Page 1

Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

АҢДАТУ Біздің анық кӛріп, сезіп, біліп тұрған айналамыздағы нәрселердің бәрі не табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе, не адам ісінен шыққан жаратынды нәрсе. Орман, теңіз, тау, ӛзен, бұлақ - бұлар табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселер, үй, кірпіш, бақша, арық, құдық - бұлар адам ісінен шыққан жасалынды нәрселер. Табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселердің бәрі табиғат дүниесі болады; адам ісінен шыққан жасалынды нәрселердің бәрі ӛнер дүниесі болады; ӛйткені жасалынды нәрселердің істеліп шығуына адам ақылы, әдіс-амалы, шеберлігі, ӛнер күші кіріскен. Ӛнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс істейді. Тағысын тағы сол сияқты шаруаға керек нәрселерді жасайды. Біреулер кӛрікті мешіт, кӛрнекті там, кӛркем сүрет салады. Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сӛз шығарады. Алдыңғы ӛнер мен соңғы ӛнердің арасында айырым бар. Алдыңғы ӛнерден шыққан нәрселер күн керу ісіне керек шаруа керек-жарақтары. Мұны істегенде «Сұлуынан жылуы» дегендей кӛркем болуын кӛздемейді, тұтынуға қолайлы, жайлы, берік болу жағын кӛбірек кӛздейді. Екінші ӛнерден шыққан нәрселер жылуынан гӛрі сұлу болуы кӛбірек. Кӛзделінгеннен кӛзге кӛркем, кӛңілге жағымды болып істелген нәрселер: алдыңғы нәрселер адамның мақұлықтық жан сақтау керегінен шыққан нәрселер, соңғы нәрселер адамның жан қоштау керегінен шыққан нәрселер. Сондықтан алдыңғы нәрселерді жасауға жұмсалатын ӛнер - тіршілік үшін жұмсалатын тірнек ӛнері болады да, соңғы нәрселерге жұмсалатын ӛнер – кӛркемшілік үшін кӛрнек ӛнері болады. КӚРНЕК ӚНЕРІНІҢ ТАРАУЛАРЫ Кӛрнек ӛнері бес тарау болады: Бірінші — тастан, кірпіштен, ағаштан яқи басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешіт, медресе, үй, там сияқты нәрселер салу ӛнері. Бұл сәулет ӛнері болады. (Еуропаша - архитектура). Екінші - балшықтан я металдан құйып, тастан, ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын-сымбатын келтіріп сүгірет жасау ӛнері. Бұл сымбат ӛнері болады. (Еуропаша -скульптура). Үшінші - түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, кескін-келбетін келтіріп, сүгіреттеп кӛрсету ӛнері кескін ӛнері болады. (Орысша — живопись). Тәртінші — әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрамын келтіріп, құлаққа жағып, кӛңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту ӛнері. Бұл әуез ӛнері болады. (Еуропаша - музыка).

1


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Бесінші - нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сӛзбен келістіріп айту ӛнері. Бұл сӛз ӛнері болады. (Қазақша - асыл сӛз, арабша — әдебиет, Еуропаша — литература). Ӛнердің ең алды — сӛз ӛнері деп саналады. «Ӛнер алды — қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ мал баққан, сӛз күйттеген халық болып, сӛз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы ӛнердің бәрінің де қызметін шамаларынша сӛз ӛнері атқара алады. Қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын – сӛзбен сӛйлеп, сүгіреттеп кӛрсетуге, танытуға болады. Бұл ӛзге ӛнердің қолынан келмейді. Сӛзбен қандай сымбаттау я кескіндеуге болатындығын кӛрсету үшін бірнеше мысал келтіріп қарайық. 1. Абайдың әйелді сымбаттауы. Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласыз қара кӛзі нұр жайнайды. Жіңішке қара қасы сызып қойған, Бір жаңа ұқсатамын туған айды. Маңдайдан тура кескен қырлы мұрын, Ақша жүз, ал қызыл беттіл байлайды. Кӛрінер аузын ашса кірсіз тісі, Сықылды кӛлмен тізген, іш қайнайды. Сӛйлесе сӛзі әдепті һәм мағыналы, Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды. Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойыны бар, Тамағын үлбіреген кір шалмайды. Тақтайдай жауырын бар, иығы тік, Екі алма кеудесінде қисаймайды. Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес Нәзік бел тал шыбықтай бұрандайды. Етіндей жас баланың білегі бар, Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы. Шапы бар қолаң қара жібек талдау, Торғындай толқындырып кӛз тандайды.

2


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

2. Абайдың кҥзгі кҥнді суреттеуі. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан? Жасыл шӛп, бәйшеніек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Айрылған жапырағынан ағаш, қурай. Біреу малма сапсады салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. Қаз, тырна қатарланып кайтса бермен, Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен. Қай ауылды кӛрсең де жабыраңқы, Күжі-ойын кӛрінбейді, сейіл-серуен. Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Кӛңілсіз қара суық қырда жүрсең. Кӛмік сүйек сорпа-су тимеген соң, Тышқан аулап, үйде ит жоқ қайда кӛрсең. 3. Мағжанның толқынды кескіндеуі. Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады. Толқын мен толқын жарысад, Күңіренісіп кеңеспен, Бітпейтін бір егеспен, Жарысып жарға барысад. Толқын мен толқын сырласып, Сырларын еппен ұрласып, Толқынға толқын еркелеп, Меруерт кӛкке оранып, Жыландай жүзге бұралып, Жарға жетер ентелеп. 3


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

*** Еркелеп бала былдырлап, Сылдыр, сылдыр, сылдырлап, Толқынды толқын қуады. Күміс кәусар суымен, Суының алтын буымен Жарының бетін жуады. *** Мӛлдіретіп кӛз жасын, Жасымен жуып жартасы, Сүйтіп сылқ-сылқ күледі. Жылағаны - күлгені, Күлгені — оның ӛлгені, Жылай — күле ӛледі. *** Сылдыр, сылдыр сылдырап, Бірінің сырын бірі ұрлап, Толқынды толқын қуады. Жарына бал береді, Береді де ӛледі. Ӛледі толқын, тынады. 4. Абайдың ән мен кҥйді сӛзбен сипаттап танытуы. Кӛңіл құсы құйқылжыр шартарапқа, Адам ойы түрленіп ауған шақта. Салған ән кӛлеңкесі сол кӛңілдің, Тактісіне билесін ол құлаққа. *** Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды, Жүрек тербеп оятар баста миды. Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда, Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды. *** Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннін. тәтті оралған мәні оятар. Кейі зауық, кейі мұң-дертін қозғап, Жас балаша кӛңілді жақсы оятар. *** Кӛбінесе ән басы келер ащы, Кел тыңда деп ӛзгеге болар басшы. 4


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Керім толғап тауысар, дүңгір-күңгір, Сол жеріне ойыңмен араласшы. *** Әнніңде естісі бар, есері бар, Тындаушының құлағын кесері бар. Ақылдының сӛзіндей ойлы-күйлі, Тындағанда кӛңілдің ӛсері бар. СӚЗ ӚНЕРІ Сӛз ӛнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1. Ақылға. 2. Қиялға. 3. Кӛңілге. Ақыл ісі — аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі — меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу суреттеп ойлау, кӛңіл ісі — түю, талғау. Тілдің міндеті — ақылдың андауын андағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, кӛңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, кӛңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге кӛп шеберлік керек. Мүддесін тілмен айтып жеткізу қиын екендігін, оған ӛте шеберлік керек екендігін мынадан байқауға болады: орыстың асқан ақыны Пушкин жазған ӛлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. Орыстың асқан ойшысы, сӛз ӛнерпазы Лев Толстой шығарған сӛздерін баспаға беріп қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай ӛзгертеді екен. Бұл ойындағы, қиялындағы, кӛңіліндегі нәрсені тілмен айтып жеткізу ӛте қиын екендігін кӛрсетеді. Сӛз ӛнері жүзінде асқан ӛнерпаздар мүддесін тілмен айтып жеткізе алмай, сондай қиналғанда, ӛзгелерге ондай іс оңай болып табылар ма? Сондықтан сӛзден жасап сӛз шығару деген жұмыс әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сӛздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді. Ӛленге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да ішінде бар тандамасы. Іші алтын, сырты күміс сӛз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? — деп Абай айтқандай сӛз шығаратындар кӛп, бірақ келістіретіндері аз болады. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгіреді». Әр ақын, әр жазушы сӛздің басын ӛзінше құрастырып, ӛз оңтайымен тізеді. Ӛз білуінше 5


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

пікірлейді. Сондықтан әрқайсысының лұғатында ӛзіндік айырымы, ӛзіндік белгісі болады. Ол — айырым белгілерін жай айтып түсіндіру қиын, әрқайсысының шығарған сӛздерін оқып, әбден танысып, үйреншікті болғанда ғана сезілетін белгі. Шеберлердің қолынан шыққан нәрселермен таныс адам, сол шеберлердің істеген нәрселерін қай жерде кӛрсе де айтпай таниды; мәселен, пышақты кӛріп, «мынау пәлен ұстаның қолы екен» дейді, ерді кӛріп, «мынау пәлен ершінің қолы екен» дейді. Сол сияқты сӛз ӛнерпаздарының да шығарған сӛздерін оқып, лұғатына үйір болғаннан кейін, онын бұрын оқылмаған, аты қойылмаған сӛздерін де айтпай тануға болады. Сӛздің ӛзін танытататын белгі — тіл яқи лұғат белгісі болады. Ол белгі әркімнің ӛз ыңғайымен, ӛз оңтайымен сӛз тізіп әдеттенуінен, салттануынан болады. Әркімнің ӛз салты болғанымен, ол салттар жалпы сӛз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сӛз шығарушылар әуелі сӛз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, ӛзінің ӛзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сӛз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз заңынан шыққан сӛздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет. ШЫҒАРМА СӚЗ Сӛз ӛнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты — шығарма сӛз, ол аты қысқартылып, кӛбінесе шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сӛз болсын, жазып шығарған сӛз болсын — бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша — әдебиет, қазақша — асыл сӛз дейміз. Шығарма сӛздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері. 1. Тақырыбы. 2. Жоспары. 3. Мазмұны. 4. Түрі. Тақырып - әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз туралы болса, шығарманың тақырыбы «жаз» болады. Той туралы болса, тақырыбы «той» болады, ат туралы болса, тақырыбы «ат» болады. Әңгімедегі пікір не туралы екенін күн ілгері білдіру үшін, шығарманың тақырыбы басынан қойылады. «Айман-Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай жомарт» деген сӛздер шығарма тақырыптары болады және бұл сӛздер «Айман—Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай жомарт» турасында айтылатын әңгімелердің басында тұрады. Әңгіме басында тұрған «Айман—Шолпан» яқи «Бақытсыз Жамал» деген сӛздерді кӛріп, кім туралы айтылатын әңгіме екенін бірден білеміз. Бірақ шығарма сӛздің бәрінің де басына тақырыбы қойыла бермейді. Кӛбінесе ӛлең сӛздердің басына тақырыбы қойылмайды, ӛйткені бір ӛлеңнің ішінде бірңеше нәрселер туралы пікір айтылып кетеді. Тақырыбы бар сӛздер «Айман— 6


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Шолпан», «Бақытсыз Жамал» деп тақырыбы аталғанда, тақырыбы басына қойылмаған сӛздер, мәселен, ӛлендер бастапқы жолындағы сӛздермен аталады. Абайдың ӛлеңдерінде тақырып қойылмаған сӛздер кӛп. Оларды атағанда, алдыңғы сӛздерін айтып атаймыз: «Ӛзгеге кӛңілім тоярсың» деген сӛзі, «Келдік талай жерге енді» деген ӛлең дейміз. Жоспар. Сӛз шығарудан бұрын шығарушы айтатын пікірін қай ретпен жазатынын мерзімдеп, жоспарлап алады: онысы неден бастап, неден соң нені айтып, немен аяқтайтынын белгілеп алу болады. Әңгіменің жоспарын шығарушы адам я ойында белгілеп алады, я кағазға жазып алады. Қай шығарма сӛзде де болса жоспар болады. Бірақ біреуінің жоспары тәртібі сара-сара ашық болады, біреуінің жоспары тәртіпсіз, былықпа ашық болмайды. Қаншама кішкентай шығарма болса да, ӛзіне сәйкес жоспары болады. Балғожаның баласына жазған хаты деген кішкене ӛлең бар, кішкене ӛлеңнің кішкене жоспары мынау: 1.Оқудағы баласына ата-анасының амандығын білдіруі. 2.Баласына айтқан ақылы. 3.Оқымаған қазақ балалары не істейтінін кӛрсетуі. Әңгіме үлкенірек болса, жоспары да үлкен болады. Алайық, мәселен, Сейдахмет ақынның қондырмаған құрбысына айтқан ӛлеңін. Бұл әлгі айтылған ӛлеңнен үлкенірек. Мұның жоспары да үлкенірек мынадай: 1. Құрбысының кім екені. 2.Құрбысына қонуға келгені. 3.Құрбысының қондырмағаны. 4.Қалаға жақын жердегі қонағасының қымбат-арзандығы. 5.Кӛңілдестігін кӛрсету. Мазмҧн. Шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны болады. Солай болған соң, мазмұн дегеніміз бір нәрсе туралы ойға алған пікірді айтуға жұмсаған бүкіл сӛзіміз мазмұн болып шығады. Мазмұнның үш мүшесі болады: 1. Андату. 2. Мазмұндау. 3. Қорыту. Мазмұнның андатуында мазмұн туралы алдын ала айтарға керек болған ғана ойлар айтылып шығады. Сондықтан мазмұнның бұл мүшесі шығарған сӛздің бәрінде де бола бермейді. Аңдату мүше шығармаларда керегіне қарай болады. Мазмҧндауында ой тиегін ағытқан сияқты айтайын деген пікірдің бәрі айтылады. Мазмұндау — шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры, онсыз шығарманың мазмұны болмайды. Мазмұнның қорытуында мазмұндауда айтылған пікірдің қорытылып, маңызы шығарылады. Қорыту мүше де мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді, бұ да керегіне қарай болатын мүше. Сӛйтіп, шығарма мазмұнының аңдату, мазмұндау, қорыту -үш мүшесінің үшеуі де болуға ықтимал, басқалары болмай, жалғыз ғана 7


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

мазмұндау болуға да ықтимал, кейде аңдату мен мазмұндау ғана болады, кейде мазмұндау мен қорыту ғана болады. Тҥрі. Шығарманың мазмұны қай-қай түрде айтылса, сол түрі шығару түрі деп айтылады. Шығарманың мазмұны тӛрт түрде айталады: 1. Жай сӛйлеу түрде. 2. Сӛйлестірген түрде. 3. Хат түрде. 4. Аралас түрде. Мысал: 1. Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын кӛре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл мақрұм қалмағыма кім жазалы, Қолымды деп сермесем ӛстер ме едім? Адамның бір ӛмірі бала деген, Баланы оқытуды жек кермедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім. Ӛзім де басқа шауып, тӛске ӛрледім, Қазаққа қара сӛзге дес бермедім. Еңбегінді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс кӛрмедім. 2. Кебек: Саламағалайқум! Кеш жарық (Тӛрге шығады). Ақан: Әликсалам, е, жарқын, қай ұлсың? Танымадық. Кебек: Ата, мен тобықты Тоқтамыстың інісімін. Атым Кебек болады (Еңлік қарайды). Ақан: Уа, тобықтының ер азаматы аман ба? Елдерің тыныштық па? Кебек: Шүкіршілік, аман, ата. (Үй ішіндегілердің бәрімен амандасады). (Біраз тым-тырыс). Ақан: Жарқын, бимезгіл уақытта келдің, мына пісіп тұрған аз дәмге риза боламысың, жоқ қайтадан қазан кӛтерсін бе? Кебек: Осы да болады ғой, ата, кӛтермей-ақ қойсын. Ақан: Ӛзің түнделетіп қайдан жүрсің, балам? Кебек: Бүгін бір аңшылық қыла шығып едім, әлгі бір әзірде түлкінің ізі кездесіп еді, аң кӛздің құрты ғой, күн батқанға қарамай, соның ізіне түсіп, жаңа мына бір жердегі шатқалда алғыздым. Соған алданып жатқанымда, бұлыңғыр түсіп кеткен екен. Әйтеуір иттің даусымен осында әрең жеттім. Ақан: Мақұл балам, (Айқайлап) Жапал, ай, Жапал! Жапал. (Тыстан) Ау, немене? 8


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ақан: Қойды кӛнге қайырып қой, балам, ығып кетіп жүрмесін. Боран болып үйтсе-бүйтсе, мына қонағыңның атын ыққа байлап қой, шарбақтың ішіне кіргізіп... 3.Үміт еткен кӛзімнің нұры, балам, Жанына жәрдем берсін құдай тәғалам. Атаң мұңда анаң мен есен-аман Сүйтіп сәлем жазады бүгін саған. Атанды сағындым деп асығарсың, Сабакка кӛңіл болсен, басыларсың. Ата-анаң ӛнер білсең, асырарсың, Надан боп білмей калсаң, аһ ұрарсың. Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің, Қолына құрық алып кетер едің. Тентіреп екі ауылдың ортасында Жүргенмен не мұратқа жетер едің. Шығару түрі шығармаларда дәйім бір ӛңкей болып, осы кӛрсеткен мысалдардағыдай кілең сӛйлеу түрінде, я кілең сӛйлестірген түрде, яқи кілең хат түрінде болып айтыла бермейді. Кӛбінесе аралас түрде айтылады. Әсіресе сӛйлеумен сӛйлестірген түрлері аралас келіп отырады. Мысал: ЖӘНІБЕК БАТЫР Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін қаракерей соқыр Абыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан жағын жібекпен таңып отырған адам екен. Жәнібекті кӛріп: —Сен қай ұлсың? — деді. —Қошқар ұлымын, — деді. —Қошқардың адам иісті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба? - деді. —Болармыз, — деді. —Балам, не жұмысын бар, бұл жақта не ғып жүрсің? — деді. —Осы жақта қарт атамыз бар дегенге қолын алып, бір-екі ауыз ақылбілім алайын деп жүр едім, — деді. —А, а!!! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің; сӛз бастап, би болайын деген ұл екенсің. Алдына келсе, әділдігінді аяма, Аймағын. кетпес алдыңнан. 9


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Қол бастап, жол алайын деген ұл екенсің. Жолдастың мыңын алма, бірін ал. Мың кісіге бір кісі олжа салатұғын. Олжаңды аямасан, жолдасың қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға келіп отырмын. Жас күніңде қалын бер де, қатын ал. Жігіттің хан болатын, қыздың ханым болатын уақыты, қартайған соң, екінбе ұлым! Қару жисан, мылтық жи — жаяу жүрсен таяғың, қарның ашса тамағың. Мұнан шығып, Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған деген биге келеді. Келсе бидін елі кеш екен. Қош үстінде кез болып, сәлем беріп ат үстінен кӛріседі. Мұнысын жақтырмай, бұл би сұрайды: —Жаным, қай ұлсың? —Қошқар ұлымын. —Ұлым, неғып жүрсің? Жәнібек оған да айтады: осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрамақшы едім деп. — Е-е-е! - деді би. - Азуы алты қарыс Арғынның Қошқар ұлы Жәнібегі алшынның бір алжыған шалын келемеж қылып кетейін деп едім десеңші. Жәнібек: — Мен сӛз сұраймын деп келсем, кӛңілімді қайтарады ғой, — деп атының басын бұрып алып, жүріп кетеді. Анадай жер барғанда, би: «Эй, Жәнібек!» — деп шақырады. Жәнібек артына қарайды. Сонда би: - Атыңның басын бұрма, солай тұр! Жүзім кішілігінен бір ауыз сӛзбен кӛңілінді қайтардым: «Ӛгізді ӛрге салма, қанатың талар, жаманға жүзің салма, сағың сынар», — депті. МАЗМҦН ТҤРЛЕРІ Шығарманың мазмұнында байқалатын негіздік түрлер үшеу: 1. Әуезе. 2. Әліптеу. 3. Байымдау. Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сӛйлесек те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сӛз қылуға болады. Мәселен, бір адамды сӛз қылуға алсақ, я ол адамның істеген ісін, айтқан сӛзін әуезе қылып сӛйлейміз, я тұлғатұрпатын, кескінін, кӛркін айтып, пернесін әліптеп сӛйлейміз, я болмаса ол адамның істеген істерінің, ӛзінің жақсы-жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, байымдап сӛйлейміз. Осыған қарай сӛйлеген сӛзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не байымдама болып шығады. Жоғарыда мысалға алынған шығармалардың әуезе болатын түрі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген Абай сӛзі мен Кебектін Ақанға аң кӛргенін айтқан сӛзі. Әліптеме болатындары: «Абайдың әйелді 10


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

сипаттауы», «Күзді әліптеуі», «Мағжанның толқынды сипаттауы», «Абайдың әнді сипаттауы», байымдау болатыны: «Балғожаның баласына жазған хаты». Кӛбінесе-ақ әуезе, әліптеме, байымдама, шығарма ішінде аралас келіп отырады. Жоғарғы кӛрсетілген сӛздердің қайсысы болсада, таза түрдегі мазмұнды емес. Мазмұн түрі аралас келетін шығарма, мысалы, жоғарыдағы «Жәнібек батыр» деген сӛз. Бірінші бӛлім СӚЗ ӚНЕРІНІҢ ҒЫЛЫМЫ Сӛз ӛнеріне жұмсалатын зат – сӛз. Сӛз шумағы тіл деп аталады. Сӛз ӛнеріне жұмсалған сӛз шумағы да тіл я лұғат деп аталады. Шығарма тілі екі түрлі болады: 1. Ақын тілі. 2. Әншейін тіл. Ақын тілі айырықша оң беріліп айтылған сӛз; әншейін тіл ондай ең берілмей, жай айтылған сӛз. Ақын тілімен сӛйлегенде, сӛзге айрықша ӛң берілгендіктен лебіз кӛрнекті болып шығады. Әншейін тілмен сӛйлегенде сӛзге ӛң берілмегендіктен, лебіз сида, жалаңаш болып шығады. Сондықтан алдыңғысы кӛрнекті лебіз делініп, соңғысы жалаң я (кӛсе) лебіз делініп айтылады. Сӛз ӛнері деп асылында нені айтамыз? Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яқи қиялымызды, яқи кӛңіліміздің күйін сӛз арқылы жақсылап айта білсек, сол сӛз ӛнері болады. Ішіндегі пікірді, қиятды, кӛңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сӛз арқылы тысқа шығару — сӛз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарған сӛз. Сӛзді бұлай етіп шығаруға кӛп ӛнер керектігі жоғарыда айтылды. Сӛз шығару ӛнерді қӛрек қылса, ӛнер ғылымды қӛрек қылады. Мұнан сӛз ӛнерінің ғылымы туады. Шығарманың екі жағы бар: 1. Ішкі пікір жағы. 2. Тысқы тіл жағы. Сондықтан сӛз ӛнерінің ғылымы екіге бӛлінеді: 1. Шығарманың түрінің ғылымы. 2. Шығарманың тілінің ғылымы. Тілінің ғылымы дыбыстардың, сӛздердің, сӛйлемдердің заңынан шығатын тіл ӛңінін жүйелерін танытады, ғылыми сӛз ӛнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады. Сондықтан сӛз ӛнерінің ғылымы, шығарманың тіл ӛңі жағынан тіл я лұғат қисыны болып, мазмұн жағынан қара сӛз жүйесі, дарынды сӛз жүйесі болып бӛлінеді. Әр саласы айырылып бӛлек-бӛлек сӛз болмақшы.

11


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

ТІЛ қисыны (яқи луғат қисыны) Тіл қисыны дегеніміз асыл сӛздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым. Лебіз ғылымының мақсаты — асыл сӛздердің асыл болатын зандарын білдіріп, түрлерін танытып, әдебиет жүзіндегі ӛнерпаздардың шығарған сӛздерінің үлгі-ӛнегелерімен таныстырып, сӛзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатындығын кӛрсету. Сӛзден әдемілеп әңгіме шығару ӛнері үй салу ӛнеріне ұқсас. Үй салуға мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат - топырақ болса, оны біріктіріп илейді, иленген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Үйдің жақсы-жаман болып шығуы балшығынан да, кірпішінен де болады. Бірақ кӛбінесе кірпіштерінің қалауынан болады. Кірпіш қандай жерде қалай қаланып, қандай үй болып шығуы жасаған жобаға қарай болады. Неғұрлым жоба жасайтын сәулет ӛнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сәулетті, әдемі болып шықпақ. Сӛзден құрастырып пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат — сӛздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты. Дыбыстан құралып, сӛз жасалған, кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сӛзден бірігіп түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы — балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сӛзінен, әсіресе сӛздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Бұл рас. Бірақ кірпіш жақсы болса да, қалауы жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сӛз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы сӛздерден де жақсы әңгіме шықпайды. Сондықтан мәнісінің зоры кірпіштің қалауында, жобаның жасауында болған сияқты, әңгіменің әдемі болып шығуы сӛздің тізілуі мен әңгіме айтушынын пікірлеуінде. Неғұрлым сәулет ӛнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым үй де сәулетті әдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым жазушы қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым шығарған сӛз пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ. Жақсылап үй сала білу үшін сәулет ӛнерпазы үй салуға ұсталатын заттардың сыр-сипатын, қасиетін жақсы білуге тиіс: олардың тиісті орнына жұмсалуын жақсы білу тиіс. Кірпіштің түрлі қалауларын жақсы біліп, белгілеген жобамен үйдің түрін келістіріп шығару жағын жақсы білу тиіс. Мұның бәрін жақсы білу үшін сәулет ӛнерінің ғылымын жақсы білу керек. Сондай-ақ тіліндегі сӛзден құрастырып кисынын келтіріп, жақсылап бір нәрсе шығару үшін сӛз ӛнерінің ғылымын жақсы білу керек. Дыбыстың, 12


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

сӛздің, сӛйлемнің сыр-сипатын тану, зандарын білу — бұл үйге керек заттардың сыр-сипатын білу сияқты нәрсе. Керек заттарын сайлап алып, үй салуға кірісу — дыбыстың, сӛздің, сӛйлемнің жайын біліп алып, солардың әрқайсысын дұрыстап орнына жұмсап, пікірлі әңгіме шығаруға кіріскен сияқты болады. Айтушы ойын ӛзі үшін айтпайды. Ӛзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын ӛзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сӛйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни әр сӛздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сӛйлемді тізе білу тиіс. Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. Сонан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Онан әрі үлгілі жазушылардың шығарған сӛздерін оқып, ӛзі іс жүзінде я ауызша айтып, я жазып қолданумен біледі. Біз қазақ тіліндегі сӛздің бәрін білгеніміз казақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп — айтатын ойға сәйкес келетін сездерді тандап ала білуді және сол сӛздерді сӛйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім әр сӛзді ӛзінше қолданады, ӛзінше тұтынады. Бүтін пікірін айтып шығатын әңгіме ішінде түгіл, жалғыз ауыз амандасу жүзінде де әркім әр түрлі сӛз қолданады: мәселен, біреу «Амансыз ба?» деп, біреу «Есенсіз бе?» деп, біреу «Сәләмет жүрсіз бе» деп, біреу «Күйлі, қуатты барсыз ба?» деп амандасады. Бәрінің ой мақсаты бір. Бәрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірак әркім әр түрлі сӛз қолданып, ӛзінше сұрайды. Сол сияқты әркім пікірін сӛз қылып шығарғанда да, ана тіліндегі сӛздерді әрқайсысын әр түрлі қолданады. Қысқасынан айтқанда, әркім сӛзді ӛз қалауынша алып, ӛзі оңтайлы кӛруінше тұтынады. Әркім ӛз қалауынша алып, ӛз оңтайынша алып тұтынған сӛз сол адамның тілі болады. Сӛздің келісті болатын зандарын, шарттарын біліп тізу — тіл қисыны деп айталады. СӚЗ ТАЛҒАУ Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған еді. Оның бірін ақын тілі деп, екіншісін әншейін тіл деп аталады деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл кӛбінесе сӛздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігінін үстіне кӛрнекі, әуезді болу жағын да талғайды. Шығарма сӛз ӛңді, ұнамды болу туралы талғаудын қоятын жалпы шарттары мынау: 1. СӚЗ ДҦРЫСТЫҒЫ 13


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Сӛз дұрыс айтылуы деп әр сӛздің, әр сӛйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек: 1. Сӛздердің тұлғасын, мағынасын ӛзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді біліп, әрқайсысын ӛз орнына тұтыну. 2. Сӛйлем ішіндегі сӛзді дұрыс септеп, дұрыс кӛптеп, дұрыс ымыраластыру. 3. Сӛйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орындастыру. 2. ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ Тіл тазалығы дейтініміз — ана тілдің сӛзін басқа тілдің сӛзімен шұбарламау. Басқа тілден сӛз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сӛздерді алу. Орыстын жақсы жазушыларын алсақ, олар кӛбінесе мынау түрлі сӛздерден қашқан: а.Ескірген сӛздерге жоламаған. ә Жаңадан шыққан сӛздерден қашқан. б.Ӛз тілінде бар сӛздің орнына басқа жұрттан сӛз алудан қашқан. в.Жергілікті сӛздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сӛздерге жоламаған. Қазак әдебиеті қатып-пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сӛзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сӛз екен деп, ол жағынан қатал қарап, қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ біздің мықтап қашатынымыз жатшылдық (жат сӛзшілдік). Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт ӛз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сӛздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сӛздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Соңдықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сӛздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сӛз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады. 3. ТІЛ (ЛҦҒАТ) АНЫҚТЫҒЫ Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, кеңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық атайды да, кӛмескі танитын нәрсесін кӛмескі, күңгірт айтады. Сондықтан біреудің айтқан сӛзін анық түсінеміз де, біреудің сӛзін анық түсінбей, жорамалдап, жорып, 14


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

ұйғарып қана қоямыз. Лебіз анық болуына мынадай орындарда кемшілік келмек: 1. Лебіз мағынасы екі ұшты ұғарлық болып айтылғанда. Мысалы: 1.Жаман қатын алсаңыз, Тӛркініне бере алмай, Тӛсегіне жата алмай, Тең құрбысы келгенде, Жӛнді жауап айта алмай, Жалғанда қор болады. Мұнда «жалғанда қор болады» дегенді екі түрлі ұғуға болады: «Тӛркініне бере алмай, тӛсегіне жата алмай» байы «қор болады» деп те ұғуға болады. «Тең құрбысы келгенде, жӛнді жауап айта алмай» қатыны «қор болады» деп те ұғуға болады. Сол сияқты мынау да екі ұшты лебіз: «Абай ұрыға қас еді: ұры аулының маңына жоламаушы еді». Мұнда, ұры аулының маңына Абай «жоламаушы еді» деп те ұғуға болады, ұры Абай «аулының маңына жоламаушы еді» деп те ұғуға болады. Абайдың мына сӛзін де екі түрлі ұғуға болады: 1.«Қисық болса, закон бар, судияға беруге, ол да үйезнай емес кой, алуға тендік сенуге». 2.Сӛйлемдер шұбалаңқы айтылып, бір басыңкы сӛйлем қасыңда кӛп бағьшықты сӛйлем болса немесе сӛйлемдердің құралу, құрмаласу, сабақтасулары шатақ түрде болса, әйтпесе тыныстар орнына қойылмаса. Мысал: а. «Ӛз әкесі Құнанбай уақытындағы елдің құр мұсылманмын дегеннен басқа діннің не екенін білмей кан жеп, неше түрлі ырымдарға табының жүргеніне қатты тыю салып, анық шариғат қоспаған істі қылған, ғайры бұзықшылық іс қылғандарға бек ауыр жаза салып, халықка ауыл басы молда ұстатып, қадари қал ғылымның жолын кӛрсетіп, үлгі салған еді». б. «Соңғы уақытта Абай ӛзі ӛлеңнің ӛнер екенін біліп жаза бастаған соң, бұрынғы ақындар надандықпен ӛленді ӛнер орнына ғибрат үшін айтпай, тіленшілік орнына айтқандықтан ақындықтың да ӛлеңнің де қазақ ортасында бағасы кеткендігін айтып, ӛзін олардың ретінен басқа қылып, алмақпайда үшін емес, халықты ұмтылтып, кӛңіл кӛзін ашпаққа ғибрат үшін жазғанын білдіріп, ӛлең шығарған». в. «Сол себепті жазушылықтың ӛзі де екінші дәрежеде қалып салақ болып, берірек ұлғайыңқыраған кезінде, ӛкініш түсіп, жасында ғылым жолында болмай, қазақтың айқайымен жүргендіктен. Кешірген ӛмірінің, 15


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

жазған ӛлеңінің, ретсіз болып, яқи ғибрат алмаққа жарамайтындығын, ақылға сыйымсыз жері болса, кейінгі замандағы сынаушы жастардан ӛзінің тәрбиесіз, үлгісіз ӛскен ӛмірін айтып, надан елдің ішінде неше түрлі машақат, әурешілік пен бойды ыза кернеп, ӛткен қатам болса аяп, аз cӛгe кӛріңдер, деп жазғаны - Ӛлсем орным қара жер сыз болмай ма...» г. Сӛздер ӛз мағынасында жұмсалмай, басқа мағынада жұмсалғанда, меңзеу, ерескел болса, мәселен: Таулардан бұлақ ағар сарқыраған. Күмістей сәуле беріп жарқыраған, дегеннін орнына, таулардан сарқырап, жарқырап, ақ күміс ағады десед. Адас сӛздерді андап айтпаса, мәселен: «Сол елдің адамынын бәрі азулы» дегенде, адамның бәрі азып болғанын айтқаны ма? Болмаса адамның бәрі мықты, азулы айғырдай дегені ме? Анық емес. Сӛз ӛктейсіз орынға қойылғанда, мәселен, күндерде бір күн Сатемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп жанжағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның тӛбесіне қарай ӛрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі. Мұнда «бір аяғы ақсақ құмырсқа» деген сӛз құмырсқанын бір аяғы ақсақ екендігін кӛрсете ме, болмаса аяғы ақсақ бір құмырсқа деген мағына ма - белгісіз. 4.ТІЛ ДӘЛДІГІ Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сӛз мағынасы сәйкес келуі айталады. Ұғымға сӛз дәл келу үшін сӛздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлдігін бұзатын кӛбінесе мәндес сӛздер. Мәндес сӛздер деп мағынасы жақын сӛздер аталады. Мәселен: батырлық, ерлік, батылдық, ӛткірлік, ӛжеттік деген сияқты сӛздер. Мұның бәрі жүректілікті кӛрсеткенмен әрқайсысының ӛз алдына ӛңі бар. Ӛнін танымай яқи аңғармай бірін бірінің орнына айтса, лұғат дәлдігіне кемшілік келтіреді. Және де тіл дәлдігіне мынадай орындарда кемшілік келеді. 1. Сӛйлем ішіне орын алып, оралғы болудан басқа қажеті жоқ сӛздер кірсе. Мысал: а.Кейбіреулер дүние қуғыш, мал жиғыш, пайда қылғыш келеді. б.Ӛз кӛзіммен кӛріп, кӛз алдымнан атқарып келіп отырмын. в. Оның қалыптанған ерте тұратын әдеті бар еді. 16


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Бұл үш мысалдың ішінде алып тастаса, орны ойсырамайтын сӛздер: «Мал жиғыш», «Пайда тапқыш», «Кӛз алдымнан атқарып», «Қалыптанған» деген лебіздер. Бұлар сӛйлем ішінде тұрғанда да толық болуына келтіріп тұрған пайдасы жоқ. г. Ойы қарайлас сӛйлемдер қатар айтылғанда, мәселен, «Мен қартайған шағымда, байы жоқ деп баққан жоқ, күйі жоқ деп күйген жоқ, қайраты жоқ деп қарасқан жоқ, әлі жоқ деп асыраған жоқ» деген сияқты. Бұлай айтудың сырты кӛркем сияқты кӛрінсе де, ішкі мағынасы пікірді толықтырмай, тек сӛздің, сӛйлемнің қарасын кӛбейтеді. 5.ТІЛ КӚРНЕКТІЛІГІ Сӛздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сӛздің кӛрнекі болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гӛрі деректі зат түсініктірек, жансыз заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам сейлегенде сӛзі толық түсінікті болу үшін дерексіз заттарды деректі затша, бернесіз заттарды бернелі затша сипаттайды, жансыз затты жанды заттай ғамалдайды. Ақ кӛңіл, шолақ ақыл, арам ой деу, яқи күн бүркіп тұр, найзағай ойнайды, су қайтты деу, я болмаса, қазанның құлағы, ошақтың бұты, үйдің тӛбесі деу дерексіз заттарды деректі затша, жансыз заттарды жанды затша, бернесіз заттарды бернелі затша қалыптау, ғамалдау, бернелеуден шығып, әдетті сӛзге айналып кеткен. Мұндай сӛздер жалғыз әдетті түрінде емес, әдейі де айтылады. Мәселен, Мағжанның «Толқын» деген ӛлеңінде, толқынның толқығанын бернелеп, түсінікті түрде кӛрсету үшін әдейі жанды нәрседей ғамалдап былай дейді: Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады. Толқын мен толқын жарысад, Күңіренісіп кеңеспен, Бітпейтін бір егеспен. *** Толқын мен толқын сырласып, Сырларын еппен ұрласып. Толкынға толқын еркелеп, Меруерт кебікке оранып. Жыландай жүзге бұралып, Жарға жетер ентелеп.

17


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Осы сияқты оң берілген сӛздер кӛрнекі тіл делінеді. Тіл кӛрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сӛз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бӛлінеді: 1. Кӛріктеу. 2. Меңзеу. 3. Әсерлеу. 1. Кӛріктеу Бір нәрсені кӛптен айырып, кӛзге кӛбірек түсерлік етіп айтқымыз келгенде, ол нәрсенің атына айқын кӛрсеткендей сӛз қосып айтамыз. Мәселен, «Қара Мұқан», «Сары Мұқан», «Болыс Мұқан» дейміз. Мұнда Мұқандардың бірінен-бірін айырып, әрқайсысын айқын шығару үшін, Мұқан деген сӛзге басқа сӛздер қосып отырмыз. Атымтай жомарт, Жиренше шешен, Қаз дауысты Қазыбек деу де айқындау мақсатпен айтқаннан шыққан. Бұл келтірілген мысалдардағы қара, сары, болыс, жомарт, шешен, қаздауысты деген сӛздер айрықша мақсатпен әдейі айтылып тұр. Сондықтан айқындаудың бұл түрі тек айқындау ғана болады. Мұнан басқа кӛркейту мақсатпен айқындау бар. Мәселен, «Қызыл тіл», «Алтай түлкі», «Ақ сұңқар» деген сиякты. Бұлай айқыңдау басында айыру мақсатпен айтылса да, соңынан кӛркей-ту мақсатпен айтуға айналған. Бұл күнде қызыл тіл, Алтай түлкі, ақ сұңқар дегенде, «қызыл», «Алтай», «ақ» деген сӛздерді кӛбінесе кӛркейту үшін айтып жұмсаймыз. Сондықтан айқындаудың бұл түрі кӛркейту деп айтылады. Кӛркейту я жалпы сипатты жалғыз нәрсеге теліп айтқанда, я нәрседе болмайтын сипатты болатындай етіп айтумен болады. Асылында айқындау нәрсені я кӛркейту үшін айтылады, я лақаптау үшін айтылады. Сарыарқа, сары қымыз, шалқар қӛл, самал жел, алалы жылқы, ақты қой, әділ би деген сиякты лебіздерде сары, шалқар, самал, алалы, ақты, әділ деген айқындау болады. Бұл айқындау – кӛркейту үшін айтылып отырған айқындаулар. Асан Кайғы, Ер Тарғын, Қара қыпшақ Қобыланды, Қаз дауысты Қазыбек, Бұғабай басшы, Жиренше шешен, Орынбай ақын деген лебіздерде қайғы, ер, қара қыпшақ, қаз дауысты, басшы, шешен, ақын деген сӛздер лақаптау үшін айтылып тұр. Кӛркейте айқындау ақындар сӛзінде кӛп келеді. Мысалдар: 1.Ақ таудан аққан ақ бұлақ, Айдынға құяр аққан су. Алалы жылкы, ақты қой Андыған бӛрі кірмес пе, Иесі ұйықтап жатқан соң? 18


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Алтын тақты әділ хан Адасқан аққу халықтан соң. (Байтоқ ақын) 2.Біз кеттік абайсызда елден шығып, Жол тарттық құба шыңға Жемнен шығып. Тамызда қызыл мұнар ыстық шӛлге Қаз конған баттауықты кӛлден шығып. (Сүгір ақын) 3.Ақтӛбе мен қорғаншы, Асан қайғы бабаның. Кызыл тастан үй салып, Әңгіме құрып кеткен жер. (Мұрат ақын) 4.Байлауда қалған ак сұңқар Бұрынғыдай бола алмас, Кӛлден үйрек ала алмас. Балдағы алтын ақ болат Енді белге ілінбес, Ерлігім жауға білінбес. Оза шауып олжа алған. Таласты жерде жолды алған, Жасанған жауға қол салған. Ортадан ойып жол салған, Қарт Қожақ деген ер едім. Алда тізгін ондаса, Кӛк сүнгіні салармын, Балдағы алтын ақ берен Қызыл қанға малармын. (Ер Тарғын) 2. Меңзеу Кӛрнекілеудің ӛзі бірнеше түрге бӛлінеді: А. Теңеу. Кӛріктеу нәрсені айыра кӛрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің бернесін сүгіреттеп кӛрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, кӛрнектеп, ашығырақ кӛрсетеміз. Мысал: 19


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Таулардан бұлақ ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, құйын соқса бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Шапақтап бұлт шығар мұнарланып, Жаңбырлы күндер түсер тұманданып. Адамзат нұр ауасын судай жұтар, Шел тартқан хайуандарша құмарланып. Ұйқыдан кӛзін ашкан жас балаша Жайқалып шыға келер жердің гүлі. (Алтынсарин Ыбырай) Теңеудің неше түрлері ескі ӛлендерде кӛп келеді. Ер Тарғынның Тарланына айтқан сӛзінің ішінде мынадай теңеу бар: 1.От орнындай тұяқтым, Омыртқаң бар оқтаудай. Жауырыныңа қарасам, Сыпыра шапкан тактайдай. Құйрығыңа болайын, Қынаптан шыққан қанжардай. Жалыңа сенің болайын, Күлтеленген жібектей. Шыкшытыңа болайын, Оралып жатқан түбектей. Құлағыңа болайын, Кӛлге біткен құрақтай, Қабағыңа болайын, Қара албасты қабақтай, Бауыздау жеріңе болайын, Піскен алма сабақтай. Екі кӛзіңе болайын, Қорықтан жанған шырақтай. 2.Астына мінген Тарланның, Тұрпатына қараса, От орнындай тұяқтан Оймақтайы қалыпты. Етектейін еріннен Екі елісі қалыпты. Қиған қамыс құлақтан, 20


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Бір тұтамы қалыпты. Жалбыраған жалынан Жалғыз қарыс қалыпты. Бір құшақтай құйрықтан Бір уыстай қалыпты. 3.Бұқар барсаң, құлан бар, Құланды кор де, шашым кӛп. Зергерге барсаң қасында, Алтыннан соққан түйме бар, Түймені кӛр де, басым кӛр. Тенеу екі түрлі: 1. Әншейін теңеу. 2. Әдейі теңеу. Екеуінің арасындағы айырмасы сол: әншейін теңеу — әдетті теңеу болады; мәселен, удай ащы, айдай жарқ, күйедей қара дегендегі «удай», «айдай», «күйедей» деген сияқты сӛздер — әдейі теңеу, жоғарыдағы келтірілген мысалдардағы теңеулер. Б. Ауыстыру. Сӛздің кӛбін ӛз мағынасында жұмсамай, ӛзге мағынада жұмсаймыз. Арасында түк ұқсастық жоқ, екі нәрсенің ететін әсері бірдей болса, біріне қас ғамалды, екіншісіне ауыстырып айтамыз. Мәселен, «күн құтырып кетті», «аяз қарыған», «қырау соққан» дейміз. «Құтырып кетті», «қарыған», «соққан» деген сӛздер нақ ӛз мағынасында емес, ӛзге мағынада айтылып тұр. «Құтыру» жанды, есті нәрсенің күйін кӛрсететін сӛз. Мұнда күннің желдетуі адамның құтырған күйіне ұқсас әсер ететіндіктен жанды нәрсенің күйін кӛрсететін сӛз күннің күйін кӛрсетуге ауыстырылып алынып тұр. «Қарыған» деген сӛз де солай алынып тұр. Қарығанда ыссы нәрсемен кариды, аяздың үсіткен жарасы, ыссы нәрсенің қарыған жарасына ұқсас болғандықтан аяз ғамалына айтылып тұр. Соғудың ӛз мағынасы — бір нәрсені екінші нәрсемен ұру. Қырау бір нәрсеге түскенде оны ұрмайды, тек тиеді. Нәрсеге тигендегі келтіретін зақымы соққаннан болатын закымға ұқсас болғандықтан «Соққан» деген сӛз қырау ғамалына ауыстырылып айтылып тұр. Осындай ұқсастығымен ауыстырып, ӛз мағынасынан сӛзді ӛзгелеп айту — ауыстыру деп аталады. Сӛз мағынасын ауыстыру түрліше болады. Кӛбінесе ұшырайтын түрлері мыналар: Бейнелеу Бір нәрсе болмайтын күйді, екінші нәрседе болатын күйді кӛрсететін сӛзбен айту бейнелеу болады. 21


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Мысалдар: 1. Бидайлар басы толқып иіліп тұр, Дән берген қожасына сиынып тұр. Басында бұл бидайдың дәні болмай Кекірейіп кӛкке карап бүлініп тұр. (Қырық мысал) Жүгірер киік, құлан тау мен қырда, Қуанып ықыласпен келген жылға. Алыстан мұнарланған сағымдары. Шарқырып тұрар құбылып, кел деп мұнда. Кӛл бұзылып, кӛк шығып қойнын ашса, Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна. (Алтынсарин Ыбырай) Бұл күнде сӛйлей берсем сӛз жетерлік, Білгендер тағылым бар үлгі етерлік. Кеңестің кӛзі ашылған бұлағымен, Ағызып шұқанақты кӛл етерлік. (Наушабаев Нұржан) Науша би Есенғазы жаңа тауым, Сүбіқанқұл сұңқар еді алған бауын. Қожамжан Жантемір мен тӛсін ашып, Билікке салушы ед омырауын. (Сугір ақын) Анаңыз қиналады кетеді деп, Қайсы қыз шырағыма жетеді деп. Кӛшкенде, кӛштің кӛркі - кӛгершінім, Қадірі кетсе мұның ӛтеді деп. (Шерншз ақын) Мен Қырымның ішінде Ақша ханның кызы едім, Атам менен анамның Асыранды қазы едім, Жылқыда шаңқан боз едім. Қытай менен Қырымнан Тамам жақсы жиылса, Аузындағы сӛзі едім. (Ер Тарғын) Дұшпандар тың салмай ма шабысыңа, Тұлпардай дүбір шыққан дабысыңа. Байұзақ, Батырбекпен екі нусың, 22


