Issuu on Google+

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А АҺ Н Д

және

Сарысу Са Сар С ар ы ар ыс ысу су су ауд ауд ау уда аны ан ны н ы ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Мойынқұм Мо Мой М о ой йын ын ауданы а ау у уд да ан н

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№5 (18352), Cенбі, 14 атар, 2017 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

АҚОРДА  БАӘ

ДУБАЙДА ЕҢ ҮЛКЕН КІТАПХАНА САЛЫНБАҚ

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективалары жөнінде пікір алмасты. Мемлекеттер басшылары, сондай-ақ, Астанада өтетін Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі келіссөздерге дайындық барысын талқылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

М.М. Тəжинді Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы Марат Мұханбетқазыұлы Тəжин Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ

Алыстан көз тартар зәулім, биік ғимараттарымен әлем назарын өзіне аударған арабтар тағы да бір ірі құрылысты бастауға шешім қабылдады. Бұл құрылыс нысаны басқаларға қарағанда ерекше болмақ. Дубай билігі Мохаммеда Бен Рашид Аль-Мактум атындағы құны 272 миллион доллар тұратын кітапхана құрылысын салуға тапсырма берді. Құрылыс нысаны осы жылдың қыркүйек айынан басталып, 2018 жылдың ортасында аяқталады. Кітапхана аумағы 650 мың шаршы метрді құрап, жылына 42 миллион келушілерді қабылдайды.

Минералды тыңайтқыштар зауыты – «Қазфосфат» ЖШСның ірі өндіріс филиалдарының бірі. Мұндағы ірі үш цехта аммофос, жемдік фосфат жəне күкірт қышқылы өндіріледі. Оған жапсарлас тағы бірнеше цех жұмысы тоқтаусыз іске қосылған.

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

Елбасы Н.Ə.Назарбаев осыдан бірнеше жыл бұрын Жаңа Жамбыл фосфор зауытында өткен республикалық кеңес барысында: «Химия кластерін дамытатын кез келді. Еліміз фосфор кені жөнінен əлемде төртінші орында. Оның 15 миллиард тонна қоры барланған. Кейінгі кезде көптеген мемлекеттер азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш

ҚЫТАЙ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҒАРЫШҚА ЕКІ РЕТ СӘТТІ ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ Аспан асты елі осы жылдың ғарыштық ұшу шараларын сенімді түрде бастады. Алғашқы ғарыштық ұшырылым 2017 жылдың 5 қаңтар күні Бейжің уақытымен сағат 23.18-де өтті. Сичан №2 ғарыш айлағында TJSW-2 (Tongxin Jishu Shiyan Weixing) жер орбитасына тәжірибелік байланыс серігін жеткізген «Чанчжэн-3В/G2» тасығыш-зымыраны ұшырылды. Төрт күн өткен соң, ағымдағы жылдың 9 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 12.11-де Цзюцюань ғарыш айлағында бортында үш серігі бар «Kuaizhou-1A» тасығышзымыраны ұшырылды.

салуда. Ауыл шаруашылығы өнімін мол өндіру үшін минералды тыңайтқыш аса қажет. Сондықтан да, химия өнімдерін көп өндіру арқылы еліміздің əлеуетін арттыруға болады» деген болатын. Міне, содан бері зауыт басшылығы бұл бастамаға аса мəн беріп, бірнеше инвестициялық жобаны жүзеге асырды. 2013 жылы өнімнің өзіндік құнын төмендету, бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құрылғылары толықтай автоматтандырылған күкірт қышқылы цехы іске қосылып, оның

ашылу салтанатына Елбасының өзі қатысты. Өткен жылдың соңында тағы да Елбасымен болған жалпыұлттық телекөпір барысында экстракциялық фосфор қышқылы цехы өз жұмысын бастады. Зауыт жұмысымен таныстырған «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы минералды тыңайтқыштар зауытының директоры Төлепбек Исаев былтырғы ж е т ке н ж е т і с т і к т е р м е н а л д а ғ ы жоспарларымен де бөлісті. (Жалғасы 3-бетте).

ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

АЛЫП ТҰЛҒА БАЙСАЛДЫ ОБЛЫС ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ «Ақ жол».

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

ЭКСПО

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма басшысы Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Иорданияның ұлттық секциясының комиссары Мұхаллад Əл Омари жəне Иорданияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Ахмед Идрис Инабпен кездесті. Басқосу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мəселелерін талқылады. Ахметжан Есімов қазіргі таңда халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бүгінде 10 мемлекет өз павильондарын алып, тақырыпқа сəйкес мазмұндық толтыру жұмыстарына кірісіп кеткен. Өз кезегінде Мұхаллад Əл Омари Иордания Хашимиттік Корольдігіне ұсынылған павильон жəне Астанада өткізілетін көрмеде баламалы энергия көздері бойынша өз ұсынымдарын көрсетуге берілген мүмкіндік үшін алғысын білдірді. — Бүгін біз Иордания павильонын көріп шықтық. Көрме ұйымдастырушыларының атқарған ауқымды жұмысы көрініп тұр. Біз жақын арада павильонды безендіру жұмыстарына кірісетін боламыз, – деді Иордания ұлттық секциясының комиссары. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы Иорданияның елшісі Ахмед Идрис Инабтың айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілу барысында Қазақстанға Иордания королі келіп, өз мемлекетінің ұлттық күнін атап өту шарасына қатысатын болады. Кездесу соңында көрмеге қатысу келісімшарты мен павильон тапсыру құжаттарына қол қойылды. Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатындығын растады.

12 қаңтар – көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, қазақ халқының біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Ре спубликамызды кеңестік кезеңде ұзақ жылдар бойы басқарған тұлғаның өмірге келгеніне биыл 105 жыл толып отыр. Осыған орай тау тұлғаның Тараз қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рəсімі өтті. Оған облыс ə к і м і н і ң о р ы н б а с а рл а р ы , басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары жəне қоғам белсенділері қатысты. Жұртшылық елінің асыл перзентін сағынышпен еске алды. Гүл шоқтарын қою рəсімінен соң жиналғандар ескерткіш маңындағы облыстық балалар жəне жасөспірімдер кітапханасына барып, тұлға тура лы кіт ап көрме сімен танысты. Көрмеге Д.Қонаевтың өмірінен сыр шертетін түрлі е стелік фото суреттер мен тағылымды дүниелерге толы кітаптар қойылыпты. Сондай-ақ, осы күні «Бақ сарайы» мейрамханасында дастарқан жайылып, тұлға əруағына бағышталып құран оқылды. Дастарқанға жиналған көпшілік алдында аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері

Дінмұхамед Қонаевтың елеулі еңбегі, тұлғалық болмысы, адами қасиеттері хақында тұшымды естеліктер, келелі пікірлер айтылды. Халықаралық «Қонаев қоры» облыстық филиалының төрағасы Аманкелді Карентаев саналы өмірінің жарты ғасырын мемлекетіміздің дамуына, өркендеуіне арнаған Дінмұхамед Ахметұлының ерен еңбегі мен өмір жолына қысқаша тоқт а лып, қайраткердің рухына тағзым жасау алдыңғы буынның азаматтық парызы екенін айтты. Ол, сондайақ, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына жуырда тұлға есімі берілетінін,

қазір құжаттарын рəсімдеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Салтанатты шарада тұлғаның 105 жылдығына орай жарық көрген «Дінмұхамед Қонаев жəне Əулиеата өңірі» атты кітаптың тұсауы кесіліп, жиналғандарға үлестірілді. Облыстың Құрметті азаматтары Баттал Жаңабаев пен Арғынбай Бекбо сын халқының адал перзенті бола білген Қонаевтың биіктігі, құрметі мен қадірқасиеті туралы орамды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, қаламгер Арғынбай Бекбосын «Қонаев қорының» ұ й ы м д а с т ы ру ы м е н ө т ке н облыстық жазба ақындар

мүшəйрасының қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды марапатт ады. Мүшəйра қорытындысы бойынша «Димаш ата рухына» өлеңімен таластық ақын Үміт Битенова бірінші орынды, жамбылдық жас талант, мектеп оқушысы Ақмарал Əбдіқұлова «Аңыз ата» өлеңімен екінші орынды жеңіп алса, ақын Баймаханбет Ахмет «Айналайын атамекен, ақ мекен» шығармасымен жүлделі үшінші орыннан көрінді. Өзге де шығармалары жақсы деп б а ғ а л а н ғ а н қ ат ы су ш ы л а р ы н т а л а н д ы ру с ы й л ы ғ ы н а ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом мен ақшалай сыйлықтарды қазылар алқасының мүшелері, облыстық «Ақ жол» газетінің директор-бас редакторы Көсемəлі Сəттібайұлы мен халықаралық «Қонаев қоры» облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық «Ғұмыр-Дария» газетінің редакторы Жаңабай Миллионов жəне халықаралық «Қонаев қоры» облыстық филиалының төрағасы Аманкелді Карентаев тапсырды. Көрнекті тұлғаның туған к ү н і н е о р а й ө т ке н ш а р а барысында жыр оқылып, əн де айтылып, жақсы тілектер мен əдемі естеліктердің тиегі ағытылды. Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

Е ЖАҢАЛЫҚ? АУЫЛДА Н

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».

Есейхан ауылдық округіне қарасты Қараой елді мекенінде 50 оқушыға арналған жаңа мектеп үйі салынуда. Же р г і л і к т і т ұ р ғ ы н д а р ау ы л д а қордаланған əлеуметтік мəселелердің облыстық «Ақ жол» газетінде кең қамтылып жазылуы осынау іске қозғау салғанын айтады. Сондай-ақ, ауылға кіреберістегі үлкен көпір қалпына келтірілген. Қалқымалы көпірлерге де жөндеу жүргізіліпті. Бəрінен бұрын жаңа мектеп ғимараты құрылысының басталуы ауылдықтардың көз қуанышына айналып отыр. Бірлестік орта

мектебі директорының оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдияр Жуасбековтің айтуынша, мектеп үйінің құрылыс жұмыстарын «Бақ Жай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бұл мақсатқа 310 миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылған екен. Бүгінде жалпы атқарылуы тиіс жұмыстың 70 пайызға жуығы біткен. Бұл нысан биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында жеткіншектерге есігін ашпақ. – Білімұямызда жетпіске жуық оқушы білім алуда. Ауылымызда демографиялық өсім бары байқалып отыр. Биылдың өзінде 12 оқушы бірінші сыныпқа оқуға қабылданды. Болашақтың кілті – білімде. Ал жас ұрпақтың білімді болып өсуіне

ҚОРДАЙ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ Аудан орталығында тағы бір балабақша іске қосылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеке кәсіпкер Дәурен Райымқұлов 70 орындық балабақша тұрғызды. Жаңа жиһаздармен қамтамасыз етіліп, сыртта ойын алаңдары жасалған нысанның ашылу салтанатына еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Елдос Нәшірәлі қатысып тұрғындарды құттықтады.

ТАЛАС

Жанғазы АХМЕТ,

ХРОНИКА

ДА БЫЛ М А Ж

қамқорлық жасаған елдің болашағы зор болмақ, – дейді А. Жуасбеков. Шын мəнінде бүгінде шалғай ауылдарда да шəкірттер өркениеттік талаптарға сай заманауи технологиялармен жарақтандырылған білім нысандарында оқу мүмкіндігіне ие бола бастады. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау, қамқорлықты есейхандықтар да шынайы сезінуде. Б ы л т ы р ғ а н а ау ы л д ы қ о к р у г орталығында жаңа мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берілген-ді. Қараойлықтар да биыл жаңа мектепке қол жеткізгелі отыр. Мұндай нысан келер жылы Қасқабұлақ ауылынан да бой көтермек. Талас ауданы.

НАРЫҚТАҒЫ БАҒАДАН АРЗАН Қаратауда «Луиза» супермаркеті ашылды. Сауда орталығының ашылуына кәсіпкер Кенжегүл Байтықова қолдау көрсетіп отыр. Мұнда ең қажетті азық-түліктер нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзан сатылады. Мәселен, нан – 60, ұнның бір қапшығы – 4500, макарон келісі – 160, күріш келісі 200 теңгеден саудалануда. Тәттілер, шырын сусындар да бар.

Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде. МҰРАҒАТ МӘЛІМЕТТЕРІ УЕЗДІК КОМИТЕТКЕ БАЯНДАМА ...1 майдан бері газет орыс жəне мұсылман тілдерінде шыға бастады. Олардың 24 номері шығарылды. Тираждары төмендегідей болды... («Вольная беднота») («Кедей еркі») газетінің редакторы А.В.Алматинскаяның уездік комитетке жазған баяндамасынан (1922 жыл).

ГАЗЕТ ЕСІМІ – «ЕҢБЕК» 9 июнь, 1924 ж. І . . . Ты ң д а л д ы . « Е ң б е к » газетінің жауапты мұсылман редакторы туралы. Қаулы етілді: Құлжабаев қайта оралғанша Бексейітов (Союзқосшыдан) бекітілсін. ІІ Тыңдалды: «Еңбек» газетін шығаруды арзандату хақында. Қаулы етілді: уездік атком фракциясына мəселені реттеу ұсынылсын... (Уездік комитеттің 1924 жылғы 9 июньдегі протоколынан). РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ Түркстан Компартиясының Ə ул и е а т а у е з д і к - қ а л а л ы қ комитеті атқару бюросының мəжілісі. Қатысқандар: Нұршанов, Сташкевич, Камалов, Артықбаев, Мəтиев, Құлжабаев, Козлов... ...в) «Еңбек» газетінің мұсылман тексті туралы. Қаулы еттік: əріптер облыстық комитет босатқан қаржыға сатып алынсын, техникалық жағы –

жауапты редакторға жүктелсін. М ұ с ы л ма н р ед а к ц и я л ы қ а лқасы Құлжабаев, Əлиев, Камалов жолдастардан құрылсын, ұйымдастыру жағы Əлиевке тапсырылсын. Газетке хатхабарлар беру барлық мұсылман партия қызметкерлеріне міндеттелсін.

(Уездік комитеттің 1924 жылғы 13 июньдегі протоколынан). «ДИХАН ДАУЫСЫ»

Жергілікті баспасөз мəселесі. « Д и х а н д ау ы с ы » г а з е т і н е жазылу мəс еле сі бойынша барлық болыстық комитеттерге циркуляр (нұсқау) жіберген едік. Онда газеттің маңызы жəне оған жазылу атап көрсетілген болатын. Бірақ күні бүгінге дейін оның нəтижелері хақында жауап алынған жоқ. (Уездік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің есебінен, 1925 жыл).

«КОЛХОЗШЫ» ГАЗЕТІ ...Қаулы етілді. 1.Газетті шығаруға қажетті қаржыны қарастырып, смета жасау Əбдікəрімов жолдасқа тапсырылсын. 2 . Га з е т т і ң р ед а к ц и я л ы қ алқасы мына құрамда болсын: Əбдікəрімов, Жамболатов Исатай, Сапарбеков. 3.Транспортта шығарылып келген «За пятилетку» газеті ВКП(б) аудандық комитетінің органы болып есептелсін. (Əулиеата аудандық партия комитетінің 1930 жылғы 21 ноябрьдегі қаулысынан).


