Page 1

4

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫН ТАНЫТҚАН,

ПАРАСАТ ПЕН

ПАЙЫМ

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ: ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ

ЕЛБАСЫ МАНИФЕСІ – БҰҰ РЕСМИ ҚҰЖАТЫ Рано УБАЙДУЛЛАЕВА, облыс əкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММның басшысы.

Барак ОБАМА, АҚШ-тың бұрынғы Президенті.

«Президент Назарбаев – əлемдік саясаттағы ең беделді тұлғалардың бірі. Оның «Ядролық қарусыз əлем» жобасы əлем көшбасшыларын таңғалдырған жоба болды. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып, əлемдегі ең бейбіт, тұрақты мемлекет құрудың жарқын үлгісі болды. Ядролық қарудан бас тарту арқылы қазақстандықтар əлем елдерінің қауіпсіздік кепіліне ие болды. Бұл өз кезегінде Қазақстанды əлемдегі ең тұрақты мемлекетке айналдырды». «Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты жəне өркендеген мемлекет ретінде өз дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісіндегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін жəне мен Сіздің ұлтаралық жəне діни төзімділікті ілгерілету жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын». Абдулла ГҮЛ, Түрік Республикасының бұрынғы Президенті. « Ə р ке л ге н і м д е г ү л д е н е т ү с ке н і н е ку ə болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең əсем нышандарының бірі деп білеміз».

Ангела МЕРКЕЛЬ, ГФР Канцлері.

«Жауапты міндеттерді одан əрі атқару үшін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа зор табыстар мен сəттілік тілеймін. Экономикалық, қоғамдық жəне саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Германия тарапындағы қолдауға сенім арта алатын болады».

Хуан КАРЛОС І, Испания Королі. «Қазақстан осы жылдар ішінде айтарлықтай нəтижелерге жетті. Бірлескен жұмыстарымыздың арқасында біздің мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып отырғаны мені ерекше қуантады. Мен ел Президенті Н. Назарбаевтың күшқуатының арқасында Қазақстан өміріндегі жаңа кезең тағы үлкен прогреспен жəне халықтың əлауқатының артуымен белгілі болатынына сенемін».

Режеп ТАЙЫП ЕРДОҒАН, Түркия Президенті.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластықты нығайтуға аянбай тер төгіп келеді. Мен Қазақстан Президентін үлгі тұтатынымды жасырмаймын». Джордж БУШ, АҚШ-тың 1989-1993 жылдардағы Президенті. «Қазақстан Президентінің «ядросыз əлем» жобасы бұл – жаһандық саясаттағы ешкім қайталай алмайтын қадам болды. Мен жəне Америка халқының Нұрсұлтан Назарбаевқа жəне Қазақстан халқына қашанда ілтипаты ерекше. Н.Назарбаевтың қиын-қыстау кезеңдердегі ұстанған саяси жəне экономикалық реформалары – əлемдік саясаттағы үлкен жетістік деп білеміз. Бұдан əрі де Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық, ынтымақтастық байланыс нығая түсетініне сенімім кəміл».

Қазақстанның əлемдік саясатта алар орны ерекше. Тəуелсіздік алған 25 жылдың ішінде біз халықаралық қауымдастықта бейбітшілікті жақтаушы ел ретінде танылдық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Əлем. XXI ғасыр» атты манифесі Біріккен Ұлттар Ұйымының екі негізгі органы Бас Ассамблея м е н Қ ау і п с і з д і к Ке ң е с і н і ң ресми құжаты мəртебесіне ие болуы – осының айқын дəлелі. Бұл халықаралық қауымдастық алдында Мемлекет басшысының мəртебесінің жоғары екендігін көрсетеді. Жалпы, күллі адамзат үшін бейбітшілікті сақтаудың негізгі жолдары көрсетілген құжат несімен құнды? Алдымен соған тоқталайық. Ядролық қару – жаппай қырыпжоятын күшке ие. Химиялық, биологиялық қарулардан бас тартқанда ғана жаһандағы елдердің жан тыныштығы сақталмақ. Əлемде бейбіт өмір орнауы жəне елдердің бір-бірімен бейбіт қатынастарда болуы үшін мемлекет басшылары неге баса назар аударуы қажет? Елбасы манифесінен осы сұрақтың жауабын табуға болады. Қазақстан Президенті бұл манифесін дер шағында, нағыз керек ке зде жариялады. Себебі, қазір əлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұр. Əлемдік қауымдастық дауласқанды