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

От салма ӛзді-ӛзіңнің қамысыңа. Белбеуді бел қышиды шешерінде, Жылқы мал тістеспейді ӛсерінде. Екеуің орта жасқа келіп қалдың, Тастама жұртқа шала кӛшерінде. Бір дұшпан екеуіңді жанып жүр ме? Жел сӛзге арадағы нанып жүрме? Басын тарт тұлпарыңның кӛрістірмей! Сауырын зорықтырып алып жүрме? (Мәделі қожа) Ауысу да екі түрлі болады: 1. Тіл ауысуы. 2. Лұғат ауысуы. Мұнда да әдетті ауысу тілдік болады да, айтушының сӛзіндегі ауысу лұғаттік болады. Лұғаттағы ауысу жоғарыда келтірілген мысалдардағы, тілдегі ауысу, мәселен, суық сӛз, жел сӛз, қызыл тіл, бақыт құс, ми ашыған, ант ұрған, жын қаққан деген сияқты сӛздер. Алмастпыру Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту тӛмендегі түрі болса, ондай ауысу ал-мастыру деп аталады. Мысалдар: 1.«Анау үйдін құдасы келіп жатыр>>дейміз. Құда үйдікі емес, ол үйдегі адамдікі, үй мен үй иесінің арасы жақыңдығынан бірінің орныңа бірін айтамыз. 2.«Ауыл ұйкыда жатыр» дейміз. Ауыл ұйықтамайды, ауылдың адамы ұйықтайды. Ауыл мен ауылдағы адам екеуінің арасында жақындық барлығынан адамның орнына ауылын айтамыз. 3.Біреудің қолы жүйрік, шапшан жазады дегеннің орнына «Қаламы жүйрік» дейміз. (Қол мен қалам жақындығы). 4.«Ет берілді ме?» дегеннің орнына, «Табақ тартылды ма?» дейміз. Яғни тамағын табағына алмастырып айтамыз. Со сиякты «Неше аяқ іштің?», «Неше кесе іштің?», «Неше шелек құйдың?» дейміз. (Қымыз орнына аяғын, шай орнына кесесін, су орнына шелегін алмастырып айтамыз). 5.Үстіне кигені кілең жібек, якілең былғары дейміз. (Киім орнына жасалған нәрсесін айтамыз). Ақсұлу мен Кенші-байдың айтыскан ӛлеңінде Кеншібайдың сӛзінде бұлай деген Жері бар: Жаппастың сап-сары алтын жиған мүлкі, Мейман дос, келсе қонак, барша жұрты. Шығады кыз-бозбала серуенге, 23


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Үстіне масаты мен киіп кұлпы. Мұнда алтыннан істелген бұйымдардың орнына бұйымдардың істеген затын — алтынды айтып отыр, масаты мен құлпыдан істелген киім орнына киімдердің істелген заты — масаты мен құлпының ӛздерін алып отыр. 6.Абайдың сӛзінен яки кітабынан кӛшіріп жаз деудін орнына «Абайдан кӛшіріп жаз» дейміз. Сӛзінің орнына иесін айтамыз. Кейіптеу Жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне түсіріп тұрпаттау кейіптеу деп айтылады. «Қылышын сүйретіп қыс келеді» дегенде, қиялыңа қылыш сүйреткен адамнын сүгіреті келіп түседі. Қыста қылыш та жоқ, қылыш сүйрететін күйі де жоқ. Жансыз қысты жанды адамның күйіне түсіріп, адамнын істейтін ғамалын телігендіктен қыс бізге адам сүгіретінде келіп кӛрініп отыр. 1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр мылкау танымас тірі жанды Үсті-басы — ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Дем алысы — үскірік, аяз бен қар Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды. (А бай) 2.Асау Терек долданып, буырқанып, Тауды бұзып жол салған, тасты жарып. Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып. Кавказдан шықты жайнап, қылып у-шу, Түзу жерден жол кернеп ұлғайды су. Қалың қайрат бойында, беті күліп, Момынсынған пішінмен ағады қу. Кавказдай құзда туған перзенттенмін, Бұлттың суын ішіп ер жеткенмін, Қазбектен ағам, сені кӛксеп шығып, Кім қақтықса жолымда, күйреткенмін. Зор кеуде азаматтың айласына Кӛнбей, бүкіл күшімді кӛрсеткенмін. Екі езуім кӛпіріп айғайласам, Шын құтырсам шың-тасты тербеткенмін. Аптығып асау інің келді, аксақал! Тау-тасқа, адамзатка салып жанжал. 24


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Дем алайын деп келдім, аш қойнынды, Сәлем-ауқат әкелдім, кӛш кӛріп ал. (Лермонтовтан)

Бернелеу Бір нәрсенің, кӛбінесе адамның мінезін, құлқын, ғамалын екінші нәрсенің мысалында кӛрсетіп айту — бернелеу болады. Қазақтың бернемен сӛйлеп отыр дегені — осы бернелеу. Бейнелеу бернелеумен екі арасы жақын. Бейнелеу де, бернелеу де екі ұқсас нәрсенің бірін бірінің орнына айтудан шығады. Бейнелеу ұлғайғанда, бернелеуге айналып кетеді. Мәселен, мынау түрлі сӛздер бейнелеуден ұлғайып, бернелеуге айналып кеткен: Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Кӛгі жоқ, кӛгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Кӛңілін кӛгертуге құл халықтың. Қор болған босқа кетіп енбек, бейнет, Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. Оттай бер, жануарым екі аяқты! — Азаттық хайуанға қанша қажет?! Жаратқан малды құдай не керекке? Мінуге, сою, соғу, жүндемекке. Жорта бер қамыт киіп, қамшынды жеп, Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке. Таяққа еті үйренген қойшы жайлап, Кӛк есек қозғала ма түрткенге айдап. Есептен жаңылғандай болғандар кӛп, Жасықты, асыл ма деп, білмей қайрап. Мағжанның «Шын айт» деген ӛлені де бейнелеуден ұлғайып, бернелеуге айналған сӛздің түрі. Бейнелеу мен бернелеу арасындағы айырмасын мынадан анық кӛруге болады. Бейнелеу мысалы:

25


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Жан еркем, мен жүремін мына күймен, Бар ма екен ғашық жарың мендей сүйген. Сен бір шам, айнала ұшкан мен паруана Айналып аламын деп отка күйген. Мұнда «Сен бір шам» дегеннен бастап аяғына шейін бейнелеу болады. Бернелеу мысалы: Отка ұшар кӛбелек Қарамай, сорлы алды-артын. Ойына кіріп шықпайды, Күйдірер деп от жалын. Шырқ айналып ентелеп, Жүрер де бір уақ ол қонар... Ұмтылған оты сорлыны Күйдірер де тез тынар. Бұл келтірген екі мысалдың екеуіне де адамның күйінің кӛбелекке ұқсастығы айтылады. Ол ұқсастығын қысқалап айтқанда бейнелеу болып, ұлғайтып айтқанда, бүтін мысалға айналып, бернелеу болып кетеді. «Қырық мысалдағы» мысалдардың, Абай кітабындағы мысалдардың бәрі бернелеу болады. Қазактың «Бернемен сӛйлейді» деуінің ӛзі я «Пердемен жасырып сӛйлейді» дегеннен шыққан, я «Бернемен сүгіреттеп сейлейді» дегеннен шыққан боларға керек. Бұл екеуінің соңғысынан да алдыңғысы болуының ықтималы мол. Ӛйткені «бернемен сӛйлейді» деп қазақтар сӛздің ӛз мағынасын жасырып, ӛзге мағынамен сӛйлегенде айтады. Бернелеу - сол мағынасы жасырын сӛздің нағыз ӛзі. Бернелеу біткеннің бәрінің лебіз мағынасынан басқа астыртын мағынасы болады. Бернелеу ӛте ұзақ болса, айтушы баяндап береді, я болмаса ұшығын кӛрсетіп қояды. «Қырық мысалдағы» және мысалдардың кӛбінде-ақ бернелеудің астыртын мағынасының баяндауы, шешуі бар. Жоғарыда айтылған Мағжан бернелеуінің де аяғында мынандай баяндауы бар: Құрбылар іске бет алсақ, Ойламай қанат қақпалық. Анау жарық — алтын деп, Кӛрінгенге шаппалық. Жолымен кетсек қанаттын Кӛбелектей күйерміз. Алам деп алтын барғанда 26


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Күлден кӛбін киерміз. Жоғарыда кӛрсетілген «Адамдық диқаншысы» деген бернелеудің айрықша баяндауы жоқ. Бірақ кімге айтылып отырған сӛз екенінің ұшығы кӛрсетілген. «Кӛңілін кӛтеруге құл халықтың» деген сӛз бернелеудін астыртын мағынасының ұшығын кӛрсету болады. Шетін сездірген соң ар жағының бәрі түсінікті. Бернелеу шығарманың неғұрлым лұғаты жайнақы, ойнақы келсе, әдемі болып шығады. Лұғатында жайнақылық, ойнақылык кем болса, бернелеу әдемі сӛз болмай, әншейін сӛзге айналып кететіні лұғат жағының толық болуына назар салмай, тек бейнелей, ұқсату жағына ғана ілтипат еткенде болады. Әдемі бейнелеуге қоятын сын мынау түрлі болуы керек: Бернелеудін астарын қоя тұрып, оң жағын алғанда, астыртын мағынасын қоя тұрып, лебіз мағынасының ӛзін алғанда жолы қанша? Ұқсастығының сәйкестігі қанша? Дәл келе ме? Болмаса июмен, бұраумен келіп әдейі бернелейін деген ниеті қош жердей кӛзге түсіп тұра ма, я болмаса ұқсастығы ӛте алыс, кӛруге тым қараңғы ма? Егерде бернелеудің шешуі бар болса, онысының кажеті қанша? Керек болған халде, ӛте ұзын емес пе? Ақылды ғана канағаттандыра ма, болмаса кӛңілге я киялға тиісті сыбағасын да бере ме? Бернелеудің ӛзі болсын, баяндауы болсын, лұғаттың ӛте жайнақы, ойнақы келгенін жактырады. Бернелеудің ӛзінін де, баяндауының да сынына үлгі болуға жарарлық «Қырық мысалдағы» «Иттің достығы» деген сӛз, жоғарғы айтылған сынмен сынағанда, мұның ӛз басынан да, баяндауынан да сын табылмайды. Мұнда бернелеуге керек болатын лұғат жайнақылығы да, лұғат ойнақылығы да түгел. Бұл мысалдың ішкі астыртын мағынасын қойып, тысқы лебіз мағынасын алғанда да, иттің мінезін дұрыс сүгіреттейтін, тыңдауға тұрарлық сӛз болып шығады: Иттің достығы Бір байдың «Тӛрткӛз», «Мойнақ» тӛбеттері, Ӛздері ит болса да әдепті еді. Түнде үріп, күндіз үрмей жай жататын, Болады әдепті иттің әдеттері. Түс мезгіл екі тӛбет тойып жатып, Кемпір наз-ӛкпелерін қойып жатып. Ac үйдің алдындағы күншуақта, Сӛйлесті әр нәрсенің басын шатып. Сӛз қылды жақсылықты, жамандықты, Жомарттық, мырзалық пен сарандықты. Достықтың, дұшпандықтың жайын сӛйлеп, 27


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Қолға алды татулық пен араздықты. Ділмарсып сол уақытта айтты «Мойнақ» Менсіз-ақ қара, «Тӛрткӛз», ӛзің ойлап. Дүниеде онан артық не нәрсе бар, Таласпай, тұрсаң тату күліп-ойнап? Дос болсаң құшақтасып, жанға балап, Сӛз айтсан бір-біріңе «шырақ-карақ». Алты күн ашаршылық кӛрсеңдағы, Жемесең бірің жоқта, «бірің тамақ». Достың дос жұлдырмаса жауға түгін, Еш нәрсе айырмаса ара жігін. Бірінің қабағына бірі карап, Білмесе күннің қалай ӛткендігін. «Не бар» деп дүниеде мұнан артық? Мен қалып бір қиялға тұрмын бүгін. «Жолдыаяк», аксақ «Құтпан», жаман «Сарыкұс Солар да тап-тату жүр біздер түгіл. Сӛйледі маңызданып енді «Тӛрткӛз»: «Мойнеке», мұның әбден айтарлық сӛз. Тұрмайтын бір күн тату неміз бар? — деп, Мендағы ойлаушы едім осыны әр кез. Не келіп тірі жүрсең, не кетпейді, Араз боп екеуімізге не жетпейді? Тамақ тоқ, ӛркені ӛссін иеміздің. Тыюсыз сӛгіп, соқпай құрметтейді. Расын рас демей танамыз ба, Бір сәтке татулық жоқ арамызда. Тұрмайтын ренішке сәл нәрсеге, Екеуміз таласамыз барамыз да. Мұндай іс арасында болған емес, Кӛз салсақ бұрынғы ӛткен бабамызға Атаның жолын қумай лаққанда, Тура жол сонан артық табамыз ба?» Бұл сӛзге кӛңілденіп «Мойнақ» тасты, (Ол үлкен, онан гӛрі «Терткӛз» жасты). «Тӛрткӛзім», «Мойнекем», — деп, бірін-бірі Дос болып, серт айтысып, құшақтасты. Екеуі бірін-бірі сүйді, құшты, Қызығы басылмаған достық күшті! Ac үйден лақтырған бір омыртқа Солардың нақ жанына келіп түсті. 28


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Кӛрген соң майлы сүйек ит тұрар ма, Құшағын жазып ала жүгірісті. Достықты, айтқан сертті былай қойып. Екеуі бір-біріне салды тісті. Досты дос мұнан артық қалай сыйлар, Жүндері бұрқыраған аспанға ұшты. Су құйып үстеріне жиылған жұрт, Екеуін зордан ғана айырысты. Иттерге таласса да жарасады, Әйтпесе ит әдетін адасады. Дос болған адамдарға қарап тұрсақ, Биікпен тең деп болмас аласаны. Сүйектей арасына нәрсе түссе, Иттерден олар артық таласады. 3. Әсірелеу Бір нәрсені ӛте асырып, я ӛте кемітіп айту — әсірелеу болады. «Кӛп түкірсе — кӛл болар» деген мақал, «Кӛзінің жасы кӛл болды» деген мақал түкірік пен кӛз жасын ӛте асырып айтып отыр. «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар» деген мақал. «Бойы бір тұтам» деген мақал арықтың күші мен аласаның бойын ӛте кемітіп тұр. Ақындардың ӛлеңінде де не осындай ӛте асырып, не ӛте кемітіп айту кӛп болады. Бұлай айтудағы мақсат сӛздің әсерін күйшейту, әсірелеу, әсіресе ескі сӛздерде, ескі ақындардың айтысқан я мақтаған ӛлендерінде, батырлардың жырларында кӛп ұшырайды. Алаша Байтоқ ақын Жәңгір ханның істеген ісін айтып, жоқтаған сӛзінде бұлай деген жері бар: Тастан сарай салдырған, Ол салдырған сарайдың Айналасы айшылық Кӛлденеңі күншілік. Мұның соңғы екі жолында айтылған сӛздер әсірелеу болады. «Қобыланды батырда» мынадай әсірелеу бар: 1.Астындағы бұрылдың Жоғарғы ерні кӛк тіреп, Тӛменгі ерні жер тіреп ..... 2.Асқар тӛбе бел еді, 29


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Бірде шауып желеді. Кӛлденен жатқан кӛк тасқа Тіктеп тиген тұяғы Ұршығынан енеді. Аттың жолы қазылды, Ұмтылғанда қызынып, Бес жүз құлаш жазылды. 3. Қарсы келген қабақтан Қарғып асып жӛнелді, Сеңгір-сеңгір таулардан Секіріп асып жӛнелді. (Қобыланды батыр) 4. Тиеді ер пайдасы сасқан жерде, Етегін ер жанылып басқан жерде. Жаманға жазатайым ісің түссе, Қабысып қалады екен аспан жерге ..... 5. Қарағым, сапар шектің бӛтен елге, Қош айту қиын болды кетер жерге. Мегзеген хор қызына сен кеткен сон, Түсті ғой шыр айналып аспан жерге. 6. Қарағым, бӛтен елге сапар шектің, Айтысып, қош аман бол, бізден кеттің. Жаманға малын берген еріп кетіп, Досынды ойнап жүрген зар еніреттің. Алайда еш ӛкпем жоқ саған, шырақ, Аспаннан қан жауған күн сертке жеттің. ................. (Ғайнікей мен Қыз Тойым) Мезгеу Бір ұғым орнына екінші ұғым айтылуы мезгеу болады. Мезгеу мынадан шығады. 1.Ана ауылға Омар, Оспан, Асан, Үсен келді деудің орнына - ана ауылға Омарлар келді дейміз. Омарлар келді деуіміз мезгеу болады. 30


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

2.Үй кімдікі екенін ұмытпа, «Үйге қара» деудің орнына шаңыраққа қара дейміз. Шанырақ мезгеу болады. 3.«Осы ауылдың адамдары жүдеу екен» деудің орнына «Осы ауылдың адамы жүдеу екен» дейміз. Адамы мезгеу болады. 4.«Абайдай ақын қазақтан туа бермейді ғой» деудің орнына Абайлардай ақын қазақтан туа бермейді ғой» дейміз. Мұнда Абайлар мезгеу болады. 5.«Отыз тістен шыққан сӛз отыз рулы елге жайылады» дейміз. Отыз тістен шыққан сӛз отыз емес, қырық рулы, яқи жиырма рулы елге жайылатын шығар, біз білмейміз. Отыз деп кесіп айтуымыз мезгеу болады. Мезгеумен айтылған сӛз жай айтылған сӛзден жайнақы, ширақ келеді. Сондыктан мезгеу ақындар сӛзінде кӛп ұшырайды. 1.Ант ішкен, күнде берген жаны құрсын! Арын сатып тіленген малы құрсын! Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, Ку тілмен қулық сауған заңы құрсын! (А бай) 2 Кім біліп ер еңбегін сезіп жатыр, Кім шыдап жолдастыққа тӛзіп жатыр. Сасық ми, сасық жүрек санасыздар Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр. (Маса) 3. Болған сон, ағаң болыс, ендігің не? Таласып, мен болам деу, кемдігін де. Сӛзімді достык білмей, қастык білсең, Қарарсың Алтынбектің түндігіне. (Бұдабай ақын) 4. Түрленіп жиырмада кидім киім, Түсірдім атын ұстап мырза-бидін. Кӛрінсе қайда жақсы ӛзімсінген, Келсейші қайта айналып жігіт күйім. (Наурызбай би) 5. Жау жоғары, біз тӛмен, Жеткен екен қамалға. Наурызбай сынды сұр перен. (Нысанбай жырау) Қайырсыз толып жатыр Қарынбайлар. Қолы ашық аз табылар Атымтайлар. 31


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ат майын ағайынға берер ме екен Ат аяп, тайын мініп жүрген байлар? Әсерлеу (лептеу) Әсерлеу деп сӛздің әсерін күшейтіп сӛйлеуді айтамыз. Әсерлеу кӛңіл күйінен шығып, кӛңілге күй түсіреді. Кӛңіл қалыпты тыныш күйінде тұрғандығы адамның аузынан шыққан сӛзбен кӛңіл кӛтеріңкі я бәсең уақытта адам аузынан шыққан сӛздің екеуі бірдей болмайды. Әсерлеудің асылы осыдан шығады. Әсерлеудін кӛбінесе айтылатын түрлері мынау: 1. Арнау. 2. Қайталақтау. 3. Шендестіру. 4. Дамыту. 5. Түй-дектеу. 6. Бүкпелеу. 7. Кекесіндеу. 1. Арнау. Арнаудың ӛзі үш түрлі болады: а. Сұрай арнау. б. Зарлай арнау. в. Жарлай арнау. а. Сұрай арнау мысалдары: Не жазып ем құдай-ау, мен қазаққа? Мүбтәлә қып салғандай мұнша азапқа. Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегеніміз бе азатққа? Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Ненді шаштым, ненді бұздым, былғадым? Аштан ӛлген аталарың бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын. ( «Маса») У-шу боп қыбырлаған тӛрт түлік мал, Есетін солтүстіктен салқын самал. Апырым-ай, қандай жауыз тағдыр деген Бұйырған тұтқын болып жат та қамал? ( Мағжан) Барма топқа шақырмай. Жат үйінде шатылмай! Шыдармын ба, апырым-ай! Жатуға шықпай үйде енді! Қатыныңның ойнасын Кӛрсең, білсең қоймасын Не ойлар едін ӛз басың? Соныменен тең біз де енді. (А бай) 32


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Алдымызда кӛрінген Бабаламнын таулары. Артымызда кӛрінген Үргеніштің аңғары. Енді бізге күн қайда Қайтып соған барғалы? А,дариға, дүние-ай! Кӛкірегімнің арманы. Күндер қайда басқандай? Еттім қайрат мен жаста. Хан-қарадан жасқанбай Құдірет алла, не жаздым? Бір сағатта тосқандай! (Жүсіпбек пен Ахметбек) Желі толған cap түйе Ағажан, кімге тапсырдың? Қора толған ақты қой Ай кеке, кімге тапсырдың? Тоғай толған мың жылқы Күн кӛке, кімге тапсырдың? Тоқсанда әкең Тоқтарбай Жан кӛке, кімге тапсырдың? Алпыста шешең Аналық Бірге туған мен зарлық Ақ кеке, кімге тапсырдың? (Қобыланды батыр) б. Зарлай арнау мысалдары: Ойпырым-ай, алла-ай, жасаған! Қысылды ғой шыбын жан! Қуат кеміп барады Кӛл болды мынау аққан қан. Тәңірі, ӛзіңе жылайын! Хал жоқ қалай тұрайын?! Жүректі жара жеп барад, Жасаған-ау, қалай шыдайын?! Сауықшыл есіл, елім-ай, Сарыарқа сайран, жерім-ай! Күмістей таза суы бар. Айдын шалқар, кӛлім-ай! 33


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Қиналдың-ау, шыбын жан! Тоқталсайшы, ыстық қан! Зарлайсың ғой жетім боп, Бесікте калған балапан ( Мағжан) в. Жарлай арнау мысалдары: Бұл сӛзге құлағың сал ақын, інім, Ой, пікір, рухымыз жақын, інім. Ағалық правосын қолыма алып, Келемін айтайын деп ақыл, інім! ( «Маса») Қара балуан Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Жетім қалған халқыңа Тұлға болып артыңа Кім тиянақ қазық ед. Еркінді қу қайғыға берме, кӛңілім! Күйленіп бұрынғыдай керне, кӛңілім! Қамығып, жабырқадың неге мұндай? Талпынып кекке құлаш серме, кӛңілім! ( Сәкен) Ассалаумағалейкум, батыр Ерден, Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы кӛрден. Ішінде кӛп қарғаның бір бүркіттей, Көзіме көрінесің келген жерден. ( Орынбай ақын) Кел, балалар, оқылық! Оқығанды кӛңілге Ықыласпен тоқылық! Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. (Алтынсарин Ыбырай) 2. Қайталақтау. Бір сӛзді яқи лебізді қайта-қайта айту қайталақтау деп аталады. Ондай қайта-қайта айту — нәрсенің ӛзіне яқи ғамалына кӛбірек назар салғызу үшін істеледі. «Кітапты әпер деймін, кітапты» дегенде, кітапқа 34


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

назар салғызу үшін кітапты қайта-қайта айтамыз. «Бар деген соң, бар» дегенде, барды қайта-қайта айтамыз. Бару ғамалына кӛбірек назар салғызу үшін. «Қарай-қарай кӛзім талды» дегенде яқи «Сұрай-сұрай мезі қылды» дегенде, кӛздің талуының, мезілеудің себебіне кӛбірек назар түсіру үшін «қарау» мен «сұрау» қайта-қайта айтылып тұр. Сол сияқты бір сӛзді қайтақайта айту шығарма сӛздерде де болады. Шығарушы бірдемеге кӛбірек назар салғызғысы келгенде, соны айта-қайта айтады. Мысалдар: 1.Мен кетемін, кетемін, Мен кеткенде, айдалаға кетпеймін. Айналып елді ӛтемін, Қадір білмес бұл итке Қарашы болып нетемін. Ой деген у — Ауызға алсаң қандырад, Ой деген у — Жанды есінен тандырад. 1.Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, Мен Күн ұлы, кӛзімде күн нұры бар. Мен келемін, мен келемін, мен келем, Күннен туған, Гүннен туған пайғамбар. Күншығыстан таң келеді, мен келем, Кӛк күңіренед, мен де кӛктей күңіренем. Жердің жүзін қараңғылық қаптаған, Жер жүзіне нұр беремін, күн берем. ( Мағжан) Қазақ тілінде қайталақтау жоғарыда айтылған мәністен басқа жӛнмен де айтылады. Бірдеменің кӛптігін кӛрсеткенде, соны қайта-қайта атап кӛрсетеміз. «Кӛре-кӛре кӛсем болар, сӛйлей-сӛйлей шешен болар» легенде, «кӛсем болу» мен «шешен болудың» себептеріне назар салғызу мақсат та бар. «Кӛру мен «сӛйлеудін» кӛптігі де кӛрсетіледі. Мысалдар: 1.Жылы-жыл сӛйлесең, Жылан іннен шығады. Қатты-қатты сӛйлесең, Кәпір діннен шығады. 35


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

2.Қора-қора қой жатыр, Қарын-қарын май жатыр. Түйе-түйе жүк жатыр, Ауыл-ауыл ел жатыр. 3.Жол бойы кӛргеніміз егін де егін, Қағазды жол-жол қылып сызды. Биік-биік ағаштар тұр, Басында бүркіт ұясы 4.Асқар-асқар, асқар тау Асқардың ақ сұңқары — Ылдидың аңын шалар ма! Қазақ тілінде біреуге арнай сӛйлегенде де, бір сӛз қайта-қайта айтылады. Мысалдар: А, Бозмұнай, Бозмұнай, Берер ме екен бір құдай? Ертеменен кеткен кой Жетермін бе жаяулай? Сен алпысқа жеткенде, Мен елуден еткенде, Біздей екі сорлыға Енді берсін не құдай? (Ер Сайы) Ей, Қартқожақ, Қартқожақ, Атыңның басын тарт, Қожақ. 1.Бұлғыр-бұлғыр, бұлғыр тау! Бұлдырап тұрған құрғыр тау. Үш атамыз ӛткен тау, Үш мың қара біткен тау. Қожыр-қожыр тастарым, Кӛзімнен ағар жастарым. (Досқожа ақын) 36


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Қайталақтау бір нәрсенің ғамалын, күйін еліктеген орындарда келеді. Мысалдар: 1.Күлдір-күлдір кісінетіп, Күрең мінген бар ма екен? Күдеріден бау тағып, Күпі киген бар ма екен? Жалп-жалп еткен жапалақ Жапалак жазда кімге жолдас болмаған, Жағы түкті хайуан Мұңдантып кімді жаяу салмаған. 2.Алып-алып, алып басқан Арабы торым ӛзіңсің. Балдағы жауһар, сабы алтын Алдаспаным ӛзіңсін,. (Би сөзі) 3.Он екі айдың еркетайы Май келді! Жұлдыздар да жымыңдады, ай күлді. Қалың қардың құшағынан құтылып, Сылдыр-сылдыр, сылдырлады, сай күлді. Сӛйлетіп қоя берсек сӛзге тақ-тақ, Күлкісі күміс сылдыр, емес сақ-сақ. Шық-шықдеп соғып тұр, Тоқтаусыз бұл сағат. Дүниеде неғып тұр Адамзат бір сағат. Сылық-сылық күліп, сылдыр қаққан су сұлу, Кӛлге қонып қаңқылдаған қу сұлу. Бейне айнадай жарқыраған айдыннан Күн шығарда кӛтерілген бу сұлу. ( Мағжан) Қайталақтаудың бір түрі еспелеу келеді. Арқан яки тарамыс ескен сиякты алдыңғы пікірдің аяғын соңғы пікірге қатыстырып, қайта айтатын қазақта ақындар бар: бір сӛзді кӛп қайтара айтып айналақтағанда, сӛздің әсері мылжыңдықтың әсеріне айналып кетеді, бір сӛзді екі-үш қайтара айтқанда, сӛз пысықталған, нығыздалған, ширатылған іспетті болады. 37


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Сондықтан еспелеп қайталақтауды шамалы қолданбаса, маңыздаудың орнына мылжыңдау болып кетуі оңай. Еспелеп қайталақтау мысалдары: Тілегім күннен-күнге артылады, Қазынаң бермегенге тартылады. Жар болған тар болғанда пірлерді айтып, Күндіз-түн қызыл тілім шарқ ұрады. Күндіз-түн шарқ ұрады қызыл тілім. Болмай тұр саудағыдай ашық күнім. Бір құдай жігіттікке қайғы салма, Жасым бар жиырма жеті, тауык жылым. Жасым бар жиырма жеті, жылым тауық, Сӛйледім құрбы ішінде болып сауық. Ырайы аурудың қайтпаған соң, Дертімнен бұрынғыдан қылдым кауіп. Дертімнен бұрынғыдан қауіп қылдым, Шығарып ой сәулесін жарық қылдым. Ойладым соның тілі тиді медеп, Назарда Ахмет пенен Арық құлдың. ( Әубәкір) Бір алла, мал мен басқа қаза бердің, Күніме жаяулық пен жаза бердің. Сіздерді кӛп беймаза еткенімнен, Ұялып ортаңызға азар келдім, Арқама тарыққанда сүйеуім деп, Ортаңа бұл қазамды шаға келдім. Органа бұл қазамды келдім шаға, Дос етпес — дұшпан болса етер таба. Ер жаяу ӛз жұртында болмасын деп, Бас болып ойға қалса әрбір аға. Байларды Сақау атты алла сүйер Мұсылман құл бір-біріне етсін пана. Мұсылман құл етсін пана бір-біріне, Паналық қайыр ықсан жан тіріде. Біз қасық, халық дария түгесілмес, Тілекші біз қартыңыз әр күнінде. Тілекші әр күнінде біз қартыңыз, Жомарттық етсең келер қуатыңыз. Жыл сайын қажетімді сізден алып, Келгенде болып қайтқай мұратыңыз. 38


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

(Қубала ақын) 3. Шендестіру. Екі нәрсе қатар яки қарама-қарсы келгенде, арасындағы айырым кӛзге кӛбірек түседі. Биік пен аласа, ұзын мен қысқа, кӛрікті мен кӛріксіз, шебер мен олақ, ғалым мен надан қатар келгенде, араларындағы айырмасын анық кӛреміз. Жайдағы қайғыдан куаныш үстіндегі кӛрген қайғы жанға кӛбірек батады. Жарлылық қиындығы жасынан жарлы болғаннан гӛрі байдан жарлы болғанға кӛбірек сезіледі. Кӛріксіз бетіндегі дақтан кӛріктінің бетіндегі дақ сӛзге кӛбірек түседі. Тәттінін артынан ащылык, дәмдінің артынан дәмсіздік артығырақ білінеді. Сӛздің әсерін күшейту үшін табиғаттың бұл занын сӛз шығарушылар кӛп қолданады. Байдынаса байлығын анык кӛрсету үшін елін кедей қылып кӛрсетеді. Батырдың халық үшін қандай бәйгеге тігетіндігін кӛрсету үшін ӛлдім-талдым дегенде кӛрген шал мен кемпірдін аяулысы баласы қылып, оның үстіне байлығын да қоса керсетеді. Алпамыс, Қобыланды, Сайын - бәрі де байдың жалғыз балалары. Лебіз түрінде де, ақындар сӛзінде кӛп ұшырайды. Сӛзді бұлай әсерлеу әдісі түйістіру деп аталады. Мысалдар: Ассалаумағалейкум, , батыр Ерден! Кетіп тұр бақ-дәулетін тағы кӛрден. Ішінде топ қарғаның бір бүркіттей Кӛзіме кӛрінесің келген жерден. 1. Қарға мен бүркітті түйістіргенде, бүркіт, әрине, ӛте кӛрнекті кӛрінбекші, олай болса, бүркітке теңеген Ерденнін ӛзгеден артығы кӛбірек білінбекші. 2.Қара жерге қар жауар — Қарды кӛр де етім кӛр. Қар үстіне қан тамар – Қанды кӛр де бетім кӛр. Ақтың ақтығының нағыз күшті кӛрінетіні қарамен қатар қойғанда. Бұл ақтынақ болып кӛрінуінінең барып тұрған жері. Қара жер мен қарды қатар қоюыңдағы мақсат етінін ақтығы кай дәрежеде екендігін кӛрсету. Еттін ақтығы қар мен қара жерді қатар қойғанда қандай анық кӛрінсе, беттің қызылдығы қарды қанмен қатыстырғанда сондай анық кӛрінбекші. Сол ақ пен Қызыл қатысқан түсті қар мен қаннан артық еш нәрсе анық кӛрсете алмайды. Мұны бұлай келтіріп отырған ақынның ақындығы. 39


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ақжүністің Қартқожаққа әуелі жастықтағы күйін айтып келіп, сонан соң барып қартайғандағы күйін айтуы да ақындықтың әлгі әдісі. Бес жасында Қартқожақ, Жас шыбықтан жай тарттың, Жалғыз шиден ок аттын, Атқан оғын жоғалттын, Кәне, шыққан мүйізін? Он жасыңа келгенде, Қызыл-жасыл киініп, Қынай белің буынып, Қыз баладай кӛрініп, Бала болдың бір кезек, Кәне, шыққан мүйізін? Жиырма беске келгенде, Ақ балтырын түрініп, Оймақтай аузың бүріліп, Қарт бурадай қамданып, Қасбатырдай шамданып, Сыртыннан дұшпан сӛз айтса, Шынынменен арланып, Қызды бақтың бір кезек, Кәне, шыққан мүйізін? Отыз беске келгенде, Қоңыраулы найза қолға алдың. Қоңыр салқын тӛске алдын, Жауды кӛрсең шүйілдің, Женсіз берен киіндің, Кӛк серек атты борбайлап, Қамалды бұздың айқайлап, Кәне, шыққан мүйізің? Қырық бес жасқа келгенде, Қырым деген шаһардың Жел жағына каласын, Ык жағына панасың. Қырдан қиқу тӛгілсе, Елге таман үңілсе, Мың кісіге бір ӛзін Шошынбай жалғыз барасың, Кәне, шыққан мүйізін? Елу беске келгенде, 40


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Топқа бардың бой түзеп, Дауға бардың тіл безеп, Билік сүрдің бір кезек, Кәне, шыққан мүйізін? Алпыс беске келгенде, Сақал-мұртың куарып, Бойға біткен тамырдың, Бәрі бірдей суалып, Алайын деп тұрмысың, Мені кӛріп қуанып? Ӛлтірсең де тимеймін, Тендік берсең сүймеймін. Бұрын батыр болсаң да, Сенің басың бұл күнде, Жерде жатқан қу тезек. (Ер Тарғын) 4. Дамыту. Пікірінді сӛйлегенде, алдыңғы сӛзіннен артқы сӛзіңнің қуаты асып отырса, дамыту болады. Әншейін сӛйлегенде дамыту мысалы мынау: 1.Бар! Жүгір! Үш! 2.Мен саған он рет, жүз рет, мың рет айттым. «Бар» дегеннен «жүгір» деген күштірек. «Жүгір» дегеннен «үш» деген күштірек. Екінші мысалда: «Он рет айттым» дегеннен «жүз рет айттым» деген күштірек, «Жүз рет айттым» дегеннен «мың рет айттым» деген күштірек. Дамыту негізі сӛздің осы табиғи заңына тіреледі. Сӛз шығарушылар да сӛздің осы табиғи заңымен пайдаланып, керекті жерінде сӛзін бірден-бірге күшейтеді. Мысалдар: 1. Халықты қаңсылату — обал, халықты зар жылату — мейірімсіздік, халықты тамақ үшін сату — иттік. 2.Шынымен Қобылан шудеді, Құбылып бурыл гуледі. Аманбайдын Ақ тікен Аса қарғып жӛнелді. Қарсы келген кабақтан Қарғып асып жӛнелді. Сеңгір-сеңгір таулардан Секіріп асып жӛнелді. .............................. 41


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

3.Арандай аузын ашады. Аяғын топтап басады. Бір тӛбенің тозаңын Бір тӛбеге қосады. Кешке таман Тайбурыл Жын қаққанға ұсады. Құла менен құлжаның, Марал менен бұғының Ұзатпай алдын қосады. Қол жағалай отырған Кӛк құтан мен қарабай Кӛтеріліп ұшқанша, Белінен келіп басады. (Қобыланды башыр) 4Іші лас, сырты таза залымдардың Алданып құр сыртының тазасына, Мәз болып байғазы алған балаларша, Сатылып жылтыраған танасына. Әбілдің зияратын аттап ӛтіп, Қабылдың бата қылма моласына. Корыкканға кос кӛрініп қойдай үркіп, Тығылып Дажалдың бұтқанасына. Ес кетіп сабыр қалмай сасқалақтап, Қорыққаннан кӛзің сыймай шарасына. Ұмытып құдайды да, құранды да, Бас ұрма ләнат-манат ағашына. ( «Маса») 5.Әлде мен бабын тауып бақпадым ба? Болмаса жемнен қысып сақтадым ба? Әйтпесе әбзелдерін сәнді емес пе? Жібектен тізгінінді тақпадым ба? Малдырып сап алтынға үзенгінді, Тағанды шын күмістен қақпадым ба? ( «Маса») 5. Тҥйдектеу. Әр сӛзге кӛп ой сыйғыза сӛйлеу — түйдектеу деп аталады. Түйдектеп сӛйлегенде, сӛздің әсері күштірек болады. Себебі сӛйлем ішінде сӛз аз болса, әр сӛзге кӛбірек назар түсіп, ілтипатқа кӛбірек айналады. Кӛп нәрсеге адам назар салғанда, ілтипаты ыдырап, сирей түседі. Мәселен, топ адамды кӛргенде, назар топқа түсіп, бас-басына аз түседі. Сондықтан 42


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

әрқайсысының түрін-түсін, киген киімін, мінген атын байқамай қаласың. Аз адамды кӛргенде, назар әрқайсысына кӛбірек түсіп, түр-түсін де, киген киім, мінген аттарын да байқап қаласың. Сӛйлем ішіндегі сӛз де сол сияқты. Түйдектей сӛйлеудің мысалы мынау: 1. Бақ — ерікте, ерік — ерлік пен бірлікте, ерік — ұранымыз, бірлік — құранымыз болсын. ( Шырша) 2, Адамына оқ, Қаласына от! Мұнан басқа бітім жоқ. (Темірше) 3. Соғыс. Бұ не әурешілік? Қырылған жан, тӛгілген қан — шулаған ел, шұбырған босқын, жылаған қатын-бала. 6. Бҥкпелеу. Сӛзді ашып айтпай ұшығын ғана кӛрсетіп айту — бүкпелеу деп аталады. Мысалдар: 1.Отыр ем бала ғой деп жүзің жарқын, Сӛз — кілт, кеуде — сандық, ақыл - алтын. Ақылың кәп болғанмен шашың ұзын, Жібердің келістірмей сӛздің артын. ( Жарылғасын) Ақсұлу, айтар сӛзді аңдамадың, Аузыңа келген сӛзді сандаладың. Әкесін, шешесімен нандырады Қыз бала елдің жайын қайдан білсін. Білмесе қызбен жайын боз баланың. 3. 7.Кекесіндеу. Сӛздің тысқы лебіз мағынасына ішкі астыртын мағынасы қайшы келсе, кекесін болып шығады. Кекесінмен сӛйлеуді кескіндеу дейміз. Қорқақ кісіні «Батырым» деу, қара кісіні «Әппағым» деу, ақымақ кісіні «Данышпаным» деу — осылардың бәрі де кекесін сӛздер. Кекесіннің түрі толып жатыр.Бірақ толып жатқан түрін екі топқа белуге болады. 1.Зілсіз кекесін (ойын, қулық, қалжың, әзіл). 2.Зілді кекесін (мазақ, сықақ, мысқыл, келемеж, келеке, әжуа). Кекесін мысалдары: 1.Тұрсынбай датқаның балалары болыстыққа таласып, араз болып жүргенде, Бұдабай ақынның айтқаны:

43


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Бір күнде Досан болды Алтынбекпен, Датқаны не қыласың етіп кеткен. Таласып Әлімбеттің ісін алсаң, Бакытты келтірдің ғой қиыр шеттен. Иттерге таласса да жарасады, Әйтпесе ит әдетін адасады. Дос болған адамдарға қарап тұрсақ, Биікпен теңдеп болмас аласаны, Сүйектей арасына түссе нәрсе, Иттерден олар артық таласады. (Қырық мысал) 3.Тӛрені түйеге тіркеп қойып, «Тӛре неме ғой, жүрер ме екен» деген. 4.«Ой бәрекелді! Ой-сабаз-ай!» - дегенде ырза болып айтса, қостау болады, ырза болмай айтса, кекесін болады. ТІЛ (ЛҦҒАТ) ӘУЕЗДІЛІГІ Әуезділіктің жалпы шарттары: Сӛз дыбыстан құралған нәрсе болғандықтан, оның дыбыстары ағымды да, жағымсыз да болып құралуы мүмкін. Сӛздін дыбыстары құлаққа ағымдыжағымсыз болып құралуы сияқты, сӛйлеудің ішіндегі сӛздер де құлаққа жағымды-жағымсыз болып құралады. Әуезділік деп нені айтамыз? Әуезділік деп сӛз турасында айтсақ, сӛздің ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз. Сӛйлеу турасында айтсақ, сейлеу ішіндегі сейлемдерінің үндері құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз. Сӛздің үні құлаққа жағымды болуы дыбыстардын тізілу түрінен, сӛйлеудін үні құлаққа жағымды болуы сӛйлемдердің тізілуі түрінен. Сондықтан сӛз әуезділігі де болады, сӛйлеу әуезділігі де болады. Бірақ, сӛздің де, сӛйлеудін де әуезді болуының негізгі мәнісі бар. Екеуі де дауыс ағымына қарайды. Дауыс ағымы сӛз ішінде дыбыстарының тіркесуіне қарайды да, сӛйлеу ішінде сӛйлемдердің тіркесуіне қарайды. Сӛз ішінде дауысты-дауыссыз, жарты дауысты дыбыстар араласып тіркесе келеді. Бір сӛзде дауысты дыбыстар кӛп келеді. Бір сӛзде дауыссыз дыбыстар кӛп келеді. Дауысты дыбыстар кӛп келген сӛз үнді болады, дауыссыз дыбыстар кӛп келген сӛз үнсіз болып шығады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың да кейінің үні аз, мәселен: «ұ», «ү» «і»; сӛз ішінде бұлар кӛп келгенде де сӛздің үні кем болып шығады. Және де кей сӛздің ішінде қай дыбысы да болса кӛп келеді де, кей сӛздің ішінде аз келеді. Сӛз әуезділігі жағынан мұның да мәні кӛп болады. Әуезді сӛз бен әуезсіз сӛздің паркін мынадан байқауға болады. 44


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

«Шамалы» деген сӛзбен «Шанышқы» деген екі сӛздің кұлаққа қайсысы жағымды? Әрине «Шамалы» жағымды болып тұрғаны. 1.Ішіндегі дыбыстарының бірі дауыссыз болғанда екіншісі дауысты болып, реттеліп келіп тұрғаннан. 2.Дауысты дыбыстар ішінде кӛп болғандықтан сӛздің үнді болып шыққанынан. «Шанышқы» деген сӛзде: 1) дыбыстар реттеліп, бірі дауысты болғанда, екіншісі дауыссыз болып келіп отырған жоқ. 2) Дауысты дыбыстары аз. Сондықтан мұның үні жатық та емес, мол да емес. Үні кем және жатық болмаған сон. құлақка жағымсыз болып естіліп тұр. 1. Сӛз әуезділігі Сӛздің әуезділігі ішіндегі дауысты-дауыссыз дыбыстар оңтайлы орындасуынан болады. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар аралатпа болып келмеген жерде, яғни кілен дауысты дыбыстар яқи кілен дауыссыз дыбыстар қатар келген жерде сӛз айтуға оңтайлы болмайды. Қазақ тілінде қайсысы да болса қатарынан бір жерде екі дыбыстан артық болып келмейді. Дауыссыз дыбыстардын қатарынан екеуі келуі сӛйлеу әуезділігіне онша кемшілік келтірмейді. Дауыссыз дыбыстар қатар келетін сӛздер «жаттықтыру», «аптықтыру» деген сияқты болады. Бұларда қатар келген дауыссыз дыбыстар екеуден артық емес және сӛздің үнін азайтып, айтуға онша оңтайсыздық келітіріп тұрған жоқ. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардын қатарынан бір сӛздің ішінде келуі, тіпті болмайды. Қатарынан келетін кездері қос сӛздерге, не екі сӛздің бірінің аяғы, бірінің басы дауысты дыбыс болып келетін жерде болады. Мәселен, сары үй, торы айғыр, қазба үй, қара ӛлең, апта егін қуса игі еді, қарамаса екен, бала емес, баласы еді. Қырдағы үй, кесе аяқ, мосы ағаш деген сияқты сӛздер. Дауысты дыбыстардын бүл сиякты катарынан келуі айтуға оңтайсыз болып, сӛздің әуездігін кемітеді. Бұл кемшілік қазақ тілінде кӛбінесе екі дыбыстың бірін айтып, бірін айтпаумен ғана сезілмейді. Айтқанда «Сары үй» демей «Сарүй» дейді. «Торы айғыр»демей «Торайғыр» дейді. Басқаларында солайша бір дыбыспен айтады. Мәселен, «Қуса игі еді» деген сӛздерді «Қусегеді» етіп айтады. «Баласы екен» яқи «бала екен» деп дыбыстарын түгелдемей-ақ «бала секен», «бал екен» дейді. 3. Сейлеу әуезділігі Сӛйлеу әуезділігі буын екпіні мен сӛз екпіні қолайлы орналасуынан болады. Әуелі буын екпіндерінін арасы тым жақын келсе, я алыс келсе әуезділігіне кемшілік болады. Тым жақын болып келу ӛңшең қысқа сӛздер бір ӛңкей келгенде болады да, тым алыс болып келу ӛңшең ұзын сӛздер бір ӛңкей келгенде болады. 45


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Сӛйлеу әуезділігі түрлі сӛздердің үндері орайласып ұнамды құралуынан болады. Олай құрастыру сӛйлеушінің яқи жазушының шеберлігін талғайды. Сӛздің кестесін келтіріп айту деген сӛз - Абайдың «тілге жеңіл» деген сӛзі. Бұлардың бәрі – сӛйлеу әуезділігіне тиісті сипат туралы айтылған сӛздер. Сӛз кестесі келсе, құлаққа жағымды болады, құлаққа жағымды болуы әуезділік болады. Сондықтан да ондай сӛздердің сӛйлемдері ӛрнекті сӛйлемдер деп аталады. Ӛрнекті сӛйлемдердің ӛлеңдісі де, ӛлеңсізі де болады. Ӛлең біткеннің бәрі әуезді сӛйлеу тобына жатады. Қысқасынан айтқанда, әуезділікке жағдайлы-жағдайсыз келетін шарттар мынау: А. Сейлеу құлаққа жағымды болмайды а. Дауысты-дауыссыз дыбыстар ұйлығып қатар келгенде; б.Сейлемдер дұрыс жасалмаған кезде. Мәселен, сӛйлем мүшелері орнына қойылмағанда, я тұрлаусыз мүшелері кӛбейіп, сӛйлемді ауырлатқанда яқи басыңқы сӛйлем мен бағыныңқы сӛйлемдер жапсарлары дұрыс келмегенде. Б. Сӛйлеу құлаққа жағымды болады а.Сейлемдер дұрыс жасалғанда, ӛрнекті сӛйлемдердің кестелері келісті жасалғанда. б.Ӛлеңді сӛйлемдердің ӛлшеулері дұрыс келгенде. 1. Ӛрнекті сӛйлемдер Ӛрнекті сейлемдер деп кұрмалас сӛйлемдердің бастары Қосылып, кестелі болып құралуын айтамыз. Ондай сӛйлемдер нақ текеметке яқи кілемге салған тұр сияқты болмағанмен, ӛрнек-ӛрнегімен айтылады. Ӛрнекті сӛйлемді айтқанда, дауыс кӛтеріліп, тӛмендеп әнше оралып, қайырылып отырады. Сондықтан ӛрнекті сӛйлем оралым (яқи шұбыртпа) деп аталады. Оралым екі мүшелі болады. Бір мүшелісінде пікір тақырыбы болады да, екіншісінде пікір баяны болады. Сондықтан бастапқы тақырыпшы мүше делініп, екіншісі баяншы мүше делініп айтылады. Ӛрнекті сӛйлемді иіріпжиырып жай сӛйлемге айналдыруға болады. Жай сӛйлемді жайып, далитып, ӛрнекті сейлемге айналдыруға болады. Ӛйткені ӛрнекті сӛйлем қанша үлкен болғанмен, яғни ішіне кіретін сӛйлемдер қанша кӛп болғанмен, бәріне қазық болатын бас пікір жалғыз-ақ болады. Ол пікірді кӛп сӛйлеммен ұлғайтып айтуға да болады. Ол пікірді шағындап, аз сӛйлеммен айтуға да болады. Мысал: Қисапсыз бай болсаң да Қарынбайдай, Саки боп мал шашсаңда Атымтайдай. Патшадай Әмір-Темір дін түзетіп, 46


