Page 1


М 402(07)73 Д. 0744" Ш ' І 2 _ 7 3

И (иран) X 94


АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА Үсііміздегі жылы Үндістаннын ұлы ақындарынын бірі Әмір Хұсрау Дехлевидің туғанына 700 жыл толады. Творчествосы орта ғасырлардағы Шығыста халықаралық әдеби байланыстарды қалыптастыру үшін жемісті роль атқарған Әмір Хұсрауды тәжік және өзбек эдебиетінін корифейлері Жәми мен Науаи өздерінің ұстазы санаған, Әмір Хұсрау шығармаларына революцияға дейін-ақ қазақ ағартушылары, соның ішінде Абай Құнанбаев назар аударған. Әмір Хұсрау өлеңдері орыс тіліне бірнеше рет аударылды, одан кейбір туындылары қазақ тіліне тәржіме етілді. Енді ұлы ақынның «Жұмақтың сегіз багы» атты поэмасы түпнұсқадан қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отыр. Жас ақын Өтеген Күмісбаев қазақ оқырмандарына дастанның мағынасы мен рухын жеткізумен бірге, Әмір Хұсрау Дехлеви поэзиясының әсемдігін сақтау үшін де көп екбек сіңірген. Азия және Африка елдері жазушыларының Алматыда өтетін конференциясына орай Әмір Хұсраудың қазақ тілінде жарық көріп отырған поэмасы, сөзсіз, біздік окырмандарымыздың үнді халқының модениеті мен одебиетін білуге деген ынтасының өсу үстінде екендігіне тағы бір куә бола алады. Әнуар Әлімжанов, Джавахарлал Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты.


ЖЕТІ МҰНАРАЛЫ САРАЙДЫҢ САЛЫНУЫ ЖӘНЕ ОҒАН ЖЕТІ ЕЛДЕН ӘКЕЛІНГЕН ЖЕТІ СҰЛУ ЖАИЫНДА Бұл жырды жазған сонау бір суреткер, Былайша сөздің басын бастап еді. Бахрам ер, киік қуып боп әбігер, Атын терге шомылтып тастап еді. Кәсібі болмады онык бұдан басқа, Күннен-күнге құнығып аңға ойы. Даладан сауық іздеп есер патша, Сарайға оралмады апта бойы. Уәзірлер қасына ерген шахтың, Есі кете күн-түні киік қуып. Соңына түсіп алған бір азаптық, Ат үстінен құлауға қалып жуық. Бірінде жолбарыстың жүрегі жоқ Бірауыз сөз айтуға шахқа қарап, Түменбасы, шонжарлар тірегі көп, Әшиінде сөйлейтін жалпалақтап. Әміршіні сарайға батыл бастар, Біреуі де болмады, басы түсіп Әрқайсысы ойлады бір-бір жоспар, Жай кездерде шетінен бәрі пысық. Мунзнр ұлы Нұғыман ақылды еді, Бахрамның дәрістес досы болған.

е


Дүниеде білмесі жоқ батыл еді, Көрген жан істеріне көңілі толған. Нұғыманнын ақылы жарқ ететін, Жаркын жұлдыз секілді ертеңдегі, Қыран көзі қиянды көретұғын Шындықтың келбетіндей квркем де еді. Жол тауып беруші еді даййларға, Жомарттық талантымен серік болып. Ісмерлер деуші еді оны «ұстаз аға> Он саусаққа он өнер берік қонып. Касиетін осындай шах бағалап, Білімі мен ақылын, іскерлігін. Берген-ді үкіметтің бір билігін. Уәзір етіп өзіне алған қалап. Байтақ елдің өлкесі бағыныңқы, Айтқанын орындаған ұшып жүріп Шығыс пенен Батыстың патша, құлы, Әміріне тұратын құлдық ұрып. Болғаны әлдекімге қасын қақса, Доптай-ақ зымырайтын басып еппен. Бұйрығын уәзірдің байқамаса, Заматта иығынан басы кеткен. Бахрамның қайтпасын білді Нұғыман, Аңшылық шахтың бетін адастырып, Уәзір бұл жөнінде көп толғанған, Қайтару жолын неше қарастырып. Жандайшап серіктерге:— Сабыр,— деді, Тоқтаңдар, жандарыңды қинамаңдар. Бұл істі жеке өзіме қалдыр тегі, Өздеріңді өздерің сьщласаңдар.

7


Бойдагы тажірибемнщ салып бәрін, Тоқтатам шах тұлпарын аласұрған. Шу етті барлығы да:—Сеніц сөзің Асыл ғой, ойдағыдай іске асырсаң. Мойнына алып осынау зор міндетті, Көз жіберді ен ойдың қиясына. Құтқарған абзал шахты бұл індеттен, Адасқан ай оралса ұясына. Қайтсе де сарайда ұстап Бахрамды, Айлар бойы кідіртер күш іздеді,. Қасына көмекке алды бір топ жанды, Тағдырдан сабақ алған білгіш еді. Тацдаулы топ жиналды уәзірге, Шешендер қара сөзге судай аққан. Нұғыман сыйлық тартты бәріне де, Дүниеңі лайық деп өзі тапқан. Қенелтіп болғаннан соц сыйлықтарға, Жеті елге жеті елші етіп адам тапқан, Тапсырды жеткізуге Бахрамға, Жеті елден жеті сұлу жаннан асқан. Елшілер керек сыйды мол алды да, Жетеуі жетті бір кез жеті елге кеп, Патшаныц бергендерін таратты да, Бір-бір сұлу сұрасты Бахрамға деп. Патшалар лом-мим демей келісім берді, Қыздарын падишахқа ұсынып баққан. Жеті айдай жол жүрді де елшілері, Жеткізді сұлуларды сылаң қаққан. Қонақтар жайлы орынга жайғасқасын, Қүзетшіге сыртынан мол тапсырды, Бір істі ойдағыдай атқарғасын,. Нұғыман одан әрі ойластырды. 8


Нұғыман таңдады бір көк майсаііы, Бағындай сол жұмақтың толқып жатқаи. Жердің де жүз кұлпырған бір жайсаңы, Саф ауа көкірегіңнен аңқып аққан. Ауасы дімкестерге мың бір дауа, Қартықды да жасартып жіберетін. Мейірді қандыратын өлмес суға, Бойыңда қаның тасып жүгіретін. Нұғыман тапқаннан соң жұмақ бағын, Дайын ойды жүзеге асырмаққа. Әзірлеп керек жарақ заттың бәріи Кірісті зәулім сарай салдырмаққа. Өзіне жеткізуге бұйырды ол, Сөйлетуге салиха құрылысшыны, Бұл істің жоспарына сызысып жол, Ойлаеты оныменен күні-түні. — Қіріс іске сал да бар өнеріңді, Алдымен осының сен жоспарын сыз, Сарай болсын еңселі, кең орынды, Сыртына сәулетті бір әшекей тіз. Төбесі көкке оның тұрсын тиіп, Және де көтерілсін жеті күмбез. Көгілдір кек жүзіндей тынықтырып, Мөп-мөлдір болсын өзі аспан түстес. Ісмер еді ісіне өте жүйрік, Жер үстінде сарайлар сан тұрғызған. Шиде еді есімі оның қолы сүйрік, Адамзаттың баласын таң қалғызғаи. Сарай салған жер мен ай арасында, Қабырғасын көтерген су астынан 9


Нұғыман сәт сапар деп бал ашты да, Ісмерге жолын берді жалғастырған. Тұғырды ісмер тас қалап жетілдірді, Жанбыр, селдер ғұмыры емес алмақ. Жеті бөліп тастармен жеті түрлі, Сарайды жеті бөлек етіп салмақ. Жыл өткен соң шебер де аяқтады, Ғажап сарай қалардай ел есінде. Жеті күмбез әуеге таяп барды, Аспанның тиіп жеті денесіне. Тамамдап біткен кезде барлық істі, Сұлулауды бастады әсемдетіп. Ақылы асқан Нұғыман жарлық қылды, Әр күмбезді бояуға эр түрлі етіп. Сенбі күнгі отырыс жасар күмбез Боялды қара түске зухал сынды, Жексенбіде мәжіліс құрар күмбез, Түсіріп тұрады еске алтын күнді. Дүйсенбіде отырыс жасар күмбез, Жарқырайтын болды өзі айдай болып. Сейсенбіде сауық той болар күмбез, Марстай қып-қызыл боп тұрар толып. Сәрсенбіде отырыс жасар күмбез, Сұр болуға тиісті Меркурийдей. Бейсенбіде әңгіме кұрар күмбез, Жайтақдап тұру керек Юпитердей. Жұма күнгі шах енер биік күмбез, Шолпандай көзді тартса қапелімде. Күмбездер біткен кезде жайнап бар көз, Сарайға жеті сұлу әкелінді, 18


Жеті түрлі киіммен киіндірген Секілденіп жетеуі жеті күмбез. Сән-салтанат сарайы әзір деген Бахрамға бір хабар жетті бір кез. Біткен сарай Нұғыман кеқесімен, Бейне адам қолынан тұрмағандай. Көркемдіктін, көкесі бұ не деген, Мұндай ғажап бұрын сон болмағандай. Жеті күмбез дауысты жұлып алып, Тұрады күндіз-түні жаңғырығып. Жеті күмбез аспанмен бір қуанып, Жұмақтың бағында тұр сәнді тұнып. Әрбіреуі Жәмшидтің күмбезіндей, Сұлулардың айналды тұрағына. Бұл қыздар көзді тартып күн көзіндей, Өлең оқып, ән салып тұрады да. Жетеуі жеті түрлі қисса сайлап, Әйтеуір шах көңілін алдандырмақ. Шах көзіне әкелер ұйқыны айдап, Немесе әңгімеден ұйқы кашпақ. Шарап құйып, көз тартып жүз қылықпен, Бахрамның көңілін алған абзал. Сұлулар бұралғанда наздылықпен, Шах сонда аңын ұмытып болар дел-сал. Сұлулардың түскесін ортасына, Шах жүрер шарап ішіп, балқып жаны. Шықпай қойды даланың жотасына, Сарайдан бір рахат тапты дағы. Асау көңлі басылмақ аңнан жеріп, Қалай берді жүрегі бір ыстықты, 11


Күмбездердің қасына атын керіп, Сонханадан іздеді тыныштықты. Шешек атқан масаты жер көргенде, Мацайы көкшіл, жасыл гүлге тұнған. Шах жүрегі жанғырып тербелді енді, Хош иіс бақты көріп нұр құлпырған. Қарсы алдына үлкен бақ ұшырады, Жемісі ағаштарын иілдірген. Патша міне сарайға жақындады, Сұлулардың суреті сүйіндірген. Жұмақ па екеп лық толған хор қызыпа, Үнатты көргеннен-ақ жаны сүйін. Сұлулар алды шахты ортасына Бұрымдары мың толқып, жерге тиіп. Әрқайсысы сыры мол бір-бір дүние, Жүрекке оқ боп тиген меңдері әр. Ілтипатнен баршасы басын ие Ай мен күндей тосады жүздерін бар. Бір адамдай бастарын көтергенде, Ыстық лебі шах жүзін өтті шарпын. Әрбіреуі бір-бір сөз сөйлегенде Аспан мен жер мерейі кетті артып. Шах тоқтады желаяқ аттан түсіп, Жолбарыс қонағы енді еліктердің, Сөйлесті әрбірімен қолын қысып, Отырысқа көңілі жеріктердің. Салтанатпен отырды таққа барып, Одан бері жайгасты қалыңдықтар. Содан соң бір ғаламат той басталып, Ағыл-тегіл- шарапты барлығы ұрттар. 12


Сұлуларды көрді де ұмытты мол, Шах желігі басылды аңға деген. Нұғыманды шақыртып алдыртты ол, Дананы жарылқады сыйлықпенен. Қашанда қайрапы гой ақылды жан, Табанда тар өзектен жол табатын. Уәзір асып түсті сері шахтан, Тентекті осындайлар қолға алатын. Сонымен дайын болып бір ғимарат Аспанмен тілдесіп тұр жеті күмбез. Сенбі күні біріне Бахрам барад, Сенбіде күтеді оны сұлу бір көз.


