Page 1

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

СҰЛТАНБАЕВА ГҮЛМИРА СЕРІКБАЙҚЫЗЫ

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация: шетелдік тәжірибе және Қазақстан

Қазақстан Республикасы Алматы, 2010


УДК 32 ББК 66.0 С 89 Монография Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2009 - Жылдың үздік оқытушысы» грантына жарық көрді. Пікір жазғандар: Есім Ғ. – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Парламентінің сенаторы Ахметова Л.С. – тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Қадіржанов Р.Қ. – философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі философия және саясаттану бөлімінің меңгерушісі Бейсенова Г.Ә. – философия ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті аймақтану кафедрасының меңгерушісі Монография әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Ғылыми Кеңесімен ұсынылған, 19 қаңтар, 2010 жыл. Сұлтанбаева Г.С. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация: шетелдік тәжірибе және Қазақстан. Монография. – Алматы: 578 баспасы, 2010. – 360 бет.

ISBN 978-601-247-077-2 Монография қоғаммен байланыс, журналистика, саясаттану, әлеуметтану факультеттері мен бөлімдерінде оқитын жоғары оқу орындары бакалаврлары, магистранттары мен PhD докторларына, сондай-ақ бұқаралық коммуникация саласын зерттеушілер, мемлекеттік қызметкерлер, саясаттанушылар, саяситехнологтар, PR-мамандары мен журналистерге арналған. УДК 32 ББК 66.0 © Сұлтанбаева Г.С., 2010

ISBN 978-601-247-077-2 2


МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ...................................................................................................... 1 САЯСИ КОММУНИКАЦИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚМЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 Саясат саласындағы ақпараттық-коммуникативтік процестерді зерттеудің теориялық мәселелері.................................................................... 1.2 Бұқаралық коммуникацияның саяси субъект ретіндегі мәні, құрылымы............................................................................................................ 1.3 Саяси коммуникация – теориялық зерттеулердің объектісі ретінде... 2 БҰҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРАЛДАРЫ – БИЛІКПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 2.1 Саяси билік пен масс-медиа қарым-қатынасындағы шетелдік тәжірибе……………………………………………………………………….. 2.2 Қазақстанның шетелдермен саяси ақпараттық байланысы және оның қоғамның демократиялану процесіне ықпалы...................................... 2.3 ҚР саяси реформалар: билік және БАҚ-тың коммуникациялық стратегиялары .................................................................................................... 3 ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ҚҰРУ ТӘЖІРИБЕСІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАСЫ 3.1 Электронды демократия және саяси коммуникация мәселелері....... 3.2 Электронды үкімет құрудың шетелдік тәжірибесі: салыстырмалы сараптау.............................................................................................................. 3.3 Қазақстандық билік және бұқара қарым-қатынасындағы «электронды диалог» проблемалары және перспективасы............................ 4 БҰҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДА САЯСИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСЫРУДАҒЫ РӨЛІ 4.1 Бұқара мен биліктің өзара байланыс мәселелері: жаңа көзқарастар мен пікір алуандығы........................................................................................... 4.2 Қазақстанда демократиялық құндылықтар қалыптастырудағы қоғамдық пікірдің рөлі....................................................................................... 4.3 Саяси коммуникативтік технологиялардың даму тенденциялары...... 5 МАСС-МЕДИА САЯСИ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ 5.1 Қазақстандық бұқаралық коммуникация арналары: саяси позициялары мен даму бағыттары.................................................................... 5.2 Баспасөздің саяси коммуникацияны қалыптастырудағы рөлі........... 5.3 Медиадемократия мәселелері: қазақстандық тәжірибесі..................... ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................ Қосымша А................................................................................................... Қосымша Ә................................................................................................... Қосымша Б.................................................................................................... Қосымша В.................................................................................................... Қосымша Г.................................................................................................... Қосымша Ғ.................................................................................................... 3

4 20 36 54 72 90 105

121 132 146

159 172 187 201 212 225 241 248 266 271 278 290 299 304


КІРІСПЕ Диссертациялық зерттеудің жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникацияның шетелдік және қазақстандық тәжірибелеріне саяси сараптама жасалады. Автор бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникацияның қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, проблемаларын, сонымен қатар саяси билік – масс-медиа – бұқара қарым-қатынасының, мемлекет пен бұқараның виртуалдық диалогының шетелдік озық үлгілерін қарастырып, оның Қазақстан қоғамын модернизациялануға ықпалы мен осы байланыстарды жетілдіруге арналған кепілдемелерді ұсынады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында саяси жүйені дамытудың негізгі міндеттері қатарында: «Мемлекеттік билік тармақтары арасында өзара ықпалдастық тиімділігін арттырып, тежемелік пен тепетеңдік жүйесін нығайта беру, саяси партиялардың рөлін арттыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу, мемлекеттік шешімдер әзірлеу үдерісіне жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету жолында атқарушы билік құрылымдарын реформалау, БАҚ-тың үйлесімді дамуына жәрдемдесу»,- деп жеке-жеке атап өткен болатын [1, 16 б.]. Президент Жолдауында мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам институттарының қарым-қатынасын, мемлекеттік шешім қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуын, сондай-ақ осы байланыстарды жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін негіздеп беріп отыр. Қазақстан қоғамының саяси жүйесін дамыту үшін Н.Ә. Назарбаев халқына Жолдауында саяси коммуникациялық процеске қатысушы саяси акторлардың атқаратын міндеттерін айқындап берді. Осы аталған міндеттерден Еуразия өзегінде орналасқан Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық саясатын айқындау мен болжауда саяси коммуникация саласындағы іргелі зерттеулердің қажеттігі күн тәртібінде тұр. Бұл саладағы зерттеулер билік пен бұқара арасындағы байланысты жүзеге асыратын құралдардың бірі саналатын бұқаралық коммуникация арналарының рөлін зерттейтін ғылыми мектептердің негізі қаланып, қалыптасуына ықпал етеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ХХ ғ. басында Батыс елдері мен АҚШтың ғалымдары, сарапшылары, саясаттанушылары мен БАҚ өкілдері мемлекеттік саясат пен қоғам арасындағы қарым-қатынас теориясы мен тәжірибесіне зерттеулер жүргізе бастады. Бұл мәселелер парламент залдары мен жоғары оқу орындарының аудиторияларында талқыланған өзекті мәселелердің қатарында болды. Мыңжылдықтар тоғысындағы жаһандық өзгерістер саясат, экономика, әлеумет, мәдениет салаларын түбегейлі өзгерістерге ұшыратып, «материалдық құндылықтардан» «постматериалдық құндылықтарға» қарай біртіндеп дами бастады. 4


Бүгінде ақпаратты жинап, өңдеп, жинақтап, оны таратуда адамзаттың мүмкіндіктері ұлғая түсті, сондай-ақ саяси және әлеуметтік процестерге айтарлықтай өзгерістер әкелді. Мемлекеттік билік пен оның институттарының жұртшылықпен бұқаралық коммуникация құралдары арқылы азаматтардың саяси шешім қабылдауына, саяси белсендігі мен мәдениетін арттыруда, нәтижесінде қоғамдық пікір мен қоғамдық сана қалыптастыруға ықпал етуі басым сипат алуда. Бұл мемлекеттің саясатын бұқараға жеткізу мен жариялау институттары арасында бәсекеге қабілеттілік орта қалыптастыра бастады. Бұқаралық масс-медиа бүгінде саяси басымдықтарды анықтайтын әлеуетті күшке ие бола отырып, азаматтардың саяси талғамы мен таңдауын қалыптастыратын, олардың саяси білімін арттырып қоймастан, саяси жағдайға бейімдейтін саясат субъектісі ретінде танылып отыр. Қазіргі уақытта саяси ақпарат бұқара санасын билеп-төстей отырып, оның жай-күйі мен мінез-құлқына өте күшті әсерін тигізетін виртуалдық шынайылықты қалыптастыра бастады. Саяси ақпараттың бұқараны тұрақтандырып немесе керісінше дүрліктіре алатын пәрменділігі мемлекеттік билік тарапынан жүргізілетін ақпараттық науқандардың ең қуатты құралы саналады. Сондықтан бірінші жағынан, биліктегілердің идеяларын таратушы – коммуникатор ретінде, екінші жағынан, оны қабылдаушы бұқара – реципиент ретінде саяси коммуникация әлеуетті механизмге айнала бастады. Бүгінгі таңда Қазақстанда саясат субъектілерінің қарым-қатынасын, сондай-ақ билік пен бұқараның арасындағы байланыстарды жетілдіруде БАҚ пен ақпараттық технологиялардың рөлі белсене дамуда. Жаһандық саяси интеграциялық процестің белсенді қатысушысы ретінде Қазақстанның саяси жүйесіндегі реформалық өзгерістердің тиімді жүзеге асуы үшін биліктің коммуникациялық стартегиясын негіздеу мен таяу болашағын болжау қажеттігі зерттеудің маңыздылығын білдіреді. Саяси коммуникация саласындағы зерттеулер Қазақстан мен әлем елдерінің саяси ақпараттық байланыстардың дамуына, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауда үлкен мәнге ие. Қазіргі уақытта елімізде саяси коммуникацияның дамуы саясат, экономика және әлеуметтік салаларды байланыстыратын бұқаралық коммуникациялық технологиялардың дамуымен тығыз байланысты. Қазақстандық қоғамда реформалық саясаттың жүзеге асуы саяси процестерге жаңаша сипат беріп, билік пен бұқара арасынағы диалогтың жаңа әдістерін дүниеге әкелді. Бұл ретте билік пен бұқара арасындағы диалогтың дәстүрлі әдістерімен қатар виртуалдық қарым-қатынасқа негізделген электронды диалог мәселесін күн тәртібіне қойды. Еліміздегі көппартиялық жүйенің пайда болуы, азаматтық қоғам институттарының, демократиялық сайлау жүйесі мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінің қалыптасуы аталмыш диалогтың жаңа сипатта өрбуіне негіз болды. Сонымен, саяси коммуникация қоғамдағы саяси 5


қызметті құрылымдайтын және оған жаңа мағына беретін ақпараттық алмасу мен саяси ақпарат берілу үрдісінің жиынтығы ретінде бұқаралық коммуникация құралдарына жаңаша міндеттер жүктеді. Елімізде болып өткен түрлі сайлау науқандары мен референдумдар азаматтардың саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыруда айтарлықтай әсері болды. Әрі бұл процестер қоғамдағы саяси байланыстың қашан да билік пен бұқара арасындағы ақпарат алмасу, кері байланыс арнасы ретінде ерекше маңыздылығын тағы да дәлелдей түсті. Жаңа реформалар кезеңінен тұрақты даму бағытына бет алған Қазақстандағы демократиялық құндылықтардың жүзеге асу процесінде бұқаралық ақпараттық құралдарының атқаратын рөлі ерекше. Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің дамыған 50 елінің қатарына енуді стратегиялық мақсат еткен Қазақстан үшін саяси коммуникация саласындағы зерттеулер мемлекеттің ақпараттық саясатын айқындауда қаншалықты маңызды болса, оның халықаралық саяси кеңістіктегі орнын нақтылауда соншалықты маңызды. Сондықтан елімізде саясаттану, коммуникативистика және әлеуметтану ғылымында саяси коммуникацияның теориясы мен тәжірибесі жайында зерттеулер жүргізіле бастауы аталмыш саладағы оң қадам деуге болады. Қазақстанның саяси жүйесін ескере отырып, саясаттану және коммуникацияның теориялық-методологиялық негіздері мен тәжірибелерін зерттеу нәтижесінде қоғамның одан әрі демократиялық дамуын болжау қажеттігі туындады. Қазақстандық БАҚ-тағы саяси коммуникация, қоғамдық өмірдегі саяси насихат, бұқара көпшіліктің саяси мінез-құлқын зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Саяси коммуникацияның БАҚ арқылы жүзеге асуы оның ең маңызды формаларының бірінен саналады. Сондықтан БАҚ-тағы саяси коммуникация билік пен бұқара арасындағы ақпарат, келісім, бағдарлаушы субъект ретінде ерекше маңызды және бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация тәжірибелерінің қоғамның одан әрі демократияланудағы рөлін айқындау бұл бағыттағы зерттеудің маңыздылығын арттыра түседі. Саяси жүйедегі коммуникацияның түрлі аспектілері коммуникация, социология, саясаттану, конфликтология салаларында ішінара зерттелгенімен бұқаралық коммуникация құралдарындағы саяси коммуникацияны тиімді жүзеге асыратын бірыңғай концепция әзірлеудің қажеттігі туындайды. Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Саяси коммуникацияның теориясы мен тәжірибесінің түрлі аспектілері шетелдік және отандық саясаттану ғылымының ерекше нысаны болып саналады. Саяси коммуникация теориясы мен проблемаларын зерттеуде ерекше үлес қосқан шетелдік ғалымдар қатарында Г. Лассуэлл [2], К. Шеннон және У. Уивер [3], М. Дефлер [4], Н. Винер [5], М. Вебер [6], Д. Макквейл [7], О. Ланге [8], Л. 6


Пай [9], Ж.-М. Коттрэ [10], К. Сайнне [11], П. Лазарсфелд [12], Й. Бордвик және Б. Ван Каам [13], Р. Брэдокк [14], Ю. Хабермас [15] және т.б. бар. Бұқаралық коммуникация құралдары теориясын зерттеуде американдық саясаттанушы Г. Лассуэлл саяси коммуникацияны зерттеудің бастауы болып саналатын логикалық схемасын ұсынды. Лассуэлл формуласын жетілдіру мақсатында Р. Брэдокк коммуникацияның мақсаты мен қоршаған орта әсері жайындағы тезистерін ұсынады. Әйгілі математик және ақпарат теориясының негізін салушылардың бірі К. Шеннон мен әріптесі У. Уивер коммуникациялық процесті техникалық, технологиялық сипатта графикалық түрде түсіндіріп, коммуникацияны жүйелік және бағыттас процесс деп таниды. К. Шеннон мен У. Уивердің идеясын дамытқан М. Дефлер жүйелілік, бағытталу процестерінен басқа кері байланыс процесін әйгілейді. Саяси коммуникация тәсілдерінің эволюциясы зерттелгенде басқарушы мен басқарылушы ортаның қарым-қатынасы коммуникативтік негізде сараптауға басты назар аударылады. Ж.-М. Коттрэ зерттеулері осы парадигма тұрғысында қарастырылады. Голландиялық зерттеушілер Й. Бордвик пен Б. Ван Каам саяси коммуникациядағы ақпараттың балама түрлерінің қозғалысы модельдерін айқындайды. Кибернетик ғалымдар Н. Винер мен О. Ланге саяси коммуникацияның басқарудағы жүйелік-кибернетикалық тәсілін ұсынады. Американдық саясаттанушы Л. Пай саяси коммуникация элитадан бұқараға бір жақты бағытталған коммуникацияны емес, саясатқа түрлі әсер ететін қоғамдағы ресми емес коммуникациялық процестердің тұтас диапазоны ретінде зерттейді. К. Сайнне зерттеулерінде саяси жүйенің элита, бюрократия және бұқара сияқты элементтері арасында үздіксіз ақпараттық алмасулар болатыны, қашан да элита өздерінің заңдылықтарын нығайтатын ақпаратты құрастырып «төменге» жіберетіндігі қарастырылады. Бұқаралық коммуникация құралдары мен бұқаралық ақпарат құралдарын саяси институт ретінде қарастырған зерттеулер қатарында ресейлік ғалымдарды атауға болады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың саяси шешімдер мен саяси процесте қолдану әдістерін Е.В. Богатин [16], М.С. Григорьев [17], И.М. Кирносов [18], Е.В. Наумова [19], И.Б. Тростоянская [20] және т.б. ресейлік ғалымдар зерттейді. Ресейлік ғалым Е.В. Богатин зерттеулерінде ақпараттықкоммуникативтік технологияларды саяси шешім әзірлеу мен жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырады. Зерттеуші саяси процестердің тұрақтылығы мен оның динамикалық дамуына ақпараттық және коммуникациялық әрекет ету, ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану мен жүзеге асыру әдістерін қарастырады. Сондай-ақ Ресейдегі саяси процестерге ақпараттық-коммуникативтік әсер ету мәселелерімен айналысқан ғалымдар қатарында М.С. Григорьевтің 7


зерттеулерін атауға болады. Зерттеуші қазіргі заманғы Ресей үшін саяси, экономикалық, әлеуметтік салаларда пайдаланылып отырған коммуникациялық технологияның дамуы қоғамның жаңа саяси процестер, құбылыстар, проблемалармен дамып отырғандығы жайлы тұжырымдарын ұсынады. Саяси технологиялар контексінде бұқаралық ақпарат құралдарының билеп-төстеу ерекшеліктерін зерттеген И.М. Кирносов қоғамдағы ақпараттық процестердің белсендігінің артуы саяси әлеуметтік процестерге өзгерістер әкелгенін, нәтижесінде символдар мен ақпаратпен билеп-төстеу биліктің жаңа қорлары ретінде қарастырады. Саяси коммуникацияның теориялық және методологиялық мәселелерін, қазіргі заманғы Ресейдегі ақпараттық технологияның саяси процестерде қолдану мен саяси коммуникацияның даму тәжірибесі саласына М.Н. Грачев [21], Н.Ф. Пономарев [22], В.М. Березин [23], В.И. Кравченко, [24], О.Н. Дудко [25], М.С. Вершинин [26], А.В. Чугунов [27], Ж. Бодрийяр [28], М.М. Назаров [29], Л.Л. Реснянская [30], А.И. Соловьев [31], Войнов Д.В. [32] т.б. сияқты ресейлік ғалымдар айтарлықтай үлес қосты. Саяси коммуникацияға теориялық-методологиялық сараптау жүргізген ғалымдардың ішінде М.Н. Грачевтің еңбектерін ерекше атауға болады. Зерттеуші саяси коммуникацияның теориялық концепцияларының қалыптасуы мен дамуы саяси ойлау эволюциясының заңды нәтижесі және саяси коммуникация процесін саяси қызметтің ажырамас сипаты ретінде, саяси акторлардың бір-біріне және билік, билік-басқару қарым-қатынасына ақпараттық әсері ретінде қарастырады. Ақпараттық қоғамдағы билік пен коммуникация мәселелерін зерттеген ғалымдардың бірі В.И. Кравченко саясат пен саяси мәдениет саласындағы өзгерістер қоғамның дамуындағы жаңа кезеңнің пайда болғандығын атайды. Ақпараттық технологиялардың дамуы жағдайындағы саяси коммуникация мәселелерін А.В. Чугунов «Саясат және Интернет» арасындағы байланыстар арқылы зерттейді. Ресейлік Интернет желісіндегі ақпараттық ағындарды мемлекеттік реттеу мәселелерін зерттеген О.Н. Дудко ақпарат алудың балама көзі және ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерінің ұлғаюы Интернетті демократиялық принциптерді жүзеге асырушы орта ретінде қарастырады. Осы салада зерттеу жүргізген ғалымдар қатарында М.С. Вершинин Интернет және демократия мәселелерін ақпараттық қоғамдағы саяси коммуникацияның перспективалық бағыттарының бірі ретінде, ал Д.А. Войнов Интернет-диалог азаматтардың саяси өмірге қатысу формасы ретінде қарастырады. Билік пен бұқара арасындағы қарым-қатынас салаларындағы зерттеулердің бір бағыты саяси PR. Бұл бағыттағы зерттеулер қатарында ресейлік И.Н. Панарин [33], Е.Н. Пашенцев [34], Г.Г. Почевцов [35], Д.В. Ольшанский [36], Е. Малкин мен Е. Сучков [37], Л.В. Поляков [38] сияқты ғалымдардың еңбектерінде қоғаммен байланыс саяси процестің негізі ретінде 8


және ондағы бұқаралық коммуникацияның рөлі, жүзеге асыру технологиялары қарастырылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары саясаттанудың теориялық мәселелері, өтпелі кезеңдегі қоғам транформациясы, саяси жүйе, қоғамдағы саяси плюрализм мәселелері, мемлекеттің ақпараттық саясатының қалыптасуы, ұлттық қауіпсіздіктің саяси аспектілері саясаттану ғылымындағы басты зерттеу тақырыбы саналды. Осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдар қатарында М. Машан [39], А. Сәрсенбаев [40], Л.Ә. Байделдинов [41], Е. Қарин [42] сияқты ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Жаһандық ақпараттандыру жағдайы және оның ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ықпалы отандық саясаттану ғылымында да зерттеулердің жаңа бағытын негіздеді. Осы бағытта Е.А. Алияров [43], А.С. Акшулакова [44], Т.Ф. Даулбаев [45] сияқты ғалымдар зерттеулер жүргізді. Саясаттанушы ғалым Е.А. Алияров зерттеулерінде жаһандану процесінде Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық саясатының даму бағыттары мен проблемаларын, оның шешу механизмдерін ұсынса, А.С. Акшулакова мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне саяси сараптаулар жүргізіп, оның жаһандық ақпараттық процеске интеграциялануының халықаралық саяси-құқықтық механизмдерін ұсынады, ал Т.Ф. Даулбаев Қазақстандағы мемлекеттік басқаруда ақпараттықсараптамалық технологияны қолдану ерекшеліктерін зерттейді. Қазақстандағы сайлау демократиясының генезисі, саяси технологиялардың теориялық-методологиялық әдістері, саяси жүйе трансформациясы барысында сайлау технологияларының дамуы жайлы зерттеулердің қатарында Е. Ертысбаев [46], Л.М. Иватова [47], Ш.А. Құрманбаева [48] сияқты ғалымдар еліміздегі саяси сайлау процестерін зерттеу тәжірибесіне үлес қосса, Г.Ө. Насимова [49], PhD докторы С.О. Бокаев [50] зерттеулерінде азаматтардың электоралдық мінез-құлқы мәселелері мен саяси технология қоғамдық пікір мен электоральдық мінезқұлықты қалыптастырушы фактор ретінде қарастырады. Демократиялық даму жолындағы Қазақстан жағдайында саяси субъектілерді байланыстырушы басты құрал бұқаралық коммуникация арналары саналады. Қазақстандағы саяси процестердің дамуындағы бұқаралық коммуникация рөлі мен оның даму мәселелерін зерттеген ғалымдардың қатарында Д.Т. Медеуова [51], А.А. Ермұхамбетов [52], А.С. Абулқасова [53], А.А. Морозов [54] сияқты зерттеушілердің еңбектері бар. Жаһандану жағдайында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының саяси процестерді қалыптастыру мен дамытудағы рөлі, БАҚ-тың саяси күрес пен бәсекелестік құралы ретіндегі маңызы, Қазақстанның әлеуметтік-саяси трансформациясы контексіндегі БАҚ қызметінің ерекшеліктері, отандық масс-медиа, оның қоғамның модернизациялану процесіне ықпалы, 9


ақпараттық алаң мен оны реттеу мәселелері аталған зерттеулердің саяси сарапталуына негіз болды. Бұқаралық ақпарат құралдарын саяси маркетингтің құралы ретінде қарастырған С.Ю. Петренко [55], саяси жарнаманың Қазақстандағы даму үрдістерін М.Ө. Насимов [56], саяси маркетинг қалыптасуының қазақстандық тәжірибесін С.Ж. Досанова [57] сияқты ғалымдар зерттейді. Саяси биліктің жүзеге асуындағы ең қуатты да потенциалды құрал – бұқаралық ақпарат құралдары. Қоғамның демократиялануы мен дамуында маңызды азаматтық институт ретінде саяси масс-медиа және ақпараттық қоғамның қалыптасуы мәселелерін зерттейтін қазақстандық ғалымдардың мектебі қалыптасып келеді. Осы салада саяси сараптамалық зерттеулер жүргізген Ғ.Ж. Ыбраева [58], Л.С. Ахметова [59], С.Х. Барлыбаева [60], В.Н. Бруштунов [61] ғалымдар қатарын Қ.К. Жаманқұлова [62], А.Э. Баймұхамбетов [63] сынды PhD докторларының зерттеулері толықтырып отыр. Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуы кезеңіндегі телевизия дамуының саяси аспектілері және даму үрдістерін қарастыратын Ғ.Ж. Ыбраеваның, Қазақстандағы сайлау технологиялардың дамуы, сайлау науқандарының демократияландыру процесіне ықпалын зерттеген Л.С. Ахметованың, трансформациялық кезеңдегі Қазақстан және Ресей бұқаралық ақпарат құралдарына саяси талдау жүргізген В.Н. Бруштуновтың, еліміздегі Президент сайлауының жаһандық және ұлттық БАҚ-та жариялануын, сондай-ақ медиажаһандану жағдайындағы қазақстандық БАҚ-тың даму үрдістерін зерттеген Қ.К. Жаманқұлова мен А.Э. Баймұхамбетовтің еңбектері бұқаралық ақпарат құралдарының саяс процестер мен сайлау науқандарымен байланысы мәселелеріне арналған. Қазақстандағы билік пен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеті, оның саяси аспектілері, сондай-ақ еліміздегі саяси коммуникацияның ерекшеліктері мен проблемалары, Қазақстандағы саяси сананың қалыптасуы мен даму мәселелері, саяси символиканың қоғамдық сананы шоғырландырушы рөлі жайлы зерттеу жүргізген ғалымдар қатарында А.С. Әділбеков [64], А.А. Иманбаева [65], С.Ж. Сапанов [66], Ә.Ж. Турхановаларды [67] атауға болады. Ал келесі ғалымдар тобы А.Ж. Ибраев [68], Ә.Ғ. Есенбаева [69], Ж.М. Сабитов [70], С.Ж. Рысбаева [71], Р.Б. Сейсебаевалар [72] еліміздегі саясаттану ғылымында жаңа бағыттардың бірі саналатын саяси PR-технологиялар мен саясаттағы имидж қалыптастыру мәселелерін зерттейді. Қазақстандағы саяси PR-дың дамуы жаһандану процестерімен ықпалдас процесс екендігі осы саяси сараптауларда талданады. Мәселен, Қазақстан имиджін қалыптастыру контексіндегі саяси Public Relations, шетелдердегі Қазақстанның халықаралық имиджі, Қазақстандағы саяси PR-дың қалыптасу ерекшеліктері, еліміздегі саяси технологияларды пайдалану, жүзеге асыру проблемаларына арналған жұмыстардың көбеюі бұл бағыттағы зерттеулердің дамып келе жатқандығын білдіреді. 10


Дегенмен мемлекеттің ақпараттық саясаты мен ақпараттықкоммуникативтік процестердің түрлі аспектілерін қарастырған зерттеу жұмыстарының көптігіне қарамастан бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация мәселелері зерттелмеген. Қазақстандық саясаттану ғылымында саяси коммуникацияның кейбір аспектілері, соның ішінде бұқаралық ақпараттық құралдарына қатысты концепция әзірленбеген. Сондықтан еліміздегі билік институттары мен бұқара арасындағы өзара байланыстарды жүзеге асырушы құрал ретінде БАҚ-тағы саяси коммуникация мәселелерін зерттеуге деген қажеттілік туындады. Тақырыптың зерттелу деңгейін сараптаудан байқалғаны, саясат саласындағы ақпараттық-коммуникативтік процестер мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация мәселелерін қарастыру, ғылыми негізделген шешімдерді іздестіру қазақстандық саясаттану ғылымындағы жаңа бағыттардың бірінен саналады. БАҚ-тағы саяси коммуникация еліміздегі саяси ақпараттық-коммуникациялық процестердің демократия құндылықтарын жетілдіру рөлін айқындайтын, сондай-ақ тиімді саяси байланыстар орнату әдістері мен оларды жүзеге асыру механизмдерін әзірлейтін саяси ғылымның қолданбалы бағыты саналады. Қазақстан Республикасындағы саяси процестердің дамуына ықпал етуші гипотеза ретінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникацияны жетілдіру механизмдерін дайындау ережесі ұсынылды. Зерттеу нысаны саясат субъектілері арасындағы ақпараттықкоммуникациялық процестерді жүзеге асырушы және таратушы құрал ретінде бұқаралық ақпарат арналарындағы саяси коммуникация болып табылады. Зерттеу пәні саяси модернизациялық кезеңіндегі Қазақстан қоғамының бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникацияның даму динамикасы және оны жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру болып саналады. Зерттеу жұмысының мақсаты биліктің ақпараттық-коммуникациялық саясатын жүзеге асыратын және саясат субъектілерін байланыстыратын құрал ретінде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникацияның қалыптасып, дамуын талдау және оны жетілдіруге бағытталған концептуалдық негіздерін әзірлеу. Зерттеудің мақсатына сәйкес мынадай міндеттер айқындалды: 1. ақпараттық-коммуникативтік процестердің саясат субъектісі ретіндегі мәні мен құрылымын, саяси коммуникацияны теориялық зерттеу мәселелерін айқындау және талдау; 2. саяси билік мен бұқаралық ақпарат құралдары қарым-қатынасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын айқындау; 3. саяси коммуникацияның озық үлгілерінің қазақстандық қоғамның одан әрі демократиялану процесіне ықпалын анықтау; 11


4. саяси билік және бұқара қарым-қатынасындағы коммуникациялық әрекеттердің жүзеге асу технологияларын сипаттау, оның қоғамды модернизациялану процесіне қатысын айқындау; 5. электронды демократияның әлемдік тәжірибелерін сараптау және саяси коммуникацияны жүзеге асырудың виртуалдық құралы ретінде Қазақстандағы «электронды үкімет» құру, қалыптастыру проблемалары мен таяу болашағын айқындау; 6. Қазақстан қоғамындағы саяси сананы қалыптастырудағы бұқаралық коммуникация құралдарының рөлі мен саяси коммуникативтік технологиялардың даму кезеңдерін айқындау; 7. қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ұстанымдары мен даму бағыттарын айқындау және саяси процестердің медиадемократия мәселелеріне қатысы мен ықпалын негіздеу; 8. қазақстандық саяси биліктің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-коммуникативтік процестерді жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру мен бұқарамен байланысын дамытуға арналған кепілдемелер әзірлеу; 9. Қазақстандағы демократиялық процестердің дамуы мен саяси жүйенің тұрақталуын болжау мақсатында БАҚ-тағы саяси коммуникацияның даму тенденцияларын анықтау. Диссертациялық жұмыстың теориялық-методологиялық негіздеріне саяси теория мен саясаттану ғылымының сараптамалық принциптері, сондайақ бұқаралық коммуникация теориясы, социология, математикалық статистика әдістері жатады. Бұл зерттеу жұмысының пәнаралық сипатын білдіреді. Зерттеудің теориялық негізіне бұқаралық коммуникация, саяси басқару, қоғамдық пікір, сондай-ақ саяси коммуникация салаласындағы теориялық зерттеулер, сондай-ақ отандық және шетелдік авторлардың еңбектеріндегі ақпараттық қоғам және электронды демократия, бұқаралық коммуникация және саяси коммуникация мәселелеріне арналған ережелері жатады. Диссертациялық зерттеудің методологиялық негіздеріне жүйелік, салыстырмалы, құрылымдық-функционалдық сараптаулар жатады. Диссертациялық жұмыста фокус-топтық зерттеу, анкеталық және сараптамалық сауалнама сияқты бихевиористік әдістермен қатар қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары материалдарына саясидискурстық, контент-талдау, корреляциялық және факторлық сараптаулар сияқты эмпирикалық зерттеу әдістері қолданылды. Жүйелік әдіс көмегімен саяси процестің объектісі ретінде ақпараттықкоммуникативтік байланыстардың саяси субъектілермен қарымқатынасының көпқырлы аспектілері мен жалпылық сипаты айқындалды. Қоғам өміріндегі саяси оқиғалар мен құбылыстардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындауға бағытталған салыстырмалы әдіс арқылы саяси коммуникация процесінің динамикалық дамуы, бұқаралық саяси ақпараттар мен хабарламалардың қатысы мен күн тәртібіне қойылуы, олардың 12


бұқаралық коммуникция арналары арқылы таратылу әдістері мен тәжірибелері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар айқындалды. Құрылымдық-функционалдық әдісті қолдану арқылы автор саяси коммуникация процесінің маңызды құрылымдарын және оның функциясын сараптаумен қатар, Қазақстан қоғамындағы бұқаралық коммуникация алаңындағы саяси коммуникацияның даму үрдістерін бағалады. Сондай-ақ саяси коммуникацияның құрылымы мен оның таралу формаларын және ақпаратты-коммуникативтік процестің құрамындағы әрбір элементтің функциясын айқындауға мүмкіндік алды. Саяси процеске қатысушы саяси субъектілердің – индивидтер мен әлеуметтік топтардың мінез-құлқын зерттейтін бихевиористік әдістің көмегімен қазақтілді және орыстілді жастар арасында фокус-топтық; ауыл және қала тұрғындарының арасында анкеталық; мемлекеттік және азаматтық қоғам институттары өкілдері арасында сараптамалық сауалнамалар жүргізілді. Бұқаралық коммуникацияны зерттеуде кеңінен таралған эмпирикалық зерттеулер арқылы қазақстандық БАҚ материалдарына саясидискурстық (сапалық сипаты), контент-талдау, корреляциялық, факторлық сараптау (сандық қатысы) әдістерінің көмегімен жүргізілді. Зерттеудің деректік көздері. Диссертацияны жазу барысында шетелдік және қазақстандық авторлардың еңбектерімен қатар, қазіргі заманғы қазақстандық БАҚ-тың саяси-құқықтық ережелерін айқындаушы халықаралық және отандық құқықтық құжаттар қарастырылды. Деректік материалдарды пайдалану маңызына қарай мынадай топтарға бөлуге болады: 1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы», 30 тамыз, 1995; «БАҚ туралы» ҚР Заңы, 6 тамыз, 1999; «Сайлау туралы» ҚР Заңы, 28 қыркүйек, 1995; «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңы, 8 мамыр 2003; Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы, 2005-2007; ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары, 1997-2010; 2. БҰҰ Мыңжылдықтар даму бағдарламасының Қазақстандағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ахуалы туралы есептері, 20052009; БҰҰ Адам дамуы туралы есептері, 2007-2009; ЮНЕСКО-ның қоғамдық хабар тарату жөніндегі салыстырмалы сараптаулары, 2006-2007; ЮСАИД және IREX-тің Бұқаралық ақпарат құралдары тұрақтылығы индексі (MSI), 2006-2007; ЕҚЫҰ-ның ақпараттық ашықтық және БАҚ бостандығы жөніндегі халықаралық стандарттары, 2001, 2003; 3. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қ. Ішкі саясат басқармасы қолдауымен «Әріптес» ҮЕҰ Конфедерациясы және әл-Фараби ат.ҚазҰУ ғалымдары бірлесіп жүргізген 2010 ж. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету қарсаңында аймақтардың әлеуметтік-саяси дамуын сараптау бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері, 2009; ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сараптамалық зерттеулері, Халықаралық Республика институтының 13


қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелері, Жаңа саясат халықаралық институтының БАҚ материалдарына шолулары; 4. «Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі ассоциациясы» ҚҰ сайлау науқандарында жүргізген бақылаулары мен есептері, MediaNet Халықаралық журналистер орталығының Қазақстандағы БАҚ мүмкіндіктері мен қажеттіліктері, қатерлері жайында әлеуметтік зерттеулері, 2009, «Әділ сөз» Сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси сауаттылық мәселелеріне арналған лингивстикалық сараптаулары, 2007; 5. Қазіргі заманғы қазақстандық саясаттанудың өзекті мәселелеріне, БАҚ және коммуникация контенті, арналары, бұқаралық коммуникацияның теориясы мен тәжірибесіне, жаһандану кезеңіндегі ұлттық ақпарат құралдары, Қазақстан медиа-кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған халықаралық, республикалық ғылыми және ғылымипрактикалық конференция материалдары. 6. Жұмыста қарастырылған дереккөздер тақырыпты жан-жақты қарастыруға, зерттеудің алға қойған мақсаты мен міндеттерін шешуге, сондай-ақ алынған нәтижелердің ақиқаттығы мен ғылыми шынайылығына мүмкіндік берді. Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы қазақстандық саясаттану ғылымында шетелдік және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация мәселелеріне алғаш кешенді зерттеу жүргізілуінде. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған қорытындылар төмендегідей:  саяси коммуникацияны теориялық зерттеу мәселелері қарастырылып, сарапталды; бұқаралық коммуникацияның саяси субъект ретіндегі мәні, құрылымы нақтыланды;  саяси билік мен бұқаралық ақпарат құралдары қарым-қатынасының ерекшеліктері айқындалып, даму тенденциялары белгіленді;  саяси коммуникацияның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асу механизмдері сарапталып, әлемдік озық тәжірибелердің қазақстандық қоғамның демократиялану процесіне ықпалы дәлелденді;  саяси билік және бұқара қарым-қатынасының коммуникациялық әрекеттердің жүзеге асу технологиялары сипатталып, оның қазақстандық қоғамды модернизациялану процесіне қатысы анықталды;  «электронды диалог» арқылы билік пен бұқараның қарым-қатынасын жүзеге асырудың шетелдік тәжірибелері сарапталып, қазақстандық «электронды демократия» орнатудың проблемалары мен «электронды үкімет» құру және қалыптастыру таяу болашағы айқындалды;  Қазақстан қоғамында саяси сананы қалыптастыруда бұқаралық коммуникация құралдарының рөлі қарастырылып, саяси коммуникативтік технологиялардың даму кезеңдері анықталды;

14


 қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ұстанымдары мен даму бағыттары жүйеленіп, саяси процестердің медиадемократия мәселесіне қатысы мен ықпалы айқындалды;  қазақстандық саяси биліктің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-коммуникативтік процестерді жүзеге асыру механизмдерін жетілдіретін, сондай-ақ бұқарамен байланысын дамытуға арналған кепілдемелер әзірленді;  қазіргі заманғы Қазақстандағы демократиялық процестердің дамуы мен саяси жүйенің тұрақталуын негіздеу мақсатында БАҚ-тағы саяси коммуникацияны жетілдіру механизмдері негізделген авторлық концепция ұсынылды. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. 1. Бұқаралық коммуникация теориясында ақпараттық-коммуникативтік процестердің мағыналық және сапалық белгілерін айыруға және саяси субъектілер мен олардың ақпараттық серіктестерінің өзара әрекеттерінің ықпалын анықтауға мүмкіндік беретін деңгейлері аталады. Автордың пікірінше, саяси ақпараттық-коммуникативтік байланыстардың техникалық деңгейінің дамуы оның алдымен инфлуенталық – ықпал ету мүмкіндіктерін, келесі кезекте сапалық – семантикалық дамуын арттырады. 2. Қазақстандық бұқараның саяси мәдениеті мен сауаты, саяси мінезқұлқы мен саяси белсендігі біркелкі еместігі, Республиканың ірі қалаларында қоғамның саяси позициясы белсенді дамыса, ауыл тұрғындарының ақпарат қорларына қолжетімсіздігі басым сипатта болса, саяси элита саяси процестерге ықпалы артуымен қатар, бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістігікті қалыптастыруда ерекше белсенділік танытып отыр. 3. Қазіргі Қазақстан жағдайында мемлекет пен БАҚ қарым-қатынасына авторитарлық және даму модельдерінің аралас келуі тән. Қазақстанда билік – БАҚ – бұқара қарым-қатынасы: «БАҚ – саяси биліктің шоғырланған ақпараттық ресурсы», «БАҚ – саяси биліктің бұқараны басқару құралдарының бірі», «Сараптамалық-іскери БАҚ – билік пен саяси элитаның құралы», «БАҚ-тағы сауықтыру – бұқаралық сананы еліктіру құралы», «Бұқаралық коммуникация құралдары – демократия кепілі» үлгісінде жүзеге асуда. Аталған саяси ақпараттық-коммуникативтік процестердің даму үлгілері Қазақстандық қоғамның демократиялану процесіне ықпалын айқындайды. 4. Бұқараның маңызды саяси процестерге қатысуы мен саяси белсендігінің артып отырғанын, демократиялық институттардың дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға позитивті көзқарасын әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсетті. 5. Қазақстандық «электронды үкімет» құрудың проблемалары: бұқара арасындағы «ақпараттық теңсіздік» мәселесін жою, kz доменінің іздестіру қызметі мен белсендігін дамыту, ауыл тұрғындарына арналған мемлекеттік ақпараттық және ағарту бағдарламаларын жүзеге асырумен; приоритеттері: жаһандық ақпараттық интеграциялық процеске табысты ену, ақпараттық 15


қоғам құрудағы негізгі алғышарттардың, мемлекеттік ақпараттық саясаттың, әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына ену стратегиясының жүзеге асуына кепіл болу мүмкіндіктерімен; таяу болашағы: биліктегі бюрократизм мен жемқорлықтың төмендеуіне ықпал етуімен, билік халықтың сұранысына жедел түрде жауап қатуымен, мемлекеттік құрылымдар қызметінің ашықтығына қол жетуімен айқындалды. 6. Қазақстан қоғамында саяси сананы қалыптастыруда бұқаралық коммуникация құралдарының рөлі артып отырғаны мақсатты топ ретінде таңдалған жастар арасында автор жүргізілген фокус-топтық зерттеулер дәлелдеп отыр. Саясат субъектілері арасындағы ақпараттық коммуникациялық байланыстардың проблемасы ретінде: ақпараттың берілу жылдамдығының кемдігі, саяси ақпараттың дайын өнім түрінде берілуі, объективтіліктің жетімсіздігі, билік тарапынан БАҚ-ты бақылау күшейіп отырғаны аталса, аталған проблемалардың шешу механизмдері ретінде: билік пен аралық топтар, бұқара арасындағы ақпараттық-коммуникативтік байланыстарды үйлестіру, осы қарым-қатынастардың үйлесімдігін жетілдіру және жүйелеу қажеттігі ұсынылды. 7. Қазақстандық саяси коммуникативтік технологиялардың даму кезеңдері жіктеліп, Қазақстанда 2004 ж. бастап «Сайлау» электронды сайлау жүйесі енгізілуіне байланысты сайлау технологияларының жаңа кезеңі басталғаны дәлелденді. Бұл кезең Парламенттегі партияларға бөлінген орынның көбеюімен, сайлау жүйесінің реформалануымен, оппозициялық күштер мен электорат белсендігінің артуымен ерекшеленеді. 8. Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ұстанымдары мен даму бағыттары: билік тарапындағы ақпараттық қорлардың шоғырлануымен, жеке меншік саналатын медиахолдинг құрылымдарының дамуымен, масс-медиа кеңістігіндегі саяси ақпараттардың берілу, өңделу, бұқараға жеткізу және ұсына білу әдістерінің өзгеруімен, әрбір бұқаралық ақпарат арналарының өз аудиториясын ұлғайту, қоғамдық сананы билеуге ұмтылған саясатымен ерекшеленіп отыр. 9. Қазақстандық бұқаралық медианың қоғамды демократияландыру процесіне ықпалы баспасөзге жүргізілген контент-талдаулар нәтижесінде мынадай факторлар арқылы анықталды: Қазақстан жаңашыл мемлекет, демократиялық үрдістерді қабылдау, құндылықтарды ұстану және оларды жүзеге асырудағы мемлекеттік саясаты тұрақталған ел ретінде танылса, келесіден, ұлттар мен этностарды біріктірген, дінаралық байланысты дамытқан зайырлы ел ретінде айқындалып отыр. 10. «Медиадемократия» бұқаралық құбылыс ретінде қоғамдағы әрбір азамат пен әрбір таптың мүддесін білдіретін «ұлттық идеяны» айқындайтын, оның қазақстандық қоғамға тән ерекшелігін негіздейтін, саяси-әлеуметтік және экономикалық факторларды біріктіретін күрделі міндеттерді жүзеге асырушы механизм ретінде анықталды. Қазақстан жағдайында медиадемократия билік пен бұқараның бірлігін, тұтастығын, үйлесімін айқындаушы ұлттық идея ретінде дамуы керек. 16


Ғылыми-зерттеу нәтижелерінің теориялық және практикалық маңыздылығы. Саяси коммуникация саласындағы теориялық білімдердің жан-жақты зерттеліп, оның бұқаралық коммуникация құралдары арқылы жүзеге асуы жайлы тұжырымдардың мәні кеңеюінде. Бұқаралық саяси коммуникацияның теориялық-методологиялық негіздері, БАҚ-тағы саяси коммуникацияның жетілдірудің концептуалдық негіздері қазақстандық қоғамдағы демократиялық процестердің одан әрі дамуын болжауда мәнді. Диссертациялық зерттеудің ережелерін: бұқаралық коммуникация саласында зерттеулер жүргізуде, мемлекеттік қызметкерлер, саясаттанушылар, саяситехнологтар, қоғаммен байланыс мамандары мен журналистер біліктілігін арттыруда, Президенттік, Үкіметтік, Парламенттік, Сайлау институттары, құзыретті мемлекеттік органдар мен саяси партиялардың БАҚ-пен қызметін жетілдіруде, коммуникациялық стратегияларын айқындау мен болжауда, бұқарамен байланыс орнатуда маңызды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Саяси коммуникацияның негіздері мен тәжірибесі», «Бұқаралық коммуникация арналары мен институттары», «Саяси коммуникациядағы PR», «Мемлекеттік құрылымдағы қоғаммен байланыс», «Электоралдық үдерісті басқару жүйесіндегі қоғамдық пікір» сияқты автор әзірлеген базалық және таңдаулы курстарда дәрістер барысында пайдаланылды. Тәжірибелік қорытындылардың талқылануы мен сыннан өтуі. Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті саясаттану кафедрасының мәжілісінде (13 сәуір 2010 жыл, хаттама № 8) талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертацияның негізгі ережелері, нәтижелері 59 еңбекте, соның ішінде 11 ғылыми мақала ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, 32 халықаралық және 8 республикалық конференцияда талқыланып, сондай-ақ 1 оқу құралы, 2 ұжымдық оқу құралы, 1 монографияда талқыланды: Внедрение моделей интегрированных образовательных учреждений, реализующих образовательные программы уровней образования: Международная научная конференция, Сингапур, 10-17 декабря 2008; Великие преобразователи естествознания: Игорь Курчатов: Минск, XХII Международные чтения, 27–28 ноября 2008; Потребление как коммуникация-2009: Санкт-Петербург, V международная научная конференция, 19-20 июня, 2009; СМИ и массовые коммуникации – 2009 контент, каналы и аудитории в новом тысячелетии: взаимодействие и взаимовлияние: Москва, Международные научные чтения, 8–10 октября 2009; ХХ ғасыр: Астаналар ауысы: Астана, Халықаралық ғылыми конференция, 4 шілде, 2008; Астана: Қазақстанның және Елбасының триумфы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы, 23 маусым, 2008;

17


Қазіргі заманғы қазақстандық саясаттанудың өзекті мәселелері: Алматы, профессор Т. Мұстафиннің 80-жылдық мерейтойына арналған ғылымитәжірибелік конференция, 2008; Ұлттық қауіпсіздік аясындағы діни сәйкестік мәселелері: Алматы, халықаралық ғылыми конференция, 14 қараша, 2008; Қазақстанның ұлттық идеясы және БАҚ: келешек приоритеті: Алматы, халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 14-мамыр. 2008); Межэтнические взаимоотношения и развитие идеи евразийства в странах СНГ: Астана, Материалы международной научно-практической конференции, 10 декабря 2008; Роль СМИ в формировании толерантности и межнационального согласия в ХХI веке: Алматы, материалы международной научно-практической конференции, 7 июня, 2008; әл-Фараби. Философия. Мәдениет. Дін: Алматы, әл-Фараби ат. ҚазҰУдың 75-жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 18 наурыз, 2009; әл-Фараби ат. ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудағы үлесі: жетістіктер мен даму болашағы: Алматы, әлФараби ат. ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 27 ақпан, 2009; ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік қыр көрсетулері: Алматы, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 18-қараша, 2008; Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің рөлі: Алматы, халықаралық симпозиум 28-29 сәуір, 2009 жыл; Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі: Алматы, халықаралық ғылыми-теориялық конференция, 9-10 маусым, 2009; Обретение Астаной столичного статуса: Астана, Традиционная международная научная конференция, 29-30 июня, 2009. Зерттеудің негізгі концептуалдық ережелері мен нәтижелері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Саясаттану», «Қоғаммен байланыс» мамандықтары бойынша бакалаврлар мен магистранттарға арналған оқу құралы, монография, ұжымдық жинақ түрінде жарық көрді. Диссертация материалдары мен зерттеу нәтижелері «Саяси коммуникацияның негіздері мен тәжірибесі», «Бұқаралық коммуникация арналары мен институттары», «Саяси коммуникациядағы PR», «Мемлекеттік құрылымдағы қоғаммен байланыс», «Электоралдық үдерісті басқару жүйесіндегі қоғамдық пікір» сияқты автор әзірлеген базалық және таңдаулы курстарда дәрістер барысында пайдаланылды. Сондай-ақ, зерттеу материалдары ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 20072009 жж қолданбалы зерттеулердің: «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі ретінде» бағдарламасы аясында жүзеге асқан «Қазіргі заманғы Қазақстан ғылымының 18


негізгі даму бағыттары мен перспективалары» және «Қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ұлттық идея және ондағы көркемдік өңдеулер» тақырыптарын; ҚР БҒМ 2009-2011 жж. іргелі ғылыми зерттеулердің: «Жаһандық әлемдегі қазақстандық даму жолы: философиялықдүниетанымдық және әлеуметтік-саяси проблемалар» бағдарламасы аясында «Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның даму үлгісінің философиялық-мәдениеттанымдық парадигмасы (Қазақ елі – Жерұйық) тақырыбын; «Әлемдік тарихи бағдарлау жүйесіндегі Қазақстан тарихы: өркениеттік дамудың трансұлттық ерекшеліктері» бағдарламасы бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан трансформациясы мен қазіргі жағдайдағы қоғамның проблемасын шешу» тақырыбын орындауда қолданылды. Монографияның құрылымы мен көлемі. Монографиялық жұмыс кіріспеден, он бес тақырыпшадан тұратын бес бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

19


1 САЯСИ КОММУНИКАЦИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚМЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 Саясат саласындағы ақпараттық-коммуникативтік процестерді зерттеудің теориялық мәселелері Саясат – қоғамдық сананың маңызды формасы, қоғам өміріндегі саяси процестердің түрлі формадағы көрінісі екендігі мәлім. Ал коммуникация (лат. сommunicato) байланыстырамын, сөйлесіп, пікірлесемін деген мағына береді. Энциклопедиялық басылымдарда коммуникация ұғымына: «Қатысым, қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы, сөйлесу, ақпарат беру» деп анықтама беріледі [73, 113]. Коммуникацияның негізгі функциясының өзі танымдық қызмет атқару болып саналады. Ол қоғамдық-саяси өмірді байланыстыратын, бағыттайтын және инновациялайтын адам қызметінен, саяси тасымалдаушының түрлі тәсілдерінен, коммуникациялық процестерден тыс саясат өмір сүре алмайды. «Коммуникация» терминін саясаттану ғылымында саяси контексте алғаш рет ХХ ғ. басында қолданысқа енгізген зерттеушілердің бірі Ф. Ратцелдің айтуынша, «саяси қатынаста ақпаратты тарату барлық коммуникациялық қызметтің ең маңыздысы саналады [74, 57]. Дегенмен коммуникация термині кең мағынасында сөз, ишара, бейне және басқа да материалдық тасымалдаушыларға түсірілген нышандар арқылы адамнан адамға ақпарат берілуі деп саналады. Коммуникация саяси ықпал етудің символикалық та, визуальдық та құралы ретінде ежелден қоғаммен бірге пайда болып, дамып келе жатыр. Кез келген пәнаралық зерттеу сияқты саяси коммуникативистикада бүгінде коммуникация теориясы, психологиясы мен социологиясы сияқты аралас пәндерге тән ұғымдар мен түсініктердің ауқымды жүйесі қолданылады. Саяси коммуникативистиканың бірқатар теориялары жекелеген индивидтер деңгейінде қарастырылады, әсіресе, хабарлама тарату нәтижесінде сендіру ықпалына қатысты әрекеттерді атауға болады. Бұл тұрғыда ресейлік зерттеуші М.Р. Грачев саясатты билікті иелену мен тұрақтандыру, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынастар, әрекетттер мен коммуникацияның өзіндік формасын жүзеге асырушы қоғамдық қызметтің бір түрі ретінде қарастырады [75, 52]. Ал үндістандық саясаттанушы П. Шаранның пікірінше, саясат – кем дегенде екі тұлғаның өзара әрекетінен тұратын әдеттің әлеуметтік формасы саналады. Әлеуметтік әдеттің басқа түрлеріне қарағанда саясат билік, басқару, қоғамдық әдетті жасау мен оны жүзеге асыру проблемаларын туындатады [76, 8]. Аталған көзқарастарға сүйенсек, билік-басқару қарым-қатынастары мен институтын құрылымдау, дайындау процесін, сондай-ақ сәйкесінше, белгілі бір қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктерге бағытталған саяси құндылықтар мен бағдарлау процесін айқындайтын саяси қызмет субъект-объект сипатындағы қарым-қатынастарды тудыратындығы кәміл. 20


Ал субъект деп тәжірибелік және рухани-теориялық міндеттерді шешу процесінде өзінің болмысын, күші мен әрекетін өзгертуде қоршаған ортамен байланысқа түсетін адамды танысақ [77, 84], ал объект – адамның осы қызметіне негіз болатын, оның танымы мен қызметіне қарсы тұратын болмыстың бөлігі ретінде танимыз. Саясат саласында саяси қызметтің объектісі ретінде билік, қоғамдағы билік-басқару қарым-қатынастарын қарастыруға болады. Тиісінше, өзінің түбегейлі мүддесін жүзеге асыруда билікті иелену не пайдалануда мақсатты түрде саяси белсенділік танытушыны саясат субъектісі ретінде қарастыруға болады. Саясат субъектісінің рөлін айқындау мақсатында зерттеушілер арасында әр қалай пікірталастар орын алғаны мәлім. Ресейлік саясаткер-ғалым Г.Ю. Семигин саясаттағы субъекті рөлін «индивидтер қалай атқарса, саналы түрде белгілі бір саяси мақсатқа бағытталған бағдарламаны әзірлеп, жүзеге асыра алатын әлеуметтік қауымдастықтар да солай атқара алады. Және де саясат субъектісі ретінде сондай-ақ қоғамдағы билік қызметінің бірден-бір тасымалдаушысы саналатын әлеуметтік-саяси институттар жатады»,-деп айқындайды [78, 477]. Қазіргі заманғы саяси ғылымда «саясат субъектісі» терминімен қатар «саяси актор» деп аталатын синонимдік ұғым жиірек қолданыста. Ресейлік саясаттанушы Б.И. Красновтың айқындауынша, саяси актор – қандай да болмасын саяси қызметті белсенді жүзеге асырушы субъект саналады [79, 35]. Жоғарыда аталған анықтамалардың негізінде дербес және топтық саяси акторларды атауға болады. Дербес саяси актор – саяси өмірде белгілі бір деңгейде қарым-қатынас жасайтын саяси белсенділік танытатын тұлға. Бұл түрлі саяси жағдайлар мен процестерде елеулі рөл атқаратын, қандай да болмасын әлеуметтік қауым, ұйым, қоғам өмірінде қарымқатынастарды реттеуде ықпалды тұлға саналатын саяси көсемнен бастап, өзінің саяси еркін орындау мақсатында дауыс беру урнасына бюллетенін қалдыратын қатардағы сайлаушы болуы да мүмкін. Топтық саяси акторлар – ресми құрылымдана қоймаған қауымдар мен әлеуметтік-саяси институттардың қызметі деуге болады. Дербес саяси акторлардың осы қауым не институттармен қарым-қатынасы нәтижесінде бірігуі топтық саяси акторлар саналады. Дербес және топтық саяси акторлардың қоғамдағы саяси қызметін айқындаушы билік, билік-басқару қарым-қатынастары көбінде басқару сипатында бола бермейтіні анық. Осыған орай ресейлік саясаттанушы О.Ф. Шабров өз көзқарасын білдіреді. Ғалымның пайымдауынша, жалпы стратегиялық мәселелерді әзірлеу үшін екі саяси партияның көсемдері кезіккенде оларды бір-бірін басқарады деп айтуға болмайды [80, 12]. Шын мәнінде, саяси акторлар арасында билік пен оны игеру үшін күресте бәсекелестік, қарама-қайшылық та, консенсустық, келісімдік те қарым-қатынастар орын алуы мүмкін. Сондай-ақ мәселе белгілі бір басқару 21


сәттерінен тұратын қарым-қатынас кезіндегі координация және субординация жайында да, ынтымақтастық және тең құқылы серіктестікке негізделген ресми қарым-қатынас та болуы мүмкін. Ресейлік зерттеуші Е.Ю. Наумовтың «Кез келген диалог алдымен тең дәрежелі болуы заңды да, өйткені оның астарында диалогқа қатысушы әр тарапқа ортақ қажетті болып отырған ортақ келісімі (тіпті белгілік жүйесінің немесе диалогқа әкелген жүйенің болуы) болуы тиіс, ал осы жалпы келісім «өзінен өзі» орнайды, яғни қатысушы тараптың бірі (бірнешеуі) оны келесісіне ұсынуы мүмкін [81, 105]. Дегенмен әр уақыт осындай қарым-қатынастар орнай бермейтіні анық. Бұған мысал ретінде саяси партия көсемінің қоғамдық-саяси бірлестіктің жетекшісіне сайлау блогын құру туралы ұсынысы қолдау таппаса да, сонымен қатар ешбір қарама-қайшылыққа, үйлесімге де, тіпті ешбір ынтымақтастыққа әкелмесе де сол қоғамдық-саяси бірлестік қандай да бір себептермен сайлау науқанына қатыспауды жөн көргені. Осыдан байқалатыны, саяси қызмет ұғымы басқару ұғымымен тіптен де үйлеспейді. Бұл жағдайда, логикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, «басқару» мен «саяси қызмет» өзара тоғысып, байланысатын ұғымдар саналады. Дегенмен бұлардың арасында тағы бір байланыс бар, ол – ақпараттық-коммуникативтік байланыс саналады. Осы байланысты орнату үшін кибернетикалық теорияның, сонымен қатар жүйелік жалпы теорияның пайда болуы мен дамуының арқасында пәнаралық сипат алған «ақпарат» және «коммуникация» ұғымдарын сараптау қажет. Ғалымдардың айтуынша, «ақпарат» ұғымының жалпыға бірдей анықтамасы әзірге айқындала қойған жоқ. Өйткені айтылатын контексіне қатысты көптеген мағынаны білдіретін «ақпарат» абстрактілі ұғым саналады, латынның «informatio» сөзінен шыққан ақпарат хабарлау, түсіндіру, баяндау сияқты ұғымдарды білдіреді. Соңғы жарты ғасыр ішінде, Н. Винердің әйгілі «Кибернетикасы» жарық көрген мезеттен бері отандық, шетелдік зерттеушілер, тіпті бүкіл әлем елдері ғалымдары жариялаған арнайы әдебиеттердің молдығына қарамастан, ақпарат ұғымына тән ортақ ұғымды сипаттап, ашып беретін ұғымды анықтау проблемасы бүгін де ғылыми және философиялық пікірсайыстардың тақырыбы болып отыр. Егер бұрынырақта бұл ұғымды адам қызметімен байланыстырып келсе, енді кибернетикалық теорияның пайда болуымен оның мазмұнын кеңейту қажеттігі туындады. Білім саласының жаңа теориясы тұрғысынан алғанда, ақпарат есту не көру рецепторларына арналған формада болуы міндетті емес, яғни ол Н. Винер атап көрсеткендей, тек процестің бастапқы және соңғы деңгейлерінен басқа кезеңінде «машина бөліктері адамды тыңдамай-ақ, оған арнамастан бір-бірімен өз тілдерінде сөйлесуі тиіс» [82, 22]. Американдық инженер-ғалым К. Шеннонның теориясында ақпарат тысқарылатылған, қысқартылған белгісіздік деп көрсетіледі [83, 321]. Аталмыш әдісті талдай келе, Н. Винер: «Біз ақпарат саны ретінде айқындап 22


отырған өлшем баламалы жағдайларда әдетте энтропия саналатын өлшем белгілеріне қарама-қайшы келеді»,-деп [84, 122] немесе «ақпарат санын ықтималдық ретінде қарастыруға болатын өлшемнің теріс логарифмі, шынтуайтында, қандай да бір теріс энтропия »,-деп атап өтеді [85, 98] (грек тілінде entropia - бұрылыс, айналу мағынасын береді). Н. Винердің пайымдауында, ақпарат идеалдық тәртіп категориясы, ойланушы категория ретінде былайша сипатталады: «Ақпарат – бұл біздің қоршаған ортаға сезімдерімізді осыған бейімдей отырып, соған бейімделу процесінен алынған мазмұнды білдіреді» [86, 54]. Мұндай анықтама, әрине, жалпы кибернетикалық көзқарас тұрғысынан алғанда біржақты деп санауға болмайды. Өйткені мұнда есептеу машинасының басқа құрамдас бөліктері арасындағы ақпараттық алмасу процесі қамтылмаған. Сонда да аталмыш анықтама шын мәнінде, қандай да бір объектінің қоршаған ортамен қарым-қатынасы арқылы немесе кибернетикалық теория тұғысынан да, жүйенің жалпы теориясы тұрғысынан да бейнелену арқылы «ақпарат» категориясының мәнін ашуға ұмтылған. Сыртқы әрекетке әсерін тигізетін қандай да бір тарапқа сәйкес объектінің жай-күйін немесе оның ұйымын өзгертуге әкелетін, кибернетика тілінде «хабарлама» ретінде анықталатын диалектикалық тұтастықтағы сол объектінің қоршаған ортамен қарым-қатынас процесі мен нәтижесі деп түсінуге болады. Сыртқы ортаның немесе хабарламаның ықпалынан байқалатын қандай да бір тарапқа сәйкес объектінің жай-күйінің өзгеруі, оның ұйымының өзгеруі осындай әсер етудің нәтижесі деуге болады. Объектінің хабарламаның алуы мен өңдеуі және осы процестің нәтижесі бір-бірімен диалектикалық тұтастықта «коммуникация» категориясының ауқымын білдіреді. Аталмыш ұғымдардың түсініктемелері арасындағы тепетеңдіктен келіп шығатыны, «ақпаратты» «коммуникацияның мазмұнын» білдіретін категория ретінде сипаттауға болады. Сонымен бірге объектіге келіп түсетін «кіру» ақпараты хабарламаның мазмұнын білдірсе, ал объектінің жай-күйін өзгертетін семантикалық мәнді ақпарат – осы хабарламаның бейнелік мазмұны немесе сәйкесінше, объектіге «кірген» ақпараттың бейнелік мазмұны деуге болады [87, 62]. Аталмыш «ақпарат» пен «коммуникация» категорияларын «бейне» категориясы арқылы нақтылау, басқару коммуникацияның жеке жағдайы ретінде қарастырылатын, нәтижесінде басқарушы объекті мен басқарылушы субъектілер арасындағы кері байланысты пайдалану арқылы объектінің жайкүйін мақсатты түрде өзгеретін винерлік кибернетиканың «басқару мен коммуникация» теориясына қарама-қайшы келмесі анық. Не болмаса басқаша айтқанда логикалық көзқарас бойынша «басқару» ұғымы «коммуникация» ұғымына қарағанда бағыныңқы сипатта, жалпы алғанда субъект пен объект арасындағы кері байланыстың болуы міндетті саналмайтын ұғымда қарастырылады. 23


Саяси қызметтің ақпараттық-коммуникативтік қырына келсек. Билікті иелену мен тұрақтандыру және пайдалану барысындағы күресінде саяси акторлардың өзара қарым-қатынасы билік-басқарушылық кезінде бәсекелестікке немесе ортақ келісімге келуі, қарама-қайшылыққа да, ынтымақтастыққа апармайтын бейтарап халде болуы қандай сипатта болмасын – бұл қарым-қатынастар тек ақпараттық алмасу формасында ғана жүзеге асады. Яғни бір субъектіден келесі субъектіге берілетін сөз, бейнелеу, ишара, ым және басқа да сезу органдары арқылы қабылданатын символдық формаларды мағыналық белгілерінің берілуі – коммуникация арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет басшыларының келісімге отыру процесі мен басшылар қойған қолды растайтын құжаттардың рәсімделуі, саяси науқан кезінде келісімге келген қоғамдық-саяси бірлестік көсемдерінің әңгімелесуі немесе мыңдаған телекөрермендердің көз алдында саяси оппонентіне қарсы наразылық әрекеттерін таныту, бұқаралық саяси акцияларды тарату кезінде манифестантқа тиген ауыр соққыдан алған жарақат, тіпті сайлау біткен түнгі «жеңістің дәмі» немесе «жеңілістің ашынысын» білдіретін шарап құйылған бокалдың өзін еске алуға болады дейді саяси коммуникация теориясын зерттеуші ғалым Н.М. Грачев [88, 63]. Сонымен, саяси қызметтің өзіндік «коммуникациялық өлшемі» немесе нақтылағанда – коммуникацияның ерекше, белгілі жағдайларда саяси акторлардың бір-біріне және қоршаған ортаға (қоғамға) билік, билікбасқарушылық қарым-қатынасына ақпараттық ықпал ететін саяси коммуникацияның болатындығына негіз бар. Саяси коммуникация атрибут ретінде танылады, яғни саяси қызметтің ажырамас бөлігі толып табылады. Саяси коммуникациясыз саяси қызметтің болуы және жүзеге асуы мүмкін емес. Саяси акторлардың бір-бірімен де, олардың арасындағы кері байланысты білдіретін қоғаммен де ақпараттық өзара байланысын саяси қызметтің атрибуты ретінде тануға болады. Жалпы алғанда, саяси коммуникация – саяси акторлардың бір-біріне және әлеуметтік ортаға ақпараттық ықпалы саналады. Нақ осындай «униполярлық» коммуникацияға назар аударған зерттеушілер, көптеген тарихи мысалдарды атайды. А.И. Соловьевтің сипаттауынша, биліктің енжар бұқараны, өз ісімен, жеке басының проблемасымен айналысатын индивитерді жай хабарландыру, не болмаса адамдар мүддесімен сәйкес келе бермейтін саяси шешімдерімен басып тастау жағдайларын атайды. Мұндай жағдайларда бұқараға арналған мәтіндік арнауларды азаматтарға түсіндіруде, қоғамның билікке қайтаратын мағыналық «жауабы» ешбір нәтижесіз болмақ. Яғни бұл жағдайда билік жоспарын түзету мен саяси процестерді болжауда пайдалануға болмайды [89, 7]. Кері байланыс жағдайындағы саяси коммуникация қашан да басқару элементтерінен тұратын, «саяси диалогқа» апаратын саяси басқару болып 24


табылады. Сондықтан, О.Ф. Шабровтың пайымдауынша, «саясаттанудағы басқару» пәні саналатын саяси басқару, нақтысын айтқанда «басқару» мен «саяси коммуникация» ұғымдарының тоғысатын жері саналады. Дегенмен А.И. Соловьевтің де пікірімен санасуға болады. Ғалымның пікірінше: «Саяси коммуникация әмбебап, жалпы әлеуметтік және саяси не салалық белгілерді үйлестіреді» [90, 6]. Басқаша айтқанда, адам қызметінің, соның ішінде, саяси қызметінің ерекше сипаттағы атрибутын білдіретін «саяси коммуникация» ұғымы, өз кезегінде, ақпараттық ықпал ету мен көптеген процестерді қамтитын ақпараттық әрекеттерге қарағанда бағыныңқы саналатын, ал «әлеуметтік коммуникация» ұғымымен салыстырғанда басыңқы саналатын күрделі процесс. Сонымен, коммуникацияның жалпы теориясы немесе, Н. Винердің түйсінуінше, «жалпы кибернетика» – бір жағынан басқару теориясы тұрғысынан алғанда, «басқарылатын» объекті мен «басқаратын» субъекті арасындағы кері байланысты түзетіп толықтыратын, кез келген ортадағы коммуникациялық субъект-объект қарым-қатынасының жекелеген жағдайын қарастыратын метатория ретінде танылса, екінші жағынан, коммуникация социологиясы немесе «социокибернетика» тұрғысынан алғанда адамдардың экономикалық, мәдени-рухани қызметінің жалпыәлеуметтік ақпараттықкоммуникативтік аспектілерімен қатар әлеуметтік ортаға ақпараттық ықпал етуі мен әрекет етуінің жалпы заңдылықтары басты назарда болады. «Басқару» және «әлеуметтік коммуникация» ұғымдарының тоғысу саласы «әлеуметтік басқару» ұғымының ауқымын, басқару социологиясы арнайы пән ретінде танытады. Коммуникация социологиясын саяси коммуникативистика немесе «саяси кибернетикаға» қарағанда метатория ретінде қарастыруға болады. Өйткені саяси саладағы ақпараттық-коммуникативтік процестердің жалпыәлеуметтік аспектілерінің «проекциясы» зерттеу саласы болмағандықтан, саяси өмірдің атрибуты, қоғамдағы билік, билікбасқарушылық қарым-қатынастарына қатысты саяси акторлардың өзара және қоршаған әлеуметтік ортамен әрекеті коммуникацияның ерекше түрі саналады. Осы жағдайларды ескере отырып, саяси коммуникативистикада метадеңгейде, яғни саяси жүйе деңгейіндегі, жалпы алғанда қоғамдағы коммуникациялық процестердің жалпы заңдылығын сараптауда, сондай-ақ микродеңгейде – ақпараттық ықпал ету объектісі микротоптар мен жекелеген индивидтер сияқты түрлі текті ықпалды зерттеуде пайдаланылатын түсінік аппаратын реттеу қажет. Кез келген пәнаралық зерттеу сияқты саяси коммуникативистикада аралық пәндердің көпшілігі сияқты психология, коммуникация және социология бойынша түсініктер мен ұғымдардың ауқымды жүйесі пайдаланылады. Саяси коммуникативистиканың теориялық құрылымдарының бірқатары микродеңгейдегі құбылыстарға, яғни жекелеген 25


индивидтер деңгейіне, атап айтқанда сендіру пәрменділігі мен хабарламаларды таратуға байланысты. Саяси коммуникацияны зерттеу алғашында «сиқырлы оқ теориясы» және «егілген ине теориясы» атауларымен танылған бұқаралықкоммуникациялық процестердің концептуалдық түсініктеріне негізделді. Бұл концепциялар бұқаралық аудиторияға ақпараттық-насихаттық ықпал етудің шексіз мүмкіндіктерінен туындаған болатын. Аталмыш теориялық модельдің негізін салушылардың бірін Г. Лассуэлл деуге болады. Ол өз еңбегінде бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұқараға насихаттық ықпал ету механизмдеріне сараптау жүргізіп, миллиондаған индивидтердің «жек көру немесе сенім мен үмітке боямаланған бұқарасына» бірігуін «қоғамдық ынтымақтастықтың балғасы мен тағасы» ретінде бұқаралық насихатқа классикалық анықтама береді [91, 221]. Бір жағынан қашан да өз нысанасын нақты әрі дәл табатын, екінші жағынан – кері әсердің тұтас жүйесін туындатып, ынталандырудың тұтас жүйесі бола отырып, өзіне барлық қоғамдық ағзаны бағындыра алған ақпараттық «сиқырлы оқ» жайлы мәселені саясаттану контексінде күн тәртібіне қойылуы БАҚ арналары арқылы сайлаушылардың мінез-құлқына насихаттық ықпал ету мүмкіндігі ерекше қызығушылық туғызды. Дегенмен өткен ғасырдың 30-50 жж. П. Лазарсфельд, Б. Берельсон және Э. Кэмпбэлла жетекшілігімен жүргізілген электоралдық процестерді зерттеу нәтижелері осы теориялық түсініктер эмпирикалық қолдау таппайтындығын білдірді. П. Лазарсфельд, Б. Берельсон мен Х. Годэ үшеуі жалпыға танымал болған саяси коммуникативистиканың теориялық конструкцияларының бірі саналатын коммуникацияның екі сатылы моделін ұсынды. 1940 жылы американдық президенттік сайлау алдында Огайо штатында сайлаушылар арасында қатарынан бірнеше рет жүргізілген әлеуметтік зерттеулер қорытындысын сараптағанда дауыс беру нәтижелері АҚШ бойынша орташа есеппен алғанда өте ұқсас болған. Аталған модель бойынша коммуникацияның индивидке ықпалы көбінде тікелей әсер етпейді екен. Ақпараттық ықпал ету процесінде аралық микротоп саналатын «ақпараттық пікір көсемдері» (opinion leaders), яғни, қандай да бір проблемамен қызығатын, баспасөзді үзбей оқып, бұқаралық ақпараттан хабардар жүретін, өзінің ортасына сол хабарды таратып, талқылап, өзіндік пікірлерін айтып отыратын, өз тобында беделді тұлғаларды атайды. Басқаша айтқанда, тұлғааралық және топаралық коммуникация бұқаралық коммуникацияға мына схема бойынша ықпал етеді: идея радио не газет арқылы қоғамдық пікір көсемдеріне жиі беріледі, ал олар БАҚ арқылы белсендігі төмен тұрғындар арасында таратады [92]. Сонымен қатар, Эри округы тұрғындарының электоралдық таңдау динамикасын зерттеу бұқаралық коммуникация арналары арқылы ақпараттық ықпал ету көптеген жағдайда респондент санасында бұрынғы таңдауын нығайтуға, немесе беймәлім ұстанымда жүрген азаматтардың жасырын таңдауларын 26


белсендіруге әрі нақтылауға, нәтижесінде сұрау салғандардың жалпы санынан 5%-н ғана қайта сендіруге, қарама-қайшы ұстанымға өтуіне ықпал еткенін көрсетті. Аталған жағдай бұқаралық коммуникацияның «минималды ықпалдылық теориясын» сайлауалды науқаны кезінде күн тәртібіне қойылуына ықпал етті. Өйткені БАҚ арқылы ақпараттық ықпал ету өзінің тиімділігі жағынан электоралдық мінез-құлқының ерекшелігін анықтауда, мәселен, азаматтардың саяси партия немесе белгілі бір әлеуметтік топты қалайтындығын айқындаушы басқа факторлардан артта қалатындығын көрсетті. Бұл әрбір индивид-сайлаушының жекелей қажеті мен мұқтаждығы арасында байланысы жоқ бұқаралық аудиторияға бағытталған шартсыз хабарламалардың тиімсіздігінен деуге болады. Біршама уақыт зерттеушілер саяси коммуникация проблемаларына аса қызығушылық таныта қоймады. 50-жылдардың ортасында ақпарат дереккөзін таңдау мен таратылатын хабарламаларды іріктеуге қатысты «минималды ықпалдылық теориясына» қарама-қайшы келетін басқаша концепция ұсынылды. Американдық ғалым Л. Фестингердің концепциясына сәйкес адамдардың өзіндік идеалдары мен сезімдері, талғамдарына күдіктенуіне тура келетін көзқарастар, идеялар мен пікірлерді ұсынғанда психологиялық жайсыздықта болып, «когнитивтік диссонанс» күйінде болады [93]. Осындай жайсыздықтан құтылу үшін адам өзінің көзқарастары мен сенімдеріне тура келетін ақпаратты ғана таңдайды да басқа бұған қарама-қайшы саналатын хабарламаларды жоққа шығарады. 1960 жылдары У. Уэйсстың сайлау науқандары кезіндегі бұқаралық коммуникацияның ықпалдылығын зерттеуіне қарамастан, осынау теорияны көпшілігі қолдай да мойындай қоймады [94]. Мақсатты түрде ақпараттық іріктеу идеясы, атап айтқанда Д. Грабер сияқты бірқатар авторлардың еңбектерінде қарастырылып жүр [95]. Бастапқыда П. Лазарсфельдтің шәкірті Э. Кацтың еңбектерінде қарастырылған «пайдалылық және қажеттілікті қанағаттандыру теориясы» атауымен белгілі концепция былай тұжырымдалады [96]. Индивидтер өздерінің мүдделеріне сәйкес келмейтін, сондай-ақ аса тартымсыз әзірленген хабарламаларды жоққа шығара отырып, ақпаратты белсенді түрде іріктей бастайды. Егер де азаматтар өздеріне пайдалы да қажетті қандай да бір хабарламаларды іздегенде көп уақыт кетпесе және ізденістері өз нәтижесін берсе ғана сол хабарламаға назар аударады. Алынған хабарламалар пайдалы болып, көңілден шықса эмоционалдық жағынан да парасаттылығы бойынша да жағымды сипат алғаны. Мысалы, сайлау науқаны кезінде алдағы сайлауда дауыс беруде пайдалы саналатын хабарламалардан бөлек өзінің жеке саяси көзқарасына да қажетті ақпарларға назар аударады. «Пайдалылық және қажеттілікті қанағаттандыру теориясы» ережесі тәжірибе жүзінде қаншалықты дәлелденгенімен, эмпирикалық деректерге 27


қатысты біршама өзгерістерге ұшыраған-ды. Бұған 80-жылдардың ортасында К. Розенгрен, Л. Уэннер мен Ф. Палмгрин сияқты ғалымдар тобы жүргізген зерттеулерді атауға болады [97]. 1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардың басында сайлау науқандары мен сайлау қорытындыларына БАҚ-тың ықпалын зерттеу дами түсті. Бұған саясаткерлердің бұқара алдындағы сөздері мен әрекеттері ықпал еткені бірқатар еңбектерде аталады [98]. Аталмыш зерттеулер қандай да бір әмбебап әдістерге емес, қалаулы нәтижеге жетуге қажетті жағдайларды анықтауға бағытталған еді. Мүдделі сайлаушылар мен саяси сарапшылардың таратылатын хабарламалардың ықпалдылығына енжар азаматтар мен саясатқа жаңа келген азаматтарға қарағанда тез сенгіш келетіндігін дәлелдейтін жаңа әдіс маңызды өзгерістер дәуіріне сәйкес келді. Бұл БАҚ пен саяси сала арасындағы өзара ықпалдастықты тез өзгерткен кезең болатын. Кандидатты таңдауда партияның ықпалы айтарлықтай төмендеуі сол кезде кеңінен таралып, танымалдығы артқан, қуатты күшке айналған телевизияның мүмкіндіктеріне байланысты еді. Осыған байланысты таратылатын хабарламалар мен олардың белгілі нәтижелерге әкелуін зерттеуге негізделген әдіс «минималды пәрменділік теориясының» көптеген түсініктерінің негізсіздігін білдірген болатын. 1970-90 жж. зерттеулердің нәтижелері БАҚ, соның ішінде телевизия көптеген әдістер арқылы сайлау науқанының өтуі мен нәтижесіне ықпал ете алатындығын дәлелдейтін дәйектер мен дәлелдер аз болмады. Сол зерттеулерде тікелей индивидке қатысы бар мерзімдік және электрондық медиа-шындықты құрылымдауға бағытталған жалпыұлттық та, жергілікті де деңгейде сайлау науқандарын өткізуде пайдаланылатын коммуникациялық стратегиялардың сараптауға ерекше мән берілді. Аталмыш саяси-коммуникативтік зерттеу бағыты У. Липпманның еңбектерінде ерекше көрсетілген болатын [99]. Сонау 20-жылдардың басында-ақ БАҚ-тың қоғамның қатардағы мүшесінің қоршаған ортасының шындығынан бөліп әкетер жалған орта (psevdo-environment) қалыптастыратындығын атап көрсеткен болатын. БАҚ-тың ықпалымен индивид санасында шындықтан гөрі күнделікті тіршілік әдебін болжайтын әрі ынталандыратын факторларды тудыратын, қоршаған ортаның қарапайым түрде өзгертіліп, стереотиптік бейнесі пайда болады. Осы аталған алғышарттардан, атап айтқанда Дж. Гербнердің «культивация теориясына» сәйкес БАҚ, ең алдымен, телевизия, көрермендер шын көріп, қабылдайтын символикалық әлемді тудырады [100]. «Культивация теориясына» сәйкес, сайлау науқанын өткізу кезінде сайлауға ұсынылатын үміткердің образын қалыптастыруға қатысты хабарламалардың мазмұны мен қайталау жиілігін сараптау ерекше қызығушылық тудырады. Осы секілді хабарламалардың сайлау нәтижесіне ықпал етуі күмән келтірмейді. Өйткені сайлаушылардан қажетті дауысты 28