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Болсаң да әйдік батыр Арыстандай, Болсаң да Жиреншедей тілге шешен, Ақырда жатар орның тар лақат жай. Мұны шағындап аз сӛйлеммен былай айтуға болады: «бай да, сақи да, патша да, батыр да, шешен де - бәрі де ақырында бір ӛлмек.» 2. «Халық басына қайғылы күндер туған заманда қайрат кӛрсетпеген азамат — азамат емес» деген пікірді кӛп сӛйлеммен ұлғайтып, былай айтуға болады. «Қаптаған қара бұлттай торлап, түрлі пәле халық басына орнап, не қыларын біле алмай, ақылынан адасып, жұрт алақтап азаматын іздеген шақта, бар шырағын жақпай, бар қайратын сарып қылмай, ӛз басының амандығымен болып, ұранға шаппаған азамат, ол халық алдында жоқ азамат не ол жаны бар болғанмен жануарлықтан шықпаған азамат. Не қызатын қанын, ашитын жанын басының пайдасына, бастықтық орынға, патшанын аңғамына сажан азамат болады.» (Темірше) а) Себепті оралым. Баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесін дәлелдей баяндағанда, оралым себепті деп аталады: Мысалы: 1.Кӛлден ұшқан қалбаймын, Жаманның тілін алмаймын. Қақ бұйырған сапардан Арыстаным, қалмаймын, Асыл достым, сӛкпесең, Бұл сапарға бармаймын. Бұл олжадан алмаймын. Асқар тауды бел деген, Ақ бармақпен жем жеген, Ауырса жеммен емдеген, Ӛзінен басқа кӛрмеген, Ӛзінен басқа білмеген, Күтіп тұрған анасы – Ӛзі әйелдін данасы, Тұлпар туған Бұрылдың Қырық үш күні кем деген. 2.Кеткен кісі ӛле ме? Алғанын тәнірім бере ме? Арыстан туған батырлар 47


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Қатынға билік бере ме? Қатын тіліне ере ме? Әр талапқа шығарда, Қатыным деп тұрар ма? Асыл туған Қобыланды Қатынға ақыл салған соң Неше батыр болса да, Басында билік жоқ адам, Арыстан туған, құрдас жан, Қатын емей немене? 3. А... ел бастап жұрталайын деген ұл екенсің, сӛз бастап би болайын деген ұл екенсің: алдыңа келсе, әділдігінді аяма, аймағың кетпес алдыннан. Қол бастап, жол алайын деген ұл екенсің, жолдастың мыңын алма, бірін ал! Мың кісіге бір кісі олжа салатұғын, олжаңды аямасаң, жолдасын қалмас жаныннан. Жүз жиырма алтыға келіп отырмын, жас күнінде қалың бер де,қатынал; қартайғансоң ӛкінбе, ұлым. Жігіттің хан болатын, қатынның ханым болатын уақыты сол. Қару жисаң мылтықжи — жаяу жүрсең таяғың, қарның ашса тамағың. б)Мақсаттың оралым. Ӛрнекті сӛйлемнің баяншы мүшесі такырыпшы мүшесін мақсаттай баяндаса, оралым мақсатты деп аталады. Мысал: Тобыршақ атка зор салды, Ақалмаска кол салды, Қамшы басты сауырға, Екпіні ұсап дауылға, Тобығы менді торы атпен, Қобыланды шапты ауылға. Қатуланып қаттанып. Буырқанып бұрсанып, Мұздай темір құрсанып, Қабағынан қар жауып, Кірпігінен мұз тамып, Ар жақ пенен бер жаққа Найзасын ұстап бармаққа, Аттанбақка қалмаққа Құдай жолы шалмаққа, Сӛзге сынық қылды деп, 48


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Батыр кейіп келеді. Егер шықса алдынан Бұлаңдаған Құртқаның Басын кесіп алмаққа. в)Ҧқсатпалы оралым. Ӛрнекті сӛйлемнің баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесін баяндаса, оралым ұқсатпалы деп аталады. Мысал: 1.Асыл туған Ақжүніс, Күнді бұлт құрсайды. Күнді байқай қарасам, Күн жауарға ұқсайды; Айды бұлт құрсайды, Айды байқай қарасам, Түн жауарға ұқсайды. Кӛңілдерін еріткен Кӛлдегі қулар шулайды, Шулағанға қарасам, Кӛктен сұңқар суылдап, Соғылғанға ұқсайды. Бойды байқап қарасам, Қол-аяғым созылып, Аузы-мұрным суынып Қақтың маған бұйрығы Таянғанға ұқсайды. 2. Қыстың сықырлаған аязын, түтеген алай-түлей боранын, қызыл үскірік суығын бастан кешіріп, жазға жетіп, жадыраған шуақта, балбыраған жасыл шӛпте жан-жануарлардың бәрі рақат тауып, жаны қандай жайланады. Сондай-ақ қатал тәртіп, қатты қол, канішер үкіметтен қысымшылық кӛрген халықтар азаттыққа жетіп, жаны жай тапты. г ) Қайшы оралым. Ӛрнекті сӛйлемнің тақырыпшы мүшесі мен баяншы мүшесіндегі пікір бір-біріне қарсы мағынада болса, қайшы оралым деп аталады: Мысал: 1.Мен Қырымның ішінде, Ақша ханнын қызы едім, Атам менен анамның 49


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Асыраңды қазы едім, Қойда бағлан қозы едім, Жылқыда шанқан боз едім, Қырым менен Қытайдан Тамам жақсы жиылса, Аузындағы сӛзі едім, Бұ заманның шағында Жылап тұрған кӛзім бар, Тӛгіп тұрған жасым бар, Әуре болтан басым бар. (Ер Тарғын) 2.Ер ортасы болғанда, Пайғамбар жасы толғанда, Заманымыз азғанда, Жігіттің күні озғанда, Берекетсіз балаға Оттың басын топ етіп, Қырға шығар ішінде Біреуін де жоқ етіп, Мен алмаймын кӛбінді. (Ер Сайын) д) Шартты оралым. Ӛрнекті сӛйлемнін тақырыпшы мүшесі болжал себеп я шарт болып, тақырыпшы мүшесінде болжал салдар болса, оралым шартты деп аталады. 1.Намаздыгер ӛткенше, Намазшамға жеткенше, Қазан ағаш бағысын Түсірмесем жүзіңе, Кӛрсетпесем кӛзіңе Жан серігін, Бурылды Сол жерде шал құдайға. ( Қобыланды) Талайдан бермен жұмсаған, Қан кӛрмесең сусаған. Қанға тойсаң жусаған, Тауға салсам тас кескен, Кеудеге салсам бас кескен. Алты аршын ақ болат, 50


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Қынаптан алып суырып, Шаба алмасам маған серт! Айдаһардың тіліндей, Салсам кеткен білінбей, Қарағайға саптатқан, Шұбар туға шұлғаған, Әр уақытты кӛрсетіп, Талай жауға мақтатқан Тӛрт қырлаған кӛк сүңгі, Жау ішінде жалындап, Толғамасам маған серт! Толғауыма шыдамай, Толқып сынсаң саған серт! (Ер Таргын) Сарғайып келген егін толқындаса, Жас орман жел күңірентіп әнге салса. Жапырақтың жасыл ләззатты саясында Бақшада мойыл қаймақ жасырынса, Себілген алмас шықпен шын хош иіс, Сары алтын ерте менен я қызыл кеш. Бір топтың қолтығынан күліп қана, Бас иіп есендессек күміс ландыш, Секіріп салқын бұлақ ойнап сайда, Батырып кӛмескі түсі тұманды ойға. Шапқылап шыққан жерін әңгіме қып, Былдырлап ақ бетінен сүйгізсе айға. Сол уақыт жай табады асау жаным, Ашылад басқан ауыр ой қабағым, Шын бақты тапқандаймын осы жерде-ақ Кӛремін күн жүзінде, жасағаным... ( Мағжан) Бұ дүниеде кӛрмесең, Құртқамбысың демесең. Қазан жетіп бұ жолдан, Қаққа түзеп бетінді, Арыстаным жӛнелсең, Жұбайым бар деп еске алсаң, Сұлтаным, сонда мені ізде Пайғамбардың туында. (Қобыяанды батыр) 51


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

е)Жалғасыңқы оралым.Ӛрнекті сӛйлемнің тақырыпшы мүшесіндегі пікір баяншы мүшесіндегі пікірге тіркес мағынада болғанда, жалғасыңқы оралым деп аталады. Мысал: 1.Таң сарғайып атқанда. Таң Шолпаны батқанда, Шал-кемпірдің қойнында Аркада Қобылан жатқанда. Тайбурыл атқа ер салып, Азғана азық жем салып, Бәйгеден келген кӛкдӛнен Түнімен ұйқы кӛрмеген, Ақ Орданын алдынан, Жетелей сонда откізді, Құртқа сұлу кӛлденең. 1.Тоқсанда атаң Тоқтарбай, Бұтында жоқ ыстаны, Тізесіне тон жетпей, Арқасынан қол кетпей, Ақтабан боп кәпірге Қой баққанда келерсің. Алпыста анаң Аналық Арқан есіп, жүн түтіп, Қайғыменен қан жұтып, Құрт қайнатып жүргенде Сұлтаным, сонда келерсің. Қарындасың Қарлығаш, Абдастасы қолында, Дастарқаны белінде, Пияласы қарында Бӛтен жаудың елінде, Қызылбастың шенінде Шай қайнатып жүргенде, Сұлтаным, сонда келерсің. (Қобыланды батыр) 3.Тоғыз айға толғанда, Шамалы күн болғанда, Кіші жұма ӛткенде, Ұлы жұма жеткенде Боз кемпірді крзғалтты, Ыңырантты, толғантты, 52


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ноғайлының үш кентін Шақырып жиып орнатты. (Ер Сайын) 4.Жазды күн шілде болғанда, Кӛк орай шалғын бәйшешек, Ұзарып есіп толғанда. Күркіреп жатқан ӛзенге Кӛшіп ауыл қонғанда. Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жүні қылтылдап, Ат-айғырлар, биелер Бүйірі шығып ыңқылдап. Суда тұрып шыбындап Құйрығымен шылпылдап. Арасында құлынтай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-тӛмен үйрек-қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. (А бай) ж)Серіппелі оралым .Ӛрнекті сӛйлемнің баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесіндегі пікірді кеңінен толғай баяндаса, серіппелі оралым деп аталады. Мысал: 1.Истамбол патша болсаң да Құддыс, Шамға, Бұқар мен үкім етсең де Үндістанға. Ағылшын, Қытай, Мәскеу, Румді алып, Дін түзеп әмір етсең де бұл жиянға. Тұтсаң да жеті ақылымның бәрін тегіс. Кірерсің ақыр бір күн кӛрістанға. Есепсіз бай болсаң да Қарынбайдай Сақи боп мал шашсан да Атымтайдай. Патшадай Әмір-Темір дін түзетіп, Болсаң да әйдік батыр Арыстандай, 53


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Болсаң да Жиреншедей тілге шешен, Ақырда жатар орның тар лақат жай. (Алтыбас Ақмолда) Шайылған кӛз жасымен жердін бетін, Ӛткізіп тым ӛлшеусіз үкіметін. Жауыздық, жалғандықпен билесін-ақ, Адал жол, ақ ниетті арам жеңіп, Жазыксыз жанды кинап, канды тегіп, Бұзыктык, түзіктікті илесін-ақ, Қиналып кім де болсаң талыккандар, Түңіліп үміт үзіп жабыкпандар, Қайтадан жакындык кеп, кастык кашып, Жаркырап жақсылықка атар таң бар. ( «Маса») з) Айрықты оралым .Ӛрнекті сӛйлемнің баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесіндегі пікірді екі ұштылай баяндаса, оралым айрықты деп аталады. Мысал: 1. Қазақ ӛнерсіз халық бола тұра, кӛпке шейін бӛтен жұрттарға бағынбай келгенін түрлі жоруға болады: не бұрынғы заманда қазақ мықты халық болған деп, не кӛшпелі болғаннан сынаптай сырғып, ешкімнің қолында тұрмаған деп, не ауданы үлкен кеңдала, ол замандағы айналасындағы кӛрші жұрттардың уысына сыймаған деп. 2.Сен неге, тұлпар атым, кісінейсін? Жабығып неден кӛнілің, түсті енсен? Ерігіп ауыздығың қарш-қарш шайнап, Бұ қалай бұрынғыдай сілкінбейсің? Әлде мен бабын тауып бақпадым ба? Болмаса жемнен қысып сақтадым ба? Әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе? Жібектен тізгінінді тақпадым ба? Малдырып сап алтыннан үзеңгінді, Тағанды шын күмістен қақпадым ба? ( «Маса») 3.Азамат, анау қазақ қаным десең, Жұмақтың суын апар жаным десен, Болмаса, ібіліс бол да, у алып бар, Тоқтатам, тұншықтырам зарын десен. ( Магжан) 54


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

е)Қорытпалы оралым. Оралымның тақырыпшы мүшесіндегі пікірді баяндау мүшесі қорытатын болса, оралым қорытпалы деп аталады. Мысал: «Еркімен ұшып, еркімен конатын құс сияқты, жер-су мол шағында, жұрттың кӛбі еркімен қонып жүрген болса, онан бері келе адам баласы ӛсіп-ӛніп, жер тарылған кезде кӛшуді тастап, отырықшылыққа айналған болса, онда жұрттың кӛшпелі, я отырықшы болуының себебі жердің кеңтарынан болғаны ғой. Оралым аман бір түсті болып келе бермейді. Әр түстісі араласып та айтылады. 2.Ӛлеңді сӛйлемдер. Атам заманнан бері адам баласының сӛзі, асылында, екі түрлі орынға жұмсалған: 1. Күнкӛріс ісіне. 2. Кӛніл кӛтеріс ісіне. Бастапқысына қара сӛз деп, сонғысына ӛлең деп қазақ, ат койған. Ӛлеңнің ӛзі де қазақта екі түрлі болған: бірі әнді болған, екіншісі мәнді болған. Әнді ӛлеңнің сӛзіне де, әніне де кӛбірек құлақ салған. Сондықтан әнді ӛлеңді айтушы әннің ажарлы болу жағына тырысып, сӛздің ажарлы болу жағына онша ыждаһат қылмаған, ал мәнді ӛлеңде жұрттың құлақ салатыны ән емес, сез болған сон, айтушы сӛздін ажарлы және мағыналы болу жағына кӛп тырысқан. Сол себепті әнді ӛлеңнің сезінен мәнді ӛленнің сӛзі жарлырақ, мағыналырақ болған. Әні басым, мәні кем, ажары аз ӛленге қара ӛлең деп ат қойып, әні кем, мәні мол ажарлы ӛлеңге жыр деп ат қойған. Бұрынғы заманда қара ӛлең мен жыр екеуінің арасында ажар мен мағына жағынан қандай болектік болғаны «Жар-жар» мен «Беташар» олендерінен кӛрініп түр. ЖАР-ЖАР Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар! Қырык кісінің ақылы ханда болар, жар-жар! Әкем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар! Әкең үшін қайың атаң онда болар, жар-жар! Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар! Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар! Азар жақсы болса да қайың атамыз, 55


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

жар-жар! Айналайын әкемдей болмақ қайда, жар-жар! *** Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар! Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар! Шешем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар! Шешең үшін қайың енең онда болар, жар-жар! Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар! Құлын-тайдай айқасқан он жақ қайда, жар-жар! Азар жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар! Айналайын әжемдей болмақ қайда, жар-жар! БЕТАШАР Айт келін, айт келін! Атың басын тарт, келін! Жұмыртқадан ақ келін! Келін-келін, келіншек! Кер биенің құлыншақ, Алдыңғы түйең итіншек, Арткы түйең тартыншақ. Итіншекдеп түйенді Басқа ұрма, келіншек! Тартыншақ деп түйенді Кӛтке ұрма, келіншек! Қайын атаңның алдында, Қақандама, келіншек! Үйге түскен түйені Бақандама, келіншек! Қаптың аузы бос тұр деп Құрт ұрлама, келіншек! 56


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ӛзің жатып байыңа «Тұр-тұрлама», келіншек! Кей келіншек еріншек. Еріншек болма, келіншек! Кей келіншек кӛңілшек, Кӛңілшек болма, келіншек! «Жар-жарға» қарасақ, оның ішінде ән үшін болмаса, мән үшін керек емес сӛздер толып жатыр. Мәселен: «Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!» - деу сияқты сӛздер және сол сӛздер қайта-қайта айтылады, қысқасы, сӛзі кӛп. «Беташарда» ондай артық сӛздер аз. Мұнда бір сӛз қайта айтылса, орнымен келісті түрде айтылған. «Жар-жардан» гӛрі «Беташар» мағыналы, маңызды да. «Беташар» қасында «Жар-жардың» мағынасы сұйық кӛрініп тұр. Сӛздің ӛнер болатын мәнісі Жоғарыда айттық: ӛлең, асылында, кӛңіл кӛтеріс ісіне жұмсалатын сӛз түрі деп. Адам кӛңіл кӛтеру үшін ойнайды, билейді, күреседі, жарысады. Ӛлең де бұрын сол ойын, би, күрес, жарыс сияқты кӛңіл кӛтеретін нәрсе болған. Ӛлеңнің кӛңіл кӛтеріп, қоштандыратын қасиеті әдемілігінде. Нәрсенің әдемі кӛрінетіндігі ұнасымымен. Ӛленді де әдемі кӛрсететін сол ұнасымы. Ӛлеңнің ұнасымы неден болады? Азырақ жауап беріп ӛту керек. Ӛлең ғана емес нәрсенің кӛбі-ақ - жарастығымен ұнамды кӛрінеді. Нәрсенің кӛбі-ақ негізінде бірдейлігімен, реттілігімен жарасып, ұнамды болады. Екі құлақ, екі кӛз - сол сиякты дененің қос мүшелері - екеуі бірдей болса, жарасып ұнамды кӛрінеді. Қоралы қойдай шоғырланып, бет-бетімен жүрген солдаттан сап түзеп қатар тұрғаны жарасып, кӛзге ұнамдырақ кӛрінеді. Сап түзеп қатар түрған солдаттардын әрқайсысы әр түрлі киінгеннен бәрі бір түрлі киінгені әдемі кәрінеді. Сап түзеген солдаттардың жүргенде аяқтарын бірі ерте, бірі кеш әрқайсысы ӛз бетімен бірдей баспағанынан бәрі аяқты бірдей алып, бірдей басқаны әдемірек кӛрініп, кӛңілге кӛбірек ұнайды. Жамыраған қойдың маңырағаны сияқты кеп адамның шулап, бетбетімен шулағанынан бірдей үнмен бірге бастап, бірге шырқап, бірдей қайырып, бірге қосылып ән салуы ұнамдырақ болады. Сондай-ақ сездің ӛлең болыш, кӛңілге ұнап, реттілігінен туатын қасиет сӛзді айтқан кезде сағаттың шық-шық жүргені сияқты, тамырдың бүлк-бүлк соққаны сияқты, дауыстың бір түрлі ырғақ-ырғағы болады. Сағат шық-шық еткенінің, тамыр бүлк-бүлк соққанының арасы қандай бірдей болса, сез 57


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

сӛйлегендегі дауыс ырғақ-ырғағының арасы да сондай бірдей болады. Сӛйтіп дауыс ырғақ-ырғағы сӛзді бірдей-бірдей буынға бӛледі. Сондықтан сӛз табиғи негізінде қамыс сияқты бунақ-бунақ буыны бар нәрсе болып шығады және сӛздің буындары бір қалыпқа құйып шығарған кірпіш сияқты бірдей деп білуіміз керек. Сӛйлем сӛзден құралатын нәрсе болғандықтан, сӛз ішіндегі буындар, ырғақтар, сӛзбен бірге түгелімен сӛйлемге кіреді. Ӛлең сӛйлемдерінде сӛз ырғақтарының үстіне ӛлең ырғақтары қосылады. Ӛлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы, теңселуі сияқты екінші ӛнді ырғак болады. Бүл ырғак — сейлемдердщ ішіндегі буын санының бірдейлігімен, кестелерінін реттілігімен, сезде-рінің әуездес үксастығымен келетін ырғак. Буын ырғағынан ӛлең ырғағын айыру үшін бұл ырғақты жорғак деп атаймыз. Ӛлеңнің жорғағы тіл табиғатына карай түрлі жолмен келеді. Сезден ӛлең жасап шығару жағынан тіл үшке бӛлінеді: 1.Дауысты дыбыстарда ұзын-қысқалық бар тілдер. 2.Екпін буыны бірыңғай келетін тілдер. 3.Екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер. Бірінші түрдегі тілдерде, мәселен, араб, латын, ионан сиякқты ескі жұрттардың тілдерінде дауысты дыбыстардын, кейбіреулері созылып ұзын айтылады. Ондай дыбыстар қалыпты дауысты дыбыстардың екеуіне барабар болады. Мұндай тілдерде ӛлең жоғарғы созымды дыбысы бар сӛздермен, созымсыз дыбысы бар сӛздерді реттеп орналастырумен келеді. Екінші түрдегі тілдерде екпін буыны сӛздің бәрінде бірыңғай бір орыннан табылады. Мәселен, француз, чех тілдерінде екпін буыны аяғында келеді. Үшінші түрдегі тілдерде, мәселен, орыс тілінде екпін буыны бір сӛздің басында келсе, екінші сӛздің ортасында, үшінші сӛздің аяғында келеді: хатта бір сӛздің ӛзінде де аман бір жерде тұрмай, әр жерде кӛшкілеп жүреді. Мұндай тілдерде ӛлең жоғары екпінді буын мен екпінсіз буындарды реттеп орналастырумен келеді. Қазақ тілінде екпін буыны сӛздің аяғында келеді, я аяғына таяу буын болып келеді. Екпін буыны аяғында келетін сӛздермен қазақ тілі француз тіліне ұқсас, екпін буыны аяққа таяу келетін сӛздермен поляк тіліне ұқсас. Солай болған сон француз я поляк тіліндегі сӛздерден ӛлең жасап шығаратын табиғи жол біздің қазақ тілініңде табиғи жолы болып шығады. Олай болса біздің қазақ тілінде ӛлең шығарудыңда негізгі шарты буын санын бірдей орнына келтірумен орындалады. Бұл негіздін шарты орнына келмесе, ӛлеңнің жорғағы келмейді: жорғағы келмегенде, жорға деуге болмаған сияқты жорғағы келмеген ӛлеңді ӛлең деуге болмайды. ӘЛЕҢ ШЫҒАРУ 58


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ӛлең шығару ӛнерін білу үшін, ӛлеңнің түр-тұрпатымен танысу керек. Ӛлең кестесі айшықдеп аталады. Айшық түрлі-түрлі болады. Мәселен, бір ӛлеңнің айшығы былай келеді: Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ. Жел соқса, құйын соқса, жылжи беру, Болғандай табан тірек еш нәрсе жоқ. *** Бұл күйге бүгін емес кӛптен кірдік, Алды-артын байқамаған бетпен кірдік. Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сӛз Алалық алтыбақан дертпен кірдік. ……………………………….. ……………………………….. ……………………………….. ……………………………….. Екінші ӛлеңнің айшығы былай келеді: Сәуірде кӛтерілер рақмет туы, Кӛрінер кӛк жүзінде қаз бен куы. Кӛктен жаңбыр, жерлерден сулар ағып, Жайылар жер жүзіне қардың суы. Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп, Ӛстірер жерден шӛпті нұрдың буы. *** ……………………………….. ……………………………….. ……………………………….. ……………………………….. Үшінші ӛленнің айшығы былай келеді: Бұлттар басып жасырған, Жаңа түсіп басылған. Таң шапағы сӛніп тұр, Жаналанған ӛмірден, Жана шығып корінген, Гүл қамауда семіп тұр. ( «Маса») 59


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Тӛртінші ӛлеңнің айшығы былай келеді: Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған, Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған. Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сӛйлеймін десең, ӛзің біл. (Абай) Бесінші ӛлеңнің айшығы былай келеді: Ем таба алмай, От жалындай Толды қайғы кеудеге. Сырласа алмай, Сӛз аша алмай Пендеге. ( А бай) *** ……………………………….. ……………………………….. ……………………………….. ………………………………..

Алтыншы ӛлеңнің айшығы былай келеді: Сап-сары бел, Еседі жел, Еседі. Еседі жел, Кӛшеді ел, Кӛшеді. ( Мағжан) ***

60


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Тағысын тағы айшық түрлері толып жатыр. Айшықтын әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз ӛлең дейтіні шумақ болады. Әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз ӛлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз ӛлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Мысалдар: Мен келдім Мырзалының ордасына, Сӛз айттым қасындағы молдасына. Әркімдер жүйрік қазақ дегенменен, Кӛңілім тоқтамады бармасыма. 2.Білімдіден шыққан сӛз Талаптыға бол сын кез. Нұрын, сырын керуге Кӛкірегінде болсын кӛз. (Абай) 3.Бойы бұлғаң, Сӛзі жылмаң, Кімді кӛрсем мен сонан, Бетті бастым, Қатты састым, Тұра қаштым жалма-жан. (Абай)

Осы келтірілген мысалдардағы қос сызықтың арасы бунақ болады. Бунақ ішінде бірнеше буын болады. Бунақ буыны болатын кәдімгі сӛз буыны. Мәселен, әлгі алынған мысалдардың аяғын-дағы «Тұра қаштым жалма-жан» деген екі бунақтың алдыңғы-сында терт буын, соңғысында үш буын бар. Бунақ араларында қос сызық тұрған жерге келетін дауыс толқынының жіктері кезек деп аталады. Ӛлең шумағы бір еленде біреу болуға да, бірнешеу болуға да ықтимал. Бір ӛледнің шумағы кӛбінесе бірдей болады.

61


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Бір шумақтағы тармақтың азы екеу, кӛбі онға шейін барады. Тармақ бір шумақта бір түрлі болуға да, әр түрлі болуға да ықтимал. Бірақ әр түрлі болғанда кесте ретін жоғалтпайтын тәртібі болуға тиіс. Бір бунақтың азы біреу, кӛбі тӛртеуден аспайды. Бір шумақтың ішіндегі бунақтар бірыңғай орналасу керек. Мәселен, үш буынды бунақ қалыптас тармақтың бірінін басында келсе, ӛзгелерінің де солай басында келуі тиіс. Бір бунақтағы буыннын азы екеу, кебі тӛртеу болады. Бір тармақтың ішінде кезек болуға да, болмауға да ықтимал. Болған халде я біреу, я екеу, я үгдеу, онан артық болмайды. Осылардың бәрін дұрыстап орнына келтіріп, оның үстіне және де тармақтардың аяғын ұйқастырса, сӛйлемдер ӛлең болып шығады. Жоғары айтылған шарттардың бәрі ӛлеңде қалай орындалатындығын керсетуге әркайсысына мысал келтіріп қарайық. 1.ӚЛЕҢ АЙШЫҚТАРЫ а)Жалғыз шумақты ӛлең Әманда болар солай әм болғанда, Жараткан солай етіп бұл жалғанда. Ғалымдар толып жатыр, ақылды аз, Таныс кӛп, аз табылар дос адамға. ( Пушкиннен) б)Екі шумақты айшық Бота кӛз, сикырлы соз, Гүлсім ханым, Эр жерде откізсең де ӛмір таңын. Кей уақыт кезіңізге кӛзім түссе, Ойнайды аласұрып неге жаным? *** Бота кӛз, сиқырлы сӛз, Гүлсім ханым, Кӛктегі күн күлмесін, Гүлсім күлсін. Гүлсім күн, кӛкте ақырын жүзе білед, Сүйдіріп күйдіргенін қайдан білсін? ( Мағжан) в)Ҥш шумақты айшық Қараңғылық қоюланып келеді, Пеш ішінде шоқ ақырын сӛнеді. 62


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Күлімсіреп жанындағы жас бала Қызық кӛріп, сӛнген шоқты үреді. *** Шоқ үстінен кішкене ұшқын ұшты да, Біразырақ шоқ қызара түсті де, Дереу сӛніп, тезірек күлге айналды, Астындағы ыстық күлді құшты да. *** Пеш ішінде шоқ ақырын сӛнеді, Сенген шоқты күліп бала үреді. Ой басты ма, әлде кӛзім талды ма, Мӛлт-мӛлт етіп кӛзіме жас келеді. г)Тӛрт шумақты айшық Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Кӛгі жоқ, кӛгалы жоқ — қорға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Кӛңілін кӛгертуге құл халықтың. *** Қор болған босқа кетіп енбек, бейнет, Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. Оттай бер, жануарым, екі аяқты! Адамдық хайуанға қанша кажет?! *** Жаратқан малды құдай не керекке — Мінуге, сою, соғу, жүндемекке. Жорта бер қамыт киіп, қамшынды жеп, Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке. *** Таяққа еті үйренген қойшы жайлап, Кӛк есек қозғала ма түрткенге айдап. Есептен алданғандай болғандар кӛп, Жасықты асыл мадеп білмей қайрап. ( «Маса») Мұнан әрі бес шумақты, он шумақты, жүз шумақты, онан да кӛп шумақты болуы ықтимал. Мәселен, «Зарқұм» сияқты қиссалар, тең шумақты ӛлеңдер: Абайдың «Сегіз аяғы» және «Кӛлеңке басын ұзартып» деген, 63


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

«Масадағы» «Бақ» және «Надсоннан» деген, Мағжанның «Мен жастарға сенемін» және «Күншығыс» деген ӛлендері секілділер болады. Бұл сияқты ӛлең де жеке шумақты ӛлеңдердің табына жатады. Тұтас шумақты ӛлендер деп «Масадағы» «Ақын ініме», «Жауға түскеннің сӛзі» деген, Абайдың «Мәз болады болысың» және «Антпенен тарқайды» деген ӛлеңдеріндегі секілді. Ӛлең шумақтары Мағжанның «Жаралы жан» деген сӛзі сияқты ӛлендер — ала шумақты ӛлең болады. 2. ШУМАҚ ТҤРЛЕРІ а)Екі тармақты шумақ Қайрат еркін замандарың, Тарлыққа жоқ амалдарың. *** Еркін дала еркің қайда, Еркіндегі кӛркің қайда? *** Нулы-нулы жерің қайда? Сулы-сулы кӛлің қайда? *** Еркін кӛшкен елің қайда? Ел қорғаны ерін қайда? …… («Маса») б)Тӛрт тармақты шумақ Жар-жар және одан басқа ескі ӛлендердің кебі-ақ терт тармақты болады. Бұған мысал келтірудің қажеті жоқ. в)Алты тармақты шумақ Күніңмен алтын қуанбай, Гүліңмен жібек жубанбай. Жеттің де тез, ӛттің жаз. Ағаш, шӛптер қураған, 64


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Айдын да құрып суалған, Қаңқылдар қайда қоңыр қаз. ( Мағжан) Бұлттар басын жасырған, Жана түсіп басылған, Таң шапағы сӛніп тұр. Жаңаланған ӛмірден, Жаңа шығып кӛрінген Гүл қамауда семіп тұр. ( «Маса») г)Жеті тармақты шумақ Тұрмысың жырақ, Аман ба, шырақ! Күйзеліпсің кебірек, Милләт үшін бегірек. Әманда сақтан! Сақтамақ хактан. Қоршаған дұшпан тӛңірек. *** Милләтке қызмет, Жүміләңә міндет. «Үйқьшы аш!» дер едік, «Надандықтан қаш!» дер едік. Болмайды үндеп, Дүшпан тұр күндеп, Бізде бүл індет. (Басығараулы Жүсіпбек) д)Сегіз тармақты шумақ Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған. Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған. Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сӛйлеймін десең, ӛзің біл! 65

(Абай)


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

«Масада» «Жиған-терген», «Жауап хаттан», Мағжан ӛлеңдерінде «Гүлсім», «От» сегіз тармақпен жазылған. е)Он тармақты шумақ Жайылған кӛз жасымен жердің бетін, Ӛткізіп тым елшеусіз үкіметін, Жауыздық жалғандыкден қаптағанға, Адал жол, ақ ниетті арам жеңіп, Жазықсыз жанды қинап, қанды тӛгіп, Бұзықтық түзіктікті таптағанға, Қиналып кім болсаң да талыққандар, Түңіліп үміт үзіп жабықпаңдар! Қайтадан жақыңдық кеп, қастық қашып, Жарқырап жақсылыққа атар таң бар. («Маса») Дұрыс шумақтардың тармақтары осы жоғарыда айтылған ӛлеңдердегідей боларға тиіс. Бірақ ӛлеңдердің кӛбі-ақ дұрыс шумақталмай, тармақтар кӛбінесе сапырылыс болып келеді. 3. ТАРМАҚ ТҦЛҒАЛАРЫ а)Жалғыз бунақты тармақ Сап-сары-бел, Еседі жел, Еседі. Еседі жел, Кӛшеді ел, Кӛшеді. ( Магжан б)Екі бунақты тармақ Мінсіз таза меруерт, Су түбінде жатады. Мінсіз таза асыл сӛз, Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан зат, Жел толқытса, шығады. 66


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ой түбінде жатқан сӛз, Шер толқытса, шығады. ( «Маса») Қазақтың жыр деп ат қойған ескі ӛлеңдерінің кӛбі-ақ екі бунақты тармақ болады. в)Ҥш бунақты тармақ Балалар оқу бар жатпа қарап Жуынып киіңдер шапшаңырақ Шақырды әтеш маман әлде қашан Қарап тұр терезеден күн жылтырап. ( «Маса») Қазақтың қара ӛлең деп атаған ескі ӛлендерінің бәрінде де үш бунақты тармақ болады. а)Тӛрт бунақты тармақ Бір толарсақ Қырық кісінің Әкем-ай деп Әке орнына Жазғытұрғы Қүлын тайдай Қанша жақсы Айналайын ……

біртобық санда болар ақылы ханда болар жылама байғұс қыздар қайын атаң онда болар акша қар жаумақ қайда? ойнаған оң жақ қайда болса да қайын атамыз әкемдей болмақ қайда ?

жар-жар жар-жар жар-жар жар-жар жар-жар жар-жар жар-жар жар-жар

4. БУНАҚ БУЫНДАРЫ Жалғыз буынды бунақ ӛлеңде болмайды. Буын саны бунақта екіден кем болмайды. Жоғарыда келтірілген «Жар-жар» ӛлеңінде бунақтың екі буындысы да, үш буындысы да, тӛрт буындысы да бар: «Бір толарсақ» бунағы — 4 буынды, «Бір тобық» бунағы - 3 буынды, «Санда болар» бунағы — 4 буынды, «Жар-жар» — 2 буынды. Қазақ тіліндегі жырдан басқа ӛлеңде кӛбінесе бунақтың екі-ақ түрі жұмсалады. 1.Ҥш буынды бунақ. 2.Тӛрт буынды бунақ. Екі буынды бунақ жаржар түрімен жазылғанӛлендерде болмаса, яқи Мағжанның «Біраз Фетше» 67


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

деген ӛлеңі сияқты сӛздерде болмаса, тіпті аз жұмсалады. Сондықтан тӛменде айтылатын сӛздер бунақтың жоғарыда айтылған екі түрі туралы ғана баяндама болады. 5. ӚЛЕҢ АҒЫНДАРЫ Ӛлең түріне қарай әр бунақтың шумақ ішінде таңдамалы да, талғамалы да орны бар. Таңдамалы орны берілмесе, ӛлең ӛлең болмай шығады. Талғамалы орнына назар салынбаса, ӛлең жорғағынан жаңылады. Бунақтын таңдамалы тармақ аяғында болады, талғамалы орыны тармақтың басы мен ортасында болады. Тармақтың аяғында ылғи үш буынды бунақ келіп отырарға керек, я ылғи тӛрт буынды бунақ болып отырарға керек. Мысал. 1.Ҥш буын аяғында болғандығы ӛлең кестесі. 4 Кеудеде от 4 Күні-түні 4 Сабан тӛсек 4 Наны қара

4 іште жалын 4 қайғы жұткан 4 тым қараңғы 4 шайы қара

3 кӛзде жас 3 сорлы бас 3 жатағы 3 қарны аш ( Мағжан)

ХХХХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ

ХХХХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ

XXX XXX XXX XXX

2.Тӛрт буын аяғында болғандығы ӛлең кестесі. 3 4 4 Таласқан аспанмен кӛкпеңбек тас 3 4 4 Қарасаң тӛбесіне айналар бас 3 4 4 Жасаған мейірімі кең қадыр тәңірі 3 4 4 Шығарған сол тауынан алтын алмас ( Мағжан) XXX XXX

ХХХХ ХХХХ 68

ХХХХ ХХХХ


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

XXX XXX

ХХХХ ХХХХ

ХХХХ ХХХХ

Осы сияқты ӛлеңдердің бірін оқып, кешікпей біріне түскенде, дауыс ағыны ӛзгеретіні оңай сезіледі. Екі түрлі ӛлең алып, оқып қарайық: Сар дала бейне ӛлік сұлап жатқан – Кебіндей ак селеулер басып жапқан. Тау да жоқ, орман да жоқ, ӛзен де жоқ, Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан. ………… Жаралы бір жан жатыр құба жонда, Бір қисық жалғыз аяқ сүрлеу жолда. Бернесі, нұры кеткен кӛзіменен, Қарайды бишара жан оңға-солға. ………… Күнбатысты қараңғылық қаптаған, Күні батып, жаңа таңы атпаған. Түнеріп жүр күннен туған перілер. Тәңірісін табанында таптаған. Күнбатысты қараңғылық қаптаған, Кӛгінде жоқ жалғыз жұлдыз батпаған. Түн баласы тәңірісін ӛлтіріп, Табынатын басқа тәңірі таппаған. ( Мағжан) Бұл ӛлендерді айтпай тұрып, әр шумағындағы тармақтарының бунақтарын санағанда, бастапқы екі шумақ ӛлең мен соңғы екі шумақ ӛлең екеуінің арасында еш айырмасы жоқ сияқты кӛрінеді: бунақ саны да, буын саны да бірдей, бірақ оқи бастағанда, оқи келе бірінен біріне түскенде, дауыс ағыны ӛзгеріп, екеуі бірдей болмай шығады. Егерде әнмен айтып қарасақ, екеуін бір әнмен айтуға болмайды, екеуіне екі түрлі ән болады. Мұнда екі түрі ӛз алдына бӛлек-бӛлек шумақтарда тұр. Сондықтан екі түрін ез алдына екі түрлі ырғақпен ӛлең қылып айтуға болып тұр. Екі түрі бір шумақта келсе, онда тіпті ӛлең болмай шығады. Мәселен, мына түрде біреу ӛлең жаздым деген болса: 3 4 4 Бір казақ қала шықты мата ала 4 4 4 Тиеп алып тері-терсек бір шанаға 69


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

3 Ұрлатып 4 Қайтты XXX XXXX XXX XXXX

4 жүгін жолда 3 байғұс түк алмай XXXX XXXX XXXX XXX

4 жұрдай болып 3 құр ғана... XXXX XXXX XXXX XXX

Мұнда тармақтардың аяқтары ұйқасқан, бунақтары бірдей, жалғыз-ақ ӛлең жорғағы келмей түр. Жорғағы келмеген сон ӛлең болмай тұр. Тармақтары бірдей, тармақ ішіндегі бунақтары бірдей аяқтары ұйқас келген сӛздін бәрі ӛлең бола берсе, бұ да олең болар еді. Нешік, бұл ӛлең бола алмайды? Мұнда жорғақ жүріс сияқты дауысты бір қалыппен тербетіп, келісті кӛрсететін ӛлең жорғағы жоқ- Ӛлеңнің басқа сӛздерден айрылатын негіздік қасиеті — жорғағы. Одан айрылса, ӛлең бола алмайды. Жорғағы жоқ болған соң бұл сӛз де олең болып шыға алмай тұр. Мұның жорғағын келтірмей тұрған не нәрсе? Бұған кесел — бунақтың орын таңдағандығы, яғни бунақтарды табиғаты тілеген орнына қоймағандық. Бунақтар тармақтардын аяғында бірыңғай келмей, бірінде үш буынды бунақ келсе, бірінде тӛрт буынды бунақ келіп тұр. Оны ӛлең табиғаты кӛтермейді. Не үшін кӛтермейтіндігі жоғарыда айтылды. Егерде сол тармақтардың мағына жағын ӛзгертпей, бунақтарын бірыңғай келтіру үшін азырақ сӛздерін ӛзгертіп, тӛмендегі түрде айтсақ, жорғағы түзеліп, ӛлең болып шығады.

3 Бір қазақ 3 Тиеп ап 3 Ұрлатып 3 Үйіне XXX XXX XXX XXX

4 қала шықты 4 тері-терсек 4 жүгін жолда 4 қайтты байғұс XXXX XXXX XXXX XXXX

4 мата ала 4 жегіп шана 4 жұрдай болып 4 құр қол ғана... XXXX XXXX XXXX XXXX 70


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Мұнда анау айтылғандай емес, дауыс ағыны бір қалыпта болып тұр. Оны олай етіп тұрған бунақтар бірыңғай келгендігі. Тармақтардың аяғында ӛңшен тӛрт буынды бунақтар бірыңғай келіп тұр. Бунақтар орын тандайды дегеніміз осы болады. Енді бунақтар орын талғайды дегенді баяндайық. Бунактардың талғайтын орындары тармақтардың басында және ортасында болады. Шумақ ішінде бунақтар тармақтардың басында, я ортасында бірыңғай болып келуі тиіс. Мәселен, бір тармақтың басында үш буынды бунақ келсе, басқа тармақтарда да солай келуі тиіс. Әйтпесе, ӛлең ӛлендігінен айрылмағанмен жорғағынан жаңылады, айтуға ауырлық келтіреді. Бұл кемшіліктен қазақ ақындарының кӛбінің-ақ сӛзі аман емес. Әсіресе, Абай ӛлеңдерінде кӛбірек ұшырайды. Мұндай кемшілігі бар ӛлендерді де сол күйінде ӛзгертпей әнге қосуға болмайды. Бірақ бұл жоғарыда таңдау орын туралы айтылғандай, түзеуге келмейтін кемшілік емес. Кӛбінесе бұл түзетуге келетін оңай кемшілік. Тармақтардын басында ӛңшең үш буынды бунақ келетін ӛлеңдерді де, тӛрт буынды бунақ келетін ӛлендерді бе, бас бунақтары бірыңғай келмейтін ӛлеңдерді де мысалға алып, жай айтып та, әнмен де қарасақ араларында қандай басқалық бар екенін байқау қиын болмайды. 1.Бас бунағы ҥш буынды ӛлең 3 Ызыңдап 3 Сап-сары 3 Ӛзіне 3 Дегенмен 3 Үстінде 3 Қаққы жеп 3 Үйқысын 3 Қоймастан

// // // // // // // //

4 ұшқан мынау 4 аяқтары 4 біткен түсі 4 қара яқи 4 ұйықтағаннын 4 қанаттары 4 аз да болса 4 құлағына

// // // // // // // //

4 біздін маса 4 ұзын маса 4 ӛзгерілмес 4 қызыл маса 4 айнала ұшып 4 бұзылғанша 4 бӛлмеспе екен 4 ызыңдаса ( «Маса»)

71


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

2.Бас бунағы тӛрт буынды ӛлең 4 Зор қуаныш 4 Алтын таңдай 4 Қан аралас 4 Тәңірі қабыл 4 Ерік құсы 4 Душар болмай 4 Қайта шықты 4 Мың шүкірлік

// // // // // // // //

3 қара түн 3 ашық күн 3 тӛгілген 3 мейірім қып 3 қайта ұшып 3 дұшпанның 3 батқан күн 3 тәңірінің

// // // // // // // //

4 ӛткеніне 4 жеткеніне 4 кӛп кӛз жасы 4 еткеніне 4 келгеніне 4 мергеніне 4 . нұр шашылды 4 бергеніне ( Мағжан)

3. Бас бунағы біріңғай емес ӛлең 4 Ӛлең сӛздің 3 Қиыннан 4 Тілге жеңіл 3 Теп-тегіс 4 Бӛтен сӛзбен 4 Ол – ақынның 4 Айтушымен 3 Бұл жұрттың

// // // // // // // //

3 патшасы 4 қиыстырар 3 жүрекке 4 жұмыр келсін 3 былғанса 3 білімсіз 3 тыңдаушы 4 сӛз танымас

// // // // // // // //

4 сӛз сарасы 4 ер данасы 4 жылы тиіп 4 айналасы 4 сӛз арасы 4 бишарасы 4 кӛбі надан 4 бір парасы (Абай)

Осы үш ӛленде дауыс ағыны үш түрлі: 72


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

1. Ӛленде дауыс ағыны бастан аяғына шейін бірдей. Мұны бірінші ағынды әлеңдейміз. Екінші елеңнің дауыс ағьшы бірінші ӛлеңдегіден басқа, бірақ оның да басынан бастап, аяғына шейін дауыс ағыны бірдей. Мұны екінші ағынды елең дейміз. Үшінші ӛлеңде белгілі бір ағын жоқ. Бір тармағында бір түрлі ағын болса, екінші тармағында екінші ағын, бірінші шумағының бірінші және үшінші тармақтарында екінші ағын, екінші және тертінші тармақтарында бірінші ағын, екінші шумағыньщ бірінші, екінші, үшінші тармақтарында екінші ағын, тӛртінші тармақтарында бірінші ағын. Сӛйтіп екінші ӛлендегі ағынды ӛз алдына басқа үшінші ағынды ӛлең деуге болмайды. Бұл бірінші және екінші ӛлеңдерден ағынымен айрылып түр. Егерде екі түрлі ағынды араластырмай, бір-ақ түрлі ағынды еткіміз келсе, мәселен әнге қосамыз десек, мұндай ӛлеңдердің бунақтарының орнын алмастырып, я бірінші ағынға яқи екінші ағынға түсіреміз. Бірінші ағынға тҥсіргенде 3 4 Патшасы // ӛлең сӛздің // 3 4 Қиыннан // қиыстырар // 3 4 Жүрекке // тілге жеңіл // 3 4 Теп-тегіс // жұмыр келсін // 3 4 Былғанса // бӛтен сӛзбен // 3 4 Білімсіз // ол — ақынның // 3 4 Тыңдаушы // айтушымен // 3 4 Бұл жұрттың // сез танымас // (Бас бунақ үш буынды, басқалары тӛрт буын)

4 сӛз сарасы 4 ер данасы 4 жылы тиіп 4 айналасы 4 сез арасы 4 бишарасы 4 кӛбі надан 4 бір парасы

Екінінші ағынға тҥсіргенде 4 Ӛлең сӛздің 4 Қиыстырар 4 Тілге жеңіл

// // //

3 патшасы 3 қиыннан 3 жүрекке 73

// // //

4 сӛз сарасы 4 ер данасы 4 жылы тиіп


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

4 3 Жұмыр келсін // теп-тегіс // 4 3 Бӛтен сӛзбен // былғанса // 4 3 Ол - ақынның // білімсіз // 4 3 Айтушымен // тыңдаушы // 4 3 Сез танымас // бұл жұрттың // (Мұнда ортадағы бунақ ылғи үш буынды).

