Page 90

Қатуланып, Құл Қожа Ахмет, жолға кіргіл, Құлды көрсең құлы боп өмір сүргіл. Қадір ием нәсіп берсе қанағат қылғыл, Қанағат сұрап қанағат алған шын құл болар.

57-ХИКМЕТ Сұбхан ием пендесіне шапағат берсе, Іші жанып, сырты күйген бір жан болар. Пір етегінен ұстап ғашық жолына кірсе, Хақты іздеумен екі көзі төрт болар. Жаннан кешпей ғашық сырын біліп болмас, Малдан кешпей менмендікті қойып болмас. Зерек болмай жалғыз өзін сүйіп болмас, Ондай ғашық ел көзінен аулақ болар. Жаның қинап ынты-шынтыңмен ғашық болғыл, Жасың төгіп, көзді сулап, адал болғыл. Одан кейін хақ жүзіне лайық болғыл, Жаның берсең, рахым етсе, жанан болар. Ғашық жолында күндіз-түні жылағандар, Жаннан кешіп белін бекем байлағандар. Қызмет етіп хақтың сырын аңдағандар, Түн ұйқысын төрт бөліп қайғылы болар. Уа, дариға, ғашық жолында жанын бермей, Сүңгуір болып дария ішінде гауһар термей, Хақтан өзге, надандықтан аулақ болмай, Таңда махшар тағамдары дайын болар. Ғашық болсаң Баязиттей өзіңді сатқыл, Аллаһи-биллаһи дүние - арам, тастап лақтыр. Қан төгіп, ұйқы көрмей түндер қатқыл, Бір мезетте шайтан мүлкі ойран болар. Таң атқанша зікір айт жаныңменен, Тау мен шөлді бауға айналдыр қаныңменен. Тастан қатты тасқа жатқыл жамбасыңмен, Жолдан азған жүз мың ғапыл қараң болар.

68

Diwan-Hikmet  

Тегеран. "Әл-Хұда". 2000-жыл. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ (ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ) Баспаға әзірлегендер: Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет (Даналық кітабы) І5ВЫ...

Diwan-Hikmet  

Тегеран. "Әл-Хұда". 2000-жыл. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ (ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ) Баспаға әзірлегендер: Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет (Даналық кітабы) І5ВЫ...

Advertisement