Page 1

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

Ж

АҺАН Д

А

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№92 (18586), Senbі, 11 tamyz, 2018 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

www. aqjolgazet.kz

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

АҚОРДА

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ МЕН СОТ ЖҮЙЕСІ РЕФОРМАЛАРЫН САПАЛЫ ОРЫНДАУ КЕРЕК ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Т

Мемлекет басшысы Ақтауда қала нысандарын аралап, өңірдің әлеуметтікэкономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңеске қатысады. Сонымен қатар, сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың м ул ьт и м од а л ь д ы Қ ұ р ы қ портының таныстырылым рәсіміне және Бесінші Каспий саммитіне қатысуы, сондайақ жоғары деңгейде бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.

УР

И

Мемлекет басшысы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровты қабылдады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі және бұған дейін жүктелген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді. Елбасы прокуратура органдарына азаматтар құқықтарының, заңды мүдделерінің сақталуы және заңнамалардың орындалуы үшін жоғары қадағалауды жүзеге асыру міндеті қойылғанын айтты.

– Бүгінде еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрі іске асырылды. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары мен сот жүйесі реформаланды, тиісті заңдар қабылданды, соның ішінде бизнесті негізсіз тексерістерден қорғау туралы мәселе де қамтылды. Соларды тек сапалы орындау қажет, – деді Президент.

НДУСТРИЯСЫ: БҮГІН ЖӘНЕ БОЛАШАҚТА ЗМ И

Өңіріміз қызғалдақтардың «отаны» болып саналады әрі осы гүлдердің көптеген ерекше түрлерімен танымал. Мысалы, Жуалы ауданындағы Берікқара шатқалында бес түрлі, соның ішінде сирек кездесетін сары түсті Зинаида, Борщова, Колпаковский эндемик гүлдері және «Қызыл кітапқа» енген Григ пен Кауфман қызғалдақтары да өседі. Олардың жойылып кету қаупі бар. Сондықтан осы гүл түрлерін сақтап қалу үшін, жас ұрпақ бойында туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, сондай-ақ облыстағы эстетикалық және экологиялық туризмді дамыту қажет. Облыста осы мақсатта аңызға айналған қызғалдақтарға арналған ауқымды шара ұйымдастыру көзделуде. Атап айтқанда, келер жылы көктемде Жамбыл жерінде қызғалдақтар мерекесін өткізу жоспарланып отыр. Осынау ауқымды шара Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен мақұлданған еліміздегі ең үздік үш халықаралық фестиваль қатарына да еніп отыр. «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы қазірдің өзінде «Қызғалдақ жолы» атты дәстүрлі халықаралық фестивальді бастауға кірісуде. Әулиеата өсімдіктері дүниесінің осынау бірегей үлгісін сақтауды ғана емес, сондай-ақ елімізге және өңірімізге шетелдік туристерді кеңінен тартуда да діттеген шаралар легі толастамақ емес. Әрине, жоспарлар өте ауқымды, бұл бағытта жоғары білікті кәсіби топ жұмыс істейтін болады. Фестиваль аясында қызғалдақтың пайда болуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы кеңінен қамтылмақ. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы мен Жамбыл облысы қызғалдақтың туған жері деп танылғандықтан, екі өңірдің ауқымды іс-шараларды дайындаудағы күш-жігерін біріктіру де ойластырылуда. Ал бұл аймақаралық ынтымақтастықтың нығаюына септеспек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік іс-шаралар Шымкент қаласының алуан гүлдер көптеп өсетін аумағынан бастау алатын болады. Мереке аясында қызғалдақтар туралы деректі фильмдер мен тақырыптық сән көрсетілімдері, фотосурет, бейнелеу және қолөнер көрмелері ұйымдастырылады. Сонымен қатар фестиваль облыс орталығындағы Шахристан туристік кешенінің ашылуымен тұспа-тұс өткізілгелі отыр. Бұл саяхатшылар көңіліне ұмытылмас әсер қалдырары анық. Облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекованың айтуынша, өңірде келер жылға жоспарланып отырған гүлдер мерекесін жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік те, әлеует те жеткілікті. Жергілікті туристік қауымдастықтар мен компаниялар қызметіне қуатты серпін беретін айтулы шараға кем дегенде 10 мың турист келеді деп күтілуде. Елена ПАК, облыс әкімдігінің туризм басқармасы баспасөз қызметінің маманы.

Тоггенбург округында қабырғасы мен шатыры жоқ қонақ үй ашылды, онда түнеу үшін 300 доллар төлейсіз. Қонақ үй теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Ыңғайсыз болғанына қарамастан бұл нысан әлемге тез танылды.

=ЖАПОНИЯ Токио-2020 ұйымдастыру комитеті Олимпиада ойындарында алғаш рет спортшылар мен қонақтардың бет-жүзін тану жүйесін қолданады. Бұл Токионың тарихта инновациялық ойындар өткізген алғашқы ел болуға тырысқанын байқатады.

=ТҮРКИЯ Елдің оңтүстік-шығысында «Илису» су қоймасының салынуына байланысты сол маңдағы ХІІ ғасырда салынған «Артуклу» моншасы Батман провинциясындағы Хасанкейф мәдени бағына көшірілді.

=АҚШ Марста сұйық күйінде сақталған су бар. Бұл су Марстың оңтүстік полюсында ұзындығы 20 шақырымнан астам алып көлді қалыптастырған. Тың құбылыс «Марс-Экспресс» стансасының Marsis атты радары арқылы ашылды.

=ҰЛЫБРИТАНИЯ

Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстандағы сотталғандар саны 35 пайызға азайғанын айтты. Бас прокурор Мемлекет басшысына қылмыстық п р о ц е с т і р е ф о рм а л ау бағытында атқарылып жатқан

жұмыстар жөнінде мәлімдеп, осы іс-қимылдардың нәтижесінде еліміздегі жалпы қ ы л м ы с т ы қ і с т е р ө т ке н жылмен салыстырғанда 10 пайызға кемігенін атап өтті. – Прокуратура органдары т арапынан азаматт ардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Биылғы алты айдың ішінде еңбек

құқықтарының сақталуы, жер қатынастары, тарифтік заңнама салаларына тексеру жүргізілді, нәтижесінде үш миллионнан аса азаматтың құқықтары қорғалып, қайта қалпына келтірілді, – деді Қайрат Қожамжаров. Елбасы кезде су қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Рио-де-Жанейро қаласында бірқатар ғалымдарға «Филдс жүлдесі» табысталды. Нобель сыйлығымен пара-пар саналатын жүлдеге ие болғандар қатарында ирандық босқын Кашер Биркар да бар.

Д БЫЛ ЖАМ

=ТАРАЗ

А

Қалада ұзындығы 5 шақырым көше бойына 205 бағана мен жарық қондырғысы орнатылған. Көше шамдары толық жаңартылса, электр энергиясы екі есеге үнемделеді. Қазір Төле би даңғылы мен Сыпатай көшесіне дейінгі аралық жөнделіп жатыр.

=БАЙЗАҚ «Көгілдір отыны» жоқ 21 елді мекенге газ құбырын тарту жұмыстарының ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Яғни 2081 үй көп ұзамай газбен қамтылады. Ал 3 ауылдың 351 тұрғыны өз қаражаттарына газ тартуға кірісіп кетті.

=САРЫСУ

АСТАНАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

ЖАМБЫЛДЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІГІ ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

ҚЫЗҒАЛДАҚТАР МЕРЕКЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

=ШВЕЙЦАРИЯ

Инфляциялық өсім, тауар бағасындағы тұрақсыздықтың тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне едәуір әсері бар. Бұл өз кезегінде әлеуметтік теңсіздікті туындатады. Сондықтан баға саясатын реттеуде әлеуметтік маңызы бар азықтүліктер бағасын тұрақтандырудың маңызы аса жоғары. Жалпы баға саясатына әсер ететін негізгі фактор – өнім өндіруші мен сатушы

арасындағы делдалдық. Біріншіден екінші нүктеге дейінгі аралықта өнімнің бағасы едәуір үстемеленеді. Сол үшін өнімді тікелей

өндірушіден сатып алу әлдеқайда тиімдірек. Осыны ескеріп, жыл сайын күз айларында жиын-терін кезінде облыс және аудан

о рт а л ы қ т а р ы н д а ау ы л шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Ауыл шаруашылығы ж ә р м е ң ке с і н е г і з і н е н әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылатыны белгілі. Тұтынушылар үшін күнделікті пайдаланатын азық пен көкөністерді осындай жәрмеңке кезінде қолжетімді бағада алған өте тиімді. Сондықтан күзқыс айларында жәрмеңкені жұртшылық асыға күтеді.

Аудан аумағындағы фосфор рудасының қоры 13 миллиард тонна екендігі анықталды. Ал Қаратау таукен өндіру кешені жұмыс істеген 72 жылда соның 280 миллион тоннасы ғана қазылыпты.

=ЖАМБЫЛ Шайқорық ауылын Тараз қаласымен жалғайтын жол қайта салынды. 22 миллион 46 мың теңге жұмсалған құрылыстың нәтижесінде ауыл мен қала қашықтығы 2 шақырымға қысқарды.

=ТАЛАС Қаратау қаласында «Елдана» және «Асыл kids» атты 50 орындық екі жекеменшік балабақша ашылып, бүлдіршіндерді қабылдай бастады.

Елге дұшпан жерге сыймас, Жерге дұшпан елге сыймас.

(Жалғасы 3-бетте).

«АQ JOL»-ҒА ЖАУАП БЕРДІ

ЖАЗЫЛЫМ – 2018

ЗАҢСЫЗ ТАКСИ ТҰРАҚТАРЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Aq jol» газетінің 2018 жылғы 31 шілде күнгі №87 санында жарияланған «Такси қызметіндегі мәселе де таудай немесе жолаушыларды заңсыз тасымалдау қашан тыйылады?» атты мақала бойынша төмендегіні хабарлайды: Облыс орталығынан аудандарға және Тараз қаласындағы орталық автовокзал аумағында жолаушыларды заңсыз т акси және автобус тасымалымен айналысушылардың қызметіне бақылау жүргізу бойынша арнайы комиссия құрылып, жұмыстар жүргізілуде. 1. Автобекет аумағында такси тұрағы ретінде пайдаланып отырған жер телімі (кадастрлық нөмірі – 06-097-019-655, иесі – Зайдула Калиевич Хусаинов, нысаналы м а қ с ат ы – д ү ке н , қ ұ р ы л ы с материалдары көтерме базарын және сырахана салу үшін

берілген) қалалық жер қатынастары б ө л і м і н і ң т а р ап ы н а н Қ а з а қ с т а н Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатысты қателерді жою мақсатында инспекторлық тексеру үшін облыс әкімдігі жерді пайдалану және қорғау басқармасына жер телімінің иесіне тиісті шаралар қолдану үшін хат жолданады. 2 . А вто бе ке т аум а ғ ы н а т а кс и т ұ р а ғ ы н о р н а л а с т ы ру бо й ы н ш а ұсыныс: «Автобекет-Тараз» ЖШС (кадастрлық нөмірі – 06-097-019454) жер телімі қысқа мерзімді такси тұрағын ұйымдастырып, автобекетке қызмет көрсету үшін берілген. Осы жер телімін такси тұрағы ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастыру жөнінде облыс орталығынан аудандарға және Тараз қаласындағы орталық автовокзал аумағында жолаушыларды заңсыз такси және автобус тасымалымен айналысушылардың қызметіне

бақылау жүргізу бойынша арнайы комиссияға ұсыныс берілді. 3. «Жанс ая» аумағында жолаушыларға қызмет көрсету пунктін орналастыру үшін «Айнұр Жеті Нұр» ЖШС жер телімін пайдалану мерзімін ұзарту бойынша қаулының жобасы Тараз қаласы әкімдігінің отырысында қарау үшін ұсынылатын болады. 4. Ы.Сүлейменов көшесі, №98/2 мекен-жайдағы жер телімі (бұрынғы облыстық МАИ ғимаратының маңы) «ЭКСПРЕСС-СЕРВИС» ЖШСна үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін жекеменшікке берілген. Жолаушыларға қызмет көрсету пунктін орналастыру үшін «ЭКСПРЕСС-СЕРВИС» ЖШСна қайта жабдықтау үшін сәулеттікжобалау тапсырмасын алу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. С. БАЙНАЗАРОВ, Тараз қаласы әкімінің орынбасары.

ӨЗ ГАЗЕТІҢ – “AQ JOL”-ға ЖАЗЫЛУ ЖАЛҒАСУДА! «Қазпошта» Заңды тұлғалар үшін Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3246,48 теңге 1 жылға – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2911,32 теңге 1 жылға – 5822,64 теңге Индексі 15457

байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұлғалар үшін Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2996,46 теңге 1 жылға – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2661,30 теңге 1 жылға – 5322,60 теңге Индексі 65457

Тараз қаласының тұрғындары үшін: P Эврика-пресс

P ERNUR-press

P Тараз-пресс

PҚыран-пресс

БӨЛІМШЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ


2

SAIASAT

11 тамыз, 2018 жыл

www. aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МӘРТЕБЕЛІ МІНДЕТ

ӘДЕПТЕН АСПА, АБЫРОЙДЫ ШАШПА! Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударып келеді. Елбасының «Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек», деген сөзі бізге осы саладағы нақты бағыт-бағдарымызды айқындап береді.

Жанғазы АХМЕТ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адам баласының дүниеге келгенін тіркеуден бастап, жеке куәлік беру, некеге тұруын тіркеу, мектепке дейінгі ұйымдарға балаларын кезекке қою, тіпті дүниеден озғанын тіркеуге дейінгі, яғни адамзат өмірінің барлық кезеңдерін қамтиды. Осы және басқа да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің ішінде адамның баруын қажетсінбейтіндері бар. Соны толықт ай элект ронды форматқа көшіру – қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыты болары анық. Тұрғындар үшін мұндай формат өте қолайлы. Облысымызға арнайы жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы Равиль Тюлебаев пен Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық төрағасы Төлеген Байғұлов осы бағытта атқарылған жұмыстардың барысын саралап, мекемелерді аралап көрді. Алдымен облыс әкімдігінің мәжіліс з а л ы н д а же р г і л і кт і м е м л е ке т т і к

органның аппарат басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдері, тәртіптік комиссия төрағалары мен персоналды басқару қызметінің басшыларымен кездесіп, мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау деңгейін көтеру бойынша жүргізіліп жатқан шараларды талқылады. Жиынға облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Тимуржан Нұрымбетов, агенттіктің облыс бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев қатысты. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қ ы з м е т с а л а с ы н д а ғ ы б а қ ы л ау департаментінің директоры Равиль Тюл е б а е в ө ң і рд е г і ә р і п т е с т е р і н е мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған мемлекеттік аппараттың дамуында қолданысқа енген жаңа бағдарларды түсіндірді. – Кәсіби мемлекеттік ап парат құрудың нәтижелілігі – әр мемлекеттік қ ы зм е т ш і н і ң і с ке рл і г і м е н Ә д е п кодексін қатаң сақтауына байланысты. С о н д ы қ т а н б ү г і н д е м е м л е ке т т і к қ ы зм е т ш і ге қ о й ы л ат ы н т а л ап т а р күшейіп отыр. Яғни әр мемлекеттік қызметші электронды үкімет сервисінің белсенді тұтынушысына айналуы қажет.

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

«ӨЛКЕТАНУ. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ» ОҚУЛЫҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Жанғазы АХМЕТ Отансүйгіштік сезім кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – дей келе, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды тапсырған болатын. Бүгінде аталмыш бағдарлама аясында түрлі игі жобалар жоспарланып, игі шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Өлкетану» оқулығын шығару бастамасы. Бұл бағыттағы жұмыстар нәтижелі жүруде. Кеше облыс әкімдігі білім басқармасының мәжіліс залында оқулықтың алғашқы нұсқасының таныстырылымы өтті. «Өлкетану. Жамбыл облысы» оқулығының мазмұнымен таныстыруға негізделген шараға жергілікті ғалымдар, кітапты құрастырушылар, өлкетанушылар мен әдіскерлер және практик-мұғалімдер қатысты.

5, 6, 7-сынып оқушыларына арналған «Өлкетану» оқулығының бағдарламасы 2017 жылы 10 тамызда Білім және ғылым министрлігімен бекітілген. Оқулық Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Өлкетану» курсы оқулығын әзірлеуге арналған әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жазылған екен. Бұл туралы жиынды ашып, жүргізіп отырған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова айтып өтті. – «Өлкетану» оқулығының жобасы облыс әкімдігінің жанынан құрылған редакциялық кеңесте, Білім және ғылым министрлігінің пәндік және эксперттік комиссияларында, авторлық жұмысшы тобының отырыстарында қаралып, талқыланды. Оқулықтың электронды нұсқасы 2018 жылдың наурыз айынан бастап облыстық білім басқармасының сайтына салынып, алдын ала пікірлер жинақталды, – деді Жәмила Елеуқызы. Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары, кітап авторы Бигелді Тәжібаевтың айтуынша, оқулықтың құрылымы «Қымбатты балалар!», «Кіріспе», «Қорытынды» сияқты бөлімдерге бөлінген. Сондай-ақ өлкенің тарихы, әдебиет, музыка, географиясына арналған тақырыптар да берілген. Облыстың Құрметті азаматы, жазушы-драматург Елен Әлімжан, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары Дархан Байдалиев, Зиба Құламанова және өзге де редакциялық кеңес мүшелері жарық көрген жаңа кітап туралы өз ойларымен бөлісті. «Алматыкітап» баспасынан шыққан «Өлкетану. Жамбыл облысы» оқулығында Әулиеата өңіріндегі тарихи тұлғалардың өмірі, Тараз топырағындағы тарихи ескерткіштер, жер-су атауларының тарихы толықтай қамтылған. Сондай-ақ аталған оқулықта Шерхан Мұртаза, Мырзатай Жолдасбеков, Асанәлі Әшімов, Өмірбек Байгелді сияқты жазушы, ғалым және мемлекет қайраткерлерімен қатар, ән әлеміндегі Ілия Жақанов, Алтынбек Қоразбаевтың да есімдері енген. Енді «Өлкетану» оқулығы облыс мектептерінде 5-сынып оқушыларына – 5, 6-сыныптарға – 7 және 7-сынып оқушыларына 8 сағат оқытылатын болады. Аталған оқулықтың жас жеткіншектердің Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география, музыка сабақтарында алған білімдері мен дағдыларын тереңдетуге ықпалы зор болары анық. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Екіншіден, азаматтық қоғаммен қарымқатынасты күшейтуі керек. Сол үшін агенттік биылдан бастап қызметкерлерді б а с қ а р у қ ы з м е т і н ж а ң ғ ы р т уд ы қолға алуда. Сонымен қатар бүгінде мемлекеттік қызметшінің мәртебесін арттыру және олардың әлеуметтік тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ету бағытында да жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік қызмет саласында «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң және мемлекеттік қызметшілердің Ә д е п код е кс і қ а б ы л д а н д ы . Ә д е п н о рма л а р ы н ы ң б ұ зу ш ы л ы қ т а р ы н алдын алуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған жаңа әдеп жөніндегі кеңес және әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді, – деген Равиль Тюлебаев қазіргі таңда Ұлт жоспары өз жемісін бере бастағанын, мемлекеттік қызметшілердің «әдепсіз» қылықтары азайғанын атап өтті. Жиында күн тәртібіндегі екінші мәселе – жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп н о р м а л а р ы н с а қ т ау ж ә н е Ә д е п жөніндегі уәкілдің өткен кезеңдегі атқарылған жұмысы туралы облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Олжас Ақылбаев баяндады. – Өткен жылдың екінші жарты жылдығында әдеп жөніндегі уәкілдер 90-ға жуық профилактикалық және түсіндіру жұмыст арын жүргізуге атсалысты, ағымдағы жылдың 6 айында 195 түсіндіру шарасы өткізілді. Сонымен қатар е септі кезеңде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 177 жеке консультативті көмек көрсетілді. Оның ішінде 104 мемлекеттік қызметші, 73 жеке және заңды тұлғалар бар, – деді

Олжас Ақылбаев. О л ж а с Б а қ ы т ұ л ы м е м л е ке т т і к қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілеріне қатысты т ү с ке н ө т і н і ш т е р д і ң ө с ке н і н д е жасырмады. Айталық, былтыр екінші жарты жылдықта 28 өтініш түссе, биыл алғашқы алты айда ол көрсеткіш 34-ке жеткен. Оның 3-еуі мемлекеттік қызметшілерден болс а, 31-і жеке және заңды тұлғалардың шағымы екен. Осыған байланысты тексерулер жүргізіліп, тиісті жауаптар берілген соң, 3 шағымданушының құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілген. Қала тұрғындарынан келіп түскен бейнежазбаларды зерделеу барысында қызметтік көлікті жеке мақс атқа пайдаланған бес жауапты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Бұдан соң Равиль Тюлебаев пен Төлеген Байғұлов Тараз қа ла лық мемлекеттік кірістер басқармасында болып, ондағы кәсіпкерлерді тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына атбасын бұрған олар, қызмет көрсету сапасын зерделеді. Тақырып аясында брифинг өткізіп, өңірде мемлекеттік қызметтерді к ө р с е т уд е с ы б а й л а с ж е м қ о р л ы қ әрекеттерін болдырмау бағытында атқарылып жатқан шара ларды т аразылады. Жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, ой-пікір алмасты. Агенттіктің департаменті мен орталық басшысының қатысуымен же р г і л і кт і ат қ а ру ш ы о р г а н д а рд а мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан тыс уақытта үстеме жұмысқа жегу және Тараз қаласының жергілікті полициясымен бірге қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдалану фактілерін барлау үшін рейд жүргізді.

ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕМІСІ

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ САЯБАҚ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

Ө

ңіріміздің рухани қазынасын байытуда атқарылып жатқан істерді естіп, көргенде облыс басшысына деген ризашылығымыз шексіз екенін алдымен айтқым келеді. Тарихқа, асыл тұлғаларымызға құрмет көрсету аса сауапты іс. Бабаларымыз сандаған ғасырлар бойы ұлан-байтақ жерімізді қорғап, жан-жақтан анталаған жауларымен қасық қандары қалғанша арпалысып өтті емес-пе?!. Әу бастан халқымыз армандаған тәуелсіздік жолындағы жүздеген көтерілістің бірегейі 1916 жылдан басталған ұлт-азаттық қозғалыстар екендігі ақиқат. 1916 жылдан тұп-тура 70 жыл өткен соң, 1986 жылы Желтоқсан көтерілісінің болуы – ұлтжанды жастарымыздың қайрат-жігерін әлемге танытты. Сондықтан да оларға әрқашанда құрмет көрсету парызымыз. Тәуелсіздігіміздің қасиетті баспалдағы болған Желтоқсан көтерілісіне биыл 32 жыл болады. Желтоқсан көтерілісі десе, алдымен Қайрат Рысқұлбековтің есімі аталады. Өйткені қасіретті Желтоқсан мен Қайратты бөліп-жаруға болмайды. Себебі Қайрат Желтоқсан көтерілісінің алтын діңгегі. Сондықтан Қайрат Рысқұлбеков көтеріліске қатысқан жастардың жиынтық бейнесі. Қитұрқы қиянатпен оған «адам өлтірді» деп, жала жауып, ең ауыр ату жазасын тағайындайды. Дейтұрғанмен өркениетті елдердің зиялы қауым өкілдері сол кездегі Кеңес одағының көсемдеріне Қайраттың жазасын жеңілдету туралы жеделхаттар жібергендіктен ауыр жаза амалсыздан 20 жылға ауыстырылады. М і н е , о с ы д а н ке й і н Же л то қ с а н көтерілісінің батыры Қайраттың ұстазы Сейіткерім Қожаназармен ақылдаса келе, қыршын боздақ Қайрат Рысқұлбековтің өнегелі ғұмыры мен ерліктерін жастарымызға жан-жақты насихаттай отыра оның рухын қастерлейтін іс-шаралар өткізіп тұруға 1991 жылы наурыз айында арнайы қор ашқанбыз. Содан бері өскелең ұрпақтарымызды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде біршама игі істер атқардық. Ол жөнінде баспасөз беттерінде жарияланып отырғандықтан тағы қайталауды жөн санамадым. Дегенмен мына жайларды оқырман назарына ұсына кеткен жөн шығар. Семейдің СЕ-165/ 1 түрмесінде 1988 жылы 21 мамырда құпия жағдайда қайтыс болған Қайраттың қазасының себепсалдарын анықтау мақсатында бірнеше жыл әуре-сарсаңға түсе жүріп, 1993 жылы 27 шілдеде оның мәйітін таңға жуық көрген дәрігер-сарапшы Болат Шалағановпен 21-камераға (бір түрме қызметкерінің айтуынша, камераның нөмірі ауыстырылған сияқты бірнеше азаматпен бірге кіріп, жанжақты пікірлесе келе, жас боздақтың өміріне қастандық жасалғанына көз жеткіздік. Содан бастап сең қозғалғандай болып, Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы

орта мектебінің ұстаздарымен жоғарыдағы құзырлы орындарға Ашық хат жолдадым. Ал 1996 жылы 9 желтоқсанда Президентіміздің Жарлығымен Қайрат Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы берілуі біздің ізденісімізге жаңаша рең, екпін берді. Ұлтжанды да өнегелі қасиеттерімен көзге түскен қазақ жастарына Қ.Рысқұлбеков атындағы сыйлық тағайындадық. Алғашқы сыйлықты 1993 жылы желтоқсан айында Омбыдағы қазақтың «Мөлдір» мәдени орталығының төрайымы Алтынай Жүнісоваға салтанатты түрде табыс еттік. Туған ауылы Бірлікте ескерткіш орнатылып, Гагарин көшесі, Алматы қаласындағы Обручев көшесі Қ.Рысқұлбековтің есіміне ауыстырылып, Астанадағы Ш.Құдайбердіұлы көшесімен Абылай хан даңғылы қиылысатын көшеге Қайраттың аты берілді. Өткен айда Тараз қаласына жолым түсіп, облыс баспасөзінің қара шаңырағы «Aq jol» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлына жолыққанымда: – Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы ертеректен мәселе көтеріп жүргеніңіз белгілі, уақытыңыз болса оның ескерткіші орналасқан жердегі саябағын көріп кеткеніңіз жөн болар еді, – деген-ді. Облыс орталығына әр келген сайын жас боздақтың ескерткішіне тоқтап, рухымен тілдесіп, сырласқандай болып кететінім үйреншікті әдетке айналғандықтан, қаламгер бауырымның айтқанын құп көрдім. Саябақ түгелдей қоршалып, техникалардың күшімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Екінші келгенімде Қ.Рысқұлбеков ескерткішінің маңына орналасқан мейрамхана қызметкерлерінің бірі Нүпбай Батырбек атты інішек облыс әкімі А.Мырзахметовтің саябақты асықпай аралап, өздерімен де тілдескенін айта келіп, Қайраттың ескерткіші жаңғыртыла қайтадан сомдалып, ішкері жағына салынатын сәулетті ғимараттың алдына қойылатындығы жайлы жасалынған эскиз-жоспарын көрсетті.

Құтты мекенім Төле би ауылына ерекше көтеріңкі көңілмен оралған маған жақында облыстағы белгілі қаламгердің бірі әрі мемлекеттік мұрағат қызметкері Мақұлбек Рысдәулет хабарласып, Қайрат Рысқұлбековке байланысты деректі құжаттар көшірмесін беруімді өтінді. Әрине, «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шаппақсың ба?» дегендей, уәделі ертеңгілік мерзімде қызмет орнында кездестік. Қайраттың өз қолымен түрмеден жазған хаттары мен басқа да құжаттарды алып барғанымда мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаевқа да кездестім. Ол аймақ басшысы А.Мырзахметовтің облыс орталығын көркейту, жаңарту жұмыстарын қолға алып жатқанын ерекше шабытпен әңгімеледі. Қ.Рысқұлбековтің ескерткіші де қайта жасалынып, салтанатпен ашылатын құрылыс үстіміздегі жылы аяқталатынын да айтты. Бұл – бүкіл желтоқсаншыларға, оның ішінде, Әулиеата өңірінен шыққан және еркіндік үшін бұлқынған жастарға деген құрмет. Сол бір ызғарлы Желтоқсан күндері алаңға шыққаны үшін түрменің қасіретті дәмін татқан шулық Қали Қамбаров, Қайрат Рахметов, Кенжебай Отарбаев пен Мойынқұм ауданы, Қамқалы ауылының тумасы Жанас Қуатбекұлы Арынбеков, Жамбыл ауданы бұрынғы Пионер ауылынан Жамбыл Тайжұмаев сияқты азаматтарға мәңгілік ескерткіш екенін жақсы түсіндім. Мұндай іске қалайша қуанбайсың?! Әрине, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, осының барлығы келешек ұрпағымызды отансүйгіштікке баулуда ауадай қажетті игі іс-шаралар екендігін басты назарға алған облыс әкімі Асқар Исабекұлына дән ризамыз. Жақсы істі біркісідей қолдаймыз. Бұл – бойға қуат, нұр құятын сауапты іс! Мәкен УАҚТЕГІ, Желтоқсан көтерілісін зерттеуші, ауданның Құрметті азаматы. Шу ауданы.

«СӘБИДІҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУ ҮШІН ЖАРАЛҒАН...» Альмира ОМАРОВА

Келешегіміз кемел болсын десек, балаларға жақсы тәрбие, сапалы білім бергеніміз абзал. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен өткізілетін «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасының мәні де осында. Жыл сайын жаңа оқу жылы басталарда партиялық жоба шеңберінде әр өңірде «Балаларды мектепке даярлаймыз» атты республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалы соның аясында қала маңындағы саяжайларда, бөлімдерде, фермаларда қадағалаусыз жүрген және панасыз қалған жеткіншектерді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан оқушыларды анықтау мақсатында рейд ұйымдастырды. Алғашқы тексеріс «Құмшағал» және «Шөлдала» шағын аудандарында жүргізілді. Рейд барысында бірнеше отбасына барған топ өкілдері мектеп жасындағы балалары болса, демеушілерді тарту арқылы киім-кешек, құрал-саймандарын алуға көмек берілетінін түсіндірді. Біз бас сұққан шаңырақтардағы балалардың басым бөлігі әкесіз өсіп жатқан көрінеді. Ал көп балалы аналардың дені жұмыссыздар қатарында екен. Содан болар, олар қолұшын созып, көмектесеміз деген ұсыныстан бас тартпады. Базардағы баға ырық бермей ме, жұмыссыздық қолды байлай ма, қазір намысқа тырысып, көмектесеміз дегендерден ат-тонын ала қашатындар азайған. Тиісті мекемелерден қатысқан мамандардың да пікірі осыны растап отыр. Олардың айтуынша, қазір жағдайы бар бола тұра, материалдық көмек алсам деп келетін жандардың қарасы басым. Осындайда қолымыздан келген жұмысты иіріп әкетіп, бауыр етіміз балаларымызды көрінгенге жәутеңдетпей, балдырғандарға жақсы үлгі көрсетсек, дегің-ақ келеді. Тараз қаласы.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АУДАН ӘКІМІНЕ АЙТАРЫ КӨП Өткен айда аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев 2 рет «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдаған болатын. Аудан жұртшылығының партия филиалының төрағасына айтары көп екен. Рахматілдә Сегізбайұлы түрлі жағдайлармен тірлігін шеше алмай жүрген азаматтардың өтініш-тілектерін жазып алып, тиімді шешім қабылдаудың жолдарын қарастырды. Қоғамдық қабылдауға Сарыкемер ауылының тұрғыны Нұржамал Бекболатова тұрғын үй салуға жер телімін сұрай келген екен. Өтініш иесіне жер телімі 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармақшасына сәйкес және тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынып, бөліп берілетін алаңдар дайын болған кезде берілетіні түсіндірілді. Ауданда қазір тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері Жаңатұрмыс ауылдық округінде ғана берілуде. Онда құрылыс салуға қажетті инфрақұрылым жүйесі тартылған. Жалпы ауданда тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін бөлу мәселесі өте өзекті. Аудан бойынша 4 мыңнан аса азамат баспана кезегінде тұр. Тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде үш округте жер бөлініп, қазіргі кезде инфрақұрылым жүйесі тартылуда және басқа округтер бойынша шекарасын кеңейту шаралары қолға алынған. Тиісті жұмыстар атқарылған соң кезектегілерге өтініштеріне қарай жер телімі беріле бастайды. Сонда жеке тұрғын үй салуға ниетті, кезекке 2006 жылы 114ші болып тұрған Мақсұт Уразбаев сынды азаматтардың тілегі орындалатыны анық. Ауданда жер теліміне қатысты туындаған мәселе бұл ғана емес екен. «Тайсенгиров» шаруа қожалығының басшысы Булат Махамбетұлы мешіт салу үшін берілген жер телімі құрылыс бастауға қолайсыз болғандықтан басқа жерге ауыстыруды сұрауда. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Төлеген Бибосыновтың айтуынша, оны орындау мүмкін болғанымен, құжат мәселесін шешу ұзаққа созылып кететін көрінеді. Қоғамдық қабылдауда жеке мәселе ғана емес, тұрғындарға ортақ дүниелерді көтергендер де болды. Мәселен, түймекенттік Шуақбай Бекниязов Қосақ ауылынан Сарыкемер мектеп-гимназиясына дейін баратын жолды асфальттауды сұрады. Ал Бекен Сапақов Қосақ ауылына қоғамдық көлік жүргізілсе деген өтініш айтты. Бір қуанатыны, қосақтықтардың тілегі көп ұзамай орындалатын болды. Аудан орталығынан осы ауылға қыркүйек айынан бастап қоғамдық көлік қатынамақшы. Ал сарыкемерлік Гүлжан Бекмұхамедова аудан әкімінен жұмысқа орналасуға ықпал етуді өтінді. Қазіргі еңбек нарығындағы қалыптасқан ахуал осындай шығар, ауданда биология пәнінің мұғалімдеріне сұраныс жоқ екен. Ал жұмыс іздеген жастың мамандығы – биолог көрінеді. Осыны ескерген Рахматілдә Рахманбердиев аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шары Әбдірәсіловке бүгінде аудан көлемінде қандай педагогтерге сұраныс артып отырғанын зерделеуді т апсырып, Гүлжан Бекмұхамедоваға «Жаст ар тәжірибесін» пайдалануды ұсынды. Еңбек нарығындағы теңсіздік жұмыссыздықтың өсуіне әкелетіні белгілі. Әйтпесе білдей дипломы бар маманның жұмысқа орналаса алмауы мүмкін бе?! Мұхтар МАНКЕЕВ, Гүлшаһар ӘБДІҚҰЛОВА, журналист. Байзақ ауданы.


ЕРТЕҢ – ҚҰРЫЛЫСШЫ КҮНІ

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында тұрғындардың мейлінше қолайлы жағдайлар жасалынған, әрі қолжетімді б а с п а н а м е н қ а м т а ма с ы з е т і л у і н е , ә л ауқаттарының жақсара түсуіне қызмет етіп келе жатқан қоғамдағы айрықша маңызға ие, әлеуетті саланың бірі – құрылыс ісі екені белгілі. Ал құрыш қолды құрылысшыларға қайда да сұраныс бар. Бұл бүгінде еліміздегі ең қажетті де құрметті мамандыққа айналып отыр. Олардың қажырлы еңбектері әрқашанда құрметтеуге лайық. Сондықтан да болар жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісі елімізде «Құрылысшы күні» болып бекітілген. Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында «Біз Қазақстанды Еуразияның ірі көлік торабына айналдырамыз. 10 жыл ішінде 16000 километрге жуық республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын төсейміз. Таяудағы бес жыл ішінде бүкіл ел бойынша 400 жаңа мектеп, оның ішінде 20 «Назарбаев зияткерлік мектептері» салынатынын ерекше атап көрсеткені белгілі. Қазіргі уақытта бұл міндеттің үдесінен шығып, қыруар тірліктер тындырдық десе де болады. Елімізде, оның ішінде өңірімізде де ел игілігіне қызмет ететін бірегей нысандар құрылысшылар қолымен бой көтеруде. Құрылыстың, әсіресе тәуелсіздік жылдарында ерекше қарқын алғаны баршаға мәлім. Осы уақыт ішінде өңірімізде көптеген іргелі істер жүзеге асырылып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салынып, ел игілігіне берілуде. Соңғы жылдары облыс орталығында да түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеріп, инфрақұрылымдық құрылымдардың жетілдірілуі қала ажарын одан әрі аша түсуде. Мұның барлығы да, әрине, қыруар қаржыға түсетіні белгілі. Бұл ретте республикалық, облыстық бюджеттерден бөлінетін қаражат көлемі де едәуір артып, нәтижесінде өңірімізде құрылыс ісі қанатын кеңге жаюда. Атап айтқанда, биыл облыс бойынша барлығы 107 нысанның құрылысына 29,1 миллиард

3

EKONOMIKA

www.aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

теңге бөлініп отыр. Ағымдағы жылдың алты айына қарастырылған 15,72 миллиард теңге қаражаттың 15,67 миллиард теңгесі игеріліп, барлығы 13 нысан пайдалануға тапсырылды. Кезек күттірмейтін және күн тәртібінен түспейтін саланың бірі білім саласы дейтін болсақ, бұл бағытта биыл 20 нысанның құрылыс жұмыстарына және 2 жобалық -сметалық құжаттама әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 4,37 миллиард теңге қаражат бөлінгенін атап өткен жөн. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне

Есет ДОСАЛЫ

ЖАЮДА

қарастырылған 2,69 миллиард теңге қаражат толығымен игерілді. Бір нысан – Жуалы ауданы Қасқабұлақ ауылындағы 120 орындық орта мектептің ғимараты пайдалануға әзір. Ал денсаулық саласы бойынша 10 нысанның құрылысын жүргізуге және 8 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен 1,42 миллиард теңге бөлінсе, оның бүгінгі күні 1 шілдеге дейін қарастырылған 198,8 миллион теңгесі толығымен игерілді. Сондай-ақ 20 нысан салуға және екі

жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге ре спубликалық және облыстық бюджет есебінен 7,23 миллиард теңге бөлінуі де өңіріміздегі тұрғын үй құрылысының кең қанат жаюына септесті. Оның ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қарастырылған 4,32 миллион теңгесі толығымен игеріліп, 5 нысан – Қаратау қаласында – 4, Жаңатас қаласында 1 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Осы ретте бүгінгі күні биыл құрылыс жұмыстары қолға алынған нысандардың біреуі инжинерлік жүйелермен қамтамасыз ету, 5-еуі спорт саласы, біразы елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету бойынша пайдалануға беріліп отыр. Биыл бұдан бөлек 70 ауылдық елді мекеннің су қорын іздеу-барлау жұмыстарын аяқтау және 48 ауылдық елді мекенде су қорын іздеубарлау жұмыстарын бастау қарастырылып, бұл мақсатқа 631,209 миллион теңге бөлінген болатын. Бүгінгі таңда қарастырылған қаражаттың 246,5 миллион теңгесі толығымен игерілді. Бұдан өзге де құрылыстар қарқынды жүргізіліп, қала мен ауылдық елді мекендер сәні мен сәулетін арттыруда. Әрине, мұның барлығында да құрылысшы қауымының еткен еңбегі, төккен тері өлшеусіз екені анық. Тас қалаушылардан бастап, сәулетшілер, дизайнерлер, прорабтарға дейінгі әлеуетті буынның Елбасы алға қойған міндеттер мен тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуы жолында жұмыла тірлік етуінің жемісі де мол болуда. Олар ел дамуы мен адамдардың өмір сүру сапасы деңгейінің артуына айрықша ықпал етеді. Құрыш қолды құрылысшылардың қажырлы еңбектерінің арқасында жаңа құрылыс нысандары көптеп бой көтеріп, өңірді индустрияландыру ісі де өркендеп, өрісін кеңге жая бермек. Әділет АХАТАЕВ, облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

АСТАНАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

МЕРЕКЕ МЕЗІРЕТІ

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ШЕБЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

11 тамыз, 2018 жыл

ЖАМБЫЛДЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІГІ ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ҚҰРУ ЖОСПАРЛАНУДА Баймаханбет АХМЕТ Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Аспандияр Сейсебаев мәлімдеді. Ол палатаның Тараз қаласында бизнестік қауымдастыққа жеңілдетілген тарифпен жалға берілетін индустриялық және шағын индустриялық аймақтар құру бойынша бастамасын жан-жақты таныстыру басқосудың негізгі мақсаты екенін де атап өтті. Облысымызда бүгінде өндірістік секторды дамыту өңірдің бизнес-климатын жақсарту бойынша негізгі бағыт ретінде қарастырылып отыр. Осыған байланысты палата тарапынан экономикалық салалардағы шағын және орта бизнес құрылымдары арасында сауалнама жүргізілген екен. Соның нәтижесінде жобаларды жүзеге асыру немесе жаңа өндіріс орындарын дамыту мәселесінде бос өндірістік алаңдарға сұраныс жоғары болғанымен, осы ретте 0,5-2 гектар аралығындағы шағын жер телімдерінің тапшылығы, дайын алаңдар мен азық-түлік, жиһаз бен аяқ киім өндірістерінде қолданылатын құрал-жабдықтар кешені фурнитурасын, көліктік логистиканы қалыптастырудың кемшіндігі, жеңілдетілген талаптарда коммуникация жеңілдігінің қарастырылмауы секілді кедергілер де бар екендігі анықталған. Қалыптасқан күрделі жағдайдан шығудың бірден-бір жолы – өндірістік бизнесті кейбір кәсіпкерлік нысандары меншігіндегі жұмысы тоқтап тұрған өндіріс орындарына, бос тұрған немесе екінші деңгейлі банктер алымшыларының мүліктік проблемалары бар ғимараттарына орналастыру болып отыр. Бүгінгі күні облыстағы шағын кәсіпкерлік иелерін қолдау үшін өңірде құрылатын шағын индустриялық аймақт арда жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік бизне сі қалыптастырылып, олардың талапқа сай жарақтандырылып, материалдық-техникалық әлеуетін арттыруға да жол ашылады деп күтілуде. Өндіріс саласындағы кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамытуға жұмсалатын қаражат көлемі 15-30 миллион теңге аралығында болмақ. Бұл бизнестің жұмысын жеңілдетеді. Мәселен, кәсіпкер несие алып, өндіріс ісімен айналысуға ниет етті делік. Алайда ол өзінің өндірісін қайда, қалай орналастыруды білмейді. Тіпті ынталылықпен жұмыс істеуге қабілетті кәсіпкерлер де қымбат ғимаратты немесе орынды жалға алуға мәжбүр. Ал ол ғимараттардың инфрақұрылымы жоқ, немесе құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес емес болуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда кәсіпкер қайдан қолдау іздеуі керек? Әрине, бизнестің қандай түрін болсын өрістетудің оңтайлы мүмкіндігі – олардың басты өндірістік қуатын бос тұрған немесе жұмысы тоқтап тұрған ғимараттарда орналастырып, жеңілдетілген шартпен, барлық қажетті инфрақұрылыммен қамту. – Бүгінде қала әкімдігімен бос орындарды бірлесе іздеу және оның жалпы тізілімін түзу жұмыстары басталып та кетті. Онда жалға берудегі жеңілдетілген тарифтер, икемді баға саясаты, дамыған инфрақұрылым және де бизнестің дамуына ықпал ететін жеңілдіктер қарастырылған. Кәсіпкерлер палатасы жобаларды жүзеге асыруға жанжақты көмек көрсетуге және сүйемелдеуге ниетті. Қолдау, көмектер қатарында қатысушылар үшін тегін заңгерлік және бухгалтерлік қызмет көрсету, қаржыландыру мәселесінде жәрдем беру, «Атамекен» бизнес-мектебінде оқыту, ақпараттық және PR-қолдаулар ұсыну, сондай-ақ өнімдерді өткеру бар, – деп атап өтті Аспандияр Мұратәліұлы.

ЖАҢҒЫРТЫЛАТЫН ЖӘНЕ ЖАҢАДАН САЛЫНАТЫН НЫСАНДАР БАРШЫЛЫҚ Құрылысшылардың кәсіби мерекесіне орай «Баласағұн» орталық концерт залында салтанатты жиын өтті. Шарада облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев сөз сөйлеп, талай зәулім ғимаратта алақанының ізі қалған осы сала өкілдерін мерекесімен құттықтады. Оның айтуынша, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қолдауымен биыл өңірімізде 28 миллиард теңгеге 107 нысанның құрылысын жүргізу көзделген, оның 90-ы жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда. Оның ішінде 20 тұрғын үй, 10 денсаулық сақтау, 10 білім, 31 инженерлік құрылым нысандары бар. Кейінгі алты айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 18,8 пайызға, тұрғын үй құрылысы 4,3 пайызға өскен. Астана қаласының 20 жылдығына орай бас қаланың «Достық» даңғылына 13 шақырым веложолдың салынуында да жамбылдық құрылысшылардың қомақты үлесі бар. «Алдағы уақытта облыста 37 тарихи-мәдени жоба іске қосылып, 15-шағын ауданда Салтанат сарайы, Неке сарайы, Қаржы оталықтары салынады. «Шахристан» орталығында өлкетану мұражайы, қолөнер шеберлерінің галереясы бой көтермек. Талас өзенінің бойынан «Демалыс» саябағы салынып, Қ.Рысқұлбеков атындағы, «Жастар» саябақтары жөнделеді. «Жеңіс» саябағының екінші бөлігіне күрделі жөндеу жүргізіледі. 10 миллиард теңге облыстағы автокөлік жолдарын жөндеуге қарастырылады. Облыс тұрғындары жүргізілген құрылыстардағы жаңа стандарт пен жаңа дизайндарға көңіл бөлуде. Осы жаңа ғимараттардың қаланған әр кірпішінде сіздердің қомақты үлестеріңіз бар. Қадірлі құрылысшылар, сіздерді мерекелеріңізбен шын көңілден құттықтаймын. Алдағы уақытта да өңірді көркейту жолында бірге еңбек ете беретінімізге сенімдімін», – деді Е.Дауылбаев. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары бірқатар мереке иелеріне марапат тапсырды. Атап айтқанда құрылыс саласының ардагерлері Қасым Шымыр ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы төсбелгісіне, Асан Битабаров «Құрметті құрылысшы» атағына ие болды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрмет грамотасына «Айя-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мая Молдабекова, Алғыс хатына құрылыс саласының өкілі Қайрат Жүнісбеков ие болды. Сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасымен «Агроспецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Марат Рахымбердиев, «Нұртұрсын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Талғат Тұрсынмұратов, құрылысшы Ғасырбек Бекбердиев марапатталды. Сондай-ақ кәсіби мереке иелерін облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов құттықтап, бірқатар озаттарға облыстың және Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамоталарын табыс етті. Мұнан соң құрылыс саласының ардагері Көпбосын Дүйсенбиев, «Айя-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мая Молдабекова сөз сөйлеп, әріптестерін мерекемен құттықтап, алдағы уақытта ел экономикасын көтеру жолында еселі еңбек ете беруге шақырды. Жиын соңы облыстық филармония ұжымы әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Баймаханбет АХМЕТ Өңірлік коммуникациялар қызметінде жобалықсметалық құжаттамаларды сараптамадан өткізуге байланысты мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту, жобаларды сараптауды бәсекелестік ортаға беру жөнінде баспасөз мәслихаты өтті.

(Басы 1-бетте). Облыс экономикасы негізінен мал және егін шаруашылығына негізделгені белгілі. Көптеген дақылдар мен көкөністер ө з же р і м і зд е ө с ед і . А л а жаздай тер төгіп, еңбек етіп, қысқы азығын жинап алуға ұмтылатын шаруа қожалықтар көп. Дегенмен күз мезгілінде ғана көкөністер бағасы аздап арзандау болғанымен, одан кейін бірден шарықтап шыға келеді. Біз осыны ескеріп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында күз-қыс айларында жәрмеңке өткіземіз. Биыл облыс бойынша жыл басынан бері 102 жәрмеңке өткізілді. Жалпы көлемі 255 миллион теңгенің 937,2 тонна өнімі сатылымға шығарылды. Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесінің бойында облыстық деңгейде кеңейтілген 1 жәрмеңке өткізіліп, онда 74,5 миллион теңгенің 139,9 тонна, атап айтсақ, 16 тонна ет, 10,2 тонна сүт, 5 тонна шұжық, 7 мың жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 10 тонна қант, 3,5 тонна өсімдік майы, 1,5 тонна балық, 2 тонна бал, 1 тонна кондитерлік өнімдер және 2 тонна макарон өнімдері, 0,2 тонна тұз, 1 тонна кептірілген жеміс және 70,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс тұрғындарға төмен бағада үлестірілді. Жәрмеңкенің пайдасын тәптіштеп айтып жатудың өзі артық. Бұл тұтынушыға да, тауар өндірушіге де тиімді. Өндірушілер тауарын делдалсыз өткізеді. Қаламыздағы коммуналдық базарда өткен жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері 16,4 миллион теңгені құрайтын

25,5 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін сатылымға шығарды. Сонымен қатар жақын күндері Елорданың 20 жылдығына о р а й Ас т а н а қ а л а с ы н д а ө т к і з і л і п ж а т қ а н ау ы л шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесіне аудандар мен Тараз қаласының тауар өндірушілері қатысып қайтты. Жәрмеңкеде жалпы құны 121,6 миллион теңгені қ ұ р а й т ы н 3 6 5 , 7 то н н а ау ы л шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағасынан нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен болды. Берік НЫҒМАШЕВ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Жиында басты әңгіме арқауы болған мәселелерге байланысты облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ә.Ахатаев жан-жақты түсіндірме берді. Оның айтуынша, жобаларды сараптауды бәсекелестік ортаға беру бойынша бүгінгі күні жалпы елімізде аккредиттеуден өткен 123 эксперттік ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 6-ауы Жамбыл облысында тіркелген. Олар сараптамадан өткізуді ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі №299 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады. Ал өңірімізде 2017-2018 жылдары техникалық және технологиялық жағынан қиын емес II және III деңгейлі ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалар саны – 183-ті құрайды екен. Бүгінде жоғарыда аталған басқарма бюджеттік әкімшісі болып табылатын 282 жобалық-сметалық құжаттама əзірлену үстінде. Оның ішінде 147-сі биыл, қалған 135-і мұның алдындағы жылдары басталған. Әділет Бегалыұлы, сондай-ақ облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасына сәйкес Тараз қаласының бір өзінде 27 нысанның мәдени-демалыс бағытындағы 10-ы қайта жаңғыртылатынын, 4-еуінің айналатөңірегі абаттандырылатынын, жаңадан сағат стелласы орнатылып, Талас өзені жағалауында демалыс аймағы, даңқты спортшылар, түлектер, «Даңқ» залы аллеялары, Тектұрмас кесенесі аумағында тарихи кешен, А.Әшімов атындағы өнер орталығы, 1000 келушіге арналған Салтанат, Оқушылар сарайы, облыстық өлкетану мұражайы, көрме павильоны, жазғы фестиваль және 745 көрерменге арналған спорттық гимнастика кешендері, 2000 көрерменге арналған жеңіл атлетика манежі салынатынын атап өтті. «Бүгінде аталған құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде», – деді ол. Сонымен қатар салалық бөліністегі жобалардың 46сы ауызсу, 26-сы тұрғын үй, 76-сы инфрақұрылым, 41-і білім, 23-і денсаулық сақтау, 9-ы спорт, 16-сы мәдениет, 30-ы ауыл шаруашылығы салалары бойынша жүзеге асырылмақ екен. Бұдан басқа 6 мемлекеттік нысан жобасы қарастырылған. Басқосу барысында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жан-жақты жауаптар қайтарылды.


4

BІLІM

11 тамыз, 2018 жыл

www. aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ҚАРСАҢЫНДА БИЫЛ ҚЫРКҮЙЕКТЕ КӨРШІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРІНДЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ ОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСПЕН ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛА БАСТАЙДЫ. ОСЫЛАЙША ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА ҚАРАЙ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСУ ЖАҒДАЙЫ ЖОҒАРЫ ҚАЛАЛАРҒА ЕНГІЗІЛМЕКШІ. ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ БҰЛ ЖАҒЫНАН ӘЗІРГЕ ҚАЛЫС ҚАЛЫП ЖАТСА ДА, СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ӨҢІРІМІЗДЕ ЖЕКЕМЕНШІК БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖЕЛІСІ ДАМИ БАСТАДЫ. ӘСІРЕСЕ ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН БАЛАБАҚШАЛАР МЕН ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ САНЫ АРТУДА. АЛ МЕКТЕПКЕ КЕЛСЕК, БҰҒАН ДЕЙІН ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЖАЛҒЫЗ «ІНЖУ» БІЛІМ ОШАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН. 2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БҰЛ ҚАТАРҒА «A-STATUS» БАЛАБАҚШАМЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ҚОСЫЛДЫ. МЫҚТЫ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ БАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІ БІЛІКТІ КАДРЛАРДЫ ЖИНАП, БІР ҒАНА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАҚСЫ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ. БИЫЛҒЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ДА АТА-АНАЛАР МЕН ТАРАЗДЫҚ БАЛҒЫНДАРДЫ ЖАҒЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰРҒАН КӨРІНЕДІ. ОЛ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚ? ЖАЛПЫ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ЖЕЛІСІН ДАМЫТУ ОҚЫТУДЫҢ ОРТА САТЫСЫНА ҚАНДАЙ СЕРПІН ӘКЕЛЕДІ? ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТӨҢІРЕГІНДЕ БІЛІМ МЕКЕМЕСІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ, «РЫСБАЕВА ЖӘНЕ КО» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ СӘУЛЕ РЫСБАЕВАМЕН СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

– Сәуле Мақшанқызы, соңғы жылдары өңірімізде жекеменшікмемлекеттік әріптестік негізінде балабақшалар көбірек ашыла бастағаны рас. Бірақ басқа облыстармен салыстырғанда, Жамбыл жерінде жекеменшік мектеп жоқтың-қасы. Әрі балабақша, әрі мектеп-гимназия ашып, оның жұмысын жүргізу оңайға соқпаған шығар? – Тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып жатқанымен, қоғамдық сана нарықтық жүйеге толық бейімделген жоқ. Шетелде жақсы сервис, сапалы қызмет көрсететін орталық іздесе, алдымен қаржысына қарайды. Кейбір дамушы елдердің ішкі экономикасының тұрақтылығы қызмет көрсету саласына басымдық беруіне байланысты. Жалпы талап болған жерде, соған сай мүмкіншілік те жасалуы керек. Сондықтан Елбасы Н.Назарбаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік желісін дамытуды тапсырып отыр. Кәсіпкерлердің, бизнесмендердің ж а ғ д а й ы ке л е м е , т а л а п қ а с а й жекеменшік білім мекемелерін ашсын, өз жерлестеріне, өскелең ұрпақтың білім алуына жағдай жасасын. Ал оған жұмсалған қаржы мемлекет тарапынан кезең-кезеңімен қайта қайтарылады. Бұл – тек мектепке дейінгі мекемелерге қатысты талап емес. Орын тапшылығын жою үшін мектеп те салуға жол ашық. Ал оны жан басына қаржыландыру үшін сіз тұратын қала «миллионер» болуы керек. Осындай жағдайларды және Жамбыл өңірінің экономикалық жағдайын ескерсек, маған Тараздан мектеп-гимназия ашу – өте тиімсіз еді. Соны айтып, бұл істі Алматыда, Астанада бастауды ұсынғандар да болды. Бірақ мен асқан патриотпын, сондықтан қаржылық қиындықтардың көп кездесетінін біле тұра, өз жерлестеріме, жамбылдық жеткіншектердің сапалы білім алуына жағдай жасауға ұмтылдым. Біз бастапқыда балабақша, мектепалды даярлық сыныбы, бірқатар базалық пәндер және өнер үйірмелері бойынша қосымша білім беруді қолға алған едік. Кейін несие алып, екі қабатты жаңа мектеп салдық. Сөйтіп былтыр қыркүйекте «A-Status» орталығы екі қабатты жаңа ғимаратқа қоныстанғалы кешенді жұмыс жүргізе бастады. Яғни мектепке дейінгі тәрбие берумен қатар, қазір бұл орталық мектеп-гимназияға

Сәуле РЫСБАЕВА, «Рысбаева және Ко» ЖШС-ның директоры.

