Page 1

Республикалық психологиялық танымдық газет

Харизм

Жеңіске тек өзіне сенген адам жетеді №03 (48) 28 наурыз 2014 жыл

Газет 2009 жылдың наурыз айынан бастап шығады

«ҰЛТЫМНЫҢ ҰЛЫМЫН» ДЕП АЙТА АЛАСЫЗ БА?

АЛҒАШҚЫ АРМАНЫҢЫЗ? Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында 1964 жылы 31 шілдеде көп балалы отбасында (8 бала, 4 ұл бала, 4 қыз бала) дүниеге келдім. Үйде ұлдан екінші, жалпы үшінші бала едім. Əкем, Изенбаев Қасымбек савхоз бухгалтері болған. Анам, Нұрлықыз үй шаруасы, бала тəрбиесімен айналысқан жан. Бала кезімізде мереке кезінде қалаға қонаққа келетінбіз. Дастархан басында əңгіме дүкен бола қалса, қаладағы зəулім ғимараттарды көрдім, кім салған, немен салған, қанша уақытта салған деген сұрақтарды жиі қоюшы едім. Əкем: «Осы балам құрылысшы болар-ау, сірə» - деп қалжыңдап отыратын. Ұйқыға жатар алдында шіркін, үлкен құрылыста істесем, əкеме үлкен үй салып берсем деген балалық арман мені алға жетелейтін.

Əрине, айта аламын. Ел ұраны ойнағанда жүрегім тебіреніп, көкірегіме мақтаныш сезімі ойнап, қазақ болып туылғаныма қуанамын. Ең бастысы туған жер топырағында өстім, отбасын құрдым, перзент сүйдім, кəсібімнің қас шебері болуға күнделікті ізденудемін. Жалау ұстап көшеге шық десе шығар едім. Ұлтымның патриотымын.

 ЗІН-ЗІға л ұ т н а омдағ

c

ҢЫЗ БА? Ы Д Л А Е Р Е Б ҢЫЗДЫ Ы Й Ы н сыйымыз С З Ө Е Г л халыққа ұсынға на ка р, пі кө т, ӨМІР ра ма мамыр ымдағы жылдың а, мектеп, зəулім ғи

балабақш ғып жатыр. Ағ ман келіп, Біздің салған əрбір үй комбинатын со ын рғ Тұ і ел рд Германиядан 2-3 ма кү да ме ай ке ы ме Ос . ің зд ды Бі ла ы тұрғын е қосы деймін. баспана 5-9 қабатт ана құрылысы іск ді сп тім ба же ді л тім қо а же зд л қо айында қ. Облысымы суды жүзеге асырма арлап жатырмыз. комбинатты іске қо н, тұрғызуды жосп йы да ры ла ба жо үй

ӨМІРДЕ ӨЗ ОРНЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙЙ ТАПТЫҢЫЗ? Аккөл ауылында Ы.Алтынсарин атындағы мектепте жəне 5 кластық музыка мектебінде де қатар оқыдым. Мектеп бітіргенде менде аттестатпен қоса диплом да болды. Оқуға түсуге жолым болмағандықтан, алғаш еңбек жолымды осы мектепте əн-күй сабағының мұғалімі болудан бастадым. Содан бір жылдан кейін қайта бағымды сынап, Қаратау қаласындағы Политехникалық институт филиалының құрылысшы инженер факультетіне түсіп, «Өнеркəсіптік – азаматтық құрылыс» мамандығын алып шықтым. Зайыбым, Əліқұлова Мейраш Əбдешқызымен шаңырақты 25 жасымда көтердім. Мамандығы жеңіл өнеркəсіптен инженер механик. Отбасында 2 ұл бала тəрбиелеп келеміз. Тұңғышымыз Ғани

кəсіпкер, жұбайы Жанар, ата –енесімен тату –тəтті өмір сүруде. Ал, кенже ұлымыз Фараби болса, Алматы қаласындағы əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дінтанушы мамандығында 1 курс студенті. Біз үйленген кезде алғашқы тəуелсіздік алған қиын қыстау жылдары еді. Сондықтан демографияны онша көбейте алмадық. Институттан кейін қазіргі мекеме бұрын ПМК еді, жəй инженер қызметіне алындым. Тоқырау жылдары мекеме жабылғаннан кейін кəсіпкерлікке кеттім. Содан НДФЗ зауытында аусым бастығы болып 2-3 жылдай қызмет еттім. Ал, Бином 2004 жылы ашылғалы бері прораб, инженер, бас инженер, 2012 жылдан бері мекеме басшысымын.

