Алшын Мендайулы - Адай шежіресі

Page 161

жауапта боламыз. Кейін түсіндім, "Баскалар мойындады" деген бəрімізге айтынатын сөз екен. Сол кеткеннен ол адамдардың біреуін де қөре алмадым. Кімдер келіп, кімдер келмегенін де білмедім" деген еді. Сонымен, сөйлесу барысында əкем туралы сұрауға тиістімін ғой. Сəкең əкемді екі дүркін кездестірудің ұтыры болғанын есіне алды. "Өзін тергеуге айдап қеле жатқанда тергеуші бөлмесіңце Боқыбайдың етігінің қонышын тобықка дейін тіліп шешіндірген екен, еқі аяғы бірдей кернеп ісіп қетіпті. Тергеушінің тəулік бойына тар бөлмеде тұрғызып қоятынын білетін болғаңдықтан, сарығын аяктың ісетінін өзіміздің бастан қешқенбіз, ал Боқаңның етігі былғары етік, шеше алмағандығынан, ауырғанына шыдауға мүмкіндік болмағандықтан болтан əрекет болар" деп түсіндірді. "Осыдан біраз уақыт өтқен соң, тағы да тергеуге айдап келіп, кететш болып кідіртілдім. Мен кідіретін тергеу бөлмесінің есігі сəл ашық тұр екен. Тергелу отырғышында Боқыбай отыр. Тергеушінің шапшаң қозғалыті, күмілжіген дауысына назар аудардым да, саңылауға қарадым. Шай бөріттірілген аққұманның суын шамасымен желкесінен құйып келіп жіберді. Боқаң отырғыштан кұлап жығылды, мені есіктен аулақ ығыстырып, қелесі бөлмеде тоқтатты. Содан соң қездескен емеспіз". Жоғарыда аталғандай, Алшекемнен "Əкемді көрдің бе?" — деп сұрауымның бір себебі бар-ды. Əлгі Сағын ағаның айтуы бойынша, əкемді Қетікте өлген болар, осы өңірде жерленгендер болмады ма екен деп ойлаушы едім. Атырауда Алшекем көрген болса, ол жерге баруына карап тірлікте болған ба деп үміттенгенмін. Бір əңгімесінде "Үш дүркін аштықжарияладым. Мұның өзі тергеу барысындағы зорлықзомбылық пен қорлаудың шектен асуынан болды" деген еді Алшеқең. "Жақ қарысып, ашылмай калады еқен, бірақ ештеңеге қол жетқізе алмадым. Оның орнына мерзімінен бұрын тістен айрылдым" дегені де бар-ды. "Қалай болғанда да, Мəскеу жетіп шағыну талабымен бұл қорғанысымыз соғыстың басталуымен мүлдем мүмкін болмады. 8 айдай уақыт осылай шағынуға талаптанған əрекетім мен сұранысым

үмітсіздікпен аяқталды. Кейін білгенімдей, соғысқа байланысты ма екен, кімбілсін, бізге түсінісіз кезең болды ғой" дейтін. Кезінде, тіпті соғыстың болып жатқанын білмегеніде, бірін-біріне кездестірмеуі дебайкалады. Алшекең өз басынан өткен некен-саяқ осындай əнгімелерінде өзін тергеген, жəбірлеген адамдардың атыжөнін атамайтынына кейін танданамың. Өйткені, ұмытып калғанға келмейді, асылы, олардың да жайын бітіп, ендігі үрпакқа аты жетпесінші деп, болашақ бірліктің беріктігіне нұқсан келтіретін себеп болмасыншы деген болар-ау деп ойлаимын. Көпті көрген, бейнеті жеткілікті болған нар тұлғалы азаматка ол да жарасымды болса керек. Алшекемнің тұстастарында өлкеміздің белгілі азаматтарының бір тобы бас қоскан жерде өзара əңгімелесіп ойың-күлкі, əзіл-оспақ, өткен өмір дегендей кездесулер болды ғой. Осындай кездесуде айтылған сөздердің мəніне жете түсінсе, түсінбесе де, əр саққа жүтіртіп, өз ойын жалғап, сөз таратушылар болды. Бірақ сол əңгімелерді бірін көтеріп, екіншісін төмендетіп айтса да оның мұқату, тұкырту, өшігу негіздері болмайтынын түсінуге болады. Алшекеңмен үнемі ойнап əзілдесіп, сөз таластырын жүрегін Бəшен ақсақалды білетінмін, бірақ, ондай əңгімелерді онша көңілге алмай, сөз саптауына қызығатынмын. Сəті түсіл, Бəшекең Алшынның айтқандары магынасында сөз қозғап отырған бір ортада болын едім. Бір сөз арасында Бəшекемнің баласы Алшекем туралы осындай бір ортада айтылған əңгімені айтқысы келіп, араласа кетті. Алшекеме сұрақ қойған болды да, оған Алшекемнен алған жауабың айтқысы келгеніне назар аудардым. Оң қолын жоғары көтеріп, Бəшен ақсақал баласын тоқтатты да былай деді: "Əй, балам, менің балам — сенсің. Егер менің балам Алшекемдей болың өссе, ойы, өресі, сөзі мен кісілік қасиеті Алшекеңе ұқсайтың болса, мен ұл өсірдім, деп қанағат тұтар едім" — деген еді. Бəшен ағаның баласы сөзін кілт токтатып, қайта сөйлемеді. Мен сол замандасымды əке алдындағы балалық кұрметін түсінгенін танып, "Кайран əке, əке сөзін маған тағдыр бұйыртпады-ау" деген ойға келдім. Дегенмен,


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.