СЕНБІДЕ ҚАРА ҚҮМБЕЗДІҢ АСТЫНДА ҮНДІ ХАНШАСЫНЫҢ АИТҚАН ӘҢГІМЕСІ Хош иіс бұрқыратты сенбіде тез, Тан сұлудың жұпарын алып қашып, Шах жетті сарайына қара күмбез, Жан-жағына алуан жұпар шашып. Қара көйлек үстіне киінгені, Гүл иісі шықсын деп бұйрық етті. Үндінің ай сұлуы күлімкөзі, Дамылдайтын белмеде шахты күтті. Мейманын күтті сұлу жаны қалмай, Салып барлық ақ жарқын ілтипатын Шарап құйған аққанат қолдар қандай, Арайлы отырысқа нұр құятын. Сұлу барып жайғасты шах қасына, Бейне бір қосылғандай ай мен шолпан, Таңертең басталған той кешке ұласа, Екеуінің мерейлі көңілі толған. Алтын күн қайта айналып түнге алмасты, Сарайға бір сән иіс кетті тарап. Шахтың да кірпіктерін ұйқы басты, Қасында балқығасын қыз бен шарап. Патшаның жаны аңсап ыстық күйді, Тартты оны сұлу қыздың тәтті демі. 14


Жүмақтан келген әлгі пері жүзді, Бастағалы отырды әнгімені. Күміс айдай нұрлы жүз, жерді сүйіп: «Әміршісі Рум мен О Ирактың, Билей бер тұрғаныңда дүние тиіп, Иесі бас иер-ау талай тақтыц. Аспан да табанында жатсын сенің, Сенімен сірә пенде таласа ма, Тілі мүкіс қызы едім мен Үндінің, Батылдық көрсетуім жараса ма. Бірақ Шах жаным пида тілегіңе, Орындаймын қойсаң да талап қандай», Соны айтып кірді қызу әңгімеге, Сөйлесе ерінінен бал аққандай.


ХИКАЯ Бір патша өткен екен адамзатта, Атағын біледі оның жердің жүзі. Көп жерге ие болып мінген таққа, Бақыттың тәжі болған басқан ізі. Көп елдерден келетін алым-салық, Салық алып тұратын теңізден де, Жүрегіне іздепті жарқын жарық, Даналық, білім деген егізден де. Көргенді болғаннаң соң таба білген, Кісінің ісмер, ұста.,. дарындарын. Кімде қай ілім барын жіті көрген, Үстапты өз жанына Жақын бәрін. Ақылға болды жүйрік үш баласы, Үшеуі де дүниелі, білімді еді. Жазуға да жетілді парасаты, Кылышты да сөйлете біліп еді. Әр өперге жүгіртті ойдың көзін, Жетуге батыл еді мақсатына. Үстаз жалдап оқытты өркендерін, Жетсін деп даналыктың жақсы атына. Шешуші еді құпия түйіндерді, Кісіні шақыртпайтын басқа жақтан. Бір күні жинап патша өрендерді Бір маңызды іс жайын сұрап баққан. 16


Таққа олардын. байқауға ниеттерін, Қайсысы дәметер деп патшалықтан. Бірінші ұлына айтты: «Сүйенерім, Сен менің тірегімсің бәрін ұққан. Жақын тұрмын қара жер құшағына, Басқа ой ж о қ , — деді патша — хақ тағалам. Орнымды ұсыпамын саған ғана, Берейін бар билікті, ұлым саған! Жомарттық пен әділет болсын үйіц, Қашан да болсын риза дүние, құдай. Қаңғырған бейшараның түсін күйін, Күштімен күш тілімен сөйлес ұдай. Әмәпда қырагы Оол бақташыдай, Қасқырға өз табынын алдырмайтын». Ақылды ұлы тағзыммен кетті құлай, — Шах әмірі,— деді ол,— маған айқын. Жөн бе, әке, берілуім бос жалғанға, Патша алдында армандау патшалықты. Тірі жан дәті бармас сен тұрғанда, Сенсіз өмір қызықпа қаншалықты? Тақ менің арқа сүйер теңім бе екен. Әке, сенің орныңды баса алам ба. Құмырысқа таққа шығып шоқиғанмен, Сүлеймен бола алмайды бұ жалғанда. Бұл сөзге патша сондай сүйсінді де, Сәуле бар деп ойлады санасында, Тағы да тақ жөнінде сөйлеспекке, Шақыртып алды екінші баласын да. Патша сөзін бастады еліктіріп, Бірінші ұлына айтқан бағанағы,


Үлының жүзі ойға терең тұнып, Әкенін сөзін іштей саралады: — Әзірміз біздер, міне, қолғанатың, Түбінде борыш болып өтелеміз. Алайда тәж бен тақтың салтанатын Құлыңа бере көрме, өтінеміз. Өзің тірі тұрғанда кім баса алар, Мынау зәулім сарайға қалай кірсін. Тек замана агымы жаңғырта алар, Уақыт не істерін өзі білсін. Басыңа жарасады тәжің сенің, Сол тәжді түсірме деп төтеледі. Жаспын ғой алдымда ағам жүр-ау менің, Ойлы басты мықты иық көтереді. Екінші ұл да жарайды бірдемеге, «Үсақ інжу тәжіңе лайық па екен», Шах қабағын түйді де әлде неге, Белгі берді бұл сөзім бітті деген. Шақыртты патша дереу кенже ұлын, Әлгінде айтқан сөзін қайталады, Бұл да езі аңғарымды жігіт тұғын, Тағыңды бер деп қалай айта алады? Сонымен үш гәуһарын патша сынап, Байқады үш асылын қасиетті. Үшеуіне ықыласы іштей құлап, Құдайға шүкір қылып, тәжім етті. Қызықпады патшаның өміріне, Таныды ашқарақсыз құлықтарын. Зерек патша алды да көңіліне, Жақсы көріп аяды бұтақтарын. 18


Бұйрық берді әкесі үшеуіне: — Ел билеңдер басқа бір патшалықтан. Жер көріндер, тартындар жөндеріңе, Бармасаңдар бәріңді жазалайым. Амал жоқ мұны есітіп, ізет етіп, Үшеуі жүгін артып жүріп кетті. Талай қала, қорғаннан кезіп етіп, Дүниенің бұрышын түгендепті. Көп жолдар кезді олар шаршамастан, Кіндік қаны тамған жер қалды қашық, Бір елдің жеріне олар қадам басты, Өз елінен түсетін екі есе асып. Жолдарында бөгеттер жолықпаған, Кврген жоқ бұл сапарда бір шатылып, Кенеттен біреу шықты алдарынан, Ағайынды үшеуге оқша атылып. — Нұр жүзді жолаушылар аманшылық, Ен түзде түйемді іздеп шөлдеп едім, Үшеуінің біреуі алға шығып, Көргендей айтып берді көрмегенін: — Сол жоғалған түйеңнің бір көзі жоқ, — Рас,— деп жауап берді малшы сонда, Екінші жігіт айтты: «Бір тісі жоқ», Кәдімгі көріп келдей дәл басты ол да. Үшіншісі ойланып деді былай: — Түйеңнің ақсайды екен бір аяғы, — Япырай айтқандарың рас сондай,— Малшының күдіктері мол тарады. Жоқшы айтты: «Таныпсың бәрін айқын, Түйемнің қайда екенін сілтеңдерші.» 2*

19


Үшеуі кенес берді бұған жарқын: — Осы жолдан бас алмай іздей берші. Жоқ іздеуші түсініп сөздіқ бәрін, Түйенің жөней берді қуып ізін. Үш жігіт жалғастырды сапарларын, Мақсаттың алға қарай бұрып жүзін. Аспан қызып, сәулесін күн шашқанда, Үзақ жолдар үшеуін қалжыратты. Бір ағаштың жетті де саясына, Көлеңкелеп отырды жапырақты. Жантайып жата кетті сол арага, Көк жусан мен бұлақты тамашалап, Салқын суға малынтып қол-аяқты, Оларды құшаққа алды көгалды алап. Самалмен бірге жеңіл тербетілген, Ақ гүлдер үшеуінің желпіп жүзін, Отыр еді бір кезде құр сенделген Келді малшы суырып қылыш тілін: — Жүруден енді міне аяқ талды, Айдалаға жүгірдім шапқылап құр. Таулар мен шарлап өттім алаптарды, Бойымда барлық күшім сарқылып тұр. Жоғымның таба алмадым, шаңын-дағы, Шаршаумен жетіп тұрмын тындасаңыз, Үшеудің біреуі айтты: «Тында тағы Біз көрдік, көргеннен соң дөп басамыз». Түйеңе артылыпты қос құмыра, «Олардың бірінде май, бірінде бал». Екінші жігіт айтты: «Білсем сірә, Түйеңнің үстінде отқан бір әйел бар.» 20


Үшінші айтты: «Сол әйел екі қабат, Түйеге отыруы қиындапты». Белгіден жібермей тұр бұлар ағат Көңілдегі күдіктің шаңын қақты. Бұлардың өнерінен бейхабар жан, Үстады жігіттердің етегінен. «Мен ұқсам сендер нағыз қаракшы жан, Жаңағы сөздеріңнен жете білгем. Қай жерлерде жүрсе де қарамайды, Тонау ғана мақсаты құлқын құртқан. Түйе ме есек пе деп таңдамайды, Құтылмас алтын артқан, күміс артқан. Алдаушы боп, жөгі боп көзін табар, Жатқан ба, жолаушы ма қарамаған». Малшынын дауысынан тарап хабар, Жиналды сол араға бірталай жан. Гуілдесті келгендер қоршап алып, Сөз бермей бір-біріне әрі-сәрі. Тобыр айтты: «Қөрейік қала барып, Сол жақта ашылсын»,— деп шешті бәрі. Ақырында келісім болды дайын, Үшеуін де қазыға апармаққа. Малшы айтып берер болды істің жайын, Болғанды бастан-аяқ ақтармаққа. Патшаға да сөз жетті бейне құйын, Айтыста ашқан абзал әділдікті. Шатылған іс түйінін шешу қиын, Алып шығар жан керек ақ шындықты. Қалдырмай шахқа айтылды барлық ісі, Үш жігітті батырды «мол күнаға». 21


Сөйледі білімді әм ақылдысы, Бір сиқыры тұратын мың дұғаға. «Тақсырым, арта түссін мәртебеңіз, Тірлігінді ұзартсын хақ тағалам, Жанарға жарық берсін басқан ізің, Дұшпаннан аман болсын бақ, босағаң. Үшеуміз жолаушымыз жиһан кезген, Жолдан басқа кеңілдік жоқ алаңы: Жолаушылап келеміз жұмыр жермен, Артқа тастап туған жер, тау, даланы. Саяхаттан басқадай олжамыз жоқ, Дүниені шоламыз сырттай қарап, Көргендерден шын ләззат табамыз көп, Талай елді келеміз тамашалап. Міне солай жүргенде жерді шарлап, Аяңдап келіп қаппыз жеріңізге. Күні-түні жүрумен жол қысқартып, Ат басын тіреп тұрмыз еліңізге. Сонымен малшы бізді мынау тұрған, Бір кезде қуып жетті желаяқтай. Түйесін іздеп жүрген бір момын жан, Белгісін айтып бердік жүдә айнытпай. Тек қана сезінетін бір кінәміз, Айтылды біршама сөз, шала ма екен...» Патша айтты: «Қызық екен бұларыңыз Расты жасыруға бола ма екен... Солай делік, өтірік айтыпсыздар, Олай болса шындыққа қонбас олар. Сұр жебедей жүректен шыққан сырлар, Садаққа қайта айналып соқпас болар.


