Page 38

Елу тоғыз жасқа жеттім, қылып ем дат, Жан берерде іңкәрімді қылмадым жад. Не жүзіммен шағынам деп "қылғын азат", Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Көзді жұмып ашқанымша жетті алпыс, Белім байлап мен қылмадым бір жақсы іс. Күндіз-түні бейғам боппын жаз бенен қыс, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Алпыс бірде шермендемін күнәлардан, Ей, достарым, көп қорқамын сол Алладан. Жаннан кешіп, пана тілеп құдайымнан, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Алпыс екі жаста Алла жарық салды, Бастан-аяқ өкініштен бір құтқарды. Жан-жүрегім, ақыл- есім Алла деді, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Алпыс үште айтты маған: "Құл, жерге кір, һәм жаныңмын, іңкәріңмін, жаныңды бер. Хақ семсерін қолға алып, нәпсіңді қыр." Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Құл Қожа Ахмет, нәпсім тептім, нәпсім тептім, Одан кейін іңкәрімді іздеп таптым. Өлмес бұрын жан бермектің дертін таптым, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе?

8-ХИКМЕТ Таңсәріде дүйсенбі күн жерге кірдім, Мұстафаға қайғы тұтып кірдім, міне. Алпыс үште сүндет деді, естіп білдім. Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Жер үстінде жарандарым қайғы тұтты, Барша әлем "сұлтаным" деп зар жылады. Хақты сүйген шын сопылар қандар жұтты, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне.

1 6

Diwan-Hikmet  

Тегеран. "Әл-Хұда". 2000-жыл. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ (ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ) Баспаға әзірлегендер: Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет (Даналық кітабы) І5ВЫ...

Diwan-Hikmet  

Тегеран. "Әл-Хұда". 2000-жыл. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ (ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ) Баспаға әзірлегендер: Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет (Даналық кітабы) І5ВЫ...

Advertisement