жинауы, нәтижесінде үміткердің сайлануы үшін, ең алдымен, оның есте қаларлықтай танымал болуы тиіс. Дегенмен БАҚ жасайтын образдардың рөлі сайлау науқаны даярлайтын нақты саяси мәтінге қатысты әрқалай өзгеріп отырады. Атап айтқанда, аудиторияның «ыстық ықыласына» бөлену кейіннен «ақпараттық қанағаттануға» әкелуі мүмкін. Мұндайда алғашында танымал бола бастаған үміткер шарықтау шегіне жеткен сәтте, яғни дауыс беру күні электоратты жалықтырады. Л. Бартельс өзінің зерттеулерінде рационалдық таңдаудың классикалық теориясына қарамастан, сайлау науқанын үміткердің дербес таңдауы жиі өзгеріп отыратын, бұқаралық шешім мүлдем болжануы қиын болатын динамикалық процесс ретінде қарастырылады [101]. Сайлауалды жарысында БАҚ арналары арқылы таратылатын саяси жарнама, дебаттар мен жаңалықтардағы хабарламалар ықпалымен қалыптасатын жеңімпаздың образы аталмыш процесте маңызды рөл атқаратындығын көптеген саясаттанушылар атап өтеді. Қандай да бір жеңімпаздың имиджін жасаудың әмбебап теориялық формуласын ойлау мүмкін болмаса да шетелдік ғалымдар Т. Гитлиннің [102], Д. Грабердің [103], К. Джонсон-Карти мен Г. Коплэндтің [104], К. Лэнг пен Г. Лэнгтің [105], Э. Остин пен Б. Пинклтонтің [106], Р. Харт [107], Дж. Эдвардс пен С. Уэйннің [108] еңбектері кандидаттың қандай да бір саяси мәселелердегі ұстанымы емес, олардың мінез-құлқы, жігері, өзіне сенімділік, жетекшілік қабілеті, қайғыны бөлісуі, қаржылық жағдайы сияқты жекелеген қасиеттері бұқаралық аудиторияны көбірек қызықтырады деуге мүмкіндік береді. Э. Деннис пен Дж. Меррилланың [109], К. Джемисонның [110], Д. Келлнердің [111], С. Краустың [112], Л. Кэйд, М. Маккини және Дж. Тедесконың [113], Э. Микевич, Ч. Файерстоун мен Л. Роузеллдің [114] зерттеулері көрсеткендей, сайлауалды дебаттарда таңдауын айқындай қоймаған азаматтарды кандидаттардың қиындықтар пен проблемаларды сараптаулары мен нақ осы аспектілері қызықтырады. Дегенмен саясаткерлердің барлығы да бұл идеяны қолдай қоймайды. Олар өз көзқарастарын негіздеу үшін, бір жағынан, бұқаралық коммуникация арналары арқылы таратылатын үгіт-насихаттық және саяси-жарнамалық сипаттағы хабарламалар бірден бір бақылау нәтижелері саналмайтындығын, екінші жағынан, БАҚ-тың ықпалы арқылы электоралдық талғамның өзгеру динамикасын сараптауға мүмкіндік беретін статистикалық заңдылықтың жоқтығын айтады. Сондай-ақ, егер бұқаралық коммуникациялық науқанның тікелей ықпалдылығы, шын мәнінде, «статистикалық маңызды» саналмастан және сайлаушылардың жалпы санынан бірнеше пайызға асып түссе, онда біршама дауыс сайлау науқанының нәтижесін түбегейлі өзгертерліктей болған жағдайда, әлгіндей пәрменділік саяси мақсатта өте маңызды саналар еді. Бұған 2000 жылғы АҚШ Президентіне сайлау дәлел болса керек. 29


Бірқатар жұмыстарда бұқаралық коммуникациялық науқан сайлаушылардың сезімдері мен көңіл-күйлеріне тікелей емес, жанама ықпал етуі ерекше аталады. Мәселен, П. Абрамсон, Дж. Олдрич және Д. Роудтар егер БАҚ-тағы арнау наразылық акциясын тудырып, сол сәтінде саяси ахуалдың өзгеруі мен сайлау нәтижелерін өзгертетіндей ықпал етсе, онда бұл нәтижелер бұқаралық коммуникация ықпалы арқылы ішінара түсіндірілуі тиіс деген ойларын айтады [115]. Сайлау науқаны кезінде жарияланған экономика және халықаралық қатынас проблемаларына арналған материалдар, тіпті сайлау тақырыбын қозғамаған күнде электораттың көңіл-күйіне әсер етсе бұқаралық коммуникация арналары арқылы түсініктеме берілуі қажет. Американдық ғалымдар Ш. Айенгар мен Д. Киндердің жұмысында бұқаралық коммуникацияның жанама ықпалы туралы классикалық мысал келтіріледі [116]. 1980 жылы АҚШ-та президенттік сайлауға бір күн қалғанда американдық жетекші үш телекомпанияның барлығы да эфирдің көп бөлігін «иран дағдарысы» аталған Тегерендағы АҚШ елшілігінің жаулап аулына қатысты оқиғаларға арналған болатын. Сайлау нәтижесінде сайлаушылар Дж. Картердің сыртқы саясаттағы әрекетін бағалайтын референдумға айналған болатын. Өйткені оның жеңілісі (Р. Рейганға берілген 51% қарсы 41% дауысқа ие болуы) сайлау алдындағы қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижелері бойынша бар болғаны Р. Рейганнан 3%-ға кем еді. Соңғы жиырма жылда БАҚ-тың саяси мінез-құлыққа ықпалын зерттеуде басты теориялық әдістердің бірі «күн тәртібін бекіту» концепциясы саналады. Аталған концепция тұрғысынан алғанда, БАҚ-тың аудиторияға ықпалы өзіндік «құрылымдық» сипатта болады. Мәселен, баспасөз, радио және телевизия қандай да бір оқиғалар не проблемаларды жариялауда ерекше назар аударса, ал сол оқиғалар мен проблемаларды аудитория басқаларына қарағанда аса маңызды да мәнді деп тани бастайды. 1972 жылдан бастау алатын «күн тәртібін бекіту» концепциясының қалыптасуын әдетте Д. Шоу мен М. Маккомбстің есімдерімен байланысты [117]. 50-жылдардың соңында аталған ғалымдардың шәкірттері осы бағыттағы зерттеулерді жалғастырған болатын. Н. Лонгтің баспасөзде «күн тәртібін бекіту» туралы зерттеулері жарық көруімен қатар [118], кейінірек Б. Коэн бастапқыда проблеманы анықтау мүмкін болмаса да, осы проблемаларға қатысты аудиторияның пікірі қалыптаспаса да БАҚ-тың қандай да бір проблемаға аудиторияның назарын үйір етуге қабілетті екендігіне ден қояды [119]. БАҚ-тың басты функцияларының бірі жекелеген проблемалар мен оқиғаларға ерекше ден қойса, аудитория мүддесінің приоритетін қозғағаны деуге болады. Сондықтан Ш. Айенгердың ойынша, ақпараттық ықпалдылық аудиторияның не оның белсенді бөлігінің білімі мен приоритетін қай деңгейде өзгертетіні зерттеудің басты міндеті болуы тиіс [120]. 30


Бірқатар жұмыстың авторлары сайлау науқандары кезіндегі БАҚ-тың электоратқа ықпалының нәтижелеріне көп мән берместен, мәселені кеңінен қарастырады. Ол – бұқаралық коммуникацияны туындататын жалпы әлеуметтік-саяси пәрменділікті зерттеу болатын. Г. Лассуэлл кезінде БКҚ маңызды үш функция атқаратынын атап кеткен болатын: біріншіден, олар «күн тәртібін бекіту» рөлін ойнай отырып, аудиторияны ағымдағы оқиғалармен таныстырады; екіншіден, олар хабарламаның мәнін әлемде болып жатқан оқиғалардың перпективасы тұрғысынан қарастырып, түсінік береді: үшіншіден, олар сондай-ақ қалыптасқан мәдени қондырғылар аясында индивидтің әлеуметтенуінде маңызды рөл атқарады. Осы функцияларға сәйкес ол саяси-коммуникативтік зерттеулердің мынадай негізгі бағыттарын ұсынады: кеңінен таратуда бұқаралық коммуникация құралдары үшін таңдалып алынған «имидж» түрлерін, саяси образдарды зерттеу; бұқаралық коммуникация құралдарына ұсынылатын материалдардағы оқиғаларға берілген түсініктемелерді бағалау, бұқаралық коммуникация арналары арқылы таралатын хабарламалардың саяси әлеуметтену деңгейіне ықпалын сараптау [121]. Г. Лассуэлл ұсыныстарының қолдау тауып, ғылыми жұмыстарға негіз болғаны мәлім. Мысалы, 1980-жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін Д. Ниммо және К. Сандерстің редакциясымен [122] «Саяси коммуникация жөніндегі анықтамалығы», Д. Свэнсон мен Д. Ниммоның редакциясымен «Саяси коммуникациядағы жаңа бағыттар» анықтамалық басылымы [123] және Л. Кэйдтің редакциясымен «Саяси-коммуникативистикалық зерттеулер бойынша анықтамалығы» [124] жарық көрген болатын. Аралас пәндерге, яғни бұқаралық қоғам теориясы мен сендіру теориясының әр түрлі талқылануы жайлы теориялық концепцияларға ден қою 80-жылдардың ортасы мен 90-жылдардың ортасында белең алған болатын. Сол жылдары қалыптасып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында насихаттық ықпалдылықтың пәрменділігі мен психологиялық соғыстарды жүргізу тәсілдерін сараптауға арналған теориялық концепцияларды атауға болады. Мұндай зерттеулер қатарында, атап айтқанда А. Бениджердің монографиясы, [125], сондай-ақ У.Р. Нейман, Л. Макнайт және Р. Дж. Соломонның ұжымдық жұмыстары бар [126]. Қарастырылған теориялар қазіргі заманғы саяси ғылымның осынау бағыттары аясында дамып отыр. Сонымен қатар, саяси коммуникативистикаға әрекеттегі саясатқа сыни сипаттағы субъективтік тұрғыда кеңінен таралған теориялар ықпал етуде. «Сыни» бағыттағы зерттеулер, ең алдымен, саяси коммуникацияның әлеуметтік салдарын сараптауға арналады. Мәселен, М. Эдельман басым топтардың ықпалынан көпшілік бұқараның енжарлығы мен бейтараптығына әкелетін хабарламаның «құрылымын» анықтауға тырысады [127]. Б. Гинсберг пен М. Шефтер сайлауды әрекеттегі билік құрылымы заңдастырылатын, қоғамның шынайы мүддесі мен қалауы көрініс таппайтын театрландырылған дәстүр деп қарастырады [128]. 31


Аталмыш зерттеудің авторлары бұқаралық коммуникация құралдары қандай болуы тиіс (және олар шын мәнінде қандай емес) деген сұрауға түсінік бергендері байқалады. Бұл түсініктер бұқараның мүддесін білдіре отырып, осы бұқараны өркендетуге әкелетін барынша еркін де тәуелсіз идеалды БКҚ-ға бағытталады. Өмірде баспасөз, радио және телевизия осынау идеалға сәйкес келе бермейтіндігі дәйекті дүние болса керек. Бұл жайында Ж. Бодрийардың рухымен масс-медиа жөніндегі реквиемді жазуға тура келеді және БКҚ қызметінің нәтижесінде масс-медианың рухы туралы түсінік беруге болады дейді ғалымдар [129]. Сонымен қатар көптеген «сыни» бағыттағы зерттеушілер, ғалымдар белсенді саяси ұстанымда болуы тиіс және өмірдегі әлеуметтік шектеулерді жеңуге және қоғамның теңдік пен әділдік принципі бойынша қайта құрылуына әсер етуші саяси-коммуникациялық процестер құрылымдарындағы өзгерістерге барынша көмек ықпал етуі тиіс деп санайды. Аталмыш белсенділік С. Холлдың айтуынша, әлеуметтік-саяси тәртіпке қарсы алғашында аса қауіпсіз саналатын үндеулердің жасырын идеологиялық мазмұнын ашуға талпынған «дискурстық күрес» ретінде сипатталады [130]. Нәтижесінде «сыни зерттеулердегі» саяси коммуникация ұғымының мәні кеңейіп, кез келген коммуникативтік акт саяси сипат алады. Қоғамдағы саяси-коммуникативтік процестер мемлекет пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында ақпараттық саясатқа негізделеді. Бүгінде БАҚ пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастар саяси-коммуникативтік процестерді жүзеге асырушы маңызды субъектілер ретінде рөлі артуда. Қазіргі заманғы мемлекеттерде орын алып отырған саяси коммуникативтік процестердің модернизациялану үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдағы саяси жүйе қарым-қатынасының сипатын анықтау маңызды саналады. Бұл тұрғыда, М. Херманн Мәскеу саясаттану ғылымдары мектебінде оқыған дәрісінде: «Т. Парсонның жүйелер теориясының іргелі принциптерін негізге алған жөн», - деп санайды [131]. Жүйелер теориясына сәйкес әлеуметтік жүйені әрбір қоғамда белгілі бір функцияны атқаратын индивидтер, құрылымдар, мәдениеттердің жиынтығы ретінде қарастырамыз. Және де әлеуметтік жүйелер басқа да жүйелермен қарым-қатынаста, атап айтқанда, саяси жүйе бұқаралық ақпарат құралдары жүйесімен байланыста болады. Сондай-ақ, әрбір жүйе басқа жүйелермен байланысын жақсарту үшін түрлі сипаттағы инновациялану, модернизациялану саясатын жүзеге асыруы тиіс. Бұл әрекеттердің мақсатының өзі де сол жүйенің қызмет етуі мен қабілетті әрекет етуінің кепілі болмақ. Саяси жүйе функциясы шешім әзірлеу, қабылдау болып саналады. Ал БАҚ жүйесі функциясына қоғамдағы оның бөліктерінің интеграциялануын қамтамасыз етерлік күн тәртібіндегі мәселелер мен тақырыптарды көтеру болып саналады. 32


Қазіргі уақытта өз міндеттерін атқаруда саяси жүйе бірнеше қиындықтарға тап болуда дейді коммуникация теориясын зерттеуші ғалым М. Херманн. Бұл алдымен, саяси жүйенің қоғамдық қолдауды жоғалтуы болып отыр. Қоғамдағы диверсификация және сегрегация (segregatio — шеткерілеу) процестерінің салдарынан кез келген проблема күрделене түсуде. Бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі қызметі қазіргі заманғы қоғамда аса маңызды болып отыр. Әлемдегі социалистік жүйе ыдыраған 20 жылдан бері бүкіләлемдік нарық пен бүкіләлемдік проблемалардың бұқаралық ақпарат құралдарына мұқтаждығы артып отыр. Бұл бүкіл әлемге ортақ интеграциялану процесіне де қажеттілік деп қарастырған жөн. Қоғамдағы әрбір индивид үшін шындықты тануы мен әлемдегі оқиғаларды білуі үшін БАҚ-тың көмегі мен рөлі артып отыр. Бүгінде саясат субъектісі ретінде бұқаралық ақпарат құралдары белгілі бір шындықты тануға көмегін тигізе отырып, белгілі бір әрекетке ықпал етеді. Сондықтан да бұқараның мұндай саяси ақпараттық процестердің тек қатысушысы болып қоймастан соны жүзеге асырушысы ретінде рөлі артуда. Бүкіләлемдік қауымдастық деңгейінде де, дербес тұлғалық деңгейде де саяси жүйеден бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіне қарай қозғалу үрдісі байқалып отыр. Бұқаралық коммуникацияның теориясына сәйкес, қазіргі заманда БАҚ мемлекеттік саясаттан приоритеті артып, саясаттың өзімен қоса алғанда маңызы арта түсуде. Осы тұрғыдан алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары қандай проблемаларды күн тәртібіне енгізу қажеттігін, оның қайсысы шешілуі тиістігі саяси ақпараттық-коммуникативтік процестерді пәрменді жүзеге асырушы институт ретінде танылуда. Осы тұжырымға сәйкес, ғалымдар мұндай құрылымды демократияның орнына телекратия (telecracy), сайлаудың орнына телесайлау (telections) деп атайды. Саяси процестегі осындай ақпараттық-коммуникативтік үрдістерден мемлекеттік саясаттың шынайылығынан гөрі бейнелілігі артып келеді. Бұқаралық ақпараттық-коммуникативтік процестердің келесі бір үрдісі ретінде мемлекеттік саясат бұқаралық ақпарат құралдарының осынау ықпалын түйсіне келе, олардың ықпал етуін төмендетуге ұмтылуда. Мемлекеттік саясаттың аталмыш үрдісіне сәйкес мемлекет бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауға тырысуда. Бұның дәлелі ретінде бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлердің жеке байланыс желілерін атауға болады. Келесі бәр дәлелі аса ықпалды мегамедиакомпаниялар, медиаконцерндердің белгілі бір деңгейде саяси партиялармен байланысы саналады. Нәтижесінде партиялардың қоғамдық радио не телевизияға ықпалы бұқаралық апарат құралдарын мемлекеттің бақылау құралы ретінде бағалауы мүмкін. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық БАҚ қызметіне саяси қайраткерлердің ықпал етуі артып отыр. Саясат саласындағы ақпараттық-коммуникативтік процестердің әлемдік тәжірибесінен байқалғаны, супержүйе теориясының пайда болуы. БКҚ мен 33


саяси жүйе азаматтарды ақпараттандыру, хабарландыру, соңында бақылау мүмкіндігін арттыру мақсатында жалпы құрылымнан тұратын тұтас бір жүйеде дами бастады. Дегенмен, автордың ойынша, мұндай жүйе әлі де болса жүзеге аса қоймады, десек те бұл теорияның дамуына толық негіз бар. Бұқаралық коммуникация арналары – саяси жүйені қолдаудағы күресте маңызды фактор атқаратыны рас. Дегенмен бұл тұжырым БКҚ-ның қоғамға жағымды не болмаса жағымсыз әсер етуінде рөлін нақтылай алмайды. Саяси коммуникацияның модернизациялану процесін қарастырғанда, бұл түрлі үрдістердің бірін бірі толықтыруымен, кейде алмасуымен айқындалады. Алдымен саяси коммуникация идеясы біржақты ұғым болып саналмайды. Саяси коммуникация ұғымының бірнеше түсініктемелері бар. М. Херманнның пайымдауынша, саяси коммуникация саяси жүйе аясында, қоғам мен осы екі сала аясындағы коммуникациялық процестердің жиынтығы ретінде қарастыру керек. Осы процестердің барлығының мақсаты нақты бір саяси шешімдерге ықпал етерлік қоғамдық пікірді қалыптастыру болып табылады. Шын мәнінде, саяси жүйе аясындағы саяси коммуникацияның мәні қоғамдағы саясатқа қатысты байланыс пен қарым-қатынастардың рөлінің артуымен айқындалады. Бүгінде саяси партиялардың стратегиялық шешімдер қабылауында «төменнен жоғарыға» приниципі өзекті болмай отыр. Саяси коммуникацияға қатысты келесі категориялардың қатарында арнайы мақсатты және жалпы саяси коммуникация аталады. Арнайы мақсатты коммуникация ретінде саяси партиялар мен көсемдердің қолдау алу мақсатындағы саналы әрекеті танылады. Ал жалпы, саяси коммуникация БАҚ әрекеті көмегімен жүзеге асады. Саясаттану ғылымында бұл процесті тәуелсіз БАҚ-тың ақылы БАҚ-қа қарсы анағұрлым ықпалды әрекеті ретінде қарастырылады. Қорытындылағанда, бұқаралық ақпарат құралдары бүгінде өзінің ықпалды әрекетімен саяси жүйе аясындағы саяси коммуникацияның әлсіреуінде, ал қоғамдағы саяси коммуникация рөлінің артуында объективті үрдістерге ықпал етуде. Дегенмен саяси жүйе саяси партиялар мен парламенттерден тыс коммуникациялық процестерді анықтауға ұмтылуда. Бұл әрекетті ғалымдар соңғы кездері Саяси байланыс (Political communication) деп атап жүр. Аталмыш ұғымға саяси жүйені қолдауға бағытталған, атап айтқанда – саяси коммуникация, саяси лоббинг, саяси PR, саяси жарнама, сондай-ақ саяси қатысу мен саяси білім беру сияқты қызметтерден тұратын саяси жүйенің барлық әрекеттері енеді. Соңғы жиырма жыл ауқымында Қазақстанда ТМД елдеріндегідей аталмыш қызметтер бағытындағы әрекеттер айтарлықтай артып отыр. Саяси байланыс, саяси коммуникация, саяси білім беру, саяси қатысу салаларында кәсібиленіп, кәсіби мамандардың саны артып отырғанын байқауға болады. Саяси ақпараттық-коммуникативтік процестерді 34


орындаушы кәсібилер саны артып қоймастан, енді арнайы PR-технологиялар кешенін әзірлеген әлеуметтік ғылымдағы саяси байланыс та дамып келеді. Автордың ойынша, саяси коммуникацияны жүзеге асырушы ерекше құралдарға келсек, саясат қазіргі заманғы PR-технологияларды барынша кәсіби қолдану қажеттігі туындауда. Мемлекеттік саясатта ақпарат көбінде БАҚ-тағы ақпарат сипатымен берілуде. Бүгінде орын алып отырған үрдістердің басым бағыттары келесідей. Ақпараттың қысқа мерзімділігіне, негативтілігіне, дербестелуіне деген талпыныс аса жоғары болып отыр. Бұл аталған басым бағыттар саяси коммуникацияның американдық тәжірибесінен келіп отыр. Олар азаматтар мен БАҚ өкілдерінің назарын барынша саяси ақпаратқа аудару мақсатынан туындаған. Бұл аталған әрбір бағытты былайша сипаттауға болады: Саяси ақпараттың қысқа мерзімділігі. Шын мәнінде, саяси ақпарат уақыт өте барынша оқиғаның ұзақ не орта мерзімділігінің азайып отырғандығы. Саяси коммуникативтік процестегі проблемалық ақпарат пен талқылатын мәселе аса қысқа мерзімде қарастырыла отырып, күн тәртібіне қойылады. Бұл тақырыптар сол ақпаратты ұсынушылардың өзіндік саяси позицияларын жетілдіру тұрғысынан іріктеледі. Мұндай сәтте егер оқиға туралы БАҚ жарияламаған жағдайда, өтпеген болып саналатын «ақпараттық оқиға» атталатын PR-технология жақсы қолданылады. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, кейбір саяси оқиғалар, шынында, жасанды түрде ақпараттық оқиға үшін жасалған. Дербестелу. Саяси ақпаратты даярлауда, алдымен, барлық ынта саяси көсемдер мен үміткерлерге бағышталады да, идеология не партия бағдарламасына деген қызығушылық төмендей түседі. Саяси ақпараттың дербестелуі жағдайында үміткер кез келген саяси проблемаларды шеше алатын теңдессіз менеджер ретінде танылады. Негативтілік. Саяси ақпараттың негативті сипаты басым болуы саяси науқандар кезінде, алдымен саяси оппонент туралы түрлі әдістер арқылы жағымсыз ақпараттың таралу контексіндегі «негативті стратегия» жүргізілуінде. Мұндай қызмет түрлерімен саяси консалтинг немесе саяси кеңесші, саяси PR-менеджерлері, сондай-ақ соңғы кездері коммуникация жөніндегі жаңа маман – «спин-докторлар» айналысады. Аталған кәсіби мамандар аса қысқа мерзімде жекелеген партия не үміткерлерге арналған науқанды ұйымдастыра алады. Сол үшін де «спин» атауы кері айналдыру ұғымын білдіреді. Сондай-ақ ол үміткерлер үшін жағымсыз саналатын коммуникация процесін «керісінше жаңа бағытта» айналдыра алады. Коммуникация жөніндегі аталмыш маман АҚШ тәжірибесінен келіп отыр деуге болады. Сонымен, ақпараттық-коммуникативтік процестердің белсенді ұйымдастырушысы, өткізушісі, қатысушысы ретінде американдық тәжірибе дамушы елдердің саяси PR-нарығына батыл еніп отыр. Коммуникациялық 35


дағдылардың, ноу-хаудың тасымалдануының қоғамға ықпалы артып отырғандығы анық. Қорытындылай келе, саяси коммуникацияны зерттеу саласына енген және енетін теориялардың көптігі методологиялық тұрғыдан негіздеуде қиындықтар тудыратыны анық. Дегенмен біздің пайымдауымызша, қазіргі заманғы саяси коммуникативистика кез келген дамып келе жатқан білім саласы сияқты бірқатар іргелі проблемаларға қатысты қарама-қайшы пікірлерден арыла қоймады деуге болады. Теоретик-ғалымдар зерттеу пәні жайында, яғни зерттеу объективті сипатта болуы тиіс пе, керісінше сыни-субъективтік тұрғыда болуы керек пе деген пікірталастарды өрбітуде. Сонда да саяси коммуникацияның зерттелуіндегі қарама-қайшылықтар мен қай ұстанымда зерттеулі тиістігі іс жүзінде саяси кибернетиканың ақпараттық ықпал етудегі жалпы заңдылықтары мен саяси жүйеде, сондай-ақ тұтас алғанда қоғамдағы ақпарат алмасуының когнитивтік метаториясының құрылымы ретінде қалыптасуына ықпалы болды. 1.2 Бұқаралық коммуникацияның саяси субъект ретіндегі мәні, құрылымы Бұқаралық коммуникация саясаттың ажырамас бөлігі саналады. Қоғамның басқа да қызмет саласы сияқты саясат әр уақыт арнайы ақпараттық алмасу құралдарын, субъектілері арасында тұрақты түрде байланыс орнату мен қолдауды қажет етеді. Биліктің түрлі тасымалдаушылары арасында, мемлекет пен азаматтар арасында қарым-қатынастың жанама формалары мен арнайы құралдарынсыз саясаттың болуы мүмкін емес. Бұл саясаттың күрделі ұйымдастырушылық мақсатты қызметі мен бүкіл қоғамға қатысты топтық мақсат пен мүдделерді жүзеге асыруға қажетті қарым-қатынастың арнайы формасы саналатын ұжымдық табиғатын білдірсе керек. Саясаттағы мақсатты жүзеге асырудағы ұжымдық сипат ұжым мүшелері арасындағы (мемлекет, ұлт, топтар, партиялар және т.б.) міндеттерді түйсіну мен адамдар мен ұйымдар қызметін үйлестіру саналады. Осы аталғанның бәрі азаматтардың тікелей қатысуынсыз, өзара қарымқатынасынсыз әрі көптеген тұлғалардың ерік-жігерінің бірлігі мен бірлесе жұмылуын қамтамасыз ететін арнайы ақпарат тарату құралдарынсыз мүмкін емес. Әрине, бұндай байланыс құралы ретінде бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) атауға болады. Постиндустриалдық қоғамда білім мен ақпараттың билігі қоғамды басқаруда шешуші рөл атқаруда. Жаңа білім мен басқа да саяси мәндегі ақпаратты таратудағы бірден бір құрал осы БАҚ болып отыр. Биліктің бұқаралық идеология, қоғамдық сана, құндылықтар, мемлекеттік нышандар, доктриналар, ресми нормалар, заң актілерінің, сондай-ақ оппозициялық ойлар мен түрлі акторлардың пікірлерінің 36


қалыптасуы мен қызмет етуі ерекше саяси процестерді құрайды. Оның мәні де хабарламаларды беру мен алмасу есебінен саяси субъектілер өзінің қызметі жайлы түрлі контрагенттерге белгі бере отырып, түрлі саяси рөлдерді атқаруға мүмкіндік беретін қажетті қарым-қатынас пен байланыстар орнатады. Түрлі мәліметтер, деректер мен хабарламалар алмасуда және оларды қолдануда адамдар арасындағы мақсатты қарым-қатынас түрлі деңгейдегі саяси жүйелерді біріктіре отырып, билік институттарының мемлекет пен қоғамды басқару қызметін атқаруға мүмкіндік береді. Саясатта бүкіл хабарламалар мен үндеулер барлық адамдар үшін бағалы санала бермейді. Атап айқтанда, түрлі ақпараттар ағынынан таңдап алынған мәліметтер олардың мемлекеттік билік саласында қажетті шешім шығаруына не белгілі қызметті атқаруына, сондай-ақ соған сәйкес әрекетке ықпал ететін мәліметті саяси ақпарат дейді. Ақпарат осы мағынасында кез келген саяси субъектінің әрекетінің алғышарты ретінде маңызды саналса, саясат саласында қандай да бір мақсатқа жетуде тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін маңызды ресурс ретінде танылады. Қажетті ақпараттың болуы не болмауы нәтижесінде субъектінің билікке ие болуы не одан айрылуы, сонымен қатар саясат саласында өз мүддесі мен ықпалын арттыруы, жүзеге асыруы мүмкін. Осылайша қажетті ақпаратты алу саясатта әрекет етуші және билікке мүдделі кез келген субъектінің басты мақсатына айналады. Кез-келген мемлекетте хабарламаларды тарату қандай да болмасын техникалық құралдарды пайдалану қажеттігін күн тәртібіне қояды. Сондықтан ақпараттық үдерістер қажетті құрылымдық бөлшектерден тұрады. Оған ақпарат таратылатын (жеткізілетін) техникалық арналар, тек ақпарат таратып не алып қоймастан, сондай-ақ оны жинақтауға, бақылауға, сақтауға және қорғауға мүмкіндік беретін құрылымдар жатады. Жекелеген тұлғаның ақпаратты әр түрлі қабылдауы, оның мазмұнын белгілі ережелерге, үйреншікті дағдыға, өзіндік қабілетіне қатысты түрліше түсінуі ақпарат алмасу үдерісінде субъектінің хабарламаны саналы түрде қабылдауына әкеледі және бұл ерекше мәнді саналады. Ақпаратты субъектіленген түрде қабылдау, талқылау және игеру аспектісі коммуникация немесе саяси ақпаратты жіберуші (коммуникатор) және алушы (реципиент) арасындағы мағыналы байланыс орнату процесі деуге болады. Саяси ақпараттың таралуы мен қабылдануын бұлай жіктеудің қажеттігі кез келген ақпарат саяси субъектілер арасында тиісті коммуникация туындата алмайтындығындан деуге болады. Ақпараттық байланыстардың коммуникативтік аспектілері хабарламалардың алмасуы – бұл реципиенттердің саяси қарым-қатынасқа қатысушы ретіндегі ерекшелігін тәркілей алмайтындығын білдіретін техникалық процесс екендігі байқатады. Іс жүзінде көптеген шешімдер, тіпті мемлекеттік биліктегі шешімдерді алынған ақпаратқа сәйкес шығарудан гөрі саяси жетекшінің ықпалына 37


ыңғайлас шығарылып жатады. Сондықтан алынған ақпарат саяси әрекеттердің факторы емес, тек сол әрекеттердің алғышарты ретінде саналады. Сонымен, бұқаралық билік саласындағы түрлі мәліметтерді адамдардың қолдануы мен алмасуы тұрғысынан алғанда барлық билік институттары мен механизмдері ақпараттық ағындарды өңдеуші құрал және ақпараттық нарықтағы өзіндік құрылым ретінде танылады деуге болады. Олардың қызметінің тиімділігі ақпараттарды реттеу қабілеті мен басқа субъектілермен мақсатты байланыс орнатуға қатысты болмақ. Ал өз кезінде саяси субъектілер түрлі ақпаратты тасымалдаушы ретінде танылып, өзінің қалпын өзгерте алады. Жалпы, саясатты ақпараттық-коммуникативтік тұрғыдан қарастырғанда, саяси субъектілердің түрлі рөлдер мен қызметтерді жүзеге асыруына мүмкіндік беретін ақпараттарды жинауға, алуға және өңдеуге арналған құрылым әрі институт ретінде әлеуметтік тұтастық деп тануға болады. Саясатты ақпараттық алмасудың техникалық компоненттері тұрғысынан алғанда, ақпараттарды мақсатты түрде беруге, алмасуға және қорғауға бағытталған социо-технологиялық құрылым ретінде қарастыруға болады. Алғаш рет 1950-70 жж. американдық ғалым К. Дойч саяси жүйені ақпараттық-коммуникациялық жүйе ретінде, яғни «ақпараттықкибернетикалық модель» ретінде ұсынады [132]. Ғалымның бұл зерттеулері Т. Гоббстың жоғарғы билік пен сот және басқа да атқарушы органдарын байланыстыратын саяси коммуникацияны «мемлекеттік басқарудың жүйкелері» атты балама тұжырымына сәйкес келеді [133]. К. Дойч аталмыш идеяның негізінде «Басқарудың жүйкелері: саяси коммуникация мен бақылау модельдері» атты еңбегінде (1963) саяси жүйені коммуникация және ақпараттық ағындардың желісі ретінде анықтайды. К. Дойч ақпараттық-кибернетикалық әдіс негізінде саяси өмірді кибернетикалық сараптау мен коммуникативтік механизм тұрғысынан талқылауға талпыныс жасайды. Латынның «gubernare» (ағылшынның «government» сөзінің түбірі) және гректің «kubernan» (ағылшынның - «cybernetics») сөздері «басқару өнері» мағынасын беретінін ескерсек, Дойчтың пікірінше, үкімет (мемлекеттік басқарудың субъектісі ретінде) саяси жүйені, жүйе мен ортаны, сондай-ақ сол жүйенің ішіндегі жекелеген бөліктер арасындағы ақпараттық ағындарды реттеу мен өзара коммуникативтік әрекеттерді шоғырландырады [134]. К. Дойчтың ұсынған тұжырымы соңын ала теориялық тұрғыда екіұшты жалғасын тапты деуге болады. Мәселен, неміс философы Ю. Хабермас саясаттың коммуникативтік әрекеттері мен соған сәйкес элементтеріне (құндылықтар, нормалар, оқыту әрекеттері) басты назар аудара отырып, бұларды әлеуметтік және саяси тәртіптің негіздері ретінде қарастырады [135]. Бұған неміс ғалымы Х. Шельски өзінің «техникалық мемлекет» идеясымен қарсы ойларын білдіреді [136]. Ол билікті саяси ұйымдастыруда 38


әлеуметтік аспектіні емес техникалық аспектіні алға қояды. Осыған сәйкес мемлекет жекелеген азаматтар мен топтардың еркі мен мүдделеріне аздап көңіл бөлуі тиіс. Олардың қоғам өміріне бағыттау, қызмет етуін бақылау императивтік сипаттағы заманауи техника, оның талаптары арқылы жүзеге асуы қажет деп санайды. «Биліктің аппаратурасы» мен техниканы тиімді пайдалануды жетілдіру мен арттыру, тұтас алғанда, мемлекетті және оның бүкіл саясатын әлеуметтік қарым-қатынастарды рационалды да қатесіз реттеу құралына айналдырады. Осы көзқарастардың дамуына және «ақпараттық қоғамның» пайда болуын негіздеуде Д. Мичн, Р. Джонсон сияқты бірқатар ғалымдар саяси коммуникацияның гиперрационалдық түсініктемесін ұсынады [137]. Аталмыш ғалымдар қоғамдағы әлеуметтік кеселдермен күресте (саяси қақтығыстар, саяси қастандықтар, қауіп-қатерлер т.б.) компьютерлік техника шешуші рөл атқарады деп санайды. Қазіргі заманғы саяси жүйенің даму тәжірибесі көрсеткендей, қоғамның, алдымен, индустриалдық дамыған мемлекеттердің саяси өмірін ұйымдастыруда техникалық-ақпараттық құралдардың рөлінің артуы сияқты тенденциялар байқалуда. Әсіресе, бұл дауыс беру кезінде (атап айтқанда, интерактивтік байланыстардың электронды жүйесінде), саяси процестерде БАҚ-тың рөлі мен мәнінің артуында, мемлекеттік басқарудағы бұрынғы иерархиялық байланыстарды жоюда, мемлекеттік басқарудың төменгі құрылымдарының дербестігін күшейтуде т.б. қосымша техникалық мүмкіндіктер беруге қатысты. Дегенмен бұл билік институттары мен субъектілерінің әрекет етуін кеңейту мүмкіндіктеріне алғышарт болғанымен, саяси топтар мүдделерінің, олардың арасындағы қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды шешуде жетекші рөл атқармасы анық. Саяси процестердің түрлі мақсаты мен әдістері, құрылымдары мен қатысушыларының болуы, сондай-ақ мемлекеттік билік саласында шешімдер шығарудың басқа да парамтерлерінің болуы адамдар арасындағы күрделі дек көпқырлы, ақпараттық-коммуникативтік алмасу құрылымдарының болуымен ерекшеленеді. Американдық саясаттанушы Г. Лассуэллдің пікірінше, құрылымның осындай компоненттерінің негізін анықтау: кім айтты, не айтты, қандай арна арқылы, кімге, қандай әсерде сияқты сұрақтарға жауап беру қажет [138, 221– 222]. Ақпараттық-коммуникативтік процестердің мұнан да күрделі құрылымы түрлі деңгейін санауды ұсынған ғалымдар қатарыда канадалық Дж. Томсон ақпараттық-коммуникациялық байланыстардың семантикалық, техникалық және ықпал ету – инфлуенталдық (ағылшын сөзі influence – ықпал ету) деңгейлерін ұсынады [139]. Аталған деңгейлер ақпараттық-коммуникативтік процестердің мағыналық және сапалық белгілерін айыруға мүмкіндік береді. Бір жағынан, бұл сол процестердің болуын айқындаса, екіншіден, саяси субъектілер мен 39


олардың ақпараттық серіктестерінің өзара әрекеттерінің ықпалын анықтауға мүмкіндік береді. Семантикалық деңгей субъектілер арасындағы ақпарат беру мен коммуникацияның пайда болу процесінде белгі мен тілдік формаларлармен жүзеге асуын білдіреді. Яғни Дж.Томсонның пайымдауынша, адамдар арасында коммуникацияға қажетті пайдаланылатын тілдік құралдар (белгілер, нышандар, бейнелер) басты саналады. Аталмыш құралдар берілетін белгілер мен хабарламалардың мағынасы мен мәнінінің сақталуына және де оларды реципиенттердің дұрыс талқылауын қамтамасыз етуіне ықпал етеді. Тілдік құралдар мағынасына вербалды (сөздік) және вербалды емес (ым-ишара, дененің қозғалысы, сөйлеу арасындағы үзіліс, сөйлеу этикеті т.б.) сияқты саяси субъектілер пайдаланатын ақпаратты беру құралдары жатады. Мемлекет пен оның ресми құрылымдары үкіметтік ақпаратты арнайы маманданған және маманданбаған пайдаланушылар арасында қарамақайшылықты білдірмеуге тиісті тілдік формаларды пайдалануы қажет деп санайды ғалым. Яғни ресми мәтінде тұрғындардың нақты мағынасын түсінуіне оңай тілдік формаларды қолдану саяси коммуникация процесінің тиімділігі мен ықпалдылығы ретінде қарастырылады. Сондықтан мемлекеттік ақпарат көптілді, лингивстикалық көптүрлі және семантикалық жағынан тұтас болуы тиіс деген ойларын ұсынады ғалым. Саясатта ақпараттық қарым-қатынасты жүзеге асыруда субъектілер қарамағындағы техникалық құралдар да маңызды саналмақ. Бұл саясаттағы ақпаратты-коммуникативтік процестердің техникалық деңгейімен тығыз байланыста. Саяси субъектілердің ақпараттық қызметі тұрғысынан алғанда қажетті мамандар, мәліметтер, деректер базасы, ақпаратты сақтау мен беру желілері мен технологиялары сияқты арнайы ұйымдастырылған құрылымдардың қызметімен айқындалады. Ақпараттық байланыс ұйымдарының коммуникацияға арналған техникалық құралдарының рөлі мен маңызы олардың қандай да бір хабарламаны қажетті орынға жеткізуде өзгеріссіз және дер кезінде жеткізуіне қатысты. Ақпараттық байланыс ұйымдары үшін техникалық арналардың болуы мемлекеттің биліктің маңызды институты ретіндегі ресми ақпарат таратуда бірнеше арналарды игеру қажеттігін білдіреді. Атап айтқанда, азаматтармен үздіксіз коммуникация орнатуға мүмкіндік туғызатын ауызша (басшылар мен лидерлердің брифингтері, сұхбаттары және т.б.) немесе жазбаша (үкімет бюллетендері мен ақпараттық жаршылары, мерзімді басылымдардағы жарияланымдары), сондай-ақ визуалдық және электрондық ақпараттар (мемлекеттік және жергілікті телеарналар, радиохабарлар мен байланыс жүйелері мен желілеріндегі сюжеттер мен материалдар). Мемлекеттің тұрғындармен тікелей тиімді байланыс орнатып, маңызды хабарлама таратуда аса маңызы саналатын арналарды (орталық, жергілікті, 40


аймақтық баспасөз, радио және телеарналар т.б.) таңдау мүмкіндігі болуы тиіс. Мұндайда ақпарат арналары кәдімгі режимде де, қалыптан тыс та жұмыс істеуі әрі арнайы байланыс құралдары барынша бейімделуі тиіс. Мемлекеттің техникалық мүмкіндіктері тұрғындарға қолжетімді хабарлама қабылдау құралдарына сәйкестенуі тиіс. Егер бұл талаптар орындалмаған жағдайда, техникалық-ақпараттық стандарттар тұрғындардың белгілі бөлігінің мемлекетпен диалог орнатуына көмегін тигізе алмайды. Мемлекет сондай-ақ, бәсекелестері мен қарсыластарынан аса құпия хабарламаларды қорғау мақсатында ақпараттық желілерін қорғау әдістері мен құралдарын әрдайым жетілдіріп отыруы тиіс. Ал ақпараттық-коммуникативтік процестің келесі ықпал ету деңгейін қарастырған зерттеуші мынадай тұжырымға келеді. Саяси ақпараттық процестегі инфлуенталдық деңгей мемлекеттің ақпараттық коммуникациялық қызметінде ақпараттың адам санасына әсерін айқындайды. Нақ осы аталған ақпараттық-коммуникативтік байланыстар мен қарымқатынас деңгейінің компоненттері мемлекет пен партиялардың азаматтарға ұсынатын мақсаты, құндылықтары мен идеяларының рухани әсер етуіне қатысты жағдайлармен сипатталады. Осы құрылымдық деңгейде ақпараттық кеңістіктегі идеялар мен ұсыныстардың деректік көздері, алғышарттары мен факторларының тиімділігі анықталады. Саяси субъектілер осы бағыттағы қызметінің тиімділігін арттыруда ақпараттың берілуіндегі шарттылығын, қандай да бір хабарламаны қабылдаушы аудиторияның ерекшелігін ескеруі тиіс. Ұсынылатын ұрандар мен үндеулер әлеуметтік ортаның жағдайына сәйкес келуі және басым саналатын стеоретиптер мен дағдыларды білдіретін дәстүрлер мен салттардың топтық не бұқаралық санасына әсер етуіне бағытталуы тиіс. Сонымен, саясатта, ең алдымен, бұқаралық ақпараттық-коммуникативтік процестер маңызды саналады. Ақпараттық қарым-қатынастарды ұйымдастыруда, алдымен қоғамдық пікірмен байланыс орнататын арнайы дайындалған саяси агенттер әрекет етеді. Бұл қызметтің қатарында мемлекеттің арнайы ресми институттары (олардың көсемдері мен жетекшілері, сондай-ақ қоғаммен байланыс жөніндегі ақпараттық бөлімдер) жатады. Мұндай құрылымдарға Қазақстандағы 1993 жылы 13 маусымда ҚР Президентінің ресми жарлығымен құрылған Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Жаңа саясат халықаралық институтын, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі және министрліктер мен әкімдіктердегі бұқарамен байланыс бөлімдерін атауға болады. ҚСЗИ негізгі мақсаты ҚР Президентінің қызметін ғылыми талдаулармен қамтамасыз ету. Институт қазіргі күнде еліміздің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық проблемаларын зерттейтін бірден бір ғылыми орталық болып отыр. Институт мамандары мемлекеттік саяси ақпараттарды дер кезінде бұқара жеткізу мен оларға сараптамалық түсініктемелер беру, 41


сондай-ақ экономика, қауіпсіздік, қоғам, тарих, мәдениет салаларындағы сараптамалық көзқарастар мен пікірлер әзірлеу және бұқаралық ақпарат құралдарына тарату. Институтта саясаттанушы, тарихшы, экономист, социолог сияқты кәсіби мамандардан құралған ғалымдар тобы жұмыс істей отырып, мемлекеттің саяси бағыттары мен ұстанымдарын талдау мен бұқараға жеткізудегі ақпаратты-коммуникативтік алаңға айналып отыр. Ал 2003 жылы қазан айында негізі қаланған, Жаңа саясат халықаралық институты бүгінде еруазиялық кеңістіктегі қоғамдық модернизация процестерін сараптауда, мүдделі топтар арасындағы ақпараттық алмасуға ықпал етуде, қоғамдық басқарудың стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешу әдісі бойынша практикалық кепілдемелер ұсынуда, сондай-ақ, ең бастысы, билік пен қоғам арасындағы сенімді байланыстардың орнауына ықпал етіп отыр. Қоғамның саяси өміріндегі ақпараттық қарым-қатынастарды ұйымдастыратын құрылымдардың қатарында мемлекеттік (ұлттық), тәуелсіз және оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдары жатады. Қазақстандық БАҚ нарығында бүгінде ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің мәліметі көрсеткендей, 2006 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша 7092 бұқаралық ақпарат құралдары, соның 212 электрондық БАҚ тікрелген [140]. Ал шет мемлекеттердің 2392 БАҚ еліміздің ақпарат кеңістігіне таратылады. «ИнфоЦентр» Интернет желісінде адрестік кеңістікті бөлу жөніндегі ақпараттық қордың ресми мәліметі бойынша KZ доменінде 2008 жылдың желтоқсан айының соңында 32 000 домен аты тіркелді [141]. Бұқарамен байланыс орнатуда белсенді саналатын топтар қатарында корпоративтік саяси ұйымдар мен топтардың (партия органдары, қоғамдық ұйымдар, кәсіби саяси клубтар т.б.) болуы ақпараттық-коммуникативтік құрылымдардың келесі санатын айқындап береді. Қазақстандық электронды үкімет мәліметтеріне сүйенсек, саяси партиялар қатарында «НұрОтан» Халықтық демократиялық партиясы, «Азат» Қазақстан демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия, «Ауыл» Қазақстандық социал-демократиялық партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, Қазақстан патриоттар партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы аталады. Еліміздегі саяси қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар қатарында «Желтоқсан», «Азат», «Шаңырақ», «Қазақстан 2012», Қазақстанның социалистік қарсыластық азаматтық қозғалыстары, Қазақстанның жас кәсібилер қоғамы, т.б. бар. Жалпы алғанда, ҚР Әділет мнистрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 87 қозғалыс ресми тіркелген [142]. Сонымен қатар, Этносаяси және гуманитарлық зерттеулер қоғамдық қоры, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы сияқты тәуелсіз сараптаулар жүргізіп, ғылыми жиындар өткізетін ғылыми-ақпараттық орталықтар мен ғылыми-зерттеу 42


институттарын, «Политон», «Темірқазық», «Рух пен тіл» жастар клубы т.б. саяси пікірсайыс клубтарын атауға болады. Міне, осы аталған партиялар, қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен клубтар еліміздегі билік пен саяси институттар, билік пен бұқараның арасындағы саяси пікірсайыс алаңын тудырып отырған ықпалды аралық топтар саналады. Аталған агенттіктердің өзара әрекеті, аудиториясымен қарым-қатынасы ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына ықпал етпек. Аталмыш кеңістікте осы агенттіктердің әрқайсысы билік саласындағы мүдделерін көздей отырып, өзіндік саяси ақпараттық-коммуникациялық стратегиясын жүзеге асырады. Осынау саяси агенттер пайдаланатын ақпараттандыру әдістері мен тәсілдердің әр түрлілігі және де контрагенттермен коммуникация орнату ақпараттық кеңістіктегі екі типті басты әрекетті айқындауға мүмкіндік береді: үгіт пен насихаттан тұратын науқандық; PR, яғни қоғаммен байланыс, сондай-ақ саяси жарнама әдістерін ұсынатын маркетингтік әрекеттер. Ақпараттық әрекет етудің осы әдістері ақпараттық кеңістіктегі субъектілердің тіпті де қарама-қайшы тәсілдерін байқатады. Мәселен, үгіт пен насихат адамдарды бақылау мен олардың саяси әрекеттерін қатаң әлеуметтік бағыттаудың ақпараттық әдісі ретінде танылады. Бельгиялық ғалым Г. Товеронның пайымдауынша, насихат адамдарға таңдау мүмкіндігін бермейді, олардың ойлау, сенім, мінез-құлықтарын өзгертуіне ықпал етеді [143]. Й. Геббельстің ойынша, насихаттық ықпал ету адамдарды сендіру емес, өздеріне жақтастар тарту мен оларды бағындыруды қамтасыз етудің «әлеуметтік құралы» саналады [144]. Мұндай ақпараттық ықпал етудің схемасы: «коммуникатор айтты – реципиент орындады» дегенге саяды. Осындай қоғамдық ақпараттандыру әдістерінің тек біржақты пайдалануының классикалық үлгісі адамның тұлғалық қасиетін жою мен оның санасын мемлекеттен тысқарылататын тоталитарлық режимге әкеледі. Бірде бір мемлекет, сондай-ақ билікке қатысты өз мақсаттарын әлеуметтік қолдауын арттыруға мүдделі бірде бір саяси субъект, шын мәнінде, қоғамдық пікірге ықпал етудің үгіт-насихаттық әдістерін пайдаланбауы мүмкін емес. Дегенмен ақпараттық нарықта ықпал етудің әдістерінің нақ осы формаларын қолдану қалай ақпараттық сапалық өзгерістерге әкелсе, солай коммуникативтік процестерді өзгертеді. Мәселен, азаматтардың санасы мен мінез-құлқын жүйелі түрде бақылау ақпараттық дезинофрмацияның орнын баса алатындай бұқаралық сананы тұрақты түрде билеп-төстеу мен жалған тәсілдерді пайдалануға, тұрғындарды алдауға әкеледі. Осындай сапалық өзгерістер биліктің бұқарамен байланысында да орын алады. Үгіт пен насихат адам санасына ықпал етудің еркін бәсекелестік шекарасынан аттап өтіп, оның идеялық жаулап алу әдістерін алмастыра отырып, алдын ала бағдарланған бағалау мен қарым-қатынас, нақты бір 43


мақсат пен құндылықтарды санасыз түрде қабылдау үшін санасын басып тастайтын писхологиялық қысымға ұшыратады. Адам санасын жаулап алудың осынау тәсілдеріне қарағанда маркетингтік стратегия ақпаратқа деген сұраныс пен ұсынысқа қатысты қалыптасып, субъектіге қатысты ақпарат қажет уақытында қажетті орында оған қолжетімді болуына бағытталады. Осы ақпараттандырудың маркетингтік стратегиялары адам санасын бақылауға емес, оның сеніміне бағышталады, олар қандай да болмасын идея не мінез-құлық түрлерін директивтік бұйырғаннан гөрі өздеріне еліктіруді жөн санайды. Ақпараттық нарықтағы осындай желі адамның ақпаратқа сұранысын алдын ала анықтау мен оның ақпараттандыру арналарына сеніміне тікелей байланысты. Бұл соңында олардың саяси мінез-құлқын саналы түрде таңдауына бағытталуы тиіс. Аталған әдістер демократиялық дәстүрлері дамыған, жақсы дамыған елдерде пайдаланылуы заңды да. Мәселен, билікке енді келе бастаған оппозициялық күштердің тұрғындардың әлеуметтік мінезқұлқын моральдық ынталандыруы мен анағұрлым ашық саясат жүргізуі дәлел болады. Соңғы жиырма-отыз жылда коммуникация құралдары спутниктік байланыс, кабельдік радио мен телевизия, электрондық мәтіндік коммуникациялық жүйелер (видео-, экрандық және кабельдік мәтіндер), сондай-ақ ақпаратты жинау мен өңдеудің дербес құралдарының жылдам әрі прогрессивтік сипатта дамуы салдарынан айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. БАҚ, ең алдымен, реципиенттердің қабылдау әдісіне қатысты түрлі мүмкіндіктер мен ықпалды күшке ие. Соның ішінде, бұқаралық және күшті саяси ықпал ететіні радио және телевизия. Дегенмен БАҚ-тың осынау рөлін айқындауда тарихи жағынан, әрине, біршама уақыт қажет болғандығы заңды да. Саяси жүйенің бұқаралық коммуникация құралдарына мұқтаждығы оның қоғамдағы функциясы мен саясаттағы агенттердің санына, саяси шешім шығару әдістеріне, мемлекеттің ауқымдылығы мен басқа да факторларға қатысты. Шын мәнінде, адамзат тарихындағы бұрғынғы дәстүрлі мемлекеттерде бұқаралық коммуникация құралдарына деген қажеттілік шектеулі болғандығы мәлім. Мұндай құралдардың рөлінде саяси ақпаратты патша жарлықтары мен өкімдерін, т.б. хаттарды тасымалдаушы өкілдің ауызша не жазбаша таратуына тура келсе, ХІХ-ХХ ғғ. телеграфтық және телефондық байланыстың, радио және телевизияның дүниеге келуі мемлекеттің коммуникациялық қажеттіліктерін тек қанағаттандырып қоймастан, саясаттағы нағыз революцияға әкелгені анық. БАҚ бұрынырақтағы утопиялық саналған көптеген демократиялық және тоталитарлық идеялардың дүниеге келуіне мүмкіндік берді, билік, оның құрылымдарының легитимдігі мен оның жүзеге асуын айтарлықтай өзгертті. О. Тоффлер атап өткендей, жоғары сапа мен аздаған пәрменділік қазіргі 44


билікке «билік қорлары шығынын минималдық түрде сақтауға, осы мақсатқа жетуде адамдарды сендіруге, жеке мүдделелігін арттыруға, қарсыластарын одақтасқа айналдыруға мүмкіндік беретін түпкі мақсатқа жету» [145, 165]. Нақ осы БАҚ бүгінгі уақытта билік мақсатына жетудің құралына айналып отыр. Осы аталмыш рөлді атқаруда алдымен БАҚ-тың саяси функцияларын анықтап алу қажет. БАҚ функациялары алуан түрлі екендігі даусыз. Кез келген заманауи қоғамда олар бірқатар жалпы саяси функцияларды атқарады. Ресей ғалымдарының атауынша, БАҚ-тың саяси функцияларын былайша сипаттауға болады: Бұқаралық ақпарат құралдары саясат нарығына алдымен партиялық баспасөздің органы ретінде, оқырмандар аудиториясы ұлғая келе газеттік басылымдар ретінде енген болатын. Осындай процестердің дамуымен қатар, БАҚ тек тұрғындармен байланысты нығайтып қоймастан, қатардағы азаматтардың саяси-әлеуметтік процестерге қатысу сезіміне баулуда, олардың мемлекет пен саясат әлеміне қатысын білдіруде қоғамдық беделді институтқа айналды. Саяси бейтараптықтың болмауы, БАҚ отбасы, білім беру жүйесі сияқты қатардағы азаматтармен жүйелі де тікелей қарымқатынас орнатып, саяси әлеуметтану институты ретінде қалыптасқан болатын. Танымал басылымдардың саяси шолушылары, телекомментаторлар, белді репортерлер мен қоғаммен байланыс мамандары қоғамдық пікірді қалыптастырушы көрнекті тұлғаларға айналды. Саяси шолушылар мен журналистер азаматтардың саяси қатысуын ынталандыратын саяси мифтер мен идеяларды дүниеге әкелетін шығармашылық топ саналады. Жалпы алғанда, Г. Лассуэллдің пайымдауынша, БАҚ-тың қызметі тұрғындардың саяси білімінің артуына, олардың билік саласындағы мүдделерін түйсінуіне бағытталды. Бұқаралық баспасөз бен телевизия (массмедиа) әлеуметтік және саяси қақтығыстар туралы қоғамға алғаш белгі берерлік, осындай қауіп-қатерден қорғануы үшін адамдардың қорғануы қажеттігін ескертетін, олардың билікке көмекке ұмтылуына ықпал етеді [146]. Қазіргі заманғы қоғамның саяси өмірінде БАҚ рөлінің осындай маңызды саналуы оның көмегімен мемлекет пен басқа да саяси субъектілер өздерінің мақсаттары мен құндылықтары туралы тұрғындарды хабарландырып қоймастан, сондай-ақ биліктің құзырлы органдары мен элитаның қалыптасуына ықпал етуші бұқарамен байланысын арттыра алады. Яғни БАҚ саяси ережелерді мақсатты түрде жүйелей алатын, биліктің бұқарамен қажетті қарым-қатынасы мен байланысын арттыратын қуатты құрал саналады. Саяси билік пен ресми институттармен қатар, бұқаралық коммуникация құралдарының – БКҚ рөлінің артуы оның саяси қатысу мехнизмдерінің бірі ретінде танылуына, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де маңыздылығын 45


айқындап берді. БКҚ, шын мәнінде, қазіргі заманның бұқараның билікпен қарым-қатынас арасындағы тиімді институттың біріне айналды. Ашықтық, жеделдік пен азаматтардың ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыруда, сондай-ақ түрлі әлеуметтік топтар мен тұрғындардың мүддесі мен талап-тілектерін білдіруі мүмкіндігі БКҚ-ты әлеуметтік өкілдік жүйесінің басты құралы ретінде танытады. БКҚ саяси ойын ержелеріне ықпал етіп, тіпті оларды өзгертуге, «жоғарыдағылар» мен «төмендегілердің» арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыра алады. БАҚ-тағы жарияланымдардың жеделдігі, телевизия жаңалықтарындағы комментарийлер билік тарапынан белсенділікті арттыруы заңды да. Қандай да бір проблемаға тұрғындардың ұстанымдары мен төзімділігінің бұқаралық сипат алуы биліктің соған сәйкес саясаты сол әрекеттерді нақтылау мен түзету қажеттігін білдіреді. Кей жағдайларда БАҚ-тың үйлесімді әрекеті биліктің қоғамдық пікір сотына тартылуына, қандай да бір режимге төзімсіздігін қалыптастыруы мүмкін. Осыншалықты қуатты оппонент алдында мемлекет қоғамдық пікірге жауап қатуға, мүделелер келісіміне сәйкес шешімге келуге ұмтылады. Биліктің ресми органдары жедел әрекет етуге, қоғамдық пікірдің алдын алуға, болып жатқан оқиғаларға өзіндік түсінік беруге мәжбүр болады. Коммуникативтік сипатына қарай БАҚ мемлекеттік органдардың қалыптасу стилін де, процедурасын да айтарлықтай өзертіп, билеуші элитаның іріктелуіне мемлекеттегі басты саяси науқандарды өткізуге ықпал етті. Мысалы, сайлауда азаматтар көбінде кандидаттың бағдарламасына, олардың партиялық ұстанымдарына емес, телевизия олардың өмірі мен қызметі жайлы не көрсетеді, сол үміткерлерді сипаттайтын мәліметтерді газет қалай жариялайды, міне, сайлаушылар назарында осы тұрады. Бұқаралық электрондық БАҚ-тың, сондай-ақ коммуникатор мен реципиент арасындағы тұрақты екіжақты кері байланысты (интерактивтік) қамтамасыз етудің, әлемдік ақпараттық желінің (Интернет) техникалық мүмкіндіктері қоғамдық пікірді білдіру әдістеріне, саяси шешім қабылдау процедурасына, мәселен, мемлекеттік басқару жүйесіндегі аралық институттарды азайту, басқарудың төменгі сатысының дербестігін кеңейту, биліктің вертикалдық және горизонталдық құрылымының динамизі артуына айтарлықтай ықпал етті. Қатардағы азаматтардың саясаткерлердің теледебаттарына қатысу, сайлау мен референдумдарды өткізудегі электронды дауыс беру мүмкіндігі т.б. теледемократия жүйесінің азаматтардың билікке қатысуының жаңа әдісі ретінде пайда болды. Саяси тұрғыдан алғанда, БАҚ жіктемелері мынадай: үкіметтік, оппозициялық және тәуелсіз. БАҚ категорияларының осылай бөлінуі ақпараттық нарықтың тұрақты қатысушыларына түрлі міндеттерді, атап айтқанда қарама-қайшы міндеттер қояды. Шын мәнінде, мұндай құрылым ақпараттық кеңістікте ешбір, тіпті ресми биліктің өкілеттігі мен ықпалын ызайту мақсатында арнайы әрекет 46


етуші күші бар үкіметтік қаулы да үстемдігін жүргізе алмайды. Сонымен қатар тәуелсіз БАҚ билік тарапындағы да, билікке қарсы да позицияны ұстана отырып, аталмыш тараптардың қызметін сынай алады. Дегенмен қай жағдайда болмасын қоғамдық пікір идеялық бәсекелес ортада өзіндік көзқарас әдістерін әзірлей отырып, бір бағыттағы емес, көп бағытты ақпараттық ағындарға кезігеді. Осынау идеялық бәсекелестік орталық және аймақтық БАҚ қызметінің өзіндік ерекшелігін айқындайды. Атап айтқанда, көптеген демократиялық мемлекеттерде билік оппозициялық күштер мен олардың бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауы мүмкін. Бұл орталық арналардың телетрансляциясы мен орталық баспасөздерге ақпараттық кедергі келтіру арқылы көрініс табады. Жергілікті БАҚ құрылымында телеарналардың жоқтығы, баспа нарығы тек жергілікті басылымдармен толығатын жағдайлар орын алуы мүмкін. Ағылшындық зерттеуші Дж. Курран осы аталғандармен қатар жеке меншік сектордың қарамағындағы коммерциялық БАҚ; ұжымдық аудитория мен барлық электораттың мүддесін білдіретін азаматтық БАҚ; кәсіподақтардың мүддесін қорғаушы кәсіби БАҚ; тұтынушылардың мүддесін танытушы қоғамдық-нарықтық БАҚ; жалпыға ортақ әлеуметтік проблемаларды талқылау мен көпшілік тұрғысынан жеке тұлғалардың өзіндік ұстанымын танытуға мүмкіндік беретін, әлеуметтің жалпы мүддесін танытатын ауқымды аудиторияны қамтитын БАҚ деп жіктейді [147]. Ғалымдардың пайымдауынша, бұқаралық ақпарат құралдарының саяси процеске ықпалдын зерттеу П. Лазарсфельдтен басталады деп санайды. 1940жылдары телевизия мен радионың сайлаушылардың электоралдық көңілкүйіне ықпалын зерттеген болатын [148]. Дегенмен бұқаралық ақпарат құралдарының аудиторияға ықпалын зерттеудің әдістерін зерттеу 1920 жылдардан бастау алады. Саясаттағы бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын зерттеудің қазіргі кезеңі бірыңғай моделдің жоқтығымен сипатталады. Ал БАҚ-тың саяси санаға ықпал ету механизмін түсіндіру мақсатында түрлі теориялардың дүниеге келгені мәлім. Олардың басым бөлігі 1960-1970 жж. пайда болды. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарының сайлаушыларға ықпал етуі не ықпал етпеу мәселесі қарастырылмайды. Әрине, БАҚ-тың ықпалы болатындығы рас. Өйткені ақпараттық кеңістіктің субъектілері (ақпаратты өндірушілер де, оны тұтынушылар да) түрлі қарым-қатынасқа түсе отырып, бір-біріне ықпал етпеуі мүмкін емес. Қатардағы сайлаушылардың саясат, депутаттыққа үміткер мен партия туралы түсінігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалардан алатындығы ақиқат. Мәселе БАҚ-тың қоғамдық-саяси процестерге ықпал ету дәрежесі мен әдістерін айқындауда болып отыр. Б. Коэн 1963 жылы бұқаралық коммуникацияның осынау әсерін «күн тәртібін бекіту» аталатын классикалық ұғымды негіздеді [149]. Бұл аталған әдіс қазіргі заманғы зерттеулердің нысанына айналды. Оның мәні «баспасөз 47


адамдарды белгілі деңгейде ойлауға мәжбүрлей алмайды, өз оқырмандарына не жайлы ойлау керектігін көрсете алмайды» дегенге саяды. Күн тәртібін бекіту – қоғам бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын күннің тақырыбы жайлы ойлануы тиіс деп саналатын когнитивтік процесті сипаттайттын метафора. 1970 жж. неміс социологы Э. Ноэль-Нойман қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысты «үнсіздік спиралі» концепциясын ұсынған болатын. Бұл концепция бұқаралық коммуникация, тұлғааралық коммуникация арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ индивид пікірін өзгелермен салыстыруды қарастырады [150]. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси процеске айтарлықтай ықпал ету теориясын қолдаушылар қатарында Дж. Зеллер коммуникациялық саладағы бұқаралық ақпарат құралдарының мәні азаматтардың қондырғыларының күшейтуге емес, қалыптасуы мен ұзақ мерзімді ықпал етуінде деп мәлімдейді. Дж. Зеллер бұқаралық ақпарат құралдарының дербес және қоғамдық санаға, саяси қондырғылар мен сайлаушылардың мінезқұлқына ықпалы туралы қорытындылар жасайды [151]. С. Ленарттың концепциясы БАҚ-тың қоғамға ықпалын өзгеше әдіспен сараптауымен ерекшеленді. С. Ленарттың пайымдауынша, бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық ағындарға үстемдік жүргізе алмайды, тұлғааралық коммуникациямен бірге әрекет етеді. Сондықтан зерттеушілердің көпшілігі оқшаулап қарастыратын масс-медианың ықпалын бөліп-жарып қарастыруға болмайды деп санайды. С. Ленарт саяси ақпараттық ағынды бұқаралық ақпарат құралдары материалдарынан алынған ақпараттар көмегімен өзінің объектісіне тікелей не тұлғааралық байланыс арқылы жанама түрде жететін процесс ретінде қарастырады [152]. С. Ленарттың зерттеу нәтижелерінде мынадай қорытындыларды атауға болады: - үміткер мен партиялар туралы негізгі ақпарат дереккөзі бұқаралық ақпарат құралдары саналады; - тұлғаарлық қарым-қатынастар БАҚ-тың қатысуымен қалыптасқан сайлаушылардың талаптарын күшейтуі мүмкін; - тұлғаарлық қарым-қатынас бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалына қарама-қарсы сайлаушылардың талаптарына әсер етуі мүмкін; - тұлғааралық қарым-қатынас үміткер жайлы жаңа ақпараттың дереккөзі бола алады. С. Ленарттың зерттеу нәтижелерінің құндылығы өзіндік тұлғааралық коммуникацияның мәні жайлы тезистің дәлелденуінде. Ол «күн тәртібін бекіту» концепциясы қарастыратын бұқаралық ақпарат құралдары ұсынатын тақырыптардың аясында жүзеге аса бермейді. Тұлғааралық қарым-қатынас балама ақпарат дереккөзі бола отырып, БАҚ-тағы хабарламаларға өзіндік түсінік бере алады. Автордың пайымдауынша, бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтардың саяси шешіміне ықпалы бүгінде жоққа шығарылмайтындығы 48


мәлім. БАҚ-тың ықпалы үміткерлердің идеяларын насихаттайтын саяси жарнама көмегімен партиялардың сайлау платформасын бағалау арқылы саяси науқан барысы жайлы ақпараттандыру арқылы жүзеге асады. Американдық зерттеушілер М. Харроп пен У. Миллердің пікірі бойынша, БАҚ-тың азаматтарға ықпал етуші агент ретінде мынадай төрт себебін қарастыру керек: 1. Бұқаралық ақпарат құралдары партиялық ерекшеліктер аса танымал болмаған жағдайда маңызды. Бүгінде 1960-жылдарға қарағанда демократиясы дамыған көптеген елдерде партиялық ерекшелік әлсіреуде. 2. Саясаттағы беймәлім тақырыптар мен жаңалықтарды жариялағанда бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы арта түседі. 3. Бұқаралық ақпарат құралдары аудиториясы ауқымды болған жағдайда және ақпаратты таратудың қаншалықты құралдарын көбірек пайдаланса маңызды болмақ. Аудио және видеоқұралдардың бірлесуі, яғни функцияларының шоғырлануы БАҚ-тың ақпараттық-коммуникативтік құрал ретіндегі рөлін арттыра түспек. 4. Азаматтар саясат жайлы сирек талқылаған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары ең қажетті маңызды арна саналмақ. Телевизия мұндайда пікірталас тақырыбын ұсынып қоймастан, сонымен қатар диалогқа түсу тараптарын алмастыра алады [153]. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді тағы бір ережемен толықтыруға болады. Яғни саясаткердің дәрежесі жоғары болған сайын, азаматтардың жеке тәжірибесі негізінде оған деген қарым-қатынастың қалыптасу мүмкіндігі азая бермек. Мәселен, президент сайлауы жағдайында елдің бұқаралық ақпарат құралдары электорат пен қоғамдық пікір жетекшілерінің басым бөлігінің бірден бір коммуникациялық арнасы саналады. Қоғамдық пікір жетекшілері түрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпаратты түсіндіре алады. Жоғарыда аталған концепциялардың барлығына ортақ белгі бар: барлығы да жоғары дәрежелі, азаматтар құндылықтарының жүйесінің тұрақты қоғамында пайдаланылу үшін жасалады. Бүгінде ақпараттық-саяси нарықта мемлекет бірқатар проблемаларға кезігуде. Коммерциялық БАҚ-тың қызметінен байқалатыны, «үлкен бизнестің» ықпалы әлеуметтік және саяси мақсаттағы мүддемен тоғысатыны жиі кездеседі. Басқаша айтқанда, қоғамдық маңызды проблемаларды жариялау табыс әкелуіне кедергі келтірсе, онда қаржылық бақылау, жарнама берушілер мен меншік иелерінің жасырын не ашық ықпалы нәтижесінде оның маңыздылығын әлсіретеді. Мұнан басқа, коммерциялық ірі-ірі медиаалыптар ақпараттық кеңістікте өздерінің билігін жүргізуге ұмтылуда. Осы санаттағы БАҚ қызметі экономикалық тәуелсіздік проблемасын туындатады. Тәжірибеден байқалғандай, тек капитал ғана емес, сондай-ақ мемлекет ақпараттық нарықта «конформистік» – балама бағытты таңдауына не қолдауына әкелетін БАҚ-тың саяси қызметіне ықпал ететін экономикалық жағдай жасауы мүмкін. БАҚ-ты экономикалық жағынан қолдайтын негізгі қорларды, әсіресе өтпелі кезеңдегі қоғамның саяси шектеулерін өз 49


бақылауына алатын мемлекет пен капитал ақпараттық нарықтағы тәуелсіз, бейресми БАҚ-ты жойып, азаматтардың саяси ұстанымдарын еркін де ерікті түрде таңдау мүмкіндігінен айырады. Капитал мен мемлекеттің, бір жағынан қоғамның бір-бірімен қарымқатынасы БАҚ-тың меншік иелері арасында, яғни қоғамға өз мүддесін айту мүмкіндігі болатындар мен радио тыңдағысы не телевизия көргісі келетіндердің басқа көретін не тыңдайтын ешнәрсесі болмайтындар арасындағы қарама-қайшылықты танытса керек. Мұндай үрдіс ақпаратты иеленушілердің ақпаратты еркін таңдау мүмкіндігін білдірсе, оны тұтынатындардың таңдау мүмкіндігі жоқтығын танытады. Азаматтық сектордағы БАҚ-тың рөлінің артуы сауықтық қондырғылардың маңызы артуын, аталмыш БАҚ-тың ақпараттық саясатының тайыздығын, олардың қызметінде сараптамалық әдістің болмайтындығын танытады. Нәтижесінде адамдар саясатқа көбірек ынталанғанымен, оны түсіне қоймайды. Және де олардың санасында сыни ойлану дағдысы қалыптаса қоймайды. Конформизмнің былайша өрістеуі кейбір БАҚ-тың талғам қалыптастыру мен адамдардың өз мүддесін түйсіне білуін монополизациялауға ұмтылуына тікелей қатысты. Бұған қажетті әлеуметтік басымдықтардың жоқтығын айқындайтын жаңалықты «эклектикалық» түрде берудегі нақтылық пен саяси әлемді бейнелі сурет түрінде қабылдауды қалыптастыратын ақпараттандырудың жаңалық атты түрі ықпал етеді. Осындай ақпараттық саясаттың нәтижесінде адамның мәдени әлемінің баю мүмкіндігі мен оның әеуметтік және саяси байланыстарының белсендігі тарыла түседі. Бүгінде БАҚ материалдарына цензура саяси проблема саналады. Бір жағынан демократиялық мемлекеттердің Конституцияларында цензураға ақпаратты бақылау құралы ретінде, саяси бәсекелестердің ақталуы үшін қолданылатын саяси құралы ретінде шектеу қойылады. Екінші жағынан, қоғамдық дискурстан белгілі бір дебатты шеттететін, сұрыптау, ақпараттық хабарламаларды іріктеу, БАҚ жауапкершілігін арттыру сияқты мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы туындайды. Аталмыш саяси проблемалардан байқалатыны «еліктіргіш» журналистиканы таңдайтын, айлакерлер мен саясаткерлердің өмірінің көлеңкелі тұстарын қоғамдық пікірге жеткізетін, кейде қоғамдық әдепке жайсыз тиетін көптеген БАҚ қызметін атауға болады. Олардың тәжірибесін сынайтын оппоненттері қоғамдық пікірде қалыптасқан әдептен аттауына, кейде құқықтық шектеулерді бұзуына тура келеді. Осы тектес қақтығыстарды реттеу мен әлеуметтік алауыздықтың алдын алуда, қоғамда ұлттық араздыққа жол бермеуде, журналистердің басқа да жағымсыз әрекеттерінің салдарын жоюда демократиялық мемлекеттерде олардың қызметін реттеуші, жариялайтын бұқаралық сөздерін қатаң түре шектеу қоятын БАҚ туралы заң әрекетте болады. Бірқатар елдерде шетелдік БАҚ қызметі де айтарлықтай проблемалар туындатуда. Қазіргі уақытта әлемде негізгі ақпараттық ағын халықаралық 50


орталықтар арқылы бақыланады (13 донор мемлекет ақпараттық өнімнің 90% береді екен) [154]. Нәтижесінде ақпараттық орталықтар мен ақпараттық орталықтарының, соған сәйкес индустриясының әлсіздігімен ерекшеленетін оған тәуелді тармақтар (М. Маклюэннің «электрондық деревнялары» деуге болатын) қалыптасады. Шетелден алынған ақпараттық өнім көбінде отандық кейбір дәстүрлер мен қарым-қатынастарға қарама-қайшы келетіндігі бар. Тіпті архаистік дәстүрлердің ыдырауын кейбір саяси күштер мәдени не саяси агрессия факторы, «Батыстың зомбылығы», басқарушы саяси режимнің тәуелділігін ұлғайтатын шетелдік басып-көктеу сияқты факторлармен айқындалады. Яғни қоғам дайын болмаса да көпшілік ыждаһатпен қабылдайтын бұқаралық мәдениеттің таралу проблемасы туындайды. Кейбір мәдени қағидаттардың (әсіресе, тұтыну саласында) күшеюі, тіпті ұлғаюы, бұқаралық мәдениеттегі «саяси адам – бәрі» сияқты ұстанымды түсінуден гөрі әрекет етуге ынталы «бұқара адамына» айналдыруда. Мұның бәрі саяси күштердің өз қоғамының мәдени ерекшелігін сақтау, бұқаралық коммуникацияның шоғырлану әдістерінің тиімділігін дәлелдейді. Әлемнің көптеген демократиялық мемлекеттерінде бұқаралық коммуникация саласындағы өзгерістер бірқатар жаңа үрдістердің пайда болуына негіз болды. Біздің ойымызша, саясат саласында қоғамдық қолдаудың төмендеп отырғаны байқалады. Бұқара мен биліктің байланысындағы аталмыш үрдіс неге орын алып отыр? Және де бұл саясат саласындағы қоғамдық құбылыс демократияға қандай қатер төндіруі мүмкін? Осынау саясат субъектілері арасындағы қарама-қарсы тәуелділік пен олардың құрылымдарының өзгеруі, бұқаралық коммуникация арналарының маңызы артып отырғандығы ықпал етуші факторлар болып отыр. Неміс ғалымы М. Херманның айтуынша, жүйелер теориясын пайдалана отырып, саяси жүйе мен бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінің функционалдық және дисфункционалдық жақтарын бағалау қажет. Одан әрі бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік саясаттың ықпалы нәтижесінде қоғам құрылымы мен жариялылықтың өзгеруін сипаттау керек. Нәтижесінде осынау өзгерістердің саяси коммуникация концепциясына қажетті салдарын анықтауға болады [155]. Біздің ойымызша, аталған өзгерістер посткеңестік елдердің саяси өміріне еніп, саяси коммуникациялық процестердің жылдамдауына, дамуына және жаңаша сипат алуына ықпалын тигізіп отыр. Соңғы кездері әлемнің дамыған демократиялық мемлекеттерінде саясат саласындағы бұқаралық коммуникация дамуындағы келесі бір үрдісті ерекше атауға болады. Бұл үрдіс мемлекеттік саясатты азаматтық қоғам тарапынан қолдаудың әлсіреуі. Қазіргі заманғы дамыған демократиялық елдерде саяси ұйымдар мен саяси қайраткерлердің азаматтық қолдауының төмендеуі парадокс сияқты. Осынау дамыған мемлекеттердің аазаматтарының басым бөлігі еркіндік, бейбітшілік, материалдық игіліктермен қамтамасыз етілген. Игілікте өмір 51


сүретін азаматтардың мемлекетті толықтай қолдауы логикалық жағынан дұрыс болса керек. Дегенмен нәтижесі мұндай болмай отыр. Осы орайда мынадай тәжірибелерді қарастыруға болады. Көптеген елдерде дауыс беруші тұрғындардың бұқаралық саны кеміп келеді. Егер, неміс ғалымының пайымынша, Германияда сайлауға қатысатын азаматтардың үлесі шамамен 50%, ал Ресейде 2003 жылғы Мемлекеттік Думаға қатысушы сайлаушылар үлесі 56% болған [156]. Аталған жағдайда қатер әкелуі мүмкін үрдіс – жас сайлаушылардың үлесінің аздығы. Олардың үлесі жалпы сайлаушылар үлесімен салыстырған көп елдерде 40%-дан аспай отыр. Бүгінде ғалымдар сайлаушылар белсендігінің жыл санап төмендеуін түсіндіруде қиналуда. Сонымен қатар саяси партияларды жақтаушылар, мүшелікке тіркелушілер үлесінің азаюы да байқалуда. Аталған үрдіс әрекеттегі демократияға қатер төндіретіні сөзсіз. Мұндай саяси әрекеттерге қатысушылар белсендігінің төмендеуін демократияға қатыспау деп, яғни азаматтар саяси позициясы жағынан тек бақылаушы ғана болып отыр. Саяси-коммуникативтік процестерге қатысушы субъектілердің саяси позициясының әлсіреу үрдісін кейде селдіреу деп те атайды. Бұл сайлаудан сайлауға дейінгі аралықта сайлаушылардың, атап айтқанда бір партияға бірдей дауыс беретін шоғырланған сайлаушылардың пайыздық үлесі азайып келеді. Ал келесі бір өзгеріс, бұл, керісінше, саяси көзқарастары, ұстанымдары өзгеріп отырған сайлаушылар санының артуы. Яғни бұл жекелеген партиялардың қоғамдық қолдауды жоғалта бастағанынан. Аталған үрдістердің мәнісі неде? Мұнда азаматтардың нақты бір саяси мінез-құлқын айқындайтын саяси көзқарастарының бірден өзгеруін байқауға болады. Саясаттану ғылымында саяси қолдаудың: арнайы және диффуздық аталатын екі түрі бар [157, 656]. Арнайы қолдау – саясатқа қатысты нақты саяси шараларды өткізудегі сенім мен келісім саналса, диффуздық қолдау негізгі демократиялық құндылықтарды қолдау болып табылады. Осы қолдау түрі демократияны сақтау мен дамытуда маңызды рөл атқарады. Әдетте мұндай қолдаулардың ерекшеліктері мен оның белсенділік деңгейін арнайы жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде анықтайды. Әсіресе, бұл белгілі бір мемлекеттердің халықаралық одақтар мен интеграциялық процестерге енуі кезінде аса қажет саналмақ. Осынау қоғамның саяси процестерді қолдау не қолдамау жағдайын тереңірек қарастырсақ, мынадай саяси заңдылықты байқауға болады: мемлекеттік қайраткерлердің құзіреттілігін, олардың дербес құзіреттілігін және өзінің саяси қатысуымен саясатқа ықпал етуін теріске шығаратын азаматтар қатарының көбейіп, сондай-ақ саясатқа араласатын азаматтардың қатары азаюда. Ықпал ету жүйесінің әлсіреуі осы өзгерістерден байқалады. Аталған үрдісте жас адамдарды саясатқа деген негативті көзқарасы айтарлықтай жоғары. Аса белсенді әлеуметтік топ ретінде модернизациялық өзгерістердің 52


