқиға болды: «Халық ақшасыз отыр, ал ол астананы көшіруде» десті. Ал қазір, менің ойымша, бізде осындай тамаша елорданың болуына ешкім де қарсы емес. Мен АӨСШК құру туралы бастама көтергенде де, ЕҚЫҰ Саммитін өткізуге құлаш сермегенде де осылай болды: «Бізге ЕҚЫҰ қайда, мұнда кім келеді? Қазақстан ондайды өткізе ала ма?». Дегенмен, біз оны тамаша жүзеге асыра білдік. Дəл сол сияқты, сынға қарамастан Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік жəне Еуразиялық экономикалық одақ қалыптасады жəне біздің пайдамызға жұмыс істейтін болады. Бұл Қазақстан үшін ыңғайлы. Ешкім ешқандай Кеңес одағын қайта құрайын деп жатқан жоқ. Оған қайтып айналғысы келгендер шынайы жағдайды түсінбейді, өйткені, ол мүмкін емес. Қайта айналу нүктесінен əлдеқашан өтіп кеттік. Бүгінде біз біздің жаңа бірлестігіміз тең құқылы өзара тиімді одақ болып, оған консенсус негізінде басшылық жасалуы тиіс дегенді айтудамыз. Үш мемлекет шешім қабылдайды. Егер бір ел қарсы болса – шешім қабылданбайды. Яғни, əркімнің мүддесі толық сақталған. Саяси егемендікке ешқандай қолсұғушылық жоқ. Иə, экономикалық мəселелердің бір бөлігін біз құрылған ұлтүстілік экономикалық органға береміз. Бірақ біз барлық үш мемлекеттен де егемендікке ие боламыз, яғни, Ресей мен Беларусь мəселелерін шешуге атсалысамыз. Дəл сол сияқты, Беларусь Қазақстан мен Ресей мəселелерін шешуге атсалысады. Ресейге қатысты да дəл сол принцип.


www.egemen.kz

1 қаңтар 2013 жыл

3

СЕНІММЕН ЌАРАЙМЫЗ» Демек, кеден мəселелеріне қатысты экономикалық мəселелердің бір бөлігін бере отырып, біз халқы 170 миллион адамды құрайтын зор кеңістіктегі ортақ егемендікке ие боламыз. Мен, мəселен, қазір Еуропалық Одақта Кеден одағымен келісім жасасу керек деген дауыстар шығып жатыр дегенді естимін. Вьетнам Кеден одағымен əріптестікке өтініш берді. Жақында мен белгілі ағылшын саясаткерінің сөйлеген сөзін оқыдым, ол Еуропалық Одаққа Кеден одағымен ынтымақтастықта болуды бастайтын кез келді дейді. Мейіржан ЖИЕНƏЛИЕВ, «Қазақстан» ұлттық арнасы: – Сіздің Жолдауыңыздан кейін қазақ қоғамына кеңінен қозғау салған тақырып – ауыл əкімдерін сайлау мəселесі. Біздің телеарнаға хабарласатын көрермендер «Тамыртаныстарының көмегімен келген аудан немесе ауыл əкімдері жұмыстарына салғырт қарайды, жаттанды есеп береді» деп шағым айтады. Сіз «Əкім халыққа үнемі жақын болуға, елдің мұң-мұқтажын бес саусақтай білуге тиіс» деп шегелеп отырасыз. Сіздің пікіріңізше, ауыл əкімдерін сайлаудың біздің қоғам үшін қандай тиімділігі бар жəне маңыздылығы қандай? – Жергілікті өзін өзі басқару жүйесі өте маңызды. Əр ел өз мүмкіндігіне сай шешеді, дегенмен, ешбір мемлекет осы мəселені толық шешкен жоқ. Менің ойымша, жергілікті мəселелерді халықтың өзі қатысып шешуі керек. Ол үшін əкімнің құқығы болу керек, əкімнің тағайындалуына халықтың қатысуы болуға тиіс. Ал əкім халық алдында есеп беруі керек. Мысалы, ауданның халқы аудандық мəслихатты сайлайды, ал мəслихат депутаттары келісіп əкімді сайлайды. Біз тəжірибе аламыз деп əкімдерді тікелей сайлауға көшіп едік. Біраз қиыншылықтар болды, əрқайсысы өзіне тартып, бірлік таныта алған жоқ. Сол себептен енді аудандық мəслихаттар əкімдерді сайлайтын болса, бизнестен түсетін қаражатты жергілікті органдарда қалдырсақ, оны мəслихаттың комиссиясы қарап отыратын болса, əкімдер ауылдардың өз мəселелерін – көпір, монша салу, мектеп жөндеу, мүгедектерге көмек көрсету жəне тағы басқа мəселелерді елмен бірлесіп шешетін болса – сонда халықтың өзі сол жұмысқа кірісіп отырады. Қазір баяғы заман емес қой – қазір бəрі жеке меншікте. Кейбір азаматтар пəтерлері жеке меншік болса да, «үйімізді мемлекет жөндеп береді» деп күтіп отырады. Бұл дұрыс емес. Сол баяғы сарын. Қазір біз ескірген үйлерді жөндеуге кірістік. Ауыз су мен жылу, газ бен электр қуатын сіздерге мемлекет əкеліп берді. Ал үйді жөндеу үшін азаматтар өздері 30 пайызын төлесе, қалған 70 пайызын мемлекет несие ретінде береді. Сонда да кейбір азаматтар «мемлекет барлығын жасап берсін» деп отырады. Осындай жақсылықты ешбір мемлекет жасап отырған жоқ. Мұны түсіну үшін уақыт керек. Келесі буын бұл жағдайды түсінеді деп ойлаймын. Əр адам өз мəселесін өзі əрекет жасап шешуге тиіс. Өзін өзі басқару мəселесі мұнымен тоқталмайды. Əрі қарай əр ауылдың, əр ауданның өзінің шағын бюджеті жасақталады. Сонда ғана мəселелерді шешу үшін мүмкіндіктері болады. Бұл жұмысты тиімді өткізіп, болашақта аудан, облыс əкімдерін жалпылама сайлау арқылы тағайындауға болатын шығар. Бірақ, біз бұған асықпауымыз қажет. Арман СЕЙІТМАМЫТ, «24 KZ» телеарнасы: – Нұрсұлтан Əбішұлы, биыл еліміз жаңа мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Біз бұл Сіздің емес, Парламент депутаттарының бастамасы екенін білеміз. Дейтұрсақ та, Сіздің жеке пікіріңізді білгіміз келеді. Сіз қалай ойлайсыз, оны тойлау дəстүрін қалыптастырудың сəті түсті ме? – Мен мұндай бастамаға қарсы болдым. Дегенмен, əлемде мұндай жайттар бар – АҚШ-та Президенттер күнін атап өтеді. Бұл мереке бірінші президент Джордж Вашингтонның құрметіне белгіленген. Бірақ бізде, əдеттегідей, бұрмалау орын алады. Бұл Назарбаевтың жеке мерекесі емес қой. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет дамудың жаңа жолын – президенттік басқаруды таңдады. Бұл жүйе бүкілха лықтық референдумда белгіленді. Жəне 1991 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан президенттік вертикальдің арқасында ел табысқа қол жеткізді. Мерекені де дəл осы қырынан атап өту қажет. Осыған байланысты мен бізде өткеннің жақсыатты болу дағдыларының əлі де қалғанын: жағалай Президент портреттерін ілудің бар екенін айтпақпын. Бұл бойынша мен елеулі ескертулер

де жасадым. Иə, əлемде мұндай бар. Бірақ менің фотосуреттерім, егер мен қатты ұнайтын болсам, жұмыс үстелінде немесе үйде, шенеуніктер кабинеттерінде белгіленген көлемде тұрсын. Онымен əуестенудің қажеті жоқ, біз мұнан əлдеқашан өткенбіз! Сондай-ақ, маған атыма түрлі көшелердің, қалалардың, басқа да нысандардың атын беру туралы ұсыныстар тұрақты түсіп тұрады, бірақ мен онымен ылғи күресіп келемін. Бір ғана нəрсе – осы ізгі істі қолдау, Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары үшін үлгі ету мақсатында атыммен университетті жəне зияткерлік мектептерді атауға келісімімді бердім. Бұдан басқа мен ешкімге атымды пайдалануға, сондайақ, алаңдарда портретімді орналастыруға рұқсат еткен емеспін. Өйткені, бұл тек сайлау науқаны жүріп жатқан кезде ғана жол берілетін жайт. Осы сұхбатты пайдалана отырып, мен барлық əкімдерге осындай істерде белгілі бір өлшем болуы керектігін ескертемін. Мен бұл «артық қыламын деп тыртық қылатындардың» əрекеті деп білемін. Яғни, мені жақсы көргендіктен емес. Бірақ, бұлай істейтін əкімдер кесірін тигізеді ғой. Сондықтан, бұл мəселе бойынша сабыр сақтауды өтінемін. Тұңғыш Президент күні – жақсы мереке. Бірақ оны Қазақстан дамуы тарихының жаңа дəуірі – бүгінде тиімділігін халық көріп отырған президенттік басқаруға көшу күні ретінде атап өту керек. Біздің индустриямыз, табысты мемлекетіміз, Қазақстанның беделі – осының барлығы біз құрған президенттік республиканың нəтижесінде мүмкін болды. Мен аталған мейрамның осы тұрғыда тойланғанын қалаймын. Болат МҮРСƏЛІМ, 31-телеарна: – Нұрсұлтан Əбішұлы, биылғы Жолдауыңызда 2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын қарпіне көшіру мəселесін айттыңыз. Бұл қоғам тарапынан қызу қолдауға ие болып жатыр. – Қолдау ма, əлде сын ба? – Қолдау! Оның себебін əркім түсінеді. Кез келген ұялы телефонда болсын, компьютерде болсын, мынадай ақпарат тасқындаған заманда латын қарпіне көшу – əлемдік интеллектуалдық ортаға кірігудің бір жолы. Біздің еліміздің бұл мəселеде тарихи тəжірибесі бар. Байтұрсыновтың заманында да əліпби ауыстыру мəселесі қойылған. Көрші елдердегі жəне əлемдік тəжірибелерді ескере отырып, бұл шараны неден бастау керек жəне оны қалай жалғастыру керек? – Бұл ой еліміз тəуелсіз алғаннан кейін мені жиі мазалады. Бірақ біз көп ұлтты халықпыз. Əр ұлттың ойпікірі бар. Қазіргі кириллица арқылы қазақтардың да, қазақстандықтардың да бірнеше буыны тəрбиеленіп, білім алды. Өмірді таныдық, дүниені көрдік. Сондықтан латын қарпіне көшкен жағдайда да кириллица көпке дейін қатар қолданылады, екеуі біразға дейін бірге пайдаланылады деп ойлаймын. Латын алфавиті біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан келе жатыр, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Дүние жүзі елдерінің 80 пайызы латын қарпін қолданады. Ойлап қараңыз, бүкіл Солтүстік, Оңтүстік Америка, Жерорта теңізі мен Ақ теңіздің төңірегінде тұратын халықтар, Африка, Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттердің барлығы латын қарпін қолданады. Екіншіден, қазіргі заманның, техниканың, білімнің, ғылымның тілі латын тілінен бастау алып, өмірде қолданылып жатыр. Үшіншіден, біздің жастарымыз қазір жаппай ағылшын тілін оқиды. Орта буынның барлығы да ағылшын тілін меңгеруге тырысуда. Сондықтан көшуге дайындығымыз бар. Мүмкін, 2025 жылға дейін созбайтын болармыз. Қазақ тіліне тəн кейбір дыбыстар да кезінде латынша таңбаланған. Сондықтан қазақ тіліндегі барлық əріптер латын алфавитіне бейімделген деп санау керек. Тағы бір мəселе, латын қарпі бізге дүние жүзінің халқымен, əлемнің ғылым-білімімен қарым-қатынас үшін керек. Алдыңғы буын ағалар, жазушылар, ғалымдар «біздің жазғанымыздың барлығы сыртта қалып қояды» деп ойламауы керек. Оның барлығы аударылатын болады. Əрине, оған уақыт керек. Төңірегіміздегі Өзбекстан да, Түркменстан да, Əзербайжан да осылай істеп жатыр. Ең алдымен, арнайы комиссия құрып, латын қарпіндегі қазақ əліпбиін компьютерге бейімдеу керек. Түрік ағайындар бір жағынан нүктелер, үтірлер қойып жатыр. Бізде ондай күрделілік болмауға тиіс. Тіпті, екі-үш əріпті қосып, бір дыбыс етіп айтатын елдер де бар. Неміс тілінде «ш» дыбысын үш əріп береді, француз тілінде төрт əріппен жазылатын дыбыстар бар. Бір сөз неше

əріптен тұратынын түсінбейтін кездер де болады. Егер латын əліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ, біз компьютер тіліне көшеміз, балаларымызға жəне бізге экономикалық жəне ғылыми кеңістікке енуге оңайырақ болады. Бұдан қашып құтыла алмаймыз, бұл – келешектің талабы. Сондықтан, біз осыған ұмтылуға тиіспіз. Бірақ бұл мақсатқа біз үлкен сарабдалдықпен, байыптылықпен келуіміз керек. Кириллицаны қосарлана пайдалану белгілі бір уақытқа дейін жалғасатын болады. Міне, қараңыздар, қазір барлық балалар бірінші сыныптан бастап үш тілді: мемлекеттік, орыс жəне ағылшын тілдерін оқиды. Демек, үдеріс жүріп жатыр, 15 жылдан кейін бəрі де бұл алфавитті білетін болады. Жəне халықтың басым бөлігі, əсіресе, бұл басқарушы элитаға қатысты, өйткені, олар сөйлеуге міндетті, ағылшын тілін білетін болады. Үкімет мүшесі немесе əкім ағылшынша білмей тұра алмайды. Мəселе қазір осылай қойылуда. Өйткені, əлемде үнқатысу негізінен осы тілде жүреді. Мемлекетаралық тауар айналымы өсіп келе жатқанын да ескерген жөн, бізде экспорт көлемі 74 миллиард доллар, импорт – 36 миллиард доллар. Біз əлемнің 80 елімен байланыс жасап, сауда-саттық жүргіземіз, саяси қарым-қатынас жасайтын мемлекеттер қатары бұдан да көп. Сондықтан, латын əліпбиіне өту табиғи түрде жүреді деп санаймын. Біз осыған бейімделуіміз керек. Білімді азаматтарымыз, зиялы қауым осы мəселені насихаттап, үгіттеуге тиіс. 1929 жылға дейін бізде араб алфавиті болды. 1940 жылға дейін латын əліпбиін пайдаландық, содан бері кириллицаны қолданып келеміз. Біздің тəжірибеміз бар. Төте жазу дедік, басқаша атадық. Сондықтан, түбінде көшу керек. Кезінде Ататүрік «Түркияны Еуропаға жақындатамын» деп арабтың алфавитінен ажырап, латын қаріптерін кіргізді. Бұл саяси мүддеден туындады. Қазір түрік ағайындар соны қолданып жатыр. Мая БЕКБАЕВА, «7 арна» телекомпаниясы: – Нұрсұлтан Əбішұлы, Сіз, қарапайым тілмен айтқанда, «мазасыз» ырғақта өмір сүріп, жұмыс істейсіз. – Тап солай. – Сіздің жұмысыңыз кілең кездесулерден, ұшулардан, сағат белдеулері мен климаттық аймақтардың өзгеруінен тұрады. Мұндай салмақты екінің бірі көтере алмаса керек. Менде Сіздің қатысуыңызбен өткен тек бір күндегі, 2012 жылғы 19 желтоқсандағы Ресей Федерациясына жұмыс сапарыңыз аясындағы шаралардың тізімі бар. Сіз алдымен кеңейтілген, сосын шағын құрамда өткен жеті кездесу өткіздіңіз, оның ішінде – ҰҚШҰ басшыларының, одан кейін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мəжілістері, ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің, Еуразиялық экономикалық кеңесінің мəжілістері. Сіз Кремльде қатарынан 12 сағат бойы болдыңыз. Сіз осындай қарқынға қалай шыдас бересіз, осындай дəйім бабыңызда жүруіңіздің құпиясы неде? – Жылы сөзіңіз үшін рахмет. Қосарым, осындай əр кездесуге мұқият дайындалу қажет. Сендіре сөйлей білу керек. Əр əңгімеге, əсіресе, шет мемлекеттер басшыларымен əңгімеге алдын ала үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Мен өз елім үшін тиімді шешім қабылданғанын қалаймын – менің сұхбаттасым да өз елі үшін соны қалайды. Барынша тиімділік əкелетін құжат дайындайсың – өтпейді. «Қалтаңда» шегініс жасайтын екінші шешім болуы тиіс. Үшінші де бар, сен одан төмен түсуге тиісті емессің. Осының бəрі талқыланады. Қорытындысында, консенсусқа келесің немесе келіссөздер тоқтатылады. Тек осы жылы ғана, тұтастай алғанда, мен 700 хаттамалық кездесу өткізіп, 17 рет шетелге сапар жасадым, өзге шет мемлекеттер басшыларының Қазақстанға сапарлары бұдан екі есе көп болды. Бұдан бөлек, мемлекетті басқару аясында көптеген күн сайынғы кеңестер мен кездесулер ұйымдастырылды. Демек, менің денсаулығымды ойлауға да мұршам бола бермейді. Жəне маған ол туралы ойламайтындай етіп өмір сүру керек. Егер өз жұмысыңды жақсы көрсең, егер өз еңбегіңнің нəтижесін көрсең – осының өзі рухтандырады. Бұл ер адам үшін шабыттандырушы күш болып табылады. Ол əркез «жер жырта» жұмыс істеуі тиіс. Мен əрқашан жастарға спортпен шұғылдану қажеттігі туралы айтамын. Өйткені, кез келген бизнесмен – өзінше бір бөлек адам. Онның бірі ғана сондай болуға қабілетті. Бұл адамдардың ерекше бір түрі. Ол өз елінде жəне бүкіл əлем бойынша жүріп-тұрады, ол əріптестеріне оң əсер етуі үшін келіссөз жүргізе білуі тиіс,

тіл табысқыш, ақылды жəне жігерлі болуы керек, мұндай жұмыс кезінде шаршап-шалдықпау үшін денсаулығы мықты болуы шарт. Сондықтан, əркім денсаулығын ойлағаны дұрыс. Мен кейде күлемін, маған еріп жүретін адамдар – күзет қызметіндегілер, журналистер, олардың бəрі де жас, бірақ олар кешке қарай сүрініп жығылады, ал мен ештеңені де сезбеймін, өйткені, жұмыс еліктіріп əкететіндіктен денсаулығың туралы ойлауға мұршаң да келмейді. Меніңше, Плутархтың айтқаны болды ғой деймін: «Жалқауланып жатып өзінің денсаулығын дұрыстамақшы болатындар, үнін шығар май-ақ дауыстарын күшейтуді ойлайтындар секілді ақымақтық қадамдарға барады». Сондықтан, сандалбайлыққа салынбай, белсенді өмір сүру керек. Өмір бұлқынысы ілгері жетелеп, жұмыс еліктіруі жəне ауыруға уақыт қалмауы тиіс. – Сізбен сапарлас болатын журналистер Президент осының бəріне қалай шыдайды екен деп таңданыстарын білдіріп жатады... – Қазір маған жеңіл, өйткені, үлкен тəжірибе иесімін, көп нəрсені ə дегенде-ақ қағып алып жатасың. Маған құжаттың алғашқы бетіне көз жүгіртсем жеткілікті, əрі қарай не айтылатынын айнытпай білемін. Бірақ, алғашқы жылдары осы жолда күндіз-түні жұмыс істеуге тура келді. Тəуелсіздігіміздің 21 жылында басымыздан не өтпеді, қандай қиындықтарды еңсермедік! Осының бəрі мен арқылы, менің жүрегім арқылы өтті. Кəсіпорындар тоқтап, зейнетақы, еңбекақы төлейтін ақша болмады, жұмыссыздық өсті. Дүкендерде нан, шұжық болмады. Қарапайым нəрсенің өзі жоқ болды. Уақыт сондай болатын. Жұмысқа бара жатқан кезімде əжелер жолымды бөгейтін. Парламент, депутаттар біздің не істеп жатқанымызды, жекешелендірудің, нарықтық экономиканың, жаңа қаржы жүйесінің не екенін түсінбеді. Менің күні бойы Парламентте отырып, заңның əр бабы бойынша сөз сөйлеуіме, содан кейін жұмысқа барып, президент болып түнгі сағат екіге дейін жұмыс істеуіме тура келді. Осының бəрі де бастан өтті. Қазір соңыма қарайлап ойласам – шын мəнінде Жаратқан маған осы сынақтың бəрінен лайықты өте алатындай күшжігер мен денсаулық сыйлапты. – Денсаулығыңыз алдағы кезеңдерде де сыр бермейді деп үміттенеміз. Өзіңізді күтіңіз жəне Сіз бізге керек екеніңізді есіңізден шығармаңыз! Болат МҮРСƏЛІМ, 31 телеарна: – Нұрсұлтан Əбішұлы, тағы бір сұрақ қоюға рұқсат етіңіз. Қазір қоғамда инженерлік-техникалық мамандықтарға деген көзқарас өзгерді. Бұдан оншақты жыл бұрын жастардың бəрі заңгер, экономист болғысы келсе, енді еліміз индустриялық бағытқа бет бұрғаннан бері техникалық мамандықтарға көбірек сұраныс бар. Осыған орай, мемлекет тарапынан қазір техникалық мамандықтарға гранттар көбейіп келе жатыр. Осы əлі де жалғаса бере ме? – Жалпы, мемлекет елге қандай мамандар керек екенін сараптап, есептеп отыруға тиіс. Мемлекетке заңгер де, экономист те, қаржыгер де керек. Бірақ қанша маман керек? Бас кезінде бəрі сол мамандықтарды көбірек таңдады. Саны бар, сапасы жоқ болды. Олардың басым бөлігі жұмыссыз қалды. Атырауда мұнайшылар дайындайтын бір мекеме бар. Оны колледж деп те, институт деп те атай алмайсың. Бірақ соны бір жыл оқып, бітіріп шығатындар инженер болып саналады. Бір жылдың ішінде сондағы зауыттағы қондырғылармен жұмыс істеп үйренеді. Мен сапарым кезінде олармен кездестім. Сұрастырып көрсем, олардың арасында ҚазҰУ-ді, Алматыдағы, Астанадағы университеттерді бітіріп келген жастар отыр. Себебі, бір жыл оқытумен қатар, оларға жұмыс істегені үшін жалақысын да төлеп отырады. Оқуын аяқтағаннан соң, сол жерде жұмыс орны дайын тұр. Алғашқы мамандығынан гөрі осы мамандық бойынша табысы көп болғаннан кейін сонда кетеді. Біз индустрияны қолға алып жатырмыз. Егер инженерлер болмаса, кім жұмыс істейді? Инженерлерді тек шетелде ғана емес, өзіміздегі политехникалық оқу орындарында да дайындайды. Сондай-ақ, химияда, құрылыста, металлургияда, кен байыту ісінде, жеңіл өнеркəсіпте, көлік саласында инженерлер бар. Түбінде сол инженерлер қажет болады. Менің айтарым, балаларды математика, физика, химия жағына бейімдеу керек. Бəрі оны меңгере алмайды, əрине. Оған да табиғатынан бейімділік қажет. Зияткерлік мектептерге дарынды балаларды жинап жатқанымыз сондықтан. Ертең солардың арасынан инженерлер шығады, жаңалық ашатын солар болады деп сенемін. Екінші жағынан, тек инженерлер керек деп басқа мамандықты

