Page 1

Республикалық психологиялық танымдық газет

Харизм

Жеңіске тек өзіне сенген адам жетеді №02 (47) 28 ақпан 2014 жыл

Газет 2009 жылдың наурыз айынан бастап шығады

МЕКЕМЕ ТАРИХЫ

МЕКЕМЕ ТЫНЫСЫ

Жамбыл облысы əкімдігі 2010 жылы құрылыс басқармасы мен жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармаларын біріктіру арқылы, Жамбыл облысы əкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасы құрылды. Мекемеде барлығы 39 адам қызмет етеді.

Мекеме басқармасында 8 бөлім бар: Бастық-1, орынбасар-3, құрылыс бөлімі - 7, жобалау жұмыс бөлімі - 3, автомобиль жол бөлімі - 5, жолаушы көлігі бөлімі - 3, мемлекеттік сатып алу бөлімі - 5, мониторинг жəне жоспарлау бөлімі - 4, бухгалтерлік есеп жəне қаржыландыру бөлімі - 4, ішкі бақылау қызметі жəне құқықтық қамтамасыз ету бөлімі - 4. Мекеме қызметкерлерінің орташа еңбек өтілі 10 жылды құрайды. Қызметкердің орташа айлық көрсеткіші 90620 теңге. Басқарма қызметкерлерінің жақсы көрсеткіштері облыс əкімінің, маслихаттың «Құрмет Грамотасы», «Алғыс хат» марапаттауына жіберіліп отырады.

Тұтқа а

тұлғ

ЕШЕГІ ың ішінде МЕКЕМЕжұКмыЕстЛ е қаралып отыр. Он ршы метр ша ң арға 40,3 млрд.теңг мы 0 26 тқа

қаража рылатын рд.теңге. Бөлінген қырым жол күрделі жөндеумен, ма бойынша атқа 2014 жылға басқар ,3 млрд. тенге, жол саласына 7,0 мл ша 9 л ы, ад ыл ыр 33 ануға тапс көлемде /22 шқ./ жо құрылыс саласына -су нысаны пайдал еумен қамтылады, 131,0 мың ш.м. ыз ау 11 п, ны лы жөнд шейтіледі. тұрғын үй са көпір, 2 құбыр орта йтын 451 лотқа н /реджувасил/ кү 316 шақырым жол,2 жамылғысы жаңа технологияме лы барлығы 34,4 млрд.теңгені құра ді. гінгі таңға 2014 жы п алу бойынша бү екеттік сатып алу жоспары əзірлен лердің тынымсыз еңбектерінің і. Мемлекеттік саты мемл ік мекеме рл іге рд ш-қуат жеткілікт ме не жə і Ол үшін қажетті кү рушы, өкілетт р. қа тұ ат ет ық нд мі рл н ба ке ер үл Əрине, бұл іст жаңа жұмыс, лады. Алдымызда арқасында атқары

МЕКЕМЕ ЕРЕКШЕЛІГІ Мекеменің құрылыс саласы бойынша тоқталсақ: Жалпы 2012 жылы 152 нысанның құрылысы, ал 2013 жылы 163 нысанының құрылысы толық игерілген. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында облысымызға 2012 жылға бөлінген қаражатқа 4 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды, 6 нысан 2013 жылға өтпелі болған. Ал, 2013 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 256,7 мың шаршы метр пайдалануға тапсырылған. Оның ішінде бюджет қаржысына 5 арендалық тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, 19,9 мың шаршы метр құрады (3 үй - жас отбасыларға, 2 үй -кезектегілерге) Денсаулық сақтау саласы бойынша: Республикалық бюджеттен 2013 жылға 23 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылған. Білім саласы бойынша: 2013 жылы облыста 13 білім беру нысандарының құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, толығымен игерілген. Оның ішінде 4 мектеп, 1 лицей жəне 8 балабақшаның құрылысы жүргізілген. Осы нысандардан биылғы жылы 3 мектеп, 3 балабақша пайдалануға берілуі жоспарланып, бүгінгі таңға 3 мектеп, 2 балабақша пайдалануға тапсырылды. Жергілікті бюджет есебінен 20 нысанның құрылысына қаржы бөлініп, толық игерілген. 3 мектеп 1- балабақша 2 жанама спорт залы, мектептермен балабақшаларға 6 қазандық соғылып, пайдалануға берілді. Ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бойынша 373 ауылдық елді мекендердің бүгінде 208-і (55,8%) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 2013 жылы 24 нысанда /28 елді-мекенде/ ауыз су нысандарының құрылысы жүргізілген болса, оның 9-ы /12

