Issuu on Google+

«МӘДЕНИ МҰРА» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

Астана 2006


«МӘДЕНИ МҰРА» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫ БАС РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ АЛҚАСЫ

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары Тәуекел С.Т., жауапты хатшы Әбділдин Ж.М. Әуезов М.М. Байпақов К.М. Зиманов С.З. Кәлетаев Д.А. Кекілбаев Ә. Кенжеғозин М.Б. Қасқабасов С.А. Қойгелдиев М.Қ. Қосыбаев Е.М. Құл-Мұхаммед М.А. Мағауин М.М. Мәмбеев С.А. Нұрпейісов Ә.К. Нысанбаев Ә.Н. Рахмадиев Е.Р. Сұлтанов Қ.С. Сүлейменов О.О. Хұсайынов К.Ш.


Тарих

адамзат ақыл-ойының қазынасы он томдық

Әлемдік тарихи ой

7 том


4БК 63.3 Б Т21 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының «Тарих және этнография» секциясының мүшелері және томның редакция алқасы: Бұрханов Қ.Н. (төраға), Алдажұманов Қ.С., Әжіғали С.Е., Гаркавец А.Н., Ерофеева И.В., Мәжитов С.Ф. (серия жетекшісі), Сужиков Б.М.

Томды басуға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томды құрастырудың ғылыми редакторы тарих ғылымдарының кандидаты Г.Ж. Өскенбаева Томның ғылыми сараптаушысы тарих ғылымдарының докторы, академик Б.А.Төлепбаев Аударманың арнайы редакторы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ф. Мәжитов Т21 Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. — Астана: «Фолиант», 2006. Т. 7: Әлемдік тарихи ой. — 2006. — 500 б.

ISBN 9965-35-142-2 Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының «Тарих – адамзат ақылойының қазынасы» атты сериясының 6-9 томдардағы материалдары «Әлемдік тарихи ой» деген атаумен беріледі. Бұл төрт кітапта топтастырылатын еңбектер тарих ғылымының теориясы мен жетілген зерттеу әдістерін, түрлі салалар мен бағыттардың қалыптасып, олардың күрделі ғылыми ағымдарға айналғанын бейнелеуді көздейді. Сондай-ақ тарих ғылымының зерттеу құралдары мен мүмкіндіктерін жаңа сапаға көтеруге мұрат тұтқан сәтті қадамдар жан-жақты көрсетілген. Кітап оқырманды әлемдік тарих ғылымында қалыптасқан әр түрлі бағыттармен таныстыруды көздейді. Авторлар мен тарихи ой өкілдері алфавиттік жүйе бойынша топтастырылған. Аталған еңбектердің басым бөлігі бұрын-соңды қазақ тіліне аударылмаған. Кітап зерттеушілерге, жалпы білім беретін мекемелердің ұстаздары мен оқушыларына, аспиранттарға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымына арналған.

Б

0503000000 00(05) — 06

ISBN 9965-35-142-2 (т. 7) ISBN 9965-35-013-2

ББК 63.3 © Тарих және этнология институты, 2006 © «Фолиант» баспасы, 2006


Құрастырушылардан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша елімізде жүзеге асырылып отырған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» 10 томдық сериясының жетінші томы жарық көрді. Ол «Әлемдік тарихи ой» деп аталады. Ұсынып отырған кітапқа әлемдік тарихнамалық үрдіске сүбелі үлес қосқан, көпшілік қауымға еңбектері арқылы таныс болған және үлкен әсер еткен көрнекті авторлардың ең маңызды шығармаларынан үзінділер енген. Олардың маңыздылығы, әлемдік тарихи ойдың қол жеткен табыстарын қазіргі заман тұрғысынан түсінуге ықпал етуінде. «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» 10 томдық сериясының 6-9 томдарына енген материалдардың басым бөлігі тарих теориясы, тарих философиясы мен тарихи әдістерді пайдалану мәселелеріне арналған. Тарихтың теориялық және философиялық мәселелері осы томда жарияланған И.-Г. Гердер, Л.Н. Гумилев, А.Я. Гуревич, Г. Зиммель, В.А. Дьяков, Л.П. Карсавин т.б. авторлардың шығармаларының басты тақырыбы болып табылады. Сонымен қатар бұл томға тарихты жазудағы қолданылатын кейбір әдістердің ерекшеліктерін көрсететін шығармалар да енді. Оны Ф. П.-Г. Гизо, А. Каппелер, С.А. Зеньковский атты тарихшылардың еңбектері арқылы байқауға болады. Ұсынылып отырған материалдар жинағының құрамындағы орасан зор мәліметтер қазақ оқырманына тарих пен тарихи ойды ғана түсініп қоймай, қазақ тілінің кейбір қырларын ашуларына мүмкіндік береді. Олар жаңа тарихтың бұрын-соңды ашылмаған, түсініксіз болған мәселелерін анықтайды. 7-том оқырманды әлемдік тарих ғылымында қалыптасқан әр түрлі бағыттармен таныстыруды көздейді. Соған байланысты авторлар мен тарихи ой өкілдері алфавиттік жүйе бойынша топтастырылған. Басым бөлігі қазақ тіліне тұңғыш рет тәржімаланған бұл шығармалар антоло-


6

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

гиясы арқылы оқырман олардың түп нұсқасын толығынан оқуға ынталанады деген де үміттеміз. Томға енген авторлар мен шығармалар туралы кіріспе мақалаларды дайындағандар және олардың авторлары: Х.М. Әбжанов (Гумилев Л.Н.), С.Ф. Мәжитов (Гердер И.Г., Гизо Ф.П.-Г., Жуков Е.М., Карсавин Л.П.), С.И. Оспанов (Зиммель Г.). Жалпы томды қазақ тіліне аудару барысында түпнұсқалар мен материалдарды дайындауға Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің профессоры Ханкелді Әбжанов қатысты. Томға еңген мәтіндерді тәржімалағандар: Ақселеу Сейдімбек, филология ғылымдарының кандидаты Назарбек Қанафин, Ф.Қ. Атабаева, Исламғали Бейсебай, тарих ғылымдарының кандидаты А.И. Құдайбергенова, философия ғылымдарының кандидаты С.И. Оспанов.


7

ГЕРДЕР, ИОГАНН ГОТФРИД (1744-1803 жж.) Иоганн Готфрид Гердер – Шығыс Пруссияның шағын Морунген қалашығында туып-өсті. Осындағы мектепті бітірген соң ол 1762 жылы Кенигсберг университетінің дін ілімі факультетіне түседі. Мұнда ол тамаша лектор, философияның болашақ жарық жұлдызы – магистр Иммануил Канттың (1724-1804) дәрістерін тыңдады. Гердер сол кезде Кант оқытқан барлық дәрістерді – метафизиканы, логиканы, математиканы, физикалық географияны толық тыңдап бітірді. Гердердің проблеманың мәнісін жан-жақты баяндап көрсеткен ұқыпты, анық жазбалары сақталған. Канттың сындарлы еңбектері Гердердің дүниетанымын қалыптастыруға көп ықпалын тигізді. Өз оқытушысының жеке басы туралы Гердер қашанда терең ризалық сезіммен еске алып отырған. «Оның ойлау үшін жаратылғандай ашық, кең маңдайы көңілді ахуал туғызатын, ой-пайымға бай әңгімесін жағымды дауысы жалықпастай әсерлі ететін. Тауып айтуды, қалжың мен әзіл-оспақты ол әрдайым және орнымен, шебер қолданатын, көпшілік күлкіге кенелген кезде өзі сыр бермей сабырлы қалпында қалатын. Оның жұрт алдындағы лекциялары көңілді сұхбат сипатында өтетін». Гердерге ықпал еткен тағы бір ойшыл – Иоганн Георг Гаман (17301788) болды. Канттың жақын танысы болғанымен, Гаман ойлау жүйесі бойынша мүлде оған қарама-қайшы тұлға еді. Дәл және жаратылыстану ғылымдарына мүлде жат, талантты әдебиетші әрі әдебиет білгірі, дінге ден қойған Гаман жас Гердердің ой-санасын Канттан да бетер жаулап алып, жан-дүниесінде терең із қалдырды. Жас шағында рухани келбеті мен ғылыми принциптері бір-біріне қарама-қарсы екі ұстаздың да ықпалына түсуі алғаш рет Гердердің жан-дүниесіндегі қарама-қайшылық ретінде оның ғалым-ағартушылық пен протестантпасторлықты өз бойында біріктірген кезінде көрінді.


8

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

«Адамзат тарихы философиясына идеяларда» қоғамдық даму заңдарының проблемасы негізгі орын алады. Жалпы, мұндай заңдар болады ма? Қоғамда прогреске ұқсайтын әлдебір нәрсе бар ма? Егер адамзат тағдырына сырттай қараумен шектелетін үстірт бақылаушы бұл сұрақтарға жоқ деп жауап беретін болса, тарихпен едәуір тереңірек танысу басқа нәтижелерге жеткізеді: философ қоғаммен табиғатта әрекет ететін заңдарға ұқсас мызғымас тұрақты заңдар бар екенін байқайды. Табиғат, Гердердің пікірінше, төменнен жоғары деңгейлерге қарай үздіксіз даму жағдайында болады; қоғамның тарихы табиғаттың тарихына тікелей жанасып, онымен қосылып кетеді. Бұл пайымдауымен Гердер адамзат тарихы үздіксіз адасулардан тұрады және табиғатпен өткір қарама-қайшылықта болады деген Руссоның теориясын батыл теріске шығарады. Гердер үшін адамзаттың табиғи дамуы нақ тарихта қалай болса, солай болғаны. Қоғамның даму заңдары да, табиғат заңдары секілді, табиғи сипатта болады. Табиғи (нақты) адам күштері – адамзат тарихын қозғаушы серіппе, міне, осылар; тарих адам қабілеттерінің табиғи өнімі болып табылады. Оның қандай болуы жағдайға, жер мен уақытқа тәуелді. Қоғамда тек осы факторлардан туған жәйттер ғана болып жатады. Бұл, Гердер бойынша, тарихтың негізгі заңы. Мұнда ол, қоғамның дамуына телеологиялық көзқарасқа ашық қарсы шығады. Ол түпкі мақсаттар туралы ілімнің табиғат тарихы үшін зиянды қиялдан басқа пайдалы ештеңе әкелмегенін, сондықтан да оны адамзат тарихы үшін қолдануға болмайтынын атап көрсетеді. «Не үшін» деген сұрақтың орнына бірден-бір мүмкін «Не себепті?» деген сұрақты қою керек. Тарихи құбылыстардан өзімізге беймәлім қайдағы бір құпия белгіленген жәйттерді іздестірмей, осы құбылыстарды тудырған себептерді іздестіру керек. Тарихтағы қандай бір оқиға болсын, басқа бір нәрсе үшін емес, сол оқиғаның өзі үшін жасалады. (Әділеттілік үшін айта кетелік, бұл мәселенің бір ғана жағы. Екінші жағы «Идеяларда…» оқтын-оқтын болса да құдайшылдық «тұрғы», «құдірет» т.с.с. туралы еске алынып отырады, мұның өзі тарихқа құдірет ретінде қараудан ақырына дейін арылмағандықты аңғартады). Халықтардың дамуының әр буыны өзіне дейінгі және келесі буынмен байланысты біртұтас тізбекті құрайды десе болады. Әрбір халық өзінің негізін салған халықтардың (ізашарларының) жетістіктерін пайдаланады және өз орнын басушыларға (мұрагерлеріне) негіз дайындайды. Мысалы, Греция Египеттің мұрасына сүйенді де, кейіннен


ГЕРДЕР И. Г.

9

Рим мәдениетінің дамуына серпін берді. Қазіргі адамзат өзіне дейінгі ұрпақтар жасаған күллі игіліктердің мұрагері болып табылады. Гердер қоғам дамуының себептерін ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекетінен көруге әрекеттенді. Сыртқы факторларға ол адамдар тіршілігінің ең кең мағынада түсінілетін барлық шарттарының жиынтығын, климат әрекетін жатқызды. «Идеялардың…» алтыншы кітабы толығымен сыртқы шарттардың адамзат тегіне әсерін талдауға арналған. Адамзаттың биологиялық түр ретіндегі тұтастығын атап көрсете отырып, Гердер оның едәуір дәрежеде географиялық жағдайлармен анықталатын алуандылығын айтады. Солтүстік және оңтүстік елдерді мекендеушілердің сырт келбетін, әдет-ғұрыптарын, дағдыларын т.б. салыстыра келіп, Гердер мұның бәрі табиғаттың әрекет-ықпалынан болғанын атап көрсетті. Еуропа мемлекеттеріндегі мәдениеттің қарқынды дамуының себептерін де Гердер табиғаттың қолайлы факторларынан көрді. Гердер гуманизмінің философиялық негізі адамзаттың ілгерілеуі туралы ілім болды. Қоғам оның өзі адамгершілік деп атаған жоғары жағдайға қарай аяқ басады. «Өзім осыған дейін адам туралы айтқанымның бәрін, – деп жазды Гердер «Идеяларда…», – оның бекзаттығын, парасатын, еркіндігін, биік армандары мен құлшыныстарын, күш-қуаты мен саулығын, Жердегі күштерге үстемдігін мен адамгершілік сөзіне сыйғызған болар едім. Адамгершілік адамның табиғатына тән. Егер адамдар мұндай күйге жетпесе, бұл үшін тек өздерін кінәлауға тиіс; ешкім де оған жоғарыдан көмектеспейді, бірақ олардың қолын да ешкім байлаған жоқ. Олар өздерінің өткен өмірінен, адамзат үйлесім мен жетілгендікке ұмтылатындығы айқын дәлелдейтін өмірінен тағлым алуға тиіс. Халықтардың күллі тарихы – адамгершілікке тезірек жету жолындағы жарыс мектебі. Оны ешқандай деспоттық та, ешқандай дәстүрлер де тоқтата алмайды. Деспотизмге қарсы күш қолдану керек. Осылайша Гердер революцияны қоғамды дамытудың қажетті элементі деп тануға келеді. Гердердің мұндағы ерекшелігі, «революция» ұғымына оның негізгі – «төңкеріс» мағынасы бұл терминнің бастапқы (қазір ұмытылып кеткен дерлік) астрономиялық – секіріс заңды, тізбекті қозғалыс деген мағынасын да береді. Сондықтан революцияның жалпылық сипатын жариялаумен бірге, Гердер оны бірте-бірте болатын үдеріс, жаңа қасиеттердің байқатпай жинақталуы ретінде көрсетуге әрекеттенді. Міне, оған тән алғашқы жазбалардың нұсқасы: «Революцияларды – шетінен тек төңкеріс деп түсінеді… Алайда мыналар да бар: 1.


10

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Күн, жұлдыздар, уақыт революциялары… 2. Бірқалыпты – көктем, жаз секілді жыл революциялары… Табиғаттағы революциялар, солардың арқасында : 1. Күн жүйесі пайда болды (бізге қарапайым болып көрінеді); 2. Жер мен Ай пайда болды (өте көмескі, жай-күйі, Жер қабаттары, Ай, элементтер); Жердегі организмдер (әлі жасанды, әртүрлілік); 4. Адамдар өзара. Саяси революциялар… 1. Революциялар қашанда… 3. Әрқашан байқатпай, ақырын, сонысымен күшті, оларсыз дүние жоқ, адамзат тегі жоқ. Сондықтан мемлекет олардың алдында дірдек қақпай, оларды билеуі керек, оларға modus peristaltikus, ырғақты құбылыс ретінде қарап, алдын-ала болжап білуге және олар кешігіп жатқан жерде олардың дамуын көтермелеуге тиісті»*. Гердердің «Идеялары…» кабинетте отырған ғалымның тартымсыз дайындаулары емес, өзінің күш-қуатын өз халқын жақсы болашаққа жеткізу ісіне жұмсауға дайын философ-көсемсөзшінің шығармасы. Гердер өз кітабын неміс әміршілеріне арнамаған, олар мұның өз ойынша, бұл шығарманы оқи да қоймас, өйткені неміс тілін олар жабайы тіл санайды әрі оны түсінбейді. Гердердің сөзі Адамға, қоғамдағы орнына қарамастан, есімі бас әріппен жазылатын Адамға арналған, Гердер оны адамдардың бостандығы, оқып-өркендеуі, игілігі үшін әрекет етуге, бүкіл адамзатқа қызмет қылуға шақырады. Тақта отырғандардың пайдалы өзгерістер жасауға сирек баратынына көзі жеткен Гердер, сөзін өз замандастарына жолдап, оларды өз тағдырын өз қолына алуға, сөйтіп, әміршілер атқармаған істі жүзеге асыруға шақырады.

И.Г. Гердер АДАМЗАТ ТАРИХЫ ФИЛОСОФИЯСЫНА ИДЕЯЛАР Он бірінші кітап Азияның ұлы тауларының етегінде, оның оңтүстік беткейінде, өзіміз тарихтан білетініміздей, әлемдегі ең ежелгі державалар мен мемлекеттер пайда болды; олардың бұл таулардың солтүстік жағында емес, тек оңтүстік жағында ғана құрылып, орнығуының себептерін бізге әлемнің осы бөлігінің табиғи тарихы айтып береді. Өйткені адам мұқтаждыққа ұшырайды, сондықтан өзінің жердегі тіршілігін күннің *

Herder J.G. Sämtliche Werke. Bd. XIV. Berlin, 1971. – 648 б.


ГЕРДЕР И. Г.

11

жарығы мен жылуы мол, неғұрлым жайлы мекенге көшіруге бейім болады, Күннің қызуы оның жерін жылытып, өсімдік пен ағаштардың нәрлі жемістерін пісіріп береді. Ал Азияның солтүстігінде, таулардың арғы бетінде жердің көпшілігі суық әрі биікте орналасқан және тау сілемдері оларды барлық тұсынан кесіп өтіп, облыстарды қарлы шыңдармен, шөлдермен, далалармен бөліп тастайды; мұнда жерге нәр беретін өзендер азырақ және ең бастысы олар Мұзды мұхитқа барып құяды – оның жалаңаш жағалауы, бұғылар мен ақ аюлардың мекені өзіне тек кейінгі қоныстанушыларды ғана тарта алды. Осы үстірттеу, ойлы-қырлы жерлерде, шатқалдары тік құлама жартастарға толы тауларда, біздің Ескі дүниенің далалы және таулы аудандарында ұзақ уақыт, ал кейбір облыстарында, бәлкім, барлық уақыт бойы тек сарматтар мен скифтер, моңғолдар мен татарлар, жартылай жабайы аңшылар мен көшпенділер өмір сүріп келді. Тіршіліктің жұтаңдығы мен осы жақтың қатаң табиғатының өзі адамдарды варварларға айналдырды; оқшау немесе үнемі көшіп-қонып тіршілік еткен тайпаларда дағдылы бейғам өмір салты орнықты, сөйтіп, өте тұрпайы әдет-ғұрыптардың негізінде, олардың мәңгі ұлттық мінез-құлқы қалыптасты деуге болады. Бұл солтүстік Азияның тайпаларын оңтүстіктегі халықтармен салыстырғанда, қай жағынан болсын, ерекшелеп тұрады. Егер Азияның ортасындағы таулы өлкелер мәңгілік Нұх кемесінің өзіндей, біздің жарты шарымызды мекендейтін жабайы жануарлардың барлық тегі дерлік жиналған тірі хайуанаттар бағы десек, мұндағы адамдар да ұзақ уақыт бойы хайуанаттардың жолдасы, олардың момын бақташысы немесе жабайы үйретушілері ретінде тіршілік етуге мәжбүр болды. Тек, Азияның таулары оңтүстікке қарай едәуір еңіс тартып, жазық беткейлерге ауысқан соң ғана, шұрайлы алаптарды жанжағынан қоршаған тау тізбектері оларды солтүстік-шығыстан соғатын ызғарлы желден де қорғайтын аймақтарда ғана адамдар бірте-бірте өзендердің ағыстарын бойлай отырып, мұхит жағалауына дейін қоныстанды. Осында қалалар бой көтеріп, тұтастай мемлекеттер орнады, ал неғұрлым жайлы климат адамдардың соғұрлым нәзік ой-армандары мен ізгі мақсаттарын оятты. Ал күнкөріске қолайлы табиғат адамдардың бос уақытын көбейтіп, түйсіктерін қозғап, аша бастаған соң, кезінде солтүстіктің мұздары мен жұтаң тіршілігі жібіте алмаған жүректерде әр түрлі құштарлық пен есер-елікпе сезімдер арамшөптей қаулады; адам жан дүниесінің мұндай әуесшілдігін шектейтін әр түрлі Заңдар мен ережелер жинағына қажеттілік туды. Рух ойлап тапты, ал


12

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

жүрек құштарлана соқты: адамның құмарлық сезімдері қатты тайталасты, бірақ ақырында, уақыт өте келе, жұрт өзін тежеп ұстауға үйренді. Алайда ақылдың әлі жасай алмағанын қатал биліктің жасауына тура келетіні бар; енді Азияның оңтүстігінде мемлекеттік тәртіптер мен діндердің алып ғимараттары – мәңгілік дәстүрлер бой көтерді, бұлар – адамзат тарихының бағалы монументтері, ежелгі пирамидалар мен пұтқа табынушылардың шіркеулері секілді біздің көз алдымызда тұр, олардың әрқайсысы өзінің кескін-келбеті арқылы бізге адамның ақылойын қалыптастырудың адамзат үшін қаншалық қымбатқа түскенін білдіреді. <…> Бұл елдердің тарихы туралы жалпы пайымдаулар Біз өз тәртіптерінің ежелгілігімен және беріктігімен даңқы шыққан Азия мемлекеттерінің құрылысын қарастырдық, – адамзат тарихында олар қандай жетістіктерге жете алды? Адамдардың тарихы туралы ойға берілетін философқа олар нені үйретеді? 1. Тарих бастауларды болжайды, мемлекеттердің де, мәдениеттің де бастауы болуға тиіс; бірақ біз жоғарыда қарастырған халықтардың қай-қайсысының да бастауы қандай көмескі десеңізші! Егер менің дауысым сендіре алатын болса, мен оны көтере түсіп, кез келген қарапайым да сезімтал тарих зерттеушісін Азиядағы мәдениеттің, Азияның ең атақты патшалары мен халықтарының бастауларын зерттеуге шақырған болар едім, бірақ мұнда, қалай болған күнде де, гипотезалардан, жеке пікірдің үстемдігінен қашу керек! Азия халықтарының деректері мен ескерткіштерін, олардың ежелгі өнер туындылары мен мифологиясын және олар өздерінің санаулы ғылымдарында әлі күнге дейін пайдаланатын принциптері мен тәсілдерін олардың әрқайсысы қоныстанып отырған жермен, көршілерімен және олардың арасында болуы мүмкін қатынастармен дәлме-дәл салыстыру бұл халықтардың тарихи бастауларының түсіндірмесі бар орамды ашып берері сөзсіз. Сірә, сол кезде, мәдениет тізбегінің алғашқы буыны Селингинскі��е де, грек Бактриясында да тұйықталмаған болып шығар. Дегиннің, Байердің, Гаттерердің және басқалардың ыждағатты тәжірибелері, Байяның, Паудың, Делильдің анағұрлым батыл гипотезалары, азия халықтарының тілдері мен жазуларын жинау және хатқа түсіру жөніндегі пайдалы қызмет – бұлардың бәрі ғимарат құрылысына дейінгі алдын ала жұмыстар, менің сол ғимараттың іргетасының алғашқы берік те орнықты тасы қаланған күнге дейін өмір сүргім келеді. Бәлкім,


ГЕРДЕР И. Г.

13

бұл тастың міндетін бізге табиғаттың көптеген ескерткіштерінен көрініп жүрген Протогея храмының қирандылары атқаратын болар. 2. «Халық өркениеті» – айтылуы қиын сөз тіркесі, бірақ ол туралы ойлау мұнан да қиынырақ, ал ең қиыны – оны іс жүзіне асыру. Әлдебір жатжерлік келіп бүкіл елді ағартуы немесе патшаның өз жарлығымен мәдениет енгізуі, – бұлар үшін көптеген қолайлы жағдайлар туа қалған кезде ғана мүмкін, өйткені халықтың мінез-құлқы мен кескін-келбетін тек тәрбие, ілім, өткінші емес, тұрақты үлгі ғана қалыптастырады. Халықтар сондықтан да ерте бастан мынадай құралға сүйенген: олар өз мемлекетінің құрамына біліммен, тәрбиемен, ағарту ісімен тұрақты айналысатын сословие енгізген, бұл сословиені не барлық өзге топтардың басына, немесе олардың арасына орналастырған. Мейлі, бұл әлі тым дамымаған мәдениеттің сатысы-ақ бола қойсын, бірақ мұндай саты адамзаттың балаң дәуірі үшін соқпай өтпейтін кезең болды, өйткені қажет кезінде осындай адамзат тәрбиешілері табылмаған жағдайда, халық өзінің надандығы мен оралымсыздығының шырмауында мәңгі қалып қойған болар еді. Ендеше, әр халықтың саяси-албырт кезінде, оған өзіндік бір брахмандар, мандариндер, талапойндар, ламалар т.с.с. керек, әрі біз, тіпті, нақ осы адамдардың өздері бүкіл Азияға тамаша, күрделі өнердің дәнін таратқанын көреміз. Халықтың осындай тәрбиешілері болғандықтан да император Яо өз қызметшілері Хи мен Хо екеуіне: «Барыңдар, жұлдыздарды бақылаңдар, Күннің қозғалысын қадағалап, жылды бөліңдер», – деп айта алған. Егер осы Хи мен Хо – екі астрономы жоқ болса, император бекерге бұйрық бермес еді. 3. Ғалымдар мәдениеті мен халық мәдениетінің арасында айырмашылық бар. Ғалым өзі айналысуға міндетті ғылым түрлерін білуге тиісті: мұндай ғылымдарды ол сақтайды және оларды бүкіл халыққа емес, өз сословиесіне жататындарға сеніп тапсыра алады. Біздегі жоғары математика мен басқа да көптеген ғылымдар солай, олар жалпы көпшіліктің қолдануы үшін қызмет етпейді, ендеше халыққа да қызмет етпейді. Ежелгілердің құпия ғылым аталған ғылымдары да солай болды. Мұндай ғылымдар ерекше сословиелердің, абыздардың, брахмандардың еншісінде болды, бұл ғылымдармен тек абыз бен брахман айналысуы тиіс болды, ал мемлекеттегі басқа топтардың адамдарының, әрбір басқа буынның барлығы да өз шаруаларымен айналысты. Мысалы, алгебра әлі күнге дейін құпия ғылым болып келеді, өйткені оның кім-кімнің де зерттеуіне ешқандай тыйым салынбағанымен, бүкіл Еуропада оны түсінетіндер шамалы. Ал біз


14

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

болсақ, қазір ғылыми мәдениет пен халықтық мәдениеттің аясын көп жағдайларда шатастырып алдық, тіпті, соңғысын алғашқысының көлеміне дерлік жеткіздік, ал мұның өзі пайдасыз әрі зиянды екенін айту керек; ежелгі мемлекеттерді құрушылар анағұрлым адамға тән деңгейде ойланған, өйткені ақылдырақ болған. Олар халық мәдениеті ізгі әдет-ғұрып пен пайдалы кәсіптен көрінуге тиіс, себебі халық философия мен діннің көлемді теорияларымен айналысу үшін жаратылмаған, бұл оған пайда әкелмейді деп санады. Брахмандар оқымаған касталарға әлі күнге дейін баяндайтындай мысалдар мен ертегілерді қолдану арқылы оқытудың ескі әдісі де осыдан шыққан; Қытайда кез келген таптың дерлік жалпы түсініктерінің арасындағы айырмашылықтар, үкімет белгілеген және ақылмандықпен ұстанып отырған айырмашылықтар да осыдан шыққан. Демек, егер біз шығыс Азия халықтарының мәдениетін Еуропа мәдениетімен салыстыратын болсақ, онда біздің азиялық халықтың өз мәдениетін неден көріп-танитынын және адамдардың қандай тобы туралы сөз болып отырғанын білуіміз қажет. Егер қандай да бір халық немесе қандай да бір тап ізгі әдет-ғұрыптарымен, кәсіпшілік пен өнерді білуімен ерекшеленсе, егер оның жұмыс істеу және өмірлік игілік үшін қажетті түсініктері мен ізгі қасиеттері жеткілікті болса, онда, тіпті айдың тұтылу себептерін түсіндіре алмаған, ал түсіндіру ретінде аждаһа туралы белгілі хикаяны баяндаған күннің өзінде, оның айтарлықтай білімді болғаны. Бәлкім, кезінде ұстазы оған бұл хикаяны айтқанда, оны Күн мен жұлдыздардың орбиталарына шұқшимасын деген болар. Сондықтан да мен барлық ұлттар мен олардың жеке өкілдері Жер бетінде құдай туралы метафизикалық түсінікті игеру үшін өмір сүретін, мұндай метафизикасыз – ал оның өзінің де әлдебір сөзге сүйеніп қана тұрмағанын кім білсін – халық бірден варварлар мен жетілмеген адамдардың жоққа нанатын тобырына айналатын жағдайды мүлде көзге елестете алмаймын. Егер жапон – ақылды, батыл, шебер, пайдалы адам болса, өзінің Буддасы мен Амидасы туралы не ойлайтынына қарамастан, ол мәдениетті адам саналады. Егер ол сізді ертегі айтып сыйласа, сіз оған басқасын айтып беріңіз, бітті, енді екеуіңіз бір-біріне алашағы-берешегі жоқ жандарсыз. 4. Тіпті, ғылыми мәдениеттің үздіксіз алға қадам басуының өзі де, әсіресе Ежелгі Шығыс патшалықтарындағы түсінік тұрғысынан қарасақ, мемлекетте бәрі де жақсы дегенді білдірмейді. Еуропада барлық ғалымдар көптеген ғасырлар бойындағы еңбектерге құрылған өзара бір ерекше мемлекет болып отыр; бұл мемлекеттің тіршілі-


ГЕРДЕР И. Г.

15

гін Еуропа державалары ортақ қаржымен және өзара қызғанышпен қолдап, ұстап отыр, бұл – жасанды қолдау, өйткені біздің бәріміз ұмтылып жүрген ғылым шыңдары жалпыға бірдей адамзат табиғатына ешқандай пайда әкелмейді. Бүкіл Еуропа – бір оқымысты империя, ол, бір жағынан іштей жарыстың рухының арқасында, ал енді бір жағынан, соңғы ғасырларда, әлемнің әр түрлі бөліктерінен таңдап алынған көмекші құралдарының арқасында, әлдебір жоғары кейіпке ие болды. Бұл тек ғалым адам ғана түсіне алатын және тек мемлекет қайраткері ғана өзі үшін пайда табатын үрдіс еді. Сонымен, бірде білім биігіне ұмтылғаннан кейін, біз бұл беталысымыздан қайта алмаймыз: біз жоғары ғылымның, әмбебап танымның сағымын қуа жөнелеміз, – біз оған ешқашан жете алмаймыз, алайда Еуропада қазіргі мемлекеттік құрылыс барында бұл мақсат біздің алға ұмтылысымызды қолдап, жебеп отырады. Бірақ күштердің мұндай қақтығысын көрмеген мемлекеттердегі жағдай бұдан мүлде басқаша болады. Өз тауларының тасасында дөңгеленіп жатқан тұйық Қытай – барлық жағынан қоршалып оқшауланған, бірыңғай империя, ал оның қаншама әр түрлі халық қоныстанған провинцияларының өзі ежелгі мемлекеттік тәртіпке сәйкес құрылған, олар бір-бірімен бәсекелеспей, толығымен орталыққа бағынады. Жапония – арал, ежелгі Британия секілді кез келген жат елдікті жауындай қарсы алатын мемлекет; толқыны тулаған өзінің мұхитында, жартастардың арасына қамалған бұл мемлекет өзі үшін өмір кешетін әлдебір әлем секілді. Тау жоталары мен жабайы халықтар қоршаған Тибет те осындай; ғасырлар бойы зорлықзомбылықтан, ауыр езгіден ыңыранып жатқан, брахмандар орнатқан мемлекеттік құрылыс та солай. Еуропада тік жартастың өзін тесіп шығып жатқан ғылым ағашының ұрығы мұндай патшалықтарда өсіпөне алар ма еді? Шығыс халықтары өздерін қоршаған саяси тіршіліктің қауіпсіздігін алып қойып жатқан еуропалықтардың қауіпті қолдарынан бұл ағаштың жемісін қабылдап ала қояр ма еді? Жыланның өзіне раушан гүлін әкелгенін көрген ұлудың бірер тырбанып барып, үйшігіне кіріп алған соң, гүлге жиіркене қарап жататыны да, міне, сондықтан. Шығыс ғалымдарының ғылымы өздері өмір сүретін елдерге есептеліп жасалған, тіпті ең келіскіш иезуиттердің өзінен қытайлар тек өздері өмір үшін ең қажетті санағандарын ғана үлгі етіп алды. Жағдайы шарасыз болғанда, сірә, көбірек алар еді, бірақ адамдардың көпшілігі, әсіресе ірі мемлекеттер төзімді әрі тастай берік келеді, ендеше қауіп көз алдына төніп келгенде ғана олар өз жүрісін өзгертеді, сондықтан әдетте бәрі де бұрынғысынша қалып, ешқандай керемет те, құбылыс


16

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

та бола алмайды, бірақ бұл осы халық ғылымға қабілетсіз деген сөз емес. Мұнда тек қозғаушы күштер жоқ, өйткені әрбір жаңа әрекеттің серіппесін ескі дағдының күші барлық салмағымен баса жаныштап, қозғалтпай тастайды. Еуропа өзінің ең дәріптеулі өнер санаттарын игеруге қаншама уақыт жұмсады десеңізші! 5. Мемлекеттің тіршілігін оның өзіне қарап та, басқалармен салыстыру арқылы да бағалауға болады; Еуропа мұның екеуін де қолдануға міндетті, ал азиялық державалар үшін бір ғана әдіс бар. Өйткені бұл елдердің бірде-біреуі дүниенің басқа тұстарына ұмтылып, оларды өзінің ұлылығының тұғыры еткен жоқ, бірде-біреуі атақ-даңқын шектен асырудың уын татуға әрекеттенген жоқ; әр мемлекет өзінде барды пайдаланады, соны қанағат етеді. Қытай, тіпті алтыннан бас тартты, өйткені оған өзінің осалдығын сезді, сөйтіп, өзінің алтын кеніштерін пайдалануға батпады; Қытай сыртқы сауданы да басқа халықтарды құлдыққа салмастан жүргізеді. Мұндай сараң кемеңгер��ік бұл елдердің бәріне де бір даусыз артықшылық берді: оларға өздерінің ішкі ресурстарын көбірек игеріп-өңдеуге тура келеді, олардың тек шамалы көлемінің ғана есесін сыртқы саудадан қайтарады. Ал, біз, еуропалықтар болсақ, керісінше, көпестер мен қарақшылар секілді дүниенің төрт бұрышын түгел кезіп жүрміз, ал өз елімізде қандай байлықты сақтап отырғанымызды ұмытып кетеміз; тіпті Британия аралдарының өзі де Жапониядағыдай немесе Қытайдағыдай тәртіпке келтірілуден әлі аулақ. Сонымен, Еуропадағы мемлекеттік организмдер, бөтен жұрттың барлық дүниесін, жақсысы мен жаманын: татымдысы мен ащысын, шайы мен кофесін, алтыны мен күмісін жұтқан үстіне жұта беретін, ашқарақтана жанталасқан кезінде шектен аса қозып, аласұратын жыртқыштарға айналып отыр; ал шығыс елдері олай емес, олар тек өздерінің ішкі қанайналымына ғана сенеді. Бұл өмір жалқаудың тіршілігіндей баяу, бірақ соның есесіне ол өте ұзаққа созылды, егер ұйықтап жатқан жануарды сыртқы жағдайлар өлтіріп қоймаса, әлі де ұзаққа созыла береді. Бірақ та ежелгі адамдар барлық істің – өз мәдениеті ескерткіштерінің де, мемлекеттік құрылыс ғимараттарының да берік әрі ұзақ өмірлік болуын көздеді емес пе; біз болсақ тым белсенді өмір сүрудеміз, соған қарай, бәлкім, тағдыр жазған кесімді, қысқа ғұмырды да тезірек өткеретін болармыз. 6. Ақырында, адамдардың жердегі күллі шаруасында көп нәрсе жер мен уақытқа, ұлттардың мінез айырмашылықтарына байланысты болады, өйткені ең басты мәселе – ұлттың мінез-құлқы. Егер Шығыс Азия біздің жанымызда орналасқан болса, ол баяғыда-ақ қазіргіден


ГЕРДЕР И. Г.

17

басқа күйде болар еді. Егер Жапония аралда орналаспағанда, ол қазіргі Жапония болмас еді. Ал енді бұл мемлекеттер қазір ғана құрыла бастаса, олар осыдан үш, төрт мың жыл бұрынғы түрінде бола қоймас еді; өйткені өзіміз арқасында өмір сүріп отырған Жер атты алып жануар да дәл сонша жылға қартайды. Тектік рух, халық мінезі – болмысынан ғажап әрі таңданарлық құбылыс. Оны түсіндіре алмайсыз, оны жер бетінен сыпырып тастауға да болмайды: ол ұлттың өзі секілді тым байырғы адамдар өмір сүрген топырақтың өзіндей өте ежелгі. Брахманды оның жерінен айыра алмайсыз, ол осы бір қасиетті табиғатқа нақ оның өзіндей ешкім де еңбек сіңірген жоқ деп ойлайды. Қытай да солай, жапон да солай; өз елінен тыс жерде олар – уақытында отырғызылмаған жүзім шыбығы іспетті. Үнді тақуасы – өз құдайына, қытай – өз императорына еншілеп жүрген қасиеттерді біз бұлардан көре алмаймыз; ал олар болса, рухтың еркіндігі мен белсенділігін, еркектің намысын, әйел сұлулығын бізге қарағанда мүлде басқаша түсінеді. Үнді әйелдері үшін үйде қамалып отыра беру қиынға түспейді; қытай мандаринінің босқа жылтырауы оның өзінен басқаның бәріне көңілсіз қойылым болып көрінеді. Адам болмысына тән алуандылыққа орай қалыптасқан барлық дағдылардың мәнісі, жалпы біздің осы жер шарындағы барлық құбылыстардың мәнісі осылай. Егер біздің адам ұрпағының маңдайына мәңгі-бақи белгісіздік жолымен жетілгендік нүктесіне, адамзат көріпбілмеген және қаншама жанкештілікпен еңбектеніп, азаптанғанымен жете алмайтын нүктеге жақындай беруді тағдыр жазған болса, онда сіздер – қытайлар мен жапондар, сіздер – ламалар мен брахмандар, сіздер бұл саяхатта кеменің едәуір тыныш бұрышында отырсыздар. Сіздерді бұл жеткізбейтін нүкте алаңдатпайды, сіздер бұдан мыңдаған жылдар бұрын қандай болсаңыздар, сол күйде қала бересіздер. 7. Табиғат адам ұрпағына қандай азаптар сыйласа да, өзі салған жараларды жеңілдететін бальзам құюды да ешқашан ұмытпағанын ойлау адамзат тарихын зерттеушілерге жұбаныш әкеледі. Адамзат үшін зор ауыртпалық саналатын азиялық деспотизм оны қолайлы көретін, яғни сол ауыртпалықтардың езуші салмағын онша өткір сезінбейтін ұлттарда ғана бар. Үнділік тағдырға бойсұнып, жазмыш бұйрығын күтуде, сондай сәтте, әбден ашыққан ит оның жанынан бір адым да алыс кетпейді, өйткені үнділік жерге құлап түсісімен оның талықсып жатқан денесі өзіне азық боларын біледі, үнділік тік тұрып өлу үшін тірек іздейді, ал ит оның жүзіне, өлімнің боп-боз жүзіне телміре қарап, төзімділікпен күтеді, бұл – біз мүлде түсінбейтін өз пайдасынан бас тартудың көрінісі, дегенмен, оны қызу құмарлық та ауыстырып отырады. Бірақ өмір сал-


18

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

ты мен климаттың еркінсітіп жіберуімен қатар, өз пайдасынан бас тарту – шығыс елдерінің мемлекеттік құрылысына тән, біз үшін төзуге болмастай көрінетін көптеген кеселдерді жеңілдететін, яғни уға қарсы қолданылатын дәрі. Ал егер біз сол елдерде тұратын болсақ, мұндай азаптарға төзіп отырмас едік, өйткені біз кемсау құрылысты өзгертетін батырлық пен ерлікті өз бойымыздан таба алар едік, өйтпеген жағдайда біздің өзіміз де жұмсақтанып, үнділіктер секілді ұзақ төзіммен барлық азап-сорды көтере берген болар едік. О, ұлы табиғат-ана! Біздің адал ұрпағын қандай ұсақ-түйектермен матап тастағансың! Климаттың, тұқымның, әдеттің әсерінен бас пен мидың пішіні сәл ғана өзгеруі мұң екен, дене мен жүйкенің құрылысында әлдебір елеусіз өзгеріс болғаны сол екен – міне, енді дүниенің тағдыры да өзгеріп барады, міне, адамзат Жерде өзі жасап, өзі тәтпішін тартып жатқан істердің жалпы қорытындысы да басқаша болып барады. <…> Он бесінші кітап Иә, сөйтіп тарихта бәрі де өткінші құбылыс; Тарихтың қасиетті сарайындағы жазу да: Жалған дүние және Күл-топырақ деп жар салады. Біз ата-бабаларымыздың күлін таптап, адам тұрақтары мен патшалықтардың жермен-жексен болған қирандыларын кезіп жүрміз. Египет, Персия, Грекия, Рим бізге соқпастан, елестей өте шықты, олар өз көрлерінен елестей көтеріліп, тарихтан көрінеді. Ал егер мемлекет ғимаратының ғұмыры таусылып бара жатса, кім оған тыныш өлім тілемейді дейсіз? Тірі жандардың ортасында, тірі жандардың жарығы мен үйлерін тартып алып жатқан ескі тәртіптің сағаналарына соқтығысып қалса, кімнің зәресі ұшпайды? Ал енді кейінгі ұрпақ үңгірдегі ежелгі мүрделерді бұзатын болса, бұл орнатқан тәртіп оның мұрагеріне де дәл осындай сағана болып көрінеді де, оны жерге көміп тастайды! Жердегінің бәрінің де өткінші болуының себебі жердің жаратылысынан, жердегі жан-жануарлар тіршілік ететін мекендерден, біздің табиғи болмысымызды ұстап тұрған барлық заңдылықтардан табылады. Адамның денесі – нәзік, жаңарып тұратын қабық, бірақ, енді ол жаңара алмай қалды, ал жердегі рух денеде және денемен бірге ғана жасампаздық атқара алады. Біз өзімізбен-өзіміз тіршілік етеміз деп ойлаймыз, ал, шын мәнінде, біз табиғатта бар нәрсенің бәріне де тәуелдіміз; өзгергіш заттардың тізбегіне шырмалғандықтан біз олардың айналым заңдарына көнуге мәжбүрміз, ал бұл заңдар – өмірге


19

ГЕРДЕР И. Г.

келу, өмірде болу және жоғалу үшеуінен басқа ештеңе де емес. Адам ұрпақтарын нәзік жіп байланыстырып тұр, ол сәтте үзіліп, сәтте қайта жалғанады. Адам қаусаған шал болған, ақылы кемелденген кезде жер құшады, ал оның мұрагері бәрін балаша қайта бастайды, ізашарының жасағандарын талқандап, өз ұрпағына қазір өзі көріп, пайдаланып отырған күндердің мардымсыз еңбек нәтижелерін қалдырады. <…>

І. Адамгершілік – адам болмысының мақсаты, және оған жету үшін Құдай адамзат тағдырын адамдардың өз қолына табыстады Қандай да бір зат, егер ол жансыз құрал болмаса, өз мақсатын өз бойында ұстайды. Егер біз өзіміздің бойымызда жоқ кемелділіктің нүктесіне, – оған ешқашан жете алмасымызды жақсы біле тұра, қаншама күшімізді босқа жұмсап, үнемі солтүстікке бұрылып тұратын магнит секілді, – мәңгі-бақи ұмтыла беру үшін жаратылған болсақ, біз, көзсіз машиналар, өз тағдырымызды ғана жоқтап жыламай, біздің тұқымымызды жаратып, бізді ауыр азап пен сорға душар еткен күшті жоқтап жылаған, оның азап шегуіне тіпті де құдайшылдықпен емес, табалай қараған, сөйтіп, рахаттанған болар едік. Ал егер мұндай тіршілік күшін ақтау үшін, бос әрі мақсатқа жетпеген ұмтылыс бізді, қалай дегенмен, әлдебір ізгілікке итермелегенін және үздіксіз қызметімізді қолдағанын айтар болсақ, соның өзінде, бұл күш бәрібір кемеліне жетпеген, қатал болып шығар еді, өйткені мақсатсыз қызметте жақсы ештеңе де жоқ; сөйтіп, аталмыш күш өзіне лайық емес дәрменсіздік немесе зұлымдық танытып, бізге бос елес, қиял іспеттес мақсат ұсынып, алдар еді. Бірақ, бақытымызға орай, заттардың табиғаты бізді мұндай алдауға үйретпейді; егер адамзатты біз оны өзіміз танып-білген тұрғыдан, ол ұстанатын заңдарға қарап бағаласақ, онда адам үшін адамгершілік рухтан жоғары ештеңе жоқ; өйткені періштелерді немесе құдайларды көзімізге елестеткенде, біз оларды кіршіксіз, биік мұратты, ең жоғары сатыдағы адамдар түрінде көреміз. Біздің табиғи болмысымыз өзінің органикалық құрылымын нақ осы айқын мақсатқа – адамгершілікке жету үшін алғанына біз бұған дейінгі әңгімеде көз жеткізген болатынбыз; бұл үшін бізге неғұрлым сезімтал түйсік пен құмарлық, ой мен еркіндік, нәзік әрі төзімді дене, тіл, өнер мен дін берілген. Адам қандай жағдайда тіршілік етсе де,


20

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

қандай қоғамда өмір сүрсе де, ол қашанда тек адамгершілікті ойлайды, мұны қалай түсінгеніне қарамастан, ол тек адамгершіліктің рухын ғана өңдей алды. Осы мақсат үшін табиғат еркек пен әйелді жаратты, осы мақсат үшін табиғат адамның ғұмырына әр түрлі жас кезеңін белгіледі, балалық шақты ұзақ етіп, адамды бірте-бірте, тәрбие арқылы адамгершілікке үйренетін жасады. Осы мақсат үшін жердің ұлан-байтақ кеңістіктерінде әр түрлі өмір салттары, адамдар қоғамының барлық түрлері белгіленді. Аңшы немесе балықшы болсын, бақташы немесе диқан болсын, бәрібір, қандай жағдайда да адам азық-түлік түрлерін ажыратуды, өзі мен отбасы үшін үй салуды үйренді; ол еркектерге және әйелдерге арналған киім-кешек жасап, онымен денеге сән беруді, үй шаруашылығын жүргізуді үйренді. Ол әр түрлі заңдарды, басқару формаларын ойлап шығарды, бұлар бір ғана мақсатты көздеді: әр адам ерікті, ол ешкімнің жаулығын көрмей, өз күш-қуатын жаттықтырып, неғұрлым жақсы және еркін өмірге қол жеткізуге тиіс. Бұл үшін меншіктің сақталуы қамтамасыз етілді, сөйтіп, еңбек, өнер, сауда, адамдардың өзара қарым-қатынасы жеңілдетілді; қылмыс үшін жазалар белгіленіп, жақсы азаматтарды марапаттау енгізілді, әр сословие үшін, қоғамның, отбасының өмірі үшін, тіпті дін үшін әр түрлі салт-дәстүрлер тағайындалды. Нақ осы мақсаттар үшін соғыстар жүрді, келісімдер жасалды, келе-келе соғысу құқығының бір түрі, халықтардың құқығы белгіленді, бұған қоса, адамдар өз отанынан тыс жерлерде де дұрыс қабылданып, қызметіне қарай бағалануы үшін, қонақжайлылықты қамтамасыз ететін, сауда-саттықты жеңілдететін әр түрлі одақтар қалыптасты. Осылайша, тарихтағы барлық істер адамгершілік үшін жасалды, ал барлық жөнсіздіктер, бұзықтықтар мен жеркенішті істер, – тарихта бұлар да бой көрсеткен, – адамгершілік рухына қарсы жасалған қылмыстар болды. Ендеше, адам өзі жерде орнатқан және белгілегендерден өзге және тек өз бойындағы, қанға сіңген, яғни оның о баста құдай жаратқан табиғи болмысындағы осалдық яки күштілік, арсыздық яки ізгіліктілік қасиеттерден туындайтын мақсаттан өзге ешқандай мақсатты көзіне елестете алмайды. Егер барлық жаратылымдағы кез келген затты біз оның ішкі мәнісіне және оның нәтижесіне қарай танып білетін болсақ, жердегі адамзат ұрпағының мақсатын бізге адамның табиғаты мен тарихы мейлінше айқын көрсетіп береді. <…> Егер халықтар өздері мұра етіп келе жатқан дәстүрлерге адал болғандықтан адасса, егер олар жарты жолда тоқтап қалса, онда – олардың өз адасуларының зардабын тартқаны және сол арқылы өз


ГЕРДЕР И. Г.

21

күнәларын жуғаны. Құдай олардың қол-аяғын байлап қойған жоқ, оларды тек өздерінің болмысы – кім екендігі, қайда және қашан өмір сүргендігі, тіршілік күшінің қалай екендігі матап ұстады. Ал олар қателескен кезде құдай келіп көмектеспеді, бұлар үшін керемет жасай қоймады, ал қателіктің салдары іс жүзінде көрінуге, сөйтіп, адамдар оларды түзетуді үйренуге тиіс болды. Бұл – табиғаттың қарапайым әрі құдайға лайықты заңы, оның ішкі бірлігі мен үйлесімі бар, одан адам баласы үшін туатын салдарлар көп. Егер тағдыр адамзатқа өзінің болмысына тән тіршілік етуді, өзі бола алатын тіршілік иесі болуды жазған жағдайда, оның табиғаты тәуелсіз, қызмет аясы бірде-бір әдеттен тыс керемет кедергі келтіре алмайтын, еркін шығармашылық өрісі болар еді. Өлі материя, түйсік бағыт беретін тірі жәндіктердің барлығы да дүние жаратылған кезде қандай болса, сол күйінде қалды, ал адамды, құдай жердегі құдай етіп жаратып, оның бойына өз бетінше әрекет етудің бастауын салып берді де, бұл бастауды қозғалысқа келтірді, бұл қозғалысты адам табиғатының ішкі және сыртқы қажеттіліктері туғызады. Өзінің ақылын пайдаланбаса, адам өмір сүре алмаған, өз өмірін сақтай алмаған болар еді, ал көп ұзамай, ақылын іске қосқаннан кейін оның алдынан қақпа ашылды, енді ол қателіктің артынан қателік жібере бастады, дұрыс емес әрекеттері де жалғаса берді, бірақ нақ осындай, оның өзінде, тіпті әлгіндей қателіктер мен адасулардың арқасында, оның алдынан тағы бір қақпа – ақылды анағұрлым тиімді пайдаланудың жолы ашылды. Адам өз қателіктерін неғұрлым тезірек аңғарып, оларды батылырақ түзетсе, соғұрлым өзі де алға басады, адамгершілігі де арта түседі, сондықтан ол өзінің ақыл-ойын ақырына дейін дамыта беруге тиіс, өйтпеген жағдайда, өз кінәсінен туған ауыртпалықтың азабын ғасырлар бойы тарта беретін болады. Біз табиғат өз заңын орнату үшін, адам баласын жер бетіне орналастыруға мүмкіндік беретіндей, ұлан-байтақ кеңістікті таңдап алғанын, сөйтіп, адамға тек адам ұрпағына ғана тән бола алатын сан алуан құрылымдар бергенін көреміз. Ол маймылмен қатар негр табиғатын орналастырды, содан бергі адамзаттың бүкіл ақыл-ойын, негрден бастап ең сезімтал адам миына дейінгі ақыл-ойын адамгершіліктің ұлы проблемасын шешуге табиғат мәжбүр етті. Жер бетіндегі бірде-бір халық өмірге қажеттің бәрін де қолдан шығармас еді, өйткені қажеттілік пен түйсік осыған алып келеді, бірақ күнкөрістің неғұрлым қолайлы жағдайлары қалыптасуы үшін, едәуір жұмсақ климатты аймақтарда тұратын мейлінше сезімтал халықтар қалыптастырылды. Ал барлық


22

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

жақсы мен ізгі нәрсе екі ақырғы шектің арасында жататындықтан, ақыл-ой мен адамгершіліктің неғұрлым жетілген түрі де неғұрлым орташа, қоңыржай климатты аймақтардан орын табуы тиіс болды. Мұның өзі де нақ солай болып шығып, жалпыға бірдей сәйкестік заңымен толық үйлесім тапты. <…> «Адамзат қай жерде де өзін неге айналдыруға қабілетті болса соған айналды, өзінен не жасағысы келсе, соны жасады. Егер адамзат барға қанағат етсе, немесе уақыттың ұланғайыр егін жайында жетілу құралдары әлі піспеген болса, онда адамзат ғасырлар бойына бастапқы қалпында қалып, еш нәрсеге айналмаған болар еді. Бірақ, егер адамзат өзіне құдай берген барлық құралдарды, яғни пайымдауды, күшті және оңынан соққан жел әкелгеннің барлығын пайдаланған болса, онда өнер адамдарды жоғары көтерер еді, халықтар батыл әрі табанды түрде жаңа кескін-келбетке ие болар еді. Ал халық құдай берген мұндай құралдардың қадірін білмегендіктен, жалқаулыққа салынды, бұл оның өз бақытсыздығын онша сезінбейтіндігін көрсетті; өйткені әділетсіздікті жан-тәнімен сезіну, егер ол ақыл мен жігерден тыс қалмаса, қашанда құтқарушы күшке айналады. Қатыгез билеушінің орасан күштілігі себепті халықтар оған ұзақ уақыт бойы бағынып келеді деп ойлауға мүлде болмайды; деспоттықтың бірден-бір, ең сенімді тірегі – құлдардың ынжықтығы мен оңай алданғыштығы, олардың нанғыштықтан бұл әдеттерге үйреніп кетуі, ал кейінірек мұның жалқаулық пен көнбістікке айналуы. Өйткені төзу өмірді табандылықпен жетілдіруге қарағанда, әрине, оңай, – міне сондықтан да көптеген халықтар өздеріне құдай берген құқықты, құдай сыйы – ақылды пайдаланбайды. Алайда жер бетінде жүзеге асып болмағанның бәрі де болашақта жүзеге асатынына күмән жоқ; өйткені адамзаттың құқықтары ескірмейді және оның бойына құдай еккен күштер де түп-тамырымен жойылып кетпейді. Бізді гректер мен римдіктердің санаулы ғана ғасырда өз елдерінде қаншама көп нәрсеге қол жеткізгені таңдандырады; ісқимылдарының мақсаты үнемі мейлінше таза бола қоймағанымен, олар, қалай дегенмен, сол мақсатқа жете алатынын дәлелдеп шықты. Гректер мен римдіктер көрсеткен үлгі тарихта нұр шашып тұр, әрі ол кім-кімді де, тағдыр гректер мен римдіктерді сақтағандай сақтайтын, тағдыр гректер мен римдіктерге қарағанда көбірек қолдайтын қандай бір жанды да осындай істерге, тіпті бұлардан да биік ұмтылыстарға жігерлендіреді. Осы тұрғыдан алғанда, халықтардың бүткіл тарихы – адамгершілік пен адамдық қасиеттің ғажап биік мұраты тура-


23

ГЕРДЕР И. Г.

лы өзара айтысатын халықтардың бәсекесі, жарысы. Өздерін даңққа бөлеген ежелгі халықтар аз емес, бірақ олар жеткен мақсаттар онша оңды болмаған; ал енді біздердің неғұрлым таза және ізгі мақсаттарға жетуімізге болмай ма? Олар адам еді, біз де адамбыз, олар өмір сүрді, ал біз әлі өмір сүрудеміз, олар адамгершілік рухын мейлінше жақсы орнықтыруға бейім болды, біз де жағдайымызға, ар-ұжданымызға, борышымызға сәйкес осыған бейімбіз. Кереметті тудырмай-ақ олар жасағанды біз де жасай аламыз, біздің оған құқымыз да бар, ал құдай бізге тек өз күш-қуатымыз, ақыл-ойымыз, ынта-жігеріміз арқылы ғана көмектеседі. Жерді және жердегі барлық ақылсыз жәндіктерді жасап болған соң құдай адамды жаратты, содан кейін оған былай деді: «Менің бейнем бол, жердегі құдай бол! Патшалық құр, билік ет! Өз табиғатың бойынша қолыңнан келетін барлық игілік пен барлық жақсыны жаса; мұнда саған тылсым-керемет көмектеспейді, өйткені мен адам тағдырын адамдардың өз қолына ұстатамын, бірақ саған табиғаттың қасиетті, мәңгілік заңдары көмектесетін болады». <…>

ІІ. Табиғаттың күйретуші күштері уақыт өте келе жасампаз күштерге жол беріп қана қоймай, ақырында өздері де бүтінді құруға қызмет ететін болады Бірінші мысал. Шексіз де түпсіз кеңістікте болашақ дүниелерді құрайтын материалдар әлі қалықтап жүргенде, оларды жаратушыға материяны әр дүниенің құдай берген ішкі күштерімен үйлесімді ретпен жарату туралы ой келді. Өздерінің бөлекше бір жолын таппаған немесе Күн өзінің қуатты өрісіне тартқан нәрсенің бәрі де соған – күллі жаратылыстың орталығы Күнге қарай ағылды. Ал өзіне басқа тартылыс орталығын тапқандар соған тартылып, біртұтас дене құрады, содан бұл дене өзінің алып фокусы мен орталық нүктесінен айнал��п эллипс сыза бастады немесе параболалар мен гиперболалар бойынша ұшып жоғалды да қайтып оралмады. Эфир тазарды, қалқып, құйылып, сапырылысып жатқан хаостан ғаламның үйлесімді жүйесі пайда болды, содан бері, қаншама дәуірлер бойы планеталар мен кометалар Күннің төңірегінде, өз орбитасымен айналып келеді, – бұл табиғат заңының, Ғаламда тіршілік ететін құдай күштері хаосты тәртіпті дүниеге айналдырады дейтін табиғат заңының дұрыстығына мәңгі дәлел. Осы бір қарапайым әрі ұлы заң күштерді есептеп, тепе-теңдікке келтір-


24

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

ген күшінде тұрған кезде біздің Ғаламның ғимараты да мызғымайды, өйткені ол құдайдың қасиет-киесі мен қағида-заңдарына сүйенеді. Екінші мысал. Осы секілді біздің Жер де пішінсіз массадан жасалып, планетаға айналды. Ол жасалып біткенше онда стихиялық күштер тайталасып, шайқасты, бірақ, ақырында, әрқайсысы өзіне лайықты орнын тапты, ал енді сансыз дауылдар мен күйреулерден кейін, бәрі де үйлесімді тәртіпке келген жер шарына қызмет етеді. Жер мен су, от пен ауа, жыл мезгілдері, климат, жел және өзендердің тасуы, қолайлы және қолайсыз ауа-райы – бәрі де Жер пішіні мен массасының біртұтас ұлы заңына бағындырылған, Жердің айналуы мен Күннен алыстауын, бәрін де осы заң үйлестіріп, басқарады. Жер бетін жауып жатқан сансыз вулкандар енді бұрынғыдай от құспайды, мұхит та біздің құрылықты басып қалатын күкіртті тасқындар мен басқа да материалдардан қайнап, кемерінен аспайды. Тағдыр жойылуға жазған миллиондаған тірі жәндіктер құрып кетті, сау қала алғандардың бәрі сақталып қалды, осы сақталғандардың бәрі сан мыңдаған жылдардан бері ұлы үйлесім мен тәртіпте тіршілік етіп келеді. Жабайы және үй хайуандары, шөп қоректілер мен ет қоректілер, құрт-құмырсқа, балықтар, құстар мен адамдар – бәрі де өзара реттелген, ал адамдар арасында еркектер мен әйелдер, туу және өлім, өмірдің шақтары мен ұзақтығы, қуаныш пен қайғы, қажеттілік пен қанағат сезімдері ретке салынған. Осының бәрі де өз бетінше және сипаты күнде өзгеретін әр түрлі түсініксіз жағдайлардың себебінен де емес, жәндіктердің бойына біткен табиға заңдылықтарға, біздің планетамызда сақталып отырған және өмірге келіп жатқан барлық органикалық күштердің ара-қатысының теңдігіне байланысты болады. Табиғаттың бұл заңы, бұл теңдіктер әрекет етіп тұрған кезде, оның нәтижесі де, нақты айтқанда, жаратылыстың жанды және жансыз бөліктері арасындағы тәртіп те сақталады. Жер қойнаулары көрсетіп отырғандай бұл үйлесімділікке жету үшін миллиондар жойылып та біткен. <…> Адамның адасуларының бәрі – шындықты қоршаған тұман, ал адамға тән құмарлықтың бәрі – өзін-өзі білмейтін, бірақ табиғатынан тек жақсыға ұмтылатын күштің қаулап өскен бұтақтары. Теңіздің жойқын дауылдары да – үйлесімді тәртіп дүниесінің тумасы; дауылдар да дүниетәртіпке жібек самал қызмет еткендей қызмет етеді. Біз үшін қуанышты болып шығатын бұл шындықты біржолата айғақтайтын кейбір байқауларды мен енді түсінікті етіп баяндап бере алсам жарар еді.


ГЕРДЕР И. Г.

25

1. Теңіздерде ылғи да бір желдер соғып тұрады, ал дауылдар сирек соғады, адамдар да солай, табиғаттың ізгі заңы бойынша, жасампаздар қиратушыларға қарағанда өмірге әлдеқайда көп келеді. Жануарлар патшалығында құдай бекіткен заңның мәнісі мынада – арыстандар мен жолбарыстардың саны қойлар мен кептерлерден көп болуы мүмкін емес; тарихта да осындай игі қағида бар: Навуходоносорлар мен Камбиздер, Александрлар мен Суллалар, Аттилалар мен Шыңғыс хандар олардан анағұрлым момын қолбасшылар мен бейбіт әрі тыныш монархтардан әлдеқайда аз. Алғаш аталғандар үшін жүгенсіз құмарлық пен жалған болашақ қажет, міне, сондықтан да олар жайлы жарық төгетін жердегі жұлдыздар емес, жарқ-жұрқ етіп өте шығатын аққан жұлдыздар болып табылады. Олар, әдетте, қалыптан тыс тәрбие, сирек болса да ерте қалыптасатын дағдылар, қатаң саяси мұқтаждық жағдайында өсіп шығады, – міне, сонда адам баласының төбесіне «құдайдың қамшысы» үйіріліп, жазалау басталады. Сонымен, егер табиғат біздің қамымыз үшін өз бағытынан қайтпаса, өзі жасап шығарып жатқан сансыз түрлер мен құрамдардың арасында кей-кейде жүгенсіз құмарлықтың құлы болып, дүниені сақтаудың орнына қиратуға ден қоятын адамдарды да ара-тұра туғызып отырса, онда адамдардың да өз үміт-нанымын қасқырлар мен жолбарыстарға сеніп тапсырмауға, қайта сол қасқырлар мен жолбарыстардың өзін адамдық заңдарымен жуасытуға күштері толық жетер еді. Еуропада қазір жабайы бұқалар (тур) өсірілмейді, олар үшін бұрын барлық жерде ну ормандар өсірілетін, кейінірек амфитеатрлары үшін қажет мөлшерде бұл афикалық мақұлықтарды ұстауға Римнің өзінің де шамасы келмей қалды, – елдің мәдениеті көтерілген сайын шөл мен шөлейт те азая береді, шөл жануарлары да сирек кездесетін болады. Адам ұрпағында да солай – мәдениет өскен сайын оның табиғи қайнарларының көзі ашыла түседі, денедегі хайуандық күш әлсірейді, сонымен бірге болашағы жоқ жабайы құмарлық та басылып, семе бастайды, сөйтіп, неғұрлым нәзік адамгершілік өркені бұтақ жаяды. Бірақ, көп ұзамай, адамдардың арасында да әр түрлі, түбінде жақсылыққа апармайтын жосықсыздықтар шығуы мүмкін, ал мұндай құбылыстар балалық дәрменсіздіктің негізінде пайда болатындықтан, – Таяу Шығыстың деспоттық мемлекеттері, қатыгез Рим билігі осының айғағы, – қанқұмар жыртқыштан гөрі еркетотай баланы жуасыту оңай, өйткені табиғат, оның бәрін жеңілдететін тәртібі бізге барлық жөнсіздіктерді түзетудің және барлық жабайылық пен қанағатсыздықты ауыздықтаудың жолдарын да көрсетті. Қазір жер бетінде айдаһарлар тұратын мекендер


26

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

жоқ, алғашқы қауымның дәулері енді оларға қарсы соғыс ашпайды, және адамдарды жеңу үшін енді Геркулестің жойқын күші керек емес. Оған ұқсас батырлар бола қалса, өздерінің қанқұйлы ойындарын Кавказда немесе Африкада жүргізе берсін, өздерінің ойына келген жерде Минотаврды аулай берсін, ал егер олар адамдар қоғамында өмір сүретін болса, онда адамдардың Герионның от құсатын бұқаларымен шайқасу үшін өз күштерін қолдануға құқығы бар екені даусыз. Мұндай батырларға өзін ерікті түрде құрбандыққа ұсынған қоғам азап пен сорға қалады, бұған оның өзі кінәлі: Римге қарсы бірігіп қарсылық көрсетпегені, барлық күшін жинап Римнің тонаушылық жорықтарын тоқтатпағаны, сөйтіп, әлемнің бостандығын қорғап қалмағаны үшін халықтардың өздері кінәлі. 2. Тарихтың барысы, әзәзіл перілердің шынайы адамгершілігінің артуына қарай, адамдар арасындағы бүлдірудің шынында да азайғанын және мұның ақыл-ой мен мемлекетті басқару өнерінің ағарту ісіне қатыстырылған ішкі заңдылықтары бойынша іске асқанын көрсетеді. Адамдардың ақыл-ойы кемелденіп келеді, енді оларға адамды жек көретін шексіз әміршінің айбынынан асқан айбын бар екені, жерді бүліншілікке ұшыратудан оны өңдеудің, қалаларды қиратудан – салудың жақсы әрі, тіпті ауыр екені бала кезінен-ақ анық бола бастайды. Еңбексүйгіш египеттіктер, терең ойлы гректер, саудагерфиникиялықтар қиратушы парсыларға, жаулап алушы римдіктерге, қазына жинаушы карфагендіктерге қарағанда, тарихқа анағұрлым биік, анағұрлым жарқын бейне болып енді, әрі олардың өмірі де тартымдырақ, пайдалырақ болды. Египеттіктер, финикиялықтар, гректер әлі де әлем жадында, жер жүзінде олардың даңқы арта түсуде, олардың жемісті еңбегі өлмейді, ал қырып-жоюшылар өздерінің бүкіл жын-перілік қуатымен бір нәрсеге ғана жете алды – олар жаулап алған патшалықтардың қирандыларында байлық пен кедейлік те бірдей өмір сүрді, ақырында, өздері тартар жазаның улы ішімдігін өздері дайындады. Ассириялықтар, вавилондықтар, парсылар, римдіктер осындай болды; ал гректер зиянкестікті жауларынан гөрі өздерінің ішкі алауыздығынан, Грекияның бірқатар облыстары мен қалаларындағы тым аста-төк өмірден көрді. Тарихтың аталған принциптері – табиғат белгілеген тәртіп болғандықтан, оларды дәлелдейтін жекелеген оқиғалар да, кездейсоқ мысалдар да емес, олар өздеріне-өздері негізделетіндіктен, яғни алдын-ала белгілі жәйттерге: адамдарды құл етуге, болмыстан астам билікке, жеңістің зардаптарына, сән-салтанатты өмірге, тәкаппарлық пен менмендікке, басқаша айтқанда, бұзылған


ГЕРДЕР И. Г.

27

тепе-теңдік заңдарына негізделетіндіктен, бұдан кейін бұл заңдар жердегі істердің барысымен белгілі бірлікте болғандықтан, – табиғаттың бұл заңдарын да адамдардың танып-біліп алатынына, ал танылған заңдардың табиғаттың басқа да барлық заңдары секілді, табиғаттың болмысына тән, көрінбей қоймайтын күшінің бәрін көрсетеріне, оның үстіне, өздерінің мәнісі тереңірек байқалған сайын мұндай күшін көбірек көрсетеріне қалайша күмән келтіруге болады? Математикалық дұрыстыққа, саяси есепке жатқызуға болатынның бәрі, ерте ме, кеш пе, бір бір танып-білінеді, олардың бәрінен де шындық көрінеді, өйткені Евклидтің теоремаларына, көбейту кестесінің дұрыстығына әлі ешкім де ешқашан күмән келтірген емес. Адамдардың қысқа тарихының өзі-ақ кейінгі кезде ағарту ісінің дамуына байланысты, бақытқа орай, адамды жек көруші рухтың әмірімен болатын мағынасыз қиратушы соғыстар едәуір азайғанын көрсетеді. Рим құлап, күйрегелі Еуропада бүкіл құрылысы жаулап алушы соғыстарға сү��енген ондай мемлекет қайтадан пайда болған жоқ; өздерінің жойқын жорықтарын жүзеге асырған ортағасырлық халықтар жабайы әрі мәдениетсіз болды. Бірақ бірте-бірте мәдениетті игеріп, өздерінің меншігіне ықыласы ауған соң, олар өз еріктерінен тыс, өздері де терең байқамаған түрде тамаша әрі тыныш еңбексүйгіштік, егіншілік, ғылым мен сауда-саттық рухын қабылдады. Адамдар ештеңені де жоймастан, өздеріне пайда табуды үйренді, өйткені қиратылып, құртылған нәрсе енді пайда әкелмейтіні түсінікті болды, сөйтіп, уақыт өте келе, – солай болуы табиғи нәрсе секілді, – халықтар арасында бейбітшілік пен тепе-теңдік орнады, жүздеген жылдар бойы тағылықпен жауласудан соң, адамдар әркімнің мақсаты мен тілегіне тек бірлесіп еңбек етумен ғана жетуге болатынын түсінді. Тіпті, жеке бастың пайдасы бірінші кезекке қойылатын сауданың өзі де осы жолға түсті, – табиғаттың тәртібі осылай істеткізді, оған қарсы құмарлықтар да, наным-сенімдер де ештеңе жасай алмады. Саудамен айналысушы ұлттардың қай-қайсысы да ескі нанымнан немесе көре алмаушылықтан жасалған бұрынғы мағынасыз қиратулар үшін әлі де өкініп, жылап-сықтап отыр, болашақта бұдан да көп өкінетін болады. Ақыл-ой кемелденіп келеді, қарақшылардың кемелері көпестердің кемелеріне айналуда, сауда-саттық та өзара әділеттілік пен сыйластыққа, өнер мен кәсіпшілікте үздіксіз жарысуға, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік пен оның тұрақты заңдарына негізделіп келеді. Адамзаттың табиғи заңдарының сылап-сипаушы бальзамының шипасын сезгеннен кейін, тіпті оның адамдардың еркінен тыс, өзінің


28

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

ішкі күші арқылы халықтар арасына таралып, жаңа елдерді бірінен соң бірін қаратып алып жатқанын көргеннен кейін біздің жанымыз ризалық сезіміне бөленбей тұра алмайды. Адамдардың қателіктер жасау қабілетін құдайдың өзі де алып қоя алмады, бірақ адам қателіктерінің табиғатына тән қасиет сол – олар уақыт өте келе, ерте ме, кеш пе, бір ашылады, сөйтіп, пайымды жан олардың болғанына айқын көз жеткізеді. Енді Еуропаның есті патшасының бірде-бірі өз провинцияларын кезінде парсы патшасы немесе, тіпті, римдіктер басқарғандай етіп басқармайды, бұл оның адамдарды өте сүйетіндігінен емес, оның мемлекеттік басқарудың мәнісін дұрысырақ түсінгендігінен, саяси есеп құралдарының ғасырлардан бері неғұрлым анық, қарапайым, дұрыс үрдіске айналғандығынан солай болып отыр. Біздің заманымызда ақылсыз адам ғана пирамида тұрғызады, парасатты әлем мұндай пайдасыз нәрсені салушының қай-қайсысын да ессіз адамға санайды, халықтарды шексіз сүйгендіктен емес, экономикалық пайымдауларға сүйенгендіктен солай санайды. Біз қазір гладиаторлардың ұрысын, жануарларды қатыстыратын шайқастарды мүлде теріс көреміз; адам ұрпағы әр түрлі албырт, есер ермектерге берілді, бірақ ақырында мұндай тағылық ойындардың назар аударуға, еңбек шығындауға тұрмайтындығын түсінді. Сол секілді бізге енді баяғы Римге ұқсап байғұс құлдарды, немесе Спартаға ұқсап илоттарды езіп-жаншуға да тура келмейді, өйткені ерікті азаматтардың мемлекеті, ежелгі мемлекеттер өз құлдарын кемсітіп, қорлап малмен бірдей ету арқылы жеткен, түптеп келгенде аса қымбатқа түскен мақсаттарға, қазір анағұрлым оңай әрі аз шығындар жұмсап жетеді. Енді адамгершілікке жатпайтын біздегі құл саудасына біздің қазір римдік құлдар мен спарталық илоттарға қарағандай өкінішпен қарайтын кезіміз де келеді, бұл адамдарға деген сүйіспеншілік сезіміміздің молдығынан емес, өз пайдамызды ойлаудан туады. Қысқасы, адамның әлсіз, адасуларға бейім табиғатына ақылды қосып бергені үшін біз құдайдың атына алғыс жаудыруға міндеттіміз, – ақыл дегеніміз – Құдайдың Күнінен келіп тұрған мәңгілік жарық нұры, ол түн түнегін түріп тастап, барлық нәрсені өзінің шынайы келбетінде көрсетеді. 3. Өнер мен жаңалық ашудың қарқындап дамуы табиғаттың өзі түптамырымен жоюға күші жетпеген барлық қауіпті шектеу және зиянсыз ету құралдарын адамдардың қолына көбірек ұстата бастады. Теңізде мезгіл-мезгіл дауыл соғып тұрады, заттардың анасы табиғаттың өзі де, адамдардың қамы үшін, оларды жойып жібере алмады; бірақ адамдар дауылдармен күресу үшін табиғат оларға


ГЕРДЕР И. Г.

29

қандай құрал берді екен? Берген құралы – теңізде жүзу өнері. Осы дауылдардың салдарынан адамдар өзінің тамаша өнертабысын – кемені ойлап шығаруға мәжбүр болды, енді кемесіне мінген адам дауылдан қашып құтылып қана қоймайды, ол кемесімен өзіне пайда да тауып, мұхит бетін еркін кезіп кетті. <…> Қаншама адамдардың басын жұтқан соғыс сансыратқан ғасырлар бойы қарақшылардың тұрпайы кәсібі болды. Адамдар өздерінің бүкіл арынын, бүкіл тағылық құмарлығын көрсетіп, ұзақ уақыт соғысты, өйткені бәрі де жеке адамның күшіне, оның айлакерлігіне, зұлымдығына тәуелді еді; адамның жеке басының қасиеттері қаншалықты артық болғанымен соғыс тек тонаушы мен жендеттің қатерлі ерліктерін ғана қорек етті – ертедегі, Орта ғасырлардағы соғыстар, тіпті, бергі кездегі кейбір соғыстар да осыны айғақтайды. Бірақ, халықтардың еркіне қарсы дерлік, осындай қырғыншылық кәсіптен соғыс өнері өсіп шықты: оны жасаушылар мұндай өнердің пайда болуы соғыс жүргізудің негізін де бұзатынын байқамады. Ойлап табылған өнермен жүргізілген ұрыстар көбейген сайын, соғысқа механикалық өнертабыстар көбірек қатысқан сайын, жекелеген адамдарға тән соғысқұмарлықтан да, олардың парасатсыз күш-қуатынан да келер пайда азая түсті. Олардың бәрі енді жансыз қару секілденіп, бір ғана қолбасшының ойларына, санаулы әскербасылардың бұйрықтарына бойсұнып қалды, және, ақырында, соғыс тек мемлекет басшысының құқығына берілген қауіпті әрі қымбатқа түсетін ойынға айналды. Ал ертедегі жауынгер халықтардың үздіксіз дерлік соғысқаны белгілі. Бұған Азияның көптеген халықтары да, тіпті римдіктер мен гректер де мысал бола алады. <…> Азиядағы немесе Еуропадағы мемлекеттік құрылыс өнерге айналған сайын, мемлекеттің өзі де табанын нық тірейді, оның көрші мемлекеттермен өзара байланысы да нақтылана түседі, демек, басқалары беріктігін сақтаса, бұлардың да бірде-бірі қирамайды. Іргетасы тереңнен қаланған ежелгі ғимараттар секілді Қытай мен Жапония да осылайша мызғымай, берік тұр. Грек мемлекеттерінің ежелгі саяси құрылысына да көп өнер жұмсалған, Грекиядағы негізгі мемлекеттер ғасырлар бойы саяси тепе-теңдікке жету үшін күресті. Оларды ортақ қауіптер біріктірді, егер толық бірлікке қол жеткізілгенде, ержүрек грек халқы Филипп пен римдіктердің шабуылдарын да, бір кезде өздері Дарий мен Ксерксті жеңгеніндей, тойтарып тастаған болар еді. Ал Рим басымдыққа көрші халықтардың мемлекеттік өнерінің нашарлығынан жетіп отырды; римдіктер әуелі оларды бөліндірді, содан соң оларға шабуыл жасады, римдіктер оларды бөліп болған соң бағындырып отырды. Мемле-


30

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

кеттік өнері құлдыраған кезде римдіктердің өздері де солардың кебін құшты; Иудея мен Египет те осындай күйге ұшырады. Егер мемлекет жақсы құрылған болса, онда халық та ешқашан, тіпті оны дұшпандары басып алған кез де құрып кетпейді; қаншама кеселді құбылыстары болғанымен, Қытайдың өзі де осыған айғақ бола алады. Егер ішкі тәртіп туралы, ел жүргізетін сауда-саттық туралы, ғылым, кәсіпшілік, құқық тәртібі туралы айтар болсақ, жақсы ойластырылған басқару өнерінің пайдасы мұнан да көп екені анық; біз қандай істі қолға алсақ та, шеберлікпен атқарған сайын пайдасы да молая түсері сөзсіз. Нағыз көпес алдамайды, өйткені алдаумен байып кете алмайсың; нағыз ғалым жалған ғылыммен мақтанбайды, ал заңгер, егер ол құқықтанушы атағына лайықты болса, ешқашан саналы түрде әділетсіздік жасамайды, – өйтпеген жағдайда бұлардың бәрі де өз өнерінің шеберлері емес, шебердің көмекшілері ғана болып шығады. Сонымен, мемлекеттік өнердің басында отырған адам өзінің ақылсыздығы үшін ұялатын, ал шексіз билеушінің рөлі бұрынғысынша және әрқашанғыдай жексұрын ғана болып қалмай, кез келген мемлекеттік парықсыздық бұрыс көбейту кестесін пайдаланатыны, сөйтіп, өздеріне қисапсыз қаржы есептетіп алатыны, соның өзінде барлық басымдығынан айырылып қалатыны құдайдың ашық күніндей анық көрінген сәтте-ақ күлкілі, мағынасыз болып шығатын кезде де келеді. Тарих та осы үшін жазылады, ал қазір айтылған жәйт те онда толық әрі анық көрсетіледі. Үкіметтер алғашында мейлінше қателіктер жіберіп, олардың санынан жаңылатын болғанда, ақырында, барлық былықтардан кейін ғана адамдар өздерінің әл-ауқаты зорлық-зомбылыққа, жүгенсіздікке емес, өзіне тән табиғат заңына – ақыл мен әділеттілікке сүйенетінін түсініп, соған бейімделді. <…>

ІІІ. Адам баласына мәдениеттің бірнеше сатысынан өтіп, әр түрлі өзгерістерді бастан кешіруді тағдыр жазған, бірақ адамдардың баянды әл-ауқаты тек ақыл-ой мен әділеттілікке негізделген Табиғаттың бірінші заңы. Математикалық жаратылыстану зат өзінің тыныш немесе қозғалыстағы күйін сақтауы үшін, өзіндік бір жетілгендік, яғни осы заттың күшіне тән әрекет тәсілінің ең көп немесе ең аз шамасы қажет екенін дәлелдеді. Мысалы, егер біздің Жердің


ГЕРДЕР И. Г.

