Page 1

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

(АБАЙ).

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Жамбыл облысты о амды саяси газет

№140 (18334), Бейсенбі, 1 желто сан, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗИДЕНТ

ҚҰТТЫҚТАУ

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН 1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті жамбылдықтар! Қымбатты жерлестер! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Жаңа тəуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар мен халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы. Отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. 1991 жылы 1 желтоқсан күні ел тарихында тұңғыш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Президентін сайлады. Еліміз егемендік алып, дамудың жаңа жолын таңдады. Сол күннен бастап, халқымыз Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сындарлы басшылығымен Тəуелсіздік Туын биікке көтерді. Ширек ғасырда Ата Заңымызды, Мемлекеттік Рəміздеріміз секілді рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, экономиканың сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамаларды өмірге əкелді. Президенттік басқару формасын таңдаған еліміз Тəуелсіздіктің жиырма бес жылдық тəжірибесінде ішкі жəне сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік алды. Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында тəуелсіз Қазақстан Орталық Азия аймағында жəне ТМД елдері арасында алдыңғы орынға шықты. Мемлекет басшысының бастауымен жүргізіліп отырған саясат əлеуметтік-бағдарлы экономикасы бар заманауи, қарқынды дамушы мемлекет құруды қамтамасыз етті. Елбасы Отанымыз – Қазақстанды дамыту жолында елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға баса көңіл бөліп келеді. Биыл – Тəуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығы. Еліміз дамудың жаңа тарихи кезеңіне аяқ басты. Еліміздің екі онжылдықта қол жеткізген жетістіктері – Қазақстан болашағын жаңаша жоспарлауға мүмкіндік береді. Көптеген мемлекеттер əлемдік дағдарыстың шырмауынан шыға алмай жатқанда, Қазақстан 2050 жылға дейін даму жолын белгілеп, нағыз қуатты да табысты ел екенін дəлелдеді. Құрметті жерлестер! Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға өз үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға бірге қол жеткізейік! Б ү г і н г і м е р е к е д е б а р ш а ң ы з ғ а з о р д е н с ау л ы қ , отбасыларыңызға баянды бақыт, береке-бірлік тілеймін. Елбасымыз аман болсын! Тəуелсіз Қазақстан өсіп, өркендей берсін!

Сүйінші!

НҰРСИФАТ САЛЫҚОВВА – МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕЕГЕРРІ Мерейлі ме мереке қарсаңында ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері анықталды. Əдебиет жəне өнер саласының майталмандарына берілетін атаққа толықметражды «Құнанбай» кинофильмінің авторлары Досхан Жолжақсынов, Рүстем Одинаев, Айдос Бектемірмен бірге жерлесіміз, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы Нұрсифат Салықова да ие болды. «Ақ жол-Ақпарат».

ТУҒАН ЕЛІМ – ТІРЕГІМ Өз еліңе пайдалы болу, өз Отаныңның тағдыры үшін жауапты болу – əрбір отандық саясаткердің, əрбір қазақстандықтың борышы мен ар-ожданы.

Елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады. С.Мыңбаев Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның 2016 жылғы 9 айдағы жұмысының қорытындылары мен таяу келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады. Кездесуде компанияның өндірістік-қаржылық жəне əлеуметтік саладағы қызметіне, сондай-ақ жаңа жобаларды іске асыруына қатысты мəселелер қарастырылды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына мұнай-газ өңдеу

өнеркəсібіндегі ірі жобалардың іске асырылу барысы, соның ішінде Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттыру, Қашағандағы алғашқы кезеңдегі жұмыстар, Қарашығанақ кен орнын дамытудың перспективалары жөнінде айтылды. «ҚазМұнайГаз» АҚ басшысы мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан, компания өндірген жəне өңдеген мұнай көлемінің арта түскенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Жыр-шашу Қуандық ШОЛАҚ, ақын.

Міне, Тəуелсіздігімізге ширек ғасыр толған торқалы кезеңге келдік. Бұл аз уақыт па, əлде көп пе? Неден бастадық, қай жерге жеттік? Осының бəрін тыңғылықты таразылап, бағасын берер шақ келді. Болғанға байыпты баға беру – байырғы əдетіміз. Өткен күндердің жылнамасы да адамдардың өмірбаяны секілді. Шаттанған шағың, ренжіген сəттерің, үкілеген үміттерің мен асқақ армандарың, міне, осының бəрі – ғұмырнама тарихы. Еліңнің тарихы. Мемлекетіңнің тарихы. Сол тарихқа тікелей өзің араласқаның, сан қилы сын сағаттарда шешім қабылдағаның, талай іс-шараларға куə болып, халқың үшін қуанғаның, елің үшін еткен еңбегіңнің нəтижесін көргенің – бəрі-баршасы жадыңда жатталып, санаңда сақталып, жүректің жазбасына түседі. Ойланасың, толғанасың. Талай-талай оқиғалар есіңе түсіп, ойыңа оралады. Ғасырлар бойы азаттығы үшін алысып, сан шайқасты бастан кешкен əзиз бабалардың арман-үміті көкейіңе кептелгенде ел мен уақыт алдындағы, заман зердесіндегі жауапкершілікті одан əрі терең сезіне түсесің. Сондай кезде беліңді бекем буып, халқыңның алдында тұрған армантілекті жүзеге асыру жолында жаңа жолдар мен соны сүрлеулер табудың қарекетімен түн ұйқыңды төрт бөліп, алыс-жақынды ойша бағамдап, көпшіліктің көңілін толғандырған алуан сауалға орнықты жауап іздейсің. (Жалғасы 3-бетте).

МЕН СЕНЕН КЕЙПІН КӨРЕМ ҰЛЫ АДАМНЫҢ

ҚОЛЫМА ҚАЛАМ АЛДЫМ ТЫҢ АРНАЛЫ, ЖАНЫМНЫҢ ЖАЙ ТАПСА ДЕП БІР АРМАНЫ. СЕН ДЕСЕМ РЕНЖІМЕ БІР ЖЫЛҒЫ ТӨЛ, ҚҰРДАСЫҢ ҚУАНДЫҒЫҢ ЖЫР АРНАДЫ. СЕЗЕМІН КӨРІНЕРІН АР ДОСЫНДАЙ, СӨЗІҢ МІР, САЛМАҚТЫ АУЫР ҚОРҒАСЫНДАЙ. ЖАҺАНДЫ ЖАЛТ ҚАРАТҚАН МАҚТАНЫМСЫҢ, САРАБДАЛ САЯСАТТЫҢ ЖОРҒАСЫНДАЙ. КЕЛЕСІҢ НЫҚ СЕНІМДІ САРА ЖОЛМЕН, АЙБАРЛЫ АБЫЛАЙДЫҢ ЖАЛҒАСЫНДАЙ.

СЕКІЛДІ ЖҰБАТУШЫСЫ ЖЫЛАҒАННЫҢ, СЕКІЛДІ СҮЙЕУШІСІ ҚҰЛАҒАННЫҢ. КЕМЕЛ ОЙ, КЕСЕК ТҰЛҒА, ДУАЛЫ АУЫЗ, МЕН СЕНЕН КЕЙПІН КӨРЕМ ҰЛЫ АДАМНЫҢ. ҚАШАНДА СӨЗ СӨЙЛЕЙТІН ТАТЫМДЫ ІРІ, ЛЕКІРДЕЙ ЛЕБІЗІҢНЕН АҚЫЛ НҰРЫ. НҰРЕКЕМ, НҰР ДИДАРЛЫ БІР БАСЫҢА, ҚОНҒАНДАЙ ҰЛЫ АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҒЫ, ҚОНҒАНДАЙ БАУЫРЖАННЫҢ БАТЫРЛЫҒЫ. КЕРТАРТПА ҚЫРТ, ҚЫҢЫРДЫ СЕСІҢ ЖАСҚАП,

АСТАНА АЙ, КҮН САНАП, ӨСУДЕ АСҚАҚ. ЖАРҚЫРАП КЕҢ МАҢДАЙЫҢ КЕМЕЛДІКПЕН, КЕЛЕСІҢ МӘҢГІЛІК ЕЛ КӨШІН БАСТАП. ЖЕТКІЗБЕС КЕЗ-КЕЛГЕНГЕ ҚҰЛАН-АРМАН, БӘРІНЕ ЖҮРДЕК МЫНА КУӘ ЖАЛҒАН. НҰРЕКЕМ! АЗДЫҢ АЗЫ АРДАҚТЫМСЫҢ, ҚАЗАҚТЫҢ БАҚЫТЫНА ТУА ҚАЛҒАН. ТАБАНДЫ ТҰҒЫРЛЫСЫҢ, КЕЛЕР ШАМАҢ, КҮН ЖАҚЫН ЕЛ АҢСАҒАН, СЕН АҢСАҒАН.

МЕМЛЕКЕТ МЕРЕЙІ

НҰР ДИДАР ЕР НҰРЕКЕ! БІР ӨЗІҢЕ, АНАМА СЕНГЕНІМДЕЙ СЕНЕМ САҒАН. КЕЛМЕЙТІН ЖАЛҒАНДЫҚПЕН ЫМЫРАҒА, РИЗАМЫН ЖАЗҒАН ЖАҚҰТ ЖЫРЫҢА ДА. ЕЛІМЕ ЕГЕМЕНДІК АЛА КЕЛГЕН, ҚҰТ-ҚАДАМ ҚАЙРАТКЕРСІҢ, ҚЫРЫ ЖАҢА. МАҢҒАЗДАР, МАРҚАСҚАЛАР МОЙЫНДАҒАН, АМАН БОЛ, АЙБАРЛЫ, АСҚАҚ, АБЫРОЙЛЫ, ӘЛЕМДІК МАСШТАБТАҒЫ ІРІ ДАРА!

Әділ патшаның елін жау араламайды, Әділ бидің елін дау араламайды.

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

БҰЛ ӨҢІРДЕГІ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ, «Ақ жол».

ҰРПАҚ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ Жанғазы АХМЕТ,

«Ақ жол».

Еліміз сан ғасырлар бойы армандаған Тəуелсіздікке қол жеткен алғашқы күннен бастап-ақ бейбіт саясатқа негізделген еліміздің даму үрдісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Облыс əкімдігінің ұйымдастыруымен ө т ке н « Қ а з а қ с т а н д ы қ м е м л е ке т т і л і к т і қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» тақырыбындағы

ре спубликалық ғылыми-тəжірибелік конференцияда егемен еліміздің жүріп өткен жолы жан-жақты айтылды. Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығы жəне ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ауқымды шара облыстық қазақ драма театрында өтті. Оған облыстық мəслихат депутаттары, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, ғалымдар, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар жəне БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен көпшілікке Елбасы жəне ел өмірінің жарқын сəттері бейнеленген деректі фильм көрсетілді. Содан кейін конференция өз жұмысына кірісті. (Жалғасы 2-бетте).

Е л Т ə уе л с і зд і г і н і ң 2 5 ж ы л д ы қ мерекесіне орай «ҚазТрансГаз» АҚ «Ақыртөбе» сығымдау компрессорлық стансасын салтанатты түрде іске қосты. Еліміздегі газ тасымалдау жүйесінің тарихында алғаш рет газдың тасымалдау ағынын əртараптандыру үшін түрлі жобалау қысымдарымен бір газ құбырынан екіншісіне жылына 6 миллиард текше метр көлеміндегі газды айдау мүмкіндігі бар сығымдау компрессорлық стансасын «ҚазТрансГаз» АҚ өз қаражаты есебінен салып, қысқа мерзімде пайдалануға беріп отыр. Аталған сығымдау компрессорлық стансасы өңірімізден өтетін «Бұхар газды ауданы – Ташкент – Бішкек – Алматы» жəне «Қазақстан – Қытай» магистралдық газ құбырлары арасындағы ТІР-02 жалғастырғышында орналастырылған. «Ақыртөбе» сығымдау компрессорлық стансасының салтанатты ашылу рəсімінде облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев: – Биыл Қазақстан халқы үшін өте ерекше жыл. Тəуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Еліміз ең дамыған елу елдің қатарына еніп, «Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағдарламасын мерзімінен бұрын орындады. Ендігі кезекте дамыған

отыз елдің қатарына ену мақсатында «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын қабылдады. Жалпы, облысымыздың ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына қосқан үлесі зор. Өңірімізде 25 жылда 3 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Білім саласында – 136, денсаулық саласында – 162, спорт саласында 302 нысан пайдалануға берілді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодəлізі

толық аяқталды. Газ мəселесіне келер болсақ, облысымыздағы 377 елді мекеннің 158-іне «көгілдір отын» жеткізілді. Бүгінгі Ақыртөбе ауылының маңынан ашылып отырған «Ақыртөбе» сығымдау компрессорлық стансасының жалпы құны 20 миллиард теңгені құрайды. Бұл жерден 60-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Мұның бəрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасы.

Аудан тұрғындарын, газ тасымалдау жүйе сінің қызметкерлерін, жалпы баршаңызды осынау игілікті істің жүзеге асырылуымен құттықтаймын, – деді. Келесі сөз кезегін алған «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының орынбасары Д а и р К ө ш е р о в : « С ы ғ ы м д ау компрессорлық стансасы – бұл елдің бүкіл магистралдық газ құбырлары жүйесі үшін маңызды нысан. Оны іске қосу арқасында бірден бірнеше міндеттерді шешетін боламыз», десе, «Газ саласы ардагерлерінің кеңесі» ҚБ-ның облыстық филиалының директоры Александр Федеров «Отандық газ шаруашылығы дамудың жаңа деңгейіне шығып отыр. «ҚазТрансГаздың» бүгінгі жетістіктері Қазақстандағы газ саласының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді» деп атап өтті. «Ақыртөбе» сығымдау компрессорлық стансасының ашылуы – біріншіден, отандық газдың Қытайға баратын жолын ашып, экспорттық жəне тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Екіншіден, Алматы қаласы мен Алматы облысын үзіліссіз газбен жабдықтауды жəне резервтік бағытты қамтамасыз ететін болады. Т. Рысқұлов ауданы. Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.


2

www.akjolgazet.kz

1 желтосан, 2016 жыл

БОЛАШАҒЫМЫЗ – БІРЛІКТЕ! ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ – ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ ТӘМСІЛІ Күні кеше ғана қабылданған «Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы» – ХХІ ғасырдағы аса маңызды саяси əрі тарихи құжат болды. Декларация латын тілінде declaratio мəлімдеу, хабарлау дегенді білдіреді, яғни елдің саяси-экономикалық даму принциптерін мəлімдейтін мемлекеттік құжат. «Тəуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясында» Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған ерен еңбектері көрсетілген. Онда егеменді Қазақстанды құру бойынша тарихи миссияны Елбасының аса сəтті орындап шыққаны ерекше аталады. Сондай-ақ, бұл маңызды құжатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің дамуына сіңірген еңбегі

Қазақ КСР-інің астанасы Алматы қаласында Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы болып, оның бірінші хатшылығына Нұрсұлтан Назарбаевты бекітеді. Міне, осы кезден бастап Н.Ə.Назарбаевтың ықпалымен Қазақстандағы саяси жағдай да тез арада құбылып, елдің егемендікке деген құлшынысы оянып, дағдарысқа ұшырап, ыдырай бастаған КСРО-ның ықпалынан шығаратын Қазақстанның егемен құқықтарын бекітетін мүлдем жаңа заңнама актілерін қабылдаудың қажеттігі туындайды. Нəтижесінде, 1990 жылы 24 сəуірде Жоғарғы Кеңес «Қазақ КСР Президенті қызметін бекіту мен Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

а лдымызға т артып отыр. Біле білсек, халқымыз Тəуке ханның тұсындағыдай «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда өмір сүріп жатыр. Тіпті, Елбасының атқарып жатқан игі істері де сол əз-Тəукенің жасаған қызметімен сабақтасып жатыр десе де болады. Мəселен, Тəуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі сонда оның жүргізген саясаты хандыққа тыныштық пен бейбітшілік орнатуға бағытталған. Елбасымыздың да түпкі мақсаты елінде бейбіт ғұмыр орнату. Тəуке ханның хандықты басқарудағы өзге қазақ хандарынан ерекшелігі оның шын мəнінде көреген басшы, ақылды ре форматор екенін т аныт атын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүріп, мемлекеттің ішкі жағдайын реттеуде

АЗАТТЫҚ – БАСЫМЫЗҒА ҚОНҒАН ҒАЖАП ҚҰТ Дария ҚОЖАМЖАРОВА, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

мен еліміздің саяси-экономикалық жетістіктері баяндалған. Өткен ғасырдың 1991 жылғы 1 6 же л то қ с а н ы н д а П р е з и д е н т Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған Тəуелсіздігімізге, міне, 25 жыл толыпты. Осы аралықта Елбасымыз жеріміздің тұт астығын с ақт ай отырып, елдің іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп көтере отырып, тəуелсіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін құра білді. Сондықтан, күрмеуі көп қиын шақта, соқтықпалы, соқпақсыз кезде тыңнан түрен салып, өзіне сенім артқан жұртын ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеген һəм дамыған əлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қо са білген Президенттің орны ерекше. Демек, халық алдында осындай толағай тірлік атқарған Тұңғыш Президент күнін атап өту тарихи маңызы зор мереке. Маңызды мақсат, міндеттерді шешу тұрғысында Елбасы Н.Ə.Назарбаев бірден-бір дұрыс қадам жасай алды. Атап айтқанда, 1989 жылғы маусымның 22-інде

(Негізгі Заң)» заң қабылдап, Қазақ КСР Президенті қызметін бекітіп, сол күні қызу талқылаудан кейін Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-інің Президенті етіп Н.Ə.Назарбаевты сайлайды. Осылайша Қазақстанда Президенттік институт Ресейге қарағанда бір жыл бұрын енгізілді. Жалпы алғанда Қазақстандағы президенттік басқару т ə ж і р и бе с і ке ш е г і т ə уе л с і зд і к жолында бастарын құрбандыққа тіккен алаштықтардан бастау алады. Сол уақыттары «Алаш» партиясының бағдарламасында көрсетілген ел басқару жүйесі, ұрпақ тəрбиесі, ұлттар теңдігі, азаматтардың құқы мен бостандығы жөніндегі ұстанымдар Т ə у е л с і з Қ а з а қ м е м л е ке т і н і ң саясатымен сабақтасып жатыр. Сол себепті, Алаш көсемдерінің өмірінен өнеге, тірлігінен тағылым алып, Алаш мұратын ұлт мұраты ретінде жəне ұрпақтың бойына отаншылдық пен мемлекетшілдік идеясын сіңірудің басты құралы болуы керек. Қазақстанның Тəуелсіздігі мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін ақиқат есебінде тарих

саяси-құқықтық тəртіп пен ақыл-ой, парасат үстемдігін орнату болып табылса, Елбасы да конституциялық жəне құқықтық жүйені эволюциялық тұрғыда сатылап реформалау арқылы мемлекеттік биліктің теңгерімді де тиімді жүйесін қалыптастырды. Жұрт ерді ел қолдаса – береке, ханды ел қолдаса – мереке екенін көрді. Сол себепті де Тəуке хан ел билеген кез – халық есінде тыныш та берекелі заман болып, ал əзТəуке ханның өзі халық жадында күні бүгінге дейін асқан кемеңгер, дана ақыл иесі ретінде сипатталады. Тəуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тəуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Жа л п ы а л ғ а н д а , б і з ш и р е к ғасыр бедерінде талай асуларды бағындырдық. Енді, міне, Тəуелсіздік декларациясын қабылдап отырмыз. Бұның бəрі Тəуелсіз Қазақстанның өз даму үрдісіндегі дербес бетбейнесін айқындай түседі. Азат еліміздің абыройы асқақ болсын! Тұңғыш Президент күні құтты болып, бірлігіміз ажырамасын! Тараз қаласы.

ЖАСТАРҒА КӨРСЕТКЕН ӨНЕГЕМІЗ – ӨРІСІМІЗ Жарас МҰРАТАЙ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстың Құрметті азаматы.

Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» атты жаңа туындысы еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстан» газетінің бірнеше санында жарияланғаны белгілі. Он үш бөлімнен тұратын осынау аса құнды еңбегінде Мемлекет басшысы ел мен жер тағдыры, жаһандық мəселелер, қоғамның дамуы, шет елдердегі қандастарымыздың тағдыры, қасиетті ана тілі, жастар, имандылық пен кісілік, өнер, отбасы құндылықтары, Мəңгілік Ел мұраты, жалпыұлттық жауапкершілік туралы терең тебіреніп, ой толғаған. Елбасы туындының «Қарияларымыз – қазынамыз», «Туған елім – тірегім» атты бөлімдерінде қазіргі жастарға ой саларлық ұлағат айтады. Əлбетте, қазақ баласы қариясына қарап, олардың телегей-теңіз ақылпарасатын тыңдап өскен. Бабалардың жүрген жолына қарай тарихын жазып, өнегесін көкейге түйген. «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деп айтатынымыз да сондықтан. «Əке көрген, аға сыйлаған ұрпақтың өкіліміз. Халықтық тəрбиенің мектебінен өттік. Оқ жонып, тон піштік... дегендей. Қалай болғанда да аға ұрпақтың маңдай тері мен еселі еңбегін жоққа шығаратын топтан емеспіз. Кеңестік дəуірде «қарттарға əркез құрмет, жастарға қашанда жол ашық» деген кең тараған əн болатын. Кеңестік кезеңде туды демесең, орынды да ойлы сөз», деп толғанады Елбасы «Қарияларымыз – қазынамыз» бөлімінде. Тəуелсіздік – батыр бабаларымыздың, ақылгөй абыздарымыздың, Алаш арыстарының арманы, бүгінгі ұрпақтың маңдайына біткен бақыты. Тəуелсіздігіміздің тұғырлы болуы – Елбасының ұстанған сындарлы саясатының жемісі. Бұл күні кеше қабылданған Тəуелсіздік Декларациясында орынды атап көрсетілді. Онда 25 жылдың межесінде қол жеткізген игіліктер мен жетістіктердің барлығының бастауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғандығы кеңінен айтылған. Халқымыздың қажымас еңбегі, ауызбіршілігінің арқасында еліміз сынөткелдерден сүрінбей өтіп, қазір өркениетпен бірге дамып, əлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуға ұмтылуда. Биыл еліміз Тəуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын тойлауда. Бұл – елдігіміз бен ерлігімізді ұлықтап, батыр да абыз бабаларымыздың өлшеусіз еңбегі мен өнегелерін тағы да бір жаңғыртатын ерекше сəт. Өткенімізді айту арқылы біз жас буынға тағылым мен өнегемізді көрсетеміз. Қариялар, аға буын өкілдері елге тілекші болса, жастар – жарқын істердің заңды жалғастырушысы. Аудан ақсақалдары Тəуелсіздіктің 25 жылдығының мерейтойына өздерінің үлестерін қосуда. Əрине, қариялар қай істі де ұрпақтың амандығы, елдің татулығын ойлағаннан қолға алатыны түсінікті. Қазір ауданда Ұлы Отан соғысына қатысқан 6 ардагер бар, тыл еңбеккерлерінің саны – 482. Олар елімізді өсіп-өркендету жолында өлшеусіз еңбек етті. Қазір де аудан тұрғындарын татулыққа үндеп келеді. Жастарға ақылын айтудан жалыққан емес. Əлбетте, дария кеуде қарттарымыз аман тұрғанда ұрпақтар сабақтастығының желісі үзілмейді. Ұлы дала ұлағатының да сыры осында жатса керек. Жуалы ауданы.

МЕМЛЕКЕТ МЕРЕЙІ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

МАРАПАТТАЛДЫ Облыстық мəслихаттың хатшысы Б.Қарашолақовтың өкімімен: Қазақстан Ре спубликасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағының 7) тармақшасын негізге ала отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі жəне қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін: – «Жамбыл облысы əкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме сінің бас маманы Салтанат Тіленшіқызы БОРАНБАЕВА, – «Жамбыл облысы əкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаржыландыру жəне есеп бөлімінің басшысы Жандос Əбдірахымұлы ЖАҚЫПОВ, – «Жамбыл облысы əкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі персоналды басқару бөлімінің басшысы Ақмарал Сардарбекқызы НАРМАТОВА Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. * * * Облыстық мəслихаттың хатшысы Б.Қарашолақовтың өкімімен: Қазақстан Ре спубликасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағының 7) тармақшасын негізге ала отырып, көп жылдық жемісті еңбегі үшін жəне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай: – Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Штаббасқармасы бастығының орынбасары, əрі талдау-жоспарлау жəне бақылау бөлімінің бастығы, Алмаз Қонысбайұлы БАЙЖАСАРОВ, – «Компания Марк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Никон Маркович КИМ, – Облыс прокуратурасы Аппаратының бас маманы Зухра Омарқызы Османова, – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық департаменті Меркі аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы Молдағали Рахайұлы РАСИЛОВ Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Алтыншы шақырылған Жамбыл облыстық мəслихатының кезекті жетінші сессиясы 2016 жылдың 9 желтоқсанында облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) сағат 12.00-де келесі күн тəртібімен өтеді: 1. 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы 2. 2017-2019 жылдарға арналған облыстық жəне аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері жəне табыс салығы мен əлеуметтік салық түсімдерінің бөлу нормативтері туралы 3. Облыста орман жəне су ресурстарын пайдалану заңнамаларының орындалу жағдайы туралы 4. Жамбыл облыстық мəслихатының агроөнеркəсіпті дамыту, экология жəне табиғатты пайдалану мəселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 5. Əртүрлі мəселелер * * * Облыстық мəслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) 2016 жылдың 9 желтоқсанында сағат 10.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2016 жылдың 9 желтоқсан күні сағат 09.30да басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мəслихаттың хатшысы.

ҰРПАҚ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ

ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНІҢ БАС КОНСУЛЫН ҚАБЫЛДАДЫ Маржан РАҚАЙ,

«Ақ жол».

Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев Қырғыз Республикасының Алматыдағы бас консулы Алиясбек Алымкуловты қабылдады. – Біз Қырғыз мемлекетімен қашаннан тығыз қарымқатынастамыз. Шекара болған кезде де, болмаған кездерде де байланыс үзілмеген. Бүгінде екі мемлекеттің арасында 7 шекаралық бекет бар, сол бекеттер арқылы өтетін тауар айналымы, сауда-саттық күн өткен сайын өркендеп келеді. Сондай-ақ, облысымыз егістік алқапқа қажетті суға Қырғыз мемлекетіне бүгінде 80 пайыз тəуелді болып отыр. Əріптестік қарым-қатынас пен бауырмал халық ретінде Сіздер бұл мəселеде екі жаққа да оңтайлы жұмыстар атқарады деп сенемін, – деген облыс басшысы екі ел мен мемлекет басшыларының арасындағы достық қарым-қатынас жайлы сөз қозғады. Өз кезегінде бас консул ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығын тойлағалы отырған қазақ халқының осы жылдар аралығында қарқынды дамып, жайлы өмірге қол жеткізгенін, мұның барлығы көреген Елбасының арқасында болып отырғанын жеткізді. Ол сондай-ақ, Кəрім Нəсбекұлынан Қырғыз елінен облысқа келуші азаматтарға рұқсат қағаздарын беру, миграция мəселесіне байланысты туындап отырған түйінді мəселені оңтайлы шешіп беруді өтінді. Кездесу соңында тараптар естелік сыйлықтар табыс етіп, достық қарым-қатынаста жұмыс жалғаса беретінін айтып, қол алысып тарқасты.

ЕЛ ЕҢСЕСІ БИІК, ЕЛБАСЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН!

Құрметті облыс тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осынау мерейлі мерекенің барша халқымыз үшін мəні мен маңызы ерекше. Өйткені, бұл – қазақ жұртын бүкіл əлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың ел тізгінін қолына алып, тарих сахнасына шыққан күн! Ғасырлар тоғысында ата-бабаларымыз аңсаған азаттыққа қол созған, Тəуелсіз ел болу үшін батыл қадам жасаған тарихи сəт. Биылғы мереке ел Тəуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойымен тұспа-тұс келіп отыр. Міне, осы ширек ғасыр ішінде Президентіміздің көш ілгерідегіні көре білетін көрегендігі мен ішкі жəне сыртқы саясатты сарабдалдықпен саралай білетін сара саясаткерлігінің арқасында ғасырда жасалар ғаламат табыстарға қол жеткіздік. Елбасымыз сындарлы шақтарда бірлік пен тірлікті, татулық пен достықты ту етіп, тəуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Төрткіл дүние түгелімен мойындаған толағай табыстарымыздың тасасында Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлының ерен еңбегі мен күш-жігері, халқымыздың қиындық атаулыға қашанда қаймықпай қарсы тұрар қайтпас қайсар жасампаздық жаратылысы жатыр. Қазақ елінің қысқа мерзімде жүріп өткен жолы мен алған асулары таяуда ғана Парламентте қабылданған Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясында кеңінен көрініс тапты. Қазіргідей əлемдік дағдарыс жағдайында ел Президенті қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын тұрақтандыруға бар күш-жігерін жұмсауда. Осы мақсатта жаңа экономикалық саясатты айқындайтын «Нұрлы жол» бағдарламасы мен 5 институционалдық реформаны жүзеге асыратын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары қабылданды. Осы стратегиялық жоспарлар бізге ғаламдық сынақтан сүрінбей өтуге, ел экономикасының тұрақтылығын сақтап қана қоймай, оны одан əрі өркендетуге мүмкіндік береді. Ендеше, Елбасымыз айтқандай, «Біріміз бəріміз үшін, бəріміз біріміз үшін» еңбек етіп, Н.Ə.Назарбаевтың ел игілігін еселеу үшін қолға алған бастамаларын жүзеге асыруға өз үлесімізді қосайық, ардақты ағайын! Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Ел еңсесі биік, Елбасымыз аман болсын! «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі.

(Соңы. Басы 1-бетте). Модератор, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова күн тəртібі бойынша жиынды жүргізіп отырды. Алғашқы болып сөз алған өңір басшысы Кəрім Көкірекбаев жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, конференцияны ашып берді. – Құрметті конференцияға қатысушылар! Қ а д і рл і қ о н а қ т а р ! Б и ы л ғ ы Т ұ ң ғ ы ш Президент күні – Тəуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Осы ширек ғасыр ішінде еліміз экономикалық-əлеуметтік жəне саяси қиыншылықтарды еңсеріп, дамыған 50 елдің қатарына енді. Бұл – шынында тарихи жеңіс. Бұл – Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың батыл қадамдары мен тарихи шешімдерінің жеңісі. Жақында ғана Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларацияның қабылдағаны өздеріңізге белгілі. Бүгінде жалпы халықтың кең қолдауына ие болған Тəуелсіздік Декларациясы – аса маңызды тарихи құжатқа айналып отыр. Бұл тарихи құжатта еліміздің ширек ғасыр ішінде жеткен жетістігі мен алған асу-белестері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында болғаны айрықша атап өтілді. Өйткені, Тəуелсіз мемлекет құру ісі мен Президент қызметі – қатар жүретін егіз ұғым. Ал Тұңғыш Президент күні – Қазақстан халқының Ұлт Көшбасшысына деген сенімі мен құрметінің көрінісі. Бұл мереке – тарихи қысқа мерзімде елімізді өркениет биігіне көтерген, Қазақстанды əлемге паш еткен Ұлт Көшбасшысына деген халықтың шексіз ризашылығы. Бүгінгі конференция барысында Елбасымыздың осы

жылдардағы тынымсыз, əрі нəтижелі еңбегін көрсету арқылы, еліміздің даму кезеңдері мен қол жеткізген жетістіктерін біз тағы бір паш етеміз деп ойлаймын. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен тағы да құттықтаймын! Тəуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! – деді Кəрім Нəсбекұлы. Осыдан соң баяндамашылар кезек алып, түрлі тақырып бойынша ойларын ортаға салды. Бірінші болып тарихшылардың Ұлттық Конгресінің ғалым-хатшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов «Мыңжылдықтар тоғысындағы қайта жаңғырған мемлекеттік дəстүрлер с абақт астығындағы Н.Назарбаевтың рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде екі мың жылдық өткені бар Тараздың тарихи шаһар, Жамбыл жері Қазақ хандығының туы тігілген қасиетті өңір екеніне тоқталды. А л « Т ə у е л с і зд і к ж ə н е ж а с т а р » тақырыбында сөз алған М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметқали Сарыбеков ел дамуы жолындағы жастардың үлесі, оларға мемлекет тарапынан жасалынып жатқан көптеген қолдаулар, жастардың бойындағы патриоттық сезім жəне білім, ғылым жайында əңгімеледі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи саяси зерттеулер институтының директоры, саясаттану ғылымының докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров «Президент Н.Назарбаевтың сыртқы саяси стратегиялық көрінісі: заманауи қауіп-қатерлер жағдайындағы Тəуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты» атты баяндамасында егемен еліміздің əлемдік деңгейдегі орны мен беделі хақында сөз қозғады.

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫ НЫҒАЯ БЕРСІН!

Жиын барысында сөз алған Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Карлей Сузан Карол шетелдік мұғалімнің көзқарасындағы Тəуелсіз Қазақстан туралы айтып берді. Ол спорттағы жетістіктері арқылы жас Қазақстан мемлекетін жақсы тани түскенін, өзі үш жылдан бері елімізде жемісті жұмыс жасап жүргенін жеткізді. Шетелдік педагог еліміздің сəт санап дамып келе жатқанын тотыдай таранған Тараз шаһарына қарап-ақ бағамдайтынын білдірді. С о ң ғ ы б ол ы п б а я н д а м а ж а с а ғ а н Назарбаев университеті Білім беру жоғары мектебінің аға ғылыми қызметкері Дəурен Əбен «Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қарусыздану көшбасы» деп атап көрсетіп, өз ойын нақты мысалдар арқылы тарқатты. Ол өз сөзін: «Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы – барлық қазақстандықтар үшін тарихи акт, қазіргіміз бен келешегімізге серпіліс беретін үлкен бастама. Қазақстанның осы мəселедегі ұстанымы əлемді ядролық зұлымдықтан сақтаудың алғышарты деп қабылдауға болады. Зымырандық-ядролық арсеналы ауқымы жөнінен əлемдегі төртінші орын алса да, бейбітшілікті жоғары қойған Қазақстан осындай тарихи шешіммен əлемнің назарына ілікті. Сондықтан болар, əлемді ядролық қарусыздандыру саммиттеріне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы үлкен маңызға ие» деп түйіндеді. Конференцияға қатысушылар тəуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың орасан зор еңбегі туралы толымды ойға толы баяндамаларды зор ықыласпен тыңдады.

Құрметті жамбылдықтар, құрметті сайлаушылар! 1 желтоқсанда еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Бұл мерекені атап өту – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасу жолындағы жетістіктерін тану мақсатында туындаған. Бүгінде айтулы күн барша қазақстандықтар үшін ортақ салтанатты мейрамға айналды. Жыл өткен сайын мерекенің тарихи таңдау күні, халық бірлігі мен келісім күні ретінде мəні артып келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – Қазақстанның бірлігін, Ата Заңымызды, адам мен азаматтың құқықтарын жəне бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тəуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы. Елбасымыз ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдырды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігінде стратегиялық қуаты күшті ел ретінде мойындалған. Бұған елдегі нық орныққан тұрақтылық, халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастығының арқасында қол жеткіздік. Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дəстүрлі Жолдаулары əлемде қалыптасқан экономикалық ахуалға байланысты туындайтын сұрақтардың нақты жауабы мен одан шығудың жолдарын айқындап беретін маңызды құжат саналады. Президент алдағы жылдарды экономикалық тұрғыда жан-жақты саралай отырып, еліміздің негізгі бағыттарын айқындап, Жаңа Экономикалық Саясатты жариялады. «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынып, Тəуелсіздігіміздің даму даңғылын «Нұрлы жолға» айналдыратын бағыт-бағдарды көрсетіп берді. Соның арқасында, бүгінде республикамызбен бірге облысымыз да қарқынды дамып келеді. Қазір біз жамбылдықтардың өмір сүру сапасы жыл сайын айтарлықтай жақсарып келеді деп толық сеніммен айта аламыз. Экономика мен əлеуметтік сала тұрақты дамуда, жаңа өндірістер мен кəсіпорындар ашылуда, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салынуда. Біз қол жеткізген жетістіктерімізге тоқмейілсімеуге тиіспіз. Халқымыз өзі таңдаған Мемлекет басшысының саясатына қолдау көрсете отырып, жаңа табыстар мен жетістіктерге жету үшін жұмыла еңбек етуі тиіс. Қымбатты жамбылдықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, игілік, табыс жəне сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!

Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мəслихаттың хатшысы.


ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ (Соңы. Басы 1-бетте). сынау ширек ғасыр ғана тəуелсіздік жылдарында небір оқиғаларды бастан кештік. Қилы кезеңдер мен бейтаныс бөгеттерді басып өтіп, өз жолымызды табуға ұмтылдық. Бұл тұрғыдан келгенде, халқымыздың бірлігі мен ынтымағы алдағы күнге алып баратын туымыз, ұранымыз əрі құралымыз болды. Біз жалпыұлттық мақсатқа жұдырықтай жұмылып, бірігіп, бірлесіп ұмтылдық. Жаңа дəуірдің болмыс-бітімін ұлттық салтдəстүрлеріміздің аясында заманауи сын-тегеуріндерге бейімдедік, мемлекет болып қалыптасудың өзіндік өрнегін тауып, мектебін қалыптастырдық. Қазақта «Мен бітірдім дегенше, ел бітірді десейші» деген даналық сөз бар. Осы сөздің мəн-мағынасын жаңа тұрпатты мемлекет орнықтыру ісінде жалпыұлттық тұтастық, халықтық қолдау, қоғамдық тұрақтылық нəтижесінде жүзеге асырдық. Қашанда халық бірлігі сарай салғызып, қамал тұрғызады. Бұл сөзді де талмастан айтып, ту етіп көтеріп келеміз. Бағзы бабалардың ұлы аманатын орындау жолында иыққа түскен жүкті ешқашан ауырсынған емеспіз. Ел болудың, мемлекет болудың жөн-жобасын көрсетіп берген, көмекке келген ешкім болған жоқ. Біз бəрін де тыңнан бастап, халқымызбен бірге қалыптастырдық. Жоқтан бар жасадық, барды берекеге айналдырдық, сол ырысты өсу мен өркендеудің негізі етіп алдық. Мемлекет те жеке адам секілді өткенін саралап, алдағы күндерін жоспарлап, уақыт алдындағы міндеттерін зерделеп, болашаққа алдын ала қам жасап отырады. Бұл – уақыт талабы. Жиырма бес жылдық мүшелді мерзім мемлекетіміз үшін қалыптасу тұғыры болып қана қойған жоқ, біз өзгелерге де үлгі болатындай биіктерден көріне алдық. Өркениет көшіндегі өз орнымызды таптық. Соның нəтижесінде жиырма бес жыл жаңылмай, сүрінбей келеміз. Өмірге жаңа ұрпақ келді. Олар – тəуелсіздік қағидаттарын тал бойларына сіңіріп өскен өркен, жас толқын. Ендігі болашақ солардың қолында. Біз оларға осы бір тəуелсіз мемлекеттің келешек тағдырын сеніп тапсырамыз. «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деп аталған Жолдау мемлекеттік идеяның түпқазығы – біздің жалпыұлттық аңсарлы