«A-STATUS» ОЙЫ ОЗЫҚ ЖҰРТ АРМАНДАҒАН БІЛІМ ОШАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

айналды. Рас, алғашқыда «A-Status»-қа балғындарды тартып, ата-аналардың назарын аудару оңай болған жоқ. Бұл істі мектепке мықты директор, білікті-білімді ұстаздар тартудан бастадым. Себебі қазіргі кезде тәжірибелі педагогті атааналардың өздері іздеп табады. – Облыс әкімі Асқар Мырзахметов мектеп-гимназияны аралап көргеннен кейін, биыл жаңадан ашылатын жекеменшік білім мекемелеріне «A-Status» кешенінің жобасын үлгі ретінде қолдануды ұсынған еді. Балабақша, мектепалды даярлық, мектеп-гимназия... Мектептен тыс сабақтар мен үйірмелері тағы бар. Бір сөзбен айтқанда, бала қабілетін үздіксіз дамытуға мүмкіндік беретін білім мекемесі... – Өткен оқу жылында балабақшаны қоспағанда 1-6-сынып аралығында 170ке жуық бала білім алды. Жаңа кешенде интерактивті тақта, компьютерлермен жабдықталған, робототехника негіздерін үйрететін сынып, шахмат, бірнеше өнер үйірмелері бар. Балғындар өз таңдаулары бойынша бес үйірмеге жалпы оқу ақысы негізінде, сабақтан тыс мезгілде қатыса алады. Қалған екеуіне қосымша ақы төлейді. АКТ, спорт залдары бар. Жеткіншектерге спорттың б і р н е ш е т ү р і м е н , т а э к во н д ом е н шұғылдануға мүмкіндік жасалған. Оқу кешені жобасының негізгі ерекшелігі де осында. Балабақшада да, мектепте де балалардың сабақтан тыс уақытын пайдалы іске бағыттау жоспарланған. Мұнда балғындар үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Бәрі бір ғана кешеннің ішінде. Бастысы балабақшадан кейін балаларға жаңа ортаға қайта бейімделуге тура келмейді. Білім және тәрбие беру үдерісі үзіліссіз жүреді. Ертеңгі сағат 8.30-дан басталатын сабақ кешкі 18.00-ге дейін жалғасады. Балабақша бүлдіршіндері – 5, мектеп оқушылары 4 мезгіл тамақтандырылады. Оқушыларға қосымша үйірмелерге қ ат ы с у ғ а м ү м к і н д і к м о л . Б і зд і ң мақсатымыз – балғындар кішкентай кезінен бір ортаға үйреніп, үш тілде білім алып, 6-сыныпты бітіргенде облыстағы үздік білім ошақтары – Назарбаев зияткерлік мектебіне, «Білім-Инновация», «Дарын» мектеп-интернаттарына түсуге дайындау. – Жан басына қаржыландыру жүйесін енгізудегі басты мақсат – білім мекемелері арасындағы бәсекелестікті

арттыру екені белгілі. Ал мектеп мәртебесі білікті мұғалімдерімен өлшенеді. Бүгінгі орта білім сатысына кезең-кезеңімен енгізіліп жатқан жаңартылған білім беру мазмұнынан күтілетін түпкі нәтиже де бір – білім сапасын көтеру. Білім беру үдерісіндегі осы жаңалықтар оған қаншалықты әсер етеді деп ойлайсыз? – Білім беру үдерісіндегі жаңалықтардың бәрі осы салада үлкен жетістікке жеткен елдердің оқыту үдерісін зерттеп, саралау арқылы ұсынылған жүйе. Жақында мен Финляндияға барып, олардың тәжірибесімен танысып қайттым. Бұл «Astana Garden school» деген ұйымның бастамасы болды. Осы ұйымға шетелде білім алған магистрант жастар топтасқан екен. Олар отандық

мәртебесін көтеру туралы талапты бекер қойып отырмағанын түсіндім. Б ұ л е л д е м ұ ғ а л і м ә р б і р ө т ке н сабағы үшін есеп бермейді. Жылдық сабақ жоспарын жазбайды. Олардың жұмысының нәтиже сі балалардың білімімен анықталады. Оқушылар белгілі бір уақытта тест тапсырып отырады екен. Содан кейін көзімізге оттай басылғаны – сонау кеңестік жүйедегідей еңбек және дене шынықтыру сабақтарына баса көңіл бөлінетіні. Қазір бізде осы пәндер оқушылар бос сандалып жүріп өткізетін сабақтарға айналып кетті емес пе?! Еңбек сабағына арнайы кіріп көрдім. Сондағы көргенім – еңбек пәні кабинеті емес, кәдімгі кішігірім кәсіпорын. Білім алушыларға өз бетінше үйреніп, өнім шығаруға еркіндік берілген. Үлкен орама

білім саласын көтеруді көздейтін білім орталықтарының басшыларына Финляндияның білім беру жүйесімен танысуға мүмкіндік туғызды. Финляндия мен Эстония елдеріндегі білім беру жүйесі PISA зерттеуі бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа енгені белгілі. Сондықтан мен осы мемлекеттерде сабақ қалай оқытылатынын зерделеп, көргенімді көкейге түйіп қайтуды ойладым. Бұрын интернеттен видеороликтерін көргенмін. «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» дейді ғой. Мектептерін аралап, негізгі жұмыстарымен танысқанда көзім жеткен бірнәрсеге ерекше тоқталғым келеді. Бұл – білім берудегі негізгі жетістік жүйенің өзгешелігінде емес, ол осы елдегі мұғалімге деген құрметтің жоғарылығында екен. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы сала басшыларына ұстаз

маталардың түр-түрі бар. Түрлі құралсайман, құрылғылар қойылған. Көбіне ол кабинеттер мектептің шатырына орналасады екен және жиырма-отыз бала, бірнеше класс жиналып, жұмыс істей береді екен. Бастысы баланың өзін-өзі еркін басқаруына бағытталған іс-шара көп. Қазақстандық қоғамдағы қалыптасқан көзқарас бізді ысырапшылдыққа итермелейді екен. Шамасы еліміз үнемшілдік жағынан ең соңғы орында шығар. Финляндияда жүріп, біздің кісі еңбегін бағаламайтындығымыздың өзі үнем жасауымызға кедергі келтіреді деп ой түйдім. Бір ғана мысал келтірейін. Бір университетті 20 жыл бойы басқарып келе жатқан басшы бізді асханаға апарды. Мұғалімдері кезекке қалай тұрса, ол да соны істеді. Тамақтанып

б ол ғ а н с о ң , ы д ы с т а р ы н ж и н ап , тамақ қалдықтарын бөлек жәшікке, қолданылған ыдыстарды, майлық қағаздарды да апарып, арнайы қойылған жеке-жеке жәшіктерге бөліп салып жатты. Сөйтсек әркім өзі үшін қызмет ететіндіктен, бір мезгілде мыңдаған адам түстенетін асханада бір ғана ыдыс жуушы жұмыс істейді екен. Финляндияда ұстазға деген құрмет ерекше екеніне көзіміз жетті және мектептердегі үзілістің өзінде үлкен айырмашылық бар екен. Бізде 5, 10, 15 минуттық демалыс уақыты бөлінеді ғой. Ал ол жақта үлкен үзіліс 20 минуттан. Олар сол аралықта бірталай істі бітіреді. Бұзық балалармен де сөйлесіп, түрлі ойындар ойнайды, тіптен қысқа метражды фильмді көруге болады. Әр бала өздерін сол мектептің егелеріндей сезінетін сияқты. Өзін-өзі басқара алады. Төменгі сыныптан жоғары сыныптағыларға дейін солай. Бір спорт залда екі сынып сабақтарын еркін өте береді. Уақыт та үнемдеулі. Бұл елде балабақша мұғалімдерін дайындайтын институттың ішінде арнайы база, яғни кәдімгі балабақша бар екен. Сол жерге ата-аналар түске дейін немесе түстен кейін төрт сағатқа балаларын әкеліп қалдырып кететін көрінеді. Болашақ мамандарға дайын тәжірибе алаңы. Содан кейінгі таңғалдырғаны – педагогтерге деген сұраныс жоғары. Мұғалімдікке деген талпыныс пен талап зор. Бірақ мемлекетте салық мөлшері де өте жоғары. Айына 3200 еуро жалақы алатын мұғалімдер бар. Соның қырық пайызға жуығы мемлекетке салық төлеуге кететін көрінеді. Бізде сыныптарға, дәлізге іліп қою үшін ұсынылатын көрнекіліктер көп қой. Ал ол жақта ондай мүлдем жоқ. Тіптен мектептің маңдайшасына аты да жазылмайды. Жолдың бойына ғана осы жерде мынадай мектеп бар деген белгі ілінген. – Бұл елде білім беру бағдарламалары жиі өзгере ме екен? – Оқу жүйе сі міндетті түрде мемлекеттік стандартқа сай жүреді екен. Біздің елімізде енді қолданысқа енгізіліп жатқан жүйеге ерте өтіп қойған. Оқушының сабақ үлгерімін бағалау жүйесі де сондай. Мұғалім балаға бағаны күнде қоя ма, әлде қоймай ма өзі шешеді. Ал нәтижесі жоғары. Жоспарлы, жоспарсыз тексеру деген жоқ. Мектеп басшысы сол қызметке келу үшін екі жылға жуық арнайы психология мен есеп-қисапты

үйрену дайындығынан өтіп, оларға басқару жұмысын қалай жүргізуді оқытатын көрінеді. – Жекеменшік мектебіңіз бар. Шетелдің оқыту жүйесіндегі өзгешелікті көріп-біліп келдіңіз. Енді білім мекемесін басқаруда, оқыту үдерісіне қандай жаңалық енгізуді көздеп отырсыз? – Енгізетін нәрсе көп, тіптен соны іске асыруға асығып жүрмін. Ең бірінші мұғалімдерге деген көзқарасты барлық жағынан, әсіресе ата-аналар тарапынан басқа деңгейге қою және мол еркіндік беру үшін оның не екенін түсіндіруім керек. Еркіндік деген осы екен деп балаларымыздың білім сапасы төмендеп қалмауы керек. Сабақ үстінде немесе ұстазға тым кеш уақытта телефон шалып, мазалауға шектеу қойылады. Осы көргенімді, көңілге түйгенімді кітапша етіп шығарсам. Мен дайын материал әкелдім десем, артық айтқандық емес. Оқушыларымызды еңбекке баулу үшін асханаға барғанда өз-өзіне қызмет етуді, айналасын, бөлмелерін жуып-тазалауды үйретеміз. Үзіліс уақытын өзгертеміз. Демалыс уақытында неғұрлым ұлттық ойындарды ойнауды дамыт амын. Осының бәрін дайын бір концепция етіп шығармақшымын. Әр балаға өз отбасына қолғабыс етуге баулысақ, жаман болмайды. Сонда ғана ол өзіне деген сенімі артып, жақсы оқитын болады. – Яғни бала тәрбиесінде атаана мен мектеп арасындағы ықпалдастықты дамытуға көңіл бөлінеді ғой... – Иә, оқыту үдерісінде бұл аса маңызды мәселе. Негізгі мақсат – отбасы институтын дамытуға көңіл бөле отырып, ата-ананы тәрбие және білім беру ісіне тарту. Мәселен кей атааналар баласының мұғалімін ұнатпауы мүмкін, тіптен ақша төлесем болды деп, баланың қабілетіне қарамай үлкен талап қоятын ата-аналар да баршылық. Бірақ олар өз көзқарасы үшін ұстазға сыйластық танытпауы тиіс. Керісінше, оның еңбегін құрметтеп, сонымен бірге баласын тәрбиелеуге атсалысуы керек. – Мектеп-гимназия үшін алғашқы оқу жылы табысты болды. Нәтижелер жаман емес. Мектептің ішкі материалдық-техникалық базасына көңіл тояды, сабақтан тыс жұмыс жүргізетін үйірмелер көп. Ендігі меже қандай болмақ? – Рас, алғашқы оқу жылы біз үшін табысты болды. 6-сыныпты бітірген 2 оқушымыз Назарбаев зияткерлік мектебіне, тағы 3-еуі «БілімИнновация» мектеп-интернатына, 4-еуі «Дарын» мектебіне, 4-еуі үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектепке оқуға қабылданды. Айналдырған 14 баланың бәрі дерлік бір жылдың ішінде осындай жоғары деңгейге жетті. Ендігі мақсат – білім сапасын арттыра отырып, патриоттық тәрбиеге, оқушыларымыздың өзіне деген сенімділігін, өзін-өзі басқара білетін қабілетін арттыруына баса көңіл бөлу. Біздің шәкірттер мойнына жасыл галстук тағады. Бәрі бірдей емес. Үздіктері, өнерде, оқуда озықтары ғана. Галстуктың үш ұшы бар, онда: Отаным, Отбасым, Өзім деген жазулар бар. Олар Отанына қорғаныш, отбасының ұйытқысы болуға бейімделіп өссін деген мағынада. Яғни өзін дамытып, оқуда озат, қоғамдық шараларда белсенді болған оқушы отбасына қуаныш сыйлайды. Оның жанұядағы мәртебесі артады. Бұл галстукты тағу мәртебесіне ие болу үшін осы үш бірліктің мәнін түсініп, нәтижеге жету керек. Сондайақ ұлттық тәрбие элементтерін енгізуді, қоршаған ортаны аялап қорғауды үйретуді көздеп отырмыз. Байқасаңыз біздің мектеп дәлізінде кішілеу қазақ үйі тігілген. Оның айналасында ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін көрнекіліктер үш тілде жазылып, ілінген. Үзілісте балалар осы қазақ үйді жығып, қайта тігуді үйренеді. Ер-тұрман әбзелдерін атап, тіл меңгереді. Мұндай идея қайдан келді дерсіз? Бірде көршілеріміздің бірі ас бермек болды, аулаға әкеліп, 8 қанат киіз үй тікті. Сыртқа шығып, көмектесейін дедім. Сенесіз бе, бала кезімізде киіз үйді ойнап-күліп жүріп, бас-аяғы бір сағатта тігіп бітетінбіз. Көптен қолға алмағандікі ғой, уық шаншып, керегеге күрмеп байлауды ұмытып қалыппын. Қазақ үйді тігіп үйренген біздің жайымыз осы болса, оны мүлдем көрмеген жасөспірімдерден ертең не сұрайсыз? Оның қадірқасиетін қайдан біледі? Соны ойлап, мектеп ішіне қазақ үй тігіп қойдым. Оның шағын макетін дайындатуға әжептәуір қаржы кетті. Десе де тәрбие ісіне қажет екенін түсіндім. – Алдағы мақсаттарыңызбен бөліссеңіз... – Былтыр біз ешбір оқушыларды іріктеусіз қабылдадық. Биыл іріктеу үшін тест аламыз. Балалардың ақпараттық интеллектісін дамыту үшін интеллектум мен робототехниканы үйірме емес, сабақ ретінде енгізсек деп отырмыз. Үш тілде білім беруге дайындық үшін шетелден мамандар шақырту жағын да қарастырамыз. Жалпы жоспар көп. Соны іске асырсақ, «A-Status» жұрт армандаған оқу ордасына айналатынына сенімім мол. – Бүкпесіз әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Ардақ ҮСЕЙІНОВА. Тараз қаласы.


5

RÝHANIAT

www. aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

11 тамыз, 2018 жыл

ТҮ

Б

ӘДЕБИЕТТІҢ ӘҢГІМЕСІ

р а д з ы д л ұ ж н а Беймезгіл аққ САНДАРДА ҚАНДАЙ ТЫЛСЫМ ҚҰПИЯ БАР? СӨЗДІҢ КИЕСІН ТҮСІНІП ЖҮРМІЗ БЕ? КҮМІС ҒАСЫРДЫҢ АЛТЫН БУЫНЫ ҚАТАРЫНДА БОЛҒАН ДАҢҚТЫ ОРЫС АҚЫНЫ НИКОЛАЙ ГУМИЛЕВ НЕЛІКТЕН ТҮСІН ЖОРЫҒАНДА ӨЛІМІМЕН САБАҚТАСТЫРДЫ? ИӘ, ОЛ ТҮСІНДЕ 3 ЖӘНЕ 5 САНДАРЫН КӨРДІ. ОНЫСЫН ӘЙГІЛІ АҚЫН, ЖАРЫ АННА АХМАТОВАҒА БЫЛАЙ ДЕП ӘҢГІМЕЛЕП БЕРДІ. «3 ЖӘНЕ 5 САНДАРЫ ТАҒДЫРЫММЕН БАЙЛАНЫСТЫ. МЕН НЕ 35, НЕ 53 ЖАСЫМДА ДҮНИЕДЕН КӨШЕТІН ШЫҒАРМЫН». ОЛ ШЫНЫНДА ДА 35 ЖАСЫНДА БАҚИЛЫҚ БОЛДЫ. ЖҮРЕГІН ЖЫРМЕН ӘЛДИЛЕГЕН АҚЫННЫҢ ӨЗ ӨЛІМІН ОСЫЛАЙ БОЛЖАҒАНЫ ТАҢДАНДЫРМАЙ ҚОЙМАСЫ БЕЛГІЛІ. АҚЫН ТҮЙСІГІ ӘЛДЕБІР БЕЙМӘЛІМ КҮШТІ СЕЗДІ МЕ ЕКЕН?

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Қ

азақ поэзиясының Хан тәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев та қанша жасында бақилық болатынын анық сезгендей. «Өзімнің есебімде, Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде. Кім біледі... Ендігі қалған өмір, Неше жылға жетерін, Неше күнге Ұмыт болып есебің де, өсегің де, Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде, Қырықтың бесеуінде» дейді ол. Тере берсек, мұндай мысалдар жетіп артылады. Осыдан-ақ біз сөздің киесі болатынын айқын сезінгендейміз. Дүниеден ерте қайтқан «тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік» ақындар қазақта да жетіп артылады. Жүрегіне жүк артып, жан дүниесін мұң-мезгілмен тербеткен, Қасым жырдың, жасын жырдың жалғасы болған ақындар неге тым ерте бақилық болады? Жастай дүниеден озған ақындар Жамбыл жерінде тым көп. «Ел көзіне түскен соң ерте гүлдеп, мен жайында аңыз көп, ертегі көп», деп жырлаған Серік Томанов 47 жасында дүние салды. Өлеңі өмірдің өзіндей болған, «қызыл көйлекті қызға» жыр арнаған, ғажап лирик ақын Таластың емес, Алаштың ұлы еді. Серіктің «Эпитафия» (Құлпытастағы жазу) өлеңі жүрекке салмақ салатыны сөзсіз. «Шаруа едім тірліктің көшіне ерген, Таусап таттым жердегі несібемнен. Көп жыл болды мәңгілік ұйқыдамын, Топырағым бұйырды осы жерден. Ата-бабам, бауырым, туысым да, Осы жерде: төбенің қуысында. Алып кеткен өзімнің ештеңем жоқ, Топырақ тек қалғаны уысымда. Бір кісідей шайқап ем тірлігімде, Жалған дүние жалт етпей тұрды кімде?! Адамдарға айқайды салар едім, Амалым жоқ қайтейін, білдіруге. Ей, тірілер! Өмір жоқ өлім барда. Тілегім сол:соқпасын жолың жарға, Қу тірліктің бағасын білгің келсе, Көз қырыңды салып қой қорымдарға», деген жыр жолдарынан терең мұң, қамығу аңғарылады. Айтары анық шымыр шумақтардың поэтикалық қуаты да зор. Біз неге ақынды осылай жырлауға мәжбүр еттік? Сауал бар, жауап жоқ. Ернімізді қан шыққанша тістелей береміз. Қазір оның өлеңдері, «Аузынан айдың түскен қыз» «Сезімді қайтем тулаған» секілді әнге жазған мәтіндері жүректің түкпірінен ойып тұрып орын алған. Өзімен емес, шығармасымен ғана сырласа аламыз... Қазақ поэзиясы хас таланттардан ешқашан тарыққан емес. Алаштың айтулы ақындарының бірі – Бауыржан Үсенов ше?! Өлеңі найзадай өткір, азаматтық по эзиясы мен лирика лық жырлары сарқырап аққан судың тұнығындай еді. Амал нешік, орда бұзатын жастан енді асқанда бақиға аттанып кете барды.

