13 акпан пдф 2016

Page 1

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№18 (18212), Сенбі, 13 а пан, 2016 жыл

Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уəкіл институтын құру туралы

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 10 ақпан № 192

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

АҚЫНЫН ІЗДЕГЕН ЕЛ БАҚЫТТЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

www. akjolgazet.kz

ПРЕЗИДЕНТ

ЖАРЛЫҚ

Қазақстан Республикасында бала құқықт арын қорғаудың ұлттық жүйе сін жетілдіру мақсатында, қатысушы мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясына бейілділігін растай отырып, əлемдік қоғамдастықтың балалар өмірі үшін қолайлы жəне мейірімді ортаны қалыптастырудағы күш-жігерін қолдай отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасында өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын Бала құқықтары жөніндегі уəкіл институты (бұдан əрі – Уəкіл) құрылсын. 2. Уəкілдің негізгі мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік жəне қоғамдық институттармен өзара іс-қимылда балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру болып табылады деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкiмшiлiгiне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ak-jol-taraz@rambler.ru

БОСНИЯ ЖЕТІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖЕРІНЕН ЖАЯУ ӨТІП, ҚАЖЫЛЫҒЫН ӨТЕГЕН Босниялық Сенад Хаджич есімді мұсылман жігіті жеті мемлекетті жаяу басып өтіп, мұсылмандық парызын өтеп қайтқан. Бұл сапарға оның бір жылға жуық уақыты кеткен көрінеді. Ол иығына артқан 20 келі сөмкесін арқалап, Босния, Сербия, Болгария, Түрік, Иордания және Сауд Арабиясы елдерінің аумағы арқылы 5340 шақырымды жүріп өткен. ЯКУТИЯ 121, 96 КАРАТ АЛМАЗ ТАБЫЛДЫ Якутияда салмағы 121,96 карат алмаз табылды. Ол Мирнинский ауданында Айхал тау-кен байыту комбинатының кимберлитті құбырынан алынды. «Оның құны – шамамен 1,5 миллион доллар», – деп мәлімдеді Rough and Polished салалық талдау агенттігінің сарапшысы Сергей Горяинов. Бұл тарихтағы ең ірі алмаз емес, 2015 жылғы қарашада Ботсванда соңғы жүз жылда әлемдегі ең ірі 1111 карат алмаз табылған. ФРАНЦИЯ 2015 – КҮН ШЫЖҒЫРҒАН ЖЫЛ БОЛЫПТЫ

БҰҰ-ның табиғи апаттардың қауіпсіздігін төмендету бойынша Халықаралық стратегия мекемеаралық хатшылығы 2015 жыл – климатты бақылауға алған жылдар тарихында ең ыстығы болғанын мәлім етті. Өткен жылы аптап ыстықтан әлемде 1,2 миллион адам жапа шекті. Әсіресе Франция, Үндістан және Пәкістанда күн ерекше ыстық болды. Күн өтіп кеткен әрі ыстықты денсаулығы көтере алмаған 7 346 адам қайтыс болған.

А ЫЛД Б М А Ж

БАЙЗАҚ АВТОЖОЛДЫҢ БОЙЫНАН АҒАРҒАН ІШЕМІЗ

Елбасы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның қарусыздану жəне ядролық қаруды таратпау саласындағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, Мемлекет басшы-

сының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мəселелері қарастырылды. Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в ге о с а я с и ахуалдың күрделілігін ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздік қағидаттарын

ха л ы қ а р а л ы қ ау қ ы м д а ə р і қ а р а й ілгерілетудің маңыздылығын айтты. О.Сүлейменов өз кезегінде жаһандық антиядролық қозғалысқа мемлекеттердің ғана емес, қоғамдық ұйымдардың күшжігері мен азаматтық бастамаларды жұмылдыру қажеттігіне назар аударды.

ЫЛЫҚ ЖАСА Ж АҚ С

Жайылымы болмаса, мал азады, Қайырымы болмаса, жан азады. СҮЙІНШІ!

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚОСЫЛДЫ

ЖАМБЫЛ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ – 2155,1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Оңтүстік Халал тағамдары» ЖШС-ның ет өндіретін комбинатының құрылысы аяқталып келеді. Тәулігіне 40 тонна ет өнімдерін өндіретін комбинатта игерілген инвестиция көлемі – 2155,1 миллион теңге. Т. РЫСҚҰЛОВ ТӘУЛІГІНЕ 260 ТОННА

ӘМИНА ЖҰМА САЙЫН Ы Д А Т А Р А Т ІН Г Е Т І Н Е К Л Ө Б 70

Шығанақ – аудан орт алығынан шалғайда орналасқан елді мекен. Мұнда үш мыңнан астам халық тұрады. «Астана-Тараз» тасжолының бойына орналасқан ауыл тұрғындарының басым көпшілігі темір жолда жұмыс істейді. Кейінгі жылдары ауылда ауыз су жүйесі іске қосылды, дəрігерлік амбулатория ғимараты салынды. Орталық көшесі асфальтталып, ажарлана түсті. Қазіргідей əлемдік дағдарыс кезінде доллардың шарықтап өсуі, бағалардың еселеп артуы ауыл халқына оңай тиіп отырған жоқ.