жақын болдым. Жыр алыбы Жамбыл бабамның – Тəтемнің өзі дүниеден өтсе де, сөзі салтанат құрып, даңқы дүрілдеп тұрған сол бір кезеңде біздің ауылда ақын болмау кінəдай көрінетін. Тіпті ақын болмауға қақың жоқ секілді болатын. «Айтысатын ақсақалмен, қызбенен, ақын халық екенбіз ғой біз деген» деп Қадыр ақын қапысыз айтқан ғой. Мектепте жүрген кездегі өлеңге деген əуесқойлық өмірде менің ішкі жан дүниемнің бір бөлшегі секілденіп, əлі күнге күміс сəулесін құйып тұрғандай сезінемін. Ұлы Даламыз кейде ашық жатқан жыр кітабы сияқты болып та көрініп кетеді. Жадыңды жаңғыртып, дұрыстап жақсылап оқи алсаң, жан дүниең жадырап, бағзы бабалардың баянды үнін, тарихтың тылсым сырын, туған еліңнің мəңгілік жырын қайыра естіп, байтақ əлемге құлашыңды кең жайғандай боласың. Сол кезде даламыздың қадір-қасиетін одан сайын терең ұғынып, оны ардақты анамыздай, əзиз жүрек əкеміздей көріп, көңіл аспанымыз шайдай ашылатын. Балалық шақтың, бозбала күндердің сол бір жарқын бояулары көз алдыма əлі де жиі оралып тұрады. Ұлы Даланың ұландары ұлағатты тарихын ерлікпен жазған. Енді сол тарихты тəуелсіздік жылдарында еселі еңбекпен, халықтық қайратпен біз жазып жатырмыз. Еңбек – өмірдің ұстазы. Ерен еңбектің терең сабағын алған сайын елдің əл-ауқаты артып, қуаты күшейе береді. Ел қуаты – ертеңнің мұраты. Ұрпағы бар елдің болашағы зор. Сəби сезім арманшыл құштарлыққа негіз болады. Бала бейнесін жоғалтпаған адам адалдықтан адаспайды. Халық та сондай. «Ба ла лығыңмен күле отырып қошт асып, ағалығыңды амалсыз мойындайсың» деген сөз бар. Сол рас. Біз қай кезде де жеңіске ұмтылған жұртпыз. Тар жол, тайғақ кешулер, алдаспанды айқастар мен ақ беренді шайқастар халқымызды тек қана жеңуге жұмылдырды. Жеңілсек жер жастанып, құласақ құрдымға кететінімізді терең түсінгендіктен, заманалар бойы жеңіске ұмтылумен болдық. Біз – жеңімпаз жұрттың ұрпағымыз. Жеңемін деп беліңді бусаң – жеңесің, жеңілемін деп қорықсаң – көзіңе қос көрінеді. Бұл да бабалардан қалған баянды сөздің бірі. Біздің ұрпақ Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихқа

жаралы жаңғырығын ұмытқан жоқпыз. Ешқашан ұмытпақ емеспіз. Ерекше тарихты екшеп қарау арқылы, есте сақтау арқылы халық əрқашан өсіп, есейіп отырады. Осынау ғасырға тең ғаламат жылдарда Қазақстан, сан қилы тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ жұрты жиырмасыншы ғасырды ойдағыдай аяқтап, жаңа жиырма бірінші ғасырдың есігін бейбіт еңбекпен ашты. Отарлық езгіден оңтайын тауып құтылған, көн құрсаулы кеңестік тəртіптің қамалын қақыратып, өз алдына керегесі берік, шаңырағы биік мемлекетін құрған мына заман – біздің заман. Біздің уақыт. Біз бұл уақытқа өз қолтаңбамызды қалдыратын боламыз. Жаңа заман біздің өрісімізді кеңейтіп, жолымызды ұзартты. Тілімізге теңдік, ойымызға кеңдік берді. Алысты жақындатып, ұлттар мен ұлыстардың көшін іргемізге бұрып, 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының мерейлі басқосуында жаңа мемлекет ретінде мəртебелі мінберден сөз ұзатсақ, БҰҰ-ның 2015 жылғы 70 жылдық торқалы тойында томағасы алынған туған тілімізде – қазақ тілінде баяндама жасап, Қазақ елінің атағы мен абыройын жаңаша асқақтаттық. Бұл бұрын түсімізге де кірмейтін жағдай еді ғой. Байқоңыр баспалдақтарымен биікке, ғарышқа самғаған зымырандардың тізгінінде отырған қазақ баласы қазір туған елінің туын көтеріп, Жер-Ананың орбитасынан шығып, Ғарыштан Қазақстанға, бүкіл əлемге көз салды. Біздің елдің дамуын осынау бейнелі теңеуге балаймын. Ғасыр мен ғарышты қатар игеріп келеміз. Жыр алыбы Жамбылдың «Менің пірім – Сүйінбай» деген қанатты жырын қазақ баласы жақсы біледі. Туған халқымның алдында «Туған елім – тірегім» деп бар дауыспен айта аламын. Тəуелсіздік таңында аздаған тығырыққа тіреліп абыржысақ та, алдағы күнді ойлағанда, белімізді бекем буып, тəуекел кемесінің желкенін уақыт желіне тосқан күйі алыс жағалауға аттандық. Қашанда жол бастау қиын, бірақ алдыңда ақылшы халқың тұрғанда, оны да игересің. Қашанда қол бастау қиын, бірақ жаныңда жаужүрек жұртың тұрса, оны да үйренесің. Қашанда сөз бастау қиын, бірақ жадыңда бабаның сөзі тұрғанда,

мен ердің өмірі де – осы қанатты қағидамен сабақтас. Халқымыз бұл тұрғыда талай тамаша сөздер мен ғажайып тəмсілдерді айтып та кеткен. Жақсы сөзден сыбаға, жарқын ойдан мұра, халықтық қағидадан үлгі алсақ, несібеміз молайып, тапқанымыз толыса түспек. Мемлекет өмірін құрайтын да, ұзартатын да – оның бейбіт өмірді сүйетін, бірлігі жарасқан халқы. Тəуелсіздіктің ең алғашқы күнінен бастап біз бірлік пен ынтымақтың туын биік көтеруді мақсат тұттық. Ел бірлігі – ерекше байлық. Халқымыз үшін ер мен жердің нарқы аса биік. Біз – бала кезімізден осынау егіз ұғымды анамыздың ақ сүтінен, əкеміздің ащы терінен ұғынып өскен ұрпақпыз. Жердің қадірін білу арқылы елдің қадірін білесің. Елдің абыройын ойлау арқылы өз абыройыңа дақ түсірмеуге тырысасың. Осыларды бала кезден бойға сіңіру, ойға тоқу арқылы ұлттық салт-сана мен халықтық қасиеттерді де тал бойыңа таратып, тағылым алып өсесің. Адам өз халқынан өмір бойы үйренеді, сонымен қатар елге елеулі əрбір азамат іргелі ісімен, үлгі-өнегесімен елді де тəрбиелейді. Ел мен ердің бірлігі, ел мен ердің жарасымы – жарқын болашақтың кепілі дейтініміз сондықтан. ала кезімізде мектепке бара жатқанда, кең көшенің бойында кеңесіп, өткен-кеткеннің сəлемін сəтімен алып, батасын беріп, бақытыңды үстеп отыратын қарияларды көп көретінбіз. Олардың алдын кесіп өтпей, тоқтап, назарын аударып, аузымызды толтырып «ассалаумағалайкүм» деп амандасып, сонан соң көптен күткен керек істі тындырғандай болып, шаттана жүгіріп бара жататынбыз. Əкемнің көзін көрген, анамның қолынан дəм татқан сол қариялар туралы бүгін ұзақ жылдардың қырқасынан ойлана еске алсақ, сол кездер біздің азаматтық қалыптасуымыздың саналы сабағындай болған екен. Қазір де, жолым түскенде, сол баяғы балаң сүрлеумен тағы да жүріп өткенді ұнатамын. Сол кезде əр үйдің алдында отырған ақ сақалды абыз қарияны, ақ жаулықты əз аналарды тағы да көрем бе деп елеңдеймін. Əттең, уақыт қатал, олардың бəрін келместің кемесіне мінгізіп, алысқа əкеткендей. Жаным жабырқап, көңілім қамығып, əр көшенің өн

да шығарсыз, несіне əуре болып жатырсыз?», – дегенде, белін бір сəтке жазған қария: «Мен жемісін жемесем де, оны кейінгі ұрпағым жейді ғой, сол үшін отырғызып жатырмын», – депті. Біздің əкелеріміз осы тəмсілдегі қарияның өзіндей, ұрпағын ойлаған үлкендердің көзіндей еді. Алатау баурайында бой көтерген ауылдардағы қариялардың бəрі дерлік осы тəмсілді өз бастарынан кешкен ұрпақ еді. Мұны жылдар өте келе терең ұғына түстік. Ал бүкіл қазақ даласын жаудан да, даудан да қорғап, келер ұрпағы үшін шыбын жанын да, қасық қанын да қиған қасиетті аға ұрпақтың ел мен жер туралы мəңгілік тəмсілін бүгінгі ұрпаққа жан-жақты ұғындыра алдық па? «Біткен іске сыншы көп, бітірген ердің кемі жоқ» деген Махамбеттен жеткен мағыналы сөз бар. Кейде бір азаматтар шамадан тыс міншіл болып жатқанда, осы сөзді ұстанған баяғы ауыл қарттары еске жиірек түсетіні бар. Ел мен жердің қасиеті мен киесі – ұлы жəдігер. Ұлттық байлық. Ұлттық ұлағат. Тілімізде «жер тағдыры – ел тағдыры» деген сөз бар. Өйткені, жердің тарихы, оның тағдыры əрбір адамның да өмірбаяны, ащылы-тұщылы ғұмырнамасы секілді. Біз осы жерде өмірге келдік, ұлт болып ұйыдық, халық болып қалыптастық. Хан көтеріп қатарға кірдік, мемлекет болып мерейімізді өсірдік. Енді, міне, егемен ел, кіммен де терезесі тең тəуелсіз мемлекет ретінде өркениет өлкесіне өрістеп барамыз. Көш-керуеніміз көлікті де, көрікті де болғай! Халқымызда «Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды» деген ерекше бір мəнді сөз бар. Егемен еліңді жауға алдырмайтын, дауға қалдырмайтын ер басқарса, оны қолдайтын елі болса, бұл дүниенің байлығы да, бақыты да сол емес пе! Ел бақыты – ер бақыты. Сондықтан да «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деп өскен елдің перзенттеріміз. Ұлттық мүддеге қызмет етудің тарихи ұлы үлгілерін біз халқымыздың қайраткер тұл ға ла рының өмірбаяндарынан білеміз. Жиыр масыншы ға сыр басындағы ұлттық мүдде жолындағы жанкешті арпалыстар кейінгі жылдарда зұлмат пен нəубеттің қасіретті кезеңіне тап болса да, олардың айқын мақсаттары мен асқақ армандары

арманнан бастау алатынын жан-жақты ашып көрсетуге бағытталды. «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды» деген сөз жалаң ұран емес. Оны жүзеге асыру жолындағы жұмыстар қазірдің өзінде қарқын алып, баянды бастама халықтық қағидаға айналуда. Қолдау тауып, жүзеге асырылуда. Біз жалпыұлттық арманның орындалуы үшін бар күш-жігерімізді, білім-білігімізді, алған тəжірибеміз бен түйген үлгі-өнегемізді толық əрі сарқа жұмсайтын боламыз. Бұл асыл мұрат – күллі қазақстандықтарды жарқын болашаққа бастаудың кепілі. Уақыт бізді таңдады! Біз сол уақытқа енді өзіміздің мемлекеттік мөріміз – тəуелсіз Қазақстанның атын жаздық. Өйткені, біз жаңаша армандауды үйрендік. Жаңаша жол табуды үйрендік. Ел мен қоғамды дамытудың нақты міндеттерін алға қоюды үйрендік. Біз үйрене отырып, үлгілі жолға түстік. Бұл жол – енді біздің жол, Қазақстан жолы. Сөйтіп, Тəуелсіздіктің жиырма бесінші жылына қазақстандық жаңа арманмен аяқ бастық. Оның басты мақсаты – «Қазақстан-2050» Мемлекеттік стратегиясын жүзеге асырудан толық көрінетін болады. Осы ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстанның əлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін межелеп отырмыз. Бұл – Ұлт жоспары, қазақстандық арман. Аңсарлы арманды абыроймен орындау жолында жалпақ жұртымыздың бірлік пен ынтымақ танытып, жұмыла еңбек етуі – барлық жеңістеріміздің алтын тұғыры болып, абыройлы биігіне айналмақ. Бұған дейін жүріп өткен жол тəуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі қиыншылықтарды жалпы ел болып еңсеру, одан кейінгі жылдардағы даму мен өркендеу жолы болды. Мемлекет өміріндегі мəртебелі де мерейлі кезеңдер болашаққа деген сенімімізді əбден нығайтты. Дамудың тұрақтылығын жүзеге асыру арқылы біз Қазақстанды əлемге таныттық. Əлемнің геосаяси картасында жаңа тұрпатты мемлекет пайда болды. Мұның бəрі тəуелсіздіктің алғашқы сағатынан басталды. …1991 жылдың желтоқсан айының əр күні, əр таңы менің жадымда жаңғырып, сол кезде кеудені кернеген шаттық пен салтанат жанымды əлі күнге тербеп келеді. Сол күні, бір жағынан – жаңа туған сəбидей, бір жағынан – ғасыр жасаған қариядай күйде болғаным есімде. Шынайы бақыт сезімін бастан кешіп, шалқар шаттыққа бөлендім. Жеке басыңның қуанышы мен бақыты бір бөлек те, туған халқыңның қуанышы мен бақыты мүлде басқа екенін сол жолы ерекше түсіндім. Тебірендім, толқыдым. Бабалар аманатын орындау бақыты, елді ертеңгі күніне бастау парызы менің маңдайыма жазылғанын Жаратушының ерекше сыйы, айрықша мүмкіндігі деп түсінемін. Бəлкім, тарихтың таңдауы, халықтың қолдауы деген жөн болар?! …Алатаудың бауырында қоныс тепкен шағын ғана Шамалған ауылындағы мектепке алғаш барған жылдарым, аяулы ұстаздарымнан алған бағаларым жанымды қандай шуаққа бөлегенін əлі күнге ұмытпаймын. Бастауыш сыныптың баласы болсам да, ойыннан гөрі ой қуып, тезірек ержетсем, күндізтүні белін бір жазбай тірлік кешетін анамды, таңмен таласа тұрып, қас қарая отбасына əрең оралатын əкемді қуантатын қолғанат болсам, олардың еңбегін жеңілдетіп, маңдай терін сүртер көмекшісі болсам деген арман күн сайын есейтіп келе жатты. Əр бала арманына асықпай ма? Мен де соның бірі шығармын деп ойлаймын. Əрбір қазақ баласы осы арманшыл арда сезім мен бұла кезеңнен өткеніне күмəн жоқ. Иə, солай. Халқымыздың қадірлі қасиеттері ұшан-теңіз. Олар ата-баба дəстүрлерінен бастау алады. Қазақ – ойшыл халық, ақын халық. Сəби жүрегінде желкілдеген арман мен үміт, қиял мен ой көкірегінде сəулесі бар қазақ баласын өлең өлкесіне алып келеді. Халқымыздың ақынжандылығы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мəңгілік мектеп. Телегей теңіз ауыз əдебиетінің қайнарынан сусындаған ұлтымыздың ұлы тарихындағы ұлағатты белестер бұған нақты дəлел. Біз тарихын тілмен де, ділмен де жазған халықпыз. Тарихи жағдайы мен табиғи болмысы өлеңмен өрілген жұртымыздың жүрек лүпілі жырмен жымдасып, əнмен əуелейтіні де сондықтан. Мысалы, біздің өңірдің ақындардың елі деп аталғаны тектентек болмас. «Екейде елу бақсы, сексен ақын, гулейді жын қаққандай кешке жақын» деген өлеңді білмейтін исі қазақ жоқ болар. Балаң шағымда өлеңнің ауылына

енген қасіретті жылдардың куəгері болды. Ұлы Жеңістің шаттығын кішкентай жүректерімен қуана қабыл алғандар да солар. Қан майданнан оралып, елін аңсап келіп жатқан ерлердің алдынан жүгіріп шыққан соғыс балаларының өмірбаянында сол кездегі салтанат пен мерейдің жарқын бояуы əлі тұнып тұр. Тарих бояуын тынымсыз уақыт толассыз өшіріп жатқан мына заманда біздің мейлінше есті, мейірбан əрі ұстамды болғанымыз жөн. Салмақты сөзді саналы ер ғана айтады. «Бұл – біздің жеңіс емес» деген алыпқашпа сөзді малданып, бəтуасыз байламға алданғанның айыбы зор. Жеңіл сөздің ауыр сыны ата-бабаларымыздың өнегелі өсиетін сызып тастайды. Өйтсек, біз бұрынғымызға сатқындық жасаған боламыз. Өз жолымызды өзіміз бөгеп, өз қолымызды өзіміз кес кендей боламыз. Біз бұған жол бере алмаймыз. Біз Жеңістерімізді қорғаймыз. Өйткені, қандай Жеңіс те əрқашан қорғауды қажет етеді. «Жау жолына атам сені, бомба бол да жарыл, жүрек» деп қазақ жырының қайсар өкілі, ұлтымыздың ұлы ақындарының бірі Қасым Аманжолов жазғандай, біздің ұрпақтың бойындағы қайсар рух – бағзы бабалардан, абыз даналардан жеткен ұлы сый, ұлық мұра. Осынау ұлан-байтақ жеріміз бізге бабалар рухы мен ерлігінің арқасында мұра болып қалған. Бұл – ұлы жеңістің нақты нышаны, дəуірлердің діңіне тіккен өр қазақтың байрағы. Ол байрақ байтақ жұртымыздың жүрегінде желбірей бермек. Қазақтың қасиетті жері – біздің асқақ рухымыз, баға жетпес байлығымыз, мəңгілік мұрамыз. Бағзы тарихымыздың бастауында тұрған заңғар қаған Мөденің арам пиғыл аяр жауға тұлпарын, Жаратқан қосқан жұбайын да ел тыныштығы үшін қиғанымен, кіндік қаны тамған жерін бермей, қаскөй жаумен қырғын соғысқа түсіп, жеңіске жетуі – қанымыз бен жанымыздағы халықтық қасиет, өмірлік өсиет. Əлемде қасиет пен өсиетті қадірлейтін елдер аз ба, көп пе? Əрине, əр елдің, əр халықтың өзіндік салтдəстүрлері бар. Соның ішінде ұлттық құндылықтар ретінде мемлекет тарапынан қолдау табатын ұстанымдар да бар. Айталық, біздің елде ұлттық ұждан аса бай ауыз əдебиетімізден, сөз мəйегі – мақалмəтелдерімізден барынша байқалады. Тарихымызда баяндалып, шежіремізде шертіледі. Халқымыздың қай мұрасын алсақ та, одан тек үлгі мен өнеге, ақыл мен парасат, адамгершілік пен иман, достық пен бауырмалдық айқын көрініп, анық танылады. Абзалы, біз – ақындығы мен батырлығы қатар түсіп, өзегі бірге өріліп жататын жұртпыз. Ауыз əдебиетінің ұлы жауһарлары бұл сөзімізге куəлік ете алады. лемді кезген саяхатшылардың өзі Азияның ен даласындағы сан қилы елдер мен алуан түрлі жұрттарды саралай қарап, қазақтың қонақжайлығы мен дарқандығын, адами болмысы мен ар-намыс биіктігін сүйсіне айтып-жазып кеткен. Аңқаулығының өзі адалдығының айнасындай ұлтымыздың ұлағатты қасиеттерін жаһандануға жұтылып жатқан қазіргі кездің өзінде бұрынғы ұлттық салт-дəстүрімізді əлі де төрге шығарып, төбеге көтеріп келеміз. Солай бола береді. Өйткені, халықтық дəстүр – тегімізде. Біз, əрбір отандасымыз: «Менің елім – Қазақстан» деген сөзді мақтанышпен айтуымыз керек. «Қазақ баласы, сен дүниеге осы ұлттың өкілі болып туғаныңа мақтан» деген сөз ұлтымыздың əр ұланының жүрегін қуанышқа бөлеуге тиіс. Біз сонда ғана егемен ел болып əлемге таныламыз, өзімізді өзгеге сыйлата аламыз, алыс-жақынмен араласып, бір үйдің баласындай бауырласып кетеміз. Міне, жұртымыздың көңілі жайланатын, ертеңін ойланатын кезі келді. Ұлттық арманды ұлықтау арқылы біз ортақ жеңіске жететін боламыз. Біз – жоқтан бар, иманнан ар жасаған ұрпақтың өкіліміз. «Мың өліп, мың тіріле жүріп», қайсар рух, өмірге деген құштарлықтың арқасында, ақыры тəуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бостанбыз! Азат халық болып, Еуразияның алып аймағын жайлап жатырмыз. Бізге де қызыға қарайтын, бізден де үлгі-өнеге алатын елдер аз емес. Осыған тəубе демеске бола ма?! Бұл бақытты біздің бабаларымыз қалай аңсады? Оның тарихын білеміз. Бұл кезді кешегі аға ұрпақ қалай аңсады? Оның жағдайын білеміз. Бұл күнді кешегі қарлы желтоқсанда алаңға шығып, атойлап теңдік сұраған кейінгі батыр ұрпақ, жас ұрпақ қалай аңсады? Оны да жақсы білеміз. Біз Желтоқсанның