2

www.akjolgazet.kz

14 атар, 2017 жыл

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ҰЛЫ МҰРАТТАРЫ

БЕЙБІТ ШАРА, ИМАНДЫ ІС – ЕЛІМІЗГЕ ТӘН Əзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы Əне-міне дегенше біздің елімізге де кезек келді. Иə, жас республика, егемендігін қайтарып алған мемлекет ретінде біздің де көшемізде бүгін той болып жатыр. Қаңтардың алғашқы он күндігінде Қазақстан 2017-2018 жылдар кезеңінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты

емес мүшесі ретінде өкілеттіктерінің басталуына орай бірінші отырысын өткізді. Оған ұдайы мүше бес мемлекет, əр континеттен барлығы он мемлекет қатысты. Дəл осы тұста Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне саяси Үндеу жариялады. Онда еліміздің мойнына артқан жоғары жауапкершілік пен ха лықара лық қоғамдастықтың біздің елімізге, оның бейбітшіл саясатына сенімі ерекше атап өтілді. Нью-Йорктегі бас кеңс еде күн

тəртібіне орай бірнеше мəселе қаралды. Жалпы, Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының реттік тəртібі, ең алдымен, кеңесуден тұратынын еске салайын. Екінші кезеңде пікірлер сайысына – дебаттарға, талқылауға кезек беріледі. Ал үшінші кезеңде қарар қабылданады, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары орын далуы керек, өйткені, ол халық аралық құқықтың талаптары болып табылады. Талаптар орындалмаса, санкция салынуы əбден мүмкін. Тіпті, қатты кетсе, ол аумаққа тəртіп орнататын күш те жіберіледі. Ал енді соған қарамай, əлемде мұндай қарарларды орындамайтын мемлекеттер

де кездесіп қалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихында мұндай да оқиғалар қайталанып тұрады. Сонымен, біздің арнайы жұмыс тобымыз бар, күн тəртібіміз бекітілген. Енді соған сəйкес құрылған тапсырмаларды орындауға міндеттіміз. Алғашқы отырыста осыған орай он бес мемлекеттің ішінде кеңесу өтті. Кеңесуге түскен басты мəселе – Сирияда химиялық қару бар ма, жоқ па, бар болса қандай дəрежеде, ИЛИМ (ДАИШ)-мен елдегі қантөгістен болған қасіреттің ауқымын анықтау еді. Мұның сыртында

Сомалидегі азамат соғысы, Орталық Африкадағы төзгісіз жағдайлар – бəрібəрі өзге де мəселелер қатарында күн тəртібіне қойылған. Мен мұны үш кезеңді жұмыс талқылау үдерісі дер едім. Б ұ ғ а н қ о с а, о с ы а р а д а Қ а з а қстанның бұрыннан да мойнына алған міндеттемелері бар екенін, ол өңірдегі мемлекеттерге септігін тигізу болып табылатынын да қаперге іле кетейін. Ол – Ауғанстандағы ахуалдың жақсаруына көмекте су. Қазірдің өзінде біздің мемлекетіміз ауғандық 1000 студентке грант берді. Олардың біразына мен өзім дəріс беріп жүрмін. Сол сияқты көршіміз – қуаты бəсең Қырғызстан мемлекетіне де көмек қажет. Бұдан басқа толып жатқан іс-шаралардың қатарында халықаралық маркетингтік əдістерге баруға мəжбүрміз. Оны да ескерейік. Мəселен, БҰҰ-ның ақшасына бидай өсіріп, нан сатудың несі айып?! Бейбітшілік шара, иманды іс, көмек қолын созу – жас Қа зақ станға тəн қасиет. Осы айдың аяғында Астанада Сириядағы соғы сушы тараптар бас қосып келісуі керек. Бүгін оған күллі əлем мемлекеттерінің назары ауып отыр. Олар ымыраға келе ме, келмей ме белгісіз, өйткені, олардың ішінде ешкімге де бағынбайтын топтар бар. Бірақ, соғыстан шаршаған халықты бейбіт өмірге тарту əлем таныған Қазақстанның мойнында тұр. Сирияда бейбітшілік орнату оңайға түспесі анық. Тағы бір айтарым, Украинадағы жағдай да күн тəртібінен түспей күйіп тұр. Украина басшысы бізге сенеді. Сол секілді Ресей мен Батыс та бізге сенім артып отыр, ендеше, Украинаға бір жақсылық жасау игілікті міндет. Əрине, мұндай əлемдік шиеленісті факторларға біркелкі кепілдік беру оңай да, мүмкін де емес, дегенмен, Қазақстан тарапынан мұның барлығы үшін əрекет ету ниеті бар.

Ерлан ҚАРИН, Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

ӘЛЕМДІК САЯСАТТА ҮЛКЕН ЖАҢАЛЫҚТАР БОЛМАҚ – Сіздің ойыңызша, əлемдегі геосаяси жағдай 2017 жылы қалай дамиды? – 2017 жыл əлемдік саясатқа үлкен жаңалықтар əкелетіні сөзсіз. Өйткені өткен жылы əлемде түрлі конфликтілер мен елеулі оқиғалар орын алды. Кейбір мəселелер шешімін таппады. Қазір əлемдік белгілі сараптау орталықтары өз болжамдары мен шолуларын жасады. «Eurasia group» зерттеу орталығы əлемдік саясаттағы 10 негізгі қауіпқатерді жарияласа, «Financial Times», «Economiс», «The Diplomat» деген атақты басылымдар да болжамдарымен бөлісті. Бұл орталықтар жылдағы дəстүр бойынша негізінен экономикалық жағдайға баға беріп қана геосаяси жағдайды сөз ететін. Биылғы жылдың ерекшелігі, ғаламдық экономикада үлкен қауіп-қатерлер жоқ. Керісінше оң өзгерістер орын алмақ. Соның ішінде

қиын. Ал Қытайда 2017 жылдың екінші жартысында кезекті съезд өтеді. Бұл съезде Қытайдың қазіргі төрағасы Си Цзин Пинь алғашқы бесжылдығына баға

арта түседі. Америкалық «El Monitor» басылымы Қазақстанның тұрақтылық саясатының маңыздылығы артып отырғанын жазды. Биыл Қазақстан БҰҰның Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақты емес мүшесі болды. Бұл үлкен жауапкершілік. Бұған қоса жаңа мүмкіндіктер береді. Яғни Орталық Азияның мүддесін алаңға шығарып, жеткізуге жол ашады. Атап айтсақ, Ядролық қауіпсіздік мəселесі көкей кестілігін жоғалтпай отыр. Көпшілік мұның маңызын ұғына бермейді. Біз екі ядролық мемлекеттің ортасында орналасқанбыз. Ядролық жарылыстарға тыйым салу бойынша келісімге 1996 жылы қол қойылғанымен, үлкен 6 мемлекет қол қоймай отыр. Егер кез келген уақытта əлемдік саясатта тұрақсыздық күшейетін болса, бұл мемлекеттер қайтадан ядролық қаруға шешуші фактор ретінде жүгінуі мүмкін. Ядролық сынақтар қайта басталуы да

АДАМЗАТТЫ ЖАҺАНДЫҚ ҚАУІПТЕРДЕН САҚТАП ҚАЛУДЫҢ ЖОЛЫ Жанғасар АЯГӨЗОВ, Тараз инновациялықгуманитарлық университетінің география және тарих кафедрасының доценті.

Қ а з а қ с т а н – Б Ұ Ұ Қ ау і п с і зд і к Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Бұл жетістік – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі. Мемлекет басшысы дүниежүзін алаңдатып отырған атом қаруын қолдануға тыйым салу, жаппай терроризмге қарсы күрес шараларын жүргізу, алпауыт мемлекеттердің бір-бірімен қырғи-қабақ соғысуын тоқтату, экономикалық дағдарыстарды жойып, өзге құрлықтардағы бейбітшілікті қалпына келтіру секілді маңызды мəселелер бойынша батыл бастамалар көтеруде. АҚШ-тың НьюЙорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымына тұрақты жəне тұрақты емес мүше елдер арасында өткен «Шиеленістердің алдын алу жəне бейбітшілікті сақтау» тақырыбындағы ашық пікірталаста таныстырылған «Қауіпсіз, əділ жəне өркендеген əлем құру үшін жаһандық əріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты Саяси Үндеуі – соның дəлелі. Саяси

Үндеуде бүгінгі уақыт талабынан туындаған жаһандық қажеттіліктер алға тартылған. Сондықтан да, əлемдегі ең беделді ұйым – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Президентіміздің Саяси үндеуін ресми құжат ретінде қабылдау туралы шешімге келіп отыр. Адамзатқа ортақ мəселе – əлемді ядролық қарудан азат ету екенін барша жұрт жақсы түсінеді. Ал Қазақстан атом қаруын қолдануға үзілді-кесілді қарсылық танытып қана қоймай, соны іс жүзінде көрсете білген əрі ядролық қаруды таратпау жолында аянбай күрес жүргізіп отырған мемлекет. Жалпы, жаһандық жəне аймақтық деңгейдегі əскери текетіре стерді азайту арқылы соғыстың алдын алу – басты мəселе. Себебі, тағы бір дүниежүзілік соғыстың өрті тұтанса, өркениетті сақтап қалу қиынға соғады. С о н д ы қ т а н , ə л е м с а я с ат ке рл е р і халықаралық қатынастарда орын ала бастаған жанжалдарды тоқтатудың жолын іздеуде. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Президентінің бастамалары ғаламдық проблемаларды шешудің тың жолын көрсеткендей. Елбасымыз бүгінгідей аласапыранға толы қым-қуыт оқиғаларға нүкте қойып, адамзатты қайғы-қасіретке душар етпеу жолын көрсетіп қана қоймай, нақты іс-қимыл жоспарын ұсынуда. Президентіміз мемлекетімізден Сирияда бейбітшілік орнату бойынша келіссөздер

алаңын ұсынуы – осы сөзіміздің айғағы. БҰҰ секілді беделді ұйымның Қазақстан тарапынан жасалған бастамаларға үлкен қолдау білдіруі де, сондықтан. Елбасымыз Саяси Үндеуінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай əлемдік желі құруды ұсынуының мəні өте тереңде. Себебі, ғаламдық проблемалардың бірі – терроризм мен экстремизм. Бүгінде кез-келген елде бейбіт тұрғындардың арасында жанкештілердің қолымен жойқын жарылыстардың жасалуы белең алып, тіпті, бұл үйреншікті жағдайға айналып барады. Президент Орталық Азияда бейбітшілік, қауіпсіздік, əріптестік пен даму аймағының моделін құру, т е р р о р и с т е рд і ау ы зд ы қ т ау ү ш і н барлық мемлекетте бір-бірімен ақпарат алмасуды күшейту, Африка құрлығында бейбітшілікті қалпына келтіру, соғыс пен қақтығыстардың алдын алу, адам құқықтарын қорғау, орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру, климаттың өзгеруімен күресу бойынша бірлескен шаралар қолдануды ұсынып отыр. Ол үшін Еуропа мен Америка, Азия мен Африканың барлық өңірлік ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарының арасында əріптестік орнату қажет екенін атап көрсетті. Бұл – əлемдік проблемаларды бірлесіп шешу арқылы адамзатты апат атаулыдан аман сақтап қалудың ең төте жолы.

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАҒЫ БІР ТАРИХИ ЖЕҢІСІ Жанар ОРЫНБАЕВА, Жамбыл политехникалық колледжінің директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты.

1 қаңтардан Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастады. Алдағы екі жылда еліміз жаһандық мəселелерді шешуге, əлемдік барлық саяси үдерістерге тікелей қатысатын болды. Үстіміздегі жылдың 2 наурызында мемлекетіміздің БҰҰ-дағы мүшелігіне 25 жыл толады. Ширек ғасыр ішінде біздің еліміз БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен міндеттеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына толық бейімділігін көрс етті. Пре зидент Н.Ə.Назарбаевтың «Қауіпсіз, əділ жəне өркендеген əлем құру үшін жаһандық əріпте стікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты саяси Үндеуде де əлемдік өркениетті сақтап қалу жолдарын көрсетіп отыр.

Елбасымыз Үндеуде «Қазақстан қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау мен нығайтудың бірінші кезектегі маңызын ескере отырып, Кеңестің толық күн тəртібі бойынша əділ жəне бейтарап қызмет атқаратын болады. Біздің еліміз Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелерімен тең құқылы негізде ынтымақтаса жұмыс істеуге, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында ымыраға қол жеткізіп бəтуластықтың қалыптасуына септігін тигізуге ниетті», деп атап көрсетті. Елімізде жаһандық жəне өңірлік сын-қатерлерді шешуге ұжымдық жауапкершілік қалыптастырылған. Ендігі мақсат – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүше елдері арасында XXI ғасырға сəйкес келетін, мемлекеттер қарымқатынастарының жаңартылған моделін құру. Кеңестің тұрақты емес мүшесі ретінде еліміз өз миссиясын орындай отырып, ортақ қағидаларға сүйеніп, осындай басымдылықтарға мəн беретін болады. Қазақстан – ядролық қарудан саналы түрде бас тартқан бірден-бір мемлекет. 1991 жылы Семей полигоны жабылды, 1993 жылдың 13 желтоқс анында «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге» қол қойды. 1995 жылдың 26

мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан əкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең соңғы заряд жойылды. Елбасымыздың сындарлы с аяс атының арқасында даму үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалып, халықаралық қатынастар нығайып, дамыған мемлекеттермен тереземіз теңесті. Қазақстан Мемлекет басшысының «Əлем. ХХІ ғасыр» манифе сіндегі бейбітшілік пен қарусыздануға бағытталған баянды бастамаларын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға мүше болып сайланған кезеңде жүзеге асыруға мүдделі. Алдағы екі жылда еліміз өз миссиясын осы құжатта жəне саяси Үндеуде көрсетілген басым бағыттарға сүйене отырып, атқаратынына сенеміз. Жалпы, бұл мемлекетіміз үшін аса жауапты кезең. Үндеуде саяси текетірестерді шешу жолдары көрсетілген. Елбасы қауіпсіз, əділ жəне өркендеген əлем құру үшін мемлекетаралық əріптестікті нығайтуға басымдық беріп отыр. Құжат сонысымен де құнды. Өйткені, əлем тыныштығын сақтау – ең үлкен жаһандық проблема.

Орталық Азия экономикасында да қолайлы жағдайлар орын алады деген болжам бар. Биылғы саяси болжамдардың тағы бір ерекшелігі, саяси оқиғаларда нақтылық жоқ. Яғни кездейсоқ іс-əрекеттер мен оқиғалар болу ықтималдылығы жоғары. Сарапшылардың негізгі ұстанып отырған пікірі əлемдік геосаясатта тұрақсыздықтың орын алуына, негізгі ойыншылар арасында тұрақсыз қарымқатынас пен нақты стратегияның жоқтығын меңзейді. Бұл жерде АҚШтың əсері де бар. Себебі, Американың жаңа басшысы Дональд Трамптың нақты саяси бағыты əлі анықталмаған, негізгі саяси ұстанымы да нақтыланбаған. Міне, сондықтан конфликтілерде кездейсоқ шешімдер қабылдау ықтималдығы жоғары болып отыр. Бұл саясаттағы басқа да ойыншыларға əсер етуі бек мүмкін. Мысалы, Еуропалық одақ пен АҚШ арасында қарама-қайшылықтар болса да, бір бағытта жүруге тырысатын. Олардың Украина, Ресей сая сатына берген бағалары əртүрлі болғанымен д е , ш е ш і м д е р д і ке л і с е о т ы р ы п қабылдайтын. Бірақ сарапшылардың айтуынша, Трамп билікке келген соң АҚШ пен Еуропалық Одақ арасындағы қарама-қайшылықтардың одан бетер тереңдеу қаупі бар. Бұл өз кезегінде Еуропалық Одақтың ішіндегі бірлік пен ынтымақтастықтың əлсіреуіне əкеліп соқтыруы мүмкін. Мəселен, көрші Ресей мемлекеті үшін биыл президенттік сайлау алдындағы маңызды, дайындық жылы. Президенттік сайлау алдында Ресейдің стратегиясында ішкі де, сыртқы да факторлар əсері бірдей болады. Сондықтан болжам жасау

беріліп, келесі бесжылдыққа өкілеттілігі ұзартылады деп күтілуде. Сондықтан Қытайдың сыртқы саясаты да ішкі жағдайға байланысты. Биыл геосаясат пен ішкі саясат қатар келіп отырған жыл. Сондықтан кездейсоқтық үлесі жоғары болады. – Əлемдегі саяси оқиғалардың Қазақстанға əсері қандай болмақ? – Бұл əлемдегі алып мемлекеттердің саясаты əлбетте Қазақстанға əсер етеді. Қазір жаһандану үрдісі жылдан-жылға жаңа ауқымға ие болуда. Əлемдік геосаясат тарылып бара жатыр. Əлемдік саяси үрдістерден бір мемлекеттің оқшау қалуы мүмкін емес. Тікелей болмаса да, жанама əсері болары сөзсіз. Биыл Түркия президенті Ердоған үшін шешуші жыл. Ол бұрыннан мақсат қойған жоспарларын іске асыруы керек. Ол үшін ол түрік қоғамы алдында мобилизация жасауы қажет. Сондықтан Түркия Сирия не болмаса басқа да дағдарыстарға араласып кету ықтималдығы жоғары. Сарапшылардың болжамдарына сүйенсек, Түркия əлемде негізгі шешуші ойыншыларға айналуы мүмкін. Ал Қазақстан барлық гео саяси күштермен тең қарым-қатынас орнатуға мүдделі болады. Биылғы жылы Қазақстанның сыртқы саяси жағдайдағы белсенділігі арта түседі. Мəселен, биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті сынды үлкен халықаралық кездесулер өтеді. Осы жерден айта кететін бір жайт бар. Шетелдік сарапшылар биыл саяси шолуларына Қазақстанды енгізді. Əлемдік саясатта аласапыран жағдайында тұрақтылыққа жол іздейтін мемлекеттердің рөлі

мүмкін. Сондықтан бұлар аумақтық қауіпсіздікке сай келетін негізгі мəселелеріміз. Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде аумақтың өзекті мəс елелерін халықаралық деңгейге көтеріп отыратын мүмкіндікке ие болады. Экономикада осы уақытқа дейін теріс факторлар болса, биыл жағымды жайттар орын алмақ. Əрине, бұл ғаламдық не аумақтық экономиканың өсуіне əкеліп соқтырмайды. Бірақ жағымсыз факторлар ықпалын əлсіретеді. – Орта Азиядағы, соның ішінде Қазақ ст анның демографиялық ахуалына қандай баға бересіз? – Биыл Орталық Азияда демографиялық дамуда бетбұрыс жылы болмақ. 1991 жылы Орталық Азияда 50 миллион адам тұратын болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 70 миллионға жетіп отыр. Бұл меніңше, өте жақсы жаңалық. Сарапшы ретінде осыған дейін де Орта Азия аймағының ішкі əлеуетін пайдалану керектігін айтқанмын. 2000 жылдардың басында Орталық Азия нарығын дамытамыз дегенге қарсы уəждер айтылуы мүмкін еді. Орталық Азия республикалары егер де өзара қарамақайшылықтарды шеше алатын болса, аймақтық кооперацияны дамытуға негіз жасалса, интеграция артса нарыққа жаңа мүмкіндіктер ашылады. Себебі, Орта Азияда қазір туу саны артып, өлім-жітім азаюда. Осының барлығы Орта Азия елдерінің жылына 3,5 пайызға өсуіне дем беріп отыр. Ақбота ИСЛƏМБЕК («Ана тілі», 6-11 қаңтар, 2017 жыл).


www.akjolgazet.kz

14 атар, 2017 жыл

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІ ҚАРСАҢЫНДА

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: БЕС РЕФОРМА – ҰЛТ ЖОСПАРЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС – БАҚЫЛАУДЫҢ БАЙЫПТЫ НҰСҚАСЫ Жандар КƏРІБАЙҰЛЫ, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы.

