29 кыркуйек 2015 пдф

Page 1

БІЗДЕР «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАҒА КӨШУДІҢ ҰЛТТЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН БЕКІТТІК. ЖОЙЫЛЫП БАРА ЖАТҚАН АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ МӘСЕЛЕСІ БІЗДІҢ ӨҢІРГЕ ҒАНА ЕМЕС, БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ҚАТЕР ТӨНДІРЕДІ.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ.

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№120 (18154), Сейсенбі, 29 қыркүйек, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНА – 70 ЖЫЛ

ҚҰЛАШЫН КЕҢГЕ СЕРМЕГЕН ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 70-сессиясына қатысу үшін Нью-Йорк қаласына келді. Елбасымыз сондайақ іс-шара аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтердің және АҚШ-тың жетекші компанияларының басшыларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. АҚШ-қа сапары кезінде Мемлекет басшысы БҰҰның 2015 жылдан кейінгі даму кезеңіне арналған күн тәртібін қабылдау жөніндегі саммитке қатысты. Саммит барысында 2015 жылға дейінгі дамудың негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетілген Мыңжылдық декларациясын орындау жөніндегі шаралар нәтижесі талқыланды. Сондай-ақ шараға қатысушылар 2015 жылдан кейінгі кезеңге арналған даму саласының күн тәртібін қабылдады. Жиналғандарға сөз

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ

9

арнаған Қазақстан Президенті біздің еліміз Мыңжылдық дамудың сегіз мақсатын жүзеге асыру ісінде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгенін айтты. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мемлекеттіліктің негізін нығайтып, азаматтық қоғамның дамуы үшін жағдай жасағанына назар аударды. Сонымен қатар, республиканың ішкі жалпы өнімі 19 есе ұлғайды, ал халықтың жан басына шаққандағы табысы 13 мың долларға жетті. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы оң көрсеткіштерге де тоқталды: қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асты, кедейшілік 11 есеге – 34-тен 3 пайызға дейін қысқарды. Ана мен бала өлімі 65 пайызға азайды, СПИД-ке, безгекке және туберкулезге қарсы күресте елеулі табысқа қол жеткізілді. Қазақстан Президенті республикамыз

ТАРАЗДАҒЫ ТОЙЫНА

КҮН ҚАЛДЫ АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ШЕКАРАСЫНДА ҚЫТАЙДЫҢ ЦЗИНЬЯН (СИЯНЬ) ҚАЛАСЫНАН ШЫҒЫП, ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫ МЕРЕКЕЛЕНЕТІН ТАРИХИ ШАҺАР ТАРАЗҒА КЕЛЕ ЖАТҚАН «ҚЫТАЙҚАЗАҚСТАН: ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ШӘЙ МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ ТҮЙЕЛІ КЕРУЕНДІ ҚОРДАЙДА ҚАРСЫ АЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ.

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫМЕН АЛТЫ МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖҮРІП ӨТКЕН КЕРУЕН ОБЛЫС АУМАҒЫНА КЕЛІП ЖЕТТІ

парниктік газ шығарылымын қысқартып, планетаның биологиялық әралуандығын сақтауға атсалысып отырғанын айрықша атап көрсетті. Біздер «жасыл» экономикаға көшудің ұлттық тұжырымдамасын бекіттік. Жойылып бара жатқан Арал теңізінің мәселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіреді. Теңіздің тартылуы салдарынан жыл сайын 75 миллион тоннаға дейін шаң мен улы тұзды жел көтеріп, оның тозаңы қазірдің өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылып отыр. Дүниежүзілік банктің қ о л д ау ы м е н б і з А р а л теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтірдік. Біз БҰҰмен және халықаралық қоғамдастықпен бұрынғы Семей ядролық полигоны аймағын сауықтыру жөнінде белсенді түрде ынтымақтастық орнатып отырмыз. Орталық Азия елдері бұл экологиялық

«КӨНЕ ТАРАЗ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКІ АЛҒАШҚЫ ҚОНАҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ М е р е й т о й к ү н д е р і « К ө н е Та р а з » археологиялық паркінің ашылу салтанаты өткізіледі. Бұрынғы орталық базардың орнында соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараты бойынша қонақтарды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қарсы алуы жоспарлануда. Тарихимәдени кешен аумағында археологиялық жұмыстар кезінде табылған жәдігерлер жұртшылыққа тұңғыш рет кеңінен таныстырылады. Оларды таныстыру арнайы дайындалған жолбасшыға жүктеледі. Нысанда жұмыс істеп жүрген археологтардан табылған артефактар туралы жан-жақты деректер білуге болады. Одан кейін қонақтар археологиялық жұмыстың жүргізілу барысы туралы деректерге қанығады. Кешеннің ашылу салтанатына шақырылғандар арасында Парламент Сенаты және Мәжіліс депутаттары, министрлер мен ұлттық компаниялардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым

М ЕР

ЕК

өкілдері, ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары мен жоғары оқу орындарының өкілдері бар. Нысан республикалық маңызды тарихи ескерткіш болып табылады. Ашық аспан астындағы музей, тарихи-мәдени кешен аумағында бұған қоса, «Мыңбұлақ» шағын бағы, «Тараз әуені» алаңы және шолу мұнарасы орналасқан. Кешен құрылысының жалпы құны – 2,5 миллиард теңге. Жобаның негізгі мақсаты – ЮНЕСКОның әлемдік мұрасының тізіміне ену арқылы «Көне Тараз» жаңа ұлттық мәдени брендін құру. Кешен келешекте облысымызбен елімізде туризмді дамытуға, сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне шетелдерден келетін қонақтарға Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын көрсететін нысанның бірі болады. Археологиялық парк аумағындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары 2017 жылға дейін жалғасады.

