Page 10

докторы, "Дəрігерлік кеңес" деген кітаптың авторы Естөре Оразақов — осы Бəйбіше руынан. Көшке — аз ауыл, 150-200 үйдің шамасындай. Ел аузындағы "Ер құны — нар жүгі" деген сөзді қалдырған Доспанбет би осы Көшкеден шыккан. Адай мен Сұлтансиық арасындағы асқынып қеткен бір дау Доспанбет бидің бір ауыз сөзімен біткен деседі. Байбақты Сырым — əрі батыр, əрі би. Доспанбет би оған адам жіберіп: "Сырым — батыр əрі би еді, осы су басынан тұна ма, əлде аяғынан тұна ма? Осыған беретін жауабын Сырым айтып жіберсін" — деген сөзді естіп отырып, Сырым: "Япырмай, Доспанбеттің өзі келді ме, əлде сөзі келді ме, ат төбеліндей Байұлы едік, бір жагымызды орыстың шен-шенеуніктері қүртып, екінші жағынан Хиуаның ханы жеп жатқанда мына сөзді айтса, айтатын адам — Доспанбет би. Бұл сөз — Доспанбеттен шыққан сөз" — дел, біле қойған екен. Доспанбет бидің айтып жіберген осы бірауыз сөзімен екі елдің арасындағы дау бітіп, еқі ел ала жіп кесіп татуласып кеткен де, артынан тыныштық орнаған. Шынымның Ақсұқсырдан туған екінші баласы — Ақбота. Акботадан — үш бала: Аман, Бəйгелді, Қангелді. Ақбота — іргелі ел, тек бес ата Аманның өзі 500-600 үй болды. Оның ішінде Қозыбайдың 12 баласы болды. Қозыбайдың Ерназар деген баласынан: Алшынбек, Қашқынбек, Мұса деген балалары болған. Акботаның осы Мұса тұқымынан шыққан талым, филология ғыньімьіның кандидаты, КазақССР Ғылым Академиясының Əдебиет, өнер институгының ғылыми қызметкері Қабиболла Сыдиықов Алматы қаласында тұрады. Шылымның Ақсұқсырдан туған үшінші баласы — Өрдек. Өрдектен — бес бала: Олжашы, Есен, Кенже, Бөкен, Мамыр.

Бұл бес Өрдек жайылса жонға сыймаған, жабылса көлге сыймаған, мыңғыраған көп ел болды. Тек Олжашының өзі 500-600 үйдей. Олжашыдан Сегізбай ұлы Қорек деген жаужүрек адам шыккан. Ол туралы мынадай аңыз бар: Қорек Аллақұл ханға барып: "Хан, басымды кессең де, тілімді кеспессің. Əділ хан болсаң жерімді, қонысымды кеңейт. Арқаға барсам, орыс Жемнен өткізбейді, саған келсем, елімнің мұң-мұқтажын айтсам, уəзірлерің басыңды аламын дейді. Хан ием, қессең бас — мынау, ішсең қан — мынау, ұшыр мен зекеттен бастап, тугінге неше түрлі алымсалық аласың. Алдияр тақсыр хан ие, төбеммен жүріп, аяғыңа жығылып қүлың болайын", — дегенде хан ұзақ ойланып отырып: "Жас еқенсің, бір сапар кештім, екіншідей елге ауа салатын сөз айтпа", — депті-міс (Ел аузынан алынған сөз). Өрдектің екінші баласы Есеннен — үш бала: Сейтімбет, Сейіт би жəне калмақ əйелінен туған Өтебай. Есен үлкейген шағында жаудың қолында қалыпты. Сонда інісі Кенженің баласы Қонай батырға былай депті: "жау күшті, екеуміз бірдей мерт болмайық, мына əйелді ал да, сен кет, екіқабат қой, ұл туса, атын Өтебай қойыңдар, менің артымды жоқтатпас, ал қыз туса, өздерің білесіңдер" — депті. Ұл туып, атын Өтебай қойыпты. Өтебайдан — бес бала, олар: Мұрат, Жаналы, Бабалы, Тіналы, Міналы. Өтебайда да жас, жоғарғы білімді азаматтар көп Тасболатовтар, Дүйсембаевтар, тағы-тағылар. Өтебай — өскен ауын, бірақсоқтықпа, тентек, əсіресе Мұрат пен Бабалысы ұя бұзар, қазан төгер тентеқ болды. Есеннің бір баласы — атақты Сейіт би. Өзінің тірі кезінде Сейіт айтыпты-мыс деген мынадай сөз бар: "Жарлылығымды сұрасаң, жалғыз кара бурамен елмен бірге көшіп жүрдім.

Алшын Мендайулы - Адай шежіресі  

Генеалогия казахского рода Адай.

Алшын Мендайулы - Адай шежіресі  

Генеалогия казахского рода Адай.

Advertisement