Issuu on Google+

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+ 18 + 15 19 қазан 2013 жыл №128 (19889)

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

мәселе

Пайдасы зор, қаупі де мол... ел-жұрт

Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы, партия жетекшісі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының ке­зек­тен­ тыс ХV сиезі өтті. Сиез жұмысына партияның барлық өңірлік филиалда­ры­нан кел­ген 1200-ге тарта делегат пен үкіметтік емес, жастар ұйымда­ры, дипломатия­ лық корпус өкілдері, мәдениет пен спорт қайраткерле­рі, мемлекеттік құры­лым­ дар мен ұлттық холдингтердің басшылары секілді мыңнан астам шақы­рыл­ған қонақтар қатысты.

4

Қысқа-нұсқа . Алматыдағы Балуан Шолақ

атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/32 финалдың іріктеу шайқастары аяқталды. Кеше Қазақстан құрама­сы­ ның мүшелері бірінші рет шаршы алаңға көтеріліп, өздерінің осы чемпионаттағы ең алғаш­ қы ұрыстарын өткізді. Рингке 52, 64 және 91 келіге дейін­гі салмақтардағы боксшылар шықты.

.

Осыдан біраз бұрын облыстық «Орал өңірі» газетіне өңіріміздегі алғашқы ұстаздардың бірі, Жымпиты орта мектебінде 1937-1941 жылдары директор болған, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Хұси Жұмағалиевтың соңында қалғандарын іздес­

тіру туралы мақала жарық көрген болатын. Көзіқарақты оқырмандардан сүйінші сұрай отырып, Хұси ағамыздың бірге туған ағасы Осанның баласы Қабдірештің (архивте Рақыш деп көрсетілген) ұрпақтары табылғанын хабарлаймыз.

. «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО ПҚ БАИ»-ның ұйымдастыруымен Орал қаласы №30 жалпы білім беретін орта мектебінде республикалық «Жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңі өтті.

. Бүгін велосипед спортынан

жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты басталды. 21 қазанға дейін жалғасатын біріншілік барысында велошабандоздар 15-20 шақырым және 20-30 шақырым бойынша сын­ ға түспек. Веложарыс Бортау­да (Меловые горки) өтуде. Өз тілшілерімізден

С

0

Сенбі,

www.zhaikpress.kz

Нұрлы болашақ жолында

С

0

Тұрғындарға тарту

Құрметті «Орал өңірі» газетінің редакция ұжымы! Сіздерді өзімнің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қарасты Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасы мен басқарманың бағынысындағы барша әскери бөлімдердің жеке құрамының атынан Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінің 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Қаламы қарымды журналистердің арқасында Каспий теңізінің қазақстандық стратегиялық аумағында еліміздің ұлттық-экономикалық қауіпсіздігін және территориялық тұтастығын қамтамасыз етуге тікелей жауапты Қазақстан Әскеритеңіз күштерінің жеке құрамы жайында әзірленген көптеген жедел ақпараттар мен мазмұнды мақалалар «Орал өңірі» газетінде жиі жарық көреді. Бір ғасырға жуық бай тарихы бар басылымда жарияланған тұшымды материалдардың нәтижесінде біздің отандастарымыз еліміздің Әскери-теңіз күштері жайында тереңірек біле түсуде. Әрине, бұл – біздер үшін үлкен мақтаныш және зор мәртебе. Ендеше, достық пейілдегі шығармашылық қарым-қатынасымыз алдағы уақытта да жарасымды жалғасын табады деп сенеміз. Қадірлі редакция ұжымы, сіздерді төл газеттеріңіздің 95 жылдық торқалы тойымен отандық әскери теңізшілер атынан қызу құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, тың шығармашылық табыс және отбасыларыңызға амандық пен құт-береке тілеймін! Ізгі тілекпен, ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал Ж.ЖАНҰЗАҚОВ

5

6


2

ақпарат Сенбі, 19 қазан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Мәслихат хатшылары Таяуда Зеленов ауданында мәслихат хатшылары мен аппарат басшыларының облыстық семинаркеңесі өтті.

бас қосты

Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Алтын алқа» алқасымен наградталсын: ҚҰСПАНҒАЛИЕВА Зәуреш - үй шаруасында, Жәнібек ауданы ХАЛИОЛЛИНА Мәдина - үй шаруасында, Жаңақала ауданы 2. Алты бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Күміс алқа» алқасымен наградталсын: БИЕКЕНОВА Анаргүл Нағымғалиқызы - үй шаруасында, Жаңақала ауданы ИСАЕВА Айнур Евгениевна - үй шаруасында, Қазталов ауданы КАДИРОВА Уринганым Рыскалиевна - үй шаруасында, Жаңақала ауданы КИДИРОВА Дарига - үй шаруасында, Қаратөбе ауданы УМБЕТОВА Алтын Сабырқызы - үй шаруасында, Жаңақала ауданы УТЕГАЛИЕВА Салтанат Бактыгалиевна - үй шаруасында, Жаңақала ауданы ШМАЛИЕВА Сара Қуанышқызы - үй шаруасында, Қазталов ауданы

өндіретін цехын, жеке кәсіпкер Г.Өтебалиеваның кондитерлік цехын, аудандық балалар туризмі және экология орталығын ара­лап, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалында болып, жұмыстары­ мен танысты. Өңірдің тыныс-тіршілігімен та­ нысқан депутаттардың семинаркеңесін аудан әкімі Кәрім Жақыпов ашты. - Өңіріміздегі тың бастама­лар­ дың куәсі болып, игі істермен та­нысып, тәжірибе алмасу мақса­ тында жиналған бүгінгі семинаркеңестің жұмысына сәттілік ті­лей­мін, - деген аудан басшысы аудан­ дық мәслихат жұмысына қысқа­ша тоқталып өтті. Семинар-кеңесте сөз алған об­­лыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар әр депутаттың өз округінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясын түсіндіруді жыл бойы ұйымдасты­ ру, мемлекеттік бағдарламалар­ дың жүзеге асуына депутаттық бақылау жасау, қоғамдық көшпелі отырыстар ұйымдастыру, округ

әкімдерінің есептік жиындарын­да депутаттық іс-әрекеті туралы есеп беру сияқты ұсыныстарын ортаға салып, келер жылдың наурызында болатын мәслихаттың 20 жылдық мерейтойына дайындық жобасын таныстырды. Зеленов аудандық мәслихаты аппараты­ ның жетекшісі Геннадий Терехов аудандық мәс­лихат аппараты­ның және барлық 14 депутаттың жауапкершілікпен атқарған жұ­ мыстарын атап өтті. Аудандық мәслихат депутаты Нұржан Дүзбатыров тәуелсіздік қасиетін терең ұғынған, жаңа мың­ жылдықтағы жасампаз еліміз­дің патриот жастарының белсенділігі мен өзінің халық мүддесі үшін жасап жатқан депутаттық жұмы­ сының мән-маңызына тоқталды. Семинар-кеңесті қорытынды­ла­ған депутаттар «Қазақстан 2050» стратегиясын іске асыру­ дағы зор міндеттерді түйіндеп тарасты.

Надежда ЕСҚАЛИҚЫЗЫ, Зеленов ауданы

Келісім – ел саясатының темірқазығы Нұрлыбек РАХМАНОВ,

«Орал өңірі»

Кеше Рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Облыстық әкімдіктің шағын мәжіліс залында өткен басқосуға Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов төрағалық етті. Облыстық дін істері бас­қарма­ сының басшысы Талғат Нығме­тов өз баяндамасында еліміз бейбіт­шілік пен тұрақтылыққа Елбасы­ ның сарабдал саясаты ар­қасын­да қол жеткізіп отырға­нын атап өтті. Рухани келісім кү­нінің маңызына тоқталған Талғат Рахымұлы об­лыс­ тағы діни ахуалды да тілге тиек етті.