ӨЗГЕДЕН ТАБЫЛМАЙТЫН ӨЗ МІНЕЗІМ Мінезім ашық, қарапайым, бір сөздімін. Айтылған сөз- атылған оқ, бір істі қолға алдым ба, бітпейінше қоймаймын. Басшы болғаннан кейін талай адамның алдына барасың, келіссөз жүргізесің жайдарлы мінезім өз жемісін беруде. Алдыңа түрлі мінезді адам келеді. Соған

сабырлылық таныту үшін өзіңді көтеріңкі көңілде ұстауды қызмет бабы талап етеді. Құрылысшы болуда шығармашыл қабілет те керек. Салуға алған обьектінің жобасына шығармашылықпен қарап, келісіммен өзгеріс енгізуге мүмкіндік алып отырамыз.

ИЗЕНБАЕВ МАДИ ҚАСЫМБЕКҰЛЫ Жамбыл облысы, Тараз қаласы ЖШС «Бином» директоры

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗГЕН ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК Құрылысшы болу үшін мектепте оқылатын барлық пəндер керек. Химия қоспалары жайлы, биология, математика, сызу тағы басқа бəрі бір-бірімен байланысты. Қандай обьектіні алсақ та, өзімізді пайдаланушы ролінде көреміз. Пайдаланушы «рахметін» алу басты назарда. Құрылысшы болу əр обьектінің орналасу орнына байланысты ерекшелігін меңгеруді қажет етеді. Бірі су мол жерде, бірі шөлейтте орналасады. Олардың көлемі, биіктігі, мерзімі əр түрлі. Басты нысанада сапа жəне уақыт. Құрылысшы болудың өзіндік қыр-сыры бар. Прораб қызметі жұмысты жүргізуді, адаммен қарым-қатынасқа түсуді, еңбекке жұмылдыруды меңгертті. Ал, инженер қызметінде техникалық – адам жағынан жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Тəжірибемде бас инженер қызметінде Тасөткел Шу қоймасын салған кезіміз сəтті, əрі жемісті жетістік деп айта аламын. Жоспар ауқымы 3 жыл уақытты алды. Су қоймасын салуда өзіме мол тəжірибе жинадым, сондай-ақ бар қабілетімді толық істе көрсете алдым. Сол нəтиже мені директор баспалдағына көтерді. Ал, басшы қызметінде шешілмеген жайт - маман мəселесі. Қазіргі жастар «диплом» алуды ғана ойлайды. Тер төгіп, тəжірибеден үйрену дегенді екінші орынға қояды. Сондықтан құрылысқа жұмыстан қол үздірмей, қосымша оқытып маманды өзіміз даярлаудамыз.

СІЗГЕ КҮШ БЕРЕТІН ҚҰДІРЕТ

Ұстазы мықтының, ұстамы мықты - дегендей мені кəсіпке баулыған ұстазым, құрылыс саласының қас шебері Серік Бектенұлы Олжабеков еді. Басқару саласындағы тəжірибесімен де жиі бөлісіп отырады. Осы мекемеде қазір 350 дей құрылысшы бар. Құрылысшының орташа айлық табысы 80000 (сексен мыңды) тенгені құрайды. Жұмыс барысында, отбасында туындаған мəселе, уақытында бітпей жатқан жағдай болса,

өзімді ұстап «бұл да өтеді, жеңемін» деп іштей қайраймын. Эмоцияға бой алдырсам, өзімді іштей, «болды жетеді, мұның бəрі өткінші»деп тоқтатып отырамын. Əкем, марқұм: «Мектеп пен музыка класын бітіргенде, сенің мақсатың алған біліміңді істе көрсету, жеңіс тұғырынан көріну» деп жиі айтып отыратын. Əкемнің əрбір сөзі маған жетістікке жетуге күш беріп отырды.

ЖҮРЕК ЖАРДЫ СӨЗ: ЕЛ АМАН, ЖҰРТ ТЫНЫШ БОЛСЫН. ЭКОНОМИКА ДАМЫСЫН. ТЕРЕЗЕСI ТЕҢ АЛДЫҢҒЫ 30 МЕМЛЕКЕТ ҚАТАРЫНА ЕНЕЙIК. ЖҰМЫЛА ЕҢБЕК ЕТIП, ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТАЙЫҚ!


nayriz  
Advertisement
Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you