Сіздер берген болжамнын бэрі келмес, Оннан бірі рас деп айта алыңдар. Енді ешқандай бұлтарыс керек емес, Ұрлаған заттарыңды қайтарыңдар». Бұл сөзді айтты патша қаһар твгіп, Әмір етті: «Жігіттер қамалсын»,— деп. Кешкісін ұясына күн де шөгіп, Жер үстін баса берді қара түн кеп. Мейірбанды, білімпаз жас жігіттер, Азап шегіп жатты енді абақтыда. Түн бойы мұңға айналды бар үміттер, Осында кісі өлтіргіш, қарақшы да. Түн кетті ысырылып түгіменен, Күн шықты кәдуілгі тақтасына. Әлгі түйе табылды жүгімеңен, Малшының келіпті өзі қақпасына. Малшыға біреу айтты: «Шылбырына, Шырмалып түйе қалған дала жайлап. Отын үшін барғанмын сол орынға, Түйені босаттым да келдім айдап. Түйе үстінде отырған әйел көрдім, Сілтеді ол маған сенің жөніңді айтып». Малшы оған жаудырып рахметін, Патшаға естіртуге келді қайтып: — Сіз тапқан әділдіктен нұр шашылар, Жоғым менің табылды аман-есен. Түйе келді түп-түгел жүгі де бар, Әйел де отыр үстінде рас десең. Шах сонда іштей үнсіз өкінді де, Босатуға бұйырды үш жігітті. 23


Ар алдында айыбын түсінді де, Кешегі ойсыз ісіне көз жүгіртті. Шақыртты жігіттерді катты ұялып, Кешірім сұрап жатыр, кандай жаман. Барлығы да айыптан азат болып, Бәріне де кигізді бір-бір шапан. Патша олардан сұрады істің мәнін, Қалайша көрегендік жасағанын. Көрмей тұрып алыстан тапқандарын. Айнытпай зат белгісін қашағанын: — Егерде шындық жайды бүкпесеңдер, Сендерден байлығым жоқ аянатын. Ал енді мұнда түк те жок десеңдер, Жайым бар иықтардан бас алатын. Құиия тілін білген жас жігітгер, Шах алдында тағы да тағзым етті. Біреуі сөз бастады: «Ей құдіреткер, Бақытың жансын мәңгі қасиетті. Түйенің бір көзінің жоқ екенін, Дейсіз ғой көрмей тұрып білдің неден. Тұмсығын салған жолдың бір шстіне. Сол жағынан тікен мен шөпті жеген. Бір көзі соқыр-ау деп сонда ойладым, Шөп шалған жолдың түйе бір жағынан». Екінші ағасы айтты: «Шамаладым, Ақсайды-ау жануар бір аяғынан. Ізіне байқап соида қарадым жүз, Бір аяғын сүйретіп басып жүрген». Үшінші ағасы айтты: «Ақдасаңыз, Азуынан бір тісі оның және түскен. 24


Өйткені түйе шөпті күйсегенде, Жері көп тістің қалған арасынан. Түйенің тісі бейне тимегендей, Шөптін. басы желкілдеп шала сынған. Міне осындай болжамның арқасында, Танып білдім бір тісі жетпегенін». Шах айтты: «Сенде айтқан сөзде жөн бгір, Иланамын шындыққа беттегенін. Тағы да үш белгісі бар дедіціз, Соны маған жасырмай ашсаңыздар». Алға шықты және бір жігітіміз: — Құпия мынау,— деді,— нансаңыздар. Бір жәйіт тұрды сонда анықталып, Түйе байғұс май мен бал арқалаған. Жағалай шөп, бұтақтың басын шалып, Жолдың екі жағына шашыраған. Бір бүйірден қалмаған шыбын қаптап, Бір жағынан шубырған құмырсқалар. Жәндіктер сілекей аққан сасқалақтап, Шыбын балға, құмырсқа майға құмар. Шыбындар ең тәттіге ұмтылғанда, Құмырсқалар май жаққа мол жайылған. Жолдың бір жиегіне бал тамған да, Екінші жиегіне май кұйылған». Екінші жігіт тұрып айтты сонда: «Түйе үстінде әйелді мен байқағам. Түйе шөккен тұстарда оң жағында, Әйел киген башмақтың ізі қалған». Ең кенжесі сөйледі тапқанын мол: «Әйелдің екі қабат болғандығы, 25


Түйеге отыратын жерлерде ол, Қос қолымен жер тіреп тұрғандығы, Сол жерге саусақтары түскен толык, Ол жерден тұра алмаған еркіменен. Әлгі әйелдіқ денесі ауыр болып, Қозғалғанда қолымен жер тіреген». Патша да үш жігіттіқ сөзін түйіп, Данышпандық ойларға деді бас ұр. Бәрінің беттерінен бір-бір сүйіп, Қеремет той жасады ұлан-асыр. Жас ойшылдар істері жанын тербеп, Қөтерді жігіттермен көқіл-хошты, Сарайдан жай бергізіп бір кеқірек, Шах оларды таңдаулы топқа қосты. Олармен өзі оңаша қалған сәтте, Сырласты тойды бірге тамашалап, Сүйкімді таныстармен сөйлеп тәтті, Шаттыққа кенелді де ішті шарап. Жастардын толқытты оны дана сөзі, Тәжірибені үйреніп ұққалы кең, Терендікті танып қап патша көзі, Ұмтылды соған қарай жан-тәнімен. Бір күні шах оларға сауқат жолдап, Жібертті піскен қозы, түрлі шарап. Ағайынды жігіттер жатты тойлап, Ыстық қан бойларына тулай тарап. Шарап бойға толқындай тарағасын, Тоқтату мүмкін емес қызу жанды. Қүпияға кеқ бойлап баралған сон, Шертілді сыр тарихы толыққанды. 2в


Үлкені, ұшқыр ойлы ақылдысы, Тегінде данышпан боп жаралғаны: «Мынау шарап біз ішкен,— деді,— түсі, КәдімгГ қызыл күрең адам қаны». Екіншісі қолынан өнер тамған: «Секем ап қалдым,— деді,— тегінде мен. Қозы еті таза емес-ау дәмі жаман, Ит сүтімен семірткен секілді екен». Үшінші шешен, шебер жігіт сөзі, Былай еді, бұл да ен даналық қой: «Ал шах ше ақсүйек пе соның өзі, Қарапайым аспаздың баласы ғой». Бұлардың әқгімесін тыңдап патша, Қабырғаға жабысқан құлақ тігіп. Жібермей әрбір сөзді қаттап қана, Бастағы дәптеріне алды тізіп. Есітіп жігіттердің сөзін барлық, Шах жүрегін тұтқындап күдік алды. Ашу кернеп, ақылы етіп тарлық, Жастардың ортасына кіріп барды. Үшеуі де орнынан ұшып тұрды, Патшаға төр жағынан беріп орын. Сөздерін қайталауға шах бұйырды, Боздақтардың қайнатпақ енді сорын. Жігіттердің жүрегі дір етті де, Байқалды патша бәрін тыңдағаны, Сүйкімді болмаса да сөздері де, Қайталаудан қалмады басқа амалы. Шах үнсіз құлақ түрді үндеріне, Жүрегін жұбатпақ боп отырыпты. 27


Бұйырды: «Берік бол,— деп,—тілдеріке, Жүрмеңдер жұртқа жайып өтірікті.» Так ағартты атқанда аспан астын, Көгілдір көк күмбезін аппақ шыны, Кешегі ой босатпай патша басын, Шақыртты сараиына шарапшыны. Шарапшы айтты: «Шыным бұл жүзімді алғак Бір дөкейдіц бағынан пәлен деген. Бұрын ол жер қабырлар орны болған, Қазірде бақ болыпты желеңдеген». Бірінші сөз рас боп, солай лайым, Патша ұмтылды шындықты аңғармаққа, Малшыдан сұрап еді қозы жайын, Ол антұрған ұрынды жалғандыкда. «Қозым меніқ марқайған көз алдымда, Бір елі ажырамай анасынан». Ашуға булықты да патша сонда: «Ақымақ,— деді,— қазір басынды алам». Қаша алмайсың құтқармас қаһар зәрі Шындықтың симас болсаң құшағына. Шопанға түсінікті болды бәрі, Көзі жетті басының ұшарына. Сорлы еді қамын ойлап бір басының, Бір сырды қала алмады құпиялап: «Балауса кезінде бұл жас қозының, Анасын өлтірген-ді қасқыр талап. Бір ит бар-ды қашаннан отарымда, Шұбырып жүрген бір топ күшігімен, Қозыны салдым соның бауырына, Күнелтіп өсті сосын ит сүтімен. 28


Қозыныц қабырғасы бітіп майға, Бүғанасы қатайып семіргенде. Патшаның әкеп едім аспазына, Шыным сол, жасырып ем несін мен де». Шындық сөз анықталып екінші де, Қөмейіне шахтың бір күрмек толып, Аттанды королева — шешесіне Жүрегін езген ойды білмек болып. Қаттырақ қолын қысып анасының Деді ол: «0 дүниеге жібере алам. Анығын айт, мен кімнің баласымын, Қім менің әкем сірә, байғұс анам. Қім әкелді дүниеге мына мені, Менің әкем ұлық па, жо басқа ма?» Бұл сәтте ана жүзі ашулы еді: «Япыр-ау, не тантып тұр бұ масқараі Жалған бұның, күнадан пәк сақталғам, Анаңа тіл тигізбе қартайғанда. Қүн ғана көк жүзінде асқақтаған, Көлеңкесін түсірген аппақ айға. Патшадан басқа кімнің батылы бар, Мұрагер тудыратын патша ғой нақ». Бұрқ етті баласының ашуы бар, Қөздерінде қаталдау жарқыл ойнап: «Жүз сылтау қазір ойлап.тапсаңда без, Шындық бүксең жұтатын жалындаймын. Бастан кешкен күнәңді мойында тез, Тартынсаң өлтіруден тайынбаймын». Қорқып кетті қаһардан патша анасы, Енді сылтау қалмады жетектейтін.

аа


Бірбеткей қайсар еді бұл баласы, Айтқан сөзін табанда екі етпейтін. Қалтырады шындықты жасыра алмай, Тапсырды өзін қолына бір алланын: «Көптен бері жүр едім саған айтпай, Қүлағын. сал, қайтейін жоқ амалым. Қөктем еді иісі бүрқыраған, Шах болса нөкерімен ақға кеткен. Жас едім, сұлу едім жарқыраған, Қүс төсекте берілдім ұйқыға еппен. Ояна сап төсекте керіліп ем, Аспаз тұрды ауқатпен қарсы алдымда. Әйел халқы дүниеде сезімшіл ен, Қүмарлық та тақалып жан алқымға. Мас адамдай ұстадым жағасынан, Жүрек соғып, ақылдан адастырып. Қүрыдым, тағдыр оны жабыстырған, Әуестік кетті сосын магас қылып. Көктемде шөлі қанып жапырағым, Пайда болды бір жеміс — сол едік сен». Ананық сырын білген шах ақырын, Ұялғаннан иілтті басын төмен. Анырып ұлы сосын ойға батты, Қорқытып білгеніне қатты ұялып. Салбырап анасынан келе жатты, Не тірі, не өлі емес жат күй алып. Келді де үш жігітке ағайынды, Олардың алдарында отырды үнсіз. Шарап ішті, ақтармақ талай мүнды: «Құпия қобдиын аш етіп мінсіз. 30


Рас екен сендердің айтқандарың, Квзім жетті, бәріне саспадықдар. Бәрі де шындық болды тапқандарың, Неге бәрін өзіме ашпадыңдар? Құпия еді басында барлығы да Қалайша білгенсіңдер шебер мұны». Бірі айтты: «Шарап іше бастағанда Бойымды кеулеп кетті мұң толқыны. Қөңілді ету — шараптың қасиеті, Жөн бе еді жұтқаннан соң мұңға батқан. Ағаларға білдірдім бұл ниетті Олар да бұл сөзімді мақұл тапқан. Көпіршіген жүзіне ұзақ қарап, Ішкен сайын болмадым жасарғандай. Деп ойладым ендеше осы шарап, Өлілердің қанынан жасалғандай». Екінші айтты: «Бөліп ап бір үзімін, Қозы етінен ерніме апарғанда. Жүрегім шымыр етті не білгенін, Таң қалдым сілекейім шұбырғанда. Мұрнымды жарып түсті жаман исі, Қозының айнымайды бүйірі иттен, Болар-ау деп ойладым қаншық исі, Сол қозы иттің төсін еміп өскен». Үшіншісі: «Ашайын бір шындықты, Қауіпте қалмаса егер жас тірлігім>. Дін аман боларына шах серт айтты, Әгәрда шындықты айтса бұл жігітің. Жігіт сонда сөйледі шахқа қарап: «Бойыңды билетесің жаралап мұң. 31


Ақыл мен білімінді ойша барлап, Қөз астымеи меіі жіті қарағанмын. Барлығын білгім келді сіз жөнінен, Сондықтан тың көзіммен ілгендеймін. Тәжді болар білуге киюшіден, Көп нәрсені сынасам білгендеймін. Белгісін таба алмадым асыл тектің, Тамақсау жан екенсіз байқағаным, Ыеше түрлі ас жайын тізіп өттің, Одан басқа әңгіме айта алмадың. Ойладым осыдан соң тегі мұның Патшадан емес, нағыз қара дүрсін. Ортаңызды жүрегім сезді менің, Тәжі емес, тобыр жақтан бола тұрсын». Шах кеткен сарайына алып секем, Өзінше оңашада ойға шөгіп, Әрине патшаларға лайық па екен, Өлтіру адамдардың қанын төгіп. «Ашу алмай тұрғанда ақыл-есті, Бұлардың түйелерге жүгі артылсын», Ағайынды үшеуге былай десті: «Шетіңнен барлығың да ақылдысың. Көп нәрсені үйрендім өздеріңнен, Маған олжа данышпан білімдерің, Терең мағына тердім мен сөздеріңнен, Тәжірибе арттыратын батыл керім». Жолаушының жолы өнер жүрсе жүйрік Жүрсе ғана көрініп тұрады алды. Жүз дннардан бәріне берді сыйлық, Жігіттерден кешірім сұрап алды. 32


Бәрі де рахмет десіп алла хакқа, Жиналып туған жерге тартып кетті. Баяғы өздері шыққан патшалыққа, Әкесінін, еліне барып жетті. Қәрі шах та қуанды есі калмай, Бейне бір оралғандай жастық шаққа. Шаттанғаны соншалық аппақ шашы, Лйпалып кетс барды қара шашқа. Үлкен ұлы отырды шах тағына, Және оған сыйлады шах шатырын. Қара тулар тапсырды басқасына, Аббасидтер белгісі қаратұғын. Аббасидтер ұнатқан қара тұсті, Өйткені күннін қара айналасы. Түннің де көзі қара қуанышты, Тыныштыққа шақырған сай-салапы. Қіндік қаны қараяр жерге тамып, Ол да кейін қап-қара түске ауған. Сұлудыц меңі, шашы толқынданып, Қап-қара боп көз тартар қағып жаутан. Бахрам тындап әлгі хикаяны, Үндінің сұлуынан қарақасты. Құшақтап ақ жастыққа қисаяды, Қынай бел, аппақ гүлді қара шашты.