31

ауырлық центрі оның ең терең нүктесіне орналаспаса, сонымен бірге осы нүктеге жиналатын және одан шығатын барлық күштер үйлесімді тепе-теңдікте болмаса, онда Жердің өзі де тіршілік етпеген болар еді. Демек, табиғаттың осы бір тамаша заңына сәйкес дүниеде бар және өзіне тән физикалық күйге, игілік пен қажеттілікке ие заттың қайқайсысының да оның дүниеде болуын қамтамасыз ететін орнықты ядросы бар. Табиғаттың екінші заңы. Нақ осы секілді, құрамы күрделі және шектеулі заттар мен олардың жүйесінің бүкіл жетілгендігі, әсемдігі осындай ең көп шамаға сүйенетіні дәлелденген. Нақты айтқанда, қандай да бір шамаластық, үйлесімді тепе-теңдік ұқсастықпен және өзгешелікпен, құралдардың қарапайымдығымен және көрінулердің алуандығымен, ең анық және жемісті мақсаттарға аз күш жұмсауымен анықталады; табиғат барлық нәрседе – өз жаратындысына беретін пішінде, олардың қозғалысын белгілейтін заңдарда, өзінің барлық зор және шағын құбылыстарында осындай пропорцияны сақтайды, – ал адамдардың өнері, олардың шамасы жеткенінше, табиғатқа еліктейді. Мұнда әр түрлі ережелер өзара бірін-бірі шектеп отырады, сөйтіп, әлдебір нәрсе бір ережеге сәйкес өседі, басқа ережеге сәйкес азаяды, нәтижеде пайда болған бүтін зат ең жақсы, құнтты да тамаша пішінге келеді, сонымен бірге іштей орнықтылыққа, игілік пен шынайылыққа ие болады. Тамаша заң! Ол табиғаттан бейберекеттік пен негізсіздікті аластайды, сөйтіп, дүниенің әрбір құбылмалы, шектеулі бөлшегінен бізге жоғары сұлулықтың заңы көрінеді. Табиғаттың үшінші заңы. Нақ сол секілді, егер затты немесе жүйені оның өзіне тән қалыпты, игі және әсем күйінен шығарып жіберсе, онда өзінің ішкі күштері оятқан зат немесе жүйе тербеліп яки пішін сыза отырып, бастапқы қалпына қайта келе бастайды, өйткені бұл күйден тысқарыда олар орнықты әрі баянды бола алмайды. Ішкі күштер анық және алуан түрлі болған сайын заттардың, іс жүзінде, өз пішініне тікелей қайта оралу мүмкіндігі азаяды және тербелістер мен шайқалыстар күшейе түседі, ол хал-жай күштердің немесе үйлесімді қозғалыстардың тепе-теңдігіне оралғанша, сол арқылы затқа тән орнықтылыққа жеткенше тоқтаусыз жалғасады. Бүкіл адамзат, сондай-ақ әрбір жеке адам, әрбір қоғам мен әрбір ұлт саналуан жанды күштердің берік, тұрақты табиғи жүйесі болғандықтан, біз енді мұндай жүйенің тұрақтылығы неде екенін, асқан сұлулық, ақиқат пен игілік қай нүктеде тоғысатынын, және бұл жүйе, егер ол ауыстырылған болса, өзінің бастапқы күйіне қандай жол-


32

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

мен жақындайтынын қарастырып көрелік. Тәжірибе мен тарих мұндай ауыстырулардың көп болғанын көрсетеді. *** 1. Адамзатты аса мол күштер мен тума қабілеттерден құралған жоспардың нобайы, алуан-алуан нұсқалар деуге болады, ал табиғатта бәрі де мейлінше анық әрі нақты адамға сүйенеді, адамзаттың ұлы және сан қырлы қабілеттері біздің планетамызда тұратын миллиондаған адамдардың арасында бөлініп берілуі мүмкін, әйтпесе олар мүлде көріне де алмайды. Өмірге келе алатынның бәрі Жерде өмірге келеді, табиғат заңдарына сәйкес тұрақтай алатынның бәрі Жерде орныға алады. Сонымен, әрбір жеке адамның өзінің сырт келбетіне де, ішкі қабілеттеріне де сәйкес мөлшерлі шама-шарқы болады, ол сол үшін де жаратылған, сол үшін де өзін баулып-тәрбиелеуге тиіс. Мұндай шамашарық тым аурушаң және жарымжан, өлі мен тірінің арасындағы адамнан бастап, гректердің құдай-адамының керемет келбетіне дейін, африкалық негр миының құштар қызулығынан бастап асқан кемеңгерлік қабілетке дейінгі адам тіршілігінің барлық түрін, формаларын қамтиды. Сондықтан да әрбір пенде сүрініп және адаса жүріп, арып-ашып, өзін тәрбиелеп, барлық қабілетін жаттықтыру арқылы өз күштерінің тиісті шама-шарқына жетуге ұмтылады, өйткені ол үшін тұрмыстың толықтығы тек осындай шама-шарыққа ие болудан көрінеді; бірақ толымды тұрмысқа кемел, тамаша және таза түрде жету бақыты көп адамға бұйырмайды. 2. Әрбір адам өзімен-өзі тек аса жетілмеген түрде ғана тіршілік ете алатындықтан, әрбір қоғамда өзара мейлінше ықпалдасушы күштер қалыптасады. Осы бір асау, тәртіпке көнбейтін күштер, әрқашан қателеспейтін табиғат заңдарына сәйкес, өздерінің қарама-қайшы ережелері бірін-бірі шектегенше өзара тайталасуын тоқтатпайды, ал тоқтатқан кезде қозғалыс тепе-теңдігі мен үйлесімінің әлдебір түрі пайда болады. Халықтар тұрған жеріне, уақытқа және ішкі мінез-құлқына байланысты өзгеріске ұшырайды; кез келген халықта басқалармен салыстыруға болмайтын, тек оның өзіне тән жетілу шамашарқының белгісі бар. Халықтың жеткен шама-шарық биігі неғұрлым таза әрі жарқын, ал оның рухының кемелденген күштері жаттығатын тақырыптары неғұрлым пайдалы болған сайын, олардың қазыналы ойлары өздерін ізгі мақсаттарға бағыттап, мемлекеттің барлық буындарын байланыстыратын берік және анық дәнекерге айналған сайын


ГЕРДЕР И. Г.

33

халықтың өмірі де баянды бола береді, халықтың адамзат тарихындағы бейнесі де жарқырай түседі. Біз бірқатар халықтардың тарихтағы жолын шолып шықтық, біз олар ұмтылған мақсаттардың уақытқа, тұрған жеріне т.б. жағдайларға байланысты қаншалықты әр түрлі болғанын анықтадық. Қытайлықтар нәзік мораль мен сыпайылықты, үнділер әлдебір өзіндік тазалықты, сабырлы ынта мен төзімділікті, финикиялықтар теңізде жүзу мен сауда-саттық рухын мақсат етті. Гректердің бүкіл мәдениеті, әсіресе афин мәдениеті – өнерде де, әдетғұрыпта да, білім мен саяси құрылыста да сезім сұлулығының ең жоғары шегіне жетуге ұмтылды. Спарталықтар мен римдіктер отаншылдық ерлікке, отанын сүюге күш салды, бірақ әрқайсысы әр түрлі жолмен күш салды. Мұндай жәйттерде басты мәселе уақыт пен мекенге тәуелді болғандықтан ертедегі халықтардың ұлттық атақ-даңқының өзгешелік белгілерін өзара салыстыру мүмкін емес деуге де болады. 3. Соның өзінде де біз бәрін жасап жатқан тек бір ғана бастау – адамның ақыл-ойы екенін көріп отырмыз, ол қашанда көптен – бірыңғайлық, бейберекеттіктен – тәртіп, әр түрлі күштер мен мақсаттардан – өзінің тура әсемдігімен ерекшеленетін шамалас тұтастық жасаумен айналысады. Қытай өзінің бағын безендіретін пішінсіз жасанды жартастардан Египет пирамидасына дейін және гректің сұлулық идеалына дейін – бәрінде де ой салынған, өз жоспарларының әр түрлі сатысын орындағанымен, ойлауын тоқтатпайтын адамның парасатты мақсаттары бар. Егер ақыл терең пайымдап, өзіндік мақсаттың биік нүктесіне жақындаса, одан енді оңға да, солға да бұрылуға болмайды, бұл жасампаздық нәтижелері де үлгілі болып шығады; барлық уақыттардағы адам ақыл-ойының мәңгілік ережелері де солардан көрінеді. Айталық, мысалы, Египет пирамидасынан немесе грек және Рим өнерінің кейбір туындыларынан жоғары тұрған әлдебір дүниені көзге елестету мүмкін емес. Олардың бәрі де адам ақыл-ойының өзіндік бір маңызды проблемаларды түпкілікті шешуін көрсетеді. Сондықтан сол проблеманың өзін қайткенде жақсырақ шешуге болар еді және оны әлі шешілмеген-міс деп қандай да бір болжау жасаудың түкке де қажеті жоқ, өйткені олардың арнайы белгіленген мақсатты толық орындап біткені, неғұрлым оңай, алуан түрлі, тамаша тәсілмен орындап біткені даусыз. Бұдан бұлтару қателесуге соқтырар еді, және, тіпті қатені мың мәрте қайталап, шамасыз көбейткеннің өзінде, бәрібір қол жетіп қойған мақсатқа, өзіндік бір ұлы мақсатқа, ең бір жоғары нүктеде тұрған мақсатқа қайта оралуға тура келер еді.


34

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

4. Сондықтан мәдениеттің бір тізбегі өзінің ирегімен және қашанда бір жағына ауытқи тартатын сызығымен біз қарастырған ұлттардың бәрін, сондай-ақ енді қарастыратынымыздың бәрін біріктіреді. Бұл сызық ұлттардың әрқайсысы үшін қандай шаманың ұлғаятынын, ал қандайының азаятынын көрсетіп тұрады, және ол жететін жоғары нүктелерді, ең биік шаманы белгілейді. Қайсыбір шамалар бірін-бірі жоққа шығарады, енді біразы бірін-бірі шектейді, бірақ, ақырында, тұтастай алғанда белгілі шама-шарық мөлшеріне келеді, сондықтан ұлттың бір бағытта жеткен кемелдігі негізінде оны барлық бағытта соған жетті деген қорытынды жасау мейлінше жалған тұжырым болып шығар еді. Егер, мысалы, Афинада тамаша шешендер болған десек, бұл ондағы басқару формасы да өте жақсы болған дегенді білдірмейді, ал егер бүкіл Қытайға өз моралі сіңірілген болса, бұл Қытай мемлекеті барлық мемлекетке үлгі деген сөз емес. Басқару формасы шешеннің тамаша нақылдарымен немесе көтеріңкі рухтағы сөзімен емес, басқа өлшем биігімен сәйкестендіріледі, дегенмен, ақырында, ұлт игерген нәрсенің бәрі де өзара байланыста болып, бірін-бірі жоқ ететіні немесе шектейтіні де рас. Адамдар арасындағы байланыстың барынша жетілуі – міне, мемлекеттің бағын жандыратын күш осы, басқа ешқандай биік шама-шарық бұған жеткізе алмайды; тіпті, егер халықта кейбір тамаша қасиеттер болмаған жағдайдың өзінде, бұл солай болады. 5. Тіпті бір халықтың өзінде оның еңбегімен жеткен ең биік шама қашанда мәңгілік тұрмайды және қашанда бұлай тұруға тиісті де емес, өйткені ең биік шек – уақыт сызығындағы нүкте ғана. Бұл сызық тоқтамайды, алға тарта береді, ал тамаша нәтиже беретін жағдаят көп болған сайын, ол жойылуға бейімделе, өткінші уақытқа тәуелді бола түседі. Үлгілердің басқа дәуірдегі халықтар үшін заңға айналғаны дұрыс та болған шығар, қазір олай емес, өйткені тікелей мұрагерлер, әдетте, ең биік шама-шарыққа тым тақау келеді әрі, кейде, тіпті өзі жеткен ең жоғары нүктеден асып түсуге әрекеттенемін деп, төмен сырғып түседі. Ал өмір сүріп отырған халықтың нақ өзінің төмен сырғуы бұдан да тез әрі қауіпті – ол қайнау нүктесінен қату нүктесіне бір-ақ жетеді. *** Жекелеген ғылыми пәндердің тарихы, жекелеген халықтардың тарихы мұндай максимумдарды есептеп шығаруы тиіс, сондықтан мен тым болмағанда, ең атақты халықтар туралы және ең белгілі замандар туралы осындай тарих жазылғанын қалар едім, өйткені біз қазір тек


ГЕРДЕР И. Г.

35

тұтастай адамзат тарихы туралы және оның әр түрлі формаларда, әр түрлі климат аймақтарында бастан кешірген негізгі хал-жайы туралы ғана айта аламыз. Адамзат тарихының негізгі жай-күйі – адамгершілік рухы, яғни қоғамдағы таптардың барлығында, адамдар айналысқан барлық істе ақыл-ой мен әділеттілік, иә, тек осылар ғана болуы керек. Сонымен бірге мұндай хал-жайдың негізгі болуы – қайсыбір шексіз билеушінің соны қалауынан да емес, дәстүр күшінің барлық адамдардың көзін соған жеткізуінен де емес, табиғат заңдары солай, адам ұрпағының тіршілігі де сол заңдарға сүйенеді. Тіпті адамзаттың ең кінәратты қауымдасуларының өзі де бізге: «Егер бізде ақыл мен парасаттың қандай да бір сәулесі сақталмаса, біз жарық дүниеден баяғыда-ақ жоғалған болар едік, тіпті біз мүлде жаратылмаған да болар едік», – деп тұрғандай. Адамзат тарихының бүкіл арқауы бастау алатын нүкте – міне осы, сондықтан біздің оған барынша мұқият көңіл бөлгеніміз жөн. Біріншіден. Біз адам жасампаздығында не нәрсені бәрінен жоғары бағалаймыз, олардан нені күтеміз? Парасатты, жоспарлылықты, ниеттілікті бағалаймыз және күтеміз. Егер бұлардың ешқайсысы жоқ болса, адамға тән де ештеңе жоқ, – соқыр күштің әрекеті болып шығады. Тарихтың ұланғайыр кеңістігінде адамның ақыл-ойы қай жерді шарласа да, ол тек өзін ғана іздейді және өзіне ғана ие болады. Өзінің жиһан кезген сапарында таза ақиқат пен адам сүйгіштікті неғұрлым көп кезіктірсе, оның жасампаздық еңбегі де соғұрлым орнықты, пайдалы, тамаша болады, олардың ережелерімен тарихтың барлық кезеңдеріндегі барлық адамдардың ойы мен жүрегі де мейлінше тезірек келіседі. Екіншіден. Әлемнің бүкіл тарихында тағдырдың барлық өзгерістеріне қарамастан, өзі жасаған әрбір істе, өмір бойы парасатты және ізгі күйінен айнымайтын ақкөңіл әрі ақылды адамның түрінен асқан бірде-бір қуанышты көрініс жоқ. Ал енді ұлы әрі ізгі ниетті, бірақ ақыл-ойы адасып жүрген, табиғат заңдарына сәйкес, ол өзінің бұл қателігі үшін тек жазасын тартуды ғана күте алатын адам біздің кеудемізде қандай өкініш тудырады десеңізші! Адамдардың тарихында мұндай бұзылған періштелер өте көп, біз адамның ақыл-ойы құралы қызметін атқаратын тән қабығының бостығына жоқтау айтамыз. Пенде қандай төзімсіз, ол күннен-күнге бүгіле түседі, әдеттен тыс, төтенше жәйттің бәрі оны жолдан тайдырып жібереді! Өзін құрметтегендей болып көрінуі, алыстан бір бақыттың қол бұлғағандай болуы, күтпеген оқиғаның кездесуі, бітті, қаңғыған оттар бір адамды орға, құрдымға алып кетті; енді біреу өзін-өзі түсінуге өресі жептей, зорланудан демі


36

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

құрып, құлап түсті. Ал енді әлдебір бақытсыздыққа тап болған бақытты адамның екі жолдың айырығында тұрғанын көргенде, әлі де болса парасатты, әділетті, бақытты болуға күші жетпей жүргенін оның өзі де сезетінін көргенде, бізді терең аяушылық сезімі билеп алады. <…> О, адамдардың ұлы әкесі! Адамзат ұрпағына осыншама жеңіл, осыншама ауыр тағлым берермісің?! Олар тек парасаттылық пен әділеттілікті оқуы керек; үйренсе болғаны – қадам басқан сайын жарық олардың жанын нұрға бөлейді, жүрегіне ізгілік ереді, өмірі бақытқа кенеледі. Егер мұндай сыйларды пайдаға жарата алса, олардың рухына адал болса, онда негр де өзінің гректен бір кем емес қоғамын құрып алады, ал үңгір адамы – қытайдай құлпырып шыға келеді. Тәжірибе кім-кімді де алға жетелейді, ал ақыл мен әділеттілік әркімнің де ісіне тиянақтылық, әдемілік пен тиісті шама-шарық береді. Ал енді адам өзі үшін өте маңызды өмірдің осы бір жетекшілерін тастап кетсе, оның бақытын кім баянды ете алады, адамгершілікке жатпайтын әрбір әрекетті жазаламай қоймайтын құдай-аналардан оны кім арашалайды? Үшіншіден. Осы айтылғандардан адамзатта ақыл мен адамгершіліктің шамаластығы бұзылысымен оның кері оралатыны көрінеді, шамаластыққа қайтадан жету өте сирек болады, бола қалған күннің өзінде екі шектің арасында жанталасқан шайқалыс тудырады. Бір құмарлық ақылдың орнықтылығын жойып жіберді, екіншісі бар күшімен алғашқыны бас салды, осылайша, қайтадан тыныштық орнағанша, тарихта жылдар, ғасырлар өтіп кетеді. Александр ұланғайыр аумақтағы орнықты жағдайды жоқ қылды, ол өлгеннен кейін де бұл аймақтарда дауылдар соғып тұрды. Рим бір жарым мың жылдан астам уақыт тұтас әлемнің тынышын кетірді, жоғалған орнықтылықты бірте-бірте қалпына келтіру үшін жарты әлемнің тағы халықтарының күші қажет болды. Елдер мен халықтар осылайша астан-кестен болып жатқанда табиғатта қандай бірқалыпты қозғалыс бола қойсын!? Жалпы айтқанда, біздің жеріміздегі мәдениет жолы – ирелең, күрт бұрылысты, жары мен кемері көп жол, ол жайылма өзеннің бірқалыпты, тыныш ағысы емес, орманды тау беткейінен құлаған тасқынды су; мәдениет ағысы жер бетіндегі адам баласының құмарлығын сарқырамаға айналдырады. Адам ұрпағының бүкіл тәртіп жүйесі осындай шайқалыстарға, осындай күрт өзгеріске есептеліп, икемделгені анық. Біз оң және сол жағымызға алма-кезек аударылып, шайқақтай бассақ та, бәрібір алға қарай жүреміз, – халықтар мен бүкіл адамзат мәдениеті де осылай адымдайды. Біздің әрқайсымыз да, орнықты орталыққа жеткенше,


37

ГЕРДЕР И. Г.

екі шектің де әсерін бастан кешіреміз, – маятник осылай шайқалады. Ұрпақтар жаңарады, үздіксіз өзгерістер болып жатады; дәстүрдің жазып кеткеніне қарамастан, бала өзінше жаза бастайды. Аристотель – Платоннан, Эпикур – Зеноннан аулақ болуға тырысты, міне, енді алаңсыз ұрпақтары оларға күнілгері кесіп-пішілген көзқараспен қарамай, әрқайсысының пайдалы жақтарын алып, кәдеге жаратып отыр. Нақ осылайша, біздің денеміздің машинасы да, соқпай қоймайтын, уақыт туғызған қарама-қайшылықтарды жарып өту арқылы, адамзаттың саулығын сақтай отырып оған игілік әкеледі. Бірақ адам ақыл-ойының ағысы қалай бұлталаңдаса да, түзу бағыттан қанша бұлтарса да, қандай бұрыш жасап бұрылса да, ол өз бастауын ақиқаттың мәңгі ағысынан алады, ал бұл ағыстың табиғаты өз жолында құмға сіңіп кетпейтін болып жаратылған. Одан су алған адам өз бойына саулық пен өмірлік күш те алады. Дегенмен, ақыл да, әділеттілік те табиғаттың бір ғана заңына сүйенеді, біздің болмысымыздың тұрақтылығы да содан шығады. Ақыл заттардың өзара байланысын реттеу және оны тұрақты шамаластыққа айналдыру үшін бұл байланысты өлшеп, салыстырып отырады. Әділеттілік – бұдан басқа нәрсе, ол ақыл-ойдың моральдық шамашарқы, біздің бүкіл әлем солардың үйлесімінде тұрған, қарама-қарсы бағытталған күштердің тепе-теңдігі формуласы ретінде көрінеді. Сонымен, біздің Күнді де, барлық күндерді де, адамның ең елеусіз қылығын да – бәрін ылғи да бір ғана заң қамтиды; бүкіл болмыс пен күллі жүйелерді де бір ғана нәрсе – қарым-қатынас сақтайды, олардың күштері де тәртіп пен тыныштықты мезгіл-мезгіл қалпына келтіріп отыратын осы қарым-қатынаста сақталады.

ІV. Ақыл-ой мен әділеттілік өзінің ішкі табиғатының заңдары бойынша уақыт өте келе адамдар арасында анағұрлым кең қанат жаюы, сөйтіп, олардың адамгершілік рухын орнықтыруға көмектесуі тиіс. Адамзат тарихындағы бейберекеттік пен мардымсыз жетістіктер жайында күдіктену мен шағымданудың бәрі қайғыға батқан жиһанкездің жолдың қысқа бөлігін ғана бақылап отырғаны секілді көрінеді. Егер ол айналасына дұрыстап қарап, алысыраққа көз жіберсе, егер ол тарихтан азды-көпті белгілі дәуірлердің өзін ғана сабыр-


38

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

мен салыстырып шықса, бұған қоса адамның болмысын зерделеп, ақыл-ой мен шындықтың не екенін ой таразысына салып қараса, жаратылыстану ғылымындағы ең даусыз ақиқатқа күдіктенбегендей, ізгіліктің ілгерілеген қозғалысына да күдіктенбес еді. Мыңдаған жылдар бойы адамдар Күн мен жұлдыздар қозғалмай, бір орнында тұр деп ойлап келді; енді бізде телескоп секілді тамаша аспап бар, қазір біз Күн де, жұлдыздар да қозғалатынына күдік келтірмейміз. Тарихи кезеңдерді неғұрлым дәл салыстыру да солай – ол бізге қозғалыс шындығының қыр-сыры көп екенін аңғартып қана қоймайды, бейберекеттік болып көрінгенімен, адамның табиғатынан туындайтын ізгіліктің ілгері басқан қадамы жүріп өтетін заңдарды есептеп шығаруға мүмкіндік береді. Мен қазір ежелгі дәуірдің шетінде тұрсам да дүниежүзілік тарихтың ортасында тұрғандаймын, сондықтан алда бізге жол сілтеуші болатын бірқатар жалпы принциптерді ғана белгілеп көрсетемін. Біріншіден. Өздерінің табиғаты талап еткеніндей, уақыт кезеңдері бір тізбекке бірігеді, бірақ адам тіршілігіне тән жәйттер де бір тізбекке бірігеді, бұл уақыт туғызған нәрсе, мұнда оның барлық көріністері мен туындылары бар. Ешқандай жалған тұжырым бізге Жер сан мыңдаған жылдар бойы қартайған жоқ, және жиһанкез-жер өзі пайда болғалы бері өзгерген жоқ деп дәлелдеуге мүмкіндік бермейді. Жер қойнауы бізге Жердің бұрын қалай болғанын көрсетеді, ал айналамызға қарасақ, Жердің біздің кезіміздегі келбетін көреміз. Мұхит қазір баяғыдай бүкіл жер бетінде толқын атып, шулап жатқан жоқ, өз кемеріне келіп тынышталған; барлық бағытта арқырап жатқан өзен-сулар да өз арнасымен ағатын болды, өсімдіктердің де, бүкіл органикалық заттардың да қаншама ұрпағы ауысып, өздеріне ықпалын тигізген қаншама жылдар тізбегін артқа тастады. Жарықтың бірде-бір сәулесі жерде ізін қалдырмай босқа кеткен жоқ – жер жаралғалы солай болып келеді, – ағаштың бірде-бір жапырағы бекерге түскен жоқ, өсімдіктің бірде-бір ұрығын жел босқа ұшырып әкеткен жоқ, бірде-бір жануар өз пайдасын тигізбестен күл болған жоқ, жалпы, қыбырлаған жәндіктің бірде-бір әрекеті ізтүзсіз кеткен емес. Мысалы, өсімдіктер қаулап көтерілген соң шамашарқынша бүкіл жер бетіне тарады, осылайша әрбір жанды нәрсе оған табиғат белгілеген шектің аясында, басқа жәндіктерді ығыстырып берген орында өсіп көбейді, бұған қоса адамның еңбек сүйгіштігі, тіпті, адамның қолымен болған барлық мағынасыз қиратулар да – осының бәрі де Уақыттың қуатты қаруына айналды. Қираған қалалардың


ГЕРДЕР И. Г.

39

орнында алқаптар гүл атты, олардың қирандыларын стихияның күл-топырағы басып, ұмыт болды, жаңа ұрпақтар келіп, өткеннің қалдығының үстіне үй-жайлар тұрғызды. Құдіретті күштің өзі мұны өзгерте алмайды: кейіннен болғаны – кейінгі нәрсе, бізге дейінгі, сан мыңдаған жылдар бұрынғы Жердің келбетін қайта қалпына келтіру енді мүмкін емес, сонымен бірге ол мыңжылдықтардан, олардың салдарларынан ешқайда қашып құтыла алмайсың. Сонымен, уақыттың алға жылжуы өзімен бірге адам баласын да алға жылжытады, өйткені адам да жер мен уақыттың тумасы. Егер қазір осында адамның арғы атасы келіп, өзінің ұрпағын көрсе, қалай таңданар еді десеңізші! Оның денесі жасөспірім жер үшін жаратылды, сондықтан оның тұла бойы, бүкіл өмір салты, бүкіл ойлау жүйесі – бәрі де сол кездегі Жерде, оның барлық стихияларында қалай болуға тиіс болса, солай болады; өткен алты және одан көбірек мыңжылдықта Жерде аз өзгеріс болған жоқ. Қазірдің өзінде Американың кейбір облыстары, Американы ашқан кездегідей емес, ал енді бірер мыңжылдықтан кейін оның тарихын роман секілді оқитын болады. Біз қазір Трояны жаулап алу тарихын осылайша оқимыз және бұл қаланың тұрған жерін іздеп таппақшы болып жүрміз, оның үстіне Ахиллдың мүрдесін, құдай теңдес қаһарманның сүйегін босқа іздеп әуреленеміз. Адамзат тарихы үшін ертедегі адамдардың бойы мен дене пішіні туралы, олардың тамағы мен ішіп-жеу мөлшері туралы, олардың күнделікті айналысатын шаруасы, көңіл көтеру шаралары туралы барлық деректерді жинау, олардың махаббат пен неке жайында, ізгілік және құмарлық жайында, жер бетіндегі дұрыс өмір мен өлгеннен кейінгі өмір жайында не ойлайтыны туралы деректердің бәрін жинап, олардың және оларға қатысты оқиғалардың уақытын, жерін және шынайылық деңгейін анықтау өте бағалы болар еді. Осы бір қысқа уақыт аралығының өзінде біз адам ұрпағының ілгерілеп дамуы мен мәңгі жас табиғаттың тұрақтылығын, жер-ана бастан өткеріп жатқан үздіксіз өзгерістерді байқарымыз анық. Жер-ана адам ұрпағының ғана қамын жемейді, өзі өмірге әкелетіннің бәрін әуелі құрсағында көтеріп, одан соң бауырына алып әлпештеп, ешқайсысын да алаламай бағып қағады, ал егер олардың біреуі өзгерсе, онда басқалары да өзгеруі тиіс. <…> Екіншіден. Адамның тұрағы бізді адамзаттың ілгерілеуші қозғалысымен бұдан да көрнекірек таныстырады. Адамдар бейне бір үңгір адамдары секілді өз үңгірлерінде немесе өздерінің тұрағын жауып алып, әрбір бөтен адамды жауындай


40

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

көріп отырған кездер қайда қалды? Замананың ауысуына үңгір де, төрт қабырға да – ештеңе де қарсы тұра алмады, адамдардың бір-бірімен жақын танысып, араласуына тура келді, өйткені олардың бәрі де адамзаттың бір ұрпағы және олар бір ғана шағын планетада өмір сүреді. Әрине, адамдар әуелде бір-бірімен жаулар секілді танысқаны өкінішті, олардың әуелде бір-біріне қасқырларша тіксіне қарағаны да өкінішті, – бірақ мұның өзі солай болуға да тиіс еді. Әлсіз күштіден тайсақтады, алданған алдаушыдан қашқақтады, ал қуып жіберілген адам өзін қуушы тағы да қуып жібере ме деп қорықты, тәжірибесіз жас кім көрінгеннен жасқақтады. Бірақ мұндай балалық үрей, оны жамандық ретінде қолданғанымен, табиғаттың ағымын өзгерте алмады: бірігу бұғалығы бір ғана тайпаны байлаумен тоқтаған жоқ, бастапқыда аяусыз байлағанымен, мұнысы алғашқы қауым адамдарының дөрекілігіне сәйкес келіп жатты. Ақыл-ойдың дамуы түйінді кесіп тастай алатын еді, бірақ бірлік дәнекерлерін ажырата алмады, енді сол кезден бері ашылған жаңалықтарды жоқ ету де мүмкін емес. <…> Үшіншіден. Адам рухының өткендегі бүкіл қызметі өзінің ішкі табиғаты жөнінен адам ұрпағының адамгершілік рухы мен мәдениетін тереңірек негіздеу және кеңірек тарату құралын іздестіру болды. Суға түсірілген алғашқы сал мен еуропалық кеменің арасын қандай өлшеусіз қашықтық бөліп жатыр десеңізші! Теңізде жүзуге қажетті салды ойлап табушы да, әр түрлі білім мен ұсталық саласындағы өнертапқыштар да өздері ашқан және ойлап тапқанның бәрін жинап біріктіргенде не шығарын ойлаған жоқ, олардың әрқайсысы қажеттілік немесе әуесқойлық жетегінде әрекет етті, тек адамның ойлау табиғатындағы, жаратылыстағы барлық заттың өзара байланыстылықтың арқасында ғана бірде-бір тәжірибе, бірде-бір жаңалық адамзат үшін бекер-босқа кетпеді. Бұған дейін еуропалық кемені көрмеген аралдықтар, оған басқа дүниеден келген ғажайыпты көргендей таңдана қарады, ал тұңғиық теңіз үстіндегі кемені адамдар өз қолымен қалаған жағына бұра алатынын көргенде, олар мұнан да қатты таңданысты. Ал егер олардың бұл таңданысы барлық ұлы мақсаттар мен барлық шағын құралдардың адам өнерінен туған осы бір жүзгіш дүниеге жинақталғанын пайымдауға айналса, онда олардың адам ақыл-ойының мүмкіндіктеріне қайран қалуына мүлде шек болмас еді! Осы бір құралының арқасында еуропалықтар өз қолын қаншама алысқа созып отыр, шіркін! Болашақта олар бұл қолын қайда созбақшы?


ГЕРДЕР И. Г.

41

Адам ұрпағы осы өнерді – теңізде жүзу өнерін ойлап тапты, дәл осы секілді, аздаған жылдар ішінде көптеген өнер түрлерін ойлап шығарды, сөйтіп, өзінің билігін ауа мен суға, аспан мен жерге таратты. Егер біз, рухани күштердің осы тартысына тек аздаған халықтар тартылғанын, ал ескі салт-дәстүрлерін ұстанған халықтардың басым көпшілігі әлі қалғып-мүлгіп отырғанын ойға алсақ, егер біз жаңалықтар мен өнертабыстардың бәрі дерлік тарихтың жаңа кезеңдеріне тиесілі екенін және адамзаттың жас тарихымен қандай да бір байланысы бар ежелгі ғимараттар мен қоғамдардың қалдықтары мен қирандылары, іздері жоқ дерлік екенін ескерсек, адам рухының тарихи дәлелденген осы тынымсыздығы алдағы уақыттарда қандай шексіз мүмкіндіктер ашатынын көзге елестетіп көріңізші! Грекия гүлденіп-көркейген бірер ғасырда, біздің жаңа мәдениетіміз шыққалы бергі аздаған уақытта, әлемнің ең шағын бөлігі – Еуропада, тіпті әлемнің осы шағын бөлігінің өзінің шағын бөлігінде деуге де болады, – қаншама көп жаңалықтар, өнертабыстар ашылып, жасалып, жүйеге келтіріліп, болашаққа қалдырылғанын білемісіз?!. Бейне бір қаулаған егін секілді, жердің барлық тұсынан ғылым мен өнер өсіп шыға бастады, қай жерде де олар бірін-бірі нәрлендіріп, шабыттандырып, жігерлендірумен болды! Саз аспабының бір шегі дыбыс шығарса, басқалары да оған үн қосады, бір дыбыстан кейін оған үйлесе алатын барлық дыбыстар қосылып, әуен аңдар түйсіктен алыс қияндарға қалықтап кетеді, – адам рухы да солай: жан дүниесінде үйлесімді бір әуез туса болғаны, ол ойлап тапқыш, жасампаз, шығармашыл жанға айналады. Ол осы бір үйлесімді ырғақты табысымен, онысынан көптеген жаңа нұсқалар туындайды, өйткені жасампаздықта бәрі де өзара байланыста болады. Алайда маған: «Осы өнердің, жаңалықтар мен өнертабыстардың бәрі қалай қолданылды?»-деген сұрақ қоя алады. Адамдардың іс жүзіндегі ақыл-ойы мен әділеттілігі, шынайы мәдениеті мен нағыз бақыты солардың арқасында гүлденіп, көркейді емес пе? Біздің жалпы жаратылысымыздағы кез келген бейберекеттіктің тағдыры туралы жоғарыда айтылған ойларға жүгінейін: табиғаттың ішкі заңына сәйкес, ретсіз нәрсенің қай-қайсысы да ұзақ тұра алмайды, сондықтан барлық заттар өзінің ішкі болмысына қарай реттілікке ұмтылады. Өткір пышақпен ойнаған сәби өзін жарақаттап алуы мүмкін, бірақ пышақты және оны қайрауды ойлап тапқан өнер өмірге ең қажетті ұсталықтың бірі болып қала береді. Пышақты пайдаланғанда қолын кесіп алғанның бәрі бірдей, – мейлі ол бала, тіпті, сәби болсын, – енді


42

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

бұл өткір құралды дұрыс пайдалануды үйреніп кетпейді. Егер қатыгез әмірші билікті өз қолына жасанды түрде жинап алса, егер халық шетелдік сән мен байлыққа үйір болып, заң мен тәртіпті білмесе, онда билік те, байлық та өлімге ұшырататын қарумен бірдей болып шығады; өзіне-өзі зиян келтіру алайда ерте ме, кеш пе ақылды болуға үйретеді, ал өмірге шексіз билеуді де, сән-салтанатты да әкелген өнер, бұлардың екеуін де өз шегінде қалуға мәжбүр етеді, содан кейін оларды шынайы игілікке айналдырады. Қандай да бі�� дөрекі түрен ұзақ пайдаланудан өткірленеді, ал жаңа, бір-біріне әлі үйлеспеген доңғалақтар да, тіпті тұтастай беріліс механизмдері де жұмыс барысында ғана бір-біріне қиюласып, оңтайлы, үйлесімді қимылдайтын болады. Адам күштері де солай, – олар да бастапқыда жамандықтарға барғанымен, әр түрлі артық кетулер жасағанымен, уақыт өте келе, қолданылу мөлшеріне қарай, жақсылыққа айнала алады: шектен шығып кетулер, екі шектің арасындағы шайқалулар, ақырында, тамаша орта тұсқа, қозғалыстың дұрыстығына, ұзақ уақыт орнықты, тұрақты жағдайға алып келеді. Бірақ адамдар патшалығында бәрі де адамдардың өз қолымен жасалуға тиісті: біздің ұзақ уақыт төзуімізге тура келген жәйтке өзіміз кінәліміз, бірақ ақырында өз күшімізді дұрыс пайдалануды өзіміз үйренеміз, сөйтіп, бұған құдай құдіретінің араласуы керек болмайды. Сондықтан біз адам ақыл-ойының қандай да бір ізгі қызметі міндетті түрде адамгершілік рухына өріс ашатынына да, оны дамытуға көмектесетініне де күмән келтірмеуге тиіспіз. Егіншілікпен айналысқаннан кейін адамдар бірін-бірі жеуді, емен жаңғақтарымен азықтануды қойды; адам Церераның тәтті тартулары оның бауырларының денесі мен емен жаңғақтарына қарағанда тойымды, сіңімді әрі адамгершілікті екенін байқады, сол кезде неғұрлым ақылды адамдар өз заңдарын белгіледі, адам оларды орындауға мәжбүр болды. Үй салып, қала орнатуды бастаған адамдар енді үңгірде тұруды қойды, адам жатақханасының заңдары бойынша, бейшара жат елдікті өлтіруге тыйым салды. Сауда-саттық адамдарды жақындастырды, адамдар сауданың артықшылықтарын игерген сайын бұл істегі кісі өлтіру, арамдық, алдау сияқты теріс қылықтар азая түсті. Пайдалы өнер түрлері көбейді, меншікке қол сұғылмауы қамтамасыз етілді, адамдардың еңбегі жеңілдеді, еңбек жемістері жер бетіне таратылды, соның нәтижесінде мәдениет үшін, адамгершілік рухы үшін негіз қаланды. Кітап басу ойлап табылғанда қаншама еңбек шығыны қажет болмай қалды десеңізші! Оның адамдар арасындағы ақыл-


ГЕРДЕР И. Г.

43

ой, ғылым, өнер айналымын қалай жылдамдатқанын айтсаңызшы! Қытай императоры Сян-Ти мықты болса, енді Еуропаның барлық кітаптарын жойып көрсін – мұны істеу мүлде қолдан келмес шаруа. Егер финикиялықтар мен карфагендіктер, гректер мен римдіктер кітап басу өнерін білген болса, бұл жерлерді тонаушылар олардың жазба ескерткіштерін толық жойып жібере алмаған болар еді; бұл, сірә, мүмкін де емес. Тағы халықтар Еуропаға енді лап қойып көрсін – олар біздің әскери өнерімізді игере алар деймісіз, жаңа Аттила енді Қара және Каспий теңіздерінен Каталаун даласына дейін еркін басып өте алмайды. Күллі поптар мен әйелқұмарлар, қиялшылдар мен жүгенсіз билеушілер қоса көтерілсе де, олар енді орта ғасырдың түнегін оралта алмайды. Ендеше адам мен құдайдың өнерінен келетін ең үлкен пайда – оның бізге жарық пен тәртіп бергені, ол аз десеңіз – өзінің ішкі табиғаты бойынша сол жарық пен тәртіпті сақтап, дүниеге таратып отырғаны үшін, жаратушыға бар алғысымызды жолдаймыз, ол ақылойды – адамның мәнісі, ал өнерді – ақыл-ойдың мәнісі етті. Ақылой мен мәдениет – нығайып келе жатқан әлемдік тәртіптің құпиясы да, құралы да, міне осылар. Кейде тамаша шығарылған теория, тіпті мораль теориясының өзі, ұзақ уақыт бойы тек теория ғана болып қалатыны да бізді алаңдатпауы тиіс. Сәби ересек адам ғана пайдалана алатындай көп нәрсені оқи береді, бірақ ол мұны босқа оқиды деуге болмайды. Оқығанын ұмытып қалатын жасөспірімді пайымды әрекет жасады дей алмайсыз, өйткені оның енді оқығанын еске түсіру үшін қиналуына немесе қайтадан оқуына тура келеді. Адам ұрпағы үздіксіз жаңарып келеді, сондықтан шындықты сақтау да, оны қайтадан ашу да бос әрекет бола алмайды, біз кей нәрсені ұмыт қалдырамыз, кейінірек нақ соны қажет етеміз, ал әлемдегі заттардың таусылмастығы жағдайында, ерте ме кеш пе, бәрі де бір болады, бұл қалай дегенмен де адамдардың ақылға сыйымды әр түрлі күш жұмсауын талап етеді. Әлемнің жаратылуы туралы айтқанда, біз әуелі бейберекеттікті, содан кейін бұл бейберекеттікті реттеген кемеңгерлікті, ал содан соң жаратылыстан туған жақсы нәрсені, үйлесімді игілікті еске аламыз, – адам ұрпағы да солай: әуелі табиғи тәртіп онда ең қарапайым күштерді дамытады, содан соң оларды ретсіздіктің өзі ақылдылық жолына бастап апаруға тиіс, ал ақыл-ой өзінің туындыларын жаратуының шама-шарқына қарай, бәрінің де қаншалықты жақсы екенін, оның жаратқанына тек игілік қана беріктік, кемелділік пен әсемдік бере алатынын пайымдайтын болады.


44

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

V. Адамның тағдыр-талайын ізгілікті, парасатты бастау билейді, сондықтан ақыл-ойдың игі істерін жүзеге асыруға көмектесуден асқан тамаша қасиет те, баянды және кіршіксіз бақыт та жоқ. Тарихты пайымдаушы онда өз құдайын жоғалтып алса, содан кейін Құдіреттің өзі де шындығында, бар екендігіне күдіктене бастаса, бұл бақытсыздыққа тек тарихқа тым жазықтан қарағандықтан, ал Құдірет жайында тиісті түсінігі жоқтықтан ғана тап болды деп білу керек. Ол Құдірет дегеніміз – елес деп ойлайды, бұл елес оған аттап аяқ басқан сайын кездесуге, адамдардың ісіне үздіксіз араласып, одан әр жолы қиялынан немесе қыңырлығынан туған жеке әрі мардымсыз мақсаттарына жетуді көздеуге тиіс деп ойлайды; егер бұл осылай болса, бүкіл тарих мұндай Құдіреттің моласы ғана болып шығады, бірақ онда оның өлімі ақиқат үшін пайдалы болады. Ал енді, тыным таппайтын елес секілді, жер-дүниені кезіп жүретін, егер әркім-ақ онымен одақтасып, өзінің шектеулі мақсаттарына жете алатын, егер әр түрлі ұсақ-түйек шаруаны оның атын жамылып істей беретін болса, ал бүтін нәрсе иесіз қалса, мұның өзі қандай Құдірет? Мен тарихтан іздейтін құдай да, әрине, табиғат құдайының нақ өзі; адам да бүтіннің шағын бөлігін ғана құрайды, ал адамның тарихы болса, өз торында тіршілік ететін өрмекшінің тарихы сияқты, өзі тұратын үймен тығыз байланысты. Табиғаттың белгілі заңдары тарихта да нақ солай әрекет етпей тұра алмайды – олар заттардың өзінің мәнісіне жатады, құдай да оларды сақтайды, оның үстіне өзі негізін салған осы заңдарда құдай адамға оның бүкіл ұлылығын, бүкіл ақыл-ойын, ізгілігін, тұрақтылығын – сұлулығын ашып көрсетеді. Жерде жасалатынның, жасалмай қоймайтынның бәрі – ережелер бойынша жетіліп, кемеліне келу өздерінің бойына берілгеннің бәрі осы заңдарда көрсетіледі. Бұл ережелерді қайтадан еске алайық; біз оларды баяндағанбыз, бірақ енді олар адамзат тарихына қатысты болып отыр. Оларда парасатты ізгіліктің, сұлулықтың, ішкі қажеттіліктің белгісі бар. 1. Жердегі жандана алатынның бәріне жан бітті; әр түрлі органикалық құрылымдардың өз ішінде бірін-бірі шектейтін және осы шектеулерден мейлінше беріктік пен орнықтылық табатын алуан түрлі күштердің қосындылары бар. Керісінше болған жағдайда бұл күштердің одағы ыдырайды да, олар басқа қосындыларға айналады. 2. Жердің бүкіл осынау құрылымдарының арасынан ең соңғы туынды – Адам бой көтерді. Адамның бойына сансыз күштер жинақталып,


ГЕРДЕР И. Г.

45

ең бір жоғарғы шекке – түсінуге ие болды, ал бұл күштер орналасқан дененің материясы реттілік заңына сәйкес ауырлық центріне және ең тамаша симметрияға ие болды. Адамның мінезіне оның баянды тіршілік етуінің негізі де, бақытының негізі де, бейім-қабілетінің белгісі де, Жердегі адамзаттың бүкіл тағдыры да сыйдырылған. 3. Ақыл-ой – адамның ерекше сипаты, міне, осы, ал ақыл оның жасампаздық істе құдайдың айтқанына құлақ асатынын білдіреді, басқаша айтқанда, ол бүтіннің ережесін іздейді, өйткені барлық заттар соған, бүтіннің өзара байланысына, өзінің ішкі мәнісіне бағынады. Сонымен, адамның болмысына терең орныққан заң – шындық пен тіршілікті, бүкіл жаратылыстың байланыстары мен қасиеттеріндегі өзара тәуелділікті тану. Адам – құдайдың бейнесі, өйткені ол табиғат заңдарын, осы заңдарға берілген және оларды біртұтас етіп тұрған жаратушының ойын іздестіріп, зерттейді. Құдай зорлық-зомбылық туралы ойлады, бірақ оны басқарған да, жүргізген де жоқ, адам да солай – ол ақылмен ойлайды, сондықтан өзім білермендікке салынбайды. 4. Бәрі де тіршіліктің ең әрі тікелей қажеттіліктерінен басталған: адам табиғат заңдарын танумен бірге оларды тексеріп көре бастады. Мұнда ол бір ғана мақсатты, өзіне қолайлы болуын, яғни өзінің барлық күштерін алаңсыз әрі шама-шарқымен пайдалануды көздеді. Адам басқа тіршілік иелерімен қарым-қатынас жасауға кірісті, бұл қарымқатынастың өлшемі адамның өзінің тіршілік етуі болды. Сөйтіп, адам әділеттілікті игерді, өйткені бұл ереже – ақыл-ойдың нақ іс-жүзіндегі көрінісі еді, бір-біріне ұқсас барлық жан-жануардың бірге тіршілік етуін белгілейтін әрекет пен қарсы әрекеттің өлшемі еді. 5. Адам табиғаты негізделген бастау, міне, осы, ендеше бірде-бір жан жер бетінде басқа біреу үшін немесе өз ұрпағы үшін тіршілік етіп жүрмін деп ойлауға тиісті емес. Тіпті, адамзат қауымының ең төменгі, нашар тобына жататын адамның өзі де, егер өзіне берілген ақыл мен әділеттілік заңын ұстанатын болса, оның тіршілігі де іштей орнықты, баянды болмақ, ол сау-саламат, ұзақ өмір сүреді, өйткені ол – ақылды, әділетті, бақытты. Бұл басқа біреудің, тіпті жаратушының өзінің де қалағандығынан солай болып отырған жоқ, жалпыға бірде��, өзіндік мәні бар табиғи реттілік заңдары солай. Ал егер адам әділеттілік заңдарын аттап кететін болса, осы адасуының өзі оның жазасы болып шығады, бұл, ақырында оны тобасына келтіріп, адамзаттың баянды, бақытты тіршілік ету заңдарына оралуға мәжбүр етеді. 6. Адам табиғатының қыр-сыры өте көп болғандықтан, оның шындыққа төте жолмен келетін кезі де өте сирек, ол әуелі екі шектің


46

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

арасында ауытқып жүреді, содан кейін өзінің тіршілігіне көнген секілді болып, төзуге болатын орта тұсты табады да, өзі сау-саламат, сәтті өмір сүретін биікке жеттім деп ойлайды. Егер ол бұл орайда қателессе, онда мұны өзі ғана біліп, өз кінәсін өзі өтейді. Бірақ оны аздап қана өтейді, өйткені не тағдырдың өзі бәрін дұрыстап жібереді, демек, адамның өзінің жағдайды түзетуге мәжбүр болуының әсері тиеді, немесе басқаша салдары болып, адамның тіршілік етуінің ішкі тірегі жойылады. Ұлы кемеңгерлік тән жарасы мен моральдық азап шегулерден көп пайда таба алмаған, бірақ оған мол пайданы ұсына да алмайсыз. 7. Егер Жерге бір ғана адам аяқ басқан болса, соның өзінде Жерде адамның өмір сүруі көзделген мақсат орындалды дей беріңіз, – кейде бір адам немесе бір тайпа адамзаттың жалпы тізбегінен бөлектеніп, жеке тұратын болса, мұны да осылай деп санауға тура келеді. Бірақ жерде бәрі де тез жалғасып, тұқым шашып көбейетін болғандықтан, жер өзі орныққан жағдайдан шықпай тұрғанда, адам ұрпағы да жанды нәрселердің барлығы секілді, бүтінмен шамаластыққа және өзара байланысқа келтірілген тұқымды жалғастыру күшіне ие. Адамның тірлік-болмысының өзі – ақыл-ой және ақылдың жанды құралы – дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, жалғаса берді. Бірте-бірте халықтар Жерге қоныстанып бітті, сөйтіп, адам тарихтың қайсыбір кезеңдерінде қандай және кім болған болса, солай және сол болған дәрежесіне жетті. 8. Адам ұрпағының сабақтастығы мен дәстүр жалғастығы – адам ақыл-ойының тұтастығын тудырған үрдістер, міне, осылар. Бұл әрбір жеке адамға бүтіннің бөлшегі ғана берілгендіктен емес, жеке тұлғаның бойында бүтін толығымен бола алмайды, демек, жаратушы да оны мақсат етпеген, адам ұрпағына берілген мүмкіндіктер де, тұтастай алғанда, солай болған, адамзаттың ешбір тұста үзілмейтін тізбегі де солай қалыптасқан. Адамдар да жануарлар сияқты өсіп өнеді, бірақ жануарлар ұрпақтары олардың жалпысына ортақ қандай да бір жануарлық түсінік туғызбайды. Алайда, адам ұрпағының тұрақты жай күйін тек ақыл-ой ғана белгілейді, сондықтан адамның негізгі өзгешелігі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа берілмей қоймайды; ақыл-ой болмаса, адам ұрпағы да болмас еді. 9. Тұтастай алғанда, ақыл-ойдың тағдыры да жеке адамдардың ақыл-ойы секілді, өйткені бүтін ылғи да жеке буындардан тұрады. Адамдар бірігіп әрекет еткендіктен анағұрлым асау, жүгенсіз болып кететін жабайы құмарлықтар ақыл-ойға кедергі жасады, ғасырлар бойы ақыл-ой өз жолынан шетте ілбіп келе жатты, ол ғасырлар бойы өшкен


ГЕРДЕР И. Г.

47

оттың шоғындай жылт-жылт етіп, қалғып-мүлгіп жатты. Мұндай тәртіп бұзушылықтар мен бейберекеттіктерге қарсы Құдірет бір ғана құралмен күресті – әр қателік жазаланып отырды, сөйтіп, жалқаулық, ақымақтық, қастық, жөнсіздік пен әділетсіздік өздерін-өздері жазалады. Ол замандарда адамдар мұндай қателіктерді жеке-дара жасамай, көпшілік болып жасағандықтан, ата-аналарының айыбын балаларының өтеуіне, көсемдерінің жөнсіздігі үшін халықтардың жауап беруіне, ата-бабаларының жалқаулығы үшін ұрпақтарының есептесуіне тура келді; жамандықты түзете алмаған, кейде бұған құлқы да болмаған адамдар ғасырлар бойы мұның азабын тартты. 10. Міне, сондықтан да әрбір жеке буын үшін ең жақсысы – бүтіннің саулығы мен сәттілігі, өйткені кімде-кім бүтіннің ақаулығынан зардап шексе, ол бұл ақаулардан сақтануға құқылы, тіпті оларды өзінің тумаластары үшін түзетуге міндетті. Табиғат билеушілерге де мемлекеттерге де емес, адамдардың сау-саламаттығына үміт артқан. Мемлекеттер мен олардың билеушілері өздері жасаған барлық жөнсіздіктері мен жауыздықтары үшін жуық арада жауап бере қоймайды, өйткені мұнда барлық бүтінге есептеледі, ал әрбір жеке адам өзінің кедейлігі салдарынан ұзақ уақыт еңсесін көтере алмайды; бірақ, ақырында, мемлекеттің де, патшаның да өз кінәсін өтеуіне тура келеді, сондықтан олардың өздерінің айбынды биігінен құлауы да қауіптірек бола түседі. Мұның бәрінде орнын толтыру заңдары да қозғалыс заңдары сияқты әрекет етеді, егер ең шағын физикалық дененің өзіне серпін берсе, – Еуропадағы ең ұлы корольдың өзі адамзат тарихының табиғи заңдарының алдында, өзінің қол астындағылардың ең кішкентайы секілді, бас ұратын болады. Жағдай мемлекет басшысын тек табиғаттың осы заңдарын парасатты түрде сақтауға ғана міндеттейді; ол тек адамдардың арқасында ғана қуатты болып отыр, сондықтан ол осы адамдар үшін парасатты әрі ізгілікті адам-құдай болуға тиісті. 11. Міне, енді дүниежүзілік тарих, бақылаусыз әрі қараусыз қалған қайсыбір адамдардың өмірінде болатындай, ақырында «қалта түбін қағып», адам баласының барлық ақылсыздықтарын, ақаулы кеселдерін шығарып тауысты; мұқтаждық мәжбүр еткен адам бірте-бірте ақыл-ой мен әділеттілікті меңгере бастады, мүмкін болғанның бәрі де іс жүзіне асып, өмірге келе алатынның бәрі де жарық дүниені көрді. Табиғаттың бұл заңы ештеңеге де кедергі болмайды, тіпті ең жүгенсіз күштің өзін де тоқтатпайды, бірақ ол барлық нәрсеге шек қояды – әр түрлі әрекеттің барлығы кері әрекетпен ысырып тасталады, қарсы әрекетпен жойы-


48

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

лады, пайдалысы мен ізгіліктісі ғана қалады. Бір жамандық екіншісін құртады, ол не жалпы тәртіпке көнуге, немесе өзін-өзі құртуға тиіс. Ақылды әрі ізгілікті адам құдай патшалығының қай жерінде де бақытты болады, өйткені ақыл сырттан марапат талап етпейді, рухани ізгілік те оны талап етпейді. Егер ақыл мен ізгіліктің еңбегі зая кетсе, бұдан тек заман зиян шегеді; бірақ жөнсіздік те, адамдардың қырқысуы да игі бастаманың жолын үнемі бөгеп тастай алмайды, бұл бастама өзінің уақыты келгенде бәрібір жүзеге асады. 12. Сонымен қатар адамның ақыл-ойы, тұтастай алғанда, жеткен жерінде тоқтамайды, өз жолымен алға тарта береді, ақыл көп нәрсені ойлап табады, бірақ бәрін бірден қолдана алмайды; ақыл көп жаңалық ашады, ал арам ниетті адамдар оның жаңалықтарын ұзақ уақыт бұзық мақсатқа пайдаланады. Бірақ ізгі ниетті бұзу өзін-өзі жазалайды, ал тәртіпсіздік уақыт өте келе тәртіпке айналады, өйткені ақылдылық арта түседі, ақыл-ойдың ынтасы да шаршап-шалдығуды білмейді. Ақыл-ой құмарлық атаулымен күреседі, сөйтіп, өзі де нығайып тазара береді; бір жерде ақыл-ойды ығыстырады, бірақ ол басқа жол табады, сөйтіп, жер бетіне өзінің билігін таратады. Қазір адамдар тұратын жердің бәрінде, кейінірек ақылды, бақытты әрі әділетті адамдар өмір сүреді деп сену – бос қиял емес: адамдар бұл бақытқа өздерінің ақыл-ойының арқасында ғана емес, адамзаттың ақылдығының – адамдардың бүкіл бауырлас тайпасының ақыл-парасатының арқасында жетеді. Тәржімалаған Исламғали Бейсебай


49

ГИЗО, ФРАНСУА ПЬЕР ГИЙОМ (1787–1874 жж.) Франсуа Пьер Гийом Гизо – француз тарихшысы және мемлекеттік қайраткер, 1848 жылғы революцияға дейінгі Францияның премьер-министрі болған. Ол 1787 ж. 4 қазанында дүниеге келген. Оның ата-анасы протестант болғандықтан, 1789 жылғы революцияны жақтап, әкесі террор кезінде өлім жазасына кесіліп, шешесі Франсуаны Женевада өсірген. Гизо 1805 жылы Парижге келеді. Алғашында әдеби шығармалар жазып күнін көреді, кейіннен ықпалды достарының арқасында 1812 ж. бастап Сорбоннаның тарих профессоры болады. Гизоның саяси қызметі 1814 ж. басталады. 1819 жылы ол белсенді шектелген монархияның жақтастары болған конституцияшылроялистердің қатарына қосылады. Гизоның ықпалы Деказдың премьер болған кезінде нығая түседі. Ультрароялистер оны жек көргендіктен, 1820 жылы оның биліктен кетуіне себепкер болады. Бұл кезде Гизо үшін өзінің ғылыми зерттеулері мен еңбектерін қайтадан басуына тура келеді. Оның саяси белсенділігі Сорбоннада (1828–1830) оқылған лекциялары арқылы нығайтылып, барлық либералдар оны 1830 жылы депутаттар палатасына сайлауға бірігеді. Сатылы реформалардың жақтаушысы Гизоға 1830 жылғы революцияны қабылдауына тура келеді, алайда ол енді консервативтік бағытты қалайды. Гизо, ағылшын үлгісі бойынша жасалған анархия мен деспотизмнің «алтын аралығын» құрайтын реформаның бастаушысы болады. Гизо революция мен наразылықтың негізгі қарсылас тұлғасына айналады. 1848 жылы революция басталған кезде ол Лондонға қашып, тарихи зерттеулермен қайтадан айналысады. Француз академиясындағы ықпалы мен көптеген достарының арқасында ол 1849 жылы Францияға қайтып оралады. Гизо 1874 жылы 12 қыркүйекте Валь-Ришеде қайтыс болады.


50

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Гизоның кеңінен танымал еңбектерінің қатарына жататындары – «Карл І заманынан басталатын Англия революциясының тарихы» (Histoire de la révolution d’Angleterre depuis Charles I, 1826–1827); «Еуропадағы өркениет тарихы» (Histoire de la civilisation en Europe, 1828); «Франциядағы өркениет тарихы» (Histoire de la civilisation en France, 1830). Сонымен қатар ол 25 томдық Франция тарихының және 31 томдық Англия тарихына қатысты деректер жинағын дайындаған. 1848 ж. кейін XVII ғасырдағы Англия тарихына байланысты Гизоның қосымша алты томдық еңбегі жарық көрді. Сонымен бірге Гизоның құнды еңбектерінің қатарына жататындары 9 томдық «Естеліктер» (Mеmoires) мен шеберлі жазылған «Менің немерелеріме әңгімелеген Франция тарихы» (Histoire de France racontеe аmes petits-enfants, 1870).

Ф. П.-Г. ГИЗО ФРАНЦИЯДАҒЫ ӨРКЕНИЕТ ТАРИХЫ I том Француз өркениеті мен тарихының қандай да бір Францияны ашу мүмкін емес кезде басталуы қалай болды? Бұлай болу себебі – халықтардың өмірінде көрнекті бірлік, атауы мен билігінің бірдейлілігінің маңыздылығына қарамастан, шынында да ұлтты құрайтын ең негізгі және мәнді нәрсе емес. Билік пен тағдырлардың бірдейлілігімен емес, қоғамдық элементтердің, құқықтарының, идеяларының, сезімдерінің, тілдерінің ұқсастығынан пайда болатын терең қуатты бірлік болды. Бұл бірлік олардың жақындасу формаларында емес, қоғамға біріккен адамдардың өздерінде болды. Бір сөзбен айтқанда, бұл – адамгершілік, саяси бірлік, оның негізі қуаттылықта болып табылады. Сонымен француз ұлтын құраған бірлік пен күрделі ағзаның бесігі X ғасырдың соңынан басталды. Бұл ұлт болып қалыптасуы үшін көп ғасыр мен ұзақ күш-жігер талап етеді. Алайда бұған дейінгі кезеңде мұның элементтері бар болды және тіпті олардың даму барысында да ажыратуға болады. V ғасырдан VIII ғасырға дейін, мысалы, Ұлы Карлдың басқаруымен сыртқы саяси бірлігі X ғасырға қарағанда өте жиі көбірек және күшті болды. Егер сіз затқа, адамдардың өздерінің моралдық жағдайларына терең үңілетін болсаңыз, сіз одан бірліктің болмағынын байқайсыз. Нәсілдер арасында терең алауыздық, тіпті жауласушылық


51

ГИЗО Ф. П.-Г.

бар, заңдар, аңыздар, әдет-ғұрыптар, тілдер өзара күреседі. Қоғамдық жағдайлары мен қатынастарының ортақтығымен де, тұрақтылығымен де ерекшеленеді. X ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында Ұлы Карл кезіндегідей бірлік болған жоқ. Бірақ нәсілдер өзара араласа бастайды, заңдардың әртүрлілігі енді барлық заңдылықтардың негізін құрамайды. Қоғамдық қатынастар бекіп, феодалдық құрылымдар барлық аймақта жоғары өрлей бастайды. Латын тілі мен герман диалектикасы арасында диалектикалық ерекшеліктің орнына, оңтүстік роман және солтүстік роман тілі деп аталатын екі тіл пайда бола бастайды. Олар әр түрлі болғанымен, шығу тегі мен сипаты бір болғандықтан, уақыт өте келе бір тілге айналады. Адамдың рухындағы алауыздық та жойыла бастайды. Германдықтың енді өзінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ұстауы азайып, ол өзінің қазіргі жағдайына жету үшін, біртіндеп өзінің өткенінен бас тарта бастайды. Римдіктер де осындай жағдайды бастан кешіріп, Ежелгі Империя жайлы және оның құрылымы жайлы аз еске алатын болады. Жеңілгендер үшін де, жеңгендер үшін де жаңа нәрсе, қазіргі жағдайдың күннен күнге ықпалының күшеюі. Бір сөзбен айтқанда, саяси бірлік әлі жоқ, шынайы айырмашылықтар үлкен, сонымен қатар іс жүзінде V ғасырда бұрынғымен салыстырғанда шынайы бірлік енді көбірек болды. Ұлт белгілері көрініс бере бастады, оған дәлел осы кезеңнен бастап барлық қоғамдық элементтердің жақындасуға және үлкен топ құруға, яғни ұлттыққа ұмтылуы, соның нәтижесінде француз өркениет тарихының ұлы фактісі саяси бірлікке ұмтылуы басымдық сипатқа ие болды. <…>. III және IV том Алтыншы басылымға алғы сөз Тарих шыдамсыз дәмеленуді бұзып, ұзақ үмітті қолдайды. Жақсы және еркін үкімет құруға деген ұмтылыстағы Францияның ерекше белгісі осындай. Ол көп ұмтылыс жасады, аз жетістікке жетті, бірақ ешқашанда өз қатесінің құрбанына айналған жоқ. Бұл ұлт байыпты өмірлік күшке толы. Бұл еліктеушілікке беріліп, жолынан адасып, кейін өз еліктегенін мойындап, кенеттен бағытын өзгертіп немесе нәтижесіз ізденуден кейін, ойланып қозғалыссыз жағдайда қалады, бірақ ол әлсіз болып қалуға келіспейді, саяси еліктеудегі сәтсіздіктерден кейін өзінің ұлы мақсатын ұмытып, еңбектен, даңқтан және қызметтің басқа түрлерінен жұбаныш іздейді. Франция XIV ғасырдың ағымында анархиядан, жауыздықтан, алдамшы тосудан түңілуге ауысатын ауы-


52

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

спалы кезеңді басынан кешірді. Бірақ тәртіптен де, еркіндіктен де бас тартқан жоқ. Бұл екі жағдайсыз халықтарда не ар, не тұрақты жақсы тұрмыс та жоқ... Міне, сондықтан да біздің тарих өте жиі қайғылы. Ол біздің уақыттың қателері мен қылмыстарына қарамастан, біз кінәлағандай бұрын естіп көрмеген жаңашылдар, армандайтын утопистер* емес екендігімізге көзімізді жеткізеді. Біз ұмтылған мақсат біздің бабаларымыздікіндей мақсат: біз сияқты, олар біздің қоғамның әр түрлі таптарын адамгершілік, материалдық жағынан азат ету және тәрбиелеу үшін еңбектенеді. Олар біз сияқты қоғамдық істерді жақсы басқару кепілдігін жасау үшін, жеке адамдардың құқығы мен еркін қорғауға, халықты шынайы басқаруға тартуға тырысты. Олар бұл игілікті істерді жүзеге асыруда бірнеше рет сәтсіздіктерге ұшыраса да, соған қарамастан жалпы әлсіздікке дворяндардан немесе буржуазиядан немесе бірнеше қарапайым адамдардан шыққан принципті, игілікті үмітті ұстанып, шіркеу салу орындалмағанмен, қасиетті оттың өшуіне жол бермеді. Сәтсіздіктерге қарамастан, ұлы істі қорғаушылардың сенімсіздігі мен тұрақтылығы оларды алдаған жоқ. Олар бұл сәтсіздіктерді жеңіп қана қойған жоқ, сонымен бірге күні туған кезде бұл істерге жаңа талаптар мен жаңа күштермен кірісті. Уақыт өшпеген нәрсені тәрбиелейді. Сонымен, біз еркін билік етуге ұмтыла отырып, ғасырлар бойы қалыптасқан Франциядан бас тартпаймыз, оны жасауды жалғастыратынымызды, біздің жеңіл жеңіске деген үмітімізді өшіре алмайтынын білеміз. Осы сергектік беретін сенімсіздіктен басқа, біздің тарихтан басқаларының арасында ең маңызды болып табылатын екі ілімді тоқимыз. Еркін басқару құруға деген ұмтылыс, қоғамның жоғары таптары арасындағы соқыр бақталастықты бұзды. Дворяндар мен буржуазия жауыздықпен күресу үшін немесе бостандықтың берік негізін қалап және оны пайдалану жолында күресу үшін біріккен жоқ. Жеке түрінде оқшауланып қалып, әрбір қолайлы жағдайды бірін-бірі ығыстыру үшін пайдалануға тырысты. Дворяндар ешқандай теңдікке жол берген жоқ, буржуазия – өзінен жоғары олардың артықшылығына жол бергісі келмеді. Тартыс – әділетсіз және бекер уақыт өткізу болды. Дворяндардың жеңіл ойлы тәкаппарлығы француз буржуазиясының оларды жоғары көтеріп, мемлекеттің жоғары қабытынан орын алу*

іске аспайтын арманшылдар. – Ред.


ГИЗО Ф. П.-Г.

53

ына бөгет болған жоқ. Буржуазияның кейбір ұсақ тәуелділіктері дворяндардың тұқым бойынша қалыптасқан атағына және жағдайға ұзақ уақыт билік жасалуына бөгет бола алған жоқ. Қоғамда өмір сүріп, өсіп отырғандықтан – ол да жоғары көтеріліп артықшылыққа ие болуға тырысқан ішкі қозғалыс бөлшектері бар. Қоғам тұрақтанған кезде онда сословиелер мен таптардың белгілі бір иерархиясы орнап, ол ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әділеттілік, дұрыс ой, қоғамдық мүдде – бұл қоғамдық құрылыстың табиғи жағдайларды екі жақтың да мойындағанын талап етеді. Францияда әр түрлі таптар бұл өзгенің құқығына деген құрметті түсінбеді, олардың барлығы осы эгоизмі үшін жазаланып, бұл қарғысты жалпы Отанға енгізді. Дворяндар мен буржуазия өз өткенінде асқақ және тәуелді болу ләззатын қалдырды, егер олар кішкене әділ, сақ болса және адам қоғамының құдіреттік заңдарына қатысты тіл алғыш болса, онда еркіндік, ұлылық, қоғамдық игіліктерге ие болу беріктігін ұтқан болар еді. Олардың бәрі бірге еркін және күшті болу үшін бірігіп әрекет ете алмады, сондықтан өздерін және Францияны революция құрбандығына берді. Бұл біздің тарихтың бізге беретін екінші ұлы сабағы. Осы саясатта бізді соғыста ерекшелейтін firia francese басқарады. Бізде қандай да принцип, қызығушылық сезім пайда болған кезде, олар бізге толығымен билік етеді. Біз ешқандай сыртқы ықпалдарға және жағдайларға қарамастан, олардың алдында кішірейіп, ақырына дейін олардың соңынан ереміз. Біз еркінсүйгіштік ұстанымында тұрмыз ба? Біз оның жолында бәрін – ең қажетті жағдайларды, биліктің айқын қажеттіліктерін, қазіргі тыныштықты, қамтамасыз етілген келешекті құрбандыққа шаламыз. Мейлі қателіктің салдары анықталсын, мейлі талассыз күшті билік қажеттігі мойындалсын – біз оның қолына құлап, өзіміздің барлық қамалдарымызды оған беріп, оның талаптарын ескеріп және өсіреміз. Егер біз бұрын өзіміздің еркіндікке ұмтылысымыздың шамасын білмесек, енді еркін болғымыз келгенін ұмытамыз. Бұл қарқындар, осы ұмытшақтықтың салдарына әкелетіні сөзсіз. Біркелкі, мұқият болып, қоғамда өмір сүрген әр түрлі мүдделерге бірдей қамқорлық жасау, өз ішінде күрескен, екеуіне де құрметпен қарау үшін, қарама-қарсы принципті ойларды қабылдау, өз уақытында тоқтау, өз уақытында келісімге келу, ертеңгіні ойлай отырып, бүгін жеңілдіктер жасау – міне, саясатта қажетті даналық пен ептіліктің мәні осында болуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана ұзақ уақыттағы адамдар тағдырында немесе олардың жер бетіндегі аз ғана уақытқа пайда болуы кезінде, құдай саяси жетістік сыйлайды.


54

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Халықтар мен тұлғалар алдында олардың үйренуіне жеткілікті уақыт беретін пайданы иемденеді. Францияға дейінгіге келетін болсақ, ол әрине үйрене алады, өйткені өз тарихының барлық кезеңінде, өзінің барлық қателіктеріне қарамастан, ол ұлы, ойлау қабілеті дамыған және күшті болып қалды. Ол өте жиі сәтсіздіктерді бастан кешірді және ешқашан өлген жоқ, олардың жетістіктері жеңілістерінен басым болды. Ол XIV ғасыр болғанына қарамастан, әлі жас және іс жүзінде оның тілегі мен ізденімпаздығының пәні болған нәрседен бас тартпайды. Егер жеке маған келетін болсақ, мен бір реткі сәтсіздіктер себебін жақсы түсіне отырып, ол соңында жетістікке қол жеткізеді және соған лайық болады дегендер қатарына жатамын. <…>. I лекция Курс пәні. Еуропа өркениетінің тарихын зерттеуде қолдануға болатын екі әдіс. Бірінші әдіс – ол қандай да бір елдің өркениетін зерттеуді таңдауға мәжбүр ететін себептер. Екінші әдіс – француз өркениетін зерттеуді таңдаудың себептері. Өркениетті дамытуды қандай маңызды факторлар негіздейді? Еуропаның ұлы халықтарының – ағылшын, неміс, итальян, испан, француздар арасындағы бұған қатысты салыстырулар. Француз өркениеті ең көп таралған, сондықтан жалпы өркениет өкілі бола алады. Оны зерттеу тек ғылыми мүдде емес, қазіргі кездегі интеллектуалдық әлемде қандай бағыт басым? Әлеуметтік әлемде қандай бағыт басымдыққа ие? Олардың арасындағы қарама-қайшылық болып көрінетін осы зерттеуден екі мақсат шығады. Біздің уақыт оны бұзуы тиіс. Үшінші мақсат өркениеттің қазіргі жағдайы қоятын тек адамгершілік сипатта болып табылады. Ол – өркениет білдіретін жалған жазғырулармен оларға жол бермеу қажеттігі. Кез келген ғылыми білім қазіргі кезде әлеуметтік күшке айналып отыр. Кез келген күш тек қоғамды жетілдіру үшін емес, сонымен бірге жеке тұлғаларды адамгершілік жағынан жетілдіру үшін де қызмет етуі керек. Сендердің көпшілігің, Мен бірнеше ай бұрын бітірген курстың пәні мен сипаты не болғанын білесіңдер. Бұл өте жалпы және өте тез курс болды. Мен өте қысқа уақытта Еуропа өркениетінің тарихи қатынасын сендердің көз алдыларыңнан өткізуге тырыстым. Егер солай айтуға болатын болса, Мен жалпы фактілермен ғана шектеліп, биіктен биікке секіріп жүрдім, бірақ менде мені ылғи да түсініп, маған сене бермейтін шығар деген күдік болды.


ГИЗО Ф. П.-Г.