ұмытып кетуге болмайды. Себебі, мұғалімдер, дəрігерлер, əскерилер, полиция – бəрі де керек. Мая БЕКБАЕВА, «7 арна» телекомпаниясы: – Мен Сізге əйелдерге қамқорлығыңыз үшін үлкен адами рахмет айтсам деймін. Қазақстан халқына Жолдауыңызда Сіз əйелдердің еліміз өміріндегі рөлі жоғарылауы үшін əрі қарай да барлық жағдайды жасайтыныңыз туралы айттыңыз жəне Сіз халықты орта ғасырға емес, ХХІ ғасырға бастап келесіз. Міне, осы сөз тіркестері Сіздің біздің болашағымызды, кəсіби қызметте де, отбасылық өмірде де алға ұмтылғысы келетін жұмыс істеп жүрген аналар – біздерді қалай көз алдыңызға елестететініңізді айқын көрсетеді. Сіздің бұл сөздеріңіз біз үшін орасан зор ынталандырушы күш жəне өте үлкен қолдау. Осы үшін көп-көп рахмет. – Қазақстан халқының 51,2 пайызын əйелдер құрайды жəне олар маған қолдау көрсетіп келеді, тіпті мені жақсы көретін де шығар. Сондықтан мен шын жүрегіммен біз əйелдер үшін əлі бəрін де жасай алған жоқпыз деп есептеймін. Бізге əлі көп нəрсе жасау керек. Балалар тəрбиелеп отырғандар үшін жұмыс істеудің ерекше жағдайын жасауға болады. Жалпы, мемлекетке, халық санының өсу заңдылығына сəйкес, алтыншы, жетінші немесе оныншы баланы емес, үшінші баланы ынталандырған ұтымдырақ. Біз көп балалы отбасыларды ынталандырып келеміз. Бүгінде, мəселен, «Балапан» бағдарламасының арқасында балалардың 70 пайызға дейіні балабақшаларға бара алады – бұл əйелдерге үлкен көмек. Зияткерлік мектептер, мектеп-интернаттар – осының бəрі де қолдау. Бірақ, мені еліміздегі ажырасудың көптігі алаңдатады. Қазақстандық отбасылар берік болулары тиіс. Неге бұлай болып жатыр? Бұл – көкейкесті мəселе. Əрине, мұның көптеген себептері, оның ішінде тұрмыстың жөнге келтірілмегені бар. Жəне біз жастар үшін қолжетімді баспананы көбірек салуға тиіспіз. Жалға берілетін баспаналар көбірек болуы керек. Адам жұмыс, жалға алатын пəтерлер бар жерлерге көшуі тиіс. Еліміз бойынша адамдардың топтасуы үшін жағдай жасау қажет. Міне, Қазақстанның оңтүстігінде – жұмыс аз, жұмыссыздық көп. Жұмыс орындары бар жерлерге көшу керек. Бізде қазір адамдар жетіспейді. Қашқын алиментшілердің проблемалары да бар – олар қашып жүрсе, мемлекет баласы бар əйелді қолдап отыр. Ал олардың ізіне түсіп, «жондарынан таспа тілу керек». Əйелдің қасірет шекпегені жөн. Əйелдердің өздерін өздері жұмылдырғаны, саясатқа, мемлекетті басқаруға белсендірек барғандары қажет. Бізде əйел министрлер бар – мұндайды əр мемлекетте кездестіре бермейсіз – жəне айтқандайын, олар тамаша жұмыс істеп жүр. Менің өмірлік тəжірибеме қарап, əйел-қызметкер, əйел-министр серіктестер ретінде ер адамдарға қарағанда сенімдірек деп айта алады. Мұндай жағдай, айтпақшы, журналистикада да байқалады. – Ер адам проблеманы тұтастай көреді, ал əйел оның бөлшегіне дейін көреді... – Бұл əңгімеге мүлдем басқа қырынан келген жөн. Бар мəселе психологияда. Жəне біздің адамды ол қандай болса, сондай тұрғыда қабылдай білмейтінімізде. Мəселенің үлкені осында. Əйелдер мүлдем басқаша жаратылған. Біз мұны түсіне алмаймыз, себебі, оны университеттерде де, инс титуттарда да оқытпайды. Тағатты, яғни толерантты болу керек – проблеманың мəні осында. Мұның ұлтаралық келісімге де қатысы бар. Адамдардың таңертең ояна келіп, бəрінің бір ұлттың өкілі екендіктерін білген сəттерін көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші. Бəрінің шаштарының түсі, көздерінің түсі бірдей, бірдей киінген, бір тілді, бір дінді. Бəрі бір түске қарай, бір көрші екіншісінің дұрыс отырмайтынын, дұрыс сөз саптамайтынын, қасықты дұрыс ұстамайтынын байқай бастар еді. Сондықтан, тағаттылықты өзіңнің бойыңда тəрбиелеу қажет. Міне, сонда басқа адамдарды, олардың діні мен мəдениетін парасаттылықпен қабылдайтын боласың. Жəне олар да тиісінше жауап қайтарады, сөйтіп, өзара түсіністік орнайды. Ерлі-зайыптылардың арасы да осы секілді. Отбасылық қарымқатынастарда, əйелдер проблемаларын шешуде əлі де көптеген мəселелер бар, бірақ мен əркез əйелдер жағындамын. Қолдаймын жəне қолдайтын боламын. Ярослав КРАСИЕНКО, «КТК» телеарнасы: – Нұрсұлтан Əбішұлы, жаңа 2013 жыл да келіп қалды жəне қазір

барлығы – қарапайым азаматтар, корпорациялар, телекомпаниялар, президенттер қандайда бір қорытындылар шығарып жатқанына сенімдімін. Сіз, Мемлекет басшысы ретінде өзіңіз үшін, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін 2012 жылдың басты қорытындысы не болды деп санайсыз? – Өтіп бара жатқан жыл ел үшін жақсы болды. Экономика 5 пайыздан астам өсті. Бүкіл əлемдегі дағдарыс жағдайында бұл – өте жақсы көрсеткіш. Жұмыссыздық 5 пайызды, инфляция 5,3 пайызды құрады, өткен жылы 7 пайыз болған еді. Бүгінгі буырқанған əлемде бұл өте оң көрсеткіштер жəне мені қуантады. Бұл – біз арқауында алдағы 2013 жылды құра алатын экономикалық қорытынды. Əрине, біздің ЭКСПО-2017-ні өткізу құқын жеңіп алуымыз айтулы оқиға болды. Мен қорытындысы бойынша біз 200-ден астам мемлекеттің ішінде 12-ші орынға көтерілген Лондон Олимпиадасын бүкіл Қазақстан есінде сақтады ғой деп ойлаймын. Бүкіл еліміз теледидардың алдында отырып, жанкүйер болды. Бірлесу деп осындайды айтады! Олимпиадаға түрлі этностардың өкілдері қатысты, бірақ барша Қазақстан бір деммен біздің спортшылар үшін «жандары күйді». Бастысы, елімізде бəрі де тыныш болсын, Қазақстанның əлемдегі танымалдылығы мен беделі артсын, экономикамыз өссін. Осының бəрінен бір нəрсені жеке бөліп алу мүмкін емес. Елімізде, тұтас нəрсе секілді, бəрі де қалыпты болғаны маңызды. Лаура НҰРЛАН, «Еуразия» бірінші арна» телеарнасы: – Нұрсұлтан Əбішұлы, Жаңа жыл қарсаңында мен Сізге мына сұрақты қоймай тұра алмаймын. Əркімнің осы мейрамға қатысты өзіндік ойəсері бар. Біреулер үшін Жаңа жыл – оливье салаты мен мандариндер. Біреулер үшін – отбасылық отырыстар мен сыйлықтар. Осы мейрам жеке өзіңіз үшін нені білдіреді, Сіздің Жаңа жылмен байланысты ойəсеріңіз қандай? – Жаңа жылды 1 қаңтарда мерекелеу дəстүрін Ресейге Бірінші Петр əкелгені тарихтан белгілі. XVIII ғасырдың басында бұл еуропалық мейрам болатын. Шығыста оны əртүрлі атап өтеді. Қытайда қаңтар-ақпанда мерекелейді. Бізде Наурыз, өздеріңіз білетіндей, 22 наурызда. Қазір бізге Жаңа жыл қажет пе дейтіндер бар. Мен мұны кəдімгі əдемі күн санаймын. Мен, мəселен, осы кезге дейін бұл мерекені үлкен сезіммен күтемін. Жаңа жыл қашанда қандай да бір үміттермен, армандармен, əсіресе, балаларға, байланысты. Қай жерге қарасаң да жарқыраған жəне түрлі-түсті əдемі ойыншықтар. Балалар мұндайды жақсы көреді емес пе! Айтпақшы, олар үшін мен Бурабайда «қазақстандық Лапландия» жасауды тапсырдым. Жақында біз сонда жаңа қонақ үй аштық, баршаға сонда болуды ұсынамын. Соның айналасында Аяз Ата мен Ақшақардың нағыз сарайы бар «Лапландия» орын тепкен. Онда ит, бұғы жегіп жүруге, жеккен атпен жүруге болады, əлемнің жеті кереметі, балалар үшін мейрамхана, шаңғы мен коньки прокаты – бəр-бəрі бар. Бұл мен білетін қай заманда болмасын тамаша мейрам, мен оны жақсы көремін. Сіздер де жақсы көреді ғой деп сенемін. Ал менің есімде жанатын гирляндылар алғаш шығарылған 1968 жыл қалыпты. Гирляндылар кішкентай зымырандар түріндегі лампочкалар болатын. Бұл ғарышты игеріп жатқан кезең еді ғой. Мен сол кезде одақтық комсомол Орталық комитетінің мүшесі едім, Мəскеуге жиі баратынмын, біздің шыршамызды əсемдеген сол гирляндыға сонда қол жеткізгенмін. Сол жылы мен сондай-ақ металлургиялық институтты бітіріп, инженер-металлург болдым. Əуелі металлург жұмысын тəжірибе жүзінде алып, содан кейін барып қана жоғары оқу орнын бітіруіме тура келді. Сол жыл біздің отбасымыз үшін қызықты оқиғаларға толы жыл болды. Тұтастай алғанда, мен үшін, Президент үшін табысты өткен кез келген Жаңа жыл жақсы. Біз болашаққа сеніммен қараймыз. Өйткені, келесі жыл бұрынғысынан да жақсы болмаса, жаман болмайтынын білесің. Жəне Жаңа жылды осындай көңіл күйде қарсы алғанда əрқашан қуанасың. Өткен жылы əр отбасында көптеген қуанышты оқиғалар болды ғой деп ойлаймын. Мүмкіндікті пайдалана отырып, барлығыңызды құттықтаймын. Сіздерге бақыт, табыс, Жаңа жылда игілік тілеймін, барлық армандарыңыз орындалсын. ––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


4

www.egemen.kz

1 қаңтар 2013 жыл

Осы тұста ескеретін жайт, елдің өркендеуі ең алдымен тұрмыс əлеуетінің деңгейімен тікелей байланысты екеніне ешкімнің де күмəні жоқ. Тəуелсіз Қазақстан экономикалық реформалардың нəтижелерін нақты халықтың игілігіне жұмсаған қуатты мемлекет бола алғанын əлем мойындады. Ең алдымен өзіміздің көзіміз жетті. Өз мүмкіндігімізге деген сенім орнықты. Осы жетістіктерді алдағы таяу жəне ұзақ мерзімде үдете түсіп, халықтың бақуатты тұрмыс-тіршілігін, əлеуметтік сұранысын сапалы қамтамасыз етуді əлемнің ең озық мемлекеттерінің дəрежесіне жеткізу міндетіне де Елбасы осы Жолдауында айқын басымдық берді. Олар – өндірістің өркендеуі, жаңа технологиялық қондырғылардың кеңінен таралып, іске қосылуы, жаңа жұмыс орындары, Қазақстанның барлық өңірлерін-

да сəті келген. Елбасының бұл жолғы Жолдауы мазмұны жағынан да, құрылымы жағынан да, баяндалуы жағынан да осыған дейінгі Жолдаулардың жылдан-жылға ұласқан жалғасы бола тұра, көптеген күрделі мəселелерге, құбылыстарға, əсіресе, елдің болашағына қарата мүлдем бөлек, тың, ерекше көзқарас ұсынған жаңа жоба болды. Жинақтап айтқанда, Жолдаудың осы сипаттарын ашатын ірі-ірі түйіндерді төмендегіше топтастыруға болар еді. Олар: Біріншіден, өткен кезеңге, дəлірек айтқанда, «Қазақстан-2030» Стратегиясының орындалуына жан-жақты талдау жасалып, оның жетістіктерін алдағы кезеңдердегі даму жолдары мен шаралар барысында біліктілікпен пайдалана білуге назар аударылды. Екіншіден, экономика жетістіктерін мемлекетіміздің, халқы-

Арман мен сенім (Жолдау жолдарынан туындайтын ой) Қуаныш СҰЛТАНОВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі.

Жаңа жыл қарсаңында тіршілік қаншама қарбаласқа толы болса да кез келген есті адам өтер жылдың елеулі оқиғалары мен əртүрлі кезеңдерін, сынақтары мен қиындықтарын, қайшылықтары мен үйлесімдіктерін, жетпегені мен жеткенін, жоғалтқаны мен тапқанын, ренжігені мен қуанғанын көз алдынан бір өткізіп, Жаңа жылды жақсы тілек, ізгі ниетпен қарсы алып, келер күнге үміт жалғауға талпынатыны табиғи құбылыс əрі дəстүрсалт. Уақыт шіркінде де сəл болса да кідіріс жоқ, пендеге мойын бұрғызбай, өз екпінін тоқтатпастан зырқырай берері де ақиқат. Сол уақыттың өлшемі мен берген мүмкіндігін сезіне, түсіне алған адам ғана уақытпен үндесіп, оған ілесе алары да хақ. Қоғам, мемлекет те солай. Уақыттың үрдісіне лайық əрекет жасай алса ғана жаһандық дамудан шет қалмай, Ұлы көштің көрікті тобында жүре алатынына көзімізді жеткізген еліміздің, мемлекетіміздің бүгінгі өмірі, тыныс-тіршілігі, кескін-келбеті, жетістіктері мен ізденістері, талпыныстары мен мақсаттары екендігі де ешкімнің күмəнін туғыза қоймас. Əр жыл – өзінше шежіре. Бір жылда қоғам, мемлекет өмірінде өткен, болған маңызды шаралар мен жаңалықтардың бəрін тізбелеп жату мақсат емес. Жыл басында берілген мүмкіндікті пайдаланып, айтқымыз келгені – өткен жыл мен келер жылдың тоғысындағы бүкіл еліміздің назарына көтерілген ең елеулі оқиғалардың қоғам санасына, дүниетанымына, болашаққа деген қайратжігеріне, сенім, нанымына əсері, ықпалы. Өйткені, адам да, қоғам да алдағы уақытқа, жаңа жылға үмітпен, сеніммен, жоспар тілегімен жалғасады. Сондай халықтың жүрегіне жетіп, жанын жадыратқан, санасын сілкінтіп, көкірегіне қуат берген өткен жылдың ең ірі жаңалығы да, оқиғасы да Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында жариялаған Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиясы болды. Шын мəнінде бұл жолғы Жолдау жариялану мезгілі жағынан да, мазмұны жағынан да дəстүрлі жыл сайынғы Жолдаулардан айрықша, қоғамға мүлдем жаңа серпін берді. Жолдаудың басты мақсаты – Қазақстан халқының санасын, дүниетанымын өзгерту арқылы өмірін жақсарту, өмір сапасын күшейту, адамдардың өз өміріне деген көзқарасын өзгерту. Бұл Жолдаудың бұдан бұрынғы Жолдаулардың сабақтас жалғасы екендігін түсінумен бірге оның ерекшелігінің, мақсатының ұлтымыздың рухын, санасы мен сапасын бұрын-соңды болмаған дəрежеге көтеруге шақырғанын түсінуіміз қажет. Ол үшін осы жыл бойы да, болашақта да Жолдаудың əр сөзінің салмағын білген жөн. Елбасы бұл ұзақ мерзімді бағдарламасын жариялаудың себептерін, негіздерін айшықтап айтты. Мемлекеттігіміздің 21 жылының əр жылында Қазақ елінің ғасырға татырлық даму жолынан өтіп, орасан жетістіктерге қол жеткізе алғанымыз туралы бүкіл халық, көрші мемлекет өкілдері, дүниежүзілік қоғамдастық институттары, халықаралық ұйым-

дар, көрнекті əлемдік тұлғалар, басқа мемлекет басшылары, дипломаттар, саясаткерлер, журналистер əділ бағасын, пікірлерін айтуы, жаңа Қазақстанды мойындауы – үйреншікті жағдай болды. Яғни, кезінде біз, бізден бұрынғы талай ұрпақ армандап өткен ел, мемлекет болғанымызды əлем танып, мойындады. Қазақтың еңсесі көтеріліп, елі ерлеп, рухы өрлеп, əлем елдері ісіне қызығып, сөзіне құлақ асатын дəрежеге жеттік. Тəуелсіз мемлекеттігімізді баянды Мəңгілік Елге ұластыруға халқымыздың толық негізі бар екендігіне айрықша екпін берілді. Елбасы өз Жолдауында маңыз беріп, көкейінің түбінде сақтаған сырындай етіп айтқан Мəңгілік Ел болу үшін бүкіл халық болып, барлық мемлекеттік құзырлы құрылымдардың, билік тармақтарының таяу жылдарда қандай шараларды жүзеге асырып, қандай міндеттерді атқару керектігі толық қамтылып, нақты тапсырма берілді. Жолдаудың əрбір тармағына əлі талай оралып, талдап, сараптап, таратып пікір алысарлық мүмкіндік те мол. Жолдаудың əрбір бөлімі, тарауы тек ресми құзырлы мемлекеттік орындар мен құрылымдар, мемлекеттік лауазымды қызметкерлер ғана емес, бүкіл халықтың, əрбір қазақстандықтың жауапкершілігін талап етеді. Жыл басындағы осы мақалада Нұрсұлтан Əбішұлы өз Жолдауының ең соңғы бөлімінде оны тыңдаған, оқыған əр адамның санасына əсер етерлік мына сөздерді ерекше тебіреніспен айтқанына назар аударып, екпін бергім келеді. Елбасының: «Құрметті қазақстандықтар! Менің отандастарым! Бүгінгі Жолдауымда мен сіздердің əрқайсыларыңызға сөз арнаймын... ...Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тəуелсіз Қазақстан... Біз болшаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тəуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кəміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз. Сондықтан барлық буын өкілдеріне үн қатамын!» – деген үндеу сөздері кімді болса да назар аудартып, жауапкершілігін, отаншылдық санасын оятуға ықпал етері сөзсіз. Қазақ халқы Елбасының осы үндеуін түсініп, қолдау көрсететініне еш күмəн жоқ. Елбасы еліне ел болатын сөзін айтып, болашақтың жолын бетке алып, елдің «Мəңгілік Ел» сапарын бастады. Жанында қазақтың қаны бар əрбір азамат осыны сезінуі, түсінуі тиіс. Яғни, қазақпын деген əрқайсымыз ұлтымыздың, тіліміздің, Отанымыздың, мемлекетіміздің ертеңін, болашағын ойлауға, оның мəңгілік құндылықтарының сақталып қана қоймай, жаһандық өркениетпен қатар дамуына əрекет жасап, қайраткерлік еңбек ету парызымыз екенін түйсінуге, түсінуге міндеттіміз. Сөз жоқ, Жолдауда мемлекеттің құзырлы орындарына арнайы тапсырмалар да берілді. Ол тапсырмалардың орындалатынына тəуелсіздік ауанында өткен жиырма бір жылымыздағы жеңістеріміз бен жетістіктеріміз кепіл.