3—194

33


ПАТША ТОИЫ Бүл той дүйсенбіде жұмақтык төртінші бағында жасыл күмбездің астында жасыл киінген ай жүзді славян қызымен өткен-ді. Дүйсенбіде көгілдір аспан жүзіп, Гүлдерге хош иісін сыйлағанда, Патша шықты үстіне жасыл киіп, Ай нұрын жадыратты құйып жанға. Қетті аяңдап ақылды сүйіктімен, Бұларды тұрды күтіп жасыл күмбез, Бір думан да басталды дүрлігіп кең, Барбат үні жүректі жандырып тез. Славянның сұлуы сылқ-сылқ күлді, Қашырды тағаттың да берекесін, Шаттык пенен куаныш күйі тұнды, Достық пенен махаббат біріккесін. Түгендеп жұлдыздарын түн санады, Жер алды құшағына күн алтынды, Мастықтан шах пен қыздың жүзі жанды, Ерік те екеуінен құлатылды. Сұлуға сонда тұрып омірші айтты, Шертсінші әңгімесін шекер ерін, Қозғасын қайдағы бір аңыз жайды, Ести сала қалғып бір кетер едім. Лып еткен қуанышпен күміс дене, Иіліп сүйді барып тақ ернеуін: 34


«О әміршім, жаһанға сіз ғой ие, Болар-ау бәрі сендік дүниенін. Дұшпандықпен өзіне қарағап көз, Қәпірлердей дозақта күйсін отқа, Жол шаңына тұрмайтын бұл аңыз сөз, Патшаның тындауына лайық па?» Соныменен сұралып көп кешірім, «Ертеде»... деп сызылды бір есіл үн. X ик а я Әмірші өтті сонау Үндістанда, Елінде аты шыққан эділдікпен Барлығы бас изейтін таң қалғанда, Шыншылдығы байқалып барлық істен. Ерлігі, парасаты сол патшаның, Ғұмыры, жомарттығы мол болатын. Ол салдырған сарайдың ғажаптығын, Қөргендер рахатқа шомылатын. Алыстан келген небір жолаушыны, Арнайы сарайына алдыратын, Ғаламның ғаламатын сұрап алып, Қонақтың білімімен жаңғыратын. Бір күні келді оған тағдыр айдап, Жалғанда көпті көрген ісмер адам. Сыйқырлығы жүзінде тұрған жайнап, Қайтадан тірілтетін шықса да жан! Қонағуар билеуші шақырып ап, Қөрсетті сый-сияпат барлық асын, Сонан соң тыныққасын демін алып, Қонақтың ашпақ еді қазынасын. 35


Ілімге жетік кісі сәл қысылып, Патшаға айтып жатты бар білгенін, Әмірші айтпаи жатып тұр түсініп, Аңғартып білімі бар жан екенін. Тек кана шарасыз ғой өлім деген Құпиясын білсендер ақтарыңдар. Патша айтты: «Адамзат ақылы жеткен, Дүниедегі ғылымнан хабарым бар. Үйрендім тереңдігін даналардың, Жалғыз-ақ білу қалды елім жайлы, Кілті оның қолында емес адамдардың Құпия қақпасы ашылмайды». Борін тыңдап болғасын жолаушы жан, Сөзіне жымиды ептеп әміршінің, Патша да ол кісіге қалып аң-таң: «Айтыңызшы,— деді оған,— күлкі сырын». Жиһанкез кулық қуып, «кешірің» деп, Күлкісін жасырмақ боп пердеменен, Жауаптан қашпақ болды бірнеше рет, Айтуға тура келді не дегенмен. Бірақта кешірімі қабылданбай, Сөйлеуге мәжбүр болды етіп баян: «Ғылым, өнер іздедім жолдан танбай, Шығысың мен Батысың маған аян. Кісіні өзі қатты тарта білген, Іздедім дүниедегі ғажайыпты. Әлемнің төрт бұрышын шарладым мен, Білмейтін жұмбақтарым азайыпты. Жолықтым бір әккіге айласы артық, Шығатын жан туралы қулық білген. 36


Қеудесінен өз жанын сығып алып, Басканың денесіне бере білген. Ақыры барлык шаруам кейін қалып, Кірістім үйренуге бар жаныммен, Келе-келе сыйкырын қағып алып, Тастады ол, жалғастырдым аржағын мен. Бар еді содан аздап үйренгенім, Көрсетейін мен қазір өтінген с о ң » . Шах айтты: <Жақсы өзіңе сүйенгенің, Алдымен іс жүзінде өзің көрсең». Сол заматта өлтірді бір шыбынды, Сол шыбынға суырып берді жанын. Денесі жансыз қалып ол жығылды, Көтеріп ала қашты шыбын тәнін. Ұшты да біразырақ шыр айналып, Жан қайтты шыққан әлгі мекеніне. Қонақ та жымың етіп түрды қарғын, Патша аң-таң бұның қалай екеніне. Шах айтты: «Беріп кет бір сиқырыңды, Қалдырған маған сенің болсын сыйыи. Ұсындым өзім де бар сыйлығымды, Алтын ба, күміс пе әлде, таңда бүйым!» Дана айтты: «Топырақ қой алтының да, Өнерім — таусылмайтын мол қазынам. Сиын сен құдай емес, ұлы адамға, Қашанда алтыныңнан артық қой жан». Бірақ қонақ уәде беріп еді, Бір істің көрсетем деи қыр қиясыи. Билеуші ант су ішіп, сөзін берді, Сақтауға сиқыршының құпиясын. 37


Көз байлаушы ақтарды бәрін оған, Шах жүрді ойнап тағдыр оз жанымен, Өнердіц артын тосып іске айналған, Өлімтікке жан берді өз қолымен. Өз жаиын кеудесінен суырып ап Бойына қимыл берді бір жәндіктің. Патша қүлап, ал жәндік турып алып, Жемісі осы болды қүрбандықтың. Сиқырын қобдиына тығып, түйіп, Жиһанкез патшаға кеп иді басын. Сөйтті де кетті аттанып, шах жүр түйық, Ешкімге жария етпей өнер нашын. Патша бір күн ойлады: «Қандай пайда, Қонақтан алып қалған өнерімнеи. Жақсылық әкелмесем бір адамға, Құлашым аспай жатса кемерімнен. Өнер деген шырақ қой жана түсіп, Жүз шырақтын, рухын көтеретін. Басқаларға айтпасаң біліп тұрып, Несі өнер қабырға үнсіз әкететін». Осы ойлар әміршінің сабырын ап, Тағатын бүргенінде күпиясын. Уозірге сездірмек ақырындап, Беу, пенде тыныш тұрмай құтырасыц. Ақыры асты сабыр ернеуінен, Үйренді енерді уәзір тамашалап. Бір күні аңға шықты нөкерімен Падишах пен уәзір оңаша қап. Шах та көздеп құлатты бір киікті, Қанжығаға өңгеріп тастар еді. 38


Уәзір арам оймен кеп килікті, «Киікке жан берші!»—деп қақсай берді. Киік өлі, пенде жоқ айдалада, Лшпақ енді сикырдың сияпатын. Шах сірә ғұмырында ойлана ма, Уәзірдің сезбеді киянатын. Сол жерде патша жанын өзі алып, Киіктің денесіне жан бітірді, Уәзір атқа жылдам қона қалып, Заматта патша болып тайып тұрды. Ерді оған күллі нөкер, сарбаздары, Жаца патша оралды сарайына. Гаремдегі қызыққа батты-дағы, Салды қолын сұлудың талайына. Бикештер ашты жылы құшақтарды, Көрсетіп қожасына қызметін. Акылына түрі сай сұлу бар-ды, Шын әмірші жайында сол білетін. Уәзірдің көңілі ауып сол сұлуға, Бекінді паш етуге қуат күшін. Гаремге бағыт алды жолығуға, Ернінен жұмақ суын ішпек үшін. Балбұл жанған ханымды қасына алыи, Отырды жүрек толы қуанышпен, Сұлу кенет шегінді шошып қалып, Уәзір қол созғанда ет қызумен. Арбағыш тызылдады шафқат сурап, Сұлудың жүрегіне қолын салды. Қасындағы біреуге әйел ымдап, Патша емес деді тегі бұл баяғы. 39


Ханым айтты: «Қанымды төксец дағы, Жарқыным, жабыспашы етегіме, Азырақ сабыр туту керек тағы Таң келсін күнді ертіп жетегіне. Әмірші екеніңді рас білсем, Не істесең де мінеки алдыңдамын. Егерде арамзалық жасап келсең, Мейірім күтпе менен, қан қыламың. Қанағат ету керек, сая үшін Кипаристің жетеді көлеңкесі. Қуралайға көрсетпе тырнақ күшін, Қанжар болып тілермін, көрінбеші!» Жәдігөйлік кулықты әшкерелеп Сұлу тур куат алып таза арынан. Таңқалды пәктігіне бір керемет, Сумырай ләззат алып ажарынан. Баяғы дала кезген сорлы киік. Соңынан ере берді үйірінің. Қаңғырды өріс іздеп жаны күйіп, Жүрегін езеді ауыр күйдіріп муң. Тау, дала, қоқыстардан қорек іздеп, Өзегін улы өкініш жандырады. Қу мекиен төсінде күндеп-түндеп Жоғалтып бар үйірін қацғырады. Жатыр екен бір жерге түсті көзі Жалғыз тоты шөптей боп жасылдапын, Патшаның киіктен тез шығып жаны, Тотының денесіне енді барып. Тотыға балдай тәтті өмір беріп, Қапелімде ысырды бар қапасын. 40


Жоғары көтерілді көкті керіп, Бетке алып баяғы сол астанасын. Жабайы тобырына тотылардың Табысты биік аспан кең төрінде. Үшқанда тәжірибесін байқап бұның, Жолбасшы етіп алды өздеріне. Жұмактай жадыраған жасыл бақта Көк шөпке бір қу аңшы-тор тастады. Жасылға жасыл қонып тұнған шақта Тотылар көктен самғап ойқастады. Білмеді, әттеген-ай, бір зұлымның Бұларға әдейі арнап тор құрғанын. Тотымен толтырмаққа қу құлқынын, Қамалап қанаттыны қор қылғанын. Тотылардың көсемі, айтты сонда: «Жолы жоқ құтылудың бұл тұзақтан. Жалғыз-ақ қарсы тұрар мына сорға Өлімнен басқа болмас, сірә, тоқтам. Тыңдаңдар, төкпей тұрып қанымызды, Өлген болып өтірік жата кетсек! Осы әдіспен сақтайық басымызды, Бұл хауыптен осылай аман өтсек!» Бәрі де бірауыздан мақұл десті: «Сен рас қырағысың бәрімізден. Сөзің бізге бойтұмар, бәрін шешті, Ал енді ажырайық әлімізден». Барлығы Қулығын Аңшы да Олжасын