Үзінді

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Қ

азақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Жолдауында белгіленген шараларды іске асы­ру, мәслихаттың белсенділігін арт­тыру жөніндегі міндеттерді орын­дау аясында жоспарланған се­минар-кеңеске облыстық мәсли­ хаттың хатшысы Мәлік Құлшар мен Орал қалалық мәслихатының хатшысы Марс Сатыбалдиев қатысты. Ауданға келген делегаттар алдымен түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, қоғамдық тұрақтылыққа лайықты үлес қосып отырған ау­дандық «Дос­тық» мәдениет үйіне бас сұғып, этномәдени орталық­ тардың жұмы­сымен танысты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша бой кө­ терген тұрғын үй құрылысымен танысу барысында аудандық жұ­­­мыспен қамту орталығының ди­ рек­­торы В.Баштавенко келіп қо­ныс­танатын тұрғындардың бала­ ларын мектепке, өздерін жұмыс­ қа орналастыру, мамандық мең­­герту шараларының шешімін та­ба­тындығын жеткізді. Одан кейін меймандар «Жұ­ мыспен қамту - 2020» бағдар­ла­ масы аясында республикада ал­ғаш болып тың жобаны іске асырып жатқан «Антей» ЖШС-ның кәріз құдығына қажетті материал

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖАРЛЫҒЫ

Рухани келісімнің арқасында елімізде түрлі ұлт өкілдері діни наным-сенімдерінің сан алуандығы­на қарамастан тату-тәтті өмір сү­ру­де. Жиынға да түрлі ұлттың эт­ но­мәдени бірлестіктері басшы­ла­ры, дін саласының қызметкер­ле­рі қатысты. Дөңгелек үстел отырысында

облыс имамы Руслан Тыныштық­ ұлы, архимандрит Феодосий, Орал қаласындағы Рим-католик приходының настоятелі Петр Сакмар, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі Данилбек Саратов, «Мирзоян» армян этномәдени бірлесті­гінің төрағасы Аветик Амирханян ойпікірлерін білдіріп, ұлтаралық та­тулық пен келісім ел саясаты­ның темірқазығы екендігін атап көрсетті. Шара соңында Қазақстан хал­ қы БҚО ассамблеясы мүшеле­ рінің өңір жұрт­­шы­лығын ынты­мақ пен тұрақтылық­ты нығай­ тып, жетілдіруге шақыр­ған үндеуі қабылданды.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2013 жылғы 4 қазан №662

Айт қарсаңындағы қайырымды іс Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Орал өңірі»

Реда��циямызға «Дәдем ата» қоғамдық қорының төрағасы Ғарифолла Жамбозов келді. Ағамыздың облыс басшыларына, кәсіпкер азаматтарға айтар алғысы бар екен. – Жергілікті халық «Дәдем ата» деп атап кеткен Жұмағазы хазірет кесенесіне зиярат ету­ге жаз айларында аптасына мың адамға дейін келеді. Кешегі Құрбан айттың алғашқы күні 300 адамдай жиналып, екі ірі қара, 20 шақты қой сойылды. Алла жолында құрбан етілген садақа жоқ-жітіктерге таратылды, – дейді Ғарифолла. Ел-жұрт ерекше құрметтей­ тін әулиелі мекенді абаттандыру, зиярат етуші қауымға қо­ лайлы жағдай туғызу – «Дәдем ата» қорының соңғы жылдары жүйелі түрде қолға алған жұмыстарының бірі. Осының нәтижесінде бү­гінде ол жерде бір мезгілде 150-200 адамға дейін қабылдай алатын үлкен қонақүй, қос мұнаралы мешіт ғимараты пай­далануға берілген. 2012 жыл­дың қараша айында электр желісі тартылды. Бүгінде әу­лиеге тәу ете келген зияратшыларды күні-түні жаюлы дастар­қан, шырақшықызметшілер кү­­тіп алады. Зия­ рат аумағына өрнектастар төселіп, ерекше абаттанып ке­леді. Ең соңғы жаңалық – Құрбан айт күні қарсаңында

аталмыш мекенге көгілдір отын – табиғи газ құбыры тарты­лып­ ты. - Бұл – біз үшін ерекше қуаныш! Ел-жұрт құрметтеген әу­лиелі мекенді әлеуметтік қа­жеттіліктермен қамтамасыз етуге облыс басшылары оң көзқарас танытып келеді. Сол үшін де облыс әкімі Нұрлан Асқарұлына, оның орынбасары Алмаз Бадашевқа, 3,4 ша­ қырымдық газ құбырын тегін тартып берген «Құрылысгаз» ЖШС басшысы Кәримолла Жақыпов мырзаларға халық атынан зор алғыс айтамын, – дейді Ғарифолла Жамбозов. «Дәдем ата» қоғамдық қо­ рының төрағасы зиярат басын­ дағы әрбір бастамаға қолдау білдіріп, барынша көмек көр­ сетіп жүрген тұрақты демеуші Дамир Нұғмановқа, барша қауымға алғысын облыстық «Орал өңірі» газеті арқылы жеткізуді жөн көріпті. Ғарифолла Жамбозовтың айтуына қара­ ғанда, алдағы жылы зияратшыларды әулие кесенесіне апа­ратын тас жол мәселесі де демеушілердің көмегімен шешіліп қалмақ.


20 қадам oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 19 қазан 2013 жыл

Шежіндегі шағын наубайхана «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы талай отбасының тірлігіне қуат берді. Тасқала ауданының Шежін ауылындағы Дүйсеновтер отбасы да Елбасы бастамасымен өмірге келген аталмыш бағдарламаның игілігін көріп отырған жандардың қатарынан. Олар биыл бағдарлама бойынша 3 миллион теңге жеңіл несие алып, шағын наубайхана ашты. Нысанның іске қосылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Қуат Мусин елімізде шағын бизнестің қанаттануына барлық жағдай­ дың жасалғандығын, кәсіпкер­ лікті қолдауға бағытталған түр­ лі мемлекеттік бағдарламалар халықтың шынайы игілігіне айналып отырғандығын атап көрсетіп, нысанның іске қосы­ луымен ауыл тұрғындарын құт­ тықтады.

Наубайхана иесі Светлана Дүйсенова – ғұмырының талай жылын есеп-қисапқа арнаған есепші. Осыдан он жыл бұрын қысқартуға ұшырап, үйде отырып қалды. Қаржының көзін білетін Светлана араға бес жыл салып, ауылдан кафе ашты. Аз уақыттың ішінде жұмысын дөң­ геленте білген кәсіпкер араға

тағы да бес жыл салып, екінші шағын кәсіпкерлік нысанын іске қосып отыр. Шағын наубайхана бірден 72 нан пісіруге қауқарлы. Ұнды илейтін және қамырды басатын құрал-жабдығы толық алынған. Нысанның іске қосылуымен бірге төрт жаңа жұмыс орны ашылды.

- Біз несие алған бағдарлама нағыз қарапайым халыққа ар­ налған жоба. Пайызы төмен, арасында 18 айлық демалысы бар. Бұл елдегі дұрыс сая­сат пен шағын бизнеске деген ел басшыларының оң көзқарасының жемісі деп бі­ лемін. Біз тек нан пісірумен шек­телмейміз. Наубайханаға жұ­мысқа кіріскен қызметкер­ лер аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Орал қаласында кәсіптік қайта даярлаудан өтуде. Сол мамандар келгеннен кейін түрлі тәтті нандар мен торттарды да пісіру ойда бар, - дейді Светлана Файзоллақызы. Отбасы бизнес жоспарға сәйкес несие қаражаттың 1,8 млн. теңгесін наубайхана ашуға, 1,2 млн. теңгесін мал сатып алуға жұмсады. Сөйтіп, отағасы Тельман Дүйсенов атакәсіпті мық­тап қолға алмақшы.

Думан ЗЕЙНЕЛ, Тасқала ауданы

Кәсібін дөңгелеткен

«Нұр-Ғасырдың» өрісі Аудан орталығы

Чапаевта 2006 жылы

құрылған «Нұр-Ғасыр» ЖШС-ның жұмысы қазір облысқа танымал. Оның жетекшісі Нұрлан Са­лықов – жұмысты ұйымдас­ ты­рудың ретін білетін азамат. Бұған дейін аталмыш ме­ке­ менің Есенсайда, Сары­то­ғайда, Ба­зар­тө­беде мәдениет үй­ле­ рі­не күрделі жөндеу, аудан орталығында бой көте­ретін 54 үйдің инженерлік-ком­му­ни­ ка­ция­лық жүйелерін жүргізу, Жұбан ақын туған Сайқұдықта мәдениет үйін тұрғызудағы тындырымды істерімен ерекшеленгені бар. «Нұр-Ғасырда» чапаевтық 21 жігіт еңбек етуде. Олардың арасында талап пен тәртіп қалыптасқан.

Н.Салықов өткен жылы Ча­ паевқа кіреберістен жер алып, қарағай тілу цехын ашты. Жаңа кең қойма тұрғызды. Тапсырыс қабылдай отырып, қалауынша төбелік, едендік қарағайлар тіледі, өңдейді. Керек етсеңіз, үйіңізге жеткізіп береді. Қамыс қабырғалар құрастырып, әжет­ ханалар жасайды. Құрылыс заттарын сататын дүкен жұмыс істеп тұр. Түрлі өлшемдегі темір құбырларды да осыннан алуыңа болады. Облысымыздың Жаңақала, Қазталов, Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарынан да келіп қарағай алушылар жетерлік. Осылайша «Нұр-Ғасырдың» шаруасы шалқи түсуде.