4 айналасы 4 сӛз арасы 4 бишарасы 4 кӛбі надан 4 бір парасы

Абайдың бұл ӛлеңін бірінші ағыннан гӛрі екінші ағынға түсіргенде сӛздерінің ыңғайы жақсы келеді. Бұл бірінші, екінші ағыннан басқа II буынды ӛлендерде үшінші ағын болады. Оны қазақ ӛлеңшілері түрікпен ағыны деп атайды. Не үшін олай атайтындығының себебі белгісіз. Үшінші ағынды ӛлеңдердің аяқ бунақтары ылғи үш буынды болып, басқалары тӛрт буынды болып келеді. Мысалы: 4 4 3 «Қыздыр» дейсің // топ жиынды // жан дейсің 4 4 3 Қыздыратын // жасты қайдан // ал дейсің 4 4 3 Ӛмірімнің // таңын қосып // кешіне 4 4 3 Бер қайтадан // ӛткен күннің // әммесін 4 4 3 Бере алмасаң // кең салалық // бейілді 4 4 3 Жас қызығын // кӛрсін жастар // кейінгі 4 4 3 Тәтті ӛмірмен // нәпсі кӛңілін // аулалық, 4 4 3 Қалғанымен // алдантайық // зейінді ( «Маса») Жоғарыда баяндалған екі буынды, үш буынды, тӛрт буынды бунақтардан басқа ескі жырларда, «Кенесары, Наурызбайды» шығарған Нысанбай жыраудың сӛзінде, «Ер Тарғында» бес буынды бунақтар да келеді. Бірақ ондай буындар тармақтын белгілі бір мүшесі сияқты әман келіп 74


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

отырмай, бірде болса, бірде жоқ, тәртіпсіз кез келген түрде болғандықтан, оларды тармақтын тұрлаулы мүшесіне санауға болмайды. Олардың ескі жырларда келетін себебі ескі жырлардың кӛбінде тап-тұйнақтай таза ӛлшеу жоқ, солай болған соң жорғағы да дұрыс келмей, айтуға ауыр соғып отырады. Жырлар — кесте кескіні жағынан Қарағанда нағыз ӛлең сӛйлемдермен жай сӛйлемдердің аралығындағы жорға мен жортақының арасындағы жүріс сияқты, сӛйлемнің дүрегей күлді бадам түрі. Сондықтан бес буынды бунағы бар ӛлең деп санауға болмайды. Бес буынды бунақтар келетін жырлардан мысал алып қарайық: 1. 4 3 Ау, хан ием // хан ием 4 Айды бұлт // құрсайды 4 Ай түнерге // ұқсайды 4 Күнді бұлт // құрсайды 4 Күн жауарға // ұқсайды 4 Кӛгілдірін // ертіп 5 Кӛлдегі қулар // шулайды 4 Кӛп ішінде // бір жалғыз 4 Кӛп мұңайып // жылайды 4 Күйбендескен // кӛп жаман 5 Сӛзі тигенге // ұқсайды (Ескі жыр)

2. 4 Мен күңірентсем //

оңалтпан 75


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

5 Атамның атын 4 Бес түлеген 5 Белге соқсаң 5 Кенеулі қара 4 Қаба жаумай 5 Бурылша аттан 5 Бұғалық салсаң 5 Ұсталар соққан 5 Үстіме дұшпан

//

жоғалтпан

//

бӛрімін

//

жығылман

//

бұлтпын

//

ашылман

//

мықтымын

//

тоқтаман

//

болатпын

//

жолатпан (Орақұяы Әлібек)

3. 4 Ақжүністей // 5 Әйел де болсаң // 4 Қолаң шашты // 5 Әйелде ару // 4 Аш арыстан // 5 Балуан жолбарыс// 5 Жігіттің мәрті // 5 Құдіреті күшті // 4 Сындырмағай // Тарылтпағай

//

жолдасым мұндасым қой кӛзді сен едің жүректі білекті мен едім құдайым белімді жерімді (Ер Таргын) 76


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

6. ТАРМАҚ КЕЗЕҢДЕРІ Жоғарыда бунақтардың арасындағы дауыс толқынының жіктері кезек деп аталады деп едік. Кезек екі түрлі болады: 1. Ұлы кезек. 2. Кіші кезек. Мысалы: Ақжүністей // жолдасым Әйел де болсаң мұндасым, Қолаң шашты, қой кӛзді Әйелде ару сен едің. Аш арыстан жүректі, Балуан жолбарыс білекті, Жігіттің мәрті мен едім. Мұнда кӛлденең (жуан) сызық ұлы кезендерді кӛрсетеді, жіңішке сызық кіші кезенді кӛрсетеді. Бұрын саны бір тармақтың ішіндегі буын саны қазақта 2 мен 13 арасында болады. Жар-жар - 13 буынды. Жай ӛлең - 11 буынды. Ескі жырлар - 7-8 буынды. Жаңа ақын, жаңа жазушылардың ӛлеңінде бұл түрлердің бәрі де болады.Оның үстіне 3, 4, 5, 6 - хатта 2 буынды тармақтармен жазылған ӛлеңдер де бар. Мәселен, 6 буынды тармақ «Сең» деген Мағжан ӛлеңінде бар. 5 буынды тармақ Абайдың «Сегіз аяғы» түрінде жазылған ӛлеңдерде келеді. 4 буынды тармақ Абайдың «Сырласа алмай» деген ӛлеңінде келеді және Мағжанның «Жұмбақ» деген ӛлеңінде келеді. 2 буынды тармақ Мағжанның «Біраз Фетше» деген ӛлеңінде келеді. 6.ТАРМАҚ УЙҚАСТЫҒЫ Тармақтардың аяғынын ұйқастығы - ұйқастық деп айтылады. Үйқастық түрліше болады. Ұзын тармақты, жеке шумақты ӛлендерде бірінші, екінші, тӛртінші тармағы ұйқасып, үшінші тармағы ұйқаспай азат қалады. Ұзын тармақты, тұтас шумақты - ӛлеңдерде бастапқы екі тармағы ұйқасып, онан арғылары бірі азат, бірі ұйқас аралатпа болып келеді. Ескі жырлардың ұйқасуы кӛбінесе тәртіпсіз болады. Бергілікте шыққан жырларда ғана тәртіп бар. 77


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Қысқа тармақты жаңа ӛлендердің тұтас шумақтары ұзын тармақты ӛлендерше ұйқасады да, жеке шумақтылары я ұзын тармақты ӛлеңдерше я кестенің түріне қарай түстес тармақтары ғана ұқсайды. Мәселен: 1.Оюын ойып, 2.Орындап қойып, 3.Түр салғандай ӛрнекке. 4.Қиыннан қиып, 5.Қиырдан жиып, 6.Қарап сӛзді термекке. 7.Еңбекке егіз тіл мен жақ, 8.Ерінбесең, сӛйлеп бақ. Мұндағы бірінші, екінші тармақ түстес болған соң, бір ұйқасып түр. Тӛртінші, бесінші тармақ түстес болған соң, бір ұйқасьш тұр. Жетінші, сегізінші тармақтар түстес болған соң, бір ұйқасып тұр. Осы сияқты ұйқастыру Абайдан кейін шыққан қазақ ақындарының кӛбінде бар. Ӛлең шығару - ӛнер турасындағы сӛзді осымен бітіріп, ақтығында айтатын сӛз мынау: Жоғарыда айтылған керек шарттардың бәрін орнына келтіріп шығарған ӛлең, сымға тартқандай, нағыз мінсіз ӛлең болып шықпақ. Мұны біздің қазақ ақындарының кӛбі олең шығару ӛнерінің ғылымын білмегендіктен орнына келтіре алмайды. Біреулер ӛлшеуін келтіре алмай, тармақтарын ұзартып, ӛлеңді тӛсегіне сыйғыза алмай, сирағын сыртқа шығарып жібереді. Біреулер бунактарын ӛлең табиғаты тілеген орнына қоя алмай, я жорғағын бұзып, я тіпті ӛлең сиқын жоғалтып жібереді. Мұның бәрі ӛлеңнің ӛлең болғандағы негіздік түр-тұрпатын бұзып, не күйін келтіргендей, не ӛлеңдігін жойғандай әуезділік жағына кемшілік келтіреді. Егерде сӛз бір жүзді нәрсе болса, қазақ ӛлендерінің кӛбі асыл сӛздің табынан шығып қалар еді. Олай болмайтыны сӛздің бір жүзді емес, екі жүзді нәрселігі: сӛздің сыны жалғыз тысында ғана емес, ішінде де бар. Тысқарғы кесте кемшілігін ішкергі мағына жақсылығы жауып, кӛбінесе ӛлең кестесі жағындағы кемшіліктерін білдірмейді. Тесе қарап, тексере бастағанда болмаса, жоғарыда айтылған кемшіліктердің кӛбі жай карағанда сезілмей ӛтеді. Екінші бӛлім КАР СӚЗ БЕН ДАРЫНДЫ СӚЗ ЖҤЕСІ Екі түрлі лебіз бар: бірі жалаң, екіншісі кӛрнекі болады деп жоғарыда айтылған еді. Қайсысымен сӛйлесек те сӛйлеу болады. Бірақ сӛйлеуді негіз 78


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

түріне қарай айыру қажет болған орында жалаң лебізбен айтылған сӛзді ғана сӛйлеу дейміз де, кернекі лебізбен айтылған сӛзді жырлау-толғау дейміз. Сӛйлеуде, жырлауда, толғауда бұл күндегі әдебиет алқасына кіретін жалаң лебізді және кӛрнекі лебізді сӛздердің таптарын анық ашуға жарамсыз болғандықтан, жалан лебізді сӛздерді қара сӛз деп, кӛрнекі лебізді сӛздерді дарынды сӛз деп атау қолайлырақ. Әдетке карамай, асылына қарағанда, «Қара сӛз» деген мен «Сейлеу» деген екеуінің мағынасы бір болып, «Дарынды» сӛз деген мен «Жырлау», «Толғау» дегеннің мағынасы бір болып, бірінің орнына бірі айтыла береді. Қара сӛзді шығармалардың да, дарынды сӛзді шығармалардыңда түрлерінің ӛлеңдісі, ӛлеңсізі болады. Сӛздің асылы болуы ұнауымен. Сӛз кӛңілге сипат жағының кӛркемдігімен, сӛз мағына жағының күштілігімен жағады. Сӛз кӛркемдігі әуезінің әдемілігі мен кестесінің келісті болуынан табылады. Әуез әдемілігі сӛзді дыбыс жағынан тәртіптеп, үйлестіріп тізуден болады. Күштілігі сӛздің қалыпты мағынасының үстіне күш қосатын әдістерді істеуден болады. Бұлардың бәрі де тіл (лұғат) талғауы туралы сӛйлеген жерде баяндалған. Бұл жерде айтып ӛтерлік бір нәрсе – сӛздің бірі жалаң, бірі кӛрнекі кӛрінуі неден екендігі. Ол мынадан болады. Жоғарыда айттық, жалаң сӛз дегеніміз жалаң лебізбен айтылған сӛйлеуі орнына жүретін ұғым деп; кӛркем сӛз дегеніміз кӛрнекі лебізбен айтылған толғау орнына жүретін ұғым деп. Сӛзді жалаң түрінде айтканда, күш кӛбінесе зейін жағына салынып, пайым терең, мағына күшті, пікір дәлелді болып айтылған сӛз адамның ақылына қонуы кӛбірек кӛзделеді. Сӛзді кӛркем түрінде айтқанда, күш кӛбінесе қиял мен қиыс (түйіс) жағына салынып, сүгіреті толық, меңзеуі мерген, қисыны қызық болып, сӛз әсерінің күшімен кӛнілге ұнауы кӛбірек кӛзделеді. Сӛз ақылға қонады шындығымен, кӛңілге ұнайды ӛңі үйлестігімен, оң үйлесуін жарастық, келістік дейміз. Келістік кӛрік негізі екендігі ӛлеңді сӛйлемдер туралы соз болғанда айтылды. Оны тағы қайтадан сӛйлеудің қажеті жоқ. «Сӛздің кӛркі мақал, жүздің кӛркі сақал» деген қазақта мақал бар. Мақал мен сақалдың мәні құр кӛрік болу емес. Олардың бірін сӛзге, бірін жүзге кӛрік қылып танып отырған адамның ойы мен кӛңілі. Ойлау екі түрлі: адам ойлағанда я нәрсеге тиісінше ойлайды, я кӛңілдің түйісінше ойлайды. Нәрсе түрлі сипатты болады. Ол сипаттардың біреулері бойына біткен сипат болса, екіншілері адамның қосқан, танған сипаттары болады. Мәселен, нәрсенің бірін жылы, бірін суық, бірін тегіс, бірін бұдырмақ, бірін қатты, бірін жұмсақ дейміз. Бұл сипаттар нәрсенің бойында бар сипаттар. Бұл сипаттардың біреулері адамға ұнайтын болар да, біреулері ұнамайтын болар. Мәселен, 79


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

жылы нәрсе, тегіс нәрсе, жұмсақ нәрсе адамға жағымды, сүйкімді болар да, суық нәрсе, бұдырмақ нәрсе, қатты нәрсе адамға жағымсыз, сүйкімсіз болар. Бұлардың біреулерін жағымды, сүйкімді деп, екіншілерін жағымсыз, сүйкімсіз деп сипаттау нәрсені тиісінше сипаттау емес. Адам ӛз кӛңілінің түйісінше сипаттау болады. Сол сияқты бір нәрсе туралы сӛйлегенде я тиіс жағынан алып, я түйіс жағынан алып сӛйлейміз. Мәселен кісі жайынан сӛйлегенде, я тиіс жағынан алып, түсін, тұрпатын, мінезін, құлқын, туысын, тұрмысын, ісін айтамыз. Я түйіс жағынан алып сүйетін, сүймейтінімізді, сыйлайтын, сыйламайтынымызды айтамыз. Сол секілді әннің я дауысы тиіс жағы болады, әннің бізге ететін әсері түйіс жағы болады. Бір нәрсенің анығына жетіп, расына қанғымыз келсе, мәселен, бір оқиғаның анығына жеткіміз келсе, яқи бір адамның мінезін дұрыс білгіміз келсе, кілең тиіс жағынан ғана алып, түйіс қатыстырмасақ жақсы білеміз, дұрысына жетеміз. Солай болған соң нәрсені тиіс жағына сӛйлегенде тиістік керегі жоқ болып шығады. Кӛрік нәрсенін түйіс жағы. Нәрсені тиіс жағынан сӛйлегенде түйіс керегі жоқ дегеніміз - тиіс туралы сӛйлейтін сӛзге кӛрік керегі жоқдеген болып шығады. Нәрсенің тиіс жағы езінде бар шын жағы; Нәрсенің түйіс жағы — ӛзінде жоқ, жабатын жала, қоятын кінә, таңатын ӛсек, тағатын тана, жағатын опа сияқты адам апарып жапсыратын нәрсе. Мақалдың мәні, тек сӛзге керік болуда болса, сақалдың мәні, тек жүзге кӛрік болуда болса — шындыққа ондай нәрселердің керегі жоқ- Жағатын опа сияқты — тек кӛрік үшін ғана керек нәрсе, шындықтың жүзін күнгейлейді. Неғұрлым ашық, неғұрлым жалаңаш болса, шьшдық солғұрлым ашық, солғұрлым жарық болмақ. Шындықты кӛріктеу шыныны әдемілеймін деп бетін шимайлап, жарығын күңгірттеу болады. Шындығымен ақылға қонуын кӛздейтін сӛздер сақал-мұрт сияқты керік болатын нәрселерден аман болады. Сондықтан ол жалаң сез деп аталады. Келістігімен, әдемілігімен кӛңілге ұнауын кӛздейтін сӛздер сақал-мақал сияқты адамға келісті кӛрінетін нәрселермен кӛркем керінеді. Сондықтан бұлар кӛркем яқи дарынды сӛз деп аталады. Жалаң сӛз нәрсені тиіс жағынан алып, пайым бойынша сӛйлейтін шындық сӛзі, шын әңгіме болады. Кӛркем сӛз нәрсені түйіс жағынан алып, қиял бойынша сӛйлейтін шын емес, шығарғы әңгіме болады. Кӛркем сӛз кеңіл тілі, жалаң сӛз - зейін тілі. Жалаң сӛз — зейін байлығына қарайтын нәрсе, керкем сӛз - қиял байлығына қарайтын нәрсе. Жалаң сӛз дүниені тұрған қалпында алып айтады. Кӛркем сӛз дүниені кӛңілдің түйген, қиялдың меңзеген әлпіне түсіріп айтады. Кӛркем сӛз айтқанын ақыл табуынша дәлелдеп, мәніс теп қақикат түрінде айтады. Кӛркем сӛз айтқанын қиял меңзеуінше бейнелеп, әліптеп кӛбінесе үйғару түрінде айтады. Жалаң сӛз дүниеде шын болған, шын нәрселерді әңгіме қылады. Керкем сӛз болуға ықтимал деген нәрселерді де алып сӛз қылады; хатта қисынын келтіріп 80


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

болмаған нәрсені болғанға, жоқ нәрсені барға ұйғарып сӛз қылады. Қисынын келтіріп, қиялдан туғызып әдемі әңгіме шығару - ақындық дарыған адамның ғана қолынан келеді: жалаң сәздің қара сӛз делініп, кӛркем сездің дарынды сӛз делініп аталуының мәнісі де осыдан. Сондықтан қара сӛзде айтылған нәрсе дүниеде нақ болған, сол күйде және бар нәрсе деп білу керекте, дарынды сӛзде айтылған нәрсе дүниеде нақ сол күйде болып етпегенмен, яқи бар болып тұрмағанмен, дүниеде болатын және боларлық нәрсе деп білу керек. Қысқасынан айтқанда, қара сӛз жаратынды, тиіс ғалам турасындағы әңгіме де, дарынды сӛз ұйғарынды түйіс ғалам турасындағы әңгіме. Тиіс ғалам турасында сейлегенде жай күйінде жабайы тілмен тиістісін айтамыз. Түйіс ғалам турасында сӛйлегенде кӛңіл түюінше ӛң беріп, дем беріп, кернекі тілмен айтамыз. Бірактиіс ғалам турасында сейлегенде де айқындық үшін ажарлау керек болса, жалаң лебіз орнына кӛрнекі лебіз жұмсалады. Қара сез бен дарынды сездің арасындағы парық жұмсалатын орнына, қызметіне қарай былайша айрылады: дарынды сез адамның ойына ӛң береді, кеңіліне күй түсіреді, қара сезден адам тек ұғым алады. Арабша қара сезді шығарманы насыр деп, дарынды сезді шығарманы назым деп атайды. Арабша айтқанда біз де солай дейміз; қазақша айтқанда қара сез, дарынды сез деп жүргіземіз. I ҚАРА СӚЗ Қара сӛзден адам тек ұғым алады делік. Ұғымның езі керекті орнына қарай екі түрлі болады. 1. Ес ұғымы, яғни еске керек ұғым; 2. Іс ұғымы, яғни іске керек ұғым. Ес ұғымының арқасында дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мүдетін, мұратын танимыз. Іс ұғымы арқасында табиғат ісін, күшін, нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білеміз. Сондықтан қара сӛзді әңгімелер екі жақты болып келеді: бір жағы ес ұғымымен болады, екінші жағы іс ұғымымен болады. Қара сез нәрсені тиісті жағынан сӛйлейді деп жоғарыда айтылған еді. Нәрсе турасында тиісінше сӛйлеу үшін тиісінше ойлау керек. Тиісінше ойлағанда, ойымыз ұғым түрлеріне қарай бірнеше тарапқа белінеді: 1. Ғалам тарабына. 2. Құдай тарабына. 3. Ғылым тарабына. 4. Әлеумет тарабына. 5. Үгіт-тәрбие тарабына. 6. Сын тарабына. I. Адамның зейіні бүтін ғаламды тануға жұмсалып, дүниедегі бар нәрсенің барлығын, яқи бар деп ұйғарылған нәрсенің бар-жоқтығын танып, 81


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

белгілі бір қарарға келгенде, адамға бір үлкен ұғым пайда болады. Сол ұғым жүйесі даналықдеп аталады. Даналық мақсаты бүтін ғаламды танып, бүтін ғалам атанған дүниенің жұмбағын (дүние мәселесін) шешпек, даналықтың ес ұғымына тиісті жағы — сап даналық болады да, іс ұғымына тиісті жағы салт даналығы болады. Сап даналық жолының ӛзі екі айырық болады: бірі ғаламның адам ақылы жетерлікте, жетпестік те жағын зейінге салады. Алдыңғы табансыз даналық делініп, соңғысы табанды даналық делініп айтылады. 2.Адамның зейіні құдайды тану жағына жұмсалып, құдай турасындағы мәселені шешпек болғанда, дін пайда болып, ұғым жүйесі жасалса, ол ғақаид деп аталады. Мұның екі жағы болады; бірі діннің негізі турасындағы ес ұғым болады да, біреуі дінге керек іс ұғым болады. 3.Зейін табиғаты — табиғат құбылысын тану жағына жұмсалып, табиғаттың түрлі зандарын тауып, қасиеттерін біліп, әбден кӛз жеткенде пайда болатын ұғым жүйесі — ғылым деп аталады. Ғылымның түрі толып жатыр, оның бәрін мұнда баяндау сӛз мәселесінің ісі емес. 4.Зейін әлеумет мәселесіне жұмсалып, әлеумет ісіне жол сілтегенде, кӛсемдік ұғым жүйесі пайда болады. 5.Зейін табылған білімді басқаларға үйрету жолына жұмсалғанда, үгіттәрбие ұғым жүйесі пайда болады. 6.Зейін басқаның ісін таразыға тартып, ұнамды, ұнамсызын тексергенде, сын ұғымның жүйесі пайда болады. Қара сӛз деп осы ұғым жүйелерінен сӛйлейтін әңгімелерді айтамыз. Ұғым жүйесінін табы — қара сӛздің табы болады. Қара сӛздің табынан түрін айыру керек. Тап жағынан бірге сӛз түр жағынан бӛлек кетуі ықтимал. Кӛптен бері кӛп жұртта қалыптанған түрлерін алғанда, қара сӛз: 1. Әуезе. 2. Әліптеме. 3. Байымдама болып үш салаға белінеді. 1. ӘУЕЗЕ Болған оқиғадан бастан-аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін кӛрсете мазмұндап, мағлұмат беру — әуезе болады. Әуезе ақпар мағында — оның мысалы, шағын түрде айтқанда, мынау болады: «Қосшыларды ҧйымдастыру, ағарту жҧмысы. Қалалық ұйымдарда жетіде бір рет, ел арасында айында екі рет жалпы жиналыс болып тұрады. Қала ішіндегі жиылыстар кӛңілдегідей, ел ішіндегілер онша болмайды. Жиылыста ұйымның мақсаты, ел ішіндегі залалды ғұрыптармен қалай күресу, ӛкімет жұмыстары, қосшы мүшелерінің шаруашылығын күшейту туралы мәселелер қойылып, түсініс берілді. Және қосшы ұйымына бұрын кіріп кеткен атқа мінер қуларды шығарып, тазалау туралы түсіндіріледі. Бірақ қулар да қарап тұрмайды: ұйымның кедей, 82


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

малай мүшелерін ӛздеріне тартқылап, азғырып жүреді. Мұндайларды тамырымен құрытуға шара қолданудамыз. Ағарту жайына келсек, үйезде, қалада ұйым комитеті жанында оқу үйі клуб бар. «Қызыл шайхана» ашуға қаражат жоқтығынан аша алмай отырмыз. Бұдан былай мүшелердің сауатсыздығын жоюға үйездік оқу бӛлімінен мұғалім сұрап, мектеп ашпақшы болып жатыр. Бұдан басқа «Еңбекші қазақ», «Ақ жол» газеттерін алдырып, таратып тұрамыз. 25-жылғы қосшы мүшелерінің жарналары әлі жиналған жоқ. Жаңадан жинауға кірсіп жатыр. Мүшелік жарналары жиналмағандықтан үйездік аудандық комитетте қаражат ақша жоқ. Ақша жоқ болғандықтан болком, райком қызметкерлері айлық ақыларын ала алмай отыр. Соңғы кезде қосшы ұйымының кызметкерлері айлықтарын ала алмаған соң, қызметке де салақ болып кетті. Бұл кемшіліктерге аймақтық комитет шара қолданса екен.

Аямбай ҧлы «Еңбекші қазақ», 25-жыл, 412-сан» Әуезе кӛбінесе үш тақтаға болінеді: 1. Мәлімдеу. 2. Мазмұндау. 3. Қорыту. Мәлімдеуде я уақиғанын алдында не болтаны айтылады, я айтушының уақиғадан қанша хабардар екендігі айтылады. Мазмұндауда уақиға қалай болып, қалай ӛткені айтылады. Корытуында я уақиғадан шыққан нәтижесі (ақтығы) айтылады, я айтушының қарары айтылады. Ескерту: Әуезелердін бәрінде де айтылған үш тақта бола бермейді. Кейде жазушы тақталамай, уакиғаны бастан-аяқ мазмұндайды да қояды. Әуезе тҥрлері Әуезе әңгімесінің айтатын түріне қарай бірнеше тарауға бӛлінеді. Біреулері ӛткенді сӛз қылғанда, уақыт сарынымен айтады. Екіншілері уақыт сарынымен айтады да, үшіншілері біреуден біреуді туғызып, туыс сарынымен сӛйлейді; кейбіреудің ӛз заманындағы болған уақиғасын сӛйлегенде, кей ӛткен замандағы уақиғаның әңгімесін сӛйлейді. Біреуі бір адамның ӛмірін яқи мінезін әнгіме қылғанда, бүтін жұрттың ӛмірін яқи мінезін әңгіме қылады. Сондықтан әуезелердің мынадай тараулары болады. 1. Шежіре. 2. Заманхат. 3. Ӛмірбаян. 4. Мінездеме. 5. Тарих. 6. Тарихи әңгіме. 1. Шежіре. Шежіре - ӛткеннен дерек беретін сӛздің бір түрі. Шежіреде уақиғадан гӛрі ӛткендердің түсі, туысы кӛп айтылады. Сондықтан шежіре уақиға сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен айтылатын әуезе табына жатады. Шежіре болған уақиға жайынан сӛйлесе, себебін, мәнісін айтпай тек болғанын айтады да қояды. Мәселен, қазақ жұртының ӛмірінде болған уақиғалардың түп себептері байласылмай кӛбінесе хандардың түсін, елдердің 83


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

туысын кӛрсетіп тізген Шәкәрімнің «Қазақ әм хандар шежіресі» деген кітабындағы әңгіме шежіре болады. (Нұсқалықтың I немірін қара). Басқа жұрттардың да шежірелерінде уақиғаны жылдап тізгеннен басқа еш тәртіп болмайды. Ел шапқан мен қатын-бала шапқан әңгімесі қатар тұрады. Бір жерінде әңгімені қойылтып маңызды түрде айтса, екінші жерде сұйылтып, ұсақ-түйекті сез қылады. Бір жерінде рас болған уақиғаны сӛйлесе, екінші жерінде тек жұрт аузындағы әуезе болған ӛтірікшынды әңгімелерді сӛйлеп кетеді. Қазақта жазу болмаған себепті бұрыннан жазылып келген шежіре, түрлі әңгіме жоқ. Бірақ басқа жұрттардың шежі-релерінде айтылатын создер сияқты әңгімелер қазақта да бар. «Орақ—Мамай», «Едіге», «Кенесарының Садығы» турасындағы ауызекі айтылатын әңгімелердің кӛбі-ақ ӛтірікшіні аралас шежіренің сӛздері сияқты. 2.Заман хат. Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан яқи ӛз ішінде болған істерден дерек беруі — заман хат деп аталады. Мәдени жұрттың адамында заманында болған кӛзге түсерлік уақиғаларды яқи ӛз ӛмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заман хат шежіредей емес, тәртіпті, жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар күр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар жазады. Сондықтан мүнда құр халық аузында әуезе болып жүрген дәлелсіз сӛздер жазылмайды. Заман хатта уақиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады. Заман хатта боларлық бір кемшілік мынау: уақиғаны болған күйінше жазбай, жазушы ӛз кеңілінің күйіне бояп, реңкін ӛзгертуге ықтимал. Олай ету уақиғаның дұрыстығына кемшілік келтіреді. Заман хат шынға жақын болу үшін жазушы ӛз кеңілінің күйіне түспейтін яғни достыққа да, қастыкка да қарамайтын адам боларға тиіс. Ондай адам табиғаттан тысқарғы адам болмақ. Адам табиғаттан тысқары бола алмағандықтан заман хаттары кеңіл күйінің әсерінен аман бола алмайды. Сонда да тарихқа беретін жемінің молдығынан заман хат ӛте құнды сӛздер есебіне қосылады. Заман хат жазушы жазуына керек жемді я уақиғаның болып жатқан үстінен алып жазады, яқи кӛп уақыт ӛткізіп уақиғада болған халдерді ӛзінін есіне алып жазады. Заман хат мағлұматы айтушының есіне алынып жазылғанда жәт дерек деп айтылады. Заман хат болатын Абайдың қара сӛздерінде бар. (Онан басқа заман хат болатын сӛздерді нұсқалықтың 2-3 нӛмірлерінен қара). Жәт дерек болатын Шоқан турасындағы Потанин, Ядренцев сӛздері және «Жазықсыз тамған кан» Торайғыр ұлыньщ сәзі (Нұсқалыктың 4, 5, 6 номірлерінен кара). Ӛмірбаян. Біреудің туғанынан бастап, ӛлгеніне шейінгі ӛмірін жазу, я айту ӛмірбаян болады. Ӛмірбаян жазудағы мақсат белгілі болған адамның ӛмірі қалай басталып, қандай күйде ӛткенін кӛрсету. Қандай тәрбиеде ӛсіп, 84


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

қандай мінезде пайда болып, ол мінезі қандай істер істеуге себеп болғанын кӛрсету. Ӛмір баян жемін белгілі адам турасындағы сипат қағаздардан алады. Білетін адамдардың ауыз айтуынан алады. Жазушы ӛз білетінін жазады. Ӛмір дерек ылғи сипатты мағлұматтар дан құралған сӛз болғандықтан нағыз рас әңгіме болып шығады. Мысалдар: Абылай, Абай, Ақан серінің ӛмірбаяндары (Нұсқалықтын 7, 8, 9 нӛмірлерін қара). Ӛмірбаянын адамның ӛзі жазса, ӛз ӛмірбаяны деп аталады. Жай ӛмірбаяннан ӛз ӛмірбаянының айрылатын жері - адам ӛз ісіне ӛзі қазы, ӛзі сыншы бола алмайтындығынан, жай ӛмірбаяннан ӛз ӛмірбаянының инабаты кемірек болады. Мысал: Әбубәкірдің ауруынан қауіп етіп жазған ӛмірбаяны (27 жасына шейін), Сағынғалидың ӛз ӛмірбаяны (Нұсқалықтың 10,11 нӛмірлерін қара). 4. Мінездеме. Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сырын, мінезін танып кӛрсету - мінездеме болады. Мінездеме ӛмірбаянның да, заман хатының да, тарихтың да ішіне бӛлімі есебінде кіреді. Мінездеме заманның, дәуірдің халін де мінездеп кӛрсетеді. Адамды мінездегенде, ӛмірбаянның бӛлімі болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде, тарихтың бӛлімі болып кіреді. Ӛмірбаянның аяқ жағы ылғи мінездемеге айналып кетеді. Мәселен, Шоқанның жәт дерегін, Абайдың, Ақан серінің ӛмірбаяндарын қарасақ, кӛп жерінде-ақ мінездемелері бар (Нұсқалықтың 4, 5, 8, 9 нӛмірлерін қара). 5. Тарих. Тарихты қазақша ұлы дерек деуге әуезе табына жатқызғанмен айғақты әуезе болады. Сездің ең ұлысы, ең сипаттысы тарих. Тарихтың қызметі - бүтін адам баласының яқи бүтін бір жұрттың, я бір таптың ӛткен ӛмірін болған күйінде айнытпай айту. Тарихтың мақсаты - бүтін адам баласының ӛмірі нендей табиғат заңымен ӛзгеретінін білу. Тарихшылар халық басынан кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап ӛткізеді. Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді. Тарихшылар құр естігенімен қанағаттанбай, рас, ӛтірігін тексеріп, расын ғана алады. Шежіре, заман хат, ӛмірбаян, мінездеме - бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер. Тарих олардың айтқанының бәрін ала бермейді. Аударып, ақтарып түрлі жағынан қарап, түрлі мағлұматтармен салыстырып, сипатталған мағлұматтардан ғана алады. Тарихшылардың мақсаты — уақиғаның уақытын ғана кӛрсету, яқи не түрде болған тысқы нәрселер, нендей уақиғалар себеп болғанын кӛрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру. Тарих беретін дерегінің түріне қарай бірнеше түрге бӛлінеді. Бүкіл адам баласы дүниеде қандай емір шеккенін сӛйлейтін тарих «Жалпы тарих» 85


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

деп аталады. Адам мәдениет жүзінде жүрген жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет тарихы» деп аталады. Мәселен, шаруа тарихы, ӛнер тарихы, дін тарихы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы тағысын тағы сондай тарихтар. Жалқы тарихтар: түрік-монғол тарихы, қытай тарихы, Жапон тарихы және сондай бӛлек-бӛлек жұрттардың, ұлттардың тарихы. 6. Тарих әңгіме. Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уакиғалар турасында сӛйлейтін әуезелер тарихи әңгіме деп аталады. Тарихи әңгіме тек лақап әнгімеден мазмұнының шындығымен айрылады. Жұрт аңыз қылып айтып жүрген әңгімелердің ӛтірігі кӛп болады. Тарихи әңгіме тарих сипатына сүйенетін шын әңгіме болады. Мәселен: Қазақ газетінде басылған «Әзірет Сұлтан», «Тұрғамбай датқа» турасындағы әңгімелер тарихи әңгіме болады (Нұсқалықтың 13, 14 нӛмірлерін қара). 2.ӘЛІПТЕМЕ (СУРЕТТЕУ) Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару әліптеме болады. Дүниедегі түрлі нәрселердің, түрлі адам-дардың, түрлі күйлердін. бәрін де әліптеуге болады. Бірақ әліптемеде сӛзбен суреттелетін табиғат жүзінде яқи ӛнер жүзінде назар түсірерлік кӛрнекті нәрселер ғана. Әліпттеу тәртібі. 1.Бір нәрсені әліптеуден бұрын сол нәрсенің ӛзін әбден анықтану керек, яғни кӛрнекті болып, назар түскендей не белгілері барын білу керек. Нәрсені әліптегенде онын ірілі-уақты белгілерінің бәрін түгендеу қажет емес; кӛрнекті кӛрсетерлік түрін, ӛзгеше белгілерін ғана айтуға керек. 2.Белгілерін бет-бетіне айтпай, ӛңіне, орнына үйлестіріп айтып, нәрсенің суретін ойқы-шойқы, қиқа-сиқа қылмай дұрыс тұрпаттап, адамның қиял саңлауына суреті озіне ұқсап дәл түсерлік етіп шығару керек. 3.Тиісті жерінде нәрсенің кӛңілге еткен әсерін, нәрсенің адамға келтірер пайдасы бар-жоғын айтып жіберуге де болады. Әліпттеу жоспары Әуелі нәрсенің айқын тұрған сыртқы жағы әліптеледі. Сонан сон ішкі жағы айтылады. Нәрсенің жалпы түрінен бастап жалқылай айтып шығаруға болады. Я жалқы түрінен бастап жалпылай айтып шығаруға болады. Ескерту: Нәрсе уакытқа қарай әліптелетін болса, әліптеу тәртібі уақыт ретінше болады. Егерде нәрсе әліптегенде мезгілі бір, орындары түрлі-түрлі болса, онда әліптеу реті жазушының бастаған орнына қарайды. Егерде әліптеудің мезгілі де, мекені де бір болса, онда әліптеу реті нәрсенің ыңғайына, әліптеушінің назарына қарайды. Әліптеме мазмұнының кемдем жері мен ден-дем жерін айыру керек. Дендем жері, нәрсенің ӛзін әліптеген 86


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

жері болады. Кемдем жері әліптеуге алынған нәрсе мен баска нәрселердің арасын әңгіме еткенде ұшырайтын жері. Әліпттеу тҥрлері Әліптеу кӛзделген мақсатқа қарай екі айрылады: 1. Пәнді әліптеу. 2. Сәнді әліптеу. 1.Пәнді әліптеу. нәрсені пән мақсатымен алып, дәлдеп әліптеп, сыр-сипатын дұрыс танытып, нәрсе туралы дұрыс ұғым беру үшін істеледі. Пәнді әліптеудің ӛзі екітүрлі болады: 1. Жалқылау әліптеу. 2. Жалпылау әліптеу. Жалқылай әліптегенде нәрсе дербес алынып, дара басы әліптеледі. Мұнда әліптеушінің назары нәрсенің ӛзгеден айрылатын айрықша әліптерінде болады. Жалпылай әліптегенде нәрсенің бүтін табы алынып, табына тиісті сипатпен әліптеледі. Мұнда әліптеушінің назары тап-тағы нәрсенің бәрінен табылатын белгілерінде болады (Нұсқалыктың 15, 16, 17 номірлерін кара). 2.Сәнді әліптеуде. Қандай белгілерін алу — әліптеушінін кӛздеген оз мақсаты бойынша болады (Нұсқалықтың 18, 19 номірлерін қара). 3. Жол әліптемесі Жолаушы жүріп, дүние кӛзіп кӛрген жерінің, елінің әлібін, қалпын жазу - жол әліптемесі яқи жолай деп аталады. Әліптемеге қатыспайтын әнгіме аз болады. Бірақ әңгімеде не әліптеме болып келетін түрлері бар. Соның бір түрі жол әліптемесі. Жол әліптемесінің әңгімесі әліптегенде түрлі нәрсені түрлі тарапынан әліптегендіктен, пәлеңдей нәрсе тақырыпты сӛйлейді деуге болмайды. Жол әліптемесінде нәрсені әліптеу реті ұшырау ретінше: алдымен ұшыраған алдында, соңынан ұшыраған соңында әліптеледі. Қияли жол әліптемесі деген әліптеменің бір түрі бар. Ондай әліптемелер жолаушының жазған сӛзі емес, қиял кезуінің сӛзі болады. Жазушы қиялын жолаушы жүргізіп, қиял кӛзімен кӛргенін сӛйлейді. Ондай жол әліптемесі ғылым мағлұматын беру мақсатпен де жазылады. Қазақта қиялмен жазылған жол әліптемесі жоқ: жай жол әліптеме де аз (жай жол әліптеме мысалын нұсқалықтың 20 нӛмірінен қара). 3.БАЙЫМДАМА (ЗЕЙІНДЕМЕ) Кӛсе сӛзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма айымдама деп аталады. Әуезе әліптеме түрлі сӛздермен дүние әңгімесі бітпейді. Әуеземен әліптеме дүниедегі жаратынды, жасанды нәрселердін ӛздерімен, олардың әдістерімен, жай-күйлерімен ғана таныстырады. Дүниедегі нәрселердің 87


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

барлығын, олардың қалай ӛмір шегетінін танумен білім тамам болмайды. Ӛйткені дүниедегі нәрселердің бәрі сабақтас, іліктес, құрмалас, ол сабақтас, іліктес, әм құрмаластығы белгілі себептер бойынша болып, себеп жүзіндегі белгілі бір заңға мойынсұнып сол заңның жолынан бұрылмайды. Ол заң табиғат заңы: ол заң жолы табиғат заңының жолы, нәрселер арасында қандай сабақтастық, іліктестік, құрмаластық бар екенін ашу жағын, олардың бар болуы қандай себептермен, қандай заң бойынша екендігін айыру жағын байымдап, ғылым адамдардың шығарған сӛздері пән шығарма деп аталады. Пән шығарманың асылы байымдама болады: сондыктан пән шығарманың жалпы аты да байымдама болады. Баяндаманың мҥшесі зор мҥшесі тӛртеу: 1. Бастамасы. 2. Ұсынбасы. 3. Баяндамасы. 4. Қорытпасы. Бастамасында әңгіме болатын нәрсе туралы басқалар тарапынан айтылған пікірлер барлығын я жоқтығын айтады. Оны айтпай бастауға да жазушы ықтиярлы. Сондықтан бастаманы қалай бастау жазушының ықтиярында десек те болады. Ұсынбасында әнгіме болатын пікірмен таныстырацы. Баяндамасында алынған нәрсе баяндалады; оның турасында айтылған пікірлерге дәлелдер, сипаттар келтіріледі. Қорытпасында айтылған пікірлердің я маңызы қайта айтылады; я пікірлерден шыққан нәтиже айтылады. Пікірді мәністеу, дәлелдеу, сипаттау баяндамасында болатындықтан — баяндама байымдаманың нағыз дендем бӛлімі болады. Сипаттау түрлі болады: 1. Мәністеп, дәлелдеп сипаттау бар. 2. Керек пікірді яқи нәрсені басқа соған ұқсас нәрселермен салыстырып сипаттау бар. 3. Керек қостайтын, қуаттайтын мысалдар келтіріп сипаттау бар. 4. Белгілі адамдардын айтқан я жазған пәтуаларын келтіріп сипаттау бар. 5. Қаралатын пікірге қарсы пікірдің нашарлығын яқи каталығын кӛрсетіп сипаттау бар. Баяндама әдістері Байымдама әдісі екі түрлі: 1. Негізгі пікірді шығарманың басында айтып, оны қуаттайтын пікірді соңынан келтіру бар, яғни әуелі жалпы пікірді айтып алып, оны белекей пікірлермен қуаттап байымдау бар: бұл жалқылау әдісі болады. 2. Әуелі белекей пікірлерді айтып, жалпы пікірді солардың дәлелдерімен қуаттап байымдау бар. Бұл жалпылау әдіс болады. Ойлау онтайы да екі түрлі: 1. Айырыңқы оңтай. 2. Жиылыңқы онтай. Талдама оңтай - нәрсені бұтарлап, мүшелеп, ұсақтай түсіндіргенде қолданатын оңтай. Терме оңтай — нәрсенің мүшесін жинастыра, құрастыра, 88


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

іріктей түсіндіргенде қолданылатын оңтай нұсқалықтың 20, 21, 22, 23 нӛмірлерінен қара).

(Байымдама

мысалдарын

Баяндама тҥрлері Қара сез байымдаманын қатыспайтын шығармасы болмайды. Әуезе әліптеме, байымдама деп жіктерін бӛлектеп кӛрсеткенімізбен, әуезе әліптеменін қайсысына болса байымдау кіріспей тұрмайды. Сондықтан байымдама түрлерін кӛрсеткенде, байымдама жағы басым шығармалардың түрлерін ғана кӛрсетуге болады. Байымдау жағы басым шығармалар толып жатыр. Оларды негізгі ұлы белгілермен айырғанда мыналар болады: 1 Пән (ғылым). 2. Сын. 3. Шешен сӛз. 4. Кӛсем сӛз. 1. ПӘН (ҒЫЛЫМ) Пән яқи ғылым деп жүйеленген білімді айтамыз. Жүйеленген білім жайын сӛйлейтін байымдаманы да ғана яқи ғылым дейміз. Білімде үйрету мақсатпен де, үйлестіру мақсатпен де жүйеленеді. Қай мақсатпен жүйеленседе, жүйеленген білімпән (ғылым) болады. Сондықтан ғылымдардың білімді таза білім жүйесімен жүйелеп шығарған кітаптары да, үйретушілердін білімді тек үйрету қолайына қарай жүйелеп шығарған оқу кітаптары да - бәрі де пән табына жатады. (Пән мысалы оқу кітаптары, пән кітаптары). 2.СЫН Сын деп адам ісінен шыққан нәрсені тексеріп, баға беруді айтамыз. Сынға салуға болады — ғылымнан шыққан нәрсені де, ӛнерден шыққан нәрсені де, кәсіптен ӛнген нәрсені де, қоғамшылықпен құралған нәрсені де. Ол нәрселер кӛп адам күшімен, ісімен жасалған мемлекет сияқты ұлы нәрсе болуға да ықтимал. Жалғыз адам жасаған ұсақ нәрсе болуға да ықтимал. Адамнын қай ісінен шыққан нәрсе болса да, сынға салудағы мақсат — жақсы-жамандығын ашу, мән-мағынасын анық таныту. Ғылым тарапынан шыққан нәрсе болса, ғылым жүйесіне дұрыс, терісін кӛрсету; ӛнер тарапынан шыққан нәрсе болса, мақсатқа сәйкес келген-келмегенін кӛрсету; кәсіп тарапынан шыққан нәрсе болса, тіршілікке жайлы-жайсыздығьгн кӛрсету: қоғамшылық тарапынан шыққан нәрсе болса, адам қалпына қолайлы келукелмеуін кӛрсету. Сӛйтіп адам ісінен шыққан нәрсенің түрлісі түрлі мақсатпен сынға түседі. Әдебиет адам ісінің бір түрінен шыққан нәрсе болғандықтан, бұ да сынға түспек. Мұның түрлісі түріне қарай сынға түседі. Бірақ қайсысы сынға түссе, шығармалардың түсетін сынының жалпы аты — әдебиет сыны деп 89


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

айтылады. Әдебиет алқасына кіретін шығармалар: қара сӛз, дарынды сӛз болып екі айрылатыны жоғарыда баяндалды. Сынға түскенде мұның екеуі екі жүйе таразымен ӛлшеніп сынға түседі. Қара сӛздер мейлі әуезе, мейлі әліптеме, мейлі байымдама болсын, ғылым таразысына түсіп, ғылым жүйесінің сынымен тексеріледі. Ғылым сыны ғылым жүйесіне дұрыс, терісін қарайды. Шьшында сондай нәрсе ме? Топшылауы дұрыс па? Дәлелдері толык па? Сипаттары күшті ме? - деп со жағынан тексереді. Пән шығарманың ғылым жүйесіне дүрыс, теріс келуін пәннен хабардар адам болмаса, пәннен хабары жоқ адам білмейді. Сондықтан ғылым сынын ғылым иесі адам ғана жасау қолынан келеді. Кара сӛзде әдебиет жүзінде таласы кӛп сӛздер әлеумет мәселелері турасындағы пікірлерде болады. Тұрмыс мәселесі - тоқсан түйіннің тоғысып шиеленісетін жері. Оны дұрыс шешуге кӛпті кӛрген кӛсем болуға керек. Адамның, халықтың, я бір таптың мінезін, құлқын, салт-санасын, жанжүйесін, ой жүйесін, тарихын, мұң-мұқтажын жақсы білетін дана болу, ғалым болу керек. Тұрмыс мәселелері деп қандай мәселелер айтылады? Тұрмыс мәселесі деп айтатын, айтылатын шын адамшылық мәселесі, ӛмір мақсатының мәселесі, яғни ӛмір бақытты болу мәселесі, ошақ басының, жұрт қамының, мемлекет жайлылығының, дүние тыныштығының мәселесі. Мұндай ұлы, ұйысқан мәселелерді дұрыс шешу оңай нәрсе емес: ондай ірі іс ердің ерінің, дананың данасының ғана қолынан келмек. Сондықтан тұрмыс мәселелері туралы шыққан создерді сынға салмай сенуге болмайды. Сондықтан да тұрмыс мәселелері турасындағы пікірлер талқыға салынып барып мақұлданады. Дарынды сӛзді сынау үшін де білім керек. Бірақ қара сӛзді шығармаларға керек болған пән білімі емес, басқа түрлі білім керек. Бұған ғылым білімнен кӛрі онер білімі кӛбірек керек. Ұстаның мінін кӛбінесе ұсталар кӛреді. Сондай-ақ дарынды сӛздің мінін ақындық дарыған адам кӛбірек кӛрмек. Бірақ ұста істеген нәрсенің мінін ұстаның бәрі кере бермейді. Жаксы ұста ғана ұста істеген нәрсенің мінін кӛре алады; жаман ұстаға ӛзінен артык үстаның істеген нәрсесінің бәрі де жақсы кӛріне береді. Ондай ұстадан да жақсы ұстаның істеген нәрсесін тұтынып, кӛзі үйренген жай адам ұстаның ісін артық санайды. Сол сияқты дарынды сӛзді ақындығы шамалы адамнан да жақсы ақындардың сӛзін оқып, әдемілігінен әсер алып үйреніп қалған, оқыған жай зейіні ашык адамдар дарынды сӛзді артық сынауы ықтимал. Сондыктан дарынды сӛзді сынауға акындык керек болғанмен, ақын емес адамның да қолынан келмейтін іс емес. Сӛйтіп, ғылым сыны ғалымдықсыз жасалмайтын сын да, дарынды сӛз сыны - ақындықты керек қылғанмен, ақындығы жоқ, ақындықтан шыккан әдемі сӛздерге үйір болған адамдар да жасауға болатын сын. 90