де жұмыссыздықты жою, бəсекелестікке шыдас бере алатын өнім өндіру, тұрмыс деңгейінің сапасын жақсарту, елді əлеуметтік нысандармен толық қамту сияқты кешенді мəселелер. Нұрсұлтан Əбішұлы өз Жолдауында жоғарыда айтылған мақсаттарға қол жеткізу үшін соңғы 15 жылда қандай шаралар ұйымдастырылып, қандай жұмыстар атқарылғанына, қандай нəтижелерге қол жеткізе алғанымызға сараптама жасап, əділ бағасын берді. Ол көрсеткіштер көңілге сенім ұялатумен қатар, халықтың əл-ауқатын арттырып, ұлттық ұжданын, рухын көтерді, болашаққа деген сенімін орнықтырып, ынтасын қуаттандырды. 1997 жылы, əлі экономикалық дағдарыс үдеп тұрған тұста біздің Президент «Қазақстанның2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын» халыққа ұсынғанда кейбір топтар «елдің жалақысын, зейнетақысын төлей алмай отырғанда қайдағы дамыған Қазақстан» деген сыңайлы күдік айтқаны да рас. Міне, біз сол кезде қиял көрінген межелерге жете алғанымызға куə болдық. «Қазақстан-2030» Стратегиясы елді тығырықтан шығарып қана қоймай, дамудың ұзақ мерзімді жолдарын, жоспарын жасау тəсілінің өміршеңдігін де көрсетті, халықтың көңіліндегі күдігін сейілтіп, өз қабілетінің қуаттылығына сендірді. Сөз жоқ, бұл – өте үлкен рухани жеңіс. Бұл жеңіс ұлттық сананы, дүниетанымды өзгертті. Соның нəтижесінде Елбасы енді 2050 жылға бет алып, бел бууға шақырғанда, бəріміз де бұл үндеуді 2030-дың заңды, табиғи жалғасындай қабылдадық. Біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясының нəтижелері мен қорытындыларына айрықша мəн бере отырып, оның сабақтарын енді 2050 жылғы межелерге беттеген тұста жан-жақты ескеріп, сүйене, пайдалана білуіміз қажет. Өйткені, осы Жолдау ұлтымыздың мүддесіне, барлық сұраныстарына, болашағына жауап беріп тұр. Мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын, ұлтымыздың өсуі мен өркендеуін, өз елінде жетекшілігін қамтамасыз ететін барлық түбегейлі мəселелер осы Жолдауда толық қамтылған. Көп қазақтың көкейінде жүрген ойлар да осы құжатта қорытылып, оны жүзеге асыру жолдары жария етілді. Елбасы қазақтың ұлттық мүддесін жария етіп, халыққа үн қатты. Соған сөз жүзінде қостап қана қоймай, нақты іспен қосылу, ілесу əрбір азаматтың парызы болмақ. Сірə, халықтың болашақ əлеміне үлкен сапарының басында, біздің қоғамда тəуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап осы күнге дейін толассыз пікірталасқа тақырып болып келе жатқан «ұлттық идея» туралы сұрақтар мен пікірлерге Президенттің дəл осы 2012 жылдың 14 желтоқсаны күні жария етілген дəуірлік Жолдауында толыққанды жауап берілді деп айтуымызға əбден болады. Өйткені, ол пікірталастардан сырт қалмап едік. Өз ойымызбен əртүрлі тақырыптық дөңгелек үстелдерде, конференцияларда, жиындарда қатынасушылармен ой бөлісіп, пікір алысып жүрген жағдайымыз да бар. Соңғы жылдарда «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде жарық көрген бірнеше саясатнамалық мақалаларымызда ұлттық идеяның негізгі өзегі мемлекеттік тəуелсіздігіміз екендігі туралы өз пікірімізді оқырмандар назарына ұсынудың

мыздың тұрмыс деңгейін, əлеуетін өмір сапасын жаңа дəрежеге көтеріп, əлемдегі ең мықты, ауқатты мемлекеттер қатарына енуге бар мүмкіндікті жұмылдыруға шақырды. Үшіншіден, алдағы қырық жыл көлемінде Қазақстан ішкісыртқы саясатында қандай салалық жаңғыртулардан өтуі қажет, əрі оны мемлекетіміздің нығаюы мен халықаралық дəрежедегі беделін көтеруге жұмылдырудың жаңа жолдары мен жобалары айшықталды. Төртіншіден, XXI ғасырдағы жаһандық өзгерістер мен құбылыстар Қазақстан дамуына қандай ықпал етуі мүмкін, əрі оның қауіп-қатерлерін қалай ескеру қажеттігіне терең бойлап тоқталды. Бесіншіден, таяу жылдарда көп салалы рухани-мəдени, демократиялық реформалар жүргізу арқылы озық өркениет жетістіктеріне сай, кез келген адам еркін өмір сүре алатын ашық, жаңашыл Қазақ мемлекетін тұрақтандыратын «Мəңгілік Ел» болып қалыптасатын арманды жүзеге асыруға тұңғыш рет осылай пəрмен берілді. Əсіресе, осы бесінші топтамаға байланысты біздің қазақтар ел болып ескермей жүрген жағдайымыз бар екенін де айта кетудің жөні келіп тұр. Рас, ресми орындар, лауазымды қызметкерлер атқаруға міндетті нақты істерді жүзеге асыру туралы орынды айтылып та жүр. Президент жаңа заман талабы тұрғысынан нақты тапсырма берді. Осы Жолдаудан кейін біздің лауазымды мемлекеттік қызметкерлеріміз – министрлер, əкімдер, барлық деңгейдегі депутаттар, барлық мемлекеттік қызметкерлер өмірге, Президент талаптарына, айтқан ой-тұжырымдарына бұрын-соңды болмаған жаңа көзқараспен қарауы қажет-ақ. Өздерінің көзқарас санасын өзгертулері, сол арқылы қоғамды өзгертуге ықпал етулері тиіс. Елбасының халықпен дидарласу, кездесулерінде көп жағдайда кейбір ұлттық проблемаларды адамның жаны мен жүрегіне, санасы мен жүйкесіне жеткізіп, ерекше бауырмалдық, жанашырлық сезіммен қазаққа қаратып, қазақи тілмен айтатыны бар. Осы жолы да Нұрсұлтан Əбішұлы бүкіл қазаққа, соның ішінде орыс тілді қазақтарға арнап төмендегі сөзді айтты: «Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін əркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс игілігіне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп айтатын боламыз». Бізге ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ мен МƏҢГІЛІК ЕЛДЕН артық қандай ұлттық идея керек? Қазаққа жоғарыдағыдай сөз жеткіліксіз бе? Осындай сөзді түсіне алмаған орыс тілді қазақты кім деуге болады? Оған не деуге болады? Біз зайырлы, ізгілікті, құқықтық, өркениетті мемлекет болғандықтан, ешкімді де мəжбүрлеудің қажеті жоқ. Кез келген тілді, əсіресе, кімге болса да өз ана тілін мəжбүрлеп үйрету тілдің мəртебесін

көтере алмайды. Адамға «өзіңнің туған анаңды сүй» деп заң қабылдау қажет пе? Онда адам деген жаратылыстың табиғи болмысынан не қалмақ? Қай ұлтқа да тіл туралы ұғым солай емес пе? Немесе мемлекет аппараттарында, мемлекет қызметінде жұмыс істеуге шектеу қою жолымен жүруге тура келе ме? Қазір біздің министрліктер аппараттарында қызмет істейтіндердің 90 пайызға жуығы қазақ жастары, тіпті оқу, білімді тəуелсіз Қазақстан тұсында алған. Өкініштісі – олардың көбінде ұлттық сананың сəулесі де жоқ. Олар бөтен биліктің, ұлттың үстемдігін көрмеген, оның қандай болатынын түйсінбейді де, сезінбейді де. Ең қауіптісі – олардың көбі өзінің ана тілін білмегеніне қысылмайды, керісінше, билікті, аға ұрпақты, өз əке-шешелерін кінəлайды. Елдің бəрін кінəлағанша өзі санасы мен көзқарасын өзгертіп, қаны мен тегінде жатқан қазақ тілін оятып, тілге ден қойып, қазақша оқып, жазса əрі кеткенде жарты жыл, бір жылда ана тілінде жазылған қағазды оқып шығарлық қауқары болар еді. Сана мен ниет болмай тұр. Осы сеңді бұзу қажет. Осы тоңды жібіту қажет. Ол, шынтуайтқа келгенде, əр қазақтың өз қаны, санасы, қолындағы мүмкіндігі. Ана тілін білмейтін, білгісі келмейтін қазақтарға Президенттің сөзінен кейін рухани сілкініс қажет. Оның еш қиындығы жоқ екендігін қазақша қазақты жаңылдырып сөйлейтін орыс, неміс, украин, корей ұлттарының өкілдері дəлелдеп жүр. Біз теледидардан күнде көретін қазақ, орыс тілдерінде əдемі хабарлар жүргізетін Оксана Петерс, Майя Веронская, Юлия Кушнарева, Игорь Сахар, Ольга Саморукова, Ирина Тен, тағы басқалардың мəдениеті мен білімі, жұртты сүйсіндіретін адами қанық қазақ тіліндегі сөздері қалайша қазақша сөйлемейтін қазақтардың түйсігіне əсер етпейтініне таңғаламын. Қазақ ежелден көнбіс, төзімді, сабырлы халық болса да аса сезімтал халық еді. Бір кезде бүкіл қазақ орыс тілін де орыстан жетік меңгеріп алдық емес пе? Орыс тілі біздің байлығымыз, біз одан ешқашан бас тартпаймыз. Орыс тілін жоғалтпаймыз. Қазір біздің жастарымыз ағылшын, неміс, қытай, түрік, тағы басқа тілдерді де еркін меңгеріп жүргенде өзінің қанында ағып, тамыры бүлкілдеп жатқан ата тегінің, анасының тілін білгісі келмейтіні не сұмдық? Міне, ұлттық идея жолындағы кілтипан. Елбасының ерекше қасиеті – ел басқару ісінің мəртебесін, абыройын көтеріп, қандай қайшылықты, тығырыққа тірелген жағдайларда да асып, саспастан, əрі жайбарақаттыққа да салынбастан, ең ұтымды жол таңдап, əділ шешім қабылдай алатыны. Еліміздің мемлекет құрған жылдарында Қазақстан халқы оған талай рет куə болды. Сондай аса маңызды іргелі шешім Қазақ мемлекетінің болашағымен тікелей байланысты тілден басталған көп мəселенің түбегейлі түбірін де Президент атап көрсетті. Қуанатын жағдай – Президент тұңғыш рет біздің Қазақ мемлекеті дəрежесіне өсу, өну жолымызды атап, соған жету үшін не істеу қажеттігін ашып айтты. Бұл зор тарихи жетістік, жеңіс болар еді. Егер Қазақ мемлекетіне жетсек, оның келесі сатысы «Мəңгілік Ел» болары сөзсіз. Үстіміздегі 2013 жылдың да айқын ерекшелігі «Қазақстан2050» Стратегиясының алғашқы баспалдағы болатынында. Елбасы тапсырмасына сəйкес, бұл жыл 1997 жылғы бағдарлама мен жаңа Стратегиялық даму бағдарламасының арасындағы жалғастырушы көпір қызметін атқарады. Осы уақытқа дейінгі сəтті жетістіктер 2013 жыл арқылы жарты ғасырлық болашаққа құлаш ұрмақ. Жолдауда аталып, айшықтап көрсетілгендей, жас мемлекетіміздің өсіп-өркендеу бағытындағы көптеген жасампаз жоспарлары дəл осы 2013 жылдан бастау алып, халқымыздың əлеуметтік тұрмысы мен өз мүмкіндігін өз игілігіне жұмсата алар шараларға жол ашылуы көзделуде. 2013 жылдың мемлекетіміздің дамып, қуаттана түсуінде елеулі, табысты жыл болуына бүгінге дейінгі экономикадағы, əлеуметтік бағыттағы жаңа межелер мен нысандар ауқымын кеңейту, тұрмыс сапасын көтеру көрсеткіштері де зор ықпал етіп, екпін берері анық. XXI ғасырдың бел ортасындағы Тəуелсіз, өркендеген, қуатты, ізгілікті, еркін Қазақ мемлекетін көру бəріміздің де Арманымыз болса, сол Арманға тек қайратты Еңбек, қажымас Сенім мен Бірлік, Ынтымақ арқылы жетуге болатындығын санамызбен түсіну – біздің ұлттық парызымыз.

 Атар таңға ақ тілек Бердібек САПАРБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысының əкімі.

Қазақ халқында «өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Шынында да, 2012 жыл Қазақстан халқы үшін ерекше табысты болды. Бəрін тізіп жатпай, екі

Жыл жемісті, ґмір келісті болады оқиғаны ғана атап өтсек. Тұманды Альбион елінде қазақ елі сайыпқырандарының Жазғы Олимпиада ойындарында 7 бірдей алтын алқаны жеңіп алып, 205 мемлекеттің ішінде 12-ші орынға табан тіреуі, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу мəртебесіне ие болуы өркениетті елдердің қатарынан ойып тұрып орын алғанымызды дəлелдесе керек. Сарабдал саясаткер Елбасы Н.Назарбаевты экономикасы дамыған əлем мемлекеттері жетекшілерінің беделі мен іскерлік қабілетіне сай мойындауы да көп мəселенің оң шешілуіне ықпал жасайтыны түсінікті болса керек. Алдағы уақытта да көк байрағы желбіреген қазақ елі өсіп-өркендеп, халықтың тұрмысы жақсарып, адамдар бір-бірімен тату-тəтті өмір сүре берсін деп кей сəтте ойға берілемін, толғанамын. Өңірдің өркендеу өрісі – өндіріс. Шығыс Қазақстан облысы үдемелі индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландыру бойынша елімізде көш бастап келеді. Таяудағы бірер жылда жалпы құны 611,9 миллиард теңге болатын 39 инвестициялық жоба жүзеге асуы тиіс. Мұның ішінде 565,7 миллиард теңгенің 9 жобасы республикалық индустрияландыру картасына жатады.Өткен жылдың өзінде өңірде ондаған кəсіпорындар іске қосылды, жаңадан отыз мыңға тарта жұмыс орындары ашылды. Еліміздегі көлік құрастыру зауытының көшбасшысы «Азия-Авто» өткен жылы 16 мың жеңіл көліктер құрастырып, 48 миллиард теңге кіріс кіргізді. Биыл кəсіпорын көліктердің 20-ға тарта түрін шығармақ. Кəсіпорын басшылары жұмысшыларға арнап бір мың пəтерлік тұрғын үй құрылысын бастамақ. «СемАЗ» серіктестігі «Беларусь» тракторы мен «Даэво» автобустарына қоса биылдан бастап «Жедел жəрдем» көлігін шығара бастамақ. «Өскемен титан-магний комбинаты» кореялықтармен бірге титан құймаларын шығаратын жаңа өндірісті, «Казцинк» ЖШС Риддер, Зырян қалаларындағы бөлімшелерінде өндірісті арттыру мақсатында ірі жобаларды жүзеге асыруда. Облыста өткен жылы 50 тірек ауылдары құрылып, олардың өркендеуіне 18 миллиард теңге қаржы бөлінді. Сонымен бірге, əлеуметтік ғимараттар салуда да нақты жобалар бар. Өскемендегі Абай, Пушкин ескерткіштері, биыл пайдалануға берілетін Жамбыл атындағы қазақ драма театры, басқа да құрылыстар қаланың келбетін жаңартып тұр. Алдағы уақытта Кенді Алтай тұрғындары мемлекеттен субсидия алмай, өз бетінше өздерін қаржыландырса деген ойға берілемін. Бүгінгі жетістік ертеңге өлшем емес. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ең алдымен халықтың тұрмысын жақсартып, оларға барлық жағдайды жасау қажеттігі айтылған. Ол үшін не істеу керек? Еңбек адамдарының алаңсыз демалып, бос уақыттарында бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін бағытты да бағдарлы жұмыстарды жүзеге асырып жатырмыз. Былтырдың өзінде өңірде бірнеше спорт модульдері, отызға тарта хоккей қорапшалары, теннис корттары салынды. «Казцинк» ЖШС ғана алты теннис кортын салып берді. Қазір барлық қалалар мен аудан орталықтарында мұз алаңдары бар. Онда адамдар демалып ғана қоймай, денсаулықтарын түзейді. Мен осыған қуанамын. Халықтың əлеуеті артып, адам жанын шуаққа бөлейтін жақсы жаңалықтар жиі бола берсе деп тілеймін. ӨСКЕМЕН.


 Атар таңға ақ тілек

 Тарих толқынында

Зарқын ТАЙШЫБАЙ,

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.

Қазақ тарихында Абылай тұлғасының қандай орын алатынын, сұлтан Абылайдың, хан Абылайдың кім екенін тəптіштеп түсіндіру артық болар. Абылай біздің бағамызды тілемейді. Жер бетінде ақырғы қазақ қалғанша Абылай есімі ұмытылмайды. Демек: «Қайырусыз мал бақтырған ханым-ай, Қалыңсыз қатын əперген ханым-ай!» деген Бұқар жыраудан немесе «Адам Атадан Абылайға дейін, Абылайдан ке йін де Қазақбайдың баласы Абылай тұсындағыдай өмір сү ріп көрген жоқ» деген Мəшһүр Жүсіптен, немесе «Қазақтардың аңыз-əфсаналарында Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дəуірі – қазақтың ерлігі мен серілігінің ғасыры» деген Шоқаннан асырып айту қиын. Осыдан 65 жыл бұрын Мұхтар Əуезов жазған мына сөздерді дəл қазіргі Тəуелсіздік заманында

Аяулы менің ауылым!..

көбірек арқа сү йеген. Алайда, Абылай жоғарғы билік жанындағы кеңесші орган Хан кеңесін сақтаған. Ол нақты жағдайға байланысты жылына бір рет шақырылатын. Қолдағы құжаттар Хан кеңесінің қа рауына ел өмірінің, кеңінен ақыл дасып, бірауызды шешім алуды қажет ететін мəселелер ғана ұсынылғанын көрсетеді. Басқа жағдайларда, келесі Хан кеңесі шақырылғанша, жеке-дара билік жүргізіп, елдің қорғаныс жағдайына байланысты батыл да жедел шаралар қабылдап отырды. Абылайдың бұл шешімдерінің дұрыс болғандығын тарих ақтап шықты. 1740 жылы тамыздың соңғы күндері Əбілмəмбет ханмен бірге қазақтың игі жақсыларының қатысуымен Орынбор қаласында Ресей əкімшілігімен келіссөз жүргізуге Абылай сұлтан тұңғыш жəне ақтық рет қатысты. Сол алғашқы ресми қабылдаудың өзінде-ақ, 27 жастағы Абылай сұлтанның ақсүйек тəрбиесі мен тəртібі, сұңғыла сауаты танылғаны сақталған протоколдан айқын көрінеді. Əбілмəмбет ханның сөзіне көлденең килігіп, кешірім сұрап алады да Абылай сұлтан генерал В. Урусовқа Ресей бекі-

Сайран БҰҚАНОВ,

«Каркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның Еңбек Ері.

Менің бүкіл өмірім ауылда өтіп келеді. Жоғары оқу орнын бітірген соң, Меңдіғара ауданының «Харьков» кеңшарына агроном болып келген едім. Осы ауыл менің тағдырыма айналды. Еңбек етсең Жерана берерін аямайды. Сол үшін жерді тек қана күту, аялау керек. Дегенмен, Қазақстанның солтүстік өңіріндегі шөлшөлейтті аймақтағы егін шаруашылығы суармалы емес, ол көктен тамған тамшыға тəуелді. Өткен жылы отыз жылда бір рет қайталанған қуаңшылық болды. Көктемжаз бойы жаңбыр жаумай, диқанның еткен еңбегі еш кетті. Ылғал сақтау технологиясының арқасында шалғыға ілінерлік қана бидай өсірдік. Келген Жаңа жылдан үмітім көп. Алдымен табиғат-ананың жомарттығын тілеймін. Жердің апшысын қуырған құрғақшылық жыл сайын қайталануға тиіс емес. Биыл қыс қатты басталды. Қар қалың жауды. Қыс аяғына дейін тағы да қар жауса, көктем

Абылайдыѕ аќ туы

Туєанына 300 жыл толєалы отырєан тумысы бґлек тўлєа туралы толєаныс еске алып отырсақ, артық болмас: «Қазақтың дербес ел болуына, əріберіден соң, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас». Өйткені, «...сол аласапыран дəуірде қалың елдің «қайраңдап жан қала ма» деген «Қазықұрттай» (Нұх пайғамбардың бүкіл тіршілік иесін сақтап қалғанын айтады – З.Т.) үміті жалғыз ғана Абылай басында қалған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін, ту көтеріп бір араға жиған Абылай болатын». Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мына сөздері де əрбір зерделі азаматқа ой салуға тиіс: «Иə, Абылай – аңызға айналған тұлға. Бірақ, біз ата тарихының бар шындығын ашу үшін, сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек жəне оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек... Абылай тақырыбы ол туралы аңызды өршіту үшін емес, тəуелсіздік үшін күрескен тарихи тұлғаның өмірінен тағылым өрбіту үшін қажет... Мен үшін Абылай заманы ғана емес, бүкіл қазақ тарихы ұлт-азаттығы, мемлекет тəуелсіздігі үшін күрес сияқты көрінеді. Ел бостандығы, ұлт тəуелсіздігі біздің халық үшін еш уақытта да төбеден түскен сый болмаған. Ол əрдайым ел қамын жеген ерлердің жанқиярлық, жанпидалық еңбегінің, күресінің нəтижесінде ғана келгенін ешқашан ұмытпауымыз керек». Əлбетте, жаратылысынан əділет жақтаған турашыл, қанағатшыл, досына адал, жауына қатал, табанды да ұстамды мінез Абылайға тəн екендігі сақталған құжаттардан, тура жəне жанама мағлұматтардан көрінеді. (Бұл деректерді жеке толғап, таратуға тұрады). Абылай атқа мінген кезде Ресей мен Қытай бірімен-бірі іштей бақас, күш-қуаты жағынан санасатындай дəрежеге жеткен. Жоңғар хандығы да қанша қуатты болса да, қазақ хандығын опоңай жұтып қоя алмайтын. ХҮІІІғасырдың ортасына қарай, əлемдік бəсекеде қару күшіне дипломатия шеберлігі қосылды. Бұрын жауласқан, жер үшін қырқысқан мемлекеттер келісім, тіпті ұтылыс үстіндегі мəміле жолын да таңдай бастады. Бұл – мемлекеттердің қатар көрші өмір сүруінің өркениетті, мəдениетті жолы еді. Абылайдың көпвекторлы саясаты арқасында сыртқы соғыс қаупінің беті қайтып, бейбіт еңбекке үйрене бастаған халықтың дəулеті өсті, жаны сауығып, намыс-жігері оянды. Соғыс жағдайындағы қорғаныс мүддесіне байланысты, Абылай билер алқасының əлеуетін шектеп, «əскери демократия» дəстүріне сəйкес, билерден гөрі батырларға

5

www.egemen.kz

1 қаңтар 2013 жыл

ністері мен қалаларында тұтқын болып отырған қазақтарды қайтару туралы мəселені төтесінен қояды. Жəне сол күні Орта жүздің төрт қазағын босатып алады. Бұдан кейін де Абылай екі жақтың тұтқындарын баспабас айырбас жолымен босатып отыруға келіседі. Тек осы бір ғана мысалдың өзі Абылай бастаған қазақ мемлекетінің дербес саясатын көрсетеді. Жəне бұл саясатты Абылай өле-өлгенше бұлжытпай ұстанғаны, кейбір даулы, шиеленісті мəселелердің өзінде табан дылық танытып, қуаты басым болса да, Ресей патшалығына бас имегені құжаттарда анық сипатталған. Құпия құжаттарда Абылайға тікелей қарсы келе бермеу керектігі, оны «шамдандырып алмау» жағы көп айтылады. Мысалы, 1778 жылы капитан Бреховқа берілген нұсқауда: «...Абылай сұлтанмен сөйлескенде, мейлінше жұмсақ болыңыз. Байқап отырыңыз, шамына тимеңіз» деген сөздерге қара ғанда, қазақтың ханының кең парасаты, саясаткерлігі бір басқа, мінезі қатал, адуынды билеуші болғандығы байқалады. Сондықтан да нұсқауда: «Ал, енді Сіздің айтқандарыңызды қабылдағысы келмесе, одан əрі сөзді доғарып, Абылай сұлтанды мазаламаңыз». Нұсқаудың соңында үшінші рет ескертіп, Бреховқа тілек түрінде: «Əйтеуір, Абылай сұлтанның көңіліне келетін қандай бір шалт мінез, салқын қабақ көрсетпеңіз». Мұны жазып отырған генерал Мансуров, оның қолымен қа ғазға түскен сөздер Ресей империясының патшасынан бас тап, ең жоғарғы шендегі қызмет адамдарының ойпікірі десек қателеспейміз. Абылайдың тəуелсіздігінің айқын белгісі – сол 1740 жылдан кейін оның Ресейдің немесе Қытайдың бірде-бір генералымен бетпе-бет кездеспеуі. Содан былай ол Орынбор, Омбы қалаларына, Ор, Троицк, Петропавл бекіністеріне шақырылса да, ат ізін салған емес. Ресей мен Қытайдың патшасына барып қол тапсырған жоқ. Бірақ, көршілермен күн сайын дерлік, тығыз байланыс жасап отырды, хат жазысты, елші алмасты. Абылайдың тұлға ретіндегі ұстамдылығына, көсем ретіндегі кемеңгерлігіне дұшпандары да тəнті болған. Айталық, Əбілмəмбетті өз мүддесіне пайдалана алмаған Ресей үкіметі Абылайдың өзіне сөз салып, 1759 жылы-ақ: «сені Орта жүздің ханы деп жариялайық», дегенде оған Абылай қарсы болып, Əбілмəмбет тірі тұрғанда таққа таласпайтынын түсіндірген. Сақталған деректер оның білікті мемлекет басшысы, көреген, ашық саясаткер екенін айғақтайды.