Елбасы Н.Ə.Назарбаев ұ с ы н ғ а н р е ф о рм а л а р дамудың жаңа белесіне қ а д а м ж а с ап , б а ғ ы т бағдары айқын қазақстандық қоғам қ ұ ру ғ а б а ғ ы т т а л ғ а н . « 1 0 0 н а қ т ы қадам» – Ұлт жоспарының бесінші бағытында қоғамға есеп беретін ашық мемлекетті қалыптастырудың нақты қадамдары көрсетілген. Бұл – тəуелсіз билік пен азаматтық қоғам арасында дəнекер болатын əрі олардың күшжігерін, мұрат-мақсаттарын бір арнаға тоғыстыратын бірден-бір жол. Кешегі əміршілдік кеңестік жүйеде мейлінше мемлекеттендірілген ыңғайға жығылуды үйренген жұртшылықты бейқам əрі бейжай күйден арылту, олардың қоғам ісіне белсенді түрде араласуына жəне жергілікті мемлекеттік жəне өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін өңірлерде Қоғамдық кеңестер құрылды. Облыс басшыларының қолдауымен жұмысы аз уақытта бір жүйеге түсті. Өткен жылдың 27 ақпанында өз жұмысын облыс əкімі Кəрім Көкірекбаевтың 2015 жылдың қорытындысы, ағымдағы жылдың міндеттері туралы е себін тыңдаудан бастаған қоғамдық кеңесті о бл ы с т ы қ м ə с л и хат т ы ң хат ш ы с ы Бағлан Қарашолақов басқарған арнайы комиссия конкурстық негізде жасақтаған. Құрамында 29 мүшесі бар, 5 ұлттың өкілдері қамтылған. Содан бері кеңес мүшелері «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң талабынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді орындап, ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Өңірге белгілі азаматтар Қоғамдық кеңестің секретары Қ. Шотбақов, ауыл шаруашылығын дамыту, бюджет жəне қаржы, кəсіпкерлікті қолдау, азаматтардың құқын қорғау, əлеуметтік мəселелер бойынша құрылған комиссиялардың төрағалары С.Сейдазимов, С. Əміреқұлов, Ə. Едігеев, Х. Бегалиев, Г. Орынбаеваның ұйымдастырушылық тəжірибелерінің жоғарылығының нəтижесінде заңның талаптарын жүзеге асыруда кеңе с жұмысының басты бағыттары қалыптаса бастады. Бірінші бағыт – Қоғамдық кеңестер қызметінің негізгі мақсаты қоғамдық маңызы бар мəселелер бойынша жұртшылықтың пікірін білдіру болғандықтан, заңның 5-бабының 1,2,3 жəне 5-тармақтарының талаптарына сəйкес, облыстық бюджеттің жобаларын, ол а рд ы ң о р ы н д а л у ы н , ат қ а ру ш ы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы есептерін тыңдау, о бл ы с ə к і м д і г і н і ң а з а м ат т а р д ы ң құқықтарына, бо стандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтікқұқықтық актілердің жобаларын əзірлеуге жəне талқылауға қатысу. Осы бағытта облыстық Қоғамдық кеңе с е с епті кезеңде 15 пленарлық, 24 президиум

отырысын, 2 қоғамдық тыңдау өткізіп, 106 мəселе қарады. Кеңес жұмысы Елбасы айқындаған реформалар шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдар атқарып жатқан ауқымды істерді саралауда салмақты рөл атқарғаны даусыз. Мəселен, Қоғамдық кеңес «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», «Өңірді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған» бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы, «2017-2019 жылдарға арналған облыс бюджет туралы» облыстық мəслихат шешімдерінің жобаларын (барлығы 16 мəселе бойынша) қарап, тиісті ұсынымдар берді. Сондай-ақ, облыс əкімдігінің бұрын қабылдаған ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, жер қатынастары, табиғи ресурстар мен табиғатты реттеу, білім, мəдениет, сəулет жəне қала құрылысы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары,

берді. Қоғамдық кеңес туралы заңның 19-бабының 3-тармағында көрсетілгендей, кеңес мүшелері алдын ала облыс əкімдігі жанындағы 19 комиссия құрамына енгізіліп, құжаттардың дайындалу кезеңінде кейбір кемшіліктерді дер кезінде түзеуге септігін тигізіп отырды. Екінші бағытта жүргізілетін жұмыстар – Заңның 16-бабының 3-тармағына сəйкес, облыстық қоғамдық кеңестің азаматтардың атқарушы биліктің қызметіне деген сенімін арттыру үшін қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз ету, əлеуметтік шиеленістердің оң шешім табуына ықпал ету. Бұл бағытта Қоғамдық кеңес былтыр саяси тұрақтылыққа нұқсан келтіріп, азаматтық келісімге қауіп төндіретін, əлеуметтік шиеленістерге ұласып кетуі мүмкін кейбір проблемалардың шешілуіне атсалысты. Соның бірі – 2015

энергетика мəселелері жөніндегі 40т а н а с т а м н о рмат и вт і к - қ ұ қ ы қ т ы қ актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулы жобалары талқыланып, олар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмейді деп танылып, əрі қарай басқа органдардың қ а р ау ы н а ж і б е р і л д і . О с ы ж е р д е мына нəрсені баса айтуымыз керек, егер Қоғамдық кеңестің қорытынды тұжырымы болмаса, онда азаматтардың құқықтары мен еркіндігіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер əділет органдарында тіркелмейді. Қазіргі заң талабы осындай. Елбасы Н. Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бағытында, 99-қадамда көрсетілгендей, мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірыңғай провайдері «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылуына байланысты осыған дейінгі қабылданған облыс əкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері қайта рəсімделуі тиіс. Қоғамдық кеңес азаматтардың құқы мен бостандықтарының сақталып, шектелмеуін қадағалау үшін мемлекет тарапынан азаматтарға көрсетілетін қызметтердің 30-дан астам регламентінің жо б а л а р ы н з е рд е л е п , ұ с ы н ы с т а р

жылы «Жер кодексіне» толықтырулар мен өзгерістер енгізілуіне байланысты туындаған үлкен резонанс еді. Кеңестің мүшелерінен жасақталған топ былтыр бес жарым мыңнан астам жер иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 15 мамырдан бастап бірнеше ай бойы 30-ға жуық кездесу өткізді. Осы жиындарда тұрғындардан түскен 60-тан астам жазбаша ұсыныстары зерделеніп, тиісті органдарға тапсырылды. Атап айтсақ, Сарысу ауданындағы «Қазақстанның əлеуметтік əділетті дамуы үшін қозғалысынан» (төрағасы Қ. Жандарбек) түскен өңір мен Жаңатас қаласындағы жұмыспен қамту жайы, сыбайластық жемқорлық фактілері, кезінде фосфор өндірісінде көп жылдар жұмыс істеп, кəсіби кеселге шалдыққандардың өтемақысы туралы, аудандық білім, денсаулық сақтау салаларындағы басшы кадрлардың жөнсіз əрекеттері, кезінде орын алған заң бұзушылықтар мен нарықтық экономикаға көшкен кезде иесіз қалып, кейіннен жөнделген пəтерлердің қолы жеткендерге заңсыз беріліп жатқанын, қаладағы су құбырлары желілерін қайта жаңғырту мəселелерін көтерген 13 тілекталапты облыс əкімдігінің басқарма, департамент басшыларының қатысуымен өткен жиында облыстық кеңе стің президиумы егжей-тегжей талқылап,

сол жерде біразының шешімін табуына ықпал етті. Қалғандарына тиісті хаттама толтырылды. Көтерілген проблемаларды орындау үшін тиісті басқармаларға жүзеге асыру мерзімдері көрсетіліп, нақты ұсыныстар берілді. Үшінші бағыттағы жұмыстар заңда белгіленгендей, Қоғамдық кеңестің қ о ғ а м д ы қ б а қ ы л ау ж ү р г і з уд е г і өкілеттіктері жергілікті мемлекеттік жəне өзін-өзі басқару органдарының шешімдер қабылдау проце сіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында мониторинг, сараптама, қоғамдық тыңдау жəне мемлекеттік орган жұмысының нəтижесі жөніндегі есептерін тыңдау арқылы жүргізіледі. Былтыр біз тəжірибеге қоғамдық тыңдау өткізу мен облыстық əкімдіктің басқарма басшыларының е себін т ы ң д ауд ы е н г і з і п , ж ү й е л і ж ұ м ы с жүргіздік. Өткен жылы маусым айында «Жамбыл ауданындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңмен қорғаудың қазіргі жай-күйі», қазан айында «Облыстағы мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың əлеуметтік жағынан құқын қорғаудың барысы» атты екі қоғамдық тыңдау өткізілді. Екі жиынға 800-ден астам тұрғын қатысып, 80-ге жуық сұрақтар түсті. Олар жан-жақты зерделеніп, талаптілектердің шешу жолдары қабылданған ұсынымдарға негіз болды. Ұсынымдар тиісті мемлекеттік органдарға жөнелтіліп, Қоғамдық кеңестің бақылауына алынды. Жалпы, біздің жұмысымыздың төртінші бағыты кеңестер қызметінің ашықтығы мен жұмысының жариялылығын арттыруға негізделген. Кеңес мүшелері азаматтық қоғамның мүддесін білдіру жəне мемлекеттік шешімдерді, жергілікті маңызы бар мəселелерді талқылау əрі қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді назардан тыс қалдырған е м е с . Е с е п т і ке з е ң д е ат қ а р ы л ғ а н жұмыст ардың нəтиже сі, қоғамдық тыңдауларда көтерілген мəселелер жəне оны шешу жолдары басылым беттерінде жиі жарық көріп отырды. Облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», «Арай», қалалық «Жамбыл-Тараз» газеттерінде 60-қа жуық мақала жарияланды, «Қазақстан-Тараз» жəне «77» телеарналарында 21 хабар көрсетіліп, ғаламтордағы əлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда 18 материал таратылды. Облыстық Қоғамдық кеңес есепті кезеңде негізінен осындай жұмыстар атқарды. Кемшілігіміз де жетерлік. Алдағы уақытта да қоғамдық негізде жұмыс істейтін жаңа құрылым заң талаптарын жүзеге асыру жолында кездескен кедергілерге қарамастан, өзіне берілген өкілеттіктер шегінде атқарушы билік пен бұқараның ақылдасу алаңына айналып, қоғамдық бақылаушы міндетін адал атқара бермек.

БАСШЫ ЕСЕП БЕРДІ. ЕЛ НЕ ДЕДІ?

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АЗ ЕМЕС, АЛДА ҚЫРУАР ІСТЕР КҮТІП ТҰР Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

Облыстық ішкі с аяс ат басқармасының «2016 жылы атқарған жұмыстары жəне 2017 жылға міндеттері туралы» кеңейтілген есеп беру жиналысына облыс əкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, жиында басқарма басшысы Рахия Тұрмаханбетова атқарылған жұмыст арды баяндады. – Өткен 2016 жыл еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды. Халық болып қастерлі Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығын ат ап өттік, – деген Рахия Сейітбекқызы облыстың ішкі саясатын қалыптастыру мен жүргізу барысында атқарылған ауқымды шараларға тоқталып өтті. Сондай-ақ, алда атқарылар міндеттер мен жоспарларға шолу жасады. – Жыл ішінде облыстың 377 елді мекенінде 4067 ісшара өткізіліп, 612 мыңнан астам адам қамтылды. Оның ішінде, 748 қоғамдық-саяси, 255 əлеуметтік-экономикалық, 608 ғылыми-ағартушылық, 1061 мəдени, 765 спорттық, 6 3 0 а қ п а р ат т ы қ - и м и д ж д і к шара ұйымдастырылды. Жалпы, басқарманың жылдық жоспарында белгіленген 106 тармақ түгелімен орындалып, соған сəйке с 6 ғылымитəжірибелік конференция, 18 семинар, 12 «дөңгелек үстел» отырысы, 2 ақпараттық пойыз,

2 ақпаратттық автопойыз, автокеруен, 7 акция, 13 кездесу ұйымдастырылды. Бүгінде о б л ы с ау м а ғ ы н д а р е с м и тіркелген 49 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Оның 46сы мерзімді баспа құралы болса, 2-уі телеарна, біреуі ақпарат агенттігі. Сондай-ақ, 4 кабельдік телевизияның операторлары жұмыс жасайды. Əр оператордың 3000-нан 11000-ға жуық абоненті бар. Есепті жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге облыстық бюджеттен 566,9 миллион теңге бөлінді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 10,6 миллион теңгеге артық. Есепті жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс 32 БАҚ арқылы іске асырылды, – деген ішкі саясат басқармасының басшысы осы саладағы нəтижелі жұмыстармен

қатар, кемшіліктерді де атап өтті. «Əкімдіктер ре сми с а й т т а рд ы ң ко н т е н т і н мерзімінде толықтырып, статистикалық мəліметтерді жаңартып отыруға əлі де жете көңіл бөлмеуде. Мəс елен, ж ы л б а с ы н а н бе р і Ме р к і , Т.Рысқұлов, Талас аудандарында орналастырылған ақпараттар аз болды. Мойынқұм ауданының жаңалықтарын таңдасаңыз басқа сайттың сілтемесіне ауысып ке т ед і . А л Та р а з қ а л а л ы қ əкімдігінің сайты қазіргі уақытта қаржыландырылмағандықтан, уа қ ы т ш а ө ш і рул і . Та л д ау көрсеткендей, Талас, Сарысу, Ш у, Б а й з а қ , Қ о рд а й ж ə н е Мойынқұм ауданы əкімдерінің

же ке бл о г - т ұ ғ ы р н а ма с ы н а келген сұрақт ар аз, Меркі ауданы əкімінің блогына жыл бойына бірде-бір сұрақ түспеген. Бұл – əкімдіктердің аудан тұрғындарымен кері байланыстың, олардың жергілікті билік органдарына сенімінің төмендігін көрсетеді. Біздің тараптан ай сайын мониторинг жасалып, басқармалар мен аудандарға жіберілгенімен, кемшіліктер қайталануда. Сондықтан, бұл жұмысқа жауапты мамандардың жауапкершілігін арттыру қажет». Рахия Сейітбекқызы жасалған жұмыстармен қатар, іске аспай жатқан жобаларды да баяндап өтті. Келесі кезекте жарыссөзге ж а з ы л ғ а н Қ о рд а й ауд а н ы əкімінің орынбасары Бейбіт Жаманкөзов пен «Қазақстан» РТРК облыстық филиалының директоры, облыстық мəслихаттың депутаты Мейрамбек Төлепберген ішкі саясат басқармасы жұмысының маңыздылығына тоқталып, баяндамаға қанағаттанарлық деген бағасын берді. Жиын соңында облыс əкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов с а л а д а ат қ а р ы л ы п ж ат қ а н толайым тірліктерді тілге тиек етіп, алда атқарылар жұмыстарды да осылайша тиянақты атқаруды тапсырып, атқарылған жұмыстарға жақсы бағасын берді. Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