алдыңғы қатарында бола тұра жастардың саяси қатысуы төмен. Мұндағы қатер жастардың алдағы өмірлерінде де саяси процестерге қатысуы мен сенімі, ұстанымдары жалғасуында болып тұр. Мұндай үрдістер бүгінгі әлем үшін жат емес. Американдық саясаткер ғалымдар бұл мәселелерді өткен ғасырдың 50 жылдары талқылаған болатын. Олар «саяси шеткерілеу» концепциясын әзірлеп, соның негізінде саяси аласталу тек табысы нашар, күн көрісі төмен азаматтарға тән деп санады. Дегенмен 60-70 жж. американдық саясаттану ғылымында мұндай өзгерістер аса жұмыс басты тұрғындар арасында кездескенін айқындаған болатын. «Саяси шеткерілу» концепциясының жаңа парадигмасы былайша көрініс тапты. Қоғамдағы саясатқа қатысты жағымсыз қарым-қатынас бұқаралық ақпарат құралдарындағы саясаттың түсіндірілуіне қатысты саналады. Атап айтқанда, телевизияда ақпараттық-сауықтыру және сараптамалық хабарлардың басты орын алуынан деп санауға болады. Телевизия саяси оқиғаларға салиқалы да салмақты саяси талдау жасауды басты мақсат етпейді. Мұндай саяси сараптаулар негізінен мерзімді басылымдарда орын алады. Бүгінде саяси проблеманың туындауы БАҚ-тың бостандығы абсолютті еместігін дәлелдеп отыр. БАҚ қызметіне талаптың жоғарылауы жалпы алғанда тұтас социумның да мүддесі болуы, сондай-ақ ол әлеуметтік қауымдастықтың да ажырамас бөлігі ретінде қабылдануы тиіс. Кез келген БАҚ-тың ақпараттық тактикасы мен стратегиясы нақ осы мүдделердің қорғалуына бағытталып, осы позиция тұрғысында кез келген мүдделер мен пікірлерді қабылдауы тиіс. Бұл жағдайда БАҚ қызметіне өз приоритеттері мен құндылықтарын сақтау, ақпараттық және саяси кеңістікті жаулап алуға ұмтылатын масс-медиа қызметінің нәтижесінде туындаған саясаттың алдын алу үшін үкімет араласуы тиімді және қажет те. Біздің ойымызша, бұқаралық коммуникация теориясында ақпараттықкоммуникативтік процестердің мағыналық және сапалық белгілерін айыруға және саяси субъектілер мен олардың ақпараттық серіктестерінің өзара әрекеттерінің ықпалын анықтауға мүмкіндік беретін семантикалық, техникалық және ықпал ету – инфлуенталдық деңгейлері бүгінде бірін-бірі толықтырып, жаңа аралас сипатта дамуы ақпараттық қоғамның жедел дамуының ықпалынан деп санауға негіз болып отыр. Автордың пікірінше, саяси ақпараттық-коммуникативтік байланыстардың техникалық деңгейінің дамуы оның алдымен инфлуенталық – ықпал ету мүмкіндіктерін, келесі кезекте сапалық – семантикалық дамуын арттырады. Қорытындылай келе, ақпараттық-коммуникативтік процестердің ақпараттық-техникалық дамуы оның сапалық, мағыналық жағынан дамуына ықпал етіп, бұқаралық коммуникацияның саяси субъект ретінде мәнін арттырып отырғандығын атап өткен жөн. Сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің субъектілері (ақпаратты өндірушілер де, оны тұтынушылар да) түрлі қарымқатынасқа түсе отырып, осынау ақпаратты-коммуникавтік процестерге қатысу мүмкіндіктері ұлғайып отыр. Және де олардың саяси таңдауы, шешім 53


қабылдауы, саяси санасы мен саяси мәдениетінің дамуы да осы үдерістердің ықпалынан деп санауға болады. Бұқаралық коммуникацияның қоғамдағы саяси ақпараттық ағынды тудырушы, реттеуші және қалыптастырушы құрал ретіндегі рөлі артып отырғандығы ақиқат. Мәселе БКҚ-ның саяси процестерге ықпал ету дәрежесі мен әдістерін айқындауда болып отыр. Аталған мәселелер зерттеудің келесі бөлімінде жан-жақты зерттеледі. 1.3 Саяси коммуникация – теориялық зерттеулердің объектісі ретінде Саяси коммуникацияның әлеуметтік-ақпараттық сипаты маңызды саналады. Оның қоғамдағы рөлін айқындауға мүмкіндік беретін пікірлердің бірін француз саясаттанушысы Ж.-М. Коттрэ: «Саяси коммуникация адам организміндегі қан айналымымен бірдей»,-деп теңейді [158, 9 б.]. Өйткені адам ағзасындағы қан айналымы анағұрлым жақсы айналса, оның халі де соғұрлым жақсы болмақ. Ал қоғам өміріндегі саяси ақпарат аудитория талаптары мен қажеттіліктеріне неғұрлым объективті және жедел, нақты және шынайы түрде жетсе, соғұрлым қоғамның саяси ахуалы ашық әрі бірқалыпты тұрақты болмақ. Саяси коммуникация саяси қызметті құрылымдайтын және оған жаңа мағына беретін ақпараттық алмасу мен саяси ақпарат берілу процесінің жиынтығы болып табылады [159]. Саяси коммуникацияны зерттеу алдымен бұқаралық-коммуникациялық процестерді зерттеудің концептуалдық ұстанымдарына негізделген болатын. Бұл концепция бұқаралық аудиторияға аса ауқымды, тіпті шексіз ақпараттық-насихаттық ықпал ету мүмкіндігі туралы тұжырымдардан бастау алды. Аталмыш теориялық модельдің негізін салушылардың бірі Г. Лассуэлл болып саналады. Ол бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұқараға насихаттық ықпал ету механизмдерін талдауға арналған еңбектерінде бұқаралық насихатқа классикалық анықтама берген еді. Ғалым бұқараға ықпал етуді миллиондаған атомдарға бөлшектенген индивидтердің тұтас «жек көру, сенім және үміт сезімдерінің шоғырлануына» айналған «балға мен тағаның қоғамдық ынтымақтастығы» деп санады [160, 221-222]. М. Грачевтің пайымдауынша, саяси конексте ақпараттық сиқырлы оқ туралы мәселенің күн тәртібіне қойылуы, бір жағынан, қашан да өз орнын жаңылмай тапса, екінші жағынан, кері байланыстың біртұтас жүйесіне әкелетін ынталандыру жүйесі ретінде танылады. Бұл сондай-ақ барлық қоғамдық организмдерді толықтай өзіне бағындыра отырып, БАҚ арналары арқылы сайлаушыларға насихаттық әсер ету мүмкіндігі тұрғысынан қызығушылық тударғаны рас. Дегенмен ХХ ғ. 30-50 жж. П. Лазарсфельд жетекшілігімен Б. Берельсон, Э. Кэмпбэллдің электоральдық процестерді зерттеулері теориялық пікірлері эмпирикалық тұрғыда дәлелденбеген болатын [161, 80]. 54


Саяси коммуникация құбылысын бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде дамыған елдердің насихатын зерттеуінен басталды деп санауға болады. Дегенмен осы саладағы іргелі жұмыстармен қатар «саяси коммуникация» термині 40-жылдардың соңында 50-жылдардың басында пайда болды. Саяси коммуникацияны жүйелік сараптау тәсіліне байланысты өз алдына жеке бағыт ретінде зерттеу 50-60 жылдарға тура келеді. Бұл түрлі сипаттағы, сонымен қатар ақпараттық алмасу және техникалық, биологиялық, адамдық-машиналық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқару процестерінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін білім саласы – кибернетиканың өркендеп дамуы сияқты күрделі құрылымданатын объектілерді зерттеудің пәнаралық логикалық-әдістемелік концепциясы ретінде жалпы теориялық жүйенің қалыптасу кезеңі еді. Саяси салада өтіп жатқан оқиғалар мен процестерді зерттеудің жүйеліккибернетикалық методологиясын қолдану жекелеген индивидтің өмірі мен мінез-құлқына қалай тән болса, адам жасаған күрделі техникалық құрылғылардың жұмыс істеуі олардың нақты белгілерін айқындауға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл дағдарыс, революция, таптар күресі сияқты оқиғаларды бірнеше рет және әділ сынауға әрекет еткен «энергетикалық» не биологиялық-әлеуметтік жапсырмаларды «іліп қою» секілді әлеуметтік шындықты жеңілдетіп түсіндіруге ұмтылу болып саналмайды. Механикалық концепцияға қарағанда жүйелік сараптау жекелеген ұқсастықтардың көрінісі негізінде түрлі сипаттағы оқиғаларды толықтай түсіндіруді не бір-біріне байланыстыруды міндеттемейді. «Керісінше»,-дейді кибернетиканың негізін салушы Н. Винер: «Әңгіме бір процесті сараптау басқа процесті зерттеуде маңызды болып саналатын нәтижеге әкелуі мүмкін екендігі туралы болып отыр» [162, 41]. Қазіргі уақытта саяси коммуникация кардиналды өзгерістерге ұшырауда. Бұл ақпарат құралдарының техникалық жағынан дамуына байланысты жүзеге асуда. Саяси ақпарат тек техникалық даму деңгейіне ғана емес, саяси идеологиялық сипатына, ақпарат тарату көзіне де байланысты. Қазіргі заманда бұқаралық саяси ақпараттандырудың екі тенденциясы байқалуда. Оның бастысы, нақты қадағау жүйесінсіз өте ауқымды түрлі хабарламаның берілуімен айқындалады. Өте ауқымды жүйеленбеген әрі комментарийсіз мәліметтерді алған адам көбінде бастысын жанамадан, маңыздысын маңызсызынан айыра алмайды. Мұндай жағдайда әлем кездейсоқ не күтілмеген оқиғалардың хаостық бекетінде қалып қояды. Адам әлеуметтік бағытын жоғалтады, нәтижесінде қоғамның белгілі бөлігі (аполитизация) саясаттан тыс қалады. Осы тәсілді «ақпараттық бөлшектеу» деп те атайды. Бұл тәсілді БАҚ-тың қаруы десе де болғандай. Баспасөзде бір ағындағы жүйе бойынша өте көп хабарлар мен мәліметтер жарияланады. Бөлшектеу тәсілі нақты саяси мақсатты көздейді. Ол адам санасын қалыптастыруға көмегін тигізеді. Адамдарды ақпараттандырғандай болғанымен, шын мәнінде, саясатты айыра алмайтын адам санасын 55


қалыптастырады. Мұндай адам әлеуметтік жаулап алуға ыңғайлы объект болып саналады. Саяси ақпараттандырудың келесі тенденциясы – идеологиялықнасихаттық қондырғының ақпараттық ағынын қатаң бағындырылуы болып отыр. Идеологиялық бағыт не насихат міндеттеріне сәйкес келісілген ақпарат бөлшегі алынып, хабарланады. Барлық қалған ақпарат не үнсіз қалады не жағымсыз бағалауға ұшырайды. Бұл тәсіл әсіресе саяси партиялар мен қозғалыстардың мерзімді басылымдарына тән. Коммунистік кезеңде қоғамымыз тарихында саяси ақпарат насихаттың тактикалық және стратегиялық мақсатына бағындырылуы көрініс тапқан еді. Және де барлық мерзімді басылым жанрлары – мақала, заметкалар, корреспонденциялар, сонымен бірге өлең, көркем шығармалар осы мақсатқа бағындырылды. Коммунистік газеттің нөмірі тұтастай бірінші беттен соңғы бетке дейін әрбір құралдың рөлі айқындалып берілген біртекті идеологиялық партитураға бағындырылған өзіндік саяси концертті елестететін еді. Кеңестер кезеңінде тотальды насихат негізі қаланған болатын. Тотальдық насихат белгілері ішкі де сыртқы да барлық баламалы насихат көздерін басып тастау, шетелдік насихат әдебиеттерін енгізуге рұқсат бермеу, шетелдік радиостанцияларды өшіру, насихаттық қызметті орталықтандыру болды. Тотальдық насихатты кеңестік коммунистер ойлап шығармады. Орталықтандырылған және насихатшылық құрылым тарихтағы дағдарыс, өтпелі кезеңде әлеуметтік дамудың заңды нәтижесі болып еді. Бүгінде императивті насихат кеңінен етек жаюда. Халықаралық шарттарға қол қою трансляциясы мен парламенттік тілшілердің тікелей эфирдегі хабарларының ауқымды идеологиялық ықпалы бола отырып, халықтың саяси белсенділігін арттыруға әсерін тигізуде. Қазіргі саяси өмірде насихатты негіздеу саласында бірқатар тенденциялар байқалуда. Оның ішінде аудиторияның әлеуметтік стратификациясына байланысты түрлі басылымдардың бөлшектенуі (диференциация) ерекше байқалуда. Бұқаралық басылымдар аса көп тиражбен шығуда. Онда саяси өмірді ұғынудың әдейі өрескелденген тәсілі әдетке айналуда. Ішкі және сыртқы саяси проблемаларға байсалды да терең сараптаудың орнына оқырманға салмақты әлеуметтік проблемаларды түсіндіруден алшақ жатқан стереотиптік тұжырымдар жиынтығы ұсынылуда. «Мұндай тұжырымдар ой жұмысына әкелмейді, ол жай ғана тоғышардың ойлау белсендігін әлсіретеді»,- дейді ресейлік зерттеушілер. Үнсіздік не стереотипизация (насихаттың қарапайымдануы) сананы билеп-төстеудің белгілері болып саналады. «Қазіргі уақытта ақпараттандыру емес, адамдарды билеу (манипуляция) мұқтаждығы туып отыр»,-деп сараптайды тәуелсіз сарапшылар [163]. Ақпараттандырудың «қалаулы иллюзия» тәсілі кеңінен тарап отыр. Қоғамдық пікірден байқалатыны, бірінші орында ақпараттың терең 56


заңдылығы, ішкі әсерлі сарыны емес сыртқы көрінісі, әсіресе жарқын сенсациялық мәні тұрады. Сенсациялық – аудиторияның мәліметтерді қабылдауына, ұғынуына кедергі келтіретін саяси насихаттың бір құралы болып саналады. Егер сенсация газеттік басылым үшін басым болса, онда ол коммерциялық емес саяси мақсат ұстанғаны. Иллюзиялық көрініске жетудің келесі тәсіліне әлемдегі байсалды әлеуметтік саяси мәселелерге тиісті ақпараттарды ығыстырып, көңіл сауықтыру сипатындағы материалдарды ұсыну жатады. «Ығыстыру» тәсілінің өзіндік модификациясы бұқаралық иллюстрациялық журналдардың жарық көруі болып отыр. Аздаған тиражбен, бірақ жоғары бағамен шығып отырған газеттердің бір бөлігі қоғамдық өмірдің өзекті мәселесіне арналған түрлі сараптамалық материалдар жариялайды. Олар саяси, экономикалық, банк және басқа да саланың элиталы өкілдеріне арналған сапалы басылымдар. Осы тектес газеттердегі публицистика бұқаралық басылымдарға қарағанда басқаша сипат алады. Сарапшылар саясат, экономика және әлеуметтік салаларды іскери тұрғыда талассыз, дау-дамайсыз талқылайды. Сапалы басылымдардың талдамалық сипаты кездейсоқ емес. Элитаға арналған материалдарды қамтамасыз етуші БАҚ-тың міндеті сол элитаны таң қалдыру болып саналмайды. Өйткені нақты ақпаратсыз әлеуметтік басқару мүмкін емес және талдамалы әдебиет нақ сол әлеуметтік механизм тұтқасын ұстап отырғандар үшін қажет. Осыдан саяси насихаттың қайшылығы – азшылыққа арналған жеңілдетілген концепцияның байсалды негізделуі мен көпшілік үшін иллюзиялық көрініс келіп шығады. Саяси насихат пен саяси сананың негізгі түрлерімен байланысын қарастырғанда мораль және таным тақырыбы ескерілуі шарт. Мұның екі түрлі себебі бар, біріншіден, этикалық аспектісін қоса алғанда қоғамдық өмірдің барлық саласы терең саясилануымен және екіншіден, қоғамда рухани құндылықтардың мәні артуымен ерекшеленеді деуге болады. Бүгінде капитализация жағдайында, осы процесті бастан өткеріп отырған кезде саяси коммуникация үшін моральдық-танымдық қатынастардың ішінде «тұтынушы моралі» ерекше маңызға ие. Тұтынудың белгілі бір стандарттарын ұсына отырып жарнама танымдық бағытта адам мінез-құлқының нормасын реттеуші болып отыр. Коммерциялық жарнаманың саяси коммуникациямен байланысы ерекше маңызды. Жарнаманың саяси аспектілері байқалмаса да идеологиялық әсері мықты болады. Мұндай насихат жанама мәнінде саяси мағына бере отырып, адамдар көзқарасына белсенді әсерін тигізеді. Жарнама жасырын формасында белгілі бір өмір салтын және шындықпен қарым-қатынас сияқты идеологиялық міндеттерін атқарады. Саяси коммуникация сайлау науқандары кезінде жарнамалық тәсілдерді идеологиялық қару ретінде пайдаланады. Саяси жарнама өзара байланыса, әрекет ете отырып, бұқаралық қоғамдық-саяси сананы тиімді жаулайды. 57


Бүгінде саяси оқиғалардың, жаңалықтардың, реформалардың коммуникациямен байланысы ғылыми-техникалық, көркем, діни, құқықтық, ақпараттық-публицистикалық коммуникациямен қатар ерекше маңызға ие болып отыр. ХХ ғасырда, әсіресе оның екінші жартысында саяси коммуникация дінитанымдық (саясаттың рухани өнеге деп саналуы), құқықтық (саясаттың құқықтық рөл атқаруы), көркем (өнердің идеологияға қызмет етуі) сияқты өзге де коммуникация түрлеріне үстем ықпал ете отырып дамыды. Бірақ саяси коммуникацияның көне заманнан белгілі екендігі, қоғамдағы билік пен бағынушы таптар арасындағы қарым-қатынас дәнекері болғандығы талас тудырмаса керек. Саяси ғылымдар саласын зерттеушілер саясаттың адам қызметінің түрі, қоғамдық сананың формасы ретінде коммуникациямен тығыз байланысын ерекше атап өтеді. Олар саяси коммуникация қызметі білімді санаға, жекені жалпыға, ұғымды білімге, іс-әрекетке және қимылға айналдыратындығын атап өтеді. Саясат адам қызметінен, коммуникациялық процестен тыс өмір сүрмейді. Осылайша саяси коммуникация әлеуметтік-ақпараттық саясат кеңістігінде көрініс табады. Оның қоғамдық-саяси өмірді байланыстаратын және бағыттайтын, тасымалдайтын түрлі тәсілдері, модельдері болатындығын батыс ғалымдары өз зерттеулерінде дәлелдейді. Француз социологы Р.-Ж. Шварценберг саяси коммуникацияны: «Саяси ақпараттың берілу процесі мен саяси жүйенің түрлі элементтері арасындағы ақпараттың таралауы. Ақпараттардың үздіксіз алмасу процесі индивидтер арасында қалай жүзеге асса, басқарушылар арасында да солай жүзеге асады» [164, 113 ],-деп айқындайды. Ал неміс философы Ю. Хабермас өз еңбектерінде осыған ұқсас идеяны ұсына отырып, «коммуникативті әрекет» ұғымын ғылыми айналымға енгізеді. Осы «коммуникативтік әрекет» тұлғаның моральдық санасына байланысты деп жазады [165, 16]. Белгілі орыс философы В.В. Ильин адамдар арасындағы коммуникацияның нәтижесін саяси процестердің контрапункті ретінде анықтайды [166]. Ғалым саясаттың коммуникативті кешендік міндеттеріне үндеулер, ынталандырулар мен сайлау ерекшеліктеріне кері реакцияның болуы деп санайды. Ал осы әрекеттердің құралдарына жататындар: интеракционизм, қатысу мен бірлесіп қатысу, өзара тепе-теңдіктегі дәйекті жүйелердің байланысы, тепе-теңдікке жету арқылы немесе оны қысым көрсету арқылы бұзатын диалогика, коммуникацияға түсетіндердің бір-біріне орын беруі деп көрсетеді. И.А. Ильин саяси коммуникацияның құқықтық сана міндетіне ерекше көңіл аударады. Ол 1935 жылы жазған «Рухани жаңару жолдары» еңбегінде саясат дегеніміз партиялық мәжбүрлеу, өтірік айту, қаскүнемдік емес, ол патриоттық мақсатқа жету мен шынайы мемлекеттік міндеттерді шешудегі құқықтық сана дейді. «Біздің әрқайсымыз, әрбір жаңа ұрпақ өз мемлекетін 58


құқықтық сана ретінде қабылдауы тиіс. Оны жанды рухани бірлік ретінде, мәдениеттің, биліктің және тарихи тағдырдың бірлігі ретінде қабылдауы тиіс. Осы бірлікті қабылдап, оның рухани, ұлттық, шаруашылық және құқықтық міндеттерін шешуді қолға алу қажет» -дейді И.А. Ильин [167, 154]. Саяси коммуникацияда адам мүддесі басты орында тұрады. Сондықтан адамның рухани дүниесін, ізгілік пен шындық принциптерін, өнегелік нормаларын ұмытуға болмайды. Осы орайда: «Саяси іс-әрекеттер үкімет пен мораль арасындағы шиеленіскен жағдайда өріс алады»,-дейді К. Баллестрем [168, 71]. Саяси коммуникация әр уақыт қарым-қатынас барысында шынайы, анық, айқын көрініс тауып, талқыланып, теңеліп отырады. Саяси коммуникация саясаткерлер мен журналистер үшін қаншалықты өткір, қаншалықты игі мақсатты болмасын олар әрқашан да ақиқатпен санасуы тиіс. Әділдікті, өнегелілікті, игілікті күшпен орнатуға болмайды. Дегенмен тоталитарлық режимдердің қайғылы нәтижесі осы айтылған ойларды дәлелдей түскендей. Саяси коммуникациядағы ақиқатты анықтау – ерекше қиын міндет. М. Вебер атап өткендей, саясаткерлер коммуникация процесінде қақтығысушы жақтардың арасында арашашы рөлін ойнауы, екі жақтың бірін қабылдауы немесе бейтарап позицияны ұстануы мүмкін [169, 553 б.]. Бірақ, өкініштісі, осы әлеуметтік іс-әрекеттердің барлығы ғылыми шындықпен жанаса бермейді. Саяси идеалдардың өмірдің жағымсыз жайттары жөнінде үнсіз қалуы, не бейтарап, не шектеулі позициялар ұстануы жиі кездесіп жатады. Саяси коммуникацияның танымал формаларын теоретик-ғалымдар былайша жіктейді:  ресми емес байланыстар арқылы (тұлғааралық ресми емес саяси коммуникация);  қоғамдық-саяси ұйымдар, бірлестіктер мен институттар арқылы (ауызша, жазбаша үгіт пен насихат);  басылымдық және электронды бұқаралық коммуникация құралдары арқылы коммуникативті әсер ету [170]. Коммуникативистер бұқаралық ақпарат процестері мен коммуникация формаларына үлкен әлеуметтік топтардың жиылыстарын (мәжілістер, митингілер, демонстрациялар, саяси концерттер, шоу, референдумдар) жатқызады. БКҚ-дағы (бұқаралық коммуникация құралдары) саяси коммуникацияға ресейлік ғалымдар: «Соңғы он жылда Ресейде саяси коммуникация құралдарына символика немесе нышан сияқты астарында өзге ұғым жататын құралдар қосылып отыр»,-дейді. Олардың қатарына мынадай символикалық актілер жатады: әскерге шақыру қағазын өртеу, сайлауға қатысу немесе қатыспау, саяси өлімдер, түрлі тектегі саяси хиппингтер – ұлттық символикамен еліктіру (ұлттық туларды өртеу мен демонстрация, 59


әулиелердің символдары, оларды нақыштау, террористік актілерді дәйектейтін нышандар) [171]. Саяси коммуникацияның жалпы ерекшеліктері мен формаларын зерттегенде бұқаралық ақпарат құралдары мен бұқаралық аудиториямен қарым-қатынасының әсерінің қандай екендігін, оның функцияларын (бағыттарын, мазмұндық сипаттарын) белгілеу қажет. 1940-1950 жылдары Г. Лассауэлл және тағы басқа да американдық коммуникативистер саяси коммуникацияны құрылымдық функционализм тұрғысынан қарастырады. Зерттеушілер БКҚ-ның адамдардың игілігі үшін де, адамдардың зұлымдығы үшін де қолданылу мүмкіндігін айтады [172]. БКҚ әлеуметтік-саяси жағдайларға байланысты саяси релевантты сипаттағы түрлі функцияларға жіктелуі мүмкін. Осы тұрғыда Д. Макквейл БКҚ функциясының мынадай жіктемесін ұсынады: 1. Ақпараттық: елдегі, әлемдегі болып жатқан оқиғаларды хабарлау; оған әрекеттегі үкіметтің қарым-қатынасын белгілеу. 2. Корреляциялық: ақпараттық хабарламаларды түсіндіру және талдау; әрекеттегі үкімет пен үстемдік етуші нормалардың қолдауын қамтамасыз ету; әлеуметтендіру; жекелеген субъектілердің күшін үйлестіру; консенсусқа жету; әлеуметтік статус пен приоритетті белгілеу. 3. Континутивтік: басым мәдениетті трансляциялау; әлеуметтік құндылықтар қауымын қолдау. 4. Сауықтыру: көңіл көтеру құралдарын қамтамасыз ету, әлеуметтік ауыртпалықты жеңілдету. 5. Науқандық: саясат, экономика, еңбек және кейде дін саласындағы әрекеттерді (соның ішінде сыртқы саясат) қолдау науқанын жүргізу [173, 115]. Саяси коммуникацияның саяси хабарламалардың түрлеріне қарай функционалдық, мазмұндық бағытын былайша белгілеуге де болады: әсер етуші (аудиторияға тікелей әсер етуші), ақпараттандырушы (шынайы немесе ойдан шығарылған мәліметтер), деректік (саяси субъектілер арасындағы байланыс негізделген хабар мен хабарлама). Тарихи тұрғыдан алғанда, классикалық марксизм теориясында бұқаралық коммуникация теориясы қарастырылмады. Онда бұқаралық ақпараттың партиялық насихаттық мәніне баса назар аударылған болатын. Кеңес дәуіріндегі қоғамдық ғылымдарда осы дәстүр мықтап сақталғанды. Бұқаралық қоғам, бұқаралық коммуникация батыс социологиясы мен философиясы, саясаттану ғылымдарында дамыды. ХХ ғасырдың соңында түрлі салалардағы адам болмысы зерттеліп, коммуникативті сараптаулар жасалды. Бүгінде коммуникация гуманитарлық ғылымдардың тұрақты объектісіне айналып отыр. Саяси коммуникация осындай объектілердің бірі болып саналады. Оны түрлі сипатта, көріністе зерттемейінше, өзге гуманитарлық ғылым салаларын сараптау қиын болуы мүмкін. 60


Осы тұрғыда саяси коммуникацияның теориялық модель құрылымы ерекше маңызды. Зерттеушілер солардың ішінде ағартушылық, гуманитарлық мақсатта қолданылатын модельдердің әрі қоғамды бұқара көпшілікке айналдыру құралы ретінде, әрі топастану құралы ретінде де пайдалануға болатындығын айтады. Яғни осы модельдер мәдени және антимәдени коммуникацияны ұйымдастыруда қолданылатын тәсілдер болып отыр. Модельдердің негізгі мынадай үш түрін атап өтуге болады: семиотикалық, архетиптік және мифологиялық. Осы модельдер басылымдық және электрондық саяси коммуникацияда қолданылатын тәсілдер, әдістер, элементтер жөнінде толық түсінік береді. Эмоциональды тиімді коммуникация тәсілдерін пайдалану ХХ ғасыр философтары ұсынған модельдерден бастау алады. Бұл модельдердің сипаты мынадай: Семиотика – қимыл, әрекет, бет әлпеттің өзгерісі (мимика), вербальдық және визуалдық сөйлеу стилі және басқа да мағыналық белгілер болып табылады. Архетип – тарихи немесе генетикалық жағдайларда қалыптасып, индивид санасына сіңген стереотиптер. Мифология – тарихи, идеологиялық көркем (жалған көркемдік) мифтер. Коммуникацияның осы модельдерін идеологтар жақсы меңгерген. Мәдени дәстүрлер беделінің арқасында аталмыш модельдер оқырман мен көрермен санасына тиімді әсер етеді. Бұқаралық сананың осы ерекшелігін пресса және телевизия, әсіресе үгіт науқаны кезінде сенімді пайдаланады. Саяси коммуникацияға арналған жұмыстарда жалпы жүйе теориясы мен кибернетика саласы терминдері жиі қолданылады. Бірақ та осы секілді терминдерді пайдалану қашан да қиындыққа әкеледі. Сондықтан белгілі дәрежеде және саяси ғылымда қолданылатын «жүйелік-кибернетикалық» түсінік аппаратын реттеу қажеттігі тууда. Бастапқы пункт ретінде белгілі бір жағдайда басқа объектіге бір-біріне тәуелді әрі белгілі уақытта басқа объектіге бірдей әсер ететін қоршаған ортаның кез келген объектісін айқындайтын әрекеттегі элемент ұғымын пайдаланамыз. Қоршаған ортаның көптеген басқа объектілерін осы элементтің ортасы деп санаймыз дейді О. Ланге [174, 184-185.]. Саяси әлемде әрекеттегі элемент саясат субъектілеріне қоршаған әлеуметтік орта, тұтастай қоғам болып саналатын индивидтер, әлеуметтік-саяси қоғамдар мен институттар жатады. Мұнан әрі Н. Винер ұсынған мынадай үш болжамды қарастыруға болады: 1. Кейбір нақты жағдайларды шақыратын, мысалы белгілі температура, электр заряды, саяси жағдайды сезіну сияқты W элементіне әсер ететін орта. Мұндай жағдайдың жекелей түрлерін кіру координаты не W элементінің кіруі деп атайды. 2. Әрекеттегі W элементі кейбір нақты жағдайға, мысалы нақты температура, магниттер өрісі, қозғалыс, саяси әрекет ортасына әсер етеді. 61


3. Әрекеттегі W элементі кемінде бір рет осы ортаға кіреді және кем дегенде бір рет шығады [175, 19]. Әрекеттегі элемент, соның ішінде саясат субъектісі де бір-бірімен қандай байланысса, сыртқы ортамен солай байланысуы ақпараттық сипат алады. Жүйелік-кибернетикалық контекстегі ақпарат шын мәнінде ойлау категориясы сияқты әлдебір идеалды ережелер категориясы ретінде атап өтуге болады. Н. Винердің айтуынша, «Ақпарат – бұл қоршаған ортаға біздің икемделуіміздің және оған біздің сезімдеріміздің икемделуі процесінде сыртқы ортадан алынған мазмұнды белгілеу»,- болып табылады [176, 129]. Осынау анықтаманы, тіпті кибернетика тұрғысынан да толық деп айтуға болмайды. Өйткені оның антропологиялық реңкі басым және есептеу машинасы бөліктері арасындағы ақпараттық алмасу процесін қамтымайды. Кері байланыс немесе екіжақты ақпараттық алмасу басқару процесінде, соның ішінде саясат саласында ерекше маңызды рөл атқарады. Жүйеліккибернетикалық тәсіл тұрғысынан басқару коммуникацияның нәтижесінде элементтің не элементтер жиынтығының мақсатты түрде өзгеруі жекелей оқиға ретінде қарастырылады. Саяси басқаруды да саяси коммуникацияның жекелей оқиғасы ретінде айқындауға болады. Қандай да әрекеттегі элемент, соның ішінде саясат субъектісі әрекеттегі бір элементпен байланысы болады. Осындай жағдайларда байланыстардың тармақталуы, яғни, ең алдымен, шығулардың тармақталуы жүреді. Осы коммуникацияның бір түрі иерархиялық байланыс, немесе, жай ғана иерархия деуге болады. Бұл тігінен құрылымдалған жинақылық, ұйымдастырушылық элементтердің жекелей деңгейлері арасындағы өзара байланыспен сипатталады. «Шағын ұйымдар» элементтерін біріктіретін көп сатылы байланыстар саясаттану мен әлеуметтік ғылым объектісі болған. Көне Греция Федерациясы, Қасиетті Рим империясы, Швейцария Конфедерациясы, Біріккен Нидерланды, Америка Құрама Штаттары – бәрі саяси саладағы иерархиялық ұйым мысалдары. Әрекеттегі элементтердің байланысы қарым-қатынастардың тұтас жиынтығы немесе олардың өзара байланысы әрекеттегі элементтердің жүйесі не жай жүйе ұғымын білдіреді. Әрекеттегі элементтердің жүйесі төмен деңгейдегі «шағын ұйымдар» жүйесіне енеді, оларды кейде жүйе бөліктері деп атайды. Олардың әрқайсысының әрекеті тұтастың бөлігі ретінде құрылымын айқындайды. Құрылым мен оған енетін жүйе бөлшектері міндетті түрде өзгеріссіз қалады. Уақыт өте келе элементтер арасындағы кейбір байланыстар өзгеруі, жойылуы мүмкін. Бірақ та жаңа байланыстар, соның ішінде жүйеге енбейтін элементтері бар байланыстар пайда болуы мүмкін. Жүйе бөлшектері, әрекеттегі элементтер мен құрылымдық байланыстар жалпы алғанда жүйе компоненттері деп ұғынылады. Келтірілген анықтамаларды саяси контеске келтіре отырып, саяси жүйе саяси субъектілер мен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды үкімдік 62


реттей отырып, қоғамдағы саяси қызметті рәсімдейтін, оның шекарасын белгілейтін нақты тарихи формасы деуге болады. Осыған сәйкес саяси коммуникацияны саяси ақпарат беру процесі, оны элементтері мен жүйе бөлшектері, саяси жүйе мен қоғам арасында, саяси жүйе ішінде орналастыру деп түсінеміз. Атақты американдық саясаттанушы Л. Пай: «Саяси коммуникация элитадан бұқараға бір жақты бағытталған коммуникацияны емес, саясатқа түрлі әсер ететін қоғамдағы ресми емес коммуникациялық процестердің тұтас диапазоны деуге болады»,-дейді [177, 321]. Әдетте саяси коммуникацияның негізгі үш тәсілін бөліп қарастырады: ресми емес байланыстар арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар (институттар) арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы. Дегенмен осыларға ерекше коммуникативтік жағдайды не әрекетті қосуға болады. «Саяси коммуникацияда әдетте айтылған не жазылған сөздер аталады, бірақ бұл берілетін мағынасы бар қандай болмасын белгі, символ мен сигнал деуге болады»,-дейді ағылшын-саксондық «Саяси сараптау сөздігінің» авторлары [178, 112]. Осы орайда коммуникацияға әр түрлі символикалық актілерді: наразылық ретінде саяси тұлғалардың портретін жырту, өртеу, сайлауға қатысу, саяси өлімдер, саяси науқан кездеріндегі граффити (жазбалар), белгілер және сот керуенінің әлемді аралап жүзіп шығуға аттануын т.б жатқызуға болады. Саяси коммуникация құзіреттілігін белгілі деңгейде бұқаралық коммуникация құралдары, үкіметтік ақпараттық агенттіктер, саяси партиялар сияқты арнаулы мекемелер мен институттар құрайды. Саяси коммуникация кез келген әлеуметтік әңгімелесудің астарында, ұлттық заң шығарушы органдардағы әңгімелесулерден байқалады. Саяси коммуникацияны модельдеу мәселесі де ғалымдар талқылаған мәселелердің бір бағыты болып саналды. Жарты ғасыр бұрын американдық саясаттанушы Г. Лассуэлл саяси коммуникацияны зерттеудің бастауы болып саналатын әйгілі мақаласында логикалық схема құрастырады [179]. «Коммуникациялық актіні сипаттаудың лайық тәсілі мынадай сұрақтарға жауап беру болып саналады: Кім? Не хабарлайды? Кімге? Қандай нәтижемен?». Бұл конструкция кейінірек Г. Лассуэлл формуласы деп аталды. Осы схема коммуникациялық зерттеулерде негізгі проблемаларды иллюстрация түрінде айқынауда қолданылды. Дегенмен көптеген зерттеушілер Г. Лассуэлл формуласының тәжірибелік пайдасын теріске шығарып, ол тым қарапайым деп сынады. Р. Брэдокктың пікірінше, коммуникациялық процесті сипаттау: қандай жағдайда және қандай мақсатпен осы хабарлама жіберілетіндігі туралы маңызды екі сәтті ескеру қажет дейді [180]. Г. Лассауэлл формуласы саяси коммуникацияны императивті, түрткі болатын процесс деп қарастырады. «Жіберуші» қандай дәрежеде болмасын «адресатқа» әсер етуге ұмтылады. Жіберілген хабарлама қалай да болмасын 63


белгілі бір нәтиже береді. Бұл модель берілетін хабарламаның, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдары болған жағдайда нәтижелілік әсерінің ұлғаю тенденциясын көрсетеді. Коммуникациялық процесс моделін жасауға К. Шеннонның идеясы ерекше әсер етті. Ол әйгілі математик және ақпарат теориясының негізін салушылардың бірі. 40-жылдардың соңында атақты «Белл-телефон» лабораториясының қызметкері болардың алдында ақпаратты әр түрлі байланыс құралдары арқылы таратудың қолданбалы инженерлік-техникалық міндеттерімен айналысты. Сондықтан да К. Шеннон мен оның әріптесі У. Уивердің коммуникациялық процесті графикалық түрде түсіндіруі техникалық, технологиялық сипатта болуы түсінікті [181]. К. Шеннон мен У. Уивер моделі коммуникацияны жүйелік және бағыттас процесс деп санайды. Ақпарат көзі алдымен хабарламаны тудырады, сосын ол белгі формасын қабылдап, хабарламаны берушіге келіп түседі, байланыс құралы арқылы беруге икемдейтін қабылдаушыға жетелейді. Қабылдаушы алынған белгіден хабарламаны қайта қалпына келтіреді. Соңынан қайта қалпына келтірілген хабарлама адресатқа жетеді. Белгі берілу процесі шу не дыбыстық кедергілерге ұшырайды. Мысалы, бір уақытта бір байланыс құралы арқылы бірнеше хабарлама жібергенде осындай кедергілер пайда болады. Ақпарат көзі дайындаған хабарлама қабылдаушы алғаннан кейін адресатқа сигнал ретінде жіберілген және қабылданғанда түрлі мағынаға ие болуы, кейде мағыналық жағынан да сәйкес келмеуі мүмкін. Дегенмен мұнда да Г. Лассуэлдің моделіндегідей үкіметтік-басқару қарым-қатынастары элементі үшін маңызды кері байланыс элементтері жоқ. Басқару процесі нәтижесінде жалғыз әрі тиімді бола бермейтін акт бар: «ақпарат көзінің» «адресат» әрекетін бақылай алатын, соған сәйкес «басқарылатындарды» басқарушылардың ықпалына жақындастыра алатын мүкіндігі жоқ. 1970 ж. М. Дефлер Шеннон-Уивер моделінің түрін өзгертті. Коммуникациялық процесті түсіндірудің жаңа жолы: «дерек көзі» жіберген алғашқы хабарлама мен қайта қалпына келтірілген «басқарушы адресатқа» келіп түскен хабарламаның екі мәнді мағынасын алғашқы орынға шығарады. «Коммуникация» термині алғашқы және соңғы мағынасының нәтижесінде сәйкес келуі деп түсіндіріледі [182]. К. Шеннон мен У. Уивердің идеясын дамытқан М. Дефлер осылайша алғашқы модельдің жүйелілік, бағытталу сияқты кемшіліктері мен кері байланыс жоқтығын меңгеруге мүмкіндік берді. Дегенмен мұнда да аралық қайта қалыптасу мен берілетін «хабарламаның» бұрмалануы болатындығы байқауға болады. Саяси коммуникация тәсілдерінің эволюциясы зерттелгенде коммуникативтік негізде басқарушы мен басқарылушы ортаның қарымқатынасын сараптауға басты назар аударылады. Ж.-М.Коттрэ мұны мынадай парадигмада қарыстыруды ұсынды: 64


1. Ұқсастық қарым-қатынас. Басқарушылардың басқарылушармен ұқсастығы; 2. Кірістіру қарым-қатынасы. Барлық басқарушылар саяси қоғамның мүшелері болып саналады, бірақ басқарушылардың барлығы бірдей басқарушы ортаның мүшесі бола алмайды. Бұл қарым-қатынастар басқарушы мен басқарылушының өзара кірігуіне және өзара әсерлесуіне әкеледі; 3. Саяси қоғамның кеңеюі жағдайында басқарушы мен басқарылушының арасындағы қарым-қатынас қиылысады. Басқарушы тап ішінара басқарылушы таптан бөлектенеді [183, 171]. Саяси коммуникацияның бірқатар модельдері қоғамның басқа бөліктеріне өз билігін жүзеге асыратын элита рөліне басты назар аударады. К. Сайнненің моделінде саяси жүйенің элита, бюрократия және бұқара сияқты элементтері арасында үздіксіз ақпараттық алмасулар болатыны, қашан да элита өздерінің заңдылықтарын (легимитация) нығайтатын ақпаратты құрастырып «төменге» жіберетіндігі айтылады [184]. Шынында, әлеуметтік топты, тапты билейтін саяси коммуникацияның субъектісі қоғамда жетекші орынды иеленеді және ақпараттық-насихаттық қызметті икемдеуге тиімді жағдайлары бар. К. Маркс пен Ф. Энгельстің кез келген уақыттың үстемдік идеялары билеуші таптың идеялары болды деп айтуы қашан да шындыққа айналып отыр [185]. Билеуші тап қызметін мемлекеттік институттарға бағыттай отырып, негізгі коммуникация құралдарын, идеологиялық мекемелерді бақылауға ұмтылады. Қоғамның саяси мәдениеті деңгейіне байланысты осы әрекеттерді бұқараның пікірі мен көңіл-күйімен санасып, кейде оған да қарамастан демократиялық немесе авторитарлық түрде, жекелей не одақтастарымен жүзеге асырады. Осы орайда Л.С. Санистебан: «Қоғамдық пікір, ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалымен қалыптасады, әрине саяси элиталар қоғамдық пікірді немесе оның көпшілік бөлігін өз пайдаларына қарай икемдеуге әрекет етеді»,-дейді [186]. Сонымен қатар, коммуникациялық қарым-қатынастарды тек «билеуші элита – басқарылушы бұқара» вертикалды (тігінен) принципі бойынша қарастыру жөн болмас еді. Қоғам неғұрлым демократиялық болған сайын, саяси ақпарат ағындарының, мемлекет бастамасымен үстемдік етуші коммуникативтік ағынның, ауқымды құндылықтар негізінде қалыптасатын азаматтық қоғамның ақпараттық мұқтаждықтары мен приоритеттері соғұрлым горизанталды (көлденең) сипат алады. Сонымен бірге, телекоммуникациялық желілер қызметінің тәжірибеге енуінен, өз пайдаланушысына жекелей сипаттағы, қоғамдық сипаттағы да ақпаратты еркін жіберуге, қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа электронды ақпарат құралдарының ықпалын ескеру қажет. Арнаулы көмекші құрылғылардың – телефон желісіндегі модем көмегімен байланыстырылған жеке компьютер индивидтерге тек бір бірімен 65


араласуға ғана емес, әрі қандай да болмасын мәліметтер банкінен қалауы мен мұқтаждығы бойынша қажет ақпаратты алу мүмкіндігін берді. Сонымен бірге, электронды пошта, телефакс, мобильді телефон және басқа да жаңа құралдарды пайдаланудың тұлғааралық байланыстарды ұлғайтудағы ықпалы ерекше болып отыр. Саяси коммуникация саласындағы өзгерістердің мәні ақпаратты жіберушінің адресатты қатаң бақылауын және басымдықты меңгеруге, ақпараттың баламалық түрлерінің қозғалысы моделі көмегімен көрнекі түрде иллюстрациялауға мүмкіндік береді. Голландиялық зерттеушілер Й. Бордвик пен Б. Ван Каам осындай модельді ұсынады [187]. 1. Айналым моделі ақпараттың орталықтан бір мезгілде көптеген аймақтық абоненттерге тарату қарастырылады. Бұл үлгі өте жиі кездеседі: мысалы, дәріс кезінде не ресми баяндама жасағанда тыңдармандар қандай да бір аудиторияға ден қояды, сонымен бірге телехабар кезінде бірнеше хабарламаны әр жерде орналасқан өте көп адамдардың бір мезгілде қабылдауы. Бір жақты коммуникацияға тән осы модельдің сипаты жекелей кері байланыс мүмкіндігінің аз болуымен (әсіресе БАҚ жайлы айтқанда), сонымен қатар коммуникацияның уақыты пен орнын жіберушінің өзі анықтауымен ерекшеленеді. 2. Диалогтық модельге коммуникациялық желіде ақпаратты тарату жатады: орталықты не арадағы ақпарат жеткізушіні елеместен индивидтер уақытты, орынды, ақпараттық алмасу тақырыбын таңдай отырып, араға кісі салмастан өзара байланысады. Бұл модель де жай ғана жекелей жазбалардан және телефон әңгімелерінен, Интернет пен электронды поштаны пайдалануға дейін өте жиі қоданыста болады. Диалогтық модель ақпараттық алмасуға қатысушылардың өзінше «горизонталды теңдігі» сипатымен ерекшеленеді, ал керісінше, айналым моделіне «басшы – бағынушының» «вертикалды» принципі тән болады. Осы секілді коммуникация екі жақты қатысушыларды жоққа шығармайды (мысалы, шағын кездесу, телефон конференциясы, Интернет сайтындағы пікір алмасу және т.б.). Бірақ та қатысушылар санының ұлғаюы, соның ішінде «жүргізушінің» пайда болуы бұл модельді айналым моделіне жақындата түседі. 3. Кеңес беруші модель де көптеген жағдайлары сәйкес келетін коммуникациялық желінің аймақта орналасуы, индивидтің орталық ақпарат қорынан қажет ақпаратты іздестіруі (сервер не басқа да мәліметтер базасы, қарапайым түрі кітап, газет және басқа да кітапханалық басылымдармен жұмыс) жатады. Айналым моделіне қарағанда мұнда уақыт пен кеңес алу уақытын, сонымен қатар хабарлама уақытын орталықтың орнына максималды еркін аймақтық пайдаланушы айқындайды. 4. Тіркеу моделінде ақпараттың қозғалысы кеңес беруші модельге қарағанда қарама-қарсы болады. Онда орталық аймақтық дерек көздерінен ақпаратты сұрастырып алады. Аталмыш модель, мысалы, индивидтің орталық мәліметтер базасына, сонымен бірге телефон хабарламарының 66


автоматты жазбаларына, электронды белгі мен бақылаудың барлық жүйесіне енуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылады. Ақпараттың орталыққа шоғырлануы көбінде индивидтың қалауынсыз және оның келісімінсіз өтеді. Осы жүйе тарихи жағынан алғанда жаңа болмаса да компьютерлендіру мен телекоммуникациялық желілер әсерінен оның мүмкіндігі ұлғайды. Орталық индивидтің аймақтық коммуникациялық желісінен гөрі ақпараттық ағын бағыттарын айқындағанда бақылау мүмкіндігіне ие болуы тіркеу моделіне тән сипат болып саналады. Аталған ақпараттық ағын моделдерінің бір бірінен айырмашылығы бір қарағанда аса үлкен емес сияқты әрі тәжірибеде олар жиі-жиі бір бірін толықтырып, орнын басады. Сонымен бірге, бүгінгі технология (мысалы, телекоммуникациялық инфрақұрылым) құралдары осы модельдердің әрқайсысын пайдалануды қамтамасыз ете алады. Й. Бордвик пен Б. Ван Каам олардың логикалық байланысын көрсетті. Бүгінде саяси коммуникация постиндустриалдық қоғамдағы проблемалары күн тәртібіндегі мәселелердің біріне айналуда. Ақпаратты тарату мен өңдеудің жаңа технологиялары мен экономиканың «төртінші» ақпараттық секторының дамуы әлеуметтік өмірдің барлық салаларына ене отырып, қоғамдық қатынастарды жаңадан ұйымдастырды. Белфаст Корольдік университетінің ақпараттық технологиялар кафедрасының жетекшісі, Ақпараттық менеджмент орталығының директоры У. Мартин ақпараттық қоғамды Жапония, АҚШ және Батыс Еуропа сияқты «индустриалдық қоғам» елдерінің дамуы деп санайды. Оның ерекшелейтін мынадай категориялары бар:  технологиялық: басты фактор – өндірісте, мекемелерде, білім беру саласында, тұрмыста кеңінен қолданылатын ақпараттық технология;  әлеуметтік: ақпарат өмір сапасын өзгертудің маңызды стимуляторы ретінде кең қолданыстағы ақпараттың «ақпараттық сананы» қалыптастыруы мен орнығуы;  экономикалық: ақпараттық қор, қызмет, тауар, қосымша құн мен жұмысбастылықтың дерек көзі ретінде экономиканың басты фактор болуы;  саяси: түрлі таптар мен тұрғындардың әлеуметтік топтары арасындағы консенсус пен олардың саясатқа қатысуымен ерекшеленетін саяси процеске әкелетін еркін ақпарат;  мәдени: ақпараттың мәдени құндылығын мойындау, жекелеген индивид пен тұтас қоғам мүддесі дамуы үшін ақпараттық құндылықтардың орнығуына ықпал ету [188]. Қазіргі әлем Дж. Оруэлл мен А. Хакслидің антиутопиялық рухындағы «постиндустриалды тоталитаризм» моделінен алшақтаған. Есептеуіш техниканың, ақпарат құралдары мен телекоммуникация жүйелерінің жетілуі дербес алмасу мен бақыланбайтын ақпаратты қабылдау мүмкіндігін кеңейтті. Бұл дамыған елдерде тоталитарлық ереженің болу мүмкіндігіне күмән тудырады. «Біздің ғаламшарда бүгінде диктаторлар аз. Өйткені олар ақпаратты бақылай алмайды»,-дейді Дж. Нэйсбитт пен П. Абурден [189]. 67


Шынында, саяси сипаттағы мәліметтерді тарату, бақылау – саяси режим түрлерін айқындауда маңызды элемент болып саналады. Авторитарлық режимде ақпараттық процесс өте қатал бақыланады. Ал демократиялық режимде саяси ақпарат қоғамның түрлі мүшелері арасында кеңінен таратылады. Саяси коммуникацияның идеалды, шынайы демократиялық моделі негізінде «басқарушы» мен «басқарылушы» арасында диалог құрылады. Бұл диалог саяси оқиғалар, процестер туралы нақты, толық, аяқталған және тексерілген, қоғамның өркениеттік-мәдени құндылықтары, фундаменталды құқығы мен тұлға бостандығы жіктелген мәліметтердің тепе-тең алмасуы жатады. Бұл саяси, діни, басқа да ойлардың бостандығы, ар-ождан бостандығы, сөз бен баспасөз, митинг пен жиылыстар бостандығы, бірлестіктер бостандығы, сонымен қатар өз ойын кедергісіз еркін жеткізу, түрлі ақпарат пен гуманистік принциптерге қайшы келмейтін мемлекеттік (идея тұрғысында) шекараға тәуелсіз идеяны еркін іздестіру, алу және тарату болып табылады. Интеллектуалдық бостандық, ағартушылық қоғамдық пікірдің, демократиялық саяси мәдениеттің болуы, үкіметтік құрылымдардан бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі – саяси коммуникация мен тұрақты әлеуметтік процестің оптималды дамуының маңызды алғышарты. Бұл жағдайда саяси коммуникация теориясы көбінде шындық пен толық ақпаратқа, адамның түбегейлі мүддесіне негізделген, өзара түсіністік арқылы қоғам мүддесі, оның топтары мен индивидтерінің үйлесімі мен оларды үйлестіруге жетудің ғылымы мен өнері дәрежесінде қызмет ету керек. Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі өзгерістер саяси коммуникация саласына да айтарлықтай ықпалы болды. БАҚ жүйесіндегі үлкен өзгерістер алдымен сол коммуникация функциясының өзгеруіне тікелей қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдары саяси коммуникациялық процестердің жылдам өріс алуына, жедел жүзеге асуына қажетті ақпараттықкоммуникативтік кеңістік қалыптастыруымен қатар, қоғамдық қарымқатынастардың табысты орындалуына, көптеген деректер мен пікірталас тақырыптарын күн тәртібіне қоюда да ерекше маңызды. Дегенмен БАҚ-тың осынау саяси коммуникациялық қызметінен гөрі БАҚ нарық ретінде қарастырылып жүр. БАҚ-тың осы функциясы тұрғысынан алғанда ол мақсатты аудиторияны бұқаралық ақпарат құралдарының өнімімен қамтамасыз ететін бизнес нарығы ретінде танылады. Дегенмен мұндай әдіс бұқаралық ақпарат және коммуникация арналарының шын мәніндегі қызметін толықтай ашып бере алмайды. Бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі қоғамға қажетті саяси-коммуникативтік интеграциялық процестерді жүзеге асырады. БАҚ жүйесінің қоғам мен саяси жүйемен қарым-қатынасын талдауда қазіргі заманғы мемлекеттердің БАҚ секторын кеңейту үрдісін ерекше атауға болады. 68


1980 жылдарға дейін техникалық және экономикалық жағдайлар БАҚ дамуына кедергілер келтіргені рас. Сол кездегі техникалық мүмкіндіктердің шектеулігі жаңа БАҚ қорларының дамуына мүмкіндіктер бермеді. Техникалық кедергілер жойылғанда БКҚ өнімдері ұлғая түсті. Мәселен, саяси ақпараттық, талдамалық арналар, жаңалықтар, хабарлар саны көбейді. Осының нәтижесінде саяси ақпараттың саны, яғни оның баспасөз бен эфирдегі үлесі артты. Дегенмен жалпы ақпараттың санымен салыстырғанда саяси ақпараттың үлесі азайған болатын. Бүл үрдіске қарама-қарсы келетін жағдай – сауықтыру хабарларының үлесі артты. Уақыт өте, қазіргі заманғы жағдайда да сауықтыру саласындағы бұқаралық медиа басымдықта. Ақпараттың саны ұлғая түсуімен қатар, оның таралу және берілу жылдамдығы да барлық болжамды көрсеткіштерден асып отырды. Әрине, бұл орайда бүкіләлемдік желінің атақар рөлі теңдессіз. Соңғы жиырма жыл ішіндегі БАҚ саласының ұлғаюы тек бұқаралық медианың таралу кеңістігінің кеңеюі ғана емес, оның ақпараттықкоммуникативтік процестерді ұйымдастырушы, жүзеге асырушы жаңа құрылым ретіндегі рөлін айқындады. Еуропада қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдары ақпарттық нарықтағы өз ұстанымдарын жоғалта бастауы байқалды. Күн тәртібінде қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының қысқарту мәселесі тұрды. Осы сәтте Еуропалық Одақтың қаулысы шығарылып, онда ақпарат – нарық тауарының бір түрі ретінде аталып, салық төлемдерімен қаржыландыруы тиіс еместігі аталған болатын. Дегенмен әлем елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, қоғамдық бағыттағы БАҚ әлі де сұраныста. Бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдары таралу, қызмет ету кеңістігі кеңейген сайын медиаөндіріс саласындағы бірлестіктердің шоғарылануы басталып, бұл процесс бүгінде жалғасын табуда. Шағын медиаөнеркәсіптердің өзі уақыт өте келе аса мол хабарлар даярлап, баспасөздер мен арналарды нарыққа шығаруда. Алдағы уақытта әлемдік деңгейде БАҚ секторының жаңа ойыншыларының саны ұлғая түсетіндігі мәлім. Міне, енді бұқаралық медиа секторынан тек жергілікті саяси процестермен қатар, жаһандық, халықаралық деңгейдегі саяси коммуникативтік процестерге де айтарлықтай ықпалы артып отыр. Бұқаралық медиа саласындағы қайта құрылымдау, мемлекеттік бақылаудың жойылуы саясаткерлер мен саясикеңесшілердің, саяситехнологтардың, жалпы алғанда, масс-медиа саласының мамандарының басты мақсаты саналды. БАҚ саласының кеңеюі және саясаттың шеткерілеуі, қоғамдық ақпарат құралдарының азаюы ақпараттық-коммуникативтік процестерді жүзеге асыратын әдістер мен технологиялардың өзгеруіне әкелді. БАҚ саласында негативизм, дербестену, молшылық сияқты т.б. факторлар сауықтыру индустриясының сипатын айқындап берді. Міне, аталған сала қоғамдық пікірді өзіне қаратып, бұқараның жалпы саяси бағдарын өзгертті. 69


Норвегиялық зерттеушілер ұсынған құндылықтар теориясы тұрғысынан алғанда ақпарат негативизм, дербестену принциптеріне сәйкес келетін ақпарат қарапайым, қысқа, жаңа және кездейсоқ болып келеді. Бұл бұқаралық аудиторияның бүгін де аса қызығушылығын арттырып отырғанының дәлелі. Әсіресе аталған әдіспен саяси ақпаратты түсіндіре, жеткізе білуде оның жағымдыдан гөрі жағымсыз аспектісі арта түсуі байқалуда. Автордың ойынша, ХХ соңындағы ақпарат құралдарының кеңеюі саяси ақпараттың жалпы көлемінің азаюына, БАҚ құрылымдарының бірігіп, ұлғаюына, ақпараттың: негативтік, дербестік, сенсациялық аталатын жаңа формаларында дамуына ықпал етті. Әсіресе, бұл американдық саяси коммуникативистикада жарқын көрініс тапты. Саяси коммуникацияның салдары, нәтижесі негізінен сайлау науқандары кезінде ерекше анықтауға болады. Бүгінде сайлау науқандары – саяси коммуникацияның қазіргі заманғы басты арналарының бірі деуге болады. Бұл орайда, саяси ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың американдануы саяси коммуникацияның басты символы ретінде танылады. Сайлау науқандары кезінде аса қысқа мерзімде қоғамның назарын аудару үшін саяси ақпараттық науқандар жүреді. Дегенмен сайлау науқандары сол үміткердің не болмаса саяси партияның танымалдығына ықпалы болғанымен, оның тартымдылығына аса әсері бола бермейді. Сайлау науқандары тіпті де қоғам арасында кейбір жіктерді ұлғайта түсері анық. Қазіргі заманғы саяси коммуникацияның ерекшеліктері қоғамдық қолдауды қажет етеді. Азаматтар мемлекет қайраткерлерінен, саясаткерлерден, үміткерлерден кез келген саяси проблеманы жылдам да нәтижелі шеше алатын жоғары білікті менеджерлер ретінде таниды. Дегенмен, шын мәнінде, саяси процесс – ұзақ мерзімді, көпқырлы, өткір проблемалардан, біржақты шешімдерді қабылдаудың қиындығы туындайтын ұзақ мерзімді процесс саналады. Қазіргі заманғы жаһанданып отырған әлемде саяси процесс аса күрделі болып отырғанын осыдан байқауға болады. Міне, осы аталғандар мәселенің екі қырын танытады. Саяси коммуникация арналары мен құралдары арқылы үміткерге сенген азаматтар қоғамдық өмірден көп үміт артқанымен, саяси нәтижесі болмашы деңгейде қалып отыр. Осынау мақсатты топтар арасындағы саяси шеткерілеу, әсіресе, саяси ақпараттың тек телевизия арқылы қабылдайтын азаматтар арасында кездеседі. Телевизия барлық визуальдық, техникалық, мәдени ерекшеліктерімен қазіргі заманғы саяси коммуникацияны жариялаудағы басты коммуникациялық арна саналады. Саясат жайлы ақпартты пен комментарийлерді алғашқы дереккөздерінен, газет, журналдардағы сараптамалық талдаулардан қарастырмау көбінде бұқараның саяси шеткерілеуіне әкеледі. Саяси жүйенің бүгінде қоғамдық қолдауды жоғалта бастауы оның саяси коммуникациямен белсене айналысуына итермелеп отыр. Саяси 70


коммуникативтік технологиялар құрылымдық, жүйелік деңгейде қазіргі заманғы БАҚ жүйесінің барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда тиімді болмақ. Әсіресе, бұл дебрестену, негативтік, қысқа мерзімдік, талдамалы саяси ақпараттың ұзақ мерзімдігіне тән. Осынау принциптерді іске асыру саяси жүйеде жаңа проблемалардың туындауына әкеледі. Бұл қазіргі заманғы саяси коммуникацияның дилеммасы, яғни телекратия демократияны алмастыруда. Қорытынды тұжырымдар. Қазіргі заманғы саяси коммуникативистикада теориялық зерттеулер ғалымдар тарапынан ерекше қызығушылықтың артуына осы саладағы бірқатар қарама-қайшы пікірлердің орын алып отырғандығы дәлел. Біздің пайымдауымызша, саяси коммуникацияны зерттеу саласындағы теориялардың көптігі методологиялық тұрғыдан негіздеуде қиындықтар тудыратыны анық. Саяси коммуникацияны теориялық зерттеудің бірқатар жіктемелері бойынша негізгі тұжырымдарды ұсынсақ. Бұқаралық коммуникация теориясында ақпараттық-коммуникативтік процестердің мағыналық және сапалық белгілерін айыруға және саяси субъектілер мен олардың ақпараттық серіктестерінің өзара әрекеттерінің ықпалын анықтауға мүмкіндік беретін семантикалық, техникалық және ықпал ету – инфлуенталдық деңгейлері аталады. Автордың пікірінше, саяси ақпараттық-коммуникативтік байланыстардың техникалық деңгейінің дамуы оның алдымен инфлуенталық – ықпал ету мүмкіндіктерін, келесі кезекте сапалық – семантикалық дамуын арттырады. Саяси коммуникативистиканың теориялық зерттеулері қатарында: айналым, диалог, кеңес беру, тіркеу сияқты саяси ақпараттың қозғалыс моделдері аталады. Біздің пайымдауымызша, аталған ақпараттық қозғалысқа қатысушылардың саны, өтетін орны, бағытталған мекені және алға қойған мақсаты, бастысы жүзеге асу механизмдері тәжірибеде әркелкі болғанымен, бұл модельдер іс жүзінде бірін бірі толықтырып, кей жағдайда бірлесе әрекетте болады. Сондай-ақ ақпараттық коммуникациялық технологиялар мен байланыс инфрақұрылымының дамуы аталған ақпараттық қозғалыстарды таралуы, кері байланысы, өзара алмасуы мүмкіндіктерімен қатар, сол ақпараттық қозғалысқа қатысушы субъектілердің саяси білімі, саяси мәдениеті, саяси санасы мен саяси қатысуына ықпал етуші әлеуетті күрделі құрылым ретінде дами бермек.

71


2 БҰҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРАЛДАРЫ БИЛІКПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 2.1 Саяси билік пен масс-медиа қарым-қатынасындағы шетелдік тәжірибе Бұқаралық коммуникация институттарының қызметін ұйымдастыру нақты ұлттық нарыққа, мемлекеттік ақпараттық саясатқа ықпалы болуы заңды құбылыс. Дегенмен масс-медиа және билік қарым-қатынасының әрбір елдегі тәжірибесі белгілі бір жинақталған ұқсастықтар мен олардың ерекшеліктерін айқындайтыны рас. Осы тұрғыда әлеуметтік-саяси құндылықтардың белгілі жүйесі аясында бұқаралық коммуникация құралдары мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас қарастырылады. Адамзаттың ақпараттық қоғамға енуі көптеген ғылымның: саясаттану, әлеуметтану, психология, коммуникативистика, философия т.б. салалардың пәнаралық зерттеулеріне айналып отыр. Әсіресе, бұқаралық коммуникация мен саяси билік арасындағы байланысты кешенді талдау аталған ғылым салаларына ортақ болып отыр. Әлемдік БАҚ-тың қоғамның саяси, экономикалық және ғылымитехникалық факторларға ықпалы мен сол ақпарттық-коммуниктаивтік кеңістіктегі ұлттық ерекшеліктер саяси коммуникацияның жаңа бағытта, жаңаша үрдісте дамуының негізі саналады. Міне, саяси коммуникативистика дамуындағы шетелдік тәжірибесінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері төмендегіше қарастырылып отыр. Бұқаралық коммуникацияның теориясында БАҚ және мемлекет арасындағы қарым-қатынас даму типологиясының бірнеше модельдерін ұсынған ғалымдардың жіктемесі мынадай. Әлем елдерінің ақпараттық саяси жүйесінде кеңінен танымал: тәуелсіз баспасөз немесе еркін идея нарығы моделі, әлеуметтік жауапкершілік моделі, демократиялық өкілдік моделі, кеңестік социалистік модель, авторитарлық модель, даму моделі (үшінші әлем елдері моделі) [190]. Тәуелсіз баспасөз немесе еркін нарық идеясы моделін сипаты төмендегіше. Аталған модельдің концептуалдық параметрлеріне: ақпаратты тарату алдын ала рұқсатсыз не лиценциясыз индивидтер үшін қолжетімді болуы; үкіметке, ресми тұлғаларға немесе саяси партияларға сын жазаланбауы; жарияланымдарға цензуралық шектеулердің, сондай-ақ заңды тұрғыда жүргізілетін материалдарды жинауда кедергілердің болмауы; мемлекеттік шекаралар арқылы бұқаралық коммуникация материалдарын таратуға шектеудің болмауы; журналистер бұқаралық коммуникация институттары тәуелсіз болуы тиіс. Әлеуметтік жауапкершілік моделінде бұқаралық коммуникация құралдары қызметі қоғам алдында белгілі міндеттерді орындауы тиіс. Олардың қатарында: ақпараттандыру, нақтылық, объективтілік және тепетеңдіктің жоғары кәсібилік қағидаттарына сәйкес келетін материалдарды жариялауы; құқықтық нормалар мен соған құзіретті органдар арқылы өзін өзі 72


реттейтін бұқаралық коммуникация қызметі; бұқаралық коммуникация құралдарының пікір алуандығын тудыруы, түрлі көзқарастарды жариялауға, сондай-ақ сынға жауап беру мүмкіндігі болуы; бұқаралық коммуникация құралдары қызметіне араласу қоғамдық қауіпсіздіктің қажеттігінен болуы; журналистер қоғамның да, жұмыс берушілердің де алдында жауапты; бұқаралық коммуникация құралдары өз қызметтерінің тура не жанама түрде күш қолдануға, қоғамдық тәртіпсіздікке, азшылықты қорлауға ықпал етпеуі тиіс. Демократиялық өкілдік моделі жекелеген азаматтар мен азшылықтың бұқаралық коммуникация құралдарын өздерінің мүдделеріне сәйкес пайдалану құқықтарының болуын; ұйымның да, бұқаралық коммуникация материалдары мазмұны да орталықтандырылған саяси немесе бюрократиялық бақылауға бағынбауын; бұқаралық коммуникация құралдары кәсібилерге немесе клиенттерге емес алдымен өз аудиториясына қызмет етуін; әлеуметтік топтар, ұйымдар, жергілікті қауымдар ақпараттық қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін өзіндік бұқаралық коммуникация құралдарын иелену мүмкіндігін; тек кәсібилердің үлесі болуы үшін коммуникация өте маңызды саналатындықтан, нәтижесінде – бұқаралық коммуникация ұйымдарының шағын түрлері дамуын білдіреді. Кеңестік немесе социалистік модель. Бұқаралық коммуникация инстиуттарының қызметі партиялық және идеологиялық қызмет негізінде жүргізіліп, бұқаралық коммуникация құралдары жеке меншік иелеріне тиесілі болмайтындай мемлекеттік қарамағында болады, журналистердің қызметі экономика, мәдениет, адамдарды тәрбиелеу міндеттерімен бірлікте болып, ақпаратты боямалау жүйесі, жоғарыдан партиялық-мемлекеттік органдардан бұқаралық коммуникация инстиуттарына цензура және санкция орын алады. Авторитарлық модель. Бұқаралық коммуникация құралдары қызметі әрекеттегі билікті немесе орнатылған тәртіпті бұзуға әкелмеуі тиіс; бұқаралық коммуникация материалдарында үстемдіктегі билік пен моралдық құндылықтарды сынауға жол берілмеуі; цензураның болуы жоғарыда аталған қағидаттарды жүзеге асыруға қажетті саналуы; үстемдіктегі саяси жүйе мен моралдық құндылықтарға қарсы келу қылмыстық әрекет ретінде танылуы; журналистер мен басқа да кәсібилер бұқаралық коммуникация ұйымдары ішінде тәуелді саналауы тиіс. Даму моделі (үшінші әлем елдері). Бұқаралық коммуникация құралдары өз қызметінде ұлттық-мемлекеттік құрылыс мақсаттарына жетуге ықпал етуі тиіс. Сондай-ақ бұқаралық коммуникация құралдарының бостандығы экономикалық приоритеттер мен жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне байланысты шектелуі мүмкін. Ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етететін материалдарға басымдықтар беріледі. Ақпараттық хабарламаларда географиялық мәдени, саяси-экономикалық жағынан жақын дамушы елдерге басты көңіл бөлінеді. Журналистер мен басқа да бұқаралық коммуникация құралдарының кәсібилері ақпарат 73


жинауда, таратуда еркіндікте, жауапкершілікте болады. Мемлекет ұлттық даму мүддесін бұқаралық коммуникация құралдарын шектеуге және цензура жүргізу құқығын негіздеуі мүмкін. Аталған модельдердің қай-қайсы болмасын қазақстандық саяси билік пен БАҚ арасындағы қарым-қатынасты нақты айқындай алмайды, дегенмен сол аталған модельдердің бірқатарының кейбір элементтері көрініс тапқан. БАҚ бүгінде саяси шешімдерді әзірлеу, қабылдау мен жүзеге асыру, кері байланысты орнату, таңдалған саяси бағытты тұрақтандыру сияқты саяси процестердің барлық деңгейлеріне белсене қатысатын азаматтық институт ретінде пәрменділгі артып келеді. Әрине, әлем елдерінде БАҚ-тың демократиялық жаңаруларға қатысуы әр түрлі саналады. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының саяси процеске қатысуындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктері жоғарыда аталған модельдер аясында танылады. Қоғамдағы саяси процестер мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асады: - саяси жүйені құрылымдау мен негіздеу; - аталған саяси жүйеге қатысушы саяси субъектілердің құрамы мен қызметтерін белгілеу; - саяси-басқару шешімдерін қабылдау, орындау; - саяси жүйенің қызметі мен даму бағытын бақылау. Осынау саяси процестің барлық кезеңдері бұқаралық ақпарат құралдарының көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. БАҚ, керісінше, саяси институттар мен процестердің ықпалында болатындығы рас. БАҚ-тың қуатты да әлеуетті ақпараттық-коммуникативтік рөлі артып отырғаны бұрынғы кеңестік елдердің тәжірибесінде жарқын көрініс тауып отыр. Мемлекет пен БКҚ арасындағы қарым-қатынас мәселелері ресейлік бірқатар ғалымдардың еңбектерінде зерттеледі. Ресейлік ғалым М.М. Назаровтың пікірінше, бұл мәселе соңғы 20 жылда индустриалдық дамыған елдерде аса қызу талқыланып отыр [191, 73]. Шетелдік масс-медиа нарығының дамуында билік пен бұқаралық коммуникация институттары арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, АҚШ-та коммерциялық негізде жұмыс істейтін радио және телехабар тарату қызметтеріне арнайы міндеттемелер жүктелген. Байланыс жөніндегі федералдық комиссия жарғысына сәйкес бір меншік иесіне қызмет ету аймағында жетіден артық радиостанция мен телеарна иеленуге құқы жоқ. Ал Еуропадағы БКҚ қызметін билік тарапынан реттеу ХХ ғ. 80жылдарынан басталады. Ұлыбританияда газет және газет активтерінің 500 мың тиражбен бірігуі Сауда және өнеркәсіп министрлігінің арнайы рұқсатынсыз мүмкін емес. Ал Францияда жеке тұлға 10 мың данадан артық ұлттық күнделікті газеттің директорлығынан басқа ақпарат құралдарын иемдене алмайды. АҚШ, Ұлыбритания елдері тәжірибесінде бар телевизияға қатысты антимонополиялық нормалар Франция, Германия және Италия елдерінде 74


енгізілмеген. Дегенмен Франция, Италияда импорттық және ұлттық телеөнімдерге квоталар енгізілген. Сондай-ақ Францияда телевизия бюджеті жарнамадан түскен табыстың 25 пайызынан аспауы тиіс [192, 126]. Әлемнің дамыған елдерінде бұқаралық коммуникация құралдарын нарықтық және мемлекеттік реттеу мәселесі әлі де көптеген қарамақайшылықтар тудырып отырған мәселелер қатарында. Баспасөз еркіндігі идеясы негізінен қоғамда еркін пікір алмасу механизмі ретінде қарастырылады. Бұл саладағы бәсекелестік мемлекеттен тәуелсіз еркіндік ретінде индивидтердің сыртқы кедергісіз еркін ақпарат алмасуы ретінде түсіндіріледі. Бұқаралық коммуникация құралдары функциясы екіжақты процесс ретінде танылады. Міне, осындай коммерциялық БКҚ болуы бәсекелестіктің кепілі бола алады. Бұл өз кезегінде, жекелеген тұлғалардың ақпаратты таңдау қажеттіліктерін өтей алмақ. Автордың пайымдауынша, коммерциялық ақпарат құралдары бұқара көпшіліктің де, аздаған аудиторияның да қажеттілік мүдделерін орындай алады. Бұқаралық коммуникация құралдарының жеке меншік иелерінің қолында болғаны мемлекет қолдайтын күштеу нормаларынан қорғайтын еркіндікті қамтамасыз етеді деген пікірлер қалыптасып отыр. Сондай-ақ қазіргі заманғы бұқаралық-ақпараттық процесінде шоғырлану, бюрократиялану, монополияну үрдістері басымдықта келіп, ақпараттық бизнес трансұлттық корпорациялар қолында қалып отыр. ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік ақпараттық процестердің даму тенденцияларын сараптау барысында ғалымдар: «коммуникация және даму», «мәдени имперализм», «коммуникация плюрализмі» сияқты негізгі үш әдісті атап өтеді [193, 77]. Сол кезеңдері тәуелсіздігін алған жас мемлекеттердің дамуы жайындағы дебаттар батыстағы ғылыми қауымдастықтың өзекті тақырыбына айналған болатын. Осыған сәйкес «модернизация» термині пайда болды. Дамушы елдердің мәселелерін шешу жолдарын іздестіріп, түрлі нұсқалары ұсынылды. Міне, модернизациялық әдіс аясында бұқаралық коммуникация құралдарына ерекше ден қойылды. Сондықтан аталған проблематика «коммуникация және даму» атты тұтас концептуалдық кешен ретінде қарастырылды. Аталған әдісті қолдаушылар бұқаралық коммуникацияның модернизация процесіндегі мәнін былайша айқындайды [194]. Бұқаралық коммуникация құралдары ұлттық интеграцияға ықпал етеді; ішкі және халықаралық нарық байланыстарын қамтамасыз етеді; заманауи тауарлар мен қызметтерге қажеттіліктерді ынталандырады; даму қорларын шоғырландырады; тұрмыс пен салауатты өмір салты, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларында қазіргі заманғы құндылықтар мен тәсілдердің енуіне ықпал етеді. Дамыған және дамушы елдердің бұқаралық коммуникация құралдарының қуаттылғы мен мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтар тек «концептуалдық» тұрғыда емес, сондай-ақ саяси тұрғыдан қиындықтар 75


тудырды. Оның ең жарқын көрінісі «жаңа әлемдік ақпараттық тәртіп» идеясы саналды. Бұқаралық коммуникацияның әлемдік жүйесін Батыстың дамыған елдерімен бақыланады. Мәселен, әлемдік жаңалықтарды тарату американдық, батыстық Ассошиэйтед Пресс, Юнайтед Пресс интернэшнл, Нью-Йорк Таймс, Ньюс-Уик сияқты алып ақпараттық ұйымдар мен Си-БиЭс, Си-Эн-Эн, Эй-Би-Си, Эн-Би-Си сияқты жетекші тележелілермен бақыланады. Бұдан басқа батыс елдері теле- және радиобағдарламаларды өндіру мен тарату технологяларын басқара отырып, дамушы елдердің бұқаралық коммуникация ахуалына айтарлықтай ықпалын тигізуде. Сондықтан «жаңа әлемдік ақпараттық тәртіп» ұғымы 1978 ж. Халықаралық деңгейде көтеріліп, ББҰ Бас Ассамблеясы мен ЮНЕСКО Бас конференциясы құжаттарында ресми қабылданды. ЮНЕСКО-ның халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністік бұқаралық коммуникация құралдарының үлесі туралы Декларациясында дамушы елдерге ақпарат тарату мен олардан таралған ақпаратқа қатысты теңсіздікті жоюға үндеу қабылданды [195]. Соңын ала ЮНЕСКО-ның бастамасымен Халықаралық коммуникация дамуы бағдарламасы жаңа ұйымы құрылды. Батыс елдерінің зерттеушілерінің пікірінше, ақпаратты реттеудің бұл әдісі батыстық баспасөз дәстүріне – журналистердің билік пен мемлекеттік сынау еркіндігіне, түрлі көзқарастар танытуына, әлемде ақпаратты еркін таратуына қарама-қайшы келеді. «Жаңа ақпараттық тәртіп» идеясын жүзеге асыру жайындағы пікірталастар тәжірибеде күрт өзгерістерге әкелді. Соның бір мысалы, ЮНЕСКО қабылдаған резолюциядан соң АҚШ бұл ұйымның мүшелігінен шыққан болатын. 1980-99 жж. аралығында «әлемдік коммуникация плюрализмі» идеясы өріс алған болатын. Ақпараттық алмасу саласына айтарлықтай ықпал еткен маңызды тенденциялар орын алды. Мәдениет, идеология, әлеумет саласындағы саяси мәселелер екінші орынға кетіп, басты назарда – экономика мәселелері тұрды. Бұл өзгерістер тек геосаяси жағдайларға емес, сондай-ақ дамыған елдердің экономикасындағы қиыншылықтар, дамушы елдердегі өндірістің дамуына қатысты болды. Көптеген дамушы елдер таяу болашақтарын қуатты сауда-экономикалық бірлестіктер не блоктармен жалғастырғанды жөн санады. Міне, автордың пайымдауынша, дамушы елдер жайында арнайы бағдарламалар мен жаңалықтардан үкіметтік бастамаларға басымдық берілуі маңызды саналды. Мұндай бағдарламалар инвесторлар үшін елдегі саяси тұрақтылық пен экономикалық ахуал жайлы басты дереккөзі саналды. Енді дамушы елдер жайлы жағымсыз ақпараттық ағынның орнына бұл елдер әрбір индвид үшін бизнес дамуына қолайлы орта ретінде таныла бастады. Осылайша, дамушы елдердегі индустрияландыру, олардың әлемдік нарыққа енуі балама ақпарат көздерін пайдалануға сеп болды. Сондай-ақ бұқаралық коммуникация өнімдерін өндіруде дамушы елдерде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Көптеген Оңтүстік, атап айтқанда Үндістан, Мексика, 76