оның да жүйесін табасың. Осындай сəтті сапарда төрткіл дүниенің төрт құбыласынан тұрақты дос, сапарлас серіктес, қақысы бұзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді. Сенім деген – серпінді күш. Ол күшті қайсар да қарапайым халықтан аламыз. Халықтың қасиеті мен өсиетін қатар өріп, келер күнге ашық пейіл, жарқын жүзбен қараймыз. Қазақ даласы – Ұлы Түркі дүниесінің қара шаңырағы. Алтай мен Атыраудың, Жайық пен Іленің, Алатау мен Сарыарқаның арасын Жібек жолы жалғаған кешегі заманды біз қайта түлетіп жатырмыз. Еуразияның алып даласы Еуропаның төріне, Аспанасты еліне жолын жалғап, жаңа мыңжылдықтың керуенді көшін ұзартып, көркін асырып келеді. Кешегі Жібек жолы енді дəуірдің даңғылына айналып, Қазақ елін дамудың жаңа сапарына бастап барады. Көшіміздің көлікті, жүгіміздің салмақты, табысымыздың қомақты болатынына күмəн жоқ. Мен саясаткер болғандықтан, көбіне осы міндет мінберінен сөз айтамын. Əр нəрсенің себебін, əрбір сөздің салмағын безбендеп, оны еліміздің мақсатмүддесі тұрғысынан екшеп, елеймін. Онсыз болмайды, жеке «меннің» халықтық «менге», елдік пікірге ұласуы тұрғысынан сөз ұстаймын. Арқамда тұрған Алаштың мүддесін көздеп тіл қатамын. Ендеше, бұл кітапты да «Менің Қазақстаным» деген толғаудың тұғыры деп түсінген абзал. Бəріміз де Ұлы Дала елінің перзенттеріміз. Осы орайда, биік таудың етегіне келіп, оның қарлы шыңдарына қарап тұрған адам сияқтымын. Оның қойнауында жан білмейтін көп қазына, небір ғажайып жұмбақтар бар секілді болып көрінеді. Өзім көрген, көкейге түйіп, көзім жеткен жайттардың біразын бұған дейін де айтқан сияқтымын. Бірақ ойланып отырсам, жұртымның жайжапсарын əлі де толық айта алмағандаймын. Осындай ұлан-ғайыр даланың, ұлағатты ұлттың ұлымын деген перзенттік сезімді де бастан кешетінім бар. «Менің Қазақстаным» деген əрбір қазақстандықтың жан жүрегін баурайтын сөз деп түсінемін. Тəуелсіздіктің ширек ғасырлық жеңісті жолында осынау тіркестің əрбір көкіректе орнығуына қаншама күш салдық, қаншама қилы кезеңдерді бастан кештік? «Менің Қазақстаным» деген əрі қарапайым, əрі қайсар сөз сол кездің өзінде-ақ ұлттық əнұран болып əр жүректің төрінен орын алған-ды. Қазір əлемнің əр түкпірінде біздің Əнұранды жақсы біледі. Осынау жан тебірентерлік қуатты əуен шырқалғанда кеудемізді шаттық кернесе, ол орындалғанда бəріміз тікемізден тік тұрып, оң қолымызды жүрегімізге қойып, салтанатымыз тасып тұрады. Ондай кезде біз өзімізді бақытты сезінеміз. Сондай сəтте біз тəуелсіздігіміздің мəнін терең ұғына түсеміз, айбынымыз асып, ата-бабаларымыз аңсаған күндерді бастан кешіп жатқанымызға шүкіршілік айтамыз. Өйткені, «Менің Қазақст аным» – біздің тəуелсіздігіміз! Тəуелсіздікті күн сайын қорғау керек, нығайту керек, өркендету керек! Тұғырымыз да, ғұмырымыз да Тəуелсіздік! Тəуелсіздік – менің Қазақстаным, сіздің Қазақстаныңыз, бəріміздің Қазақстанымыз! Біз осы елде туып, осы елде еңбек етіп, осы елде ұрпақ өсіріп, осы елде өмір сүріп, өркендеп жатқанымызды мақтан етеміз. Біздің Қазақстанымыз – Ұлы Дала елі, Мəңгілік Ел. Біз осынау аса қасиетті атауды енді ұлттық бейнебедеріміз ретінде көкірегіміздегі күндей ыстық, санамыздағы серттей берік ұстаймыз. Ұлы Даланың ұлық тарихын біз жаңаша жазып, жас ұрпақтың санасына сіңіреміз. Бұл – жалпыұлттық, маңызды мемлекеттік міндет. Ал міндет – орындалуымен мəнді. Демек, бұл – Ұлы Дала ұрпағының ұлағатты парызы. Ендеше, «Ұлы Дала ұлағаттары» деген атпен айдарланған бұл кітапта осы тұрғыдағы ойларымды ортаға салмақпын. Көкейдегі көп ойдың, соның ішіндегі көркем ойдың қалай орналасқанына өздеріңіз əділ қазысыздар.

бойына жалтақ-жалтақ қараймын. Солармен бірге кеткен қимас шақ – балалық балдəуренді бүгінгі ұландардың бойынан көремін бе деп, көшеде жүгіріп бара жатқан бүлдіршіндердің соңынан ұзақ қарап қалатыным бар. Алатау қойнауларындағы алма бақтарының иісі жұпар аңқыған сол бір тамаша сəті, биік таудың басына əзер өрмелеп шығатындай таңғы арайдың тамылжыған шапағы, ауылдан өрген малдың қымқуыт дауыстары, төрт түлігін өргізген апалардың бір-біріне сəлем салып, ай көрмеген абысындай, жыл көрмеген танысындай болып шұрқырасып, амандықсаулық сұрасып жатқаны көңіл айнасында көп уақыт өтсе де, ескірген емес. Кейінгі кездерде Жер шарының талай елінде, талай қиырларда таңның атуын көп көрдім. Бірақ солардың ешқайсысы да менің жанымды дəл сол бала кездегі туған ауылымның – туған елімнің таңындай баураған емес. Бұл, бəлкім, туған жерге деген ыстық сезім, атаанама деген өшпес сағыныш болар. Таңмен таласа тұрып, тау қойнауындағы ескі жолдарға жаңа қадамдар қосатын əкемнің ымырт үйірілгенде үйге келіп, дастарқан басында дəм татып отырған бейнесін озған жылдардың ой-шымылдығын түріп, қанша қарасам да, көкейімдегіні көре алмаймын-ақ. Шарасыз күйде жолға шығып, иығын шаң қапқан жолаушыдай күй кешетінімді несіне жасырайын. Ел мен жердің қасиетін таныту тұрғысында біз кейде жадағай сөздерге де орын беріп жатамыз. «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген, мен Отанды атамдай иемденем», деп Мұқағали ақын қалай дəл айтқан. Атамекен деген сөзде кие бар. Туған жер десек, арманда кеткен бабалардың бүгінгі таңда ақталған арманы ойға оралады. Өз Отаның – бұл дүниедегі жəннатың мен шуағың. Сондықтан мен жастарға білімің мен қайрат-жігеріңді өз еліңнің мүддесіне жұмса деп айтар едім. Туған елің дəулетті, туған жерің сəулетті болса, сен де əулетті, əлеуетті боласың. Отанды сүю баршамыз жүрек тұсында ұстауға тиесілі осындай қарапайым сөздерден басталады. Əкеміз күн сайын «Отанды сүй, елді сүй, туған жерді қадірле» деп тақпақ жаттатқандай болған жоқ. Анамыз да мұндай сөздерді құлағымыздың құрышын қандырып, күнде айтқан емес. Бірақ олардың күнделікті қарапайым тірлігі, от басы-ошақ қасында атқарған іс-əрекеті бізге өмірлік сабақ, ғұмырлық ғибрат болды. Мұндай жағдайды тек мен ғана бастан кешпегенім де шындық. Əрбір қазақ баласының, əр қазақстандықтың осындай тəлім-тəрбие алғаны даусыз деп ойлаймын. Халық та бірде бала, бірде дана. Дана халықтың ұлы, бала халықтың басшысы болып, туған еліңнің туын көтергенде, жұртыңа деген сенім ешқашан суға батырмайды, отқа күйдірмейді. Тығырықтан жол табасың. Қазір бұған халқымыз да, алыс-жақын елдер де куə. Тұрлаулы тарих, шежіреге айналар шындық куə. Бүгінгі уақыт куə. Ал біз – осы тағдыршешті туындының бас кейіпкерлеріміз. Қазақ үшін қара жердің қасиеті тым биік. Тағдыр бізге ұлан-байтақ жер берді. Ұл-қызының рухы асқақ, намысы биік ел берді. Ғасырлар бойы күресіп, талайталай тар кезеңде даудың бетінде, жаудың өтінде жүрдік. Байтақ жердің баянын, ата-бабаның арманын ұмытпадық. Ақ білектің күшін де, ақ найзаның ұшын да орайын тауып ұстап, амалын тауып азат күнге жеттік. Демек, Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз, қарыс қадам жері үшін жанын қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз. Жердің иесі де, киесі де – халық. Бұл біздің ешқашан естен шығармайтын ережеміз, қасиетті қағидамыз болуы тиіс. Туған елінің тұтастығы мен бірлігі жолындағы халықтық ой-пікірлер қашанда қостауға, терең түсіністік танытуға лайықты. Мұндайда: Ұлы той көппен көрген халқың үшін, Ешқашан адастырмас салтың үшін. Жаратқан, Қазағыма ынтымақ бер, Тұрғанда мына заман тартып ішін, – дегеннен басқа не айтқандайсың?! Біз – ынтымақ деген сөздің мəн-мағынасын бала кезден бойға сіңіріп өскен ұрпақпыз. Əрі мұны тек мектеп оқулықтарынан ғана емес, алақандай ауылдың қарапайым адамдарынан естіп, күнделікті тірлігінен танып өстік. Осындайда бір тəмсіл еске түседі. Баяғыда бір қария жеміс ағашын егіп жатыпты. Өзі белі еңкіш тартып, əбден қартайған кəрі адам екен. Оны көргендер: «Ата, өзіңіз болса қартайдыңыз, бұл ағаш қашан жеміс береді, оны сіз көре алмайтын

келер ұрпақтың кеудесіндегі азаттық сезімін оятты. Жиырмасыншы ғасырдың басында жиырмадан енді асқан Сұлтанмахмұттың: «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, қараңғылықтың кегіне, күн болмағанда кім болам?!» деп басын бəйгеге тігуі ақындық албырттық қана емес, азаматтық, қайраткерлік жанкештілік болатын. Феодалдық жəне социалистік сана арасындағы сəби талпыныстар мен солақай ұрандар ұлттық есеюдің, халықтық ержетудің кезеңін кешіктіріп, оның соңы сырттан таңылып, сұрқия пішілген солақай жоспардың кесірінен өткен ғасыр басында көршілерінен саны жағынан басым қазақ жұртының ғасыр ортасында олардан көш бойы қалып қойғанын тарихи зауал, нəубет демегенде не дейміз?! Елім туралы, оның ертеңі туралы ойланғанда, туған ауылдағы көп балалы отбасылардың өмірі есіме түседі. Бəріне бірдей аналық жүрекпен, əкелік тілекпен қарайтын қарапайым отбасылар секілді ешкімді алалап қараған емеспін. Бəрі де – менің халқым, туған жұртым. Береке-бірлігі жарасқан, ертеңге ортақ арман-үмітпен қараған оларды ешқашан шектеп, шеттетуге болмайды. Өйткені мына жер, мынау аспан мен тау, бой көтерген үйлер мен қалалар бəрімізге ортақ. Баршасы – ел мен жердің ортақ байлығы, ортақ қазынасы. Бүгініміз де, ертеңіміз де ортақ. Сондықтан да жұрт болып жұмылып, көп болып ұғынып, ер болып еңсеріп, ел болып белсеніп қызмет атқарып келеміз. Мұның бəрі қасиетті қазақ жерінде жүзеге асып жатыр. Халқымызда «Таудан тірегі бардың тастан жүрегі бар» деген сөз бар. Менің тауым да, табалдырығым да, тапқаным да, табынатыным да – туған халқым. Елі мұратқа жетпесе, ердің бəсі кем, ері мұратқа жетпесе, елдің бəсі кем. Екеуі тең түсіп, тілегі мен тірегі ұштасса, екеуі де өмірден өрісін, еңбектен жемісін, жарыстан жеңісін табады. Елің – құрышың, жерің – ырысың. Өйткені жердің де, елдің де иесі екеніңді ешқашан естен шығаруға болмайды. Балалы үйдің базары тарқамайтыны секілді, сонда еліңнің базары да, ажары да жарасымды келісіммен ғұмыр кешіп, тарихи істерді атқара аласың. Елдің күші – бірлікте. Бұл сөз біздің ұлттық ұранымыз. Бір ел, бір мақсат, бір Отан – біздің ұлттық арманымыздың ақиқат алғышарттары. Білімді мыңды жығады, білген уақыттан озады. Ал ізгі қасиеттерді ізгілікке жұмсаған елдің де, ердің де қашанда маңдайы ашық. Бұл сөздерді елеп-екшеп берген де халқымыздың ғибратты өмір жолы. Біз – талайды көрген халықпыз. Тар заманды бастан кешіп, кең заманды аңсаған елміз. Бұл күнге біздің ұрпақ жетті. Ендігі жас ұрпақ – ертеңгі ел тірегі осыны бағалай білуі керек. Бақыт – бағалай білгендікі. Адал маңдай тер – абыройдың баспалдағы, еселі еңбектің өтеуі. асырлар бойы азаттыққа ұмтылған арда елдің қай кезде де көшін бастаған ұлы тұлғалары болған. Бұл тұрғыдан келгенде ұлттың ұлы тұлғаларының есімдерінің өзі талай кітапқа жүк боларлық. Ерлердің ерен бейнелерін дастанжырларында мəңгілікке нақыштаған халқымыздың ұлан-ғайыр байлығы – руханиятымыздың асыл қазынасы ғана емес, ол – біздің келешек дамуымыздың, елдік қуаттың қайнар көзі. Тұлпар мініп, ту ұстаған бабалардан жеткен асыл сөз, айбынды ұран енді бүгінде Қазақстанның мəртебесі мен мерейін асырып, оның əлемдік өркениет көшіндегі орнын айқындауда. Қазақ жерінің – үсті де, асты да байлық. Ал одан да қымбат байлық – біздің бауырмал халқымыз, мəрт жұртымыз. Ел болу үшін, ең алдымен ұлттық рух, ұлттық қасиет жəне ұлтқа деген сенім болуы қажет. Біз осы ұлы қасиеттерді мемлекеттік саясат ретінде ұстанамыз жəне оны əркез мақтан етеміз. Мемлекеттің ғұмыры да адамдардың тағдырына ұқсас. Аристотель данышпан: «Мемлекеттің пайда болуы Құдайдың ісі, ал оны сақтап қалу – адамның ісі», деген екен. Біз, Қазақстан халқы, Құдайдың ісіне қуана отырып, жаңа тұрпатты мемлекетімізді сақтап қалу үшін Мəңгілік Елге қызмет жасау жолында еңбектеніп жатырмыз. Ел мен ердің бірлігі – халықтың қам-қарекеті. «Жері жоқ ел мемлекет құра алмайды, жері жоқ ел өмір сүре алмайды», деген екен ғұндардың көсемі Мөде бабамыз. Бізде ұлан-байтақ жер де бар, ынтымағы жарасқан ел де бар. Еңбегімізге береке, халқымызға бірлік бергей!

О

Ə

ЕЛ МЕН ЕР ЖƏНЕ ЖЕР Жерден өткен байлық жоқ: жер болса – ел болады, ел болса – ер болады. Ел мен ердің арасында айырма жоқ деуге де болады. Екеуі бір ұғым, қос өрім, егіз түсінік. Өткен заманның ойшылдарының бірі Ш.Монтескьенің: «Мемлекет өмірі адам өмірі секілді» деген сөзі бар. Ендеше, ел

Б

Ғ


4

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫН ТАНЫТҚАН,

ПАРАСАТ ПЕН

ПАЙЫМ

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ: ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ

ЕЛБАСЫ МАНИФЕСІ – БҰҰ РЕСМИ ҚҰЖАТЫ Рано УБАЙДУЛЛАЕВА, облыс əкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММның басшысы.

Барак ОБАМА, АҚШ-тың бұрынғы Президенті.

«Президент Назарбаев – əлемдік саясаттағы ең беделді тұлғалардың бірі. Оның «Ядролық қарусыз əлем» жобасы əлем көшбасшыларын таңғалдырған жоба болды. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып, əлемдегі ең бейбіт, тұрақты мемлекет құрудың жарқын үлгісі болды. Ядролық қарудан бас тарту арқылы қазақстандықтар əлем елдерінің қауіпсіздік кепіліне ие болды. Бұл өз кезегінде Қазақстанды əлемдегі ең тұрақты мемлекетке айналдырды». «Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты жəне өркендеген мемлекет ретінде өз дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісіндегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін жəне мен Сіздің ұлтаралық жəне діни төзімділікті ілгерілету жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын». Абдулла ГҮЛ, Түрік Республикасының бұрынғы Президенті. « Ə р ке л ге н і м д е г ү л д е н е т ү с ке н і н е ку ə болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең əсем нышандарының бірі деп білеміз».

Ангела МЕРКЕЛЬ, ГФР Канцлері.

«Жауапты міндеттерді одан əрі атқару үшін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа зор табыстар мен сəттілік тілеймін. Экономикалық, қоғамдық жəне саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Германия тарапындағы қолдауға сенім арта алатын болады».

Хуан КАРЛОС І, Испания Королі. «Қазақстан осы жылдар ішінде айтарлықтай нəтижелерге жетті. Бірлескен жұмыстарымыздың арқасында біздің мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып отырғаны мені ерекше қуантады. Мен ел Президенті Н. Назарбаевтың күшқуатының арқасында Қазақстан өміріндегі жаңа кезең тағы үлкен прогреспен жəне халықтың əлауқатының артуымен белгілі болатынына сенемін».

Режеп ТАЙЫП ЕРДОҒАН, Түркия Президенті.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластықты нығайтуға аянбай тер төгіп келеді. Мен Қазақстан Президентін үлгі тұтатынымды жасырмаймын». Джордж БУШ, АҚШ-тың 1989-1993 жылдардағы Президенті. «Қазақстан Президентінің «ядросыз əлем» жобасы бұл – жаһандық саясаттағы ешкім қайталай алмайтын қадам болды. Мен жəне Америка халқының Нұрсұлтан Назарбаевқа жəне Қазақстан халқына қашанда ілтипаты ерекше. Н.Назарбаевтың қиын-қыстау кезеңдердегі ұстанған саяси жəне экономикалық реформалары – əлемдік саясаттағы үлкен жетістік деп білеміз. Бұдан əрі де Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық, ынтымақтастық байланыс нығая түсетініне сенімім кəміл».

Қазақстанның əлемдік саясатта алар орны ерекше. Тəуелсіздік алған 25 жылдың ішінде біз халықаралық қауымдастықта бейбітшілікті жақтаушы ел ретінде танылдық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Əлем. XXI ғасыр» атты манифесі Біріккен Ұлттар Ұйымының екі негізгі органы Бас Ассамблея м е н Қ ау і п с і з д і к Ке ң е с і н і ң ресми құжаты мəртебесіне ие болуы – осының айқын дəлелі. Бұл халықаралық қауымдастық алдында Мемлекет басшысының мəртебесінің жоғары екендігін көрсетеді. Жалпы, күллі адамзат үшін бейбітшілікті сақтаудың негізгі жолдары көрсетілген құжат несімен құнды? Алдымен соған тоқталайық. Ядролық қару – жаппай қырыпжоятын күшке ие. Химиялық, биологиялық қарулардан бас тартқанда ғана жаһандағы елдердің жан тыныштығы сақталмақ. Əлемде бейбіт өмір орнауы жəне елдердің бір-бірімен бейбіт қатынастарда болуы үшін мемлекет басшылары неге баса назар аударуы қажет? Елбасы манифесінен осы сұрақтың жауабын табуға болады. Қазақстан Президенті бұл манифесін дер шағында, нағыз керек ке зде жариялады. Себебі, қазір əлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұр. Əлемдік қауымдастық дауласқанды

ӨМІ

татуластыратын, жауласқанды жақындастыратын с а лиқа лы сөз, салмақты ойға мұқтаж. Ал бейбітшілікке шақырған біздің Көшбасшымыздың үндеуі сол талаптардың үдесінен толығымен шығып отыр. Татулықтың, достықтың туы қашанда биік. Елбасы əрдайым ел бірлігінен асқан байлық жоқ екенін е ске с алып отырады.

