ҰЛТТЫҢ БІРІГУІНЕ НЕГІЗ БОЛҒАН РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Page 1

М. Жетпісбаева. Ұлттың бірігуіне негіз болған рухани құндылықтар

ӘОЖ 1/14 (574) Мейіркүл Жетпісбаева – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты (Алматы) ҰЛТТЫҢ БІРІГУІНЕ НЕГІЗ БОЛҒАН РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР Аннотация. Мақалада этностарды, ұлттарды біріктіруші фактор олардың әрқайсысына тән рухани құндылықтары екендігі қарастырылады, халық пен ұлттардың ұлттық өзгеше пішінінің себебі де, негізі де экономика бола алмайды. Осы көзқарас бойынша ұзақ тарихи уақыттың барысында халықтардың өмір сүру жолдары мен үрдістері, тілі мен ділі, кәсіптерінің сипаты мен түрлері, қоғамдық құрылысы күрделі өзгерістерге ұшыраған күннің өзінде де, халықтың, оны құрайтын адамдардың рухани өзгешелігі сақталады. Түйін сөздер: Этнос, халық, ұлт, қоғам, этика, мәдениет, тарих, еркіндік.

Этностар, халықтар, ұлттар бір-бірінен нәсілдік, биологиялық, туыстық, рулық тағы басқа да табиғи белгілері жағынан ғана ажыратылмайды. Ол белгілердің әрине үлкен маңызы бар, бірақ ең анықтаушы факторлар болып табылмайды. Оларды бір-бірінен ажырататын және іштей бірлікке тартатын негізгі нәрселер – олардың әрқайсысына тән рухани құндылықтары. Осындай көзқарас Философия және саясаттану институты ғалымдарының зерттеулерінде өрбітілген [1]. Табиғи белгілері бойынша бірдей адамдар рухани-құндылықтары тіпті әртүрлі халықтарға жатуы мүмкін. Басқаша айтқанда, осы соңғы өзгешеліктер дүниетанымдық немесе дүниеге көзқарастық сипатта. Оны өмірде бар көптеген фактілерден көруге болады. Мысалы, экономикалық қатынастары, қажетті өнімдерді өндірудің сипатының, оның жалпы деңгейінің бірдейлігі халықтың немесе ұлттардың қалыптасуының ұйытқысы бола алмайды және сондай халықтардың рухани бірдейлігіне де әкелмейді. Еуразия далаларын мекендеген көшпенді түріктер мен монғолдарды салыстырсақ, экономикалық-шаруашылық қатынастары бірдей деп айтуға келетін бұл халықтардың мәдени-рухани келбеттері әртүрлі. Еуропаның экономикасы жағынан бір типтес, халықтары да сондай. Яғни, халық пен ұлттардың ұлттық өзгеше пішінінің себебі де, негізі де экономика бола алмайды. Осы көзқарас бойынша ұзақ тарихи уақыттың барысында халықтардың өмір сүру жолдары мен үрдістері, тілі мен ділі, кәсіптерінің сипаты мен түрлері, қоғамдық құрылысы күрделі өзгерістерге 2 (56) 2013 | Адам әлемі

47


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.