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ, Ақжайық ауданы Суретті түсірген автор

Қазталовтық Әлібек Сартаев алғашында үйінің жанынан дөңгелек жөндеу шеберханасын ашқан еді. Кейін ісі алға басып, орталықтан шағын ғимарат салып, заман талабына сай жаңа қондырғыларды сатып алды. Бүгінгі заманда автокөлік­ тің түр-түрі көбейді. Оларға қызмет көрсететін орындар да ашылуда. Бұрын автокөлік жөндеу бекеттерін тек қаладан көретінбіз. Ал ауылда көліктің «тілі мен ішекбауырын» тү­сі­нетін азаматтар үйінің жа­нындағы гараждарынан оны-мұнысын жөндеп алатын. Қа­зір ауылдарда да қызмет көр­сету орталықтары ашылып, шо­пыр­лардың көзі ашылды. - Күннен-күнге көліктердің саны артып келеді. Ауылдың ішінде қанша көлік барын санаудың өзі артық. Көлік дөңгелектерін жөндеу халық үшін бірден-бір қажет деп есептеймін, - дейді дөңгелек­ ке заманауи құрылғылармен түрлі қызмет көрсететін жеке кәсіпкер Әлібек. Қашан да қызу жұмыстың ортасында жүретін Әла­қаң дөңгелек жөндеу ғи­ма­ратын кеңейтіп, жылу жүр­гізіп, жы­­лы­­ ту қазандығын бөлек шы­ғар­ған. Бүгінгі таң­да тек дөң­­ге­­лек

жөндеу емес, авто­кө­­лік­­тер­ дің ақауын қарай­тын це­хы да жұмыс жасап тұр. Со­ны­мен қатар осы ше­бер­ха­на­­сы­­ның жанынан авто­бөл­шек­­тер сатуды қолға алған. Авто­бөл­ шектерді сонау Ре­сей­дің Тольятти қаласынан алып, са­па­сы­на көңіл аударып, тиім­ді бағамен сатуда. Әлібек Сартаев өз қаражаты есебінен болашақта автокөлік жуу, ағаш жону шеберханасын ашу жоспарда бар екенін, оның барлық құрылыс материалдары дайын екенін айтқан еді. - Автокөліктердің дөңге­ лек­терін жөндеуде Айбек Ба­ты­ровтың еңбегі зор. Тұты­ ну­шы­лардан ешқандай ескер­ ту алып көрген емес. Бұл жұ­ мыстар екінің қолынан келе бермейді, - дейді Әлақаң бізбен әңгімесінде.

Тұрарбек АҚМУРЗИН, Қазталов ауданы

Жүзуден

3

жарысты

Қайырымдылық айлы­ғы­на орай қала­мыздағы «Жа­йық са­малы» жүзу бассейнінде мүм­кіндігі шектеулі жандар арасында жү­зуден облыстық турнир өтті. Сайыста №15 мектеп, Круг­ лоозерный психо­не­вро­логиялық ме­ди­ци­на­лық әлеу­меттік мекемесі жә­не Көшім балалар пси­хо­ невро­логиялық меди­цина­лық әлеу­меттік ме­кемесінің тәр­бие­ ленушілері бақ сынасты. Нәтижесінде ерлер арасында еркін жүзуден Көшім балалар психоневрологиялық ме­ди­ циналық әлеуметтік меке­ме­сі­нің тәрбие­ле­нушісі Нұрберген Се­ рікбаев, жү­зу­дің брасс түрінен №15 мек­теп­тің тәрбиелену­­ші­ сі Илья Парамонов жеңімпаз атанды. Ал әйелдер арасында сәйкесінше Круглоозер­ный пси­ хо­неврологиялық ме­ди­ци­на­­лық әлеуметтік меке­месінің тәр­бие­ ленушісі Елена Шмыкова және №15 мектептің тәрбиелену­ші­сі Людмила Зинченко жеңіс тұғы­ры­ нан көрінді.

Салоникиден – жүлдемен Грекияның Салоники қала­ сында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі мәреге жетті. Облыстық туризм, дене шы­нық­ тыру және спорт басқар­масынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш чемпионатқа әлемнің 24 елінен 484 спортшы қатысқан. БҚО-дан сегіз балуан ел намысын қорғап, соның үшеуі жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, Гауһар Сағадат 75 келі салмақта күміс медальді жеңіп алса, Айбек Аймағамбетов (60 кг) пен Раушан Қадырғалиева (40 кг) қола жүлдені еншіледі.

Көшеттер отырғызбақ Бүгін сағат 9-да Зашаған кентіндегі №10 мектеп аумағында күзгі ағаш отырғызу сенбілігі өтеді. Сенбілікке Орал қаласы әкім­ шілігінің аппараты мен әкім­діктің бөлім қызметкерлері, қалалық мәс­лихат депутаттары қатысады. Сенбілікте 2 мың дана үйеңкі, 100 қараған ағашының көшеті егілмек.

Өз тілшілеріміз


4

сиез Сенбі, 19 қазан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Нұрлы болашақ жолында Мемлекет басшысы, “Нұр Отан” партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан ХV сиезде “Нұр Отан” партиясының жаңа доктринасы қабылданды. Сонымен қатар сиез барысында партияның саяси кеңесінің құрамы өзгеріп, партия Жарғысына қатысты өзгертулер мен толықтырулар талқыланды. Бұған қоса сиез аясында Үкімет мүшелері және аймақтық филиалдардың жетекшілері қатысқан парт��я саяси кеңесі бюросының кеңейтілген жиыны өтіп, бұл басқосуда партиялық аппарат жұмысының сапасын арттырып, партиялық жүйені жетілдіруге қатысты мәселелер пысықталды.

Сиездегі сөзінде Елбасы ең ұлы жолдың өзі шағын қадамнан басталатынын айта отырып, осыдан 14 жыл бұрын партияның алғашқы сиезіне не бары 400 ғана делегат қатысқанын ес­ ке салды. «Аз ғана жылда «Нұр Отан» партиясы 250 филиалы 6300 бастауыш ұйымы бар алып ұйымға айналды. Елдік істердің барлығына белсене араласуда. Менің бастамаларыма әрдайым қызу қолдау білдіріп, идеяларымды құлшына іске асырып келеді. Осы арқылы аса ауқымды тәжірибе жинадық. Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді. «Нұр Отан» - нақ­ты нәтиженің, ілкімді істің партиясы. «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» деген сөз бар. Күнімізді шуақты ету үшін елімізді қуатты ету – баршамыздың ортақ па­рызымыз», - деді Н. Назарбаев. Елбасының айтуынша, ХХІ ғасырда ғылыми жаңалықтар маңызды рөл ат­қарады. Осыған орай Н.Назарбаев бо­лашақ энергиясымен, балама қуат көз­ дерін ашумен жұмыс істеу қажеттігіне баса назар аударды. «Бүгінгі таңда отандық дайын өнім әлемнің 111 еліне экспортталады. Қазақстандық экспорт тек шикізаттық ресурстар - мұнай, газ, металл ғана емес. Бұлар аккумулятор­ лар, трансформаторлар, металл құбыр­ лар, тыңайтқыштар, азық-түлік және басқа да тауарлар. Біздің жерімізде еш уақытта машина, локомотив, вагон, тікұшақ құрастырылған емес. Толық­тай алғанда, индустрияландыру бағдар­ ламасы аясында елде біздің жеріміз­де еш уақытта болмаған 250 жаңа өнім түрі игерілді», - деді Мемлекет басшысы. «Біздің алтын-валюта қорымыз өсіп келеді. Ағымдағы жылы ол ұлттық қор қаржысын қоса алғанда 90 млрд. доллардан асып жығылды. Бұл әлемдік экономикада орын алатын кез келген қиындық пен катаклизмге біздің кепі­лі­міз әрі жауабымыз болып табыла­ды», - деді Елбасы. Сөз арасында әлемдік даму конъюнктурасына тоқталған Елбасы бұндай дағдарысты дамудың ел экономикасы­на өз әсері де болатынын жеткізді. «Еліміздегі индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту жұмыс­та­ рының арқасында біз күрделі жағдайды қалыпты жолмен еңсеріп келеміз. Біздің фермерлеріміз мол астық жинады. 20

Меңдіхан ӘДІЛОВ, «Оралагрореммаш» АҚ-ның қызметкері: - Бүгін – партияның тари­ хын­да қалатын елеулі күн. “Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында! атты доктринада ұлт­тық идеологиямыз бен ұлттық құндылықтарымызды, тари­хы­мыз бен руханиятымызды жаңғырту және сақтап қалу басымдықтарының қам­тылғандығы қуантады. Жаһандану заманымен сай дамып келе жатқан партияның жаңа саяси доктрина­ сында тәрбиеге көп мән берілген. Тәрбиеге, иман­ дылыққа негізделген, жас ұрпақтың дұрыс азамат болып қалыптасуының барлық сатысы жазылған доктринаның қазақстандық қоғам үшін маңызы зор. Света ҒАНИЕВА, облыстық тілдерді дамыту басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