«Әлі алдымда батпағым көп кешпеген, Көкейімде құпиям көп шешпеген. Шындық жайлы айта берсем, бір түнде, Қара машина ап кетердей сескенем», деп жырлаған Бауыржан Бейімбет, Ілияс, Сәкендердің рухын жадынан шығармай, қылышынан қан тамған тоталитарлық

жүйенің қысымына қарамастан айтарын айтты. Қамықпады. Бауыржандай батырды сыйлаған Жуалы жерінің тумасы неден қорықсын?! «Біздер жайлы мейлі өсек сөз борасын, Бөтен көрме даланың боз баласын. Қасқыр қуған еліктей жаутаңдайсың, Өртеп жүр мені осы бір көзқарасың», деп толғанған Бауыржан Үсенов бүгінде ортамызда жарқырап жүргенде әлі талай ғаламат шығармаларымен жүрек қылын шертуші еді. Амал нешік?! л... бар болғаны 21 жыл ғана ғұмыр кешті. Артығали қазақ поэзиясының көгінде жанған жұлдыз болатыны сөзсіз еді. Аққан жұлдызға айналды. Оның қасиетті қара өлеңі жанымызға жалау болғаны шындық қой. Теңіздің суы тобығынан келмей, кеудесін керіп жүрген талай ақыныңыз Артығалидың өлеңін оқыса, тәубесіне түсетіні ақиқат.

О

«Сәуірде жаңбыр жауады оңай, Дәуірге майса ауады маңай. Өрісі көкте көгенсіз еді, Қара жер бұлтты сауады қалай? Көкжиек-көйлек сөгіліп оқтын, Сыбыры шықты шөбі ірі оттың. Ебіл де дебіл еріксіз шақта Менің де келді төгіліп өткім». Артығалидың осы өлеңіне қарап-ақ оның өзгеше болмысын, өлеңдегі соны соқпағын түйсіне түсеміз. Сөзбен сурет салуды шебер меңгерген ақынның ырғағы да айрықша емес пе? Артығалидың жұмбақ өлімі – қазақ поэзиясы үшін орны толмас өкініш, трагедия. «Адамдар сияр табытқа, ақындар бірақ сыймайды», деп жырлаған, жауһар жырымен жүректерге жол тапқан ақын жалғанға сыймай, арамыздан алыстап кеткелі қашан?!

Ж

иырма төрт жасында өмірмен қош айтысқан тағы бір таланттың бірі, Құланның құлжасы атанған Өрнек Құлекеев. Өрнек мінезді ақын болатын. Аудандық «Құлан таңы» газетінде еңбек етіп жүргенімде кабинетке кіріп келіп, өзі өлеңін оқып, маған тергізіп қойған. Сол кезде оның бұл дүниені, тіршілікті қабылдай алмай жүргенін аңғарған едім. Өйткені мен жазып алған өлең жолдарында: «Мерейім – ең соңғы өлеңім», «Шеше, мен сені артыңнан іздеп барам» деген секілді қорқынышты тіркестер ұшырасқан. Кез келген ортаны жарып шығатын Өрнекті 2007 жылы соңғы рет көремін деп еш ойлаған емеспін. Көзі мұңлы. Жарқырап келіп, арқырай сөйлесе де, жанарындағы мұңның табын жасыра алмаған. Қажып жүрген екен. Арада бір-екі ай өткенде ол бақилық болды деген суыт хабарды құлағымыз шалды.

Иә, анасының жанына аттанды. Жұмбақ әлемнің иесі жан дүниесінің құлпын ашпастан, замандастарын фәни жалғанға тастап, өзі мәңгілік мекенімен қауышты. Ауыр қаза. Ауыр шешім... Кейіннен оның өлеңдерін жинақтаған ақын Маралтай Райымбекұлы «Мерей» атты жинағын жарыққа шығарды. Мерей – ақынның қызы. Өрнектің өлеңдерін Мерей оқыған кезде еріксіз жанарға жас үйіріледі. Ақынның қызын көрген сайын Өрнектің көзін көргендей күй кешеміз. Өлең тілінде біз «жанар», «қарашық» деп жырлап жүрген көзді ол «мұңтұнба» деп басқаша қолданып еді. Өлеңі де өзгеше болатын. Көптің бірі атанғысы келмейтін... «Қазақтың Шолоховы» атанған белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, табиғат тамыршысы, құландық шайыр Қуандық Шолақтың қызы Салтанат Абашова бар болғаны 19 жыл өмір сүрді. Салтанат бақилық болған кезде оның қалтасынан он шақты жыры табылыпты. Біз талтаңдап жүрген бұл жалғанмен тым ерте қош айтысқан ақынның «Кеткім келіп тұрады» атты өлеңін оқысаңыз, бойыңыз түршігеді. «Аңқалаумен жете алмай арманыма, Ілінем бе қасірет қармағына. Кеткім келіп тұрады, өкпем кеуіп, Өмір – деген өзеннің ар жағына… Тоңдырғасын тірліктің мұзы, қары, Қалмағандай мен үшін қызығары. Жапырағын жанымның жасын ұрып, Табанымнан төбеме сыз ұрады. Тарылғасын кеудемнің тынысы анық, Көрінеді аймақтың қыры шаңыт. Күннен-күнге қисайып бара жатыр, Арман атты ақ бұлақ бұрыс ағып. Шырмағалы кеудемді күдік табы, Қаша-а-а-а-н жаным үмітті ұмытқалы. Аспан ашық, күн жарық бірақ, бірақ, Суық бәрі сүйкімсіз, суық бәрі.

У ІТ

Ы

ЛД СЕ

ЕРДЕ

«ТЕГІН ІЗДЕГЕН ВЕНГРЛЕР ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚЫЗЫҒАДЫ»

Қырық жылға жуық Венгрияда тұрып жатқан этникалық қазақ Оңайша Мандоки ондаған жыл бойы жергілікті тұрғындарға қазақ тілін үйретіп келеді. Лакителек халық институтында қазақ тілін оқытатын маман Азаттыққа Шығыс Еуропаға қоныстану себебі, Венгриядағы қазақтар және тіл үйрету тәсілдері туралы әңгімеледі.

Азаттық тілшісіне Қазақстан мен түркітілді елдерде түркітанушы ғалым ретінде танылған, Алматыда жерленген марқұм венгриялық зерттеуші Иштван Қоңыр Мандокидің жұбайы Оңайша Мандокимен Будапеште жүздесудің сәті түсті. Азаттық: Венгрияда қазақ тілі курсын оқытуыңызға не себеп болды? Оңайша Мандоки: Негізгі мамандығым – орыс тілінің мұғалімі. Атыраудың педагогикалық институтын бітіргенмін. Венгрияға келгенде қазақ тілінде ғана жұмыс істей алатынымды байқадым. Өйткені қазақ тілін білетін Қоңырдан (Иштван Мандоки – ред.) басқа ешкім болмады.

Жүрегімді қариды мұңым тастай, Кештеу келген сен, шаттық шұғыл қашқай. Балауса едім, балғын ем кетер ме екем, Он екіде әлі бір гүлімді ашпай. Көкірегім көк тұман, бұл іс анық, Түнге айналып күндізім жылыса ағып. Үсік ұрып, үркектеп, үрейі ұшып, Үмітімнің барады гүлі солып. Қиын екен жетуі бақытқа адам, Бермеді ме мұрша әлде уақыт маған? Аңқам кеуіп, сұлбасы сағымданған, Кең дүниеге сыя алмай кетіп барам. Көкірегімнің құлазып арғымағы, Өзегімді өкініш жандырады. Қара түнек – қара өлім, құшағыңды аш, Тұңғиығыңа кеп тұрмын қарғығалы», деп жырлаған Салтанаттың өлімі біз үшін жұмбақ. С а л т а н ат 1 9 ж а с ы н д а а рт ы н д а санаулы өлең қалдырғанымен, саналы ақын екенін айқындап кетті. Өлеңдері төрт аяғын тең басқан. Жұмыр жердің жүрегіне сыймай кеткен таланттың қазір арамызда жүргенде талай ақынды шаңында қалдыратыны сөзсіз еді. Өйткені оның бойындағы поэтикалық қуат балаң шағында-ақ жанартаудай атқылаған. Осындай таланттарымызды неге жоғалтып ала береміз? Талай сөз зергерлерінің томағасын сыпырған Жамбыл жерінде өзге де талантты ақындардың көп болғаны сөзсіз. Бұлар – ерте сөнген жұлдыздар... Біз жоғарыда шығармашылығына тоқталған ақындар қазақ поэзиясының көкжиегінен ойып тұрып орын алуға тиіс еді. Бірақ ажал апаны оларды ортамыздан тым ерте алып кетті. Енді олардың есімін естен шығармау – азаматтық парызымыз болса керек. Серік, Бауыржан, Артығали, Өрнек, Салтанаттың есімін ел есінде қалдыру үшін қандай шаралар қабылдаған жөн? «Беймезгіл сөнген бес жұлдыз» немесе «Екі буынның жұлдызды ақындары» деген тақырыппен Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында, кітапханаларда әдеби шаралар өткізуімізге не кедергі? Қолдағы бес саусақ жұмылса жұдырық болады емес пе? Тіпті аты аталған ақындардың рухы разы болсын деп, жыр мүшәйрасын өткізіп жіберуге болмас па еді? Оған облыстық халық шығармашылығы орталығының әлеуеті жететіндігі талас тудырмайды. Тек ниет керек... із барымызды жоғалтып, сосын бармақ тістеп отыратын халықпыз. Ендігі жерде таланттарымызды тасада қалдырмағанымыз жөн. Ол үшін жоғарыда аты аталған ақындардың тұрған үйлеріне ескерткіш тақта орнатсақ та артық емес. Оған Тараз қаласы және Тұрар Рысқұлов, Жуалы, Талас, Сарысу ауданы әкімдіктерінің әлеуеті жетпейді дегенге кім сенеді? Біз өз ойымызды айттық. Ендігі кезекті атқамінер азаматтардың еншісіне қалдырдық...

Б

Тараз қаласы.

Орыстілділер көп еді. Ағылшын тілін ол кезде білмеймін. Венгр тілін енді үйреніп жүрген кезім. 1985 жылдан бастап қазақ тілін жергілікті венгрлерге үйрете бастадым. Мыңдаған студентім болды. Өз мамандығым болмаса да, қазақ тілін білгенімнің арқасында «қазақ тілінің маманы» болып кеттім. Қосымша сол кездерде (Венгрияның) Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азия халықтарының мәдениеті, әдет-ғұрпы бойынша кеңесшілік жасап жүрдім. Азаттық: Қазақ тілін үйренуге көбіне кімдер ықылас білдіреді? Оңайша Мандоки: 1990 жылдан кейін Қазақстан егемендік алып, аты шыға бастаған соң қазақтан венгрлердің тарихын зерттеп, туыс іздегендер тілді оқуға қызығушылық білдіре бастады. Қазір қызығушылық екі есе артқан. Негізінен, арғы тегін іздеуші венгрлер мен қыпшақтар (шыққан түбі қыпшақтармен туыс деп сенетін азаматтар – ред.) тіл оқуға ниет білдіреді. Көбі – тіл мамандары, тарихшылар, географтар және этнографтар. Азаттық: Қазақ тілін үйренушілер неден қиналады? Оңайша Мандоки: Үйренушілер қиналмайды. Өйткені екі тілдің сөйлем құрылысында, жіктеуінде ұқсастық көп. Айырмашылық аз. Оны балалар бірден байқап жатады. Бәрі жақсы үйреніп кетті. Мажарларға (венгрлерге – ред.) қазақ тілін үйрену түк те қиын болмады. Тек тіл емес, қазақтардың өміріне қатысты жіп иіру, киіз үй жасау, киіз басу, атпен шабу, қобыз, домбыра тартуды үйреніп жатады. Тіл арқылы тарихқа қызығушылығы байқалады. Азаттық: Қазақ тілін үйретуде қандай әдіс-тәсіл қолданасыз? Оңайша Мандоки: Ең әуелі балалармен сөйлесіп аламын. Міндетті түрде әріптер мен грамматикадан бастаймыз. Әрі қарай кімді не қызықтырады, мақал-мәтел, сөйлем құрау, әңгіме айту, аңыздар – тақырыптардың барлығын араластырып оқытамын. Тек грамматиканы оқытып қоймаймын. Азаттық: Зейнетке шықсаңыз да, тіл оқытуды тоқтатпапсыз... Оңайша Мандоки: Тілді үйреткенде, күш аламын. Еуропада тұрып жатсам да, өз тілімізде сөйлеп жүрмін. Ұлыма да тек қазақ тілінде тәрбие беремін. Басқаларға қазақ тілін үйретіп жүрмін. Студенттермен қазақша сөйлесіп, олар домбыра, қобыз тартқанда қатты қуанамын. Елдегі қазақ тілінің жағдайына алаңдаймын. Қазақтілділер тек ауылда қалған сияқты. Тәуелсіздік алғанда бостандық берілді. Бірақ еркіндіктің де орны бар. Шет тілдерін білген жақсы, бірақ қазақ тілін ұмытпау керек. Азаттық: Венгрияға көшіп келу тарихыңызды айта отырсаңыз. Оңайша Мандоки: Мажарстанға (Венгрия – ред.) 1980 жылы 12 адам болып келдік. Қоңырға (марқұм түркітанушы Иштван Қоңыр Мандоки) тұрмысқа шығуға келісім беріп, достарымызбен, туыстарымызбен, әкеммен бірге келдік. Содан бері Будапешт қаласында тұрамыз. Ол кезде Кеңес (совет – ред.) өкіметінің кезі, шетелге шығу қиын еді. Мажарстанға келуімізге Олжас Сүлейменовтің көмегі тиді. Азаттық: Басқа елде тұруға бірден үйреніп кете алдыңыз ба? Венгриядағы өміріңіз қалай басталды? Оңайша Мандоки: Бір айдай қасымда туыстарым болған соң, басында байқалмай қалды. Көңілді жүрдім. Олар кеткен соң жалғызсырағандай болдым. 1981 жылы құжат жасатып жүргенде Будапеште Азия елдерінен шыққан небәрі үш азаматтың барын білдім. Көшеде жүрсең, айналадағылар басқаша қарайтын. Келген бойда венгр тілін үйрететін курсқа жазылдым. Бір жылда жақсы бітіріп шықтым. Одан кейін Ғылым академиясында сабақ беріп жүріп, бір мезгілде қатар журналист болып істедім. Кеңес өкіметі тұсында шығып тұрған «Советский союз», «Девушки, женщины», «Факел» деген журналдар болды. Осы басылымдарға венгр тілінде сұхбат алып, орысшаға аударып беріп жүрдім. Университетте студенттерге жаттығу жұмыстарын орындатқыздым. Оқытушылық қызметім сол кезде басталды. Азаттық: Ресми дерек бойынша, Венгрияда 200 қазақ тұрады екен. Осы елдегі қазақ диаспорасының жағдайы қалай? Оңайша Мандоки: Бәрінің жұмысы бар. Жақсы тұрады. Жиындарда кездесіп тұрамыз. Кімге қандай көмек қажеттігін ақылдасып отырамыз. Бір мәселе – бізде қазақ тілді мектеп жоқ. Сегед университетінде қазақ тілінен сабақ өтеді, бірақ студенттердің емтихан тапсырмайтынын естідім. Бұрын қазақ тілінен тест тапсырып, сертификат алып шығатын. Енді қолға аламын деп жоспарлап отырмын. Қазақ тілін үйренушілер көбейеді деп ойлаймын. Өйткені бұл жақта екі тіл білмесең, (университет) дипломын бермейді. Азаттық: Сұхбатыңызға рахмет! Нұргүл ТАПАЕВА, Азаттық радиосының тілшісі.


6

www. aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

TARIH

11 тамыз, 2018 жыл

БҰРЫНҒЫ ӨТКЕН БАТЫРЛАР

10 ТАМЫЗ – АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

ҚАЗАҚТЫҢ МАҢДАЙЫНА БІТКЕН КЕМЕҢГЕРІ, ҰЛЫ АҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕРЛЕСІМІЗ, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ХАКІМНІҢ ТОЛЫҚ АДАМ ІЛІМІ МЕН БАЛАСАҒҰННЫҢ ЖӘУӘНМӘРТЛІК ҰҒЫМЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ ЖАЙЫНДА ЖАЗҒАН ЕҢБЕГІН ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫП ОТЫРМЫЗ.

Хакім Абай толық адам іліміне неге терең үңілген?