Көрші бір елмен байланысын екіншісінен жасырмайды. Бір күнде Ресейге де, Қытайға да елші де атандырады. Оларға бас имей, өз ойын, ұстанымын биік деңгейде түсіндіреді. Ал, ол ұстанымы – тек қана қазақ халқының мүддесі. Абылайдың хаттарын оқып, ол айтыпты деген пікірлерді саралағанда, Абылайдың досы да, қасы да жоқ, тек қазақтың мүддесі ғана бар екеніне көз жетеді. Мысалы, «қырғызды шапқалы отырмын, олар сіздерге қараушы ма еді?», деп Қытай патшасына, «Хиуаны шабамын деп отырмын», деп орыс патшасына хатпен хабарлайды. Себебі, «олар менің қазақтарыма зəбір көрсетеді», дейді. Демек, Абылайды түсіну үшін құжаттарда келтірілген, тіпті көпе-көрінеу бұрмаланған шындықты тереңірек зерделеу қажет. Екіншіден, Абылай заманын жақсы білмейінше, бүгіннің терезесінен қарап, баға беруге де болмайды. Абылайдың ұлылығының өзі – бүкіл қазақ ұлтының бірлігі, жер аумағының тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған, осындай сындарлы саясаттан бір сəт те ауытқымауында. Сақталған құжаттар Абылайдың жеке-дара билігіне əлдекімнің таласпағанын да көрсетеді. Егер жекелеген сұлтандар көрші мемлекеттермен тікелей қарым-қатынас жасайтын болса, оған Абылай тыйым салмайды. Себебі, бəрі – Абылайдың бақылауында. 1757 ж. 29 тамызда Қытай генералдарына айтқан: «...қазақ өз ішінде үш жүзге бөлінеді. Мен Орта жүздің ханымын. Кіші жүз бен Ұлы жүзді де менің тумалас аға-бауырларым билейді» деуі, əрине, Абылайдың биік парасатын көрсетеді. Немесе, 1778 жылы «... менің аталас туыстарым Əбілқайыр мен Əбілмəмбет хандар өмірден өтті. Олардың ізін басқан маған хандық кезек келді. Олар қайтыс болғаннан кейін қазақтың үш жүзі – Ұлы жүз, Орта жүз жəне Кіші жүздің хандары мен сұлтандары, Ташкент пен Түркістан аймағының үлкен-кішісі тілек қосып, 1771 жылы Түркістан қаласында, біздің мұсылман жұртының əулиесі Қожа Ахмет зиратының басында,

қазақтың салт-дəстүрі бойынша құран ұстап, қол жайып, мені қазақтың Үш Алашының ханы етіп ақ киізге көтерді», деген сөздер де Абылайдың аузынан шыққаны ақиқат. Қоқан хандығы мен Алатау қырғыздарының Ұлы жүз қазақтарына қорлық көрсетіп, шапқыншылық жасап отырғаны туралы хабар алған сəтте-ақ ол оңтүстіктегі қазақтарды азат етуге аттанады. Қырғыздарды үш мəрте шабады, Қоқанның Ердене бегіне елші жіберіп ескертеді, Аралдағы түркімендер мен башқұрттарды əскер күшімен тəртіпке шақырады. Мұның бə рі – шапқыншылық емес, қорғанудың, өз ұлтын сақтап қалудың, бір сүйем жерді де жатқа бермеудің қамы. Жоңғар хандығы тарих сахнасынан мүлде кеткен кезде оның жерлерін басып қалған Қы тай патшалығымен бетпе-бет араласуға келгенде, Абылайдың алғырлығы тағы танылды. 1756 жылдың жазында Əмірсананы қуып келдік деген сылтаумен Сарыарқаға басып кірген 20 мыңдық шүршітқытай əскерін Баянаула-Қу-Қарқаралы аймағында талқандаған Абылай, басқыншылардың келесі, 1757 жылы күш жинап, қайтып келеміз дегенінен қаймығып, жаңа жанжалдың алдын алды. Қытай императорына елші жіберіп, тату дипломатиялық қатынас орнатты. Соның алдындағы соғыс шығындары үшін Цянлунь императордан «білместіктен болды, қытай əскері екенін танымай қалдық» деп кешірім сұрап, тарту таралғы жөнелтті. Осыдан кейін тұрақты түрде «жылқыға жібек» яғни, қазақ-қытай сауда қатынастарын қалыптастырды. Қазіргі Үрімжі қаласы тікелей Абылай сұлтанның ұсынысымен құрылған жəрмеңке болатын. Қазақ-қытай қатынас тарындағы Абылайдың үлкен жеңісі Қазақстанның шы ғысындағы Тарбағатай-Еренқабырға сияқты шұрайлы қоныстарды қайтарып алуы еді. Қазақтың жер аумағын түгендеуде Абылайдың теңдессіз еңбегі бар. ПЕТРОПАВЛ.

Биыл туғанына 300 жыл толғалы отырған Абылайдың мерейтойын Қазақстанның баянды дамуына негіз боларлық ұлттық идея қалыптастыру, Президент Жолдауында айқындалған 2050 жылға дейінгі ұланғайыр жоспарларды жүзеге асыруға бастайтын рухани серпіліс жағдайында атап өтуіміз керек.

жаңбырлы болса, жыл да жаман болмайды. Ылғал мол болған жылы шөп те жақсы шығады, мал қоңды болады. Соңғы жылдары облыста мал шаруашылығы жедел дами бастады. Инновациялық-инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр. Сондықтан ауылдағы ағайын алдымен жылдың шаруаға қолайлы болуын тілейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы өткен жыл дың басты оқиғасы болды. Ауыл ша руашылығын дамытпай экономика да өрге баспайды. Ауылдың болашағын бүгіннен ойламасақ болмайды. Жаңа қадам басқан жыл ауылды көркейтуге, оның əлеуметтік мəселелерін азайтуға бетбұрыс жасаса екен деп тілеймін. Қазақ үшін ауыл тек астық пен ет емес, ауыл – халқымыздың, ұлтымыздың тамыры. Ауыл толыққанды өмір сүруі қажет. Жас мамандар тұрақтап қалғанда ғана ауыл өседі, өркендейді. Жаңа жылда ауылға бағытталған бағдарламалар көбейсін! Қостанай облысы, Меңдіғара ауданы, Харьков ауылы.

 Өңір өмірі

Зымыран уақыттың тағы бір жылы артта қалды. Өткен жылға шығысқазақстандықтардың өкпесі жоқ. Кенді Алтай жұртшылығы 80 жылдық мерейтойын аста-төк атап өтпесе де, ел есінде қалатындай мəнді де сəнді өткізді. Спорт сарайына жиналған алты мыңға тарта облыс жұртшылығы əсем əн мен тəтті күйді тыңдап, облыстың өркендеуі жайлы фильмді, театрландырылған көріністерді тамашалады. Елуден астам еңбек озаттары мемлекеттің ордендері мен медалдарымен марапатталды. Өнер мен мəдениет саласының қызметкерлері, облыстық Пушкин атындағы кітапхананың директоры Хабиба Ақжігітова ұзақ жылғы жемісті қызметі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. «Қаламқас» ансамблінің əншісі Б.Шағатаева «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Қожалық иесі В.Г.Ворапай «Барыс» орденін, өндіріс озаттары мен қожалық иелері мемлекеттік наградаларды омырауына тақты. Оларға өңір басшысы Б. Сапарбаев салтанатты жағдайда құрмет көрсетті.

Жўлдызды сəт Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

2013 жылы шырайлы Шығыста елеулі жаңалықтар болмақ. Өскемендегі Жамбыл атындағы облыстық драма театрына жүз жылдан асты. Тарихи ескерткішке жататын драма театрына бұдан төрт жыл бұрын «Жол картасы бойынша 43 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген еді. Бірақ ескінің аты ескі. Театрдың екі аяғынан тік тұруына ерекше еңбек сіңірген талантты режиссер əрі директоры Рүстем Есдəулетов жаңа театр құрылысын салу жөнінде өңір басшысына нақты дəлел келтіріп жүріп, жаңа құрылыстың басталуына мұрындық болған. Ақыры 600 орындық жаңа театрдың құрылысы 2011 жылы басталды. Аманшылық болса, театр 2013 жылы ашылып, оған талантты режиссер, актер, ақын Рүстем Есдəулеттің есімі берілмек. Өңірде мəдениет саласына ерекше көңіл бөлінген. Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында Өнер үйі ашылмақ. Сондайақ, Ұлан ауданының Сағыр жəне Тайынты ауылдарында клубтар ашылмақ. Осыдан үш жыл бұрын Тарбайғатай ауданының бірнеше елді мекендерінде тасқын су болып, бірнеше ауылдарда жүздеген тұрғын үйлер істен шыққан. Əсіресе, Көкжыра жəне Жəн текей

ауылдары қатты зардап шекті. Аталған екі ауылда бес жүзге тарта тұрғын үй, əлеуметтік мекемелер іске қосылды. Жаңа жылан жылында екі ауылда да күн талабына сай Мəдениет үйлері бой көтермек. Зайсан ауданында да 60 пəтерлік тұрғын үй, бірнеше клуб ашылмақ. Қарашоқыдағы балалар демалатын орын, аудан орталығындағы Бəйтерек, Тəуелсіздік монументі алыстан менмұндалайды. «Өскемен құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазір жылына 20 мың тонна ет өндіріп жатыр. Кəсіпорын оның дамуына таяудағы үш-төрт жылда 6 миллиард теңге қаржы салмақ. 2013 жылы кəсіпорын құс етінен бірнеше түрлі шұжық тағамдарын шығаруды межеледі. «Азия-Авто» көлік құрастыру зауытында бұл күндері жүрдек те сапалы 20-ға тарта тұлпар құрастырылып шығарылып жатыр. Кəсіпорын басшысы Ержан Мəндиевтің айтуынша, 2013 жылы зауытта шетелдің бірнеше жаңа түрін шығаруда жұмыстар атқарылып жатыр. Еліміздегі тұңғыш автокөлік құрастыру зауыты Ресейдің «Лада» корпорациясымен бірлесіп, алдағы уа қытта сапалы машиналар шығаруда ізденіс пен ілкімділік танытуда. Ал Семей қаласындағы «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылдың соңында

«Беларусь» тракторының жаңа түрін шығаруды межелеп отыр. Оған қосымша Кореяның кəсіпкерлерімен бірлесіп аталмыш өндіріс орнында «Жедел жəрдем» көлігін шығару да жүзеге аспақ. Жақында облыс əкімі Б.Сапарбаев Оңтүстік Кореяға сапары кезінде екі жақты келісіге қол қойды. Жылан жылында Үржардан Алматыға төте ұшатын ұшақ шалғайдағы аудан тұрғындарын қуанышқа бөлегелі отыр. «Казцинк», «Өскемен титанмагний комбинаты», «Шығыс Қазақстан мəшина жасау зауыты» ұжымдары жаңа жылдан үміт күтеді. Облыс бойынша жалпы құны 611,9 миллиард теңге болатын 39 инвестициялық жоба еліміздің индустрияландыру картасына енгізілген. Оның біразы жүзеге асты. Бұл жоба толығымен жүзеге асқанда 22,2 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілмек. Шырайланған Шығыстың шарықтаған шағы толайым табыстармен ел есінде қалмақ. ӨСКЕМЕН.


6

www.egemen.kz

 Руханият

XX ғасыр қазақ даласы табалдырығын түнере аттады. Ғасыр басында қазақ халқының тарихи тағдыры қыл үстінде тұрды. Бір жағынан, Ресей империясының пəрменді отарлау саясаты, екінші жағынан, ортағасырлық мешеуліктен арыла қоймаған, ескі, күні өткен феодалдық қатынас қатар қыс пағына алған ұлтымыздың болашағына үлкен қауіп төнді. Орыс шаруаларын қазақ жеріне жаппай қоныс аударуды

газет құндылығын еселеп арттыра түскені даусыз. Бұл қырынан келгенде, «Қазақты» ұлттық сананың ұйытқысы бола білген басылым деп бағаласақ, əсіре айтып, ауажайылғандық болмайды. «Қазақ» газетінің бағыт-бағдары турасында апталықтың 1918 жылғы 258-санында жарияланған «Орда гербі (таңбасы)» деген мақаласында Міржақып Дулатұлы нақты сыр тарқатады. Онда газеттің екінші санынан бастап маңдайшасынан тұрақты орын алған Орда суретінің мəнмағынасына түсініктеме береді: «Киіз үй – киіз туырлықты қазақ халқы. Үйдің түндігі ашық, есігі жабық болуындағы мағына: түндік жарық кіретін жол, есік түрлі заттар кіретін жол дегендік. Жарық жолы ашық, еркін болсын, түрлі заттар кіретін жол есігі еркін болмасын делінген еді. Түндіктен түсетін жарыққа өнер-ғылым енгізілген еді. Түндік күнбатыс жағынан ашылуы өнер-ғылым Еуропа жағында күшті болған себепті қазақ ішіне Еуропа ғылымөнері таралсын деген мағына еді. Үйдің есігі «Қазақ» деген сөзден жасалған. Ондағы мағына «Қазақ» газеті қазақ жұртына əрі

1 қаңтар 2013 жыл

газетасын 10 облысқа қараған киіз туырлықты қазақ байдың баласынан 1913 жылдың ішінде алдырып тұрғандардың есебі мынау: Торғай – 694, Семей – 612, Ақмола – 582, Сырдария – 327, Орал – 301, Жетісу – 157, Ішкі ордалық – 136, Ферғана – 30, Самарқан – 8, Закаспий – 5, өзге жерлерден: Орынбор – 37, Уфа -14, Қазан – 13, Қытай қазағы – 10, Петербург – 9, Түркия – 5, Мəскеу – 3, Томск – 3 һəм басқа шаһарлар – 57». Бұдан қазақ даласын ғана түгел шарлап қоймай, шетелге де жеткен «Қазақ» газетінің таралымы 3007 дана болғандығын көреміз. Бұл – алғашқы жылғы көрсеткіші. Ол кейінгі жылдары, дəлірек айтсақ, 1915 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс ауыртпалығына байланысты бір жарым мыңға дейін кемігенімен, соңғы екі жылында, яғни 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін, қазақтың өз қолы өз аузына жеткен уақытта, қайтадан күрт өсіп, өзінің шарықтау шегіне жеткен. Алаш арысы Міржақып Дулатовтың кейіннен: «жабылуының алдында газеттің өз типографиясы, қағаз қоры, шағын кітапханасы болды, таралымы 8 мыңнан асты» (Шығармалары. – Алматы: Ғылым, 270-бет), - деп еске алуы – соның дəлелі. Апталық ғұмырының ең бір шырайлы да шұрайлы мезгілі – 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі кезең. Осы соңғы бір жарым жылдық мерзімде (1917 жылғы ақпан төңкерісінен газет жабылған 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін) газет шын мəнінде, өз сөзімен айтқанда, «қазақ-қырғызға қызмет һəм басшылық ету» міндетінде болған. Газет қызметінің осынау дəрежеге көтерілуі оны аптасына

«Қазақ» газеті үшін 30 мың сомға баспахана алдық. Баспахананың екі машинасы бар, орысша харіптері мол, саймандары түгел құрулы. Мұсылманша харіпті Қазаннан алдырғалы тұрмыз, заказ беріп қойдық. Сөйтіп, барлығы 40 мың сомға түскен қазақша һəм орысша басатын баспаханамыз болды. Көптен «көңіл жетсе, қол жетпей, айналып бастан бұлт кетпей» жүретін еді, сəті бүгін түсті, қуаныштымыз!» Осы орайда, мынадай заңды сауал туады: Сол «Азамат» серіктігінің пұлымен «Қазақ» үшін сатып алынған баспахананың кейінгі тағдыры қалай болды? Апталық жабылғаннан кейін ол кімнің қанжығасында кетті? Қазақ игілігі үшін жаратылды ма? Бұл сауалдар жауап бере кетуді қажет етеді. Республикалық «Ана тілі» газетінің 1992 жылғы 7 мамырында жарияланған, «Газет – халықтың көзі, құлағы һəм тілі» деген мақаласында белгілі алаштанушы-ғалым М.Əнесұлы ол жөнінде мынадай мəліметтер келтіреді: «1919 жылы жазда Қазақ Төңкеріс комитеті құрылады да, Бөкей Ордасына орналасқан ұлтхалкомның қазақ бөлімшесі түгел Орынборға көшеді. Онда оларды Төңкеріс комитетінің баспасөз органын («Ұшқын» газетін – Қ.С.) шығару міндеті де күтіп тұрады. Сондықтан, көп ұзамай, бұл мəселе Төңкеріс комитеті ұйымдастырған Орынбордағы қазақ ұйымдары мен қайраткерлерінің біріккен мəжілісінде талқыға салынған. Оған комитет мүшелері Ахмет Байтұрсынұлы, Əмірғали Меңдешұлы, Мұхамедияр Тұңғаншин, Əлихан Бөкейханұлы, Бегімбетұлы, Шап қат Бекмұхамедұлы, ақпа рат бөлімінің меңгерушісі Ал-

Дала ќоѕырауы

Биыл «Ќазаќ» газетініѕ шыєа бастаєанына 100 жыл толады Қайрат САҚ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика жəне саясаттану факультетінің деканы.

шұғыл жүзеге асырған Ресей патша өкіметінің отарлау саясаты қазақ қабырғасына қатты батты. Бұл үдеріс, əсіресе, XX ғасырдың басында өте жоғары қарқын алды. Міне, осындай «тар жол, тайғақ кешуге» тап болып, халқымыздың тағдыры тығырыққа тірелген тарихи ке зең де азаттық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-əлеуметтік күш – ұлттық интеллигенцияның араласа бастауы заңдылық та болатын. Олардың бірі «Маса» болып шағып, екіншісі «Оян, қазақ!» деп жар салып, қалың ұйқыда жатқан елін оятып, көкірек көзін ашуға, етек-жеңін жиғыза, өз қам-қаракетін өзіне жегізуге үн тастап, дабыл қақпасқа амалдары қалмаған. Сонымен ғана шектелмей, «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн боламды» (С.Торайғыров) ойлағанда «сол амалға кіруге жұртқа мұрындық болатын нəрсенің бірі – газет» (А.Байтұрсынов) деп біліп, жалпы ұлттық басылым шығару идеясын жүзеге асыруға ұмтылған. Тарихқа жүгінсек, шын мəнінде «халықтың көзі, құлағы һəм тілі» боларлық басылым шығару идеясының жүзеге асуына 8 жылдай уақыт (1905-1913) керек болғанын аңғарамыз. Осы мезгіл ішінде, бір жағынан, бірінші орыс революциясы əсерімен қоғамдық-саяси қызметке қызу араласа бастаған қазақ зиялыларының жетекші тобы айқындала түссе, екінші жағынан, олардың отаршылыққа қарсы азаттық күресте əбден ысылып, мол тəжірибемен қарулануына мүмкіншілік туды. Соның нəтижесінде бұл топ 1913 жылдың басына қарай қазақ қоғамы үшін саяси күрестің мүлдем жаңа құралы – жалпыұлттық саяси басылым шығару идеясын жүзеге асырды. Шын мəнінде ұлттық сананың ұйытқысы бола білген «Қазақ» газеті осылайша дүниеге келген болатын. «Қазақ» газеті 1913 жылдың 2 ақпанынан 1918 жылдың 16 қыркүйегі аралығында аптасына бір мəрте, ал 1915 жылы екі рет жарық көріп, барлығы 265 нөмірі басылып шыққан. Ұлттық мерзімді баспасөзіміздің қалыптасу дəуірінде мұндай ұзақ уақыт үзбей жарық көріп тұрған бейресми басылым жоқ. Оның үстіне, шығып тұрған уақытында қазақ даласында болған тарихи оқиғалардың шынайы шежіресіне айналып, ұлттық азат ойдың ұя сы қызметін қоса атқаруы

 Атар таңға ақ тілек

Өмірдің сәні мен мәні Адам баласының барлығы жылдан жақсылық күтеді. Мен де сол əр күннен, əр айдан, əр жылдан жақсылық күткен қарапайым жандардың бірімін. Еліміз тəуелсіздік алғалы, міне, жиырма екі жаңа жылды қарсы алыппыз. Құдайға шүкір, осы жылдардың ішінде қазақ елінің береке-бірлігі жер-жаһанға танылып, əлем саясаткерлерінің жылы лебіздеріне ие бола бастады. Бұл табысқа, əрине, елдегі сарабдал саясаттың да оң əсері болды. Өйткені, өнбейтін даудан, болмайтын сөзден бұқара халық бойын аулақ салып, нақты іспен, оның ішінде елдің экономикасын көтеруге белсене атсалысып, еңсесін тіктеп алды. Соның нəтижесінде, елдегі білім мен ғылым дамып, бір ғана денсаулық сақтау саласының өзінде ұлан-ғайыр жұмыс атқарылды. Елімізде халық денсаулығын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы нəтижесінде, əсіресе, жүрекқан тамыр ауруларын емдеу саласы жақсы нəтиже бере бастады. Бұл мəселе елімізде кардиохирургияны дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылдау жөніндегі тапсырмадан бастау алып отыр. Осыдан бес жыл бұрын, яғни облыс орталығындағы кардиохирургия орталығы ашылғаннан бүгінге дейін клиникада жүрекке арналған мыңдаған оталар жасалды.

Тіпті, сəбилерге де күрделі хирургиялық оталар жасала бастады. Бұл жетістік емей немене? Халқымызда «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық» деген жақсы сөз бар. Сол айтқандай, денсаулық болмаса ақ жаулықтың да, он саулықтың да сəні мен мəні болмайды. Сондықтан болар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында да елдің ең бірінші байлығы - халық денсаулығын жақсарту туралы баса айтылған. Дана халқымыз, тағы бір қанатты сөзінде «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» дейді. Сондай-ақ, үйіне қапелімде кіріп кеткен жыланның басын ақ құйып, шығарып жібереді. Мен де еліміздің босағасынан «басыма ақ құяр ма екен» деген үмітпен кіріп келе жатқан жаңа жыл – Жылан жылынан ежелгі ата-бабалар дəстүрімен жүрегімді жарып шыққан жылы сөзіммен «Қазақстан халқының денсаулығы мықты болып, жастары ұзарған үстіне ұзара түссе екен» деп тілеймін. Сейітхан ЖОШЫБАЕВ, Тараз қаласындағы «Кардиохирургия орталығының» директоры, «Қазақстан жүрек-қан тамырлары хирургтері Ассоциациясының» төрағасы.

Жамбыл облысы.

 Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі Дəл бүгін «Тұлпар» жүрдек пойызының Астанадан Алматыға қатынай бастағанына он жыл толып отыр. Осы кезеңде оның қызметін 60 миллионға жуық жолаушы пайдаланды.