миллион тонна астық! Осыған орай ауыл шаруашылығы мамандарын осындай жеңістерімен құттықтаймын», - де­ді Нұрсұлтан Әбішұлы. Сонымен қатар Елбасы Парламент­тегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы­ ның салық салу мәселелеріне қатыс­ты берік ұстанымын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы сән-салта­ наттыққа, элиталы жылжымайтын мү­ лікке және сигарет, алкоголь сынды басқа да жаман әуестіктерге жанама салық енгізу қажеттігін баса айтты. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бү­ кіл қоғамның ортақ шаруасы. Бұл ретте Н.Назарбаев партия мен құқық қорғау құрылымдарының міндеті сыбайлас жемқорлықпен күресушілерді қорғау екендігін атап өтті. «Жастар - бұл біздің алтын қоры­ мыз. Жас қазақстандықтардың партия­ ның, жалпы Отанымыздың бағдарын қолдауы және 2050 жылға дейін ар­ налған бағдарламаны жүзеге асыруға кеңінен қатысуы тарихи, моральдық, тұрақтандырушы зор мәнге ие. Біздің елімізде жасалғанның барлығы да ең алдымен сіздерге жасалды және мақсатмұратымыз, “Қазақстан – 2050” стратегиямыз да сіздер үшін», - деді Мемлекет басшысы. «Еліміздің тәуелсіздігі ұзағынан болуы үшін, біздің көк туымыз мәңгілік желбіреуі үшін, мәңгілік ел болуы үшін келер ұрпақ бізден де жақсы жұмыс істеп, бізден де Отанын қатты сүюі керек. Шын жүрегіменен, жаныменен, тәніменен елім үшін, жерім үшін деп, өзім үшін деп еңбек етуі керек. Тек қана еңбекпен бақытты боласың», - деді Елбасы. Мемлекет басшысының атап өтуін­ше, кейбір араб елдері ақшаны халқы­ на таратып беріп, жұмыстан ажыратып алды. Қазір такси жүргізетін де өз адамдары жоқ. Барлық жұмысты шеттен келген азаматтар істейді. Осылайша еңбек етуден қалды. Ал күніне 10 сағат жұмыс істейтін кәрістер бүгінде дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елі болса, демалыстан көз ашпаған грек елінің қазіргі жағдайы белгілі. «Барлығы еңбекпенен жасалады. Бақыт басыңа еңбекпенен келеді. Өз еңбегімен тапқан бір түйір нан тәтті болады. Бекер келген байлық бекер кетеді. Оның бәрін көріп жүрсіздер», - деді Ұлт Көшбасшысы. Елбасы «Нұр Отан» мемлекеттік тілді нығайту, қазақтың дәстүрін, мәдение­ тін жаңғырту жұмыстарының тиімді жүйесін жасауы тиіс дей келе: “Доктри­-

нада мемлекеттік тіл ел бірлігінің фак­торы ретінде аталғаны да аса маңыз­ды. Бұл мәселеге барынша ден қоятын кез келді. Қазақ тілін білу – азаматтық парызымыз ғана емес, ұлтқа деген құрмет. Отан деге­німіз – отбасындағы өнегелі тәрбиеден басталады. Осыны әрбір азамат есінен шығармауы тиіс. 2025 жылға дейін мектептегі ба­лалар түгел қазақша оқып шыққан кез­­де барлығымыз қазақ тілі­не көше­тін­дігімізді айттық. Конституцияда екі тіл­ділік деген мәселе бар. Бұл - елдің бірлігі үшін, сыртымыздың және іші­міздің бүтіндігі мен тынышты­ғы үшін жасалып отырған амал. Тә­у­елсіздік ал­ған жылы халқымыз қанша болғанын баршаңыз білесіздер. Ал қазір қазақ­ша сөйлейтін халқы 70 пайыздан ас­қан өңірдің барлығы қа­зақ тіліне көшу керек», - деді Елбасы. «Біз бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманға қол жеткізгені­мізді мақтан ете білуіміз керек. Ұлты­ мыздың ұлы тарихының жаңа тарауы қуатты да табысты тәуелсіз мемлекеттің шежіресі болып жазылуда. Айтатын сөз біреу-ақ: елдің бірлігі - қазақтың бірлігі. Соның арқасында осындай табыстар­ға жеттік. Тәуелсіздіктің қиыншылықпен келіп, оны ұстап қалу оңай емес екенін халқымыз білді. Осыны түсініп отырған, бір жұдырықтай жұмылып отырған хал­ қыма шын жүрегімнен алғысымды айтамын, бақыт тілеймін!» - деді Президент. «Алдымызда, көріп отырсыздар, биікбиік белестер бар. Оларды алқынбай алу, белестерді бірлікпен бағындыру біздің өз қолымызда. Мызғымас бірлік пен тынымсыз еңбек, жасампаздық пен жаңашылдық, жауапкершілік біз­ дің ең басты құралымыз - осылар. Біз өзімізді ұдайы қамшылап алға ұмты­ла білсек қана, “Қазақстан – 2050” стра­ тегиясындағы биік мақсат­тарға қол жеткізе аламыз. Партиямыз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Мәңгілік елді бірге жасайық. «Нұр Отан» алға, Қазақстан алға!» - деп аяқтады сөзін Мемлекет басшысы. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV сиезінде партияның жаңа док­ тринасы бірауыздан қабылданды. Сон­дай-ақ партияның жаңа эмблемасы, жаңа атауы бекітіліп, халықтықдемократиялық деген тіркес алынып тасталды.

«Қазақпарат» материалдары негізінде әзірлеген Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ

- Сиезді ерекше ықыласпен тыңдадым. Партияның док­ тринасы делегаттар арасын­да қызу талқыға түсті. Осы құ­жаттағы «Мәдениет пен руха­нилық қоғамды біріктіреді. Мәдениет – өмірдің өнерден, тарихи мұрадан, дәстүр мен тілден нәр алатын аса маңызды саласы. Біз қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мә­ дени және рухани құндылықтарды сақтап, ұлғайта түсуді жақтаймыз» деген сөзі жаныма жақын. Ал сиез барысында сөз алған белгілі қаламгер, сенатор Нұрлан Оразалиннің айтқаны ұнады. Же­ңіс­ теріміздің арқауы – Елбасымыз бен елдің бірлігі. Иә, Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясындағы Қа­зақстан Республикасын Қазақ Мемлекеті деп атауға қолдау білдіруін біз де ерекше толғаныспен қабыл­ дадық. Өзгүр ДЕМИРАЛ, «Каризма» ЖШС-ның директоры: - Қазақстан менің екінші Отаныма айналды. Түбі бір ха­ лық болғандықтан, қазақ елі­нің жеткен жетістіктеріне қуа­нып, сүйсініп жүреміз. «Нұр Отан» партиясының XV сие­ зінде партияның жаңа саяси доктринасының жобасы, партияның алдағы онжыл­ дықтағы міндеттері талқыланатынын теледидардан естіп білдік. Қазақстан бүгінде дүние жүзіне танылды. Мұның барлығы ел ішіндегі ұлтаралық татулық, береке-бір­ лік­тің нәтижесі екені белгілі. Осындай ынтымақтың арқасында ел экономикасы дамуда, халықтың әлеу­ меттік ахуалы жақсаруда. Кәсіпкерлік даму үстінде. Менің өзім де Орал қаласынан жиһаз цехын ашып, іске қостым. Бұған мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау саясатының ықпалы зор болды. Алтынбек КЕРЕШЕВ, «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдықсаяси институт директорының көмекшісі, сиезге қатысушы: - «Нұр Отан» партиясының ке­зектен тыс XV сиезінде пар­ тияның келешектегі даму бағ­дарын айқындайтын “Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолын­да» атты саяси док­ трина қабылданды. Сиездегі қоз­ғалған басты мәселе ел тәуелсіздігін баянды ету, халқымыздың береке-бірлігін нығайта түсу жайында болды. Бұл ретте сиез барысында белгілі болғаны – «Нұр Отан» партиясының алдағы даму бағытында ұлт­тық құндылықтарға ерекше мән берілмек. Мәсе­лен, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ұлттық спорт, өнер, салт-дәстүрді жандандыруға айрықша көңіл бөліне­тін­дігі айтылды.


мәселе Сенбі, 19 қазан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Пайдасы зор, Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі» Жердің асты мен үстінде таусылмайтын мәңгілік ештеңе жоқ. Энерготапшылықтың ащы дәмін өзге елдер әлдеқашан сезінді, түйсінді. Қазба байлықтың түгесілуін күтпеген Еуропа балама қуат көздерін пайдалануға көшті. Немістер желден, күннен, судан қуат өндіріп, баламалы қуат көздерін пайдалануды өзгелерге насихаттауда жарап тұр. Өнегесі озық мемлекеттерден жақсыны үйренуге батыл қадам біздің елімізде де жасалуда. Өткен жылы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңды да қабылдап қой­ дық. Онда балама қуат көздерін табу мәселесімен қатар «қуатқа қомағай» Ильичтің шамдарынан біртіндеп «құтылудың» жайы да қарастырылған. Өткен жылдың шілдесінен бастап 100 ваттық шамдарды пайдалануға тыйым салынды. Биылғы қаңтардан бастап 75 ваттық шамдарды қол­данбайтын болсақ, алдағы жылдан бастап 25 ваттық шамдарды өндіру, сауда­лау заңға қайшы болмақ. Оларды қуат үнемдегіш шамдар алмастыруда. - Қазіргі күннің талабына сәй­ кес күнделікті тұрмыста қуат үнемдейтін құрамында сынап бар шамдарды пайдалану қажеттілігі артуда. Бұл шамдарды пайда­ла­ ну экономикалық жағынан тиім­­ді болғанымен, пайдалану барысында ұқыпсыздық, жауап­сыз­­дық салдарының қоршаған ор­та­ға, адам денсаулығына тигізетін айтарлықтай зияны бар. Қазіргі пайдаланып жүрген шамдардың құ­­рамындағы сынап адам ден­ сау­лығына төнетін қауіптілігі жө­ нінен І санатқа жатады, яғни өте қауіпті және қауіпті химиялық зат болып есептелінеді. Сондай-ақ сыртқы қоршаған ортада табиғи ылғалмен (жаңбыр, қар) қосылуы нәтижесінде пайда болатын сынап буының әр түрлі органикалық қосындылары да адам денсаулығына едәуір зия­н тигізеді. Құрамында сынап бар шамдарды ұқыпсыз пайдалануы немесе пайдаланғаннан кейін кез келген жерде қалдыру салда­­рынан сынап буы қалыптасады. Бұл бумен дем алу нәтижесінде адамның бауыры, бүйрегі, жүй­ ке жүйесі, асқорыту жүйесі за­ қым­данады. Осыған байланысты кәдеге жарамай қалған құра­мын­ да сынап бар энергия үнем­деуші шамдар мә­се­лесі туындауда, - деді об­лыс­­тық табиғи ресурстар және та­би­ғат пайдалануды реттеу бас­ қар­ма­сы­ның бас маманы Фариза Сұлташева. Айтса айтқандай, заңды шикілей қабылдап алып, оның зиянды жағын енді ескеріп жатқанға ұқсаймыз. Облыс орталығы мен

қаупі де мол...