ӨМІ

татуластыратын, жауласқанды жақындастыратын с а лиқа лы сөз, салмақты ойға мұқтаж. Ал бейбітшілікке шақырған біздің Көшбасшымыздың үндеуі сол талаптардың үдесінен толығымен шығып отыр. Татулықтың, достықтың туы қашанда биік. Елбасы əрдайым ел бірлігінен асқан байлық жоқ екенін е ске с алып отырады.

БРА ТТ Ы Р ДІҢ ҒИ

Көшбасшымызға қолдау көрсеткен халқымыз да берекені шақырған ы н т ы м а қ т а с т ы ғ ы н с а қ т ау ғ а тырысады. Соның арқасында елімізде сан түрлі этно стың өкілдері тату-тəтті тірлік кешіп жатыр. Осы жылы Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен

«Тəуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өткені мəлім. Сол жиында Мемлекет басшысы «Еліміздің тəуелсіздік тарихы – татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі, мызғымас бірліктің жылнамасы. «Байлық та, бақыт та – бірлікте» дейді ха лқымыз. Еліміздің əлемге

сыйлы, бай да бақуатты мемлекет болуына татулығымыздың тұтқасы – Ассамблея зор үле с қо сып келеді. Мен қоғамның барлық салаларында жемісті еңбек етіп жүрген сан түрлі этнос өкілдеріне зор ризашылығымды білдіремін», деген еді. Расында да, біз 25 жылда татулығымызды сақтау арқылы əлемге танылдық. Қасиетті қазақ жері тағдырдың түрлі тəлкегімен тоғысқан этностар үшін құтты мекен болды. Біз 2025 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының даму жəне қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға тиістіміз. Тұжырымдамада көрсетілген басты міндеттер – Елбасының бес институционалдық реформасы аясында «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, азаматтық приципке негізделген біртектілік пен бірлікті н ы ғ а й ту. Қ а з а қ с т а н д а т ү рл і мəдениеттер мен өркениеттердің қатар, бейбіт өмір сүруінің бай тəжірибесі қалыптасқан. Мемлекет басшысы əлемде бейбітшіліктің берік орнығуы жолында көптеген істерге бастамашы болды. Бейбітшілік пен тұрақтылық – ел Президентінің ішкі жəне сыртқы саясатының басты бағдары. Тəуелсіздігіміздің 25 жылында қол жеткізген табыстарымыз елдегі татулықтың жемісі десек, бұл жетістіктердің барлығын Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыруға толық хақымыз бар. Тараз қаласы.

КОНФЕР ЕН Ц

СӘТТЕРІ

ИЯ

ПРЕЗИДЕНТПЕН ЖЕТІ РЕТ ЖҮЗДЕСТІМ ЖАС МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫН ПАРАҚТАСАҢЫЗ, ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ АРТУЫНА БІРДЕН-БІР ЫҚПАЛ ЕТКЕН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ТӘУ ЕТЕР ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ЕКЕНІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗЕСІЗ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЛАРЫНДА, ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА БАСТЫ СЕРПІН БЕРЕТІН, ҚОЗҒАУ САЛАР САЛАНЫҢ БІРІ – ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІН НАЗАРЫНАН ҚАЛЫС ҚАЛДЫРҒАН ЕМЕС. СОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЕЛДЕ КӘСІПОРЫНДАР КӨПТЕП АШЫЛДЫ. ӨЗІМ БАСҚАРЫП ОТЫРҒАН ШАҒЫН ӨНДІРІС ОРНЫ ДА ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗБЕН БІРГЕ ӨСІП-ӨРКЕНДЕП, ҚАНАТЫН КЕҢГЕ ЖАЙДЫ.