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Дарынды сӛз қай жағынан сыналмақ деген мәселеге келсек, оның жӛнін дарынды сӛздін шығатын жолы кӛрсетіп айтып тұр. Қара сӛз әдебиетте пікір, сүлде түрінде айтылады. Дарынды сӛзде пікір сурет түрінде шығады, яғни сүдде үстіне оң, ажар, жан, мінез, қылық беріліп, тұрпат тұлға, түс бітіп, тірі нәрсе болып шығады. Сондықтан да дарынды сӛз кӛркем сӛз деп аталып, қара сӛздер жалан сез деп айтылады. Қара сӛздің сыныңда пікір дұрыстығы, істің растық жағы тексерілсе, кӛркем сӛздің сынында пікір дұрыстығының үстіне пікірге берілген сурет, сұлулық жағы да тексеріледі. Кӛркем сӛзді әрі сүлде, әрі сурет — екі жағынан да тексеруге тиіс болғандықтан оның сынында мынадай сұраулар боларға керек. 1.Тұрмыстын қай жағын алып сӛз қылған? Мазмұны дұрыс па? Яғни ӛмірде ондай қалып ұшырай ма? Яқи ұшырауға мүмкін бе? Ӛмірде болатын қалып болса, неден болады; неден болатын себебін біліп айтқан ба? Адам баласының бәрінде боларлық қалып па, белгілі бір табында ғана боларлық қалып па? Мұрат қалып па? Кейіп қалып па? Бұл — шығарманың сүлде жағының сыны. Сурет жағының сынында сұраулар мынау түрде болмақ. 2.Кӛркем сез табына шын қосыларлық сез бе? Қиял жасаған тұрпаттар, ойдан үйлестірілген уақиғалар пікір санасына тура келіп, дұрыс суреттеп, ӛндендіріп кӛрсете ала ма? Тілі ӛрнекті ме? Әуезді ме? Лұғаты таза ма? Анық па? Қысқасы, ойды ӛрнектеп, кӛрнектеп, суреттеп кӛрсеткендей тілінде шеберлік бар ма? Екінші сӛзбен айтқанда: ақылдың аңдағанын, қиялдың мензегенін, кеңілдің түйгенін тілі дұрыс жеткізе алған ба? Манағының бәрін қорытып айтсақ, асылында кӛркем сӛзде екі тысқы, екі ішкі сын болады. Тысқы сындар: 1. Тілінің, лұғатының сыны, яғни тілінің дұрыстығы, аныктығы, тазалығы, дәлдігі, кернектілігі, әуезділігі, ернектілігі жағының сыны. 2.Суретінің сыны: кестесін келтіріп, ұнасымды түрде үйлестіріп, суреттеуінін сыны. Ішкі сындар: 1. Алынған мінез, айтылған қылық, керсетілген қалып, жан жүйесінің женімен қарағанда дұрыс бүгіп шығу, шықпауының сыны. 2. Ӛмір жүзінде айтылған нәрсенің болатындығының себебін дұрыс кӛрсеткен-кӛрсетпегенінің, адам қауымындағы қалып түзелу жағына әсер етерлік (пайда-зиян келтірерлік) қуаты бар-жоғының сыны. Кӛркем сӛзді сынағанда, әдебиет түрінің осы тӛртеуі түгел жұмсалады. (Сын мысалдарын нұсқалықтың 24, 25, 26, 27 нӛмірлерінен қара). 3.ШЕШЕН СӚЗ Шешен сӛз қара сез шығармалардың бӛлекей бір түрі емес, бұ да байымдама болады. Мұның байымдамадан бӛлектенетін жері мынау ғана: 91


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Байымдамада жазушының пікірі негізгі пікірін баяндап, түрлі дәлелдермен сипаттап, анық түсіндіріп беру. Шешен сӛзде айтушының мақсаты баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, бұйыту, иман келтіру болады. Оны істеу үшін шешендер жай байымдаушыларша айтқан сӛзі адамның ақылына қону жағын ғана кӛздемейді. Сез қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып билеп алып кетуге ыждаһат етеді. Сондықтан шешен сездін «қыздырма» яқи «қоздырма» деген айрықша белімі болады. Оның қызметі адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру. Шешен сӛздің бүл белімі пікірді дәлелдеп, сипаттап, мәністеп болғаннан кейін келеді. Ӛйткені пікірді баяндап, түсіндіріп, дәлдеп, сипаттап акыл жағы қанағаттанғаннан кейін жүрек жағына әсер етіп, бойын балқыту жеңіл болады. Осы айтылған мақсаттарға қарай шешен сӛздің тілі уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып, ерікті алып кететін күшті, кернекті, сәнді, мәнді тіл болады. Шешен сӛздің зор мүшелері бесеу: 1. Бастамасы. 2. Ұсын-басы. 3. Мазмұндамасы. 4. Қыздырмасы. 5. Қорытпасы. Шешен сӛздің тҥрлері Шешен сӛздер бес түрлі болады: а) Шешендер жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатпен сӛйлегенде — саясат шен сӛзі деп аталады. б) Шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау, я қаралау мақсатпен сӛйлеп, сот билігіне әсер ету үшін айтқан сӛздері - билік шешен сӛзі деп аталады. в) Біреудің халық алдында еткен еңбегін, ӛткізген қызметін айтып, қошаметтеп сӛйлеген шешеннің сӛзі — қошамет шешен сӛзі деп аталады. г) Білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сӛйлегені — білімір шешен сӛзі деп аталады. ж) Дін жайынан сӛйлеген ғұламалар сӛзі, молдалар сӛзі — уағыз деп аталады. (Шешен сӛзі мысалдарын нұсқалықтың 28, 29 нӛмірлерінен қара). 4. КӚСЕМ СӚЗ Кӛсем сӛз - шешен сӛз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сӛз. Шешен сӛзден мұның айрылатын жері — шешен сӛз ауыз 92


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

айтылады, кӛсем сӛз жазумен айтылады. Кӛсем сӛз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сӛз болғандықтан да кӛсем сӛз деп аталады. Кӛсем сӛз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып, істеу ыждағатымен айтылады. Әлеумет, шаруалық, қазыналық, мектептік, соттық, саясаттық, тағысын тағы сондай қоғамшылық істерін түзеу, жаңалау, ӛзгерту керек болған кезінде халықты соған кӛсем сез арқылы ұйытып, кӛбінің миына қондырып, кӛңіліне сіңіреді. Кӛсем сӛз күндегі мәселе жайын сӛйлейтін сӛз болған соң, кезіндегі шығып тұрған газет-журнал жүзінде шығады. Кӛсем сӛз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сӛз болғандықтан жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы зор болса, әлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады. Солай болған соң кӛсем, сӛз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам кӛпті кӛрген кӛсем білімді адам боларға керек. Әйтпесе дүмше молда сияқты кӛбі кӛсемдік қыламын деп әлеуметті адастырып, пайда орнына зиян келтірмек. (Кӛсем сӛз мысалдарын нұсқалықтың 30, 31 нӛмірлерінен қара). II ДАРЫНДЫ СӚЗ Дарынды сӛз деп ақын тілді шығармаларды айтатынымыз алдыңғы баптарда айтылған сӛздерден мәлім болғандықтан, мұнда қайта баяндаудың қажеті жоқ. Қара сӛз кӛбінесе ғалымдардың, шешендердің сӛзі болатындығы қара соз түрлерінен анық кӛрінеді. Дарынды сӛз олай емес, ақындардың, арқалылардың сӛзі болады. Ақындар ғалымдар сияқты болған уақиғаны жи нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, қақиқаттауға тырыспайды. Тұрған нәрсе тұрған күйінде, болған уақиға болған күйінде ақынға ӛте үйреншікті, жай қалыпты, жабайы кәрінеді. Оның бәрін ақындар ӛз кӛңілінше түйіп, ӛз ойынша жорып, ӛз ұйғаруынша суреттеп кӛрсетеді. Сол ӛзі ұйғарған түріндегі ғаламды сӛзбен кӛрсетуге бар ӛнерін, шеберлігін жұмсайды. Сӛйтіп шығарған сӛзі кӛркем сӛзді шығарма болады. Оны шығаруға жұмсайтын ӛнердің аты ақындық болады. Ақындықтан шыққан сӛзді яғни кӛркем лебізді шығармаларды, үлгілі жұрттар айтылуына қарай үшке бӛледі: 1. Әуезеленіп айтылуына қарай. 2. Толғанып айтылуына қарай. 3. Ғамалдап айтылуына қарай. Бұлайша болу қазақтың жазба әдебиетінің түрлеріне келсе де, ауыз әдебиетінің түрлеріне келмейді. Сондықтан қазақ ауыз әдебиетінің шығармалары айтылу түріне қарай бӛлінбей, тұтьшу орнына қарай бӛлінеді. Осылай бӛлінбесе, ауыз 93


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

әдебиетінің сӛздерінің кӛбі жоғары айтылған үш салаға үйлеспей, далада қадып қояды. Ауыз шығармаларды сӛз қылғанда, кӛркем сӛзді шығармаларды ғана соз қыламыз. Қазақ ауыз әдебиетінде кесе сӛзді шығармалар жоқ. Неге бол майтындығын азырақ айтып, түсіндіріп ӛту қажет болады. Жазу-сызу жоқ жұртта кӛсе сӛзді шығармалар болмайды. Себебі жазусызу жоқ жұртта ӛнер-ғылым болмайды. Ғылым дегеніміз дүниені, яғни табиғатты дұрыс тану. Ғылым жоқ болса, дүниені тану дұрыс болмайды. Дүниені дұрыс танымаған соң, дүние турасындағы мағлұмат жиысатын санасаңлауы дұрыс болмаған соң, табиғаттың күшің, ісін, қасиетін бұрынғылар теріс танып, теріс әуезе қылған. Сондықтан бұрынғылардың ертегі сияқты, ертегі жырлар сияқты шығарған сӛздері біздерге шып-шылғи ӛтірік кӛрініп, біздің ақыл арнамызға жуыспайды. Қай халықтың да болса, жазу-сызу білмеген заманы болтан. Сондықтан ертегі сияқты ӛтірік сӛздер қай халықта да болса бар. Әдебиет сӛзін тәртіппен тапқа болу керек. Жұртьшан шыққан олар ауыз сӛзді де айтылу түріне қарай негіздік үш тапқа бӛлген: 1. Әуезе. 2. Толғау. 3. Айтыс. Не үшін олай болген мәнісі әр табын бас-басына баяндағаннан кӛрінбекші. 1.Әуезе Әуезелеуші айтатын сӛзіне ӛзін қатыстырмай, ӛзінен тысқары ғаламда болған істі әңгіме қылады. Ескерту: тысқарғы ғалам деудің мәнісі адамда екі ғалам болады — ішкі ғалам, тысқы ғалам. Ақыл, кӛңіл, қиял сияқты адамның рухына қараған жағы — ішкі ғалам болады да, онан басқалары — басқа адамдар, мақұлықтар, нәрселер, бүтін дүние тысқы ғалам болады. Әуезе тысқы ғалам турасындағы соз. Ақын әуезе түрінде сӛйлегенде, уақиғаның ішінде ӛзі болып, басынан кешірген адамша сӛйлемей, тек біреуден естіген адамша айтады. Уақиғаны бұлайша түрде айтып кӛрсету — тысқарғы түрде айту болады. Сондықтан әуезе кӛркем сӛздің тысқарғы түрлісі болады. Бірақ әуезеге алынған уақиға болғандықтан және де ол уақиғаға айтушы ӛзінше кӛрік беріп, шығарғандағы сӛзі әуезе болады. 2.Толғау Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі кӛңілінің күйін-мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, 94


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

басқаларға білдіріп, басқаларды сол кӛңілінің күйіне түсіріп, халын түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, кӛңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз ӛз кӛңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың, да халін танып, күйіне салып, толғай алуда. Әуезі тысқарғы ғаламның жыры, толғау ішкергі ғаламның күйі деп екі айырғанымызбен, екі ғаламның ісінің арасында зор іліктік бар нәрсені танығанда, сол тануымыздың ӛзі екі жақты болатындығы жоғарыда «Қара сӛз», «Дарынды сӛз» деген бапта айтылды. Әр нәрсені санлап, санамызға алған уақытта ол нәрселер турасындағы ұғымдарымызға кӛңіл кіріспей тұрмайды. Адам дүниедегі кӛрген-білген нәрселерін тек байқап, тек пікірлеп, тек саңлаулап қана қоймайды. Ол нәрселермен қатар адамның кӛңіліне күй жасалады. Адам кӛрген-білген нәрсенің я ісінің біріне күйінеді, біріне сүйінеді, бірінен сескенеді, бірінен шошынады. Сезіліп тұрған тысқарғы ғаламмен, сезіп тұрған ішкергі ғаламның екі арасы санаға келіп түйіскен жерде жыртылып айрылғысыз болып бірігеді. Тысқарғы ғаламнан санаға түскен санлау мен сана жанында тұрған кеңілдің күйін бір-біріне қатыстырмай бӛлектеп қоюға мүмкін емес. Адамның санасы фотография (сүгірет машинасы) емес, нәрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын нәрсенің саңлауы келіп адамның санасына түскенде, адамның ойын да, кенілін де бірдей оятады. Адамның кӛңілін оятпаған нәрсе тіпті сезілмей дерексіз ӛтеді. Бірақ адамның ілтипаты тысқарғы ғаламға, бірде ішкергі ғаламға кӛбірек ауатын орындары болады. Кейде тысқарғы нәрсе ӛте қорқытса, яқи қуантса, я болмаса ӛте тамаша күйде болып тандандырса, адамның ісін алып, ілтипатын ӛзіне аударып кетеді. Кейде қайта адам ӛз ойы, ӛз қиялы, ӛз кӛңілінің күйімен болып, айналасындағы болып жатқан уақиғаларды, істеліп жатқан істерді, тамашалы тысқарғы ғаламды байқамай қалады. Бұл адамның ілтипатын тысқарғы ғаламнан ішкергі ғалам аударып алып кеткен уақытта болады. Ондай адамдардың кӛбі ілтипатын кӛбінесе ішкі ғалам жағына салатын адамдар болады. Кейде тысқары, ішкергі екі ғаламның да күші бірдей болып, ілтипатымызды бірдей түсіреді. Мәселен, бір нәрсе, яқи іс қандай кӛркем, әдемі болса, сондай оған сүйінеміз. Қанша сүйкімсіз жаман болса, сонша жек кӛреміз. Сӛйтіп, манағыдан бергі айтылған сӛздердін қорытуы мынау болады. Ертек тысқарғы ғаламның жыры деп, толғау ішкі ғаламнын күйі деп екі бӛлгенімізде, тіпті сорпасы қосылмайтын белектік бар деп ұқпасқа керек. 3.Айтыс Айтысқанда екі күрескен балуандар сияқты, бірін-бірі аңдиды, бірінбірі бағады. Күрескендегі бірін-бірі жығу үшін істейтін әдіс-амалдарды, 95


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

тәсілдерді мұнда да істейді. Айтысқанда жай сезбен айтыспай, ӛлеңмен айтысады. Сондықтан ӛлеңмен ғана айтысу — айтыс деп аталады. Ӛлеңсіз айтыстың аты әзіл-ерегіс болады. Бәлқи ӛлең айтыс та о басында әзілден, ерегістен шыққан болар. Бірак бұл күнде айтыс деп ӛлең түріндегісі ғана айтылады. Айтыс ӛлеңді сӛз болған сон оған ақындық керек. Ақындықтың үстіне әдіс керек. Күрескенде күшке әдіс серік болу сияқты айтысқанда ақындыққа да әдіс серік болады. Әдісі жоқ әйдік ақынды әдісті анау-мынау ақын жеңіп кетуі мүмкін. Айтысқанда түрлі нәрселер жайынан сӛйлеп, бірін-бірі тосуға тырысады. Кебінесе бірінің-бірі басындағы, еліндегі, жұртындағы міндерін айтып тоспақшы болады. Айтыстың бұл жағының әлеумет алдында пайдасы зор. Адамның, елдің, жұрттың басындағы келіссіз ғамалдарын, мінездерін айтып кӛрсету — халықтың құлқын түзеуге зор пайдасы тиетін нәрсе. Мұнысын байқағаннан кейін айтыс екінші түрге түсе бастаған. Айтыс бастапқы кезде шын екі ақынның айтысқаны болса да, сонгы кезде айтысты ақындар ез ойынан шығаратын болған. Яғни бір ақын екі ақынның айтысқаны қылып, екі жағының да сӛзін ӛзі шығаратын болған. Сӛйтіп айтыс шын айтыс емес, тек шығарманың түрі болуға айналған. Адамның, елдің яқи бүкіл жұрттың келіссіз істерін, мінездерін, пиғылдарын айтқысы келсе, ақындар ӛз атынан айтпай, айтысқан ақындардың сӛзі қылып шығаратын болған. Ондай айтыстырып шығарған сӛздерді соңғы кездерде екі ақынның езіне екі адам айтысқан сияқты болып, бара-бара айтыс еленде айтылатын келіссіз істерді, мінездердің алаң ауданда істетіп кӛрсететіндер болды. Онан әрі бара-бара осы күнгі ойналатын түрлі алаң алданышы болып шығар еді. Алдыңдағы кӛрсетілетін істерге алаң алданышы деп ат қоюда мәніс бар: ондағы кӛретініміз ӛмірдің ӛзі емес, тек түрі; сәулесі айнаға түскен сиякты алаңға емірдің ӛзі түспей, сәулесі ғана түседі. Алаң айнасына түсіріп кӛрсететін кӛбінесе ӛмір жүзінде, адам арасында болатын үрыс-керіс, таластартыс, алыс-жұлыс, қуаныш-қайғы сияқты түрлі халдар болған себепті сӛз ӛнерінің бір түрі Еуропа тілінде тек «Айтыс» мағынада емес, «Айтыс-тартыс, арпалыс» мағынада ұғылады. Біздің қазақ Еуропа әдебиетінен үлгі алмай, әдебиетін ӛз бетімен жетілдіргенде, қазақтың айтыс ӛлеңдері алаңға түсе-түсе барып, алаң алданы-шына айналып, айтыс-тартыс түрге түсетіні даусыз еді. Үлгіні ӛзге жүрттан алғандықтан алаң әдебиеті бізде тӛтеннен шығып қалды. Әуезе, толғау, айтыс-тартыс үшеуінің кәрісі - әуезе, ортаншысы - толғау, кішісі - айтыс-тартыс. Айтыс қазақта ауыз әдебиеті түрінде болғанмен, айтыс-тартыс түріндегі сӛздер баска жүрттарда жазусызу, ӛнер-ғылым шыққан уақытта пайда болған. Шын айтыстар емес, шығарма айтыстар қазақта соңғы кезде шыққан. Асылында айтыс-тартыс түрлі шығарма ауыз әдебиетінде жоқ. 96


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Әуезе жанынан ескерту Жер жүзіндегі жұрттардың түріндегі шығармалары бір-біріне кӛбінесе ұқсас келеді. Ондай ұқсас болатын себебі: олар шыққан заманда халықтың бәрінің бір ананың қолында ӛскен балалар сияқты кӛргені, ӛнегесі, үлгісі бір болған. Ол уақытта қай халық та болса, табиғат баурында болып, табиғат тауқыметінде тұрып, табиғат қабағына қарап, ӛмір шеккен. Ол заманда адам табиғат ісіне ӛзгеше қарап, табиғат күшін ӛзгеше ұғып, бәріне ӛзінше мағына берген. Ол уакыттағы адамның санасын, саңлауын шамалап білгіміз келсе, бала күйге қайта түсуіміз керек. Сонда ғана дәу пері, жез тырнақ, жалмауыз кемпір, тағысын-тағылар жайынан айтылған ертегілерге ойымыз ұйып, бойымыз балқып, тыңдайтын дәрежеге жете аламыз. Халықтардың басынан ӛткізген анайылық шағы - біздің балалық шағымыз мысалды. Балалықтан шыққан адамға қайтадан балалық күйге түсуге қандай мүмкін емес болса, анайылық күйден шыққан халықтарға, анайылықтан туған нәрсеге ден қойып, иман келтіру мүмкін емес. Сондықтан бұрынғылардың анайы күйдегі шығарған ертектері, ертегі сияқты әңгімелері, анайы күйден ӛтіп кеткен. Бұл замандағы адамдардың кӛңіліне әсер етіп, бойын балқытып, ойын ұйыта алмайды. Бұл сияқты сӛздер заманында осы күнгі аскан ақындардын сӛзінен де күштірек адамға әсер етіп, бойын, ойын алып, қанын қайнатып, жүрегін аттай тулатқан әңгімелер шығар. Ол әсерін бірақ бұл күнде кӛрсете алмайды. Ӛйткені бұл күнгінін адамы ол күнгінін адамындай емес, ол күнгінің адамы табиғат заңын білмей. сырын танымай, табиғатта жоқ қасиетті бар деп білген. Кереметсіз нәрсені кереметті деп білген. Қысқасы, мәнісін біле алмаған; табиғат ісінің бәрін кереметке жори берген. Мұнын аты жоққа малану болады. Ол күндегілерге керемет кӛрінген нәрселердің бұл күнде алдауыш пердесі алынып, сыры білініп, сыриып шыны ғана қалды. Күннің тұтылғаны қазаққа қанша қорқыныш кіргізіп, тасаттық бергізіп, қанша қой сойғызып әурелеуші еді. Бұл шақта күн тұтылуы от басындағы құманның отты кӛлеңкелегені сияқты ғана нәрсе болып шықты. Дауыл соғып бұрқырап, бір нәрсе ашуланған сияқты болып, дүрілдеп, күрілдеп, кӛкті күркіретіп, тасырлатып, бұлттарды дүркіретіп айдап, найзағайды жарқылдатып, әуені тітіретіп, дірілдетіп, жапырып жоқ қылатындай дауылдар, жауындар болады. Табиғат бауырынан шықпаған, есі кіріп жетпеген, жас балалар сияқты ақылы еніп жетпеген алғашқы адамдардың кӛңіліне сол сияқты әлеуметтер қандай қорқьшыш кіргізбек. Қалайша мұны бір күдіреті күшті, керемет иесі нәрсе деп танымасқа? Ол күндегі адамдар түгіл күні кеше осы күнгі адамдардың кӛбі, молдалардың айтуымен, күн күркіреуін періштелердің 97


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

бұлтқа айқайлағаны деп, найзағайды періштелердің шайтанды атқаны деп түсініп жүрген жоқ па еді? Бұл күнде бұрын керемет кӛрінген нәрсенің пердесі алынып, беті ашылып, пердесі кӛрініп, күн күркіреуі, найзағай ойнау кереметтен түк жоқ, құр «электр» болып шыққан жоқ па? Бұл электрді ӛнер-білімі бар жұрттар от пен су сияқты пайдаланып отырған жоқ па? Күн күркіреуін періште дауысына жору сияқты, найзағай ойнауын шайтанды атқанға ұйғару сияқты, табиғат ісін танымай басқаға ұйғару, басқаға таңу бұрын кӛп болған. Сондықтан ғаламда жоқ адамда ғана бар, яғни адамның қиялында орын алған нәрселер бұрынғы заманда кӛп болған. Жалмауыз кемпір, жез тырнак, ӛбір үйі, жын, пері, албасты, марту сияқты нәрселер - дүниеде жоқ, адамның қиялында ғана болған нәрселер. ӛнер-білім болмағандықтан ол күндегі адам табиғатқа қожалың қыла алмаған, табиғат сырын біле алмаған. Табиғат күшінің кӛбі бір керемет болып кӛрініп, дүние неше түрлі құдайлардың, перілердің, періштелердің, шайтандардың, жындардың быжынап жатқан қордасы, ұясы секілді кӛрініп, кӛңіліне қорқыныш кіргізген себепті, алғашқы адамдар табиғат алдында қол қусырып, құлдық қып, бас ұрумен болған. Күркіреген күннің, дүрілдеген желдің, бұрқыраған дауылдың, зырқыраған құйынның әр қайсысының істеуші иесі бар, құдайы бар деп ойлаған. Күлімдеп күнде кӛз салып, күйін-жайын керіп, жарық беріп жадыратып, жылылық беріп маужыратып, мәз қылып отыратын «Күн құдайды» қара әбілет басып, қараңғыласа қауіптенген, қайғырған, бір дүкіртке ұшырады деп білген. Қыс деген әбілет келгенде күннін күші азайып, ауырғандай болып әлсірейді. Дүниедегі нәрселердің бәрі қысылады, мұздайды, қатады, түсі қашып, ӛлік сияқты жатады. Күн жазыла бастағанда, жаз болады, бәрі жадырайды. Жазылады, кӛгереді, кӛркейеді. Сӛйтіп қыс пен жаздың болуын «Күн құдайдың» әлсіреуі, күшеюінен болады деп білген. Күннің тұтылуын айдың тасалауы демей, қаптаған бір қара бәле деп білген. Адам анайы шағында бала сияқты жанды, жансыз нәрсені айырмаған. Жандысы да, жансызы да бірдей тіршілік ететін, бірдей әмір сүретін сияқты кӛрінген. Қуыршағын, баска ойыншық нәрселерін жанды нәрседей кӛретін балалар сияқты болтан. Табиғаттан ұзап кеткен жері болмаған сон адамның ӛзі де табиғатпен қатар, табиғатпен жалғас, сабақтас, ӛзектес сияқты күйде ӛмір шеккен, жансыз нәрселерді жанды деп таныған. Ол заманнын адамы әлімді ӛлу деп білмеген. Ӛлгенін тірісіндей кӛрген. Қару-жарақ сияқты тұтынған нәрселерін ӛзімен бірге қойған, ішуге тамақ қалдырған. Қайратты адамдар тірісінде елді қорғап, қысылған, қиналған жерде ақылымен, айласымен, я болмаса, қайратымен құтқарған болса, ондай адамдардың ӛлгенде де жәрдемі тиеді деп ойлаған. Сондықтан қысылған, қиналған шақта аруағын шақырған. 98


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Бәрі жору, жорамалдау, үйғару айналасында болып, нәрсенің сырын тану, шынына жету жоқ болып, ақыл жағы күшеймей, қиял жағы күшті болған. Қиял ісін сынға салып тексеретін ақылы аз болған соң қиялдың шеті, шегі болмаған. Адамның анайы шағындағы шығармалары орасан қияли, орасан кереметі кӛп, расы аз түрде айтылған. Анайы заманда адам бұл заманнан кӛрі де күшті кӛбірек сыйлап, күшке кӛбірек бағынған. Керіктің пұлы болмаған. Сондықтан күшті болған нәрселердің бәрін де құдай деп білген. Адамнан қадірлеп, құдайдай кӛретіндері батырлар болған. Батырлары елінін қорғаны болған. Табиғат жауын да, адам жауын да қағыскан жерде батыры күшімен, ісімен мұқатқан. Ондай адамдарды құдайдай құрметтеп, батырлығын, қайратын жыр қылып аузынан тастамай, үлкенге ӛнеге, кішіге үлгі еткен. Ол жырларын бас коскан жерде айтатын адамдары жыршы деп атанған. Жырлар - жыршылардың аузында елден елге , нәсілден нәсілге, заманнан заманға кеткен, ол заманда жазу-сызу жоқ. Жыршыдан жыршы жатқа үйренген себепті жырлар ауыздан ауызға кӛшкен, қиялдан қиялға түскен. Әр жыршы ӛз ойынша, ез киялынша ӛңберген, ӛз қиялынша кӛпірткен, керкейткен. Сӛйтіп езгеріс кіріп, кӛбінің ӛрісі кеніп, ӛресі ұзайған. Батырларға адам баласына бітпейтін қайрат, адам қолынан келмейтін іс ұйғарылып, артықша касиет, керемет танылып, құдай болмаса да соған жақын бір нәрсе болып, кұдайлар мен батырларының арасында жік қалып жарымаған. Ақыннан шыққан соз жыршыдан жыршыға кәшіп жүріп, ӛзгеріп те болған. Шығарған ақындарын да жоғалтқан батырлар жыры бір адамның сезі болудан шығып, мың адамдікі, жұрттікі, ұлттікі болып кеткен. Мәселен, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты батырлар жыры, «Қара батыр», «Қара қылыш» сияқты ертегілер ауыздан-ауызға кӛшіп, талай заманның түрінше түрленіп, халықтың салтымен, сарынымен бірге ӛзгеріп, ақынның атын, сӛзінің байырғы белгісін жоғалтып, қазақ сӛзі ғана болып келіп тұр. Мұндай сӛздерге қазақтан басқа ие жоқ, хатта ертек сияқты сӛздердің сүлдесі басқа жұрттан алынып, жыршылар аузында екінші жұрттың салтына, сарынына салынып кеткен болуы да ықтимал. Ертегі сияқты ескі сӛздердің бір адамнан шыққанын білу түгіл, белгілі бір халықтан шықты деп айтуға да қиын. Ондай сӛздер айтып жүрген халықтың ӛз шығармасы болуғада, болмауғада ықтимал. Сез ішіндегі адамдардың жүріс-тұрысы, мінезі ӛзіне сәйкес келгендіктен әр халық ӛзінікі деп біледі. Сәйкес келу себебі ауызданауызға кӛшкенде әркім ӛзінше ӛң беріп, ӛз заманының салтына, сарынына түсіргендіктен. Бұл сияқты сӛздер кептің аузынан ӛтіп, кеп ӛзгеріс кӛріп, алғашқы шығарған ақыннан түк белгі қалмағандықтан халық әдебиеті деп аталады. Жоғарыда айтылған мәністер мен шығармалар екіге бӛлінеді: 1. Ауыз шығарма. 2. Жазба шығарма. 99


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Жазу-сызу, ӛнер-ғылым жоқ анайы халықтарда жазба шығарма болмайды. Ондай халықтардың асыл сӛздері анайы тілмен айтылған ауыз шығармалар болады. Сондықтан ондай асыл сӛздер ауыз әдебиеті яқи анайы әдебиет деп аталады. Жазу-сызу, ӛнер-ғылымы бар мәдениетті жұрттар асыл сӛздерін сыпайы тілмен жазып шығарады. Сондықтан олардың шығармалары жазу әдебиет яқи сыпайы эдебиетдеп аталады. Қай халықтың да болса жазу-сызу, ӛнер-ғылым білмеген шағы болған. Сондықтан анайы әдебиет халықтың бәрінде де болады. Сыпаны әдебиет жазу-сызу, ӛнер-ғылым жемісінен дәм татқан жұрттарда ғана болады. Ауыз шығарманы (анайы әдебиетті) ауыз сӛз деп қана атап, жазба шығарманы сыпайы әдебиетті ғана әдебиет деп танушылар бар. Бірақ қалай да асыл сӛздің бәрі де тілдегі әдебиет есебінде жүріледі. Қай тілдегі әдебиетті болса да сӛз кылғанда, шығармаларын сӛз қылмай ӛтпейді. Сӛйлеу жүйесінің мақсаты – сӛйлеу жүйелерін білдіріп, анайы тілдегі асыл сӛздердің түрлерімен таныстырып, сӛзден нендей нәрселер жасап шығаруға болатындығын кӛрсету. Сондықтан сӛйлеу жүйелерін білдіргеннен кейін қазақтың анайы әдебиетінен бастап тілдегі бар шығармалардың түрлерімен таныстыру қажет болады. АУЫЗ ӘДЕБИЕТ Қазақ ауыз әдебиеті жұмсалатын орнына қарай әуелі екі салаға бӛлінеді: 1. Сауықтама. 2. Сарындама. Сауықтама саласына барша сауық үшін айтылатын сӛздер кіреді. Сарындама саласына жұрттағы келе жаткан салт-сарынмен айтылатын сӛздер кіреді. Ол салалардың әрқайсысы тарауға, тараулары тармаққа, бұтаққа бӛлінеді. Сауықтама екі тарау болады: 1. Ермектеме. 2. Зауықтама. 1. САУЫКТАМА (САУЫҚСӚЗ) САЛАСЫ 1. Ермектеме (Ермек сӛз). Ермектеме деп ермек үшін сӛйленетін сӛздер айтылады. Мәселен, ертегі, ертегісімек, аңыз әңгіме, ӛтірік ӛлең, жұмбак, жаңылтпаш, бас қатырғыш сияқты сӛздер. 1. Ертегі. Ертегі - қиялмен қисынын келтіріп, қызықты ету мақсатпен шығарған әңгімелер. Ертегінің ішіндегі уақиғалар, уақиға мен нәрселердің кӛбі дүниеде жоқ, қиялдағы уақиға мен нәрселер болады. Сондықтан әдебиет тарихшылары ертегілерді адамның жоққа нанған шағындағы сӛзі деп есептейді. Дәу пері, жалмауыз кемпір, жез тырнақ сияқты нәрселерге 100


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

бұрынғының адамдары құдайды, періштелердей, пайғамбарлардай, әулиелердей иланған заманда шыққан сӛздер дейді. Ертегілер солай болуға тиіс, жӛні де бар. Ертеде шыққан әңгіме екендігін ертегі деген аты да кӛрсетіп тұр. Ертегілер ӛтірік болғанмен, мағынасыз болмайды.Кӛбінесе ішкергі астарлы мағынасымен ӛнегелі келеді. Жақсылық, жамандық, достық, қастық, арамдық, ададдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық, қулық, аңқаулық, тағысын тағы сондай жақтан ӛнеге болу, тәлім-тәрбие беру максатымен шығарған әңгімелер екендігі сезіледі. Бірақ ертегі дүниедегі қалыптың жағдайына қарамай, бәрінен қиял бетімен ӛтеді. Сондықтан ертегіде жаны жоқтар жанды болады, тілі жоқтар тілді болады. Бір нәрсе екінші нәрсенің түріне түсіп кетеді. Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары: 1. Халықтың ұмытылған сӛздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе. 2. Бала әдебиеті жоқ жерде ертегі баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдандыруға, сӛйлеуге үйретеді. 3. Бұрынғылардың сана-саңлау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе. Ертегі - халықтың ескіден қалған жұрнақтарының қордасы. Ол қорда қазірде шашылып, тӛгіліп, жылдан-жылға азайып, жоғалып барады. Ғылымды жұрттар бұрынғы адамның тұрмысын, қалпын жорамалдап, аз да болса білу үшін жердің астынан қазып, тұтынған нәрселерінің жұрнағынтабуға қанша еңбек қылады. Біздей тарихы жоқ халыққа ертегіге қарап, ертеде болған аталарымыздың ӛткен тіршіліктерін жорамалдауға болады. Сондықтан елде тұрған адамдар ертегілерді жинап, жоғалмасына қам қылу борышым деп білу керек. Қазақта ертегі кӛп, мұнда бірнешеуін атап ӛтеміз: 1. «Қара батыр». 2. «Тазша бала». 3. «Алтын айдар», «Хан». 4. «Шынтай». 5. «Еркем Айдар», 6. «Әжігелді», 7. «Арамбейіл, акбейіл», 8. «Хан қызы», 9. «Тазша», 10. «Түлкі алдауы», 11. «Дуадар қыз», 12. «Үш ұл», 13. »Балықшы жігіт», 14. «Қара кӛз сұлу». 2. Ертегісімек. Ертегісімек деп ертегіге ұқсас, бірақ ертегіден кӛрі әдемірек, шынға бейімірек, тұрмысқа жақынырақ, дүниеде болуға ықтималы молырақ түрде шығарған әңгіме айтылады. Мәселен, «Алдар кӛсе», «Жиренше шешен», «Қожанасыр», «Атымтай жомарт» сияқты адамдар турасындағы әңгімелер. Мұнда да ӛтірік кӛп. Бірақ ӛтірігі қисынды, шынға ұқсас. 4.Ӛтірік ӛлен- Ӛтірік ӛлеңнің не екенін аты да айтып тұр. Ӛтірік ӛлең қалай шыққанын сӛйлейтін ертегі бар; ол ертегінің қысқаша мазмұны қырық ауыз қисынын келтіріп ӛтірік олең айтқан адамға хан қызын берем деген. Соған біреу қырық ауыз ӛлең айтып, қызын алған дейді. Ӛтірік ӛлең түрлері мынадай келеді: 101


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Бақа қызын беріпті кебелекке, Жүріпті қара шыбын жеңгелікке. Құмырсқаның бір туын ұстап сойып, Той қылып, ат шаптырды тӛңірекке. Ақ тышқанға күмістен таға қылдым, Кӛр тышқанның терісінен жаға қылдым. Кӛбелектің терісін жыртпай сойып, Он бес қарыс жиындық саба қылдым. Он бес жігіт жиылып кӛтере алмай, Енді саба қылмасқа тоба қылдым. 4. Жҧмбақ. Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан: яғни қолдың ішіне бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақта нәрсені қолға жұмып тұрып таптырмайды. Ойда бүгіп айтпай қойып, сол нәрсеге ұксас нәрселерді сипаттап айтып, ұқсастығы бойынша таптырады. Жұмбақ — зейінді ұстартуға пайдасы бар нәрсе. Жұмбақтың негізі тәріздеу, яғни нәрсенің сипатын тәріздеп айту. Мәселен, арбаны жұмбақ қылғанда, адамға тәріздеп былай сипаттайды: Ізі бар, қадамы жоқ аяғының, Тимейді үші жерге таяғының. Қолдарын хайуанға арта тастап, Салады әуезіне баяғының. Киіз үйді жұмбақ қылғанда, айдаһар тәріздендіріп былай сипаттайды: Дүниеде бір айдаһар, білесіз бе? Жаны жоқ қимылдауға денесінде. Ішінде сүйектері бақша-бақша, Жарқылдар жалғыз кезі тӛбесінде. Құлыпты жұмбақ қылғанда, ит тәріздендіріп былай дейді: Таң қаларлық бір ит бар, Үй бағады, үрмейді. Аяғы жоқ жүрмейді, Кӛмейін тықсаң сӛйлейді, Тілін адам білмейді, 102


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ұлықсатсыз сол иттен Адам үйге кірмейді. Басқа нәрсе тәрізден дірмей, тек ез сипаттарын ғана айтып жұмбақтау бар. Мәселен, балықты жұмбақ қылғанда былай сипаттап кӛрсетеді: Бір нәрсе қанаты жоқ, ұшпас биік, Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп. Арасын жер мен кӛктің ӛрт алса да, Кетпейді ешбір жері отқа күйіп. Я болмаса бір ғана нәрсеге ұксатпай, әр мүшесін әр нәрсеге ұқсатып, сипаттап жұмбақтау да бар. Мәселен, шегірткені былай жұмбақ қылады: Ат басты, арқар мүйізді, бӛрі кеуделі, бекен санды, құс қанатты, құмырсқа ізді, бота тірсекті. 5.Жаңылтпаш. Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, я тіл келмейтін, я тіл басқа сӛз қылып бұрып кететін сӛздердің басын құрап, келістірген шығарма — жаңылтпаш деп аталады. Жаңылтпаш кӛбінесе жаңылғанда ерсі мағыналы сӛз болып шығып күлдірерлік сӛздер алынады. Мәселен: Базардан алып келген боқжама, Мен боқжамаламай, кім боқжамалайды? Мен боқжамаламай, кім боқжамалайды? Бастапқы жолын жай айтады, соңғы жолын шапшаң айтады. Жаңылғанда, мағынасы ерсі сӛз болып шығуын кӛздемей, тек жаңылу үшін айтылатын жаңылтпаштар бар. Мысалдар: 1.Бір түйем бар еді, Бұйдалайын деп едім, бұйдалай алмадым. (Соңғы жолды үш рет шапшаң айтады). 2.Құдиярмен кұда едім, Құдияр мені құдалай алмады. Құдиярды мен де құдалай алмадым. (Соңғы екі жолды үш рет шапшаң айтады). 3.Бай Тайқарбай, қойынды Ақшағылға жай Тайқарбай. (Үш рет шапшаң айтылады). 103


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

6.Бас қатырғыш. Бас катырғыш жүмбак сиякты бұ да ойландыратын нәрсе. Бірақ жұмбақтай шешуі болмаған соң, босқа әурелейді. Шешуі жоқтығын білмей, жұмбағын табамын деп ойланып, адамның басы қатады. Сондықтан бас қатырғыш деп аталады. (Ермектеме нұсқаларын нұсқалықтың 32, 57 нӛмірлерінен қара). 2. Зауықтама (Зауық сӛзі). Зауықтама деп кӛңіл кӛтеру үшін сӛйленетін сӛздер айтылады. Мәселен, ертегі жыр (батырлар), тарихи жыр, айтыс, ӛлең, үгіт ӛлең, толғау, түрлі терме ӛлеңдер. 1. Ертегі жыр. Ертегі жыр деп бүрынғы ӛткен батырлар турасында шығарған ӛлеңдерді, әңгімелерді айтады. Батырлар әңгімесі ӛтірік-шыны аралас қойыртпақ әңгіме болады. Шын жағы бұрын батырлар болуы. Батырлар заманында сотые болуы, батырлар халық үшін қайрат қылуы, жұртын қоруы. Ӛтірік жағы, олардың мінген атына, тұтынған затына ӛздеріне бітпеген қасиеттерді таңу, болмаған күштерді, болмаған істерді телу. Ӛтірік те емес, шын да емес, дүбәра ертегілеу әңгіме болып шығады. Ол әңгіме ӛлеңмен айтылған себепті ертегі жыр деп аталады. Неғұрлым әріден шыққан әнгіме болса, соғұрлым қиял жағы шын жағын жеңіп, әңгіме ӛтірікке жақындай береді. Батырлар әңгімесінің құны қандай деген мәселеге келсек, мұнда айту тиіс: бұрынғы жаугершілік заманда халық тән есебінде болған да, батырлар жан есебінде болған. Сондықтан батырлар турасындағы әңгіме халықтың жаны, рухы турасындағы әңгіме. Батырлары қандай болса, халықтың рух жағы да сондай болған. Ертек жырдағы батырлар сипатына қарасақ, ол жырлар халықтың рухы нағыз кӛтерілген шағында шыққандығын байқаймыз. Ошақ басы, үй ішінің қамы сияқты ӛмірдің ұсақ мақсат жағымен азаматтары есептеспей ұлы мақсат, ұлы мұратпен болып, жұрт үшін, кӛп үшін құрбан қылмайтын нәрсесі болмағанын кӛреміз. Әке-шеше, туысқантуған, мал-мүлік, ең қымбатты жан - солардың бәрін жұрт қамының жолында бір тиынға баламағанын байқаймыз. Тоғай толған жылқысы, қора толған қойы, желі толған түйесі бар байлар, жасы 80—90-ға келгенше бала қормен, баласы жоқтығынан әркімнен қорлық кӛріп, таяқ жеп, сӛгіс естіп, зарығып, тарығып, әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып, ӛлдім-талдым дегенде жалғыз ұл кӛрсе, ол ұлы жұрт жұмысына керек болған жерде қартайған, әлсіз ата-анам қалып барады екен деп, оған қайрылуы жоқ, тоғай толған кӛп малым қалып барады, оны қайтемін деп уайымдап қарайламайды. Қобыланды жауға аттанып бара жатқанда қарындасы Қарлыға түстік жерге шейін соңынан қалмай, ақырында қайрылмасына кӛзі жеткен соң кӛш айтысып қалайын деп тұрып:

104


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

«Желі толған cap түйе, Ағажан, кімге тапсырдып? Қора толған ақты қой, Ай кеке, кімге тапсырдың? Тоғай толған кӛп жылқы, Күн кӛке, кімге тапсырдың? Тоқсанда әкең Тоқтарбай. Алпыста анаң Аналық. Ақ кӛке, кімге тапсырдың? Бірге туып, бірге ескен, Кіндігіңді бір кескен, Кӛкежап деп жылаған, Мен сорды кімге тапсырдың? Бұ дүниеде мұңдасың, Тӛсекте жатсаң сырласың. Ақиреттік жолдасың, Бұлаңдаған қыз Құртқа, Оны да кімге тапсырдың?» дегенде, Қобыланды ата-ананы, туысқан-туғанды, жарды керек қылмайтын тас бауыр, тас жүрек қасқыр сияқты тек қанішер, аң мінезді адам емес, шын адам екендігін жырдың мына сӛзі кӛрсетеді. «Жүрегі сӛзге ӛрекпіп, Батыр да Қобылан тарықты. Әскерден жалғыз қалыпты, Қарлыға бүйтіп тұрған соң, Ақ найзаға сүйеніп, Ақырын ӛксіп қамықты». Мұнан Қобыландының артында қалып бара жатқандары жанына бататын кымбат заттар екендігі, Қобыланды да ата-ананың, жардың, туысқанның құнын білетіндігі кӛрінеді. Бірақ олар қанша қымбат болғанмен, онан да корі батырға қымбат нәрсе -жұрт қамы, жұрт ісі. Ол жұрт ісі әлгілердің бәрінен кымбат екендігін, оның бәрін жұрт үшін құрбан қылатынын, хатта басың да соған құрбанға байлап, жауға аттанып бара жатқандығын білдіру үшін қарындасына Қобыланды былай жауап қайрады: «Желі толған cap түйе, Сары суға тапсырдым. Қора толған ақты қой, 105


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Аш беріге тапсырдым. Азу тісі балғадай, Жас бӛріге тапсырдым. Тоғай толған кӛп жылқы, Жасанған жауға тапсырдым. Тертеуінді тәуекел, Бір құдайға тапсырдым. Сендер тӛртеу, мен жалғыз, Жауға кетіп барамын, Әлдекандай боламын, Айналайын, Қалдыжан, Ағанды кімге тапсырдың?» — дейді. Әкесінің жасын ете үлкен кәрі қылып, ӛлдім-талдым дегенде зарықтырып, тарықтырып оған жалғыз ұл беріп, ол ұлын жұрт қорғаушы батыр қылып, ер құрбандығының кӛптігін, үлкендігін кӛрсету мақсатпен істеген ақын шеберлігі де бар шығар. Бірак елде жоқ рух ақын сӛзінде де болмайды. Елде бар рухты ақын ықтимал дәріптеп, күшейтіп, кӛптіріп, кӛркейтіп айтуы. Бірақ жұртта жоқ рухты акын ӛзінен шығарып айта алмайды. Ақын сӛзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды. Халықтың батырлары кетіп, басқаға бағынып, рухы сӛнген уақыттағы қазақ ақындарының сӛзі әлгі айтылғанды сипаттайды. Байларды, мырзаларды, тӛрелерді, бастықтарды, кейі жақсы кӛріну мақсатпен, кейі нәрсе алу мақсатпен мақтап, ақындықты қайыршылыққа, жарау келікке айналдырған ақындарымыз аз ба? Ақындардың олай істеуі елдің кӛбі қайыршылыққа, жараукелікке айналғандықтан. Елдіңдәріптеп ұлғайтатыны бастықтар, байлар, мырзалар болғандықтан. Сӛйтіп, рухты ертек жырлар, батыр әңгімелері халықтың рухы кӛтерілген шақта шыққан сӛз болады. Батырлардың рухынан, батырларды жыр қылған ақын сӛздерінің рухынан сол жыр шыққан замандағы халық рухы қандай болғанын білеміз. Ертегілер бұрынғының қалпынан, салтынан дерек бергендей, ертек жырлар бұрынғының рухынан дерек береді. Бұл бір. Екіншісі, батырлар әңгімесінің құны тілге пайда беру жағынан зор. Батырлар әңгімесі ӛлеңмен айтылған. Ӛлеңмен айтылған әнгіменің сӛзі кепке тӛзеді, тез езгере қоймайды. Солай болған соң, батырлар әңгімесінде аталарымыздың сӛздері сақталып келген. Біз сияқты тілі жетіліп болмаған халыққа аталарымыздын, сӛздері сактаған әнгімелер құнды болмақ. Сондай құнды әңгімелердің бірі батырлар әңгімесі болады. Соңғы уақытта қазақта сауық кеміген себепті жыршылар азайып, батырлар әңгімесі жоғалып барады. Батырлар әңгімелері — ӛлеңмен айтылатын әңгімелер. Ӛлеңмен айтылатын әңгімелер, жыршылар жоғалса, 106


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

батырлар әңгімелері ӛлең түрін жойып, ертегіге айналады. Ертегіге айналса, батырлар әңгімесінің рухы, кӛркі жоғалып, құр сүлдесі қалады. Сондықтан жыршылар жоғалмай тұрғанда батырлар әңгімелерін ӛлең түрінде жыршылардың аузынан алып қалу керек. Бұл ел ішінде тұрған азаматтардың халық алдындағы борышы. Ертегі жырлардың қазақ ішінде кӛбінесе айтылатындары: 1. «Қара қыпшақ Қобыланды батыр». 2. «Нәріқұлы Шора», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Едіге», «Қамбар». 2.Тарихи жыр. Тарихи жыр деп тарихта бар мағлұм оқиғалар турасында ӛлеңмен шығарған сӛздер айтылады. Қазақта ӛз тілінде жазылған тарих болмағанмен қазақта болған окиғалар, қазақтан шыккан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар. Халықтың ӛзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген оқиғалары толып жатыр. Солар туралы ӛлең етіп шығарған сӛздер болса, солар тарихи жыр болады. Мәселен, «Орақ—Мамай», «Абылай», «Кенесары, Наурызбай», «Ер Назар», «Бекет» ӛлендері — тарихи жырлар болады. 1879— 1880 жылы болған «Қоян» қысының жұты турасында шығарған ӛлең болушы еді. Сонда қыстың қалай болғанын, елдің қандай жұтағанын, қандай аштық азап тартқанын айтушы еді. Сол олен осы күнге дейін сақталған болса, онда тарихи жыр болады. Жанкісі бидің зекетшілері турасында айтқан ӛлеңі қазақтың Қоқанға қараған шақтағы тарихына қатысы бар сӛз болғандықтан, бұ да тарихи жыр табына жатады. 3.Айтыс ӛлең. Айтыс — екі балуан күрескені сияқты, екі ойыншы ұтысқаны сияқты, екі батыр жекпе-жек ұрысқаны сияқты, екі ақынның бірінбірі сӛз жүзінде андып, бірінің-бірі қапысын тауып жеңу үшін айтатын ӛлеңдері. Ақындар әдісін сӛз арқылы жұмсап, бірін-бірі сӛзбен шаншып, жеңеді. Әрқайсысы сӛзбен шаншуға қолайлы, осал оңтай жерін іздейді. Басында, ісінде, жұртында, ұлтында болған осалдық, кемшіліктерді айтып, сӛзбен ұялтып, яқи сӛзбен қамап, жан-жағын бӛгеп тоқтатады. Сондықтан акындар бірінің жайын бірі білмейтін болса, әркімнен әдейі сұрастырып, мағлұмат жинайды. Елентай мен Болық айтысқанында Елентайға Болық қиын сұраулар беріп, мүдіртпек болған. Жарылғасын қожа мен Айқын айтысқаныңдағы бір-бірінін басындағы, ғамалындағы міндерін айтып, мүдірту талабында болған. Оған болмаған соң әйел басындағы жалпы кемшілікті айтып жеңген. Кеншімбай мен Ақсұлу айтысында елдеріңдегі кемшілік, осалдау жағын айтып, бас адамдарының осал істерін айтып, мүдіртпек болған. Жанақ пен Баланың айтысында ел жағынан да, ақындардың ӛз жағынан да тию талабы байқалады. Қазақ пен Ноғай айтысында қазақ ноғай жұртының мінін айтып, мүдірту қамында болған. 107


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Қазақта айтыс ӛлең кӛп. Бірақ бұлар да ел ішінде жоғалып, сиреп барады. Жазу жайылған сайын айтыс ӛлең азайып, құруға бет алып барады. Мұның да бәрін жазып алып қалмасқа, бұ да анайы әдебиеттің ӛшетін, жоғалатын түрі. 4.Ҥгіт ӛлең. Ақыл айтқан, жол кӛрсеткен, жӛн сілтеген мағыналы ӛлеңдер - үгіт ӛлең аталады. Үгіт ӛлең табына жатады мынау сияқты ӛлеңдер: 5. 1.Aй, жігіттер, үлгі алма! Азған елдің ішінен. Алыс-алыс қашыңдар! Зияндасты кісіден. Жақсыны кӛзден салмаңдар! Жақсыдан қапыл қалмаңдар! Ӛзі болған ерлердің, Аяғынан алмаңдар! Әр елге, әр жұртқа Алтын сақа табылмас. 2.Ай, достарым, жігіттерім, Болмасқа болмашы болма! Қолыңнан келсе, қыл қайыр Кісіден алушы болма! 3. Мақтанба бақсымын деп бағыңызға! Қартаймақ қиын сауда тағыңызда. Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай. Басыңнан бағың тайған шағыңызда. Мактанба сұлумын деп ажарыңа! Ажарсыз адамдарды ал назарыңа! Зылиқа Жүсіппенен сұлу ӛткен Тұрмаған ажар ара ажалына. Ағайын жат болады алые болса, Болады жат та жақын таные болса. Достарын дүшпан түгіл табалайды, Аяғың бір нәрседен шалыс болса. 5. Үміт ӛлең. Біреуден үміттене, бір нәрсе дәмете айтқан ақындардың ӛлендері үміт ӛлең тобына жатады. Мәселен, мақтау ӛлең, құттықтау ӛлең. Ескі ақындар мақтауды, құттықтауды, сұрауды кәсіпқылған. Байды, биді, ханды, тӛрені, мырзаны мақтап, тойын бастап, баласын құттықтап, шапан қию, ат міну -әйтеуір нәрсе алу мақсатпен айтатын ақындар кӛп болған. 108


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Біреулері мақтасам, құр тастамас деп, тек мақтап қана қойған да, біреулері кӛрсете сұраған. Сұрамай мақтаған ӛлеңінің мысалы - Орынбайдың Ерденді мақтаған олеңі. Мұнда ешбір сұрау ишараты жоқ. Кӛрсете сұрау Қубала ақынның сӛзінде бар. Әзілмен де, жай да алу мақсатын кӛрсеткен сӛз Шерниязда бар. Мысалдар: Орынбайдың Ерденді мактағаны. Ассалаумағалейкум, батыр Ерден, Кетіп түр бақ-дәулетің тағы керден, Ішінде мың қараның бір бүркіттей, Кӛзіме кӛрінесің келген жерден. Сұңқардың екі мұртың жебесіндей. Ақылың ұшан дария кемесіндей. Сұрасаң биіктігің мен айтайын, Күн шалған Алатаудың тӛбесіндей. Кубаланың жалғыз биесі ӛлгенде, ноғай мырзаларынан жәрдем сұраған сӛзінен. Бір алла, мал мен басқа қаза бердің, Күніме жаяулықпен жаза бердің. Сіздерді кӛп беймаза еткенімнен Ұялып ортаңызға азар келдім. Арқама тарыққанда сүйеуімдеп, Ортаңа бұ қазамды шаға келдім. Тындаңыз, кіші іні, үлкен аға! Алламыз не берсе де жоқты шара. Жаңылтып есебінен жібереді, Қалай да қиын екен жалғыз қара. Сіздерге менің мұным қиын емес. «Ау» десен, ноғай болып ортаға ала. Жатсам да болар еді-ау сұрап қақтан, Дұшпанның сӛзі болад біздің арттан. Ер ӛлмес жаяулықтан жан қиналар Бір бие берілмесе қалың халықтан. Жарарлық басшылыққа аға-іні бар, Қайтемін жабы туса арғымақтан.