Бразилия, Египет елдері теле және ақпараттық өнімдер өндіруден әлемдік нарықта бәсекелестікке батыл енді. Бұл «жаһандық коммуникация плюрализмі» тұжырымдамасы батыстық біржақты ақпараттық ағын мен мәдени гегемонизмге жауап беруінің дәлелі саналды. Жалпы, «әлемдік коммуникация плюрализмі» концепциясының өзегінде тәуелсіз және белсенді түрде ақпаратты өндірушілер тұратыны мәлім. Сондай-ақ бұқаралық коммуникация құралдарының басымдығы мен тиімділігі проблемасы назардан алшақтай бермек. Соңғы жылдары бұқаралық коммуникация құралдарының онан әрі жаһандану тенденциясы дамып, әлемдік коммуникациялық мегамедиакомпаниялардың позициялары нығайып келеді. Жаһандық жаңа медиа кеңістіктің қалыптасуы аздаған экономикалық субъектілер қатысқан нарық механизмдері негізінде жүзеге асуда. Олардың қатарында Тайм Уорнер, Уолт Дисней, Сони сияқты трансұлттық корпорацияларды, бұқаралық коммуникация құралдарының жаһандық та, аймақтық та деңгейдегі медиа қатарында Би-Скай-Би, Си-Эн-Эн, Эм-Ти-Ви арналарын атауға болады. Бүгінде сауықтыру индустариясы мен телекоммуникациялық индустриясы біртұтас нарыққа айналып, трансформациялық процестер орын алуда. Автордың пікірінше, ақпараттық қоғам жағдайында шетелдік БАҚ-тағы саяси коммуникацияны зерттеуде әрбір нарықтың ерекшеліктері мен өзара ұқсастықтары және олардың даму тенденцияларын қарастыру қажет. «Батыстық» мәдени ұстанымының ерекшеліктеріне қарамастан Еуропа және Америка елдерінің, Таяу Шығыс және Азия-Тынық мұхит бассейні елдерінің ақпараттық коммуникация саласындағы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұрынғы кеңестік жүйедегі елдермен қатар дамушы елдердің бұқаралық ақпарат құралдарының даму процесінің жаһандық ақпараттық кеңістіктің жылдам өзгеруі кезеңінде қиындықтардан айналып өте алмағаны анық. Осы елдердегі қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық трансформациясы бұқаралық коммуникация құралдарының тәжірибесіне айтарлықтай ықпал етті. Әлем елдерінің түрлі әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуына қарай билік пен БАҚ, бұқаралық коммуникация және бұқара арасындағы қарым-қатынастардың әр алуандығы заңды құбылыс. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының бірінші кезекте саяси билікпен, келесі ретте сол көпшілік жұртқа бағытталған коммуникация құралдарының бұқарамен қарым-қатынасы мәселелерін қамту ауқымды зерттеуге нысан болады. Сондықтан автордың пікірінше, зерттеу жұмысында шетелдік БАҚ-тағы саяси коммуникациялық процестердің бірқатар жинақталған дәстүрлеріне тоқталып, олардың озық үлгілерін талдау қажет. Әр аймақтағы бұқаралық коммуникация құралдарының дамуы көбінде жалпы тенденциялармен айқындалса да әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері бар. Шетелдік БКҚ дамуында ерекшеліктерге тоқталсақ. 77


Еуропа және Америка елдерінің бұқаралық коммуникация құралдарының ақпараттық саясаты «батыстық» мәдени ұстанымдарына қарамастан екі бағытта дамуда: Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарының бұқаралық ақпарат құралдарын қамтитын еуропалық-құрлықтық және «арал» аймақтары деп көрсетеді ресейлік зерттеуші С. Михайлов [196]. БАҚ-тағы саяси коммуникацияның американдық-британдық әдісінің кейбір ерекшеліктерін ғалым былай деп сараптайды: «Ньюс-2000» атты ганеттік газеттер жүйесі ешбір комментарийді қажетсінбейді. Бұл басылымдар коммуникация теориясының басты талаптарына сәйкес келеді. Бұқаралық ақпараттық пирамиданың төбесі қоғамдағы қалаулы өзгерістерге бағытталса, іргесі басты қоғамдық мүддеге негізделеді. Ал сол ақпараттық пирамиданың қалған барлық элементтері сол қалаулы өзгерістірді жүзеге асыруға үндейді [197, 120]. Автордың пікірінше, аталмыш бұқаралық ақпараттық-коммуникативтік модельден байқалатыны қоғамдық пікірді билеп-төстеу теориясымен үндес келетіндігі. Өйткені аталған модельде аудиторияның көңіл-күйіне, сезіміне, эмоциясына әсер етуші барлық факторлар ескеріледі. Әрине, ганнеттік газеттер моделі, ең алдымен, американдық аудиторияға бағытталған, дегенмен оны белгілі бір модификациясын басқа да елдердің БАҚ жүйесінде қолдануға болады. Электронды БАҚ-тағы ақпараттық ағындарды реттеу саласы да ерекше маңызды саналады. Электронды БАҚ-ты реттеудің американдық жүйесінің ерекшеліктерін жүйелеп, жинақтағы ғалымдар қатарында Индиана штатының профессоры Г. Терридің еңбектерін атауға болады [198]. Билік тарапынан БАҚ-ты бақылау мен заңнамалық ұстанымдарын реттейтін басты құзіретті орган президенттік институт. Дж.Картердің бастамасымен коммерциялық департаменттің негізінде Ұлттық телекоммуникациялық агенттік құрылған болатын. Бұл құрылым президенттің радио-телехабар мәселелері жөніндегі басты кеңесшісі саналды. Нақ осы ұйым арқылы конгресс американдық қоғамдық БАҚ-қа қаржы бөледі. Штаттардағы билік федеративтік мемлекет ретінде АҚШ-тағы ең ықпалды құзіретті орган болғандықтан электронды БАҚ-қа ықпалы өте белсенді. БАҚ-тың саяси билік пен бұқараға ықпалының еуропалық-құрлықтық тәжірибесі әр келкі, өйткені мұндағы БАҚ-тың меншік иесі формалары американдық масс-медиаға қарағанда әр түрлі болып келеді. Көптеген елдерде мемлекеттің БАҚ-қа ықпалы басым саналады. Сонымен қатар аталмыш елдерде шынайы сөз бостандығы мен баспасөз бостандығын қамтамасыз ету үшін көптеген шаралар қарастырылған. Сондай тәжірибелердің бірі батыс елдерінде орын алған. Мәселен, ресми билік пен бұқаралық коммуникация құралдарымен қарым-қатынасында көптеген Батыс, атап айтқанда Австрия, Франция, Нидерланды, Норвегия сияқты елдердің үкіметі плюрализмді сақтау мақсатында қаржылық тапшылықтағы газеттерге субсидия бөледі. 78


Еуропа Кеңесінің 1970 жыл, 23 қаңтардағы кезекті Парламенттік Ассамблеясының 21 сессиясында «Бұқаралық ақпарат құралдары және адам құқы туралы декларация» қабылдады. Онда баспасөз бен басқа да бұқаралық коммуникация құралдарының жауапкершілігін қамтамасыз ету шаралары арнайы сипатталады. БАҚ өкілдерінің қоғам мен кейбір азаматтар алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ билік пен БАҚ арасындағы ақпараттық таратудағы жауапкершілік қарастырылды. Сонымен бірге аталған мәселелер бойынша баспасөзді бақылау мен қадағалау кеңес құру, кәсіби этика кодексін қабылдау сияқты шаралар қарастырылды. Еуропалық-құрлықтық және арал аймақтар арасындағы бұқаралық ақпарат құралдарының саяси коммуникациялық саясатын жүзеге асыруда бірқатар жағымды дәстүрлер қатарында түрлі көзқарастар мен әдістердің көптігін және де сол дәстүрлердің бір-бірімен үйлесімдігін атауға болады. Бұған Солтүстік Еуропа елдері мен АҚШ-тың масс-медиалық тәжірибесін қарастырсақ. Бұқараға саяси хабарлама мен ақпаратты жеткізуде ең басты ұстанымдары жаңалық пен дерек саналатын АҚШ және Ұлыбританиялық БАҚ-тың қалыптасқан дәстүрі саналады. Дегенмен «төңкерілген пирамида» принципі әр уақыт қолданыла бермейді. Мәселен, еуропалық «Свенска дагбладет» газетінің тәжірибесі көрсеткендей, әрбір саяси ақпаратттық талдамалық материал авторы тек аты-жөнімен емес, сондай-ақ электронды мекен-жайымен жарияланып тұрады. Бұл саяси ақпараттық коммуникациялық процестегі адресатқа, яғни аудиториға таралатын хабарламалар жайында қосымша мәлімет алу қажеттігінен туындаған әдіс. Келесі бір принцип – жарнаманы ақпараттан бөлектеу саналады. Яғни скандинавиялық басылымдардың тәжірибесі көрсеткендей, саяси жарнамада «жасырын комментарий» мен «жылдам комментарий» аталатын технологиялар пайдаланылады. Шетелдік БАҚ-тағы саяси коммуникацияның тәжірибелері қатарында Шығыс және Орталық Еуропа елдері мен бұрынғы кеңестік елдердің бұқаралық ақпарат құралдарына тән. Әсіресе, соңғы жиырма жыл көлемінде ТМД елдерінің бұқаралық саяси коммуникация тәжірибесінде ірі өзгерістер орын алғаны мәлім. Бұл өзгерістер тек БАҚ-тың саяси ұстанатын бағыты емес, сондай-ақ ақпараттық ағынды реттеудің формалары мен әдістерінен де байқалды. Автордың пайымдауынша, бұрынғы кеңестік елдерде билік пен БАҚ және бұқара қарым-қатынасы әдістеріне қатысты түрлі процестердің шоғырлануы байқалды. Бұл өзгерістер БАҚ мемлекеттен бөлініп, жекешеленуі мен ондағы саяси ақпараттар мен хабарламалардың түрліше бағытта ұстануынан деуге болады. 1990 жылдардың басында Ұлыбританиядағы ақпараттықкоммуникативтік процестегі жаға тенденция елдегі спутниктік телевизияның белсенді дамуына қатысты болды. Осы кезде 300 мыннан астам көрермені бар 79


кабелдік телевизия үшін дағдарыс жағдайы туындады. Дегенмен 2000 ж. кабельдік телевизия британдықтардың 90%-ның үйлері мен пәтерлерінде қолданыста болды [199, 96]. Ағылшындық масс-медиа мен биліктің қарым-қатынасы тәжірибесінде телевизияның айтарлықтай рөлі бар. 1990 жж. британдық телевизия нарығындағы мемлекеттік ақпараттық саясат пен жаңалықтарды жариялауда бәсекелестік пен монополизацияның дамуы басты тенденциялардың қатарында саналды. Енді электрондық ақпараттық кеңістіктегі ең белді саналатын Би-Би-Симен коммерциялық, сондай-ақ спутниктік, кабельдік және эфирлік телевизия да бәсекелестік алаңына шыға бастады. Американдық БАҚ-тың да, батыстық БАҚ-тың да даму тенденциялары ұқсас келеді деп атап өтеді ғалымдар. Мәселен, бұл ұқсастықтар іскери және жедел ақпараттардың компьютерлік желіге тартылуынан, жарияланымдар арасында сараптаулар, комментарийлер мен болжаулардың үлесінің артуынан, дербес журналистикаға сенімнің ұлғаюынан, жанрлық көптүрлі баспасөзге деген сұраныстың өзгеруінен байқалады [200]. Соңғы жылдары Азия-Тынық мұхит аймағындағы бұқаралық ақпарат құралдарының қарқынды даму процесі байқалуда. Бұқаралық коммуникация саласы әлемдік ақпараттық кеңістіктегі жетекші елдердің тәжірибесін қолдануда. Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары мазмұндық жағынан американдық тәжірибеге жақын «вестернизация» кезеңін өткерді. Енді бұқаралық масс-медиада жаңа жанр – пікірталас пайда болды. Шығыс елдерінің дәстүріне қайшы келер моральдық-этикалық ережелерге бағынбайтын пікірталас енді БАҚ-тың басты тақырыбына айналды. Аймақтағы барлық елдер жаңа озық технологияларды бұқаралық коммуникация салаларына енгізе бастады. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат кеңістігін мемлекеттік реттеу процесі күшейе түсті [201]. Біздің пайымдауымыз бойынша, Азия-Тынық мұхит аймағындағы әрбір мемлекетте аталған процестер әр қалай жүзеге асуда. Дегенмен олардың басты бағыты – қоғамдағы демократизация және модернизация процесі мемлекеттің БАҚ-тағы рөлі артуымен қатарлас жүргізілуі болды. Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде бұқаралық коммуникация құралдарының дамуы күрделі сыртқы саяси проблемалардың реттеуге, қоғамдық өмірдің демократиялануына, тұрғындар сауаттылығын арттыруға, заңнамалық базаны жетілдіруге қатысты саналады. Саясаттағы ең өткір мәселелердің қатарында араб бірлігі, араб-израиль қарым-қатынасы, Ирандағы ислам революциясы мен оның салдары, Солтүстік-Батыс Африка елдеріндегі саяси жағдайларды реттеу, Шығыс елдері әйелдерінің ахуалы сияқты проблемалар саналды. БАҚ-тың исламдануы бұқаралық коммуникация мамандары мен саяси қайраткерлердің басты назарында болды [202]. Автордың ойынша, бұқаралық коммуникация кеңістігіндегі аталған тенденциялар таяу шығыстық БАҚ-тың қоғамның демократиялануы мен 80


одан әрі модернизациялануы үшін айтарлықтай қиындықтар тудырғаны рас. Дегенмен жаңа мыңжылдықтың қарсаңында Таяу Шығыс елдерінің электронды ақпарат құралдары өте пәрменді де ықпалды даму тенденециясы байқалды. Шетелдік бұқаралық коммуникация саласындағы ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан ерекшеленетін Африка елдерінің масс-медиа нарығын атауға болады. Жергілікті тілдер мен диалектілердің сан алуандығы Африка құрлығындағы елдердің бұқаралық ақпарат құралдарының алдына күрделі міндеттерді қойып отыр. Бұл мәселелер ұлттардың өзіндік саяси мәдениетін сақтай отырып, олардың бірлігі мен ынтымақтастығын күн тәртібіне қоюда. Әсіресе, африкалық елдердің билігі тарапынан бұқараға арналған саяси үндеулер мен хабарламаларды түрлі тілдік және диалектік ерекшеліктер ақпараттық-коммуникациялық кедергілерді туындатуда [203]. Тропикалық Африкада Сахарадан Оңтүстікке қарай елдердің бұқаралық коммуникация құралдарының дамуы коммуникациялық инфрақұрылымның әлсіздігі, экономикалық артта қалу, әлеуметтік-саяси процестер мен БАҚ құрылымының кенжелеуімен айқындалады. Аймақтағы газет-журнал технологиясының дамуына елдегі бұқара халықтың сауатсыздығы мен жергілікті халықтың көптілділігі кедергі келтірген басты фактор саналады. Мұндағы баспасөздың жарық көруі мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынған. Африкалық құрлықтағы радио жергілікті тілдерде хабар таратуын азайтқанымен жылдам қарқынмен дамып отыр. Телевизия және компьютерлік технология әлі де болса элитарлық коммуникация құралдары ретінде бұқараға қолжетімді болмауда. Біздің ойымызша, бұқаралық коммуникация саласындағы ақпарат пен хабарлама таратудағы бұл тенденциялар әлемнің дамушы елдеріне де тән, сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік саладағы өзгерістер биліктің БАҚ-пен байланысына да айтарлықтай ықпалы болатындығы сөзсіз. Әсіресе, бұл қарым-қатынастың қоғамды демократияландыру процесінде маңыздылығы қаншалықты болса, оны жүзеге асыру механизмдері де соншалықты маңызды. Әлемдегі түрлі аймақтар мен елдердегі бұқаралық коммуникация нарығының дамуы, билікпен қарым-қатынасының қалыптасқан дәстүрлері саяси байланыстардың дамуына, мәдениет пен өркениеттің одан әрі өркендеуіне ықпалы сөзсіз. Қазіргі заманғы БКҚ мен жаһандық ақпараттық кеңістіктің динамикалық дамуы әлемнің дамыған елдерімен қатар дамушы елдердің де барлығына ықпалы болып отыр. Бұл әсіресе, саяси қарым-қатынастар мен экономикалық интеграциялық процестер барысында БКҚ алдына күрделі міндеттер қояды. Баспасөз, радио және телевизия, мультимедиа, компьютерлік желілер барлық елдер мен құрлықтарды жақындатқан БКҚ арналарына айналды. Әлем елдеріндегі ақпараттық ағындар қоғамдағы саяси процестерді басқаратын әлеуетті күш саналады. Әрине, саяси билікке ұмтылған топтар үшін ақпараттық ағындарды басқару қажеттігі туындайды. Сонымен қатар, ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау бизнесі қатаң ережелерге бағындырылып 81


отырғаны рас. БАҚ арқылы мемлекет, саяси партиялар мен саяси қайраткерлердің жағымды имидж, қоғамдық пікір қалыптастыру, бұқараның сеніміне ие болу, азаматтардың саяси мәдениетін арттыру және т.б. факторларға тікелей ықпал етерлік алып ақпараттық-коммуникациялық құрылым саналады. ХХ ғ. соңында БАҚ саласында технологиялық процестер мен оларды басқару әдістеріне қатысты революциялық өзгерістер болғаны рас. Бұл қоғамдағы саяси ақпараттық-коммуникативтік процестердің барлық кезеңдеріне ықпал етуде. Мәселен, саяси ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, таратуда жаңа технологиялардың иннновациялық жаңаруы БКҚ секторына мүлдем жаңа мүмкіндіктер берді. БАҚ теориясын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, бүгінде мемлекет пен бұқара арасында қарым-қатынастарды жақсарту, жетілдіру бағытында БКҚ нарығымен қоса саяси процестерге қатысушы субъектілерге таратылатын медиаөнім де өзгеруде. Қазіргі заманғы БКҚ интерактивтілігімен қоса, мультимедиалық сипатта дамуда [204,9-10]. Мәліметтер мен ақпараттарды шекаралық тасымалдау мен оларға қатысты халықаралық проблемалар, виртуальдық кеңістік, осы процестердің бұқаралық аудиторияға ықпал ету мүмкіндігі бүгінде зерттеушілердің басты назарында. Шетелдік БАҚ пен мемлекет қарым-қатынасында түрлі процестер орын алғанымен, оның даму бағыттарында жаңа үрдістер саналатын ортақ үйлесімдік пен ұлттық ерекшеліктер сақталуда. БКҚ нарығының жылдам жекешеленуі, жаңа техникалар мен технологиялардың енгізілуі Шығыс және Еуропа, посткеңестік елдердің бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа міндеттер қойды. Дамушы елдердегі модернизациялық процестер түрлі формада жүзеге асып отыр. Нәтижесінде бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялық процеске, оларды мемлекеттік идеологиялық саясатына айтарлықтай ықпалы артуда. БКҚ саяси позициясына ерекше мән берілуі бұқаралық коммуникация арнасы ретінде деңгейі артуымен, сондай-ақ БАҚ-тың түрлі саяси институттармен қарым-қатынасының белсенді дамуымен айқындауға болады. Бұл өз кезегінде, БАҚ-тың дамуымен, саяси-коммуникациялық процестердің белсендігі артуымен сипатталады. Масс-медиа адам өмірі мен қоғамның, саяси билік пен саясат субъектілері арасындағы байланыстарда ерекше маңызды саналады. Сондайақ бұқаралық коммуникациялық институт ретінде БАҚ саяси процестерге, адамның саяси өміріне әсері де соншалықты артып отыр. Бірқатар шетелдерде БАҚ-тың саясат саласындағы позициясы нығаюы мен дамуы сол елдердегі мемлекеттік жүйелердің демократияландыру және плюрализм процестеріне қатысты. Шетелдік БАҚ тәжірибесі көрсеткендей, жаһандық ақпараттық кеңістікте ұлттық бұқаралық арналардың табысты дамуының дәлелі. Әлем елдеріндегі саяси ақпараттық-коммуникациялық даму үрдістерінің кейбір ерекшеліктерін атасақ. Американдық, еуропалық бұқаралық ақпарат 82


құралдары нарығында дамып отырған басты үрдістердің қатарында іскери, маңызды, саяси ақпараттардың жедел түрде виртуалдық кеңістікте таралуы, мерзімді басылымдар мен электрондық БАҚ-тағы саяси талдау, саяси болжамның дербес журналистикаға қарай ойысуы саналады. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық қарымқатынастардың озық тәжірибелерін қабылдай отырып, (атап айтқанда АҚШ бұл салада алдыңғы қатарлы елдердің бірінен саналады) саясикоммуникативтік қарым-қатынастардың бұрынғы форматтарын өзгерте бастады. Қытай, Тайвань, Жапония және Оңтүстік Корея сияқты елдердің бұқаралық коммуникация арналары саяси-ақпараттық коммуникативтік процестерді жүзеге асыруда американдық типтегі «вестерндік» кезеңді бастан өткерді. Енді билік саясататын бұқаралық коммуникация құралдары арқылы жариялауда: пікірсайыстар, дебаттар сияқты жаңа формаларды енгізіп, аталған елдердің мәдени дәстүрлерін, моральдық-этикалық ережелерін өзгертті. Атлаған аймақтағы елдердің барлығы да жаңаша технологияны батыл енгізіп, БКҚ секторын мемлекеттік реттеу күшейе түсуде. Ресейлік ғалым С.А. Михайловтың зерттеулерінде, Азия-тынықмұхит өңірлердегі елдердің әрбірінде аталмыш процесс түрліше сипат алуда. Дегенмен аталған аймақтағы демократизация және модернизация процестері БАҚ дамуындағы мемлекеттің рөлі артуымен ортақ бағытта жүзеге асып отырғаны аталады [205, 207]. Қай мемлекетте болмасын, парламенттік не болмаса демократияның басқа да формалары мен әдістерінің орын алуы әлі де болса алдағы уақытта ғылыми тұрғыда қарастыруды қажет етеді. Жалпы, билік пен БАҚ арасындағы ақпараттық-коммуникативтік қарым-қатынастардың әлемдік және ұлттық тәжірибелері көп қырлы да сан салалы. Әсіресе, аталған американдық және еуропалық тәжірибелер әлемдегі дамушы елдер, Шығыс және Орталық Еуропа, Орталық Азия елдеріндегі аталмыш процестерге ықпалы артып отырғаны анық. Сондай саяси процестердің қатарында жиі аталатыны сайлау процестері болып отыр. Сайлау – демократияның ажырамас атрибуты саналады. Сайлаусыз өкілетті органдардың қалыптасуы, азаматтардың дауыс беруі, референдумдар мен жалпыхалықтық талқылаулар, қоғамдық тыңдаулардың болуы да мүмкін емес. Нақ осы аталған саяси процестер ақпараттық-коммуникативтік қоғам жағдайында БАҚ-тың сайлау науқандарына белсенді қатысуын, тұрғындардың сайлау құқығын жүзеге асыруына ықпал етуін қамтамасыз етеді. Әрине, БАҚ-тың электоралдық процестерге қатысу деңгейі сол елдегі әрекеттегі сайлау жүйесіне қатысты. Бірқатар елдерде сайлауға қатысуда кейбір ценздер қойылады: мәселен, олардың қатарында, мүлік, білім беру, нәсілдік, тұрғылықты мекені, тілдік т.б. сияқты ценздер бар. Барлық аталған ценздер өз кезегінде, сайлау процестері мен оның нәтижелерін билеп-төстеуден туындайды. Іс жүзінде барлық 83


елдерде өкілетті мекемелерге бүкіл азаматтардың сайлау құқығы және сайлану құқығы теңдей. Сайлау науқандары басталған сәттен барлық үміткерлердің бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімдігі мәселесі тұрады. Үміткердің басқаларға қарағанда БКҚ арналарына қолжетімдігіне басымдығы танылса, онда оның үміттенетін қызметіне сайлану мүмкіндігі де жоғары болмақ. Қазақстандық ғалымдар Л.С. Ахметова мен В.К. Григорьевтің пікірінше, ақпараттық технологиялар баспасөзді, электрондық БАҚ-ты үлкен саясат құралына айналдырады, партиялар мен тұтас алғанда қоғам арасындағы қарым-қатынастардың арналарына айналады [206, 153]. Көптеген елдерде үміткерлердің мерзімдік, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімдігі заң аясында, заңнамалық актілерде лигитимдігін бекітілген. Бұл заң актілері үміткерлердің сайлауалды идеялары, платфорларымен сайлаушыларды таныстыруда, дауыс беру тәртібі мен процедуралары т.б. сияқты процестерді түсіндіруге БАҚ-қа міндеттер жүктейді. Әр елдегі саяси сайлау науқандарында БАҚ тәжірибесі ондағы сол бұқаралық арналардың меншік иелері формаларына, ақпараттық саясатына, саяси ұстанымдарына тікелей қатысты. БАҚ-тың меншік иелеріне қарамастан сайлау науқандары процесіне саяси шолушылар, саяси кеңесшілердің, журналистердің қатысуына этикалық нормалар мен ережелерді сақтауға қойылар талаптар өзгермейді. Қоғамдағы саяси коммуникативтік ақпараттың мазмұны көбінде сол ақпаратты иемденуші мнополиялық құрылымдар айқындайды. Қазіргі заманғы БАҚ құрылықтарға таралған қуатты коммуникациялық желілер ретінде биліктің қолындағы аса икемді құралға айналуда және басқарушы топ БАҚ-ты бұқараны идеологиялық өңдеуде, мемлекеттің саяси бағытын қолдауда пайдалануда. Ақпараттық дамыған елдерде баспа концерндері мен газет трестері, басқа да бірлестіктер меншігіндегі аса ірі БАҚ қорлары саяси элитарлық топтар мен қаржы-өнеркәсіптік топтардың қолдарында болуы саяси ақпараттықкоммуникативтік процестерге ықпалдығын арттыра түспек. Соңғы жылдары үкіметтік билік органдарының қызметі БАҚ-тың бағдары мен ықпал етуіне айтарлықтай рөл атқаруда. Бұл президенттік, үкіметтік, парламенттік баспасөз-қызметтерінің баспасөз-концеренцияларын, баспасөз-баяны ретінде жариялауға жіберілетін материалдар, пайдалы ақпараттың «таралуын», сондай-ақ «паблик рилешнз кеңсесі» қызметін ұйымдастыру саналады. Толықтай халық билігін қамтамасыз етуде кешенді түрде демократиялық құндылықтарды жүзеге асыруда баспасөз бостандығы аса ерекше рөл атқарады. Саяси билікті жаулап алу немесе сақтауға мүдделілер әлеуметтік топтар мен тұрғындар біркелкі емес қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарын бақылау деңгейі де арта түспек. Бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдарына ерекше мән берілетін, әсіресе сайлау науқандарында қолданылатын түрлі сипаттағы саяси 84


технологиялардың әзірленуі мен белсенді қолданылуы үрдісі басымдықта болып отыр. Қарама-қарсы топтардың БАҚ-ты шынайы әділ мақсаттан басқа (саяси дебаттар ережесін, бірқатар елдерде ресми қабылданған этикалық нормалар мен кодекстерді сақтауда, мерзімдік және электрондық БАҚ-ты бақылауда т.б.) «лас» PR-технологияларды, БАҚ өкілдеріне көрсетілетін қысымды, «әкімшілік ресурстарды» қолданылады. Көптеген шетелдерде бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдарын геосаяси мақсатттарына (АҚШ-тың Ирак, Ауғанстан, Иран тб. елдерге қарсы насихаттық науқандары) жетуде, сонымен қатар басқарушылардың мүддесі тарапынан мемлекеттің ішкі саясатын жүргізуде саналы түрде пайдалануда. Бүгінгі халықаралық қарым-қатынастар мен диалог аясында адам құқығы мен еркіндігі проблемаларына, халықаралық ақпараттық алмасу ережелеріне, БАҚ-қа қатысты ішкі саяси процестерде халықаралық ақпараттық алмасулар кеңінен пайдаланылып, сонымен қатар халықаралық деңгейде ақпараттық күрес құралдарына айналуда. Ақпаратқа қоғамдық қажеттілікті БАҚ нақты елдің белгілі тарихи дамуына қатысты деңгейде, көлемде қанағаттандыра алады. Саяси ақпараттық-коммуникативтік процестердің әлемдік даму үрдістерін талдау ақпараттың жаһандануы сол ақпараттың таралуы жөніндегі әлемдік қауымдастықтың стратегиясын қайта қарастыруды, модернизациялауды талап етті. Жаһандық ақпараттың «аймақтық мүддемен» үйлесуі қоғамдық пікірді қалыпастыру мен бұқараны билеу тұрғысынан алғанда БАҚ-ты әрекетті, әлеуетті де пәрменді ете түсті. Алдағы уақытта ақпараттық «бай» және ақпараттық «кедей» мемлекеттер арасындағы алшақтықтардың ұлғая түсуі адамның сөз бостандығы, баспасөз бостандығы сияқты басты құқықтары мен бостандықтарына қатерін арттырады. БАҚ-тың дифференциациясы мен мамандануы ақпараттықкоммуникативтік қорларды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндіктер береді. Шетелдердегі БАҚ-тың мемлекетпен қарым-қатынасындағы өзгерістердің мынадай бағыттарын атауға болады: халықтық, тұтынушылық, зерттеу және іздестіру және т.б. Әрине, аталған бағыттар мемлекеттің ақпараттық саясатын жариялауда БАҚ-тың пәрменділігін арттырары сөсзі. Сонымен қатар аталған өзгерістер күн санап қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік нарық талыптарын айқындайды. Ғылым мен техниканың серпінді дамуы қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдарына, ақпараттық-коммуникативтік процестерді орындаушы коммуникаторлардың, саяси коммуникативтік процестерді жүзеге асырушы шығармашылық топтар: журналистердің, саяси технологтардың, саяси кеңесшілердің, имиджмейкерлердің т.б. қызметтеріне, жұмыс істеу әдістері мен форматтарына айтарлықтай ықпал етуде. Мемлекеттің инновациялық және стратегиялық саясатын айқындауда БАҚ-тың рөлі артып келеді. Ғылым мен техниканың дамуы ақпаратты 85


жинауда, өңдеуде, сақтауда және тартауда барынша жаңа әрі жетілдірілген құрылғыларды жасауда аса жылдам өзгерістерге әкелуде. Бұл өзгерістер, алдымен, салдарын болжау қиынға түсетін әлеуметтік өзгерістерді тудырады. Мұндай жағдайда бұқаралық комуникация құралдарының одан әрі дамуына ықпал етуші және жағымсыз әлеуметтік салдарының (жоғары технологиялық процестер нәтижесінде болған жұмыссыздық, ақпараттық қамқорлық т.б.) алдын алуда мемлекеттің инновациялық, заңнамалық саясаты мен басқа да әдістерінің рөлі артады. Аталған бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдарының әлемдегі үрдістерінен байқалғаны, жаһандық ақпараттық кеңістік жағдайында БАҚтың қызмет етуіндегі құқық, мемлекеттік бақылау және т.б. мәселелер қиындықтар тудыруда. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникативтік процестерді реттеудегі кейбір мемлекеттердің тәжірибесі халықаралық құқықтың дамуына, халықаралық не жергілікті деңгейде жаңа нормалар, міндеттемелердің пайда болуына ықпал етті. Бұлардың қатарында ЮСАИД және IREX-тің Бұқаралық ақпарат құралдары тұрақтылығы индексі, ЕҚЫҰ-ның ақпараттық ашықтық және БАҚ бостандығы жөніндегі халықаралық стандарттарын т.б. атауға болады. Ақпараттық ағындарды реттеу БАҚ-қа бостандық пен жеңілдік ұсынылатын реттеу жүйесі тыңғылықты зерттеліп, әзірленген жағдайда, сондай-ақ БАҚ секторы әлсіз дамыған елдерде медиаменеджмент дамуына әкімшілік ресурстарды жұмылдырған жағдайда қол жеткізуге болады. Сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы, БАҚ өкілдерінің кәсіби мүдделерін қорғайтын халықаралық журналистік ұйымдар, форумдар мен саммиттер қатарында халықаралық деңгейдегі АҚШ-тағы NFP - Ұлттық баспасөз қоры, Әйелдерге арналған Жаһандық Ньюс-Медиа желісі, Сөз бостандығы жөніндегі әлемдік форум, ұлттық деңгейдегі «Әділ сөз» қоғамдық қорын т.б. көптеген ұйымдарды, шараларды атауға болады. Әлемнің түрлі елдері мен аймақтарындағы бұқаралық ақпарат және коммуникация өкілдеріне тән шығармашылық ізденістері әлем елдеріндегі саяси мәдениетті байыта түседі. Ал американдық мәдени құндылықтардың ортақтану үрдісі бірқатар елдерде қолдау таппай отыр. Атап айтқанда, бұл сол саяси коммуникативтік процестерді жүзеге асырушы шығармашыл топтардың дәстүрлі жанрларда, кәсіби ережелерді ұстануынан деуге болады. Шетелдік БАҚ-тың саяси билікпен қарым-қатынасы дамуында, саяси ақпараттық-коммуникативтік үрдістердің белсенуіне ықпал етуші факторларды айқындауда ресейлік зерттеуші С.А. Михайлов бірқатар ұсыныстар келтіреді [207, 227]. Біздің ойымызша, олардың қатарында мынадай факторлар маңызды саналады. Шетелдердегі қазіргі заманғы БАҚ дамуының теориялары мен концепциялары қай елдегі болмасын саяси билік пен БКҚ арналары арасындағы ақпараттық-коммуникативтік процестерді талдауға мүмкіндік береді. 86


Ақпараттық-коммуникативік процестердің дамуы саяси институт ретінде БАҚ-тың қандай да бір мемлекетте болмасын саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайлармен тығыз байланысты. Саяси коммуникативтік процестердің дамуы, модернизациялануы БАҚ қызметі дамуында нақты болжамдар жасауға мүмкіндік туғызады. Автордың пайымдауынша, БКҚ арналарының саяси институт және саяси процестердің белсенді қатысушысы ретінде мынадай мәселелер мен қатар оларды реттеу механизмдерін атап өтуге болады. БАҚ-тың демократиялық құндылықтарға негізделген саяси позициясы мен мәдениеті қалыптаспай, азаматтардың саяси мәдениеті, санасы, таңдауы, белсендігі сияқты маңызды саяси позициялары қалыптасуы мүмкін емес. Сондықтан қоғамдағы демократиялық, моральдық, этикалық құндылықтар тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдарының даму приоритетін анықтау өте қажет. Мұның мысалы ретінде әлем елдеріндегі БАҚ-тың этикалық кодекстері, сайлауалды науқандарындағы БАҚ өкілдерінің бірлескен меморандумдарын, ЮНЕСКО секілді халықаралық ұйымдардың коммуникация дамуы бағдарламаларын атауға болады. БАҚ тәжірибесіне жаңаша техника мен технологиялардың енгізілуі ақпараттық-коммуникативтік процестердің кәсіби, жылдам жүзеге асуына ықпалы артып, мемлекеттің жаһандық ақпараттық кеңістіктің басты ойыншсы ретінде танылуына мүмкіндік бермек. Билік құрылымдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен қарымқатынасының пәрменділігі мен үйлесімінде билік БАҚ-ты қатаң бақыламаса, ал керісінше, бұқаралық ақпарат құралдары конструктивті идеяларымен қолдау көрсетсе ғана саяси коммуникациялық диалогтың шынайы жүзеге асқаны. Бұқараның БАҚ және билік құрылымдарына сеніміне кері әсерін тигізетін көбінде саяси сайлау науқандары алдында кейбір БАҚ өкілдері мен саяси технологтар жиі пайдаланатын «лас» технологияларға кедергі келтіретін мехнизмдерді әзірлеу қажет. Әлем елдеріндегі, түрлі аймақтардағы қазіргі заманғы ақпараттықкоммуникативтік процестердің озық тәжірибелерін тиімді қолдану саяси биліктің БАҚ-пен жұмысында жаңа әдістер мен технологияларды әзірлеуіне, жылдам жүзеге асуына мүмкіндіктер береді. Аталған мемлекеттік PR қызметі саласындағы саяси консалтинг, саяси бренд, саяси имидж, тіпті саяси нейминг, саяси билдинг сияқты жаңаша бағыттардың кәсіби дамуында маңызы болмақ. Өркениетті елдердің барлығында демократиялық қағидаттардың саяси процестерге енгізілуі сол елдердің саяси жүйесі мен геосаяси ахуалына тәуелді екендігі белгілі. Тіпті монархиялық қоғам қатарындағы елдер де саяси даму процесінде демократия құндылықтарын ескеруде. Сондықтан шетелдік, отандық ғалымдардың парламенттік демократия және баспасөз бостандығы, монархия және бұқаралық коммуникация қарым-қатынасы, теократия және 87


халық билігі арасындағы масс-медиа қызметі жайлы зерттеулері қызу пікірталас тудырып отырғаны рас. Бұрынғы кеңестік одақ құрамындағы Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі бұқаралық коммуникация құралдарының даму үрдістері, редакцияның ақпараттық саясаты, масс-медиа кеңістігін мемлекеттік бақылау мәселелері бүгінде халықаралық қауымдастықтың ерекше назарында. Сондай зерттеулердің қатарында USAID – АҚШ-тың Халықаралық Даму жөніндегі агентігі мен IREX – тәуелсіз БАҚ пен Интернет дамуына маманданған халықаралық үкіметтік емес ұйымы жыл сайын БАҚ тұрақтылығы индексін (Media Sustainbility Index) айқындап отырады. Аталған ұйымдардың 2007 жылғы сараптамалық зерттеулері Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі БКҚ дамуы, тұрақтылығы, мәселелеріне арналған. Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, аталған аймақтағы БКҚ дамуы соңғы алты жылда айтарлықтай дамып отыр. Әсіресе, бұл жаңалықтар мен ақпараттарды кәсіби жариялаудағы тәуелсіздік тұрғысынан алғанда оң қадам. «Түрлі-түсті революция» алдында, сондай-ақ қызған шағында бұл аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының бағыты мен мазмұны күрт өзгерді. Еуроодаққа енген Болгария мен Румыния, кейіннен одаққа үміткер болған Хорватия мен Македония елдері үшін БАҚ туралы жаңа заң қабылдау қажет болды. Бұл жағдайлар аталған елдердің үкіметтері алдына БАҚ қызметін зерттеу, журналистер мен медиа меншік иелеріне қысым көрсетпеу мәселелерін ұсынды. Бұрынғы Кеңестік елдерінде БАҚ тұрақтылығын бағалау да түрлі тенденциялар кездесті. Өйткені демократиялық даму жолындағы посткеңестік елдердегі бұрынғы авторитарлық жүйе тек бұқаралық коммуникация құралдарын емес, сондай-ақ тұтас қоғамды бақылаудан арыла қоймады. БАҚ-тың саяси және экономикалық көрсеткіштері бойынша тұрақтылық индекстері Белорусия, Молдова, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанда төмендеу себебі осы аталған факторлармен түсіндіріледі. Белорусия, Өзбекстан және Қазақстан Республикаларында мемлекеттік бақылау қатаң жүргізілгендіктен БАҚ секторының нығаюына айтарлықтай орта қалыптаса қоймады. Дегенмен Қазақстандағы БАҚ төңірегінде шоғырланған кәсібилердің аздаған тобы БАҚ тәуелсіздігі үшін күресуде деген сараптауларды келтіреді жобаға қатысқандар [208]. Автордың пайымдауынша, халықаралық ұйымдар жүргізген тәуелсіз зерттеулердің нәтижесі осы аталған аймақтарда тәуелсіз БАҚ секторының дамуына ықпал етерлік, посткеңестік және соған көрші орналасқан елдердегі демократиялық қоғамның дамуында, сондай-ақ жаңа модернизациялық даму жолына түскен мемлекеттердің бұқаралық коммуникация саласында ақпараттық саясатын стратегиялық мақсатта жүргізуіне ықпал етері, бағдар берері сөзсіз. Шетелдік БКҚ нарығында билікпен қарым-қатынастың келесі бір тенденциясы – қоғамдық телеарналардың дамуы. ЮНЕСКО-ның жыл 88


сайынғы «Қоғамдық хабар тарату қызметі: құқықтық салыстармалы зерттеулерінде» билік пен қоғамдық арналардың қарым-қатынас мәселелері ерекше аталады. Қоғамдық хабар тарату концепциясы 3 түрлі қағидатқа негізделеді. Олардың біріншісі, қоғамдық хабар тарату қызметінің тәуелсіз плюралистік әкімшілік кеңесі сияқты құрылымдардың тәуелсіздікті кепіл етуі саналады. Келесіден, қоғамдық хабар тарату тұрғындардың мүддесі мен қажеттіліктерін қанағаттанарлық кепілдендірілген қаржыландыру көздерінің болуы, соңғысы, қоғамдық хабар тарату қызметтері қоғамның алдында, әсіресе, қоғамдық қорларды жүзеге асыруда алдағы міндеттерін орындауда есепті саналады. ЮНЕСКО-ның 19 бап бағдарламасының жетекшісі Т. Мендельдің жүргізген салыстырмалы зерттеулерінде қоғамдық хабар тарату қызметі желілері қалыптасқан әлемдік ақпараттық кеңістікке танымал арналардың тәжірибесі қарастырылады. Солардың қатарында Австралия, Канада, Франция, Жапония, Оңтүстік Африка және Ұлыбритания елдерінің қоғамдық арна қызметтерінің құқықтық және ұйымдастырушылық параметрлерімен қатар, олардың ресми билікпен қарым-қатынас мәселелері аталады. Мәселен, «Қоғамдық хабар тарату қызметтерін салыстыру матрицасында» арналардың тәуелсіздігі, басқаратын кеңес, есеп беру механизмдері, қоғамдық қызметтің мандаты, шағымдармен жұмыс механизмдері аталған 6 мемлекеттегі қоғамдық коммуникациялық арналар тәжірибесінде салыстырылады [209]. Мәселен, австралиялық Эй-Би-Сидің қоғамдық қызметі оның тәуелсіздігі мен тұтыстығын сақтау, шынайы және боямасыз жаңалықтармен қамтамасыз ету болып табылады. Канадалық қоғамдық хабар тарату қызметі кәсіби дамуға басты назар аударса, Жапонияның, Францияның қоғамдық арналары өздерінің жарғыларына сәйкес медиаменеджмент талаптарын орындау саналады. Біздің ойымызша, БКҚ дамуында түрлі тенденциялар мен қызықты дәстүрлер қатар келген Африка құрылығында қоғамдық хабар тарату қызметі бүгінде басты сенімді ақпарат арнасына айналуда. Оңтүстік Африкадағы қоғамдық хабар тарату қызметінің басты ұстанымы – тәуелсіздігі мен бостандығы. Біріккен Корольдік еліндегі Би-Би-Си қоғамдық хабар тарату арнасының басты міндеттері қатарында кәсібилік қағидаты басты назарда. Әлемдік қоғамдық хабар тарату нарығының басты қатысушыларының саяси биліктен тәуелсіз болуы ондағы жаңалықтар мен ақпараттар ағынының объективтілігінің кепілі ретінде қарастырған жөн. Саяси билік пен парламенттік жаңалықтар аталған қоғамдық қызметтердің басты тақырыптардың біріне айналуы да бұқаралық коммуникацияның саяси процестермен астарлас, қатарлас өрбіп отыратындығының дәлелі саналады. Мәселен, австралиялық қоғамдық арнаның тәуелсіз жаңалықтар мен ақпараттар қызметі билік саясаты мен парламенттің қос палатасы қызметін тұрақты жариялап отырады. Канадалық тәжірибеге сүйенсек, барлық 89


канадалықтар үшін жоғары сапалы ақпарат тарату болса, франциялық арнаның саясаты белсендірек. Парламенттік дебаттардан, мәжілістерден, саяси партиялар мен одақтардан, кәсіби ұйымдар мен саяси бағдарламалардан трансляция жүргізуі Франция қоғамдық арнасының басты назарында. Жапондық қоғамдық ақпарат тарату тәжірибесінің ерекшелігі де саяси боямасыз, шынайы ақпарат тарату мен қарама-қайшы мәселелерді түрлі көзқарастар тұрғысынан беру. Ағылшындық Би-Би-Сидің ақпараттық саясаты беделді, боямасыз жаңалықтар таратумен қатар, британиялық Парламенттің қос палатасы мәжілісінен күнделіткі трансляция жүргізу саналады. Шетелдік масс-медианың саяси билікпен қарым-қатынасы мәселелерін қорытындылай келе, мынадай тұжырымдарға келдік: Бүгінде іскери және жедел ақпараттардың Интернет желісіне тартылуы, сараптаулар, комментарийлер мен болжаулардың үлесінің артуы, дербес журналистикаға сенімнің ұлғаюы, көптүрлі жанрлық баспасөзге деген сұраныстың артуымен ерекшеленетін бұқаралық ақпараттықкоммуникациялық американдық-британдық моделі аудиторияның көңілкүйіне, сезіміне, эмоциясына әсер етуші барлық факторлар ескерілетіндіктен қоғамдық пікірді билеп-төстеу теориясымен үндес келеді. Дамушы елдерде жаңа озық технологияларды бұқаралық коммуникация салаларына енгізу, бұқаралық ақпарат кеңістігін мемлекеттік реттеу процесі күшею процестері әрқалай жүзеге асуда. Дегенмен олардың басты бағыты – қоғамдағы демократизация және модернизация процесі мемлекеттің БАҚтағы рөлі артуымен қатарлас жүргізілуі болды. Бұқаралық коммуникация кеңістігіндегі аталған тенденциялар таяу шығыстық БАҚ-тың қоғамның демократиялануы мен одан әрі модернизациялануы үшін айтарлықтай қиындықтар тудырғаны рас. Дегенмен жаңа мыңжылдықтың қарсаңында Таяу Шығыс елдерінің электронды ақпарат құралдары өте пәрменді де ықпалды даму тенденциясы байқалды. Бұрынғы кеңестік елдерде билік пен БАҚ және бұқара қарым-қатынасы әдістеріне қатысты түрлі процестердің шоғырлануы байқалды. Бұл өзгерістер БАҚ мемлекеттен бөлініп, жекешеленуі мен ондағы саяси ақпараттар мен хабарламалардың түрліше бағытта ұстануынан деуге болады. 2.2 Қазақстанның шетелдермен саяси ақпараттық байланысы және оның қоғамның демократиялану процесіне ықпалы Қазақстанның ақпараттық нарығында шет мемлекеттердің 2392 бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде 2309 газеттер мен журналдар және 83 теле-радиобағдарламалар таратылады деген ресми деректер келтірілген бұрынғы Ақпарат және мәдениет министрлігі сайтында. Орта есеппен алғанда қазақстандық БАҚ-тың 30% ресейлік БАҚ-тың үлесінде [210]. Сондай-ақ аталған ресми деректер бойынша еліміздегі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы санының 90%-ы орыс тілінде, 5%-ы 90


ағылшын және 5%-ы басқа тілдерде (келтірілген сан мына тілдердің жалпы қосындысынан беріліп отыр: грек, неміс, голланд, испан, португал, швед, грузин, армян, француз, корей және басқа) таратылады. Көрсетілген басылымдардың тақырыптық бағыттары: ақпараттық-ойын-сауықтық; аптасына бес рет шығатын қоғамдық-саяси; қалғандары салалық болып келеді. Аталған бұқаралық-медианың тақырыптық бағыттарына талдау көрсеткендей, халық арасында шетелдік БАҚ-ның жалпы санының 83%-ын құрайтын ойын-сауықтық басылымдар мен телебағдарламалар кеңінен таралған. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында шетелдік электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын тарату қызметін ұсынатын кабельдік және эфирліккабельдік телевизия жүйесінің 80-нен астам операторы қызмет атқарады. Бұл секторды «Алма-ТВ», «Казцентр-ТВ», «Айна-ТВ», «Секател» секілді бірнеше ірі операторлар ұсынады. Республика аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын таратушы ірі мекемелер: «Қазпошта» ААҚ, «АиФ-Қазақстан» СП» ЖШС, «Евразия пресс» ЖАҚ, «Алма-ТВ» ЖАҚ, «Секател» ЖШС, «Казцентр-ТВ». Олар тарататын бұқаралық-медианың жиынтық түрдегі көлемі - 70%. Шетелдік өнімді таратушылардың 93%-ы – заңды тұлғалар. Бүгінде әлемде алдыңғы қатарлы дамыған елдерді айқындау ақпараттық қорларды иелену мен дамыту өлшемдерімен өлшенетін кезең туындап отырғаны шындық. Қоғам дамуын материалдық қорлармен емес ақпараттықкоммуникациялық игіліктерді өндіру, дамыту және пайдалану өлшемдерімен айқындауда. Дамушы елдер сол ақпарат өндірісінде тұтынушы ретінде ғана қатысып отырған елдер саналуда. Бүгінде даму жолына түскен елдер ақпаратты тұтынумен бірге, өзінің де ақпарат өндіру әлеуетін жетілдіруде. Сол елдердің қатарында Қытай, Үндістан, Малайзия, Түркия, Ресей, Бразилия және т.б сияқты елдерді жатқызуға болады. Дегенмен қазіргі уақытта, біздің пайымдауымызша, Қазақстандағы ақпаратты жинау, әзірлеу, жалпы ұлттық ақпарат тілі ретінде дамыту орыс тілі арқылы қолданылуда. Мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілі ақпараттың тілі емес, аударманың тілі болып отыр. Қазақ тілі ақпаратты сіңіру емес, орыс тілі арқылы сіңген ақпаратты тәржімалау тілі күйінде қалып отыр. Бұл соңғы кездері жиі айтылатын саяси ақпараттың сапасы мен берілуіне қойылар өткір сынның бірі болып отыр. Ақпарат пен коммуникация жылдам дамып отырған қоғамда ақпаратты пайдалану және оның өндірісін дамыту сол үшін де маңызды саналмақ. Әсіресе, бұл әлем елдерінің басым бөлігінде ақпарат индустриясын дамыту үдерісінен байқалуда. Шетелдік масс-медианың саяси билікпен қарым-қатынасын зерттеуде Қазақстанның шетелдермен саясат саласындағы ақпараттықкоммуникативтік байланыс орнату тәжірибесі маңызды саналмақ. 91


Қазақстанның бұқаралық ақпарат және коммуникация кеңістігінде ресейлік БАҚ-тың үлесі басымдықта. Қазақстан және Ресей қарым-қатынасындағы саяси ақпараттық байланыс. 2003 ж. 18 ақпанда Ресей және Қазақстан мәңгі достық елдер ретінде ант қабылаған болатын. Осынау екі ел арасында маңызды саяси шарада ҚР Президенті Н. Назарбаев: «Біздер бір-біріне ешқандай қарызы жоқ, қарамақайшылығы, шешілмеген проблемалары жоқ мемлекеттерміз»,-деген болатын [211]. Қазақстанның Ресеймен ақпараттық-коммуникативтік қарымқатынастарының дамуы, әрине, ең алдымен, екі ел арасындағы саяси қарымқатынастарға қатысты дамып, халықаралық ақпарат кеңістігінде жаңа бағыттағы ақпараттар ағынын тудыратыны рас. Атап айтқанда, екі ел арасындағы саяси ақпараттық байланыстар мемлекеттік деңгейде өтетін ірі оқиғалар мен ел басшыларының ісспаралары кезінде белсене түсетіні анық. Мәселен, Ресейдің бұрынғы мемлекет басшысы В. Путин екі ел арасындағы мәңгі достықты қабылдау шарасында саяси коммуникативтік процестердің дамуына негіз боларлық бағыттардың бірін былайша атап өтеді: «Біз бірлесіп халықаралық лаңкестікке, аймақтық қақтығыстарды реттеуге, трансұлттық қылмысқа қарсы ынтымақтастықта боламыз, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның алдағы уақытта бірлескен маңызды ақпараттық жобалары, екі жақты қауымдастық кездесулері жүзеге аспақ» [212]. «Росгосимущество» тұлғасындағы мемлекет

«Российская газета»

«Голос России» радиостансасы

«Первый канал» (акцияның 51% )

Телерналар РТР «Россия» РТР «Планета» «Культура» «Спорт» «Вести-24» РИА «Новости» 89 аймақтық мемлекеттік ТРК

ВГТРК

Russia Today» телеарансы

Радиостанса лар «Радио России» «Маяк» «Маяк-24» «Юность» «Орфей» «Ностальжи»

Сурет 1 – Ресейлік мемлекеттік медиа-ресурстар (Санкт-Петербург мемлекеттік университеті МассМедиа орталығының мәліметтерінен) 92


Ресейдегі Қазақстан, Қазақстан Ресейдегі жылдары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен перспективалық ынтымақтастық саяси ақпараттық процестердің де дамуына айтарлықтай ықпал етті. Бүгінде Қазақстанның бұқаралық медиа нарығындағы ресейлік мерзімді басылымдар және электрондық БАҚ, телекоммуникация операторларының айтарлықтай үлесінің басты факторы ретінде жаһандық мегамедиакомпаниялардың трансұлттық ақпарат және коммуникация нарығын иелену стратегиясынан деп санауға болады. Қазақстандық бұқаралық медиа секторында ресейлік жетекші саяси сараптамалық басылымдар мен электронды БАҚ-тың меншік иелеріне қатысы: мемлекеттік және мекеменшік медиаконцерндердің медиаресурстарының аралас шоғырлануы тән. Яғни, қазақстандық саяси медиа-секторда ақпараттық-коммуникативтік процестердің белсенді қатысушысы саналатын «Бірінші арнадан» бастап басқа да электрондық БАҚ қорларының басым бөлігі мемлекеттік бұқаралық ақпарат көздері болып саналады (1 сурет). Сондай-ақ, Қазақстандағы мерзімді басылым аудиториясын иеленіп отырған көптеген БАҚ өнімдері жаһандық әйгілі «Sanoma WSOY» компаниясына қарасты «Индепендент Меди», «Фэшн Пресс» баспа үйлеріне тиесілі «Cosmopolitan» «Harper`s Bazaar» «Men`s Health» элитарлық, эксклюзивтік басылымдары, «Юнайтед Пресс» баспа үйіне қарасты «Yes!», «The Moskow Times», сондай-ақ «Информационные системы» РБК қарамағындағы «Лиза» «Playboy» «Burda» «Oops!» сияқты ең аудиториясы жоғары медиаөнімдерді атауға болады [213]. Қазақстандық бұқаралық саяси ақпараттық кеңістіктегі ресейлік БАҚ секторының басымдығымен қатар, коммуникациялық жетекші операторлар қызметінің де осы процестердің кәсіби, жылдам, сапалы жүзеге асуына да ықпалын тигізіп отыр. Ақпарттық-коммуникатвитік бағыттағы бірлескен жобалардың қатарында алдымен IT-индустриясының дамуына арналған «Kazsat» серігін әзірлеуден бастып, ғарыштық кеңістіктегі техникалық қолдауды атауға болады. Екі ел арасындағы ақпараттық-коммуникативтік қарым-қатынастардың келесі бағыты – телекоммуникация нарығындағы операторлар қызметі. Бұлардың қатарында нарықтың басты қатысушысы, жетекшісі Beeline. Сондай-ақ кабельдік хабар тарататын «Секател» компаниясы, сонымен қатар «АиФ-Қазақстан» СП», «Евразия пресс» ЖАҚ, «Интерфакс» т.б. ақпараттық желілері, агенттіктері жатады. Автордың ойынша, екі ел арасындағы массмедиа және коммуникация саласындағы серіктестік пен ынтымақтастықтың ақпараттықкоммуникативтік процестерге тигізер оң ықпалын мынадай факторлармен айқындауға болады. Қазақстан-Ресей саяси қарым-қатынасындағы жаһандық және ТМД елдері саммиті, саяси кездесулер, баспасөз-конференциялары, брифингтер, меморандум сәттері т.б. барлық мемлекеттік маңызды шаралар кәсіби 93


тұрғыда медиаға даярланып, өңделуімен, Еуразия құрлығына және әлем елдеріне жылдам таралуымен және де, ең бастысы, саяси коммуникативтік хабарламалар, ақпараттар, мәлімдемелердің объективтілігін қамтасыз ету болып саналады. Келесі бір фактор – екі елдің арасындағы саяси коммуникативтік қарымқатынастардың мемлекеттік ақпараттық саясат аясында мәдениетаралық, ұлтаралық, конфессияаралық сипаттағы, өнер, білім беру т.б. қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтитын жобалардың жүзеге асуын ақпараттықкоммуникатитвік қолдау болып саналады. Бұл орайда, Қазақстандағы Ресей жылына қатысты Интернет порталдың жұмысы [214], Мәскеу өңірлік «Қазақ тілі» қоғамының веб-порталы [215] осынау міндеттерді жүзеге асырып, жаһандық желідегі виртуалдық диалогты дамытып отырған жобалар. Елімізге келіп жатқан ақпарат ағынының ең қуаттысы Ресей тарапынан. Ресейдің жоғары білікті кәсіби телебағдарламалары мен бірнеше радиосансалардың ретрансляциясын, бұқараның басым бөлігін жинап отырған баспасөзін, іздестіру жүйесі дамыған Рунетті қоса атауға болады. Дегенмен қазақстандық ақпараттық-коммуникативтік кеңістіктің белсенді қатысушысы, еліміздегі ақпараттық ағындарды түйістіретін арнасы ретінде Ресейдің бүгінгі басым позициясы қоғамдық ұйымдар, оппозиция тарапынан сыналып жатады. Қазақстандық ақпарат алаңы бірнеше ақпарат ағыны тоғысатын қойма ретінде айтылатын сыни материалда мынадай факторлар аталады [216]. Ақпараттық-коммуникативтік процестердің дамуындағы бірінші аталатыны тіл мәселесі. Қазақстанға таралатын ресейлік масс-медиа өнімдерінің қазақ тілінде берілмеуі олардың отандық БАҚ-пен салыстырғанда бәсекеге қабілеттігіне ықпалы болып отыр. Өйткені бұқаралық аудиторияны тартуда ресейлік БАҚ тек орыстілді тұрғындар арасында бәсекелесе алады. Дегенмен қазақстандық бұқара үшін басты ақпарат көзі телевизия екенін ескерсек, Ресейдің «Бірінші арнасы» Қазақстандағы «Еуразия» арнасы логотипімен эфирде жарияланғанымен, басты ақпараттық ағын ресейлік болып отыр. Әрине, бұл бағыттағы ақпараттық-коммуникативтік процестердің дамуы тек орыстілді аудиторияны қанағаттандырғанымен, қазақтілді көрермендерде отандық ТВ өнімдерін тұтынудан басқа таңдауы жоқ. Сондай-ақ қазақтілді телеөнімдердің Ресей не басқа мемлекеттердің ақпараттық кеңістіген келетін бәсекелесі жоқ. Өйткені қазақстандық телеарналардың қазақтілді тұрақталған аудиториясы бар. Дегенмен қазақтілді сараптамалық, саяси ақпараттық бағдарламалар көбінде бұқаралық медиа өкілдері тарапынан сыналуда. Сонда аталған кемшіліктер қазақтілдік телеарналардың танымалдығын төмендете қоймасы анық. Бұл, өз кезегінде қазақстандық бұқаралық медиахолдингтер мен медиакомпаниялардың шетелдермен бәсекеге қабілетті ұлттық өнімдерді әзірлеп қоймастан, соның пәрменділігіне бағытталған саясатының әлсіздігінен болып табылады. 94


Екі ел арасындағы саяси ақпараттық-коммуникативтік қарымқатынастардың орнауында мерзімді баспасөз өнімдері тұрады. Мұны кейде кәсіби БАҚ өкілдері «қазақстандық екінші реттік журналистика» деген сындарын жасырмайды. Қазақстанда өзіндік оқырмандар аудиториясы қалыптасқан ресейлік баспасөздер қатарында «АИФ-Казахстан», «Известия-Казахстан», «Новая газета – Казахстан» т.б. саяси-қоғамдық басылымдар бар. Мұндай танымал ресейлік басылымдарда жергілікті фрилансерлер мен тілшілердің материалдары қоса жарияланады. Қазақстандағы «АИФ» немесе «Известия» т.б басылымдарда, бүкілқазақстандық өңірлерді қамтитын «Еуразия» арнасы, т.б. бұқаралық медиа эфирлерінде ресейлік ақпараттың, саяси хабарламаның басым болуы, сондай-ақ міндетті ақпараттық жүктеменің үлесі артуы байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, Алматыдағы «Әлеуметтік технологиялар орталығының» 2006 ж. қазан айындағы Республикадағы жетекші басылымдардың саяси-әлеуметтік маңызына қарай ақпараттық оқиғаларды жариялау саясатына жүргізген контент-талдауын келтірсек [217]. Талдауға қазақстандық мерзімді баспасөзбен қатар елімізде жарияланатын ресейлік «МК в Казахстане», «Комсомольская правда – Казахстан», «Аргументы и факты – Казахстан», «Труд – Казахстан», «Новая газета Казахстан», «Известия – Казахстан» сияқты бірқатар басылым материалдары алынған. Ақпараттың маңызына қарай маңызды саналатын бес оқиға: - Қазақстан Республикасындағы аудан және облыс әкімдерінің сайлаулары; - Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары; - Қазақстанда жүргізіліп отырған жемқорлықпен күрес жөніндегі науқанды оң бағалау; - Қарағанды облысындағы шахтерлер мен металлургтердің көтерілісі; - ҚР Президенті Н. Назарбаев пен РФ Президенті В. Путинмен Орал қ. келіссөздерді оң бағалау. Міне, «Әлеуметтік технологиялар орталығының» эмпирикалық зерттеулерден байқалғаны, 2006 ж. қазан айындағы Қазақстанның саясиәлеуметтік өмірінде бес маңызды ақпараттық оқиғаны Қазақстанда жарық көретін жоғарыда аталған ресейлік баспасөздер басты ақпараттық оқиға ретінде қабылдамаған. Автордың пікірінше, ресейлік медиаөнімдердің қазақстандық тұрақты аудиториясының: оқырмандары мен көрермендерінің өз еліндегі саяси оқиғалардан, саяси жаңалықтардан аластап қалуы – олардың саяси сауаты мен мәдениетіне, түптен келгенде саяси қатысушы азамат ретінде саяси санасына әсері артуы қатер әкелетін факторлардың бірі ретінде қарастырған жөн. Бұл жағдайда ресми саяси билік бұқара халқының отандық арналар арқылы саяси коммуникативтік процестерден шеттеп қалмауын, керісінше, 95


соның белсенді қатысушысы, орындаушысы, бақылаушысы болуына имкемдейтін мемлекеттік ақпараттық саясаттың бағыты ретінде қарастыру дұрыс. Қазақ-ресей тараптарының басты ақпараттық ағындарының даму динамикасын қарастырсақ. Қазақстанда жергілікті телеарна, радиостансаларының аудиториясынан елімізде тарайтын эфирлік ресейлік арналардың тұрақты аудиториясы басымдау. Бұндай үрдістің орын алуы отандық телеөнімдердің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттігі салыстырмалы түрде төмендігінен деуге болады. Еліміздегі бұқаралық ақпараттық-коммуникативтік процестердің белсенді қатысушысы ретінде отандық телевизияның болашақта дамуы толықтай тәуелсіз дербестікті қажет етеді. Бұл кезекте, әсіресе, қазақстандық медиа нарықтағы жарқын саяси позициясымен танылған «31» арнаның ресейлік «СТС» телевизиясы акциясының басым бөлігіне иеленуін атауға болады. Келесі кезектегі проблемалар қатарында, сарапшылардаң пікірінше, Қазақстандағы Интернет кеңістігін реттеу туралы Заңға өзгерістердің енгізілуі болып саналады. Бұл отандық Казнет секторындағы тұтынушылардың Рунет зонасына миграциялану процесін арттыра отырып, жалпы саяси коммуникативтік процестердің, виртуальдық саяси ақпарат кеңістігінің, инернет-бизнестің, интернет-жарнаманың дамуына кедергі келтіреді деп санайды [218]. Бұқаралық медиа және интернет сектордағы аталмыш проблемалар отандық ақпараттық ағындардың әлсіреуіне әкелмек. Бұл, өз кезегінде, қазақстандық азаматтардың ұлттық Казнет аймағынан ресейлік, шетелдік Интернет секторына ауқымды түрде ауысуына ықпал етуде. Билік тарапынан салиқалы ұлттық ақпараттық саясат қажеттігі, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі аталғанымен, ақпараттық кеңістік пен ақпараттық ағындар сегментіндегі осынау проблемаларды шешуде, реттеуде саяси шешімдер қажет. Біздің отандық бұқаралық медиа бәсекеге қабілетті нарықта, ең алдымен, мемлекеттік маңызды мәселелерді бұқара жариялайтын, билік пен аралық топтар арасындағы саяси коммуникативтік байланыстарды жетілдіруді қамтамасыз етуші қуатты да әлеуетті құрал рөлінде ықзметін жетілдіруі тиіс. Әрине, екі ел арасындағы бұқаралық медиа нарығының өте белсенді дамуы осындай бірқатар проблемаларды күн тәртібіне қойып отыр. Мұндай үрдістердің одан әрі дамымауы үшін де отандық мемлекеттік ақпараттық саясат тұрғысынан алғанда отандық ТВ нарығын бәсекеге қабілеттігін арттырудың шараларын қарастыру, жүзеге асыру қажет. Мемлекеттік маңызды ақпараттық-коммункитивтік процестерді жүзеге асыруда, әрине, ресейлік медиа секторын шеттетуден гөрі солардың озық тәжірибесі, білікті мамандарын бірлескен жобаларға тартқан жөн. Бұл бірінші жағынан, мемлекет тарапынан қазақстандық электрондық, мерзімдік медиа секторының бәсекеге қабілеттігі артуымен қатар кәсіби түрде 96


ақпараттық ағындардың реттелуін, ұлттық ақпараттық-коммуникативтік процестердің үйлесуіне оң ықпал етпек. Ресей-Қазақстан ақпараттық-коммуникативтік процестердің ағыны тек бір тараптан, Ресей жағынан басымдықта болуы масс-медиа саласында бірқатар заңнамалық актілер мен ережелерді қайта қарастыруды талап етеді. Дегенмен, автордың пікірінде, екі ел арасындағы саяси коммуникативтік процестердің даму динамикасы айтарлықтай оң позицияда екендігін баса айту керек. Бұл, алдымен, екі мемлекет арасындағы достық пен ынтымақтастыққа негізделген халықаралық саяси процестердің дамуы салдарынан туындаған саяси коммуникативтік алмасулардың кәсіби деңгейде дамуы болып табылады. Сондай-ақ аталған ақпараттық-коммуникативтік процестердің қазақстандық тұрғындар үшін еуропалық мәдени құндылықтар, демократиялық және гуманистік құндылықтарды танып, білуіне оң ықпалын атауға болады. Әрине, бүгінгі ақпараттық қоғамның өкілі ретінде бір мемлекеттің азаматы тұтас жаһандық деңгейде ақпарат қабылдай алатын, оны талдап, сараптай алатын жаһандық тұлғаға айналып отырғанын ұмытпаған абзал. Қазақстан және Қытай қарым-қатынасындағы саяси ақпараттық байланыс. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде белсенді саяси байланыстар орнатып отырған елдер қатарында Қытай Халық Республикасын атауға болады. Қазақстанмен көршілес ел Қытаймен ақпараттық байланыстардың дамуы, әрине, ең алдымен, екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастардың бет алысына қатысты екені мәлім. Әсіресе, екі ел арасындағы саяси ақпараттық байланыстар мемлекеттік деңгейде өтетін ірі оқиғалар мен ел басшыларының ісспаралары кезінде белсене түсетіні анық. Мысалы, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары қарсаңында Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ҚР Президенті Н. Назарбаевтан жазбаша сұхбат алуын атап өтуге болады [219]. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуына жоғары баға беріп өткен Президент Н. Назарбаев 1922 жылдың қаңтарынан бастап дипломатиялық қатынас орнағалы бері Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың серпінді дамып келе жатқанын атап көрсетті. Бүгінде бұл екі жақты қарым-қатынас уақыт тезінен өтті. «Қазақстан мен Қытай арасындағы аймақтық проблемалар шешіліп, шекара толық бөлінді және межеленді»,-деп жазады Елбасы. «Қазақстан мен Қытай экономикалық байланыстары қай бағытта кеңейту керек» деп жауап берген Елбасы, Қытаймен сауда көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде екінші орында екендігіне, сонымен қатар қолдағы тікелей және аймақтық экономикалық байланыстарды дамыту қажеттігіне ерекше тоқталды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының кездесулері түрлі өркениет пен мәдениетке жататын екі мемлекет арасындағы тату көршілік пен сенім климатын, 97


сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық байланыстардың дамуына ықпал етті. Қазақстан-Қытай арасындағы екі жақты саяси байланыс екі ел арасындағы белді бұқаралық ақпарат құралдарының арасында ұйымдастырылатын мемлекет басшыларымен сұхбат өткізу дәстүрге айналып отыр. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілеріне берген сұхбатын атауға болады [220]. Екі ел арасындағы ақпараттық байланысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғалы бергі даму үдерісі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуы және аймақтағы гуманитарлық байланыстарды арттыру тиек болғаны белгілі. «Біз Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты Қазақстанның халықаралық бастамаларына көрсетіп отырған ХҚР мен ШЫҰ мүшелерінің қолдауын жоғары бағалаймыз. Экономикалық ынтымақтастық тұрғысында Қазақстан сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік, мәдени ынтымақтастық салаларындағы екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жобаларды мақсат етіп отыр. Біздің еліміз ШЫҰ-ның экономикалық жобаларына белсенді қатысуға, оларды өзара тиімді жағдайда қаржыландыруға дайын»,-деп атап өткен болатын Н.Ә. Назарбаев. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасты «жаңа тарих беттерінен» бастады деуге болады. Ал бүгінде екіжақты қатынастар аясында ақпараттық-коммуникациялық процестер дамып отыр. Сондай қарым-қатынастарды дамытудың бірнеше маңызды нәтижесін ерекше атап өтуге болады. Астанада 2004 жылы өткен ШЫҰ Саммитінде мемлекет басшылары өзекті жаһандық және аймақтық проблемалары бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымының бағыт-бағдарын белгілеген Астана Декларациясына қол қойған болатын. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Гонгконг Қор биржасында болып, Сянган банк-қаржы құрылымдарының өкілдерімен кездесуі Қазақстан мен Сянган арасында іскерлік ынтымақтастықты жандандыруға ықпал еткен және екі ел арасындағы ақпараттық саясаттың да ілгерілеуіне себепкер болды деуге болады. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасының 17-жылдығы мен 2009 жылдың 3 қаңтарында ресми аталып өткен болатын. Аталған мерзім қазақстан-қытай арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілгені мәлім. 1998 жылы Қазақстан және Қытай шекараларын толықтай бекітіп алды. 2002 жылдың желтоқсан айында Қазақстан мен Қытайдың арасындағы Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды, бұл екіжақты қатынастарды әрі қарай дамытудың тарихи іргетасы қаланды. 2005 жылы екі жақ та стратегиялық серіктестік байланысын орнатты. 98


Екі ел арасындағы қарым-қатынастың көпірін нығайтуда БАҚ-тың атқаратын рөлі ерекше. Осы мақсатта соңғы жылдары бірқатар басылымдар жарық көріп, Қазақстан және Қытай елдерінің БАҚ нарығында өзіндік позицияға ие болып отыр. Сондай басылымның қатарында «Щедрая дельта» журналын атауға болады [221]. «Щедрая дельта» Шанхайда жарық көретін басылымда Қазақстан Республикасы Бас елшілігінің қолдауымен бірқатар мақалалар жарияланып, Қытайдың шығыс жағалауының бизнес-элитасын елімізбен таныстыру мақсаты көзделген. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаты мен болашағы туралы материалдар, әрине, екі ел арасындағы ақпараттық байланысты нығайта бермек. Шекара мәселесі, сауда-экономикалық, мәденигуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жайлы білгісі келген қытайлық оқырмандарға бұл басылым екі ел арасындағы тек мәдени емес, сондай-ақ ақпарат көпірі саналмақ. Алматы және Шанхай қалалары арасындағы ынтымақтастық ақпараттық оқиғаға негіз боларлық маңызды жаңалықтар қатарынан саналуда. 22 мың данамен жарық көретін Пекин, Тяньцзинь және Хэбэй қаласы аймақтарын қамтитын Сары теңіздегі Бохай шығанағы, Янцзы және Чжуцзян өзендері аңғарлары аймақтарына тарайтын басылымның ақпараттық кеңістікте алатын орны ерекше. Екі ел арасындағы ақпараттық кеңістік алаңын ұлғайтуға себін тигізген басылымдардың бірі – «Көрші» журналы [222]. 2006 жылдан бері жарық көретін түрлі-түсті көркем безендірілген журнал Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, қоғамдық ақпараттармен қатар, мәдениет мен рухани тамырластық айнасына айналды. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 19 жылында көршілік, достық, ынтымақтастық байланыстар жылдам өріс алуының куәсі «Көрші» сияқты жобалардың дүниеге келуі дәлел. Сенімді саяси қарымқатынастардың орнауы экономикалық-сауда ынтымақтастығының дамуына, мәдени-рухани байланыстардың өркендеуіне негіз болып отыр. «Көрші» журналы екі ел арасындағы халықтық мәдениеттің жаршысына айналған санаулы бұқаралық басылымдар қатарында. Басылым, әсіресе, Қытай еліндегі аз ұлт өкілдерінің руханияты, мәдениеті, салт-дәстүрімен бұқараны таныстыруда ерекше ақпараттық-насихаттық қызмет етуде. Мәселен, басылымдағы «Қытайдағы Дұң ұлты», «Дұңған ұлты», «Тәжік ұлты», «Өзбек ұлты», «Дұңшяң ұлты», «Яу ұлты», «Татар ұлты», «Күшардағы Субашы ұлты», «Тибет ұлты», «Қытай ұлты» сияқты материалдардың Қытай еліндегі көп ұлт өкілдерінің өмірі мен дәстүрін, салты мен ғұрпын, тіршілігін, тұрмысын дәріптеу мен ақпараттандыру саясатын озық тәжірибе деп санауға болады. Сондай-ақ бұл басылымның қазақ және қытай елдері арасындағы ақпараттық мәдени дәстүрлерді жалғастыруда да рөлі ерекше. 99


Қытай мен Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарына тән ұқсастықтар және өзгешеліктер жаһандық ақпараттық үдерістерден тыс қалмасы анық. Бұл орайда Қытайдағы ақпарат нарығындағы ерекшеліктердің сипаты былайша өріс алуда. Қытайда бұқаралық ақпарат құралдарының балама түрлері белсенді дамуы – бұқаралық коммуникацияның жаңа сипатта өріс алуының дәлел саналмақ. Қазіргі уақытта Қытайдың дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары дамуына мынадай факторлар ықпал етуде: алдымен, техникалық және қаржылық жағынан артықшылықтары мен жетістіктерімен дамып отырған, тұтынушы аудиториясының көлемі артуына ықпал ететін Интернет, мобильдік байланыс, кабельдік телевизия және тағы басқа да ақпарат алудың қазіргі заманғы форматының жылдам қарқын алуы саналса, келесіден, өте қатал бәсекеге қабілеттіліктің артуынан бұқаралық дәстүрлі ақпарат құралдарының табысының бәсеңдеуіне әкелуде. Қытайдағы дәстүрлі БАҚ-тың өз аудиториясы мен ықпал етуі дәрежесінің төмендеуінен бұл сала қазір қайта құрылымдануда. Қытай экономикасының серпінді дамуы жарнама нарығының дамуымен тығыз байланысты. Өткен жылы Қытайдағы жарнамадан табыс көзі Жапониядағыдан артып, әлемдік жарнама нарығындағы екінші орынды иеленді. Қытай бұқаралық ақпарат құралдары университетінің профессоры Х. Шэнминьнің айтуынша, Қытай жарнама нарығында дәстүрлі БАҚ-тың үлесі азайып, керісінше, ақпараттың балама көздерінің үлесі артуда. Оның қатарында, әрине, Интернеттің басымдығын атап өту қажет. Қытайдағы Интернет желісі абоненттерінің саны 100 млннан асып түсіп отыр. Жас ұрпақ қазір Интернет және басқа да балама БАҚ түрлеріне өте тәуелді. Газет және журналға жазылушылардың жасы ұлғаюда. Дәстүрлі БАҚ танымалдығының төмендеуі аясында, керісінше, Интернет желісі, кабельдік және мобильдік желілер қызметін пайдалану саласы дамуда. Қытайда кабельдік телевизияның келуіне аса көп уақыт өте оймаса да бұл нарық қарқындауда. Қазір бұл нарықтағы өнім 1 млрд юаньнан асады [223]. Қытайда желілік ақпараттық агенттіктер қазір өте жылдам даму үстінде. Бүгінде NetEasy, Sina және Sohu жетекші порталдарының табысы жылдан жылға артуда. Сондай-ақ балама ақпараттық қызмет саласында China Mobile, Chinanetcom мобильдік операторлары жетекші орында. Автордың пайымдауынша, жаңа және дәстүрлі БАҚ арасындағы бәсекелестік техникалық жабдықталу деңгейінен аңғарылады. Балама ақпараттық қызметтің тиімділігі нарықтағы ескі форматтағы ақпарат таратудан гөрі жұмсалатын қаржының үнемделуі мен перспективасынан байқалуда. Қазіргі уақытта Қытай бұқаралық ақпарат құралдары нарығында ақпараттық индустрия саласында бәсекелестік дамуына орай шоғырлану үдерісі байқалуда. Бұл айтылған ақпараттық нарықтағы үдерістер жаһандық сипат алуы да заңды. Сондай-ақ осынау жаһандық біртұтас ақпараттық 100


кеңістікте дербестікке ұмтылатын ұлттық БАҚ нарықтарын да шарпитын құбылыстар қатарында. Қазақстан-Түркия қарым-қатынасындағы саяси ақпараттық байланыс. Қазақстанның шетелдермен саяси коммуникациялық тәжірибесін зерттеудің бір саласы – Түркиямен қатысты. Жаһандық өркениетте Түркі өркениетінің сан ғасырлардан жеткен рухы бүгіндері Шығыс өркениетінің орталығына айналуы дәлел. Елбасының осы орайда: “Түркі өркениеті, оның мәңгі өшпестей болып, тура мың жарым жылға жуық уақыт бұрын Еуразия құрлығының төсінде бедерленген көне жазбалары – жалпы адамзат өркениетінің үлкен қазынасы…”,-деп толғануы көп ойларды аңғартса керек [224]. Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан 1991 жылы тәуелсіздігін жариялауымен басталған Қазақстан-Түркия ресми қатынастарына 19 жыл толып отыр. Екі ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-рухани байланыстардың көпіріне айналған ақпараттық саяси кеңістікте осынау байланыстардың өзіндей жыл санап мығым тартып, сапалы да салиқалы ақпарат алаңы қалыптасып келеді. ХХІ ғасыр басы – екі ел арасындағы саяси және экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік қарым-қатынастардың жаңа кезеңі басталғанының куәсі. Оған дәлел, Түркия Н. Назарбаевтың түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясын құру жөніндегі бастамасын қолдайды. Бүгінде екіжақты ынтымақтастық саясат, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда дамуда. Парламенттік байланыстарды дамыту, ТҮРКІСОЙ аясындағы өзара қарым-қатынастар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері келісссөздердің маңызды тақырыбы болып отыр. Бүгінде Қазақстан және Түркия елдері арасындағы ақпараттық қарымқатынастың қалыптасып, дамуында ең жетекші орында бұқаралық ақпарат құралдары тұратыны сөзсіз. Қазақстанда алғаш болып екі ел арасындағы ақпараттық кеңістікке жол салған республикалық деңгейдегі басылымдардың бірі – «DA Қазақстан» халықаралық мәдени-интеллектуалдық журналы. Аталған халықаралық басылымдардың Қазақстан ақпараттық кеңістігіндегі түркі мәдениеті мен өркениеті дамуындағы атқарып отырған қызметі ерекше [225]. Ал қазақстандық бұқаралық ақпараттық кеңістікте «Қазақстан Zaman» халықаралық саяси-қоғамдық газетінің ұстанымы қалыптасып келе жатқан басылым. Түркі әлеміне ортақ рухани және мәдени құндылықтармен қатар, еліміздің тәуелсіздігі мен дамуын шынайы тілектес дос ниетімен қолдапқуаттайтын, бағамдап-бағдарлап баға беретін басылым беттерінде салиқалы да сындарлы материалдар легі үзілген емес. Басылым тәуелсіздік алған жылдары, яғни 1992 жылы 17 қаңтарынан бастап қазақстандық баспасөз нарығында жарық көрген бірден бір халықаралық газет ретінде танымал [226]. Қазақ және түрік тілдерінде жарық көретін «Қазақстан Zaman» газетінің беттерінде екі елге ортақ ақпараттық және рухани дүниелердің алаңы 101