«Тұлпар-Тальго» қазақстандықиспандық біріккен кəсіпорнының зауытында бірінші рет құрастырылған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2015 жылға дейін Астана – Атырау, Алматы – Атырау, Астана – Қызылорда, Алматы – Ақтөбе, Астана – Лениногорск, Алматы – Защита бағдарларына тағы 6 жүрдек бағытты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Биылғы жыл Астана-Атырау, Алматы-Атырау, 2014 жылы АстанаҚызылорда, Ақтөбе-Алматы, 2015 жылы Астана-Защита, АлматыЗащита бағдарында жүрдек пойыздар қатынайтын болады. Жолаушыларға

Заулай бер, «Тўлпар»! Ақболат ЖАҒЫПАРОВ,

«Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті.

мəдениет есігі болсын, əрі жат жұрт жағынан күзетшісі болсын делінген еді. Қазаққа деген игілік нəрсені енгізу жолында газет қызмет етсін, сырттан келетін жамандық болса, күзетші орнында газет қызмет қылсын делінген еді». Газет өзінің алты жылға таяу ғұмырында осы бағытынан таймай, мақсатын адал атқарған. Сонысымен де отаршыл билікке ұнамаған. Қолымыздағы мəліметтер бойынша, Ресей патша өкіметінің жергілікті билік тарапынан бес рет айыпқа бұйырылып, бас редакторы А.Байтұрсынұлы əртүрлі мер зімге абақтыға жабылған. Атап айтқанда, 1913 жылғы 9-нөмірінде басылған «Жер аудару», 1914 жылдың 78, 79, 80 жəне 90-нөмірлерінде сəйкесінше жарық көрген «Алашқа», «Россиядағы ұйымшылдық», «Закон жобасының баяндамасы» жəне «Бұ қалай?» деген мақалалары үшін апталық 50 сом нан 1500 сом аралығында айып тартып, төлей алмаған жағдайда, редакторы 2 айдан 2 жылға дейін айдалып, абақтыға жабылатындығы жөнінде жарлық шығарылғандығын мұрағат материалдары растайды (СанктПетербург қаласындағы Орталық мемлекеттік архиві, 776-к., 16-іс). Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ баспасөзі тарихында ең шоқтығы биік басылым – «Қазақ» газеті. Ол өзге басылымдарға қарағанда мейлінше ұзақ, мерзімді əрі жиі шығып тұрды. Сонымен бірге таралымы мол əрі таралым аймағының кең болуы да оның құндылығын арттыра түседі. Бұл жөнінде газеттің 1914 жылғы 45-нөмірінде мынандай дерек жарияланған: «Қазақ»

2-3 рет шығару туралы сұраныс туғызған. Бұл мəселе 1917 жылдың 1-сəуірінде Орынборда басталған қазақ халқының тұңғыш съезінде де талқыға салынып, апталықтың 1917 жылғы 226-санында жарияланған Мадиярдың (М.Дулатов) «Қазақ съезі» мақаласында жазылғандай: «Қазақ» газеті жиі шықсын» деген шешім шығарылған болатын. Осыған байланысты басылым басқармасы тарапынан газет арқылы мынадай түсініктеме беріледі: «Съезде баспасөз мəселесі қараларда, «Қазақ» газетін екі һəм онан да жиі шығару жағын кеңеспес бұрын, типографиямен сөйлесіп едік, харіп тізушілер жоқ деп, жетісіне екі рет басып бере алмайтынын айтты. «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» дегендей-ақ, қалайда болса, газетті жиі шығару жағына қам қылмай, қарап отырмаймыз». Бұдан газетті жиі шығару ісі тек баспаханаға байланысты қаңтарылып тұрғандығы көрінеді. Осыны оқырмандар құлағына құйып, мəн-жайды түсіндіру мақсатында жазылып, газеттің 1917 жылғы 214-нөмірінде жарық көрген «Баспахана туралы» деген мақаласында М.Дулатов алты алаштың жігерін жанып, намысын қайрай түседі. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Көпшіліктен қызу қолдау тапқан іс шешімін таппай қоймайды. Көп ұзамай, алты жылғы арманы болған баспахана сатып алу бақыты «Қазақ» газетін шығарушылар басына қонады. М.Дулатов апталықтың 1917 жылғы 239-санында оны былайша сүйіншілете хабарлайды: «Жаңа арада «Азамат» серіктігі атына

ма Оразбаева, əскери істер жөніндегі өлкелік комиссариаттан Б.Меңдешов пен Өтегенов қатысады. А.Байтұрсынұлы мəжілістің төрағасы, Меңдешов хатшысы болып сайланған. Күн тəртібінде екі: 1. Комитет газетін; 2. Кітап-брошюраларын шығару мəселесі қаралған». Осы мəжілісте «Қазақ» газеті баспаха насына қатысты мəселе де талқыға салынған. Бұл жөніндегі автор келтірген мəліметтерді қазқалпында баяндайық: «Қазақша қаріптердің жетіспеуіне байланысты Орынбор губерниялық халық шаруашылығы кеңесінен олар пайдаланып жүрген Торғай облыстық баспаханасын бүкіл құрал-жабдығымен қайтарып беруін сұрау жөнінде шешім қа былданады. Газеттің бұдан кейінгі тағдыры зерттеушілерге біршама мəлім. «Ұшқын» бір жылдай шығып тұрады да, соңына «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ» болып ауысып, «Социалистік Қазақстанға» дейін ұласты. Көмескі болып келгені – оның бастауында Ахаңның тұрғандығы һəм Торғай баспаханасының, демек, «Қазақ» газетінің ханталауға түскен құралжабдығының пайдаланғаны еді». Бұдан түйетініміз, бүгінде еліміздің аға басылымы саналатын «Егемен Қазақстан» мен «Қазақ» газеті арасындағы байланысты тарихи дерек растап отыр. Ендеше, шын мəнінде, «халықтың көзі,құлағы һəм тілі» қызметін биік абыроймен атқарған «Қазақ» газетінің 100 жылдық мерейтойы егемендіктердің де, еліміздің де ортақ қуанышы. «Қазақ» газетінің жолы жалғасын табуын тілейік.

«Тальго» вагондары жоғары жайлылығымен, жеңіл конструкцияға ие жəне соңғы технологиялар мен Қазақстанның климат жағдайлары үшін арнайы жасалған əзірлемелерді пайдалана отырып жасалғандығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, олар қалдықтарды жинауға мүмкіндік беретін вакуумдық тазартудың арнайы жүйесімен жабдықталған. «Тальго» вагондарында жылу вагон-электр станциясынан алынатын электр энергиясы арқылы беріледі. Бұл ауаға шығатын зиянды заттардың шығарылымын едəуір азайтады. Құрам машиниспен, пойыз бастығымен, борт механик жəне ең соңғы вагон жолсерігімен байланыстыратын 5 ауыспалы радиостанциямен қамтылған. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жолаушыларды межелі жерге жылдам жеткізудің кешенді шараларын ойластыруда. Өткен жылдан бері Астана-Алматы бағдарындағы «Тұлпар» жолаушылар пойызы да электрондық түрде тіркеуге көшірілді. Электрондық билетті интернет арқылы ақы төлеу терминалынан сатып алған жолаушы пойызға отырар алдында төлқұжатын көрсетіп, вагонға кіре алады. Бүгінгі таңда астаналықтар сан алуан қызметтер төленетін төлем терминалдары арқылы қолма-қол ақшаға темір жол жүру билетін ала алады. Əзірше ондай терминалдар Астана мен Алматы қалаларының темір

жол вокзалдарында іске қосылып отыр. Оған қолма-қол ақшаны енгізу арқылы жолаушылар арнайы токен, яғни төлем түбіртегін алады. Онымен кез келген кассаға барып, жол жүру билетін кезексіз алуға болады. «Ал «Тұлпар» пойызына түбіртек алған азаматтар билетті алмай-ақ бірден міне алады. Себебі, онда автоматтандырылған жүйе бар. Бұдан басқа, төлем терминалдарынан пойыздың жүру кестесі мен бос орындар туралы толық ақпаратты алуға болады. Еске сала кетейік, бүгінге дейін «Тальго» вагондарынан құрастырылған жүрдек пойыздар 2 бағдар бойынша: «Алматы-Астана» қатынасындағы №1/2 пойыз жəне «Алматы-Шымкент» бағдарына №25/26 қатынап келді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес Республиканы жүрдек пойыздармен қамту Бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. 2012 жылғы шілденің бірінен бастап Алматы-2 станциясынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған «Алматы-2-Петропавл» бағытындағы №151/152 «Жетісу» жаңа жолаушылар жүрдек пойызы жолға шықты. «Жетісу» пойызы – Қазақстан мен Ресей темір жолдары арасындағы алғашқы жүрдек маршрут. Сапарға күн ара шығады. Алматыдан Петропавлға дейін жəне кері 18 сағат 54 минут жол жүреді. Пойыз «Турист» класты 15 жолаушылар вагонынан (төрт орынды), 1 вагон-рестораннан жəне 1 вагонбардан тұрады. Аталған пойыздың вагондары Астана қаласындағы

барынша қолайлы мүмкіндік ашылатынын бір ғана фактіден анықтауға болады. Бүгінгі күні жолаушы АстанаданАтырауға дейін 34 сағатын жоғалтатын болса, таяу арада 19 сағатта мұнайлы өңірге жетіп баратын болады. Өткен жылы «Patentes Talgo S.L.» компаниясы мен «Жолаушы тасымалы» АҚ арасында «Тальго» мен «Тұлпар-Тальго» вагондарына техникалық қызмет көрсету өндірісі бойынша ұзақ мерзімді шартқа қол қойылды. Ақтөбе мен Алматы стансаларында техникалық қызмет көрсету орындарын салу туралы шешім қабылданған. Бір қуанарлығы жолаушылардың үнемі өсіп келе жатқан талаптарына орай пойыздардың атын мемлекеттік тілге көшіру жұмысы да қатар жүргізілуде. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бес бағытта қатынайтын жолаушылар пойызына арнайы байқау бойынша жаңадан атау берді. Енді халықаралық бағыттағы 4 пойыз: «Алматы – Үрімші» – Жібек жолы; «Астана – СанктПетербург» – Евразия, «Қарағанды – Мəскеу» – Сарыарқа, «Астана – Киев» – Астаналық, сонымен қатар облысаралық бағытта қатынайтын бір пойыз «Алматы – Петропавл» – Жетісу атауына ие болды. Соңғы кездері осы «Тұлпар» пойыздарына қатысты да жергілікті тұрғындардың сұранысына орай оның ішкі дизайнын өзгерту, əсіресе, жолаушыға ыңғайсыздық туғызатын қолжуғышты алып тастау туралы да шешім бар. Қазіргі таңда асыққан іскер адамдар ғана емес, қазақстандықтардың дені Тұлпарды таңдайтыны байқалады.


 ЭКСПО-2017 Енді төрт жылдан кейін елімізде екі үлкен шараның өтетіні белгілі. Соның бірі – Алматыда өтетін ХХVІІІ Қысқы Универсиада болса, екіншісі Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі. Қазіргі кезде осы мəні мен маңызы зор шараларды лайықты деңгейде өткізу мақсатында жұмыстар басталып кетті. Жақында біз ЭКСПО көрмесін өткізу мəселесіне қатысты «Астана қаласының Сəулет жəне қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Виталий СИЛЕЦКИЙМЕН кездесіп, көрмеге дайындық жұмыстары туралы əңгімелеп беруін өтінген едік.

– Жақында Елбасы Ақордада еліміздің жетекші телеарналарының журналистерімен өткізген кездесуде тағы да ЭКСПО көрмесінің мəні мен маңызы жөнінде кеңірек айтып берді. Бұл шынымен де біздің елімізді əлемдік қоғамдастыққа тағы да бір қырынан танытатын үлкен шара болғалы отыр. Қазір осы көрмені өткізуге байланысты нақты қандай жұмыстар атқарылуда? – Мұндай көрмені өткізу кез келген елге бұйыра бермейтіні белгілі. Біздің елге де ЭКСПО2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алу оңай болған жоқ. Бұл біздің елдің мүмкіндігін, біздің елге деген əлемдік қоғамдастықтың сенімін көрсетсе керек. Біздің ел өткізетін көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады. Ол адам тіршілігінің барлық салаларына тікелей əсер ететін энергияға байланысты əлемдік мəселелер мен проблемаларды қозғайды. Көрмені дайындау жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Былтырғы жылғы 6 желтоқсанда өткен кеңейтілген отырысында Елбасы Үкіметке, барлық мемлекеттік органдарға, Астана қаласының əкімдігіне нақты тапсырма берді. Алдағы уақытта «2017 жылы Астана қаласында ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мəселелері жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын жəне ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мен өткізудің 2012-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданады. Көрсетілген құжаттарда ЭКСПО-ны дайындау мерзімдері жəне іс-қимыл жоспары анықталады. Көзделген жоспарларды орындау үшін Мемлекеттік корпорация құрылады, ол алдағы уақытта барлық ұйымдық мəселелермен айналысады, соның ішінде жоба-

7

www.egemen.kz

1 қаңтар 2013 жыл

гиясы» деген тақырыбын ескере отырып, құрылыс технологиясында жəне техникалық жабдықтауда энергия үнемдеуші технологиялар қолданылатын болады. Біздің елімізде жаңа технологияларды барынша пайдалану үшін Қазақстанның бүкіл əлемге көр-

Кїткен кїн

лау құжаттамасын əзірлеу, құрылысты ұйымдастыру, мердігерлерді анықтау мəселесі де бар. Барлық мемлекеттік органдарға, соның ішінде Астана қаласының əкімдігіне нақты міндеттер қойылды. Астана қаласының Сəулет жəне қала құрылысы басқармасы да осы жұмысқа қатысады жəне көзделген жоспарларды сəтті орындау үшін барлық күш-жігерін салады. Өтінімдік досьеде үлкен қалаға тəн көрме барлық қызметтерді ұсынады деп көрсетілген: жол қозғалысы, парковкалар, қоғамдық көлік, қауіпсіздік қызметтері, медициналық қызмет көрсету, өрт қауіпсіздігі, қоқысты жинау жəне шығару, техникалық қызмет көрсету, ақпарат жəне коммуникация жүйелері, жеткізу, жабдықтау, мейрамханалар, коммерциялық аймақтар, қойылымдар жəне əртүрлі ойын-сауық іс-шаралары.

Жалпы есеппен көрме аумағында қызмет көрсетуге 10 000 адам жұмылдырылады, ауысыммен жұмыс істеуді ескергенде бір уақытта 4 000 жұмыс орны болады. – Құрылыс жұмыстарының жəне барлық жоспарланатын нысандарды техникалық жабдықтаудың негізгі ерекшелігі энергия үнемдеу технологиясы деп көрсетілген. Осы мəселе қалай шешілетінін толығырақ айтып берсеңіз. – Алдын ала іс-шаралар жоспарына сəйкес ХКБ тіркеу комитетінің қарауына тіркеу досьесін əзірлеу жөніндегі жұмыс ұйымдастырылды, онда көрме объектілерін жəне инфрақұрылым нысандарын салу кезінде бірегей құрылыс жəне өзге де жаңа технологияларды қолдану мен пайдалану жөніндегі нақты ұсыныстар қамтылады. Көрменің «Болашақтың энер-

ме тақырыбын ашуға дайындығы мен қабілетін көрсететін, энергияға байланысты əлемдік мəселелер мен проблемаларды көрсететін ғылыми жəне материалдық əлеуеттің барына сенім білдіремін. – Астанада жаңа сəулетті нысандар салу жоспарда бар ма? – Жаңа нысандар салынады. Бұл үшін бəрін жасаймыз. ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізген елдердің бəрі солай істеген. Дегенмен, қазір Астанада қандай нысан ЭКСПО-2017 символына айналатынын айту ерте. Тек қана қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын жəне белгіленген мерзімде ұсыныс енгізілетінін айта аламын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та жақында қалада жаңа тұрғын үйлердің салынатынын айтты. – ЭКСПО-ны өткізу Астананы дамытуға қаншалықты

əсер етеді деп ойлайсыз? – Көрме Астананы дамытуға қомақты үлес қосады деп ойлаймын. Оны өткізу үшін біз павильон саламыз. Мұндай көрмені өткізген елдердің бəрі де солай істеген. Мысалы, 2000 жылы Ганноверде өткен көрмеде Германия өзінің павильонын 35 миллион долларға салып, 350 миллион доллар пайда тауыпты. Біз де солай істеуді жоспарлап отырмыз. Бұл жерде біздің құрылысшыларымыз жұмыс істейтін болады. Ал көрме біткен соң, павильондарды халық үшін пайдаланатындай етіп саламыз. Онда қабырғалары көп қабатты тұрғын үйді құрайтын павильон болуы да мүмкін. Міне, осыдан кейін елімізге шетелден келетін туристердің саны артады деп ойлаймын. Қазірдің өзінде Астанадағы нысандардың сəулеттік келбетіне белгілі талаптар қойылып отыр. Бүгінде қала əкімдігі жобалау сапасын жəне ғимараттар құрылысын бақылау жөнінде тиісті шаралар қабылдауда. Бұл бекітілген қала құрылысы құжаттамасы мен тиісті нормативтік база болмаса мүмкін емес. 2011 жылғы 30 шілдеде Үкіметтің қаулысымен Астана қаласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бас жоспарын түзету бекітілді. Түбегейлі жоспарлау жобалары жоспарлы тəртіпте əзірленіп, түзетіліп, бекітілуде. Бұдан басқа, қаланы сəулеттік-көркемдік безендіру жобасы əзірленді жəне бекітілді, онда қалалық аумақтарды кешенді абаттандыру, ақпараттық графика, қалалық колористика, ғимараттар мен құрылымдарды көркемдік жарықтандыру саласындағы мəселелер реттеледі. Елбасының қаланы дамыту жəне құрылыс салу, Астана қаласының бас жоспары, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының негізгі ережелері, Астана қаласының инженерлік жəне көліктік инфрақұрылымын озық дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында осы аудандарда құрылыс салудың тұжырымдамалық-стилистикалық тұжырымдамасы əзірленді жəне бекітілді. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

 Атар таңға ақ тілек Өткен жыл өте қуанышты, берекелі жыл болды. Елбасы əзіз, «жаны Н.Назарбаев жүрегі кең, бауырлас қазақұйғыр бауырлар! деп бір-бірін қадірлеу белгісінің жылнамасы болды деп есептеймін» деп атап өткендей, осы тарихи кезеңді жемісті де жеңісті

Достыќ кїншуаєы!

жүріп өттік. Бірлік байрағын биік көтеріп, тамыры тереңде жатқан түркі ата-бабаларымыз салып кеткен рухани алтын көпірді сақтай білдік. Бұл əм достығымыздың күншуағы. Біз мұны мақтаныш етеміз. Қазақстанды мекен еткен барша ұлт өкілдері осы бейбіт елді, қасиетті жерді «Ортақ Отанымыз, киелі шаңырағымыз!» деп білеміз. Елбасының жаңа Жолдауы – əрбір қазақстандықтың отбасына кірген бақыт нұры. Бұл Жолдау барша қазақстандықтардың рухын көтерді, алтын қалам иелерінің шабытын тасытты, еңбеккерлеріне тың қуат берді. Бұл – біздің шухратты өмір сүруімізге кепілдік беретін тарихи құжат. Біз, қасиетті Қазақ жерінде бейбіт тіршілік етіп жатқан барша отандастар, еліміздің рухани, экономикалық əлеуетіне өзіндік үлесімізді адал қосуға сенімдіміз. Президент Н.Назарбаев өзі сүйген, бірлігі жарасқан халқымен барлық жақсылықтарға жетіп, биіктерді бағындыратынына сеніміміз кəміл. Жаңа 2013 жыл баршамызға алар жаңа асулар мен жетер жеңістер, бағындырар биіктер алып келсін деп тілеймін. Қазақ халқына, Қазақ елінің басшысына, осы қасиетті жерде бейбіт тіршілік етіп жатқан барлық отандастарыма Жаңа жылда жетер адами жеңістері мен жақсылықтары мол болсын дегім келеді! Бүкіл əлемде бейбіт күн, молшылық пен берекелі тірлік болсын! Ел болып жүріп өткен жемісті жылдар бізден кейінгі жас ұрпаққа да жұғысты болсын! Ахметжан АШИРИ, «Құрмет» орденінің г, драматур жазушыиегері. АЛМАТЫ.

 Инвестиция игілігі

Ќашаєан ќойнауындаєы «ќара алтын» Елімізде енді бірнеше айдан кейін Каспий теѕізініѕ мол мўнайын ґндіру басталады «Біз Қашаған кенішінен бірінші мұнайды алу алдында тұрмыз. Мұндағы мұнайдың болжамды қоры 10 миллиард тонна мұнайды құрайды, ал газ – 1 триллион текше метрге дейін. Бірінші сатыда мұнда жылына 50 миллион тонна мұнай өндіріледі. 2018-2019 жылдарға қарай, екінші кезеңде жылына 75 миллион тоннаға дейін жетеді. Сол кезде Қазақстан әлемнің ірі мұнай экспорттаушыларының бестігі қатарына кіреді...». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

ТЕЅІЗ ТҐРІНДЕГІ КЕН ОРЫНДАРЫ Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы алғашқы сейсмикалық барлау 1993 жылдан бастау алады. Теңіз табанына алғашқы бұрғы ұшы 1999 жылдың 12 тамызында салынды. Сол кездегі ОКИОК компаниясы Қашаған кенішін бұрғылау мақсатымен «Сұңқар» жылжымалы бұрғылау қондырғысын Ресейдің Астрахань қаласында құрастырып еді. Содан кейін бір жылға жуық мерзім өткенде, яғни 2000 жылдың маусымында Қашаған кенішінде мол мұнайдың көзі табылғаны жария етілді. Демек, Қашаған кенішін жаңа мыңжылдықта ашылды деуге əбден болады. Сол кездің өзінде мұнда мол мұнайдың белгілері анықталып еді. Басқаша бейнелеп айтқанда, бұл кеніш теңіз табанында тұнған мол мұнайдың бастауы болғаны даусыз. Бұдан кейін Қаламқас (қыркүйек, 2002 ж.), Оңтүстік-батыс Қашаған (тамыз, 2003 ж.), Ақтоты (қыркүйек, 2003 ж.) жəне Қайраң (қыркүйек, 2003 ж.) кен орындары ашылды. Кен орнын игеру үшін бірыңғай компания жауап беруі тиіс деген шешім қабылданып, 2001 жылы «Эни» компаниясы оператор болып танылды. Осы мақсатта «Аджип ҚКО» атты операциялық компания құрылды. Кен орнын бағалау жөніндегі кейінгі жұмыстар нəтижесінде 2002 жылғы маусымда Қашағанның коммерциялық ашылуы туралы жарияланды. Осындай ауқымды жобаны тиімді басқару мақсатындағы операциялық үлгі негізінде 2009 жылғы 22 қаңтарда «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) компаниясы СКӨБК шеңберіндегі жобаның операторлығына таңдалды. Сөйтіп, бұрын «Аджип ҚКО» орындаған міндеттерді өз мойнына алды.