БРА ТТ Ы Р ДІҢ ҒИ

Көшбасшымызға қолдау көрсеткен халқымыз да берекені шақырған ы н т ы м а қ т а с т ы ғ ы н с а қ т ау ғ а тырысады. Соның арқасында елімізде сан түрлі этно стың өкілдері тату-тəтті тірлік кешіп жатыр. Осы жылы Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен

«Тəуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өткені мəлім. Сол жиында Мемлекет басшысы «Еліміздің тəуелсіздік тарихы – татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі, мызғымас бірліктің жылнамасы. «Байлық та, бақыт та – бірлікте» дейді ха лқымыз. Еліміздің əлемге

сыйлы, бай да бақуатты мемлекет болуына татулығымыздың тұтқасы – Ассамблея зор үле с қо сып келеді. Мен қоғамның барлық салаларында жемісті еңбек етіп жүрген сан түрлі этнос өкілдеріне зор ризашылығымды білдіремін», деген еді. Расында да, біз 25 жылда татулығымызды сақтау арқылы əлемге танылдық. Қасиетті қазақ жері тағдырдың түрлі тəлкегімен тоғысқан этностар үшін құтты мекен болды. Біз 2025 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының даму жəне қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға тиістіміз. Тұжырымдамада көрсетілген басты міндеттер – Елбасының бес институционалдық реформасы аясында «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, азаматтық приципке негізделген біртектілік пен бірлікті н ы ғ а й ту. Қ а з а қ с т а н д а т ү рл і мəдениеттер мен өркениеттердің қатар, бейбіт өмір сүруінің бай тəжірибесі қалыптасқан. Мемлекет басшысы əлемде бейбітшіліктің берік орнығуы жолында көптеген істерге бастамашы болды. Бейбітшілік пен тұрақтылық – ел Президентінің ішкі жəне сыртқы саясатының басты бағдары. Тəуелсіздігіміздің 25 жылында қол жеткізген табыстарымыз елдегі татулықтың жемісі десек, бұл жетістіктердің барлығын Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыруға толық хақымыз бар. Тараз қаласы.

КОНФЕР ЕН Ц

СӘТТЕРІ

ИЯ

ПРЕЗИДЕНТПЕН ЖЕТІ РЕТ ЖҮЗДЕСТІМ ЖАС МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫН ПАРАҚТАСАҢЫЗ, ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ АРТУЫНА БІРДЕН-БІР ЫҚПАЛ ЕТКЕН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ТӘУ ЕТЕР ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ЕКЕНІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗЕСІЗ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЛАРЫНДА, ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА БАСТЫ СЕРПІН БЕРЕТІН, ҚОЗҒАУ САЛАР САЛАНЫҢ БІРІ – ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІН НАЗАРЫНАН ҚАЛЫС ҚАЛДЫРҒАН ЕМЕС. СОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЕЛДЕ КӘСІПОРЫНДАР КӨПТЕП АШЫЛДЫ. ӨЗІМ БАСҚАРЫП ОТЫРҒАН ШАҒЫН ӨНДІРІС ОРНЫ ДА ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗБЕН БІРГЕ ӨСІП-ӨРКЕНДЕП, ҚАНАТЫН КЕҢГЕ ЖАЙДЫ.

Сəуле РЫСБАЕВА, «Рысбаева жəне Ко» ЖШС-ның директоры. « Р ы с б а е ва ж ə н е Ко» жауапкершілігі ш е к т е у л і серіктестігі Тəуелсіз мемлекетімізден небəрі үш ай ғана кіші. Биыл Тəуелсіздігімізге 25 жыл толса, келесі жылдың наурыз айында біздің өндіріс орны 25 жылдығын тойлайды. Егемен еліміз секілді серікте стігіміздің де өрлеу-өсу кезеңдерінің ширек ғасырлық даму тарихы қалыптасты. Сол шежірелі жылдардағы Елбасымен жүздескен сəттердің əсері ерекше естен кетпейді. Елбасымен мен алғаш 1995 жылдың 5 наурызында кездестім. Сол жылы Тараз қаласында «Баласағұн» орталық концерт залында тұңғыш рет іскер əйелдердің форумы өткен. Үзілісте Президент екінші қабатқа көтеріліп, бір топ кəсіпкерлерді сөзге тартты. Өңіріміздегі он шақты кəсіпкер ұйымдастырған көрмені тамашалады. Осы сəтті пайдаланып, «Нұрсұлтан Əбішұлы біз тек өндіріспен айналысамыз, өнімдерімізді көресіз бе?» дедім батылсыздау үн қатып. Ол кісі сөзге келме стен, біздің стендке қарай бұрылып, істі қалай бастағанымызды сұрады. Сонда жасаған мөрлеріміздің бірін қолына алып тұрып: «Бұл еуропалық үлгідегі бұйымдар екен, қазір өте қажет дүние, өзгелер де енді ала дорбаны қойып, өндіріске көшу керек осылай» дегені əлі есімде. Президентпен келесі жолы 1996 жылы 6 наурызда жүздестім. 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні мерекесіне орай Елбасының қабылдауына Алматы

резиденциясына шақырылыппын. Бұл кездесуге баруға облыстан «Юнчи» өндірістік бірлестігінің сауыншысы Ва лентина Иванова екеуміздің кандидатурамыз ұсынылыпты. Мемлекет басшысын үшінші рет облысымызға келген жұмыс сапары барысында көрдім. Президент бұл жолы біздің өндіріс орнына келді. Ол кезде серіктестігіміз шағын еді. Он-он бес қана маман жұмыс істейтін. Əйтсе де, Елбасымыз мекемеміздің жұмысын жақсы бағалап, мемлекетке салық төлеп, тұрғындарды жұмыспен қамтып отырғаныма ризашылығын білдірді. Бір жылдан кейін желтоқс ан айында Мемлекет басшысымен тағы да «Баласағұн» орталық концерт залында кездестік. Президент Таразға келген іссапары барысында Жамбыл жұртшылығымен кездесу өткізді. Сол жолы да сəті түсіп, Елбасымен б і р е р ау ы з т і л д е су м ү м к і н д і г і бұйырды. Ол кісі жұмысымыз туралы сұрады. Ал 2000 жылы кəсіпкерлер форумында тиісті адамдарға тапсырма беріп, серіктестігімізде туындаған қ и ы н д ы қ т а рд ы ш е ш у ге ы қ п а л еткен. Бір жылдан кейін 8 наурызда Президенттің қатысуымен өтетін əйелдер мерекесіне тағы шақырылдым. Сол жылы Тəуелсіздігіміздің 10 жылдығына орай ре спубликалық іскер əйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шарада Елбасымен тағы да жүздесудің сəті түсті. Форумда көпшілік арасынан көзі шалып қалған болуы керек, «Сəуле, қал қалай?» деп жағдайымды сұрады. Бұлай болады деп күтпегендіктен шығар, қатты таңырқап əрі қуандым. «Ұлық болсаң, кішік бол» демей ме?! Көшбасшымыздың нағыз осындай жан екеніне көзім жетті. 2005 жылы 25 сəуірде Президент кезекті іссапармен

Алина Квактың нды жобасы жоғары бағала Жамбыл жеріне келді. Бұл өңірдегі кəсіпорындар қатары едəуір артқан кез. Мемлекет басшысы жаңадан іске қо сылған кірпіш зауытының ашылу салтанатына қатысып, сол жерде облыстағы өндіріс орындарының көрмесімен танысты. О с ы ке зд е с ул е р д і ң е р е к ш е əсерлерін қағазға түсіріп, осыдан бес жыл бұрын «Елбасымен жеті рет жүздесу» атты кітап шығардым. Тəуелсіздіктің 20 жылдығына осылай тарту жасағым келді. Ал биылғы 25 жылдыққа, Тұңғыш Президент күніне дайындаған сыйым, тіпті, өзгеше. Мемлекет басшысының кəсіпкерлерге əлеуметтік жауапкершілікті ұмытпау керектігін е скерткен болатын. Бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тəрбиемен қамтуға өз үлесімді қосып, «Балапан» бағдарламасы аясында мемлекеттік-жеке меншік əріптестікті дамыту жəне бəсекеге қабілетті білімді əрі өнерлі жастарды тəрбиелеуге өзіндік үлесімді қосу үшін «A-Status» кешенін аштым. Мұнда 3-тен 11 жас аралығындағы балалар қабылданады. Бұл менің мерейлі мерекелер қарсаңында елге арнаған тартуым. Тəуелсіздік бізге өз кəсібімізді ашып, үлкен іспен айналысуға мүмкіндік берді. Ендеше, біз де Тəуелсіздігіміздің басты табысы не екенін іс жүзінде көрсетуіміз керек. Тараз қаласы.

Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».

Аудан орталығындағы №51 орта мектепте аудандық «Жастар коммуналдық-ре сурстық орталығының» ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017 – болашақтың энергиясы» тақырыбында аудандық конференция өтті. Жиналғандардың алдында ауданның көптеген мектептерінің үміткерлері өз жобаларын қорғады. Қатысушылар алдымен өздері таңдап алған тақырыптың мəнін ашатын көрме таныстырды. Баламалы энергия көздерінің артықшылығын насихаттайтын түрлі иллюстрациялар мен суреттерді, макеттерді көрсетіп, оларды пайдаланудың табиғат қорғаудағы маңыздылығын ашуға тырысты. Тақырыпты мейлінше жан-жақты ашып көрсеткен аудан орталығындағы №2 мектептің алтыншы сынып оқушысы Алина Квактың жұмысы жоғары бағаланды. Ол өз жобасында еліміздегі ЭКСПО тақырыбына айналып отырған жасыл энергия көздері – судан, желден жəне күннен электр қуатын өндіру тəжірибелері Қордай ауданында аса белсенділікпен қолға алынып жатқанына жергілікті мысалдардан деректер келтірді. Қордай асуында желден қуат өндіретін алып генераторлардың саны уақыт өткен сайын көбейіп келе жатқандығын тілге тиек етті. Жеңімпазға ұйымдастырушылар атынан бірінші дəрежелі диплом жəне бағалы сыйлық – микротолқынды пеш тарту етілді. Сондай-ақ, Отар, Қақпатас, Ноғайбай, Степное ауылдарынан қатысқан оқушылардың жұмыстары да əр қырынан атап өтілді. Қордай ауданы.


1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні

ЕЛБАСЫМЕН АТТЫ АРАЙЛЫ ЖАРЫҚ ТАҢ!

ПАРАСАТ ПЕН ПАЙЫМ

ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

Сабырғали РЫСБАЕВ, аудандық мəслихат аппаратының басшысы.

Жұмыр басты пенденің ешқашан есінен кетпес сəулелі сəттері болады. Арқабек аға үшін де сондай бір айтулы мезет 2006 жылғы мал шаруашылығын дамыту бойынша «Жамбыл облысының үздік кəсіпкері» ат анып, өзі қатарлы ел таңдаулыларымен Мемлекет басшысының Астанада өткізген кездесуіне қатысу мəртебесіне ие болуымен байланысты орын алған еді. Сол жиында Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзіне қазақы дəстүрге сай əулиеаталықтар атынан жез жағалы ақ шапан əкеліп кигізген Арқабек ағаны арнайы қасына шақырып алып, бірге суретке де түскен. Үлкен кісі өзінің кəсіпкерлік саласында қол жеткізген жетістіктеріне ризашылық білдіріп: «Маған айтар қандай тілек-өтінішің бар?» деп сұрағанында Арекеңнің бөгелмей, «Менің ең басты тілегім сол – деніңіз сау, өміріңіз ұзақ болсын! Халықтың да тілейтіні осы» деп жауап бергені есінде. – Шын мəнінде Елбасымен бірер сəт сұхбаттасқанның өзінде өн бойыңа от тарап, қуаттана түскендей болады екенсің. Ол кісінің ойлағаны да үлкеннің де, кішінің де – барша қазақстандықтардың ештеңеден кемдік көрмей, бақытты һəм бақуатты өмір сүруі ғой. Осы тұрғыда бағытбағдар беріп, көмек-қолдау көрсетіп, кəсіпкерлерді де жаңа жетістіктерге жігерлендірумен келеді. Президентіміздің сол жолы маған да айрықша сенім жүктеуі күш беріп, қанаттандыра түсті. Ел үшін еңбек етудің азаматтық борышымыз екенін шынайы сезінгендей болдым.

ҰЛТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ВА

с е п т е к н е т с Е елеулі сәт

Ел игілігін еселеп арттыруда Мемлекет басшысының сеніміне ие болған, шарапатына бөленген а з а мат т а р к ө п - а қ . Ме н д е солардың бірімін деп ойлаймын, – дейді аудандық мəслихаттың хатшысы Арқабек Төлебаев. Елбасымыздың бір сөзінде «Туып-өскен жер ыстық қой, дүниенің қай түкпірінде жүрсем де туған елім, туған жерім ешқашанда есімнен шыққан емес. Қаскелең мен Шамалғанның дəл үстінен ұшып бара жатқанда жүрегім лүпіл қағып, ерекше сезімге бөленемін» дегені бар. Бұл туған жерге деген махаббат, ыстық сүйіспеншілік. Осындай сезім Арқабек ағамызды да жиі баурайды. Қыруар игілікті істер тындырып, ел-жұртының ықыласына да бөленіп жүр. Алайда, жасаған жақсылығын

жарнамалап, еңбегін сатуды аса ұната да қоймайды. Жастайынан еңбекке араласып, кəсіпкерлік қырымен де танылған азаматтың облыстың, Тараз қаласы мен Талас ауданының экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі қомақты-ақ. Қоғамның қан тамыр бүлкілін тап басып, тани білген Арекең сонау сексенінші жылдардың өзінде жалгерлікмердігерлік ұжымдық жəне жекеменшіктік сауда ұйымдарына басшылық жас ап тəжірибе жинақтап, кейін көпсалалы « Т ө л е б а е в » а г р о ф и рма с ы н құру арқылы нарықтық қарымқатынас т алапт арын те з-ақ меңгеріп кеткен-ді. «Сұңқар олжасын шашып жейді» деген қағидатты ұстанып, атымтай жомарттығымен де аты шықты. Осы жылдар ішінде соғыс жəне

ЛЮТА

Кез-келген мемлекеттің тарихына бір рет қана енгізілетін жəне э ко н ом и ка л ы қ т ə уе л с і зд і г і н і ң символы болып табылатын валютасының тарихы да кіреді. Ұлттық ақша бірлігін енгізу нарықтық экономиканы құруға бағытталған дербес экономикалық саясатты жəне құрылымдық қайта құруды іске асыру үшін негіз болды. Осы жылдар ішінде біздің еліміз əлеуметтікэкономикалық салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің э ко н о м и к а л ы қ ж е т і с т і к т е р і н ұлттық валютаның айналымын қа лыпт асуымен байланыстыра отырып, теңгенің бірнеше даму кезеңін атап өтуге болады. Ке з - ке л ге н м е м л е ке т ө з і н і ң банкнотасын өзгелердікіне ұ қ с а м а й т ы н д а й е т і п ж а с ау ғ а тырысады. Ондай ізденісті еңбек біздің елімізде де бар. Қазақстандық

Талас ауданы.

ЖЫЛЫНА 300 ТОННА ГЛИЦИРРИЗИН ШЫҒАРАДЫ Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол».

ТӨЛ ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ Айдайбек ХАЛЫМБЕТОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының директоры.

еңбек ардагерлеріне, Ауған соғысына қатысушыларға, табысы төмен отбасыларына, қарттар үйі мен үкіметтік емес ұйымдарға, мектептерге, спорттың дамуына жасаған демеушілік көмектерін айтып тауысу тіпті мүмкін емес. Жүрегі «елім, жерім» деп соққан азаматтың Мəскеу қаласынан ашылған қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке 300 000 доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетіп, Мəскеу мэрі Ю.Лушковтың а лғысы мен арнайы марапатына ие болғанын біреу білсе, біреу білмейді. Отансүйгіштіктің, ел мен жерді, ұлы тұлғаларымызды ұлықтаудың үлгісі дегеніміз осы емес пе!? А.Төлебаевтың ауылдарда білім, мəдениет жəне денсаулық

сақтау нысандарын салудағы еңбектері де өзінше бір төбе. «ҚР Құрметті құрылысшысы» төсбелгісі мен Тараз қаласы мен Талас ауданының Құрметті азаматы атақтарына ие болуы оның еңбегіне берілген əділ баға екені анық. Бүгінде ол аудандағы мəслихат депутаттарын ортақ игілікті үстеу ісіне жұмылдырып та отыр. Елбасы – біреу, қалғанымыз оған тіреу бола білуіміз керек. Өйткені, алдымызға ел дамуының ғаламат ауқымды міндеттері қойылып отыр. Елбасының əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі 5 реформа – «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын нақты іс жүзіне асыратын да халық – сіз бен біз, кəсіпкерлеріміз екені анық. Құдайға шүкір, бүгінде жеріміз құтты, еліміз бақытты. – З а ма н ы м ы зд ы ң з а ң ғ а р тұлғасы, Алаштың біртуар ұлы, Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев еліміздің мемлекеттілігі қалыптасып, дамуы, өсіп-өркендеуі, болашағымыздың бұдан да жарқын, нұрлы болуы жолында аянбай еңбек етумен келеді. Тəуелсіздігіміздің ширек ғасырлық тарихында Қазақ елі жетпіс жыл дəуірлеген кеңестік кезеңде қол жетпеген ғажайып жетістіктерді игерді. Е л б а с ы м ы зд ы ң к ө р е ге н д і к қасиетінің арқасында даму жолымыз сараланып, басқа да шет мемлекеттермен арақатынасымыз артты, елімізді əлем таныды. Мемлекетімізге мол инвестиция келді. Экономикамыз өсіп, кəсіпкерлікті өркендетуге жол а ш ы л д ы . Б а рл ы ғ ы д а Мемлекет басшысының сарабдал саясатының сəтімен іске асырылып жатқанының да жемісі. Жақсыдан шарапат деген, сірə, осы болар, – дейді бұл тұрғыда халық қалаулысы Арқабек Төлебаев.

МИЯ ТАМЫРЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ

КЕЗ-КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТЕ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЕГЕМЕНДІКТІҢ НЫШАНЫ, СОНЫМЕН БІРГЕ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ӨЗЕКТІ ТЕТІКТЕРІНІҢ БІРІ. ЖУЫҚ АРАДА ЕЛБАСЫНЫҢ БЕЙНЕСІ БЕДЕРЛЕНГЕН ЖАҢА БАНКНОТ ПЕН ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЕСТЕЛІК МОНЕТА ЕЛ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛАТЫН. БҰЛ ӨТЕ ҚҰПТАРЛЫҚ ІС БОЛДЫ. ӨЙТКЕНІ, ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЫЗ ЕЛБАСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІ МЕН КӨРЕГЕН САЯСАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ.

банкноттық жəне монеталық өндірістің жоғары деңгейін шет мемлекеттерден ақша белгілерін дайындау үшін түсіп жатқан тапсырыстардың көптігінен де байқауға болады. Ұлттық Банк өзінің жинақтаған тəжірибесін байытып, əлеуетін нығайту үшін ақша белгілерін дайындау саласындағы жұмыстарын бұдан былай да жоспарлы түрде жəне тұрақты негізде жетілдіре беретін болады. Бүгінгі күні теңгенің көркемдік жəне технологиялық сипатт ағы, өзіне тəн бірыңғай қатары, ортақ тұжырымдамасы жəне дизайны бар. Соның арқасында теңге банкноттары мен монеталары əртүрлі халықаралық байқауларда бірнеше рет жүлде алып, жеңімпаз атанды. Жалпы, ұлттық банкноттарда сол елдің негізін қалаған дара тұлғалардың, тұңғыш президенттер мен көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бейнеленуі – əлемдік тəжірибеде кеңінен таралған үрдіс. Əсіресе, бұл мемлекеттердің қалыптасуы мен даму тарихында маңызды рөл атқарған басшыларға ерекше қатысты. Яғни, халқымыз Елбасының елімізге сіңірген ұлы еңбегіне лайықты құрмет көрсетті деп ойлаймын. Тараз қаласы.