Сəуле РЫСБАЕВА, «Рысбаева жəне Ко» ЖШС-ның директоры. « Р ы с б а е ва ж ə н е Ко» жауапкершілігі ш е к т е у л і серіктестігі Тəуелсіз мемлекетімізден небəрі үш ай ғана кіші. Биыл Тəуелсіздігімізге 25 жыл толса, келесі жылдың наурыз айында біздің өндіріс орны 25 жылдығын тойлайды. Егемен еліміз секілді серікте стігіміздің де өрлеу-өсу кезеңдерінің ширек ғасырлық даму тарихы қалыптасты. Сол шежірелі жылдардағы Елбасымен жүздескен сəттердің əсері ерекше естен кетпейді. Елбасымен мен алғаш 1995 жылдың 5 наурызында кездестім. Сол жылы Тараз қаласында «Баласағұн» орталық концерт залында тұңғыш рет іскер əйелдердің форумы өткен. Үзілісте Президент екінші қабатқа көтеріліп, бір топ кəсіпкерлерді сөзге тартты. Өңіріміздегі он шақты кəсіпкер ұйымдастырған көрмені тамашалады. Осы сəтті пайдаланып, «Нұрсұлтан Əбішұлы біз тек өндіріспен айналысамыз, өнімдерімізді көресіз бе?» дедім батылсыздау үн қатып. Ол кісі сөзге келме стен, біздің стендке қарай бұрылып, істі қалай бастағанымызды сұрады. Сонда жасаған мөрлеріміздің бірін қолына алып тұрып: «Бұл еуропалық үлгідегі бұйымдар екен, қазір өте қажет дүние, өзгелер де енді ала дорбаны қойып, өндіріске көшу керек осылай» дегені əлі есімде. Президентпен келесі жолы 1996 жылы 6 наурызда жүздестім. 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні мерекесіне орай Елбасының қабылдауына Алматы

резиденциясына шақырылыппын. Бұл кездесуге баруға облыстан «Юнчи» өндірістік бірлестігінің сауыншысы Ва лентина Иванова екеуміздің кандидатурамыз ұсынылыпты. Мемлекет басшысын үшінші рет облысымызға келген жұмыс сапары барысында көрдім. Президент бұл жолы біздің өндіріс орнына келді. Ол кезде серіктестігіміз шағын еді. Он-он бес қана маман жұмыс істейтін. Əйтсе де, Елбасымыз мекемеміздің жұмысын жақсы бағалап, мемлекетке салық төлеп, тұрғындарды жұмыспен қамтып отырғаныма ризашылығын білдірді. Бір жылдан кейін желтоқс ан айында Мемлекет басшысымен тағы да «Баласағұн» орталық концерт залында кездестік. Президент Таразға келген іссапары барысында Жамбыл жұртшылығымен кездесу өткізді. Сол жолы да сəті түсіп, Елбасымен б і р е р ау ы з т і л д е су м ү м к і н д і г і бұйырды. Ол кісі жұмысымыз туралы сұрады. Ал 2000 жылы кəсіпкерлер форумында тиісті адамдарға тапсырма беріп, серіктестігімізде туындаған қ и ы н д ы қ т а рд ы ш е ш у ге ы қ п а л еткен. Бір жылдан кейін 8 наурызда Президенттің қатысуымен өтетін əйелдер мерекесіне тағы шақырылдым. Сол жылы Тəуелсіздігіміздің 10 жылдығына орай ре спубликалық іскер əйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шарада Елбасымен тағы да жүздесудің сəті түсті. Форумда көпшілік арасынан көзі шалып қалған болуы керек, «Сəуле, қал қалай?» деп жағдайымды сұрады. Бұлай болады деп күтпегендіктен шығар, қатты таңырқап əрі қуандым. «Ұлық болсаң, кішік бол» демей ме?! Көшбасшымыздың нағыз осындай жан екеніне көзім жетті. 2005 жылы 25 сəуірде Президент кезекті іссапармен