Əсіресе, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылар үшін қиын-ақ. Осыны жете сезінген ауыл кəсіпкері, «Бақыт» дүкенінің иесі Əмина Əубəкірова жақсы бір істі қолға алды. Ол əр аптаның қасиетті жұма күні 70 бөлке нанды дүкенге келушілердің əрқайсысына бір-екіден тегін таратып отыр. Дүкен маңында ойнап жүретін балаларға, мектепке бара жатқан, келе жатқан төменгі сынып оқушыларына кəмпит, пішіни жəне басқа да ұсақ-түйек заттарды тегін беретінін де естігеніміз бар.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖА С

Түркияның Ыстамбұл қаласында Дүниежүзі күрес түрлері қауымдастығының (United World Wrestling) форумы өтті. Осы жиында қазақ күресі жабық ғимаратта өтетін Азия ойындарының бағдарламасына кірді. Бұл жарыс 2017 жылы Түрікменстанның Ашхабад қаласында өтеді. Ал биыл 22-24 маусым күндері осы қалада төл күресімізден сынақ түрінде белдесулер өткізіледі. Форумға Қазақстан атынан Дүниежүзі қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті, Азия федерациясының президенті Марат Шəмшінұров қатысып, төл күресіміздің тарихы, қазіргі кездегі даму деңгейі туралы баяндама жасады. – Форумға 100-ден астам ұлттық күрес түрлерінің федерацияларының өкілдері қатысты. Осы жиында біздің ел тағы бір мақсатына жетті. Қазақ күресі жабық ғимаратта өтетін Азиаданың бағдарламасына кірді. Енді биыл жазда Ашхабад қаласында сынақ жарыстары өтеді. Онда Азия олимпиялық комитетінің президенті əл-Сабах пен Дүниежүзі күрес түрлері қауымдастығының президенті Ненад Лалович бастаған топ қазақ күресінің белдесулеріне бағаларын береді, – деді М.Шəмшінұров Егер қазақ күресі сынақ жарыстардан сүрінбей өтсе, онда Жазғы Азия ойындарының бағдарламасына кіреді. Бұл жарыс 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өтеді. «Ақ жол-Ақпарат».

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы бойынан 10 шағын тауарлы-сүт фермалары ашылмақ. Осының ішінде «Тәжібаев Х» шаруа қожалығы 200 бас сауын сиырға арналған сүт фермасын өз қаражаты есебінен салып, аяқтады. Ал «Асыл» ШҚ 50 басқа, «Жадыра» ШҚ 100 басқа арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысын бастады.

АЛҒАН

«ROLA-7» ӨНІМІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ АУЫЛЫНЫҢ МАҢЫНДА «ROLA-7» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 8 ЖЫЛҒА ЖУЫҚТАДЫ. ӘУЕЛІ МҰНДА БІР ҒАНА «ЧАБРЕЦ» ЖАЙМА ЦЕХЫ ЖҰМЫС ІСТЕДІ. БІРАҚ, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ ТҰРСЫНБЕК НҰРБАЕВТЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ ӨТЕ КӨП БОЛАТЫН. АРАДА ЕКІ ЖЫЛ ӨТКЕНДЕ ЕКІНШІ ЖАЙМА ЦЕХЫ АШЫЛДЫ. 2011 ЖЫЛЫ ҚҰРҒАҚ КЕСПЕ ЖАСАЙТЫН ҮШІНШІ ЦЕХ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ. БҰЛ КЕЗДЕ МҰНДА ЖҰМЫСШЫЛАР САНЫ ДА АРТА ТҮСТІ. 2012 ЖЫЛЫ КӘСІПОРЫНҒА ӨНІМДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ХАЛАЛ» СТАНДАРТ ТАЛАБЫНА САЙ ЕКЕНДІГІН АЙҒАҚТАЙТЫН АРНАЙЫ КУӘЛІК БЕРІЛДІ. ЖҰМЫС ДҰРЫС ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ. КӘСІПОРЫННЫҢ САПАЛЫ ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС ҰЛҒАЙДЫ.

(Жалғасы 4-бетте).

«Қолы ашықтың – жолы ашық» демекші, осылайша елге қайырымдылық жасап, имандылық танытып отырған шығанақтық кəсіпкер Əминаның бұл сауапты ісіне ауыл тұрғындары дəн риза. Ал мұндай жақсы бастама ауданның басқа да ауылдарында қолдау тауып жатса, нұр үстіне нұр. Сүндетулла ƏБІЛОВ, журналист. Мойынқұм ауданы.

« Л у го в о й ж ы л қ ы з а у ы т ы » Ж Ш С - ы н д а тәулігіне 260 тонна құрама жем шығаратын цех құрылысын аяқтау үстінде. Қазір қондырғылар орнатылып, мамандар сұрыпталуда. Ауданда мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар үшін құрама жемге деген сұраныс мол.

ХАБАРЛАМА

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР БАСШЫЛАРЫНЫҢ, ӘКІМДЕРДІҢ, ҰЛТТЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ РЕКТОРЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ» 2016 ЖЫЛҒЫ 5 АҚПАНДАҒЫ №190 ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС 2016 ЖЫЛҒЫ 19 АҚПАНДА САҒАТ 11.00-ДЕ «БАЛАСАҒҰН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ НӘСБЕКҰЛЫ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.