қалыптасып келеді. Басылымның «Ақпарат», «Саясат», «Қоғам», «Жер жаһан», «Білім және ғылым», «Түркі дүниесі», «Аймақтар айнасы», «Қамшыбасар», «Жанайқай», «Ұлттық мүдде», «Намысың қайда, қазағым», «Тіл», «Отбасы», «Алаша әлемі», «Тарих», «Таным» т.б. айдарлары қазақ және түрік қоғамындағы жылдам ақпараттар, елеулі оқиғалар мен рухани жаңалықтардың жаршысына айналып отыр. Бүгінде апталық газет Қазақстан мен Түркия арасындағы ақпараттық кеңістіктің ұлғайып, халықаралық сипат алуына ықпал етуде. Мәселен, «Түркі дүниесінде» «Түркі әлемі өркениеттер диалогында», «Түркі жұртының жаһан көшінде бірігуі» сияқты мақалалар циклі Алматыда өткен түркі елдері ғалымдарының халықаралық жиынынан, сондай-ақ Қарағандыда өткен Түркия Республикасының апталығы күндерінен жарияланған материалдар ақпараттық үндестіктің бастауы болмақ. «DA Қазақстан» халықаралық мәдени-интеллектуалдық журналы Еуропа және Орталық Азияның түркі тектес елдерінің саяси ақпараттық алаңына айналып отыр. Басылымның қамтып отырған аумағы да өзінің көтеретін жүгіндей. Өйткені «DA» Диалог Еуразия Платформасы үндестіктің, жалғастықтың, сабақтастықтың ортақ ақпараттық алаңына айналып отыр. Бүгінде Албания, Македония, Румыния, Босния, Герцеговина, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Молдова, Моңғолия, Нахчеван, Ресей Федерациясы, Дағыстан, Татарстан, Тува, Новосібір, Тәжікстан, Түркменстан, Украина сияқты елдердің масс-медиа нарығына таралып отырған «DA» басылымы ақпараттық-коммуникациялық процестердің қозғаушы күші және басты қатысушысы. Журналдағы «Интеллектуалдық көзқарас», «Отбасы – бақыт тұрағы», «Археология», «Ресеймен танысу», «Классикпен сұхбат», «Экономика», «Өнер», «Инфо» айдарлары басылымның ұстанымын айқындайды. Түрік тектес халықтардың өміріндегі басты құндылық – отбасы бірлігі мен берекесі саналмақ. Мұнда түркі, қазақ, қырғыз, тәжік, т.б. ұлт отбасыларының салтдәстүрлері мен рухани әлеміне, сондай-ақ отбасы мәселелеріне арналған материалдар орын алған. Отбасы дәстүрлерін ардақтау мен оларды дәріптеуден басқа, жалғызбасты аналар, әлеуметтік жетімдік, шетелдікпен отбасын құру т.б. қоғамдық проблемалар басылымның меншікті тілшілерінің назарынан тыс қалмаған. «DA Қазақстанның» бетінде «Халықтың күретамыры – ауыл» айдарының аясында жарық көрген мақалалар біздің ұлттық басылымдардың кейбір олқылықтарын толтырып отыр. Қазақ зиялылары бастауымен, редакция қолдауымен Алматы облысының Мұқыры ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, ақсақалдар батасын алып, экспедиция әсерінен мақалалар циклін жариялайды. «DA» Диалог Еуразия Платформасының түркі өркениетінің жаңғыруына, жаңаруына, түлеп-түрленуіне бағытталған ақпараттық саясаты бірнеше ұлттар мен мәдениеттерді шоғырландырған жобалардың бірі саналады. 102


Екі ел арасындағы халықаралық ақпараттық алаңның нығаюына және де түрік әлемінде саяси-қоғамдық, мәдени дүниелердің бұқараға таралуына ықпал етуші қазақ тіліндегі «Түркістан» халықаралық сараптамалық апталықтың алатын орны ерекше. Мерзімді басылым 1993 жылы қараша айынан бастап ҚР Министрлер Кабинетінің арнайы қаулысымен жарық көрді [227]. Басылым түркі дүниесінің тек ақпараттық жаршысы ғана емес, сондай-ақ рухани әлемінің жоқшысына айналып отыр. Бұған дәлел, газет журналистері мен авторлары жарияланымдарындағы айтылатын ойлар мен пікірлер, идеялар мен көзқарастары дәлел. Бүгiнде Түркияда қазақ тiлiнде радио-хабар таратылатындығын бiлетiндер кемде-кем болар. Түркияның мемлекеттiк телерадио корпорациясында “Түркия үнi” атты радио-бағдарлама жұмыс iстейдi. Бұл радио әлемнiң 30 тiлiнде хабар таратады екен. Соның бiрi — күнiне қысқа толқыннан тiкелей эфирде жарты сағат тыңдарманымен қауышатын қазақ тiлiндегi бағдарлама. “Түркия үнi” радиосындағы қазақ тiлiндегi бағдарламаны атажұрттағы ағайындар да тыңдап, оған өз ықылас-ниеттерiн танытып, үлестерiн қосса деп армандайды. Сол себептен де қазақ ағайындардан хат күтедi. Радионың интернеттегi мекен-жайы — www.trt.net.tr Ал, электронды адресi — kazak@trt.net.tr. Қазақстандық БАҚ кеңістігінен бөлек Түркия елінде қазақ тілінде таралып жатқан радиохабралары екіжақты ақпараттық кеңістікті толықтырып отыр. ТРТ интернет парақшасы ТРТ-нiң 30 тiлде, бес құрлықта 24 сағат жүргiзген эфирiнiң түрлi мәдениет пен өркениеттi таныстыру мақсатында қызмет етеді. Мәдени және өркениет құндылықтарын әлемге түсiндiрiп, адамзат дамуына үлес қосатын радионың басты ерекшелігі де ақпараттық қызметті әр елдің ана тiлдерiнде таратуы. Парақша түрiк, ағылшын, немiс, француз, итальян, испан, орыс және арабшамен бiрге албан тiлi, әзiрбайжан түрiкше, босняк тiлi, грекше, болгарша, қытайша, дари тiлi, парсыша, грузин тiлi, хорватша, қазақша, қырғызша, венгр тiлi, македон тiлi, өзбекше, пешту тiлi, румын тiлi, серп тiлi, татарша, түрiкменше, урду тiлi және ұйғырша да бар 30 тiлде бүкiл әлемге сенiмдi, жылдам мағлұмат пен хабар көзi болады. Trt.net.tr-де Түркиядағы саяси әлеуметтiк, экономикалық және мәдени оқиғалармен бiрге басқа да елдерге қатысты хабарлар 30 тiлде берiледi. Қазақстан ақпараттық алаңында кабельдік алғашқы телеарна «Caspionet»-тің шетелдегі көрермендер аудиториясын сипаттап берген саяси шолуда осы теелараның продюссерлері құлақ түріп, қазақ тілінде хабар таратуды басты ұстанымы етсе, олардың аудиториясы артып, шетелдегі қандастар арасындағы беделі арта түсер еді. Ресей Федерациясынан тысқары жүрген орыстар Қазақстаннан тарайтын "Caspionet-Хабар" кабельдiк телеарнасының орысша хабарларына мұқтаж емес. Түркияда Ресейдiң «Первый канал», «Культура», «РТР», «НТВ», т.б. телеарналарын көрсетедi. Шет елде орысша телеарналарға Қазақстаннан 103


шығатын жалғыз кабельдiк арна — "Caspionet"-тi қосыңыз. Бiрақ орысша және ағылшынша бiрдей хабар тарататын БАҚ-тың сыртта бiр ғана жоқтаушысы — қазақ көрермендерi ғана бар екен. BBC мен CNN телеарналары сияқты ақпарат құралын қызығып көретiн шетелдiктер де кемде-кем болып отыр. Бұл сын – әлемдік ақпарат кеңістігіндегі қазақ тілінің мәртебесін арттыруға ықпал етуі тиіс. Әрине, бұл телеарнаның басты мақсаты – Қазақстанның имиджiн көтерiп, шетелдiктерге елiмiздi таныта түсу. Ал шет мемлекеттердегi қазақтардың Отанымен жалғыз байланысы – "Caspionet". Түрік тектес елдердің арасындағы ақпараттың кеңістікті ұлғайту, түрік мәдениеті мен өркениетін дамытудың коммуникациялық магистраліне айналуына кепіл болмақ. Қазақ журналистерінің там-тұмдап жазған дүниелері әлі де болса ауқымды тақырыптың бірі. Ал алдағы уақытта түрік тектес елдердің жаһандық кереуенде өзіндік үні мен келбетімен өркениет жолында дамуы тікелей ұлтаралық, шекаралық және мәдениетаралық үндесу жолында коммуникациялық байланыстарды қажет ететіні анық. Автордың пікірінше, қазақ-түрік ақпараттық-коммуникативтік ықпалдастық пен рухани құндылықтарды жаңғырту үшін осы елдерге бағытталған ақпараттық саясат қажет. Осы мәселені шешудің мынадай жолдарын атағанды жөн санадық. Бірінші қадам. Жаһанданудың тұтастану әлемінен түрік өркениетінің дербестігін сақтап қалу мақсатында осы елдерге ортақ ақпараттық қауымдастық қажет. Қауымдастықтың мақсаты мен міндеті де түрік өркениетін жаһандық және ұлттық деңгейде насихаттау арқылы бүгінгі өркениеттік әлемнің құндылықтарын қалыптастыру қажет. Бұл өз кезегінде өркениеттен өркениетке апарар қадам саналады. Яғни өткеннен бар жақсы игіліктерді бүгінге жеткізе отырып, бүгінгі күннің өркениетін қалыптастыратын рухани дүниелердің тұмасы болу. Екінші қадам. Түрік тектес елдердің кәсіби коммуникация және қоғаммен байланыс мамандарының басын қосқан виртуалдық порталдың қажеттігі. Бүгінде мұндай жобалардың табыстылығы мен тиімділігі байқалуда. Әрі бұл ақпараттық шекараның ұлғаюы мен коммуникациялық технологиялардың молая түсуіне, ортақ пікір алмасу және тәжірибе алмасу алаңының пайда болуына әкеліп отырған тенденцияға айналуда. Мәселен, журналистердің халықаралық IJNet порталын, ресейлік кәсібилер бастаған Propessionali.ru виртуалдық жобасын атауға болады. IJNet порталы медиаорта дамуына ықпал етуші әлемдік ақпараттық қор әрі журналистер, мадиаменеджерлер, журналистика оқытушылары мен БАҚ өкілдеріне арналған тренинг ұйымдастырушыларына арналған онлайн қызмет. Бұл – бүкіләлемдік виртуалдық платформа. Ал Ресейден бастау алған келесі жобада бүгінде журналистика және коммуникация тобынан басқа біздің мамандардың өзіндік «Бүкіл Қазақстан» тобы құрылуда. Осындай виртуалдық жобалар бүгінде шынайы өмірде үлкен ықпалды топқа айналуын коммуникацияның жаңа бір бағыты ретінде 104


қарастыру керек. Бұндай жобаның біздің түркілік қауымдастықтың өркениет құндылықтарын дамыту мақсатындағы ұстанымын бұқараға жеткізу мен жүзеге асыруда тиімді технология ретінде пайдалануға болады. Үшінші қадам. Түрік елдерінің жастарына арналған білім беру және ғылым дамуы, мәдени және рухани құндлықтарды насихаттауға бағытталған жобаларды қолдау. Мәселен, Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының қолдауымен өткен «Бір дем» сияқты фестивалдің жалғасын табуы, сондай-ақ ғылым мен озық технологияға бағытталған жаңа жобаларды дүниеге әкелу әрі олардың тиімділігі мен ұзақ мерзімділігн бақылайтын мемлекетаралық үйлестірушіқадағалаушы ұйым құру. Аталған ұсыныстар алдағы күндері қазақ-түрік ықпалдастығын арттыруда ақпараттық-коммуникациялық стратегияларды жобалау мен жүзеге асыруда тиімді болмақ. Қорытындысында, қазіргі уақытта шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары нарығында ақпараттық индустрия саласында бәсекелестік дамуына орай шоғырлану үдерісі байқалуда. Бұл айтылған ақпараттық нарықтағы үдерістер жаһандық сипат алуы да заңды. Сондай-ақ осынау жаһандық біртұтас ақпараттық кеңістікте дербестікке ұмтылатын әрбір ұлттық, сондай-ақ қазақстандық БАҚ нарығын да шарпитын құбылыстар қатарында. Қазақстанның шетелдік бұқаралық коммуникация арналарымен екіжақты байланыс тәжірибелері тәуелсіздік алған уақыттан бері жаңа сипатта, сыртқы саясаттың әртараптану бағытында жүзеге асып жатқаны мәлім. Еліміздегі шетелдік БАҚ-тың саяси ақпараттық қызметінде мынадай үрдістер орын алуда: Қазақстанның шетелдермен халықаралық байланысында ақпараттыкоммуникативтік процестер сыртқы саясаттың дамуымен қатар жаңа сипатта, екітараптық келісім бағытында жүруде. Қазақстандық саяси ақпараттық алаңында шетелдік баспасөздің жария болу тәжірибесі енуде; шетелдік массмедианың қазақстандық бұқаралық-коммуникациялық кеңістігі дамуына, халықаралық тәжірибелердің енуіне ықпал етуде. Жалпы, сыртқы саясат саласындағы бұқаралық-коммуникациялық процестердің дамуына сол шетелдік медиамен кәсіби байланыстың ықпалы артуда. 2.3 Қазақстан Республикасындағы саяси реформалар: билік және БАҚ-тың коммуникациялық стратегиялары Жаһандану кезеңінде Еуразия елдеріндегі саяси коммуникациялық процестердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау маңызды зерттеулердің бірінен саналады. ТМД елдері арасындағы саяси байланыстарды, олардың саяси үндестігін айқындауда саяси коммуникация саласындағы қолданбалы зерттеулердің қажеттігі туындауда. Бүгінде Қазақстандағы саяси коммуникацияны, саяси насихат, саяси мінез-құлықты зерттеу саласында ғылыми мектептер қалыптаса бастады. 105


Саясатта, ең алдымен, бұқаралық ақпараттық-коммуникативтік процестер маңызды саналады. Ақпараттық қарым-қатынастарды ұйымдастыруда алдымен қоғамдық пікірмен байланыс орнататын арнайы дайындалған саяси агенттер әрекет етеді. Бұл қызметтің қатарында мемлекеттің арнайы ресми институттары (олардың көсемдері мен жетекшілері, сондай-ақ қоғаммен байланыс жөніндегі ақпараттық бөлімдер) жатады. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдайтын Жолдаулары, Үндеулері мен ресми хабарламаларын, сондай-ақ ҚР Парламенті мен Үкіметінің баспасөз-қызметтерінің бұқараға арнап дайындайтын БАҚ-қа ұсынатын ресми мәлімдемелерін атауға болады [228]. Мұндай құрылымдарға Қазақстандағы 1993 жылы 13 маусымда ҚР Президентінің ресми жарлығымен құрылған Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Жаңа саясат халықаралық институтын, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі және министрліктер мен әкімдіктердегі бұқарамен байланыс бөлімдерін атауға болады. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ҚР Президентінің қызметін ғылыми талдаулармен қамтамасыз ететін институт. Институт қазіргі күнде еліміздің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық проблемаларын зерттейтін бірден бір ғылыми орталық болып отыр. Институт мамандары мемлекеттік саяси ақпараттарды дер кезінде бұқара жеткізу мен оларға сараптамалық түсініктемелер беру, сондай-ақ экономика, қауіпсіздік, қоғам, тарих, мәдениет салаларындағы сараптамалық көзқарастар мен пікірлер әзірлеу және бұқаралық ақпарат құралдарына тарату. Институтта саясаттанушы, тарихшы, экономист, социолог сияқты кәсіби мамандардан құралған ғалымдар тобы жұмыс істей отырып, мемлекеттің саяси бағыттары мен ұстанымдарын талдау мен бұқараға жеткізудегі ақпараттықкоммуникативтік алаңға айналып отыр [229]. 2003 жылы құрылған Жаңа саясат халықаралық институты бүгінде еруазиялық кеңістіктегі қоғамдық модернизация процестерін сараптауда, мүдделі топтар арасындағы ақпараттық алмасуға ықпал етуде, қоғамдық басқарудың стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешу әдісі бойынша практикалық кепілдемелер ұсынуда, сондай-ақ, ең бастысы, билік пен қоғам арасындағы сенімді байланыстардың орнауына ықпал етіп отыр [230]. Қоғамның саяси өміріндегі ақпараттық қарым-қатынастарды ұйымдастыратын құрылымдардың қатарында мемлекеттік (ұлттық), тәуелсіз және оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдары жатады. Қазақстандық БАҚ нарығында бүгінде ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің мәліметі көрсеткендей, 2006 жылдың 7 сәуірдегі мәлімттер бойынша 7092 бұқаралық ақпарат құралдары, соның 212 электрондық БАҚ тіркелген [231]. «ИнфоЦентр» Интернет желісінде адрестік кеңістікті бөлу жөніндегі ақпараттық қордың ресми мәліметі бойынша KZ доменінде 2008 жылдың желтоқсан айының соңында 32 000 домен аты тіркелді [232]. 106


Қазіргі уақытта елімізде «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна», «Евразия – Бірінші арнасы», «КТК», «НТК», «31 арна», «Астана», «Алматы» , астаналық «7 арна» сияқты телеарналар мен тұңғыш «CaspioNet» ұлттық спутниктік арнасы Еуропа, Орталық Азия, Орта Шығыс елдерінің аумағында және Африканың солтүстік бөлігінде таралып отырған аудиториясы ауқымды электрондық БАҚ қатарында. «Қазақстан» ұлтық арнасы мен «Хабар» арнасы мемлекеттік саяси ақпараттарды тарату мен қоғам өміріндегі саяси оқиғаларға комментарий беруде басты ақпарат құралдары саналады. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орындауда «Қазақстан» республикалық телеарнасының эфирінде жексенбіден басқа күндері бір сағат көлемде аймақтық бөлімдері жүзеге асырады. Билік саясатын бұқараға жеткізу мен таратуда радиостанциялардың қатарында «Қазақстан» Республикалық телерадио компаниясының қарамағындағы «Қазақ радиосының», «Хабар» агенттігі құрамындағы «ХитФМ – Хабар» радиосы алатын орны ерекше. Масс-медиа нарығында «31» медихолдингіне қарасты «31 радио», сондай-ақ «Авторадио», «Европа плюс Қазақстан», «Русское Радио Азия», «Радио НС» сияқты ресейлік радиостанциялардың қазақстандық бөлімшелері бар. Отандық масс-медиа нарығында соңғы жылдары БАҚ қорларын шоғырландыру мен үйлестіру процесі қарқынды дамып отыр. Еліміздегі мемлекеттік «Қазтелерадио» АҚ, «Егемен Қазақстан» АҚ, «Казахстанская правда» АҚ, «Қазақстан» РТРК сияқты құрылымдар енді ҚР Үкіметінің 2008 жылы 3 шілде № 668 қаулысымен «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ еншілес ұйымдары қатарына енді. «Арна Медиа» АҚ құрылуының басты мақсаты да Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында мемлекеттік медиа-ресурстарды тиімді басқару. «Қазақстан телекоммуникация» АҚ, «Қазтелерадио» АҚ, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ, «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ, «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Жас өркен» ЖШС, «Қазақ газеттері» ЖШС «Арнамедиа» холдингтінің еншілес және тәуелді ақпараттық қорларына енеді [233]. Медиа-нарықтағы келесі ірі өзгеріс – «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясының бастамасымен 2008 жылы 24 қарашада құрылған «НұрМедиа» медиахолдингі. «НұрМедиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Страна и мир», «Дала мен қала» қазақстандық қоғамдықсаяси апталық басылымдары, күнделікті жарық көретін «Айқын», «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газеттері, «НұрАстана» апталық қалалық басылым, «Известия-Казахстан» жалпыұлттық халықаралық күнделікті басылым, «Қазақстан теміржолшысы» корпоративтік газеті, «Астана» 107


арнасы, респбуликалық «NS» радиосы, FM диапазонындағы «Деловая волна» радиосы сияқты электрондық және мерзімді басылымдар кіреді. Аталған БАҚ-ресурстары қазақстандық бұқаралық ақпарат нарығында оқырманы мен көрермені, тұрақты аудиториясы қалыптасқан аса танымал. Қазақстан қоғамындағы саяси, экономикалық және мәдени жаңалықтарды шынайы да объективті жариялау, ел дамуына бағытталған әлеуметтік жобаларға қатысу – «НұрМедиа» холдингінің приориетті міндетіне жатады [234]. Ақпараттық кеңістіктің маңызды қатысушыларының бір саласы – ақпараттық агенттіктер. «Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат) Ұлттық компаниясы» АҚ жетекші агенттік саналады. ҚР Президентінің Әкімшілігі, Үкімет, Мәжіліс, биліктің өңірлік органдары, ұлттық қаржы және өнеркәсіптік құрылымдар секілді мемлекеттік құрылымдардың қызметі туралы толық және нақты ақпараттар лентасын күнделікті сағат сайын жариялап отыру «Қазақпарат» Ұлттық компаниясының» басты мақсаты. Оn-line тәртібіндегі қазақстандық және әлемдік жаңалықтардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жедел, объективтік және эксклюзивтік таспасы ақпараттық кеңістіктегі ең сенімді де басты дерекөкзі екендігі даусыз [235]. Сонымен қатар, еліміздегі «Астана дауысы», «ИнтерфаксКазахстан», «Казахстан Сегодня», «Казахское телеграфное агентство КазТАГ», «Новости-Казахстан» сияқты агенттіктері де ақпарат нарығына бәсекелес орта қалыптастыруда. Бұқарамен байланыс орнатуда белсенді саналатын топтар қатарында корпоративтік саяси ұйымдар мен топтардың (партия органдары, қоғамдық ұйымдар, кәсіби саяси клубтар т.б.) болуы ақпараттық-коммуникативтік құрылымдардың келесі санатын айқындап береді. Қазақстандық саяси партиялар қатарында «НұрОтан» Халықтық демократиялық партиясы, «Азат» Қазақстан демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия, «Ауыл» Қазақстандық социал-демократиялық партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, Қазақстан патриоттар партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясын атауға болады. Еліміздегі саяси қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар қатары көбеюде. Жалпы алғанда, ҚР Әділет мнистрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 87 қозғалыс ресми тіркелген [236]. Сонымен қатар, Этносаяси және гуманитарлық зерттеулер қоғамдық қоры сияқты тәуелсіз сараптаулар жүргізіп, ғылыми жиындар өткізетін ғылыми-ақпараттық орталықтар мен ғылыми-зерттеу институтарын, «Политон», «Темірқазық», «Рух пен тіл» жастар клубы т.б. саяси пікірсайыс клубтарын атауға болады. ҚР Міне, осы аталған партиялар, қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен клубтар еліміздегі билік пен саяси институттар, билік пен бұқараның арасындағы саяси пікірсайыс алаңын тудырып отырған ықпалды аралық топтар саналады. 108


Қазақстандық БАҚ-тағы саяси публицистика, қоғамдық өмірдегі саяси насихат, бұқара көпшіліктің саяси мінез-құлқын айқындауда бұқаралық коммункаиця арналарының рөлі ерекше. Саяси коммуникацияның ең маңызды формаларының бірі – БАҚ арқылы жүзеге асуы. Сондықтан БАҚтағы саяси публицистика билік пен бұқара арасындағы ақпаратты таратушы, реттеуші, бағдарлаушы құрал ретінде ерекше маңызды саналады. Қазақстанның саяси құрылысының ерекшеліктерін ескере отырып, Еуразия елдерінің саяси коммуникациясының теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін зерттеу осы аймақтың одан әрі дамуын жобалау мен болжауда маңызды болып отыр. Қазақстанның саяси жүйесіндегі коммуникациялық стратегияның жүзеге асуы мен перспективасын айқындауға арналған зерттеулердің нәтижелері Қазақстан мен Еуразия елдері арасындағы саяси қарым-қатынастарының коммуникациялық тәсілдерінің дамуы үшін де аса үлкен мәнге ие. Қазақстанның саяси құрылысын ескере отырып, саяси коммуникацияның теориялық-методологиялық және тәжірибелік негіздерін зерттеу осы аймақтың одан әрі дамуын жобалау мен болжауда мәнді мен маңызды саналмақ. Еуразия елдеріндегі саяси коммуникацияның дамуы бірнеше факторлармен айқындалады. Алдымен, Еуразияда орналасқан мемлекеттердің геосаяси жағынан орналасуы мен саяси және экономикалық ықпалдасуы, шоғырлануы ықпал етіп отыр. Бұл осы аймақтағы тәуелсіз республикалардың мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізуі мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінде ұқсас тенденциялардың байқалуымен де ерекшеленеді. Мәселен, бұрынғы кеңестік одақ елдерінде коммуникация құралдарының техникалық жағынан дамуына байланысты ақпараттық саясат күрделі өзгерістерге ұшырауда. Саяси ақпарат тек техникалық даму деңгейіне ғана емес, саяси идеологиялық сипатына, ақпарат тарату көздеріне де байланысты жүзеге асуда. Солардың ең ерекше тенденциясын атасақ, қазіргі заманда бұқаралық саяси ақпараттандырудың басты ерекшелігі - нақты қадағау жүйесінсіз өте ауқымды түрлі хабарламаның берілуі және таралуы. Нәтижесінде қоғамның белгілі бөлігі саясаттан тыс (аполитизация) қалады. Осы тәсілді коммуникация теориясын зерттеушілер «ақпараттық бөлшектеу» деп те атайды [237]. Бөлшектеу тәсілі нақты саяси мақсатты көздейді. Шығыс Еуразия және Орталық Азия елдеріндегідей қазақстандық БАҚ нарығы да «ақпараттық бөлшектеу» саясатынан аттап өте алмады. Бұған ақпарат нарығындағы түрлі сипаттағы, түрлі бағыттағы басылымдардың қаптап жарық көруі (дайжест басылымдар, бақыланбайтын электрондық газеттер, сауықтыру басылымдары және т.б.) мен телеарналардағы «ток-шоу» бағдарламалары мен радиоэфирлердегі музыкалық-ойын хабарлары дәлел. Саяси ақпараттандырудың келесі тенденциясы – идеологиялықнасихаттық қондырғының ақпараттық ағынды қатаң бағындыруы болып 109


отыр. Бұл тәсіл, әсіресе, саяси партиялар мен қозғалыстардың мерзімді басылымдарына тән. Қазіргі саяси өмірде насихатты негіздеу саласында бірқатар тенденциялар байқалуда. Оның ішінде аудиторияның әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты түрлі басылымдардың бөлшектенуі ерекше байқалуда. Ақпараттандырудың «қалаулы иллюзия» тәсілі кеңінен тарап отыр. Қоғамдық пікірден байқалатыны бірінші орында ақпараттың терең заңдылығы, ішкі әсерлі сипаты емес сыртқы көрінісі, әсіресе жарқын сенсациялық мәні тұрады. Сенсациялық – аудиторияның мәліметтерді қабылдауына, ұғынуына кедергі келтіретін саяси насихаттың бір құралы болып саналады. Егер сенсация газеттік басылым үшін басым болса, онда ол коммерциялық емес, саяси мақсат ұстанғаны. «Сары басылымдардың» пайда болуы Қазақстан және басқа да бұрынғы кеңестік елдердің ақпарат нарығындағы заңды құбылыс деуге болады. Осы сипаттағы басылымдардың көптеп шығарылуы мен «электрондық сары басылымдардың» пайда болуы БАҚ дифференциясының саяси жүйеде орын алғаны деуге болады. Мәселен, веб-басылымдардың ішінде «Навигатор» - биліккке байланысты негізделмеген, объективті емес материалдар мен сын жариялауда батылдық танытып отыр. Республикалық «Караван» және аймақтық «Замана» газеттері мен оның көптеген қосымшалары дайджест материалдар, сауықтыру сипатындағы әңгімелермен шектелуде әрі мемлекеттік органдар бұл басылымдардан аса қауіптене қоймайды. Керісінше, БАҚ нарығындағы «сары басылымның» ұлғаюы мен көбеюі «ақпараттың бөлшектену» тәсілінің өміршеңдігін растай түседі. Иллюзиялық көрініске жетудің келесі тәсіліне әлемдегі байсалды әлеуметтік саяси мәселелерге тиісті ақпараттарды ығыстырып, ойынсауық сипатындағы материалдарды ұсыну жатады. «Ығыстыру» тәсілінің өзіндік ерекшелігі – бұқаралық иллюстрациялық журналдардың жарық көруі болып отыр. Сапалы басылымдардың талдамалық сипаты кездейсоқ емес. Өйткені нақты ақпаратсыз әлеуметтік басқару мүмкін емес және талдамалы әдебиет нақ сол әлеуметтік механизм тұтқасын ұстап отырғандар үшін қажет. Осыдан саяси насихаттың қайшылығы – азшылыққа арналған жеңілдетілген концепцияның байсалды негізделуі мен көпшілік үшін иллюзиялық көрініс келіп шығады. Елдегі басылымдардың ішінде республикалық және корпоративтік иллюстрациялық журналдар ерекше орын алады. Бұлар «сапалы басылымдар» категориясына жататын «Exclusive», «Мир Евразии», «Kazakhstan», «Вся Европа в Казахстане», «The Economist» қоғамдық-саяси және экономикалық басылымның «Intelligent Life» және т.б. журналдар. Халықаралық бизнес басылымдар бизнес-элита аудиториясына бағытталған. Басылымдар негізінен инвестиция, энергетика, экономика, мұнай бизнесі, PR және маркетинг мәселелеріне арналған материалдар жариялайды. 110


Автордың пікірінше, кез келген қоғамның басқарушы тобының стратегиясы коммуникациялық үрдістерсіз бұқараға жетуі, таралуы, қоғамдық пікірді қалыптастыруы мүмкін емес. Сондай-ақ, басқарушылар мен басқарылушылар арасындағы байланыстар сайлау, референдум, БАҚ, саяси партиялар сияқты аралық топтардың қызметінсіз жүзеге аспайды. Қазақстандағы билік жүйесі мен сайлау институттары, саяси партиялардың коммуникациялық стратегияларының дамуында бірқатар тенденциялар байқалуда. Қазақстандағы билік пен бұқара, элита мен контрэлита, оппозиция мен саяси партиялардың арасындағы қарым-қатынас, оның таяу болашағын саясаттаншуы Д. Сәтпаев былайша қорытындылаған-ды: «Бүгінгі таңдағы контрэлита қалыпты позиция ұстана отырып, билік пен оппозиция арасындағы келісім рөлін атқаруы тиіс. Бұл топ қаржы, ұйымдастырушылық сектордағы әлеуетті болуымен қатар заңды түрде саяси қызметке араласу мүмкіндігіне ие болып отыр» [238]. Бүгінде даму стратегиясының жоқтығы, өз әлеуетін артық санаған, элита топтармен байланыстың қажеттігін бағаламаған оппозицияның қазіргі жағдайы мен болашағы билікпен қарым-қатынасына және де өзіндік модернизацияға байланысты болмақ деп тұжырымдаған саясаткер ғалымдар саяси партиялардың да қоғамдағы рөліне тоқталады. Саяси партиялардың билік пен парламент арасындағы коммуникациялық старегиясында айтарлықтай оң өзгерістер байқалуда. Бұл тенденциялар сайлау жүйесінің реформалануы, парламент рөлінің функционалдығының артуы, плюралистік ақпараттық кеңістіктің дамуы, элита топтардың қысым көрсету аясының тарылуынан байқалады. «БАҚ туралы» заң жобасының қызу талқыланғаны ақпараттық кеңістіктегі басты мәселеге айналды. Бірнеше рет Парламентке ұсынылып, қабылданған заңның плюралистік ақпараттық кеңістікті дамыту әлеуетінің әлі де болса кем түсіп жатқаны шындық. Бұл тек мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына ғана емес, партиялық жүйенің дамуына да кері әсерін тигізбек. Парламент депутаттары қарауларында Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы ұсынылған болатын. Бұл құжат – саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын іске асырудың, еліміздің құқықтық кеңістігінде терең өзгерістер жасаудың заңды нәтижесі болып табылды. «Біздің баршамыздың міндетіміз – ешқашан да, ешқандай жағдайда да өз елімізде берекесіздікке жол бермеу. Қоғамдық тұрақтылық, заңның үстемдігі, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, сондай-ақ Қазақстанның жаңа геосаяси рөлі мен жауапкершілігі – міне, бұлар демократиялық өзгерістердің тиімділігінің кепіліне, оның басты өлшемдеріне айналмақ»,-деп атап көрсетті Н.Ә. Назарбаев Парламенттегі сөзінде [239]. Біздің елімізде саяси жаңару үдерісі бірте-бірте, қажетті экономикалық жағдайлар жасалуына қарай, Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап – 111


бүкіл осы жылдары дәйектілікпен жүріп келе жатқанын атап көрсеткен жөн. Бұл ретте дербес, қазақстандық даму жолымен ілгерілеуде. Әлемдік практиканы зерделеп, талдай келіп, эволюциялық жолды таңдаған Елбасы ешкімді қайталап көшіруге тырыспай, елімізге және біздің халқымызға керек нәрсені істеуіміз қажет деген болатын Парламент мәжілісінде. Жалпыұлттық саяси реформалар бағдарламасы қоғамды одан әрі демократияландыру мәселелері бойынша бүкілхалықтық пікірталасты бастап берді. Елбасының тікелей басшылығымен Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына Парламенттің, Үкіметтің, саяси партиялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері кірді. Қолданыстағы Конституция аясында елімізде демократиялық үдерістерді дамыту жөнінде бірқатар шаралардың қабылдануы Мемлекеттік комиссия қызметінің нақты нәтижесі болды [240]. Конституцияны өзгерту жөніндегі нақты ұсыныстарды мемлекеттік комиссия жан-жақты зерттеулер мен ізденістердің қорытындысын дайындады. Ұсынылып отырған барлық жаңалықтарды бірнеше бағыттар бойынша топтастыруға болады. Және де ол төмендегіше сипат алды. Билік өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлін арттыру демократиялық қоғамға бет алған Қазақстан үшін маңызды. Елдегі жалпы саяси пікірталас барысында талқыланған мәселелердің бірі – Мемлекет басшысының жекелеген өкілеттіктерін Парламентке беру туралы мәселе болды. Мемлекеттік комиссия Президенттің басқару формасын сақтауды бір ауыздан жақтады. Елді жаңғырту үдерісінің аса маңызды барша өлшемдері белгіленген кезде және кейбір міндеттер мен жауапкершіліктерді Президент пен Парламенттің арасында қайта бөлген жөн болатындығы билікте қызу талқыға салынған басты мәселе болды. Осы орайда Елбасы Парламентте Конституцияға Республика Президенттік болып қалатын, бірақ Парламенттің өкілеттіктері елеулі түрде кеңейетін осындай өзгерістер енгізу жолымен жүруді ұсынды. Бұл іс жүзінде республиканың моделін президенттіктен президенттік-парламенттік модельге көшіретіндігін мәлімдеді [241]. Қоғам өміріндегі осынау ең ірі саяси оқиға биліктегі басты реформа – Конституцияға өзгерістер енгізу мен оның бүкіл елдің талқыға салуы қазақстандық масс-медианың басты тақырыбына айналды. Элеткронды бұқаралық ақпарат құралдары «Хабар», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «КТК», «Рахат», «Алматы», «Астана» телеарналары Елбасының Парламенттің қос палатасының мәжілісіндегі ресми сөзін тікелей эфирден тарата отырып, жаңалықтар блогының басты хабарламасына айналдырды. Ал серпінді бұқаралық құралдардың бірі еліміздегі радиоэфирлердің бүкіл жаңалықтар қызметтерінде саяси да тарихи маңызды оқиғаға шағын шолулар мен қысқаша ақпараттар үздіксіз таралып отырды. Республикалық мерзімді басылымдардың ішінде жетекшісі саналатын «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдары талқыға түскен саяси 112


реформалаудың басты оқиғаларын үзбестен жария етіп, түрлі мамандар мен сарапшылар пікірін де беруді жөн санады. «Қазақпарат», «Интерфакс» агенттіктерінің ақпарат ленталарымен қатар Күнделікті «Айқын», «Литер», «Алматы ақшамы», «Вечерняя Алматы» газеттері, сондай-ақ түрлі ұлттық және қоғамдық апталықтар «Жас қазақ», «Түркістан», «Жас алаш», «Қазақстан Zaman», «Дала мен қала», «Страна и мир», «НП», «Время», «Караван», «Начнем с понедельника», «Бизнес и власть», «Президент және халық» басылымдарындағы мақалалар осы оқиғаның өзегіне айналды. Бүгінде электронды журналистиканың басты құралына айналған ресми үкіметтік: e.gov.kz, akorda.kz және бейресми: сипаттағы strana.kz, navigator.kz, gazeta.kz және т.б. Интернет басылымдарда да елдегі демократиялық реформалардың жедел жаршысына айналған ақпарат құралдары болып отыр. Қазақстан демократиялық реформаларды қаншалықты дәрежеде жүзеге асыра алады деген сауал тұрды. Еліміздің дамуына ұзақ мерзімді серпіліс беретін реформалар мызғымас құндылықтарымызға айналған мемлекет тұрақтылығы мен халқымыздың бірлігін сақтауға ықпал етеді. Конституциялық өзгерістер Қазақстанның қуатты, бәсекеге қабілетті және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы жолындағы маңызды кезеңге айналды. Бұл саяси өзгерістерге ұзақ ойланып, терең толғанып келген Президент, Парламент институттары бұқарамен санаса отырып, шешті. Осылайша, билік пен БАҚ арасындағы диалог қашан да екі жақты байланыстардың үздіксіз тосқынын тудырады. Бүгінде саяси ақпарат алмасу және саяси хабарлама тарату процесінде байқалып отырған бірқатар тенденцияларды атауға болады:  мемлекеттік саясаттың позитивті саяси ақпараттық ағынын қалыптасырушы «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Алматы ақшамы», «Нұр Астана», «Вечерняя Алматы» газеттері, «Ақиқат» «Простор» қоғамдық-саяси журналдары, «Хабар», «Ел арна», «НТК», «Қазақстан», «Евразия», «Алматы», «Астана», «КТК», «Рахат» телеарналары, «Хит-FM», «Қазақ радиосы» радиостанциялары және республикалық, аймақтық деңгейдегі басқа да бұқаралық ақпарат құралдары;  оппозициялық бағыттағы БАҚ: «Жас алаш», «Сөз», «Свобода слова», «Эпоха», «Солдат», «Взгляд kz» және т.б.;  партиялық сипаттағы «Экспресс К», «Дала мен қала», «Страна и мир», «Республика», «Қазақстан» және басқа да басылымдар;  тәуелсіз БАҚ санатындағы мемлекеттік билік пен оппозициялық сарындағы саяси ақпараттарды беруде бейтарап бағыт ұстанып, либералдық көзқарас танытып отырған «31 радио», «31 арна», сондай-ақ басылымдар «Жас қазақ», «Түркістан», «Мегаполис», «Новое поколение», «Караван», «Время» апталықтары, «Технологии управления», «Эксклюзив», «Континент», «Kazakhstan» т.б. сараптамалық журналдар;

113


 саяси жедел ақпараттар ағынын объективті жеткізу бағытындағы соңғы бір-екі жыл мерзімінде жарық көріп отырған күнделікті газеттер «Айқын», «Литер», «Алаш айнасы» сияқты басылымдар. Кез келген қоғамның басқарушы тобының стратегиясы коммуникациялық үрдістерсіз бұқараға жетуі, таралуы, қоғамдық пікірді қалыптастыруы мүмкін емес. Сондай-ақ, басқарушылар мен басқарылушылар арасындағы байланыстар сайлау, референдум, БАҚ, саяси партиялар сияқты аралық топтардың қызметінсіз жүзеге аспайды. Қазақстандағы билік жүйесі мен сайлау институттары, саяси партиялардың коммуникациялық стратегияларының дамуында бірқатар тенденциялар байқалуда. Саяси модернизациялық кезеңді бастан өткерген Қазақстанның саяси жүйесіндегі Президент басқаратын вертикалды күшті де атқарушы билікпен қатар табысты да тиімді экономикалық реформалар жүзеге асты. Дегенмен саяси қалыптасу жүйесіндегі өзгерістер бірқатар мынадай проблемаларды туындатты: саяси алаңның бір қалыптығы мен саяси қатысу мүмкіндіктерінің шектеулігі (электорат сияқты маңызды фактордың ескерілмеуі), экономикалық қарқындағы либерализация мен саяси консерватизм арасындағы теңсіздік, басқарушы элита мен оппозиция арасындағы саяси дамудың анық та нақты стратегияның жоқтығы (парламенттік республика құру жайлы тезистің елдегі саяси әлеует мен әлі де болса партиялар жүйесінің әлсіздігіне байланысты сәйкес келмейтіндігі), басқа да саяси қатысушылар арасындағы өзара әрекет етудің тиімді жолдарының жоқтығы. Дегенмен байқалатыны, билік пен оппозиция арасындағы өзара диалог пен келісімге келуге ұмтылған алғашқы әрекеттің өркениетті қадам екендігі даусыз. Саяси партиялардың билік пен парламент арасындағы коммуникациялық старегиясында айтарлықтай оң өзгерістер байқалуда. Бұл тенденциялар сайлау жүйесінің реформалануы, парламент рөлінің функционалдығының артуы, плюралистік ақпараттық кеңістіктің дамуы, элита топтардың қысым көрсету аясының тарылуынан байқалады. «БАҚ туралы» заң жобасының қызу талқыланғаны ақпараттық кеңістіктегі басты мәселеге айналды. Бірнеше рет Парламентке ұсынылып, қабылданған заңның плюралистік ақпараттық кеңістікті дамыту әлеуетінің әлі де болса кем түсіп жатқаны шындық. Бұл тек мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына ғана емес, партиялық жүйенің дамуына да кері әсерін тигізбек. ҚР тәуелсіздік алғаннан бері елімізде Президенттік, Парламенттік саяси институттары, сайлау жүйесі, көппартиялық жүйенің қалыптасу тенденциясы байқалуда. ҚР Президенттік институт экономикалық және саяси реформаларды жүргізуде, егемен елдің мемлекеттігін құруда өзінің орындылығы мен тиімділігін дәлелдей алды. Демократиялық саяси жүйенің билікті бөлісу, демократиялық сайлау жүйесі және азаматтық қоғам секілді 114


базалық институттарымен байланысты орнатуда президенттік институттың орасан зор әлеуеті бар. 2007 жылы Қазақстанның Интернет-дәрісханасына айтарлықтай қанат жаюды тілеген Президент халықпен байланыс орнатудың жаңа үлгісін табысты түрде өмірге енгізді. Мемлекет ақпараттық қоғам қалыптастыру және өмірдің барлық салаларында инновациялық технологияларды дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады. Мұндай шараларды жиі өткізу керектігін практика дәлелдеп берді. Бұндай электронды диалог мемлекеттік органдарды халықпен шынайы байланыстырады. Үкіметке, министрліктер мен әкімдерге Интернет-конференцияларды ұдайы өткізу қажеттігі туындады. Өкінішке қарай, он-лайн тарату ауқымында барлық сұрақтарға жауап қайтарудың сәті түспесе де, бірде-бір өтініш назардан тыс қалмағандығы билік институтының бұқарамен байланысындағы аса үлкен жауапкершілікті және ашық диалогты қолдайтындығын танытса керек. Отыз күннің ішінде ол сұрақтарға жауаптар әзірленуі Президент әкімшілігіндегі ақпарат және баспасөз қызметіндегі мамандардың кәсібилігін айқындай түссе керек. Интернет-конференцияның басты тақырыбы – Қазақстанның инновациялық дамуы. Интернет тарифтері төмендеуі басты мәселе саналады. Сарапшылар, бүгінде бұл сала тым монополияландырылған, сондықтан да бәсекеге қабілетті бола алмайды, осыдан барып ақпараттық технологиялар баяу дамуда деп санайды. Мемлекет басшысы ретінде Н. Назарбаев бұл мәселеге көп мән беріп келеді. Алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылған және табысты жүзеге асқан Интернет-конференция соның дәлелі болып табылады. Ішкі саяси тұрақтылықты қалыптастыру – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Оның көп факторлары бар. Белгілі бір аймақта әлеуметтік мәселені шешумен қатар адамдардың рухани сұранысын қанағаттандыру кезек күттірмес маңызды шаралардың бірі. Елдің рухын көтеру, ұлттың мақтаныш сезімін оята білу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерді қалыптастыру – тәуелсіз мемлекет дамуындағы айрықша мәселе. Осы тұрғыда бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше. Еліміздің Конституциясында: «Бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті»,-деп атап көрсетілсе [242], ал Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңында оның «...мерзімді баспасөз басылымы, радио, және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбысбейне жазбасы және бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басты нысаны» болып табылатыны айқындалды [243]. Қазақстан Респбуликасы өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бері бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікір қалыптастырудың қуатты қаруына айналып келеді. Ал нақтылай айтсақ, ел егемендігі мен тәуелсіздігі 115


жолындағы саяси күресте, әсіресе, қазақ басылымдарының тарихи рөлі ерекше. Осы мәселеге айрықша көңіл бөлген ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: «...біздің бұқаралық ақпарат құралдарының республика мүдделерін қорғай білуі, дүниежүзілік саяси аренада өзінің ақпараттық кеңістігін құруды үйренулері қажет. Республикадан тыс жерлерде оқырманға жол табуы тиіс. Оның үстіне бізде өзіміздің ішкі және сыртқы саяси қағидаларымызды айшықты көрсетер негіздер жеткілікті», -деп айтқаны белгілі [244]. Жетпіс жылдан астам уақыт бойы дара идеологияның құрсауында болған халыққа жаңа тұрпаттағы мемлекет құрудың өзектілігі мен қажеттілігі турасында насихат айту, иландыру, жұмысын жүргізу, айтуға ғана жеңіл болғанымен, іс жүзінде оңай іс емес еді. Міне, осынау тарихи жүкті атқару республиканың бұқаралық ақпарат құралдарына тапсырылды. Оны жүзеге асыру үшін, оқырмандар мен көрермендер аудиториясын еліктіру үшін саяси әдіс-тәсілдерді ұтқырлықпен қолдану қажеттігі сөзсіз еді. Қоғамдық ой-сана үрдісінде әділ айтылып жүргендей, бұқаралық ақпарат құралдары шын мәнінде «төртінші билік» тұтқасына айнала бастағаны жасырын емес. Себебі, бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары адамдардың санасына, қоғамның саяси жүйесіне ықпал етудің күшті құралы екені мәлім. Қазіргі таңда дүниежүзілік ақпарат әлеміндегі ірі өзгерістерден, жаһандастыру үдерістерінен ешбір елдің саяси өмірі мен БАҚ-тан тыс тұра алмайтын күрделі кезең туындады. Саяси байланыстың тәсілдерінің бірі – оның қоғамдық саяси ұйымдар арқылы жүзеге асуы. Қоғаммен саяси байланыстың қазақстандық тәжірибесі, олардың саяси жүйе әрекетінде жүзеге асып дамып келе жатқан демократиялық қоғам үлгісінде көрініс табуда. ҚР тәуелсіздік алғаннан бері елімізде Президенттік, Парламенттік саяси институттары, сайлау жүйесі, көппартиялық жүйеден партиялардың одаққа бірігуі, қалыптасуы тенденциялары байқалуда. ҚР Президенттік институты экономикалық және саяси реформаларды жүргізуде, егемен елдің мемлекеттігін құруда өзінің орындылығы мен тиімділігін дәлелдей алды. Демократиялық саяси жүйенің билікті бөлісу, демократиялық сайлау жүйесі және азаматтық қоғам секілді базалық институттарымен табиғи түрде байланысты орнату президенттік институттың орасан зор әлеуеті бар. Сонымен қатар, елдің саяси жүйесін жетілдіре түсу, ірі мегаполистерде қоғамдық-саяси өмірді дамыта түсу бағыттары да айқындалып отыр. Саяси реформалар кезінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыру, БАҚ-тың редакциялық саясаты тәуелсіздігінің және журналистер құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін қамтамасыз ету өте қажет. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары демократияландыру үдерісіндегі өзінің рөлін және қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінуге, тек қана құқықтық ауқымда іс-қимыл жасауға тиіс. 116


Бүгінде ресми биліктің мына салаларда басымдықтар таныту қажеттігі туындауда. Ақпараттық саясат мәселелері бойынша заңдарды әзірлей және қабылдай отырып, мемлекет нақ осы қағидаттық көзқарастарды ұстануы қажет. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде бүгінгі таңда жеке меншік БАҚ басым сипат алуы – бұл демократиялық ұмтылыстың нәтижесі. БАҚ бостандығының кепілдігін нығайтылуы аса маңызды. Бүгінгі таңда сөз арқылы жұмыс жүргізуге, адамдарды көкейтесті міндеттерді шешуге жұмылдыруға және елде тұрақтылықты нығайтуға болады. Сонымен бірге қоғамды тұрақсыз етуге де болады. Сондықтан кез келген демократиялық мемлекеттегі сөз бостандығы бақылаусыздықты білдірмейді, керісінше БАҚтың қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындайды. Қазақстан қоғамындағы билік пен БАҚ арасындағы байланыс елдегі саяси реформаларды модернизациялау кезеңімен дамуда. Яғни бұл билік пен БАҚ арасындағы байланыс жолдарының үздіксіз айналымда болатындығын айқындайды. Және де биліктің Президент, Парламент институттары, арадағы саяси партиялар мен топтар, саяси элита мен күштер арасындағы осынау тынымсыз да үздіксіз, жылдам да кедергісіз байланыстарды жүзеге асыратын қуатты құрал - бұқаралық ақпарат құралдары болып қалмақ. Осы орайда Президент пен Парламенттің коммуникациялық стратегияларының сауатты да кәсіби түрде жүзеге асуы, бұқарамен байланыстағы тікелей байланыс көпірі – БАҚ-тың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы айқындалды. Елбасының журналистерге сұхбаты, бұқарамен Интернет-конференция арқылы байланысуы, Президенттің сайлау алдындағы тікелей эфирге шығуы, қазақстандық БАҚ-та апталық шолулар мен басылымдардағы арнайы Парламентке арналған айдар мен беттердің болуы, электронды үкімет жобасының жүзеге асуы осыған дәлел. Тәуелсіз елдің Астанасын құруда биліктің халықпен байланысы әрдайым үздіксіз жүзеге асқан және аса беретін маңызды коммуникациялық құралы саналмақ. Жаңа Астананың өмірбаяны әлі де тым қысқа сияқты. Дегенмен осы жылдар ішінде Астанадағы БАҚ нарығы түр мен сан жағынан молысты. Енді Бірінші Ұлттық «Қазақстан» арнасы, «Хабар» арнасы Астанадан эфирге шығып, ел назарына Қазақстан мен әлем жаңалықтарын ұсына бастады. Бұл жылдарда жаңа арна «Астана» телеарнасы мен «Астана» радиосы дүниеге келді. Екпінді арна Астананың өмірі мен тынысының басты коммуникациялық арнасына айналды. Ал «Нұр Астана» басылымы жаңа Астананың жаңа бастамаларын саралай да сипаттай жариялайтын қалалық басылымға айналып үлгерді. Еліміздің басты басылымы «Егемен Қазақстан» Астанадан шыға бастады. Енді «Егемен Қазақстанның» Парламенттің тыныс-дерегіне арнаған арнайы «Үкімет» бетімен әрбір қазақстандық таныса алады. Үкімет пен билік халыққа, халықтың Үкімет пен билікке тағы бір табан да болса жақындай алатын мүмкіндік тудыруды көздеген «Электронды үкімет» жобасы жүзеге асып, өз пайдаланушыларына жол тапты. Тәулік бойына Астанада орналасқан министрліктер мен мемлекеттік мекемелер 117


жайлы ақпарат алып қоймастан, www.e.gov.kz сайтының тұтынушылары қажетті құжатты кеңседе не үйде отырып та рәсімдейтін күндері де алыс емес. Елбасының Ақордасынан бүкіл әлемге тарап жатқан www.akorda.kz сайтының атқарар міндеті мен алатын орны ерекше. Әрбір азамат Президентке көкейде жүрген сауалдарын қоя отырып, оған жедел түрде электронды пошта арқылы жауап алуға, Ақордадағы мемлекеттік маңызды шаралар мен елдің ішкі және сыртқы саясатынан хабардар болуға мүмкіндік берді. Бұл биліктің бұқарамен кері байланыс орнатуындағы жаңа әдістерді батыл жүзеге асырғаны деуге болады. Әлемнің әрбір азаматы Елбасының кітапханасы мен БАҚ-та жарияланған публицистикалық дүниелерін оқып, фотогаллереясымен таныса алады. Бұл бастамалардың бәрі де ел астанасы – Астанада жүзеге асып жатыр. ҚР Президенті Н. Назарбаев 2008 ж. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің саясаттың басты міндеті» Халқына жолдауында «Биылғы жылы өзінің 10 жылдығын атап өткелі отырған біздің елордамыз Астананы одан әрі дамыту маңызы ды міндет болып саналады»,-дей келіп, Елордадағы энергия көздерінің, инженерлік инфрақұрылымдардың және бүгінгі озық көлік жүйесінің құрылысын одан әрі жалғастыру керектігін атап өтеді [245]. Елбасы БАҚ өкілдерімен сұхбатында ұлттың мемлекетті ұйытарлық қасиетіне, қуатына байланысты екендігі баса айтады. Ол Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансқұрлықтық дәлізі қолға алынады. Шын мәнінде, жаңа Жібек жолы тартылады. Сол жолмен Батыстан Шығысқа, Шығыстан Батысқа тауар да ағылады, адам да ағылады. Қазақстан жері арқылы неше түрлі идеялар өтеді, неше түрлі пиғылдағы адамдар өтеді. Халыққа Интернеттен де, кабельді телевидениеден де жағымды-жағымсыз, пайдалы-зиянды неше түрлі әңгіме айтыла беретін болады. Ашық қоғам жағдайында, жаһандану жағдайында ондай әсерлерден ешкім сырт тұра алмайды. Біз соның бәріне сын көзімен қарай алатын, озығын алып, тозығынан бас тарта алатын, төл, дара сипаты бар ұлтқа айналсақ қана өзіндік болмысызды сақтаймыз. Солай болып та келеді деген ой толғауларын халқымен бөліседі [246]. «Бұдан былай кең байтақ еліміздің орталығында халқымыз үшін тағдырлық маңызы бар шешімдер қабылданады. Мұнда енді дүрс-дүрс етіп біздің Отанымыздың жүрегі соғып тұр. Осы арадан Қазақстан үшінші мыңжылдықтың басындағы өзінің тарихи тағдырын айқындамақ. Таңдау жасағанда тағы бір көзделгені – уақыт өте келе Астана Еуразия құрылығындағы ең күшті коммуникациялық орталықтардың бірі болмақ. ХХІ ғасырда Еуразия кеңістігінде дамыған экономикалық, технологиялық, ақпараттық тасқындар біздің жаңа астанамыз арқылы да ағылып өтетін болады»,-деп Елбасы Астананың бүгіні мен болашағын айқындап берді [247]. Қазақстан билігінің орталығы мен халық пен биліктің арасындағы дәнекерші орта – Астана. Ақорда мен Парламент үйінен тарайтын 118


мемлекеттік маңызды оқиғалардың кіндік төркіні – Астана. Астананың дүниеге келуі – Қазақстанды әлемге танытқан жарқын реформа. Алып одақ ыдырап, көп елдердің жаңа ғасыр алдындағы торапта әр тарапта саясат жүргізуі де заңды болар. Дегенмен бүкіл Еуразия кеңістігінде жаңа реформа жүзеге асты. Әрі оның өміршеңдігі мен қажеттігі күн санап, жыл санап артып келеді. Астана әлемдік және халықаралық деңгейдегі маңызды мемлекеттік оқиғалардың отанына айналама бермек. Электоралдық көңіл-күйді зерттеу орталықтарының жұмыс тәжірибелері де шыңдалып, саяси партиялардың қоғам өміріндегі рөлі артып, олардың алғаш рет саяси сайлау науқанында байсалды позицияға иелену мүмкіндігі туындады. Дегенмен саяси партиялардың БАҚ-пен байланысында, саяси бағдарламаларын сауатты да кәсіби жүргізуінде, бұқарамен етене араласу жұмыстарында әлі де болса жаңашыл ізденістер мен тың идеялар, инновациялық технологиялар жетіспей жатыр. Дегенмен соңғы жылдары биліктің бұқарамен кері байланысының тиімділігін бақылап, анықтауда жаңа форматтағы әдістер енгізілуде. Мәселен, Қазақстанда алғаш рет 2008 ж. қараша - 2009 ж. қаңтар аралығында «Media-Testing» жобасы жүзеге асқан болатын. Жобаның басты мақсаты мемлекеттік органдардың жалпы саны 70 веб-сайтын ұсынылатын ақпараттардың толықтығы мен сапасын тестілеу болып саналады [248]. Биліктің бұқарамен виртуалдық диалогын құруда маңызды саналатыны осы мемлекеттік органдардың өзінің мақсатты аудиториясына ұсыныпотырған порталдары мемлекеттік сайттарға қойылар халықаралық стандаттар мен таалптар аясында әзірленген болатын, 100 БАҚ өкілі қатысқан тестілеу процедуарсының басты критериі де ақпараттың бұқаралық аудиторияға қолжетімдігі мен жаңартылып отыруы. Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік сайттарды БАҚ өкілдерінің жүйелі түрде бағалауы жүргізіліп, нәтижесінде бұқара үшін аса маңызды ақпаарт пен едрек көздері саналатын мемлекеттік веб-сайттардың пәрменділігі айқындалды. Және де жаңаша форматта өткен медиатестілеу live-режимінде өтуі оның ашықтығы мен шынайылығына дәлел болды. БАҚ өкілдерінің сараптаулары нәтижесінде «ең үздік» және «ең нашар» мемлекеттік веб-сайттар рейтингі түзіліп, үздіктер қатарын: ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі және ҚР Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті толықтырған еді. Жобаның басты бағыты елдегі мемлекеттік органдардың веб-порталын сынға алудан гөрі, бұл саладағы ақпараттық-коммуникативтік қызметтерге кедергі келтіретін факторларды айқындай отырып, нәтижесінде биліктің құзіретті органдарының виртуалдық коммуникациялық кеңістігінің дамуына, бұқарамен кері байланыстың тиімді механизмі ретінде бағдарлауға арналған болатын. «Электронды үкімет» қалыптасуына, сондай-ақ аталған мемлекеттік органдарыдң бұқарамен кері байланысында БАҚ және қоғамның назарын 119


адуару қажеттігінен туындаған медиатестілеу – қазіргі заманның жаңа коммуникативтік, талдамалық технологияларынан саналады. Мұндай шаралардың жүзеге асуы әрине, ақпараттық кеңістіктің дамуына да оң ықпалы болмақ. Мемлекеттік порталдардағы әрбір ақпарат ашықтығымен, қолжетімдігімен қатар кері байланыс қату, жауап алу мүмкіндігімен де құнды. Медиатестілеу барысында кебйір поратлдардың қазақ тіліндегі нұсқасы өз дәреждесінде рәсімделмеуі виртуалдық кеңістікте әлі де болса қазақ тілінің үлесі тмөендігін тағы бір дәлелдеп отыр. Сондай-ақ бұқараға қажетті сатистика мен аналитиканың жетімсіздігі бұл саладағы өте кәсіби мемлекеттік PR-қызметкерлері, ақпараттық менеджмерлердің қажеттігін білдіреді. Медиатестілеудің басты мақсаты – мемлекеттік порталдардың проблемаларын шешуге бағытталған кешенді механимздерден тұратын стратегиялық жобалар ұсыну саналды. Халықаралық Медианет ұйымының пилоттық жобасы алдағы уақытта да қазақстандық саяси ақпараттық кеңістікте қажет. Бөлімді қорытындылай отырып, демократиялық даму жолындағы Қазақстан үшін БАҚ түрлі саяси мүдделердің тоғысқан алаңы болып отырғандығын баса айтуға болады. Қазіргі Қазақстан жағдайында мемлекет пен БАҚ қарым-қатынасына авторитарлық және даму модельдерінің аралас келуі тән. Қазақстанда билікпен бұқараның қарым-қатынасы: «БАҚ – саяси биліктің шоғырланған ақпараттық ресурсы», «БАҚ – саяси биліктің бұқарамен байланыс құралы», «Сараптамалық-іскери БАҚ – билік пен саяси элитаның құралы», «БАҚтағы сауықтыру – бұқаралық сананы қалыптастыру құралы», «Бұқаралық коммуникация құралдары – демократия кепілі» үлгісінде жүзеге асуда. Аталған саяси ақпаратты-коммуникативтік процестердің даму үлігелері Қазақстандық қоғамның демократиялану процесіне ықпалын айқындайды. Автордың пайымдауынша, бүгінде Қазақстандағы БАҚ нарығының дамуы цензураның шектелмегендігімен, БАҚ-тағы ақылы мақалаларға мемлекеттік тапсырыстың болуымен ерекшеленеді. БАҚ-тың монополиялануы, ақылы мақалалардың жиі жариялануы, қазіргі заманғы PRтехнологиялар жайлы түсініктің әлсіздігі, БАҚ нарығындағы менеджмент пен маркетинг салаларының кенжелеп дамуы, бизнестің қажетінше саясилануы бұқаралық коммуникация құралдары нарығындағы жағымсыз тенденциялар деуге болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының демократиялық құндылықтарды сақтаудағы БАҚ бостандығының кепілі болуда шетелдік тәжірибеде кеңінен тараған қоғамдық хабар тарату қызметін құру қажеттігін атауға болады. Қазақстанда қоғамдық арна құрылса, демократиялық қағидаттардың дамуына, ұлттық бұқаралық ақпараттық сектордың кәсіби дамуына, тәуелсіз де сапалы БАҚ нарығын қалыптастыруда, бұқараның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруда, қоғамның одан әрі модернизациялануы үшін тиімді құрал саналады. 120


3 ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ҚҰРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

ТӘЖІРИБЕСІ:

3.1 Электронды демократия және саяси коммуникация мәселелері Бүгінде Интернет әлемдік саясат кеңістігі ретінде, дәстүрлі саяси институттардың географиялық алаңы ретінде танылуда. Осынау жаңа кеңістікте дәстүрлі және жаңа саяси акторлар өзара әрекетте болады. Мұнда саяси акторлар мемлекет пен халықаралық ұйымдарды Интернет-саясаттан сырттата отырып, басымдықта болады. Аталған мәселенің басты ерекшелігі де Интернеттің келесідей дихотомдық сипатында болса керек: - Open Source және бағдарламалық әзірлемелерді қамтамасыз етуде қарама-қайшылықтардың туындауы, алдымен Microsoft компаниясының ашық және жасырын әрекеті; - мультимедиялық компаниялардың, ассоциациялардың, сондай-ақ пирингтік компаниялардың қызметіндегі қарама-қайшылық – ақылы және тегін болуы; - заңнамалық және бағдарламалық реттеу тәжірибесіндегі қарамақайшылықтар; - мемлекеттік егемендік пен желілік ұйымдардың антогонизмі – шектеулер мен еркіндіктердің боулы [249]. Интернет терминологиясында акторлардың жіктемесін былайша сипаттауға болады. Интернеттегі актор ұғымы мен дәстүрлі субъектілер арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар бар. Интернеттегі саяси актор ұғымы жалпылама, аралас келеді, әдеттегі актордың функциясын иемдене алуымен ерекшеленеді. Көбінде дәстүрлі саясаттану әдістерін пайдалана отырып, виртуалдық саяси актор ұғымына нақты шектеулер қою мүмкін емес. Мәселен, Интернеттегі саяси әрекет бір жағынан дербестелген сипатта не болмаса шынайы өмірде тұтас институт иелігіндегі мүмкіндіктерді алатын индивид сипатында болады. Екіншіден, актор тұлғасыз сипатта (желілік айғақтарды қолданғанда) немесе nicknames – бүркеншік есіммен жасырыну сипатында болады. Дегенмен соңғы жылдары көптеген елдер мемлекеттік деңгейде Интернет мүмкіндіктеріне алаңдаушылық танытуда. Билік тарапынан жаһандық ақпараттық ортаға кері реакцияның мынадай түрлерін атауға болады: жоққа шығару, қабылдау, шектеулер мен қабылдау, пайдалану, дамуға берілген мүмкіндік. Әлемдік саяси жүйеге беслене қатысушы, дамыған мемлекеттердің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – Интернеттің дамуына мүмкіндік беру. Ол, өз кезегінде, ақпараттық технологияның көмегімен мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың сапасын арттыруға, мемлекет пен қоғамның конвергенциясына – үйлесімді қызметіне ықпал етпек. Бұл бағыттағы қызмет интеллектінің вербальдануына, бизнестің дамуына, Интернет мемлекеттің заңды иегері ретінде үкіметтік тексеруге әкеледі. 121


Бүгінде мемлекет үшін интернет-саясаттың басты мәселелері қатарында желілік ұйымдармен қарым-қатынасы және киберқылмыспен күрес және ақпараттық соғыс мәселелері саналады. Алғаш рет 1990 жж. көптеген мемлекеттер қақтығыс жағдайында ұлттық қауіпсіздікке қатер әкеледі деп санады. Сарапшылардың пікірінше, саясатта Realpolitik концепциясын Noopolitik концепциясына – жаһандық ақпараттық ортада, яғни барлық коммуникациялық медиалық құралдарды біріктірген ноосфераны әрекет ету концепциясына қарама-қарсы қою қажеттігін айтады [250]. Realpolitik, яғни шынайы саясат, әрине, жаңа ортада жойылмайды. Мемлекеттің қуаты ұлттық және халықаралық қарым-қатынастарда маңызды фактор болып қала бермек. Дегенмен әлемдік саясатта ашық желілік жүйелер, мемлекеттік желілер үстемдікте болатыны рас. Интернет пен желілік принциптерге құрылған жаһандық жаңа типтегі саяси жүйенің дамуы халықаралық және аймақтық қарым-қатынастардың постмодерндік теориясы бірқатар өзгерістер әкеледі. Постмодернизм қазіргі заманғы саяси шынайылық пен Интернеттің виртуальдығын білдіреді. Интернетті «мемлекеттің алдындағы» мемлекет күйінде, ертеңгі қоғамдық құрылым моделі ретінде қарастыратын көзқарастар тұрғысынан алғанда постмодернизм жайлы әзірлемелердің өзектілігін желі ішіндегі процестерді талдауда, халықаралық қарым-қатынастар мен әлемдік саясатта танимыз. Іс жүзінде постмодернизм бүгінгі шынайылықты талдау механизмін ұсынуда. Интернет түрлі саяси процестерге тікелей де қарама-қайшы бағытта да ықпал ете алады. Азаматтардың саясатқа қатысуы деңгейін арттыруы немесе мемлекеттің бұқара халықты тотальдық бақылауы үшін Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалануға болады. ХХІ ғ. басында Интернет дамуындағы, желі қызметінің арзандай түсуінен көптеген индустриалдық елдердің халқының басым бөлігінің қолжетімділігі, шынайы жаһандық ақпараттық орта қалыптасыра алатын коммуникация саласындағы шешімдер, желідегі барлық акцияларды бақылауға мүмкіндік беретін қауіпсіздік саласындағы қарарлар сияқты үрдістерді сипаттауға болады. Бұл Интернет-технологиялар арқылы кез келген абсолютті анархиялық қоғамнан тоталитарлық мемлекетке дейінгі саяси-әлеуметтік құрылымдарға мүмкіндіктер береді деп санайды ресейлік ғалым [251]. Интернет жаңа принциптерді өзгерте, орната отырып, қазіргі заманғы әлеуметке бағытталған саяси коммуникацияның барлық салаларын қамтиды. Сондай-ақ әлемдік желінің құндылығы Интернеттегі бөлшектер санына қатысты төртбұрыштық пропорцияның артуы саналады (Мұны әдетте «Метфак заңы» дейді). Яғни тәжірибеде Интернет пайдаланушылар саны 500 миллионнан 1 миллиардқа көбейсе Интернеттің құндылығы мен оның мүмкіндіктері төрт есеге ұлғайғаны. 122


Қазіргі заманда Интернет-технологияның эволюциясы басқа да желілерді ұйымдастырумен айқындалады. Желілік формалардың осылайша ұлғаюы саясатты билікке қатысты қарым-қатынастардың жиынтығы ретінде дәстүрлі ұйымға қатер әкелуі де мүмкін. Мұнда адамдар жаңа ақпараттық алаңда мәдени жадылар көмегімен өздерінің ұстанымдарын анықтайды. Саяси логикалық тұрғыдан алғанда, дәстүрлі институттардың екіге бөлінуі жадылар көмегімен инсититуттар деңгейінде қабылданатын шешімдермен түсіндіріледі. Халықаралық қауымдастық тарапынан Интернеттің қызметін реттеу, қолдау шараларының бірі ретінде 2000 ж. Үлкен сегіздік елдерінің кездесуінде әлемнің жетекші елдері жаһандық ақпараттық қоғамды құру, қолдау мақсатында Окинава хартиясын қабылдаған болатын. Кездесу барысында ақпараттық технология мүмкіндіктеріне қарай DOT-Force тобы құрылып, оған жаһандық ақпараттық қоғам құру жолындағы басты проблемаларды, ең бастысы «digital divide» - «сандық теңсіздік» және «egovernments» - «электронды үкіметтер» қалыптастыру мәселелерін шешу міндеті жүктелді. Интернет кеңістігінде әлемдік саясатқа, мемлекеттердің геосаяси ахуалына ықпал ететін жаңа факторлар пайда болуда. Бүгінде бұл факторлардың рөлі айтарлықтай болмаса да, келешекте желідегі саяси қарым-қатынастардың мүлдем жаңа салаларын болжауға болады. Бұл факторлар қатарында хакерлік қауымдастықтар, компьютерлік агенттер, вирустар т.б. бар. Соңғы жылдары хакерлік қауымдастықтың әлемдегі АҚШ – Қытай, Палестина – Израиль, АҚШ – Ирак т.б. сияқты кейбір саяси оқиғаларға, ақпараттық соғыстарға қатысуы байқалуда. Бұлардың қатарында антиглобалистік акциялар енетін: құпия мәліметтерді ұрлау, тарату, Интернет пайдаланушыға кез келген мемлекеттік бақылаудан өте алу мүмкіндігін беретін арнайы бағдарламалық өнімдерді атауға болады. Қазіргі уақытта Интернеттің саяси процестерге виртуалдық қатысуында орын алып отырған ерекше үрдістер қатарындағы Интернет-партиядан бастап виртуальдық жалған мемлекетке дейін құрылымдарды атауға болады. Интернет ұлттық деңгейде – мемлекеттік, жаһандық деңгейде – әлемдік саясатты қолдайтын технология ретінде қоғам өмірін қалыптастыратын, адам эволюциясына ықпал ететін әлеуметтік құрылым бола отырып, дәстүрлері мен мәдени жүйелері орныққан саяси әрі экономикалық институттармен тең дәрежеде танылуда. Жоғарыда аталған барлық институттармен ықпалдаса отырып, Интернет болашақта алдына мүлдем жаңа міндеттер қояды. Аталған институттар бірбірімен алмаса отырып, алдағы уақытта өзінің құрылымын да өзгертеді. Бүгінгі қоғамда, саяси өмірде ақпараттық, әлеуметтік және биологиялық технологиялар саласындағы көптеген жаңалықтар Интернетпен тығыз байланыста. 123


Бүгінгі күні әлемдік және жергілікті деңгейде бүкәлемдік желіде жаңа саяси қарым-қатынастар саласындағы жаңа білім шоғырлануда. Үкімет саясат субъектісі ретінде Интернетте жаңалықтарды әзірлеуге қабілетті саналмайды, ол тек осынау жаңалықтарды қолдауға ықпал ететін қолайлы жағдай туғыза алады. Оның үстіне Интернетпен енетін жаңаша өнертабыс мемлекеттің емес, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген тұлғалардың, корпорациялардың иелігінде болады. Мемлекет инерттік институт ретінде аталған жаңалықтардың әлеуметтік, құқықтық, саяси салдарына жауап қатуда. Ақпараттық технологияға қатысты таңдау мәдениеті, қатысу мәдениеті қазіргі уақытта мемлекеттердің емес корпорациялардың құзіретінде болып отыр. Жалпы алғанда, ақпараттық технологияны таңдау былайша жүзеге аспақ: қоғам игілігі үшін ақпараттық технологияларды саясаткерлер айқындайды не болмаса технологиялық корпорациялар нарық арқылы саяси бағдарды айқындайтын жаңа технологиялар принциптерін енгізеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың жылдам өріс алуы демократия теориясы жайлы дебатты күшейте түсті. Ғалымдар мен саясаткерлер арасындағы өткір пікірсайыс Интернеттің демократиялық институт пен процестерге әсерінің сипаты жайлы пікірталас өрбуде. Шын мәнінде, өзгерістердің бағыты, мәні, интенсивтілігі мен тереңдігі қандай? Жаңа институционалды құрылым пайда болғанда бұрынғы саяси институттарға не болады? Ақпараттық байланыстың жаңа мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, қоғамдық институттардың тұрақтылығын сақтай отырып, қоғамдық құрылымды қалай өзгертуге болады? Ақпараттық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет, демократия мен көпшілік саласында, тура және өкілетті демократия арасындағы байланысты тасымалдау механизмі қандай? Интернеттің бұқаралық саяси коммуникация құралы ретінде азаматтардың электоральдық мінез-құлқына әсері қандай? Ақпараттық қоғамда демократияның қай түрі қалыптасуда? Ақпараттық қоғамдағы саяси коммуникацияның жаңа формасы ретінде электронды, комьютерлікқолдаушылық демократияның табиғаты қандай? Азамат пен билік құрылымы қарым-қатынасын құрастыратын мемлекеттік басқарудың жаңа моделі – Интернет көмегімен мемлекет пен азамат арасындағы интерактивті байланыс жүйесі ретінде «электронды үкіметтің» ерекшелігі неде? Міне, ақпараттық технологиялардың дамуы демократия теориясында қызу пікріталас тудырып отыр. Интернет және демократия проблемасын зерттеуде негізгі үш тәсілді бөлуге болады. Оның біріншісі «популистік көзқарас» деп аталады. Интернет үкімет пен оның саясатына дербес әсер ету мүмкіндігін қалпына келтіреді деп санайды Э. Коррадо мен Ч. Фейрсон: «Интернет ешкімнің көмегінсіз азамат пен үкімет қарым-қатынасын қамтамасыз етуі мүмкін, сонымен бірге жай ғана азаматтардың қызметтегі тұлғасын, өзінің экономикалық мүддесін сақтайтын саяси партия мен топтарды таңдаудағы тәуелділігін азайтады. 124


Интернет ақпарат алмасудың көптеген мүмкіндіктерін ұсына отырып, бір жағынан жай азаматтардың саясатқа деген әсерін күшейте түседі, ал екінші жағынан бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын әлсірете түседі»,-деп жазады [252, 13 б.]. Сонымен азаматтың неғұрлым тікелей үкіметпен байланысу мүмкіндігі артқан сайын, соғұрлым олар саясатқа тартыла түседі, неғұрлым араласқан сайын, соғұрлым тұлға ретінде тартымдылығы күшейе түседі. Популистік теорияның мәні коммуникация құралы сайлаушылардың саяси белсенділігін белгілі бір деңгейде айқындаушы фактор деп санайтын идеяға негізделеді. Қазіргі уақытта саяси ақпарат алмасуының тиімділігін шектеуде бұқаралық ақпарат құралдары саяси технологтардың, өзінің экономикалық мүддесін қорғайтын топтардың, сонымен бірге басқа да саяси элитаның қарамағында болып отыр. Популистік көзқарас тұрғысынан алғанда, Интернет қарапайым адамдардың ақпарат алмасуын орталықсыздандырады. Азаматтың саясатқа жекелей араласуы олардың қоғамдық өмірге ықпалын арттыра түспек. Аталған процесс жеткілікті деңгейде дамыса қоғамның өзгеруіне әкеледі. Осындай мүдделерден өзара түсіністіктің ұлғаюы, басқа адамдардың көзқарастарына құрметпен қарау, нәсілдік және жыныстық белгісіне қарай шеткерілетуді жою, жалпы құндылықтарды жасау сияқты ауқымды мүмкіндіктер спектрі құрылады. Егер популистік теория азамат пен үкіметтің қарым-қатынасын өзгертуге байланысты болса коммунистік теорияны жақтаушылардың үміті азаматтар арасындағы өзара әрекеттерді күшейтуге негізделеді. «Плюрализмнің жылдам дамуы» концепциясы екі болжамға негізделеді. Алғашқысы Интернет желісінің ақпаратты алу және алмасу мүмкіндіктерінің ұлғаюына байланысты плюрализм мәнінің өзгере алмауы деп саналады. Интернет дербес деңгейде көптеген адамдардың саяси проблемаларды таңдау мен ақпарат алу құралдарын таңдау талғамын өзгерте алмайды. Олар аздап саяси проблемаларға қызығушылық танытып, басқа проблемаларға бейқам қарауы мүмкін. Екінші болжам тұрғындарды тарту мәселесіне байланысты. Ақпараттық ағын мен ақпараттық алмасулар саяси процеске қатысушылардың, сонымен қатар саясаткерлер, белсенділердің оны ұйымдастыруы мен жүзеге асыруын жеңілдетеді. Мұнан басқа ақпараттың тиімді болу мүмкіндігі түрлі саяси процестерді жылдамдатады [253]. «Плюрализмнің жылдам дамуы» концепциясы тұрғысынан алғанда, Интернет саяси топтардың экономикалық мүддесіне сәйкес саяси жүйенің бөлінуі мен қоғамдық институттар мен ұйымдарға аса тәуелді емес саяси топтардың ықпалының түрлі стратегиясына негізделген икемді жүйеге өтуіне әсерін тигізеді. Интернет бұқаралық ақпарат құралдарының іріленуіне кедергі келтіре отырып, жекеменшік бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды орталықсыздандырады. 125


Бүгінде кеңес беруші компьютерлік жүйенің ерекшеліктеріне байланысты ғалымдар пайдаланушы мінез-құлқының үш стратегиясын айқындайды. Алғашқы стратегия. Пайдаланушы жүйені меңгеруге, оның жұмысының логикасына жетуде өзіндік «парасаттық бәсекелестік» жолына бар күшін салады. Бұл маманның психологиялық шаршап-шалдығуына әрі күшін жұмсауына әкеледі. Бұдан да ары жағымсыз салдардың бірі екінші нұсқаны айқындайды. Екінші стратегия. Пайдаланушы «электронды кеңесшіден» бас тартады, өйткені оны меңгеруге шамасы жетпеуі мүмкін. Соңғы стратегия. Пайдаланушы толықтай жүйеге сенім артады, «жасанды парасатқа» бағына отырып, оның ақыл-кеңестеріне сәйкес әрекет етеді. Болашақта бұл адамзаттың технократты түрде өзін өзі жоюына әкелуі мүмкін [254]. Осы проблеманың оң шешімі техниканың өзіндік құндылығынан бас тартып, гуманистік дәстүрлер мен мәдениетке ден қою қажеттігі болып отыр. Саяси коммуникацияның негізгі ағындары, мақсаттары мен бағыттарының құндылық принциптерінің мәні бар. Ақпарат теориясының белгілі маманы Д. Макквейл саяси коммуникациядағы саяси мәдениет осы мәдениеттің сапасы мен құндылығы приоритеті (иерархия); тең құқықтық пен нәтижесінде әділдікті орнататын ақпарат аламасуының кең мүмкіндіктері (теңдік); ұлт мәдениетіне жақындық, этникалық қауым не діни көпшілік (ұқсастық); моральдық нормалар мен талаптарды ескеру (мораль) принциптеріне негізделу керек дейді [255, 16]. Бүгінде саяси коммуникацияның құндылық сапалары маңызды және басқарушы элита мен өзіндік мүдделес бюрократия осы жайларды қайта саяси ой елегінен өткізуде. Бірақ та олар көбінде қоғамның саяси және мәдени жағдайын оның даму деңгейімен айқындайды. Саяси мәдениеттің өз кезегінде болуы, берілу тәсілі, құралы ретінде саяси коммуникация мәдени нормалар мен құндылықтармен жанама түрде жүзеге асады. Саяси коммуникацияның ақпараттық қоғамдағы рөлі де ерекше мәнге ие. Соңғы он жылда әлем қоғамдастығы қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінен индустриалды ұйымнан ақпараттық ұйымға өтудің жаһандық процесіне өтуде. Соңғы жылдарда қоғамдық-саяси лексикон «электронды өкімет», «киберсаясат», «кибердемократия», «компьютерлік-көмекші саяси коммуникация», «сандық (дигиталды) демократия», «коммуникативті демократия», «электронды азаматтық» және басқа да ұғымдармен байи түсті. Ресей және бірқатар ТМД елдеріндегідей Қазақстанда саяси коммуникацияның ақпараттық қоғамдағы зерттеулері енді қалыптасып келеді. Осындай зерттеулердің Қазақстан ерекшелігін ескере отырып, тәжірибелерін сараптау маңызды болып саналады. Жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саяси өмірге батыл ене отырып, саяси институттар мен индивидтер арасындағы ескі ұғымды, қондырғыларды, стереотиптерді сапалы түрде өзгертіп қоймастан өзара 126