ЌАШАЄАННЫЅ ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ? Біріншіден, Қашаған – Қазақстанның Каспий теңізінде игеретін тұңғыш кеніші. Бұл осыдан 40 жыл бұрын Аляскада табылған Прудхо-Бей кен орнынан кейінгі ең ауқымды ашылым болуымен де əлем назарын аударып отыр. Кен орнының коллекторы теңіз түбінен 4200 метрдей тереңдікте жатыр. Кен орнындағы қысым да өте жоғары дейді мамандар. Кеніштегі мұнай парафинді болып келеді. Мұнай құрамында күкіртті газ да бар, ал күкіртті сутек (H2S) 15 пайызға тең. Кенішті кезеңкезеңмен игеру жұмыстары алдымен, алаңның шығысынан бастау алып, орта тұсына ойысады. Кейінгі игеру жұмыстары батыс жағында шоғырланатын болады. Мұндағы мол мұнайдың болжамды қоры 10 миллиард тоннаны құрайды. Сонымен бірге, кеніштің қойнауында 1 триллион текше метр шамасында газ қоры да бар. Екіншіден, Қашаған кен орнында 1999 жылдан бері 220 мың метрлік тереңдікке бұрғы ұшы бойлапты. Кен орнында барлау, бағалау жəне өндірістік мақсатта бұрғыланған 31 ұңғыма бар. Осы кен орнын игерудің бірінші кезеңінде «A» жəне «D» аралынан 40 ұңғыманы пайдалану жоспарланған. Қазір 20 ұңғыма өндірістік мақсатта пайдалануға дайын, деп түсіндіреді мамандар. Əр ұңғыманың орташа тереңдігі 4000-4500 метрге дейін жеткен. Қашағанды ерекшелейтін жəне бір дерекке көңіл аударсақ, осы кеніштегі жұмыстарды атқаруда 2006 жылдан 2012 жылдың үшінші тоқсанына дейінгі аралықта 8,5 миллиард АҚШ доллары қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге төленген. Үшіншіден, 2006 жылдан бері НКОК жергілікті 56 компанияға халықаралық ISO-9001, ISO-14001, ISO-22000 жəне OHSAS-18001 стандарттар бойынша

сертификаттар берді. Сонымен бірге, бірнеше қазақстандық компанияның Америка мұнай институтының (API) халықаралық стандарттарынан өтуіне де ықпал етті. Жергілікті мамандардың біліктілігін арттырды. Осы кезге дейін 2600-ден астам қазақстандық компания жабдықтаушылардың дерекқорына енгізілді. Өткен жылдың үшінші тоқсанындағы дерекке сүйенсек, НКОК-тың штатында жұмыс жасаушылар 16800 адам-

жылдарға қарай, яғни, кенішті игерудің келесі кезеңінде жылына 75 миллион тоннаға дейін өнім өндіріле бастайды. Міне, сол кезде Қазақстан Қашағанның мол мұнайымен əлемдегі ірі мұнай тасымалдаушы бес елдің қатарына кіреді. «D» АРАЛЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕК Кей теңіздерде, не мұхиттарда табиғи аралдар болуы мүмкін. Ал жасанды арал дегенді естіп пе едіңіз? Кас-

Теңіздегі жұмыстарға қажетті сан алуан модульдер Ұлыбританияда, Дубайда, Мальтада, Норвегия мен Ресейде құрастырылыпты. Еділ-Дон каналынан өте алатындай көлемдегі 14 модуль Атырау облысына су жолымен тасымалданған. «D» аралында апаттық құтқарушы мұзжарғыш кемелер (АҚМК) флоты бар. Бұл апаттық құтқарушы мұзжарғыш кемелердің əлемде теңдесі жоқ. Бұлар Қашаған жобасына арналып жасалған.

ды құрады. Мұның ішінде қазақстандықтар үлесі – 13500. Бұл Солтүстік Каспий жобасына жұмысқа тартылғандардың 80 пайызын құрап отыр. Төртіншіден, Қашағаннан «қара алтын» селін тасытатын күн жақындап келеді. Əрине, бастапқы тəжірибелікөнеркəсіптік кезеңде жылына 50 миллион тонна мұнай өндіру көзделіп отыр. Осы кезде мұнда мұнай өндірудің жобалық қуаты көлемі тəулігіне 370 000 баррель құрайтын болады. Кейін «қара алтын» өндіру тəулігіне 450 000 баррельге дейін ұлғаяды. Ал 2018-2019

пий теңізінің қазақстандық секторынан мұнай селін тасытуға қам жасап жатқан оператор жəне агент-компаниялар Қашаған кенішінде бір емес, бірнеше жасанды арал тұрғызды. Соның бірі – «D» аралы. Мұнда өнеркəсіптік, тұрмыстық мақсаттағы 40-тан астам түрлі нысан тұрғызылған. Ал аралды тұрғызу үшін Маңғыстау өңірінен 13 миллион тонна тас, 130 тонна металл құрастырмалары, 65 мың тонна темірбетон жеткізіліпті. Жаңбыр, ағын сулар секілді түрлі сұйықтарды жинап алатын қорғаныш геомембраналары қондырылған.

ЖАЗДЫГЇН ШІЛДЕ БОЛЄАНДА... Бүгін міне, тарих парағындағы жаңа жыл басталды. Биыл жаһан жұртының назары Қазақстанға бұрынғыдан ауа түспек. Бүкіл əлем елдері Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кен орнынан мұнай алынар күнді асыға күтіп отыр. НКОК мамандары ұсынған дерекке сүйенсек, Қашағаннан алғашқы мұнайды өндіру жылдың екінші жартысында іске асырылмақ. Бəлкім, бұл Абайша айтқанда, «жаздыгүн шілде болғанда» нақты іске асырылуы ғажап емес. Өйткені, субарктика-

лық температураның -30С градусқа төмендейтін жəне 5 айға дейін үлкен төмпешіктерді құрайтын жылжымалы мұздар қалыптасатын қыс, не қатты жел тұратын көктемгі айларға қарағанда, Каспий теңізіндегі «тыныштық» жаз мезгіліне сəйкес келеді. Ал теңіз табанынан мұнай өндіру үшін жаз айлары ең қолайлы кезең болатыны даусыз. Қазақстан үшін Қашағаннан мұнай өндіру – тарихи оқиға. Олай дейтініміз, қазақ мұнайшыларының құрлықтан мұнай мен газды өндіруді жетік меңгергеніне бір ғасырдан аса мерзім өтті. Бірақ, бес мемлекетке ортақ Каспийдей теңіздің табанынан мұнай өндірген емес еді. Енді, міне, Қазақстан тəуелсіздіктің 22 жылында Каспий теңізінен мұнай өндіруге қадам жасағалы отыр. Қазір осынау сəтке дайындық жұмыстары қандай деңгейде атқарылуда? Газет тілшісінің осы сауалына орай НКОК ұсынған деректерге жүгінсек, Қашаған жобасының бірінші кезең жұмыстары аяқталуға таяды. Нысандарды іске қосуға дайындық жұмыстары жасалуда. Бүгінгі күнге дейін жер үстіндегі жəне теңіздегі кешендерде бірінші кезектегі нысандарды дайындау 92 пайызға, ал бірінші жəне екінші кезектегі жұмыстар 97 пайыз деңгейінде атқарылған. – Енді мұнай өндіруге дейінгі бірнеше ай ішінде дайындық жұмыстары өндірістің қауіпсіз басталуы мақсатында жалғастырыла береді, – деді газет тілшісіне НКОК-тың мүдделі тараптармен байланыс жөніндегі бөлімінің бас менеджері Эрикжан Исенғалиев. – Бұдан кейін өндіріс қарқынын сатылай үдету қолға алынады. Жалпы, өндірістік жұмыстарда қауіпсіздік бірінші кезектегі басымдық болып табылады. Іске қосу-реттеу жұмыстары кешенді күрделі жұмыстардың жасалуын қажет етеді. Бұл əрбір қондырғыда механомонтаждық жұмыстардың бітірілуін, əрбір қондырғының қауіпсіз жұмыс істейтіні жөнінде сенімділікті қамтамасыз етеді. Атырау облысы. –––––––––

Суретте: Қашаған мұнайы өндірілетін «D» аралындағы дайындық жұмыстары. Суреттерді түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.


8

www.egemen.kz

1 қаңтар 2013 жыл

Көзқарас түсіретін объектив жоқ болып, біз дал болдық. Тек бір аптадан кейін ғана сол объективті тауып, теңізге келдік, күдік пен үміт арқалап, сөйтсек, аққу бізге өзі жақындап, тиісті эпизодына түсіп болған соң, біздің көз алдымызда қанатын жайып, ұшты да кетті. Бұл қанаты қайырылған, сыңарынан айырылған жалғыз аққу ма десем, бұл мен ойлағаннан да күрделі құбылыс болып шықты.

кадрдың сыртында қаламыз. Сондықтан көрермендер мен туралы ештеңе білмесе де, фильмімді білуі мүмкін. «Аққыздан» кейін мүмкін мені халық танитын шығар. Мен бұл жолы фестиваль үшін емес, фильмді қазақ көрермендеріне арнап жасадым. Солардың көңілінен шығатын, солардың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын фильм жасауға талаптандым. – Сіз Асанəлі Əшімовті кино өндірісінің білгірі деп санайсыз. Сол Асанəлі ағамыз кино – фестивальдер мен конкурстарға арнап түсірілуі керек дейді. Шындап келгенде кино көрермен үшін түсірілмей ме? – Асанəлі ағам дұрыс айтады. Киноның көркемдік сапасына баға беретін, кинофестивальді ұйымдастыратын, соған бүкіл əлемнен киноларды жинап алып сұрыптап көретін мамандар. Сіздің түсірген фильміңіз ешкімді қайталамай, даралығымен ерекшеленсе ғана, сіз фестивальдің бағдарламасына енесіз. Фильм сценарийі де жазылған құрғақ оқиғаны ғана экранға түсірумен шектелмесе керек, ол одан басқа да қыруар қасиеттерді бойына сіңіруі керек. Фильм режиссердің жандүниесіндегі уақыты жетіп, пісіп толып үлгерген бай əлемді экранға көшіру. Теңізді тамшысынан танитынымыз сияқты кино маманы да киноны алғашқы кадрынан-ақ қандай кино екенін біліп қояды. Мен үшін кинофестиваль үлкен жарнама. Егер «Аққызды» əлемнің бес фестивалі шақырмаса, Бостон мен Вашингтонда көрсетпесе, сіз қайдан білер едіңіз. Олар фильмге əділ бағасын бергеннен кейін ғана көрермендердің қызығу-

«Аққыз» фильмінің прокатта бағы жана ма? Осы уақытқа дейін отандық прокатта бағы жанбай жүрген Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» картинасы Жаңа жылдан бастап үлкен экранға шығады. Ұлттық кинематографияда өзіндік қолтаңбасы бар қазақ режиссерінің аталмыш фильмі ұйымдастырушылардың шақыруымен 2011 жылы Эстонияның Таллин қаласындағы «Вlack Night», ал 2012 жылы Үндістанның Дели қаласындағы «Osians Cinefan», өткен қараша айында Түркияның Анталия қаласындағы «Golden Appricot» жəне Үндістанның Калькутта қаласындағы халықаралық кинофестивальдерге қатысқан. Сол қараша айында Бостон қаласында көрсетіліп, іле-шала Вашингтонда өткен «Дала гүлдері» кинофестивалін жапқан болатын. Осылайша əлемнің əр шалғайын аралап келген көркем фильмнің авторы əрі режиссері Жаңабек ЖЕТІРУОВПЕН жаңа жыл алдында сұхбаттастық. – Жаңабек Ибайраханұлы, осы сұхбатқа «Аққыз» картинасының жабық көрсетілімі сеп болды. Бұл фильмнің атауы «Ақ құс» болар? – Қазақ халқының ұғымында аққу жер бетіндегі тіршіліктің бастауында тұрған, сол Ақ құсты ақ қаз деп те атаған, ал ақ қаздан қазақ деген халықтың атауы дүниеге келген дейді ел арасындағы аңыз əфсəнə. Сонау сақ дəуірінен басталатын ата-бабамыздың өнерінде аң мен құсты кескіндеген шығармалар осы ойымыздың негізсіз емес екендігіне дəлел болатын сияқты. Сондықтан ақ құс десек те, аққыз десек те біздің ойымызға қазақ мифологиясындағы аққуға байланысты айтылатын дүниенің пайда болуы туралы аңыз əңгімелер оралады. Ал фильмді «Аққыз» деп атаудың өзінде символикалық мəн бар. Бір кезде Аққудың жұмыртқасынан пайда болған тіршілік азып-тозып, экологиялық апатқа ұшырап бара жатқанда бір аймақта Аружан есімді тоғыз жасар қыз, сол аққу туралы аңызды білмесе де, сол аққу ананың ісəрекетін айна қатесіз қайталап, тіршілікті аман сақтап қалады. Сондықтан, кешегі аққу мен бүгінгі заманда өмір сүріп жатқан Аружанның арасында осындай генетикалық байланыс бар. «Аққыз» аққу құстың тіршіліктің бастауында тұрғанына біздің көзімізді жеткізіп, ата-бабамыз қалдырған аңыздың шындық екенін дəлелдейді. – Осы картинаны түсіру барысында керек болған қасиетті құсты Құдайдың өзі «айдап» əкелгенін оқып, таңданып қалып едім. Мұндай оқиғалар сіздің өміріңізде жиі қайталана ма? – Бұл адам түсінбейтін құбылыс. Біз аққуды жер-көктен іздеп таба алмай жүрсек, бір күні ол бізді өзі іздеп келді. Ол теңіздің ортасында жүрді. Оны

Мен осы киноны бастамақ боп, ақ ниет, ақ жүрегіммен осы фильмнің сценарийін көркемдік кеңеске ұсынғанымда, осы саладағы бірқатар азаматтар мені түсінбей жобаны аяқсыз қалдырған еді. Мен сонда өзімді қайраңда қалған балықтай сезінгенмін. Сонда бір досым: «Сенен бəрі бас тартса, саған құдай қарасады» деп ақ жол тілеген еді. Сол сөз есіме түсті. Себебі, аққу ешқашан жалғыз ұшпайды, жалғыз жүрмейді. Оған жануарлар бағына барғанда көзім жетті. Жалғыз жүрген аққуды түсіреміз деп, үш күн жүрдік. Бүкіл пленкамызды тауыстық. Себебі, олар қайда жүрсе де ажырамайды екен. Ал мына жерде жалғыз аққу. Алла тағаланың көктен жіберген аққу құсы. Осы фильмді түсіру барысында басымыздан неше түрлі оқиғалар, көріністер өтті. Оны фильмді көріп отырғанда көзіңіз жетеді. Фильмдегі əрбір кадр толассыз ойлардың арасынан сұрыпталып шығып, символикалық мағынаға ие болған көріністер дер едім. Шетелдердегі көрермендердің осы фильмнен алған əсерін бағалай отырып, фильм дүниенің төрт бұрышында да өзінің мəнмағынасын жоғалтпай, əрбір топтағы адамдарға бірдей əсер еткенін байқадым. – Осы уақытқа дейін 50 шақты деректі ленталар, «Дүниежарық» атты көркем фильм түсірсеңіз де, көрермен соның көбін көрмегенін қалай түсіндіресіз? – Оны сіздерден көрем. Жазбайсыңдар, айтпайсыңдар (күліп). Ренжімеңіз, мен өкпелеп айтып отырғаным жоқ. Мен ол фильмдерімнің жарнамасымен айналыспаймын. Одан кейін режиссер деген мамандық өзін емес, өзі түсірген адамды немесе сол тақырыпты таныту үшін жұмыс істейді. Біз

Зерде Спорт ойындарының ішіндегі кеңінен таралғаны жəне көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген түрі футбол десек, артық айтқандық болмас. Өйткені, оны мынадай бір-ақ мысал, əлемдік футбол федерациясы ФИФА-ның құрамына кіретін елдердің саны (200-ден артық) Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің санынан артық екендігі айғақтайды. Қазақстанда да футбол айрықша орны бар спорт түрі санатында. Ол, əсіресе, егемен ел атанған кезден, ұлттық біріншілік ұйымдастырылып, еліміздің құрама командасы мен таңдаулы футбол клубтары шетелдерге жиі шығып, УЕФА-ға мүше болған кезден қанатын кеңге жая бастады. Осындай халық ұнатқан ойынның біздің елімізде даму тарихы қалай болып еді деген мəселеге байланысты сөз қозғасақ дейміз. Міне, көпшілік тамсанған осы ойынды ағылшындар Ресейге XIX ғасырдың аяғында əкелсе, орыстар арқылы футбол қазақ жеріне жетті. 1912 жылы Мəскеуден Семейге Н.Н.Куприянов деген келіп, атақты көпес Плещеевтің дүкеніне қызметкер болып орналасады. Ол өзімен бірге доп, сетка жəне спорттық бұйымдар əкеліп, футбол ойынына əуестік танытқан жастарды жаттықтыра бастайды. 1913 жылы қаладағы ерлер гимназиясы мен семинариясында алғашқы футбол командалары ұйым-

шылығы оянады. Одан кейін шетелде Қазақстанды тек мұнай мен газ шығаратын ел ретінде ғана емес, өнері дамыған ел ретінде танытуға кино да қызмет етіп жатқан жоқ па. Өмір қайнап жатқан жерде ғана кино бар деп есептейді мамандар. Олай болса Қазақ елі нағыз мың жолдың торабында тұрып, бүкіл əлемдік қауымдастыққа қосылып, əлемдік саясатта өз жолын таңдаған тəуелсіз ел ретінде біздің кино өнерінің дамуына əсерін тигізе беретініне сенімдімін. – Биыл Таллиндегі «Қараңғы түн» кинофестиваліне кетіп бара жатқаныңызда осындағы телеарналардың бірі: «Əне, Жетіруов тағы да кинофестивальге кетіп бара жатыр» деп қағытты. Сіз осы байқаулардың əділ өтетініне сенесіз бе? – Кез келген кинофестиваль өз елінің кинематографиясының дамуына қызмет етеді. Сондықтан бас жүлде алу мəселесі саудаға түсетіні бесенеден белгілі. Италияның Турин қаласында өткен бір фестивальде маған бас жүлдеден басқа берілетін төрт жүлдені де берді, ал бас жүлдені ортанқол итальян фильміне берген болатын. Бұл спорт емес қой, кім ұрып жықса сол жеңетін, бұл интеллектуальдық айқас, кімнің мерейінің үстем болатынын тек фестивальді ұйымдастыру-

шылар ғана біледі. Биыл мен Италияның Рим қаласында өткен «Азиатика» халықаралық кинофестивалінің аясында өткен қысқаметражды кино түсіру конкурсына қатысып, бас жүлдеге ие болдым. Бұл жерде Азиядан келген алты режиссерге бірдей мүмкіндік берді. Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып түсірген менің «Джулетта жəне артист» деген фильмім бас жүлдеге ие болды. Бұл фильмді мен жасағанмен, ол италья кинематографиясының жетістігі болып есептеледі. Себебі, фильм түсіру процесін фестивальді ұйымдастырушылар қаржыландырды. Бұл жерде бəрі алақандағыдай айқын болды. Сондықтан бас жүлде адал шешілді. Дегенмен, барлық фестивальдардың жүргізіп отырған саясаты бірдей деп те айта алмайсың. Əр кинофестиваль өзіне тиімді саясат жүргізеді. Ол үшін оларды кінəлаудан аулақпын. – Біздегі Евразия кинофестивалі ше? – Олардың да өз білгені бар болу керек. «Аққыз» екі жыл қатарынан осы фестивальдің сұрыптау комиссиясынан өте алмады. Фестиваль директоры Гүлнəр Ойратқызы қазақ киносы туралы берген сұхбаттарында «Аққызды» аузына да алмайды. Мен қазақ киносының кеңістігінде жоқ сияқтымын. Тек қазақ режиссерлерінің ішінде Ермек Шынарбаевтың осы жылдың қараша айында Вашингтонда Кеннан институтында өткен «Аққыздың» көрсетілімінде айтқан: «Кино наполовину искусство, наполовину развлечение. «Аққыз» – это искусство. По моему мнению, это один из самых интересных казахских фильмов за последнние пять лет» деген сөзі ғана жаныма жалау болды. – Дүниежүзінде мұнайдан кейінгі ең көп ақша əкелетін кино саласы дейсіз. Ал бірақ, «Аққызды» түсіруге алған қарызыңыз шаш етектен? – Мен алғашқы толық метражды «Дүниежарық» (Записки путевого обходчика) фильмін де осылай бастағанмын. Ол маған ақша əкелген жоқ, бірақ абырой, атақ алып берді. «Аққыз» əзірше қарыздан басқа маған ешқандай табыс əкелген жоқ. Мен осы киноны түсірерде табыс табамын деп емес, рухы жүдеген халықтың жандүниесіне осы фильм азық болса екен деп түсірдім. Қазір біз ұлттық идея іздеп шарқ ұрып жүрміз ғой. Осы фильмді көргендер сол ұлттық идеяның не екеніне жəне оны қайдан іздеу керек екеніне көздері жетер еді деп ойлаймын. – Киногерлер арасындағы «кино – əлемдік өнер, сондықтан оның бойында ұлттық бояудың болуы міндетті емес» дейтін қағидамен келіспейтін режиссердің бірісіз... – Қазір киногерлер арасында «кино əлемдік өнер, сондықтан оның бойында ұлттық бояудың болуы міндетті емес» деген ұғым бар. Өнерде сол өзің айналысатын өнер тілімен өз ұлтыңның жанының табын басып көрсету жалқылардың ғана қолынан келетін шеберлік. Ол сенің жандүниеңде болмаса, онда сен əлемдік кинолардың көшірмесін жасаудан алысқа аса алмайсың. Ал ол өнерге жəне көрерменге жасалған қиянат деп ойлаймын. Вашингтондағы Кеннан институты Американың «мозговой центрі» деп аталады. Сол жерде «Аққыз» фильмі көрсетіліп болғаннан кейін көрсетілімге жиналған сарапшылар арасында «кино əлемдік өнер, ол ұлттық болуы керек пе» деген сұрақ туындайды. Кино ұлттық өнер болу керек. Өйткені, онда сол фильмді тудырған халықтың жандүниесі, болмысы, менталитеті анық көрсетіліп, сол фильм сол халықтың идентификациялық кодына айналса деген екен. Оған біз жаңа ғана көрген «Аққыз» фильмі дəлел депті. Сөйтіп, «Аққыз» американың мəдениет, əдебиет, саясат саласындағы мамандарына бір шындықтың бетін ашып берген екен. Сіз өзіңіздің болмысыңыздан қашып құтыла алмайсыз ғой. Мен қандай дүние жасасам да ол ұлттық дүниеге айналады. Мен сол ұлттық мəдениетпен суарылып өскен азаматпын. Басқа мəдениетті де сол ұлттық мəдениеттің сарабынан өткізіп барып қабылдадым. Мені ең алғашқы «Ре міні» атты деректі фильмім үшін кезінде əріптестерім ұлтшылсың деп айыптаған болатын... Əңгімелескен Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан».