55

Сендер мені қажеттілік осылай мәжбүр еткенін білесіңдер. Егер мен оны басқа курстарда толықтыратынымды, егер мен сол кезде бұл мәселені келешекте ықыласпен қарап және толық зерттеу арқылы сіздерге жалпы нәтижені жеткізіп, бір кезде өзім сызған шеңберді толықтыру мақсатын алдын ала ойламасам, тіпті қажеттілікке қарамастан, мен оның ыңғайсыздығымен келіспес едім. Менің қазір жүзеге асырғым келіп отырған жоспарым осы. Ол үшін маған екі әдіс қажет. Менің бұрынғы жаздағы курсты қайта қарап, Еуропа өркениетінің тарихын қайта тұтасымен баяндап, негізгі сипаттарын ғана көрсеткен тұстарын жан-жақты әңгімелеп, баяу жол жасауыма болады. Екінші жағынан мен Еуропаның бір ұлы халқының тарихын зерттеп, өзімнің ізденуімді осылай ғана шектеуіме болады. Бірінші әдіс маған маңызды қолайсыздықтар келтіретін сияқты. Жоспарға сәйкес, мұндай ауқымды, мұндай егжей-текжейлі тарихтан қандай да біркелкілікті ұстап тұру мүмкін емес деу, жоғары дәрежеде қиын болар еді. Өткен жазда біз Еуропа өркениеті шынында да біркелкілікті білдіретінін білдік, бірақ ол тек жалпы белгілерден және негізгі нәтижелерден көрініс береді. Көз алдыңдағы дөңестер, ұсақ әр түрлі негіздер көрінбеуі үшін және оның елдің жалпы сипатын, елдің бейнесін оның негізгі және қарапайым сипатында ұстап қалуы үшін бақылаушының таудың басына шығуына тура келеді. Жалпы қорытындыға келіп, оның жеке сипаттарына ене бастаған кезде бірлік тұманданып, айырмашылық қайтадан алға шығып, оқиғалардың себептері мен салдарының әртүрлілігінен адасып қаласың, сондықтан тарихты егжей-текжейлі баяндау үшін, оның қандай да бір тұтастығын сақтап қалу үшін, оның алаңын тарылту қажет. Бірінші әдіске қарсы маңызды қарсылығы баяндаушының да, тыңдаушының да ойындағы сыртқы мәліметтердің ауқымдығы мен әртүрлілігінен туындайды. Кім Еуропа өркениетінің барысын нақты белгілегісі келсе, оның тек әр түрлі халықтардың басынан өткен әр түрлі оқиғалармен, олардың тарихын ғана емес, сонымен бірге олардың тілін, әдебиетін, философиясын, бір сөзбен айтқанда – олардың өмірінің барлық жақтары жайлы білімі болуы керек. Егер бізге берілген уақыттың қысқалығын ескерсек, мұндай жұмыс мүмкін емес. Маған Еуропаның бір ұлы елінің жекелеген өркениет тарихын зерттей отырып, біз тезірек қажет нәтижеге жететін сияқты көріндік. Шынында да, бұл жерде әңгіме бірлігін оның егжей-текжейлілігімен сәйкестендіру керек, өйткені әрбір елде бір әдет-ғұрып, бір заңдылықтардың, бір тілдің, бір тарихи оқиғалардың салдары ретін-


56

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

дегі бірлік болды. Ол өркениетте де өз таңбасын қалдырды. Біз мұндай тұтастықты жоғалтпай фактілердің әрбір қадамын бақылай аламыз. Соңында, жеңіл болмаса да – осындай еңбекке қажетті мәліметтерді жинау мүмкіндігі бар. Сонымен, екінші әдісті таңдап, Еуропадағы барлық халықтардың оның дамуына ықпал еткен ауқымды тарихын қалдыруды және сіздермен бірге қандай да бір жеке өркениетті зерттеуді шештім. Екінші әдісті таңдай отырып, мен еш қиналмай-ақ Франция тарихын, Франция өркениет тарихын таңдадым. Мен одан ешқандай ләззат алмадым деп айта алмаймын: өйткені кез келген патриоттық сезіну, кез-келген патриоттық әсер – заңды, бірақ олардың шындықта, санада көрініс табуы қажет. Біздің уақытта кейбіреулері, Еуропа өркениетінің қазіргі жағдайының кеңдігінен патриотизмге күшті нұқсан келеді деп ойлайды, өйткені ол азғынданып, комополитизмге жоқ болып кетеді деп дәлелдеуге тырысады. Мен ондай күдіктермен келіспеймін. Қазіргі кездегі Отанға деген махаббат басқа пікірлерде, әдеттерде, адамдардың сезімдерінде де орын алады. Бұл махаббат, әрине, жариялылыққа, әңгіме арқауы болуға, сыналуға – қарапайымдылық, соқыр және ерекше сезім ретінде жоғалуға, өзінің саналы негіздеріне сілтеме жасауға мәжбүр болды. Бірақ ол барлық табиғи және заңды сезімдердің өлмейтіні сияқты, мұндай қажеттіліктен өліп қалмайды, керісінше, ол тазарып, биіктейді. Оның сынақтан өтуіне тура келеді, бірақ ол одан жеңімпаз болып шығады. Мен француз өркениетінен басқа бір ұлттың тарихы маған бұдан да ұлы, үйретері көп, Еуропа өркениетінің жалпы даму барысына одан да жақсы қызмет ететініндей болып көрінсе, француз өркениетінен бас тартып, сол өркениетті таңдайтындығына сенімдімін. Францияны Мен оның тарихының бізге беретін ерекше мүддесіне тәуелсіз, саналы негізде таңдадым. Қоғамдық пікір бұрыннан бері Францияны Еуропаның ең өркениетті елі ретінде жариялады. Әрбір рет әр түрлі халықтардың ұлттық ар-намысы қақтығысқан кезде, әрбір халықтардың идеялары мен әрекеттерінен шынайы және құмарлықсыз шындықты іздеген кезде – Францияның өркениеті аяқталған, берері көп және Еуропаның қиялын ерекше күшті таңдандырған ел екенімен келісуге тура келеді. Мұнда біздің Отанның артықшылығы – біздің елден өте жиі іздейтін – біздің қоғамдық қатынастарымыздың жақсы болғандығына, біздің әдет-ғұрыпымыздың жұмсақтығына және біздегі өмір сүрудің жеңілдігіне байланысты деп ойламау керек. Әрине, бұл жағдайлар бел-


ГИЗО Ф. П.-Г.

57

гілі бір рөл атқарады, бірақ мен айтып отырған фактілер басқа терең себептерге негізделеді. Франция өркениетінің бұлай бағалануының философиялық көзқарас тұрғысынан заңды анықтамасы бар: жалпы бұл өркениеттің жалпы табиғаты мен оның шынайы құрамдас бөліктерін дұрыс бағалау. Мен бұрынғы курстың бас кезінде беруге тырысқан өркениет анықтамасы сіздердің естеріңізде шығар деп ойлаймын. Мен таза адамдық мағынада алғанда бұл сөздің мәніне қандай идеялар кіретінін іздестірдім. Жалпы алғанда, маған өркениет мәні екі фактіге байланысты сияқты болып көрінді: олар жалпы көзқарастар, қоғамдық құрылыстың дамуы; интеллектуалдық құрылыстың дамуы; сыртқы және ішкі жалпы жағдайдың; адамның жеке табиғатының жақсаруы; бір сөзбен айтқанда, қоғам мен адамның жетілдірілуі бірігеді деп ойладым. Жалпы алғанда, бұл екі факті өркениетті құрайды: олардың бір уақытта болуы; олардың арасында тығыз байланыстардың тез орнауы; олардың өзара әрекеті оны жетілдіруге қажет. Олардың бәрі ылғи да бір уақытта бола бермейді, қоғамдық және жеке даму бірі ілгері, екіншісі кейін жүріп отырса да, олар бір-біріне қажет және ерте ме, кеш пе бір-бірін ескертіп отырады. Ұзақ уақыт бойына оның бірі екіншісінсіз әрекет еткен кезде, олардың бірігуін ұзақ тосуға тура келеді, көрермендерді бос сезіну уайымы, қатты өкініш билейді. Егер халықта ұлы интеллектуалдық дамумен, соған сәйкес саналы қатынастармен сүйемелденбейтін ұлы қоғамдық жақсару, материалдық жағынан ұлы алға басу болса, онда қоғамдық жақсару берік емес, түсіндіруге болмайтын және заңсыз болып көрінеді. Оны қандай жалпы идеялар тудырады және ақтайды, ол қандай принциптермен байланысты? деген сұрақ туындайды. Бұл бірнеше ұрпақпен шектелмейді, ол бірден-бірге беріліп, таралып, барлық халықтардың жалпы жетістігіне айналады. Қанатты идеялар мен саяси доктринадан басқа бұл қандай тәсілмен беріліп, тарала алады? Бір идеялар алыс қашықтықтар алдында тоқтамайды, ол теңіздер арқылы өтіп, барлық жерде түсіністік табады. Адамның игілікті табиғаты сондай – ол өз алдындағы материалдық күштің маңы��ды дамуын көре алмайды. Екінші жағынан, егер бір жерде қоғамдық прогреспен байланыссыз ұлы саналы даму көрініс берсе, ол таңданыс, алаңдаушылық тудырады. Жеміс бермейтін, күн қыздырмайтын әдемі талды көріп тұрған сияқты боласың. Жеміссіз және сыртқы әлемге ие емес мұндай идеялар жек көрушілік тудырады. Сонымен бірге ол саналылық тұрғыдан


58

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

алғанда өзінің заңдылығы жайлы, өзінің шынайылығы жайлы күдік тудырады. Олар адамдардың қоғамдық қатынастарын басқаруға қабілетсіз болғандықтан, оларды тажал деп атау жайлы ниет туындайды. Адамда сананың күшті болатындығы сонша – оның жердегі міндеті идеяларды фактыларға ауыстырып, өзі өмір сүріп отырған әлемді өз бойындағы шындыққа сәйкес қайта құру және орнату болып табылады. Өркениеттің ұлы бөліктері арасындағы байланыс – рухани және қоғамдық дамумен, жағдайдың дұрыс орналастыруымен тығыз байланысты. Өркениетілікті жетілдіру бұл бөліктердің бірігуінен ғана емес, сонымен бірге жеңілдігінен, олардың бірін-бірі шақыру және өндіру жылдамдығынан да тұрады. Енді мархабатты тақсырлар, Еуропаның әр елдерін осы көзқарас тұрғысынан алып қарауға, өркениеттің сипаты неде екенін анықтауға және ол сипаттың негізгі және жоғарғы фактісі өркениеттің дамуына қаншалықты келетінін табуға тырысайық. Осы жолмен біз Еуропалық өркениеттің қайсысының аяқталғандығын және өркениеттің жалпы типіне қаншалықты сәйкес келетінін және қайсысының Еуропа тарихын тұтасымен бейнелеп зерттеу пәніне айналуға тұратынын ашамыз. Англиядан бастайын. Ағылшын өркениетінің басым бөлігі – әлеуметтік жетілдіруге, адамдардың сыртқы қоғамдық жағдайларын жақсартуға, тек материалдық қана емес, сонымен бірге адамгершілік жағдайлардың; үлкен ізгілікпен қатар, қоғамдық үлкен әділдікті енгізуге бағытталды. Алайда, егер бәрін назарға алатын болсақ, онда Англиядағы қоғам дамуы, адам дамуына қарағанда үлкен көлемде және үлкен даңқпен өткенін көреміз. Мұнда жалпы идеяға қарағанда қоғамдық мүдделер мен фактілерге үлкен көңіл бөлініп және үлкен күшпен әрекет етті. Жеке адамға қарағанда, ұлт үлкен құрметке ие. Бұл соншалықты шынайы, өз мамандығы бойынша таза сананың дамуына жұмыс істеуі тиіс, Бекон, Локаль шотландықтар т.б. тәжірибелік бағытта деп атауға болатын философия мектебіне жатады. Олар үшін ең маңыздысы тікелей және жағымды нәтижелер. Олар не қиялға, не логика дедукциясына сенбейтін, игілікті ойдың даналары болып табылады. Мен Англияның ең күшті интеллектуалдық уақытына, оның тарихында идеялар мен ой қозғалыстары үлкен орын алған кезең жайлы айтқым келеді. Мен XVII –VIII ғғ. саяси және діни дағдарысты аламын. Ол кезде Англияның қандай ерекше қозғалыста болғанын кез келген біледі. Бұл қозғалыстың қандай философиялық жүйе, Еуропа жетістігіне айналған қандай ұлы жалпы доктринаны туғызғанын маған кім айтып


ГИЗО Ф. П.-Г.

59

бере алады? Оның ауқымды және таңдануға тұрарлық салдары болады; ол құқықтар мен өнегелердің негізін қалады, ол қоғамдық қатынастарға ғана емес, сонымен бірге адамдардың жанына да қатты әсер етіп, сектанттарды, энтузиастарды өмірге әкелді. Бірақ ол адамзаттың саналы дүниетанымын көтерген де, кеңіткен де жоқ. Тұтас кезеңге жарық беретін шамшырақтардың ешқайсысын да жаға алмады. Бірде-бір елде Англиядағыдай діни нанымдар мұндай мәнге ие болған жоқ. Бірақ олар бәрінен бұрын практикалық сипатымен ерекшеленіп, өнегелікке, бақытқа, адамдардың сезіміне өте күшті әсер етеді. Бірақ олардың бүкіл адамзаттың санасына әсер ететін жалпы тиімді нәтижелері аз болды. Бұл өркениетті қандай көзқарас тұрғысынан қарасаңыздар да, Сіздер осы әлеуметтік, практикалық сипатпен кездесесіздер. Мен бұл ойды бұдан тереңірек дамытып, ағылшын қоғамының барлық бөліктерін қамтыр едім. Мысалы, әдебиетте де практикалық мән басым. Бәрі – ағылшындар кітап жазудың, оны тиімді және көркем етіп жазудың, оны бөлімдерге бөлудің, оған тақырып оқырмандарының қиялына әсер етіп, өнерді жетілдіретіндей жоспар жасап, оны жүзеге асырудың шеберлері емес деп бір-бірін қайталайды. Бұл басымдыққа ие ой еңбегінің интеллектуалдық жағын, ағылшын жазушыларының әлсіз жақтарын құрайды. Бірақ олар өз баяндауының нақтылығын жақсы дәлелдеп, қайта-қайта бір ойға оралуды бір сөзбен айтқанда, практикалық нәтижелерге қол жеткізуге болатын барлық құралдарды құрайды. Ағылшын тілі де осы сипатта болады. Ол жүйелі және тиімді негізге құрылмаған, онда әр түрлі деректерден енген сөздер көп, не симметриялық жағынан, не гармония жағынан қамқорлық жасалмаған ол тілде грек, латын тілінің, негізін құрайтын логикалық әдемілік жетіспейді. Ол түсініксіздеу және дөрекі, бірақ ол бай, иілгіш, адамдардың сыртқы жүрісінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті. Англияның барлық жерінде пайда табу принципі оның өркениетінің ерекше белгісін құрайды. Англиядан Германияға өтетін болсам, мұнда өркениет дамуы өте баяу жүрді және кейінірек басталды. Немістердің өнегелігінің дөрекілігі, ұзақ уақыт бойына Еуропада мәтелге айналды. Егер бұл дөрекі қабықтың ішінен өркениеттің екі негізгі элементтерінің салыстырмалы барысын іздейтін болсақ, онда жеке дамудан ылғи да әлеуметтік дамудың артықшылықта болғанын, адамдардың қоғамдағы жағдайына қарағанда, адамдардың ойының анағұрлым үлкен жетістікке жеткенін көруге болады. XV жүзжылдықта – неміс реформаторлары


60

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

– Лютердің, Медахтонның, Буцераның т.б. ойлау жағдайымен, олардың еңбектерде көрініс берген ой дамуын, ол елдің қазіргі өнегеліктері мен жеке өнегеліктерін салыстырыңыз. Қандай айырмашылығы бар? XVII жүзжылдықтағы Лейбниц идеялары мен сол кезде тек халықта ғана емес, жоғары топтарда да үстемдік жағдайға ие болған неміс университетіндегі оның оқушыларының өнегеліктерін салыстырыңыз. Бір жағынан философтардың шығармаларын, екінші жағынан – бранбургтік немесе баварлық курфюстың сарайын суреттейтін естеліктерді оқыңыз. Қандай бояу! Біздің уақытқа жеткен кезде бұл бояу қоюлана түседі, енді Рейннің арғы жағында идеялар мен фактілер, интеллектуалдық құрылыс пен шынайы құрылыс бір-бірімен мүлде байланысты емес деген сөз, барлық жерде орын алды. Соңғы елу жылда ой қызметінің Германияда күшті болғанын кез келген біледі. Барлық салаларда – философияда, тарихта, әдебиетте, поэзияда ол өте алысқа кетті. Бұлардың барлық кезде жақсы таңдамағымен, оның қол жеткізген кейбір нәтижелерімен келіспеуге болады. Бірақ олардың қуаты, олардың көрініс берген ауқымды көлемі талас тудырмайды. Әрине, адамдардың әлеуметтік жағдайы, адамдардың қоғамдағы жағдайы анағұрлым артта қалды. Бұл қатынаста ілгерлеушілік те, жақсару да бар екені даусыз. Бірақ бұл екі фактіні салыстыруға ешқандай мүмкіндік жоқ. Осыдан келіп, Германиядағы поэтикалық, философиялық, тарихи шығармалардың ерекшелік белгісін, сыртқы әлеммен жеткіліксіз таныстыру, шынайылық сезімнің болмауы құрайды. Оларды оқи отырып, өмірдің, оқиғалардың адамдарға әсері шамалы болғанын, олардың қиялын ұштамағанын, олардың өзімен-өзі оқшау өмір сүрген, өз ойларымен болған диалек немесе энтузиаст болғанын көруге болады. Англияда ойдың іс жүзіндегі қалыптасуы барлық жерде көрініс тапса, неміс өркениетінің негізгі белгісі – таза интеллектуалдық даму болып табылады. Италиядан біз бұның екеуін де көре алмаймыз. Италия өркениеті ағылшындардікі сияқты не практикалық, немістердікі сияқты ой түрінде болған жоқ. Италияда жеке ойлардың ұлы көріністерінде де, қоғамдық қызметінде де жетімсіздік болған жоқ, адам да, қоғам да даңқпен дамыды. Италияндықтар бір уақытта таза ғылымдарда – тарихта, философияда тамаша жетістіктерге жетті. Кейін Италия екі бағытта да тоқтап қалған сияқты, ол адам ойы мен қоғам төмен сырғып, әлсіреген сияқты көрінді, ал жақынырақ үңілетін болсақ, бұған халықтың ішкі негізі кінәлі емес екенін, оларды Италияның сыртқы жағдайлары жаншып отырғанын көресіз. Оны жайылып,


ГИЗО Ф. П.-Г.

61

гүл атқысы келіп тұрған, бірақ оны суық қатал қол қысып, оған мүмкіндік бермей тұрған гүлмен салыстыруға болады. Италияда не интеллектуалдық, не саяси қабілет өлген жоқ, оған өркениеттің өмірлік жағдайы болып қалатын сенімнің, шындыққа деген сенімнің жеткіліксіздігі әсер етті. Мен бұл жерде сенім ретінде адамдардың тек шындықты ғана мойындап қалмай, ойлау жағынан алғанда өздерін қанағаттанарлықтай сезінуге деген сенімділікті айтып отырмын. Бірақ әлемге билік етуге, оқиғаларды басқаруға және бұл құқықты жүзеге асыруға бағытталған күшке деген сенімділік болды. Осының салдарынан бір рет шындықты меңгерген адам өзін сыртқы фактіге ауыстыруға, қайта құруға, оны санаға байланысты бағыттауға тиістімін деп ойламайды. Италияда ылғи да осы сезім жетіспеді. Ол ұлы ойларға, жалпы идеяларға бай болды, сонымен бірге оны сирек практикалық ептілігі бар, сыртқы өмірдің барлық жағдайларын терең түсінетін, қоғамды басқару өнерінің терең қабілетіне ие болған адамдар жауып тұрды. Бірақ адамдар мен фактілердің бұл екі разряды бірбіріне бөтен болып қалды. Жалпы идеяға ие адамдар, жүйрік ой иелері өздерінен міндеттілікті де, қоғамға әсер ету жауапкершілігін де сезінген жоқ. Тіпті өз принциптерінің шынайылығына сенімділер де олардың қуаттылығына шек келтірген жоқ. Бір жағынан, қоғамның жетекшілері адамдардың жалпы идеяларын ешқашан есепке алмады, олар ешқашан өздеріне байланысты фактілердің белгілі қағидаларымен біріктіруге деген қажеттілікті сезінбеді. Екі жақ та шындық таныммен шектелуі тиіс сияқты әрекет етті, бұдан басқа еш нәрсе талап етілмеді. XV ғасырдағы Италия өркениетінің әлсіз жағы осында болды, оның салдары әрекеттерінің және практикалық мәнінің жетімсіздігінен көрінді. Осы екі күш арасында бір-біріне деген сенім, өзара әрекет, әсер ету ықпалдарымен ауысу болды. Менің игілікті және бақытсыз халыққа деген құрметтің нәтижесінде тағы да бір ұлы ел жайлы айтқым келіп отыр. Ол – Испания. Бұларда ұлы ойшылдар жағынан да, ұлы оқиғалар жағынан да жетімсіздік болған жоқ. Адамдық рух пен адами қоғам бұл жерде кей кезде барлық даңқымен жарқырады. Бірақ бұл испан тарихының әр жерінде шашылған жекелеген фактілер. Испанияда адам мен қоғамнан, өркениеттің негізгі жағдайы – жалпы және үнемі дамудан бас тартылды. Салтанатты қозғалыссыздық жеміссіз толқулармен ауысты. Сіз Испаниядан Еуропаға қалған ұлы идеяны немесе ұлы қоғамдық жетілуді, ұлы философиялық жүйені немесе салдары бай мекемелерді іздейсіз. Бұл халық Еуропада өмір сүрді, бірақ ол Еуропадан аз алып, оған аз


62

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

берді. Егер мен оның атын еске салмасам өзімді кінәлаған болар едім, бірақ оның өркениетінің Еуропа өркениетінде маңызы зор емес. Сіздердің көріп отырғандарыңыздай, шолу жасаған төрт ұлы елдің ешқайсысында жалпы өркениеттің жоғары фактісі, тез берілетін байланыс, идеялар мен фактілердің гармониялық дамуы, құрылымның интеллектуалдығы және шынайылығы анықталмады. Олардың барлығында өркениетке қатысты маңызды жағдай жетіспейді. Олардың бірде-бірі өркениеттің толық бейнесін, оның барлық жақтарындағы таза типін, оның барлық негізгі сипаттық белгілерімен бірге бейнелей алмайды. Францияда іс басқаша сияқты. Францияда ойлардың дамуы мен қоғам дамуы бір-бірінен алшақтаған жоқ. Ондағы адам мен қоғам үнемі қозғалыста болып, өсіп отырды және бір-біріне жақын қашықтықта дамыды. Ұлы оқиғалармен, төңкерістермен, қоғамдағы жақсарулармен қатар, сіз ылғи да біздің тарихта осыған сәйкес, жалпы идеялар мен доктриналарды байқайсыз. Шынайы өмірде, сол мезетте ойшылдар одан өз пайдасына жаңа байлық табуға тырыспаған ешнәрсе болған жоқ. Саналы әлемде де шынайы, әрі тез нәтижеге жетпеген ешнәрсе кездестірмейсіз. Жалпы Францияда идеялар қоғамдық саланың дамуына ықпал етті. Ол іс жүзінде жүзеге асқанға дейін, доктриналарда дайындалды және ой өркениет жолында бірінші жүрді. Интеллектуалдық қызмет пен практикалық қабілеттілікте қалыптасқан бұл екі жақты сипат, іске асушы ретінде, француз тарихының барлық негізгі оқиғаларында, француз қоғамының барлық негізгі таптарында көрініс тауып, оларға өте ерекше келбет береді. Мысалы, XII ғасырдың басында коммунаны азат ету қозғалысы басталды. Ол қоғамның алға дамуындағы маңызды қадам болды. Нақты осы кезде ойды азат етуге деген күшті ұмтылыс анықталды. Мен бұл фактіні өткен жазда атап көрсеткен болатынмын. Абелар – Лана мен Везеле тұрғындарының замандасы болды. Тәуелсіз ойшылдардың ой әлеміндегі жауыз билікке қарсы бірінші ұлы күресі тұрғындардың қоғамдық азаттыққа бағытталған күресімен сәйкес келді. Бір қарағанда, бұл екі қозғалыс бір-біріне жат сияқты. Философтар наразылық білдірген тұрғындар жайлы өте дөрекі пікірде болды және оларды варварлар деп атады. Философтар жайлы естіген тұрғындар, оларды еретиктер деп атады. Соған қарамастан, даму екі салада да бір уақытт жүзеге асты. Францияның ойшылдық тарихында ең маңызды рөл атқарған мекемелердің бірі – Париж университетін алып қарайық. Оның


ГИЗО Ф. П.-Г.

63

ғылыми еңбектерінің XIII ғасырдан бастап қандай ауқымды болғанын кез келген біледі. Дәл осы кезде ешқандай мекеме де осындай маңызды саяси өмір сүрген жоқ. Париж университеті королдардың саясатына, француз дінінің римдік діншілдермен арасында болған барлық қақтығыстарға араласты. Оның қабырғасында идеялар әзірленіп, доктриналар орнатылды және ол оларды сол уақытта сыртқы әлемге шығаруға ұмтылды. Париж университетінің принциптері Констанц және Базель шіркеуін қайта құруға ұмтылған адамдардың туларында жазылды. Париж университетінің принциптері Карл VI-нің прагматиктік шараларын туғызды және қолдады. Осы ұлы оқу мекемесінде ой қызметі және жағымды ықпал тұтас ғасырлар бойына оның ажырамас бөлігі болды. XVI жүзжылдыққа ауысып, Франциядағы реформацияға көз жүгіртейік, оның ерекше сипаты, оның сенімділігінде және игіліктігінде болды. Ғылым мен доктрина негізіндегі католик шіркеуіне қарсы күресті француз реформаторлары жүргізді. Франция мен Голландияда осы істі қорғай отырып, ылғи да француз тілінде көптеген философиялық, тарихи, полемикалық шығармалар жазылды. Әрине, не Германия, не Англия бұған мұндай үлкен көңіл бөлген жоқ. Француздық реформация неміс анабаптистеріне, ағылшын сектанттарына жат болды. Оған олардың практикалық сақтығы өте жиі жетпей жатты. Бірақ олардың нанымының күшіне, шынайылығына сенбеуге болмайды, өйткені ол ұзақ ең негізгі ауыр сәтсіздіктерге қарсы күресті. <…>. XVII және XVIII жүзжылдықтардағы жаңа кезеңде идеялар мен фактілер арасындағы тығыз және тез орнайтын байланыс, адам мен қоғамның біркелкі дамуы көзге көрініп тұр, сондықтан ондай қажеттілік жоқ. Сонымен, міне, француз өркениеті ерекшелігінің қолтаңбасы қалған төрт немесе бес ұлы кезеңдер, төрт немесе бес ұлы оқиғалар. Біздің қоғамның әр түрлі таптарын алып, олардың өнегелеріне, бейнесіне көз жүгіртіп көретін болсақ, барлық жерде осы факті таңдандырады. Француз шіркеуі ақпараттар байлығымен және қызметімен ерекшеленіп, барлық интеллектуалдық сабақтарға қатысады, ғылыммен және әкімшіліктегі ерекше ойлаумен айналысады, ол өзін тек дінге, ғылымға, не саясатқа ғана арнаған жоқ, бірақ үнемі оларды ымыраға келтіруге тырысып отырды. Француз философтары саналы көзқарастық қабілеттің және практикалық мәннің сирек бірігуі, олардың ойлары терең және батыл, олар


64

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

қосымшасыз таза шындықты іздейді, бірақ ылғи да сыртқы әлем сезімін, өздері арасында өмір сүріп отырған фактілерді сақтайды, олар жоғары көтеріледі, бірақ жерді сөздерінен таса қылмайды. Монтен, Декарт, Паскаль, Бейль т.б. түгел дерлік ұлы француз философтары не таза диалектик, не таза энтузиазист болған жоқ. Өткен жазда, сіздер осы топтағы қызыл сөзді талқылаушының бір уақыттағы жарық пен ғылымның адамы Декартты: «қатал, табанды, өрескел, өз кабинетінде Прага жазықтарында соғысқандай шешімдер қабылдайтын, практикалық өмір қозғалысына және ой қызметіне бірдей бейімділікті сезінуші» ретінде бейнелегенін естідіңіздер. Біздің философтардың барлығы Декарт сияқты дана емес, бірақ барлығы бір уақытта шындық іздеп және жарықты түсініп, бірге бақылау жасап және ойлай алатын болды. Жеке ойлау әрекет етпейтін барлық салаларда – ғылымда, философияда, әдебиетте, тарихта – бәрінде сіздер парламент мүшелері мен соттық сословие мүшелерін кездестіресіздер. Сонымен қатар олар барлық қоғамдық және жеке істерге қатысып, қоғамның барлық шынайы, практикалық мүдделеріне ықпал етті. Францияны қай жағынан алып қарасаңыз да, сіз осы екі жақты сипатты табасыз, мұнда өркениеттің екі маңызды жағдайы тығыз байланыста дамыды. Мұнда жеке адамның ұлылығы жайында ешқандай жетімсіздік болған жоқ. Ал жеке ұлылық ылғи да қоғам мүддесіне пайда келтірді. Әсіресе соңғы кезде француз ақылының ерекше белгісі игілікті мағына деп көп айтылды. Игілікті іс оның жоғары және ауқымды мағынасында алып қарағанда, идеялардың барлық тереңдігіне бойлай енетін, оларды барлық маңыздылығын сыртқы фактілерді есепке ала отырып, түсіну және бағалау сияқты философиялық игілікті істер болып табылады. Француз өркениетінің ерекшелігі – кез келген өркениеттің негізгі идеясы болып табылатын жалпы типті беруінде. Ол бәрінен толығырақ, бәрінен шынайы. Еуропаның құмарлықсыз осы пікірін қалыптастырған оның бірінші өркениетті ел болуының себебі осында. Франция бір кезде өзін ақылды және қуатты, идеялар мен күштерге бай, идеяларға қызмет ететін етіп көрсетті. Ол халыққа олардың қоғамдық жағдайын жақсартуға деген өзінің ниеті жайлы айтып, олардың қиялы мен атаққұмарлығын қозғады, өзін шындықты ашуға және оны басымдыққа айналдыруға қабілеттілігі жйлы хабарлады. Оның танымалдығын осы екі негіз құрады, өйткені адамзаттың түбегейлі екі қажеттігі осындай.


ГИЗО Ф. П.-Г.

65

Сондықтан біздің француз өркениетін, ең маңызды және жемісті ретінде зерттеуге болатын, бірінші өркениет ретінде қарауға құқығымыз бар. Оны мен келтірген екі көзқарас тұрғысында, қоғамдық және интеллектуалдық даму тұрғысынан зерттеу қажет. Ондағы идеялардың, саналардың, адамның ішкі рухани жағындағы прогрессивті қозғалысы мен сыртқы және бәріне ортақ жалпы жағдайларын зерттеу қажет. Егер біз оны осылайша қарайтын болсақ, онда барлық Еуропа тарихында біздің жеке өзіміздікіндей кездестірмеген бірдебірде жағдай табылмайды. Осылайша, біз алдымызға қойған тарихи, ғылыми мақсаттарымызға қол жеткіземіз. Сахна мен актерлердің көптігіне және әртүрлілігіне қарамастан, біз Еуропа өркениетінің дамуы жайлы қойылымға қатысамыз. Бірақ бізде қойылымға қатысудан басқа, бұдан да маңызды мақсат бар. Біз мұнда білім үшін ғана келмейміз. Жалпы өркениеттер тарихы, оның ішінде француз өркениеттер тарихы біздің уақыттың ерекшелігін құрайтын, ұлы мақсатты қойды. Оны шешуге бүкіл келешек, бүкіл адамзат келешегі мүдделі, ал оны шешу – біздің міндетіміз, біздің ұрпақтардың міндеті. Қазіргі кезде интеллектуалдық құрылыста, шындықты іздеу тәсілдерінде қандай рухтар басым, оның пәні неде? Қазіргі кездегі интеллектуалдық құрылыстағы рухтар – қаталдық, сақтық, ұстамдылық рухы, ғылыми зерттеу рухы, философиялық тәсілдер. Ол фактілерге мұқият бақылау жасай отырып, фактінің белгілі болуына қарай, өзін баяу, біртіндеп толықтырып отырады. Бұл рух соңғы елу жылда материалдық әлеммен айналысушы ғылымда басымдыққа ие болып, оның жеңісін және даңқын негіздеді. Ол енді моральдық әлем ғылымдарына – саясатқа, тарихқа, философияға тереңдеп енуге тырысты. Ғылыми тәсіл барлық жерде таралып бекіді, барлық жерде фактілерді негізге және басшылыққа алу қажеттігі сезілді. Бәрі де өзінің ғылым материалын құрайтынына сенімді, егер идея фактіден алынбаса, ешқандай жалпы идеяның шынайы мәні болмайды. Интеллектуалдық құрылыс заманға сай күш пен қуаттан құралады. Шынайы құрылыста, қоғамдық әлемде, басқаруда, әкімшілікте, саяси экономияда басқа бағыт басым. Мұнда идеялар, талқылаулар, жалпы принциптер, яғни теория деп аталатындар басымдыққа ие. XIX ғасырда бетбұрыс жасаған барлық еңбектердің сипаты осындай. Бұл сипат өтпелі кезеңде дағдарысқа ұшырамайды, бұл қоғамдық тәртіптің тұрақты қалыпты, бейбіт сипаты. Ол барлық жерде әзірленді. Бұл тәртіп жалпыға бірдей талқылауға және жариялылыққа, қоғамдық сана


66

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

билігіне, доктриналар мен көз жеткізуге негізделген. Бір жағынан, ол фактілер ғылымда ешқашан бұлай орын алған жоқ, екінші жағынан, идеялар практикалық өмірде ешқашан мұндай рөл ойнаған жоқ. Жүз жыл бұрын мүлде басқаша болды. Интеллектуалдық құрылыста, талқылаулар мен қиялдарда шек болмады, ғалымдар тек болжаммен шектелді, логикалық қорытынды жібінен басқа басшылыққа алар фактісі болмады. Саяси құрылыста, шынайы өмірде фактілер қуатты болып, өзінің табиғаты жағынан заңды болып есептелді. Ғалымдар фактілерге шүбә келтіріп, қарсылықтарын білдіретін болса, ол тек ойдың батылдығын ғана білдірді. Сонымен, өркениет барысы істің бұрынғы жағдайын сыпырып тастады, бұрын ойдың еркін қозғалысы билік еткен жерде фактінің басымдыққа ие болуына, ал тек қана фактылар беделі билік еткен жерде идеялардың ықпал етуіне әкелді. Бұл нәтиже қазіргі өркениетті кінәлаудан көрініс береді. Оның қарсыластары адамзат ойының қазіргі жағдайы және оның бағыттары жайлы айта ма? – олар оны құрғақ, ұсақ деп кінәлайды. Олардың пікірінше, бұл қатал жағымды әдіс идеяларды кемсітіп, қиялды мұздатады, ақылды оның ұлылығы мен еркіндігінен ажыратады, оны тарылтады. Қоғамның жағдайын қабылдау және жетілдіру жайлы әңгіме бола ма? Біздің өзімізді бұл екі жақты кінәлаудан, дұрысырақ айтқанда, екі жақты қауіптен тазартуымыз керек. Бұдан келіп шығатын мәселені біз шешуге тиіспіз. Біз интеллектуалдық құрылыста әрқашан фактіге, әлеуметтік жағынан – идеяларға басымдылық беріп, біздің ақылды шындыққа сәйкес бағыттап, ғылыми әдістің қаталдығын және ақылдың заңды билігін қолдауымыз керек. Мұнда ешқандай қарама-қайшылық жоқ, керісінше, ол адамның әлемнің көрермені және оның әлемді жасаушы ретіндегі жағдайының нәтижесі. Мен ештеңе ұсынбаймын, мен ештеңе түсіндірмеймін, мен тек іс жүзіндегі нәрсені суреттеймін. Біз өзіміз жасамаған және ойламаған әлемге тасталғанбыз, біз оны табамыз, зерттейміз, қажет болған жағдайда біз оны берілген факті ретінде мойындауымыз керек, өйткені ол бізде өмір сүреді және бізге тәуелсіз өмір сүреді, біздің ақылымыз фактілер бойынша жұмыс істейді, оның жалғыз дерегі факті болып табылады, ол жалпы заңдылықтарды ашқан кезде, олардың фактіден басқа ештеме емес екеніне көз жеткізеді. Біздің көрермен ретіндегі жағдайдың салдары осындай. Ал жасаушылар ретінде біз басқаша әрекет етеміз, біз фактілерге бақылау жасағандықтан, оларды білу олардан жоғары тұрған біздегі идеяны дамытады, біз өзімізді қайта өңдеуші, жетілді-


ГИЗО Ф. П.-Г.

67

руші ретінде сезінеміз. Шынында да, бар нәрсені бағыттауға тиісті адам ретінде, біз өзімізді әлемде әрекет етуге қабілетті ретінде сезінеміз. Көрермен ретінде адам фактілерге бағынады, ал жасампаз ретінде – ол оларды игере отырып, оларға анағұрлым таза, анағұрлым дұрыс форманы хабарлайды. Сонымен, менің біз шешуге тиісті мақсаттарда қарама-қайшылық жоқ деуге толық құқығым болды. Бұл екі міндетпен екі қауіптің де байланысты екені шындық. Фактілерді зерттеген кезде, сананы олар басып қалатын болғандықтан, ол төмендеп, кішірейіп, мені бір қарағанда таң қалдырған фактілерден басқа факті жоқ деп ойлап қалуы мүмкін. Мұндағы ауқымды және дөрекі қателік, қашық, ауқымды, қараңғы, қол жеткізуге қиын, бізден жоғары тұрған фактілер. Екінші жағынан, адамзат санасының атаққұмарлығы, оның шынайы әлемдегі әрекетінде еліктеуге, қиялға бейім, оның өз мақсатын өте алыс және баяу қозғалуы оны адасуға ұшыратады. Бірақ бұл екі мақсат тек екі міндетті дәлелдейді. Бұл міндетті орындау, мақсатты шешу өркениеттің қазіргі жағдайы оны анық қойып, оны көз алдыңнан жоғалтуға мүмкіндік бермеуі үшін қажет. Біздің кезде шындықты іздеу барысында ғылыми тәсілден ауытқыған кез келген адам, фактіні қандай да болмасын ойдың дамуының негізіне алмайды және қоғамды басқару кезінде принциптерді, идеялар мен доктриналарды есепке алмаған әрбір адам берік жетістікке және шынайы ықпалға қол жеткізе алмайды. Ақыл жағынан болсын, қоғам жағынан алғанда болсын – бәрі біздің еңбектеріміздің осы адамзат қызметінің осы екі заңына сәйкес келуіне, өркениеттің осы екі ұмытылысына байланысты. Бұдан басқа біздің тағы бір мәселені шешуіміз керек. Мен қазір сіздердің алдыларыңызға қойған екі мәселенің бірі – ғылыми, екіншісі – әлеуметтік, бірі – ақыл саласына, шындықты зерттеуге жатса, екіншісі – бұл зерттеу нәтижесін шынайы өмірде қолдануға жатады. Үшіншісі де – өркениеттің қазіргі жағдайынан туындайды, оны орындау да бізге жүктеледі. Ол ғылымға да, қоғамға да қатыссыз, біздің әрқайсымыздың ішкі дамуымызды, әрбір жеке адамның маңызы мен сапасын бейнелейтін – адамгершілік мәселесі. Біздің өркениетімізді ол біздің адамгершілік табиғатымызды улайды деп кінә тағады. Үнемі бәрін талдауға, өлшеуге, белгілі бір нақты және анық бағалауға ұмтылдыра отырып, ол адамның жанын тарылтып, оны суық етеді дейді. Адамдардың ешнәрсеге алданбауға, кез келген қиялға, кез келген саналық әлсіздікке берілмеуге, бәрінің шынайы бағасын білуге ұмтылуы оларды жалықтырып, олар тек өздерін жақсы көретін болады деп есептейді. Сонымен бірге қазіргі


68

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

өмірдің жұмсақтығы, қоғамдық қатынастардың жеңілділігі және ыңғайлылығы, қоғамда билік етуші тыныштық олардың мінезін жұмсартып, қуатын азайтады деп ойлайды. Адамдар барлық нәрсеге өздері үшін ұмтылады, ешнәрседен бас тартпайтын болады, бір сөзбен айтқанда – эгоизм, құрғақтық және әлсіздік өркениеттің қазіргі жағдайының табиғи нәтижесіне айналатын болады деп кінәлайды. Екі ұлы жасампаздық болып табылатын – қайсарлық пен қуат, сонымен бірге біз варварлық деп атаған кезеңде тамаша сапамен көрініс берген адамның екі ұлы күшін құрайды. Мұндай екі жақты жазғыруға жеңіл жауап беріп және оны дәлелдеуге болар еді. Біріншіден, өркениеттің қазіргі жағдайы, егер оны тереңірек және тұтас алып қарайтын болсақ, адамгершілік тұрғысынан алғандағы оның нәтижесі эгоизм мен нәзіктік болмауы керек, екіншіден, шындығында, жаңа уақытта өркениетті елдерде де төзімділікке байланысты кемшілік болған жоқ. Бірақ бұл мәселенің шешілуі мені өте тереңге алып кеткен болар еді, ал маған бітіру керек. Өркениеттің қазіргі жағдайы төзімділік пен адамгершілік қуатына, мен бас кезінде айтқан патриотизмге, жалпы алғандағы адамның барлық сапалары мен сезімдеріне жаңа қиындықтар туғызады. Біздің табиғаттың бұл ұлы қасиеттері өте жиі кездейсоқ, ойламаған жерден көрініс берді, ол оның себебіне мән берген жоқ. Енді олардың саналы негізге сүйенуіне тура келеді. Олардың әрбір көрінісі өз мотивінің заңдылығына және нәтижесінің пайдалылығына сүйенуі тиіс. Бұл – өзінің ұлылығын дамыту үшін адамның табиғаты көтеруі тиіс жаңа ауырлық. Ол оны көтереді, өйткені адам табиғаты ешқашан одан талап етілген жағдайлардан бас тартқан емес. Одан көп талап еткен сайын, ол көбірек береді, оның байлығы шығындармен бірге өсіп отырады. Қуат пен қайсарлық басқа формаларда көрініс берген, басқа қайнар көздерден пайда болады. Біз идеяларға, біздің адамгершілігімізге сәйкес келетін көз жеткізуге тиіс ішкі сенімдерге ие емеспіз, ал бұрын әрекет еткен қайсарлық пен қуат принциптері қазір қабілетсіз, өйткені олар біздің сенімімізді жоғалтты. Біз барлық күшімен бізді билейтін, бір уақытта көзімізді жеткізіп және қозғайтын принциптерді табуымыз керек. Олар қайсарлық пен қуатты тәрбиелейді, олар ақылға адамгершілік денсаулықты құрайтын пайдакүнемдіксіз қызметті және беріктікті хабарлайды. Бізді осыған мәжбүр ететін прогресс, бізге оның талаптарын қанағаттандыруға да мүмкіндік береді. Біз сол үшін жиналып отырған сабақ тек білім беруді ғана мақсат етіп қоймайды. Қазіргі кезде интеллектуалдық даму оқшауланған


ГИЗО Ф. П.-Г.

69

факті болып қалмау керек. Біз одан біздің елімізге қажетті өркениеттің жаңа құралдарын, ал өзіміз үшін адамгершілік қайта өрлеуді алуымыз керек. Әрине, ғылым тамаша, оның өзі-ақ адамның еңбегіне тұрарлық, бірақ ол әрекет ететін күшке айналып, жасампаздықты тудырған кезде ол мың есе тамаша болады. Сонымен біз – шындықты ашып, оны қоғамның пайдасы үшін сыртқы фактілерде жүзеге асырып, оны біздің қайсарлығымызды және адамгершілік энергияны тудыратын, адамның жердегі күші мен құдіретін құрайтын ішкі нанымымызға айналдыруымыз керек. Біздің үш жақты мақсатымыз осындай. Біздің ауыр және баяу жұмысымыздың нәтижесі де осындай болуы керек. Адамның құдіреті оның мақсатқа жылжитындығында болып табылады. <…>. Тәржімалаған Назарбек Қанафин


ГУБМАН БОРИС ЛЬВОВИЧ ТАРИХТЫҢ МАҒЫНАСЫ: ҚАЗІРГІ БАТЫС ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНЫҢ ОЧЕРКТЕРІ Кіріспе

Тарихтың бірлігін аңдау, яғни жалпы тарихты тұтастық ретінде түсіну, тарих білімінің өзінің түпкілікті мағынасын іздеуге ұмтылысын туғызады К. Ясперс Тарихқа ежелден даналыққа жетуге, қоғамдық оқиғалардың жөңкілген ағысында бағдар табуға мүмкіндік беретін өмір ұстазы ретінде қарап келеді. Осыдан жүз жыл бұрынғыдай, тарихтың мағынасы туралы қазіргі кездегі дүниетанымдық түсінік те өткен мен бүгіннің нақты тәжірибесін «жинақтайды». ХХ ғасыр ғылым мен техниканың салтанат құруына ғана жеткізіп қойған жоқ, ол екі дүниежүзілік соғыстың қайғы-қасіретін, тоталитаризмнің қанды қиялшылдығын алып келді, адам ұрпағын сақтап қалудың өзі соларды шешуге байланысты проблемаларды алға тартты. Міне, сондықтан да батыстың көптеген ойшылдары тарихтан ақыл-ой мен әділеттілік патшасын көруден үміт үзіп, немесе дәуірдің талабына дәстүрден тыс жауап іздеуге көшіп отыр. Қайсыбір ойшылдың қандай бағдарды, философиялық дүниетанымды ұстанатынына қарамастан, қазір батыс теорияшыларының тарихты адамзатқа жасырын яки анық қауіп туғызатын күш деп түсінуі жиілеп барады. Тарихқа сенбеудің, тіпті одан үрейленудің ортақ ахуалы қалыптасуы да, ал оның мағынасы бар екеніне күмән келтірілуі де осыдан шығып отыр. Тарихтың мағынасын теріске шығару қазіргі


ГУБМАН Б. Л.

71

батыстың ірі суреткерлерінің шығармаларының беттерінен орын алып, көпшіліктің санасына сіңіріле бастады. <…> Тарихтың мағынасы туралы қазіргі батыстық тұжырымдамалар Жаңа заманның классикалық философиясының мұрасына1, атап айтқанда дүниежүзілік-тарихи үдерістің мәнісі туралы маркстік ілімге тікелей қарсы шығу болып табылады. Егер Жаңа заманның классикалық философиясы дүниежүзілік тарихтың мазмұнын түсіну, оның бірлігінің, прогресшіл ілгерілеу қозғалысының, адамның және бүкіл адамзаттың жетілуінің негіздерін табу мүмкіндігі туралы сенімге толы болса, қазіргі батыстың тарихтың мағынасы туралы тұжырымдамалары бұл идеяларды жаппай теріске шығарумен байланысты болып отыр2. Батыс ойының «өмір философиясы», жаңакантшылдық, жаңагегельшілдік, жаңапозитивизм т.б. бағыттары болып табылатын «тарихи ақыл-ой сынын» жақтаушылар тарихтың ғаламдық мағынасын түсінудің мүмкіндігіне күмән келтірді. «Жергілікті өркениет» тұжырымдамалары дүниежүзілік-тарихи үдерістің бірлігі және ілгерілеуші бағыты туралы қалыптасқан түсінікті жоққа шығарады. Экзистенциализм жолын ұстанушылар қоғамдық-саяси дамудың адамдар арасындағы бөлектенуді күннен-күнге үдетіп бара жатқан адамгершілікке қарсы ұстанымын әшкерелеп келеді. Франкфурт мектебі мен «жаңа философияның» теорияшылары «тарихқа қарсы бүлікті» өздерінің басты міндеті деп санайды. Осылайша қалыптасқан жағдайда тарихтың мағынасын діни-философиялық тұрғыдан дәлелдеудің кең танымал бола бастауы да түсінікті. Неотомизмді және католиктік ойдың басқа да бағыттарын жақтаушылар, жаңапротестантизмнің өкілдері шегіне жеткен тарихи релятивизмге қарсы шығып, қазіргі заманғы өркениетті құтқарып қалу үшін діни-адамгершілік құндылықтар жүйесін ұсынуда3. Тарихты діни тұрғыдан талдап-түсіндірулер біздің ғасырымыздағы зайырлы батыс тұжырымдамаларымен ойдағыдай бәсекелесіп келеді, өйткені дүниежүзілік-тарихи үдерісті белгілі бір тұтастықпен пайымдайды, оның адамгершілік мазмұнын дәлелдейді. <…> 1 Қараңыз: Мамардашвили М.К., Соловьев Э.Ю., Швыров В.С. Классика және қазіргі заман: қазіргі буржуазиялық философия дамуының екі кезеңі // Қазіргі дүниедегі философия. Философия және ғылым: Буржуазиялық философияға сыночерктер. М., 1972. 2 Copleston F.C. Some ideas of history in different cultures // Philosophies and culture. Oxford etc., 1980. 99-119 бб. 3 Bruning W. Geschichtsphilosophie der Gegenwart. Stuttgart, 1961. 56 б.


72

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

І тарау ЖАҢАША ОЙЛАУ ЖӘНЕ ТАРИХТЫҢ МАҒЫНАСЫ 1. Тарихтың мағынасы – философиялық дүниетанымның түйінді мәселесі Адам табиғат-ғарыш универсумындағы және тарихтағы өзінің орнын түсінуге үнемі ұмтылып келеді. Мұны түсіну оған тек өзін әлемнің, мәдени дәстүрдің бірлігіне жатқызып қарауы арқылы ғана мүмкін болады. Өзінің мүмкіндіктерін ол тарих кеңістігінде ашылатын баламалармен салыстырып өлшейді, сондықтан да тарихты тұтастай түсінуге және құндылық өлшемімен көруге ұмтылмай тұра алмайды. Тарихты көз аясына сыйғызу, оның бағыты мен адамгершілік мазмұнын түсіну – адамды үздіксіз алаңдатып келе жатқан міндет – мәселе. Бұл мәселе ешқашан ақырына дейін шешілмейді: қазіргі заман оқиғаларының тамыр соғысы, болашақтың мүмкіндіктері өткен тарихты түсіну көкжиегін үнемі өзгертіп отырады. Оның үстіне тарих қашанда бір мағынада түсінілмейді, ол басқа адамдармен пікір таластыру арқылы айқындалады. Сондықтан әңгіме серікпен, көзқарас бірлігін іздестірудің, өзара түсіністік табудың, тіпті ол басқа дүниетанымды ұстанатын жағдайдың өзінде, маңызы арта түседі, біздің кезімізде адамзаттың болашағы осыған тәуелді болып отыр. Жаңа ойлау тұрғысынан келгенде тарихты болашақ жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша қарастыру керек. Бұл оның мағынасы жайындағы болама көзқарастардың дұрыс тұстарын анықтауға, осы заманғы ғаламдық проблемаларды шешудің көптеген ізгі ниетті адамдар қабылдай алатын негіздерін жасауға мүмкіндік береді. Тарихтың мағынасына көзқарас қандай да бір дүниетанымдық алғышарттар жағдайында пайда болады. Түптеп келгенде, дүниетаным адамның шындыққа іс жүзінде қалай қарайтынын көрсетеді және көп жағдайда соған байланысты болады. Бұл жағдай әсіресе адамдардың арман-тілектері, мақсаттары көбінесе мүлде бүркемеленбейтін тарихтың мағынасы туралы дүниетанымдық түсініктерден айқын көрінеді. Дүниетаным – әлемді біршама тұтастық деп түсіндіруге және өзінің ондағы орнын түсінуге тырысатын адамның шындықты рухани және іс жүзінде игеруінің нәтижесі. Оның қызметі, түптеп келгенде, адам тіршілігінің мақсаты мен мағынасын анықтау болып табылады.


ГУБМАН Б. Л.

73

Дүниетанымда қашанда қоғамдық өмірдің тамыры соғып тұрады, ол өзін (дүниетанымды) ұстанатын адамдардың қоғамдастықтары, жеке адамдар қатысатын әлеуметтік-мәдени жағдайды бейнелейді. Онда қандай да бір тарихи дәуірдің сана-сезімі нақты көрініс табады. Дүниетанымның өзіндік ерекшелігі сол, онда әлем және адам туралы түсініктер жинақталады, сенімдер статусына ие болатын осы түсініктердің негізінде таным мен нақты іс-әрекеттің базистік принциптері, әлеуметтік-мәдени бағдарлар мен идеалдар қалыптасады4. Сенімдерде адамның қажеттіліктерімен тікелей байланыстың, дүниеге рухани-практикалық қатынастың белгісі болады. Қандай да бір дүниетанымдық сенімнің шын яки жалған екендігі, олардан туатын салдарлар сол сенімдердің адамның танымдық және практикалық ісқимылының кең аясындағы қызметінен байқалады. Белгілі бір дәуірдің өзіндік сана-сезімі ретінде дүниетаным, тұтастай алғанда, әлемнің болмысы және адамның ондағы орны туралы сенімдер жүйесіне міндетті түрде сүйенеді. Тұтастық ретінде әлем әрқашан дүниетанымның «объективіне» ілінеді, бірақ ол өзіне қатынасқа қарай, тарихи тұрғыда бейнеленеді. Әлем қашанда өзінің белгілі бір қырымен адамға бұрылып тұратын секілді. Белгілі мағынада біз әлденеше әлемге тап болып отырмыз. Дүниетаным тұтастай әлемді ғана емес, көбінесе табиғи немесе әлеуметтік-тарихи шындықты бейнелеуге бағдарланады. Біз үшін дүниетанымдық сенімдердің қандай түрде бейнеленіп қалатынының елеулі маңызы бар. Өйткені дүниетанымның мифологиялықтан бастап философиялыққа дейінгі алуан түрі белгілі, әр түрлі дүниетанымдық түсініктерде белгілі бір дәуірдің, халықтың рухани мәдениетінің әмбебаптығы тиянақты формаға ие болады. Дүниетанымдық сенімдердің фактілерді қатаң айқындау мен теориялық пайымдаулардан өзгешелігі сол – олар біздің біліміміздің белгілі дәрежеде толық емес екендігін көрсететін мейлінше кең тақырыптық салаға жатқызылған. Алайда бұл кез келген сенімдер тең бағалы дегенді мүлде білдірмейді. Сондықтан да біз шындықтың дүниетанымдық сені��дерде бейнеленуі тәсілдері туралы айтқанда, олардың шынайы немесе қиял екендігі жайында ойлануға құқылымыз. Дүниетаным ғылыми яки ғылыми емес ұтымдылық үлгісіне бағдарлануы мүмкін. Дүниетанымға оның әлеуметтік шарттылығы, құндылық мазмұны жағына қарау қызығушылық туғызады. 4 Богомолов А.С., Ойзерман Т.И. Тарихи-философиялық процесс теориясының негіздері. М., 1983. 30 б.


74

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Тарихтың мағынасы туралы ойлану философияның ғана үлесі емес. Тарих рухани мәдениеттің әр түрлі формаларында бейнеленеді, оларда дүниетанымдық пайымдаудың тақырыбына айналады. Тарихтың дүниетанымдық категория ретіндегі мәртебесі адамның өз халқына және бүкіл адамзатқа өзінің ортақ екенін тарихтан тыс жете түсіне алмайтынымен анықталады. Ал тарих жекелеген халықтардың немесе адамзаттың дамуының біртұтас үдерісі ретінде түсінілген кезде оның мағынасы туралы дүниетанымдық сұрақ тумай қоймайды. Философияға дейінгі дүниетанымның көптеген формалары бұл сұрақтың жауабын іздестірді. Тарих феноменін қаншалықты қабылдамағанына қарамастан, мифологиялық дүниетанымның өзі-ақ оны оралып өте алмады. Мұнда тарихтың мағынасы өткен кез туралы әңгімені қазіргі кез туралы баяндаумен қатар жүргізуді көздейтін бастапқы мифолегемманың көмегімен қарастырылды. Мысалы, VIII ғ. басында туған жапонның жазба ескерткіштері «Кодзики» («Ежелгі дүние істері туралы жазбалар») мен «Нихонги» («Жапония жылнамасы») осы елдің тарихына шолу жасауға және «ғасыр құдайлары», Аспанның әйел-құдайы Аматэрасу туралы космогониялық мифке сәйкес Ямота патшаларының династиялық құқығын дәлелдеуге талаптанған. Діни дүниетаным тарихтың өз түсінуіндегі біртұтас бейнесін жасайды. Бұған христиандардың эсхатологиялық мифологиясы мысал бола алады, онда құдай-адамның көрінуі адам тарихының мағынасын ашудың кілті болып саналады. Алайда тек философия ғана тарихтың мағынасы туралы мәселені кеңейтілген теориялық формада қояды. Философиялық ойлаудың өзіндік ерекше белгісі – теориялылық. Философия дүниетаным мәселелерін теориялық құралдармен шешеді, өзінің ережелері мен қорытындыларын дәлелдейді. Ол – категориялар тілімен ой тұжырымдайтын жалпы теориялық дүниетаным. Жалпыфилософиялық бағыттар қандай да бір ойшылдың тарихқа, оның мағыналық мазмұнына көзқарастарынан да өзінің «жолын» тауып шығады. «Тарих философиясы философияның өзін адамның рухани-адамгершілік, құндылықты-дүниетанымдық, психологиялық және сезімдік бағыт-бағдарын ғылыми біліммен біріктіру, шындықты практикалық – рухани игеру және ғылыми тұрғыдан тану арқылы түсіну үшін мейлінше ерекше әрі елеулі роль атқарады»5. Көптеген дүниетаным түрлерінің арасында тек тарих философиясы ғана 5

Григорьян Б.Т. Философия және тарих философиясы // Философия және сананың құндылықты формалары. М., 1978, 23 б.


ГУБМАН Б. Л.

75

тарихтың мағынасы мәселесін теориялық тұрғыдан қойып қарауды ұсынады, бұл тарихқа рухани-практикалық, құндылық тұрғыдағы қатынастың және адамзаттың даму үдерісі туралы бізге түсінікті білімнің қорытындыларын, нәтижелерін түйіндейді. Ол философия білімнің басқа бөлімдеріне қарағанда әлемді іс жүзінде игерудің елеулі міндеттерімен анағұрлым тығыз байланысқан, қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтарының жонды арқауына анағұрлым көбірек тартылған. Универсумға философиялық көзқарас оны әлем мен тарихты түпкі мақсат ретінде қарастыруды көздейді. «Әлемнің түпкі мағынасы немесе тарихтың түпкі мағынасы адамның міндетті мақсатының бөлігі болып табылады. Ал адамның міндетті мақсаты – Адам ретінде жүзеге асу. Адам болу»6. Тарих – адамның өзін-өзі жүзеге асыратын өрісі, сондықтан тарихтың мағынасы туралы мәселе – әлемді философиялық түсіну үшін ең принципті мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда тарихтың мағынасы туралы ойлау дегеніміз адамның міндетті мақсатын оның дәстүрге тартылғандығы және болашақ көкжиегінің ашылуы тұрғысынан қарастырып, іздеу болып шығады. Сондықтан бұл мәселеге назар аударған ойшылдар жасаған пайымдаулар мейлінше экзистенциалды-жеке пікірге негізделген, оларда қандай да бір дәуірдің қызулығы мен құмарлығының көріністері бар. Адамның ақыл-ойы тарихтың тұтастығын түсінуге қабілетті ме? Тарихтың бірлігі мен әр алуандығының негізі неде? Оның бағыты мен адамгершілік мазмұны қандай? Дүниежүзілік тарихи үдерістің мағынасын іздеп тапқысы келген кім-кімнің де осы сұрақтарға жауап беруіне тура келеді. Бұл сұрақтардың алғашқысы философтардың шығармаларында, салыстырмалы түрде алғанда, кейінірек, ХІХ ғ. екінші жартысында қойылғаны анық, ал келесі екі сұрақ тарихи философиялық ой туған кезде-ақ пайда болған. Жеке адамның тарихты түсінуге қабілеттілігі, оның мағынасына бойлап енудің құнды алғышарттары жайында ой толғамдар енді жақсы бапталған топырақта пісіп, адамгершіліктің мазмұнын неғұрлым терең түсінуге қажетті сәт болып табылады. Адамзат тарихының бірлігі мәдениеттердің өзара ықпалдастығы арқылы көрінеді, өйткені мәдени игіліктер өмір кеңістігі мен уақыт кеңістігіне тарайды. 6 Мамардашвили М. Менің философияны түсінуім. (Мен философияны қалай түсінемін). М., 1990, 58 б.


76

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Қазірге дейін жалпы есебі алты мыңжылдықты құрап отырған тарих, әр түрлі елдер мен халықтардың бір-біріне ұқсамайтын мәдени ерекшеліктері болуына қарамастан, орныққан адам ұрпағының бірлігі–өмірдегі нақты феномен екенін айғақтайды. Қазіргі адамзат экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени байланыстармен бірігіп топтасқан, бірақ бұл бірлік бір сәтте пайда бола қалған жоқ, ол – сандаған ғасырлық тарихтың жемісі. «Адамзат тарихы әлдебір сүреңсіз үдеріс емес; ол өте нақты және әрқайсысының өзіне тән бет-бейнесі бар жекелеген халықтардың қызметінен құралады. Солай бола тұра, тек бір халықтың өзіне тиесілі көрінетін тарихи оқиғалардың мағынасы, толық мәнінде адамзаттың жалпы тарихы арқылы ғана ашылатын кезі аз емес»7. Адам ұрпағы өткен жолдың тұтастығын түсіну жекелеген тарихи оқиғалардың, үдерістердің мағынасына жарық түсіретін және бұл өз кезегінде, оның көрінуін де айқындай түсетін секілді. Тарих Жер планетасы елдер, халықтар мен аймақтар арасындағы байланыстарды мейлінше жан-жақты ету белдеуіне енетін Жаңа заманда ғана бүкіл әлемдік тарихқа айналады. Бірақ солай дегенмен, әңгіме, мейлі, б.з.д IV мыңжылдықта пайда болған өркениеттің алғашқы ошақтары туралы болсын, немесе қоғамдық дамудың бүгінгі сатысы туралы болсын, бәрібір тарихты қазірдің өзінде оның «бүкіл әлемдігі» аясында қарастыруға тура келеді. Тарихтың бірлігі мен алуан түрлілігі арасындағы өзара байланыстың диалектикасын белгілі бір жалпы философиялық негіздерге сүйену арқылы ғана бақылауға болады: өйткені бұл мәселені талдауға кіріскенде бүкіл әлемдік тарихи үдеріске тұтастық беретін кейбір бастауларды тікелей жорамалдау немесе, керісінше, мұндай пайымдаудан бас тарту қажет. Б. Кроче философия және тарих білімдерінің тегі бір екендігін анық байқаған. Шынында да философия тарихи тәжірибенің жаппай сипатына арқа сүйемей тұра алмайды, сонымен бірге біздің бір мәртелік және қайталанбас тарихи оқиғалар туралы ойларымыз универсумға ортақ көзқарас жағдайында өрістейді. Біздің тарихқа тұтастық ретінде қарауымызда ортақ дүниетанымдық түсініктер бар екені даусыз. Батысеуропалық тарих философиясы дәстүрлі түрде субстанциализм мен номинализмнің дилеммаларын жасап отырды. Тарихи субстанциализм онда уақыт кеңістігінде өрістейтін және оның барлық дәуірлерін бейнелейтін рухани бастауды, тарихи субстанцияны жорамалдайтын теориялармен көрінеді. Ол өткен заман мен қазіргі заманның 6

Конрад Н.И. Тарихтың мағынасы туралы // Батыс және Шығыс. М., 1972, 454 б.


ГУБМАН Б. Л.

77

тұтастай бірқатар діни және зайырлы доктриналарынан нақты көрініс тапты. Мысалы, дүниежүзілік тарихтан абсолюттік идеяның жеңісін көрген Гегельдің тарихи даналық доктринасы оның неғұрлым кемелденген бейнесі болды. Тарихи номинализм, керісінше, барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстар қайталанбас сипатта болады, оларды өзінің тереңінен шығатын идеалдық рухани негізге, субстанцияға жинақтауға болмайды деп санайтын мүлде басқаша бағытты білдіреді. Мұндай қисында біз, мысалы, жаңакантшылдар В.Виндельбанд пен Г. Риккерттің еңбектерінен немесе адамзат бірлігін түсінерлік мағынасы жоқ бос дыбыс қана деп санаған О. Шпенглердің «жергілікті өркениеттер» тұжырымдамасынан кездестіреміз. Жеке өзінің ілімін жасаған Маркс бүкіл әлемдік-тарихи байланыстардың әмбебаптануы идеясын, мәдениетті мұралау үдерісінде көрінетін жалпыға бірдей еңбектің барын негізге алды. Әрбір қоғамдық-экономикалық формация оған адам ұрпағын біріктірудегі жаңа қадам болып көрінді. Сонымен бірге өзі ұсынған тарихтың бірлігі тұжырымдамасында негізгі тақырып болмаған жеке мәдениеттердің тарихи өзгешеліктерін де Маркс жоққа шығарған жоқ. Дүниежүзілік тарихи байланыстардың қалыптасуының ең ортақ кезеңдеріне назар аударған Маркс, капиталистік қарым-қатынас орныққаннан кейін адам қоғамдастығы бірігуге шешуші қадам жасайды, сол кезде бұл үдерістің шарықтау шегі оның өзі талдап жасаған әлеуметтік идеал туғызатын дәуірге аяқ басады деп пайымдады. Философия тарихтың бағыттылығы, оның адамгершілікті мазмұны туралы мәселеге де көптен бері ден қойып келеді. Адам ұрпағының үздіксіз әкелетінін болжаған прогресс теориясына қарама-қарсы тарихи оқиғалардың ұласуы тұжырымдасы да бар. Бұлардың алғашқысы дәстүрлі түрде субстанциялық ұстаныммен байланысты, бұл ұстаным бойынша қоғамдық өмірдің біртұтас рухани бастауы уақты кеңістігінде үздіксіз қанат жаяды; ал екіншісі туу, өсу, гүлдену және өлу сияқты бірыңғай сатылық үдерісі қайталана береді, ол қайталанбас сипаты бар жекелеген мәдениеттерге де тән деген тұжырымды ұстанады. Тарихтың мұндай циклділік тұжырымдамаларының кемшіліктері болғанымен, оларды жасаушылардың қазір бір-бірінен өзгеше мәдениеттердің даму барысында қайталанушылық бар екеніне назар аударып отырғаны орынды екенін де мойындау керек. Алайда мұндай мәдениеттердің өзара байланысы үдерісіне, мәдениет мұраларының өмір мен уақыт кеңістігіне таралуына көңіл бөлмеуі олардың осал тұсы болып келеді. Прогресс идеясы Жаңа заманнан бері еуропалық ойшылдардың


78

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

ақыл-есін билеп алды. Бұл дәуір философтарының шығармаларында адамзат ұрпағының озық ойлы ілгерілеуінің салтанат құруы, ақылой жемістерінің жетілуі қажетті әрі болмай қоймайтын үдеріс ретінде көрсетіледі. Ақыл-ойдың абсолютті күшіне, оның қоғамды дамытудың әмбебап, келелі мүмкіндіктерін көрсету қабілетіне сену – Ағарту дәуірі ойшылдарына, неміс классикалық философиясының өкілдеріне, марксизмді жасаушыларға шабыт, жігер берді. Қоғамдық-экономикалық формацияның прогресшіл ауысуы көрінісін белгілей отырып, Маркс тарихтың болашағын бөлектенуді жоюдан көрді. Қазіргі батыс философиясы «ядролық ғасырда» бөлектенудің жалпы адамзаттық түрлері өсуінің нақты белгілерін көруге ден қойып, әлеуметтік прогрестің белгілерін көруден күдер үзді, мұндай идеяның өзін жойып бітті. Батыс авторлары ұсынған ағартушы прогресшілдікке сында ұтымды айтылған тұстар аз емес, олар тарихи дамудың тағдыр-талайы туралы қайтадан ойлануға мәжбүр етеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында прогреске бір жақты көзқарас, оның жүзеге асуы бір мағыналы деп ойлайтын көзқарас өзінің беделінен толық айырылғаны мағыналы деп ойлайтын. Көзқарас өзінің беделінен толық айырылғаны мейлінше анық көрінді. Иә, тарих адамзаттың табиғат күштерін игеруімен, өндіріс күштерін, экономикалық және әлеуметтік қатынастарды жетілдіруімен, жаңа мәдени құндылықтардың үздіксіз жаратуымен, ілесе жүреді, бірақ оның барысы бір мағыналы түрде алдын-ала белгіленбеген, ол көп нұсқалы, көп баламалы, сондықтан әрекет етуші адамдардың белсенділігін талап етеді. Қазір, бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде, қоғамның адамгершілікті жағын прогрестің көрсеткіші ретінде қарау мәселесі өткір қойылып отыр. Бұл критерий алдыңғы кезекке шығарылады, өйткені өндіріс күштерін жоғары деңгейде дамытуға, керемет техника мен технологиялар жасауға, қоғамдық өмірдің барлық саласын мейлінше тиімді етуге болады, бірақ адамның бір шетте, бөлектенген вакуумде қалдырылуы мүмкін. Түптеп келгенде, қандай да бір қоғам түрінің прогресшілдігін нақ осы өлшеммен, адамның өзін-өзі жетілдіруіне көмектесетін жағдайлардың деңгейімен бағалау қажет. Әлеуметтік прогресс қазір жаңа ойлау белгілеген құндылықтармен өлшенеді, бұл құндылықтардың арасында адам негізгі орын алады. Тарихтың мағынасы туралы біздің ой-толғауларымыз көбінесе өткенді түсіну үшін қолданылатын ойлағыштық және құндылық алғышарттарынан туындайды. Тарихтың мағыналық мазмұны адамның тарихи тіршілігінің елес-көлеңкелері арқылы жеткен түсініктер


ГУБМАН Б. Л.

79

нәтижесінде оның өзінің игілігіне айналады. Адамның жанды тіршілік иесі ретінде өзінің өткенмен байланыстылығын сезінген, бүгіннін уайымдап, болашағына ой жүгірткен өмір сүру тәсілі оның тарихты түсінуі мен пайымдауына өшпес ізін қалдырады. Әрбір жеке адам белгілі бір әлеуметтік дүниеде, қоғамдастықта өмір сүреді, соған қарай өткен тарихты өзінше көріп-біледі, соның өзінде де, лайықты негізде: адам болу – тарихтан ажырағысыз болу деп айтуға болады. Тарихтың тұтастығын пайымдау құндылықтармен безендірілген және адам тұрмысының тәсілдерінен тамыр тартатын күрделі таным үдерісі екені бірден түсініле қойған жоқ. Ол батыс ойшылдары «тарихи ақылой сынының» қажеттігі туралы айта бастаған өткен ғасырдың екінші жартысынан бері ғана философиялық ойлаудың игілігіне айналды. ХХ ғасыр бұл бағыттағы ізденістерді тереңдетіп тарихтың мағынасын іздеп-табу үдерісінің неғұрлым мазмұнды түрде көрінуіне алып келді. Кәсіби тарихшылар мен философтар тарихтың мағыналы көріністерін табу тәсілдерінің өзін ойластыра бастады. Тарихшы қашанда өз зерттеуінің тақырыбын мағыналық бірлік ретінде түсінуге ұмтылады. Уақыттың қойнауына батып кеткен жергілікті оқиғалар, үдерістер жекелеген халықтардың, мемлекеттердің, адамзат басып өткен бүкіл жолдың неғұрлым кең мағыналы тарихына кіргізіліп жазылуға тиісті. Бұл үшін белгілі бір философиялықдүниетанымдық негіздеулер талап етілетіні айдан анық. Тарих білімінің өзіндік философиялық жүгі ауыр екендігі де сондықтан. Бірегей тарихи оқиғаларды бүкіл әлемдік тарихтың картинасымен байланысты көру – философиямен шұғылдану деген сөз. Тарихтың мағынасы туралы ой толғайтын философтың жұмысы мұнан да күрделі: ол өзі қабылдаған дүниетаным тұғырнамасына сүйене отырып, тарихи білімдерді талдауға тиіс болады. Оның жұмысында философиялық ойтолғамдары өзіндік бір көп қалыптылыққа ие болады: бұлайша ойлау өткен оқиғаның таңдап алынған көрінісіне, философ қарастырып отырған оқиғалардың біразының мәнісін ашуға үміткер, бәсекелес теорияларға сүйенеді, эмпирикалық деректерді пайдалануды көздейді, ал олардың көлемі өзгермей тұрмайды, өйткені мамандардың назарына жаңа дереккөздер ілігеді, кейде, тіпті, ескі деректердің бұрын белгісіз қырлары ашылып, басқа аяда көрінуі де жиі болып тұрады. Осының бәрінде де философ өзінің міндетті мақсатын – тарихты мағынаға ие бүтін ретінде қарастыруды ұмытпауға тиісті. Осы мақсатқа ұмтылған философ бүгінгі таңда дүниежүзілік-тарихи үдерістің жалпы мазмұнын қасаңдықпен құрастыра алмайды,


80

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

өйткені өткен тарих туралы білімнің тез өзгеруі, оны түсінудің өзіндік ерекшеліктері жөніндегі ой-толғамдары мұндай әрекеттердің беделін түсірді. Тарихтың мағынасы туралы пайымдаулардағы «сәуегейлік сарын», мұндайдың көрінуіне абсолютті дәмелілік қазір сандырақ, ал кейде, олардың саясат сахнасына «шығуын» ескерсек, қауіпті де болып көрінеді. Бүкіл әлемдік тарихи үдерістің тұтастығын түсіндіру әрқашан нақты жағдайда – «осында» және «қазір» қалыптасады, сондықтан әрбір түсіндірудің қандай ғылыми жаңашылдықтың, әдістемелік және теориялық алғышарттардың негізінде жасалғанын анықтау мүлде оңай шаруа емес. Философ өзіне қажетті тарихи білімдерге өзіндік бір іріктеу жүргізеді. Ол дүниежүзілік тарихтың қандай да бір картинасын ақыры қабылдайды, оны өзіне белгілі теориялық тұжырымдармен салыстыра отырып, ой елегінен өткізеді. Жаңа эмпириялық деректер де оның тарихтың мағынасын түсінуіне, бұрын мызғымастай көрінетін түсініктерді «іштей бұзған» секілді, едәуір ықпал етпей қоймайды. Сондықтан, философиялық келеліліктің мейлінше ғаламилығына қарамастан, ол тарихшы-талдаушының міндетін де атқара алады. Философ назарындағы тақырып пен жалпы тарих, жекелеген елдер мен халықтар тарихы мәселелері саласының маманы назарындағы тақырыптың арасында алынбас кедергі жоқ және болуы да мүмкін емес. Олардың бүкіләлемдік тарихи үдерісті түсінуінің тар аясында ғана өзгешеліктер бар, өйткені философ бұл үдерістің кейбір кезеңдеріне тек тұтастық тұрғысынан көңіл қояды, ал тарихшы, керісінше, адамзат басып өткен жолдың бәрін назарда ұстай отырып, өткеннің жекелеген кезеңдерін алдымен қарастыруды өз міндеті санайды. Өзіндік бір «тарих идеясын» басшылыққа алған философ өзі жинақтап-қорытқандардың таным-іліміндік, теориялық-әдістемелік алғышарттары жайында ғана ойланып қоймай, олардың құндылық негізіне де ой жүгіртуі керек. Философия, Маркстің дәл сипаттамасы бойынша, «мәдениеттің тірі рухы» болып табылады. Оны әлеуметтік өмірдің нақты арқауына тартылған белгілі бір дәуірдің ойшылына тиесілі шындыққа руханипрактикалық қатынастың нәтижелерін теориялық тұрғыдан қорытып түйіндейді деуге болады. Бұл әсіресе қоғамдық дамудың мағынасы туралы мәселе көтеріп жүрген тарих философиясына қатысты сондай сипат алады. Адам қашанда тарихты тек шын оқиғалар сипатындағы нақты үдеріс деп қана қарастырмайды, тарих ол үшін құндылықтың да рөлін атқарады.


ГУБМАН Б. Л.

81

Адам өз болмысының күштерін ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мәдениеттің нақты түрлеріне үнемі заттандырып отырады. Тіпті, табиғаттың өзі де, адам қызметінің арқасында, құндылық сипаттамаларына ие болады. Әрине, адам үшін құндылықтар бүгінгі күннің тұрғысына ғана орналаспаған. Олар өткен заман мен келешектің өрісін біріктіретін уақыт ағымында тіршілік етеді деуге болады. Тарихтың ерекше заттай құндылықтар ретіндегі өзіндік болмысы да осыдан көрінеді. Адам өз заманының әр түрлі құндылықтарын жинауға ғана шығармашылықпен қарамайды, ол өткенге де үнемі үңіліп, оның мұраларының мазмұнын заттандырады, сөйтіп, өзінің бірегей мәденитарихи әлемін қалыптастырып, болашақтың бейнесін жасайды. Сондықтан да тарихтың мағынасын философиялық дүниетанымдық тұрғыдан іздестірудің өзі, тарихтың мәнісін түсіндіруге талаптанатын қатаң құрылымдар түрінде болған күнде де, қандай да бір құндылықтың түсіне боялады. Тарихтың мағынасы туралы сұрастыратын адам қашанда оның өзінің құндылық және дүниетаным бағдарынан көрінетін әлеуметтік нұсқаманы білдіреді. Ол өзінің осы заманға, өткен заман мен болашаққа қатынасын білдіретін нақты қоғамдық ортадан, жағдайдан тыс қала алмайды. Тарихи үдерістің мәнісі, оның бағыты туралы кейде абстрактілі есепке құрылған пайымдаулардың арқауынан да дәуірдің рухын аңғару қиын емес, өйткені оның тағдыр-талайы белгілі бір қоғамдық топтың мұрат-мүддесіне ортақ жеке адамның мүддесіне де соқпай өтпейді. Тарихтың мағынасы туралы мейлінше алуан түрлі құндылық пен дүниетаным тұрғысынан ойлайтын адамдардың арасында мұндай жағдайда өзара түсіністік болуы мүмкін бе? Тарихты түсіну – «биліктің ауытқуына» жаппай байланысты деп, «жаңа философтар» дұрыс айтып жүрген жоқ па? Адамдарға тарихи оқиғалардың мазмұнын өздерінің құндылықты – мақсатты бағдарларымен, идеалдарымен салыстыру, өткен заманнан бүгінгі күн үшін маңызды нәрселерді іздеу – тән қасиет. Адамдар басқа дәуірлер өкілдерінің іс-әрекеттерінен, көбінесе, еліктеу үшін үлгі іздейді, қазіргі өз тілегіне жетудің тәсілдерін таппақ болады. Мұндай «пысықайлықтан», әрине, арылу мүмкін емес, ол өткеннің оқиғаларын маңызды, екінші дәрежелі немесе ұмытуға лайықты деп сұрыптап бағалайтын, өмір сүрудің бүгін қызмет ете алатын құралдарын таңдап алатын құндылықты айырушы санаға берік орныққан. Мәселе, таңдап алынған құндылықты-мақсатты нұсқамалар мәдени-тарихи дәстүрдегі шынайы бағалыны қаншалықты анық көрсете алаты-


82

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

нында, жалпы адамгершілік тұрғыдан маңызды нәрсенің сипатын қаншалықты жеткізе алатынында болса керек. Құндылықтарды қайта бағалау, идеалдарды құлату мәдени дамудың диалектикасына тән сипат екені құпия емес. Өмір бос қиялдардан арылуға көмектеседі, оларды жоққа шығарады, олардың нақты үдерістерге жат екенін көрсетеді. Бұл әсіресе құндылық түсінігі өзінің утопияға қарсы белгілерімен, болашақ жайындағы оңайлатылған – оптимистік түсініктермен қоштасуға ұмтылысымен ерекшеленген біздің ғасырдың аяқ тұсында айқын көрінді. Әдетте, болашақ даму бағыттарын нақ әлеуметтік күштер дұрыс аңғаруға қабілетті, өздері де осыған мүдделі бұл күштер ұстанған идеалдардың арқасында өткен замандар қойнынан баға жеткісіз, барлық замандар мен халықтар үшін маңызды құндылықтар табылып отыр. ХХ ғ. қалыптасқан жағдай адам баласына өткен тарих пен қазіргі заманды парықтап түсіндіретін басым құндылықтарды ой елегінен қайта өткізу міндетін қойды. Бүгінгі таңда әлем қоғамдастығы алдында тұрған міндеттердің ортақтығы көптеген дәстүрлі мәселелерге жаңаша көзқарас туғызып отыр: қазіргі күннің ғаламдық проблемалар жиынтығына тап келген адам ұрпағы аман қалу үшін күресу жолдарын іздестіру үстінде, сондықтан ол планетадағы күллі адамзаттың қабылдауына болатын құндылықты-мақсатты бағдарларын іздептабуға тиісті. Бұл өткен тарихпен әңгіменің, қашанда бүгінгі күнмен бірлікте түсінікті болатын әңгіменің сипатын белгілейді, ол қазір жаңаша ойлаудың аса маңызды нұсқамаларына сәйкес – өмірді, адам ұрпағын сақтаудың іргелі кұндылықтарына, жеке адамның өзін-өзі еркін жетілдіруін және демократияны қамтамасыз етуге, мәдениет әлемін дамытуға сәйкес қарастырылады. Бұның бәрі шындық, сұлулық пен игілік арқылы ғана жүзеге асады. Осы айтылған, тағы да басқа жалпы адамзаттық құндылықтар мәдени-тарихи дәстүрдің жалпыға бірдей маңызды және оның өзінде жинақталған көріну аясын белгілейді. Біз «өткеннің тағлымдары» туралы жиі айтамыз, шынында да, біздің өмірімізді бойына тарихи тәжірибе жинаған дәстүрдің екпінді ағынынан тыс көзге елестете алмайсыз. Тарихтың мағынасы да сол арқылы қарастырылады, ол туралы өзімізде бар түсінік түзетіледі. Тарихи тәжірибе – адамның әлеуметтік әлемді оның уақыт аралығындағы қалыптасу барысында танымдық және рухани-практикалық тұрғыда игеруінің қорытындысы. Ол біліммен ғана емес, құндылық туралы түсініктермен де толықтырылады. Практикалық қызмет тарихи тәжірибені оның иелері – әлеуметтік топтардың, халықтар мен


ГУБМАН Б. Л.