құлай кетті жапырылып, тоты асырды тәжірибелі, келді торға жақын жылжып, сыпыруға әлгіндегі. 41


Қараса қанаттының бәрі де өлген Жүзінен жалғыз тоты аман калған. Таң қалды ол көрініс деп бул не деген. Қырылып калған ба олде қорыққаннан. Құстарды лақтырды ол тордан алып, Ашумен алып ұрып жасыл жерге. Қебі қайта тірілді самғап барып Тірі тоты сайрады толып шерге: «Ей аңшым, қуана бер сен аптықпа, Жүректі мұңға беріп етпе алаң. Құстарды қапы кеткен пайдаңды да. Шығынын жалғыз өзім етей алам. Мен тотымыи, ойлаймын даналарша, Шекердей сезім тәтті шыңдайтұғын Тотылар бал тәттімен тамақтанса Қасиетім бар елмес су сыйлайтұғын*. Тотының сөзін аңшы тыңдады да, Қермедім, деді, мұндай кереметті. Торларын иығына салды дағы, Тағдырым не тосар деп қала кетгі. Базарға жетіп келді тірлігі айдап, Жан іздеп алатуғын тоты сатып. Қәнігі аңшы сәтте қалды байқап, Бір сұлу келе қалды керкі — жақұт. Малынып гүлге үнді сұлуындай. Маңайға жұпар шашып қара шашы. Перінің тағатты алған қылығындай, Жаныңа шоқ түсіріп қарағаны. Буыны босап сұлу бір мезгілде, Біреудің ала түсті жағасынан: 42


«Түс көрдім бір думанды кеше түнде, Екеуміз мас болыппыз, жарасып ән. Мен дегенде қалмапты өзіңде ес Қүмарыңды алыпсың қуанышым, Төле сен мендей ару түсе бермес, Мың динарға түратын түн ақысын. «Бәтшағар болені үйді қар қылықпен,Жігіт тұр табанасты қысылып қап,— Бере қойсаң игі ғой жақсылықпен Бермейсің бе аламын күшімді сап». Әрқайсысы әрқалай Өзінше талқылайды Екеуі де шындыққа Айтысып бір-бірімен

ақталады, ақылға сап. оқталады, тартып азан.

Аңшы тұр екеуіне аң-таң болып, Шығарып қолындағы тотыны естен. Зерек құс мұның бәрін байқап қалып Тыңда деп иесіне былай дескен: «Дәл қазір екеуін де келтір маған, Кідіртпей мен шешейін іс түйінін». Аңшы да аялдамай жетіп барған, Жүгіртіп барлығына көз киығын. Айтысушы екі жақ келді жетіп Тоты айтты: «Рас сөзге сенсеңіздер. Ант беріп екеуің де сөзді бекіт, Шындықтан шегінбеймін десеңіздер. Әділін ашып берем маған сенші, Араңда қылау-күдік қалмайтындай». «Менікі рас, менікі дұрыс» десті, Әркім өз сөздерінен танбайтындай. 43


Тоты айтты жігітке: «Әмиянныц Аузын аш та санап бер бар керегін Тілегенін бер мынау сұрқияның, Сұрағанын қайтарма бұл пәленің». Қол салды қойынына жігіт сонда Қалтада бар күмісін санамаққа! Бәрін жайып тастады сорлап ол да, Әлгі сұлу ұмтылды таламаққа. Тоты айтты: «Лайықпа, тоқта былай, Бұл іске айла қажет сонша зерек. Осыны сездіріп тұр маған қүдай, Дауыңның астары бар өзгешерек». Сұлудың бойында бір айла бар-ды, Жарқылы күн нұрымен шағылысқан. Таласты шешу үшін алып берді Тотының қойды алдына жанды қысқан. Құс айтты: «Бұған керек ақшаны бар, Әкеп қой айна алдына сана да сен». Төгілді жігіттегі бар динарлар, Күмістер жарқ-жүрқ етті айнада ен. Тоты ымдап сол жарқылды айжүздіге, «Уыста,— деді,— алтын еместей-ак. Қиялыңнан тудырған сол пәлең де, Мына сәуле секілді елестей-ақ!» Бұлтартпай-ақ әділдік тоты тапқан, Айлакер сұлу сонда тұрды сасып. Таңқалды сол араға жиналған жан, Тотыға бар шындықты берген ашып. Тотыны сырттан қарап тамашалап, Алуға көбейді оны талаптылар. 44


Сурап жатыр ацшыны бәрі қамап, Үстемелеп берумен бағаны бар. Ал баяғы сұлу ше гаремдегі, Күрсініп күтуде еді қожайынын Қызықтан безіп мүлдем әлемдегі, Қөцілін барады езіп удайы муц. Азапты жалғыз өзі кешіп бастан, Қасында болмағасын сүйіктісі. Естіді журт аузынан қызық дастан, Бір дана құс жайында уйып түсі. Жанына жиып алып жақындарын, Буйырды жеткізуге кұсты жылдам, Жецілейтіп тастауға бар мұндарын, Қөтермек көкірегін қайғы тұнған. Барлығы да жүгірді құрақ ұшып, Ацшыдан тотыны алмақ ұпағаннан. Қолма-қол беріп жатыр қолды қысып, Асырып қус бағасын сұрағаннан. Әкелді сайратпаққа ханымға ел де Отырған тосып оны баққа келді. Әцгіменің тиегі шешілді де, Екеуі сөзден маржан тізе берді. Сөйледі шабыт тасып қус аяулы, Аясын тәтті сөзді ол несіне. Алтын торға салды да патша әйелі, Алып келді ұйқтайтын бөлмесіне. Күйеуін ойлап, қатты қайғырғанда, Ақырын тотыны ермек ете берді. Құстағы бейім еді жағынғанға Азабы сондай ащы кермек еді. 45


Бір күні сәті түсіп таң атканда, Ханым паң отыр еді тақта жалғыз. Сымбаты үшін риза еді жаратқанға, Сырды ашатын кез келді бір алаңсыз. Бұл сәтті аңғарып қап зерек тоты, Ақтарып салды барлық құпиясын. О баста қашты неге мұның хошы, Уәзір залымдығын, зор күнәсін. Тұтқиылдан болганын төртаяқты Тобына қосылғапын киіктердіц. Кец даланың үстіпен кұс боп ағып, Жабаііы тотыларга іліккенін. Өзі қалып басқасын азат етіп, Сол топпен кұрған торға құлағанын. Шындықтың жүзін ашып, мазақ етіп, Айнамен бір сұлуды ұстағанын. «Тағдырым осы жерге келіпті айдап, Жүрегім сезді ме екен жетерінде». Ханым тоты сөзіне сәл қайран қап, Жас жуып кетті жүзін қапелімде. Әйел де тақтан ұшып тұрды сол сәт, Кұша берді тотыны: «Махаббатым, Ежелгі дос келдің бе жарыққа ұсап, Қайғыма ем, жаныма рахатым. Зорайды сен кеткелі қияметім, Жоқ болды-ау бақыт сыйлап жүзің маған. Қасымда екенсің-ау, енді неттім. Амал жоқ не айтайын тотым саған. Үмтылар өз тобына әр жанды зат, Тең болып санала ма құсқа адам!» 46


Тоты айтты: «Жеңеді ғой шын ақиқат, Құпия кілт қолымда,— деді оған,— Тыңдап ал мен айтайын бір амал бар, Көне бер уәзірдің тілегіне. Дегейсің бір шартым бар саған қояр, Асыла берген кезде білегіңе. Басқаға ауыса ма қымбат жаның, Көрсет де көз алдымда өнер кенін Сен сондай сиқыр сөзбен құндақтагын Тэнінен жанын бездір тап та ебін. Алдына таста оның өлі дене, Суырып бойындағы берсін жанын. Уәзірден жан кетсе әлсіздене, Сен де тез кір ішіне өз ұяңның». Сұлу да тыңдап болып бұл кеңесті Сұп-сұр болып кетті де куанды тез. Уәзір кеп ханымға күнім деді, Сұлулыққа.мас болып айта алмай сөз. Сызылып орын берді дәл қасынан, Сылқылдап сұлу қақты иегімен. Бірауық ойға шомды албасты жан: «Ол жаңғақтық дәні де, сүйегі мен». Өзгеріп кеткен өзі қалай бүгін, Көзіне көріндім бе сүйкімдірек. Әйел де ойнатады сұлу жүзін, Құбылады көзіне күлкі тіреп. «Шыдайтын сабыр кетті,— деді,— менен, Асаудай мінезіме өкінемін. Өтірік деп жүргенім шындық екен, Некелі жұбайымсың осы менің. 47


Тағы да алайыншы сынаққа мен, Көңілден кетірмекке күдік шаңын. Патша ием сиқырлы қуатымен, Шығарып, енгізетін шыбын жанын. Өз жанын тәнінен ап жадылықпен, Бөтен бір денеге сап жарылқайтын, Керек болса соншалық батылдықпен Өзіне қайтарады жанын айқын! Егерде көз жеткізсең талантыңа, Әміршім, аузыма құйылсын құм. Құлың болып қалайын қол астыңда Болайын зайыбың не көңілдесің!» Лып етті құштарлықпен жанып жүрек, Сұлулыққа жығылды сорлы құлқын. Айтылған әлгі сөзді етті тірек, Қолына түсірмек боп қазна кілтін. «Әзірмін,— деді,— барлық бұйрығыңа Өміріммен өзіңе бағынамын. Жаным менің айналсын сыйлығыңа, Саған құрбан етпесем неғыламын. Сенің нұр дидарыңа ұмтылған жан, Сен үшін құрбан етер бар өмірін. Жеткізсін қазір маған өлген аюуан, Алдыңа ақтарылсын бар өнерім». Құс әкелді сұлудың өзі барып, Жанына уәзірдіц қойды еппен. Уәзір өлтірді оны қолына алып, Денесіне жарақат түсірместен. Сиқырын бастай берді өзін арбап, Бір кезде кеудесінен жаны кетті. 48


Жан кіріп құс та кетті көкті шарлап, Уәзірдің денесі сылқ етті. Сол кезде көрді патша өз денесін, Тотыдан жаны босап бар тағагпен. Баяғы қаз қалпына мол келгесін. Патшалыққа енді өзі салтанатпен! Қан болып құс ілінді қанжарына, Өлім оған бұйырып екінші рет Адалдығын сақтаған жұбайына Жайып салды сыйларын бар құдірет. Төгілді ықыласы оған барлық Бұрынғыдан күштірек махаббатпен Қөтерді төбесіне етпей тарлық, Ал гаремді босатты азаттықпен. Серік етті сенім һәм жақсылықты, Тотыларды ұнатты, жек көре ме Қолға үйретті, ақылын және оқытты, Бейнелерін түсіртті теңгелеріе. Бірнешеуін жанынан тастамады, Тотылардың тегіне жатқызды өзін. Орманның тотыларын қайталады, Малынды өзі жасылдан киіп киім. Кекшіл түс — нышаны ғой жақсылықтың, Береді бір рахат миға тыныс. Жасыл ғой бақша түрі, жас шыбықтың Тамырын тынықтырған жаратылыс. Көк сабақ — ажары ғой аппақ гүлдің, Сәні ғой талай баудың жасыл көк шөп.


Сұлудын бетіндегі қара меңін, Жарасады көктемгі тілек десек. Сұлу құйып ақырын үстемелеп, Бахрамды құлатты, жас шарапты-ай, Ұйықтап кетті, ал қыз ше бір керемет, Жасминніц қасындағы көк сабақтай.