байланыс әрекеттерінің формалары мен модельдерін бұзды. Ресей ғалымы А.А. Чеснаковтың пікірінше, «Саяси коммуникацияның даму динамикасы саяси қызметті қамтамасыз ету жүйесі жайлы түсінікті қалай төңкерсе, саяси қатысулардың дәстүрлі құралдарын солай төңкеретін жаңа ауқымды құрал ретінде қалыптасып келеді»,-дейді [256, 65]. Интернеттің демократия кепілі ретінде рөлін сараптау саясат теориясының ең перспективалы бағыттарының бірі болып отыр. Р.Даль тұжырымдағандай, демократия тәжірибеде бірнеше революциядан өтті, оның жақтастары өтіп жатқан оқиғаны толықтай түсіне қоймады [257]. Л. Гроссман жаңа коммуникативтік технологияның дамуымен демократияның жаңа, үшінші дәуірі басталды деп санайды [258]. Ақпараттық технологиялар демократиялық процедуралардың жүзеге асыру формаларын ғана емес, оны енгізуде де және әлеуметтік процестің дамуын да өзгеріске ұшыратуда. «Электронды демократия» деп нені түсінуге болады? Термин саяси процесте компьютерлік технологияны пайдаланушылар арасында жиі қолданыста жүр. Дегенмен «электронды» сөзін тура мағынасында деп санауға болмайды. «Электронды» сөзінің электронды микрофон немесе телевизияға да қатысы бар. Кейбір жағдайларда «сандық демократия» термині сәйкес келеді. Басқа да «кибердемократия», «виртуальдық демократия» немесе «ақпараттық технология ғасырының демократиясы» терминдері де лайық болуы мүмкін. Бірақ та қазіргі уақытта «интерактивті технологияның қолданылуы» мағынасын беретін «электронды» термині жиі пайдаланылуда. Электронды демократия концепциясына компьютерлерді және/немесе компьютерлік желілерді демократиялық саяси жүйе жұмысының маңызды құралы ретінде қарастыратын идеялар жатады. «Электронды демократия» - ақпаратты таратуда, коммуникациялық процестерде, азаматтар мүддесін біріктіру мен шешім қабылдауда (мәжіліс не дауыс беру арқылы) сияқты маңызды демократиялық процестерді орындауда компьютерлер мен компьютерлік желілерді пайдаланатын кез келген демократиялық саяси жүйе. Бұл концепциялар демократиялық басқарудың тура немесе репрезентативті формасын пайдалану мүмкіндігімен және азаматтардың белсенділік дәрежесімен ерекшеленеді. Осы концепциялардың интерактивтілік, ақпаратты берудің өте жылдам тәсілдері, өте көп пайдаланушылардың бір-бірімен байланысу мүмкіндігінің жоғарылығы, ақпараттық молдығы сияқты түрлі жаңа ақпарат құралдарының болуымен және процестерді басқарудың жаңа пайдаланушылық мүмкіндіктерінің демократиялық жүйеге әсер етуімен сенімді болады. Интернет арқылы бұқараның саяси өмірге қатысуы – саяси қызметтердің бастысы болып саналады. Интернет қызметінің маңыздылығымен бірдей өкілетті демократия институтын күшейту тәсілдері: партия бәсекелестеріне және үміткерлер арасындағы жарысқа жағдай жасау, азаматтық қоғамды 127


белсендіру және тарту, шешім қабылдау процесінде жауапкершілік пен ашықтықты, сонымен бірге олардың үкіметтік құрылымнан азаматтарға дейін тиімді жеткізілуін қамтамасыз ету болып саналады. Өтпелі қоғам үшін бұл қызметтер өте маңызды. Сайлау демократиясы сайлаушылардың келу деңгейін жоғарылатуға әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ басқа да:  азаматтық қоғам әлсіз тарамдалса;  өкілетті институттар қажетінше бірігіп, келісімге келмесе;  партиялар арасындағы жарыстар, сайлаушылар арқылы жүргізілетін шынайы үміткерлерді сайлау төмендетілсе,  өкімет коррупцияға ұшыраса;  заң аяққа тапталса;  оппозициялық қозғалыстар басып тасталса, онда саяси құқықтар мен азаматтардың бостандығы жай ғана жасанды болғаны. Тиімді азаматтық қоғам қалыптастыру идеясы сайлаушылар арасындағы көлденең (горизонтальды) байланыстың дамуымен, электронды, компьютерлік-қолдау коммуникациясының дамуымен қажетті материалдық базасын иеленуде. Демократия үшін ақпараттық технологияның рөлін бағалаудағы басты мәселе азаматтар мен мемлекетті біріктіруші өкілетті институттар базасын дамыту мен нығайтуда үкімет пен азаматтық қоғам қаншалықты ақпарат пен коммуникацияның жаңа жолдарының мүмкіндіктерін пайдалану болып отыр. Сонымен, жаңа технология арқылы жасалатын қоғамдық қатысу мүмкіндігі қарастырылғанда ұлттық және ұлтаралық деңгейде үкіметтік органдардың қызметі мен жауапкершілігінің ашықтығы мен айқындылығын күшейтетін, сонымен қатар азамат пен ортадағы институттар арасындағы интерактивті байланыс жолдарын нығайтудағы Интернеттің ақпаратты генерациялауға қабілеттілігі сөзсіз маңызды. Осынау маңызды қызметтерді Интернет басқа кез келген құралдарға қарағанда үздік жүзеге асырады. Бүгінде Интернет:  дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына (газет, радио, телевизия) қарағанда партиялардың саяси науқандарының өзара байланысуына лайық құралы;  журналистердің бір уақытта өте ауқымды ақпараттар легі мен ресми құжаттарға және ағымдағы заңдылық бастамалар мен ұсыныстарға қол жеткізуін қамтамасыз етуде;  партия ұйымы ішінде және партия мүшелері арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізу қызметін ұсынуда;  электронды демократияға байланысты туындайтын қауіп-қатер проблемаларын ғылыми сараптауда;  мәліметтерді қажетті қорғаудың болмауынан нақты дауыстар мен таңдауларды билеп кету қаупін туыруда;  қоғамның ақпаратты иеленетіндер мен иленбейтіндер болып бөлінуі («сандық бөлінулер») демократия принциптеріне қысым көрсету қаупі; 128


 қылмыстық және экстремистік топтардың, әсіресе жас ұрпаққа насихат жүргізу қаупінің пайда болуы ескерілу керек. Электронды демократия жайлы пікір сайыстар соңғы жылдары электрондық үкімет жобаларын талқылауға ойысуда. Ресей жағдайында электронды үкімет деп, ең алдымен мемлекеттің салық жинау, министрлік пен мекемелер, комиссиялар мен комитеттерді тиімді бақылау механизмі болып отыр. Федералды «2002-2010 электронды Ресей» мақсатты бағдарламасында осы құрылым атап көрсетілген [259]. Коммуникацияның жеңілдеуінен басқа, ең алдымен үкімет қызметін бұқаралық бағалау көрсеткіштерін енгізуге байланысты азаматтардың үкімет үстінен бақылауының күшеюі батыстық тәсіл болып саналады. Осыған ұқсас бірде бір бағдарлама әзірге Қазақстанда, тіпті Ресейде де дайындалған жоқ. Тіпті Бүкіләлемдік банк жобасының бір бөлігі болып отырған «Жаһандық портал дамуында» электронды үкіметті жүзеге асыруда азаматтарды біржақты ақпараттандыру, қызмет ұсыну, сосын барып азамат пен үкіметтің байланысу жүйесін жасаудың бірнеше кезеңдері арқылы өтеді. Бүгінде «электрондық үкімет» жасау жобалары аясында ақпараттық қоғамның ашық әрі азаматтық қоғамды қалыптастырудағы рөлі жайлы дебатты тудыруда. Автордың пайымдауынша, ақпараттандыруға қанық қоғам тіпті азаматтық қоғамға ашық болуы әбден мүмкін. Ақпараттандыру авторитаризмді құтқара ала ма? Сөз жоқ мемлекет өз қызметтерін ақпараттық технологиямен қамтамасыз етуге мүдделі. Өйткені олар сапалы да жедел шешім шығара алуы тиіс. Автоматтандыру қоғамды мемлекетке ашықтандыра түседі. Ал керісінше, мемлекеттің қоғамға ашықтығын реттеу механизмдері қажет. Бұл процесс қазіргі технологияның тиімділігі төмен елдерде кейбір қиындықтар тудыруда. Егер ақпараттандыру қоғамға енбестен «жоғарыда» қызу дамып жатса, азаматтардың мемлекеттік құрылым қызметін қадағалау, оны тексеру мүмкіндігін жояды. Бұл мемлекеттіктің ашықтығын жойып қоймастан мемлекеттің ақпаратты жаулап алуын күшейтуі мүмкін. Жоғарыдан «электрондану» басқарушы элитаға қоғамды және жекелей адамды билептөстеуге қосымша мүмкіндік береді. Технология ақпаратты реттеу тәсілдерін өзгерткенімен, оның мәнін өзгерте алмайды. Ақпараттық ашықтық азаматтар мен мемлекеттік институттар қарым-қатынасын тікелей сандандырудың нәтижесі бола алмайды және оның қоғамдық қарым-қатынастардың либерализациясына әкелуі екіталай. Мұны Сингапур тәжірибесі көрсетіп отыр. Сингапур демократиялық қоғам болмаса да e-government жүйесін тиімді пайдалануда жетекші орынды иеленіп келеді. Мемлекеттің әлеуметтік және технологиялық даму деңгейі арасындағы қарама-қайшылық мысалдары әлем бойынша қаншама, әрі қалауынша өте көп. Бруней Сұлтанаты, Сингапур, Малайзия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Дубай князьдігі және Біріккен Араб Әмірліктерінде IT даму деңгейін Ресейдегі «Электронды Ресей» жобасының 2010 жылдағы жоспары 129


аясында жүзеге асқанымен қуатты болып отыр. Дегенмен осы елдердің көпшілігінде азаматтық қоғам деңгейі феодализмнің алғашқы кезеңінде ғана қалып отыр. Біздің ойымызша, электронды революция мемлекетті ашық етуге қабілетсіз. Ешқандай, тіпті керемет деген IT-жобаның өзі демократияға тірек бола алмайды. Керісінше, технологияның арқасында үкімет үшін қоғам соғұрлым ашық болып отыр, ал бұл дегенің қоғам бақыланады деген сөз. Қызметі нашар құрылымдалған мемлекет электронды үкімет арқасында жақсы болып кете алмайды. Артта қалған қоғам тұрғындары қандай болмасын ақпараттық қорларға қол жеткізе алғанымен посттоталитарлықтан демократиялық қоғамға аттап өте алмайды. Бұл қауіпті иллюзия, бірақ олар өкінішке орай көптеген елдерде кеңінен тарап отыр. Постиндустриалдық елдерде ұлттық «электронды үкімет» құру мемлекеттік басқару жүйесінің барлық әлеуметтік-саяси модернизациялануы аясында жүзеге асып жатыр. Бұл өз кезегінде әкімшілік құрылымның постиндустариалдық, ақпараттық қоғам жағдайына бейімделуі мен жаһандану процесіне икемделуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқару жүйесін реттеу оның ашықтығын, мемлекеттік қызметтің бәсекелестігі мен келісім-шарттық бастауын, қызмет нәтижесіне жауаптылығын, демократиялық құндылықтардың жасалуын, азаматтық қоғаммен белсенді қарым-қатынасын, мемлекеттік мүддені азаматтардың мұқтаждығы мен сұранысына сәйкес қайта бағытталуын қарастырады. Бүгінде демократиялық даму жолына түскен әлем елдерінің басым бөлігінде ақпараттық қоғам талаптарына сәйкес арнайы бағдарламалар қабылдануда. Сондай-ақ электронды үкімет, электронды демократия мәселелерінің тиімділігі мен ықпалдығын бақылаушы, бағалаушы халықаралық рейтинг агенттіктері бар. Network Readiness Index рейтингі 2009 жылы әлемнің 134 мемлекетінде ақпараттық қоғамға дайындықтары бойынша сараптауы көрсеткендей, алғашқы орында Дания, екінші орында Швеция, үшінші – АҚШ, төртінші – Сингапур елдері тұр. Ал Қазақстан әзірге бұл рейтингтің 73-орнын иеленді [260]. «Электронды үкімет» ұғымы (E-Government) ғылыми әдебиеттерде билік органдарының тұрғындар мен азаматтық қоғам институттарымен ақпараттық қарым-қатынасын қамтамасыз ететін Интернет-технологияны енгізу деп қарастырылуда. «Электронды үкімет» тұрақты түрде кері байланыста болатын біртұтас әлеуметтік жауапты әрі ақпараттық ашық мекеме не институт ретінде қарастырылады [261, 56 б]. «Электронды үкімет» тұжырымдамасында барлық мемлекеттік билік жүйесі бұқараға қызмет көрсетуге арналған біртұтас сервистік ұйым ретінде қарастырылады. Үкіметтің қызметі азаматтарға барынша ашық, ақпараттық айқын да қолжетімді болуы тиіс. Кері байланыс қызметіне, орталықтандырылған Интернет жүйесін кеңінен пайдалану арқылы жылдам да сапалы қызметке ерекше көңіл бөлінеді. Бұның бәрі мемлекеттің бұқараға 130


қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар, сол биліктің қызметінің тиімділігін арттыру болып саналады. Жалпы «электронды үкіметті» билік құрылымдарының азматтармен, азаматтық қоғам және бизнес-құрылымдарымен Интернет арқылы байланысатын арнайы кешенді жүйе ретінде қарастыруға болады. «Egovernment» тіркесінің тура мағынасы аталмыш әрекетті толықтай анықтай алмайды деп санайды зерттеушілер. Нақтысы бір жағынан билік органдарымен, ал екінші жағынан азаматтармен, азаматтық қоғам институттарымен, бизнес-құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен Интернет арқылы байланысқа түсетін технологиялардан тұратын мемлекеттік және әкімшілік басқарудың электронды инфрақұрылымы деуге болады. Қазіргі уақытта «электронды үкіметтің» немесе Интернет желісіндегі мемлекеттің түрлі анықтамасы бар. Яғни қысқаша айтқанда, мемлекеттік қызметті электронды түрде ұсыну процесін автоматтандыру деуге келеді. «Электронды үкімет» деп биліктің саяси қызметін азаматтарға ұсыну процесін үздіксіз үйлестіру мен техникалық құралдар көмегімен, Интернет пен БАҚ арқылы азаматтардың саяси қатысуы мен қарым-қатынастарды өзгерту арқылы басқаруы деп түсіндірілуде [262]. Сонымен «электронды үкімет» Интернет, ақпараттық және телекоммуникациялық технология негізінде ұсынатын қызметтің, қоғамның мемлекеттік басқару мәселелеріне қатысуын және ішкі процестерді жетілдіруді шоғырландыру мақсатында мемлекеттің ішкі және сыртқы қарым-қатынасы деуге болады. «Электронды үкімет» қоғамдағы ақпараттық ашықтық пен демократияның дамуына тікелей қатысты. Қоғамдағы ақпаратты пайдаланудың түзімі мен сипаты қажетті ақпаратты иемдену билікке жету мен оны жүзеге асыруға қатысты. Қалай болғанда да «электронды үкімет» қандай болуы керектігі және оның тұжырымдамасы әлі де талқылануда және әлемнің көптеген елдері бұл бағытта жұмыстар жүргізуде. Электронды үкіметті құру және қоғамдық қарым-қатынастарды өзгерту мәселелерін күн тәртібіне қояды. Ресейдің танымал ғалымы Ю.В. Ирхин «электрондық үкімет» жүйесінің қалыптасу үрдісін: «жариялылық», «қатысу» және «онлайн-транзакция» сияқты үш басты сатыға бөлуді ұсынады. «Жариялылық» - азаматтар мен азаматтық қоғам институтарының мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзін басқару ұйымдарының өздерін қызықтыратын ақпаратқа қол жеткізу аясын кеңейту үшін ең жаңа коммуникативтік технологияларды пайдалануды білдіреді. «Қатысу» - азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға үкіметтің барлық деңгейлерінде, саяси шешімдерді дайындау және оны қабылдауға қатысу болып табылады. Бұл мемлекеттік және жергілікті сайттарда электрондық почтаның адресін, сонымен қатар кері байланыс формасын жариялауды көздейді. 131


«Онлайн-транзакция» - мемлекеттік және жергілікті мекемелердің қызметтерін Интернет-төлем арқылы іске асыруды қамтамасыз етеді. Мысалы, коммуналдық төлемдер, салықтық жарлықтарды толтыру мен салық жинау, қоғамдық бірлестіктерді, ал болашақта заңды түрде кәсіпорын құрмаған кәсіпкерлерді, шағын бизнес кәсіпорындарын тіркеу және т.б. Бұл сатыда мемлекеттік порталдардың тұрақты жұмыс істеуі нәтижесінде қол жеткізген экономикалық әсері жағынан алғанда жаңа сатыларын көрсететін «ақпараттық экономика» құрылады [263]. Қоғамдық өмірдің түрлі салаларына ене отырып, ақпараттық технологиялар орталық және жергілікті үкіметті және басқа да мемлекеттік билік тармақтарын қамти отырып, қоғамға айтарлықтай ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар дамыған елдердегі ұлттық жобалардан бастап «Үлкен Сегіздік елдерінің» жаһандық ақпараттық қоғам құру бағдарламасына дейін түрлі деңгейде жүргізілуде. Нәтижесінде қоғамның объектілері мен субъектілерін тұтастай электрондаудан жаңа терминдер дүниеге келе бастады. Олар электронды азамат – e-citizen, электронды бизнес – e-business және электронды үкімет – e-government. Электронды үкімет мынадай төрт түрлі қарым-қатынастардан тұрады:  G2C – Government-to-Citizen – Мемлекет пен азаматтар арасында.  G2B – Government-to-Business – Мемлекет пен бизнес арасында.  G2G – Government-to-Government – Мемлекеттік биліктің түрлі тармақтары арасында.  G2E – Government-to-Employees – Мемлекет пен мемлекеттік қызметкерлер арасында [264]. Электронды үкімет міндеттеріне үкіметтік ішкі және сыртқы компьютерлік-ақпараттық желі мен орталық мәліметтер базасын құру, Интернет желісі арқылы азаматтар мен бизнес қажеттіліктеріне бейімделген қызмет ұсыну, ақпараттық қоғам талаптарына сай жаңаша басқарудың тәсілдерін игеру болып табылады. «Электронды үкімет» аясында мемлекеттік құрылымдар ішінде, мемлекет пен азаматтар, мемлекет пен бизнес, мемлекет пен мемлекеттік қызметкерлер арасында тікелей және кері байланыстар жүзеге асады. Авторлық пайымдау нәтижесінде, электронды демократия мәселелелерінің саяси коммуникациялық процесті өзгертуге, оған жаңаша сипатын атауға болады. Оның үстіне саяси коммуникацияның жүзеге асу механизмдерін жетілдіреді. Осылайша электронды демократия саясаттағы үстемдік етуші субъектілердің өндірісті реттеу мен қоғамдық-саяси идеяларын таратушы құралы ретінде, саяси қарым-қатынастардың түрі ретінде күн тәртібіне қойылып отыр. 3.2 Электронды үкімет құрудың шетелдік тәжірибесі: салыстырмалы сараптау «Электронды үкімет» тұжырымдамасы ХХ ғасырда 90-жж. басында бірқатар индустриалдық елдерде әзірлене бастаған болатын. 1997 жылы 132


«электронды үкімет» тұжырымдамасының алғашқы кезеңі көптеген Батыс пен Шығыс постиндустриалдық елдерінде табысты жүзеге асырылған болатын. Сол мемлекеттердің үкіметтік мекемелері өздерінің Интернет беттерін ашып, министрліктер өз веб-сайттарында заң жобаларын жариялап, оны виртуальдық кеңістікте талқылануына мүмкіндік бере бастады. Батыстың бірқатар елдерінде арнайы мемлекеттік қызметкер – азаматтардың апаратқа қолжетімдік құқының сақталуын бақылайтын өкілетті тұлғаның болуы дәлел. Мысалы, бұл АҚШ-та Ақпарат жөніндегі басты жауапты қызметкер болса, Ұлыбританияда – электронды елші қызметін атауға болады. Әлемнің алдыңғы қатарлы ондық елдерінің қатарында «электронды үкімет» құру жөнінде бүгінде Швеция, Дания, АҚШ, Сингапур, Швейцария, Финляндия, Исландия, Норвегия, Нидерланды, Канада елдері тұрады. Бұл елдерде үкімет азаматтарға есеп бере отырып, ашық түрде жүзеге асыруды ерекше бақылауға алған. Ақпараттық саясат мәселелерін зерттеуші ғалым Е. Алияровтың пікірінше, саяси мағынасында «электронды үкімет» жаңа ақпараттық саясат қалыптастырумен, саяси дебаттарды өткізумен, Интернетте дауыс берумен тікелей байланысты. Мәселен, батыс елдерінде «электронды үкімет» экспериментальдқы технология дәрежесінен біртіндеп күнделікті пайдаланатын құралға айналуда. Дегенмен бұл саладағы жұмыстар әлі де болса жетілдірілуде, ал Интернеттің саяси технология саласындағы мүмкіндігі әлі де толық ашыла қоймады [265, 184 б.]. «Электронды үкіметтің» тиімді қызмет етуіне арналған Интернеттехнологияның әзірлену деңгейі әр елде әр қалай екені сөзсіз. Бұл мәселеге келгенде «Үлкен сегіздік» елдерінің алда тұратыны да бар. Дегенмен әлеуметтік, индустриалдық және басқа да саяси даму факторлары басқа елдердің саяси және қоғамдық қарым-қатынас орнатудағы тиімді де құрылымдық жүйесін жасауға көмектесе алады. Бұл мәселені жан-жақты қарастыру электрондық саяси басқару жаһандану тенденциясымен айқындалады. Көптеген экономикалық дамыған елдер «электронды үкімет» дамуы мен қалыптасуына бағытталған бірқатар құқықтық, ұйымдастыру және технологиялық шараларын қабылдаған болатын. 90-жылдардың соңында постиндустриалдық елдерде «электронды үкіметті» пайдалану мен оны жоғары деңгейі пайдаланыла бастады. Мемлекеттік басқару қызметін компьютерлендіру көптеген үкіметтік қызметтерді «онлайн» режимінде жұмыс істеуі жатады. Бірқатар елдердегі үлттық үкіметтік порталдарды сипаттауға болады. Бұл бағыттағы қызмет ағылшын-саксондық елдерде жақсы дамуда. Әлемдегі электронды қызмет көрсету туралы алғаш заң қабылдаған мемлекет Финляндия болатын. 2001 жылы қабылданған Заң мемлекеттік басқару органдарының құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері, азаматтардың электрондық тұлғасын айқындауға қатысты басты талаптар қарастырылған. Заңға сәйкес билік бұқараға кепілдемелер, есепшоттарын мен 133


басқа балама құжаттар мен хабарламаларды таңдау мүмкіндігін ұсынады. Финляндияның ресми веб-порталы Интернет желісіндегі финляндиялық үкіметтік сайт арнайы қызметтер ұсынады. Бүгінде демократияның «скандинавиялық деңгейі» мен тұрғындардың әл-аухаты осы елдердің өздері бекіткен әлемдік жоғары стандартқа сай келсе, ал ақпараттану, электрондану және инернеттену деңгейі құрлықтық «eEurope» жобасын жүзеге асыруға ұмтылған Еуропа Одағы мүшелеріне үлгі болуда. Taylor Nelson Sofres компаниясының соңғы зерттеулері электрондық мемлекеттік қызмет пен оның азаматтардың күнделікті өміріне енгізу жөніндегі жұмыстары скандинавиялық елдердің жетекшілігін тағы да бір дәлелдеп берді. Әлемнің төрт құрлығынан АҚШ, Канада, Австралия, Жапония және ЕО елдерін қосқанда 32 елдің 32000 ересек тұрғындары арасында жүргізілген сауалнамасы бойынша «Government Online — 2003» есебінде орташа статистикалық есеппен онлайндық үкіметтік сұраныстың артуы дамыған елдерде 30% болса, бұл қызметке белсенді сұранысқа 63% көрсеткішпен яғни күнделікті тәжірибеде мемлекеттік инернет-қорларды пайдалалатын даниялықтар ие екен. Сондай-ақ мемлекеттік онлайн қызметін пайдаланатындар саны Норвегия тұрғындары (62%), Финляндия (58%) және Швеция (57%) пайыздық көрсеткішке ие болған. Ал қоғамға ең танымал саналатын e-government жүйесіне Сингапур үкіметінің web-құрылымы жатса (55%), ал Ұлыбритания мен Жапония халықтарының осынау пайдалы да пәрменді саналатын қызмет түрін пайдалану үлесі әзірге 15%-дан аспай отыр [266]. Кез келген электронды үкіметтің пәрменділігінің басты критерийінің бірі оның әлеуметтік бұқаралық топтарға кеңінен қолжетімдігі болса, БҰҰ-ның нұсқауымен Халықаралық телекоммуникациялық одақтың International Telecommunication Union, ITU) келесі бір зерттеулерінің нәтижесінде бұл ерекше үлгіде сипатталады. ITU мамандары 178 ел мен аймақтың мемлекеттік ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымдарының сапасын, жүзеге асыру тәртібі мен пайдалану ережесін зерттей келе олардың әр біріне «сандық технологияның қолжетімдігі индексін» (Digital Access Index, DAI) санап шыққан болатын. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Швеция мен Дания ақпараттық қоғамға бағытталған АКТ-жүйелерімен әлемдегі ең озық елдер қатарында болса, ал Норвегия мен Финляндия сәйкесінше 5 және 8-орындарды иеленді, Исландия екінші ондықтар қатарынан орын алған [267]. Еуропа Одағы елдерінің 2005 жылға «eEurope» бағдарламасы бойынша тұрғындарға көрсететін барлық мемлекеттік қызметті жүз пайызға онлайндық қолдауға көшуіне дайындық деңгейін бағалаған IDC агенттігінің сарапшылары «Еуропалық электрондық үкімет қызметтері. Олардың кейбір елдердегі жағдайы мен нарықтық болжамдар» атты 2002-2007 жж. қорытынды есебінде жариялады («European eGovernment Services. Country Benchmarking and Market Forecast, 2002-2007»). Есепте көрсетілгендей, 134


Дания, Швеция және Финляндия бүгінде өте қарқынды, дегенмен өкінішке орай, Еуроодақтан тысқары елдерде өте сирек кездесетін қоғамдық мақсаттағы электрондық сервисті жоспарлы түрде қалыптастыру мен жетілдіруге дайын. Бір мезгілде екі бағытта жұмыс істейтін: бір жағынан, осы мемлекеттердің мемлекеттік институттары кешенді техникалық және ұйымдастыру саясатын жан жақты ойластырып, таразылап, қызметтерін Интернет арқылы қамтамасыз етсе, екінші жағынан, осы елдердің тұрғындары бұқаралық түрде аталмыш саясатқа жағымды көзқарастарын білдіріп, мемлекетпен онлайн түріндегі байланысқа көшуге дайындықтарын танытуда [268]. Еуропа елдеріндегі электронды үкіметтің саяси билік пен бұқара, мемлекеттік құзіретті органдар мен электронды коммерция қызметінің нәтижесінде ақпараттық-коммуникациялық процестерді дамыту, тәжірибелерін сараптасақ. Дания. Коммуникациялық желісінің дамуы бойынша эфирлік радио және телехабар тарату желісін елдегі Radio Denmark мемлекеттік компаниясы толықтай бақылайды. Конституциялық монархиялық Данияда 1998 жылдан бастап коммерциялық кабельдік тележелілер қызметі таратыла бастады. Бүгінде желілердің қызметін тұтынатын абоненттер саны елдегі 55% отбасын құрайды. Тұрғындарының үштен екісінің компьютерлік сауаты бар және 49%-ы Интернет және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген Дания еліндегі электронды үкіметтің басты ерекшеліктері былайша сипатталады. Дания үкіметінің саясаты мемлекеттік процестерді барынша демократияландыруға, биліктің толықтай қоғамдық ашықтығына, тұрғындардың әкімшілік басқару мәселелеріне кеңінен қамтылуына бағытталуы басты ерекшелігі саналады. Бұл талаптардың барлығы ұлттық egovernment жүйесінің құрылымдары мен қызметінің қалыптасу принциптеріне негіз болды. Даниялық электронды мемлекеттік әкімшілік жүйесі тұрғындардың билік органдарымен барлық деңгейдегі кері байланысын тұрақты қамтамасыз ету мен әкімшілік шешімдерді дайындау мен жүзеге асыруда азаматтардың қатысу пәрменділігі жағынан әлемдегі ең үздік жүйелердің бірінен саналады. Бұдан басқа салық айналымы, коммуналдық төлемдер мен ресми құжаттарды рәсімдеуде мемлекеттік онлайн сервистерін елдегі тұрғындардың жартысынан астамы пайдалануда. 2003 жылдың соңында мемлекеттік билік органдарының тұрғындарға көрсететін 136 қызметінің 127-сі Интернетке ауыстырылған болатын. Үкіметтің жекеменшік бизнеспен қарым-қатынасын сараптағанда корпоравтивтік пайдаланушылар арасында Данияның Сауда-өнеркәсіп агенттігі мен Мемлекеттік банкі ең танымал да дамыған сайттар саналады. 2002 жылы қаңтар айында Мемлекеттік сату Ұлттық порталы ашылса, 2003 ақпанда Дания үкіметі OASIS Universal Business Language (UBL) – мемлекеттік сектордағы электронды коммерцияның ресми түрде бекіткен болатын [269]. 135


Скандинавиялық елдер тарихи процестердің ортақтығы мен мәдени және әлеуметтік-экономикалық негіздері бойынша бір-бірімен түрлі шаруашылық және қызмет салаларында ұжымдасқан. Жарты ғасыр бұрын құрылған Солтүстік мемлекеттер кеңесі – (Nordic Council, 1953 жылы Дания, Швеция, Норвегия және Исландия елдері, кейін араға 3 жыл салып Финляндия енді) бүгінде осы елдер арасындағы ынтымақтастықты үйлестіруде. Қазіргі таңда бұл ынтымақтастық одағы әр мемлекеттің жеке алғанда және де тұтастай аймақтық деңгейде техникалық, индустриалдық және қоғамдық прогресс дамуында барлық мәселелер бойынша келісімге келіп, бірлесуде. Соңғы жылдары Ақпараттық технологиялар, коммуникациялық құрылымдар мен үкіметтік қызметті электрондау мәселелері жөніндегі Кеңеске ерекше көңіл бөлуде. Нақ осы Одақтың бастамасы Скандинавия елдерінің «Электронды Еуропа – 2000-2002», «eTEN – Трансеуропалық телекоммуни-кациялық желілердің дамуы – 2003», «eEurope Action Plan («Электронды Еуропа: әрекет жоспары») – 2005» сияқты жобалардың жоспарлануы мен жүзеге асуына ықпал етті. Сондай-ақ сандық технология, телекоммуникация мен желілік ақпараттық жүйелер саласындағы аймақтық бағдарламаларды әзірлеу мен орындауда бастамашы бола білді. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде солтүстік елдері сөзсіз еуропалық қоғамдық ақпараттандыру саласының жетекшісі бола білді. Paul Budde Communication компаниясының «Telecoms in Europe — 2004: Scandinavia – Еуропадағы Телеком — 2004: Скандинавия» атты есебінде мұндай табысқа жетудің басты екі себебін атайды. Оның біріншісі, осы елдердің заң шығарушының күшімен тек Еуроодақты ғана емес, сондай-ақ барлық әлемді қамтамасыз ететін біртұтас құқықтық кеңістіктің құрылып, ұлтттық және мемлекетаралық ақпараттық-техникалық дамуға ықпал етуі болса; екіншіден, мемлекеттік және жеке меншік бизнес инфрақұрылымының ақпараттық қоғам құруға қатысуын барынша ынталандыратын скандинавиялық үкіметтік сындарлы да экономикалық саясаты. Бұл аталған қорытындыларды бағалау үшін біршама деректерді шолуға болады: солтүстік елдері азаматтарының саны 2003 жылғы мәлімет бойынша 24,1 млн. болса, соның 12,5 млн. Интернетті тұрақты пайдаланушылар, тұрғындардың жоғары жылдамдықта мәліметтер тасымалына қолжетімдігі ЕО елдеріне қарағанда 3 есеге артық, Скандинавия елдері тұрғындарының 11 млн теледидар пайдаланса, осының 50% -дан астамы кабельдік ТВ желілерінің абоненттері және де барлық мемлекеттік қызметтің үштен екі бөлігі онлайн режиміне көшсе, ал 2005 ж. электронданған мемлекеттік сервистер 100%-ға жетті [270]. Paul Budde Communication сарапшыларының айтуынша, мұндай мақсаттарға жетуде солтүстік Еуропа елдерінің мүмкіндіктері жетерлік. Осынау жетістіктерге жетуде скандинавиялық ИТ-индустрияның бірқатар алыптары (Nokia және Ericsson сынды) мен электронды аппаратура мен бағдарламалық қамтамасыз ету, ұйымдар мен тұрғындарды коммуникациялық және ақпараттық қызметпен қамтитын компьютерлік 136


желілер мен байланыс кешендері сияқты жүздеген ірі және танымал компаниялар өз үлестерін қосты. Автордың пайымдауынша, кәсібі мен ауқымы жағынан түрлі өнеркәсіптердің барлығы аймақтағы электронды-мемлекеттік құрылымның жандану процесіне қажетінше ауқымды да салиқалы нарықты, барлық деңгейдегі билік орагандары қатысуымен үкіметтік тапсырыстарға кепілдік берілетіндей, сол жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асу нәтижелері азаматтарды қызықтыратындай тұрақтылықты негіздеп берді. Норвегия. Конституциялық монархиялық елдің телекоммуникациялық желісі дамуында өзіндік ерекшеліктері бар. Норвегияның радиотелевизиялық және жалпыұлттық коммуникациялық жүйесі мемлекеттік әкімшілік бақылауында болғанымен, экономикалық жағынан мемлекеттен тәуелсіз, орталықсыздандырылған, жеке меншік компаниялар басқаруында. Әр отбасында 1,5 компьютерден бар норвегиялықтардың 75% Интернетке қолжетімді. Электрондық үкіметінің басты ерекшеліктері: соңғы жылдары тұрғындардың жан басына шаққандағы ІЖӨ жылдық орташа көрсеткіші 36 мың долларда асып түседі (бұл АҚШ, Жапония, Ұлыбритания және басқа дамыған елдердегі көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары). Ал норвегиялықтардың өмір сүру деңгейі (қызмет табыстары, әлеуметтік қамтамасыз етілуі, мемлекеттік қызметті пайдаланылуы мен қоғамдық игіліктерге қолжетімдігін ескеп алғанда) әлдеқашан әлемдік жоғары стандартқа сай. Мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытталуы e-government жүйесінің үкіметтік тұжырымдасында берік орын алып, сондай-ақ «Қазіргі заманғы Норвегияның барлық тұрғындарына барша заманауи құралдармен барынша қызмет көрсету» бейресми ұраны негіз болды [271]. Е-government құрылымын қалыптастыру жөніндегі бірлескен үкіметтік комитет Сауда және өнеркәсіп министрлігінің құзыретінде. 2001 жылы жазда Норвегияның электронды мемлекеттік әкімшілігі дамуы жобасының қабылдануы 2005 жылы елдегі мемлекеттік органдардың ақпараттары мен барлық 108 әлеуметтік қызмет түрінің кем дегенде 105-нің норвегиялық азаматтарға Интернет арқылы қолжетімдігіне сенімді кепіл бола алды. Осынау мүмкіндіктердің барынша пәрменділігін арттыру үкімет Білім беру министрлігі, Әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті, Жастар істері жөніндегі басқарма және Мемлекеттік ағарту қорының көмегімен қазіргі күнде «Тұрғындардың сандық біліктілігін арттыру» атты өте кең ауқымдағы бағдарламаны жүзеге асыруда. Бағдарламада әдепкі күндізгі курстардан бастап арнайы әзірленген қашықтықтан оқытудың электрондық практикумдарына дейінгі білім берудің барлық деңгейі мен түрлері, әдістері қарастырылған. Соңғы жылдары электронды мемлекеттік қызмет нарығындағы ең айтулы оқиғалардың бірі ең салиқалы ойыншының пайда болуы. Бұл екіжылдық келісімсөздерден кейін құрылған Швеция және Финляндияның жетекші коммуникациялық фирмалары – Telia мен Soneraның бірігуі болатын. Осы бірігудің нәтижесінде Скандинавия мен Балтық 137


жағалауы аймағында ең ірі телеком-оператор дүниеге келді. Оның жалпы айналымы 10 млрд.евро болса, ал штат қызметкерлерінің саны 35 мыңға жетеді. Дегенмен бұл келісімнің басты ерекшелігі аймақтық мемлекетаралық ұжымдасқан саясатты жүзеге асыруда болатын. Өйткені шартқа отырғанға дейін Teliaның 70% шведтік үкіметке, ал Soneraның 53% - финдік үкіметке тиесілі болды, сондай-ақ осы екі фирма да толықтай қоғамдық меншік саналды. Құрлықтағы екі елдің мемлекеттік телекоммуникациялық компанияларының бірігуі алғаш рет орын алған болатын. Екі компания біріккен кейінгі TeliaSonera корпорациясы басшылардың өткізген алғашқы шараларының бірі үкіметтік шведтік және финдік мекемелерді шоғырландыратын, қоғамға бірегей қолжетімді сымсыз кешендерін WLAN желісін құру болатын. Бұл барлық Солтүстік Еуропадағы ең қуатты да тармақталған желі саналады. Финляндия. Республиканың коммуникациялық желісі дамуында өзіндік ерекшеліктері бар. Финляндия Үкіметі елдегі барлық коммуникациялық жүйені бақылайды әрі Ұлттық телерадиохабар тарату компаниясын басқарады. Дегенмен елдегі аудиториясы әрбір мың тұрғынға 200 абоненттен тұратын бірнеше жүздеген кабельдік телеарналар мен желілердің қызметін қамтамасыз ететін 20-дан астам коммерциялық телекоммуникациялық фирмалар бар. Тұрғындардың Интернетке қолжемдік үлесі 56%-ды құрайды [272]. Электронды үкіметтің басты ерекшеліктері: Финляндияның Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, жоғары деңгейде дамыған ұлттық ақпараттық инфрақұрылым электронды мемлекеттік әкімшілік жүйесі жұмысының тиімділігінің техникалық негізі саналса, оның экономикалық негізіне – мемлекет, тұрғындар мен бизнес мүдделерінің тепе-тең келуі жатады. Экономикалық тұрғыдан алғанда финдік e-government шын мәнінде G2C, G2B және B2G қарым-қатынасындағы онлайн процесіне қатысушылардың барлығына арналған электронды мемлекеттік құрылымдарды жасау мен жүзеге асыруға қатысты қаржылық, материалдық-техникалық, еңбек және басқа да шығындарды есеппен, орнымен жұмсалғандығын танытады. Мемлекет пен азаматтардың қарым-қатынасындағы онлайн функциясына алғаш көшкен қызмет саласы, әрине, бүгінде электронды үкіметтің ең озық web-сервисі саналатын есеп-қаржы операциялары болып отыр. Осы салалардың бір мезгілде әрекетке енуімен қатар (2000-2001 жж.) Қаржы министрлігі жеке және заңды тұлғалардың кодтық (жадылық) идентификация жүйесін енгізген болатын. Бұл жүйе барлық мемлекеттікқоғамдық процедураларды одан әрі жүргізу мен қазіргі уақытқа қаржы мәселесіне қатысы жоқ үкіметтік кейбір интернет-қызмет түрлерін таратуды жеңілдетіп отырғаны анық. Тиімді электронды мемлекеттік басқару жүйесін жасау жолында Скандинавия елдерінің әрекетін үйлестірудің соңғы да табысты үлгісіне 2003 ж. күзде бастау алған «E-Government Education» атты жоғары әкімшілік интернет-шолушы бағдарламаны атауға болады. Бұл бағдарламаны жүзеге 138


асырушы орталық ретінде швециялық Блекинг аймағының Технологиялық университеті таңдалған болатын. Бағдарламаны әзірлеуге аймақтың барлық түкпірінен ғалымдар, инженерлер, жоғары оқу орындары оқытушылары мен қашықтықтан оқыту мамандары қатысты. Осы ұжым алдағы уақытта арнайы курстар жүргізіп, барлық оқу процесін жүргізу қажетті әдістемелік қолдауларды жүзеге асырды. Бағдарлама білім берудің екі деңгейінен: екі жылға арналған базалық кәсіби курс және «қашықтықтан тыңдаушылар» магистр атағын алып шығатын электрондық-әкімшілік жоғары білім алатын толық курсынан тұрады. «E-Government Education» жобасының үйлестірушісі, даниялық Сара Эриксен: «Біздің еліміздегі электронды үкімет құрылымдары толықтай бұқаралық пайдалану деңгейіне жеткен сәтте онымен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігі проблемасы аса өзекті саналып отыр»,-деген болатын. Ал жобаны әзірлеушілердің бірі финляндиялық П. Эловараның пікірінше, «Е-government» жүйесінің абырой мен тиімділігін мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің арнайы білімдері мен дағдыларының болмауынан қатерге тігуге болмайды. Біздің ойымызша, Блекинг институтының бағдарламасы Скандиваниядағы мемлекеттік мамандарды Интернет арқылы оқытатын алғашқы жоба саналады. Дегенмен елдегі білім беру саласындағы бай тәжірибелері мен халықаралық ынтымақтастығы осы бағдарламаға негіз болды. Аймақтағы барлық мамандардың қатысуы осы жобаны жетілдіріп, жергілікті және жалпыұлттық деңгейдегі электрондық басқару жүйесінің дамытты. Швеция. Швецияның коммуникациялық жүйесі Скандинавиядағы ең ірі және жетілдірілген сала. Жалпыұлттық телекоммуникациялық жүйе қызметін Мемлекеттік телекоммуникациялық агенттік басқарады. Радио және телевизиялық қызметтің негізгі тасымалдаушысы Ұлттық телерадио хабар тарату корпорациясын құратын мемлекет бақылауындағы компаниялар. Қазіргі уақытта тұрғындардың Интернетке қолжетімдігі 50% астам. Швециядағы электронды үкіметтің басты ерекшеліктері: Швеция Скандинавия елдері ішіндегі өнеркәсіптік ең дамыған ел саналады. Ел экономикасы энергетика, металлургия және машина жасау салаларынан басқа ИТ-инудстрия саласында да жетекші орында. Осынау факторды ескере отырып, шведтік үкімет e-government жүйесінің құрылу процесінде ұлттық бизнесті басты назарда ұстауда. Оның қарқыны артуы мен қаржыландыруды ұлғайтудың арқасында онжылдықта Швециядағы мемлекеттік секторды бағдарламалық қамтамыз сету 2002 ж. 186 млн.евродан 2003 ж. 210 млн.евроға, ал 2007 ж. 305 млн.евроға артты [273]. Конституциялық монархиялық елдегі электронды үкімет құрудың бірінші кезеңі – азаматтар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік мекемелердің арнайы порталдарының қалыптасуы табысты жүзеге асты. Швед үкіметі корпоративтік серіктестер мен Интернет139


тасымалдаушы желілермен электрондық байланыстары аса табысты орындалды деуге болады. Мемлекеттік жүйені басқаруды эксперименталдық пайдалану процесінде министрліктер мен мекемелерді қамтамасыз етуде бюджеттік қордың 50 пайызын үнемдеуге қол жетті. Жүйенің тиімділігі сондайлық қазірде Швецияның мемлекеттік құрылымдары сатылымдарының 95% электронды арналар арқылы жүзеге асырады. Қазіргі уақытта egovernment ұлттық жүйесінің жетекшісі Гуннар Лундттың мәлімдеуінше, Швецияның таяу арадағы электронды үкімет дамыту жоспары кешенді қоғамдық қызметтер аясын кеңейту мен техникалық жетілдіруге бағытталған. Дегенмен, скандинавиялық елдердің тоталдық ақпараттандыру бағытындағы барынша бірігу мен келісімге келуіне қарамастан скандинавиялық елдердің әр қайсысы өзіндік экономикалық құрылымы мен тәуелсіз саяси желісі бойынша дербес мемлекет ретінде саналады. Бұған дәлел қазір бес елдің үшеуі ЕО мүшесі саналса, (Швеция, Дания және Финляндия ортақ евроаймаққа қосылған елдер), ал Норвегия, Дания және Исландия НАТО-ға, Швеция, Финляндия, Норвегия, Исландия және Дания ДСҰ – дүниежүзілік сауда ұйымына мүше. Әр мемлекеттің таңдап алған ақпараттық қоғам мен электронды үкімет құрудағы стратегиясы – барлық өзіндік ерекшеліктер мен ерекшеленетін сипаттарымен дербес саналады. Исландия. ХХ ғасырдың ортасында Исландия мал шаруашылығы дамыған елдер қатарында болса, енді ширек ғасырдан бері жоғары технологиялық ел ретінде танымал. Және де заманның озық технологиялық процестері барлық салаларға: ауыл шаруашылығы мен байланыс индустриясына енгізілуде. 1986 ж. елдегі қайта монополияландырылған коммуникация желісі барлық тұрғындарды телефон байланысына бастап эфирлік хабарлар мен кебельдік телевизияға дейін толықтай қамтыған. Республикадағы телекоммуникациялық сервистердің қолжетімдігінің артуы айтарлықтай деңгейде тұрғындардың урбанизациялану процесіне ықпал еткен болатын. «Global Information Technology Report 2002–2003» компаниясының зерттеулері бойынша, Исландия жаһандық ақпараттық сервис процесіне техникалық және әлеуметтік дайындығы жағынан қатысу деңгейі бойынша әлемде 5-орында, 2005 ж. 2-орында, 2009 ж. 7-орында тұрды. Электронды үкіметтің басты ерекшеліктері: Исландияның электрондық мемлекеттік әкімшілігі қызметінің құрылымы мен таралымын құрылымдау тұрақты түрде телекоммуникациялық желілерін жетілдіру процесі мен өте жаңа өткізгіш желілердің, сондай-ақ мәліметтерді жоғары деңгейде тиімді беру кешені құралдарының пайда болуымен ықпалдас. Елдегі 2000–2005 жж. аралғында жоспарланған исландиялық жалпыұлттық egovernment жүйесін жасау бағдарламасы ақпараттық инфрақұрылым, әкімшілік-мемлекеттік қызмет, компьютерлік білім беру мен үкіметтіккорпоративтік қарым-қатынас саласының дамуының айғағы [274]. Мәселен, Исландияның Білім беру, ғылым және мәдениет министрлігінің әрекет ету жоспары барлық қажетті компьютерлік-коммуникациялық 140


технологиялармен жабдықталған және де елдің ірі ақпараттық қорларымен байланыстағы барлық орта және жоғары оқу орындарындағы біртұтас ақпараттық желілерді біріктіруді қарастырады. Ал осыған баламалас Экономика және өнеркәсіп министрлігі барлық салалардағы электрондық коммерцияның әрекеттегі құрылымдары мен G2B және B2B-кәсіпкер қарымқатынасын жабдықтауға бағытталған. Ақпараттық қоғам мәселелерін зерттеуші қазақстандық ғалым Е.Қ. Алияровтың пайымдауынша, постиндустриалдық елдерде «электронды үкімет» қызметінің шынайы табысты болуы ақиқат. Олар мемлекеттік басқару мен әкімшілік қызметті уақыт талабына сай тиімді, қолайлы ете отырып, тұтынушылар алдында абыройын көтерді. «Мемлекет-қоғам» арасындағы тура және кері байланыс элементтері кеңеюде. Жалпы, басқару дүниетанымының дамығандығы байқалады. Бірқатар елдердегі реформалар ақпараттық технологиялар, үкіметке деген сенімнің артуы, мәліметтер мен деректердің ағынын сапалы өңдеу арқасында жүргізілгендігі анық. Сондай-ақ ғалым зерттеулерінде шетелдік «электронды үкімет» құрудың модельдерін келесідей ұсынады [275, 185-187]. АҚШ-тың «электронды үкіметі» саналады. Ресми порталда федералдық, штаттық және жергілікті органдардың 27 млн веб-парақшасы бар және мыңнан астам электрондық формалар мен қызмет түрлерін ұсынады. Қызмет түрлерінің жіктемесі мынадай: «мемлекеттік игілік», «мемлекеттік грант», «мемлекеттік жұмыстар», «лицензия алу», «әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері», «тқлқұжат алу», «иммиграция», «тұтынушыларға хабарландырулар мен тапсырыстар» және басқа да. Портал шынайы уақыттағы интерактивтік диалогқа мүмкіндік береді [276] Канада. Канадалық үкіметтік веб-портал «Канаданың мемлекеттік қызметі» немесе қысқаша «Канада қызметі», «Канадалық сайт» деп те аталады. Портал орталықтандырылған 1000 мемлекеттік бағдарлама мен қызметке қолжетімді. Ел үкіметі дамыған арнайы мемлекеттік ақпараттықкибернетикалық жүйесінің арқасында Канада азаматтарымен тығыз қарымқатынас орнататын мемлекет ретінде әлемге танымал болуды мақсат етеді. «Канадалық сайт» канадалықтарға ыңғайлы уақытта және қолайлы жерде ашық мемлекеттік ақпаратқа электронды түрде қолжетімділікке мүмкіндік береді [277]. Ұлыбритания. Ұлыбритания Үкіметі 1999 ж. бес миллион мемлекеттік қызметкердік қамтитын «Мемлекеттік биліктің модернизациялау» атты стратегиялық бағдарламасын қабылдаған болатын. Бағдарламаның басты элементі ақпараттық ғасырдың электрондық басқару жүйесін енгізу болып саналады. «Тікелей қолжетімді» жобасы (Direct Access) Ұлыбританияның барлық үкіметтік мекемелері азаматтардың барлық құжат формаларына электронды қолжетімдін олардың ыңғайлы уақытында қолжетімді ету. Интернетті пайдаланушы азаматтар UK Online арқылы маңызды ақпараттарды алып, өздеріне ыңғалйы және қалаған уақыттарында басып шығара алады. Электрондық-сандық қол қою технологиясын пайдаланғанда 141


формулярлар тікелей экранда толытырылып, электрондық арна арқылы жіберіледі [278]. Сингапур. «Электронды үкімет» стандартына жақын тұрған мемлекет Сингапурдың территориясы шағын болғанымен, авторитарлық режимдегі ел. Интернеттену деңгейінің жоғары болуы мен ақпараттық технологияның артықшылықтарын ескере отырып, 1980 жылдың өзінде-ақ Сингапурлық билік өз елін интеллектуалдық аралға айналдыруды мақсат тұтқан болатын. Биліктегілер Интернеттің көмегімен өмір сүру қызметінің барлық салаларын: мемлекеттік басқару, бизнес, білім беру, ғылым, медицина және тіпті сауықтыру индустриясын қамти алды. Бағдарламаға мемлекет жылына 0,5 млн АҚШ долларын бөліп отырған болатын. Портал өзара байланысты төрт бөлімнен тұрады: «Үкімет», «Азамат-резиденттер» (тұрақты тұрғындар), «Бизнес» және «Резидент еместер». Барлық бөлімдер бойынша шынайы уақыт режимінде аса ауқымды ақпараттық қызмет көрсетіледі. Интерактивті байланыс әрекет етеді. Бұл үшін алдын ала тіркелген пайдаланушы логин, пароль және кодын көрсете отырып, аталған кез келген бөлімдерден қажетті ақпарат алады. «Азамат-резиденттер» (тұрақты тұрғындар) бөлімінің интерфейсіне енгенде «e-Citizen» болып белгіленеді («Электронды азамат»). e-Citizen қызметінде ақпарат алуға және сол бойынша қажетті бағыттарда сұраныстар жіберуге болады [279]. Австралия. Австралияда 2000 жылдан үкіметтің қызметін көбінде «Онлайн стратегиясы» айқындайды. Австралияның ресми порталына әліпби жүйесіне қатысты барлық үкіметтік бөлімшелердің сайттарымен қатар, басты деген жиырма бағыттағы қызметтің орталықтандырылған схемасы (жұмыс іздестіру, азаматтық және төлқұжат қызметі т.б.), сондай-ақ территория бойынша қызмет схемасы енгізілген. Электронды форматта жарияланған Электронды сатып алу ынтымақтастығы (1999 ж.), мемлекеттік сатып алу саласындағы Электронды сауда жалпыұлттық ынтымақтастығы, электрондық шарт туралы заң (1999 ж.) австралиялық «электронды үкіметтің» құрылымы саналады [280]. Оңтүстік Корея. Оңтүстік Кореяның ресми веб-порталы тұтынушыларға арналған арнайы қызметке, соның ішінде жұмыс орындары туралы жан-жақты ақпарат, білім алу, мемлекеттік қызметкерлерге арналған өтемақы және жәрдемақымен қамтамасыз ету туралы ақпаратқа ерекше мән береді [281]. Қазіргі индустриалдық елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бүкіләлемдік желіні тиімді пайдалану бұқараға «электронды үкімет» қызметін ұсынады. Азаматтарға енді мемлекеттік қызмет түрлері қолжетімді болуымен қатар, қолайлы мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, азаматтар виртуалдық кеңістік арқылы қажетті ақпараттарды алуға, анықтамаларды рәсімдеуге, қажетті құжаттарды толтыруға т.б. бір ғана дербес компьютерде отырып, желі арқылы қол жеткізе алады. Әдетте электронды үкіметтің екінші даму сатысында тұлғаны айқындау механизмі тіркелген жағдайда электронды төлемақыларды жүзеге асыра алады. 142


Осы орайда Е.Қ. Алияровтың айтуынша, озық дамыған елдерден артта қалмау үшін мемлекетте әр түрлі ақпараттық, ұлттық зерттеу модельдері болуы шарт және олардың ерекшелігіне қарай дамыту керек [282, 210]. Төменде ғалымның бірқатар дамушы еледрдің ақпаратық модельдері келтіреді: Үнді және Тайвань ақпараттық даму ерекшелігі белсенділігімен, ғылыми-зерттеу орталықтарын құрумен, өркендеген аймақтардағы ақпараттық технологиялар саласында арнайы шарттармен жұмыс істеуімен ерекшеленеді. Бұл модельдердің құндылығы арзан еңбек күшінде. Сонымен қатар, бұл елдердегі ақпараттық даму жолындағы кейбір кемшіліктері де бар: жұмыс күшінің жетіспеуі, жоғары деңгейлі бизнес орталықтарымен байланыстың болмауы, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістан мемлекеттеріне әлі де болса қатарласа алмауы. Біздің пайымдауымызша, бұл модель - Қазақстан мемлекеті үшін алға даму процесіне, ішкі нарықта өркендеуіне кепілдік береді. Израиль және Скандинавия моделі – жаңа, тұрақты технологияларын әлемдік нарыққа ұсынуда (бірінші қатарда, АҚШ, ЕО, Оңтүстік-Шығыс Азия). Деңгейі өте жоғары, нарықта кәсіби мамандары жеткілікті, бизнесте өздерінің инвесторларымен ерекшеленеді. Жергілікті нарыққа ақпараттық технологиялардың, өндірістік бағдарламалардың жүйелілігі тән. Ең басты құндылығы - нарықты жетік білуі және оны ішкі коммуникациялық процестерде қолданылуы. Ресей Федерациясы. Ресейлік Интернет ірі қалаларды қамтығанымен әзірге тұтас мемлекеттік телекоммуникациялық құрылым дами қоймады. Қазіргі күнде СomScore компаниясының зерттеулеріне сүйенсек, 2008 ж. соңында ресейлік интернет-пайдаланушылар аудиториясы 40 млн асып, бір жылда бұл көрсеткіш 10-15%-ға артқан. 1991 жылдан бері Интернетке қосылған Ресей бірқатар мемлекеттік реформаларды жүзеге асыруда. Соның ішіндегі ең бастысы 2002-2010 жж. арналған «Электронды Ресей» жобасы. 2009 ж. 17 қыркүйекте Ресей Үкімет басшысы В. Путин елдегі «Электронды үкімет» бағдарламасына қатысты өзгерістер енгізу және жекелеген мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жүзеге асыру мен оларды тіркеу ережесі туралы қаулыларға қол қойды [283]. БҰҰ-ның e-government-ке дайындық рейтингісінде Ресей алдыңғы жылғы зерттеулерге қарағанда Украина мен Белорусияны алға жіберіп, 192 мемлекет ішінде 60-орынды иеленіп, 10 пунктке төмендеп отыр. 2005 ж. қорытындылар бойынша Ресей ақпараттық қоғамға дайындық жөнінен 69 орынның 57-позициясын, ал 2007 ж – 70 позицияны 2009 ж. Қазақстаннан кейін 74 позицияны иеленген-ді. БҰҰ сарапшылары Ресейдегі электронды мемлекеттік басқаруға дайындық туралы сараптауларын былайша сипаттауға болады. E-Government Survey 2008: From E-Government to Connected Governance – БҰҰ-ға мүше 192 мемлекеттің электронды үкіметке дайындығы бойынша Ресей Федерациясы 10 позицияға төмендеген. 143


Алғашқы үштікті Швеция, Дания және Норвегия иеленді. E-government readiness индексі «электронды үкімет» веб-қызметтерінің дамуы, телекоммуникациялық инфрақұрылымының жетілдірілуі мен тұрғындардың аталмыш жаңалықтарға дайындығы деңгейі көрсеткіштері бойынша есептелінеді. Ресей рейтингте Украинаға қарағанда 41-орында, Белорусиямен салыстырғанда 56-орында. Шығыс Еуропа елдері арасында РФ тек соңғы тұрған Молдованың алдында. Азаматтардың мемлекет өміріне қатысуы «электронды қатысуы» (e-participation) көрсеткіші жіктемесі бойынша Ресей Белорусия, Руанда және Өзбекстанмен қатар 98-орынды иеленді. Ресейдің электронды мемлекеттік қызмет көрсетудегі басты проблемасы электрондық өзара байланыс құралдары арқылы тіпті қарапайым саналатын мемлекеттік қызметтерді ұсыну. Тек бірнеше федералдық мекемелер ғана өз сайттары арқылы құжаттарды электронды түрде қарастырғанымен кейіннен азаматтардың өздері қатысуына тура келеді. Осыған баламалас жәйттер аймақтық билікте орын алған. Құжаттарды сайттан көшіру немесе өшірілген құжатты қайта толтыру формалары аз кездессе, құжаттардың 90% қағаз нұсқасын жеке тапсыруы не почта арқылы жіберуі тиіс ден санайды CNews Analytics сарапшысы С. Шалманов [284]. Дегенмен электронды үкімет дамуының проблемасына қарамастан Үкімет басшылары Ресейдегі ақпараттық қоғам дамуының стратегиясы рейтинг бойынша 20-орынға көтерілуі тиіс деген талаптар қоюда. 2008 ж. 7ақпанда қабылданған Стратегияға сәйкес 2015 жылға таяу ұлттық АКТинфрақұрылымының қолжетімдік жіктемесі бойынша алғашқы ондыққа енуі тиіс деп санайды. Ресей Ақпарат және байланыс Министрлігі даярлап жатқан «Әр үйге байланыс» бағдарламасы аясында барлық ресейлік отбасы иелері мемлекеттік тариф бойынша кең беткейлі (128 кбит/с) Интернетке қолжетімді болмақ. 2008 ж. The Economist Intelligence Unit (EIU) сараптама орталығы мен IBM Institute for Business Value компаниясының ақпараттық қоғамға дайындық туралы бірлескен сараптамасында Ресей 52-орыннан (2006 ж.) 57орынға төмендеген болатын. EIU нұсқасы бойынша e-readiness рейтингі 69 мемлекеттің АКТ-инфрақұрылымының даму деңгейі, бизнес-климат, «есауаттылық», құқықтық қолдау, АКТ қолдану саласындағы мемлекеттік саясат пен осы технологияларды пайдаланудың тұрғындар мен кәсіпкерлерге тигізген пайдасы сияқты көрсеткіштері есепке алынған [285]. Бүгінде әлемдік деңгейде бір мемлекеттің емес тұтас бір одақтың бірлескен электронды үкіметін құру жобалары жүзеге аса бастады. Солардың алғашқысы Еуропа елдерін біріктіретін «электронды үкімет» жасау идеясы 1999 жылы қолға алынған болатын. Еуропалық Одақ комиссиясы біріккен Еуропаны толықтай ақпараттандыруға бағытталған e-Europe бағдарламасын жүзеге асыра бастады. 2002 жылы e-Europe Action бастамасы аясында әзірленген жоба мынадай бағыттарды қамтиды: - әкімшілік органдар жалғанатын кең беткейлік желілерді ұйымдастыру; 144


- тұрғындарға қызмет көрсететін еуропалық ұйымдар арасында өзара әрекет етуші құрылымды әзірлеу; - мемлекеттік сектордың материалдық-техникалық электронды жүйесін қалыптастыру; - 2004 ж. он-лайн режимінде негізгі қызметтерді жүзеге асыра бастауы [286]. Еуропадағы «электронды үкімет» процесінің қалыптасуы Еуродақтың 15 мүше-елінің, сондай-ақ Исландия, Норвегия және Швейцарияның 20 секторын қамтитын 10 000 қызмет түрін ұсынатын ұйымдар арасында Benchmarking e-Europe аталатын сауалнаманы тұрақты түрде жүргізу арқылы бақыланады. Ақпараттық қорлардың даму деңгейі мен Интернет-технологияны бірнеше мемлекеттердің бірлескен электронды үкіметін жүзеге асуына ықпал етті. Мәселен, Government On-Line (GOL) бағдарламасы аясында бойынша көптеген жобалар негізінде Ұлыбритания толықтай үкіметтік он-лайндық қызметке көшсе, АҚШ-тың Аризона штатында онлайн дауыс беру жүйесі толықтай енгізілді. «Электрондық үкімет» биліктегі басқарушы құзіретті органдардың қызмет ету тәсілдері мен әдістерін өзгертіп отыр. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттегі саяси процестердің жылдам әрі табысты жүзеге асуымен қатар, экономикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Жаңа технологиялар қоғамымызға жаңалықтар, өзгерістер әкелуімен қатар, мүлдем жаңа сипаттағы мәселелерді көтеріп отыр. Еуропа елдеріндегі электрондық үкімет құруда мынадай қарамақайшылықтар мен проблемаларды атауға болады дейді қазақстандық зертеушілер: 1. «е-үкіметті» енгізу саяси мүдделер тұрғысынан қарамақайшылықтарды жоюды талап етеді. Оған электрондық үкімет пен қоғамның барлық мүшелеріне мүмкіндіктер беру арқылы қол жеткізуге болады. 2. «Электронды үкімет» озық технологияларды емес, дәстүрлі әлеуметтік-саяси қарым-қатынастарды өзгертуді талап етеді. 3. «Электронды үкімет» онлайндық қарым-қатынастарды қолдауда саяси менеждмент саласына жаңа әдістемені енгізуді талап етеді [287, 193]. Бүгінде дамыған батыс елдерінде «электрондық үкіметтің» негізгі мақсаты тұрғындарға және бизнеске көрсетілетін үкіметтік қызметтерді жолға қою және барлық сайлаушылардың басқару мен елді басқару үрдісіне қатысу деңгейін кеңейту мақсатында желілі қарым-қатынасты өзгерту болып табылады деп саналады. Электронды үкімет бүгінде сандық қоғам ретінде ақпартты өңдеуден, таратудан және саясатты ақпараттық қолдайтын қызмет саналады. Сонымен қатар «электронды үкімет» қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуде саяси ақпараттық-коммуникативтік процеске қатысушы субъектілердің барлығына бірдей міндеттер жүктейді. Болашақта «электронды үкімет» қоғам өмірінің 145


барлық негізгі салаларын, яғни саяси, әлеуметтік, технологиялық, экономикалық салалардың барлығын қамтиді. Қоғамның әр саласында «электронды үкіметтің» қалыптасуына қажетті факторлар, олардың құқықтық және ұйымдастырушылық деңгейде реттейтін механизмдерді қарастырған жөн. Бүгінгі саяси коммуникатвитік процестердің жылдам дамуы кезеңінде «электрондық үкіметтің» пайда болуы белгілі бір деңгейде сайлаушылардың үмітін ақтау болып табылады. Бұл қоғамда билік пен бұқараның электрондық диалог мәселесінде жаңаша ұстанымдарды талап етеді. Виртуальдық саяси ақпараттық-коммуникативтік жүйеде «электрондық үкіметтің» қалыптасуының басты факторы ақпараттық қоғам болып табылады. Бүгінгі таңда өз сайлаушыларына мүмкіндіктер беру үшін «электрондық үкімет» әр адамға кез келген орында қолжетімді болу керек. «Электронды үкімет» жобасының іске асуы елдегі мемлекеттік ақпараттық саясат бағдарлап беретін, виртуальдық процеске қатысушы барлық саяси институттар мен азаматардың мүделелерін үйлестірден туындайды. Электронды үкімет құру мен оны жүзеге асырудың шетелдік тәжірибелерін қорытындылай келе, авторлық мынадай пайымдауларға тоқталуға болады: Дамыған елдердегі электронды үкімет сандық технологияларды күнделікті өмірдің барлық салаларына енгізудің жоғары деңгейімен ерекшеленіп отыр. «Электронды үкімет» қоғам өмірінің барлық негізгі салаларын, яғни әлеуметтік, технологиялық, экономикалық салаларды, қоршаған орта және саяси саланы қамтып отыр. «Электрондық үкімет» белгілі бір деңгейде сайлаушылардың белсендігі мен азаматтардың технологиялық сауаттылығы мен біліктілігі артуына ықпал етті. Батыс елдеріндегі Интернет-коммуникацияның дамуы қоғамда жаңа қарым-қатынас ұстанымдарын негіздей отырып, ақпараттық қоғамның қалыптасуына ықпал етті. 3.3 Қазақстандық билік және бұқара қарым-қатынасындағы «электронды диалог» проблемалары және перспективасы Мемлекет ақпараттық қоғам қалыптастыру және өмірдің барлық салаларында инновациялық технологияларды дамыту үшін барлық күшжігерін жұмсайтын болады. Мұндай шараларды жиі өткізу керектігін саяси процестерді жандандыру мен әр тараптандыру, жылдамдату мен кері байланысқа жету тәжірибесі дәлелдеп берді. Электронды диалог мемлекеттік органдарды халықпен шынайы байланыстырады. Үкіметке, министрліктер мен әкімдерге Интернет-конференцияларды ұдайы өткізу қажеттігі туындады. 146


Қазақстанның Интернет-дәрісханасына айтарлықтай қанат жаюды тілеген Президент халықпен байланыс орнатудың жаңа үлгісін табысты түрде өмірге енгізді. Өкінішке қарай, он-лайн тарату ауқымында барлық сұрақтарға жауап қайтарудың сәті түспесе де, бірде-бір өтініш назардан тыс қалмағандығы билік институтының бұқарамен байланысындағы аса үлкен жауапкершілікті және ашық диалогты қолдайтындығын танытса керек [288]. 2008 жылғы Интернет-конференцияның басты тақырыбы – Қазақстанның инновациялық дамуы. Бүгінде қазақстандықтарды Интернет тарифтері қашан төмендейтін болады деген мәселе толғандыруда. Олар бұл сала тым монополияландырылған, сондықтан да бәсекеге қабілетті бола алмайды, осыдан барып ақпараттық технологиялар баяу дамуда деп санайды. Мемлекет басшысы ретінде Н. Назарбаев бұл мәселеге көп мән беріп келеді. Алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылған және табысты жүзеге асқан Интернет-конференция соның дәлелі болып табылады. 2009 ж. тұңғыш рет 1 қыркүйекте Елбасы Білім және ғылым министрлігі он-лайн режимінде Қазақстанның барлық мектептерінде алғашқы интерактивті ашық сабақ өткізді. Бүгінде халықаралық жаһандық желі ретінде Интернет миллиондаған адамдарды біріктіріп отыр. Ал Қазақстанда ақпараттандыру жөніндегі алғашқы бағдарлама 2005 жылы бекітілді, осы жылдан оны іске асыру басталды [289]. Қазақстанның коммуникациялар нарығында екі негізгі даму векторы бар. Біріншіден, осы заманғы инфрақұрылымды құру және одан әрі дамыту, осының негізінде сапалы байланыс қызметі ұсыныла алады. Екіншіден, тұтынушылар санын ұлғайту, бұған сапа мен төмен бағалар есебінен қол жеткізіледі. Кезінде негізгі Интернет-қуаттарды “Қазақтелеком” АҚ-тың базасында шоғырландыру елге дамыған инфрақұрылымдық желі қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бұдан кейін бұл саланы ырықтандыру басталды. Бүгінде “Қазақтелеком” әлі де болса Интернет нарығының 80%-дан астамын бақылап отырғанына қарамастан, монополиясыздандыру үдерісі қазірдің өзінде қиындай түспек [290]. Статистикалық мәліметтер осындай. Қазір Интернетке қол жеткізу қызметін 388 ұйым көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда пайдаланушылар саны бір жарым есе дерлік ұлғайып, 820 мың адамды құрайды. 2006 жылы Интернет тарифтері күндізгі уақытта 2 есеге, кешкі уақытта 4 есеге төмендетілді. Жылдың аяғына дейін тарифтердің төмендеуі тағы 23%-ды құрайды [291]. Дамыған ақпараттық технологияларсыз басқа дамыған ел секілді Қазақстан да өзін бәсекеге қабілетті санай алмайды. Сондықтан Алматы облысының Алатау кентінде ІТ-технологиялардың арнаулы паркі құрылды. Мұнда әлемнің 25 аса ірі компаниясы заманауи бағдарламалар жасай отырып, жұмыс істеуін бастады. Қазақстан Үкіметі 2007 жылы 7 жаңа портал ашты, олардың қатарында білім беру, медицина порталдары, «электрондық 147


кітапхана», құқықтық тұлғалардың порталы, шағын және орта бизнестің порталы бар. 2007 жылы «Самғау» холдингі құрылды, ол ақпараттық технологияларды дамытуға қатысты мәселелермен айналысады. Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік осы мәселелерді реттеумен шұғылданады. Қызметкерлермен қатар қарапайым халық жаңа технологияларды игеруге мүдделі болуы тиіс, өйткені бүкіл әлем көп кешікпей оларсыз тұрмыста да, жұмыста да мамандығын игере алмайтындай жағдайға ілгерілеп барады. Автордың пайымдауынша, осы диалогта салауатты көпшілікті толғандырған көптеген мәселенің бірі еліміздегі биоинженерлік жобаларға келіп тірелді. Бұл мәселе бойынша ахуал таяудағы уақытта жақсы жағына қарай өзгереді деп үміттенген қауым болашаққа оптимистік көзқараста. Бұқара қауымды соңғы кездері елдің саяси өміріндегі Конституциялық өзгерістер мәселесіне байланысты толғандырған сауалдары мен тілектерін ағытудың тетігі, ой мен пікір алуындағының алаңқайына айналған орын Елбасымен болған Интернет-диалог. Билік пен бұқараның байланысы арасындағы жаңа әдіс – электронды байланыс болуы заңды да. Соңғы жылдары дамыған әлем елдерінің озық технологиялар саласындағы жетістіктері мен прогессивті қадамдары билік пен қоғам арасындағы байланыстың жаңаша инновациялық форматтарын дүниеге әкелді. Десек те билік тарапынан электронды демократия орнатудың көптеген проблемалары күн тәртібінде тұрады. Ал көне замандардан, Демокрит дәуірінен билікті қарапайым халықтың бақылай, қадағалай алуы жайлы демократиялық құндылықтар қашан да қай заманда болмасын шешімі табылмаған күрделі мәселе күйінде қалып отыр. Әлем елдерінде биліктің қоғаммен байланысында ең үздік үлгісі мынау дерліктей дайын моделі жоқ. Бұл әр елдің, әр ұлттың, әрбір халықтың мәдениетінің, салты-ғұрпы мен рухани құндылықтарының ерекшеліктеріне және олардың ешбір қайталанбалас даралығынан туындаса керек. Демократиялық қоғамға ұмтылған Қазақстан билігі мен қоғам арасында да байланыс орнатудың жаңа замандық үлгісі өмірге батыл еніп келеді. Оның нәтижесі биліктің халыққа жақындай түсуі, әр азаматтың көкейіндегі мұңмұқтажын айқындау мүддесінен туындаса, ал халық барынша қоғамның қажетті бөлігі ретінде өзін бір табан болса да билікке жақындай түсуін сезіне алады. Ақпараттық дамудың нәтижесі ретінде «электронды үкімет» жүйесінің құрылуын атауға болады. Бүгінде «e-governments» қалыптасуының тиімді де кешенді шешімдері табыла қоймады. Әдетте оқшауландырылған мәліметтер базасының арналары бар қолжетімді инфрақұрылым қандай да бір ауқымды территорияда жаңа типті мемлекеттік құрылым моделін жүзеге асыруға мүмкіндік бермесе керек. «Электронды үкімет» стандартына жақындай 148


түскен мемлекет ретінде Сингапур – территориясы шектеулі және ол авторитарлық басқару режимінде. Ақпараттық қоғамға өтудің басты құралы ретінде мемлекет, қоғам және бизнестің мүмкіндіктерін шоғырландыратын әдетте арнайы мемлекеттік бағдарламалар дайындалады. Тұтас алғанда балама бағдарламалар көптеген еуропалық елдерде, Орталық және Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдерінде қабылданған. Мұндай бағдарламалардың басты элементтері – арзан да жалпыға қолжетімді Интернетпен қамту, «электронды үкіметтің» дамуы, онлайн бизнесі мен білім беруді арттыру саналады. Ресейді «Электронды Ресей» бағдарламасы 2001 жылдан басталса, Қазақстанда «электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламасы 2005 жылдан басталды. Электронды үкіметті қолданысқа енгізудің әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік ақпараттық саясат Концепциясындағы отандық моделін жүйелі түрде қарастырған абзал. Мемлекеттің ақпараттық кеңістігін жүйелі сараптау және толық ақпарат ағымын басқаратын объект ретінде қарастыру нәтижесінде мемлекеттің ақпараттық саясатының негізгі стратегиялық мақсаты мен толыққанды функционалдық міндеттері анықталуы тиіс. «Электронды үкімет» жобасының ең басты міндеті Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін құру және дамыту болып табылады. Қазақстанда «электронды үкімет» құрудағы мемлекеттің ақпараттық саясаттың басты жетістігі ұлттық моделінің қалыптасуы саналады. Бұған Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «Электронды үкімет» құрудың Мемлекеттік бағдарламасы, «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңы және ҚР ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құру және дамыту Мемлекеттік бағдарламасы болды. Қазақстанда «электронды үкіметті» енгізу бағдарламасының негізгі идеясы мемлекеттік ақпараттық технологияларды басқару саналады. Электронды үкіметтің стратегиялық мақсаты азаматтардың мүдделері негізінде мемлекеттік мәселелердің жүзеге асуына ықпал ету, мемлекеттік басқару процесіне белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ішкі және сыртқы қарым-қатынасты ақпараттық коммуникативтік технология және желілік инфрақұрылым негізінде трансформациялау саналады. Бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процесінің белсенділігін арттыру, барлық азаматтардың билікпен қатынасын жетілдіру. Аталған мәселе мемлекеттік қызметті реформалауда өзекті болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы экономикалық өркендеу – ақпараттық қоғамның қалыптасуына, дамушы мемлекеттер қатарына қосылуына, ақпараттық технологияның дамуына өз ықпалын тигізеді. Азаматтардың толыққанды ақпарат алуына шектеу қоймау басты талап саналады. Ақпарат пен білім әр адамға қолжетімді болу керек. Мемлекеттік ақпараттық саясаттың қабылдауы демократиялық құндылықтар мен теңдік, сандық 149


теңсіздіктерге тосқауыл қою, әлемдік ұйымдармен араласуға жол ашады. Ақпараттық жүйе – телекоммуникация, ақпараттық технология, өнім мен қызмет, мобильді байланыс нарығының дамуына және мемлекеттік басқару мен банктік жүйенің қалыптасуына, республикада ақпараттықкоммуникациялық ортаның дамуына үлес қосады. Жаһандық ақпараттық инфрақұрылыммен байланыс орнатуға негізі болады Мемлекет саясатының ашықтығы мен өркендеуінің басты айқын құралы азаматтардың қоғам үшін маңызды ақпаратты жеңіл әрі тез алуы болып табылады. Азаматтардың еркін ақпарат алуы демократиялық мемлекеттің бірден бір көрінісі. Ақпараттық саясат қоғам үшін өзекті мәселелердің түйінін табуға қарапайым азаматтардың атсалысуына, өз пікірін еркін жеткізе алуына атсалысып, азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігін анықтайды. Әйтсе де зерттеуші-ғалымдар электронды үкімет енгізудегі мәселелерге назар аударады. Ақпараттық жүйенің әр түрлі мемлекеттік құрылымдармен байланысы, келісімі жоқтығы аңғарылады. Бұл мәселе дамушы мемлекеттерде көтеріліп, соңында түрлі жүйені біріктіру үшін қосымша қаражат қажет болды. Біздің мемлекетте бұл мәселе әр түрлі деңгейдегі басшылықтың ақпараттық жүйемен жұмыс істеуге дайын емес болғандықтан әлдеқайда күрделі. Соның айқын дәлелі кейбір мемлекеттік органдар ескі дәстүр бойынша интернетке қосылу үшін қосымша қаражат қарастырмаған. Қоғамдық кеңістікте электронды үкіметтің дамуы мен қалыптасуына кедергі болатын жайттар бар. Технология кеңістігінде технология құрылымының, қолданып отырған тәсілдердің департаменттер мен түрлі деңгейдегі билік арасында бірігіп қолдануда кедергілер кездеседі. Экономикалық кеңістікте реттеуші механизимдерге, қаржылық модельдерге сонымен қатар ретке келтірілмеген қаржылық төлемдер электронды үкімет жұмысына кері әсерін тигізері анық [292, 202]. Қазақстанда ақпараттық қоғам негіздерін қалыптастыру, ақпарат ағымы мен қорларын мемлекет ішінде және жаһандық ақпараттық кеңістікте тарату, ақпараттық теңсіздікпен күрес, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың дамуын бақылау, демократиялық процестердің тұрақты дамуына ықпал жасау ұлттық деңгейде қарастырылатын басым бағыттағы мәселелер. «Электронды үкімет» енгізудің саяси аспектілерін талдаған зерттеушілердің бірі Е. Алияровтың пікірінше, ақпараттық қоғамға көшу, «электронды үкіметті» енгізу саяси өмірге Интернеттің енуінен көрініс табады. Бұл процесті екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: Бірінші кезең Интернетті саяси мақсатта қолдануды – ақпараттық деп атасақ болады. Екінші кезең – саяси процеске электронды үкіметтің енуі, қоғам мен мемлекет арасында кері байланыс орнауымен байқалады. Нақ осы кері байланыс туындаған мәселені шешуге, саяси жүйеге серпін береді. Бірінші кезеңде саяси ақпарат Интернетке орналастырылады. Көбіне бұл саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің, жеке саяси лидерлердің 150


газет сайттары мен журналдар, сонымен қатар электронды басылымдары мен сараптау және зерттеу ұйымдары [293, 219]. Қазіргі билік үшін саяси күрес ақпараттық қолдаусыз мүлдем мүмкін емес. Дегенмен, шетелдегі және Қазақстандағы сайлау науқандарының тәжірибесі электронды және мерзімді басылым арқылы жүргізілген насихат электоратқа өте ықпалды екенін танытты. Бірақ бұл дәстүрлі әдіспен насихат жүргізу қиындықтар туғызуы мүмкін. Қазіргі заманда әлдеқайда қолайлы түрі сайлаушыларға интернет арқылы ықпал ету. Интернеттің дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда бірнеше артықшылықтары бар. Кез келген ақпаратты орналастыру жеңіл әрі оңай тіпті әдеттегі мерзімді басылымдарға рұқсат бермейтін материалды да жариялауға болады, кеңістік пен уақытқа бағынбау, жылдам кері байланыс, бақылаудың болмауы. Саясаттағы меншікті ақпараттың үлесінің атуы тенденциясын көрсетеді. Бұл процесс болашақта да жалғасын таппақ: саяси партиялар мен қозғалыстардың сайттар күннен-күнге көбейіп, Интернеттің ақпараттық рөлі арта түспек. Күндердің күнінде Интернет ақпараттың негізгі көзі болып, дәстүрлі БАҚ-ты екінші кезекке ысыратыны анық. Дәстүрлі БАҚ ақпараттық монолог режимінде жұмыс істейді (біржақты коммуникация) яғни кейбір бағыныңқылы субъетілерге әсер етіп, бақылай алады. Ал компьютерлік технология көпқырлы коммуникацияға жол ашты. Желіге қосыла алатын әрбір тұтынушы ақпарат ала алады сонымен қатар ақпарат орналастыра алады. Интернет азаматтар мен билік арасында кері байланыс орнатуға мүмкіндік жасады. Билік құрылымдарының қарапайым азаматтармен байланысына жол ашты. Интернет азаматтар мен билік арасында қарымқатынас орнату арқылы саясатқа араласудың, әсіресе, жастар арасында деңгейін көтерді. Бүгінгі таңда виртуальдық саясат жаңа кезеңге аяқ басты. Яғни жаңа виртуалды саяси құрылымдардың қалыптасуы. Интернет бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі ретінде әр түрлі кәсіптегі адамдардың бірігуін талап етіп отыр. Мұндай бірігудің басты белгісі – саяси сенім. Интернет қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалардың қызметтегі саяси бағдарын өзгертті. Интернетті саяси коммуникацияның тиімді де пәрменді құралы ретінде қарастыруға болады. Интернет көмегімен түрлі виртуальдық бірлестіктер, одақтар құруға болады. Мұндай бірлестіктердің билікке ықпалы айтарлықтай етуі мүмкін. Интернет жаһандық азаматтық қоғамның қалыптасуына да әсерін тигізеді. Қазірде Интернет саяси ақпараттық мәдениет, саяси сауаттылық, саяси сана және саяси қолдаудың виртуалдық құралы ретінде ерекше маңызды. Қазақстанда Парламент, Президент сайлауларында оппозициялық партиялар мен қозғалыстар осы мақсатта интернетті белсенді түрде пайдаланды. Интернет қарымы мықты электоратқа жақсы әсер ететін құрал. Осы қарқын мемлекетті компьютерлендіру және Интернет пайдаланушыларды көбейту арқылы билікке, саясатқа ықпал етуге әсер етеді. 151


Авторлық сараптамалық зерттеулер негізінде ақпараттық қоғам және демократиялық қоғамның келесідей басты мәселелері аталады. Қазақстандағы «электронды үкіметті» жүзеге асыру арқылы мемлекеттік билік келесі мүмкіндіктерге жол ашады: бұқара саяси ақпарат туралы обьективті және жылдам хабар алу; билік институттары туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру; биліктің мемлекеттік бағдарламаларын жедел әрі тиімді түрде жүзеге асыру; мемлекет пен әкімдіктердің тиімді әрі нәтижелі жұмыс істеуі; жергілікті жерде басқару мен жоспарлауды жүзеге асыру; халықтың үкіметке деген сенімін арттыру болып саналады. Азаматтық қоғамның институттарына: маңызды мәселелерден хабардар болып, мемлекеттік мәселелерді өңдеуге және қоғамның бірігуіне ықпал ету; саяси шешімдер мен бастамалардың жүзеге асуына атсалысу; адамдардың кәсіби деңгейін көтеру үшін азаматтардың жауапкершілігі, басқару мен жоспарлауға арналған ақысыз оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру; мемлекет шешімдеріне ықпал етіп, тек жоғарыдан емес төменнен де басқару; мемлекет қызметін бақылау арқылы жемқорлыққа қарсы күресуге мүмкіндіктер беріледі деп санайды қазақстандық зерттеушілер. Бүгінгі Қазақстандағы Интернеттің даму қарқынын қалай бағалайсыз? 26%

4%

2%

34% 34%

Жоғары

Орташа

Төмен

Жауап беруге қиналамын

Басқа да

Сурет 2 – Бүгінгі Қазақстандағы Интернеттің даму қарқының қалай бағалайсыз? (% сұрау салғандардың жалпы санынан) Автордың пайымдауынша, демократиялық даму жолындағы Қазақстан жағдайында электронды үкімет құрудың оң нәтижелері қоғамның одан әрі модернизациялануына негіз болмақ. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың жылдам өріс алуы ғылыми қауымдастықпен қатар БАҚ-та электронды демократия теориясы жайлы пікірсайыстарды өрбіте түсті. Бүгінде ғалымдар мен саясаткерлер арасындағы өткір пікірсайыс Интернеттің демократиялық институт пен 152


үрдістерге әсері жайлы болып отыр. Қазақстандық зиялы қауым арасында аталған мәселелер төңірегінде жүргізілген авторлық сараптама зерттеулерінің нәтижелері төмендегіше. Бүгінгі Қазақстандағы Интернеттің даму қарқынын респонденттердің теңдей бөлігі - 34% жоғары әрі орташа деп бағалайды. Ал сарапшылардың 26%-ның пікірінше, еліміздегі Интернет дамуы әлі де болса төмен деңгейде деп отыр (2 сурет). Әлем елдерінің дамуын айқындайтын басты факторлардың бірі ақпаратқа қолжетімдік және ақпараттық теңдік мәселесі болса, қазіргі Қазақстан үшін де бұл дамытуды қажет ететін өте маңызды сала болып отыр. Еліміздің азаматтарының бүкіләлемдік желіге қолжетімдік деңгейі сарапшылардың теңдей 20%-ның пікірінше, аса жоғары және жоғары деңгейде болса, үштен бір бөлігінің - 31% пайымдауынша, ғаламдық торға қолжетімдік деңгейі орташа. Қазақстан тұрғындарының Интернет-қорларға қолжетімді деңгейі Аса жоғары 15 10 Басқа да

5

Жоғары

0

Төмен

Орташа

Сурет 3 – Қазақстан тұрғындарының Интернет-қорларға қолжетімді деңгейі (% сұрау салғандардың жалпы санынан) Респонденттердің 17% азаматтардың Интернет желісіне қолжетімдік деңгейі өте төмендігін айтады. Сонымен, сарапшылардың берген бағасынан орташа көрсеткіші Интернет қорларына қолжетімдік деңгейі «орта» деңгейде екендігін білдіреді (3 сурет). Соңғы уақытта «электронды демократия», «электронды үкімет», «кибердемократия» ұғымдары ғылыми лексиконға ене бастады. Әлемнің дамыған елдеріндегідей Қазақстанда да «электронды үкімет» жобасы жүзеге асырылуда. Еліміздегі «электронды үкімет» жобасының бүгіні мен болашағына сарапшылар өз көзқарастарын білдіреді. Сарапшылардың қатарындағы Д. Сейсенбаев: «Халық игілігі үшін» деген ұранмен атойлап істеліп жатқан шаруа – түптеп келгенде билік 153


жұмысын жеңілдетуге арналғанын айтпауға болмас. Десек те оның алғашқы сатысынан өттік. Енді құжаттар мен бірқатар анықтамаларды электронды пошта арқылы алатын боламыз, бұл да жетістік десе, жас саясаткер Н. Сейдін: «Электронды үкімет» жобасының болашағына үлкен сеніммен қараймын, егер жоба жоспарланған күйде толық іске асып, жаңа басталып жатқан әкімшілік реформа өз нәтижесін беретін болса халықтың өмірінің сапасы артатыны сөзсіз»,-деген пікірде. Қоғамдық ұйым өкілі Е. Ембергеновтің бұл жоба жайында көзқарасында оптимистік сарын басым. Жобаның идеясы шын мәнінде өте құптарлық. Дамыған елдерде бұл өте жақсы дамыған сала. Бұл жобадан байқалатыны имидж қуу, тіпті имидж де емес, әсер қалдыру үшін жүзеге асқандығы байқалады. Біз өзімізді өте бай державамыз, мұнайлы елміз деп таныта аламыз. Сол үшін де біз осы жобаны жүзеге асырдық әрі өзімізді көрсете алуымыз қажет. Бұл жоба ең аз дегенде халықтың 40% Интернет желісіне қосылғанда ғана жүзеге асуы тиіс. Ал бізде Интернет құрылымы дами қоймаған сала. Алдымен, қызмет көрсету нарығында бір ғана «Қазтелеком» монополия болып отыр. Осыған байланысты Интернет бағасы әлі де жоғары. Тіпті қызметтегі адамдардың өзі бүкіләлемдік желіге қосылуда қалтасын шамалайды. Жалпы, бұл жобаны қолдаймын. Объективті өте үлкен пайда әкелетін жоба. Шын мәнінде, адамдар қажетіне пайдасы тиюі тиіс. Осылайша сарапшылар пікір арасында аса алшықтық байқалмайды және олар жобаның болашағына үлкен сеніммен қарайды. Ақпараттық қоғамды зерттеушілердің еңбектері қазақстандық электрондық үкімет құру тәжірибесін сараптауға негіз болды. Электрондық үкімет жобасы 2005-2007 жж. Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. 2006 ж. 12 сәуірде 377 ақпараттық қызмет қоры бар «электрондық үкімет» веб-порталы – ашылды [294]. «Э-үкімет» жобасын дамыту үшін тұтас алғанда, елдегі Интернеттің дамуына инвестиция тартылып, кәсіби мамандар мен мемлекет тарапынан қолдаулар қажет. Интернет дамуындағы маңызды фактор – «бүкіләлемдік желі» қызметіне бағаның төмендеуі болмақ. Дегенмен бұл тек Интернет порталдарындағы kz доменінің дамуына айтарлықтай әсер етпейді. Интернет пайдаланушыларының саны ұлғайғанымен, доменннің белсенділігі артпай отыр. Отандық Kaznet-тің проблемасы «э-үкімет» дамуымен де тығыз байланысты. Қазақстандағы «электронды үкімет» жобасының таяу болашағын сарапшылардың 35% - биліктегі бюрократизм мен жемқорлықтың төмендеуіне ықпал етсе, ал тепе-тең бөлігі 24% - билік халықтың сұранысына жедел түрде жауап қатуы және мемлекеттік құрылымдар қызметінің ашықтығына қол жетеді деген оптимистік болжамдар жасады (4 сурет).