83

жеке адамдардың жинақтауын ынталандырады. Білім мен құндылық түсініктері тарихи оқиғаларды көзбен көріп бақылаудың немесе сол оқиғаларды жүзеге асыруға тікелей қатысудың нәтижесі болуы мүмкін. Тарихи тәжірибе тазартылған, аршылған түрінде ғылыми білімге енеді. Ол адамзаттың дамуы барысындағы қайталама, типтік жәттерді тіркейді. Тарихи тәжірибеге тән бір өзгешілік – адамдардың іс жүзіндегі белсенділігінен «өсіп шыққан» ол, өз кезегінде, олардың өмірлік қызметінің көшірмелерін жасайды. Білім және құндылық үлгілері ретінде ғана емес, әлемді іс жүзінде игерудің қалыпты тәсілдері ретінде де тарихи тәжірибе уақыт кеңістігіне берілетін біртұтас мәдени дәстүрді қалыптастырады. Оның мазмұнын заттандыру барысында адам тарихтың мағынасы туралы өз түсінігін үнемі анықтап отырады. Тарихтың мағынасын іздеу әуелден әңгімеге негізделген: ол бұрын және қазір әр түрлі әлеуметтік-мәдени жағдайларда өмір сүрген және сүріп келе жатқан, тарихи тәжірибені әр түрлі мағынада түсінетін, тарих мағынасын да әр түрлі жолмен көріп-білетін адамдардың таусылмас пікірталасы түрінде жүргізіледі. Тарихтың мағынасы туралы ойлайтын философ көненің көздерімен және өз замандастарымен әңгімеге әрқашан дайын болуға тиіс, ол өзінің талдаулары салыстырмалы екенін ұмытпауға тиіс. «Бірыңғай (бір) мағынаның болуы мүмкін емес. Сондықтан бірінші мағына да, соңғы мағына да болмайды, ол тек өзінің бүтін күйінде шын көрінетін мағыналар тізбегінің бір буыны ретінде қашанда мағыналардың арасында болады. Тарихи өмірде бұл тізбек тоқтаусыз өсе береді, сондықтан оның әрбір буыны үстінүстін жаңарып, қайта туғандай болады»8. Бұл мағыналар тізбегінің өсуін, түптеп келгенде, тарихи үдерістің өзінің аяқталмауы алдын ала белгілейді: онда алуан түрлі баламалардың ашылуы тоқтамайды, олар адамның алдына таңдау қояды, бұл таңдау оның бүкіл мүмкіндіктерін іске қосып, тарихтың мағынасы туралы қайта-қайта ойлануға мәжбүр етеді9. Сондықтан да тарихтың мағынасын әр жолғы нақты түсіндіруден абсолютті және салыстырмалы тұстардың бірлігі байқалады, бұл түзетуді қажет етеді. Жаңаша ойлаудың, тарихты келелі жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан көрудің дүниетанымдық тұғырнамасына ие болғаннан кейін біз оның тұтастығы мен алуан түрлілігі, бағыт-бағдары 8

Бахтин М.М. Сөз шығармашылығының эстетикасы. М., 1979. 350-351 бб. Қараңыз: Баткин Л.М. Мәдениет тарихын зерттеудің екі тәсілі // Философия мәселелері. 1986. № 12. 104-115 бб. 9


84

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

мен адамгершілік мазмұны туралы түсінігімізді үнемі тереңдетіп отыруға мүмкіндік аламыз. Қазіргі кезде өзінің әлеуеті мен жетер межесін түсінген тарихи ақыл-ой адамзаттың өзі өткен жолды бүгінгі жағдай мен болашақтың көкжиегі тұрғысынан, жаңартылған түрде көруді қажет ететінін де анық байқап-біліп отыр. Жаңа заманның классикалық ойы аясында жасалған, тарихтың мағыналық мазмұны туралы бұлжымастай көрініп келген түсініктердің көпшілігімен енді қоштасуға тура келеді. Бірақ, классикалық құрылымды сынаумен бірге, оның жаңаша ойлаудың құндылықтарын орнықтыруға жеткізетін осы заманғы философиялық зерттеулерді байытатын бағалы тұстарын да көре білу маңызды болып табылады. 2. Классика және қазіргі заман: тарихтың мағынасына жетудің екі жолы Тарихтың мағынасы туралы мәселеге бүгінгі күн тұрғысынан келудің жолын табу – алуан түрлі дүниетанымның мақсатты бағытын таңдаған бұрынғы және қазіргі философтардың ізденістерін ескере отырып, адамзат өткен жолға жаңаша қарау дегенді білдіреді. Біздің ғасырымыз тарихының батыстық философиясы тамырын еуропалық мәдениеттің терең қабаттарынан тартатын Жаңа заманның классикалық ой дәстүрімен пікір таластыру арқылы қалыптасып, дамып келеді. Қазір Батыстың ірі теорияшылары ХХ ғасырды адам ақылойының мүмкіндіктері, тарихтың бірлігі және әлеуметтік прогресс, оның адамгершілік өлшемі, адамдардың болашақты кең ауқымда болжау қабілеті туралы шындап ойлануға мәжбүр ететін постмодернизм дәуірі ретінде сипаттап отыр. Олар Жаңа заманның тарих философиясының танымдық және құндылық нұсқамаларын түбірінен қайта қарау, бұрынғы классикалық мұрадан арылу керек деген ойды табандылықпен орнықтыруда. Алайда қазіргі әлемдік қоғамдастықтың даму сатысы философиялық классиканың дәстүрімен пікірталасты қоздырып қана қоймай, оның жасағандарын сындарлы түрде қайта пайымдауды қажет етеді: қазіргі тарихи ақыл-ой біліктілігінің мүмкіндіктері мен шама-шарқын, бүкіл әлемдік тарихи үдерістің бірлігі мен алуан түрлілігін бұрынғы қай кездегіден де жете түсіну, оны жалпы адамзаттық құндылықтардың келешегімен бірге көр��, болашақ қандай баламалар дайындап отырғанын болжап білу керек. Еуропаның рационалистік дәстүрінің бастауын қалаған, болмыстың субстанциялық анықтамаларын іздеген көне дәуір ойшылдары-


ГУБМАН Б. Л.

85

ның философиялық-дүниетанымдық зерттеулерінің өзінен-ақ қоғамдық өмірдің алғашқы рухани бастауларына жетуге ұмтылыс байқалады. Ежелгі грек философиясының категориальдық аппаратын өздеріне бейімдеп өзгертіп алған патристика мен орта ғасырдағы христиан авторлары, содан соң Жаңа заман теорияшылары да тарихи дамудың нобайларын жасауға ден қойды. Қашанда сол кезеңмен және болашақпен тығыз байланысы үзілмейтін өткен кезеңді адамның түсіну қабілеті тек кейінірек қана мұқият талдаудың тақырыбына айналды. Тарихтың мағынасы туралы мәселемен байланысты таным ілімі мен құндылық проблемалары ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғасырдың философиясында жеке қарастырыла бастады. Тарихқа біртұтас мағыналы үдеріс ретінде қарауға бірден әрекет жасала қойған жоқ. «Гректер мен римдіктердің, – деп жазады К. Левит, – біз жекеше түрде «тарих» деп атайтындай бөлек сөзі болған емес, олар тек көпше түрдегі «тарихтар» («histirial») сөзін білген»10. Мұны көне дәуірдің Геродот, Фукидит, Тацит, Светоний т.б. көрнекті тарихшыларының шығармашылығына қатысты айту ерсілік болмайды. Тек Полибийдің шығармаларында ғана жалпы тарихтың жаңа түрі пайда болады. Әр түрлі аймақтардың, елдер мен халықтардың арасында жан-жақты байланыстар орнауымен бірге тарихтың бүкіләлемділігі идеясы пісіп жетілді. Көне дәуір философтары үшін «табиғат тарих үшін үлгі болды, ал тарих табиғат үшін үлгі болған жоқ»11. Көне дәуірдегі натуралистік тарихилық адамзат тарихының бастауы проблемасын қоймайды, толығымен циклділікті ұстанады, дегенмен соның өзінің шегінде дамылсыз зымырап бара жатқан уақыт – «хронос» пен кейін христиандық ойдың игілігіне айналған тарихи игілікті уақыт – «кайростың» қарсыласуы қалыптаса бастады. Тарихтың мағынасын христиандық түсіндіру оны өзінше бір ерекше тұтастық, бірлік ретінде пайымдап, ұғынуды білдіреді. Онда әлеуметтік даму диалектикасын құдіретшілдік-ақырзамандық тұрғыдан түсіндіру басымдық алады, ішкі жан дүниенің мұратын, тарихтың «мақсатын» («telos») іздестіру ойы жүзеге асады. Христиан философтары мен дін уағыздаушылары басты оқиғасы Христің көрінуі деп есептейтін «Қасиетті» тарих фәни дүние тарихының мағынасын түсінудің кілтіне айналады. Ақырзаман аңыздары адам10 11

Löwith K. Nature, history and existentialism. Evanston, 1966. 138 б. Лосев А.Ф. Антикалық тарих философиясы. М., 1977. 19 б.


86

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

зат тарихындағы әр түрлі оқиғалар өтетін тұрақты «өріске» айналады12. Шіркеудің негізін қалаушылар адамды жарату сәтінен бастап қорқынышты сот пен ақырғы құтқарылуға дейінгі әлеуметтік өмірді көрсетеді деп болжаған тарих теологиясын жасап шығарды. Августин, Аквинат, Иоахим, Флорский секілді ортағасырлық жылнамашылар тарихты нақ осы көзқарас тұрғысынан түсіндіреді. Тарихтың мағынасын христиандық түсіндірудің аясында оның мазмұнына «субстанциялық» тәсілмен келу пайда болады. Белгілі бір ақырғы меженің бағытында өріс алған оның тұтастығын қарастыру – уақыт кеңістігінде ашылатын қоғамдық өмірдің біртұтас субстанциясын іздеудің өзі болып шығады. Жаңа замандағы батысеуропалық даналық тарихының субстанциалистік тарихи тұжырымдамаларының қайнар көзін осы тұстан іздеу керек. Гегель Жаңа заманды «рух өзін ерікті сезінетін, өйткені ол шындыққа, мәңгілікке, өзіне және өзі үшін жалпыға ұмтылатын» дәуір ретінде сипаттады13. Универсумның жалпыға бірдей ұтымды бастауын түсінуге қабілетті, еркін ақыл-ойдың қуатына деген сенім осы кезеңдегі батысеуропалық классикалық ойдың нағыз мазмұнын құрайды. Ю. Хабермас оны субъективтілік философиясы деп бекерге атамаған14. Рационалистік нұсқаманы қолдай келе, Жаңа заманның даналық тарихының өкілдері адамзаттың даму динамикасын белгілейтін бастауларды түсінуге болады деп ойлады. Олардың көзқарасы бойынша, оңды ілгерілеп, өріс алған рухани субстанциялық бастау бүкіл әлемдік тарихтың бірлігін алдын ала белгілеген, қайта өркендеуден кейінгі кезеңде көпшіліктің өзіне сенімін орнықтырған адамгершілік салтанатына да осы бастау жеткізеді. Ірі ауқымды тарихтық құрылымдар, әдетте, болашақтың егжей-тегжейлі жасалған, көбінесе қиялшылдық белгілері бар идеалдарын ұсынумен қабаттаса туындайды. Табиғат әлемі мен мәдениеттің қарама-қарсы тұрғанын атап көрсеткен Жаңа заман философтары адамды универсамның құрылымына ене алатын, сөйтіп, саналы түрде, ақыл-ой қағидаларына сәйкес өзінің қоғамдық өмірін құра алатын тіршілік иесі деп таниды. Адамдардың тарихи іс-әрекетіне бағыт беретін «табиғи заң» идеясы (Т. Гоббс, Дж. Локк т.б.) олардың құрылымының маңызды игілігіне айналады. «Ежелгі және жаңа» замандар туралы XVII ғ. 12

Қараңыз: Барг М.А. Дәуірлер және идеялар. М., 1987. 107-202 бб. Гегель Г.В. Ф. Шығ. М., Л., 1935, 8 т. 385 б. 14 Habermas J. Der philosophische Diskurs der Moderne, Frankfurt a. M., 1989. 27 б. 13


ГУБМАН Б. Л.

87

өзінде-ақ өрістеген айтыстарда прогресс мәселесі талқыланды. Бұл мәселе кейіннен Ағарту дәуірінің А.Р. Тюрго, Ж.А. Кондорсэ секілді бірқатар ойшылдарының еңбектерінде егжей-тегжейлі талданып, зерттелді. Қоғамдық прогрестің, адамдардың өміріндегі гуманистік бастаулардың салтанат құратынына сенімділік, алайда, біржақты оңайлатылған сипатта болды: ағартушылар олардың түпкілікті жеңісін әуелден дайындап қойылған, өзінше бір «өңін айналдырып алған құдіреттің» жоспарлаған әрекеті секілді суреттеді. Олардың құрылымындағы осы бір әлсіз тұсты алғаш Ж.-Ж. Руссо анық аңғарып, өркениет жетістіктерінің адамға бір мағыналы әсер етпейтіні туралы сөз қозғады, ал И.Г. Гердер алуан түрлі мәдениеттер бар екенін, сондықтан прогресс автоматты түрде жүзеге аса қалмайтынын атап көрсетсе, бұдан кейін романтикалық дәстүрді ұстанушылардың байыпты сынының тақырыбына айналды. Немістің классикалық философиясы тарихтың мағынасы мәселесін жаңа тұрғыдан қарастыруды ұсынып, Жаңа заманның батысеуропалық ойының ізденістерін қорытып түйіндегендей болды. Канттың еңбектерінің өзінде-ақ тарихқа біртұтас, зандылықпен бағытталатын үдеріс деп қарайтын көзқарасты да қоса қабылдауға болатыны және онда адамның өзін-өзі еркін дамытуын жүзеге асырумен байланысты жеке-тұлғалық өлшемнің бар екені туралы мәселе қойылды. «Философтардың адамзат ұрпағын қазіргі заманғы азаматтық біріктіруге бағытталған табиғат жоспарына сәйкес бүкіл әлемдік тарих жасамақшы әрекеті, – деп жазды Кант, – мүмкін және табиғаттың осы мақсатына көмектесетін әрекет ретінде қарастырылуға тиіс»15. Тарихқа мұндай философиялық көзқарас оны ұжымдық ақыл-ойдың озып салтанат құруына, әлемдік қоғамдастықтың үйлесімді жағдайына жеткізетін үдеріс ретінде көруді көздейді. Ол табиғаттың мақсатына орай теологиялық тұрғыда алдын-ала көзделіп, алдын-ала белгіленген. Кант адам бостандығын феноменді дүниеден жоғары тұрған, оған қарсы және қалыпты ортада орнығатын құбылыс деп пайымдайды. Бірақ бұлай болған жағдайда табиғаттың мақсаты мен жеке адамның өзін-өзі еркін жүзеге асыруының өзара байланысы туралы мәселе туады. Көрнекті неміс философы адамзат ұрпағының ілгерілуі көбінесе қымбатқа түсетін, яғни жеке тұлғаның мұрат-мүддесін талқан қылу арқылы жүзеге асатынын дұрыс атап көрсетті: «Дегенмен адамзат ұрпағы үшін ілгерілеу, жаманнан жақсыға өту болып табылатын 15

Кант И. Шығ. М., 1966. 6т. 21 б.


88

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

бұл қозғалыстың жеке адам үшін дәл мұндай маңызы болмайды»16. Әлеуметтік астан-кестен өзгерістер жеке адамды жұтып қоюы, оның барлық күш-жігерін жойып жіберуі мүмкін, ал жақсылық жол аяғында ғана жеңіске жете алады және оның тарихтың басталуымен бірге өмірге келген жамандықсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Кант адамзаттың жетілуімен бірге жеке адамдардың өмір сүруіне жақсы жағдайлар жасалу мүмкіндігіне сенді, бірақ тарих мағынасын ол ұсынғандай түрде көруге өз көлеңкесін түсіретін дилемманы – қажеттілік пе, әлде адамның еркіндігі ме деген дилемманы ол шешусіз қалдырды. Оның көзқарастары Фихтенің, Шеллингтің және, әсіресе Гегельдің шығармаларында тарихтың мағынасын түсіндіру үшін аяқ тірер баспалдақ болды. Гегель «идеяның табиғаттың кеңістікте көрінгеніндей, бүкіләлемдік тарих та, жалпы алғанда, рухтың уақытта көрінуі болып табылады»17, деп пайымдады. Бүкіләлемдік тарих майданында рухтың қозғалысын көріп білу – өткен заман туралы білімнің басқа түрлерінен, бастапқы және рефлективтік тарихтан жоғары тұратын философиялық тарихтың басты міндеті18. Бүкіләлемдік-тарихи үдерістің мағыналық бірлігін түсіну нақ соның үлесіне тиеді. Гегельдің философиялық бүкіләлемдік тарих туралы ойының жүзеге асуын абсолюттік идея уақыт кеңістігінде өздігінен жүйелі түрде өрістейді дейтін жорамал «бөгеді». Оның тарих кеңістігіндегі қозғалысын Гегель адамдардың өмірінде неғұрлым көбірек еркіндіктің салтанат құруымен алдын ала байланысты деп түсіндірді: «Ауыртпалық қалайша материяның субстанциясы болса, еркіндік те солайша рухтың субстанциясы болады»19. Бүкіләлемдік тарихты болашақта адамзат ұрпағын еркіндіктің жаңа сатыларына жетуге бастайтын, қажетті абсолюттік идеяның өздігінен өрісте��індегі тұтастық ретінде қарастырған Гегель бірқатар тартымды диалектикалық ережелерді айтып түсіндірді, бірақ бұл орайда ол өзіне тән болған, алдын ала белгілі ақырғы межеге ұмтылатын қоғамдық өмірдің біртұтас субстанциясын жорамалдаушылыққа байланысты, «герметикалық тарихилықтың» тұтқынында қалып қойды. Тарихтың мағынасын Маркстің ұсынысы бойынша түсіну, бір жағынан алғанда, жаңа еуропалық классикалық философияның өріс күші шеңберінен шықпайды, ал екінші жағынан – оны батыл сы16

Кант И. Трактаттар мен хаттар. М., 1980. 50 б. Гегель Г.В. Шығармалар. 8 т. 69 б. 18 Қараңыз: Киссель М.А. Гегель және тарихнаманың әдістемелік проблемалары // Философия мәселелері. 1987. № 1. 128-133 бб. 19 Гегель Г.В. Ф. Шығармалар. 8 т. 17 б. 17


ГУБМАН Б. Л.

89

нап, жеңіп шығуға әрекет етеді. Маркс адамгершілікті ой дәстүрін жалғастырды, ағартудың және классикалық неміс философиясының идеяларын иеленді. Сонымен бірге бұған дейінгі бүкіл тарихтың нәтижелерін сынап жоққа шығару тақырыбы оның еңбектерінің өзегіне айналды, өткен тарих адам тәжірибесінің аясы арқылы түсіндірілді. Тарих философиясы адамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға байланысты бөлектенуін, езіліп-жаншылуын жоюға және жеке адамның өзін дамытуға мол мүмкіндіктер беретін тиімді қоғамдық құрылысқа толық қызмет етуші «мөлдір» қоғамдық қатынастар орнатуға бағытталған батыл әлеуметтік әрекетті негіздейтін құралға айналды. Ақыл-ой белсенділігі иррациональдымен күресудің құралы ғана емес, ол әлеуметтік іс-қимылдың бастамасы да. Қоғамдық өмірдің алуан түрлілігін туғызатын біртұтас рухани бастауды іздеген осының алдындағы тарих философиясының субстанциалистік құрылымын теріске шығарған Маркс, базасында қызметтің жаңа түрлері қалыптасатын практиканың анықтаушы рөліне сүйенді. Ол тарихтың мағынасы туралы өз түсінігін бүкіләлемдік-тарихи дамудың, қоғамдық байланыстардың әмбебаптануының барысында бірін-бірі заңды түрде алмастырып тұратын формациялық ансамбльдер болатын алғышарттарға сүйеніп қалыптастырды. Ол үшін тек өндірістік күштердің өсуі ғана емес, тарих барысында жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ашылатын мүмкіндіктер де қоғам дамуындағы озық ілгерілеудің өлшемі болып табылады. Тарихтың мағынасын түсінуде Маркстің көбінесе Гегельдің ізімен жүргені анық, бірақ оның прогресті түсінуін өз теориясының жалпы дүниетанымдық жорамалдарына сәйкес эмпирикалық деректерді жинақтау негізінде, еркіндіктің арту дәрежесі ретінде, өзінше түсіндіруге әрекеттенді. Тарих бөлектенуді еңсеретін және көздеген қоғамдық идеалға жеткізетін әлеуметтікпрактикалық әрекетке сәйкес мағынаға ие болады. Фейербахтың дәлелдері үйлесімді қоғамды – социалистік дәстүрді жақтаушылар әрқашан бейнесін суреттеуге күш салып келген қоғамды іздестіруге қосылып синтез жасалады. Бүкіләлемдік тарихты болашақтың ғаламат мақсаттары арқылы қарастыру – тарихтың мағынасын марксше түсінудің бір ерекшелігі. Бүкіләлемдік тарихтың картинасына шолу жасай келе, Маркс алғашқы қауымдық құрылыс кезінде және құл иеленушілік пен феодалдық қоғам жағдайында жеке тәуелділік қатынастың мерейі үстем болғанын айтты. Оларды осы тұрғыдан біріктіріп, тарихтың бірінші кезеңін жасауға болады. Маркс былай деп жазды: «Айырбас


90

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

құралының күші неғұрлым аз болған сайын, ол тікелей еңбек өнімінің табиғатымен және айырбас жасаушылардың тікелей қажеттіліктерімен неғұрлым тығыз байланысты болған сайын, жеке адамдарды бір-бірімен байланыстыратын патриархалдық қатынас, антикалық қоғам, феодализм және цехтық құрылыс секілді қауымдастықтың күші де әлі соғұрлым артық болуға тиіс...»20. Капиталистік қоғамға тән «заттық қатынастардың» жоқтығы, адамзат тарихының осы кезеңінде жеке адам тәуелділігінің қалыптан тыс артуына әкеліп соғады. Заттан тартып алынған қоғамдық күш басқа адамдарға билік жүргізетін жеке тұлғалардың қолына заңды түрде өтеді. Өндіріс мардымсыз түрде, оның өзінде азын-аулақ жерлерде ғана дамиды, өйткені тарих әлі бүкіләлемдік тарихқа айналған жоқ. Құл иеленушілік пен феодализм кезіндегі қоғамдық өндіріске сипаттама бергенде, Маркс оның адамды қалыптастыруға ұстанған бағдары туралы да айтты21. Алайда, бұл тұста ол аталған кезеңдерді романтикалық идеалдандырудан абай болуды ескертті, өйткені ол заманда адамның бөлектенгені, оның қоғамдық жағдайлардан езіліпжаншылғаны шындық: «Дамудың неғұрлым ертерек сатыларында жеке адамның едәуір толық көзге түсуінің нақты себебі сол – бұл кезде адам өз қарым-қатынастарын әлі толығымен дағдыға айналдырмаған және оларды адамға тәуелсіз қоғамдық күштер мен қатынастар ретінде өзіне қарсы қойып көрмеген болатын»22. Маркс құл иеленушілік пен феодализм кезінде әлеуметтік қатынастардың дамымауы себебінен, қоғамдық өндірістің мақсаты, тіпті билеуші таптардан шыққандар үшін де толығымен жүзеге аса қоймайтынын әдейі атап көрсетті. Адамзат тарихының бұл дәуірлерінде көптеген өндірушілер, табиғаттың басқа да жәндіктерімен барабар кейіпте, өндірістің «жансыз шарттары» рөлін атқарды, демек, жеке адамның өзін жүзеге асыруы жайында сөз болуы да мүмкін емес. Капитализм жеке тәуелділік жүйесін жойып, оның орнына «заттық қатынастар» орнатады. Сол арқылы жеке адамның өзін-өзі дамытуының алғышарты қызметін атқаратын жағдайлардың түбірінен басқаша жиынтығы қалыптасады. «Заттық тәуелділікке негізделген жеке тәуелсіздік – жалпыға бірдей зат, әмбебап қатынастар, жанжақты қажеттіліктер мен жан-жақты күш-мүмкіндіктер айырбастау 20

Маркс К., Энгельс Ф. Шығ. 46 т., І б-м. 100 б. Қараңыз: сонда. 476 б. 22 Сонда: 105 б. 21


ГУБМАН Б. Л.

91

жүйесі тұңғыш рет құрылатын екінші ірі форма, міне осындай»23. Осыдан былай тарих өз аясына жер шарының барлық аймақтарын тартып, бүкіләлемдік тарихқа айналады, ал әрбір адамның өзін дамытуының тағдыры өткенімен, қазіргі кезімен және болашағымен өзара табиғи байланысты болады. Капиталистік өндірістің мақсаты байлықты мейлінше арттыру болып табылады. Нақ осының өзі, Маркс атап көрсеткендей, жеке адамның өзін-өзі жетілдіру мақсатына екіжақты әсер етеді. Ол өркениетті өрістететін үлкен ықпал күші бар капитал туралы былай деп жазды: «Қоғамшыл адамның барлық қасиеттерін таратып, дағдыға айналдыру, және оны мүмкіндігінше неғұрлым қасиеттері мен байланыстары мол, соған орай қажеттіліктері де мол адам етіп шығару, қоғамның неғұрлым біртұтас әрі әмбебап өнімі ретіндегі адамды шығару (өйткені көптеген заттарды пайдалану үшін адам оларды пайдалануға қабілетті болуға тиіс, яғни ол жоғары дәрежеде мәдениетті адам болуға тиіс) капиталға негізделген өндірістің шарттары болып табылады»24. Капитализмді дамыту мәдениеттің өркениетті қабатын өндірушінің бойына сіңіруге көмектеседі, бұл оның тиімді өндіріс күші ретінде жұмыс істеуі үшін қажет. Алайда, Маркстің ойынша, адам тұрмысының барлық саласында туындайтын бөлектену да капиталистік қатынастардың тікелей салдары болып табылады. «Өркениеттендіру» миссиясын орындаумен бірге олар адамның жеке қасиеттерін жан-жақты, біртұтас және еркін дамытудың шегін де болжайды. Маркс «заттық қатынастарды» әлемнің игіліктеріне «қожа болатын», адамның бойындағы барын сығып алып, оны «жарым-жарты» ететін өзіндік культті күштеп енгізуші ретінде түсінді. Маркс социалистік идеяның мазмұнынан «жеке меншікті жоятын оңды құбылысты» ғана емес, сонымен бірге «адамның болмысын адам шынымен алып қоятынын, әрі адам үшін алатынын» да көрді25. Ол болашақ қоғамдық құрылыстың өзі жасаған жобасы капитализмнің әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарама-қайшылықтарын да бірдей шешуге мүмкіндік береді деп ойлады. Ол адамзаттың тарихи дамуының үшінші кезеңінің басталуын осы жобаны жүзеге асырумен байланыстырды: «Жеке адамдарды жан-жақты дамытуға және олардың ұжымдық, қоғамдық еңбек өнімділігін қоғам игілігіне 23

Сонда: 101 б. Сонда: 386 б. 25 Сонда: 46 т. І б-м. 101 б. 24


92

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

айналдыруға негізделген еркін жеке-даралық – үшінші саты осындай»26. Бұл дәуір, Маркстің ойынша, бұған дейінгі бүкіл тарихтың барысында дайындалған және оны даму мәресіне жеткізеді. Тарихтың мағынасын Маркс ұсынған тұжырым бойынша көру ХХ ғасырдағы әлеуметтік дамудың тағдыр-талайына зор ықпалын тигізді, осы заманғы философтар жүргізген теориялық пікірталастарды жанжақты жандандырды. Казармалық социализмнің күйреуі, оның идеологиясы мен тәжірибесіне сенімнің жоғалуы ғасырымыздың аяғында тарихтың мағынасын талдауға маркстік тұрғыдан келудің мазмұнына қайтадан үңілуге, оның мазмұнын батыстың классикалық тарих философиясының дамуын аяқтаған феномен ретінде түсінуге итермелейді. Тарихты Маркс ұсынғандай жалпы еңбектің нәтижесі – тұтастай адамзат қызметінің қорытындысы ретінде түсіндіру, оның бұл қызметті жеке формациялық ансамбльдерге бөлу туралы, бүкіләлемдік әлеуметтік байланыстардың әмбебаптығы тұрақты екені туралы ойлары қазіргі кезде де маңызды болып отырғаны анық. Дәл сол секілді өткен тарихты оның қазіргі күнмен байланысы, тарихтың мағыналық тұтастығын түсіну көкжиегін өзгертуге қабілетті әлеуметтікпрактикалық іс-қимылдың нәтижелері арқылы тану туралы тезисі де көкейкестілігін жоғалтқан жоқ. Соным��н қатар, қасаң қағидалы жалған марксизмнен бас тартумен бірге, тарихтың мағынасы туралы Маркс ілімінің тарихи тұрғыдан шектеулі екендігін де парықтамауға болмайды. ХХ ғасырдың қалай болатыны марксизмнің негізін қалаушыларға көп жағдайда беймәлім болып шықты, олар қазармалық-коммунистік және фашистік сипаттағы тоталитарлық режимдердің пайда болатынын, ғылыми-техникалық революцияның тез қарқын алып яки ғаламдық проблемалардың етек жайып, әлемдік қоғамдастықты тұтасымен алаңдататынын болжап біле алмады. Осы ғасырдағы оқиғалар, тарих ғылымының жаңа деректері бүкіләлемдік тарихтың біртұтас картинасын қайта ойлап-көрудің маңызды екенін айтуға мүмкіндік береді. Маркстің қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы, негізінен, тек батыс әлемі тарихының барысын тым нобайлы түрде суреттейді, сондықтан толықтыруды, өркениетті тәсілмен үйлестіруді қажет етеді27. Қоғамның дамуы барысында «түпкі нәтиженің» алдын ала белгілі 26

Сонда: 46 т. І б-м. 101 б. Қараңыз: Формациялар әлде өркениеттер: (Дөңгелек үстелдің материалдары) // Философия мәселелері. 1989. № 10. 27


ГУБМАН Б. Л.

93

екендігі туралы пайымдаулардан бас тарту, тарихты зерттеуге келгенде көпнұсқалық пен баламалылық идеясын ұстану бүгінгі таңда, бұрынғы қай кездегіден де маңызды болып отыр. Солай еткенде, Марксті қасаң қағидашылдықпен оқығандарға тән біржақты прогресшілдіктен арылуға, қоғамдық дамудың тағдыр-талайы туралы мәселеге парасатты қарауға мүмкіндік туады. Адамгершілік пен Ағарту идеяларына адалдығын сақтай отырып, Маркс тарихтың алдындағы бір мақсатын адамның бөлектенуін жою деп қарады. Алайда, мұнда, тарихтың мағынасын көруге көп ретте жөн сілтеген оның өзінің әлеуметтік идеалы едәуір дәрежеде утопиялық сипатта болды, бұл идеал бойынша, «өзімшіл адам», нарықтық қатынастар, қалыптасқан демократиялық институттар мен мәдени құндылықтар түбегейлі жоққа шығарылуға тиісті көрінді. «Болмысты құбылысқа, ру адамын тәжірибелі адамға, нағыз тарихты адамзаттан «бұрынғы тарихқа» қарсы қою өмірдің мүлде жаңа негіздегі коммунистік өлшемдеріне секіріс идеясы «жетілмеген», бірақ нағыз өмірге сенімсіздік туғызды, соған күштеуге ұрындырды»28. Өткеннен түбегейлі түрде ажырау болашақ «мөлдір қатынастардың» кіріспесі ретінде тарихтың шарықтау шегі болды. Әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы бағытталған Маркс еңбектерінің әшкерелеуші әуенін түсінуге болады, өйткені бұларды ол өз көзімен көрген, бірақ ол ұсынған, қайта өркендеу дәуірінің үлгісіндегі христиандық түске боялған адамгершіліктен, ағартушылық және романтикалық идеялардан тамыр алған болашақтың жобасы ашықтан-ашық адамгершілікке қарсы әлеуметтік салдарларға соқтыратын болып шықты. Өзінің болашаққа жасаған ғаламдық сәуегейліктерінде Маркс қашық болған практиканың нақ өзі оның теориялық болжамындағы қиялшылдық белгілерін ашып беріп, адамзатты «бұрынғы тарихтан» зорлықпен ажырату идеялары казармалық-коммунистік мақсаттарға қаншалықты жақын екенін көрсетті, ал өзінің ертеректе жазған еңбектерінде ол бұлардан іргесін аулақ салуға әрекеттенген болатын. Социалистік принциптерді жүзеге асыратын адамгершілікті, демократиялық қоғам туралы түсініктерді ХХ ғ. тарихы көрсеткеніндей, адам өмірінің барлық жақтарын мемлекет қарауына айналдырумен мүлде байланыстыруға болмайды, олар үнемі тәжірибе арқылы түзетіліп отыруға тиіс. Марксистік дәстүрді қазіргі заман жағдайында тек жаңаша ойлауға бейімдеп өзгерту, жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау жолы28

Ципко А.С. Біздің принциптеріміз жақсы ма? // Новый мир, 1990. № 4. 198 б.


94

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

мен ғана ойдағыдай дамытуға болады. Жаңа заманның классикалық тарих философиясының мұрасы осы ғасырда. Батыс теорияшылары шұғылданып жатқан проблемалар рухына сәйкес қайтадан ой елегінен өткізілуге тиісті. Олардың ізденістерінен тарихтың мағынасы туралы мәселеге қажетті тұрғыдан келудің жаңа мүмкіндіктері табылады. Маркс ілімін қасаң қағидашылықпен түсіндіру тұйығынан шығу үшін соларды түсіну қажет. Жаңа заманның тарих философиясындағы оптимизм Ж.Ж. Руссоның және романтиктердің шығармаларының өзінде-ақ сынның тақырыбы болған еді, ал христиан мәдениетінің барлық құндылықтарына қайта бағалау жүргізуге әрекеттенген Ф. Ницшенің еңбектерінде мұнан да өткір, батыл түрде сыналды. Ғасырымыздың 70-80 жылдарында постмодернизм туралы пікірсайысқа қосылған батыс ойының ірі өкілдері жаңаеуропалық классикалық ойдың негіздерін қайта қараумен айналысты. Өз зерттеулерінде олар бүгінде теориямен түсіндірудің постмодернистік тәсілінің негіздерін жасағаны үшін құрметтелетін Ф. Ницше, Ф. Хайдеггер, Т. Адорно, М. Хоркаймер, Ж. Деррида, М. Фуко секілді бірқатар көрнекті философтардың идеяларына сүйенеді. Кейбір батыстық авторлардың ойынша, постмодернистік ойлау үлгісі классикалық дәстүрден жаппай ірге ажырату дегенді білдіреді29. Ал Ю. Хабермасқа ілескен басқа авторлар, бұлайша жаппай ажырау жалған қадам болар еді, сондықтан оны жан-жақты қайта зерделеуге бару қажет деп, анағұрлым негізді пікір айтады30. Постмодернизм жайындағы пікірсайыс даналық тарихының көптеген проблемаларына жаңаша қарауға, олардың бұған дейін байқалмай келген қырларын көруге мүмкіндік береді. Даналық тарихы мәселелеріне классикалық емес тұрғыдан қарауды жақтаушылар Жаңа заман ойшылдарымен жүргізетін сол пікірталастың негізгі мазмұны қандай? Ең алдымен олар әлемнің құрылысы мен тарихтың мағынасына енуге ұмтылған адам ақыл-ойының өзіне жеткіліктілігін дәлелдейтін рационалистік тұжырымға қарсы шығады. Бұдан адамның тарихты мағыналық тұтастық ретінде көру қабілетіне сенімсіздік туады. «Жаңа философия» теорияшыларының бірі – Ж.-М. Бенуа «прогресс мифологиясы ұсынып отырған мақсатты нұсқаманың, яғни бүкіл адамзатты бір ғана жолмен ең жақсы мақсатқа жеткізе алатын бірбағытты әрі біріктіруші тарих тұжырымдамасының 29

Lyotard J.F. La condition postmoderne. P., 1979. 60 б. Habermas J. Questions and Counterquestions // Habermas and Modernity. Cambridge, 1985. 196 б. 30


ГУБМАН Б. Л.

95

жалғандығы»31 туралы айтады. Жаңаеуропалық тарихи-философиялық ойдың ажырамас буыны болған прогресс пен адамның тұрмыс жағдайларын жақсартуды жылдамдату идеясының дұрыстығына біздің ғасырымыздың тарих философиясы өкілдері күмән келтіреді. Олар мұнымен бірге болашақтың ғаламдық болжамдарын ұсынудың негізділігіне қатысты сенімсіздіктерін де ашық білдіреді. Тарихи ақыл-ойдың нақты мүмкіндіктері қандай? Ол тарихтың мағыналық тұтастығы туралы пікір айтуға қабілетті ме? Тарихи ілгерілеу туралы біздің пайымдауларымыздың негіздері, болашаққа болжам жасаудың шегі қандай? Осы сұрақтардың бәрін де біздің ғасырымызда даналық тарихына тән теориямен түсіндіру үлгісін қабыл алмаған философтар қойды. Бұл сұрақтар сындарлы түрде қарастыруды қажет етеді, бәрінің де үлкен практикалық маңызы бар. «Тарихи ақыл-ойдың сыны» тақырыбы батыс философтарының назарына XIX-XX ғасырлардың тоғысар тұсында ілінді. Әуелі оған «өмір философиясы» мен жаңакантшылдықты жақтаушылар, содан кейін жаңагегельшілдіктің, талдамалы философияның, герменевтиканың, тағы басқа бағыттардың өкілдері көңіл бөлді. Солардың күш салуы арқасында тарихи танымның көптеген маңызды қырлары ашылды: тарихтың мағынасын түсіну, олар ортақ пікірге келген құндылық және ақыл-ой нұсқамаларындағыдай, субъекттің белсенділігіне тәуелді үдеріс деп танылды. Тарихи ақыл-ой батыс философтарына мейлінші кіршіксіз таза және мөлдір болып көрінген жоқ, оның күйі адамның сол уақытта тартып жүрген тауқыметінен байқалатын тұрмыс ерекшеліктеріне байланысты болады. Ғасырымыздың соңына қарай өзіндік бір герменевтикалық жағдай қалыптасты: мейлінше әр түрлі бағыттағы философтар біздің тарих мағынасын түсінуіміздің әрекет етуші және ойлаушы субъекттің тіршілік әлемі арқылы қарағандағы шарттылығы жөнінде келісімге келді. Бұл, өз кезегінде, өткеннің бүгінгімен тығыз тұтасып кететін, келешек жөніндегі құндылықты-мақсатты нұсқамаларға нәр беретін мағыналы көріністерінің көптігі туралы идея туғызады. Тарихи ақыл-ой өзінің табиғатынан әңгіме туғызуға бейім, сондықтан тарихтың мағынасын түсінуге әр түрлі тұрғыдан келу бөлек көзқарастар ұстанатын адамдардың белгілі бір көзқарас бірлігіне жетуіне кедергі жасамайды. Бұған олардың жалпы адамзаттық құндылықтар жиынтығын – жаңаша ойлаудың іргетасын орнықтыруы кепіл болады. Нақ осы құндылықтар әр түрлі дүниетаным бағыттарында 31

Benoist J.-M. La revolution structurale. P., 1980. 50 б.


96

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

тұрған философтардың бүгінде бүкіләлемдік тарихты көрудің ортақ құндылықты-мағыналық мақсатқа ие болуына мүмкіндік беріп отыр. ХХ ғ. аяғында тарихи үдерістердің ғаламдық жобалары жеңіліске ұшырады. О. Шпенглер, П. Сорокин және А. Дж. Тойнби ұсынған «жергілікті өркениеттер» тұжырымдамалары тарихта қайталанбайтын мәдениеттердің көп екені туралы ойлануға мәжбүр етті. Сонымен бірге бүкіләлемдік тарихтың бірлігі идеясы күшін мүлде жоғалта қойған жоқ. Тойнбидің дүниетанымының дамуы оны жергілікті өркениеттердің өзгешеліктері туралы нұсқамаларды қоғамдық байланыстардың, ілгерілеудің әмбебаптануын жаңаша түсіндіру әрекетімен үйлестіру қажеттігіне алып келуі де сондықта�� емес пе? Экзистенциализмнің, Франкфурт мектебі мен «жаңа философияның» теорияшылары тарихта оңды бөлектенудің көбейіп келе жатқанын көрді, оның мәнісін қоғамдық өмірдің азғындауы белең алғанымен түсіндірді. Тарихтың әмбебап жобаларының орнын негізінен қазіргі дағдарысты жағдайдың түбірін түсіндіруді мақсат еткен, өткенді қайта құрудың әр түрлі жобалары басты. Сонымен бірге Тойнбидің тарихты әмбебап құндылықтар базасында, ғаламдық жалпыадамзаттық мақсат тұрғысынан қарауға ұмтылысын қолдаушылар да табылды. Бұлардың санатына ең алдымен К. Ясперсті жатқызу керек, оның экзистенциалдық дінифилософиялық тұжырымдамасы тарихты халықтар мен мәдениеттердің арасындағы байланыстарды абсолюттік құндылықтар базасында тереңдету үдерісі ретінде түсіндіруді көздеді. Католик және протестант философтарының көзқарастары да осы сипатта өріс жаятыны назар аудартады: олар герменевтикалық нұсқаманы қабылдайды, бірақ бүкіләлемдік тарихты абсолюттік діни-адамгершілік құндылықтар негізінде тұтастай түсіндіру әрекетіне мүмкіндік қалдырмайды. Батыс даналық тарихының ойы утопияға қарсы рухтан, болашақтың ғаламдық болжамдарын түзуден бас тартудан нәр алады. Тіпті, өткенді қазіргі жағдайға, ол беретін шекке сәйкес тұтастай қарастыру құқығын тарихи ақыл-ойға беруінің өзі де, болашақты абсолюттік болжауға бұрылуды білдірмейді. Мұндай болжауды зайырлы ойшылдар да, діни ойшылдар да бірдей қабыл алмайды: өйткені тарихи ақыл-ой өткеннің көріністерін толық суреттемейді деп саналады, оның болашақ жөніндегі пікір-пайымдаулары да тек ықтималдылық деп түсіндіріледі. Утопизмге қарсы мұндай климаттың оңды жағы сол – онда өткенді болашақтағы идеалды құрылыспен салыстырудан, тарихтың мағынасын мұндай әдіспен беруден бас тартады. Мәселені бұлай қойған жағдайда, абсолютті


ГУБМАН Б. Л.

97

құндылықты-мақсатты бағдарлардың рөлін тек жалпы адамзаттық құндылықтар ғана атқара алады. Бүгінгі таңда, өткенді қанша мәрте қайта құрғаннан кейін, тарихтың біртұтас мағынасын түсіну, оны абсолюттік тұрғыдан көру өрістеп келе жатқан қоғамдық өмірдің субстанциясын іздестіру жөніндегі айыптаулардан қаша отырып, тарихи ақыл-ойдың тарихтың біртұтас мағынасын түсіну құқығын қорғаудың өзі өте қиын болып отыр. Жаңа заманның даналық тарихымен постмодернизмнің айтысы өз жемістерін әкелгені күмәнсіз. Дегенмен қазір адамзатқа бүкіл әлемдік тарихи үдерісті бұрынғы қай кездегіден де тұтасырақ көру қажет, бұл оған осы заманғы жағдайды түсінудің және болашақтың ықтимал нобайын сызудың кілтін бере алады. Мыңдаған жылдардан бергі дамудың нәтижесін – планетадағы барлық елдер мен халықтардың ортақ тағдыр-талайын түсіну ғаламдық мәселелерді шешуде зор рөл атқаруға тиісті. Сынға ұшырап, өзінің қабілеттері мен шама-шарқын түсінген ақыл-ой, енді тарихты, елдер мен халықтарды күннен-күнге тығыз топтастыра беретін, қоғамдық қатынастарды үздіксіз әмбебаптандыра беретін үдеріс ретінде қарастыру әрекетін тоқтатпауға тиісті. Бұл орайда, әрине, «жергілікті өркениеттер» тұжырымдамасынан туындайтын тағлымдарды ескеру қажет екені де даусыз: бүкіләлемдік тарих әлеуметтік ілгерілеуді бір бағытта, жоспарлы түрде жүзеге асыру дегенді білмейді, мұндай ілгерілеу мәдениеттердің, мұрасы уақыт пен кеңістікке таралатын мәдениеттердің күрделі өзара байланысының нәтижесі болып қана көріне алады. Бұтақ жайып тұрған ағаш – біздің адамзат ұрпағының бірлігін сезінуімізді белгілі бір дәрежеде бейнелеп бере алатын метафора. Табиғатты игеру, әлеуметтік және мәдени байланыстардың бірте-бірте бірігуі – адамзаттың ілгері дамуының айғағы, оны бір жақты шектеу мүмкін емес. Біздің ілгерілеуді қазіргі түсінуіміз Жаңа заманның классикалық ойы жасаған түсініктен елеулі түрде ерекшеленеді, бірақ соның өзінде, біз бұл түсініксіз ой пайымдай алмаймыз. Мұнда ең маңыздысы ол белгілеген адамгершілік өлшемі болып табылады. Бұған экзистенциализмнің, Франкфурт мектебінің, «жаңа философияның», католиктік және протестантық ойдың, батыс ойының тағы да басқа бағыттарының теорияшылары ерекше назар аударды. Тарихқа өмірдің, адамның өсіп өркендеуінің, жеке тұлғаның және оның еркіндігінің, демократияның, заттандырылған Шындығы, Сұлулығы мен Игілігі бар мәдениеттің әмбебап құндылықтары тұрғысынан қарасақ, біз оның тұтастығын, ілгерілеу жолындағы


98

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

қозғалысын түсінуге мүмкіндік аламыз. Бұл орайда прогресті осы заманғы тұрғыдан көріп-тану оның көпнұсқалылығын, мәдениәлеуметтік дамудың баламалылығын мойындатады. Бүкіләлемдік-тарихи үдерістің негізгі бағыттары бар, бірақ прогрестің алдын ала белгіленген, қоғамды ең жақсы жағдайға жеткізетін, бірден-бір даңғыл жолы жоқ және болуы да мүмкін емес. Адамдар жарқын болашақ туралы армандамай өмір сүре алмайды, бірақ оның болжамдары өткеннің және бүгінгі күннің шынайы мәнін көруге кедергі келтіретін құрғақ қиял сипатында болмауға тиіс. Тарихтың мағынасы мәселесіне батыстағы классикалық және осы заманғы көзқарастарды байыпты түрде салыстырып талдау, оны қарастырудың қазір өте қажет болып отырған оңды, төте жолын табуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда мәселені Жаңа заманның классикалық даналық тарихы рухында пайымдап, пікір айтуға болмайды, бірақ оның мұрасынан толық бас тартуға да болмайды. Тарихи ақыл-ойдың біліктілігіне, ілгерілеуге және оның адамгершілік өлшеміне, болашақтың ашылып жатқан балама жобаларына жаңаша көзқарас қажет. Бұл бағытта ілгері жылжу үшін біздің ғасырымыздағы батыс теорияшылары, ой өрісі постмодернизм арнасымен дамып келе жатқан теорияшылары ұсынып жүрген тарих мағынасын түсіндірудің негізгі нұсқаларын зерделілікпен талдап шығу керек. Жаңаша ойлауды қабылдау арқылы жалған марксизмнің қасаң ережелерінен бас тартуға және тарих мағынасы мәселесіне көзқарастардың бұл мағынаны танып-білуде жемістілікке жеткізетін түрлерін дұрыс бағытқа бейімдеуге болады. <…> Тәржімалаған Исламғали Бейсебай


99

ГУМИЛЕВ ЛЕВ НИКОЛАЕВИЧ (1912-1992 жж.) Еуразия тарапындағы аса әйгілі оқиғалардың бірі – Москваның ұлы кнәзі Дмитрий Донской бастаған орыс әскерлері мен Алтын Орда ханы Мамай бастаған монғол-түркі әскерлерінің арасында 1380 жылы болған Куликово даласындағы соғыс. Тарихта «Куликово шайқасы» деп аталатын осынау жойқын оқиға Алтын Орданың ыдырауын жеделдетіп, Москваның орыс мемлекетін құрудағы рөлін арттырып қана қойған жоқ, сонымен бірге байтақ жатқан Еуразия халықтарының болашақ тағдырына да елеулі ықпалы тиген кесек оқиға болды. Мақала авторы – орыстың әйгілі тарихшы-этнологы, тарих және география ғылымдарының докторы Лев Николаевич Гумилев (19121992). Куликово шайқасының 600 жылдығына орай белгілі ғалым-жазушы Ақселеу Сейдімбектің сұрауы бойынша 1980 жылы бұл мақала Қазақстан басылымдары үшін арнайы жазылған болатын. Сол жылы А.Сейдімбектің аударуында «Жұлдыз» журналының № 9 санында жарияланды. Л.Н. Гумилев қазақ тілді оқырманға тұңғыш рет осы еңбегі арқылы таныла бастады. 1380 ЖЫЛЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН Куликово шайқасы 1380 жылы қыркүйек айының сегізінде болды. Мұны көзі көріп, құлағы естігендер сол кездің өзінде-ақ ұлы оқиға ретінде қабылдаған. Тарихи маңызы жөнінен бүткіл ХІҮ ғасырда, мүмкін бір ғана ХІҮ ғасыр болмас та, бұған тең келер уақиға жоқ. Кейінгі талай буын ұрпақтар үшін Куликованың дәуірлік санатында орнығып қалғанын біз, әрине, білеміз. Бәлкім, бұл уақиғаның жаңа сурет сияқты бүгінгі күнге дейін жеткені содан да болар. Сурет болғанда қандай – айқын да, орынды да, аңыздай сурет қой. Сонымен бірге, сырт көзге шалына бермейтінін, жаза басқан жаңсақтығы да, бұра тартар бұралаңы да жоқ емес.


100

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Біз осынау шайқасты неге ұмытпаймыз. Әрине, бұл соғыс – шабуылға шығудың тамаша стратегиялық үлгісін әйгілегендіктен ғана емес, соғыс басында жүрген кнәздер мен воеводтардың жау жайратқыш ғажайып көргендігінен де болмас. Керісінше, оларды тарихи тұлғаға айналдырып, еске сақтауға лайық еткен осынау ұрыстың өзі болатын. Ал бұл ұрыста жеңіс дабылын қақтырған судай төгілген қан мен стихияға толы серпін еді. Менің ойымша, Куликово шайқасы – дүние дидарына «орыстық» деген ұғымды орнықтырып, сол ұлтқа қатысты қасиет атаулының тұсауын кескен, орыс тарихындағы ең құдіретті уақиға. Еуразияны ен жайлаған халықтың мемлекет болуы, әскери даңқы, мәдениеті, өнері, саяси философиялық ой толғамдары Куликово даласынан бастау алды. Тоқсан тарау пікірдің тобықтай түйініне дес берсек: бұл шайқаста орыс этносы дүниеге келді. Мен неге, бұл күнде өсіп, өркен жайып бара жатқан этносты дәл сол Куликово даласының төсіндегі дүбірлі жылдарда басталды деп сеніммен айтып отырмын? Осы орайда, тарих деп аталатын тайғанақтау атауы бар ғылымды қысқа-қайырым тілмен сөз ете кеткен жөн. Мен білімім бойынша тарихшымын, қажеттілік бойынша этнолог болған жанмын. Жер бетіндегі халық атаулының, тек қана қазіргі бары емес, құрып кеткен халықтардың да баршасының тарихын уақиға қуалап жазатын дәстүрлі тәсілмен зерттеу мүлде мүмкін емес. Осыдан кейін, тәжірибе немесе үлгі алу десе де болар, географиялық цикл аясында қойындасып жатқан жаратылыс тану ғылымдарына жүгінуге мәжбүр болдым. Халықтар т��рихының – ғылыми тілмен айтсақ – этностар тарихының дәстүрлі тарихнама (историография) аясына симайтынын жаратылыс тану ғылымдарының арқасында түсіндім, әрі қарай бұл жөнінде бірнеше кітап та жаздым. Демек, менің түсінігім бойынша, этнология – әрі тарих, әрі география, әрі этнопсихология материалдарынан нәр алған айрықша ғылым. Мені осы тұрғыда танып-түсініңіздер. Әрине, халықтардың өткенін зерттеп зерделеудің басқа тәсілдерін жоққа шығармаймын. Алайда, этногенез тұрғысынан – барша халықтардың «бастау» жолын жеке, әрі қарай өсіп-өркендеуін зерттеуде байламды пікір айтуға болады. Айталық, орыс этносы Куликово даласындағы бар-жоғы отыз шаршы шақырымдық орман мен батпақты алаңқайда дүниеге келді. Куликово даласына жиналғандар – ата тегіне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын оры-


ГУМИЛЕВ Л. Н.

101

стар болатын. Ал солар шайқас шаңының арасынан ұлы орыстар атанып, біздер бүгінгі орыс деп жүрген жаңа этнос болып шықтық. Бұлар кімдерге қарсы көтеріліп еді? Монғолияда қарсы ма? Олай дейін десең, бұл тұс монғолдардың құмға сіңген судай болған кезі! Сонда қырық рудан құралған Мамаймен шайқасқан ғой. Не үшін? Бар-жоғы осыдан бес-ақ жыл бұрын емес пе еді Москва мен Мамайдың ауыз жаласып отырғаны... Мен бүгінгі таңда нақтылы жауап беруді қажет ететін сұрақтардың бар екендігіне толық келісемін. Тарихи дәстүрдің шылауынан шыға алмайтын «шыншыл» жауаптардың өзінен-өзі күні өткен. Сондықтан да мынандай сұрақтарды көлденең тартамын: таймас табандылық танытып, жаңа текті орыс болып шыққан осынау адамдар 1380 жылы нені қорғады? Азу тістерін ақсита айқасқан екі жақтың туларына қандай ұран жазылып еді? Бұған жауап беру үшін достың да, дұшпанның да жай-жапсарын бажайлап алу керек. Мұның өзі, Куликово шайқасы шешуші кезең болған осынау трагедияның бел ортасында жүргендердің тарихи даму тұлғасын танып-білуге көмектеседі. Ал, кәне, белгілі фактілердің шегінен шықпай-ақ, сол бір күрделі дәуірге көз жүгіртіп көрелік. 1380 жылға қарай Шығыс Еуропаның жағдайы шектен шыға шиеленісіп болған еді. Сол кездегі дүние дидарының қаны сорғалаған саяси кіндігі – Евразия регионында тіршілік құрған түрлі халықтардың үстін қатерлі бұлт түнере бүркеп алды. Дәл осы тұстағы саясаттың небір дырау қамшылары жай отындай жарқылдап, бірімен-бірі шайнасып та, септесіп те жатты. Осынау дүбірлі кезеңнің «шиеленіскен түйіні» арада жүз, екі жүз, тіптен төрт жүз жыл өткен соң ғана, ХҮІІІ ғасырдың соңына қарай «шешіле» бастады. Бүткіл ХІҮ ғасыр бойында Ұрыммен (Византия) одақ болып, Қара теңіздің жылы суында балықтай жүзген генуялық көпестер енді біздің Шығысымыздағы далаға шығып алып, алаяқтық көрсетумен болды. Олар Еділ бойындағы Алтын Орда хандарымен, Орталық Шығыстың көпестерімен пайдалы концессия, сауда-саттық келісімдерін жасау үшін Россия мен Орта Азияны ту-у сонау Қытайға дейін шиырлап, тіміскілеп жүрді. Бірте-Бірте титықтаған Ұрым бір-біріне алакөз екі Фракцияға бөлінді: бірі – батыстан көмек іздеп, католициямен бірігуге бел буған кәуқарсыз Палеология бастаған Еуропаны жоқтаушылар, екіншісі – түрікмендер мен сельжүктерді көмекке тартуға мәжбүр


102

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

болған, Батысқа қарсыларды бастаушы Иоанн Кантакузен сияқты Ұрым дәстүрінің туын ұстаушылар еді. Осыған орай мәдениет те қарама-қарсы рухани екі бағытқа түсті: бірі – рационалистіксхоластикалық, екіншісі – Отанының өткенін өбектеп, аңызын аңсайтын мистикалық бағыт. Ұрымның бұл жанталасы өзінің бір пұшпағы – Сербияның басындағы өмірі келте бақытқа малданған жағдайда өтіп еді. Бірақ, Куликово даласынан кейін арада тоғыз жыл өткенде, 1389 жылы Сербия Осман түріктерінің талауына түсті. Осман Түркиясы Кіші Азияны қолтық-қойнауына дейін иемденіп алған соң, Еуропаға тап берді. Дәл осы 70-ші жылдары қырыққа келген Темір осыдан әлденеше жүз жыл бұрын араб жұртынан жұққан Орта Азия мұсылмандарының қалалық мәдениетін Шыңғысхан ұрпақтарынан қорғап қалу үшін шет-шегі жоқ соғысты бастады. Темір бұл мәдениет пен сауаттылықты қаны сорғалаған қылыштың жүзімен қорғады. Осынау текетірес дүние дидарының солтүстігінде Алтын Орда әлсіреп, Орда үшін үш қиырда қылыш қайрылып, найза майырылып жатты. 1359 жылы Алтын Орда хандарының арасында алғаш рет ұзақ жылға созылған айтулы алауыздық басталды. Бұл «ұлы тоқырау» Мамайдың уақытша үстемдік құруына әкеліп соқты. Оның шыққан тегі, тәрізі, хан, маньчжур немесе корей болса керек. Осындайда еске түседі, кнәз Глинскийлер де, солардың бірінен туған Иван Грозныйдың шешесі де Мамайдан өрбіген. Басты-басты халықаралық күштердің қасарыса тіресуі аса ірі суперэтникалық бірігудің, суперэтникалық тұтасудың бет пердесін сыпыра әйгілеп берді. Мәселен, жаңа пайда болған батысеуропа суперэтносының бұйдасы аласұрған көпестік капитализмнің қолында болды. Ал оның күткені – Ұрымның қаралы сағатының соғылар сәті де еді. Көпестік капитализмнің шашбауын Оңтүстікке Генуя желкілдете көтерді. Енді, ұлы далаға назар аударар болсақ, мұндағы суперэтникалық тұтастықтың туын Тоқтамыс көтеріп шыққанын көреміз. Оның арқа сүйері бүгінгі Қазақстан жерін қоныс еткен көшпелілер, қазақтар және басқа халықтардың ата-бабалары болатын. Алтын Орданың орталығы болған Еділ бойы мұсылман суперэтносының шылауында қалды. Орданың ислам әлеміне кіруін бастаушы Өзбек хан еді. Міне, осынау үш суперэтностың – батысеуропалық, мұсылмандық және ұлыдалалық – бәсеке-бақастығы өзінің иіріміне Русь пен Литваны да да ілестіріп әкетті.


ГУМИЛЕВ Л. Н.

103

Әрине, енді өрши бастаған бұл күресте Русь пен Литва жай бір жандайшап болды деп ойлаудың жөні жоқ. ХІҮ ғасырдың 2-ші жартысындағы шытынап тұрған шақта православиялық Русь пен мәжусилік (языческий) Литва шығысеуропа халықтарының бір суперэтносқа бірігуіне ұрымтал ошақ болды. Мұның мүмкіндігі қандай еді? Сөз жоқ, мол мүмкіндіктер болып, қырықпышақ күн кешкен Вильна да, Москва да байтақ жатқан жаңа суперэтнос бірлестігінің қара шаңырағы болудан үміткер еді. Бұл үміт орындалған жағдайда дүние дидарындағы күштердің орын ауыстыруы оп-оңай болатын. Сондықтан да, Вильна да, Москва да айналасындағы алапат қимылдарға айрықша зер салып отырды. Екі астанада ғасыр оқиғасы делебесін қоздырған адамдардың аласапыран айқасы жүріп жатты. Ал орыс жазықтарында көне Ұрым мәдениетімен ықты-жарға қарамай қаулаған бозбала мәдениеті және мұсылмандықты қанжығасына шала жансар күйінде бөктерген дәстүрлі далалық мәдениет шарпысқа түсті. Бұл дегеніңіз пәтуаға келмес төрт күш еді. Олар бір-біріне қайсысы бұрын қансырар екен деп көз алартумен болды. Батысеуропадағы суперэтникалық тұтастықтың бір артықшылығы бар еді. Ол – католик шіркеулерінің ебін пайдаланып, саясатына небір алаяқтық жасай алудың мүмкіндіктері болатын. Жерорта теңізінің аясында католиктік крес жорығына қатысушылар сәтсіздікке ұшыраған соң, шіркеулер енді тісқаққан тегеурінмен бар күшін Балтық жағалауының шығысына салды. Осынау күтпеген жағдайдың нәтижесінде крес жорығына қатысушы күштер Литваға қарсы өре түрегелді. Сондықтан да біз әңгімемізді Литвадан өрбітіп, Москваға сонан соң ойысайық. Шығысқа шүйілген Шығыс Еуропаның көш басында біріменбірі алакөз екі күш бар еді. Ол – Польша мен крес жорықшыларының Ливон ордені болатын. Орденнің күші жойдасыз мол еді, өйткені ХІҮ ғасырдан бастап Балтық жағалауы бүткіл еуропалық селтеңсеріліктің шаршы алаңына айналған. Литва және Батыс, Литва және Русь – осы арнаның біздің региондағы ХІҮ ғасыр жағдайын түсіндіруде, Куликово шайқасының отын тұтатқан себепті білуді, Русьтың Литвадан қалай жырылып шыққанын пайымдауда айрықша мәні бар. Орден мен крес жорықшыларына қарсы күресте Русь пен Литваның одақ болуына табиғи жағдай бар еді. Себебі, орыстың княгиналары мен бояр қыздарына үйленген литва ақсүйектері,


104

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

жауынгерлері өзінен-өзі православие дінін қабылдап, «мылтық кезенбей-ақ» Волын, Белоруссия сияқты орыс кнәздіктерін қосып алды. Гедимин, Ольгерд, Литва кнәздіктері орыс кнәздіктерінің оңтүстік-батыстағы байтақ өңірін бағындырып алды. Мұның өзі жауынгер мәжусилік Литваның православиелік Литва-Орыс мемлекеті болып шыға келуіне себепші болды. Литваның осынау ондаған жылдар бойы жаугершіл тұғырынан түспей, жүрегіне жігер толған, дұшпан атаулыға табанды тойтарыс беруге құлшынған зар күйін – батысынан тықсырмақ болған немістерді қалай қайырып тастағанынан көреміз. Вильна төңірегіне түрлі этностардың топтасуы Литваның орыс жеріне, татар даласына, Днепр етегі мен одан әрі Қырымға дейін белсенді шығыс саясатын жүргізуіне жағдай тудырды. Алайда католиктік ықпал Литва жеріне Ордан арқылы емес, Польша арқылы енген. Сөйтіп, 1380 жылға қарай Литва жерінде батысқа бүйрегі бұрар әлеуметтік-мәдени топ қалыптаса бастады, Ольгердтің ұлы Ягайланың да аңсары Батысқа ауған. Осы орайда алдын ала айта кетуге болады – Куликово шайқасы өткен соң алты жылдан кейін Ягайла Польшаның король әйелі Ядвигаға үйленіп, өз ықыласын латын сеніміне аударды. Кешікпей Ягайланың өзі де католик дінін ұстап, Польшаның королі болады. Ол кезде Белоруссия мен Днепр етегіндегі православие дінін ұстайтындардың көрген күні қараң еді. Осынау алас��пыран оқиғалардан қалың жұрт қалыс қалды деп ойлауға болар ма еді? Рас, аңысын аңдап аяғын тартып басқандар болды, алайда күреске құштар, жігері жалтақсыз литванпассионарилердің басым бөлігі бала-шаға, бау-шарбағымен, кейде жалғыз-жарым болып Москваға қарай шұбырды. Литвалықтардың қайсы біреулері орыс ақсүйектерінің қатарына қосылды – әйгілі Гедиминовичтеріміз солар. Рюриковичтер әулетінен өрбитін пассионарилердің бір бұтағы – Чарторижскілер, Вишневецтердің біразы, Сангуштар Польшадағы ең бір қиянат католиктер болды. Осынау шиеленісте ширыққан жағдайдың ортасында Русь та құлшына көтеріліп келе жатты. Ока, Еділ, қос өзенінің ортасына Москва мен Москва кнәздерінің төңірегіне Александр Невский сарбаздарының пассионар ұрпақтары – еті тірі боярлар, шекараның дворян атағын алған арынды салт аттылары, православиені жанымен жақтайтын жігерлі, сатылуды білмейтін монахтар, қажымай-талмай сонау солтүстіктегі Мұзды мұхит пен шығыс-


ГУМИЛЕВ Л. Н.

105

тағы Үндістанды, Қытайды шарлап қайтып жүрген көпестер, еңбекқор да ержүрек шаруалар топтаса бастады. Рюриковичтер кнәздері, солтүстік-шығыс кнәздіктерінің бүлдіргесін білегіне ілген кнәздері, сондай-ақ сытылып шығуды көздеген Ұрым гректері, сурожан-генуялықтар, литвалықтар, Алтын Орданың түкпіртүкпірінен қашып-пысқан татарлар тұс-тұстан Москваға ағылып келіп жатты. Енді түйіндеп көрелік. ХІҮ ғасырға қарай великорустер мен литвалықтар этногенезі басталып, бұл елдердің этникалық, мәдени және әлеуметтік тұрғыдан жаңарып-жаңғырғанын көреміз. Литва жерінде шляхта мінез-құлқы, неміс сәні мен талғамы, латын тілі, шіркеуді уағыздаушылық сияқты Еуропаның мәдени тағылымтәжірибелері етек ала бастады. Алайда, католик Ягайланың немере ағайыны Витовт православие дінін ұстайтын. Демек, жас литва мемлекеті екі ұлы мәдениеттік, шығысправославиелік және батыс-католиктік мәдениеттің шылауына жіктелді. Мұның өзі қос жұлдыздың ортасына тап болған тұманды кометаның қақ бөлінгені сияқты еді. Бір мемлекет аясында екі Литва болды: бірі – папаның сойылын соғып, Шығыс Еуропадан Батысқа қарай біржола бет бұрған Литва, екіншісі – Шығыс Еуропаның байтақ жазығында ұлы кнәздік, ұлы державалық тұтастығынан айрылған, Белоруссияның бір пұшпағын билеп-төстеймін деп титықтаған православиелік Литва еді. Жеңіс Москваның еншісіне тиді. Мұнда афон православиесі орнықты, әкімшілік орталықтандырылды, далалық соғыстарда дворяндардың тәжірибесі шыңдалды, икон жазғыш Андрей Рублев шықты, шоқынған татарлармен аралас басталды, ол өз десеңіз, қоян-қолтық бір тұрып, халықтардың кірігуі үшін бірге күресуге ден қойды. Тіптен Кулиководан кейін арада 50 жыл өткенде Витовт түбінде Москваны Литваның басып-жаншып кетер алмағайып кезеңі туғанда да Москваның мақсаты айқын, жаңа суперэтностың асқаралы талабына сай еді. Мен алға озыңқырап кеттім білем, Енді 1380 жылдың 8 сентябріндегі қатерлі кезеңге қайтып оралайық. Бұл күні Куликово даласына владимирлік, суздальдық, москвалық, смолендік, тверлік болып келген ешкім жоқ. Керек десеңіз, дәл іргесінде тұрып шайқасты көзімен көргендер де рязандықтар болып келген жоқ. Қысқасы, жалғыз-жарым кнәздіктердің өкілдері емес, осынау әлемдік оқиғаның көшін бастауды бар болмысымен сезінген, сол


106

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

кезде православтар деп аталатын біртұтас орыстар келген еді. Сербтерге жеңілмес жігер берген де, ұрымдықтарға тізе бүктіртпеген де, басқа да сенімі бірлерге медет болған – осы православие діні. Донның сағасы Непрядваға жасалған жорықты сол кездің өзінде-ақ замандастары сәті түскен, даңққа бөлеген крес жорығы деп атаған. Шынында да отан үшін отқа түсіп, әрбір үш орыстың екеуі жер жастанған, әділдікті ту еткен жалғыз ғана крес жорығы осы болса керек. Саяси сілемдерінен басталып, Шығыс Еуропаға дейін қанат жайған Алтын Орда немесе Қыпшақ Ордасы Жошы империясының (ұлысының) бір бөлігі еді. Бірте-бірте Жошы, империясы үш бөлікке (ұлысқа) бөлініп, олар да ұлыс-мемлекет болып құрылған кезде, Батый билеген Үлкен Орда Алтын Орда деп аталды. Карпат пен Жайық өзенінің арасында қанатын қомдаған Алтын Орданы орыстар Үлкен Орда, Ұлы Орда немесе Қыпшақ Ордасы деп атауды лайық көретін. Қалған екі Орда – Жайықтан Сібірге дейін созылған Шайбани Ордасы мен Сырдариядан Байкалға дейінгі аралықтағы Ақ Орда деп аталатын Орда Ежен Ордасы болатын. Мұның екеуі де Алтын Орда хандарын аға тұтып, олардың есімін үнемі жарлықтарының шекесіне қондырып отырған. Алтын Орданы Жошы ұлысының ішіндегі қоныс екен деп немесе сол қонысты шиырлай көшіп-қонған бір-біріне жат рулар екен деп түсінбеу керек. Керісінше, Алтын Орданың өзіндік географиялық, мемлекеттік шекарасы, саяси ұйымдары болған. Шыңғысханның қос немересі – Батый мен Беркеден тарайтын ұрпақтар Алтын Орданың астанасы – Сарайдағы тақты бірінен соң бірі иемденіп жатты. Ұлысы көшпелі болғандықтан да, Алтын Орда ханы орыс кнәздерінің басым көпшілігіне арқа сүйеп отырды. Жай арқа сүйеу емес, орыс федерациясы кнәздіктеріне председательдік етті. Менің сөзіме күмәндарыңыз болмасын, қол астындағылардың ұлтында көшпелілердің ешқандай шаруасы болған емес. Мен 45 жыл бойы көшпелілер құрылысымен айналысып келемін, осы аралықтағы мен зер салған 2000 жылдық тарихтың өнбойында көшпелілер қол астындағылардың түр-түсін, тілін шам көрген жағдай болса, оның айдап салушылары өз қылмысының жымын білдіргісі келмейтін кеңкелес өкімдер мен алып-сатарлар болып отырған. ХІҮ ғасыр басында көшпелілердің суперэтносы Ұлы ұлыс, дәлірек айтсақ, Тынық мұхиттан бастап Карпатқа дейін созылған


ГУМИЛЕВ Л. Н.

107

байтақ монғол державасы ыдырай бастады. Бұл әлсіреудің пайдасын монғолдар жаулап алған мұсылмандар көрді. Монғолдардың сенім атаулыға саусақ сыртымен қарайтын әдетін сәтті пайдаланған мұсылмандар Орта Азиядағы, Ирандағы, тіптен Еділ бойындағы монғол мемлекетінің аса мәнді экономикалық, әкімшілік қызметтеріне тұяқ іліктірді. Дәлірек айтсақ, олар бір ғасыр бойы қансыраған-қажыған далалықтардың қолындағы билікті иемдене қойды. Сөйтіп, бүкіл аппаратын мұсылмандандыру арқылы 1295 жылы Иранда, 1300 жылы Орта Азияда тізгінді қолына ұстады. Дәл осындай жағдай 1312 жылы Сарайда да болды. 1312 жылы Өзбек ханзада төңкеріс жасап, Сарайдағы тақты иемденген соң исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қол астындағы көшпелілердің бәрі де ислам дінін ұстану керек болды. Еділ бойына лап қойған исламның мәдени тегеуріні Батыстағы католизацизмнен бір де кем болған жоқ. Бұл діндар системаның екеуі де өз ниеттерін жүзеге асыру үшін риясыз берілген таланттарды іздеді. Суперэтникалық бұл діндердің екеуінің бойында да өзге мәдениеттен кірпідей жиырылатын қасиет жетіп артылатын. Өзбекке дейін де ислам дінін қабылдаған хандардың болғанын айта кеткен жөн. Мәселен, Сарайдай жаңа астананы салдырған Берке, Руда-Менгу және басқалары. Алайда, бұлар қоластындағылардың дәстүрі мен дініне қатысты қысым көрсетпейтін. Енді, міне, Өзбек зорлық көрсеткен кезде монғол нояндары мен татар жауынгерлері «арабтардың сенімін» қабылдаудан бас тартып шыға келді. Өзбек жарлығын орындамағандардың бәрін дарға асты. Олардың ішінде Шыңғыс әулетінен тараған 70 ханзаданың болуы қылмыспен пара-пар еді. Исламдандыруға қарсы күрес 1315 жылға дейін созылды. Орыс құжаттары осынау жарқын оқиғаға мейлінше ұстамдылық көрсеткен. Тек жылнамада ғана: «Өзбек таққа отырған соң ширығып шыға келді» деп жазылған. Ал шын мәнінде Русь жеріне сұмдықтың ызғары жетіп жатты. Хазар қағанаты құлаған соң арада аттай 350 жыл өткенде дәл осы жерде славяндарға да қатысты шет аймақтардан мұсылман сұлтандығының ықпалы жүре бастады. Міне, әрі де емес, бері де емес, дәл осы бір айқын кезеңнен орыстардың ата-бабаларының кіріптарлығы басталады. Алтын Орда мен Русьтың қарым-қатынасы Өзбектің тұсында түбірінен өзгерді. Орда мен Русь арасындағы қойындасқан одақтың ғұмыры – ордалықтар христиан болмай, мәжуси не-


108

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

месе несториан болып, өздеріне жат мұсылман суперэтносына кірмегенде ғана баянды болуы мүмкін еді. Мәселе мұсылман дінінде де емес, дін ұрығы өзінен-өзі әрекет етпейді. Ал Русь пен Орда одағының шырқы бір бұзылған соң, хандарын жаппай католик етсең де ем қонбайтын еді. Діндарлық өзгерістер, сөз жоқ, саяси бағыттардың да өзгеруіне әкеліп соқты. Мұның өзі суперэтникалық ауқымда мәдениет арналарын өзгертті, адамдардың мінез-құлқынан бастап өмір салтының алуан қырларына дейін басқаша жүйелерге түсті. Жермен кіндігі Русь пен далалық көшпелілердің жағдайын қаперіне де ілмеген Өзбек Еділ бойындағы байлыққа бөккен қалалардың қалталы көпестеріне, сондай-ақ Иран мен Хорезмге қармақ тастады. Дала төсінде дүниеге келген хан Орда басында мұсылман сұлтаны болып шыға келді. Ал діндар қауым ханның опасыздарға бықпырттай тиюін қадала талап етті. Бұл дегеніңіз елеулі өзгеріс еді. Еділдің төменгі сағасы Осман империясының кебін киді. Былайша айтқанда, Орда мен Русь одағы сырт көзге қауқайып тұрғанымен, іштей екі жағы да егеске түсіп, адамдары араздасар сылтауға сүрініп-жығылып жүрген. Өзбек артына қамалды қалалар қалдырған жақсы әкім еді дейтін сөз бар. Тіптен, орыс жылнамашысының өзі әзіл-қалжыңсыз оны әділ төреші деп атады. Алайда, оның әкім ретіндегі даналығы мен талантында біздің жұмысымыз қанша! Ол мүлдем басқа мәдениеттің өкілі болатын. Оның тұсында 30 жыл бұрынғы жүгенсіздік қайтадан етек алды. Жүгенсіздік ханның өзінен және туысқандарынан өрбіп отырды. Өзбектің бүкіл Тверь әйелдерін қорлап біткен Чолхан (Шелқан) есімді немере інісі болған. Орыс жылнамаларында Желкан Дздентьевичтің әрекеті қасірет күйіндей болып жазылады. Сол Чолханның күйеу баласы Юрий Московскийдің азғыруымен Тверь қиратылып, орыс тарихындағы ең бір аяулы тұлға Михаил Тверский өлтіріледі. Осынау ширыққан жағдай 1341 жылға дейін созылды – тағдырдың жазуындай болып шығыс еуропадағы үш бірдей орталықтың билеушілері бір жылда дүние салды. Олар: Литвадағы Гедимин, Сарайдағы Өзбек, Москвадағы Иван Калита еді. Мұнан әрі, жек көрушілік пен дұшпандықтың бұлты жаңадан торлай бастағаны елдің бәріне белгілі болды. Алайда жаңадан хан болған Жәнібектің тұсында 1342-56 жылдары күтпеген жерден орыс-монғол қарым-қатынасы реттеле бастады.


