Page 44

Ессіз Мансұр қорлықпенен болды ада, Бір сөзбенен жарандардан болды жүда.* Халін, ділін ешкім білмес тәңірім куә, Қан жұтып мен де куә болдым, міне. Мансұр шаһтың өмірі міндет емес, Жолды тапқан біз секілді алжас емес. Азғындарға бұ сөздер керек емес, Ә, құдай, жадыма тұтып алдым, міне. Бір күн саһар ғаріп Мансұр көп еңірепті, Нұрын шашып Алла өзі рақым етті. Одан кейін шілтен көріп шарап берді, Даналарға осы сөзді айттым, міне. Надандарға иесіз сөзім жеңіл хикмат, Адаммын деп белін байлар қане қымбат. Дүние үшін бір-біріне қылмас шафхат, Залымдарға тұтқын болып өлдім, міне. Залымдарда ар-ұят жоқ, бізде күнә, Дәруіштің жаны өлік, өшпес дұға. Сол себептен патша қылар бізге жапа, Аят, хадис мағынасын айттым, міне. Залым егер жәбір қылса Алла дегіл, Қолын жайып, дұға оқып мойынсұнғыл. Құдай тілек бермесе сабыр қылғыл, Хақтан естіп бұл сөздерді айттым, міне. Залым егер зұлымдық етсе маған жыла, Жасың төгіп, маған сиынып белің байла. Арам, шүбәні тәрк қылып досты талға, Залымдарға жүз мың бәле бердім, міне. Залымдардың арғы түбін мен жаратқан, Жаратқанды назарға ілмей сен ұмытқан. Менен кешіп залымдардың қолын тұтқан, Залымдардың жолын ашып бердім, міне.

22

Diwan-Hikmet  

Тегеран. "Әл-Хұда". 2000-жыл. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ (ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ) Баспаға әзірлегендер: Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет (Даналық кітабы) І5ВЫ...

Diwan-Hikmet  

Тегеран. "Әл-Хұда". 2000-жыл. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ (ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ) Баспаға әзірлегендер: Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет (Даналық кітабы) І5ВЫ...

Advertisement