109


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Шернияз ақынның Баймағамбет правительдің қыз ұзатқан тойын бастаған сезінде айтқаны бар. «Сӛйлемес бетен қазақ мен тұрғанда, Аузымда тәңірі берген жел тұрғанда. Мен кімге сӛз сӛйле деп жалынамын, Ӛлеңім айтатұғын кең тұрғанда. Бұл тойда не берсе де мен аламын, Дәнеңе жок шұқанаққа кәл тұрғанда. Сұрқия Кенесары қашаған хан, Серғазы талай жасты жасаған хан. Дәулетін бай әкемнің айырма деп, Тілекті мен тілейін жасағаннан. Жарлыны жалғызбенен бір теңгердің, Алтынды айналайын босағаңнан! Кеңеске келіссіз сӛз тек қосайын Тап атам Жарылғаска ұсағанмын. Қарастым тойды жақсы бастады деп, Берсең бер бір қысырық қосақ алман. 6.Толғау. Толғау (яқи мұңды ӛлең) деп кӛңілдің неше түрлі күйін шешетін ӛлендер айтылады. Мәселен, ғашықтық, сағыныш қайғы, күйініш, кейістік, кіжініс, ӛкпе, наз сияқты кӛніл күйлерін білдіретін ӛлеңдер. Мысалдар: Кӛзіме кӛріндің де кетіп қалдың, Кәдірі болмайды екен қолда бардың. Әйдем де болмай жатып сағынғаннан, Ӛлеңмен атынды атап, әнге салдым. Сағындым, жаным, сені бір күн болмай, Жолыңа кӛп қарадым шыдай алмай. Кетіппін, жаным, саған қатты үйреніп, Кӛңілім басылмайды бір жыламай. Шырағым, жүзің раушан, сӛзің балдай, Жолыңа қараймын деп кӛзім талды-ай. Бір себеп ойлағанға болама деп, Иіскеймін сағынғаннан орамалды-ай. Жан еркем, мен жүремін мұндай күймен, Бар ма екен ашық жарын мендей сүйген? Сен бір шам, айнала құшқан мен паруана Айналып аламын деп отқа күйген. 110


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Есімнен еш кетпейді сүйген жаным, Білмейді ешбір адам менін халым. Құдай-ау, ырзалықпен айрылмадым, Кӛңілімде бұл турада кӛпті арманым. Басымнан еш кетпейді қара бұлт, Құдайдан етуші едім қатты үміт. Япырым-ай, бұ не деген істер болды? Кӛргенім, ойнағаным, бәрі де ұмыт. Барады ішім толып қайғыменен, Деуші едім айрылмаспын сүйгенімнен. Бар қайғы дүниедегі басымда тұр, Айтамын ӛлең қылып күйгенімнен. Қапалық кӛнілімдегі ӛлең болған, Ойласам еске түсер ӛткен заман. Бар ма екен дүниеде мендей адам Кӛңіліне қапалық пен қайғы толған?! *** 2.Он сегіз мың ғаламның, Патшасы әуел қақ жаппар. Есіттің бе сӛзімді? Жылатпай менің кӛзімді, Он үш жасар Қобыланды, Ерінбей сүйер кезімді Жалғызымның артынан Мұхамбет сынды ей, тақсыр! Тар жерде еске ал ӛзімді. Қызыр, Ілияс - екі жар! Омар, Оспан - екі жар! Бір кітаптың ішінде Қырық пайғамбар аты бар. Бас-басыңа бір жандық, Дем бермесең біз қалдық, Асқардан асып бел ӛттік, Белден асып біз кеттік, Біз пақырға козің сал! Аруақтар сізді тербеттік. Ақсұңкар кұс мақтанса, О дағы бір күн кез болар Құс бегінің торына, 111


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Арғымақ ат мақтанса, О дағы бір күн кез болар. Қаланың қазған орына, Осы кеткен жалғызым, Есен барып, сау келсе, Егіз туған кӛк бесті, О да бір сенің жолына! Егіз туған кӛк қошқар — О дағы сенің жолыңа! Бұл алпысқа келгенде Қобыланды дай ұл таппан Тұрмады ма сорыма? Мұхамбет сынды ей, тақсыр! Қозымды бердім жолыңа. Бір жылқыдан кем шаппас Келінжан баққан бурыл ат. Денеге мылтық тигізбес, Дәуіт соққан жалаңғат. Асынған қылыш белінде Қынаптары әрі алтын, Ұстаған жері сап алтын, Балдағы алтын cap болат. Шырағыңның шыбыны Жасаған саған аманат. Қалғып кетсе, қағып тұр Адасып кетсе, бағып тұр! Қозыма келген пәлені Тұқыла с атты Шашты әзиз! Жәрдемші болып соғып түр. Кӛл иесі Қамбар-ай! Жол иесі Қамбар-ай, Қазанға қайдан қол жиды. Қарман деген занғар-ай! Қамбар ӛзің қолдасаң, Қолдамайтын кім бар-ай! ( Қобыландыдан) Бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау, Бұлдырап тұрған құрғыр тау. Қаптай қонар елім жоқ, Айым, күнім, Кәрібоз! Сӛйлесетін тілің жоқ, 112


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ел таптырар ма екенсің, Арысаң да жануар? Кӛрсетер ең бір қара! Саған мінер белім жоқ, Белге қылар емім жоқ! Бұ шамаға келгенде, Ажалым аштан болды ма? Ауызға жерге жемім жоқ! Егер ӛлсем бұл жерде, Сүйегімді үстар теңім жоқ! Кӛк шалғынның үстінде Күңіреніп жатырмын. Үстіме киер кебін жоқ! Еңіреп жүрген ер едім Қаптаған қара борандай, Ӛткені ме дүние боқ! ( Таргыпнан) Қара таудың басынан кеш келеді, Кӛшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Карындастан айрылған жаман екен, Кара кӛзден мӛлтілдеп жас келеді. Мына заман, қай заман - кысқан заман, Дәулет құсы басыңнан ұшқан заман. Топырақ пен аспаннан шаң борайды, Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман. Мына заман, қай заман — бағы заман, Баяғыдай болар ма, тағы заман. Атадан ұл, енеден қыз айрылды Кӛздің жасын кӛл қылып ағызамын. Мұнша қысым кылдың ғой қатты, құдай! Қара жер қабырғама батты, кұдай. Жаяу жүрсем табаным ауырады, Тым болмаса бермедің атты, күдай. 7. Терме. (Яки түрлі ӛлеңдер). Терме деп ат қойылуының мәнісі: бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сӛйлеп тұрмай, кӛп нәрсені теріп сӛз қылып ӛтеді. Кӛп нәрсені сӛз қылғанда, әрқайсысына айналып, баяндап жатпайды. Түрлі шептін басын шалып оттап, тоқтамастан желге қарай тартып бара жатқан мал сияқты. Терме айтушылары түрлі нәрсені сӛз қылып, бірак ешқайсысына айналмастан, кідірместен ілгері қарай сырғи береді. 113


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Мысал: 1.Арғымақ жабы кӛрінер, Аса шауып бұланса. Айдын кӛл батпақ атанар Айдыны құрып суалса. Байтерек сабау кӛрінер Жапырағы түсіп қуарса. Бір азғана сӛйлейін, Жаксылар, сізге үнаса. Арғымақ жайлап не керек, Артынан жабы жеткен соң. Ағайын, туған не керек? Аңдысып күні ӛткен соң. Қызыл тілім, сӛйлеп қал! Қызығыңды жер кӛрер Ажал қуып жеткен соң. Айт дейтін аға, сіз қайда? Айтатын оны біз қайда? Бір тӛбенін басына Тыға салып кеткен соң. 1.Сипаған сиыр білмес қызметіңді, Сыйлаған жаман білмес құрметіңді. Әр қалай бір сияпат еткен жаман, Болады аткарғандай міндетінді. Кейбіреу ӛз халқына ӛзі малай, Бейнет кӛп, рақат жоқ дәулетінде. Жарыстық қыс суыкпен ӛмір шегіп, Кетпей ме бір күн тастап нәубетінді. *** Жаманның етек-жеңі тар секілді, Қабағы ашылмаған қар секілді. Сүйейді жамандарды кейбір сабаз, Бүтіндей аудармайтын нар секілді. *** Қосылса екі жақсы хан секілді, Ләззаты бір-біріне бал секілді. Бір жерге екі жаман сыйыса алмайды, Мінезі сиыр деген мал секілді. Жақсылар жағасы кең тон секілді. 114


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Лайық етек-жеңі мол секілді. Жақсының бір жаманға ісі түссе, Қос артқан ит үстіне жол секілді. Қосылса екі жаман ду болады, Қараңғы, жүрген жері шу болады. Күн-түні дау-жанжалмен омір ӛтіп, Рақатсыз ішкен асы у болады. *** 2. САРЫНДАМА (САРЫН СӚЗ) САЛАСЫ Сарындама үш тарау: 1. Салт сезі. 2. Ғұрып сезі. 3. Қалып сӛзі.

1. Салт сӛзі Салт сарынымен яғни салт женімен айтылатын сӛздер салт сӛзінің табына жатады: мәселен, мысаддар, ділмәр сӛз (афоризм), тақпақтар, мақалдар, мәтелдер. 1. Мысалдар. Адамның ғамалын, мінезін, құлқын, жанды-жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес кӛрсетіп ӛнегелеу — мысалдау болады. Ескерту: Мысалдар кӛбінесе хайуандар турасында шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі мақұлыққа түрлі ӛнеге боларлық сипат таңған. Ақымақтыққа ӛнеге болатын есек, хайлакерлікке түлкі, қорқаулыққа қасқыр, момындыққа қой, мазақтыққа тырна, жарғақтыққа сауысқан, тағысын тағы солай. Мысалдар «Арсыз ит», «Ӛтірікші тышқан», «Хайуандар таласы», «Бақылдақ теке», «Құлағынан айрылған ешкі» тағысын тағы сондай сӛздер. 2. Ділмәр сӛз. Бұрынғы даналардан, билерден, шешендерден қалған сӛздер — ділмәр соз (Еуропаша — афоризм) деп аталады. Мысалдар: 1.Ӛлеңтіні жағалай Тал шығады деп едім. Тал шыбықтай бұралып, Сал шығады деп едім. 115


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Соққан бейіт секілді, Үй шығады деп едім, Кырыккан серке бұттанып, Би шығады деп едім. ( Мөңке) 2. Ӛр Дулат — ¥лы жүздегі бір ханға барып отырып, қоңырат Мырзан би ханға сӛз бермей жалғыз сӛйлей беріпті. Мырзан баласыз кісі екен, соны айтып тоқтатпақ ниетпен дулаттың бір шешені айтыпты: «Жалтақтап сӛйлейсің, жалғыз-ақ адамша, кӛтіріліп сӛйлейсің, кӛмегі жоқ адамша. Құйрығы жоқ шолақ Мырзан, құлағы жоқ шұнақ Мырзан, жалғыз ӛзің сӛйлейсің бе» деп. Сонда Мырзан айтыпты: Сен жалғыз деп сӛксең, құдайға тілің тиеді, жарлы деп сӛксең, пайғамбарға тілің тиеді. Құйрығым шолақ болса, тұлпар шығармын, құлағым шұнақ болса, сұңқар шығармын, құйрығы үзынды біз итке меңзейміз, құлағы ұзынды есекке меңзейміз, ешкі егіз табады, ит сегіз табады, шошқа тоғыз табады. Сенің бабаң егіз еді, атаң сегіз еді, ӛзің тоғыз едің, тоғызынды алса, құдайдың шамасы жоқ па? Маған бала берейін десе, баласы жоқ па? - депті. Халық мынаған тас атындар депті. Дулаттың биі «айтқанын қылып, бітімін беріңдер» деп топтан шыға жӛнеліпті. (Ыбыраңұлы Тұрман жинагынан) 3.Қаз дауысты Қазыбек би жолаушылап жүріп, бір үйге түстеніпті. Үй иесі үйінде жок екен. Қатынъшың күткеніне ырза болып, ерін кӛріп кетпек ниетпен қонып қалыпты. Ері жұпынылау адам екен. Қазыбек жолдастарына қарап айтыпты: Жігіттер, бұл сӛзімнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәнді менен не ісі бар. Құданың құдіретін қарап тұрсан, Жапалақ үйрек ілген бір ісі бар, деп. Қазыбектің сӛзіне қатын түсіне қалып, былай депті: Құдаеке, сезіңіздің мәнісі бар, Мәндінің мәнсізбенен кӛп ісі бар. Жапалак ілген кұсын місе түтаай, Тағы да коңыр каздан дәмесі бар. Қазыбек қатынға ырза болып, мына сӛзді айтып жүріп кетіпті:

116


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Балаң жаман болса, Керінгеннің мазағы. Атың жаман болса, Шыбын жанның азабы. Қатын жаман болса Бұ жалғанның тозағы. Туған балаң жақсы болса, Екі кездің шырағы. Мінген атың жақсы болса, Бұл дүниенің пырағы. Алған жарың жақсы болса, Мейманынның тұрағы. (Ыбырайұлы Шорман жинағынан) 4.Қыпшақ Досбол датқа қартайып, науқас болып жатқанда Байысын, Саудағұл және Нұрмаш деген атқа мініп ел билеп жүрген үш кісі кӛңілін сұрай барып, Досболға айтыпты: «Е, датқаеке, бұрынғының арты едің, бүгінгінің қарты едің, әлде қалай боласыз, артында қалатын жандарға не айтып кетесіз, ілгері ӛткендерге не айтып барасыз» депті. Сонда Досбол: «Уа, сендерге не айтайын, заман сендердікі, жұрт сендердікі, ӛз ақылдарың ӛздеріңе жетеді. Ілгері ӛткендерге айтып баратын сӛзім мынау: бақ деген сендер, тірі күнде сұңқар еді; елде кімнің басы биік болса, соған қонушы еді. Сол бақ қартая-қартая қара шыбын болды. Қайда сасық болса соған қонды. Соқырдың кӛзіне қонды, пұшықтың мұрнына қонды, таздың басына қонды деп барамын» депті. Байысын соқыр екен де, Нұрмаш пұшық екен. Саудағұл таз екен. Үшеуі ұялып үйден шыға жӛнеліпті. Ділмар сӛз иесінен айрылса, я тақпаққа, я мақалға, я мәтелге айналып кетеді. 3. Тақпақ. Салт-санасына сәйкес пікірлерді келтесінен келтіріп, ӛлең түрде ұйқастырып айту — тақпақ болады. Тақпақ қысқара-қысқара маңызданып барып мақалға айналып кететін де жері бар. Мақалдарды құрастырып қосып айтқанда, мақалдар тақпаққа айналып кететін де жері бар. Мысалдар: 1.Ата-ананың кадірін Балалы болсаң білерсің, Ағайынның қадірін Жалалы болсаң білерсің. Ақдененің кадірін Сырқаулы болсаң білерсің. Дәулетіңнің кадірін 117


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Мал кеткенде білерсің. Ажарыңның қадірін Сән кеткенде білерсің. Тіршіліктің қадірін Жан кеткенде білерсің. Андып жүрген дұшпанды Тап жеткенде білерсің. Кӛп отырсаң, кӛл азады, Кеп сабылса, жер азады. Кӛп жасаса, ер азады, Ер азған соң, ел азады. Аяқтыға жол бермейтін, Ауыздыға сӛз бермейтін, Мыңнан озған шешеннен Күнде қойынды баққан Құлағы кесік құл озады. Ақырзаман адамы аласа туады, Аласа туса да тамаша туады. Қулық-сұмдық ойлай туады, Жамандыққа бойлай туады. Итере салсаң, жығыла кетеді, Тұра сала жармаса кетеді. Ішсе бозаға тоймайды, Боқтап түгінді қоймайды. Дауыл болмай, жауын болмас, Жауын болмай, қауын болмас. Ит баласы сауын болмас. Екі дау адағы ауыл болмас. Ауыл болса да, тәуір болмас. Әзіңнен тумай, ұл болмас, Сатып алмай, құл болмас. Киікті құралай бүлдірер, Елді дүрегей бүлдірер. Текті жігіт тек жүрер, Текелі киік жай жүрер. 4. Мақал. Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан кӛрі мақал маңызды, шыны келеді. Мысалдар: 1.Мал — жаным садағасы, жан — арым садағасы. 2.Ашу — дұшпан, ақыл — дос, ақылыңа ақыл қос. 118


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

3.Әкім адал болмаса, жұрт бұзылар, сауда адал болмаса, нарықбұзылар. 4.Асың барда ел таны, беріп жүріп, атың барда жер таны, желіп жүріп. 5.Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. 6.Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес. 7.Қатты жерге қақтұрар, қайратты ерге мал тұрар. 8.Күлме досыңа, келер басыңа. 9.Тӛртеу түгел болса тӛбедегіні алады, алтау ала болса ауыздағы кетеді. 10.Айбар керек — әл керек, әлсіз айбар не керек. 11.Денсаулык — зор байлық. 12.Ауру қалса да, әдет қалмайды. 13.Ӛсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер, ешер елдің жігіті 14.бірін-бірі қатын дер. 14.Ұрлықтың түбі — қорлық. 15.Қойшы кеп болса, қой арам ӛлер. 16.Шірікке шыбын айналар. 17.Кермес түйені кӛрмес. 18.Битке пышак суырма. 19.Бас білген ӛгізге ӛк деген елім. 20.Ат жалдаған ӛтер, ит жалдаған кетер. 21.Жаз арбанды сайла, қыс шананды сайла. 22.Ел қыдырған сыншы, тоғай аралаған үйші. 23.Кӛше білмес жамандар, кӛшсе кӛлік ӛлтірер, сӛйлей білмес жамандар, сӛзді ӛзіне келтірер. 24.Кӛре-кере кӛсем болар, сойлей-сӛйлей шешен болар. 25.Кӛріп алған кӛріктіден, кӛрмей алған текті артық. 26.Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. 27.¥яда не кӛрсең, ұшканда соны аларсың. 28.Кӛрген жерде бой сыйлы, корме ген жерде тон сыйлы. 29.Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. 30. 5. Мәтел. Мәтел дегеніміз кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сӛздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сӛз есебінде айтылады. Мысалдар: 1.Ӛзі тойса да, кӛзі тоймайды. 2.Кӛплен кӛрген - ұлы той. 3.Адасқан қаздай, рудан аздай. 4.Тамак тоқ, койлек кӛк, уайым жоқ5.Ӛткен ӛрел, қалған салауат. 119


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

6.Бұйдалаған тайлақтай, жетелеген мойнақтай, яки мұрын тескен айлактай. 7.Түлен түртпесе, түнде қайда барасың? 8.Бетегеден биік, жусаннан аласа. 9.Жығылған үстіне жұдырық. 10.Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмады. 11.Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда! 12.Келін айғыр, кемпір саяқ шықты. 13.Батаның сӛзі батпандай, келіннің сӛзі кетпендей. 14.Бәйбіше - құдай бұйрығы, тоқал - иттің құйрығы. 15.Қызым үйде, кылығы түзде. 16.Жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір. 17.Ай мен күндей, әлемге бірдей. 18.Бай кісі бақырып бола ма? 19.Кезінің жасы қол болды. 20.Барымен базар, жоқты қайдан қазар? 21.Кәшсе, кӛш қасындамыз, отырса, от басындамыз. 22.Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла кӛрме! 23.Дерт батпандап кіріп, мысқалдап шығады. 24. Арғымақты жамандап, қане тұлпар тапқаның? 2.Ғҧрып сӛзі Ғұрып сӛзі деп ғұрып сарынымен яғни ғұрып бойынша істелетін істерге байлаулы сӛздер айтылады. Мәселен, той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жарапазан. 1. Той бастар. Тойдың кешкі ойынын біреу ӛлеңмен бастайды. Сонда айтылған ӛлең тойбастар деп аталады. Мысал: Кете Шернияз ақынның Баймағамбет правительдің қызы Ақыл Қанікейдің тойын бастағаны: Ассалаумағалайкум алдияр хан! Қорқады ӛлім десе шыбындай жан. Сиынып бір құдайға соз сӛйлейін, Тіліме жәрдем болғай бір алладан.. Әуелі пәруәрдігер сені айтамын, Жаратқан иемді айтпай, нені айтамын. Той қылса қара қазақ, әркім де айтар, Бүл тойда топтан озған мен айтамын.

120


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Сӛйлемес бӛтен қазақ мен тұрғанда, Аузымда тәңірі берген жел тұрғанда. Мен кімге сӛз сӛйле деп жалынамын, Ӛлеңім айтатұғын кең тұрғанда. Бұл тойда не берсе де мен аламын, Дәнеңе жоқ щұқанаққа қол тұрғанда. Құдайым, қуат бергей таңдайыма, Әр түрлі ӛлең келді жағдайыма. Тойында Байекеңнің сӛз сӛйлейін, Бітпесе есек қылы маңдайыма. Байеке баласында жаман бар ма? Баласын жаман деген заман бар ма? Той етіп, қыз ұзатпақ қақ бұйрығы, Болған соң қақ бұйрығы амал бар ма? Атаңыз қиналады кетеді деп, Қайсы қыз шырағыма жетеді деп. Кешкенде кӛштің кӛркі кӛгершінім. Қадірі кетсе мұның ӛтеді деп. Атаңыз қиналады сіз кеткенге, Кӛзінің қарашығы қыз кеткенге, Табылмас Байекеме сіздей бала, Алты жүз арғымақпен іздеткенде. Атаңның қиналғанын кӛріп келдім, Май салған қорғасындай еріп келдім. Ау ата — Ау анадан қалған жол деп, Насихат білгенімше беріп келдім. Той етіп, қыз ұзатпақ хак бұйрығы, Адам мен Ау ананың тап бұйрығы. Біздерге жеңешең де еріп келген, Біреудің әспеттеген ақ құйрығы. Той етсе әдепсіз қыз кӛп жылайды, Айтсын деп бауырмал қыз деп жылайды. Той етіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы, Болған соң ақ бұйрығы тек жылайды. Алғаның хан Жәңгірдей бақты болсын. Алтыннан күміс пенен тақты болсын. 121


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ақ үйің ойда тұрған қырға қонсын, Актісің аузынды ашсаң, нұрға толсын. Үйіне үлде менен бүлде толсын, Болмаса күндіз пұрсат, түнде толсын. Жасаған айтқан сӛзім тұс келтіріп, Үйіне Қызыр, Ілияс келіп қонсын. Басымды қоса берме тӛменменен, Семірмес қаз ормаса, жегенменен. Алдында азғана сӛз әңгіме айттым, Асылдың азы жақсы дегенменен. 2. Жар-жар. Жар-жар — қыз ұзатар үйде ұзататын қызды жұбату үшін айтылатын ӛлең. Жар-жарды екі жақ болып бастап, сонынан бір жақты етіп жібереді. Олай болу себебі жұбатушының сезіне әуелі жауап қайырылып отырады. Сонан соң жұбату сез қыздың жақындарын жұбатуға ауып кетеді. Екі жақ болған жерінде жұбатушы жақ жігіттер болып, қарсы жағы қыздар болып айтады. Мысалдар: Жҧбатушы жағы: 1.Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар! Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар! Әкем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар! Әкең үшін қайын атаң онда болар, жар-жар! Қарсы жағы: Есік алды құба тал, майда болсын, жар-жар! Ак бетімді кӛретін айнам болсын, жар-жар! Қанша жақсы болғанмен қайын атамыз, жар-жар! Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар! Жҧбатушы жағы: Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар! Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар! Шешем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар! Шеше орнына қайын енең онда болар, жар-жар! Қарсы жағы: Есік алды құба тал, майда болсын, жар-жар! 122


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ақбетімді кӛретін айнам болсын, жар-жар! Қанша жақсы болғанмен қайын енеміз, жар-жар! Айналайын эжемдей қайдан болсын, жар-жар! Мұнан әрі қарай аға, жеңге, сіңілі турасында да осы ретте айтылады. Ескерту: Бастапқы ылғи айтылатын екі жол «Бір толарсақ, бір тобық санда болар, қырық кісінің ақылы ханда болар...» дегеннің орнына: «Алып келген базардан қара насар, қара құйрық сәукелең шашың басар» деп те айтылады. Жауаптағы айтылатын екі жол: Есік алды құба тал, маида болсын, Ақ бетімді кӛретін айнам болсын, — дегеннің орнына «Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, құлынтайдай айқасқан оң жақ қайда?» деп те айтылады. 2. Қыздың жакындары туралы айтылатын жар-жар былай келеді: Шымылдығың серпе сал, керсін әкең, жар-жар. Кӛздің жасын кел кылып тӛксін әкең, жар-жар. Жылда-жылда ноғайдан пұл аламын, жар-жар Бір міндеттен құтылдым десін әкең, жар-жар! Шымылдығың серпе сал, кӛрсін шешең, жар-жар. Кӛздің жасын кӛл кылып тӛксін шешең, жар-жар. Жылда-жылда боқшама бояушы едім, жар-жар Бір міндеттен құтылдым десің шешең, жар-жар! Осы ретпен ағасы, жеңгесі, сіңлісі, інісі туралы да айтылады. 3.Неке қияр. Неке қияр сӛз деп неке қияр кезде екі арада жүретін екі куәнің күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған уақытта айтатын сездерін айтамыз. Бұл әнмен айтьшмайды. Бірақ ӛленде ұйқасқан, дәйім бір қалыпта айтылады. Мысал: Ку-куә - куәдүрміз, Куәлікке жүр дүрміз. Мұнда халык қасында, Танда қақ касыңда, Екі кісі қақ куәлік бередүрміз. 123


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Пәленшеден жазған (әкесін айтады), пәленшеден туған (шешесін айтады), пәленше қызды (кызды айтады) қалал жүптілікке қабыл кӛріп алдыңыз ба? — дейді. Қызға айтқанда да бәрін осы қалыппа айтып, аяғында пәлен-шеге қалал жүпті болдыңыз ба? - дейді. 4.Беташар. Қыз келіншек болып түскенде, бетін кӛрсетпейді. Ауылға келерде алдына шымылдық ұстап, перделеп келтіреді. Үйге кірген соң да алдына шымылдық құрып, кызкеліншек, бала-шағалар ғана болмаса, басқаларға кӛрсетпей қояды. Беташар айтылғаннан кейін беті ашылып, шымылдық алынып, ғұрып бойынша кӛрінетін адамдарына келіншек сонан соң кӛрінеді. Беташарды әндетіп айтпайды. Жай шұбыртып, ӛлең түрінде ұйқастырып айтады. Беташар әуел басында толып жатқан нұсқау, жол, ереже (орысша айтқанда устав) түрінде айтылып, келіншекке естіртіліп, орнына келтіруге керек деген мағынада шығарған сӛз. Бүл күнде «отқа май салу» сияқты әдет мағына-сына айналып кеткен беташар түрі қандай болатыны «Ӛлеңді сӛйлемдер» деген бапта кӛрсетілген. 5. Жоқтау. Жоқтау — ӛлген кісіні жоқтап сӛйлеу. Жоқтау кӛбінесе белгілі адамдарға айтылады. Ӛлген адамның қатыны, я қызы, я келіні зарлы үнмен ӛлген адамның тірідегі істеген істерін,ӛлгенінше бастарына түскен қайғы-қасірет, күйіктерін шағып,жылағанда айтатын жыр түріндегі сӛз. Жоқтауды кӛбінесе ақындар шығарып береді. Сондықтан жоқтау ақын лұғатты келеді. Мысал: Бӛпе тӛренің қарындасы кҥйеуі ӛлгенде жоқтағаны. Күдері белбеу белімде, Азалы болдым елімде. Бӛпекем жарлық берген соң, Жүре бердім жӛніме. Бас-бас ӛлім, бас ӛлім, Басынан келген осы ӛлім, Жапырағын жайқалтып, Жарлыны алған осы ӛлім. Құдай досты Мұқамбет – Оны да алған осы ӛлім. Қылышынан қан тамған, Әліні алған да осы ӛлім. Ӛлімнің несі уайым? Бүл істі салған құдайым. Қара бір шашым жаяйын! , 124


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Жаяйын да жияйын! Қыналы бармақ, жез тырнақ Күнде қанға бояйын. Албыраған ақша бет, Сүйегіне таяйын. Молтілдеген қара кӛз, Жаспенен оны ояйық! Алшаңдап жүрген жас тӛрем, Орнына кімді қояйын! Орқаш та орқаш - орқаш тау! Бауырың толған кӛк бас тау! Топ ішінде қиын да екен Жалғыз енді сӛз бастау. Басыма салған қарам не? Мен жыламай кім жылар? Бетімдегі жарам не? Бұғастың бойын ӛрт алды Жүректің басын дерт алды. Он жеті жасар Әбижан, Қорасан деген дерт алды. Асыл да гауһар болатым, Үшайын десем қанатым, Әкем қосқан қосақтан Айырды шебер құдайым. Алты атанға жүк арттым, Ала арқанмен бек тарттым. Алдынан жүрмес әке-екем, Кұшақтап тұрып сӛз қаттым. Арғымақ үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар, Алғанын бейбақ сағынса, Қаннан ендік (далап) жағынар. *** 6. Жарапазан. Жарапазан рамазан деген сӛзден шыққан. Ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан ӛлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімішік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз 125


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазан айтатыңдар екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады. Мысалдар: Айтушы: Байлар, жатырмысың ұйқылы-ояу, Тұсыңа Қыдыр келді атты, жаяу. Мұқамбет үмбетіңе жарамазан. Қостаушы: Жарамазан, жарамазан! Алла-құдай, би рамазан! Айтушы: Осы үйдің шаңырағы шап-шақ қана, Жеңешем ішіндегі аппақ қана. Береді бізге орамал сақтап қана, Біз барамыз үйімізге мақтап қана Мұқамбет үмбетіне жарамазан. Қостаушы: Жарамазан, жарамазан! Алла-құдай, би рамазан! Айтушы: Қой ішінде екі қошқар теңеседі, Бай, бәйбіше екеуі кеңеседі. Бай айтар: «Саулық берсек, кетер еді», Бәйбіше айтар: «Жаулық берсек, кетер еді». Мұқамбет үмбетіңе жарамазан. Қостаушы: Жарамазан, жарамазан! Алла-қүдай, би рамазан! Айтушы: Жарамазан айтқанның сауабы бар, Отыз күні оразаға жауабы бар. Берсеңіз, бермесеңіз не камым бар? Боз шұбар астымдағы шу жануар. 126


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Мұқамбет үмбетіңе жарамазан. Қостаушы: Жарамазан, жарамазан! Алла-құдай, би рамазан! 7. Бата. Бата — біреуге алғыс бергенде айтылатын сӛз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батагӛй шалдар — басы бар табақты татуға алып келгенде де, асты жеп болғанда да бата қылады. Кӛбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі. Мысалдар: 1. Құдай онда, Оңға баста! Абиыр бер! Аман сақта! 2.Құдайым жарылқасын, бай қылсын, Тӛрт түлігің сай қылсын! Кетпес дәулет берсін! Кең пейіл берсін! 3.Құдайым оңдасын! Ондағанның белгісі, Мың саулығың қоздасын! Сексен інген боталап, Сегіз келін қомдасын! Тіленшінің биесін берсін! Үйсін, қоңырат түйесін берсін! Біткен аруақтарға тие берсін! 4.Асың, асың, асыңа! Береке берсін басыңа Бӛденедей жорғалап, Қырғауылдай қорғалап. Қыдыр келсін қасыңа. Сенен байлық ӛтпесін, Тәңірі берген несібең. Тепкілесе кетпесін. Желіңнің екі шетіне Тай шаптырса жетпесін. Кешке келіп жамырасқан, Шуылдасып маңырасқан 127


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Кошақанның анасы Саулық бассын үйіңді, Бақайлары сартылдап. Муйіздері жылтылдап, Бұзаулардың анасы Сиыр бассын үйіңді. Шудаларын шаң басқан, Артқы ӛркешін қом басқан. Ботақанның анасы Інген бассын үйіңді. Шіңгір-шіңгір кісінеген, Сүйістікпен иіскескен. Құлыншақтың анасы Бие бассын үйіңді! *** (Fұрып сӛзінің нұсқаларын нұсқалықтың 120,126 нӛмірлерінен қара). 3.Қалып сӛзі Қалып сӛзі деп тұрмыс қалпында болатын істер сарынымен айтылатын сӛздерді айтады. Мәселен, бал ашқанда, ауру баққанда, бақсылардың жынын шақырғанда, тісті емдегенде құрт шақыру, мал бәдік болғанда, адамға күләпсан шыққанда, бәдік иә күләпсан кӛшіру. Бала тербеткенде айтатын бесік жыры - осылардың бәрі қалып сӛздің табына жатады. 1. Жын шақыру. Бақсылар жын шақырғанда сарнап, ӛлеңше ұйқастырып, түрлі сӛздер айтады. Алладан, әулиеден, аруақтардан жәрдемтілейді. Жындарының атын атап, соларға сӛз айтқан болады. Қобызымен серттескен болады. Солардың бәрін үйлестіріп, ұйқастырып әдемі түрде айтады. Мысалдар: Әуелі құдай есімі Алла! Іс бастаймын бісмелла! Тайғақ кешу - тар жолда, Жарылқа, алла, әр жолда! Алтын сандық, қазірет, Сиынғанда медет ет! Абиыр бер эр жерде Айналайын, құдірет! Ісламға пана Мұқамбет 128


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Сиындым, сізден бір медет. Су басында Сүлеймен, Сізден де медет тілеймін. Күн кӛзіңде әулие, Жер жүзінде әулие, Машырықтағы әулие, Мағырыптагы әулие, Тауда жүрген әулие, Таста жүрген әулие, Кӛлде жүрген әулие, Шӛлде жүрген әулие, Бәріңнен медет тілеймін! Жаңа келді шара бас, Алпыс қойдың терісі, Бӛрік шықпаған шара бас. Жешіс қойдың терісі, Жең шықдаған шара бас, Тоқсан койдың терісі Тон шықпаған шара бас. Жаңа келді дәу пері, Жаңа келді күн пері, Жаңа келді су пері. Жаңа келді ай Қожа, Жаңа келді күн Қожа, Ойдан келді ол Қожа, Қырдан келді ол Қожа, Айналайын нұр Қожа, Сол Қожаның ішінде Әсіресе бір Қожа. Жаңа келді қолаң шаш, Екі иінінен мықтап бас! Жаңа келді Теңгетай, Жаңа келді Жирентай. Перілердің бәрі де, Үстіне бір мінген тай. Осыншама шақыртып, Келмеймін деп шаршатты-ай. Ай, қобызым, қобызым! Әбден де болжа, доңызым. Үйеңкінің түбінен, Үйіріп алған, қобызым! 129


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Қарағайдың түбінен Қайырып алған, қобызым! Қызыл қыршын тобылғы, Жәшік қылған, кобызым! Желмаяның терісінен Қапшық қылған, қобызым! Жүйрік аттың құйрығын Ішек қылған, қобызым! Op текенің мүйізінен Тиек қылған, қобызым! Тасқа шыққан ырғайдан Құлақ қылған, қобызым! Сексендегі кемпірдей Белі бүкір, кобызым! Буаз катын секілді Арты шүмек, қобызым! Әбден де болжа, доңызым! 2. Құрт шақыру. Тісі ауырған адамның тісін құрт жейді деп, сол құртты түсіру үшін емшілердің айтатын сӛздері болады. Сол құрт шақыру сӛздері деп аталады. Мысалдар: Тойғын-тойғын, түйе кел! Тӛңірегін жия кел! Ақ желегін сала кел! Ағайынынды ала кел! Сар бас тұйғын, кӛйт-кӛйт! Қара бас тұйғын, кӛйт-кӛйт! Жайлаған жерді жау алды, Қыстаған жерді ӛрт алды. Жайлаған жерден қашып кел, Жайнаған жауды басып кел! Қыстаған жерден қашып кел! Қаптаған жауды басып кел! Жетер-жетер, кӛйт-койт! Басар-басар, кӛйт-кӛйт! Арқадағы алты құрт, Арқаласып келер құрт! Желкедегі жеті құрт, Желкелесіп келер құрт, 130


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ауыздағы алты құрт, Азуласып келер құрт, Басар-басар, кә! кә! Басып келер, кә! кә! Жетер-жетер, кә! кә! Тұйғын-тұйғын, кә! кә! Түйінсеп келер, кә! кә! 3. Дерт кӛшіру. Малда болатын бәдік деген ауруды, адамда болатын күләпсан деген ауруды қазақта ӛлеңмен емдеу бар. Бәдік болған малды, күләпсан болған адамды ортаға ала қоршай отырып, қыз-бозбала жиылып, олең айтып, қош! қош! деп анда-санда айқайлап қояды. Ӛлеңдері онша кӛркем болмайды. Үйқасқаны болмаса, жай сӛз сияқты керіксіздеу келеді. Бәдік пен күләпсан елеңі бір мазмұнды болады. Мысалдар: Айтамын айт дегеннен, айда күләп! Жыландай сүйегі жоқ майда күләп! Күләбі бұл баланың аяғында Болмаса аяғында қайда күләп? Күләпсан бұл баланың кӛзінде еді, Кӛмекей кӛзінде емес, безінде еді. Бір қиял айтпайын деп ойлап едім, Бұл бала ӛлемін деп безілдеді. Күләпсан, кешер болсаң, қалаға кӛш! Қаланың іші толған шанаға кӛш! Таппасаң онан жайлау мен айтайын, Қалада кӛзі шегір балаға кӛш! Күләп құрғыр, деген соң, күләп құрғыр! Шоңқайып жол үстінде ома тұрғыр! Жеріңе ома тұрған жасыл түсіп, Оқ ӛтіп, тас тӛбеңнен құдай ұрғыр! Үшіне орамалым түйдім тары, Кетпейді жаз да болса таудың қары. Кӛш, кӛш деп біз кетелік, жүр кетелік! Күләптін кӛшіп кетсін қалмай бәрі! (Жиенғали жиғаннан) 131


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

4. Бесік жыры жи бала тербету. Баланы ұйықтату үшін айтатын ӛлең. Бала тербету түрліше айтылады. Бірақ бәріне бірдей жалпы келетін де жерлері бар. Мысалдар: Әлди-әлди, ақ бӛпем! Ақ бесікке жат, бӛпем. Құнан қойды сой, бӛпем, Құйрығына той, бӛпем! Бәрін жеп ӛзің тауыспай, Маған-дағы қой, бӛпем! Әлди-әлди, аппағым! Қозы жүні қалпағым. Жұрт сүймесе сүймесін, Ӛзім сүйген аппағым! Әуіп-әлди, әуіп алдаш! Етегінде қуырмаш. Жейін десе тісі жоқ, Кісіменен ісі жоқ. Қарағым менің қайда екен? Қыздарменен тауда екен. Тауда нағып жүр екен? Алма теріп жүр екен. Алмасынан қайда екен? Жаңа теріп жүр екен. Айналайын айымыз! Алты қарын майымыз! Жеті қарын жентіміз! Шаһар, Бұқар кентіміз! (Қалып сӛзінің нұсқаларын нұсқалықтың 27, 130 нӛмірлерінен қара). ЖАЗУ ӘДЕБИЕТ Жазу әдебиет деп жазылған шығармаларды айтамыз. Жазылған шығармалар - қазаққа жазу тарай бастағаннан бері қарай шыққан сӛздер. Қазаққа жазу дінмен бірге келген. Қазақ ішінде молдалық қылып, дін 132


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

үйретушілер, бала оқытушы қожалар, ноғай молдалар болған себепті жазба сезді шығарушылар да бастапқы уақытта солар болған. Қазақ ішінде олар кәп тұрып, қазақ-тьщ тілін, мінезін жақсы білген. Қазақтың оленді, созді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар олеңмен үйреткен. Шарттарын, шариғат бұйрықтарын ӛлеңді хиқая, әленді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, кӛңілдеріне қондырған. Басқа мұсылмандардың тіліндегі діндер түрде шығарған. Ертегі ӛлеңдерді қазақтың ертегі жырларының түріне салып, қазақ тіліне аударулары дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын ӛлең арқылы білдіру мақсатпен істелген іс. Біраққожалар, ноғай молдалар кӛбінесе ақын болмағандықтан қазақтың ертегі жырларындай келістіріп, мұңды, зарлы, әдемі қылып шығара алмаған. Шығармаларының сӛзімен мәздемей, ертегінің жаңалығымен, әңгімесінің қисынымен қызықтырып, тамұқтың азабымен қор-қытып, жұмақтың рақатынан үміттендіріп, дін арқылы тындаулы қылған. Кожалардың, молдалардың ісінен Шортанбай, Ақмолда сияқты ақындар шыққаннан кейін жазба сӛздер бітегене дәмділенген. Бірақ қайсысында болса белгілі бағыт болмаған. Шығарған сӛздері бағытжағынан қарағанда, адасқан адамның ізі сияқты. Бәрінің де адаспайтын жалғыз жолы: дүниеге қызықпай, ақиретке азық жи деу, ғұшыр, зекет, пітір, садақа беру, жаназаға мал байлау, намаз оқу, ораза үстау, қажыға бару жағы-нан ақыл айту бағыттары бәрінің де бірдей, бұл жағынан лақпайды. Басқа жағынан іздері былғалақ-шылғалақ, адам біліп болар емес. Домбыра тарту, ән салу, ӛлең айту сияқты халықтың үйреншікті зауықтарына дейін күнә деп тыйғысы келген. Бірақ ұзьш арқан, кең тұсауға қалыптанған қазақ шариғаттың тар тұсауына үйрене алмаған, шыдатпай үзіп, ӛз жӛнімен жүре берген. Сондықтан жазу әдебиетпен қатар қазақтың ауыз әдебиеті жоғалмастан түгел күйінде сақталған. Молдалардан шыққан жазу әдебиет дінге қызмет қылса да, тілге қызмет қылмаған. Тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, кӛркей-ту орнына тілді бүзған, аздырған. Қазақтың тұтынған тілімен жазбай, шығарушылар: «Китаби тіл», «Әдеби тіл» деп ноғай тілімен. Яки сарт тілімен жазған. Қазақтың тілінде басылған бұрынғы шығармаларды алып қарасақ, қазақ тілі болмай, қазақ пен ноғай тілінің араласқан қойыртпағы болып шығады. Ол қой ыртпақ тіл қожалар, молдалар шығарған сӛздерде ғана емес, қазақ молдаларының шығарған сӛздерінде де бар. Бұл кемшілік егерде баспа кітаптар жүзінде ғана болса, бастырған ноғайлар бүзды дер едік. Олай емес, жазу солай екендігін қазақ молдаларының ӛз қолымен жазған жазулары кӛрсетеді. Әдебиетті молдалар дін бесігіне болеп, таңып тастаған себепті, әдебиет кӛпке дейін ендеп есе алмай, мешел болып аяғын баса алмай жатқан. Сол күйінде тұрғанда патша үкіметінің билігі килігеді. Қазақ -діні шынығып жетпеген, шала мұсылман халық. Мұны мұсылман дінінен христиан дініне аударып жіберу оңай деген пікірмен, патша үкіметі казак пен ноғай арасында 133