Алина Квактың нды жобасы жоғары бағала Жамбыл жеріне келді. Бұл өңірдегі кəсіпорындар қатары едəуір артқан кез. Мемлекет басшысы жаңадан іске қо сылған кірпіш зауытының ашылу салтанатына қатысып, сол жерде облыстағы өндіріс орындарының көрмесімен танысты. О с ы ке зд е с ул е р д і ң е р е к ш е əсерлерін қағазға түсіріп, осыдан бес жыл бұрын «Елбасымен жеті рет жүздесу» атты кітап шығардым. Тəуелсіздіктің 20 жылдығына осылай тарту жасағым келді. Ал биылғы 25 жылдыққа, Тұңғыш Президент күніне дайындаған сыйым, тіпті, өзгеше. Мемлекет басшысының кəсіпкерлерге əлеуметтік жауапкершілікті ұмытпау керектігін е скерткен болатын. Бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тəрбиемен қамтуға өз үлесімді қосып, «Балапан» бағдарламасы аясында мемлекеттік-жеке меншік əріптестікті дамыту жəне бəсекеге қабілетті білімді əрі өнерлі жастарды тəрбиелеуге өзіндік үлесімді қосу үшін «A-Status» кешенін аштым. Мұнда 3-тен 11 жас аралығындағы балалар қабылданады. Бұл менің мерейлі мерекелер қарсаңында елге арнаған тартуым. Тəуелсіздік бізге өз кəсібімізді ашып, үлкен іспен айналысуға мүмкіндік берді. Ендеше, біз де Тəуелсіздігіміздің басты табысы не екенін іс жүзінде көрсетуіміз керек. Тараз қаласы.

Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».

Аудан орталығындағы №51 орта мектепте аудандық «Жастар коммуналдық-ре сурстық орталығының» ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017 – болашақтың энергиясы» тақырыбында аудандық конференция өтті. Жиналғандардың алдында ауданның көптеген мектептерінің үміткерлері өз жобаларын қорғады. Қатысушылар алдымен өздері таңдап алған тақырыптың мəнін ашатын көрме таныстырды. Баламалы энергия көздерінің артықшылығын насихаттайтын түрлі иллюстрациялар мен суреттерді, макеттерді көрсетіп, оларды пайдаланудың табиғат қорғаудағы маңыздылығын ашуға тырысты. Тақырыпты мейлінше жан-жақты ашып көрсеткен аудан орталығындағы №2 мектептің алтыншы сынып оқушысы Алина Квактың жұмысы жоғары бағаланды. Ол өз жобасында еліміздегі ЭКСПО тақырыбына айналып отырған жасыл энергия көздері – судан, желден жəне күннен электр қуатын өндіру тəжірибелері Қордай ауданында аса белсенділікпен қолға алынып жатқанына жергілікті мысалдардан деректер келтірді. Қордай асуында желден қуат өндіретін алып генераторлардың саны уақыт өткен сайын көбейіп келе жатқандығын тілге тиек етті. Жеңімпазға ұйымдастырушылар атынан бірінші дəрежелі диплом жəне бағалы сыйлық – микротолқынды пеш тарту етілді. Сондай-ақ, Отар, Қақпатас, Ноғайбай, Степное ауылдарынан қатысқан оқушылардың жұмыстары да əр қырынан атап өтілді. Қордай ауданы.


1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні

ЕЛБАСЫМЕН АТТЫ АРАЙЛЫ ЖАРЫҚ ТАҢ!

ПАРАСАТ ПЕН ПАЙЫМ

ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

Сабырғали РЫСБАЕВ, аудандық мəслихат аппаратының басшысы.

Жұмыр басты пенденің ешқашан есінен кетпес сəулелі сəттері болады. Арқабек аға үшін де сондай бір айтулы мезет 2006 жылғы мал шаруашылығын дамыту бойынша «Жамбыл облысының үздік кəсіпкері» ат анып, өзі қатарлы ел таңдаулыларымен Мемлекет басшысының Астанада өткізген кездесуіне қатысу мəртебесіне ие болуымен байланысты орын алған еді. Сол жиында Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзіне қазақы дəстүрге сай əулиеаталықтар атынан жез жағалы ақ шапан əкеліп кигізген Арқабек ағаны арнайы қасына шақырып алып, бірге суретке де түскен. Үлкен кісі өзінің кəсіпкерлік саласында қол жеткізген жетістіктеріне ризашылық білдіріп: «Маған айтар қандай тілек-өтінішің бар?» деп сұрағанында Арекеңнің бөгелмей, «Менің ең басты тілегім сол – деніңіз сау, өміріңіз ұзақ болсын! Халықтың да тілейтіні осы» деп жауап бергені есінде. – Шын мəнінде Елбасымен бірер сəт сұхбаттасқанның өзінде өн бойыңа от тарап, қуаттана түскендей болады екенсің. Ол кісінің ойлағаны да үлкеннің де, кішінің де – барша қазақстандықтардың ештеңеден кемдік көрмей, бақытты һəм бақуатты өмір сүруі ғой. Осы тұрғыда бағытбағдар беріп, көмек-қолдау көрсетіп, кəсіпкерлерді де жаңа жетістіктерге жігерлендірумен келеді. Президентіміздің сол жолы маған да айрықша сенім жүктеуі күш беріп, қанаттандыра түсті. Ел үшін еңбек етудің азаматтық борышымыз екенін шынайы сезінгендей болдым.

ҰЛТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ВА

с е п т е к н е т с Е елеулі сәт

Ел игілігін еселеп арттыруда Мемлекет басшысының сеніміне ие болған, шарапатына бөленген а з а мат т а р к ө п - а қ . Ме н д е солардың бірімін деп ойлаймын, – дейді аудандық мəслихаттың хатшысы Арқабек Төлебаев. Елбасымыздың бір сөзінде «Туып-өскен жер ыстық қой, дүниенің қай түкпірінде жүрсем де туған елім, туған жерім ешқашанда есімнен шыққан емес. Қаскелең мен Шамалғанның дəл үстінен ұшып бара жатқанда жүрегім лүпіл қағып, ерекше сезімге бөленемін» дегені бар. Бұл туған жерге деген махаббат, ыстық сүйіспеншілік. Осындай сезім Арқабек ағамызды да жиі баурайды. Қыруар игілікті істер тындырып, ел-жұртының ықыласына да бөленіп жүр. Алайда, жасаған жақсылығын

жарнамалап, еңбегін сатуды аса ұната да қоймайды. Жастайынан еңбекке араласып, кəсіпкерлік қырымен де танылған азаматтың облыстың, Тараз қаласы мен Талас ауданының экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі қомақты-ақ. Қоғамның қан тамыр бүлкілін тап басып, тани білген Арекең сонау сексенінші жылдардың өзінде жалгерлікмердігерлік ұжымдық жəне жекеменшіктік сауда ұйымдарына басшылық жас ап тəжірибе жинақтап, кейін көпсалалы « Т ө л е б а е в » а г р о ф и рма с ы н құру арқылы нарықтық қарымқатынас т алапт арын те з-ақ меңгеріп кеткен-ді. «Сұңқар олжасын шашып жейді» деген қағидатты ұстанып, атымтай жомарттығымен де аты шықты. Осы жылдар ішінде соғыс жəне

ЛЮТА

Кез-келген мемлекеттің тарихына бір рет қана енгізілетін жəне э ко н ом и ка л ы қ т ə уе л с і зд і г і н і ң символы болып табылатын валютасының тарихы да кіреді. Ұлттық ақша бірлігін енгізу нарықтық экономиканы құруға бағытталған дербес экономикалық саясатты жəне құрылымдық қайта құруды іске асыру үшін негіз болды. Осы жылдар ішінде біздің еліміз əлеуметтікэкономикалық салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің э ко н о м и к а л ы қ ж е т і с т і к т е р і н ұлттық валютаның айналымын қа лыпт асуымен байланыстыра отырып, теңгенің бірнеше даму кезеңін атап өтуге болады. Ке з - ке л ге н м е м л е ке т ө з і н і ң банкнотасын өзгелердікіне ұ қ с а м а й т ы н д а й е т і п ж а с ау ғ а тырысады. Ондай ізденісті еңбек біздің елімізде де бар. Қазақстандық

Талас ауданы.

ЖЫЛЫНА 300 ТОННА ГЛИЦИРРИЗИН ШЫҒАРАДЫ Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол».

ТӨЛ ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ Айдайбек ХАЛЫМБЕТОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының директоры.