проблемалармен күресу үшін көмек күтеді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев планетамызды дамыту жөніндегі жаһандық құжатты Қазақстанның қолдайтынына назар аударды.Орнықты даму мақсаттарын қабылдау әлем елдері мен халықтары үшін бетбұрысты сәт туғанын аңғартып отыр. Саммитіміздің қорытынды құжаты жер бетіндегі даму мен гүлденудің шын мәніндегі жаһандық нұсқаулығына айналады. Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі жауапкершілігінің жүгі ұлттық үкіметтерге артылады, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның жаңа құжатының мақсаты мен бағдары Қазақстанның басымдығы бар міндеттерімен толық сәйкес келетінін атап өтті. (Жалғасы 2-бетте).

ЕЛДІКТІҢ БАСТАУЫ, ЕРЛІКТІҢ АРҚАУЫ М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығының тарихы және ұлт болашағы» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Тарихымыздағы оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, студенттердің танымын арттырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан жиынды ашқан университеттің проректоры Асқар Абдуалы тамыры терең тарихымыздың тағылымы хақында сөз қозғады. Ол киелі Тараз қаласының қойнауы тарихи деректерге бай екенін айтып, Қазақ елінің туы алғаш рет біздің өлкемізде тігіліп, іргетасы қаланғанын мақтан тұтуымыз керек деген ұранды сөздерімен жастардың отансүйгіштік сезімін оята білді. Конференцияда «Қазақ хандығының құрылу тарихы және бүгінгі кезең» деген тақырыпта баяндамасын оқыған «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Гүлжан Серікбайқызы құнды мәліметтер мен маңызды деректерге ой жүгіртті. «Ақ жол-Ақпарат».

Көшбасшысы жоқ болса, ел оңбайды. Құралай бастаған киік оңбайды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Халық мақалы.

Т АРАПА М К ЕЛ І

ҰСТАЗЫМ ҰЛЫҚ БӘРІНЕН ҮЗДІК МҰҒАЛІМДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».

«Алматы-Ташкент» автомобиль жолының 143-ші шақырымындағы екі облыстың шекаралық белгісі тұсында, күре жолдың бойына бір түнде үлкен ауыл көшіп келгендей. Қордай, Шу және Меркі аудандарының қос-қостан тіккен ақшаңқан киіз үйлері мен ортадағы ашық сахна сонадайдан көз тартады. Әудем жерде құрылған алтыбақан, әр ауданның өлкетану мұражайларынан әкелінген тарихи экспонаттардың, шеберлердің қолынан шыққан жәдігерлердің, ұлттық нақыштағы бұйымдардың көрмесі. Ішісырты ерекше әдіптелген киіз үйлердің алдында қазақтың ежелгі салт-дәстүрлерін барлық қырынан көрсетуге, қазақ дастарханының берекесін танытуға бәрі дайын. Үш ауданның ұлттық киімдері жарасқан азаматтары мен ән мен жырдан шашу шашатын өнерпаздары бүгінгі шараға бар сән-салтанатымен келген. Оларға Қордайда өткен фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің облыстық байқауына қатысқан өнер ұжымдары өз ұлттық бейнесімен қосылғаны тіпті жарасымды. Қазақпен қатар, орыс та, әзірбайжан да, украин да, дүнген де, түрік те, татар да, бәрі осында. Осылай көпұлтты еліміздің шынайы келбетін бейнелеген жамбылдықтар аспан асты елінен жеткен қонақтарды күтіп алмақшы. (Жалғасы 8-бетте).

Сапарғали ӘЛІБАЙ, «Ақ жол». Кеше, «Баласағұн» орталық концерт залында облыс әкімдігі білім басқармасының ұйытқы болуымен алдағы болатын Мұғалімдер күні мерекесіне арналған облыстың білім саласы қызметкерлерінің «Ұстаз – ұлы есім» атты салтанатты жиыны өтті. Оған білім мекемелері мен жоғары оқу орындарының басшылары, әлеуметтік әріптестер, үздік педагогтар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еңбек ардагерлері қатысты. Мұғалімдердің төл мерекесіне биыл облыстың педагогика саласындағы еңбек ұжымдары айтарлықтай табыстармен келді. Мәселен, республикалық «Үздік

педагог» байқауында облыстан 4 педагог, «Жылдың ең үздік психологы» байқауында – 3, сегізінші рет өткізілген «Инновациялық педагогикалық идеялар» фестивалінде – 14, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында 12 педагог жеңімпаз атанып, облыс командалық

есепте республика бойынша 1-інші орынды иемденіпті. Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы ұйымдастырған «Үздік директор» байқауында облыстық дарынды ұл балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік

мектеп-интернатының директоры Ахмет Гази Чолак және «Директордың ғылымиәдістемелік ісі жөніндегі үздік орынбасары» байқауында Т. Рысқұлов ауданындағы №2 орта мектеп директорының орынбасары А. Сүлейменова бас жүлдені жеңіп алды. Ал Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі Швейцарияның Женева қаласында өткен ХIV халықаралық байқауында «Халықаралық жоғары және орта кәсіптік білім беруді дамытудағы жетістіктер» номинациясында сапа үшін Еуропалық бас жүлде – «Алтын үкі – «Үздік білім мекемесі» сыйлығына ие болды. Салтанатты жиын облыстағы мектеп оқушылары өнер ұжымдарының, өнер шеберлерінің орындауындағы әсем ән, мың бұралған бимен өріліп отырды. Басқосудың қорытынды бөлімінде облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуов құттықтау сөз сөйлеп, соңынан жоғары шығармашылық әлеуетімен ерекшеленген үздік мұғалімдерді дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.