Page 61

Шын ғашығың көрсет маған риза болай, Өліп-өшіп Закариядай* зікірші болай. Айыбтай* келген бәлеге сабыр болай, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. Ғашық дертін көтердім, дәрменім жоқ, Ғашық жолында жан бергеннің арманы жоқ. Осы жолда жан бермеске амалым жоқ, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. Қайдан табам, ғашық еттің, амалым жоқ, Алланы мақтап күні-түні қоярым жоқ. Дидарыңды өзге жерге барарым жоқ , Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. Ғашық базары ұлы базар, сауда - харам, Ғашық жанға сенен өзгені ойлау - харам. Ғашық жолына берілгенге дүние - харам, Не қылсаң да ғышық қылғыл, пәруардігар. Ғашықтықты дауға салып жүре алмадым. Нәпсіден безіп әміріңді қыла алмадым. Надан болдым, хақ бұйрығын біле алмадым, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. Құл Қожа Ахмет, ғашықтан өткен бәле болмас, Бояғанмен ғашық дертіне дауа болмас. Көз жасынан өзге ешкім куә болмас, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар.

28-ХИКМЕТ Әулиелер айтқан уәде келер болғай, Қияметтің күні жуық болды, достар. Ақылды құлдың болғанын білер болғай, Ел-жұрттан мейір, шапағат кетті, достар. Үлкен, кіші адамдардан әдеп кетті, Қыз, келіншек, нәзік жаннан ұят кетті. "Ұят барда иман бар" деп Расул айтты, Арсыз қауым бүлдіріп бітті, достар.

39

Diwan-Hikmet  

Тегеран. "Әл-Хұда". 2000-жыл. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ (ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ) Баспаға әзірлегендер: Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет (Даналық кітабы) І5ВЫ...

Diwan-Hikmet  

Тегеран. "Әл-Хұда". 2000-жыл. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ (ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ) Баспаға әзірлегендер: Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет (Даналық кітабы) І5ВЫ...

Advertisement