ГУМИЛЕВ Л. Н.

109

Жәнібек бейбітшілікті сүйетін. Ол өзінің төңірегіне бірнеше жыл бойы өнер-білім мен өнегелі идеяларға ұйытқы болатын адамдарды жинады. Ханның қол астындағылар да еркін тыныстайтын болды. Енді орыс кнәздері Өзбектің тұсындағыдай ойда жоқта дар тұзағына түсіп қалу қаупін ұмытып, Сарайға аттанарда өсиет жазып қалдыратын әдеттерін де қойды. Тұтастай алып қарағанда Сараймен арадағы ынтымақтастық Русьтың пайдасына шешілді. Бұған қоса, Жәнібектің әйелі, Тайдулланы әз болып қалудан құтқарған Алексей митрополит орыстар үшін мықты қорған еді. Орта ғасырда әміршінің үстіне еркін кіре алатын емшінің жайын елестету қиын бола қоймас. Оның үстіне Тайдулла да алысты болжай алатын әділ ханша болатын. Алайда, Жәнібек уытын ішіне жинап жүреді екен. Оны 1356 жылы Иранға жорыққа аттанған сапарында туған баласы Бердібек бауыздап өлтірді. Мұнан әрі екі-үш жылдай ғана кібіртіктеу болғанымен, енді көршісімен арадағы жағдайды айқындап алуға Орда түбегейлі ден қойған еді. 1359 жылы Батыйдың әке өлтіргіш ұрпағы сансыраған шақта, «Ұлы тоқырау» басталды. Алтын Ордада 20 жыл бойы Қырым мен Бессарабиядан бастап Ертіс пен Түменге дейінгі аралықта тұтас рулар судай сапырылысып, астанада қанқасып айқас жүріп жатты. Міне, христиандар сонда ғана аңқаулығы ақиқатты ұмыттырған «жексұрын» («поганый») мәжусиліктермен емес, «бесурмандармен» айқасқа шықты. Христиандар мен «басурмандар» суперэтникалық тұтастықтың бәсекелес өкілдері. Мұндағы адамдар тек бір-бірімен қырқысуды ғана білетін, олардың арасында сыйластық-сүйіспеншілік деген болған емес, болуы да мүмкін емес еді. Пешенелеріне жазылған тек қана өшпенділік, тек қана қынадай қыратын соғыс болатын. Бұл тарихтың тағылымы: «франктар» (батысеуропалықтар) мен сарациндердің, испандар мен маврлардың, католиктер мен православиелердің, американдықтар мен үнділердің арасындағы өшпенділік те суперэтникалық нысананың мәмлеге келмес мінезінен туындаған. Бұл дегеніңіз ХІҮ ғасырдағы біздің жылнамашымыз жазғандай – жат жұрттықты көргенде «жаным мұрнымның ұшына келіп, тамағымнан ас өтпей қалды» дегендей гәп қой. Асылы, қандай жағдайда да адамдар өзінің жан-жүрегі қалайтын шындықтан көз жазбаған. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы орыс сөздігінде басурмандар деп – кәдуелгі қаны сорғалаған Қазан жорығы кезін-


110

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

дегі, 1350 жылдары басталатын суперэтностар жіктелуінің перзенті, «дінсіз агаряндарды» атаған. Дұшпандар – басурмандар мен агаряндар болатын, ал ХҮІІ, ХҮІІІ, ХІХ ғасырларда Еділ бойында, Қара теңіз жағалауында, Сібірде орыстардың шекаралық қызметін атқарған мәжусилер дұшпан емес еді. Сондықтан да, 1370 жылдардың өзінде-ақ Русьпен ең алдымен атқұйрығын кесіскен Мамай болатын. Өзбек саясатының жемісін жинаушы да дәл осы түмен басы Мамай еді. Оны хан деп атау қате. Сарайға хан тұрақтамайтын болды, 20 жылда 20 хан ауысты. Осынау шет-шегі жоқ шырғалаңда Мамайдың не істеуі керек еді? Хан тағына ол отырып көрген емес, отыра да алмайтын. Ол пешенесіне жазылған әскери қолбасшылықты бойына құт санауы керек болды. Өйткені империяның батыс шекарасына жіберілген Мамайдың көтерілер қызметі де сол еді. Ал мұнда келген соң монғолдарға емес, Дон бойының шашырап кеткен әскері половшылар мен алаңдарға қолбасшылық етті. Сондықтан да ол ешкімге сене алмайтын, ақыры сол сене алмаушылықтың сазайын тартты да. Алайда, кез-келген зорлықшыл сияқты, оған керегі ақша ғана еді. Ондай ақшаны Генуяның қалтасы қалың көпестері төлеп тұрды. Мамай болса олардың құл саудасымен айналысуына, жабдықтап тұруына, алып сатуына алдын ала шектен тыс ерік беріп қойды. Ал генуя ақшасына жалдамалы ястар мен косогтарды (черкестер мен осетиндер) сатып алып отырды. Қысқасы, Мамай Ордасы Жошы ұлысындағы үстемдіктен дәмелі еді. Сондықтан да осынау қатерлі кезеңнің өзінде тәуелсіз бейбіт өмірді қалайтын орыстармен тіл табысуға түмен басы тырысып-ақ бақты. Сол Алтын Ордада ол темірдей тәртіп орнатып, далалықтатарлық емес, өзінің ғана айтқанын істеп, айдауына көнетін адамды хан тағына отырғызуды қалайтын. Сонсоң православие ошағына соғыс отын тастауды, сөйтіп өз үстемдігінің өмірін ұзартуға қажет Москвадағы дәулетті иеленуді ойлады. Бірақ дәл сол шығыс татарларының ортасында Мамай өз саясатының қарсыластарына ұшырасты. Қарсылық көрсетушілерді бастаушы көшпелі Ақ Орданың ханы Тоқтамыс еді. Бұл Орда, жоғарыда айтқанымыздай, бүгінгі Қазақстан жерінде пайда болды. Татарлар өзінен-өзі орыстармен – Москва ұйтқы болып отырған, патриоттық сезімі оянған орыстармен одақтасты. Себебі Русьта шіркеу екеш шіркеуге дейін жіктелген кез еді ғой. Сергей Радо-


ГУМИЛЕВ Л. Н.

111

нежский Мамайдың барып тұрған қызылкөз қарсыласы болды. Ал кейін Донской деп аталатын ұлы кнәз Дмитрийдің діни ұстазы – құдай жолын қуған Митяй Мамайдың досы еді. Тұрлаусыз, арам ниетті Мамайдың тағдыры осылайша шырмауға түсті. Ол шытырман сезім жанын жегідей жеген бақытсыз болатын. Алайда, жалғыз ол емес, бүткіл Алтын Орданың бақыты басынан ауа бастаған. Ғылыми тілмен айтсақ, ХІҮ ғасырдың екінші жартысына қарай Алтын Орда химера сияқты құбыжыққа айналған. Құбыжық-химера дегеніміз не? Мен бұл терминді зорлықпен қосылған екі немесе одан да көп этностардың үйлесім таппай, суперэтностың қабырғасын қайыстырып, әлеуметтік организмнің алауыздыққа ұрынатынын танып-білу үшін қолданып отырмын. Алтын Орданың әлеуметтік организмі нақ осындай еді. Ішкі элементтердің бір-бірімен ара қатынасы мейлінше ширыққан, әбден мұқалған, енді қайтып бірін-бірі түсінуден, кешіруден қалған күйде болатын. Түптеп келгенде, 1312 жылдан бастап Еділ бойындағы мұсылман сұлтандығы жаңағы айтқан құбыжық-химераның кейпінде еді. Сауда қалалары мен қырық ру копестерге деген қамқорлық мәдениеттің тамырына нәр берудің орнына этникалық, әлеуметтік, мәдени элементтердің өзімен-өзі судай сапырылысуына әкеліп соқты. Патриотизм, шыншылдық, дәстүрді қастерлеу дегеннің орнына құлқынның құлы болушылық етек алды. Ал құлқынның құлы болған жанды соңына қайыршыдай сүмеңдетіп ертіп алу оп-оңай. Сондықтан да Сарайдағы бірде-бір хан өзінің жақтастарына арқа сүйей алмаған. Себебі қарсыластары «қалаған» адамына асыра ақы төлеп, соңынан ілестіріп кете берген. Отанға қызмет ету дәстүрі – этностың моральдық принципі – қолы ашық қожайынмен айырбасталды. Дәл осы жағдайды тегеурінді де тәуекелшіл, алаяқ та айбарлы түмен басы – Мамайдың болмысынан көруге болады. Ол кездің мұсылмандандыру дегені көпестер озбырлығының сыпайы бүркеніші ғана ғой. Дәлірек айтқанда, күре жолдар мен құл саудасын тәртіпке келтіру, генуяның делдал базарына жанды товар жеткізу, сөйтіп, халықаралық алыпсатарлардың айын оңынан тудыру. Сонда құбыжық-химера дегеніміз шым-шытырық әлеуметтік және мәдени қарым-қатынас болып шығады. Ал татар батырлары тәу еткен далалық ар-иманның жұқанасы жұртта қалғандай күй кешті.


112

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Қысқасы, құбыжық-химераның ылаң салып, ойрандамаған жері қалмады. Ал «тәртіп» орнатқысы келген Мамай болса тарихи тағдырдың қолындағы қуыршаққа ұқсады. Оның тегі түркі-монғол этносынан шықпағанын жоғарыда айтқан болатынмын. Сондықтан да ол өз Ордасын Дон мен Днепрдің арасындағы бұрынғы половшылардың, кейінгі ноғайлардың жеріне қоныстандырды. Міне, дәл осы жерде оның саяси және экономикалық мақсаты Литва сарайындағылармен қойындаса кетті. Құбыжық-химераның тұрақсыздығы, тексіздігі деген осы. Мамай одақтастарын Батыстан тапты және православиенің (Ұрымның да) қарсыластарына біржолата бет бұрды, бара-бара Мысыр мұсылмандарымен ауыз жаласты. Жазатайым 1380 жылы Мамай жеңгенде бүткіл Шығыс Еуропа католик-елдердің ойнағын салатын алаңына айналар еді. Бұл, әрине, оңтүстік орыс даласына жайылған мұсылман сеніміне қарамастан жүзеге асуы ықтимал. Өйткені ХҮ ғасырда әлемнің көптеген елдерінде діннің хұқы экономикалық пайдамен қатарласа алмайтын. Рас, мұндай жағдай барлық жерге тән емес. Айталық, Москвада басқаша болатын. Москваның ролі туралы кейіндеу тоқталамын, ал қазір Мамайдың осынау әрекеттеріне Ұлы даладағы түркі-монғол деп аталатын тұрғылықты татарлар қалай қарады деген мәселені сөз етелік. Адамдар мұндағы арыздықтан, зорлық-зомбылықтан, сатқындықтан ығыр болып, тұс-тұсқа қашып жатты. Олар Сарайдан да, астанадағы құбыжық-химераның індетінен де, Мамайдың қала мен даладағы ставкасынан да безінді. Қазанды да, Мордва жерін де, Қырымды да, Астраханды да, Кавказды да, Жайықты да, Башқұрт даласын да түңілу мен тоқырау жайлады. Өзбек салған ылаң мен төңкерістен бас сауғалаған монғолдар Русь жеріне қашып барып, орыс кнәздерінің атты әскерін толықтырды. Олардың ұрпақтары жуан сіңір дворяндар мен сарай тұрғындары болып, орыстың оңтүстік-шығысындағы әскери шекарасын қорғау ісіне адал, сеніммен қызмет етті. Татар батырлары болса орыстардың әскер басына (воевода) айналды. Алғашқыда олар там-тұмдап келе бастаған, содан аласапыран басталған кезде Москваға қарай әскери істің маман батырлары лек-легімен ағылды. Өз ісінің сайып-қыран шеберлеріне Сарай хандары қандай қысас көрсетсе, Ягайла да қол астындағы православиелерге сондай қысас көрсетті. Соңсоң олар да безініп,


ГУМИЛЕВ Л. Н.

113

жөнелді. Батыстан да, шығыстан да, әсіресе Еділ бойынан Москваға қарай ақша үшін адал қызмет етіп, аянбай соғысуға белін бекем буғандар шұбап келіп жатты. Кешікпей-ақ Алтын Орда ұлысының салт атты жауынгерлері өзіміз болып шыға келді. Оның үстіне, бұлардың дені сонау Х ғасырдан болмаса да, ХІ ғасырдан бәрі қарай байырғы орыстар сияқты христиандар болатын. Әрине, тіл табысып келуінің бір себебі де сондықтан. Тіптен, оларды шоқындырудың да қажеті болмады. Егер орыс дворяндарының кітаптарын ашсаңыз, Русьта шоқынғаны айтылмаған толып жатқан боярдың да, кнәздің де түркі тектес фамилиясына көзіңіз сүрінер еді. Бұдан шығар қорытынды қандай?.. Қорытынды сол – олар бұрыннан-ақ христиандар болған, әйтпесе шоқынған соң иемденген жаңа есімі тіркелер еді ғой. Жазба шежіреге сену қажет, тіптен кейде жалтақтығы сезіліп тұрса да, шежіренің аты шежіре. Сөйтіп, батырлардың бір бөлігі Дмитрий Донской жағына шықса, екінші бөлігі Еділ бойындағы Ақ Орданың далалық ханы Тоқтамысты жақтады. Орыстардың бір бөлігі бұрынғысынша Сараймен санасты. Алайда орыс кнәздіктерінің дені ұлттық тұтасу, нығаю жолына түсті. Олардың алтын қазық ұйтқысы Москва болды. Осынау өмірдің өзі көлденең тартқан ұлттық күрес дегеніміз, сайып келгенде, орыстардың, Қара теңіз жағалауындағы половшылардың, қам халықтары мен татарлардың өздерінің басына қатер төндірген құбыжық-химераға қарсы этностардың күресі еді. Сондықтан да сұрапыл дауыл алдында Москваның күш біріктіруін татарлар мен татар рухына қарсы жүргізілген ұлттық пиғыл еді деп ойлауымызға ешқандай негіз жоқ. Бұл орыстар мен татарлар арасындағы соғыс емес, болашақ Россияның оңтүстігінде өмір үшін өткелектен өткен этностар арасындағы соғыс болатын. Еділ бойындағы құбыжық-химераға қарсы соғыс дегеніміз осы. Құбыжық-химераның қауіптілігі Таяу Шығыс суперэтносын еліктіре білгендігінде емес, өзінің құбыжық-химералығымен, көршілес көктеп келе жатқан халықтарды аздырып-тоздырып, тұқымын құрта тоқыратып, тозаңға айналдырып жібере алатын болмысымен қауіпті еді. Осынау ащы шындық аясындағы екі жақты алапат айқасқа орыстар да, татарлар да, литвалықтар да, гректер де қатысты. Мамай жойдасыз жайылған әскерін алып шықты. Әскер сапында


114

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

ондаған шайқаста сыннан өткен монғолдар, литвалықтар, Дмитриймен қастасып татарларға қосылған орыстар келе жатты. Олармен қанаттасып Мамайдың армяндардан, генуялықтардан, осетиндерден, черкестерден тартқан жалдамалы корпустары жүріп отырды. Келесі қанатта сайыпқыран салт аттылар, техникалық бөлімдер, сұрыпталған жаяу әскерлер, шетелдік легиондар мен сырттай бақылаушылар келе жатты. Орыстар да аянып қалған жоқ, қолынан келгенінің бәрін істеп, еркек кіндік атаулының тең жартысы – 150 мың адамды сапқа тұрғызды. Екі жақтың әскері қыркүйек (сентябрь) айының сегізінде Тула даласының жазығында түйісті. Шайқас таңғы сағат 6-да басталып, күн бата аяқталды Мамай әскерінің үштен бірін орыстың бас корпусы мен татардың сайыпқыран салт аттыларының соққысына тастап, өзі қашып кетті. ¥рыс тағдырын шешкен Москваның атты әскері болды. Алайда одан да зор рөл атқарған жағдай — далалықтардан дарыған орыс стратегиясы екенін айту керек. Мұның үлгісі Мамайдың атты әскерін колайсыз алаңқайға тықсыра қойған сәттен көрінеді. Ал торуылшы полк лап койған кезде мамайлықтардың есі шыға тым-тырақай қашқан. Құтылғандары, әрине, генуяның жаяу әскері емес, астындағы аты әлділері ғана. Аттың жалында өскен халықтың тәжірибесіне тән тегеурінді соққы айта қаларлықтай еді. Бұл сияқты техникалық соққылар ғасырлар бойы дала төсінде шыңдалған. Ал кейін XVIII, XIX ғасырларда, драгун тактикасы сияқты, орыстың атты гвардиялық полктарында одан әрі жетілдірілді. Осынау ұрыста орыстар жағының жеңгені, кейін ашық айқасқа түскен соғыстардың бірде-бірінде женіліп көрмеген ұлы орыс армиясының осы шайқаста дүниеге келгені жүрекке қуаныш ұялатады. Мен сүйкімді Олег Рязанскийдің сатқын болмағанына қуанамын. Ал Москва жылнамасы бойынша ол сатқын еді. Кнәзді жабылған жаладан ақтап шыққан тарихшыға рахмет. Бақсақ, литвалықтарды бөгеген дала соғысының тәжірибесін арқалаған азғантай ғана рязандықтар екен. Мен жуха да жексұрын Ягайланың 80 мың әскері іргеде тұрып құрылыс алаңына келмегеніне де қуанамын. Ягайланы тәуекелге бастатпай, тыпыр еткізбеген себеп — рязандықтардың тылдағы толқуға жасаған тосқауылы еді. Түптеп келгенде, одақтас Мамай мен Ягайланың күші Дмитрий Московскийдің күшінен екі есе басым болатын. Литвалыктардың есе қайтарған түрі сол – кейін


ГУМИЛЕВ Л. Н.

115

орыстардың ізіне түсіп, арбамен алып келе жатқан жаралыларын қынадай қырып кетті. Сөйтіп, құбыжық-химераның қарыны жарылды. Оның түбіне жеткен Куликово шайқасы болды. Мұнан әрі Темірдің әрекетіне тап болған Алтын Орда алапат ауқымда талауға түсті. Бұл, әрине, анаумынау емес, байтақ мұсылман әлемін көріп қайтқан, Темірдің тіс қаққан әскерінің жеңісі болатын. Енді мынаны елестетіп көріңіз, Русьтің қарапайым адамдары жорыққа шығар алдында қандай қорқынышты бастан кешті десеңізші. Олар басым көпшілігінің, тіптен бәрінің де қайтып оралмайтынын білді, біле тұрып жорыққа аттанды. Сол 150 мыңнан қайтып оралғаны отыз-ақ. Арада екі жыл өткенде Тоқтамыс Москваны қарсылықсыз басып алып, Дмитрийді алым-салық төлеп тұруға тағы да мәжбүр етті. Бірақ бұл жолғы алым-салық та, бұл жолғы жағдай да басқаша болатын. 1380 жылғы соғыстан соң өз алдына ел болып, еңсе көтерген Русь пен оның мәдениеті тарихтың салқар жолына түскен, XIII ғасыр демей-ақ қояйық, ал XIV ғасырда орыстар ешкімге еліктепсолықтамай-ақ өздерінің ар өмірімен арқа сүйер дос, ақыл берер ұстаз тауып, өз бойындағы бұла күшті сезіне бастады. Сол үшін де олар өздерінен күші басым қарсыластарымен майданға шықты. Біз шайқастың хронологиялық аясынан шықпауға келіскен болатынбыз, қиын да болса сол уәдеде тұруға тырысып көрелік, Қасірет пен қуаныш сыйлаған сұрапыл соғыстан соң Москва Русі ұлы ел болып шыға келді. Бұл қалай? Соғыстан кейінгі жағдайға зер салып көрелік! Бір ұрпақ алмаспай жатып-ақ Россия ұлттық, күшқуат пен ұлттық сана-сезімді орнықтырып үлгерді, бұл дегеніңіз абыройдың аспандағаны еді. ¥лы шайқас болған соң бар-жоғы 15 жылдан кейін 1396 жылы Темір Дон даласында төбе көрсетті, Елецті басып алды. Бірақ одан әрі аттап басқан жоқ. Не себепті? Стратегия ма? Ішкі есеп пе? Жоқ, әлде маневр жасау ма? Атамаңыз, ешқайсысы да емес! Ол сақтанған болатын. Қалаларға атой салып кіруден тартынды, себебі сексенінші жылдың жүзі жігерлендірген балалар, арада 15 жыл өткен бұл кезде соқталдай жігіт болатын, соларға қымбат жауынгерлерін шығындатқысы келмеді. Егер тең түспеген әскери шайқас адамдардың тағдырын, олардың болашағының көкжиегін түбірінен өзгерткен болса, онда Москва мен оның айналасындағы алакөз кнәздіктер не күйде еді? Осыған назар аударып көрелік. Осы орайда Москва Русіндегі


116

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

адамның көзімен қарар болсақ, онда шайқасты да, оның зардабын да жөндеп көрер едік. Бұған дейінгі окиғаларға біз байтақ дүниенің ығында отырып, белінде тұрып зер салдық. Енді етекке түсіп, жанаса жақындап, Москвада не болып жатқанын байқайық. Мынаны қараңыз, орыстардың жеңісі, бейне бір, бұрынғы ұтылыс, сәтсіздік, ру араздығы атаулының бәрін сыпырып тастаған секілді. Ал ондай кемшіліктер XII, XIII ғасырларда шаш етектен еді ғой. Мұны көзі көрген замандастары «орыс жерінің опат болуына» себепші деп есептеген. Сонда, көршісімен азу тісі айқасқан бәсекелестікте Москваның жеңіп шығуы қалай? Мұны білу үшін жаяу және атты армияның, Дмитрий Донской бастаған ондаған мың еріктілердің Коломна түбіндегі Окадан өтіп, шекарадағы тыңшылардың белгісін естіген соң, дұшпанның даласына тұяқ іліктірген сәтінен бастаудың қажеті жоқ, осының бәріне себепші жағдайдан бастау керек. Сондықтан да жеңіс атаулының қайнар көзі болған этностардың іңгәсінен бастаймыз. ¥лы істерді тыңдырар күш орыс жерінің тұңғиық тереңіңде бұғып жатқан. XIII ғасырда монғолдар келген кезде жалын тілі шалатынның бәрі де жанып кеткен-ді. Адамдардың сезім-түйсігі де, үміт-тілегі де күлге айналған. Вятичтер, драговичтер және древляндар көршілес финн-балтық тұрғындарымен мидайараласып, жаңа дәстүрі, жаңа мекен-жайы мен шекарасы, жаңа тұрмыс-салты және өз күшіне деген жаңа сенімі бар этногенез басталды. Орыстар ХІІІ және XIV ғасырдың орта тұсында ¥рым мәдениетін меңгеріп, бойына сіңіріп те үлгерді. Бірақ ¥рымның отауы болған жоқ, өз алдына бөлек этнос ретінде шаңырақ көтерді. XIV ғасырдың жуан ортасына дейін этногенетикалық ыдырау процесі ырық берместен жүріп жатты. Бірте-бірте ашық алаңқайда, өзен жарасындағы жазықтарда, орман шеті мен орманды далада өз этносының нәрестесін дүниеге келтірген москвалықтар, нижегородтықтар, рязандықтар, новгородтықтар, Еділ сыртындағы вяткалықтар бірінен соң бірі еңсе таныта бастады. Небір алашабыр аймақтарда өзгеше субэтностар, этнос болуға ден қойған шағын ғана панасыз топтар дараланыпты. Дон бойында XV ғасырда казактар деп аталатын жаңа субэтнос құрылды. Бұлар хазарлар мен орыстардың қоныс аударушылары — Чернигов жерінің солтүстігіндегі байырғы тұрғындар мен вятичтер болатын.


ГУМИЛЕВ Л. Н.

117

Сондай-ақ Солтүстікте де поморлар деп аталатын орыстың өзгеше субэтносы пайда болды. Субэтностардың барлығы да бірінен-бірі болмашы айырмашылықтармен дараланып, мұның өзі олардың әрқайсысына өзін-өзі айрықшамыз деп есептеуіне себепші болды. Қайталап айта кету керек, олардың өмірінде бірін-бірі бауыр санап, бірі үшін екіншісі жанын қиятын дәстүр енді ғана басталған. Ал уақыт шіркін өтіп жатты. XIV ғасырда Ордаға қарсы пиғыл Русьта ширыға түсіп, қуатты күшке айналды. Этногенездің осынау жаңа дүмпуін Сергей Радонежский бастады. Орыс адамдарын Куликово даласының отжалынына бастап келген де сол болатын. Енді Батыс-Шығыспен қатарынан болған қаһармандық соғыста Русьтің жеңіп шығуына қандай күш себепші болды. Ол жаңа күш пен жаңа сапаны дүниеге әкелген этногенездің табиғи тегеуріні еді. Сол тегеурін адамдарға өзін-өзі таныптүсінуге дем берді. Рас, әлеуметтік күштер бұрынғысынша пышыраумен күн кешіп келе жатқан. Дербес феодалдық құрылыс қанат жайып, кнәздіктер құлдырай бастады. Енді, этногенездік заңдары қалай көрініс тапты деген сұрақ туады. Ондай заңдар ап-айқын көрініп тұр, тіптен зерттеушілерге жаңадан беймәлім құжаттарды ақтарып та керегі жоқ. Тверь, Ярославль, Углич, Нижний Новгород қалалары, тіптен бұл күндері көзге ілікпейтін Зернигород, Старицалар XIV ғасырдаақ, Италиядағы қолөнер қорғандары секілді, өз ішінің тәртібін орнықтыра бастады. Ұқсас болғандықтан бұлай салғастырудың айып-шамы жоқ. Біздің қалаларымызда патрициаттың рөлін әлі де болса Москва кнәздерінің тізесі батып кермеген көпестер ойнады. Осындайда еске түседі, әлгі қалалардың кнәздерін «Орыс Медичиі» деп атаған бір сәтті теңеу бар. Ал Москваның жөні бөлек болатын, мұнда жоғарыда айтқанымыздай, толып жатқан шоқынды татарлар, православ литвалықтар, Ұрымның қашқын гректері және шет аймақтан келген, қабілет-дарыны кеудесіне симай жүрген жауынгер орыс адамдары бар еді. Бұлардың бәрі де XIV ғасырдың орта тұсына қарай бір-бірімен оп-оңай араласып кетті, ол XV ғасырда, Еуропа назарын 1480 жылдары бірден өзіне аударып «москвичтер» атанған, жаңа дәстүрі бар жаңа этникалық тұтастық құрды. Москва кнәздігінің де әлеуметтік құрылысы өзге жұртқа ұқсас болатын. Алайда батыл да буырқана екпіндеген Москва алдында


118

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

көне орыс этносының өкілдері тосыла берді. Бұл процестің ізі жаңа тәртіпке бас игісі келмей су түбіне кеткен Китеж қаласы туралы айтылатын жүрек тербер аңызда айқын көрініс тапқан. Сөз орайында еске түседі, дәл осы сияқты, Литваның жаңа тәртібінен шегінген көне мәжусилік Жмудь те «су түбіне» кеткен болатын. Осынау жаңа жағдайды, өзгеше дәуірді, тарихтың жаңадан бастау алғанын замандастары да сезінген. Олар өздерінің тегін бірінші болып белгілеген Москва патшасы Иваи Калитадан бастады. Тіптен, Киев пен Владимирге катысты кезеңдерді жоққа шығарып, оған тарихтың алдындағы нышан сияқты қарады. Бұлары шындық та еді. Тарихшылар өткен өмір адамдарының көрген құқайына сене бермейді, тап бір кейін өмір сүргені үшін ақылдырақпыз деп ойлайтын болуы керек. Ал сол ғасырдағы орыстардың аузынан түспеген жаңа патшалардың шежіре тізбегі жаңа дәстүрдің бастауы екенін тек мойындауымыз керек. Бұл өз тұлғасын тұңғыш рет Куликово даласында көрсеткен, кейін орыстың сан ғасырлық тарихында орыс әскерін жеңістен-жеңіске жеткізген дәстүр болатын. Қайталап айту керек, Куликово шайқасын ұлттық реакцияның татарларды қыспаққа алуы деп қараудың еш қисыны. жоқ. Демек, жергілікті орыс субэтносының этногенезі негізінде әлеуметтіксаяси топтасудың болғаны, ұлттық күрестің болғаны айқын көрініп тұр. Владимирдің, Тверьдің, Рязаньнің, Псковтың орыс суперэтникалық бірлестігіне айналуы — Алтын Орданың Вяткадағы, Камадағы, Еділдегі, Дондағы мұрагерлерінің сол суперэтникалық бірлестікке тартылуымен пара-пар еді. Бұл — Россияның біртұтас тұлғаға айналуы болатын. Москва болса, өзі де кейін Россияның біртұтас тұлғасына кірігіп кету үшін жаңағы төңірегіндегілердің барлығын өз құшағына жинай берді. Енді XV-XVIII ғасырларға қарай айрықша көрініс тапқан күштің тоқырағаны дұрыс па, жоқ әлде топтасқаны жөн бе, ол өзінен-өзі түсінікті мәселе. Алайда осынау жолдың бойында басына «бұршақ» жауған пақырыңыз Мамай еді. Соғысқа бет бұрған орыстардың Шығыс Еуропа халықтары суперэтносының топтасуына қосылғысы келмегені өзінен-өзі белгілі. Олардың ойлағаны бұл емес-ті. Бірақ, өлімнен де суық бір жағдай жанын жегідей жеген. Жауынгерлер құрмет-қолпаш пен жорық, олжасын да қаперіне ілген жоқ. Оларға дем беру үшін Сергей Радонежскийдің батасы жеткілікті еді. Бұл өзі, күш-қуаты мен әсер-ықпалы айырықша жан екені соншалық – оған күдік-


ГУМИЛЕВ Л. Н.

119

күмәнсіз, ойланбастан сене беретін. Орыстың православиелік этнопсихологиялық үстемдігін құрғаны, жеңіс жолын, нұсқаған, өмір бойы қолпаш дәметпей-ақ Отанға қызмет етуді қалыптастырған — осы бір атпал азамат болатын. Бір ғажабы – елдің осынау еңсесі биік түлғасы XVI, XVII, XVIII, және XIX ғасырларда жат жұрттықтармен болған күресте бір сәт төмендеген емес. Мамай болса өз әскерінің жуан ортасымен Митяйды арыбері шалқақтатып қойды, өйткені оның да қалағаны тыныс алу болатын. Ал оның жауы Тоқтамыс Еділ сыртында төніп тұрды. Тәуекелшіл әрекетті бастаушы Сергей мен ықпалы күшті діни атағы бар топтар болды. 1370 жылдардағы қастандық пен түнек қатар торлаған Москваның бірлігін сол кездің адамдарынша елестетудің өзі қиын-ау. Литва әскері Москваға тұяқ іліктіріп, оны екі рет қоршауға алды. Калуганы, Дорогобужды, Вязьманы (байқаған шығарсыз, қандай атаулар екенін) бағындырып, Ока өзенін ары-бері малшылай кешіп жүрді. Москвадағы діни топтардың оппортунис бөліктері, униаттармен сыбайластық, Орда, Хивон Ордені және Генуя — міне, мұның барлығы да аямас дұшпандар болатын. Русь 160 жыл бұрынғы, 1240 жылғы Александр Невскийдің тұсындағыдай темір құрсауда қалды. Тіптен, Русьтің Батыс Еуропа жағынан ұлы державашыл Литваға, немесе оңтүстігінде Генуяның сауда экспонсионизміне отар болып шыға келуі айдан анық еді. Цивилизацияшыл-латындардың, көпестер мен кресшілердің ойынша, православтар әлі жабайы, монғолдар мен жүзі қаралардан да өткен жаман, өз дегені болмаса, көнбейтін тоңмойындар, жолдан тайғандар еді. 1204 жылы ¥рым астанасы Стамбулдағы (Константинополь) жолдан тайғандарға селтеңсерілердің (рыцарь) не керсеткендерін еске түсіріңізші. Біздің ¥лы Россиядағы бабаларымыз Польшадағы украиндар мен белорустар сияқты, өздерінің рухани көсемі жоқ, езілген этникалық тобырдың кебін киетін еді ғой? Сөз жоқ, бұған бір-ақ табан қалған. Ал тыныштық тілеген жұрт қаншама еді десеңізші, олар сауда-саттық пен су жолдары қыспаққа алған кезде Литва патшалығының сенімді қамқорлығын сағалағысы келді. Батыс орыстары солай етіп те алған-ды. Ұтылғандары болмашы бірдеңе — қайдағы бір идеологиядағы дау-дамай ғана. Дегенмен құдіретті құрсаудан сытылып шығудың сәті түсті. Мариуполь түбінде Тоқтамыс хан мен Мамайды тас-талқан етіп, тоз-тозын шығара тентіретіп жіберді. Мамай өзінің одақтас


120

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

генуялықтарына тығылған жерінде, қарызға ақша беретін сол одақтастарының қолынан қазаға ұшырады. Бұл осымен тынсын. Орыс жаралыларын қырып үлгергенімен, Ягайло да жайына кетті. Москваның батыс шекарасының тынысы кеңіп сала берді, Ягайло Польшамен арадағы байланысын нығайту үшін өз қотанына оралған. Арада жүз жыл өткенде Вильна төндірген қауіп біржолата сейілді. Тек қана 1600 жылы дәл осы шекараны басып өтіп, жатжұрттықтардың Москваға кіргені еске түседі. Сонымен, қансырай жараланған құбыжық-химера көз жұмды. Соңғы соққыны берген — орта ғасыр исламының қолшоқпары, Еділ бойын отқа ораған Темір болды. Енді Алтын Орданың не күйге түскенін айту қажет пе? Меніңше, оның сабақ болар сергелдеңі бар сияқты. Темір Тоқтамысты да талқандады. Алтын Орданың орнында Көк Орда, дәлірек айтсақ, даланың отау ордасы пайда болды. Көшпелілер үшін ақ түске қарағанда көк түстің қадірі аздау. Көшпенділердің Көк Ордасы байтақ болғанымен берекесіз еді. Этногенездің әп дегендегі буырқанған бұл күші бұл кезде сарқылып біткен. Сарайдың орыстанған хандары Литваны жақтайтын хандармен ауыстырылып жатты. Сол хандардың бәрінде де бұрынғы дала тарландары сияқты тегеурін болмайтын. Оның орнын авантюристер, құбыжықхимераның тұрақсыз тозаңдары, кім-көрінгеннің табанын жалайтын жандайшаптар басты. Даланы тоз-тоз етпей, дәстүрін сақтап қалмақшы болып жанталасқан соңғы батыр — Шыңғыс тұқымынан тарайтын хан емес, Темір әскерінің талқысында шыңдалған дала қолбасшысы Едіге еді. Бірақ, бұрынғы жаужүрек арынынан танған мына даланың сылбырлығына оның қамшысы дарымады. Құлдырап құрудың емі болмады. Ортақ мақсаттың жоқтығы, бұрынғыша айтқанда, идеалдың жоқтығы Көк Орданы территориялық тоз-тоз болуға ғана емес, идеялық құлдырауға әкеп соқты. Тұтас бір тарихи кезеңнің өн бойында құбыжық-химераның шылауында болудың (бұл сұмдық орыстарды да үйіріп әкете жаздады ғой) нәтижесі, міне, осы. Құбыжық-химераның артында қалған тобыр шілдің қиындай шашырап этностарға бөлінді де, Еділ бойына, байтақ дала төсіне, тұс-тұсқа тентіреп кетті. Алайда XIV ғасырдың соңында, XV ғасырдың басында 1380 жылғы орыстардың жеңісі себепші болған бөлшектену тірі қалған этностардың, бұл күндері Кеңестер


ГУМИЛЕВ Л. Н.

121

одағының қанатының астына топтасқан этностардың бәріне де жақсылықтың баспалдағындай болды. Еділ бойының тұрғындары Жерорта теңізіндегі саудагершіл католиктік және Таяу Шығыс әлемінің зорлықшыл жат принциптерінен сытылып шығып, өз алдына шаңырақ көтерді, өз дәстүрлерін тірек етіп қайта топтасты. Ел-жұрттың бір бөлігі ислам мәдениетіне деген діндар ниеттің етек алғанын желеу етіп, қалауына қарай ғұмыр кешуге ден қойды. Міне, бұлар өзбектер деп аталды. Ал Еділ бойының басқа тұрғындары құбыжық-химераның індетімен ауырып тұрған соң Россиямен жақындасудың қисынын іздеді. Осынау орыстарды жақтайтындар Еділ бойындағы, Оңтүстіктегі, Орал мен Сібірдегі ел-жұрттың қалғаны татарлар деп аталды. Бұл атау ғасырлар қойнауынан бастап, күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді. Енді өзгенің салтын өбектеп кеткен татарларға өзбекпен қатар өмір сүру қиынға соқты. Содан, ХҮІ ғасырдың соңында, қашан Ермак Сібірді бағындырғанша, мына далада біресе қызған, біресе бықсыған ұзақ соғыс тоқтаусыз жүріп жатты. Алайда бұған дейін, ХІҮ ғасырдың соңы мен ХҮ ғасырдың басында орыстар ешқандай дипломатияны қаперіне ілместен, Еділге жойқын шабуылдар жасап, Еділ бойындағы қалалардың берекесін алды. Өзбектердің тоз-тозы шығып, Еділ бойындағы отанын тастап, Орта Азияға серпілді. Мұнда олар дәстүр бойынша монғолдар деп аталатын Темірдің ұрпағын тас-талқан етті, сөйтіп, жаңаша, бірақ өздерінің тарихи талайына жуық ғұмыр жолын бастады. 1380 жылғы дүние дидарын өзгерткен жағдайдың түйіні – Бабыр сұлтанның өз моғолдарымен бірге Ферғанадан Үндістанға кетуі болды. Темір тұқымының соңғы ұлы ұрпағы, әрі ақын, әрі жауынгер Бабыр өзбектердің қарсылығын серпе отырып, түбінде өз Самарқанымды қайтарамын деген үмітпен аттанды. Бірақ айтқанын істетіп үйренген патша баласы түптің-түбінде өзінің еңбек етуіне қолайлы жаңа тұрақ іздеді. Сол ниетпен 1525 жылы Дели сұлтаны Ибрагимді қаусата жеңіп, Үндістандағы, бізге белгілі, Ұлы моғолдар империясы деп аталатын жаңа мемлекетін құрды. Бабырдың жүрегі Кабулдың топырағын жамылды. Ол жаңа мәдени дәстүрдің тұғыры болып, Аралық және Орта Азия халықтарының талайының баянды бірлік құруына, сөйтіп,


122

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Үндістанда ХҮІІІ ғасырда пайда болған ағылшындарға қарсы байырғы дәстүрді тірек ете қарсылық көрсетуге ықпал етті. Енді Москваға қайтып оралайық. Өзбектердің шегінуі Көк Орданы әлсіретіп кетті, енді Москваның салық төлеп тұруының қисыны жоқ еді. 1480 жылы Иван ІІІ салық төлеуді біржолата тоқтатты, сонымен бірге 1395 пен 1480 жылдар аралығындағы «езгі деп айтуға» тұратын сергелдең қамытын да сыпырып тастады. 1480 жылдан бастап Иван ІІІ үшін Орданың ұлы ханы Ахметке салық төлеуден гөрі, өзінің сыралғы татарларына, Қырым мен Қазандағы одақтастарына төлеп тұру әлдеқайда тиімді болды. Бұл өзі сәті түскен сирек жағдай еді. Бір кездері Русьтің тұтастығын төрт ғасыр бойы бөлшектеген тарихи тағдыр енді этникалық заңдылық үстемдігін жүргізе бастады. Россия ХҮІІІ ғасырда елдің байырғы этникалық тұтастығын қалпына келтірді. Әрине, бұл жаңа негізде, күштерді жаңаша орналастыру арқылы жүзеге асты. Осынау суперэтникалық тұтасу өз құшағына Куликово шайқасына себепші болған Ұлы даланы құрамдас бөлігі ретінде енгізді. Бұл шайқаста ең жоғалтқаны көп Россияның ұтқаны өзгеден анағұрлым көп еді. Оның алдынан өзіндік этномәдениетінің өсіп-өркендеуі үшін даңғыл жол ашылды. Орыстың жаңаша тұтасуы бұрын орыстарға қарамайтын территорияларды да қамтып жатты. Василий ІІ тұсында Москва әскері екі рет жорыққа шыққан соң Еділ сыртындағы Чудьты бағындырып, Ақ теңіз жағалауына тұяқ іліктірді, Ал солтүстік монастырларын салып үлгерген сенімі күшті православ монахтар орман жұртының Русьқа деген ынта-ықыласын аударды. Сөйтіп, орман жұртының басым бөлігі бірте-бірте суперэтносқа ұласып бара жатқан этносқа өзінен-өзі кіріге берді. Осылайша, өмір өтіп жатты. Куликово шайқасында жеңіп шығу үшін жасаған орыстардың тарихи таңдауы Ұлы даланың да тарихи таңдау жасауына көмектесіп, ұлы Россияның пайдасына шешілді. Ал қазақтардың, ноғайлардың, сібір татарларының ата-бабалары тұрмыс-тіршілікте далалықтар болып қала берді. Олар Россия сияқты құдіретті қорғанға арқа сүйей отырып, солар арқылы сыртқы өмірімен байланыс жасай отырып, өздерінің өмір салтын сақтап қалу үшін күресті. Куликово шайқасынан соң сенімді серпін танытқан Россия Еуразия дамуының тізгінін қолына алды. Дәл ХҮІІІ ғасырдың соңында Пушкиннің көз алдында тарихи күрес аяқталған.


123

ГУМИЛЕВ Л. Н.

Сөйтіп, Днестрден Тынық мұхитқа дейінгі аралықтағы Ұлы даланың халықтарын өз құрамына қосып алған Россия өзінің тарихи таңдауын жүзеге асырды. Ұлы Дала Россиямен берекелі де баянды бірлік құрды, бұл одаққа Еуразияның басқа да халықтары қосылды. Мұнан әрі орыстар мен далалықтар екі рет Отан соғысында тізе қоса шайқасты. Куликово ұрысынан кейін 6 ғасыр өтсе де, содан бергі жүріп өткен жол біртұтас болғандықтан да қымбат. Куликово шайқасы біздерді 1814 жылы Парижге, ал 1945 жылы Берлинге бастап келді. Тәржімалаған Ақселеу Сейдімбек

Л.Н. Гумилев ҚИЯЛ ПАТШАЛЫҒЫН ІЗДЕУ ФИЛОЛОГИЯНЫ ИГЕРУ Кітап оқу туралы Кісіде бір пәнге ынта-ықылас пайда болған кездері ол жөніндегі нәрсенің бәрін де: оның өзінің не екенін, айналасын қоршаған дүниемен байланысы қандай және оның — менің өзім мен замандастарым үшін нендей мән-маңызы бар — соның бәрін түгел білгің келеді, ол үшін ең алдымен кітап іздейсің, сонда осының бәрі жазылған бір кітапты табуға ынтызар боласың. Соны оқып шыққаннан кейін, көңілің бір байыз табады ғой деп үміттенесің де, қашан білмекке құмарлықтың дию перісі қайтадан жаныңды жегідей жеп мазалағанға дейін, кезекті іспен айналысып жүре бересің. Хош, сонымен несін жасырайын, күндердің бір күнінде мен Монғолияның шөл даласында Шыңғысханның құдіретті империясы қалай пайда болды және ол араға жүз жыл салып қалай тез құлап қалды дегенді білуге есіл-дертіммен құмар болдым. Әрине, мен табанда кітап іздеуге кірістім, бірақ ондай кітаптардың көптігі сондай, оның бәрін оқып шығуға өмірім де жетпейтінін, сонда да сауалыма жауап таба алмайтынымды білген кездегі тауым шағылып, жасығанымды көрсеңіз.


124

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Менің бұлай деуге хақым жоқ екенін білдіріп, қарсы дау айтушылар да табылар, өйткені сол кітаптардың бәрін түгел оқып шыққан жоқпын деп өзім мойындап отырмын ғой. Бірақ сәті түскенде, бізге ортағасырлық схоластикадан мегземе мен сілтемелер жүйесі мұра болып қалған. Шолу еңбектерді оқығанда сол сілтемелерге қарап, ненің қайдан көшіріліп алынғанын біле қоясың. Шолу еңбектердің авторлары — қазымыр кісілер. Егер олар әлемдік империяның құрылу себептерін анықтай түсетін бағалы мәліметтерді бір жерден көшіріп алғандай болса, оны көшіріп ала қояр еді. Бірақ бір өкінішті жері, ондай нәрсе жоқ. Қайтейін, содан кейін текстерді өзімнің аударыстырып қарауыма тура келді. Бірақ мені мұнда да реніш аңдып тұр екен. Кейбір бастаулардың авторлары Азияда монғол империясы құрылғанға дейін үлкен христиан патшалығы болған деп хабарласа, басқа бір бастаулардың авторлары ол жөнінен жұмған аузын ашпайды. Менің тіпті есім шығып кетті. Өзімнің ынтызар болып жүрген нәрсеге құмарымды басу үшін, күллі шаруамды бір шетке ысырып қойып, көшпелілер тарихымен шындап шұғылдануыма тура келді. Бірақ тарих — аса нәзік нәрсе. Егер әр түрлі бастаулар мәліметтерін қалай болса солай жинай салсақ, онда олар бәрінен бұрын бірбіріне қарама-қайшы болып шығады. Егер өзара үндесіп, үйлесетін бастауларды іріктеп алсақ, олар пирамида сияқты етіп тұрғызған болат шарлар секілді шашылып кетеді. Оларды бекітіп, цементтеп тастауға болар еді, бірақ ештеңе жоқ қой. Міне, сол арада мен мынадай бір ойға қалдым: ендеше, мен Шыңғысхан болған және оның империясы да өмір сүрген деген даусыз дұрыс пікірге, ал пірәдар Иоан «Үш Индияда» патшалық еткен — деген сөзсіз шүбәлі пікірге тоқтайын да, оларды шендестіріп көрейін, бұдан не шығар екен дедім. Кенет осындай үйлестіруден өзінен-өзі байырғы бір концепция туар, өйткені менің қолымда жағымды және жағымсыз шамалар пайда болады. Мен солай жасадым да. Енді менің сол талабым қаншалықты сәтті болды — оның төрелігін оқырманның өзі айтар. Әу бастағы өтірік 1145 жылы Батыс, романды-германдық, феодалдық және католиктік Еуропада сұмдық бір сыбыс тарады, ол корольдер мен прелаттар қиялына, серілер мен көпестердің, дегдар ханымдар мен сұлу бикештердің, уәлаяттардың дөкір барондары мен Генуяның,


ГУМИЛЕВ Л. Н.

125

Венеция мен Пизаның Жерорта теңізіндегі флоттары теңізшілерінің — қысқасы, сол кездері әзірленіп жатқан екінші крест жорығына, тіпті көлденең де болса қатысы бар кісілердің бәрінің де қиялына қанат бітіріп, дүр сілкінтті. Аса көрнекті герман тарихшысы, бүкіләлемдік хроника «Қос мемлекет туралы кітап» пен «Император Фридрихтің (Барбаросса) іс-әрекеті» атты тарихи еңбектің авторы Оттон Фрейзингенский мынадай жазба қалдырған: «...Біз сонымен бірге жақында ғана қасиетті эпископ шенін алған, Сириядан шыққан Габульскиймен жолығыстық... Ол, осыдан бірнеше жыл бұрын Персия мен Арменияның ар жағында, Қиыр Шығыста және христиан дінінің несториандық тармағын ұстайтын бір халықтың әрі патшасы, әрі священнигі Иоан деген біреудің, Мидия мен Персияның патшалары, ағайынды Самиардтарға қарсы соғысқа шыққанын, сөйтіп, олардың астанасы Экбатаны (?!) жаулап алғанын айтады... Жеңіске жеткеннен кейін, аталмыш Иоан Қасиетті шіркеуге медеу болу үшін, одан әрі қарай жортады. Алайда Тигр дариясына жеткенде, кемесі болмағандықтан, одан өте алмайды да, теріскейге қарай бет түзейді, ол жақта өзеннің қыста қатып қалатынын біледі. Бірақ онда бірнеше жыл тұрса да, сақылдаған аязды көрмейді, сөйтіп, ауа райының жылы болуы себебінен көкейіндегі мақсатына жете алмай, отанына қайтып кетуге мәжбүр болады, оның үстіне ауа райының жайсыздығынан көптеген сарбаздарынан айрылады... Бұған қоса, жұрт оның өзінің шыққан тегін ежелгі «әулиелер»1 әулетінен алатынын айтады (яғни Вифлеем жұлдызы жалт етіп жанып, жаңа туған Иисусқа сый әкеліп тартты-мыс дейтін тәураттағы әулиелер ғой баяғы). Осы тектес хабарлар басқа да герман жылнамаларында да2 жарияланған. Тегі, бірінші священник — патша жөніндегі хабарды өмірде бар нәрсе деп қарай бастаған секілді. Аңызға жаңа хабарлар қосылып, қатпарлана түседі: пірәдар Иоанның Византия императоры Мануил Комнинге бейне бір араб тілінде жазылған хаты пайда болады, осы хат кейін папа мен император Фридрих Барбаросса үшін латын тіліне аударылады. Оның арабша түп нұсқасы сақталмаған, ал хат текстінің бізге жеткен нұсқасы мынадай (қысқартылған): 1 2

P. Хенниг, Беймәлім жерлер, II т. 441 б. Сонда.


126

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

«Патшалардың патшасы, әмірлердің әмірі, пірәдар Иоан, Құдауәнданың құдіретіне һәм Билеушіміз Иисус Христостың хұкіметіне жүгініп, өзінің жан досы, Константинополь князі Мануилдің, құдайтағаланың шарапатымен, сау-саламат, бақдәулетте болуын тілейді...»3. Әрнеге аз да болса сынай қарайтын оқырман көңілінде осынау қаратпа сөздің өзі бірден шүбә келтірер еді. Иоан өз вассалдарын (тәуелді) патшалар деп атайды да, тәуелсіз алдияр Мануил Коминді — Константинополь князі дейді. Тап осылай ашықтан-ашық қадірлемей, қорлау және жөн-жосықсыз қорлаудың аяғы одақтасу, достасумен емес, елшілік қатынасты үзумен бітуге тиіс еді. Бірақ бұрмалаушы бетпақ, хат иесі өз аудиториясын жақсы білген. Католиктік Батыста Византияның православный патшасын, жаңсақ та болса, қорлау бесенеден белгілі бір нәрсе ретінде қабылданады да, хат текстіне ешбір сенімсіздік тудырмайды, ал сондай бір сенімсіздік туғанда нұр үстіне нұр болар еді. Одан әрі пірәдар Иоан өзінің «Үш Индия» деп аталатын мемлекетін сипаттай жөнеледі де, астанасы мекендеген жерді Сузы деп атайды. Автордың географиядан ешбір хабары жоқ екенін тек ежелгі географиялық әдебиеттен мүлде мақұрым қалған оқырман ғана байқамас еді. Константинопольдегі жұрттың мұндай келеңсіз өтірікті қаперіне де ілмегені, ал өзінің бекерге басын қатырып жүргені XII ғасырдағы батысеуропалық оқырманның тіпті ойына да келмегені түсінікті болса керек. «Пірәдар Иоанның» өз патшалығындағы жан-жануарлардың бәрін, еуропалықтың көзімен қарағанда, ең экзотикалық хайуанаттарынан бастап жазуды өзіне парыз санағаны кісі назарын бірден аударады: «Пілдер, аруаналар, түйелер, Meta collinarum (?), Cametennus (?), Tin-serete (?), қабыландар, орман есектері, ақ және қызыл арыстандар, ақ аюлар, ақ мерландар (?), шегірткелер, бүркіт-арыстандар... мүйізді адамдар, жалғыз көзділер, алдыартында да көзі бар адамдар, кентаврлар, фавилар, сатирлар, ергежейлілер, алыптар, дәулер, кұс-феникс, қойшы, әйтеуір, қара жерді мекендейтін мақұлықтардың түр-түрлері түгелге жуық кездеседі4...» 3 4

Сонда. Сонда.


ГУМИЛЕВ Л. Н.

127

Автор бұл тізімді қайдан алған? Тек ортағасырлық фантастикадан алған, өйткені бұл жанр ешқашанда өлмеген. Осыдан 500 жылдан аса уақыт бұрын бұндай далбасаға сенген және соған ден қойған «Түп нұсқалы хатқа» басылған сөз құдіреті осындай, ал аталмыш хат тап сондай болған. Міне, сол себепті де папа Александр III 1177 жылдың 27 қыркүйегінде «пірәдар патша Иоанға» тапсыр деп лейбмедик магистр Филиппке ұзақ-сонар сәлемхат береді. Осы хатты алған елші тап сол күні Венециядан аттандырылады. Бірақ қайда? Қиыр Шығыстағы ұланғайыр христиан патшалығының мекені беймәлім болатын, ал оны іздеп табуға тырысқан қам-харекеттің бәрі зая кетеді. Иә, оны іздеп табу мүмкін емес-ті — шығыс христиандар патшалығы атымен жоқ еді. Еуропалықтар көпке дейін үміттерінің тап осылай үзілгеніне көнгісі келмеді, бірақ лаж қанша, көнуге тура келді. Соншама егжей-тегжейіне дейін сипатталған Иоанн патшалығына ұқсайтын бірдеңе Индиядан да, Абиссиниядан да, Қытайдан да табылмады. Отсыз түтін шықпайды, ал сол сыбыстың шығуына себеп болған шын мәніндегі оқиға екеніне қазір ешбір күмән-күдік тумайды: ол-Кидань гурханы Елу Даши біріктірген ортаазиялық тайпалар қалың қолының селжүк сұлтаны Санжардың әскерін 1141 жылы Қатуан жазығында талқандауы5. Әсілі, несториандар көшпелі жұрт арасында да болған секілді, бірақ Елу Дашының өз басы бір дінді белгілі дәрежеде тәуір көрсе, буддизмді тәуір көрген. Оның әскері Тигрге дейін жете алмаған, тіпті соған жеткісі де келмеген, оның хандығы тек Жетісу өңірін, Жоңғарияның бір бөлегі мен Алтайдың оңтүстік жоталарын қамтып жатқан шағын ғана хандық болған; Кидань билеушілерінің арасында Иоанның есімі кездеспейді, орта ғасырдағы еуропалықтардың әлгі ойдан шығарылған өтірігіне6 ұқсайтын бірдеңе Азиядан табылмаған. Міне, енді осы арадан келіп, екі бірдей үлкен мәселе туады: 1. 5 «Пірәдар Иоан» мәселесі жөніндегі әдебиет өте көп, бірақ бұл мәселені В. В. Бартольдтің шешуіне байланысты, олардың маңызы жойылған (Түркістандағы христиан діні туралы... 25 б. И. П. Магидович, «Марко Поло кітабына» алғы сөз; 5—11 б.) Мәселе тарихы Р. Хеннигте берілген («Беймәлім жерлер», 446—461 б.) бірақ автор түсініктемесінде Орта Азия тарихынан дөрекі қате жіберген, редактор оны ішінара көрсеткен (446—448 б.). 6 «Пірәдар Иоан хатының» византия императоры Мануил Комнинге (1143—1180) жіберген жалған текстін қараңыз. (Р. Хениг, Беймәлім жерлер, 442—443). Император Мануилдің хат жазғаны жайлы жаңсақ пікір сол сияқты ежелгі орыстың «Үнді патшалығы туралы повесінде де» аталып өтеді (Ю. К. Бегунов, XII ғасырдағы орыс әдебиетінің ескерткіші «Орыс жерінің қазасы туралы сөз», 101 б.)


128

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Сонда іс жүзінде не болған? 2. Нағыз бастау әуелден-ақ жалған мәлімет береді екен, ендеше, біздің жалпы бастау атаулыға сенуге хақымыз бар ма, ал егер жоқ болса, онда біз ең сенімді мәліметтерді қалай табамыз? Біз өз кітабымызбен осынау екі сауалға жауап беруге тырысамыз. Туындайтын қиындықтар Біздің бақытымызға орай, бұрынғы оқымыстылар орта ғасырлар тарихын әжептәуір зерттеген. Мұның мәнісін былай түсіну керек: саяси тарих оқиғалары көпшілігінің желісі реттеліп, бір ізге түсірілген, соғыстар, келісімдер, елшілік және әлеуметтік одақтар, заң актілері мен әлеуметтік реформалар уақыты белгіленіп қойылған. Басқаша айтсақ, арқауы тартылған, енді оған қалаған ою-нақышты сала беруге болады, түкке тұрмайтыны көзге ұрып тұрған жалған мәліметтерге — оның ішінде «пірәдар патша Иоанн» туралы хикая да бар — күмәндану немесе оларды жоққа шығару үшін оны емін-еркін пайдалануға да болады. Бірақ сонымен бірге оқиғалардың көптігі сондай, оларды көзбен шолу немесе еске алып, жадыңда сақтап қалу мүмкін еместі. Әдетте мұндай кезде маманданудың тар жолымен жүру — елдің қысқа бір дәуірдегі тіршілігін зерттеу әдетке айналған. Орта ғасыр шежірелерін Иоанн жөніндегі қисынсыз мәліметті қабылдауға жетелеп әкелген де тек осы жол ғой, бұл мәлімет Византия мен ежелгі орыс ғылымының қоймасында тұрақтай алмаған, өйткені қоныстанған жерлері Азияға жақын жатқан гректер мен орыстар, өздерімен замандас немістер мен француздарға қарағанда, Азияны жақсы білген. Демек, тар мамандық жолы зерттеуші көзіне шор байлайды да, алдындағы алыс қиыр көрінбегесін, мәселеге терең бойламаған кісі тәрізденіп, қате-кемшілікке барып ұрынады. Сосын біздің тақырыбымыз үшін несториан діні туып, дамып барып жоқ болған елдердің тарихын, яғни Азияның Мәрмәр теңізінен ��ары теңізге дейінгі аралығының мың жылға жуық мерзімдегі тарихын кең көлемде алып қарау керек. Өзіміз ділгер болып отырған тақырыпқа байланысты барша оқиғаларды, осы тақырыпқа әдейі бейімделіп жасалған белгілі бір жүйеге салғанда ғана есте сақтап қалуға болады. Ал, ондай жүйе жоқ болғандықтан да, оны ойлап табу керек, бірақ сонымен бірге оның тек көмекші құрал ғана екенін естен шығармаған жөн.


ГУМИЛЕВ Л. Н.

129

Қорытынды жасауға қажет материалды екі жолмен табуға болады: 1. Тікелей бастаулардан, яғни сол кездегі оқиғалар замандастарының шығармаларынан және 2. XIX—XX ғғ. тарихи әдебиеттер жиынтығынан алуға болады. Екінші әдістің біраз артық жері бар: ол көп еңбекті керек етпейді; ортағасырлық текстер мен версиялар сын-сынақтан өткізілген, жеткілікті бір негіз болмаса, енді оны қайталап жатудың ешбір мәні жоқ; оқиғалардың себеп-салдары анықталып, бір қатарға түзілген, бұл біздің міндетімізді — текстерді талдап түсіндіруді жеңілдетеді және ең бастысы, оқырман ешбір қиналмастан біздің ой толғамымыздың барысын, жасаған қорытындыларымыздың дұрыстығын тексере алады. Бірақ, не шара, бұл әдіспен тоқтап қалуға болмайды, өйткені тарих ғылымындағы бар мәселе сәтімен шешілген болса, онда біз өзіміз айналысқан мәселе тәрізді және әлі де талай рет жолығатын проблемалар пайда болмас еді. Сол себепті де біз бастауларды тағы да қайта-қайта ақтарыстырып қараймыз, сонда текстоло-гиялық немесе әдебиеттану тұрғысынан емес, әлде сенімсіздік тудыратын мәліметтердің рас-өтірігін тексеру үшін қараймыз. Бастаутанушы филолог «зерттелетін автор не айтады?» деген сауалға жауап беруге тырысады. Ал, бастаутанушы — тарихшыны «автор айтқан жайттардың қайсысы — шын, ол нені тастап кетті, оқиға шын мәнінде қалай болып еді?» деген сұраулар қызықтырады. Аспектінің әр түрлі екені айдан анық. Бізде қорытындының қателігі немесе шалағайлығы бастауларды үстірт қалқи зерттеуден шығады деген пікір кең жайылған. Ғылыми айналымда жүрген бастауларда пәнді кәміл білуге қажет нәрселердің бәрі болады — деген пікірді жұрттың бәрі үн-түнсіз мойындайды. Аталмыш туындыға байланысты кез келген мәселені шешу үшін, сол ортағасырлық автор туындысын мейлінше дәлме-дәл етіп аударсақ, әйтпесе өз сөзімізбен айтып берсек — соның өзі жетіп жатыр. Бұл пікір ешбір жерде қағида етіліп арнайы дәйектелмеген, бірақ ол өзінен өзі түсінікті, қайта қарауды қажет етпейтін нәрсе деп танылады. Бірақ бұл арада бір жайт назардан тыс қалады — бастауға көзсіз ере берген тарихшы, істің шын мәніндегі жай-жапсарын емес, тек қана бағзы заман авторының көзқарасын қайта тірілтеді, ал істің шын мәніндегі жай-жағдайы көбінесе ең ежелгі автордың өзіне анық мәлім бола бермеген. Бұл ыңғаймен іске кіріссек, бастауды сынау оның түпнұсқа екенін анықтаумен шектеліп қалады, ал шын екеніне


130

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

ешбір күмән жоқ бірнеше бастаулардың қарама-қайшылықтары кейде өткел бермес бөгетке айналады. Егер бұл іс үшін, мәселенки, біздің өз шаруамызды алсақ, Монғолияның тарихы жөніндегі бүкіл ескі, тіпті жаңа зерттеулерді түгелдей жоққа шығару, араб, парсы, грек, қытай, монғол, латын, грузин мен армян тілдеріндегі бастауларды жаңадан аудару жүктелсе және осыны орындау үстінде, бұрынғылардың бірде-бірін қайталамау ісі тапсырылса, ең соңында өткендерден артық болатынына көзің анық жетпесе де, тағы бір ғылыми болжам жасау керек болса, ол бөгеттен қалай ғана қарғып өтерсің. Бұл жолдың мені қызықтырмаған бір себебі, бәрінен бұрын мен өз аудармам (егер оны жасай қойсам) аса білімді, тамаша филологтар жасаған аудармадан жатық та дәлірек болады деп мәлімдеуге батылдығым жетпей қойды. Бұған керісінше, өзіндік көзқарасы бар тарихшы әманда аударманы өз көзқарасына лайықтап бейімдей аударады. Мұнда ол өзіне қолайлы варианттарды саналы түрде іріктеп ала ма, әлде оның тап солай екеніне шын көңілден сене ме — оның бұған ешбір қатысы жоқ. Тіпті бұл істе сөзбе-сөз аударып, сірестіріп қоюдан да пайда жоқ, өйткені сіреспе аударма көп ретте дәлме-дәл аударма болмайды, өйткені әдеби шығармада етістіктің түрлері мен сөйлемнің синтаксистік құрылысынан гөрі, әлдеқайда мәндірек болып табылатын мағыналық және интонациялық сарындар түсіп қалады. Бірақ бұл әдістің ең басты кемшілігі сол, затты мұқият зерттеу ісі, сол затты сөз ететін текстерді оқып үйренумен алмастырылады. Ал бізді қызықтыратын нәрсе — несториан мәселесі туралы замандастары айтқан пікір емес, сол мәселенің тап өзі ғой. Бастаудан сынмен сыдырылып алынған фактілер, оқиғалар барысын оқта-текте болмаса онша анықтай бермейді, өйткені әрдайым көптеген маңызды оқиғалар бастауда айтылмай қалады да, елеусіз бір оқиғалар бадырайып шыға келеді. Бұған Інжілдің Көне өсиеті мысал бола алады. Егер соның өзін ғана оқысақ, онда Таяу Шығыстың біздің заманымызға дейінгі алғашқы мыңжылдықтағы бүкіл тарихы Израиль мен Иудеяның төңірегінен айналып шықпай қойғанына ешбір күмән келтірмейсіз. Ал, іс жүзінде, қазір өзіміз анық біліп отырғанымыздай-ақ, Израиль мен Иудея Таяу Шығыс әлемінің шет аймағы болған, олардың тарихи тағдырларын сол дәуірде мүлде басқа халықтар мен мемлекеттер белгілеп беріп отырған.


ГУМИЛЕВ Л. Н.

131

Тап осы сияқты «Роланд туралы жырдан» Ұлы Карлдың 778 жылы Испанияға жасаған бірінші жорығының басты оқиғасы қалың маврға қарсы аз күшпен соғысқан Роландтың ерлікпен қаза тапқаны екенін түсінеміз. Бірақ ондай соғыстың мүлде болмағаны және шын мәнінде Роландты өлтірген маврлар емес, Ронсельван шатқалында оны баскілердің өлтіргені елге мәлім. Алайда оқиғаларды тап осылай ашықтан-ашық бұрмалау «Роланд туралы жырдың» бірінші дәрежедегі тарихи бастау болып қала беруіне ешбір бөгет жасамайды, сол сияқты «Игорь полкі туралы жырда» жазылған князь Игорьдің 1185 жылы қыпшақтарға жорығы «эпоста»7 баяндалғанынан мүлде басқаша болып өтсе де, «Сөз де» тап сондай бастау болып қала береді. Сондықтан да тиянақты талдау қажет және сол талдауды фактілерді синхрондық іріктеп алу жолымен жүргізген жөн, соның нәтижесінде бастаулардың асырып немесе кемітіп айтқандарын, сол сияқты жалпы суреттегі «ақтаңдақтарды да» табуға болады. Бастаулардан8 алынған оқиғалардың әуел бастағы сорабын себеп-салдарлық байланыстар негізінде, тек интерполяциялық жолмен ғана анықтап, «ақтаңдақтар» орнын толтыруға болады. Интерполяцияны қолдану кезінде, әлбетте, дәлдік дәрежесі төмендеп кетеді, бірақ ауытқу аз болады да, жалпы заңдылық бұзылмайды, әйтпесе ол тіпті құрып кетеді. Келесі операция — синтезі алынған тарихи оқиғалар сорабын сабақтас ғалымдардан тап осындай жолмен алынған, осы тәрізді фактілер тізбегімен салыстыру. Синтез — фактілердің бірігуі мен ажырасуы және солардың екеуін де түсіндіру, зерттеудің мақсаты да, міне, осы. Сонымен, методикалық тізбек төртбуынды: I. Қалай (жазылған)? 2. (Шын мәнінде) не болған? 3. Heгe (тaп осылай болған)? және 4. Ненің неге қатысы бар — нәтиженің біржолата шығуы. Менің әдісімді шала түсінуден әр түрлі сын тууы мүмкін екенін, тіпті сөзсіз туатынын алдын ала ескертіп, бір жайтты айтпақпын. Мен ежелгі текстерді қайта аударуға қарсы емеспін, ол ол ма — мен оны қолдаймын да, бірақ мен мұндай орасан зор және күрделі жұмыстың нендейі нақты нәтиже беретінін ой безбеніне салып, салмақтап көрмеу кешірілмейтін ағаттық деп білемін. Әрбір аудармашы текстің өзі байқаған эстетикалық, стилистік және мағыналық 7 8

L. N. Gumilev, Les mongols du XIII e siecle et le Slovo o polku Igoreve, 37—57 б. б. Л. Н. Гумилев. «Евразияның далалық аймағындағы...


132

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

аса нәзік ерекшеліктерін береді. Бұл арада қосарланушылық болмайды, өйткені көркем аударма әманда түпнұсқадан да, қайта жасалған аудармадан да өзгелеу болады – әсіресе аударма ондаған жылдар бұрын жасалған болса. Бұл арада елестету мен рефлекстер жүйесі — тілдің айрықша мәні бар, өйткені біз ата-бабаларымыздың, аздап та болса, бізден өзгешерек сөйлегенін білеміз. Ал іскерлік аударманың жөні басқа. Іс терминологияға барып тірелмейтін жерде, стилистика текстің мағынасын да, маңызын да өзгертпейді. Мәселен, орыстардың Калка өзені бойында жеңіліп қалғанын қандай әуенмен айтсаң да — одан факті өзгермейді, өлген князьдер тірілмейді. Біздің талдауымызға осы аударманың өзі жетіп жатыр, кімнің жақ, кімнің қарсы екенін салқын сабырмен салмақтауға мүмкіндік алу үшін тіпті сонымен шектеліп қойғанның өзі дұрыс. Ал енді терминдерге (шендер мен әскер түрлерінің атаулары, топонимдер мен этнонимдерге т. б.) келетін болсақ, егер тарихшының өзі, әр түрлі жеке сөздердің этимологиясына емес, оқиғалар комплексіне сүйене отырып, мәселені өзі шешіп алмаса, бұл сөздердің мәнісін ашу ісінде филолог оған ешбір көмек көрсете алмайды, өйткені әлгі оқиғалар шоғырын сыпаттау үстінде осынау қиын сөздер әр түрлі үйлесімде кездесіп отырады ғой. Міне, сол себепті де біз «Пірәдар Иоанның» проблемасын текстер мәселесі емес, XII ғасырдағы тарихи ақиқаттың мәселесі деп қараймыз, ал бұл тарихи ақиқат үшін шығыстағы христиан дінінің мәселесі, бір түрлі ерсі көрінсе де, шешуші мәселе болып табылады. Зерттеу жолдарын іздеу «Тарихты» қалай жазу туралы мәселе әлі шешілмеген және ол ешқашанда шешілмейді. Ол ол ма, тіпті оны шешудің де ешбір қажеті жоқ, өйткені бұл арада рецепт беру іске пайдасынан гөрі зиянын көбірек тигізеді. Тарихтың белгілі бір кезеңімен айналысатын екі замандас зерттеушінің оқиғаларды сипаттауы мен өмір құбылыстарын бағалау жөнінде өзара толық келіскенімен, сол пәнді бірдей етіп баяндап шығуы мүлде мүмкін емес, өйткені олардың әрқайсысы өздерінің ғылыми мақсат-мүдделеріне сәйкес сюжеттерге көбірек көңіл бөледі. Оқырман алдында әр алуан қырынан, демек, мейлінше толық көрінетін тарихи процесті объективті түрде білуге, міне, тап осы әр түрлілік себін тигізеді.


ГУМИЛЕВ Л. Н.

133

Тарихи хикаяның жанрын, стилі мен тілін автордың өз еңбегін бағыштаған кісілер ғана: маман ғалымдар тобы немесе зерттеу тақырыбына ынталы болып жүрген қалың оқырмандар ғана анықтайды. Бірінші жағдайда шешуін автор ұсынатын күрделі мәселелер дәйектілікпен талдануға тиіс; оқиғалар барысы мейлінше қысқартылады, өйткені ол мамандарға әуелден белгілі, оның үстіне тілі тақ-тұқ құрғақ, іс тілі болуға керек, себебі шешуші түйін мәселені дәлелдеуге және оның тарихын көрсетуге тәуелді. Шын мәнісінде мұндай кітаптың үлкен мақаладан ешбір айырмасы жоқ. Екінші жағдайда сілтемелер арқылы талдау жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып, автор тарихи синтезге көп көңіл бөледі. Тілге тиек болған мақалалардың дәйек-дәлелдерін қайталау пайдалы емес, өйткені бұл оқырманды автор ойының ауанын бақылап отыру мүмкіндігінен айырады. Оқиғалардың дамуын баяндау айрықша маңыз алады, өйткені телескоп фокусындағы секілді жалпы дәуірді тұтас пайымдау тек соған барып шоғырланады. Оның тілі бейнелі де бедерлі, кейде эмоционалды да болғаны жөн. Тіпті ең соңында үшінші тәсілді де — анықтамалық тәсілді де қолдануға болады. Оқырмандарға, оның ішінде тарихшылардың өздеріне де тарихтың барша бөлімдері бірдей жақсы таныс бола бермейді. XX ғасырда тарих ғылымының кеңге, тереңге жаппай жайылып кеткені сондай, мәселенки, итальян жаңғыруының тарихшысы Индия мен Қытай тарихына келгенде кібіртіктеп, тек білікті оқырман деңгейіне түсіп қалады. Бұл әсіресе біздікі тәрізді сюжеттерді түзуге келгенде кісінің діңкесін құртады. Көшпеліні тану жөнінде көптеген тілдерде мың сан арнаулы әдебиет бар, бірақ қажетті мәліметтерді керек кезінде оп-оңай ала қоятын жалпы, жеңілдетілген жинақтар жоқ. Пайдалы білімді оңай жолмен алу — зерттеудегі ең басты нәрсе, ол үнемделген күш-қайратты сол тақырыпты жан-жақты ойластыруға жол ашады. Баяғыда, бізден мың жылдай бұрын ең ақылды, тіпті кей сәттері алдыңа жан салмаған тарихшылар хабарбасты болу мәселесімен шұғылданыпты. Осындай қиындықтан құтыла алмаған Константин Багряновский: «Тарих материалдары туындап, кісі құшағына сыймайтын және игере алмайтын межеге жетті; сол себепті жұмыстың мақсаты — көне де жаңа жазушылардан алынған үзінділерді үйлестіріп біріктіру» деп жазған. Бұл сөзімен ол, тегі, мынаны


134

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

айтқысы келсе керек: оған ең маңызды нәрсе, біріншіден, автор оны қай бастаудан алса да бәрібір, фактіні анықтау, екіншіден, сол фактінің басқа фактілермен байланысын табу, яғни оның оқиғалар тізбегіндегі орнын іздеп табу. Тек осыны ғана ол ғылым-тарих деп есептеген, ал қалғандарын, яғни тарихнаманы әрқашан қажет бола бермейтін көмекші нәрсе ретінде қараған. Бір халықтың немесе елдің тарихын жазбай тұрып, әуелі оны өзің көруің керек, ал оған әр қырынан қарауға болады: ұшқан құс биігінен, төбе үстінен, тышқан інінен қарауға болады. Мұның әрқайсысында біз бірдеңені көреміз, бірдеңені байқамай қаламыз, ал бірақ осынау үш деңгейден қарағанымызды біріктіре салу мүмкін емес. Демек, біз өзімізге тап осы сәтте керегін алуымызға тура келеді. Сонымен тарихи талдау ісіне, ең дұрысы, үш әдісті түгелдей қолданған, өйткені олардың ешқайсысы да өзгесінен артық саналмайды, тек әрқайсысы әр түрлі сауалға жауап береді. Бұл арада ұсынылып отырған әдіс кәдуілгі талдау, яғни тарихтың көмескі жерлерін анықтауға қажетті «жіліктеу-бөлу», содан кейін зерттеудің әр түрлі әдістерінің нәтижелері есептелетін синтезге көшуге қажетті «бөлу» болып табылады. Тек осы жолмен жүрсек қана біз берілген схеманың тар шеңберінен шығамыз да, уақ-түйекті қуалап кетпейміз, ал уақ-түйек төңірегінде түртінектеп жүріп алсақ, зерттеу өзегінен — Бүкіләлемдік тарих ырғағының өзінен айрылып қаламыз. Ал енді синтез туралы Жұлдызды аспанды телескоппен бақылайды; әйел кескініне жай көзбен қарайды; жәндіктерді — лупамен, су тамшысын — микроскоппен бақылайды. Ал біз тарихты қалай бақылаймыз? Ащы да болса айтайық — пайдасыз айтыс-тартыстардың басым көпшілігі тарихи процестерді жалғыз көзімен, мәселенки, 1000 есе кішірейтіп көргісі келсе, өзгелері оны шамамен 850 есе үлкейтіп көргісі келеді, сонда олар аңқау көңілмен осылай етсек, орта мөлшердегі іздегенімізге жетеміз ғой деп ойлайды. Әдістер, мектептер, тұрғылар арасындағы сан ғасырлық айтыс-тартыстар т. б. осыдан шығып жатқан жоқ па? Біздің қарауымызда тарихоскоп, жақындау дәрежесін сатылап көрсететін көлемді шкалалы аспап бар екен делік. Окулярді № 1 жақындау (ең жалпы) сызығына қойып көрелік.


ГУМИЛЕВ Л. Н.