СЕЙСЕНБІДЕ АЛҚЫЗЫЛ ҚҮМБЕЗ АСТЫНДА ТАТАР СҰЛУЫНЫҢ АИТҚАН ӘҢПМЕСІ Сейсенбіде шапақпен қызыл күрец, Күннің көзі алаулап бір боялды Шах Бахрам Марстай бір алқызыл, Күмбез түстес киімін киіп алды. Қызыл түстес сарайға беттеді шах, Жүректен мазасыз бір мұңды. қуып. Татардың танакөзді сұлуы пәк, Қылымсып шах алдында тұрды күліп. Бұрымдарын тарқатып ұзын өрген, Ойнатып аш беліне ұмсындырып, Көздері жайнап кетті шахтық бірдеп, Сән сурет рахатқа шомылдырып. Сарайда қызу думан жамырасып, Шарап ақты өзендей мол мөлтілдеп, Жұлдыздар сәуле шашты жымыңдасып, Ай шықты күн сұлудан нұрлымын деп. Бұйырды шахтың сонда әміршісі, Сөйлесін деп айжүзді бір гүл атып, Қозғасын қай-қайдағы ескі жырды, Әбілхаят суындай ойды оятып. Изеді басын сұлу оң жағына, Еріндері шиедей нұрлы дәйім;


«Патша мәңгі отырсын әз тағында, Аяғын таққа тіреп тұрсын лайым. Саған қастық ойлаған жұмыр бастар, Домалап түссін сенің пышағыңа. Әңгімем терең дейсіз қай бір мақтар, Жарайтын әміршінің құлағына. Амал жоқ бұйырғасын патша енді, Айтайын, кешіре гөр, бір әңгіме». Кебірек ғафу ет деп өтінгесін, Ертеде деп бастады қыз әлгіде...


ӘҢГІМЕ Ертеде бес жас жігіт өнері асқан, Мұлтаннан саяхатқа аттаныпты. Бірі оның патшазада сапарласқан, Әкесінен бақ ұшқан аянышты. Екінші саудагердің баласы еді Күн сайын кемелденіп байлығы өскен. Үшінші жер қазуға жараущы еді, Қайласы құздың төсін тіліп өткен. Төртінші жігіт ұста әйгіленген, Қақ жарған ісмерлігі қара қылды. Бесіншісі тілдескен сан гүлдермен, Бағбандыққа арнаған бар ақылды. Саудагер жас үлкен бір қуанышпен, Достарды етті затпен қамтемесіз. Бесеуі ажырамай ынтымақпен, Бенгалия жеріне жетті деңіз. Келіп жетті достардың керуені, Жұпар шашқан жұмақтай бір қалага. Қөктемгі бақ секілді керім еді, Қеруенші шатыр құрды ақ шағала. Жігіттердің көңілі шалқи тусіп, Қаланы аралады тамашалап. Жүре берді барлығы шуақ құшып, Ұнады бақтар, өзен, көгалды алап.


Кенеттен шыға келді алдарынан, Көз тартқан сонадайдан үлкен храм. Бір ғажап көрініске аңтарылған, Қөрсе де көздеріне сенбей түрған. Қолынан шыққан болар не шебердің, Жасаған мүсіндерді тастан қашап. Бейнесін айнытпаған әйелдердің, Көз жанары тоймайтын неткен ғажап. Қалды аңырып достардыц аузы ашылып, Қарасты олар ұмытып дүниені. Ескерткішті көрісті сонша асығып, Бәрі бірдей ұнатты бір бейнені. Сұлу екен жаһанда теңі жоқтай, Содан жүрек тіріліп кетер ме екен. Домалап көктен түскен таңғы шықтай, Маңдайында «камрани» сөз бар екен. Үнділердің тілінде әдемі сөз, «Кам» — махаббат, «рани»—әйел деген. Бойды билеп барады ғажайып көз, Жалғыз бейне жалғанда әсем екен. Жігіттердің ықласы сонша ауып, Суреттей қабырғада қатып қалды. Еркі кетіп, сабыры толқынданып, Тұла бойды от сезім билеп алды. Жүректерді биледі ынтызарлық, Патшаның баласынан шыдам кетті. Ақыл-есін жаулады гүл құмарлық, Көзінен таса ете алмай бұл суретті. Ай бейне тамада ғой түнгі аспанға, Мыңдаған жұлдыздарын шашыратты. 54


Жолаушылар ес жиып ойласқанда, Қонуға баралық деп ақыл тапты. Барлығы беттеп еді шатырына Тек қана патшазада асықпады. «Мінеки еркім кетті ақырында, Еркінен айрылған жан ғашық-дағы Бұл бейне жүрегімді алды билеп, Мендік жүрек азапта, дос не дейсіз. Кекірегімде тұрғанша тірлік түлеп, Өмірімді білмеймін тас бейнесіз. Менің барлық тынысым таста қалды, Аяғына құлармын тәңірім деп». Жігіттер тыңдады да таңдай қақты, Бәрі де абыржыды «япырым» деп. Үгіттеп қайтармақ боп райынан, Қанша сөздің болмады бір пайдасы. Махаббат қорыққан ба құдайыңнан, Тоқтатуға ешкімнің жоқ айласы, Қолдарынан қайтарар шама келмей, Храмда келісті олар кідірмекке, Әзір еді жас жүрек жылап еңірей, Көз жұмып тас бейнемен түнемекке. Дүниенің пердесін таң ашты да, Жігіт төкті көз жасын сорлы баққа. Ауқаттан қалды мүлдем алжасты да, Достары кетті шығып қала жаққа. Қаладан көп білетін кісі іздеді Қиын істен жол тауып шығаратын. Тобымен көше кезіп көп сенделді Қиналды батқандай-ақ күнаға тым. 55


Көктемгі бақтай қала сол заматта, Қеткендей айналып сор тікенекке. Жөн сұрасты таусылып бар тағат та, Ант ішкендей бөтен ой тілемекке. Жолықты дана қартқа олар бірде, Бұл дерттен жазылуды тапса ғарип. Ол айтты: «Сәулесі мол күндей бейне, Қызғалдақ шыққан екен тасты жарып. Түпнұсқасы бар,— деді,— тас мүсіннің, Жанардың жауын алған бұл қалада. Ағаштан керме істеліп бір пішінмен, Қойылған көзден таса бір тасаға. Сол бейне кең сарайға жайғасылған, Көктегі жұлдыздай-ақ жанып, күлген, Сол жұмақтың қызына батылы барып, Қызметші қыздар ғана барып жүрген. Маңайы жан баспайтын биік қоршау, Гүлдер ғана тербейді айналаны. Ләззатқа бөленеді сұлу оқшау, Әлдилеп роза гүлдер жайқалады. Бағбан кемпір патшаға бағынышты, Жүреді анда-санда баққа барып. Гүлдерден десте жасап аянышты, Сұлуға ұсынады таңдап алып. Сол кемпір біледі екен сұлу жайын, Бірақ та құпияны ашпас оцай. Қемпірмен байланыссаң тауып ыңғайын, Құпия кілтін ашар, балам солай». Әлгі жастар қария кеңесімен, Сұлуға апаратын іздеп жолдар. 56


Сүрай-сурай аттанды естісімен, Көмегін аямауға келісті олар. Танысты олар бағбанмен іздеп келіп, Әуелі нықтап алды сенім жайын. Саудагер жас ақшаны жүздеп беріп, Ақтарды алтын, күміс бұлақтайын. Кемпірдің, көп ақшадан есі шығып, Шығара бастады бар сырын сыртқа. Жігіттер осал жерін алды үғып, Алтын деген буынға түскен күрт та. Жігіттіқ бірі еді бағбаншы асқан, Кемпір жаққа күн сайын келіп жүрді. Өнерін салыстырып ол жарысқан, Таңқалтып венок жасап неше түрлі. Ғажайып гул шоқтарын бағбан кемпір, Сұлуға сыйға тартты алып барып. Жас жігіттін. енері жайында ол бір, Сөз айтып көрген емес, бір тіс жарып. Бір күні сыр ашпаққа бағбан жігіт, Сыйлықты дайын етті розадан. Қараған жан қайғысы болар ұмыт, Бір көркем өнерімен ой козғаған. Кемпірге тапсырды да сән букетті, Аялап сүлуға оны апар деді. Аруға жеткізді сол кереметті, Гүл мен гүл жайнай түсті қатар тегі. Көркемдігі көктемдей жүмақ қызы, Қөрмеген бұрын сұлу мұнша ұнатып. Гүл шоғын қарай берді балқып жүзі, Таңданғаннан саусағын сытырлатып. 57


Содан кейін сұрады: «Өнер қайдан, Шыққан бұл, әкелмеп ең бұрын-соцды. Қолыңнан келмес еді, рас айтам. Апырмай, мынау сыйлық неткен оңды!» Қемпір айтты: «Қолымнан шықты меніц, Гүл алацға көктемді мен енгізгем». Сұлу айтты: «Өнерің болса сенің, Көз алдымда жасашы біле білсец». Қірісіп кетті кемпір жұмысына, Алайда ісі оңбады қол дірілдеп, Ақыры қиналды да мұнысына, Шындықты аша түсті ол біртіндеп: «Қонақ боп келіп жатқан жас шебер бар, Тәрізі, шыққан жері басқа жақтан. Тамылжып енері тұр саусағында әр, Қолдарының қимылы таңырқатқан». Шындыққа разы боп сұлу сонда, Тастады кемпір жаққа бірнеше алтын: «Үйренсең бұл өнерді одан онда, Соған бер сыйлығымды, білсец паркын». Қемпір келді жігітке алып-ұшып, Тоқтатпай табыс етті өз еңбегін, Жас бағбанның жүрегі гүлдей түсіп, Достарына жеткізді естігенін. Сенімді серіктері бір куанып, Мінгендей болды үміт жартасына. Қарацғы түсісімен тез жиналып, Қемпірді шақыртты арнап ортасына. Алдымен ауыз басар алтын берді, Жігіттер сыр ақтарды асықпастан. 58


Жүректі кернеп жүрген барлық шерді, Кемпірге жайып салды жасырмастан. Тас бейне мен өксіген ғашық жайын, Жүрегін жолдасының мұңға толған, Кемпірдің кәрі жүзін басты уайым, Енді оған өз өмірі қайғы болған: «Берік бол тілдеріңе өтінерім, Жоспарларың жүрмесін қарац қалып, Тас бейне туралы бұл лақап керім, Талай жерге тараған тарамдалып. Тірі жан оған батып бара алмаған, Қол тигізіп көрмеген тасқа бірі Тас жүрек мұндай сұлу жан болмаған, Тас мүсінге ұмтылған қалмас тірі. Төккен ол сан ғашықтың есіл қанын, Көңілі құлап, ешкімге білінбеген. Кім айтса бұл қалада атын оның, Табанда тілін соның тілімдеген. Сондықтан айтпаған жөн қауіп сөзді, Кісіге тілден келер бәле деген». Жігіттер үгіттеді бұл кемпірді Бірдеңе істеңіз деп не дегенмен. Жігіттер жолдасы үшін жанын қиған, Еселеп және төкті алтын, пұл ғып. Сасып қалып, кемпір де сонша сыйдан Бәріне ие берді басын шұлғып: «Бұрын сірә, жан едім жарымаған, Көшеде гүл сатушы ем алаң болып, Сіздер ғана осылай жарылқаған, Жарып қалдым байлыққа балам, толып. 59


Бұл істің болар сәті, болмаса да, Жабылып өтіндіцдер, түсінемін. Мен қалармын сұлудың тұзағында, Немесе қақпаныма түсіремін». Бағбан жігіт: «Шындыққа мойын бұрсаң Сауалым бар өзіңе, іс етсеңші. Күнделікті сыйымды беріп тұрсаң, Қызды да өнеріме үйретсеңші. Өтінем тапсыр оған сыйымды да, Не айтады жауабын жеткіз дайын!» «Жарайды,— деді кемпір ақырында,— Қандай іс болса дағы орындайын.» Танадай көзін ашты таңғы бақтың, Ақ гүл, көк гүл бастарын түйістіріп, Бағбан жігіт бұлардың бабын тапты, Ғажайып бір букетті ұйыстырып. Гүлдерге бағбан жігіт тіл бітірді, Сол сұлудың тастағы бейнесін сап. Арудың атын және сыйыстырды, Вейнесі мен есімі жарасады-ак! Кемпір де әкетті оны желдей қағып, Сұлудың гүлден салған портретін. Қыз әсем үлкен сыйды алды танып, Шебердің сыйлап іштей кереметін. Қөрді сұлу Сұлуланып Жұпар исі Сол гүлдің

бейнесін және есімін шаттығы тасып кетті. гүлдердің тербетіп мың, иесіне ғашық етті.