5

Таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Назарбаев «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына баса назар аударып, заңсыз пәтер иеленген «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қызметкерлері мен олардың туыстары атына қатаң сын айтқан болатын.

Бағдарламаға өзгеріс енгізілуі мүмкін елді мекендерде құрамында сынап бар энергия үнемдегіш шамдар пай­даланылғаннан кейін тапсыратын арнайы контейнерлермен жабдықталған бекеттер мен орындар жоқ. БАҚ беттерінде бұл шамдардың зияны мен қауіпсіз пайдалану туралы ескертулері бар хабарлама немесе жарнамалар­ дың жариялануы сирек. Сондайақ сауда орындарында сатылып жатқан шамдардың орамында жарамсыз болып, істен шыққаннан кейін не істеу қажеттігі жөнінде нұсқау атымен жоқ. Облыс көлемінде шамдарды жинаумен шұғылданатын арнайы кәсіпорындар анықталған. Орал қаласы бойынша «Мұстафин» ЖК, «Уралвторма» ЖШС, «Жол пайдалану кәсіпорны» мекемесі, Ақсай қаласы бойын­ша «РегионГазПроект» ЖШС, «Грин­Аксай» ЖШС бар. Құрамында сынабы бар шамдарды залалсыздандырумен шұғылданатын 2011 жылы құрылған «Талап» АҚ-ның «Эко­ тром-2» қондырғысы бар цехы жұмыс істейді. Қондырғының қуа­ ты тәулігіне 150 шамды құрайды. БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу бас­ қармасымен жыл сайын «Қор­ шаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар» бағдарламасы ар­­қылы мемлекеттік сатып алу тә­сі­лімен құрамында сынап бар шамдар мен құрылғыларды за­лал­ сыздандыруға 4 миллион теңге қаржы бөлінеді. Бұл қаржыға 30-35 мың дана пайдала­­ныл­ған сынапты шам мен құрыл­ғы жиналып, залалсыздандыры­лады. 2012 жылы «Талап» АҚ, 2013 жылы «MolBol» ЖШС мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша бұл

жұмысты жүргізуді мойындарына алды. Жұмыс барысында бюджеттік мекемелерден пайдаланылған құрамында сынап бар шамдар мен құрылғылар жиналып, залалсыздандырылады. Биыл осы жұмыс шеңберінде тұрғындардан 1000 дана сынап құрамды шам жиналып, залалсыздандырылды. Қалада сынапты шамдарды қа­былдаумен айналысатындар­ дың бірі «Мұстафин» ЖК сынапты шамның 100-ден астамы жиналып қалды деп 51-50-49 нөміріне қоңырау шалсаңыз, көлікпен барып, қабылдап алады. Немесе жеке кәсіпкерліктің Орал қаласы, Дамбы тұйығы, 5/1 мекенжайына аяқтай барып тапсыруыңызға болады. «Мұстафин» ЖК-ның басшысы Абай Мұстафиннің айтуынша, істен шыққан қауіпті шамдарды тек заңды тұлғалар ғана тапсырады. Ал жеке тұрғындар арасында ондай шамдарды тапсыру мәдениеті қалыптаспаған. Кәсіпкер тұрғындарды ынталандыру үшін олардан қабылданатын шамдарға белгілі көлемде өтем­ ақы төлеу мәселесі шешілгенін жөн санайды. Қазір кәсіпкерлік залалсыздандырылатын шамдар­ды қабылдағаны үшін тұрғындар­дан әр шам үшін 150 теңге шамасын­ да ақы алады және шамдарды теміржолмен Астана қаласына апарып, залалсыздандыруға тапсырады. Сол себепті тұрғындарға қолданыстан шыққан шамды тап­ сырғаннан гөрі қоқыс жә­ші­гі­не тастай салған тиімді көрінетіні жасырын емес. Мә­се­ле­нің түйткілі үкіметтік деңгейде ар­на­йы бағ­ дарлама қабылдау ар­қы­лы ше­ шілетіні сөзсіз.

Фариза Сұлташева, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы: - Қазіргі күні тұрғындардың пайдаланып отыр­ ған қуат үнемдегіш шамдардың құрамында сынап бу күйінде болады. Осы сынап буында электр заря­ ды жүріп, жарықтанады. Энергия үнемдегіш шамды сындырған жағдайда сынап ауаға тарап, адам осы сынап буымен дем алады. Нәтижесінде сынап адам ағзасында жиналып, денсаулыққа қайта­ рымсыз зиян келтіреді. Осыған байланысты тұрғындардан құрамында сынап бар энергия үнемдегіш шамдарды тұрмыста пайдаланғаннан кейін, кез келген жерге лақтырып тастамай, арнайы орынға тапсырғаны жөн.

Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі» Осыған орай, бейсенбі күні ҚР Президенті жанындағы ор­та­ лық коммуникациялар қыз­ме­ті баспасөз мәслихатын ұйым­ дастырды. Оған «Бәйтерек» ұлт­­ тық басқарушы холдингі» АҚ бас­қарма төрағасы Қуандық Би­ шімбаев пен «Қазақстанның тұр­ ғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚның басшылары шақырылды. Жиын барысында Қуандық Бишімбаев жоғарыда айтылған жағдайға байланысты нақты тү­ сініктеме беріп, мұндай заң­сыз­ дықты болдырмау ба­ғы­тында қолға алынып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Төрағаның баяндауынша, «Қа­зақстан тұр­ ғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ биылғы 19 маусымда «Бәйте­ рек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның сенімді басқаруы­на берілген. Арада бірнеше күн өткенде депутаттар тарапынан жолданған сауалға байланысты холдинг тарапынан комиссия құрылып, банк жұмысына тексеру жүр­гізілген. - Тексеру нәтижесінде комиссия мүшелері сатып алушылар пулын қалыптастыру ба­ры­ сында бірқатар процеду­ра­лық нормалардың бұзылға­нын анық­­тады. Мемлекеттік бағ­дар­ла­­ма бойынша са­лын­ған бас­па­на­лар­ дың құны на­рық­­­та­ғы­дан әл­­де­­ қайда арзан. Осыған қы­зық­қан банк қызметкерлері өз­де­рі­не және туыстарына арзан үйді алып қалуға тырысқан. Тексеру барысында бұл жағдаяттар расталды. Қазіргі таңда заңсыз пәтер алушыларға ескерту хат жіберілді. Егер олар екі апта ішінде пәтерлерін өз еріктерімен босатып бермесе, онда оларды сотқа беруге тура келеді. Тексеру қорытындылары Үкіметке жолданды. Бүгінде Елбасының тапсырмасы бойынша баспана бөлу мәселесіне қатысты заңсыздықты жоюға бағытталған іс-шаралар қолға алынуда. Мысалға айтар болсақ, біз екі бірдей басқарма мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтаттық. Кейбір басшылар өз еркімен қызметтен кетті. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының шешімімен банк басқармасы­ ның бұрынғы төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның орнына банк

саласында мол тәжірибесі бар азамат Айбатыр Жұмағұлов та­ ғайындалды. Сондай-ақ банк­тің директорлар кеңесінің жаңа құ­­рамы қалыптасты, оның бас­ шы­лы­ғына «Бәйтерек» ұлт­тық басқарушы холдингі» АҚ бас­ қарма төрағасының орынбасары Алина Алдамберген бекітілді, - деген Қуандық Бишімбаев енді мемлекеттік бағдарлама бо­ йынша салынған тұрғын үйлер­ ге банк басшылығы мен оның туыстарының қатысуына шектеу қойылғанын хабарлады. Ол сондай-ақ басқарманың аталмыш бағдарламаға қатысу шарттарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс жасағанын жеткізді. Басқарма тарапынан жасалған ұсыныс бойынша, біріншіден, ендігі жерде пәтер бөлу кезінде кезекте тұрған азаматтардың баспана жағдайы ескерілмек. Яғни баспанасы жоқ адамдар үймен бірінші кезекте қамты­луы тиіс. Екіншіден, мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың табыс көлеміне байланысты шектеу қойылмақ. Нақтырақ айтқанда, жоғары жалақылы, нарықта өз бетінше үй сатып алуға мүмкіндігі бар азаматтар қатары шектелуі тиіс. Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй оны сатып ��луға мүмкін­дігі жоқ адамдарға берілуі керек. Үшіншіден, мемлекеттік бағ­дар­ ламаға қатысушылар баспа­на алу үшін сол аймақта кем деген­де екі жыл тіркеуде болуы тиіс. Бір айта кететін жәйт, бұл әзір­ ге хол­динг тарапынан жасалған ұсыныс қана. Жоғарыда айтыл­ ған талаптар тек Үкімет ма­құл­да­ ған жағдайда ғана бағдар­ла­ма­ға өзгеріс ре­тінде енгізілмек. Банктің қызмет сапасын жақ­ сартудағы тағы бір маңызды мәселе – халықпен тікелей жұмыс істейтін қаржы институты қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету. Бұл ретте бизнес-үрдістерді автоматтандыру және пулды қалыптастыру ко­ мис­сияларына сатып алушылар­ ды тәуелсіз бақылаушы ре­тін­ де енгізу көзделіп отыр. Бұл өз ке­зегінде банк жұмысының тиімділігін арттырып, жариялы­ лы­ғын қамтамасыз етпек. Осылайша холдинг банктің маркетинг саясатын өзгерту, кезектерді азайту арқылы банктің қызмет сапасын арттырмақ ниет­те.


