Page 24

ауызда тұрды. Қалтай пішен қораның ішіне кірісімен шөпке карамай, үлкен жүмысы ол емес, баска нөрсе екенін сездіріп, өңі өзгеріп, өтірік күліп қуланып, әдепсіз мінезге түсіп, ойындағы дайындап алған сөздерін сөйлей бастады. Ғазизаның алдында сескенген ойы Қалтайдың не айтпағын сезіп, қатты ашуланып, бір жағынан, намыстанғандай болып, сезінің аяғын бітіртпестен: - Сенің ойыңдағы сұмдығыңды білмей түрмын ба? Аулақ жүр! Мен сенің мазақ қылатын кісің емеспін! -деп, лампыны жерге қойып, женеле берді. Қалтай күтпеген сөзді естігенде, басындағы күліп түрған пішінін жия алмай, оның үстіне аңырайып аң-таң болып, ойына еш нөрсе келмей, біраз түрып қалды. Ғазиза сол бетімен жүгіріп, екінші қораның есігінен шыға бергенде, есік алдында екеуінің сөзін естіп тұрған Ақан ұстай алды. Ғазизаның әуелде үрейі ұшып кетіп, есін жиып алғанша, Ақан көтеріп пішен қораның қуысына алып келді. Қалтай шамды өшіріп жіберіп, қораның ішіне қарай кетіп калды. Дүниені қараңғылық басты. Ғазизаның үрейі үшып, жүрегі тулап, есі шыққан-дай болып, сезімнің бөрі жоғалып, жалғыз-ақ «құтылсам-ау!» дегенді ойлап, кайта-қайта қатты жұлқынып ұмтылды. Сезімі жоқ, қатты ұстаған мықты кол рақым ойлап жібермеді. Еріксіз өз еркіне көндірді. Жалғыз-ак қараңғы қуыста жалынған, жалбарынған, біресе есі кетіп, жүрегі жаншылып, үзіп-үзіп жылаған дыбыстар келеді. Сезімі жок жауыз қара күштің қылған күнәсі мен зұлымдығына қатты тоң жер, суык балшық, көрдей қап-қараңғы дүние куә болды. Қалтай алғашкы бетімен токтай алмай, кақпаны ашып тысқа шыкты. Жел күндізгісінен қатайған. Күн алақаншықтап катты борап 24

Мұхтар Әуезов - Қорғансыздың күні  

ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ Мұхтар Әуезов 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30

Мұхтар Әуезов - Қорғансыздың күні  

ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ Мұхтар Әуезов 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30

Advertisement