Атар таңға ақ тілек

Жүрекке салмақ салмайық Бірде жасы келген қариядан жас жігіт келіп ақыл сұрапты. «Мен Сіз сияқты ақылды да сабырлы, үнемі күліп жүретін адам болғым келеді. Осының жолын көрсетсеңіз екен», депті. Қария жігітке олай болса ішіндегісінің бəрі көрініп тұратын ыдыс пен бір түйір картоп əкел деп бұйырады. Жігіттің əкелген картобының үстіне өкпелеген адамының есімін жазып, əр ашуланған сайын себепкердің аты жазылған картопты ыдысқа сала беруін сұрапты. Ал «екінші шартым осы ыдысты енді күнде өзіңмен бірге тастамай жүр», деген екен. Күндердің бір күні шалдың айтқан талабын бұлжытпай орындаған жігіттің ыдысы ауырлап, тіпті көтеріп жүру мұңға айналып, жігіт жан-жағындағылармен жанжалдасып, нағыз сүйкімсіздің өзі болып шығады. Оған қоса ыдыстың түбіндегі көкөністер ауа бармағасын жағымсыз иіс шығарып, жігіттің жүрегін айнытыпты. Жігіт тағы да қарияға келіп: «Маған басқа жолды көрсетіңіз, мұны өзіммен бірге тасып жүру мүмкін емес», дейді. Сонда қария: «Көрдің бе балам, біз əр ашуланған, өкпелеген, ренжіскен сəттерімізде жүрегімізге осындай жағымсыз дүниелерді жинай бастаймыз. Əр жамандықты ойлаған сайын, жүрегіміздің көтерер жүгі ауырлап, мінезіміз бұзылып, өзіміздің қалай жағымсыз жанға айналып кеткенімізді байқамай қаламыз. Əрбір ашуланып, өкпелеген сəтте осы менің мысалымды есіңе ал», деп ақыл берген екен. Өмір пəлсапасын ұтқыр қолданған қарияның бұл ақылы түсіне білген адамға əлі де мəнділігімен құнды. Мен осы мысал арқылы адамзат баласына алда келе жатқан Жаңа жылда өкпелеу мен реніштен, алауыздықтан ада болыңыздар, жүректеріңізді мұң, қайғы баспасын деп бір ауыз ғана тілек тілеймін. Сонда ғана сəттілік сіздің уысыңызда болып, бақыт əрқашанда қасыңыздан табылмақ. Ақжан ЕШТАЙ, Ақмола облыстық сотының төрағасы. КӨКШЕТАУ.

Шығармашылық ортаның шаңырағы Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Облыстық «Сыр бойы» жəне «Кызылординский вести» газеттерін біріктірген «Сыр медиа» деген серіктестік бар. Осы серіктестік жақсы бір бастаманы қолға алды. Ол – «Шығармашылық үйін» салу. Онда не болмақ деңіз? Айтайық. Облыстық екі басылымның редакциясы орын тебеді. Сонымен қатар, «Сыр медиаға» қарайтын баспахана ашылады. Баспахана заманауи құралжабдықтармен қамтамасыз етіледі. Жақында ғана облыс əкімі Болатбек Қуандықов журналистермен жолықты. Сонда баспаханаға бір емес, екі баспа машинасының алынатынын айтты. Себебі, бірі бұзылса, екіншісі істеп тұрады. Бүгінде республикалық газеттерді өңірде басып шығару əдісі кеңінен қолданылып отыр. Осы ретте барлық құрал-сайманы бар, «бес қаруы сай» баспахананың Қызылорда облысына да керек болып тұрғаны байқалып еді. Мына баспахана сол керектің орнын толтырмақ. Бұдан бөлек, облыста тарайтын тəуелсіз басылымдар да бар. Олар əр жерде отыр. Осы газеттер де «Шығармашылық үйіне» қоныс

АЛМАТЫ.

Ал оның іргетасы Семейде қаланған еді

Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты,

Дəулет СЕЙСЕНҰЛЫ,

журналист, Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

дастырылады. Сол кездегі құрылған «Ярыш» командасының құрамында кейін əлемге əйгілі жазушы атанған семинарист Мұхтар Əуезов те ойнайды. Сондықтан да Семей қаласын Қазақстандағы футболдың отаны деп атауға толық негіз бар. Ал оны дəлелдейтін тарихи деректер жеткілікті. Ол туралы мағлұматтарды Мұхтар Омарханұлының ағасы Ахмет Əуезов жазған «Бала Мұхтар» (1967 ж.) кітабынан, «Ярыш» клубында ойнаған Əбдінасыр Миршанов («Спорт» газеті, 8.01.1963 жыл) пен Салық Хисматуллин («Семей таңы»

Қызылорда облысы.

Суретте: режиссер Жаңабек Жетіруов түсіру алаңында. «Аққыз» көркем фильмінен көрініс.

Қазақ футболына жүз жыл толады Өмірзақ СҰЛТАНОВ,

аударатын болады. Бұдан бөлек, облыстағы республикалық басылымдардың барлық меншікті тілшілері де осында отырады. Бұл аз десеңіз, Жазушылар одағының, Журналистер одағының, Суретшілер одағының осындағы өкілдіктері де «Шығармашылық үйіне» қоныс тебеді. Қысқасы, Қызылордадағы шығармашылық интеллегенция өкілдерінің бəрі бір шаңырақтың астында болмақ. Аталған іске облыс басшысы тікелей мұрындық болып отыр. Сол үшін бюджеттен 650 миллион теңге бөлінді. Құрылысы басталып та кетті. Бұйыртса, осы жылдың 1-қыркүйегінде барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілмек. – Бүгінде аудандық газеттердің баспахана шығыны көп болып тұр. Біздің баспахана ашылғаннан кейін бұл олқылықтың орны толады. Өйткені, біз аудандық газеттерді арзан бағамен басатын боламыз. Ал мұның жергілікті жерде мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған басылымдарға үлкен көмек болары сөзсіз, – дейді «Сыр медиа» ЖШС-ның директоры Аманжол Оңғарбаев.

газеті, 29.04.1977 жыл) жəне т.б. адамдардың мақалаларынан оқуға болады. Сонымен қатар, бұл жағдайды осы мақала авторларының бірі де «Мұхтар Əуезов жəне спорт өнері» (2007ж.) атты кітапта таратып жазғандықтан, қайыра тоқталғанды жөн көрмедік. Бірақ, бұл мəселеге бір жағынан мəн беріп жатқанымыз, кейінгі кезде кейбіреулер тарапынан, соның ішінде спорт саласының шенеуніктері де бар секілді, олар қазақ футболының бастауын Қазақстандағы футбол федерациясының құрылған күнінен бастап есептеу керек деген уəждер айтып жүр деп естиміз. Ал мұндай пікірлермен, біз, мүлдем келіспейтіндігімізді ескертеміз. Өйткені, жоғарыдағы деректерді ескермеушілік, тарихқа қиянат болып шығады. Сөздің тоқетері қазақ жеріндегі футбол ойынының қалыптасып, даму жолына түсуі 1913 жылдан басталады, яғни оған биыл 100 жыл. Бұдан басқа Семей қазақ жерінде алғашқы

«халықаралық» жолдастық матч өткізілген орын болып саналады. Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайында сақталған құжаттарға қарағанда, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскен бірталай чех азаматтары қалада болыпты. Міне, солармен 1918 жылы ССК (Семипалатинский спортивный кружок) командасы ойнапты. Сөйтіп, семейліктер Қазақстанда бірінші болып, «үлкен» футболдың куəсі болған екен. Чехтардың техникалық дайындығы мықты болғанымен кездесу 2:1 есебімен жергілікті команданың пайдасына шешіліпті. Ал ең бір қызығы, ойынға қатысқан М.Семгин дегеннің жазуына қарағанда, Австрия армиясы аталған соғыс тұтқындарының арасында Стокгольмде өткен V Олимпиялық ойындарға қатысқан үш футболшы болыпты. М.Семгин, тіпті, оның біреуінің аты доктор Легель екені есінде қалғаны туралы жазыпты. Семей қаласы қазақ футболының отаны жəне де оның М.Əуезов есімімен тығыз байланысты

болғанын ағылшындар да мойындаған деп айтуға болады. Осыған орай есімізге бір кездесу келеді. 2009 жылдың 20-21 сəуірінде Семейге Ұлыбританияның Төтенше жəне Өкілетті елшісі Пол Браммел келді. Британдық дипломат маусым айында Алматыда футболдан өтетін Қазақстан мен Англия кездесуі аясында жоспарланған «Футбол барлығы үшін» бағдарламасындағы шараларға қатысу үшін келген-ді. Елші жас футболшылармен «Спартак» стадионында, футбол жанкүйерлерімен Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде, М.Əуезов атындағы педагогикалық колледжде жəне №3 балалар үйінде кездесті. Осы кездесулерде футболға қатысты кеңінен əңгіме қозғалып, сұрақтар қойылды. Ол өзінің Семейге қазақ футболының отаны ретінде ат басын бұрғанын, əсіресе, қазақтың ең атақты жазушысы М.Əуезовтің жас кезінде футболға қалай келіп, қалай ойнағаны қызықтырғанын да айтты. Енді футбол төңірегінде қалыптасып жатқан бүгінгі жағдайға келейік. 100 жылдық тарихы бар Семей футболы бүгінде əртүрлі қиындықтарды бастан өткеруде, əйтсе де «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, қазақ спортындағы айтулы жағдайды лайықты қарсы алу үшін семейліктер дайындық жұмыстарына да кірісіп кетті.


www.egemen.kz

1 қаңтар 2013 жыл

9

Дəуір дауысы

Серікбай ОСПАНҰЛЫ.

Өткеннің бүгінгіге жалғап бəрін, Сен жетсең, сабақ та алдым, қанаттандым! Келмейді бос жібергім бір сəтін де Тағдырын минут шешер сағаттардың! Автор.

Алтын – бақ! Сатылады біздің елде уақыт, Дүниеде бəрі-бəрі сатылмақ!

Ғажап ел, Уақыт жырын еңбегімен жазады ер. Уақыттың көрінісі Далама Орнаса сан жаңа ауыл мен қала егер!

Кімге керек бүкіл адам бақыты?! (Қашып тұрды шетелдіктің бар құты). Жын ойнақ боп, Ұру-соғу, Ұрлық боп, Өтіп жатыр жұмыссыздық уақыты!

Біздің елде болашаққа сенім көп, (Отандасым жанарынан көрінді от). Біздің елге қуаныш ап, бақыт ап, Уақыт мəнді келіп жатыр өмір боп.

у а ғ л о т ы л

Уақыт – жалдап! Бұлдыр – сағым бұл күнім, Ойлайды əркім ақша қамын, құлқынын.

а р у т т ақы

У

І Есігіңді қағады кеп ол күнде, Байқамайсың, Елемейсің сен мүлде. Зулап ағып өтіп жатыр тоқтаусыз, Ұстап сірə, уақытты көрдің бе?!

Уақыт – бала қара борбай, панасыз, Жүрген анау нанға зар боп бір тілім.

Өкінішті, өткеніме қарашы, – Өте төмен уақыттың бағасы! Нейтрон, атом бомбалары – уақыт, Уақыт сонау – Хиросима қаласы! Шетелдігім ызалана күліп тұр: – Уақыт – жарлы, Соқыр көңіл, Үміт құр! Уақыт – сараң, Уақыт – ұры, Уақыт – тұл, Уақыт – соғыс – мың тоғыз жүз қырық бір! Мың тоғыз жүз қырық екі, қырық үш, Қырық төрт! – деп сайрап тұрған тынды «күш». Қырық бес деп айта алмады. Жеңіс! – деп, Жеңіс десе жарылардай, құрғыр, іш!

Жаңа күнді, Жаңа жылды Еліммен Қарсы аламын махаббатпен, Сеніммен. Болғандар бар уақытты шегермек – Бір минутты көргенім жоқ шегінген!

– Мың тоғыз жүз қырық бес! – деп жалғадым, – Жеңісім боп атты бейбіт таңдарым. Уақыт сол ғой күрес, алға ұмтылу, Бес жыл күткен орындалды арманым! Ырысым да, Тынысым да жетерлік, Еңселі елім!

Уақыт – қыран емін-еркін самғаған, Кешегіні бүгінгіге жалғаған. Кешігуге, Тоқтауға онда амал жоқ, Ешкім оны тоқтата да алмаған! – Уақыт не?! Шетелдіктен сұрап ем: – Қорқыныш! – деп, Қалт- құлт етіп тұр əрең, – Уақыт деген... у-шу дүние, соғыстар, Түбі не боп кетер екен мына əлем?! Сəл ойланып, ол сөйледі сенімсіз, Аяп кеттім, Тыңдап тұрып мен үнсіз. Шындықты айтты шымбайына батса да, Көзі күліп тұрғанымен, Көңілсіз.

Өмірлі елім жұмыр жерге гүл қадап, Келешектің көзіне тік тұр қарап. Əр минуттар жатыр бізді қуантып. Жаңа туған сəби болып іңгəлап! Уақыт – əуен,

Күліп шыққан əр Күнің, Шыбын жаның,

Жанардағы жарқылың. Уақыттан озғандарды көрдім мен, Тоқтатқан жан көрген жоқпын қарқынын. қарқынын

Жиырма жыл күліп атып таңдары, Жиырма жыл биіктерге самғады. Жиырма жылда кешегі ата-бабаның Орындалды сан ғасырғы арманы! Асық, Жүгір, Үлгір! – дейді ол бəріне, Күрес, Алыс, Талпын! – дейді – əлі де! Рақат – зейнет, Тəтті еңбекпен келген ас, Тəтті өмір, Тəтті уақыт дəмі де! Күнде онымен қатар жүріп келемін, Ол – өлеңім, атқан таңым, өнерім. Диқандардың маржан маңдай тері мен Өсіп шыққан қырымдағы ол – егін!

Еңсемізді көтердік! Уақыт – бақыт, Думан, Туған Отаным, Үнсіз қарап тұрып қалды шетелдік...

– Уақыт – бүлік, Азап, Қайғы, Сор, Шығын, Көз қадауы кесапат кей көршінің. Тілін тістеп қалды бір сəт түнеріп, Қорқып тұр-ау айтқанымен ол шынын.

– Уақыт не? Отандастан сұрап ем, – Еркіндігің, Сеніменен мына мен, – Деді маған, жанарында жарқыл бар – Тыныштықта тұрса, шіркін, бұл əлем!

– Уақыт осы – жалған заман жарқылдақ, Қалтаңдағы доллар – бақыт,

Ол – бейбіт күн, Ол – бейбіт түн,

Бəрекелді!

ІІ Адамзатқа қойылатын сұрақ мың: Қандай сыр бар бұлқынысында бұлақтың?! Ғұмыры ұзақ қарғалардың, Кей гүлдің Неге өмірі бар-жоғы бір сəт, бір-ақ күн?! Əлемге ортақ жарық шашып тұрса күн, Қара бұлтқа орап кетіретін кім сəнін?! Жаңа жылда қызық үшін бір түндік Неге «жанын» аламыз жасыл шыршаның?! Тəуелдіміз дегенмен де Уақытқа, Игілігін бізге игеру артық па?! Уақыт – өлшем. Əр адамның қолында Айналдыру оны сорға, бақытқа! Жұмыр жерде ел болса егер ізгі дер, Мақсатына жеткен мына біздің ел! Жауқазындар қайта көктеп гүлдеді, Пəктігі үшін үзгенімен күзгі жел...

Уақыт жанып лапылдайды, өшеді, Секунд, минут ел тағдырын шешеді, Бар Əлемдік көрменің ол форумы, Астанада өткен Саммит кешегі!

Эфирлерде еркін қазақ əрлі үні, Бейбіт өткен жылға татыр əр күні! Елтаңбасын, Əнұранын, Көк Туын Таныса Əлем – Жиырма жылда барлығы!

Уақыт – өмір, Күрес, талас, тартыс кіл, Алда көктем, сансыз күз, жаз, сан қыс тұр. Ол – тарих – Мың тоғыз жүз он алты, Қайталанбас мың тоғыз жүз алпыс бір!

ІІІ Ісімізде болмаса да олқылық, Күн боп, ай боп келген сайын толқыдық. Сен əкелді дейміз бəрін əлемге, Бос қамбаңды игілікке толтырып. Кім жаратқан жерді, күнді, халықты, Ойлап тапқан қараңғы мен жарықты?! Бəрі-бəрін сен тудырсаң егер де Адамнан да болғаның ғой парықты! Болашаққа, Көз жүгіртсем өткенге, Бас иетін саған мүлде көп пенде. Уақыт, сен неге араша түспедің, Қазағымды аштық қырып кеткенде? Боран, аптап, аязға ие сенсің бе? Онда елге апат ертпей келсін де! Обал, Сауап, Қайырым мен бақытты, Ұмытпашы, болса егер де еншіңде! Аспан –алтын, Жер – мамықты, Жол – күміс, Жаңа жыл боп келдің бе елге, Бол тыныс! Қартайтуға, ескіртуге мамансың, Жасартуды білмейтінің өкініш! Қуанышпен сені ел жиі ойға алсын, Əр қадамың құтты болсын, тойлансын. Неге бəрін ала келмей өзіңмен, Адамзаттың мойнына артып қойғансың?! Өкініштің дейміз сені емшісі, Бола алдың ба өзіңе-өзің сен сыншы?! Ізгілік, ізет бара жатыр əлсіреп, Іздегенім ілесіп саған келсінші!

Уақыт – көңіл, шаттық, бақыт ел тосқан, Уақыт озып жүр жармойын, селқостан. Уақыт – тұлпар, тұлпардан да жүйріктеу, Мың тоғыз жүз сексен алты, желтоқсан.

Сəбиі жоқ аналарға бала бер, Санасы жоқ пенделерге сана бер. Құр қол келмей күн боп, ай боп, жыл болып, Сен өзіңмен ел қалауын ала кел!

Алған талай асқарлары елімнің Екенімді байқатты ғой менің кім?! Уақыт түгіл, озып кеттік қиялдан, Дей алмаймын уақыттан жеңілдім.

Мен сен дейін əрбір атқан таң нұры, Кімнің, Ненің қолында əлем тағдыры?! Осы сұрақ ойландырар, толғантар Парасатты, Пайымдыны, Арлыны!

Өкінбеймін, Өткен күнге өкпем жоқ,

Қоныстойлар көбейеді Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Талдықорғанда жалпы алаңы 13,4 мың ш.м. (40 пəтерлі арендалық, 50 пəтерлі коммуналдық, 50 жəне 60 пəтерлі несиелік) 4 көп қабатты үйдің құрылысы аяқталып қалған сəтте «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша (60 пəтерлі екі, 195 жəне 168 пəтерлі 2 үй) жалпы алаңы – 28,3 мың ш.м. 4 үйдің құрылысы басталды. Тұрғындардың қаржысына 23277 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. 2012 жылы көп қабатты үйлерді жөндеуге бөлінген 302,8 млн.теңге қаржы да толық игеріліп, 30 үй жөндеуден өткізілді. Десек те, бұл орайда алда кезегін күтіп тұрған істер аз емес. Жалпы алғанда, тұрғын үй қорының 60 пайызға жуығы жөндеуді қажет етеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасы тек көп қабатты үйлерді жөндеу емес, мұнда жылу көздері мен желілерін, ауыз су, газ, электр энергиясымен қамту салаларын жетілдіру көзделген. Бұл тұрғыда Талдықорғанда арнайы кешенді жоспарға сəйкес жұмыс атқарылуда. Алматы облысы.

Айшықты аймаңдай жыл болғай!

Барлық жайды ой-електе елесек Алғы күндер əлі бізге берешек. Ұялмастай өмір сүрдік, Жалғасын Қабылда сен, ей, уақыт – келешек!

Өр Уақыт тіл бітірер тасқа да, Ол – аз жылда аспандаған Астана! Қазақ елі – ауыздаған атомды, Əлемде алғаш көтеріп тың бастама!

Қорқыныштың түн-түнегі түрілді, Бұл – қуаныш! Жер – жиһанға бұл үлгі! Қазақ елі Уақыттан озған ел, Кешегімен салыстырсақ бүгінді!

Атар таңға ақ тілек

Елім салған соқпақтар бар, өткел көп. Жастық шағым емес пе енді ұл-қызым, Оралады əлі талай көктем боп!

Киелі Қазақ топырағына келіп кірген Жаңа 2013 жыл əлемге тыныштық, халқымызға ынтымақ, жерімізге береке əкелсін! Өткен Ұлу жылы Қазақстанның барша халқы саясиэкономикалық тұрғыда жəне спорт, мəдениет пен өнер салаларында көптеген игі жетістіктерге қол жеткізді. Сондай толағай табыстарымыздың ең бастысы – Лондонда өткен олимпиада халқымызды əлемнің барлық елдеріне танытты. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың сындарлы саясатының нəтижесінде əсем қала Астанада EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізуді жеңіп алуы еліміздің дүниежүзілік саяси аренадағы абыройы мен беделін көрсетеді. 2012 жыл Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы үшін өте жемісті болды. Шығармашылық үрдістің талабы жылдан-жылға артып, ұлттық өнермізді алыс-жақын шетелдерде насихаттау жалғасып келеді. Осы жылдың ішінде академияның студенттері гастрольдік сапармен концерттерге, көрмелер жəне кино, театр фестивальдеріне қатысып, үлкен жетістіктермен көзге түсті. Сол сияқты, академияда дəстүрлі А.Тоқпанов атындағы Халықаралық студенттік театр фестивалі мен «Бастау» кинофестивалін өткізіп, өнер жарысының көрігін қыздырды. Өнер академиясы жылдың соңын Мəскеу қаласында өткен «Ресей-Қазақстан: ХХІ ғасыр» фестивалінде студенттердің «Қазақстан эстарадасы – жаңа есімдер» атты үлкен концертімен қорытындылады. Алдағы уақытта да академия қазақ өнерін əлемге танытып, оның өркендеуіне өз үлесін қоса берері сөзсіз. Келе жатқан Жаңа жылда ұлттық мəдениетке қосар айтарлықтай табыстарымыз бен жаңалықтарымыз көп болғай! Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, профессор. АЛМАТЫ.