6

ел-жұрт Сенбі, 19 қазан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Тұрғындарға тарту Қолға алынып жатқан игі істердің нәтижесінде аудан орталығы күннен-күнге ажарланып, көркейе түсуде. Жаңадан ашылған саябақ та, қабырғалары көтеріліп, шатыры жабылып жатқан жаңа нысандар да әудем жерден менмұндалап көзге түседі.

Қазіргі күні аудан орталығына көшіп келіп жатқан халықтың қарасы мол. Адамдардың тұрмыс жағдайларының түзелгенінің кө­ рінісі болар, әрбір үйде жоқ дегенде бір-бір көліктен бар. Ал сол көліктердің жауын-шашын кезінде жол азабын тартып жататыны шындық. Жаңбыр жауып өтсе болды, әр көшедегі жиылып қалатын көлшіктер тұрғындардың да, кө­ ліктердің де жүруіне қиындық

тудырып отыратын. Осы мәселе төңірегіндегі тұрғындардың өті­ ніштері көптен бері күн тәртібі­нен түспей келген еді. Аудан әкі­мі Алдияр Халеловтің тікелей бас­шылыққа алуымен қоңыр күзде орталықтағы бірнеше жолдарды қатқыл жолмен жабу, жан-жақта­ рын қалыпқа келтіру жұмыстары басталып кеткен-ді. Жұмысты жүр­ гізу құқығына ие болған мердігер де көп кешікпей анықталды. Әп дегеннен ұйымшылдықпен бас­тал­ған істің нәтижесі аз ғана уақыт­тың ішінде көрініп-ақ қалды. Негі­зінен Қуантаев, Өтемісов, Қазақ­ стан, Шевцов, Амангелді, Победа көшелерінің жөнделуі жоспарланып отырса, бүгінгі күні Шевцов, Қуантаев, Өтемісов, Қазақстан кө­шелеріне қиыршық тастар төсе­ ліп, үсті қатқыл жолмен жабы­лып, тұрғындар біткен іске ризашы­лық­тарын білдіруде. Осы істі қолға алған «Айдана» ЖШС-ның директоры Аветик Амир­ханян жұмыстың талапқа сай жү­ руін қадағалап, өзі басшылық жа­ сап келеді. 6-7 «КамАЗ» көлігі, 2 төсеуші, 5-6 тиегіш техникалар таң атқаннан қас қарайғанға дейін жұмыс көрігін қыздыруда. Жергілікті тұрғындар да осы жерде

еңбек етуге, табыс табуға мүмкін­дік алып отыр. Жоспарланған 13 шақырым жолдың тең жарымы жөнделіп үлгерілді. - Жұмыс қарқынына ризамыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жауапкершіліктеріне алған істі сапалы да ұтымды жүр­ гізуге тырысып жатыр. 4 көшеге жол салынып біткенімен, оның төменгі жақтарын әлі де қалыпқа келтіру де назардан тыс қалмақ емес. Қалай болғанда да аталмыш шаруаның тындырымды аяқ­та­луына күш салып жатқан серіктес­

Азаматтарға алғыс

тік жұмысшыларына ризамыз, дейді аудандық тұрғын үй-комму­ налдық шаруашылық, жолаушы­ лар көлігі және автомобиль жол­ дарының басшысы Сағатқали Ульяров. Иә, заманауи келбет алып жат­қан көшелер көркі көңіл тоғайта­ды. Аудан халқы ел тізгінін ұста­ған басшылардың ортақ істе ауыз­ біршілік танытқандарына дән ри­ за.

Гүлшат ИБРАГИМҚЫЗЫ, Шыңғырлау ауданы

Орал қаласынан іссапардан келе жатқан бетіміз еді. Жалпақтал мен Қазталовтың орта тұсына келгенде тосын дыбыс шығып, астымыздағы көлігіміз жол үс­ тінде тұрып қалды. Алдыңғы сол жақ дөңгелек бекітілетін тетік үзіліп түсуге шақ қалыпты. “Суға кеткен тал қармайды” дегендей, ауылға, басшымызға хабар бердік. Ол кісі Қазталов ауданында­­ғы азаматтармен байланысқа шы­ғып, бізге жігіттердің қажетті бөл­ шекті іздестіріп жатқандығын хабарлады. Мұқтаж адамдарға қолұшын беруге бел байлаған Қазталов ау­дандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бө­ лімінің басшысы Сағынғали Бекжанов пен құрылыс бөлімінің басшысы Нұржан Еслямов бізге келіп, қажетті бөлшекті Қазталовтан із­деп таба алмағандығын, енді Жал­пақталға кетіп бара жат­қан­дығын айтып, салқын сусындарын беріп ары қарай асты. Сөйтіп, Жалпақталдан әкел­ген жаңа тетікті орнына бекітіп, бес сағат дегенде біз де орнымыздан қозғалдық. Жұмыс, күйбең тірліктің қа­ мымен жүргенде арада біраз уақыт өтсе де, Сағынғали мен Нұржанның жақсылығы жадымнан кетер емес.

Сәрсенбай ҚҰРМАНҒАЗЫҰЛЫ, Сайқын ауылы, Бөкей ордасы ауданы

«Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды 090000, БҚО, Орал.қ, Қасым Аманжолов кө­ шесі, 75-үй, 2-қабат, 206-бөлме, анықтама алу телефондары: 8(7112) 512742, 506594, е-mail: zko_selhozup@mail.ru 1. Мал шаруашылығы бөлімінің бас мама­ ны D-O-4 (4-3) лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 64063 тең­ геден 86485 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобаның жү­зеге асырылуы туралы мәліметтер жинайды, жұ­мыстарын ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Мал шаруашылығын дамытуға республикалық бюд­жеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қол­ дауға арналған және тауарлы балық өнімділігін және сапасын арттыруға тауар өндірушілерге бө­лінген субсидиялардың мақсатты пайдаланылуын ұйымдастырады және талдау жасайды, субсидиялау тәртіптерін түсіндіру мақсатында облыс аудандарына шығу. Ауыл шаруашылығы малдарына селекция жұмыстарын жүргізуге кеңестік көмектер көрсету. Агроөнеркәсіптік кешеннің мал шаруашылығы саласындағы ғылыми жетістіктер бойынша ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді. Ара шаруашылығының дамуы бойынша мә­лі­мет­ терді жинақтайды, жұмыстарды ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Мал шаруашылығы мәселелері бойынша анықтамалар мен есептер дайындайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уа­ қытында және тиісті дәрежеде қаралуына жауапты. Үміткерге қойылатын талаптар: Ауыл шар­ уашылығы (зоотехния), техникалық ғылымдар мен технология (биотехнология), ветеринария (вете­ ринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандықтары бойынша жоғары немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық ба­ ғыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білі­мі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуб­ ликасының Президенті туралы», «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Парламентi және оның депутат­ тарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Респуб­ ликасының Үкіметі туралы» Конституциялық заң­дарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекет­ тік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа

қар­сы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiште­рiн қарау тәртiбi туралы» заңдарын, осы санат­ тағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актіле­ рін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функ­ ционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Агроөнеркәсіптік кешенді қаржылан­ дыру бөлімінің жетекші маманы D-O-5 (8-4) лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жыл­ дарына байланысты 57657 теңгеден 78157 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Қаржылардың түсуі мен жұмсалу есебін жүргізеді, есеп айырысу бойынша банк құжаттарын дайындайды, оларды тіркеп, есебін құрастырады. Банкке тө­лем тапсырмаларын рәсімдеу мен жүргізуге, қаржы құралдарын, тауарлы-материалдық құн­ды­лықтарды, есептер мен төлемдерді инверти­ зациялауға, анықтамалар, талдаулар, есептер құ­растыруға, директивті құжаттардың орындалуы­ на қатысады. Ауыл шаруашылығы тауар өндіру­ шілерінің қызметіне мәліметтер жинайды және талдайды. Шарттардың дұрыс және уақытында тіркелуіне бақылау жасайды, тапсырыстар береді. Үміткерге қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар мен технология мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуб­ ликасының Президенті туралы», «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Парламентi және оның депутат­ тарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Респуб­ ликасының Үкіметі туралы» Конституциялық заң­дарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекет­тік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қа­ рау тәртiбi туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыс­ тардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Рес­ публикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» cтратегиясы – қалыптасқан