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ. Абайдағы толық адам ілімінің бастау көздерін тауып, оның тарихи жолдарын анықтау аса қажет болып т ұ р . К ө п ке д е й і н з е рт т еу ш і л е р Аб а й д а ғ ы тол ы қ а д а м і л і м і н і ң төркінін мұсылмандық шығыстан іздеп, «Кабуснамадағы» жəуəнмəртлік туралы пікірмен ұштастырып келдік. Сөйтсек жəуəнмəртлік ілімінің төрт негізі, яғни оның іргетасы ХІ ғасырда қазақ жерінде, яғни қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласынан шыққан ғұлама ақын жазғаны анықталып отыр. Ал «Кабуснама» кітабы «Құтадғу біліктен» кейін ХІІ ғасырда жазылған. Осыдан кейінгі ғасырларда жəуəнмəртлік ілімі туралы жазылған еңбектер қарасы м ол ы ғ ы п от ы р а д ы . « М ұ с ы л ма н əлемінде ХІІ ғасырға дейін кемел адам ілімі болған емес» деп Иранның атақты ғалымы Мұртаза Мұттакари Мəскеуде басылым көрген «Усовершенный человек в исламе» деген ғылыми монографиясында пікірін ғылыми тұрғыдан дəлелдеп айтатыны бар. Жəуəнмəртлік сөзін біздер Будаговтың сөздігіне сүйеніп «юный, шедрый» деген парсы сөзі деп келдік. Жəуəнмəртлік сөзі парсы тіліндегі сөз емес, көне түрік тіліндегі «зомарт», яғни «жомарт» деген сөз деп өзінің этимологиялық зерттеуінде əзербайжан ға лымы, профе ссор, филология ғылымдарының докторы М.Шералиев ғылыми тұрғыдан дəлелдеп отыр. Тіпті 1501-1510 жылдары мəмлүктер билеген Мысыр жерінде қыпшақ ақыны Шəріп Əмеди Фирдоусидің

«Шаһнама» дастанын қыпшақ тіліне тұңғыш рет толық аударған болатын. Түп нұсқасында 110 мың өлең жолы болса, Шəріп Əмеди аудармасы 122 мың жол болып шыққан. Бұл туынды «Қазыналы Оңтүстік» кітапханасында 37 том көлемінде басылым көріп жатыр. Осы басылымда: «Жомарттық елінің кеніші ғой ол, Барша адамзат ұлының жаны ғой ол», деген өлең жолындағы «жомарт» сөзі көне түрік тілінде айтылатын «зомарт» сөзі болып тұр. Тұранның ұлы қағаны Алып Ер Тоңа туралы халық аузында жырланған тарихи жырда жəуəнмəртлік сөзі «ақи» (жомарт) деген сөзбен берілетінін: «Қойғын маған ақилық Болсын менің лақабым», деген сөз жау қолынан уланып өлер алдындағы өсиеті ретінде Алып Ер Тоңа аузымен айтылады. Осы «ақи» сөзі «Құтадғу білік» дастанында да осы мағынада қ о л д а н ы л а д ы . Б ұ д а н ш ы ғ ат ы н қорытынды, жəуəнмəртлік ілімінің бастау көзі Шу өзені бойындағы қазақ жерінде жатыр деген байламға келеміз. «Абай толық адам іліміне айрықша мəн беріп, неге ой толғанысына түскен?» деген сұрақ алдымызға көлденең қойылады. Қазақ қауымының саясиəлеуметтік жағдайы 1867-1917 жылдар аралығында Ресей империясының қазақ еліне арнайы саяси мақсатпен жүргізген мейлінше кертартпалық ел билеу жүйе сінің нəтиже сінде туындаған территориялық принципке негізделген болыстық сайлауға орай туындаған қасіретті құбылыс. Өйткені «Қазақ заманы қалып, орысқа қараған соң, бір тағылымды ел, білімді жұртқа еріп, іргелі баспақ түгіл, бұрынғыдан жаман кейін кеттік… Енді біздің көксерлік ісіміз – тасталған сүйекке таласқан мойнақша орыстың знагіне таласып, ата-бабамыздың елдік,

жұрттық сақтап келген бірлік берекесін жыртып алғанымыз» деп жазған еді «Сарыарқа» газеті. Қазақтың осы береке-бірлігін отаршылдар саналы түрде с аяси мақс ат қоя отырып бүлдіргенін Сібірдің генералгубернаторы болған М.Сперанскийдің патшаға жазған хатында «Қазақ жерінде сексеуіл деген ағаш өседі. Соны бірбіріне ұрып жарады екен. Сол сияқты қазақтар үш жүзге, руға бөлінеді. Біз соларды бір-біріне ұрып жаруымыз керек» деп, бар шындықтың бетін ашып беріп отыр. Қазақтарды опоңай тобықтан бір-ақ ұрып жығатын бұл саяси тəсілді кеңестік билік те пайдаланғанын саналы қазақтар білген. Отаршыл Ресей патшалығы ендірген ел билеу жүйесіндегі осы қасіретті терең сезінген ақын С.Торайғыровтың: «Абай тұсы қазақтың бұзылғаны, Қаралыққа айналып қызыл қаны… Ақ пейіл, бауырмалдық қалып кетіп, Желбуаз, «сұрқия» боп қызынғаны. Мас болып партияға қызып алған, Даланың табиғатын бұзып алған. Елдігіне, жеріне һəм дініне, Құрылды талай тұзақ, талай қақпан», деген ой-толғанысында халқымызды отаршылдық жұтқа ұшыратқан орны толмас қасіреті жатыр. Қазақ елінің мінез-құлқының бұзылуы тікелей отаршылдық саясаттың нəтижесі екенін Абай білді. Білді де осы қасіреттің отына күйер елінің алдын алу үшін толық адам ілімімен емдеп, мінез-құлқын бұзылудан аман алып қалатын жолын ізденді. Бұл жол Абайды толық адам іліміне алып келді. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп екі ұртың. Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Неге ғана бұзылды сартша сыртың… Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың. Баста ми, қолда малға талас қылған, Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын», деп халықтың мінез-құлқын бұзудың түп-төркіні қайда жатқанын дəл меңзеп отыр емес пе?

й а б і к ң е С К

ез келген халықтың өткенін саралап, бүгініне баға беретіні анық. Тасқа басылған тарихтың жарқын тұстары халықты ерлік ж пен елдікке үндеп, болашаққа бағдар п сілтесе, қаралы беттері өткеннен с сабақ алуға жетелейді. Мәселен, с Сеңкібай Қабанұлы жайлы не білеміз? С

Ол – Қарабақыр-Шəлке аумағында дүниеге келіп, 1799 жылы өмірден өткен даңқты батыр. Жасы тоқсанға таяған шағында ел-жұртын отырықшылыққа баулу үшін 32 шақырым тоған қаздырған қайраткер туралы кезінде соғыс жəне еңбек ардагері, марқұм Əмзе Момбаев жиі қалам тербеді. Ол кісінің «Осы жұрт Сеңкібайды біле ме екен?» атты мақаласынан үзінді келтірсек. «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай. Ту түбінде тұр еді, Айбатты бұл күн Абылай, Төбеде жыға шаншылып, Əрі-бері жүр еді. Батырлардың асқарыҚазыбекұлы Қасқары, Қаумен, Дəулет қасында, Бақ-дəулеті басында. Сеңкібай мен Шойбек бар, Таңсық қожа, Мəмбет бар, Осылардың қасында, – деп Бұқар жырау жырға қосқан Сеңкібай батыр туралы қазақтың алып ақындары Сүйінбай, Майкөт, Жамбыл да жырлаған. Мəселен, Сүйінбай Сыпатай батырдың асында Батырбек датқаға: Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді, Ақылы кең дария көл кісі еді. Жаныстан өтіп кеткен əзиз Төле, Сеңкібай, Шойбекпенен тең кісі еді, – дегені талай жайды аңғартса керек. Сеңкібайды қазақ халқының атасы ұлы Төле бимен қатар атау тегін емес-ау. Атасы Сеңкібайдың Қабан батыр, Бақ-дəулет ұрпағына қонып жатыр. Таластан тоған қазып, егін салып, Суландырған даласын о да батыр, – дейді атақты Майкөт ақын. Жамбыл ақын да өзінің көптеген əріптестерімен айтысқа түскенде Сеңкібайды көп жағдайда құрметпен ауызға алып отырған екен. Сеңкібайдың ер жеткен кезі жоңғар қалмақтарының жойқын шабуылдарынан кейінгі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қырғынымен тұспа-тұс келген сияқты. Шежіре қарттардың есебіне қарағанда 1702 жылы туып, 1799 жылы өмірден өткен тəрізді. Бұқар жыраудың жоғарыда келтірілген куəлік жырына, сондай-ақ белгілі жазушы Балғабек Қыдырбекұлы көп дерек алған Шапырашты Қазыбектің жазбаларына қарағанда Сеңкібай 1726, 1729, 1730 жылдардағы, кейіннен «Қалмақ қырылған» ат анған Айрантөгілген да ласында, Аңырақай шайқасында ерлігімен ерекшеленген. Оның жасы Мəмбет Күнбасұлы батырмен шамалас. Кейбір зерттеулерге қарағанда, Мəмбет 18 жастағы балаң жігіт болса, Сеңкібай 17 жаста екен. Екі батырдың ерлігі қалың жұртшылыққа қалмақ батырларымен жекпе-жекте əйгілі болған. Ол кезде Оңтүстік Қазақстанды отарлап, жерін иеленіп, қырылып қалған қазақтардың азын-аулақ ауылдарымен аралас, қоныстас отырған жоңғарлар барлық жағынан үстемдік орнатқан. Нарын, Орта Бақанас өңірінде болған соғыс алдында қазақ жауынгерлері Айнакөл басына шатыр тіккен. Осында қалмақтардың Шамал атты

жайсаңы қалың əскерімен келген. Қазақтар мен қалмақтардың алғашқы жекпе-жегіне Сеңкібай да шығады. Ол жоңғардың алып батыры Қаңғырды найзамен түйреп өлтіреді. Мəмбет батыр Домбауылдың басын шабады. Міне, осыдан кейінгі жекпе-жектен соң Шапырашты Наурызбай мен жоңғар жайсаңы Шамал екеуі жекпе-жекке шыққанда қазақ қолбасшысы жауды шоқпармен бір-ақ ұрып сұлатады. Қазір осы Сеңкібай, Мəмбет, Шапырашты Наурызбай бабаларымыз жекпе-жекте жауын жайратып жеңіске жеткен жерде «Майтан» атты қалашық бар. Ал «Шапырашты Қазыбек» атты тарихи очеркте «1726 жылы ұлы жүзге қараған қолда 17 мың адам болды. Оған басшылықты Жолбарыс хан жүргізуі тиіс еді, ұрыс барысында қолды батырлар бастап кетті. Дулаттардан келген 8000 қолды Төле бидің бірге туған бауырлары Сеңкібай, Шойбек, Шымыр-Қойгелді, Қарақалпақтан келген 2 мың қолды Жанкел, Қылышбек екеуі басқарды. Қалған 7 мың қол Жетісу қазақтары болатын. Осы 7 мың адамға жалпы басшылықты Қазыбек Тауасарұлы батыр жасады. Шапырашты Еміл, ағайынды Қаумен мен Дəулет, Шапырашты-асыл Наурызбай, əкелібалалы Сатай мен Бөлек, Дулат-Жаныс Өтеген, Дулат-Ботпай Сəмен, Албан Хангелді, əкелі-балалы Қазыбек пен Қасқары осы қолдың басшылығында болды. Аталғандардың барлығы да жекпе-жекке түсіп, жаудан қазақ кегін алған көрнекті батырлар еді», деп жазған Қыдырбек Балғабекұлы əңгімесін 1758 жылы жоңғар қалмақтарының қазақ жерінен біржолата қуылғандығымен түйіндейді. Қазақ жерінен жау кеткенімен дау кеткен жоқ еді. Ал дауды шешу үшін қашанда əділ би керек. Сеңкібайдың атасы Əлібектің, ағасы Төленің билік айтар қабілеті ерте танылған көрінеді. Сеңкібайдың 13-14 жастағы бозбала шағы еді. Ол туыстарымен бірге Ташкент түбіндегі ағасы Төле биге сəлем бере барғанда дау үстінен түседі. Бір қырғыз жігіті қазақтың жылқылы байынан бесіктегі баласын өлтіргені үшін құн сұрай келіпті. Қырғыздың айтуына қарағанда, бай қалың жылқысын қырғыздың киіз үйіне тым тақау қаптатып өткізген. Сол қалың дүбірден, шұрқыраған, кісінеген дыбыстан бесіктегі баланың жүрегі жарылып өлді деген сыңайда дау айтады қырғыз жігіті. Осы сөзді естіген Сеңкібай елеңдеп, қопаңдап, сөйлегісі келіп тыпырши береді. Осыны байқаған сезімтал Төле би Сеңкібайға: – Інім, делебең қозып отырған сияқты. Мына дауға билік айтам десең, саған жолымды бердім, – дейді. Қаумалаған қалың жұрт «Айтсын, айтсын» деседі. Сонда Сеңкібай: – Онда мынау қосақтаулы саулықтар түгел сауғызылып, сүті бір қазанға пісіріліп, талдырылып, айран ұйытылсын. Қырғыз жігітінің үйінің жанынан шұрқырап өткен қалың жылқы жақын, дайын тұрсын, – депті. – Таңырқаған жұрт бұған келіседі. Ертеңгісін түс қайта жылқылы бай, қырғыз жігіті, Төле би, Сеңкібай бастап барлығы

қазандағы қою айранды ашып көрсе, қалың қаймағы тұтасып тұр екен. Сеңкібай бала үй жанынан қалың жылқыны тағы да шұбыртып айдауды талап етеді. Қазанның қақпағы болса жабулы. Айғырлар арқырап, құлындары шұрқырап, биелері кісінеп үй жанынан дүркіреп өткенде жер сілкінгендей болады. Шұбырынды шаң басылған соң жиналған жұрт қазанның қақпағын ашып көрсе, қаймағы қалың айран төрт жерден қақырап айырылып кеткен екен. Сонда Сеңкібай: – Сəбидің жүрек қабы, Кілегей ғана қаймақ емес пе? Шұбырып жылқы өткенде, Қаймағы қалың қатықтың, Қақ айырылғаны айғақ емес пе? Құдайдың кең жері тұрғанда, ауылдың үстінен жылқы айдап өткен бай кінəлі. Бала құнын төлейді, – деген екен. Төле би де, жиналған жұрт та бұл əділ билікке риза болып, бай құнын төлейді» – деп жазады Əмзе Момбаев. Қазір Əмзе ақсақал бақилық болған. Бірақ ол зерттеп кеткен Сеңкібай батыр жайлы деректер толығып келеді. Бірде Сеңкібайдың жақын екі туысы – Жапар деген бай мен Пісібай деген кедей Сеңкібайға жүгіне келеді. Даудың мəнісі Пісібай Жапардың бір өгізін жаздай жалдап, егін салып, астығын базарға сатқан соң майына байға 10 тілла ұсынады. Бірақ Жапар мұны азсынып алмайды, Сеңкібай байға: – Базарда бір өгіз қанша сом тұрады? – деген сауал қояды. – Менің өгізімдей болса 4 тілла, ары кетсе 5 тілла, – дейді Жапар. – Онда сенің талабың қиямет екен. Өгізің бір жылда өгіз тумайды. Саған 4 тілла да жетеді. 5-ші тілла өсімі болсын, – деп Сеңкібай он тілланың жартысын кедей Пісібайға қайтып береді. Өйткені кедейдің бала-шағасы көп екен. Міне, осындай əділ билік жасаған, туғанына да бұрмаған Сеңкібай ел ағасы атанған. Төле бидің кеңесімен Талас өзенінің Тектұрмас тұсынан Сеңкібай сексеннен асқан шағында тоған қаздырып, оның тез аяқталуына жетекшілік еткен. Тіпті тереңдігі екі метрден асатын осы тоған-каналға иелікке таласа қалған жағдайда өз ұрпағына мұра болсын деген көрегендікпен арнаның басталар жеріне тереңге ағаш көмірін көміп, үстінен ауыр таспен бастырады. Шынында да ел көбейе келе тоғанға таласқанда Сеңкібай ұрпақтары арна басын қаздырып, атадан қалған белгіні тауып, жеңіске жеткен екен. Сеңкібай көзі тірісінде орыс патшасына да, қоқан хандығына да мойынсұнбаған. Сондықтан да оның маңындағы ел еркін, бейбіт, бай тұрған. Сеңкібай мешіт, медресе тұрғызған. Сондай-ақ диқандыққа, үй салуға пысық өзбек, қырғыз ағайындар да одан пана тапқан. Кейін Сеңкібай би қайтыс болған соң балалары, ағайындары басына биік мазар тұрғызған. Амал не, 1970 жылы «Ровный» совхозының сол кездегі басшылары Сеңкібай қорымын қиратып, тегістеп, орнына пияз еккізген екен. Тіпті олар осы адамгершілікке жат əрекет кезінде екі бірдей адамның өртеніп кеткеніне де қарамаған. Ал мазар орны əлі күнге «Сеңкібай қорғаны» аталады. Батыр əрі би ұрпақтары қазіргі Сеңкібай ауылында (бұрынғы Еңбек бөлімшесінде) тұрып жатыр. БЕТ ҚАТТАЛЫП ЖАТҚАНДА: Жақында ҚР көркемсурет академиясының академигі, мүсінші Аманат Назарқұл Сеңкібай батырдың ескерткішін жасап шықты. Батыр үлкен аттың үстінде еңселі болып тұр. Мүсінші бұл ескерткішті Байзақ ауданының көрікті жеріне қоюды ұсынып отыр екен деген хабарды естідік. Гүлшаһар ƏБДІҚҰЛОВА, журналист. Байзақ ауданы.


www.aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

IQAZAN A T

JARNAMA ОҚУШЫЛАР КАНИКУЛЫ

Балғындардың тоғыз ай оқып, тоқсан күн демаламыз деп асыға күткен жазғы каникулы да бітуге таяу. Санаулы күндерден соң сабақ басталады. Балалардың жаңа оқу жылында білім алуға тың күш, сергек санамен кірісуі үшін демалыс қалай ұйымдастырылды? Облыстық білім басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Гүлзира Дәрібаевадан осы жөнінде сұрадық.

1674 оқушы қатысты. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауыл тынысы – қала тіршілігі» əлеуметтік тəжірибе жобасы бойынша 10 мың бала қала жəне ауыл тіршілігімен танысты. Республикалық лагерьлер мен

көрсеткіш 173,6 мыңды құрап, 88,3 пайызды көрсеткен еді. Сондай-ақ ата-аналар мен демеушілер есебінен де демалғандар бар. Олардың саны – 4,5 мың. Екінші бағытта балалардың демалысы мен бос уақыттарын ұйымдастыру шараларына 158,3 мың оқушы тартылды. Өткен жылы 117,9 мың еді, биылғыдан 18 пайызға төмен болған екен. Атап айтсақ, олар туристік саяхаттар м е н э кс ку р с и я л а р, с п о рт т ы қ жиындар, мектептер мен мектептен тыс білім мекемелеріндегі тіл үйрену, өнер бағыттары, еңбек жасақтары, əртүрлі үйірмелер мен аула клубтарына қатысты. Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің 95 тəрбиеленушісі 7 тəлімгер жəне медицина қ ы зм е т ке р і м е н б і р ге Б а й з а қ

ауданындағы «Бəйтерек» балалар демалыс орталығында демалды. Шілде айында 51 бала «БалдəуренҚапшағай» республикалық оқусауықтыру орталығына барып қайтты. Сонымен қатар 4-15 маусымда Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында жаз мезгілінде жасөспірімдер а р а с ы н д а ж а с а л ат ы н қ ұ қ ы қ бұзушылықтың алдын алу жəне болдырмау мақсатында Тараз қаласы мектептерінің 8-11-сынып оқушыларына арналған оқытутренингтік сабақтары өтті. – Гүлзира Лесбайқызы, осы іс-шараларға қанша қаражат қарастырылды? – Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру іс-шараларына 289 миллион теңге жергілікті б юд ж е т е с е б і н е н қ а р а л ғ а н .

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

О н ы ң і ш і н д е л а ге р ь л е р м е н орталықтардың материалдықтехникалық базаларына қажетті қаржы ескерілген. Жалпы мектеп жанындағы жəне қала сыртындағы лагерьлерде 181542 бала демалды. – Аз қамт амасыз етілген отбасыдан шыққан балаларға қандай жеңілдіктер жасалды? – Биыл шілде-тамыз айларында Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысына 482 баланы экскурсияға апару жоспарланған. Оның 67-сі Астанаға барса, 70 бала Солтүстік Қазақстан облысына өңіраралық өлкетану экспедициясына тартылды, 345-і демеушілер есебінен экскурсияға шықты. Облыс көлемінде өткізілген ішкі туризмге, яғни ауданаралық киелі жерлерді аралау экскурсияларына

орталықтарға 660 жасөспірімді жіберу жоспарланған. Бүгінгі күні соның 420-сы демалып келді. Же ке л е ге н с а н ат т а ғ ы балалардың демалыспен қамтылуы 100 пайызды құрады. Атап айтсақ, жетім жəне атааналарының қамқорлығынсыз қалған – 1471 (100%), аз қамтылған отбасылардың 26595 (100%), білім, өнер, спорт салаларында үздік нəтиже көрсеткен 44063 (100%) жəне девиантты мінезқұлықты 1113 (100%) жеткіншек бос уақыттарын тиімді өткізді. – Аптап ыстықта бала біткен су жағалап, күн батқанша шомылудан жалықпайтыны анық. Суға шомылу қауіпсіздігі жайында не айта аласыз? Же р г і л і к т і ат қ а р у ш ы органдармен бірлесіп шомылуға тыйым салынған орындарда 158 ескерту белгі мен 15 билборд орнаттық. Сəуір айында төтенше жағдайлар департаментімен бірле сіп бе й н е ко н ф е р е н ц и я , суд а ғ ы қауіпсіздік тақырыбында сынып сағаттарын өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ескерту жасап, абай болуға шақырсақ та, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарымен бірлесіп атааналар арасында ақпараттық іс-шаралар жүргізсек те, оқыс оқиғалар орын алуда. Былтыр отбасындағы түрлі себептерге байланысты облыстың су айдындарында 21 бала суға кеткен (1 жастан 5 жасқа дейінгі – 8, мектеп жасындағы – 13 бала). Биыл да орын алған келеңсіз жайттар бар. – Əңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Альмира ОМАРОВА.