135

Біз орасан зор спираль-серіппені — тарихи даму жолын көреміз. Оның төменгі ұшы көк сауыт мұзарттар пұшпақтарын көмкерген тұнжыр ормандар мен зіңгіттей-зіңгіттей қара торы кісілер мамонт етін тас пышақтарымен боршалап, жіліктеп жатқан үңгірлер ішіне барып жоғалады екен. Одан төменіректе серіппе бунақтары бұлдырап кетеді де, оның жеке кесінділері қазынды адам түрлерімен: неандерталық, синантроп сияқты, табиғаттың басқа да туындыларының нобайларымен бірге болар-болмас бұлдырайды. Серіппенің жоғарғы ұшы болашаққа самғап кеткен, ол бізге адамның табиғатты толығынан жеңіп, салтанат құратын кезеңіндей болып елестейді, бірақ мен оны сипаттап жатпаймын, ол істі ғылыми-фантастикалық ро-мандар авторларының үлесіне қалдырамын. Біздің жазба тарихымыз — сол орасан зор серіппенің бір буыны ғана. Оған алғаш жуықтаған сәтте біз жалпы адамзат дамуы заңдылығының үш тармағын: демографиялық жарылысты, техникалық прогресс пен әлеуметтік-экономикалық формациялардың алмасқанын байқаймыз. Соңғы мың жылда халық саны үдемелі түрде өсіп келеді. Біздің дәуіріміз басталарда Жер бетіндегі халық саны 250 миллионнан 350 миллион адамға дейін жетеді деп есептелетін; 1000 жылы ол 275 млн. адам шамасында болды; 1650 ж.— 545 млн. шамасында, 1800 ж.— 906 млн.-ға жуық; 1900 ж.— 1,6 млрд; 1950 ж.— 2,517 млрд болды, ал 2000 ж. 6 млрд адамға жетуге тиіс. Және халық саны жер жемістері мейлінше мол елдерде емес, қайта сол береке-байлық жетіспейтін елдерде қауырт өсіп отыратыны байқалған9. Бұдан цивилизацияның өсу функциясы емес, адамзаттың түр (биологиялық) есебіндегі өзіне тән имманенттік заңы анық көрінеді. Уақыттың тап осындай бөлегінде техникалық прогрестің болатынына күмән тумауға тиіс. Ол әлеуметтік қарым-қатынас шеңберінен асып өтіп, жер беті бедерлерін антропогендік тұрғыдан жаңғыртып, өзгертудің факторына айналды. Хайуанаттардың тұтас бір түрлері құрып кетті және құрып жатыр, табиғи геобиоценоздарды ығыстырып, мәдени өсімдіктердің, мәселен, бидай, картоп, кофе сияқты түрлері жайылып барады. Осынау ырғақтарды зерттеп білу — бүкіл әлемдік-тарихи методиканың еншісі. Мәдени-тарихи мектеп бұл заңдылықтарға келгенде 9

H. Забелин. Адамзат — ол неге керек? 172—174 б.


136

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

дәрменсіз. Ол мұны тіпті байқамайды да, өйткені оның ауқымы тым тараң. Біз окулярімізді № 2 жақындау сызығына жылжытып қоялық. Серіппе бірден ғайып болады да, оның ұзақтығы 5 мың жылдық бір-ақ бунағы қалады, сол бунақтың өзі түзу сызық ретінде қабылданады. Бірақ осы сызық ұштары бір-бірінің тасасында қалып қоятын әр түсті жіптерден өрілген сияқты болып көрінеді. Бұл – әлгі ғасырлар бойы Жер планетасының бетінде қатар өмір сүріп, бір-бірін жиі-жиі алмастырып отыратын тарихи мәдениеттер дегеніміздің өзі. Мәселен, базилевсылар қарулы жасақтарымен Трояны қанталапайға салған кез — біздің жыл санауымызға дейінгі XII ғасыр — Эллада таңы уақыт жағынан Мысыр күнінің батуымен, Ассирия патшалығының құдіреті қайтып шағылып, Вавилонияның құлай бастауымен тұспа-тұс келді. Хош, біздің жыл санауымыздың XII ғасырында алтын Византия жан тәсілім етіп жатқанда, франк рыцарларының туы мен монғол батырларының байрағы жоғарылап шыға берді. XVII ғасырда ортағасырлық Қытай ішкі дағдарыстан қажып, діңкелеген кезде, маньчжур богдоханының тәж-тағы асқақтай көтеріліп, оның төңірегіне бүкіл Шығыс Азия топталды. Осынау өрлеудің бәрі этногенез құбылысымен — бұрынғы елжұрттардың өзгеріп-жаңғырып, жаңа халықтардың пайда болуымен тығыз байланысты еді. Бұл арада жалғыз процесс туралы айтуға болмайды. Қайта, марғау дамитын әр алуан процестердің бірбірімен шатысып-бытысып кетуі байқалады: олар тез өрлеп, қысқа уақыт шың басында шырқап бір қалыпта тұрады да, бірте-бірте құлдырай береді, кейде нақты бір этнос түп-тұқиянымен құрып кетеді. Ибн Халдун мен Джан Баттиста Вико тап осы құбылыс туралы айтып кеткен. Тарихоскоптың окулярін № 3 жақындауға жылжыталық — сонда өзінің жас өспірім, кемел шағын, қарттығын бастан өткеріп жатқан бір ғана мәдениетті көреміз. Біздің алдымызға әлеуметтік күрес суреті келіп тұра қалады. Ежелгі Римде патрицийлер мен плебейлердің, сосын — оптиматтар мен популярлардың, одан кейін — Сенат пен легионерлердің күрес-тартысы жүріп жатты. Италияда бұл әуелі лангобардтардың жергілікті халықпен күресі болды да, сосын құрамы қайта өзгеріп, гибеллиндер мен гвельфтер айқасына, ақырында, итальян қалаларының өзара соғысына айналып кетті, Монғолияда бұл Шыңғысхан аламандарының керейттер, меркиттер мен найман тайпалары көсемдеріне қарсы соғысы болды. Араб


ГУМИЛЕВ Л. Н.

137

халифатында кайситтер мен келбиттер бәсеке-таласының орнын Аббасидтердің Омайядтарға қарсы соғысы, сосын карматтардың мұсылмандарға қарсы, ақырында, түріктердің қалған елдердің бәріне қарсы қырғын соғысына айналып кетті. Бірақ мұнда әрбір мәдениет жеке-жеке көрінеді, ал қалғандары түгелдей соның өз ырғағы емес, саяси тарихтың жеке оқиғаларын түсіндіретін оның аясы болып шыға келеді. № 4 жақындау кезінде біз мәдениет тарихын тұтас нәрсе ретінде көрмейміз, тек жеке дәуірді ғана көреміз. Әлеуметтік қайшылықтар бұлдыр, көмескі, ал жеке адамдардың мінез-құлықтары мен тағдырлары анық та жарқын көрінеді. Сол кездері тарихшы, Марийдің жүгенсіздігін, Сулланың темірдей ерік-жігерін, Помпейдің ұшқалақтығын, Цезарьдің алды-артын ойлағыш, сақтығын, Антонийдің көрсеқызарлығы мен Октавианның есепдан мәттәқамдығын сөз етеді. Идеяның тап өзінің алдамшы келетіні белгілі болса да, тарих ұлы адамдар тартысатын майдан алаңы секілденіп елестейді. Алдыңғы жақындауда зерттеудің ең негізгі, түбірлі мақсаты ретінде қаралған дәуір ая/фон/ болып қалады. Бірақ бұл да әлі шек емес. Әлі № 5 жақындау да болуы мүмкін, онда көз алдыңда бір-ақ адам тұрады. Бір ғажабы осы жақындауды жұрт жиі пайдаланады. Егер ол адам Пушкин болса — пушкинтану, егер Шекспир болса — шекспиртану ғылымы келіп шығады. Бірақ бұл арада тарих өмірбаяндық жанрмен табысып кетеді де, тарих болудан қалады. Тарихоскоптың шкаласы осымен бітеді. Шығарманың бас кезінде қойылған: пірәдар Иоан патшалығының тарихын Бүкіләлемдік тарих аясынан қарағанда қалай түсіну керек? Қандай жақындау біздің міндетімізге сай келеді және оны іске қалай қолдану керек деген сұрауға жауап беру үшін, бүкіләлемдік-тарихи материалдарға талдау жасау, міне, қандай шешімге әкеліп соқты. № 1 жақындау мүлде пайдалануға келмейді, өйткені бізді қызықтыратын жүз жылдық шетсіз-шексіз ұзақ қисық сызық бойында тек бір нүкте ғана болып көрінеді. Ал, өзіңізге мәлім, нүктені сипаттау мүмкін емес, себебі оның кеңістікте орны бар болғанымен, түр-пішіні жоқ нәрсе. Бұған қоса айтарымыз, бірінші жақындауға қолданатын әдістер, мәселенки, бірінші қатардағы нәсілдердің (негроидтердің, европеоидтер мен монголоидтардың) құрылуы, от тұтату сырын ашу, жазу-сызуды табу, металдарды


138

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

пайдалану т. б. өзімізді ынтызар етіп қойған, жалған сыбыстың пайда болуы сияқты құбылыстар мүлде жараспайтын да жанаспайтын дәуірлер басын құрайды. Енді № 2 жақындауға көшелік. Мұнда назар аударуға тұрарлық нәрселер бар. XII ғасырда бір-біріне мүлде ұқсамайтын, тіпті ауыстүйіс түрінде болса да, бір-бірімен алысып-берісіп те ұқсас болғысы келмейтін әр түрлі мәдениеттердің ғажайып шатысып-бытысып кеткені байқалады. Саяси жағынан ыдыраңқы Батыс Еуропа, өздерін «христиан әлемі» деп атайды да, оны бірлескен, тұтас дүниеміз деп қабылдайды, оған бөлініп кеткен жікшіл гректер мен орыстарды қоспайды. Ислам елдерінен де осынау суретті көреміз: саяси ыдыраңқылық мәдени бірлікке мүлде бөгет жасамайды, олар өздерін «франктерге де», гректерге де, «дінсіз түріктерге де» қарсы қояды, олар венгрлер мен монғолдарды қосып, Евразияның күллі көшпенділерін «дінсіз түріктер» деп түсінетін. ХІІ ғасырда Қытай бір орталыққа қарайтын, бірақ ол тангуттар патшалығы — Си Сяні және қидандар патшалығы — Ляоны өздерінің бір уәлаяты деп қарайтын. Бұл нағыз дәлелсіз телушілік еді, өйткені тангуттар көбінесе тибет мәдениетіне жақын болатын, ал қидандар көшпелі тұрмыстың көп-көп дәстүрлерін сақтап қалған-ды, бірақ бүкіл әлемнің барша халықтарынан өздерінің артық екеніне кәміл сенетін қытайлардың дүниеге көзқарасы, міне, осындай еді. Ал, көшпелілердің өздері ше? Олар қытайланып кетпеген жерлерде немесе ислам дініне кірмеген, немесе, мәселен, Венгриядағы сияқты, феодалдық-католиктік корольдік болып кетпеген жерлерде, бұрынғы күйінде, өзімен өзі болып қала берді, жоғарыда айтылған мәдениеттер секілді, саяси және тұрмыстық әр алуандық аясында өз бірлігін сезіп-түйсініп жүре берді. Біздің тақырыбымызға бұл тек ая ғана: бірақ сурет, егер оның екінші планы, әріге тартар алысы болмаса, сурет болып жарыта ма? № 3 жақындау кезінде біз керек затымызға таяп барамыз. Шартты түрде «византиялық мәдениет» деп (өйткені «Византия» сөзінің өзі — шартты термин, өйткені орта ғашсырдағы константинополь гректері өздерін ромейлерміз, яғни римдіктерміз деп атаған) атауға болатын несториан дінін мәдениеттің айрықша бір тарауы ретінде басынан аяғына дейін бір сүзіп шықсақ, ол бізге көп жайтты түсіндіреді, сонда біздің тақырыбымыз оның тек құрамды бір бөлімі болып қана қалады, бірақ онда біз көңілімізді сөз етіп отырған проблемадан алаң ететін өзге мәселені қоса көтеруіміз


139

ГУМИЛЕВ Л. Н.

қажет болар еді. Сондықтан да № 4 жақындауға көшкеніміз, сөйтіп, бір ғана дәуірді — 1141 жылдан бастап 1218 жылдың аяғына дейін несториан хандықтарын Шыңғысхан монғолдары жаулап алғанға дейінгі кезеңді қарағанымыз жөн. Мәселе шешімі табылған да тәрізді, алайда бір өкінішті жері, біздің жолымызда бөгет болар тас жатыр: XII ғасырдағы несториан хандықтарының тарихы жөніндегі бастаулар өте аз. Тек сөз арасында айтылған бірнеше кездейсоқ лебіз ғана сақталып қалған, оларға қарап, оқиғалар барысын қалпына келтіріп, анықтап, түсіндіру мүмкін емес. Сол себепті де бұл мәселе тарих ғылымында айтылмай қалған, бірақ біз тіпті саңылауы жоқ қиын тығырықтан шығатын жол табуға тырысып көреміз. Біз «панорамалық» әдісті қолданамыз. «Ақ таңдаққа» дейін, кейін және оның төңірегінде болған оқиғаларды түгел жинап, бір жүйеге түсіреміз, яғни 3,5 жақындауды көмекші тәсіл ретінде қолданамыз; содан кейін анықталған фактілер негізінде; оқиғаларға қатысқан кісілердің қимыл-әрекетіне себеп болған жайттарды тексереміз; бұл 4,5 жақындау болмақ. Егер бұл кезге дейін қолданылмай келген осы әдісті қолданып, одан ешбір нәтиже шығара алмасақ, сонда ғана лажсыз көнерміз. Бірақ, әйтеуір, табыстан үмітті болып тұрғанымызда зерттеу ісін бастаймыз.

КЕҢІСТІКТІК — УАҚЫТТЫҚ ЖЕЛІ Филологпен әңгіме Тарих деген не? Ғылым ба? Иә, даусыз! Өнер ше? Әрине, өйткені ежелгі гректер тоғыз муза арасынан Клионы ардақтаған. Философия ше? Монистік тәсілмен таныс барлық адамдар үшін бұл жөнінде күмән болмауға тиіс. Бірақ осымен қатар тарих — кәсіп, өйткені жемісті жұмыс істеуі үшін тарихшы шешілуі қиынға түсетін материалды өңдеудің бірқатар таза техникалық әдістері мен тәсілдерінде «қолын жаттықтырып алуы» қажет. Бұл орайда ол да өз кәсібін шеберлік дәрежесіне көтеретін мүсінші немесе суретші сықылды. Бейнелеу өнері және музыка училищелерінде, өкінішке орай, қоғамдық факультеттерде көбінесе елене бермейтін бір жағдай жақсы ескеріледі. Ол — шәкірттің техникалық тәсілдерді


140

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

жеңілдікпен игеруі. Сурет салуға немесе рояльда ойнауға кез келген адамды үйретуге болады деп есептелінеді, бірақ егер оқуын одан әрі жалғастыру қиынға соқса, онда студентке өз қабілетіне лайық басқа оқуды тауып алуына ақыл-кеңес берген жақсы. Бұл дұрыс та, өйткені егер әліппесі қиынға соқса, онда адамдарға қажетті асқан үлгілі шығарма жасау оған қол жетпес дүниеге айналады. Сонымен міндет тарихтың түсінілуі жеңіл іске айналуында болып отыр. Осы бір қарапайым пікір маған көп уақытқа дейін даусыз дұрыс болып көрінді, бірақ менің бұған кері жайттарға көз жеткізуіме тура келді. Мұның алдындағы тараудың бір бөлігін жеке мақалалар ретінде10 жариялағанымнан кейін мен филологпен жолығып, онымен ұзын сонар әңгімеге кірісіп кеттім. Көп тақырыптардың арасынан осында баяндалып отырған тезиске тікелей қатысы бар бір тақырып туды. Филолог өзін жұмыстың нәтижесі емес, ал сол жұмыс процесінің өзі қызықтыратынын және зерттеудің мұраты деп ол жақсы құрастырылған библиографияны есептейтінін айтты. Ол өзінше логика ережесін бұзған жоқ, бірақ алдына басқа мақсат — қиыншылықтарды жеңу және қара бастың қамы үшін білімін молықтыру мақсатын қойды. Өз принципіне сүйене отырып, ол ғылым қазынасына жаңа тексті, іс жүзінде бір детальді немесе аударма түрін қосуды ең жоғары жетістікке санады. Мәселеге бұлай келуді мен спорттық коллекционерлік, ал «қазынаны» — антиквариаттық (сирек кездесетін кітаптарды сататын магазин) деп атағанымда қатты кеткен шығармын деп қорқамын. Мәселеге бұлай келуден мен ең маңызды деп есептеген нәрсе — шындықты іздеу тыйылып қалатын болды. Ал материалды жинастырудың өзі жинақталған информация тек қандай да бір деңгейге жеткеннен кейін ғана пайдалы болады, одан асып кетсе, ол ұшы-қиыры жоқ бір нәрсеге айналады, демек, танып-түсіну үшін мәнін жойып алады. Жүйелеудің: алфавит бойынша, ғасырлар бойынша, елдер бойынша т. т. сияқты қарапайым әдістері — сандарды жай арифметикалық жолмен бағаналап қосу интегралдың орнына жүрмейтіні тәрізді материалды түсіну жөнінен ештеңе де бермейді. Бірақ іздестірсең, тұйықтан шығудың жолы бар, ол жол — мәліметтердің жарыса бағынушылығы және хабарлардың иерархиялығы (төменнен жоғары қарай бағыну тәртібі). Осындай 10

Л. Н. Гумилев, XIII ғасыр монғолдары және «Игорь полкі туралы сөз».


ГУМИЛЕВ Л. Н.

141

жұмыстың нәтижесінде эмпиризмдік жалпы қорытынды шығады, міне, мұндай қорытындыны В. И. Вернадский анықтығы жөнінен нақты байқалған фактіге теңестірген11. Оның пікірі бойынша, біздің біліміміздің үйін тұрғызуға және түсінушілікпен жоғары көтеруге тек өткен дәуір ғалымдары бастаған жұмысты одан әрі жалғастырып, солардың жолын қуу арқылы ғана қол жеткізуге болады, бірақ бұл үшін олар істеп кеткен жұмысты қайталаудың тіпті де қажеті жоқ. Осы орайда алға жаңа міндеттер қою мақсатқа әлдеқайда сәйкестілеу, өйткені әрбір ұрпақ автордан байырғы атабабаларын емес, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап беруді талап етеді. Бірақ бұрынғы авторлардың көп сөзділігінен және қандай да бір тезисті дәлелдеу үшін қажетті әрі сол тезис дәлелденгеннен соң қажеті жоқ өзіңнің де көп сөзділігіңнен қалай айналып өтуге болады? Міне, бұл үшін де әдіс бар: ол — жазықсыз жек көрінішті болған — схема (үлгі) деген сөз. Жаратылыстану және техникалық ғылымдарда схема кез келген құрылымның іргетасы болып табылады, өйткені ол шығарманы жасауды да және тұтынушының, ал біздің жағдайымызда оқырманның оны қабылдауын да жеңілдететін тәсіл ретінде танылады. Схема — материалды мақсатты түрде талдап қорыту: ол зерттелуші пәннің көлеңке түсірер майдашүйдесін алып тастап, түпкі мәнін шолып шығуға мүмкіндік береді. Схеманы ұғып алу оңай — демек, одан әрі ілгері жылжуға, яғни болжамдар белгілеп, оларды тексеруді ұйымдастыруға әлі де күш-жігеріміз бар. Схема дегеніміз — жұмыстың қаңқасы, бұл қаңқасыз ол денесі іркілдеген медузаға немесе омыртқасыз сауытты моллюскіге айналып кетеді. Бұлардың соңғысы да өзіне лайықты орнын таба алады, бірақ өкініштісі, ол қашанда тұйық оңашаланған, демек, схематикалық қорытындылаусыз ғылымдардың бір-бірімен түйісуі мүмкін емес, ол тек қана ежелгі авторлар хабарлаған мәліметтердің шынайылығын тексеру үшін қажетті түзету, толықтырулар бере алады. Библиографияға қатысты жайттар болса, оны профессор Дьюла Моравчик12 құрастырған, сондықтан мен бұған көңіл қоюшы оқырманға сол қалың кітапты қарап шықсын демекпін. 11 12

В. И. Вернадский, Биосфера, 19-бет. Gy Moravcsik, Byzantinoturcica.


142

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Алайда, осы тұста өзімнің филолог танысым менің ой-пікірлерім қызықсыз емес болғанымен, ол еш нәрсемен дәлелденбегеніне назарымды аударды. Әуелінде мен қатты таңғалып қалдым, ал өзім оның сөздерінің мәнін түсіне алған кезімде, бұл арада да оның қатаң бір ізді екенін көрдім. Дәлел ретінде ол тек тексті атады, бірақ онда тіпті де қаралып отырған сюжет жөніндегі ой-пікірлер емес, ал анық қисынды мазмұндалған мәліметтер болған-ды. Әрине, мен онымен келіспедім. Себебі онда маған пірадар Иоанн «Үш Индияны» басқарды деп сендіруге тура келер еді! Мұның орнына мен оған өзімнің, әрине, шартты схемамды, кеңістіктіуақыттық негізге салып көруді, сөйтіп, фактілердің өздері үшін өздері сөйлейтініне көзін жеткізуін ұсындым. Көрнекі болуы үшін бүкіл қажетті нақты материал синхронизмдік кестеге жинақталған және мазмұндамасы бар төрт тарихи карта жасалған, сөйтіп, бұл өзі кең тарихи панорама болып шықты. Мөлшерлі өлшемге бастапқы мәліметтер емес, ал бұрындары «майда-шүйде-лерді» мұқият талдау нәтижесінде алынған бірінші кезекті қорытындылар қабылданды. Осылайша, пәнді тұтасымен шолуды қамтамасыз ететін хабарлардың көнелілігі мен ауқымдылығы принциптері сақталды. Санаудың ұсынылып отырған жүйесінде «дәлелденген жағдай» делініп өзіне ұқсас бастапқы материалға түсініктеме (сноска) берілгендері емес, ал анық белгілі болған фактілер мен логикаға қарама-қайшы келмейтіндері есептелінеді. Осындай принципке сүйенетін қорытынды қаншалықты әдеттен тыс болғанымен, ол солай саналады. Алайда жаратылыс тану ғылымдарының барлық өкілдері де тап осылай жұмыс істейді. Дәлелдеме жасаудың мұндай өзі әдеттенбеген тәсіліне менің филолог танысым қапаланбас деп сенем және де тіпті бейтараптылықтың кейбір сыңайын танытқан жағдайда ол осы тәсілдің мақсатқа лайықтылығына әрі жемістілігіне көз жеткізе алатын да сияқты. Синхронизмдік кесте Кестенің мақсаты — кітап текстінде дүниежүзілік тарихи жағдай ауқымынан суреттелген оқиғаларды шолу үшін көрнекті құрал беру. Осы мақсат үшін ескі шартты — уақыттық және кеңістіктік шарттарды талдап қорыту енгізілген. Он жылдықтар бойынша бөлу тарихи процестердің барысы және бағыты жөнінде күңгірт түсініктер алуға


143

ГУМИЛЕВ Л. Н.

мүмкіндік береді; өзара көбірек жақындауы кезінде құбылмалылық, ал аз жақындауында — қабылдаудың формасыздығы туады. Еуразия құрлығы бес этно-мәдени аймаққа бөлінген. Олар зерттеліп отырған дәуір үшін жаулап алушылық жорықтары ескеріліп, аздаған, бірақ өзін-өзі ақтайтын жол берілушілікте географиялық аудандарымен бір-бірлеріне дәл үйлеседі. Тізіп шығу шығыстан батысқа қарай мынадай тәртіппен алынған: Қытай, Тибет және Маньчжурия құрамына енетін Қиыр Шығыс — муссон желімен дымқылданатын зона және қытай мәдениеті мен буддалық насихаттық аудандары. Ұлы дала — құрғақшылықты зона, көшпелілік мәдениеті мен несториандық ауданы, Таяу Шығыс — субтропиктік зона, мұсылмандық суперэтникалық мәдениет ауданы; Шығыс Еуропа — православие түріндегі византийлік мәдениет кең тараған облыс; Батыс — мол циклонды дымқылдық пен жылдық орта температура неғұрлым жоғары зонадағы феодалдық, католиктік, романо-германдық мәдениет тұтастығы. Бұл көрсетілген орта ғасырлардағы бөлулерді замандастары нақты деп санағандықтан да, біз үшін ол неғұрлым ыңғайлы. Шеткі графаларда оқиғалардың неғұрлым толық аталып шығу мәлімділігі аз оқиғаларды оқырманға орта мектеп оқулықтарынан таныс оқиғалармен «байланыстырып» беру міндетін атқарады (келесі бетте басталатын кестелерден қараңыз). Тарихи этнография Орталық Азияның көшпелі халықтарының этногенез жөніндегі мәліметтерін қорытындылаудың неғұрлым көркем жүйесі — этникалық орналасудың егжей-тегжейін атап көрсету қажет болғанда, не тек Орталық Азияны қамтитын, ал егер Азиядағы оқиғалардың барысы соның Еуропадағы жаңғырығымен байланысты болса, онда бүкіл Еуразия құрлығын қамтитын схематикалық карталар. Ұсынылып отырған схеманың басты міндеті Орталық Азияда VIII ғасырдан XIV ғасырға дейін өткен этникалық өзгерулердің сипаты мен жүйелілігін анықтауда және Азия тарихының жағдайында этникалық одақтастықтың құрылуында конфессиональдық негіздің атқарар ролін белгілеуде болып отыр. Сондықтан схемакарталар, дәлірек айтсақ — чертеж-сызбалар картада бейнеленген халықтар туралы және дәуірлердің арақатысы туралы қажетті


144

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

мәліметтер келтірілген мазмұндамамен жабдықталған. Сонымен, тарихи-этнографиялық схема кітаптың негізгі текстін мысалмен сипаттап қана қоймайды, ал оны толықтырып, зерттеушінің қолына ол бұрын басқа жолмен алған тұжырымдарын дәлдеп түзетуі үшін қажетті салыстырмалы аспект (көзқарас) беру арқылы оның дүниетанымын кеңейтеді. <…> Ұсынылып отырған кестеде көшпенділер этногенезінің (халықтардың шығуының) ежелгі кезеңі бейнеленбеген, өйткені ол кезеңге мынадай арнайы зерттеулер бар: «Хунну» және «Хунндар Қытайда». Онжылдықтар

Қиыр Шығыс

Қытайдағы көтерілістер: солдаттар861-870 дың және шаруалардың.

Хуан Чаоның көтерілісі және оның Қы871-880 тайдың екі астанасын: Лоян мен Чаньанды алуы.

Ұлы дала

Таяу Шығыс

Шығыс Еуропа

Батыс Еуропа

Қырғыздардың ұйғырлармен соғысы.

Түрік гвардия – шылары халифтарды алмастырады. Якуб Саф – фаридтің Шығыс Парсыны жаулап алуы Зинжілдердің көтерілісі.

Византияның папа тағынан бөлінуі.

Карл Лысый мен Людовик Немецкий – империяны өзара бөлісуі.

Танғұттар Сягоны құрды, Шато Ордоста.

Якуб Хорасанды басып Гректердің алды, бірақ Бағдадтан арабтарға тойтарылып шабуылы. тасталды әрі өлді. Орнын әмір басты.

Германияны үш бөлікке бөлу және Арслат корольдігінің құрылуы.

Шато Шаньсиді жаулап алды (олар Хуан Чаоны сонда қыТан әулеті тайланып Зинжейлерді қызметіндегі кетті). Қи881-890 шато және басыпдандар татанғұт жаншу. табтар мен әскерлерінің татарларды талқандауы. (шивейлерді) бағындырды.

Грек-болгар соғысы басталды. Печенегтер Қара теңіз маңына келді.

Нормандармен соғыс және Каролингтердің үстемдіктен айрылуы. Эд Парижский.


145

ГУМИЛЕВ Л. Н.

Бахрейндегі қар Печенегтер маттардың гуздарды көтерілісі. Исмаил Тан әулетінің Ембіден 891-900 құлдырауы Түркімения- Самани ға ығыстыр- Әмірді ды. тұтқындады және Таразды басып алды.

Венгрлердің Болгарияға басып кіруі. Печенегтердің венгрлерге шапқыншылығы.

Венгрлердің Паннонияға өтуі. Каталония мен Аквитанияның жекеленуі.

Қолбасшы Чжу Вэнь Хоу-Лян әулетін құрды (Чаньаньда), 901-910 907 жылдан «бес әулет пен он патшалық дәуірі» басталды.

Елюй Амбагань сегіз тайпаны біріктірді. Түріктердің Мауараннахрға шабуылы.

Русьтардың Царьград пен Мазандеранға шапқыншылығы.

Венгрлердің Германия мен Италияға шапқыншылығы.

911-920

Елюй Амбагань дансяндарды, тогондарды және Цзубаны Буидтардың бағындыруаттанысы ға әрекет жасайды, бірақ Шатотүріктері шегіңдіріп тастайды.

Болгарлардың гректерге, печенегтердің Русьқа, арабтардың Грузияға қысымы.

Нормандия герцогтығының құрылуы. Құсбегі Генрихтің Германия королі болып сайлануы.

Еділ бойы бұлғарларының исламға айналуы. Гректердің бұлғарлар менарабтарды жеңуі.

Каролингтерге қарсы «Феодалдық революция».

Қидандар қырғыздарды ОрхонЛи Цун-сюй нан қуып Хоу-Танды шықты және 921-930 құрды. Боқайды бағындыр(Лоянда). ды. Салжұқ исламды қабылдады.

«Аль-омар әмірі» шенінің белгіленуі және халифтер үстемдігіне шек қойылуы.

Қарматтардың Меккені талқандауы. Халифаттың күйреуі.


146

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Хазарлардың алаңдарШи КинХалифат ды, ВизанҚидандартан (шато) Самосаттан, тияны, қидандардың ҚытайМалатиядан, Русьті, пеға басып 931-940 мен одақта ченегтерді Батыс Хоу-Цзиньді кіруі. ПекинАрмениядан жеңуі. құрды. (Кай- ді басып алу. Византияда айрылды. фында) . еврейлерді қуғынға ұшырату.

Немістердің датчандармен, славяндармен, венгрлермен соғысы.

Мәжусилік түріктердің Баласағұнды Қидан алуы. Лю ЧжипатшалыМауаран юань (шато) ғы Ляо – нахрдағы Хоу-Ханьді империясы- шиизм және 941-950 құрып, на айналды Насрдың қидандарды (қытайлаодан бас қуып шықты. нып кетті). тартуы. Нух маңындағы бүлік және өлім жазасы.

Франция королі Людовик IVЗаморскийдің феодалдармен, босқа күресуі.

Го Вэй 960 жылғы төңкерістен кейін Чжао 951-960 Куан-иняСун болған Хоу-чжоуды құрды.

Русьтің Византия мен Бердаға жорықтары.

Саманид Қарлұқтар- эмиратының Ольганың шоқындыдың исламға құлдырауы. рылуы. айналуы. Буидтар Бағдатта.

Герман королі Оттон І-нің, Италияға жо – рығы. Лех өзенінде немістердің венгрлерді талқандауы.

Татарлар Сунменодақта. Бүкіл Сун Оңтүстік амур тайпа- Мысырдың Қытайды ларының 961-970 Фатимиданы бағындыра Ляоға қарсы басып алуы. бастады. көтерілісі жаншылып тасталды.

Византияның Криттегі, Сириядағы және Рим Болгарияда- империясын ғы жеңісі. құруы. Хазар қағанатының құлауы.

Сун Oңтүстік Қытайды және Шань971-980 сиделі шатоны бағындыруын аяқтады.

Печенегтердің Русьқа, болгарлардың Византияға шабуылы.

Газний сұлтанатының құрылуы.

Польшаның Оттон І-ге бағынуы және немістердің чехтармен соғысы.


147

ГУМИЛЕВ Л. Н.

Қидандардың цзубаны талқандауы. Сун елшіҚидандар лерінің сый (Ляо) қытайсыйлауымен 981-990 лықтарға ұйғырлар(Сун) соққы ды қытайға беруде. бағынуға көндіру үшін ұйғырияға баруы.

Сун империясының іріп-шіруі 991-1000 (шаруалар көтерілісі). Христиандарды Қытайдан қуу.

10011010

10111020

Салжұқтардың Бұхара маңына қоныстануы. Халифтің несториан –католикасымен келісім жасауы.

Русстің латындық Батыспен күресінің басталуы. Печенегтермен соғыс. Русьтің шоқындырылуы.

Гректердің Цзубуларболгарлар дың Ляоға Саманидтер- мен Сирияқарсы бүлікшілігі; дің құлауы. дағы арабтарды ол басып жаншылған жеңуі.

Веронадағы имперлік сеймде «гректер мен сарацийлерге қарсы» соғысу ұйғарылды.

Венгерлерді латындық әдет-ғұрып бойынша шоқындыру. Рим — империя астанасы.

Ляоның қытайлармен, корейлерТатарлар мен, ұйғырқидандарға лармен және бағынды. татарлармен соғыстағы жеңістері.

Қарақанидтердің Махмуд Газневимен соғысы.

Византияның Болгариямен табан тірескен соғысы.

Ардуин, маркграф Ивре Ломбардияны неміс императорларынан қорғап қалды.

Цзубу мен дансяндерКорейліктер дің Ляоға қидандарды қарсы тойтарды. көтерілісі; келісіммен тынған.

Қарлұқтар Жәркенттен «Қытай түріктерін» (цзубу) бөліп алды.

Болгарияны бағындыру. Святополк Окаянныйдың жеңіліске ұшырауы.

Ломбард корольдігі императорларының Генрих II-нің сатып алуы.


148

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Германиядағы әулеттердің ауысуы — Конрад II Армения- Франконский ның Визан- поляктарды, тияға Эда Шампанскийді,лютичқосылуы. терді жеңіп, Русьтың Италияға Днепр бойымен басып кіреді, онда бағынубөлінуі шылық шарт(Листвен маңындағы тары туралы шайқас). ең ежелгі са – налатын заң шығарады (ронкельалқабында).

10211030

Ұйғырия үшін қидан- Цзубудың дардың (Ляо) Ляоға қарсы танғұттармен көтерілісі. (Ся) соғысы.

Сирия мен Ирандағы арабтардың әлсіреуі.

10311040

Сяның (танғұттардың) күшеюі және Сунмен соғыс. Госрай-Тубот патшасы.

Русьтың печенегтерСалжұқтарді, Визандың газневидтияның терді жеңуі. – арабтарды жеңуі.

10411050

10511060

Қидандардың (Ляо) танғұттарды (Ся) және қытайларды (Сун) жеңуі.

Салжұқтардың Хорезмді Цзубу Ляоға және Иранды жаулап алуы. жылқылар Қыпшақ жеткізіп беруде. даласы түріктерін исламдандыру.

Цзубу тайпалары мен олардың Ляо мен патшасы Сянің бітімге Ляоға келуі және жылқылар одақтасуы мен түйелер айдап әкелді.

Салжұқтардың Буидаларды және Фатимидаларды жеңуі.

Болгария менСербияның Византиядан бөлінуі. Гуздар ығыстырған печенегтердің Византияға басып кіруі.

Германияның поляктармен, чехтармен, венгрлермен соғыстағы жеңістері.

Қыпшактар мен гуздардың печенегтерді талқандауы. Қыпшақтардың Русьқа басып кіруі. Византияның печенегтермен бітімге келуі.

Шіркеулердің бөлінуі. Нормандияның бірігуі және онын Францияны жеңуі.


149

ГУМИЛЕВ Л. Н.

Қытайдың Танғұтпен соғысы. Тибеттіктердің танғұттарды жеңуі.

Салжұқтардың Иранды жаулап алуы. Армения мен Грузияның талқандалуы.

Қыпшақтардың Русьқа басып кіруі.

Нормандардың Англияны жаулап алуы.

10711080

Қидандардың Шаньсиге, қытайлықтардың — Амдоға жылжуы.

Салжұқтардың Сирияны, Кіші Азияны, Тармизді, Никеиді, Халебті және Мауаран – нахрды бағындыруы. Хасан Саббах Аламутта.

Изяславтың қуылуы және оны император мен папаның қолдауы. Изяславтың қайта оралуы.

Нормандар Оңтүстік Италияны, венгрлер — Белградты басып алды. Генрих IV Каноссада.

10811090

Цзубудың Ляомен бітімі. Танғұттар Могусы соғысты бүкіл цзубу Қытайғаауыстайпа-ларытырды. ның көсемі деп мойындалды.

Нормандардың Эпирге, печенегтердің Фракияға басып кіруі.

Генрих IV нормандармен соғысуда.

10911100

Чжурчжэндердің күшеюі. Ляо қуатының құлдырауы Хотандықтар танғұттарға шабуыл жасады.

Гректердің түріктерді және печенегтер- Бірінші крест ді жеңуі. жорығы. Князьдердің Любечтегі съезі.

11011110

Қидандардың жеңісі. Танғұттар Цзубу қарсыментуботтықластығы тардың одағы қалдықтажәне қытайрын басыплықтардың жаншу. жеңілуі Онғұттарды шоқындыру.

10611070

Цзубулардың Ляоға қарсы көтерілісі. Көсемінің ұсталуы.

Басмалдар мен далидтердің көмегімен Могусыйдың Ляоға қарсы көтерілісі.

Салжұқ сұлтанатындағы жазалау.

Исмаилиттер Сирияда. Триалети түбінде грузиндер түріктерді талқандады.

Гректердің нормандарды жеңуі.

Боэмунданың гректерге қарсы соғысқа шақыруы. Генрих IVнің жеңіліске ұшырауы.


150

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Қыпшақтардың гуздарды, печенегтерді және Ақ Вежиді талқандауы. Орыскнязьдерінің қыпшақтарға жорықтары.

Император Генрих V-нің папамен соғысы

Папаның Сугерия императорымен Вормдық конкордаты, Франциядағы корольдік өкіметтің күшеюі.

11111120

Чурчжэндердің көтерілісі, олардың Бохай мен Ляодунды басып алуы.

Цзубулардың соңғы көтерілісі басыпжаншылды (цзубу енді жоқ).

Санжар Газнаны басып алды. Алексей Комнен Кіші Азияны соғысып қайтарып алды.

11211130

Ляо мен Сунның құлауы. Оңтүстік Сун мен Цидің құрылуы. Чжурчжэндер Амдоны бағындырды.

Татарлар мен монғолдар —чжурчжэндердің Кинь (Цзинь) патшаларының тәуелділері.

Исмаилиттердің шабуылы. Қашғар ханы Елюй Даштың қара қытай – ларын талқандады.

Печенегтерді гректердің, түріктерді — грузиндердің талқандауы; Тифлис — Грузия астанасы.

11311140

Чжурчжэндер шабуылының беті қайтарылды. Дунтинху көлі мен Цидегі көтерілісті сунцалардың жоюы

Монғолдар чжурчжэндерді талқандады. Қара қытайлар Ходжент түбінде Махмудты талқандады.

Санжардың Хорезмге жорығы. Халифтың ақ сүйектік өкіметінің бұрынғы қалпына келтірілуі.

Кіші Азияны түріктерден кері жаулап алу. Киевтік Русьтың қыпшақтармен бітімге келуі.

11411150

Оңтүстік Сунның тізе бүгуі және масқара бітім. Киньдегі өлім жазалары.

Монғолдардың Киньмен Түріктер бітімі. Эдессаны Катван жаулап алды. шайқасы. Наймандардың көрінуі.

Ольговичтердің Изяслав ІІ-мен соғысы.

Екінші крест жорығы. Вендтерге қарсы жорық сәтсіз болды.

11511160

Киньдегі іріп-шіру. Дигунайдың өлтірілуі және Оңтүстікке жорықтың болмай қалуы.

Гуздар Санжарды Монғолтұтқынға дардың алды, бірақ чжурчжэнол қашып дерге қарсы кетті. танғұттарСалжұқ сұл мен одағы. – танатының құлдырауы.

Гректердің венгрлерді, нормандарды, крест жорық – шыларын және сербілерді жеңуі.

Барбароссылардың Италияға жорығы. Генрих II Плантагент Англияның королі болды.


151

ГУМИЛЕВ Л. Н.

11611170

Чжурчжэндердің монғолдармен және қытайлармен соғысы. Лунсиндік бітім.

Татарлардың монғолдарға қарсы соғысы. Монғолдық рулықтайпалық одақтың ыдырауы.

Саладин Мысырда Аюбидтер әулетін құрды. Гуридтер газневидтер мемлекетін талқандайды.

Грузиндер Аниді жаулап алды. Андрей, Боголюбскийдің Киевті талқандауы.

Немістердің полаб славяндарына және Италияға жорықтары. Англияның Франциямен, Шотландиямен соғысы және оның Ирландияның бір бөлігін бағындыруы.

Византияның Венециямен ажырасуы және гректердің Мириокефал маңында салжұқ – тардан жеңіліске ұшырауы.

Леньяно түбінд�� Фридрих І-нің талқандалуы және оның Александр III папамен бітімі.

Император Улу тұсында Кинь Империясында қытайландыруға қарсы шығарылған заңдар.

Керейт хандығы Хорезмнің мен қарақикүшеюі дан ханды(Текеш). ғындағы бүліктер.

11811190

«Толық тыныштық дәуірі»

Темужинді бірінші рет хан етіп сайлау. Монғолдардың татарларды талқандауы.

11911200

Кинь империясының солтүстікбатыс шекарасыныңнығайтылуы.

БолгарларҮшінші крест дың ВизанНаймандар- жорығы. тияны талқандауы дың керейт Хорезмхандығына шахтың Иран және бұл зорлықпен мен Сығанақ- империяты жаулап қол сұғуы. ның бөлшектеалуы. ніп кетуі.

11711180

Крест тағушыларын Тивериадск көлі маңында талқандау және Иерусалимнің құлауы.

Андроник Комиеннің өлтірілуі Фридрих Iжәне вланің бургграфхо-болгар тарды жоюы. патшалығының құрылуы. Гогенштауфен-дердің Неаполь мен Сицилияны жаулап алуы. Ричард I мен Филип II Август арасындағы соғыс.


152

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

12011210

Сунның Киньге қарсы соғысы; бітім. Қидандардың чжурчжэндерге қарсы көтерілісі.

Жамуханы гурхан етіп сайлау. Мон – ғолдардың керейттерді, наймандарды және меркіттерді талқандауы. Ұлы құрылтай.

Хорезмшах Мухаммед Гурларды бағындырып, қара-қидандармен соғысуда.

Төртінші крест жорығы — Латын империясы; Болгариямен соғыс және бітім. Папаның Русьты қоршауға шақыруы.

12111220

Монғолдардың Киньге қарсы соғысы. Пекиннің құлауы.

Күшлікқарақидандардың басқарушысы. Күшліктің талқандалуы мен өлімі.

Венгрлер мен немістердің Мысырға крест жорығы нәтижесіз болды.

Тамараның патшалық құрған кезінде Грузияның гүлденуі.

12211230

Чжурчжэндердің монғолдар мен қытайларға қарсы соғысы.

Монғолдардың Танғұтты жеңіп алуы. Шыңғысханның өлуі және Үгедейдің сайлануы.

Хорезмдіктердің монғолдармен соғысы. Фридрих II-нің крест жорығы. Мұсылмандармен ымыраға келуі.

12311241

Кинь (чжурчжэндер)империясының құлауы. Монғолдардың Сун империясымен даужанжалы.

Елюй Чуцайдың реформасы. Қара – қорымды тұрғызу.

Монғолдардың МонғолдарРусьты, дың Иранды, Польшаны, Армения мен Венгрияны, Грузияны Болгарияжаулап алуы. ны жаулап алуы.

12411250

Үгедейдің қайтыс Монғолдарболуы, дың Күйіктің Сычуань мен сайлануы Хэнаньға және өлімі. басып кіруі. Батыйдың күшеюі.

Людовик ІХ-ның Мысырға крест жорығы және оны мамлюктердің талқандауы; Дамиеттаны беру.

Францияның Нормандияны жеңіп алуы. Альбигой соғысының басталуы.

Француздардың (Бувина маңында) немістерді, фламандықтарды және ағылшындарды жеңуі. Қалқадағы Григорий шайқас. IX папаның Эпир Фридрих IIгректерінің нің шіркеуден Солуниді аластап соғыспен шығаруы. Тевтон ордені қайтарып алуы және Пруссияда. Альбигойлық оларды болгарлар- соғыстың дың талқан- бітуі. дауы. Қаталдық.

Крест тағушылардың Русьқа басып кіруі; Александр Невскийдің оларды тойтаруы.

Литвадағы семсершілердің жеңілісі және олардың Тевтон орденімен бірігуі.


153

ГУМИЛЕВ Л. Н.

12511260

Мөңкенің сайлануы Монғолдармен қайтыс дың Тибетті болуы. бағындыҚұбылай руы және өзін хан олардың жариялады Аннамға және Арықбасып кіруі. Бұқаның көтерілісі.

Мысырдағы мамлюктердің төңкерісі. Людовик IX Палестинаны тастап кетті. Мамлюктердің монғолдарды талқандауы

Русьтағы католиктерді жақтайтын партияның басып жаншылуы.

Гвельфтер мен гибеллиндердің бүкіл Еуропадағы соғысы.

12611270

Монғолдардың Сун империясына шабуылы. Монғол астанасын Пекинге көшіру және оның Юань деген атты қабылдауы.

Иран ильхан – дарына қарсы мамлюктер мен Алтын Орданың одағы. Антиохияның құлауы.

Гректердің Константинополь мен Мореиді кері жаулап алуы.

Карл Анжуйскийдің гиббелиндерді талқандауы. Гогенштрауфендердің апат болуы.

12711280

Ағылшын принці Эдуард ильхан Монғолдар- Хайдудың Абагамен дың Сун Құбылайға одақ құруға империясын қарсы со тырысты. жаулап алуы – ғысының Кресттағушыаяқталды. бас – талуы. лардың мамлюктермен бітім жасасуы.

Татар-орыс әскерлерінің Кавказды басып алуы. Византияның Карл Анжуйский-мен соғысы.

Лион соборы. Рудольф Габсбургтың Чехияны талқандауы.

12811290

Татарлардың Венгрия Мамлюкмен тердің Юань Польшаға Наяның монғолдарды жасаған империякөтерілісі талқандауы. жорықтары сының мен жеңілісі. Үндіқытай Иранда айтарлықНесторианмен Зонд мұсылмантай дық бақылауархипелагын дар жасаған нәтиже ға алынды. бағындыруы. төңкерісті бермеді жою. және Иранға сәтсіз шабуылдау.

АрықБұқаның жеңілісі. Жетісуда Хайдудың күшеюі.

Сицилиялық кештер. Прованстың Арогонмен соғысы. Генуя мен Флоренцияның күшеюі.


154

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

12911300

Монтекорвиноның Пекинге Құбылай келуі. қайтыс Хайдудың болды. Селенгіге Мұрагері дейінгі ша ретінде оның – буылы; немересі Онғұт Темір қалды. әскерлері оларды тойтарды.

13011310

Даостардың шағымы бойынша қытайлықтарды шоқындыруға тыйым салынды. Хан Хайсанды шоқындыру әрекеті.

13111320

Буддашылар Янцзы жағалауларында христиандардың храмдарын тартып алды.

Хайду қаза болды. Шағатай ұлысының әлсіреуі. Бітім. Іс жүзіндегі алауыздық пен жауластық жағдайындағы барлық монғол ұлыстарын жалған біріктіру

Ноғайдың Мамлюккүшеюі тердің және Акраны жеңілуі. жаулап алуы. Тоқты Ильхан ханның ламалармен Ғазанның исламға өтуі. жақындасуы.

Францияның Англиямен соғысы. Ағылшындардың Шотландияға басып кіруі. Арагонның Карл II Анжуйскиймен бітімге келуі.

Бонифация VIII-нің МонғолдарФилипп дың мамлюкСұлумен дау терден Русь Алтын – жанжалы. Сириядағы Орда құра- Папаларды жеңілісі. мында. авиньондық Иоанниттер тұтқындау. Родосты Тамплиербасып алды. лерді қамауға алу.

Алтын орданың Парсы исламға монғолдарыайналуы. ның Буддаалтынордашылар мен лықтарды мәжуситойтаруы. лерді Иранда өлтіру. несторианТверьге монғолдарды қарсы жою. Москваның қолдауы.

Тамплиерлерді өлтіруі. Шотландықтардың ағылшындарды, швейцарлықтардың австриялықтарды талқандауы.


155

ГУМИЛЕВ Л. Н.

Монтекорвино қайтыс болды; Қытайдағы католиктік эпископияның құлдырауы. Пекинде «Орыс полкі құрылды.

Иван Калита Османдардың басқарған күшеюі; МоскваОлардың татар Брусса мен әскерлеНикомерінің дияны басып Тверьді талқандауы. алуы. Москваның өрлеуі.

13311340

Пекинде тұратын алаңдар пападан эпископ жіберуді өтінді.

Бүкіл Италия тек жергілікті басқарушыИльхандар Литваның ларға үстемдігінің Гедимин, бағындыәлсіреуі және Сербияның рылған. монғол— Стефан Петрарка парсы Душан — ақындар хандығының кезінде королі. ыдырауы. Гуманизм. күшеюі. Жүз жылдық соғыстың басталуы.

13411350

Монғолға қарсы бағыттағы «Ақ лотос» және «Майтрен жолын қуушылар» секталарының құрылуы.

Литваға қарсы Сербадарлар Шағатай кұресте (Хорасанда) ұлысының Жәнібек және Сендтер ыдырауы ханның Креси (МазандеМоскваны маңындағы және өкімет ранда) қолдауы. билігінің шайқас. мемлекетГалицияны әмірлер терінің қолына өтуі. поляктарқұрылуы. дың басып алуы.

«Қызыл шүберектілер» көтерілісі — Юань империясының құлдырауы.

Алтын Ордадағы «Ұлы басып тас – таушыОсмандар лық», Галлиполийск өкіметтің жартылай бұзақылар аралын басып қолына алды. көшуі. Москва мен Орда одағының ажырасуы.

13211330

13511360

Людвиг Баварскийдің Римге жорығы нәтижесіз аяқталды.

Пуатье маңындағы шайқас. Жакерия. Францияның уақытша құлдырауы.


156

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Хронология – уақыт жөніндегі ғылым Әдетте хронологиялық кестелерді құрастырған кезде емін-еркін алынған және даталары қойылған фактілерді жай ғана тізіп шығумен шектелу жеткілікті саналады. Алайда бұл ретте сан жөнінен ғана емес, амалының бағыты жөнінде де сипатталатын шама сөзсіз жоғалады, яғни тарих деп аталатын оқиғалардың орын алуының себеп-салдарына байланысты бағыт-бағдары беймәлім болып қалады. Сондықтан, схемаларымыздың қорытындысын шығаруға талпына отырып, біз оқиғалардың тек есте сақтау үшін қажетті дәлме-дәл даталары мен анықтамаларын ғана беріп қой-маймыз, сонымен бірге қандай да бір кезеңдердегі тарих ағымының бағытбағдарын да көрсете аламыз және бұл ретте оның түрлі-түрлі иірімдерін де ескеруге тырысамыз. Мұндағы аздаған ауытқушылықтар өзара бір-бірінің орнын толтыратын болғандықтан да кең көлемде қарастырылған әлеуметтік даму үшін ешқандай маңыз атқармайды. Әйтсе де, тәптіштеп талдау кезінде олардың қаншалықты баржоғын ескеру қажет. Өйткені бізді тек көшпелі феодализмнің генезисі (шығуы мен даму үдерісі) ғана емес, сонымен қатар «пірадар Иоанн патшалығының» не себепті жүзеге аспаған арман болып қалғандығы және өзінің несториондық сенімін жасырмаған Арық-бұғаның, монғол халқы оған жақтас болса да, не себепті патшалық құруы мен өмірінен айрылғандығы қызықтырады. Осы уақытқа дейін біз фактілерді жеке-жеке түсіндіруге тырыстық, бірақ бұл көрнекі қорытынды жасауға апаратын саты ғана ғой. Ал одан әрі, егер біздің табысқа жетуіміздің сәті түссе: тарихи оқиғалардың заңды алма-кезектігі уақыттың міндетті ісі емес пе екен деген сұрақты алға тартуға болады. Алайда бұл тек болашақ зерттеулеріміздің жолындағы тұспалдаушылық қана; ал әлі әзірше, егер біздің болжамымыз дұрыс шықса, онда уақыттың қозғалысы біркелкі емес деп айтуға болады, өйткені бір өңірде өткен оқиғалар хронологиялық өлшем сызықтарында біркелкі орналаспайды, ал бір жерге үйіп-төгіп орналастырылады. Ұсынылып отырған кесте осыған көз жеткіздіреді.


157

ГУМИЛЕВ Л. Н.

ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ Мерзімі

Оқиға

Ұғыну

861

Үйғырлар Турфан алқабын, ал қарқұлақтар Қашғарды алды.

Тан әулетінің экспансиясын жою.

880

Хуан Чаоның шаруалар әскерлерінің Лоян мен Чанъанды алуы және көшпелі тайпалар шато мен танғұттардың Тан әулетін қорғауға шығуы.

Тан империясының Қытай және далалық зона болып жіктелуі.

884

Хуан Чао көтерілісін талқандау және Хуанхэ жағалауында танғұт пен шато князьдіктерін кұру.

Даланың Қытайды жеңуі.

907

Елюй Амбагань өзін қидандардың «аспан жіберген императорымын» деп жариялады. Тан әулетінің құлатылуы және Хоу-Лян әулетінің шатоға қарсы соғысы.

«Үшінші күштің» пайда болуы және үш жақты соғыс.

916

Елюй Амбагань қытайлық емес дін ретінде буддизмге рақым етуді жариялады.

Қытайда шет жерліктің бәріне қуғыншылық жасалуы және далада қытайға қарсы теріс көңіл-күйдің өршуі.

920

Қытайдағы монихейлердің (желіге әуестенушілердің) көтерілісі; ол басып-жаншылды.

923

Шатолықтардың Хоу-Лян әулетін құлатуы және Хоу-Тан әулетінің құрылуы.

Шато-түріктерінің біртебірте қытайландырылуы

924

Қидандардың Орхонға дейінгі даланы жаулап алуы.

Қидан хандығының күшеюі.

926

Қидандардың Бокайды жеңіп алуы.

Қытайға карсы күштердің бірігуі.

936

Хоу-Тан әулетінің құлатылуы және қидандар ықпалындағы Хоу-Цзинь әулетінің орнығуы.

946

Қидандар Хоу-Цзиньді басып алды.


158

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

947

Қидан Ляо империясы делініп жаңаша аталды. Шатолықтар мен қытайлықтар қидандарды Қытайдан қуып шығып, Хоу-Хань (шатолық) әулетін құрды.

Қидандарды қытайландырудың басталуы.

951

Қытайлықтар Хоу-Ханьді құлатып, Хоу-Чжоу әулетін кұрды, ал шатолықтар — Бэй-Хань әулеті болып (Шаньсиде), Ляомен одақтасты.

Көшпелілер мен буддизмге қарсы Қытайдағы ұлттық реакция.

960

Сун әулетінің құрылуы.

965—967

Бүкіл Амур маңы тайпаларының Ляоға қарсы көтерілісі; басып жаншылды.

979

Бэй-Ханьді (шато) қытайлықтар басып алды.

982

Танғұттардың Қытайға қарсы көтерілісі.

1000 ша – масында 1007

Христиандарды Қытайдан қуу.

1007

Көшпелілердің (цзубу) Ляомен соғысы.

1008

Танғұттардың ұйғырлармен соғысы.

1009

Керейттерді шоқындыру.

1013/14

Далалық және ормандық тайпалардың қытайландыруға қарсылығы

«Опасыз түріктер» Жәркентке шабуылдады; бірақ қарлұқтар оларды тойтарып тастады.

1015

Тибеттер Сун империясымен бір одақта танғұттарға қарсы аттанды.

1036

Танғұттар Шығыс Ұйғырияны жаулап алды.

1044

Танрұттар Қытайды бітім жасауға мәжбүр етті және қидандардың шабуылын тойтарды.

Танғұттың күшеюі және Қытай мен Ұлы дала шекарасында өзіндік мәдениет құруы.


159

ГУМИЛЕВ Л. Н.

1100

Көтеріліске шыққан көшпелілерді (цзубу) қидандардың талқандауы.

1115

Чжурчжэндердің Ляоға қарсы көтерілісі.

1118

Чжурчжэндер мен қытайлықтардың Ляоға қарсы одағы.

1124

Елюй Дашидың Орхонға шегінуі.

1125

Ляоның құлауы. Чжурчжэндердің танғұттармен бірге одақта Қытайға (Сун) қарсы соғысы.

1129

Елюй Даши Баласағұнды басып алды.

1131

Чжурчжэндердің Солтүстік Қытай мен Шығыс Тибетті жаулап алуы.

1135

Монғолдардың чжурчжэндерге қарсы соғысы.

1137

Елюй Дашидың Ходжент түбіндегі жеңісі.

1139

Хайлинь тауы маңында монғолдардың чжурчжэндерді талқандауы. Қытайлықтардың чжурчжэндерге шабуылы.

1141

Катван жазығында Елюй Дашидың салжұқтарды талқандауы.

1142

Несториандар мен якобиттердің бірігуі.

1143

Қара-қидан хандығы солтүстік шеткейінің бөлініп шығып, онда найман хандығының құрылуы.

1145

Батыс Еуропада «пірадар Иоанн патшалығы» туралы қауесеттің пайда болуы.

1147

Чжурчжэндер монғолдарға алым-салығын төлейтін шартпен монғолдардың чжурчжэндермен бітім жасасуы.

Қытайландырылған қидандардың далалықтарды басып-жаншуы.

Ляо империясының күйреуі. Жергілікті ормандық мәдениеттің (өзіндік ерекше) өрлеуі.

Далалық мәдениеттің жаңаруы және оның өрлеуі.

Шығыс христиандары позициясының күшеюі.

Оңтүстік Қытайды (Сун империясын) aмaн сақтап қалған жеңіс.


160

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

1161

Чжурчжэндердің монғолдарға қарсы қырғын соғысты қайта жаңғыртуы.

1171

Керейт Ванханының қуылуы және қайта оралуы. Монғолдардың тайпалық одағының ыдырауы.

1182

Монғолдардың бір бөлігінің Темужинді Шыңғыс деген құрметті атақпен хан сайлауы.

1196—98

Өрлеу үстіндегі екі халықтың бақталастығы.

Ванханды наймандардың қуып шығуы және Темужиннің көмегімен оның қайта оралуы.

1200

Монғолдардың бір бөлігінің, меркіттердің, наймандардың, ойраттар мен татарлардың Темужинге қарсы бірлесуі. Жамуха гурхан болып сайланды.

«Ұзын арқан, кең тұсау адамдарының» рулықтайпалық дәстүрлерге қарсы бірігіп нығаюы, олардың өзара тартысы.

1202

Темужин мен керейт Ванханының Жамуха әскерін талқандауы.

1203

Темужиннің керейт хандығын жаулап алуы.

1204

Темужиннің найман хандығын жаулап алуы.

1205

Жамуханы тұтқындау және өлтіру.

1206

Ұлы құрылтай және Темужинді қайтадан Шыңғысхан етіп сайлау.

«Ұзын арқан, кең тұсау адамдарының» женісі.

1208

Сібірдің «Орман халықтарын» монғолдардың бағындыруы.

Далалық держава құру.

1209

Ұйғырияның Шыңғысқа өз еркімен бағынуы.

1210

Монғолдардың чжурчжэндермен соғысының басталуы.

1211

Наймандардың көсемі Күшлік қара-қидандар хандығында билікті басып алды.

1214

Қара-қидан хандығында мұсылмандарға қарсы діни қудалаушылықтар.

1215

Монғолдардың Пекинді алуы және чжурчжэндермен келісімге келуі.

Шығыс Азияда гегемондыққа ие болу мақсатындағы соғыстың жалғастырылуы.

Несториандар белсенділінің арта түсуі.


161

ГУМИЛЕВ Л. Н.

1216

Ырғыз өзенінде монғолдардың меркіттерді қыруы және олардың хорезмдіктермен соқтығысы.

1218

Монғолдардың қара-қидандар хандығын басып алуы.

1219

Монғолдардың Хорезмге басып кіруі.

1220

Бұхара мен Самарқандты алу.

1221

Гурганджаны алу (Үргеніш маңындағы).

1223

Монғолдардың Мерваны қиратуы. Қалқадағы шайқас.

1224

Шыңғысханның далаға оралуы.

1226

Елюй Чуцайдың программасын Шыңғысхан мақұлдады.

1227

Монғолдардың Таңғұтты жаулап алуы. Жошының өлтірілуі. Шыңғысханның қаза болуы.

1229

Үгедейдің хан сайлануы

1231

Ноян Шормағанның Жәлел аддинді талқандауы.

1235

Монғолдардың чжурчжэнь империясын жаулап алуы.

1236

Құрылтайда «батыс жорығына» аттану мәселесі шешілді. Бұлғарды алу. Елюй Чуцайдың реформасы.

1237

Рязаньнің құлауы.

1238

Монғолдардың Владимирді алуы. Батыйдың Күйікпен араздасуы.

1239

Монғолдардың Закавказьені басып алуы.

1240

Киевті талқандау, Галицияны бағындыру.

1241

Поляк-неміс әскерлерінің талқандалуы. Үгедейдің қайтыс болуы.

Даланы біріктірудің аяқталуы.

Монғолдардың мұсылмандарға қайта шабуылы.

Монғолдардың ішкі саясатындағы екі ағым күресінің басталуы.

Екі соғыстың аяқталуы.

Монғол саясатындағы екі ағым тартысының одан әрі жалғасуы.


162

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

1242

Венгрияны талқандау. Монғолдардың Еуропадан кері қайтуы. Отчигиннің астыртын әрекеті.

1243

Монғолдардың Кіші Азияны басып алуы. Батый ханның Ярослав Суздальскийді ұлы князь етіп бекітуі.

Күйік пен Батый арасындағы тартыстың шиеленісе түсуі.

1245

Лион соборында Михаил Черниговский монғолдарға қарсы шығуға көмек сұрады.

Орыстардың бір бөлігінің католиктік Европаға бағытбағдар ұстауы.

1246

Күйіктің хан сайлануы; оның православиеге бағыт-бағдар ұстауы. Хан сарайында князь Ярославты оның нөкерлері арасындағы бояриннің жаласымен уландыру. Хан сарайында черниговтық князьдерді өлтіру.

1247

Қашғарияны христиандандыру. Александр Невский мен Андрей Сарайда Батыймен келісімге келеді.

Орыстардың бір бөлігінің Алтын Ордаға бағыт-бағдар ұстауы.

1248

Батыйдың Күйікке қарсы аттануы. Күйіктің қаза болуы. Батый Мөңкенің пайдасына тақтан бас тартты. Папа орыс князьдеріне католиктікті қабылдауды ұсынды

Русьтың татарларға қарсылар (Андрей Владимирский мен Даниил Галицкий) және немістерге қарсылар (Александр Невский) болып екі жікке бөлінуі.

1251

Мөңке хан сайланды. Күйіктің жақтастарын өлтіру.

1252

Неврюйдің Андрей көтерілісін басып-жаншуы.

Монғол ұлысындағы несториандық партияның жеңісі.

1253

Онондағы құрылтай: Оңтүстік Қытай мен Таяу Шығыс мұсылмандарына қарсы жорықтар жасау келісілді. Папаның монғолдарға қарсы крест жорығын ұйымдастыратыны туралы сенім қағазы. Даншел Галицкийдің монғолдарға қарсы соғысы және оған папаның тәж кигізу жорасы.

Православиеліктердің бейтарап қалуында қатоликтер мен мұсылмандардың монғолдар мен армяндарға қарсы шығуы.

1254

Византия мен Сирия елшілері Қарақорымда.


163

ГУМИЛЕВ Л. Н.

1256

Мөңке буддизмнің, ал Арықбұға христиандықтың пайдасына лебіз білдірді. Батый хан өлді, оның ұлы Сартақты мұсылмандар уландырды, оның мұрагері Ұлақшы қайтыс болды.

Гетум I-нің Мөңке ханмен бітімі.

1257

Алтын Орда тағына Берке отырғызылды. Ханым Баракчинаның өлтірілуі.

Алтын Орданың монғол ұлысынан өзінен-өзі бөлектенуі.

1258

Монғолдардың Бағдатты алуы және олардың таяу шығыстық христиандарды қамқоршылығына алуы; Оңтүстік Қытайға басып кіру және буддашыларға қамқоршылық жасау.

Сары (несториандық) крест жорығы.

1259

Мөңкенің қайтыс болуы. Самарқандта Берке әскерлерінің несториандарды кескілеуі.

1260

Таққа отыру үшін Құбылай мен Арық-бұға арасындағы соғыс. Айн-Жалуд жанында Кит-Бұқаны мамлюктердің жеңуі. Крест тағушылар мен папа монғолдар мен армяндарға қарсы.

1261

Алтын Орданың ильханмен қатынасының үзілуі. Сарайда епископиялықтың құрылуы.

1262

Алтын Орданың Парсы монғолдарымен соғысы. Құбылтай Пекиннен жіберген тыңшы чиновниктерді Русьта ұрып-соғу.

1263

��усь пен Алтын Орданың одақ құратыны жөнінде Берке ханмен келісімге келіп, Александр Невский қайтыс болды. Арықбұғаның тізе бүгуі.

1264

Монғол астанасының Қарақорымнан Пекинге ауыстырылуы.

1267

Жетісуды жаулап алған Хайдудың аттанысы.

Бағындырылған халықтар бұқарасының қысымымен монғол ұлысының ыдырауы.

Русьты монғолдар үстемдігінен нақты азат ету.

Өздерін менсінбеген ханға монғолдар қарсыластығын құру.


164

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

1269

Ливон немістері Новгородқа шабуылын «татарлардың атынанақ қорқып» доғарды.

Ұлы Россия мен Алтын Орданың одақтасуының арқасы.

1271

Құбылай өзін «Юань әулетті Қытай императорымын» деп жариялады.

Өз халқына сатқындық.

1274

Ильхан Абага католиктік дінді қабылдауға уәде беріп, мамлюктерге қарсы соғысуға папа мен Лион соборынан көмек сұрады.

1275

Хайду Құбылаймен соғыса бастады.

1287

Наяның крест байрағы астында көтеріліске шығуы.

1293

Монтекорвино Қытайға келді.

1294

Құбылайдың қайтыс болуы.

1301

Хайдудың қайтыс болуы.

1304

Юань империясында христиандықты насихаттауға тыйым салу.

1305

Буддашылар христиандардың Янцзы жағалауындағы храмдарын тартып алды.

1312

Өзбек Алтын Орданы исламға айналдырды.

1319

Парсы несториан-монғолдарының көтерілісін басып-жаншу.

1330

Орыс полкі Пекин маңында пәтерлерге орналастырылды.

1357

Алтын Ордадағы «Ұлы тоқыраушылық». Жәнібектің қайтыс болуы.

1362

Мамайдың төңкерісі және Русь пен Алтын Орданың дәстүрлі одағының үзілуі.

1368

Көтеріліске шыққан қытайлардың Пекинді алуы.

Халықтың армиямен соғысы.

Несториандардың ту сыртынан соғу.

Монғол дәуірі мен несториан мәдениетінің ақыры.

Тәржімалаған Әбілмәжін Жұмабаев, Пернебек Бейсенов


165

ГУРЕВИЧ АРОН ЯКОВЛЕВИЧ (1924 ж.) ТАРИХШЫНЫҢ БАСЫНАН КЕШКЕН ОҚИҒАСЫ І. 40-шы жылдардың орта кезіндегі Мәскеу университетіндегі медиевистика ...Мен бүкіл саналы өмірімде дерлік тарихшы болдым, тарихшылармен аралас-құралас жүрдім және алуан түрлі оқиғаларды басымнан кешірдім. Егер өзімнің тарихпен айналыса бастаған кезім сонау 40-шы жылдардың екінші жартысы екенін, ал қазір жүзжылдықтың аяқ шенінде тұрғанымызды еске алсам, ондай дегенде де белгілі бір тарихнамалық үрдіске тартылған болып шығамын. Кем дегенде соңғы елу жыл бойы, тіпті одан да көп болуы мүмкін, мен осы тарихнамалық үдерістің куәгері және шама-шарқыма қарай оған қатысушы да болдым. Бұл, біріншіден. Ал екіншіден – мұның өзі ерекше елеулі нәрсе – парадигмалардың кенеттен тез өзгеруі менің көз алдымда өтіп жатты. Негізгі міндеттер, принципті қағидалар, әдістемелік нұсқаулар және тарихи таным нәтижесінде алынған нәтижелер өзгерумен болды. Менің студент немесе аспирант болған кезімде біздің істі неден бастағанымыз, ал ұстаздарымыздың немен айналысқаны, сөйтіп, азды-көпті табысқа жете жүріп немен айланысқанымыз немесе айналысуға әрекет жасап көргеніміз, бүгінгі күн тұрғысынан алып қарасақ, шынтуайтына келгенде, өз алдарына мүлде бөлек екі түрлі тарих болып шығады. Ол екеуінің арасында күмәнсіз сабақтастықтың бар екеніне көз жеткіземіз, мұны мойындаудың да, тіпті қатты қадірлеп, жоғары бағалаудың да маңызы зор. Қаншалықты сын тұрғысынан қарасақ та тап осылай екені даусыз. Бірақ қалай дегенде де тарихи ғылым тарихы беттерінің ауысып кеткені де рас.


166

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Өзіме белгілі екеніндей, тарихшылардың өткен жарты ғасыр туралы жазған естеліктері саусақты санап аларлықтай өте аз. Естуімізше, жекелеген мәтіндердің жарық көргені, сондай-ақ жарық көргелі жатқандары бар деседі. Мұның өзі жақсы нәрсе. Бірақ, сонымен қатар, тарихқа әркімнің өз көзқарасы, болып өткен оқиғаларға берер өз бағасы бар. Сондықтан да жекелеген әр түрлі адамдардың жеке дара оқиғалар туралы естеліктерін бір-бірімен салыстырып оқу да белгілі бір қызығушылық тудырмай тұрмайды. Маңдайыма жазылған тағдырымның, сонымен қатар өзімнің ынта білдірген ерік-жігерімнің арқасында мен де оқиғалардың қалың ортасында жүрген болып шықтым, күш қолданудың кейбір оқиғаларына душар болдым. Сондықтан да әлдебіреулердің айтқанынан естуім бойынша емес, жеке өз басымнан кешкен оқиғаларды тікелей өзім айтып, өзім куәлік бере аламын. Әрине, бұл ретте көптеген шектеулер мен түзетулердің болғаны да рас. Өмірбаяндық мемуар жазушының мұндай талаптарға құлақ аспауы мүмкін емес. Жазғандарымның бәрі де болып өткен оқиғалар туралы өз түсінігім, оларға берген өз бағаларым. Сондықтан да олардың субъективті болмауы да, болған оқиғаларды толық көлемінде қамтуы да мүмкін емес. Өйткені кейбір нәрселер есте жақсы сақталады, ал кейбір нәрселер бұлыңғыр тартып, кейінгі кезекке қарай ығысады. Мен олардың бірқатарына ерекше мән берсем, енді бірқатарын онша елеулі нәрсе деп білмеймін. Санадағы қыруар көп нәрсе көз алдыңнан тізіліп өтіп жатады. Бұл – өмірбаяндық мемуарды жазған адамның өз көзқарасы, еске алынып отырған уақыттың әсері болатыны әбден табиғи нәрсе. Өзімнің жеке көзқарасым бойынша, соңғы елу жыл ішінде біздің тарихты білудегі және оны оқытып, одан әрі дамытудағы сабақтастық елеулі түрде үзіліп қалды. Былай деп батыл айта аламын: біздің жастарымыз – студенттер, аспиранттар, тіпті өз беттерінше дербес жұмыс жүргізу тәжірибесіне едәуір ие болып қалды деуге болатын жас ғылыми қызметкерлеріміз де бірқатар себептерге байланысты ең жаңа отандық және дүниежүзілік ғылымның тарихынан не мүлде хабарсыз, не оны өте нашар біледі. Бұрыннан бар ғылыми дәстүрдің бұзылуы мен нақты перспективаның болмауы, менің ойымша, тарихшыларымыздың шын мәніндегі толық құнды жасампаздық танытуына елеулі түрде кедергі келтіреді. Ал олар қазір құлаққа жиі естіліп жүрген немесе бір-бірімен шиеленісе қақтығысып жатқан идеялардың қайдан пайда болғанын, өздерінің жеке көзқарастарын білдірген және оларды қорғап қалған күрескер адамдардың немесе өздерінің мүлде басқаша идеялары


167

ГУРЕВИЧ А. Я.

болғаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған тарихшылардың тағдыры қандай күйге ұшырағанын білу керек. Ал біздің жастарымызға өткен заманды, онда өмір сүрген адамдарды, онда болған оқиғаларды білу, оларды кітаптардан оқу, пікір таластарына қатысу арқылы қанығу жағы жетіспейді. Сондықтан да олар өте аз біледі. Мен мұны өте үлкен олқылық, оның есесін толық толтыру қажет деп білемін. Рас, мен бұл ретте мынадай жағдайға да тап болдым: кейбір жастарымыз таяуда ғана болып өткен ең соңғы оқиғалардың өзін білмейтіні былай тұрсын, тіпті бұл ретте принципті түрде теріс бағыт ұстанып жүр: мұның өзі бізге тіпті де қызық емес, ескі-құсқы ұсақтүйек нәрселермен басымызды қатырудың не қажеті бар, одан да бүгінгімізді, бұдан да қызықты болашағымызды білгеніміз жақсы емес пе? «Өлі жандар өз мүрделерін өздері жерлей берсін!» деуден тайынбайды. Ал мен біздің жастарымыздың арасында бұған қарама-қарсы көзқарастарды ұстанатындар да жеткілікті болар деп үміттенемін. Атап айтқанда, сіздердің осында қатысып отырғандарыңыздың өзі мұның айқын дәлелі бола алады. Оның үстіне, кейбір жастарымыздың нигилистік көзқарасты ұстануы аға ұрпақтың олармен өз тәжірибелерін кеңінен бөлісуіне тіпті де кедергі бола алмайды. Ал ол тәжірибені не істейтіндеріңіз, оған қаншалықты құлақ асатындарыңыз – ол өз еріктеріңіздегі іс. Бірақ маған ол тәжірибе бізбен бірге із-тозсыз жоғалып кетпеуі тиіс сияқты көрінеді. Ал, үлкен өкінішке орай, соңғы онжылдық ішінде көптеген тарихшылар дүниеден озды. Олардың бай тәжірибесі бар еді. Ол тәжірибе жеке адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да тәжірибесі болатын. Солай бола тұрса да, олардың бұл тәжірибеге баса мән бермегені, жазып қалдырмағаны өте өкінішті – көп нәрсе олардың өздерімен бірге жерленіп, көміліп кетті. Мен өз тарапымнан сіздерге, жастарға, басымыздан кешірген және өзім де тікелей немесе жанама куәсі болған оқиғалар туралы айтып беруім қажет және мұның өзі борышым деп білемін. <…> ІІ. Ғылымның талқандалуы 40-шы жылдардың аяқ кезінде идеологиялық және ұйымдастырушылық маңызы бар деп танылған шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл операцияны бастаушылардың ойынша, әлгі шаралар интеллектуалдық ақыл-ой саласындағы күштердің неғұрлым дұрыс тепе-теңдік балансын қамтамасыз етуі тиіс болатын. Ұлты орыс емес


168

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

жазушыларға, ақындарға, суретшілерге, өнер қайраткерлеріне және ғалымдарға, соның ішінде ең алдымен әсіресе еврейлерге қатаң шектеулер қою тәртібі енгізіле бастады. Мұндайда адамдардың ар-намысын қорлайтын, олардың тағдыры үшін, тұтас алғанда мәдениеттің тағдыры үшін аса ауыр зардапты салдарларға толы іс-әрекеттер қолданылатын болады. Әуелі «Батысқа бас ие табынушыларға» қарсы күрес ретінде басталған бұл науқан бірте-бірте шыққан тегі бөтен «қаңғыбас космополиттерге» қарсы күрес науқанына ұласты. Баспасөз беттерінде, радио хабарларында, көпшілік алдында сөйленген сөздерде еліміздің шын патриоттары нағыз орыс адамдары ғана болып табылады деп айрықша атап көрсетілумен болды. Ал бұл екі арада қоғамда демдерін ішіне тарта жасырын сыр сақтайтын, ол ол ма, тіпті белсенді әрекет жасайтын, өздерін жүгенсіз кеткен жандар ретінде сезінетін бейбастақ күштердің бар екені, олардың социализм құрылысына кедергі келтіретіні, «бізге жат біреулердің даусымен» зар илейтіні, тағы басқа да жағдайлар туралы жазылып та, тынымсыз айтылып та жатты. Антифашистік еврей комитетінің жабылуы және оның мүшелерінің қамауға алынуы, партия мен мемлекеттің көрнекті қайраткерлерінің өміріне қастандық жасады деп жан түршігерлік жаламен айыпталған кінәсіз «дәрігерлер ісі», көрнекті артист және қоғам қайраткері Михоэлстің айуандықпен азаптап өлтірілуі сияқты тағы басқа да толып жатқан зұлымдық істер таяуда ғана гитлеризммен бірге біржола жойылды деп саналған «обырлы оба» қоздырғыш бактерияларының біздің елімізде әлі де өміршеңдік танытқанының айқын дәлелі болды. Оның үстіне, бұл науқанның енді ғана жаппай басталған «қырғи қабақ соғыспен» тұспа-тұс келгенін де ұмытпауымыз керек. Көп ұзамай мұның бәрі де Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде де, өзге факультеттерінде де, тап солай Ғылым академиясында да толық көлемінде орын алып, ашықтан-ашық бой көрсетті. Сталиннің бұл операцияны жүргізуді ойлағанда қандай мақсат көздегеніне қарамай, жоғарыдан берілген тапсырмаларды орындауға құлшына кіріскен адамдар, әдетте орын алатынындай, ең алдымен өздерінің жеке бастарының мүддесіне барынша пайдаланып қалуға тырысып бақты. Әлде соғыстың соңғы кезінде ме, әлде соғыс аяқталған соң ба, жоғары мамандығы бар ғылыми қызметкерлердің, бірінші кезекте профессорлар мен ғылым докторларының жалақысы бірден шұғыл арттырылды, ғылыми мансапқа қызығушылық ақшалай


ГУРЕВИЧ А. Я.