еңбек ардагерлеріне, Ауған соғысына қатысушыларға, табысы төмен отбасыларына, қарттар үйі мен үкіметтік емес ұйымдарға, мектептерге, спорттың дамуына жасаған демеушілік көмектерін айтып тауысу тіпті мүмкін емес. Жүрегі «елім, жерім» деп соққан азаматтың Мəскеу қаласынан ашылған қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке 300 000 доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетіп, Мəскеу мэрі Ю.Лушковтың а лғысы мен арнайы марапатына ие болғанын біреу білсе, біреу білмейді. Отансүйгіштіктің, ел мен жерді, ұлы тұлғаларымызды ұлықтаудың үлгісі дегеніміз осы емес пе!? А.Төлебаевтың ауылдарда білім, мəдениет жəне денсаулық

сақтау нысандарын салудағы еңбектері де өзінше бір төбе. «ҚР Құрметті құрылысшысы» төсбелгісі мен Тараз қаласы мен Талас ауданының Құрметті азаматы атақтарына ие болуы оның еңбегіне берілген əділ баға екені анық. Бүгінде ол аудандағы мəслихат депутаттарын ортақ игілікті үстеу ісіне жұмылдырып та отыр. Елбасы – біреу, қалғанымыз оған тіреу бола білуіміз керек. Өйткені, алдымызға ел дамуының ғаламат ауқымды міндеттері қойылып отыр. Елбасының əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі 5 реформа – «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын нақты іс жүзіне асыратын да халық – сіз бен біз, кəсіпкерлеріміз екені анық. Құдайға шүкір, бүгінде жеріміз құтты, еліміз бақытты. – З а ма н ы м ы зд ы ң з а ң ғ а р тұлғасы, Алаштың біртуар ұлы, Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев еліміздің мемлекеттілігі қалыптасып, дамуы, өсіп-өркендеуі, болашағымыздың бұдан да жарқын, нұрлы болуы жолында аянбай еңбек етумен келеді. Тəуелсіздігіміздің ширек ғасырлық тарихында Қазақ елі жетпіс жыл дəуірлеген кеңестік кезеңде қол жетпеген ғажайып жетістіктерді игерді. Е л б а с ы м ы зд ы ң к ө р е ге н д і к қасиетінің арқасында даму жолымыз сараланып, басқа да шет мемлекеттермен арақатынасымыз артты, елімізді əлем таныды. Мемлекетімізге мол инвестиция келді. Экономикамыз өсіп, кəсіпкерлікті өркендетуге жол а ш ы л д ы . Б а рл ы ғ ы д а Мемлекет басшысының сарабдал саясатының сəтімен іске асырылып жатқанының да жемісі. Жақсыдан шарапат деген, сірə, осы болар, – дейді бұл тұрғыда халық қалаулысы Арқабек Төлебаев.

МИЯ ТАМЫРЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ

КЕЗ-КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТЕ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЕГЕМЕНДІКТІҢ НЫШАНЫ, СОНЫМЕН БІРГЕ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ӨЗЕКТІ ТЕТІКТЕРІНІҢ БІРІ. ЖУЫҚ АРАДА ЕЛБАСЫНЫҢ БЕЙНЕСІ БЕДЕРЛЕНГЕН ЖАҢА БАНКНОТ ПЕН ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЕСТЕЛІК МОНЕТА ЕЛ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛАТЫН. БҰЛ ӨТЕ ҚҰПТАРЛЫҚ ІС БОЛДЫ. ӨЙТКЕНІ, ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЫЗ ЕЛБАСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІ МЕН КӨРЕГЕН САЯСАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ.

банкноттық жəне монеталық өндірістің жоғары деңгейін шет мемлекеттерден ақша белгілерін дайындау үшін түсіп жатқан тапсырыстардың көптігінен де байқауға болады. Ұлттық Банк өзінің жинақтаған тəжірибесін байытып, əлеуетін нығайту үшін ақша белгілерін дайындау саласындағы жұмыстарын бұдан былай да жоспарлы түрде жəне тұрақты негізде жетілдіре беретін болады. Бүгінгі күні теңгенің көркемдік жəне технологиялық сипатт ағы, өзіне тəн бірыңғай қатары, ортақ тұжырымдамасы жəне дизайны бар. Соның арқасында теңге банкноттары мен монеталары əртүрлі халықаралық байқауларда бірнеше рет жүлде алып, жеңімпаз атанды. Жалпы, ұлттық банкноттарда сол елдің негізін қалаған дара тұлғалардың, тұңғыш президенттер мен көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бейнеленуі – əлемдік тəжірибеде кеңінен таралған үрдіс. Əсіресе, бұл мемлекеттердің қалыптасуы мен даму тарихында маңызды рөл атқарған басшыларға ерекше қатысты. Яғни, халқымыз Елбасының елімізге сіңірген ұлы еңбегіне лайықты құрмет көрсетті деп ойлаймын. Тараз қаласы.