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

жік салып, екеуін айыр-ғысы келеді. Оның үшін казақ байлары ноғайша оқымай, орысша оқитын боларлық саясат жүргізеді. Кдзақ балалары үшін школ ашады, ноғайға қазақтың жазу жағынан сорпасы косыл-мас үшін араб әрпін қалдырып, қазақ тіліндегі кітаптарды орыс әрпімен басады. Орыс ӛзіне тартып, ноғай ӛзіне тартып, екеуі екі жаққа сүйреп жүргенде, қазақ-орыс әдебиеті арқылы Европа жұрттарының әдебиеттерімен танысады. Бұрын қазақта жоқ сӛздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен емес, тіл күшімен ӛзін тыңдайтын сӛздер шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты - дінді жаю, дінді күшейту болса, соңғы әдебиеттің бас мақсаты - тілді ұстарту, әдебиетті күйшейту, кӛркейту болады. Сӛйтіп жазба әдебиеттің ӛзі екі дәуірге белінеді: 1. Діндар дәуір. 2. Ділмар дәуір. Діндар -діншіл деген мағынада, ділмар - тілшең деген мағынадағы сӛздер. Қазақ әдебиетінің діндар дәуірі де, ділмар дәуірі де халық әдебиетін дамытып, күшейтуден туған дәуірлер емес. Басқа жұрттардың әдебиетінің әсерінен туған дәуірлер. Діндар дәуір әдебиетімізге араб, парсы әдебиетінен үлгі алып, соларды еліктегеннен пайда болған. Ділмар дәуір орыс әдебиетінен ӛнеге керіп, үлгі алып соған еліктеуден пайда болып отыр. Мұндай бір жұрт екінші жұрттан әдебиет жүзінде үлгі алу жалғыз бізде ғана болған іс емес, барша жұрттың басында болған іс. Осы күнгі әдебиеттің түп үлгісі грек жұртынан алынған. Ерек әдебиетінен үлгіні Рум алған. Еуропадағы басқа жұрттар алған. Біздің орыс та әдебиет үлгісін Еуропадан алып отыр, біз орыстан алып отырмыз. Жазу әдебиетіне басқа жұрт үлгісі қатысқандықтан бізде жазу әдебиет шығармаларын - діндар дәуірдікі болсын, ділмар дәуірдікі болсын - ауыз әдебиетше тұтыну орнына қарай белмей, айтылу орнына қарай белеміз. Басқа жұрттардың әдебиеті де солай белінетіні «Дарынды сез түрлері» деген бапта жалпы түрде ғана айтылып етіп еді. Енді қандай турге бӛлінетінін, қандай сӛз табына қарайтындығын толығырақ түрде баяндамақпыз. Жазу әдебиеті негізінде үшке бӛлінеді: 1. Ертек (әңгіме). 2. Толғау. 3. Айтыс-тартыс. Жазу әдебиетінің ертек түріне кіретін сӛздері ауыз-ертек, ертек-жыр, тарихи жыр, мысалдар сиякты создер. Толғау табына кіретін ауыз толғау, жоқтау сиякты кеңіл күйінен шығатын сездер. Айтыс-тартыс табына кіретін сездер түрі ауыз әдебиетте жок, ашып айтқанда, ауыз әдебиетте айтыс-тартыс түріндегі сӛздердің ауыз әдебиетте айтысы бар да, тартысы жоқ. Айтыстартыс түріндегі шығармалар жалғыз қазақта ғана емес, басқа жұрттардың да ауыз әдебиетінде болмаған. Айтыс-тартыс шығармалар ӛте шеберлікті керек қылғандықтан, ӛнер күшейген кезде шыққан. 1. Діндар дәуір 134


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Діндар дәуір ауыз әдебиет түріне түр қосып жарытқан жоқ. Анайы әдебиеттегі шығармалардың түрлеріне діншілдігімен ғана айрылмаса, айрықша түр-тұрпатымен айрыла қоймайды. Діндар жағының басымдылығымен айрылатын түрлері мынау: қисса, хиқаят (мысал), насихат (үгіт), мінажат, мақтау, даттау, айтыс, толғау, терме. Бұлардың әрқайсысын қысқаша баяндап, мысал келтіріп, сыр-сипатын кӛрсетіп ӛтейік. 1.Қисса – ӛлеңмен жазылған, кӛбінесе діндар әңгімелер. Бұл әңгімелер қазақ тұрмысынан алынған сездер емес, басқа жұрттардың ертектері. Мазмұнына Қарағанда қисса екі түрлі: 1. Дінді қасиеттеу үшін мұсылман дінінің артықтығын, асылдығын халықтың құлағына сіңіріп, кӛңіліне қондыру мақсатымен шығарған қисса. Бұлар: кәпірлермен соғысқанда құдай қолдап, мұсылманның жеңгендерін, кәпірлердің дінге енген-дігін сӛйлеп етеді. 2.Шариғат бұйрықтарын орнына келтірмеген адамдардың ӛмірінен де мысал келтіріп, шариғат бүйрығын орнына келтірген адамдардың емірінен де мысал келтіріп, келтіргенге не болғанын, келтірмегенге не болғанын кӛрсетіп, елге шариғат бұйрығын істету мақсатпен шығарған қиссалар. Мұндай қиссаларды ӛлеңшілікті тіленшілікке айналдырып жіберген ақындар, жыршылар сияқты алланы азыққа, тамаққа айналдырып жіберген молдалар шығарған. Зекет, ғұшыр, пітір, підия сияқты нәрселердің берілетін орнын айтпайды, беру керектігін айтып зарлайды (Берсе кімге беретінін айтушылар езі біледі). Бастапқы түрлі киссалар «Зарқұм», «Салсал», «Сейфүл-Мәлік» сияқты ұзақ келеді. Соңғы түрлі қиссалар: «Мұса мен Қарынбай», «Жұм-Жұма» сияқты қысқа келеді. Ұзақ қиссалар дың мазмұнын айтып, мысал кӛрсетуге кӛп орын алады. Сондықтан қысқа қиссалардың бірінің мазмұнымен қана таныстырып ӛтейік. Мәселен алайық «Муса мен Қарынбай» қиссасын. Шығарушы Жүнісбек Шайқысләмұлы... Бұл қисса не мақсатпен жазылғаны қиссаның мазмұнынан да, жазушының бастау сӛзі мен аяқтау сӛзінен де кӛрініп тұр. Бастамасындағы сӛзінің түрлері мынау: «Жарандар, бүл сӛзіме кұлағың сал, Ауымнан шыкқан сӛзім шекер мен бал. Ӛзім білген кітаптан оқып кӛрдім, Жарандар, арам дейді зекетсіз мал. Малайы құдіреті кӛп паруардігер, Құдайға жақсы пенде құддық қылар. Малыңнан қайыр-зекет бермей ӛтсең, Ақыретте қарныңнан тас шығарар. 135


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Қиссаның кысқаша мазмұны мынау: Қарынбайға зекет бергіз деп құдайдан Мұсаға әмір келеді. Мұса Қарынға барады. Қарын малы сансыз кӛп болып тұрып, Мұсаға мал союға қимай мысық сойып, алдына әкеліп қояды. Мұса «мыш-мыш» дегенде, табақтағы ет мысық болып түрегеледі. Қарынға қатты ашуланады. Бірақ малыңнан зекет берсең, мысық сойған күнәңді кешем дейді. Қарын саған зекет беретін қолайлы малым жоқ дейді. Зекет бермесең, жер жұтсын деп ақырғанда, періштелер келіп жер кіндігін тартады. Жер тартып, Қарын белуарынан кіреді. Мұса қолынан ұстап тұрып, зекет бересің бе деп сұрайды. Қарьш ӛлтірсең де бермеймін дейді. Мұса: тарт тағы деп әмір еткенде, Карын жерге иегінен енеді. Зекет бересің бе, құдай жүзін кермейсің, малың шаян болып шығады, жаннам түбіне кетесіңдеп, Мұса үгіттеседе, Қарын болмайды. Әлтірсең, олтіре бер, бірақ мал бер деген созді аузыңа алма дейді. Мұса ӛз обалың ӛзіңе, «Бар!» дегенде, Қарыңды мал-мүлкімен жер тартады. Сол күйі мал-мүлкімен әлікүнге дейін Қарын жерге жұты-лумен барады дейді. Қиссаның аяғында жазушы былайдеп тағы үгіттейді: «Ай, мұсылман, жарандар, Малыңнан зекет беріңіз! Бірлігін қақтыңбіліңіз! Қақ жолымен жүріңіз! Пәк болады дініңіз. Бұл дүниенің, жарандар Сағатындай болмайды Ақыретге күніңіз. Ай, жамағаттар, жарандар! Сезіме күлак салыңыз. Жақсыдан ғибрат алыныз. Арам болар, жарандар Зекетсіз жиған малыңыз. Шариғаттан сез айтқан, Молданың тілін алыңыз! Құдай берген таусылмас, Ӛлшеп берген дәміңіз. ........ Бұл сияқты сӛздердің мақсаты айқын болмағандықтан, кӛп сӛз қылудың қажеті жоқ. Молдаларға пайдасы кӛп. Ӛйткені зекет берсе, молдаға 136


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

беретіні мәлім. Жұртқа келтіретін зияны кӛп, әсіресе тілге келтіретін зияны қисапсыз. 2. Хиқаят. Діндар дәуірдің ӛнеге үшін шығарған әңгімелері хиқаят деп аталған. Хиқаят дін үйрету ғана мақсатпен шығарған сӛздер емес. Діннен басқа жағынан да ӛнеге кӛрсету үшін айтылады. Сондықтан хиқаят тақырыбы түрлі-түрлі болады. Мысал: Бекер босқа жүргенше бойды балап, Жақсы депті әр іске қылған талап. Пайғамбары құданың заманында, Жүреді екен бір жігіт бекер қарап. Қылып жүрер бір жұмыс езге пенде, Бекер жүрер бірақ сол кергенде, Түс суытып, қарамай етеді екен, Ол жігітке пайғамбар кез келгенде. Жолыққанда бір сапар күліп етті, Кергеннен-ак карасын күлімдепті, Сақабалар, тақсыр-ау, күлмеуші еңіз, Не себептен күлдіңіз бүгін депті. Айтгы сонда себеп бар күлгенімде, Күлмеуші едім жолықса ілгеріде. Екі шайтан қасында жолдас еді, Бекер қарап ілгері жүргенінде. Отыр екен бұл сапар жерді сызып, Жолдастықтан қашыпты шайтан бұзып. Келіп екі періште қасында отыр, Сол себептен күліп ем кӛңілім қызып. Бекер жүрген батады бәлекетке, Адам болсаң, жолама ол әдетке. «Құры қарап жүргеннен артық» дейді, Пайдасыз бекер қылған әрекет те. (Молда Мұса) 3. Насихат. Насихат деген ақыл үгіт мағынасындағы сӛз. Діндар дәуірдегі үгіт ӛленді шығарушылар насихат деп атаған. Діндар дәуірде насихат айтушылар насихатын да шариғат жолына тіреп айтқан. Мәселен: Әбубәкірдің ұрыға айтқан насихатында былай дейді: Бала едің иман жүзді, жылы деген, Жігітке тәуір ат па ұры деген. 137


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ақсақал батасын ал, бұлай етпе, Берекет таба алмассың мұныменен. Адалда бір де болса берекет бар, Арамның ер байымас мыңыменен. Не пайда кӛрді ата-анаң асыраған, Кемдікке арланады асыл адам. Дүниеде берекетті бақыт табар, Құдайдың бергеніне тасымаған. Алланың рақыметінен құр қалады, Жаһанда сендей болған пасық адам. Кемдікке еті кызып ренжімес, Сүйекте қасиет жоқ жасық адам. Жаһанда кім десеңіз, ұры болар Алланың рақметінен қашық адам. Сол Әбубәкірдің қатынға айтқан насихатында мынадай сӛз бар: Ей, қатын, араз болма еріңменен, Бәлені шақырмаңыз кӛрінбеген. Қажымен қарап тұрып дұшпан болсаң, Басың да қатар болар елімменен. Үгіттеп екеуінді қоса кеддім, Ағашты жабыстырған желімменен. Бұл қажы жас күнінде қызды құшқан, Алаштан таңдап алып сізді құшқан. «Қатынның ері — пірі» деген сӛз бар, Еріңмен тірлікте болма дұшпан. Еріне қызмет қылған жақсы әйел, Сиратта қыл кепірден құстай ұшқан. Жан болсаң, ақылың бар түсінерсің, Кӛрсеткен ей, жеңеше, менің нұсқам. Жакпаса қатын ерге - жатқа жақпас, Екінші тірлікте халыққа жақпас. Ішіне қараңғы кӛр кірген күні, Кӛп болар қабір ғазап тыныш жатпас. *** Насихат болады мынандай сӛздер де: 1.Атқа мінген азамат, Қалалдық қыл да тап залал! 138


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Пайдасын ақыр кӛрерсің, Қарамдық қыл да пайда тап! Залалын ақыр кӛрерсін, Бүгін жеген қапынды, Таңында бір күн берерсің. Алып барар малың жоқ. Иманыңменен тӛлерсің. Пақыр мүскін кез келсе, Дүниеде қайыр қыл! Мақшарда нұрға қанарсың, Жетім менен жесірге. Қор тұтынып сӛз айтпа, Сен де сондай боларсың. Досына жақсы орын бер! Кетсе ӛзің қонарсың. Мектепке бер баланды Залым болса, жәннемге, Fалым болса, ағарсың. Жазғытұры тұқымға Не шашсаң, соны орарсың. Жамандықты кейін қой! Бүгін кейін қалсаң да, Ақырында озарсың. ( Әбубәкір) 2Билер пара жемеңіз! Жалғаңды жолдас демендер! Ақирет қамын іздендер! Жанға тіпті тимендер! Кісі ақысын алмандар! Аузыңа арам салмандар! Дүние жиып ӛткен жоқ, Бізден бұрынғы пайғамбар. Сӛз айтайын, үжендер, Құдайдан қапы кетпеңдер Әлің келсе, Меке бар, Старшын, болыс болам деп, Ысырап қып мал тӛкпендер! (Шортанбай) 4. Мінажат. Діндар дәуір мұнды, зарлы сӛздеріне мінажат деп ат койған. Әуелінде мінажат деп ғұламалардың құдайға айтқан зары, арызы, 139


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

налысы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңлық мағынасына айналып, зарлық ӛлең сияқты создер де мінажат деп аталатын болған. Мәселен: Сейдақмен ақын мынау сӛзіне «Мінажат» деп ат койған: Құдай-ау, меп не жаздым бұл заманға? Қадірі болмайды екен жұрт аманда. Ел-жұрттың қасиетін қоян алып, Болмайды еш қадірім бір адамға. Секілді ай мен жұлдыз аспандағы, Қажетің түссе егер бір наданға. Үйіме келсе мейман анда-санда, Қолыма мал түспейді қамдасам да. Әйтеуір мұқтаждықтың жолы қиын, Қатардан қара басым қалмасам да. Әрбір мейман келгенде ұяламын, Тілегім кабыл емес зарласам да. Бір күнде іздеп тапқан кетті достар, Сұрасқан хал, ақуал кӛңіл құштар. Деміндей айдаһардың тартқан достың, Бірі жоқ осы күнде қолмен ұстар. Қатқан соң қабағына қар менен мүз. Қалды ғой, қараса алмай қыран құстар. Бұл сӛзден кӛрінеді — мінажат түріндегі сӛз әман құдайға айтылатын сӛз емес, басын құдайға қаратып айтып, ар жағы ән-шейін мұң сӛзі болатыны, мінажаттын басын алып тастаса, басқа-сы мүң, толғау, зарлау болады. Мінажат құдайға қаратып бастауымен мінажат болатын болса, мынау сӛз де мінажат болуға тиіс. Құдая, құдіретіңе таң қаламын, Жолыңда бір ғашыктың зарланамын. Ішімді ғашық оты күйдіреді, Сыртыма шығаруға арланамын. Бірақ бұл мазмұнына қарағанда мінажаттан кӛрі ғашық толғауына жақын. Нағыз мінажат тӛмендегі түрлі сӛздер боларға керек. Ғашірбек соғысып жүргенде, байлауда тұрған Жүсіпбек құдайға, тауларға мінажат қып айтқан сӛзі: Он сегіз мың ғаламның. Падишасы едің, құдайым! 140


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Құдая, саған жылаймын. Кешіргейсің, құнайым! Ӛзіннің нашар пендеңмін, Әр жапаңа кӛнгенмін. Fашірбектей тағама (нағашыма) Медет берер күн бүгін. Он сегіз мың ғаламды, Халык қылып бар еткен, Неше әулие, әнбие, Неше хакім пана еткен. Fашір сұлтан тағама. Медет берер күн бүгін. Кәпір патшасы Жүсіпбектің сӛзіне ашуланып, дарға асуға бұйырғанда, Жүсіпбек медет тілеп айтқан мінажаты мынау дейді: Он сегіз мың ғаламның, Падишасы, құдайым! Құдая, саған жылаймын. Кешіргейсің, күнәйім! Кӛпірлер аспақ таладар, Дар үстіңде еттім зар, Дін шырағы Мұқамбет Сенен басқа кімім бар? Құдай шері я Ғали Біздерден болшы хабардар. Айналайын, Имам Ағзам! Қанша болды менің жазам? Кәпірлерден жетті қазам Шын хақиқат қозым деп, Назар етер күн енді. 5. Мақтау. Діндар дәуірдің мақтау ӛлеңінде діндарлық кӛрініп тұр. Діндар дәуірден ілгергі ақындардың сӛзінен діндар дәуірдің ақындарының созінде керек емес артық сӛздер толып жатыр. Кӛбінің мақтауы да орынсыз келеді. Аят оқитын адамша кӛбі ӛлеңдерін ағузы мен бісмілдадан бастайды. Мысал: Сарт Жақып деген ақынның Алмамбет судияны мақтаған сӛзі былай басталады:

141


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Әуелі ағузы белла бастағаным, Жарамас қақтың есімін тастағаным. Бісмилла рахман рақым деп, Етпекке шәні мадық қастағаным. Тартамыз ағузы белла әуел бастан, Бісмилла сӛз тартылса, шайтан қашқан. Тұсында әр патшаның бір сұрқылтай, Тұра алман етпей карап шәні дастан. ........ Екінші бір Жорабай ақын деген сол Алмағамбет судияны мақтаған сӛзін былай бастайды: Бастаймын бұл сӛзімді бісмилладан, Қағазға бісмилла деп тартам қалам. Жаббарым адамзатты әрқашан да, Сақтасын мұсылманды есен аман. Әлеке жар молаға келіп тұрды, Үміт кӛп соның үшін бір құдадан. Жайықта даңқы шығып жатушы еді, Келтірген бұл араға біздің талан. Мақтауда ұлы мақсат, таза қошамет, таза ықылас болмаған. Анайы ақындар сияқты тікелей сұрамағанмен, әкім болған, тӛре болған, ықпалы жүрген адамдардың жылы назарында болу мақсатымен кӛбі жарамсақтанып, жареукеленіп айтқан. 6. Даттау. Сӛгу, жамандау, айыбын, мінін айту - бәрінің жалпы аты даттау болады. Даттау табына бір адамның басындағы мінін айтқан сӛз де кіреді. Бүтін елдің, халықтың басындағы мінін айтқан сӛз де кіреді. Діндар дәуірдегі даттау да кӛпті даттағандар. Кӛбінесе шариғат жолына шалығын айтып даттаған. Адам басын даттағанда, әуелі мақсат пен күйініп даттаған, үйіне қондырмаған, қонақасы онды бермеген сияқты ұсақ се-бептерден реніш етіп даттаған. Кӛпті даттау мысалы: Әуелі бісмилла деп сез басталық, Алланың қақ жолынан адаспалық. Жолы деп шариғаттың ғамал қылса, Еншалла сол уақытта азбас халық, Азырақ осы жерден шошынамын, Ӛтірік пайдаға асты, рас қалып. 142


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Жалған сӛз азаматқа болды оңай, Замана болды, халқым, әлде қалай! Аузыңнан жалғыз кәлам шыққан сӛзің, Кезеді бір сағатта тоқсан тоғай. Құдайым ӛзі сақтап оңғармаса, Болып тұр бұл заманда судан да лай. ( Әбубәкір) 2. Бұл болса ешкім бақпас жолдасына, Алданар арам дүние олжасына. Біреудің ұры залым малын ұрлап, Сұраса бәле салар ӛз басына. Қарсы дау біреу айтса, соны тындап, Бас адам кӛзім жетті оңбасына. Парқы жоқ бұ заманның адамының Бірінің бірі нанбас олласына. Байлардың бала оқытқан ісін қара, Зекетін саудалайды молдасына. Пақырды, мүскін менен партия қып, Берері садақасын қолқасына. Бұл сӛзі Сейдахмет ӛтірік пе? Рас па, кӛптің салдым ортасына. 7. Айтыс. Діндар дәуірдің айтыс ӛлеңдері де дін әсерінін күштілігін кӛрсетеді: ақындар айтысқанда бірін-бірі сүрінту үшін дінге, шариғажа теріс ғамалдарын кӛрсетіп сүрінтуге тырысады. Шариғатқа теріс істерін мін қылып мүдіртпек болады. Мәселен, Айқын мен Жарылғасын айтысқанда, екеуі шариғатты жамандық-жақсылық, дұрыстық-терістіктің тиянағы, нарқы, таразысы, шариғат жәнімен бірін-бірі міндеп айтысқанын кӛреміз. Айқын айтады: Қожеке, есенсіз бе, сәлем бердік! Мүбәрәк дидарынды жаңа кердік. Жүзінде рақметің бар ер екенсіз, Жоқ шығар кӛңіліңізде тақаппарлық. Ӛзің біл сӛйлескен соң не дерінді, Қазірде қолынды бер кӛріселік! Жарылқасын қожа айтады: 143


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Жарқыным, сәлем берсең, сәламат бол! Жетеді мұратына ӛлмеген құл. Сіз берсең, сәлемінді әлік алдық, Сүннеті пайғамбардың қазулы жол. Қол берсең, кӛріселік деген сӛзің, Бұл дұрыс шариғатқа болмайды сол. Таранған тоты құстай бала екенсің, Мысалы екі бетің ал қызыл гүл. Хал білмек, жӛн сұрамақ ғам ғанимат, Абзалда сӛйлеселік атың білдір. 8. Толғау. Діндар дәуірдің ақындарының толғауында да, діндар дәуірдің жырларында да дін әсері барлығын тӛмендегі мысалдардан кӛруге болады: Дін үшін шәр түзеп, мешіт салсам, Қақ жолға жаннан кешіп бағыштансам. Азаншы даусын естіп риязатпен, Намазға бес уақыт жаяу барсам. Мінбәрде уағыз айтып түрса имам, Қақ іске қайым тұрып сонан қансам. Мүддәріс медреседе дәріс айтса. Шәкіртке күнде екі рет түйе шалсам. Астыртын Қалипамен ақылдас боп, Күн сайын телеграммен хабар алсам, Осындай қазақ затта бір ер бар деп, Жұртына дар ісләмнің анықталсам. Жүсіп, Ахметбектердің жырында Ахметбек ағасы Жүсіпбекке айтқан бір сӛзі: Айналайын, ағажан, Бұл кәпірге жалынба! Кӛкірегің жасытып, Бұрынғы күнді сағынба! Қазам жетсе ӛлермін, Бұйрығын қақтың кӛрермін. Патша құдай жар болса, Кезел шайы кәпірдің Жан азасын беремін, Ғашықтық толғауында мұсылмандық, кәпірлік, шариғат сияқты нәрселер айтылмағанмен, діндар дәуірдің тіл әсері айқын кӛрінеді. Бейісұлы Тӛлегеннің ғашық зарында мынандай сӛздер бар. Сәуклү сәлем жаздым «сат», «беб», «ләм!» Қайғылы кӛкірегім кӛзімде нәм. Даражаң қатарыңнан асқан еркем, Екі «ти», бір «нұн» менен еттім қалам. 144


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Налышым кӛкке жетер етсем паған. Бұл сырым халыққа мәлім, күмән саған. Ӛмірім аз ба, кӛп пе, ӛткенінше, Қайғыңды түгесе алман етіп баян. Біраз күн ойнап-күлдік кӛңіл ашып, Күн қайда шер тарқатар кӛңіл басып, Бұрынғы ӛткендерден қалған мирас, Айрылмақ сүйгенінен неше ғашық, Бұл күнде кӛңіл мәлүл менің әман, Мақшұқым тауса алман етіп баян. А, дариға дүниеде қатты қасірет, Айрылмақ кӛз алдында сүйген жардан. Екінші біреудін толғауында мынандай сӛздер бар: Сипатың пері заттың баласындай, Кӛп ойлап зарланамын шарасыздай. Ӛзіңмен қатар қызға кезім салсам, Араңыз жер мен кӛктің арасындай. Мақтауың жазғанменен таусылмайды, Ӛлкенек, қабырғаның саласындай. Ӛзгеден бір омыртқаң артық еркем, Сыдыра тіл, Мұнтағаның ағашындай. Діндар дәуірдің налыс толғауының түрі мынау: Аса соққан борандай, Ӛтемісің күндерім? Ғаси болып аллаға, Бұзылмағай діндерім. Асулы дар астында, Зар айлаған тілдерім, Бабай түкті сопы Әзи Кӛзіңді салшы пірлерім! Қолымды кәпір байлаған, Асбаққа дарды сайлаған. Бәлаудақтың кӛлінде, Қырық жігіт сені ертіп, Күндерім, кәні, ойнаған, Мақсатыма жетедім, Дуниедегі ойлаған. Он сегіз мың ғаламның 145


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Падишасы бір құдай, Құлым дейтін күніңді, Қайрат қылып қан тӛкпей, Қапалықта кеткенім. Алды-артыңа қарамай. Рас па дүние ӛткенің? Егер қапы қалмасам, Бұл секілді дінсізге, Пәнде болар бек пе едім? Ақырын тілеп бұл істің, Падишасы ғаламның, Бір ӛзіңнен күткенім. (Жүсіп, Ахмет) *** Намыс яки соғыс толғауы. Діндар дәуірдің жырларында кәпірлермен соғысқанда, әскерге қайрат беру үшін намысын қоздырып, қанын қыздыруға айтылған намыс толғауда да дін әсері тӛмендегі сӛздерден кӛрінеді. Жүсіп, Ахмет жырында Ғашірбек қырық жігітке қайрау сӛз айтқанда былай толғайды: Ойран етіп таутасты, Қанға бояп кез жасты, Шүлдірлетіп қызыл басты, Сайлап шаншар күндер бүгін. Асыл алмас пышақтары, Тығырадан шашақтары, Ахметжанның қожақтары, Жаннан кешер күндер бүгін. Ғашірбектің сол озары, Құрылсын мақшардың базары, Бек Жүсіптің қошқарлары, Қаннен кешер күндер бүгін. *** Ат құлағын теңестіріп, Бір-біріңе кеңестіріп. Кәпірлерді койша қырып, Майдан кешер күндер бүгін. Марқайыс толғауы. Діндар дәуірдің марқайыс толғауында да дін әсері болғанын мына сӛздерден байқауға болады: 146


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Байтұрсын, Ақтас деген жақын ағалары 15 жыл айдауда болып, қайтып келіп тұрған қуаныштың үстінде айтқан Қарпық ақынның марқайыс толғауында мынадай сӛздер бар: Кәпірге қылыш сілтеп қарысқаным! Дүниеде теңін тауып жарысқаным! Тәніңнен дұшпан кӛрсең түгің шыққан, Лайық заманыңа арыстаным! Нашарды сырт дұшпаннан арашалап, Қам ойлап қарашыға болысқаным! Үлгімен әр орында тұра берген, Ақылға Аплатондай данышпаным! Достардан қасірет отын қалас ойлап, Қайырлы сағатында қауышқаным, Шүбалаң, Қарақоға, Жыланшықпен, Дені сау түсінікті болыстарың. Бұл күнде сіздер үшін дұғада тұр, Атқарып жолдас болған орыстарың. Діндарлықтың әсері жоқтауларда да бар. Бұрынғы жоқтауларда ӛлген адамның батырлығы, байлығы, істелген ерлігі, мырзалығы айтылып жоқталғанда, діндар дәуір турасындағы жоқтаулар дін жайын жақсы білетінін айтып жоқтайды. Мысалы: Бісмилла сездің басына, Ағайын келді қасыма. Бір күнгідей болмаған, Дүние деген осы ма? Кӛңілден қайғы босатсам, Келе ме кездің жасына? Жыламай неғып шыдайсың Кешегі ӛткен асылға? Асылым түсті қолымнан, Қанатым сыңцы оңымнан Құдай қосқан жайсаңым, Адастырды жолымнан. Отыз тӛртке келгенде Ұядан ұшты алғаным. Дүниенің білдім жалғанын, Мезгілсіз келді кезегім, — Қызығыңа қанбадым. Кәлам шаріп хат оқып, Іслам жолын андадың, Жан тәсілім болғанша, Ақылыңнан танбадың. Сонда біліп ойладың Құданың назар салғанын. Амандаспақ сол күні, Кеңілде болды арманың. Амандастың жұртыңмен, Бұйрығы деп алланың, Иманыңды құрметтеп, Періште келсін хабарға. Артында қалған біз нашар, Іздегенмен табар ма? Кешегі сӛнген шамшырақ Орнына қайтып жағіар ма? Дүние дәулет болса да, Енді дәурен болар ма? 9. Терме. Діндар дәуір термесі мен ауыз әдебиеті түрінің термесі бірдей. Жалғыз-ақ діндар дәуірдің сӛзін кӛбірек қатыстырумен айрылады. Мысал үшін діндар әдебиет термесінен алып қарайық. 147


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

1. Шортанбай термелері. Атамыз Адам пайғамбар Топырақтан жаралды. Мұсылман, кәпір халайық Сол адамнан таралды. Мұсылманға бұйырған Кӛкірегіне қадалды. ¥рлық пенен қарлықтан Бойынды тартып тек жүрсең, Кӛрмесін деген залалды. Белгі деген бейістің, Жазғы салқын самалды Тарихы деген тамұқтың Қысқы суық амалды. Ауыл малы бұралқы, Ақылы жоқ жаманға. Атасын алдар баласы, Үш бу ақыр заманда. Жақсылыктан ырым жоқ, Жамандық асқан заманда. Малынан зекет бермеген, Аузына құдай кірмеген, Қайыры жоқ сараң да, Алақандай ай мен күн, Ғаламның орта жарығы Жаббардай екі болмайды, Әмір қылған жарлығы. Құбылаға бас қоймақ Мұсылманның тарығы Руза, намаз қаза қылмасаң, Кӛңілінде құдай барлығы. Жапалықпен жалғыздық Жалғанның жаман тарлығы, Түшіркенген ұйқы жоқ Қайғының асқан зарлығы... 2. Әбубәкір термелері. Ауру болып азамат, Қойылса басың жастыққа. 148


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Достарменен сӛйлесіп, Жарамайсың достыққа. Кӛңілің жүрмес қоштыққа, Ӛзіңнен бақыт кеткен күн Айналар достық қастыққа. Не қылмайды адамзат Әурешілік жастықта. Дүние куған мастықта. Әбдурахман Әбуит, Адасып жолдан астықпа? Шүкірлік қылмай тастық па? Ғибадат бізден болса да, Тәупық сізден білмейім Ракметті патшамсың, Кешіре гӛр, күнәйім! Ӛзің пендем демесең, Пайдаға аспас құр уайым. Тәупық берсең, нұрланар Ықылас пенен дін уайым. Зор сүйініш етемін Мұсылман болып туғанға, Ләббайқа деп рухым Хаққа мойын сұнғанға. Шүкір қылғыл, жараңдар, Жақсы мал шалып құрбанға. Дәрет алып, намаз кыл, Суды құйып кұманға. Зекет беріп, кажыға бар, Айналмаңыз құр малға. Дүниеге айналып, Тәңір берген дәулеттен Мақшар күні құр қалма! Кӛңілге иман бекітіп, Үйретіңіз туғанға. Ісләмнің бес парызы Жанған оттан құтқарар, Хақ таразы құрғанда. Шапағат қылар бес намаз Әзірейіл жетісіп, Жанынды қабір қылғанда. Бүл дүниенің қызығы 149


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Ұқсайды білсең, жарандар, Кӛзіңді ашып жұмғанға (Діндар дәуір әдебиет нұсқаларын нұсқалықтың 131, 165 нӛмірлерінен қара). 2. Сындар дәуір Сындар дәуір деп қазақ әдебиетінің сынды болған, яғни сын арқылы шығып, әдеміленген мағыналы сӛз, бір мағынасы сыны бар деген болады да, екінші мағынасы мінсіз, толғаулы, сипатты деген болады. Бұл сӛздің екі мағынасының екеуі де қазақ әдебиетінің соңғы кездегі жаңа дәуірін сипаттайды. Сын тезі құрылмай, әдебиет сӛзі сындар болып (мінсіз болып) шыға алмайды. Қазақтың ауыз әдебиетін алсақ та, діндар дәуірдегі әдебиетін алсақ та, кандай жақсы болғанмен мінсіз сұлу болмайды: бір жерінде сұлулығы қандай зор болса, екінші жерде міні сондай үлкен болады. Ақындығы қандай күшті болғанмен, айтылған екі дәуірдің ақындарының сӛздерінде әдемілігінің жанында ат сүрінгендей міні тұрады. Олай болатынының түп себебі қазақтың ол кездегі ақындары асыл сӛз немен асыл болатынын, ақындық сезімімен сезсе де, анық біліп жетпеген. Сондықтан сӛзді мінсіз етіп шығара алмаған. Тындаушысының да асыл сӛз турасындағы білімі ақындардікіндей болып, олар да ақын сӛзін тексеріп сынға сала алмаған. Асыл тас, темір, асыл бұйым несімен асыл болатынын білмеген адам тастың, темірдің, бұйымның жақсысын тауып алуды білмейді. Сындар дәуірге дейін қазақ ақындары да, ақын сӛзін тындайтын әлеуметі де, сез несімен асыл болатынын білмегендіктен сӛз бағасын кӛтере алмай, нарқын кеміткен. Адамға ӛз бойындағы үйреншікті міні - мін болъш кӛрінбей, ӛз үйіндегі кемшіліктер - кемшілік болып кӛрінбейді. Жұртқа да солай. Салтындағы, қалпындағы, ғұрыптағы жаман әдет -жамандық болып кӛрінбейді. Бойдағы мін бойында міні жоқ біреуді кӛргенде байқалады; үйдегі кемшілік кемшілігі жоқ үйді кӛргеннен кейін кезге түседі; жұрттағы жаман әдет басқа жұрттың жақсы әдетін кӛргеннен кейін білінеді. Сондай-ақ қазақ ақындарының ӛздерінің де, сӛздерінің де міндері, кемшіліктері, жаман әдеттері ӛнерпаз Европа жұртының сындар әдебиетін кӛргеннен кейін байқалып, кӛзге түскен. Сонан кейін ғана Европа әдебиетінен тұқым алып, қазақ әдебиетінің сүйегін асылдандырып, тұлғасын түзетушілер шыға бастаған. Қазақ әдебиетінің асылдануына, әсіресе әсері күшті болған Абай сӛздері. Абаймен қатар басқалар да шыққанмен, олар асыл сӛздің жаңа сипатын Абайдай айқын кӛзге түсерлік етіп кӛрсете алған жоқ. Сондықтан қазақ әдебиетінің сындар дәуірі Абай сӛздерінен басталады. 150


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Жоғарыда айтылған «Сын арқылы шығып, әдеміленген» деген сӛзді, шығарған сӛз біреудің сынына салынып, сонан кейін шыққан сӛздер деп ұқпаса керек. «Сын арқылы шығьш» дегеніміз шығарушы ӛзі жазушы, әзі сыншы болған уақытта шыккан деген мағынадағы сӛз. Европа әдебиетімен танысқаннан кейін қазақ ақындары сӛздің асыл болатын сырын біле бастайды. Сӛздің ондай сырын білу - сын білу болады. Ат сайыс аттың жүйрік болатын сырларын білгеннен кейін, сындарын біліп, сынайтын болады. Сондай-ақ сӛздің асыл болатын сырын білген адам сӛзді сынай біледі. Сынай білетін адам жаза да білетін ақын болса, оның ақындық жағынан шығатын сӛзі сеністік (сыншылық) жағының сынына түсіп, сын арқылы шығып отырады. Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты асыл сӛзде де белгілі сипаттар болады. Сӛз сол сипаттарын дұрыс кӛрсетумен асыл болып шығады. Мұнан асыл сезді адамнық бәрі де сӛз шығаратын ақын болады деп ойламасқа керек. Асыл сӛздің сипаттарын білумен адам ақын болмайды. Бірақ ақын адам сӛздің асыл болатын сипаттарын білсе, сӛзін таза, мінсіз шығарады. Асыл сӛздің сипаттарын білу тындаушыға да қажет. Абайдан кейінгі сӛзге талғау кіреді: айтушы да, тыңдаушы да сӛзді талғайтын болды. Олай болғаны — Абай асыл сӛздің нұсқаларын айқындап кӛрсеткеннің үстіне аз да болса асыл сӛз сипаттарын айтып та жұртты хабардар қылды. Абайдың «Ӛлең - сӛздің патшасы, сӛз сарасы» деген ӛлеңінде жақсы ӛлеңнің сипаттары да, қазақ ақындары мен тындаушылардың жоғарыда айтылған асыл сӛзді танымайтын надандықтары да айтылып, аз да болса мағлұмат берілген. (Абайдың сол ӛлеңін оқу). Сӛйтіп, асыл сӛздің сипаттарын білу жалғыз ақындарға емес, әр адамға керек. Жақсы сӛздің сипаттарын білген адам сынай білмекші, сынай білуден сӛз талғауы күшеймекші. Солай болған соң асыл сӛздің басты-басты сипаттарын білу сӛйлеу жүйесінің ең керек бӛлімінін бірі болады. Қазақтың жазу әдебиеті басқалар дікі сияқты айтылуынша бӛлінеді деген едік. Бірақ ол салалардың қандай тарау, тармақ я бұтақтарға бӛлінетінін айтқанымыз жоқ еді. Енді сол айтылған үш салаға қоятын тарау, тармақ, бұтақтар сияқты сӛздердің түрлерін кӛрсетіп, әрқайсысын керек орнында белгілі сипаттарымен әліптеп ӛтейік. Ескерту: Қазақтың сындар әдебиеті Еуропа үлгісімен келе жатыр. Және сол бетімен баратындығы да байқалады. Еуропа әдебиетіндегі сӛз түрлері бізде әлі түгенделіп жеткен жоқ. Бірақ қазір болмағанмен ілгеріде болуға ықтимал. Сондықтан сындар дәуірдегі сӛз түрлерін жүйелеп тәртіптегенде, Еуропа әдебиетінін бізге келіп жетпеген түрлерін де ӛзіне тиісті орындарында атап ӛтеміз. Солай ӛткенде дарынды сӛз табына жататын сӛздің түрлері мынау болмақ. 1. Әуезе яки әңгіме тҥрлі сӛздер 151


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Бұл топқа кіретін сӛздер толып жатыр. Оның бәрін түгендеудің қажеті жоқ. Басты-басты түрлерін алғанда, олары мынау болады: 1. Ертегі жыр. 2. Тарихи жыр. 3. Әуезе жыр. 4. ¥лы әңгіме (роман). 5. Ұзақ сӛз. 6. Аңыз ӛлең және әңгіме. 7. Кӛңілді сӛз. 8.Мысал. 9. Ұсақ әңгімелер. 2. Толғау табына қарайтын сӛздер Толғау түрлері де толып жатыр; оның ішіндегі негізгі түрлері мыналар: 1. Сап толғауы. 2. Марқайыс. 3. Налыс (мұңайыс). 4. Намыс-таныс. 5. Сұқтаныс. 6. Ойламалдау. Ойламалдау түрі кӛп. Ойламалдаудан бӛлініп: 1. Сӛгіс толғауы яки даттау. 2. Күліс толғауы яки күжілеу. 3. Масқаралау шығады. Күлкілеудің ӛзі үш түрге бӛлінеді: а) Мазақ. б) Мысқыл. в) Қулық. Қулық та екі түрлі: бірі сықақ, екіншісі әзіл. 3. Айтыс-тартыс табына қарайтьш сӛздер Айтыс-тартыс табына кіретін сӛздер түрі де толып жатыр. Онын ішіндегі негізгі басты түрлері мыналар: 1. Айтыс сӛз. 2. Тартыс сӛз. Тартыстың әзі басты-басты тарау болып бӛлінеді: 1. Мӛрт яки әлектекті тартыс (трагедия). 2. Сергелдең яки азапты тартыс (драма). 3. Арам тер яки әурешілік (комедия). Тартыс күйге ән-күй қосылса, тартыс зауықты деп аталады. Тартыс сӛз қу тілді болса, қулықты деп аталады. Қисыны қызық болса, күлдіргі тартыс болады; сиқыр мазмұнды тартыс сиқырлы деп аталады. Қазақ әдебиетінде бұл түрлердің кейі бар, кейі жоқ, кейі жеттікпеген алалау, балалау түрде, бар түрлері тӛменде қазақ әдебиетінің жаңа дәуірінен басталып, тиісті сипаттарымен кӛрсетілмекші. 1. Әуезе турлері. 1.Ертегі жыр. Ертегі жыр деп ӛлеңмен айтылған ертегі айтылады. Сындар дәуірдің ертегісі бұрынғысының ертегінен сындарлығымен айрылады. Ақындар ескі ертегіні ажарлап, ертегі жыр етіп шығарады яки ӛз тақырыбымен ӛз қиялынан шығарады. Жаңа дәуірдің ертегі жырлары Мағжан жазған «Сыздық батыр» турасындағы ертек, Пушкиннен аударылған «Балықшы мен балық», «Алтынәтеш» сияқты ертегілер болады. 2.¥лы әңгіме яки роман. Ұлы әңгіме яки роман деп тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп кӛрсететін шығармаларды айтамыз. Ұлы әңгіме шығарушылар (романшылар) роман жазғанда тақырыпты не ӛз заманындағы тұрмыс сарынынан алады, не ӛткен замандағы тұрмыс сарынынан алып жазады немесе алдағы заманның сарынын болжап жазады. Роман алған замандағы тұрмыс сарынын кӛрсеткенде, сондағы адамдардың 152


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

үлкені, кішісі бар, жақсы-жаманы бар, байы, кедейі, тӛресі, қарасы бар, жасы, кәрісі бар - не істейді, не іздейді, не тілейді, неге сүйініп, неге күйінеді, неден именеді, неден күйзеледі, нені жақтырады, неден жиренеді, неге құмар, неге сұлық. Қысқасы, я бүтін бір жұрттың яки жұрттың бүтін бір табының сырсипатын сӛзбен суреттеп, алдыңнан ӛткізеді. Ертек жыр, тарихи жыр сияқты шығармалар зор оқиғалардан қара кӛрінім асқан адамдардың ғана істерін сӛз қылады. Жалпы қалыпты жай адамдардың істеріне, ӛздеріне онша назар салмайды. Ұлы әңгіменін мақсаты кӛптің ӛмір сарынын суреттеп кӛрсету болғандықтан, бұл туралы шығармаларда адамның да, уақиғаның да ұлысына, ұсағына бірдей назар салынады. Ӛмір сарынын кӛрсететін хаттан асқан, сирек болатын үлкен оқиғалар, ұлы адамдардың істері емес, құмырсқадай қыбырлап түрлі жол, түрлі жӛнмен тіршілік етіп, тырбанып жатқан кӛптің амалы. Адам ӛміріндегі істің ұсағы кӛп, ірісі аз болады. ¥сақ уақиғаның адамға құнынде оны душар болғанда, ірі уақиғанын ӛмір бойы оны душар келмеске ықтимал. Адам басынан кешетін кӛбіне ұсақ уақиға, ұсақ іс, жеңіл сүйініш, жеңіл куйініш. ¥лы әңгіме ӛңшең үлкен уақиғалармен болмай, ұсақ істерден де ӛнеге кӛрсетуге тырысады. Оның олай етуінде екі түрлі мәніс бар. 1. ¥сақ уақиға мың қырланып, мың түрленіп, қайта айналып тұрады. Қайта-қайта болатын уақиға қалыпқа айналады. Адам тұрмысының тағдырын күн сайын құбылып, қайта-қайта келіп түрған ұсақ уақиғалар шешеді. Бір рет ӛтірік айтсаң, ол зор бәле: ӛтірікші, сырғиға, сенімсіз болсаң, онан тіршілігіңе келетін кесапат кеп. Адам бірден ӛтірікші, бұзық, ұры-қары болмайды; бірден түзік, әділ, адал ізгі де болмайды. Бір істегенін қайта істеп қалыптанумен бірте-бірте барып болады. 2. ¥сақ уакиғаның бірден-ақ ұлы уақиғаға себеп болатын жерлері де бар. Үлкен үйге кішкене кілт жол ашатын сияқты,үлкен іске кӛбіне кіші іс кілт болады, кіп-кішкене ұшқыннан үп-үлкен ӛрт шығады. Аз нараздық кӛңілден үлкен ұрыс, тӛбелес, соғыс шығып кетеді. Со сияқты адам қателескен бір ғана ісінен ӛмірлік тұрмысын ауырлатып алуы ықтимал. Бір дұрыс істеген ісінен жеңін түзеп, тұрмысын жеңілдетіп алуы ықтимал. ¥сақ уақиғадан ұлы уақиға тууы ықтимал болғандықтан ұсақ істің бәрін ұсақсыну керек емес. Ол ұсақ іс бәлки зор шарапатқа я зор кесапатқа кілт болатын ұсақ істің бірі шығар. Олай болса ұлы уақиғамен қатар ұсақ уақиғаларды қатарға алу, түрін тану керек болады. Күн сайын істеліп жататын ұсақ істің ұлы іске ұласарлығыда, ұласпастығы да бар. Тіршілік ісі біріне-бірі оралып, шиеленісіп, байланысып жатады. Тіршілік ісінің нарқын айыру, мәнісін білу ұйысқан жіптің ұштарын табу сияқты, қайдан басталып, қайдан тоқтайтынын біртебірте арасын ашып, шиесін шешіп барып таппасаң, бірден таба алмайсың. Ұсақ іс ұсақ іспен шиеленісіп, байланысып тұрса, оны қатарға алмасаң да келер-кетері аз. Ұсақ іс ұлы іске байланысып тұрғанда, қатарға алмасаң, 153


