Page 184

Көз жасыңды Ғарып болып Астырт жүріп Хақ жамалын

дария еткін, рақым келсе, жолда жатсаң, құлым десе, тағат қылсаң, тәңірің білсе, көрсетпесе, мен кепілің болайын.

Топалаң түн - күрсініспен алау жақсаң, Көз жасыңның жалынымен шақпақ жақсаң, Жарандардың сұхбаты боп еріп ақсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Ей, ынсапсыз, дүниені хаққа жақсаң, Пенде болсаң, хақ зікірін тынбай айтсаң, Пірмұғанның қызметінде жапа тартсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Бір Алла деп жан тапсырсаң, баурың күйсе, Түндер тұрып тағат қылсаң, тәңірі сүйсе, Одан соңыра ақсақалдар назар қылса, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Түндер бойы ояу болып сәрі тұрсаң, Ғашық болсаң, Ысмайылдай жаннан кешсең, Қол-аяғың берік буып, әмір тұтсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Тақуалық, қанағат қып жаның қина, Майдан іші басың беріп тағы да ойна, Күннен кешіп, мал орнына зақұм жина, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Фархад сынды мехнат тартып, таулар кессең, Баязидтей* түндер тұрып өзіңді ассаң, Жөнейттей* шөлдер кезіп, шөңге бассаң, Хақ жамалын керсетпесе, мен кепілің болайын. Хақ рахматы - ұлы дария, тамшы қанса, Сол тамшыдан алған жан естен танса, "Біз" бен "мендік" шыбындай боп сенен ұшса, Хақ жамалын керсетпесе, мен кепілің болайын.

162

Diwan-Hikmet  

Тегеран. "Әл-Хұда". 2000-жыл. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ (ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ) Баспаға әзірлегендер: Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет (Даналық кітабы) І5ВЫ...

Diwan-Hikmet  

Тегеран. "Әл-Хұда". 2000-жыл. ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ (ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ) Баспаға әзірлегендер: Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет (Даналық кітабы) І5ВЫ...

Advertisement