Өңір өнері

«Менің музам – ақ қағаздағы қара қаламның ізі» Тағы бір жылға аяқ бастық. Өткенге салауат айтамыз. Келер күнге аманат жүктейміз. Екі жылдың аралығында тұрып ел ағаларының ой-пікірін біліп едік. Соның бірі – Қайырбай Зəкірұлы. Суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. – Өмірде жақсы адамдардың барына қуанамын. Шығармашылықта харизмалы азаматтардың жүргені жадыратады. Олар ұлы өнер тудырады. – Келер жылдан не күтесіз? – Не мұңайтады? – Бұл сұрақтың табиғи жауабы – Өмірдің өзі ақ пен қарадан бар ғой. Болашақтың өзі тек жақ- тұрады ғой. Осындай жігіттердің сылыққа шақырып тұратындай жолына кесе-көлденең тұратын емес пе? Жаманшылығын əкел- да адамдар бар. Міне, осы мейтіндей боп көрінеді. Бастысы, жағдай мені мұңайтады. елде тыныштық, бейбіт заман – Нені армандайсыз? болсын. Ауызбіршілігіміз арта – Шығармашылық адамының берсін. ішкі дүниесі қарама-қайшылыққа – Не ойландырады? толы болады. Көбіне жанымды – Егемендік алдық дейміз. салып жасаған жұмысым соңынБірақ, соны сезіне бермейтін да өзімнің көңілімнен шықпай сияқтымыз. Мысалы, егемендік қалып жатады. Өз жұмысым деген не өзі? Қараңыз, біздің өзімнің көңілімнен шықса екен бұйрат құм, ну орман, жазық да- деп армандаймын. Себебі, өз ла, басын бұлт сүйген тауда, яғни деңгейімді білетін жасқа да, осы ұлан-ғайыр жердің əр бұрышында Чапаев, Ильич, Крупс- жағдайға да жеттім. Үлкен арман кая деген сияқты елдімекендер емес қой, иə? Бірақ менің ең биік көп еді. Ол жерлерді орыстың арманым осы. – Музаңыз не? аяғы баспақ түгілі, көзі көрмеген. – Суретші өз суретінің артынМіне, соның бəрінен арылдық қой. Бүгінде жер-су аттарының да тұрады. Былай айтқанда, барлығы өзінің түп тамырына қалтарыста жүреді. Менің музам оралды. Мұны тəуелсіздіктің бас- – ақ қағаздағы қара қаламның ізі. – Қандай тауы, рухани тазару деп қол дау күтесіз? түсінемін. Ал Оқшау ой нəресте– Қолдау тек кеше Елбасы өз келген Дүниеге жаңа əн беріп қарап Алладан. АлпысЖол д ау ы н д а рең м 2025 жылға қа- нің қолына те жата- тан асып, жет– сурет салып ты. піске жетіп қалл О рай латын қар- көріңізші. » деген сияқ Құдай піне көшетіні- ды. «Мен келдім қылы өмірді та- дық. мізді айтты. Сол Өйткені, ол сол ар тқысы келеді. денсаулық берсін, ны кезде Қазақ мем- нығысы, өзін де та Дей тұрған- ішкі шығарма. ай нд со де і лекеті деп атала- Суретш лған суреті шылық қуаттан са ің тынымызды жет- мен, нəрестен арылтпасын деп нан бірде-бір кізді. Меніңше, суретшінің жұмысы ы е келе ос тілеймін. бұл тарихи бас- кем емес. Уақыт өт ерінде бір – Өмірде тама. Тəуелсіз- ойдың өрісінен сурет өн зм деген. жақсылық бадікті тұғырлы бағыт пайда болды. Дадаи т салу. сым ба, жаете түсетін тір- Яғни, бала сияқты суре тшінің мандық басым лік. Енді осыны Бірақ оны салу аз ғана суре бала ба? . Себебі, ел болып қол– Жамандық лынан келген Тек шындыққа қо дап, жүзеге асы. ды ай тп ай басым деп айта ік н ір не өт на кірген руымыз керек. і. Ал адамға са ... ед а л м а ймын. ін үг ж – Не мазақоса келеді Аяғыңды басып кейін қулық та лайды? жүргенде, ай мен – күн шығып, жер айналып Шығармашылық тұрғыда мазасыздық бар. Өнер дегеніңіз тұрғанда жақсылықтың басым спринт емес, марафон ғой. Енді болуы заңдылық. Ал пендешілік заманда да болған. осы марафонның соңында тұр- қай мақ, орта белінде жүргім келмей- Дөңгелегіңе ағаш тығатындар ді. Сондықтан, үнемі шығарма- қай кезеңде де табылады. Бірақ шылық мазасыздық күйінің құ- оған мойып, жамандық көп деуге шағында жүремін. Өйткені, ылғи болмайды. Жақсылық басым. бабыңда болу мүмкін емес. Тоқырау, торығу болады. Дегенмен, сол тоқыраудың өзі алға Əңгімелескен жетелейді. Үміт күттіреді. Ержан БАЙТІЛЕС, – Не қуантады? «Егемен Қазақстан».


10

www.egemen.kz

1 қаңтар 2013 жыл

CӨЗ СОЙЫЛ

н а л ы Ж жылы

ƏЗІЛ - ОСПАЌ, СЫН - СЫЌАЌ

н а м а з р ы Аќ л ы ќ а

немесе 1905, 1917, 1929, 1941, 1953, 1989... Адамның айтқаны бола ма əлде Алланың дегені бола ма?! Құдайға шүкір, ақырзаман болмады, заманақыр келген жоқ. Міне, Жылан жылы да сусып кіріп келді. Ал жұлдызнамашылар не дейді? Астрологиялық болжамдардың түрі көп, бірақ, олардың ішінде үш мың жылдан астам тарихы бар Шығыс күнтізбесі ең дəл саналатындықтан,солардың сəуегейлігіне сүйеніп көрейік. Əу дегеннен, əрқайсысы сөйлейтін жоғарыдағы жылдарды тізбектеп жұртты шошытудан аулақпыз. Жыланның да жыланы бар. Есіктен енген жыл Қара Су Жыланы екенін ескерсек, онда Су Жыланы жылында екінші Дүниежүзілік соғыстың нүктесі қойылды емес пе?! Ал əлемді Судан бөлек билеп тұрған тағы төрт стихия – Жер, От, Ауа, Металл бар. Сонау 1905 жəне 1917 жылдардағы төңкерістер, 1929 жылғы əлемдік экономикалық дағдарыс, 1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуы, 1989 жылы КСРО күйреуі, Еуропада Берлин қабырғасының құлауы немесе сол жылғы Қытайдағы қанды оқиға, болмаса 2011 жылғы АҚШ-та егіз үйлердің құлауы темір, яки отты жыландардың еншісінде. Ал мұның алдындағы Су жыланы 1953 жылға дəп келіп, талай жақсылықтардың бастауы болған. Су Жыланы, əсіресе, өнер, шығармашылық адамдары үшін өте қолайлы саналады. Мысалы, сол 1953 жылы Джеймс Бонд, Мерилин Монро сияқты мегажұлдыздардың дəуірі жүргенін айтпағанның өзінде, бұл түрлітүсті теледидар пайда болған, алғашқы Оскар сыйлығы берілген, «Плейбой» журналының бірінші нөмірі жарық көрген жыл. Қазіргі заманғы фэн-шуй ілімінің білгірінің бірі, іргелі зерттеулер жүргізіп, астрологиялық болжамдар жасайтын Рэймонд Лоның лекциялары да назар аударуға тұрарлық. Ол Қытай күнтізбесі жаратылысымыздағы бес элементтің бір бірімен өзара əрекетіне құрылатындығын айта отырып, 2013 жыл – от пен судың егесінен тұратындығын нақты түсіндіреді. Рэймонд Ло мырзаның зерттеулерін қысқаша дəйектегенде былай, жаңа басталған жыл экономика саласына қайта серпін бермек, Өйткені, 2008 жылғы дағдарыстан кейін От стихиясы – Жылан бірінші рет оралып тұр. Алайда, ол Су Жыланы екендігін, ал от пен су шиеленісте болатындығын естен шығармағанымыз жөн. Демек, жылы ауа ағысы салдарынан болған 1953 жылғы Оңтүстік Шығыс Азиядағы мың адам өмірін қиып кеткен алапат құйынды, осы жылы мамыр айында болған Мексикадағы жəне маусым айындағы Мичигандағы торнадоны еске алуға тура келеді. Жұлдызнамашылардың арасында от пен су үйлеспейтін жұп болғандықтан, 2013 жыл мазасыздау табиғи қауіп-қатерлі болуы мүмкін деушілер де бар. Олар саяхатқа шыққанда, жол жүргенде, əсіресе, əуеде жəне су көліктерінде барынша абай болуға шақырады. От пен судың текетіресі су тасқынын, боран, құйын, жер сілкінісін тудырып отыруы тіпті ғажап емес. Дегенмен, жоғарыда атап өткендей 2008 жылғы дағдарыстан кейін оралып тұрған От стихиясы экономиканың жандануына септеспек. Сондықтан да экономикалық өрлеулер енді басталады. Екі жыл қатарына тұратын бұл стихияның қуатын құлшынып еңбек еткендер жəне өз күшіне сүйенгендер сөзсіз сезінеді дейді сəуегейлер. Қалай десек те, Су Отқа үстемдік құратындықтан, судағы индустрия жақсы қарқын алатыны айтылады. Оған қоса тоқыма, қоршаған ортаны қорғау, масс-медиа саласы өзін жақсы сезінетін көрінеді. Электроника, ақпараттық технологиялар саласы соны жаңалықтары үшін сүйінші сұрап жатса таңдануға болмайтын сияқты. Шығыс жорамалы бойынша Жылан – данышпандықтың, ерікжігер, көрегендіктің нышаны. Түбегейлі реформаларға арналған, кез келген мəселені бейбіт жолмен шешуге арналған Жаңа жылда саяси көсемдік пен көшбасшылар бұрынғыдан да көбірек керектігі байқалмақ. Ал Шығыс күнтізбесі бойынша Қара Су Жыланы 2013 жылдың 10 ақпанында кіреді де, 2014 жылдың 31 қаңтарына дейін тұрады. Жұлдызжорамалшылар осы аралықта қиылған некелердің ғұмырын ұзақ болатындығын алға тарта отырып, сезім мəселесінде барынша салмақты болуға, айтылған сөзді, берілген уəденің бəрін безбенге салып, ұшқары қадамдардан аулақ болуға шақырады. Мансап мəселесі мазалайтындарға келсек, биыл ғылыммен айналысатындар мен зерттеушілер үшін сəтті жыл болмақ. Сол сияқты, артистер, жазушылар, музыканттар мен суретшілер, тіпті, осы салалардың есігін енді ашқандар да айлары оңынан туып тұрғанын сезінетін көрінеді. Бірақ, жылан табысқа жету жолында белден басуды тіпті жақтырмайтын болғандықтан, адамның басты қаруы жұмсақ дипломатия, көрегендік пен аздаған ақыл-айла болуы қажет. Қысқасы, ирелеңдеген жылан жылында кез келген жағдайға икемделгіш жандардың жолы болмақ. Жұздызнамашылар саясатта, əлеуметтік мəселелерді шешуде болсын билік басындағыларға икемді болып, тіл табысушылыққа бейім болуға кеңес береді. Ақшаны оңды-солды желге шауды жақтырмайтын, несие мен қарыздан аулақ жүретін «Жылан» маңдайтермен келген табысты ғана еселемек. Тағы бір гороскоп 2013 жылдың жазы – аптап, қысы – аязды болатындығын дəйектепті. Астрологтардың келесі тобы биыл жүрек-қан тамырлары, бүйрек ауруларынан абай болуға жəне көз ауруларынан барынша сақ болуға шақырады. Ең бастысы мазасыз жылда барынша сабырлы, жеті рет «өлшеп» барып, бір рет қана «кесетін» парасаттан айырылмаған лəзім. Дайындаған Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Савелий ЦЫПИН.

Ірі мекемесі тоқырауға ұшыраған ұжым басшысы жылдың алғашқы күні ақылдаспақ болып үзеңгі досына хабарласып отыр. – Валентин Павлович, ақылыңыз керек болып тұр. – Нарық заманы, ақыл да ақылы... Сендей ұзеңгі досқа тегін... – Ұжымға көңілім толмайды! – Не, бүлік шығарды ма? – Құдай сақтасын! Тыптипыл, тып-тыныш. – Онда не? – Тып-типыл болмай қайтсін, істерге іс жоқ! Өніміміз өтпей қара басты емес пе! – Менен не ақыл? – Ел-жұрттан, ұжымды айтамын, қалай құтылуға болады? – Жылуды өшіріп көрдің бе? – Қыс басталғанда-ақ қолға алғанмын. Сырт киімдерімен қыстап шықты. – Жарықты сөндіріп көрсең? – Оны да істеп көрдім. – Су атаулыны бекітіп тастау керек. – Сырттан тасып жатыр. – Кірер есікті тас бекітіп көрдің бе?

– Қоршауды тесіп, есік-терезенің əйнегін алып тастап тапжылмай орындарында отырады. – Ойпыр-ай-ə, не айтарымды білмей отырғаным... Айтпақшы, бөлме атаулыны дəрілетіп көрдің бе? – Шақыртып, бұрқыратып, «булап та» көрдім... тарақан, шыбын-шіркей тырыпай асса да, адамдарым тұмсықтарын тұмшалап, оған да шыдап бақты. – Еңбек ақыларын татырмай қою керек! – Өнім өтпесе, қайдағы еңбек ақы, оны алмағандарына жылдан асты. – Онда былай ет: қызмет орнына кіруді ақылы ет... жұмыс орнына келіп отырамын десе, ақысын төлеп, кіріп отырсын омалып. Төлемесе кете барсын! – Əп бəрекелді! Міне, ақыл! Басыңыз бас-ақ қой Валентин Павлович! Тығырықтан жол тауып бергеніңізге құлдық! ... Маша, тездетіп маған бас есепші мен кадр бөлімінің бастығын шақыр. Ұжымның тізімін жасап, бұйрық шығарамыз!..

Сол

Аударған Бақтыбай ЖҰМАДІЛДИН.

Бїк-шік бизнес «Жаман сырын айтамын деп, шынын айтады» демекші, менде қазіргі өзіміздің күн көріп отырған бизнессымағымыздың жайжапсарын жайып салайын деп отырмын. Мардымсыз тірлік кешіп жүргенімде, жығылғанға жұдырық, бір созылмалы кеселге ұшырап ауруханада айлап жатуға тура келді. Алғашқыда көңіл сұрап келген ағайындардың əкелгендеріне көңіл бөлмейтінмін. Бірде олар əкелген алма атаулыны жиыстырып əйеліме беріп жібергенмін. Ертесінде əйел: «Кешегі алмаларың он бес килограмнан асып жығылды...» дейді. Түсінбеген маған: «Сатып, дəрі-дəрмек əкелдім. Үйдің де пəтерақысын төлеуге жетті» деді де: «Əкелгендердің қолын қақпа, не əкелсе де жиыстыра бер» деп қытайдың нəн екі-үш қабын тастап кетті. Қарға тамырлы қазақ емеспіз бе, айналайын ағайын-туыс, жекжат-жұрағат бар, ойпыр-ай, түске дейін үш-төртеу, түстен кейін бес-алтау келіп... ал сенбі, жексенбі бірі кетіп, келесісі келіп, күні бойы тыным көрмеймін... Келген атаулы құрқол келмейді. «Ауруына алма сеп» деп əйел айтқан болуы керек, жатқан төсегімнің асты алмаға толды. Əйел де ылдым-жылдым, кештетіп келіп, теңдеп тиеп, тайып отырады. Əйелдің деуімен болуы керек, алмадан бөлек алмұрт, қауын сияқты жеміс-жидектерде келе бастады. Басында ыңғайсызданушы едім, келіншектің кешегілер пəлен қаражат болды, оны өйттімбүйттім дегенін естіп... кейінгі кезде көз қиығым бірден келгендердің дорбасына түсетін болып алды... Ауыл пойыз жол торабында болғандықтан, əйел сатар затын ары-бері өткендерге ілезде-ақ үлестіріп үлгереді. Не керек, ауруым созылмалы болғандықтан, алты ай жатсам

да зерікпедім... Əйелдің арқасында шағын жеке бөлме бұйырып, тоңазытқыш пен теледидар да кіргізіп берді. Бірде көңіл сұрап келіп отырған құда: «Құдағи айтқан он қап кəртөшкені қаптап дайындап қойдық» дегенінде үндей алмай, кеткен соң əйелге: «Кəртөшкің не?!» десем: «Саған ескертуді ұмытыппын ғой, бар-ау деген ағайындарға «Ауруы қиын, шетелден маман келіп қарайды екен. Оның қарағанына, дəрі-дəрмегіне көп қаражат керек екен дегенмін. Құдаң болып, басқалар бар – құдай қаласа бір елу мөшектей кəртөшкі бұйырып, оны бір пойызбен келісіп тиеп, алдағы аптада қалаға апарып сатып келейін деп тұрмын. Онымен бірге, бұйырған төрт-бес ірі қара, жиырма шамасындағы уақ малдың да етін апармақпын» дейді. Не керек, өстіп ойламаған жерден бүк-шік бизнес пайда болғаны... Бірде келіншек алақайлап көңілді келді де: «Ендігі жерде елжұртың не əкелсе де ала бер. Стансадан киоск аштым, енді бəр-бəрін сата беруге болады!» дейді. Қайтейін, қолдан келер басқа тірлік жоқ, бұйырған бизнеске бел шешіп кірістім де кеттім. Сөйтіп, жатқаныма жылға жуықтағанда əйел: «Енді сенің орныңа Жаңа жылдан бастап, мен жатамын. Ел-жұртқа өзім сауыққан болдым, ауруым əйеліме жұғыпты дейсің. Киоскіде сатушы бар, сен екі ортада жүріп тұрсаң болды. Маған не керегін өзім айтамын, тек оны айналайын ағайындарға көз жасыңды сығымдай отырып айтып жеткізсең болды» дейді. Уақытша болса да қапас қамаудан құтылғаныма құлдық ұрып, əйелге: «Лəппай тақсыр!» деп іске кірістім де кеттім... Ерсұлтан МАҒЖАН. АЛМАТЫ.

Кемеде өте бай шонжар мен аса білімді ғалым келе жатыпты. Шонжар өзімен бірге бар байлығын тиеп келе жатады да, ғалым құр қол болса керек. Аяқасты дауыл тұрып кеме аударылып, жаңағы екеуі бір ағашқа жармаса жағаға жетіп, аман қалыпты. Сонда үнжырғасы түсіп отырған ғалымға шонжар: – Сенің түңілетін ретің жоқ, басың аман – бəрі орнында. Мен бейбақты айтсаңшы, жиғантергенімнен айырылған!.. – деген екен. Яғни, осы тосты қандай қауіп-қатер болса да өзіңмен бірге қалатын ақыл-білім үшін алып қойсақ.

Мəселеден мəселе таралып жатыр, Жылдың алғашқы күн тəртібінде – «Көлденең табыс – көрге тығады, Көрге жете алмаса – көлге тығады, Ұйымдасқан қылмыс орға жығады, Одан өтіп кетсең, торға тығады» деген ащы мəселе қаралып жатыр. – Қымқыруды, жымқыруды, Ұрлық істеп, жер бауырлап,

Мəселеден мəселе таралады, Көбектің үйіндегі түн тəртібінде Мына мəселе қаралады: Баласына да, «қожасына» да, «Қожасының» сіңлісін алған Бас қаситын бажасына да, Алдында құрдай жорғалайтын Қайын ағасына да Белдеріне бір-бір қап байлайды да, Жан-жаққа қарай айдайды. – Күндіз үндемеу керек, Ал түнді түн демеу керек. Күндіз біреу сын айтса, Оны өзіңе мін демеу керек. «Мынауың кім?» демеу керек. Тек күндізгімен өмір сүрсең, Ғұмыр бойы жолың болмайды, Жолың болмаған соң, Түсінікті ғой – сорың қайнайды. Білсеңдер, табыстың бəрі түнде келеді. Үйде үндемей жатсаң, Ондай байлық кімге келеді? Сондықтан жатпаңдар! «Жемейтін адам жердің астында» *** Жорыққа аттан, бар! Міне, Көбектің үйінде Біз жердің үстіндеміз, Тəртіптің осындай түр-түрі Əпетит барда жеп қалайық, Кəне, жолға аттанайық! бар. Күндіз мінбеде Күмілжіп, желкені қасу керек. Толымбек ƏЛІМБЕК, Түнде үйге тасу керек! Соның бəрін біліп ал! АЛМАТЫ.

*** Бір пенденің қызметі өте жоғарылап, оны құттықтауға досы келгенде шенеунік көзін сығырайта қарап: – Кімсің-ей?! Сені танымадым, – дейді. Сонда досы сəл мүдіріп барып: – Танымадың ба?!. Сенің көзіңе шел қаптап, көруден мүлде қалған деп естіп едім... сол рас екен-ақ! – дейді. Осы тосты, достарымыздың қызметі өскенде суқараңғы көрсоқыр болып қалмауы үшін алайық!

а ш р ы Ш ы є а д н жаны иыс жым Бір бала Жаңа жыл қарсаңында қыстық киімдерім жоқ деп Аяз атаға хат жазып, онысын пошта жəшігіне салып кетеді. Ертеңіне пошта бастығы көп хаттардың ішінен əлгі баланың хатын оқиды да, баланың көңілін қалдырмайын деп, қалағанын алып, Аяз атаның атынан беріп жібереді. Бірер күннен кейін əлгі баладан поштаға тағы хат келеді. Онда: «Құрметті Аяз ата, сіз беріп жіберген тонды, құлақшынды, мойынорағыш пен етіктерді алдым, рахмет. Бірақ поштадағы оңбағандар қолғапты алып қалыпты...» – деп жазылған екен. *** Екі жігіттің əңгімесінен: – Осы Жаңа жыл мерекесін кім ойлап тапқан? – Білмеймін, кім ойлап тапса да ішкіш болған сияқты...

Мың құлап, мың тұруды, Өң түгілі, түсімізден де, Сыртымыздан, ішімізден де Көрмеуіміз, Оған жол бермеуіміз, Ұры-қарыға ермеуіміз, Оны көрсек, Ұяттан терлеуіміз, Ұрлық істегендерді Тірідей жерлеуіміз, Соларға қарсы қылышымызды Оңды-солды сермеуіміз Керек! – деп сілтеді Көбек.

Тїн тəртібінде

.. . н і їш

 Əзіліѕ

жарасса...

Суретті салған Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ.

Жаѕа жылдаєы

ќайдаєы мен жайдаєы

– Өзім жігерлі жаспын, күш-қуатым тасыған шақ, жоғары оқу орнының екіүшеуін тауыстым дейсіз! Осы қабілетіңізді бизнес саласында сынап көрмек болсаңыз, өзіңізақ жұмыс тауып, біздің басымызды қатырып хабарласа беруді доғарсаңыз деймін! (Телефондағы əңгіме).

*** – Санта Клаус пен Аяз атаның айырмашылығы неде? – Санта ішпейді жəне үнемі жалғыз жүреді, ал Аяз ата қызара бөртіп алып, қасына қыз ертіп жүреді.

*** «Бассейнге ақшадан басқа зат атаулыны тастап ластамауларыңызды өтінеміз, əрі талап етеміз». (Хабарландырудан)

*** Бір бала Аяз атаға: «Маған бөпе сыйлаңызшы» деп хат жазып жіберсе керек. Сонда Аяз ата: «Онда маған анаңды жібер» деген жауап жіберіпті.

*** «Əйелімді кір жуып, үйді тазарту үшін үш күнге үйге жіберуіңізді сұраймын». (Бас дəрігер атына жазылған өтініш).

*** Кеңседегі жаңалық «Біздің бастықтың шаңырағында үлкен қуаныш, үш бала дүниеге келді. Босанған үш келіншектің де денсаулықтары өте жақсы». *** Құлақтандыру «Ар-ұят тауып алдым. Жоғалтқан адам мұны менен тезірек алып кетсе екен! Əйтпесе, мазамды алып, түн баласы ұйқы берер түрі жоқ...»

Мїйісті жїргізетін Берік САДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Кїн тəртібінде

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru

А материалдың жариялану ақысы төленген. “Егемен Қазақстанда” жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Газет мына қалалардағы: 010008, Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС-те басылды, тел. 93-98-25. Тапсырыс №141 ek

01/01/2013  

01/01/2013

Advertisement