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

қамтама қаласың. Биік мақсат, зор үміт, ұлы пікір жоқ ӛмір хайуан ӛміріне ұқсас. Бірақ ұсақ істердің ішінде ұсақсынып байқамай ӛтсең, опық жегізіп, ӛкіндіретіндері де кӛп болады. Тіршілік жолында жүзеге шығарайын деген ісіне бӛгет болатын кӛбінесе үлкен істер емес, ұсақ істер, ұсақ нәрселер. Олардың бӛгетшілік күші үжендігінде емес, кӛптігінде. Олардың бӛгетшілігін бұзуға кӛп күш, үлкен іс керек емес. Ұсақ ғамал, жиі жеделдік керек. Тіршілік ғамалы, заманның заңын, тұрмысты сарынын тану ғылымы адамның іздеген, кездеген мақсаттарын білу, мақсаттарына жетуге жүретін жолдармен танысу. Тұрмыс ғылымын жақсы білгеннін ісі - ұсақ істерге айналып, ұлы істерді де ұмытып кетпеу, ұсақ істерді ұсақсынып, қатарға алмай, қазыққа сүрінгендей болып құлап та жатпау. ¥лы әңгіме - тұрмыс тілі. Ӛмір жүзіндегі ұлы, кіші ғамалдар, ұлы, кіші уақиғалар қалай бір-біріне оралып, шиеленісіп, байланысып, ұйысып, үші қайдан басталып, қайдан барып тоқтайтынын мысалмен кӛрсеткен секілдендіріп алдыңа әкеліп, түрлі жолмен, бағытпен байланыстырады, шиеленістіреді, шиеліністіре барып, немен тынатындығын кӛзге кӛрсетеді. Тұрмысқа сарын жасайтын адамның ғамалы, ғамалға ӛң беретін адамның мінезі, мінезге кейіп беретін тұрмыс тӛңірегі. Адамның мінезі ойының түрінен, кӛңілінін күйінен, істеген ісінен білінеді. Адамның тысқа шыққан пікірінде, кӛнілінің күйінде, еткен ғамалында мінезінің қай түрі кӛбірек кӛрінсе, сол адам сол мінезді болмақ. Мінез іштен туады. Бірақ шынығып жетпей тұрғанда мінез түрін тәрбиемен ӛзгертуге болады. Адамға тәрбие беруші әуелі ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, тұрмысындағы тӛңірек. Ӛмірінде қандай тұрмыс кӛрсе, нендей адамдармен кездессе, жолдас болса, істес болса, солардан ӛнеге кӛріп, үлгі алмақ. Ӛнер, ғылым жоқ жұртта адам тәрбиесін тӛңірегінен алады. Ӛнер, ғылым бар жұртта адамдар тәрбиені ата-анадан да, тӛңірегінен де, мектептен де, әдебиеттен де алады. Сӛйтіп, адам мінезіне ең беретін: үй іші, мектеп, тӛңірек болып шығады. Бұлардың ӛзі де адамдар түрлі болып туғандықтан, түрлі тәрбие алғандықтан түрлі болады. Сондықтан олардан тәрбие алған адамдар да түрлі мінезді, түрлі құлықты болмақ; бірақ адам кӛп, мінез түрі аз болғандықтан, кӛп адамдар мінездес яғни бір мінезді болады. Мінездері ұқсас бірыңғай, бір кейіпті адамдарды кейіптес дейміз. Мінездің белгілі бір түріне кейіп беретін адамдарды кейіпкер дейміз. Жомарттық, сарандық, батырлық, қорқақтық, тәзіктік, бұзықтық - бұлар қай жұртта да болатын мінездердің жалпы кейіптері. Сондықтан мұндай мінезді адамдар жалпы кейіпкерлер болады. Қазақтың арамза атқа мінерлері, қазақтың есерсоқ салдары, түйені түгімен жұтып қоятын болыстары - бұлар ұлтындағы, заманындағы кейіпкерлер болады. ¥лы әңгімешілер тұрмыс сарынын суреттегенде, сарынға кейіп беретін, оң беретін таптардың кейіпкерлерін алып суреттейді. 154


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Жазушы кейіпкерлерін неғұрлым дұрыс алса, соғұрлым ұлы әңгіме тұрмыс сарынын дұрыс суреттеп, қалыпқа сәйкес, шынға жақын болып шықпақ. Бірақ сарындаушы ӛз заманындағы бар тұрмысты алып суреттейді. Тұрмыс жағдайын ӛз ойлаған түрінше ӛзгертсе, ӛмір сарыны ӛзге жӛнмен де кетуге мүмкіндігін кӛрсететін сарындаулар да болады. Ұлы әңгімеге жан беретін адамның ісі болғандықтан, мінезіне кейіп беретін тәрбие болғандықтан, тұрмысқа сарын беретін ұты, кіші адамдардың ірілі-уақты істері болатындықтан. Ол істер біріне-бірі ұласып, біріне-бірі оралып, байланысып, шиеленісіп жатқандықтан, осының бәрін суреттеп шығару оңай емес. Мұны келістіріп, дұрыс пікірлеп, дұрыс суреттеп, уақиғаларды жақсы қиыстырып, сыйыстырып шығару кӛп жазушылардың қолынан келе бермейді. Ұлы әңгіме жазушы кӛркем сӛздің әуез толғау, айтыс — барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек. Ұлы әңгіменің ӛресі қысқа, ӛрісі тарлау түрі «Ұзақ әңгіме» деп аталады. Онан шағындау түрі «Ұсақ әңгіме» деп аталады. Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бӛлінулері үлкен кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәр-бәрінде де бір айтылу аудандарында айырма бар: ұлы әңгіме сезі алыстан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұзақ әңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұсақ әңгіме мүше алып, оралып келе қоятын аттарша бастайды. ¥лы әңгіме түрде қазақ тілінде басылған шығарма әлі жоқ. Міржақыптың «Бақытсыз Жамалына» роман (ұлы әңгіме) деп ат қойылса да, ӛресі мен ӛрісі шағын болғандықтан о да ұлы емес, ұзақ әңгімеге жақын. Мұқтардың «Оқыған азамат», Смағұлдың «Қалайша кооперация ашылды» деген әңгімелері үсак әңгімеден гӛрі ұзақ әңгіме түріне жақын болады. Нағыз ұсақ әңгіме болатындар: Смағұлдың «Автономиясы», Міржақыптың «Қызыл қашары», Бейімбеттің «Айт күні» сияқты әңгімелер. 3. Әуезе жыры. Қазақтың ерте заманда ерлік қылған адамдарының ерлігін, батырлығын жыр қылып шығарған сӛздер ертек жыр деп аталатьшы жоғарыда анайы әдебиет туралы сӛз болғанда айтылып еді. Нақ сондай болмағанмен соған ұқсас сӛздер ділмар әдебиетте де болады. ¥лт ӛмірінде болған, ұлт тарихына жазылған яки халық аузында әуезе болып айтылып жүрген уақиғаны алып, яки уақиғада халықтың ӛткен қайратын, азаматының кӛрсеткен ӛнерін, жігерін, ерлігін, намыс қорлығын яки адамшылығын әдемі түрде әсерлі сӛзбен жыр қылып шығару бар. Сыпайы әдебиеттің сол сияқты шығармалары әуезе жыр деп аталады. Мұнда қара күші мол батырлардың орнына басқа түрлі ерлер, басқа түрлі қайраткерлер окиғаның ортасында жүреді. Ертек жырда күші кӛп батырлардың ісі ӛнеге болса, әуезе жырда ӛнер, білім, қайрат, жігер сияқты сипаттарымен кӛзге түскен адамдардың ғамалдары ӛнеге болады. Мұнда да уақиғадағы істерге ӛзінше оң бере, кӛркейте айту бар, бірақ ӛте кӛпіртіп дәріптеу жоқ. Әуезе жырдағы кӛркейту уақиғаның да, адамның да жақсы жағын алуға болады. Онда да уақиғасы да, 155


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

адамы да кӛркейтуді кӛтергенше ғана кӛркейтіледі. Әуезе жыр ақын тарапынан ұлттың ұлы адамына сӛзден жасалған жәдігер есебіндегі нәрсе. Әуезе жыр мен тарихи жырдың арасындағы айырмасы сол, тарих жырындағы адамдар, уақиғалар турасында сӛйлеген сӛздер тарихтағы мағлұматтардың арнасынан аса алмайды. Олай етпесе, тарихшылар тарихты білмегендіктен иә қате түсінгендіктен тарих мағлұматын бұзып отыр деп кіналайды. Әуезе жырда шығарушының қиялы еркін болады. Тарих мағлұматы сияқты арнасынан шығармай қайырып, иіріп отыратын мұнда бӛгет жоқ-Бұған қоятын шек жалғыз-ақ алған уақиғамен адамды кӛркейтуді кӛтеру-кӛтермеуі. Керкейтуді кӛтермейтін уақиғамен адамды кәркейтіп жіберсе, ӛтірік болып шығады. Әуезе жыр әдемі сӛздіңтүрі болғандықтан әдемілеу әдісінін бәрі де істеледі: кӛріктеу, меңзеу, әсерлеу түрлерінің бәрі де жұмсалады. Әуезе жыр мысалдары: Мұхаметжанның «Топжарғаны», Шәкәрімнің «Жолсыз жазасы», «Қалқаман—Мамыры», Мағжанның «Баян батыры» сияқты сӛздер. 4.Аңыз ӛлең. Адамның бал ашқанға, ырымға, Қыдырға, аян бергенге, түс кӛргенге илануынан шыққан ел ішіндегі аңыз қыльш айтылатын түрлі әңгімелер болады. Сол әңгімелерді ақындар ажарлы тілмен әдемілеп, ӛлең етіп шығарғаны аңыз болады. Аңыз елеңнін мысалы: Мағжанның «Қорқыты», «Орман патшасы», «Масадағы» «Данышпан Аликтің ӛлімі», Абайдың «Ескендір» әңгімесі. 5.Кӛңілді сӛз. Табиғатқа жақын қулық-сұмдық жайлар, әдіс жоқ, тамағы тоқ, уайым жоқ, адал ниет, ақ кеңіл адамдардың талассыз, тартыссыз, тыныштықпен шеккен ӛмірін сезбен суреттеп шығару кӛңілді сәз болады. Ондай адамдардың ғамалдары от басы, үй шаруасынан аспайды. Басқалардың істеріндей шиеленісіп, байланысып, баттасып жатқан істері болмайды. Ондай үйдің іші үлкенін сыйлағыш, кішілерін балаша мәпелегіш, мейірімді, меймандос келеді. Қазақтың сондай үйлерінің тұрмысын сӛзбен суреттеп шығарса, кӛңілді сез болып шығады. Бұл түрлі сӛз біздің әдебиетте әлі жоқ. 6. Мысал. Мұның не туралы сӛз болатындығын анайы әдебиет туралы сӛз болғанда айтылған еді. Мұндағы айтылатын анайы әдебиеттегі мысалдармен, сыпаны әдебиеттегі мысал екеуінің арасындағы айырмасы - анайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар да түрлі табиғат тәсілімен тіршілік ететіндігін кӛріп, олар да адамды ойлайды, сӛйлеседі, кеңеседі, бірін-бірі алдайды, арбайды деп білген. Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты олардың да істерін әңгіме қылған. Онан хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе хайуандар тіршілік еткенмен нақ адамша ойласып, сӛйлесіп, кеңес етпейтіндігіне кӛз жеткеннен кейін мақұлықтар турасында ертектер ӛтірікке 156


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

саналып, бірте-бірте жоғалып, тек мысалдар ғана қалған. «Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты» деген, «Тышқан шаңырақтағы еттің сасыған-ай» депті деген сияқты мысалдар хайуандар турасынан сӛйлеген ертектерден калған мысалдар. Түйенің алданып қалуы туралы, тышқанның шаңырақтағы етке бойы. жетпеген соң сасық деп кемітуі туралы әңгімелер, ертектер болмаса, ондай мысалдар халық тілінде болмас еді. Мұндай мысалдардың пайда болуына себеп болған ертегіде айтылған хайуандардың ісіне адамдардың істерінің де ұқсауы. Қолы жетпеген нәрсесін жамандайтын мінез адамда да бар. Сондай мінездерді адамдардың кемшілігін кӛрсеткісі келгенде қазақ тышқанның «Шаңырақтағы еттің сасыған-ай» дегенін мысалға келтіреді. Анайы әдебиетте болтан хайуандар мінезімен адам мінезін кӛрсету мақсаты сыпайы әдебиетте де бар. Мақсат жағынан бір-бірінен айрылмайды. Айрылатын жері айтылуында. Анайы әдебиетте хайуанның мінезі құр мысал болады да, сонымен айтушы қанағаттанады да қояды. Сыпайы әдебиеттің мысалы мінезінің ұқсауымен қатар айтылуының әдемілігін де бірдей еске алады. Мінезінің ұқсауы қандай келісті болса, әңгімесінін де сондай келісті болуын кӛздейді. Мұнда ұқсатуы да, әңгімесінің айтылуы да екі жағы бірдей қызғылықты болып, тындаушыға екі жағы бірдей әсер етеді. Мысалдарға бұлайша түр шығарушылардың ең шебері Франция жұртыңда Буттен (17591831), орыста Крылов (1763-1844) болған. Олардан бұрын ескі түрмен мысалдаушы шеберлер үнді жұртында да болған, гректе (Эзоп),румда (Бедір) болған. Крылов мысалдарының түрлері, қырық мысал-дағылар, Абай кітабындағылар, «Жиған-терген» деген Ӛтетілеуұлының кітабындағылар. Крылов мысалдарының ішінде Эзоптан, Лабонтеннен алғандары да бар. (Әуезе әңгіме түріндегі сӛздердің нұсқаларын нұсқалықтың 167,197 нӛмірлерінен қара). 2. Толғау тҥрлері Толғау нендей соз екені «Дарынды сӛз түрлері» деген бапта айтылған еді. Мысалдары «Ауыз әдебиетінің», «Дарынды әдебиеттің» толғау бӛлімдерінде кӛрсетілген де еді. Бұл жерде азырақ толғау сӛздер жақсы болып шығуына қандай шарттар қойылатынын айту керек. Нағыз толғау мен күй (яки ән) арасы жақын: екеуінің де зейінге айтары аз, кӛңілге айтары кӛп. Толғау әдемілігі, әуелі айтуға алынған кӛңілдің күйіне қарай, екінші оны айтып жеткізетін сӛйлеу түріне қарай болады. Сӛйтіп, толғау әдемі болып шығуы үшін екі түрлі шартты орнына келтіру керек. Толғаудың мазмұн жағына қойылатын шартты ішкі деп, сӛйлеу түріне қойылатын шартты тысқы дейміз.

157


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

1.Ішкі шарты: а) Толғау жалпы сырлы болу керек. Ақын толғауы да ӛз кӛңілінің күйін айтады, бірақ ол күй ӛзгеге түсінікті болуы тиіс. Күйі түсінікті болмаса, ӛзгелерге әсер ете алмайды. б)Толғау шын сырлы болуы тиіс. Ӛтірік жай сӛзге де жараспайды. Толғау сияқты сырлы шығармаға ӛтірік жараспақ түгіл бүлдіреді. Сондықтан күйлі толғау кеңілде шын болған күйден шығуы керек. Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау ӛлеңдерінің кӛбі қадірсіз болып кетуі шын кӛңілден, шын толғау болып шықпағандықтан. в)Толғау таза болуы тиіс. Нас, былғаныш, нәжіс әдемі нәрседен шықса, кӛңілге қандай әсер етеді. Толғау сӛзге былғаныш сӛз, былғаныш пікір қатысса, о да сондай әсер етеді. г)Толғау кӛңілдің терендігі күйінен хабар беруі тиіс.Кӛңілдің бер жағынан шыққан толғаудың әсері оқушының кӛңілінде терең із қалдыра алмайды. 2.Тысқы шарты. а) Толғау сэзі кэңіл күйінің бейне билеуі сияқты болу тиіс. Күй де, би де бір-біріне үйлесіп келгенде, сұлу болып шығады. Күй мен бидің үйлесуі. б)Толғау қысқа болу тиіс. Коңіл күйінің кӛбі-ақ бір қальшта ұзақ тұрмайды. Кеңіл күйінен шығатын толғау кӛңіл табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды да. Нағыз толғаулардың кӛбі-ақ 4-5 ауыз ӛлеңнен аспайды. в)Толғау әуезді сӛзбен айтылуы тиіс. Адамның кӛңілінің күйін жақсы білдіретін - күй мен ән. Әннен соңғы кӛңілге кӛбірек әсер беретін әуезді сез. Әуезді сӛздің әдемісі ӛлең толғау кӛңіл сӛзі болғандықтан әсері күшін кӛбейтетін ӛлең түрде айтылуы тиіс. Кӛбінесе солай айтылады да. Толғаудың құны қанша деген мәселеге келсек, толғау сӛз ӛнерінің барып тұрған жері деп саналады. Толғаудағы кӛңіл күйлерінің бәрі ӛмір жүзінде адам біткеннің бәрінің басында бола бермейді. Кӛңілдің түрлі күйін әдемілеп айтып, сӛзбен келтіруге үлкен ақындық керек. Толғау жақсы болса, оқығандар ӛз басында болмаған күйлерді толғау күшімен ӛзінде болған күйдей басынан кешіріп ӛтпек. Бұл ӛзгелердің кӛңіл күйін де дұрыс танып, дұрыс білуге үйретпек. Толғау кӛңілдің кӛркем сырларын ӛрнекті сӛздермен білдіріп, адамның кӛрік сезімін күшейтеді. Әдемі толғаудан алатын адамның кӛрік ләззаты басқа сӛздердің бәрінен де артық болады. Толғау тҥрлері: Ақынға дүниенің әдемілігі кӛрік пен махаббат екеуінде ғана. Ӛмірдің кӛрік пен махаббатқа дұрыс келетін істері сүйіндіреді. Теріс келетін істері күйіндіреді. Мұның мағынасы кӛңілді сүйінішті, күйінішті күйге түсіру болады. Күйініш кӛңілге наразылық туғызады. Кӛңіл наразылығы мұң, ой туғызады. Осы айтылған мәністерге қарай күйлі толғау бірнеше түрге бӛлінеді. 158


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

1. Сап толғау Қорыққанда «Ойбай», қуанғанда «Алақай», қиналғанда «Уһ», танданғанда «О», ӛкінгенде «Қап!» деген сияқты пайым, пікір, ой белгілі кіріспеген құстың сайрауы сияқты кӛңілдің таза күйінен шығатын сӛз сап толғау жи сайрау деп аталады. 2. Марқайыс толғауы Кеңіл шын ырза болып, марқайып ескен шақта шығатын сӛз марқайыс толғау болады. Кӛңілдің шын ӛсіп марқаюы қуанышты ұлы оқиғаның үстінде болады. ¥лы оқиғалар ұлы адамдардың яки бүтін елдің, халықтың, таптың ӛмірінде де сирек болатындықтан марқайыс түрлі тұлғаларда әдебиет жүзінде ұшырайды. Марқайыс орнымен айтылса, ұнамды болады, ұнамсыз айтылса, ерсі кӛрініп, марқайыс әсері болмайды, масқаралық әсері болып шығады. 3. Налыс Әркімнің ӛмір жүзінде кӛздеген мұраты болады. Яғни сол мұрат кӛрген нәрсесінің жолында болады. Мұратына жетсе, бақытты болады. Мұратына жетіп бақытты болған шақта, бақыт ұзақ тұрмайды; ӛйткені бақыттың болуына, болмауына себепкер нәрселеркеп. Қайғы-қасіретсіз, уайымсыз, мұңсыз, қатерсіз, қауіпсіз, шаттықпен тыныш ӛмір сүретін адамдар, тіпті болмайды.Ӛмір жолы мұратқа тура жүргізбейді. Тура жүргізбесе, кӛңілге реніш, шер пайда болады. Сондай ӛмір жүзіндегі түрлі опасыздық ақынды да ренжітеді, мұңайтады, ықыласын қайтарады. Ренжу, мұңаю, ықылас қайту ақынды кӛңілсіз күйге түсіреді, шерлендіреді. Шерлікүйден шыққан сӛз мұңды болып шығады. Сондай мұнды, шерлі толғаулар налыс деп аталады. 4. Намыстаныс Намыс толғау - басында тайғақ кешу, тар жолда, қиыншылық шегіне жетіп тақалған шақта шығатын сӛз. Қиын хал нағыз қиын шегіне жеткенде, қиын істі істеуге керек қылады. Сол қиын істі істеуге кӛбінің батылы жетпей намысына тигізіп, қанын қыздырып сӛйлеу қайрау сӛз деп аталған. Сол қайрау сӛздің ӛлең-мен айтылғанын намыс толғау дейміз. Намыс толғау соғыс кезінде соғысқа түсіру үшін яки не ӛліп, не ӛлтіріп шығатын ӛлім жолына айдаған жерде айтылған. Қазақ патшаға қарамай, басы бос тұрған кезінде, түрлі жұрттармен соғысқан шағы болған. Ол кезде қазақ намыс толғаулары азаматтың намысын қоздырып, қанын қыздырып соғысқа айдау үшін айтылған. Сондықтан намыс толғау түріндегі сӛздер батырлар жырында (ертегі жырларда) кӛп ұшырайды. Қазақ патшаға қарап, басы байланған соң соғыс болмаған. Соғыс болмаған соң соғыста айтылатын намыс толғаулары да жоғалған. Бірақ намыс толғау айтылатын соғыс болмағанмен, соғысқа бара-бар ер басына қиыншылық түсетін басқа істерге айтылатын қайрау создер де намыс толғау табына кіреді. Мәселен, бағындырған патшадан басын босатып алу - жұртқа 159


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

соғыспен бірдей дәрежелі қиын іс. Сондай іске қайрау мақсатпен айтылған ӛлең о да намыс толғауы болады. Сондықтан «Интернационал» ӛлеңі сияқ,ты, «Асау тұлпар» кітабындағы «Жолдастар» деген ӛлең сияқты. «Масадағы», «Оян, қазақ» кітабындағы кейбір ӛлендер сияқты сӛздер намыс толғау болады. Бірақ намыс толғаудың асыл түбі оте қиыншылық орында шыққан сӛз болғандықтан, шын қиын-шылық орында айтылса ғана шын намыс толғауы болады. Не жайбарақат орында айтылған намыс толғаудың сӛзі ұқсаса да, ӛзі болып шықпайды. 5. Сҧқтаныс Сұқтану деп бір нәрсеге артықша назар түсуін айтамыз. Адам сұқтанғанда, жақсы нәрсеге сұқтанады. Жаман нәрсе қаншама ұлы болып, адамның назарын түсіріп, тандандырғанмен сұқтандырмайды. Ұлы болсын, ұсақ болсын біз жақсы нәрсеге сұқтанамыз. Ол жақсы нәрсе табиғат ісінің жүзінде де, адам ісінің жүзінде де болады. Солай болған соң сұқтаныс толғауда кӛбінесе ғаламның ұлылығы, табиғаттың сыры, шеберлігі, сұлулығы, адам ісінің де сұқтанарлық ұлылары, жақсылары, кӛркемдері сӛз болады. Ӛмір мен ӛлім, жақсылық пен жамандық сияқты нәрселердің мәнмағынасы турасындағы толғаулардың кӛбі де сұқтаныс табына кіреді. Сұқтандыратын нәрселердің кӛбі-ақтек сұқтандырып қоймай, адамды ойландырады, қиялдандырады. Сондықтан түбіріндегі толғаулардың кӛбі таза толғау болмай, байымдамалау, ойламалдау болып келеді. Жоғарыда айтылған нәрселер турасында байымдау - даналық, (пәлсапалық) байымдауы болып шығады. 6. Ойламалдау Кӛңіл ырза болмаудан наразылық туады. Наразылық мұңға айналады. Мұңнан ой, қиял тебренеді. Сӛйтіп кӛңіл ырза болмағандағы шығатын толғаулар жалғыз кәңіл күйінің сӛзі болмай, ой, қиял қатысып шығады. Сондықтан мұнды толғаулар ойламалдау деп аталады. Кӛңілдін ырза болмайтын нәрселері түрлі жамандықтар, кемшіліктер, міндер. Адам қауымында жасалған адамшылық үлгі болады. Адамның ісі сол адамшылық үлгімен пішіліп, тігілмесе, адам қауымына ерсі, жаман, мін болып кӛрінеді. Адамның кӛбі-ақ ол үлгіден алыс болады. Біреулер үлгімен істеу қолынан келмегендіктен алыс болады, біреулер тіпті адамшылық үлгіні керек қылмағандыктан алые болады. Қолынан келмегендіктен алые болуы кемшілік болады. Керек қылмай адамшылық үлгісін аяғына басу — жамандық, айып болады. Еңбек, шаруалық тағысын тағылардың бәрінде де бар. Оның үстіне әр ақынның ӛз адамшылық үлгісі де болады. Ӛз үлгісіне тура келмейтін істерді де ақын теріс кӛреді. Жамандыққа, кемшілікке, мінге санайды. Оз үлгісі болсын, ӛзгенікі болсын, әйтеуір адамшылық үлгіге теріс келетін істі ақын айтпақшы. Айтқанда жай ақыл түрінде айтып даттайды да, үгіттегенде я даттағанда бүтін елдің, жұрттың 160


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

басындағы мінін, кемшілігін, жамандығын кӛрсетіп те айтады. Бір адамның басындағы мін, кемшілік жамандықтарын кӛрсетіпте айтады. Үгітті бүтін жұртқа айтса да, бір адамға айтса да, үгіт болады. Сӛгіс бір адамға бастап айтылғанда - масқаралау (әлемдеу) болады да, жұртқа қастап айтқанда — әшкерелеу (даттау) болады. Әшкерелеу де, масқаралау да екі түрлі болады: жай сӛгіс әшкерелеуі бар, күлкі қылып әшкерелеу бар. Масқаралау да сондай. Жай жамандап масқаралау бар да, күлкі қылып масқаралау бар. Жамандық адамды кейітеді, қайғыртады, мұңайтады, ренжітеді, кемшілік пен мін адамның күлкісін келтіреді. Осыған қарай толғаудың ойламалдау түрі кӛбінесе не сӛгіс толғауға, не күліс толғауға айналып кетеді. 1. Сӛгіс толғау Ӛмірдің жамандық жағына ырза болмай, міндеп шығарған сәздердің жалпы аты қазак тілінде жоқ. Сондықтан толғаудын бүл түріне сӛгіс толғау деп жанадан ат қойылып отыр.Сӛгіс толғау жамандықты жариялап, бетке басу ниетпен шығарылады. Үгіттеуден ұрысу күштірек. Жай айтудан ұялту күштірек. Сол мәніспен сӛгіс түріндегі сӛздер ел түзеу, құлық тазарту жағына кӛбірек әсер етеді деп саналады. Бұрынғы үгіт түріндегі сӛздердің орнын бірте-бірте сӛгіс толғау алып, ӛте үгіт түріндегі сӛздер жоғалмақшы. Бірақ әлі де сӛгіс толғауға ақыл айту, жӛн кӛрсету сияқты сӛздер кӛбірек қатысып, сӛгісінен үгіті басым болып кететіндері кӛп. Сӛйтіп толғау болмай, тек ақыл айту болып шығатындары кӛп болады. Асылында таза толғау болатын сӛз аз болады. Кебінесе толғаудың әр түрі араласып отырады. Сондай-ақ толғауға толғау емес сӛздер де дәйім қатысып, аралас келіп отырады. Ӛйткені, ақыл, қиял, кӛңіл деп үшке бӛлгенмен, олар бірінің ісіне бірі қатыспай тұрмайды. Жамандық екі түрлі: кешірімді жамандық бар, кешірімсіз жамандық бар. Кешірімді жамандық тек кемшілік болады да, кешірімсіз жамандық айып болады. Кешірімді жамандық - тек білмегендіктен болатын жамандық. Кешірімсіз жамандық - тек біле түра істелетін жамандық- Толғаушы толғағанда, екеуін екі түрлі толғайды. Кешірімсіз жамандықты толғағанда, бет-жүзіне қарамай айыбын айқын айтып, бетіне басып, сӛгіп толғайды. Айыбын бетіне басып кӛрсету - күйе жағып кӛрсетумен бірдей болғандықтан даттау деп те айтылады. Кешірімді жамандықты толғағанда, жамандығын, кемшілігін айқын айтпай, күлкі түрінде кӛрсетіп ұялту, арланту ниетпен толғайды. Сондықтан күліс толғау күлкілеу, келемеждеу болып шығады. Күлкі қылу, әлемдеп кӛрсетумен бірдей нәрсе. Бірақ кӛпке жаққан күйе яки таққан әлем кептің үстінде болған соң күшті әсер ете алмайды. Кӛп ішінде бір адамға жаққан күйе, таққан әлем күштірек әсер етеді. Сондықтан кӛпті 161


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

қандай даттап, сӛккенмен масқаралауға болмайды. Сезбен жеке адамды ғана масқаралауға болады. Ақын залымдықты, надандықты кӛріп, күйінгенде қандай күйге түсіп толғайтынын Абайдың тӛмендегі сӛзі кӛрсетеді: Адамның кейбір кездері, Кӛңілде алаң басылса, Тәңірінің берген ӛнері Кек бұлттан ашылса. Сылдырап ӛңкей келісім Тас булақтың суындай. Кірлеген жүрек ӛзі үшін Тұра алмас әсте жуынбай. Тәңірінің күні жарқырап, Ұйқыдан кӛңіл ашар кез. Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сӛз. Сонда ақын белін буынып, Алды-артына қаранар. Дүние кірін жуынып, Кӛрініп ойға сӛз салар. Қыранша қарап қырымға, Мұң мен зарды қолға алар. Кектеніп надан зұлымға Шиыршық атып толғанар. Әділет пенен акылга Сынатып кӛрген-білгенін, Білдірер алыс-жақынға Солардың сӛйле дегенің. Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы тіл. Не жазып кетсе, жайы сол, Жек кӛрсең де, ӛзің біл. 2. Кҥліс 162


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

Екі түрлі күліс бар. 1. Шын күлкі. 2. Сын күлкі. Шын күлкі шаттық үстінде, кӛңіл қоштанғаңда келетін күлкі. Сын күлкі нәрсе кӛңілге күдікті, ерсі кӛрінген уақытта келетін күлкі. Анау – кӛңілдің күйінен тура шығатын күлкі де, күлкілі - күйді кенілге сын тудырғаннан кейін шығатын күжі. Күлкілеу - толғауға қару болатын, соңғы түрдегі күлкі. Адамның арына тию жағынан күлкі сӛз бірнеше түрге бӛлінеді... Адам ауырлайтын да, ауырламайтын да күлкі бар. Ауыр күлкінің аты мазақ, мысқыл болады да, жеңіл күлкінің аты -сықақ, қулық болады. Ең жеңілі ойын сәз, оны әзіл деп айтамыз. а) Мазақ қылу - біреудің кемшілігін, мінін айтып құлу болады. Әдебиет жүзінде мазақ қылу кемшілік пен мінді әшкере леп жұртқа жаю болады. Бұл әлемдеп жұрт алдында ӛткізумен бір есеп іс. Мазақ түрінде күлкінің ауыр болатын себебі осыдан. б) Мысқылдау - сездің ӛңін теріс айналдырып айту. Олай айту кекесін болады. Кекесін сӛз зілді болады. Мысқыл сӛздің ауыр тиетін себебі осы. п) Сықақ пен қулық күлкі сӛздің асылында ауырламайтын түрлері. Бұлар ауырлайтын түрге айналса, онда олар сықақ та, қулық та болмай, мазақ пен мысқылдың бірінің түріне түсіп кетеді. Әзілде солай: зілсіз болса, әзіл болады да, зілді болса, ажуа, келемеж, мазақ, мысқыл сияқты күлкі түріне айналып кетеді. Біз күлгенде әуелі тек күлкі келтіретін нәрсеге күлеміз. Неден күлкі болып тұрған мәнісін тексереміз. Себебін тексеріп күлгенде, кӛңілімізді келтірген нәрсе болып шығуы да ықтимал. Олай-бұлай қайта қайғыға қалдыратын, ойға батыратын нәрсе болып шығуы да ықтимал. Ақындардың адам мініне, кемшілігіне күліп шығарған сӛздерін тек күлкі үшін шығарған сӛз деп қарамасқа керек. Ондай сӛздердің кӛбінің-ақ бергі жағы ғана күлкі болып, арғы жағы адмды мұңайтатын, қайғыртатын сӛз болуы ықтимал. (Толғау нұсқаларын нұсқалықтың 198, 275 нӛмірлерінен қара). 3. Айтыс-тартыс Айтыс-тартыс сындар әдебиеттің бір түрі екендігі жоғарыда айтылған еді. Айтыс-тартыс қазақ ақындарының айтысқаны да емес, олардың айтыстырып шығаратын ӛлеңдері де емес. Ол айтысу я айтыстырумен айтыстартыс екеуінің арасында атынан басқа жанасатын жері шамалы: екеуінің айтыс деген атымен айтса, сӛйлесу ғана ұқсас. Онан басқа бір-біріне жанасатын жері жоқтығы тӛмендегі сӛздерден мәлім болады. Айтыс-тартыстың әуезе мен толғауға да ұқсастығы аз. Әуезе (әңгіме) де ақын ез жағынан еш нәрсе қатыстырмай, басқаның басында болған уақиғаны 163


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

айтады да қояды. Айтыс-тартыста ақын ӛз басындағы емес, басқаның басындағы уақиғаны кӛрсетіп, ӛз басынан, кӛңілінің күйінен еш нәрсе қатыстырмайды. Бұ жағынан айтыс-тартыс әуезеге (әңгімеге) жақын. Әуезеде (әңгіме) бір болған уақиғаны, уақиғада болған адамдардың не істеген әңгімесін естиміз: бірак ол адамдарды, уақиғаларды кӛрмейміз. Айтыс-тартыста ақынның айтқан әңгімесін естімейміз, уақиғаның озін, уақиғада болған адамдардың ӛздерін кӛреміз. Уақиға кӛз алдымызда болып, адамдардын тіршілік жүзінде айтысып-тартысып емір шеккенін кӛреміз. Тіршілік майданында адамдардың ақылы жеткенінше амалдап, қайратына қарай қару қылып, алысқаны, арбағаны, куанғаны, жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйінгені, күйінгені, жауласқаны, дауласқаны, бітіскені, жарасқаны ӛмір жүзіңдегідей кӛрініп, кӛз алдыңнан ӛтеді. Бұл шын ӛмірдің ӛзі емес, нәрсенің айнаға түскен сәулесі сияқты, ӛмірдің аланда кӛрсетілетін сәулесі ғана. Бірақ нәрсенің айнаға түскен сәулесі қандай айнымайды, бұ да сондай шын ӛмірдің ӛзінен айнымайтын сәулесі. Айтыс-тартыстағы уақиғалар, адамдар асылында болған заттар емес, ақын ӛзі жасаған, ақын қиялынан туған заттар. Ақын адамдарын жасап, ауыздарына сӛздерін салып, істейтін істерін дағдылап, ал істей беріңдер деп, ӛзі ғайып болып кеткен сияқты. Айтыстартыста ақынның ӛз тарапынан еш нәрсе сезілмейді. Әуезеде (әңгіме) уақиғаны сейлеу - айтыс-тартыста ақын ӛзі сӛйлемей, ӛзгелерді сӛйлетіп, айтыстырып-тартыстырып жіберіп, ӛзі бейтарап болып, тек қызығына қарап отырып қалған сияқты болады. Мұнда ӛткендік жоқ. Осы уақытпен кӛрсетіледі. Әуезе (әңгіме) ақын айтқанынан ӛткен уақиғанын әңгімесін естиміз, айтыс-тартыста уақиғаны біреудің айтқанынан есітіп білеміз, кӛзбен кӛріп те білеміз. Әуезе мен айтыс-тартыс арасындағы зор айырыс осы. Айтыс-тартыс пен толғау арасында да айырыс зор. Айтыс-тартыста ақын ӛз тарапынан еш нәрсе сӛйлемегендіктен, ӛзі сезілмей тек қиялынан туған адамдар бәрін істеген сияқты болып кӛрінеді дедік. Толғау ақынның ішкі ғаламының сӛзі болғандықтан, мұнда да сӛзі мен ӛзі кӛрсетіп отырады: толғауда ақынды қабағын қарс жауып, қайғырып тұрған күйінде де, беті гүлгүл жайнап қуанып түрған күйінде де, сүйінген күйінде де, күйінген күйінде де, тарыққан, зарыққан, жабықкан күйінде де, шаттанған, марқайған, масайраған күйінде де кӛріп отырамыз. Айтыс-тартыста ол жоқСӛйтіп айтыс-тартыс пен әуезенің (әңгіме) арасындағы да, толғау мен айтыс-тартыс арасындағы да айырыс зор. Бірақ айтыс-тартыс пен әуезе (әңгіме) екеуінің арасы толғау мен айтыс-тартыс екеуінің арасынан жақынырақ. Ӛйткені, бірі уақиғаны айтып білдірсе, екіншісі уақиғаны кӛзге кӛрсетіп таныстырады. Екеуі де тысқы ғаламның хабары, тысқы ғаламның езі. Бұлай дегеннен айтыс-тартыс тысқы ғаламның сӛзі деп те түсіну керек 164


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

емес. Асылында айтыс-тартыс — ішкі ғалам мен тысқы ғаламның түйіскенін кӛрсететін сез түрі. Адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі деген сӛзді түсінікті болу үшін азырақ баяндап ӛтейік. Адам бала күнінде тысқы ғаламдағы кӛзге кӛрініп, денеге сезіліп тұрған нәрселерді ғана танумен болады. Есі әбден кіргенше ӛзгеден ӛзін айырмайды. Ӛзгенің істегенін істеп, дегенімен болады. Есейген сайын ӛзінің ӛзгеден басқалығын біліп, ӛзіне ұнағанын істеп, ұнамағанын істемей, қиықтық шығара бастайды. Ер жеткен сайын дүниенің ісіне ӛзінше сүйініп, ӛзінше күйініп, ӛзінше жол тұтып, ӛзінше әміріне жол белгілеп, жақсылық, жамандыққа ӛз кӛзімен қарап, езінше сынап, ӛзінше бағалап, ӛзінше пікірлейтін болады. Ӛз алдына мұңы, мұраты, мақсаты, мүддесі болып, сол мұрат-мақсатына жету талабына кіріскен жерде тысқы ғаламға тиісті жердің шегіне келіп, ішкі ғалам мен тысқы ғалам екеуі кездеседі. Сонда ішкі ғаламның ниетіне тысқы ғаламның шарттары тура келмей, екеуі ілінісіп ұстаса кетеді. Задында, тіпті мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң оның кӛңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды; кӛңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы да тұрмайды. Кӛңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы ғамалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады. Біреу жер жүзін ӛзіне қарату, бағындыру талабында болады, біреудүниеге атағын жаю талабында болады, біреу дүниенің сырын танып, адамның кӛзін ашып, білімін арттыру талабында болып, сонымен ӛмірін ӛткізеді. Біреу адам баласын теңгеріп, арасына әділдік орнатып, дүниеден жұмақ жасау талабында болып, ӛмірін сонымен ӛткізеді. Біреулер тек дүние жию, бай болу мақсатымен ӛмір ӛткізеді, әйтеуір тілеусіз, мақсатсыз адам жоқ- Аз болсын, кӛп болсын әркімнің мүддесі бар; ұлы болсын, ұсақ болсын әркімнің мұраты бар. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соңталассыз, тартыссыз да адам жоқ. Әркім әліне қарай таласады, тартысады. Талас-тартыс — табиғаттың негізгі заңынын бірі. Табиғаттас жүрек, қанша ӛтініп жалынсаңда, жағынсаң да ӛзінің заңынан бүрылмайды. Табиғаттың заңы қатты, үкімі рақымсыз, жолы толып жатқан кер мен кедергі, ісі шынжыр қатар тірескен себеп пен саддар болып, алды-артынды ораған шырмау. Ӛз еркім ӛзімде, оз ісіме ӛзім қожа, езім себеппін деп жүрген адам тұрмыс ісінің орауынан, шырмауынан әрі аса алмайды. Табиғат заңы — мейірімсіз, мерзімсіз бір тағдыр. Дауылды тоқтатуға, жазды ұзартуға, қысты қысқартуға, суды жоғары ағызуға еш адамның қолынан келмейді. Сол сияқты табиғат заңы адамда да, адам әлеуметіңде де бар. Адам қанша дана, білімді болса да, қанша қаһармен қайратты болса да, 165


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

әлеумет оның мақсатын ұқпайтын болса,қайраткер қамалға жалғыз шапқан батырдай әлек болады. Ұстасу әркімнің әліне қарай түрлі болады. Біреу ұстасу жолында әлек болады, біреу азап шегеді. Біреу құр әуре болады. Кейбіреулердің айтқаны келіп, сӛзі дұрыстыққа шығады. Осыны кӛрсететін әдебиет түріне тек айтыс дегеннен айтыс-тартыс деген ат сәйкесірек болады деуіміздің мәнісі осы. Мұнан былай қарай я айтыс-тартыс, я ұстасу деген атын қолданамыз. Жоғарыда айтылған сӛздерден кӛрініп тұр: 1.Ұстасу - жалғыз тысқы ғаламды сӛйлейтін әуезе де емес екендігі, жалғыз ішкі ғаламнан хабар беретін толғау да емес екендігі, бұл ішкі ғалам мен тысқы ғаламның ұстасуынан шыққан әуезе мен толғау екеуі де бар дүбәра сӛз болатындығы. 2.Шығарма ұстасу болу ұшін мазмұны адамның дүрілдеген, дуылдаған, бұрқырақты, дауылды ісі болу тиістігі. 3.Ұстасушының және басқа ұстасу бұрқағының ішінде жүрген адамның мінезі, құлқы, мүңы, мүддесі, ниеті, мұраты барша сырсипатын баяндайтын болган соң сӛйлеген сӛзінен, істеген ісінен, ұсқынынан, әлпетінен, әдетінен кӛрінерге тиістігі. 4.Ұстасудың мақсаты тысқы ғаламға қарсы жұмсаған ішкі қайрат болған себепті, ол қайратты жұмсатып отырған белгілі бір мақсат болған соң, ұстасуда кӛрсететін ғамалдар ойламаған жерден шыққан уақиға сияқты болмай, мақсатты қайраттан туған ғамалдар болып кӛрінуге тиістігі. Ескерту: Мақсатты қайраттан туған ғамал болу үшін ол ғамал мұрат жолына жұмсалған ғамал болуы керек. Олай болмаса, ғамал ойламаған жерден шыққан тек уақиға ғана болады. Мәселен, екі адам сӛзден ілінісіп, тӛбелесіп, біреуі ӛліп қалды. Бұл қайғылы уақиға болды. Бірақ ұстастыру шамасына сүрлеу бола алмайды. Егерде жылқыға тиген ұрыны ӛлтірсе, ол ойламаған уақиға болмайды, ӛйткені ұрының мұраты ұрлықпен күн кӛру, ұрлықпен мал жию еді. Оның жылқыға тиюі мұратының жолында істеген мақсат ғамалы болады да, ӛлуі мұратына қарай алған сыбағасы болады. Екінші мақсатты кайраттан туган ғамал болу үшін кезіне келген шабыттың ғана ғамалы болмай, құмарлық, әуестік сиякты мінез қулык табиғатында бар негізді ынтасындағы мақсаттан туған ғамал болуы керек. Кайраткер жаны сол ынтасында болады. Үшінші. Ынта тек ынта күйінде ғана құмарлық, әуестік күйінде қалмай, іске айналса ғана мақсатты қайраттан туған ғамал болады. Ынтасына лайық мұраты болса, мұратына жетуге істеген жеделді ғамалы болса, сол ғамал мақсатты қайраттан туган ғамал болады. Ынта ғамалға айналмаса, ішкі ынта болады да қояды. Ісі жоқ құр ынта кәдеге аспайтьш бұйым сияқты, нӛл сияқты мәні де, мағынасы да жоқ нәрсе. Оған мән мен мағына бел байлап 166


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

кірісіп, белсеніп істі істей бастағаннан былай қарай пайда болады. Ұстасу осы бел байлағаннан басталады. Бел байламай, белсенбей тұрғанда, ынта кӛңілдің күйі ғана, ойлану, толғану ғана болып отырады. Бел байлап, іске кіріскен соң толғау қалады, ұстасу басталады. Бір жағында ғамалға шапқан батыр сияқты қайраткер, бір жағында оның қайратына қарсы кӛрме тартып, кедергі қойып, жолын бӛгеген табиғат заңы, табиғат тағдыры, әлеумет әдеті, әлеумет бӛгеті. Ұстасудың үш дәуірі болады: 1. Байланыс. 2. Шиеленіс. 3. Шешіліс. Ұстасудың бұл үш дәуірі күресу дәуірлері сияқты. Байланыс - балуандардың белдерін буынып, білектерін сыбанып, балтырларын түрініп, күреске шығып ұстасқаны есебіндегі дәуірі. Шиеленіс - балуандардың әдіс-амал, күш, ӛнер бәрін жұмсап, қайрат қылып күресті қыздырған шағы сияқты дәуір. Шешіліс - балуандардың бірін-бірі жыққан мезгілі сияқты дәуір. Ұстастыру шығармалары қайраткерлердің түріне қарай үшке бӛлінеді. 1. Әлектеніс. 2. Азаптаныс. 3. Әуреленіс. Әлектеніс Ұстасушы адамқас қайраткер болса, яғни оқталғаннан қайтпайтын, ұмтылғаннан тайынбайтын, кӛздегенінен күдер үзбейтін, азға айналмайтын, зордан-зорға, артықтан-артыққа ұмтылатын, жамандыққа жасымайтын, мұқтаждыққа мұқалмайтын я қайнаған қайраттың адамы болса, ұстастыру әлектеніс болып шығады. Бұл сипатты адамдар тыныштықпен ӛмір сүре алмайды. Ӛйткені кӛздеген мақсатының, ойлаған мұратының жолында неден де болса қайту жоқ, оның мақсат-мұратына ӛзгелердікі тұс келмейді. Тұс келмеген соң, оның бәрі де мұның жолына керме, кедергі болып, қалаған жӛнімен жүргізбейді. Қас қайраткер қайсарлығымен ол бӛгетке тоқтамай, бұзып ӛтемін дейді. Онысы ӛзгелердің жеріне түсу, жау іздеу болып кӛрінеді. Топпен күресуге күші жетпей, ақырында әлек болады. Асылында әлек болуына кайраткердің ӛзі жазалы: жазығы — бойға біткен қайраты, жігері, жетесі, ынтасы. Қайраткер басын бәйгеге тігіп іс қылуын айып кӛрмейді, адамдық деп біледі. Басын қорғап, мақсатын іздемей қалу оған ӛлім. Екі ӛлімнің қадірлісін тандап алмау масқаралық деп біледі. Қалайда әлектеніс қайраткері қатардан қара кӛрінім ілгері, артық адам болады. Қысқасынан айтқанда, әлектеніс қайраткері жанынан арын, намысын артық кӛріп, намыс үшін ӛлетін, кез келген жерде жанын арына садаға қылатын адам болады. Енді ондай адамның ар мен намысына тиетін дүниеде іс кӛп, сондықтан ондай адам ақырында әлек болмай қалмайды. Құмарпаз адамдар құмарлығының құлы болып, соның дегенімен болып, соның айдауында жүріп, құмарлық құрбаны есебінде әлек болады. 167


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

2. Әуреленіс Әлектеністің қайраткері қатардан қара кӛрінім биік адам болса, әуреленістің кайраткері қатардан қара кӛрінім темен адам болады. Биік нәрсе қандай сәулетті, кӛзге кӛрнекті, кӛңілге тамаша кӛрініп сұқтандырса, тандандырса, тӛмен нәрсе ӛзінің темендігімен, ұсақтығымен кӛзге күйкі. Кӛңілге олқы кӛрініп, күлкінді келтіреді. Сондықтан әлектеністің сүйініші сүйіндіріп, күйініші күйіндіріп, күштілігімен кӛңілді алып кетеді де, әуреленістің сүйініші адамның арын кетіріп, ыза қылып, күйдіреді, күйініші адамды мәз қылып күжісін келтіреді. Сӛйтіп, әуреленістің ұстаушылары ұсақтығымен, адамшылығы аздығымен адамның адам намысын келтіріп, арландырады да, әурешілігімен күлкінді келтіріп, мәз қылып кӛңіліңді кӛтереді. Әуреленістің қайраткері әлектеністің адамындай ұлы мақсатты адам емес, кемшілігі кӛп, адамгершілігі жоқ, қарапайым қалыпты адамдардың бірі болады. Оның таластартысында ұлы мақсат, үлкен іс болмайды, ұсақ, тілеу, ептеуден ары аспайды. Ондай ұсақ нәрселердің талас-тартысқа айналуы да қайраткері нашар болып, ұсақ іске де шамасы келмегендіктен болады. Еп қылмайтын жерге еп жүргіземін деп, сеп керек емес жерге сеп іздеймін деп, сара істерге амал-айла, қулық-сұмдық қыламын деп, босқа арам тер, босқа әуре болады. Сондықтан да ұстастырудың мұндай түрі әуреленіс деп аталады. ¥стастыру түріндегі сӛздер әрқайсысына түр беретін қайраткерлеріне қарай сипатталады. Әлектеністің қайраткеріне тек «Қайраткер» деген ат қанша олқы кӛрінсе, әуреленістің қайраткеріне «Қайраткер» деген ат сонша үлкен кӛрінеді. Мүның қайраткері кӛбінесе сасық пікір, пасық ой, адалдықты білмейтін, арамдықтан жиренбейтін нашар кұлыкты, адамгершілігі жоқ, сана-саңылауы кем, босқа лаққыш, жоққа нанғыш, битке пышақ суырғандай, кӛздей істі келдей қылып, боска пысықсып, босқа жанып, қайратын, күшін, онерін жоққа сарп қылып, арам тер болып, босқа бусанып, босқа біленіп, босқа сабылатын адам. Мұндай «қайраткердің» қайраты босқа жанады, босқа сӛнеді. Сенгеніне адам күйінбесе, сүйінбейді.

168


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

169


Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш

170

adebietan  

Ахмет Байтҧрсынов. Әдебиет танытқыш 1 Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласыз қара кӛзі нұр жайнайды. Жіңішке қара қасы сызып қойған, Бір...

Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you