5

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Шу ауданында мия тамырын өңдейтін зауыт ашылды. Ақсу ауылдық округінде бой көтерген бұл өндіріс орны облыстағы Индустрияландыру ка рт а с ы н а е н г і з і л ге н , И н д у с т р и я л ы қ инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асқан жобаның бірі. « К а з М и я » ж ау а п к е р ш і л і г і ш е к т е ул і серіктестігінің ашылу салтанатына облыс əкімінің орынбасары Тимур Жанке, жапониялық инвесторлар, аудан басшылығы, ақсақалдар мен ауыл тұрғындары қатысты. – Облыст а Үдемелі индуст риялықинновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында жалпы құны 511 миллиард теңгеге 34 жоба іске қосылып, онда бес жарым мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай кəсіпорындардың бірі – емдік мия тамырын өңдейтін зауыт. «КазМия» ЖШС зауытының құрылысына ауданнан 5 гектар жер бөлінген. Жобаның жалпы құны – 900 миллион теңге. Жоспар бойынша зауыт жылына 2,5 мың тонна құрғақ тамыр өңдеп, одан 300 тонна глицирризин

қышқылын шығаратын болады, – дей келе Тимур Жанке жаңа зауыт жұмысына табыс тіледі. Сондай-ақ, кəсіпорынның ашылу салтанатында «Cokey SYSTEMS Co.LTD» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ёшида Наомаса сөз алып, қазақстандық тарапқа əріптестік танытып, үлкен іске жұмыла кіріскені үшін алғысын жеткізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта бірлескен жұмыстың жандана түсетініне сенім білдірді. Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қазақбай Байжұманұлы аталмыш инвестициялық жобаның жүзеге асуы, ауданның əлеуметтікэкономикалық дамуына үлес қосатын маңызды оқиға екенін тілге тиек етті. Лента қию рəсімінен кейін жиналғандар, нысан ішін аралап, жұмыс барысымен танысып, Жапонияға экспортталатын дайын өнімді қолмен ұстап, көзбен көрді. – Келер жылы зауытты толық өндірістік қуаттылығына жеткізуді межелеп отырмыз. 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. Кəсіпорын табысының 20 пайызы салық түсімі ретінде аудан қазынасына құйылады, – дейді «КазМия»ЖШС директоры Олжас Əбдешов. Шу ауданы.

БІЗ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЫЗ!

БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ІРГЕМІЗ БҮТІН Руслан ИСМАЗОВ, облыстық «Вынхуа» дүнген мəдени орталықтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазақст анда əр азаматтың этностық тегіне қарамастан барлық құқығы қорғалған. Елімізде көптеген жылдар бойы əртүрлі ұлт, мəдениет, діни сенім өкілдері бейбіт өмір сүруде. Татулық пен бейбітшілік – қазақстандықтардың басты құндылығы. Барша азамат ауызбіршілікті сақтау арқылы ішкі тұрақтылықты берік етіп, сыртқы жаһандық əсерлерге қарсы тұруға болатынын біледі. Елімізде бейбітшіліктің, ынтымақ пен бірлікті сақтау үшін құрылған бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамда алар орны ерекше. Ал, жалпыұлттық біртектілікті нығайту жолындағы аса күрделі проблема əрі оған қол жеткізудің маңызды тетігі – мемлекеттің жан-жақты ойластырылған тіл саясаты, тіл құрылысы деуге болады. Мемлекеттік тіл саясаты əртүрлі пікір-таластарды туғызбайды.

