Page 1

Былтырдан бері ҚР ҰСТҚ ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейге шығарып, жақсы бастама көтеріп жатыр. Оған дәлел ретінде көкпардан өткен 1-ші ашық Азия чемпионаты, Бүркітшілердің халықаралық І фестивалін айта аламыз. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бастап екі рет ат спортынан съезд өткізілді. Бұл еліміз үшін үлкен абырой. Ат спортының ішінде мән берілмей келе жатқан спорт түрі жамбы ату болған еді. Енді міне, Жамбы ату спорты да қолға алынды, қуаныштымыз. Бұл спортымыз да дүркіреп дамып, ұлттық спорттың ішінде өзінің лайықты орнын табатынына кәміл сенемін. Менің көп уақыттан бері көкейімде жүрген көкпар сүйер қауымның назарына ұсынбақшы болып жүрген мәселем бар. Ол жаппай көкпарды бір жүйеге келтіруге байланысты. Жаппай көкпар ел ішінде кең қанат жайып барады және бұл өте қуанышты жайт. Алайда, өкінішке қарай, көкпарды өткізуге жауапты мекеме не ұйым жоқ. Сол себепті, жаппай көкпардың ережесі де жоқ. Қазір командалық көкпар заңды ойынға айналып нақтылы ұйымдастырушы бақылаушы орган белгіленгеннен бері бұл ойын қатты дами бастады. Ал Жаппай көкпар соңғы жылдары бей-берекет қалпында жүйесіз ойналып келеді. Тіпті, адам денсаулығына қауіпті жағдайлар да кездесіп, тәрбиелік мәні күшін жойып барады. Оның серкесінің де салмағы өсіп кетті. Оны 50 келіден асырмаған жөн. Сондықтан, Жаппай көкпардың Ережесін жасап, бір тәртіпке келтіруді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы қолға алып, бір жүйеге келтіруі керек деп есептеймін. Бұған көкпардың жанкүйерлері не дер екен?

Нұрмахан Жолдасов, «Көкпар» федерациясының ОҚО филиалының президенті

Нурмахан жолдасов кокпар туралы