Қішкентай кеудесінде жүрек тулап, Сыртқа шыгып кетердей қатты қаққан. 60


Гүл сатушы кемпірге айтты тұрып: «Өнері — нәзіктік пен махаббаттан Қім мынау розаға тіл бітірді, Еркімді өз қолымнан алып қашып, Гүл шоғынан жасаған келбетімді, Жүрегіме ғашықтық отын тасып. Қайтсен-дағы жігітті жеткіз мағаи, Сабырым жүзін көріп дамылдасын». Қез еді кемпір үшін базар қызған, Жарасына бір бальзам табылғасын. Қемпір сонда бастады тәтті сөзін, Қуанып сынамаққа қыз сабырын: «Қымбаттым, ғашықтардың күні — өзіц, Әміршім, аяқ жағын тос ақырын. Хас сулуға, күнім-ау, лайық па, Ойлауға қайдағы бір қақғыбасты». Қыз да сезім толқынын баса ала ма, Бұл сөзді тыңдап тұрып, сабыры қашты. Қемпір де кұштар етті қулығы асып, Май құйды жүрегінің жалынына. Қыз көңілі кермей жатып болды ғашық, Содан соң мәжбүр болды жалынуға. Бар білгенін кемпір де жасырмайды, Жігіттер жөнінде айтты тербетіле. Ғашық болған жігіттің халі жайлы Сұлудың тасқа салған келбетіне. Ақырында мүсіннен ұшқын ұшып, Жалындай айналаға тарағанын. Жігіттің жүрегіне шоғы түсіп, Достары да сол отқа табынғанын. 01


Патшазада жүрегі ашық болған, Сыздатты мұнысымен достар жанын. Кемпір айтты: «Сен емсің жалғыз оған, Су сепсең де алаулап сөнбес жалын>. Күміс айдай қыз жауап берді ділгер: «Үсталып тұрмын қазір мен киіктей, Жолбарыспын деп келген не жігіттер, Қүйрығын қысушы еді қорқақ иттей. Махаббаттың екпіні тым қатты екен, Жүрегімді ашпасқа болмас шара. Сазыңның пернелерін келтір еппен, Сосын өзің қосылып ойнап қара». Бұл сөзге қуанды да кемпір кетті, Жігіттер күтулі еді қуарғандай. Шат хабар құйып өтті көңілдерді, Нөсерше егістікті суарғандан. Баршасы мәз боп қалды жас баладай, Қемпір де қалғандай-ақ сәл жасарып. Тағы да кеңесті олар аялдамай; «Және де жүретұғын жолды ашалық>. Қемпірге айтты сырларын жасырмастан: «Ешнәрсе қалған ж о қ , — деп,—сызылатын, Біздер де жақсылық та, ақша да бар, Өнеріміз бар біздің қызығатын. Сан түйінді шешетін шамамыз бар, Тапқырлық жетіп жатыр керек десе. Қиын ғой біздің жағдай өзің де аңғар. Сүлудың өзі бізге көмектессе. Ия сәт, көнсе игі бізді алдамай, Түсінсе жігіттердің тілек, сырын». 62


Қемпір қызға жөнелді аялдамай, Сұлуға жеткізбекке ғашық жырын. Қайта оралды жастарга бәрін айтып, Тегінде тілегеннің сәті болар. Жиһанкез жігіттер де мол куанып, Гүл қауызы секілді ашылды олар. Қеқесті кешке бәрі басын қосып, Талдасты содан бері болған істі. Сөйледі бірін-бірі жақсы тосып, Не істейтіні жайында толғанысты. Бағбан айтты: «Қолымнан келгенінше, Жайып салдым өнердің дастарханын. Тағы маған тапсырма берсеқіз де, Орындаймын, қалайша бас тартамын». Жер қазушы және айтты: «Жер астынан, Ешкім білмес қупия жол саламын. Төбесі зәулім сонау көкке ұласқан, Қүмбездіц дәл астынан шығарамын». Ұста айтты жер қазушы жолдасына: «Лайым сәтті болсын бұл бастамаң. Сол күмбездің астына жол апарсаң, Ішінен кіре-тұғын есік табам». Саудагер жас асылы жомарт жүрек: «Тілегі бір достар ек жарқын үнді, Сіздер бұған арнасаң талант, еңбек, Мен төгейін динар мен алтынымды. Ал келіңдер бұл жолда бірігейік, Достықтың сүйенейік жақсы атына. Не байлық пен тірліктен түңілейік, Не жігіт жетсін осы мақсатына». 63


Осылай келгеннен соң келісімге, Төртеуі де ұйқыға қойды басты. Күн ерке көтеріліп ертеңінде, Көк аспанның жүзіне шуақ шашты. Саудагер жас тез тұрып барлығынан, Алдырды үйге керек-жарақтарды. Жолдастық құтылмаққа борышынан, Сұлу жақтан бір әсем үй салдырды. Сол маңай хош иіске бөленді бір, Сарай бейне жұмақтың бағындай-ак. Неше түрлі тамаша бөлмесі бар, Қабат үйлер аспанға барғандай-ақ. Бөлмені бөлме кеткен жалғастырып, Басқаға бимәлімдеу құрылысы. Салынып біткен кезде асықтырып, Пайдаға әзір еді бүкіл ісі. Жер қазушы көрсетті құдіретті, Сарайдан бір құпия жол бастаған, Жер астының қабатын тітіретті, Шығармақ сұлу тұрған үй астынан. Кірісті іске болат қайласымен, Қолының қимылына көз ілеспей. Жол салды ақылды ой-айласымен, Кездеген жерден шықты қателеспей. Кезегі келді міне ұстаның да, Қазбақ ол ішін ағаш колоннаның. Келтірді сабаз ерек нұсқасын да, Бір жерін тесіп өтіп бағананың. Болат қайла бір іске кетті сүңгіп, Ағаштың ішін кеулеп жонғылады. 64


Тақтайдың тілін тауып, ішін үцгіп, Өнері өзгеше боп тан қылады. Үстанын шеберлігі бастандағы, Саты жасап жоғары шығаратын. Сарайға жетер болып баспалдағы Аяғын басқан адам нық алатын. Ісмер тақап сарайдың еденіне, Әзірлеп қойды еппен бір теспекке. Достарына оралды ә дегенше, Қемпірді ортаға алды кеңеспекке. «Жылдам жет күміс дене ай сұлуға, Сұрашы уәдесінде тұра ма екен. Сөзінде тұра қойса тез арада, Жат көзді сарайынан қуа ма екен... Еденге жасап едім саңлау қақпа, Қайта оралғын егер ол үндемесе». Қемпір де кетіп еді байқамаққа, Қарсы алды сұлу күліп әлденеше. Сезінде тұрған екен ару керім, Сарайында қалыпты жалғыз өзі. Еденнің теуіп еді орта жерін, Қенеттен ашылды оған бақыт көзі. Қезімен көріп тұрды бұның бәрін, Ұста да шыға келді ар жағынан. Сұлу да танданып тұр ашып аузын: <Мың мақтау жетпес еді шебер саған. Ұста, мына қолдарың шебер екен, Алдыңа тартсам екен қандай күйді. Қонағым бол қадірмен, кел етінем, Қөріп риза боларсың біздің сыйды.


Ал егер барам десең достарыңа, Қалаған бір жерінді айт, мен барайын». Ұста жігіт қарап нұр дидарына: «Тындасақ бір сырым бар,— деді,— айтайын. Қайрымды жан екенсің рахмет, Қонаққа шақырасың пәк тілекпен. Бірақта, өзі аяулы біреу бар ед, Өзіңді құлап суйген ақ жүрекпен. О құдай-ай ғашықтар бірге болса, Қүніне сонша рет дұға оқыр ем»,— Деді де ұста жігіт достарына, Оралды жер астының жолыменен. Сұлу да саңлауды жапты еппен, Сол жерге кілемшені тастай салды. Қемпірді аттандырды жер астымен, Жас жігітке сездіріп барлық халды. Қолынан сақинасын берді алып; «Жеткіз,— деп,— менің ыстық сәлемімді. Айтыңыз бүгін түнде күтем талып, Қөрмей жатып ұнаттым әлдекімді. Жігітім жетіп келсе, әміршім сол, Құлы болам құрметті қонағымның». Қемпір гүлдей ашылды қуантып мол, Жүрегін жадыратып дос-жарының. Ғашыққа жетті бірі храмдағы, Сұлудан келген жақсы хабар күшті. Бұл сөзді естігенде тұра алмады, Есінен танып байғұс құлап түсті. Сенерін не сенбесін білмеді дос, Сүйкімді сөз жүрекке беріп қанат. 66


Еркінің бар тізгінін жіберді бос, Алас ұрды таусылып берік тағат. Аяғын әзер басып жүріп кетті Таяу кеп саңлауына қүпия еден. Қыз тұрған жер — жұмақтай бір түлетті, Бөлмелері есігі ғажап екені Қызметші бір бөлмеге алып кірді, Шалқыған музыкасы һәм биі бар. Гүл аралас бір суға шомылдырды, Жібек көйлек кигізді көз қызығар. Содан соц қойды басты дәм, тағамға, Шараппен шаттандырып жігіт жанын. Қемпір кетті тездетіп жас сұлуға, Барлығын баяндауға істің мәнін. Сұлу бірақ танытпай бірден сырын, Әзірге ойында жоқ жақындатпақ. Байқайды қашықтықта жігіт тұрып, Қүпия тасасында түра тұрмақ: «Қашықтау бол өтінем бүгін менен, Өзімді взім ұстадым, кешір халді». Патшазада сенді оған дірілменен, Тағында керіліп ақ сұлу қалды. Түнгі түнек аспанды билеп бүгін, Әуеде әзілдесті ай мен шолпан. Сұлу бұзды ұйқыныц шымылдығын, Кез еді Ай сәулесі әбден толған. Баспалдақты алдырып, жапты есікті, Құпия есік айналды алаңына. Күтумен отырғанда уақыт өтті, Жолбарыс жетті еліктер аланына. 67


Сән сарайда қосылды қос ай күліп, Ант беріп бір-біріне екі жүрек. Қездесті жат назардан жасырынып, Сабыры кетіп ынтығып екі тілек. Жігіттіц сұлуына түсті көзі, Жолаушыдай бір кәусар суды тапқан. Аймалады айтарға бітіп сөзі, От сезімдер кауышып жарқылдасқан. Ғашықтар бірге өткізді үзақ түнді, Мойнына оралып қара бұрым. Тац атып жас балаша шуақ күлді, Жоғалды түн пердесі қарағұрым. Он төртінші туған ай храмда қап, Арыстан өз ініне тартып берді. Қелесі күн басталды кешегі шақ, Қешегі той тағы да шалқып келді. Ханзада айтты бір күні: «Ізгі достар О сендерге нұр жаусын өшпес тегі. Әрқайсысың зор міндет атқардыңдар, Қайтаруға ғұмырым жетпес те еді. Аялап жеткіздіңдер арманыма, Қорқамын ұша ма деп басымнан бақ. Құпия жария болмай тұрғаныңда, Қайтеді осы қызды алып қашсақ». Біреуі айтты: «Жан досым, қайғыланба, Дұшпаныңның жүрегі күйе түссін. Ай бетін қалқалайық әзір таңға, Табармыз кілтін ойлап қиын істің. Бұл арайлы өлкеден амалдап біз, Әкетуге тиіспіз қалағанды. 68


Алайда лайық-ау деп таппаспыз, Ұрыларша зат ұрлап, талағанды. Артымызда сөз қалсын, биіктеп ой, Брлерше қимылдайық, болады дөп. Кеп көзінше жасалық керемет той, Сұлу келсін ханзада қонағы боп. Жыланға біз көрсеттік қазынамызды, Қазынаны қалдырмаспыз есіл, керім». Сөйтті де төртеуі де ұйқы сызды, Сұлуға айтты күндіз шешімдерін. Сұлу айтты: «Не істейсін, еріктерік, Мен құптаймын тағдырым шешілсе де». Жігіт кетті қалдырып серіктерін, Шахқа беттеп, ішінде не білсе де... Алдына салды ақтарып алтын, күміс, Мұншалық ен байлыққа тан қалады. Тандайын қағуменен қалды тыныш: Қазнашы да көрсе егер қызғанады. «Маған ба бұның бәрі неменеге, Сұрай бер,— деді,— болса тілегіңіз». Жігіт те: «Бақытыңыз кемелдене, Әрдайым өсе түссін тірегіңіз. Саудамен келем сонау өз елімнен, Жаным сондай сүйеді жол жүруді. Тек қана жақсыларды іздедім мен, Ойлаймай бас пайдаға көмілуді. Ен алдымен бір елге келсем болды, Сол елдің шахыменен танысамын. Әміршіге көрсетіп жомарт қолды, Сонан соң қонаққа оны шақырамын. 69