5

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Шу ауданында мия тамырын өңдейтін зауыт ашылды. Ақсу ауылдық округінде бой көтерген бұл өндіріс орны облыстағы Индустрияландыру ка рт а с ы н а е н г і з і л ге н , И н д у с т р и я л ы қ инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асқан жобаның бірі. « К а з М и я » ж ау а п к е р ш і л і г і ш е к т е ул і серіктестігінің ашылу салтанатына облыс əкімінің орынбасары Тимур Жанке, жапониялық инвесторлар, аудан басшылығы, ақсақалдар мен ауыл тұрғындары қатысты. – Облыст а Үдемелі индуст риялықинновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында жалпы құны 511 миллиард теңгеге 34 жоба іске қосылып, онда бес жарым мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай кəсіпорындардың бірі – емдік мия тамырын өңдейтін зауыт. «КазМия» ЖШС зауытының құрылысына ауданнан 5 гектар жер бөлінген. Жобаның жалпы құны – 900 миллион теңге. Жоспар бойынша зауыт жылына 2,5 мың тонна құрғақ тамыр өңдеп, одан 300 тонна глицирризин

қышқылын шығаратын болады, – дей келе Тимур Жанке жаңа зауыт жұмысына табыс тіледі. Сондай-ақ, кəсіпорынның ашылу салтанатында «Cokey SYSTEMS Co.LTD» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ёшида Наомаса сөз алып, қазақстандық тарапқа əріптестік танытып, үлкен іске жұмыла кіріскені үшін алғысын жеткізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта бірлескен жұмыстың жандана түсетініне сенім білдірді. Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қазақбай Байжұманұлы аталмыш инвестициялық жобаның жүзеге асуы, ауданның əлеуметтікэкономикалық дамуына үлес қосатын маңызды оқиға екенін тілге тиек етті. Лента қию рəсімінен кейін жиналғандар, нысан ішін аралап, жұмыс барысымен танысып, Жапонияға экспортталатын дайын өнімді қолмен ұстап, көзбен көрді. – Келер жылы зауытты толық өндірістік қуаттылығына жеткізуді межелеп отырмыз. 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. Кəсіпорын табысының 20 пайызы салық түсімі ретінде аудан қазынасына құйылады, – дейді «КазМия»ЖШС директоры Олжас Əбдешов. Шу ауданы.

БІЗ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЫЗ!

БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ІРГЕМІЗ БҮТІН Руслан ИСМАЗОВ, облыстық «Вынхуа» дүнген мəдени орталықтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазақст анда əр азаматтың этностық тегіне қарамастан барлық құқығы қорғалған. Елімізде көптеген жылдар бойы əртүрлі ұлт, мəдениет, діни сенім өкілдері бейбіт өмір сүруде. Татулық пен бейбітшілік – қазақстандықтардың басты құндылығы. Барша азамат ауызбіршілікті сақтау арқылы ішкі тұрақтылықты берік етіп, сыртқы жаһандық əсерлерге қарсы тұруға болатынын біледі. Елімізде бейбітшіліктің, ынтымақ пен бірлікті сақтау үшін құрылған бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамда алар орны ерекше. Ал, жалпыұлттық біртектілікті нығайту жолындағы аса күрделі проблема əрі оған қол жеткізудің маңызды тетігі – мемлекеттің жан-жақты ойластырылған тіл саясаты, тіл құрылысы деуге болады. Мемлекеттік тіл саясаты əртүрлі пікір-таластарды туғызбайды.

Ширек ғасырдағы мемлекетіміз қол жеткізген табыстар еліміздің тіл саясатының даму бағытының дұрыстығын дəлелдеп берді. Қазақ тілі өзара түсінісу құралына айналды. Тəуелсіз Қазақстан осы елді мекендеген барша ұлт пен ұлысқа пана, қорған болатынын түсінген өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілде сөйлеп, үйрене бастады. Енді мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтіп, оны жалпыұлттық бірлесу, бірігу мен топтасудың аса маңызды құралы ретінде нығайтудың жалпымемлекеттік шараларын жүзеге асыратын уақыт жетті. Қазақстан – менің де туған Отаным. Елім мені перзентім деп аялап өсіріп, білім берді, биіктерге көтерді. Мен де елім деп тер төге еңбек етуге тиіспін. Бүгінде шығыс жекпе-жегі спортынан ел намысын қорғап, көк байрағымыздың көкте желбіреп, Əнұранымыз шырқалуына шамам келгенше үлес қосып жүрсем, бұл – азаматтық парызымның орындалғаны. Елімнің атын əлемге танытсам деп армандаймын. Өздерін пана тұтқан түрлі ұлыстарды жатырқамай қарсы алып, төрін ұсынған қазақ халқына ризалығым шексіз. Жамбыл ауданы.

Владимир ПУТИН, Ресей Федерациясының Президенті.

«Нұрсұлтан Əбішұлы саясатқа ерте келген. Ол сонау кеңестік кезеңдегі биліктің өкілі. Мені таңғалдыратыны – ерте уақыттан бері саясатта жүргенімен, ол өте жаңашыл адам. Мен күні бүгінге дейін оның осы жаңашылдығына қайран қаламын. Мен жақында Нұрсұлтан Əбішұлының жаңа қасиетін таныдым. Ол даулы, шешімі қиын жағдайларда сентименталды адам бола алады. Ол – ұқыпты əрі əділ басшы. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Ол қазақ халқы үшін тұңғыш Президент қана емес, ол – қазақ мемлекетінің негізін қалаушы».

Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшысы.

«Президент Назарбаев – əлемдік саясаттағы бітімгер саясаткер. Оның саяси шешімдері əлем басшылары үшін үлгі болуы тиіс». Алмазбек АТАМБАЕВ, Қырғызстан Республикасының Президенті.

«Мен қырғыз халқы атынан, осы елдің Президенті ретінде, Қазақстан Президенті – біздің ақсақалымыз, аса мəртебелі Нұрсұлтан Əбішұлына көрсетіп отырған көмегі мен қолдауы үшін үлкен алғысымды айтамын. Менің бұл сөзім кейбіреулерге ұнамай қалуы мүмкін. Дегенмен, Назарбаев мырза тек Қазақстанның ғана Көшбасшысы емес, ол – əлем лидерлерінің бірі. Ол – бүкіл түркі жұртының мақтанышы. Оның еңбек жолы бүкіл əлемде бейбітшілік орнатуға бағытталған». Дэн ДЕВИСОН, Халықаралық білім беру кеңесінің президенті.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапына аса жоғары баға берілді, ресми Вашингтоннан мұндай жоғары баға алу өте қиын. Сондықтан, мен осы уақытқа дейін мұндай лайықты жоғары баға алған шетелдік басшыны айта алмаймын». Кофи АННАН, 1997-2006 жылдардағы БҰҰ бас хатшысы.

«Қазақстан – өзге де ТМД елдерімен салыстырғанда ерекше мемлекет. Онда тұрақтылық, бейбітшілік жəне экономикалық өсім бар. 1991 жылы Президент Назарбаевтың бастамасымен, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқанда, біз Назарбаевтың осы бір бастамасына қайран қалған болатынбыз. Өйткені БҰҰ əлем елдерін ядродан бас тартуға үндеп келе жатқанына 60 жылдан асты. Бірақ нəтиже жоқ еді. Мұның бəрі Президент Назарбаевтың еңбегі». Маргарет ТЭТЧЕР, 1979-1990 жылдардағы Ұлыбритания премьер-министрі.

«Қазір жаһандық саясатта 5-6 ірі саяси ойыншылар бар. Солардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Мен оған қатты сенемін жəне оның бастамаларын қолдаймын».


6

1 желтосан, 2016 жыл

www.akjolgazet.kz

Ж а қ ы н д а Т а л а с ауд а н ы н ы ң о р т а л ы ғ ы Қ а р а т ау қ а л а с ы н д а Сарысу ауданының мəдениет жəне

таластықтарды Сарысу ауданының əкімі Балабек Нарбаев пен аудандық мəслихат хатшысы Сағынбек Бегеев бастаған аудан тұрғындары ықыласпен қарсы алды. Қонақтар ең алдымен «Тəуелсіздікке – 25 жыл» аясында жаңартылған

өнер күндері өткен болатын. Онда ж ұ р т ш ы л ы қ с а р ы с ул ы қ т а р д ы ң қолөнер бұйымдары мен қылқалам шеберлерінің туындыларын, жас техниктер жасаған техникаларды тамашалап, өрелі өрендеріне тəнті болған-ды. Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына 25 жұлдызды сəт аясында өтіп жатқан ісшара енді Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында Талас ауданының мəдениет жəне өнер күндерімен жалғасын тапты. Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан

Ерлер Аллеясына барды. Содан кейін Ы.Дүкенұлы атындағы Мəдениет орталығына бет алып, осында Талас ауданы мəдениет жəне өнер күндерінің іс-шарасына қатысты. Өнерсүйер қауымды Сарысу ауданының əкімі Б. Нарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні жəне ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. Та л а с ауд а н ы н ы ң ə к і м і Б. Рысмендиев екі ауданның тағдырлас, тарихы бір өңір екендігін тілге тиек етті. Ел мен жердің қамын жеп өмірден

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».

өткен Шоқай датқа мен мəдениет пен өнерде аттары мəшһүр қобызшы Ықылас Дүкенұлы жəне театр тарланы Асанəлі Əшімовтің кіндік қаны тамған сарысулықтардың тума таланттарға бай екеніне тоқталған ол, бұл топырақ əлі де талай дүлдүлдерді дүниеге əкелуіне тілектестігін білдірді. Аудан өнерпаздарының концерті жергілікті ақын Үміт Битенованың өлеңімен ашылды. Өнерсүйер қауымға халық аспаптары оркестрінің орындауындағы Нұрғиса Тілендиевтің «Əлқисса» күйі əдемі көңіл-күй сыйлады. Əнші Жасан Тілеубеков Сүйінбайдың термесін нақышына келтіре орындап,

Шона Смаханұлының «Арандатушылар» деп аталатын қойылымы өте сəтті шықты. Əнші Сырғабек Тазабеков халық əні «Жиырма бесті» нəшіне келтіре орындады. – Та л а с п е н С а р ы суд ы б ө л е жармаймыз, – деді Жаңатас қаласы а рд а ге рл е р ке ң е с і н і ң т ө р а ғ а с ы Б.Рыспанов, – бір өзінен 61 Батыр шыққан Талас та, өнерлі өнерімен елімізді мойындатқан Сарысу да, бірінбірі толықтырып тұр. Таластықтардың өнеріне дəн риза болдық. Қатар жатқан қос аудан өсіп-өркендей берсін, – деп ағынан жарылды. Сөйтіп, таластықтар көршілес

тыңдарманның жүрегіне бойлады. Балалар өнер мектебінің жас бишілерінің мың бұрала билеген «Қазақ биі», «Достық биі» де көрермендерді тəнті етті. Əсіресе, Талас əзіл-сықақ театры сахналаған

Сарысу ауданының жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қайтты.

І» ЕЛ

АЛА

САРЫСУ АУДАНЫНДА ТАЛАС ӨҢІРІНІҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР КҮНДЕРІ ӨТТІ

«ҰЛ Ы Д

ӘСЕМ ӘН ҚАЛЫҚТАП, ТӘТТІ КҮЙ КҮМБІРЛЕДІ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ!

Асхат ОРАЗХАН, облыстық әділет департаментінің басшысы.

Ə р б і р қазақстандық Т ə у е л с і з Қазақстанның қалыптасуынан бастап, мемлекеттің даму даңғылына бастаған өрлеу мен өсуге Елбасы Нұрсұлтан Н а з а р б а е вт ы ң с а р а с а я с ат ы н ы ң арқасында қол жеткіздік деп санайды. Ш ы н м ə н і с і н д е , с ол а й . Т ұ ң ғ ы ш Президентіміз қабылдаған батыл шешім, жасаған нық қадамдарының арқасында тəуелсіз қазақ елінің іргесі беки түсті. Шекарамыз шегенделіп, тарихымыз түгенделді. Еліміздің егемендігін айшықтай түскен маңызды құжаттарға қол қойылды. Түйіп айтқанда,

Тəуелсіздігіміздің 25 жылында қол жеткізген жетістіктердің барлығы Ұлт Көшбасшысының басшылығымен жүзеге асты. Жұртшылықтың 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін асыға күтіп, айрықша мəн беретіні де сондықтан. Бұл – айтулы күнге халықтың берген бағасы. Көпшіліктің мерейлі мерекеге деген ықыласы алабөтен. Жалпы, 2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Сенатының толық құрамы қатысқан отырыста 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға толықтыру енгізу туралы ұсыныс жас а лған ке зден-ақ, қарапайым халық қолдау көрсеткен. Сол жылы 14 желтоқсанда 509-ІV Заңына қол қойылып, Тұңғыш Президент күні – заң жүзінде мемлекеттік мереке болып бекітілді. Аталған заңды қабылдау, яғни, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту туралы

ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

шешім – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасу жо л ы н д а ғ ы ж е т і с т і к т е р і н т а н у мақсатынан туындаған еді. Негізі, 1 желтоқсан – тəуелсіз Қазақстан тарихындағы ең бір маңызды даталардың бірі. Осыдан тура 25 жыл бұрын халқымыз таңдау жасап, ел тағдырын Нұрсұлтан Назарбаевтың қолына сеніп тапсырған болатын. Бұл мейрамның негізгі алғышарты да осы. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда Президент сайлауы өтті. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нəтижесінде Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Осы жылы 88,2 дауыс берушінің 98,7 пайызы Н.Назарбаевты таңдаған. Міне, содан бері қазақ елі ширек ғасырды артқа тастады. Осы кезеңде мемлекетіміз өсіп-өркендеді. Əлем е л д е р і с а н а с ат ы н д а й д е ң г е й г е жетті. Алпауыт мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнап,

а ғ а к и р е м А н а д а д р о Ақ с а ж т р ы б л а н а ғ н а т ат Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».

Жаңатас қаласы, Сарысу ауданы.

Загрибельный екеуміз шақырылдық. Біз үшін бұл – үлкен мақтаныш еді, – деп ой бөліскен сол жолы Президенттік жəне халықаралық Менделеев, дүниежүзілік химия олимпиадаларының жеңімпазы, облыстық дарынды ұлдарға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының түлегі Қайрат Əшім. Қайратпен жолымыз темір жол вокзалында түйіскен. Президент ққабылдауында д у д болғанын, енді Таразға қайтып бара жатқанын айтқан. Сол Қайрат бүгінде АҚШта. «2013 жылғы д дүниежүзілік химия олимпиадасының ж жеңімпазы Қайрат Ə Əшім – Массачусетс технологиялық институтының студенті. Оқу ор орнының басшылары оғ оған арнайы зертхана аш ашып берген. Ғылыми зер зерттеу жұмыстарын жү жүргізу үшін барлық жа жағдай жасалған», – дей дейді облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова. Облыстың бас педагогі əлемдік білім додаларында топ жарған дарынды шəкірттерінің қайсысы қай оқу орнында білім алып жатқанын тізіп шықты. Мемлекет басшысының білім саласын дамыту үшін көрс еткен қолдаулары – көптеген жастарға жол ашып, оларға əлемнің таңдаулы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік туғанын тілге тиек етті. Иə, бұл талассыз шындық. 2012 жылы Елбасымен жүздескен Богдан Загрибельный да мектеп бітірген соң айтулы жоғары оқу орындарының біріне қабылданған. Ол бүгінде өзі армандаған Мəскеудегі Ломоносов университетінде білім алып жүр.

МӘДЕНИ-ӘДЕБИ ӘЛЕМ

өзінің қазақстандық даму жолын таңдады. Мемлекет басшысының жанжақты сараланған ішкі жəне сыртқы саясатының арқасында дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсере білді. Өркениет көшіне қосылды. Жақында Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларацияны қабылдады. Еліміздің ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктерін айшықтайтын маңызды құжатта толағай табыстарға жетуге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты негіз болғаны айтылған. Бұл шындық. Қазақ елі бұрын-соңды осындай жетістіктерге қол жеткізіп көрген емес. Ата-бабаларымыз арман еткен күн енді туды. Көреген Көшбасшысын қолдаған халқымыз бұл бақыттың бағасын жақсы біледі. Ширек ғасырда татулықты сақтап, ауызбіршілігінен айнымауы – соның дəлелі.

АУЫЛ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ӘСЕРЛІ КЕШ

1 желтоқсан еліміздің Тұңғыш Президенті күні мен ел Тəуелсіздігі мерекесінің қарсаңында Алғабас ауылдық кітапханасында «Елі сүйген Елбасы» атты тағылымды кеш өтті. Əсем əндермен əдіптелген шара барысында кітапхана оқырмандары өз ойларын ортаға салды. Шара барысында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаттағы портреті, тұлғалық келбеті кеңінен сөз болды. Қатысушылар саясат əлемінің сардарының ширек ғасыр бедерінде атқарған ауыз толтырып айтарлықтай толайым тірліктерін тілге тиек етті. Көпшілік оқырман қауымға əдемі əс ер сыйлаған мəдени көпшілік кеште Наурыз Жантайбеков, Мейірбек Оңалбаев, Кеңескүл Қымызбаева, Күркебек Еркебеков сынды оқырмандар белсенділіктерімен көзге түсті. Тағылымға толы шарада мазмұнды ойлар айтылды.

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ: БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ БІРЛІК

ІЛГЕРІЛЕУ БАР, КЕМШІЛІК ТЕ ЖОҚ ЕМЕС

Жа л п ы , е л Т ə у е л с і зд і г і н і ң 25 жылдық мерейтойы аясында кітапханамызда көптеген шаралар өткізілуде. Мемлекетіміздің азат ел ретінде аяққа тік тұруына өлшеусіз үлес қосқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатын ауыл кітапханасының ұжымы ұдайы насихаттаумен келеді. Бұл кеште де Елбасының орамды ойлары жұртшылықтың жадында қайта жаңғырды. Көптеген оқырмандар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, көңілге қонымды жауаптар ала алды. Тағылымға толы шарада Елбасына, Тəуелсіздікке арналған өлеңдер оқылып, жұртшылық дəн риза болысты. Рита ƏУБƏКІРОВА, Алғабас ауылының кітапханашысы. Т. Рысқұлов ауданы.

НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? ОБЛЫСТА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ «ОҚИҒАЛАР ҚАТАРЫ»

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

БАҚ өкілдерімен брифинг өткізген Меркі ауданының əкімі Мейірхан Өмірбеков жүзеге асқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Ауданда жыл басынан бері өнеркəсіп өнімін өндіру көлемі 30 миллиард 387 миллион теңгені құрап, 19 пайызға өскен. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Орталық Азия қант бірлестігінің» Меркі филиалы жалпы құны 664 миллион теңгеге шырын тазалайтын цехты қайта жаңғыртып, 18 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтыған. Ауыл шаруашылығында 12,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Ақ егістен 85590 тонна өнім жиналып, əр гектардан алынған өнім 25,2 центнерден айналған. Қант қызылшасынан биыл жылдағыдан екі есе артық өнім жиналған. Шаруалардың тəтті түбір өсіруге қызығушылығы арта түскен көрінеді. Төрт түлік малдың бəрінен де өсім байқалады. Мəселен, «Сыбаға» бағдарламасы – 116, «Алтын асық» бағдарламасы 502, «Құлан» бағдарламасы 155 пайызға орындалған. Аймақтық сүт кластерін құру бағыты бойынша 42 шаруа қожалықты біріктірген «Меркі өнімдері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің де жұмысы жемісті болады деп күтілуде. Малдан жұғатын аурудың алдын алу шарасының нəтижесінде сарыппен ауырғандар саны екі есеге азайған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша былтыр 4 жоба, биыл жалпы құны 543,9 миллион теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асыпты. Білім, денсаулық, мəдениет, құрылыс салаларында да ілгерілеу бар. Аудан басшысы олқылықты да жасырмады. Мəселен, Қызылсай ауылына таза ауызсудың жеткізілуі кешеуілдеп тұрса, мал ұрлығының көбеюі, бұрын сотты болған адамдардың қылмыс жасауы көбеюі байқалып отыр. Дегенмен, меркіліктердің нəтижелі еңбек етіп келе жатқанына тағы бір көз жеткіздік. Брифинг соңында Мейірхан Азатұлы журналистердің «Агростан» ЖШС-ның мүмкіндіктері, қылмыстың ашылу деңгейі жəне діни ахуалдың жайы жөнінде қойған сауалдарына жан-жақты жауап берді.