3

АУЫЛДАРЫМЫЗ АЖАРЛАНЫП КЕЛЕДІ

Ауылдық округ əкімдеріне жүктелер міндеттер ауқымды-ақ. Өйткені, олар халықтың қалың ортасында елмен қоян-қолтық жұмыс жүргізеді. Елбасының саясатын жүзеге асырудан бастап о к ру г аум а ғ ы н д а ғ ы б а рл ы қ шаруаға əкім жауапты. Яғни, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, ауыл тұрғындарының əлеуметтік жағдайының жақсаруы, тіпті, көшеде шашылып жатқан күл-қоқыс, бұзақылардың тезге салынуы, ұрланған мал үшін д е ж ауап а л д ы м е н ə к і м н е н сұралады. Мен соңғы алты жылдан бері əкімдік қызмет атқаратын ауылдық округ үш елді мекен – Ноғайбай, Шарбақты жəне Сарыбаст ау ауылдарынан тұрады. Округтегі халық саны екі жарым мыңға жуық. Мұнда қазақтармен қатар орыстар, украиндар, немістер, балкарлар, шешендер, қырғыздар жəне басқа да ұлт өкілдері «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара өзара татулықпен өмір сүріп, еңбек етуде. Біздің басты байлығымыз да осы ұлтаралық достық пен ынтымағымыз болып табылады. 77 шаруа қожалығына біріккен округ тұрғындарының тіршілік көзі негізінен егіншілік пен мал шаруашылығы. Үш жарым мыңнан аса ірі қара, екі мыңдай жылқы, елу екі мың қой-ешкі, сондай-ақ, үй құстарын өсіреді. 42 мың гектар ауыл шаруашылығы жерінің 8 мың гектардан астамы – егістік. Онда өткен жылы 1222 гектар бидайдың əр гектарынан 24 центнерден, 1293 гектар арпадан 23 центнерден өнім алынды. Диқандар жаңа жылдың өнімі үшін жер дайындап, күздік себумен дер кезінде айналысты. Алматы, Тараз қалаларында жəне аудан ішінде өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкелеріне белсене қатысты. Округте «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасымен жеке кəсібін ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырғандар бар. Мəселен, олардың бір дəмхана, оннан аса сауда нүктелері болса, Серік Оразаев мал өсірумен, Жəнібек Жетібаев автокөлік жөндеумен, Жандос Уəлиев жиһаз жасаумен табысты айналысып келеді. Былтыр тағы үш адам мемлекеттен үш-алты миллион теңге аралығында несие алды. Бұл қаржыға «Нұржанар» шаруа қожалығының басшысы Қуат Азаматов қой өсірумен, Айгүл Қашағанова шағын сүт фермасын ашып, Ботагөз Молдабекова ірі қара бордақылаумен айналысуда. Сонымен қатар, аудан əкімдігінің жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмыссыздар есебінен 14 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. «Өрлеу» қанат қақты жобасы б о й ы н ш а 11 о т б а с ы н а н 5 6 адамға 1341 мың теңге төленді.

Жыл өткен сайын ауыл көшелері көркейіп, жарықтандырылып, жаңадан əлеуметтік нысандар салынып, жолдары жөнделіп жатыр. Бұған ауылдық əкімдіктің дербес шотындағы қаражатты пайдаланудың да тиімді ықпалы болғанын атап айту керек. Əкімдік жанынан құрылған қоғамдық кеңес қолма-бақылау шотына жиналған бұл қаржының əр тиыны есеппен жұмсалуын қадағалайды. Мұса Райымбеков жетекшілік етіп он бір адамнан тұратын қоғамдық кеңестің ұйғарымымен өткен жылы ауылдық əкімдіктің дербес шотындағы 4 миллион 244 мың теңге қаражат кезек күттірмейтін мақс атт арға бөлінді. Мəселен, 789 мың теңге көше��ерді жарықтандыруға, 125 мың теңге құрал-саймандар, əк, бояу сатып алуға, 800 мың теңге күл-қоқыстарды шығарып, орнын тазалап отыруға, 590 мың теңге мерекелік іс-шараларды өткізуге жұмсалды. Сөйтіп, бұрынғыдай жоғарыдан қаржы бөлінуін күтіп отырмай, ауылішілік шараларды қаржыландыру аясы кеңейді. Өткен жылы Ноғайбай ау ы л ы н д а ж а ң а д ə р і г е р л і к амбулатория пайдалануға берілді. Он бір қызметкер еңбек ететін а м бул ато р и я д а ж ы л і ш і н д е екі жүзден аса ере сек адам, жүз бала емделді. Былтыр 42 нəресте дүниеге келді. Орталықта Ноғайбай ауыл шаруашылығы колледжі, Рза Қунақова атындағы үш қабатты орт а мектеп, Шарбақтыда негізгі мектеп бар. Шарбақты ауылы бас-аяғы жиырма шақырымдай болатын бір көшеден тұратындықт ан, ба ла ларды мектепке тасымалдауға арнайы автобус бөлінген. Сарыбастаулық оқушылар үшін де арнайы көлік бар. Ш е ш і м і н т ап п а й от ы р ғ а н проблемалар да жоқ емес. Соңғы жылдары ауылымызды газдандыру қолға алынғанымен, жұмыс орта жолда тоқтап қалды. Мердігерлер уəдесінде тұрмады. 2015 жылы орталық усадьбадағы 115 отбасы əрқайсысы 250 мың теңгеден, барлығы 23 миллион теңге жинап «Қордай ГазИнвест» ЖШС-на жинап бергенімен сол жылға уəде етілген газ екі жыл өтсе де ауылға əлі берілген жоқ. Енді тұрғындардың газ таратушыларға сенімі азайып, өткізген ақшасын қайтарып алу үшін сотқа арыздануда. Сондай-ақ, өткен ғасырдың елуінші жылдары саман кірпіштен салынған клуб апатты жағдайға келіп, есігіне құлып ілінгелі алты жылдан асып барады. Жаңа мəдениет ошағын с а л у к ү н т ə рт і б і н д е г і ө т к і р мəселелердің қатарында. Ермұқан ЖАПАРБЕКОВ, Ноғайбай ауылдық округінің əкімі. Қордай ауданы.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН

МЕЖЕ – 1 МИЛЛИОН ТОННА

(Соңы. Басы 1-бетте). – 2016 жылды жақсы көрсеткішпен аяқтап отырмыз. Алдыңғы жылмен салыстырғанда жемдік фо сфат өндірісі 115 п а й ы з ғ а а рт т ы . С о н д а й - а қ , аммофос 147 мың тонна көлемінде өндіріліп, 103 пайызға жəне күкірт қышқылы 110 мың тонна өндіріліп, 140 пайызға артығымен орындалып, өткерілді. Ал биыл өндірілер аммофосты 225 мың тоннаға жəне күкірт қышқылы 375 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, 2022 жылға – 1 миллион тонна өнім алуды межелеудеміз. Биыл өндірілген өнім əзірге толығымен Қытайға жөнелтіліп жатыр. Сондай-ақ, еліміздің өңірлерінен де сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. О ғ а н м е м л е ке т т а р а п ы н а н минералды тыңайтқыштарға 50 пайыз жеңілдікпен субсидия бе р і л у і с е бе п б ол ы п от ы р . Негізінен экспортқа шығарылып ж ат қ а н ө н і м н і ң к ө п б ө л і г і былтырдан бері ел аумағына да кеңінен тарап жатқаны қуантады, – дейді Төлепбек Əділбекұлы. Зауыт басшысы ерекше атап өткен тағы бір мəселе – өндіріс

өзіне қажетті электр энергиясын өзі өндіретіндігі. Осында орналасқан электр энергиясын өндіру цехында 10-15 мегаватт электр қуаты зауыт жұмысының 70-80 пайыз қажеттілігіне жарап тұр екен. Қалдықсыз технологиямен жұмыс істеуге бет бұрған химия алыбының елге тигізіп отырған əлеуметтік көмегі де əжептəуір. Осы зауыттың өзінде 1 мыңға жуық адам жұмыс істеп, нəпақа тауып отырғанының өзі халық үшін үлкен көмек. Дағдарыс жағдайында да жұмыс орындарын қысқартпастан, олардың жа лақысын с ақт ай отырып жұмыс істеу де оңай шаруа емес екені белгілі. Ал мұнда еңбек ететін азаматтардың орташа айлық жалақылары 105 мың теңгені құрайды. Мұнан өзге тегін тамақ, арнайы жұмыс киімі, спорттықсауықтыру орталықтары қызметін пайдалану мен өзге де жеңілдіктер қарастырылған. Осылайша, химия саласының алыбы саналатын «Қазфосфат» алға қарышты қадам баса отырып, ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.


4

14 атар, 2017 жыл

www.akjolgazet.kz

ЕСІМІ ЕЛГЕ ЕЛЕУЛІ

АЗАМАТТЫҢ АҚ ЖОЛЫ

ША РУ А

Бүгін Асаубай досым 70 жасқа толып отыр. Ол жетпіске жетіп-пісіп, үлкен ұлағатты əулет иесі, көп немерелерінің атасы, ұл-қыздарының сүйікті əкесі, халқының абыройына бөленген қоғам қайраткеріне айналған тұлға ретінде жетіп отыр. Жастайынан зерек, білімге құштар болып өскен Асау бес жылдай Сарысу совхозының құрылыс прорабы, Тараз қаласында Ұлттық банк, «Игілік банк», «Темір банк» жəне «Казкоммерцбанк» ашық акционерлік қоғамы филиалдарының басшысы болды. Бүгінде облысымызға белгілі кəсіпкер, көпшілікке шапағаты тиіп жүрген меценат. Көп жылғы жемісті еңбегін мемлекет пен қоғам жоғары бағалағаны ғой, ол облыстың Құрметті азаматы, «Парасат» жəне «Құрмет» ордендерінің иегері. Көп жылдан бері облыстық мəслихаттың депутаты. Сонау 1971 жылы Алматыдағы «Малая станицада» тұрған Асаумен жəне ол кісінің зайыбы Орашпен қалай танысқаным, күні кешегідей көз алдымда. Бұл кез олардың жаңадан үйленіп, студенттік пəтерде тұрып жатқан ең бақытты шақтары еді. Студенттік жастық шақ – ең бақытты шақ деп бекер айтпаған, сірə. Асаубай екеуміздің өмірлік жар болуға таңдаған қыздарымыз Ораш пен Айзада қала іргесіне таяу Шоқай деген ауылда туып-өскен, жақын ағайынды, кішкентайынан бірге оқыған жан дос, құрбылар екенін кейін білдім. Бұлар мектепте бір сыныпта оқыған, «Қырманға кел, қалқатай» деген əнді бірге орындап жүрген қатар-құрбылар екен. Содан бері Құдайға шүкір, арамыз ажыраған емес. Əрине, өмір болған соң қызмет бабымен жан-жақта тұрдық. Біз – Торғайда, Шуда, бұлар – Сарысудың «Жайлаукөлінде». Біз Жамбылға 1976 жылы, бұлар 1979 жылы көшіп келді, содан бері біргеміз. Асекеңнің менен бір жас үлкендігі болғандықтан, оның ағалық ақыл-кеңесіне мəн беретінім рас. Байқағаным, Асаудың кішкентайынан еңбекқор, шыншыл, қайсар, өткір мінезді болып өскендігі оның бүгінгі

СЫ

ША

Ы ҒА ЛҚ

жетістіктеріне негіз болған екен. Анасынан жақсы тəрбие алып, арман қуып Алматыға келіп, қалаған оқуына түсіп, мамандық алып жəне сүйіктісіне үйленіп бақытты шаңырақ құрып, ұлағатты ұл-қыздар тəрбиелеп отырғандарының сыры да осында ма деп ойлаймын. Асау мен Ораштың ең бастысы ұрпақ тəрбиесіне көп көңіл бөлетіні де, сондықтан. Қ ұ р д а с ы м Асаудың ұл-қыздары шетінен жоғары білімді, тəрбиелі, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайтын азаматтар. Олардың жанұясына қарап, «елімізде жылда өтіп жатқан «Мерейлі отбасы» деген конкурсқа неге қ ат ы с п а й с ы ң д а р , сендер лайықсыңдар ол марапатқа» деп айтып жүремін. Оның бүгінгі байлығы, қуанышы – О р а ш е кеу і н і ң тəрбиелеген өнегелі ұл-қыздары жəне үлкен үміт күттіретін немерелері. Əлі есімде, 1998 жылы облыстағы балалар үйіне, жетім-жесірге, əлеуметтік жағдайы төмен адамдарға көмек ретінде телемарафон өтіп жатты. Соған қаржыгер Асаубай бірінші болып қомақты қаржысын салды. Көп ұзамай өзінің туған жері Саудакент ауылының ортасына, ауылдастарына мешіт салып беріп, тағы ел ризашылығына бөленді. Өзі оқыған Жаңаарық ауылындағы мектептен де материалдық көмегін аяған емес. Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында ең алғаш ортақ іске үн қатып, белсенділік танытқанын жұрт жақсы біледі. Қай кезде де Асекең жаңа істің, заманауи шаралардың бастамашысы ретінде танылған азамат.

Н ШАРУАЛАР

Өткен күзде Асаубай Майлыбаевтың демеушілігімен белгілі ақын Ғалым Жайлыбайдың ашаршылық құрбандарына арнап жазған «Тамакөшкен» поэма кітабының тұсаукесері өтіп, Саудакентте ашаршылық құрбандарына ас беріліп, Құран бағышталды. – «Тамакөшкен» поэмасы – жоғалған кіт аптың жа лғыз беті. Сондықтан, а ш а р ш ы л ы қ жылдары бір ғана р уд ы ң б а с ы н а н кешкен азапты тағдырын көрсете отырып, барша қазақ халқының о т ы з ы н ш ы ж ы л д а р д ы ң басындағы көрген зұлматты суреттеді, – д е й д і Ас ауб а й Майлыбаев өзара əңгіме үстінде. Асекең бірнеше рет облыстық мəслихат депутаты болып сайланды. Содан бері Ас ау с айлаушылардың үмітін ақтап келеді. Халықтың мұңмұқтажын атқарушы органдарға жеткізіп, мəселелерін шешуден аянған емес. Осыдан оншақты жыл бұрын Асекең өзін мазалап жүрген бір ойын ортаға салып, «Кейбір облыстарда біздікіндей ашық-шашық ескі базарлар жабылып, орнына төбесі жабық заманауи базарлар ашылып жатыр» – деген еді. Оның осындай бастамаларының арқасында бүгінде базарлардың бəрі жабық, зəулім ғимараттарда орналасқан. Соңғы 5-6 жылда Асекең үш кітап, естелік-толғау жазып шығарды. 2011 жылы шыққан «Ғұмырым, Тұғырым, Тұнығым» деп ат а латын кіт абын аяулы анасы Саркен Балабекқызының рухына арнаған еді. Үш жасында

əкеден айырылып анасының қолында қалған Асаубай балалық шағында көп қиыншылықты бастан өткізген, қатарластарынан ерте есейіп, анасының тəрбиесінің арқасында білімге құштар, арманшыл, ертеңгі күніне сеніммен қарайтын тік, өткір мінезді жігіт болып өсті. Бар күш-жігерін жұмсап, жоғары оқу орнына түсті. Анасының үмітін ақтады. Əсіресе, бірінші кітабын оқып отырып қанша рет көңілім босап, көзге жас алдым. Оның несін жасырайын. Сол кітапты оқыған адам мені түсінеді. 2014 жылы екінші кітабы жарық көріп, бірінші кітабының орыс тіліндегі нұсқасы шықты. «Ұлт. Ұрпақ. Ұлағат» деп аталатын үшінші кітабы қазақ жəне орыс тілдерінде. Тəлім-тəрбие берер жағы əсерлі екен. Жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев Асаубайдың бірінші кітабының «Тағдыр таразысы» деп аталатын алғы сөзінде: «Ол адам, азамат ретінде туған ел, туған жер, ата тарих, ұлт тағдыры жайлы пайымдайды, оларды даланың даналығы тудырған ғибраттармен терең үйлестіріп отырады. Ең бір есте қалатыны, естелігінің өн бойында Талбесік – Жер-Ана мен Жанбесік – Əйел-Ананы қатар алып, оларға деген шексіз сүйіспеншілігімен жаныңды тербеп жібереді. Кісі болудың бастау көзі – тектіліктің түп тамырына көбірек үңіледі... Ақ сөйлеп, əділ айту сияқты мінездің тігісін жатқызған... Оның жалпы, ұрпақ тəрбиесі жөніндегі ұстанымдары құнды» – деген болатын. Кейбір адамдар Асауды қатал мінезді деп ойлаулары мүмкін, ал расында оның адамсүйгіштік, нəзік тұстарын біле бермейді. Жақсылыққа қуанғанда тіпті «сентиментальный» да боп кетеді. Тəуелсіз еліміздің барлық жетістіктеріне қуана біледі. Неге десең, ол – патриот, өз елінің жанашыры, елінің өркендеп, өсуіне нақты үлесін қосып жүрген нағыз ұлтжанды азамат. Қасымхан ТӨЛЕНДИЕВ, облыстың Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

МӨЛТЕК СЫР

САҒЫНЫШЫМ ҚАЛАЙ, ҚАЙТІП БАСЫЛАР?