154


Қазақстандағы "электронды үкімет" жобасының таяу болашағын қалай бағалайсыз? 0%

17%

24%

24%

35% мемлекеттік құрылымдар қызметінің ашықтығына қол жетеді биліктегі бюрократизм мен жемқорлық төмендейді билік халықтың сұранысына жедел түрде жауап қатады Азаматтар саяси шешім қабылдай алады басқа да

Сурет 4 – Қазақстандағы «электронды үкімет» жобасының таяу болашағын қалай бағалайсыз? (% сұрау салғандардың жалпы санынан) Бүгінде Қазақстанда IT-индустриясы дамуы мен космосқа шығудың алып жобалары жүзеге асуда. «Kazsat» серігінің ұшырылуы мен Alatau-city ақпараттық технологиялар паркінің ашылуы «э-үкіметтің» перспективалық бағыттарын болжауға мүмкіндіктер беріп отыр. Мемлекеттің байланыс және хабар тарату, телекоммуникациялық қызметтердің тиімді де қолайлы жолдарын іздестіру жобалары болашақта қазақстандық бұқараның жаңа технологияларды меңгеру мен пайдаланауына мол мүмкіндіктер тудырады. Әйтсе де жаңа институционалдық құрылымның пайда болуы еліміздегі бұрынғы саяси институттардың функциясын жеңілдете қоймайды. Ақпараттық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет, тура және өкілетті демократия арасындағы байланысты тасымалдау механизмінің қандай болу керектігі де әлі де шешімі табыла қоймаған проблема болып отыр. Интернеттің бұқаралық саяси коммуникация құралы ретінде азаматтардың электоральдық мінез-құлқына әсерін де бір жақты бағалауға болмайды. Ақпараттық қоғамда демократияның қай түрі қалыптасатындығы саяси сарапшылар үшін әзірге беймәлім. Міне, осылайша, бүкіл әлемде, сондай-ақ Қазақстанда да ақпараттық технологиялардың дамуы демократия теориясында қызу пікірталас тудырып отыр. Ресейде «2002-2010 электрондық Ресей» бағдарламасында электрондық үкімет мемлекеттік түрлі қызметті бақылау механизмі ретінде жолға қойылуда. Қазақстан мен Ресей жағдайында да «э-үкімет» әзірге бастапқы қызмет көрсету деңгейінде жүзеге асуда. Батыстық «э-үкімет» үлгісі коммуникация үрдістерін жеңілдетумен қатар, алдымен үкімет қызметіне бұқаралық бағалау көрсеткіштерін енгізу, 155


азаматтардың үкімет үстінен бақылауын күшейту болып саналады. Дегенмен Қазақстанда, тіпті ақпараттық технология жағынан озық тұрған Ресейде де осы секілді бағдарлама әзірге дайындалған жоқ. Тіпті Бүкіләлемдік банк жобасының бір бөлігі болып отырған «Жаһандық портал дамуында» электрондық үкіметті жүзеге асыруда азаматтарды біржақты ақпараттандыру, қызмет ұсыну, сосын барып азамат пен үкіметтің байланысу жүйесін жасаудың бірнеше кезеңдері қарастырылған. Қазақстанда Интернет көбінде жеке мүдделерін ұсыну мақсатында вебсайттарын ашатын әуесқойлардың қызмет алаңынан кәсіби ақпараттықкоммуникативтік виртуалдық алаңға айналуда; «Э-үкімет» жобасын дамыту үшін тұтас алғанда, елдегі Интернеттің дамуына инвестиция тартылып, кәсіби мамандар мен мемлекет тарапынан қолдаулар қажеттігін күн тәртібіне қоюда; Отандық Интернет пайдаланушыларының саны ұлғайғанымен, доменннің белсенділігі артпай отыр. Отандық Kaznet-тің проблемасы «э-үкімет» дамуымен де тығыз байланысты; Қазақстан жағдайында да «э-үкімет» әзірге бастапқы қызмет көрсету деңгейінде жүзеге асуда. Батыстық «э-үкімет» үлгісі коммуникация үрдістерін жеңілдетумен қатар, алдымен үкімет қызметіне бұқаралық бағалау көрсеткіштерін енгізу, азаматтардың үкімет үстінен бақылауын күшейту қажеттігі туындауда. Технология қоғамдағы реттеу тәсілдерін өзгерткенімен, оның мәнін өзгерте алмайды. Әлемнің елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, «egovernment» жүйесі тиімді пайдаланылғанымен, мемлекеттің әлеуметтік және технологиялық даму деңгейі арасындағы қарама-қайшылық жойыла қоймады; электрондық революция, тіпті керемет деген IT-жобаның өзі демократияға тірек бола алмайтындығы, керісінше, технологияның арқасында үкімет үшін қоғам соғұрлым ашық, яғни қоғам бақыланатындығы байқалуда; қызметі нашар ұйымдастырылған мемлекет электрондық үкімет арқасында жақсы болып кете алмайды, артта қалған қоғам тұрғындары қандай болмасын ақпараттық қорларға қол жеткізе алғанымен, посттоталитарлықтан демократиялық қоғамға аттап өте алмайды. Елімізде халықаралық ұйымдар тарапынан электронды үкімет жобасының жүзеге асуын бақылау, рейтингісін айқындау шаралары жүзеге аса бастады. Соның алғашқысы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен MediaNet халықаралық ұйымы мемлекеттік веб-порталдың қызметіне медиатестілеу жүргізді. 100 журналист қатысқан тестілеу процедурасы еліміздегі мемлекеттік органдардың 70 веб-сайтын қамтыған [295]. Әрине, мұндай бақылау және мониторинг шаралары қазақстандық электронды демократия жолындағы жобаларын бағалауда маңызды саналмақ. Қазақстанның электронды үкіметі дамуы мәселесінде БҰҰ-ның Малайзия және Қазақстандағы инфо-коммуникациялық дамуы индекстеріне салыстымалы сараптауларын атауға болады [296]. 2005 ж. БҰҰ әзірлеген Электронды үкіметке жаһандық дайындық жөніндегі есепке сәйкес Малайзия 43 орынды иеленген. Есепте 179 елдегі 156


мемлекеттік электрондық қызмет көрсету негізінде Web-Measure, Телекоммкниуациялық инфрақұрылымдар және Адам капиталы дамуы индекстерінің жиынтығы негізінде талдаулар бойынша рейтинг түзілген. Қазақстан Адам капиталы индексі бойынша жоғары балл жинағанымен (Сингапур, Чили, Люксембург, Чехия сияқты елдерден жоғары), электронды үкіметке дайындық бойынша 65-орында саналды. Ал бұл көрсеткіш алдағы 5 жылда тағы да жоғыралады. 2010 ж. Қазақстан электрондық үкімет дайындық жөнінен әлемде 46-орынды иеленді. БҰҰ жыл сайынғы «электронды үкімет» технологиясын пайдалануға дайындық бойынша рейтингісін жарялаған болатын. Онда әлемнің 192 елінің электронды үкіметке дайындығы туралы мәліметтер келтірілген [297]. Қазақстанның рейтингісінің жоғарылауына ықпал еткен факторалр қатарында электрондық сатылым порталының, мемлекеттік органдардың 59 электронды қызмет түрінің, «Е-лицензиялау» жобалық мемлектетік мәліметтер базасының, сондай-ақ «Е-нотариат» ақпараттық жүйесінің іске қосылуы болды. Азаматтардың электронды қатысуы көрсеткіші бойынша «электронды үкімет» порталында Елбасының Тікелей желісінің жүзеге асуы және осы шара аясында 44 452 сұрақтың қойылуы, сонымен қатар e-gov.kz және bnews.kz порталдарында мемлекеттік органдардың басшы жетекшілерінің блог-платформасының құрылуы, мемлекеттік органдардың басшы жетекшілерімен Интернет-конференциялардың өткізілуі саналды. Қазір елде «е-үкіметтің» 70 мыңнан астам тұтынушылары бар. БҰҰ рейтингісінің алғашқы бестігінде бұрынғыша, Оңтүстік Шығыс Азия, Батыс Еуропа, Солтүстік Амеркиа, Корея, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Нидерланды сияқты жетекші елдер бар. Ал ТМД елдері ішінде рейтингте Украина – 54 орында, Ресей – 59 орында тұр. 2009 ж. Қазақстанда барлық сайттар, чаттар, блогтар, Интернетдүкендері мен электронды кітапханалардың дәстүрлі БАҚ ретінде азаматтық және қылмыстың істерге тартылатытына қатысты Қазақстандағы "Ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері жөніндегі республикалық кейбір актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының қабылдануы бұқара мен халықаралық қауымдастық тарапынан өте көп наразылықтарды туындатты. Нәтижесінде «Еркін Интернет үшін» қозғалысы құрылып, ақпараттық кеңістікте өз позицияларын таныту мақсатында http://www.kaznet-freedom.org/ вебпорталын ашты. Әрине, халықаралық қауымдастықтың тәжірибесінде бар виртуалдық кеңістікті бақылау шаралары көбінде азаматтарды да, қоғамдық ұйымдардың да наразылықтарын тудырып отыр. Қорытынды тұжырымдар. Ақпараттық дамыған шет елдерде «электрондық үкіметті» енгізу бюрократиялық процедуралардың жеңілдеуіне, азаматтардың билік институттарына сенімінің артуы, олардың 157


саяси процестерге қатысу белсендігі артуы сияқты факторлармен айқындауға болады. Авторлық сараптамалық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, елімізде электронды үкіметтің жүзеге асуы бюрократизм мен қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресте оң нәтиже береді деп күтілуде. Электронды үкімет платформасында азаматтар мен үкіметтің жақындасуы мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік-саяси теңдікті сақтауға ықпал етеді. Автордың пікірінше, дамыған демократиялық мемлекеттерде Интернет мемлекеттік басқарудағы биліктің алға жылжуына, мемлекеттің азаматтық қоғаммен байланысын орнатуға ықпал етуде. Қазіргі кезде Қазақстандық электронды үкіметті қалыптастыру әлі де мемлекет пен оған қатысушы субъектілердің қолдауын қажет етеді. Автордың ойынша, Қазақстандағы IT-индустриясы дамуы мен космосқа шығудың алып жобаларының жүзеге асуы «э-үкіметтің» перспективалық бағыттарын болжауға мүмкіндіктер береді. Әйтсе де жаңа институционалдық құрылымның пайда болуы еліміздегі бұрынғы саяси институттардың функциясын жеңілдете қоймайды. Ақпараттық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет, тура және өкілетті демократия арасындағы байланысты тасымалдау механизмінің қандай болу керектігі де әлі де шешімі табыла қоймаған проблема болып отыр. Қазақстандағы электронды демократия құру проблемаларына: халықты жаппай компьютерлік сауаттандыру және бұқара арасындағы «ақпараттық теңсіздік» мәселесін жою; ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету, яғни «сандық теңсіздікті» жою; kz доменінің іздестіру қызметі мен белсендігін дамыту; ауыл тұрғындарының ерекшеліктеріне қарай мемлекеттік ақпараттық және ағарту бағдарламаларын жүзеге асыру сияқты факторлар жатады. Приоритеттері: жаһандық ақпараттық интеграциялық процеске табысты ену; ақпараттық қоғам құрудағы негізгі алғышарттардың жүзеге аса бастауы; мемлекеттік ақпараттық саясаттың табысты жүзеге асуы; әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену стратегиясының жүзеге асуының кепілі ретінде айқындалады.

158


4 БҰҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДА САЯСИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСЫРУДАҒЫ РӨЛІ 4.1 Бұқара мен биліктің өзара байланыс мәселелері: жаңа көзқарастар мен пікір алуандығы Саясат саласында билік институттарының, түрлі субъектілердің мінезқұлық әрекеттері, сондай-ақ адамның басқа да белсенді әрекеті оның ұстанатын идеясына, көзқарастарына, сеніміне және басқа да рухани ұстанымдарына тікелей қатысты және соның негізінде қалыптасады. Саяси сана – адамның саяси институттармен қарым-қатынасында рухани және теориялық құндылықтарының, нормативтерінің, рационалдық және саналы ұстанымдарының жиынтығын білдіретін жалпы категория ретінде танылады [298, 259]. Яғни саяси сана адамның саясатта өзіне қатысты қызметін атқаруда және билік механизмдеріне бейімделу үшін пайдаланатын саяси ұстанымына тірек болатын барлық идеалдар, нормалар мен басқа да танымдарды білдіреді. Сонымен, саяси сана мазмұнына қарай қоғамның саясат саласындағы барлық институционалдық емес компоненттерін білдіреді. Осындай сипатына орай саяси сана билік және басқару органдары мен қызметіндегі өзгерістер, партияаралық және басқа да саяси процестердің арасындағы қарым-қатынастарды реттей отырып, элитарлық және элитарлық емес топтар арасындағы субъективтік ұстанымдарды айқындайды. Адам көзқарасының өзгермелі және құбылмалы келуі түрлі тараптағы саяси процестердің қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар адамның бұқаралық өмірінің көпсалалы бағдарын білдіретін саяси қарымқатынастардың логикалық құрылымдануына әсер етеді. Саясаттың саяси санаға генетикалық тұрғыдан тәуелдігі оны идеялар мен көзқарастарды нақты жүзеге асыратын үздіксіз процесс ретінде танытады. Жекелеген көзқарастар мен ұғымдар адам әрекеттерінде, инутитут қызметтерінде іске асады, сонымен қатар олар саяси құбылыстарды талдауда, сараптауда, бағалауда, доктриналар мен көзқарастардың танылуында маңызды саналады. Саяси сана саяси процестегі дербес субъектінің саясатты қабылдауын танытатын әрекеттердің жиынтығы ретінде танылады. Саяси сананы құндылықтар мен ұстанымдарды жүзеге асыру механизмдерін қарастыратын психологиялық ізденіс түрінде қарастыруға болады. Бүгінде саяси сана саяси мінез-құлықпен байланысы артып отыр. Сол саяси мінез-құлықты мағыналық жағынан қолдай отырып, саяси процестер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жүзеге асу мүмкіндігін танытады. Саяси сананы адамның өзіне тән көзқарастарына, белсендігі мен қызметіне ықпал етерлік «ішкі мінез-құлқы» ретінде сипаттауға болады. Бүгінгі ақпараттық-коммуникатвитік технологиялардың даму кезеңінде саяси сананың да өзгеруі мүмкін бе? Әдетте ғалымдар саяси сананы талдай 159


келе оның құрамдас екі басты тобын ерекшелейді: танымдық және ынталандыру (мотивациялық) [299, 662]. Танымдық саяси санаға саясат туралы, саяси құбылыстар мен көзқарастарға қызығушылықты жатқызады. Мотивациялық саяси сенімге адамның саяси қажеттілігі, құндылықтары мен танымдарын жатқызады. Шын мәнінде, саяси сананың қандайда бір көрінісін ерекшелеп айту қиын. Саяси сананың танымдық элементтерін де мотивациялық көріністері де өзара тығыз байланыста. Саяси сананың әрбір элементі тығыз байланысқаны соншалық олардың бір-біріне өзара әсері арта түседі. Бүгінгі ақпараттық қоғамда, жаңа технологиялар қоғамында саяси санаға БАҚ-тың ықпалы артуы мәселе ретінде емес заңды құбылыс ретінде қарастыруға болады. Ақпараттық кеңістіктің субъектілері (ақпаратты өндірушілер, тасымалдаушылар, тұтынушылар) бір-бірімен коммуникативтік қарым-қатынаста бола отырып, сол субъектілерге ықпал ете отырып, өздері де солар тарапанын белгілі бір ықпалды сезінеді. Осынау қарымқатынастардың сипаты не ықпал ету деңгейін қарастырғанда саяси сананың адам қызметіне, мінез-құлқына әсерін ерекше атауға болады. БКҚ азаматтардың саси санасы мен мінез-құлқына ықпалын бағаланда олардың арасындағы байланыстар біркелкі келместен, мүлдем қарамақайшылықта болатындығы атауғаболады. Осы орайда түрлі көзқарастар пайда болуда. Солардың негізгі саналатын екеуін атап өтуге болады. Бір жағынан, саяси сана мен адамдардың мінез-құлқы БАҚ жасайтын ақпараттық кеңістікке тікелей тәуелді деп саналатын ұғым кеңінен тарап отыр. Осы тұрғыдан алғанда, БКҚ теориясын зерттеуші Э. Деннистің пікірінше, «БАҚ біздің ойлау қабілетімізді қалыптастырады. Біздің пікірімізге, ұстанымдарымызға ықпал ете отырып, белгілі бір әрекетке, атап айтқанда нақты бір үміткерге дауыс беруімізге итермелейді» [300, 139]. Осы бағытта зерттеу жүргізетін ғалымдардың келесі бір тобы БАҚ-тың азаматтардың саяси мінез-құлқына әсері нақты қоғамдық пікір қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Қоғамдық пікірдің бұқаралық сипаты арқасында БАҚ- азаматтарды басқару мен билеп-төстеуге мүмкіндіктер береді деп санайды ресейлік зерттеуші О. В Кузьмен [301, 34]. Бұқаралық коммуникацияны зерттеушілер (көптеген саясаткерлер, БАҚ өкілдері) соңғы кездері «медиадемократия» кезеңі жайлы пікірталас өрбіте бастады. Яғни бүгінде шындыққа айналып отырған, қоғам өмірінде орын ала бастаған БАҚ билік ретінде өзінің ережелерін ұсынуда. Сондай-ақ кейбір авторлар П. Бурдьенің БКҚ туралы концепциясы негізінде бүкіл халықтың (не оның бөлігінің) қандай да пікірін әйгілейтін қоғамдық пікір жоқ. «Баспасөз пікірлерді өндіруге де, оны таратуға да тікелей өзі қатысады. Яғни ол қоғамдық пікірді білдірмейді, соны қалыптастырады. Ол адамдардың қоғам жайлы ұғымдарын бейнелемейді, сол ұғымдарды, сол бейнелерді қалыптастырады. Қоғамдық пікір аталатын артефакті әзірлеу БАҚ-тың аса маңызды функциясы саналады» [302, 15]. 160


Осы тұрғыдан алғанда ресейлік зерттеуші С. Кургиняннің 1991 ж. қайта құру туралы пікірлерінде, бұқаралық ақпарат құралдары ескіні бұза отырып, жаңа мәдени жадыларды дүниеге әкеле отырып, демократтарды билікке алып келді. Бұл өте сәтті және жылдам жүзеге асқан әрекет болды деп жазады [303, 141]. БАҚ-қа қатысты әр қашан түрлі пікірлердің, жаңаша көзқарастардың пайда болуы бүгінде оның ықпалды саяси құрал ретіндегі рөлін танытса керек. Мәселен, БАҚ-ты билік ретінде, күштік құрылым ретінде атап жүр. Шын мәнінде, тарих көрсеткендей, белгілі бір кезеңдерде БАҚ-тың саяси күші мемлекеттік биліктің күшімен тепе-тең түсіп жататын жағдайлар кездеседі. БАҚ қызметін осылай түсіну оны биліктің өзіндік формасы ретінде тануға мүмкіндік береді деп санайды Ю.Н. Солодухин [304, 13]. Барлық зерттеушілер БАҚ-тың осынау ықпалды күшіне сене бермейді. Мәселен, Э. Денниске оппонент ретінде Д. Меррилл былай деп санайды: «Бұқаралық ақпарат құралдары бәлкім біздің назарымызды белгілі бір оқиғаларға аударуы мүмкін. Бірақ ол әрекет етуге мәжбүрлейтін билік болып табылмайды» [305, 155]. Ғалым өз пайымдауларында мынадай қорытындыға келеді: «БАҚ-тың ықпалы қоғамның не туралы ойлануы керектігін көрсетуі болып саналады». БАҚ-тың билігі көбінде күн тәртібіндегі мәселеге қатысты анықталады. БАҚ-тың саяси билікпен теңдестіретін ғалымдарға қарсы пікір айтатындар көптеген эмпирикалық зерттеулерге жүгінеді. Мәселен, 1940 жж. Л. Лазарсфельдтің АҚШ-та жүргізген зерттеулерін негізге алады. Бұл зерттеулерде БАҚ-тың тұрғындардың саяси санасына, саяси мінез-құлқына айтарлықтай ықпалы дәлелденген. Американдық ғалымдар сайлау науқандары кезіндегі пікірлер мен көзқарастардың өзгеруін зерттей, жинақтай келе екі сатылы коммуникациялық процесс пен жекелей ықпал ету моделін сипаттайды. Ол процесс БАҚ-тан «пікір көсемдеріне», ал олардан түрлі әлеуметтік топтар мен таптарға моделінде сипатталады. Бұл тұрғыда бұқаралық коммуникация орталық, басымдық рөлінде танылмайды, ол тұлғааралық қарым-қатынаспен тең саналатын және түрлі сипатта ықпал етуші әлеуметтенген құралға айналды. Нәтижесінде бұқаралық санаға бұқаралық ақпарат құралдарының «минимальдық ықпалы» концепциясы әзірленген болатын. Бүгінде ұсынылған екі жақты көзқарас арасында өте көптеген айғақты әдістерді байқауға болады. Қазіргі күнде тұрғындардың саяси санасы мен саяси мінез-құлқына БАҚ-тың салиқалы ықпалын жоққа шығармайтын, дегенмен БАҚ-тың ықпалдылығына шектеулер қоятын айғақтар болып отыр. Мұндай кедергілердің қатарында БАҚ-тың өзі тудыратын ақпараттың алаңдағы қарама-қайшылықтарды атауға болады. Осы тұрғыда БКҚ теориясын зерттеуші ғалымдардың бірі Г. Гаджиев: «Қазіргі заманғы қарамақайшы, қақтығысты шындықтардың бір бөлігі ретінде БАҚ белгілі бір деңгейде оларды өздері өндіреді. Сондықтан ақпараттық ағындар көптеген 161


қарама-қайшылықтардан тұрады. Олар хабарламалар мен материалдармен бірін-бірі өте жиі жоққа шығарады. БАҚ материалдары мен бағдарламалар қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал етеді»,-дейді [306] Басқаша айтқанда, ақпараттық кеңістіктегі плюрализм мен ақпарттық дереккөздерді таңдау бостандығы саяси БАҚ-тың адамдардың мінезқұлқына ықпалының азаюына мүмкіндік береді. Кейде, керісінше, көптеген БАҚ саяси институттармен келісе отырып, әрекет ете бастайды. Мұндайда олардың ықпалы мүлдем арта түседі. сондайақ қандай да бір идеологиялық коцепті ұзақ мерзім бойына, тіпті санаулы БАҚ қайталай берген жағдайда ықпал етудің пәрменділігі арта түседі. Сондықтан «БАҚ-тың саяси санаға ықпалы жекелеген хабарламалардан емес, олардың кумулятивті (жарылыс әсері) пәрменділігінен»,-деп санайды ресейлік ғалым А. Панкин [307]. БАҚ-тың саяси санаға ықпалы индивидтің ықпал етуші басты субъектіні (БАҚ өкілі, БАҚ меншігі, билік органы т.б.) қабылдауына, сондай-ақ кімнің мүддесіне қарай осы ықпал ету орындалуына (бұқаралық аудитория, элитарлық топтар, БАҚ т.б.) қатысты екендігін атап өткен жөн. Іс жүзінде БАҚ-ты қоғамдық пікірді білдіруші немесе әлеуметтік белсендікті айқындаушы ретінде қабылдаудаған гөрі оны әлеуметтік басқару органы ретінде қабылдау БАҚ-тың рөлін, оған деген бұқараның сенімін арттыра түспек. Соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, БАҚ-тың саяси санаға ықпалы артып отыр. Нақты реципиенттің бұқараның мінез-құлқын басқаруға ықпал ету мақсатында жіберген БАҚ хабарламасы қарама-қарсы нәтижеге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, БАҚ хабарламаларының саяси санаға ықпалының келесі бір моделін атап кетуге болады. Ол – «кері әсер» болып табылады. Осы орайда Еуропалық БАҚ институты зерттеулерінде қызықты деректер келтіріледі. Зерттеу жұмыстары 1993, 1995, 1996 жж. ресейлік парламент және президент, сондай-ақ Ресейдегі кейбір аймақтық сайлау материалдары негізінде жүргізілген-ді. Нәтижесінде телевизиядағы тікелей не жасырын сипаттағы саяси жарнаманың берілу жиілігі мен сайлау қорытындылары арасындағы байланыстардың болатындығы тұжырымдалды. Партия не жекелеген үміткер неғұрлым телевизия арқылы жарнамаланған сайын соғұрлым ол сайлауда аз дауысқа ие болады [308]. Саяси санаға ықпал ету мәслелеріне қатысты түрлі көзқарастарың болуы тұрғындарды саяси ақпаратты тұтынушы ретінде танытады. Не болмаса азамат билеп-төстеу объектісі ретінде «бұқара», «тобыр» деп танылады. Шын мәнінде, азаматтар коммуникативтік әрекеттердің толыққанды субъектісі ретінде қарастырған жөн. Сондай-ақ БАҚ-тың жеке тұлғаға ықпалы көбінде ақпараттық процестерде сол тұлғаның атқаратын рөлі, осы процестерге оның қатысы анықтауы тиіс. Өкінішке орай, әлем елдерінің көптеген саяси технологтары, саяси кеңесшілері азаматтарды билеп-төстеуге 162


болатын «бұқара» ретінде санайды. Сондықтан да оның нәтижесі аса пәрменді бола бермейді. Бұқаралық медианың саяси санаға ықпалы, саяси сананы қалыптастырудғы рөлі жайлы теориялық концепциялар мен ережелер қай қоғамның болмасын саяси процесінде, саяси ақпараттық-коммуникативтік процесінде орын алатыны мәлім. Міне, сондықтан саяси коммуникативистиканың маңызды бағыттарының бірі ретінде, саяси сананың қалыптасуына ықпал етерлік басты фактор ретінде пікір алуандағы мәселесі тұрады. Автор қазақстандық бұқараның саяси санасы қалыптасуының басты өлшемі ретінде түрлі әлеуметтік топтар арасында жүргізген эмпирикалық зерттелуері негізінде еліміздегі саяси плюралимзнің дамуы, қалыптасуына арналған саясаттанулық талдауларын ұсынады. Бүгінгі демократиялық қоғамға ұмтылған Қазақстанда азаматтардың саяси санасы мен мінез-құлқы ерекше мәнге ие болып отыр. Саяси билік пен қоғам арасында да байланыс орнатудың жаңа замандық үлгілері өмірге батыл еніп келеді. Оның нәтижесі биліктің халыққа жақындай түсуі, әр азаматтың көкейіндегі мұң-мұқтажын айқындау мүддесінен туындаса, ал халық барынша қоғамның қажетті бөлігі ретінде өзін бір табан болса да билікке жақындай түсуін сезіне алады. Автор 2007 жылдың 19-қаңтарында әлеуметтік белсенді топ ретінде жастар арасында фокус-топтық сауалнамалар жүргізген болатын. Бұл әлеуметтік топтар арасындағы пікірсайыс «Қазақстандағы саяси коммуникация мәселелері» тақырыбына арналды (Ә қосымшасы). Фокус-топтық сұхбат барысында басты тақырыптар білім беру, ұлттық идея, жастарды қолдау және ынталандыру, елдегі этносаяси ахуал, саяси ақпараттың объективтілігі мәселелері аясында өрбіді. Төменде осы сұхбат барысында қозғалған ең басты мәселелерді атап өтсек: 1. Қазіргі кезде білім беру мәселесіне көңіл бөлу қажет. ХХІ ғ. білімділердің сайысқа түсетін ғасыры. Ел ретінде, «қазақ» ретінде, Қазақстан ретінде сақтайтын, есте жүретін нәрсе – ұлттық идея, идеологияға көңіл бөлу қажет. Мысалға, жастар арасында ұлттық идея туралы сөз қозғасақ, бұл мәселе қазіргі кезде көнерген деп жауап қатуы да мүмкін. Бұл мәселе неден туындап отыр. Саясатқа араласатын ба едіңіз деген сұрақтан туындап жатыр. Қатысушының ойынша, алдымен экономикаға өзгеріс алып келу, сосын ұлттық идея, идеология мәселесіне көңіл бөлу қажет. Ұлттық идеяға бармас бұрын тіл мәселесін шешіп алу қажет, білім мәселесін қарастыру керек. 2. Жалпы, Қазақстанда талантты жастар көп. Оған дәлел, мектеп қабырғасында, жоғары оқу орындарындағы олимпиадалардан байқауға болады. Яғни өзіміздегі жақсы білімді, талантты жастарды азамат ретінде өз халқының азаматы ретінде тәрбиелеуіміз қажет. Еліміздің ертеңі – біз. Сол саясатта жастарға арналған сұрақтарды шешу қажет. 3. Қазақстан көпұлтты мемлекет, көпдінді мемлекет болып орнығып келеді. Егер тек қазақ ұлты ғана өмір сүріп, өзге ұлттарды өз мемлекеттеріне шығарып салатын болсақ, онда бізді «националистер» деп атауы мүмкін. Сол 163


үшін де біздің қоғамдық барлық ұлттың мүддесін ескеретін ортақ мүдделер қажет. Ұлттық идея қажет. Ал егер «Болашақ» бағдарламасына келетін болсақ, онда оқып жатқан жастарға ұлттық идеяны насихаттау керек. Қазір ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Сол ақпарат арқылы насихаттау қажет. Ол насихат ашық түрде өткізілуі мүмкін. Сонымен қатар, журналистердің ахуалын айтуға болады. Оларға еркіндік қажет. Құқықтары заңмен қорғалуы тиіс. 4. Қазақ жері – қазақтардікі. Қазақтар ұлт, ал өзге ұлттар полиэтникалық ұлыстар мен этникалық топтар. Біздің зиялы қауым соңғы кездері Америкаға еліктеуде. Бірақ онда нағыз ұлт қайсы, иесі кім екенін айтуға қиналамыз. Бізге өз тарихымыз қажет. Бізге өз ұлтымыз болып ғана дамуға болады. 5. Егер жастар ертең Парламент сайлауына түседі деген мәселеге келсек. Мен біріншіден, өзіме жақын санайтын Б. Тілеухан ағамызды айтар едім. Кешегі ақынды халық сайлап отыр емес пе? Маған оның бұқаралық сөздері әсер еткен болатын. Болашақты айтатын жастарды бесіктен тәрбиелеуіміз қажет. Тарих, ел, жер, дін деген мәселе қазақ ұлтында биік тұруы қажет. Бірігіп жасаған дұрыс болады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады. Біздің жастарымыз рухани мықты болуы керек. 6. Ақпарат – БАҚ-тың қолында. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда, саяси шешім қабылдауда БАҚ-тық қызметі өте жоғары. Мысалы, өзімізде, Оңтүстік аймақтарда өзбектердің кинолары, әншілерінің өнерлерін тұрғындар жатқа біледі десек болады. Бұдан не қорытынды шығаруға болады? Бізге де қазақ халқына өзіміздің менталитке арнап мультфильмдерімізді, киноларымызды шығару, тер төгу қажет. Насихатсыз өзімізге керек дінімізді, тілімізді осылай жеткізу сенімдірек болар еді. Бұл бағыттағы дайындықты мектеп табалдырығынан бастап насихаттау керек. 7. Енді қазір бизнес пен саясат бірге қалыптасып келеді. Ұлттық компания болып, мемлекеттік компания болып саясат арқылы өз бизнестерін алып жүруге болады. Мысалы, құмар ойындары бар мекемелерді ауыстыру жөнінде батыл айтатын болдық. Парламент депутаттары ол мәселені 1-2 жылдан кейін қарастырамыз деген ұсыныс білдіріп, нәтижесінде барлық құмар ойындары қала шетіне ауыстырылды. Демек саясат та бизнеске әсер етеді. 8. Менің ойымша, әрбір телеарнада жаңалықтар берілгенде оның объективтілігі ерекше назарда болса [309]. Фокус-топтық зерттеуге қатысушы жастар қоғамдағы саяси өзгерістер мен оқиғаларға бейтарап қарамастан, өздерінің көзқарастырын білдіре отырып, сыни ойларын білдірді. Автордың фокус-топтық зерттеулерінде БАҚ-тағы цензура, бизнес, саясаттың бірі-бірімен арақатынасын айқындауға бағыттайтын сұрауларға жауап іздеу болды. Осынау қарымқатынастардың демократиялық қоғам жолындағы Қазақстандағы саяси коммуникациялық процеске ықпалы топтық пікірсайыстың мәнділігін айқындады. 164


Қоғамдық пікірді айқындауда авторлық зерттеулердің келесі бағыты бойынша мақсатты топ арасында сұхбат жүргізілді [310]. Сарапшыларға ұсынылған алғашқы сұрақ еліміздегі және жаһандық деңгейдегі саяси хабарлардың сипаты мен қазақстандық электрондық БАҚтың жаңалықтар қызметін басқа елдердікімен салыстырғанда қандай деңгейде екендігі туралы «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясының саяси шолушысы Д. Сейсенбаев: Өзге елдерде болып, олардағы электронды БАҚ-тың жұмысын көзбен көрмегендіктен салыстыра алмаймын. Десек те, «Рейтер», «Ассошейтед пресс» сынды агенттіктердің жұмысынан хабарым бар. Кейбіреулері жерге құлаған метеорит туралы ол көрінген сәттен және жерге соқтығысқан кезге дейін 2 хабар жіберіп үлгерген. Бұндай жылдамдықпен салыстырғанда біздің агенттіктер мен радио-телевизия үшін жылдамдық қажет секілді. ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Н. Сейдін: Еліміздегі және жаһандық деңгейдегі саяси хабарлар өзіне тән ерекшеліктері және өз деңгейі бар. Қазақстан елдің дамуына қатысты бірнеше бағытта маңызды реформалар жүргізуде, сол себепті елде болып жатқан оң өзгерістер, реформаларды жүргізудегі кедергілер мен қоғамның жаңаруындағы маңызды мәселелерді маман ретінде қадағалап отыру және осы үрдістерге қатысты жасалған тұжырымдарды тыңдау өте қызықты. «Мәдениет майданы» Қоғамдық бірлестігінің Бас директоры Е. Ембергенов: Жұмыс бабымен электронды ақпарат құралдарындағы жаңалықтармен жұмыс істеуге тура келеді, яғни Интернеттегі жаңалықтар. Біздегі жаңалықтар сайты саяси боямаланған әрі ақпаратты дайын күйінде аламыз. Бұл сайттардың негізінен саяси реңкі басым келеді. Әр елдің өз ақпарат саясаты бар. Мысалы, ағылшындық, американдық, ресейлік және т.б. Ол елдерде бұл нарық анағұрлым дамыған. Электронды жаңалықтар саны өте көп. Ресейде болып өткен оқиғаларды объективті бағалай алатын электронды ақпарат құралдары бар. Ондағы сайтардың 50% астамында ақпараттардың 70-80% объективті болғандықтан оларды біздегі ақпаратпен салыстыруға, сараптауға тура келеді. Егер мен ресейлік сайттардан ақпарат алсам, онда 80% объективті деп санауға болады. Бізде жағдай керісінше. Ақпараттың басым бөлігі билік не оппозициялық сарында болып келеді. Ол сайттардан ақпарат алу үшін мәліметтерді салыстырып отыру керек. Егер де сол оқиға ішінде өзім аралассам, онда проблема қиындай түседі. Өйткені саяси боямаланбаған ақпаратты алу өте қиын. Баспасөзді айтпағанның өзінде, электронды БАҚ-та объективті болғанымен, минимум боямаланған жаңалықтар алуға болады. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ақпарат таратудағы, жариялаудағы орнын қалайша бағалайсыз деген сауалға сарапшылардың пікірлерінің қиыспауы мен әр алуан келуі де олардың қоғамда ұстанған саяси позицияларынан деуге болады. 165


«Басқасы басқа, бірақ біздің БАҚ саяси хабарларды «кәсіби» түрде жасайды. Оған өзің қалай сеніп қалғаныңды білмей қаласың»,- деп жауап қатады журналист Д. Сейсенбаев. Ал саяси зерттеу институтының қызметкері Н. Сейдіннің: «Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ақпарат таратудағы, жариялаудағы орнын ерекше бағалаймын. Қазақстан өтпелі кезеңді бастан кешіріп отырған мемлекет, көп нәрсе жаңажаңа қалыптасып келеді. Сол себептен бүгінгі күннің ерекшеліктері мен талаптарын ескерсек, қарқыны жаман емес»,-деп жауап қатуында оның позициясының ұстамдылығы мен пікір салиқалығы және оптимистік сенім басым келеді. Жас саясаткерлер арасында өткір ойлары мен сыни көзқарастарымен ерекшеленіп жүрген қоғамдық ұйым өкілі Е. Ембергеновтің «Биліктің төртінші бұтағы саналатын бұқаралық ақпарат құралдары біз өмір сүріп жатқан саяси жүйені ескерсек, шын мәнінде бұқаралық ақпарат құралдары билік бақылауында, тарапында. Әрине, оппозициялық сипаттағы санаулы баспасөзді атауға болады. Оларды тіпті есепке алуға да келмейді. Газет, журнал, теле және радиолардың көпшілігі мемлекет бақылауында болғандықтан, негізінде ақпаратты жариялауда сол билікке тиімді позицияны ұстанады. Бұл саяси боямаланған ақпараттар әр қашан билікке тиімді болады деп ойлаймын. Міне, біздің елдегі жағдай шын мәнінде осындай. Бұл шындығында басқару формасына байланысты. Әрине сөз бостандығы мен цензура мәселесін шатастыруға болмайды. Сөз бостандығын бергенмен адам құқы мәселелері туындайды. Режим қандай болса, оның салдары да сондай болмақ»,-деген пікірі оппоненттеріне қарағанда қарама-қайшылығымен ерекшеледі. Еліміздегі билік, саяси институттары, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен бұқара арасындағы байланыс мәселелері сарапшыларға ұсынылған сұрақтар ішінде ең қызу талқыға түскені. БАҚ өкілі Д. Сейсенбаевтың: «Билік пен саяси партияның қатынасы бір деңгейде болса, қоғамдық қозғалыстар мен бұқара олардан төмен жатқандай әсер қалдырады. Арасындағы үйлесім жетіспейді. Қоғамдық қозғалыстар өз деңгейіндегі бұқара үшін ғана қызмет етсе, биілк саяси партия алдында ғана жауапты секілді»,-деген көзқарасы саяси қызметкер Н. Сейдіннің: «Еліміздегі билік, саяси институттары, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен бұқара арасындағы байланыс әлі де тығыз емес. Бұқара халықпен байланыс көп жағдайда сайлау және т.б. науқандар барысында жалпы сипат алғанымен әлі жүйелілік жоқ»,-деген тұжырымымен астарласып жатыр. Екі азаматтың да көзқарастары бойынша елдегі билік пен бұқараның, арадағы аралық топтардың қызметтерін жандандыратын реттеуші жүйенің қажеттігі мен үйлестіруші мехнизмнің жетілдірілуін айғақтайды. Ал қоғамдық өкіл Е. Ембергенов аталған иснтитуттар өзара байланыста екендігі даусыз әрі елдегі тәуелсіздікті айқындайды атап өтеді. Сарапшының пікірі былай жалғасады. Дегенмен азаматтық қоғамды айқындайтын тәуелсіздікке жете қойған жоқ. Шешімді өздері шығара алатындай дәрежеге 166


жеткен жоқ. Саяси институттар өзара тығыз байланыста деуге болады. Қазақстанның саяси партияларының бірігуі саяси партиялар алаңқайындағы үлкен өзгерістерге әкелді. Яғни үлкен монолиттер пайда бола бастады. Дегенмен, менің ойымша, бұл саясатта көпекөрнеулік сияқты. Авторитарлық режимнің сипаты неде? Ол өзін қоршаған орта алдында ақталғысы келеді. Мысалы, Қазақстан имиджі жобасын айтуға болады. Бұл абсолютті дұрыс жүзеге асқан жоба деуге келеді. Мысалы, Швейцария дегенде нақты сағат уақыты, бейтарап аймақ пен банк еске оралады. Ал Қазақстан дегенде Байқоңыр, мұнай қатарласа жүретіні белгілі. Міне, осының өзі де жеткілікті. Сосын Қазақстанның Еуроқауіпсіздік одағына төрағалық етуі. Шын мәнінде, Қазақстан демкоратиялық тұрғыдан алғанда дамушы ел екендігін таныта алатын жобалар бар. Алғашында бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазсат» имидждік жоба деген пікірлер айтылып қалды. Шынында, нақты пайда әкелген жобаның бірі осы – «Қазсат» деп санаймын. Бұл – нақты экономикалық жетістік. Қазақстан космостық держава клубына енуде. Өте пайдалы функция. Өйткені қазіргі заманда ақпараттық технология дәуірінде мұндай қадам маңызды саналмақ. Әзірге инновациялық бағыттағы өте қажет саналатын әрі санаулы деген жобаның бірі осы деп санаймын. Әлемнің жетекші елдерімен салыстырғанда әлі де біздің еліміздегі тұрғындар саны көп деуге келмейді. Қорды шоғарыландырып отыратын... Яғни экономикалық орнықты орнымызды табуымыз қажет. Бірақ бастысы ұмыт қалып та жататын жайлар кездеседі. Имидж жасау, яғни көріну үшін жасалып жатады. Біздің басты байлығымыз – адам деген ізгілік ойларын жасырмайды. Сарапшы елдегі саяси партиялар жайын былайша сипаттайды. Бізде ресми түрде екі партия лагері қалыптасу үрдісі жүруде. Биліктегілердің бірлескен «Нұротан» партиясы мен Ж. Тұяқбайдың жалпыұлттық социалдемократиялық партиясы. Көптеген саясаттанушылар мен сарапшылар күнделікті жұмыста осы партияларлардың қызметі жайында пікір айтып жатады. Әрі олар саяси партиялардың бірігуі көрер көзге ғана екендігін түсінеді. Ұсақ партиялар, тіпті оппозициялық партиялардың жеке бас қамын көздейтіні байқалып қалады. Тіркелген, тіпті тіркелмеген де партиялардың, биліктің не болмаса оппозициялық партиялардың басшылармен кездесуі барысында олардың әр қайсысының өзіндік мүдделерін көздейтіндігін байқағаным. Осындай тенденцияның байқалып отырғаны шындық. Әрбір азамат партияның мақсаты неде дегенге билік үшін күрес дер еді. Саясатттанушы ретінде айтарым, саяси партиялардың стратегиясы мен көздеген мақсаты – билік. Партиялар қоғамдық ынталандыруға, жұмылдыруға қызмет етуі керек. Яғни олар азаматтық қоғам дамуына ықпал етуі тиіс. Олар жаңа тенденциялар енгізуі керек. Біздегі партиялар жеке басының билігі үшін және жеке мүдесі үшін құрылған. Біздің жүйенің өзі осылай құрылған. 167


Азаматтық қоғам болмай, дамымай, тіпті 40 партия құрылса да одан пайда болмайды. Бірақ бұны Президент билігінен деп санайтындармен келіспеймін. Мен өз басым Н. Назарбаевтың билігін қолдаймын. Билік басына кез келген уақытта сол дәуірдің талабына сай басшы келеді. Яғни Германияға кезінде билікке Гитлер келсе, Кеңестер Одағының басына Ленин, ал Италияға Муссолини, Үндістанға билікке халқын басқара алған Ганди және т.б. келді. Сондықтан қандай билік болмасын уақытының дәуірінің қажеттілігінен туындайды. Елбасына сын да айтылып жатады. Бірақ біз үшін тұрақтылықтың бірден бір кепілі – Н. Назарбаев болып қала бермек. Мәселенің төркіні экономикалық дамуға тікелей байланысты. Экономикалық проблемалардың шешімін таппастан, саяси шешім жайлы айту мүмкін де емес. Оның үстіне экономика қашан да саясаттан басым болған. Қазақстан қоғамында ықпалды элиталық топтардың саяси өмірдегі позициялары мен алатын орындары ерекше. Сарапшыларға ұсынылған сұрақтар қатарында осы топтардың қоғамға тигізер ықпалымен қатар билік пен бұқара арасындағы байланыстарды реттеудегі рөлі де маңызды саналады. Д. Сейсенбаевтың айтуынша, бұл арада әлі де үйлесім аздық етсе, Н. Сейдіннің топшылауынша, Қазақстандағы элита топтары мен билік, элита топтары мен бұқара арасындағы байланыс, жоғарыда атап өткендей әр алуан, жүйелілік жоқ. Азғантай ғана элита билікке тұтастай тәуелді, оларды билік ұйырықша иіруде. Ал элита топтары мен бұқара арасындағы байланыста мүлде жоқтың қасы әр қайсысы өздерінше өмір сүруде. Болашақ жөніндегі көзқарастары да екі бөлек. ҮЕҰ өкілі Е. Ембергенов кез келген саяси жүйеде қашан да билікке ықпал ететін шағын топтардың болатыны анық деп санайды. Бұл топтағыларда билік қатарындағыларды атауға болады. Олар президент қамқорында болып, тәрбиесін көрген, оқыған, қызметі өсіп, мансабы артқан азаматтар. Олардың қатарында И. Тасмағамбетов, бұрынғы Парламент сенатының спикері Н. Әбіқаев және т.б. атауға болады. Жоғарыда аталған саясаткерлерді алдыңғы қатардағылар деуге келеді. Олар елбасы маңындағы ең жақын да сенімді саясаткерлер. Келесі топтағылар - экономикалық жағынан тәуелсіз болса да билікке етене жақын. Машкевич тобы, яғни еуразиялық төрттік тобы. Бұл топтағылар президентке туыс та не тағайындалған тұлғалар да болып келмейді. Өз бизнестері, бизнестегі табыстары есебінен экономикалық ықпалды тұлғалар. Қандай болмасын экономикалық саладағы саясатта өз позициялары бекем топ деуге болады. Қазір Президент экономикалық тұрғыдан алғанда қуатты да ықпалды негіз дайындауда. Мемлекеттік бюджеттен Ұлттық Қордың құрылуын айтуға болады. Яғни Парламенттің бұл қорды бақылау мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, «Самұрық», «Қазына» сияқты тек Президентке ғана есеп беретін холдингтер құрылды. Келесі, Парламенттің министрлер 168


кабинетін бақылай алуына мүмкіндіктер берілуі «Нұротан» партиясының Парламенттегі функциясын айқындаса керек. Қазақстандық БАҚ нарығындағы медиа-холдингтердің пайда болуы қоғамымызда қызу дебатқа айналып, түрлі мамандар тарапынан кейде алаңдаушылық, кейде қоолдаушылық пікірлер айтылып жатқаны рас. Осы медиахолдингтер ақпараттық саясатқа не береді, не беруі тиіс деген сауалдың туындауы да заңды болса керек. Журналист Д. Сейсенбаевтың пайымдауынша, холдингтер әлдебіреулердің қолындағы мықты қаруға айналып, өзге біреудің абыройы мен беделін жан-жақтан түсіру үшін жұмыс істейтін секілді. Ал Н. Сейдин өз көзқарасында қазақстандық БАҚ нарығындағы медиа-холдингтердің пайда болуы қоғамымызға берерінен келтіретін кедергілері көп деген позицияда. Медиахолдингтер сөз бостандығын шектейді, тәуелсіз БАҚ дамуын тежейді және бәсекелестік жоғалады, қоғамға белгілі бір топтың көзқарасын таңады, қаржы топтары арасындағы қарама-қайшылықтардан елде тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін деген қаупін жасырмайды. Қазақстандағы БАҚ пен билік арасындағы қарым-қатаныс деңгейін қалай бағалауға болады? Екеуара үйлесім – БАҚ көтерген мәселеге қатысты биліктің қимылдауынан көрінетінін ескерсек, қазіргі БАҚ-тың нәтижесіз істері ол үйлесімнің жоқтығын көрсетеді. Дей тұрсақ та, бұл бағытта оң өзгерістер бар секілді. Саясаттанушы Н. Сейдіннің пікірінше, Қазақстандағы БАҚ пен билік арасындағы қарым-қатынас деңгейі аға мен інінің арасындағы қарымқатынасына ұқсайды. Көп жағдайда елдегі БАҚ билікке тәуелді топтардың меншігінде және солардың сойылын соғуда. Тәуелсіз БАҚ бірен-саран және олардың қызметіне түрлі кедергілер ұйымдастырылуда. Еліміздегі БАҚ-тың саяси оқиғаларда жариялаудағы объективтілік деңгейі саяси шолушы Д. Сейсенбаевтың сараптауынша, басылымның немесе электронды БАҚ-тың ұстанған позициясына қарай саяси оқиғалардың «объективтілігі» өзгеріп отырады дейді. Ал саяси қызметкер Н. Сейдіннің позициясында бірқатар сындар айтылады және ол БАҚ-тың саяси оқиғаларды жариялаудағы объективтілік деңгейі әлі де төмендеу, жаңалықтарды немесе қандай да бір оқиғаны әр кім өзіне ыңғайлы форматта таратқанды және одан мүмкіндігінше пайда табуды көздейді деген ұстанымда. Жастар ұйымының өкілі Е. Ембергенов ақпаратты дайын жаңалық, дайын шаблон түрінде алатынын атап өтті. Дегенмен объективті ақпарат беретін мерзімді басылымдар, Интернет сайттары аз болса да бар. Объективтілік деңгейі дегеннің өзі қызық мәселе. Журналист ақпарат бергенде қашан да өз ойын беруге тырысады. Артық жазылған бір сөздің өзі оқиғаның өңін өзгерте алады. Журналист қаншалықты ақпаратты объективті боямасыз жазғысы келгенімен, сол ақпаратты ойлау, қабылдау қабілетіне қарай жазады. Саяси көзқарас тұрғысынан алғанда саяси ақпараттың өзі объективті саналмайды. 169


Саясатқа қатыссыз ақпарат, мысалы, криминал не спорт, сән немесе мәдениет жайлы ақпараттар боямасыз берілуі әбден мүмкін. Яғни бізде мықты идеология, тіпті де идеология жоқ деген көзқарасын білдіреді жас саясаткер. Еліміздегі саяси сайлау процесіне БАҚ өкілі Д. Сейсенбаев аса сенбейтінін баса айтады. Сайлау үрдісінде біраз кемшіліктердің бары жасырын емес, бірақ біраз ауыз толтырып айтуға тұрарлық жетістіктерге қол жеткізгеніміз баршаға аян. 15 жылдан астам уақыт аралығында еліміздің дамуы үшін аса маңызды бірнеше сайлау өткізіп, біраз тәжірибе жинақтадық, сайлауға қатысты заңдар да түзеліп келеді. Саясаткер Е. Ембергеновтің ойынша, әділ сайлау болған емес. Мәселе оның қаншалықты қажеттігінде әрі ойынның сахнаның артында шешілуінде. Билікке келуі тиіс үміткерлер келуде. Олар кімдер және қалай басқарады? Азаматтық қоғам дамуы мен демократияның дамуы тұрғысынан алғанда әділ сайлау бірде бір рет өткен емес. Нәтижесінде бәрі де разы деп ойлаймын. Барлығы да қалағандарына қол жеткізді деуге болады. Электронды сайлау жүйесіне сарапшылардың сенімі біркелкі емес. Мәселен, БАҚ өкілі Д. Сейсенбаев «жеке пікірім – сенбеймін»,-деп жауап қатқан. Жас саясаткер Н. Сейдін бұл жүйенің қызметін дұрыс ұйымдастыра білсе, тиімді екендігіне сенімді. Оның ойынша, электронды сайлау жүйесі заман талабы, сондықтан зайырлы, бәсекеге қабілетті, инновациялық дамыған мемлекеттер қатарына қосылуда электронды сайлау жүйесін дамытуымыз қажет. Оны халыққа түсінікті етіп жеткізетін болса, одан тиімдісі жоқ. ҮЕҰ өкілі Е. Ембергенов электронды сайлау жүйесінің тиімділігін әлемдік тәжірибе мысалында дәлелдейді. Еуропа елдері, тіпті Америкада да бұл жүйені қажет санамайды әрі демократиялық дамыған елдер саналатын елдерде қағаз бюллетендерін пайдалану өнімді әрі прогрессивті саналады дейді. Электронды дауыс беруді пайдалану жаңалық болып саналмайды әрі бүкіл әлемге Қазақстан дамыған ел және жаңа әдістеме – электронды сайлау жүйесін қолдануда деп таныту. Мәселен, электронды дауыс беру үшін жасалған «Сайлау» аппараты сайлауға бірнеше ай қалғанда Белорусияда жасалған. Әлемде прогрессивті түрде электронды сайлау жүйесін пайдаланылады деп атап көрсетілді. Бұл абсолютті объективті ақпарат деп санамаймын. Бұл не үшін қажет болғанын түсінбеймін. Мәліметтер ағынын тудыру үшін деп ойлаймын. Еліміздегі БАҚ-тағы саяси коммуникацияның тиімділігін арттыруда сарапшылар ұсынған кепілдемелер жоғарыда айтылған пікірлердің түйіндемесі ретінде санауға болады. Сарапшылар бірауыздан хабарлар жылдамдығын арттыру мен таратылатын ақпарат бен қарастырылатын мәселе объективті, өзекті және тың болуы шарт дегенге келіседі. «Алдымен, жастарды қолдау керек. Олардың білім саласында жоғары деңгейге жетуі қажет әрі біздің қоғамдық бірлестік осы бағытта жұмыс істейді. Жастардың проблемасы қандай екені, қалай шешу керектігі бізге таныс. Мүмкіндігінше қоғамның саясат, экономика т.б. салаларына әсер ету 170


серіппесі ретінде проблеманы қалай шешу керектігін ойластыруға болады»,дейді сұхбатқа шақырылған жастармен жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктің өкілі Е. Ембергенов кепілдемелермен қатар біршама жастар саясатына өзіндік көзқарастарын білдіруді жөн санайды. Сарапшылардың атап өткеніндей, билік пен бұқараның байланысы арасындағы әдістерді жетілдіру уақыт талабы. Бүгінде билік пен бұқара арасындағы байланыстардың Президент, Парламент, саяси партиялар, саяси қозғалыстар, саяси зерттеу, бұқаралық ақпарат құралдары сияқты институттар мен саяси сайлау, бүкілхалықтық референдум үдерістері сияқты аралық топтардың қызметін жетілдіру мүлдем жаңа сипат алып отыр. Сондай әдістердің бірі электронды байланыс болуы заңды да. Соңғы жылдары дамыған әлем елдерінің озық технологиялар саласындағы жетістіктері мен прогессивті қадамдары билік пен қоғам арасындағы байланыстың жаңаша инновациялық форматтарын дүниеге әкелді. Десек те билік тарапынан электронды демократия орнатудың көптеген проблемалары күн тәртібінде тұрады. Ал көне замандардан, Демокрит дәуірінен билікті қарапайым халықтың бақылай, қадағалай алуы жайлы демократиялық құндылықтар қашан да қай заманда болмасын шешімі табылмаған күрделі мәселе күйінде қалып отыр. Әлем елдерінде биліктің қоғаммен байланысында ең үздік үлгісі мынау дерліктей дайын моделі жоқ. Бұл әр елдің, әр ұлттың, әрбір халықтың мәдениетінің, салты-ғұрпы мен рухани құндылықтарының ерекшеліктеріне және олардың ешбір қайталанбас даралығынан туындаса керек. Президент пен Парламенттің коммуникациялық стратегияларының сауатты да кәсіби түрде жүзеге асуы, бұқарамен байланыстағы тікелей байланыс көпірі – БАҚ-тың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы айқындалды. Елбасының журналистерге сұхбаты, бұқарамен Интернет-конференция арқылы байланысуы, Президенттің сайлау алдындағы тікелей эфирге шығуы, қазақстандық БАҚ-тағы апталық шолулар мен басылымдардағы арнайы Парламентке арналған айдар мен беттердің болуы, электронды үкімет жобасының жүзеге асуы осыған дәлел. БАҚ-тағы саяси ақпараттардың қоғамдық пікір, қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі өте маңызды. Масс-медиа саяси ақпараттарды жариялап, таратқанда адам мүддесі, адамның рухани дүниесі, ізгілік пен шындық принциптері, өнегелік нормалары басты орында тұратындығын ұмытпауы тис. Ақпараттардың алмағайып түсіп, қоғам өміріндегі оқиғаларды жария етуде биліктің мүддесіне немесе медиамагнаттар мен элиталық топтардың мүдделеріне тәуелді болмастан шын да ақиқат ақпаратты тарата алатын БАҚтың болуы бұқара халықтың осынау ақпараттар ағынында саяси сауаты, саяси мәдениеті артуына, көкірек көзі ояу, ел тағдырына сергек қарайтын түйсік сезімдерінің жетілуіне сеп болары сөзсіз. Өкініштісі, ақпарат алаңында ірі медиахолдингтердің пайда болуы көбінде осы жағдаймен 171


кереғар түсіп жататыны да рас. Бұл қазақстандық масс-медианың өмірінде орын алған шындыққа айналуда. Нәтижесінде мынадай тұжырымдарды атауға болады. Қазақстандық билік, БАҚ және бұқара арасындағы байланыстардың сипаты мен үрдістері әзірге даму үстінде екендігін, көпшілік жағдайда аталған институттар арасындағы үйлесімді жетілдіру механизмдерінің қажеттілігі аталады. Дегенмен өте көптеген этностар мен топтар, билік пен бұқара, партиялар мен қозғалыстар арасындағы күрделі саяси алаңқайда қашан да мүдделердің тең тоғыспасы анық. Қазақстан қоғамындағы билік пен БАҚ арасындағы байланыс елдегі саяси реформаларды модернизациялау арқылы жүзеге асуда. Яғни бұл билік пен БАҚ арасындағы байланыс жолдарының үздіксіз айналымда болатындығын айқындайды. Және де биліктің Президент, Парламент институттары, арасындағы саяси партиялар мен топтар, саяси элита мен күштер арасындағы осынау тынымсыз да үздіксіз, жылдам да кедергісіз байланыстарды жүзеге асыратын қуатты құрал – бұқаралық ақпарат құралдары болып қалмақ. 4.2 Қазақстанда демократиялық құндылықтар қалыптастырудағы қоғамдық пікірдің рөлі Қоғамдық пікір – мемлекеттің, БАҚ-тың және мақсатты топтар арасында саяси қолдауын арттыруға мүдделі басқа да саяси субъектілердің маңызды серіктесі саналады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, қоғамдық пікір азаматтардың мүдделері туралы аса маңызды ақпарат көздері болып саналады. Олардың билікке қарым-қатынасын таныту мен нақты әрекеттерінің механизмі ретінде танылады. Мәселен, қоғамдық пікірді зерттеу тұрғындардың саяси ұстанымдарын, көзқарастарын (саяси көсемдер мен партиялардың рейтингісі т.б) анықтауда маңызды құрал болып келеді. Мақсатты топтардың үкіметтің белгілі бір саяси реформалар кезіндегі, дағдарыс жағдайындағы қарым-қатынасын білуде маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. Қоғамдық пікір биліктің маңызды контрагенті ретіндегі мәні көне дәуірде белгілі болды. Ежелгі грек философы Пратогор бүкіл қоғамның бұқаралық пікірі туралы айтады. Оның ойынша, жалғаннан шындықты ажырату үшін бұқаралық пікір қажет. Азаматтық қауымнан ол руханиқұқықты күштердің дереккөздерін іздей отырып, әлеметтік шаралардың мүмкіндігін атап өткен болатын [311]. Сонымен бірге, ежелгі ойшылардың қатарында Сократ та қоғаның пікіріне ерекше мән береді, «көпшіліктің пікірінен» де маңызды саналатын «ақылдылар пікіріне» ден қояды [312]. Ойшылардың бірі Платон да қоғамдық ақсүйектер пікірін негізгі субъект ретінде қарастырып, осындай көзқараста болады [313].