НАШАҚОРЛЫҚ – ҒАСЫР ДЕРТІ

ТАБИҒИ ӨРТТІҢ ТҰТАНУЫНА ЖОЛ БЕРМЕЙІК

ЖОЛАУШЫЛАРЫМ

ЕСІРТКІГЕ ЕЛТІГЕН «БӘҢГІ» БОЛЫП ШЫҚТЫ... Баймаханбет АХМЕТ

Өңіріміздің орман-далаларында жаз айларында жыл сайын дерлік табиғи өрт орын алатыны белгілі. Өрт сөндірушілердің дала өрттерін ауыздықтау бойынша ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруларына да тура келеді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру қызметі бөлімшелері тарапынан биылғы есептік кезеңде облыс аумағында орын алған орман жəне дала өрттеріне байланысты дабыл бойынша 19 рет шығу дерегі тіркелді. Жалпы өрт көлемі 101820 гектар аумақты қамтыды. Ал жыл басынан бері орман жəне дала өрттерін жоюға 262 адам жəне 27 техника күші жұмылдырылды. Дегенмен таулы өңірлерде өртті жоюдың күрделілігі айтпаса да түсінікті. Мұндай аумақтардағы өрт ошақтарына арнайы техникалардың жедел жеткізілуіне мүмкіндік аздау. Өрт сөндіру топтарының жолда ұзақ жүрулеріне, кедергілерге тап болуына тура келеді. Ыстық жəне желді ауа райы кезінде өртті сөндіру үшін түрлі қиындықтар туындайды. Тауларда өрттің таралу жылдамдығы да ересен. Оны бір демде сөндіру де мүмкін емес. Мысалы, 2018 жылғы 5 тамыз күні сағат кешкі 19.00 шамасында Жамбыл ауданы Ақыртас ауылдық округінің Қырғыз Республикасы Талас облысымен трансшекаралық аумақтарында өрт туындағаны туралы хабар келіп түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру қызметінің жəне Т.Рысқұлов, Жамбыл аудандық орман шаруашылығы мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың ерікті өрт сөндіру құрылымдарының қызметкерлері – барлығы 84 адам жəне 10 бірлік техника күші жұмылдырылды. Соның өзінде бірқатар қиындықтар кездескен. Мұндай өрт оқиғаларының зардабы, материалдық шығыны аз болмайды, қоршаған ортаға теріс ықпал етуі, тіпті адам өлімі орын алуы да ықтимал. Алайда өртпен күресте едəуір тəжірибе жинап, өз жұмыстарының кəсіби шеберлеріне айналған өрт сөндірушілер мұндайға аса көп жол бере қойған жоқ. Осы орайда өрттің шығуына өзіміз басты себепкер болып жататынымыз бар. Сондықтан да тұрғындарды, əсіресе шөптесін, шалғыны мол орманды, далалы аумақтарда өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырамыз. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Біз мінген такси жүргізушісінің əңгімесін осылай сабақтауы селт еткізген. «Иə, одан əрі не болды?» деп қоймай сұрап, еміне түстік. – Күн батуға айналған. Шағын аудандардың бірінен қазақтың өрімдей екі жас жігіті міне қалды. Өздері асығыстау екен. Орталыққа баратындарын айтты да, артқы орындыққа жайғасты. Қол сөмкелерін ақтарыстырып, күйбеңдесіп жатқан. Алғашында мəн бермеген едім. Сөйтсем, олар сол қолдарын мықтап таңып, бір-біріне уколмен есірткі егіп жатыр! Сөйтсем жолаушыларым... есірткі тұтынбаса қарға адым жер жүре алмайтын «бəңгілер» болып шықты. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген едім – оларға не айтарымды білмей, абдырап қалдым. Əлгі екеудің менімен шаруасы да жоқ. Қан тамырларын қуалай жөнелген уыты құрғыр əсер етті ме, көздері жайнап, көңілдері жайлана түсті. Ал мен олардан қалай құтылуды ойлап келемін. Ауыз ашуды айтасың, ілігісіп қалам ба деп, рөлде қу жаным отыр. Дес бергенде, орталық алаңға да жеттік. Олармен есеп айырысып береке таппасымды біліп, «ал жігіттер, жақсы» деп көлігімнен əуелі өзім созалаңдай түсе бердім. Əлгілердің бірі «братан» деп тілі күрмеліңкіреп əлдене айтуға оқталып еді, екіншісі қоярдақоймай оның қолтығынан демеп түсіріп, көпшіліктің арасына сіңіп жоғалды. Бұл мəселенің баршамызға қатысы бар. Қоғам қауіпсіздігі сақталуына көп болып атсалысуымыз қажет. Əсіресе біз секілді түнде де жатпай, жолаушылар тасымалдауды кəсіп еткендерге қиын болып тұр. Нашақорлардың арамызда алшаңдай басып жүруінен де күтілер қауіп мол. Осындайда такси жүргізушілеріне полиция қызметкерлері бес-он минут ішінде шұғыл көмекке келіп үлгеретіндей ахуал қалыптастырылса артықтық етпес еді. Не деп болады? Əлгі оқиғадан кейін өзімнің де рөлге қолым бармай, біраз уақытқа дейін сүле-сапа күй кешкенім бар, – деп əңгімесін аяқтады жүргізуші жігіт. Көбіне се біз, жасыратыны жоқ

11 тамыз, 2018 жыл

ЗАМАН ЖӘНЕ ЗАҢ

ÆÀÉÄÀÐÛ ÆÀÇ ҚÛÇÛҒÛ ÀßҚÒÀËÛÏ ÊÅËÅÄІ

– Бала түгілі, үлкендердің өзі сағына күтетін жаз айларында мектеп оқушыларының д е м а л ы с ы қ а л а й ұйымдастырылды, жеткіншектер бос уақытын тиімді өткізе алды ма? – Үш ай каникулда балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын жəне жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша өңірлік жоспар бекітілген. Соған сай облыста 826 сауықтыру лагері мен алаңдары жұмыс істеді. Бүгінгі күні 373 мектеп жанындағы, 453 демалыс алаңдары мен 10 қала сыртындағы лагерьлер жұмыстарын аяқтады. Барлық іс-шараларға 1-10-сыныптың 203 мыңнан аса оқушысын қамту жоспарланған. Жоспар орындалды. – Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануы бойынша қандай жұмыстар жүргізілді? – Жалпы балалардың с ау ы қ т ы р ы л у ы 2 б а ғ ы т т а жүргізілді. Бірінші бағыт – жазғы лагерьлерде демалыс ұйымдастыру. Биыл 184,4 мың оқушы сауықтыру орталықтарында демалды. Пайызға шақсақ – 90,7. Былтыр бұл

7

JARNAMA

«ғасыр дертіне» айналып үлгерген нашақорлықтың өзімізден ауылы əлі де алыс секілді көреміз. Ауғанстанмен, басқа да мемлекеттермен арадағы есірткі тасымалының транзиттік дəліздері, Ш уд ы ң « қ а р а

жіберетінін алдын ж а ла л келісілетінін естіп жатамыз. Жалған болар. Алда-жалда мəселе шынында да дəл осы ш бағытта жалғаса берер болса, жа есірткі бизнесіне бизнес қарсы күрестің жуық арада тыйылмасы анық. тый Біз, міне, о сылай бірімізге

АССАМБЛЕЯ ДАУЛАСҚАН

ТАРАПТАРДЫ БІТІСТІРУДІ КӨЗДЕЙДІ Дауласқан екі тарапты бір бітімге келтіріп, ынтымақты түрде шешу халқымызда бағзыдан бар үрдіс. Қазақ билері екі жаққа да тиімді шешім шығарып нағыз медиатордың рөлін атқарған. Олар «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деп, жесір дауы мен жер дауын да «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінен» шығармайақ шешіп отырған. Альмира ОМАРОВА

Зайырлы мемлекетімізде бүгінде бидің міндетін медиаторлар атқарып отыр десек, артық айтпаймыз. Себебі кей жағдайда қылмыс қасақана емес, жазатайым орын алып жатады. Егер ондай оқыс оқиғада екі тарап өзара келіскен болса, біреуін жазалау міндетті емес. Медиация саласының елімізде қайта жандануына Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтарда шыққан «Медиация туралы» Заңы себепкер болды. Ал қолданысқа алты айдан кейін, яғни сол жылы 5 тамызда енгізілді. «Медиация» термині латын тіліндегі геометриялық ұғым «медиана» – орта сызық деген сөзден шыққан. Қазақы ұғымға сəйкестендірсек, медиатор – екі жаққа да ортақ, дау-дамайда айтысушы жақтарды мəмілеге келтіріп, тең шешетін ара ағайын деген мағынаны білдіреді. 7 жыл бұрын қайта жаңғыртылған медиация саласының қырсыры мен аймақта атқарылып жатқан жұмыстары, сондай-ақ басқа да мəселелер «Достық» үйінде өткен форумда кеңінен қозғалды. «Дауларды шешу мен олардың алдын алуда ұтымды стратегияны таңдау» тақырыбындағы жиынды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинеті ұйымдастырды. Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Маржан Қожаева, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Шəбден Тілеумұрат, облыс əкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева мен медиаторлар кеңесінің төрағасы Лариса Сафонова қатысқан іс-шарада этномəдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық жəне қалалық соттың судьялары, жергілікті атқарушы органдар мен кеңестердің өкілдері де болды. Басқосуда медиация институтын дамытудың өзекті мəселелері талқыланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы медиациясы құрылымдарының мемлекеттік органдар жəне азаматтық қоғам институттарымен өзара əрекеттерінің негізгі тетіктері айқындалды. Бірлесе жүргізетін жұмыс əдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданды. Форум соңында осы бағытта жұмыс атқарып, қолұшын беріп жүрген бірқатар азаматтардың еңбектері еленіп, Алғыс хаттар тапсырылды.

МЕДИАЦИЯНЫҢ МІНДЕТІ АРТУДА Еліміз бойынша өткізілген «Бірыңғай республикалық медиация күні» жобасы аясында «Медиация институтын əлеуметтік мəселелерді шешу жəне қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастықты с а қ т ау ғ а қ ол д а н у » тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Бəйтерек ауылдық округі əкімінің міндетін уақытша атқарушы Қуаныш Жұманов ашып, жүргізген басқосуда аудандық соттың судьясы Аңсабек Назарқұлов «Медиацияның сот саласындағы тиімділігі» туралы баяндама жасады. Осы округтің ардагерлер алқасының төрағасы, медиатор Сəбит Айтбаев əлеуметтік мəселелерге қатысты орын алатын даулар кезінде ауыл тұрғындарының сотқа дейінгі алғашқы дау-дамайға байланысты бітімгерлердің көмегіне жүгінудің тиімділігін əңгімелеп, медиатор ретінде былтыр – 32, биылғы 6 айда 12 дау-дамайға қатысты істің оң шешілуіне ықпал еткенін айтты. Аудандық электр жүйелерін тарату мекемесінің басшысы, мəcлихат депутаты Рабат Сəрсенов бұрынғы билер сотының қазіргі жаңаланған түрі медиация екендігін, Төле, Қазыбек, Əйтеке билер даулы мəселені кесімді сөзбен шешіп отырғандығын, кешегі бабаларымыздың бітімгершілік заңы мен бүгінгі медиация заңының арасында үлкен сабақтастық жатқандығын сөз етті. Аудандық медиаторлар қауымдастығының төрайымы Ғайни Көшекбаева кəсіби емес медиаторлардың қатысуымен ұйымдастырылған іс-шаралардан ақпарат берсе, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Ғалымжан Оразбеков мəмілегерліктің қоғамдық қатынастарда келісім орнатудағы рөлін, сот қызметкері Баян Байғонысова медиация алдымен даулардың шиеленісуін төмендетуге септесетінін тілге тиек етті. Дөңгелек үстел барысында жеке азаматтарға заңдық тұрғыдан тегін кеңестер беріліп, медиаторлардың көмегіне жүгінген ауыл тұрғындары Өсербай Телеуов пен Лəззат Исабекова сөз алып, ойларымен бөлісті. Республикалық акция шеңберінде барлық ауылдық округтерде арнайы іс-шаралар өтті. Гүлшаһар ƏБДІҚҰЛОВА, журналист. Байзақ ауданы.

сорасы» жөнінде əредікте айтылып қалып жатады. Пойызда, жолда, кеден бекеттерінде апиын, гашиш, марихуана, анаша, геройн секілді есірткілік заттармен тұтылып жатқандар қаншама! Бəрі де бізді жанамалай өтетіндей. Өңіріміз есірткілік заттарды əрлі-берлі алып өтетін өткел ғана, бізге мұның бірінің де қатысы жоқ секілді. Солай болса, жақсы-ау! Бірақ нашақорлық дерті өз ішімізге де дендеп еніп, «бес қаруын асынған» дертті қоздырушылар босаға-босағадан батыл сығалай бастаған сыңайлы. Бұған бүгінде ауылдарда айтылатын əңгімелер, орын алған оқиғалар толық айғақ боларлықтай. Таңдап тиген жігіті нашақор болып шығып, ажырасып, қыздай жесір атанған аймаңдай аруларымыз қаншама! Əкесіз өсіп, жетілер ұрпақтың тағдыры не болмақ? Қазақтың санын көбейтер ұрпағымыз азып, жаңадан көтерілген шаңырақтары ортасына түсіп жатыр. Бұл қасірет емес пе? Қасірет болғанда қандай! Кейбір бейресми дерек көздерінен өңірімізден есірткілік заттарды алып өтушілерді «қызыл жағалылар» оқтатекте жо спар орындау үшін ғана «тұтқындап», көбінесе тимей, еркіне

туыс, бірімізге до с болып келетін нашақорлармен бірге, бір қоғамда етене өмір сүріп те жатырмыз. Оларды

өмірімізден тыс қарастыра да, оқшаулай да алмаймыз. Олар неге осындай күйге түсті? Жастар бойына зардабы ауыр дағдыны телуші күш бар ма? Болса, кімдер? Есірткі тұтынушылар шоғырының қалада, ауылда болсын бұрнағыдан қаншалықты артқанын немесе азайғанын зерделеп, мониторинг жүргізіле ме? Қалай болғанда да есірткі бизнесіне үзілдікесілді тоқтам салуға, алдын алуға, болдырмауға, нашақорларды арнайы тіркеп, қатаң бақылауда ұсталуы, олардың сауықтырылуына байланысты жоспарлы һəм жүйелі, пəрменді шаралар жүзеге асырылуға тиіс. Жасырыпжабатын ештеңесі де жоқ. Ал «Ауруын

жасырғанды өлім əшкерелейтін» болады. Айылымызды жияйық, бесігімізді де, есігімізді де түзейік, сөйтіп қасірет мұзтауы қалыңдай беруіне титтей де саңылау-сызат, жол қалдырмауға күш салайық, əлеумет! Тараз қаласы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, АУКЦИОН!

«Тараз» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» АҚ

«Таразкоммуналкөлік» ЖШС-ның 100% қатысу үлесін сатуға аукцион өткізеді Лот – «Таразкоммуналкөлік» ЖШС, орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 336. Бастапқы бағасы – 7 782 773 (жеті миллион жеті жүз сексен екі мың жеті жүз жетпіс үш) теңге. Əлеуетті сатып алушы объектіге due diligence өткізуге мүмкіндігі бар. Бағаны жоғарылату əдісі бойынша аукцион 2018 жылдың 28 тамызы күні сағат 11.00-де электронды веб-порталда www.gosreestr. kz мекен-жайы бойынша өтеді. Сатылатын қатысу үлесі – 100%, ақшалай түрде – 7 782 773 теңге. Сатушы «Тараз» ƏКК» АҚ, телефон: 8 (7262) 54-61-76; орналасқан жері: Тараз қаласы, Қ. Қойгелді көшесі, 173. Өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанша аукционды өткізу шартымен, керекті құжаттармен электронды веб-порталда www. gosreestr.kz мекен-жайы бойынша танысуға болады. Кепілдеме жарна, бастапқы бағаның 15 пайызы, «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ есепшотына төленеді (БСН 050540004455, ИИК KZ946017111000000330, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, БИК HSBKKZKX, КНП 171, Кбе 16). Хабарлама жарияланған күннен бастап www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша қатысушылар тіркеуден өтіп жəне өтінімдер қабылданып, аукционға екі сағат уақыт қалғанда қабылдау тоқтатылады. Аукционға тіркеуден өткен жəне кепілдік жарнаны төлеген тұлғалар ғана қатысады.


8

ZERDE

11 тамыз, 2018 жыл

www.aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

ӨҢІРДІҢ ӨНЕГЕЛІ ӨНЕР ИЕЛЕРІ

Спорт

Мэлстің баяны мен мандолинасы

Оның жүрегінен туған «Көкдөнентау», «Келші, айым», «Келші, Құланға», «Тобылғы сай», «Жазылбекшілер маршы» секілді көптеген туындылар тыңдарманын тапты. Таудың жұпар самалын жұтып өскен Мэлстің мелодиясы нәзіктігімен, мәтіннің үйлесуімен жүректерді баурайды. «Айдын көл, сен айтшы, Самал жел, сен айтшы, Жарыма құс болып ұшайын. Бір хабар берші, айым, Жақындап келші, айым, Лапылдап мәңгі құшайын», деп келетін «Келші айым» әнінің сазы мен сөзі көңіл пернелерін дөп басатыны сөзсіз. Алаштың айтулы қаламгері Дулат Исабековтің шығармасының желісінде түсірілген «Гауһартас» фильмінде шырқалатын бұл шығарма жанға сая сыйлап қана қоймай, романтикалық көріністі көз алдыңызға әкелері сөзсіз. Осынау лирикалық әнді қазір түсіріліп жатқан көркем фильмдерге саундтрек ретінде пайдаланса да болатындай. Мэлстің әндері кейде халық әні ретінде де насихатталып кетіп жататыны бар. Мәселен, «Манаурап тау үстінен көрінсе ай, Бір сезім тербетеді көңілді жай. Ән кернеп, жас жанымды мазалайды, Тартады мені өзіне Тобылғы сай»,

деп басталатын «Тобылғы сай» атты туындысының авторлық құқығын Мэлстің өзі қорғамаса, халық әні ретінде насихатталып кете берер еді. Кезінде үлкен сахналарда орындап жүрген кездерінде Мэлстің осы әнін Нұрлан Өнербаев, Жанар Айжанова сынды қазақтың белгілі әншілері «халық әні» деп хабарлап жіберген болатын. Ол туралы ақын, журналист, марқұм Кәріпжан Нүсіп өзінің «Өнер деген өлке бар» атты кітабында да жазған. Мэлстің өзімен жолығып, мәселенің анық-қанығына қаныққан соң ғана белгілі әншілер қатені түзеген-ді. Қазіргі кезде Құлан ауылындағы ауд а н д ы қ т а р и х и - ө л ке т а н у музейінде композитордың ғажап шығармаларының тууына себепкер болған мандолинасы мен баяны және фотоаппараты менмұндалап тұр. Музейге келушілер өмірден өзі өтсе де, әні қалған композитор мұрасын қызыға тамашалайды. Музей меңгерушісі Есназар Құрымбаев: «Бұл құнды мұраларды композитордың жиен інісі Тәліпбек Шақбаев бірер жыл бұрын әкеліп тапсырған болатын. Есімі өңірге ғана емес, елге белгілі өнер иесінің қолданған музыкалық аспаптары және өзге де мұралары біз үшін үлкен сый. Аудан үшін тарих», – дейді өз ойын білдіріп.