ҚЫСТАУЫМДЫ СҰРАСАҢ «ҚОСҚҰДЫҚТА» Уалихан ЖАЙЛАУ, «Ақ жол».

Құмдағы қар биыл да қалыпты деңгейде. Cүйекті өсімдік, бұтабытқыл, қараусындардың пəрігі бұзылмаған күйі тұр десе де болады. Ірі қара малының өз аяғымен ұзап жайылуына бұл да с еп. Қожалық иесі Əлімхан Бұзаубаев қытымыр қысқа ерте бастан қамданып, «Қосқұдықтағы» қыстауы басына мал азығындық шөп қорын жеткілікті жинап та қойған. Алайда уақ тұяқ болмас а, жылқы, сиыр секілді аяқты малдың оған қарап жатқаны жоқ. Құм қойыны қ о ң ы р с а л қ ы н д ау əзірге. Жасынан малсақ болып өскен Əлекең қорасындағы малы басын жылданжылға көбейтуде. Алдына қойған мақсаты да осы – атакəсіптің абыройын асқақтату болатын. Əрі отбасы үшін де мол несібе. Бүгінде ол өзі туып-өскен Күшаман ауылындағы еңбегімен еленген іскер азаматтардың бірі. «Бұл орайда ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік не сие бағдарламаларының шарапатына бөленіп отырмын. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан бір сиырға жыл сайын 18 мың теңге көлемінде субсидия береді. Бұл – малдың жемшөбін қамдастыруымыз үшін зор жеңілдік. Аудан басшылары да қолдарынан келген көмектерін аямауда. Малды емдеу шаралары да уақтылы жүзеге асырылады. Мұның өнімсіз шығынға жол бермеуімізге жəрдемі мол» дейді ол. Айтса айтқандай, ілкімді азамат

2006 жылы өзі құрған «Көркем» шаруа қожалығының тасын өрге домалату жолында тынбай тер төгуде. Əзірге ет бағытындағы мүйізді ірі қара малы басын көбейтуге басымдық беріп отырған жайы бар. Қой да, жылқы да өсірмек. Оның иелігіндегі бір сиыр 170 кило ет береді екен. Былтыр елге 8 тонна ет өткеріпті. Шаруашылығының шаруасы шалқуы осыдан алты жыл бұрын «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Аграрлық несие корпорациясы арқылы 14 миллион теңге қаржыға қол жеткізуінен басталған. Бұл қаражатқа асыл тұқымды 3 бұқа жəне 90 тана сатып алған екен. Бүгінде қорасындағы түйесі – 15, жылқысы – 18, мүйізді ірі қара малы 120 басқа жетіп отыр. Былтыр барлығы 80 төл алынған. Қожалық иесі несиелік берешегін алдағы екі жыл ішінде толықтай өтейтініне де нық сенімді. Б ұ з ауб а е вт ы ң б а с ш ы л а р ғ а айтар бір ғана бұйымтайы бар. « Ауд а н ы м ы зд а е т қ а б ы л д ау орны жоқ. Содан да мал етін алымсақтарға сатамыз. Олардың малымызды арзанға бағалауы тиімсіз болып тұр. Бұл іс мемлекет тарапынан реттелсе, құба-құп болар еді» дейді ол. Мемлекет тарапынан жасалынған мүмкіндіктерді мүлт жібермей, сəтімен үйле стіріп жатқан қожалық басшысының алдан күтері мол. Қазіргі таңда төрт бірдей бақташы мен олардың жəрдемшілерін жұмыспен қамтып отыр. Мойынқұм ауданы.

Əркімге ата-анасы ардақты болар. Мен де бүгін өзімнің өмірдегі ең асыл адамдарым – əке-шешеміз туралы толғанбақпын. Олар бір ғана əулетке ғана емес, ауылға ардақты кісілер еді. Құдайдың қалауымен екеуі де ұзақ жасады. Елдің алғысы, ақ тілеуі де көсегелерін көгерткен болар. 1986 жылы аудандық газетке əкеме арналған өлеңім жарық көрді. Өзі екі шумақ қана. Əке, қатулы екен қабағың, Қай қылығы ұнамады балаңның. Ой торына шырмалдың-ау əсте сен, Бір нүктеге қадалыпты жанарың.

Отырсам орнымнан тұра алмаймын, Обамын əр төбенің жолындағы. Өмірдің байқамадым өткенін де, Аяңдап кəріліктің жеткенін де.

Жетпіс жастың аттап алты асқарын, Ала жібін аттамадың басқаның. Əділетті серік етіп өзіңе, Жақсылықты жастық етіп жастандың. Əлгі өлеңнің ұзын-ырғасы осы. Өлеңді о қ ы п ш ы қ қ а н ə ке м н і ң қ уа н ы ш ы н д а шек болған жоқ сол сəтте. Мейірленіп маңдайымнан сүйіп, «Бағың жансын, балам!» деп берген батасын осы күні сағынышпен еске аламын. Жоғарыдағы менің өлеңім бəлкім көркемдік жағынан төмен шығар. Бірақ, əкеге деген перзентінің адал көңілі, риясыз ниеті, құрметі екені анық. «Ала жібін аттамадың басқаның» деуім де бекер емес. Əкем Оспан Еспенбетұлы кеңшарда (совхоз) қырық жыл есепші болған кісі. Сол кезде жан адамға қылдай қиянаты болмағанын ауылдастары таласып айтатын. Себебі, КСРО дəуірінің өзінде де əкеміз мұсылманшылығын ұмытпаған, Құранды ұлықтаған кісі еді. Уақыт тауып Құранды оқып, имандылықты ұстанып өткен адам еді. Ауылдың қазіргі бас имамы Қали Əбдірəсілұлы да əкемнің имандылық қасиеттерін жиі айтып, бағалап отырады. Əкеміз ұл-қыздарына жақсы тəлім берумен қатар, бүкіл ауылға ізгілігін тарата білген баршаның ұстазындай адам болатын. Ал анамыз Əсия Бөпет айқызы он саусағынан өнері тамған тоқымашы еді. Ол кісінің қолынан шыққан бау-басқұр, желбау, шашақ сияқты киіз үйдің ою-өрнектері ауылымыздағы əр үйден табылады. Олар менің көзіме анамның көзіндей болып оттай басылады. Сағынышымды үдетеді. Қиналсам да, соның өзі жақсы ма деп ойлаймын. Анамнан қалған қолтаңба емес пе, олар! Ол ол ма, анамның ақындығы бір төбе еді ғой. Суырыпсалма ақын болатын. Ауылдағы үйлену, беташар, бесікке салу, сүндет, тілашар тойлар анамның жырыменен ашылатын. Анамның өмір мəніне бойлаған, тағылымды өлеңдері де есімде қалыпты. Бірталай заман өтті мен туғалы, Кəріппін кеткендердің жұртындағы.

Сексеннің желкесінен қарғып өтіп, Тоқсанның келіп тұрмын өткеліне. Ажал-ай, ақылды естен тандырарсың, Шіркін көз жан шыққанша жəудірерсің. Өрмекте ойнақтаған он саусағым, Бір күні бөз қалтада саудырарсың. Сұм жалған қызығыңа тоя алам ба, Ажалды ойлағанды қоя алам ба. Бір күні мəңгілікке көзімді жұмсам, Не жағдай жасалса да оянам ба? – деп толғанып кетуші еді анам. «Жар жақсы, баладан да, бауырдан да, Басыңды сол сүйейді ауырғанда. Төрелеп төрге шығып кетсем-дағы, Қазасы қиын болды бауырдан да», – деп жырлаған да біздің анамыз еді, осы шумақ көпшіліктің арасына нақыл шумақ боп тарап кетті. Асыл əкеміз 1995 жылы 86 жасында, ардақты анамыз 2012 жылы 92 жасында бақилық болды. Бұл кісілердің 8 ұл-қызынан 38 немере, 29 шөбере тарап отыр. Жатқан жерлерің жайлы, барар жерлерің жұмақ болғай асылдарым, қадірлі қос бəйтерегім! Біз сіздерді бір сəт естен шығармай сағынумен келеміз. Сіздерді сағынып жүрмін! Күнсұлу ОСПАНҚЫЗЫ, Қызылəуіт ауылы, Талас ауданы.

Қолға қалам алдырған Байжан ЕМБЕРДІ, журналист.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕМЛЕКЕТШІЛДІККЕ ҰЛАССА ИГІ «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын», – деген Əлихан Бөкейхановтың тамаша сөзін ілмек етіп, іргелі ойды қаузауға қалам алдым. Əлбетте, Əлихан атамыздың бұл сөзін өзгертуге құқым жоқ. Дегенмен, қазақ топырағында туған əр адамда, оның ішінде Отан иесі – қазақтың атамекеніне аянбай қызмет етуді асыл мұратына айналдыруы тиіс деген тіркестің синонимі ретінде қабылдауға болатын шығар. «Балапан басымен, тұрымтай тұсымен» болған алмағайып уақытта алты алаштың қамын ойлап, қара басын от пен суға салып, құрбан болған арыстар қаншама? «Толқыннан толқын туады» деген, Мағжан ақын тамшы тамуынан танбай тасты тесетінін меңзеген шығар. Бұлай деуге себебім аузын аждаһадай ашқан сойыл ұстаушыларға сом жүрегінен шыққан намыс үнін естіртіп, қасқыр сүтін емген халыққа тəн қайсарлық танытқан қасқалардың тынымсыз тірлігі бүгінгі бүтін мемлекеттің өркен жаюына үлес қосты ғой. Жусан аңқыған туған жерінен жырақта жүріп, жүрегі тоқтаған Мұстафа Шоқайдың «Ылғи да Отаныма қайту ойында жүремiн жəне соған жету үшiн тырысамын. Демек, атамекенiмдi құтқару үшiн күресемiн», – дегені руханият турасында айтылған риясыз сөз. Тікенек қадалған тағдыр

жолына табанын тілгізіп жүргендегі мақсаты азаттықтың ақ кемесін ата жұртында жүргізу. Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайдың қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған «Жас Түркістан» журналындағы материалдар соның айғағы еді. Тұңғыш инженер Мұхамеджан Тынышпаев та Мұстафа атамыз құрған Түркістан автономиясының үкімет басшысы болған. Текті туған, білімге ғашық болған М.Тынышпаев айына 420 рубль көлемінде шəкіртақы алып, «Түркістан – Сібір темір жолының құрылысы» тақырыбында дипломдық жұмысын қорғап, дала академиясы, тəрбие институтының түлегі екенін айғақтады. Ел мүддесі үшін еңбек етіп, еркіндік аңсаған бұлқынысы тұтқындалумен тəмамдалды. Бірі дəрігер, бірі заңгер болған Халел, Жанша Досмұхамедовтер алуан қырлы ардақтылар екенін тарихтағы шұбалаң іздерге қарап аңғаруға болады. Қоғамның қол тигізбес жарақатын емдеп, жұртының жарқын болашағына селдей себеп тигізді. Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев сынды марқасқалардың, Ахмет, Міржақып секілді алыптардың жүрген жолын, сіңірген еңбегін, көрген бейнетінің түпкі мақсатын түсіндіру бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызмет саласына тың серпін беріп, рухани сілкініс алып келері сөзсіз. «Ұлтына, жұртына қызмет ету білімнен емес мінезден» деп айтқан Əлихан Бөкейханов əрбір мемлекеттік қызмет атқарып жүрген азаматтарға темірқазық болса, ақиқаттан адаспасы анық. Бүгінгі Қазақстанның жарқын келбеті жанарынан жасы мен қаны қатар аққан қайраткерлердің арманының орындалғаны деп білу қажет. Күн нұрына шомылып, алақанында көл тербеткен ұланғайыр жерімізге тыныштық, татулық, ырыс, дəулет тұрақтағалы 25 жылдан асып барады. Ғасырлар бойы аңсаған бұл ұғымдар жалғасты болу үшін əрбір жас, əрбір зейінді азамат мол мүмкіндікті пайдалануы тиіс. Шекара асып оқимын дегенге шектеу жоқ, кəсіп қыламын дегенге кедергі жоқ, ой еркіндігі мен сөз еркіндігі берілген демократиялық қоғамның əр мүшесі етек-жеңді жиып, бəсекеге лайықты болуы шарт. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жастар мемлекеттік қызметке келіп, жаңашыл жұмыс, тиімді тетіктерді ойлап тауып, қарекет етсе қалыбымыз бекіп, қабырғамыз қатаятыны ақиқат. Қазақтың намыстан жаралған ұлы Қанат Исламның ұстазы айтқан екен. «Өз Отаным болса оның көшесін сыпырып қызмет етер едім, бір шүберек сұрамай көйлегіммен асфальтін сүртер едім» – дегені ойлы кісінің оймақтай ойы. Тəуелсіздіктің тамырланып, гүлдеп көркеюіне үлес қосамын дегендер Алаш арыстарынан үлгі алса, мемлекетке қызмет етуге біліммен қоса Отанды шексіз сүю сезімі ауадай қажет екенін ұқса ұсақталмаймыз. Қазіргі таңда жан-жағымыз түрлі оқиғаларға толы. Заманға сай талаптар өзгеруде. Жаңашылдық пен жылдамдықты, шапшаң шешім қабылдауды қажет ететін салаларға білімді жастардың білегі, жұртым деген жүрегі қажет. Соның ішінде халықпен етене байланыста болатын мемлекеттік əкімшілік қызметке жас мамандар тапшы. Қалам ұстап, қағаз кеміру трендтен түсіп, барлығы технологияларға телміріп отыр. Оны тізгіндейтін жастар екені түсінікті дүние. Елге жаны ашитын жастардың мемлекеттік қызметке келуін бүгінде бас ауруға айналған жемқорлықты тұсауға бір себеп ретінде қарастырсақ қателеспейміз. Жастардың жан дүниесі таза, үйренуге бейім, имани тəрбиеге қанық. Оны рухани сұранысты қанағаттандыратын орындардағы жастарға қарап айта аламыз. Осы ретте ақсақалдар кеңесіне құлақ түріп, тəжірибесіне сүйенсек адами тұлғамыз толысып, хабардарлығымыз артары сөзсіз. Қазақта «Құдайдан қорықпағаннан қорық», деген сөз бар. Қай салада болсын, мың асқанға бір тосқан бар, обал-сауап бар деп нəпсіге құлып салып, ынта-шынтымен ел игілігіне қызмет етсек бейнетпен беки түскен бүгінгі аға буын көрген құрметті кейінгі ұрпақтан аламыз. Оны да қазақ «Атаңа неғылсаң, алдыңа сол келеді» деп шегелеп берген. Адалдық, адамдықтан танбай, талмай еңбек етіп, тарыдай шашылмай, таудай пейіл танытсақ Тəуелсіз Қазақстан Мəңгі Ел болмақ. Шу ауданы.


14 атар, 2017 жыл

www.akjolgazet.kz

ЖАРНАМА

ЖАРНАМА ТУРИЗМ – ТАБЫС КІЛТІ

Жалпы əлемді алып қарайтын болсақ, туризм саласы көптеген мемлекеттердің қазынасына қажетті қаражат түсімдерін түсіріп отырған сала екенін бағамдаймыз. Тіпті, туризм саласының арқасында күн көріп отырған мемлекеттер де баршылық. Осыдан-ақ кез-келген мемлекет үшін туризмнің табыс əкелетін үлес салмағын арттыруға тырысатыны хақ. Саладағы барлық табыстарды таразылап отыратын Дүниежүзілік туристік ұйымының деректеріне көз жіберіп, пайымдай түссек, туризм əлемнің жалпы ұлттық өнімінің оннан бір бөлігін, халықаралық инве стициялардың 11 пайыздан астамын, əлемдік өндірістегі əрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етіп отырғанын байқаймыз. Экономика саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандарының пікірінше соңғы жылдары туризм əлемдегі ең табысты бизнес көзінің біріне айналып үлгерген. Бұл саланың маңызы жыл өткен с айын арт а түскені дəлелдеуді қажет етпейді. Туризм саласының халықаралық байланыс жəне валюталық түсім ретінде елімізге тигізетін пайдасы да орасан зор екені анық. Біздің елімізде де туризмді дамыту үшін барлық қажетті мəдени, тарихи, климаттық жағдайлар жеткілікті. 1993 жылы Қазақстан Республикасы дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кірді. Байтақ даламызда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмнің аяқтан тік тұруына үлкен мəн берілуде. 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түркі тілдес мемлекеттердің мəдени мұрасын сақтау, сабақтастыра дамыту» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы кешенді бағдарламаның ішіне біздің облыс та енген болатын. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан біздің өңір ішкі, халықаралық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншіліктері бар екені ақиқат. Тарихы бай, флорасы мен фаунасы алуан түрлі облыс орталығы Тараз еліміздің ежелгі қалалардың бірі болып саналады. Тарихы сонау V-VI ғасырдан бастау алған Тараз қаласы тарих пен аңызға, мəдени құндылықтарға өте бай көне шаһар саналады. Қазіргі заманда қала маңында ЮНЕСКО- ның əлемдік мұра тізіміне енген Айша бибі жəне Бабаджа хатун кесенесі орналасқан. Ал

Құттықтаймыз!

ӘКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ

ЖАМБЫЛ ЖАУҺАРЛАРЫН ЖАҺАНҒА ТАНЫТУ КЕРЕК қаладан 40 шақырым жердегі Ақыртас археологиялық кешені 19-ғасырдан бастап əлі күнге дейін зерттелу үстінде. Осы тұста айта кететін бір жайт, облысымыздың сырттан келетін туристерді қызықтыра алатын, қойнауы көне ескерткіштер мен аңызға толы тарихи жəне басқа да туризм түрлерін дамытуға үлкен мүмкіншіліктері бар екені сөзсіз. Сондай-ақ этнографиялық туризмнің еңсе тіктеуіне де біздің өңірде мүмкіншіліктер жеткілікті. Қасиет қонып, құт дарыған өңіріміздің табиғи ерекшеліктерін пайдалана отырып, туризм саласының қарышт ап дамуына ат с алыспақ ниетпен облысымыздың белсенді жеке кəсіпкерлері «бір қолдың саласындай» бірлесіп, «Туристік индустрияның Жамбыл Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымын құрды. Ұйым өз кезегінде облысымыздың туризм саласының ілгерілеуіне қолдан келгенше жағдай жасауды көздеуде. Ол үшін сөзден іске көшкен лəзім болмақ. Ассоциация бүгінде өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттер тізбегін жаңартып, жұмысын ширатып, алға қойған жоспарын белсенді түрде атқара баст ады. Қазіргі т аңда ассоциация құрамына «Жамбыл» қонақ үйі, «Алтын Ғасыр» қоғамдық бірлестігі , «Тараз-Профсоюз-Турист», «Baiterek TravelCenter», «Taraz Travel», «Жамбыл-Сервис» туристік фирмалары жəне «Тiлебай-Баба», «Аратау» туристік нысандары еніп отырған жайы бар. Алдағы уақыттарда қатарымызға облысымыздағы туризм саласында белсенді жұмыс атқарып жүрген басқа да нысандарын қосамыз деген мақсаттарымыз баршылық. Жалпы алғанда туризм саласы жақсы менеджментті қажет етеді. Ғасырлар бойы қатталған тарихымыз, мəдени мұраларымыз осы салаға қолдан келгенше серпін беруге сұранып тұр емес пе? Ол үшін бір мақсат, бір мүддеге топтасқан біздер өлкеміздің мақтан тұтарлық жерлерін танытуға күш салуымыз керек. Раушан САУРЫҚОВА, «Туристік индустрияның Жамбыл ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры. Тараз қаласы.

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТСАҚ Халқымыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме. Мен сөз еткелі отырған азамат сондай ілтипат көрсетуге лайықты жан деп есептеймін. Сайлаубек Тоқбаев Қордай ауданына қарасты Қарасай батыр ауылында 1950 жылдың 15 желтоқсанында шаруа отбасында дүниеге келген. 1969 жылы Алматыдағы халық шаруашылығы институтының и н ж е н е р л і к ф а к ул ьт е т і н е оқуға түсіп, оны «инженермеханик» мамандығы бойынша тəмамдап шыққан. Институттың арнайы жолдамасымен Жамбыл ауданының Ақбұлым ауылына (бұрынғы Ильич атындағы жеміс-жидек совхозы) келіп, еңбек жолын осында бас инженер болып бастаған Сайлаубек Сүлейманқұлұлы 1987 жылы сол совхозда ауылдық кеңестің төрағасы болып, содан 2013 жылға дейін Ақбұлым ауылының əкімі болып абыройлы еңбек етті. Бұл азамат білімі мен біліктілігін ауылымыздың көркейіп, экономикасының көтерілуіне, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына жұмсап, аянбай атсалысып, елеулі тер төкті. Сонау жылдары Кеңес одағы тарап, нəтижесінде ауылдағы елге қажет деген біраз əлеуметтік нысандар «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетіп жатқан кезде, Сайлаубек ондай жаныашымастық тірлікке қарсы шығып, ауыл тұрғындарына қажетті нысандардың барлығын сақтап қалуға үлес қосты. Сол нысандардың бүгінде халыққа қызмет етіп жатқаны қуантады.

Іскер азамат, білікті басшы Сайлаубек Тоқбаев 2000 жылы ауылдағы алма бағының жұмысын жаңа тəсілге көшіріп, алманың сорты оның жемісті мол беретін түріне ауыстырылды. Осы сортты алма жыл сайын жоғары өнім беріп, еліміздің солтүстік өңірлерінің тұрғындары мен Астана қаласының халқын қамтамасыз етіп келеді. Мына мəселені де айта кетсек деймін. Ауылда 1961 жылы соғылған ескі су мұнарасының жанынан «Интергаз» мекемесінің демеушілігімен жаңадан 120 метрлік тереңдікте скважина қазылып, ендігі оның тек қана жаңа құбырлар арқылы елге тартылу жұмыстары қалып тұр. Ауылдың ішіндегі, сондай-ақ сыртқы жолдарға түгелдей тас төселіп, асфальтталған болатын. Қысқасы, Сайлаубектің Ақбұлым елді мекенінің көркеюі үшін жасаған қызметі аз емес, ең бастысы, көп ұлттан түзілген ауыл тұрғындары достықынтымақпен, береке-бірлікпен тіршілік жасап келеді. Сайлаубек Тоқбаевтың тынымсыз еңбегі еленбей қалған емес. Ол 2004 жылы Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, кейін «Ұлт даңқы» орденіне, Елбасының Алғыс хаттарына ие болды. «Жиырма төрт жыл əкім болып, еліміздің Тəуелсіздігінің 25 жылдығына табысты еңбек жолыммен жетіп отырғаныма қуаныштымын», – дейді С. Тоқбаев. Қалдыбек НИЯЗОВ, Ақбұлым ауылы ардагерлер кеңесінің мүшесі.

А

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕН ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ ЖӘНЕ МЕРДІГЕРЛЕРІ, МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР МЕН КӘСІПОРЫНДАР НАЗАРЫНА! Тараз қаласы, Кіші Бесағаш бұрылысында орналасқан БСН 97044000946, «Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (əрі қарай – санаторий) Жамбыл облысы əкімінің 2016 жылдың 30 желтоқсанындағы №370 қаулысы негізінде, «Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны болып қайта құрылатынын хабарлайды. Осыған байланысты, санаториймен жасалған келісімшарттар негізінде қаржы аударымдарын тексеріп, кредиторлық немесе дебиторлық қарыздарыңыздың бар-жоқтығын анықтап, қажет болған жағдайда салыстыру актісін жасауларыңызды сұранады. Мекен-жайы: Тараз қаласы, Кіші Бесағаш бұрылысы, №1 үй.

Талас ауданы Ақкөл ауылының тұрғыны, асыл жар, асқар таудай әке, қамқор ата НАЗАРБЕКОВ Спандияр Қонысбайұлын 14 қаңтарда 60 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Анамыз Гүлжан екеуіңізге жарқын да мағыналы ұзақ ғұмыр, көтеріңкі де кіршіксіз көңіл, дендеріңізге саулық жəне ұл-қыздарыңыз бен немерелеріңіздің ортасында шатшадыман ғұмыр кешіңіз деп тілей отырып, төмендегі өлең жолдарын арнаймыз: Атап айтсам мендік бақыт – біреуін, Аласармас асқар тауым, тіреуім. Жан əкешім – дарабозым, жанпозым, Медет еткен ұл-қызының тілеуін. Қардан аппақ адалдығы күшінде, Сый-құрметі – тындырымды ісінде. Қалай ғана сыйып кеткен бар əлем, «Əке» деген үш əріптің ішіне?! Алпыстың да асуынан астыңыз, Талас болып ернеуінен тастыңыз. Бағыт болар бізге даңғыл жол нұсқап, Қалдырдыңыз өкшелейтін жарқын із. Құтты болсын бүгінгі туған күніңіз, Күрсінбеңіз, əрқашанда күліңіз. Ақ анаммен жүзге жетіп бір ғасыр, Арамызда ойнап-күліп жүріңіз! Ізгі ниетпен: Назарбековтер əулеті.

«Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық с ақтау басқармасы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің əкімшілігі, «Жамбыл облысы əкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты кейбір емдеуалдын алу ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» №370 қаулысына сəйкес, «Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі енді «Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнына қайта ұйымдастырылатынын хабарлайды. «Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны болып қайта ұйымдастырылуына қатысты арызшағымдарды екі ай мерзім ішінде хабарлауға болады. Біздің мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Асқаров көшесі, №278 үй.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ƏКІМДІГІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ƏКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар: D-О-4 санаты үшін: жоғары білім; Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, əдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; Жұмыс тəжірибесі: қажет етілмейді. Əкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы Санаты D-O-4

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы теңгеден теңгеге дейін 83 282 112 431

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ƏКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

(индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8 (7262) 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс: 43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz)

БОС ТҰРҒАН «Б» КОРПУСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ƏКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ: 1. Жамбыл облысы əкімдігінің сəулет жəне қала құрылысы басқармасының бас жоспарды дамыту бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, № 01-2-2. Функционалдық міндеттері: сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс жұмыстарының уақтылы жүргізілуін, бөлім басшысы мен басқарма басшысының тапсырмаларының орындалуына жеке дара жауап береді; аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумаєындағы елдi мекендердiң белгiленген тəртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру; Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қарамағындағы əкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты) облыстық мəслихатқа ұсыныстар енгiзу;«дін қызметі саласындағы уəкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу жəне олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсетіп, мемлекеттік қызметтің ішкі бақылау мониторингі мен ақпараттық жүйелер мен сайттарда енгізілуін қамтамасыз ету;облыстық мəслихатқа облыстық қала құрылысы Кеңесі ведомствоаралық комиссия құру үшін ұсыныс енгізу;жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді;облыс аумағындағы ғимараттар қасбеттерінің жəне дайындалған жобалау құжаттарының сапасын сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс туралы заңына сəйкес сақталуын қадағалау;облыс аумағында сəулет жəне қала құрылысы жұмыстарын нормативтік актілерге сəйкес жүргізілуін қадағалау; өз құзырына қатысты мемлекеттік сатып алу конкурстардың техникалық құжаттарын жинақтайды, қала құрылысы кеңесі мен техникалық кеңес отырысын ұйымдастырады;жоғарғы мемлекеттік органдардың хаттамалық жəне өзге де тапсырмасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларын, нормативтікқұқықтық актілер мен заңнамалардың өз құзыреті шегінде орындайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - өнер саласындағы немесе техникалық ғылымдар жəне технологиялар саласындағы. Мамандығы: сəулет саласындағы немесе құрылыс саласындағы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» Заңы, функционалдық міндетіне сəйкес салалардағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білуі. 2. Жамбыл облысы əкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-О-4 санаты, №05-02-1-1. Функционалдық міндеттері: Республикалық жəне өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру; ақпараттық-насихаттық топтарды ақпаратты-əдістемелік қамтамасыз ету; ақпараттық-насихаттық топтардың жұмыстарына мониторинг жүргізу; талдамалық материалдар, ұсыныстар əзірлеу; облыстық көрнекілік ақпарат құралдарына талдау жүргізу; өңірде мемлекеттік рəміздерді орналастыру мен пайдалану жұмыстарын үйлестіру; насихаттау жұмыстарын жүргізу; оқыту семинарларын, рейдтер ұйымдастыру; əдістемелік материалдар əзірлеу; мемлекеттік рəміздер туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету; облыс аумағында ұлттық, мемлекеттік жəне өзге мерекелерді, қоғамдық-саяси

5

шараларды, атаулы жəне еске алу күндерінің атап өтілуін үйлестіру; мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік жəне ұлттық мерекелерді насихаттау мен түсіндірудегі сыртқы көрнекілік жұмыстарын үйлестіру; сыртқы көрнекіліктің идеологиялық мазмұнын жаңарту жұмыстарын жүргізу; бөлім құзіретіне жататын мəселелер бойынша басқарманың мəжілістеріне, кеңестерге материалдар, жұмыс жоспарларын, желілік кестелер жəне бөлімнің жұмысы туралы есептер əзірлеу; өз құзіреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүргізу; басқарманың мəжілістерін, кеңестерін ұйымдастыру, материалдар əзірлеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – құқық саласындағы немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласында. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (жалпы) немесе халықаралық қатынастар немесе филология немесе тарих немесе қазақ тілі мен əдебиеті немесе орыс тілі мен əдебиеті немесе шетел тілі: екі шетел тілі. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сəйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 3. Жамбыл облысы əкімдігінің жер қатынастары басқармасының қаржы жəне ұйымдастыру бөлімінің бас маманы 1 бірлік, D-О-4 санаты, № 04-2. Функционалдық міндеттері: «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сəйкес мемлекеттік сатып алу электрондық порталын жүргізу, олар бойынша төлемдерді уақытылы енгізу жəне есебін жүргізу. Қаржы жылына мемлекеттік сатып алу жоспарын жүргізу, бюджеттік өтінімді əзірлеу. Басқармадағы тіркелген мемлекеттік сатып алу келісім шартын жəне хаттамасын рəсімдеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласында. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп жəне аудит. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі функционалдық міндеттеріне сəйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 4. Жамбыл облысы əкімдігінің білім басқармасының орта білім бөлімінің жетекші маманы, санаты D-О-5, 1 бірлік, №03-05. Функционалдық міндеттері: шағын жинақталған мектептердің (ШЖМ) жұмысына бақылау жасап, жетекшілік етеді, статистикалық есеп жүргізеді. Тірек мектептерінің жұмысын ұйымдастырады. Кешкі мектептердің жұмысына бақылау жасайды, статистикалық есеп жүргізеді.Пəндерді тереңдетіп оқытатын мектептер пен сыныптардың жұмысын үйлестіреді. Білім беру мазмұнын қамтамасыз етеді, жаңа технологияларды енгізу бойынша білім мекемелерінде жүргізілетін эксперимент жұмыстарының барысына бақылауды жүзеге асырады. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бойынша жүргізілетін дайындық жұмыстарына жетекшілік етеді. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар əзірлейді. Алқа шешімдерінің жəне басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақытылы жəне сапалы орындалуына жеке жауапкершілікте болады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – білім саласында (жалпы). Мамандығы: білім саласында (жалпы). «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» «Неке жəне отбасы туралы», Заңдарын, Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексін» жəне нормативтік құқықтық актілерді, осы санатқа нақты лауазымды сəйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 5. Облыс бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін 01.11.2017 ж.), санаты D-О-4, 1 бірлік, №5-2. Функционалдық міндеттері: Облыс жəне облыстық бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді дайындау, облыстық, аудандық жəне қалалық бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептерді қабылдау, талдау жəне қорыту, республикалық жəне облыстық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттердің, кредиттердің орындалуы туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражаттардың пайдаланылуы туралы мəліметтерді дайындау, облыстық бюджеттің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер мен толықтырлулар бойынша анықтамаларын

енгізу, облыстың бюджеттік салаларының еңбекақыларын есептеу жөніндегі мəліметтерді жинақтау, салықтар мен кірістердің бюджетке түсуі туралы мəліметтер жиынтығын дайындап, қорытындылау, тауарлар, жұмыстар жəне көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнының көлемі бойынша мониторинг жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласында. Мамандығы - экономика немесе менеджмент немесе есеп жəне аудит немесе қаржы немесе əлемдік экономика. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексі», функционалдық міндеттеріне сəйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының əкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сəйкес нысандағы өтініш (бұдан əрі-Қағида); 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес нысандағы өтініш; 3) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сəйкес нысанда толтырылған сауалнама; 4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куəландырылған көшiрмелерi; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куəландырылған көшiрмесi; 6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 7) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі; 8) құжаттарды тапсыру сəтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мəннен төмен емес нəтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куəландырылған көшірмесі); 9) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сəтінде уəкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куəландырылған көшірмесі). Конкурска қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін D-О-4 санаты бойынша келесі тестілеуді бағдарламасы қарастырылған: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тапсырма (10 тапсырма), ҚР Конституциясын (15 сұрақ), «ҚР Президенті туралы» (15 сұрақ) ҚР конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Əкімшілік рəсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) ҚР Заңдарың білуге арналған тест. Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 4336-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тəртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын əңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен əңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша əңгімелесуге жіберілген кандидаттар, əңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде əңгімелесуден өтеді. Конкурс комиссиясының үміткерлермен əңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (əңгімелесу өтетiн жерге келу жəне қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уəкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сот тəртiбiнде шағымдана алады.