172


Ал ХІІ ғ. ағылшын жазушысы әрі мемлекет қайраткері Д. Солсбери сайлау алдындағы парламентті тұрғындардың моральдық қолдауын «public opinion» деп атаған болатын [314]. Қоғамдық пікір теориясының концептуалдық негіздері саясаттану ғылымында ХХ ғ. ортасында әзірленді. Қоғамдық пікірдің түрлі саяси институттармен қарым-қатынасын сипаттауда ғалымдар бір жақты пікірге тоқтала қоймады. Қоғамдық пікір қоғамның әлеуметтік-пихологиялық жай-күйі, не болмаса бұқараның рухани-этикалық нормаларының жиынтығы ретінде қарастырылады. Сондай-ақ қоғамдық пікірдің субъектілері туралы пікірлер де бір жақты бола алмады. Мәселен, Ю. Хабермас білімі мен меншігіне қатысты, топтық пікірі саяси ұстанымдарында маңызды саналатын азамат ұстанымдарының жиынтығын қоғамдық пікір деп санайды [315]. Бұл бағытта зерттеу жүргізген ғалымдардың бірі Н. Луманның пікірінше, қоғамдық пікірде ерекше субъектілер болмайды. Ал мақсатты топтардың пікірін білдіруі адамдар назарын тарту үшін басымдықтағы тақырыптар бойынша анықтала береді. Дегенмен азаматтардің пікірі әр қалай болуы да мүмкін [316]. Неміс зерттеушісі Э. Ноэльдің пайымдауынша, қоғамдық пікірді үкіметтік саясатты қолдайтын көзқарастардан басқа, азаматтардың енжарлығынан не болмаса оппозициялық ойларын айта бермейтін саяси ұстанымдарын бағалаудың жиынтығы ретінде қарастырады [317]. Аталған әдістердің ғылыми тұрғыда жинақтасақ, онда қоғамдық пікір бұқаралық (топтық) сананың жай-күйін сипаттайтын бағалайтын пікірлердің жиынтығы. Бұл топтар түрлі саяси процестердің (немесе мемлекеттік билік саласындағы өзгерістерге) мазмұнынан, сипатына ықпал ете алатын мақсаттыт топ ретінде танылады. Осы тұрғыдан алғанда қоғамдық пікір тұрғындар мүддесінің орталық билігі, азаматтар үшін аса өзекті және маңызды проблемаларды таныстыратын менизмі ретінде танылады. Қоғамдық пікірді мағыналық жағынан алғанда бұл бұқаралық сана болып табылмайды, тек соның бір бөлігі, яғни қандай да бір топтарды біріктіретін бағалау және пікір білдіру болып табылады. Қоғамдағы саяси сананың рухани ахуалын қалыптастыратын саяси мәні мен маңызын бағалайтын пікірлердің болатыны сөзсіз. Тұрақты саяси әрі әлеуметтік мүдделерді таныстыру механизмі ретінде қоғамдық пікірдің пайда болуы демократия мен азаматтық қоғам институттарының дамуының кепілі болмақ. Қоғамдық пікір құрылымында бұқаралық та, жергілікті де көзқарастар қалыптасуы мүмкін. Олардың пайда болуы мен арақатынасы қоғамдағы бәсекеге қабілеттілік деңгейіне, қоғамдағы саяси таныстыру механизмдерінің болуына, азаматтардың өзіндік ұстанымдарын бұқара көпшілікке таныстыра білуіне қатысты. 173


Қоғамдық пікірдің объектісі болып кез келген деректер мен әлеуметтік оқиғалар таныла береді. Сондай-ақ кейбір саясаткерлердің айтқан пікірлері тұрғындар тарапынан қызу талқыланған жағдайда да қоғамдық пікірдің объектісі бола алады. Сонымен саяси процестердегі қоғамдық пікір қашан да нақты идеялар мен оқиғалардың аясында шоғырлана береді. Сондай-ақ азаматтар өздерінің пікірлері мен ұстанымдарын бірнеше рет өзгерте алады, бір ғана саяси оқиғаны бағалауда неше қырлы ұстанымдар мен пікірлерді айта алады, Саясат саласындағы қоғамдық пікірде болжамдардың, қалыпты пікірлердің, қате ойлардың орын алуы заңды да. Кейде эмоционалдық сипатына қарай қоғамдық пікір біржақты сипатта болуы да мүмкін. Сондықтан билікке жағымды ықпал ету тұрғысынан алғанда мемлекет, оның құзіретті органдары азаматтардың даусын ескеруге, қоғамдық пікірді тыңдауға мүдделі болады. Қоғамдық пікірді қалыптастыру механизмдері әр түрлі және билік пен азаматтық қоғамға коммуникациялық әрекет ету тәсілдеріне, демократияның институциялануына, қоғамдастық ұйымдасуына қатысты болады. Шын мәнінде, қоғамдық пікірді қалыпастыруда көпке танымал: эмоциональдық, стихиялық және рациональды-саналы түрлері бар. Эмоционалдық, сезімдік қоғамдық пікірдің тәсілдері мен механизмдері тұлғааралық коммуникация негізінде қалыптасады. Бұл процесте психологиялық сендіру, иландыру механизмдері ерекше ықпалды. Қоғамдық пікірдің стихиялық қалыптасуында көбінде саяси көесемнің пікірін пайдалану немесе оның БАҚ-тағы жарияланымдары жатады. Саяси беделді көсемнің белгілі бір проблема бойынша бұқаралық сөздері азаматтардың барлығына бірдей ықпалы бола бермейді. Қоғамдық пікірді қалыптастырудың аталған тәсілі аясында белгілі оқиғалар немесе БАҚ идеясы төңірегінде қауымдастықтың шоғырлануы орын алған оқиға туралы қарама-қайшылықты пікірлерден арылуда, болып жатқан жағдайға біржақты түністікпен қарау деп түсіндіріледі. Мұндайда нақты қарым-қатынастар, эмоционалдық көңіл-күй, стереотиптік ойлар басымдықта болады. Американдық ғалымдар П. Лазарсфельд, Б. Берельски және Г. Годэ ұсынған коммуникацияның екі сатылы деңгейіне сәйкес ақпаратты тарату мен оны қоғамдық пікірде таралуы екі кезеңнен тұрады: алдымен БАҚ-тан қоғамдық пікірдің бейресми жетекшілеріне таралады, келесіде сол азаматтардан бұқараға тарайды. Аталмыш идеяның авторлары сондықтан саяси қоғамда жаңа бағдарға икемделігін, өздерінің тез бағдарлай алатын «ынталы топтардың» рөлін ерекше атайды. Қоғамдық пікірді қауымдастық атынан кәсіби негізде әзірлейтін, тасымалдайтын арнайы құрылымдар жасайды әрі қалыптастырады. Мұндай құрылымдар қатарында, мәселен, саяси зерттеу институттары, саяси партиялар, қозғалыстардың бұқарамен байланыс қызметтерін, талдамалық, әлеуметтік зерттеулер ұйымдарын атауға болады. Аталған құрылымдардың 174


кәсіби қызметі қоғамдық пікір процедурасының тиімділігіне, қоғамдық ұстанымдарына, түрлі коммуникативтік арналарды жұмылдыруына қатысты. Қоғамдық пікірдің теориялық мәселері көрсеткендей, демократиялық даму жолындағы Қазақстан жағдайында бұл мәселе өзекті болып отыр. Біздің елімізде де қоғамдық пікірді зерттеуге арналған ұлттық зерттеу агенттіктерімен қатар халықаралық ұйымдардың да зерттеу компаниялары «қоғамдық пікірді» анықтау саласында бәсекелестік нарығын қалыптастырып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, автор бұқаралық медиа және саяси коммуникацияның қазақстандық тәжірибесіне, еліміздегі билік пен бұқара арасындағы байланыс және БАҚ арасындағы ақпарат алмасу процесінің даму бағыттары мен ерекшеліктерін айқындауға арналған сараптамалық зерттеулер жүргізілді (Ә қосымшасы). Қазіргі Қазақстандағы саяси коммуникация жағдайын қалай бағалайсыз? 3% 11%

6%

39%

41% Жоғары

Орташа

Қанағаттанарлық

Қанағаттанарлықсыз

Басқа да

Сурет 5 – Қазіргі Қазақстандағы саяси коммуникация жағдайын қалай бағалайсыз? (% сұрау салғандардың жалпы санынан) Автор 2007 ж. мақсатты топ ретінде таңдап алған саясаткерлер мен журналистер, саяси сарапшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің арасында жүргізілген сараптамалық сауалнама еліміздегі саяси коммуникация және электронды демократия мәселелеріне арналды. Зерттеудің методологиясы: Сараптамалық сауалнама еліміздегі БАҚ және коммуникация салаларында, мемлекеттік, мемлекеттік емес және ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс істейтін кәсіби мамандар арасында жүргізілген болатын. Сарапшылардың жалпы санынан 35% жоғары оқу орындарының журналистика және қоғаммен байланыс саласының оқытушылары, 26% мемлекеттік мекеме қызметкерлері, 18% ғылыми-зерттеу институттары мен

175


орталықтардың қызметкерлері, ал 13% үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, 8% БАҚ және ақпараттық саланың мамандары (Б қосымшасы). Еліміздегі саяси коммуникация үдерісінің дамуын сарапшылардың басым бөлігі қанағаттанарлық деп бағаласа, ал осы үдерістің дамуын айқындайтын факторлардың қатарында қоғамдық сананы билеу мүмкіндігінің ұлғаюы мен ақпараттық технологияның дамуына мемлекеттік саясаттың оң әсерінен деп бағалайды (5 сурет). Сарапшылардың 41% отандық БАҚ-тың сапалы дамуына әсер еткен басты фактор ретінде БАҚ нарығында бәсекелестікті атайды. Респонденттердің 28% қазақстандық қоғамның демократиялану процесін осы бәсекелестікті арттырудың екінші факторы ретінде қарастырады. Ақпараттық кеңістіктің ашықтығы БАҚ дамуының келесі факторы ретінде сарапшылардың 13% мақұлдайды (Б қосымшасы, 1 сурет). Билік органдары мен БАҚ арасындағы қарым-қатынасты қалай сипаттар едіңіз? 8% 15%

23% 42% 12% БАҚ барынша тәуелсіз БАҚ көбінде мемлекеттік биліктің ықпалында БАҚ биліктің шешім қабылдау процесіне ықпал ете алмайды БАҚ және мемлекеттік билік өзара байланыста Басқа да

Сурет 6 – Билік органдары мен БАҚ арасындағы қарым-қатынасты қалай сипаттар едіңіз? (% сұрау салғандардың жалпы санынан) ТМД елдері арасындағы ақпараттық интеграциялық процестердің ықпалы еліміздегі масс-медиа нарығының сапалы дамуының көрсеткіші ретінде сарапшылардың 9% атап көрсеткен. Саяси коммуникацияны мемлекеттік билік пен бұқара арасындағы қарым-қатынасты реттеуші және байланыс орнатушы механизм ретінде қарастырсақ, сол биліктің саясатын бұқараға таратушы институт БАҚ саналады (Б қосымшасы, 2 сурет). Сарапшылардың жартысына жуығы - 42% қазақстандық БАҚ барынша тәуелсіз деп таныса, 23% - БАҚ биліктің шешім қабылдау процесіне ықпал ете алмайды деп санайды. БАҚ пен билік арасындағы өзара байланысты

176


қолдайтындар үлесі 15%. Ал сараптамалық сауалнама нәтижесінде БАҚ көбінде мемлекеттік биліктің ықпалында деп санайтындар үлесі 8% (6 сурет). Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақпараттық жүйенің тұрқасыздануына әкелетін факторлардың бірі жастардың сыртқы ақпараттық ықпалға тәуелділігі мәселесін сарапшылардың үштен бір бөлігінен астамы - 38% атайды. Ал еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақпараттық жүйенің тұрақсыздануына әсер ететін факторлардың бірі ақпараттық теңсіздік мәселесі екендігін сарапшылардың 26% атайды (Б қосымшасы, 3 сурет). Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне саяси ақпараттық әлеуеттің жетімсіздігінің әсерін респонденттердің 34% аса жоғары, жоғары және төмен деп санайтындар үлесі тепе-тең 18%. Қоғамдық пікірден байқалғаны, қазақстандық ұлттық қауіпсіздік мәселесі әлі де болса төмен деңгейде екендігін танытады. Бұл орайда жоғарыда аталған факторлар – ақпараттық жүйенің тұрақсыздығы мен ақпараттық теңсіздік мәселесі алдыңғы қатарда тұрады (Б қосымшасы, 4 сурет). Қазақстандағы саяси ақпараттың сипатын сарапшылардың 38% жағымды ден таныса, 24% жағымсыз деп бағаласа, 14% объективті деп пікір білдірсе, 19% бейтарап позиция ұстанады. Жалпы, бұқаралық пікірдің басым бөлігі ақпараттық жағымды сипатын баса көрсетеді (Б қосымшасы, 5 сурет). Ақпаратты бұқараға жеткізуде билік органдарының мақсатын сарапшылардың 27%-ның пайымдауынша, бұқарамен кері байланыс орнату, пікір алмасу десе, ал респонденттердің теңдей 26%-ның пікірінше, билік органдарының бұқараға саяси ақпарат жеткізу саяси элитаға жаңа құндылықтар мен ережелер әзірлеу және бұқараны сендіру мақсатында деп санайды. Ал сараптамалық сауалнамаға қатысушылардың 21%-ның пайымдауынша, билік органдарының саяси ақпаратты жеткізудегі мақсаты бұқаралық санаға ықпал етуде деп санайды (Б қосымшасы, 6 сурет). Сарапшылардың 23%-дан теңдей үш бөлігінің пікірінше, қазақстандық БАҚ-тың саяси ақпаратты жариялау деңгейін бағалау дәрежесі өте маңызды, жақсы және орташа болып келсе, ал респондеттердің 20%-ның бағалауынша, бұл көрсеткіш қанағаттарлық болса, 11% басқа комментарий беруді жөн көреді (Б қосымшасы, 7 сурет). Сауалнамаға қатысушы сарапшылардың талқылаған мәселерінің бір сарасы – қазақстандық БАҚ-тағы маңызды ақпараттар. Сарапшылардың 39% пайымдауынша, отандық масс-медиа кеңістігіндегі маңызды ақпарат саяси сараптамалық болса, 27% экономикалық тақырып өзекті. Ал сарапшылардың 22%-ның айтуынша, БАҚ-тағы ең маңыздысы ақпараттық хабарламалар болса, 12% -ның таңдауынша, әлеуметтік ақпараттар маңызды саналады (Б қосымшасы, 8 сурет). Қазақстандағы бақарушылар мен басқарылушылар арасындағы қарымқатынас деңгейін сарапшылар былайша бағалайды: сараптамаға қатысушылардың 37% бұл қарым-қатынасты ашық деп санаса, респонденттердің теңдей 24% бұл байланысты бірде айқын десе, келесі 24% 177


жасырын сипатта деп таниды. Ал сарапшылардың 15% -ның пайымдауынша, басқарушы билік пен басқарылушы бұқара арасындағы байланыс аса айқын емес (Б қосымшасы, 9 сурет). Сарапшыларға ұсынылған сұрақтардың қатарында БАҚ және саяси партиялар мен топтардың арасындағы қарым-қатынасты бағалау болды. Сарапшылардың респонденттердің 18% өте жоғары санаса, 27%-ның пайымдауынша, бұл қарым-қатынастың деңгейі жақсы деңгейде, ал 22% ның бағалауынша, орташа деңгейде, келесі 20%-ның пайымдауынша, қанағаттанарлық деңгейде, сарапшылардың 13% басқа да комментарий беруді жөн көреді (Б қосымшасы, 10 сурет). Сараптамалық сауалнама аясында бағалауға ұсынылған сұрақтардың бірі – бұқаралық ақпарат көздерін таңдау. Сарапшылардың 25% тәуелсіз БАҚ-ты таңдаса, респонденттердің теңдей 23% мемлекеттік БАҚ арналарын, ал қалған 23% бейресми БАҚ көздерін, 21% Интернеттегі ақпарат қорларын таңдайды. Сауалнамаға қатысушылардың қалған 8% басқа да бейтарап пікірлер ұсынады (Б қосымшасы, 11 сурет). 2009 жылы АҚШ-тың Халықаралық Республика институтының қолдауымен саяси индикаторлар индексі, проблемалар индексі, саяси институттар индексі, саяси лидерлер индексі, сайлау индексі, ақпарат көздері индексін айқындау мақсатында Батыс және Шығыс Қазақстан өңірлерінде жүргізілген әлеуметтік зерттеулер жүргізді [318]. Халықаралық ұйым тарапынан жүргізілген зерттеулерде тұрғындардың басым бөлігі Батыс 82% және Шығыс 84% - Қазақстан облыстарының тұрғындары отандық БАҚ көздерін таңдайды. Авторлық және халықаралық зерттеулердің нәтижелері арасында алшақтық байқалмайды. Сондай-ақ халықаралық зерттеулерде қазақстандық бұқаралық коммуникация құралдарымен қатар, ресейлік және шетелдік БАҚ қорлары сауалнама аясында қамтылған. Дегенмен аталған әлеуметтік зерттеулерде саяси деректер индексі анықталғанымен, билік пен бұқара, билік пен БАҚ арасындағы қарым-қатынастар қарастырылмаған. Сараптамалық зерттеудің нәтижесін қорытындылай келе, демократиялық қоғамның алғышарты болып саналатын билік саясатының ашықтығы, басқарушы топ пен басқарылушы топ арасындағы диалогтың келісім мен кері байланыстың болуы, әрі оның мемлекеттегі белгілі саяси реформалар мен саяси жүйесін құрылымдауға әсері болса саяси коммуникацияның ең игі қадамы болады деген тұжырымға келуге болады. Бүгінде Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2010 жылы төрағалық етуі қоғамда кеңінен талқыға түскен мәселелердің қатарында. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан ЕҚЫҰ барлық институттарының нығаюына, сондай-ақ елдің саяси жүйесінің демократиялану бағытын жалғастыруға барынша күш салады»,-деп атап өткен болатын [319]. Қазақстан қоғамы халықаралық деңгейде шешуші рөл атқаратын осынау саяси қадамды қалай бағалауда, осынау үдеріс бұқарадан не күтеді және 178


керісінше, әлеуметтік қауым осынау қадамға өз үлестерін қосуға дайын ба? Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы құрамына кіретін 56 мемлекеттің тұрақтылығы, демократиялық дамуы, қауіпсіздігі және өркендеуі үшін жұмыс істеуде. Ол ортақ құндылықтар мәселелері бойынша саяси сұхбат жүргізіп, дамуға бағытталған тәжірибені енгізеді [320]. Әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымымен қатар мүше-мемлекеттердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, демократиялық құндылықтар мен өркениет дамуы жолында белді де белсенді қызмет атқарып келе жатқан ұйымға Қазақстанның төрағалық етуі халықаралық қауымдастыққа қандай өзгерістер әкеледі және еліміздің дамуында қандай ықпалы болмақ деген сауалдар төңірегінде қызу пікірталас өрбіп отыр. 2008 ж. тамыз-қараша айларында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік маңызды жобасы аясында «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың конфедерациясы қолдауымен «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі: елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруда» бағдарламасы жүзеге асты [321]. Зерттеудің методологиясы: Жоба аясындағы әлеуметтік зерттеулер Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарында жүргізілді. Зерттеуге барлығы 1000 респондент қатысты. Аталған аймақ тұрғындары арасында Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мемлекеттік саясатын түсіндіру және осы бағытта өткізілетін шаралар жайлы кепілдемелер дайындау көзделген болатын. Қоғамдық пікірді айқындауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер Қазақстанның төрағалық етуі қарсаңында аймақтардың әлеуметтік-саяси дамуын сараптауға бағытталды. Кесте 1 – Қазақстан Республикасындағы демократиялық институттардың дамуы Респондент жауаптарының нұсқалары 1 Демократия – қазіргі әлемдегі мемлекеттік басқарудың бірден бір түрі 2 Қазақстан үшін мемлекеттік құрылымның анағұрлым тиімді жолы 3 Көз бояушы демократия қоғам дамуына зиянын тигізуі мүмкін 4 Саяси құрылым қоғам дамуында шешуші рөл атқармайды 5 Батыс демократиясының дәстүрлі шығыс мәдениетіне бейімделуі қиын 6 Демократия ең үздік саяси құрылым деп санамаймын

% 32,3% 32,3% 17,4% 5,9% 7,7% 2,9%

Зеттеу ақпараттық процестерді сараптауға, Қазақстан Республикасындағы демократиялық институттардың дамуына, құқықтық мемлекеттің қалыптасу және даму проблемаларына, адам құқын қорғау мәселелеріне, қоғамның түрлі салаларында Қазақстан Республикасы дамуының басым бағыттары бойынша жүргізілді. Қазақстан Республикасындағы демократиялық институттардың дамуына байланысты қойылған сауалнамаға қазақстандықтардың 61,5% «Бірқатар 179


проблемаларға қарамастан демократиялық жүйе мемлекеттік басқарудың үздік жүйесі саналады» деп атап көрсетеді. Қоғамдық пікір көрсеткендей, демократия бейнесі былай көрініс тапты. Сұрау салғандардың 4/3 астамы демократия қазіргі заманғы Қазақстанның мемлекеттік құрылымының анағұрлым тиімді де бірден бір жолы екендігін атап өтеді (1 кесте). Сауалнама нәтижелерінен байқалғандай, демократияны оң бағалау сұраудың алғашқы екі нұсқасында тең келіп отыр. Яғни, қазақстандықтардың 64,6% демократиялық институттардың дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға оң көзқараста. Ал сауалнамаға қатысқандардың 2,9% сыни пікір айтпауы азаматтық ұстанымының әлсіздігі мен демократия және оның ұстанымдары жайлы хабарсыздығын дәлелдесе керек.

Сурет 7 – Қазақстандағы демократиялық институттардың даму деңгейін респонденттердің бағалауы – 10-балдық шкала бойынша 5,7 балл (1 – барынша диктатуралық, ал 10 - барынша демократиялық) Дегенмен бұл аталған көзқарас шешуші рөл атқармайды. Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі демократия қазіргі заманғы Қазақстан үшін басқарудың бірден бір не анағұрлым тиімді жолы деп санайды (7сурет). Зерттеу барысында демократия дамуын 10 балдық деңгейде бағалау тәсілі қолданылды. «10» балл – толық демократиядан «1» - диктатураға дейін. Жалпы алғанда, Қазақстандағы демократия деңгейін респонденттер 5,3 балл деп бағалады. Сонымен демократиялық үдерістердің нәтижелеріне аса разылық танытпағанымен, демократия идеалдарына деген аса ерекше көңіл толмаушылық респонденттерден байқала қоймады. Методологиялық тұрғыдан алғанда аталған нәтижелер түпкілікті бір жақты саналмайды әрі алдағы уақытта бұл бағыттағы бағалаудың өзгеру сипатын ескеру қажет сияқты. 1- диктатура деңгейін респонденттердің тек 1,8% ұстанса, ал 10 – демократия ұстанымын 5,1% атап өтеді. Бұл аса үлкен көрсеткіш саналмағанымен, мардымсыз болса да жоғары балдың бағалануы – жағымды үрдіс саналса керек. 180


Демократияның басты ұстанымы халық не оның басым бөлігінің билігі. Қазақстандағы демократиялық үдерістердің мәнін айқындауда қоғамдық пікір маңызды саналмақ. Сауалнама нәтижесінен айқындалғаны, еліміздегі демократиялық институттардың біртіндеп қалыптасып, нығаюында. Бұған еліміз халық еркіне қарай басқарылады деген жауаптарға оң не осы ұстанымдағы жауаптарды респонденттердің 41% таңдауы дәлел болса керек (Б қосымшасы, 12 сурет). Қоғамның саяси өміріндегі қарым-қатынастардың заңнамалық үдеріске ықпалды билік және аралық топтар болатыны заңды. Қазақстан жағдайында саяси қарым-қатынастардың дамуы мен ықпалдылығын айқындау осы субъектілердің демократияның институттары ретінде қалыптасуы үшін де маңызды. Респоденттердің тең жартысы ҚР Президенті институтының ықпалдылығын алға тартса, ал қалған басым бөлігі ҚР Мәжілісі мен ҚР Президенті Әкімшілігінің заңнамалық үдеріске ықпалды субъектілер ретінде таниды. Үкіметтік емес ұйымдар секторы мен саяси партиялардың саяси үдерістерге ықпалдылығы әзірге төменгі деңгейде екендігін сауалнама нәтижелерінен байқалады (Б қосымшасы, 13 сурет). Қоғамның демократиялануы құқықтық қоғам дамуынсыз, азаматтардың құқықтық белсендігі артуынсыз мүмкін болмасы анық. Құқықтық мемлекет ұстанымының сақталуы тұрақтылық, қалыпты даму, қоғамның қалыптасуындағы жетістіктердің нығаюының кепілі. Әлеуметтік тәртіптің тұрақтылғы әлеуметтік қауымдастықтың қалыпты өмір сүруінің қажетті шарты. Қазіргі заманғы жылдам өзгерістер әлемінде тұрақтылық дербес құндылық саналып қоймастан, ұйымдастырушылық сипат алуда. Құқықтық мемлекеттің даму және қалыптасу проблемаларына қоғамдық пікірді айқындау зерттеудің екінші бағыты саналды. Зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың 69,2 % Қазақстанның қазіргі даму кезеңін «құқықтық мемлекет ретінде дамуда» деген көзқараста (Б қосымшасы, 14 сурет). Қазақстан Республикасындағы әрекеттегі құқық қорғауды бағалау сипаттамасы мынадай: 48,7 % - күнделікті өмірде құқықтық мемлекеттің дамуына куә; 65,4% - тұрғындардың құқықтық сауаттылығының арту үрдісі байқалуда деп санайды. Ал сауалнамаға қатысқан респонденттердің 3/1 Қазақстанда әкімшілік еркіндіктің нығаю үрдісі байқалуда деген көзқараста. Респонденттердің үштен бір бөлігі 38,4% оң өзгерістер болуда, ал 42,3 % болып жатқан өзгерістер тұрғындарға кейде оң, кейде теріс әсер етуде деп бағаласа, қалған 7,6% өзгерістер халықтың басым бөлігін қамтыған жоқ деген пікірде. Олардың 11,5 % өзіндік ұстанымын танытпастан жауап қатпаған. Қоғамдық пікірден байқалғаны, елімізде әлі де болса тұрақты түрде құқықтық мемлекет қалыптаса қоймаған. Дегенмен алдағы уақытта Қазақстан дамуында құқықтық мемлекеттің өркендеуі жағымды сипат алуы тиіс мәселелер қатарында деген болжамға келуге болады. Моральдық еркіндік пен адам құқын қорғау қоғам дамуындағы ең қарапайым да күрделі де мәселелер қатарында. Жалпы, адам құқын қорғау 181


проблемасы көптеген елдердің Конституциясында, түрлі әлеуметтік-саяси бағдарламаларда, жобаларда, сондай-ақ Қазақстанда да қабылданған бірқатар халықаралық келісімдер мен декларацияларда бекітілген. Дегенмен адам құқығы мәселесі қашан да күрделі мәселелер қатарында. Азаматтардың құқы мен бостандығы өзара байланысты көптеген әлеуметтік факторларға қатысты айқындалады. Осы проблеманы қоғамдық пікір үдерісінде қарастыру үшін респонденттерге Қазақстандағы саяси құқық пен азаматтық бостандық деңгейін 1-ден 7-ге дейін бағалау ұсынылды. Сараптау барысында алынған нәтижелер еліміздегі саяси құқық, азаматтық бостандықтың жүзеге асу деңгейі орташа 4,1% балды құрады. Яғни бұл көрсеткіш ортадан жоғары (8 сурет).

Сурет 8 – Құқықтық мемлекеттің даму динамикасын бағалау (% сұрау салғандардың жалпы санынан) Адам құқығын қамтамасыз ету мәселесі зерттеуде көрсетілгендей Қазақстанда аталған құқықтар толықтай жүзеге асқанымен, оның деңгейі әр қилы. Респонденттер елімізде адамдардың мәдени құқығы толықтай, ал қалған құқықтары ішінара қорғалады деп санайды. Ақпараттық процестерді сараптауда маңызды саналатын «сөз бостандығы» құқығын айқындау жүргізілген зерттеудің басты бағытының бірінен саналды. «Сөз бостандығы» құқығы демократиялық қоғам дамуының маңызды параметрі ретінде айқандалады. Еліміздегі «сөз бостандығы» құқығының жүзеге асу деңгейін респонденттердің 74,3% деп бағалады. Бұл Қазақстандағы сөз бостандығы құқығының орындалу деңгейін айқындайды. Адамның сөз бостандығы құқының жүзеге асуы мен азаматтардың бұқаралық ақпарат құралдарына сенім деңгейі арасында нақты тәуелділік бар. Қазақстандық медиа-кеңістіктегі ақпараттың шынайылық деңгейін бағалауда сауалнама нәтижелері былай сипат алды: - сұрау салғандардың 41% БАҚ республика өміріндегі таңдаулы оқиғаларды ғана жариялайды деп санайды; 182


- респонденттердің 26,9 % БАҚ-қа келіп тсүкен ақпараттарды өз бетінше сараптауға және салыстыруға ұмтылады; - 15,3% – көптеген БАҚ саяси топтардың мүддесіне орай ақпаратты боямалайды деп санайды; - 12,83% – қазақстандық БАҚ-тағы ақпарат толықтай шынайы деп санайды. Зерттеу аясында ақпараттық мәселелерге байланысты пікірді айқындауда мемлекеттік телеарналар негізінде қоғамдық телеарна құру мәселесі қарастырылды. Қоғамдық телевизия құру мүмкіндігін респонденттердің көпшілігі (75,5 %) қажет деп санайды. Әрі бұл арна ақпаратты алудың балама көзі бола отырып, азаматтардың сенімді, объективтік әрі дер кезінде ақпарат алу құқын қамтамасыз етер еді деп санайды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі бұқараға қаншалықты белгілі екендігін айқындау – зерттеудің негізгі бағыты саналды. Зерттеу нәтижесінен байқалғандай, респонденттердің басым бөлігі мәселенің БАҚ-та кеңінен жарияланғанын және мәселеден хабардар болғандығын білдірді. Және де мақсатты аудитория бұл тақырыпқа келгенде аса белсенділік танытып отыр. Тек респонденттердің 16 пайызы бұл туралы алғаш естігенін, БАҚ-та жарияланбағанын, жауап беруге қиналғандарын атап өтеді (Б қосымшасы, 15 сурет). Қоғамдық пікір тарапынан Қазақстандағы азаматтық қоғам мен саяси институттардың дамуын ынталандыру бастамаларының перспективалық бағыттары айқындалды. Азаматтық және саяси институт дамыту шараларын былайша сипаттауға болады: - Адам құқығының қорғалуын бақылау күшейді - 41%; - ҮЕҰ дамуы - 32,1%; - Жергілікті өзін өзі басқарудың дамуы - 26,9%; - Ақпараттық кеңістіктің кеңеюі - 12,8%; - Ұлттық мәдени орталықтардың дамуы - 7,6%; - Миграциялық саясат - 2,5%. Республикадағы саяси процестердегі оң өзгерістер адам құқының қорғалуын бақылау мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді дамуымен, келесі кезекте ақпараттық кеңістіктің, сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқарудың дамуымен айқындалып отыр. Зерттеу нәтижесінде әлеуметтік-саяси проблемалардың өзектілігі мен оларды қоғамдық пікір тарапынан шешу қажеттілігі айқындалды. Әлеуметтік-экономикалық проблемалардың приоритеттері былайша сипат алды. Алдыңғы үштікте кедейлікті жою, экологиялық қауіпсіздік, наркобизнес пен наркотрафикпен күрес күрес мәселесі аталды. Қалған шешімі күттірмес әлеуметтік-саяси мәселелер қатарында тұлғалардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, демократияның дамуы, жемқорлықпен күрес саналды. Әсіресе, Республиканың түрлі аймақтарындағы 183


респонденттер жемқорлық өткір әлеуметтік-саяси проблема әрі оны жедел түрде шешу қажет деп санайды. Қазақстан Республикасының одан әрі тұрақтануында аса маңызды заңнамалық шаралар қатарында Халықаралық еңбек заңдылықтары стандарттарына сәйкес ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу - 42,3%, Қазақстан Республикасының азаматтардың құқы мен бостандығы саласындағы жаңа міндеттемелерге қол қоюы - 39,7%, Мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ететін ҚР сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізу - 38,4%, ҚР Президенті жанынан саяси партиялардың өкілдерінен тұратын кеңес беретін орган құру - 29,5% деп атап өтеді респонденттер. Демократия дамуының кепілі боларлық заңнамалық шаралардың қатарында азаматтардың құқы мен бостандығын қамтамасыз ететін міндеттемелер қабылдаумен қатар ҚР сайлау туралы заңға өзгерістер енгізу өзекті болып отыр. ЕҚЫҰ-ның қызметі аясына енетін халықаралық міндеттерінің Қазақстан үшін маңыздысы – адам құқын қорғау, экономикалық және экологиялық қауіпсіздік, қақтығыстардың алдын алу жөніндегі дипломатиялық ұмтылысы, сенімді қарым-қатынастарға жету мен қауіпсіздік жөніндегі шаралар, қаруланудың таралуын бақылау деп нақтылайды қоғамдық пікір. ЕҚЫҰ жетекшілерінің бірі А. Стубб мырза ҚР Презиендті Н.Ә. Назарбаевпен кездесу нәтижесіндегі брифингте: «Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуі – тарихи және символикалық маңызы бар мүмкіндіктер. Өйткені бұл кезеңде ЕҚЫҰ құрылғанына 35 жыл толады әрі Қазақстан Орталық Азиядағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуші ең алғашқы ел саналып отыр. Бұл ЕҚЫҰ мен Қазақстан тарихына жазылатын жаңа беттер»,-деп атап өткен болатын [322]. Қорытындылай келе, ЕҚЫҰ мен Қазақстанның жаңа тарихының жаңа беттері енді басталды. Төрағалық ететін шешуші жыл 2010. Қазақстан үшін де, халықаралық қауымдастық үшін де маңызды жаһандық оқиғалардың қатарында орын алатын бұл кезең ел ішіндегі қарапайым азаматтардың қоғамдағы азаматтық ұстанымының нығаюына, саяси мәдениеті мен белсенділігінің артуына тікелей ықпал етерлік оқиға ретінде өрбуі тиіс. Саяси коммуникация үрдісінде көпшілікке арналған иллюзиялық көріністерді қабылдаушы рөлін бұқара атқарады. Бірнеше мыңдаған ауыл тұрғындары мен көптеген қарапайым қатардағы қала азаматтарының элиталық топтарға арналған басылымдардың аудиториясына айналуы неғайбыл болса керек. Қоғамдық пікір демократиялық құндылықтарға жетудің кепілі саналатыны рас. Өйткені демократиялық қоғам қалыптасуында бұқараның билікке ықпалы, саяси шешімдерге қатысуы, саяси процестерге белсене қатысуы, азаматтық позицияларын танытуы маңызды. Зерттеудің келесі бағыты осы мәселелерді айқындауда ауыл және қала тұрғындары арасында қоғамдық пікірді зерттеу саналды. 184


2006 ж. автор Қазақстандағы ауыл тұрғындарының саяси санасына, саяси сауаттылығы мен саяси белсенділігіне әсер етуші факторларды айқындау мақсатында сауалнама жүргізген болатын (Халықаралық еңбек ұйымының Орталық Азия елдерін қолдаудың аймақтық жобасының қолдауымен жүргізілді). Зерттеудің методологиясы: зерттеудің алғашқы кезеңінде Алматы қаласы және Оңтүстік Қазақстан аймақтары іріктелсе, екінші кезеңде сауалнамаға қатысушы қала және ауыл тұрғындары іріктелді, үшінші кезеңде алғашқы таңдау нүктелері анықталды. Қатысушылардың жас мөлшері 18-ден жоғары. Анкеталық сауалнамаға қатысқандар саны – 500. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданына қарасты «Қоғалы» елді мекені тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көпшілік саяси насихат тұжырымдамасының объективтілігін дәлелдей түседі. Сауалнамаға барлығы 18 жастан жоғары 500 респондент қатысты, соның 24 жастан 64 жас аралығындағы барлығы 100 ауыл тұрғыны. Сауалнама жүргізілген кезде респонденттердің 54 жоғары білімді, ал 46 – орта және арнаулы білімді азаматтар. «Саяси ақпаратқа берілетін комментарий» ретінде респондеттердің 55% жағымды деп жауап қатса, 16% - жағымсыз, ал 29% - бейтарап позиця ұстанғанды жөн көрді. Сауалнамаға қатысқан азаматардың тең жартысынан астамы саяси ақпаратқа жағымды комментрийлерді таңдайды. Яғни ауыл тұрғындарының көбі ел ішіндегі ақпараттық саясатты қолдайтынын танытады (Б қосымшасы, 16 сурет). «Саяси ақпараттың берілу әдістерін» таңдауда тұрғындардың 46% БАҚ арқылы, 37% - арнайы ақпараттық қызметтердің көмегімен, ал 17% бейресми байланыстар арқылы деп жауап қатты (Б қосымшасы, 17 сурет). Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ауыл тұрғындарының басым бөлігі саяси ақпарат көзі ретінде БАҚ-ты таңдаған. Әсіресе, арнайы ақпарат көздеріне жазылу, таңдау, іріктеу, сондай-ақ электрондық кітапхана қорларына қолжетімдіктің мүлдем болмауы да ауылдық жерлердегі ақпараттық теңсіздік мәселесін тағы бір дәлелдесе керек. Тұрғындардың басым бөлігінің БАҚ-ты сенімді ақпарат көзі ретінде таңдауы осыған дәлел. Ауыл тұрғындарының 37% саяси ақпараттың бұқараға таралу мақсатын сендіру деп санаса, 20% - биліктің ықпал етуі, 24% - билік тарапынан жауап алу және кері байланыс орнату, ал респонденттердің 19% - саяси элита үшін жаңа құндылықтар мен ережелер жасау мақсатында деп атап көрсетеді. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, тұрғындардың үштен бір бөлігі сендіру мақсатында деп санайды, яғни БАҚ-тағы саяси ақпараттың бұқаралық санаға ықпал ету және кері байланыс орнатуы келесі кезектегі мәселе ретінде тануға болады (Б қосымшасы, 18 сурет). Респонденттердің қазақстандық БАҚ-тың саяси ақпарат беру деңгейін бағалауы төмендегіше: сауалнамаға қатысушы тұрғындардың 15% - өте маңызды, 11% - өте жақсы, 26% - жақсы, 29% - қанағаттанарлықсыз, 19% орташа деп бағалайды. Яғни тұрғындардың басым бөлігі саяси ақпарат 185


таратудағы БАҚ қызметіне аса қанағаттанарлық жауап қатпаған (Б қосымшасы, 19 сурет). Қазақстандық БАҚ-тағы аса маңызды ақпарат ретінде респонденттердің 26% - саяси, 19% - әлеуметтік, 17% - ақпараттық, 16% - спорт, 8% экономикалық, 3% - сауықтық, 3% - сараптамалық ақпарат көздерін таңдаған (Б қосымшасы, 20 сурет). Саяси ақпаратқа қызығушылар үлесі жоғары болса, ал әлеуметтік, ақпараттық деректер арасындағы айырмашылық айтарлықтай алшақ емес. Сараптамалық ақпарат көздерін респонденттердің ең аз бөлігінің таңдауы ауыл тұрғындары арасындағы саяси-сараптамалық басылымдарға қызығушылықтың төмендігін емес қолжетімсіздігін байқатса керек. «Саяси ақпараттың берілу жолдарын» таңдауда респонденттердің 49% қоғамдық-саяси институттар арқылы деп жауап қатса, 44% - БАҚ арқылы, ал 7 % - бейресми байланыстар арқылы деп санайды (Б қосымшасы, 21 сурет). Респонденттердің 32% Қазақстандағы басқарушылар мен басқарылушылар арасындағы қарым-қатынас деңгейін ашық, 22% түсініксіз, 22% - түсінікті, 16% - ашық емес, 8% - жасырын деп санайды (Б қосымшасы, 22 сурет). Ауыл азаматтарының басым көпшілігі үшін билік пен халық арасындағы байланыс ашық деп санайды. Ал осы қарым-қатынастарды түсінікті әрі түсініксіз деп санайтын респонденттердің үлесі бірдей. Билік пен халық арасындағы байланысты жасырын санайтын респонденттер үлесі аз. БАҚ, саяси топтар мен саяси партиялар арасындағы байланысты бағлалауда респонденттердің таңдауы мынадай: 32% - қанағаттанарлық, 24% - орташа, 22% - жақсы, 12% - өте жақсы (Б қосымшасы, 23 сурет). Респонденттердің үштен бірінің бағалауынша, БАҚ, саяси топтар мен саяси партиялар арасындағы байланыс қанағаттанарлықтай. Респонденттердің басым бөілігі - 64%-ы мемлекеттік бұқаралық ақпарат көздерін таңдаса, 28%-ы бейресми бұқаралық ақпарат көздерін таңдауды жөн көреді, ал 8%-ы жеке меншік бұқаралық ақпарат арналарын дұрыс санайды (Б қосымшасы, 24 сурет). Әлеуметтік зерттеулер нәтижесіндегі қоғамдық пікірдің сипаты төмендегіше: 1) Ауыл тұрғындарының басым бөлігі мемлекеттік БАҚ-қа сенім артады. Респонденттердің үштен бірі БАҚ-тағы саяси тақырыпқа қызығады. Ауыл азаматтарының басым көпшілігі үшін билік пен халық арасындағы байланыс ашық та түсінікті. 2) Тұрғындардың басым бөлігінің сараптамалық басылымдар жайлы хабары жоқ. Яғни шалғайдағы қазақ ауылдарының басым бөлігіне ең қолжетімдісі билік тарапындағы баспасөз бен сауықтық басылымдар екендігі рас. Бұл бұқараға арналған саяси насихат тұжырымдамасының объективтілін дәлелейді. Десек те ауыл тұрғындарының басым бөлігі мемлекеттік БАҚ-қа сенім артады. Бұл көрсеткіштен байқалытыны, әлі де болса үлкен мегаполистерге қарағанда ауылды жерлерге оппозициялық сипаттағы 186


басылымдар мен тәуелсіз басылымдардың таралуының төмендігін не болмаса қолжетімсіздігін аңғартса керек. Соңғы жылдары саяси коммуникация процесінде байқалатын тенденцияның қатарында азаматтардың саяси сауаты мен саяси мәдениетінің артуын атап өтуге болады. 3) Ауыл азаматтарының басым бөлігі БАҚ-тағы саяси тақырыптарды қызықтыратындығы және сол процестерге өзіндік пікір айту, көзқарасын таныту белсендігінің артуы деуге болады. Респонденттердің жартысынан астамы саяси ақпаратқа берілетін жағымды комментарийді қолдайды. Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың үштен бір бөлігі билік пен халық арасындағы саясатты ашық та айқын деп санайды. Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысында мынадай тұжырымдар ұсынуға болады. Қазіргі замандағы билік пен БАҚ, бұқара, саяси партиялар мен институттар арасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшеліктерімен дамуда. Билік көп жағдайда саяси оқиғаларды, саяси қозғалыстар мен оппозициялық күштердің әрекетін, БАҚ қызметін т.б. бақылауға алған. Қазақстандық бұқараның саяси мәдениеті мен сауаты, саяси мінез-құлқы мен саяси белсендігі біркелкі емес. Республиканың ірі қалаларында қоғамның саяси позициясы белсенді дамыса, ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда біршама енжар. Қазақстанның саяси өміріндегі элита мен контрэлитаның рөлі белсенді әрі бұл саяси топтардың билікке ықпалы айтарлықтай. Қазақстандық элиталық топтар елдегі БАҚ-тың ақпараттық кеңістігінде бәсекеге қабілетті нарық құруда ерекше белсенді. Автордың пайымдауынша, БАҚ-тағы саяси ақпараттардың қоғамдық пікір, қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі өте маңызды. Масс-медиа саяси ақпараттарды жариялап, таратқанда адам мүддесі, адамның рухани дүниесі, ізгілік пен шындық принциптері, өнегелік нормалары басты орында болуы тиіс. Осылайша, қазақстандық қоғамда қоғамдық санаға бағытталған құндылықтарды айқындау мен оларды сараптау, осы құндылықтардың бұқараны шоғырландыра, рухтандыра, біріктіре алатындай күші мен әсер етуін жүзеге асыратын билік пен бұқара арасындағы ықпалды белсенді аралық топтар мен азаматтық институт мекемелері жұмыс істеуі тиіс. Сол ықпалды да пәрменді топтың қатарында тұратыны БАҚ болып қала бермек. 4.3 Саяси коммуникативтік технологиялардың даму тенденциялары Қазіргі уақытта саяси коммуникация кардиналды өзгерістерге ұшырауда. Бұл ақпарат құралдарының техникалық жағынан дамуына байланысты жүзеге асуда. Саяси ақпарат тек техникалық даму деңгейіне ғана емес, саяси идеологиялық сипатына, ақпарат тарату көзіне де байланысты. Қазіргі заманда бұқаралық саяси ақпараттандырудың екі тенденциясы байқалуда. Оның бастысы, нақты қадағау жүйесінсіз өте ауқымды түрлі хабарламаның берілуімен айқындалады. Өте ауқымды жүйеленбеген әрі 187


комментарийсіз мәліметтерді алған адам көбінде бастысын жанамадан, маңыздысын маңызсызынан айыра алмайды. Мұндай жағдайда әлем кездейсоқ не күтілмеген оқиғалардың хаостық бекетінде қалып қояды. Адам әлеуметтік бағытын жоғалтады, нәтижесінде қоғамның белгілі бөлігі (аполитизация) саясаттан тыс қалады. Осы тәсілді «ақпараттық бөлшектеу» деп те атайды. Бұл тәсілді БАҚ-тың қаруы десе де болғандай. Баспасөзде бір ағындағы жүйе бойынша өте көп хабарлар мен мәліметтер жарияланады. Бөлшектеу тәсілі нақты саяси мақсатты көздейді. Ол адам санасын қалыптастыруға көмегін тигізеді. Адамдарды ақпараттандырғандай болғанымен, шын мәнінде саясатты айыра алмайтын адам санасын қалыптастырады. Мұндай адам әлеуметтік жаулап алуға ыңғайлы объект болып саналады. Саяси ақпараттандырудың келесі тенденциясы - идеологиялықнасихаттық қондырғының ақпараттық ағынын қатаң бағындырылуы болып отыр. Идеологиялық бағыт не насихат міндеттеріне сәйкес келісілген ақпарат бөлшегі алынып, хабарланады. Барлық қалған ақпарат не үнсіз қалады не жағымсыз бағалауға ұшырайды. Бұл тәсіл әсіресе саяси партиялар мен қозғалыстардың мерзімді басылымдарына тән. Коммунистік кезеңде қоғамымыз тарихында саяси ақпарат насихаттың тактикалық және стратегиялық мақсатына бағындырылуы көрініс тапқан еді. Және де барлық мерзімді басылым жанрлары – мақала, заметка, корреспонденциялар, сонымен бірге өлең, көркем шығармалар осы мақсатқа бағындырылды. Коммунистік газеттің нөмірі тұтастай бірінші беттен соңғы бетке дейін әрбір құралдың рөлі айқындалып берілген біртекті идеологиялық партитураға бағындырылған өзіндік саяси концертті елестететін еді. Кеңестер кезеңінде тотальды насихат негізі қаланған болатын. Тотальды насихат белгілері ішкі де сыртқы да барлық баламалы насихат көздерін басып тастау, шетелдік насихат әдебиеттерін енгізуге рұқсат бермеу, шетелдік радиостанцияларды өшіру, насихаттық қызметті орталықтандыру болды. Тотальды насихатты кеңестік коммунистер ойлап шығармады. Орталықтандырлыған және насихатшылық құрылым тарихтағы дағдарыс, өтпелі кезеңде әлеуметтік дамудың заңды нәтижесі болып еді. Бүгінде императивті насихат кеңінен етек жаюда. Халықаралық шарттарға қол қою трансляциясы мен парламенттік тілшілердің тікелей эфирдегі хабарларының ауқымды идеологиялық ықпалы бола отырып, халықтың саяси белсенділігін арттыруға әсерін тигізуде. Қазіргі саяси өмірде насихатты негіздеу саласында бірқатар тенденциялар байқалуда. Оның ішінде аудиторияның әлеуметтік стратификациясына байланысты түрлі басылымдардың бөлшектенуі ерекше байқалуда. Бұқаралық басылымдар аса көп тираждармен шығуда. Онда саяси өмірді ұғынудың әдейі өрескелдендірілген тәсілі әдетке айналуда. Ішкі және сыртқы саяси проблемаларға байсалды да терең сараптаудың орнына 188


оқырманға салмақты әлеуметтік проблемаларды түсіндіруден алшақ жатқан стереотиптік тұжырымдар жиынтығы ұсынылуда. «Мұндай тұжырымдар ой жұмысына әкелмейді, ол жай ғана тоғышардың ойлау белсендігін әлсіретеді»,- дейді ресейлік зерттеушілер. Үнсіздік не стереотипизация (насихаттың қарапайымдануы) сананы билеп-төстеудің белгілері болып саналады. «Қазіргі уақытта ақпараттандыру емес, адамдарды билеу (манипуляция) мұқтаждығы туып отыр»,-деп сараптайды тәуелсіз сарапшылар [323]. Ақпараттандырудың «қалаулы иллюзия» тәсілі кеңінен тарап отыр. Қоғамдық пікірден байқалатыны бірінші орында ақпараттың терең заңдылығы, ішкі әсерлі мотиві емес сыртқы көрінісі, әсіресе жарқын сенсациялық мәні тұрады. Сенсациялық – аудиторияның мәліметтерді қабылдауына, ұғынуына кедергі келтіретін саяси насихаттың бір құралы болып саналады. Егер сенсация газеттік басылым үшін басым болса, онда ол коммерциялық емес саяси мақсат ұстанғаны. Иллюзиялық көрініске жетудің келесі тәсіліне жету үшін әлемдегі байсалды әлеуметтік саяси мәселелерге тиісті ақпараттарды ығыстырып, сауықтыру сипатындағы материалдарды ұсыну жатады. «Ығыстыру» тәсілінің өзіндік модификациясы бұқаралық иллюстрациялық журналдардың жарық көруі болып отыр. Аздаған тиражбен, бірақ жоғары бағамен шығып отырған газеттердің бір бөлігі қоғамдық өмірдің өзекті мәселесіне арналған түрлі сараптамалық материалдар жариялайды. Олар саяси, экономикалық, банк және басқа да саланың элиталы өкілдеріне арналған сапалы басылымдар. Осы тектес газеттердегі публицистика бұқаралық басылымдарға қарағанда басқаша сипат алады. Сарапшылар саясат, экономика және әлеуметтік салаларды іскери тұрғыда талассыз, даудамайсыз талқылайды. Сапалы басылымдардың талдамалық сипаты кездейсоқ емес. Элитаға арналған материалдарды қамтамасыз етуші БАҚтың міндеті сол элитаны таң қалдыру болып саналмайды. Өйткені нақты ақпаратсыз әлеуметтік басқару мүмкін емес және талдамалы әдебиет нақ сол әлеуметтік механизм тұтқасын ұстап отырғандар үшін қажет. Осыдан саяси насихаттың қайшылығы – азшылыққа арналған жеңілдетілген концепцияның байсалды негізделуі мен көпшілік үшін иллюзиялық картинка келіп шығады. Саяси насихат пен саяси сананың негізгі түрлерімен байланысын қарастырғанда мораль және таным тақырыбы ескерілуі шарт. Мұның екі түрлі себебі бар, біріншіден, этикалық аспектісін қоса алғанда қоғамдық өмірдің барлық саласы терең саясилануымен және екіншіден, қоғамда рухани құндылықтардың мәні артуымен ерекшеленеді деуге болады. Бүгінде капитализация жағдайында, осы процесті бастан өткеріп отырған кезде саяси коммуникация үшін моральдық-танымдық қатынастардың ішінде «тұтынушы моралі» ерекше маңызға ие. Тұтынудың белгілі бір стандарттарын ұсына отырып, жарнама танымдық бағытта адам мінез-құлқының нормасын реттеуші болып отыр. 189


Коммерциялық жарнаманың саяси коммуникациямен байланысы ерекше маңызды. Жарнаманың саяси аспектілері байқалмаса да идеологиялық әсері мықты болады. Мұндай насихат жанама мәнінде саяси мағына бере отырып, адамдар көзқарасына белсенді әсерін тигізеді. Жарнама жасырын формасында белгілі бір өмір салтын және шындықпен қарым-қатынас сияқты идеологиялық міндеттерін атқарады. Саяси коммуникация сайлау науқандары кезінде жарнамалық тәсілдерді идеологиялық қару ретінде пайдаланады. Саяси жарнама өзара байланыса, әрекет ете отырып, бұқаралық қоғамдық-саяси сананы тиімді жаулайды. Қазақстандағы PR нарығы да бүгінгі күндері дамып келе жатқан бизнес болып отыр. Қазақстанда қоғаммен байланыс қызметінің алғашқы қадамы 1999 жылы Президент және Парламент сайлауларында қолданылды. Республиканың саяси күштері өркениетті Батыс елдерінің электоральдық жағдайды басқару тәжірибесін саяси маркетинг, сайлау технологиялары мен қоғаммен байланыс салаларында жүзеге асырды. Өркениет дамуының ақпараттық кезеңі адам әрекетінің барлық саласын басқаруда, соның ішінде саясатта да күн тәртібіне түбегейлі жаңа ақпараттық тәсілдердің даму қажеттілігін ұсынуда. Сондықтан саясат әлеміне, билік үшін күрес-тайталастың әлеміне қазіргі кезде ақпараттық принциптерге сүйенген коммуникациялық сайлау технологиялары белсене енуде. Саясатты басқару және алға қойылған саяси мақсаттарға жету үрдістеріндегі менеджерлік, маркетингтік және жарнамалық тәсілдердің өзектілігін әлеуметтік салаларға ғылыми әдістемелердің жүйелі түрде енуінен деп санауға болады. Саяси коммуникация сайлау науқандары кезінде жарнамалық тәсілдерді идеологиялық қару ретінде пайдаланады. Саяси жарнама өзара байланыса, әрекет ете отырып, бұқаралық қоғамдық-саяси сананы тиімді жаулайды. Сайлау технологиялары коммуникациялық үрдістер арқылы жүзеге асады. Саяси коммуникацияның теориялық модельдерін меңгеру саяситехнологтардың табысының кепілі деп санауға болады. Жалпы, сайлау технологияларының қаншалықты кәсіби де сауатты жүргізілуі саяси коммуникацияның соншалықты деңгейде дамығанын білдіреді. Сайлау технологиялары мен саяси коммуникацияның қазақстандық тәжірибесін сараптау қортындылары төмендегіше. Қазақстандағы сайлау технологияларының пайдаланылуы саяси жүйенің өзгеруіне тікелей байланысты. Еліміздегі қазіргі заманғы саясаттану ғылымында сайлау технологияларының пайдаланылу кезеңдерін төртке бөледі [324]. Бірінші кезең: командалық-әкімшілік жүйе жағдайындағы сайлаулар (1989 жылға дейін). Түрлі сипаттағы саяси технологияларды жасанды түрде пайдаланумен ерекшеленді. Екінші кезең: «басқарылмайтын демократия» жағдайындағы сайлаулар (1989-1994 жж.). Саяси технологиялар дамуының осы кезеңі сайлау процедуралары мен нәтижелерінің белгісіздігімен ерекшеленді, яғни 190


электоралдық науқан «ережелері» белгісіз болды, ал мемлекет электоралдық үрдістерді бақылауды әлсіреткен болатын. Үшінші кезең: мемлекеттік аппарат қорларының көмегімен жүзеге асқан сайлаулар (1995-1999 жж.). Бұл кезеңнің басталуы елдегі саяси жүйенің өзгерістеріне сәйкес келді. Басқа технологияларға қарағанда әкімшілік қорларды пайдалануға мүміндіктер берілуімен ерекшеленді. Төртінші кезең: саяси технологияларды белсенді пайдалану арқылы жүргізілген сайлаулар (1999-2004 жж.). Аталмыш кезеңде саяси кеңесшілер мен PR-қызметі нарығының өкілдері белсенді түрде қатыстырылған 1999 ж. парламенттік және президенттік сайлаулардан басталды. Автордың пікірінше, Қазақстанда 2004 жылдан бастап электронды сайлау жүйесі енгізілуіне байланысты сайлау технологияларының жаңа кезеңі басталды. Осы кезеңнің басталуы «Сайлау» автоматты сайлау жүйесін пайдалану болып саналды. Бұл кезең Парламенттегі партияларға бөлінген орынның көбеюімен, сайлау жүйесінің реформалануымен, оппозициялық күштердің де, электораттың да белсендігінің артуымен және шетелдік PR-технологтар жұмысына саяси кеңесшілерден тұратын жергілікті ұлттық командасының тартылуымен ерекшеленді. Еліміздегі электронды сайлау демократиясының перспективасы сайлаушылардың келу деңгейін жоғарылатуға әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ азаматтық қоғам әлсіз тарамдалса, өкілетті институттар қажетінше бірігіп, келісімге келмесе, партиялар арасындағы жарыстар, сайлаушылар арқылы жүргізілетін шынайы үміткерлерді сайлау төмендетілсе, өкімет коррупцияға ұшыраса, заң аяққа тапталса, оппозициялық қозғалыстар басып тасталса, онда саяси құқықтар мен азаматтардың бостандығы жай ғана жасанды болғаны. 2004 ж. кәсіби сайлау технологияларының пайдаланылуы бірнеше бағытта жүргізілді. Бұл үміткерлер арасындағы теледебат үрдісі мен барлық саяси партиялар мен блоктардың саяси жарнамасы нарығындағы бәсекелестіктің пайда болуына әкелді. «Отан» партиясының кеңесшілері БАҚ мүмкіндіктерінен басқа әлеуметтік топтардың жиылысын да шебер ұйымдастырды. Мұндай шаралар партияны қолдаушылардың шоу-концерті, форумы түрінде өтті. Партияның сайлауалды платформасының насихатталуы кәсіби ұйымдастырылған коммуникациялық стратегия мен технологияны айқындайды. «Асар» партиясы көптен ұмыт болған технологияны жаңғыртып, «Асар – ел ішінде» автокеруенімен ел аралады. «Ақ жол» партиясының коммуникациялық стратегиясы ірі мегаполистерге бағытталғандықтан аймақтық жерде партияның бағдарламасы, саяси бренді көп танымал бола қоймады. «Ақ жол Қазақстан», «Жас Алаш», «Мегаполис», «Дала мен қала», «Страна и мир», «Экспресс К» және т.б басылымдар сайлауалды науқанында саяси партиялардың коммуникациялық стратегиясын жүргізуші басты БАҚ алаңына айналған еді. 191


2004 ж. ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау алды науқанында «Жас Алаш» газеті «Ақ жол» партиясының жетекшілері мен стратегиялық платформаларын жайлы циклды материалдар жариялап отырды. Саяси сипаттағы материалдардың ішінде оппозициялық бағыттағы материалдар циклі мен оппозиция жетекшілері Ж. Тұяқбай, О. Жандосовтармен сұхбаттарымен ерекшеленеді. Басылымның журналистері Е. Қарин, Д. Сәтпаев сияқты тәуелсіз саяси сарапшылармен және «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Д. Көшіммен сұхбаттар ұйымдастырып отырды. Газеттің аудиториясы ауылдық жерлерде көбейгенімен, ірі мегаполистерде (Алматы қ., Астана қ.) зиялы қауым өкілдері аса ынталылық танытпайды және республикалық басылымның кейбір «сарғылтым» реңіне сенім арта қоймайды. 2004 ж. маусымда «Время» газеті мен «Ақ жол» партиясының вебсайтында «Саяси платформалар бағдарламасы» жарияланды. Маусым айының ортасында Астанада өткен «Отан» партиясының VII съезінде Президент онан ары қарай саяси реформалау бағдарламасын баяндады. Соңынан мәлім болғандай екі бағдарлама да («Отан» және «Ақ жол» партияларының) негізінен ұқсас болып келді. Осы дерек прессадағы айтысқа кезең берген оқиға болды. Дегенмен Президенттің бұрынғы кеңесшісі Е. Ертісбаев «Асар-Қазақстан» газетіне сұхбатында: «Саяси реформалар бағдарламасы бойынша орын алған оқиға, менің ойымша, саяси бәсекелестіктің әділ жүргізілмеген классикалық үлгісі»,-деген болатын [325]. Н.Ә. Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Е. Ертісбаев Президент сайлауы алдында да республикалық масс-медиада әрекеттегі Президенттің позициясын кәсіби тұрғыда өте дәлелді негіздеп бере отырып, оппозиция атына сын айтады. «Хабар» арнасындағы «Жеті күн» бағдарламасында кеңесші 2005 ж. 4 желтоқсандағы сайлау жайлы болжамдары мен ойларын дәлелдей түседі [326]. «Отан» партиясының «Дала мен қала» және «Страна и мир» газеттері Н. Назарбаевтың сайлау алды науқаны кезіндегі саяси акциялар, елдің әр аймағындағы қолдау топтарынан келіп түскен жаңалықтарды және әрекеттегі Республика Президентінің стратегиялық бағдарламаларын жариялады. Парламент Мәжілісі сайлауы алдында (2004 ж) Аграрлық және Азаматтық партиялар – «Жұмысшылардың аграрлық-индустриялық одағын», яғни сайлауалдылық блогын құрғанын мәлімдеді. «Аист» саяси блогының басылымы «Экспресс К» (бұрынғы «Ленинская смена» газеті) газеті өзінің оқырмандар аудиториясына белсенді түрде жүргізілген PR-акцияларын, сайлауалдылық саяси бағдарламаларын хабарландырды. БКҚ арқылы саяси коммуникацияны жүзеге асырд технологиялары сайлауалды науқанында кеңінен көрініс тапты. Мысалы, О. Жандосов бейнесі қоғам қайраткері болған атасы О. Жандосов бейнесімен қатарласа электорат санасында архетиптік образға айналса, «Аист» блогы сайлауалдылық стратегиясын нышандауда мифологиялық нанымға негізделген «бақыт құсының» образын таңдады. 192


Насихаттық науқан кезінде саяси коммуникация тәсілдерінің семиотикалық стилі әр ауландығымен ерекшеленді. «Өзім деп дауыс бер!» – жақын тарту» («Отан»), «Біргеміз! Берік іргеміз» («Асар») – қазақ менталитетіне жақындық, «Ақ жолға дауыс бер» – бұйыра райлау («Ақ жол»), «Менің қалауым» – таңдау түрінде («Аист») пайдаланылған слогандар электораттың көңіл-күйіне түрліше әсер еткені анық. Болашақта Қазақстандағы саяси коммуникацияның дамуы сайлау науқандары үрдістерінің сауатты жүргізілуіне, азаматтардың саяси белсенділігіне, саяси үрдістерде жаңа ақпараттық технология үлгілерін пайдалануға, әдеп нормалары мен мінез-құлық нормаларын сақтауға, саяси ойыншылардың кәсіби сенімдеріне байланысты. Қазақстандағы саяси коммуникацияның даму кезеңдерін қарастырсақ, ондағы саяси технологиялар сол уақыттың ерекшеліктеріне сай сипаттауға болады. Қазақстандағы саяси технологиялардың қолданылуы елдегі саяси жүйеге байланысты екендігі рас. Осы саяси жүйенің бес кезеңі аталған болатын. Соларға сипаттама берсек: Бірінші кезең: 1989 жылға дейінгі әкімшілік-командалық жүйе жағдайындағы кәсіби мінез-құлық және әдеп нормалары мен принциптері белең алған кезең. Бұл кезең түрлі саяси коммуникативтік технологиялардың тек ресми түрде көрініс табуымен сипатталады. Әкімшілік-командалық жүйе жағдайында сайлаулар жаңа коммуникативтік технологиялардың дамуына ықпал ете алмады. Көбінде үкімет ұсынған коммунистік партия не партиясыз блоктың үміткері саяси ойынның ойыншысы болды деуге болады. Мұндай жағдайда партиялық аппараттың барлық күші үміткердің бейнесін жасауға емес, сайлау учаскелеріне электораттың 100 пайызға дейін келуін қамтамасыз етуге бағытталды. Сол кездегі технологияның бірі – тапшы тауарлардың сайлау учаскелерінде сатылуы еді. Бұл да болса тәжірибедегі «сайлаушыны сатып алу» технологиясының бастамасы болса керек. Осы кезеңде тұтас және жүйелі электораттық заңнама болмады. Сайлау нәтижелері белгілі деңгейде саяси дәстүрге сәйкес алдын ала белгілі болды. «Жанұялық дауыс беру» әдісі өте жиі қолданылды. Бұл жанұя мүшесінің қалған туыстарына дауыс беру мүмкіндігі деген сөз. Мұнан басқа азаматтық парызын өтеуге бас тартқан «санасыз азаматтардың» орнына сайлау учаскесі мүшелерінің дауыс беруі дәстүрге айналды. Әрине, бұл демократиялық қоғам принциптеріне қайшы келумен қатар, азаматтардың арождан бостандығы, әдеп нормаларының аяққа тапталғандығы болып саналады. Сонымен, бұл кезеңнің басты ерекшелігі процедуаралардың айқындығы мен сайлау нәтижесінің белгілі екендігі. СКРО Консутитуциясының Коммунистік партияның жетекші де басшы рөлі жайлы 6 бабының жойылуымен, сонымен бірге қайта құру және жариялылық кезеңінің басталуымен саяси технологиялардың жаңа кезеңі басталды. 193


Екінші кезең: 1989 жылдан 1994 жылға дейінгі «бақыланбайтын демократия» кезеңіндегі сайлаулар деуге болады. Бұл кезең тұтас алғанда саяси әдепсіздіктің орын алуымен сипатталады. Аталмыш кезеңде Қазақстан Жоғарғы Кеңесі депутаттарының ХІІ және ХІІІ шақырылымдар, сонымен қатар КСРО Жоғары Кеңесі депутаттары сайлауы өткен еді. Бұл кезеңнің алдыңғысынан басты ерекшелігі саяси күресті жандандыра түскен балама үміткерлердің болуы еді. Балама үміткерлердің болуы саяси-институционалдық емес жекелей, дербес сипатта болды. Яғни саяси алаңда партиялар платформасы мен идеялары емес, тұлғалар бәсекелестігі орын алды. Электоральдық науқанның ерекшеліктері көптеген үміткерлер өзінің сайлауалды науқандарын бұрынғы да, әрекеттегі де саяси жүйені сынауға негіздеді. Саяси тәжірибесінің, сонымен қатар билік құрылымдарындағы тәжірибесінің болуы үміткер үшін жағымсыз фактор болды. Керісінше, билік элитасынан, саяси номенклатурадан алыс тұрған үміткерлер үшін бұл жағымды жағдай болды. Сондай-ақ көптеген үміткерлердің бағдарламалары ұқсас келді. Онда үкіметті қаралау мен түрлі популистік талаптар басым келді. Мұндай жағдайда электорат өз таңдауын жасады. Олар үміткердің бағдарламасына емес биографиясына қарап таңдау жасады. Тұтас алғанда, саяси технологияның бұл кезеңі процедуралар мен дауыс нәтижесінің айқындалмауымен ерекшеленді. Электоральдық науқанның ережесі анық емес еді. Ал мемлекет элеторальдық үрдістерді бақылауда әлсіздік танытты. Үшінші кезең: 1995 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта мемлекеттік аппарат қорларын тарту арқылы өткен сайлаулар. Бұл кезеңнің басталуы елдегі аяси жүйедегі өзгерістермен байланысты. Аталмыш кезеңде басқа технологияларға қарағанда әкімшілік қорларды пайдаланумен сипатталады. 1995 жылы сайлау жайлы Кодекс қабылданды. Бұл Кодекс сайлау науқанын жүргізудің негізгі құқықтық құжаты болып саналды. Кодекс ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Жарлығымен ауыстырылды. Дегенмен бұл құжатта электораттық үрдістің кейбір ерекшеліктері ескерілмеді. Жарлық оппозиция тарапынан да, батыстық бақылаушылар тарапынан да сынға ұшырады. Сонымен, барлық саяси алаңдағы «электораттық ойын» ережесі айқын болмады. Нақ осы кезеңде сайлау науқандары «ережелерінің» өте қатаң жинақталуы байқалды. Төртінші кезең: 1999 жылдан бүгінге дейін саяси технологиялардың белсенді пайдалануымен өткен сайлаулар. Бұл кезең 1999 жылғы парламенттік және президенттік сайлаулардан басталады. Саяси сайлау науқандарында белсенді түрде PR-қызметі өкілдері мен саяси кеңесшілер тартылды. Бесінші кезең. Саяси технологияларды белсенді пйдалану арқылы жүргізілген сайлаулар (1999-2007 жж.). 194


Авторлық жіктеме бойынша, Қазақстанда 2004 жылдан бастап электронды сайлау жүйесі енгізілуіне байланысты сайлау технологияларының жаңа кезеңі басталды. Осы кезеңнің басталуы «Сайлау» автоматты сайлау жүйесін пайдалану болып саналды. Бұл кезең Парламенттегі партияларға бөлінген орынның көбеюімен, сайлау жүйесінің реформалануымен, оппозициялық күштердің пайда болуымен, электорат белсендігінің артуымен және шетелдік PR-технологтар жұмысына саяси кеңесшілерден тұратын жергілікті ұлттық командасының тартылуымен ерекшелінді. Еліміздегі электронды сайлау демократиясының перспективасы сайлаушылардың келу деңгейін жоғарылатуға әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ азаматтық қоғам әлсіз тарамдалса, өкілеттік институттар қажетінше бірігіп, келісімге келмесе, партиялар арасындағы жарыстар, сайлаушылар арқылы жүргізілетін шынайы үміткерлерді сайлау төмендетілсе, өкімет коррупцияға ұшыраса, заң аяққа тапталса, оппозициялық қозғалыстар басып тасталса, онда саяси құқықтар мен азаматтардың бостандығы жай ғана жасанды болғаны. Саяси әдеп мәселелерінің сайлау жүйесіндегі рөлі ерекше. ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың ғасыры. Өркениет дамуында ақпараттың адам әрекетінің барлық саласына араласуы, басқаруы заңды құбылыс болып отыр. Саясатта жаңа ақпараттық тәсілдердің даму қажеттілігі туды. Сондықтан саясаттағы билік пен бедел үшін тайталаста ақпараттық принциптерге негізделген коммуникациялық сайлау технологиялары саяси ақпарат әлеміне белсене енді. Саясатты басқару мен саяси мақсаттарға жету үрдістерінде бүгінгі күні менеджерлік, маркетингтік және жарнамалық тәсілдер кеңінен қолданылуда. Сайлау кезіндегі кандидаттың имиджі, сайлауалдылық жарнама науқандарының мазмұны сияқты факторлардың ықпалы күнненкүнге артып келеді. Автордың пайымдауынша, Қазақстандағы саяси коммуникацияның болашақта дамуы елдегі саяси сайлау үрдістерінің сауатты жүргізілуімен, азаматтардың саяси белсенділігімен, жаңа ақпараттық технологиялардың озық үлгілерін саяси үрдісте пайдалануымен және саяси ойыншылардың мінез-құлық, әдеп нормалары мен ұстанымдарының өркениеттілігімен тікелей байланысты. Саяси коммуникация саласында коммуникативтік тәсіл 50-60 жж. дүниеге келді. Мұнда саясат алғаш рет коммуникативті процесс ретінде қарастырылды. Жұмысы табысты жүргізілген науқан – тиімді коммуникацияның нәтижесі деуге болады. Тәсілдердің негізгі идеясы – коммуникациялық жүйедегі іс-әрекетті қамтамасыз етуші қызмет атқарады. Адамзат қызметінің барлық формалары, түрлері: саясат, экономика, ғылым, моральдық ережелер, діни құндылықтар, өнер, идеология, мінез-құлық үлгілері қамтылады. АҚШ-тағы “New Politics” моделі саяси коммуникативтік технологиялардың жаңа үлгісін дүниеге әкелді: жаңа коммуникациялық 195


технологиялар мен әлеуметтік топтардың сайлау алдындағы жағдайын зерттеді. Ал сайлауға түсуші үміткердің имиджін жасауда қолданылатын имидждің ұқсастандыру, идеализациялау, қарама-қарсы қою сияқты үш функциясын атауға болады. Имидж жасаудағы технологиялардың манипуляциялық – «фальшимидж» және дамушы технологиялар «шынайы технологиялар» деуге болады. Сайлау алдындағы күрес – саяси коммуникация болып табылады. Саяси коммуникацияның негізгі үш әдісі бар: БАҚ арқылы коммуникация; ұйымдар арқылы коммуникация; бейресми қатынастар арқылы болатын коммуникация. Ал депутатқа үміткердің имиджін жасаудағы басты фактор БАҚ-пен жұмыс. Осы сайлауалдылық насихат коммуникациялық жұмыстардың БАҚтағы үш кезеңін атауға болады. Олар: сөз сөйлеу; «спот», клип. Спот – спектакль, ритм, партитура және сценалық эффектілер арқылы жасалса, саяси клип – синтетикалық имидж жасауда қолданылады [327, 16 б.]. Ақпараттық қолдау көрсетуде пайдаланылатын тиімді тәсілдердің бірі видеоролик (фильмдер) және аудиоролик (хабарлар) болып табылады. Сонымен бірге ақпараттық қолдау көрсететін коммуникативті технологиялар жүргізу тәсілдерін бйлайша жүйелеуге болады: үй мен үйге, есіктен есікке; митигингілер өткізу, плакаттар тарату; граффитиді (қабырға, көшелердегі жазбалар) қолдану. Саяси коммуникативтік технологиялардың тәсілдері, жүйелері, БАҚ-пен қарым-қатынасы соңғы өткен ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттар сайлауында өте кеңінен қолданылды деуге болады. Қазақстанның қоғамдық өміріндегі ірі оқиғалардың бірі Парламент сайлауы екені даусыз. Осы орайда қазақстандық масс-медиа сайлау қарсаңында қоғамның саяси өміріндегі маңызды оқиға барысында өз ұстанымдарын, өз көзқарастарын айқындайтын материалдарды үзбей жариялап отырды. Е. Прудченко «Не стреляйте в журналиста» мақаласында: «В преддверии выборов отечественные масс-медиа как с цепи сорвались. Даже самые захудалые газеты, которые партии не удосужились очастливить своим внимением», не захотели остаться в стороне от битвы одномандатников,-деп жазды [328]. Шын мәнінде, республикалық және аймақтық басылымдарда сайлауалдылық шоу қызу талқыланды. Қоғамдық-саяси «Ақиқат» журналының бірнеше санында осы мәселе қозғалды. Саясаткер Д. Көшімнің «Көппартиялық жүйенің көптеген мәселелері бар» мақаласы, «Парламент сайлауы иек астында» сұхбаты, саясаттанушы ғалым Н. Қалиевтің «Қазақстан парламентаризмі: теориялық негіздері мен қазіргі деңгейі» мақаласы салиқалы ойларымен, өткір идеяларымен ерекшеленеді. Д. Көшім Парламент сайлауы қарсаңында оқырмандарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен 196


толықтырулар енгізу туралы» жаңа Конституциялық заңның қыр-сырын жеткізу мақсатында сұхбат береді. Сайлау алдында осы бағыттағы саяси танымдық материалдар тобын ұйымдастыра білген «Ақиқат» журналының редакциясы өз оқырмандарының көкейіндегі сұрақтар мен мәселелерді дұрыс болжай білген. Қазақстандағы саяси сараптамалық басылымдардың бірі «Континент» журналында «Главная тема», «Выборы» айдарларымен сайлау алдында және сайлаудан соң талдамалы материалдар циклы жарияланып отырды. Саяси сарапшы К. Сыроежкиннің «Политические метамарфозы» [329], «Политичесике матамарфозы-2» [330], Юлия Семыкинаның «Золотые дни» [331] мақалалары сайлау алдындағы саяси партиялардың тыныс-тіршілігін талдайды. Сайлау алдындағы жаз айлары саяси партиялардың съездері, жиылыстары мен бас қосуларының қарқынды өтуімен ерекшеленді. Қазақстан коммунистік партиясы мен Қазақстан демократиялық таңдауы партиясының бір блокқа бірігуі, олардың өкіметтен Ғ. Жақияновты бостандыққа шығару жөніндегі ұсынысы мен «Хабар», «Қазақстан», «Еларна» телеарналары базасында қоғамдық теледидар құру, электронды дауыс беруден бас тарту жөніндегі саяси мәлімдеулері еді. Осы мәлімдеулерден басқа аталмыш партиялардың іс жүзінде еш өзгеріс болмағандығын автор атап өтеді. Жоғары рейтингке ие болған «Ақ жол» демократиялық партиясының жүйелі де жақсы ойластырылған бағдарламасының жобасы, «Саяси реформалар бағдарламасының» жобасы «Время» газеті мен партияның webсайтында жариялануы еді. «Ақ жолдың» имиджі ҚКП мен ҚДТ блогымен салыстырғанда белгілі деңгейдегі кәсіби реформаторлар, Президентті жақтай алатын демократтар болғанмен де, оппозиционерлер деп тұжырымдайды журналист. Ю. Семыкинаның жоғарыда аталған талдамалы материалы оқырманға саяси технологиялардың бюжетін сараптаудан бастайды. Алматы, Астана қалаларында сайлау науқандарының жұмысын ұйымдастыру үшін 60-80 мың АҚШ долларын құрайтынын жазады. Дегенмен бұл сома сарапшылардың пікірінше нақты емес екендігін ескертеді. Типография, БАҚ өкілдері, видеоролик түсірушілер мен фотографтармен жұмыс істейтін жарнама агенттіктерінің қызметін талдай отырып, автор саяси технологтар мен PR мамандарының электоратпен жұмыс істеудегі командалық жасақта ерекшеліктерін сипаттайды. Эфирдегі жарнамалық роликтердің бағасы да оқырманның ынтасын арттырады. Копирайтер мамандарының қалай жұмыс істейтіндігі, қай көлемде жалақы алатындығы автор назарынан тыс қалмайды. БАҚ - саяси коммуникативті қатынастағы ең күшті құрал. Қазақстандық мерзімді басылымдарды парақтаған оқырман мен телеарналарды көрушілер осы ойды әбден қостауы мүмкін. «КТК» каналы «Асар» партиясын жарнамалауға күш салса, «31» канал «Ақ жол» партиясын жарнамалаудан жалықпады, «Рахат» телеарнасы 197


«Отан» партиясын жарнамалауда ерекше белсенді. Автордың ойынша, осы телеарналардағы саяси жарнаманың саяси партиялардың мүддесімен орайласуын логикалық түрде «ақшаны кім төлесе, музыканы сол тапсырады» деген кағиданы қолдауы еді. Аталған материалдардың талдамалық сипаты, саяси сайлау науқаны кезінде басты тақырыпқа айналуы саяси сауатын арттырушы оқырман үшін де маңызы бар деуге болады. Басылымдар нарығындағы газет-журналдардың саяси сайлау кезіндегі белсендігі, саяси ұстанымдары, депутаттыққа үміткерлерге қарымқатынасын сараптау шектеулі болғандықтан ондағы саяси коммуникацияның белгілі формалары, түрлері, модельдерінің қолданылуына назар аударсақ. Мерзімді басылым мен электрондық ақпарат құралдары материалдарынан саяси коммуникацияның жүзеге асуының бұқаралық формалары «Отан» партиясының сәтті қолдануын байқауға болады. «Отан» республикалық саяси партиясын жақтаушылардың шоу концерт түрінде өткен форумы, сайлауалдылық стратегиялық мақсаттағы платформасы және т.б.саяси бас қосулары. Дәстүрлі коммуникативті сайлау технологияларының Республикалық «Асар» партиясының тиімді қолданылуы – «Асар – ел ішінде» автокеруенінің ел аралауы еді. Осы орайда «Ақ жолдың» коммуникативті технологияларды ел ішінде кеңінен қолданбағанын байқауға болады. «Ақ жолдықтардың» коммуникативті стратегиясы Алматы қаласының шеңберінен асып кете алмады деуге болады. Саяси сайлау науқанында архетиптік образдың бірі – О. Жандосов бейнесі болды. Ол бізге ата-тегінің танымалдылығымен, қоғам қайраткері О. Жандосов бейнесімен қатарласа жадымызға сіңді. Бұл саясаткердің имиджін қалыптастырудағы символикалық түрде атасының ескерткіші алдында жарнамаға түсуі, яғни саяси «спотты» шебер пайдалануы еді. Саяси коммуникативтік құралдардың негізінде мифологиялық образдардың болатындығын ескерсек, «Аист» блогының «көкқұтан» бейнесін пайдалануы еді. Фольклорлық шығармалардан белгілі болған «көкқұтан» символы әруақыт «бақытты өмірді», «бақыт әкелуші» қасиетті рәміздейді. Дегенмен біздің сайлауға қатысушы электораттың көкейінде бұл бейне аса берік сенім ұялатты деп айту қиынға түседі. Саяси қарым-қатынас құралдарының семиотикалық астарына үңілсек, бұл саяси партия мен блоктардың саяси жаргондары, слогандары. «Отандықтардың» «Өзім деп дауыс бер» деуі әрбір азаматты өзіне жақын тартуы, оның көкейіне бірден жол табуы еді. Ал «Асарлықтардың» «Біргеміз! Берік іргеміз!» деуі де сәтті ойластырылған слоганға жатады. Бұл қазақ менталитетіне жақын ұғымның, яғни «ірге» сөзінің қолданылуы, слоганның әрі қысқа да нұсқа болуы. «Ақ жолдықтардың» «Ақ жолға дауыс бер» деуі электоратты өзіне бір жағынан бауыр тарта, екінші жағынан бұйыра райлауында. Бұл слоганның да сайлаушылар тарапынан жылы қабылдануы оларды жалықтырмауында. «Аист» блогының «Менің қалауым», 198


«Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» деп тілеу түрінде, қалау түрінде слоганды беруі саяси астарын жойып алған. Белгілі жас саясаткер Е. Қарин өзінің «Жас алаш» газетіндегі сұхбатында «Асар» партиясындағы атқарған қызметі мен сайлау алдындағы және сайлаудан соңғы саяси оқиғаларға сараптама жасайды. Ол тек өзінің жаңа идеяларымен саясаткер ретінде араласу болатын. Ол өз мақсатын биліктің бір партиясын оппозициямен қорықпай диалог жүргізуге үйрету болды [332]. Саяси партия өмірінде болған оқиғалардың бастыларының бірі – саяси реформалар бойынша шараларға қатысу. Бұл оппозициялық бағыттағы партиялардың жұмысына жаңа серпін берді. Саяси реформалар туралы сол уақытқа дейін тек оппозиция өкілдері айтып келгендіктен, ол тек оппозицияға керек сияқты болып көрінді. Президенттік бағыттағы партиялардың бірі осындай мәселелерге араласа бастағаннан кейін осы мәселелерді кеңінен қозғауға мүмкіншілік туғандай болды. Диалог мәселесінде де жас саясаткер. «Асар» тарапынан оппозициялық партиялармен қарым-қатынас орнату, бірлескен әркеттерге бару, әрине, қиынға түскен. Е. Қарин: «Асар» партиясына барғанымды қателік деп есептемеймін, керісінше, бұл мен үшін, менің командам үшін үлкен тәжірибе болды. Бұған дейін тек қана саясаттанушы болып келсек, ендігі жерде көптеген саяси ойындардың тәртібін, ережесін, нақтылы саясатты іс жүзінде көріп, механизмдерін үйреніп, біліп алдық дей келіп, «Асардан» кету себебін былайша түсіндіреді: «Егер сайлау науқаны басталғаннан кейін немесе аяқталғаннан кейін кетсем, онда бұл партияға шартты түрде байланып қалар едім. Сайлау алдында партияның атынан сайлауға дейін белгілі іс-қимылдар жасау бөлек те, «Асар» партиясына дауыс беруге үгіттеу бір бөлек. Сайлаудың алдында саяси мәлімдеме жасап, бұл сайлау науқанының саяси элитаның саяси реформаларды жүргізуге дайындығының көрсеткіші болатынын айтқанмын». «Елде саяси дағдарыстың бар екенін дәлелдеп берейін. Меніңше, терең саяси дағдарыс болмаса да оның белгілері қалыптасты. Біріншіден, партиялық жүйенің дағдарысы. Өткен сайлау науқаны саяси партиялардың нақтылы саяси ықпал ету институтына айналмағанын көрсетті. Саяси партиялардың дайын болмағынымен емес, оларға жол берілмегендіктен. Шын мәнісінде олардың көптеген бастамаларды көтеріп, іске асыруға ниеті бар болғанымен, қолдарында мүмкіншілік жоқ. Ешқандай саяси бастама көтере алмайды, Ешқандай саяси шараны жүзеге асыра алмайды. Екіншіден, сайлау институтының құлдырауы. Сайлау өткендегідей кең ауымдағы заң бұзушылықтармен, бастан аяқ бұрмалаушылықтармен өткеннен кейін, халықтың оған деген сенімі жоғалды»,-дейді сарапшы. Автордың пікірінше, саяси коммункиациялық ақпараттық кеңістікте саяси тұлғалардың БАҚ-тағы сұхбаттары, мәлімдемелері қоғамдық пікірді қозғаушы күшке айналады. Оның дәлелі қазақстандық саяси жүйе, саяси 199


партия және реформалар туралы құнды ойларын бұқаралық арна арқылы таратқан саясаткердің сұхбаты деуге болады. Бұқаралық коммуникацияның қоғамдық сана қалыптастырудағы рөлін қорытындылай келе, мынадай тұжырымдарға келдік: билік саясатының ашықтығы, басқарушы топ пен басқарылушы топ арасындағы диалогтың келісім мен кері байланыстың болуы, әрі оның мемлекеттегі белгілі саяси реформалар мен саяси жүйесін құрылымдауға әсері қоғамдық сананы айқындаушы фактор ретінде.; электронды сайлау жүйесі бұқаралық коммуникациялық процесті модернизациялаудың бір механизмі ретінде қарастыруға болады. 1. Саяси институттар арасындағы үйлесімді жетілдіру механизмдерінің қажеттігін туындатуда. 2. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезеңі азаматтардың қоғамдық санасына ықпалымен қатар, олардың азаматтық ұстанымдарының нығаюына, саяси мәдениеті мен белсенділігінің артуына тікелей ықпал етпек. 3. Билік көп жағдайда саяси оқиғаларды, саяси қозғалыстар мен оппозициялық күштердің әрекетін, БАҚ қызметін бақылауға алған. 4. Қазақстандық бұқараның саяси мәдениеті мен сауаты, саяси мінезқұлқы мен саяси белсендігі біркелкі емес. 5. Республиканың ірі қалаларында қоғамның саяси позициясы белсенді дамыса, ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда біршама енжар. 6. Қазақстандық элиталық топтар елдегі БАҚ-тың ақпараттық кеңістігінде бәсекеге қабілетті нарық құруда ерекше белсенді. БАҚ-тағы саяси ақпараттардың қоғамдық пікір, қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі өте маңызды. Масс-медиа саяси ақпараттарды жариялап, таратқанда адам мүддесі, адамның рухани дүниесі, ізгілік пен шындық принциптері, өнегелік нормалары басты орында болуы тиіс. Автордың пайымдауынша, қазақстандық қоғамда қоғамдық санаға бағытталған құндылықтарды айқындау мен оларды сараптау, осы құндылықтардың бұқараны шоғырландыра, рухтандыра, біріктіре алатындай күші мен әсер етуін жүзеге асыратын билік пен бұқара арасындағы ықпалды белсенді аралық топтар мен азаматтық институт мекемелері жұмыс істеуі тиіс. Сол ықпалды да пәрменді топтың қатарында тұратыны БАҚ болып қала бермек.

200


5 МАСС-МЕДИА ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

САЯСИ

ҚОЛДАНБАЛЫ

ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ

5.1 Қазақстандық бұқаралық коммуникация арналары: саяси позициялары мен даму бағыттары Бұқаралық коммуникация құралдары пайда болғаннан бері оның маңызы, бұқаралығы маңызды саналады. БКҚ-тың аталмыш феномені, әсіресе, ақпараттық технология заманында ерекше мәнге ие болып отыр. Бұқаралық коммуникацияны ғылым саласы ретінде зерттеу қажеттігі туындады. Уақыт өте ғылымның осы саласы бұқаралық коммуникация теориясы ретінде дамыды. «Бұқаралық коммуникация» ұғымы қалыптасуында У. Липпман, Г. Лассуэлл, К. Шеннон мен У. Уивер, Д. Маквейл, К. Дойч, Г. Алмонд сияқты әйгілі ғалымдармен қатар, Дж. Г. Мид, Г. Блумер, П. Лазарсфельд, Р. Мертон, Б. Берельсон, Г. Годэ т.б. шетелдік зерттеушілерді атауға болады. Қоғамның негізін құраушы индвидтердің өзара қарым-қатынас процесінің маңызын Дж. Г. Мид ерекше атап өтеді. Ғалым бұқаралық коммуникация процесіне тән өзгерістерді зерттей келе, БАҚ-тың индивидке ықпалы жайлы ойларын ұсынады. БАҚ ықпалынан индвивид санасында коммуникативтік актілердің «тепе-теңдік мәні» қалыптасуы өндіруші (продуцент) реципиент алдында өндірілген күйінде (редуциенттелген) ұсынылатындықтан ақпараттық қабылдаушы өзін басқа ортада сезінеді, бұл тәжірибе жалпыға бірдей маңызды, қолжетімді болуы да сондықтан деп санайды ғалым [333]. БКҚ теориясы саласындағы зерттеулердің келесі бағытында медиакомуникацияның маңызды аспектісі айқындалған болатын. БКҚ коммуникатор мен реципиент арасында әлеуметтік актор рөлін атқара отырып, қарым-қатынас пайда болады, таралатын хабарламаларға ортақ ойлар оларды біріктерді [334]. Аталмыш тұжырымдар коммуникация ұғымы туралы зерттеулерге негіз болды. Дж. Г. Мидтің идеясын дамытқан Г. Блумер күнделікті таралатын хабарламалардың бұқаралық санаға жеткен деңгейінде пайда болған ұжымдық топты бұқара ретінде анықтайды [335]. Дегенмен баспасөзден басқа бұқаралық ақпарат құралдары пайда бола бастады. Енді «