УЕ

ІҢ 25 НЕГІЗІ: ҒЫЛЫМ МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Мектеп бітіретін жылы, тура 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ақордада өткен кездесудің ерекше сəттері Қайраттың əлі есінде. Қалай ұмытсын, көп оқушының ішінде Елбасының қабылдауына шақырту алғаны оның арманына қанат бітірді емес пе?! Содан ан кейін АҚШ-та білім м алсам деген ойын іштей бекемдей түскен. н. Бүгінде сол мұратынаа жетті, Масс ачус ет с технологиялық институтында білім алуда. Қайрат Əшімге Ақордадағы кездесу Америкаға жол ашқан. Рас, Қайрат мектепте оқып жүргеніндеақ əлемнің бірнеше қалаларын аралап көрген болатын. 78 мемлекеттің үздік оқушылары бақ ақ сынаған 44-халықаралық химия олимпиадасына қатысу үшін АҚШтың Вашингтон қаласына да барғанды. Сол жолы Америка құрлығынан жеңіспен оралған. Дегенмен, бұл жолғы баруының жөні бөлек. Тараздық жас дарын əлемдегі ең таңдаулы технологиялық институтқа оқуға шақырту алды. Ендігі арманы – қазақ баласының қарымын таныту. – Ол бір ұмытылмас ерекше сəт. Елбасымыз Н. Назарбаев резиденциясында еліміздің əр өңірінен жиналған дарынды оқушыларды қабылдады. Мемлекет басшысымен кездесуге химия пəнінен халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері ат анған Тараз қа ласындағы №1 гимназияның түлегі Богдан

ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ

ТӘ

Т ЗДІК І С Л

ӨМІРІ ДЕ, ӨНЕРІ ДЕ ӨНЕГЕ ӘЖЕЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Тəуелсіздік мереке сінің 25 жылдығына, ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Ақ босағаның алтын діңгегі» атты əжелер сайысы өтті. Мəдениет үйінде өткен игі шараны қалалық ардагерлер кеңесі жəне «Əулиеата» қазақ мəдени орталығы ұйымдастырды. Облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа өмірі өнегеге толы, əр салада ұзақ жылдар бойы елеулі еңбек еткен, зейнеткер əжелер қатысты. Өзара өнерлерін ортаға салған ақжаулықтылардың қатарында театр актрисасы, кітапханашы, медицина, білім, мəдениет жəне тағы басқа да салалардың ардагерлері болды. Шара шымылдығын ашқан қа ла əкімінің орынбас ары Кенжебек Олжабай жиналған көпшілікті Тұңғыш Президент күнімен жəне Ұлы Даланың

ұлы мерекесі Тəуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, асыл əжелердің отбасындағы рөліне тоқталып, оларға зор денсаулық, ұрпақ қызығын көруді тіледі. Қазақтың қасиетті кимешегін киген əжелеріміз сахнаға көтеріліп, сайыс ережесі бойынша сынға түсті. Алдымен олар қазылар алқасы мен көпшілік қауымға өздерін əн, жыр, бейнеүзік арқылы таныстырып, ұшқыр ойлы, тілге шешен екендіктерін паш етсе, келесі кезеңде əжелеріміз интеллектуалдық сұрақтарға мүдірмей жауап беру арқылы көрсетті. Қатысушы қазыналы қарияларымыздың бірі қазақтың халық əндерін нақышына келтіре орындаса, енді бірі заманауи биді нəшіне келтіре биледі. Ал «Асыл мұра – асыл қазына» кезеңінде əжелер өз қолдарынан шыққан тоқыма, құрақ, ою-өрнек сынды қолөнер бұйымдарын, «Қонақжайлық – ата дəстүріміз» деп аталатын үй тапсырмасында өздері дайындаған халқымыздың

ұлттық тағамдарын қазылар алқасының назарына ұсынды. Көпшілік көрерменге ұлтымыздың салт-дəстүрі мен əдеп-ғұрпынан мол ғибрат б е р г е н б а й қ ау н ə т и ж е с і төмендегідей болды. Сайысқа қатысқан 7 əже 7 түрлі аталым бойынша марапатт а лып, мерейлері тасыды. Айталық, 40 жылдан астам мəдениет жəне химия өнеркəсібі саласында еңбек сіңірген Тұраркүл Жанұзақова «Сүйкімді əже» атанса, ұлағатты ұстаз, «Асыл ана» ансамблінің белді мүшесі Тұрсынкүл Бекова «Өнерлі əже», ал облыстық драма театрының актрисасы, ҚР Еңбек сіңірген əртісі Майра Əлімбетова «Зерек əже» жəне өзге де қатысушылар осындай аталымдар бойынша марапатталды. Барлық қатысушыларға Тараз қаласының əкімі Нұржан Календеровтің арнайы дипломы жəне демеушілердің ұсынған бағалы сыйлықтары табыс етілді.

№ 1.

Іс-шара атауы

1 желтоқсан Джип тур автоэкспедициясы

2.

Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс

3.

«Made in Kazakhstan» атты флеш-моб акция Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолына арналған көрме «Елбасы – ел тірегі!» атты тақырыпта жас патриоттар форумы ҚР Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рəсімі

4. 5. 6.

«Тəуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясы аясындағы іс-шаралар 8. Ұйғыр, өзбек,тəжік этностарының мəдени күндері 9. Кітапханаларда Ұлт Көшбасшысы туралы кітаптардың, фотосуреттердің көрмелері 10. Елбасы туралы киноэпопеясының көрсетілімі 11. «Ұлы ұлықтаған Елбасы» атты мерекелік бағдарлама жəне «Елі сүйген Елбасы» атты концерттік бағдарлама 7.

Өтетін орны мен уақыты

1-2 желтоқсан Аудандар мен Тараз қаласы, сағат 10.00 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағынан орталық Достық алаңына дейін, сағат 10.00 Тараз қалалық Мəдениет үйінің алды, сағат 10.30 Тараз қалалық Мəдениет үйі, сағат 10.45 Тараз қалалық Мəдениет үйі, сағат 11.00 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағы, сағат 10.00 1 желтоқсан Тараз қаласы Достық үйі, сағат 11.00 Ш.Уəлиханов кітапханасы, сағат 10.00 Аудандар мен Тараз қаласы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағы, сағат 17.30


1 желтосан, 2016 жыл

www.akjolgazet.kz

7

ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ, ЖАҚСЫ АҒА ЕДІ Ұзақ жылдар шаруашылық басқарған, өндірістің білгірі, ел ардақтысы болған Бектенбай Қойшымановтың «Талапты ерге нұр жауар» деп аталатын кітапшасын парақтап отырмын. Немерелері құрастырыпты. Көркем шығармаға жатпайды. Мемуарлық естеліктер де емес... Алғашқы екі бетінде Бектенбай ағаның қысқаша өмірбаяны мен əр жылдарда алған марапаттары тізіліпті. Одан кейін өзінің осы кітапшаға алғысөз ретінде жазған бірауыз ой орамын оқисыз. Онда: «Алланың жаратқанына да, көрсеткеніне де, бергеніне де ризашылық білдіре отырып, өмір сүрген уақыт ішінде ұлағатты кісілерден естіген, түрлі басылымдардан оқыған, ұрпаққа үлгі болар деп пайымдаған аталы сөздері қағаз бетіне түсіріп қойғанды жөн көрдім», – деп негізгі мақсатын білдірген автор Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерінен, мақал-мəтелдерден, ұлы тұлғалардың айтқандарынан тəрбиелік мəні жоғары сөздерді тізіп жаза беріпті, жаза беріпті. Теңіздің тереңінен інжу-маржан тергендей жинақтағаны көрініп тұр. Бəрі де керек кеңестер, өмірлік сабақ аларлық дүниелер. Оқып отырып асыл қазынаға тап болғандай күй кешесің. Бектенбай ағаның өзі майда қоңыр дауыспен ақыл-кеңе с айтып отырғандай. Ақылман ағаның жақсылық жасаған, қамқор қолын созған ұмытылмас сəттері көз алдымда елестеді. Мен ол кісінің ортаншы ұлы Асқармен дос едім. Бірге ойнап, бірге оқып, бірге өстік. Мектеп бітірген жылы оқуға түсудің сəті келмей, əскерге баруға дайындалып жүргенмін. Кешке қарай ауылдың спорт алаңында футбол ойнап жатқанымызда кеңшар директорынан шақырту алдым. «Япырмай, ол кісі маған не айтпақ болды екен?» деген оймен жуынып-шайынып алып, кеңсеге тарттым. Өйткені, шақыртушы «тез жетсін» деген хабарын ескерткен. Ізетпен рұқсат сұрап бөлмесіне кіріп, қол

беріп сəлемдестім. Директордың қасында ұзынша бойлы, реңді жігіт отыр екен. – Мына жігіт – аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Саттар Жанəбілов ағаң. Шаруашылықтарға жұмыстан босатылған ком с ом ол ұ й ы м ы хатшысын бергелі жатыр екен. Біз соған с ені ұйғарып отырмыз, – деді Бектенбай аға əлгі кісіні таныстырып. – Маған əскерге шақырту келіп қойған, – дедім мен. – Бізде сені алып қалуға бронь бар, – деді Саттар а ғ а . Ме н і ң а л д ы м д а кеңшар директоры келістіріп мақтауымды жеткізіп қойса керек. Мен «əйтеуір бір əскерге бару керек қой» деген уəжімді жеткізуге тырыстым. Олар «əкеңмен сөйлесіп көрерміз» деп қайтарды. Үйге келісімен əкеме əскерге барып ел көріп, жер көріп, ширап қайтқым келетінін айттым. Көбінесе «өзің біл, балам» деп ыңғайыма жығылатын əкем бұл жолы да қашанғы «өзің білмен» менің ойымдағының орындалуына жол ашып берді. Сөйтіп, сол жылы мен əскерге кеттім. Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеп келгеннен кейін шаруашылықтың құрылыс цехында жұмыс істеуге тура келген. Ауылда басқа қолайлы іс жоқ. Бəлкім, сонда жақсы жұмыс істеп көзге көрінгенімді ескерді ме, келер жылы шаруашылық жолдамасымен оқуға жіберген. Жолым болып Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына түсіп кеттім. Оқуды шаруашылық есебінен оқыдым. Қарапайым қарттың баласы үшін одан артық қандай қамқорлық болсын!

«Ол кісі ауылдың барлық тұрғындарына бірдей қамқоршы болды» де сем, артық айтқандығым болмас. «Біздің балаларымызды оқытып жатыр» деп мұғалімдерге, «денс аулығымыздың күзетшісі» деп медицина қызметкерлеріне, «хабаршыларымыз» деп байланысшыларға, бəрібəрінен қамқорлығын аямайтын. Əсіресе, «бізге бақытты өмір сыйлағандар» деп соғыс ардагерлерін қатты құрметтеуші еді. Директордың шапағатына бөленіп, шарапатын көргендердің бірі – менің əкем. Ал шаруашылықта еңбек ететіндердің əрбірі басты назарда. Өйткені, игіліктер солардың қолымен жасалып жатыр ғой. Біздің «Мақпал» ке ң ш а р ы Б е к т е н б а й аға Қойшыманов директор болып қызмет атқарған 7 жылда экономикасы жағынан едəуір дамыған. Ауылда жаңа үлгідегі əлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер бой көтеріп, елді мекен кісі танымастай өзгерді. Түзу тартылған көшелер, əсем ғимараттар мен үйлер ауылға əлі де сəн беріп тұр. Өндірістің шебер ұйымдастырушысы, іскер басшы Бектенбай Қойшыманов одан кейін сол Луговой (қазіргі Т.Рысқұлов) ауданындағы Ленин атындағы ұжымшарды табаны күректей 20 жыл басқарған. Қайда жүрсе де «ауылына қарап азаматын таны» ұстанымындағы басшы ол ауылды да көркейтті, экономикасын да көтерді. Ел əлі күнге ол кісінің ерен еңбегін ризашылықпен айтып отырады. Нағыз «еліне елеулі, халқына қалаулы» деген осындай-ақ болар.

«Жақсының аты өшпейді» деген аталы сөз де сол кісіге арналғандай. Елі үшін ерінбей еңбек етіп, аянбай тер төккен Бектенбай Қойшымановтың халыққа жасаған қызметі де ескерілді. Ол кісі Ленин жəне екі Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын, күміс, қола медальдарымен, əртүрлі атаулы мерекелерге байланысты 9 медальмен марапатталған. Одан бөлек Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР колхоздар кеңесінің мүшесі, ауданның Құрметті азаматы атақтары тағы бар. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасы бастаған ре спублика, облыс, аудан деңгейінде алған Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына сан жетпейді. Бір адамның басына осынша марапаттар мен атақтар аз емес. Əрине, мұның бəрі еселі еңбекке берілген баға. Əңгіме кітаптан басталып кетіп еді-ау өзі. Ол кісі бұл кітапта да жас ұрпаққа жақсы, тағылымды тəрбие бергісі келгені көрініп тұр. Əйтпесе, əр марапаттың сыртында «мен үйтіп едім, бүйтіп едім» деген оқиғалы, қызықты əңгімелер сұранып-ақ тұр. Егер тірі болғанда биыл 90 жасқа толатын ардақты да қамқор ағаның өнегелі өмірі мен ізгі істері кейінгі ұрпаққа үлгі болсын деген ниетте қолға қалам алдық. Халқымыздың ақжарма көңілден айтатын тілегімен түйіндер болсақ, жақсы ағаның жатқан жері жайлы болып, пейіште нұры шалқысын! Алла артында қалған ұрпағына бақытты ғұмыр, жарқын болашақ нəсіп етсін! Жақсы істеріңіз бен жарқын бейнеңіз жадымызда, жайсаң да қамқор қайран аға! Сансызбай ЖОРАБЕКОВ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ

ОНЫ АҚШАНЫҢ ӨЗІ ІЗДЕП КЕЛЕДІ беретін сойыс малына мұрнын шүйіре қарайтын жастар жетіп артылады. Олар еңбектің қадірін түсінетін жаста емес пе, əлде... Оқу, тоқу ешқайда да қашпайды. Осы күнгі аты дардай министр, депутаттарыңыздың талайы жас кездерінде трактор айдап, соқа тартқан... Мəселе – еңбекпен тапқан нанның тəттілігін сезініп өсуде! Біздің ауылда жекенің малын б а ғ уд ы ң ө з і н « б и з н е с к е » айналдырған бір азамат бар. Ол біраз жылдай бірқатар аудандарда қатардағы қойшы болып жүріп-ақ балаларын аяқтандырып, ауылдан дүмбірлетіп үй де салып алды. Жасы егде тартқаннан соң, туған жеріне оралған. Бұған дейінгі жиған малының басы азайыңқырап бара жатқанына налып, тездетіп қайтадан қойшы таяғын ұстауға қам жасап жүр деп естиміз... Жасынан

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».

Бұл өмірде қандай істің де жеңілі жоқ. Жай ғана аула сыпырушы, етікші, мұржашы секілді қарапайым кəсіптің өзі екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қолдан келмейді емес, «соның бір оқуы бар деймісің» деп, көрінеу қоңылтақсимыз. Бүгінде қолынан шеге қағу да келмейтін буын қалыптасып үлгергені содан. Абай айтатындай, қазіргі жастардың «Я адвокат, я сот болсам деген бəрінде ой». Қандай іс болсын қолыңа жұғып қалмайды. Баланы жастай еңбектің сан түріне баулып, шыңдайтын ауыл тəрбиесінің тегершігі босаңси қойған жоқ əлі. Дегенмен, сол ауылдарыңыздың ө з і н д е ма л б а ғ уд а н қ а ш ы п , əжептəуір жалақысы мен ай сайын

сүйіп ұнатқан малшылық кəсіптің өзін, отбасын тарықтырмайтынына сенеді ол! Ай сайын дерлік топылиымның қисайған өкшесін түзеттіріп алып жүрген етікші танысымның да əлəзір кəсібін өзгертер түрі жоқ. Қаланың тап орталығындағы шағын дүңгіршегінде азаннан қара кешке дейін балғасын тықылдатып жұмыс істеп отырғанын көресің. Шағын құжырасы тау-төбе болып үйілген аяқ киімдердің алуан түріне толы. Біреуінің сірісі кеткен, екіншісінің сыдырмасы үзілген, үшіншісінің... Ол осының бəрін де қиналмай, ақыға оңдап беріп жатыр. Ақша оны өзі іздеп келеді. Тоғызыншы сыныптан бастап айналдырған кəсібі бұл оның. Айтпақшы, осынау қарапайым кəсіп иесінің аты-жөнін біле жүріңіз. Ол – Рамиз Меджидов.

№344

24 қараша 2016 жыл

«Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы əкімдігінің 2015 жылғы 29 сəуірдегі №77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сəйкес Жамбыл облысының əкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы əкімдігінің 2015 жылғы 29 сəуірдегі №77 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2649 болып тіркелген, 2015 жылдың 4 маусымында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Жамбыл облысы əкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тəртіппен: 1) осы қаулының əділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулының Жамбыл облысы əкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс əкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін. 4. Осы қаулы əділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi жəне оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Облыс əкімі

К. КӨКРЕКБАЕВ

Қаулы Жамбыл облысының әділет департаментінде 2016 жылдың 28 қарашасындағы нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3227 болып енгізілді Жамбыл облысы əкімдігінің 2016 жылғы «24» қараша №344 қаулысына қосымша Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері №

Ауыл шаруашылық өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

1.

Қант қызылшасы

Қант

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, (теңге/литр, килограмм) 9,0

ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың желтоқсан айының 3 жəне 10 жұлдызында Тараз қаласының орталық Достық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі өтеді. Жəрмеңкеге облысымыздың барлық аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылады. Осыған орай облыс тұрғындары мен қонақтарын ауыл шаруашылығы жəрмеңкесіне шақырамыз!

көрші-қолаңға таратқан. Енді апта сайын қаладағы мейрамханалар иелерінің өздері келіп, қотара сатып алып кетуде. Мұның өзінен біраз ақшаның басы құралған сыңайлы. «Алдағы уақытта бірекі бұқашық байлап, семіртуді ойластырып жүрмін. Қора-жайын дайындап, арзан бағаға бір тонна кебек алып қойдым. Малға да, тауықтарға да əкем қарайды» деді ол. Рамиз отызды орталап барып үйленген екен. Келіншегі Зұлфия мектепте мұғалім. Қарапайым етікші отбасының не ішем, не кием деп тарыққан кезі жоқ. Бүгінде елімізде еңбектенген жанның жүзі жарық болып тұр ғой. Қазақстандық жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрудың мəнмаңызы да, міне, осында. Тараз қаласы.