Ширек ғасырдағы мемлекетіміз қол жеткізген табыстар еліміздің тіл саясатының даму бағытының дұрыстығын дəлелдеп берді. Қазақ тілі өзара түсінісу құралына айналды. Тəуелсіз Қазақстан осы елді мекендеген барша ұлт пен ұлысқа пана, қорған болатынын түсінген өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілде сөйлеп, үйрене бастады. Енді мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтіп, оны жалпыұлттық бірлесу, бірігу мен топтасудың аса маңызды құралы ретінде нығайтудың жалпымемлекеттік шараларын жүзеге асыратын уақыт жетті. Қазақстан – менің де туған Отаным. Елім мені перзентім деп аялап өсіріп, білім берді, биіктерге көтерді. Мен де елім деп тер төге еңбек етуге тиіспін. Бүгінде шығыс жекпе-жегі спортынан ел намысын қорғап, көк байрағымыздың көкте желбіреп, Əнұранымыз шырқалуына шамам келгенше үлес қосып жүрсем, бұл – азаматтық парызымның орындалғаны. Елімнің атын əлемге танытсам деп армандаймын. Өздерін пана тұтқан түрлі ұлыстарды жатырқамай қарсы алып, төрін ұсынған қазақ халқына ризалығым шексіз. Жамбыл ауданы.

Владимир ПУТИН, Ресей Федерациясының Президенті.

«Нұрсұлтан Əбішұлы саясатқа ерте келген. Ол сонау кеңестік кезеңдегі биліктің өкілі. Мені таңғалдыратыны – ерте уақыттан бері саясатта жүргенімен, ол өте жаңашыл адам. Мен күні бүгінге дейін оның осы жаңашылдығына қайран қаламын. Мен жақында Нұрсұлтан Əбішұлының жаңа қасиетін таныдым. Ол даулы, шешімі қиын жағдайларда сентименталды адам бола алады. Ол – ұқыпты əрі əділ басшы. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Ол қазақ халқы үшін тұңғыш Президент қана емес, ол – қазақ мемлекетінің негізін қалаушы».

Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшысы.

«Президент Назарбаев – əлемдік саясаттағы бітімгер саясаткер. Оның саяси шешімдері əлем басшылары үшін үлгі болуы тиіс». Алмазбек АТАМБАЕВ, Қырғызстан Республикасының Президенті.

«Мен қырғыз халқы атынан, осы елдің Президенті ретінде, Қазақстан Президенті – біздің ақсақалымыз, аса мəртебелі Нұрсұлтан Əбішұлына көрсетіп отырған көмегі мен қолдауы үшін үлкен алғысымды айтамын. Менің бұл сөзім кейбіреулерге ұнамай қалуы мүмкін. Дегенмен, Назарбаев мырза тек Қазақстанның ғана Көшбасшысы емес, ол – əлем лидерлерінің бірі. Ол – бүкіл түркі жұртының мақтанышы. Оның еңбек жолы бүкіл əлемде бейбітшілік орнатуға бағытталған». Дэн ДЕВИСОН, Халықаралық білім беру кеңесінің президенті.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапына аса жоғары баға берілді, ресми Вашингтоннан мұндай жоғары баға алу өте қиын. Сондықтан, мен осы уақытқа дейін мұндай лайықты жоғары баға алған шетелдік басшыны айта алмаймын». Кофи АННАН, 1997-2006 жылдардағы БҰҰ бас хатшысы.

«Қазақстан – өзге де ТМД елдерімен салыстырғанда ерекше мемлекет. Онда тұрақтылық, бейбітшілік жəне экономикалық өсім бар. 1991 жылы Президент Назарбаевтың бастамасымен, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқанда, біз Назарбаевтың осы бір бастамасына қайран қалған болатынбыз. Өйткені БҰҰ əлем елдерін ядродан бас тартуға үндеп келе жатқанына 60 жылдан асты. Бірақ нəтиже жоқ еді. Мұның бəрі Президент Назарбаевтың еңбегі». Маргарет ТЭТЧЕР, 1979-1990 жылдардағы Ұлыбритания премьер-министрі.

«Қазір жаһандық саясатта 5-6 ірі саяси ойыншылар бар. Солардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Мен оған қатты сенемін жəне оның бастамаларын қолдаймын».


Тәуелсіздік тағылымын танытқан,елбасымен ат ты арайлы жарық таң!  
Advertisement
Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you