Page 1

Республикалық психологиялық танымдық газет

Харизм

Жеңіске тек өзіне сенген адам жетеді №04 (49) 28 сәуір 2014 жыл

Газет 2009 жылдың наурыз айынан бастап шығады

МЕКЕМЕ КЕЛЕШЕГІ

МЕКЕМЕ ТАРИХЫ Үкіметтің «Сиднейде өткен XXVII Олимпиада ойындарында спотшылардың көрсеткен нəтижелері туралы» №33 хаттамалық шешімді жүзеге асыру мақсатында «Бокстан олимпиада жеткіншектерін даярлайтын облыстық мамандандырылған балалар мен жас өспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекеме болып, 2001 жылы құрылған. Алғаш мектепте 21 адам, оның 16- жаттықтырушы болып қызмет етті. Қазір ұжымда 56 адам, оның 33 жаттықтырушы, 12 - əкімшілікте, 11 - шаруашылықта қызмет етеді. Қызметкерлердің орташа жас шамасы 35 жас.

Жаттығып жүрген жеткіншек балаларды сақтап, ересектер боксына жеткізу. Баланың күнделікті шабытын шақыра отырып, үлкен белесті бағындыруды жүйелі қалыптастыру. Жылына жақсы нəтиже көрсеткен жеңімпазға қолғап, спорт киімдерін бере отырып, ынталандыру жұмысын жүйелеу. Халықаралық дəрежедегі жəне Қазақстандық чемпионатқа балаларды жүйелі апара отырып, жеңіс тұғырынан көріну

ДОСЫМБЕКОВ ШОҚАН ҚҰТТЫБЕКҰЛЫ

Тұтқатұлға ӘСЕЛЕ М Ы Д З Ы Ң А олимпиадаға М а сай, балаларды

лған деген атын ға баланы аты мамандандыры , əн-ұранды ойнату іп қс ет ма ір ы лб ст же ба ің ты пт ақ зақстан Мекте көк байр баптаған баласы Қа сін бағындырып, ін ле үш бе у а ал ад пи ын им ағ ат Ол уі шарт. ебері даярлау. қтырушы спорт ш 2-3 орынды межеле а ты тт ат ор Ж у. сп гі ул де ба же ан ре . жастайын қаралық дə көп рөл атқарады орынды алуы, халы ген сүйіспеншілігі де ке кс чемпионатында 1бо ың он баптағанда Сол үшін баланы

ІСКЕР БАСШЫ - ҰЖЫМ ҰЙЫТҚЫСЫ Шоқан Құттыбекұлы 1972 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген. Өскен жері Меркі ауданы Ақарал ( бұрынғы Красный октябрь) ауылы. Білімі, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтының «Дене тəрбиесі жəне спорт» факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын Тараз қаласында бокстан 1999-2006 жылдарында жаттықтырушы болудан бастаған. Содан Алматы қаласындағы №1 қалалық спорт мектебінде əдіскер, «Абылайхан» СК директоры, республикалық спорт колледжінің жаттықтырушысы, ҚР жастар құрама командасының жаттықтырушысы, дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының жаттықтырушысы, содан аға жаттықтырушы қызметін атқарған. Ал, 2013 жылдың сəуір айынан №6 бокстан облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт

мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры қызметінде. Басшы 24 жасында шаңырақ көтерген. Зайыбы, Толқын Досымбекова - жеке кəсіпкер. Отбасында 2 ұл бала, 1 қыз бала тəрбиелеуде. Тұңғышы Əділет - 6 сыныпта, қызы- Бағым 3 сыныпта №12 мектепте оқиды. Кіші ұлы Адал 2,5 жаста анасының тəрбиесінде. Шоқан Құттыбекұлы жұмыста, отбасында мəселе туындағанда, өзін сабырлыққа шақырып, болған жайттан шығу жолын талдай отырып, қарастыруды жолға қойған. Қызығушылығы таза ауада серуендеу, жүгіру, күрес, бокс жалпы спорт маманы болғандықтан барлық түрімен айналысқанға уақыт бөледі. Қызметкерлердің көз-қарасы: «Басшы іскер. Тазалықты, тəртіпті жəне еңбек нəтижесін алға қояды. Айтқан сөзі мен ісі бір жерден шығатын ізденімпаз тұлға» дейді.

ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК Мектепке алғаш директор болып Болат Жұмадиловтың жаттықтырушысы Ф.Т.Цой зейнеткер жасына жеткенше 2010 жылға дейін басшылық етті. Одан кейін Бақтияр Тілегенов басшылықта болды. Ал, 2013 жылдан бері бүгінге дейін Шоқан Құттыбекұлы басшылық етуде. Мектеп ашылғаннан бері Нұрлан Абдраманов директордың орынбасары қызметінде келеді. Нұрлан Садықұлы ұжымды бірлікке шақырумен қатар, оқушыларды бокске баулуда мол тəжірибесімен бөлісуді жолға қойған аға буын. Мектеп əдіскері

Сейілжан Жамиля жəне нұсқаушы Кипчакбаев Атхамжан əдістемелік жұмыстарды жүзеге асырумен сауатты айналысады. Психолог Гүлнар Бердібаева оқу – жаттығу сабақтарына күнделікті қатыса отырып, спортқа оқушының психологиялық даярлығын жүйелі дамытуды жолға қойған. Алғашқы даярлық кезеңіндегі оқушы аптасына 3 мəрте 2 сағаттан дайындалады. Ал, оқу-жаттығу кезеңіндегі оқушы 1 сағат 50 минуттан 5 күн жаттығу керек. Ал, спортты жетілдіру кезеңіндегі оқушымен 1сағат 45 минуттан 6 күн жаттығатын болады.

Жамбыл облысы əкімдігінің дене шынықтыру жəне спорт басқармасы №6 бокстан облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

МЕКЕМЕ ТЫНЫСЫ Мектепте ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы - 3, спорт шебері - 8, спорт шеберіне үміткер -37 жаттықтырушы қызмет етеді. Боксқа баланы қабылдау 10-14 жас аралығын қамтиды. Алдымен дəрігердің тексеру нəтижесі жəне ата-ананың келісімі қажет. Бокс залында жаттығу тегін. Жаттықтырушы қызметі үш кезеңнен: алғашқы даярлау, оқу-жаттығу, спортты жетілдіруден тұрады. Алдымен жаттықтырушыға алғашқы даярлау кезеңінде үш топ беріледі. Əр топта 14 баладан 42 бала бөлінеді. Келесі жылы осы үш топтан екі топ іріктелініп, бір топта 10 баладан 20 бала оқу жаттығу кезеңіне өтеді. Үшінші жылы ереже бойынша 8 баладан екі топқа 16 бала спортты жетілдіру кезеңіне өтеді. Қазір барлығы 68 топ бар, 865 оқушы спортпен шұғылданады. Мектепте негізгі топта 736 оқушы, қосалқы топта 129 оқушы тіркелген. Мектепте 26 - алғашқы даярлау, 38 - оқу жаттығу, 4-спортты жетілдіру тобы бар.

МЕКЕМЕ ЖЕТІСТІГІ Бүгінге дейінгі жетістіктеріміз Еркебұлан Жұманбаев - 2003 жылы Румынияда өткен, бокстан əлем чемпионатының жеңімпазы. Ал, 2004 жылы Кореяда өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. Нұрлан Абдраимов 2005 жылы Пакистанда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, Алматыда 2006 жылы студенттер арасында өткен бокстан əлем чемпионатының жеңімпазы. Олжас Сəттібаев - 2005жылы Англияда өткен əлем чемпионатының жеңімпазы, 2006 жылы Мароккода өткен əлем чемпионатының күміс жүлдегері. Юлдыз Маматкулова - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2012жылы Монголияда жəне Қытайда өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ерболат Сейдалиев -2009 жылы Арменияда өткен əлем чемпионатының күміс жүлдегері,

Аман Əлішер - 2010 жылы Ресейде өткен Евразиялық ойындардың жеңімпазы, Шарипова Фируза –2012 жылы Қытай мемлекетінде өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері, Бəкіров Бекжан2012жылы Ресей мемлекетінде өткен «Азия ұландары» халықаралық турнирінің жеңімпазы, Бескемпіров Əлімжан –2013жылы Киев қаласында өткен əлем чемпионатының күміс жүлдегері, Жүрғараева Назерке –Болгарияда қыздар арасындағы əлем чемпионатының күміс жүлдегері, Омарқұлова Акерке -2013жылы Алматы қаласында өткен Евразия ойындарының жеңімпазы. Ағымдағы жылы ақпан айының 9-15 аралығында Алматы облысында Бокстан жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған арнайы 3-деңгейлік бағдарламаға Мақсат Оспанов қатысып келді.

ЖҮРЕК ЖАРДЫ СӨЗ: БАРЛЫҚ ОҚУШЫ МЕН АТА-АНАНЫ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУҒА ШАҚЫРАМЫН. БАЛАЛАР БОКС МЕКТЕБIНЕ ЖАТТЫҒУҒА КЕЛIҢIЗДЕР! КӨК БАЙРАҚТЫ ЖЕЛБIРЕТУ ƏР БАЛАНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛЕТIН IС ЕКЕНIН ДƏЛЕЛДЕУГЕ МҮМКIНДIК БАР. ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ!!!

saur