КӘСІПТІК БІЛІМ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ Тараз қаласы

Əзірбайжан ұлтының өкілі. Б і р ке л ге н і м д е Р а м и з і м н і ң əлдебіреулерге қалтафоны арқылы тапсырма беріп жатқанын естідім. Сөйтсем, қаладағы жеке үйін жөндетіп жатыр екен. «Тозыңқырап кетіп еді, бірсыдырғы жаңаланып қалды» деген ол алдындағы шаруасымен айналыса берді. Етікші деп менсініңкіремейміз, əйтпесе оның да қалтасына ақша сауылдап құйылып жатыр. Үйін ақыға жөндетуде, əне. Бұрынғы е с к і « Ж и г ул и і н і ң » о р н ы н а шетелдік жеңіл көлік алып, мініп жүр. Бұл бержағы екен. Аз-кем сөзге тартып көріп едім, Рамизім ағынан жарылып берді. Етікшілік кəсібінен түскен азмұз қаражатқа алған елу шақты балапаны бүгінде өсіп жетілген. Бір үйді жұмыртқаның астында қалдырып отыр. Алғашында оны өздері тұтынып, артылғанын

МАМАНЫ КӨП ЕЛ БИІККЕ ЖЕТЕДІ Нұржан НҰРАЛИЕВ, №13 темір жол колледжінің директоры.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Еңбек нарығы талаптарына сəйкес техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесінде бəсекеге қабілетті кадрларды дайындау қажет», – деп атап көрсеткен болатын. №13 Тараз темір жол колледжі облыстың байырғы оқу орындарының бірі. Елбасы 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру мақс атында жариялаған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бағдарламасында и н д у с т р и я л а н д ы руд ы ң ж ə н е «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы жəне кəсіптіктехникалық мамандықтардың артықшылықтары мен т анымалдылығын насихатт ау қажеттілігі жөнінде «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын əзірлеу жəне жүзеге асыру жөнінде айтқаны мəлім. Білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мəңгілік Ел» құндылықт арын енгізу қажеттігін атап көрсетті. Бұл

орайда, 80 жылдан аса тарихы бар біздің студенттердің заман талабына сай білім алуына барлық мүмкіншіліктер жасалуда. «Мəңгілік Ел» идеясының қ ұ н д ы л ы ғ ы н н а с и хат т а й т ы н патриоттық тəрбие сағаттары ұйымдастырылып, студенттер қоғамдық жұмыстарға тартылды. Спорт, əдебиет, өнер, мəдениет саласының белгілі өкілдерімен кездесулер өткізілуде. Ел болашағы саналған студент жастарға мұндай шаралардың берер тағылымы мол деп ойлаймыз. Əрине, біздің мемлекетіміз үшін Тəуелсіздіктен артық құндылық жоқ. 2014 жылы республикалық қазынадан 137 миллион теңге бөлініп, колледж ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Колледждің инженер-педагог кадрларының педагогикалықпсихологиялық білімдерін көтеру, кəсіби құзіреттілігін қалыптастыру ісі жүйелі жүргізіледі. Осы мақсатта Стамбул қаласында өткен халықаралық тренингке екі қызметкер қатысты. Республика көлемінде 10, өңірліктен 57 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Соңғы жылдары кəсіптіктехникалық білім беру жүйесін жетілдіруде белсенді шаралар атқарылуда. Ғылыми шығармашылық топ арнайы пəн бойынша тест тапсырмаларын дайындап, оқу үрдісінде қолданады. Те м і р жол м а м а н д ы қ т а р ы н а арналған оқулықтарды

аппробациядан өткізіп отырады. 2014 жылы колледжде токарь, ал 2015 жылы темір жол бригадирі, тепловоз жүргізушісінің көмекшісі мамандықтары ашылса, 2016-2017 оқу жылына осы мамандықтармен қатар «Жаңа ғимараттар мен құрылымдарды салу жəне пайдалану», «Ішкі санитарлықтехникалық құрылғыларды, желдеткіштерді жəне инженерлік ж ү й е л е р д і м о н т а ж д ау ж ə н е пайдалану» мамандықтарын ашу жоспарлануда. Кол л ед ж ұ ж ы м ы б ə с е ке ге қабілетті кəсіби мамандарды д а й ы н д а й от ы р ы п , ол а рд ы ң бойында патриоттық рухы жоғары, адамгершілігі биік, дені сау, саналы азамат болып қа лыпт асуына өз ықпалын жасап отыр. Атап айтсақ, колледж қабырғасында ө т к і з і л ге н Қ а з а қ с т а н ха л қ ы Ассамблеясының 20 жылдығында өткізілген «Бірлігіміз жарасқан» атты іс-шара көп ұлтты білімгері бар колледжіміздің бірлігін, өзара ынтымақт астығын нығайт с а, Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында облыстың колледж студенттері арасында өткізілген « М ə ң г і л і к Е л д і ң б а с т ау ы – Қазақ хандығы» атты іс-шара студенттердің төл тарихымызды терең танып-білуіне үлес қосты. Тəуелсіздік – құндылығына баға жетпейтін байлық. Оны барлық ұстаздар мен студенттер сезінеді. Тəуелсіз еліміздің білімді жастарын, білікті теміржолшыларын даярлауда аянбай тер төге беретін боламыз.

ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні – тəуелсіз Қазақстан тарихындағы жəне еліміздің жалпыұлттық тұтастығындағы елеулі күн. Мемлекетіміздің күші – еліміздің бірлігінде. Күнтізбеде атаулы күннің пайда болуы кездейсоқтық емес. Ол мемлекетіміздің жəне халқымыздың тарихында үлкен табыстар, заманалық маңызы бар оңды ілгерушіліктерді куəландыратын күн. Əлбетте, осындай толағай табыстар тəуелсіз Қазақстанның негізін қалаушысы жəне Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың атымен байланысты. Елбасымыздың жетістіктері халықтың тарапынан сенімділік пен үлкен құрметке ие. Қадірлі жерлестер! Осы айтулы мейрамда сіздердің жүректеріңіз біздің мемлекетіміз үшін мақтанышқа, татулық пен бірлікке толсын. Сіздерге жəне сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, шығармашылық табыс жəне біздің Отанымыз үшін жемісті еңбек етулеріңізге тілектеспіз. Ізгі ниетпен, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының ұжымы.

Жолаушылар мен жүкті автомобиль көліктері маршруттарында ауданішілік тасымалдау қызметін көрсету құқығына ие болуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы əкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі» КММ

жолаушылар мен жүкті автомобиль көліктері маршруттарында ауданішілік тасымалдау қызметін көрсету құқығына ие болуға конкурс 2016 жылдың 22 желтоқсаны күні, сағат 15.00-де Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, №12 үй, 35-кабинет, 1-қабатта өткізілетіндігін хабарлайды Конкурсқа келесідегідей маршрут пакеттері қойылады: №1 – Орталық базар – Аурухана №2 – Орталық базар – Көлбастау – Талапты №3 – Орталық базар – Қайрат – Диқан №4 – Орталық базар – Ақбастау – Жүрінбай №5 – Б. Момышұлы – Бəйтерек №6 – Б. Момышұлы – Қошқарата №7 – Б. Момышұлы – Нұрлыкент №8 – Б. Момышұлы – Шақпақата – Тəттібай №9 – Б. Момышұлы – Шымбұлақ №10 – Б. Момышұлы – Көлтоған №11 – Б. Момышұлы – Күреңбел №12 – Б. Момышұлы – Алатау №13 – Б. Момышұлы – Бақалы №14 – Б. Момышұлы – Билікөл Конкурсқа автокөлік құралдары бар кез-келген жеке жəне заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан қатыса алады. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер Жуалы ауданы əкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтініммен мына мекен-жайға келуі тиіс: Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, №12 үй, 35-кабинет, 1-қабат. Конкурстық құжаттар жиынтығы тегін беріледі. Конкурстық өтінімдерді қабылдау жəне конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың жəне конкурсқа қатысудың соңғы мерзімі: 2016 жылдың 12 желтоқсаны, сағат 13.00-ге дейін. Конкурс өткізу мəселелері бойынша 2016 жылдың 2 желтоқсаны, сағат 16.00-де конкурстық комиссия конкурс алдындағы конференцияны өткізеді. Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (72635) 2-03-96, 2-15-99. Объявления о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа

КГУ «Отдел жилищно-коммунальное хозяйство, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Жуалынского района Жамбылской области»

объявляет о проведении конкурса на право обслуживания маршрута между населенного пункта автомобильных перевозок и багажа, который состоится в 15.00 часов 22 декабря 2016 года по адресу: с. Б. Момышулы, улица Жамбыла, дом №12, кабинет 35, 1-этаж

На конкурс выставляются следующие пакеты маршрутов: №1 – Центральный рынок – Больница №2 – Центральный рынок – Колбастау – Талапты №3 – Центральный рынок – Кайрат – Дихан №4 – Больница - Акбастау – Журынбай №5 – Б. Момышулы – Байтерек №6 – Б. Момышулы – Кошкарата №7 – Б. Момышулы – Нурлыкент №8 – Б. Момышулы – Шакпаката –Таттибай №9 – Б. Момышулы – Шымбулак №10 – Б. Момышулы – Колтоган №11 – Б. Момышулы – Куренбель №12 – Б. Момышулы – Алатау №13 – Б. Момышулы – Бахалы №14 – Б. Момышулы – Биликуль В конкурсе принимают участие любые физические и юридические лица независимо от формы собственности, владеющие автотранспортными средствами. Желающие принять участие в конкурсе представляют в отдел жилищно-коммунальное хозяйство, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Жуалынского района Жамбылской области письменную заявку на получение комплекта конкурсных документов по адресу: с. Б. Момышулы, улица Жамбыла, дом №12, кабинет 35, 1-этаж. Комплект конкурсных документов предоставляется бесплатно. Окончательный срок приема заявок на получение конкурсных документов и приема заявок на участие в конкурсе: 12 декабря 2016 года до 13.00 часов. 2 декабря 2016 года в 16.00 часов конкурсная комиссия проводит предконкурсную конференцию по вопросам проведения конкурса. За справками обращаться по телефону: 8 (72635) 2-03-96, 2-15-99.

Жарамсыз деп табылады Жамбыл ауданында орналасқан «Ақша Батыр-1» шаруа қожалығының (жетекшісі Сайран Канатбекович Ормахаев, БСН 630522302481) мөрі жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылады.

Мұ Мұрагерлік Ақылбек Бегімханұлы Бегалиевтің 2015 жылдың 27 маусымында қайтыс болуынан кейін мұрагерлік ісі ашылып отыр. Осыған орай, марқұмның мұрагерлері мұрагерлік істі ресімдеу үшін осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Талас ауданы, Қаратау қаласы, Ə. Молдағұлова көшесі, №53 үйдің 82-пəтерінде орналасқан нотариалдық кеңсеге (нотариус Ж.Б. Тулеулиев) жолығулары қажет.


8

1 желтосан, 2016 жыл

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ: БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ БІРЛІК

ЕГЕМЕН ЕЛ ҚҰРДАСТАРЫ Уалихан ЖАЙЛАУ, «Ақ жол».

Аудан əкімдігінің мəжіліс залында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұ й ы м д а с т ы ру ы м е н « Ке м е л

келешекке – кемеңгер Елбасымен» атты жаст ар конференциясы болып өтті. Конференцияға Тəуелсіздік құрдастары жəне белсенді жастар қатысты. Аталған шарада аудан əкімінің орынбасары Мұратхан Естаев жастарды Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, еліміз Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың сара басшылығымен демократиялық құндылықт арды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында табыстарға жеткенін, еліміздің экономикасын к ө т е р і п , ха л қ ы м ы зд ы ң ə л а у қ а т ы н а р т т ы р у, с а я с и реформалар жүргізіп, басқарудың

тиімді тетіктерін қалыптастыру бағыттарында қомақты шаруалар атқарылғандығын айтып өтті. 25 жыл бұрын еліміз Тəуелсіздігін жариялаған уақытта дүние есігін жаңа ашқан бүлдіршін – бүгінде болашақтың кілтін қолына

ұстаған ұрпаққа айналғанын мақтанышпен жеткізді. Сол Тəуелсіздіктің бір топ төл құрдастары Нүркен Пернебаев, А л и а с қ а р А й т и ш е в , А л ма з Кенетаев, Ақбота Қораласбаева, Нұрислам Омаров, Бекнұр Жамалханов, Насихат Тілеухорова, Жұлдыз Мергенбаева, Ермек Тұрарқұлов жəне Ұлбосын Естаева аудан əкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Тəуелсіздіктің құрдастары атынан Н. Пернебаев, Ұ.Естаева сөз алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев жастарға ақжарма тілегін айтып, ақ батасын берді.

Күй ойнайды қазағымның қанында КҮЙШІ, КОМПОЗИТОР ӘБДІМОМЫН ЖЕЛДІБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ТАБЫСТЫ ӨТТІ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

«Құлақтан кіріп бойды алар, Əсем əн мен тəтті күй, Көңілге түрлі ой салар, Əнді сүйсең менше сүй» дейді дана Абай. Рас-ақ, əсерлі əн мен əдемі күйдің адам жанын тербеп, жүрек қылын шертіп қоя беретіні бар. Əсіресе, қазақтың қасиетті домбырасынан қоңыр үнді күй күмбірі көңілді толқытып, алуан ғажайып сезім сыйлайды. «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, күйшікомпозитор Əбдімомын Желдібаевтың «Туған елім – тұғырым!» атты кезекті шығармашылық кеші ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Өнер кеші кеш иесі Əбдімомын Желдібаев пен жүргізуші, айтыскер ақын Алик Бекмұсаевтың сұхбатəңгімелесу барысымен өрбіді. Көп жылдар бойы мəдениет саласында еңбек етіп келе жатқан күйші осы уақыт ішінде мəдениет саласының басшылық қызметтерін атқара жүріп, «Шу еркесі» халықтық əн-би ансамблінің негізін құрап, анс амбльдің ре спублика лық, облыстық фестивальдерде лауреат атағын алуда еңбегі сіңген. Белгілі жазушы-драматург Əлдихан Қалдыбаев: «Əбекеңнің ел есінде мəңгі жүрер күйлері көп. Бірақ оның басты шығармасы «Ерке сылқым» болып тұр. Кім білсін, жоқ мен білемін, Əбекеңнің əлі де таңдай қаққызатын көп-көп əн-күй тудырары айдан анық», – деп биік бағасын бергені бар. Киелі Шу жерінде өсіп, еңбек еткен өнер иесі тек ауданның ғана емес, облысымыздың да мəртебесін

Мойынқұм ауданы.

өзінің шығармашылығымен көкке көтерді. Бүгінгі таңға дейін 70-тен аса шығармалары жарық көріп,

«Құрманғазы» атындағы академиялық орке ст рінің орындауында кеңбайтақ қазақ жеріне тарады.

Сол шығармаларының бір парасы кеш барысында орындалып, тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды. Шамғон Қажығалиев атындағы дирижерлар конкурсының л ау р е ат ы Жа н а с Б е ке н т ұ рд ы ң дирижерлығымен өнер көрсеткен облыстық филармония оркестрі бұл күні көпшілікке күйшінің атақты «Ерке сылқым», «Көкшолақ», «Арман құс», «Шабыт», Шайқас», «Толғау» секілді күйлерімен бірге Елбасының кемеңгерлік болмысын күй арқылы суреттеген «Нұрсұлтан» жəне «Төле би» дастандарын да орындап, шынайы өнердің қасиетін тағы бір айшықтай түсті. Сондай-ақ, Ə.Желдібаевтың шабытынан туындаған «Қызыл елік», «Сұлутөр», «Қызыл гүлім, қызғалдағым», «Шырайлым», «Əке» секілді танымал əндері де шырқалып, көрермендерді шат-шадымен күйге бөледі. Кеште күйші-композитордың немересі Нұрғиса Желдібаев, келіні Сəуле Желдібаева да өнер көрсетті. Кеш соңында облыс əкімінің ықылас гүлі сахнаға жеткізілді. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев дəулескер күйшіге ізгі лебізін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Өнер иесіне қазақы салтпен шапан жауып, сый-сияпат жасады. Күйші-композитор Əбдімомын Желдібаев та құрметке бөлеген к ө п ш і л і к ке ке ш т і ң ө т у і н е қолдау білдірген облыс, аудан əкіміне, сала басшыларына жəне өнерпаздарға алғысын білдірді. Осылайша Тəуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына арналған өнер кеші Тараз аспанын əн мен күй кернеген əдемі кешке ұласты. Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

BLACK FRIDAY 2016:

ӘН – КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ

БАСТЫ ЖАППАЙ САТЫЛЫМ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАРАША АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖҰМАСЫ БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «ТЕХНОДОМ» ҰЛТТЫҚ САУДА ЖЕЛІСІНІҢ БАРЛЫҚ ДҮКЕНДЕРІ МЕН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ДӘСТҮР БОЙЫНША ӨТКЕН «BLACK FRIDAY» АКЦИЯСЫМЕН ЕСІНДЕ ҚАЛДЫ.

м ы н а т л ұ с р ұ Н Ел бірлігі -

Сөзін жазған: Төрехан ƏБІШЕВ Əнін жазған: Шабден ОМАРАЛИЕВ

Көш бастадың жаңа өмірге жетелеп, Ел намысын Ерлер ғана көтеред. Тəлкегінен алып шығып тағдырдың, Аяладың ұрпағыңды мəпелеп. Алатаудай асқар бағың, Жұлдыз болып аспандадың. Ел деп туған, Ер боп туған, Ел бірлігі – Нұрсұлтаным! Ұлы істерге куə болып келесің, Түзу ұстап қазағымның кемесін. Елің жатыр күннен-күнге жаңарып, Тарихына қосып алып көнесін.

25 қарашада кешкі сағат 20.00-ден бастап еліміздің басты ритейлері – «Технодом» сауда желісінің сатып алушылары теледидарлар, смартфондар, планшеттер, компьютерлер, асүйлік жəне тұрмыстық техникаларды, сондай-ақ, басқа да көптеген тауарларды тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. «Black Friday» акциясы «Технодом» дүкендері орналасқан республикамыздың 26 қаласында өтті. «Технодом» аталған акцияны Қазақстан аумағында үш жыл қатарынан өткізіп келеді. Online сатып алуларды ұнататындар 25 қараша күні кешкі сағат 20.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін «Технодом» интернет-дүкенінде «Black Friday» акциясы бойынша түрлі техниканы үйлерінен шықпайақ тиімді бағамен сатып алды. Əлемдік дəстүр бойынша «Black Friday» акциясы бір күн ғана өтеді. Ал «Технодом» 25-27 қараша аралығында, үш күн қатарынан жеңілдіктер сыйлады. «Black Friday» жыл сайын өтетін жəне АҚШ-та орасан жеңілдіктер сыйлайтын бейресми мереке, əдетте ол Алғыс айту күнінен кейін өтеді. «Black Friday» акциясы басқа жаппай сатылымдардан т ех н и ка м е н эл е кт р о н и ка ғ а бе р і л е т і н ү л ке н жеңілдіктермен ерекшеленеді.

Ел басына лайықты үлесің, Нұр деп қойған бекер емес бұл есім. Нұрыңменен жылыта бер еліңді, Халқың сені əн мен жырға бөлесін! Меркі ауданы.

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 5, Баспасөз үйі.

Меншік иесі: «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

Телефондар/факс: бас редактордың қабылдау бөлмесі – (қаланың коды – 8-726-2) 43-17-07. Жарнама – 43-32-50. Электрондық пошта: ak-jol-taraz@rambler.ru. Газеттің сайты: akjolgazet.kz

ДИРЕКТОР – БАС РЕДАКТОР Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ

Бас редактордың бірінші орынбасары – Ақылжан МАМЫТ – 43-17-08; Бас редактордың орынбасарының міндетін атқарушы – Әділбек БАҚҚАРАҰЛЫ – 43-50-73; Жауапты хатшының міндетін атқарушы – Қанат ТІЛЕПБЕРГЕН – 45-15-26; БӨЛІМДЕР: Саясат – Баймаханбет АХМЕТ – 43-31-62;

Әлеумет – Ардақ ҮСЕЙІНОВА – 43-33-08; Мәдениет – Табиғат АБАИЛДАЕВ – 45-48-09; Сайт (www.akjolgazet.kz) – Алмаз ОРМАНОВ – 43-17-13; Жарнама – Жүрсінгүл ЖАҚЫП – 43-32-50; Компьютер орталығы – Жанна БЕЙСЕНҚҰЛОВА – 43-26-90; Бухгалтерия – 43-17-12.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Талас, Сарысу – Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ – 8 (726 44) 5-06-68, 87777590076; Қордай – Құрманбек ӘЛІМЖАН – 8 (72636) 4-74-34, 87016489927; Т.Рысқұлов, Меркі – Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ – 87022943547, 87473598371; Шу – Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА – 87753184048; Мойынқұм – Уалихан ЖАЙЛАУ – 87024705735.

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ. ЖСК KZ04319E010000374569, БСК ABKZKZKX, СТН 211500070391, КБЕ 17, КНП 858, БСН 030940003725, «БТА БАНК» АҚ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫ. ИНДЕКСІ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫ ҮШІН – 65457, МЕКЕМЕ ҮШІН – 15457. Редакция авторлардың көзқарасы, жарнама мазмұны үшін жауап бермейді. Жарияланбаған хатқа жауап қайтарылмайды. А – материалдың жариялану ақысы төленген.

Газетті есепке алу туралы №12327-Г куәлікті 2012 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген.

Нөмірдің кезекші редакторы Маржан РАҚАЙ

ТАРАЛЫМЫ: 18146 АПТАЛЫҚ ТАРАЛЫМЫ: 54438

Газет аптасына үш рет шығады. Газет редакцияның компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Қалыбы Жамбыл «Сенім» ЖШС баспа орталығында жасалып, көбейтілді. 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 22-үй. тел.: 43-32-83. Тапсырыс 1200

1 желтоқсан пдф 2016 ж  
Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you