елді-мекенде/ пайдалануға берілді. Спорт саласының 7 нысаны құрылысына қаржы бөлініп, барлық нысан толығымен пайдалануға тапсырылған. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жоспарланған 24 нысанның құрылысы толығымен пайдалануға тапсырылды, 10 нысан 2014 жылға өтпелі. Жол жөндеу Республикалық, облыстық жəне қалалық, аудандық мəндегі болып бөлінеді. Біз облыс, аудан аралығына дейін жөндеу бағдарламасымен айналысамыз. Облыс аумағындағы жолаушыларды көлікпен тасымалдау саласын дамытуды қамтамасыз ету жөнінде 2011-2015 жылдарға бекітілген бағдарламаға сəйкес, 465 жаңа орташа жəне үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алу жоспарланса, бүгінг таңда барлығы сатылып алынған. Қазіргі кезде бақылауды күшейту мақсатында қалалық 3 маршруттағы 45 автобусқа, облысішілік ауданаралық (қалааралық) 10 бағыттағы 72 автобусқа навигациялық GPS жүйесі орнатылған. Нəтижесінде автобустар мен шағын автобустардың қозғалыс жылдамдығы, қозғалыс сызбасынан ауытқуы, кестеге сəйкес уақтылы жүруі жəне тəулік бойы орналасу орны бақыланып отырады. Жалпы, мекеме атқарып жатқан істерді бақылау осы мекеме басшыларының ғана үлесі емес. Жұмыс сапасын, бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын əртүрлі деңгейдегі республикалық жəне облыстық тексеру мекемелері үнемі қадағалап отырады. Мəселен, өткен 2013 жылы барлық деңгейдегі тексеру органдарының осы мекеменің атқарып жатқан жұмыстарын тексерістері 376 күнді құрады.

БАЙТЕЛИЕВ РАХМАНҚҰЛ ТҰРСЫНҚҰЛҰЛЫ Жамбыл облысы əкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы

ІСКЕР БАСШЫ ҰЖЫМ ҰЙЫТҚЫСЫ Басшы 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бəйдібек ауданы, Қаратас ауылында дүниеге келген. Мамандықты Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының инженерқұрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын Жаңатас қаласында «Қаратаухимстрой» трестінде құрылыс шеберінен бастаған. Сол мекемеде 14 жылдан аса еңбек ете сатылай басшылық лауазымына дейін көтерілген. 1990 жылдары Жаңатас қаласында «Тұрғын үй шаруашылық» трестінде басшысының экономика жөніндегі орынбасары, бас инженері, басшы лауазымында қызмет атқарса, кейінірек Тараз қаласына ауысып, құлдыраған мекемені жабу, қайта жандандыру конкурстық басқарушысы болды. 2000 жылдардың басынан Қазақстан Республикасының индустрия жəне сауда минстрлігінің құрылыс комитетінде бөлімінің басшысы, Талдықорған қаласында «Алатау Мрамор» АҚ президенті, Алматы қаласында « Мойнақ ГЭС» АҚ өндірістік даярлау жəне техникалық қадағалау басқармасының басшысы, ал 2010 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін осы мекеме басқармасында басшы қызметінде еңбек етіп келеді. Ұжымда қызметкер тұлға болып қалыптасуға барлық жағдай жасалынған. Оған дəлел басшы қызметіне келгелі бері бірде-бір қызметкер кəсіби біліксіздігінен жұмыстан кетпеген. Кəсіби еңбегі еленіп, ҚР Құрметті құрылысшы медалімен марапатталған. ТарМУдың құрметті профессоры, ОҚО, Бəйдібек, Жамбыл облысы, Сарысу аудандарының құрметті азаматы. Отбасында бес перзентті: екі ұл бала жəне үш қыз бала тəрбиелеуде. Зайыбы Байтелиева Балжан Тлеубергенқызы үй шаруасымен айналысады. Бұл күнде төрт немере сүйіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты отбасы. Басшы ерекшелігі: бір сөзді, белсенді, кісілігі жоғары, жайсаң мінезді, ұжымын сыйлай білетін, жаңашыл басшы. Қызығушылығы кітап оқу, таңертең таза ауада велосипедпен, жаяу жүруді əдетке айналдырған.

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ Мекеме, Президентіміздің Жарлығы жəне Үкімет қаулысымен бекітілген мемлекеттік жəне салалық «Қолжетімді тұрғын үй -2020», «100 мектеп жəне 100 аурухана», «Ақ бұлақ»,

«Жұмыспен қамту -2020», «Бизнестің жол картасы-2020» жəне ұзын саны барлығы 23 бағдарламаның жергілікті жерде іске асырылуына, құрылыс жүргізілуіне əкімшілік етіледі.

ЖҮРЕК ЖАРДЫ СӨЗ: МАМАНДЫҚТЫ ИГЕРУДЕ – ҚАС ШЕБЕР ДƏРЕЖЕСIНЕ ЖЕТУ. ƏР АДАМ ҰНАТАТЫН IСIМЕН ШҰҒЫЛДАНУ, КҮНДЕЛIКТI ЕҢБЕК ЕТУ. КӨКТЕМ МЕРЕКЕСIМЕН АЯУЛЫ АНАЛАР, ЖАР-ЗАМАНДАС ЖƏНЕ ҚАРЫНДАС-ҚЫЗДАРЫМ!

akpan  
Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you