Еске алу Е

КӨҢІЛІМІЗДЕН КЕТПЕЙСІЗ Тараз қаласының тұрғыны, əкеміз Садық Халықов тірі болғанда 15 қаңтар күні 69 жасқа толар еді. Əке, оқыстан келген сұм ажал отбасымызды қайғымен дүр сілкіндірді ғой. Сіздің мейірімді жүзіңізді, күлкіңізді сағындық. Құтылмас ешкім ажал қармағынан, Көнеміз тағдыр басқа салғанына. Əкенің орны бөлек əрқашанда, Шашылсын пейіш нұры жан-жағыңа. Тағдырдың салғанына бар ма шара, Жоғалтпас орныңды бала-шаға. Төрінде жұмақ-пейіш нұрың шалқып, Жəннаттан жайын берсін Алла саған! Анамыз тағдырдың ауыр жүгін қайыспай көтеріп, əкеміздің əруағына бағыштап құран оқытып, қазанын оттан түсірмей келеді. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, топырағыңыз торқа болсын, жан əке! Еске алушы: аяулы жары, ұл-қыздары, немере-шөберелері.

Жарамсыз деп табылады 2016 жылы КМҚК ��Жамбыл медициналық колледжін» «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген Мақпал Қанышқызы Жүнісованың атына берілген ТКБ №0903434 (тіркеу №1518) техникалық жəне кəсіптік білім туралы диплом жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылады.

Мұ Мұрагерлік Ортай Оналбековтің 2011 жылдың 20 қазанында қайтыс болуынан кейін мұрагерлік ісі ашылып отыр. Осыған орай, марқұмның мұрагерлері мұрагерлік істі ресімдеу үшін осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Талас ауданы, Қаратау қаласы, Ə. Молдағұлова көшесі, №53 үйдің 82-пəтерінде орналасқан нотариалдық кеңсеге (нотариус Ж.Б. Тулеулиев) жолығулары қажет.

«Құрылысконсалтинг» ұлттық орталығы» АҚ Жамбыл облыстық филиа лының ұжымы «Экспертиза-Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дохтурбек Ербосынұлы Молдабаевқа інісі Сауатбек ЕРБОСЫНҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


6

14 атар, 2017 жыл

Спорт

Спорт

АЛАШ – АРЕНА «АҚ ЖОЛДЫҢ» СПОРТ АЛАҢШАСЫ

ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА ҚЫЗЫҒЫ ЖАҚЫН

Сонымен, əлемнің кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін саңлақтарының Алатау баурайындағы əсем қала Алматыдағы додада бақ сынауына 15 күн қалды. Талай таланттың томағасын сыпырған қысқы Универсиадада төрткіл дүниенің теңдессіз спортшылары бақ сынайтыны мəлім. Қысқасы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы төрі думанға бөленеді. Айтпақшы, елімізде жа лауы желбірейтін қысқы Универсиадаға билеттер 300 теңге мен 3000 теңгенің аралығында сатылымға да шығып қойды. 12 спорт түрінің ішінен таңдап алып, кез-келген додаға билет алған азаматтардың үлкен сыйлықтар ойынына қатысып, ұтысқа ие бола алатын мүмкіндіктері бар. Тіпті, пəтер де ойнатылатын болады. Қазіргі таңда Алматы қаласында өтетін ақ аламанның жарыс кестесі де айқындалды. Жұртшылық қызыға тамашалайтын шайбалы хоккей шеберлері жарысты ашылу с а лт анатынан бұрын баст амақ.

Нақтырақ айтсақ, шайбалы хоккейден ұлттық құрамалар 28 қаңтар күні айдынға шығады. Осы күні төртінші ойында, сағат кешкі жеті жарымда Қазақстан құрама командасы топтық кезеңдегі алғашқы ойынын Қытай құрамасына қарсы өткізеді. Ал 29 қаңтар күні кешқұрым сағат 9.00-де айтулы аламанның салтанатты ашылу рəсімі өткізіледі. Сондай-ақ, фристайл, сноуборд, керлинг, шаңғы жарысы секілді спорт түрлерінен өтетін додалар 30 қаңтар күнгі таңғы сессияға қойылған. Таңертеңгі тоғыздан басталатын жарыстар кешкісін хоккей ойындарымен түйінделмек. Жалпы, Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиада ойындарына əлем елдерінен 2000 спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан құрамасы бұл қысқы Универсиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енуді жоспарлап отыр. Ақ аламанның өзге де қызықтары, жарыс кестесімен «Ақ жол» газеті о қ ы рм а н д а рд ы т ұ р а қ т ы т ү рд е таныстырып отыратын болады.

ҚУҒАН ЖЕТПЕЙДІ, БҰЙЫРҒАН КЕТПЕЙДІ

Қазақстандық ауыр атлет Алла Важенина Бейжің Олимпиадасының а л т ы н м е д а л і н а л ат ы н б о л д ы . Спортшыларымыздың жүлделерін бір қолымен «тартып» алып жатқан Халықаралық Олимпиада комитеті екінші қолымен қайтарып беріп жатыр. Бейжің Олимпиадасында 75 келі салмақ дəрежесінде сынға түскен Алла Важенина қытайлық Цао Лэйге есе жіберіп, күміспен күптелген-ді. Таяуда ХОК Олимпиада алтынын алған қытайлық спортшыны допинг қолданғандардың қатарына қосты. Жақын арада енді оны жүлдесінен айыру туралы шешім шығады. Сол сында күміс жүлдеге ие болған қазақстандық спортшы Алла Важенина енді қазақстандық арулар арасынан шыққан тұңғыш (ауыр атлетика) Олимпиада чемпионы атанады. Естеріңізге сала кетейік, допинг дауына іліккен спортшылардың қатары арта түсуде. Айыптылардың кінəсі

анықталуының арқасында бұған дейін жеңіл атлет Ольга Рыпакова (үш Олимпиаданың жүлдегері) мен ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова қола жүлдегер, грек-рим күресінің шебері Нұрбақыт Теңізбаев күміс жүлдегер атанған еді.

МАДРИДТІҢ «РЕАЛЫ» «БАРСЕЛОНАНЫҢ» РЕКОРДЫН БҰЗДЫ

Өткен маусым бел орт асына таяған тұста Мадридтің «Реал» командасының тізгінін əйгілі футбол жұлдызы Зинедин Зидан қолына алды.

Ол маусымды сəтсіз бастаған Рафаэль Бенитестің орнына келген болатын. Тұңғыш рет жұлдызды клубтың бас бапкері қызметіне кіріскен Зиданға сын көзбен қараушылар көп болды. Бірақ... Иə, Зинедин Зидан бас бапкерлік қызметке кірісе салысымен «Реалды» өрге сүйреді. Алғашқы маусымның қалған жарты бөлігін жоғары деңгейде өткізген «Реал» Зиданмен бірге УЕФА чемпиондар лигасында жеңіске жетіп,

супер кубокті де иеленді. Сондайақ, Мадридтің «Реалы» клубтар арасындағы əлем чемпионатында да топ жарды. Сонымен қатар, Зидан бапкерлік қызметке жайғасқан мерзім ішінде өзге топтар клубтарының жаттықтырушыларына қарағанда ең көп ұпай жинап үлгерген. Француз оғланы «Реалды» жаттықтырған қысқа мерзім бедерінде команданың басты жұлдызы Криштиану Роналду Еуропаның үздігі атанып, кейіннен төртінші мəрте Алтын допты қ а н ж ы ғ а с ы н а б а й л а д ы . Та я уд а Роналду FIFA тағайындайтын жылдың үздік ойыншысы атағына ие болды. Қысқасы, Зидан «Реалдың» ойынына жаңаша екпін берді. Енді, міне, 39 ойын бойы жеңілмеген «Барселонаның» рекордына түзету енгізді. «Реал» Мадрид командасы барлық турнирлерді қоса есептегенде 40 ойын бойы жеңілістің ащы дəмін татқан жоқ. Король кубогінің соңғы екі ойынында ішкі біріншілікте екінші орында келе жатқан «Севильяны» алдымен 3:0 есебімен ұтқан «Реал» қарымта кездесуде 3:3 есебімен тең түсіп, «Барселонаны» артта қалдырды.

Топтаманы дайындаған Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

ӘДЕТТЕГІДЕЙ ЕМЕС, БҰЛ ЖОЛЫ ӘНИПА АПАНЫҢ ӨҢІ СЫНЫҚ. ЖҰМЫСТЫҢ ТҮСКІ ҮЗІЛІСІНДЕ ҮЙГЕ СОҚҚАН САЙЫН КӨРШІ ӘНИПА АПАНЫ ЖИІ КЕЗДЕСТІРЕМІН. ҚЫС АЙЫ БОЛСА ДА СӘЛ ЖЫЛТ ЕТКЕН КҮННІҢ КӨЗІН АЛДАНЫШ ҚЫЛЫП, АУЛАДАҒЫ ОРЫНДЫҚҚА ОТЫРЫП АЛЫП, ӨТКЕН-КЕТКЕННІҢ ТІЛЕУІН ТІЛЕП ОТЫРАТЫН ОСЫ БІР КЕЙУАНАНЫ ЕРЕКШЕ ЖАҚЫН ТАРТУШЫ ЕДІМ. БІР ҮЙДЕ, БІР ҚАБАТТА ПӘТЕРІМІЗ ЖАПСАРЛАС ОРНАЛАСҚАН КӨРШІМ БОЛҒАНДЫҚТАН ҒАНА ЕМЕС, КӨРГЕН САЙЫН ЖЫЛЫ ЖҮЗІ, МЕЙІРІМ ТҰНҒАН КӨЗДЕРІ КІМДІ БОЛСА ДА ӨЗІНЕ БАУРАП АЛАТЫН ӘЖЕЙМЕН ТЕК АМАНДЫҚ-САУЛЫҚ СҰРАСЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ, АРАКІДІК ӘҢГІМЕНІҢ ДЕ ТІЗГІНІН АҒЫТАТЫНБЫЗ. БҰЛ ЖОЛЫ ДА ҚАНША АСЫҒЫС ЖҮРСЕМ ДЕ ӘЛДЕНЕГЕ АБЫРЖУЛЫ, МҰҢДЫ КЕЙПІН КӨРЕ ТҰРА СӘЛЕМДЕСІП ҚАНА ӨТІП КЕТУГЕ ЫҢҒАЙСЫЗДАНЫП, ТАЯП КЕЛІП, ӘЖЕЙ ОТЫРҒАН ОРЫНДЫҚТЫҢ БІР ШЕТІНЕ ЖАЙҒАСТЫМ. МӘН-ЖАЙДЫ СҰРАҒАНЫМ СОЛ ЕДІ, ӘЖЕЙ КӨЗ ЖАСЫНА ЕРІК БЕРІП, ЖАН-СЫРЫН АҚТАРА ЖӨНЕЛДІ. – БАЛАМ, МЕН СЕКІЛДІ КЕЙУАНАНЫҢ ЖАЙЫНА АЛАҢДАҒАН СЕНДЕЙ ҰЛДЫҢ ТІЛЕУІН БЕРСІН. НЕСІН АЙТАЙЫН, ЖОЛДАСЫМНАН ҚАЛҒАН ТҰЯҚ ДЕП, ЖҮЗІНЕ ЖЕЛ ТИГІЗБЕЙ ӨСІРГЕН ЖАЛҒЫЗ ҰЛЫМНЫҢ СҮЙГЕН ЖАРЫ ОҢЫНАН ЖОЛЫҚПАҒАНЫ ЖАНЫМА БАТЫП ЖҮР. ҚИТ ЕТСЕ ШУ ШЫҒАРЫП, ҮШ БАЛАСЫН ТӨРКІНІНЕ АЛА ҚАШУДАН ШАРШАМАДЫ. ЕКІ КҮН БҰРЫН ТАҒЫ ДА СОЛАЙ ЕТІП, КЕШТЕТІП КЕТІП ҚАЛДЫ. СОНДАҒЫСЫ БОЛМАШЫ НӘРСЕНІ СЕБЕП ЕТТІ. ҰЛЫМ ДА, ПЕРЗЕНТТЕРІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ АЛАҢДАП, ЕКІ ОРТАДА БАСЫ ҚАТЫП ЖҮР. БІЛМЕДІМ, БӘЛКІМ МЕНІҢ БІРГЕ ТҰРҒАНЫМДЫ ҚАЛАМАЙ МА... – ДЕП СӨЗІНІҢ АЯҒЫН ЖҰТЫП, ИЕГІ КЕМСЕҢ ҚАҚҚАН КЕЙУАНАНЫ ЖҰБАТПАҚ БОЛЫП: «ӘЖЕ, УАЙЫМДАМАҢЫЗ, ЕРТЕҢАҚ КЕЛІНІҢІЗ КЕЛЕР. БӘРІН ТҮСІНЕР» ДЕЙ БЕРГЕНІМ СОЛ ЕДІ, ӘЖЕЙ: – ЖОҚ, ОЛ ЕНДІ КЕЛМЕЙДІ. БІРЖОЛА АЖЫРАСАТЫНЫН АЙТЫП, СОТҚА ШАҒЫМДАНЫП ЖАТЫР ЕКЕН. ҰЛЫМ ДА СОҒАН КӨНГЕНДЕЙ. АЛ МЕН ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ НЕМЕРЕЛЕРІМДІ УАЙЫМДАП, САҒЫНЫП ОТЫРМЫН. «АЙНАЛАЙЫНДАР, АЖЫРАСПАҢДАРШЫ!» ДЕП ҚАНША РЕТ ЖАЛЫНДЫМ. МАҒАН ҚҰЛАҚ АСПАЙДЫ БӘРІБІР. ОЛАР АЖЫРАСУДЫ ОҢАЙ ДЕЙ МЕ ЕКЕН? – ДЕП АУЫР КҮРСІНГЕН ӘЖЕЙДІ АЛДАРҚАТПАҚ БОЛЫП ӘРНЕДЕН БІР СЫР ТАРТҚАНЫММЕН, ӨЗІМ ДЕ ҚАЛЫҢ ОЙЛАРДЫҢ ҚҰРСАУЫНА ШЫРМАЛЫП ҚАЛА БЕРДІМ...

Статистикалық мəліметтер бір жыл ішінде отау құрғандардың үштен бірі ажырасып кетеді деп отыр. Соңғы бес жылда Қазақстанда 700 мыңға жуық отау тігілсе, оның 300 мыңдайы ажырасып үлгерген. Яғни, қиылған некенің шамамен жартысы жойылған деуге болады. Зерттеулерге сүйенсек, əлем бойынша маскүнемдікпен 41 пайыз, баспананың жоқтығынан 26 пайыз, бала көтере алмаудан 8 пайыз, ата-аналардың араласуынан 14 пайыз, бас бостандығынан айырылғандықтан 2 пайыз, ұзақ уақыт бөлек тұру себептерінен отбасылардың 6 пайызы некесін бұзып тынады. Жəне əрбір 15 секунд сайын əлемде бір отбасының шаңырағы шайқалады екен.