Мінеки, шахқа қызмет етсем деймін, Мен де онын аяғына құлаған жан». Ықласын түсінгенде келушінің, Әмірші қысылды ептеп қонағынан. Шах айтты: «Сен бара бер дайындыққа, Әзір болған кезінде мен барайын». Жігіт жетіп үйіне қысқа уақытта, Ыцғайлауға кірісті кеқ сарайын. Сән сарайы — куаныш қақпасындай, Жеті бөлме жұмақтық жеті бағы. Бірінде той басталды қызыққандай, Көктен үзіліп түсердей жұлдыз дагы. Көк аспан көтергенде күмбез кешті, Паш етіп үлкен тойдың басталғанын. Жігіт те шақыруға шахқа кетті, Жайып қойып жомарттық дастарқанын. Шарап, тәтті тағамның тізді бәрін, Зал іші жанып лағыл, інжу таспен. Шах ертіп уәзірін, жақындарын, Қонаққа келді бәрі ықласпен. Қара мәуіт көрпеге түн оранды, Шарап шіркін тоқтамай судай ағар. Тамбур үні шалқытып барлық жанды Айырылғандай есінен отырғандар. Масаң боп қалған кезде мол шараптан, Сұлулар сыбырласты ұшындырып. Шақыртты ай сұлуды жоғарыдан, Айтты оған барлығын да түсіндіріп. Жарқ етті бәрінен де керкемдеу боп, Түн ортасы болғанда келді кешке. 70


Жүректерге нұр беріп, көзді әлдилеп, Қонақтардан абдырап қалмады ес те. Қыз келді айдай болып түнді жарған, Қара жібекке оранып нәзік аяқ. Қылықты көзқарасы ерікті алған, Ғашықтардың қанына құмардай-ақ. Қыздың ғажап жүзінде пәрәнжі жоқ, Жаралғандай жадырап жарық нұрдан. Бәріне сұлу қызмет жасайтын боп, Жұртқа берді шарапты жанып тұрған. Қолынан кім бір аяқ ішсе шарап, Мас болу былай тұрсын, құлады ессіз. Шах алдыва қыз барды тура қарап, Шах отырды кенеттен болып үнсіз. «Япыр-ау, мынау ай ғой қиялдағы, Әлде мен адастым ба ақылымнан. Сол өзі ме, кім менің алдымдағы Ай жерге түсе ме екен бұ нағылған.. Ақық ай екендігі анық па екен Хас теңі болар еді мендей шахтың. Қөрген жөн жүрегінен сабыр кеткен, Не деген періштесі адамзаттың». Біреуін нөкерінің шақырды да, Қел деді ай жүздінің жайын айтып. Жөнелді нөкер желдей алқынды да, Құпия жолмен сұлу кетті қайтып. Сарайына жетті де киді киім, Саңлауды қымтап қыз да жата қалды. Некер кеп тапқан кезде бұның үйін, Ұйқыда көрді ғажап ару жанды. 71


Оралып шахқа хабар бергенінше, Сарайда көргендерін ол растап. Қара жібек киініп ә дегенше, Отырды сұлу әлгі отырыста-ақ. Тәтті шарап аяқпен үлестірді Көргендер құламастан қалды шаққа, Жоғарыда көргенін ол естірді, Баяндап көргендерін берді шахқа. Шах сабыры түсті тез қынабына, Жүрегі кетті сәтте жеңілденіп. Сүлудың қарай берді ажарына, Ішкен сайын бір ессіз секілденіп. Ішінен құрды жоспар әрекетке, Үзбекші осы гүлді гүл алаңнан. Кұштарлық оның жанын салды дертке, Қөңілі қызға қарап алаңдаған. Түнгі жел пердесін ап қара түннің, Әкетті таңнан алыс тас қорғанын — Шах армандап аруды тербетілген, Сезбей қалды қаттырақ мас болғанын. Шах жүрегін ғашықтық от жандырып, Шыдамды алып алаулап лапылдаған, Арыстан секілденді шынжыр бұзып, Тапқанына тырнағын батырмаған. Шах теңселіп жайменен тұрды зорға, Жүрегін баса беттеді сарайына. Ай жүзді сұлу жетті тұрағына, Шах кетті тербетіліп өз жайына. Өзі тапқан қыз жайлы ойлап жатты, Жанында жатыпты ағып қайнар бұлақ, 72


Шарап берді аружан сонша тәтті, Басқа жерден іздепті тіпті күнә-ақ. Дәл жанында жүр екен ғашығы есен, Қасындағы казынаны акғармапты. Кәусар су қолындағы кеседе екен, Айдаладан іздеумен құр шаршапты. Ай туды ақ сәулесін елжіретіп, Жұрт бұ кез соғып жатыр тәтті ұйқыны. Қешегі той тересі келді жетіп, Шах жүрегі жиі ұрып қарсы алды оны. Сұлуды көрсем бе деп көп ойлады, Қөрінді сырын сыртқа бермегендей. Әзірленіп шах үнсіз масайрады, Тойға келіп дәнене білмегендей. Басталды дәл кешегі думан тойы, Қызып берді көнілдің базары кең. Шарапшы қыз құлпырған тұла бойы, Бүгінгі кешегіден ажарлы екен. Қүндей қыз кеше қара киінген-ді, Бүгінгі киімдері ақ шағала. Қеше жұрт көзі тоймай сүйінген-ді, Бүгінгі көрінісі тым ғажап ә?1 Мұны көріп шах тағы тацданғаннан, Не айтарын білместен қалды қатып, Аяқшы қыз қайсы бұл, неғылған жан, Қешегі ұмыт болып, бұны ұнатып. Жүрегін қалды мүлдем билей алмай, Сұлуға арта берді ынтызары. Қөз қырын салып қызға отыра алмай, Бойды ерітіп жүрісі, қылықтары. 73


Арайлы бұл отырыс таңға ұласып, Түнімен сұлу қолдан шарап ішті. Күлімдеп ұясына күн де асығып, Шах енді ұиқысымен арпалысты. Ол түсінді кешегі қатесін де: «Қешегіден бұл сұлу сымбаттырақ». Мызғып кетіп оянса қапелімде, Қасында ай жүзді отыр күліп аппақ. Тұрды сұлу орнынан бұзып түсін, Шах бөтен көзқарастан тұр маталып. Қейігендей керенау ұйқысы үшін, Шамасынша қорғанды шах ақталып. Сонымен сұлу шахты адастырды, Күзетшісі — көңілі, ұры батыл, Кеш те келді, күн жүзін түн жасырды, Аспанға шықты ойнап сансыз жарқыл. Бүгін де келді жетіп ескі қонак, Той иесі білдірді разы күйін. Кешегі аяқшы қыз өзі аппақ, Қипаристей киінген жасыл киім. Сасқалақтап сұлуға шах қадалды, Қыз алдында төгіп бар ишарасын, Бұ не деген сән сурет деп ойлады: «Елге әмірші болсаң да бишарасың. Бағы ма хор қызының купес үйі Мен шахпын айжүздіге көңілім болған. Тартып алсам әділетсіз дер ме мені, Бас тартсам ше, жоқ олай істей алман». 74


Сілтеді тауықтар бір шақырғанша, Бұлақтай бұрқырап бір шарап ақты. Таңертең асықты ол сарайына, Алдынан ұшыратты ай аппақты. Жеті күн жалғыз сұлу жеті езгеріп, Сылаңдап әміршіні сұқтандырды. Ойынға кіріп кетті шах оң көріп, Жастарда өз шаруасын құнттап жүрді. Бұл қаладан қол созым жерде еді, Бір теңіз жігіттерді құтқаратын. Барлық затты кетуге әзірледі, Сапардың сәті жетті оқталатын. Түп-түгел дайындығы біткен кезде, Барлығы көріспекке барды шахқа: «Қоштасқалы келіп ек тақсыр сізге, Тәж-тағыңыз айналсын мәңгі баққа. Біз құлыңбыз қашанда бас иетін, Ризамыз соншалық ойнап, күлдік. Осы өлкенің таныдық қасиетін, Әмірші мейріміне бойлап жүрдік. Енді міне жүрмекпіз басқа елдерге, Шах берген соң жүгіміз ауыр тартты. Купестің заты керек көп жерлерге Сондықтан біз қаладық саяхатты. Құлдық ұрдық құдайдың рахатына, Біздерге өріс болды тамаша өлке. Байлықтан не тілесек барлығын да, Қалдырдық жайтаң көзді не бір ерке. Қалдырамыз бәрін де оралғанша, Құдай сәтін салғанша шапағатты. 75


Сөз қалсын жақсы деген артымызда. Тапсырдық сенім-қолға аманатты». Аяқшы қыздар жайын естігенде, Шах күлді қуанышын жасыра алмай. Сыйлықты үйіп-төкті не десе де, Жігіттер жолына арнап есі қалмай. Патша асықты жігіттер сапарына Тезірек бұл арадан аттанғанша, Қол салуға асығып қазынасына, Жігіттер беріп кеткен заттар қанша. Қуанып өзін-өзі шах тербетті, Қөп жүктің арасында ед қыз жайғасқан. Төртеуі отырды да тартып кетті, Жүмақтың қызын алып айдан асқан. Жүзді кеме жыраққа желдей есіп, Шах атын кейін қарай құйындатты. Бар көкейін баяғы сұлу тесіп, Қолмен онай ұстауға қиын бақты. Қіріп келсе достардыц сарайына Қыздарды көремін деп жалын жүзді. Санын соқты, бірі жоқ қалауына, Құштарлықтын қанжары жанын тілді. Іздеді бақтан, үйден, ауласынан, Пері жүзді сұлудың бірі де жоқ. Бөлмеден бөлме кезіп құр сандалған. Ақыры иті шықты сірідей боп. 76


Кенеттен шахтың көзі шалып қалды, Қупия есік алдынан шықты бірден. Жеті сұлу сыры енді анықталды, Жалғыз екен жетеу боп шығып жүрген. Сол есікті ашты да кірді бойлап, Сарайға баспалдақпен жетіп барды. Қала берді сұлудың орнын сипап, Ызадан жарылуға сәл-ак қалды. Өзегін улы өкініш өртей түсті, Патшазада әкетіп жаннын көркін, Жастар да мұратын ап елге жетті, Ортасында бір жұлдыз жанып еркін. Айжүзді мен ханзада сүрді өмір, Ынтымақ екеуін де самғаттырған. Тек қана түседі еске сол бір кемпір, Бұларды гүл арқылы жалғастырған. Не керек кенелді зор қуанышқа, Бірақта шығара алмай кемпірді естен. Гүл сатушы кемпірді ұмытпасқа, Үстіне қызыл реңдес көйлек киген. Қызыл түс лүпілдетер жүректі ерек, Қызыл түсті шараптай жадыратар Қызыл гүл жасыл баққа сондай керек, Шапақтай көкжиекті жарқыратар. Бақытты жан жүзі де бал-бұл жанып, Анардьщ гүліндей-ақ бір алқызыл. Ибрахимнің оты да алауланып, Бағын оның әсемдер етіп гүл-гүл.

77


Бітірді сулу сөйтіп әцгімесін, Қызыл күмбез астында қызыл киіп. Ұйқымен кірпіктері тербелгесін, Бахрам татар қызын жатты сүйіп.


МАЗМҰНЫ Жеті мұнаралы сарайдың салынуы және оған жеті елден әкелінген жеті сұлу жайында . . . . . Сенбіде қара күмбездің астында үнді ханшасынын айтқан әңгімесі Хикая Патша тойы Сейсенбіде алқызыл күмбез астында татар сұлуының айтқан әңгімесі Әңгіме . г

6 14 16 37 51 53


Амир Хосроу Дехлеви ВОСЕМЬ РАИСКИХ САДОВ Редактор Б. Алдамжаров. Художник А. Смагулов. Худож. редактор Б. Табылдиев. Техн. ред. С. Лепесова. Корректор М. Сейткамалова. Сдано в набор 7/11-73 г. Изд. № 110. Подписано к печати 4/ІУ-73 г. Бум. тип. №1, 75хЭ0'/з2 = 2,5п. л.— 3,12 усл. п. л. (Уч.-изд. 3,0). Тираж 6500 экз. Цена 46 коп. Заказ № 194. Типография № 2 Главполиграфпрома Госкомитета Совета Министров КазССР по делам издательств, полиграфии и книжной торговли, г. Алма-Ата, ул. Карла Маркса, 63.


Hasht-Bahisht  

И (иран) Д. 0744" Ш ' І2_73 X 94 М 402(07)73 е Байтақ елдің өлкесі бағыныңқы, Айтқанын орындаған ұшып жүріп Шығыс пенен Батыстың патша, құлы...

Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you