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функ­ ционалдық мінд��ттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 3. Кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімі­ нің жетекші маманы D-O-5 (9-4) лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байла­ нысты 57657 теңгеден 78157 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруа­шы­лығы дамуының өндірістік, нысаналы бағдар­ла­маларының, бұйрықтардың, хаттамалардың, қау­лылардың, бюджеттік бағдарламалардың, ақпа­ раттық-талдау материалдарының, семинар-ке­ңес­тер хаттамаларының, жалпы басқармадағы іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүзеге асырылуына бақылау жасайды. Басқарманың мұрағат ісіне жауапкершілікті жүзеге асырады. Бөлімдегі іс жүргізудің және істер номенклатурасының дұ­рыс, талапқа сай жүзеге асырылуына жауапты. Электронды құжат айналымының, «Lotus Notes» жүйе­ сінің жүйелі жұмыс жасауына жауап береді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уа­қытын­да және тиісті дәрежеде қаралуына жауапты. Үміткерге қойылатын талаптар: Ауыл шар­ уашылығы, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, білім беру, құқық мамандықтары бойынша жоға­ры немесе ортадан кейінгі білім. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуб­ ликасының Президенті туралы», «Қазақстан Рес­публикасының Парламентi және оның депутат­ тарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Респуб­ ликасының Үкіметі туралы» Конституциялық заң­дарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыс­ тардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Рес­ публикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» cтратегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функ­ ционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агент­ті­гі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №067/32 бұйрығымен бекітілген бос әкімшілік мем­-

лекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу жә­не конкурс комиссиясын қалыптастыру қағида­ лары негізінде өткізіледі. Қажетті құжат тізбесі: 1) белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) мөлшері 3х4 фотосуреті бар белгіленген нысандағы сауалнама; 3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі; 4) нотариалды куәландырылған еңбек жо­лын растайтын құжат көшірмесі; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республика­ сының нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тір­келген) нысан бойынша денсаулық жағдайы ту­ралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжат өткізу сәтінде күші бар шекті мән­нен төмен емес нәтижелі тесттен өту туралы сер­тификат. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсі­би шеберлігіне және беделіне қатысты (білікті­лігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілі­гін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпарат­ тарды бере алады. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәт­тен бастап күнтізбелік 10 жұмыс күні ішінде 090000, БҚО, Орал қ., Қасым Аманжолов көшесі, 75-үй, 2қабат, 203-бөлме немесе zko_selhozup@mail.ru электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиіс. Электрондық пошта арқылы конкурсқа қа­ тысуға құжат тапсырған азаматтар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктір­мей құжат түпнұсқаларын тапсырады. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан үміткерлерді әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында өтеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.kz


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 19 қазан 2013 жыл

7

Қазталов ауданының тұрғыны болған бірімізге адал жар, аяулы ана, ибалы ке­лін Зәуреш Кариммолақызы Майхиева егер де тірі болса, 19 қазанда 55 жасқа толар еді. Әттең, ортамыздан ерте кетті... Көрсем деп қуанышын ұл-қызыңның, Біз үшін жанұшырып өмір сүрдің. Жан ана, жатқан жерің жарық болсын, Дұға оқып, тағзым еттік сізге бүгін.

Сағына еске алушылар: жұбайы Самат, бала-келіндері Марат-Мейіргүл, Ринат-Тұрсынгүл, қыз-күйеу баласы Замир-Гүлзада, немере-жиендері Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты, 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауда­ ны, Шыңғырлау селосы, Л.Клышев атындағы көшесі 95, 2-қабат, 3-бөлме. Анықтама үшін телефондар: 8-71137-33375, факс: 8-71137-33764, эл.мекенжай: akimchingirlau@mail.ru. бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: Барлық конкурсқа қатысушылар­ғ­ а қойылатын жалпы біліктілік та­ лаптары: Е-4 санаты үшін: жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыты­ на сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Е-G-4 санаты үшін: жоғары неме­-

се ортадан кейінгі білім не орта техни­ калық немесе кәсіптік білім. Е-4, Е-G-4 санаттары үшін: Осы санаттағы нақты лауазымның маман­ дануына сәйкес облыстардағы қаты­настарды реттейтін Қазақстан Респуб­ ликасының нормативтік-құқықтық акті­лерін тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу, «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалып­ тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.

БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты­ ның 27.09.2013 ж. шығарған анықтамасына сай «Урал Строй Комплект» ЖШС-ны банкрот деп тануға өндірістік іс қозғалды. Өндірістегі істердің қаралуы келесі мекенжайда өтеді: БҚО, Орал қаласы, Самарская көшесі, 23 Б-үй.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарының үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қа­зақстан Республикасы Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаң­тар­ дағы №02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген. (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 қаң­тар­ дағы №5084 тіркелген).

Борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша қызметті сатып алу жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама ЖШС “Бекарыс” (Орал қаласы, Гагарин көшесі, 54-үй, ИИН 010540002114) кон­ курстық басқарушысы борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бо­йынша қыз­ метті сатып алу жөніндегі конкурсты жариялайды. Борышкердің мүлкі (активтері) құрамына: КАМАЗ – 55212 №101 ВС – 1997 ж.ш., прицеп-контейнер – 8357, 1997 ж.ш. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер осы хабарламаны жариялаған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде Орал қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 9-үй, 18-пәтер мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден бас­тап 18.00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс 13.00-ден бастап 14.00-ге дейін. Конкурстық басқарушысы Н.Изтелеуов

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары Санат Е-4

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 59579 80720

1. Шыңғырлау ауданы әкімі ап­ паратыныңұйымдастыру,мемле­кеттік қызметтер мониторингі жұ­мыстары бөлімінің бас маманы Е-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Аудан бойынша марапаттау материалдарымен, сайлаушылар тізімімен, автоматтандырылған сайлаушылар жү­ йесі бағдарламасымен жұмыс жасау. Аудан әкімі аппараты, селолық округ­тер әкімдері аппараттары мен құры­лым­ дық бөлімдер арасындағы жұмысты ұйымдастыру. Аудан әкімі аппараты­ның жетекшісінің селолық округтер әкімдері аппараттары мен құрылым­ дық бөлімдер арасындағы жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіру, күнделікті ба­қылау. Округтер бойынша жалпы тұр­ғындар жиындарының өткізілуін үйлес­ тіру және бақылау, селолық округтердің жинақ папкаларымен жұмыс. Аудан әкімдігінің жұмысын жоспарлау, отырыстарын дайындау. Селолық округтер әкімдері аппараттарының жұмыс жос­ парларының орындалуын бақылау, же­текшілік ету. Е-4 санаты №1-7, №1-11 және №1-12 бас мамандары болмаған жағдайда оларды ауыстырады. Өз қыз­ метінде аудан әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат жетекшісіне және бөлім жетекшісіне бағынады. Конкурсқа қатысушыларға қойы­ латын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес, ауыл шаруашылығы ғылымдары, гума­­ни­тарлық ғылымдар, білім, құқық ма­ман­дықтары бойынша. 2. Шыңғырлау селолық округі әкімінің аппаратының жетекші ма­ маны E-G-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Кадрлар мәселесімен жұмыс жасау. Жұмысқа қабылданған азаматтармен келісімшарттарды жасақтау. Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау жә­не біліктілігін көтеру мәселелерімен

Санат Е-G-4

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 42922 57656

айналысу. Селолық округі бойынша барлық отырыстарды ұйымдастыру, хаттамаларын рәсімдеу. Өзінің жұмы­сын ұйымдастыру, бақылау қабілеті, мо­ниторинг және аналитикалық ақпарат­ тық әдістері мен түрлерін білу. Ұжым­ мен, адамдармен жұмыс істей білу, жанжақты байланыс қарым-қатынаста бо­лу, білімін үнемі жетілдіруге ынталану. Конкурсқа қатысушыларға қой­ы­ латын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес, ауыл шаруашылығы ғылымдары, техни­ калық, гуманитарлық ғылымдар, білім және құқық мамандықтары. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Тө­р­ағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптас­ тыру қағидаларын бекіту туралы» бұй­ рығы негізінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағи­ даларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нота­ риалдық куәландырылған көшiрмеле-­ рi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқа­ру қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 4) еңбек қызметін растайтын құ­ жаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 5) Қазақстан Республикасы Денсау­ лық сақтау министрлігінің 2010 жылғы

Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебі бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды

23 қарашадағы №907 бұйрығымен бе­ кітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің тізілі­мінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулы­ ғы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азама­ тының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уә­кі­летті органмен белгіленген шекті мән­нен төмен емес нәтижемен тестілеуден өтке­ні туралы қолданыстағы сертификат. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiри­ бесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттай­тын мәліметтер) қосымша ақпараттар­ ды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күні­нен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсы­ нылуы керек. Конкурс комиссиясының қарауына қабылдау мерзiмiнде қолмақол тәртіпте немесе пошта арқылы жі­берілген құжаттар (құжат тігілетін мұ­ қабада орналастырылған) қабылдана­ ды. Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде бере ала­ды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұ­мыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Математика пәні мұғалімі (қазақ сыныбына) – 1 бірлік Іс қағаз жүргізуші – 1 бірлік Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімді; мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 3 жыл; ҚР Конституциясын білу; балаларды қорғау заңдарын білу; функционалдық міндеттерін білуі. Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі: 1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш 2. Түйіндеме 3. Жеке куәлік, диплом, ӘЖК (СИК), СТН (РНН) көшірмелері 4. Өмірбаян

5. Кадр есебі жөніндегі іс-парағы 6. Еңбек кітапшасы 7. Медициналық кітапша 8. Фотосурет 3×4 9. Құжат тігілетін мұқаба (скоросшиватель)

Қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: Орал қаласы, Круглоозерный кенттік округі, Комсомольская көшесі, №82, Круглоозерный ОЖББМ. Анықтама телефоны: 52-02-27, 52-02-58

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі «Талап» АҚ президенті Владимир Витальевич Волковтың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты марқұмның отбасы мен туматуыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. БҚО бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыс жә­не қалалық медицина жұртшылығы «Талап» АҚ президенті Владимир Витальевич Волковтың қайғылы қазасына орай марқұмның отбасы мен жақын-жуықтарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Круглоозерный жүйке-неврологиялық МӘМ ұжымы «Талап» АҚ пре­ зиденті Владимир Витальевич Волковтың мезгілсіз қазасына орай марқұмның туғандары мен жақын-жуықтарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Талап» акционерлік қоғамының ұжымы компания президенті Владимир Витальевич Волковтың қайғылы қазасына орай марқұмның отбасы мен тума-туыстарына қайғы­рып көңіл айтады.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 15888, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: а.қабылова


8

керуен сарай Сенбі, 19 қазан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Жайдарлы Жас ұлан» Жастар мәдениет үйінде республикалық «Жайдарлы Жас ұлан» жайдарман ойынының облыстық кезеңі мәреге жетті.

Облыстық «Өркен» қосымша бі­лім беру орталығынан Жанна Ғабдуалиеваның хабарла­ғанын­ дай, шара мақсаты – мемлекеттік тілде КТК қозғалысын дамыту, «Жас ұлан» балалар мен жасөспі­ рімдер ұйы­мын қоғамда кеңінен на­сихаттау, талантты жастар­ға қолдау көрсету. Жарысқа облыс өңірлерінен барлығы алты топ қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әзіл ар­ қылы әлеуметтік, саяси, жастар

Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылының тұрғыны, асқар таудай әкеміз Сабырғали ЖҰМАШТЫ 20 қазан күнгі мерейлі 63 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Жан әке! Пайғамбардың жасындасың, Біздерге махаббатың басылмасын. Жайқалған төрімізде бәйтерексің, Жасай бер, алдымызда ғасыр жасың.

Құттықтаушылар: зайыбыңыз Клара, келін-балаларыңыз Мирлан-Альфия, СержанАльбина, немерелеріңіз Гүлзар, Гүлнара, Нұрлы, Нұржігіт

мә­се­ле­ле­рін ойнақы жеткізген топ­тар кө­рер­мен­дер­дің ерекше ықы­ла­сына бөленді. Әсіресе, Орал мек­теп құ­ра­масы жиналған қауым­­ға өз ой­ларын әдемі жеткізе білді. Бар­лық топтардың да сайыс­ қа жақсы дайындалғаны көрінді.

Сонымен, Орал мектеп құ­ рамасы бірінші орынға ие бо­лып, Астана қаласында өтетін респуб­ликалық кезеңге жолдама алды.

Елжан ЕРАЛЫ

Алғыс айтамын Мен, Бөрлі ауданы Пугачев ауы­лының тұрғыны Рысқұл Кәрімға­лиев, көзіме ота жасатып, екін­ші рет «әлемнің жарығын сыйлаған» дә­рігер­лерге алғыс айтып, риза­ шылығымды білдіремін.

Құттықтаймыз!

Олар теміржол ауруханасы­ның көз дәрігері София Маратқы­зы Ғалиева, бас медбике Нұргүл Шай­мұратқызы Дәулетиярова, мед­ би­ке Ләйла Бектасова және шар­уашылық медбикесі Нұрсұлу Ка­-

мал­ғалиқызы Аманғалиева. Адамның денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген осы бір дә­рі­гер жандардың еңбектеріне же­­міс, отбасыларына амандық ті­леймін.

Сканворд

Қазталов ауданы Сатыбалды ауылы­ның тұрғыны ардақ тұтар ағамыз, арқа­ сүйер нағашымыз Бауыржан Салауат­ ұлы Қажымовты 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз. Ақылшы ағамыздың, сүйікті нағашы­ мыздың дені сау болып, бауырлары мен жанұясының ортасында алып бәйтерек­тей жапырағы қаулап, аман-есен жүре беруіне тілекшіміз. Ағайынның ұлығы, ұлысы деп, Үйдегі анамыздың туысы деп, Біз сізді қадірлейміз әрқашан да, Шын ниетпен арнаймыз игі тілек.

Ақ тілегін жолдаушылар: күйеу балаңыз бен қарындасыңыз Еркін-Ләззат, жиендеріңіз Әмір, Сырым

Мергендер бар бізде де Шымкентте садақ атудан Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде батысқазақстандықтар жүлделі орындардан көрінді. Аталмыш жарысқа Алматы, Атырау, Талдықорған, Шымкент, Текелі (Алматы облысы) және Орал қаласынан барлығы 100 спортшы қа­ тысты. Жекелей біріншілікте 70 метрлік олимпиадалық айналымда ныса­на көздеуден батысқазақстандықтар Жүзім Ғалымжанова мен Анас­тасия Баннова алғашқы екі орынды иеленсе, ерлерден Сағадат Нұғ­ман мен Игорь Ковалев екінші, үшінші жүлдені бөлісті. Командалық есепте Анастасия Баннова, Жүзім Ғалымжанова, Гүльфат Кеңесова жеңімпаз атанды. Микстан (аралас жұп) Анастасия Баннова мен Ғалимат Қуанышқали үшінші орынға көтерілді.

Қызыл­ орда обл. аудан

Арман БОЛАТҰЛЫ

«Еуразиялық банк» АҚ сенім білдірілген тұлға Қадыров Кенжебек Жұмабайұлы келесі кепілдікке салынған мүліктің сауда-саттығын хабарлайды:

ұрығы

№1 Лот – 2012 жылы шығарылған, Мемлекеттік нөмірі L067ООM, қозғалтқыш №G4FCCW108781, қорап №Z94CT41DACR162252, Серия LA №00218910 Көлік Құралын мемлекеттік тіркеу куәлігі 02.11.2012 ж. берілген, Hyundai Accent маркалы автокөлік (бұдан әрі - Объект). Сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасы 2 075 000,00 (екі миллион жетпіс бес мың) теңге. Сауда-саттыққа қатысушының кепілді жарна сомасы 5%-ды құрайды. Кепілді жар­на 2013 ж. 29 қазан 17.00-ге дейін қолма-қол ақшамен/немесе келесі тө­лем деректемелері бойынша: шот №KZ68948KZT01404002G4, есеп шот KZ6494813KZT28600079, банктің жеке коды EURIKZKA, код 948, БСН 050341000014, Код ОКПО 305216530671, салым коды 14 салынады (қабылданады). Сауда-саттық №1 Лот бойынша ағылшын әдісі бойынша (бастапқы бағасы­нан жоғарлату), 2013 ж. 30 қазан 10.00-де, Орал қаласы, Строитель шағынауданы, 2/5 мекенжайы бойынша өтеді. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер 2013 ж. 29 қазан 17-00-ге дейін қабыл­ данады. Обьектінің сатып алу бағасы теңгемен кепілді жарнаны салуға көрсетілген төлем деректемелері бойынша сауда-саттық өткізілген күннен 3 (үш) банктік күн ішінде төленеді. Анықтаманы Орал қаласы, Строитель шағынауданы, 2/5 мекенжайы бойынша, тел.: 8 (7112) 505-839, 233-112, 234-789, 234-192, 8 701 989 53 77 сенім білдірілген тұлғадан Қадыров Кенжебек Жұмабайұлы 9.00-ден 18.00-ге дейін алуға болады.

Сканвордты құрастырған Ержан НҰРСҰЛТАНОВ, Орал қаласы

Жоғары қабілетті және сәу­ле­лік жүк­теме­сі ай­тар­­лық­тай тө­­мен соң­­ғы үлгі­­де­гі аппарат­та компью­терлі­к то­мог­ра­­­фия (қа­бат­тал­ған рентге­ нология) өт­­­­кі­зіледі. Мекенжайымыз: Орал қа­ла­­сы, Есен­жа­нов кө­ше­­сі, 19-үй (“Омега” зауыты ау­да­ны). “Ме­ди­циналық ор­талық” ЖШС. Анықтама алу үшін телефон: 53-72-59.


Газета Орал Өнiрi №128