араға тағы бір кіші мемлекет қосылған соң, сол мемлекеттің құламауына, ыдырап қирамауына үлкендер жағы, тəжірибелі жандар септесуі керек-ақ. Осы мəселеде келінге күн бермейтін енелердің де дені артып келе жатқанын айтып өткен маңызды. Біреудің аялы алақанында өсірген қызын үйіне келін етіп түсірген соң, оның осы шаңыраққа кірігіп, өзгелермен бірігіп кетуі үшін аянбай жағдай жасайтын ардақты енелер болса, шаңырақтың құламауы бек мүмкін ғой. Мен өзім сондай енеге жолықтым деп ойлаймын. Енем өмірден озғанша қолында тұрдым. Күйеуім ортаншы ұл болса да, қара шаңырақта қалуды жөн деп білдік. Қария деген қазына ғой. Ата-енем көзі тірісінде КЕЛІН МЕН ЕНЕ ТАТУ БОЛСА... көп нəрсе үйретіп кетті. Көп ағайынды Жастар санасының саяздығы дейміз бе, отбасыға келін болып түстім. Қазір өзім əлде «ажырасты» дегенге таңғалмайтын де көп балалы анамын, – дейді жуалылық қазіргі қоғам тілінде «табиғат заңдылығы», не бес ұл-қыздың анасы Дариға Өндірбаева. «тағдыр жазуы» дегенге саямыз ба, белгісіз. Əйтеуір бізге аяны, салт басты еркек пен басы ӘКЕСІЗ БАЛАЛАР КӨБЕЙМЕСІН бос əйелдің саны артты. Салт бастылардың Шариғатқа сүйенсек, Ислам діні де көбеюі салтымызда жоқ еді ғой. Осы күрмеуі қиын мəселенің себептері төңірегінде төрт- ажырасқанды құптамайды. Адамды ізгілікке бастайтын ізгі істер жасауға итермелейтін асыл дінімізде отбасы құндылығы алғашқы орынға шығатыны сөзсіз. – Жалпы, ажырасудың негізгі себептерінің бірі – ерлі-зайыптылардың өз міндеттеріне селқос қарауында. Олардың бір-бірінің алдында міндеттері бар. Ердің жары мен бала-шағасы алдындағы міндеті – тамағын, киімін, жалпы, қажеттіліктерін халалдан қамтамасыз ету, балаларын тəрбиелеу. Ал əйелдің ері алдындағы міндеті – отбасы шаруаларымен айналысып, бала-шағасын тəрбиелеу, күйеуіне мойынсұну. Осы орайда, нəзік жандылардың барлығы күйеулеріне мойынсұнып жатыр, ерлер өз міндеттерін орындап жүр деп айта аламыз ба?! Ислам ерлі-зайыптылардың міндеттерін толықтай көрсетіп берген. Тек соны орындай алмай келеміз. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жəннат аналардың аяғының астында», деген. Яғни, жұмаққа кіргіміз келсе, əркім өз анасын, əйелін сыйлап, құрметтеуі тиіс. Сондай-ақ, ер кісіге əйелі мен бала-шағасы Алланың берген аманаты. Аманатқа қиянат жасасақ, Жаратушымыз алдында ақырет күні қалай жауап бермекпіз? – дейді ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі, облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев. Иə, екі жас шаңырақ көтергеннен кейін олардың əрқайсысына белгілі бір талаптар жүктеледі. Ер адам – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі. Əйел – үйдің берекесін сақтаушы, түтінін түтетіп, ұрпағын өрбітуші. Алайда, айрандай ұйыған отбасының шаңырағының шайқалуының залалы көп. Бұл туралы өңірімізге белгілі психолог Əлия Сарымбетоваға хабарласқанымызда, ол: «Ажырасудың ӨТКЕН ЖЫЛЫ салдарынан демографиялық өсім ОБЛЫС БОЙЫНША төмендейді, бала тəрбиесі нашарлайды, əкесіз балалар көбейеді. Ажырасудан кейін 8231 НЕКЕ ТІРКЕЛСЕ, кейбіреулер психикалық ауруға душар 2502 НЕКЕ БҰЗЫЛҒАН болса, соңы суицидке апарып соқтырады. Бұл жағдайды болдырмау үшін қазақы тəрбиеге жат қылықтан бойымызды аулақ ұстау керек шығар. Отбасы тыныштығын сақтау ерге де, əйелге де жүктелетін бес келін түсіріп, олармен тату-тəтті міндет. Үйленіп, үй болу үшін де асқан шаңырақтың ұйытқысы болып отырған жауапкершілік керек. Көбіне жастар көп балалы аналар мен келіндер арасында өмірлік серіктерін таңдаған кезде ертеңгі сауалнама жүргізіп едік. Олардың негізгі күндерін онша бағамдай бермейді», – жауаптары төмендегідей болды. дей келе, неке бұзылу жағдайындағы – Үлкендердің үкілі үмітін ақтап күйзелісте көбіне əйелдер психологтардың тұрмысқа шығып, басқа үйдің түтінін көмегіне жүгінетінін жеткізді. түтетуге бет алған соң, жолы нəзік қыздың алдағы мақсаты – барған жердің бағы, сол шаңырақтың жаны болуға тырысудан басталу қажет. Айтуға жеңіл, əрине, дегенмен Қалай десек те, бұл мəселедегі салтымыздағы үрдіс осы. Келіннің орны статистика көрсеткіші жанымызға босағада болады. Өзінің жөнін, өзінің орнын батары хақ. Оның сан түрлі себептері білетін келін уақыт өте бəрінің көңілінен мен сылтауларын тізіп, ақыл айту шығады. Басқа босағаға келін болып əлбетте қиын емес. Алайда, ел болып түскеннен тектілігі мен ептілігін көрсетуге елеңдейтін, жұрт болып жұмылатын бұл тырысу керек. Ал бүгінгі таңда көңілі келеңсіздікпен нақты тиісті шаралар күпті, күншілдік пен қанағатсыздық бойын арқылы күресуді бүгіннен бастамасақ, билеген келіндер мен жатыпішер, жалқаулық ертең кеш болуы мүмкін. Өйткені, пен намыссыздыққа бой алдырған күйеулер алимент əке бола алмайтынын, бақыт көбейді. Шөптің басын қимылдатып, ақша қайта айналып қона алмайтынын таппайтын жалқау ерлердің бірқатарын өз ұғынбайтын кейбір жастар ашу үстінде ақ маңайымыздан көріп те жүрміз. Тап солай, некелерін аяқ асты етуден тайынар емес. беттен алып төске шабатын, енесімен Мемлекетіміздің іргесі берік, шаңырағы ерегісіп, қайынжұртпен керілде сіп шайқалмасын десек, əркім өз отбасына отыратын келіндер де жоқ емес. Ерінің ие болып, тату-тəтті өмір сүруі қажет. тапқан аз-маз қаржысын қанағат тұтпай, Өйткені, Отан – отбасынан басталады... аспандағы айды əпер дейтін нəзікжандылар Əңгімеміздің соңын жоғарыдағы д а б а р , – д е й д і Та р а з қ а л а с ы н ы ң кейіпкер Əнипа əжейдің «Айналайындар, тұрғыны зейнеткер Қадіркүл Мантенова. ажыраспаңдаршы!» деген бір ауыз – Əр мəселенің екі ұшы барын ескерсек, мейірімді сөзімен аяқтағымыз келеді. бұл ретте жаңадан шаңырақ құрып,

, р а д н ы й а «Айнал » ! ы ш р а д ң ажыраспа Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

ҮЙЛЕНГЕНДЕР АЗАЙЫП, «ҮЙ БҰЗҒАНДАР» КӨБЕЙГЕН... Қиын да емес, оңай да емес үй болу, Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену. Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның, Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру. Иə, осы бір əн сөздеріндей қарапайым түсініктерді бүгінгі отау құрған жастар жете түсінбей, кеше ғана уығы қадалған шаңырақтарын болмашы жайттарға бола шайқалтып жатқанын қазір жиі кездестіреміз. Ата-бабамыздың ойына кіріп шықпаған осы бір ажырасу ұғымын күн сайын естіп, көріп, біліп жатырмыз. Жоғарыдағы Əнипа əжейдің ұлы мен келіні арасында орын алған келеңсіздік ортамызда жиі көрініс тауып жатқаны белгілі. Ондай жан ауыртар жайттарға бүгінде ести-ести құлақ та, көрекөре көз де үйренген. Дегенмен, бұның арты жақсылыққа апарып соқпасы анық. Қазақстан Республикасының Ұлттық э ко н ом и ка м и н и с т рл і г і Ст ат и с т и ка комитетінің мəліметтеріне сүйенсек, 2014 жылы еліміз бойынша барлығы 159 328 неке тіркелсе, 52 673 отбасы ажырасқан. Ал 2015 жылы 148 769 неке тіркелсе, 53 293 отбасы некесін бұзған. Əрбір 100 некеге 31 ажырасудан келіп отыр. 2014 жылғы көрсеткіштерге сүйенсек, ажырасу бойынша ең жоғары көрсеткіш Қостанай, Павлодар облыстарында тіркелсе, ең төменгі көрсеткіш Оңтүстік пен Батыс Қазақстан облыстарында. Ал сол ОҚО-мен іргелес жатсақ та, біздің облыстағы көрсеткіш те көңіл көншітпей отыр. Ол туралы бізге облыстық əділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Лəззат Əбішова айтып берді. Оның айтуынша, 2015 жылы облысымызда барлығы 8256 неке тіркелсе, 2403 отбасының ажырасуы орын алған. Сондай-ақ, өткен жылы 8231 неке тіркелсе, 2502 шаңырақ шайқалып, ортасына түскен. Яғни, отау құру көрсеткіші жыл сайын кемісе, керісінше, ажырасу деңгейі жыл санап артып бара жатыр. Статистика жұптардың 27 пайызы 5-9 жыл, ал 15,1 пайызы 20 жыл бірге тұрғаннан кейін ажырасатынын көрсетсе, ауыл тұрғындарының арасындағы ажырасу, қала тұрғындарымен салыстырғанда 2-3 есе төмен екендігі де белгілі болған.

АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША... Ұлыбританияның The Economist басылымы жариялаған «Əлем статистикасы» дерегі бойынша еліміз əлем бойынша

ажырасудан 10-орында тұр. Мұндағы дерекке сенсек, мың адамға шаққанда Қазақстандағы ажырасу көрсеткіші – 2,7ге тең. Зерттеу нəтижесіне сай, бірінші орында 5,3 көрсеткішімен АҚШ иелігіндегі Гуам аралы тұр. Ал көршіміз Ресей 4,7 көрсеткішімен екінші, 4,1 көрсеткішімен Беларусь мемлекеті үшінші орында. Алатаудың ар жағындағы құдайы көршіміз Қырғыз елі бұл тізімде 48-орыннан көрінген. Бұл елде мың адамға шаққандағы ажырасу – 1,7 болса, Қытайдыкі – 1,8 екен. Халқының

Р.S:

саны жөнінен бізді он орап алатын елдің де алдына түсіп алғанымызға қарап, ажырасудан қаншалықты алға шығып кеткенімізді пайымдауға болатын секілді. Некелері қиылғанымен, босағасы бекімей шаңырағы шайқалып, ажырасып жатқандар көбейіп барады. «Отбасының сақталуы үшін мемлекет тарапынан қолдау керек» дейді кей мамандар. Расында да, еліміздегі отбасы институтының құлдырағаны соншалық бүгінде ерлі-зайыптылар арасында жаға ұстатарлық оқиғалар көбейген. Ері əйелін өртей салу, өлтіруге тапсырыс беру, бірінбірі пышақтап тастау түк болмай барады.

ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАМАН Азаматт арды тұрғылықты жері бойынша тіркеу біздің елде ғана жүріп жатқан жоқ. Əлемдік тəжірибеде тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін тіркелу маңызды. Мəселен, Ресей, Грузия, Молдова, Латвия, Литва жəне Эстония елдері тұрғындарына бірыңғай тіркеу жүргізді немесе жүргізіп жатыр. Мұндай процедуралар Еуроодақта да бар. Тұрғылықты жер бойынша тіркелу жəне уақтында тіркелмегені үшін салынатын айыппұлдың көлемі əлем елдерінде қандай? Германияның Лейпциг қаласының р е с м и с а й т ы н д а ғ ы а қ п а р ат бойынша, барлық тұрғын қалаға келгеннен бастап екі апта ішінде билікке мекен-жайды ауыстырғаны

УАҚЫТША ТІРКЕЛУГЕ УАҚАП БОЛ

туралы хабарлау керек. Заң талабын сақтамай тұрып жатқандар мен баспананы жалға берушілер тіркеу уақтынан асып кеткен жағдайда оларға салынатын айыппұл көлемі 1 000 еуроға дейін жетеді. Ал Амстердам (Голландия) қаласының ре сми порталындағы ақпарат бойынша, қала немесе Голландия аумағында кез-келген мекен-жай ауыстыру жағдайы, көшіп келгеннен кейін бес жұмыс күні өтпей тұрып билікке хабарлануы керек. Онлайнрежімде тіркелуге болады. Тіркеу уақыты асып кеткен жағдайда дұрыс тіркелмеген жəне тіркелу

кезінде құжаттардың барлығын ұсынбағандарға 325 еуроға дейін айыппұл салынады. Сингапурда елдің көші-қон басқармасының ресми сайтындағы ақпаратта тұрғылықты жерін

ауыстырғаны туралы 28 күн ішінде хабарламаған немесе мекен-жай ауыстырғаны жайында жалған ақпарат бергендер 5000 долларға жуық айыппұл төлейді, не 5 жылдан аспайтындай мерзімге бас бостандығынан ай��рылады. Данияның Копенгаген қаласының ре сми с айтындағы ақпарат бойынша, қала ішінде мекенжай ауыстырсаңыз, бұл туралы үкіметті бес күн ішінде хабардар етуіңіз керек. Уақытынан кешіккен жағдайда айыппұл қарастырылған. Украинада тіркелудің жаңа ережелері 2016 жылдың сəуірінен

бастап өзгерген. Өз үйінен 30 к ү н н е н а с а уа қ ы т қ а ке т ке н (жұмысқа, оқуға жəне тағы сол сияқты) адам жаңа орында тіркелуі керек. Бұл талапты орындамағандарға да айыппұл қарастырылған. Тіркеуге тұру үшін үй иесі мен тіркелушінің төлқұжаттары керек. Сонымен қ ат а р , ү й ге и е б ол у қ ұ қ ы , ə с ке р и б и л е т ж ə н е ə с ке р и міндеттелгендердің тіркелу куəлігі жəне көшірмелері де қажет болады. Тіркелген жерінде 30 күннен аса уақыт тұрмағандарға (саяжайда тұрғандар мен іссапарға кеткендерге қатысты емес) айыппұл құны 51 гривен (596 теңге). «Ақ жол-Ақпарат».

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 5, Баспасөз үйі.

Меншік иесі: «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

ЖУРНАЛИСТ ЖАНАЙҚАЙЫ

Спорт

Телефондар/факс: бас редактордың қабылдау бөлмесі – (қаланың коды – 8-726-2) 43-17-07. Жарнама – 43-32-50. Электрондық пошта: ak-jol-taraz@rambler.ru. Газеттің сайты: akjolgazet.kz

ДИРЕКТОР – БАС РЕДАКТОР Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ

Бас редактордың бірінші орынбасары – Ақылжан МАМЫТ – 43-17-08; Бас редактордың орынбасарының міндетін атқарушы – Әділбек БАҚҚАРАҰЛЫ – 43-50-73; Жауапты хатшының міндетін атқарушы – Қанат ТІЛЕПБЕРГЕН – 45-15-26; БӨЛІМДЕР: Саясат – Баймаханбет АХМЕТ – 43-31-62;

Әлеумет – Ардақ ҮСЕЙІНОВА – 43-33-08; Мәдениет – Табиғат АБАИЛДАЕВ – 45-48-09; Сайт (www.akjolgazet.kz) – Алмаз ОРМАНОВ – 43-17-13; Жарнама – Жүрсінгүл ЖАҚЫП – 43-32-50; Компьютер орталығы – Жанна БЕЙСЕНҚҰЛОВА – 43-26-90; Бухгалтерия – 43-17-12.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Талас, Сарысу – Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ – 8 (726 44) 5-06-68, 87777590076; Қордай – Құрманбек ӘЛІМЖАН – 8 (72636) 4-74-34, 87016489927; Т.Рысқұлов, Меркі – Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ – 87022943547, 87473598371; Шу – Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА – 87753184048; Мойынқұм – Уалихан ЖАЙЛАУ – 87024705735.

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ. ЖСК KZ04319E010000374569, БСК ABKZKZKX, СТН 211500070391, КБЕ 17, КНП 858, БСН 030940003725, «БТА БАНК» АҚ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫ. ИНДЕКСІ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫ ҮШІН – 65457, МЕКЕМЕ ҮШІН – 15457. Редакция авторлардың көзқарасы, жарнама мазмұны үшін жауап бермейді. Жарияланбаған хатқа жауап қайтарылмайды. А – материалдың жариялану ақысы төленген.

Газетті есепке алу туралы №12327-Г куәлікті 2012 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген.

Нөмірдің кезекші редакторы Баймаханбет АХМЕТ

ТАРАЛЫМЫ: 20076 АПТАЛЫҚ ТАРАЛЫМЫ: 60138

Газет аптасына үш рет шығады. Газет редакцияның компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Қалыбы Жамбыл «Сенім» ЖШС баспа орталығында жасалып, көбейтілді. 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 22-үй. тел.: 43-32-83. Тапсырыс 60


14 қантар 2017 ж пдф