Баян – кезінде ел арасында кеңінен қолданыста болған «Восток» баяны. Музыкалық аспапта: «Мэлс аға! Сүйікті музыкалық аспапты сыйға ұсынушы – ініңіз Тәліпбек, келініңіз Бағила. Целиноград қаласы. 30.05.1984 ж.» деп жазылған екен. Осыдан-ақ Тәліпбек Шақбаевтың ағасына, ән өнеріне деген құрметін аңғара түскендейміз. Ал Мэлстің мандолинасында: «Сазгерлер Мэлс аға мен Жаңбыршы досымның кейбір әндерінің туындауына себепші болған мандолина аспабы. Тәліпбек. 30.05.1972.» деген жазу менмұндалайды. Өнер әлемінде өзіне тән орнын ойып тұрып алған Мэлстің шығармашылығы қандай да құрметке лайық. Бүгінгі таңда Мэлс Өзбеков атындағы Мәдениет үйінің алдында композитордың ескерткіш бюсті орналасқан. Қазіргі кезде жазған әндері ретроға айналған композитордың өз дауысы жазылған аудио таспа бар екен. Тәліпбек Шақбаев аталмыш мұраны да музейге тапсыруды көздеп отыр. Мэлс Өзбековтің шығармашылығын н а с и хат т ау ғ а а р н а л ғ а н « Ке л ш і , Құланға» атты облыстық ән байқауы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл Мэлс шығармашылығына көрсетілген құрмет екені талас тудырмайды. Болашақта о сы ән байқауын ре спубликалық деңгейде өткізсе де болатын секілді. Өйткені Мэлс Өзбековтің туындылары ел көлемінде де танымал екені анық.

«АҚ ЖОЛДЫҢ» СПОРТ АЛАҢЫ

ҚАЗАҚ ПЕН ҚЫРҒЫЗДЫҢ ЖАНСЕБІЛ БОКСШЫЛАРЫ

БІРАҚ РИНГТЕГІ ЖЕКПЕ-ЖЕК ДОСТЫҚҚА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕЙДІ ЕКЕН

Осыдан біраз жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Көкдөнен ауылында Мэлс Өзбеков, Басқар Битанов, Жаңбыршы Үсейіновтің шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырылған болатын. Ол кезде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін Дүйсенәлі Бықыбаев басқаратын. Ауылдық Мәдениет үйіне халық тығыз жиналып, бір ауылдан түлеп ұшқан үш таланттың шығармашылығымен сусындап, рухани жаңғырып та қалғандай еді. Тіпті мәдениет ошағына жиналған жұртшылықтың көптігі сонша, аталмыш шараны жерде отырып та тамашалаған. Қазақта: «Сабақты ине сәтімен» деген сөз бар. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі азаматтар жоғарыда аты аталған өнер иелерінің шығармаларын кеңінен насихаттаса қанеки. Ауыл-ауылдардағы ағайын қызыға тамашалар еді. Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алса несі айып? Мәдениет үйінде Мэлс пен Жаңбыршының әнін шарықтата шырқайтын әншілер де, Басқардың туындыларын сахнада қойылым ретінде жаңғыртатын талантты азаматтар да баршылық. Бұл істі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрдәулет Жамалбеков шындап кіріссе, жүзеге асыратындығына күмәніміз жоқ... Т. Рысқұлов ауданы.

ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАБДЫҚТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ

Ауд а н н ы ң 9 0 жылдық мерейтойы қ а р с а ң ы н д а Жа й ы л м а ау ы л д ы қ кітапханасында цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды. «Цифрлық Қ а з а қ с т а н » бағдарламасының негізгі төрт бағытының біріншісі ау ы л - а й м а қ т ы ке ң жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған болатын. Бұл орталық о с ы б а ғ д а рл а м а н ы және облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей тапсырмасын о р а н д ау а я с ы н д а ашылып отыр. А у д а н д ы қ орталықтандырылған кіт апханалар жүйесінің директоры С.Қожаназарованың а й т у ы н ш а , жаңа ашылған цифрландырылған ақпараттық орталықта

оқырмандарға барлық жағдай жасалған. Мұнда кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда д ө ң ге л е к ү с т е л д е р ұйымдастыруға,

талаптарға сай. Сондайақ адамдар емінеркін сұхбатт асып, әңгімелесуге де болады, – дейді ол. Орталықты ашуға жергілікті бюджеттен 3 миллион 800 мың теңге

КҮЙ КҮМБІРЛЕП, ӘН АСҚАҚТАДЫ Есет ДОСАЛЫ шахмат, дойбы ойнауға мүмкіндік бар. Жеке және топпен жұмыс істеуге арналған о р ы н д а рм е н , т е г і н ғаламтор қызметімен, өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Компьютерлер, планшеттер мен өзге де құрылғылар қазіргі

бөлініп, бес компьютер, бес планшет, бір 3/1 принтр, бір түрлі түсті принтер, бір смарттелевизор, музыкалық а п п а р а т, ж а й л ы орындықтар мен соңғы ү л г і д е г і к і т ап ха н а жиһаздары алынды. «Aq jol-Aqparat». Сарысу ауданы.

Ж Ө Н Е К Е Н!

ЖҰРТ... • Облыстық филармонияға Кенен Әзірбаевтың есімін береді екен... • «Тараз» қонақүйі ТИГУ-дің жатақханасына айналады... • Сарысу ауданында қариялардың демалыс үйі салынады дейді...

...ДЕП ЖҮР

Елорданың 20 жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана!» мәдениет пен өнер күндері сәтті ж а л ғ а с уд а . Қ а л а л ы қ Мәдениет үйінде өткен концертте әулиеаталық өнерпаздардың да бас қалаға деген шексіз ықыласына куә болдық. Бұл шараны Тараз қаласы әкімінің орынбас ары Кенжебек Олжабай, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев көрермендермен бірге тамашалап отырды. Әуелі әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлы е скерткішінің алдында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен халқымыздың «Тұсаукесер» салт дәстүрі көрсетілді. Мәдениет үйінің фоесінде ЭКСПО қалашығы, «Ханшатыр», «Бәйтерек» кешендерінің көрінісі бейнеленген. Бас

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 5, Баспасөз үйі

Меншік иесі: «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ Директор – Бас редактор

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ

қа лаға арна лған кіт ап көрме сі де о сы залдан көрініс тапқан. О с ы ш а р а л а р ғ а ку ә болған көпшілік залға жайғасып, мерекелік концертті тамашалады. Онда «Жас дәурен» ба ла лар би анс амблі «Астана» әнінің ырғағына мың бұрала билесе, Аяжан Орынбасар «Туған жер» әнін орындады. «Мәдениетті жігіттер» тобының «Мен – қазақпын»

әні де көпшілік көңілінен шықты. Келесі сәтте Берік Жо р а бе ко в же р г і л і кт і ко м п а з и т о р Ә у е с х а н Салабековтің «Ана туралы романс» шығармасын орындады. Бұл концерт күй тартысымен де ерекшеленді. Сахнаға Ержан Рысметов бастаған күйшілер шығып, домбыра шанағынан күй төккенде, сілтідей тынған залдағы көрермендер ұзақ қол соқты. Бұл шарадан жасөспірімдер де шет қа лмады. Оқушылар арасындағы «BaIa – turkvisyon» байқауының жүлдегерлері Айлун З ау ш е в а м е н І л и я с Қ о р ғ а н б а й « Жа й л ы Астана» әнін қосыла шырқап жүректерді толқытты. О с ы л а й ш а , тараздықтар бас қалаға деген құрметтерін көрсетті. Тараз қаласы.

Телефондар/факс: бас редактордың қабылдау бөлмесі – (қаланың коды – 8-726-2) 43-17-07. Жарнама – 43-32-50

Табиғат АБАИЛДАЕВ Жақында Индонезияда Азия ойындары басталатыны белгілі. Сары құрлықтың б а с т ы д од а с ы н д а е л қ ұ р а м а с ы ө з боксшыларына да сенім артады. Биылғы құрлықтық ойындарда былғары қолғап шеберлері 7 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Жамбылдық боксшылардан 69

килограмм салмақ дәрежесіндегі Асланбек Шымбергенов пен 75 килограмм салмақтағы Әбілхан Аманқұл топқа түспек. Жамбыл боксы әрқашан зор жетістіктерімен мақтана алады. Ел боксының төлқұжатына айналған Жамбылдың бокс мектебіне, былғары қолғап шеберлеріне деген өзге ел өрендерінің де құрметі бөлек. Бірнеше күннен бері Қырғыз Ре с п убл и ка с ы н ы ң қ ұ р а ма с ы б і зд і ң облыстың сайыпқырандарымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жолдастық жекпе-жектерге шығып та көрді. Әлбетте қырғыз боксшылары Таразға тұңғыш рет келіп тұрған жоқ. Олар маңызды аламан алдында Таразға арнайы атбасын бұрып, жамбылдық саңлақтармен тәжірибе алмасқанды мақұл көреді. Биыл да сол мақсатпен келіп отыр. Иә, Қырғыз Ре спубликасының боксшылары Азия ойындары алдында 14 боксшысын Таразға алып келді. Олар Азия ойындарында 49-69 килограмм салмақ дәрежесіндегі оғландарын қосатын болғандықтан негізінен сол салмақтардағы боксшыларының физикалық әлеуетін байқап көруді жөн санағаны аңғарылады. « О қ у - ж ат т ы ғ у ж и ы н ы н ы ң ө т і п жатқанына бір аптадан астам уақыт болды. Осы дайындық жұмыстарынан кейін олар Азия ойындарына аттанады. Қырғыз бауырларымыз негізінен 6 салмақта бақ сынайды деп күтілуде. Азия ойындарында Қырғыз Республикасы ұлттық құрамасының жаттықтырушылары

негізінен 52 килограмм салмақ д ә р е ж е с і н д е г і А з ат Ү с е н ә л и е в ке сенім артып отырғаны жасырын емес. Сондықтан айыр қалпақты ағайындардың бізге келуінің мақсаты да мәлім. Облыс құрамасы сапында өте тәжірибелі, талай байрақты бәсекелерде топ жарған, әскерилер арасындағы әлем чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы Олжас Сәттібаев деген мықты боксшы баламыз бар. Сол Үсенәлиевтің шеберлігін тексеру үшін арнайы Олжасқа бола келіп отыр. Азат бүгінгі жекпе-жекке қатыспайтын болды. Күні кеше ғана Олжаспен жұдырықтасып, мұрнынан ауыр соққы жіберіп алды. Нәтижесінде тұмсығынан қан тоқтамай, еліне қайтып кетті. Азат енді емделмек. Бірлескен оқу-жаттығу жиыны бізге не беруі мүмкін? Олар негізінен бірінші нөмірлі боксшыларын әкелді. Ал біз екінші-үшінші нөмірлі боксшыларымызды қойып отырмыз. Дегенмен біздің жігіттер қарсыластарынан басым түсіп жатыр. Тек қонақтар сапында 56 килограмм салмақ дәрежесіндегі Сарожидин Абдуллаев

Электрондық пошта: ak-jol-taraz@rambler.ru

Бас редактордың орынбасары – Алпамыс ҚАЗЫБАЕВ – 43-17-08

Мәдениет және спорт бөлімінің редакторы – Табиғат АБАИЛДАЕВ – 45-48-09

Сайт бөлімінің редакторы – Алмаз ОРМАНОВ – 43-17-13

Бас редактордың орынбасары міндетін атқарушы – Асхат РАЙҚҰЛ – 43-33-08 Жауапты хатшының міндетін атқарушы – Шынар САҒИЕВА – 43-50-73

Ақпарат және хаттар бөлімі редакторының міндетін атқарушы – Амангелді ӘБІЛ – 45-48-09

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

Бухгалтерия – 43-17-12

ЖСК KZ986017161000001080, БСК HSBKKZKX, СТН 211500070391, КБЕ 17, КНП 851, БСН 030940003725, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ ИНДЕКСІ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫ ҮШІН – 65457, МЕКЕМЕ ҮШІН – 15457.

БӨЛІМДЕР: Саясат және әлеумет бөлімінің редакторы – Ардақ ҮСЕЙІНОВА – 43-33-08 Индустрия және инновация бөлімінің редакторы – Баймаханбет АХМЕТ – 43-31-62

Жарнама менеджері – Жүрсінгүл ЖАҚЫП – 43-32-50 Компьютер орталығының меңгерушісі – Жанна БЕЙСЕНҚҰЛОВА – 43-26-90 Фототілші – Ақәділ РЫСМАХАН – 43-17-11

Спорт

DODA

Іргедегі Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Көкдөнен ауылын таланттар академиясы ма дерсің. Бәйтеректің үш бұтағы секілді осы елді мекенде белгілі сықақшы, сатира әлемінің саңлағы Басқар Битанов, композиторлар Жаңбыршы Үсейінов, Мэлс Өзбеков дүниеге келген. Мэлстің лирикалық әндері талай жүректерді шымырлатқаны сөзсіз. Тағдыры тауқыметке толы болған композитор туралы естелік жазғандар көп-ақ. Бірде Мэлс өзінің рухтас інісі, қазіргі таңда облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарып жүрген Дүйсенәлі Бықыбаевқа: «Аудандық Мәдениет үйіне кейін менің атымды берерсіңдер. Бұл сөзімді аманат деп ұққайсың», – деген екен. Аудан орталығы Құландағы Мәдениет үйі бүгінде өнер әлемінің саңлағының атымен аталады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Спорт

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Меркі, Т. Рысқұлов аудандары – Ақылжан МАМЫТ – 87774222450 Шу, Мойынқұм аудандары – Ерғали ҚАРТАЙҒАН – 87474094194

Оның да әсері бар шығар. Кейбір адамдар Олжасты жасы келген боксшы деп жатады ғой. Маған бір ұнайтыны – оның тәртіпке бағынатыны. Өз ісіне кәсіби тұрғыдан қарайды. Қытайға барды, Ыстықкөлде шынықты. Жаттықтырушылардан әр бала туралы сұраймын. Сонда олар Олжастың тыным таппайтынын айтады. Қолына гантелін алып: «Ағай мен былай етейін» деп шауып жүреді. Тіпті тамақтану кезінде де режімді сақтайды. Боксшы ретінде ғана емес, өмір көрген азамат ретінде де тәжірибесі мол. Нағыз қасқырға айналған боксшы. Осындай боксшының жүргені мен үшін жақсы. Өйткені жас буын соған қарап өседі. Оның сөмкесінен түрлі құрал-сайманын шығарып, тынымсыз жаттыққанын, ұдайы ізденісте жүргенін көрген жастар одан жақсы үлгі алады. Мен Азат нағыз бабында деп ойлағанмын. Алайда Олжас онымен қанша күн жұдырықтасса, Азат сонша күн, ашық айтсам, таяқ жеді. Бұл жағдайды қырғыздардың жас боксшылары да көрді», – дейді облыстың аға жаттықтырушысы Бекзат Сыпабеков ойымен бөлісіп. «Тараз-Арена» спорт кешенінің бокс залында өткен жекпе-жектерді біз де тамашаладық. Шынында да 56 килограмм с а лмақт ағы Сирожидин Абдуллаев тәжірибелі екені көрініп тұрды. Әлбетте Әділхан Бағлан одан кем түсті деп айта алмаймыз. Дегенмен қырғыз боксшысының физикалық дайындығы тәнті етті. 49 килограмм салмақ дәрежесіндегі Ермек Мәдиев Мирлан Туркбайулуумен, 60 килограм салмақтағы Хасен Азизбеков Арген Кадырбекулуумен, 64 килограмдағы Мирас Сәрсенов Нұрлан Кабашевпен, 69 килограмм салмақ дәрежесіндегі Абд у р а х м а н Абд у р а х м а н о в А л м ат Бекбауовпен қолғап түйістірді. Дайындық шайқастарында жамбылдық боксшылардың техникалық шеберлігі басым екені айқын аңғарылып тұрды. Мұны жас боксшылар жекпе-жектерінде де байқадық. Осыдан-ақ Жамбыл боксының шоқтығы биік екені сезілсе керек. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Газеттің сайты: www.aqjolgazet.kz

Редакция авторлардың көзқарасы, жарнама мазмұны үшін жауап бермейді. Жарияланбаған хатқа жауап қайтарылмайды. А – материалдың жариялану ақысы төленген.

қана өзінің мықты екенін дәлелдеп берді. Қалған салмақтағы сайыпқырандарымыз қарсыластарынан айласын асыруда. Бұл – Жамбыл бокс мектебінің деңгейі жоғары екенінің айқын дәлелі. Біз қырғыз боксшыларынан жеңіске деген құштарлықты, мінезді, қайтпас қайсарлықты өз боксшыларымыздың бойына сіңіруді көздеп отырған жайымыз бар. Техника жағынан олардан алатын ештеңеміз жоқ. Ал біз негізінен Өзбекст анға атбасын бұрып, сол жақта дайындықты пысықтаймыз. Өзбекстан бізге жақын орналасқан. Жылына екі рет баруға қолайлы. Аталмыш елдің боксшыларынан алатын дүниеміз мол. Жаттығу процесінен д е , б о кс ш ы л а р ы н ы ң т е х н и ка л ы қ тактикалық дайындықтарынан да көкейге көп нәрсе түйіп аламыз. Олардың деңгейі жоғары. Былай қарап отырсақ, Қырғыз Ре спубликасының мамандары Азат Үсенәлиевтің дайындығын пысықтау үшін басқа қалаға емес, арнайы Таразға бұрыннан келіп жүр. Азат пен Олжастың қарым-қатынасы өте жақсы. Екі боксшы ірі жарыстарда бірнеше рет кездескен. Барлығында Олжас жеңіске жеткен болатын. Азаттың да техникасы біздің Жамбылдың боксына келеді. Кішкентайынан Олжаспен бокстасып жүр.

Газетті есепке алу туралы № 16859-Г куәлікті 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген.

Нөмірдің кезекші редакторы

Камила БОРАШОВА

ТАРАЛЫМЫ: 17061 АПТАЛЫҚ ТАРАЛЫМЫ: 51183

Газет аптасына үш рет шығады. Газет редакцияның компью­терлік орталығында теріліп, беттелген. Қалыбы Жамбыл «Сенім» ЖШС баспа орталығында жасалып, көбейтілді. 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 22-үй. тел.: 43-32-83.

Тапсырыс 540

11082018 PDF AQJOL  
11082018 PDF AQJOL  
Advertisement