169

қаржы құдіретімен күшейтілді. Ал елдегі күшті күйзеліс жағдайында мұның өзі өте-мөте маңызды еді. Сол кезде мынадай әзіл әңгіме пайда болды: «Еліміздің тарихында «Ұлы өзгерістер жылы» екі рет, біріншісі – орта шаруа ұжымшарға жаппай кірген 1930 жылы, екіншісі – енді «орташа қабілеттілер» докторантураға түсуге жапатармағай ұмтылған кезде, орын алды». Сөйтіп, қайткен күнде де докторлық диссертация қорғаудың пайдасы арта түсті. Өйткені мұның өзі белгілі дәрежедегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие болу үшін профессордың қызмет орнын алуға тікелей жол ашатын мүмкіндік беретін еді. Ендігі жерде көптеген адамдар өздерінің ғылымға бейімділігі мен қабілеттілігінің қаншалықты екенін емес, қайта ғылымға мүлде жат мүдделерді басшылыққа алып, жанталаса әрекет ететін болды. Бұдан бұрынғы онжылдықтар кезінде орын алған нағыз ғылыми ортада әлі де сақталып қалған қатаң сынақтардан өтудің жоғары этикалық талаптар қою жүйесінің быт-шыты шықты. Ал тарихшыларға келетін болсақ, көп ұзамай-ақ ұлты еврей профессорларды қуғын-сүргінге салу сериясы кеңінен етек алды. Олармен қатар арий қанын бүлдіруге кінәлі емес кейбір басқа адамдар да қуғын-сүргінге ұшырады. Өйткені олардың отырған профессорлық орындықтарын тартып алуды мақсат еткен мансапқорлардың жолына кесе-көлденең тұрып алып, кедергі келтіретіндер тап солар еді. Әуелі студент, содан соң аспирант болған мен де өзіммен замандас өзге тарихшылармен бірге сол бір жексұрын жүгенсіздіктердің талайын көзіммен көріп, басымнан кешірдім. Алғашқыда біз оқиғалардың үнтүнсіз куәгерлері ғана болып едік, кейіннен оларға өзіміз де қатысты болып шыға келдік. Әлі есімде. Тарих факультетінің жалпы жиналысы өтіп жатты. Үлкен мәжіліс залында ине шаншар жер жоқ. Күн тәртібінде бір мәселе – көрнекті профессорлардың бірі Исаак Семенович Звавичтің идеологиялық және саяси тұрғыдан шалыс басқан қадамдары туралы. Звавич Англия тарихы бойынша маман еді. Алғашқыда оның Орта ғасырдағы тарихымен айналысса, кейін Жаңа және Ең жаңа тарихын зерттеуші маманға айналған болатын. Оның оқыған лекцияларын студенттер өте-мөте ынта қойып, қызыға тыңдайтын. Өйткені ол Англияда Кеңес Одағы елшілігінің қатардағы қызметкері, соңынан тіпті Л.Б.Красиннің – Лондондағы алғашқы кеңес елшісінің – жеке хатшысы ретінде ұзақ жылдар бойы тұрып, қызмет істеген болатын. Сондықтан да ол 20-30-шы жылдардағы Англияның саяси қайраткерлерін өзінің бес саусағындай жақсы білетін, Англияның жаңа тарихын алдын


170

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

ала белгіленген жалпы желі бойынша оқытып қана қоймай, оны өз көзімен көрген оқиғалардың қызықты деректерімен жандандырып, тартымды түрде баяндап шығатын. Алайда оған тағылған кінә Макдональд туралы айтылған әлдебір әңгімелерге тіпті де қатысты емес еді, мүлде басқаша болатын. Себебі – оның жазған еңбектерінде марксизм талаптарына жауап бермейтін зиянды жат идеяларға қасақана әдейі жол беріліпті-міс. Олай болса, профессор Звавич қандай кінә тағып, аяусыз айыптауға әбден лайық еді. Талқыға салып, аяусыз айыптаудың сценарийі қалай жасалған деңіз. Әуелі партия ұйымының хатшысы сөз алады. Ол тап күресі ушыға шиеленісіп отырған жалпы жағдайды, буржуазиялық идеологияның біздің қатарымызға кіріп алып, іріткі салу үшін жасайтын әрекеттерін еске салып өтеді. Ондай идеологияны тықпалаушы адамдардың атыжөндері аталады. «Жолдастар, біз ондайларға барынша батыл тойтарыс беруге міндеттіміз» деп хабарланады. Осындай «увертюрадан» кейін баяндама жасау үшін сол талқылауды ұйымдастырушылардың біреуіне сөз беріледі. Ал ол профессор Звавичтің зиянды көзқарасын егжей-тегжейлі баяндап, айыптап шығады. Содан соң әлгі сыналып, айып тағылып отырған адамға объективтілік сақтау деген сылтаумен жауап қайтару құқығы ұсынылады. Ал ондай объективтіліктің шылғай жалған екені, әрине, екі бастан белгілі. Звавич ондағы қатысып отырғандардың барлығы сияқты, бұл мәселенің немен тынатынын өте-мөте жақсы түсінген болатын. Әңгіме тіпті де әлдебір мәселеде аяғын шалыс басқан жолдастың қателігін түзеуіне жәрдемдесу туралы емес, оны қайткен күнде де факультеттен қуып шығып, аластау туралы еді. 40-шы жылдардың аяқ кезіндегі жағдайда мұның өзі ол адамды құлдырата құлатудың бастамасы ғана болатын. Содан кейін қамауға алу, жер аудару немесе басқа да азапты жапа шегулер сияқты қатаң шаралардың қолданылуы әбден мүмкін еді. Сондықтан да Звавичтің мүмкін болатын бірден-бір дұрыс тактиканы таңдауына тура келді. Бәлкім, мұның өзі тек оның көзқарасы тұрғысынан ғана дұрыс тактика деп саналмаған шығар. Звавич өзінің қателіктерін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ «байқамай қалыппын, жете ойластыра алмаппын, өзімді дер кезінде тура жолға салған жолдастарға шексіз ризамын» деген сияқты себептерді айтып, ақталуға тырысып бақты. Жалпы алғанда, қалай да бас сауғалап, құтылып шығуды көздеді. Біз, жастар, сол бір жасы ұлғайған қарт адамның биік мінбеде тұрып, өзін-өзі айыптап, өткір сын айтуға мәжбүр болғанын көргенде мұның өзі біз үшін адамға тән кәдімгі қасіретті, профессорға де-


171

ГУРЕВИЧ А. Я.

ген күшті аяушылықты сезінумен қатар, белгілі бір дәрежеде тағлым аларлықтай мектеп те болды. Сол бір аса ауыр әсерлер біздің енді-енді қалыптасып келе жатқан саяси санамызға өшпестей із қалдырды. Бізге, дәлірек айтқанда, қазіргі болып жатқан оқиғаларға мұқият көз жіберіп, тереңірек түсінуге әзір жастарға, біздің қазіргі қоғамымыздағы ресми насихаттың күнделікті құлағымызға құйып жүргені сияқты жағдай тіпті де ойдағыдай сәтті емес екенін, елдің өз ішінде іс-қимыл жасап, 1937-1938 жылдардағы оқиғалардың қайталануын көксейтін күштердің бар екенін айдай айқын көрсетіп берді. Ал Звавичтің өлердей өкініш білдіріп кешірім сұрауымен іс біте қойған жоқ. Келесі сөз бір жас жігітке, Халықаралық қатынастар институтының көркем жүзді, сымбатты доцентіне берілді (сөз реті келгенде айта кетейін, ол В.М.Молотовтың туған күйеу баласы болатын). Ол былай деді: «Сіздер қазір ғана профессор Звавичтің сөйлеген сөзін тыңдадыңыздар. Оның сөзінің тіпті де адал ниетпен айтылмағанын, осындағы принципті әділ сыннан қайтсем жалт беріп, құтылып кетсем екен деген мақсатты ғана көздеуге жанталаса тырысқанын айқын аңғардыңыздар ғой деп үміттенемін. Ол өзінің қалай қателескенін әлі де түсінген жоқ немесе түсінгісі де келмейді». Одан әрі Звавичтің көзқарасын жеке-жеке пункттер бойынша талқылау жалғаса түсті, ешқандай дәлелдер келтіріп жатудың тіпті де қажеті жоқ, бәрі де өзінен-өзі түсінікті деген сөздер айтылды. Өйткені берілген «тапсырма» айқын еді – ғылым тұрғысынан алғанда Звавичтің көзін біржола жою, оған аяусыз қатаң әкімшілік шараларын қолданудың қажет екендігін негіздеп беру болатын. Ал Звавичтің одан арғы тағдырының қалай болатынын оның ісімен арнайы айналысатын тиісті органдар ғана шешетіні белгілі еді. Мұндай «сорақы істер» әр түрлі ғылыми мекемелерде барынша жиі жүріп жатты. <…> ІV. Жаңа ізденістер 50-60-шы жылдар, Эренбургтің өте дәл айтқанындай, «жылымық» ала келген уақыт еді. Шынында да, образды тілмен бейнелеп айтқанда, Сталиннің өлімінен кейін сірескен көк мұз еріп, күннің көзі жылы шуақ шаша бастаған болатын. Дегенмен де бұл әлі ұзақ қарғалардың біржола қайта оралғанын білдірген жоқ еді. Ол кез – менің өмірімдегі маңызды кезең. Өйткені отыз-отыз бес жасқа келдім. Бұл ақыл тоқтатып, бәрін де жаңадан әрі елеулі түрде қайта қарайтын, өзімнің бағыт-бағдарымды


172

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

айқындап алатын, кезінде біліп үлгере алмағанымның есесін толтыратын кезім болатын. Ал ондай есесін толтыратын нәрселер тым көп екен. Өздеріңізге әбден белгілі себептер бойынша, отандық ғылымның, соның ішінде тарих ғылымының да, атап айтқанда, орта ғасырларды зерттейтін медиевисти��а саласының дүниежүзілік ғылыммен байланысы ондаған жылдар бойы үзіліп қалған еді. Соның салдарынан да бізде ең жаңа батыстық тарихи әдебиетке деген қызығушылық жойылған болатын, оған қарап бағыт белгілеу, оны оқып үйрену мүмкіндігі де қалмаған-ды. Егер ондай әдебиеттер біздің кітапханаларымызда бола қалған күннің өзінде де онда тіпті Орта ғасырлар тарихы жөніндегі еңбектер, былайша алып қарағанда, біздің қазіргі заманымыздағы саясатымыздан, кезек күттірмейтін шұғыл проблемаларымыздан соншалықты шексіз алыс және бүгінгі таңдағы үстем идеологиямызға одан қауіп-қатер жоқ сияқты көрінетін. Солай бола тұрса да ол әдебиеттер қатаң бақылауда болатын «тұтқынға алынып», үлкен кітапханалардың арнаулы құпия орындарындағы бөлімдерде ғана сақталатын. Әрине, ондай орындарға кіру үшін әркім өзінің қызмет істеп жүрген орнынан ресми түрде қатынас қағазын табыс етуі тиіс болатын. Бірақ оның өзіне де белгілі дәрежеде шектеу қойылатын. Шетелдік әріптес ғалымдармен жеке дара байланыс орнату деген атымен дерлік жоқ еді. Бізге шетелдік ғалымдар өте сирек келіп тұратын, ал келе қалған күнде олармен емін-еркін сөйлесу, пікір алысу өте қиынға соғатын: өйткені тиісті орган өкілінің құпия түрде қыр соңымыздан қалмай аңдитынын білетінбіз. Онсыз шетелдік әріптестерімізбен тілдесу мүмкін болмайтын. Біз өзімізді үлкейтіп көрсететін әлдебір шынының астында жүргендей сезінетінбіз. Бірақ соның өзінде де жағдайға бейімделіп, шетелдік әріптестерімізбен кездескіміз келгенде әр түрлі тәсілдерді іздеп табуға тырысатынбыз. Егер мен шетелдік тарихшыны өз үйіме қонаққа шақыратын болсам, – ал мен оларды жиі қонақ ететінмін, – онда біздің сөзімізді жасырын жолмен тыңдауға тиісті адамдардың жұмысын шектен тыс көбейтіп, ауырлатып жібермес үшін үйдегі телефонды тіпті басқа бөлмеге алып барып қоятынбыз немесе оның цифрларды теруге арналған айналмалы дөңгелек дискасына қарындаш тығып, аппаратты іске қосылмайтын ететінбіз. Барынша сақтық жасауға, неше түрлі қулық істеуге тура келді. Ал мұның бәрі де өмір сүруді едәуір уландырғаны өзінен-өзі белгілі нәрсе. Солай бола тұрса да ведомстволық бақылаудан тыс, қазымырлық қадағалау сипаты бар


ГУРЕВИЧ А. Я.

173

әрекеттерден аулақ байланыстар бәрібір орын алып тұрды. Бірақ ондай байланыстар, жекелеген тарихшылар туралы сөз етпейтін болсақ, тым интенсивті, қарқынды бола қойған жоқ. Ғылыми тұрғыдан пікір алысудың осы сөздің қалыпты түсінігіне сай келетін кездесулер де өткізілмеді. Халықаралық ғылыми конференцияларға біздегі гуманитарлық білім саласының саусақпен санап аларлықтай аз ғана өкілдері барып жүрді. Әрине, олар ерекше белгілеріне қарай іріктеп алынатын. Ал олардың сол белгілері, оп-оңай түсінуге болатын себептерге байланысты, маңыздылықтың белгілерімен көп жағдайда сәйкес болмай жатты. Оның үстіне, кеңестік тарихи ғылымның өкілдері де, Батыстағы шетелдерде жүргенде де өздерін барлық уақытта бірдей қауіпсіз сезіне алған жоқ. Олар қайда барса да ұдайы құпия қадағалаудың астында болды. Кез келген мамандық иелері екеніне қарамай, әрбір кеңестік ғалымдар делегациясының мүшелері өздерінің арасында әркімнің идеологиялық ұстамдылығы мен саяси қырағылық мінез-құлқы болуына жеке басымен жауап беретін «басшы» ғана емес, сонымен қатар «мархабатты тақсырдың көзі әрі құлағы» болып табылатын жандардың да бар екендігіне ешқандай күмәнданбайтын. Бұлар біздің ғалымдарымыздың әрбір басқан ізін аңдып жүретін, шетелдік ғалымдармен ресми емес өзара әңгімеге көшкен бойда өз міндеттерін бұлжытпай орындауға кірісіп кететін... Бірнеше қызметкер бірге отырып жұмыс істейтін әр бөлмеде, әрбір шағын топтың арасында ұжым мүшелерінің көңіл-күйі, сөйлескен әңгімелері жөнінде «бірінші бөлімге» хабарлап тұруға тиісті құпия міндет атқаратын әйтеуір бір «жансыз» бар болатын. Біз өзіміздің әрбір бөлімшемізде ондай «жансыздың» бар екенін сезетінбіз, бірақ нақты кім екенін біле бермейтінбіз. Сондықтан да қасақана әр түрлі жағымсыз немесе ойдан шығарылған жағымсыз жалған әңгімелер айту арқылы олардың кімдер екенін білуге тырысатынбыз. Шетелге баратын ғылыми іссапарлар туралы шешімдерді бейне бір барлық уақытта бірдей мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен жетекші Parteigenossen-дер шешетін шығар деп ойлау тым қарадүрсінділік болар еді деп пайымдаймын. Бір күні Исландия сагалары бойынша Эдинбург қаласында өтуі тиіс халықаралық конференцияға шақыру келді. Шақыру М.И.Стеблин-Каменскийдің және менің атыма жіберіліпті. Михаил Ивановичтың менімен салыстырғанда шетелге «жиі шығып тұратын» артықшылығы бар еді. Бірақ бұл жолы екеуіміз де бара алған жоқпыз. Біздің орнымызға Эдинбургке Тіл білімі институтының ди-


174

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

ректоры Ярцева мен тағы бір әйел, – институт партбюросының хатшысы, – және институттың Ленинградтағы бөлімшесінің директоры Десницкая кетті. Осы «үш сымбатты сұлудың» біреуі іссапардан қайтып оралғаннан кейін Михаил Ивановичке: «Конференцияны ұйымдастырушылар бізді барынша жақтырмай қарсы алды» деп шағым жасапты. Себебі өзінен-өзі түсінікті еді – «Шақырылмаған қонақ татардан да сүйкімсіз...» болатын. Тыйым салулар мен қатты қадағалаулар біздің өміріміздің, соның ішінде академиялық ғылым саласының да, ілгері басқан қадамын кері кетіретін керітартпа ескішілдіктің тап өзі еді. Бір естелік мысал келтіре кетейін. Рас, бұл оқиға сәл кейінгі кезеңде – 70-ші жылдар мен 80-ші жылдардың бас кезінде болған еді. – Жалпы тарих институтының халықаралық істер жөніндегі Ғылыми хатшысы Елена Ильинична Агаянц, егде жастағы едәуір еңселі де келісті кісі, менімен ресми емес, жай әңгіме жүргізуге құмар еді. Мысалы, ол шынымен-ақ ашу-ызаға булығып: «Арон Яковлевич, өзіңіз-ақ айта қойыңызшы, мына бір нәрсені қалай түсінуге болады? Төлқұжатымызда әрқайсымыздың ұлтымыз бадырайта жазылып тұр. Ал өзімізді интернационалистерміз деп көкірегімізді ұрғанда да алдымызға жан салмаймыз! Сіз ірі ғалымсыз, бірақ сізді шетелге шығуға жібермейді! Бұл қалай болғаны сонда?» Мен не дерімді білмей қиналғандықтан едәуір үнсіз отырып қалдым. Бұл не өзі, шынымен-ақ шырылдап шыққан жан айқайы ма? Әлде мына үстелдің бір қуысында менің қайтаратын жауабымды жазып алатын бір нәрсенің тұруы да мүмкін болғаны ма? Ол да мүмкін, әбден ықтимал. Мені қорықты деуге болмайтын еді, бірақ үн-түнсіз отырып бәрін де тыңдай беруді мақұл көрдім. Тағы бірде ол маған былай деді: «Сіз білесіз бе, жоқ па – мен байырғы барлаушымын. Мен қазір сізге бір нәрсе көрсетейін». Сөйтті де ол сөмкесінен соғыс кезінде түсірілген бір суретті суырып алып, маған ұсынды. Бір топ офицер – югославиялық және кеңес офицерлері – алқа-қотан тұр. Отарларында екі адам жұбын жазбай би билеп жүр – біреуі маршал Тито, екіншісі – осы отырған Елена Ильинична. Бұл да әскери киім киген екен. Ол әңгімесін жалғастыра түсті: «Сіз білесіз бе, бұлардың – ол бұл жерде басшылар туралы айтып отыр, – иә бұлардың не істегісі келгенін? Бұлар маған өзіміздің қызметкерлеріміздің жүріс-тұрысына мұқият бақылау орнатуды тапсыратынын қалайтынын айтты! Бірақ бұл менің ведомствомның міндетіне жатпайды ғой. Менің мұндағы жұмысым халықаралық қатынастар проблемасына қатысты. Бүкіл ішкі тәртіпке бақылау орнатуға тиісті кадрлар бөлімі бар емес пе?»


ГУРЕВИЧ А. Я.

175

Бірақ мұның бәрі де біздің күнделікті академиялық өміріміздің үстіңгі қабаты ғана болатын. Ең бастысы, тарихшылардың ақылойының тоқырап қалуында еді. Тек жас ұрпақтың ғана емес, сонымен қатар аға ұрпақтың да қазіргі оқырман өкілдері кеңес тарихшыларының 30-50-ші және одан кейінгі жылдарда жарияланған еңбектерін оқу үшін қолға алғанда (егер қолдарына ала қойса) көп жағдайда ыңғайсыздана таңданып, абыржып қалады. Өйткені қазір біздің ол еңбектердің, оларда айтылатын ақыл-ой қисынының деңгейінен қаншалықты алыстап әрі биіктеп кеткеніміз, ол еңбектердің қатып-семіп қалған догматтық қағидалардың шырмауында қаншалықты қалып қойғаны және тарихшыларымыздың, тіпті кезінде өз ісін жақсы білетін барынша ысылған жоғары дәрежелі деген мамандарымыздың ой-өрісі қаншалықты тар болғаны айқын көрініп тұрады! Бұл жерде мен бір-бірінен барынша бөлек, бірақ өзара байланысты екі түрлі жағдайға баса назар аудармақпын. Өйткені бұл жағдайлар кеңестік тарих ғылымының жалпы жағдайын едәуір дәрежеде анықтап отырды. Біріншіден. Идеологиялық бақылаудың күшті кезінде неғұрлым білімді әрі талантты тарихшылар, былайша айтқанда, ішкі эмиграцияға кетуді артық санады. Оларға неғұрлым тар көлемді мамандық таңдау, әдеттегі үйреншікті, бірақ маңызды болуы да мүмкін тақырыпқа құштарлық таныту, дерек көздерімен айналысу, мейлінше нақты сюжеттерді қандай да болсын кең көлемде жинақтап қорытынды жасамай талдау тән еді. Ал кең көлемді терең қорытындылар жасау басталған жерден-ақ сіз идеология үстемдігі саласындағы шырмауға түсетін боласыз. Екіншіден. Міне, мұның бәрі де елімізде қатаң цензураның болуымен өте-мөте тығыз байланысты еді. Ол цензура баспа өнімдері атаулының бәрін мұқият тексеруден өткізіп отырды – газеттер мен ғылыми басылымдардан бастап көркем әдебиет шығармаларына дейін, тіпті бөтелкелер мен қораптардың сыртын�� жапсырылатын жарнама қағаз мәтіндеріне дейін назардан тыс қала алмайтын. Кеңестік өмір шындығындағы көзге оғаш көрінетін нәрселердің бірі мынау еді: цензура аяқ басқан сайын алдыңнан шығып отырса да, бізде цензура деген атымен жоқ деп жарияланып келді. Автор, әдеттегі қалыптасқан дағдылы ереже тәртібі бойынша, цензормен кездесе алмайтын (бәлкім, кейбір ерекше жағдайларда, сирек те болса, кездескен де болуы мүмкін). Қайда барсаңыз да бізде цензура деген атымен


176

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

жоқ деген сыңай танытатын. Ал нақты цензура мекемесі бар болатын – ол Главлит, яғни Әдебиеттің бас басқармасы деп аталатын. Былайша қарасаңыз, мейлінше стерилдендірілген кіршіксіз тап-таза мөлдір атау сияқты. Ал цензор кез келген баспаның оңаша бір жабық бөлмесінде отырып алып, жарыққа шығатын баспа өнімдерін мейлінше қырағы сақтықпен шұқшия оқумен болатын. Егер ол ресми идеологияның талаптарына сай келмейді-ау деп тапқан әлдебір нәрседен әйтеуір бір сезіктене қалса, оны (мен бұл жерде әскери және мемлекеттік құпиялар туралы тіпті де айтып отырған жоқпын), яғни қандай да болсын өзіне күдікті көрінген сөздер мен сөйлемдерді, тұжырымдамаларды, ой-пікірді, қысқасы, өзімізге жат көрінеді-ау деген ортодоксті нәрселердің бірде-біреуін жарық көруге «өткізбей, ұстап қалуы» тиіс. Сонда ол не істейді деңіз? Ол баспаның редакторын өзіне шақырып алып, оған сіз рұқсат етілмейтін мынадаймынадай нәрселерді жіберіп қойыпсыз деп көзіне шұқып көрсетеді. Ал редактор өз кезегінде авторды шақырып алып, оның қандай түзетулер енгізуі тиіс екенін өз атынан сыпайы түрде үйреткен болады. Сонда бәрі де реттеледі дегенді айтады. Ондай цензуралық түзетулердің бәрі де әдетте әншейін ұсақ-түйек нәрселер болып келеді, оларды өзара ымыраға келіп, қандай нәрсені соншалықты турасынан айтпай-ақ, әлдебір тұспалмен, бірақ бәрі де түсінікті болатындай етіп баяндауға болатынына келісумен тынатын. Тұспалмен айтылған мәселені түсінуге болады деген пікір кеңінен етек алған еді. Мысалы, мейлінше анекдот сияқты мына бір жағдайды айта кетейік. Белгілі логик ғалым Ю.Гастев (ол кейінірек эмиграцияға кетіп, шетелде қайтыс болды) Брежнев реакциясы кезінде өзінің монографиясын кітап етіп шығарған болатын. Оның алғысөзінде автор бұл еңбекті жазу барысында өзіне көмек қолын созған әріптестеріне алғыс айтатынын, солардың арасында әсіресе Чейн мен Стокқа ерекше ризашылығын білдіретінін айтқан еді. Кітап жарыққа шығып кеткен соң біреу тұрып, «осындағы Чейн мен Сток деген мырзалар кім өзі? Олар Гастевке қандай көмек көрсетті екен?» деп сұрақ қойған ғой. Сөйтсе, ондай ешкім де болмаған екен. Олардың есімдері «ЧейнСток тынысы» деген медициналық терминнен алыныпты. Ол термин өлім алдында жатқан адамның тыныс ала алмай, жанталасқан халін білдіреді екен. Аталмыш термин Сталиннің денсаулық жағдайы туралы оның өмірінің соңғы күндері үздіксіз беріліп тұрған бюллетеньде қолданылыпты. Олай болса, Гастев Чейни мен Сток мырзалардың атын атау арқылы соңғы демі таусылып бара жатқан тиранды тұспалдап, өз


ГУРЕВИЧ А. Я.

177

тағдырына қатысты «алғысын» білдірген болып шығады. Ол кезде біз мұндай эвфемизмдерді жиі-жиі қолданатынбыз. 70-ші жылдары бірде поэтиканың семиотикалық (таңбалар жүйесін зерттейтін ғылым саласы) проблемаларына арналған конференция болып өтті. Ю.М.Лотманның ұлы М.Ю.Лотман «Годунов-Чердынцевтің поэзиясы» деген тақырыпта баяндама жасады. Конференцияға қатысушылардың бірде-біреуі әлгі ГодуновЧердынцевтің кім екені, оның қайда туып-өскені, қайда тұрғаны, шығармаларының қайда басылғаны және басқа да жағдайлары туралы сұрақ қойған жоқ. Өйткені жиналғандар зиялы қауым өкілдері болатын. Годунов-Чердынцев деген Набоковтың «Сыйлық» деген шығармасындағы кейіпкерлердің бірі екенін айтқызбай-ақ түсінді. Егер әңгіме Набоков шығармаларының үзінділері туралы екені хабарланған жағдайда жоғарыда аты аталған баяндаманың жасалуына рұқсат етілмеген болар еді. Өйткені ол кез Набоковтың атын атауға да, шығармаларын оқуға да тыйым салынған кез болатын. Цензураның назарына ілінбей, оны айналып өтуді, өзінің ойыңдағыны айтып қалуды көздейтін мұндай «ойындар» ол кезде көп қолданылатын. Ресми (немесе құпия жабық есіктің арғы жағында жұмыс істейтіндіктен де жартылай ресми) цензурадан тыс, одан әлдеқайда қаскүнем әрі жауыз, өзіңе өзің цензор болу сияқты «канцерогенді» жағдай да орын алды. Бұл жерде мен мынаны айтуым керек: цензураға өзгелердің бәрінен де авторлардың өздері көп көмектесті. Өйткені олар нені жазып, нені жазбауды, неше түрлі азапты қиыншылықтардан аулақ болу үшін не туралы тікелей тура айтпау керек екенін жақсы білетін еді. Тарихшы тіпті өзінің жазу үстелінің басында отырғанда да әділдігіне ешқандай да ерекше немесе мүлде күмән келтіре алмайтын нәрселер туралы ашып айта алмайтын халге душар болды. Ол өзінің бұрынғы жазғанын оқыған немесе енді жазбақ болған нәрсесін ойланған кезде ақиқаттың немесе оның бұрмалануының өзі ұстанатын белгілі қағидаларын ғана басшылыққа алмайды, сонымен қатар бұл мәселеге бөлім меңгерушісінің де, институт директорының, сондай-ақ олардың үстерінен қарайтын өзге күштердің де, яғни Орталық Комитеттің Идеология бөлімінің және басқа да бірқатар ұйымдардың қалай қарайтынын алдын ала жан-жақты ескеруге мәжбүр болады. Қайдағы бір қолайсыз жағдайға ұрынып қалмау үшін, басын бәлеге шалып алмау үшін ол – мені кешіріңіздер – өзінің ойын өзі кесіп, піштіріп тастаумен де айналысады. Сөйтіп, қоғамдық еңбек бөлінісінің заңдары бойынша, цензор атқаруы тиіс жұмысты автордың өзінің атқаруына тура


178

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

келеді. Сондықтан да ғылыми еңбектер оларды баспаға әзірлеу барысында құлағы кесіліп құнтиған, мұрыны кесіліп шұнтиған шап-шағын бір нәрсеге айналып шығатын. Ал оны көп жағдайда үзіп-жұлып, қиқалап кесетін авторлардың өздері болатын. Бұл жерде мен кеңестік тарихшылардың бәрі бірдей сондай болды дегенді айтпақшы емеспін – олар әр түрлі болды, олардың жазған еңбектерінің тағдырлары да әр түрлі қалыптасты. Бірақ жоғарыда айтылған жағдайлар қалай дегенде де орын алды. Кәдімгі ресми цензурамен және өзіңе өзің цензор болумен қатар, мынадай практика да болды: жауапты редактор немесе баспадағы редактор автордың жазған мәтініне өз жандарынан шығарып, өз қолдарымен қосымша толықтырулар енгізуге құқықты саналатын. Мұндай жағдайда олар әдетте цензураның жалпы қағидаттарын басшылыққа алатын. <…> *** «Жылымық» жылдары кезінде жалпы жағдай едәуір өзгере бастады. Цензура жойылмағанымен де, идеологиялық аппарат өзін жартылай сал болған адамдай сезінді, зәресі ұшып, қорқа бастады. Не үшін «ұстап қалу» мен не үшін «жібермеу», нені жіберу керектігі жөнінде айқын нұсқау болмады. Сондықтан да баспасөз бетіне Орталық Комитеттің Ғылыми бөлімінің көзқарасы бойынша жіберілмеуі тиіс деп саналатын нәрселер бұрынғыға қарағанда әлдеқайда мол мөлшерде өтіп кетіп жүрді. Бәлкім, кабинеттерде, әлдебір тар көлемді кеңестерде бастықтар мен оларға бағынышты қызметкерлер бұл проблеманы талқылаған да, көп жағдайда өз орындарында болмай, жеңіл-желпі ұшқалақ ойлауға жол берген қызметкерлерге ашу шақыра ұрысқан да болар. Солай бола тұрса да, едәуір емін-еркін жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік туды. Бірақ біз белгілі бір қатып-семіп және біржола бекітіп берілген идеологиялық және тарихи-философиялық схемалардың жүйесі бойынша жұмыс істеуге қашаннан дағдыланып қалған болатынбыз. Жалпы ортақ теорияларды, тарихи үдерістердің жалпылама түсінігін біз жасамайтынбыз. Олар бізге аспаннан, жоғарыдан, идеологтар мен бәрін де бас шұлғи мақұлдауға машықтанған философтар тарапынан төмен қарай түсірілетін. Ал біз марксизм-ленинзмнің бұйыра ұсынатын жалпылама тарихи заңдылықтарының нақты көріністерін бейнелеуге тиісті нақты тақырыптарды зерттеп, дайындап берумен ғана айналысып келдік.


ГУРЕВИЧ А. Я.

179

Тарихшы-марксист белгілі бір нақты формация туралы ілімді егжей-тегжейлі айқындап, дәлелдеп беруге, сондай-ақ, ең бастысы, оны нақты материалдармен суреттеп беруге, оны теория тудырған ақылға қонымсыз жүйемен тұтастыра үйлестіруге тиіс болды. Мұндай жағдайда өзіндік ерекшелігі бар бақылаулардың да, дерек көздері саласындағы деректерді өзінше түсіндірудегі ұсақ-түйек жаңалықтардың да орын алуы әбден мүмкін еді. Бірақ оларды қалай түсіндірудің схемасы тарихшыға берілетін немесе, дәлірек айтқанда, оған күшпен таңылатын. Сөйтіп, ол өзінің бақылау жұмыстарын және одан жасайтын қорытындыларын, әлгі схеманы бұлжытпай басшылыққа алуға тиіс болатын. Оның ақыл-ойы жаңа білім көздерін ашудан гөрі «бәрінен де күшті, жеңімпаз ілімнің» дұрыс екендігіне жаңа дәлелдер іздеп табуға бағытталды. Алайда кей-кейде бұл жолда қиындықтар пайда болып отырды. Бұған бір ғана мысал келтірейін. Сол кезеңде «өндірістің азиялық тәсілі» деп аталатын мәселе бойынша пікір таласы қайта жанданды және кейін де жалғаса түсті. Бұл ретте марксистік қағидалармен неғұрлым кемірек қаруланған және өз еріктері өздеріне берілген тарихшылар өздерінің теориялық тұрғыдан дәрменсіз екендігін айқын көрсетті. Кезінде өз кезегінде Маркс те құл иеленуші қоғам феодалдық қоғам, капиталистік қоғам деп шектен тыс еркіндікке жол берген еді – бұл жерде әр тараудың өзі-ақ меншік сипатының қандай екенін, адамдардың меншік иелеріне қаншалықты дәрежеде тәуелді болғанын көрсетіп тұр. Ал «өндірістің азиялық тәсілі» деген термин ондай ешнәрсені білдірмейді, өндірістің тек Азия құрылығында ғана орын алғанын көрсетеді. Алайда өндірістің тап осындай «азиялық тәсілінің» тек Азияда ғана емес, сонымен қатар Латин Америкасында да, Африкада да – тағы басқа қай жерлерде екенін бір Құдайдың өзі білсін – бар екені айқындалды. Сонда мұның өзі қалай екенін Маркс ешқашан және еш жерде түсіндірген емес, шамасы, оны түсіндіріп жатуды қажет деп таппаған да болуы керек. Сонда – біз «бесмүшелік» деп атап кеткен алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленуші қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, социалистік қоғам жүйесінің Прокруст төсегіне сай келмейтін материалдарды не істеу керек екендігі мүлде белгісіз, түсініксіз болып қалады. Олай болса, «өндірістің азиялық тәсілі» туралы пікір таласынан ешқандай нәтиже шықпайтыны да белгілі еді. Материалға схоластикалық тұрғыдан келудің барынша айқын мысалы, міне, осыдан көрінді.


180

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Әрине, менің бұл сөздерімде қарадүрсін пайымдаудың болуы ғажап емес: тарихшы материалға талдау жасап болып, оны толық көлемінде жайып салған кезде қоғамдық формацияның жалпылама түсініктемесінен кейбір алшақ кетушіліктер аяқ басқан сайын кездесіп отырады. Ал оларды тарих дегеніміз алуан түрлі болады, сондай-ақ жалпы заңдар өздеріне алуан түрлі тап сондай ауытқып, алшақ кетушіліктердің қалың қабатын бұзып-жарып жол табады деп, әрқашан оп-оңай әрі адал ниетпен елеусіз қалдыра салуға да болар еді. Энгельстің пайымдауы бойынша, жалпы тарихи заң іс-әрекетінің векторынан ауытқулардың барлығы да бірін-бірі өзара теңестіріп отырады, ал кең ауқымды негізгі заңдылық бұрынғы белгіленіп, бағыт алған жолымен одан әрі ілгері баса береді. Мұның өзі философияның әлдебір дерексіз қарапайым қағидаларына сай келетін ой болуы әбден мүмкін, бірақ ол тарих туралы білімнің өз табиғатынан және тарихи өмір шындығынан туындамайды әрі оған мүлде сай келмейді. Сіздің бақылаған нақты өзгерістеріңіздің бірін-бірі өзара жойып жіберетін ауытқушылық болып шықпайтынына кім кепілдік бере алады? Бәлкім, бұған керісінше, ол ауытқулардың тұтас формацияның бүкіл болмысбітімін біржола өзгертіп жіберуге алып барып соқтырауы да, сөйтіп, оның теория бойынша болуы тиіс түрінен жалпы алғанда тіпті басқаша болып кетуі де мүмкін шығар? Тап күресінің алуан түрлерін – көтерілістерді, ереуілдерді немесе шаруалардың соларға ұқсас ишара әрекеттерін – қашып кетуін, міңгірлеген наразылығын зерттеу әбден үйреншікті әрі дем беріп, қолдау көрсетіп отыруға лайық саналатын. Наразылықтың барлық түрлері де экономикалық қарама-қайшылықтардан, шаруалардың, жұмысшылардың, сондай-ақ басқа да әлеуметтік топтардың қаналып, күйзелуінен туындаған «тап күресі» деп қабылдағаны әбден табиғи нәрсе еді. (Дегенмен де «әлеуметтік күрес» ұғымы тап күресінің шеңберімен ғана шектеліп қалмайды). <…> *** Сталиннің өлімі, партияның ХХ съезі қоғамның өміріміздегі ғана емес, сонымен қатар ғылымымыздың тарихындағы мейлінше маңызды кезең болды. 50-ші жылдардың аяқ кезінде өзіндік айтар ойлары бар ғалымдар үшін кейбір мүмкіндік туа бастады. Зиялы қауымның өте көп өкілдері, оның ішінде орта буын ұрпақтың тарихшылары да аз болған жоқ – ол кезде біздің жасымыз отызқырықта, кейбіреулеріміз тіпті бұдан да жас едік – әлгі азды-көпті


ГУРЕВИЧ А. Я.

181

мүмкіндіктерді пайдаланып қалуға, көнерген ескі қағидаларды қайта қарауға, жаңа идеялардың негізін қалауға, сол арқылы өздеріміздің тың ойларымызға шұғыл түрде неғұрлым кеңірек жол ашуға тырысып бақтық. Біз тарихты зерттеу ісіне алып баратын неғұрлым тәуелсіз әрі жемісті жолдарды іздестіріп көруге, бәрін де түгел қамтитын, қатыпсеміп қалған догматикалық формациялар теориясының шырмауынан шығуға әрекет жасай бастадық. Сөйтіп, дәстүрлі ескі көзқарастардан қалай арылудың немесе оларды қайтадан басқаша қарастырудың бір-біріне тіпті де ұқсамайтын екі түрлі жолы пайда болды. Оның біріншісі – шын мәніндегі Маркске, Энгельске және Ленинге қайта оралу, олардың ақыл-ой қазынасын Сталиннің қосқан қатпар-қатпар қоқыстарынан тазарту арқылы нағыз идеялық мол байлыққа ие болу керек деп анда-санда жар салған, бірақ өмірмен байланысы жоқ, тек ауада қалқып, естіліп жүрген жарнамалық ұрандардың әсерімен пайда болуы ғажап емес. «Марксті жаңаша оқу керек» деген формула өте жиі қолданылды. Маған бұл жағдай «жылымық» кезіндегі әдістемелік ақыл-ойдың неғұрлым кеңінен тараған бағыты сияқты болып көрінген еді. Әр түрлі конференциялар, семинарлар өткізіле бастады, тиісінше мақалалар да жарияланып жатты. Бұл ретте Марксті шын мәнінде жаңаша оқу жөніндегі ұранның кейбір жағдайларда қызықты нәтижелер беріп қалуы да мүмкін еді. Атап айтар болсақ, Маркстің 1858-1859 жылдары жазған, орыс тіліне әлдеқашан аударылған философиялық-экономикалық еңбектерінің қолжазбалары оның капиталистік өндірістен бұрынғы өндіріс тәсілдері туралы барынша күрделі логикалық пайымдауларын түсінуге ақыл-ой өресі жете бермейтінін тарихшыларымызға мүлде белгісіз қалпында қалып келді. Алайда бүгінгі таңда Маркс пен Энгельстің еңбектерінде баяндалатын шын мәніндегі марксизм сол қалпында сөзсіз қабылдана қоюы екіталай. ХІХ ғасырдың орта шенінде шынайы өмір шындығына сай келетін сияқты болып көрінгені әбден мүмкін қоғамдық-экономикалық формациялар туралы ілім де, жалпы алғандағы бүкіл тарих философиясы да, базис пен қондырма туралы теория да, өндірістің жаңа тәсіліне көшу жеңімпаз пролетарлық революция табысты өткізілуі барысында ғана жүзеге асырыла алады деген идея да, пролетариаттың үздіксіз қайыршылана беретіні жөніндегі теория да, яғни осы тұжырымдамалардың барлығы да қазірдің өзінде-ақ байсалды байыппен қарастырыла алмайды. Бұлардың мүлде іске алғысыз, дәлелді не-


182

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

гізі жоқ екенін теориялық ақыл-ой ғана дәлелдеп берген жоқ, сонымен қатар өмірдің өзі де айқын көрсетті. Ал Марксті «жаңаша оқуға» бағдар берудің қажеті жоқ деп пайымдаған екінші бағытты ұстанған зерттеушілердің қатары әлдеқайда аз болды. Олар маркстік-лениндік мұраның қысымынан құтылған жаңа теориялық қағидаларды қалыптастырып, тұжырымдауға тырысып көру керек, олардың философияға да, психологияға да, ең алдымен, өзіміз сөз етіп отырғанымыз тарих болғандықтан да, тарихи ақыл-ойға да қатысты болуы қажет деп санады. Ол үшін тарихи үдерістің барысын зерттеуді алдын ала көздеген мақсатқа сай әрі неғұрлым емін-еркін жаңаша жүргізу, есеп жүргізудің басқаша бастапқы нүктелерін таңдап алу керек деп білді. Ал мұның өзі, әрине, Марксті емес, қайта Макс Веберді, Трёльчті, Риккертті және басқа да көптеген ойшылдарды, басым көпшілігінде жаңа, кантшылдық сипаттағы, орасан зор теориялық жұмыстар атқарған ойшылдарды оқу болар еді. Марксизмді ақтап алуды және нағыз Марксті оның шын мәніндегі ең алғашқы таза әрі бай қазынасымен қоса қатарға қайтарып алуды емес, қайта тарихи үдерісті жаңаша түсінуді, ал соның өзінде ең алдымен тарихи таным тәсілдерін түсінуді, әдістемені, гносеологияны, эпистемологияны жаңаша жасауды көздейтін екінші бағыт-бағдардың болашағы неғұрлым зор және елеулі де байсалды сияқты көрінді. Осы бағыттағылардың біреуі мына менің өзім болатынмын. Асығуға тура келді. Алайда асығыстықтың жарға жығып кетуі, жеткілікті дәлелденбеген ұшқары пікірлер айтуға алып барып соқтыруы мүмкін еді. Бірақ бәрібір асығуға тура келді. Өйткені бізде «жылымық кезең» шын мәнінде келді және ол ұзақ мерзімге созылады, сондай-ақ өткен заман әлдебір жаңа жамылғыны бетке ұстап қайта оралмайды деген берік сенім жоқ еді. Жаңа жағдайға әлі де он жылдай үйрене тұрамыз, жаңа ойларымызды содан кейін айта жатармыз деп пайымдауымыздың реті келмейтін. Біз өзімізге соншалықты уақыт беріле қоятыны мүмкін бола қояр ма екен деп күмәнданып жүрдік, тіпті ондай уақыт берілмейді деп ойладық та, өз ойларымызды асығыс айтып үлгеруге тырыстық. Өйткені реакцияның қара бұлты аспанды қайта қаптай қалған жағдайда оған дейін жасап үлгерген нәрсеміз сақталып қалады ғой: қаламмен жазылған нәрсе қанша балталағанмен өшпейді. Мен теоретик те емеспін, философ та емеспін. Мені қызықтырған нәрсе таза күйіндегі тарихи-философиялық проблемалар емес, қайта тарихи үдерістің барысын неғұрлым терең түсінуге мүмкіндік бере алатын күшті дамыған әдістемелік ақыл-ой. Түпнұсқа деректердің ал-


ГУРЕВИЧ А. Я.

183

дына қандай жаңа мәселелерді қоюға болады, бұған дейін қоғамдықэкономикалық формациялар мен өндіріс тәсілдері туралы ілім күшпен тықпалаған нәрседен өзге, өткен заманның неғұрлым объективті көріністерін көз алдымызға дұрыс келтіре алатын нәрселерді алуымыз үшін зерттеу жұмыстарында түпнұсқа дерек көздерінің қандай түрлерін қолданысқа қосуымыз қажет екенін біздің жақсы білуіміз керек. Философтардың «нәр ететін наны» жеке дара алынған ерекше нәрселер емес, қайта тарихи үдерістің барысын зерттеуден тыс әдістемелік проблемалар болып табылады. Оларды тарихи үдерістің жанды да нақты негізі өте сирек қызықтырушы еді, қазір де ілуде бір реттен артық қызықтыра қоюы екіталай. Олар жалпы схемаларды ғана бейнелеп сызады, жалпылама қарапайым қағидалардың формулаларын жасайды және оларды дамыта түседі. Бұл ретте ерінбей-жалықпай, одан-бұдан үзіп-жұлып құрастырумен айналысуы үшін жалпы ортақ нәрселерді емес, өзіндік ерекше тарихи деректерді, «дерекнамаларды» қажет ететін тарихшылардың не жасап жатқандарымен санаспайды да. Ал менің өзімді де тарихшы ретінде қатты қызықтырып келген нәрсе тап әлгі ерекше тарихи деректер болып табылады. Өйткені тарихта, шынын айтқанда, ешнәрсе де қайталанбайтыны айдай айқын. Ол тарихи ерекше нәрсені түсіну үшін және әлдебір синтетикалық схемалар ретінде дұрыс ұйымдастыру үшін зерттеу жұмысының бастапқы кезеңдері қандай болуы керек екені туралы алдын ала терең ойластыру қажет болады. 50-ші жылдардың аяқ кезі мен 60-шы жылдардың бас кезіндегі кеңінен өрістеген пікір алысулардан менің алған серпінді күш берерлік нәрселерімнің бірі, міне, осы еді. Жаңа кеңістіктің іргесін кеңейтуге ұмтылған мен, сөз жоқ, шамадан тыс асығыстықпен бірнеше мақалалар сериясын жазып та, жариялап та үлгердім. Оларда бірқатар аса маңызды проблемаларды талқылауға бел будым. Өйткені ол мақалалар маған негізінен алғанда өзіме қажетті плацдармды тазартып алып, онда жаңаша тарихи зерттеу жүргізуді кеңінен өрістету үшін керек болды. Сөйтіп, әлдебір жаңа ойлардың үміт оты жылтырады. Ол ойлар қалай дегенде де ресми идеологияны сынға алуды көздеді, бірақ, әрине, ол сын бір жағынан едәуір дәрежеде тұспалдап, жұмбақтап айтуды, баспасөз бетінде жарық көруге болатындай сыпайы сипатта жазуды қажет етті. Сөйтіп, мен «қоғамдық-экономикалық уклад» және «өндіріс тәсілі» деген ұғымдардың өзара қатынасы қандай екендігі туралы мәселені қарастырдым. Мұның өзі өндіріс тәсілдерінің ауысуы жөніндегі маңызды да негізгі қағиданың өзіне күмән тудыруға мүмкіндік берді.


184

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Онда мен капитализмге дейінгі кез келген қоғамдық формацияда біз қағидатты түрде көп укладтылық жағдайдың болғанын көреміз дегенді дәлелдеуге, бірақ ол укладтардың қандай да болсын біреуін жеке бөліп алып, сол қоғамның жетекші, формациялық дәрежедегі, негіз қалаушы уклад ретінде қарастыру тарихшы үшін тіпті де жол беруге болмайтын өрескел қателік екенін көрсетіп беруге тырыстым. Мақала «Вопросы философии» журналында жарияланды. Бұл жердегі ең қызықты мәселе менің әлгіндей ой айтуға батылдығымның жеткенінде емес, қайта журнал редакциясының сол мақаламды қалай жариялап жіберуінде еді. Менің бір әріптесімнің айтқанындай, шынында да адамдардың «ақылойында әлдебір абыржыған өзгерістің» болғаны, едәуір идеологиялық сасқалақтап қалудың орын алғаны әбден ықтимал еді. Бәрін де жіпке тізгендей етіп, қатты қадағалап отыратын марксистердің назарына әншейінде іліккен бойда-ақ нағыз қауіпті қастандықтың тап өзі деп табылатын нәрселердің көпшілігі жарияланатын мүмкіндік туды. Мен әлгі мақалада күнә жайлаған жер бетінде ешқандай да қоғамдық-экономикалық формация дегендер мүлде болған емес, олар тарихшылардың ойлап тапқан нәрселері деген батыл пікір айттым. Мен қазір де тап сол көзқарасымнан тайған жоқпын. Әрине, менің бұл пікіріммен келіспейтіндер де табылар. Бірақ олар бұл пікірім үшін тап қазір маған «учаскеге сүйрей жөнелерлік» айып тағыла қоятын болар деген күдік ешкімнің де ойына кіріп шықпайды. Ал ол кезде болса... Сөйтіп, мақала ешқандай кідіріссіз жарияланып кетті. Соңынан сан соғып қалғандар табылды да, мені бұршақтай бораған сынның астына ала бастады. Бірақ айтар сөзім айтылды – болар іс болып, бояуы сіңіп қалған еді. Басқа бір мақаламда тарихи заңдылық туралы мәселені қозғадым. Тарихты ілгері жылжытатын мызғымас заңдар бар, олар да табиғат заңдары сияқты объективті сипатқа ие деген марксистік идея қағидатты түрде алғанда мүлде жалған нәрсе екенін айттым. Өйткені табиғат заңдарының гносеологиялық және онтологиялық мәртебесі тарих заңдарымен салыстырғанда мүлде басқаша. Себебі тарихты адамдар жасайды, бірақ олар, Маркстің сөзімен айтқанда, тарихты өздерінің жасап жатқанын білмейді. Бұл ретте маған тарихтың жалпы заңдары деп аталатын қағидаттарды еске алуымның өзі де жеткілікті сияқты көрінеді. Өйткені ол заңдардың мән-мағынасыз деңгейде жиі айтылып, жұртты ығыр етіп біткеніне кәміл көз жеткізу үшін жетіп жатыр. Мысалы, марксизмнің қайталап айта беретін қағидасы мынадай: өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруіне


ГУРЕВИЧ А. Я.

185

алып барып соқтырады; адамдар әлдебір идеяларды қалыптастырудан бұрын күнделікті қарын тойдыратын тамақ табуға мұқтаж болады... Бірақ адамдар әуелі бидай егіп, астық өндіреді. Содан кейін барып оның ойында бидай егу идеясы келеді деген қағиданы кім дәлелдеп бере алады? Ондай идеядан хабары жоқ адамның жалпы алғанда бидай егуі мүмкін нәрсе ме? Тарихшы жалпы тарихи заңдардың қандай қызмет атқаратынын зерттемейді, шын мәніне келгенде, оның мұнымен ешқандай да жұмысы жоқ. Тарихшылар нақты тарихи заңдылықтарды, атап айтқанда, нақты жағдайлар мен оқиғалардың қалай нақты тоғысуын, яғни уақыттың шектеулі бір кезеңінің барысында әрекет ететін әлдебір вектордың жасалуына қалай алып барып соқтыратынын зерттейді. Қысқаша айтқанда, бұл мақаланың шабытты пафосы жалпы тарихи заңдар туралы ілімге тікелей қарсы бағытталған болатын. «Тарихшының басынан кешкен оқиғасы» (1973); «Қоғам өміріндегі заңдылықтың, жүйеліліктің табиғаты туралы, тарихи үдерістің «алдын ала бағдарланып қоймайтындығы» туралы ойлар: яғни дамудың желісі қандай болатынын белгілеуге белсенді түрде қатысатын, өзі сол дамудың өзінің арқасында ғана анықталып қоймайтын әрбір тарихи оқиғаның елеулі маңыз алатындығы туралы; тарихтың дамудың себептері мен желілерін қарапайым «жинақтаудан» ғана көрінбейтін, қайта оларды белгілі бір құрылымға айналдыратын, тарихтың әр түрлі жоспарларын бір-бірімен үйлестіріп отыратынын «көпфакторлылығы» туралы ойлардың барлығы да әрқашан ең басты да маңызды идеяның төңірегіне – адамның әлеуметтік үдерістегі атқаратын ролі төңірегіне шоғырланып келеді. Менің тарихи заңдылық туралы 1965 жылы «Вопросы истории» журналында, содан кейін едәуір өзгертілген түрде «Тарих ғылымының философиялық проблемалары» деген жинақта көшіріп басылған мақаламда бұл мәселелердің көтеріліп, алға қойылуы барынша қарапайым шамалап болжам жасау түрінде ғана болғанына, тіпті өз дәрежесіне дейін жетілдірілмей, атүсті көтеріле салған әрекет деңгейінде қалғанына кейіннен кәміл көз жеткіздім». Сол мақала [...] халықтық демократия елдерінде, тіпті үш ұйқтасам, түсіме де кіріп шықпаған жерде – АҚШ-та жарияланды. Колумбия университетінің бір студент қызы маған сол мақаланы тарих факультеті студенттерінің өздерінің семинарында талқыламақ та болғанын айтты. Алайда студенттердің ереуілі басталып кетуі салдарынан университеттің уақытша жабылып қалуына байланысты ондай


186

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

талқылаудың да, пікір сайысын өткізудің де реті келмепті. Сондай-ақ американ көсемсөзшісі G.Mendel-дің менің сол мақалама (Гулыганың және басқа да кеңес авторларының мақалаларына) талдау жасап, АҚШта жарияланған үш шолу мақалада ерекше назар аударуы да сол кездегі жағдай тұрғысынан алып қарағанда кісі таң қаларлықтай қызық оқиға болған еді. Оның біржақты бұрмалау тұрғысынан берген бағаларын айтпай, былай қоя тұрғанда біздің не жазып, не қойып жатқанымыз сырттан бақылаушының өзі үшін де мейлінше күтпеген нәрсе болып шыққанын атап өткеніміз жөн...». «...Жоғарыда аталған мақалалардың түпкі мақсаты Құдай жаратқан «тарих дөңгелегінің» немесе оның үйреншікті «сорабының» идеяларын теріске шығару болып табылатын еді. Өйткені ол идеядан зор дегенде елеусіз ғана, яғни жалпы бағытты өзгерте алмайтын ауытқулар ғана болуы мүмкін болатын. Сондай-ақ бізге гегельшілдіктен мұра болып қалған тарих телеологиясын (олай болса діни ілім теологияны да) теріске шығаруды көздейтін. Ол сонымен қатар адамның ақылойы мен таным нысаны арасындағы қатынастарда өзара қарамақайшылықтың бар екенін, яғни тарихи білім эпистемологиясының маңыздылығын және өте-мөте күрделілігін ашып көрсетуді де мақсат етті. Нақты тарихты дөрекілендіретін жүйеден арылтуды көздеді. Атап айтқанда, материалдар байлығындағы алғашқы ұстанған бағытбағдарды ой елегінен өткізу құралдарынан енді оған қандай мөлшерде кедергі келтіретін тосқауылға айналған және оны тарихи даму қозғалысының нағыз көрінісі етіп бейнелейтін нәрсеге айналғанын атап көрсету қажет болды. Орта ғасыр тарихымен айналысатын медиевист ретіндегі мен үшін капитализмге дейінгі дамудың өзіндік ерекшелігін атап көрсетудің әсіресе ерекше маңызы бар еді. Өйткені дамудың ол түрін буржуазиялық қоғамның категориялары бойынша бірдей түсіну мүмкін емес болатын Сондықтан да оны дұрыс түсінудің жаңа, әлгі қоғамдарға қолдануға неғұрлым қолайлы да икемді, оларды асыра дәріптеу, шектен тыс тым жетілдіре көрсету қатерінен аулақ, яғни нақты тарихты дөрекілендіретін жүйеге қарсы күресте қолданылатын аппарат, яғни тиімді тетік ойлап табу қаже��тігін талап етуге тура келді. Алайда мәселенің бұлай қойылуы капитализмге дейінгі қоғамдардан тек қана «дамымаған» ағзаларды, яғни «адаммен» салыстырғанда бейне бір «маймылдар» сияқты жетілмеген тіршілік иелерін, қазіргі жоғары дамыған қоғамға жету жолындағы әлдебір «әзірлік» сатыларын ғана көруден бас тарту болып табылады. Мәселенің бұлай


ГУРЕВИЧ А. Я.

187

қойылуы прогрестің өткен замандарда орын алған жағдайларға әрқашан жоғарыдан әрі менсінбей жек көрушілікпен қараудың жексұрын әрекетінен біржола арылудың жолы болатын. Мәселенің бұлай қойылуы –адамзат дамуының бір ғана желі бойымен жүзеге асатыны жөніндегі қатып-семіп қалған догмаға қарсы, яғни барлық қоғамдар мен өркениеттер «бірінің желкесінен бірі тізіліп тұратыны» сияқты түсінікке қарсы өшпенділікті барынша өршіту деген сөз. Сайып келгенде, мұның өзі әр түрлі пікірлердің еркіндігіне, параллель жағдайлардың қатар орын алуына, жекелеген қоғамдардың көп укладты болуына жол береді. «Соцэкгиздің» – әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерді басып шығарумен айналысатын осындай бір баспа болған – жасаған ұсынысына жауап ретінде мен оған өзімнің «Тарихтағы адам» деген кітабымның проспект-нобайын бердім. Менің сол өтінішмәлімдемемді оқып шығып, ондай кітап шығаруға болмайды деген сарапшының басқа ешкім де емес, Тарих институтының әдістемелік секторының меңгерушісі Михаил Яковлевич Гефтер екенін естіп-білгенімде қатты таң қалдым. Біздің өзара қатынасымыз жақсы-ақ болатын. Сондықтан да оның өз пікірін ең алдымен менің өзіме айтуына толық мүмкіндігі бар еді. Бірақ ол бұлай істемеді. Бұл мәселені онымен бірге жеке отырып талқылауға менің де құлқым соқпады. Ал арада біраз уақыт өткен соң мен жағдайдың неге бұлай болғанын түсінген де сияқтандым. Михаил Яковлевич, сөз жоқ, дарынды ғалым адам еді. Жаратылысынан жақсы жетекші, қабілетті ұйымдастырушы, ғажайып шешен, тыңдаушыларын қызықтыра баурап алып, олардың ой-пікірін өзіне бағындырып әкетуге өте шебер болатын. Оның мұндай қасиеттерін өзгелер түгел мойындайтын. Сондықтан да ол өзінің айнала-төңірегіндегілерге күшті ықпал ететін. Тарихтың әдістемелік секторының жетекшісі ретінде сол сектор 60-70-ші жылдар шамасында жабылып қалғанға дейін, сөз жоқ, жағымды да оңды роль атқарды. Бірақ ол Марксті, әсіресе Ленинді «жаңадан қайта оқуды» жақтаушылардың бірі еді. Сондықтан да ол марксизмді дұрыс түсіну Лениннің идеяларын және ленинизмнің берген тәжірибесін мұқият ескерген жағдайда ғана мүмкін болады деп білді. Сөйтіп, Михаил Яковлевич өмірінің соңғы күндеріне дейін ленинизмге кәміл сенген лениншіл болды, Владимир Ильичтің идеяларына өле-өлгенше барынша адал еді, одан бас тартуды ойына да ала алмады. Психологиялық тұрғыдан алғанда бұл әбден түсінікті жағдай болатын. Бұл ретте менің төрелік айтар ретім де


188

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

жоқ. Ондай адамдар аз емес еді. Ал біздің жүретін жолымыз олардан мүлде бөлек болып шықты. *** ХХ ғасырдың бірінші жартысында позитивизм өзінің ұстанған бағытының басым көпшілігін әлі де сақтап қалған еді. (Оны ақылой дамуының артта қалған, өзіміз толық жүріп өткен кезең деп санау қазір де ағаттық болар еді). Позитивизм дерек көздерінде тарихи ақиқаттың үзінді қалдықтары бар деп пайымдайды. Тарихшы алуан түрлі дерек көздерін неғұрлым көбірек игерсе, оның көз алдында тарихи ақиқаттың үзінді қалдықтары соншалықты мол шоғырланады. Сондықтан да олардың басын біріктіруге, себеп-салдарлы қатарларды, түсініктер тізбегін құрастырып, ұйымдастыруға сеніммен асыға түседі және, сайып келгенде, тарихи дамудың заңдарын дұрыс түсінуге бірте-бірте жақындай береді. Позитивист-тарихшы дерек көздерін тынымсыз іздестірумен болады, оларды жинастырып, талдауға кіріседі, жеке мәселелерден бірте-бірте неғұрлым жалпы ортақ мәселелерді талқылауға көшеді, қорытындылар жасайды, ақыр аяғында заңдарды анықтаудың биігіне көтеріледі. Ол заңдардың марксизмнің айтып жүргеніндей болып шығуы тіпті де міндетті емес. Бірақ ол заңдарды жаратылыс тану және дәлме-дәл ғылымдар зерттейтін табиғат заңдары сияқты талассыз айқын нәрсе деп пайымдауға әбден болады. Солай бола тұрса да батыстық ақыл-ой тарапынан ХХ ғасырдың алғашқы үштен бір бөлігінде-ақ тарихи зерттеудің мүлде басқаша әдістемелік қағидаттары ұсынылды. Неокантшылдық эпистемология идеялары қалыптасты және бекем орынға түсті. Ауыр салмақтың орталығы онтологиядан гносеологияға қарай ауысты. Ендігі жерде ХІХ ғасырдағымен, яғни позитивизм үстемдік еткен ғасырдағымен салыстырғанда тарихшылардың алдына жаңа мәселені шешу міндеті тұрды – тарихты танып-білудің мүмкіндіктері қандай, адамдардың басындағы эпистемологиялық түсінік құралы қандай және оны қалай пайдалануға болады деген сұрақтарға жауап іздеу қажет болды. Виндельбандтың, Риккерттің және әсіресе М.Вебердің еңбектерінде нақты өмір шындығы деп аталатын нәрсеге біздің тікелей қол жеткізе алмайтынымыз айқын атап көрсетілген еді. Олай болатын себебі ол шындықтың атам заманда өтіп кеткендігінде, ал қазір мүлде жоқ екендігінде ғана емес, сонымен қатар олардың қолымызға түскен дерек көздеріндегі іздердің тозып, адам танымастай болып өшіп кеткендігінде, дерек көздерінде мөлдіреген айқындықтың жоқтығында,


ГУРЕВИЧ А. Я.

189

оны мұқият талдап шешіп, түсіндіре білудің қажеттігінде еді. Ал оны мұқият талдап шешу, өткен замандарда болып өткен оқиғаларға дерек көздері арқылы терең бойлап ену, біздің тарихшылардың қолдарындағы түсінік аппаратына, таным құралдарына егжей-тегжейлі терең талдау жасай алған кезімізде ғана мүмкін болмақ. Макс Вебер аса маңызды таным құралы ретінде «ең жоғары тұрпат» туралы ілім ұсынды. Оны қоғамдық-экономикалық формациялар туралы маркстік іліммен салыстырып көрейік. Марксист-тарихшыға түсінік схемасының нобайы тәжірибеден тыс, априорлы түрде алдын ала, тіпті ол материалды зерттеуге кірісуден бұрын берілді. Сондықтан да ол әлгі нобайдың түрін өзгертумен, нақтылай түсумен, әлдеқайда байытумен ғана айналысады. Ал ең маңыздысы, яғни мәселенің мазмұны қандай болуы керектігі, тағы да қайталап айтамын, оған, яғни зерттеушіге, күні бұрын айтылып қойған болатын. Ал, Макс Вебердің айтуы бойынша, тарихшы не істеуі керек? Оның жүріп өтер жолы тіпті бөлек. Тарихшы жалпылама тұжырымдамадан бастайды, тарихи нақты өмір шындығының өзі зерттеуі тиіс үзінді қалдықтары туралы алдын ала түсінікті қалыптастырып, құрап алады. Бұл жағдай – өзіндік «ең жоғары тұрпатты» дәріптеу, тарихи нақты өмір шындығынан жоғары көтеріліп, шарықтап ұшу деген сөз. Мұның өзі «ең жоғары тұрпатты» ілімнің нақ өзі болып табылады. Тарихшы соның негізінде дерек көздерінің қойнауына неғұрлым терең еніп, одан өзіне қажетті нақты материалдарды іздеп таба алады. Ал, алдын ала жасалған болжам мен дерек көздерінің материалдары арасында қарама-қайшы жағдайлар болып, олар ең жоғары тұрпатты ілімді құрайтын түсінік жүйесінің ауқымына сыйыспай әрі үйлеспей жатса, онда не істеу керек? Мұның өзі – зерттеу жұмысының шешуші кезеңі. Бұл сұраққа Вебер былай деп жауап береді: ол материалдар ең жоғары тұрпатты ілімді құрайтын түсінік жүйесінің ауқымына сыйыспайды. Тап сондықтан да оны Іdеaltynus деп атайды кейбір жекелеген жағдайларда ең жоғары тұрпатты ілім жинаған нақты материалдардың бір-бірімен сәйкес келетіндігі байқалып қалады. Бірақ әдеттегі көп жағдайда мұндай сәйкестік тіпті қағидатты түрдің өзінде де бола бермейді. Ең жоғары тұрпатты ілімнің және оны толтыру үшін жинақталған нақты материалдың арасында әйтеуір бір үңірейген ашық саңылаулар әрқашан байқалады да тұрады. Осындай қарама-қайшылық орын алып отырған және құлағына тынымсыз құйылып, санасына әсер етіп отырған жағдайда зерттеушінің не істеуі керек? Мұндай жағдайда марксистік схема бойынша кедергі келтіретін


190

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

нақты деректерді біржола алып тастауға, оларға мүлде назар аудармай, дерексіздендіре немесе жай ғана бұл әдеттегі типтік сипатқа сай келмейді, сондықтан да ол оншалықты маңызды нәрсе емес, қоғамдық формациялық құбылыстардың төңірегіндегі ұсақ-түйек нәрселер, тіпті пайдаланылған құралдың дұрыс көрсете алмаған олқылығы ғана деп түсіндіруге тура келеді. Прокруст төсегіндегі жан қиналып, ажал аузында жатқан кезде осының бәрі де қажет болады. Ал Макс Вебердің пайымдауы бойынша әрекет еткен кезде бәрі де осыған керісінше болып шығады. Егер жинақталған, мұқият талдаудан өткізіліп, жүйеге келтірілген нақты материал ең жоғары тұрпатты ілімнің түсінік жүйесіне қарама-қайшы келсе, онда оның түрін өзгертіп, модификациялауы қажет. Яғни мен зерттеу ісін теріс алғышарттан бастаған екенмін-ау, зерттеудің ендігі барысында азды-көпті, немесе тіпті түбегейлі өзгерістер жасау арқылы қайта жұмыс жүргізуге тиістімін деп ойлап, батыл шешім қабылдайды. Олай болса, ең жоғары тұрпатты ілім дегеніміз жинақталған нақты материалдарды қалай еткен күнде де бағындыру қажет болатын, күні бұрын дайын тұрған схема емес, қайта зерттеу құралы болып табылады. Осы құралдың көмегімен нақты материалдарды жинақтауға, зерттеп білуге, бір жүйеге келтіріп, жалпылама қорытындылар жасауға болады. Бірақ пайдалануға тиісті бұл құрал өз орнымен ғана жұмсалуы тиіс. Ал оның пайдалануға жарамсыз екеніне көз жетсе, оны лақтырып тастау қажет. Менің М.Вебердің жұмыстарымен таныстығым 50-60-шы жылдардың барысында басталды. Ең қиын нәрсе ол еңбектерді оқып шығуда болған жоқ. Өйткені олар біздің кітапханаларымызда бар болатын. Ең маңыздысы қай мәселені қалай түсіну керек екендігін, қай ізбен ілгері басу қажет екендігін айқын білуде еді. Сөз арасында айта кетуге тура келеді, мұның өзі Ресей әлемінен қол үзіп, шетелдерде тұруға мәжбүр болғандардың ғана проблемасы емес болатын. 1911 жылы менің Парижге алғаш рет жолым түсті. Сол жолы Ле Гофф менің баяндама жасауымды өтініп, ұсыныс жасады. Мәжіліс залында «Анналдар» журналы редакциялық алқасының мүшелері түгелдей дерлік қатысып отырды. Мен бұл журналдың редакциясымен көптен бері байланыс жасап, мақалалар жазып тұратынмын. Менің оларға бір жағынан, Макс Вебердің және басқа да неокантшыл неміс ғалымдарының, ал екінші жағынан, Февр мен Блоктың көзқарастары арасындағы ұқсастық пен айырмашылық туралы тақырыпта ғана баяндама жасап беруіме тура келді. Менің кәміл сенімім бойынша, бәріне ортақ бір мәселеге әр түрлі жағынан – біреулер эпистемоло-


ГУРЕВИЧ А. Я.

191

гия деңгейі тұрғысынан, ал екінші біреулер нақты зерттеулер жүргізу деңгейі тұрғысынан келген. Мен баяндамамды жасап біттім. Сонда тұрып бір әйел былай деді: «Сіз бізде басқа да ұстаз ғалымдарымыздың бар екенін ескермедіңіз ғой. Мысалы, Дюркгейм!» деді. Пікір таласы бола қойған жоқ. Ле Гоффтың өзі де аса байсалдылықпен үн-түнсіз отырып алды. Бірақ үнсіз қалуы бәріне де келіскендіктің белгісі емес еді. Иә, Дюркгейм! Ал менің бұл аудиторияда ол туралы айтып жатуым едәуір ыңғайсыз еді. Франция мен Германия бір-бірімен іргелес жатыр. Тап сол жылдары Вебер Германияда жұмыс істейтін, ал Блок Германияда ғылыми іссапармен жиі-жиі болып тұратын. Блок, әрине, Вебер шығармаларын оқығанында дау жоқ. Бірақ одан қандай әсерлер алғаны жөнінде ешқандай дерек сақталмаған-ау, шамасы. Оның «Тарихты мадақтау» деген еңбегінен Вебердің эпистемологиясымен жете таныс емес екендігі айқын байқалады. Сөйтіп, Рейн өзенінің екеуі екі жағалауындағы француз «анналшылары» мен неміс неокантшылары арасында өзара байланыстың болғаны байқалмайды. Қазір біреулер маған Демулен атты француз тарихшысының М.Блокқа арналған кітабын оқып береді. Ол тіпті таяуда ғана жарияланған материалдарды пайдаланыпты. Фашистер Францияны басып алған кезде М.Блоктың мұрағат материалдарын тәркілеп, Германияға алып кеткен болатын. Ал соғыстан кейін сол материалдар Мәскеуден бір-ақ шықты. Ішінара ма, толық па – ол жағын біле бермеймін. Әйтеуір, көптеген қызықты да құнды материалдардың бар болғаны рас. Демуленнің кітабынан маған әдістемелік тұрғыдан алғанда тарихтың кейбір түбегейлі мәселелері жөнінде Блок айтып кеткен аса маңызды пікірлерін оқып берген болатын. Бірақ оның бұл пікірлерін өзі аяқтай алмай кеткен «Тарихты мадақтау» деген кітабынан кездестіре алмадым. Демулен Германиядағы неокантшылдық желісі мен Франциядағы Блоктың желісі арасындағы өзара жақындасуы туралы кейбір пікірлерін айтып өтіпті. Тап сондай пікірді Парижде болған кезімде мен де айтқан болатынмын. Неокантшылдық әдістемеде тарихи ұғымдардың зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын құрал ретіндегі ролі әдеттегіден тыс мейлінше табандылықпен атап көрсетіледі. Ал мұның өзі тарихи таным ісінде шын мәніндегі революция боды. Қазіргі тарихи білімнің өмірге келген уақытын неокантшылдық еңбектердің жазыла бастаған кезінен бастау алады деп көрсетуге әбден болады. Табиғат туралы ғылыммен салыстырғанда тарих ғылым ретінде білімнің дербес саласы деген


192

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

мәртебені неокантшылар позитивизмнің қағидаттарын және нақты материалдарды ой елегінен өткізуге кедергі келтіретін, бәрін де қамтитын схемаларды жойған кезден бастап алды. Бұл жердегі қызықты нәрсе қандай? Неокантшылар өздерінің осы идеяларын дамытып жатқан тап осы кезде француздардың тарих ғылымында Эмиль Дюркгеймнің, Анри Беррдің және басқа да бірқатар әлеумет танушылардың, философтардың, теоретиктердің тікелей немесе жанама ықпал етуімен орта ғасырларды зерттейтін тарихшымедиевистердің, сондай-ақ Ренессанс дәуірін және Жаңа заманның бастапқы кезеңін зерттейтін мамандардың алғашқы еңбектері жарық көре бастады. Ол еңбектерде неокантшылардың ықпалынан тыс және ең жоғары дәрежелі тұрпаттар туралы тиісті білімнің болуымен ғана тарихи зерттеулердің жаңа бағытының туа қалуы екіталай нәрсе еді. Ол бағыт «ментальдықтар тарихы» деген атпен белгілі болды, ал арада он жылдай уақыт өткен соң «тарихи антропология» деген мәртебені иеленді. Бұл бағыттағы тарихшылар неокантшыл теоретиктер сияқты тарихи зерттеулер жай ғана деректер жинауға арқа сүйемейді деген пікірді басшылыққа алады. Бұл жаңа ағымның негізін қалаушы Марк Блок пен Люсьен Февр тарих ең алдымен өз заманының проблемаларын зерттейді деген қағиданы баса көрсете келіп, тарихнама «жинаушылыққа» қарсы, сондай-ақ жалпы алғанда позитивистік оқиғалы тарихқа қарсы барынша батыл шайқасты. Сөйтіп, Еуропаның гуманитарлық және жалпы ғылыми ақыл-ой жүйесінде едәуір ортақ қозғалыс өріс алды: ендігі жерде Эйнштейннің және классикалық емес физиканың, математиканың басқа да пәндердің көрнекті өкілдерінің еңбектері жаңа сананың, жаңаша ғылыми ойдың символы саналды. Сананың жалпылама жаңа мақсат-мұраттары тарихи танымның жалпылама жаңа негіздерінің қалануына алып барып соқтырды. Кеңес Одағының тарихшылары үшін бұл «Коперник төңкерісі» (аталмыш жаңалық кейінірек батыс тарихнамасында осылай аталып кеткен болатын) құлыптаулы жеті қабат темір сандықтың ішіне тығып тасталған құпия кітап тәрізді қол жетпес нәрсеге айналдырылды. Блок пен Феврдің шығармалары сонау 20-шы жылдардың өзіндеақ жариялана бастаса, олардың неғұрлым күрделі де іргелі еңбектері 30-шы жылдардың аяқ кезі мен 40-шы жылдары, ал Феврдің кейбір кітаптары 50-ші жылдарда жарық көрген болатын. Алайда біздің елімізде ол еңбектерді тарихшылардың тар көлемдегі шағын тобының ғана оқи алатын мүмкіндігі болды. Бірақ өздерінің лекцияларында ол


ГУРЕВИЧ А. Я.

193

еңбектер туралы ештеңе айта алмайтын, олардың авторларының аттары көп жағдайда атала қоймайтын, ал атала қалса, сын тұрғысынан ғана аталатын. Аталмыш француз ғылымдары қаншалықты көрнекті тарихшылар бола тұрса да, қалай дегенмен де, ол кездегі көзқарас бойынша, «буржуазиялық» ғалымдар деп саналатын. Сондықтан да оларға соншалықты қатаң сақтықпен қарауға тура келетін. Осыған байланысты бір мысал келтіре кетейін. Жасы жиырма бес-жиырма жетілердегі жас тарихшы А.И.Неусыхинге М.Вебердің еңбектері орасан зор әсер етіпті. Сөйтіп, ол өзінің мақалаларында Вебер туралы кеңестік оқырмандарға кеңірек айтып беруге бел буады. Адамзаттың алдыңғы қатарлы басқа да барлық ақыл-ой жетістіктері сияқты, Вебердің еңбектерін де оқып-үйренуге тиістіміз деп пайымдайды. Ал мен Неусыхиннің сол мақалаларын оқыған кезде мынадай бір нәрсені айқын аңғардым: Автор Веберді Маркске соншалықты жақындата түсуге, ол екеуінің көзқарасындағы көзге бадырая көрініп тұрған қарама-қайшылықтарды жуып-шайып, тігісін жатқыза баяндауға, бізде қолдануға болатын етуге тырысып бағыпты. Солай бола тұрса да алған бетінен қайтпайтын ортадокстар оны жалма-жан өткір сынның астына алды. Ғылыми білім қалай дамиды? Ғылыми мектептердің қабырғасында ғалымдардың дәстүрлі проблеманы және тиісті материалдарды түбегейлі тауыса зерттеуі арқылы бірте-бірте дамиды деген түсінік бұрын да бар болатын, шамасы, қазір де солай болуы керек. Олардың осылай тұйыққа тірелуді сезінуі жаңа проблемаларды қалыптастыруға, жаңа көкжиектерді ашуға мәжбүр етеді. Міне, сол кезде олар талдау жасаудың басқа, неғұрлым биік деңгейдегі кезеңіне көтерілеміз десті. Менің жеке өз басымнан өткерген тәжірибем мен әріптестерімнің тәжірибелерінен байқағандарым бұған тікелей қарама-қарсы екенін барынша ашық айтуға тиістімін. Біз кабинетіміздің шеңберінде алдымызға контурлы карталарды жайып салып, бір орында табандап тұрып алдық, жаңа проблематикаларға ұмтылуға мұршамыз келмеді. Ал, сайып келгенде, егер біздің кейбіреулеріміз, мысалға алатын болсақ, мына менің өзім, бәрімізді тұтқында ұстаған қоршауды байырғы ескі кәсібімізбен айналысудың барысында әлдебір проблемаларды қалыптастыра білгендіктен бұзып шықтық дей алмаймыз. Тарихи ғылымға жаңа проблемалар ХХ ғасырдың бірінші жартысы мен орта кезінде гуманитарлық ғылымның өзге саласынан ауысты. Тарихи ғылымның өзі тұйыққа тірелді. Бірақ неғұрлым ақылды дана тарихшылар ақырында мынадай жағдайды байқады: өмірде дәл


194

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

мағынасындағы тарихи таным ғана емес, сонымен қатар археология да, этнология да (немесе соңғы кезде Батыста антропология деп аталып жүр), бірқатар өзге ғылыми пәндер де бар болып шықты. Сөйтіп, олар мәселеге пәнаралық тұрғыдан қарауға көше бастады. Мұның өзі бертін келе әлдебір сиқырлы сыры бар нәрсеге айналды да, бұған дейін бір орында табандап тұрып қалған өте қиын жағдайдан жұлқына шығып кету мүмкіндігі туды. ХІХ ғасырда және әсіресе ХХ ғасырда – отаршыл империялардың қатары ыдырап, құлай бастаған кезден бері қарай – этнография ерекше дамыды. Алғашқыда оның зерттейтін пәні «артта қалған» халықтардың (ол кезде олар осылай аталатын) тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқын қарапайым бақылау ғана болды. Бірақ кейіннен ол жоғары мәртебеге қол жеткізіп, антропологияға, яғни ежелгі ескі қоғамдардың ішкі құрылымдарын ашып көрсетуге, олардың қалай жұмыс істегенін қамтамасыз еткен психологиялық және әлеуметтік механизмдерді ашып беруге, сондай-ақ олардың қызмет түрлерінің қазіргі еуропалық қоғамдардағы қызмет түрлерімен салыстырғандағы ерекшеліктерін айқындауға тырысқан ғылымға айналды. Леви-Стросстың және басқа да этнологтардың іліміне сәйкес қарастыратын болсақ, сол ежелгі ескі қоғамдардың және Еуропа мен Солтүстік Американың қазіргі қоғамдарының арасындағы басты айырмашылықтардың бірі олардың соңғысының «ыстық» қоғамдар, ал ежелгі ескі қоғамдардың «суық» қоғамдар болуында көрінеді. Бұл дихотомияның (екіге бөлудің) қаншалықты негізінің бар екені басқа мәселе. Бұл жерде оны қарастырып жатудың қажеті жоқ. «Ыстық» қоғамдағы адамдар қазір өздерінің белгілі бір тарих кезінде өмір сүріп отырғандарын және бұдан бұрынғы кездерде барлық уақытта бірдей тап қазіргідей болмағандарын, ал алдағы кездерде де қазіргісінен басқаша болатынын жасқы біледі. Өйткені әлгі қоғамдар ұдайы өзгеріп отырады, тарихи дамудың үдеріс қарқынына қарай адамдар тарихтағы қозғалысты жете сезіне алады, векторлық бағыттағы қозғалыстың бар екенін айқын аңғарады. Ал «суық» қоғамдар этнологтардың зерттейтін тақырыбы болып табылады. Ол қоғамдар өте баяу дамиды, ескі өмірден тістеніп айырылғысы келмейтіні сонша, тіпті олардың әлеуметтік, психологиялық, мәдени негіздері керітартпа сипатта болады, ондай қоғам мүшелерінің санасында өткен замандағы бір ғана бастауға мәңгілік қайта оралу туралы, өте жай қимылдайтын сылбырлық туралы, ал қазіргі тайпалардың немесе тайпалар одағының жағдайы шамамен алғанда сол баяғы адамдар жаратылған кездегісінен өзгере


ГУРЕВИЧ А. Я.

195

қоймағаны туралы ойлардың үстемдігінен тіпті арыла алмайды. Ол қоғамдар тарихты субъективті түрде емес, объективті түрде бастарынан кешіреді деп біледі. Бір жағынан, антропологиядағы немесе этнологиядағы, ал, екінші жағынан, еуропалық материалдарды зерттеуге негізделген тарихи еңбектердегі жұмыс жүргізу әдістерінің, дерек көздеріне талдау жасау тәсілдерінің әр түрлі болып келетіні әбден табиғи нәрсе. Антрополог әдетте тірі адамдармен істес болады, олардың арасында етене қарым-қатынаста бола жүріп, жұмыс істейді, олардың тілін үйренеді, далалық жерлердегі зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сол бір әлеуметтік және адами құрылымдарға батыл еніп, сол адамдардың дүниетанымының жүйесін, құндылықтарының жүйесін, өмірдегі дағдылы әдет-ғұрыптарының жүйесін ішкі жағынан алып талдайды, сол кездегі дүниенің көрініс бейнесін қайтадан қалпына келтіріп, көз алдымызға елестетуге тырысады. Ал тарихшының иелігінде тек мәтіндер, археологиялық қазба материалдар мен басқа да заттардың қалдықтары ғана бар. Ол осыларға талдау жасау көмегімен әлгі адамдардың қалай өмір сүргенін, олардың дүниені қалай түсінгенін, табиғатқа қалай қарағанын, бір-бірімен қандай қарым-қатынаста болғанын, о дүниелік күштер туралы тағы басқа да жәйттер жөнінде не ойлап, не істегенін белгілі бір дәрежеде түсініп білуге тырыса алады. Алайда Блок пен Февр 20-шы және 30-шы жылдардың кезеңінде антропологтардың баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан сұрақтар тізімнің «ыстық» халықтардың еуропалық тарихын зерттеп жүрген медиевист үшін тіпті де жат, бөтен, иррелевантты (алмастыруға болмайтын) нәрсе емес екенін алдын ала болжап білді. Ерте және Классикалық Орта ғасырлар кезіндегі Еуропа аумағын мекендеген адамдар өмірінің ерекшеліктеріне сәйкес түрі өзгертілгені өзінен-өзі белгілі бір сұрақтарды тарихшының да пайдалануына бола алатын еді. Бір мысал келтірейік. «Суық» қоғамдардың халықтары уақыттың желілік ағыны дегенді – өткен заманның бүгінгі, бүгінгі заманнан болашақ заманға өтуі дегенді білмейді. Олар үшін бәрі де бір шеңбердің бойымен жүріп отыру арқылы пайда болады, М.Элиаденің сөзімен айтқанда, «мәңгілік қайталану туралы аңыз» болып табылады. Уақыт категориясын өзінше түсіндіру сол қоғамға тән құрылым құруға қажетті құрамдас бөлшектердің бірі болып шығады екен. Ал еуропалық тарихта ше? Бұған дейін уақытпен байланысты нәрселер олардың техникалық жағынан ғана зерттеліп келген еді: сағаттың қалай ойлап


196

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

табылғаны, олардың ХІІІ ғасырдың аяқ кезі мен ХІҮ ғасырдың бас кезінде үлкен шіркеулер мен қалалық ратушалардың мұнараларына қалай орнатылғаны, уақыттың сағат арқылы қалай өлшене бастағаны және басқа да жағдайлары зерттеліп келген болатын. Сонда уақыт тұжырымдамасы туралы мәселенің, Орта ғасырларда Еуропаның «ыстық» қоғамдарында үстем болып келген мәселенің күн тәртібіне қойылуға шынымен-ақ құқығы жоқ па? Уақытты жеке адам немесе әлеуметтік топ, немесе бүкіл әлеуметтік үлкен қауым қалай сезіне алмақ? Бұл мәселе ақыры күн тәртібіне қойылды. Сөйтіп, Ерте және Классикалық Орта ғасырлар кезіндегі еуропалықтардың уақыт туралы түсініктері мен Жаңа қалыптасып, Ең жаңа заманда одан әрі дамып келе жатқан түсініктердің бір-бірінен мүлде алшақ екені белгілі болды. Шамасы, мұның өзі дүниені жалпы қалай қабылдаудың өзіндік ерекше құрылымына байланысты болса керек. Уақыт категориясының соңғы жағынан басқа да проблемалар туындап, тізіле түседі. Мысалы, тарих және оның мәнін терең түсіну, тарихи және рулық естеліктер, тірілер әлемі мен өлілер әлемінің бір-бірімен өзара қатынасы (мұның уақыт қозғалысы туралы мәселеге тікелей қатысы бар), сондай-ақ басқа да сюжеттердің кез келген гуманитарлық білімнің түбегейлі терең мәселесіне дейінгі толып жатқан кешендері, яғни әлеуметтік және мәдени институттардың белгілі бір жүйесіндегі адамдар дегеніміз кімдер, адам және оның табиғаты туралы не ойлауға болады, ол адамның өзі туралы қалай ойлайды деген сияқты проблемалар. Ал антропологтар баяғыдан бері қарастырып келген мәселелердің көпшілігі ендігі жерде медиевистердің проблематикасына тікелей қатысты болып шықты. Тарих ғылымы адамның дүниені қалай қабылдау жүйесін зерттеуге ден қойды. Адамның санасында әбден рефлекстендірілген, қисынды тұжырымдалған, философиялық тұрғыдан ой елегінен өткізіліп, мәнмағынасына көз жеткізілген немесе қайтадан ой елегінен өткізуге болатын категориялармен қатар кез келген адамда болатын, оның қандай да білім деңгейіне мүлде тәуелсіз өзіндік жұмбақ құпия деңгейі деген де бар. Мұның өзі, бір қарағанда, әлдебір ретсіз былыққан түсініктер, сезім арқылы алынған әсерлер, дүниені қалай қабылдау туралы ойлар сияқты болып көрінуі мүмкін. Дүниеге осы тұрғыдан қараудың mentalite деген ұғым арқылы бейнеленетін ерекшелігін зерттеп білмей тұрып, адамдардың кез келген қоғамдағы, соның ішінде ортағасырлық қоғамдағы да мінез-құлқы түсініксіз күйінде қала береді. Адамның өзі Мольердің проза деген сөздің мән-мағынасын ұғына алмаса да, бүкіл


ГУРЕВИЧ А. Я.

197

өмір бойы прозамен сөйлеп өткен кейіпкері Журден мырза сияқты, мentalite-нің не екенін біле алмайды. Алайда дерек көздеріне жіті қарап, мұқият зерттеген адамның санадағы әлгі өзіндік жұмбақ құпия деңгейді байқай алуы әбден мүмкін. Бұл ұғым алғаш рет Прусттың романында кездеседі. Ондағы кейіпкерлердің бірі былай дейді: «Жуырда ғана mentalite деген жаңа сөз пайда болды. Осы бір қызық сөздің тілімізге сіңісіп кетуі екіталай болар-ау. Кейіпкердің болжамы теріс болып шықты. Тіпті 20-шы жылдары Леви-Брюльдің «La mentalite primitive» деген кітабы жарық көрді. Осы еңбекті оқып, жете танысқан Блок пен Февр папуастардың немесе эскимостардың «ежелгі логикалық ойлану» табиғаты туралы Леви-Брюль жасаған қорытындыларды Ерте және Классикалық Орта ғасырлардағы Еуропаның әлдеқайда неғұрлым күрделі құрылымдары болған қоғамдарда өмір сүрген адамдардың санасына қалай болса солай, оп-оңай сіңіріп, кеңінен тарата қою туралы ойдан мүлде аулақ болғаны күмән тудырмайды. Бірақ олар, шамасы, адамзат қоғамының кез келген даму сатысындағы адамдардың санасында түсінікелестердің, түйсіне сезінулердің, психологиялық мақсаттардың магмасы – mentalite-нің болатынын болжап білген де шығар. Ол әр кезде даму сатысына тәуелді екендігіне қарай, қоғамның сипатына қарай, басқа да көптеген факторларға қарай әр түрлі бола алады. Ол бір ғана әлеуметтік үлкен қауымның қойнауында да бір-бірінен бөлек байқала алады. Мұның өзі кімдер туралы – білімді де зиялы адамдар туралы ма немесе қарапайым топас адамдар туралы ма – сөз болып отырғанына байланысты байқалады. Бұл жағдай барлық уақытта да орын алады, бірақ оны байқап, анықтау өте қиын. Мен өзімнің оқыған лекцияларымда мынадай салыстыру жасауға талай рет барып жүрдім. Егер сіз бір адамға «Сіздің саяси көзқарасыңыз қандай?» деген сұрақ қоя қалсаңыз, оның нақты нәрселерді айтуы мүмкін. Ал егер «Сіздің философиялық көзқарастарыңыз қандай?» деген сұрақ қойсаңыз, оған екінің бірі жауап қайтара алмайды. Дегенмен де біреудің: материя бірінші, ал сана екінші деп, ��нді біреудің: бір арнадағы ағын суды екі рет кешіп өту мүмкін емес» деп жауап беруі әбден мүмкін. Осы сияқты басқа да сұрақтарға жауап алуға болады. Ал егер «Сіздің діни көзқарасыңыз қандай?» деп сұрақ қойсаңыз, ол: агностикпін, атеистпін, протестантпын, католикпін, православиелікпін, буддистпін, мұсылманмын деген жауаптардың әйтеуір біреуін қайтарар еді. Ал «Сіздің менталитетіңіз қандай?» деп сұрап көріңізші.


198

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Бұл сұрақтың оны тұйыққа тіреп, жауап қайтара алмайтындай ететіні сөзсіз. 60-шы жылдары мен де, басқалар да «ментальпость», «менталитет» деген сөздерді орыс тіліндегі айналымға қостық. Қазір осы сөздің қадірі кетіп болғаны сонша, мен тарихшы ретінде оны аузыма алуға да қауіптенемін. Өйткені былайғы жұрттың мені дұрыс түсінбей қалуы ғажап емес. Менің ол сөзді тарихи таным категориясы ретіндегі мағынасында айтып тұрмын ба, әлде Думаның биік мінберінен әлдебір депутаттың «Біздің бұлай етуімізге орыс халқының менталитеті мұрша бермейді...» деп сөйлеген сөзіндегі мағынасында айтып тұрмын ба, оны ешкім де аңғара алмас еді. Менталитет дегеніміз – біздің санамыздың орасан зор шексіз деңгейі, бүтіннің жай бөлшектерге айналып, әбден реттелген және сонымен қатар мейлінше былыққан категориясы. Ол категория, әдетте, өзіне-өзі талдау жасау тақырыбы бола алмайды. Алайда менталитет тап солай жете танылмаған немесе тек қана ішінара танылған категория болғандықтан да мені кез келген идеологиямен салыстырғанда өзіне әлдеқайда баурап алады. Менталдылық өзгеріп отырады, бірақ ол – өте баяу, ептеп-ептеп қана болатын үдеріс. Ол біздің санамызда идеологияның кем дегенде діни наным-сенім немесе басқа да түрлері сияқты, ұдайы бақылауда бола алмайтындығынан да солай өзгереді. Оның бізге қызмет етуінен гөрі бізді қанап қинауы күштірек. Мен өзімнің идеологиямды немесе саяси көзқарасымды өзгерте аламын ба немесе өзімнің кешегі менталитетімнен бас тартып, одан қол үзіп кете аламын ба және ертеңгі менталитетімді артық санап, жақсы көре аламын ба? Бәлкім, солай болуы да мүмкін. Себебі жастың ұлғаюына байланысты менталитет те өзгеретін шығар. Бірақ ондай өзгерісті сезіну өте қиын. Сондықтан да мен бүгінгі таңда кешегі 50-60-шы жылдарды есіме алғанда өзімнің санамды сол жылдардағы құрылымындай етіп барынша толық қайталауға кепілдік бере алмаймын. Адамның экономикалық, саяси, күнделікті үйреншікті әдеттегі, жыныстық қатынас сияқты кез келген мінез-құлқын түсіну үшін тарихи дамудың тап сол кезеңіндегі белгілі бір топта, белгілі бір тапта, белгілі бір қоғамда менталдылықтың қандай тұрпаты үстем болып отырғанын көз алдымызға айқын елестете алуымыз керек. Мұның өзі жеке адамның санасының ұжымдық мазмұны болып табылады. Ол мазмұн жеке адам санасынан әрқашан жоғары тұрады. Ол – тек менің өзіме ғана тән емес, тұтас алғандағы бүкіл елге немесе тіпті бүкіл қоғамға ортақ мазмұн. Соның өзінде ол әрбір жеке алғандағы адамның


ГУРЕВИЧ А. Я.

199

санасында жасырын жұмбақ түрінде жатады және әрбір өзгерістер болып тұрған сайын әр түрлі үлгіде бой көрсете алады. Солай бола тұрса да, біз белгілі бір кезеңдегі адамдардың мінез-құлқының жалпы «грамматикасын», ойлай білу тәсілдерінің жалпы ережелерін қолымызда бар дерек көздерін өте мұқият және қағидатты түрде жаңаша зерттеудің нәтижесінде белгілі бір мөлшерде айқындай аламыз. Бұл ретте тек француз ғалымдарының ғана емес, сонымен қатар американдық, итальяндық, германиялық зерттеуші ғалымдардың қыруар мол еңбектерімен жақсы таныс болуыма, өз отандастарымыздың кейбір жұмыстарына, сондай-ақ жеке өзімнің де ғылыми еңбектеріме арқа сүйегендіктен де, қазір маған мұның бәрі де салыстырмалы түрде алғанда айқын болып көрінеді. Мен өзімнің тыңдаушыларымның немесе болашақтағы оқырмандарымның белгілі бір бөлігіне осы айтқандарым едәуір мөлшерде белгілі екеніне күмән келтірмеймін. Солай бола тұрса да, мен осы бір салыстырмалы түрде алғандағы айқын мәселеге тым болмаса қысқаша ғана тоқтала кетуге мәжбүр болып отырмын. Өйткені бұл жерде әңгіме 50-ші жылдардың аяқ кезі мен 60-шы жылдардың бас кезіндегі орын алған жағдайда тарихшының ішкі жан дүниесі мен көзқарастарының түбегейлі терең қайта құрылғаны туралы болып отыр. Маған осындай ойлар алғаш рет қаптап келе жастаған кезде менің басымда біздің қоғамдық және менің жеке өз басымның даму барысында көптен бері жинақталған көне деректер мен клишелер молынан қордаланып қалған еді. Алғашқыда мұның бәрі де маған мейлінше жоғары дәрежеде былығып кеткендей, түсініксіз әрі толық емес нәрселер сияқты болып көрінген еді. Сондықтан да әлгі жаңа ойлар қыруар көп күш-жігер жұмсауыма душар етті. Мен мынадай бір жағдайды байқадым. Тап осы бағытта, мейлі қарсы жағынан болғанымен, басқа да гуманитарлық пәндердің мамандары қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Тап сол 50-ші жылдардың аяқ кезі мен 60-шы жылдардың бас кезінде екінші рет үлгі жасайтын белгілердің жүйесі туралы ілім – семиотика да өзінің алға алып барар жолын іздестіре бастаған еді. Семиотиктердің де, менталдылықты зерттейтін тарихшылардың да Орта ғасырмен айналысатын медиавистика саласындағы және ерте Жаңа заман саласындағы ойларының қозғалысы бір бағытта әрі бірдей дамып келе жатқан болып шықты. Семиотика сөзбен айтып жеткізу жоспарлары мен мазмұн беру жоспарлары арасындағы қарама-қайшылықтар мен айырмашылықтар туралы сипаттап жатуды қажет етпейтін қарапайым қағиданы ұсынады. Сіз ол мәтінді талдай бастайсыз.


200

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Оның шын мәніндегі ақиқат немесе жалған нәрсе екендігіне, оның ішінде ішкі мән-мағынасына терең бойлап, жете түсіну үшін ол мәтіннің сыртқы бейнесінің көрінісінен гөрі ішкі жағында жасырын жатқан мән-мағынасының қалың қабаттарына жіті үңілу керек. Ол құпия жатқан мән-мағынаның тіпті автордың өзіне де белгісіз болуы әбден мүмкін. Істің шынтуайтына келгенде, бұл жерде әдеттегі әдеби және басқа да мәтіндерді зерттеуден мәдениеттің өзі арқа сүйейтін сананың құрылымын зерттеп білуге көшу жүзеге асады. Алғашқы кезде мен өзімнің көптеген әріптестерімнің тарапынан бейне бір түк естімейтін бейтарап саңырау біреулердің немесе ашықтан-ашық қарсы шыққаны айқын көрініп тұрған адамдардың кейпіндегі біреулердің іс-әрекетіне тап болдым. Әдетте олар менталитетті зерттеп білуге барынша қарсы бола қойған жоқ. Бірақ оны әлеуметтікэкономикалық ғимараттың кейбір басы артық сыртқы безендірілуі немесе сәулет өнерінің қажетсіз дарақылығы деп жариялауға бейім тұрды. Үйреншікті марксистік тұрғыдан мейлінше қарапайым әрі тұрпайы түсіндірілетін идеология деген ұғым олардың қажетін толық қанағаттандыра алатын еді. Ал, шынтуайтына келгенде, бұл жерде әңгіме тарихи танымның тақырыбына қатысты түпкілікті өзгеріс жасау, олай болса, тиісінше, оның жаңа әдістемесі туралы болып отыр. Бірте-бірте ең басты, ең маңызды нәрсе жаңадан зерттелетін мәселелерді дерек көздеріне қарай бұрып, біржола бағыттауда екені анық болып шықты. Мұның өзі тарихшы үшін ең қиын міндет еді. Бұл жерде қаншама көп қан, қаншама көп тер төгіледі десеңізші! Бұл жерде қаншама найзалар, қаншама қаламұштар айқасқа қатысып, үсті-үстіне сынып, бүлініп жатады десеңізші! Елеулі қарама-қайшылықтар туындап, шиеленісе түседі, елеулі идеологиялық өзара айыптаулар айтылады. Ондай жағдайларды мен де, мен ғана емес, өзгелер де бастарымыздан кешірдік. Ал мен бұл сораптың әйтеуір бір нәтижеге, бәлкім, ешкім де күтпеген, бірақ қалай да жемісті нәтижеге қол жеткізетін жол екеніне әуел бастан-ақ кәміл сенген едім. Бір жағынан, тарихтың жалпы тұжырымдамаларын талдауға арналған өз еңбектеріме, сондай-ақ әдістемелік және эпистемологиялық өзінен-өзі түсінікті қарапайым пайымдауларға сүйене отырып, ал, екінші жағынан, Блоктың, Феврдің және олардың жолын қуушы Дюбидің, Мандрудің қалай дегенмен де біздің кітапханаларымызда пайда бола бастаған еңбектерін оқыпбілудің арқасында мен тарихи материалдарды қалай зерттеу керек екендігін бірте-бірте үйрене бастадым. Бұл ретте өзімді бақытты жан санаймын. Өйткені біз осында бейне бір мысықтың соқырлары сияқ-


ГУРЕВИЧ А. Я.

201

ты, қалай қарай жүрерімізді білмей, жол таба алмай жүрген кезімізде мен Батыстағы жетекші тарихшылардың еңбектерінде бой көрсетіп, үн қата бастаған жаңалық атаулыға дер кезінде құмарта көңіл бөлдім. «Тарихшының басынан кешкен оқиғасы» (1973 жыл): «Басқаларда қандай екенін қайдам, мына менің жеке өз басымда иррационалды (ақыл жетіп болмайтын), интуициялық сезіммен болжам жасау, жартылай саналы пайымдаулар жағы өз жұмысымның барысында үлкен, мен айтар едім, аса көрнекті орын алады. Олар менің тың проблемаларды іздестіруіме, оларды қолмен ұстағандай етіп байқап көруіме, әсіресе мәселені жеріне жеткізе терең зерттеуіме көмегін тигізеді. Менің ақылымның философиялық сипатта болмағаны әттеген-ай дегізерлік өкінішті. Менің жүйелі түрде категориялар жасауға деген қабілетім мен бейімім жоқ және дерексіздендірілген ұғымдар әлемінде өзімді-өзім «суда еркін жүзетін балықтай» сезіне алмаймын. Менің әрдайым әлдебір нақты деректердің жиынтығына арқа сүйеуіме, өзімнің көз алдыма әлдебір тарихи нақты жағдайды елестетіп отыруыма тура келді. Мен логикашы да, әлеумет танушы да емеспін. Сондықтан да тарихи уақытты «өзгертіп тастауға», тарихтың материясына «менсінбей қарауға» мүлде қабілетсізбін. (Ал бұл сөздерімде ешқандай құпия ирония жоқ, дұрысын айтсам, оншалықты көп емес. Мен өзімді олар сияқты емес, басқаша адам екенімді жай ғана көрсетіп өтуді мақсат еттім). Оны аз десеңіз, мына бір жағдайымды да айта кетейін. Мен өзімнің басымда не қағаз жүзінде алдын ала жасалған жоспар бойынша жазу өте-мөте қиын. Менің қолыма қалам алып, жаза бастауым үшін өзімнің жалпы идеямның, нақты проблемамның, алдын ала ойша болжам жасауымның, олармен байланыстыруға болатын әлдебір нақты деректерімнің болуы қажет. Міне, мен сонда ғана, мәселені ой елегінен өткізіп, жан-жақты дайындалғаннан кейін ғана жазу үстеліне барып отырамын. Жұмыстың қаншалықты сәтті жүріп беретіні де немесе жүрмей, не тұрып қалатыны да белгісіз қалпында болады. Мақаланы, оның үстіне, көлемді кітапты басыңда жоспарлаған бойда отыра қалып, тез жазып шығу мейлінше қиын, мүмкін емес нәрсе сияқты болып көрінеді. Көп нәрсені жазу барысында ғана ойластырамын. Творчестволық үдеріс (немесе оның аса маңызды құрамдас бөлігі) дегеніміз осы болар. Жазу барысындағы қалыптасатын бағытымның қайда алып барып соқтыратынын өзім де білмей қаламын. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба – ол жағына мән бере қоймаймын. Бірақ солай, тек қана солай жұмыс істеуге әбден дағдыланып кеткенмін. Мұның бәрі де, сөз


202

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

жоқ, менің интуитивті бастаманың маңызды ролі бар деп ойлауыма байланысты. Мен бұл қасиетті кезек күттірмейтін зәру проблемаға деген сезімталдықтың бастамасы деп батыл түрде айтқан болар едім. Өйткені өз қолымдағы дерек көздері материалының сабақтас желілерінің ол проблемаға тап қай жерде және қашан, қалай алып барып соқтыратынын айқын көрсете алады. Мен осы қасиетімді жұмыс барысында бірнеше рет тексеріп және бірнеше рет оңды нәтижелер алғаннан кейін ғана өз интуициямның нығая түсетінін байқаймын. Бірақ оны қалай анықтауға болады? Бұл жерде түсінігі онша анық емес, оның үстіне жеке өз басыңа байланысты қолдану онша қолайлы бола бермейтін «талант» деген нәрсені былай қоя тұрып, мен ақыл-ойды, жұмысқа деген ынталы қызығушылықты, еңбек сүйгіштікті, ең бастысы жаңа идеялар мен деректерге деген ашықтықты бірінші орынға қояр едім. Өйткені ғылыми интуицияны құрайтын бөлшектер, оның сан алуан қырлары (бірақ олардың негізгі түйіні, бәлкім, анықтауға келе бермейтін басқа бір нәрседе жатуы да әбден мүмкін) міне, осылар болып табылады. Тап осындай ашықтық кезінде, әрине, біреудің көзқарасын удай ащы, адам түсініп болмайтын тілмен барынша сынап-мінеп қалу үшін емес, қайта оған жете назар аударып, мән-мағына беру өзінен-өзі белгілі болатындай тұрғыдан қарау, оны адал ниетпен талдап, пайдалы деген жақтарын іріктеп ала білуге дайын болу, өзге адамның пікіріне құрметпен қарау, өзіңнің көзқарасыңа жақын және интеллектуалды «шаруашылығыңда» пайдалануға жарайтындай нәрселерді іздестіру; өзіңнің жасаған қорытындыларыңды ғылыми жетістіктермен әріптес ғалымдардың қарсы айтқан пікірлерімен немесе түпнұсқа көздеріндегі деректермен қарама-қайшы келіп қалған жағдайлар тұрғысынан қайта қарауға әрқашан әзір тұру; ақырында, өзің ашқан ақиқатты бірден-бір абсолют деп емес, қайта ол ұдайы қозғалыста әрі өзгерісте болады деп түсіну қажет. Міне, қатып-семіп қалған кез келген догматизм тарихшы пікірінің осындай ашықтығы жағдайында быт-шыты шыға қирайды». Тозығы жеткен дәстүр мен санаға сіңіп қалған берік кертартпа көзқарастың тұтасқан қалың қабатын жарып өтіп, дүниеге басқаша тұрғыдан қараудың қажетті шарттары, міне, осындай деп ойладым. Мен қазір де, содан бері ширек ғасыр өткеннен кейін де, тап осы пікірімде қалып келемін. Бірақ мына бір жағдайды да қосымша айта кеткім келеді. Өз жұмысыңа логикалық талдау жасау мен оны ақылпарасат тұрғысынан ой елегінен өткізу әлі жеткіліксіз. Тарихшының


ГУРЕВИЧ А. Я.

203

жұмысындағы түбегейлі өзгерісті қамтамасыз ететін нәрсе – оның мінез-құлқы. Мен өзімді конъюнктура тұрғысынан айтылмаған, бірақ істің шын мәніне тікелей қатысы бар қарсы пікірлерді қабылдауға бейімі жоқ, мейлінше қасарысқан қыңыр адаммын деп айта алмаймын. Мұнан да зорын айтайын: өзімнің өткір әзіл-оспақтарым – ең алдымен өзіме қатысы бар нәрселер. Қайдағы бір іріп-шіріген жексұрын ымыра жасасуға, азапты ауыр еңбегіммен қолым жеткен құндылықтарымнан өз еркіммен бас тартуға ешқашан принципсіздікке дейін баратын солқылдақтыққа бара алмаймын. Алайда айнала төңірегімдегі адамдардың арасынан әділетсіздік танытқан жандарды көп көрдім. Олардың бәрі де, көз алдыма елес беріп, шалыс қадам жасауымнан әрқашан сақтандырып келеді. Мынаны да естен шығармауым керек: мен өзімнің санамды түбегейлі қайта құруды жападан-жалғыз дерлік өз бетімше әрі өз әріптестерімнің бір тобы маған деген күдігін барған сайын арттыра түскен ауыр жағдайда жүзеге асырдым. Сондықтан да үстем болып тұрған ақыл-ой ырқына берілмеудің, сондай-ақ жалпы көпшілік мақұлдаған ғылыми және идеологиялық нұсқаулардан ықпай, оларға қарсы болудан қорықпаудың маңызы соншалықты күшті сезілді. Алайда өзіммен пікірлес жандар жоқ еді десем, менің мұным дұрыс бола қоймас еді. Мен студент және аспирант кезімнен бастап-ақ өзімнің жұмыстарымды жүргізудің бүкіл барысында менің ізденістеріме ұдайы қызығушылық таныта бақылап, байқап отыратын жанашыр жанның сын тұрғысынан айтылған ескертпелерін әрқашан айқын сезініп келдім. Кей жағдайда ол маған alter ego ретінде өзінің сұрақтарын беріп, күмән келтіріп және қарсы пікір айтып, ал енді бір жағдайда ешнәрсе айта қоймаса да, менің жұмысыма өздерінің қанағаттана қоймағанын айқын сездіріп жүрді. Менің ол сұхбаттасым, кей жағдайда қарсы пікір білдіруші оппонентім, сындарлы сын айтатын, тіпті кей-кейде уытты ащы мысқылымен аяусыз сойып салатын аяулы да адал зайыбым Эсфирь болатын. Жоғарыда атап өткенімдей, шектен тыс атаққұмар еді, бірақ жеке өзі үшін емес, мен үшін, менің жұмысым үшін сондай болды. Сондықтан да менің ең бірінші міндетім оның қолдауына лайық болудың қамын жеу еді. Оның өмірден озғанына көп болды. Бірақ жоғары адамгершілік пайымды пікірлеріне және ғылыми тұрғыдан беретін бағаларына әрқашан лайық болуға тырысуым өзіміз бір шаңырақтың астында жарты ғасырдан астам уақыт өмір сүрген кездегі баяғы сол қалпында қалып келеді.


204

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Өзі қайтыс болардан бірнеше жыл бұрын менің «Тарихшының басынан кешкен оқиғасы» деген қолжазбамды қайта көшіру кезінде оның бір жақ шетіне өзі қолымен жазып қалдырған бір жазуына көзім түсті. Ол жазу 1997 жылғы 2 наурызда жазылған екен. Эсфирь сол жылы тамыз айында қайтыс болды. Оның жазғаны мынау: «Осынау орасан зор кең дүниеде ол жалғыздық көрумен келеді. Ле Гоффтың мемуарлық жазбаларын оқысаң, орасан зор мәдени қатынастың куәсі боласың. Дүние жүзінің түпкір-түкпіріндегі, әр түрлі саланың ғұлама ғалымдарымен жасалған байланыстар, олармен бірлесіп жазған мақалалар, проблемаларды терең талқылаулар қаншама десеңізші! Ал мұнда оның ешкімі жоқ. А.Я. (Арон Яковлевич) кеше (1997 жылғы 1 наурызда) маған былай деді: сен менің өмірімдегі бірден-бір сұхбаттасым әрі сыншым болдың!». <…> *** Біздің ақыл-ойымыздың саяси бұғау қыспағынан арылуы Сталиннің жеке басына табынудан кейін ғана мүмкін болды. Біз бір жағынан, рұхсат етілетін, мүмкін болатын нәрселердің шеңберлі шегін кеңейте түсуге, бұрын жасырын түрдегі құпия болып келген нәрселерді жария етуге тырыстық, ал, екінші жағынан, эпистемологиядағы жаңа жолдарды, тарихи зерттеулердің материалдарына басқаша, яғни жаңаша тұрғыдан келудің жолдарын іздестірдік. Мұның бәрі де менің санамда да, кейбір әріптестерімнің санасында да бір-бірімен жақындаса түсіп, бірте-бірте бірігіп кетті әрі тарих саласындағы зерттеулер жасауға жаңадан кең өріс ашты. Жаңадан ашылған осы бір кең өрістің берген мүмкіндіктерін игеруде біз қаншалықты мөлшерде жетістіктерге ие бола алдық? Біздің еліміздегі тарихи білім соңғы отыз-қырық жылдың ішінде түбегейлі батыл өзгерістерді басынан кешірді деп айта аламыз ба? Едәуір маңызды алға басушылықтың орын алғаны күмән тудырмайды. Тарихшылардың мұрағаттық материалдарға қол жеткізуіне неғұрлым кең жол ашылды, бұрынғыға қарағанда Батыстағы, сондай-ақ өз еліміздегі тарихи және теориялық ақыл-ойдың жетістіктерімен әлдеқайда кең мөлшерде таныса алатын жағдай туды. Халықаралық ғылыми байланыстар кенеттен кеңейіп сала берді. Бұл ретте жастардың алдынан едәуір кең мүмкіндіктер ашылды, олардың жағдайы біздің ұрпақтың тап кешегі күнге дейін бастарынан кешіріп келген жағдайымен салыстыруға да болмайтын дәрежеге жетті. Біздің соңғы уақытқа дейін дерлік ойымызға да кіріп-шығуы мүмкін болмаған проблемаларды зерт-


ГУРЕВИЧ А. Я.

205

теу қолға алына бастады. Қысқасын айтқанда, ендігі жерде тарихшылар шығармашылық бостандықтың бұрынғыға қарағанда теңдесі жоқ дәрежедегі еркіндігіне ие болды. Ендігі жерде басы ашық қалып, шешімін таппай тұрған бір мәселе бар: тарихшы осы бостандықты қаншалықты мөлшерде жемісті пайдалана алар екен? Мен де өз әріптестерімнің қайсысына болса да тарихиантро��ологиялық зерттеу қағидаттарын жасырын түрде еріксіз тықпалайын деген ниет атымен жоқ, ондай ойдан мүлдем аулақпын. Бірақ ол қағидаттарды білу қажеттігіне кәміл сенімдімін. Өйткені позитивтің тарихнаманың кертартпа ескішілдігі әлі де ерекше күшті ме деп қауіптенемін. Дегенмен де ХІХ ғасырдағы тарихи ғылымның дәстүрлері тек біздің елімізде ғана күшті болып қалып отырған жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын Парижде Ле Гоффпен әңгімелесіп отырып мен ол және оның пікірлестері ұсынып отырған ғылыми бағыт Сенаның сол жақ жағалауында да салтанат құратын болар деген үмітімді білдірдім. Ол менің қателесіп отырғанымды, шынтуайтына келгенде, жағдайдың тіпті де олай емес екенін айтып жауап қайтарды. Тіпті таяуда ғана Ю.Л.Бессмертный маған мынадай бір жағдайды айтты: қазір Францияда тарихи антропологияның қағидалары мен әдістемелерін ұстанып жүрген екі-ақ қылжақбас қыңыр адам, атап айтқанда Жак Ле Гофф пен Жан-Клод Шмитт қана қалыпты. Ал көптеген француз тарихшылары тарихқа мүлде басқаша, жаңа тұрғыдан қарау жолдарын іздестірумен бас қатырып жүрген көрінеді. Бұл пайымдаудың шындыққа қаншалықты сай келетіндігін Бессмертныйдың жеке басының ар-ожданына түгелдей қалдырамын. Мен оның айтқанының жалған екеніне ешқандай күмән келтірмеймін. Өйткені тарихи антропология қайдағы бір жеке әдістемелік тәсіл емес. Тарихшы оны ілуде бір кездейсоқ жағдайларда пайдаланып қана қоймайды. Тарихи антропология біздің пәнімізге жаңаша тұрғыдан қарау қажеттігін жүзеге асырады. Ендігі жерде тарихи зерттеулердің орталығында заманның барысына қарай ұдайы өзгеріп отыратын адам және әр кез өздеріне тән мәдениетіне қарай өзінше ұйымдасатын адамдардың топтары тұратын болады. Мәселені әлеуметтікантропологиялық тұрғыдан түсінудегі мәдениет ХХ ғасырдың бірнеше онжылдықтары барысында – біздің қалаған немесе қаламағанымызға қарамай – тарихи сананың орталығына ауысты. Менің жеке өзімнің көзқарасым бойынша, қазір біздің ғылыми пәніміз басынан кешіріп отырған «кооперниктік төңкерісінің» мән-мағынасы тап осы түбегейлі ілгері жылжуда болып табылады. <…>


206

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

VІ. Феодализм туралы кітапты талқылау және айыптау ...Біз үшін тарихшы жазушы сияқты, әлдебір еңбекті жасаушы ретінде ғана маңызды емес. Тарихшының жасаған қорытындылары мен бақылау-зерттеулерін пайдалануымызға болады, оның еңбектеріндегі нақты материалдарды, қажетті деректерді көптеп таба аламыз. Ал мені тарихшы, егер ол өзінше дербес ойлай алатын тұлға, ірі ғалым болса, онда ол көрнекті жеке адам ретінде де қатты қызықтырады. Сонда ол қандай адам? Өзім оқыған университеттің кафедрасына сипаттама берген кезде ондағы әрбір ұстазға жеке-жеке тоқталып өтетінмін. Тап сол сияқты Батысқа іссапарға бару дегеннің мән-мағынасы ең алдымен Леруа Ладюри, немес Жак Ле Гофф немесе Карло Гинцбург дегендердің кімдер екенін көру болғаны ма? Мен қызықты зерттеулерді оқыған кезде автордың жұмыс істеудегі әдісі, мәселені қай тұрғыдан қоятыны, жасаған қорытындылары ғана маңызды деп санамаймын. Өйткені қашан болса да менің алдымда сұрақ туындайды да тұрады. Алғашқы бір қарағанда оның иррелевантты болып көрінуі де ғажап емес. Бірақ іс жүзінде жұмыстың мазмұнына қарай тіпті өте-мөте релевантты екенін көремін: тарихи үдеріске өзінің көзқарасын білдіретін адамның жеке өзі қандай, ол бұрын қалыптасып қалған көзқарасын қайта қарай ала ма әлде бұрынғы көзқарасында қала бере ме, ал осының бәрі белгілі бір адамның жеке басында қандай өзіндік түсінік тудыра алады? Адам мен оның шығармашылығының бір-бірімен сөзсіз тұтасып кетуі, органикалық байланыста болуы маған өте-мөте елеулі де маңызды мәселе болып көрінеді. Менің өз өмірімде мұның өзі ерекше маңызды роль атқарды. Өйткені өзім әрбір қадам басқан сайын әр түрлі жағдайларды көп көрдім: ғылыми мүмкіндігі мол әлдебір әріптесім өзінің қолынан келетін нәрсесін жасай алған жоқ, себебі оның мінезқұлқы сай келмеді, басына түскен азапты ауыртпалыққа шыдауға ерікжігері, табанды төзімділігі жетіспеді, біздің бала кезімізден-ақ басымыздан кешкен, сөйтіп жүріп, өткен ғасырдың ең соңғы кезіне дейін қиналып өмір сүрген, адам төзгісіз жексұрын ахуалға қарамай, бәріне де төтеп беруіне күш-жігері жетіспеді. Ақыл-ой ешкімді де адастырып, кедергі жасаған жоқ, ал адам үшін ең басты да маңызды нәрсе – оның мінез-құлқы. Ал көп адам осыған келгенде сүрініп кетумен болады... Біздің өміріміз Сталин орнатқан тәртіптен әлі де толық арылып болған жоқ, «сүйреп әкеліп, жібермей қою» әдісі, бәлкім, полицей-


ГУРЕВИЧ А. Я.

207

лік практикада болмаса да, адамдар мен өкімет билігінің санасында сірескен қалпында сақталып келеді. 70-ші жылдардың аяқ кезі мен 80-ші жылдардың бас кезінде қоғамдық жүйе орасан зор мөлшерде әлсіреп, қайта бас көтере алмастай күйреп тынды. Осының алдында Хрущев орнатқан қатаң тәртіптен де ештеңе қалмады. Істі дұрыс жүргізе алмаушылық, өзара келіспеушілік, қарама-қайшылық дегендер әр түрлі билік деңгейі қызметінің бәрінде де орын алды. Сондықтан да ол кезде «біздің саясатымыз бірпартиялық, бірақ оған кірер есік әр түрлі» деген сөздер жиі айтылып жүрді. Орталық Комитеттің әр түрлі бөлімдерінің бір-бірімен ашықтан-ашық қарама-қайшылықта болуын былай қойғанда, басқа да толып жатқан әлдебір өзгеше айырмашылықтар болып тұрды. Ал мен сондай айырмашылықтардың ара-арасымен өтіп кетіп, аман құтылдым. Ешқандай тәртіп сақталмады, адам таң қаларлықтай жағдайлар болып жатты. Идеологиялық мекемеге ауыстыра салу кеңінен етек алды, мекеменің бірінде қызметінен алынған адамды екінші бір идеологиялық, яғни біз басшылық тарапынан жасалатын бақылаудың жоқтығы арқасында өйтіп-бүйтіп өмір сүре бердік. <…> *** ...Менің ғылыми қызметімнің басталған уақыты шамамен 1950-ші жыл еді. Қазір, міне, 2000-шы жыл. Бұл жылдар арасында салауатты дұрыс күштердің басы біріге қойған жоқ, творчестволық өзара қарымқатынас та орнай алмады. Осы бір іштей ыдыраңқылық, таза ғылыми негізде бірігуге қабілетсіздік, менің ойымша, біздегі гуманитарлық білімнің дамуына кедергі болған аса күшті нәрселердің біріне айналды. Тіпті жақында ғана, жетпіс жылдай кешіктіріп барып, Марк Блоктың «Керемет жасаушы корольдер» деген кітабы ақыры орыс тіліне аударылды-ау әйтеуір. Кітапқа соңғы сөз жазу жөніндегі өтініш маған жасалды. Оның алғы сөзін Ле Гофф жазған болатын. Онда ол аталмыш кітаптың мән-мағынасы неде екенін ашып жазған еді. Оған қосымша тағы да не айтуға болады? Мен мынадай нәрсені жаздым. 20-шы жылдардан бастап Старсбургте, одан соң Парижде гуманитар ғалымдардың тобы құрылғаны және оның дами түскені туралы айттым. Ол топта әр түрлі саладағы тарихшылар – ежелгі көне дәуірді зерттеуші, шығыстанушы, Орта ғасырды зерттеуші медиавист мамандар, Қайта өрлеу дәуірімен айналысатын тарихшылар, психологтар, лингвистер мен басқа да бірқатар гуманитарлық мамандық иелері болды.


208

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Олар өзара түсіністік орнатуға, контекстің көлемін кеңейтуге, сөйтіп, гуманитарлық білім проблемаларын соның шеңберінде ғана көтеруге және толық түсінуге болатынын айтып, қыруар күш-жігер жұмсады. Мұның өзі – Францияда бірнеше ұрпақтың тұсында болған жағдай. Сонау 20-шы жылдардан, осы қозғалыстың идеялық дем беріп, жігерлендірушісі болған Анри Беррдің кезінен, Блок пен Феврдің ұрпағы кезінен бастап, Бродель, Дюби, Ле Гофф, Леруа Ладюри ұрпақтары арқылы Жан-Клод Шмиттің және басқалардың келесі ұрпағына дейін әбден кемеліне жетті. Сөйтіп, гуманитарлардың төрт-бес ұрпағы әуелі Страсбургте, одан соң Сенаның сол жақ жағалауында ұдайы өзара тығыз байланыста болды. Ecole des Hautes Etudes en Sciences Sociales тұрпатты мекемелер, «Annales» сияқты журнал пайда болды. Олардың төңірегіне бір-бірімен пікірлес ғалымдар шоғырланды. Ал ол ғалымдар өздерінің теориялық көзқарастарын жариялау және насихаттау мүмкіндіктеріне ие болып қана қойған жоқ, сонымен қатар өздерінің көзқарастарын жүзеге асыруға бағытталған нақты еңбектерін жариялауға мол мүмкіндік алды. Жанашыр жолдастың иығына ұдайы сүйену сезімі пайда болды. Әркім өзінің жұмысымен айналысып жатқан сияқты болғанымен оның бәрі де бір ғана іспен айналысып жатқандай көрінді – ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі позитивизм рухы шырмап алған тарихи ғылымды әлдебір қағидатты жаңа ғылымға айналдыруға ұмтылыс жүріп жатты. Ал біздің басымыз бірікпей-ақ қойды, әлдебір екінші дәрежелі мәселелер жөніндегі айтыс-тартыстан арыла алмай-ақ қойдық, қайдағы бір жалған проблемаларды ойдан шығарумен болдық. Ал бұл екі арада ең маңыздысы гуманитарлардың творчстволық жарысы, аса тығыз өзара байланыс орнату болатын. Көрсетілген бағыттағы француз тарихшыларының тәжірибесі басқа тұрғыдан алып қарағанда да үлгі аларлық. Әр ұрпақ өзінің ғылыми жетекшісін (немесе бірнеше жетекшісін) алға шығарды. Ал ол зерттеу жұмыстарының мейлінше жоғары стандарттарын белгіледі. Мұның өзі оның әріптестерінің өз кезегінде бұрынғыдан да жоғары міндеттерді орындауына түрткі болды. Біздің қазіргі кеңестік кезеңнен кейінгі жағдайларымызда ғылыми дәстүрлердің қайдағы бір нашар түрлері мұра болып қалып отырғанда ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру жөніндегі қамқорлықтың қағидатты түрде зор маңызы бар... ...Менің өзімнің тікелей мүдделі зерттеу жұмыстарымның шеңберінен тыс жалпы теориялық мәселелерді ойластырумен


ГУРЕВИЧ А. Я.

209

айналысқан уақытым 60-шы жылдардың соңына қарай аяқталды. Оның ішкі сипатты себептері де (менің уақытымды медиевистика тақырыбы барған сайын көбірек ала берді) маған байланысты емес, сыртқы себептері де болды: «жылымықтан» кейін қайтадан «суық түсе» бастады, менің жазған жұмыстарымды «Вопросы истории» журналы да, басқа басылымдар да қажет еткенді қойды. Ол ол ма, көп ұзамай-ақ маған және басқа да құрылымпаздарға (структуралистерге) қарсы «шабуыл» кеңінен үдей түсті. Тарихшының жоғарыда аталып өткен даму бағыттары, әрине, жалпы ортақ дамудың мәні бір әр түрлі жақтары, тарихшы адамның жеке өзінің қайта құрылуы еді. Осындай ауыр да ұзақ өзгеріс атаулының мән-мағынасын мен қоршаған дүниені және тарихты толық қамтып көруге мұрша бермеуге арналған көзден тасалап тұратын қалқандардан бірінші кезекте құтылуда, сөйтіп, «жасырын жабық» жүйені «айдай айқын ашық» жүйеге айналдыруда деп білемін. Соның өзінде, әрине, «микрожүйенің» (жеке адамның) және «макрожүйенің» (әлеуметтік топтың) арасындағы сәйкессіздік шиеленісе түсті. Мұның біріншісі жаңа идеяларға кеңінен ашылып, оны құшақ жая қарсы алды, ал екіншісі барлық сыртқы өзгерістердің орын алғанына қарамай, өзінің бұрынғы негізінде «жабық» күйінде қала берді... Бірақ бұл жерде әңгіме ол туралы емес. Міндет тарихшының тарих тасқынындағы нақты жағдайды жете ұғынуында болатын. Бұрын мұндай жағдай мейлінше қарапайым түрде суреттеумен баяндалатын. Бақылаушы-тарихшы өзінің кедергі келтірмейтін және бұрмаламай көрсететін «құралдарының» көмегімен тарихтың даму үдерісін «сырттан» қарап қана шығатын. Ал ол үдеріс әлгі «құралдардың» мүлде арғы жағында өтіп жататын. Тарихшы тарихтағы болмыстың заңдарымен жете қаруланғандықтан да, тап соның көмегімен түпнұсқа материалдардан «деректер жинастырады» және оларды өткен заманның толық объективті көрінісіне рет-ретімен орналастырады. Өткен заманның көрінісін шын мәнінде қайта құрудың бір ғана мүмкіндігі бар болып шығады. Барлық дерлік тарихшылар осы жұмысқа жұмыла кіріседі. Одан адал да ақ көңілімен адасқандар немесе тарихты саналы түрде қасақана бұрмалаушылар ғана тыс қалады. Тарихтың «деректері» дегеніміз бізге түпнұсқа материалдардан «берілген» объективті шындық деп саналады. Бұл көзқарасқа қарағанда, тарихи түпнұсқа материалдар тарихшыны өткен заманмен жалғастыра алатын бірден-бір әрі өте сенімді байланыс қаналы болып табылады. Дәстүрлі сын ережелері дұрыс сақталған жағдайда ол зерттеушіні


210

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

сапалы, дұрыс (кейде онша жеткіліксіз) ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қысқасы, қайта құруға жататын өткен заманнан бастап сол қайта құруды жүзеге асыратын тарихшыға дейінгі ақпараттың бүкіл «жолы» түп-тура, айқын және ешқандай үлкен шығындарға душар етпейтін сияқты болып көрінеді. Тарих ғылымы жаратылыс тану ғылымдарына ұқсас деген пікір қалыптасты. Философтар мен тарихшылар «мәдениет туралы ғылымдардың» «табиғат туралы ғылымдарға риккертиандық қарама-қайшылығын теріске шығару үшін қыруар мол күш-жігер жұмсады, сөйтіп, ғылымның барлық саласындағы гносеологиялық процедуралардың бір екендігі туралы өздерінің кәміл сенімдерін одан әрі нығайта түспек болды. Тарихи зерттеуді бұлай түсіну – ең жоғары дәрежедегі немқұрайды тұрпайылық және аңғал аңқаулық. Бұл жерде ең алдымен сын көтере алмайтын нәрсе – тарихшыны зерттеу «объектісінен» «тысқары» тұратын танушы субъект деп қана ойлау. Ал іс жүзінде ол, тарихшы, тарих тасқынының тап ортасында болады. Сондай-ақ оның санасын бүкіл процедураны зерттеуге байланысты барлық басқа да нәрселер сияқты тарихшы қалың ортасында өмір сүретін әрі одан құтылып шыға алмайтын әлеуметтік-мәдени жүйе анықтайды. Олай болса, оның пайдаланатын «құралы» тарихшының зеттеуші ретіндегі көзқарасын, сондай-ақ тарихты зерттеуіне көмектесетін білімін салыстырмалы сипатта және бұлыңғыр ете түсетін барлық «кедергілерді» толық көлемінде байқай алады. Ол «кедергілерді» тарихшыға өзіндік ерекше жағдайдағы ахуал тықпалайды, ал ол тек сол жағдайда ғана жан-жағына бағытбағдар ұстануға қабілетті бола алады. Мұның бәрі де «кедергілер» емес, әрине (жоюға жататын кедергілер сияқты болып көрінетін нәрселер әлдебір қимыл-қозғалыссыз және ешқандай сыртқы ықпалдың әсеріне душар болмайтын нүктелердегі танымның «қатаң объективтігі» туралы бос қиялға нәр беретін ақыл-ойға тән), қайта әлеуметтік ғылымдар саласындағы адамға тән жалпы танымның кәдімгі табиғи мүдделілікке қоса көбейтілген болмай қоймайтын шарттары деп саналады. Басқаша айтқанда, бақылаушы тарихшы қоғамды оның «ішкі» жағынан зерттейді. Мұны біріншіден дейік. Екіншіден, қоғамды терең тұрғыдан түбегейлі зерттеу табиғатты зерттеуден мүлде өзгеше. Өйткені мұның алғашқысы, яғни қоғам, ойлай білетін, сезіне алатын тіршілік иелерінен тұрады. Олар әлдебір «тарих заңдарына» керанау енжарлықпен бағына салмайды, қайта белсенді әрекетпен өз бастарынан кешіреді әрі оларды өзі де жасап бере алады. Соңғы термин түсіндіруді қажет етеді. Мен бұл жерде «тарихты жасай-


ГУРЕВИЧ А. Я.

211

тын – халық» деген жұрттың ығырын шығарған әрі мән-мағынасын жоғалтқан сөз тіркесі туралы емес, қайта адамдар өздерінің қызметімен айналыса береді деген айқын ақиқат туралы айтып отырмын. Ол қызмет дегеніміздің өзі – тарих. Ол қызметтің өзгермейтін мызғымас шарты мен ажырамайтын құрамдас бөлігі адамдардың ақыл-ойы мен сезімдері болып табылады. Тарихшының ол адамдардың өмірі туралы барлап, байқап білгісі келетін нәрселердің бәрі де тап осы тұрғыдағы мән-мағынасы жағынан алғанда олардың рухани қызметінің жемісі болып шығады. Ал осыдан келіп жасалатын қорытынды мынадай: қоғамның тарихы «нысандардың» (объектілердің) немесе дерексіз абастрактылы категориялардың тарихы бола алмайды; өйткені ол тек қана тірі адамдардың тарихы болуы тиіс – әңгіме мәселені көркем мәнерлілік және тартымдылық мағынасы тұрғысынан алғандағы баяндау туралы емес (бұл – мәселенің басқа жағы), қайта материалды терең ұғыну мен түсіндіре білу туралы болып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жаңадан жасалған ерекше әдістеме, адамның өмірін жаңа көзқарас тұрғысынан жан-жақты қарастыра зерттейтін тың әдіс болуы тиіс. Тарихтың барлық бөліктерін – саясатты, экономиканы, құқықты, тұрмысты, өнерді, философияны, поэзияны және басқаларды – зерттелетін дәуірдегі адамдардың өмірлік қызметіне терең бойлап енудің тәсілдері болатындай тұрғыдан түсіне білуді үйрену керек. Бұл жерде әңгіме тарихты арзанқолды «психологияландыру» (көркем шығарма түріне айналдыру) туралы емес, қайта адам қызметінің барлық саласындағы жеке адам құрылымының, оның дүниені қалай қабылдайтынының, қалай сезінетінінің тәсілдерін, сана-сезімі мен мінез-құлқының ерекше елеулі сипаттарын ашып көрсету туралы болып отыр. Міне, сондықтан маған «Annales» мектебі тарихшыларының еңбектері – Марк Блок пен Люсьен Феврдің және олардың жолын қуушы замандас шәкірттерінің, әсіресе Жак Ле Гоффтың еңбектері ерекше жақын көрінді. Мен ол тарихшылардан өзімнің шын мәніндегі ұстаздарымды таба білдім және мұнымды Марк Блок туралы мақаламда (оның «Тарихқа мадақ» деген еңбегінің орысша басылымда) белгілі бір дәрежеде түсіндіруге тырысқан болатынмын. Тарих – қоғамның даму заңдары туралы ғылым: біздің әдебиетімізде тарих ғылымына берілген анықтамалардың бәрі де осылай деуден танбайды. Ал мұның өзі мүлде дұрыс емес. «Тарих заңдары» туралы сөз болған кезде ол жұрттың ығырын шығарған әрі мазмұндық мәнмағынасынан жұрдай болған әңгіме сияқты әлдебір нәрсеге ұқсайды.


212

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

Ол заңдарды тұжырымдау үшін тарихты оқып жатудың тіпті де қажеті жоқ.. Ал ол заңдарды білудің тарихты оқып үйренуге ешқандай да көмегі тимейді! Философтардың жалпы тарихи заңдар туралы қаншалықты қажет етсе, соншалықты сөз ете берулеріне әбден болады. Ал тарихшы өзінің материалында ол заңдарды іздемейді, іздеуге деген ондай бос қиялға беріле тұрса да, іздемейді. Тарихи танымның нысаны – нақты тарихи өзіндік жеке адам, яғни мәдени, саяси, әлеуметтік өмірдегі қайталанбас жағдайлардың жиынтығы. Мұндай өзіндік жеке адам ешнәрсемен де қатар қарастыруға және салыстыруға жатпайтын бірден-бір бірегей құбылыс дегенді тіпті де білдірмейді. Солай бола тұрса да, бір нәрсені бір дауыспен, бір ырғақпен міңгірлеп қайталай берген жерде тарихтың аяқталатыны аян. [...] Нақты тарихи өзіндік даралық өз бойында әрқашан әлдебір қайталанбас нәрсені әдеттегі үйреншікті үлгімен байланыстыра қамтиды. Оны қандай да болсын белгілі бір үйреншікті арадағы арақатынас айырмашылықтарын белгілеу мүмкін болмайтын жерде ол түсініксіз жұмбақ қалпында, танылмай қала береді. Егер белгілі бір үйреншікті үлгіге толық сәйкес келіп, ешқандай айырмашылығы білінбесе, онда ол тарихи нәрсе болудан қалып, дарынсыз схемашылардың ойдан шығарған нәрсесіне айналар еді. Мектептердегі (мейлі, ол орта кейде тіпті жоғары мектеп болсын бәрібір) тарих пәнінің іш пыстыра жалықтырып жіберерлік тартымсыз болуының себебі ��еде? Мұның себебі ең алдымен тарихтың стандартты схемаға айналдырып жіберілуінде, оның өзіндік дербес бет-бейнесінен айырылуында болып табылады. Тарихшының назары көп нәрсенің мән-мағынасын ашуға бағытталмай тұра алмайды, заңдылықты, жүйелілікті, қайталанып отыратын үдерісті тек сол нақты нәрседен, оның ішкі құрылымынан ғана іздеп табады. Мәдениеттің нақты өзіндік дара бейнесін «жинақтап біріктіретін» және «даралап көрсететін», «заңдастыратын» және суреттеп беретін ғылымдардың неокантшылдық бөлімінің ақиқаттығы, міне, осында. Осы бір қарама-қарсылықтың тұжырымдамасы (әрине, абсолютті түрдегі емес, сөз арасында айта кетейік, Риккерт оны ешқашан тап осындай деп елестетіп көрген жоқ) мәдениет туралы ғылымдарды жаратылыстану-ғылыми ойлау жүйесінің рахымсыз зорлығынан арылту жолындағы үлкен, бәлкім, шешуші қадам шығар. Тарих – мәдениет туралы, нақты тарихи жеке тұлғалар туралы ғылым. Сондықтан да ол қайдағы бір «заңдарды ашуға» қызмет етпейді, оның өз алдына шешетін міндеті бар. Менің бұл туралы талай рет


ГУРЕВИЧ А. Я.

213

айтуыма тура келген болатын. Егер тарих өз алдына әлдебір заңдарды тұжырымдау міндетін қоятын болса, онда ол кімге керек болар еді деп сұрауға тура келеді?! Тарихтың заңдары аз ғана адамды толғандыра алады. Солай бола тұрса да, өткен өмірді есінде сақтай алмайды дейтін зердесіз, парасатсыз, барып тұрған жабайы әрі дамудың ең төменгі сатысында қалған халықтардың өздерінде де бұрынғы өткен өмірі мен тарихы түрлі аңыз әңгімелер, әпсаналар, шежірелер түрінде болса да, сақталып қалған. Тарих саласындағы білім қоғамдық сана-сезімнің бөлінбес бір түрі, яғни мен бірде дәйексөз ретінде келтірген J.Huizinda болып табылады. Онда өркениет өзі туралы өзіне есеп береді. Тарихтың аса терең мәнінің өзі де осында емес пе? Егер біз осы анықтаманы мақұлдайтын болсақ, онда одан тағы да кейбір қорытындылар жасауға тиістіміз. Солардың бірі, бәлкім, көптеген кәсіпқой тарихшылардың ашу-ызасын да тудыратын шығар. Олардың мені тарихты бұрмалауды жақтайды, аңыз әңгімелер мен әпсаналарды пайдалануға және басқа жағдайларға кең жол ашады деп айыптаулары да ықтимал. Ал мен ондай ниеттен мүлде аулақпын. Дегенмен де былай деп пайымдауға батыл тәуекел ете аламын: өткен өмір туралы әңгімелер түріндегі тарих қоғамның, мәдениеттің санасезімінің (өзін-өзі тануының) түрі, өркениеттің өз бейнесін өзі көре алатын айнасы болғандықтан да, (объективті түрде, тарихшылардың ең ізгі адал ниеттеріне сай және қарама-қарсы түрде) мынадай мақсатты көздейді – қоғамды өзінің құндылықтарын, оның дүниені тарихтың экранынан да көріп-біліп, тану тәсілінен, уақыттың қалың қабатына арқа сүйей отырып, оның бүгінгі бет-бейнесін анықтап шығуға итермелейді. Сол арқылы тарих өте ауыр күнә жасауға, оның өз көзқарасы тұрғысынан қарауға, тарихтың өзіне қарсы күнә жасауға бейім екенін көрсетеді. Өткен өмір бүгінгі өмірдің бейнесіне сай үлгіде беріледі. Олай болса, бүгінгі өмір тарихтың терең қойнауына еніп кете барады. Әдетте былай деп саналады: бүгінгі заман өзінің талап-тілектерімен және мұқтаждықтарымен, мүдделерімен және құндылықтарының белгілерімен бірге тарихшылардың өткен замандарға қоятын сауалдарын қалыптастырады. Бұл дұрыс-ақ дейік. Бірақ тарихшылардың өздері қойған сауалдарына алған жауаптары бүгінгі өмір мен әлдебір нәрселер бойынша үндес келген жағдайда ғана анық естіледі – атам заманғы өтіп кеткен дәуір үндерінің бәрі бірдей естіле бермейді және түсінікті бола да алмайды. Біз тарихтың терең түкпірінен келіп жататын ақпараттар тасқынынан тек релевантты, өзімізге қызықты және мән-мағыналыларын ғана іріктеп аламыз. Біз олардан әуе


214

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

толқындарының белгілі бір диапазонындағы ақпараттарды ғана қабылдаймыз. Бірақ бұл айтылғандарды тым сөзбе-сөз әрі сол қалпында ғана түсінбеу керек! Бір жағынан, қоғамның тарихқа қатысты талап-тілектері мен мүдделерінің және, екінші жағынан, тарихшылардың тарихқа талдау жасау жөніндегі кәсіби қабілеттерінің арасындағы өзгеше айырмашылықтарды бір-бірінен ажырата білу керек. Бұл жерде олардың біріншісі мен екіншісінің бір-бірімен сәйкес келе қоймауы (немесе сәйкес келе алмауы) мүмкін. Бәлкім, қоғам үшін өткен өмір туралы тек мифтік аңыз әңгімелер қолайлы әрі керек-ақ шығар. Өйткені аңыз әңгімелердің ақиқат шындығы туралы проблеманың тууы тіпті де шарт емес. Ал тарихшы қоғамның тап әлгі мифтік аңыз әңгімелеріне құмар мүшесі болып табылады және сонымен қатар кәсіби маман ретінде оның қаншалықты «объективті» және «ақиқат» екендігін тексеруге ұмтылмай тұра алмайды. Ол әлгі мифті, бәлкім, түгелімен жоққа шығара да қоймас. Бірақ оған өзінің кейбір түзетулерін, егжей-тегжейлі дәл айқындауды және басқаларды енгізеді. Ақиқат болмыстың ғылыми көрінісі мен сол ақиқат болмысты әдеттегі үйреншікті қабылдаудың арасында саңылау болады, тіпті ол саңылаудың кейде едәуір елеулі мөлшерде болуы да мүмкін. Бірақ олардың арасындағы алшақтықты ойша елестету екіталай нәрсе. Өйткені олардың екеуі де бір мезгілде пайда болады және бір ғана ортақ мәдениетке тән келеді. Сайып келгенде, олардың ғылыми сана да, әдеттегі үйреншікті сана да басшылыққа алатын координаттарының жүйесі ортақ болып келеді. Бұл ретте тарихшылар да өз қоғамынан тыс қала алмайды. Тарихты «қайта құру» арқылы оны «ойдан шығару» да орын алады. Ортағасырлық шежірешілер мен ақындар ертедегі дүниеге серілер мен сеньорларды қаптатып жіберді. Ертедегі адамдарға сыпайы да сүйкімді сипат пен феодалдық өмір салтын тән етіп суреттеді. Ал қазіргі тарихшылар сонау алыста қалған заманнан таптарды, олардың өзара күресін, жеке меншіктің қалай пайда болғанын, дамығанын, өндіргіш күштердің қалай өсіп-жетілгенін, материализм мен идеализмнің бірбірімен өзара күресін, «діннің реакциялық рөлін», тіпті атеизм дегенді де іздеп табады. <…> Тарихтың тарихқа соншалықты қатыгездікпен қарауы қалай да міндетті нәрсе ме өзі? Болашаққа байланысты өзінің күш-жігеріне мейлінше сенімді әрі оптимизмге толы белгілі бір әлеуметтік жүйенің даму генезисі мен гүлдену үдерісі кезеңінде өзін-өзі сынау және бір нәрсеге күшті шүбәлана қарау орын ала қоймайды, сондай-ақ өзінің


ГУРЕВИЧ А. Я.

215

тарихты, ондағы алатын өз орнын ой елегінен өткізе алу қабілетінің күшті екеніне жеткілікті берік сенімі орнығады. Қара күз күшіне мінген кездегідей болмайды. Сол кезде барып рухани аспаптар нәзік сезімталдыққа ие болып, бұрынғы мифтерді ой елегінен қайта өткізуге деген бейімділік пен қабілеттілік арта түседі. Ал ол мифтер бір кезде қоғамның өмірлік күштерін арттырғанымен де кейінірек тозығы жетіп ескіреді, өзінің күш-қуаты мен сенімінен айырыла бастайды. Міне, тап осы кезде мифтерді туындатушы емес, қайта оларды тасталқан етіп қиратушы тарихшылардың заманы туады. Бұқаралық сананың дихотомиясы (екі салаға бөлінуі), бір жағынан, «дұрыс мағыналы», яғни өткен заманның бейнесін осы заманның бейнесіне жақындатып, ұқсас етіп жасау (бірақ бұл ретте бәрін де бірдей айнытпастан ұқсату тіпті де міндетті емес, бірақ ондағы өзіне жақын және түсінікті сипаттарды баса көрсетіп, басқа жақтарына көз жұма қарауға да болады) және, екінші жағынан, тарихшылардың кәсіби сын тұрғысындағы сана-сезімі сонымен өте елеулі де, онша үлкен де емес болуы мүмкін. Өйткені мұның өзі қоғамның нақты мәдениетінің жағдайына, оның қаншалықты өсіпжетілгендігіне байланысты. Мұндай дихтомия тарихшылардың жағдайын әдеттегіден тыс оғаш, тіпті кей-кейде, қасіретті қиын жағдайларға душар етуі де мүмкін. Мысалы, өткен заманның бейнесін оның қоғамдық санадағы түріне бәрінен де жақын етіп көрсетсе, онда оны ғылымнан қашықтатып алады. Ал ғылымға жақындата түссе, онда олар қоғамның мақсат-мүдделерінен қол үздіріп алады. Сөйтіп, тарихшы не онда жоқ, не мұнда жоқ жападан-жалғыз болып шыға келеді. Бірақ, егер мұндай түсінікті қабыл алсақ деседі маған қарсы дау айтушылар, онда тарихтың ғылым болып табылмағаны! Шынын айтсам, мен тарихты ғылым деп атап көрсетіп, оны қайткен күнде де дәлелдеп шығуға күш-жігер жұмсаушылардың әрекетін онша түсіне бермеймін. Мен өзімнің мақалаларымның бірінде белгілі қарт тарихшының «Тарих дегеніміз – ғылым, бұдан артық та емес, кем де емес» деген пікіріне қарсы шығып, мұның өзі ХІХ ғасырда, тіпті біздің жаңа ғасырымыздың бас кезінде де, барынша нанымды естіліп, кімді болса да иландыратын бұл сөздердің қазір көбінесе екіұшты, тіпті орынсыз талап қою тұрғысынан айтылатынын, сондықтан да көп жағдайда шындыққа сай келмейтінін жазған болатынмын. Жалпы алғанда, маған мейлінше дәлме-дәлдікке, барынша толық ақиқатқа, адами атаулы өте-мөте стерилді нәрселердің бәріне де – идеяларға да, құмарлықтарға да,


216

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

талғам түрлеріне де – қатысы бар зор талап қоюды басшылыққа алатын ғылымның бейнесі көп жағдайда жалған, өтірік сияқты болады да тұрады. Мұның өзі әсіресе мәдениет туралы ғылымдарға келгенде ерекше маңызды! Адами ақиқат атаулының бәрі де әрқашан әрі қайткен күнде де антропологиялық сипатта болады. Адамның басындағы сана-сезімде болатын, үздіксіз соғып тұратын жүректерді билейтін ақиқат атаулы адамдарды белгілі бір іс-әрекет түрлеріне бағыттап отырады. Ол сонымен қатар өзі де әр түрлі сезімдерге бөленеді, мақсатты нұсқауларға бағынады, сондай-ақ тіпті эстетикалық сипат түрлеріне де енеді. Бұл жерде оның өзімнің «химиялық тап-таза» бейтараптылығымнан айырылып қалдым-ау деп қамыға жылауының тіпті де реті жоқ. Өйткені ондай бейтараптылыққа ол ешқашан ие болып көрген емес. Ақиқаттың, ғылымның адамдарға қызмет етуі үшін солардың тыныс алатын ауасын бірге жұтуы, солардың бет алған ұмтылыстары мен құштарлықтарына қанығуы тиіс. Ғылымның жезөкше бикештің кейпіне түсуінен жаман нәрсе жоқ. Бірақ жер бетінде қалыптасқан дәстүрлі нәрселерден үрейлене қорқа беретін бұзылмаған қыз өмір бойы бедеу қалпында қала береді. Шамасы, мен көпірме көп сөзділікке салынып кеттім-ау деймін. Мәселе мынада: ескі сенім күшінің жаны сірі келеді, сондықтан да «объективті» ғылымның бейнесін жою мүмкін емес дерлік деуге болады. Оны жақтап, бар дауыстарымен айқай салып, шырылдап шыға келетіндер – ең алдымен ғылымды өйтіп-бүйтіп жүріп өздерінің мүдделері мен мұқтаждарына бейімдеп алатындар. Алғышарттарсыз ғылымның болуы мүмкін бе? Ол алғышарттардың тамыр жайған жері қайсы? Қоғамның ғылыми талдауды тудыратын қажеттіктері қайдан және қалай пайда болады? Биологтар мен математиктер пәндерінің қаншалықты бұра тартпайтын әрі барынша әділ екенін өздері айта жатар. Ал менің тарихқа байланысты машақаты мол азапты әуре-сарсаңға түсетін шаруаларым басымнан асып жатады. Өйткені мен тарихты нағыз бұра тартатын ғылым деп есептеймін. Тарихшы өзінің ұнататын және ұнатпайтын нәрселері болмай, бір нәрсеге қызықпайынша және бейімделмейінше, тіпті алдын ала мақсат еткен идеялары болмайынша, жұмыс істей алмайды. Себебі ол қоғамда әрекет ететін, әр түрлі қылықтар жасайтын, ақыл-ой мен қызығушылығы арқылы тынымсыз іс-қимыл танытатын адамдарды зерттейді. Мәселенің бұл жағын оның ғалымдар аксиологиялық жағы деп атайды, ал мен адами жағы деп білемін.


ГУРЕВИЧ А. Я.

217

Әр дәуір, кез келген қоғам өздерінің тарихын неге қайта қарауға кіріседі? Бұрынғы ескі (кейде тіпті онша ескі де емес) тарихшылардың жазған еңбектері мен негізін қалап кеткен құрылымдары неге тез тозып, тез ескіріп қала береді? Тіпті қазірдің өзінде, 70-ші жылдардың бірінші жартысында, өз университеттеріміздегі көзі тірі тарихшы ұстаздарымыздың кітаптарын оқу неге мүмкін болмай қалып отыр? «Ғасырлар бойы» өзгермейтін еңбек жазуға неге болмайды?! Олай болмайтын себебі біздің дүние көз ілеспес жылдамдықпен тез өзгеріп барады, онымен бірге біздің тарихты қарастыратын перспективамыз да өзгеріп шыға келеді. Тарихқа деген қызығушылық өзгелерді, біздің ұрпағымызды толғандыратын мәселелерді өткен тарихқа назар аудармайынша шешуге болмайды. Менің де, менің құрдастарымның да естерімізде мынадай жағдай әлі күнге дейін сақталып қалған. Бір кезде қоғамда тарихқа деген құмарлық қалған жоқ, өзіңді тарихшымын деп таныстырудың өзі онша ыңғайлы тимейтін заман болды. Біздің кәсібімізге деген сенім де, құрмет те қалмады, біздің кітаптарымыздың ілуде біреулері ғана оқылатын жағдайға ұшырадық, кітаптарымыздың бағасы үсті-үстіне арзандатылып, тіпті ендігі жерде қажетсіз деп танылып, лақтырып тасталып та жатты. Өте дұрыс жасалды: өйткені оларда бойға қуат, ойға нәр беретін мәселелер болмады, олар адамдарды тебірентіп, толғандыра алмады, оның үстіне, белгілі бір қабылданған шешім атаулы да болған жоқ... Ал қазір жағдай мүлде басқаша, тарихқа деген қызығушылық орасан зор көлемде еселеп арта түсті. Жұрт тарихшылардың кітаптарын сатып ала бастады, механикаматематика факультеттеріне қарағанда тарих факультетіне оқуға түсу де қиынырақ бола түсті. Сонда бұл нені білдіреді? Және ол тарихшыға қандай міндеттер жүктейді? Тарихшылар әзірше елеулі түрде жақтаған қоғамдық пікірді кездестіре қойған жоқ, тек өз орталарындағы (бастықтарымен ғана!) дұрыс қарым-қатынасты қанағат тұтумен шектелді. Олардың берген өнімдері көбінесе қалың оқырман қауымға елеулі түрде жете қойған жоқ. Мұның өзі – ол еңбектердің кері байланысы бола алмай отыр деген сөз. Өйткені әзірше қоғамдық пікір туған жоқ! Қазір тарих пәні бойынша ғылыми еңбек жазған автор өз оқырманын көз алдына елестете алады – оның ондай оқырманы бар. Ал ол оқырман тарихшыдан әлдебір тың Сөз күтеді (Ол, әрине, ондай сөзді философтан да, деректі шығарма жазатын көсемсөзшіден де, кино және театр режиссерлерінен де күтеді, бірақ мен жазушылар тарапынан тым сирек


218

ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ

күте ме деп қауіптенемін). Қазір тарих ғылымы мен қоғамның оны оқи алатын, ойлай білетін бөлігі арасында жаңа қарым-қатынастар орнап келе жатыр. Ал ол қатынастар біздің беретін өнімдеріміздің сипаты мен бағытына өзінің игі ықпалын тигізбей қала алмайды. Мұны қалай болса солай қара дүрсін түсіне салмау керек. Мен бұл жерде тарихты әдейі өз пайдасына жұмсай қалғысы келетін арзан қолды қулықты да, көңіл көтеру үшін оқылатын «бестселлерлерді» де, ұраншыл үгітті де (мұның символы Е.Б.Черняк) айтып отырған жоқпын. Ең маңызды нәрсе өзіміздің оқырмандарымыздың пайда болғанын сезіну және осыдан белгілі бір қорытындылар шығару болып табылады. Бұл деректі мойындаудан шығатын әрі өзі сұранып тұрған алғашқы қорытынды мынау: менің ойымша, біз өз ғылымымыздың атқаруы тиіс қоғамдық қызметі қандай болуы керек, оның шын мәніндегі міндеттері мен табиғи сипаты қандай болатынын неғұрлым тереңірек білуіміз қажет. Тарихшының өзі зерттейтін дерек көздеріне қоятын сұрақтарын, сайып келгенде, оның өз қоғамының өмірі, қазіргі мансап-мүдделері айқындап береді. Содан барып заманалар арасындағы байланыс орнайтын перспектива пайда болады. Мен мұны диалог деп атаған болар едім. Диалог болған соң оған бір ғана жақ емес, екі жақ қатысуы керек қой. Олай болса, тарихшы өзі зерттейтін дәуірдің «сайрап қоя беруі» үшін өзінің күш-жігерін мейілінще толық жұмсауға тиісті. Бірақ өлі тілдерді қалай сөйлетуге болады? Бір кезде ол тілде сөйлеген адамдардың оған берген мән-мағынасының ең кемінде бір бөлігін қалай қайтаруға болады? Егер сол дәуірге қалай болса солай емін-еркін еніп кетіп, оны субъективті қабылдамай, байланыстың неғұрлым сенімді әрі жүйелі жолдарын таба білсек, онда өте күрделі әдістемелік және эпистемологиялық проблемалардың тұтас бір кешенін шешуге тура келер еді. Міне, тап осы жерде тарихқа лингвистика, семистика, мәдени антропология және басқа да аралас пәндер (әдебиет тануды және өнер тануды қоса) елеулі түрде көмектесе алған болар еді. Кейбір жағдайда тарих та белгілі жүйелері бар ғылымға айнала алады. Қазіргі тарихшы қанша нәрсені білуі және жасай алуы тиіс?! Оның қыруар нәрсені қайта оқып шығуына тура келеді. Міне, осының бәрінің сыртында мынадай да жағдай бар. Бізде тарихшы аталатындар соншалықты көп бола тұра шын мәніндегі нағыз тарихшы тіптен дерлік жоққа тән. Сондықтан да бізге тарих туралы, қаттырақ айтқанда, мүлде тарихшы емес басқа мамандық иелері (мысалы, Ю.М.Лотман, Вяч.Вс.Иванов, С.С.Аверинцев сияқты адамдар, ал олар шала-шарпы


ГУРЕВИЧ А. Я.

219

білімі бар тарихшылардан әлдеқайда жоғары тұрады) көп нәрсені айтып бере алады. Көп нәрсені шұқшия қайта оқу